Басты бет. __NOTOC__ __NOEDITSECTION__ Қазақстан. Қазақстан (Қазақстан Республикасы) — Еуразия құрылығының қақ ортасында орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Ресей Федерациясымен (7 591 км), оңтүстігінде Түрікменстан (380 км), Өзбекстан (2 300 км) және Қырғызстан (980 км) республикаларымен, шығысында Қытаймен (1 460 км) шектеседі, батыста Каспий теңізімен, оңтүстікте Арал теңізімен шайылады. Жер көлемі — 2717,3 мың шаршы километр. Республикада 131 ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады (75,9 % қазақтар). Елордасы — Астана қаласы. Әкімшілік жағынан 14 облыс және республикалық маңызы бар 2 қалаға бөлінеді. Мемлекеттік тілі — қазақ тілі. Әкімшілік бөлінісі. Әкімшілік-аумақтық құрылысы: Төменгі кестеде. Ауылдық аймаққа бiрiккен 7719 ауылдық елдi мекендер бар (2003). Халқы. "Толық мақалалары":Қазақстан халқы Халық саны. 2006 ж. жылдың 1шілденің күнінде Қазақстанда халық саны 16 301,4 мың адамды құрады. Оның ішінде, 8763,9 мың (57,3%) адамды қалалық тұрғындар, 7537,5 мың адамды (42,7%) ауылдық тұрғындар құрап отыр. 2006 жылдың қаңтар-маусым аралығында республика халқының табиғи өсімі 63370 адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 8,3 (8,1) адамнан келді. Ағымдағы жылдың қаңтар-маусымында АХАЖ органдары тіркелу көрсеткіші бойынша 143210 (138882) туу фактілерін тіркеді. Туғандардың саны қалалық және ауылдық елді-мекендерде өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, 3,3%-ға және 2,9%-ға өсті де, тиісінше 83566 және 59644 адамда құрады. Бала туудың жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 18,6 (18,4) сәбиді құрады. Осы кезең ішінде өлгендер саны 79840 (80978) адамды құрап отыр, соның ішінде қалалық елді мекендер үлесі — 51186 (51661) және ауылдық жерлер — 28654 (29317). Өлімнің жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 10,29 (10,33) адам. Өлімінің негізгі себептері қан айналымы жүйесі аурулары болып табылады, олардың үлесіне барлық тіркелген өлім оқиғаларының 52,9% (52,5%) тиесілі екендігі хабарланып отыр. Осы кезең ішінде республикада 1 жасқа дейінгі 2049 (2087) баланың шетінеуі тіркелген. Нәрестелер өлімінің коэффициенті 1000 туғанға 14,7 (14,5) шетінеу. Перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар нәрестелер өлімінің ең көп тараған себептері болып табылады, одан ағымдағы жылдың қаңтар-маусымында 1037 (1021) нәресте шетінеді. Цифрлар тілімен айтқанда, барлық нәрестелер өлімінің 50,6% (48,9%)-ы осы жағдайға тиесілі болып табылады. Биылғы жартыжылдықта некелесу мен ажырасулар саны, тиісінше 54994 және 17467 (48271 және 15183) құрады. Некелесу мен ажырасудың жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 8,5 (7,7) некені және 2,3 (2,1) ажырасуды құрады. Елде халық көші-қонының оң айырымы сақталып келеді, 2006 жылдың 1 жартыжылдықтағы оның шамасы 18746 (14148) адамды құрады. 2006 жылы қаңтар-маусым аралығында Қазақстанға келгендер саны 2005 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5008 адамға немесе 13,2%-ға, ал Қазақстаннан кеткендер саны 9606 адамға немесе 1,7 есе азайды. ТМД елдерінен келгендер мен сол елдерге қоныс аударғандар үлесі олардың жалпы санына шаққанда, 86,1% және 87,9% (88,7% және 66,4%) құрады. Ал ел ішіндегі көшіп-қонушылардың саны 137220 (131019) адамды құрап отырған жайы бар. Ұлттық құрамы. Қазақстанда 120-дан астам ұлт (этностар мен этникалық топтар) өкілдері тұрады. 2006 жылдың 1-шілдесіндегі жағдай бойынша қазақтардың саны 11008,0 мың адамды, орыстар — 2962,1 мың, украиндар — 444,7 мың, өзбектер — 433,5 мың, ұйғырлар — 231,4 мың, татарлар — 229,1 мың, немістер — 222,5 мың адамды құрады. Республика халқының жалпы санында ең көп үлес салмақты қазақтар — 58,9% және орыстар — 25,9% алып отыр. Басқа этностар мен этникалық топтар үлесіне республика халқының 15,2% тиесілі болып табылады. 2006 жылдың 1 қаңтарындағы жағдаймен салыстырғанда қазақтар саны 94,7 мың адамға, немесе 1,1%,-ға, тиісінше өзбектер — 4,6 мың, немесе 1,1%-ға, ұйғырлар — 1,6 мың, немесе 0,7-%-ға өсті; ал орыстардың саны 17,2 мың адамға, немесе 0,4%-ға, тиісінше украиндар — 4,1 мың, немесе 0,9%-ға, татарлар — 0,5 мың, немесе 0,3%-ға және немістер — 0,2 мың, немесе 0,1%-ға азайды. 2009 халық санағы бойынша Қазақстан Республикасының халқы 17 200 000 санына тең. Діні. Қазақстан жұртында 75% мұсылмандар, 25 % христиандар. Елде дінге шек қоймаған. Халқының негізгі бөдігі мұсылмандар болсада, ҚР зайырлы мемлекет. Осының зардабынан елге дәстүрлі емес діндер таралуда. Саясат жайғасы. Қазақстан — 1995 жылғы 30 тамызында республикалық референдумда қабылданған Конституция бойынша — өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Қазақстан Республикасы — президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Республиканың ең жоғары өкілді органы — Парламент. Ол республиканың заң шығару қызметін жүзеге асырады. Парламент тұрақты жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының елордасынан екі адамнан, тиісінше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және Республика елордасының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың 15 депутатын Парламент өкілеттігі мерзіміне Республика Президенті тағайындайды. Мәжіліс дәрежелi өкiлеттiлiк және бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша партиялық тiзiм негiзiнде сайланған 98 депутаттардан құралады, және 9 депутатты Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Президент Үкіметті Мәжілістегі көпшілік алған партия ұсынысымен құрады. Республика Премьер-Министрі тағайындалғаннан кейінгі он күн мерзім ішінде Премьер-Министр Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентіне ұсыныс енгізеді. Премьер-Министр Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар өкімдер шығарады. Казақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі жеті мүшеден тұрады, олардың өкілеттігі алты жылға созылады. Конституциялық Кеңестің Төрағасын Республиканың Президенті тағайындайды. Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты және Республиканың жергілікті соттары Республиканың соттары болып табылады. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару. Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты жергілікті өкілдік (мәслихат) және атқарушы органдар (әкімдік) жүзеге асырады. Сыртқы саясат. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Қоғам. Қазақ техникалық мамандары Қазақ Инженерлер Бірлестігі ұйымына біріккен. Шымкент. Шымкент — Қазақстандағы қала, Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы. Шамамен 651 380 адам (6 наурыз 2009 жылғы жағдай бойынша тұрғыны бар заманауи қала, Қазақстан Республикасындағы (Алматыдан) кейінгі екінші қала, бұл ретте қала басшылары, энергия және сутұтыну көлемін ескере отырып және негізге ала отырып, қала тұрғындарының саны шамамен миллионға жуық деп есептейді. Осымен қатар, Шымкент негізгі өнеркәсіп, сауда және мәдени орталық болып табылады. Этимологиясы. Ғалымдар Шымкент туралы кездесетін әр түрлі тарихи деректерді атай отырып, қала атауының мағынасын "бау-бақшалы қала", "Жасыл қала", "Шыммен қоршалған қала" - деп түсіндіреді. Мысалы, шымға қатысты қала атауы былай деп түсіндіріледі: Шымкент түркінің "Шым" және иранның "Кент" - қала, мекен деген сөздерінен құралған. Ал басқа түсіндірмеде қала атауы соғдының (иранның) "чиминь-чемень" яғни, көгалды, гүлденген ал-қап, ал бұған "Кент" сөзінің жалғануымен, "жасыл (гүлденген) қала" деген мағынаны береді. Тарихы. Қаланың іргетасы қашан пайда болды және оның атауы қандай мағына береді? Осы сұрақтарға дұрыс жауап беру ғалымдарды көптеген жылдар бойы мазалап келеді. Осы уақытқа дейін ғалымдардың көпшілігі қазіргі Шымкент қаласының аумағындағы қоныс мекендер XI−XII ғасырларда болған деген гипотеза болатын. Сонымен қатар Шымкенттің бұдан да ертеректе пайда болғаны жөнінде болжам бар. Бұған дәлел - археологиялық қазбалар мен құрылыс барысында табылған қабырлардың жерлеуші, мамандардың болжамы бойынша, біздің эрамызға дейінгі V-VІ ғасырларға тән. Өткен ғасырдың басындағы қала қамалы болған жерде жақында бір еркек пен әйелдің мәйіті табылды, және ол зороастрлық салтпен жерленгендігі анықталып отыр, олай болса бұл мәйітке 1500 жыл. Бірқатар археолог-ғалымдардың пікірлері бойынша, бұл жерде үлкен қорым болған, егер бұл расталса, онда қаланың пайда болған мерзімі қайта қаралуы мүмкін. Біздің заманымызға жеткен жазба деректерде Шымкент алғаш рет елді мекен ретінде парсы тарихшысы Шараф ад-дин Али Йе (а) здидің (1425 ж.) біздің жыл санауымыз бойынша 1365-1366 жылдардағы Әмір Темірдің әскери жорық-тары туралы жазған "Зафар Наме" атты ("Жеңіс кітабы") кітабында кездеседі. Қандай болғанда да, қала ескі заманнан-ақ адамдардың өмір сүруіне қолайлы мекен болған. Оған ежелгі қоныстарға жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған мәдениет мұралары дәлел бола алады. Тау етегінде өзен бойындағы алқаптарда егіншілік пен жүзімдік, ал көгалды таулы жайылымдарда - мал шаруашылығы дамыған. Шымкент қаласының аймағы жүздеген жылдар бойы көптеген тарихи оқиғалардың куәсі болған. Қала бірнеше рет басқыншылардың жойқын шабуылдарына ұшырған. Шыңғысхан жорықтарға жасақтарымен қала арқылы өтіп, ақырында Шымкент Шыңғысхан ұрпақтарының қол астына өткен. Ақ Орда және Алтын Орда хандары жүргізген соғыстардың нәтижесінде қала Әмір Темірдің қол астына кіреді. XV ғасырдың басынан Шымкент XVIII ғасырдың жартысына дейін Жоңғар шапқыншыларының тонауына ұшырайды. Сансыз соғыстар мен өзара тартыстар жергілікті халықтардың өміріне қайғы-қасірет әкелгенімен, Сайрам оазисі-жер өңдеу мен бау-бақша және қол өнері өркендеген аймақ болып қала берді. XVII ғасырда және XIX ғасырдың бірінші жартысында Шымкентті билеп алу мақсатында Қоқан және Бұхар хандықтары күрес жүргізді. 1810-1864 ж.ж. Шымкент Қоқан хандығының билігіне өтіп, хан өкілінің резиденциясы болды. Мұнда Қоқан әскерлерінің саны жағынан үлкен горнизоны тұрақтап, қала негізінен әскери қамал ретінде пайдаланылды. 1864 жылы қала орыс әскерлерінің тіке шабуылымен алынды. Қазақстан мен Орта Азияның Ресейге қосылуы аяқталған соң, Шымкент Жаңақоқан бағытының құрамында болып, соңынан Түркістан облысының, ал 1867 жылдан Түркістан генерал-губернаторлығына қарасты Сырдария облысының уездік қаласы болды. Осы кезден бастап Шымкент Европалық Ресей мен Батыс Сібірді Орта Азиямен жал-ғайтын, маңызды транзиттік мекенге айналды. XIX ғасырдың соңында қалада сауда-саттық дамыған: - 19 мануфактуралык, 70 ұсақ-түйек дүкені, 50 шайхана, 10 керуенсарай, 9 тамақ-тандыру орны, 27 ұн дүкені, ал XX ғасырдың басында - 3 май шайқататын, 5 тері илейтін, 15 кірпіш шығаратын, 26 диірмен, 4 мақта тазалайтын, ұсақ өнеркәсіп, 15 ұстахана және 15 сабын қайнататын өндіріс орындары бар үлкен өнеркәсіп қалаға айналды. Қала экономикасының дамуында 1883 ж. ашылған дәрі-дәрмек өндіретін сантонин (кейінгі химия-фармацевтика зауыты) зауыты маңызды рөл атқарып, оның өнімдері экспортқа шығарылатын. Шымкент сантониносының сапасы өте жоғары болды, сондықтан ол ішкі рынокта үлкен сұранысқа ие болды. Оңтүстік Қазақстанның табиғи-климаты дермененің өсуіне қолайлы, ал дермене сантонино өндіріс жершарында өте сирек кездеседі. Сондықтан да Шымкенттің алғашқы және қазіргі таңбасында (герб) дермене бұтақшасы бейнеленген. 1914 жылы Қазақстанның Ресей империясына қосылуының 50 жылдығына орай қалаға орыс генералы Черняевтің есімі берілді, бірақ 1921 жылы қала Шымкент атауына қайта ие болды. XX ғасырда қала тарихының жаңа кезеңі басталды. Қала халқы елдегі үлкен өзгерістер нәтижесінде жаңа жетістіктерге жете бастады. Қалада жаңа өндіріс орындары салынып, оқу орындары мен ғылыми, мәдениет ошақтары ашылды. Қала келбеті жаңа тұрғын үйлер, гүлзар, көшелері, саябақтарымен ажарлана түсті. 30-шы жылдары Шымкентте қорғасын зауыты салынды. Бүл алып өндіріс орны КСРО-дағы өндірілетін қорғасынның 70%-н беріп отырды. Қалада май комбинаты, шұлық және айна фабрикалары іске қосылды. 1932 жылы ауылшаруашылық авиациясының базасы құрылып, бұл Шымкент әуежайының негізін қалады. Ұлы Отан соғысы жылдары Шымкент қаласы КСРО-дағы маңызды қалалардың біріне айналды. Соғыс жүріп жатқан аймақтардан бүл жерге елдегі бірқатар өндіріс орындары, 17 зауыт пен фабрикалар көшіріліп әкелінді. Қала танктерге қажетті қосалқы бөлшектер, снарядтар, металл, қорғасын, оптикалық қүралдар және басқа да өнімдерді өндірді. Шымкентке өсімдіктер ғылыми-зерттеу институты және Харьковтегі авиация училищесі көшірілді. Ұлы Отан соғысы жылдары майдан даласында ондаған мың шымкенттіктер жаумен шай-қасып, 7 жерлесімізге Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Соғыстан кейінгі 50-80-інші жылдары экономика дами бастады. Қалада жаңадан ірі кәсіпорындар құрылды. Олардың ішінен мақта-қағаз комбинаты, қаракөл, цемент, гидролиз зауыттары, "Восход" тігін фабрикасы, металлқұрастыру және тұрғын үй құрылысына қажетті материалдарды өндіретін кәсіпорынды, "Электроаппарат" зауыты, ал, тамақ өнер-кәсібінен ет, сүт, сыра, салқындатылған сусындарды шығаратын кәсіпорындарды атауға болады. Химия өнеркәсібі жедел дамыды. Шымкентте фосфор, шина және мұнай өңдеу сияқты алып зауыттар салынып, Омбы-Павлодар-Шымкент мұнай құбыры тартылды. Тұрғын үй салу қарқындап жүріп жатты. Жаңа мөлтекаудандар, көшелер, даңғылдар, саябақтар, скверлер пайда болды. Білім беру, медицина және мәдениет мекемелерінің саны өсіп, спорттық-сауықтыру кешендері салынды. Теңдесі жоқ жаңадан салынған демалыс кешені құрамында дендробақ, зообақ, жасанды көл және ипподром бар. Экономика және бизнес. Шымкент – инфрақұрылымы жақсы дамыған, Қазақстанның жетекші өнеркәсіп және экономикалық орталықтарының бірі. Қалада түсті металлургия, машина жасау, химия, мұнай өңдеу және тамақ өнеркәсібін дамытып отырған 69 өнеркәсіптік кәсіпорын бар. Мүнай, химия және фармацевтика өнеркәсібінде "Петро Казахстан Ойл Продактс" АҚ (мұнай өңдеу), "Интеркомшина" (шина өндеу), "Химфарм" (дәрі-дәрмек ендіру) сияқты ірі кәсіпорындар жұмыс істеуде. Ал, металлургияда "Южполиметалл" АҚ (қорғасын және т.б. өнімдер), машина жасауда "Карданвал" (автомобильдер мен тракторларға қажетті қосалқы бөлшектер өндіру), "Южмаш" (ұсталық пресс машиналарын, қосалқы белшектер және қүрал-жабдықтар өндіру), "Электроаппарат" (қуатты электр қосқыштары және т.б. өнімдерді өндіру) кәсіпорындары бар. Жеңіл өнеркәсіпте алдыңғы қатардағы кәсіпорындарға – "Восход" фабрикасы (жүннен костюм, пальто, күртке тоқу), "Адал" (тоқыма өнеркәсібі), "Эластик" (шүлық тоқу) жатады. Құрылыс материалдарын өндіруде "Шымкентцемент" АҚ (цемент өндіру) және "Құрылыс материалдары" (құрылысқа қажетті кірпіштерді өндіру) және басқа да кәсіпорындар бар. Тамақ өнеркәсібін өндіретін ірі кәсіпорындардың ішінен "Шымкентмай" және "Қайнар" (мақта шитінен, күнбағыстан зығыр, соядан тазартылған май шығаратын және т.б. өнімдер), "Шымкентпиво" (сыра ендіру), "Визит" (салқындатылған сусындар) акционерлік қоғамдарын атауға болады. Сонымен қатар, қала шаруашылығында өздерінің дамыған бизнесімен және сапалы өнімдерімен көзге түскен түрлі саладағы фирмалар жұмыс істеп келеді. Коммуналдық қызметжүйесі: қалалықжәне қала-аралық көліктер даму үстінде. 2002 жылдың қорытындысы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының жеке қаржысымен үй салу жағынан Астанадан кейінгі қатардан көрінді (республика көлемінде 17%). Тұрғын үй салумен қоса, жаңа кәсіпорындардың қүрылысын салу қарқынды түрде жүріп жатыр. Кейбір компаниялар жарамсыз қалған ескі ғимаратттардың орнына сәулетті де, сәнді тұрғын үйлерін салуда. Қалада 2000 жылға дейін болған қонақтар Шымкенттің көркейіп келе жатқанына таңғалып, тамсанады. "Қала келбеті саябақтар, скверлер, демалыс орындары және сәнді ғимараттармен ажарланып келеді. Мұнда іссапармен келушілер бизнеске қатысты мәселелерді сәтті шешумен қатар, бос уақыттарын да қызықты өткізе алады" – деп жылы лебіздерін білдіреді. Өнер және мәдениет. Қалада жүзеге асырылып жатқан мәдениет саясаты Оңтүстік Қазақстанда жасайтын ұлттық мәдени-полиэтникалық қоғамдардың қалыптасқан мәдениетін, салт-дәстүрлерін, достықты, татуластықты жандандыруға бағытталған. Шымқалада қазақ, славян, өзбек, башқұрт, татар, неміс, еврей, корей, әзербайжан және басқа, барлығы 16 ұлттық мәдени орталықтар жұмыс істеуде. Олардың белсене қатысуы және қолдауымен ұлттық саясат және тұрғындардың бос уақытын ұтымды ұйымдастыру мәселелері оң шешімін тауып келеді. 2002 жылы Шымкентте «Ардагерлер аллеясы» қайта жандандырылды. Қалада 8 саябақ пен сквер жұмыс істейді. Олардың үшеуінің негізі XIX ғ. ортасы мен XX ғ. басында қаланған. Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония жемісті жұмыс істеуде. 3 мәдениет сарайының залдары ешқашан да бос болмайды. Үш кинотеатрда қазіргі заманның фильмдерін тамашалауға болады. Қангүй мемлекеті дәуірінің бірегей экспонаттары облыстық өлкетану мұражайында қойылған. Қалада 28 кітапхана бар. Облыстың мәдени өміріндегі атаулы оқиға – 1967 жылы қазақ және орыс драмалық театрлары ғимаратының құрылысы. Ол жерлерде ҚазКСР халық әртістері А.Абдуллина, Ж.Серікбаева жұмыс істеген. 60-80 жылдар ақын О.Малқаровтың, халық ақындары Қ.Омаров, Ә.Қалыбекованың, жазушылар Ә.Жылқышиев, Н.Сүлейменов, Х.Есенғараева, О.Постников, Ю.Кунгурцев, М.Байғұттың шығармашылық шарықтау кездері. Қазақ театрлық өнерінің негізін қалаушылар халық әртістері Х.Бөкеева, Г.Хайруллина, Қ.Жандарбеков, ақын әрі қоғамдық қайраткер М.Шаханов, композитор Ш.Қалдаяқов, жазушылар Ф.Чирва мен Ж.Еділбаев біздің жерлестеріміз. Абай атындағы мәдениет және демалыс саябағы,аквабағы, техносаябағы, «Кең-баба» этнографиялық саябағы, «Nimex Land» пен «Бамзик» ойын-сауық орталықтары балалар мен үлкендердің сүйікті демалыс орындарына айналған. Әрине, қаланың солтүстік бөлігін дендробақ, зообақ, ипподроммен байланыстыратын ұзындығы 6 шақырымдай балалар темір жолының алатын орны айрықша. Қала аумағындағы көне қалашық пен қамалдарда археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, қала тарихы жөнінде кешен жасау қолға алынып отыр. Қалада көрнекті ғалым, мәдениет, спорт майталмандары мен халық батырларына ескерткіштер орнатылған. Облыс және қала өз жерлестерін мақтан тұтады. Мұнда тілтанушы, мүше-корреспондент М.Балақаев, геология ғылымдарының докторы П.Тәжібаева, түркітанушы, академик С.Кеңесбаев, филология ғылымдарының докторлары Қ.Бектаев пен А.Байтанаев, академик Т.Тәжібаев туылған. Туризм және демалыс. Шымкент ежелден-ақ саяхатшылар мен ғалымдардың назарын өзіне аударған. Қала Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығы болғандықтан, аумақтың түкпір-түкпіріне апаратын барлық туристік бағыттар заңды түрде осы жерден басталады. Қалада жиырма арнайы мамандандырылған фирмалар мен мекемелер туристік қызмет көрсетумен айналысуда. Туристік бағыттар тарихи орындар мен экзотикалық аудандарға бару, аң-құс пен балық аулау, тау туризмі секілді салаларды қамтиды. Оңтүстік Қазақстан өңірінде калың жұртшылық зиянат жасайтын Ислам дінінің қасиетті орындары мен сәулеттік құрылыстары жеткілікті десек жаңылыспаймыз. Өлкенің тарихи құндылықтары мен зиянат ету орындарына барудағы алғашқы қадам, екінші Мекке атанған-тарихи Түркістаннан басталады. Мұнда түркі халықтарының рухани астанасы, көне дәуірдегі өркениет орталыктарының бірі ретінде ЮНЕСКО-ның тізіміне енген, әлемге танымал тарих және мәдениет ескерткіштері мол қасиетті қалаға барып, әулие-әмбиелергетәуету мүмкіндігі жасалған. Шымкент шаhарының пайда болуына өзіндік үлесін қосқан көне Сайрам каласы Ұлы Жібек жолының бойындағы басты сауда және қолөнер орталығы болған Отырар қалашығы. Қожа Ахмет Яссауи, Арыстан-баб кесенелері мен басқа да құндылықтар туристер жүрегінде терең әсер қалдырады. Тянь-Шань сілемдері мен Қызылқұм шөлінің арасында орналасқан Оңтүстік Қазақстанның бірегей аумақтық жағдайы бір күннің ішінде қар жамылған таудан қыздырылған құмға ойысуға мүмкіндік жасайды. Осыдан келіп бір облыстың өзінде сан алуан: заңғар таулық, далалық, қүмдық, және жартылай құмдық табиғи-климаттық аймақтарға бөлініп, онда аң-қүс пен өсімдіктің түр-түрін кездестіре аласыздар. Аумағы 100 мың шаршы шақырым жерден қар барысы, аю, дала түлкісі-қарсак, тау ешкісі мен шөлейттерде жасайтын жайран, тағылан, борсық, Гималай ұлары мен дуадақты кездестіру - әлемде сирек болатын жайт. Осы аумақтағы табиғаттың қайталанбас інжу-маржандарының бірі - Орта Азиядағы байырғы қорық - Ақсу-Жабағылы болып табылады. Батыс Тянь-Шань сілемдерінде орналасқан оның теңіз деңгейінен биіктігі 1000 метрден 4280 метрге жетсе, көлемі 75043 гектарды алып жатыр. Қорықтың ландшафты әдемі, ауқымды әрі ғылым мен өнер үшін баға жетпес қүндылыққа ие. Мүнда көне дәуірге тән өсімдік пен жануарлардың көптеген түрі бастапқы қалпында сақталған. Қасқабүлақ тауының тас қатпарларына ата-бабаларымыз салып кеткен көне кескін, бейнелердің ғалымдар мен туристер үшін айрықша қызығушылық туғызатыны анық. Аталмыш аумақтағы рекреациялық қорға бай экзотикалық орындар катарына Қаратау бөктеріне жақын жайғасқан Қызылкөл, табиғаты ғажайып «Бадам» шатқалындағы «Қырыққыз» туристік базасы мен Батыс Тянь-Шань сілемдеріндегі «Ақмешіт» және «Біркөлік» демалыс аймақтары, «Сайрам-су» шатқалындағы «Альтекс» спорт кешені, Машат өзеніндегі шатқал, Шардара су қоймасы, емдік минералдық бүлақ суы бар Сарыағаш ауданының шипажай аймағы және т.б. жатқызамыз. Ойын-сауықтық, мәдени және боулинг орталықтары, бильярд клубтары, жоғары дәрежедегі қонақ үй сервистері, күн талабына сай дәмханалар мен мейрамханалар, ғажайып қалалық демалыс аймағы, туристер мен демалушыларға мінсіз қызмет көрсетуге әзір. Бұған көне де, мәңгі жас Шымқала түрғындарының ақкөңіл, ақ жарқын жүздері мен қонакқжайлылығын қосыңыз. Спорт және денсаулық. Қаладағы 100-ге жуық спорт залдар, 7 стадион, 5 жүзу бассейні, 3 спорт кешені, жеңіл атлетикалық манеж көпшіліктің игілігіне қызмет көрсетуде. Бізден есімдері әлемге әйгілі талай чемпиондар шыққан. Келешекте 4 олимпиада резервін дайындайтын балалар мен жас өспірімдердің мамандандырылған спорт-мектебі мен жекеменшік спорт секциялары, клубтары талай чемпиондарды дайындап, шығаратынына күмәніміз жоқ. Қалалық ипподромда балалардың ат спорт мектебі жұмыс істейді. Шымкент қаласының тұрғыны бола отырып, атақты қазақстандық спортсмен, бірнеше дүркін Еуропа мен әлем чемпионы, гимнастшы Нелли Ким бес олимпиядалық медаль жеңіп алып, әлем спортының аңызына айналды. Шымкентте облыстық және қалалық бағыныстағы бірқатар ауруды алдын-алу мекемелері жұмыс істейді. 21 стационарлық аурухана мекемесі (15 аурухана мен 6 диспансер), 19 дербес ауруханалық-емханалық мекеме, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт, жедел медициналық жәрдем стансасы тұрғындарға қызмет көрсетуде. Бұған Ана мен бала денсаулығын қалпына келтіру, салауатты өмір сүру, медицина және апат, қан қүю, диагностика және кардиология орталықтары, балалар үйі, «Қарлығаш» шипажайы, дезинфекциялык станса, басқа да мемлекеттік және жекеменшік медицина мекемелерін қосуға болады. Медицина Академиясы мен медициналық колледжде жоғары білікті оқытушылар, соның ішінде медицина саласына еңбегі сіңген денсаулық сақтау қызметкерлері істеп жүр. Ресей. Ресей Федерациясы () — Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жер аумағы жағынан дүние жүзіндегі ең үлкен мемлекет. Ресейдің мәдениеті дүниедегі ең ұлы мәдениеттердің бірі, жетістіктері орасан көп. Саяси жағынан Ресей — ықпалы зор мемлекет, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі. Ресейдің экономикасы жылына орташа есеппен 7% жылдамдықпен өсуде, бұл дүние жүзіндегі ең жоғары өсу қарқындарының бірі. Орасан зор табиғи байлықтары, қуатты қарулы күштері мен білім деңгейі өте жоғары халқы — Ресей қуатының кепілі. Ресей тарихы мың жылдан асады, әрі оқиғаларға аса бай. Ресей — көптеген қиындықтарды бастан кешіріп, өзіндік бетін сақтап қала білген ұлы ел. Жағрапия. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста Қытаймен, оңтүстік-шығысында Солтүстік Кореямен, Моңғолиямен, Қазақстанмен, Әзірбайжанмен, оңтүстік-батыста – Украинамен, батыста – Финландиямен,Беларуспен, Естониямен, Латуиямен, Норуегиямен шектеседі. Қытай. Қытай Халық Республикасы (— "Жұңxуа Халық Республикасы";) — Азия құрылығында орналасқан мемлекет. Халық саны бойынша, әлемдегі 1-ші мемлекет (1,3 млрд санынан астам, халық көпшілігі — этникалық қытайлықтар, өз атауы — хән); жер аумағы бойынша Ресей және Канададан кейінгі 3-ші орында. 1949 жылы Қытай Халық Республикасы жарияланғаннан бері елді Қытай Коммунистік партиясы билеуде. Ресми түрде сегіз партия болса да, ҚХР-сын бір партиялы, авторитарлық елдер қатарына жатқызады. 14 мемлекетпен шектеседі: Ауғанстан, Бутан, Мианма, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Лаос, Моңғолия, Непал, ҚХДР, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Виетнам. Тарихы. Қытай тарихы археологиялық мәліметтермен қатар, ерте заманнан бергі саяси өмір мен әлеуметтік қозғалыстарды зерттеуге мүмкіндік беретін, жазба көздерінің көпшілігі және түрлігімен ерекшеленеді. Діни-философиялық және тарихи мазмұны бар канондалған ежелгі қытай мәтіндері, әсіресе Конфуцийдің оқуы жазылғаны — өз кезегінде, қытай өркениетінің дамуына, қытай халықтарының көзқарасына әсер етті. Қытай өркениетіне Конфуций заманынан бері әрбір адамның жердегі өміріндегі бақыт пен аман-саулығына бағытталған жоғары әлеуметтік-саяси белсенділік тән болды — адамның тағдыры құдайдың салғаны емес, өз еңбегінің арқасы. Қытай тарихындағы үлкен халық қозғалыстары менен Қытайға тән жоғары әлеуметтік көшпенділіктің мәнісі осында жатыр. Қытай өркениеті — әлемдегі ең ежелгілердің бірі. Қытай ғалымдарының айтуы бойынша, оның жасы бес мың жылға жуық, оның үстіне жазба көздері 3500 жылғы мерзімді қамтиды. Династиялар ауысқан сайын түрлі даму кезеңдерінен өткен ежелгі әкімшілік басқарудың баршылығы, өзге өркениеттен кейін қалып қойған көшпенді көршілер мен тау халықтарына қарағанда, жер өңдеу саласы дамыған экономикасының баршылығы анық артықшылық болды. Қытай өркениетін одан әрі конфуцийлік (б.з.д. 1 ғ.) және бірегей жазу жүйесінің енгізілуі күшейтті. Саяси көзқарас бойынша, Қытай бірнеше мыңдаған жылдар бойы, цикликалық түрде қайталанатын саяси бірлік пен шашыраңқылық мерзімдерінен өткен. Қытай аумағы басқыншылардың шабуылына жиі ұшырады, бірақ басқыншылардың көбі ертелі-кешті қытайланып, қытай этносымен араласып кетті. Қазіргі қытай мемлекеті мен қоғамы көптеген ғасыр бойы қоршаған азия халықтарымен мәдени және саяси араласуы менен енгізілуінің нәтижесі. Қытай этносының аса ірі демографиялық потенциалының көрші халықтарға тигізетін әсерін жоққа шығаруға болмайды. Қытай тарихын мерзімдеу. Қытай тарих ғылымында қабылданған қысқа реттік кесте б.з.д. 2357. — б.з.д. 2255 до н. э. Хань әулетінің дәстүрлі мерзімдері (в том числе Западная Хань — с 206 до н. э. по 25 н. э., Восточная Хань — 25 — 220 н. э.) Цзинь әулеті (Батыс Цзинь: 265 — 316, Шығыс Цзинь: 317 — 420) ҚХР (тарихы және қазіргі заман). 1949-1956 КСРО көмегімен өндірістің негізгі салалары салынды, өндірісті ұлттандыру және ауыл шаруашылығын коллективизацияландыру жүргізілді, жаппай социалистік құрылыс басталды. 1956 жылы ҚКП 8 съезінде Мао Джетуң идеяларының жеңісімен, «үлкен адым» саясатымен, «коммунизацияландырумен» аяқталған жаңа бағыт жарияланды. Одан кейін негізгі ұраны болған социализм құру кезіндегі класстық күресті күшейту және Қытайдың мемлекет пен қоғам құрудағы «ерекше жолы» екі жақтың теке-тіресінен «мәдени революция» жарияланды (тауарлық-ақшалай қатынастарды мойындамау, мемлекеттік емес жекешелендірудің болмауы, сыртқы экономикалық қатынастарды болдырмау, адалсыз саясаткерлерді жұрт алдында соттау, хунбэйбиндер және т.б.) Бұл саясат кейін «төрт банданы» құлатқаннан соң, кейін билік басына келген Дэн Сяопинмен әшкереленді. Қытай Коммунистік Партиясының Орталық Комитетінің 11 шақырылымымен өткен ІІІ Пленум (1978 жылдың желтоқсаны): жоспарлы-тарату және күллі шетелдік инвестицияны кірістіру, ұйымның кеңірек шаруашылық қарекет етуіне рұқсат беру, ауылдарда жанұялық тәртіпті енгізу, экономикадағы мемлекеттік сектордың пайызын кеміту, ашық экономикалық аумақты ашу, кедейшілікпен күресу, ғылым мен техниканы дамыту сияқты нарықтық болатын екі жүйенің біріктіруі арқылы социалистік нарықтық экономикаға курс жарияланды. Қытайды хаостан, артқа қалудан және кедейшіліктен алып қалып, қалыпты әлеуметтік-экономикалық даму жолына салға Дэн Сяопин болатын. 1980 жылдың аяғы мен1990 жылдың бастарында Қытай толықтай халықты тамақтандыру мәселесін, ЖІӨ (Жалпы ішкі өнім) және өндірісті жылдам түрде ұлғайтуын дамуын, халықтың өмір деңгейін көтеру мәселесін шешті. Бұл түбегейлі жаңартулар одан кейінгі келген Цзян Цземинмен және Ху Джинтаомен жалғастырылды. 2002-2005 жылдары Ху Цзинтао(қыт. 胡锦涛) өзінің қолына жоғары партиялық, мемлекеттік және әскери лауазымдарды алды (ҚКП ОК жоғарғы төрағасы, ҚХР председателі, ҚХБА бас қолбасшысы). ЖІӨ-нің орташа өсуі 1990-1999 жылдары — 10,3%, 1998-2001 жылдары— 10%, 2002-2005 жылдары— 9% құрады. ЖІӨ көлемі бойынша, Қытай АҚШ-тан кейінгі екінші орынды иеленіп жатыр. Валюталық резервтері жылдам өсті. Сыртқы сауда көлемі 2004 жылға қарай 850 млрд. доллардан асып кетті. Бірақ та Қытайдың орасан зор экономикалық өсуі өсіп келе жатқан саяси және әлеуметтік тұрақсыздықпен тіресті. Жасалған реформалар елдің тек жағажайдағы шығыс провинцияларға септігін тигізсе, өзге аймақтағы халық жағдайы өте төмен болып табылады, сонымен қатар әр аймақтың экономикалық жағдайының айырмашылығы ұлғаюда. Қытай басшылығы бұрынғы КСРО аумағында болып өткен «түрлі-түсті революцияларға» күдікпен қарады, әлеуметтік ашынудың Қытайға келуінен сақтау үшін мемлекеттік бақылауды күшейту жолында үлкен жұмыстарға кірісіп, шетелдік Қытай басшылығы бұрынғы КСРО аумағында болып өткен "түрлі-түсті революцияларға" күдікпен қарады, әлеуметтік ашынудың Қытайға келуінен сақтау үшін мемлекеттік бақылауды күшейту жолында үлкен жұмыстарға кірісіп, шетелдік ықпалды шектетті. 2005 жылдың қазан айында ең ірі ұялы байланыс операторларының қызметін мемлекеттік бақылауға алу науқаны басталды. Жаппай сыбайластығы үшін жиі сыналатын Гуандун провинциясында партиялық және мемлекеттік басшылығын соттау басталды. ҚКП ОК пленумы 2005 жылдың қазанында «Қытайда үйлесімді қоғамды құруды стратегиялық мақсат ететін» 11-інші бесжылдық жоспар қабылдады. 2006 жылдың 5 наурызында ВСНП кезекті отырысында бағдарламалық баяндамамен Вэнь Цзябао шығып, елдің экономикалық өсуінің тежеуді, ал босатылған ақшаны шаруалардың өмір деңгейін көтерумен қатар әскері шығындарды өсіруді ұсынды. Үкімет Қытайдың ЖІӨ-ін қазіргі жылына 10%-дан 7,5%-ға тежеуді жоспарлауда. Босатылған қаржы қаланың тұрғындары мен шаруалардың арасындағы өмір деңгейінің айырмасын жабуға жұмсалады (елдегі шаруалар саны шамамен 900 млн., немесе халықтың 75%-ы). ҚХР-да «түрлі-түсті революцияның» алдын алу мақсатында 2006 жылы аграрлық секторға шамамен 340 млрд. юань жұмсау көзделіп отыр (2005 жылғыдан 14 пайызға көп). Әскери шығындар да көбейеді. Ресми әскери қаражат 2006 жылы 14,7%-ға көбейіп, 284 млрд. юаньды құрайды (35,5 млрд. доллар). Жоспарланып отырған ауыл шаруашылыққа және әскерге жұмсалатын қаржының көбейюі жағажайдағы бай провинцияларды пайдаланады. Сондықтан, бұл саясаттың өткізілуі бұрынғы басқарушы Цзян Цзэмин шыққан Шанхай тайпасының қарсы әрекетіне кезігуі мүмкін. Саясат жайғасы. 1949 жылдың желтоқсанында ҚХР құрылғалы елде төрт Конституция қабылданды(1954, 1975, 1978 и 1982). Қытай Халық Республикасының Конституциясы бойынша (1982 жылдың желтоқсаны), ҚХР — халықтың демократиялық өктемдігі бар социалистік мемлекет. Мемлекеттік биліктің жоғарғы органы — жергілікті жиналыста 5 жылға сайланатын халық қалаулыларынан тұратын 2979 депутаттан тұратын бір палаталы Бүкіл Қытай халық қалаулыларының жиналысы (БҚХҚЖ). БҚХҚЖ сессиясы жыл сайынғы тәртіппен шақырылады. Депутаттардың санының көптігінен БҚХҚЖ функцияларын сессия мерзімдерінің арасында делегаттардан сайланған тұрақты комитет атқарады (шамамен 150 адам). Сайлауға тек қана Қытай Коммунистік партиясы мен Халықтың саяси кеңес Советіне кіретін сегіз демократиялық партия қатысады. Шәңғаңда және Макаода өз заң шығару жүйелері бар. БҚХҚЖ барлық депутаттары коммунистер және демократтар блогінен тұрады. Қырғызстан. Қырғыз Республикасы (қырғызша: --, орысша: --) — Орталық Азияда орналасқан мемлекет, бұрынғы КСРО-ның құрамдас бөлігі. Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы қатынастары Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылғы 15 қазаннан бастап қалыптасқан. Екіжақты ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық негізі 150-ден астам құжаттардан тұрады және олардың негізгілері болып 1997 жылғы 8 сәуірде қол қойылған Мәңгілік достық туралы Шарт пен 2003 жылғы 25 желтоқсанда қол қойылған Одақтастық қатынастар туралы Шарт болып есептеледі. Қазіргі кезде екіжақты достық қарым-қатынастар одақтастық дәрежеде, стратегиялық әрі теңқұқықты әріптестер деңгейінде қарқынды даму үстінде. 2009 жылғы 16 маусымда Қазақстанда қазақстан-қырғыз Үкіметаралық кеңестің бірінші отырысы өтті. Отырыс аясында сауда-экономикалық, су-энергетикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салаларда ынтымақтастықтың тереңдету мүмкіншіліктері талқыланды. ҚР Қырғызстанның басты сыртқы саяси әріптестерінің бірі. 2009 жылғы ҚР мен Қырғыз Республикасы арасындағы сауда айналымы 507,0 млн АҚШ долл. құрады (экспорт-390,5 млн., импорт-116,5 млн.), бұл көрсеткіш әлемдік қаржы дағдарыстың әсерінен 2008 жылмен салыстырғанда 16,7%-ке төмен. 2010 жылдың І тоқсанында ҚР мен Қырғызстан арасындағы сауда айналымы 2009 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,5%-ке көбейіп 103,7 млн.АҚШ долларын құрады (экспорт – 84,5 млн., импорт – 19,2 млн. АҚШ долл). Қазіргі кезде Қырғызстанда Қазақстан инвестициясының қатысуымен 400 бірлескен кәсіпорын жұмыс істеуде. Олар өз қызметтерін экономика, энергетика, газтасымалдау, өнеркәсіп, құрылыс материалдарын шығару, банктык сектор салаларында жүзеге асыруда. Қазақстанда қырғыз капиталының қатысуымен 250 өнеркәсіп жұмыс істеуде. Жұмыс салалары – сауда, туризм, құрылыс, суды тазалау және тарату, көлік, жарнама. Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық қарқын дамуда. Тұрақты түрде екі ел арасында көрмелер, халықаралық ғылыми симпозиумдар, «дөңгелек үстелдер», поэтикалық кештер және зиялы қауымдар мен қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен семинарлар өтеді. 2007 жылғы қыркүйекте Алматы қаласында Қазазақстан мен Қырғызстан зиялы қауымдарының бірінші Форумы, ал 2008 жылғы 25-26 қазанда Бішкекте екінші Форумы өтті. Жалпы алғанда, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы қатынастар түбегейлі қайшылықтардың жоқтығымен, көптеген өзекті халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша ұстанымдардың ұқсастығымен сипатталады. Өзбекстан. Өзбекстан — (ресми түрде — Өзбекстан Республикасы) — Орталық Азия аймағында орналасқан мемлекет. Қаз КСР. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы 26 тамыз 1920 ж. РСФСР құрамында Қырғыз АССР қалпында құрылған. 1936 ж. 5 желтоқсанында Қазақ ССР ретінде одақтас республикасы статусын иеленген. 1991 ж. желтоқсанында тәуелсіздігін жариялап Қазақстан Республикасы атанады. Гагра. Га́гра (Абхазия, Гүржістан) — Қара теңіз жағалауында орналасқан дауалы жері бар қала. Қарағанды. Қарағанды қаласы облыстың ірі индустриалды-өнеркәсіпті, ғылыми және мәдени орталығы болып табылады. 1934 жылғы 10 ақпанда Қарағанды поселкесі ЖОАК Президиумының қаулысымен қала болып қайта құрылды. Қала аумағы 543,3 шаршы километрге тең. Қала халқының саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 453,4 мың адамды құрады. Қалалық әкімшілікте 1 ауылдық елді мекен бар. Ұлттық құрамы. Есептілік деректер бойынша 2007 жылдың басына қалада тұратын халық санының Демография. Қалада 01.01.07 жылға 10371 шаруашылық жүргізуші субъекті тіркелген, оның ішінде 92 ірі, 397 орта, 9882 шағын субъектілер. 2010 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша тұрғындар саны 471,8 мың адамды құрады. Әкімшілік-аумақтық құрылым екі ауданмен ұсынылған: 256,7 мың адам тұрғыны бар Қазыбек би атындағы аудан және 215,1 мың адам тұрғыны бар Октябрь ауданы. Қала аумағында 113 ұлттың өкілдері тұрады. Өнеркәсіп. «Қарағанды-Жарық» ЖШС, «Қарағанды Маргарин зауыты» АҚ, «Эфес Қарағанды Сыра қайнату зауыты» АҚ ЖК, «Қарағанды конфеті» АҚ, Қарағанды металлоконструкция заводы «Имсталькон» АҚ филиалы, «Қарағанды Жылу» ЖШС. Ауыл шаруашылығы. 2006 жылы ауыл шаруашылығы өнімнің айтарлықтай бөлігін өсімдік шаруашылығы құрады. 2006 жылғы 1 шілдеге ауыл шаруашылығы өндірушілерінің нақты бары: 20 ауыл шаруашылығы кәсіпорыны, 14,9 мың халықтың жеке қосалқы шаруашылығы. Аймақта ауыл шаруашылық өнім өндіруге 10,3 мың гектар ауыл шаруашылық жерлер пайдаланылады, оның ішінде 3,0 мың га – егістік алқаптар.* 2006 жылғы астыққа 2,9 мың гектар ауыл шаруашылық дақылдары егілетін егістік жерлер пайдаланылды, оның 2006 жылы 0,1 мың тонна дән дақылдар, 0,7 мың тонна ет (тірі салмақта), ірі қара мал саны 3,0 мың бас; қой мен ешкі – 1,1 мың бас; құс - 22,8 мың басты құрады.* • 103 күндізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, онда 62917 оқушы оқиды, • 18 колледжде – 23427 оқушы, • 11 кәсіби-техникалық оқу орнында – 4567 оқушы, • 12 жоғары оқу орнында - 56222 оқушы оқиды. • кино көрсету қызметін жүзеге асыратын 7 ұйым, • 4 мәдениет және демалыс паркі, • бір хайуанаттар паркі жұмыс істейді. 2006 жылғы қаланың ірі және орта кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік саны 118844 адамды құрады, орташа атаулы еңбекақы - 34150 теңге. 2006 жылғы өндірістік өнім көлемі (үй шаруашылық есебінсіз) 77505,5 млн. теңгені құрады. 2006 жылы негізгі капиталға инвестициялар 49855,6 млн. теңге сомасында игерілді, бұл 2005 жылғы көлемге 132,5%-ды құрайды. Кәсіпорындардың өз күштерімен орындаған мердігерлік жұмыстар көлемі 2006 жылы 21687,7 млн. теңгені немесе 2005 жылғы көлемнің 140,7%-ын құрады. 2006 жылғы бөлшек тауар айналым көлемі (қоғамдық тамақтандыру қызметін есепке алмағанда) 131272,1 млн. теңге шамасында құралды, қызмет көрсету көлемі (мемлекеттік басқару қызметінсіз) – 21379,2 млн. теңге. Білім және ғылым. Қарағанды өзінің мол жерасты байлығының арқасында өмірге келіп, өсімі тараған қала. Қарағанды облысының әкімшілік-орталығы. Петропавл-Шу темір жол бойындағы ірі темір жол стансасы, әуе, автомобиль қатынасының торабы. Іргесі Қарағанды көмір алабының орталығындағы шахтерлер кенттерінің негізінде қаланды. Тұрғындарының тез өсуіне байланысты 1934 жылы қалаға, 1936 жылы облыс орталығына айналды. Сарыарқаның ұсақ шоқылы, сәл белесті жазығының орта тұсында, жазда тартылып қалатын Бұқпа өзенінің екі жағалауында орналасқан. Климаты айқын континенттік, қысы суық, ұзақ, қары жұқа, боранды; жазы ыстық, құрғақ, аңызақ желді. Қаланы сумен Нұра өзені, Ертіс-Қарағанды каналы, жер асты сулары қамтамасыз етеді. Қарағандының 170 жылдық тарихы бар. Қараған көп өсетіндіктен қала «Қарағанды» деп аталған. Бұл жерден 1833 жылы Байжанов Аппақ тас көмір тапқан. Өтепов деген бай Қарағанды өңірін Н. Ушаковқа 250 сомға сатқан. Орыс кен кәсіпкерлері Ушаков пен Рязанов 1856 жылдан бастап Қарағандыдан көмір өндіре бастайды. Өндірілген көмір Спасск мыс қорыту зауытына тасылып тұрған. Қазан төңкерілісінен кейін Қарағанды шахталары мемлекет меншігіне айналды. 1920-30 жылдары жүргізілген барлау жұмыстары мұнда көмір қорының мол екенін анықтады. 1929 жылы «Қазаққұрылыскөмір» тресі құрылды. Қарағандыда елдің үшінші көмір базасын салу туралы шешім шығарылды. Бұл Қарағанды көмір алабының дамуындағы жаңа кезең болды. Алғашқы бесжылдық жылдары Қарағандыда ірі көмір өндіру орталығы пайда болды. Оны салуға Донбасс кеншілері жан-жақты кәсіби көмек көрсетті. Шахталарды кен қазатын құралдар және жабдықтармен қамтамасыз етті. Қарағанды көмірін Оралға, Батыс Сібірге, Орта Азияға жеткізу үшін темір жолдар салынды. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Қарағанды көмір алабы қорғаныс өнеркәсіптерін, теміржол көлігін қамтамасыз етті. Өнеркәсібінің басты саласы – тас көмір өндіру. Олармен «Қарағандыкөмір», «Көмір-Инвест», «Трансэнерго» ЖШС-терінің ірі кәсіпорындары шұғылданады.Қарағанды ғылым, білім, мәдениет орталығы. Мұнда Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының Орталық Қазақстан бөлімшесі, 19 ғылыми-зерттеу және жобалау институттары орналасқан. Қарағанда мемлекеттік университеті, техникалық университет, медицина академиясы, ішкі істер Министрлігінің заң институты және әр саладан мамандар даярлайтын мемлекеттік емес 10 жоғары оқу орны жұмыс істейді. 10 кәсіптік-техникалық мектеп, 7 колледж, 80 мектеп, 39 мектепке дейінгі балалар мекемесі, 40 аурухана, 84 амбулатория мен емхана, 24 кітапхана, 3 мұражай, 6 мәдениет үйі мен клубтар, 2 драма театры, музыкалық комедия театры, филармония, цирк, спорт кешені, стадион, екі үлкен саябақ бар. Қаланың орталық бөлігінің архитектурасын жасағаны үшін авторлар-тобы (архитектор Э.Г.Меликов, С.И. Мордвинцев, М.О. Жандәулетов) Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығына ие болды (1978). Қалада Н.Ә.Әбдіровке ескерткіш орнатылды (1958), «Шахтер Даңқы» (1976) және 2-ші дүниежүзілік соғыс жылдары қаза болған қарағандылықтарға (1978), арналған монументтер қойылды. ҚарМУ ҚарМТУ ҚММУ ҚЭУ ҚУ Болашақ ҚЗИ Жаралған намыстан қаһарман халықпыз. Жаралған намыстан қаһарман халықпыз… (бірінші тармағынан шыққан атау) — 1993—2006 жж. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны ретінде қолданған ән. 1993 ж. бастап Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны ретінде қолданған. 2006 ж. қаңтар айынан бастап Менің Қазақстаным әнінің жаңа нұсқасы әнұран етіп қабылданды. Әнін 1944 ж. композиторлар Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди жазған. Сөзін 1992 ж. ақындар Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаева ұсынған. Ерлік те, елдік те ұрпаққа аманат! Барыс (жануар). Барыстар Орталық Азиядағы тауларда, Солтүстік Үндістан, Пәкістан, Байкал, Тибет өңірлерін мекендейтін мысық. Саны тез қысқаруда. Сирек, таралу аймағы тарылып, саны кемуде. Тянь-Шань, Тарбағатай, Сауыр мен Алтайдың биік жоталарында таралған; таулардың альпі және субальпі белдеу-лерінде құзды, жартасты жерлерді мекендейді. Қазақстанда жалпы саны - 200 бастан аспайды; санының кемуінің негізгі себептері - қасақылық және негізгі қоректік объектілер (таутеке, арқар, елік) санының азаюы. 1976 және 1985 жылдары барыстар Алматы хайуанаттар паркінде өсіп-өнген. Ақсу-Жобағылы, Алматы және Марқакөл қорықтарында және үш қорықшаларда қорғалады. Жоңғар қорығын ұйымдастырып, қазіргі бар қорықшаларда қорғау жұмыстарын жақсарту қажет Көп түркі және көшпенді елдер үшін, барыс ұлттық таңба. Алматы қаласының қалатаңбасында - барыс, Татарстан республикасының елтаңбасында - қанатты барыс. Барыс, ірбіс – мысық тұқымдасына жататын жыртқыш аң. Дене тұрқы 125 – 135 см, биіктігі 60 см (шоқтығынан алғанда), құйрығы 90 – 100 см, салмағы отыз – қырық килограмдай. Түсі көк сұр, теңбіл шұбар, сақина тәрізді дөңгелек қара дақтары бар, жүні ұзын әрі қалың. Қазақстан мен Орталық Азияның биік тауларында (2000 м-ден астам) кездеседі. Оның ең көп жүретін жері – басын мәңгі қар басқан тасты тік беткейлер мен қиялар. Қыста қар қалың түскенде, барыс таудың орманды белдеуіне дейін төменге түседі. Барыс тұяқты жануарларды, әсіресе, арқарды, тау текені, тау ешкілерін, еліктерді, ал құстардан ұлар мен кекіліктерді ұстап жейді. Қорегін негізінен іңірде немесе түнде аулайды. Қазақстандағы барыстың саны жүз сексен – екі жүздей. Олар негізінен Ақсу-Жабағылы, Алматы, Марқакөл қорықтары мен Алматы, Лепсі, Тоқты қорықшаларында мекендейді. Аулауға тыйым салынған, санының азайып кетуіне байланысты халықаралық және ұлттық «Қызыл кітапқа» (1996) енгізілген. Қазақ ежелден барыстың тектілігін, батылдығын, айлалылығын пір тұтқан. Дәстүрлі жыл санауымыздың үшінші жылы Барыс жылы. Барыс Алматы, Астана қалаларының төлтаңбаларында бейнеленген. Түрікменстан. Түрікменстан () — жер көлемі 488,1 мың км² алып жатқан, батыстан шығысқа 1100, солтүстіктен оңтүстікке 650 km созылып жатқан Орталық Азиядағы мемлекет. Жағырапиясы. Жерінің 80 % артығын аптап шөл (Қарақұм шөлі), құм көшкіндері, тасты таулар мен ащылы алаптар басып жатыр. Түркіменстанның ең үлкен өзені Әмудария. Оның ұзындығы 1415 км болса, соның 1000 км осы елдің аумағында. Осы өзеннен бастау алып, Түркіменстанның Ашғабат, Мары, Бүзмейін, Балқанабат (Небит-Даг), Түркіменбашы (Красноводск) сияқты ең үлкен қалаларына ауыз суын жеткізіп жатқан Қарақұм арнасы. Сонымен бірге, канал 1 млн ha жерді суландырады. Оның ұзындығы 1100 км. Ахуалы. Елдің қыс айларындағы орташа температурасы 26—32 °C, ал жаздағы ыстық 70 °C асады. Әкімшілік бөлінісуі. Түркіменстан 5 әкімшілік-экономикалық аумаққа бөлінген. Олар уелаят (уәлаят) деп аталады. Ахал, Балқан, Дашоғұз, Лебап, Мары уалаяттарын және Ашғабат қаласын президент тағайындаған хакимдер басқарады. Уеллаяттардың құрамына 46 этрап (атырап) және 528 генгеши (кеңес) енеді. Жұрты. Халқының саны 6 млн адамға жуық. Түркімен халқының жалпы саны қазір 20,0 млн артық деген дерек бар. Түркімендер Ауғанстан, Иран, Түркия, Ирақ, Сүрия секілді елдерге де жайылған. Елдегі түркіменнен кейінгі көп халық өзбектер, одан кейін орыстар. Қазақтардың саны бұрын 120,0 мыңнан асады екен. Қазір соның жартысына жуығы атажұртқа көшіпті. Қазір 60,0 мыңға жетер-жетпес қазақ бар көрінеді. Бұлардан басқа әрмендер, әзірбайжандар, түріктер, иран халықтары, т.б халықтардың өкілдері де тұрады. Солардың ішінде ирандықтар мен түріктердің ғана ұлттық орталықтары бар. Түркіменстанда ТМД халықтарының ұлттық-мәдени орталықтары жоқ. Тарихы. Түркіменстан 1991 ж. қазанның 12 өз тәуелсіздігін жариялап және осы сәттен бастап ерекше мәртебелі ел болуды мақсат тұтып, әрекеттер жасаған. 1995 ж. желтоқсанның 12 әлемнің 185 елінің қолдауымен ол БҰҰ-ның бейтарап ел деп таныған шешіміне қол жеткізді. Саясат жайғасы. Түркіменстанда ең үлкен лауазым иесі, әрі атқарушы биліктің басшысы — елдің президенті. Ал Халық маслахаты елдегі халық билігінің ең жоғарғы өкілді органы болып табылады. Оның құрамы 2 мың адамнан артық. Осы органның да төрағасы президент. Елдегі заң шығарушы орган Меджилис деп аталады. Оның құрамында 5 жыл мерзімге сайланатын 50 депутат бар. Түркіменстанда азаматтық қоғамның да атрибуттары бар. Кәсіподақ, ақсақалдар кеңесі, Мақтымқұлы атындағы жастар одағы, Горбансолтан әже атындағы әйелдер одағы, дін жөніндегі кеңес және т.б. мемлекеттік бюджеттің есебінен жұмыс істейді. Елде бір-ақ саяси партия тіркелген. Демократиялық партия деп аталатын оның құрамында 100 мыңнан артық мүше бар. Экономикасы. Экономиканың барлық саласында мемлекет үстемдік етіп отыр. Мемлекеттік бюджет кірісінің қомақты бөлігін мұнай мен газды сыртқа шығарудан басқа мақта иіру кәсіпорындарының тізбесінен түсетін салық та құрайды. Мұнда Менделеев кестесіндегі элементтердің бәрі де бар. Жерінің 80 % мұнай мен газ бар. Осы уақытқа дейін олардан 144 кен орны табылған. Бірақ соның әзірге 40-қа жуығы ғана игерілуде. Газдың болжамды қоры 21-23 трлн m³ метр, ал мұнайдікі 12 млрд тоннаға жуық делінеді. Жоғары технологияға негізделген ондай кәсіпорындар саны қазір 63-ке жеткен. Жыл сайын бұл елде 158 млн m² мақта-мата бұйымдары мен 82 мың тонна жіп иіріледі. Осы өнімдерін Түркіменстан әлемнің жоғары дамыған 30-дан артық еліне шығарып тұрады. Жалпы, бұл ел әлемнің 80-нен артық елімен белсенді сауда-экономикалық байланыстар жасайды. Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы құрлықтағы шекараның ұзындығы 426 км. Ол 2001 ж. шілденің 5-інде ратификацияланған екіжақты келісім-шартпен толығымен шегенделген. 2006 ж. екі елдің арасындағы тауар айналымы $153,3 млн көлеміне жетті. Бұл 2005 ж. салыстырғанда 2,2 есе артық. Соның ішінде экспорт $20,7 млн, ал импорт $132,6 млн құрады. Түркіменстан жағы Қазақстаннан негізінен өсімдік өнімдерін, темекі, ұн және химия өнеркәсібі өнімдерін импорттайды, ал Қазақстан минералды және химиялық өнімдер алады. Әлеуметтік саласы. Мұнда электр қуаты, газ, су, тұз тегін. Қоғамдық көлікпен жүрудің бағасы 50 манат. Ал бір доллардың ресми бағамы 5200 манат, базардағы нарқы 23500 манат. Қазақстан қалалары. right Ақмола облысы. Орта ғасырдағы Қазақстандағы мәдениет ерекше cұлулығымен тәнті ететін. Қазақстанның қақ ортасында Астанадан солтүстік-батыс жақта 160 км қашықтықта Көкшетау тауларынан қазақ шөл далаларынан бөлейтін, жарты шөл және шөлдің қиылысында Қорғалжын-Теңіз құрамына Қорғалжын ұлттық қоры орналастырылған. Қордың жалпы көлемі 237 100 га. Аймағында Қорғалжын өзені және Теңіз өзені бірігуінен екі өзенінің шөл даласының тікенектермен тіректерге толы, ағаштары аз елді мекен болып табылады. 1968 ж. су-батпақты жерлер болып есептелетін қызғылт фламинго, бірқазан және басқа құстар қоныстанатын жерді қорғау мақсатында қорық құрылған еді. Фламингоның популциясы Орталық Азияда ірі болып келеді. Астана мен Көкшетау екі қаласының арасында орналасқан Бурабай өзенін «Казахстандық Швейцария» деп атайды. «Алла әлемлі құрағанда – аңызда айтылғандай - бір халыққа қалың ормандар мен өзендер, жазық даланы берсе, басқаларға биік таулар және теңіздер берген еді. Қазақ болса тек жазық даланы алған болатын. Бұл қазаққа өкінішті болып, ол Құрушыдан сұлу табиғаттың бір бөлігін сұрайды. Одан кейін Алла өзінің қоржынынан (сөмкесінен) жазық далаға таулы, мөлдірдей-таза суымен, гүлденген гүлдерді, сұлу табиғаттың бөліктерін жайып салған болатын. Тауларды түрлі образды ағаштар және тікенектермен, құстармен, өнеді – балықпен, даланы – құрт-құмырсқамен толтырған болатын. Осылай Бурабай құрылған еді». Бурабай - Теңіз тереңдігінен 320,9 м биіктікте. Өзендегі су мөлдір тереңдігі (7 м). Жиырмаметр биіктіктегі “Жұмбақтас” шыңды аралы судан көтерілгендей. Жағалауы аққайың, қарағай орманымен жайылған. Ерекше климаттық жағдайдағы таулардың, өзендердің, ормандардың бірігуі құрайды. Мұнда қымыз, тұзды емдеу курортты комплексі орналасқан. Емдеу балшығымен минералды су көздері бар. Алматы облысы. Жетісу бойынша археологологиялық бағыт және бағдар Жетісу (Алматы облысы) мәдениет және тарихи түрлі ескерткіштердің болуы территорияның туризмнің дамуына қолайлы жерлердің бірі. Жетісуда бір күннің ішінде барлық табиғи зоналарды шөлдерден Іле Алатауларына дейін баруға болады. Алматының жанында тарих және мәдениет ескерткіштерінің қатары бар. Бұл бірінші көпсаналы және түрлі образдағы сәулет ескерткіштері: Іле қорғандары және сақтардың алтын бұйымдары, Ұлы Жібек жолындағы ортағасырлы қалалар және қола дәуіріндегі таулы таулы суреттері (петроглифтер). Берілген мекенде ежелгі адамның іздері тұрақ немес еңбектің тасты бұйымдары ретінде сақталған. Мекеннің қоныстануы бірнеше жүзжылдыққа созылды. Бұл малшылар тайпасы болды. Ауа райының жылынуымен қонысты тау бөктеріне аударып, одан кейін Тянь-Шань тауларына орын ауыстыратын. Жетісуда қола дәуірінің бірнеше қоныстары қазылған. Бұл балшық қоспасымен тастан жасалған жердегі қабырғалар тереңдігі 1-2 м шым үйлер және жер кепелері. Осындай қазбаларды Түрген шатқалындағы Асы жерінде (XII –X ғ.ғ.) және Көксу өзенінің бойындағы (X – IX ғ.ғ. Құйған және Талапты қоныстар). Жетісудағы ерте темір дәуіріндегі жүйенің іздерімен ең ірі қоныс Шарын-Сары-Тоғай өзенінің бойында орналасқан. Оның ұзындығы екі метрден астам. Сыртқы көріністе шойын қазанның, ыдыстар, құмыраның, сонымен қатар еңбектің тас құралдары суреттелген. Жетісу территориясындағы петроглифтері Тамғалы асқан құнды адамзат мұрасы ретінде ЮНЕСКО тізіміне енгізілді. Тамғалы шатқалы Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 180 шақырым жердегі түрлі жануарларды, құдайларды суреттейтін 4500 петроглифтерімен ежелгі орны орналасады. Шатқал б. э.д. XIV-XIII ғ.ғ. құрылған ежелгітүрік және Сақты қола дәуірінің петроглифтерін ұсынады. Суреттер шыңдардың бетінде орналасқандықтан бірден оңай оларды көруге болады. Ежелгі суретшілер түрлі жауралардың, аңды аңлау көрініс, мифологиялық сюжеттерді суреттеген болатын. Петроглифтер маңызды ақпаратты жеткізу үшін қызмет етті. Бұл өзінідік белгілі жүйе болды. Салатын орындар сакралды болып есептелді. Бұл ескерткіштер ашық аспанның астында орналасты. Алматы –Талдыкорган 110 км созылған жол Қербұлак ауылына дейін 13 км қашықтықта Тамғалытас (Жазылған тастар) шатқалы Іле өзенімен қиылысқан жолда орналасты. Бұл жерде будда құдайлардың бейнелері бейнеленген тастарды көруге болады. Бұл мекенге буддизмді миссионерлер әкелген еді. Шатқалдың шыңында қызыл тас укесегі биіктігі оның екіэтажды үймен тең. Онда үш түрлі фигуралар: діни орналасқан, йогтармен тең төрт қолды Будда суреттелегн. Будда жақтарында оның айналатын тағы екі құдайдың бейнесі беріледі. Үш басты құдайдың шығысында вертикалды кесегеде айдахрлар ханы бейнеленген. Ойжайлау шатқалы 15-20 км солтүстігінде Қордай орында Кіндіктас тауларында Отар бекетінен батысқа қарай 40 км жерде орналасқан. Ол теңізден 1200 км биіктіктегі кішкене шектелген шоқылар таулы аймақты ұсынады. Ежелгі өзендермен, далаларымен қиылысады. Сол жағалаудағы солтүстік-батыс бөлігіндегі шатқалдарда, шыңдарда петроглиф тер қашалған. Түрік уақытының композициясы шығыста қарай 50- 70 метр. Бұнда екі салт аттылар бейнесі суреттеледі. Ешкіөлмес жотасы Жоңғар Алатауының батыс бөлігі. Бағыттың ені 30 км және Талдықорған қаласынан 30 км қашықтықта созылған. Жотаның солтүстік жағынан жазық далаға көтеріліп, оңтүстік жағынан Жетісу-Көксу сулы өзендердің бір саласына құяды. Теңіз деңгейінен тереңдігі 1300 м. құрайды. Ешкіөлмес жотасы және оң жағалуы Көксу өзенінің арасындағы жолында көптеген қола дәуірінен ортағасыр дәуіріне дейінгі археологиялық ескерткіштер қоныс ежелден мекендегенін хабарлайды. Осы уақытта Жетісу аймағында сақ тайпалары қоныстанған еді. Көптеген сақ-көшпенділер қорғандары өзінің мөлшерімен таң қалдырады: диаметрі шамамен 100 метр. Үлкен қорғандарды патшалық деп аталады. Көбі ежелден ұрланған болатын. Ыстық көл қаласының жанында белгілі қорғандар сақталып, жерленген ұлдар және бірнеше жүз алтын бұйымдар табылған. Бесшатыр қызықты қорғандары Алтын-Емел ұлттық саябағында бір жерде 31 қорған орналасқан. Ең үлкені - диаметрі 108 м, биіктігі 17 м. Қорғандар вертикалды және горизанталды орнатылған жеті тасты топтарымен шектелген. Тараз, Түркістан, Отрар ежелгі қалаларына соғатын Ұлы Жібек жолы бойынша саяхат қызықты болып келеді. Жетісуда ең ірі Қоялық қаласының қалдықтры (қазіргі Қойлық ауылы) сақталған. Қаланың құрылыс қалдықтары биіктігі 5-тен 10 м дейін және периметр бойынша бірнеше километрге дейін жетеді. Шығыс Жетісудың қаласының жоспарлануы Батыстан ерекшеленеді. Шығыс Жетісу қалашықтарында қамалдар жоқ, болса да мөлшерімен кіші болады. VII ғасырдан бастап Жетісу қалалары салына басталып, века, олардың көбі X ғасырдан XIII ғасырға дейін салынды. Ортағасырлық қалалар керуен жолдарының бойында пайда болған. Бүгінгі күнге дейін Ұлы Жібек жолының бөліктері сақталды. Мысалы, Тараз қаласынан Құлан ауылына дейін, одан кейін Шу өзенінен Шу даласына дейін созылады. Шу өзенінің даласынан шығыс Жетісуға Қастек асуы арқылы жоғарыда орналасқан Қастек қалашығына дейін созылады. Медеу – 15 км от Алматыдан 15 км орналасқан бейнелі шатқалы. Сұлу табиғаттан басқа – ең үлкен жоғарытаулы мұз айдыны Медеоны – қаланы селден қорғайтын инженер өнерінің шедеврі Бөгетін көріге болады. Бөгет коллекторының көлемі - 6 000 000 су кубометрі. Мұз айдынының 1972 жылы 1691,2 биіктікте бүкіл әлемге “сырғанау спортының рекордтарының жиынтығы” деп атайды. Медеу шатқалының жақсы климаты, сәулелі радиация деңгейі, атмосфералық қысым, желсіз, таза мұзды өзен барлық әлемнің туристерін қызықтырады. Қазақстан мәдениеті және тарихи мемлекеттік ескерткіштер тізіміне енгізілді. Алматы қаласынан 300 км жердегі жабайы табиғатты сүйетіндерге жер үстіндегі жұмақ ашылып – оң жағалаудағы Іле өзенімен Қапшағай суқоймасынан жоғары орналасқан "Алтын-Емел" ұлттық паркі. Бұл мекен бай және ежелгі тарихымен, сақ мәдениетінің ескерткіштерімен құпиялы болып келеді. Саябақтың аймағында ежелгі керуен жолдары өтіп, қазақ хандарының орындары, Бесшатыр моласы (б.э.д. 3-4 ғасырда), ежелгі таулы суреттері, әуенді фонтаны, Қалқанның Үлкен және Кіші таулары, Қаратау және Ақтау тауларының айлы ландшафтары бар “Шолақ”тауы орналасқан. Белгілі“Әуенді бархан” құмды тауының биіктігі 120 метр және шамамен 3 км ұзындығы саябақтың бір бұрышында өзеннен бірнеше километрде немесе Үлкен және Кіші Қалқан таулары арасында орналасады. Бұл құмды тау ұсақ таза құмнан, желі болғанда тау “ән” салып, даусы бірнеше километрге жетеді және органның даусын еске түсіреді. Әуенді барханды барып, үш биіктіктің біріне көтерілгенді жақсы көретін туристтер Іле Алатауының жотасы көрінісін көре алады. Егер тау дыбыс білдірмесе, келушілер “дыбыс шығаратын”. Ол үшін таудың бағытымен жүгіру қажет. Аяқ астындағы құмды қозғалтып, гуілдеу жүреді. Кейде бархан дыбыстарды білдіруден басқа жерсілкініс әсерін көрсетіп, дірілдейді. Ақсу-Жабағалы қорығы – ЮНЕСКО қорғауымен Орталық Азияда жалғыз қорық. 70 жылдан астам таулы ормандарда кесілуден, ал өсімдік әлемі өндіріс қалдықтарымен ластанбаған. Айнала көк шөпке толы. Грейг қызғалдағы Қорық символы ретінде таңдалған. Аксу арнасының табиғаты ерекше – алып арнаның ұзындығы 15 км және тереңдігі 500 м. Табиғатының байлығы және түрлі болуы шамамен 1200 өсімдіктер түрлері, 42 жануарлар түрлері, 238 құстар түрлерін қамтиды. "Түрген сарқырамасы" – Іле-Алатау ұлттық саябақтың құрамында сұлу шатқалында, Алматы облысының туристер баратын орындарының бірі. Бағыт Алматы қаласының орталығында басталады. Жолы бұрын керуендердің өтетін жолдарында Еуропаға шығыстан – Қытайдан және Үндістаннан келетін болған. Түрген шатқалында 7 сарқырама бар. Адамдар көп баратыны: біріншісі “Аюлы” және екіншісі “Тескенсу”. Алғашқы сарқырама (биіктігі 30 метр) жасыл шыршалар және шыңдар арасындағы бейнелі орында орналасқан. Шатқалда шыңдар жерсілкініс кезінде бөлініп, мұзды кезеңге дейін іздерді сақтаған. “Аюлы” сарқырамасына баратын көпірден жоғары 300 метрде “сұлулық көз” мұзды бұлақты суымен бұлақ орналасқан. Тескенсу сарқырамасы бұлақтан шамамен 2 сағаттық жерде орналасқан. Негізгі ағынның құлау биіктігі – 40 метрді, ал егер жалпы биіктікті санайтын болсақ – 74 метрді құрайды. Шатқал өзінің Шың-Түргендік жердегі шыршалы алаңды түкті құрайтын шыршаларымен белгілі. Алматыдан батысқа қарай Жамбыл ауылына дейін – 70 км қашықтықты құрайды. Бағыт Алматы-Ташкент жолымен өтеді. Ғасырлар бұрын Қытайдан жерорта теңізіне және Орта Азияға және қайтадан оралатын түйелер жүктерімен, кішкене қоңырауларымен сыңғырлап, белгілі “Ұлы Жібек жолымен” өтетін, қазір бұрынғы автобустар жедел өтеді. Ұзынағаштан 56 километр жерде автомагистральдан оңтүстікке қарай Жамбыл ауылына жетеді. Жол таудың артында биіктікте сұрғылт граниттен жасалған ескерткіштен басталады. XX ғасырдың 60 жылдарында Жетісудың болашақ губернаторы және орыс әскері подполковнигі Г.А. Колпаковтың жетекшілігімен қазақ әскерімен бірігіп, Ұзынағаштың астындағы Қоқанды хандығын талқандайды. Тарихи жеңістің құрметіне орай алыстан көрінетін монумент салынды. Алматыдан 70 км қашықтықта жол сол бұрылады. Алдарыңызда алмалы саябақтың үстінен сәулелі күмбез Жамбыл кесенесі көрінеді. Теректермен отырғазылған ауылдың бас көшесі ақынның үй-музейіне әкеледі. 12 бөлмеде экспозициялар орналасып, ғасырлы өмір сүрген халықтың ақынына арналып, оның биографиясымен шығармашылығын сипаттайды. Үй-музейінің әйнектерінен кесенеден кейін Майтобе шоқысының төбесі көрінеді. Осы жерде Жамбыл жазда күнді жайлауда демалуды жақсы көріп және оны осы жерде жаңа өлеңдерді тудыратын. 1861 жылы көктемде қазақтың ағартушысы, географы және этнографы Шоқан Уалиханов, денсаулығына байланысты Петербургтегі қызметін тастап, Жетісу еліне қайтып келеді. Ол өмірінің соңы 1865 жылға дейін Алтын Емел жотасының жоғары таулары Майтөбенің баурайындағы Тезек сұлтанның ауылында тұрған. Әйгілі ғалым Тезек сұлтан ауылынан алыс емес қыратында жерленген. 1881 ж. оның моласына тасты араб және орыс тілдерінде мәтін төсемнің үстіне жазылып, ал 1958 ж. Қазақстан үкіметі моласының жанында ескерткіш орналастырды. Сатылы постаменттің ортасында граниттен бесметрлі қоладан, қызыл әктастан «Шоқан Уалиханов 1835-1865» деген жазылым қойылды. Ескерткіштің оңтүстік-шығыс бөлігінде Алтын Емел жотасының қабырғасы тұр. Алматыдан экскурсия бағыты Сары-Озек станциясына дейін (160 км), одан кейін шығыс бағытта 15 км-ге дейін жүріп, оңтүстікке бұрылу қажет. Алыс жол Май-Төбе өзенінің бойымен созылып, 10 км кейін таулы суреттермен шатқалға өтіп, 10 км кейін Шанханай ауылына әкеліп, одан 2 км (оңтүстік-шығысқа қарай) жерде ғалым ексерткіші көрінетін жол торабына әкеледі. Ескерткіш – мүсінші Хәкімжан Наурызбаевтың жұмыстарының бірі. Шоқанның денесі қоладан құйылған. Ескерткіш өңделген қара габбродан жасалып, ескерткіштің сыртқы жағында Шоқан Уалихановтың суреттері және қазақ ұлттық оюлар қолданған. Ақтөбе облысы. Ақтөбе облысы — Қазақстанның солтүстік-батыс өңірінде орналасқан. Терістігінде — Ресей Федерациясының Орынбор облысымен, оңтүстігінде — Өзбекстан Республикасының құрамындағы Қарақалпақстанмен, батысында — Атырау және Батыс Қазақстан, шығысында — Қостанай, оңтүстік-шығысында — Қызылорда облыстарымен шектесіп жатыр. Осындай үлкен аймақты алып жатқан облыс солтүстіктен оңтүстікке дейін 700 шақырым, шығыстан батысқа дейін 800 шақырым жерге созылған 300 мың шаршы аумақта орналасқан. Облыс 12 селолық, қалалық, және әкімшілік аудандарға бөлінген. Аумағында 6 қала, 2 кент бар. Әкімшілік орталығы — Ақтөбе қаласы. Халқы. 1999 жылғы санағының қорытындысы бойынша облыста 682 558 адам тұрады. Оның 383,7 қала, 298,9 мыңы ауыл тұрғындары. Олар 91 ұлтттар мен ұлыстардың өкілдері. 2006 жылғы қортынды бойынша 280 мың адам болса, 2009 жылы 300 мыңнан астам Транспорт инфраструктурасы. Географиялық жағынан қолайлы орналасқан Ақтөбе облысында транспорт байланысы желісі жақсы дамыған. Орал және Маңқыстау, Орта Азия және Еуропаға қарай маңызды бағыттағы теміржолдар 1000-нан астам шақырымға созылып жатыр. Облыс территориясы арқылы Шымкент-Самара трансконтинентальді автокөлік магистралі өтеді. Ақтөбе халықаралық әуежайы Қазақстанның батыс өңірі бойынша әуе қозғалысын басқаруда қазіргі заманғы автоматтандырылған жүйемен жарақтандырылған. Өнеркәсібі. Ақтөбе облысы теңдессіз минералды-шикізат базасын иеленіп жатыр. Оның территориясында Қазақстанның көмірсутекті шикізатының (мұнай, газ және газ конденсаты) 10 % барланған қоры және болжамды ресурстарының 30 %, сондай-ақ, республикадағы жалпы қордан отандық хромның барлық қоры, никель — 55 %, титан — 40 %, фосфор — 34 %, мырыш — 4,7 %, мыс — 3,6 %, алюминий — 2 %, көмірдің 1,4 % жинақталған. Облыс әлемде хром рудасы қорының — 400 млн. тн. шамасымен бірінші орынды, Қазақстанда мыс рудасынан — 100 млн. тн.(құрамында таза мыс-1,5 млн.тн.) және өндірістік мұнай қоры — 900 млн.тоннасымен үшінші орынды, газ қоры бойынша Республика бойынша төртінші орынды иеленеді. Облыс Қазақстандағы ірі өнеркәсібі дамыған аймақтардың бірі болып саналады. Облыстың экспорттауға бағытталған ірі кәсіпорындары — «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» ААҚ, «Казхром» ТҰҚ ААҚ-ның құрамындағы Ақтөбе ферроқорытпа зауыты және Дөң тау-кен байыту комбинаты, «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» ААҚ, «№406 ГА авиажөндеу зауыты», «Ақтөберентген» ААҚ-ның өнімдері таяу және алыс шетел рыноктарында кеңінен танымал. Облыс тау-металлургия, химия, мұнай өнеркәсібі және аспаптық жабдықтаудың қуатты базасы саналып, Қазақстанның барлық хром рудасы, хром тұзы өндірісінің, рентгенаппаратура және республика бойынша өндірілетін ферроқорытпаның 45 % шығаруды топтастырды. Өнеркәсіп өндірісінде түрлі меншіктегі 686 шамасында кәсіпорын істейді, оның 545-і Ақтөбе қаласында орналасқан. 2002 жылы олардың шығарған өнімдері 139,3 млрд. теңгені құрады. Ауыл шаруашылығы. Ақтөбе облысы — Қазақстан Республикасындағы ірі ауылшаруашылық аймағы. Ақтөбе бидайы жоғары құрамдағы ақуыз және клейковинімен ерекшеленеді. Ауыл шаруашылығының өнімінің жалпы түсімі 2002 жылы 21,5 млрд. теңгені құрады. Бір жылдағы сүт өндірісі 225,5 мың тн., жұмыртқа — 83,8 млн. дана, ет- 70,5 мың тн. құрады. Мәдени саласы. Ақтөбе қаласы еліміздің батыс өңірінің ірі мәдени, білім және ғылым орталығы болып саналады. Қалада 11 жоғарғы, 16 арнаулы оқу орны бар. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе университеті, М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина Академиясы, Жоғары әскери авиациялық ұшқыштар училищесі және т.б. тек қана Қазақстанға ғана емес, шетелдерге де танымал оқу орындары бар. Қалада қазақ және орыс труппасы істейтін драма театры, қуыршақ театры, облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, Кеңестер Одағының батыры Алия Молдағұлова атындағы мұражайы қызмет істейді. Атырау облысы. Атырау облысы — Батыс Қазақстанда орналасқан облыс. 1938 ж. Гурьев облысы деген атымен құрылған. 1992 ж. кейін қазіргі атауға ие болған. Жағырапиясы. Атырау облысы негізінен, кең байтақ Каспий маңы ойпатына орналасқан. Аумақ рельефі — Каспий теңізінің жағалауынан жоғарылап, түйе өркештенген жазықтыққа ұласады. Каспий маңы ойпатының елеулі бөлігін тізбекті және құмды төбелер (Нарын, Тайсойған, Қарақұм) алады. Облыстың солтүстік шығысының аз ғана бөлігін Орал маңындағы тарамдалған борлы шоқылар алады. Облыс қойнауы мұнай мен газға, калий мен натрий тұздарына, борат және басқа да бай кен орындарына толы. Климаты айрықша континенттік және құрғақ. Жазы құрғақ, ыстық, ұзаққа созылады; қысы суық, қар аз жауады. Облыс аумағындағы ірі өзендер: Жайық (жалпы ұзыны 2428 км), Жем (712 км), Сағыз (511 км), Ойыл (800 км). Облыстағы ірі көл — Индер (110,5 ш.м.). Жері шөлейтті, қоңыр топырақты, негізінен шөлге төзімді өсімдіктер өседі. Облыс аймағының жартысын ащы және сортаңды комплекстер, сондай-ақ құмдар алады. Аудандар. Облыста 2 қала, 7 аудан, 11 кент, 183 ауылдық елді мекендер орналасқан. Жұрттануы. 2007 жылдың 1 қаңтарында облыс халқының саны 480,7 мың адам болды. Халықтың орташа орналасу тығыздығы облыс бойынша (1 шаршы км аумаққа) 4,1 адам құрайды. Облыс орталығы — Атырау қаласы Жайық өзенінің бойына орналасқан, оның негізі 1640 жылы қаланды. 2007 жылғы 1 қаңтарда тұрғылықты адам саны 207,2 мың немесе жалпы облыс бойынша 43,1% адам құрады. Атырау қаласынан Астанаға дейін қашықтық 1810 км. Қала тұрғындарының саны 274,6 мың (57,1%) адам, ауылдықтар 206,1 мың (42,9%) адам. Облыстың ұлттық құрамы 2007 жылғы 1 қаңтарға төмендегіше: қазақтар — 90,9%, орыстар — 6,9%, татарлар — 0,5%, украиндар — 0,3%, немістер — 0,1%, беларустар — 0,1% және басқалар — 1,3% құрады. Өнеркәсібі. Облыс аумағында өнеркәсіп саласында: «Ембімұнайгаз» ӨФ, «Облтрансгаз» КМК-ны, «Қазмұнайгаз», «Прикаспийбурнефть Қазақстан», «Теңізшевройл», «АМӨЗ», «Атырауобллгаз» ЖШС-рі, «Атыраубалық», «Атырау ЖЭО», «Атыраужарық», «Атырау жылу желілері» АҚ-ры, «Атырау су арнасы» КМК-ны; құрылыс саласы бойынша: «Энка Иншаат Ве Санайи Аноним Ширкети», «ПФД интернешнл» компаниясының АФ-ры, «Сенімді құрылыс» ЖШС-гі, «НГСК Қазқұрылыссервис» АҚ-ның филиалы, «Гате Иншаат Таахают Санайи Ве Тиджарет» АҚ-ның Екінші Қазақстандық филиалы, сауда саласында: «Идеал», «Атаба», «Атырау Виват», «Гелиос» ЖШС-нің АФ-ы, «КМГ Жайық» ЖШС-нің АФ-ы, «Медицина» АҚ-ы; байланыс саласында: «Қазтранском», «Қазтелеком», «Транстелеком», «Қазпошта», «Қазтелерадио» АҚ-ның АФ-ы; транспорт саласы бойынша: «Авиакомпания ҚазЭйрУест», «Авиакомпания „Атырау Әуе Жолы“» АҚ-ры, «Бертлинг Казах Поджистикс», «Батыс Транспорт Сим» ЖШС-рі, «Атырау өзен порты» АҚ-ы жұмыс жасайды. Батыс Қазақстан облысы. Батыс Қазақстан облысы — Қазақстан Республикасының солт.-батысындағы әкімшілік-аумақтық бөлік. Шығысында Ақтөбе, оңтүстігінде Атырау облыстарымен, батысында Ресейдің Астрахан, Волгоград, солтүстік-батысында Саратов, Самара, солтүстігінде Орынбор облыстарымен шектеседі. Облыс 1932 ж. 10 наурызда Орал облысы болып құрылған. 1996 жылдан Батыс Қазақстан облысы болып аталады. Жерінің аум. 151,3 мың км2, тұрғындары 617,6 мың адам (1999). Әкімш. жағынан Батыс Қазақстан облысы 12 ауылдық, 2 қалалық әкімш. ауданға, олар 4 кенттік және 155 ауылдық әкімшілік округтерге бөлінген. Орталығы — Орал қаласы. Облыстағы 539 елді мекеннің тұрғындары біркелкі орналаспаған. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2-ге 4,0 адамнан келеді (1999). Солтүстік аудандарда және Жайық өзенінің аңғарында халық жиі қоныстанған (1 км2-ге 9 — 12 адам). Қала халқы бүкіл халықтың 41%-ке жуығын құрайды. Қалалары: Орал, Ақсай; ірі кенттері: Бөрілі, Дерқұл, Зашаған, Круглоозерное, Чапаев. Табиғаты. Батыс Қазақстан облысы аумағының басым бөлігі Каспий ойпатының солт-нде орналасқан. Жер бедері, негізінен, құмды алқаптар мен сор ойпаңдар алмасып жатқан жазық болып келеді. Бұл өңірдің абсолюттік биіктік 10 — 25 м-ден аспайды. Солтүстігіндегі қырат бөлігі (абс. биікт. 45 — 65 м) Сырт қырқасы арқылы Орал үстіртіне ұласады. Жалпы Сырттың осы тұстағы ең биік жері 259 м (Ешкі тауы). Орал үстіртінің облыс жеріндегі бөлігі — құрғақ арналармен тілімденген жонды-белесті өңір. Оның абс. биікт. 110 — 260 м, ең биік жері — Ақтау тауы (263 м). Геологиясы және кен байлықтары. Жер қыртысы бор кезеңінің мергелінен, палеогеннің құмтастарынан, әктастарынан түзілген. Олардың бетін Каспий ойпатының төрттік кезең шөгінділері жапқан. Өзен аңғары аллювий шөгінділерінен құралған. Облыс жерінде тұз күмбездерінен құралған ірі тектоник. құрылымдар (Сантас, Сасай, т.б.) көп. Облыстың жер қойнауы мұнайға, әсіресе, газға (газ-конденсат) мейлінше бай. Мұнда Қазақстандағы зерттелген газ-конденсаты қорының 90%-тен астамы шоғырланған (Қарашығанақ газ конденсаты кен орны). Одан басқа облыс аумағында жанғыш тақтатас (Чернозатон, Тоғай, Новошаново), калий, магний тұздары (Шалқар көлі), цементтік шикізат (Ақсуат, Шаново), керамзиттік саз (Тұйықсай, Погодаев), т.б. құрылыс материалдары кен орындары бар. Климаты. Облыстың климаты тым континенттік. Қысы суық, жазы ыстық әрі құрғақ. Қаңтар айының орташа темп-расы –11 — 14ӘС, кейде —40ӘС-қа дейін төмендейді, шілде айындағы темп-ра 22 — 25ӘС, кейде 40ӘС-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашынның көп жылдық орташа мөлш. 190 (оңт-те) — 350 мм (солт-те). Қар жамылғысы 70 күннен (оңт-те) 140 күнге (солт-те) дейін жатады. Жыл бойына екпінді желдер (кейде 15 — 20 м/с-қа дейін) болып тұрады. Өсімдіктердің вегетациялық кезеңі 150 — 170 тәулік. Гидрографиясы. Облыстағы өзендер Каспий теңізі алабында жатыр. Ұз. 100 км-ден асатын 14 өзен бар. Басты су артериясы — Жайық өзені солт.-шығыстан оңт-ке қарай ағады. Оның облыс жеріндегі ұз. 500 км-дей. Жайыққа облыс аумағында Емболат, Шаған, Дерқұл, Елек, Шыңғырлау, Барбастау өзендері құяды. Облыстың шығыс жағындағы шағын Өлеңті, Қалдығайты, Жақсыбай өзендері Орал үстіртінен басталып құмға сіңіп жоғалады. Өзендері қарашаның 2-жартысында қатып, сәуірдің 1-жартысында мұзы ериді. Б. Қ. о-нда 140-тан астам көл бар. Оның 9-ның су айдыны 10 км2-ден асады. Суы тұщы маңызды көлдері: Қамысты Самар, Итмұрынкөл, Сұлукөл; ірі тұзды көлдері: Шалқар, Аралсор, Жалтыр, Жалтыркөл, Боткөл, т.б. Жер бетіндегі ағынды суды реттеу үшін облыс аумағында бірнеше бөгендер салынған. Олар негізінен Көшім суландыру жүйесінде және Қараөзен (Үлкенөзен) бойында (Бітік, Дөңгелек, Киров, Пятимар, Сарышаған, Айдархан) орналасқан. Топырағы мен өсімдік дүниесі. Батыс Қазақстан облысының солт. бөлігі далалық белдемде, қалған жері шөлейт және шөл белдемдерде жатыр. Облыс жерінің 15%-ін құмды алқап алады. Қиыр солт., Сырт суайрықтарында қара, Сырт және Орал үстіртінің қыратты бөліктерінде қызыл қоңыр, өзен аңғарларында шалғынды сортаң, шөгінді (құмдақ-сазды) топырақ түрлері тараған. Облыстың оңт. бөлігін құмды алқаптар (Нарын, Көкөзенқұм, Аққұм, Қарағандықұм, т.б.) алып жатыр. Солт. бөлігінде бетегелі дала өсімдіктері мен шөлейт белдемнің өсімдік түрі басым. Өзен жайылымдарында астық тұқымдасты шөп түрлері, кей жерлерде қалың қамыс, құрақ өскен. Жайық аңғарында терек, емен, қайың, тал, Сырт және Орал үстіртінде, Елек өз. алабында шоқ қайың орманы көптеп кездеседі. Жануарлар дүниесі. Батыс Қазақстан облысының тоғайлы-орманды өңірлерінде бұлан, елік, өзендер бойындағы қалың қамыс арасында қабан, оңт-ндегі құмды жағында ақбөкен, түлкі, қарсақ, қасқыр, қоян, күзен, құндыз; кеміргіштерден сарышұнақ, құм тышқаны, т.б. мекендейді. Облыста құстардың көптеген түрлері (аққу, қоңырқаз, сұрқаз, тырна, бірқазан, балықшы, құр, ақиық, кезқұйрық, безгелдек, қаршыға, т.б.) кездеседі. Өзен-көлдері балыққа бай (сазан, көксерке, аққайраң, табан, жайын, шортан, т.б.). Жайық өз-нде қызыл балық түрлері (бекіре, шоқыр) кездеседі. Шаруашылығы. Батыс Қазақстан облысы экономикасында ауыл шаруашылық өндірісінің үлесі басым. Мұнда астық егу, жайылымдық мал шаруашылығы, етті-сүтті сиыр өсіру дамыған. Облыс шаруашылығының негізгі саласының бірі — өнеркәсіп. Облыста мұнай, газ өндіру, металл өңдеу және машина жасау, тамақ, жеңіл, құрылыс материалдары, ауыл шаруашылық техникасын жөндеу, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету, т.б. салалар жақсы дамыған. Ірі өндірістерден Қарашығанақ газ-конденсат комб., “Металлист”, “Зенит”, “Металл өңдеу”, “Омега” зауыттары, жеңіл және тамақ өнеркәсібінде “Надежда” тігін-тоқыма комб., былғары аяқ киім з-ты, аң терісін өңдеу, балық комб-тары, арақ-шарап, сыра з-ты, нан комб., сондай-ақ, “Жайықжылужарық”, Оралоблгаз, “Диана”, “Орал-Алма”, “Нұржанар”, Оралагрореммаш, т.б. кәсіпорындары жұмыс істейді. Б. Қ. о-нда республикадағы табиғи газдың 30%-тен астамы өндіріледі. Облыстағы а. ш.-на тиімді жер 13,9 млн. га (1997). Оның ішінде жыртылатын жер аум. 1,4 млн. га, шабындық 940 мың га, жайылымы 8,2 млн. га. Астық дақылдары 934 мың га жерге, тех. дақылдар 34,1 мың га, картоп және көкөніс-бақша дақылдары 7,6 мың га, жемшөп дақылдары 222 мың га жерге егіледі. Мал ш-нда сиыр саны 444 мың, қой мен ешкі 904 мың, шошқа 28,5 мың, жылқы 94 мың, түйе 3,9 мың, құстың саны 371 мың (1997). Облыстағы а.ш. бағытындағы өндіріс кооперативтері мен шаруа қожалықтарының жалпы саны 2467 (1997). Олар мемлекет қарауындағы ұжымдық шаруашылықтарға (25), ұжымшарларға (3), серіктестіктер мен өндірістік кооперативтерге (400-ге жуық), акцион. қоғамдарға (21) және шаруа (фермер) қожалықтарына (2017) біріктірілген. Сонымен қатар шет елдермен бірлескен кәсіпорындар да (17) жұмыс істейді (1997). Батыс Қазақстан облысында темір жол, автомобиль жолы және су жолы көлігі дамыған. Темір жолдың жалпы ұзындығы 417 км. Автомоб. жолдарының ұз. 8,5 мың км, оның ішінде 2,5 мың км жол асфальттанған. Олармен 4,8 млн. т жүк тасымалданған (1997). Негізгі автомагистралдары: Орал—Атырау, Орал—Ақтөбе, Орал—Орынбор. Жайық өз-нен Атырауға дейін кеме қатынайды. Қазақстанның ірі қалаларымен және кейбір шет ел қалаларымен әуе қатынасы бар. Жамбыл облысы. Жамбыл облысы Қазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарымен және Қырғызстанның Талас пен Шу облыстарымен көршілес болып табылады. Облыс орталығы Тараз қаласы. Жамбыл облысының территориясы Бетпақ-даласынан Тянь-Шаньға дейін Шудан Қаратауға дейін созылады. Облыстың әкімшілік орталығы Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан Тараз қаласы болып есептеледі. Тараз қаласы республиканың ежелгі қалаларының бірі болғандығын б.э.д. 1 ғасырдың ортасындағы қытай жазбаларынан көруге болады. Туристерге ұсынылатын Сәулет ескерткіштерін көруге болады. Барлығы Алматы-Самара жолында немесе Тараз қаласының маңайында орналасқан. Айша бибі және Бабаджа Хатун кесенелері. Айша бибі ауылының орталығында Тараз қаласынан 12км қашықтықта орналасқан. Асфальтпен төселген жолмен автомобильді көлікпен жүреміз. Автокөлікті тұрақтандыру үшін тұрақтар бар. Қарахана және Дауытбек кесенелері. Тараз қаласының ортасында орналасқан. Тұраққа орын бөлінген. Тектұрмас кесенесі. Тараз қаласанда орналасқан. Автокөлік үшін жақсы асфальтталған жолмен тұрақ бар. Хал-Юнус шығыс моншасы. Қарахан кесенесінен алыс емес, Тараз қаласының ортасында орналасқан. Автокөлік үшін жақсы асфальтталған жолмен тұрақ бар. Айша биби кесенесі – ХІ-ХІІ ғ.ғ. ортағасыр сәулет ескерткіштерінің бірі. Біздің күнге кесененің тек батыс бөлшегі сақталған. Қазір кесене толығымен жаңартылған. Аумақ жақсы орналастырылған. Қараханидтер сәулет ескерткіштері ішінен Орта Азия және Қазақстан аумағында сәулет-құрылыс мәдениетінде бұл ескерткіш кереметі болып саналады. 60 түрлі ою-өрнектері бар эпиграфикалық белдеумен жасалған. Ескерткіш туристтерді тек қана ерекше сәулетімен ғана емес, сонымен қатар сұлу Айша-бибі мен батыр Қарахан арасындағы шексіз махаббаты туралы аңыз да қызықтырады. Айша әйгілі шығыс ақылшысы Зеңгі бабаның қызы болып келеді. Аңыз бойынша Айша өзінің ғашығы Қараханға бара жатқан жолында жыланның шаққанынан қайтыс болған. Бабаджа Хатун кесенесі Айша бибі мазары жанында орналасқан. Бұл кесене де XI- XIIғ.ғ. сәулет ескерткіші болып саналады. Кесене ерекше қарапайымдылығымен бағаланады. Соңғы жаңартылуы 2002 жылы болған. Эпиграфикалық жазба бойынша ол жерде жерленген әйел адамның атын оқып білген. Аңыз бойынша ол әйел Айшаның қамқоршысы болған. Ол Айшаны сапар кезінде қасында болған. Айша қайтыс болған соң оның мазары үстінде жағылып тұрған алауды ұстап тұрды. Бұл екі кесене сәулет ескерткіші ретінде және қажылық дәстүрін өткізетін мұсылманның қасиетті жерлері болып есептеледі. ХІ ғ. Карахан және ХІІІ ғ. Дауытбек кесенелер комплексі ХІ ғ. Карахан (Әулие-Ата) ортағасырда пайда болған Тараз қаласының аймағында мәдени-мемориальды комплексқа кіреді. Алғашқы құрылыс қарахандықтар дәуірінде ХІ ғ. басталды. 1905-1906 ж.ж. кесенесі құрылды. Құрылыста алғашқы жоспарлау және сәулет өнеоінің принциптері сақталды. Ортағасырдағы кесененің кірпіші қолданылады. Ортағасырдағы мәдени сәулеттің типтік образы монументалды порталды-куполды қамалды құрайды. Халықтық мұра құраласпен онда жерленген тұлғалар Айша бибі және Бабаджа хатун кесенелерімен байланысты болады. Жерленген тұлғаның тарихы осы жерде қоныстанған Х-ХІІ ғ.ғ. Қарахандықтар хандығымен байланысты. Мұсылман әлемінде қасиеттісіне жатады. Соған байланысты «Әулие Ата» деген екінші атқа тең. Комплексті көптеген сенушілер аралайды. Қарахан кесенесімен бірге мемориалды-культті комплекске кіреді. Дәстүрлі порталды-куполды формысында ХІІІ ғ. ірі саяси басшының қабірінің үстінен салынған. Кесененің ортасында араб тілімен қашалған жазуы бар тасты ескерткіш орналасқан. Жазу жерленгеннің адамның аты мен өлген уақытын хабар етеді. Екі кесененің де территориясы да барлық жағынана жабдықталған. ХІХ ғ. Әулие Ата қаласының тұрғынымен құрылған монша. Салуда сәулет композицияның принциптері және ортағасырдағы шығыс моншалар жылыту жүйелері қолданылды. Бұл көптеген туристердің қызығушылығын оятады. ХХ ғ. елуінші жылдарына дейін монша істе болған. Қазіргі уақытта ол қалпына қайта келтіріліп, сәулет ескерткішіне айналдырылған. Монша туристік орынға айналған еді. Территориясы барлық жағынан жабдықталған. Жамбыл облысының, және Қазақстан территориясында қызықты және құпиялы орындардың бірі. Ақыртас тарихы 130 жыл зерттеліп және ұазірде зерттеледі. лет, но он продолжает удивлять. Қазіргі уақытта комплекс территориясында ҚР ҰАҒ археология этнографиясы институтымен басқарылған археологиялық қазбалар жүргізілуде. Бұдан ірі «Мәдени мұра» республикалық бағдарламасы аясында музейлік комплексті құру жоспарланды. Археологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынған соңғы мәліметтер бойынша Ақыртасты Ұлы Жібек жолындағы ортағасыр қаласы Қасрибаспен теңестіреді. Ғалымдардың көпшілігі ойларынша Ақыртас 1714-1715 жж. араб қолбасшысы Күтейбі бұйрығымен салынған еді. Туристерді салуда қолданылған тасты блоктар, салынудың ерекшелігі, көлемі таңдандырады. Сарай комплексінің фундаменті тереңдігі 4 м құрайды. Аңыздардың түрлі варианттары құрылыстың салынуын және аяқталмаған себебін білдіреді. Бұл ежелгі діни орындарының бірі. VII-XІғғ. Ислам дінінің келуіне дейін комплекс құрыла бастаған болатын. Кесене ислам кезеңінде салынып, 1935 ж. жойылды. Қазіргі уақытта оны орнында ортағасыр типімен жаңа кесене қалпына келтірілді. Кесененің жанында қазақ батыры Мамбеттің моласы бар. был разрушен. Комплекс территориясы барлық жағынан жабдықталған. Кесене орнатылған таудың үстінен төменде жатқан Тараз қаласына сұлу көріністі көруге болады. Ежелгі қалаға атау болатын жанында ағып жатқан Талас өзені әсерді күшейтеді. Осы жерде В этом же месте Х-ХIII ғасырларды Тараз қаласы арқылы өтетін керуендер өтетін тас көпір оналасқан. Қарағанды облысы. Тарихы. Қарағанды облысының тарихы 1932 жылдан бастау алады. Сол жылы орталығы Петропавл қаласы болып белгіленген Қарағанды облысы құрылды. Арада төрт жыл өткенде ол екіге бөлінді. Біреуі Солтүстік Қазақстан аталып, екіншісі Қарағанды қаласы және 14 аудан қараған жаңа аймаққа айналды. ҚОАК-тің Қарағанды облысы бойынша Ұйымдық комитетінің төрағасы, өлкелік партия комитетінің Ұйымдастыру бюросының мүшесі Абдолла Асылбеков болды. Осы өңірдің тумасы, сол замандағы қоғамдық құбылыстардың, өзгерістердің ұйытқысы, ұлттық басшылық құрамның көрнекті өкілі Абдолла Әбдірахманұлы Асылбеков облыстық кеңес атқару комитетінің тұңғыш төрағасы болып сайланды. Бірақ ол 1937 жылдың зобалаңына ұшырап, нақақтан нақақ ауыр жазаға кесілді. 1938 жылдың қыркүйегінде Қарағандыда екі жылдық мұғалімдер институтының құрылды. Ол кейін педагогикалық институттың, бұдан соң қазіргі Е.А.Бөкетов атындағы мемлекеттік университеттің негізін қалаған облыстағы тұңғыш жоғары оқу орны болды. Бұл уақытта қала тұрғындарының саны 162 мың адамға ұлғайып, бүгінгі орталық бөлігіндегі ғимараттар мен үйлердің салынуы басталды. 1939 жылы құрамынан Ақмола облысы бөлініп шығып, әкімшілік-аумақтық құрылымы жүйелене түсті. 1943 жылы Қарағандыда облыстар арасынан алғаш рет өткізілген әйгілі ақындар айтысы болды. Облыстың барлық қалаларына, аудан орталықтарына, ірі кәсіпорындарына радио арқылы тыңдатылған бұл айтыста атақты халық ақындары Доскей Әлімбаев, Шашубай Қошқарбаев, Қайып Айнабеков, Жолдыкей Нұрмағамбетов, Нартай Бекежанов, Ғабдиман Игенсартов, Нұрлыбек Баймұратов, Көшен Елеуовтер жыр додасын қыздырды. 1944 жылдың 31 желтоқсанында Теміртаудағы Қазақ металлургиялық қайта өңдеу зауытының бірінші мартен пешінің қатарға қосылып, қазақстандық тұңғыш болат алынды. 1947 жылы 12 миллион 565 мың тонна көмір өндіріліп, Қарағанды Одақтағы үшінші отын ошағы ретінде танылды. Қазақ металлургия зауытында екінші мартен пеші іске қосылып, экономиканың нығаюы басталды. 1949 жылдың 16-21 маусымы аралығында қалада «Орталық Қазақстанның өндіргіш күштерін зерттеп, игеру проблемалары» жөніндегі Қазақ ССР Ғылым академиясының көшпелі сессиясы өткізілуі аймақ ғылымының дамуына тың қозғау салды. Геология басқармасы құрылып, жаңа кен көздерін іздестіріп табу істерін кең ауқымды жүргізу жолға қойылды. 1949 жылдың 29 тамызында Семей полигонында тұңғыш атом бомбасының сыналуы облыс тарихындағы қаралы таңба болып қалды. Төрт жылдан кейін Дегелең тауы тұсында сутегі қаруы жарылып, Егіндібұлақ аймағы өңірі тұрғындарына тағы ауыр зардап әкелді. 1949-62 жылдары бір кездегі әсем өңірдің ашық аспанында дүлей қарудың 266 жарылысы жасалды. Содан кейінгі уақытта да сынақтар тоқталмай, дала 300 рет ғаламат жарылыстардан сілкінді. 1950 жылдың 17 қазанында облыстағы екінші жоғары оқу орны — Қарағанды медициналық институты ашылды. Аймақтың өз білікті дәрігерлерін көптеп даярлауына мүмкіндік туды. Облыс елуінші жылдары тек өнеркәсібі дамуымен ерекшеленбей сондай-ақ ауыл шаруашылығын да өркендетті. 1956-57 жылдары аймақта ірі қара саны — 36,5 мың, қой мен ешкі 358,7 мың басқа жетті. Сонымен қатар бұл кезеңде тұрғын үй құрылысы кең қанат жайды. Облыс бойынша 1958 жылы 1957 жылмен салыстырғанда осы мақсатқа жұмсалған қаржы мөлшері 13 пайызға өсіп, тұрғын үйлерді пайдалануға беру 28 пайызға артты. 1953 жылдың қыркүйегінде облыстағы үшінші жоғары оқу орны Қарағанды тау-кен институты (қазіргі мемлекеттік техникалық университет) тұңғыш рет студенттер қабылдады. Бұл жылы Ғабиден Мұстафиннің «Қарағанды» және Ғабит Мүсіреповтің «Оянған өлке» романдары қарағандылық оқырмандардың қолына тиді. Қарағандының түбіндегі Жауыртау етегінде туып-өскен Ғабиден Мұстафин бұдан соң аймақ өткендегісін баяндаған «Дауылдан кейін» және «Көз көрген» кітаптарын жазды. Тың. Елуінші жылдардың орта шенінде облыстың топырағы құнарлы бөліктерінде тың игеру науқанының басталуы елеулі оқиғалардың бірі болды. Осынау іс жері егін өсіруге қолайлы Нұра және Осакаров аудандарында кең өріс алды. Алғашқы тың шаруашылықтары «Донской», «Родниковский», «Киевский», «Энтузиаст», «Шахтер», «Индустриальный», «Шербаковский», «Киргизия» т.б. құрылды. 1954 жылы Жезқазғанға қала мәртебесі берілді. 1957 жылдың 3 желтоқсанында Кеңес одағындағы ең ірі металлургиялық зауыт Қазақстан Магниткасында бірінші домнаның іргетасы қаланды. 1958 жылдың қазан айында облыс Ленин орденімен марапатталды. Ол астық және ауыл шаруашылығының басқа да өнімдерін өндірудегі зор жетістіктер үшін берілген еді. Ұлттық-мәдени орталықтар. Қарағанды облысы бойынша 55 ұлттық-мәдени орталықтар жұмыс істейді. 20 орталықта кешкілік мектептер жұмыс жасайды.Әр мектепте оқып үйренушілер саны орта есеппен 25 адамды құрайды. Аса белсенді ұлттық-мәдени орталықтарға Қарағанды қаласы, Жезқазған қаласы, Сатпаев, Теміртау, Бұхар-Жырау аудандары кіреді. Қарағанды облысы Қазақстан Республикасының орталығында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. 1932 жылы, 10 наурызда құрылған. Жерінің аумағы 428,0 мың км². Тұрғыны 1333, 6 мың адам. Солтүстігінде Ақмола, Павлодар, шығысында Шығыс Қазақстан, оңтүстігінде Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, батысында Ақтөбе, Қостанай облыстарымен шектеседі. Облыс 9 ауылдық, 2 қалалық, әкімшілік ауданға бөлінеді. 11 қала, 39 кент, 168 ауылдық әкімшілік округі бар. Әкімшілік орталығы-Қарағанды қаласы. Қарағанды облысы Сарыарқаның оңтүстік жарты бөлігінде орналасқан. Қиыр батысын Торғай қолатының шығысы мен Тұран ойпатының сотүстік-шығысы, солтүстігін Теңіз-Қорғалжын ойысы, Есіл жазығы, Ерейментау, Қызылтау және басқа ұсақ таулар, шығысында Ащысу, Дағанбай өзендерінің аңғары, оңтүстігін Бетпақдалада сазды шөлі мен Балқаш көлі алып жатыр. Бедері негізінен ұсақ шоқылы, төбелі-белесті болып келеді. Олардың арасында ерте кездегі өте биік қатпарлы таулардың жұрнақтары-гранитті тау массивтері көптеп кездеседі Қарағанды облысының шығысын көтеріңкі келген Балқаш-Ертіс суайрығын құрайтын таулар тізбегі-Қарқаралы (Жиренсақал тауы, 1403 м), Кент тауы, Қу, Қарақуыс тауы, Қызылтас тауы, Қызыларай тауы т.б. көптеген таулар алып жатыр. Қарағанды облысы өзендерінің ішіндегі шаруашылыққа маңыздылары Балқаш-Ертіс су айрығынан басталып, Теңіз-Қорғалжын көліне құятын Нұра, оның сол салалары - Шерубайнұра және Құланөтпес пен Көң өзендері.Облыстың оңтүстік-шығысын Мойынты, Жәмші, Тоқырауын, Құсақ, т.б. өзендер суландырады. Қарағанды облысы - Қазақстанның ірі өнеркәсіп кен байлықтары мен ауылшаруашылығы шикізатының негізінде көмір өндіру, энергетика, қара және түсті металлургия, химия өнеркәсібі, машина жасау және металл өңдеу, құрылыс индустриясы, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері дамыған, облыс экономикасының ірі орталығы. Халқының саны 1 миллион 381,6 мың адам,оның ішінде 1 миллион 138,5 мың адам қалаларда тұрады. Облыста республика халқының 9% -ы тұрады. Тұрғындарының орташа тығыздығы 1 км ².- 3,2 адамнан келеді. Қалалары: Қарағанды, Абай, Балқаш, Жезқазған, Қаражал, Қарқаралы, Приозерск, Саран, Сәтбаев, Теміртау, Шахтинск. Қарағанды облысында қазақтардан (37,6 %) басқа көптеген ұлт өкілдері мекендейді: орыстар (43,6%), украинлар (5%), беларусьтер (4.0%), немістер.(0.2%), басқалары (7.5%). Облыс республикадағы марганецтің баланстық қорының 100 пайызын, вольфрамның 80, молибденнің 64, қорғасынның 54, мырыштың 40, мыстың 36, көмірдің 32, соның ішінде коксті көмірдің 100, баридің 70 пайызының қоры бар. Кеңес өкіметі жылдары облыста жергілікті кен байлықтары мен ауыл шаруашылығы шикізатының негізінде көмір өндіру, энергетика,қара және түсті металлургия, химия өнеркәсібі, машина жасау және металл өңдеу, құрылыс индустриясы, жеңіл және тамақ-өнеркәсіптері дамып, облыс экономикасының негізгі салаларына айналды. Қарағанды облысы 2001 жылы республикада жалпы ішкі өнімнің 10,1% -ын (290,6 млрд.тенге) берді. Облыстың энергетикасы жергілікті көмірге негізделген. Ірі аудандық және жылу электр станциялары Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Балқаш, Тентек, Топар, Қаражал елді мекендерінде, ұсақтары Қарсақбай, Атасу, Жамбыл, Мойынты, Сарышағанда орналасқан. Өнеркәсіптің басты салаларының бірі-көмір өндіру, кокс шығару. Түсті металлургия мыс кендерін өндіру мен қорыту және полиметалл мен сирек кездесетін металл кентастарын шығару мен байыту салаларынан тұрады.Облыста мыс өнеркәсібі екі орталықта дамыған. Оның біріншісі «Қазақмысә корпорациясына қарайтын Жезқазған кен-металлургия комбинатында. Оның құрамында Жезқазған кентінде, Сәтбаев қаласында 10-ға жуық механикаландырылған шахталар, екі карьер, екі байыту фабрикасы, мыс қорыту зауыты бар. Екіншісі-«Балқашмыс» кен-металлургия комбинаты. Оның құрамында Қоңырат, Саяқ, Шатыркөл карьерлері, байыту фабрикасы, мыс қорыту, қақтау зауыттары бар. Жезқазған,Балқаш кен-металлургия комбинаттары мыс балқытумен қатар таза алтын, күміс, т.б. сирек металдар алумен шұғылданады. Полиметалл мен сирек кездесетін металдарды өндіру өнеркәсібі дамып келеді. Оныің ірі орталығыАқжол (қорғаысн, мырыш), Ақшатау, Жамбыл (вольфрам, молибден), Қарағайлы, Жоғарғы Қайрақты (полиметалл, сирек металдар). Облыста Балқаш, Жезқазған, Теміртау зауыттарынан шығатын газ, әк-тас, минералды түз кендерінің негізінде химия өнеркәсібі дамып келеді. Химия кәсіпорындарынан Теміртауда химияда химия- металлургия зауыты, «Қарағанды химя өнеркәсібі» ЖШС-і, Саранда екі машина жөндеу зауыттары бар. Машина жасау және металл өңдеу кәсіпорындары негізінен Қарағанды қаласында орналасқан. Мұнда құю-машина жасау зауыты, «Қарағанды кен-машина-ИТЭКС» ААҚ, Энергия, сауда-техника комбинаты,турбо-механикалық, Пархоменко атындағы машина жасау, көмір машинасын жасау, №1 машина жасау, тұрмыстықтехника заттары, Теміртауда «Шығысэнергияжөндеу-SEE», «Энергияжөндеу-Т» ЖШС-рі, «Энергоприбор» өндірістік кооперативі, Жезқазғанда «Салаларалық өндіріс-өндіру фирмасы» өндіріс кооперативі жұмыс істейді. Облыс қалаларында және кейбір ірі кенттерде,аудан орталықтарында тұрмыс қажетін өтеу комбинаттары, баспаханалар жұмыс істейді. Балқаш көлінде балық ауланады.Ол Шашубай кентіндегі (Балқаш қаласы жағалауында) балық зауытында өңделеді. Қарағанды облысында 95 аурухана, 359 амбулатория мен емхана болды Оларда 5777 дәрігер, 10866 орта медициналық мамандар жұмыс істеді. 298 кітапхана, қазақ, орыс драматетрлары, филармония, музыкалық комедия театры. 33 клуб пен мәдениет үйі, 8 мұражай, цирк бар. 1931 жылдан 2 облыстық («Орталық Қазақстан», «Индустриальная Караганда») және бір қалалық (Темиртауский рабочий») газеті шығады.Бір сөзбен айтқанда, Қарағанды қаласының облыс орталығы болуы оның жан-жақты, түрлі салада дамып, одан әрі өсіп өркендеуіне мүмкіндік берді. Әкімшілік бөлінісі. Облыста 11 қала бар: Абай, Балқаш, Жезқазган, Қарағанды, Қаражал, Қарқаралы, Приозёрск, Саран, Сәтбаев, Теміртау, Шахтинск. Кенттер: Ағадыр, Ақжал, Ақтас, Ақтау, Ақшатау, Атасу, Жоғарғы Қайрақты, Гүлшат, Дария, Долинка, Жәйрем, Жамбыл, Жарык (Сейфуллин), Жезді, Жезқазган, Изумрудный, Қайрақты, Қарабас, Қарағайлы, Қарсақпай, Киевка, Қоңырат, Қушоқы, Қызылжар, Мойынты, Молодёжный, Новодолинский, Осакаровка, Сарышаған, Саяқ, Токаревка, Топар, Ботақара, Шақан, Шашубай, Шұбаркөл, Южный. Қостанай облысы. Қостанай облысы Солтүстік Қазақстанда орналасқан, 1936 жылы құрылған. Облыс республиканың 4 басқа облыстарымен шекарасуда (Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола және СҚО) және Ресей Федерациясының 3 обласымен (Орынбор, Челябі, Корған). Облыс орталығы – Қостанай қаласы, 1979 жылы құрылған, Тобыл өзені жағасында орналасқан. Тұрғындар.. Облыста 100 ден астам ұлттар тұрады. 2008 ж. 1 қантар бойынша облыс тұрғындары саны 892.4 мың адам құраған, олардың ішінде 34,9% қазақ, 41,2% - орыстар, 11,9% - украиналықтар, 3,8% - немістер, 8,2% - басқа ұлттар. Рельеф және климат. Облыс аумағы салыстырмалы тегіс рельефпен сипатталады. Солтүстік бөлім батыстағы - сібір ойпат жер оңтүстіктік - шығыс шетін орынға ие болады, оңтүстікке үстірт Торғайсі одан орналасады; облыс батысында — бұйра жазық үстіртпен оралдың ар жағындағыны, ал оңтүстіктік - батыста Сары - арқа тау ұштары. Өкпек континенттік климат және аса қуаң. Ұзаққа созылған, аязды қыс, күшті желдермен және қарлы борандармен, ыстық, құрғақ жаз. Тұнбалардың жылдық санын 250-300 мм облыс солтүстігінде және 240-280 мм оңтүстікте. Даму кезеңі дәуір 150—175 тәулік солтүстікте және 180 тәулік оңтүстікте. Коммуникациялар. Облысты халықаралық “Екатеринбург-Алматы” автокөлік жолы көшіп өтеді. Темір жолдың ұзындығы – 1452,3 шақырым құрайды, автожолдардың ұзындығы – 9514,3 шақырым, газ құбырлар – 2491,4 шақырым, жылу құбырлары – 778,8 шақырым, су құбырлары – 5937,1 шақырым. 2004 жылы “Алтынсары-Хромтау” темір жолы салынған. Әлеуметтік сала. 1 қантар 2008 ж. облыста 644 мектеп, 91 балабақша, 28 арнай оқу орындары, 9 ЖОО, 48 емхана, 8 емхана, 3 театр, 10 мұражай, 393 кітапхана, 278 мәдениет үйі, 2 спорт сарайы, 39 спорт орындары және 29 стадион саналған. Қызылорда облысы. Қызылорда облысы - Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан. 1938 жылдың 15 қаңтар күні құрылған. Орталығы - Қызылорда қаласы. 1938 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында құрылған. Ұлы Жібек жолы ­- әлем өркениеті тарихының маңызды жетістіктерінің бірі. Жолдары жан жаққа тараған керуен жолдары Еуропаны, Азияны қиып,Жерорта теңізінен Қытайға дейін ежелгі және ортағасырда Батыспен Шығысмәдениетінің арасында мағызды сауда желісі болды. Қазақстан және Орта Азия территориясы арқылы өтетін Ұлы Жібек жолының ең ұзаққа созылған жері. Қытайдан жібекті, Үндістаннан қоспалар мен тастарды, Ираннан күміс бұйымдарды, византиялық полотналар, түрік құлдары, афрасиабты керамика жіне басқа көптеген тауарлары Қаратау және Алтай, Тянь Шань және Памира өткелдерінен өтіп, Мерв және Хорезм оазистері, Сары Арқа даласы арқылы Қарақұм және Қызылқұм шөлдерінен өтетін. Қызылорда облысының Ұлы Жібек жолының тарихи орталығы болады, оның дәлелі 500 астам қазақ халқының мәдение және тарихи ескерткіштердің мекеннің дамуында ерекше орынға ие. Бұл қазақ халқының өкілдерінің сәулет, археологиялық ескерткіштері және кесенелері. Ежелгі жерде өмір сүреген Қорқыт баба, Әйтеке би және Жалаңтөс Бахадүр, Жанқожа, Бұхарбай, Тоғанас батырлары халықтың мақтанышы. Осы жерде туған Ғани Мұратбаев, Мұстафа Шоқай және белгілі жер өңдеуші Ибрай Жахаев – Отанның патриоттары,өз елінің батыр ұлдары. Олардың аттары өлкетану тарихна кіріп, үйлердің қабырғаларында қашалған. Тарихи қалалар Сауран және Сығанақ, археологиялық ескерткіштері және кесенелер Сунақ Ата, Айқожа ишан, кесенлер Қарасопы, Оқша Ата, Досбол би, Есабыз, Ақтас мешіті, Қорқыт Ата мемориалды комплексі Ұлы Жібек жолының туристік бағыттарына кіреді. Жетіасар — қалалар тобы б.э.д. соңы I мыңж. аяғы — б.э.VIII ғ. қалалық топтар ежелгі Сырдарияның солтүстік бөлігінде орналасқан. Қаланың негізігі бөлігі Қазақстанның Қызылорда облысының Байқоңыр қазіргі қаласы және Жусалы ауылынан оңтүстікте 45-90 км қашықтықта орналасқан. Алтынасар, Құрайлыасар, Қараасар, Базарасар, Томпақасар, Жалпақасар қорғандары мағызды болып келеді. Қалашықтардыі биіктігі қоршаған ортаның үстінен екіден он метрге дейін. Жетыасар мәдениетінің барлық қалашықтары өзендер маңайында, қоғамдық үйлердің орнында қызмет ететен бірнеше бір-екі этажды қорғандардан тұрады. Тұрғындары балық, мал, жерді өңдеу шаруашылығымен айналысып, қалашық райондары арқылы Тянь-Шаньнан Волгагаға дейін маңызды караванды жол өтетін болған. Жетыасар мәдениеті археологтарды ежелгі тохарлар және эфталиттермен, басқа канғой тайпаларының мәдениетімен байланысты болады. 1946-51 ж.ж. ескерткіштер С.П. Толстовтың жетекшілігімен КСРО ҒА Хивин экспедициясымен алғашқы рет зерттелген болатын. 1973-1993 жылдары зерттеулер Л.М. Левиннің жетекшілігімен жалғасқан болатын. Алтынасар қаласының маңызды қазбалары және и ескерткіштерге қосымша 1980 ж. екінші ортасында – 1990 ж. Ленинск (қазаіргі Байқоңыр) қаласымен Қызылқұмда артезианның су көздері біріктітерін су құбарларын салуда сақтау жұмыстары ретінде оындалған еді. Сығанақ – қалашық қазіргі Қазақстанның Қызылорда облысының шығысында, Түмен-Арық теміржол станциясынан солтүстік-шығыс 18 км, Сырдария өзненінің солтүстігінде 20 км қашықтықта орналасқан. Қаланың көлемі 10 га шамасында 15 төбемен құрылған сақталған қабырғаларымен қапталған. Орынның жалпы көлемі 13 га шамасындай бекітілген. Мешіттер, кесенелер, ғимараттардың білөктері сакталды. Сырдариядан Түмен-Арқадан, одан басқа таулы өзендер Қаратау баурайларынан 20 километрден тұратын каналы қалаға дейін созылған. Қала алағашқы рет X ғасырдағы араб георграфы Махсиди жазуларында айтылатын оғыздар қаласы, XI ғасырдың ортасындағы Каспийдің солтүстік жағалауынан Тянь-Шань тауларынан Сырдариямен өтетін керуен жолдарының ірі кәсіпті және сауда орталығы, қыпшақтар астанасы. 1219 жылы қала моңғолдармен жойылып, XIII ғасырдың екінші жартысында Алтын Орданың ақша орталықтарының бірі пайда болған еді. XIV ғасырдың ортасында – Ақ орданың астанасы. XVI ғ.-XV ғасырдың бірінші жартысында Түркестан және Сауранмен тең, Қазақ хандығының орталығы. 1948 жылы алғашқы археологиялық қазбалар мәскеу археологтарымен жүргізіліп, б.э. V ғасырдағы заттар табылған болатын. 2004 жылдан бастап қаланы зерттеу «Мәдени мұра» қазақстан мемлекеттік бағдарламысының аясында жүргізіліп, зерттелуде. Маңғыстау облысы. Маңғыстау облысы - Қазақстан Республикасының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Облыс 1973 жылдың 20 наурызында құрылды. Алғашында Маңғышлақ деп аталған дербес құрылым 1988 жылдың маусым айында таратылып, 1990 жылдың 17 тамызында тарихи Маңғыстау деген атымен қайтадан жеке облыс болып құрылды. 2011 жылдың 1 қаңтарына облыс халқы 523 601 адамды құрады. Облыс көлемі 165,6 мың шаршы километрге тең. Облыс бойынша халықтың тығыздығы орташа (1ш.км. көлемге) 3 адам құрайды. Географиясы. Облыс көлемінің бедері әр түрлі. Солтүстік жартысын Желтау (221 м), Мың-суалмас (148 м) және құм алқабы (Қарақұм, Сам және басқалар), көлемді сор (Өліқолтық, Қайдақ, Қаратүлей, Қаракешу және басқа) және Бозашы түбегі орналасқан Каспий жағалауы алып жатыр. Орталық бөлігін Маңғыстау (Ақтау, Қаратау 556 м) таулары, Маңғыстау үстірті жәнеТМД дағы ең терең ойпат (-132 м.) Қарақия ойпаты орналасқан Маңғыстау түбегі алып жатыр. Оңтүстік батысында Кендірлі-Қаясан үстірті орналасқан, оңтүстігінде - Қарынжарық ойпаты. Облыстың шығысын Үстірт шоқысы алып жатыр. "Маңғыстау облысын ерекше жартылай арал деп осы жерде болған және осы жерде тұратын халық атайтын болған. Бұл аймақ мұнайдың және газдың, минералдардың туған бай жері болады. Бүгінгі күнде Маңғыстау облысы мәдени мұраға бай туристік және емделу объектілері бар. Ең қызықтысы Ұлы Жібек жолымен туристік бағыт, Маңғыстау облысы арқылы оңтүстіктен-солтүстікке және одан кейін солтүстік-батысқа қарай Үстіртке Шетпен қақпасы арқылы Каспий жағалауына бағыт жасау. Адам Маңғышлақта да шашамен 500 мың жыл бұрын пайда болған. Барлық ұлы дәуірдегі адамның тарихи оқиғалары бұл жерді де тыс қалдырмады. Шығыспен батыс арасында шекаралық территориясы, сонымен қатар әлемнен бөлінген тынышты шөл дала Үстірт, Манғышлақ бірінен кейін бірі орынды басатын өзінің жеріндегі ұлы өзгерістермен бірге өтетін халқымызды қызықтыратын болған. Массагеттер, алландар, оғыздар, қалмақтар, адайлар. Олар келген, одан кейін басқалар бәрін бұзып кеткен, осы жердің мәдени мұрасы ретінде белгі болатындай із қалдырған. VI ғасырдың ортасында Маңғышлақ арқылы Ұлы Жібек жолы (Ұлы ежелгі жол) өтетін, адан кейін бір-бірінен соң бекіністер,керуен-сарайлар, ежелгі қалашықтар пайда болған. Өз ретімен жүзжылдар да өткен. Уақыт пен жерлер толығымен ежелгі ұлы қоныстарды және бекініс қорғанысын жойып көрсетпеді. Болған оқиғалар құпиясын тек желмен дала сақтады. Маңғыстау жартылай аралының тек қазіргі қалалары ғана емес туристердің назарын аудартатын. Оның тереңдігінде қазір бір де бір су көз жоқ тастардың бетінде ерте көшпенділер дәуіріндегі (біздің заманымызға дейінгі Х-П ғасырда) тасты суреттер галереясы табылды. Сонымен қатар оюлармен қиылған моланың үстінде орналасқан ғимараттарымен ескерткіштер табылған. Ұңғазы тауының жанында мың жыл бұрын монолиттен жасалған екі ескі мешіттер табылды. Ерекше қызығушылық танытатыны Шахбағота мешіті. Ис­лам адамдарды бейнелеуге және ашық денені суреттеуге рұқсат бермеген, ал мұнда лотос гүлдерімен бірнеше рет қайталанатын ашылған адамның алақаны бейнеленген болатын. Бұл суреттің құпиясы әлі күнге дейін зерттелмеген. Әкімшілік құрылымы. Облыста 4 аудан және 2 қала (Ақтаудан басқа), 6 кент, 30 селолық және ауылдық округ бар, қала халқының саны 274,6 мың адам құрайды (76%), ауылдықтар - 87,1 мың адам (24%). Ақтау қаласы. Облыс орталығы 1963 жылы құрылған және Каспий теңізінің айлағы болып табылатын 'Ақтау қаласында орналасқан. 2005 жылдың 1 қаңтарына қалада 159,2 мың адам тұрған, немесе барлық облыс халқының 44%. Ақтаудан Астанаға дейінгі ара қашықтық - 2413 км.**Ақтау қалалық әкімшілігіне мынадай поселкелер кіреді: Маңғыстау (тұрғындарының саны 19,4 мың адам) және Өмірзақ (1,4 мың адам). 2004 жылы қала мұнайшылары 9,5 млн. тонна шикі мұнай немесе облыс бойынша барлық өндірілгеннің 61% өндірді. 2,3 млрд. кВт. сағат электр энергиясы, 268 тонна өңделген сүт, 1478 тонна басқа сүт өнімдері, 21,5 мың жұп аяқ киім шығарылды. Жаңаөзен қаласы. Облыс қарауындағы қала Жаңаөзен***1968 жылы құрылған. 2005 жылдың 1 қаңтарына қалада 60,7 мың адам немесе облыстың барлық халқының 17% тұрған. Ақтаудан Жаңаөзенге дейінгі ара қашықтық - 150 км. Жаңаөзен қалалық әкімшілігіне кіретін ауылдар: Теңге (тұрғындарының саны 12,7 мың адам) және Қызылсай (4,0 мың адам) ауылдары кіреді. 2004 жылы қала мұнайшылары 6,2 млн. тонна шикі мұнай немесе облыс бойынша шығарылған көлемінің 39%, 0,9 млрд. текше метр табиғи газ шығарған. 818 тонна сүт өнімдері, 5,1 мың дана жұмыс киімі шығарылды. Бейнеу ауданы. Бейнеу ауданы 1973 жылы құрылған. Аудан орталығы - Бейнеу селосы. Ақтаудан Бейнеуге дейінгі арақашықтық - 470 км., аудан көлемі 40,5 мың ш. км. тең. 2005 жылдың 1 қаңтарына ауданда 34,6 мың адам тұрған. Аудан құрамында 10 ауыл кіретін 12 ауыл әкімшілігі бар. Қарақия ауданы. Қарақия ауданы**** 1973 жылы құрылған. Аудан орталығы - Құрық селосы. Ақтаудан Құрыққа дейінгі ара қашықтық - 72 км., аудан көлемі 63,3 мың ш.км. тең. 2005 жылдың 1 қаңтарына ауданда 25,0 мың адам тұрған. Аудан құрамында 8 ауыл кіретін 4 ауыл әкімшілігі бар. Маңғыстау ауданы. Маңғыстау ауданы 1928 жылы құрылған. Аудан орталығы - Шетпе селосы. Ақтаудан Шетпеге дейінгі ара қашықтық–159 км., аудан көлемі 47,9 мың ш. км. тең. 2005 жылдың 1 қаңтарына ауданда 28,7 мың адам тұрған. Аудан құрамында 22 ауыл кіретін 11 ауыл әкімшілігі бар. Түпқараған ауданы. Түпқараған ауданы 1992 жылы құры-лған. Аудан орталығы аудан қарамағындағы Форт-Шевченко қаласында орналасқан. Ақтаудан Форт-Шевченкоға дейінгі ара қашықтық - 132 км., аудан көлемі 12,6 мың ш.км. тең. 2005 жылдың 1 қаңтарына ауданда 15,4 мың адам тұрған. Аудан құрамында 5 ауыл кіретін 3 ауыл әкімшілігі бар. Экономикасы. Жер қойнауы мұнай, газ, фосфорит, көмір, марганец, әр түрлі тұздар, ұлутас қорларымен бай. 2004 жылы облыс бойынша жалпы қо-сымша құн 282,1 млрд. теңге құрады, ал негізгі қорлар (2004 жыл соңына қалдық құны бойынша) - 324,9 млрд. теңге. 2004 жылы негізгі капиталға инвестициялар 101 млрд. теңге, немесе 2003 жылғы деңгейдің 126,9% құрады. 2004 жылы құрылыстық мердігерлер келісімімен жасалған жұмыс көлемі бағалау бойын-ша 27,7 млрд. теңгені құрады, ол 2003 жылға қарағанда 1,3 есеге артық.. Облыс үшін айқындайтын салаға кен өндіру өнеркәсібі жатады. 2004 жылы бұған негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлемінің 63% жұмсалмаған. Табиғаты. Ауа райы қатал континеттік, өте құрғақ. Орташа температура қаңтарда -4-9° С, шілдеде +25 +29° С. Жылдық ылғалдылық - 100 – 150 мм. Тұрақты өзен тармағы жоқ. Жер көлемінің көп бөлігін, кейбір қоңыр топырақты жерлерінде бұталы өсімдіктер өскен, жусандытұзды шөл дала алып жатыр; жер бетінің кейбір бөлігін сор, тақырлы тұз және өте сирек кездесетін өсімдікті құм басқан. Облыстың оңтүстік шығысында Үстірт қорығы орналасқан. Тарихы. Мәдениет іздері толық зерттелмегендігіне қарамастан Маңғыстау ауданында сақталды. Бұл жерде ежелгі қоныстың орындары, тастан қашалған мәйіттер мен құдықтар, жүйелер қалдықтары бар. Форт-Шевченко қаласында XIX ғасырда (1850-1857) «жабылмаған түрмеде» шевчен орындары көп украин өкілі отырған. Ұлы украин ақынымен салынған саябақ, ақынның үйі, үстел, ескі заттың қалдықтары бар. Т.Г.Шевченконың мемориалды музей бар. Археология және тарихи ескерткіштерімен ерекше көзге түсетін Сұлтан – eпe, Бекет – Ата ескерткіштері. Біздің республикамыздың осы облысында ақ таулар және басқа туристерді қызықтырады. Аңыз бойынша XVIII ғасырдың екінші жартысында Бекет-Ата өмір сүрген. Атырау облысының Құлсары аулының жанында туып, 14 жаста ақылғой дана Шопан Атаға бас июге келген болатын. Үшінші түнде Шопан-Ата оқуға бұйрық береді. Оқушы алыс Хиуаға барып, медреседе оқыған болатын. 40 жасқа жеткенде ол ұстаз болып, балаларды оқытқан. (А Қосымшасы) Бекет-Ата бірніше қасиетті жер жолдарын қиып, қайтадан Маңғыстауға қайтып келеді. Ол адамдар емдеп, оларға дегн өмірлік күштерді сыйлады. Сұрау сұрақтары тұғанда ол даналығымен екі жақтың бір келісімен әкеледі. Бекет-Ата өзінің айтылымдарында шындықпен жол ашатын болды. Халықтың жадында ақылгөй және қалмақтармен соғысқанда қолбасшы ретінде сақталған болатын. Ол батырлық мінезімен оның арғы атасы – Есет-батыр сияқты болған. Ол 4 мешітті салған: Құлсарысының біріншісі – Ақ-мешіт, екіншісі Бейнеу ауылынан 20 километр жерде, үшіншісі – Үстірттегі Байшатыр, төртіншісі жерсасты мешіті шың массивті Оғланды. Бөлмелері – жеті. Оның ішінде киелі акустика. Осы мешіттің жанында жерленген. Бекет-Ата – діни, тарихи және сәулет ескерткіші. Бекет-Атаға жол Шопан-Ата арқылы өтеді. Бекет-Ата өзінің соңғы күндеріне дейін Ұстазына, Шопан-Атаға мұсылмандар келгенде ерекше қуанатын. Бүгінгі күнге дейін Шопан–Атаға бару Бекет-Атаға соғу дәстүрлі бағыт болып кеткен. Тарихи ескерткіштердің үлкен топтың жераст құрылыс орын алады. IХ-Х Шақпақ-ата мешіті – ең ежелгісі. Көлемі жағынан алтқанатты киіз үйден кішкене үлкен. Қабырғалары кішкене қабыржықтан тұрып, төбені ұстайтын бағаналар орнаменттермен оюланған. Тасты мешітте Шакпақ-Ата ұстазы өзінің оқушыларымен жау шапқыншылығында қорғалды. Өмірінің соңғы жылдары ол өз орнынан кетпей, жерасты тұрғыны болды. Маңғыстаудың қасиетті жерлерін айтып, Шерқаланы да тыс қалдырмау қажет. VIII-IХ ғасырда араб шапқыншылығы кезінде шыңда жасалған бекініс-қала ретінде белгілі болған. Адаммен жасалған тау, қамалы арыстанды еске түсіретін, сондықтан оны “арыстан–қала” деп атап кеткен болатын. Шерғала (Шерқала) – Шетпе қаласынан алыс емес, Ақтау қаласынан 170 километр жерде ерекше формадағы бір жалғыз тұрған тау. Бір жағынан қарайтын болсақ тау ақ кигіз үйді білдіреді, ал екінші жағынан Шерғала басын табанына салып, ұйықтап жатқан арыстанның бейнесін береді. Сондықтан тауды – Шерғала деп атап, түрік тілінен аударсақ “Тау-арыстан” немес “Арыстанды тау”. Арыстанды тау аңыздар бүркітпен табылды. Оның әйгілі шыңдары үлкен шатыр құрып, киіз үйдің төбесіне еске түсіреді. Оның үстіне көтерілу үшін арнайы көтерілім қажет. Шерқаланы айналу үшін бір сағаттай уақыт керек. Ал егер көптеген тау үңгірлерін аралап, ежелгі қоныстар орындарын аралап, өркениеттер дәлелі болатын бас сүйектерді іздегіңіз келсе онда бір сағат аз болады. Халықтың ырымы бойынша егер Шерқалaны айналар алдында арманды жоспарласаң, ол міндетті түрде орындалады. Бірақ ең бастысы әрбір қийылыстан кейінгі көрініс әр түрлі болып, жаңа жерге түскен сияқты керемет көріністі әсер береді. Осындай бір үңгірлердің ішінде құдық болған. Жергілікті тұрғындар оның таза суын ішіп, таудың басында орналасқан жаупардан қорғанды. Қазір құдық жабылып қалды. Біз оның тек қалдықтарын ғана көре аламыз. Шерқалa айналасындағы ұсақ тау жыныстарының үлкендігі түрлі болып келеді. Көбі жел әсерінен өзгеріп қалды. Кейбір тастар бұзылып қалды. Ішінде – кішкене қабыршақтың және балықтардың іздері. Тау бөктеріндегі дала гүлденіп, шөптенеді. Шерқалaдан алыс емес жерде көк оазис бар. Бұл Ақмыш кішкене өзені және бұлақ. Бұл жерде көпғасырлы ағаштардың көлеңкесінде құстардың шиқылдауының астында Маңғышлық қалашығы туралы аңыз тыңдау ерекше әсер береді. Ол Бұхарамен және солтүстік жерлерімен жүзжылдай уақытта сауда жүрген керуен жолында құрылды. Бұл қала жүз жылдықты қамтиды. Қамалдың қабырғасымен мың жылдықтағы бас сүйектерді іздеп, ал егер жолыңыз сәтті болса, кішкене моншақтарды тауып, кірпіштерді және ыдыстарды жандыратын үлкен пештерді зерттеп, қоршаған айналаны көруге болады. Осы жерден біз Батыс Қаратау қара-көк таулардың қырларын көре аламыз. Білім беру жүйесі. Облыста 117 күндізгі жалпы білім беретін мектеп (олардағы қатысушылар саны 88,1 мың), 13 колледж (10,3 мың қатысушы) 4 жоғары оқу орны (17,8 мың студент) жұмыс жасайды. Денсаулық сақтау жүйесі. Облыста барлық мамандық бойынша 1,2 мың дәрігер қызмет ететін және 3,1 мың орта медицина қызметкерлері бар 36 аурухана мекемелері бар. Ауыл шаруашылығы. Облыстың ауыл шаруашылығы (850 ша-руа (фермер) қожалығы, ауылшаруашылық өндірісінің басқа кәсіпорындары мен ұйым-дары, халықтың жеке қожалығы) 2004 жылы өндірілген жалпыреспубликалық ауылшаруашылық жалпы өнімі көлемінің 0,2% береді. Облыста 6,9 млн.гектар ауыл шаруашы-лығы пайдаланатын жер бар, оның 0,4 мың га. егіндік жерлер. 2004 жылы 0,7 мың тонна көкөніс, 9,4 мың тонна ет (сойылған салмағы-мен), 5,3 мың тонна сүт, 0,7 мың тонна жүн (нақты салмағымен), 27,2 мың қаракөл терісі өндірілді. 2004 жылдың соңында ірі қара малдың саны - 7,2 мың бас (оның 4,1 мыңы - сиыр), қой мен ешкі - 430 мың, шошқа - 0,2 мың, жылқы - 30 мың және түйе - 34 мың бас құрады. 2004 жылы 15,5 млн. тонна шикі мұнай, 2,8 млрд. тк. метр табиғи газ шығарылған, 2,9 млрд. кВт сағат электр энергиясы, 74 тонна тіс пастасы мен ұнтағы, 311 тонна өңделген сұйық сүт пен кілегей өндіріледі. Оңтүстік Қазақстан облысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан. Облыс орталығы Шымкент қаласы. Павлодар облысы. Қазақстанның cолтүстік-шығысы, сәулетті алқап және Қазақстанның ірі өзені - Ертістің ағымы... Бұл - Павлодар облысы. Ол 1938 жылдың 15 қаңтарында құрылған. Облыс аумағы 124,8 мың шаршы км және Қазақстан аумағының 4,6% құрайды. Біздің облыс аумағында орташа мөлшерлі батыс Еуропа мемлекеті орналаса алады. Облыс әкімшілік-аумақтық құрылымына 3 қала, 5 кент, 10 ауыл аудандары, 167 село және ауыл округтері кіреді. 2007 жылдың басына облысымызда 744860 адам, 99 ұлт өкілдері тұрады. Жалпы халық санында қазақтар – 328,4 мың адам (44,7%) және орыстар – 293,9 мың (39,2%) көбее түсуде. Сонан соң украиндер – 6,8%, немістер – 3,2%, татарлар – 2,1%, белорустар – 0,9%, молдавандар - 0,4%, ингуштер – 0,25%, шешендер – 0,25%, әзірбайжандар – 0,25%, башқырлар – 0,2% және өзге ұлт өкілдері – 1,75% Солтүстік Қазақстан облысы. Солтүстік Қазақстан облысы – республиканың солтүстік қақпасы. Облыс 1936 жылдың 29 шілдесінде құрылды, бүгінгі шекарасы 1999 жылдың 8 сәуірінде бекітілді. Облыстың ауданы 97, 99 мың шаршы км. тең және республика аумағының 3, 6% құрайды. Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығы – Петропавл қаласы, 1752 жылы негізі қаланды. Облыста 13 әкімшілік аудан бар: Айыртау, Ақжар, Аққайың, Ғ.Мүсрепов атындағы, Есіл, Жамбыл, Қызылжар, М.Жұмабаев атындағы, Мамлют, Тайыншы, Тимирязев, Уалихан, Шал Ақын атындағы; 5 қала – Петропавл, Булаев, Мамлютка, Тайынша, Сергеевка; 4 қала типтес кенттер – Смирнов, Талшық, Еңбек, Кішкенекөл. Облыс аумағы Қазақстанның Қостанай және Ақмола облыстарымен және Ресей Федерациясының Қорған, Түмен, Омбы облыстарымен шекараласады. Шығыс Қазақстан облысы. Шығыс Қазақстан облысы 1932 жылы құрылған және республиканың шығысында орналасқан (1997 жылғы 23 мамырдағы № 3528 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен облыс құрамына таратылған Семей облысының территориясы қосылды). Облыс территориясы 283,3 мың шаршы км. Облыс халқының саны 2002 жылдың басында 1660,6 мың адамнан астам болды, соның ішінде қалада - 951,6 мыңнан астам, ауылда - 709 мың шамасында адам тұрады. Облыс орталығы - Өскемен, 1720 жылы негізі қаланған. Өскеменнен Астанаға дейінгі қашықтық - 1084 шақырым, Алматыға дейін - 1100 шақырым. Облыста 15 ауылдық аудан, 10 қала, 5 облыстық, 5 қалалық маңыздылығы бар қалалар, 27 кент, 228 ауылдық аймақ және 857 кент бар. Облыстың ұлттық құрамы мынандай: қазақтар - 49 % астам, орыстар - 44% астам, басқа ұлттар - шамамен 5,5%. Шығыс Қазақстан минералды-шикізат көздеріне өте бай. Олардың ішіндегі ең бастысы мырш, қорғасын, мыс, сирек және бағалы металдары бар полиметалдық рудалар. Семей өңірінде және Зайсан жерінде тас көмір кен орындары бар. Аймақта сонымен қатар алтынның, сирек және жерде сирек кездесетін металдардың, цемент, әйнек өндіруге қажетті шикізаттың, сланец және цеолиттің үлкен қорлары бар. Облыс экономикасын анықтайтын негізгі өндіріс саласы - түсті металлургия болып табылады. Осы саланың кәсіпорындары облыстың жалпы өнеркәсіп өнімінің жартысынан артығын шығарады. Шығыс Қазақстан - республикада қорғасын, мыс, алтын және күмістің қоспаларының негізгі өндірушілердің бірі, мырш, титан, тантал, АЭС-на отын шығаратын жалғыз аймақ. Түсті металлургия кәсіпорындары қатарында "Қазақмырш", "Өскемен титан-магнии комбинаты", "Үлбі металлургиялық зауыты" сияқты ірі акционерлік қоғамдар және "Шығысқазмыс" бірлестігі сияқты ірі кәсіпорындар бар. Облыста көмір өндірумен "Семей Көмір" ААҚ және "ШҚ отын-энергетикалық кешені" айналысады. Көмірдің баланстық қорлары халықты және ірі қуат тұтынушыларды тұрақты қамтамасыз етуге жақсы мүмкіндіктер туғызуда. Облыстың машина жасау кешенінде: "Шығысмашзавод", "Өскемен арматура зауыты", "Өскемен конденсатор зауыты", "Семей машзауыты" АҚ сияқты ірі кәсіпорындар бар. Олар тау-шахталық, байыту құралдарын, мұнай және газ құбырлары арматурасын, жоғарғы вольтты және төменгі вольтты аппаратураны, тартқыштарды шығарады. Облыстың орман кешені республикадағы ағаш және ағаш материалдарын дайындаудағы негізгі база болып табылады. Оның құрамына Өскемен жиһаз фабрикасы "ААҚ, "Қазорман" ЖШС, "Мелисса" ЖАҚ, "Шығыс орманы" сауда үйі, "Каполиграф" ААҚ, ШҚ облыстық орман және биоресурстар басқармасы кіреді. Орман кешені қылқан жапырақты және жұмсақ жапырақты ағаш өнімдерін, соның ішінде тақтайларды, құрылыс ағаштарын, жиһаз, картон бұйымдарын шығарады. "Текстиль-Восток" ЖШС, "Ника" ЖШС, "Мирас" ЖШС, "Икар" ЖШС, "Роза" ЖШС, "Рауан" ЖШС сияқты кәсіпорындар облыстың жеңіл өнеркәсіп саласының негізін құрайды. Бұл кәсіпорындар жібек маталарын, тоқыма және тігін бұйымдарын, аяқ-киім, жапқыштар шығарады. Облыста "Семейцемент" ЖАҚ, "Бұхтарма цемент компаниясы" ААҚ, "Силикат" ААҚ және "Құрылыс кәсіпорындарының комбинаты" ЖШС сияқты құрылыс индустриясының ірі кәсіпорындары бар. Облыстың тамақ өнеркәсібі саласында келесі акционерлік қоғамдар жұмыс істейді: "Исток" ЖАҚ, "Семей-су", "Ұлан", "Май", "Әділ" ААҚ, "Ұн тарту-комбикорм комбинаты", "Зайсанбалық" ЖШС, бес құс фабрикасы. Бұл кәсіпорындар мал және құс етін, сүт және сүт өнімдерін, өсімдік майын, сары май, арақ-шарап және басқа да өнімдерді шығарады. Тұтыну тауарларын шығарумен 150 кәсіпорын айналысады. Тұтыну тауарларының жалпы көлемі бойынша 56% өнімді азық-түлік тауарлары алады. Облыстағы электр қуатын үш ірі гидроэлектростанция өндіреді: "АЭС Өскемен ГЭС" ЖШС, "АЭС Шульба ГЭС", "Қазмырш ААҚ Бұқтарма гидрокешені". Бұлардан басқа электр қуатын өндірумен "ЛенГЭС" (Риддер қаласы) ЖШС және Зайсан ГЭС айналысады. Электр және жылу қуатын аралас түрдегі станциялар: "Өскемен ЖЭС" ЖШС, "АЭС Согра ЖЭС", "АЭС Лениногорск ЖЭС", "АЭС Семей ЖЭС" өндіреді. Облыстағы негізгі көлік түрлері: теміржол, әуе, су, автомобиль. Теміржол желілері облыс орталығын Семей, Риддер, Зырян, Аягөз, Шемонаиха қалаларымен байланыстырады. Облыстың шетіне шығатын негізгі теміржол желілері "Защита-Локоть", "Семей-Локоть", "Семей-Алматы". Облыс бойынша Өскемен және Семей қалаларында екі аэропорт жұмыс істейді. Су жолдары бойынша жолаушылар мен жүкті тасымалдық екі пороходтық жүзеге асырады. Екі жүк порты қызмет етеді. Агроқұрылымдар мен ауылшаруышылық бірлестіктері дәстүрлі мал және құс түрлерінен басқа марал, бұғы, қоян, бал араларын асырайды. Тамақ және өңдеу өнеркәсібінде жалпы саны 1200 данаға жеткен шағын, орта бизнес кәсіпорындары және жеке кәсіпкерлер үстемдік етеді. Экономикадағы құрылымдық өзгерістер нәтижесінде соңғы жылдары құрылысшылардың инвестициялық белсенділігі артып отыр. Құрылысқа бөлінген инвестициялардың негізгі көзі кәсіпорындардың өз қаржылары болып отыр. Облыста жалпы саны 270 мыңнан астам оқушылары бар 821 жалпыға білім беретін мектептер, 11 жоғары оқу орны, соның ішінде 7 жеке меншік, 38 колледж бар, олардың 18 жеке меншік, бар. Облыстың емдеу-профилактикалық мекемелері жүйесінің құрамына ведомстволықтарды есептегенде 104 аурухана, 309 емхана, 19 ауылдық амбулатория, 251 ЖДА және 444 ФАП бар. Облыс территориясында 11 мұражай, 3 театр, 234 кітапхана, 136 клуб, 646 спорт залдары, 19 стадион, 9 спорт кешені және Спорт Сарайы жұмыс істейді. Ясы. Ясы деген сөз шы­ғу төркіні. “Ясы шаһары Имам ат-Табаридің (838-923) “Тарих ар-русул уа-л мулк” – “ Пайғам­барлар мен патшалар тарихы”, Әл-Мұ­қаддасидің (946-1000) “Ахсан ат-тақасим фи мағрифат әл-ақалим”– “Климатты білудің тиімді жол­дары”, Әл-Истахридің (850-934) “Әл-Ма­са­лик уә-л мамалик” – “Жолдар мен мем­л­екеттер”, Әл-Бәкридің (?-1094) “Әл-Муғжам ма әл-мұстағжам” – “Түсініксіздің тыныс белгілері туралы”, Ас-Самъанидің (1113-1167) “Әл-Ансаб” – “Насабнаме”, Яқұт әл-Хамауи ар-Румидің (1179-1229) “Муғжам әл-булдан” – “Елдер жайлы (географиялық сөздік)”, Ибн Саид әл-Мағрибидің (1214-1286) “Китаб әл-жуғрафия” – “География жай­лы кітап”, Ибн Фадл Алла Әл-Умаридің (1301-1349) “Әл-Масалик уа-л абсар фи мамалик әл-амсар” – “Мемлекеттердің ірі жол­дарын сипаттау” атты еңбектерінде жай аталғаны болмаса, мән-мағынасы анық көрсетілмеген. Шаһардың неге бұлай аталатынына да түсінік берілмеген. Ортағасырлық тарихшы Ибн Тагри­берди (1411-1465) “Ясы” сөзінің көне түркі тілінде “реттеу, тәртіпке келтіру” деген мағынаға саятындығын айтады. “Бұл сөз әсіресе Мысыр мен Шамды мәм­лүктер билеген кезде кең тарады, – дейді. Сөйтеді де ол кітабының басқа бір жерінде, “Яса көне моғол сөзі” дейді. Әйтсе де ғалым бұл моғол тілінің жеке-дара тіл немесе көне түркі тілдерінің бір диалектісі екендігін ашып көрсетпеген. Тағы бір рухани бұлақ көздерінде “Яса” қала емес, қыстақ деп көрсетілген. Мысалы үнділік белгілі тарихшы Абд әл-Хайй ибн Фахр ад-Дин әл-Хасани әл-Һинди (?-1922) “Нузһәт әл-хауатир уә бәһжәт әл-масамиғ уә-н науазир” – “Ойша серуен және құлақ пен көз сұлу­лығы” деген еңбегінде Аш-Шейх Маулана Абд Алла әл-Кашмири (?-1757) туралы әңгімелей отырып, оның бабасының атын Мұхаммед Фадл әл-Ясауи деп көрсетеді, яғни ол тегі жағынан ясылық деген сөз. Ол “Түркістан өңіріндегі Ясы қыстағынан еді” деп жазады. Ас-Суюти Түркістанға қоса Ясыны да атайды. Көптеген араб тілді кітаптар Ясы туралы айтқанда “бұл қасиетті қала – шығармашылығы исламның рухани мұ­расын байытқан атақты адамдарды дүниеге әкелді” деп оған жақсы баға береді. Жоғарыда мұсылман Шығысы қалам­герлерінің пікірін келтірдік. Ал енді Ясы туралы отандық жазба деректер не дейді деген мәселеге келсек, еліміз энцик­ло­педияларының бірінде: “Ясы – Түркістан қаласының ежелгі атауы. Қазақстандық археологтар ертедегі Ясының орны қазіргі Күлтөбеге сәйкес келетінін дәлелдеп отыр. VІІ-ХІІ ғасырларда Түркістан Шауғар (сақ тілінде ол Қаратау деген мағынаны біл­діреді) атанған. Бұл өңір Түрік қағанатына қарады. ІХ ғ. қарлұқтар мен оғыздардың қол астында болды. Бұл өңірге 809-819 жылдар аралығында Хорасан билеушісі әл-Мамун, Х ғ. соңында саманилік билеуші Наср жаулаушылық жорық жасаған. ХІІ ғ. І-ширегінде қидандар шабуылынан Шауғар құлағаннан кейін, Ясы өлкенің орталығына айналды. Қожа Ахмет Ясауи осында келіп қоныс тепкен кезде атақ-даңққа бөленді. Ясы туралы алғашқы деректер мұсылман тарихшыларынан басқа ХІІІ ғ. жарық көрген Киракос Гандзакенцидің “Армения тарихы” атты еңбегінде де кездеседі. Онда Ясы қаласы Асан деген атаумен берілген. Ясы атауы ХІV ғ. бастап тарихи шығармалардың беттерінде жиі көріне бастайды. Ясы Шараф ад-Дин Әли Йаздидің (ХV ғ.) еңбегінде де ұшырасады. Бұл шаһар орта ғасырларда Орта Азия ғимараттары үрдісі бойынша дамыды: қамал, шаһристан, рабат қалыптасты. ХV ғ. І-жартысында Шараф ад-Дин Әли Йазди Ясыны “шағын елді мекен болды” деп көрсетсе, ал ХVІ ғ. Рузбихан Исфаһани “Михманнама-и Бұхара” – “Бұхара мейманының жазбаларында: “Ясы қаласы өрісі кең әрі құнарлы жер, Түркістан аймағының орталығы. Ясы қаласына тауар­лар мен қымбат, бағалы заттар жеткізіледі де, сол жерде оларды сату басталады. Сондықтан ол көпестердің тең-тең жүкте­рін шешіп, саяхатшылар тобын әр елге аттандыратын орын болды”, – деп жа­зыл­ған. [Түркістан. Халықаралық энцик­лопедиясы. Алматы, 2000, 590-бет]. Абд ал-Хаий әл-Хасани әл-һинди атал­мыш еңбегінде осы Ясы – Түркістаннан шыққан бірқатар ойшылдардың аттарын атайды. Олар Әбу-л Аббас Ахмед бин Мұхаммед әл-Ясауи, Аш-Шейх Шамс ад-Дин Ахмед бин Абд әл-Мумин ат-Түр­кімани әл-Банипати, Шейх Мырза Камил бин аш-Шейх Ахмед бин Малик Әл-Ясауи Ташқанди, Шейх Ахмед бин Мұс­тафа ибн әл-Муин әр-Рафиқи әл-Каш­мири, Аш-Шейх Мұхаммед бин Мұстафа бин әл-Муин әр-Рафиқи әл-Кашмири, Шейх Таййб бин Ахмед ар-Рафиқи, Аш-Шейх Маулана Абд Алла әл-Кашмири, Маулана Нұр әл-һуда бин Абд Алла бин Мұхаммед Фадл әл-Ясауи, Абд әл-Уәли ат-Тархани әл-Кашмири, Мүфти Абд әл-Му­мин әл-Кашмири, Имам Замини Түркістани. Қазақтың саз аспаптары. Қазақтың саз аспаптары — ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа мирас болып, көнеден келе жатқан мәдени мұралардың бірі. Ертеде саз аспаптарды ағаштан, түрлі өсімдіктерден, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізінен, қылынан және басқа да түрлі заттардан жасаған. Халқымыздың жыр аңыздарынан, дастандарынан және өткен ғасырлардағы саяхатшылардың, ғалымдардың еңбектерінен көне аспаптардың сипаттамаларын, суреттерін кездестіреміз. Қазақтың музыка аспаптарын Мәскеу, Санкт-Петербор, Алматы, Семей қалаларындағы мұражайларынан да кездестіруге болады. Осы кезде байырғы аспаптардың түрлері 20-дан аса болғандығы анықталып отыр. Ертеде музыка аспаптарын жұртқа хабар бергенде, аңшылар құсты, аңды үркіткенде, бақсылар сарын айтқанда, әскери жорықтарда ұран салғанда пайдаланған. Қазіргі жағдай. Көне музыка аспаптарының табылуымен байланысты музыка мамандарының алдына жаңа міндеттер жүктелді. Ол міндеттер көне аспаптарды жетілдіріп жасап шығару, орындаушыларды тәрбиелеу, түрлі ансамбльдер ұйымдастыру, т.б. Музыкалық аспап жасау шеберлері Оразғазы Бейсембайев пен Абузар Аухадиев көне аспаптардың біраз түрлерін жаңартып жасап шығарды. Жетігенді, шертерді, үш шекті домбыраны, сыбызғыны, шаңқобызды, қылқобызды, асатаяқтың көптеген түрлерін меңгеріп ансамбльге қосып, жеке ән-күй орындап жүрген жас музыканттарымыз да бар. Орындалатын көне күйлердің кейбірі халқымыздың өткендегі тұрмыс салтын, табиғатын бейнелейтін, осы күнге дейін ұмытылып қалып тартылмай келген. Үндістан. Үндістан - Оңтүстік Азияда орналысқан мемлекет. Үндістан – өзінің аса бай мәдениетімен және ежелгі өркениетімен әйгілі ел. Ол – терең тамырлы философияның, мол өзіндік ізгі рухани мұраның, сыры да, сыны да сақталған әдет-ғұрыптар мен дәстүрдің, жер-жаһанға әйгілі махаббат күмбезі Тәж-Махал, Лотосхрам сынды сәулеттік жауһарлардың, терең қайнарлы би мен саздың, ғажайып үнді киносы мен жұпар иісті үнді шайының елі! Ол – “барлық халықтардың жүрегін біртұтас өмірдің ырғағында тоғыстырған” (Үндістанның “Халықтың жан жүрегі” мемлекеттік Әнұранынан) әр түрліліктегі бірлестіктің үлгісі. Қазақ тілі. Қазақ тілі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, сонымен қатар Ресей, Өзбекстан, Қытай, Моңғолия жəне т.б. елдерде тұратын қазақтардың ана тілі. Қазақ тілі түркі тілдердің қыпшақ тобына жатады, соның ішіндегі қарақалпақ, ноғай, қарағаш тілдерімен бірге кыпшақ-ноғай топшасын құрады. Тағы да татар, башқұрт, қарашай-балқар, құмық, қарай, қырымлы (қырым-татар) тілдеріне жақын. Жазуы. Қазақ жазуы бірнеше рет өзгеріске ұшырады. 1929 жылға дейін Қазақстанда қазақ араб жазуын пайдаланды. 20 ғ. басында Ахмет Байтұрсынұлы ұсынысымен қазақ фонетикасына негізделген араб-парсы әліппесін (төте жазу) пайдаланған. Қазір де Қытайда істе. 1929 жылдан 1940 жылға дейін латын графикасы қолданылып, 1940 жылдан қазірге дейін кирилл әліпбиі қолдануда. Түркия мен Батыс елдердегі қазақтар әртүрлі латын жазуына негізделген әліппелерді пайдаланады. Фонетика. Қазақ тілі буын үндестігіне негізделеді, яғни қазақтың төл сөздері не бірыңғай жуан не бірыңғай жіңішке болып келеді, және жуан дауысты буындардағы дауыссыз дыбыстар жуан түрде айтылады (мысалы: "тыс", "құрт"), ал жіңішке дауысты буындарда жіңішке естіледі (мысалы: "тіс", "күрт"). Қазақ тілінде екпін көбінесе соңғы буынға түседі. Дауысты дыбыстар. Қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар: "а, ә, е, и, о, ө, ұ, ү, у, ы, і, э" Дауыссыз дыбыстар. Дауыссыз дыбыс өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында кедергіге ұшырап шығуынан жасалады. Қазақ тілінде 26 дауыссыз дыбыс бар: "б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ." Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай "ұяң", "үнді" және "қатаң" болып үшке бөлінеді. Грамматика. Қазақ тілінде сөз алдында тұратын көмекші сөздер (preposition) орнына, сөз артынан келетін шылау (postposition) не тиісті жалғау қолданылады (мысалы: қазақ тілі "туралы" мақала"ны" энциклопедия"ға" қосу). Сан есімі бар зат есім жекеше түрінде беріледі (мысалы: «мен "екі мақала" жаздым», бірақ «"мақалаларымда" көп қате жіберіппін»). Сөз таптары. Қазақ тілінде келесі сөз таптары бар Тәжікстан. Тәжікстан (Тәжік тілі:Тоҷикистон) - Орталық Азияда орналасқан мемлекет, бұрынғы КСРО-ның құрамдас бөлігі. Әрменстан. Армения, Армения республикасы – Кавказ тауларының оңтүстігінде орналасқан мемлекет. Негізгі заңы – 1995 ж. 5 маусымда қабылданған Конституция. Мемлекет басшысы – президент. Жоғарғы заң шығарушы органы – Ұлттық жиналыс. Жоғарғы атқарушы органы – Министрлер Кеңесі. Армения солтүстік-батысында Грузия, шығыс, солтүстік-шығысында Әзербайжан, оңтүстігінде Түркия, Иран мемлекеттерімен шектеседі. Жерінің аумағы 29,8 мың км2, халқы 3 млн. (2007), астанасы – Ереван. Халқының 93%-дан астамы армяндар. Армения Армян таулы қыратының солтүстік-шығысындағы жанартаулық үстіртті алып жатыр. Ең биік жері – Арагац тауы (4090 м). Оның оңтүстік беткейінде әйгілі Бюрокан астрофизикалық обсерваториясы (расытханасы) орналасқан. Кен байлықтарынан мыс, молибден, алтын, темір кентасы, нефелин сиениті; құрылыс материалдарынан: туф, мәрмәр көптеп кездеседі. Климаты негізінен континенттік субтропикалық құрғақ типке жатады. Жазық тау етектерінде қаңтардағы орташа температурасы 5ӘС, шілдеде 25 ӘС. Жылдық орташа жауын-шашын мөлшері 400 мм. Негізгі өзендері – Аракс пен Кура және олардың салалары Ахурен, Касах, Раздан, Дебед. Көлдердің жалпы саны 100-ден асады, олардың ең ірісі – Севан көлі. Армения жерінде біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықтың ортасына дейін құл иеленуші Урарту мемлекеті болды. Ол құлағаннан кейін Армения Парсы елі аумағында құрылған Ахемен мемлекетінің құрамына кірді. Александр Македонский парсы мемлекетін жеңгеннен кейін армян жерін өз империясына қаратты. Біздің заманымыздан бұрынғы 4 ғасырдың ақырында Оңтүстік-Батыс Армения (Софена) мен Оңтүстік Армения тәуелді мемлекет ретінде Селевки мемлекетінің құрамында болды. Біздің заманымыздан бұрынғы 3 ғасырдың басында Ұлы Армения мемлекеті құрылды. Тигран ІІ (95-56) тұсында Армения күшейіп, негізгі армян жерлері түгел біріктірілді. Осы кезеңде Армавир, Арташат, Тигранакерт секілді ірі-ірі қалалар пайда болды. Оларда металл өнеркәсібі, құмыра өндірісі, тас пен ағаш ою, тоқыма, зергерлік өнері, былғары өңдеу, құрылыс салалары едәуір дамыды. Мәдениет біршама ілгеріледі. 301 ж. христиан діні Ұлы Арменияның ресми діні деп жарияланды. Алайда аймақтық бытыраңқылықтың күшеюі салдарынан мемлекет ыдырай бастады. Оның үстіне біздің заманымыздың 1 ғасырынан басталған Рим мен Парсы елі арасындағы талас-тартыс Армения экономикасын күшейтті. Ақырында (387 ж.) Армения олардың бөлісіне түсіп, негізгі бөлігі Парсы еліне тәуелді болды. 7 ғасырдың ортасында армян жеріне араб әскерлері басып кірді. Жергілікті халықтың ұзақ жылдарға созылған қарсылығы басылғаннан кейін, 8 ғасырдың басында Армения Араб халифатының құрамында болды. 9 ғасырдың ақырында ұлт-азаттық күрестің нәтижесінде Баграти әулеті басқарған Армян патшалығы құрылды. Экономика мен мәдениет біршама өркендей бастады. Бірақ ішкі аймақаралық алауыздықтар нәтижесінде Армян мемлекеті тағы да ыдыраушылыққа ұшырады. Олар 11 ғасырда салжұқтардың, 13 ғасырда монғолдардың шапқыншылығына душар болды. Осыдан былай армян халқының дербестігі мүлдем жойылды. 14 ғасырдың ортасынан бастап Армения Алтын Орда хандары арасындағы қантөгіс, қақтығыстар майданына айналды. Әсіресе, Тоқтамыс пен Әмір Темір жорықтары кезінде Армения қатты күйзеліске ұшырады. 16 — 18 ғасырларда қайтадан Армения үшін Түркия мен Иран арасында соғыстар болып, нәтижесінде оның батысы Түркияға, шығысы Иранға қарады. Шығыс Грузияны өзіне қосып алған Ресей енді Арменияны қосып алу үшін Иранға қарсы соғыстарын бастады. 1828 жылғы орыс-иран соғысынан кейін Эриван, Нахичеван хандықтары Ресейге қосылды. 19 ғасырдың 2-жартысында Ресей Түркияның қол астындағы армян жерлерін тартып алу үшін Түркияға қарсы соғыс ашты. Кезекті орыс-түрік соғысынан (1877 – 78) кейін Батыс Арменияның бірқатар жері Ресейдің меншігіне айналды. 1918 ж. Түркия Шығыс Арменияның бір бөлігін өздеріне қаратты. Сол жылы олардың орнын ағылшындар басты. 1920 ж. халық үкіметке қарсы жаппай көтеріліске шықты, бірақ ол тез басылып қалды. 1920 ж. Түркия әскерлері Шығыс Арменияға қайта кіріп, Эриванға қатер төндірді. 1920 ж. 20 қарашада Шығыс Арменияда Кеңес өкіметі күшпен орнатылып, Армян КСР-і құрылды. 1922 ж. наурыз айында Армения Закавказье Федерациясының құрамында Кеңес Одағына кірді. 1936 ж. 5 желтоқсанда одақтас республикаға айналды. КСРО тарағаннан кейін 1991 ж. 21 қыркүйекте референдум өткізіліп, 25 қыркүйекте республика Жоғарғы Кеңесі «Арменияның егеменділігі туралы Декларация» қабылдады. Ұлттық мейрамы 21 қыркүйек – тәуелсіздік жөніндегі референдум өткізген күн. 1995 ж. жаңа әкімшілік басқару жөнінде заң қабылданып, осы заңға сәйкес губернаторлар басқаратын 11 облыс (мазр) құрылды. 1993 ж. қазанда Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы қарым-қатынастардың негізі жөніндегі шартқа қол қойылды. Армения – индустриялы-аграрлы мемлекет. Жерінде химиялық құрамы жағынан әр түрлі минералды сулардың («Джермук», «Арзни», «Севан») үлкен қоры бар. Отын-энергетика русурстарына кедей болғандықтан су энергиясы кең пайдаланылады. Армения өнеркәсібін түрлі кешенді өркендеген салалар құрайды. Алдыңғы қатарда – түсті металлургия, химия өнеркәсібі және көп салалы машина жасау өндірісі. Машина жасау саласы бойынша металды аз қажетсінетін өндірістер (прибор жасау, электротехника, радиоэлектроника және станок жасау салалары) дамыған. Жеңіл өнеркәсіпте мақта-мата кәсіпорындары шұлық және трикотаж бұйымдарын, кілемдер, жібек, жүн және мақта маталарын шығарады. Тамақ өнеркәсібі ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейді. Армения сапасы жоғары шараптар мен коньяктар («Каири», «Армения», «Ереван», т.б.) шығарады. Ауыл шаруашылығында 400 мың гектардан астам жерден дәнді және техникалық дақылдар өндіріледі, жеміс-жидек, жүзім шаруашылықтары дамыған. Альпі жайылымдарында етті-сүтті ірі қара мен қой өсіріледі. Арменияның ұлттық табысы жан басына шаққанда 2000 АҚШ долларына тең болды. Таулы Карабахтағы Ресейге сүйеніп жүргізген соғыс Армения экономикасына үлкен зиян келтірді. Әзірбайжан. Әзірбайжан Республикасы  () — Азия мен Еуропа аралығында, Шығыс Кавказда орналасқан мемлекет. Ол солтүстікте Ресеймен Дағыстан Республикасы арқылы, оңтүстікте Иранмен, Батыста Армениямен шектеседі. Ал оның эксклавы Нахичевань Автономиялық Республикасы оңтүстікте Иранмен, шығыста мен солтүстікте Армениямен, батыста Түркиямен шектеседі. Тілі - түркі тілдер отбасындағы оғыз тармағына жататын әзірбайжан тілі. Әзербайжан, Әзербайжан Республикасы – Кавказдың оңтүстік-шығысында орналасқан мемлекет. Негізгі заңы – 1995 ж. 12 қарашада қабылданған Конституция. Мемлекет басшысы – президент. Заң шығарушы жоғарғы органы – тұрақты парламент (Милли меджлис, 125 депуттатан тұрады). Атқарушы өкіметтің жоғары органы – Министрлер Кабинеті, оны премьер-министр басқарады. Әзербайжан солтүстігінде Ресеймен, солтүстік-батысында Грузиямен, оңтүстік-батысында Армения және Түркиямен, оңтүстігінде Иранмен, шығысында Каспий теңізі арқылы Қазақстанмен шектеседі. Аумағы 86,6 мың км2, халқы 8,6 млн. адам. Астанасы – Баку (Бақы) қаласы. Халқының 83%-ы әзербайжандар. Мемлекеттік тілі – әзербайжан тілі. Халқы негізінен ислам дінін ұстанады. Әзербайжанның жер бедерінің үштен екісін Үлкен және Кіші Кавказ таулары, Қарабақ жанартаулық таулы үстірті және Талыш таулары алып жатыр. Ең биік жері – Базардюзю (4466 м). Климаты қоңыржай белдеумен (Кура-Аракс ойпатында) субтропикалық белдеуді (Ленкоран ойпаты) құрайды. Қаңтар айының орташа температурасы ойпатты аудандарда 0ӘС-тан 3ӘС-қа дейін, шілденің орташа температурасы 25 – 27ӘС. Жауын-шашынның орташа мөлшері тау етектерінде 200 мм, тау-беткейлерінде 1400 мм, ал Ленкоран ойпатында 1700 мм-ге жетеді. Ірі өзендері Кура және Аракс. Ең үлкен көлдері – Гаджикабул және Беюкшор. Ойпатта шөл, шөлейт және құрғақ дала өсімдіктері өседі, таулы жерлерде жалпақ жапырақты орман басым. Әзербайжан жеріне адамдар палеолит заманында қоныстана бастаған. Тұңғыш мемлекеттік бірлестік Оңтүстік Әзербайжанда өмір сүрген маналықтардың, кейіннен осында ішінара қоныстанған лидиялықтардың тайпалық одақтары негізінде құрылды. Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықта Әзербайжан жерінде кадусилер, каспилер, албандар т.б. қоныстанады. Біздің заманымыздан бұрынғы 9 ғасырда Маннада ертедегі құл иеленуші мемлекет, біздің заманымыздан бұрынғы 7 ғасырдың 70-жылдары Мидия мемлекеті құрылып, оның құрамына Оңтүстік (Ирандық) Әзербайжанның, кейінірек Антропатена аталған Кіші Мидия облыстары да кірді. Бұл мемлекет 150 жылға дейін өмір сүрді. Кейін Антропатена сөзінен қазіргі «Әзербайджан» (грекше, сөзбе-сөз аударғанда «от сақтаушылар елі») деген атау шықты. Біздің заманымыздан бұрынғы 3 – 2 ғасырларда Әзербайжанның солтүстік бөлігі мен Дағыстан жағында Албания мемлекеті пайда болды. Біздің заманымыздың 4 ғасырында Рим империясы мен Иран арасындағы соғыстың салдарынан Албания Иранның қол астына өтеді. 8 ғасырдың басында арабтар Әзербайжанды түгел бағындырып, ислам дінін таратты. 9 ғасырдың басында Әзербайжан мен Иранда арабтар мен жергілікті билеушілерге қарсы Бабек бастаған соғыс 20 жылға созылды. 11 ғасырдың ортасында Әзербайжанды салжұқтар басып алды. Әзербайжан халқы негізінен 11 – 13 ғасырларда түрік тайпаларының негізінде қалыптасты. 13 ғасырдың 30-жылдарында Әзербайжанды және оған көрші елдерді моңғолдар жаулап алып, Хулагу әулеті билеген мемлекет құрылды. 16 ғасырдың басында Әзербайжан жерінде Сефеви әулетінің мемлекеті орнады. 16 ғасырдың соңына қарай Әзербайжанның солтүстігі мен оңтүстігіндегі едәуір жерді түріктер жаулап алды. 17 ғасырдың 30-жылдарының аяғында Әзербайжан Иранның қол астына қарады. 1723 – 35 ж. Әзербайжанның Каспий жағалауындағы аймақтарын Ресей жаулап алды. 1805 – 13 ж. және 1826 – 28 ж. орыс-иран соғыстары барысында Солтүстік Әзербайжан Ресейге қосылды. 1917 ж. қарашада Әзербайжанда Кеңес өкіметі орнады. 1922 ж. 30 желтоқсанда Әзербайжан Кавказ Федеративтік Кеңес Республикасы (КФКР), 1936 ж. КСРО құрамына кірді. Кеңес Одағы құрамында болған кезеңде кейбір әлеуметтік қайшылықтарға қарамастан Әзербайжанның экономикалық және мәдени дамуы жүзеге асты. 1991 ж. 30 тамызда Әзербайжанның Жоғарғы Кеңесі 1918 жылғы Шарт негізінде мемлекеттік тәуелсіздікті қалпына келтіру жөнінде Декларация, 1991 ж. 18 қазанда «Әзербайжан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жөнінде» Конституциялық шарт қабылданды. Дербес мемлекет ретінде Қазақстан Республикасымен 1992 ж. 27 тамызда дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Әзербайжан индустриалды және ауыл шаруашылығы көп салалы ел. Жері мұнай мен табиғи газға бай. Сапасы жоғары темір кендері, алюминий шикізаты, хром, молибден, кобальт, алтын, күкірт колчеданы және әр түрлі құрылыс материалдары, полиметалл кендері мен емдік минерал су көздері бар. Мұнай-газ, машина жасау және металл өңдеу, химия және мұнай химиясы өнеркәсіптері елеулі маңыз атқарады. Әзербайжанда жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары әр түрлі маталар, тігін және былғары бұйымдарын, аяқ киімдер шығарады. Ауыл шаруашылығында мақта, темекі, бау-бақша өнімдері және мал шаруашылықтарының маңызы зор. Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары түрлі шарап пен коньяк, консерві, ұн, темекі, балық өнімдерін шығарады. Беларуссия. Беларусь, Б е л а р у с ь Р е с п у б л и к а с ы – Шығыс Еуропадағы мемлекет. Жері – 207,6 мың км2. Халқы – 9,7 млн. адам (2007). Негізгі халқы – белорустар (80%), бұған қоса орыстар (13,6%) мен поляктар (4,1%) тұрады. Астанасы – Минск (1,6 млн.). Ірі қалалары Брест, Витебск, Гомель. Әкімшілік-аумақтық жағынан алты облысқа бөлінеді. Мемлекеттік тілі – беларусь тілі. Орыс тілі мемлекеттік тілмен қатар жүреді. Діні – православие (70%). Ақшасы – рубль. Ұлттық мейрамы – үшінші шілдедегі Республика күні. Мемлекет басшысы – президент. Жоғарғы заң шығарушы органы – екі палаталы парламент (Ұлттық жиналыс). Ол төменгі (өкілдер кеңесі) және жоғарғы (Республика Кеңесі) палаталардан тұрады. Беларусь Шығыс Еуропа жазығында Днепр, Батыс Двина мен Неман өзендерінің аңғарларын алып жатыр. Климаты қоңыржай континенттік. Қысы аса суық емес, ылғалды; жазы салқын, жаңбырлы. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 600 – 700 мм. Батпақ жиі кездеседі. Басты өзендері: Днепр (салалары Припять, Сож, Березина), Батыс Двина, Неман (саласы – Вилия). Жерінің 33%-ы орман болып келеді. Ормансыз жерлері – шалғын, жайылым. Хайуанаттардан зубр, елік, тиін, түлкі, қоян, т.б. мекендейді. Березина қорығы мен Беловеж нуы сирек кездесетін аңдардың көбеюіне септігін тигізуде. Қазіргі Беларусь жеріне адамдар қола дәуірінен бастап қоныстанған. 2 – 5 ғасырларда аталған өңірге Днепр бойынан славяндар келе бастады да, 9 ғасырда жергілікті тайпалар соларға сіңісіп кетеді. Осы кездерде славяндардың үш ірі тайпа бірлестігі қалыптасты: Полесье мен Орталық өңірде дреговичтер, Сож өзені алабына радимичтер, Двина бойы мен Днепрдің жоғарғы жағына кривичтер қоныстанған. 9 ғасырда Киев Русінің құрылуына байланысты Беларусь жері бірте-бірте соның құрамына енеді. 9 – 11 ғасырларда егіншілік кең тарап, мал шаруашылығы дамыды, қолөнер кәсібі өркендеді. Киев Русінің ыдырауы салдарынан бірнеше ұсақ князьдіктер пайда болды. Оларды 13 ғасырдың 2-жартысында Ұлы Литва князьдігі түгелдей қосып алды. Беларусь көпестері Ресей мен Батыс Еуропа арасында зор көлемде делдалдық сауда жүргізе бастады. 1569 ж. Люблин униясы бойынша Ұлы Литва князьдігі мен Польша корольдігі бірігіп, Речь Посполитая мемлекетін құрды. Осы кезден мектептер мен шіркеулерде поляк тілі беларусь тілін ығыстырып, католик діні енгізіле бастады. 1648 жылдан басталған Украинадағы ұлт-азаттық қозғалыс Беларусьті де қамтыды. 18 ғасырдан бастап поляктарға қарсы ұлт-азаттық қозғалыс одан әрі күшейіп кетті. Речь Посполитаяны үш рет бөлісудің нәтижесінде (1772, 1793, 1795) Беларусь жерлері Ресейге өтті. 19 ғасырдан бастап Беларусьтің экономикалық дамуы тездетілді. Темір жолдар салынып, зауыт, фабрикалар көбейді. 1-дүниежүзілік соғыс (1914 – 18) кезінде Беларусь жерінде соғыс қимылдары болып, бүліншілікке ұшырады. 1919 ж. бірінші қаңтарда Белоруссия Кеңестік Социалистік Республикасы (БКСР) құрылып, 1922 ж. отызыншы желтоқсанда КСРО құрамына енді. 2-дүниежүзілік соғыс кезінде Беларусь жері тағы да неміс әскерлерінің қол астында қалып, зор ауыртпалықтарға ұшырады. Соғыстан кейін қираған шаруашылықты қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, өнеркәсіптің жаңа салалары (автомобиль, кеме, трактор жасау, т.б.) құрылды. Экономикасы дамыды. Ауыл шаруашылығы өнімдері де артты. Ағаш өңдейтін, қағаз жасайтын кәсіпорындар ашылды. 1990 ж. Беларусь Жоғарғы Кеңесі елдің тәуелсіздігін жариялады. 1991 ж. сегізінші желтоқсандағы Беловеж келісімінен кейін Кеңес Одағы таратылып, Беларусь толық тәуелсіздік алды. Беларусь Қазақстан тәуелсіздігін 1991 ж. таныды. Екі ел арасында экономикалық, кедендік және мәдени келісімдер жасалынып, достық қарым-қатынас орнаған. Беларусьта химия өнеркәсібі, автомобиль және трактор жасау, қорғаныс өнеркәсіп кешендері, электр бұйымдарын шығару, ет-сүт, ауыл шаруашылығы, т.б. өндіріс салалары дамыған. Республикада калий, тұз, көмір, мұнай, темір, фосфорит кен орындары бар. Жүк тасушы автомобильдер, тракторлар, тоңазытқыштар, кір жуатын машиналар, т.б. электр бұйымдары, химия және ет-сүт өнімдерін экспортқа шығарады. Елде жылу-электр ресурстары (мұнай, табиғи газ, тас көмір) мүлдем жеткіліксіз болғандықтан, отындық шикізатты шеттен, соның ішінде 60%-дан астамын Ресейден әкелуге мәжбүр. Бұған қоса қара және түсті металлургия, халық тұтынатын тауарлар, ағаш өнімдері, цемент шеттен әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: Ресей, Украина, Польша, Германия елдері. Гүржістан. ГРУЗИЯ, Грузия Республикасы (Сакартвело) — Еуропа құрлығының оңтүстік-шығысында, Кавказ тауының оңтүстік бөлігінде орналасқан мемлекет. 66 әкімшілік ауданға бөлінеді. Құрамына Абхаз (1931) және Аджар (1921) республикалары енеді. Шекарасы Ресей, Әзербайжан, Армения, Түркия мемлекеттерімен шектесіп жатыр. Жер көлемі — 69,7 мың км2. Халқы — 5,4 млн. (1995). Тұрғындарының 70,1%-і грузиндер. Бұдан басқа армяндар (8,1%), орыстар (6,3%), әзербайжандар (5,7%), осетиндер (3%), абхаздар (1,8%), гректер, украиндар, т.б. тұрады. Астанасы — Тбилиси қаласы (1,2 млн.). Халқының көпшілік бөлігі — христиан дінінің православие тармағын ұстанады, қалғандары мұсылмандар мен католиктер. Ресми тілі — грузин тілі. Мемлекет басшысы — президент. Заң шығарушы органы — бір палаталы парламент. Конституциясы 1995 ж. 24 тамызда қабылданған. Ұлттық ақшасы — лари 1995 ж. қыркүйек айынан айналымға енгізілген. Ұлттық мейрамы — мемлекеттің тәуелсіздіктің қалпына келтірілген күні (26 мамыр, 1918 ж.). Табиғаты. Жерінің 87%-ін таулы қыраттар алып жатыр, 36,7%-і орман. Солтүстігінде Үлкен Кавказ қатпарлы тау жүйесі бар. Қара тау жағалауын Колхида ойпаты алып жатыр. Жерінің геологиялық құрылымы күрделі. Негізгі кен байлықтары: марганец, тас көмір, мұнай, полиметалдар. Минералды су көздеріне бай (Боржоми, т.б.). Тау мұздықтарынан басталатын, суы мол, екпінді өзендер (Кура, Риони, Ингури, Сунса, т.б.) жиі кездеседі. Климаты жылы және ылғалды субтропикалық. Қаңтар айындағы орташа темп-ра 4—7С, ал шілдеде 22—24С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 1500 мм. Тарихы. Грузия жеріне адам баласы ерте замандарда-ақ қоныстана бастаған. Б.з.б. 2-мыңжылдықтың аяқ кезінен бастап алғашқы мемл. бірлестіктер пайда болды. Б.з.б. 8 ғ-да қазіргі Грузия территориясын алдымен кемерліктер, кейін сақтар басып алды. Көп уақыт бойы бүкіл Кавказ аймағы Мидия патшалығы (б.з.б. 7 ғ.) мен Ахемен әулетінің (б.з.б. 6 ғ.) иелігінде болды. Б.з.б. 6 ғ-да Қара теңіздің шығыс жағында орналасқан саудамен айналысатын грек қоныстары мен Кавказ халықтары арасында сауда байланысы күшейді. Б.з.б. 6 ғ-да Бат. Грузияда Колхида патшалығы, ал 4 ғ-да Шығ. Грузияда Иберия патшалығы құрылды. Қалалар пайда болып, басқа елдермен қарым-қатынас, сауда-саттық дамыды. Б.з.б. 1 ғ-да қазіргі Грузия аумағын Рим империясы басып алды, бірақ б.з. 2 ғ-ынан бастап оның билігі әлсіреп, жергілікті әкімдердің билігі күшейді. 3 — 4 ғ-ларда елге христиан діні тарай бастады. 4 ғ-дан бастап Грузияға Сасанилер әулеті билеген парсылар қайта-қайта шабуыл жасап, 523 ж. елді толық бағындырды. 7 — 9 ғ-ларда Г-ның көпшілік бөлігі Араб халифатына қосылды. 10 ғ-дан бастап Грузия біртұтас мемлекет болып бірікті. Елді Багратион әулетінен шыққан патшалар билеп, 11 ғ-да Солтүстік Арменияны жаулап алды. Давид І (1073 — 1125), Георги ІІІ (1156 — 84), Тамара (1184 — 1213) патшалар тұсында Грузия Кавказдағы аса күшті мемлекеттердің бірі болды. Бұл кезеңде Грузия патшаларының билігін Солт. Кавказ, Солт. Иран, Әзербайжан, Қара теңіздің оңт.-батыс жағалауы елдері (Трапезунд патшалығы, т.б.) мойындады. Осы кезде қалалар көркейіп, мәдениет өркендеді. Философия, тарих, әдебиет, сәулет өнері жақсы дамыды. Ш. Руставелидің “Жолбарыс терісін жамылған батыр” туындысы осы кезде жазылды. Грузия 13 ғ-дың 2-ширегінен бастап Шыңғыс хан ұрпақтарының, 14 ғ-дың 2-жартысында Әмір Темір мемлекетінің иелігінде болды. 15 ғ-да бірнеше ұсақ мемлекетке (Картли, Кахети, Имеретия патшалықтары мен Мегрель, Гурий, Абхазия князьдіктері) ыдырап, 16 — 18 ғ-ларда Иран мен Осман сұлтандығының арасындағы ұрыс майданына айналды. 17 ғ-да Иран шаҝы Аббас І Грузияға бірнеше жорықтар ұйымдастырды. 18 ғ-дан бастап Грузия қайтадан біріге бастады. Вахтанг VІ патшаның тұсында (1703 — 24) орталық үкіметтің билігі күшейтіліп, кең көлемде құрылыс жұмыстары жүргізілді. 18 ғ-дың 2-жартысында Ираклий ІІ патшаның тұсында Картли (Иберия) және Кахети патшалықтары біріктірілді. Ол сепаратистік пиғылдағы князьдердің қарсылығын талқандап, шаруашылық пен сауданы қайта жандандыруға күш салды. Қалалар қайта жандана бастады. Бұл кезеңде тағы бір грузин патшалығы Имеретияда Соломон І-нің (1754 — 84) басшылығымен күшейіп, патшаның жеке билігі нығайтылды. 17 — 18 ғ-ларда Грузия мәдениеті қайтадан гүлденіп, кітап басып шығару ісі қанат жайды. 1783 ж. Георгий трактаты бойынша Картли-Кахети патшалығы Ресейдің протектораттығын қабылдады. Бұл жағдай Грузияның Иран және Түркия мемлекеттерімен қарым-қатынасын шиеленістірді. Иракли ІІ патша қайтыс болып, ел ішін жайлаған тақ тартысын пайдаланған Иран шаҝы Ага Мухаммед хан Каджари 1795 ж. Тбилисиді өртеп жіберді. 1801 ж. Картли-Кахети патшалығы өмір сүруін тоқтатып, Шығыс Грузия толығымен Ресейге қосылды. Осыдан кейін Батыс Грузия үшін орыс-иран (1804 — 13, 1826 — 28) және орыс-түрік (1806 — 12, 1828 — 29) соғыстары болып өтті. Сөйтіп, 1803 — 64 ж. Батыс Грузия да Ресейге толығымен бағынды. Сырттан шабуыл саябырлап, ел ішінде сауда-саттық жанданғанымен, грузиндерді орыстандыру саясаты басталып, шаруаларды қанау күшейді. Халық көтерілістерін үкімет әскерлері күшпен басып отырды. 1864 — 71 ж. шаруалардың басыбайлылығы жойылғаннан кейін, ел ішінде өндіріс пен сауда-саттықтың дамуына жол ашылды. Ұлттық интеллигенция қалыптасты. Ресейдегі Ақпан төңкерісінен кейін 1917 ж. 7 наурызда Кавказ сырты ерекше к-ті құрылды. 1917 ж. 17 қарашада бұл к-т таратылып, үкімет басына меньшевиктер партиясы келді. 1918 ж. 26 мамырда Грузия тәуелсіз республика болып жарияланды. Ішкі-сыртқы жағдайдың шиеленісуіне байланысты бұл үкімет 1920 ж. 1 мамырда РКФСР-мен келісімшарт жасасуға мәжбүр болды. Осы келісімшарт негізінде большевиктер үкімет құрамына енгізілді. 1921 ж. Қызыл Армия бөлімдері меньшевиктер үкіметін құлатып, Кеңес өкіметін орнатты. Грузия 1922 — 36 ж. Кавказ сырты кеңестік федеративтік соц. республикасы құрамына кірді, 1936 — 91 ж. КСРО құрамындағы одақтас республика болды. 1991 ж. 9 сәуір күні өткен жалпыхалықтық референдумның қорытындысы бойынша республика Жоғары Кеңесі елдің 1918 жылғы тәуелсіздігін және 1921 жылғы конституцияны қалпына келтіру туралы акт қабылдады. Сол жылы мамыр айында өткен президент сайлауында З.Гамсахурдия жеңіске жетті. Бірақ ел ішіндегі жағдайдың шиеленісуіне байланысты құрылған Әскери Кеңес президентті елден кетіріп, парламентті таратып жіберді де, бар билікті өз қолдарына алды. 1992 ж. наурыз айында Әскери Кеңес те таратылып, орнына Эдуард Шеварднадзе бастаған Мемл. Кеңес құрылды. Сол жылы 11 қазанда жаңа парламент және оның төрағасы сайланды. 1995 ж. жаңа конституция қабылданып, соның негізінде өткен президент сайлауында (5.11. 1995) Э.Шеварднадзе жеңіске жетті. Ішкі саяси жанжалдарды, Абхаз республикасымен арадағы қарым-қатынастарды бейбіт жолмен реттеп, ел экономикасын реформалау ісіндегі қызметін бағалаған халық оны 2000 ж. жаңа мерзімге президент етіп сайлады. Экономикасы. Грузия — аграрлы-индустриялы ел. Экономикасының негізгі салалары: тамақ өнеркәсібі (шай, темекі, минералды сусындар, шарап, коньяк шығару), жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, қара және түсті металлургия, химия өнеркәсібі. Ауыл шаруашылығында шай, темекі, жеміс-жидек өсіру, мал ш. дамыған. Қара теңіз жағалауындағы курортты қалаларда туризм жақсы жолға қойылған. Жан басына шаққанда ұлттық табыс — 1060 долл. шамасында. Грузия БҰҰ, ТМД, т.б. халықаралық ұйымдардың мүшесі. Басты сауда серіктестері — Ресей, Түркия, Армения, Әзербайжан. Грузия Қазақстанмен 1992 жылдан (23 шілде) бері дипломатиялық қатынас орнатқан. Екі ел арасында тікелей және ТМД шеңберінде экономикалық және мәдени байланыстар дами түсуде. Болашақта екі жақ Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінен өндірілетін мұнайды Баку —Джейхан маршруты бойынша Бат. Еуропа елдеріне шығаруға мүдделі. Мәдениеті. Грузин мәдениеті шығыс халықтары және грек-рим мәдениеттерімен араласу нәтижесінде қалыптасты. Елдің ежелгі жазба мәдениеті сақталып қалған. Грузияда 4 ғ-дың 1-жартысында жоғары шешендік мектебі — Колхида академиясы құрылған. 5 ғ-да шіркеулер жанынан алғашқы мектептер ашыла бастады. 10 — 12 ғ-ларда алғашқы жоғары оқу орындары Галат академиясы, Икалтой академиялары дүниеге келді. 13 — 17 ғ-лар арасында ішкі бытыраңқылық пен шет ел басқыншыларына қарсы күреске байланысты грузин мәдениеті біршама тоқырап, тек саяси жағдай тұрақтанған 18 ғ-дан бастап қайта жандана бастады. Осы ғасырдың аяғында оқу-ағарту жұмысы тез көтеріліп, Тбилиси (1755), Телав (1782) семинариялары, 1851 ж. Тбилиси опера театры ашылды. Қазіргі Грузия — мәдениеті, өнері кемелденген мемлекет. Елде 19 мемл. жоғары оқу орны (оның ішінде Тбилиси және Сухуми ун-ттері), 32 театр, 110 музей жұмыс істейді. Әдебиеті. Грузин әдебиеті өз бастауларын ерте заманнан алады. Ежелгі грек ақыны Аполлон Родоскийдің (б.з.б. 3 ғ.) шығармаларында грузиндер жөнінде айтылады. 5 — 11 ғ-лар аралығында шіркеулік діни әдебиет дамыды. 12 ғ-да орталықтанған Грузия патшалығы кезінде эпостық жырлар жазылды (“Жолбарыс терісін жамылған батыр”, “Абдул-Мессия”, “Тамариани”, т.б.). 16 ғ-да грузин әдебиеті қайтадан жанданды. Кахети патшасы Теймураз І (1589 — 1663) лирикалық, филос., тарихи тақырыптарда өлеңдер жазды, көптеген шығыс ақындарының шығармаларын (“Ләйлі — Мәжнүн”, т.б.) қайта жырлады. Екінші бір грузин патшасы Арчил ІІ (1647 — 1713) ұлттық-тарихи тақырыптарда өлеңдер мен поэмалар жазды. 1830 — 40 ж. Грузия әдебиетінде романтикалық бағыт дамыды. Оның ірі өкілдері А.Г. Чавчавадзе (1786 — 1846), Г.Д. Орбелиани (1804 — 1883), А.М. Бараташвили (1815 — 1845) болды. 1860 жылдан бастап грузин әдебиеті жаңа классикалық сатыға көтерілді. Грузия әдебиетінің классиктері: И.Г. Чавчавадзе (1837 — 1907), А.Р. Церетели (1840 — 1915), Н.Я. Николадзе (1843 — 1928). Кеңес заманында да Грузия әдебиетінде әлемге танымал көркем шығармалар жазылды. Бұл кезеңдегі көрнекті ақын-жазушылар: И.В. Абашидзе, К.С. Гамсахурдиа, В.Ш. Авалиани, О.Р. Чхендзе, Н. Думбадзе, т.б. болды. Құнанбайұлы, Абай. Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845—1904) — ақын, жазушы, қоғам қайраткері, қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Азан шақырып қойған аты — Ибраһим. Өмір жолы. Абай 10 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірінен туған. Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан билер әулетінен. Әкесі Өскенбайұлы Құнанбай өз заманындағы атақ даңқы алысқа кеткен адамдардың бірі болған. Патша өкіметі XIX ғасырдың ортасындағы бір сайлауда оны Қарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекіткен. Шешесі Ұлжан Орта жүздің Арғын тайпасынан Қаракесек руының шешендікпен, тапқырлық, әзіл әжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді. Осындай текті ортадан шыққан Құнанбай мен Ұлжаннан туған төрт ұлдың бірі Абай жастайынан ақ ерекше қабілетімен, ақылдылығымен көзге түседі. Балаға сыншы әкесі осы баласынан қатты үміт етеді. Сондықтан да ол Абайды медреседе төрт жыл оқығаннан кейін, оқудан шығарып алып, қасында ұстап, ел басқару ісіне баули бастайды. Әкесінің төңірегінде ел жақсыларымен араласып, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жете танысады. Өзі билер үлгісінде шешен сөйлеуге төселеді. Ұтымды сөзімен, әділ билігімен елге танылып, аты шығады. Көп ұзамай, жетпісінші жылдардың бас кезінде Қоңыр Көкше дейтін елге болыс болады. Билікке араласып, біраз тәжірибе жинақтағаннан кейін ол халық тұрмысындағы көлеңкелі жақтарға сәуле түсіруге күш салып бағады. Бірақ онысынан пәлендей көңіл тоятындай нәтиже шығара алмайды. Сондықтан халқына пайдалы деп тапқан істерін көркем сөзбен, әсіресе, өлеңмен насихаттамақ болады. Орыс әдебиетімен танысуы көп ықпал етеді. 1891 жылдан бастап Абай басына ауыртпалық түсіп, бір-біріне ұласқан қайғы бұлты ашылмай қояды. Осы жылы ақынның сүйікті інісі Оспан жарық дүниеден өтеді. Одан кейін орысша әскери білімі бар, үлкен үміт күткен баласы Әбдірахманнан айырылады. Бұлардың қазасының ақын жанына қандай батқаны оның осы тақырыпқа арнаған топтама өлеңдерінен айқын көрінеді. Сөйтіп жүргенде соңғы тіренішіндей болған дарынды ақын баласы Мағауия да қайтыс болды. Осындай қабаттасқан қайғы қасіреттен күрт сынған Абай Мағауияның қазасынан кейін қырық күннен соң, өзі де дүние салады. Ақынның сүйегі Шыңғыстаудың ығындағы Жидебай мекенінде, інісі Оспанның жанына жерленеді. Бұл күнде ол арада қазақтың ұлы екі перзенті — Абай мен Шәкәрімге деген ұрпақтың өшпес махаббатының, ізгі құрметінің белгісіндей болып, сәулет өнерінің соңғы үлгісімен салынған қос мұнаралы кешенді алып мазар тұр. Өмірбаян. Ұлы ақын, композитор, философ, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы. Әрі де кетпес, бері де кетпес Топайым, Ана айтқанындай, шынында, бұлардың ішінде Ыргызбай ортасынан оза шауып, ел басқарған. Ыргызбайдан Үркер, Мырзатай, Жортар, Өскенбай тарайды. Өскенбай шаруаға жайлы, билікке әділ кісі болғандықтан, “Ісің адал болса Өскенбайга бар,арам болса Ералыға бар” деген мәтел сөз қалған.Өскенбайдың әйелі Зердеден Құнанбай туады. Құнанбай 4 әйел алған адам. Оның бәйбішесі Күңкеден – Кұдайберді, інісі Құттымұхамбетке айттырылып, қалыңдық кезінде жесір қалған соң өзі алған екінші әйелі: Ұлжаннан – Тәңірберді (Тәкежан), Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, үшінші әйелі Айғыздан – Халиулла, Ысмағұл туады. Қартайған шағында үйленген ең кіші әйелі Нұрғанымнан ұрпақ жоқ. Абайдің “ Атадан алтау, анадан төртеу едім дейтіні осыдан. Болашақ ақын сабырлы мінезімен, кең пейілімен ел анасы атанған “кәрі әжесі” Зеренің таусылмайтын мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп, абысын-ажынға жайлы, мінезі көнтерлі, әзіл-қалжыңга шебер, жөн-жобага жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті. Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Бұл медреседе араб, парсы’ тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді. Құрбыларынан анағұрлым зейінді бала оқуға бар ықыласымен беріліп, үздік шәкірт атанады. Ол енді дін оқуын ғана місе тұтпай, білімін өз бетінше жетілдіруге ұмтылады. Сөйтіп көптеген шығыс ақындарының шығармаларымен, араб, иран, шағатай (ескі өзбек) тілінде жазылған ертегі, дастан, қиссалармен танысады, Шығыстың Низами, Науаи, Сәғди’, Хафиз, Фзули сияқты ұлы ғұлама, классик ақындарына бауыр басады. Медресенің үшінші жылында Абай Семей қаласындағы “Приходская школаға” да қосымша түсіп, орысша сауатын аша бастайды. Бірақ бұл оқуын әрі жалғастыра алмай, небәрі 3 жылдан соң оның мұсылманша да, орысша да оқуы аяқталады. Абайдың басқа балалардан алымдылығын аңғарған Құнанбай оны елге шақырып алып, өз жанына ертіп, әкімшілдік-билік жұмыстарына араластырмақ болады. Сөйтіп 13 жастағы Абай ел ісіне араласады. Абай әке қасында болған жылдарда атқамінер би-болыстардың қулық-сұмдықтарын, қазақ даласына ыдырай бастаған феодрулық қатынастардың кереғар қайшылықтары кіріптар еткен әлеум. Теңсіздіктің зардаптарын, аштық пен жалаңаштықты, патриапхалдық, кертартпа салт-сана, әдет-ғұрып зандарының залалдарынын айқын түсінді. Патша үкіметінің отаршылық саясаты мен парақор орыс әкімдерінің жергілікті би-болыстардың арамза әрекеттерін айнытпай танып, көкірегінде жиркеніш сезімі оянып, соларға қарсы күресуге бел буды, “ елге пайдалы, адамгершілігі бар, әділ басшы болсам ғана жақсы адам боламын” деген тұжырымға бекіді. Осы мақсатпен болыс сайлауына түсіп, жеңіп шығады да, 1876-78 ж. Қоңыр-Көкше еліне болыс боладі’. Бұл жылдары Абай оз қолындағы билікті пайдаланып, әділдік таразасын тең ұстауға күш салды. Әлсізге зорлық көрсеткендерді, ұрлық жасағандарды қатты жазаға тартып, халық қамқорына айналды. Оның ел басқарудағы бұл бағыты халықты қалауынша езіп-жаншып жүрген шонжарлар тарапынан қатты қарсылыққа ұшырады, үстінен оязға жалган арыз айтушылар көбейді. Соның бірі Үзікбай Бөрібаевтың “Таймақкөл деген жерімді тартып алды ” деген жалған арызы бойынша көтерілген іс 10 жыл сүргінге созылып, ақыры Е. П. Михаэлистің көмегімен аяқсыз қалды. П. В. Маковецкий бұл істі 1884 ж. 27 тамызда жалған жала деп тауып, қысқартып тастады. Ақын үстінен жазылған “Абай барымта алды, ауыл шайып әйел қорлады” деген бір топ шонжар дұшпандарының арызы да нәтіжесіз қалды. Ақын саяси қызметі үшін 1870 жылдары Петербургтен Семейге айдалып келген Михаэлиспен, 80-жылдарда орыс демократтары Н. И. Долгополов, А. А.Леонтьевпен танысады. Бұл озық ойлы азаматтардың Абайдың саяси-әлеум. Көзқарасына игі ықпалы тигізгені сөзсіз. Бірақ А.Құнанбаев орыс мәдениетімен, әдебиетіменен, демократтық көзқарастарымен осы кісілер арқылы деу ағат айтқандық болар еді. Бұл тұста М. О. Әузовтың “Ал, кейін орыс тілін біліп, орыстың ұлы мадениетін мол, терең тани бастаған Абай озгын ойды бұлардан үйренбейді. Пушкиннің өзінен, Белинский, Гертсен, Чернышевский, Салтыков-щедрин, Некрасовтардың өз мұраларын оқып, кең, терең тарбие алды. Абайдың классик ақын болған маңызын, әлеументтік көзқарасын тек Михаэлис әсерінен деп қойсақ, әрі Абайға, әрі орыс халқының ұлы мұрасына жане ұлы даналарына қиянат сөз айтқан болар едік ” деген тұжырымын келтірсек те жеткілікті. Абай осылайша Европаның 'Гете, Байрон сияқты ақындарын, Спенсер, Спиноза, Льюис, Дарвин, Дрепер сынды ғұламаларының туындыларын оқыды. Сөйтіп Әуезовтың сөзімен айтқанда “1884 жылдары, жасы қырыққа таман іліңенде, ол дүниеден көп мағлұматы бар кісі болды.” Абай осы тұста, 1886 ж. досы Михаэлистің ұсынысымен, Семей обл. Статистика комитетінің толық мүшесі болып сайланды. 1885 ж. мамыр айында Шар өзенінің бойындағы Қарамола деген жерде Семейдің ген.-губернаторы Цеклинцкийдің басқаруымен Семей губернасиясына қарайты 5 уездің 100-ден астам би-болыстары бас қосқан төтенше съезі өткізілді. Осы съезде төбе би болып сайланған Абайға “Семей қазақтары үшін қылмысты істерге қарсы заң ережесін” әзірлеу тапсырылды. Абай бастаған комиссия барлығы 93 баптан тұратын ережені 3 күн, 3 түнде әзір етті. Бұл қазақ қауымында ежелден қалыптасқан кертартпа әдет-ғұрып заңдарына да, патша өкіметінің халықты қанаушылыққа,зорлық-зомбылыққа негізделген заңына да ұқсамайтын, өзгеше құжат еді. Оның әсіресе ұрлық, қылмыс пен әйел мәселелеріне арналған баптары ерекше құнды. Бірақ Абайдің атақ-даңқын осынша көкке көтерген Қарамола съезінен кейін оның дұшпандары тіпті еліріп кетті. 1890 ж. Байғұлақ, Кұнту деген жуандардан бастаған 16 атқамінер Жиренше қыстауының шетіндегі Ши деген жерде Абайға қарсы дұшпандық әрекетке сөз байласады. 1891 ж. Оразбай бастаган дау 1897 жылга дейін созылады. Бұл шиеленістің аяғы 1898 жылғы Мұқыр сайлауындагы жанжалға, Абай өміріне қастандыққа әкеп соқтырады. Ақын бұл жанжалдың барша жиренішті сырын, өзінің ақ екендігін Сенатқа хатында барынша айғақты деректермен дәлелдеп береді. Абай өлең жазуды 10 жасында (“Кім екен деп келіп ем түйе қуған…”) бастаса, өз өлеңдеріне шығаруды шамамен 1880-97 ж. аралығында көбірек қолға алған. Өлеңдерін әркімдердің атымен таратып, Көкбай атынан бастырған ақын жазған өлеңдерін “жинауды ” шәкірттеріне 1896 ж. ескерткен. Ал қара сөзбен жазылған ғақлия-өсиеттерін 1890-98 ж. аралығында қолға алған. Абай 3 әйел алған. Байбішесі Ділдадан: Ақылбай, Әбдірахман, Кұлбадан, Әкімбай, Мағаұия, Райхан; екінші әйелі Әйгерімнен Турағұл, Мекайыл, Ізкаіл, Кенже деген 7 ұл, 3 қыз сүйген. Келіндей алған әйелі Еркежаннан ұрпақ көрген жоқ. Шығармалары. Абай өлең шығаруды бала кезінде-ақ бастаған. Алайда жасы қырыққа келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып, көзқарасы қалыптасып, сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді. Шығармалары үш жүйемен өрбиді: бірі — өз жанынан шығарған төл өлеңдері; екіншісі — ғақлия (немесе Абайдың қара сөздері) деп аталатын прозасы; үшіншісі — өзге тілдерден, әсіресе орысшадан аударған өлеңдері. Абай өлеңдері түгел дерлік лирикадан құралады, поэма жанрына көп бой ұрмағаны байқалады. Қысқа өлеңдерінде табиғат бейнесін, адамдар портретін жасауға, ішкі-сыртқы қылық-қасиеттерін, мінез-бітімдерін айқын суреттермен көрсетуге өте шебер. Қай өлеңінен де қазақ жерінің, қазақтың ұлттық сипатының ерекшеліктері көрініп тұрады. Ислам діні тараған Шығыс елдерінің әдебиетімен жақсы танысу арқылы өзінің шеберлік — шалымын одан әрі шыңдайды. Шығыстың екі хикаясын «Масғұт» және «Ескендір» деген атпен өлеңге айналдырады. Ислам дініне өзінше сенген діни таным жайындағы философиялық көзқарастарын да өлеңмен жеткізеді. Абайдың дүниетанудағы көзқарасы XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақ халқының экономикасы мен ой-пікірінің алға ұмтылу бағытта даму ықпалымен қалыптасты. Дүниетану жолында сары-орыстың төңкерісшіл демократтарының шығармаларын оқып, өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ой-пікірін қорытып, басқаларға қазақ өміріндегі аса маңызды мәселелерді түсіндіруге қолданады. Дүниетану өңірінде екі қасиеттің — сезім мен қыйсынның, түйсік пен ақылдың қатынасын таразылайды. Сондықтан да: «Ақыл сенбей сенбеңіз, Бір іске кез келсеңіз» деп жазады. a>, (ЦФА тізімдемесі № 3220, Scott № 3059) Кез келген халықтың тарих сахнасына шығуы — жүйеге бейімделген біртектес өмір салттың ғана нәтижесі емес, сонымен бірге қасиеттік деп саналатын- арман-аңсардың (идеал) да біртұтастығына айғақ. Олай болса Абай сынының тәлкегіне түскен еріншектік, дарақылық, жалқаулық, күншілдік, өтірікшілік, өсекшілдік, мақтаншақтық, жағымпаздық, жікшілдік сияқты қасиеттер қазақ баласының кейбірінің бойындағы туа біткен кемшілік емес, сол Абай өмір сүрген қоғамдағы саяси әлеуметтік қатынастардың нәтижесі екеніне ден қою қажет. Сонда, Абай бұрынғы бабаларымыздың бойынан көрген «кемшіліктерді» себеп ретінде емес, сол замандағы саяси-әлеуметтік қатынастардың салдары ретінде қарастыруға жол ашқан. Еуропа. Еуропа — Азиямен бірге Еуразия құрылығын құрайтын әлем бөлшегі. Жер көлемі — 10 млн km2. Адам саны — 727 млн адам. Жағрапиялық ортасының координаттары: 47°56′18″ N 24°11′18″ E. Су шекарасы Атлант және Арктика мұхиттары және олардың теңіздерімен шектеседі. Аралдардың аумағы шамамен 730 мың km. Түбектер Еуропаның шамамен 1/4 бөлігін құрайды (Қола, Скандинав, Пиреней, Апеннин, Балқан және т.б. түбектері). Орташа биіктігі 300 m, ең жоғарғы нүкте — 5642 m. (Мәнгі тау не Эльбрус тауы). Жер аумағының көбі — жазықтық (ірілері — Шығыс Еуропа, Орта Еуропа, Орта және Төменгі Дунай, Париж бассейні), таулары — жер аумағының 17 %-ын алып жатыр (бастылары — Альпылар, Қарпаттар, Пиренейлер, Апенниндер, Орал таулары, Скандинав таулары, Балқан түбегі таулары). Сөнбеген жанартаулар Исландияда және Жерорта теңізінің аумағында орналасқан. Аумақтың көбінде қоңыржай климат (батыста — мұхиттік, шығыста — қарлы және салқын қысты континенталды), солтүстік аралдарда — субарктикалық және арктикалық, Оңтүстік Еуропада — жерорталық. Арктика аралдарында, Исландияда, Скандинав және Альп тауларында — мұз басу (оледенение) (аумағы 116 мың km2 Негізгі өзендері: Еділ, Днепр, Дон, Печора, Солтүстік Двина, Дунай, Висла, Одра, Эльба, Рейн, Луара, Рона, Тахо. Негізгі көлдері: Ладога, Онега, Чуд, Венерн, Балатон, Женева. Арктика аралдарында және Арктика мұхиты жағалауында — арктикалық шөлдер және тундралар, оңтүстікке қарай — орманды тундралар, тайгалы, аралас және қалыңжапырақты ормандар, орманды далалар, далалар, субтропиктік жерорта ормандары және бұталар; оңтүстік-шығыста — шөлейттер. Мемлекеттер. Еуропада 49 мемлекет орналасқан (тұтастай немесе жартылай) Бөлінуі. Еуропаны, жалпы алғанда Солтүстік және Оңтүстік Еуропаға, Батыс және Шығыс Еуропаға және Орталық Еуропаға бөледі. Бұл шартты түрдегі бөлу, бұл жерде тек қана географиялық қана емес, саяси ықпал да бар. Кейбір мемлекеттер «көру бұрышына» байланысты түрлі мемлекеттер тобына жатқызылуы мүмкін. Кеңес үкіметі заманында Еуропаны Шығыс пен Батысқа бөлу саяси сырмен түсіндірілген — Шығыс Еуропаға Герман Демократиялық Республикасын, Польшаны, Чехословакияны, Мажарстанды, Румыния, Албанияны, Югославияны және КСРО-ның Калининградтан Орал тауларына дейінгі аумақтарын жатқызды. Испания, Португалия, Франция оңтүстігі, Италия, Мальта, Кипр, Грекия және Түркия Оңтүстік Еуропаны құрады, ал Исландия, Норвегия, Швеция, Дания және Финляндия — Солтүстік Еуропаны құрады. Осылайша, КСРО, Югославия және Чехословакия тарағаннан кейін, қазіргі заманда Орталық Еуропаға Польшаны, Чехияны, Словакияны, бұрынғы Югославия елдерін, Румынияны, Мажарстанды, Австрияны, кейде Балтия елдерін жатқызады. Шығыс Еуропаға — Ресей Федерациясын, Беларусьты, Украина және Молдованы жатқызады. Батыс Еуропаға — Ұлы Британияны, Ирландияны, Францияны, Алмания және т.б. жатқызады. Тәттімбет. Қазанғапұлы Тәттімбет (1815 — 1860) — қазақтың әйгілі күйші композиторы. Өмірбаяны. Туып өскен жері Қарағанды облысының Қарқаралы ауданына қарасты Дастар тауының етегі, Мыржық ауылы, Қызылжал қыстауы. Бұл жерді Мөшеке бұлағы деп те атайды. Мөшеке Тәттімбеттің үлкен әкесі. Тәттімбет небәрі 45 жас ғұмыр кешіп, дүние салған соң, Қарқаралы жеріндегі Түндік өзенінің бойына, Бабалы мен Арқалық тауларының ортасындағы алқапқа жерленген. Бұл Тәттімбеттің әкесі Қазанғапқа арналып салынған зират. Ішінде үш қабыр бесікше бар. Бірінде — Қазанғаптың өзі. Екіншісінде — Қазанғаптың бәйбішесі, Тәттімбеттің анасы Қалайы. Үшіншісінде — Тәттімбет жатыр. Тәттімбеттің шыққан тегі Орта жүз, Арғын, оның ішінде Мейрамнан тарайды. Шежіре бойынша Мейрамнан Қуандық, Сүйіндік, Бегендік, Шегендік, Қаракесек (Болатқожа), Шұбыртпалы деген аталар өрбіген. Осылардың ішінде Тәттімбет Қаракесегі болып келеді. Тәттімбеттің туып өскен ортасы көшпелілердің сан ғасырлық музыкалық мәдениетінің дәстүрі орныққан, арқауы бекіген, әсіресе, күйшіліктің тарихи тек тамыры үзілмеген, рухани құнарлы аймақ. Арқа төсіндегі Қоңырөлең, Өлеңті, Домбыралы, Сарын, Қорқыт көлі, Жорға, Мұңлы, Тарғылдың тауы, Зыңғыртау, Ақөлең, Дуана, Саржайлау, Балқылдақ, Қосішек, Күйтөккен сияқты жер-су атауларының қай қайсысы да ән күймен сабақтас. Ән-күй өмір салтқа айналып, адамдардың тағдыр тіршілігімен біте қайнасқан ортада ғана топонимдік айғаққа айналса керек. Қырық түрлі күй айналған бармағына», — деп сүйсінеді. Тәттімбет талай талай додалы күй айтыстарына түсіп, қарсыласын тосылту үшін, домбырада қалыс, шалыс, теріс, қосақ бұрауларын көп қолданған. Бұл дәстүрдің орнығуына мұрындық болған. Абайдың анасы Ұлжанға апа болып келетін Малқара қыз, Шұбыртпалыдан шыққан Итаяқ, Найман ішіндегі Шашақ сияқты дәулескер домбырашылармен Тәттімбет күй айтысына түскенде домбыраны бірде башпайымен қағып, келесіде ұстарамен тартып, енді бірде пернелерін қиып тастап тартып өнер көрсеткені туралы қызықты әңгімелер ел ішінде күні бүгінге дейін айтылады. Терісқақпай. Сыртқы сілтемелер. Қали Жантілеуовтың орындауында ("Асыл мұра" жобасынан) - (MP3 форматында) Баян-Өлгей аймағы. Баян-Өлгей аймағы (, қазақша басқаша аты — Байөлке) — Моңғолия 21 аймақтың батыстағы бірі. 1940 ж. құрылған. Басқаласы — Өлгей. Аймақ 13 сумын және 86 бақтан тұрады. Әкімі — Сакеийн Хавал Баян-Өлгей халқының 97 % — қазақтар. Географиясы. Баян Өлгий аймағы Моңғол Алтай тауының солтүстігінен оңтүстігіне созылып орналасқан. Оңтүстігінде Моңғол Алтай тауының сілемдерімен ҚХР-ның ШУАР-мен 450 км, солтүстігінде Сийлхэм жотасымен РФ-ның Алтай Республикасымен 225 км, шығысында Увс аймағымен 165 км, оңтүстік шығысында Ховда аймағымен 450 км шектесіп орналасқан. Қазақстанға ең жақын шекара сызығы аймақтың солтүстігінен 18 км жерде орналасқан. Аймақ теңіз деңгейінен орта есеппен 1301-4374 м биіктікте орналасқан, жер көлемінің 95,3% 1600 метрден биік. Аймақ териториясында Ачит, Даян, Хотон, Хорг, Толбо секілді тұщы сулы 80- көл, 100-дей өзен, 200 бұлақ бар. Ховда, Ақсу, Согоог, Ёлт, Сагсай, Булган, Жалғыз ағаш, Бөхмөрөн секілді үлкен өзендер бар. Ховда өзеннің ұзындығы 506 км. Толбо және Ачит көлінде балық шаруашылғы бар. Аймақтың халқы. Өлгей қаласындағы халық саны — 29 000. Баян-Өлгей аймағы халқының саны, шамамен, 94 мың адамды құрайды. Халқының 97 пайызына жуығы қазақтар болатын аймақ Моңғолиядағы қазақтары ең көп аймақ болып табылады. Басқа ұлттардан тувалықтар, моңғолдардың дөрвэд этникалық тобы мен халха моңғолдар бар. Ұлттық театр, кітапханалар жұмыс істеп тұр. «Жаңа дәуір», «Жаңа өмір», «Пәк керуен» балалар газетінің таралымы 3-4 мыңның төңірегінде. Қазақ тілінде тарайтын екі телеарнаның бірі жекеменшік. Моңғол телеарналарымен қатар Қазақстан үкіметінің қолдауымен қазіргі таңда аймақ халқы "Қазақстан", "Хабар" және "Еларна" арналарын көруде. Содай-ақ Моңғол Ұлттық Радиосының аймақтық бөлімшесінің қазақ тілідегі бағдарламасы таратылады. Аймақ орталығында екі FM радйо станциясы жұмыстауда. Аймақтың экономикасы. Баян Өлгей аймағының негізгі шаруашылы — мал шаруашылығы. Аймақта 11 мың шамасында шаруашылық бар. Осыған қарамастан, Моңғолия бойынша мал шаруашылығы дамыған алдыңғы қатарлы аймақтардың қатарына кіре алмайды. Баян-Өлгей аймағындағы мал басы саны 1 470 300. Оның ішінде ешкі – 712 400, қой – 603 000, мүйізді ірі қара – 88 800, жылқы – 61 300, түйе – 4 300. Жыл сайын ішкі және сыртқы рынокқа 200 мың тонна ет, 900 тоннаға дейін қой жүнін, 300 мың данаға дейін әр түрлі малдың терісін өткізетін мал шаруашылығы аймақа халқының сұранысын қанағаттандыра алады. Аймақ көлемінде Ресейге шығатын Қызыл үй, Қытайға шығатын Даян бақылау пунктері бар. 1993 жылы Батыс Моңғолия электржелісінің "Хандагайты-Улангом" бөлігі арқылы Ресейдің Сібір БЭЖ-не қосылған. Кәзіргі таңда бұл электржелісін сумындаға жеткізу жұмыстары жүрілуде. Көршілес Ховда аймағында Дөргөн СЭС жұмыстап жатыр. Аймақта тамақтану комбинаты, шикі зат өңдеу цехтары, құрлыс материалдар өңдеу цехтар жұмыстауда. Өлгий қаласында халықаралық әуежай бар. Қазақстанның Өскемен қаласы және ел астанасы Ұлаанбаатар қаласына үнемі ұшақ қатынауда. Аймақ көлемінде ұялы байланыстын GSM стандартына сай Mobicom, G-mobil CDMA стандартына сай Unitel, Skytel операторлары бар. Хотгор көмір кеңі аймақ халықын көмірмен қамтуда. Баян-Өлгий аймағында вольфрам, полиметал, мыс, алтын, күміс, қараметалдың рудалары бар. Білім беру. Аймақ бойынша 40 білім беру мектебі бар. Олардың 38-і қазақ тілінде, екеуі моңғол және тыва тілінде білім береді. Өлгей қаласында 12 жылдық бес орта мектеп, Дарын, Билгэ Тэгэн орта мектепбі, Моңғол -Туркия біріккен лицейі, Мұғалімдер дайындау коллежі және Шығыс Қазақстан Мемелекетік Университетінің филиалы жұмыстауда. Іле Қазақ аутономиялық облысы. Іле Қазақ автономиялық облысы (, / "Ili Qazaq aptonom wilayiti",) — Шинжәң Ұйғыр автономиялық районына кіретін Қытайдың әкімшілік-аумақтық бірлігі. Облыс орталығы - Құлжа қаласы.Қытайдағы бірден бір орынбасар өлке дәрежелі автономиялы облыс,ол және Алтай аймағы,Іле аймағы,Тарбағатай аймағы сынды үш аймақтан құралады. Жалпы Білім. Қазіргі кезде әртүрлі мәліметтер бойынша Қытайдағы қазақ диаспорасы 1 200 000-нан 2 000 000 адамға дейін. Қытайда тұратын қазақтардың саны туралы әртүрлі мәлімет көздері бір-біріне сәйкес келмейді. Отбасында үш баладан бес балаға дейін болатын қазіргі Қытай аумағында тұратын қазақтардың санын дәл анықтауға кедергі жасайтын факторлардың бірі отбасылардағы балалар санын шектейтін Қытай үкіметінің жүргізіп отырған демографиялық саясаты. Осыған байланысты халықтың көп бөлігі тіркелмеген. Сол сияқты Қытайда тұратын халықтың жалпы саны туралы дәл статистикалық мәліметтің жоқтығы да қиындық туғызады. Қытайда қазақ ирредентасы, яғни өзінің тарихи аумағында қоныстанған этникалық қазақтар тұрады. Қытай мәліметтері бойынша Қытайдағы қазақ диаспорасы саны 1 млн. адамнан асатын он ірі этностардың құрамына кіреді. Қытайда барлығы 56 ұлт өмір сүреді. Қазақ диаспорасы біздің шетелдегі отандастарымыздың ең көбі болып табылады. Қытайдағы қазақтардың санының өсу қарқыны айтарлықтай жоғары: 1949 ж. – 443 000-нан көп 1979 ж. – 848 000 шамасында 1982 ж. – 907 000 1985 ж. – 964 000 1990 ж. – 1 200 000 2005 ж. – 1 млн. 296 мыңнан 1 млн. 500 мыңға дейін Қытай Халық Республикасының жүргізген ұлттық аумақтық автономия саясатының нәтижесінде 1954 жылы Іле автономиялық облысы құрылды. Қазақтар негізінен Алтай, Іле, Тарбағатай округтері кіретін автономиялық облыста, сондай-ақ ҚХР ШҰАА Мори-Қазақ, Баркөл-Қазақ уездерінде, Ганьсу провинциясының Ақсай-Қазақ автономиялық уезінде және аз мөлшерде Пекинде тұрады. ҚХР құрылған кезде оның аумағында 420 000 қазақ өмір сүрген, оның 418 000 – Шыңжанда тұрған, бұл 9% құрайды; үш мыңнан астам қазақ онымен шекаралас Ганьсу және Цинхай провинцияларының аудандарында тұрған. Шыңжанда қазақтар негізінен Алтай, Іле және Тарбағатай (Чугучак) округтерінің аудандарында көшіп жүрді, бұл барша қазақ көштерінің 3/5 бөлігін құрайтын. Шағындау топтар қазіргі Мурэ-Қазақ автономиялық уезі мен Цинхай уезін (Санджи-Хуэй автономиялық облысы) және Баркөл-Қазақ автономиялық уезінің (Хамий округі) аумағында көшіп жүрген. Әдетте көш рулық негізде құрылатын болған. ШҰАА аумағында қазақтар саны жағынан ханьдар мен ұйғырлардан кейінгі үшінші орынды иеленіп, жалпы халықтың 7,4% құрайды. ҚХР жарияланғаннан бергі 54 жылда Аспан асты еліндегі қазақтардың саны үш еседен артық өсті. Қазақтар лауазымды этнос болып табылатын ІҚАО басқа да автономиялық құрылымдар бар: Санчжи-Дунган облысындағы Мурэ-Қазақ автономиялық уезі, Хамий округіндегі Баркөл-Қазақ автономиялық уезі және Ганьсу провинциясындағы Ақсай-Қазақ автономиялық уезі. Цинхай провинциясында Хайси-Тибет-Моңғол-Қазақ автономиялық облысы бар, оны көбінесе жай ғана Хайси-Моңғол-Тибет деп атайды. Сондай-ақ оншақты автономиялық қазақ болыстары бар. Үрімшінің арғы жағындағы Ганьсу мен Цинхай аумақтарына қазақтар 1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін көшкен. ІҚАО қазақтары автохтонды халық болып табылады. Бұл аумақты қазақтар жоңғарлармен екі ғасырға созылған күресте қорғап қалды. Басқа елде өмір сүре отырып, қазақтар бұл жерде басқа тарихи шеңберде, басқа әлеуметтік-экономикалық және саяи жағдайда дамыды, қытайдың мәдени ықпалында өмір сүрді. Қазақстандық зерттеушілер мәліметтері бойынша Қытайдағы қазіргі қазақ диаспорасының бірқатар ерекшеліктері бар. Біріншіден, ҚХР аумағында тұратын қазақтардың 80% ҚХР құрылғаннан кейін туылғандар, оның 70% - 1962 жылдан кейін және 50% - «мәдени революциядан» кейін туылғандар. Бұл, бір жағынан, «тууды реттеу» саясатын жүзеге асыруда хань емес халықтарға жасалған белгілі бір «жұмсақтық» туралы қорытындыны білдірсе, екінші жағынан – қазақ халқының басым бөлігі ҚХР өз отаны деп қарайтынының көрсеткіші. Қазақ диаспорасы өкілдерінің көпшілігі үшін «мәдени революция» кезеңінің эксперименттері өз тәжірибелерінен таныс және оларда жалпы «мәдени революция буындарына» тән психологиялық ерекшеліктердің бәрі бар. Екіншіден, ҚХР-дағы қазақ этникалық тобының мәдени және жалпы білім беру деңгейін көтеру ісіндегі қол жеткізген елеулі прогреске қарамастан ол төмен күйінде қалуда. 1982 жылғы халық санағы мәліметтері бойынша алты жастан жоғары қазақ ұлты (725 130 адам) арасында әртүрлі жоғары оқу орандарының түлектері тек – 2 547 адам; студенттер – 1 483; екінші сатыдағы орта мектеп түлектері – 41 599; бірінші сатыдағы орта мектеп – 124 781; бастауыш мектеп – 351 272; сауатсыздар мен шала сауаттылар – 203 448 адам немесе автономиялық аудандағы қазақтардың жалпы санының 28,66%, оның ішінде алты жастан он бір жасқа дейінгілердің арасында – 81 325 адам. Қазақ ұлтының 50%-нан астамын құрайтын әйелдер арасында сауатсыздық деңгейі ерлерге қарағанда 1,5 есе артық. Бұл жағдайдың ҚХР-дағы қазақ халқының тиісті жұмыспен қамтылуы саласына әсері ететіні сөзсіз. Елдің халық шаруашылығында жұмыс істейтін 294 923 қазақтың 243 557-сі немесе экономикалық белсенді қазақ халқының 82,58% - жер өңдеуде, мал, балық және орман шаруашылықтарында шоғырланған; кеніштерде, ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарында – 3659; зауыттар мен фабрикаларда – 3781; құрылыста – 2016; көлік және байланыста – 2224; сауда мен қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында – 9152; денсаулық сақтау мен әлеуметтік қамсыздандыруда – 16045; мемлекеттік және партиялық органдарда – 9460 қазақ жұмыс істейді [3]. 80 жылдардың басындағы ҚХР қазақтары кәсібі жағынан былай бөлінген: әртүрлі кәсіпорындардың техникалық персоналы – 32 889, мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың, партиялық және қоғамдық ұйымдардың жауапты қызметкерлері – 5 821, іс қағаздарын жүргізушілер мен осы санаттағы қызметкерлер – 5 809, сауда қызметкерлері – 3 816, қызмет көрсету саласы қызметкерлері – 4 812, жер өңдеушілер, мал өсірушілер, орманшылар – 219 752, өндіріс жұмысшылары, көлік жұмысшылары және осыған сәйкес санаттағы жұмысшылар – 21 295 немесе ҚХР халық шаруашылығындағы жұмыс істейтін қазақтардың 7,43%]. 1982 жылдың ортасында ҚХР аумағында тұратын қазақтардың құрылымы және олардың ҚХР-ның 56 ұлты құрылымындағы жағдайы осындай болатын. Өткен реформалар жылында бұл құрылым айтарлықтай өзгеріске ұшырай қойған жоқ; сөз жоқ, ҚХР қазақ халқының мәдени және білім деңгейінің көтерілуі аясындағы әлеуметтік прогресс байқалады. Техника саласындағы ұлттық кадрларды дайындау, ана тіліндегі мектеп білімін одан әрі дамыту және т.б. бұған куә. ҚХР-дағы қазақтардың мәдени және жалпы білім деңгейі өсіп келеді. ІҚАА тұрғындарының көпшілігі Пекин, Шанхай және Қытайдың басқа да ірі қалаларындағы, шетелдерде, соның ішінде Қазақстанда жоғары оқу орындарында оқып жатқандары да бар. Осыған қарамастан, қазақтардың әлеуметтік те, кәсіби де, саяси да құрылымдары ҚХР қазақ қауымдастығының даму үрдісі туралы куәландыратын және оның келешегін анықтайтын елеулі сапалы өзгерістерге ие болмай отыр. Соңғы уақытта Қазақстан тарапынан қазақтардың бұрынғы өткені туралы мәліметтер бар. Қытайдағы тарихи ескерткіштерге деген қызығушылық артып келеді. Осыған байланысты Қытайдағы қазақтардың мұрасын зерделеу жұмыстары басталып кетті. Мүдде ортақ, өйткені Қытайда ғалым, артист, суретші, музыкант қазақтар тұрады, олар кейбір жобалардың бастамашысы болды және оларды жүзеге асыруға жәрдемдесуде. Олардың қатуымен қазіргі кезде кітап басып шығару, тарихи материалдарды жинау және т.б. жұмыстар ұйымдастырылды. Бұл бағытта Қазақтардың Дүниежүзілік қауымдастығы белсенді жұмыс жүргізуде. Мысал ретінде «Шыңжандағы қазақ сазгерлері» кітабының әзірленуін келтіруге болады, оның авторы өнертанушы Құлжада Мұхамед, Майра Мұхамедқызының әкесі. Мұнымен қатар белгілі күйшілерге, суырып салма ақындарға арналған шығармашылық кештер өткізіледі, компакт-дискілер шығарылады. Мысалға, Қытайда тұрған күй шебері Бейсенбінің туған күнінің құрметіне арнайы компакт-диск шығарылды. Суырып салма ақын Т.Жолдыұлының 100 жылдығына жас орындаушылардың орындауындағы оның әндері жазылған магнитті таспа әзірленді. Қытайда би өнері өте дамыған. Осыған байланысты Қытайда тұрған атақты Тайыр күйшінің қызы белгілі балетмейстер Нағима Тайырқызының есімін атай кеткен жөн. Ол көптеген талантты бишілерді тәрбиеледі. Н.Тайырқызы Алматы қаласына келіп тұрады, онда облыстық филармонияда сабақ береді. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың және СІМ белсенді сыртқы саяси курсы нәтижесінде Қытай тарапының позициясында Қазақстанның саясатына деген белгілі түсіністік байқалады. Елшілік отандастарға Қазақстанның экономикалық, саяси және мәдени өмірі туралы объективті ақпарат береді, оларды қызықтыратын көші-қон, демографиялық процестерді реттейтін нормативтік актілерді түсіндіреді. Соңғы жылдары Қытайда жергілікті билік органдарында қазақ тілінің қолданылу аясы тарылып келеді, ұлттық мектептер жабылуда. Біздің отандастарымызды Пекиннің бала тууын шектеу саясаты да алаңдатуда, ол қазақ халқының өспей қалуына әкеп соғады. Қазақстан-Қытай шекарасының бойында өзінің үкіметі, жергілікті басқару органдары, қазақ мектептері мен қазақ тіліндегі газеттері, радио және телевидениесі бар Іле-Қазақ автономиялық облысы (ІҚАО) Қазақстанмен тұтастай шектесіп жатыр. ҚХР конституциясы бойынша автономиялардағы бірінші әкімшілік лауазымдарды лауазымды этностың өкілдері иеленуі тиіс, ІҚАО бұл қазақтар (аудандықтан бастап қалалық буынға дейінгі парткомның бірінші хатшысы лауазымына бұл қағида жүрмейді). Қазақтардың басым үлес салмағы білім беру, мәдениет, өнер, қаржы, сақтандыру, денсаулық сақтау, спорт және әлеуметтік қызмет көрсету саласында, сондай-ақ партиялық-мемлекеттік қызмет пен құқық қорғау органдарында байқалады. Аз кездесетіні – ғылымға негізделген салалар мен өнеркәсіптік, әсіресе ірі кәсіпорандарда. ІҚАО астанасы - Құлжа (қытай транскрипциясында - Инин) бірмезгілде Іле аймағының да орталығы болып табылады, мұнымен қатар облысқа тағы екі аймақ кіреді: орталығы Чугучак қаласындағы Тарбағатай және орталығы Алтай қаласындағы Алтай аймақтары. Әрбір аймақ ауылдық аудандарға бөлінген және мәртебесі бойынша бұрынғы одақтас республика облысының мәртебесіндей. Іле аймағында 9 аудан, Тарбағатай аймағында 6 аудан, Алтай аймағында 8 аудан бар. Шен туралы әкімшілік-аумақтық табельде ІҚАО Шыңжан округтеріне қарағанда жоғары сатыда: оның аймағы мәртебесі жағынан округке тең. Сондықтан облыстық өкімет қосымша қондырғы сияқты және жергілікті билікке мәселені тікелей Үрімшіде шешкен оңай. Үрімшіде бұған кедергі жасамайды, әсіресе 1982 жылы ІҚАО Пекинге ҚХР үкіметіне тікелей бағынуды сұрап, ШҰАА юрисдикциясынан шықпақ болған шешімінен кейін. ІҚАО басында облыс үкіметінің төрағасы тұрады, оны қазақша «үкімет төрағасы» емес, «облыс бастығы» немесе «облыс үкіметі бастығы» деп атайды, өйткені төраға Қытайда біреу – ол ҚХР Төрағасы. Аймақты (округті) губернатор басқарады, оны мұнда «әкім» емес, «уәли» деп атайды, ал қала мэрлерін «қала бастығы» деп атайды, есесіне аудан әкімдерін көбінесе «аудан әкімі» деп атайды. 1990 жылға дейін «аудан бастығы» термині қолданылатын. Болыс әкімін көбінесе жайғана «ауылбас» деп атайды. Қытайдағы қазақ автономиясының сақталу перспективалары бүгінде бірыңғай емес. Хань халқының тарапынан аз ұлт өкілдері пайдаланатын жеңілдіктерді сақтап қалудың құқық тарапынан дұрыстығы туралы мәселе жиі қойылып жүр. Қытай үкіметі мен ҚКП қазақ диаспорасы мен ирредентасына қатысты ұлттық саясаты қаншалықты бірмәндес болатындығы белгісіз. Қазақтар лауазымды этнос болатын және басшылық басында ресми тұрған, қазақтардың әлемдегі екінші әкімшілік-аумақтық құрылымы болып табылатын Іле-Қазақ автономиялық облысының Қазақстан үшін маңызы орасан. Назарбаев, Нұрсұлтан Әбішұлы. Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев — Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті. Өмірбаяны. 1940 ж. шілденің 6 Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген. 1967 ж. Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бiтiрдi. Экономика ғылымдарының докторы. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры. 1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді. 1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды. 1973—77 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы. 1977—79 жж. — Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы. 1979—84 жж. — Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы. 1984—89 жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы. 1989—91 жж. — Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы, 1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды. 1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР президенті. 1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті. 1995 ж. сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды. 1999 ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды. 2005 ж. желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды. Басқа лауазымдары мен мансаптары. Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы. Қазақстанның Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы. Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы. Нұр Отан Халықтық-демократиялық партиясының төрағасы. Отбасылық жағдайы. Жұбайы — Сара Алпысқызы — Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады. Дауыссыз дыбыстар. Қазақ тілінде 21 дауыссыз дыбыс бар. Олар: б, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, х, һ, ш; Тәуелдік жалғау. Тәуелдік жалғау, әдетте, бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіретін қосымша. Негізінде зат есімге тән қосымша бола тұрса да, зат есім қызметін атқаратын, демек, субстантивтенетін (заттанатын) сөздердің барлығына да жалғана береді. Мысалы: "әкем, дәптерім" деген сөздер зат болса, "Түйенің үлкені өткелде таяқ жейді" (мақал) деген сөйлемдегі "үлкені" сын есімі субстантивтеніп тұр. "Ердің екі сөйлегені - өлгені; еменнің иілгені - сынғаны" (мақал) дегендегі "сөйлегені, өлгені, иілгені, сынғаны" деген сөздер - зат есім орнына қолданылып тұрған есімше формалар. Қосымшалар. Бұл қосымшалар жалғанған сөздер, әдетте, өздерінен бұрын ілік септік жалғауда тұрып тіркесетін жіктеу есімдіктермен тікелей байланысты болады. Сол себептен тәуелдеулі сөздің жақ жалғаулары да жіктеу есімдіктерінің жақтарына сәйкес келіп отырады. Мысалы: "менің қаламым; сенің қаламың; сіздің қаламыңыз, оның қаламы." Жекеше түр мен көпше түрдің тәуелденуі. Сөз жекеше түрде де, көпше түрде де тәуелденеді. Егер сөз (зат) жекеше түрде тәуелденіп тұрса, бір зат бір адамға (я затқа) тән екендігі білінеді. Ал, сөз (зат) көпше түрде тәуелденіп тұрса, көп зат я бір тектес бірнеше зат бір адамға (я затқа) ғана меншікті екендігі білінеді. Тәуелдіктің бұл түрі оңаша тәуелдеу деп аталады. Менің Қазақстаным (ән). «Менің Қазақстаным» — 1956 ж. жазылған отаншыл ән. Қазақстан Республикасының Әнұранының негізіне алынған. Момбеков, Төлеген. Созақ ауданында "Сызған кеңшарында туды. Оның әкесінің ағасы Бапыш белгілі күйші музыкант. Төлегеннің атасы Назар да атақты жырау-айтыскер. Әкесі Момбек те тәуір домбырашы еді. Қаратау шертпелерінің құдіреті Сүгір болғанымен мұнда одан басқа да үлкен музыканттар туды. Т.Момбеков осы дәстүрдегі аса ғажап орындаушы күшті күйші ретінде белгілі. Оның өзінің 40-қа тарта тамаша күйлері бар. Төлеген Момбеков Алматыға шақырылып талай концерттерге қатынасып күйлерін жаздырып радио және телеарналарға шығып жүрді. Ол Ұлы Отан соғысына қатынасқан ардагер. 1971 жылы оған Қазақ КСР-не еңбегі сіңген Мәдениет қызметкері атағы берілді. Хамзин, Мағауия. Жезқазған облысы Ақтоғай ауданында дүниеге келді. Әкесі Хамза мен ағасы Әшімтай ғажайып музыканттар болды. Мағауия 10 жасынан-ақ күйшіліктің жолына түседі. Жылдар өте ол орындаушылықтың өзіндік үлгісін танытады күйшілікті әбден меңгеріп домбыраның құлағында ойнау дәрежесіне жетеді. Ә.Хасенов пен Т.Момбековтерге қарағанда оның домбырашылығы басты негізгі кәсібі болды. Мағауия Хамзин 1949 жылы Алматыдағы музыка училищесін бітіреді. Ол ұзақ жылдар бойы «Қазақконцертте» солист болды. Осы мамандық бойынша Қарағанды филармониясында, Құрманғазы атындағы халық аспаптары оркестрінде, Балқаш кеншілер Мәдениет Сарайында істеді. М.Хамзин бірнеше тамаша күйлердің авторы. 1979 жылы майталман күйшіге Қазақ КСР-ң халық әртісі құрметті атағы берілді. 1998 жылы Құрманғазының туғанына 175 жылдық торқалы тойына арналған «Құрманғазы және Ұлы Дала сазы» атты түркі халықтарының дәстүрлі сазына арналған Халықаралық фестивалінде М.Хамзин әйгілі домбырашы төкпе күйші Рысбай Ғабдиев екеуі «Дәстүрлі музыка өнеріне сіңірген аса зор үздік еңбегі үшін» атты жүлдеге ие болды. Хасенов, Әбікен. Ол дәстүрлі музыкалық ортада, күй өнерін құрметтейтін қадірлей білетін елде өсті. Оның алғашқы ұстазы өз ағасы Мақаш. Аттары аңыз болған домбырашылар Баубек, Қыздарбек, Әбді, Ақмолда, Итаяқтардың есімдері елге кең жайылған аса қадірлі қасиетті өнерпаздар осында өмір сүрді. 1934 жылы Әбікен қазақ әдебиетінің классигі жазушы Сәкен Сейфуллиннің көмегі тиіп Қазақтың драма театрына жұмысқа алынып өмірінің соңына дейін сонда істейді. Әбікен көптеген батырлар мен билердің бейнесін сахнаға шығарды. Оның әртістік қызметі жоғары бағаланып Құрмет белгісі Орденімен, «Қазақ КСР-не еңбегі сіңген әртіс» атағын алды. Бірақ Әбікен өміріндегі ерекше орын алатын қасиеті әрине күйшілігі. Оның домбырасының қоңыр үні жүректегі қыл сезімдерді қозғап көңілдегі шерді дөп басатын сиқырлы сазымен со кездегі қазақтың зиялы қауымының әртістерінің ақын-жазушыларының ғалымдарының ұйып тыңдайтын көңілдерінің қошы бола білді. Бақытымызға орай Әбікеннің көзі тірісінде оның орындауындағы Тәттімбет пен Әбдінің күйлері саз табақшасына түсіріліп, өзі шығарған «Қоңыр» күйіне ән де жазылып қалды. Сүгір. Сүгір Әлиұлы (1882-1961) - қазақтың атақты күйші сазгері "(Сүгір жыраумен шатыстырмаңыз)". 1882 жылы Шымкент өңірінде дүниеге келген. Оның алғашқы ұстаздарының бірі - Ықылас Дүкенұлы. Сүгір шығармаларының басым көпшілігі "шертпе күй" дәстүрінде жазылған. Нұрпейісова, Дина. Нұрпейіс келіні Дина (1861-1955) – қазақтың әйгілі күйші композиторы. Өмірбаяны. Туып өскен жері Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданына қарасты Бекетай құмы деген жер. Топырақ Алматы қаласынан бұйырған. Қазақстанның халық әртісі (1944). Халық өнерпаздарының 1937 жылы өткен республикалық байқауына қатысып 75 жасында халық аспаптарын тартатын өнерпаздардың Мәскеуде өткен Бүкілодақтық бірінші байқауында, одан кейін 1944 жылы 83 жасында Орта Азияның бес республикасынан өнерпаздар қатысқан Ташкенттегі он күндікте Дина тағы да жүлделі орындарды жеңіп алады. Дина ата-ана шаңырағында бұлаңдап өскен жас кезінің өзінде ақ Дәулеткерей, Мүсірәлі, Әлікей, Түркеш, Ұзақ, Есжан, Байжұма, Баламайсаң сияқты күшілердің күйін нәшіне келтіре тартып, төңірегі «домбырашы қыз» деп атаған. Қаршадай қыздың даңқын естіп, әйгілі Құрманғазы арнайы іздеп келген. Ол Динаның домбыра тартысына сүйсініп, болашағынан үлкен үміт күтіп, батасын берген. Осыдан кейін Динадан көз жазбай, үнемі айналып соғып, додалы күй айтыстарына ертіп барып, домбыра тартудың терең сырларын үйретеді. Дина тоғыз жасынан бастап он тоғыз жасына дейін, қашан ұзатылғанша Құрманғазының баулуында болады. Құрманғазыдай дәулескер күйшінің ұстаз болуы Динаның ғана бақытты болып қойған жоқ, исі қазақтың күй өнерінің бақыты болды. Дина 1880 жылы Беріш ішіндегі Бесқасқа руынан шыққан Тұрманұлы Қанас деген жігітке тұрмысқа шығады. Қанас пен Динадан Нұрпейіс атты бір ұл туған. Алайда, алғашқы перзенті дүниеге келген соң Қанас көп кешікпей қайтыс болады. Дина ата салтымен қайын інісі Шәпекке қосылады. Күйеуінің атын атамайтын дәстүр бойынша Дина күйеуі Шәпекті «Жәпек» деп атайтын болған. Кейбір деректерде «Жәпек» деп жазылуы содан. Динаның алғашқы күйеуінен көрген перзенті Нұрпейіс 14 жасында қайтыс болады. Кейін ел ішінде санақ па, сайлау ма, әйтеуір бір тізім алу атай алмаған Дина фамилиясының орнына қайтыс болған тұңғышы Нұрпейістің есімін атаған. Міне, Динаның Нұрпейіс келіні атануының сыры осында. Жәпек пен Дина бақытты ғұмыр кешіп, берекелі жанұя құрған. Шығармалары. Динаның әсем сазды аяулы күйлері осынау жар қызығын көріп, бала бақытына мейірленген жылдарда туған. Ұзатыларда әкесінің еншің деп мінгізген қарақасқа атына арнап шығарған «Қарақасқа» ат» күйі, өзі пір тұтатын күйшілері Дәулеткерей мен Түркешке еліктеп шығарған «Бұлбұл», «Жігер», «Байжұма» сияқты күйлері, ақылды да айбарлы, сұлу да сырбаз абысынан арналған «Кербез» күйі, үлкен ұлы Жұрымбай 1916 жылғы «Июнь жарлығы» бойынша әскерге шақырылғанда тартқан «Он алтыншы жыл» («Набор») күйі, қадірлес замандастарына сүйсінуден туған «Қосалқа» күйі, балдай тәтті, бауыр етіндей жақын баласы Қоңырға арнаған «Әсем қоңыр» күйі, міне, бұлар Динаның өзіндік қолтаңбасын айқын танытатын біртуар күйлер. Бұл күйлері арқылы Дина қазақ күйлерінің өрісін ұзартып, өресін биіктетумен бірге, өзі де ұлы күйшілермен терезесін теңестірді. Дина Кеңес заманында да өзінің арман аңсарын, үміт тілегін халқының жолына бағыштап өтті. Жасының ұлғайғанына қарамастан Қазақстанның 20 жылдығына орай «Тойбастар», Отан соғысы жылдарында «Ана бұйрығы», «Жеңіс» сияқты күйлер шығарды. Рас, қоғамның репрессиялық қаталдығы туыдрған жағымсыз саясат пен желбуаз идеология Динаның бұла дарынын қақпайлап бақты. Оны төлтума арқасынан (шабытынан) айырып, әсіре ұраншылдықтың қолжаулығы етпек болды. Ол шығарған күйлерге «Еңбек ері», «Сауыншы», «Сталин», «Делегат», «Көкөніс» деп ат қойып, алаулатып жалаулатып, ресми салтанаттардың ұран күйіне айналдырды. Алайда, шын асылды тот баспайды. Динаның қанатты өнері халқының рухани асыл қазынасы ретінде бүгін мен болашаққа қызмет көрсете бермек. Түркі тілдері. Түркі тілдері — Шығыс Еуропадан, Сібір мен Батыс Қытайға дейінгі кең аумақта тұратын 180 млн. адамның ана тілі, 210 млн. адамның екінші тілі боп табылатын, көбі бір біріне өте жақын болған 40 тілден тұратын тілдер тобы. Түркі тілдер тобы Алтай тілдері әулетіне жатады. Қазақ тілі соның бірі боп табылады. Түркі тілдері, оның ішінде қазақ тілі буын үндестігіне негізделеді, яғни қазақтың төл сөздері не бірыңғай жуан не бірыңғай жіңішке болып келеді. Сөзге жұрнақ пен жалғаулар бірінің артынан бірі қосылу арқылы сөз формасы өзгертіледі. Сөйлем бастауыш-толықтауыш-баяндауыш ретінде құрылады. Жүз жылдар бойы түркі халықтары көшпелі өмір салтын өткізгендіктерінен, өзара және де басқа тілдес халықтармен араласып, өз тілдеріне және көршілес халықтардың тілдеріне зор әсер еткен. Әсіресе моңғол, славян және парсы тілдерімен ықпалдасу өте терең болған. Бұл ықпалдасу әр бір тіл тобы мен топ ішіндегі тілдердің тарихи дамуын біраз өзгерткен салдарынан, түркі тілдерінің классификациясының бірнеше жүйесі бар. Бүгінгі күндері ең кең қабылданған классификация жүйесі А.Н. Самойловичтің классификациясы боп танылғанмен кейбір жағдайлар әлі де пікірталас тудыруда. Түркі тілдер тобы. Түркі тілдерінің (   ) дүниедегі басқа тіл топтарының арасындағы орналасуы. Барлығы 40-тан аса тілден тұратын, 180 млн. адамның ана тілі боп табылатын түркі тілдері Алтай тілдері әулетіндегі ең үлкен тіл тобы болып табылады. Түркі тілдерінің көбінің фонологиясы, морфологиясы және синтаксисі бірдей. Тек Шуаш, Якут, Солтүстік Сібір тілдері бұ жағынан өзгеше сипатқа ие. Түркі тілдері 6 топқа бөліне отырып, әр топқа кірген тілдер сол тілді білетін адамдар бірібірін түсіне алатындай жақын болады. Бұған қоса көршілес өлкелердің шекараларында өте тығыз қатынас салдарынан туған түркі диалектілері табылады. Түркі тілдерінің жақындығы. Түркі тілдерінің өз-ара жақындығын көрсету үшін келесі (жұрт саны бойынша) маңызды бірнеше тілден мысал сөздер келтіріліп тұр. Мемлекеттік түркі тілдер. Қазақ, әзірбайжан, қырғыз, өзбек, түрік және түрікмен тілдері — мемлекеттік тіл дәрежесіне ие. шуаш, құмық, қарашай-балқар, татар, башқұрт, якут, хақас, тыуа, алтай және Қытайда ұйғыр тілі. Қолданылатын өлкелері бойынша. Түркі тілдері Еуропа мен Азияның отызға жуық өлкелерінде қолданылады. Кесте алты топқа бөлінген және сандар тек ана тілі ретіндегі қолданушылар үшін көрсетіледі. Беркімбайұлы, Естай. Өмірбаяны. Естай Беркімбайұлы (1874-1946) - ақын, композитор, ҚазССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері. Естай әндік-ақындық ортада өскен, анасы Күлипа мен ағасы Байтолым белгілі әншілер болған. Естай олардан жыр, дастандар мен толғауларды орындау мәнерін үйренген.16 жасында халық әндерін талантты орындаушы, халықтық музыка дәстүрін жалғастырушы тұлға.Оның “Жай қоңыр”, “Наз қоңыр”, “Майда қоңыр”, “Хорлан”, “Сандуғаш”, “Гүлнәр” әндері көркемділігімен, саздылығымен дараланатын қазақ музыкасының інжу- маржаны. Классикалық “Хорлан” әні Естайдың есімін аңызға айналдырды. Бұл әннің әуені М.Төлебаевтың “Біржан мен Сара”, Е.Г.Брусиловскийдің “Ер Тарғын” операларында, С.Шабельский мен Л.Шаргородскийдің қобызға арналған концерттерінде қолданады. М.Әлімбаевтың “Естай - Хорлан” атты поэмасы Естайға арналған. “Аңыздар” тарауында Естайдың Хорлан атты қызға ғашық болған махаббат тарихы баяндалады. Шығармалары. "Майда қоңыр", "Жүректе", "Мәлике", "Өмір", "Қоңыр жел", "Дүние", "Шоққара ағаш" «Хұсни-Хорлан»- Әні мен сөзі Естайдікі, орынд. Р. Абдуллин Текелі. Текелі — Қазақстан Республикасы, Алматы облысына бағыныстағы қала (1952 жылдан), темір жол стансасы. Талдықорған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 км қашықтықта орналасқан. Аумағы 0,1 мың шаршы км (61,33 га). 2003 жылғы деректер бойынша 24,3 мың тұрғыны бар. Қала Текелі өзенінің сол жағалауында, Жетісу Алатауының батыс сілемдері шатқалының бірінде, теңіз деңгейінен 950-1600 м биіктікте орналасқан. Оған Рудничный кенті қарайды (тұрғыны 1000 адам). Тарихы. 1911 жылы іргесі қаланып, 1927 жылы кент дәрежесіне көтерілді. 1933 ж. инженер-геологтар М. Юдичев пен М. Қаділбековтің зерттеу-барлау жұмыстарының нәтижесінде Текелі өзенінің оң жағалауынан қорғасын, мырыш, күміс, кадмий, германий кендері табылды. 1937 ж. Текелі қорғасын-мырыш басқармасының құрылысы басталып, 1942 ж. қорғасын-мырыш комбинаты құрылды. 1939 жылы емхана салынды, 1941 жылы бірінші орта мектеп ашылды. Климаты. Текелінің климаты континенттік, қысы суық, жазы жылы. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы −11-13С, шілденікі — 20-22С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 650-1900 мм. Қаланың маңында, Қора өзеңінің шатқалында биіктігі 90 метр болатын Бұрханбұлақ атты сарқырама бар. Табиғаты. Қалаға жақын әсем тау шатқалдарында Жетісубақа тісі (тритон), марал, таутеке, елік, қоңыр аю, борсық, күзен, суыр, түлкі, қасқыр, тиін, сілеусін, қоян, жабайы шошқа, т.б. аңдар кездеседі. Сондай-ақ, мұнда шырша, қайың, терек, тал, көктерек, қарағай, алма ағашы, т.б. жалпақ жапырақты орман қалыптасқан. Дерекнама. «Жетісу энциклопедиясы». «Арыс» баспасы. Алматы. 2004 ТұранӘлем Банкі. БТА Банкі, АҚ (бұрыңғы атауы «ТұранӘлем Банкі» АҚ (ТӘБ) 2008 жылдың бірінші тоқсанында ребрендинг нәтижесінде жаңа атауға ие болды) — Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құруда болып табылады. БТА Банкі — бүгінде нарықтың барлық саласына қатысушы, жетекші қаржылық топқа айналды: корпоративтік және жеке тұлғалар бизнесі, сауданы қаржыландыру, қор рыногы, несиелендіру, шағын және орта бизнесті дамыту, лизинг, ипотека, зейнетақы қоры және т.б көптеген қызмет түрлерін қамтиды. БТА Банкінің қазіргі таңда Қазақстан бойынша 22 филиал, 274 бөлімшесі мен Украинада (Киев), Ресейде, БАӘ-де (Дубаи) және Қытайда (Шанхай) халықаралық өкілдіктері бар, және банкінің желісі Ресейге, Украинаға, Беларусь еліне, Қырғызстанға, Арменияға, Грузияға, Қазақстан мен Түркияға тарайды. [Мағлұмат БТА Банкінің ресми сайтынан алынған] БТА Банкі негізі қаланған уақыттан бері бірнеше марапаттарға ие болды. 2005 жылы аса беделді «Euromoney» журналының мәлімдеуі бойынша «ТМД-дағы үздік банк» және «Орта Азиядағы үздік банк» деген жоғары мәртебені иеленді. Британдық «The Banker» журналының «Шығыс Еуропадағы шағын банктер арасындағы ең үздігі» мәртебесіне ие болды. БТА Банкінің марапаттарын банкінің ресми сайтында көре аласыз. ___________________________________________________________________________________________________________________________________________ Наурыз мейрамы. Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді. Көне парсы тілінде "нава"=жаңа + "рәзаңһ"=күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған ("но"=жаңа + "роуз"=күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді. 2010 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы «Халықаралық Наурыз күні» қарарына сәйкес 21 наурыз - Халықаралық Наурыз күні болып қабылданды. Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн: 21-23 наурыз аралығында аталып өтіледі (2010 жылдан бастап). Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Ол Иранда 21 наурызда, Орталық Азия елдерінде және Әзірбайжанда, мемлекеттік мереке ретінде Тәжікстанда және Қазақстанда - 22 наурызда, Өзбекстан мен Түркияда 21 наурыз күні аталып өтіледі. Тарихы. Наурыз мейрамы басында диқаншылық пен айналысатын иран тілдес Орта Азия халықтарының күн жаз мезгіліне аусқанда егіс өсіру науқаны басталғанын мерекелеу дәстүрінен шыққан. 2010 жылы Ақпанның 23-інде Әзірбайжан мемлекеті, Ауғанстан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия, Албания, Македония және Үндістанның қолдау көрсетуімен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясында «Халықаралық Наурыз күні» резолюциясының жобасы таныстырылды. Осының нәтижесінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы «Халықаралық Наурыз күні» қарарын бірауыздан қабылдады. Осы құжатқа сәйкес 21 наурыз - Халықаралық Наурыз күні болып қабылданды және осы ежелгі мейрам туралы ақпараттарды кеңінен тарату үшін БҰҰ-ға мүше елдерге атсалысуға үндеу тасталды. Және де 22 наурызда көптеген мерекелік шаралар өтеді. Қазақ салты. Дәстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл-ел болып, әсіресе жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алудан — тазаланған арықтарға су жіберуден, ағаш отырғызып, гүл егу рәсімін өткізуден бастайтын. Қызықшылық онан әрмен халық ойындарымен («Айқыш-ұйқыш», «Ақ серек пен көк серек», «Алқа қотан», т.б.), ән салып, би билеумен, ақындар айтысымен, «Қызғалдақ» мерекесімен, қазақша күреспен, ат жарысымен жалғасып кете беретін де, түнге қарай «Алтыбақан» айналасындағы тамашамен аяқталатын. Наурыздан кейінгі 2-ші күні жұрт жаппай көктемгі егіске кірісетін. Малшы қауым да төл алуға қатысты іс-қарекетімен айналысатын. Наурызды кейінге қалдыра тұратын ауылдардың өзінде де мейрамнан кейінгі 2-ші күні жаппай егіске кірісетін. Наурыздың 22 күні Наурыз мейрамы (жаңа жыл) екенін қазақ баласының көбі біледі.Наурыз туралы көптен бері,жыл сайын газеттерде жазылып келеді.Бұл мейрам-дін мейрам емес ұлт мейрамы.Тегінде Наурыз ұлт мейрамы болғандағының үстіне оның тарихи маңызының тереңдігі бар.Ызғарлы қыстың кетіп,жан йесі өмір қуатын туғызған жыл,жаздың келетіндігіне барлық жаратылыспен қатар қазақ елі де қуанатын. ˝Қыс бойы өлімнің есігін күзетіп,үңгірде жатқан кәрі құйрық,мертік-шортықтар да қыбырлап дүниеде бар екендіктерінбілгізе бастайтын,аурулар сауығамын деп,аттар тойынамын деп,жалаңаштар киімсіз де күн көремін˝ дегендей жұрттың бәріне үміт,әркім деп жылы шырай сезіне бастап, ˝ бәріміз де табиғаттың бергеніне ортақпыз ˝ дегендей сағынышты көрісілері, жалынды құшақтасуларымен жаңа жылды қарсы алатын. ˝ Бүгінгі күні Самарқанның көк тасы да жібіпті ˝ - десіп Наурыз күні бейілінкеңітпеген адамды тастан да қатты қылып шығарғысы келіп,аңыз қылысатын. Еңбекші қазақ елі,шығынды тыртаңнан аттарыңның басын тарта ұстап,тарихи мейрамдарының Наурызды жаңа тұрмысқа лайықты мейрамдап өткізудің жолына түсіңдер.Жаңа жылға жаңа тілек,игі үмітпен шығуымыз керек. Атырау қаласы. Атырау — Атырау облысының орталығы, Қазақстанның батысында, Жайық бойында орналасқан, қаланың негізі 1640 жылы қаланды. Атауы. Қала жеріндегі белгілі тұңғыш тұрақты қоныс — қазіргі «Орбита» стансасы қасындағы Алтын Орда кезеңіндегі болған "Лаэти" асары. Ноғай Ордасы кезеңінде балықшылардың тұрақты "Үйшік" қонысы Жайық өзені сағасында орналасқан. Қазақ-орыстар ену бастағанда 1640 ж. "Яицкий городок" аталған қалашық салынған. Жайықтың жоғарысында" Верхний Яицкий городок" (қазіргі Орал қаласы) деген қалашық салынғансын, "Нижний Яицкий городок" деп аталып кеткен, соңынан ол — "Усть-Яицкий городок". Ресей император айымы Екатерина II "Яик" өзенін (Жайықтың орысша атауы) "Урал" деп атауын жарлығымен бекіткенде, қаланың атауы "Гурьев городок", "Гурьев" деп өзгертілген. 1920 жж. қысқа уақытқа большевиктер Гурьевті "Чапаев" деп қайта атаған. 1992 ж. бері қала атауы — Атырау. Бұрын "атырау" деп Махамбет ауданындағы топырақтар аталған. Жағрапиясы. Атырау қаласы мен Астана қаласының ара қашықтығы — 1810 км. Қаланы Жайық ағыны екі жаққа бөледі: батыстағы Самар қанаты мен шығыстағы Бұқар қанаты. Климаты өте континентальдық, қуаң. Жазы жауын-шашынсыз, құрғақ, ыстық ұзаққа созылады. Қыс мезгілінде қар аз жауып, суық болады. Әкімшілік бөлінісуі. Қалаға бағынышты Балықшы кенті мен Жұмыскер кенті, бұрыңғы Балықшы ауданы 1990 жж. ортасында қалаға қосылғансын, аулды мекендер де бар. Экономикасы. 2007 ж. қаңтардың 1-інде тіркелген заңды тұлғалар саны 5195-ке жетті, оның 4875-і шағын, 275-і орта, 45-і ірі заңды тұлғалар. 2006 ж. 3319,5 мың тонна мұнай өнімі өңделді, одан 493,7 мың тонна моторлық отын (бензин); 1122,2 мың тонна газойл; 1389,9 мың тонна отындық мазут; 123,6 мың тонна мұнайлы кокс алынды. Электр қуатын өндіру 1442,9 млн кВт/сағ; жылу қуаты — 1624,4 мың кКал құрады. Негізгі тамақ өнімдерінен: 18 тонна шұжық; 5784 тонна қалбырланған балық; 323 тонна өңделген сұйық сүт пен кілегей; 7370 тонна жаңа піскен нан өндірілді. Атырау қаласының әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің артуына «Қазмұнайгаз» ӨФ-ы, «Атырау мұнай өңдеу зауыты», «Қазтрансойл», «Атыраубалық», «Заман групп», ЖШС-рі, «Атырау жарық», «Облтрансгаз», «Атыраусушар», «Атырау су арнасы», т.б. мекемелер ауқымды үлестерін қосуда. Әубәкіров, Тоқтар Оңғарбайұлы. Әубәкіров, Тоқтар Оңғарбайұлы — Қазақстанның тұңғыш ғарышкер-ұшқышы. Қысқаша өмірбаяны. 1946 ж. маусымның 27-інде Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы, «1-інші май» ұжымшарында дүниеге келген, қазақ. Жоғары білімді. Техника ғылымдарының докторы, профессор, академик, авиация генерал-майоры. 1965—69 жж. — Армавир Әуе қорғанысы ұшқыштарының жоғары әскери оқу орнында оқыды, ұшқыш- инженер. 1969 ж. КСРО Әскери әуе күштерінде. 1976 Авиация өнеркәсібі миниистрлігінің сынаушы ұшқыш мектебі, сынаушы ұшқыш. 1988 ж кеңес одағында алғаш рет әуеде ұшаққа екі мәрте жанармай құйдыру арқылы солтүстік ендікке қонбай ұшуды ерлікпен жүзеге асырды. Реактивті ұшақтың елуден аса жаңа түрін сынақтан өткізді. 1991 ж 2 қазандаБайқоңыр ғарыш алаңынан “Союз ТМ - 12” ғарыш кемесімен ұшып, “ Мир” орбиталдық комплексінеде өзге ғарышкерлермен бірге сегіз тәулік бойы ғылыми ө зерттеу жұмыстарын жүргізіді. 1992 ж. сәуірінен — Қазақстан Республикасы қорғаныс мемлекеттік комитетінің төрағасының бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің ғарыш игеру жөнінде көмекшісі. Парламентке сайланудын алдында Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыш агенттігінің бас директоры, Алматы қаласы. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 12 шақырылым депутаты, ҚР Жоғарғы Кеңесінің 13 шақырым депутаты, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің 3-ші шақырылым депутаты болып сайланған. Ғарышқа ұшуы. 1991 Ю.А. Гагарин атындағы Ғарышкер дайындау орталығында әзірлгін бастады, сынаушы ғарышкер-ұшқышы, сынаушы. «Союз ТМ» ғарыш кемесінде және «Мир» орбиталды кешенінде сынаушы ғарышкер-ұшқышы жылдамдатылған машықтануын ұшу бағдарламасы бойынша өтті. 1991 ж. қазанның 2-інде Тоқтар Әубәкіров зерттеуші ғарышкер есебінде, Александр Волков және аустрия ғарышкері Франц Фибөк, «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшуға кірісті. Апта бойы «Мир» орбиталды кешенінде жұмыс істеді. 1991 ж. қазанның 10-ында Тоқтар Әубәкіров, Анатолий Арцебарский, аустрия ғарышкері Франц Фибөк «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен Жерге қайтып қонды. Ғарышта өтеген мерзімі — 7 күн 22 сағат 13 минөт. Тоқтар Әубәкіров — Қазақстанның тұңғыш ғарышкері, Кеңес Одағының ақырғы (72-ші) ғарышкері. Сыртқы сілтемелер. Әубәкіров, Тоқтар Оңғарбайұлы Мұсабаев, Талғат Аманкелдіұлы. Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев — Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы (2008), авиация генерал-лейтенанты (2007). Қысқаша өмірбаяны. 1951 ж. қаңтардың 7-сінде Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында туған. 1974 ж. — Рига азаматтық авиация инженерлері институтын бітірген, инженер. 1974 ж. сәуірдің 1-інен — Бұрындай әуе кәсіпорнында кезекті инженер. 1975—84 жж. — әуе кәсіпорндарында саяси-тәрбие қызметінде. 1984 ж. — Алматы әуе клубында оқу бітірген. 1986 ж. — ұшқыш даярлауын бітіріп азаматтық авиациясының пилоты деген куәлігін алған. 1987—1990 жж. азаматтық авиациясында ұшқыш, ұшақ командирі жқызметтерін атқарған. 1991 ж. бастап ғарышқа ұшуға даярлануында. Әскери әуе күштерінде. Қосалқы ғарышкер есебінде екінші экипаждардың мүшелігінде болған. 2000 ж. техника ғылымдарының кандидаттық диссертациясын қорғаған. 2001—05 жж. Ресей ғарыш мекемесінде. 2005 ж. «Бәйтерек» акционерлік қоғамының (Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны) Бас директоры. 2007 ж. ақпан — Қазақстанның әуе-ғарыш агенттігінің директоры. 2007 ж. сәуірдің 11-інден — Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышқа ұшуы. 1994 ж. ғарышқа 1-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-19) 126 күн ғарышта өткізген. 1998 ж. ғарышқа 2-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-27) 208 күн ғарышта өткізген. Гиннестің үздік табыстар кітәбінде бір айдың ішінде 5 рет не бары 30 сағат 8 минөт ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққанны жазылып алынған. Ұшқанда американ ғарышкері Л. Эйартс пен ресей ғарышкері (шуваш ұлтынының өкілі) Николай Бударинмен бірге. Қонғанда ресей ғарышкерлері Николай Бадурин мен Юрий Батуринмен бірге. 2001 ж. ғарышқа 3-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-32) 8 күн ғарышта өткізген. Марапаттары. a> экипажы - Деннис Тито (Dennis Tito), Талғат Мұсабаев, Юрий Батурин Жанұя жағдайы. Зайыбы — Мұсабаева (Лацис), Виктория Вольдемаровна, 1952 ж. туған, стоматология дәрігері. Баласы — Мұсабаев, Данияр Талғатұлы, 1975 ж. туған, Қазақстанның ІІМ әскери қызметкері. Қызы — Мұсабаева, Кәмилә Талғатқызы, 1981 ж. туған. Сыртқы сілтемелер. Мұсабаев, Талғат Аманкелдіұлы Домбыра. Домбыра - қазақтың халық аспабы. Домбыра - қазақ халқының әрбір үйінде болуы міндетті және қажетті аспап болып есептелген. Бұл музыкалық аспаптың пайда болу тарихы ғасырлар қойнауына кетеді. Ежелгі Хорезм қаласының қазбаларынан археологтар екі шекті құралдарда ойнап тұрған музыкантардың терракотты бейнелерін тапқан. Ғалымдар бұның Хорезмдік аспаптардың бұдан екі мың жыл бұрын өмір сүрген көшпелі сақ тайпаларының музыкалық аспабы екенін белгіленген. Бұл ежелгі екі шекті аспаптардың қазақ домбырасымен ұқсастығы көп және оның прототипі болып табылады. Осылайша, археология арқылы домбыраның ерте кезде пайда болғандығы анықталды. Домбыраның екі түрі бар - батыстық және шығыстық. Бұл орындалу дәстүрінің екі түрлілігімен ерекшеленеді. Орындалуы тез, виртуозды төкпе күйлерді орындау үшін сол қол домбыра жалымен еркін жылжуы керек. Сондықтан, батыстық домбыра жалы жіңішке және ұзынша болып келеді. Шығыстық жуан және қысқа жалды домбыраларда мұндай техникалық әдіс қолданылмайды. Аспаптар көлемі мен қалыбының түрі дыбысталу күшіне әсер етеді: көлемі үлкен болса, дыбысталуы да сондай болады. Дыбысталу сипатына оң қол техникасының әсері бар: төкпе күйлерде дыбыс қол білезігін күшті сілку арқылы екі ішекті қағумен алынса, шертпе күйлерде дыбыс жекелеген қол саусақтарымен шектерді шерту арқылы берілген. Осылайша домбыра мен күйдің, олардың орындалуы арасында тығыз байланыс бар. Домбыра тек екі шекті ғана емес, үш шекті де болып келеді. Өткен кезеңде үш шекті домбыра Қазақстанның әртүрлі аимақтарында кездескен, қазірп кезде бүл аспап түрі тек Семей облысында сақталған. "Аңыздар" бөлімінде "Домбыра туралы аңыз" берілген. Адырна. Адырна - қазақтың көп ішекті шертпелі аспабы. Аспаптың шанағы қуыс, беті көн терімен қапталады. Б.з.б. аңшылар ұстанған көне аспап саналады. Оның көне үлгісі әуелде садақ тәріздес болған. Кейін бұғы, марал, киік, бөкен тәрізді аңдарға ұқсастырып жасап, мүйіз бен құйрықтың екі арасына ішектер тартып ойнаған. Адырнаны тізенің үстіне қойып, басын иыққа тіреп, ішектерін іліп тартып кейде шертіп ойнайды. Адырнаның ішегі шуда жіптен немесе тарамыстан тағылады, аспаптың тұрқы 48-50 см., қалыңдығы 8-10 см, 7-ден 13-ке дейін ішектер тағылады. Адырна қазіргі кезде фольклорлық әуендер мен шағын күйлерді орындауға қолданылады. Адырнаның Д. Шоқпарұлы, А. Құмаровтар жасаған бірнеше нұсқасы Ықылас атындағы қазақ саз аспаптары мұражайында сақтаулы. “Адырна” аталатын көне аспаптар ансамблі бар. Адырна - Садақтың ағашқа керілген жібі. Катовице. Катовице (Katowice) — Польшаның оңтүстігінде, Жоғарғы Силезияда орналасқан қала. Алматы. Алматы қаласы (бұрынғы кездері "Верный" және "Алма-Ата" деп аталған) — Қазақстанның ең үлкен қаласы. Ол Тянь-Шань тауларының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Жағырапиясы. Қаланың аумағы — 170 шаршы километр. Әкімшілік бөлінісуі. Алматы қаласы 7 ауданнан тұрады: Алмалы, Алатау, Әуезов, Бостандық, Жетiсу, Медеу және Түрксiб аудандары. Сонымен қатар әкімшілік бағынышта ? кент мен ? ауыл бар. Басқармалар. Алматы қалалық мәслихаты ? депутаттан тұрады. Халқы. Қала тұрғындарының жартысынан көбін қазақтар құрайды. Қазақтардан басқа орыстар, ұйғырлар, татарлар, украиндар және т.б. тұрады. Шетелдіктердің ішінде ең көбі түріктер. Бейресми деректер бойынша халық саны 2 миллионды, ал ресми дерек бойынша Алматыда 1,3 милллионды қоныстайды. Көне тарихы. Б.з.д. 10 — 9 ғғ. қола дәуірінде қазіргі қала аумағы ертедегі жер өңдеушілер мен малшылардың қонысы болды. Бұған дәлел — ерте кездегі Тереңқара мен Бұтақты қоныстарының табылуы. Бұл жерлерде керамика, тастан жасалған қарулар, темір мен сүйектен жасалған бұйымдар табылған. Б.з.д. 7 ғ. — б.з.д. сақ дәуірінде Алматы сақтардың, кейіннен үйсіндердің тұрғылықты жері болған. Осы кезеңнен көптеген қорғандар мен қоныстар орындары қалған; олардың арасында ерекшеленетін «сақ патшаларының» қорғандары. Солардың ішіндегі ең танымалы — Есік қорғаны, онда «Алтын адам», Жалаулы қазынасы, Қарғалы диадемасы, жетісулық «көркемдік қоласы» — шамдар, құрбандық шалатын орын, қазан сияқты көне дәуір жәдігерлері табылған. Сақ және үйсін дәуірінде Алматы аумағы Қазақстан жерінде құрылған ертедегі мемлекеттердң орталығы болған. Б.з. 8-10 ғғ. Алматы өміріндегі келесі кезең орта ғасыр кезеңі. Бұл қала мәдениетінің даму, отырықшылыққа көшу, жер өңдеу мен қолөнердің дамуы, Жетісу аумағында көптеген қалалық қоныстардың пайда болу кезеңі. Қазба жұмыстарының нәтижесінде керамика, темір және сүйек бұйымдар табылған. 10-14 ғасырларда «Үлкен Алматы» аумағындағы қалалар Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда байланысына қатысты. Алматы сауда, қолөнер және ауылшаруашылық орталығының біріне айналды. Бұған дәлел — осы жерде табылған 13 ғасырдың 2 күміс дирхемі. Бұл дирхейде алғаш рет қаланың аты аталынады. Алмату қаласында соғылған күміс шақа Орта ғасырлар. 15-18 ғғ. Ұлы Жібек жолының маңызының төмендеуімен қала да құлдырай бастады. Бұл кезеңде Алматы мен жалпы Қазақстанның тарихында оқиғалар орын алды. Мұнда маңызды этносаяси процестер, Жетісу мәдениетінің қалыптасуы жүрді. Алматы аумағына қатысы бар аудандарда қазақ мемлекеттігінің құрылуы басталды. Бұл жер жоңғар шапқыншылығының және өз елінің тәуелсіздігі үшін күрескен қазақ батырларының оқиғаларына бай. Моғолстан мемлекеті. Бүкіл Жетісу жері Моғолстан мемлекетінің территориясында болды Қазақ хандығы. 1560-1564 жылдары Жетісу жерінде Қазақ хандығы құрылды. Қазақ хандығының іргесі қаланған жер Алматы маңындағы Қозыбасы деген тау еді. Қазір бұл жер Алматы облысы, Самсы теміржол бекеті. 1730 жылы Алматыдан 70 шаршы км. қашықтықта орналасқан Аңырақай тауларында қазақ батырлары қазақ халқының жоңғарлармен Отан соғысындағы қиын кезеңдегі тарихта мәңгі қалған жеңіске жетті. Зерттеуші М.Тынышпаевтың дерегі бойынша Аңырақай шайқасы туралы дерек Пішпек және Әулиеата уезінің қазақтарының жадында жақсы сақталған. Ресей колонизациясы. 1854 жылғы ақпанның 4-інде Іле Алатауының баурайында Ресей империясының әскери қамалы Верныйдың негізі қалануымен қала тарихының жаңа кезеңі басталады. 1854 жылдың күзінде Верный қамалының құрылысы аяқталды. Верный қамалының бір жағы Кіші Алматы өзенінің бойымен орналасқан, ағаштан құрылған бесбұрыш пішінінде салынды. Кейіннен ағаш кірпіш пен таспен ауыстырылды. 1855 жылғы шілденің 1-інде Верный қаласына казактардың бірінші тобы көшіп келді. 1856 ж. орыс шаруалары да көшіп келе бастады. Олар қамал жанынан салынған Үлкен Алматы орталығына қоныстанды. Қоныс аударғандардың көбеюіне орай Кіші Алматы бекеті мен Татар (Райымбек) көшесі пайда болды. Бұл жерге татар қолөнершілері мен саудагерлері қоныстанды. 1859 жылдың мамырында қоныс аударғандардың саны 5 мыңға жетті. Құрылыс жұмыстарына инженер Л. Александровский жетекшілік жүргізді, ал құрылысты басқарған әскери-инженер Ц. Гумницкий болды. 1867 жылғы сәуірдің 11-інде Верный қамалының атауы өзгертіліп, Алматинск қаласы аталды. Бірақ сол жылы «Дала комиссиясының» баяндамасы бойынша қаланың аты Верный болып қайта өзгертілді. Верныйдың қала болуы сол кездегі реформаларға байланысты болды. Верный өзімен аттас Верный уезі мен Жетісу ауданының орталығына айналды. КСРО құрамында. 1921 ж. 5 ақпанында аудан комитетінің салтанатты жиынында Верный қаласының атауын өзгерту туралы шешім қабылданды. Верный қаласы Алма-Ата дегенжаңа атқа ие болды. Бұл шешім бойынша Жетісу Әскери-революциялық комитеті: «Қаланың революциялық орталық мәртебесін алуына байланысты Жетісу әкімшілік орталығының атауы Алма-Атаға өзгертілсін» деген бұйрық шығарды. 1926 ж. 3 желтоқсанында Еңбек және Қорғаныс Кеңесі Түркістан-Сібір теміржолын салу жөнінде шешім қабылдады. 1927 ж. 2 наурызында ҚазАССР-ң ОСК-і астананы Қызылордадан Алматыға көшіруге шешім қабылдады. ІV-ші бүкілқазақстандық кеңестер съезі бұл шешімді мақұлдады. Үкімет орындарының көшуі салынып жатқан Түркісіб теміржолының бірінші поезында 1929 ж. мамырында басталды. 1930 ж. 28 сәуірінде «Айнабұлақ» станциясында соңғы балдақ соғылды. Осы арқылы Кеңестер Одағының екі ірі экономикалық ауданы Сібір мен Қазақстанды қосылды. 1 мамырда Түрксіб жолы ашылды. Алматыға Мәскеуден бірінші поезд келді. 1930 жылы Алматы әуе жолы ашылды, сөйтіп Қазақстан астанасы Мәскеумен әуе арқылы байланысқа ие болды. Кішкене қалашықтың астанаға айналуы көптеген әкімшілік мекемелердің, тұрғын үйлердің салынуын қажет етті. 1926 жылы қала халқы 45 мың адамды құраған болатын, ал 1929 жылдың күзінде қала тұрғындарының саны 100 мың адамға жетті. Республиканың кеңестік халық комитеті 1929-1930 жылдарға арналған қала құрылысының жоспарын қабылдады. Тұрғын үй құрылысына 6,5 млн. сом қаржы бөлінді, әкімшілік мекемелер құрылысына 2,9 млн. сом, коммуналдық шаруашылыққа 2,2 млн. сом қаржы бөлінді. Қаржы бірінші кезекте тұрғын үй және мектептер, денсаулық сақтау мекемелерінің құрылысына бірінші кезекте бөліне бастады. Қазақстанның астанасы Алматыға көшірілуіне байланысты 1936 жылы қаланың архитектуралық құрылысы жөнінде арнайы жоспар құрылды. Жоспардың басты мақсаты Алматы қаласын мәдени орталыққа айналдыру болды. Жоспар бойынша қалыптасқан тарихи маңызы бар құрылыстарды түбегейлі өзгерту және үлкейту көзделді. 1941-1945 ж. Ұлы Отан Соғысы жылдары қала көптеген өзгерістерге ұшырады. Бүкілодақтық тыл жұмыстарын ұйымдастыруда өнеркәсіптік және материалдық қорды концентрациялау үшін 45 мың шаршы метр жер берілді, көшіріліп әкелінген 26 мың адамды қабылдау үшін жер бөлінді. Алматы қаласына майдан шегінен 30 өнеркәсіп орны, 8 госпиталь, 15 жоғарғы оқу орны, орта кәсіптік білім беру жүйесі, 20-ға жуық ғылыми-зерттеу институттары, 20-дан аса мәдени орталықтар көшірілді. Ленинград, Киев, Мәскеу киностудиялары Алматыға ауыстырылды. Тылдағы ерен еңбегі үшін 52 мың алматылық жоғары мемлекеттік марапаттарға ие болды, 48 адам Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Алматыда үш атқыштар дивизиясы (олардың танымалы — 28-гвардиялық панфиловшылар дивизиясы), екі атқыштар бригадасы және үш авиациялық полк құрылды. 1949-1950 жж. Ленинградтық Гипрогор жасаған жаңа жоба ҚазССР-і халық шаруашылығының дамуының 5 жылдық жоспарына негізделді. Жоспар бойынша қала аумағы оңтүстік-батыс бағытында үлкейтілу, орталық бөлігінде 3-4 қабатты үйлер салыну, жол құрылысы мен қатынасы, селге қарсы қорғау шаралары қолға алынды. «Ленгипрогром» жоспарлағандай, 1962-1963 жж. Алматы қаласы 1980 жылға дейін төрт жоспарланған аумақ және сел жүретін аумақтарға үлкен өзгерістер енгізілді. Тек 1966-1971 жылдар аралығында қалада 1400 шаршы метр мемлекеттік және кооперативтік құрылыс тұрағы тапсырылды. Жыл сайын қалада 300 мың шаршы метр баспана салынды. Құрылыс барысында жер сілкінісіне шыдайтын көп қабатты үйлер салу ұйғарылды. Бұрынғы Верный қаласының тарихи жоспарланған жүйесі 1968 жылы қабылданған Алматы қаласының бас жоспарында негізделді. Құрылыста түрлендіру мен сәйкестендіру архитектуралық тұрпаттың әр түрлі болуына себебін тигізді. Мектеп, аурухана, мәдени орталықтар, солардың қатарында Ленин атындағы сарай, «Қазақстан» қонақ үйі, Медеу спорттық кешені т.б. құрылыс нысандары салынды. Қалада демалыс орындарын құруға, қалалық көліктің дамуына көңіл бөлінді. 1981 жылдан бастап метрополитен жобасы бойынша жұмыстар жүргізілді. Алматы қаласын дамытудағы жаңа бас жоба 1998-2020 жылдар аралығын қамтиды. Басты мақсат экологиялық жағынан таза, қауіпсіз, әлеуметтік жағдайлары қолайлы орта құру. Негізгі архитектуралық-құрылыстық мақсат — Алматының «жасыл желекті қала» атын сақтау және одан әрі дамыту. Жоспар бойынша көп қабатты үйлер салу, өндіріс орындарын, қоғамдық көлік жүйесін дамыту, метрополитенді іске қосу көзделді. Тәуелсіздік кезеңі. 1993 жылғы шешім бойынша қала атауы орыс тілінде Алма-Атадан Алматыға ауыстырылды. 1997 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үкімімен ел астанасы Алматыдан Астанаға ауыстырылды. 1998 жылдың 1 шілдесінде Алматы қаласының мәртебесі туралы жаңа заң қабылданды. Бұл заң бойынша Алматы ғылыми, мәдени, тарихи, қаржылық және өндірістік орталық болады. Өнеркәсібі. 2005 ж. 1 қаңтардағы мәлімет бойынша, қала аумағында 1668 өнеркәсіптік кәсіпорын тіркелген. Олардың 168 — ірі және орта (қызметкер саны 50 адамнан асады), жалпы өндіріс көлеміндегі үлесі — 77,7%. Жалпы алғанда, қала бойынша ірі және орта кәсіпорындары өнім өндірісін 2004 ж. алдыңғы жылға қарағанда 10,2% ұлғайтты. 2004 жылы қалада жалпы құны 169563,2 млн. теңге өнеркәсіп өнімі өндірілген, бұл 2003 жылдың деңгейімен салыстырғанда 113,4 % құрады, ал қаржылық емес сектор бойынша 168274,7 млн. теңге- 113,4 %. Өнеркәсіп өнімдерінің жалпы қала бойынша өсуін өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары қамтамасыз етеді. Осы сала бойынша өндірілген өнімнің көлемі есеп беру кезеңіне 156311,8 млн. теңгеге жетті, физикалық көлемінің индексі 116,6% құрады, ал өндірілген өнімнің жалпы салмағынан үлесі 92,2% құрады. Тау — кен өнеркәсібінің үлесі-0,1%, ал электр қуатын өндіру мен үйлестіру, газ және су үлесі −7,7%. Жалпы қала бойынша өнімнің 63,7% азық-түлік саласына, целлюлозды-қағаздық өнеркәсіп пен баспа ісі, көлік жасау салаларына келеді. 2004 ж. өнеркәсіп орындарындағы жұмысшылардың саны 48750 адам болды. Орта айлық табыс 2003 жылмен салыстырғанда 19,9% өсіп, 36,1 мың теңгені құрады. 2004 жылы қаланың өнеркәсіп орындарында өндірістің дамуына, негізінен, жаңа құрал-жабдық, жаңа технологиялар алу үшін және өнімнің жаңа түрін өндіруге 15,0 млрд. теңге инвестиция салынды. 2004 жылы полиграфилық өнім, темірден, ағаштан және металлопластикадан жасалатын бұйымдар, сусындар өндіретін, сүт өнімдері және т.б. бойынша 44 жаңа өндірісі енгізілді. 35 кәсіпорындарында жаңа технология бағыттары енгізілді және өнімнің жаңа идеялары меңгерілді. Осының барлығы 2004 жылы 2837 жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берді. Қандай да болмасын кәсіпорынның ішкі немесе халықаралық нарығында жетістігін қамтамасыз етудегі негізгі әдіс ИСО 9000 және т.б. сапасындағы менеджмент жүйесін енгізу болып табылады. Бүгінгі күні 54 өнеркәсіптік кәсіпорындар өндіру жүйелеріне сапа менеджменті жүйесін енгізді. Тасымалдау. Алматы қаласы бойынша 2005 жылдың 1 қаңтарындағы дерегіне сәйкес асфальтті жолдардың жалпы ұзындығы 1509,21 шақырымды құрады. Қала жолдарының жөндеу аралық мерзімі 12 жыл. Жылына жалпы ұзындықтан 8,33 км-ді жөндеу қажет немесе ол 125,7 шақырымға тең. 1999 — 2004 жылдар аралығында жалпы ұзындығы 166,16 шақырымға созылған 58 нысан жөндеуден өтті. Абай даңғылы (Алтынсарин — Абай) ұзындығы 1,25 шақырым. 2005 жылдың 1 қаңтарына сәйкес Алматы қаласында жолаушыларды тасымалдаумен 196 бағыт бойынша 49 кәсіпорын айналысады (заңды тұлғалар), оның ішінде жеке меншік нысандағы сегіз автобус паркі бар 2005 жылдың 1 қаңтарындағы дерек бойынша қалада жолаушылар тасымалдайтын 63 жеке меншік таксомоторлық кәсіпорын тіркелген, олардағы жалпы жеңіл көлік саны 698. Сауда. 2004 жылғы тауар айналымы (қоғамдық тамақтандыруды санамағанда) 428,9 млрд. теңге құрады және 2003 жылға қарағанда 22,2% өсті. Сауда кәсіпорындарының тауар айналымы жалпы тауар айналымының 34,4% (130,9млрд. теңге) құрады. Осы кәсіпорындардың физикалық көлемінің индексі оның алдындағы жылмен салыстырғанда 7,2% өсті. Тауар айналымының көп бөлігі орта және шағын кәсіпорындардың үлесіне тиеді. Жекеменшік кәсіпорындар арқылы сатылған тауар айналымы және киім, аралас, азық-түлік базарларындағы саудадан салық түрінде 419,9 млрд. теңге (97,9%) алынды, заңды тұлға және шет ел мемлекеттер азаматтарының қызметінен — 8973,1 млн. теңге (2,09%), мемлекеттік сауда кәсіпорындарынан — 47,2 млн. теңге (0,01%) алынды. Есеп беру кезеңінде қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарымен 6754,7 млн. теңге көлемінде өнім өткізілген. Бұл салыстырмалы бағамен алғанда 25,0% артық, олардың көп бөлігі шағын және орта кәсіпорындармен қамтамасыз етіледі. Олардың үлесі тиісінше 45,6 және 44,5%. Көтерме сауда айналымы 2004 жылы 522,7 млн. теңгені құрады. Бұл қазіргі бағада 2003 жылмен салыстырғанда 23,3% артық. Шағын және орта кәсіпорындар үлесі тиісінше тауар айналымы сәйкесінше — 57,6 және 41,5 %. Сауда, қоғамдық тамақтандыру мен қамтамасыз ету салаларында барлығы 69484 адам жұмыс істейді. Аймақтық қаржы орталығы. Алматы қаласында Аймақтық қаржы орталығын құру жобасы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевпен ұсынылған болатын және алғаш рет 2004 жылдың қараша айында Қазақстан қаржыгерлерінің Конгресінде жария етілді. 2005 жылы Қазақстан Үкіметімен Сингапур мен Тайланд қаржы орталықтарын құру мен дамытуға қатысқан «Boston Consulting Group Inc.» компаниясы шақырылды.Бұл компанияның басты мақсаты қаржы нарығын дамытуда артықшылықтар мен кемшіліктерді анықтап, құрылатын қаржы орталығында құқықтық, инфрақұрылымдық, басқару позициялары бойынша ұсыныстар әзірлеу болды. Бүгінгі күні эмитенттер, қатысушылар, сондай-ақ, арнайы сауда алаңында Қазақстанның барлық аймақтарынан дара инвесторлар тарту мақсатында Агенттік Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды және Солтүстік-Қазақстан облыстарында, Астана мен Алматы қалаларында презентация өткізді. Оның аясында облыс әкімдіктері мен Агенттік арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумына қол қойылды. Осы келісімдерге сәйкес 2007 жылдың аяғына дейін әр аймақтан үштен кем емес эмитент тарту бойынша жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар, Агенттік ААҚО бірнеше шетел, Ұлыбритания, Қытай, Сингапур, Германия, Оңтүстік Корея, Балтық елдерінде, Ресей, Украина және т.б. елдерінде тұсаукесерін өткізді. Осы сапарлардың басты қорытындысы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы, атап айтқанда, Лондон, Франкфурт, Гонконг, Сеул және Варшава қор биржаларымен меморандумға қол қою болып табылды. Қол қойылған құжаттар ұзақ мерзімді ынтымақтастық механизмін әзірлеуге, аталған елдердің қор биржаларымен ААҚО арасында байланыс орнату бойынша нақты іс-әрекетке дайындықты білдіреді. Қазіргі таңда ААҚО АСА листингінде 14 эмитент бар — «Астана-Финанс» АҚ, «Астана-Недвижимость» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ, "Концерн «Цесна-Астық» ЖШС, «ЭКОТОН+» АҚ, «MAG» АҚ, «Казақтелеком» АҚ, «Казкоммерцбанк» АҚ, Kazkommerts International B.V., АО «Kazcat», «Темiрбанк» АҚ, «АТФ-Банк» АҚ және «RESMI COMMERCE» ЖШС. Қор нарығына қойылған осы компаниялардың 55 құнды қағаздарынан 15 акция, 40 облигация. Бүгінгі күні ААҚО сауда көлемі 40 млн. АҚШ долларын құрады. Акцияның нарықтық капиталдануы 5,3 АҚШ долларын, облигация-3,6 млрд. АҚШ долларын құрайды. Бүгінде ААҚО ҚРА экономиканың түрлі салаларының — қаржы, құрылыс, өнеркәсіп, ауылшаруашылық және т.б. компанияларын АСА шығару бойынша келіссөздер жүргізуді жалғастыруда. Мәдениеті. Алматы Қазақстанның мәдени орталығы ретіндегі маңызын жоғалтқан жоқ. Дін. Алматыда 42 конфессияны құрайтын барлығы 275 діни бірлестіктер мен топтар қызмет етеді. Бұл 1991-жылға қарағанда 10 есе артып, діни бірлестіктер қатары әлі де көбеюде. Олардың ішінде: Ислам — 38, Орыс православиелік шіркеуі — 14, көне салтшылдар — 2, Ахмадие — 2, Римдік-католиктік шіркеу — 5, Иудейлік дін — 2, Лютерандық шіркеу — 5, Евангельдік мәсіхші-баптистер — 20-ға тарта, Жетінші күннің Адвентистері — 5, Елушілдер — 4, Пресвитериандар, Әдістемешілер және оған жақын бірлестіктер — 40-тан аса, Иегова Куәгерлері — 30-ға тарта, Жаңа апостолдық шіркеу — 2, Біртұтастық шіркеуі — 2, Буддизм — 2, Соңғы өсиет шіркеуі — 1, Харизматикалық бірлестіктер — 16, Иса Пайғамбар шіркеуі — 2, Бахаи — 2, Жаңа ұстаным Бірлестіктері (Кришна Танымы Қоғамы, Вайшнавалар, Шри Чинмоя және т.б.) — 4, Інжіл шіркеуі — 1, эзотерикалықтар (Ұлы Ақ Бауырластық) — 1, Армян-григориандық шіркеуі — 1, Трансцендентальдық медитация — 1, Саентологиялар — 1 және басқалары бар. Көптеген діни бірлестіктердің ресми өкілдіктерінің деңгейі әлдеқайда өсті. Алматы қаласы және Қазақстанның оңтүстік өңірі бойынша Апостол Әкімгері Г.Хованец Рим Папасы Иоанн-Павел ІІ-нің декреті бойынша тағайындалды. Алматыда бірқатар ескі және жаңа республикалық діни орталықтар да қызмет етеді: Қазақстан мұсылмандарының діни Басқармасы, Орыс Православиелік шіркеуі Астана-Алматы қалалық епархиясының Епархиалық Басқармасы, Қазақстан Республикасы оңтүстік-шығыс аймағының Евангельдік Мәсіхші-Баптистер Бірлестігі, Жетінші күннің Адвентистері шіркеуінің оңтүстік юниондық конференциясы (Қазақстан және Орта Азия бойынша), Қазақстандық Мәсіхшілер Орталығы, «Жаңа өмір» Інжіл Орталығы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ахмадиялық Мұсылман Жамағаты, сонымен қатар басқа да бірқатар аймақтық орталықтар. Ислам және Орыс Православиелік шіркеуі діни бірлестіктері ірі орталықтар болып есептеледі, өйткені қазақстандықтардың 95%-дан астамы аталмыш діндердің үлесіне тиеді. Сонымен қатар Римдік-католиктік шіркеудің қызметі де белсенді жүргізілуде. Сондай-ақ протестанттық ұйымдар ішінен Евангельдік мәсіхші-баптистер бірлестігі, Пресвитериан, Харизматтар және Евангельдік мәсіхшілер, Жетінші күннің Адвентистері, Евангельдік-лютерандық шіркеу қызметтері де біршама қолдауға ие. Алматы қаласында түрлі дәстүрлі діндерден тыс басқа да жаңа діни бірлестіктер (Мысалы, Мун шіркеуі, Виссарион шіркеуі, Кришна санасы қоғамы, вишнуиттер және т.б.) қызметін атқарып жатыр. Алматы қаласында көптеген діни оқу орындары бар — Ислам мәдениетінің Египет «Нұр-Мүбәрак» университеті, Орыс Православиелік шіркеуінің Алматы епархиалдық училищесі, Алматы пресвитериандық діни Академиясы, Қазақстандық пресвитериандық діни семинариясы, «Агапе» және «Жаңа өмір» інжіл колледждері, Жетінші күннің Адвентистері Заок Діни Академясының Алматыдағы бөлімшесі, барлығы 10-нан астам оқу орны. Алматы қаласында мынадай діни басылымдар жарық көреді: «Ислам Әлемі», «Шапағат Нұр», «Қазақстандағы Православие Нұры», «Веди», «Жаңа Өмір», «Хабаршы», «Шолом Алейхем» және т.б. Қалада 87 діни ғимарат пен құрылыс объектілері орналасқан. Олар діни дәстүрлерді ұстану мен жүзеге асыру үшін ашылған. Мысалы, қаланың Орталық Мешіті, Әулие Вознесендік Кафедралды соборы, (тарихи және мәдени ескерткіштер), Сұлтан-Қорғандағы мешіт ғимараты, Әулие-Қазан шіркеуі, Әулие Үштік католиктік храмының ғимараты, алуан түрлі мінәжат үйлері, «Менахем Үйі» — Хабад-Любавич Қазақстандық Еврей орталығы және т.б. Сонымен қатар барлық дін өкілдерінің соңғы сапарға аттандыру салттарын ұстанатын бірлестіктер бар. Американдық мәсіхтік CNL арнасы хабарларын көрермендердің назарына ұсынып отырады. Діни бірлестіктердің қалыпты қызмет етуіне қалалық және аудандық әкімшіліктер тарапынан әрдайым көмек көрсетіледі: діни ғимараттардың құрылысына арнайы жер учаскелері бөлінеді, жергілікті бірлестіктерде қызмет ететін шет елдік өкілдердің білім деңгейін тексеру жүргізіледі, қайырымдылық шараларды ұйымдастыруда да бірқатар мәселелердің шешілуіне ықпал етіледі. Қазақстан мұсылмандары Діни Басқармасының басшысы (Ә. Дербісәлі), Орыс Православиелік шіркеуі Епархиалдық Басқармасының басшысы (Мефодий митрополит), Римдік-Католиктік шіркеу басшысы (Г. Хованец епископ), Евангельдік-лютерандық шіркеу басшысы, Қазақстан Республикасы оңтүстік-шығыс аймағының Евангельдік Мәсіхші-Баптистер Бірлестігінің аға-пресвитері, Оңтүстік юнион және Жетінші күн Адвентистері шіркеуінің Қазақстандық конференциясы, Иудейлік дін, Бахаи діні, Кришна Танымы Қоғамы президенттері сияқты діни басшылар діндарлар арасында рухани көсем ретінде есептеледі. Велосипед. Велосипед (, шығу тегі — жылдам, жедел және "pes" — аяқ) — адам күшімен қозғалатын көлік түрі. Көбінесе екі доңғалақты, кейбір кездерде үш доңғалақты түрлері де кездеседі. Бірінші велосипедтер Еуропада 19 ғ. пайда болып, одан бері әлемге кең тарап, қазіргі дағдылы кейіпіне дейін дамып келген. Бүгінгі күні саны 1,000,000,000-тан асатын бұл көлік әлемнің кейбір аумақтарында серуендеуге, не спортта қолданылса, көп региондарда негізгі транспорт түрі болып табылады. Велосипедтің жалпы бейнесі, рамасының конфигурациясы, доңғалақтары, педальдары, отырғышы және тұтқасы 1885 жылы алғашқы жасалған шынжырлы нұсқасынан аса көп өзгерген емес. Әрине сол уақыттан бері, әсіресе кейінгі кезде, жаңа материалдар қолданылып, компьютері орнатылған модельдері де дамытылып, велосипедтің дизайнына айтарлықтай өзгерістер жасалды Велосипед – жедел жүруге арналған қарапайым көлік. Ол 16 ғасырдан бастап көптеген елдердің өнертапқыштары: Г.Гантшель (Германия, 1649), Р. Ла Рошелли (Франция, 1693), Леонтий Шамшуренков (Ресей, 1752), Овенден (Англия, 1761), т.б. жасаған төрт доңғалақты арба негізінде шыққан. Алғашкы екі доңғалақты велосипед Ресейде жасалды. Ефим Артамонов жасаған велосипед 1801 ж. Мәскеуде көпшілікке көрсетілді. Оның алдыңғы үлкен доңғалағы педаль арқылы қозғалысқа келетін де, артқы кішкене доңғалағы сүйемелдеуіш қызметін атқаратын. Соңынан Батыс Еуропа елдерінде әр түрлі велосипедтер (Карл Драйс, Германия, 1815) пайда болды. 19 ғасырдың 50-жылдары неміс механигі Ф.М. Фишер велосипедтің алдыңғы доңғалағына педаль кигізілген шатун орнатуды ұсынды. 19 ғасырдың аяқ кезінен бастап велосипед көптеп шығарыла бастады. Бұл кезде оның құрылысына пневматикалық шина, шарикті ішпек (подшипник), болат түтіктен жасалған рама, шынжырлы беріліс, еркін жүріс механизмі, т.б. енгізілді. Қазіргі велосипед үстіне ершік орнатылған рамадан, екі (кейде үш) доңғалақтан тұрады. Ол аяқ күшімен педальді беріліс арқылы қозғалысқа келтіріледі. Оның рульмен байланысқан алдыңғы доңғалағы бағыттаушы қызметін атқарады. Велосипед пайдалану мақсатына және құрылымдық ерекшеліктеріне қарай: көліктік велосипед, көліктік жеңіл велосипед, жасөспірімдер велосипеді, спорттық велосипед, балалар велосипеді және арнаулы велосипед болып ажыратылады. Көліктік велосипедтің рамасы берік, шинасы жалпақ, рулі биік орналасқан, салмағы 16 кг шамасында, пайдалануда барынша қарапайым болып келеді. Көліктік жеңіл велосипедтің салмағы жеңілдеу (14 кг) әрі шинасы жіңішкелеу, әдетте қол тежеуішпен жабдықталады. Жасөспірімдер велосипеді ересектерге арналған көліктік велосипедтің көшірмесі іспетті, құрылымы мейлінше қарапайым әрі бөлшектері үлкен велосипедтегіден гөрі кішірек келеді. Спорттық велосипедтердің тас жолға және трекке арналған түрлері бар. Олардың салмағы жеңіл (8 – 11 кг), камерасыз шиналары жіңішке болады; құралымдық жабдықтары легирленген болат және дюралюминий сияқты берік әрі барынша жеңіл материалдардан жасалады, рулі төмен орнатылып, қол тежеуішпен және жылдамдық ауыстырғышпен (сегіз – он сатылы) жабдықталады. Спорттық велосипедтің бір түрі – тандем. Ол екі кісіге лайықталып, қос доңғалақты және қос берілісті болып жасалады. Мұндай велосипедтің жылдамдығы сағатына 70 км-ге дейін жетеді. Балалар велосипедінің екі және үш доңғалақты, сондай-ақ құрама түрлері (үш доңғалақты велосипедті екі доңғалақты велосипедке және керісінше өзгертуге болады) бар. Балалар велосипедінің шиналары тұтастай құйылып немесе үрлемелі резина күйінде шығарылады. Арнаулы велосипедтерге циркте ойнауға, жүк тасуға, қарт адамдардың жүріп-тұруына арналған бір – үш доңғалақты велосипедтер, велоарба, т.б. жатады. Соңғы кезде жиналмалы велосипедтер көп тарады. Аспалы қозғалтқышпен жабдықталған велосипед мопед деп аталады. Тарихы. Велосипедтің шығу тарихы мен ойлап шығарған адамы нақты белгілі емес. Ең ықтимал болжам ретінде неміс бароны Карл Дрездің есімі аталады. К. Дрез өз машинасын 1817ж. ойлап тауып, патентін алған. Бұл көлік адамның жерді аяғымен итеру арқылы қозғалған. Велосипедтің тарихы терең. Кейбір деректерге қарағанда, 1863 жылы Парижде 20 жас­тағы франциялық өнертапқыш Пьер Лалман қазіргі велосипедке ұқсайтын ең алғаш көлік құралын жасап шығарған кө­рі­не­ді. Тағы бір жылдан кейін франциялық инженер Пьер Мишо бұл көлікке «вело­сипед» деген атау берген екен. 1866 жылдың қараша айында Пьер Лалман Америкаға барып, өзі жасап шығарған велосипедке патент алды. Сөйткен велосипед жылдар бойы техникалық жағынан жетіліп, бүгінгі күнге дейін адамзат кәдесіне жарап келеді. Бір қызығы, XX ғасырда велосипедке деген қызығушылық біресе артып, біресе төмендеп отырған. 1905 жылдан бастап АҚШ пен Гер­мания сияқты дамыған елдерде автокөлік индустриясының дамуына байланысты ве­ло­сипед сән болудан қалды. Жол полициясы велосипедшілерді автокөлік қозғалысына кедергі туындататындар деп санайтын. Алай­да 1960 жылдың аяғына таман эколо­гиялық мәселелерге алаңдаумен қатар, салауатты өмір салтын насихаттайтын да­мы­ған елдерде велосипедке деген қызығу­шы­лық қайтадан артты. Өткен ғасырдың аяғына таман Кеңес Одағында адамның жас шамасына қарай сұрыпталған «Дружок», «Школьник», «Орленок», «Салют», «Кама», «Урал», «Уралец», «Украина», «Аист» сияқ­ты велосипедтер кеңінен тарағанын біз­дер жақсы білеміз. Велосипедтің әлеуметтік рөлі зор болды. Еуропада бастау алған велосипед өндірісі автокөлік пен ұшақ құрастыру ісі­нің техникалық базасын құруға негіз беріпті. Велосипед қаңқасы мен басқа бөлшектерін жасауға бағытталған метал өңдеу техноло­гиялары кейіннен көліктің өзге түрлерінде қолданыс тапты. «Ровер», «Шкода», «Пежо», «Опель» сияқты өткен ғасырдың басында құрылған автокөлік шығаратын көптеген компаниялар әуел баста велосипед зауыты­нан бастаған екен. Жүргізушінің жынысы­на қарамайтын велосипед гендерлік теңсіз­дікті жоюға да үлес қосты. Оның арқасында әйелдер еркін қимылдауға мұрша бермейтін тар корсетті тастап, велосипедтің арқасында сәнге айналған ықшам, әрі ыңғайлы шалбар кие бастады. VІІІ (?!) ғасырдың аяғында велоси­педтің арқасында ауыл тұрғындары көрші­лес ауыл мен қалаларға барып, түрлі елді мекендер өзара қыз алысып, қанның жаңа­руынан халықтың генетикалық денсаулығы да жақсарғанын ғалымдар жоққа шығар­майды. Велосипедтің арқасында халық бір қала­да шоғырланбай, қала сыртында өмір сүріп, алыс жерлерде жұмыс істеу мүмкін­дігін алған. Иса Мәсіх. Ғайса Мәсіх (Иса) — (— "Иешуа"; — "Есус Христос", "Исус Христос", "Иисус Христос"; — "Ису‘ әл-Мәсіх") мәсіхшілікте, исламда, баһаизмде, манихшылдықта пайғамбар саналады. Таурат және Інжіл. Гутенберг басып шығарған Киелі кітап, батыс әлемінде басылып шығарылған ең алғашқы кітап. Таурат және Інжіл (Киелі Кітап) — екі бөлімнен тұрады: яһуди мен мәсіхшілдерге ортақ Көне келісім ("Таурат") және тек мәсіхшілдер табынатын Жаңа келісім ("Інжіл"). Исләмда Таурат және Інжіл киелі деп саналады, бірақ Алла Тағаланың нақ сөзі деп есептелмейді. Исаның Нағыз Шіркеуі. Исаның Нағыз Шіркеуі (қытайша:) — Қытайдағы тәуелсіз мәсіхшілік қозғалыс. 1917 ж. Бейжін қаласында (Қытай) құрылған. Мәсіхшіліктің (Христиан діні) елушілдер тарауына жатады. Ағымда қырық елде 1,5 млн астам мүше бар. Осы шіркеуде Исаның дүниеге келу мейрамы (Рождество мейрамы) және Пасха мейрамы тойланбайды. Киелі Рух. «Біздің басқа тілдерде сөйлегеніміз арқылы көрінетін Киелі Рухты қабылдағанымыз біздің Құдайдың Патшалығын мұра етуіміздің кепілі болып табылады». Сумен шоқыну. «Су баптизмі күнәларды кешіру мен қайта жаңару дәстүрі. Баптизм өзен, теңіз немесе көл сияқты табиғи суларда өткізіледі. Аруақ мен су баптизміне шалынған баптист, баптизмді Иса пайғамбардың атымен қолданады. Баптизмге шалынып жатқан адам, басын изеп, төмен қарап суға түгелдей батырылуы керек.» Аяқ жуу. «Аяқты жуу дәстүрі адамды Иса пайғамбармен қосады. Сонымен қатар бұл әрқашан адамға махаббат, қасиеттілік, ақ пейілділік, кешірімшілдік мен қызметшілдік туралы есіне түсіріп отырады. Су баптизміне шалынған әрбір адамның аяғы Иса пайғамбардың атынан шомылуы тиіс. Адамдар бір-бірінің аяқтарын суға шалып көмектесуіне болады.» Әулиетті қауымдасу. «Нан үзу рәсімі — Иеміз Иса Мәсіхтің өлімін білдіретін рәсім. Біз сол рәсім арқылы Құдайымыздың тәні мен қанын жеп, Онымен біртұтас боламыз, ал Онымен біртұтас болу арқылы біз мәңгілік өмірге ие болып, ақырзаман күні қайта тірілеміз. Бұл рәсім мүмкіндігінше жиі орындалуы керек. Ол үшін ашытқысыз жабылған нан мен жүзім шырынын қолданыңдар». Сенбі күні (Шабат). «Сенбі, аптаның жетінші күні бұл алла тағаланың қасиетті күн. Ол алланың ілтипатымен алланың күллі дүниенің жаратуын мейрамдауы мен келешектегі мәңгі демалу үміті мен күнәлардан арылту.» Иса. «Иса Мәсіх — тәнге айналған сөз, ол адамдардың күнәларының құнын өтеу үшін айқыш ағашта өлді, үшінші күні қайта тірілді және көктегі жұмаққа көтеріліп кетті. Ол --адамзаттың жалғыз ғана құтқарушысы, әрі аспан мен жердің жаратушысы, және тек ол ғана жалғыз да шынайы Құдай.» Таурат және Інжіл. «Көне және Жаңа келісімдерден тұратын Киелі кітап Құдайдың жетелеуімен жазылған, тек ол ғана шындықтың жалғыз ғана көзі болып табылады әрі мәсіхшілердің өміріне жетекші.» Құтқарылу. «Құтқарылу сенім арқылы, Құдайдың рақымымен беріледі. Сенуші адам киелілікті қабылдау үшін, Құдайды мадақтау үшін және адамзатты сүю үшін Киелі Рухқа сенім артуға тиіс». Қауым. «Біздің Иеміз Иса Мәсіхтің Киелі Рух арқылы „соңғы жауынның“ кезінде орнатқан шынайы қауымы елшілер заманының қайта жандандырылған шынайы қауымы болып табылады.» Ақырғы бишілік. «Ақырзаман күні Мәсіх қайтып келеді. Ол дүниені соттау үшін аспаннан түседі. Әділдер мәңгі өмірге ие болып, күнәкарлар мәңгіге үкімделеді». Қалдаяқов, Шәмші. Қысқаша өмірбаяны. (15.8. 1930, Шымкент обл., Отырар ауд., — 29.2.1992, Алматы) Отырар ауданы, Қарақоңыр ауылында туған. Қазақ даласын әнмен тербеткен Ш. Қалдаяқовтың тағдыры мен ғұмырына осы төрт жол өлең түгелімен арналғандай. Оның әндерінсіз ешбір мереке де, ешбір той-думан да өтпейді. Оның әндерін еңбектеген баладан бастап, еңкейген кәріге дейін шырқайды. Ал «Шәмші аға» деген сөз «Ән аға» деген сөзбен тұтасып, синоним болып кеткелі қашан... Ол Шымкент облысы Отырар ауданында 1930 жылы 15 тамызда дүниеге келген. Оның әндері республикамыздың қай өңірі болмасын жиі айтылып, ән сүйер қауым арасына барынша кең тараған. Ән өнерімізде жарық жұлдыздай сәуле шашып, айырықша із қалдырған Ш.Қалдаяқов күллі қазақ халқының ұлттық мақтанышы сазгердің серісі. Біз ес білгелі бері еліміздің кең байтақ даласымен аспанында қалықтаған, махаббат пен сағыныш сезіміне толық қайталанбас Шәмші әуендері енді ХХІғасыр әлеміне бет алып әуелей беретіні ақиқат. Табиғат ерекше дарын иесі еткен дара тұлға Шәмші Қалдаяқовты қазақ баласы есінен шығармас.Шәмші ағамыздың «Қорлан» әнін шырқаудағы өзіне ішкі сырын ашып айтпай сөз шешендігіне салып бұра тартып кететіні де бар. Кең жүрегімен табиғат берген дархан, дарынды Шәмші ағамыз өзінің жүрек тербейтін, қиял қозғайтын, терең ойға шомылдыратын ғажап әндерімен халқын байытатын, олардың өмір сүруге құштарлығын арттыратынШәмші Қалдаяқов пиониноны да, домбыраны да жосылта тартатын еді. Бірақ, домбыраны екпіндете, төпелеп тартқанын көрген емеспіз. Бір әсем әуенді шерте бастайтын да қоңырлата былқылдата ала жөнелетін. Қысқаша айтқанда тұла бойы тұнған өнер болатын. Қазақтың музыка өнерінде Шәмшінің орны ерекше 300-ге жуық әні бар Ш.Қалдаяқов кеудесін қағып, мен атақты композитормын деп бір сәтте мақтанған жан емес. Қашанда өзінің қарапйымдылығымен ізгілігі мол адам ретінде бүкіл қазақ халқының жүрегінен мәңгі орын алды. Өзінің шығарған өлеңінің бірі «Тамды аруы». Шәмші ағаның қалың жұртқа махабатты жырлаған композитор ретінде белгілі. Тамды аруы махаббат жайлы болғанымен ол махаббат бостандығын аңсап жазылған ән. Яғни, жас жігіттің басынан өткен қайғылы оқиғаға себеп болған. Бұл махаббат бостандығын аңсаған әнді Шәмші ағамыз өзінің шеберлігімен дүниеге әкелді. Ал, «Сағынышым менің» әнінде ерекше аңсау, терең толғау бар. Айта берсек әр әннің өзіндік тарихи сыры бар. Ең бір көшпелі тарих - ән тарихы. Кешегі Кәрібаевтың Жамбыл вальсімен қанағаттанған лектің рухани көші небір аймаңдай дарындармен дараланып, сән салтанаты асқан келешектің көркем келбетін көз алдымызға келтіре білген нұрлы көші еді. Көш жуан ортасынан ойып орын алған композитордың бірі әрі бірегейі де Шәмші Қалдаяқов болатын. Шәмшінің тағдырын да біртуар тұтас бір тағдыр иесінің 18 жыл соңғы жылдарында осы топырақта ғажайып шығармашылық ғұмыр кешкі «Мойынқұмда ауылым», «Дүнген қызы», «Фосфорлы Жамбыл» секілді атақты әндері осында дүние есігін ашып, төрткүл дүниеге тарады. Әу баста Шымкент өңірінде атақты әндері осында дүние есігін ашып, төрткүл дүниеге тарады. Әу баста Шымкент өңірінде басталған Шәмші Қалдаяқов атындағы Халықаралық ән фестивалі Жамбылда жалғасын тауып, талай таланттардың тұсауын кесті. Шын таланттың ғажайып дарынның шапағаты тиді деген осы. Дарыны иісі қазаққа ортақ Шәмшідей аяулы жанның ән ғұмыры әлі талай ұрпақтың ой білімімен, парасатымен жаңаша жаңғырып жалғасын таба берері сөзсіз. Бұл еңбекті сол төккен тердің төл басы Тараз тойына тарту деп қабылдауымыз ләміз. Қазақ өнері орны толмас қазаға душар болды. 1992 жылы 29 ақпанда жасы 62 ге қараған шағында ұзаққа созылған ауыр науқастан, көрнекті халық әртісі Ш.Қалдаяқов көз жұмды. Шығармашылық жұмыспен 1950 жылдардан бастап айналысқан 1956-1962 жылдарда Алматы консерваториясында оқыды. Шәмшінің тұнып тұрған сыр шындығымен, шынайылылығымен және сезімге терең бойлауымен ерекшеленетін алғашқы әндерінің өзі композитордың атын елге жайып, халықтың сүйікті перзентіне айналдырды. 40 жылдан астам шығармашылық қызметінде Ш.Қалдаяқовтың 300-ге жуық музыкалық туынды жазды. Олардың дені ән жанрында Ш.Қалдаяқовтың өзінің қайталанбас қол таңбасы халықтың бояуы қанық талантымен қазақ халқының қазіргі әнін, өнерін биік белеске көтерді. Қазақ даласын әнмен тербеткен Ш. Қалдаяқовтың тағдыры мен ғұмырына осы төрт жол өлең түгелімен арналғандай. Оның әндерінсіз ешбір мереке де, ешбір той-думан да өтпейді. Оның әндерін еңбектеген баладан бастап, еңкейген кәріге дейін шырқайды. Ал «Шәмші аға» деген сөз «Ән аға» деген сөзбен тұтасып, синоним болып кеткелі қашан... Ол Шымкент облысы Отырар ауданында 1930 жылы 15 тамызда дүниеге келген. Оның әндері республикамыздың қай өңірі болмасын жиі айтылып, ән сүйер қауым арасына барынша кең тараған. Ән өнерімізде жарық жұлдыздай сәуле шашып, айырықша із қалдырған Ш.Қалдаяқов күллі қазақ халқының ұлттық мақтанышы сазгердің серісі. Біз ес білгелі бері еліміздің кең байтақ даласымен аспанында қалықтаған, махаббат пен сағыныш сезіміне толық қайталанбас Шәмші әуендері енді ХХІғасыр әлеміне бет алып әуелей беретіні ақиқат. Табиғат ерекше дарын иесі еткен дара тұлға Шәмші Қалдаяқовты қазақ баласы есінен шығармас.Шәмші ағамыздың «Қорлан» әнін шырқаудағы өзіне ішкі сырын ашып айтпай сөз шешендігіне салып бұра тартып кететіні де бар. Кең жүрегімен табиғат берген дархан, дарынды Шәмші ағамыз өзінің жүрек тербейтін, қиял қозғайтын, терең ойға шомылдыратын ғажап әндерімен халқын байытатын, олардың өмір сүруге құштарлығын арттыратынШәмші Қалдаяқов пиониноны да, домбыраны да жосылта тартатын еді. Бірақ, домбыраны екпіндете, төпелеп тартқанын көрген емеспіз. Бір әсем әуенді шерте бастайтын да қоңырлата былқылдата ала жөнелетін. Қысқаша айтқанда тұла бойы тұнған өнер болатын. Қазақтың музыка өнерінде Шәмшінің орны ерекше 300-ге жуық әні бар Ш.Қалдаяқов кеудесін қағып, мен атақты композитормын деп бір сәтте мақтанған жан емес. Қашанда өзінің қарапйымдылығымен ізгілігі мол адам ретінде бүкіл қазақ халқының жүрегінен мәңгі орын алды. Өзінің шығарған өлеңінің бірі «Тамды аруы». Шәмші ағаның қалың жұртқа махабатты жырлаған композитор ретінде белгілі. Тамды аруы махаббат жайлы болғанымен ол махаббат бостандығын аңсап жазылған ән. Яғни, жас жігіттің басынан өткен қайғылы оқиғаға себеп болған. Бұл махаббат бостандығын аңсаған әнді Шәмші ағамыз өзінің шеберлігімен дүниеге әкелді. Ал, «Сағынышым менің» әнінде ерекше аңсау, терең толғау бар. Айта берсек әр әннің өзіндік тарихи сыры бар. Ең бір көшпелі тарих - ән тарихы. Кешегі Кәрібаевтың Жамбыл вальсімен қанағаттанған лектің рухани көші небір аймаңдай дарындармен дараланып, сән салтанаты асқан келешектің көркем келбетін көз алдымызға келтіре білген нұрлы көші еді. Көш жуан ортасынан ойып орын алған композитордың бірі әрі бірегейі де Шәмші Қалдаяқов болатын. Шәмшінің тағдырын да біртуар тұтас бір тағдыр иесінің 18 жыл соңғы жылдарында осы топырақта ғажайып шығармашылық ғұмыр кешкі «Мойынқұмда ауылым», «Дүнген қызы», «Фосфорлы Жамбыл» секілді атақты әндері осында дүние есігін ашып, төрткүл дүниеге тарады. Әу баста Шымкент өңірінде атақты әндері осында дүние есігін ашып, төрткүл дүниеге тарады. Әу баста Шымкент өңірінде басталған Шәмші Қалдаяқов атындағы Халықаралық ән фестивалі Жамбылда жалғасын тауып, талай таланттардың тұсауын кесті. Шын таланттың ғажайып дарынның шапағаты тиді деген осы. Дарыны иісі қазаққа ортақ Шәмшідей аяулы жанның ән ғұмыры әлі талай ұрпақтың ой білімімен, парасатымен жаңаша жаңғырып жалғасын таба берері сөзсіз. Бұл еңбекті сол төккен тердің төл басы Тараз тойына тарту деп қабылдауымыз ләміз. Қазақ өнері орны толмас қазаға душар болды. 1992 жылы 29 ақпанда жасы 62 ге қараған шағында ұзаққа созылған ауыр науқастан, көрнекті халық әртісі Ш.Қалдаяқов көз жұмды. Шығармашылық жұмыспен 1950 жылдардан бастап айналысқан 1956-1962 жылдарда Алматы консерваториясында оқыды. Шәмшінің тұнып тұрған сыр шындығымен, шынайылылығымен және сезімге терең бойлауымен ерекшеленетін алғашқы әндерінің өзі композитордың атын елге жайып, халықтың сүйікті перзентіне айналдырды. 40 жылдан астам шығармашылық қызметінде Ш.Қалдаяқовтың 300-ге жуық музыкалық туынды жазды. Олардың дені ән жанрында Ш.Қалдаяқовтың өзінің қайталанбас қол таңбасы халықтың бояуы қанық талантымен қазақ халқының қазіргі әнін, өнерін биік белеске көтерді. Оның ғажап шығармашылығы ұлттық мәдениеттің тамаша көрінісінің бірі. Танымал әндер жазудағы табысы үшін композитор 1965 жылы Қазақстан Комсомол сыйлығын алды. Ал, 1991 жылы оған Қазақстан Республикасының Халық әрітісі Марапаттары. Қазақстанның халық әртісі. Менің Қазақстаным (әнұран). «Менің Қазақстаным» — Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны. Әнұранның осы нұсқасы 2006 ж. қаңтардың 7-ші күнінде қабылданған. Ашық Тізімдеме Жобасы. Ашық Тізімдеме Жобасы (). Басқа атаулары: ODP, DMoz (D —, Moz — Mozilla) — Netscape иелі көп тілді Интернет сілтемелерінің ашық тізімдемесі. Құрылтайшылары және сүйемелдеушілері ерікті өңдеушілер шартты қауымы деп есептеледі. Тізімдеме 1998 ж. бастап іске кірген. Ағымдық 2006 ж. 1 маусымында тізімдеменің жария бөлшегінінің 708 584 астам төменгі бөлшектерінде 4 769 732 астам тораптар сипатталған, 78 тіл тарауы құрылған және толықтырылған, тағы 99 саны даяр кезенінде боп тұр, жобаның болмысының бүкіл уақытында 72 729 өңдеуші қатысқан, оның ішінде 7 495 өңдеуші ағымда белсенді өңдеумен шұғылданып тұр. 2006 ж. 12 мауысымында тізімдеменің жария бөлшегінде орналастырылған. Футболдан әлем чемпионаты 2006. 2006 ж. футболдан әлем чемпионаты (немесе ФИФА Әлем Кубогы 2006) 9 маусым 2006 — 9 шілде 2006 уақыт аралығында өтеді. Әлем чемпионы деген аса бағалы атақты кім ұтатыны финалдық матчта анықталды. 2006 ж. чемпионатының соңғы турын өткізуге бәсекелескен 5 елдің (Алмания, Англия, Бразилия, Морокко және Оңтүстік Африка) ішінен 2000 ж. маусым айында Алмания жеңімпаз боп тағайындалды. Ұлттық құрамалар. 2006 ж. бастап, ФИФА-ның жаңа ережелеріне сай алдыңғы чемпионат жеңіскері де финалдық турға өту үшін іріктеу ойындарына қатысуы қажет болды; еш іріктеусіз финалдық кезеңге шығу құқығы тек чемпионатты өткізетін ел үшін ғана қалдырылды. Финалдың кезеңге өткен елдердің тізімі төменде беріліп тұр. Барлығы 32 команда. Стадиондар. Чемпионат 12 қалада өткізіледі. Стадиондардың көрсетілген сиымдылығы отыратын орындардың саны боп табылады. Кейбір стадниондардың аттары чемпионат кезеңіне өзгертілген. 300px Медеу. Медеу - Алматының төңірегінде, Кіші Алматы өзенің жағасында жататын мұз айдыны. Теңіз деңгейінен 1,691 метр биікте орналасып, ол әлемдегі ең атақты мұз айдындарының арасында. Медеу 10,500 ш.м. жерді алып жатады және 10,500 көрерменді сиғызады. Әлемдегі 150-ден аса үздік спорттық рекордтар бұл мұз айдынына туғаны баршаға мәлім. Медеуде өткізілген ұлы чемпионаттарының соңғы - 1988 жылындағы Халықаралық Еркектер Конькимен Тез Жүгіру чемпионаты болған. IPA. __NOTITLECONVERT__ -- — () Халықаралық Фонетика Әліппесі. Мәметова, Мәншүк Жиенғалиқызы. Мәметова, Мәншүк (шын есімі Мәнсия) Жиенғалиқызы — 1922, Орал облысы Орда ауданы,— 1943 ж. қазанның 16-ы — қаһарман қазақ қызы, Кеңес одағының Батыры (1944). Ата-анасынан ерте айырылған Мәншүк балалық, жастық шағын Алматыда Ә. Мәметованың тәрбиесінде өткізеді. Ұлы Отан соғысы басталған кезде Алматы медикалық институтында оқып жүрді. 1942 ж. тамызда ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-нші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты. Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты. Павлодар облысының колхозшылары Батыр қыздың құрметіне Мәншүк атындағы танк колоннасын құруға қаражат жинады. Туған жерінде оған ескерткіш орнатылған, Невель, Алматы, Орал, т.б. қалаларда Мәншүк атында көшелер бар. Республиканың ондаған мектептері, Қызылорда қыздар педагогикалық училищесі Мәншүк есімімен аталады. Қаһарман қыздың өмірі мен өшпес ерлігі жайлы «Мәншүк туралы жыр» (авторы — А. Михалков-Кончаловский, режиссері М. Бегалин) көркем фильм түсірілді. Молдағұлова, Әлия Нұрмұхамедқызы. Өмірбаян. Әлия (шын есімі Ілия, майдандас достары «Лия» деп атапты) Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова (1925 ж. 15 маусым (кейбір деректерде 25 қазан, 20 сәуір), Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қаз КСР – 1944 ж. 14 қаңтар, Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники, Казачиха ауылы, РКСФР) – Кеңес Одағының Батыры (1944), снайпер, ефрейтор. 1925 ж. 25 қазанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында дүниеге келген. Бала кезінде анасынан айырылып (1933 ж.), кейіннен Алматыда ағасының қолында тұрған, ал 1935 ж. бастап Ленинград, Красногвардейский ауданы, Гурдин көшесіндегі №46-шы балалар үйінде тәрбиеленген. Оқудағы озаттығы және үлгілі тәртібі үшін Әлия Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері – Артекке жіберіледі. Артекте батырлар тақтасына Рубен Ибаррури, Тимур Фрунзе сияқты батырлармен қатар Әлия Молдағұлованың да суреті енгізілген. Соғыс басталған соң балалар үйімен бірге Ярослав облысының Вятское селосына эвакуацияланған. Вятское орта мектебінен 7-сыныпты бітірісімен Рыбинск авиациялық техникумына түседі, бірақ көп ұзамай (1942) ЖШҚӘ-ға (Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскері) майданға жіберу туралы өтініш жібереді. 1943 ж. Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 ж. бастап 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. 1944 ж. 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты. Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944 ж. 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы берілді. Ленин орденімен марапатталды. Новосокольники ауданының Монакова ауылында жерленген. Әлия есімімен көшелер, ондаған мектептер (Мәскеудегі № 891 орта мектебі, Шымкенттегі № 29 орта мектебі, Новосокольники № 72 орта мектебі, Оралдағы № 38 орта мектебі), Әскери-теңіз флотының кемелері, Каспий жүк таситын теплоходы аталған. Ақтөбе, Астана, Алматы, Мәскеу, Санкт-Петербор, Новосокольники қалаларында ескерткіштер орнатылған. Ақтөбеде облыстық мемориалды музей жұмыс жасайды. Әлия атындағы ескерткіштер. 5.Алматыдағы “Шығыстың қос жұлдызы” атанған Әлия мен Мәншүкке арналған мемориалдық кешен Суреттер. “Әлия” (С.Әлімбетов), “Мәңгілікке сапар” (А.Ануфриев), “Ауыл Бұлақ” (А.Корват), “Мерген Әлия Молдағұлова” (А.Сапугов), “Мерген Әлия”/күріштен жасалған/ (Ф.Терещенко), “Әлия” (О.Нұржұмаев), “Бұлақтағы Әлияның үйі” (Н.Өтегенов), “Соңғы көктем” (Т.Телеушев). Гобелендер. “Әлия” (М.Нартов, Н.Рахманқұлов), триптих “Әлия” (Б.Атыраубаев). Әлия атты музейлер. Облыстық мемориалдық музей /Ақтөбе қаласы/, №891 Мәскеу орта мектебінде, №140 Санкт-Петербург орта мектебінде, Әліпбайсайдағы патриоттық орталығы. Әлия-ән. “Әлия-Мәншүк” жинағы, “Песнь Праматери Хобды” (А.Утегенов), “Гүл-ғұмыр”поэмасы, ән “Он тоғыз жас” (Е.Ашықбаев), ”Қызғалдақ-ғұмыр Әлия” мен “Сағыныш”әні (Г.Аймаханова), “Әлия”әні (Б.Тәжібаев пен С.Байтереков), “Ару қыз, ержүрек қыз, Әлия қыз” әні (композитор Қ.Қожанбаев), “Әлия”әні (Ә.Садуакасова), “Әлия”деректі повесі (Ә.Оралбай), “Әлия-Мәншүк” поэмасы (Т.Молдағалиев), “Әлияның жүрегі” (Я.Хелемский), “Әлия Молдағұлқызы” повесі (Ж.Жұмақанов), “Әлия” дастаны (С.Жиенбаев), “Шығыс шынары” повесі (Ә.Нұрмаханова), “Әлия” поэмалары (К.Деркаченко, Р.Трофимов), балет “Әлия” (М.Сағатов), “Әлия” атты деректі фильм (режиссер Ю.Пискунов) және «Снайперлер» фильмі (реж. Б.Шәмшиев), “Әлия” спектаклі (Ә.Тарази), “Жарық жұлдыздар” поэмасы (С.Жиенбаев). Өтемісұлы, Махамбет. Махамбет Өтемісұлы (1804 ж., Ішкі Бөкей Ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданының Нарын құмының Жанқұс жері. — 1846 ж. қазан 20, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысының Махамбет ауданы) — қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы. Байұлы ішіндегі Жайық-Беріш. Нәдір деген кісіден Мәлі (кейбір деректе Құлмәлі, Құлманияз деп айтылады) туады. Мәлінің қазақ әйелінен Өтеміс пен Шыбынтай, қалмақ әйелінен Қобылай туған. Өтемістен - он ұл, Шыбынтайдан - төрт ұл, Қобылайдан - үш ұл туып, Мәлі ұлдың өзінен он жеті немере сүйген адам. Бұл әулет Тайсойған құмындағы іргелі ауылдардың бірі. Атасы Құлмәлі, әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар болған, Құлмәлінің тұқымынан би де, шешен де шыққан. Махамбет өзінің барша болмыс қасиеттерімен көшпелілер арасындағы көсем тұлғалардың бірі. Ол өзі туып өскен өңірдің Қамбар батыр, Ер Тарғын, Сыпыра жырау, Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Жиембет, Доспамбет сияқты біртуар тұлғаларының өлмес мұраларын көкірегіне тоқып өсті. Өзі өмір сүрген заманның ағымына жүйрік, қыр сырын жетік меңгерген, көзі ашық, көкірегі ояу, білімдар адам болған. Орыс, татар, араб тілдерін тәуір меңгерген. Мұны ол жазған хаттардан айқын аңғаруға болады 1836—38 ж. И. Тайманұлы бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды жыршысы, қозғалысты ұйымдастырушылардың бірі. Махамбет өзі Жәңгір ханның қудалауымен екі жыл түрмеде отырып, 1831 ж. қашып шыққан. Саналы өмірін патша өкіметінің отарлық саясатын жұзеге асырушы хан-сұлтандарға қарсы кекті жырлар толғайды, халықты күреске шақырады. Көтеріліс жеңіліспен аяқтапғаннан кейін Жем, Жайық, Маңғыстау, Хиуа елдерін сағалайды, жасақ жинап, көтерілісті жаңадан жандандыруғә күш салады. Бұл ниеті нәтижесіз болды, Бөкей ордасында қолға түсіп, Орынбор түрмесіне қамалады. Тұтқыннан босағаннан кейінгі өмірін Кіші жүздің батыс бөлігіндегі ел ішінде өткізеді. Бірақ, Жәңгір хан өлген соң аға сұлтан болған Баймағамбет Айшуақұлының жалдамалыларының қолынан қаза тапты. Махамбет — халықты патшалық, хандық өкіметке қарсы қарулы кетеріліске шақырған алғашқы қазақ ақыны. Оның бейнелі де жалынды негізінен Шалкиіз, Сыпыра, Доспамбет, Қазтуған сияқты батыр жыраулардың үлгісінде шығарылған көтеріліс туралы толғаулар. «Жәңгірге», «Баймағамбет сұлтанға» деген өлеңдерінде үстем тап өкілдерін бет-пердесін жырта шенесе, «Мұнар күн» өлеңінде ел басындағы ауыртпалықты күйзеле, ашына айтты. Исатай — ақынның кеп өлендерінің басты қаһарманы. «Тайманның ұлы Исатай», «Исатай деген ағам бар», «Исатай сөзі», «Тарланым», т.б. өлеңдерінде Исатайдың адамгершілігі, азаматтығы, батырлығы, қайсарлығы сипатталады. Махамбет айтулы күйші, сазгер де болған. «Өкініш», «Қайран Нарын», «Жұмыр қылыш», «Терезе», т.б. күйлері күйтабаққа жазылды. Махамбет өлеңдері 1908, 1912, 1925 жж. Қазан, Орынбор, Ташкент қалаларында жарық көрді. Шығармалары 1939—89 жж. арасында 8 рет жеке кітап болып шықты, оқулықтар мен жинақтарға енді. Тайманұлы, Исатай. Тайманұлы Исатай (1791-1838) – 1836-38 жылдары Батыс Қазақстанда болған халық көтерілісінің саяси көсемі, қайсар қолбасшысы, халық батыры. Кіші жүз Байұлының Беріш руынан. Жоңғар шапқыншылығы кезінде атағы шыққан Ағатай батырдың ұрпағы. Халық батыры И.Тайманұлы 1791 жылы қазіргі Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тайсойған құмындағы "Тайман жалы" деген жерде дүниеге келген. Исатайдың анасы Есентемір руының Тағашы бөлімінен. И.Тайманұлының төртінші атасы Ағатайдың (Тайман-Бегәлінің -Боқай-Ағатай) есімі қалмақтарға қарсы соғыста көрсеткен ерлігі үшін Беріш руының ұранына айналған Исатайдың жастық шағында оған ықпал жасап, қамқорлық еткен әкесі, Тайманның інісі - Жабал Бегәліұлы. 1808 жылы Жабал бастаған Бегәлі ауылы Бақсай бекінісі тұсынан Жайықтан өтіп, Бөкей ханның қарауына кіреді. Хан орысша сауатты, саясаттан хабары бар, халық алдында беделді Жабалды Беріш аулына старшина етіп қояды. Жабал қайтыс болғаннан кейін, оның орнына старшина етіп И.Тайманұлын қоюды сұрап, хан Бөкей 1812 жылы 12 наурызда Орынбордағы Шекара коммссиясына ұсыныс жасайды. Шекара комиссиясы 1813 жылғы қараша айында Бөкей ханның ұсынысын қуаттап, құжаттарды әскери губернаторға жібереді. Генерал губернатор Г.С.Волконский 1814 жылы 12-қарашада Исатайды старшиналыққа бекіту туралы құжатқа қол қояды. Ел ісіне ерте араласқан Исатайдың кемелденуіне қайын ағасы Жабай Бегалиннің көп көмегі тиеді. Ол кісі орысша оқыған, әжептеуір сауаты бар адам болған, старшын қызметін атқарған. Ол өлгеннен кейін оның орнына Бөкей хан Жабайдың тәрбиесін көрген Исатайды старшын етіп тағайындап, оны Орынбор шекара комиссиясы бекітеді. Күн санап ел арасында беделі асып бара жатқанын көре алмаған хан төңірегіндегілер оның беделін түсіру үшін түрлі жала жауып, ханға шағыстырып бағады. Соның салдарынан бас аяғы 4-5 жылдың ішінде бірінде старшын Өтеміс Құлманиязовты тонады деген, екіншісінде кісі өлтірді деген жаламен түрмеге қамалады. Оның алғашқысынан ақша беріп құтылса, екіншісінен Орынборға конвоймен айдалап бара жатқан жерінде, есебін тауып, қашып кетеді. Бұл кезде Қазақ хандығының ішкі ісіне тікелей араласа бастаған Ресей отаршылары қазақтардың құнарлы жерлерін тартып алып, өздерін сыртқа қуады. Орал казак орыстары Жайық бойын иемденіп алады. Мұндай қысымшылықты Исатай старшыны болып жүрген беріш руы да көреді. Осы кезде Жәңгір ханның Жайық бойындағы руларды екіге бөліп, бірін қайын атасына, екіншісін жұртқа зорлық зомбылығымен аты шыққан саудагер Қарауылқожаға басқартып қоюы жоқшылықтан ашынған шаруалардың ашу ызасын тудырды. Исатай ханнан Қарауылқожаның озбыр билігіне тиым салуын талап етеді. Оған жауап ретінде хан бес жүздей әскермен Қарауылқожаны аттандырып, оған Исатайды 200 жігітпен оған қарсы шығады. Бетпе бет келгенде Исатайдың батыр жігіттеріне шамасы келмейтінін біліп, Қарауылқожа кейін қайтады. Осыдан кейін Каспий жағалауындағы халық Қарауылқожа мен Балқы биге бағынудан қашып, Исатай мен Махабеттің төңірегіне тұс тұстан келіп жинала бастайды. Мұның аяғы тарихтан белгілі 1836-37 жылдардағы Бөкей ордасындағы шаруалардың феодалдық қанау мен патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы көтерілісіне ұласады. Көтеріліске Исатай мен Махамбет басшылық жасайды. Көтеріліс бүкіл халықты қамтиды. 1837 жылдың қазан айында Исатай 2000 жауынгермен келіп, хан ордасын қоршап алады. Бірақ көтерілісшілерге қосылғанымен, ханнан қол үзгісі келмеген билердің ықпалымен Исатай орданы бірден басып алмай, хан мен орыс полковнигі Геккемен пайдасыз келіссөз жүргізіп уақытты өткізіп алады. Осы уақытта ханға көмекке жіберілген казак орыс отрядтары ордаға жетіп үлгіреді. Қараша айында Тастөбе деген жерде шешуші шайқас болады. Қанша ерлікпен шайқасқанымен, көтерілісшілер орыстың отты қаруына төтеп бере алмай, жеңіліске ұшырайды. Жазалаушылар көтерілісті аяусыз басады. Тұтқындарға 500-ден 2000- ға дейін дүре соғып, Сібірге айдайды. Аман қалған жігіттермен Исатай Жайықтан өтіп кетеді. Хиуаға хан болам деп жүрген Қайыпқали сұлтанмен уақытша келісім жасап, Исатай 1838 жылы Баймұхаммед сұлтанның ордасына шабуыл жасайды. Осы шайқаста Исатай жау қоршауында шабуыл жасайды. Осы шайқаста Исатай жау қоршауында қалып, қаза табады. Хан Бөкей Исатайдың басқаруына Каспий теңізінің солтүстік жағалауындағы Қарақамыс, Күйгін, Көлденең, Байсары, Кемелі аралдарын береді.Осылайша жасынан алымды, сөзге шешен, бірбеткей, өжет, қара қылды қақжаратын әділ Исатай 21 жасында Беріш руының старшинасы болып ел басқарады, Ордадағы беделді адамдардың біріне айналады. Хан тапсырмасымен ол Петербургке бара жатқан Бұхар елшісін Сарайшықта қарсы алып, Астраханьға дейін қасына ереді. Орынбор шекаралық комиссиясының бастығы генерал Генстің Ішкі Ордаға келген сапарында оның қасында болады. Алайда, жас та болса, бас болған Исатайды көре алмаушылар көбейетүседі. Солардың жапқан жаласынан И.Тайманұлы 1818 жылы Сарайшық түрмесіне қамалады. Беріштің биі Жүзбатыр 20 мың сом ақша беріп, оны түрмеден босатып алады. Ішкі Ордадағы қара халықтың мұң-мұқтажын қорғап, сұлтандар мен билердің әділетсіздігін, зорлық-зомбылығын әшкерелеймін деп жүріп, Исатай 1824 жылы тағы да тұтқындалып, Орынбор түрмесіне жабылады. Бірақ, оған тағылған кінәлар дәлелденбей, ол босатылады. Ішкі Ордада патша үкіметінің отарлық мүддесін іске асырушы хан Жәңгірдің халыққа жасаған озбырлығына И.Тайманұлы әу бастан қарсы болады. Ханнан, оның қайын атасы Қарауылқожадан, сұлтандар мен билерден зәбір көрген қарапайым халық бірте-бірте Исатайдың айналасына жинала бастайды. Оның қоластындағыларға ханның әмірі жүрмейді, ал Исатай батырға Жәңгірдің әлі келмейді. Ханның төңірегінде негізінен төрелер, билер, қожалар, молдалар және соларға ерген аз ғана халық қалады. Исатайдың Жәңгір ханмен келіспеушілігі 19-ғасырдың 30-жылдарының орта кезінде одан әрі шиеленісе түседі. Оған себеп болған жағдай - 1833 жылы маусым айында Жәңгір ханның осыған дейін И.Тайманұлы басқарып келген Каспий теңізінің солтүстік жағалауындағы шөбі шүйгін, суы мол 5 аралды қайынатасы Қарауылқожа Бабажановтың билігіне беріп, Исатайды қарауындағы елімен шаруашылыққа қолайсыз, суы да, шөбі де аз, құм басқан Мыңтөбеге аударуы еді. Жәңгір ханның және басқа да феодалдардың халыққа жасап отырған қысымшылығы туралы И.Тайманұлы бастаған бір топ старшиналар Орынбордағы Шекара комиссиясына, тіпті губернатордың өзіне талай рет арыздар да жазады. Бірақ, одан ешқандай да қорытынды шықпайды. Әртүрлі алым-салықтан күйзелген, жайылым жерден айырылған, казак әскерлері мен жергілікті феодалдардың екі жақты езгісінен әбден шыдамы таусылған бұқара халық қолдарына қару алып, көтеріліске шығады. Бұл - 1836-1837 жылдардағы Бөкей хандығындағы немесе Ішкі Ордадағы батыр Исатай Тайманұлы басқарған халық-азаттық көтеріліс еді. Көтерілістің қозғаушы күші, негізінен, қазақ шаруалары болды. Оның мақсаты - Жәңгір ханның халыққа жасап отырған озбырлығына шек қою, шаруалар жағдайын жақсарту, Қарауылқожаны, Балқы Құдайбергеновті биліктен тайдыру, жер мәселесінде белгілі бір келісімге келу болатын. Исатай Тайманұлы - осы көтерілістің сардары, көсемі, ал "Махамбет - ел-жұртты дабылдатып, көтеріліс рухын көтерген батыр-жырау, көтеріліс жыршысы" (М. Қозыбаев) болды. Жалпы, 1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілістің бүкіл барысында Махамбеттің трибун, жыршы-ақын ретінде Исатай батырдың оң қолы болғандығы тарихтан да белгілі. Көтерілістің басы 1836 жылғы 24 наурызда Қарауылқожа Бабажановтың 800 адамды бастап, Манаш елді мекені маңындағы И.Тайманұлының ауылын қоршауы болып табылады. Алайда, Қарауылқожа тобы 200 сарбазбен өздеріне қарсы шыққан Исатайларға шабуыл жасауға бата алмай, кейін қайтуға мәжбүр болады. Бұрын ешкімнен тауы шағылмаған, қарамағындағы елге дегенін істеп әдеттенген Қарауылқожаның Исатайларға ештеңе істей алмауы бүкіл Бөкей хандығына тарайды. Үстем тапқа ызасы кернеген шаруалар әр жақтан Исатай батырдың қоластына жинала бастайды. 1836 жылғы маусымның соңы мен шілде айының басында И. Тайманұлы бастаған шағын топ ханға халық талабын жеткізу үшін Тасобадан Жасқұсқа аттанады. Исатайлардың келе жатқан хабарын естіген Жәңгір хан Астрахань әскери губернаторынан Орданы қорғау үшін әскер жіберуді сұрайды, сонымен бірге уақыт ұту мақсатында Исатайлардың талаптарын білу үшін оларға өзінің сенімді адамын жібереді. Исатайлар оған Қ.Бабажановты, Б.Құдайбергеновты қызмет орындарынан босату туралы және Исатайдың үлкен ұлы Жақияның қолымен жазылған басқа да талаптарды тапсырып, кейін қайтады. 1837 жылдың жазында Исатай батыр бастаған көтеріліс бүкіл Бөкей хандығына тарайды. Жәңгір хан мен оның айналасындағыларға наразылардың бәрі Исатайдың айналасына жиналады. Келген жігіттер атпен, азық-түлікпен, қару-жарақпен қамтамасыз етіледі. Осылайша, И.Тайманұлы белгілі бір тәртіпке негізделгөн азаматтық және әскери ұйымның басшысына айналады. Сұлтан М.Шөкиннің ханға "Көтерілген шаруалар ешкімге бағынбайды, өз алдына бір республика",-деп жазған мезгіл осы кез болуы керек. 1837 жылдың 16 қыркүйегі күні Исатай батыр бастаған 200-ден астам сарбаздар халыққа әбден жек көрінішті Қарауылқожа Бабажановтың ауылын шабады. Одан алынған мал мен дүние-мүлік шаруаларға таратылып беріледі. 1837 жылғы 17 қазанда көтерілісшілер Балқы Құдайбергеновтің, сұлтан М.Шөкинніңауылдарын шауып, хан ордасы - Жасқұсқа бірте-бірте жақындай түседі. И.Тайманұлының үлкен қолды басқарып, Жасқұсқа келе жатқандығынан хабардар Жәңгір хан Орынбор және Астрахань әскери губернаторларына дереу хат жазып, өзін қорғауын сұрайды. Хан ордасын қорғауға Астраханьнан подполковник Алиев, ал Орынбордан подполковник Геке басқарған зеңбіректермен қаруланған әскерлер аттанады. Ал, 2000-нан астам қолмен хан ордасын қоршаған Исатай батыр біраз уақыт хан елшілерімен, кейін Гекенің елшілерімен нәтижесіз келіссөз жүргізеді. 1837 жылғы қараша айының соңында кең байтақ Қазақстанның шағын бөлшегі - Бөкей хандығындағы шаруалар қозғалысының жаңғырығы Ресей астанасы - Санкт-Петербургке де жетеді. Император И.Тайманұлы бастаған "бүлікшілерді" қатаң жазалауды талап етеді. Махамбет, Үбі, Сегізсері және басқа да батырлардың "хан ордасын шабайық" деген ұсынысын байсалды, сақ, ұстамды Исатай қабылдамайды. Себебі, орданы шапқан күннің өзінде де патша өкіметі оларды тыныштықпен жүргізбейтіндігін, өйткені, Жәңгір ханның артында патша өкіметі мен оның жазалаушы әскерлері тұрғандығын және сол әскерлерге қарсы тұрарлықтай өзінде күштің жоқтығын ескерген Исатай батыр халық талабын ханнан бір жағынан айбармен, екінші жағынан келіссөз арқылы орындатуға күш салады. Егер 18-ғасырдың 80-90-жылдарында Сырым Датұлы басқарған көтеріліс кезінде Нұралы хандықтан қуылса да, Есім хан өлтірілсе де көтерілісшілердің өздерінің түпкі мақсатына жете алмағандығын ескерсек, Исатай батырдың бұл шешімі елдің бүтіндігі мен халықты сақтау жолындағы үлкен көрегендік екендігін ерекше айтуымыз керек. Көтерілісшілер хан ордасын қоршаған кезде патша үкіметінің әскер жіберіп, Жәңгірді құтқаруға ұмтылуының өзі - Исатай батырдың шешімінің дұрыстығын байқатады. Ал, Исатайдың подполковник Гекемен келіссөз жүргізу себебі - күші басым Ресей әскерімен соғыспай, уақыт өткізіп, қыс түсе Жайық өзенінің шығыс бетіне, Кіші жүзге өтіп кетуді ойлағаны болу керек. Хан Жәңгір шақыртқан патша әскерімен Исатай батырдың іріктелген 500 сарбаздарының арасындағы шешуші ұрыс 1837 жылы 15 қарашада Тастөбе деген жерде болады. Көтерілісшілер қаншама ерлікпен шайқасса да, ұрыстыңтағдырын зеңбіректер шешеді. Зеңбіректердің жарылған оғы мен зіркіліне шыдай алмай көтерілісшілер кейін шегінуге мәжбүр болады. Осы ұрыста Исатайдың Мылқым деген әйелі, Ақай атты баласы қаза табады. Тастөбедегі шайқаста көтерілісшілер жағынан 60-қа жуық адам өледі. Исатай батырдың оң қолына оқ тиіп, астындағы аты жараланады. Осы ұрыстағы көтерілісшілердің ерлігіне подполковник Гекенің өзі де қайран қалады. Ол Орынбордағы әскери губернаторға "Исатайлардың өздері мен жанұясын қорғаймын деп шамадан тыс ерлікке, зеңбірекке қарсы шабуылға баруы, олардың соншама ашынғандықтарын көрсетеді",-деп жазған. Тастөбеде қолға түспеген Исатайдың басына, оны тірідей ұстағанға 500 күміс ақша тігіледі. "Оны өлтірген адамға сол ақшаның жартысы беріледі",- деп жарияланады. Егер С.Разин, Е.Пугачев сияқты шаруалар соғысының көсемдерін қиын-қыстау кезеңде қасындағы "жолдастары"0 патша өкіметіне ұстап берген болса, басына қаншама ақша тігілсе де ешкім Исатайды жазалаушылар қолына ұстап бермейді. Керісінше, халық оны және оның сарбаздарын қажетті азық-түлікпен, көлікпен қамтамасыз етіп отырды. Тіпті, аты жарапанып, жаяу соғысқан соңғы сәттерде де жолдастары Исатайды жау қолына қалдырмауға тырысады. Ішкі Ордада бытырап жүрген көтерілісшілердің басын біріктірудің мүмкіндігі жоқ екендігін түсінген И.Тайманұлы бір топ жолдастарымен бірге жазалаушылардан бой тасалай жүріп, Кіші жүзге өтігт кету үшін Жайықтың қатуын күтеді. 1837 жылдың 12 желтоқсанынан 13-не қараған таңда өзінің ескі досы Құрақ Маябасовтың көмегімен И. Тайманұлы бастаған 38 адам ұйтқып соққан боранды пайдаланып, қазіргі Махамбет ауданындағы Сарытоғай елді мекенінен сәл төмен маңда Жайықтың шығыс бетіне - Кіші жүзге өтеді. Олар қараңғылық пен боранның көмегімен арттарынан ілесе қуған казактар мен Баймағанбет сұлтанның адамдарын адастырып үш топқа бөлініп, Тайсойған жаққа бет алады. Өкінішке орай, көп кешікпей, 14 және 24 желтоқсан күндері - Исатайдың әйелі Несібелі, балдызы Бағлан, балалары Жақия мен Дінбаян (Дүмбиян), небәрі 12 адам қуғыншылардың қолына түседі. Кіші жүзге өткен И.Тайманұлы бастаған шағын топ осы жерде патша өкіметінің отарлық саясаты мен сұлтан Баймағанбет Айшуақов бастаған жергілікті феодалдардың қарапайым халықты езіп-жаншуына қарсы азаттық күресті ұйымдастыруға кіріседі. Исатай батыр мен ақын Махамбет бүкіл Кіші жүзді аралап, патша өкіметінің отарлық саясатын және солардың қолшоқпары хандар мен сұлтандардың халыққа жасап отырған озбырлығын шаруаларға түсіндіріп, оларды қолдарына қару алып, өздерінің азаттығы үшін күреске шығуға шақырды. Сол мақсатпен Исатай Махамбетпен бірге Маңғыстауға барып, оның билеушісі Қ.Есімовпен күш біріктіруге уағдаласады Сонымен бірге Хиуа ханы Қайыпқали Есімовке патша әскерлерін тойтару үшін 20 мың әскер беруге уәде етеді. Кіші жүздегі көтерілісті ұйымдастыру барысында Исатай батырдың ел-елдің басын біріктірген шебер дипломат болғандығын байқаймыз. Мысалы, көтерілістің негізгі ошағы болған әлімдер мен Маңғыстау адайлары арасында көптен келе жатқан кикілжің болған. Көтеріліске қатысушы адайлық сарбаздардың Әлім жеріне келетін болуына байланысты Исатай Әлімдер мен Адайларды өзара келістіріп, татуластырады. Маңғыстау адайлары мен түрікмендердің арасында да көптен бері келіспеушілік болады. Ресейдің отарлық саясатына қарсы азаттық көтеріліске аттанған адайлардың тылын қауіпсіздендіру мақсатында Исатай түрікмендермен келіссөз жүргізіп, адайлар мен түрікмен-дерді де мәмілеге келтіріп, келістіреді. И.Тайманұлы бастаған көтерілісшілерге батыр Жоламан Тіленшиев би Жүсіп Құланов бастаған сарбаздар қосылады. Адай, Шеркеш, Таз, Шөмекей, Табын, Кете руларынан Исатай мен Қ.Есімовтың қоластына 3000-дай адам жиналады. Патша өкіметі И.Тайманұлының басқаруымен Кіші жүздің батыс бөлігінде болып жатқан халық наразылығының одан әрі өршуінен қауіптеніп, оны басудың қамына кіріседі. Өйтпеген жағдайда бұл көтеріліс Кіші жүзге қарай жақындап келе жатқаи* Кенесары Қасымов басқарған ұлт-азаттық көтеріліске ұласып, патша өкіметінің отаршылдық езгісіне қарсы халық-азаттық соғысқа айналуы әбден мүмкін еді. Егер оқиға дәл осылай өрбісе, онда Ресей империясының 19-ғасырдың 60-жылдарында Қазақстанды отарлауды аяқтауының өзі неғайбыл жағдайға айналған болар еді. Осыны ескерген Орынбор генерал -губернаторы 1838 жылғы шілде айының басында подполковник Геке басқарған зеңбіректермен қаруланған әскерлерді Исатайларға қарсы аттандырады. Сонымен бір мезгілде Горск қамалынан бір топ әскерді бастап Баймағанбет Айшуақов та шығады. Жазалаушылардың екі тобы 10 шілдеде Үлкен Қобда өзеніне жақын жерде кездеседі. Баймағанбет сұлтан әдейілеп жіберген Балта деген алдаушының сөзіне сеніп қалған аңғал Исатай батыр қасына 500 сарбаз алып, сұлтан Б.Айшуақовтың ауылын шаппақшы болып, негізгі қолдан бөлініп шығады. Жазалаушы әскерлердің келіп жеткендігінен бейхабар Исатайлар тобы 1838 жылғы 12 шілде күні Ақбұлақ өзенінінң жағасында Геке мен Баймағанбет сұлтанның біріккен әскерінінң үстінен шығады. Әскер күші жағынан тең емес шайқаста Исатай батыр бастаған көтерілісшілер асқан ерлік көрсетеді. Алайда, мұнда да Тастөбедегі сияқты ұрыс тағдырын зеңбіректер шешеді. Зеңбірек оғы түскен жерлерден атты сарбаздар бытырай қашады. Исатайдың атына да оқ тиіп, ол казактармен жаяу шайқасады. Махамбет пен Үбі Исатайға өз аттарын тосса да, "ат артына мінгесіп, елге күлкі болғанымнан өлгенім артық, одан да балаларымды сақтаңдар, өздерің қашып құтылыңдар",-деп оларды ілгері жібереді. Ақбұлақ өзенінің жағасындағы кескілескен шайқаста Исатай батыр да, оның 16 жасар ұлы Оспан да қаза табады. Осы шайқастың басы-қасында болған Исатайдың 14 жасар ұлы Досмағанбет астындағы атының жүйріктігі арқасында Махамбетпен бірге жау қолына түспей, құтылып кетеді. Исатай батыр 12 шілде күні қапылыста қаза тапқаннан кейін, көтеріліс одан әрі дамымай, сарбаздар жан-жаққа бытырап кетеді. Қ.Есімов жазалаудан қорқып, Хиуаға қашады. Осылайша, бас-аяғы 6 айға жетпейтін қысқа уақытты қамтыған аумағы мен сарбаздардың саны жағынан Бөкей хандығындағы көтерілістен асып түсетін бүкіл Кіші жүз даласын дүр сілкінткен батыр Исатай Тайманұлы бастаған халық-азаттық көтеріліс жеңіліске ұшырайды. Ол заманда басқаша болуы мүмкін де емес еді. Көтерілісшілерге хан өкіметі мен сұлтандар, патша үкіметінің жақсы қаруланған, арнайы дайындықтан өткен әскерлері қарсы тұрды. Көтерілісшілер Қазақстанның басқа аймағындағы, соның ішінде К.Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалыспен байланыс жасап үлгермеді. Көтерілісшілердің қарау-жарағы да мейлінше нашар болды. Нақты бағдарламаның болжамауы ұйымшылдықтың жетіспеуі де жеңіліс себептерінің бірі болды. И.Тайманұлы бастаған көтеріліс жеңілгенмен, ол Қазақстанның батыс бөлігінің Ресей империясы құрамында кейінгі дамуында терең із қалдырды. Бұдан былай алым-салықтың мөлшерін жылдан-жылға көтере беруге белгілі дәрежеде шек қойылды; патша үкіметінің көтерілісті қолдаған қазақ ауылдарының старшындарымен санасуына тура келді; Ішкі Ордадағы хандық биліктің жойылуы тездеді. Көтеріліс басшысы Исатай Тайманұлы басынан өткен көптеген ауыр әрі қауіпті оқиғаларға мойымай асқан қайсарлық көрсетіп, өз жауларымен өмірінің ақырына дейін алысып өтті. Тек Исатай ғана "өлгенінше көпті соңына ерте алды" (Х.Досмұхамедов). "Тып-тыныш әлемде,-деп жазды орыс журналисі Н.Савичев,-қап-қара тұнық аспанда кейде жарқырап, зулап, жан-жағына отын шашып, жұртты таңқалдырып келе жатқан метеорды көресің. Тап осы метеор сияқты жарқын бейнелі, абзал, терең ақыл-ойдың иесі, халық қамын ойлаған қажырлы батыр -Исатай". Қазақ кедейлерінінң көсемі И.Тайманұлының есімі - мәңгі халық есінде. Ақтөбе облысының Қобда ауданында Исатай батыр мен оның баласы Оспанға шайқас болған жерде ескерткіш орнатылған. Атырау облысы Исатай ауданының орталығы Аққыстауда да Исатай батырдың ескерткіші бар. Атырау қаласындағы орта мектепке, Миялы селосындағы орта мектепке, Жұмыскер селосындағы орталау мектепке батырдың есімі берілген. Батырдың туған жеріндегі "Тайман жалы" деп аталатын орынға мемориалдық тақта қойылып, Аққыстау селосында батырдың мемориалдық мұражайы ашылды. 1991 жылғы қыркүйек айында халық батыры И.Тайманұлының туғанына 200 жыл толуы республика көлемінде аталып өтті. Осы мерейтойға орай Қазақ ССР Ғылым Академиясының ұйымдастыруымен Алматы және Атырау қалаларында ғылыми-теориялық конференциялар өткізілді. И.Тайманұлы мен оның ұрпақтары туралы "Қазақфильм" киностудиясы "Мінгені Исатайдың Ақтабан-ай" атты деректі фильм түсірді. Халық батыры И.Тайманұлының 200 жылдық мерейтойын өткізу - қазіргі ұрпақтың батыр бабалар дәстүріне адалдығының айғағындай оқиға болды. Олай болса, Исатай Таймановтың батырлық өнегесі қазақ халқының мәңгі есіндө. Көнетүркі жазуы. Көнетүркі жазуы (басқаша Орхон-Енесай жазуы) — V ғ. б.з.б. — X ғ. б.з. Орта Асия түркі тайпалары қолданған жазуы. Бірінші табылғаны Орхон өзенінің бойында (Екінші түркіт қағандығы) және Енесай өзенінің жоғарғы ағысында (Кырғыз қағандығы). Кейде руник жазбасы дейді, алман руналарынынан жанасым табып (кейбір нышандар кескіні дәл келіп тұр, дауысты мағынасы да жақын). Жазу әдісі. «Алтын ғасыр» кезіндегі (VIII ғ. б.з.) әліппеге 38 таңба және сөзбөлу нышаны кіреді. Жазу бағысы дерелей, оңнан солға. Жіңішке мен жуан дыбыстылары жазуда айырылмайды, дыбыссыздардын бір бөлшегі артынан жіңішке не жуан дыбысты келгенін сыңар нышандармен белгіленген. Сөзбөлу нышаны сөз арасына қойылады, сөйлем соңы белгіленбейді. Бас-кіші әріпке айырылмайды. Жазу тарихы. Ең ежелгі (V—III ғғ. б.з.б.) жазбалар Қырғызстанда (Иссык, Талас, Балыкчи т.б.) табылған. Жазу түп-тегі анықсыз. Көп нышаны таңбалармен сәйкестігін белгілейді, дыбыс мағынасы акронимнен шыққан деп. Кейбір нышандарға (қырлы келген, жазу бағысы, дыбыс мағынасы сәйкес) қарап ерте семит жазуына туысқандығы ұйғарылып тұр: Библос жазуы және Пүн (финикиялық) жазуы. Орхон-енесай жазбаларын бастапқы кезіндегі зерттеуінде кейбіреулер осы жазу сұғдақ доғал жазуынан шықты деп болжалаған, немесе тіпті қытай жазуының дыбыс белгілейтін нышаншадан шықты деп болжалаған. Соңғы кезде кейбір зерттеушілер кһароштһи жазуынан, немесе бір тамырдан түп-тегін болжалаған. Моңғол басымы кезіне (XIII ғ) дейін әліппе араб, тағы басқа түркі жазуымен қысып шығарылған. Көнетүркі жазуынан басқа көп руника жажулар шыққан - бұлғар руналары, Сәркел қаласындағы (Қазар қағандығы) саз жанғышақтардағы жазбалар, мажар жазуы, талас жазуы және т.б. Ғылыми зерттеуінің негізі XIX ғ. аяғында құрылған. 1893 жылы 25 қазан айында дания лингвисті Уилғелм Томсен жазу мұқамын шешкен. Бірінші таныған сөз — Теңрі (Тәңірі). Кездесетін аумағы. Жазбалар Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Ресей елдерінде кездеседі. Орхон-Енесай жазбалары. Орхон-Енесай жазбасы — Орхон және Енесай өзен бойларында табылған көнетүркі жазуымен жазылған жазбалар. Оның ішінде әйгілі Білге-қаған, Күлтегін, Тоныкөк құлпытастарындағы жазбалар. Көбірек мыннан қараңыз:. Көнетүркі жазуы Шевченко, Тарас Григорьевич. Шевченко, Тарас - әйгілі украин ақыны. Суретші ретінде де тарихта қалған. Орыс әдебиетіне де үлес қосқан саналайды. Бірақ ең бастысы, әрине, украин әдебиетінің "жарық жұлдызы" болғаны, украин халқының санасын оятуының ұлттық нышаны болып саналайды. 1814 жылы наурыздың 9-ында Киев губерниясы Моринцы ауылында дүниеге келген. Қазір бұл ауыл Черкасс облысына қарайды. Дәл крепостнік құқығын жойылған жылы, 1861 жылы наурыздың 10-ында Санкт - Петерборта қайтыс болған. Өзі крепостник шаруа болғанынан, крепостник құқығымен, Ресей империясының патша езгісімен украин халқының еркіндігі үшін күрескен. Кеңес үкіметі кезінде төңкерісшіл большевиктерге жақын идеяларының жақтанушы ретінде бағаланған. Қазір тәуелсіз Украинада украин халқының тәуелсіздігі менен ұлттық дамуы үшін күрескен қаһарман ретінде бағаланады. Халық ақыны болғандықтан, оны "ұлы кобзарь" деп атап кеткен. Патша үкіметіне қарсы шыққаны үшін, оны алдыменен Орынбор облысының Ор қамалына отырғызған, кейін сол облысқа қараған Қазақ даласына - Маңғыстауға айдап тастаған. Айдауда Гоголге, Жуковскийге шағым хаттарын жазады. Айдаудан соң, Тургеневпен жиі кездеседі. Түркия. Түркия - Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жұрт саны - 70 млн. Тәуелсіздігін 1923 ж. алған. Осман империясынын ыдырауының нәтижесінде пайда болды. Кіші Азия түбегінде орналасқан, оны Қара, Жерорта, Эгей мен Мәрмәр теңіздері жан-жақтан қоршайды. Шығыста Грузиямен, Әзірбайжанмен, Иранмен, Армениямен, батыста Болгариямен, Грекиямен, оңтүстікте Ирак пен Сириямен шекаралас. Тарихы. XI ғасырдың соңында Кіші Азия түбегіне Орта Азиядан оғыз тайпаларынан бөлінген көшпенді селжүк тайпалары кірді. Сол кездегі ірі, қуатты Византия империясы да оларға тойтарыс бере алмады. 1071 жылы Манцикерт (түрікше Маназкерт) маңындағы шайқаста селжүктер византиялықтарды күйретті. Нәтижесінде селжүктер олардың Кіші Азиядағы, Сириядағы мен Палестинадағы иеліктерді тартып алды. Бірақ та Ирак, Иран, Сирия, Палестина, Кіші Азияны қамтыған Селжүк империясы біраздан кейін бірнеше бөлікке бөлінді. Оның Кіші Азиядаға бөлігі өзін Конья сұлтандығы деп жариялады оның астанасы Конья (бұрыңғы Иконий) қаласында болды. Крестшілердің жорықтарына, Кіші Азия мен Қиыр Шығыстың корольдіктеріне (Антиохия, Кіші Армения, т.б.) тойтарыс бере алған Конья сұлтандығын 1318 жылда Хулагу хандығы құлатты. Соған дейін, XII ғасырдың басында, Шыңғысханның және оның ұрпақтарының шабуылдардан құтылып, Хорасаннан Сүлеймен ханның басшылығымен оғыздар Арменияға, одан кейін, оның баласы Ертоғырыл ханның кезінде Кіші Азияға көшіп кетті де, Кония сұлтаны Ала-эд-дин Византиямен соғыста көмектесті, сондықтан ол оғыздарға Ангора(Анкара) мен Брусса (Бурса) қалаларының арасындағы жерлерді берді. Ертоғырылдың баласы Осман бей Византиямен күресте оның Кіші Азиядағы көптеген жерлерін тартып алды. Содан кейін, 1299 жылы Осман Кония сұлтандығынан тәуелсіздігін жариялап, Осман мемлекетін құрды. Географиялық орны, табиғат жағдайы. Түркия дүниенің екі бөлігінде орналасқан мемлекет. Жерінің 97 % -ы Азия материгінде, ал 3 %-ы Еуропада жатыр. Батысы мен шығысы 1600 км-ге, солтүстігі мен оңтүстігі 550 км-ге созылған. Жағалауын солтүстігінде Қара теңіз, батысында Эгей теңізі, оңтүстігінде Жерорта теңізі сулары шайып жатыр. Географиялық орнының ерекшелігі Еуропа мен Азия материгінің тоғысқан жерінде орналасқандығы. Босфор бұғазы үстінде салынған көпір Азия мен Еуропа материктерін жалғастырып тұр. Көпір 1973 жылы қазан айының 30-да Түрік Республикасының 50 жылдық құрметіне ашылған. Ұзындығы 1074 м, биіктігі 64 м. Оның құрылысында түріктермен қатар ағылшындар, немістер, жапондықтар еңбек етті. Қазір бұл көпір жаңа Түркияның символы сияқты. Босфор, Дарданелл бұғаздары мен Мәрмәр теңізі халықаралық маңызы бар су жолы. Босфор, Дарданелл бұғаздары тек Азия мен Еуропа арасындағы шекара емес, сонымен қатар Қара теңізді Дүниежүзілік мұхитпен жалғастырып жатқан су көлігі жүйесі. Түркияның «Анадолы» деп аталатын бөлігі Кіші Азия түбегінде, қалған бөлігі Еуропаның Балқан түбегінде. Босфор бұғазының жарлауытты жағалауларында Түркияның үлкен ірі портты қаласы Ыстанбұл орналасқан. Ертеде Ыстамбұл Шығыс Рим империясының (Византияның) астанасы болған. Қала ол кезде Константинополь деп аталатын, 1453 жылы қаланы түріктер басып алып, жаңадан Ыстамбұл деп атаған. Генерал Мұстафа Кемал Ататүрктің басқаруымен түрік халқының ұлт – азаттық көтерілісі нәтижесінде (1918 – 1923 ж.) 1923 жылы қазанның 29-да Түркия Республикасы құрылып, Түркия Республикасының тұңғыш президенті болып Мұстафа Кемал Ататүрк сайланды. Елдің астанасы Ыстамбұлдан Анкараға көшірілді. Түркияның құрлықтағы шекарасының ұзындығы 618 км, шығысында Армения, Грузия,Әзірбайжан, Иранмен оңтүстігінде Ирак, Сириямен, батысында Греция, Болгариямен, солтүстігінде Қара теңіз арқылы Румыния, Украина, Ресей Федерациясымен шектеседі. Жер бедері. Түркияның Еуропадағы Шығыс Фракия немесе Румеслей деп аталатын бөлігі биіктігі 1000 м-дей үстіртті төбелі болып келеді. Азия бөлігін (Кіші азия немесе Анадолы) түгелдей Кіші азия таулы қыраты алып жатыр. Елде ойпатты жерлер аз, тек теңіз жағалаулары мен өзен птырауларында онша үлкен емес жерлерді қамтиды. Қара теңіз жағалауына қатарласа ұзындығы 1000 км-ге созылған Понти таулары алып жатыр. Понти тауларының орташа биіктігі 2500 м., шығысындағы Качкар тауының биіктігі 3931 м. жартасты болып келетін альпілік шатқал тармақтарын асып өтетін тау аңғарларының болмауы елді мекендердің қарым-қатынасын қиындатады. Түркияның оңтүстігінде Жерорта теңізі жағалауында Тавр күрделі тау жотасы орналасқан. Тавр таулары Батыс, Орталық және Шығыс Тавр жоталары болып бөлінеді. Батыс Тавр таулары. Анталья бұғазы мен ойпатын доға тәрізді қоршап жатыр. Ең биік жері Бедаг (3086 м.) тауы. Тау жоталары арасында тұщы көлдерден Бейшехир, Эгридир, Сугла, ал тұзды көлдерден Аджиғөл, Ақшекер бар. Орталық Тавр тау жоталары Батыс Тавр тауларына қарағанда жер бедері альпілік және биік болып келеді. Көптеген тау жоталарының биіктігі 3000 м-ден биік батысында Жерорта теңізіне жарасты болып құлай енеді. Мерсин тауының оңтүстігінде Адана аллювиальды ойпаты орналасқан. Шығыс Тавр. Тау жоталары Мұрат өзені мен Ван көлінен Шығыс шекараға дейінгі аралықта жатыр. Осы аралықта Джило тау торабының биіктігі 4168 м. Тау жоталары Фыратт және Джиле өзендерінің аңғарымен тілімделген. Шығыс Таврдан оңтүстікке қарай кең алқапты Диярбақыр қазаншұңқыры алып жатыр. Шығыс Анадолының табиғаты әсем, теңіз деңгейінен 1720 м биіктікте Ван көлі орналасқан. Елдің солтүстік шығысында Армя Республикасымен шекаралас ауданда Түркия Республикасының ең биік шыңы Үлкен Ағры тауы орналасқан. Ол сөнген жанартау, оның биіктігі 5165 м. Үлкен Ағры тауының қасында тағы бір сөнген жанартау Кіші Арғы (3925 м.) орналасқан. Түркия аумағының көп жер бөлігі сейсмкалық аймаққа жатады. Эгей теңізі аумағы мен елдің шығысында жер сілкіну жиі болып тұрады. Географиялық орны, табиғат жағдайы. Түркия дүниенің екі бөлігінде орналасқан мемлекет. Жерінің 97 % -ы Азия материгінде, ал 3 %-ы Еуропада жатыр. Батысы мен шығысы 1600 км-ге, солтүстігі мен оңтүстігі 550 км-ге созылған. Жағалауын солтүстігінде Қара теңіз, батысында Эгей теңізі, оңтүстігінде Жерорта теңізі сулары шайып жатыр. Географиялық орнының ерекшелігі Еуропа мен Азия материгінің тоғысқан жерінде орналасқандығы. Босфор бұғазы үстінде салынған көпір Азия мен Еуропа материктерін жалғастырып тұр. Көпір 1973 жылы қазан айының 30-да Түрік Республикасының 50 жылдық құрметіне ашылған. Ұзындығы 1074 м, биіктігі 64 м. Оның құрылысында түріктермен қатар ағылшындар, немістер, жапондықтар еңбек етті. Қазір бұл көпір жаңа Түркияның символы сияқты. Босфор, Дарданелл бұғаздары мен Мәрмәр теңізі халықаралық маңызы бар су жолы. Босфор, Дарданелл бұғаздары тек Азия мен Еуропа арасындағы шекара емес, сонымен қатар Қара теңізді Дүниежүзілік мұхитпен жалғастырып жатқан су көлігі жүйесі. Түркияның «Анадолы» деп аталатын бөлігі Кіші Азия түбегінде, қалған бөлігі Еуропаның Балқан түбегінде. Босфор бұғазының жарлауытты жағалауларында Түркияның үлкен ірі портты қаласы Ыстанбұл орналасқан. Ертеде Ыстамбұл Шығыс Рим империясының (Византияның) астанасы болған. Қала ол кезде Константинополь деп аталатын, 1453 жылы қаланы түріктер басып алып, жаңадан Ыстамбұл деп атаған. Генерал Мұстафа Кемал Ататүрктің басқаруымен түрік халқының ұлт – азаттық көтерілісі нәтижесінде (1918 – 1923 ж.) 1923 жылы қазанның 29-да Түркия Республикасы құрылып, Түркия Республикасының тұңғыш президенті болып Мұстафа Кемал Ататүрк сайланды. Елдің астанасы Ыстамбұлдан Анкараға көшірілді. Түркияның құрлықтағы шекарасының ұзындығы 618 км, шығысында Армения, Грузия,Әзірбайжан, Иранмен оңтүстігінде Ирак, Сириямен, батысында Греция, Болгариямен, солтүстігінде Қара теңіз арқылы Румыния, Украина, Ресей Федерациясымен шектеседі. Жер бедері. Түркияның Еуропадағы Шығыс Фракия немесе Румеслей деп аталатын бөлігі биіктігі 1000 м-дей үстіртті төбелі болып келеді. Азия бөлігін (Кіші азия немесе Анадолы) түгелдей Кіші азия таулы қыраты алып жатыр. Елде ойпатты жерлер аз, тек теңіз жағалаулары мен өзен птырауларында онша үлкен емес жерлерді қамтиды. Қара теңіз жағалауына қатарласа ұзындығы 1000 км-ге созылған Понти таулары алып жатыр. Понти тауларының орташа биіктігі 2500 м., шығысындағы Качкар тауының биіктігі 3931 м. жартасты болып келетін альпілік шатқал тармақтарын асып өтетін тау аңғарларының болмауы елді мекендердің қарым-қатынасын қиындатады. Түркияның оңтүстігінде Жерорта теңізі жағалауында Тавр күрделі тау жотасы орналасқан. Тавр таулары Батыс, Орталық және Шығыс Тавр жоталары болып бөлінеді. Батыс Тавр таулары. Анталья бұғазы мен ойпатын доға тәрізді қоршап жатыр. Ең биік жері Бедаг (3086 м.) тауы. Тау жоталары арасында тұщы көлдерден Бейшехир, Эгридир, Сугла, ал тұзды көлдерден Аджиғөл, Ақшекер бар. Орталық Тавр тау жоталары Батыс Тавр тауларына қарағанда жер бедері альпілік және биік болып келеді. Көптеген тау жоталарының биіктігі 3000 м-ден биік батысында Жерорта теңізіне жарасты болып құлай енеді. Мерсин тауының оңтүстігінде Адана аллювиальды ойпаты орналасқан. Шығыс Тавр. Тау жоталары Мұрат өзені мен Ван көлінен Шығыс шекараға дейінгі аралықта жатыр. Осы аралықта Джило тау торабының биіктігі 4168 м. Тау жоталары Фыратт және Джиле өзендерінің аңғарымен тілімделген. Шығыс Таврдан оңтүстікке қарай кең алқапты Диярбақыр қазаншұңқыры алып жатыр. Шығыс Анадолының табиғаты әсем, теңіз деңгейінен 1720 м биіктікте Ван көлі орналасқан. Елдің солтүстік шығысында Армя Республикасымен шекаралас ауданда Түркия Республикасының ең биік шыңы Үлкен Ағры тауы орналасқан. Ол сөнген жанартау, оның биіктігі 5165 м. Үлкен Ағры тауының қасында тағы бір сөнген жанартау Кіші Арғы (3925 м.) орналасқан. Түркия аумағының көп жер бөлігі сейсмкалық аймаққа жатады. Эгей теңізі аумағы мен елдің шығысында жер сілкіну жиі болып тұрады. PHP. PHP (— «PHP: еренмәтінді алдын-ала үдірістегіш») — Веб-серверде HTML беттерін құру және дерекқормен жұмыс істеуге арналған скрипті программалау тілі. Қазіргі күндерде хостинг қызметін ұсынатындардың көпшілігімен қолданады. LAMP веб-торап жасауға арналған стандартты жинақталымына енеді. Тілдің оңайлығы, орындалу жылдамдығы, функциялық байлығы және PHP негізіндеге әуелгі кодтардың кеңге таралуының арқасында PHP тілі Торда программалау саласында ең белгілі тілдердің бірі боп есептелінеді (JSP мен ASP-де қолданылатын тілдермен қатар). Бұл тілдің айрықшылығы ядро мен соған қосылатын модульдарында. Соңғылары дерекқор, сокет, динамикалық графика, криптографиялық кітапханалар, PDF форматты құжаттармен және т.б. жұмыс істеуге арналған. Бұндай модульды қалаған адам дамытып қоса алады. Модульдардың саны бір неше жүз болғанымен, стандарттық жабдықтауға тек жақсы нәтиже көрсеткен бір неше оны ғана кіреді. PHP интерпретаторы веб-серверге не арнайы сол сервер үшін жасалған модуль арқылы (мысалы, Apache әлде IIS), не CGI-қосымшасы ретінде қосылады. Бұған қоса, UNIX, Linux, Windows және Max OS X амалдық жүйелерінде әкімшілік тапсырыстарын атқаруға пайдаланылуы мүмкін. Бірақ PHP тілі бұл салада кең өріс алмаған, бұған қарағанда Perl, Python және VBScript тілдері айтарлықтай нәтиже көрсетіп отыр. Тілдің синтаксисі Си тәріздес. Ассоциаттивтік массивтар мен foreach циклі секілді кейбір элементтері Perl тілінен алынған. Қазіргі заманда PHP жүздеген мың дамытушылармен пайдалануда. Интернет желісі сайттарының 5-тен бірі осы тілде жазылған. PHP дамытушылар тобы тідің ядросы, қосымшаларымен жұмыс істейтін, соған қатар PEAR не тілдің құжаттамасы сияқты байланысты жобалармен айналысатын көптеген адамдардан тұрады. Windows сөзнамасы. __NOTOC__ Фенербахче СК. Фенербахче СК (— Фенербахче спорт клубы, жалпы Фенербахче атауымен белгілі) — Ыстамбұл, Түркия спорт клубы. Ыстамбұл қаласының Фенербахче деген ауданында орналасқан. Аудан және спорт клуб атауы сол аудандағы белгілі бір "ақ үйден" шыққан (— «ақ үй»). Осы клубтың ең әйгілі тарауы ескі уақыттан бері келген футбол тобы болады, дегенмен клуб басқа тараулардада жарысқа шығады, атап айтқанда: баскетбол, уолейбол, есу, бокс, желкенді жарыс, атлетика, жүзу және үстел теннисі. Мошовце. Мошовце (словакша: Mošovce) — орта Словакияда қоныстанған бір үлкен ауыл. 1380 жыл шамасында орнатылған. Әйгілі тарихи мадениет мұралары бар. Бұл жерде данышпан словак жазушысы Ян Коллар (Ján Kollár) туған. Еугеника. Еугеника (немесе Еугенизм) — адамзаттың асылдандыруына қараған құштарлығымен сипатталады. Көне заманнан келе жатқан бұл құштарлық адамның «жаман» деп саналған жақтарын жою немесе керісінше «жақсы» деп саналған жақтарын күшейту арқылы жүзеге асады. Еугенизмді, оның адамның қоғам және коллективтік тәжірибесі ретінде, өріс алған жеке, ұрпақатырына керектісін қамтамасыз ету немесе ұрпақтарының ең абзалына ғана болысу сияқты тәжірибеден (адам мен жануарда) айыра білу қажет. Жоғарыда аталған стратегиялар, жалпы алғанда, адам затының келешектегі қамқорлығын емес, өз ұрпағының немесе туыстарының қамкорлығын ғана қамтамасыз етуіне бағытталады. Алайда екеуінің де қолданған әдістері мен мақсаттары бірдей. Джеффри Миллер өзінің "The mating mind" атты кітабында опасыздықтың (адамда және жұптасып өмір сүрген жануарларда) себебін асылдандырудың маңызды әдісі ретінде түсіндіреді. Евгенизм өзінің қатаң мәнінде — этикалық екі жақты мәселе. Біріншісі — таңдау кезіндегі субьективтілік, екіншісі — мәжбүр ету (нашар деп саналған адамдарға, немесе ұрпақтануға арналған адамның басқа адаммен (және тек сол адаммен ғана) жұптасуына бағытталған мәжбүр). 20 ғ. барысында евгенисттік саясат (нацисттік Алмания сияқты) өзінің зардаптарын көрсетті. Ел тізімі. Осы бетте әліппемен сұрыпталған бүкіл әлем Ел тізімі беріледі, оның ішіне кіретін: "халықаралық танылған" және "жалпы танылмаған" тәуелсіз мемлекеттер, тұрғынсыз тәуелді жерлер, сонымен бірге арнайы егемендігі бар аумақтар. Тізімделген елдердің құқықтық биліктегі барлық аумақтар кіреді, соның ішінде ел жері, ел суы (соның ішінде ішкі су аумағы және ұласқан аумағы), Ерекше економикалық аумақ, құрылық шелф және әуе кеңістігі. Тек тәуелсіз ел тізімін көру үшін, see the "егеменді ел тізімін" қараңыз. Осы тізімдегі ел атаулары қазақ тілінің фонетикасы заңымен беріледі. Тізімдің негізі қазақтың ел атау дәстүрімен беріледі. Сосын ҚазАқпарат агенттігі және Егемен Қазақстан гәзетінің қолданысымен, Қазақстанның шетелдегі елшіліктері атауымен беріледі. Атау аударуы бауырлас түрік тілімен салыстырылған, және араб не Исләм ел атаулары қазақ мәдениетіне ықпал еткен араб тілі бойынша, сосын фонетика құрылысы түркі тілдеріне жақын франсуз тілі негіздерінде жасалған. Сонымен, қазақша қысқартылған атаулар нұсқасын (мысалы, Ауғанстан) және қазақша толық атаулар нұсқасын (мысалы, Ауғанстан Исләм Республикасы) төменде қараңыз. Осі тізімге кірген қайсы болса атау әрібір ел арасындағы атау талқылауында ресми көзғарас боп есептелмейді. Кейбір ескірген ел атауларын мынадан қараңыз. Осы мақалаға кірген елдер. Қосымшада осы тізімге кірмеген ел мен жер атап өтілген. Байқоңыр. Байқоңыр — Қазақстан Республикалық маңызы бар қаласы. Байқоңыр қаласы «Байқоңыр космодромы» мен бірге 2050 жылға дейін Ресейге жалға беруліде. HTML. __NOTITLECONVERT__ -- (— «еренмәтін белгілеу тілі») - уебшолғышта көрсетілуге арнаулы еренмәтін мен басқа ақпараттан тұратын уеббеттерді жасауға арналған белгілеу тілі. HTML (HyperTextMarkupLanguage) – бұл құжаттарды кодтау үшін қолданылатын гипертекстік белгілеу тілі. HTML ді көбі программалау тілі деп ойласа да, бұл программалау тілі емес. HTML – мәтінді белгілеу тілі. HTML құжаттарды көру үшін браузерларды қолданамыз. Браузер-программалардың саны өте көп, мысалы көп таралғандар Netscape Communicator, Microsoft Internet Explorer, Opera. HTML тiлiнде колданылатын командаларды “тег” деп айтамыз. HTML тiліндегi тегтер екi топқа бөлiнедi: жұпты, жұпсыз. Жұпты тегтер дегенiмiз, бiр тег ашылса, келесi тег оны жабады. Мысалы, тегтiң жұмысын ашады да келесi тегi оны жабады. ашылуы, жабылуы. Жұпсыз тегтер дегенiмiз, тег ашылады да қолданыла бередi. Мысалы, т.с.с. Көрсетілген мысалдарды компьютерде көрү үшін мәтінді Блокнот программасына теріп, оны htm түрінде сақтаңыз. Файлды браузерде ашыңыз. Ел тізіміне қосымша. In this Annex to the List of countries an outline is given on the entities not included in that list. Қазақстан жоғарғы оқу орын тізімі. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында 180 жоғары оқу орны жұмыс істейді. Оның 13-і азаматтық емес, 167-сі азаматтық оқу орындары. Азаматтық оқу орындарының 55-і мемлекеттік, 112-сі мемлекеттік емес жоғары оқу орны боп табылады. Джексон, Майкл. Майкл Джексон (1958 жылы Гери, Индиана қаласында туды - 25 маусым, 2009 жыл) - американдық әнші, биші, актер. Jackson 5 тобында жетекші вокалист болып өнер көрсеткен ол 11 жасында халықаралық танымал әнші бола бастады, артынша барша әлемге танымал атақты «поп-музыка королі» атанады. Ең кеңінен мойындалған Куинси Джонс продюсердің жетекшілігімен жазылған келесі үш альбомы болды: «Off the Wall» (1979), «Thriller» (1982) және «Bad» (1987), соның ішіндегі «Thriller» Гиннесс рекордтар кітабына тарихтағы ең жақсы сатылған диск ретінде енген. Джексон қоржынында 13 Грэмми марапаты бар, соншама рет оның әндері АҚШ сатылым чарты көш босшысы болды. Яссауи, Қожа Ахмет. Қожа Ахмет Яссауи (? — 1166 ж.) — түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының, байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын, пәлсапашы. Өз аты Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Яссауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық үшін айтсақ, Яссы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын туыстарының қолына келіп, бала кезнен өскен жері. Ақынның туған жері қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы. Әкесі Ибрахим мұсылманша сауаты бар, сөз қадірін білетін білікті адам болған. Шешесінің аты — Қарашаш. Ата-анасынан ерте айырылған ол атақты түркі шейхы Арыстан баб және Жүсіп Хамадани деген шейхтардан тәлім-тәрбие, білім, бата алады. Білімін Бұхарадан жалғастырады. Өзінің ұстазы кайтыс болған соң көп ұзамай туған қаласына оқымысты адам, сопы ретінде қайтып оралады. ... Ысқақ баба жұрыны, шейх Ибраһим Құлыны, Машайықтар ұлығы - шейхым Ахмет Ясауи. ….Иасы оның арасы, жатыр гауһар парасы, Машайыктар сарасы - шейхым Ахмед Ясауи. Ахмет Бұқар қаласында Юсуф Хамаданидан діни білім алғаннан кейін, Түркістанға келіп, сол кезде Орталық Азияда кең тараған сопылық, діни-тақуалық идеялардың ірі насихатшысына айналады. ... Он жетімде Түркістанда тұрдым, міне Рузы қылды, Жәннат кезіп қорлар кұштым, «Диуани Хикмет». Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы — «Диуани Хикмат» (Хикмат жинақ). Бұл шығарма алғаш рет 1878 ж. жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Ыстамбұл, Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылады. Соның бірі 1901 ж. Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шығарған нұсқасы болатын. Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кемшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді. «Диуани Хикматтан» түркі халықтарына, соның ішінде қазақ халқына, ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады. Түркістан қаласында жерленген Қожа Ахмет Яссауи «әзіреті сұлтан» аталып, басына 14 ғ. аяғында атақты Ақсақ Темір күмбезді сағана орнаттырады. Семей мемлекеттiк медицина академиясы. Мекен-жайы: 490109, Семей қ., Абай көшесi, 103 «А» Түркістан (қала). Түркістан — Қазақстандағы қала. Түркістан – V-VІ ғасырларда іргетасы қаланған. Есім ханнан бастау алып, XІV-ХVIIІ ғасырларда Қазақ хандығының астанасы болған. Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. ХІV ғасырда Ақсақ Темір іргетасын қалаған Қожа Ахмет Иасауи кесенесі бар. Бұл қалада Қожа Ахмет Иасауи өзінің уағызшылық қызметін жүргізген. Кесене аумағында Қаз дауысты Қазыбек би, Абылай хан, Есім хан, Хақназар хан, Тәуке хан, Қанжығалы қарт Бөгенбай батыр тағы басқалар жерленген. Енді осы жерде Ахмет Ясауи Университеті құрылды. Түркі Әлемінен келген балалар осы жерде білім алады. Өзбек тілі. Men kelganimda u kelgan edi. (Мен келгәнімдә ұ келгән еді)-Қазақшасы:Мен келгенімде ол келген еді. Уикипедия. Уикипедия - (, IPA:, не, немесе) — халықаралық Веб технологияларына негізделінген мазмұны тегін және ашық энциклопедиялық жоба. «Уикимедия қоры» мекемесі арқасында құпталған. Аты «уики» (сайт құру технологиясы) және энциклопедия сөздерінен құрылған. Уикипедиядағы материалдар саны 14,5 миллионға жуық, ал оның ішінде орыс тілінде 470 179, өз уақытында бүкіл әлемдегі еріктілермен жасалынған. Әр бір материалдар мен тақырыптарды өзгертуге кез келген Уикипедия сайтына кірген тұтынушының құқығы бар. Уикипедияға қатысушыларды «Уикипедистер» деп аталады. Ең бірішні 2001 жылы Қаңтар айында Джимии Уэлсон мен Ларри Сэнгером шығарған «Уикипедия» қазіргі күнде интернеттегі ең үлкен және ең әйгілі мағлұматнама болып келеді. Көлеміне және қамтитын тақырыптар санына байланысты «Уикипедия» әлем тарихындағы ең толық энциклопедия болып саналады және ең үлкен артықшылықтарының бірі- ақпаратты әр түрлі тілде қамтамасыз етеді. Сынағыштар Уикипедия жүйесінің тиімділігімен мен сәйкессіздігіне назар аударуда және ақпарат дұрыстығы сұрақ туғызады.Келесі сынақ тексерілмеген хабар, ақпарат енгізу мен вандализм қауіпіне жинақталған. Ғылыми жұмысшылар вандализм акті көп ұзамай өмір сүретінін айғақтайды. Энциклопедиялық мағлұматнама функциясынан басқа, Уикипедия жиі жаңартылуы арқасында желілік ақпарат тасымалдау көзіне айналды. Уики-(ағыл. Wiki) веб-сайт, арнайы құралдармен сайт құрылымын әр тұтынушыға өзгертуге мүмкіндік береді.Әйгілі уики-сайт-Викепедия. Ең алғаш «уики» термині сайттарды сипаттау үшін 1995 жылы Уорд Каннингем қолданды, бірінші уики-жүйе Wikiwikiweb, гавай тілінде «жылдам» деген мағынаны білдіреді. Тағы қараңыз. Қазақша Уикипедия Ел тізімі (жалпы қабылданған атаулар). Бұл тізімде әлем елдерінің ресми не жалпы қабылданған атаулары беріліп тұр. Кейбір елдер атаулары әлі де қазақ тілінде орын таппағандықтарынан бұл тізімге еңбей тұр. Толық ел тізімін қазақ фонетикасының заңдарымен келтірілген мына тізімнен қарай аласыз. Семей. Семей қаласының алғашқы атауы Доржинкит болған. Қаланың қазіргі жерінде будда монахтары турған деседи, ал қала солардың бірінің атымен аталып кеткен. Ал қала бар болғаны жеті үйден тұрған екен. Кейін Ресей империясының тұсында бұл жерде орыстар бекініс салып, оны "Семь палат" ("Жеті шатыр")деп атапты. Кеңес дәуірінде бұл қала Семипалатинск деп аталып жүрді. ал 2007-жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев қаланың атауын ресми түрде Семей деп ауыстырды. Өскемен. Өскемен - Шығыс Қазақстан облысындағы өнеркәсіп, мәдениет және әкімшілдік орталықтардың бірі. Қала негізі 1720 жылы Ертіс пен Үлбі өзенінің құйылысында қаланған. Гимні. Сөзін жазғандар: В. Юркина, С. Апасова 1. В самом сердце Рудного Алтая 2. Твой металл известен всей планете, Здесь в хоккей играют наши дети, В Высшей Лиге знают твой хоккей! Ту Өскемен қаласының елтаңбасы бейнеленген ортасынан шетіне қарай ығысқан ағаштан тұратын тіктөртбұрышты, ақ түсті мата болып табылады.Ағаштың ұлттық оюмен өрнектелген жолағы бар. Матаның қарама-қарсы жақтарында тілше жасайтын екі диагональді жолақтар бірігеді, бұл Үлбі және Ертіс өзендерінің қосылуын көрсетеді.Мемлекеттік ту көгілдір түсті, ою және диагоналды жолақтар қаланың өлкелік тиістілігін бейнелейді. Түстердің (ақ, көгілдір, елтаңбаның көптүрлігі) тіркесімі тазалықты, байлықты, өркендеуді білдіреді. Тудың ені мен ұзындығының қатынасы 1:2 Елтаңбаның негізінде – араларында су кеңістіктері бар тау шыңдары бейнеленген классикалық түрдегі қалқан.ОЛ жасыл жағалаулармен жиектелген Үлбі және Ертіс өзендерін бейнелейді. Елтаңбаның жоғарғы бөлігінде – қаланың аталуы, төменгі бөлігінде қамалдың орналақан жылы жазылған лентамен оралған күзеттік мұнара. Елтаңбаның түсі: сары – байлық пен күшті, көк – сұлулық пен ұлылықты,жасыл – табиғи байлықты білдіреді. Елтаңбаның ені мен ұзындығының қатынасы 4:3 Өскемен - Шығыс Қазақстан облысындағы өнеркәсіп, мәдениет және әкімшілдік орталықтардың бірі. Қала негізі 1720 жылы Ертіс пен Климаты шұғыл континенталдық. Қаңтардағы орташа температура -17 тен -26 градусқа, шілде айында +19,6 тен +23 градусқа дейін көтеріледі. Ауа райының абсалюттік көрсеткіші қыста -55, жазда +41 градус. Жауын шашынның түсу мөлшері әркелкі, негізінен жылына 1000мм. 2004 жылдың 1-қазанына дейінгі мәлмет бойынша қала халқының саны 302,9 мың адам, соның ішінде 292,2 мыңы қала, 10,7 мыңы ауыл тұрғындары. Қала территориясына Меновной ауылдық округына кіретін Ахмер, Жаңа Ахмер, Ново-Явленка, Самсоновка, Меновной, Ново-Троицк, Прудхоз ауылдары қосылған. Жергілікті мемлекеттік басқару өкілеттік және атқару органдары арқылы жүргізіледі. Атқару билігін қала әкімі жүзеге асырады. Жергілікті мемлекеттік басқару қызметінің экономикалық және қаржылай негізін қалалық коммуналдық меншік құзырындағы жергілікті бюджет пен мүлік құрайды. Экономикалық құрылымда өнеркәсіп 57%, сауда 29%, құрлыс 10%, көлік және байланыс 2%, ауыл шаруашылығы 1% алады. Өскемен қаласының облыстық жалпы ішкі өнімдегі үлесі өнеркәсіпте 49,7%, негізгі капиталға инвестиция салуда 46,2%, жолаушыларды тасымалдауда 50,4%, сыртқы сауда айналымында 72,1%, саудада 51,7% ауыл шаруашылығында 1,2% құрайды. Тарихы. а) Ресейдің шығыс шекараларын қамтамасыз ету; б) шығыс елдерімен сауда байланысын кеңейту; Бекіністі Үлбінің Ертіс өзеніне құяр жерінен салу жоспарланды. Отрядтың командирі гвардия майоры Иван Михайлович Лихарев император Петр I «рапорт» жазды. 1720 жылғы 12-17 тамыз күндері қамалдың құрылысы басталды. И.М. Лихарев подполковник Ступиннің басқаруымен 363 адамнан тұратын гарнизон қалдырды. Құрылысқа инженер Летранже жетекшілік етті. екіністі Үлбінің Ертіс өзеніне құяр жерінен салу жоспарланды. Отрядтың командирі гвардия майоры Иван Михайлович Лихарев император Петр I «рапорт» жазды. 1720 жылғы 12-17 тамыз күндері қамалдың құрылысы басталды. И.М. Лихарев подполковник Ступиннің басқаруымен 363 адамнан тұратын гарнизон қалдырды. Құрылысқа инженер Летранже жетекшілік етті. Уақыт өте келе бекіністің жанынан адамдар қоныс тебе бастады. Ауыл болып, одан станица атанды. Станица 1804 жылдан қалашық деп атала бастады. Ал 1868 жылы Өскеменге қала статусы берілді. Қалада сауда, ауылшаруашылығы өнімдерін өңдейтін өндіріс орындары дами бастады, айлақ (пристань) құрылысы басталды. Кейіннен жеңіл өнеркәсіп, теміржол құрылысы салына бастады. Ұлы Отан соғысы жылдары ауыр өнеркәсіп дамыды. Өнеркәсіп. Қаланың экономикалық ахуалы соғы жылдары тұрақты даму үстінде. Оған жылдан-жылға өсіп келе жатқан өнеркәсіп көрсеткіштері ықпал етіп отыр (2000ж – 12,2%, 2001ж - 116,3%, 2002ж - 102,3%, 2003ж - 105,8%, 2004ж – 105,9%). Экономиканың басты тұтқасы түсті металургия. Бұл сала обылыс, сол секілді қала экономиасының барометрі болып табылады. Қала өнеркәсібі жалпы республика шеңберінде танымал кәсіпорындармен атақты, олар "Үлбі металургия заводы" АҚ, "Қазмырыш" ҰҚ, "Өскемен титан-магний заводы" АҚ және т.б. Машина жасау кешенінде "Шығысмашзавод" ААҚ, "Азия-Авто" АҚ, "Өскемен арматура заводы" АҚ, "Өскемен конденсатор заводы" АҚ басқа да кәсіпорындаржұмыс істеп, негізінен тау кен және өңдеу жабдықтарын, мұнай-газ құбыры арматурасы, автомобиль, конденсатор жасаумен айналысады. Қалада ірі тамақ өнеркәсіптері де орналасқан, атап айтсақ: "Май" ААҚ, "Эмиль" ЖШС, "Үлбі-Комплекс" ЖШС, "Әділ" ААҚ. Өндіріс орындары ет және сүт өңдеу, өсімдік және сары май, кондитер, ликер өнімдерін және т.б. ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге бағытталған. Атақты адамдар. СЛАВСКИЙ Ефим Павлович, 1898ж.т., Бірінші атты әскер армиясының комиссары болған. Мәскеу түсті металдар институтын бітіргеннен кейін Орджоникидзе қаласында “ Электроцинк” зауытының директоры қызметін атқарған. Славский Е.Ф. машинажасау министрі кезінде Өскемен қаласын дамытуға еңбек сіңірді. ПРОТОЗАНОВ Александр Константинович, 1915 ж.т. 1969-1984 жылдар аралығында Шығыс –Қазақстан обкомының бірінші хатшысы болған. Осы жылдары Жаңа Сограда теплица, сол сияқты, құс фабрикасы, кинотетрлар, мәдениет үйлері тұрғызылды. ЧИСТЯКОВ Михаил Иванович, 1917ж.т., майдангер, ақын,Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі.Жуықта ақынның жаңа жинағы жарық көрді. КУЛЕНОВ Ахат Салемхатович, УК СЦК” АҚ бұрынғы президенті. Оның бастамасымен комбинатта алтын және күміс өндірілді. Ахат Сәлемхатович Ертістің сол жағалауына тұрғын –үй коттедждері құрылысын ұйымдастырды, халықтың айтуынша Куленов немесе Металлургтер поселкасы деп аталады. ИВАНОВ Анатолий Степанович, 1928., жазушы, “ Повитель”, “Тени исчезают в полдень”, “ Вечный зов” романдарының авторы. БАТАЛОВ Юрий Васильевич, Д.Серікбаев атындағы Шығыс –Қазақстан техникалық университетінің ректоры. Ю. В.Баталовтың тұсында Өскемен құрлыс-жол институты Қазақстанның ең ірі оқу орнының біріне айналды. МАМБЕТКАЗИЕВ Ережеп Альхаирович, 1937 ж.т., Шығыс –Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры. Ережеп Әлхайырұлының ұйымдастыруымен бұл оқу орны Қазақстанда бірінші болып классикалық университет статусын алды. ШАЯХМЕТОВ Багдат Мухаметович, қарапайым жұмысшыдан Өскемен титан-магний комбинатының директорлығына дейінгі жолдан өтті. Комбинатты 90 – шы жылдардағы экономикалық қысымнан шығарды. ПЛАХУТА Алексей Егорович, 1936 ж.т., Ертіс құрлыс басқармасын басқарған. Оның басшылығымен Өскеменде Спорт сарайы, Орталық Мәдениет үйі, Ертіс жағалауы мен Қызыл қырандар жағалауы, алты мектеп, балалар бақшасы, училищелер, Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға арналған ескерткіш тұрғызылды. КОРОТИНА Мария Ивановна, 1927ж.т., бас хирург, жедел жәрдем ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары. Мария Ивановна өз өмірін денсаулық сақтау ісіне арнаған жан. Ақтөбе. Ақтөбе қаласы — Қазақстан Республикасының батысында орналасқан, Ресейдің Орынбор облысымен, сондай-ақ Қазақстанның Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Қызылорда және Маңғыстау облыстарымен шектесетін Ақтөбе облысының әкімшілік орталығы. Қалада 300 мыңнан аса халық тұрады. Ақтөбе — қала, Ақтөбе облысының әкімшілік орталығы (1932). Қазақстанның ірі өнеркәсіп және мәдени орталықтарының бірі. Темір жол, әуе және автомобиль қатынастарының маңызды торабы. Мұғалжар тауының оңтүстік-батысында Елек өзенінің сол жағалауына, Ақтөбені айнала орналасқан. Патша әскерінің Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алуы үшін соғыс бекінісі ретінде алғашқы қазығы 1869 жылдың мамырында қағылған. 1891 жылдың 25 мамырынан уездік қала, Торғай облысы Ақтөбе уезінің орталығы. Орынбор – Ташкент темір жолының салынуына байланысты (1905) тораптық темір жол стансасына 1933 ж. аэропорт (оның жаңа ғимараты 1978 ж.) пайдалануға берілді. Тұрғыны — 2000 ж. — 277,5 мың, 2002 ж. — 273,8 мың, 2004 ж. — 280,3 мың, 2006 ж. — 292 мың адам болды. Қалада әр жылдары маңызды саяси оқиғалар өтті. Тұрғындары Бүкілресейлік ереуілге қатысты (1905). Кеңес өкіметі орнағаннан кейін (8(21).1.1918) азамат соғысы жылдары ақ гвардияшылармен күрескен әскери күштер жасақталып, Кеңестік майдан орталығына айналды. Қазақстан өлкесінің 1 Кеңестік конференциясы өтіп, онда барлық қазақ жерін Кеңестік Қазақ республикасының құрамына біріктіру туралы шешім қабылданды. 1920 – 30 жылдары қалада паровоз және вагон депосы, механикалық зауыт, диірмен, элеватор, нан комбинаты, «Металист» артелі салынды. 2-дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары ферроқорытпа және хром, рентген аппаратуралары, ауыл шаруашылық машиналары (қой қырқатын электр аппараттары, трактордың қосалқы бөлшектері), тамақ және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары (ет комбинаты, қалалық сүт зауыты, элеватор, тоқыма, жиһаз және тігін фабрикакалары) пайдалануға берілді. Құрылыс базасы (кірпіш, темір-бетон бұйымдары, силикат-қабырға материалдары зауыттары, үй құрылысы комбинаты, т.б.) құрылды. Ірі құрылыс ұйымы – 1946 ж. іргесі қаланған «Ақтөбеқұрылыс» тресі (қазіргі «Ақтөбеқұрылыс» жобалау-құрылыс фирмасы). 2-дүниежүзілік соғысы жылдары мұнда бірсыпыра кәсіпорындар көшіп келді. Қалада 321-атқыштар дивизиясы, 101-ұлттық атқыштар бригадасы, теңізшілердің дербес атқыштар бригадасы, 129-миномет полкі және басқа да әскери бөлімдер мен бөлімшелер ұйымдастырылды. Қаланың 29 тұрғыны бұрынғы Кеңес Одағының батыры атағына ие болған. Оның ішінде шығыс халықтарынан шыққан екі қаһарман қыздың бірі Әлия Молдағұлова бар. Ақтөбеде алғашқы оқу орны – екі кластық орыс-қазақ училищесі 1884 ж. ашылды. 1896 ж. Ыбырай Алтынсариннің бастамасымен қазақ қыздары үшін әйелдер училищесі жұмыс істей бастады. Құдайберген Жұбанов атындағы Мемлекеттік университет, медицина академиясы, «Дүние» университеті, Талғат Бигелдинов атындағы жоғары әскери авиациялық училище, колледждер, қазақ және орыс драма театры, тарихи-өлкетану мұражайы, облыстық филармония, Молдағұлованың мемориалдық мұражайы, Отан соғысында қаза тапқандар мемориалы, Қазақстанда саяси қуғынға ұшырағандарға, Молдағұлова мен Исатай Таймановқа қойылған ескерткіштер бар. Тарих. Ақтөбе бекінісінің құрылысы басталған 1869 жылғы 28 мамыр қаламыздың негізі қаланған күн болып есептеледі. Біздің қаламыздың құрылысының басталуы туралы Петербургтің «Биржевые ведомости» газеті былай деп хабарлады: «… Ақтөбе бекінісіне Елек өзенінің сол жағында Елек қорғанысынан 180 верст, Орынбор-Қазалы керуен жолына жақын, Қарғалы өзенінің тармағындағы Ильинка станицасынан 170 верст қашықтықта жер таңдап алынды… Құрылыс қазірдің өзінде басталып кетті, Елек уездік басқармасын күзге дейін көшіріп болу көзделуде». Ақтөбені дамытудың бірінші бас жоспары 1881 жылы жасалды. 1880 жылы Ақтөбеде алғашқы халық санағы жүргізілгенде, 409 тұрғын болды. Олар 38 үйде тұрды, оның 5 үйі ағаштан, 33 үйі саман кірпіштен салынған. Ақтөбеде бірінші мектеп 1884 жылы пайда болды. Бірінші «Триумф» синематогрофы 1910 жылдан бастап жұмыс істеді. 1901 жылы алғаш Ташкентте, ізінше Орынборда осы екі қаланы Ақтөбе арқылы жалғастыратын темір жол құрылысы басталды. 1904 жылы болат жолдың бойымен уақытша қатынас ашылды, одан кейін тұрақты қозғалыс басталды. Бүгінгі Ақтөбе. Бүгінгі Ақтөбе — өнеркәсібі, кәсіпкерлік және қаржылық құрылымдары, құрылысы, оның ішінде тұрғын үй құрылысы дамыған, сондай-ақ қолайлы коммуникациялары бар қазіргі заманға сай қала. Облыс орталығында әлеуметтік сала дамыған, білім беру мекемелері, оның ішінде жоғарғы оқу орындары желісі, мәдени-спорттық өмірі өркендеген. Талдықорған. Талдықорған - Алматы облысың орталығы. Талдықорған қаласы Алматы облысының орталығы болып табылады. Тұрғындар саны 129,6 мың адамды құрайды. Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында Жоңғар Алатаудың батыс жағында орналасқан. Орталық Азия, Ресей мемлекеттеріне шығуға мүмкіндік беретін аэропорт, теміржол станциясы бар. Жалпы мемлекеттік және облыстық маңызы бар автомобиль жолдары тораптарының жүйесі арқасында қала Қазақстанның басқа да қалаларымен, Орталық Азиямен, Ресеймен және Қытаймен байланысып жатыр. Білім, мәдениет, туризм орталығы және халықаралық, өңіраралық өндірістік-қызмет көрсету орталығы ретінде аса тартымды қала. Қалада 4 жоғарғы оқу орны, 12 орта кәсіби білім мекемелері, 25 жалпы білім беру мекемелері жұмыс жасайды. Сондай-ақ, қалада драма театры, филармония, мұражайлар, мәдениет және демалыс парктері, кітапханалар мен кинотеатрлар, стадиондар, спорт кешені, аквапарк және ипподром бар. Қаланың құрылыс индустриясын дамыту, балаларға арналған тағамдар, электр сорғылары, сүт өнімін, керамика-граниттан жасалған плиталар, жұмыртқа және құс етін өндіру әлеуеті бар. Тараз. Тараз - Жамбыл облысың орталығы. 1938 - 1997 жылдары арасында Жамбыл деп атанған еді, 1938 жылында Мирзоян деп атанған, дейін Әулие Ата деп атанған. Орта ғасырларда Тараз деген атауымен әйгілі болды. 1997 жылынан бастап тарихи атауы қалаға қайтарылып қолданылады. 2002 жылы Тараз өзінің 2000- жылғы мерейтойын қарсы алды. Орта ғасырларда Тараз Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан қалаларының бірі еді. Әсіресе Қарахан дәулеті кезінде гүлденген. 19 ғасырында Әулие Ата Қоқан қамалы еді. ХІХ ғасырының 60-шы жылдарында Ресей империясының құрамына кірген. Кеңес Одағы кезінде Жамбыл облысының орталығы болып, Қазақстан тәуелсіздігін алған соң егемен елінің жайлаулы Жамбыл облысының әкімшілік орталығы, тарихы бай көне шаһар болып өркендейді. Тараз қаласында Айша Бибі, Бабаджа хатун және Қарахан кесенелері орналасқан. Қостанай. Қостанай — облыс орталығы, 1879 жылы салынған, Тобыл өзенінің жағасында орналасқан. Қызылорда. Қызылорда қаласы — іргетасы 1818 ж. "Ақмешіт" атауымен қаланған қоқан бекінісі. Қазіргі Қызылорда облысының орталығы, 1925—1929 жж. Қазақ АКСР елордасы болған. Ақтау. Ақтау — Қазақстанның оңтүстік-батысындағы қала, Маңғыстау облысының орталығы. Қала теңіз және әуе порты. 1964 жылдан 1991 жылға дейін украин ақыны Тарас Шевченконың құрметіне "Шевченко" аталған. Географиясы. Қала Каспий теңізінің шығыс жағасында орналасқан. Қаланың оңтүстік шығысында 40 шақырым жерде әйгілі Қарақия ойысы жатыр. Жер бедері тегіс, ол негізінен коррозиялық және дефляциялық әрекеттерден түзелген. Кеңестік ғылымға сәйкес Еуропа мен Азияның шекарасы Мұғалжардан басталып, Ембі өзенінің бастауына дейін, одан Ембі бойымен Каспий теңізіне дейін жүргізілетін. 1950 жылдарға дейін Қазақстан аймағындағы Еуропаның шекарасы Жайық өзенінің бойымен өтетін. 2010 жылдың сәуір-мамыр айларында Орыс географиялық қоғамының экспедициясы Еуропа шекарасын Мұғалжар арқылы, одан Каспий маңы ойпаты (Шығыс Еуропалық жазығы бітіп, Үстірт үстіртінің батыс бөлігі өтетін жер) арқылы өту керек деген қорытындыға келді. Мұндай жағдайда Еуропа шекарасы қазіргіден әлдеқайда оңтүстікке қарай ығысады. Қазіргі кезде Орыс географиялық қоғамының ғалымдар тобының пікірі Халықаралық географиялық одақтың қолдауына ие болмады. Демек, егер Халықаралық географиялық одақ Орыс географиялық қоғамының қорытындысын қолдаса, Маңғыстау облысының бір бөлігі Еуропада орналасқан болып шығады. Әкімшілік құрылымы. Ақтау қаласы Ленинград қаласының үлгісі бойынша қалана бастады. Ақтау қаласының әкімшілік құрамына Өмірзақ кенті кіреді. Қалада екі көшенің атауы бар. Бірі Бірінші Президент көшесі, екіншісі Тәуелсіздік даңғылы. Қала ықшамаудандарға бөлінеді. Қала шағынаудандарға бөлінгендіктен керекті жерді табу оңай. Мекен-жайды атағанда аудан үй пәтер ретімен айтады. Мысалы 14-45-33. Қазіргі уақытта 31 ықшамаудан бар. Әрбір шағынауданда шамамен 20-30-дай үй бар, әр үйде орташа есеппен алғанда 60 пәтер бар. Қазіргі уақытта Ақтау қаласының солтүстігінен Ақтау-Сити қаласының құрылысы жүріп жатыр. Бұл жоба Біріккен Араб Әмірліктерінің қолдауының арқасында 2007 жылы іске асырыла бастады. Экономикасы. Өндірістік қала, мұнай және газ өндіріледі. Қалада теміржол вокзалы жоқ. Поездар Маңғышылақ станциясына келіп тоқтайды. Қала мен станция арасында №101 автобусы мен таксилер қатынайды, ара қашықтығы – 20 км. Ақтау порты Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан. Ақтау түрлі халықаралық құрғақ жүктерді, мұнай шикізатын және мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған Қазақстандағы жалғыз порт болып табылады. Тарихы. Ақта́у — Қазақстанның оңтүстік-батысында орналасқан қала, Маңғыстау облысының (ескі аты Маңғышылақ облысы) орталығы. 1961-1964 ж.ж. аралығында Ақтау поселкесі, Ақтау қаласы деп аталды. XIX ғасырдың ортасында Қазақстанға жер аударылған украин ақыны Тарас Шевченконың құрметіне 1964-1991 жылдары Шевченко қаласы деп аталды. Өнеркәсіптік қала болып табылады. Оның пайда болуына Кеңес Одағы басшылығының жиырмасыншы ғасырдағы орта машинажасау министрлігі қатысуымен және сол кездегі министр Славский Е.П. басқаруымен елдің ядролық қалқанын жасау туралы шешімі әсер етті. Нәтижесінде уран кенін өндіру, оны өңдеу және байыту сияқты амалдарды орындай алатын ерекше кешен құрылды. Кешендегі кәсіпорындар желісі химиялық реагент өндіріп (азот-тук және күкірт қышқылы зауыты), жылу және электр энергиясымен, сумен (ТЭЦ, БН-350) қамтамасыз етті. Су тапшы жағдайда тіршілік етуге қажетті инфрақұрылым пайда болып, адамдардың қалада өмір сүруге жағдай жасалды. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Ақтау XX ғасырда ашылған және жаңадан барланған Жетібай, Қаламқас, Қаражанбас, Атамбай-Сарытөбе, Оймаша, Комсомольское, Солтүстік Бозашы, Қарақұдық, Толқын, Арман және Дұңған сияқты мұнай-газ кен орындарының өңдейтін орталыққа айналды. Қаланың бас жоспары 1968 жылы бекітілді. Жобалау және құрылыс істерінің архитекторы А.В. Коротковтың басшылығымен жүргізілді. Теңіз жағасы халықтың демалуына және су портын дамытуға қолайлы Ақтау қаласының архитектуралық ансамбілін жасаушы сәулетшілер конструкторлар мен құрылысшылар тобына Лениндік (1966) КСРО Мемлекеттік (1977) сыйлықтары, қатал табиғат жағдайында адамдар тұрағын әсем көгалдандырғаны үшін сумен қамтамасыз еткені үшін халықаралық архитекторлар одағының алтын медалі мен Патрик Акберкомби атындағы сыйлық (1975) берілді. Мәдениеті. Ақтауда Абай атындағы мәдениет сарайы, Н.Жантөрин атындағы драма театры, көптеген кинотеатрлар (Ардагер, Астана, Юность т.т.), түнгі клубтар бар (Лагуна, Дискай, Элико және т.б.). Теңіз жағасында ойын-сауық орталықтары, спорт және мәдени кешендері, демалыс орындары жетерлік. Табиғаты. Климаты – шұғыл континенттік, жазы ыстық, шөлді, орташа температурасы: қаңтарда −4 °C (минус 15 градус температура мен күшті жел кезінде мектептегі сабақтар тоқтатылатын), шілдеде +27 °C. Жазда ауа температурасы +45 °C (түнде плюс 38) дейін жетеді. Жердің беті күн түскен кезде +70° дейін қызады. Қала Каспий теңізінің жағасында орналасқан. Сумен қамтамасыз ету үшін МАЭК су тұщыландыратын станция жұмыс істейді. Онда теңіз суының өндірістік дистилляты мен «Құйлыс» көзінен келетін қатты минералданған жерасты суы дайындалып, араластырылады. Қала маңында табиғи ауыз су көзі жоқ. Халқы. Қазақстардан басқа көптеген басқа ұлт өкілдері де тұрады. Ұлттық құрамы — қазақтар, орыстар, украиндықтар. Павлодар. Павлодар - Қазақстандағы қала, Павлодар облысынын орталығы. Петропавл. Петропавл (қазақ БАҚ-тарында Қызылжар деп те аталады) - Солтүстік Қазақстан облысының қаласы (1825 жылдан), облыс орталығы (1936 жылдан). Қаланың негізі Есіл өзеннің оң жағалауында 1752 жылы қаланған. Тарихы. Іргесі 1752 ж. қазақтың Қызылжар атты ежелгі қонысы орнында Әулие Петр бекенісі болып қаланды. Алғашында әскери форпост болды. Кейіннен қаланы Сібір татарларының қаласы (түркілік деген ұғымда) деп аталды. Кейіннен Петропавл Ресейдің отаршылдығының Солтүстік және Орталық Қазақстандағы тірек пункті саналды. Қала Қазақ жерінің солтүстігіндегі ірі сауда орталығына айналды. Қазір ол Қазақстанның ең солтүстіктегі қаласы саналады. Экономикасы. Солтүстiк Қазақстан облысының орталығы Петропавл қаласы 1752 жылы құрылды. Облыс орталығындағы халық саны 2010 жылғы 1 қаңтарға 195,2 мың адам болып, барлық облыс халқының 30,3%-ын құрады. Қалада жалпы бiлiм беретiн 47 күндiзгi мектеп жұмыс iстейдi, оларда 22,3 мың оқушы бiлiм алуда, сонымен қатар 10 колледж (13,0 мың оқушы), жоғарғы бiлiм беретiн 3 оқу орыны (11,0 мың студент) бар. Облыс орталығында 3 театр, 1 филармония, 3 мұражай, 8 кiтапхана, 3 клубтық мекеме бар. 2010 жылғы 1 қаңтарға 4 995 заңды тұлға тiркелген, оның iшiнде 94,8%-ы шағын (қамтылғандар саны 50 адамнан кем), 4,3 - орта (51-ден 250 адамға дейiн), 0,9%-ы - iрi (250 адамнан артық) кәсiпорындар. Кәсiпорындардың басым бөлiгi (88,8%) жеке меншiк нысанының кәсiпорындары. Кәсiпорындар мен ұйымдардың меншiгiндегi негiзгi құрал-жабдықтардың бастапқы құны 2009 жылғы 1 қаңтарға (жер құнын есепке алмай) 160,3 млрд.теңге құрады, тозу дәрежесi 40,0% болып, 2008 жылдың соңына баланстық құны 96,3 млрд.теңге болды. Қала өнеркәсiбiнде (қаржылық емес сектор) 2009 жылы 46 835,1 млн.теңгенiң өнiмi өндiрiлiп, 2008 жылғы деңгейден 4,0%-ға жоғары болды. Электр қуатын өндiру 2 371,1 млн.квт.сағ, жылу қуаты - 2 123,9 мың Гкал, сүт өнiмдерi 27,4 мың тонна, ұн - 100,9 мың тонна, нан - 12,7 мың тонна, макарон - 26,2 мың тонна, алкогольдi iшiмдiктерi 2 114,7 мың литр құрады. Құрылыс ұйымдарының өз күшiмен 8 530,1 млн.теңге сомасында мердiгерлiк жұмыстар орындалды. Өткен жылы облыс орталығында жалпы аумағы 27 223 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берiлдi. 2009 жылы бөлшек саудада сауда кәсiпорындары және жеке кәсiпкерлермен 39 800,0 млн.теңгенiң тауары сатылды. Орташа бiр адамға шаққанда бөлшек сауда 203,9 мың теңге құрады. Республикалық маңызы бар қала. Республикалық маңызы бар қала — Қазақстан Республикасының жоғарғы басқару орындарына тікелей бағынышты қала. Төлеев, Аман Ғұмырұлы. Төлеев, Аман Ғұмырұлы (Аманкелді Молдағазыұлы) — РФ Кемерово облысының губернаторы. Тасмағамбетов, Иманғали Нұрғалиұлы. Тасмағамбетов, Иманғали Нұрғалиұлы — Астана қаласының әкімі. Қысқаша өмірбаяны. 1956 жылы желтоқсанның 9 Гурьев облысы, Махамбет ауданы, Новобогат ауылында дүниеге келді. 1979 жылы Орал қаласының А. С. Пушкин атындағы педагогикалық институтының жоғрапия мен биология пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша дипломын алды. 1990 жылы «"Дүниетану аспектілерінің экологиялык проблемасы"» тақырыбы бойынша диссертациялык, жұмыс қорғап, философия ғылымдарының кандидаты атағына ие болды. 7 жылдан кейін ол «"Транзиттік саяси жүйелеріндегі әлеуметтік саясат"» ғылыми зерттеу жұмысын таңдап, саясаттану ғылымдарының докторы болып атанды. 1981 жылдан 1991 жылға дейін КОКП ОК-ң мүшесі, 1990—91 жылдарда Қазақстан компартиясының ОК Политбюро мүшесі болды. Қазақстан Реcпубликасының 12 шақырылған Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Еңбегі мен саяси өмірбаяны сол кездегі жалғыз жастар саяси ұйымы — Қазақстанның ЛКЖО-да басшылық қызметімен байланысты. 1979 жылдан Махамбет ауданындағы ЛКЖО ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, Гурьев ЛКЖО қалалық комитетінің және облыстық комитетінің бірінші хатшысы болды. 1989 жылы ЛКЖО ОК, 1991 жылы Қазакстан Республикасының жастар ісі жөніндегі Мемлекеттік комитетін басқарды. 1993 жылы И. Тасмағамбетов Қазақстан Республикасының президентінің көмекшісі болып тағайындалды. 1995 жылдан бастап ел басқарушы қызметінде жоғарғы орындарды атқарып, Қазакстанның вице-премьері, білім және мәдениет вице-премьер-министрі, Қазақстан Республикасының Президенті әкімшілігінің жетекшісінің орынбасары, Қазақстан Президентінің бірінші көмекшісі, Атырау облысының әкімі, Казақстанның премьер-министрі, Мемлекеттік хатшы, Қазақстан Президенті әкімшілігінің жетекшісі болады. 2004—2008 жж. 1,5 млн тұрғыны бар Қазақстанның ең ірі қаласы Алматының әкімі қызметін атқарып келді. 2008 ж. сәуірдің 4 Қазақстанның елордасы — Астана қала әкімі боп тағайындалды. ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі, «Мәдени мұра» атты Мемлекеттік бағдарламаның қоғамдық кеңесінің төрағасы, UNESKO ісі жөніндегі ҚР Ұлттық комиссясының төрағасы, Қазақстан Республикасының оқпен ату Федерациясының құрметті президенті, академик А.Х. Марғұлан атындағы Халықаралық қор басқармасының төрағасы. И. Тасмағамбетов Монғолияға, Батыс Қазақстанға және Ресей Федерациясының Астрахан облысына (Каспий: мұнай және мәдениет) және т.б. жерлерге Халықаралық мәдениеттанушылық экспедициялар ұйымдастырған. Соның нәтижесінде 2000 ж Монғолиядан Қазақстанға ежелгі түбегейлі Күл-Тегін тас хатының көшірмесі орнатылды. Қазақ мәдениеті мен тарихының мұраларын жаңғыртып, көпшілікке жеткізуге тағы басқа көп жұмыс атқарған қайраткер. Оншақты кітаптардың және көптеген ғылыми еңбектердің авторы. Мәдениеттану, мемлекеттік басқару, әлеуметтік-экономикалық өркендеу проблемалары және саясаттануға байланысты мақалалардың авторы. Жеке өмірі. И. Тасмағамбетов өзі айтқандай: «"Мен ырымшыл емеспін, бірақ атеист те емеспін"». Қазақстан тарихы, этнографиясы, археология мәселелеріне терең көңіл бөліп, Орталық Азия халықтарының қолтаңба өнерінің заттарын жинаумен айналысады. Саяси қайраткер мұраты — Мұстафа Шоқай, Франсуа Миттеран. Үйлік жағдайы. Үйленген, Жұбайы — Бекқұллова Клара Дауымқызы (1957 ж.т.), оқытушы. Қыздары — Әсел (1979 ж.т.), заңгер; Сопия (1983 ж.т.). Баласы — Нурғали Нұрсұлтан (1994 ж.т.). Немерелері — Дінмұхаммед (2000 ж.т.) және Нұреддин (2005 ж.т.). Ахметов, Даниал Кенжетайұлы. Ахметов, Даниал Кенжетайұлы — Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі. Қысқаша өмірбаяны. 1954 ж. маусымның 15-інде Павлодарда туған. 1976 ж. Павлодар индустриалды институтын бітірген. Мамандығы бойынша инженер-құрылысшы. 2003 ж. Мәскеуде «Қазақстандағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етудің аймақтық ерекшеліктері» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Экономика ғылымының докторы. Институтты бітіргеннен кейін құрылыстарда мастер, аға прораб, «Екібастұзшахтқұрылыс» трестінде жетекшілік қызметінде, Екібастұз қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары, «Екібастұзэнерго тұрғынүйөндірісқұрылысы» тресінің басқарушысы қызметтерін атқарды. 1992 ж. бастан Екібастұз қалалық әкімшілігінің басшысы, содан кейін Павлодар облыстық әкімшілігінің басшысы. 1995 ж. Павлодар облысының әкімі болып тағайындалды. 1997—99 жж. аралығында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі. 1999 ж. қазанынан Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, бірінші орынбасары болды. 2001 ж. қарашасынан Павлодар облысының әкімі болды. 2003 жылдың маусымынан — Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметінде болған. 2007 жылдың қаңтар айынан бастап ҚР Қорғаныс министрi. Орал. Орал - Батыс Қазақстан облысының орталығы. Халық саны - 350 000 адам. Орал Жайық өзенінің оң жағалауында орналасқан. Тарихы. Қала 1584 жылы қаланған. Бірақ ресми қаланған жыл 1613 жыл болып саналады. 1773-1775 жылы осы жердегі казактар Емельян Пугачев көтерілісіне қосылған. Бірақ онда жеңіліп қалғаннан соң, Екатерина II бұл қалаға қазіргі атын берген. Сол жылдары Оралда көптеген қазақтардың ұлттық көтерілістері де болды. Олардың ішінде Сырым Датұлы, Махамбет Өтемісұлы мен Исатай Тайманұлы болған. Сол кездегі қала тұрғындарының негізгі шаруашылығы балық аулау, мал шаруашылығы болған 1846 жылы Орал негізгі сауда орталығына айналып, үлкен қалалар қатарына енгізілген. XX ғасырдың басына дейін қала Орал облысының орталағы болды, Орынбор губерниясына кірген. 1894 жылы Оралға 1-ші темір жол жетті. Ол қаланың дамуына көп үлес қосып, жұмысшылар ұйымдарының пайда болуына әсер етеді. 1905 жылы Оралда социал-демократиялық және қазақ ұлттық ұйымдары өз жұмыстарын бастайды. Революцияға дейін қалада 15 шіркеу, 4 мешіт, театр, мұражай, бірнеше аурухана мен кітапхана, түрлі оқу орындары болған, газеттер басылған. Ұлы Отан соғысы кезінде Оралға көптеген ұйымдар көшірілген. Танымал адамдар. Оралда көптеген белгілі адамдар болып кеткен. — Александр II, Николай II жас кезігде Оралда атаман ретінде болған — Емельян Пугачев өз көтерілісін қала маңында бастап, осы аймақта көптеген уақыт болған — генералиссимус А.В. Суворовты Екатерина II Пугачевпен соғысқа Оралға жіберген — А. Гумбольдт және П.С. Паллас өз Азияға сапарын Оралдан бастаған — А. С. Пушкин Оралға 1833 келіп, Пугачев туралы көптеген мәлімет жинаған Құлсары. Құлсары — Атырау облысы Жылыой ауданы орталығы. Аудан орталығының Атырау қаласына дейінгі ара қашықтығы — 230 км. 1952 жылдан бері Жылыой ауданының орталығы. Темір жол стансасы, құбыолар жүйесінің торабы. Қамыскөл көлінің оңтүстік-шығыста орналасқан. Іргесі 1939 жылы осы өңірден мұнай мен газ өндірілуіне байланысты қаланды. Атауы 19-ғ-дың басында осында өмір сүрген және жерленген, ел арасында беделді, көріпкелдігі де бар Құлсары батырдың есіміне байланысты қалыптасқан . 1934-1938 жж. аралығында бұл өңірде мұнай кенін іздестіру басталған, мұнай барлау-бұрғылау экспедициясын белгілі жазушы С. Шәріпов басқарған. 1938 жылы Құлсары кеніндегі 10-шы ұңғыдан мұнай атқылаған. 1939 жылы Құлсары мұнай өңдеу басқармасы құрылды, алғашқы құрылыс салынған жерден халық тұратын үйлер салында, кейін №1 қазақ ауылдары ескі Құлсары атанды. Құлсарыдан Ұлы Отан соғысы кезінде миллиондаған тонна мұнай, оған қоса Құлсары мұнай өндіру цехының қасынан шағын бензин зауыты іске қосылып, тікелей майданға бензин жөнелтіліп отырды (бұл бензин зауыты 1952ж. жабылды). Бүгінде Құлсары Теңіз кен орнын игеру орталығы болып отыр. Мұнда ірі кәсіпорындардан Мұнай-газ өндіру басқармасы, Оңтүстік Ембі мұнай барлау экспедициясы, мұнай айдау стансасы жұмыс істейді. Қала арқылы Мақат-Бейнеу темір-жолы, Құлсары-Доссор, Құлсары-Мұнайлы, Құлсары-Прорва автожолдары өтеді. Жұрттануы. 2007 жылғы 1 қаңтарда аудан орталығында 48,6 мың адам орналасқан. ӘАНК. ӘАНК (Әкімшілік-Аумақтық Нысандар Классификаторы) — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік классификаторы (ҚР МК 11-2003) Мусин, Аслан Есболайұлы. Мусин, Аслан Есболайұлы — Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы. Қысқаша өмірбаяны. 1954 ж. Ақтөбе облысының Алға ауданы Бестамақ селосында дүниеге келген, қазақ. 1975 ж. Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірген. Институт бітірісімен Ақтөбе санақ басқармасының Есеп орталығында мамаман бойынша әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеген. 1979 ж. қантарынан бастап 1991 жылы қазан айына дейін ҚКП басқару орындарында қызмет жасаған — инструктор, бөлімдер меңгеруші, ҚКП Ақтобе облыстық комитетінің хатшысы. 1991—93 жж. Мемлекеттік монополияға қарсы күрес комитетінің Ақтобе облысындағы департаментінің төрағасы. 1993—94 жж. — Ақтобе облысы әкімшлігі Басының орынбасары, бірінші орынбасары — Экономика жөніндегі басқармасының бастығы. 1994—95 жж. — Ақтобе облысы Экономика жөніндегі басқармасының бастығы. 1995—02 жж. — Ақтөбе облысның әкімі. 2002—06 жж. — Атырау облысының әкімі. 2006 ж. қазан айынан — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі. 2007 ж. қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметін қоса атқарады. 2007 ж. тамыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары. 2007 ж. тамыздың 18 «Нұр Отан» партиясы тізімі бойынша Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырым депутаты боп сайланған. 2007 ж. қыркүйектің 2 Қазақстан Республикасы Парламенті 4-ші шақырым Мәжіліс бірінші отырысында Мәжіліс төрағасы боп сайланған. 2008 ж. қазанның 13 Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы. Мусин, Аслан Есболайұлы Табын. Табын — ( — бес) Кіші жүздің Жетіру бірлестігіне кіреді. Ақтобе облысының Солтүстік-Шығысында, Қарақалпақстанда тұрады. Негізгі таңбасы — тарақ — атбегі маңсабын бейнелейді. Орда-Ежен ұрпақтары — төре руының таңбасына ұқсас. Кіші жүзде табындарды «Ноқта ағасы» деп төрелерден соң екінші дәрежелі санап төрге отырғызған. Табын руы - белгісіне қарай үшке бөлінеді: тарақты, шөмішті, найзалы болып. Шөміштілер Ақтөбенікі және аштық кезінде Қарақалпақстанға қашқан, сол жақты мекендеп кеткен, қазіргі күнде Ақтөбеде тұрады. Қазір Қарақалпақстанға кеткен Табындардың 80 пайызы отанға қайтып көшіп келді. Қызылорда өңірінде де Табындар бар, олар не найзалы не тарақтылар. Қазір негізінен Табындарды батыс өңірлерде - Орал мен Ақтобеде көптеп кездестіруге болады. Шығу тегі. Аңыз бойынша Тәуке хан Орта жүздегі аз халықты Жетіруды алшындарға (бұрыңғы ноғайлыларды) қосып Кіші жүз құрған. Тарихи деректер бойынша табындар Шыңғысханды ақ киізге көтерген 24 моңғол тайпасының арасында болыпты. Аңыздар бойынша табындардың көсемі Майқы би Шыңғысханмен ант ішкен. Көнетүркі тілінде қазіргі Тибет жері "Тобот", "Тобон", "Табын" деп аталған. Ал қытай мемлекетін "Табғач" деп атаған. Табғачтар, немесе қытайдың тарихи деректерінде "тоба", "туба" тұнғыс-манзу тайпалары арасынан шыққан қазіргі Ішкі Моңғолияда көшкен халық. Тобалар көсемі Тоба Гуй Солтүстік Қытайды иелеп Солтүстік Вей (386-535) әулетін құрған. Табын деген рулар ноғайлар, өзбектер, башқұрттар (журттың үштің екісіне таман) арасында бар. Сібірдегі Көшім ханның мемлекетінде табындар атажұрт болған, бас қаласы Чинги-Тура (қазіргі Түмен). Ресейдегі Красноярск өлкесінің оңтүстігі 19 ғ. аяғына дейін Табын ұлысы деп аталған. Табын-Богдо-Ола деген жерде Моңғолия, Ресей, Қытай елдерінің шекаралары бітісіп тұр. Осының алдындағы ру сияқты, ол туралы да алғашқы деректерді біз А. Тевкелевтен ғана кездестіреміз. Ел арасынан жинаған мәліметтер мен Тынышбаев келтірген табын руының жаманкерей, бозым, бегім және қайырқожа деген төрт тармағы бар. Табындардың таңба белгілері әр түрлі. Жалпы ру таңбасы (тостаған); сонымен бірге табындарда тағы да (шөміш, шөміштітабыи тармағында), (тарақ, тарақтытабын тармағында)және (әліп) таңбалары бар. Жалпы рудың таңба белгісін салғастыру бізді тағы да дулаттарға (Ұлы жүз) әкеледі, оларда да жалпы тайпалық белгі дәл осындай, ал және белгілерідулаттардың кейбір руларының таңбалары мен албан тайпасьшың таңбасынан еш айырмасы жоқ. Табын руы Ұлы жузден шыққан деп жорамалдауға болады. Бұған дәлел ретінде табын руында да, албан тайпасында да бозым руы бар екенін көреміз. | (көсеу) таңбасы қаңлы тайпасының (Ұлы жүз) таңбасына, ал (тарақ) таңбасы нақ сол жүздегі жалайыр тайпасының таңбасына ұқсайды. және тарақ таңбасының жалайыр тай пасынан шыққандардікі екенін табын руы шежіресі нұсқаларының бірі көрсетеді. Табындардың тегі аралас екенін оларда бірнеше ұран болуы да көрсетеді. Гродековте бар мәліметтер бойыпша, Сырдария табындарының ұрандары «Серке» және «Тостаған», ал ел арасынан жинағап мәліметтер бойыиша, батыс табындарыпың ұраны «Алаш». С. И. Руденко өз еңбектерінің бірінде монғолдарға дейінгі уақытта, аңыз бойынша, башқұрттар он екі руға бөлінген деп жазады. Бұдан әрі ол осы рулар, ішінде табындар да болған деп көрсетеді. Жоғарыда айтылғандардың бәрін, сондайақ С. И. Руденконың деректемесін ескере келгенде, табын руьшың тарихын былайша негіздеуге болады. Монғолдардыц шапқыншылығынан көп бұрын қазіргі Батые Қазақстан мен Оралдың арғы жағындағы далаларда басқа тайпалар мен рулар арасында сөл кездеақ жергілікті табын тайпасы болып, ол саяси немесе экономика лық сипаттағы әлдебір жағдайлардың әсеріиен бөлінін кетуі ықтимал. Оның бір бөлігі солтүстікке, қазіргі Башқұртстан аумағына барып, Иби Фадман айтқаи Башқұрт халқының құрамына кірген. Монғолдарға дейінгі уақыттың өзіндеақ башқұрттар құрамына табындардың енгенін біз бұдан бұрын көрсеткенбіз. Алайда табындардың көпшілік бөлігі өз жерінде калын, монғолдардан кейінгі кезеңде руының атын сақтап қала отырып, Ұлы жүз тайпаларынан шыққандарды өз құрамына қабылдаған болуы мүмкін. Ал ұлыжүздіктердің қосылған бөлігі олардың ру атын қабылдап, оларға өз таңбаларын берген. Табын руының едәуір бөлігі, атап айтқанда, бозым (төртұл) Орта жүздің керей, найман және арғын сияқты ірі тайпаларының құрамына енген, олардың арасында төртұл және өзбектер құрамына енген (локайлар) да аталады. Сарай-Жүк. Сарай-Жүк ( — сарай, ғимарат,  — кіші, яғни Кіші Сарай, тағы басқа атау нұсқалары: Сарай-Джук, Сар-Учуг, Сарайчук, Сарайчик, Ца́рские Учу́ги, Сарайшық), — орта ғасырларда Алтын Орданың ірі сауда және экономикалық орталығы. Бұл қала Жайық өзенінің қазіргі Атырау қаласынан 50 km жоғары орналасқан. Тарихы. Сарайшық (Сарай-Жүк) қаласын пайда болуын тарихшы ғалымдар 13 ғ., Шыңғыс хан мен Бату ханның шапқыншылығымен байланыстырады. Әзірге белгілі болған деректерге сүйенсек, бұл орын туралы жазба мәліметтер 14 ғ. алғашқы жартысынан басталадыда, оларда Сарайшық гүлденген қолөнері мен сауда қаласы болғандығы айтылады. Зерттеу барысында «ханның» салу ерекшеліктері анықталды. Сонымен бірге, өткен маусымда бес құрылыс кезеңін анықтауға мүмкіндік алынды. Археологиялық зерттеу барысында қалашықта нумизматикалық материалдардан басқа қалалықтардың көптеген күнделікті қолданыс заттары табылды: қыштан жасалған заттар (құман, құмшы, шығыр, құмыралар, көзелер, шырақтар, түбектер, кесе, пияла) өсімдіктер мен зооморфты өрнектер және түрлі араб шрифтімен, сонымен бірге, трапезундық және қырым амфораларыныњ бөлшектері, қытай фарфорынан жасалған табақтың бөліктерімен безендірілген. Қазбалар барысында көптеген сүйектен, темір мен қоладан жасалған бұйымдар кездеседі. Одан басқа, ортағасырлық моншаның қалдығы табылып, зерттелді. Әбілғазы Бахадұр-ханның (ХVІІғ.) Сарайшықтағы негізін Батухан (Билік құрған уақыты 1221-1256 ж.ж.) салған деген тарихи пікірмен келісуге болады. Көптеген көпестер мен саяхатшылардың осынау жолдардың бағыт бағдарлары туралы, тауарлардың сипаты мен бағасы және қатынас тәсілі туралы жазбалары мен хикаялары бізге дейін жетіп жатыр. Сарайдан Сарайшыққа, одан әрі Үргеншікке дейінгі сауда жолының соқпақтарында құдықтар болды және керуен-сарайлар қызмет етті. ХІІ-ХІV ғ.ғ. осы жол Шығысты Батыспен негізгі жалғастырушы болды. Сарайшықта салтанатты сәулетті сарайлар, керуен-сарайлар, моншалар, мешіт-медреселер және басқа да ғаламат ғимараттар салынған. Оларды атақты сәулет өнері мектептерінен өткен дарынды шеберлер тұрғызған қаланың өте тамаша жобаланып салынған түзу де кең көшелері мен алаңдары болған. Қаланың келбетінен шығыстың әсері айрықша байқалды. Керуен саудасынан келетін түсім, әскери олжа, жергілікті халық төлейтін салық және аса мол арзан еңбек күшінің есебінен Сарайшық қаласы тез өсті. Жазба деректер. Сарайшық туралы алғашқы жазба дерек қалдырған арабтың белгілі географ-ғалымы, саяхатшысы Ибн-Батута. Ол өзінің саяхаттарының бірінде 1334 ж. «Үлкен Сарай» қаласынан шығып (Сарай-Берке — Алтын Орданың бас қаласы), Азияға жасаған сапарында Сарайшық қаласында болған. Бұл жөнінде ол, Біз Сарай қаласынан ат жеккен арбамен он күн жол жүріп, Сарай-жук қаласына жеттік. Бұл «Ұлысу» деп аталған үлкен, терең, ағысы қатты өзеннің жағасындағы гүлденген әсем қала екен және дүние жүзіндегі Бағдаттан кейін екінші жүзбелі көпір осында екен. Ол кезде Алтын Орда үлкен Сарай, Сарайшықты кіші Сарай деген мағынаға байланысты. Теңізден бір күндік сапарда үлкен өзен жағасындағы гүленге Сарайшық деген қалаға келдік. Бұл қала орыс патшасымен көңілдес Измаил деген татар князінің қол астында екен. Шығыс пен батысты байланыстыратын керуен жолының үстінде болғандықтан қолөнері мен саудасы дамыған қала екен. Зерттеулер. Қазақ археологиясының атасы Әлкей Марғұлан өзінің 1950 ж. жүргізген қазба жұмыстары нәтежиесінде «қала 12 ғ. салынған» деп пеш бұлтаңсыз дәл айтады. Бұл пікірді, соңғы жылдары қала орнында қазба жұмыстарын жүргізіп жүрген Республикалық археология институтының ғалымдары да дәлелдеп отыр. Әлкей Марғұланның айтуына қарағанда кезінде қалада үлкен қыш күйдіру, темір қорыту цехтары мен ұстахана, ақша жасау шеберханалары болған.1968 ж. бері мұнда Әлкей Марғұлан атындағы Батыс Қазақстан экспедициясы тұрақты қазба жұмыстарын жүргізуде. Сарайшық қаласының тарихымен танысу үшін арнайы келгендер әуелі мешітке кіріп, аруаққа бағыштап құран оқытып, хандар жерленген қасиетті жер күмбез астындағы алып бәйтерекке ақтығын байлап, сосын мұражайға кіреді. 1999 жылдың 3 қыркүйегі күні Елбасы Атырауға келген сапары барысында Сарайшық мұражайын ашқан болатын. Оған менің жолым алғаш рет 2003 жылы түскен-ді. Аққу көлден кеткенде…Биылғы маусым айында тағы бардым. Мұражай қызметкері Орын Сағынтаева көне шаћар тарихы, соның ішінде “Секер көлі” туралы қызықты деректермен таныстырды. Қазақ тарихында терең із қалдырып, заманында қазақ мемлекетін басқарған ұлы хандардың бірі - Әз Жәнібек хан. Ел ішінде Жәнібек ханның өзі салдырған Сарайшық қаласының іргесіндегі әйгілі “Секер көлі” туралы деректі әңгіме көп. Секер көлдің орны қазіргі Сарайшық ауылының орнында қалып қойған. – Теп-тегіс жерде ойпаңдау болған түбінен, кезінде жиектерін қолмен нығыздап, кейбір жерлерінің тас, топырақпен, қызыл қышпен көмкерілгені көлдің заманында қолдан жасалғанын дәлелдейді, - дейді ауыл қарттары. Кезінде Шамполов деген орыс көпесі 1920 жылдары осы жерден кірпіш зауытын салып жүріп, көлден алып жұмыртқа тауып алған көрінеді. Көлге аққулар үнемі қонып жүрсін деп Жәнібек хан арнайы секер төктіріп қояды екен. Аққулардың көп болғаны сондай, Сарайшықтың қыздары көлден су алғанда, аққуларды ығыстырып жіберіп, шелектерін содан соң ғана суға батырады екен. Бұл көл “Жәнібек ханның аққу көлі”, “Сарайшықтың аққу көлі”, “Аққу көлі” аталыпты. Хан қызы өзінің құрбыларымен бірге Әкесі жасатып берген аққу мүсінді алтын қайығымен (мұражайда сақталған суреті бар) құстарға жем беріп, кісіден үрікпеуге үйретеді. Құс атаулы жаз бойы Секер көлде еркін жүзіп жүреді екен. Жәнібек ханның сол қызы ұзатылғалы жатқанда, 15 жасқа қараған шағында ауырып, кенеттен қайтыс болады. Хан қызын алтын табытпен, барлық жасауымен, алтын қайығымен қоса жерлеуге Әмір етіпті. “Қызыңыздың осынша байлықпен қоса жерленгенін білген бір қатыгез моланы ашып, байлықты тонап кетсе, жалғызыңыздың мүрдесі айдалада қалар. Сондықтан қызыңыздың денесін жасырын жерлеңіз” деп ақыл айтқандар болыпты. Осы кеңеске құлақ асқан Жәнібек хан жеті кісіні шақырып, құпия тапсырма беріпті. Қабір қазылып, түнде қызы жерленген соң, әлгі жеті кісі де сол бойда өлтіріледі. Ал қызының қабірін ешкім білмесін, ашпасын деген пиғылмен жас қабірдің үстінен түнімен бірнеше үйір жылқыны өткізіпті. Ат тұяғынан тып-типыл болып тегістелген жерден ертеңіне ханның өзі де қызының моласын таба алмапты, - деседі аңызда. Ақша сарайы, ұстахана…Сарайшық қаласы Жайық өзенінің ең бір шұрайлы тұсында әрі ӘжептӘуір биіктеу жерде орналасқан. Бірақ соңғы жүзжылдықта Жайық ежелгі арнасын өзгертіп, Сарайшық орнын қақ тіліп өтуі – көне шаћардың жұртын су астында қалуына әкеліп соқты. Біз де Жайық өзенінің жарынан, су жағасынан қаланың қалдықтарын айқын көрдік. Тарихи мұра ретінде болат сымды тормен айнала қоршап, кіреберіс есіктің астына қойылған екі көзінің, мұрнының орнына үңірейген тесіктері бар кісінің бас сүйегі көрген жанның жүрегін зірк еткізеді. Соңғы жарты ғасырдағы қазба жұмыстарының бәрі ескі қаланың шет жағындағы су құбырлары мен кейбір шеберхана, бейіт орнына жүргізіліпті. Бұрынғы және қазіргі қазба жұмыстары көрсеткеніндей, қала құрылыстары 24х24х5 см немесе 40х20х5 см көлеміндегі күйдірілген жӘне шикі кірпіштен, түсін жоймайтын керамикалық шаршы тастардан тұрғызылыпты. Оларға қандық үлгідегі жылыту жүйесін пайдаланған және өте жоғары температурада шикі кірпіштерді күйдіретін камералар болған. Сондай үлгіде ұзындығы 4,4 м., биіктігі 1,65 м. болатын ыстық от (ауа) айдау жүйелері бар камера табылған. Қала қыштан күйдірілген тас тұрбалар арқылы ауыз су құбырларымен қамтамасыз етілген. Қазба жұмыстарын жүргізіп жүрген археологтар құмығып қалған құдықтардың бірінен араб әрпінде жазылған тұмар тапқан. Арнайы темір қобдишаға салынған, алты-жеті метрлік шыңыраудың түбінде сақталған бұл тұмар сол кездің өзінде діннің кеңінен таралғанын және қатты қадірленгенін көрсетеді. Осы құдықтан өте әдемі жасалған құмыралар, күміс, мыс ақшалар да табылыпты. Сарайшық қаласында темірден құрал-сайман соғатын арнайы ұстахана болыпты. Бір қызығы, осы ұстаханаға қажетті темір рудасын олар қайдан алды, қалай қорытты, оны ешкім білмейді. Қала өз дӘуірінің ықпалды, саяси ћәм мәдени, сауда-саттық орталығы болған. Жәнібек хан билеген тұста жаңа пұлдар шығарылған. ХІV ғасырдың қырқыншы жылдары ақша беттерінде ерекше безендірілген екі басты бүркіт, ал елуінші жылдары шешек атқан алты жапырақты гүл шоқтары бейнеленген. Жошы ұлысы тұсында Алтын Орданың 16 шаћарында ақша соғатын сарайлар болған деседі. Оның үш түрі, атап айтқанда, жоғарыда табылған ақшалардың біразы Сарайшық қаласының өзінде соғылған. Құмыраның құпиясы1909 жылы жергілікті балықшылардың ауына керамикалық ірі құмыра ілініп шыққан. Бұл құмыраның иіні мен бүйіріндегі жазуларды ауыл төңірегіндегі сауатты деген адамдардың ешқайсысы да оқи алмапты. Құмыра сол кездегі губерния орталығы Оралдағы мұражайға тапсырылған көрінеді. Кейін әлгі құмыраны көрген Орал шекаралық казак әскерінің генералы Н.Дубасов деген офицер жазу көшірмесін Ресей археологиялық қоғамның Шығыс бөліміне 1915 жылдың 16 тамызында жіберіпті. Екі жыл өткен соң мамырдың 12-сі күні генералдың атына жауап хат келсе керек. Онда құмырада көне қыпшақ тілінде 32 сөз өрнектелгені, дәлдеп аударғанда иінінде Жүсіп Баласағұнның “Құтты білік” дастанындағы:Адам көркі – жүз, бұл жүз көркі – көз, Ауыз көркі – тіл, бұл тіл көркі – сөз.Тағы көрік кісіге – білім мен өнер, Жанын құрбан етер білім үшін ер, - деген шумақ шыққан. Ал бүйіріндегі “Бұл күбіге көз жасын құяр болар” деп жазылған. Құмыра ХІІІ ғасырда күйдіріліп, дайындалған көрінеді. Атырау қаласының солтүстігінен 55 шақырым қашықтықтағы Сарайшық шаһарының тағдыры – бүкіл ел тағдырымен сабақтас. Қаланың іргетасы ХІ ғасырда қаланған. Қасым хан тұсында Қазақ хандығының астанасы болды. 1580 жылы Дон, Еділ казактарының шапқыншылығынан қала біржолата қирап, күлге айналды. Кейін Ресей патшалығы отаршылдық бекініс салды. Ол Қазан төңкерісіне дейін сақталып келді. 1999 жылы қала орнына ескерткіш-пантеон, мешіт, мұражай кіретін Сарайшық мұражай-қорығы бой көтерді. UNIX. UNIX (Юникс) — амалдық жүйе түрі. Linux. __NOTITLECONVERT__ -- ұясына кіретін амалдық жүйе. Еркін бағдарламалық қамтама (ЕБҚ) біртіндеп күш жинауда. Егер бұрын ол тек тәжірибесі бар адамдармен қолданылып, кәдімгі пайдаланушылар үшін күнделікті қолдануға жарамаса, қазір осы жағдай өзгерген. ЕБҚ-ға өткен адамдар саны күннен-күнге өсіп келе жатыр, олардың арасында басқа операциялық жүйелер туралы естімеген адамдар да бар. Осы мақалалар сериясы осыған байланысты жазылған. Одан сіз бірнеше терминдерді, дистрибутивті қалай таңдау, таңдалған дистрибутивті қалай орнатып-баптауды, көмекті қайдан іздеу және не оқу керек туралы біле аласыз. GNU/Linux-ты «шұқып» көріп, одан соң оны күнделікті қолданамын дегендер тәжірибелері аз болғандықтан жиі терминологияда шатасады. Төменде ыңғайлатылған түрінде бірнешеуін түсіндіруге тырысамын. Көбірек білу үшін осы ұғымдар туралы Интернетте (Википедияда) оқып, танысуға болады. Free Software – еркін бағдарламалық қамтама (ЕБҚ), оны еркін қолданып және таратуға рұқсат ететін еркін лицензиялардың біреуі аясында таратылады. Open Source – бастапқы кодтары ашық бағдарламалық қамтама не ашық бағдарламалық қамтама. Маңызды ескерту: ашық – тегін дегені емес. Ашық пен еркін арасында айырмашылығы аз, тек керек кезінде оны ол туралы жеке айтамыз. GNU/Linux – Linux ядросына негізделген операциялық жүйенсінің атауы. Көбінесе осы сөз тіркесінің бірінші бөлігі айтылмайды, тек Linux (Линукс) деп айтылады. GNU/Linux құрамасы – ядро, командалық өндеуіш және бағдарламалық қамтаманың жинағы. Дистрибутив – бағдарламалық қамтаманың (операциялық жүйелер де) таратылу түрі, құрамында осы операциялық жүйенің орнатқышы мен минималды бағдарламалар жинағы болады. Linux дистрибутивтерінің мысалдары: Ubuntu, Debian, Slackware, openSUSE, Archlinux, т.б. Консоль (командалық жол) – негізі, ол – операциялық жүйенің мәтіндік көрінісі, түрі. Мәтіндік командаларды енгізу-шығару құралы. GNU/Linux жүйелерінде командалық жол деп көбінесе Bash командалық өңдеуіші және оның графикалық кеңейтуі (Xterm, Gnome-terminal) аталады. «Терминал» ұғымына ұқсас болып келеді. Root (суперпайдаланушы) – GNU/Linux жүйелерінде шектеусіз әкімшілік құқығы бар пайдаланушысы. GUI (ағылш. «graphical user interface») – пайдаланушының графикалық интерфейсі. Яғни, терезелер, панельдер, батырмалар мен т.с.с. Window Manager – терезелердің орналасуын мен олардың әрекеттерін басқарады. Мысалы, Compiz – графиалық эффектілерді ұсынады. Desktop Environment – жұмыс үстелінің ортасы, негізгі үші түрі бар: KDE, GNOME, XFCE. Құрамында бағдарламалар жинағы болуы мүмкін. Мысалы, мәтіндік редактор ретінде Gnome ішінде gedit, ал KDE ішінде Kwrite болып келеді. Жай ғана бағдарламалар жинағы емес, өзара тығыз байланыстырылға болады, мысалы, медиаплейерде ойнап жатқа өлең атын жедел хабарламалармен алмасу бағдарламасы көрсете алады. Десте – бағдарламалық қамтама файлы, құрамында бағдарламаның өзі, қосымша мәліметтер болады (лицензия мәтіні, мысалға). Десте атауы әдетте стандартты болады, бағдарлама аты, нұсқасы, архитектурасы көрсетіледі. Сонымен қатар, Linux әлемінде қолданатын дестелер түріне сәйкес дистрибутивтер екі үлкен топқа бөлінеді. Ең көп таралғандары deb және rpm дестелер түрлері. Алайда, кейбір дистрибутивтер өздік пішімдердегі дестелерді қолданады. Дестелер менеджері – БҚ дестелерін басқаруға арналған бағдарлама. Бағдарлама дестелерін іздеу, орнату, өшіру, жаңарту мен т.с.с. әрекеттерді орындайды Мысалы: dpkg, rpm. Archlinux үшін дестелер менеджері – pacman. Репозиторий – БҚ дестелері орналасатын жер. Ол интернеттегі серверде, жергілікті компьютерде, не компакт-дисктерде орналасуы мүмкін. Репозиторийден дестелер менеджері дестелер туралы ақпаратты оқып, оларды жүктеп ала алады. Бастапқы код – бағдарламаның «шикі» түрі, яғни, бағдарламалау тілінде жазылған код файлдары мен қосымша құрама (суреттер, құжаттама, т.с.с.). Бағдарлама осы түрінде пайдасыз, қолдану үшін оны «жинау» керек, бұл үрдіс компиляция деп аталады. Скрипт – командалық өңдеуіш орындайтын командалар жазылған файл. Мысалы, командалар тізімін қайта-қайта тере бермеу үшін оны скриптке жинауға болады. Үйшік. Үйшік — Атырау қаласының лақап атауы. Қызыл балық аулау үшін Жайық өзенінде салынған шарбақтан аталған. Амалдық жүйе. Амалдық жүйе — компьютердің жабдықтық және бағдарламалық қорларын басқаруға арналған бағдарлама. Амалдық жүйенің негізгі тапсырмалары жадыны бақылау және үйлестіру, әмірлердің орындалуын реттеу, енгізу және шығару құрылғыларын бақылау, желі қызметін жеңілдету және файлдарды басқару боп табылады. Кіріспе. a> үлгісі. Ағымдық қалта — C дискісінің түбірі болғанын көрсетеді Осы заманғы жалпы тапсырмаларды атқаруға арналған компьютерлер, соның ішінде жеке компьютерлерде, бағдарламаларын жегу үшін амалдық жүйені қажетсінеді. Жеке компьютерлерге арналған амалдық жүйе мысалдары ретінде келесілерін келтіруге болады: Microsoft Windows, Linux, Mac OS (Darwin) және Unix. Үдіріс басқару. Компьютерде орын алатын әр әрекет, артта өтетін қызмет болсын, бағдарлама болсын, үдіріс ретінде өтеді. Компьютер Вон Ньюман құрылымына негізделген жағдайда, процессор бір мезетте тек бір процесті өндей алады. MS-DOS секілді ескі жүйелерде бұл тосқауылды айналып өту үшін еш амал жоқ болғандығынан, бұларда бір мезгілде тек бір үдіріс қана өте алатын. Ал осы заманғы амалдық жүйелер болса, тіпті жалғыз процессорде де бір мезетте бірнеше үдіріс (бірнеше тапсырманы) орындауды мүмкін етеді. Тағы қараңыз. Windows амалдық жүйе сөзнамасы 1991. 1991 жыл — бейсенбіден басталатын кібісе емес жыл. Қаңтар. Қаңтардың 13 — бұл күні Литуанияда большевикшілдер өкімет төнкерісіy талаптаған. Литуания Азаттық қорғаушы күні деп жарияланған. Тамыз. 29 тамыз — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Семей полигоны жабылды. Желтоқсан. 16 желтоқсан — ҚР тәуелсіздігі туралы Заңның қабылдануы, Қазақстан тәуелсіздігінің жариялауы. Қасым хан. Жәнібекұлы Қасым хан (1445—18) — қазақтың ұлы хандарынын бірі, Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі — Әз-Жәнібек ханның ортаншы баласы. Шешесі Жаған-бегім Шайбани әулетінің атақты ханы Мұхаммед Шайбанидің інісі Махмұд сұлтанның шешесінің туған сіңілісі. Орнауы. Бұрындық хан Самарқанға кетуге мәжбүр болып, жат елде қаза болған соң, Қасым хан билікті өз қолына алды. 1511 ж. Қасым хан билікке қол жеткізгеннен кейін, Қазақ хандығы Қасым хандығы деп атала бастады. Қасым хан тұсында Қазақ хандығы саяси ықпалын күшейтіп, ірі және қуатты хандыққа айналды. Қасым хандығының аумағы батыста Сырдарияның оңтүстік жағалауларына дейін, оңтүстік-батысында Түркістан қалаларына дейін, оңтүстік-шығысында Жетісудың солтүстік бөлігінің таулары мен таулы бөктерлеріне дейін созылып жатты. Кейбір мәліметтер бойынша, Қасым хан тұсында Қазақ хандығының шекарасы солтүстік-шығыста Ұлытау қыраттары мен Балқаш өзенінің жағалауын қаитып, ал солтүстік-батыста Жайық өзеніне дейін жететін. Қасым тұсында Қазақ хандығы халқының саны бір миллионнан асатын. Қасым хан бүкіл қазақ халқын біріктіру арқылы үлкен әскери күшке ие болды. Қарауындағы халықтың бақытына орай, ол өзінің бейбітшіліксүйгіш саясатымен халықтың махаббатына бөленді. Осы бейбітшіліксүйгіштігімен Қасым хан халықтар арасында ерекше әйгілі болды. Қасым хан өлгеннен кейін, өзара қырқысулардың өрши түсуіне байланысты, Қазақ хандығы біраз әлсіреді, ал моғолдар мен қазақтардың арақатынасы өзгерді. Жерленуі. Мұхаммед Хайдар Дулатидың жазбаларына қарағанда, Қасым хан 1518 ж. қайтыс болған. Ал Тахир Мұхаммед өзінің «Раузат-ат Тарихирин» атты еңбегінде Қасым ханның өлген уақыты 1523—24 жылдар деп көрсетеді. Қадырғали Жалайыридың сөзі бойынша, Қасым хан Сарайшық қаласында қаза болған. Тарихшы А. П. Чулошников Қасым ханның Сарайшықтағы мазарының 17 ғ. басында кұламай аман тұрғанын жазады. Дулати, Мұхаммед Хайдар. Дулати Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар (1499-1551) - әйгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес елдердің тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаханнама» дастанының авторы, Жетісу жеріндегі ежелгі Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы. Оның толық аты-жөні – Дулат Мұхаммед Хұсайынұлы Мырза Мұхаммед Хайдар. Мұндағы «Мұхаммед Хайдар» - өз аты, «Мұхаммед Хұсайын» - әкесінің аты, «мырза» - текті әулеттің тұқымы екенін білдіретін атау (хан балаларының ханзада, сұлтан аталатыны секілді), «дулат» - шыққан тайпасының аты. Мұхаммед Хайдардың ата – бабалары кезінде Моғолстан мемлекетінің құрамына енген қазіргі Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Қырғызстан және Шығыс Түркстан жерлерінде ұлысбегі, тархан қызметтерін тқарған, өздерінің мұрагерлік иеліктері – Маңлай-Сүбені дербес басқарған. Өз әкесі Мұхаммед Хұсайын Моғолстанның Жүніс ханының күйеу баласы, Ташкентті билеген. Оны кейін Әмір Темірдің немересі Мұхаммед Шайбани хан өлтірген. Анасы Хуб-Нигар ханым – Жүніс ханның қызы. Бұл ретте Мұхаммед Хайдар Моғолстанның Сұлтан Саид ханмен және Үндістандағы баласы Ұлы Моғолдар әулетінің негізін қалаушы Захираддин Мұхаммед Бабырмен бөле. Әкесі өлгеннен кейін Мұхаммед Хайдар біраз уақыт осы Бабырдың қолында тұрады. Содан кейін Бабырдың рұқсатымен Сұлтан Саид ханға келіп, оның Қашқардағы сарайында тұрып, сарай қызметін басқарады. Саид ханның Әбубәкірге қарсы соғыстарына қатысады. Жан-жақты білімді, сарай қызметін жетік білетін адам ретінде ханның мұрагер баласы Әбу ар-Рашид сұлтанның тәрбиешісі болады. Сұлтан Саид өлгеннен кейін таққа отырған Рашид дулат тайпасының басшыларынан қауіптеніп, оларды қуғындай бастайды. Мұхаммед Хайдардың немере ағасы – Саид Мұхаммедті өлтіреді. Осыдан кейін өз басына қауіп бұлты үйіріліп келе жатқанын сезген Мұхаммед Хайдар Үндістанға қашады. Ол мұнда ұлы Моғолдар сарайында әскербасы болып, Кашмирді жаулап алу соғысына қатысады. Жаулап алғаннан кейін Ұлы Моғолдар атынан біраз уақыт Кашмирді билеп тұрады. Ол осында өзінің атақты еңбегі «Тарихи Рашидиді» жазуға кіріседі. Ол сол кездегі саяси оқиғалар мен оған қатысқан қайраткерлерді, сондай-ақ Моғолстан мемлекетінің, Қазақ хандығының өткен тарихын жақсы білген. Оның тікелей өзі куә болған жайлары да көп еді. Содан да болар ол орта ғасырдағы қазақтарға, әсіресе дулат тайпасының тарихына қатысты өте құнды материалдар береді. Қазақ хандығының құрылуы мен қалыптасуы, одан кейінгі кезеңдері, олардың қырғыздармен, өзбектермен қарым қатынасы жайында кеңінен сөз болады. Мұхаммед Хайдар Дулати құрметіне аты Тараз мемлекеттік универитетіне берілген. Қазақтар. Қазақтар — этнос және ұлт, Қазақстанның байырғы және негізгі халқы. Түркі тілдес халықтардың солтүстік-батыс қыпшақ тобына жатады. Қазақ тілінде сөйлейдi. Қазақтар Қазақстанмен көршілес Моңғолия (Баян-Өлгей аймағы), Қытай (Іле Қазақ автономиялық облысы), Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан елдерінің жерін бірыңғай қоныстаған. Қазақстандағы қазақтар саны 10 млн. адам (2009), әлемде шамасында 16 млн. адам құрайды. Қазақ хандығы. Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (15-16 ғғ.) Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдевІ 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды. Әсіресе Әбілхайыр(1428-1468) Жошы-Шайбан- Дәулет-Шайх оғланның ұлы хандығы өте нашар еді. Территориясы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірінен, солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі жерді алып жатты.Бір орталықа бағынған мемлекет болмады. Көптеген ұлыстарға бөлінді. Олардың басында Шыңғыс әулетінің әр тармақтағы ұрпақтары, көшпелі тайпалардың билеушілері тұрды. Әбілхайыр билік еткен кезде халық өзара қырқыс пен соғыстан шаршады. 30 жж. ол Тобыл бойында Шайбани ұрпағы Махмұт Қожаханды талқандады. Сыр бойындағы далада Жошы әулетінің Махмұтханы мен Ахметханын(Тоқа Темір тұқымы) жеңді. 1446 жылы Әбілхайыр Темір ұрпақтары мен Ақ Орда хандары ұрпақтарынан Сыр бойы мен Қаратау баурайындағы — Сығанақ, Созақ, Аққорған, Өзгент, Аркүк сияқты қалаларды басып алады. 1457 ж. Үз-Темір тайшы бастапан ойраттардан (жайылым жер іздеген) Түркістан өңірінде жеңіліп қалды. Масқара ауыр шарт жасасып, ойраттар Шу арқылы өз жерлеріне кетті. Ал Әбілхайыр өз ұлысында, қатал тәртіп шараларын орнатуға кіріседі. Бұл халық бұқарасының оған деге өшпенділігін күшейтті. Нәтижесінде халықтың жартысы Шығыс Дешті Қыпшақтан Түркістан алқаптарына және Қаратау бөктерлерінен Жетісудың батыс өңіріне көшіп барулары еді. Оны Жәнібек пен Керей басқарды. Дешті Қыпшақ пен Жетісудағы көшпелі бұқара феодалдық қанаудың күшеюіне, соғыстарға наразылық ретінде, хандар мен феодалдардың қол астынан көшіп кетіп, қоныс аударды. Сөйтіп, 15 ғ. 50-70 жж, яғни 1459ж. Әбілхайыр хандығынан Жетісудың батысына Есенбұға хан иелігіне Шу мен Талас өзендерінің жазықтығына көшіп келді. Олардың қоныс аударуының бір себебі, оларды Шыңғыс әулетінен шыққан Керей хан мен Жәнібек ханның жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ халқының дербес мемлекетін құру, оның тәуелсіз саяси және экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолындағы қадамы мен қызметі өз ықпалын тигізді. Жетісу рулар мен тайпалар мемлекет бірлестігінің орталыпына айналды. Олардың саны 200 мың адамға жетті. Моголстан ханы Есенбұға өзінің солтүстік шекарасын қорғату үшін, сондай-ақ өзінің бауыры Тимурид Абу Саид қолдап отырған Жүністің шабуынан батыс шекарасын қорғату үшін пайдаланғысы келді. Жәнібек қазақ хандығының тұңғыш шаңырағын көтерген Барақ ханның ұлы, ал Керей оның ағасы Болат ханның баласы. Барақтан басталатын қазақтың дербес мемлекеттігі жолындағы күресті оның туған ұлы мен немересінің жалғастыруы табиғи құбылыс. Мырза Мұхамед хайдар Дулати Қазақ хандығының құрылған уақытын хижраның 870 жылына (1465-1466 жж.) жатқызады. Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды (1458-1473 жж.). Одан кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайланды (1473-1480 жж.). Бұлардың тұсында Жетісу халқы, 1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға өлгеннен кейін ондағы тартыстың күшеюіне байланысты, өзара ынтымақтықты нығайтуға үлес қосты. Әбілхайыр хандығынан көшіп келушілер Жәнібек пен Керейдің қазақ хандығын күшейте түсті. Едәуір әскери күш жинапан және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей, Жошы әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл күрес 1468 ж. Әбілхайыр өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Қазақ хандарының басты жаулары Әбілхайырдың мұрагерлері- оның ұлы Шайх -хайдар мен немерелері Мұхамед Шайбани мен Махмұд сұлтан болды. Сыр өңірі мен Қаратау — қазақ хандарының Батыс Жетісудағы иеліктеріне ең жақын болды. Жәнібек пен Керей хандар сауда-экономикалық байланыстардың маңызды орталықтары және күшті бекініс болатын Сыр бойындағы қалаларға өз құқықтарын орнатуға тырысты. Сондай-ақ Сырдың төменгі және орталық сағаларының жерлері қазақтың көшпелі тайпалары үшін қысқы жайылым да еді. 70-жылдары Сауран, Созақ түбінде, үлкен шайқастар болды. Асыны (Түркістанды), Сығанақты біресе қазақ хандары, біресе Мұхамед Шайбани басып алып отырды. Осындай шайқастардың бірінде көрнекті қолбасшы Керейдің ұлы Мұрындық болды. Ол 1480 жылдан бастап хан болды. Соның нәтижесінде 15 ғ. 70-ж-да қазақ хандығының шекарасы кеңейе берді. Оңтүстік қазақстан қалалары үшін Шайбани әулетімен арадағы соғыстар Жәнібек ханнан кейін қазақ хандығын билеген Бұрындық хан (1480-1511 жж.) тұсында да толастамады. Батыс Жетісудағы иеліктеріне оңтүстіктегі өздеріне қараған қалаларға (Созақ, Сығанақ, Сауран) сүйене отырып, алғашқы қазақ хандары Дешті Қыпшақтағы өкімет билігіне талаптанушы барлық хандарды жеңіп, өз иеліктерін ұлғайтты. Дешті Қыпшақта қазақ хандары билігінің орнығуы, Мұхаммед Шайбаниды Дешті Қыпшақтағы тайпалардың кейбір бөлігін соңына ертіп Мәуереннахрға кетуге мәжбүр етті. Мұнда ол Темір әулеті арасындағы өзара тартысты пайдалана отырып, өкімет билігін басып алды. Сонымен қазақ хандығының құрылуына ұйтқы болған себептер — саяси және этникалық процестер болды. Оның басты этапы — Керей мен Жәнібектің қол астындағылармен бірге көшпелі өзбектердің басшысы Әбілхайырдан кетіп, Моғолстанның батысына қоныс аударуы. Мұндағы маңызды оқиға — Керей мен Жәнібекті жақтаушылардың өзбек-қазақтар, кейін тек қазақтар деп аталуы. Әбілхайырдың өлімінен кейін Керей мен Жәнібектің Өзбек ұлысына келіп, үкімет билігін басып алуы. Жаңа мемлекеттік бірлестік Қазақстан атана бастады. 16-17 ғғ. қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз тұсында «жерді біріктіру» процесін жедел жүзеге асырып, көзге түскен хандардың бірі Жәнібектің ұлы Қасым.. Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы нығая түсті. Ол билік құрған жылдары қазақ халқының қазіргі мекен тұрағы қалыптасты.Бірсыпыра қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлауы Ұлытаудан асты. Оңтүстік-шығыста оған Жетісудың көп бөлігі (Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері) қарады. Қасым ханның тұсында Орта Азия, Еділ бойы, Сібірмен сауда және елшілік байланыс жасалды. Орыс мемлекетімен байланыс болды. Ұлы князь 3 Василий (1505-1533) билік құрған кездегі Мәскеу мемлекеті еді. Батыс Еуропа да қазақ хандығын осы кезде танып білді. «Қасым ханның қасқа жолы» деген әдет-ғұрып ережелері негізінде қазақ заңдары жасалынды. Дегенмен Қасым хан тұсында Қазақ хандығы бір орталыққа бағынған мемлекет болмады. Ол Қасым өлгеннен кейін бірден байқалды. Өзара қырқыс, таққа талас басталды. Моғол және өзбек хандарының қазақ билеушілеріне қарсы одағы қалыптасты. Өзара тартыс кезінде Қасым ханның ұлы және мұрагері Мамаш қаза тапты. Қасым ханның немере інісі Таһир (1523-1532) хан болды. Оның айырықша елшілік әне әскери қабілеті болмады. Маңғыт және Монғол хандарымен әскери қақтығыстар басталды. Бұл соғыстар қазақтар үшін сәтті болмады. Қазақ хандығы оңтүстіктегі және солтүстік-батыстағы жерінің бір бөлігінен айрылып, оның ықпалы тек Жетісуда сақталып қалды. ТаҺир ханның інісі Бұйдаштың (1533-1534) тұсында да феодалдық қырқысулар мен соғыстар тоқталған жоқ. 16 ғ. 2 ж. әлсіреген хандықты біріктіруде Қасым ханның баласы Ақназар (1538-1580 жж.) өз үлесін қосты. Ноғай Ордасындағы алауыздықты сәтті пайдаланған ол, Жайық өзенінің сол жағындағы жерді қосып алды. Оның тұсында Жетісу мен Тянь-Шаньды басып алуды көздеген Моғол ханы Абд- Рашидке қарсы ұтымды күрес жүргізілді. Ақназар өзара тартыста өзбек ханы Абдулланы қолдау арқылы Сыр бойындағы қалаларды (Сауран, Түркістан) өзіне бағындырды. Оның Абдулламен байланысынан қорыққан Ташкенттің ұлыстық әміршісі Баба сұлтан жансыздары арқылы Ақназарды у беріп өлтірді. Ақназардың мұрагері Жәдіктің баласы және Жәнібек ханның немересі қартайған Шығай (1580-1582) болды. Ол өзінің баласы Тәуекелмен (1586-1598 хан болған) бірге Баба сұлтанға қарсы күресінде Бұқар ханы Абдоллаға келді. Абдолла Шығайға ходжент қаласын сыйға тартып онымен қосылып Баба сұлтанға қарсы Ұлытау жорығына шығады. Осы жорықта Шығай қайтыс болады. Қазақ хандығының иелігі енді Тәуекелге көшеді. Тәуекел хан Орта Азияның сауда орталықтарына шығу үшін күресті. 1583 жылы ол бұрынырақ Бұқарамен жасалған шартты бұзып, Сыр бойындағы қалаларды алып, Ташкент, Андижан, Акси, Самарқанд сияқты қалаларды қазақ хандығына қаратты. Бұқара қаласын қоршауға алған кезде Тәуекел хан жараланып қаза болды. Одан соң хандыққа Есім хан Шығайұлы (1598-1628) билік етті. Ол 1598 жылы Бұқарамен бітім шартын жасасты, шарт бойынша өзбектер бұрын тартып алған Сыр бойы қалалар мен Ташкент қазақ хандығына бекітіп берілді. Сөйтіп, Сыр бойындағы қалалар үшін, Оңтүстік Қазақстанның жерін кеңейту үшін бір жарым ғасырға созылған күрес біраз бәсеңдеді. Есім хан елді жуасытып бағындыру саясатын жүргізді. Сондықтан ол қанға қан, құн төлеу, барымта алу, құлды сату, зекет, ұшыр жинау, айып салу және т.б. уағыздады. Халық Есім хан заңдарын "Есім хан салған ескі жол! Деп атады. 16 ғасырда қазақ хандығы солтүстікте құрылған Сібір хандығымен (орталығы Түмен) шектесті. 1563 жылы Шайбани әулеті мен Тайбұғы руы арасындағы ұзақ жылдар бойы жүргізілген күрестен кейін Сібір хандығы Шайбани әулеті Көшім ханның қолына көшті. Сібір хандығының халқы түркі тілдес қырық рудан құрылған және угар тайпаларының жиынтығынан тұрды. Хандықтың негізгі халқы түркі тілдес «Сібір татарлары» деген атпен белгілі болды. Сібір хандығы Қазақстанмен саяси және сауда байланысын жасап тұрды. 1552 ж. Ресей Қазан қаласын жаулап алғаннан кейін, ол Сібір хандығымен көрші болып шықты. 1581 ж. Ермактың сібірге жорығы басталды. Көшім хан жеңілгенмен, Ермак жеңісті баянды ете алмады, ол 1584 ж. қаза тапты. Бірақ Сібір хандығы да көтерілмеді. Сөйтіп ол 1598 жылы Ресей құрамына енді. 17 ғ. 2 ж. Қазақ хандығының жағдайы нашар болды. Өзара қырқысты пайдаланған жоңғарлар Жетісудың бір бөлігін басып алып осы аймақта көшіп жүрген қазақтар мен қырғыздарды бағындырды. Бұқара әскерлері Ташкентті алып, қазақтарды ығыстыра бастапан кезде, қазақ хандарының бірі Жәңгір Бұқар әміршісін жоңғарларға қарсы күресу үшін әскери одақ жасауға көндірді. Жәңгір жоңғарларға қарсы жорықта 1652 ж. қаза тапты. 17 ғ. 90-ж-да жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылы бәсеңдеді. Бұл кезде қазақ хандығының нығаюы, қырғыздар мен қазақтар арасындағы одақ және оған қарақалпақтардың қосылуы күшті жүрді. 1680 ж. Жәңгірдің баласы Тәуке (1680-1718) хан болды. Оның тұсында «Жеті жарғы» деген заңдар жинапы құрастырылды. Жеті жарғы көшпелілердің ел билеу заңы болып табылады. Оның негізгі баптарының мазмұны: қанға қан алу, яғни біревдің кісісі өлтірілсе, оған ердің құнын төлеу (ер адамға 1000 қой, әйелге 500); ұрлық, қарақшылық, зорлық-зомбылыққа өлім жазасы кесіледі, жазаны ердің құнын төлеу арқылы жеңілдетуге болады; денеге зақым келтірсе, оған сәйкес құн төленеді (бас бармақ 100 қой, шынашақ 20 қой); егер әйел ерін өлтірсе өлім жазасына кесіледі (егер ағайындары кешірім жасаса, құн төлеумен ғана құтылады, мұндай қылмысты екіқабат әйел жасаса жазадан босатылады); төре мен қожаның құны қарашадан 7 есе артық төленеді; егер ері әйелін өлтірсе, әйел құнын төлейді. Феодалдық қанау көптеген салық түрін енгізді. Малшыдан зекет, егіншіден ұшыр жиналды. Ең жоғары басқарушы хандар болды. Олар тек Шыңғыс тұқымынан шықты. Феодалдық шартты жер иеленушілік, жерге меншіктің тұрақты түрлері, әсіресе Қазақстанның оңтүстік аудандарында, Сыр бойындағы қалалар аймағында қалыптасты. Олардың сойырғал, иқта, милк, вакуф сияқты түрлері болды. Ханнан тархандық құқық алып, сыйлық жерді иеленушілер онда тұратын егіншілерден, қолөнершілерден өз пайдасына салық жинады. Қазақ қоғамын әлеуметтік-таптық топтарға бөлу негізіне әл-ауқаттылық жағдайынан гөрі, әлеуметтік шығу тегі негізге алынды. Жоғары аристократтық топ ақсүйектерге Шыңғыс әулеттері хандар, сұлтандар, оғландар төрелер, қожалар жатты. Ал басқа халық әл-ауқатына қарамастан қара сүйеккке жатқызылды. Қазақ поэзиясының аса ірі тұлғалары Шалкиіз (15 ғ.), Доспамбет (16 ғ.), Жиембет (17 ғ.). Қазақтың батырлар жыры тарихи оқиғаларға құрылған. Мысалы: Қобыланды, Ер Тарғын, Алпамыс, Ер Сайын, Қамбар батыр дастандары. Ислам діні толық тарады. Араб әліпбиі қолданылды. 18 ғасырда қазақтар үз жүзге бөлініп өмір сүріп жатты. Әр жүздің өз ханы болды. Кіші жүзді Әбілхайыр, Орта жүзде Сәмеке (Шахмұхамед), Ұлы Жүзде -Жолбарыс, Түркістан қаласын астана еткен Үлкен Орданың ханы Тәуке еді. Қазақ жерінде орталықтанған мемлекет болмауын көршілері өз пайдасына шешуді ойлады. Оңтүстік-батыстан Жайық казактарының қолдауымен Еділ бойындағы башқұрттар, қалмақтар Кіші жүзге тынымсыз шабуыл жасады. Солтүстіктен Сібір казактары тыным бермеді. Орта Азиядағы Бұқара мен хиуа хандықтары да қазақ жерінен дәмелі болды. Олардың бәрінен асып түскен жоңғарлар еді. 16 ғасырдың соңында ойраттар(қалмақтар) төрт тайпалық бірлестіктен тұрды. Олар Тарбағатайдан Шығысқа қарайғы өңірді алып жатқан торғауыттар, Ертістің жоғары ағысында қоныстанған дербеттер, қазіргі Дихуа қаласының маңындағы хошауыттар, Іле өзенінің жоғары жағындағы шоростар еді. Қазақтар мен ойраттар арасындағы жайылым жер үшін күрес 15 ғасырда-ақ басталды. 16 ғ. соңында ойраттардың шағын бөлігі қазақ ханы Тәуекелге бағынды. 1635 ж. Хонтайшы Батурдың бастауымен Жоңғар хандығы құрылды. Қазақ-жоңғар қатынастары Батур хонтайшы (1634-1654) билік құрған кезде шиеленісе түсті. Онан кейінгі жоңғар хандары (Сенге, халдан) Оңтүстік қазақстанды, маңызды сауда жолдары өтетін қалаларды өздеріне қаратуға тырысты. 1718 жылы Тәуке өліп, орнына Болат хан болды. Оның кезінде қалмақтардың қазақ жеріне жорығы күшейді. Бұл жорықтардың табысты болуына шведтің артиилерия сержанты Иоганн Густав Ренаттың әсері күшті болды. 1709 жылы Полтава түбінде орыстардың қолына түскен Ренат Тобыл қаласына айдалды, осында Ертістің бойында Бухгольцтің экспедициясы құрамында Кереку қаласының маңында 1715 жылы қалмақтарға тұтқынға түседі. 1733 жылға дейін қалмақтардың қолында болды. Ол қалмақтарға зеңбірек құюды, баспахана жасап, әріп құюды үйретеді. Жан-жақты әскери дайындығы бар жоңғарлар 1710-1711 жж. қазақ жеріне басып кіріп соғыс жүргізді. Олар 1717 жылы жазда Аякөз өзені жағасында қазақтардың 30 мың жасағын талқандады. Келесі жылы жоңғарлар қазақтарды Бөген, Шаян, Арыс өзендері бойында тағы да қырады. 1723 жылы ерте көктемде жоңғарлар қазақ жеріне тағы да соғысуға келді. Шуна Дабо деген қалмақ басқарған бұл шайқас екі бағытта жүруі тиіс еді. Бірінші бағыт Қаратауды басып өтіп, Шу мен талас өзендеріне шығу болса, екінші бағыт қазақтарға соққы беріп, Шыршық өзеніне жету болатын. Бұл жоспарды іске асыру үшін әскерлер жеті топқа бөлініп, оның бірі Жетісу Алатауының етегіндегі Балқаш көліне құятын төрт өзеннің бойына топтастырылды. Қалмақтың ірі қолбасшысы Амурсана басқарған 70 мың адамнан тұратын екінші бір тобы Іле өзені бойына, Кеген өзенінің солтүстік жағасына, Нарын өзенінің күншығыс жағынадғы Кетпен тауы баурайына орналасты. Бейғам отырған қазақтар аямай қырылды. Жоңғарлар Жетісуды, Ұлы жүзді қырып-жойып, Ұлы жүз, Кіші жүз жеріне де жетті. Халық басы ауған жаққа шұбырды. Ұлы Жүз бен Орта Жүздің қазақтары Самарқан пен ходжентке қарай шұбырды. Кіші жүз қазағы хиуа мен Бұхараға ағылды. Босқындардың біразы Сырдың сол жағындағы Алакөл маңына топтасты. Халық бұл кезеңді «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп атады. «Елім-ай» деген ән туды. Халық ең соңында бірігудің қажеттігін түсінді. 1728 жылы Әбілхайыр бастапан Кіші жүз жасақтары, Тайлақ батыр, Саурық батыр бастапан әскерлер Ырғыз уезінің оңтүстік шығыс бетіндегі Бұланты өзенінің жағасында «Қара сиыр» деген жерде қалмақтарға қарсы соққы берді. 1730 жылы көктемде Балқаш көлі маңында тағы соғыс басталды. Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай, сияқты батырлар бастапан қазақ жасақтары жоңғарларға аяусыз соққы берді. Бұл жер кейін «Аңырақай» деп аталып кетті. Шуно Дабо бастапан қалмақтар Іле өзені бойымен шығысқа қарай қашуға мәжбүр болды. Қазақ жерін азат ету жолындағы соғысты жеңіспен аяқтау үшін Үш жүздің әскерлері Шымкентке таяу Ордабасы деген жерге жиналды. Қолбасшы болып Әбілхайыр мен Бөгенбай сайланды. Осы тұста Тәуке ханның баласы Үлкен Орда иесі Болат хан қайтыс болды. Таққа талас басталды. Болат ханның інісі, Орта Жүздің ханы Сәмеке (Шахмұхамед) тақтан үміткер болды. Сондай-ақ қалмақты қыруда үлкен ерлік танытқан Кіші жүз ханы Әбілхайырда тақтан дәмеленді. Алайда аға хан болып Болаттың үшінші ұлы Әбілмәмбет сайланды. Әбілхайыр бұған наразы болып, майдан шебінен әскерін алып кетті. Сәмеке де Шу бойымен Бетпақдалаға қарай өз әскерін алып кетті. Жоңғарларға қарсы майдан әлсірей бастады. Ұлы Жүздің ханы Жолбарыс жоңғарлармен мәмлеге баруға мәжбүр болды. Осы тұста әрбір жүздің ішінде феодалдың бытыраңқылық күшейді. Кіші жүз сұлтандары Батыр мен Нұралы (Әбілхайырдың баласы) өз алдына ел биледі. Сол сияқты Орта жүзде Күшік пен барақ сұлтандардың да өз иеліктері болды. Қазақ хандығының Бұхара, хиуамен қатынасы да нашар болды. Еділ өзені бойында қалмақтар мен башқұрттар Кіші Жүздің жеріне шабуыл жасап, үнемі қауіп туғызды. 1742 жылы 20 тамызда Ор қаласында Ресей, жоңғар және қарақалпақ, қазақтардың Кіші, Орта және Ұлы жүздің өкілдері қатысқан келіссөз жүргізілді. Онда Ресей өкілі қазақ пен жоңғар арасындағы қақтығысқа байланысты уәж айтпақшы болды. Бірақ жоңғарлар оны тыңдаған жоқ. Олар орыс қамал-бекіністеріне, қазақ қоныстарына жақын жерде 20 мың әскер ұстап, қазақты мазалауын қоймады. Ендігі жерде қазақтар өз күшіне ғана сенуіне тура келді. Осы идеяны орнықтыруға Абылай хан зор күш жұмсады. 1711 жылы дүниеге келген Абылай Уәлиұлының бастапқы есімі Әбілмансұр болды. Ол жастай жетім қалды. 1731 жылы жоңғарлармен шайқаста көзге түсті. Жоңғарияның ханы Қалдан Серен 1745 жылы өліп, оның мұрагерлері таққа таласты. Осы кезде оған Цинь империясы тиісе бастайды. Абылай осы сәтті пайдаланды. Ол сыр бойындағы қалаларды азат етуге кірісті. Ол бұл жорықта қазақ әскерлерін үш топқа бөлді. Оның бірінші тобын Қанжығалы Бөгенбай мен Үмбетей жырау басқарды. Бөгенбай басқарған 10 мың әскер Түркістанның солтүстік жағына, Созақ бекінісіне барып тиісуге тиіс еді. Екінші қолды Жәнібек батыр басқарды. Оған Тәтіқара жырау қосылды. Олар Сырдың төменгі ағасына қарай кетті. Үшінші негізгі қолды Абылайдың өзі басқарды. Жорыққа қатысушылар Шиелі, Жаңақорған бойымен Түркістанның күнбатыс жағына қарай жылжыды. Бұл топта Қабанбай, Баян, Сырымбет, Малайсары, Жанұзақ болды. Жоңғар әскерін басқарған Қалдан Сереннің ортаншы ұлы Цевен Доржи де өз әскерін үшке бөлді. Ол өзінің басты күшін Абылайға қарай бағыттады. Оның қару-мылтығы, түйе үстіне орнатқан 15 зеңбірегі бар еді. Қазақ жасақтары сойыл, шоқпар, садақпен қаруланды. Цевен Доржи өзінің ауыр қолымен Абылай әскерлерінен бұрын келіп, Жаңақорғанға бекініп алды. Абылай Жаңақорған бекінісін алуды Қабанбайға тапсырды. Сырымбетті оң жақ қанатқа, Баянды әскердің сол жақ қанатына қойды. Олардың сыртынан үш мың қолы бар Малайсары, Оразымбет батырлардың әскерін топтастырды. Бұл соғыс екі айға созылды. Қазақ әскерлері Жаңақорғанды, Шымкентті жаудан тазартты. Түркістанға дейін жетті. Бөгенбай басқарған әскерлер Созақ пен Сайрамды босатты. Батыр Баян Талас өзеніне дейін барды. Жәнібек батырдың әскерлері қарақалпақ жерін босатып, қалмақтарды Сырдың жоғарғы сапасына шегіндірді. Амалы таусылған Цевен Доржи Абылайдан бітім сұрауға мәжбүр болды. Келісім бойынша Созақ, Сайрам, Манкент, Шымкент қалалары Әбілмәмбеттің қарамағына өтті. Түркістан туралы мәселе кейінірек шешілетін болды. Абылой бұл жолғы жеңістерін жоңғар хандығының күйреуінің бастамасы деп есептеді. 1745 жылғы соғыс осымен бітті. Қазақ жерін қалмақтардан толық тазарту мақсатымен Абылай бастапан қазақ жасақтары 1750 жылы жауды жоңғар қақпасы маңында оңдырмай соққы берді. 1755 жылы жоңғарлар бірнеше ұсақ иеліктерге бөлініп кетті. Осыдан кейін 1758 жылы Жоңғар мемлекеті құлады. 1758 ж. Цинь қытайлары Шығыс Түркістандағы қазіргі Синь-Цзянь жерін басып алды. Цинь империясының батыс шекарасы қазақ жерімен шектесті. Қытайлар дүркін-дүркін шабуыл жасап қазақтарға тыным бермеді. Абылай келісімге келу туралы Пекинге адамдар жіберді. Сөйтіп, Қытаймен сауда, экономикалық қатынас орнату жолдарын іздестірді. Ол Ресеймен де қарым-қатынас орнатты. 1771 жылы Әбілмәмбет хан өлгеннен кейін, Түркістанда Абылайды Орта жүздің ханы етіп сайлады. Бір жылдан кейін 1772 жылы вице-канцлер М.Л. Воронцовтың жарлығымен Абылайға арналып Есіл өзеніне таяу жерде Жаңғызтөбеге ағаш үй салынды. Абылай 1780 жылы мамыр айында Ташкентте 69 жасында қайтыс болды. Орнына Уәли сайланды. Ресей империясы құрамында. Саяси және экон. қиын жағдайда Қазақстанның Ресейге қосылу мәселесi алға тартылды. Қ-дың сыртқы саяси жағдайының күрделiлiгi Әбiлқайыр ханды Кiшi жүзде Ресей протекторатын қабылдауға мәжбүр еттi. 1734 ж. Орта жүздiң бiр бөлiгi Ресейге қосылды. 19 ғ-дың 2-жартысында Ресей үкiметiнiң жоспарлы түрде жүргiзген әскери-саяси шаралары нәтижесiнде, Қазақстанды империя құрамына қосу толық аяқталды. Қ. арасында кейiнгi орта ғасырларда меншiктiң бiрнеше түрi айқындалды: 1) мал мен мал ш. өнiмдерiне деген меншiктiң жеке дербес отбасылық түрiндегi меншiгi; 2) жерге немесе жайылымдарға қауымдық меншiк; 3) су көздерiне меншiк; 4) қауымдар ассоциациясының қарамағындағы малшылар тобы көшiп-қонатын аймаққа қатысты экономикадан тыс меншiк, Қ-дың әлеум. ұйымдасуы адамдар арасындағы бiр-бiрiмен байланысты әр алуан қарым-қатынас түрлерiне (қандас туыстық-отбасылық, шаруашылықтық, әскери, мәдени, этн., т.б.) негiзделдi. 1824, 1867 — 68 жылдардағы әкiмш.-саяси реформалары арқылы Ресей үкiметi қазақтарды басқарудың дәстүрлi жүйесiн жойды. Қазақстанның Ресейге қосылуы арқылы халықтар арасында шаруашылық айырбас пен басқа да қарым-қатынастар үшiн қолайлы жағдай туды, капиталистiк өндiрiс қатынастары кеңiстiгiне негiз қаланды. Ресейдiң отаршыл саясатына қарсы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерiлiстерi болып өттi. Оларды Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы, Кенесары Қасымұлы, Жанқожа Нұрмұхамедұлы, т.б. басқарды. 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басында Қазақстандағы егiншiлiкпен айналысатын халықтар арасындағы қазақтардың үлес салм. 55,4%-ға жеттi. Өнеркәсiп дамуы, т. ж-дар салынуы, су жолдарының кеңiнен пайдалануы қазақ жұмысшыларының қалыптасуының экон. негiздерiн қалады. Кеңестік дәуір. 1917 ж. Қазан төңкерiсiне дейiн Қ-дың негiзгi кәсiбi көшпелi немесе жартылай көшпелi жағдайда мал өсiру, суармалы егiншiлiк болса, аңшылық пен балық аулау және қолөнерi де халық тұрмысында берiк орын алды. Қоғам өмiрiнде рулық-патриархалдық қатынастар үстем болып келдi. Кеңестiк үкiмет өткiзген кәмпескелеу, ұжымдастыру шаралары Қ-ды 1931 — 33 ж. ашаршылыққа ұшыратты. 1929 — 31 ж. Қазақстанда кеңес өкiметi саясатының асыра сiлтеулерiне қарсы 372 көтерiлiс болды. Көтерiлiстiң күшпен басылуына орай Қ. басқыншылыққа ұшырады. 1930 жылдың басынан 1931 жылдың ортасына дейiн Қазақстан аумағынан 281230 шаруа қожалығы сыртқа көшкен. Олардың едәуiр бөлiгi Қытайға, Иранға, Ауғанстанға өтiп кеттi. Қазақ этносы осы жылдары аса көп шығынға ұшырады. Ашаршылық және онымен байланысты туған iндеттер салдарынан 2 млн. 200 мыңнан астам адам қырылды. Бұл барлық Қ-дың 48%-ын құрады. Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында мерт болған шамамен 410 мыңдай қазақстандықтардың басым бөлiгi Қ. едi. Тәуелсіздік. 1991 ж. 16 желтоқсанда мемлекет тәуелсiздiк жарияланған соң, қазақ ұлты өзiнiң ортақ мүддесi жолындағы бiрлiгiн нығайтты. Қазақ тiлi мемл. тiл болды. Қазақ халқының таңдаулы өкiлдерiнiң кеңестiк дәуiрде тыйым салынған есiмдерi ұлтымыздың мақтанышына айнала бастады, тарихи топонимика қалпына келтiрiлiп, ұлттық мәдениеттiң гүлденуiне жағдай жасалды. Шет елде жүрген отандастардың елге оралуына мүмкiндiк туды. Діні. Қазақтар Исләм дiнiнiң Сунна бағытын қабылдаған. Оған дейiн шаман дiнiнiң негiзi болған тәңiрге, аруаққа сиыну нанымдары орын алды. Қазақ (этноним). Қазақ — Қазақстанды мекендген қазақтар халқының этнос және ұлт атауы. Тағы да қазақтар өзін, көбінесе саяси-отаншыл немесе ақындық тұрғыда, алаш деп те атаған. Қазақ этнонимын шығу тегі. Қазақ этнонимының туу тарихы ұзақ уақыт бойы зерттеушілердің қызу айтыстарына айналды. Түсіндіретін түпкілікті пікір алайда қалыптасқан жоқ. Қазақ сөзіне үндес терминдер Қазақстаннан шалғай аймақтардан да кездеседі. Қазақ деген термин ертедегі екі тайпалық (каза және саха) одақтардың атынан шыққан. Олар сонау ықылым заманда алып одақ құрып сонау Мысырға дейін жаулап алған. Сонда Каза-саха деген қала салынған. Кавказ болжамы. Кейбір ғалымдар (Н. М. Карамзин, А. Вамбери т.б.) Шығыс Ромей империясының императоры Константин «Қызылтуған» (10 ғ. орта шені) берген мәліметтер бойынша Казахия елін Кавказдың солтүстік-батысында орналастырады (Қырым хандығы мезгілінде "Қарачу" немесе "Қарачай" деп белгілі аймақ). В. Минорский Константин хабарында Казахия деп касогтар айтылатынын дәлелдейді. Араб тарихшысы Әбу-л-Хасан Әли әл-Масуди «Өсиет және қайта қарау кітабі» шығармасында Құбан өзенінің төңірегіндегі тайпалар арасында "әл-касакия" тайпасын көрсетеді. Неміс шығыстанушысы И. Маркварт бұл екі сөз бір ғана этнос — касогтардың атауын береді деді. Парсы тілді «Худуд әл-алам» жоғрапия туралы кітапта Қара теңіз жағалауында Касаг қаласының орналасуын деректейді. Көне Русьтегі жазылған «Повѣсти временныхъ лѣтъ» жылнамасында Святослав (965) пен Мстислав (1022) "князь"дері касогтармен соғыс жасайды. Ал "касог" терминін, алғаш рет 8 ғ. аяғы — 9 ғ. басында монах Епифаний келтірілген. жоғарыдағы мәліметтерге қарағанда "касах", "казахия", "касак", "кашак", "касог" алдыңғы орта ғасырларда Кавказдағы шағын тайпа, немесе тайпалар бірлестігін білдіретін алуан түрлері болғаны байқалады. Қазақ этнонимінің жоғарыда көрсеткен касог, т.б. атауларымен барлық жағынынан байланысы әлі де зерттеу борышы боп тұр. Моңғол болжамы. Фин алтайшысы Г. И. Рамстедт және А. А. Семёнов "қазақ" терминін «Қасиетті жылнамада» (13 ғ.) арба ұғымы бар сөз тіркесінен шығарады. Ал Қазақстанды қоныстаған түркі тайпалар осы қоссөзді пайдаланғанына ешбір тарихи мағлұмат табылмаған. Енесай болжамы. Әйгілі түркітанушы В. В. Радлов Енесай өзенінің төңірегіндегі көнетүркі мұраларынан көнетүркіше: "қазғақым оғлым" — «менің асырап алған ұлдарым» деген тіркесті тапқан. "Қазғақ" және "қазақ" сөздерінің дыбыс және мағына ұқстастығына сүйеніп, В. П. Юдин "ғ" дыбысы соңыра түсіп қалып, "қазақ" терминіне айналды деп болжам шығарған. Бұл көзқарас түркі тілдерінің тарихи фонетикалық заңдылықтарымен үйлеспейтідіктен, мамандар тарапынан қолдау табылмады. Қарлық болжамы. И. Маркварт шығыс мәтіндерден үш қарлық тайпасын "хасактар" (хаски) деп оқыған. Бірақ, В. Минорский басқа мұсылман деректерімен салыстырып, қарлықтардың тайпалық атауының мәтін аралық оқылуына елеулі түзету жасады. Бұл ретте, "хасактардың" орнына "баскил" деген конъюнктура енгізілді. Араб саяхатшы Әбу Дулаф «Рисалас» («Жазба») шығармасындағы "харлұқ" сөзін "хазлақ" деп оқып Н. Н. Пантусов та қателікке ұшырады. Парсы болжамы. Парсы-тәжік әйгілі Фирдоусидің Шахнама дастанында "қазақ" халқы және "қазақ хандары" туралы айтылған екен. Кейбір ғалымдар, А. Левшиннен бастап, нағыз қазақ халқының құрылуын 10 ғ. жатқызады. Дастанда "қазақ" терминіне қатысты ешқандай маңызды ақпар жоқ екендігін көптеген шығыстанушылар (С. Г. Кляшторный, Т. И. Сұлтанов т.б.) атап көрсетті. Қыпшақ әлеуметтік болжамы. Кейбір деректерде бұл термин әлеуметтік мәнінде қолданылған «қазақлық» «қашақ» деген атаудан шықты дейді. «Қазақ» термині 1245 жылы Мамлюк мемлекетіндегі қыпшақтардың ортасында жазылған ерте қыпшақ жазба ескерткіштерінде (түрік-араб) сөздігінде кездеседі. Мұнда «қазақ» деген сөз басы бос кезбе деген мағына береді. Бұл семантикалық ұғым бойынша «қазақ» терминіне әлеуметтік мағына беріледі, яғни еншісі бөлек, үлкен ұлдардың ата шаңырақтан бөлініп уақытша ру, тайпалардан кетіп, күнкөріс үшін әскери жорықтарға қатысуын санаған. …қазақ атауы 9-10 ғғ. Шығыс Дешті Қыпшақ қыпшақтарының қоғамында әлеуметтік, ал 11-12 ғғ. этникалық-әлеуметтік топтарға қолданылған. Және осы ғасырларда қыпшақ тайпаларының топтасуы қазақ қауымдастығы қалыптасуының да маңызды кезеңі болды деп жазылған. Яғни бұл процесс түрлі кезеңде де тоқтамай, әмбебап мағынада қолданылып келген. Нәтижесінде қыпшақ тайпасы өзегі болған 14 ғ. басында құрылған Ақ Орда халқының құрамы қазақтар болған. 15 ғ. 2 ж. қазақ халқы құрылып болғаннан кейін, халықтың этногенез процесінің күрделі ерекшелігінің бірі болып табылатын «қазақ» атауы, этникалық маңызға ие болды. Немесе «қазақ» атауы Жәнібек пен Керей бастап Жетісуға көшіп кеткендерді «өзбек-қазақ», кейін «қазақ» түрінде пайдаланылған деп санайды. EBay. __NOTITLECONVERT__ Астархан облысы. Астархан облысы — Онтүстік-шығыс Ресейдегі облыс, федерация буыны. Астархан облысы солтүстікте — Ресейдің Волгоград облысы, батыста — Ресейдің Қалмақ республикасы, шығыста — тәуелсіз Қазақстан республикасымен көріштес. Оңтүстікте Каспий теңізімен шалғай. Облыс орталығы - Астархан қаласы. Техас. Тeхас — Амeрика Құрама Штаттарының oңтүстігіндeгі штат. Астархан. Астархан (тағы басқаша емлесі — Аштархан,) — қала (1558), Ресейдің Астархан облысының орталығы. Этнос. Этнос — (халық, тайпа, жұрт, ұлт) жалпыға ортақ, сыртқы кескін-кейпі ғана емес, едәуір тұрақтанған ерекше мәдениеті (тілін қоса) мінез-құлқы бар, сол сияқты өзінің бірыңғай екенін және басқа этникалық топтардан бөлектігін түсінетін сана-сезімі бар, оның бұл қасиеті өз атымен (этноним) бекітілген адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты бір тұтастығы. Сондай-ақ территориясы да бірыңғай болуы тиіс. Этнос ұғымы – халықтың этникалық табиғаты туралы сөз болғанда қолда­ны­лады, мысалы, орыс этносы, қазақ эт­носы, неміс этносы, ұйғыр этносы, корей этносы, т.б. Халық пен этнос бір мәнде де айтылады, сонымен бірге контекстке бай­ланысты бірде халық, бірде этнос мә­нісінде қолданылады. Этнос – халықтың этникалық сипаттамасы. Халық – этностың субстанциясы. Халық ауқымды – ұғым. Халықтың этникалық сипа­т­та­масы болмауы өте сирек кездесетін жағ­дай, мысалы, бұл мәселені шартты түрде американ халқына қатысты айтуға болар. Елдің аталуында тұрғандай, Америка Құрама Штаттардан тұрады. Көптеген нәсіл, этностардан құрылған, этностық жағы біртекті емес. Кезіндегі кеңес халқы деген этностық тарихы жоқ, адамдардың мем­лекеттік-территориялық қауымдас­ты­ғы болатын. Мұндай жағдайда бірыңғай азаматтық басты қағидат болып, этностық іс­тер есепке алына бермейді. Ал Англия, Фра­нция, Германия, Жапония, Ресей т.б. сияқ­ты дәстүрлі елдерде азаматтықпен бірге этностық қасиеттер бірге анық­тал­мақ, себебі, бұл халықтардың ғасырларға ке­тетін этностық тарихы бар. Осы тұста татар ғалымдарының шығарған тарих оқу­лығының аталуы есіме түсіп отыр. Кітап “Татар халқының және Татар­станның тарихы” деп аталған, неге бұлай дегенде авторлардың бірі татар халқының тарихы деген халықтың этностық тарихына қатысты деп түсіндіреді. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) — ыдыраған КСРО орнына 1991 ж. желтоқсанда құрылған халықаралық ұйым. Тарихи шолу. 1991 ж. желтоқсанның 8-інде Минскіде (Беловеж) Ресей, Беларус және Украина басшылары кездесіп, 1922 ж. КСРО құрылуы туралы Келісімі істен жойылғандығы және ТМД құрылғандығы туралы келісімге қол қойды. 1991 ж. желтоқсаннның 13-інде Орта Азия мен Қазақстан басшылары Ашғабатта кездесіп, «Беловеж келісімін» қолдайтындықтарын мәлімдеді. 1991 ж. желтоқсаннның 20-ында Әзірбайжан, Әрменстан, Беларус, Гүржістан, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан басшылары Алматыда 21 желтоқсанда ТМД-ны құру туралы Келісім хаттамасына қол қойды. Кездесуге қатысушылар ішкі және сыртқы саясаттың әртүрлі салаларында ынтымақтастыққа бейілділігін растайтын, бұрынғы КСР Одағының халықаралық міндеттемелерін орындауға кепілдік жариялайтын Алма-Аты Декларациясын қабылдады. 1993 жылғы желтоқсанда Достастыққа Грузия қосылды, ал 2009 жылғы 18 тамызда аталған бірлестіктен шықты. Түрікменстан ТМД-ның қауымдастырылған мүшесі болып табылады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет болып табылмайды және ұлтүстілік өкілеттікке ие емес. Ол өзінің барлық мүшелерінің егеменді теңдігіне негізделген және 1993 жылғы 22 қаңтардағы Жарлығы бойынша іс-әрекет жасайды. Достастықтың мүше мемлекеттері халықаралық құқықтың дербес және теңқұқықты субъектілері болып табылады. 123. Тәуелсіз Мемлекет Достастығы 1991 жылы құрылды. Достастықтың құрылуы тәуелсіз мемлекеттердің бір мемлекеттен өркениетті формаға өтуін қамтамасыздандырып, олардың арасында толық егеменді мемлекет және халықаралық құқық принципінің негізінде жаңа қатнасты құруға көмектесті. Мұндай мемлекеттердің кеңесінде республикалар арасында еңбек бөлінісі қолайлы, яғни олапрдың әр қайсысы өнім түрлерін оларға қолайлы жағдайда өндіру үшін. Белгілі салада арнайы территориялар арқылы өнімді орналастыру қоғамдық еңбек үнемді болады. Бұл ТМД елдерінде жақсы өткізіліп отыр. ТМД – ға кіріп отырған әрбір мемлекет өэ бағыты бойынша машықтануда. Қазақстанның жаңа тарихы 15 –жыл шамасымен есептеледі. Бір кеңестік уақыт кезінде республиканың экономикасы халық шаруашылығының кешені беріліп отырған мәтінде қаралса, ал енді Қазақстанның орны мен рөлін жаһандық экономикада толығымен айталамыз. Әлемдік экономиканың конценрациясының көлемі келесі параметрмерге шағылысады. Әлемдегі ішкі өнімнің ЖІӨ - нің көптен бір бөлігі 29 дамыған мемлекетке қатысты – 54,6 %, оның ішінде үлкен 7 – ке – 43,0% кіреді, АҚШ – 20,9%, 12 – мемлекет кіреді Евроодақ – 15,3% кіреді. Әлемдегі 146 – мемлекеттен құрайтын жаңа құрушы нарық пен дамушы мемлекетке әлемдік ЖІӨ - нің 7,2% құрайды, оның ішінде 3,8% ТМД – ның 12 мемлекеті кіреді. Қазіргі уақытта Қазақстан әлемдік ЖІӨ - де 0,1% құрайды. Сонда да, 1995 жылдан бастап 1,75% ке өсті 1999 жылы осы көрсеткіш айқын төмендеді, яғни ол 2 факторға байланысты. Біріншіден, 1997 – 1998 жылығы Азия – Ресей қаржы дағдарысының салдарынан. Екіншіден, 1999 жылдың сәуір айында республикада өткен ұлттық валюталық девальвациясы. Ал 2000 жылдан бастап Қазақстан әлемдік ЖІӨ - мі тұрақты өсуде. Бірақта өсу қарқыны бойынша Қазақстанды әлемдегі көптеген мемлекеттер озуда. Тасмалдау экономикасының өсу динамикасының салыстырмалы анализінің көрсеткіші бойынша, 1999 жылдан бастап Орталық және Шығыс Европа мемлекеттері мен салыстырғанда Қазақстанның ЖІӨ - нің арқыны өзгеріс табуда. 90 жылдармен салыстырғанда, соңғы жылдары Қазаөстандағы ЖІӨ - нің өсуі ірі мұнай экспортының түсуіне байланысты. Экспорттық кірісте көмірсутегі шикізаты негізі қайнар көзі болып есептелетін мемлекеттерде экономика динамикасының өсіуі экспортық кірісте энегетика тауары емес мемлекеттермен салыстырғанда төмен. Әлемдік тауар және қызмет экспорты дамыған мемлекеттерде 71,8% құрайды, оның ішінде, осы көрсеткіштің 42,3% әлемдегі 7 жетекші мемлекеттің үлесіне кіреді әлемденгі тауарлар мен қызмет экспортының 21,2% дамушы мемлекеттерге қатысты, транзиттік экономика мемлекеттерінің үлесіне 7%, оның ішінде ТМД мемлекеттеріне 2,7% кіреді. Қазіргі Қазақстанның әлемдік шаруашылықпен бірігіуін сыртқы сауда маңызды болып отыр. Соңғы 10 – жылда Қазақстанның тауар экспорты мен қызметі 2 – есеге артты. Бұл 3 фактормен түсіндіріледі. Біріншіден, шетел инвестициясының ағымының көлеміне қолайлы инвестициялық климат құру ықпалын тигізді, оның үлесі мемлекеттегі мұнай шығару саласының дамуына баңытталады. Өз кезегінде, бұл газ және мұнай алу өсімін шақырды. Екіншіден, әлемдік нарықтағы көмірсутегінің шиказытының қолайлы конъюнкурасы Республикадағы экспорт потенциалының өсуіне ықпалын тигізді. Үшіншіден, соңғы он жылда, Қазақстандық тауар және қызмет экспортының үлесі әлемдік сауданың қарқынды дамуымен салыстырғанда өсті. Қазақстандағы тауар экспортының өсуі әлемдегі басқа мемлекеттермен салыстырғанда жоғары. Осы он жылда тауар экспорты 3,8% есеге, ал импорт 3,3 % есесге өсті. Қазақстанның тауар экспортының жоғары қарқынды өсуі соңғы 3 жылда білінді. Қазақстанның әлемдік экономикадағы интеграциясының (бірігуі) көлемін шетел инвестициясы ағымындағы жақындық және аймақтық географияны оқуы негізінде жобалау керек. Республикадағы экономикалық реформалар негізігі бағыттарының бірі инвестициялық саясаттың тартымдылығы болып қала береді, яғни ол жергілікті және шетел инвестициялары үшін қолайлы жағдай туғызады. Қазақстандағы инвестициялық жағдай транзиттік мемлекеттер арасында тартымды болып отыр. Бұл республикамыз ТМД мемлекеттерінің арасында инвестициялық деңгейде кредиттік рейтингіні бірінші болып алуымен расталады. Қазақстан потенциалдық инвесторлар үшін экономиканың тартымдылығы, саяси жүйенің тұрақтылығы және қаржы ресурстары арқылы ТМД-дағы қалған мемлекеттердің алдында келе жатыр. Қазақстан транзиттік экономика мемлекеттірінің арасында шетел инвестициясының тура ағымы (ПИИ) көлемі бойынша жетекші орындардың біріне ие. Жаһандық көлемі бойынша Қазақстанның шетел инвестициясының тура ағымына үлесі жылдан жылға өсу үстінде. 1999-2000 жылдары республикадағы шетелдік инвестицияның тура ағымының салмағы әлемдік көлемде төмендеді, бірақта бұл көрсеткіш тез арада өзгерді. Соңғы 3 жылда жаөандық ағымдағы Қазақстанның шетелдің инветсициясының тура ағымы 0,35% деңгейінде тұр.бұл көрсеткіштің максималды мағынасы жағдайы 2000 жылдан белгіленді. Ереже бойынша инвестициялық климат қолайлы. Кейін, ішкі секілді инветсициясының көлемі өседі. Шетелдегідей, олардың өндірісі мемлекеттегі экономиканың қарқынды өсуі қолдауды шешеді. Қазақстан, соңғы 9 жылда әлемдегі көптеген мемлекеттер мен аймақтардың шетелдік инвестициясының ағым динамиканың тартымы бойынша анықтады. 2003 жылы 1995 жылмен салыстырғанда, өсу 214,5% өсті. Дамушы мемлекеттерде бұл көрсеткіш 178,2 %-ке тең, ал дамушыларда ол 153,8 %, орталық шығыс Европа мемлекеттерінде 147 %, ал Ресейде 43,3 % түскені белгіленді. 1993-2004 жылдар аралығында шетелдік инвестициялық ағымының Қазақстан экономикасына бағытталған комулятивті ағымы $ 34 млрд. құрады, оның көп бөлігі мұнай-газ секторынан келеді. $ 18,9 млрд. немесе жалпы көлемі 55,1 %. Әлемдік көлемде макроэкономикалық параметрлерге қарамастан, қазақстанда перспективті дамуы үшін ірі потенциалдар бар, яғни ол табиғи ресурсқа бай. Қазіргі кезде 500 орында 1225 минералды шикізат түрі барын айтуы жеткілікті. Республика осы түрлері бойынша әлемдегі позицияда жетекші орын алады. Қазақстан мырыш, вольфрам және бариттен әлемде бірінші орын алады, ал күміс, қорғасын, хромнан екінші мыстан, марганец,флюориттан үшінші, малибденнен төртінші орындар алып, алтын бойынша бірінші ондыққа кіреді. Біздің мемлекет әлемде темір рудасы бойынша 8 % құрайды, ураннан шамамен 25 %-ын құрайды. әлемде мұнайды барлау бойынша Қазақстан 13-ші орынға ие. 2003 жылдың басында мұнай және газ барлау бойынша 4,6 млрд тонна құрады, оның ішінде газ 331,5 млн. тонна құрайды. Каспийдегі мұнай 1,6 млрд –қа бағаланады, ол «қара алтының» 38% құрайды. Табиғи газ 3 трлн шаршы метрге тең. 1995-2004 жылдары ішкі сауда көлемі 3,6 есеге өсіп, 2004 жылы 32877,5 млн. АҚШ долларын құрады. 1999 жылдан кейің экспорт операциясының өсу қарқыны 10%, ал 2000 жылы 50 %, 2004 жылы 56 % өсті. Ішкі сауда өсімі экспорт көлеміінң ұлғаюы секілді, импорт операцисынада ықпалын тигізді. Сыртқы сауда географиясы өндірістің әртүрлілігінің кеңеюі (диверсифицированность), яғни тәуелсіздің жылдарында ТМД-ны қосты. 2004 жылы Қазақстандағы сауда құрлымындағы бірінші орынға Европалық одақ, Ресей, Швейцария және Қытай шықты. Қазақстан Республикасындағы мекемелер әлемдегі 171 мемлекеттер сауда серіктестіктер бар. өткен жылдарда экспорт және импорт географиялық құрлымында өзгерістер болып, ТМД және басқа да мемлекеттер арасында проценттер өзгерді. 2004 жылы Қазақстанның ішкі сауда айналымы ТМД мемлекетірмен 10 215,1 млн АҚШ долларын құрап, 2003 жылымен салыстырғанда 48 %-ға өсті, оның ішінде экспорт $ 4097,2 млн., импорт $ 6117,9 млн. құрады. әлемдегі басқа мемлекеттермен сыртқы сауда айналымы 22662,4 млн құрап, 2003 жылмен салыстырғанда 57 % өсті, ал экспорт $ 15999,0 млн.құрап 61 % өсті, импорт $6663,4 млн.құрап, 49 % өсті. Шикізат таур экспортын тауарлы құрлымының көбісін алып отыр. Минералды өнімдер мен металлдар тауардың негізгі топтарын құрап отыр, срнда да осы тауарлардың салыстырмалы салмағы өзгерді. Өткен жылдармен салыстырғанда минералды өнімдер ұлғайып, металл өнімдері азаюда. 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда азық-түлік тауарларының салыстырмалы салмағы 2 % және шикізат өнімі мен металл өніміінң үлесі 1 % қысқарып, минералды өнімдер 4 % көбейді. Азық-түлік тауарларының өсу көлеміне қарамастан, бидай, арпа жіне еттердің жеткізілу операциясы экспорт қорытындысы бойынша түсті. Металл өнеркәсіп өнімдерін өткен жылдармен салыстырғанда 48 %-ға өсті. Қазақстан өнімінің басты сатып алушылар Швейцария (18,7 %), Италия (15,5%), Ресей (14,1%), Қытай (9,8%), Франция (7,3 %), Вергин аралы (3,8%), Иран (3,5%), Нидерланды (2,3%), Израиль және Португалия (1,6%), Азербайжан, Испания, АҚШ және Украина (1,4%) тен алады. ТМД мемлекеттері үшін экспорттың жалпы көлемі 20,4 % құрайды. 2003 жылмен салыстырғанда ТМД мемлекеттеріндегі экспорт 38% өсіп, 4097, $ 2 млн. құрады. Осы аралықта Қазақстандық өнім, түгел ТМД мемлекеттерінде өсті. Әлемдегі басқа мемлекеттердің жалпы экспорт көлемі 79,6 % үлесін құрады. Қазақстан экспортының көлемін европа мемлекеттері құрайды, олардың салыстырмалы салмағы 54,6 % құрайды, оның 34,8 % Европа Одағына әкеледі. Европа мемлекеттерінің арасында Қазақстан экспортының негізгі тұтынушылары Швейцария, Италия, Франция, Нидерланды, Португалия, Ұлыбритания және Германия болып табылады. 2003 жылмен салыстырғанда Европа мемлекеттерінің жалпы экспорты 2,6 % өсті. Азия аймағындағы мемлекеттерге Қазақстандық өнімді жеткізу көлемі 31 % өсті. Қытай Республикасының салыстырмалы салмағы аймақтағы жоғары болып қала береді. Америка елдеріне Қазақстан экспорты 2 есеге қысқарды. Импорт Экспорттың тауарлық құрлымын машина, құрал-жабдықтар, транспрот, химиялық өнімдер және осы салаға байланысты өнісдер, металл өнімін өндіру үшін шикізат жатады. Соңғы жылдарда минералды өнімдерді экспорттау үлесі ұлғаюда. Сол сияқты, металл өнеркәсібінің салыстырмалы салмағы белгіленуде. Экспорттың көбеюі физикалық жеткізудің көлемі секілді, көрсеткіштің тұратындығына байланысты көбеюде. Тауарлардың негізгі топтары бойынша көлем деңгейі өсті, олар: машина, құрал, транспорт, құбырлар және аппараттар. Металл өнеркәсібі, минералды өнім, химиялық өнеркәсәп өнімі бойынша импорттың түсу деңгейі байқалуда. Импорт өнімін негізгі жеткізушілері: Ресей, Германия, Қытай,Украина, АҚШ, Италия;Жапония, Түркия, Франция, Ұлыбритания, Корея, Өзбекстан, Н:идерланды болып табылады. ТМД мемлекеттері Қазақстандық нарықта өнімді импорттаушы болып табылады. Европа мемлекетіндегі импорттың жалпы 28,9 % түсуінен 50 % әр түрлі машина түрлерін әкелуден, Германия және Италиядан әкелінетін бөлшек құралдардан, жеңіл автокөліктер, Италия жиһазынан өсті. Азия импортының өсуіне Жапония көлігі, Индия шайы, Қытай және Жапония құбыры, Қытай және Түркияның алюмин заттары әсерін тигізді. 2003 жылмен салыстырғанда АҚШ – тің импорты 30 % өсті. Тауардың негізгі бөлігі АҚШ тан түседі. Қазақстанның ТМД шеңберіндегі ынтымақтастығы. ТМД мемлекеттерімен қатынастың дамуы, соның ішінде көпжақты интеграциялы өзара әрекет – Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының ең маңызды бағыттарының бірі. ТМД шеңберіндегі көпжақты ынтымақтастықтың қазақстандық әдістемесінің негізінде тығыз интергациясы астасып жатқан елдердің шағын тобын қалыптастыру мүмкіндігінен туындайтын қарқыны әрқилы интеграция тұжырымдамасы жатыр. Қазақстан Достастық кеңістігіндегі субаймақтық бірлестіктер әрекетінің ашық түрде жүргізілуін, ал олардың мақсаттары мен практикалық әрекеттері ТМД дамуының ортақ арнасында ұштасуын қолдайды. Достастыққа көпжақты өзара әрекеттестіктің түрлі салаларына мемлекеттердің іріктеліп қатысуы тән, яғни, мүдделік білдіретін тараптар форматында жүзеге асады. ТМД органдарының шешімдерінің күші тек оларды қабылдауға қатысқан мемлекеттер үшін ғана таралады. ТМД әрекетінің тиімділігін арттыру, құрылымын жетілдіру мақсатында қазақстан тарапының бастамашылық етуімен шын мәнінде ынтымақтастықтың барлық бағытын қамтитын ТМД-ны одан әрі даму тұжырымдамасы мен оны жүзеге асу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, ол 2007 жылғы қазанда Душанбеде мақұлданды.. Олардың негізінде ТМД-ның 2020 жылға дейінгі Экономикалық дамуы стратегиясы әзірленіп, қабылданды. Еркін сауда аймағын құру, сауда, ауылшаруашылық, электрэнергетика және т.б. нарықтарды қалыптастыру жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Саяси, гуманитарлық, көлік, қауіпсіздік және көші-қон салаларында өзара әрекеттестік жалғасуда. Аталған Жоспарда бірлестік әрекетін жетілдіру жөніндегі нақты шаралар тізбесі көрініс тапқан. Атап айтқанда, осы құжатқа сәйкес 2008 жылғы қазанда ТМД-да төрағалық ету туралы, Ұлттық үйлестірушілер туралы ережелер қабылданды. Достастықтың салалық органдарын оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізілуде, ТМД Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ТМД-ның Жоғарғы органдарындағы рәсімдеудің жаңа ережесін қабылдау жоспарлануда. «Бір жыл- бір тақырып» формуласы бойынша жұмыс принципін ескере отырып, 2007 жылы келісілген көші-қон саясаты жөніндегі ұсыныстарды дайындауға арналса (2007 жылғы 5 қазанда Душанбеде тиісті Декларация қабылданды), 2008 жыл келісілген көлік саясаты саласындағы ынтымақтастық жөнінде ұсыныстар дайындау жылы, ал 2009 жыл – энергетика саласындағы ынтымақтастық жылы. Қазақстан Конституциясы. Қазақстан Конституциясы — тәуелсіз Қазақстан Республикасының ата заңы. Тарихы. 1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан өз мемлекеттік тәуелсіздігін жариялаған, 1992 жылдың соңына дейін бұл шешімді іске асыру кезеңдерін бастады. Біртұтас Қазақстан азаматтығы, тәуелсіз экономикалық жүйе, қаржы-несие, салық және кеден мәселелері, Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздері белгіленді. 1992 ж. 4 маусымда мемлекеттік байрағы, елтаңба, 11 желтоқсанда әнұрандің жаңа мәтіні бекітілген. 1992 ж. Қазақстан БҰҰ мүше болып қабылданды. 29 қыркүйекте қазақтардың Бірінші дүниежүзілік құрылтайы ашылды. 1993 ж. қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның бірінші конституциясы қабылданды. Осыдан кейін Қазақстанның сыртқы елдермен қатынасы (республиканы 100-ден аса ел таныды) күшейді. 1995 ж. наурызынан бастап егемендіктің тағы бір белесі басталды. Ол республиканың Конституциялық Сотын танумен, Жоғары Кеңестің депутаттарының өкілеттілігіне қол сұғылмайтындығымен, Қазақстан халықтарының Ассамблеясы ашылуымен байланысты. 1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады. 1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы — Сенат, төменгі палаталы — Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді. Қазақ әліпбиі. Кирил жазуы негізінде. Қазақ кирил әліпбиі — көбінесе Қазақстан мен Моңғолияда пайданаланылатын әліпби. Бұл Сәрсен Аманжолов ұсынған әліпби 1940 қабылданған, 42 әріп енген: 33 орыс әліпбиінің әрпі және 9 өзіндік қазақша әріп Ә, Ғ, Қ, Ң, Ө, Ұ (1947 ж. дейін бұрын осы әріп орнына Ӯӯ пайдаланылған), Ү, Һ, І. Ертеде қазақ әріптері орыс әліпбиі әріптерінің сонында қойылған, сосын дыбысы жақын орыс әріптерінің артына жылжытылған. Келесі әріптер: В, Ё (1957), ф, Х, Һ, Ц, Ч, Щ, Ъ, Ь, Э, қазақтың төл сөздерінде пайдаланылмайды. Бұл әріптер: Ё, Ц, Ч, Щ, Ъ, Ь, Э, тек кеңестік дәуірінде орыс тілінен, немесе орыс тілі арқылы енген сөздерде орыс емле нұсқауларымен пайдаланылған (1990 жж. бері ресми және жеке жария ақпараттарда, әдеби шығармаларда пайдалануы азая түсуде, сиректеніп кетті). Х әрпі қазақ фонетикасында Қ түрінде айтылады. Һ әрпі тек сиреген араб-парсы кіріс сөздерінде кездеседі, және де Х немесе Қ сияқты айтылады. Е сөздің нағыз басында дифтонгоиды боп сөйленеді. Э әрпі әрдайым Е боп айтылады. О сөздің нағыз басында дифтонгоиды болып айтыла алады. У әрпі буын жасамайтын дыбысты белгілейді, және де ҰУ, ҮУ, ЫУ, ІУ псевдодифтонгтерді алмастыру үшін пайдаланылады. Араб-парсы кірме сөздерінде Ә — А қарама-қарсы қоюы көрінеді. Қазақ екпіні әрдайым тек соңғы буынға түсетіндіктен жазуда белгіленбейді. Белгішелеу. Жақында өткен заманда қазақ мәтінін теру көбінесе қиыншылыққа ұшырайтын еді. Оның себебі, амал жүйелерінде мен мәтінтергіштерде Юникод арқауы жоқтықтан, қалыпты түрде қазақша 8 бит белгішелеу парақ болмағаннан және қалыпты компьютер қаріптері жетіспеушліктен де. Осыған орай қазақ кирил әліпбиін компьютерлерде белгішелеу үшін 20-дан аса әртүрлі нұсқалары ұсынылған. Кезінде Қазақстанда DOS үшін ҚР МҚ 920-91 мемлекеттік қалпы қабылданған болатын. Бұл қалып CP866 8 бит кирил (славян) белгішелеу парақтың негізінде жетілдірілген. Енді бірталай көп кідіріп Windows жүйесіне арнап ҚР МҚ 1048—2002 қалпы бекітілген. Осы қалыптың қолдануы өте шектеулі болды, себебі ол Юникод басқа ескірген 8 бит белгішелеуді ығыстырып шығаруы қызған кезі болды. Сонымен, тек кейбір мемлекетттік және өкіметке жақын ұйымдар, соның ішінде «ҚазАқпарат» ақпарат агенттігі де, соңғы кезге дейін қолданған. Ағымда барлық жерде де UTF-8 белгішелеу қолданылады. Пернетақта жаймасы. a> әрпі әдетте орыс жаймасына көшіп теріледі) Қазақ пернетақта жаймасы орыс теруіш жаймасы негізінде дамытылған және де РСТ ҚКСР 903-90 қалпында бекітілген. Осы жайма Юникодпен қуатталған: Windows (NT тұқымдасындағы 2000, XP, Server 2003, Vista одан жоғары нұсқалары да) және Linux амал жүйелерімен жеткізіледі. Қазақтың өзіндік әріптері пернетақтаның жоғарғы тізбегіндегі сан аясы орнында орналасады. Ал, сан және басқа нышандар (, *, –, +) енгізу үшін көмекші сан пернетақтасы пайдаланылады. Осы себебінен қалыпты жаймада әріп емес нышандарға, және Ё әрпіне де, тиісті орны табылмаған. Араб жазуы негізінде. Араб әліпбиінде — 29 әріп және бір белгіше бар () — «жоғарғы һәмзә», бүкіл сөздегі жіңішке дауысты дыбысты белгілеу үшін, сөздің басына қосылады (тек жіңішке дауыстыларымен әрдайым үйлесетін Г және К әріптерінен тыс). Жазу әдісі парсы мәнерінде негізделінген. Жазу бағыты оңнан солға. Қарахан әулеті мезгілінен (10 ғ.) бастап Қазақстан жерінде түркі тіліндегі мәтіндерді жазып алу үшін пайдаланылған. Көп мезгілде абжад түрінде боп қалды, яғни тек дауыссыз дыбыстарды белгілеуімен. 1924 жылы қазақ фонетикасындағы дауысты дыбыстарын дұрыс белгілеу үшін қайта құрастырылған. Жобаны дамытқан Ахмет Байтұрсынов «төте жазу» деп атаған (тағы да «Жаңа емле» деп де аталған). 1929 жылы латын жазуы негізіндегі «Жаңәліп» әліпбиімен ауыстырылған. Оны қазір де Шығыс Түркістан қазақтары (сонымен бірге, кейбір ұлттық ерекше өзгешеліктерімен қырғыздар мен ұйғырлар да) қолданады. Тағы да араб жазуын пайдаланатын Ауғанстан, Иран Пәкістан және Таяу Шығыс елдерінде қазақ шетжұрты қолданады. Төте жазу үлгіттері. Төменгі кестеде қазақ төте жазуының әліпбиі берілген. Әр әріптің дара жазылу нұсқасы, сөздің басында, ортасында және аяғында жазылу нұсқалары берілген. Әріптердің үстінде сыртқы сілтеме түрінде сәйкесті юникод кодтары берілген. Бейресми қосымша әріптер. Өте сирек кездеседі. Есікті жазбасы. Есікті жазбасы түрі бірнеше археология мұрасымен таныстырады, соның ішінде ең ежелгісі — Есікті қорғанынан табылған күміс легендегі жазба (5 ғ. (б.з.б) шамасы). Сол қорған әйгілі Алтын адамның жаназа орны болыпты. Жазуы Орхон және Енесай бойындағы көнетүркі жазуына ұқсас. Кейбір зерттеушілер леген жазуын Солттүстік Үндістандағы кһарошти жазу түрі деп шығарады. Жазба мұқамы әлде де анықталмаған. Орхон жазуы. Көнетүркі әліпбиі — тағы Орхон-Енесай жазуы деп те, руникалық жазу деп те аталады. Оның себебі — германдық халықтары өзінің ертедегі пайдаланған руна жазуына ұқсас болғандығынан (бірнеше руналарда бірдей дыбыстық және кескіндік тығыз ұқсастығы бар). Көнетүркі жазуы қалыпы Қазақстан жерінде тұрған, сосын қазақ этносына сіңірілген, көшпелі түркі тайпаларымен (5—10 ғғ.) қолданған. Моңғол шапқыншылық заманында (12 ғ.) көнетүркі жазуы Исләм қысымы астында әбден араб жазуымен ысырылған. Жебірей жазуы. Қазар (хазар) қағандары бүкіл ел діні есебінде яһуди дінінің қараим масхабын қабылдаған. Жебірей дінімен қолдасып жебірей жазуы да бірге келді. Сол қазарлар тайпаларының ішінде Украина және Солтүстік Қауқаз жер атауларында көп ізі қалған "беріш" тайпасы болған. Қазір беріш Кіші жүздің руы. Қарайлар (кейде масхаб атауымен шатастырып қараим деп те атайды), 2-ші Бүкіл Әлем соғысынан бұрын Қырымда тұрған, 1920 жж. дейін дәстүрлі жебірей жазуын қолданған. Қарайлар өздерін түркі халқымыз деп таниды, қазарлардың тікелей ұрпақтарымыз деп санайды. Тағы да қырымшақтар деген — қыпшақ тілінде (бұрын өздері шағатай тілі деп те атаған) жебірейлер тобы белгілі. 1941—45 жж. соғыс кезінде фашистік Алмания қырымшақтар жұртын түгелге жуық қырған. Юнан-қыпшақ жазуы. Юнан (грек) жазуын Қырымда тұрған ұрымдар (қыпшақ тілінде сөйлейтін юнандар) 1917 ж. дейін пайдаланған. Әрмен-қыпшақ жазуы. XII—XIII ғасырлар аралығында Әрмен патшалығына көшіп барған қыпшақтар қыпшақ тілінде ауқымды діни, заңгерлік және тағы басқа әдебиетті шығарды. Ол қыпшақ тілінің көне қазақ тілінен айырмашылығы — әрмен-қыпшақ тілінде әрмен-християн ұғымдары көп қолданылады. Бұл мәтіндер әрмен әліпбиімен жазылды. Олардың бүкіл дүние жүзіне тарап кеткен ұрпақтары 19 ғасырдың соңына дейін шаруашылық жазбалары, жеке хаттар, т.б. секілді күнделікті жазбаларын әрмен-қыпшақ жазуымен жүргізіп келді. Латын қыпшақ жазуы. Қырымдағы католик миссионерлері қазақ тілінің ертеректегі түрі — қыпшақ тілінде Інжілдер және басқа да діни әдебиет шығарумен айналысты. Соның ең көрнекті мысалы — 13-ші ғасырдың соңында құрастырылған, латынша-парсыша-құманша сөздік. Онда италиян және оңтүстік герман тілдерінде түсініктеме сөздер де бар. Басқа жазу жүйелері. Негізінен ислам дінінің үстемдік құрған кезеңге дейінгі уақытта ұйғыр, соғды, манихей, сурияни, тибет және брахми жазуларымен де жазылған түркі тайпаларының эпиграфикалық жазулары белгілі. Шоқындырушылардың жазуы. Алғашқы қазақ кирил әліпбиін 19-шы ғасырда Ыбырай Алтынсарин жасап шығарған. Кирил әліпбиінің негізінде православ миссионерлері діни әдебиет және «орыс-түзем» мектептеріне арнап қазақ «миссионер» әліпбиі жасалды. Онда түрлі қосарланып жазылатын және диакритикалық таңбалар қолданылды. «Миссионерлік әліпби» 1917 жылға дейін шектеулі дәрежеде қолданылып келді. Латындық Жаңәліп. «Sotsijaldƅ Qazaƣƅstan» (Социалды Қазақстан) газетінің 1937 жылғы сандарының бірі. (Қазақ КСР Конституциясына арналған төтенше саны) КСРО ОАК жанындағы Жаңа әліпби бойынша комитет тарапынан латын тіліне негізделген «Ортақ түркі әліпбиі» (Яналиф немесе) ұсынылды. Қазақ тілінің талаптарына сай кейбір өзгерістер енгізілген бұл әліпби ресми түрде 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып келді, сосын кирил әліпбиімен алмастырылды. Пинйін латыны. 1960-шы жылдары Қытайда орын алған «мәдени төңкеріс» кезінде аз санды ұлттардың, соның ішінде қазақтардың жазуын қытай иероглифтік жазуына өткізуге талпыныстар жасалды. Бұл әрекеттер сәтсіз аяқталған соң арнайы бұйрықпен Шынжаң Ұйғыр автономиялы ауданының үш облысын мекендейтін қазақтарға арнап пинйін негізіндегі жазу енгізілді. Ал пинйін жазуы 1950-ші жылдары Қытайдың Орталық үкіметінің қаулысы бойынша қалыптастырылған болатын. 1980-ші жылдардың соңында төте жазу қайта қабылданды. Әліпбиді реформалаудың жобалары. Реформа туралы пікірталастардың бәрі түптеп келгенде екі таңдауға келіп тірелді: не кирил әліпбиін қалдыру керек, не түрік әліпбиінің негізіндегі латын әліпбиіне көшу керек (академик А. Хайдаридің нұсқасына). Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың латын әліпбиіне көшудің тиімділігі туралы мәлімдемесінен кейін де әліпби туралы пікірталастар толастаған жоқ. Латын әліпбине өтуге қарсы пікір білдіретіндердің арасында әдебиетшілер басым. Болашақта әдеби шығармаларды жаңа әліпбиде қайта басып шығару туралы шешім қабылданғанда кейбір шығармалар тізімге енбей қала ма, жаңа буынға керегі болмай қала ма деп қауіптенеді. 1. 1 жыл — Біздің Заманымыздың бірінші жылы. 1 (айрық). 1 мен бір әртүрлі мағынада қолданылады. Қытай тілінің транскрипциясы. Қытай тілінің транскрипциясы — қытай жазуынан (пін-іннан) қазақ әліппесімен транскрипция жасау жүйесі. Негізін архимандрит Палладий (П. И. Кафаров) 19 ғ. аяғында жасаған. Қазақша бір қалыпты немесе ресми жүйе жоқ. Төменгі кестелерде Қытайдағы қазақтар тәжірибесі көрсетілген. (араб жазуы негізіндегі төте жазу бойынша). Сын есім. Сын есім деп заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін (түр-реңін) және басқа сол сияқты сыр-сипаттарын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табын айтамыз. Морфологиялық сипаттары. Сын есімнің табиғи қызметі зат есімге анықтауыш мүше болу. Ол зат есімге тіркесіп анықтауыш қызметін атқарғанда ешқандай өзгеріске үшырамайды: анықталатын зат есім көптік, септік, тәуелдік формаларының қайсысында қолданылса да, сын есім. еш уақытта да тәуелденбейді, көптелмейді және септелмейді. Сонымен бірге, бір алуан сын есімдер зат есімді анықтауларымен қатар, етістікті де анықтап, үстеу сөздердің қызметтерін атқарады. Мысалы: " Семіз сөйлеп, арық шыққанша, арық сөйлеп, семіз шық " (мақал). Синтаксистік қызметі. Сын есім, өзінің табиғи жаратылысына сәйкес, сөйлемде көбінесе анықтауыш мүше болып қызмет атқарады. Мысалы: "Үш-ақ нәрсе - адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек" (Абай). Сын есім баяндауыш та бола алады және баяндауыштың құрамына да ене береді. Мысалы: "Төрт бөлмелі тас үй салқын да жайлы" (Ғ. Мүсірепов). Сын есімдер сөйлем ішінде етістіктерден болған мүшелердің алдында (бұрын) тұрса, әрқашан пысықтауыш мүше болады. Мысалы: "Жақсы студент жақсы оқиды". Сын есімге күшейту үстеулері (өте, аса, тым, тіпті, керемет, орасан, ересен т.б.) тіркесе алады. Мысалы: "өте жақсы, аса биік, тым ащы, тіпті жалқау, керемет жүйрік, орасан зор". Егер екі я онан да көп жалаң сапалық сын есімдер бір-бірімен қабаттасатындай болса, олар бірін-бірі анықтамайды да, біріне-бірі бағынбайды да, әрқайсысы өз тұстарынан тікелей зат есімге қатысты болады. Мысалы: "Ермeк оқтай түзу, ұзын, биік, кең жолмен келеді " (Ғ. Мұстафин). Семантикалық топтары. Сын есімдер семантикалық мағыналары мен грамматикалық ерекшеліктеріне қарай, сапалық (негізгі) сын және қатыстық (туынды) сын деп аталатын екі салаға бөлінеді. Бұл сындардың қай-қайсысы болса да қандай? қай? (қалай?) деген сұрауларға жауап береді. Сапалық сын есімдер. Сапалық сын есімдер деп мағынасы жағынан заттың әр алуан сыр-сипатын, атап айтқанда, түрі мен түсін ("ақ, қара, сұр" т. б.), сыры мен сапасын ("жақсы, жаман, тәуір, нашар" т. б.), көлемі мен аумағын ("үлкен, кіші, ауыр, жеңіл" т.б.), дәмі мен иісін ("ащы, тәтті, күлімсі" т.б.) білдіретін және заттың басқа да қасиет-белгілерін білдіретін сөздерді айтамыз. Қатыстық сын есімдер. Қатыстық сын есімдер деп бір заттың белгісін басқа бір заттың я іс-амалдың қатысы арқылы білдіретін сөздерді атаймыз. Осы ерекшелігіне қарай, қатысты сын есімдер тиісті жұрнақтар арқылы басқа есімдер мен етістіктерден жасалады да, заттың сыртқы түрі мен түсіне, кескіні мен келбетіне, сыры мен сынына, ішкі қасиеті мен сипатына, мекен мен мезгілге және басқа да сол сияқты белгілеріне қатысты сындық ұғымдарды білдіреді. Мысалы: " Балалы үй базар, баласыз үй мазар" (мақал); " Өткір пышақ қол кесер" (мақал); "Бұл - жазғы жайлы қоныс" (М. Әуезов). Сан есім. Сан есім заттың сан мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табы. Морфологиялық сипаттары. Сан есімнің негізгі функциясы анықтау болғандықтан, ол үнемі анықтайтын сөздерінен бұрын қолданылады, бірақ ешқандай да морфологиялық өзгеріске түспейді. Демек, сан есімдер өздерінің әрі табиғи, әрі негізгі функциясы болып есептелінетін сандық, сан-мөлшер мағыналарында қолданылғанда, тек атау формасында ғана айтылады да, ешбір өзгеріске түспейді. Сан есімдер морфологиялық құрамына қарай, негізгі сан есімдер және туынды сан есімдер болып екіге бөлінеді. Негізгі сан есімдер. Негізгі сан есімдер қатарына тек қана есептік сандар жатады. Мысалы: "бір, екі, үш" т. б. Туынды сан есімдер. Туынды сан есімдер негізгі есептік сан атауларына -ыншы, -ау, -ер, -тай қосымшалары қосылу арқылы жасалады. Мысалы: "бір - бірінші, он - оныншы; екі - екеу, алты - алтау; бір - бірер, қырық - қырықтай, елу - елудей" т.б. Сан есімдер іштей дара сан және күрделі сан болып бөлінеді. Дара сандар. Дара сандардың атаулары аса көп емес, олардың бар болғаны - жиырма шақты ғана сөз: "бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, жиырма, отыз, қырық, елу, алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан, жүз, мың" т. б. Күрделі сандар. Күрделі сан есімдер жоғарыда аталатын дара сан атауларының әр алуан жолмен тіркестіріле қолданылуы және қосарлана айтылуы арқылы жасалынады. Демек, күрделі сан есімдер іштей, біріншіден, негізгі атауларының ("он сегіз", "мың тоғыз жүз алпыс бес" т. б.), екіншіден, негізгі сан атауларының қосарланып айтылуы арқылы жасалған күрделі сандар ("бір-екі, үш-төрт, бес-алты" т. б.) болып екі салаға бөлінеді. Синтаксистік қызметі. Сан есімдердің сөйлем ішінде атқаратын негізгі қызметі - анықтауыш болу. Өйткені сан есімдер сан мөлшерін, сан ретін, сан шамасын білдіру сияқты өздеріне тән негізгі қызметті атқарғанда, үнемі анықтауыш болады да, анықтайтын сөзінің "алдында (бұрын)" қолданылады. Сан есімдердің өзге сөздермен байланысудағы бұл тәртібіне тек жинақтық сандары ғана бағынбайды. Сан есімнің семантика-морфологиялық топтары. Сан есімдер есептік сан, реттік сан, болжалдық сан, жинақтық сан, топтық сан, бөлшектік сан болып алты топқа бөлінеді. Есептік сан есімдер. Есептік сан есімдер жалпы заттың, зат есімнен туған сындық белгінің немесе іс-әрекет, амалдың ұзын-ұрға саны, сандық мөлшерін білдіру үшін қолданылады. Олар семантикалық мағынасы мен морфологиялық ерекшелігі жағынан да және синтаксистік қызметі жағынан да сын есімдерге бір табан жақын сөздер сияқтанып келеді. Есептік сандардың қатарына сан есімдердің өзге топтарының жасалуына негіз болатын табиғи сандар жатады ("бір, екі, үш т. б.). Есептік сандар тікелей тиісті мөлшерді білдіру үшін қолданылғанда, ешқандай морфологиялық өзгерістерге түспейді. Мысалы: "жеті жүз" сиыр, "мың төрт жүз" қой-ешкі. Олар сөз түрлендіретін аффикстерді субстантивтенген жағдайда ғана қабылдайды. Есептік сан есімдер белгілі бір заттық ұғымды бойына сіңіре отырып, әрі сан, әрі зат ұғымын бірдей қабаттастыра білдіргенде ғана және белгілі бір санның сандық атауы есебінде жұмсалғанда ғана субстабтивтенеді. Мысалы: "Қаңтардың бірінен бесіне дейін; екіні үшке қосса, - бес болады". Реттік сан есімдер. Реттік сан есімдер есептік сандарға -ыншы (-інші) аффиксін қосу арқылы жасалады да, белгілі бір заттар мен құбылыстардың сандық ретін білдіру үшін қолданылады. Мысалы: "Тамара атты жетінші класта оқып жүрген жалғыз қызым бар" (С. Мұқанов) Реттік санд есімдер де морфологиялық құрамы жағынан дара және күрделі болып келеді де, күрделі сан есімдерде -ыншы (-інші) қосымшасы тіркестегі ең соңғы санға жалғанады. Мысалы: "Солардың ішіндегі ең жақсылары он алтыншы, он жетінші нөмірлер екен" (М. Әуезов). Жинақтық сан есімдер. Жинақтық сан есімдер бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге -ау (-еу) аффиксінің қосылуы арқылы жасалады. Бұндай сөздердің негізгі мағынасы абстракт сан мөлшерін білдіргендіктен, олар үнемі субстантивтеніп жеке қолданылады. Мысалы: "Беретін мүлкің нешеу? Түйе біреу, ат екеу, қасқыр бесеу " (І. Жансүгіров) Топтық сан есімдер. Топтық сан есімдер есептік, жинақтық, болжамдық сан есімдерге, қазіргі кезде шығыс септікке тән грамматикалық мағынадан біржола қол үзген -дан (-ден, -тан, -тен) аффиксін қосу арқылы жасалады да, біркелкі заттар мен құбылыстардың сан мөлшердің топтап көрсетеді. Мысалы: "Бір түн отырып ел адамдарын төрттен, бестен жиып алып, барлығына бір түрлі іс тапсырған" (М. Әуезов) Болжалдық сан есімдер. Болжалдық сан есімдер - белгілі бір заттар мен құбылыстың сан мөлшерін дәл атамай, тұспалдап қана шамамен атайтын сөздер. Мысалы: "Салтанатты басқосуға үш жүздей мейман келеді деп күтілуде"; "Базаралының қасында бес-алты кісі қалған" (М. Әуезов). Бөлшектік сан есімдер. Бөлшектік сан есімдер - негізінде таза математикалық ұғымға байланысты туған сөздер. Олар белгілі бір заттар мен құбылыстардың сандық бөлшегін білдіреді. Мысалы: "Халық арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша жаңа заңға халықтың үштен екісі қарсы. Үстеу. Үстеу заттың әр қилы қимылы мен ісінің (етістіктің) әр түрлі сындық, бейнелік, мекендік, мезгілдік, шарттық, мөлшерлік және күй-жайларын және сынның белгісін білдіретін сөз табы. Морфологиялық сипаттары. Үстеу сөздері морфологиялық құрылысы және құрамы жағынан екі топқа бөлуге болады: негізгі үстеулер мен туынды үстеулер. Негізгі үстеулер. Негізгі үстеулер деп қазіргі кезде морфемаларға бөлшектеуге келмейтін, тек белгілі бір формада қалыптасқан сөздерді айтамыз. Негізгі үстеулерге келесі сөздер жатады: "әрең, азар (әзер), әдейі, жорта, қасақана, ұдайы, үнемі, дереу, шапшаң, бағана, қазір, енді, ілгері, жоғарғы, төмен, әрі, бері, кері, әрмен, бермен, ерте, кеше, нақ, дәл, нағыз, сәл, әнтек, тек, мейлінше, лық(а), қақ, дәйім, һаман, әншейін, тым, тіпті, өсе, аса, ең, әбден, мүлде(м), төтенше, ерекше, орасан" т. б. Туынды үстеулер. Туынды үстеулер деп басқа сөз таптарынан түрлі қосымшалар арқылы, сөздердің бірігу және қосарлану, тіркесу тәсілдері арқылы, сондай-ақ, кейбір сөз тіркестерінің тұрақтануы арқылы жасалған (я үстеуге айналған) үстеулерді айтамыз. Құрылысы мен құрамы жағынан туынды ұстеулер екі топқа бөлінеді: жалаң туынды" үстеулер мен "күрделі туынды" үстеулер. Жалаң туынды үстеулер. Түрлі қосымшалар арқылы жасалған үстеулерді жалаң туынды үстеулер дейміз. Жалаң туынды үстеулерге жалғанатын қосымшалар екі түрлі болады: біреулері жұрнақтар арқылы жасалады да, біреулері әр түрлі жалғаулардың көнеленуі арқылы үстеуге айналды. Көнеленген формалар арқылы туған жалаң үстеулер. Оларға бір алуан сөздердің белгілі бір септік жалғау формасында әбден қалыптасып, бір-бірінен бөлінбейтіндей болып көнеленген сөздер жатады. Осындай көнеленген "қосымшалар" төркіндері септік жалғауларынан болғандықтан, сыртқы тұлғасы жағынан сол септіктердің жалғауларына ұқсас келеді. Септелу қашан да болсын есімдерге тән қасиет болғандықтан, мұндай үстеулер кейбір септік жалғауларының көнеленуінің нәтижесінде көбінесе есімдерден туады. Күрделі туынды үстеулер. Күрделі туынды үстеулер деп екі сөзден я бірігіп, я қосарланып жасалған немесе кемі екі я онан да көп сөздерден тіркесіп тұрақтанған үстеулерді айтамыз. Осыған қарай, күрделі туынды үстеулер үш түрлі жолмен жасалады. Үстеулердің мағыналары. Үстеу сөздер мағынасына қарай таптастырғанда мынадай сегіз топқа бөлінеді. Есімдік. Есімдіктер заттың атын, сынын, санын, я олардың аттарын білдірмейтін, бірақ солардың (зат есім, сын есім, сын есімдердің) орнына жұмсалатын сөз табы. Есімідіктер белгілі бір түсінікті я ойды жалпылама түрде мегзеу арқылы білдіреді. Есімдіктердің нақтылы мағыналары өздерінен бұрын айтылған сөйлемге немесе жалпы сөйлеу аңғарына қарай айқындалады. Жіктеу есімдіктері. Жіктеу есімдіктеріне "мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, сіздер, олар" деген сөздер жатады. Жіктеу есімдіктері үнемі жақтық ұғыммен байланысты келеді. Сол себептен олар ылғи адаммен байланысты, демек, сөйлеуші, тыңдаушы және бөгде кісі деген ұғымдармен байланысты қолданылады. Бұл үлгіден, басқа есімдерге қарағанда, жіктеу есімдіктерінің ерекшелеу септелетіні көрінеді. Бірақ бұл ерекшелік олардың көпше түрлеріне және "сіз" деген есімдіктерде кездеспейді, соңғылар ("сіз, біз, сендер, сіздер") септеу жағынан басқа есімдерге ұқсас келеді. Сілтеу есімдіктері. Сілтеу есімдіктеріне "бұл, осы, сол, анау, мынау, сонау, осынау, ана, мына, сона, әні, міне " деген сөздер жатады. Бұл есімдіктер негізінен алғанда, сілтеу, көрсету, нұсқау сияқты ишараттарды білдіріп, қай? қайсы? деген сұрауларға жауап беретін аттрибутивтік сөздер. Сұрау есімдіктері. Сұрау есімдіктері мыналар: "кім? не? неше? қай? қандай? қанша? қалай? қашан?" Бұлардан басқа да бірнеше сұрау есімдіктері бар, бірақ олар - белгілі жолдармен жоғарыда көрсетілген негізгі сұрау есімдіктерінен жасалған есімдіктер. Өздік есімдік. Қазақ тілінде өздік есімдікке жалғыз ғана өз сөзі жатады. Бұл есімдік көбінесе "өзім, өзің, өзіңіз, өзі, өзіміз, өздеріңіз" деген сияқты оңаша және ортақ тәуелдеулі түрде қолданылады. Белгісіздік есімдіктері. Белгісіздік есімдіктер деп мағыналары жағынан заттар мен құбылыстарды нақтылы түрде білдірмей, белгісіз мәнде айтылатын сөздерді айтамыз. Болымсыздық есімдіктері. Болымсыздық есімдіктер негізінде еш деген сөзбен кейбір есімдіктердің бірігуі арқылы жасалады. Мысалы: "еш, ешкім, ешбір, ештеме, дәнеңе, ешқашан, ешқандай, ешқайсы." Болымсыздық сөйлемде болымсыздық мағына білдіретін емес, жоқ деген сөздермен және етістіктің болымсыз түрімен байланысты қолданылады ("ешкім айтқан емес; ешкім айтқан жоқ; ешкім айтпады" т. т.). Жалпылау есімдіктері. Жалпылау есімдіктері деп мағына жағынан кем дегенде екі я онан көп заттар мен құбылысатарды жинақтай атау үшін қолданылатын сөздерді айтамыз. Жалпылау есімдіктеріне бәрі, барлық, барша, бар ("бар адам"), күллі, бүкіл, түгел деген сөздер ғана жатады. Қаңтар. Қаңтар (лат. Januarius) — қазіргі Грегориус күнтізбесіндегі 1-ші келетін януар айына сай қазақша атауы. Ежелгі қазақ күнтізбесінің 11-ші айы. Қазіргі санмен қаңтардың 14 — ақпанның 13. Ақпан. Ақпан — қазіргі Грегориус күнтізбесіндегі 2-ші келетін феурал айына сай қазақша атауы. Ежелгі қазақ күнтізбесінің 12-ші айы. Қазіргі санмен ақпанның 14 — наурыздың 16. Наурыз. Наурыз — қазіргі Грегориус күнтізбесіндегі 3-ші келетін март айына сай қазақша атауы. Ежелгі қазақ күнтізбесінің 1-ші айы. Қазіргі санмен наурыздың 22 — сәуірдің 20. Бесқонақ. Бесқонақ — ежелгі қазақ күнтізбесінің ай санына кірмейтін 5 күн (кібісе жылдары — 6 күн) кезені. Атауы Наурыз мейрамы алдынан 5 күн бойы қонақтыққа шығу дәстүрінен шыққан. Қазіргі санмен наурыз 17 — наурыз 21. Қазақтар (шетжұрты). Ресей. Болжам мәліметтер бойынша қазіргі уақытта Ресей Федерациясында 1 310 000 этникалық қазақ тұрады, олардың 70%-дайы ауылды жерде тұрады. Біздің отандастарымыздың көпшілігі Ресей Федерациясының Қазақстанмен шекаралас 12 субъектілерінде жинақы тұрып жатыр. Бұл - Алтай өлкесі, Астархан, Орынбор, Самар, Қорған, Шелебі, Омбы, Сарытау, Волгоград, Новосібір және Түмен облыстары. Қазақтардың белгілі бір саны Мәскеуде, Сант-Петерборда, Татарстанда, Қалмақияда, сондай-ақ Ресейдің басқа да облыстарында өмір сүруде. Алтай Республикасы. 1989 жылғы мәліметтер бойынша Таулы Алтай автономиялық облысының Көшағаш ауданында халықтың 39,6% – төлеңгіттер мен алтайлықтар, 54,4 % (9 000 адамдай) – қазақтар. 1989 жылы ауданда 8 200 қазақ және 7 013 төлеңгіттер (алтайлықтар) болған; 1993 жылы – тиісінше 6 377 және 7 264 адам. Соңғы жылдары көшіп келу азайды, кері процесс байқалды. 1995 жылы аудан халқы 15 748 адам болса, соның 7 999 қазақ, 7 555 төлеңгіт (алтайлық). Дамудың қазіргі кезеңінде қазақ диаспорасына жалпы екі процесс тән: этникалық сәйкестілікті сақтау және Қазақстанға оралу. Этникалық өзін-өзі тану деңгейінің көрсеткіші ретінде қазақтардың басым бөлігінің өздерінің шыққан тектерін, немесе рулық топтарын білуін, өзінің тарихи салт-дәстүрлерін білуін бөліп қарауға болады. Мысалға, Көшағаш ауданының қазақтары бұл мәселеге хабардар екендігін атап өтеді, қазақ этностарының жүзге бөлінетінін жадында сақтаған. Көшағаш ауданындағы қазақтардың негізгі бөлігі өздерін орта жүзге жатқызады – 48%, ал 2% - ұлы жүзге және 1% - кіші жүзге жатады, қалғандары өздерінің рулары туралы жауап беруге қиналады. Алтай қазақтары өз салт-дәстүрлерін тұрмыстық, материалдық мәдениет деңгейінде сақтайды. Көшағаш ауданының қазіргі тұрмысы салт-дәстүр ерекшеліктерінің жақсы сақталуымен ерекшеленеді. Ұлттық аспаптар көбінесе отбасылық тұрмыста қолданылады – қазақтардың 70%-дан астамы ұлттық аспаптарды пайдаланатынын айтады, шамамен сонша адам ұлттық кием киеді. Сол сияқты ұлттық тұрғын үй нысаны - киіз үйлер де кең тараған. Алтайдағы қазақ халқының арасында нуклеарлық отбасылар басым. Туыстардың екі ұрпағы бірге өмір сүретін отбасылардың саны Көшағаш ауданындағы алтайлықтарда да, қазақтар да бірдей. Үш ұрпақтан тұратын отбасылардың түрлері қазақ этносының арасында анағұрлым сирек кездеседі. Төртұрпақты отбасылар да кездеседі, алайда қазақ халқында олардың саны шамалы ғана – бар-жоғы бір пайыз. Отбасылық рөлді ұстау бұрынығыдан қатаңдау бола бастады. Отбасындағы адамдардың мінез-құлқы туралы дәстүрлі түсінік жаңа нормалар мен құндылықтар жағына қарай ауыса бастады. Әдетте қазіргі отбасыларда «ерлердің» және «әйелдердің» ісі деп нақты бөліп қарау аңғарылмайды. Бірақ Көшағаш ауданындағы қазақ отбасыларының өмірінде дәстүрлік сипаттар бар, мысалға отбасындағы ерлердің бас болуы туралы ұғымның сақталуы. Этникалық сәйкестілікті сақталуына халықтың метистену деңгейінің төмендігі де жағдай жасауды. Алтай қазақтарының арасында этникааралық некелер тарамаған. Некелердің көбі бір ұлт адамдары ішінде жасалады. Этникалық біртекті некеде 76% қазақтар тұрады. Халқының 9% қазақтар құрайтын Усть-Канск ауданында ұлтаралық некелер санының арту үрдісі басым: қазақтардың 40% өзге ұлт өкілдерімен некеде тұрады (23% - орыстармен және 17 % - алтайлықтармен). Алтай қазақтарының тағы бір ерекшелігі – діни фактор. Алтайлықтар «лауазымды» этнос мәртебесін алған, ал әлеуметтік инфрақұрылымда көшбасында тұрған қазақтар этникалық азшылық рөліне түсіп қалған қазіргі жағдайда өзін-өзі анықтау нысанына айналған діни фактор ерекше маңызға ие боп отыр. Ислам әлемімен (Қазақстан, Моңғолия, Қытай, Түркия мұсылмандарымен) байланыс орнауына орай соңғы жылдардағы ауданның қарқынды «исламдануы» тек діни ғана емес, этникалық сананы да өзекті етіп отыр және Алтай Республикасы қазақтарының бірігуіне жағдай жасайды. Көшағаш ауданының этно-локалды топтары бабаларының діни ұғымдарын көзінің қарашығындай сақтауды. Аудан халқының басым бөлігі өздерін дінге сенетіндер деп санайды. Алтай мемлекеттілігінің шеңберінде Алтай Республикасының басқа халықтары сияқты қазақтар да мәдени және тілдік егемендігін алды. Республиканың заңнамалық актілері алтай және орыс тілдерін мемлекеттік тіл деп жариялады және қазақ тілін қазақтардың жинақы тұратын жерлерінде ресми деңгейде пайдалануға болады деп көрсетті. Қазақтардың 90%-дан астамы өз тілін ана тілі санайды және отбасында қазақ тілінде сөйлесіп, оны жақсы білетіндігін көрсетеді. Басқа этникалық топтармен өзара әрекеттестік жағдайында алтай қазақтары орыс тілін ғана емес, алтай тілін де меңгеріп, ол тілде көп жағдайда еркін сөйлейді. Көшағаш ауданындағы нақты полилингвизм әкімшілік-саяси факторлармен және күнделікті өмір қажеттіліктерімен, білім беру жүйесінің ерекшеліктерімен негізделген. Алтайда көптеген онжылдықтар бойы білім беру тілі орыс тілі болып келді. Ұлттық білім беруді дамыту жөніндегі эксперименттің басталуымен ауданның көптеген мектептерінде (олардың арасында үш бастауыш, он орта, бір орталау мектеп бар) 1-4 сыныптарда ана тілінде (кенттің этникалық көпшілігінің тілінде) оқыту, 5-11 сыныптарда – ана тілі курсын сақтай отырып орыс тілінде оқыту енгізілген. Аудан әкімшілігі ұлттық мәдениеттерді сақтау мен дамытуға жағдай жасауда. Оның жәрдемімен Көшағашта Қазақ мәдениетінің орталығы құрылды. Алтай қазақтарының өзіндік ерекшеліктерін сақтаудың басқа да шаралары жасалып жатыр. 2001 жылы Көшағаш ауданының Жаңаауыл кентінде Ресей қазақтарының құрылтайы өтті. Құрылтайға Қазақстан Президенті Н.Назарбаев пен Ресей Президенті В.Путин өз үндеулерін жолдады. Құрылтайда басқа мәселелермен бірге қазақ тіліндегі жергілікті телевидение, баспасөз және радионы дамыту жоспарлары талқыланды. Іс жүзінде барлық қазақотбасыларының (95%) өз үй шаруашылығы бар, олар ет мен сүт өндірісінде жетекгі рөл атқарады. Өзбекстан. Өзбекстан Республикасы Статистика орталығының ресми мәліметтері қазақтардың санын өте төмендетіп, 1 млн.-ға дейін жеткізіп отыр. Алайда қазақтардың саны 1 млн. 660 мың адам деп сеніммен айтуға болады, бұл шетелдегі қазақ диаспораларының үштен бірін құрайды. Олардың Өзбекстандағы жинақы тұратын жерлері Қарақалпақстан, Ташкент қаласы, Ташкент, Навои, Жызақ, Сырдария және Бухара облыстары. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі өзбек тарапына азаматтық алудың оңайлатылған тәртібі туралы келісім жасауды ұсынған болатын. Алайда Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігі қолданылып жүрген ішкі заңдарына сілтеме жасай отырып оны кейінге қалдыруды ұсынып, оны қараудан бас тартты. «ҚР Азаматтығы туралы» Заңға қажетті түзетулер енгізілгеннен кейін бұл мәселе шешілді. Мамандардың болжамы бойынша Отанына оралғысы келетін обасылар саны таяу жылдарда күрт өсіп, көшіп шығу жаппай бұқаралық сипат алуы мүмкін Мектептерде қазақ тіліндегі оқу құралдарының жетіспеуіне байланысты 2002 жылы Елшілік ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесе ӨР Халыққа білім беру министрлігіне 5 млн. теңгенің оқулықтарын берді. 2005 жылы алыс және жақын шетелдегі, соның ішінде Өзбікстан, қазақ диаспорасының балалры үшін 5 сынып үшін 18 699 дана, 9-сынып үшін 19 300 дана оқулық пен оқу-әдістемелік кекшн жіберілді. Өзбекстанның білім беру министрлігі қазақ мектептеріне арналған оқулықтар шығаруды ұйымдастырды, алайда оқулықтардың жетіспеуінен және өзбек мектептерінің латын әліпбиіне көшуінен қазақ мектептері қысқарып жатыр. Көрші Өзбекстанда тұратын қазақтардың проблемалары аз емес, бұл ана тілінде білім алумен байланысты проблемалар, ана тіліндегі мерзімді баспасөздерге жазылуға шектеу қою, мәдениет, әдебиет, өнер саласындағы проблемалар, әдеуметтік-экономикалық проблемалар. Өзбекстанның аудандары мен қалаларында Қазақстан телевидениесінің хабарлары біртіндеп экраннан түсіп қалуда. Білім беру жүйесінде де өз қиындықтары бар, қазақ тіліндегі оқулықтар жетіспейді, қазақ тілінде оқытатын мектептер саны жыл өткен сайын қысқарып келеді, Өзбекстанның жалпы білім беретін мекемелері латын графикасына көшуі білім алуға қосымша қиындықтар туғызады. Диаспораның 60%-дайы ауыл тұрғындары. Олар мақта мен күріш егеді, мал шаруашылығымен, соның ішінде қаракөл қойын өсірумен айналысады. Қалалықтар негізінен білім беру, денсаулық сақтау, тұрмыстық қызмет көрсету және басқа да материалдық емес салаларда жұмыс істейді. Этникалық қазақтардың мемлекеттік билік органдарындағы өкілділігі лауазымды ұлтпен салыстырғанда өте төмен. Республиканың қазақтар тығыз орналасқан өңірлері – Қарақалпақстанда, Ташкент, Навои облыстарында диаспора өкілі басшылардың саны соңғы жылдары елеулі қысқарды. Оларды басшы орындардан, жалақысы жоғары немесе беделді лауазымдардан босатып жатыр. Қазақ диаспорасы бұларды өздерінің әлеуметтік, саяси құқықтарының бұрмалануы деп қабылдайды, сондай-ақ биліктегілердің мұндай әрекеттері республикадағы, әсіресе қазақтар жинақы тұратын жерлердегі әлеуметтік шиеленіске әкеп соғуы мүмкін. Тұрмыстық деңгейдегі этникааралық жанжалдар санының артуы осының жанама дәлелі бола алады. Диаспораның әлеуметтік мәртебесінің төмендеуі, оның материалдық жағдайының нашарлауы, тіршілік етудің көптеген салаларындағы кепілді құқықтардың жоқтығы – ауыр тиетін процесс, алайда оны республикадағы қазақ халқын ғана шеттету деп қарамау керек. Бұл объективті процесс, өтпелі кезеңмен байланысты және ұлтына қарамастан елдің барша халқын қамтиды. Әлеуметтік мәртебесінің төмендегеніне қарамастан қазақ этносының жоғары бейімделу мүмкіндіктері оған жаңа жағдайда да қоғамдағы өзінің орнын табуға көмектеседі. Кырғызстан. Соңғы халық санағына (1999 жылғы сәуір) сәйкес мұндағы этникалық қазақтардың саны 42 657 адам. 2004 жылдың басында қазақ халқының саны 65 мың шамасында. Анағұрлым жинақы орналасқан жерлері Шу облысы (17 510 адам), Бішкек қаласы (12 064 адам), Ыстықкөл (6979 адам), Талас (3604 адам), Жалал-Абад (1 130 адам), Ош (1200 адам), Нарын (394 адам) және Баткент (376 адам) облыстары. Білім деңгейі: жоғары білімі барлар – 4 234 адам, аяқталмаған жоғары - 678, орта-арнаулы – 4 346, орта – 13 366, қалғандарында – бастауыш білім. Қазақтардың ішінде 47 ғылым кандидаты, 8 ғылым докторы бар. Жалпы алғанда Қырғызстандағы біздің отандастарымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мақтанарлықтай емес. Қазақтардың бір бөлігі аралас некеден туған, ассимилияция қаупін туғызады. 1999 жылғы ұлттық халық санағы мәліметтеріне сәйкес 42 657 қазақтың 7546-сы ана тілін қырғыз тілі деп, 2449 – орыс тілі, 95 - өзбек тілі деп көрсеткен. Мұның себептерінің бірі қазақ диаспорасы жинақы тұратын аудандарда қазақ орта мектептері мен балалар мекемелері жоқ деуге болады, ана тілінде теле- және радио бағдарламар таратылмайды. Түркменстан. 1995 жылғы халық санағы мәліметтері бойынша Түркменстанда 86 987 қазақ тұрады (елдегі халықтың жалпы санының 4%). Олар Дашогуз (33 000 адам), Балкан (22 000 адам), сондай-ақ Марый және Лебап уәлайяттарында (облыстарында) жинақы қоныстанған және негізінен мал шаруашылығымен айналысады, тамақ және мұнайөңдеу салалары мен әлеуметтік салада жұмыс істейді. Біздің елшілігіміздің мәліметтері бойынша 2003 жылы мұнда 110 000 қазақ тұрған. ҚР Елшілігі Түркменстандағы қазақ мектептерінің директорларына 16 000 оқулықтар мен оқу құралдарын тапсырды. Соңғы уақыттарда көшіп келген қазақтардың азаматтығын ауыстыру мәселесі ерекше өткір болғандықтан, сондай-ақ бұл процедураның ұзақтығы мен қымбаттығына байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі түркмен тарапына Азаматтықты оңайалатып алу мен тоқтату туралы Келісімнің жобасын жіберді. Алайда Түркменстанның Орталық Азия елдерінен бөлектенуіне және біздердің елдеріміздің арасындағы визалық режим енуіне байлйанысты бұл проблема әлі күнге өзінің оң шешімін таппай отыр. Осы үшін біздің отандастарымызға залал көруде, олардың Қазақстанмен гуманитарлық байланыстары шектеулі. Моңғолия. Моңғолияның Ұлттық статистикалық басқармасының мәліметтері бойынша этникалық қазақтардың жалпы саны 102 983 адам, яғни моңғолдардан кейінгі екінші орынды иеленеді. Олардың ішінде Баян-Өлгей аймағында 83 776 адам, Хобда аймағында — 12 215, Улан-Батор мен оның төңірегінде – 7 504, ал Эрдэнэт, Дархан, Бэрх және Шарыгол өнеркәсіптік аудандарында – 4 245 адам тұрады. Қазақстан Республикасы Елшілігінің нақтыланған мәліметтері бойынша Моңғолияда 126 000-нан астам қазақтар тұрады. М.Тәтімовтың мәліметі бойынша Моңғолияда 157 000 қазақ тұрады, Қазақстардың Дүниежүзілік қауымдастығының көрсеткіші едәуір төмен – 90 000 адам. Мәліметтердің алшақтығы бұл мәселені арнайы зерделеуді талап етеді. Қазақтардың 90%-нан астамы Моңғолияның батыс бөлігінде, Баян-Өлгей аймағында тұрады, ол астанадан 1600 км қашықтықта орналасқан. Баян-Өлгейдегі мал шаруашылығының салыстырмалы қарқынды дамуы мен шекара маңындағы қарқынды сауда (РФ Алтай республикасы мен ҚХР ШҰАА) отандастарымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайының Моңғолияның басқа аудандарымен салыстырғандағы жақсы болуына жағдай туғызды. Республикаға қазақтардың қоныс аударуы Қазақстан мен Моңғолия арасындағы еңбек нарығы мен халықты жұмыспен қамту саласындағы өзара ынтымақтастық туралы Селісімге сәйкес 1991 жылдың қыркүйегінен басталды. Барлығы 83 000 адам көшіп келді. Кейіннен 12 000-нан астам қазақ Моңғолияға кері оралды. 70 278 адам Қазақстанда өзінің жаңа отанын тапты. Қытай. Қазіргі кезде әртүрлі мәліметтер бойынша Қытайдағы қазақ диаспорасы 1 200 000-нан 2 000 000 адамға дейін. Қытайда тұратын қазақтардың саны туралы әртүрлі мәлімет көздері бір-біріне сәйкес келмейді. Отбасында үш баладан бес балаға дейін болатын қазіргі Қытай аумағында тұратын қазақтардың санын дәл анықтауға кедергі жасайтын факторлардың бірі отбасылардағы балалар санын шектейтін Қытай үкіметінің жүргізіп отырған демографиялық саясаты. Осыған байланысты халықтың көп бөлігі тіркелмеген. Сол сияқты Қытайда тұратын халықтың жалпы саны туралы дәл статистикалық мәліметтің жоқтығы да қиындық туғызады. 1949 ж. - 443 000-нан көп 1979 ж. - 848 000 шамасында 1990 ж. - 1 200 000 2005 ж. - 1 млн. 296 мыңнан 1 млн. 500 мыңға дейін Қытай Халық Республикасының жүргізген ұлттық аумақтық автономия саясатының нәтижесінде 1954 жылы Іле Қазақ автономиялы облысы құрылды. Қазақтар негізінен Алтай, Іле, Тарбағатай аймқтары кіретін автономиялық облыста, сондай-ақ ҚХР ШҰАР Мори-Қазақ, Баркөл-Қазақ аудандарында, Ганьсу өлкесінің Ақсай-Қазақ автономиялық ауданында және аз мөлшерде Бейжіңде (Пекинде) тұрады. ҚХР құрылған кезде оның аумағында 420 000 қазақ өмір сүрген, оның 418 000 – Шыңжанда тұрған, бұл 9% құрайды; үш мыңнан астам қазақ онымен шекаралас Ганьсу және Цинхай провинцияларының аудандарында тұрған. Шыңжанда қазақтар негізінен Алтай (ортаығы Алтай қаласы), Іле (орталығы Құлжа қаласы,қытайша Иниң)және Тарбағатай (отрталығы Шәушек (орысша Чугучак, үйғырша Чочек,қытайша Тачың) қаласы) аймақтарының (округтерінің) аудандарында көшіп жүрді, бұл барша қазақ көштерінің 3/5 бөлігін құрайтын. Шағындау топтар қазіргі Мурэ-Қазақ автономиялық ауданы мен Цинхай уезін (Санджи-Хуэй автономиялық облысы) және Баркөл-Қазақ автономиялық ауданының (Хамий округі) аумағында көшіп жүрген. Әдетте көш рулық негізде құрылатын болған. ШҰАР аумағында қазақтар саны жағынан ханьдар мен ұйғырлардан кейінгі үшінші орынды иеленіп, жалпы халықтың 7,4% құрайды. ҚХР жарияланғаннан бергі 54 жылда Аспан асты еліндегі қазақтардың саны үш еседен артық өсті. Қазақтар лауазымды этнос болып табылатын ІҚАО басқа да автономиялық құрылымдар бар: Санчжи-Дунган облысындағы Мурэ-Қазақ автономиялық уезі, Хамий округіндегі Баркөл-Қазақ автономиялық ауданы және Ганьсу өлкесіндегі Ақсай-Қазақ автономиялы ауданыі. Цинхай өлкесінде Хайси-Тибет-Моңғол-Қазақ автономиялы облысы бар, оны көбінесе жай ғана Хайси-Моңғол-Тибет деп атайды. Сондай-ақ оншақты автономиялы қазақ болыстары бар. Үрімшінің арғы жағындағы Ганьсу мен Цинхай аумақтарына қазақтар 1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін көшкен. ІҚАО қазақтары автохтонды халық болып табылады. Бұл аумақты қазақтар жоңғарлармен екі ғасырға созылған күресте қорғап қалды. Басқа елде өмір сүре отырып, қазақтар бұл жерде басқа тарихи шеңберде, басқа әлеуметтік-экономикалық және саяи жағдайда дамыды, қытайдың мәдени ықпалында өмір сүрді. Қазақстандық зерттеушілер мәліметтері бойынша Қытайдағы қазіргі қазақ диаспорасының бірқатар ерекшеліктері бар. Біріншіден, ҚХР аумағында тұратын қазақтардың 80% ҚХР құрылғаннан кейін туылғандар, оның 70% - 1962 жылдан кейін және 50% - «мәдени революциядан» кейін туылғандар. Бұл, бір жағынан, «тууды реттеу» саясатын жүзеге асыруда хань емес халықтарға жасалған белгілі бір «жұмсақтық» туралы қорытындыны білдірсе, екінші жағынан – қазақ халқының басым бөлігі ҚХР өз отаны деп қарайтынының көрсеткіші. Қазақ диаспорасы өкілдерінің көпшілігі үшін «мәдени революция» кезеңінің эксперименттері өз тәжірибелерінен таныс және оларда жалпы «мәдени революция буындарына» тән психологиялық ерекшеліктердің бәрі бар. Екіншіден, ҚХР-дағы қазақ этникалық тобының мәдени және жалпы білім беру деңгейін көтеру ісіндегі қол жеткізген елеулі прогреске қарамастан ол төмен күйінде қалуда. 1982 жылғы халық санағы мәліметтері бойынша алты жастан жоғары қазақ ұлты (725 130 адам) арасында әртүрлі жоғары оқу орандарының түлектері тек – 2 547 адам; студенттер – 1 483; екінші сатыдағы орта мектеп түлектері – 41 599; бірінші сатыдағы орта мектеп – 124 781; бастауыш мектеп – 351 272; сауатсыздар мен шала сауаттылар – 203 448 адам немесе автономиялық райондағы қазақтардың жалпы санының 28,66%, оның ішінде алты жастан он бір жасқа дейінгілердің арасында – 81 325 адам. Қазақ ұлтының 50%-нан астамын құрайтын әйелдер арасында сауатсыздық деңгейі ерлерге қарағанда 1,5 есе артық. Бұл жағдайдың ҚХР-дағы қазақ халқының тиісті жұмыспен қамтылуы саласына әсері ететіні сөзсіз. Елдің халық шаруашылығында жұмыс істейтін 294 923 қазақтың 243 557-сі немесе экономикалық белсенді қазақ халқының 82,58% - жер өңдеуде, мал, балық және орман шаруашылықтарында шоғырланған; кеніштерде, ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарында – 3659; зауыттар мен фабрикаларда – 3781; құрылыста – 2016; көлік және байланыста – 2224; сауда мен қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында – 9152; денсаулық сақтау мен әлеуметтік қамсыздандыруда – 16045; мемлекеттік және партиялық органдарда – 9460 қазақ жұмыс істейді [3]. 80 жылдардың басындағы ҚХР қазақтары кәсібі жағынан былай бөлінген: әртүрлі кәсіпорындардың техникалық персоналы – 32 889, мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың, партиялық және қоғамдық ұйымдардың жауапты қызметкерлері – 5 821, іс қағаздарын жүргізушілер мен осы санаттағы қызметкерлер – 5 809, сауда қызметкерлері – 3 816, қызмет көрсету саласы қызметкерлері – 4 812, жер өңдеушілер, мал өсірушілер, орманшылар – 219 752, өндіріс жұмысшылары, көлік жұмысшылары және осыған сәйкес санаттағы жұмысшылар – 21 295 немесе ҚХР халық шаруашылығындағы жұмыс істейтін қазақтардың 7,43%]. 1982 жылдың ортасында ҚХР аумағында тұратын қазақтардың құрылымы және олардың ҚХР-ның 56 ұлты құрылымындағы жағдайы осындай болатын. Өткен реформалар жылында бұл құрылым айтарлықтай өзгеріске ұшырай қойған жоқ; сөз жоқ, ҚХР қазақ халқының мәдени және білім деңгейінің көтерілуі аясындағы әлеуметтік прогресс байқалады. Техника саласындағы ұлттық кадрларды дайындау, ана тіліндегі мектеп білімін одан әрі дамыту және т.б. бұған куә. ҚХР-дағы қазақтардың мәдени және жалпы білім деңгейі өсіп келеді. ІҚАО тұрғындарының көпшілігі Бейжің(Пекин), Шанхай және Қытайдың басқа да ірі қалаларындағы, шетелдерде, соның ішінде Қазақстанда жоғары оқу орындарында оқып жатқандары да бар. Осыған қарамастан, қазақтардың әлеуметтік те, кәсіби де, саяси да құрылымдары ҚХР қазақ қауымдастығының даму үрдісі туралы куәландыратын және оның келешегін анықтайтын елеулі сапалы өзгерістерге ие болмай отыр. Соңғы уақытта Қазақстан тарапынан қазақтардың бұрынғы өткені туралы мәліметтер бар. Қытайдағы тарихи ескерткіштерге деген қызығушылық артып келеді. Осыған байланысты Қытайдағы қазақтардың мұрасын зерделеу жұмыстары басталып кетті. Мүдде ортақ, өйткені Қытайда ғалым, артист, суретші, музыкант қазақтар тұрады, олар кейбір жобалардың бастамашысы болды және оларды жүзеге асыруға жәрдемдесуде. Олардың қатуымен қазіргі кезде кітап басып шығару, тарихи материалдарды жинау және т.б. жұмыстар ұйымдастырылды. Бұл бағытта Қазақтардың Дүниежүзілік қауымдастығы белсенді жұмыс жүргізуде. Мысал ретінде «Шыңжандағы қазақ сазгерлері» кітабының әзірленуін келтіруге болады, оның авторы өнертанушы Құлжада Мұхамед, Майра Мұхамедқызының әкесі. Мұнымен қатар белгілі күйшілерге, суырып салма ақындарға арналған шығармашылық кештер өткізіледі, компакт-дискілер шығарылады. Мысалға, Қытайда тұрған күй шебері Бейсенбінің туған күнінің құрметіне арнайы компакт-диск шығарылды. Суырып салма ақын Т.Жолдыұлының 100 жылдығына жас орындаушылардың орындауындағы оның әндері жазылған магнитті таспа әзірленді. Қытайда би өнері өте дамыған. Осыған байланысты Қытайда тұрған атақты Тайыр күйшінің қызы белгілі балетмейстер Нағима Тайырқызының есімін атай кеткен жөн. Ол көптеген талантты бишілерді тәрбиеледі. Н.Тайырқызы Алматы қаласына келіп тұрады, онда облыстық филармонияда сабақ береді. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың және СІМ белсенді сыртқы саяси курсы нәтижесінде Қытай тарапының позициясында Қазақстанның саясатына деген белгілі түсіністік байқалады. Елшілік отандастарға Қазақстанның экономикалық, саяси және мәдени өмірі туралы объективті ақпарат береді, оларды қызықтыратын көші-қон, демографиялық процестерді реттейтін нормативтік актілерді түсіндіреді. Соңғы жылдары Қытайда жергілікті билік органдарында қазақ тілінің қолданылу аясы тарылып келеді, ұлттық мектептер жабылуда. Біздің отандастарымызды Пекиннің бала тууын шектеу саясаты да алаңдатуда, ол қазақ халқының өспей қалуына әкеп соғады. Іле-Қазақ автономиялық облысы. Қазақстан-Қытай шекарасының бойында өзінің үкіметі, жергілікті басқару органдары, қазақ мектептері мен қазақ тіліндегі газеттері, радио және телевидениесі бар Іле-Қазақ автономиялық облысы (ІҚАО) Қазақстанмен тұтастай шектесіп жатыр. ҚХР конституциясы бойынша автономиялардағы бірінші әкімшілік лауазымдарды лауазымды этностың өкілдері иеленуі тиіс, ІҚАО бұл қазақтар (аудандықтан бастап қалалық буынға дейінгі парткомның бірінші хатшысы лауазымына бұл қағида жүрмейді). Қазақтардың басым үлес салмағы білім беру, мәдениет, өнер, қаржы, сақтандыру, денсаулық сақтау, спорт және әлеуметтік қызмет көрсету саласында, сондай-ақ партиялық-мемлекеттік қызмет пен құқық қорғау органдарында байқалады. Аз кездесетіні – ғылымға негізделген салалар мен өнеркәсіптік, әсіресе ірі кәсіпорандарда. ІҚАО астанасы - Құлжа (қытай транскрипциясында - Инин) бірмезгілде Іле аймағының да орталығы болып табылады, мұнымен қатар облысқа тағы екі аймақ кіреді: орталығы Чугучак қаласындағы Тарбағатай және орталығы Алтай қаласындағы Алтай аймақтары. Әрбір аймақ ауылдық аудандарға бөлінген және мәртебесі бойынша бұрынғы одақтас республика облысының мәртебесіндей. Іле аймағында 9 аудан, Тарбағатай аймағында 6 аудан, Алтай аймағында 8 аудан бар. Шен туралы әкімшілік-аумақтық табельде ІҚАО Шыңжан аймақтарына қарағанда жоғары сатыда: оның аймағы мәртебесі жағынан округке тең. Сондықтан облыстық өкімет қосымша қондырғы сияқты және жергілікті билікке мәселені тікелей Үрімжіде шешкен оңай. Үрімшіде бұған кедергі жасамайды, әсіресе 1982 жылы ІҚАО Пекинге ҚХР үкіметіне тікелей бағынуды сұрап, ШҰАР юрисдикциясынан шықпақ болған шешімінен кейін. ІҚАО басында облыс үкіметінің төрағасы тұрады, оны қазақша «үкімет төрағасы» емес, «облыс бастығы» немесе «облыс үкіметі бастығы» деп атайды, өйткені төраға Қытайда біреу – ол ҚХР Төрағасы. Аймақты (округті) үәли (губернатор) басқарады, оны мұнда «әкім» емес, «уәли» деп атайды, ал қала мэрлерін «қала бастығы» деп атайды, есесіне аудан әкімдерін көбінесе «аудан әкімі» деп атайды. 1990 жылға дейін «аудан бастығы» термині қолданылатын. Болыс әкімін көбінесе жайғана «ауылбас» деп атайды. Қытайдағы қазақ автономиясының сақталу перспективалары бүгінде бірыңғай емес. Хань халқының тарапынан аз ұлт өкілдері пайдаланатын жеңілдіктерді сақтап қалудың құқық тарапынан дұрыстығы туралы мәселе жиі қойылып жүр. Қытай үкіметі мен ҚКП қазақ диаспорасы мен ирредентасына қатысты ұлттық саясаты қаншалықты бірмәндес болатындығы белгісіз. Қазақтар лауазымды этнос болатын және басшылық басында ресми тұрған, қазақтардың әлемдегі екінші әкімшілік-аумақтық құрылымы болып табылатын Іле-Қазақ автономиялық облысының Қазақстан үшін маңызы орасан. Түркия. Түркиядағы қазақ диаспорасы негізінен өткен ғасырдың 50-ші жылдары Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданының Алтай округінен («алтай қазақтары») көшіп барған, сондай-ақ ХХ ғасырдың 80-ші жылдары Ауғанстан мен Ираннан босқын ретінде қоныс аударған қазақтардан тұрады. Стамбул консулдық округінде алтай (3450 отбасы) және ауған (740 отбасы) қазақтары тұрады. Түркияда тұратын қазақтар жинақы орналасқан. 1972 жылы олар түрік үкіметіне өтініш жасады, сол жылы оларға Стамбулдан сатып алу және құрылыс салу үшін жер берілді. Біздің отандастарымыз бұл ауданды «Қазақкент» деп атады, қазір ол «Гюнешли» аталады, түрік тілінен аударғанда «Күн сәулелі». Стамбулда қазақтар басқа аудандарда да тұрады (мысалға, Зейтинбурну, Кучук Чекмеджи, Сафра-кой, Орнектепе), бірақ олар бірге болуға тырысады. Түркияда тұратын қазақтардың саны туралы мәліметтер де әралуан, сан айырмашылығы өте үлкен. 19 000-нан 25 000-ға дейінгі сандар аталады. Мысалға, Сайлау Батыршаұлының мәліметі бойынша Түрік Республикасындағы диаспора өкілдерінің саны 2003 жылы 19 мың адам болған. 2005 жылғы мәліметтер бойынша 25 000 адам деп көрсетілген. Қазақтардың негізгі бөлігі (2750 отбасы) Мәрмәр теңізінің жағасында, Стамбулдың “Зейтинбурну” ауданында шоғырланған, 120 отбасы – Эгей теңізінің жағасында (Измир провинциясы), 80 отбасы шамасында - Нигде провинциясында, 60 отбасы – Анкарада және басқа провинцияларда тұрады. Г.Меңдіқұлованың пікірі бойынша, көп жағдайда Түркиядағы қазақ қауымдастығы қазақ диаспорасы өкілдері үшін үлгі болды, бұл қазақтардың күш-жігерімен ғана емес, түрік үкіметінің түсіністікпен жауап қату әрекетімен де мүмкін болды, соның арқасында Шыңжаннан босқан қазақтар бұл жерден екінші Отанын тапты. 1990 жылдардағы Түркиядағы қазақ қауымдастығын зерделей отырып, 1970 жылдары қазақтардың аға буыны қалап кеткен, қазіргі кезде жемісін көріп отырған этникалық сәйкестілікті сақтау процесіндегі мынандай сәттерді атап өтуге болады. 1960 жылдары қазақтар қаланың әүрлі аудандарына қоныстанды, олардың балалары түрік мектептеріне бара бастады, бұл қазақ сәйкестілігін сақтау процесіне жәрдемдескен жоқ, керісінше қазақ жастарының бір бөлігі «түріктену» процесіне ұшырады, бұған қазақ ақсақалдары қарсы шықты. Қазақтардың «түріктену» процесін қалай да бір тоқтату үшін аға буында кейіннен қазақ бастауыш және орта мектебін ашуға болатындай бірге, бір ауданға қоныстану идеясы туды. Стамбулдың Гюнешли ауданында «Қазақкент» осылай пайда болды, оның ресми ашылуы 1973 жылғы 15 тамызда өтті. Алғашқы үйлер Отаны туралы естелік немесе ескерту ретінде «Алтай» көшесінде салынды. Түркияда 1986 жылы Алматыдағы желтоқсан оқиғаларының толқыны ретінде түрік қазақтарының «Вакиф» мәдени-ағарту қоғамы құрылды. Бұл қоғамның құрылтайшылары 10 адам болды және алғашқы төрағасы болып Токтоубай Топлу сайланды. 1988 жылғы наурыздан бастап «Вакиф» түрік қазақтары қоғамының бюллетені» шыға бастады. «Бюллетеннің» екі нөмірі ғана жарыққа шықты. Бұл «Бюллетеньдерде» этнография мен қазақ халқының тарихы бойынша материалдар, Түркия мен Батыс Еуропадағы қазақ қауымдастықтарының өмірі туралы материалдар орын алды, қазақ диаспорасынан шыққан танымал қайраткерлермен және кәсіпкерлермен сұхбаттар жарияланды. Диаспораға әлеуметтік және экономикалық көмек көрсету мәселелерімен «Түркия қазақтарының қоғамы» айналысады, оның мәртебесі ұлттық-мәдени орталыққа тең. Түркияда басқа да қоғамдық ұйымдар жұмыс істейді: «Түрік қазақтарының әлеуметтік және мәдени дамуын қолдау қоры», «Қорқыт Ата қоры», «Шығыс Түркістан қоғамы» және «Ахмет Иассауи» қоры. 1991 жылдан бастап түрік қазақтары мен Қазақстан Республикасы арасында тығыз жан-жақты байланыстар дамып келеді. Түркияда тұратын қазақтар үшін соңғы кездегі маңызды оқиғалардың бірі 1997 жылғы 28-29 нурызында өткен Кіші Құрылтай болды. Сонымен қатар, Түркияның қазақ қауымдастығында сепаратизм жоқ, елдегі халықпен, үкіметпен және жергілікті әкімшілікпен қарым-қатынасы жақсы. Түркияда жоғары білім алу қымбат, сондықтан оған көптеген қазақ жастарының қолы жете бермейді. Жоғары оқу орнына түсетін қазақ жастарының өкілдері негізінен ең озат студенттердің бірі болады. Кейбір қазақтардың екі жоғары білімі бар. Қазіргі кезде 200-дей қазақтың қыздары мен ұлдары Түркиядағы жоғары оқу орындарында экономика, құрылыс, журналистика, медицина және заңгерлік мамандықтары бойынша білім алып жатыр. Алайда Түркиядағы қазақ жастарының көпшілігі өздерінің этникалық: тері өнімдерін өңдеу, тігу және сату бизнесімен шұғылданады. Түркиядағы қазақ отбасыларының көбі күрделі (бөлінбеген) және моноэтникалық болып келеді, әйтсе де басқа түркі халықтары өкілдерімен: қырым татарларымен, қырғыздармен, ұйғырлармен некелесу де онша аз емес. Қазақтың жігіттері үшін некеге тұру жасының шектелуі жоғары. Қазақтар көбінесе 30-ға толғанда, отбасын құруға және толық жауап беруге материалдық негіз қаланған кезде үйленеді. Дәстүр бойынша Түркияда отбасы үшін бар жауапкершілік ерлерге жүктелген. Жоғары білім алмаған қыздар көп жағдайда кәмелетке тола салысымен күйеуге шығып, күйеулеріне отбасылық өндірісте көмектеседі. Қазақ жастарының өкілдері Батыс Еуропа, Солтүстік Америка елдерінен жұмыс пен жақсы өмір іздеп өз үйлерін жиі тастап кетіп жүр және соңғы алты жылдың ішінде Қазақстанға көшіп келуге әрекет ете бастады. Түрік қазақтары тұрған елінің жағдайына көбірек бейімделген диаспора болып табылады. Түркия мәдени, діни, тілдік жағдайы анағұрлым жақын ел. Еуропада тұратын қазақ диаспорасының Түркиямен байланысты әлі күнге күшті. Шын мәнісінде еуропалық диаспора – бұл Түркия аумағынан көшіп келгендер. Бұл тұрмыста, тұлғааралық қарым-қатынастарда көрініп тұрады, қазақ диаспорасының өкілдері өз балаларына негізінен түрік есімдерін береді, салт-дәстүрлер мен мерекелер түріктердің әдет-ғұрпы бойынша өтеді. Бұл заңды да, өйткені түркі халықтарының жақындығы ежелден тығыз болды және Түркияда ұзақ өмір сүру, сөзсіз қазақтардың мәдениетіне ықпал етті. Еропалық қазақтардың Қазақстанға қарағанда Түркиямен туыстық байланысы күштірек. Олардың туыстарының көпшілігі Түркияда, Қытайда, Алтайда тұрады. Қазіргі уақытта Стамбулда Түрік қазақтарының қоры белсенді жұмыс істеуде, Стамбул қаласының муниципалитеті Қорға арнап үй-жай бөлген. Қор басшылары қазақ тілін оқып-үйренуге жағдай жасауға, Стамбул қазақтарының Қазақстан мәдениеті, өнері өкілдерімен кездесулерін ұйымдастыруға тырысады, Қорда Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары болып қайтты. Қордың кабинеттерінде қазақтың ұлттық тұрғын-үйі – киіз үй қойылған, қазақ тұрмысының заттары, Қазақстан туралы әдебиеттер жинақталған, олар әртүрлі мерекелерде, кездесулерде, концерттерде көрсетіледі. Қордың жанында балалар би ансамблі ұйымдастырылған, ол әртүрлі концерттерге, тұсау кесер рәсімдеріне қатысады. Қордың күшімен «Арман» журналы шығып тұрады. Материал таңдауда қиындықтар бар, елдегі өмірді толық қамтып жазатын авторлар жоқ. Түрік қазақтары қазақ тіліндегі ақпараттар алуда қиындықтарға тап болуда. Қазақ диаспорасының аудан мен қала муниципалетитімен қарым-қатынасы жақсы. Қордың басшысы жергілікті өкіметтің қазақтарды ерекшелендіріп тұратын заңға мойынсұнушылықты, үлкендерді силауды, еңбекқорлықты бағалайтынын атап өтеді. Қазақтардың өз ортасында билер институтын (кішкене өзгерген түрінде) жүргізеді. Жергілікті биліктегілер басқарудың бұл жүйесін аудандық деңгейге еңгізу туралы ұсыныс жасаған. Қазақтардың арасында полицияға ұсталған, қылмыс жасалған, бұзақылық және т.б. оқиғалары жоқ. Қазақтардың экономикалық жағдайы тұрақты, жұмыс істей алады және кәсіптері бар. Жастар түрік тілінде сөйлейді, оқу орындарында түрік тілінде білім алады. Қазақ тілін үйретуді Қор өз күшімен ұйымдастырған. 2005 жылы Стамбул университетіне қазақ тілінің оқытушысы келіп, студент жастар арсында тілді оқытуды ұйымдастырды. Оқу-әдістемелік әдебиет тапшы. Әліпбилер графикасының әртүрлі болуына байланысты қиындықтар бар. Қазақстаннан келетін оқулықтар кириллицада жазылған. Тілді үйрету үшін осы графиканы білетін мамандар жоқ. Бұл жағдай Қазақстаннан келетін киррилицада жазылған оқулықтардың мәнін жоқ етуде. Қазақ диаспорасы Стамбулдағы қазақстандық елшілікпен өте тығыз байланыста. Олардың қолдауымен Наурыз мерекесі, Қазақстанның өнер шеберлерінің концерттері ұйымдастырылған. Түркияда қазақтар негізінен тері ісімен айналысады, дербес бизнестерін дамытуда. Жұмыс, салық, бәсекелестік жағдайларында қиындық көрмейді. Олардың айтуынша қазақтарды адамгершілігі мен жауапкершілігі үшін жақсы клиент және серіктес ретінде силайды. Қазақстан нарығына жұмыс істейтін кәсіпорандар бар, Алматыда 13, Шымкентте 30–ға жуық дүкендері ашылған. Алайда олар аз, сондықтан санын көбейту қажет. Түркияда тұратын қазақтар қазақ тілінің жоғалуына, Қазақстаннан келетін ақпараттардың тапшылығына, Қазақстанға көшіп барудың қиын жағдайларына алаңдаулы. Эфирде қазақ тіліндегі хабарлардың жоқтығынан қанағаттанбаушылық сезімде. Қазақ тілін білуді қолдайтын және дамытатын ақпараттық орта жоқ. Аға буын балалары мен немерелерінің болашағына қатты алаңдайды. Түркия қазақтары Отанына оралу шарттарының күрделілігіне қатты абыржулы: тіркелу (прописка), ТИБ-нан анықтама сияқты оралмандарда болмайтын құжаттарды жинуадың машақаты. Түркияда тұратын қазақтардың пікірінше, шетелдегі қазақ диаспорасы Қазақстанның халықаралық қатынастардағы позициясын күшейте алар еді, елдің оң имиджін қалыптастырудың, экономикалық байланыстарды нығайтудың көзі болалар еді. Маңызды шарттардың бірі мәдени орталық құру, оған мемлекеттің көмегі қажет. Еуропа елдері. АҚШ пен Батыс Еуропа (негізінен ГФР, Франция, Скандинавия) елдеріндегі қазақ диаспорасы оқуға бару нәтижесінде және «еңбек» көші-қоны толқынында қалыптасқан. Қолайлы әлеуметтік-экономикалық өмір жағдайы мен сіңісті ділі оларды Еуропада ұстап тұр. Басқа елдерде қазақ ұлтының өкілдері саны аздығынан жергілікті халыққа сіңіп кеткен. Тұманды Альбион жағалауындағы қазақ диаспорасы өкілдерінің саны аз болуы 1960-1990 жылдардағы британ көші-қон саясатының құқықтық шараларының салдары болды. Ұлыбританияда қазақтар негізінен Лондон мен Редингте тұрады, бұл олардың кәсіби бағдарымен қызмет аясына байланысты. Ұлыбританиядағы қазақ диаспорасының өкілдері моноұлтты некені қалайды және оларға тұрып жатқан еліне өз отбасын көшіріп алып келу тән. Сондықтан, оларға этникалық түптамырын жоғалтпау және балаларын қазақ тілі мен қазақ халқының мәдениетіне жақындастыру маңызды. Ол үшін 1992 жылы Ұлыбританиядағы қазақтар қоғам құруға шешім қабылдады, өйткені 1985 жылы бұл елге Түркия мен ҚХР қазақтары оқу және жұмыс істеу үшін көшіп келе бастады. Бұл қоғамның мақсаты Ұлыбританияда тұратын қазақтардың арасында бір-бірімен байланыс орнату, сондай-ақ этникалық Отаны – Қазақстанмен жан-жақты байланысты нығайту болды. Мұндай қадамдардың бірі 1995 жылғы маусымда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Ұлыбританияға ресми сапары кезінде жасалды, қазақ диаспорасының өкілдерін Президент қабылдап, олармен әңгіме барысында олар өз проблемаларын талқылады. Өкінішке орай, Ұлыбританиядағы қазақ қауымдастығын ерекшелендіріп тұрған нәрсе олардың бастарының бірікпеуі, қазірге дейін ҚХР-да, Түркияда және Қазақстанда тұратын қазақтармен тығыз байланыс орнатылмаған. Қазақ қоғамы берген мәлімет бойынша Лондонда Түркиядан шыққан қазақ диаспорасының 65 өкілі тұрады. Бұған ҚХР, Қазақстаннан және басқа елдерден келген қазақтар кірмеген, олар қазақ диаспорасының санын 100-120 отбасына көбейтеді. ГФР-ға қазақтар түрік еңбек көші-қонының құрамдас бөлігі ретінде 1960-жылдардың ортасында көшіп келе бастады. Сонымен қатар, Екінші дүниежүзілік соғыс уақытынан бастап Алманияда екі қазақ – түрік азаматтығы бар бұрынғы легионерлер тұрады. ГФР-да қазақтар Рура мен Рейн өнкрекәсіптік аймағындағы жұмыстан басқа қоғамдық-саяси қызметпен айналысты, соның ішінде Мюнхеньде «Азаттық» радиостанциясының қазақ редакциясында жұмыс істеді. ГФР-дағы қазақтар мына жерлерде тұрады: Мюнхеньде - 60 отбасы немесе 300 адам, Кельнде - 90 немесе 450, Гамбургте - 4 немесе 20, Батыс Берлинде - 20 немесе 100, Хайдельбергте - 1 немесе 5, Майнцте - 2 немесе 10, Майндегі Франкфуртте - 1 немесе 5. Барлығы: 178 отбасы немесе 890 қазақ. ГФР-да өскелең қазақ жастарының арасында мәдени-білім беру шараларын өткізу үшін Мюнхень мен Кельнде екі қазақ қоғамы ұйымдастырылған. ГФР-дағы бұл қоғамдардың қызметінің жанданбай тұрғанын іс жүргізу мен үйлесімді әрекет ету тәжірибесінің жоқтығымен түсіндіруге болады. ГФР-дағы қазақ диаспорасы үшін өткір мәселелердің бірі тілдік проблема болып табылады. Негізінен, қазақтар отбасында түрікше, балалары немісше сөйлеседі. Қазақстаннан қазақ тіліндегі кітаптар, газеттер мен журналдар жіберу осы проблеманы шешуде күшті қолдау болар еді. 1993 жылы Мюнхеньде «Еуропалық қазақ түріктерінің бюддетені» шыға бастады. Бірінші нөмірі түрік тілінде, ал екіншісі қазақ тілінде шықты. Бюллетеньде Түркиядағы, Германиядағы, Франциядағы, Швециядағы, Австриядағы, Ұлыбританиядағы, Швейцариядағы және Даниядағы қазақ қауымдастықтарындағы болып жатқан оқиғалар туралы ақпараттар басылды, Қазақстандағы жетістіктер туралы хабарламалар жарияланды. Екі жылда (1993-1994) екі нөмірі ғана жарық көрді. ГФР-да тұратын қазақтарды олардың жоғары білім деңгейі мен әлеуметтік мәртебесі ерекшелендіреді, өйткені көшіп келген қазақтардың алғашқы буындары өз балаларына жақсы білім бере алды, қазір олар заңгер, стоматолог, инженер болып жұмыс істеуде. ГФР қазақтарының отбасылық қарым-қатынасында, мысалға, Франциядағы қазақтарға қарағанда консерватизм басым. Қалыңдықтарын Түркияда тұратын қазақ отбасыларынан әкелуге тырысады. Түрік қыздарымен жиі некелеседі және түркі емес халықтармен некеге тұрмайды. Ақпарат беруші қазақтардың мәліметтеріне сәйкес қазіргі кезде Швецияда 30-дай қазақ отбасы тұрады, негізінен Түркиядан барғандар. Олар Стокгольмде, Евелде, Вастераста, Гетеборгте тұрады. Соңғы уақыттары олардың саны осы елдің азаматтарымен некеге тұрған Қазақстаннан келген қазақтармен толығуда. Америка Құрама Штаттары. 1) бұрынғы КСРО азаматтары, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде тұтқынға түсіп, Алмания аумағындағы концентрациялық лагерьлерде ұсталған, одақтастар әскерлері азат еткеннен кейін және тексеруден өткен соң өздерінің өтініштері бойынша Түркияға тұруға жіберілген, сосын Түркиядан Штаттарға көшіп барған, онда қазір олардың екінші және үшінші ұрпақтары тұрып жатыр; 2) Түркиядан келген қазақтар, түрік еңбек көші-қонының құрамында келіп жұмыс тапқан, бес жыл тұрақты (ешқайда шықпай) тұрғаннан кейін АҚШ азаматы мәртебесін алған; 3) ҚХР-нан келген қазақтар, АҚШ-қа Жапония, Тайвань арқылы Тынық мұхитты кесіп өтіп, Тынық мұхит жағалауында оқуға немесе жұмыс істеуге қалып қойған, сосын елде тіршілік ету мүмкіндігіне ие болған; 4) Қазақстан Республикасынан келген қазақтар, оқуға немесе жұмыс істеуге келген; 5) АҚШ азаматтарымен этникааралық некеге тұрып, азаматтық алғандар. 2) онда тұрып жатқан өз этникалық топтарының өкілдерінің болуы; 3) бұрынғы тұрған жеріне шамалы болса ұқсас климат жағдайы; АҚШ қазақтарында моноэтникалық және этникааралық некелер байқалады. Этникааралық некелер аға буынға тән. Керісінше, диаспораның екінші, үшінші буын жастары өмірлік серіктерін қазақ ортасынан табуға тырысады, бұдан этникалық сәйкестілікті сақтауға арналған стратегия айқындалады. Басқа диаспораларға қарағанда АҚШ-тағы қазақтардың саны аздығынан және америкалық қоғам тіршілігінің барлық саласына ықпал ету мүмкіндігі болмағандығынан маңызды проблемаларын бірлесе шешуге болатын өз қоғамы да жоқ. Британиядағы сияқты америкалық қазақтарға да басы бірікпеушілік тән. 1996 жылы Индиана университетінің (Блумингтон) жанынан Қазақ студенттік ассоциациясы құрылды, ол жыл сайын Наурызды тойлайды, қазақ халқының салт-дәстүрлерімен және әдет-ғұрыптарымен таныстырады, тақырыптық конференциялар өткізеді. АҚШ-тағы қазақ диаспорасы Қазақстан Республикасы қазақтарының АҚШ азаматтарымен жасалған этникааралық некелерінің, сондай-ақ америкалық өкіметтің Қазақстанның көрнекті ғалымдары мен мамандарына осы елде тұрып, қызмет ету мүмкіндігін беруі арқасында өз қатарларын толықтырып отырады. Иран. Қазіргі уақытта қазақ диаспорасы әртүрлі мәліметтер бойынша Гор-ган, Бендер-Туркмен және Гүлістан провинциясының Гомбад қалаларында тұратын 10-нан 15 мыңға дейінгі адамды құрайды. Ирандағы диаспора негізінен өткен ғасырдың 20-30-жылдары, КСРО-да ұжымдастыру, мал мен астық қорын тәркілеу процесі басталған кезде қалыптасқан. Олардың көпшілігі – Маңғыстау облысы аумағынан келгендер. Ирандағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің жәрдемімен 59 отбасы арнайы авиарейспен тарихи отандарына көшіп келді. Пәкістан мен Ауғанстан. Пәкістан Ислам Республикасындағы қазақ диаспорасы Сайлау Батыршаұлының мәліметтері бойынша 1600 адамды құрайды. М.Тәтімов олардың саны 3 000 адам деп есептейді, Г.Меңдіқұлованың мәліметтері бойынша олардың саны 5 000 адам. Пәкістандағы қазақ ұлты негізінен басқыншы Кеңес армиясынан қашқан ауғандық қазақтардан тұрады. Пәкістаннан келген репатрианттар өмір сүруге қажетті қаражатсыз қалғандықтан Елшілік олардың тіршілік етуіне көмектесудің барлық мүмкіндіктерін жасады. 1998 жылы Қазақстанға Ауғанстаннан келген босқындардың көп бөлігі (230 адам) жіберілді. 1999-2000 жылдары тағы 573 қазақ оралды. Ауғанстанда 21 000 қазақ бар. Қазақстан Республикасының Дипломатиялық миссиясының ақпаратына сәйкес 374 адам тарихи отанына оралуға тілек білдірген. Ауған қазақтарының көбі сауатсыз, жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ. Қазақтар (этногенез). Палеолит. Қазақ халқының қалыптасуының этникалық тарихы аса күрделi. Қазіргі Қазақстан жерiн әр түрлi тайпалар ерте тас дәуiрiнде-ақ мекендей бастаған. Оған айғақ болатын ежелгi адамдар тұрақтары Қаратау, Маңғыстау, Орта және Шығыс, Қазақстан, Бетпақдала, Мұғалжар таулары, Балқаш көлі маңынан ұшырасады. Палеолит дәуiрiне жататын көптеген археологикалық мұра орындары анықталды. Мезолит. Мезолит дәуiрiнде садақ пен жебенiң пайда болуына орай кезбе аңшылар тобы бөлшектенiп кеткендiктен, бұл дәуiр тұрақтарының зерттелуi мардымсыз. Қазақстанның неолит, қола дәуiрiде алғашқы аталық тайпалардың көбейiп, өркендей бастады және ол тайпалардың көршiлес Сiбiр, Орал аумағы, Едiл бойы, Орта Асия халықтарымен тығыз байланыста болған, соны көрсететiн археологиялық, антропологиялық, этнологиялық дәлелдер көп. Сақтар. Б.з.б. 1-мыңжылдықта Қазақстан аумағында ежелгi тайпалар көшпелi тұрмысқа ауысып, олардың өзара бiрнеше тайпалық бiрлестiктерi құрыла бастады. Солардың ең iрiлерiнiң бiрi — сақтар. Олар Сыр бойы, Қаратау, Талас өлкесiнен бастап Тянь-Шань тауларына дейiнгi оңтүстік-шығыс беткейдi мекендедi. Арал теңізі мен Сырдарияның сағасын, Әмудария бойын мекендеген тайпалар массагеттер одағына бiрiктi. Сақ тайпалары солтүстік Қара теңіз өңiрi мен Днепр бойын мекендеген скифтердiң және төменгі Едiл бойы мен Оңтүстік Орал өңiрiндегi савроматтардың, Құрұш пен Дараяуыш I және Ескендір дәуiрiндегi көнеюнандықтардың (көнегректердің) тұсында өмiр сүрген. Сақ тайпалары тарихы мен олардың материалдық және рухани мәдениетiнiң аса маңызды деректерiнен (қорым, көмбе, т.б.) қазақ халқының мәдениетi бастау алады. Түркі тайпалар. Б.з.б. (3 — 1 ғ-ларда, б.з. басындағы 1 — 5 ғ-ларда, б.з. 5 ғ-на дейiн) қазiргi Қазақстан жерiнiң оңттүстігінде, Сырдария, Талас, Шу өзендерiнiң бойында, Жетiсуда, т.б. аумақтарда ежелгi сақ тайпаларының негiзiнде өркендеп, жаңадан бiрлескен тайпалар одағы пайда бола бастады. Олардың iшiнде қуатты мемлекетке айналып, тарихта, мәдениетте, өнерде белгiлi iз қалдырғандары — ғұндар, үйсiндер, қаңлылар, сарматтар. Бұл мемлекеттер, негiзiнен, көшпелi және жартылай көшпелi мал шаруашылығымен, кен қазумен шұғылданып, отырықшылық жағдайда суармалы егiншiлiкпен, балық аулау кәсiбiмен айналысты. Өркениеттi мемлекеттер олармен байланыс жасауға құштар болған. Қазақтардың шығу тегiне сақтардан кейiн ерекше негiз болған, әсiресе ғұндар, үйсiндер, қаңлылар. Көктүрік қағандығы. Ұзақ заманғы бұл этникалық процесс б.з.б. жүз жылдың 1-жартысынан басталып, б.з. 5 — 6 ғ-нда қалыптасып үлгердi. Қазақ халқының негiзiн құраған көп тайпалар 552 ж. Түрiк қағандығының құрамына кiрiп, чұмығұн, дай, ирки, чуре, чубан (Шуманақ), дулу деген әр түрлi атпен белгiлi болды. 603 ж. құрылған Батыс Түрiк қағандығының этникалық саяси негiзi «он тайпа» (көнетүркіше:"он оқ будун") болды, олар Қаратау баурайынан Жоңғарияға дейiнгi аралықта жатқан ежелгi үйсiн жерiн жайлады. Шу өзенінiң шығыс жағында дулудың бес тайпасы, ал батыс жағында бес тайпалы нушебилер мекендедi. Түргеш қағандығы. Оның орнына Түргеш қағандығы (704—756), одан кейiн Қарлық (қарлұқ) қағандығы (756—940) орнап, жоғарыда аталған тайпаларға үстемдiк еттi. Бұл мемлекеттер дәуiрiнде отырықшылық бел алып, егiн шаруашылығы дамыды, қалалар өркендеп, сауда-саттық жанданды. Оғыз бірлестігі. Бұл кезде Жетiсу мен Талас бойында қарлықтар, шiгiлдер, яғмалар, адғұлар мекен етсе, Орта Қазақстан мен Сырдария бойында оғыздар мен қыпшақтар үстемдiк еттi. 9 ғ.-дың аяғы мен 11 ғ.-дың басында оғыз тайпалары Сырдарияның орта ағысынан Едiлдiң төменгі бойына дейiнгi кең-байтақ аумақты мекендедi. Оғыздардың қоныс-өрiстерi Ырғыз, Жайық, Жем, Ойыл өзендерiнiң бойларында, Сырдария бойындағы Қаратау баурайлары мен Исфиджаб шегiне дейiн шашырап жатқан. Оғыздар құрамына Сырдария алқабы мен Арал-Каспий далаларының үндi-еуропа және финн-угор тектес ежелгi (негiзiнен, түркiлендiрiлген) этникалық топтары және сонымен бiрге Жетiсу мен Сiбiрдiң халаджы, жагар, чарук, қарлұқ, имур, байандұр, қай секiлдi көшпелi және жартылай көшпелi тайпалар да кiрдi. Оғыздардың батысында Едiл мен Жайық арасында бесенелер () мекендедi. Кейiн оғыздар — түрiкмен халқының, бесенелер — қарақалпақ халқының негiзiн құрса да, олардың кейбiр топтары қазақ халқының да шығу тегiне әсерiн тигiздi. Қимақ қағандығы. 9 — 11 ғғ. басында өмiр сүрген Қимақ қағандығының аумағы Солтүстік, Шығыс, Орта Қазақстанды алып жатты. Бұл федерацияға алғашқы жетi тайпа: еймур, имек, татар, байандұр, қыпшақ, ланиказ, ажлар тайпалары кiредi. Қимақтарға (кимектерге) қарасты аумақта қыпшақ бiрлестiгiмен қоса 11 — 12 ғғ. жекелеген топтары қыпшақтардың рулық-тайпалық құрамына кiрген кумандар да айтылады. Олар 9 — 10 ғғ. жазбаша деректер мәлiметтерi бойынша Батыс Қазақстан аумағын мекендеген және қимақ (кимек), қыпшақ, куман тайпаларының үш құрамды бiрлестiгiнiң батыс тармағы болған. Қарахан әулетi. 10 ғ. орта шенiнде Қашқар және Жетiсу жерiнде түркi тектес қуатты Қарахан әулетi (942—1210) билеген күштi мемлекет құрылды. Кешiкпей Қарахан ұрпағының хандары Әмудария мен Сырдария аралығындағы ол кезде әлсiрей бастаған самани әулетi билеген мемлекеттi бағындырып алды. Мұның өзi Орта Азия халықтарының экономикасы мен мәдениетiне зор әсерiн тигiзiп, Жетiсу, Шығыс Түркiстан халықтары мен тайпаларының арасындағы өзара байланысты күшейттi. Найман, керейiт, жалайырлардың ертеректегi мемлекеттерi Орта Азияның шығысында — Қазақстанмен шектесiп жатқан Моңғолия аумағында пайда болса да, олардың қазақ тарихына тiкелей қатысы бар. Моңғолдар талқандағаннан кейiн найман мен керейiт топтары, жалайырлар қалыптасып жатқан көптеген түркi халықтарының құрамына, атап айтқанда қазақ халқының құрамына бiртiндеп сiңiсе бердi. Наймандар моңғол кезеңiнде Сырдарияға дейiн жетiп, қазақ халқының қалыптасуына ықпал еткен. Керейiттер Едiл бойына дейiн барып, кейiнiректе өзбек пен қырғыз құрамына, ал шағын тобы қазақтардың құрамына кiрдi. Қазақстанның солтүстік және солтүстік-шығыс аудандарында көшпелi мал шаруашылығымен айналысқан қыпшақтар өмiр сүрдi. Қыпшақ бірлестігі. Қыпшақтар 11 ғ. кең байтақ қазақ даласы мен Оңтүстік орыс даласына үстемдiк еттi де, 12 ғ. Днепр өзеніне дейiн жайлап жатты. Қыпшақтар, негiзiнен, қазақ халқының құрамына енсе, олардың кейбiр топтары кейiнiрек өзбек, қарақалпақ, башқұрт және қырғыз халықтарының да құрамына қосылды. Қарақытай хандығы. 12 ғ. 2-ші жартысында Жетiсу мен Оңтүстік Қазақстан өлкесiндегi үстемдiк еткен қарақытайлар (қидандар) (1128—1213) да қазақ халқының құрамында өзiндiк iз қалдырды. Бұлар жергiлiктi түркi тектес халықтармен араласып, қазақтардың және кейбiр Орта Азия халықтарының да этникалық құрамына бiршама әсерiн тигiздi. 11 — 12 ғғ. Қазақстанның далалы аудандарын мекендеген түркi тайпаларының өзара бiрiгiп, отырықшылық жағдайда егiншiлiгi дамыған аудандармен экономикалық-мәдени қарым-қатынас жасауының жақсаруы қазақ халқының қалыптасу барысындағы елеулi кезең болды. Моңғол ұлыстары. Қазақтардың бiр тұтас халық болып қалыптасу жолында 13 ғ. басталған моңғол шапқыншылығы да айтарлықтай iз қалдырды. Жетiсу халқы Шыңғыс ханға ешбiр қарсылықсыз берiлдi. Одан ығысып келген бiрқатар тайпалар Қазақстандағы этникалық өзгерiстердiң бiршама сапырылысуына өз әсерiн тигiздi. Шыңғыс хан қайтыс болғаннан кейiн 13 ғ. ортасында қазақтар жерiнiң көп бөлiгi Жошы ұлысына қарады, тек Жетiсу бойы Шағатай ұлысының қарауында болды. Қазақстанның солтүстік-шығыс бөлiгiнiң аз ғана бөлiгi Үгедей ұлысына ендi. Көп ұзамай моңғолдар жергiлiктi тұрғындармен, әсiресе, қыпшақтармен араласып, өзiндiк ерекшелiктерiнен мүлдем айрылды да, 14 ғ. бүтiндей қыпшақ болып кеттi, қыпшақтың тiлiн, салт-санасын қабылдап, түр-түс жағынан да қыпшақтарға сiңiсiп кеттi. Қазақ халқының қалыптасуы. Моңғолдан кейiнгi кезең (14 — 15 ғ-лар) Шығ. Дештi-Қыпшақ, Жетiсу мен Оңт. Қазақстанның кең аумағындағы көшпелi және жартылай көшпелi, отырықшы-егiншi халықтың бас қосып бiрiгуiмен сипатталады. Бiрыңғай халық пен оның мемлекеттiгiн құру жолындағы тарихи қам-харакеттiң дамуы аймақтың саяси бытыраңқылығын болдырмау iсiнiң аса қиын жағдайында өтедi. Моңғол империясы ыдырағаннан кейiнгi кезеңiнен соң осы аймақ халқының саяси өмiрiнiң дамуы жергiлiктi этн. негiзде пайда болған бiрнеше мемл. құрылымның оңашалануы арқылы өтедi: олар Ақ Орда, Моғолстан, Әбiлхайыр хандығы (Көшпелi өзбектер мемлекетi), Ноғай Ордасы. 14 ғ. мен 15 ғ-дың бас кезiнде Қазақстан халқының мемл. бытыраңқылығының сақталып қалуы — жаңадан ғана құрыла бастаған қазақ халқының этн. даму жолының, үш жүздiң түзiлуi сияқты, ерекшелiгiнiң тууына себепшi болды. Тарихи дамудың сол кезеңiнде iлгерiде айтылған мемлекеттер шеңберiндегi этн.-саяси эволюциялық өзгерiстер жаңадан ұйымдасып жатқан көршi түркi халықтары — өзбек, қырғыз, татар, ноғай, т.б. үшiн де белгiлi дәрежеде ортақ болды. Ақ Орда, Моғолстан, Ноғай Ордасындағы тайпалар мен тайпалық бiрлестiктер экон. дамуының деңгейi, қоғамдық қатынастары мен мәдениетi жағынан бiр-бiрiмен өте жақын едi. Қалыптасып қалған қазақ халқының жекелеген бөлiктерiнiң бiрнеше саяси бiрлестiктерге — мемлекеттерге енуi, өндiргiш күштердiң әлсiреп, мұның iшiнде адам санының кемуiне, экон. құлдырауына, туыстас этн. топтардың бытырап кетуiне, олардың саяси және шаруашылық байланыстарының үзiлуiне әкелiп соқтырған үздiксiз соғыстар мен Жошы әулетi арасындағы, рулар мен тайпалардың басшылары арасындағы өзара алауыздық талас-тартыстар мұндағы халықтардың бiрiгiп нығаюын тежеп отырды. Сол себептi этн. өзара жақын топтардың саяси бытыраңқылығын жеңiп шығу iс жүзiнде бiр тектi халыққа айналып болған қазақ тайпалары мен руларын мемлекетке бiрiктiру қажеттiлiгiн алға тартты. Оның шешiлуiне Қазақ хандығын құру нақты мүмкiндiк туғызды. Қазақ хандығының құрылуы Шығ. Дештi Қыпшақ, Жетiсу, Оңт. Қазақстанның кең-байтақ жерiнде етек алған әлеум.-экон. және этно-саяси құбылыстардың заңды қорытындысы едi. Қазақ хандығы. 15 ғ-дың ортасында Әбiлхайыр хан қайтыс болғаннан кейiн, оның қол астындағы көшпелi тайпалар бiрлестiгi ыдырап, «Қазақ», «Өзбек» хандығы болып екiге бөлiндi. Қазақ хандығы бұрынғы Жошы ұлысының Шығыс өлкесiн (Ақ Орда) тегiс мирас етiп, Жайық пен Ертiс, Түмен мен Сырдария арасын қоныстанды. 15 ғ-дың соңы мен 16 ғ-дың басында бұларға Моғолстан өлкесiн мекендеген Ұлы жүз қазақтары (Үйсiндер, Дулаттар) қосылды. Қ. мемлекеттiгiнiң белгiлi жерi болуымен бiрге, оның барлық халқы ортақ бiр тiлде сөйледi, шаруашылығы, тұрмыс-салты өзара ұқсас, етене жақын болды. 15 ғ-дан 16 ғ-дың бас кезiне дейiн бұлар бiрде өзбек, бiрде қазақ атанып жүргенiмен, «қазақ» деген этн. атау түпкiлiктi орныға бастады. 15 — 16 ғ-ларда Қазақстан жерiнде болған iрi-iрi саяси оқиғалар нәтижесiнде Ноғай, Сiбiр және Моғолстан хандықтарының ыдырауына байланысты, көптеген тайпалар мен этн. топтар қазақ хандығының құрамына ендi. 16 ғ-да Қ. қауымының үш жүзге бөлiну процесi аяқталды. Ұлы жүзге — Үйсiн одағының маңына топтасқан сарыүйсiн, дулат, қаңлы, албан, суан, жалайыр, шапырашты, шанышқылы, ошақты, ысты, сiргелi тайпалары; Орта жүзге — арғын, найман, қыпшақ, керей, уақ, қоңырат тайпалары; Кiшi жүзге (Алшын одағының тобына) жетiру, әлiмұлы және байұлы сияқты рулар бiрлестiктерi кiрдi. Бұлардың көпшiлiгi — Алтын Орда дәуiрiндегi ноғайлылар едi. Сондай-ақ, олармен аталас рулар Едiлдiң төм. сағасында, Солт. Кавказда, Қырымда ұшырасады (жағалбайлы, берiш, шеркеш, малқар, т.б.). Етістік. Етістік - қазақ тіліндегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделі және қарымы ең кең грамматикалық категория. Морфологиялық сипаттары. Морфологиялық құрылымы жағынан етістіктер жалаң етістіктер мен күрделі етістіктер деп аталатын екі салаға бөлінеді. Жалаң етісітіктер. Жалаң етістіктер құрылымына қарай "түбір етістіктер" және жұрнақ арқылы жасалған "туынды етістіктер" деген екі топқа жіктеледі. Жалаң етістіктер мысалы: "ек, жек, оқы, жаз, кел, аяқта, баста, қолда, арала, сабала, сүйреле, шапқыла, үймеле, кіріс, жуын, айтқыз" т. т. Түбір етістіктер. Түбір етістіктер деп арнаулы морфологиялық бөлшектері жоқ, демек, қазіргі кезде морфологиялық жағынан түбір және жұрнақ деп бөлшектеуге болмайтындай етістік формалары аталады. Мысалы: "аз, ал, айт, алда, арба, ат, ас, аш, ақ, бар, бас, бат, бер, без, бол, бөр, байла, баста, бақырай, де, ез, ер, ес, жет, жала, жыла, же, жел, жебе, жорт, жи, жар, жаз, жүз, жүгір, илан, тасы, тара, тос, тол, тоқы, түс, үр, ұқ, шал, шай, шаш" т. б. Бірақ, өзге түбір сөздер сияқты, етістік түбірі де тарихи дамып отырғандықтан, олардың қатары да бірте-бірте толығып, көбейіп отырған, сол себептен түбір етістіктердің ішінде бұрын ұзақ замандар бойы, туынды сөз есебінде жұмсала-жұмсала келіп, бірте-бірте түбірі мен жұрнағын ажыратуға болмайтындай болып кеткен сөздер бар. Мысалы, жоғарыдағы етістіктердің ішінен: "айт (ай+т), алда (ал+да), байла (бай+ла, бау+ла), бақырай (бақ+ырай), жыла (йығ+ла), баста (бас+та)" дегендерді, сондай-ақ "тоқта (тоқ+та), тоқыра (тоқ+ыра), болыс (бол+ыс), сөйле (сөз+ле), тула (ту+ла), шегін (шек+ін), шегер (шек+ер) т. т. тәрізді қазіргі шақта түбір саналып жүрген етістіктерді алсақ, жақша ішінде көрсетілгендей, әуелгі түбір сөздер мен жұрнақтардан кейбіреулері деформаланбай-ақ, кейбіреулері деформаланып бөлшектенбейтін түбірлерге айналып кеткен. Туынды етістіктер. Туынды етістіктерге, әдетте, түбірлерден арнаулы жұрнақтар арқылы жасалған етістіктер жатады. Туынды етістіктерді тиісті түбірге және жұрнаққа бөлшектеуге болады, бірақ ол туынды тұлға есебінде қолданыла береді. Мысалы: "ой+ла, той+ла, тер+ле, сүр+ле, ем+де, көз+де, тоқпақ+та, іс+те, сын+а, мін+е, мол+ай, ес+ей". Есім негізді етістіктер. Есім негізді етістіктерге етістіктерден өзге сөз таптарынан жасалатын етістіктер жатады, олар арнаулы жұрнақтар арқылы көбінесе зат есімнен, сын есімнен, үстеулерден, еліктеуіш сөздерден, әредік одағайлардан жасалады. Етістік негізді етістіктер. Бұл салаға етістік негіздерінен арнааулы жұрнақтар арқылы жасалатын туынды етістіктер енеді. Бұл жұрнақтарды семантикалық ерекшеліктеріне қарай екі салаға бөлуге болады. Құранды етістік. Етістіктің бірінші компоненті (есім) негіз болса, екінші компоненті (көмекші етістік) сол есім сөзді етістікке айналдыратын дәнекер есебінде қызмет етеді. Құрама етістік. Бұл етістіктердің әрбір компонентінде өзді-өзіне дербес лексикалық мағына бар және әрқайсысының осы мағыналары бір-бірінен кем емес, бір-бірімен парапар я тең түседі. Сараламалы етістік. Бұл етістіктер екі я одан аса етістіктің тіркесінен құралады. Лексикалық мағынасына алғашқы етістік негіз (жетекші) болады да, оған қосылатын көсемшенің жұрнағы (-а, -е, -й, -ып, -іп) мен соңғы көмекші етістік селбесіп жетекші етістіктің мағынасын саралайтындай қосымша грмматикалық мән үстейді. Сарамалы етістік құрамындағы көмекші етістіктердің түрлі-түрлі болуларына қарай және компоненттердің сандары да, өздері де басқа-басқа болуларына қарай, олардың грамматикалық қызметтері де, грамматикалық семантикалары да сала-сала болып, амалдың жүзеге асу я өту сипаттарының әр қилы кезеңі, сатысы сияқты абстракты құбылыстарды білдіреді. Суреттеме етістік. Бұл етістіктер жетекші сөз бен көмекші етістіктен құралады. Жетекші сөз етістіктің жалаң я күрделі көсемше, есімше формасында, жалаң есімдер және есім мен етістік араласқан формаларында болады. Бұларға әрдемші болып көмекші етістік қосылады. Көмекші етістіктердің көбі — е көмекші етістігінің түрленген формасы болып келеді. Тұрақты естістік. Бұл етістіктерге лексикаланған, идиомаланған тіркестер жатады. Етістіктердің мағыналары. деген сияқты әлденеше топқа бөліп, саралауға болады. Сондай-ақ, сыртқы түр-тұрпат ұқсастықтарына немесе мағына-мазмұнын алшақтықтарына қарай оларды деген тәрізді топтарға да жіктеуге болады. Одағай. Одағай - сөз табы. Одағай сөздер көбінесе адам сезімінің алуан түрлі күйін білдіретін дыбыстар сияқты болып келеді. Бірақ олар жай ғана дыбыстар емес, жұртшылыққа әбден түсінікті болып, белгілі дағды бойынша сөз ретінде пайдаланатын дыбыстар. Олар жұртшылыққа әбден түсінікті болып қалыптасқандықтан, жай ғана дыбыстардың қатарынан шығып, белгілі сөзге айналған. Мысалы: " Уау, жігіттер-ау, бұл қалай?" (Ғ. Сланов); " Па, сабаз, мал болғаныңа!" (бұ да); " Түу, қандай тымырсық түн" (бұ да); " Е, жолдас, жақсы жатып, жай тұрдыңыз ба?" (С. Мұқанов) дегендердегі "уау, па, түу, е " деген одағайлар үйреншікті сөздерге айналып, жұрттың бәріне түсінікті болып кеткен. Одағай сөздер мағына жағынан заттың өзі туралы да, сыны, саны, қимылы туралы да, қимылдың жайы-күйі туралы ұғым бермейді. Одағайлардың түрлері. Одағайлар негізгі және туынды болып екіге бөлінеді. Негізгі одағайлар. Негізігі одағайларға: "ау, па, ей, әй, е, уа, уау, уай, я, пай, ә, о, оһо, ой, ие, аһа, ау, беу" дегендер жатады. Бұл одағайлар қайталанып қолданылмайды Туынды одағайлар. Туынды одағайларға: "мәссаған, бәрекелді, әттегенай, жаракімалла, масқарай, о тоба, астапыралла, япырмай, ойпырмай, о дариға... сияқтағандар жатады. Шақыру одағайлары. Таңдайды тақылдатып, еріндерді шүйіріп, ысқырып айтатын, транскрипциялауға қиын болатын одағайлар да бар. Бұларды, әдетте, шақыру одағайлары дейміз, бірақ олар тек шақыру ғана емес, жекіру, ұрысу тағы сол сияқты мағыналарды білдіреді. Морфология. Морфология - сөз және оның формалары туралы ілім. Сөйлеу дағдысында әр сөз сөйлем ішіндегі өзге сөздермен белгілі заң бойынша әр қилы өзгеріске ұшырап, әр алуан қызмет атқарады. Морфология осындай сөздерді жеке-жеке қарамай, жалпы сөз атаулыны алып, оларды белгілі топтарға бөліп, сол топ-топтың әрқайсысына тән жалпы грамматикалық сыр-сипатын анықтайды. Соның арқасында сөздердің әр тобының өзіне лайық жалпы грамматикалық мағыналары мен грамматикалық формалары айқындалады, сөз таптары ажыратылады, әр сөз табына тән категориялардың сыр-сипаттары ашылады. Осындай талдаулардың нәтижесінде сөздің бөлшектенуі және олардың әрқайсысының грамматикалық мағыналары мен қызметтері анықталады. Синтаксис. Синтаксис - сөз тіркесі туралы, сөйлем туралы ғылым. Сөйлеу дағдысы бойынша сөздер өз ара белгілі бір жүйемен тіркеседі. Сол тіркестердің де, сөйлемдердің де өз жүйелері, өз заңдары болады. Қазақ транслитерациясы. ҚазАқпарат Латыны. 2004 ж. бері "ҚазАқпарат" мемлекеттік ақпарат агенттігі" шет елдегі қандастарымыздың жаңалықтардан хабардар болуы үшін транслитерация жүйесін енгізген болатын. Ол жүйеде қазақтың кирил әріптері CP1254 (ISO 8859-9) кодтамасындағы түрік әріптерімен алмастырылатын. Бұл жүйе Қазнеттің стандартына айналды-мыс. Шетелге бағытталған ресурстар веб беттер мен электронды поштада осы жүйені қолданады. ҚР ҒА Тілдер Институты осы жүйені қазақ жазуының латын алфавитіндегі жаңа стандарты болады деген сенімде. Қосымша Транслитерация жүйелерінің салсытырмалы кестесін қараңыз. Латиница ГОСТ. Түпнұсқа мәтіні болып табылатын Қазақстанда қолданылып жүрген мемлекетаралық стандарт ГОСТ 7.79-2000, әріп ауыстыруды А (диакритика) и Б (қосарлы әріптер) жүйелері бойынша көздейді. Бірақ та Қазақстанда қазақ-кирил мәтіннің қосарлы әріптер негізінде (жүйе "Б") латынға әрпін ауыстырудың ережелері тиісті ұлттық стандарт ретінде күні бүгінге дейін (2006 жылдың орта кезі) қабылданбай келеді. Жүйе А. "‘Жүйе А — қатал транслитерацияда (әріп ауыстыруда) кеңейтілген кириллицаның әрбір әрпіне кеңейтілген латиницаның жеке бір белгісі немесе арнайы символы cәйкес келеді. Басқаша ғылыми транслитерация аталады. Жүйе Б. "‘Жүйе Б — жеңілдетілген транслитерацияда кеңейтілген кириллицаның әріптері ағылшын әліпбиінің жеке әріптеріне немесе қосарлы әріптеріне, сондай-ақ арнайы символдарына ауыстырылуы мүмкін. Жүйе Б қарапайым. "‘Жүйе Б қарапайым — жеңілдетілген транслитерацияның түрі. Мұнда кеңейтілген кириллицаның әріптері ағылшын әліпбиінің жеке әріптеріне немесе қосарлы әріптеріне, сондай-ақ арнайы символдарына ауыстырылуы мүмкін. Сонымен қатар, мәтін бірегей танылған жағдайда, «гравис» арнайы символын жазбауға немесе оны H латын әрпіне ауыстыруға жол қойылады. Біржолғы кириллицадан латынға транслитерацияда қолданылады: SMS хабарларда, интернет-домен атауларында (мұнда арнайы символдар мүлдем қолданылмайды) т.б. Қарапайым пиньинь. Қытайдағы қазақтар арабша мәтінді латыншаға ауыстырған кезде пиньинь негізінде жасалған ерекше транслитерация қолданылады. Кестеде мейілінше толық көрсетіледі (іс жүзінде гравистер жазылмауы мүмкін). Казновица. Казановица немесе казновица (казахская новая кириллица) — қосарлы әріптер немесе (диграфтар) пайдалану негізінде қазақ әліпбиінің әріптерін орыс әліпбиінің әрпітеріне ауыстыру яғни транслитерация болып табылады. «Казновица» авторы (Андрей Владимирович Сергеев) идеясының негізінде — алмандықтардың жаңа орфографиясында қолданылатын (умлауттары: Ä, Ö, Ü және лигатуралары ß бар әріптерді: АЕ, OE, UE и SS сияқты қосарлы әріптерге ауыстыру тәжірибесі жатыр). Казновица қаңидаттары солтүстік-қауқаз түріктерінің, дәлірек айтқанда (қарашай–балқар, құмық немесе ноғай) жазуларындағы принциптерге ұқсас келеді. «Казновицада» орыс алфавитіне кіретін және латынның «i» әрпінен табиғаты мүлдем бөлек «і» қазақ әрпі ғана қолданылады. Қазақ тілінің ерекше әріптері дыбысталуы жағынан жақын келетін твердый және мягкий белгісі диакритика ретінде қойылып жазылатын орыс әліпбиіндегі қосарлы әріптермен беріледі. Автордың айтуынша, UTF-8 стандартын қолдануға мүмкіндік болмаған жағдайда, «казновица» кәдеге жаратылады. Шылау. Шылаулар - сөз бен сөздің немесе сөйлем мен сөйлемнің араларын байланыстыру, құрастыру үшін қолданылатын, өздері тіркескен сөздерінің ұғымдарына әр қилы реңктер үстеп, оларға ортақтасып, тұлға жағынан тиянақталған, лексика-грамматикалық мағынасы бар сөздер. Шылау сөздер дегендеріміз - ішкі мазмұндары жағынан да, сыртқы формалары жағынан да, сондай-ақ, қызметтері жағынан да өздерінің бастапқы шыққан төркіндерінен біржола қол үзіп, әрі осы аталған негізгі үш белгі жөнінен де дербестіктерінен айырылып, өз алдына категория болып қалыптасқан және жалпы көмекші сөздер тобына негізгі ұйытқы есебінде қызмет ететін сөздер. Грамматикалық сипаттарына қарай, шылаулар ішінара үш жікке бөлінеді: олар - септеуліктер, жалғаулықтар және демеуліктер Жалғаулықтар. Жалғаулықтар өз ара тең бірыңғай сөздерінің, бірыңғай сөз тіркестерінің және бірыңғай сөйлемдердің араларындағы әр қилы қатынастарды білдіреді. Жалғаулықтар ең кемі өз ара тең екі сөзге не екі сөз тіркесіне бірдей қатысты болады. Мысалы: "Қыс пенен жаз, күн менен түн, тақ пенен жұп, жақсылық пен жамандық - болды сегіз" (Абай Құнанбаев) дегендегі "пенен, менен, пен" жалғаулықтары тек я бұрынғы, я соңғы сөзге ғана емес, екі жағындағы сөздердің екеуіне де бірдей қатысты болып, оларды бір-бірімен жалғастыру үшін қолданылып тұр. Септеуіліктер. Септеуліктер деп объекті мен объектінің не предикаттың арасындағы түрлі грамматикалық қатынастарды білдіру үшін қолданылып, белгілі бір септік жалғауын меңгеріп тұратын көмекші сөздерді айтамыз. Септеуліктер өздері тіркесетін есімдерге, субстантивтенген өзге де атаушы сөздерге себептік, бағыттық, мақсаттық, көмектік, мезгілдік, қайталау, талғау, үдету, ұқсату сияқты әр қилы грамматикалық мағыналарды жамап тыңғылықтандырып отырады. Демеуліктер. Демеуліктер деп өздері тіркесетін сөздерге әр қилы қосымша реңктер (мағыналар) жамайтын сөздерді айтамыз. Еліктеу сөз. Мысалы: "арс, гүрс, дүрс, қорс, тарс, тырс, ырс, барқ, борт, күрт, кірт, морт, сарт, шырт, дүңк, күңк, қыңқ, мыңқ, маңқ, саңқ, шаңқ, шіңк, сыңқ, таңқ, тыңқ, ыңқ, болп, былп, жалп, желп, қолп, ірк, ырқ, сарт-сұрт, тарс-тұрс, арс-ұрс, жалт-жалт, жалт-жұлт, қалт-қалт, қалт-құлт, қаңқ-қаңқ, қаңқ-құңқ, шаңқ-шаңқ, шаңқ-шұңқ, арбаң-арбаң, бүгжең-бүгжең, арсалаң-арсалаң, ербелең-ербелең, батыр-бұтыр, далаң-далаң, тарбаң-тарбаң, қызараң-қызараң, қаңғыр-күңгір, қайқаң-құйқаң, митың-митың, салаң-сұлаң, ыржың-тыржың" т. б. Еліктеуіш сөздер. Еліктеуіш сөздер деп табиғатта ұшырасатын сан алуан құбылыстар мен заттардың бір-біріне қақтығысу-соқтығысуларынан туатын дыбыстарды, сондай-ақ, жан-жануарлардың дыбысталу мүшелерінен шығатын әр түрлі дыбыстарды есіту қабілеті арқылы белгілі-белгілі түсініктер ретінде қабылдаудан болған және сол түсініктердің атаулары есебінде қалыптасқан сөздерді айтамыз. Мысалы: "Мылтық тарс етті; қарға қарқ етті " деген сөйлемдерді алсақ, ондағы "тарс" деген сөз мылтықтың атылуынан туған дыбыстың атын білдірсе, "қарқ" деген сөз қарғаның дыбыстау мүшесінен (қарқылдауынан) шыққан дыбыстың атын білдіреді. Бейнелеуіш сөздер. Бейнелеуіш сөздер табиғатта кездесетін белгілі-белгілі елес, құбылыстарды көзбен көру қабілеті арқылы туатын түсініктердің аттарын білдіреді. Мысалы: "Ырғалып қарға қарқ етті; ірімшік ауызынан салп етті " деген сөйлемдердің екіншісінде "салп" деген сөз дыбысты емес, қарғаның ауызынан ірімшіктің жерге қарай түсіп бара жатқан я түскен кезіндегі көрініс елесін, сол көріністің бейнесін білдіреді. Еліктеуіш сөздердің дыбыстық ерекшеліктері. Еліктеу сөздердің дыбыстық құрамында, демек, олардың дыбыстарының тіркесуінде белгілі бір ізге түсіп қалыптасқан әрі орнықты, әрі жүйелі заң бар деуге болады. Оған еліктеу сөздердің, мысалы, мынадай үлгілері айғақ. Зат есім. Зат есім - заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы. Күнделікті өмірде кездесетін әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды. Адамзат және ғаламзат есімдері. Кім? деген грамматикалық сұрауға жауап беретін зат есімдерге жалпы адам атаулары жатады. Адам атаулары деп жалпы адамға тән атауларды ("кісі, бала, қыз, бөпе, шал, кемпір, келіншек, еркек, әйел" т. б.) туыс атауларын ("әке, шеше, әже, ата, аға, іні, апа, сіңлі, немере " т. б.), іс-әрекет пен кәсіп-мамандық иелерінің атауларын ("әнші, атшы, арбашы, ғалым, мұғалім, сатушы" т. б.), әр алуан қызмет баптары мен лауазым атауларын ("директор, лейтенант, бастық, мырза, ханым" т. б.), кісі аттарын ("Асан, Әсет, Иса, Алма, Рабиға, Жәмила, Гүлсім, Жанна" т. б.) және басқа да осылар сияқты адамға тән атауларды айтамыз. Не? деген грамматикалық сұрау, әдетте, адамнан өзге барлық жан-жануарлардың және күллі заттар мен нәрселердің атауларына қойылады. Жалпы және жалқы есімдер. Жалпы есімдер деп тілдегі әр алуан деректі және дерексіз заттар мен ұғымдарды білдіретін зат есімдер аталады. Жалқы есімдер деп белгілі бір ғана затты арнай, даралай атайтын зат есімдерді атаймыз. Жалқы есімдер мағына жағынан белгілі бір ұғымды білдірмейді, тек бір жеке-дара затты басқа заттардан ажырату үшін қойылған белгі - ат ретінде ғана жұмсалады. Ішіндегі әр қилы ұсақ топтарды сөз етпегенде, жалқы есімдер ең әуелі үлкен-үлкен екі салаға бөлінеді: оның біріншісі - кісі аттары (ономастика), екіншісі - географиялық атаулар (топонимика). Көптік мәнді есімдер. Көптік мәнді есімдер деп затты жеке-даралап атамай, оның жиынын тобымен атайтын зат есімдерді атайды. Көптік мәнді есімдердің ерекшеліктері тек семантикаларында ғана, демек, затты жекелеп атамай, топтап атауларында ғана емес, грамматикалық сипаттарында да бар. Мысалы, сол аталған "ұн, алтын, жел, ақыл" тәрізді көптік мәнді есімдерді алсақ, осылардың бәрі де практикалық тілде көптік жалғауы жалғанбай жұмсалады. Бұлардан басқа да өздері түпкі табиғаты жағынан көптік мәнді білдіретін зат есімдер бар. Мысалы, табиғи жұп болып келетін зат есімдер де ("аяқ, көз, құлақ, етік, байпақ, кебіс, бәтеңке, шаңғы" т. б.), сондай-ақ, нәрсенің я заттың бөлінбейтін табиғи бөлімі я бөлшегі ретінде түсінілетін субстантивтік ұғымдардың атаулары да (көбінесе, көмекші есімдер, мысалы:"асты, үсті, жаны" т. б.) негізінде осы топқа жатады. Көмекші есімдер. Көмекші есімдер деп лексикалық мағыналары бірде бүтіндей сақталып, бірде солғындап, өзге сөздермен тіркесу ерекшеліктеріне қарай, синтаксистік жағынан кейде жеке-дара мүше есебінде, кейде күрделі мүшенің құрамындағы дәнекер элемент есебінде қолданылып, морфологиялық жағынан зат есімдерше түрленіп отыратын жәрдемші сөздерді айтамыз. Көмекші есімдер сан жағынан соншалықты көп емес, оларға "алды, арты, асты, үсті, жаны, қасы, арасы, ортасы, іші, сырты, басы, беті, шеті, түбі, төбесі, тұсы, маңы" сияқты сөздер жатады. Зат есімнің құрылымы. Құрылымы жағынан зат есім жалаң да, күрделі де болады. Жалаң зат есімдер екі салаға бөлінеді: біріншісі - түбір зат есімдер, екіншісі - туынды зат есімдер. Түбір зат есімдер деп қазіргі кезде тиісті морфемаларға (түбірге және жұрнаққа) бөлшектенбейтін, тек бір ғана түбір морфема (сөз) ретінде қабылданатын заттық атауларды айтамыз. Туынды зат есімдер деп қазіргі кезде түбір морфемаға және қосымша (жұрнақ) морфемаға бөлшектенетін, демек, түбір сөзден жұрнақ арқылы жасалған заттық атауларды айтамыз. Зат есімдердің жасалу тәсілдері. Зат есімдер лексикалық, морфологиялық, синтаксистік тәсілдер арқылы жасалады. Сондай-ақ, "егін, сауын" туынды зат есімдері "ек, сау" деген етістік түбірлерінен жасалса, олардан -шы (-ші) жұрнағы арқылы егінші, сауыншы деген туынды жаңа зат есімдер жасауға болады т. б. Сөз табы. Сөз табы" деп жалпы лексика-грамматикалық сипаттары мен белгілері бәріне бірдей ортақ болып келетін сөздердің тобын атаймыз. Сөз топтары мен таптарының схемасы Қазақстан ордендері. Қазақстан Республикасы ордендері — мемлекеттің ерекше белгілері. Ордендер мен медәлдер тобына «Халық Қаһарманы» деп атақталғандарға берілетін «Алтын жұлдыз» белгісі, және көп балалы аналарға арналған «Алтын алқа» және «Күміс алқа» марапаттары кірмейді. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» ордені және «Барыс» oрдені 1999 ж. шілде айында, басқасы 1993 ж. сәуір 1 белгіленген. Тағы қараңыз. * Қазақ күнтізбесі. ! colspan="2" | Зодиак белгісінің атаулары ! rowspan="2" | Арабша атауы және мерзімі(қазіргі азаматтық күнтізбесімен) ! align="center" | Көнетүркіше ! align="center" | Қазақша мағынасы Астана (велоклуб). «Астана» велоклубы () — қазақ компаниялар одағының демеушілігімен ұйымдастырылған кәсіби велокоманда (бұрынғы атаулары "Liberty Seguros-Würth Team", "Würth Team" және "Astana-Würth Team"). Қазіргі таңда UCI Po Tour ұйымының рейтингіс бойынша Әлемде 229 ұпаймен 4-ші орында тұр. 25 Мамыр, 2006 ж. дейін бас демеуші болып отырған Liberty Seguros, команданың спорт басшысы Manolo Saiz-бен байланысты болған допинг жанжалы салдарынан, бас демеушіліктен бас тартты. 3 Шілде, 2006 ж. дейін команда демеушісі Würth компаниясы (Алмания) болғанымен, команда 2006 ж. Tour de France жарысының қатысушылар санынан тыс қалғанынан кейін, бұл да демеушіліктен бас тартуын жариялады. Команда абыройының асқақтаған кезі 2006-шы жылғы Испания көпкіндігіндегі қазақ велошабандоздары Александр Винокуров пен Андрей Кашечкиннің 1-ші және 3-ші орын иеленгенде болған. 2007 жылғы Тур де Франста уақыттық-сын (time-trial) этапындағы жеңісінен кейін болғын допинг-тестінен сүрінген Винокуров командасының жетекшілеріне Халықаралық Велоспорт Одағы Астана командасын толықтай жарыстан кетуін сұрады. Сонымен қатар қан алмастырды деп айып тағылған Винокуровтың командалас серіктері Андрей Кашечкин пен неміс Матиас Кеслер (Matthias Kessler) допинг тестерінен сүрінді, осылайша ПроТур ережелеріне сәйкес команданың негізгі жұлдыздары Винокуров пен Кашечкин командадан аластатылды. 2008. 2008-ден бастап командаға бұрынғы Дискавери Чанел Про команда жетекшісі Йоһан Брунел (Johan Bruyneel) жетекшілік етеді. Өзімен бірге ол әлем деңгейдегі веложұлдыздар — Алберто Контадор (Alberto Contador), Леви Лейпхаймерді (Levi Leipheimer), ресейлік Вячеслав Екимов (команда директоры) және француз Ален Галлопенді (Alain Gallopin) әкелді. Дегенмен әлемдегі ең мықты велотобына айналған Астананы Giro d'Italia-2008 жарысына ұйымдасдырушылары "тым әлсіз құраммен келуге болмайды" деген сылтаумен шақырмады, артынша Tour de France иесі ASO ұйымы да өзінің ірі додасынан Астананы аластатты, уәжі - "Біз Астанағы былтыр сеніммен қарап шақырған едік, олар біздің жарыстың абыройын төкті, сондықтан биылғы Астананың да "таза" екендігіне еш кепіл жоқ" деген. Астананың көңіліне кіршің түсіру бұнымен бітер емес - Giro d'Italia жарысының ұйымдастырушысы RCS Sport тек сонымен қоймай өзінің биылғы маусымдағы басқа да жарсытарына Астананы шақырмақ емес (олардың ішінде - Tirreno-Adriatico, Milan Sanremo жарыстары бар). Сонымен өзінің Tirreno-Adriatico жырысындағы чемпиондық мәртебесін астаналық Andreas Kloden қорғай алмайтын болды. Giro d'Italia жарысының ұйымдастырушысы RCS Sport 4 Маусымда Астананы өзінің ірі додасына бір апта қалғанда ресми шақырғаны жайлы мәлімдеді. Шілденің аяғында (2008 жыл) Астанадан ресейлік Гусев допиңке қарсы тест көрсеткіштері шектен асып кеткендіктен командадан аластатылды. Дегенмен, бұл Гусевтің допиң қолданғандығының 100 пайыз айғағы емес. 2008 ж. құрамы. Асан Базаев (Қазақстан, Астана) - спринтер Владимир Гусев (Ресей) - Тамыздан бастап Астана өкілі емес Андреас Клоден (Алмания) Берік Көпешов (Қазақстан, Қызылорда) 2009 ж. құрамы. Велошабандоз Лэнс Армстроң 2009 жылғы маусымда қазақ «Астана» велосипедшілер командасының сапында өнер көрсетеді. 2008 жылы 24 қыркүйекте Армстроң Нью-Йоркте АҚШ бұрынғы президенті Билл Клинтон мен Джордж Буштың қатысуымен өткен кеште солай деп мәлімдеді. Тур де Франстың жеті дүркін жеңімпазы Армстронг үлкен спортқа қаңтарда (2009) оралып, Аустралиядағы турнирге қатыспақшы. Австралияның оңтүстігінде орналасқан Аделаида қаласындағы веложарыс қаңтардың 20-сында басталып, алты күнге созылады. Шаңбаев, Әбдірәхім. Әбдірәхім Шаңбаев () — көрнекті ақын, журналист (1985-1930). Өмірбаяны. 1930 ж. Тарбағатай аймағының Шәуешек ауданындағы Абдыра деген жерде малшы отбасында дүниеге келген. 1937 ж. әкесі оны жаңаша бастауыш мектепке беріп, 1946 ж. дейін орталық мектепте оқыды. 1948 ж. бастап қоғамдық қызметтерге араласады. 1953 ж. Қытай коммунистік партиясына мүше болады. Қоғам табалдырығын аттағаннан кейін Әбең оқу-ағарту шебінде және басқа да қоғамдық қызметтерде болады. 1955 ж. «Шинжяң газетіне» орналасады. Онан кейін соң «Іле газеті» қазақ редакциясында тілші, редактор, редакция бөлімінің орынбасар бастығы болып өмірінің соңына дейін қызмет істеп келді. 1979 ж. Қытай жазушылар одағы Шинжяң бөлімшесінің мүшелігіне қабылданды. Соңғы тыныша дейін ақпарат саласы мен әдебиет бау-бақшасына адал терін аямай төккен ақын ұзақ аурудан айыға алмай 1985 ж. 23 мамыр күні Құлжа қаласында қайтыс болды. Есболатұлы, Кәдірәлі. Өмірбаяны. 1932 ж. Күнес ауданында туылған. 1944 ж. ауылдық бастауыш мектепті бітіргеннен кейін, тұрмыс тақсыреті салдарынан оқи алмайды. 1948 ж. 1951 ж.дейін аудандық орталау мектепте оқып, оқу тауысқан соң сол мектепте оқытушы болады. 1960 ж. бері ақпарат саласында қызмет істеп келеді. 50-ші жылдардың бас шенінде әдебиет табалдырығынан аттағаннан бастап, бір талай әңгіме, очерк, фельетон және өлеңдер жазды. Төлегенұлы, Сәулет. Өмірбаяны. 1936 ж. Құлжа ауданында туылған. 1952 ж. 1956 ж. дейін Іле білім жұртында оқиды. Одан соң Құлжа қазақ мектебінде мұғалім болады. 1960 ж. бастап «Жаңа жазу газеті», «Іле газеті» редакцияларында істейді. 80 жж «Іле жастары» журналы, «Іле өрендері» газеті редакцияларында қызмет істейді. Әдебиет майданына 50 жж соңғы кезінен бастап атсалысып келеді. Мамырбекұлы, Қызыр. Қызыр Мамырбек ұлы () — ақын. Септік жалғау. Бұл мысалда 13 мәртебе ұшырасатын "еңбек" сөзі түрлі-түрлі қосымшалар қосылып, әр алуан формада қолданылып тұр. Егер жетінші жолдың басындағы "еңбегім" дегеннен басқаларының қосымшаларын алып тастасақ, сөйлемдегі сөздердің байланысы бұзылып не қиыспай қалады, не сөйлемдердің мағыналары өзгеріп кетеді. Бұл қосымшалар сөйлемдегі сөздерді бірі-бірімен жалғастырып, септестіріп тұр. Осындай қосымшаларды септік жалғаулары дейміз. Сөздердің жалғауларды қабылдап өзгерту жүйесін сөздердің септелуі деп немесе септеу деп атайды. Күрделі зат есім. Біріккен зат есімдер. Біріккен зат есімдерге кемінде екі түбір морфемадан бірігу арқылы жасалған зат есімдер жатады. Қосарланған зат есімдер. Қосарланған зат есімдерге екі түбір морфемадан қосарланып жасалған зат есімдер жатады. Тіркес зат есімдер. Тіркес (құрама) зат есімдерге кемінде екі я онан астам түбір сөздерден әр қилы жолмен тіркесу арқылы жасалған зат есімдер жатады. Қысқарған зат есімдер. Қысқарған зат есімдерге бірнеше сөзден құралып қысқарған зат есімдер жатады. Сөз тіркесі. Сөз тіркесі деп толық мағыналы екі я бірнеше сөздің бір-біріне тұлғалық әрі мағыналық жағынан бағына байланысуын атаймыз. Мұнда әрбір сөз өзін керек қылған, қажет етіп тұрған сөзбен ғана байланысқан. Сөздердің мағыналық байланысын сұрау қою арқылы табамыз. Сөздердің байланысу түрлері. Қазақ тілінде сөздердің байланысы бес түрге бөлінеді: олар - қиысу, меңгеру, матасу, қабысу және жанасу. Қиысу. Қиысу деп сөзбен сөздің жіктік жалғаулары арқылы және жіктелу ретімен байланысқан түрін дейміз. Бірінші мысалдағы 3-жақтың арнаулы жіктік жалғауы жоқ, сөздер тек жіктелу ретімен байланысқан, сонымен қатар олардың арасында кідіріс болады, жазуда сызықша қоямыз. Меңгеру. Меңгеру деп сөздің ілік септігінен басқа септік жалғаулары арқылы байланысуын атаймыз. Матасу. Матасу деп сөздердің ілік септігі мен тәуелдік жалғаулары арқылы байланысуын дейді. Қабысу. Қабысу - сөздердің бір-бірімен ешбір жалғаусыз, шылаусыз, тек іргелес тұру арқылы байланысу түрі. Жанасу. Жанасу деп алдыңғы сөздің соңғы сөзбен шылаулар арқылы немесе ешбір жалғаусыз, түбір тұлғаларында тұрып, орын жағынан бірде іргелес, бірде алшақ байланысуы аталады. Сөйлем мүшесі. Сөйлем мүшесі деп сөйлем құрамында тұрып, белгілі бір сұрауға жауап беретін толық мағыналы сөзді, сөз тіркесін не күрделі сөзді атаймыз. Сөйлем мүшелері сөйлемдегі маңызына, қызметіне қарай тұрлаулы мүшелер және тұрлаусыз мүшелер болып екі топқа бөлінеді. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Тұрлаулы мүшелер деп сөйлемнің негізгі мүшелері болып саналатын бастауыш пен баяндауышты атаймыз. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері. Тұрлаусыз мүшелер деп сөйлемдегі анықтауыш, толықтауыш және пысықтауыш мүшелерді дейміз. Сөйлем. Сөйлем деп бір шама ойды білдіретін бір сөзді я бірнеше сөз тіркесін атаймыз. Тиянақталған ойды ауызша да, жазбаша да білдіруге болады. Ауызекі сөйлеуде сөйлем мен сөйлемнің арасында кідіріс (пауза) болады. Жазуда бір сөйлем екінші сөйлемнен нүкте, сұрау және леп белгілерінің бірімен айырылады. Сөйлемдер айтылу мақсатына және дауыс ырғағына қарай хабарлы, сұраулы, лепті болып үшке бөлінеді. Хабарлы сөйлем. Хабарлы сөйлем деп біреу я бірдеме туралы хабарлай айтылған сөйлемді дейміз. Хабарлы сөйлемді айтқанда, оның аяғында дауыс бәсеңдейді. Жазуда хабарлы сөйлем соңына нүкте қойылады. Сұраулы сөйлем. Сұраулы сөйлем деп біреу я бірдеме жайында білу мақсатымен сұрай айтылған сөйлемді атаймыз. Сұраулы сөйлем соңына сұрау белгісі қойылады. Лепті сөйлем. Лепті сөйлем деп ерекше көңіл күйіне, сезімге байланысты (қуану, ренжу, таңдану, аяу, бұйыру және т. б.) айтылған ойды білдіретін сөйлемді дейміз. Лепті сөйлем ішіндегі сөздер түгелімен (әсіресе баяндауышы) көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлем соңынан леп белгісі қойылады. Лепті сөйлем ішінде сұраулық мәнді сөздер де аралас келуі мүмкін. Мұндайда сөйлем соңында леп белгісі мен сұрау белгісі қатар қойылады. Егер сұрау мағынасы басым айтылса я сұрау мәнді сөздер бұрын айтылса, сұраулық бұрын "(?!)" қойылады, леп мағынасы басым айтылса я леп мәнді сөздер бұрын айтылса, лептік бұрын "(!?)" қойылады. Бастауыш. Бастауыш деп сөйлемде атау септік тұлғасында тұрып, ойдың иесі болатын тұрлаулы сөйлем мүшесін атаймыз. Бастауыш "кім? не? кімдер? нелер? кімім? нем? кімің? нең? кімі? несі? қайсысы? қаншасы? нешеуі?" деген сұраулардың біріне жауап береді. Дара бастауыш. Дара бастауыш - жеке бір сөзбен айтылған бастауыш. Күрделі бастауыш. Күрделі бастауыш деп екі я бірнеше сөздің тізбегінен жасалып, бір-ақ ұғымды білдіретін бастауышты атайды. Баяндауыш. Баяндауыш деп сөйлемде бастауыштың қимылын, ісін, жай-күйін, кім, не екенін білдіріп тұратын тұрлаулы сөйлем мүшесін атаймыз. Баяндауыштар көбінесе сөйлемнің соңында тұрады да, "не істейді? не болды? не етеді? қайтеді? қандай? қанша? кім? не?" деген сұрауларға жауап береді. Дара және күрделі баяндауыш. Дара баяндауыш — жеке бір сөзден болған баяндауыш. Күределі баяндауыш деп екі я одан да көп сөздерден құралып, бір-ақ ұғымды білдіретін баяндауышты атайды. Анықтауыш. Анықтауыш деп сөйлемде негізінде зат есімнен болған мүшені сын, сапа, сан, мөлшер және меншіктік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені атаймыз. Анықтауыштар "қандай? қай? қайдағы? (недегі?) қашанғы? ненің? қанша? неше? қайткен? не еткен?" деген сұраулардың біріне жауап береді. Пысықтауыш. Пысықтауыш деп сөйлемде іс-әрекеттің жай-күйін, сын-сипатын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын білдіретін тұрлаусыз мүшені атаймыз. Пысықтауыштардың сұраулары: "қашан? қайда? (қалай қарай?) қайдан? қалай? қайтіп? не себептен? неліктен? кім үшін? не үшін? не істеуге? не қылуға? не мақсатпен? не арқылы? кім арқылы? ненің арқасында? кімнің арқасында? не сайын? кім сайын? қанша? қанша уақыт? неше рет?" Толықтауыш. Толықтауыш деп сөйлемде негізінде атау мен іліктен басқа септіктің бірінде тұрып, бір мүшені заттық мағына жағынан толықтыратын тұрлаусыз мүшені атаймыз. Толықтауыш "кімді? нені? кімге? неге? кімнен? неден? кімде? неде? кіммен? немен? кім (не) туралы? кім (не) жөнінде? не тақырыпты?" деген сұрауларға жауап береді. Жіктік жалғау. Жіктік жалғау - баяндауышқа ғана тән жалғау. Жіктік жалғау тек қана синтаксистік қызмет атқарады. Жіктеу категориясы - қазіргі қазақ тілінде тек етістікке ғана тән қасиет емес, баяндауыш болып қызмет атқара алатын өзге де сөз таптарына, соның ішінде есімдерге де тән қасиет. Бірінші топ. Бірінші топқа "отыр, тұр, жүр, жатыр" етістіктері, есімшелер, зат есімдер, сын есімдер, сан есімдер, есімдіктер, үстеулер жатады; Екінші топ. Екінші топқа -а, -е, -й ("бара, келе, сөйлей") формалы және -п, -ып, -іп ("қарап, айтып, келіп") формалары көсемшелер жатады; олар екінші үлгі бойынша жіктеледі. Үшінші топ. Үшінші топқа етістіктің жедел өткен шақ формасы ("бар-ды, кел-ді"), мен шартты рай формасы ("барса, келсе") жатады; бұлар үшінші үлгі бойынша жіктеледі. Төртінші топ. Төртінші топқа етістіктің бұйрық рай формасы ("бар, кел") жатады да, төртінші үлгі бойынша жіктеледі. Сөз түбірі. Түбір морфема - сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін ең түпкі негізі. Бұл түпкі негіз сөздің құрылысының да, мағынасының да негізгі ұйтқысы болып есептелінеді. Өйткені түбір морфема сөздің негізгі лексикалық мағынасын білдіреді. Түбір морфема қатыспаса, қосымша морфеманың бір де біреуі яки бірнешеуі қосылып та ешқандай мағынаны білдіре алмайды. Түбір морфема өздігінен жеке тұрып семантикалық жағынан да, қызметі жағынан да дербес сөз бола алады. Мұндай жағдайда түбір морфеманың мағынасы мен сөздің мағынасы бірдей болып шыға береді. Мысалы, "бас, тіл, жол, кел, жүр" морфемаларын алсақ, олардың әрқайсысы әрі түбір морфема, әрі жеке сөз бола алады. Рамазан. Рамазан (не Рамадан, арабша: رمضان) — Хижра күнтізбесінің тоғызыншы айы. Қазақстан аумағында күнтізбе бойынша 2008 ж. (Хижра жыл санауы бойынша 1429 ж.) Рамазан айы 1 қыркүйектен бастап 29 қыркүйекке дейін созылады деп болжануда. Ораза. Бұл айда орындалатын ең басты діни амал ауыз бекіту — ораза - боп саналады. Рамазандағы ауыз бекіту ислам дінінің бес парызының бірі боп табылып, бүкіл әлем мұсылмандарымен жыл сайын орындалып отырады. Бұл парыздың маңыздылығы соншалық, кейде ауыз бекіту амалын Рамазан деп атауға дейін барады. Бірақ Рамазан — ай аты болса, ауыз бекіту парызы — қазақша ораза (арабша саум) деп аталады. Ораза ұстаған адам таң атқаннан бастап күн батқанға дейін жеуден, ішуден не темекі шегуден бас тартады. Рамазан мезгілінде мұсылмандар ислам қағидаларын неғұрлым тиянақты орындаулары, жыныстық қатынастан бас тартулары, зорлық-зомбылықтан сақтанулары, ашу, қызғаныш, дүниеқорлық, қанағатсыздық, құмар сияқты сезімдерге жол бермеулері, ашулы не мысқылды жауап беруден, өсек тасудан сақтанулары тиіс. Адамдар бір-бірімен әдеттен гөрі тату, ынтымақты өмір сүреді деп күтіледі. Бүкіл ерсі дыбыспен пен көріністен аулақ болу керек. Ой мен амалдың екеуінің де тазалығы маңызды боп саналады. Ораза — Құдаймен жақындасуға бет бұратын әр мұсылман тұлғаның өз алдындағы ибадаты. Ораза ұстау амалының мақсаты жүректі дүниелік тіршіліктен аластатып, адамның ішкі дүниесін зақымнан тазарту боп табылады. Рамазан айында ораза ұстау бүкіл адамдарға бірдей парыз болмайды. Жыныстық толысу жасына жетпеген балалардың ораза ұстаулары міндет емес, бірақ кейбіреулері ұстайды. Айтқанымен, жыныстық толысу кешіккен жағдайда, ораза белгілі бір жастан кейін ер адамға да, әйел адамға да парыз болады. Құран бойынша, егер ораза ұстау ауру адам секілді біреудің денсаулығына зиян әкелу мүмкіндігі болса, бұл адам ораза ұстамаса да болады. Мысалы, қант диабеті ауруына шолыққан адам немесе емізетін я екі қабатты әйел адамдар әдетте ораза ұстамайды. Алайда бұндай адам оның орнына мұқтаж кісіні тамақтандыруға шақырылады. Хадис бойынша, етеккір кезіндегі әйел адамға ораза ұстау тиым салынады. Әдетте ауыз бекітпесе де болатын басқа жағдай ретінде соғыстағы адам мен үйінен тыс бес күннен кем уақыт өткізуге ниеттелген жолаушы боп саналады. Егер адамның ауыз бекітуі қиындық тудыратын халі уақытша құбылыс болса, өткізілген күндердің орнын Рамазан айынан кейін келесі Рамазанға дейінгі мезгілде толтыруы тиіс. Егер мұндай халі ұзаққа созылатын болса, әр ұстай алмаған күнінің орнына мұқтаж адамды тамақтандырса да болады. Егер жоғарыда айтылған еш бір категорияға жатпайтын адам ұмытқаннан оразасын бұзатын қылық жасаса, оразасы бұзылмайды. Алайда, егер де біреу ниеттеніп оразасын бұзған жағдайда, оразасын тоқтатпай күн батқанша дейін ұстап, сол бүкіл күннің борышын соңынан өтеуі керек. Егер саналы түрде жыныстық қатынасқа түсетін болса, сол күннің борышын қатар келетін алпыс күн ауыз бекітумен өтеуі қажет. Қадыр түні. Қадыр түні (Ляйлат аль-Қадр) Құранның бірінші аяты Мұхаммед пайғамбарға түскен түн боп саналады. Айдың нақты қай түні екені белгісіз болғанмен, рамазанның соңғы он түнінің бірі болып есептеледі. Тарауих. Рамазан айының әр түнінде сегізден жиырма ракатқа дейін оқылатын қосымша намазды тарауих деп атайды. Айт мейрамы. Айт мейрамы (Eid ul-Fitr, арабша: عيد الفطر) рамазан айы аяқталып, келесі айдың басталуын білдіреді. Қазақстан Республикасының Конституциясы (1 бөлім). __NOTOC__ I бөлім, Жалпы ережелер. Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз. 1-бап. ЕСКЕРТУ. 1-баптың 1-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2001.12.21. N 18/2 қаулысымен. 3-бап. ЕСКЕРТУ. 3-баптың 3-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2001.04.12. N 1/2 қаулысымен. 4-бап. ЕСКЕРТУ. 4-баптың 3-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2000.10.11. N 18/2 қаулысымен. 5-бап. ЕСКЕРТУ. 5-баптың 4-тармағына түсініктеме берілді – ҚР Конституциялық Кеңесінің 2000.06.07. N 4/2 қаулысымен. 6-бап. ЕСКЕРТУ. 6-баптың 2-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 1999.11.03. N 19/2 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. 6-баптың 3-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2000.04.13. N 2/2 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. 6-баптың 1-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2001.04.12. N 1/2 қаулысымен. 8-бап. ЕСКЕРТУ. 8-бапқа түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2001.04.12. N 1/2 қаулысымен. Қазақстан Республикасының Конституциясы (2 бөлім). __NOTOC__ 13-бап. ЕСКЕРТУ. 13-баптың 2-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 1999.03.22. N 7/2 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. 13-баптың 2-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2002.02.15. N 1 қаулысымен. 14-бап. ЕСКЕРТУ. 14-баптың 1 және 2-тармақтарына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 1999.03.10. N 2/2 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. 14-баптың 1-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 1999.03.22. N 7/2 қаулысымен. 23-бап. ЕСКЕРТУ. 23-баптың 2-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2000.07.05. N 13/2 қаулысымен. 24-бап. ЕСКЕРТУ. 24-баптың 2-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 1999.03.10. N 2/2 қаулысымен. 26-бап. ЕСКЕРТУ. 26-баптың 3-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2000.06.16. N 6/2 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. 26-баптың 3-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2000.12.20. N 21/2 қаулысымен. 28-бап. ЕСКЕРТУ. 28-баптың 1-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 1999.03.12. N 3/2 қаулысымен. 33-бап. ЕСКЕРТУ. 33-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998.10.07. N 284 Заңымен. Қазақстан Республикасының Конституциясы (3 бөлім). __NOTOC__ 41-бап. ЕСКЕРТУ. 41-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998.10.07. N 284 Заңымен. ЕСКЕРТУ. 41-баптың 2-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 1998.10.09. N 9/2 қаулысымен. 42-бап. ЕСКЕРТУ. 42-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998.10.07. N 284 Заңымен. 44-бап. ЕСКЕРТУ. 44-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998.10.07. N 284 Заңымен. ЕСКЕРТУ. 44-баптың 13) тармақшасына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 1999.06.30. N 10/2 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. 44-баптың 2) тармақшасына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2000.07.03. N 15/2 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. 44-баптың 9) тармақшасына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2001.11.12. N 14/2 қаулысымен. 45-бап. ЕСКЕРТУ. 45-баптың 2) тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2000.07.03. N 15/2 қаулысымен. 48-бап. ЕСКЕРТУ. 48-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1998.10.07. N 284 Заңымен. Қазақстан Республикасының Конституциясы (4 бөлім). __NOTOC__ 49-бап. ЕСКЕРТУ. 49-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998.10.07. N 284 Заңымен. ЕСКЕРТУ. 48-баптың 2-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 1999.07.14. N 13/2 қаулысымен. 50-бап. ЕСКЕРТУ. 50-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998.10.07. N 284 Заңымен. ЕСКЕРТУ. 50-баптың 5-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 1999.03.15. N 1/2, 1999.11.29. N 24/2 қаулыларымен. 51-бап. ЕСКЕРТУ. 51-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998.10.07. N 284 Заңымен. ЕСКЕРТУ. 51-баптың 4-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 1999.03.18. N 5/2 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. 51-баптың 2-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 1999.11.29. N 24/2 қаулысымен. 52-бап. ЕСКЕРТУ. 52-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998.10.07. N 284 Заңымен. ЕСКЕРТУ. 52-баптың 3 және 5-тармақтарына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2001.05.17. N 7/2 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. 52-баптың 1 және 5-тармақтарына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2001.12.13. N 19/2 қаулысымен. 53-бап. ЕСКЕРТУ. 53-баптың 1) тармақшасына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 1998.12.04. N 13/2 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. 53-бапқа түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 1999.06.30. N 10/2 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. 53-баптың 7) тармақшасына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 1999.09.27. N 18/2 қаулысымен. 54-бап. ЕСКЕРТУ. 54-баптың 4) тармақшасына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 1999.06.30. N 10/2 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. 54-баптың 7) тармақшасына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2000.12.26. N 22/2 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. 54-баптың 7) тармақшасына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2001.12.13. N 16-17/3 қаулысымен. 55-бап. ЕСКЕРТУ. 55-баптың 1-тармақшасына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2000.07.05. N 11/2 қаулысымен. 56-бап. ЕСКЕРТУ. 56-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998.10.07. N 284 Заңымен. 57-бап. ЕСКЕРТУ. 57-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998.10.07. N 284 Заңымен. 59-бап. ЕСКЕРТУ. 59-баптың 2-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 1999.07.14. N 13/2 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. 59-баптың 3-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 1999.06.30. N 14/2 қаулысымен. 61-бап. Өзге қатынастардың барлығы заңға тәуелдi актiлермен реттеледi. ЕСКЕРТУ. 61-баптың 7-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 1999.03.12. N 3/2, 1999.09.27. N 18/2 қаулыларымен. ЕСКЕРТУ. 61-баптың 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 1999.11.03. N 19/2 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. 61-баптың 6-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2000.06.15. N 9/2 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. 61-баптың 2) тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2000.07.03. N 15/2 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. 61-баптың 1 және 4-тармақтарына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2001.06.08. N 8/2 қаулысымен. 62-бап. ЕСКЕРТУ. 62-баптың 2) тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2000.07.03. N 15/2 қаулысымен. Қазақстан Республикасының Конституциясы (5 бөлім). __NOTOC__ 66-бап. ЕСКЕРТУ. 66-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998.10.07. N 284 Заңымен. ЕСКЕРТУ. 66-баптың 4) тармақшасына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 1999.03.17. N 4/2 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. 66-баптың 5) тармақшасына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2001.04.12. N 1/2 қаулысымен. 68-бап. ЕСКЕРТУ. 68-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998.10.07. N 284 Заңымен. Қазақстан Республикасының Конституциясы (6 бөлім). __NOTOC__ 72-бап. ЕСКЕРТУ. 72-баптың 1-тармағының 2) тармақшасына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2000.07.03. N 15/2 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. 72-баптың 1-тармағының 4) тармақшасына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2001.12.13. N 19/2 қаулысымен. 74-бап. ЕСКЕРТУ. 74-баптың 3-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2001.12.13. N 19/2 қаулысымен. Қазақстан Республикасының Конституциясы (7 бөлім). __NOTOC__ 75-бап. ЕСКЕРТУ. 75-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998.10.07. N 284 Заңымен. ЕСКЕРТУ. 75-баптың 1-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2002.02.15. N 1 қаулысымен. 76-бап. ЕСКЕРТУ. 76-баптың 2-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 1999.03.22. N 7/2 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. 76-баптың 2-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2000.12.20. N 21/2 қаулысымен. 77-бап. ЕСКЕРТУ. 77-баптың 3-тармағының 5) тармақшасына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 1999.03.10. N 2/2 қаулысымен. 82-бап. ЕСКЕРТУ. 82-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998.10.07. N 284 Заңымен. ЕСКЕРТУ. 82-баптың 1-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2000.07.05 N 11/2 қаулысымен. 83-бап. ЕСКЕРТУ. 83-баптың 1-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2000.12.26. N 23/2 қаулысымен. 84-бап. ЕСКЕРТУ. 84-баптың 1-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2000.12.26. N 23/2 қаулысымен. Қазақстан Республикасының Конституциясы (8 бөлім). __NOTOC__ 87-бап. ЕСКЕРТУ. 87-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998.10.07. N 284 Заңымен. 88-бап. ЕСКЕРТУ. 88-баптың 4-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2000.05.31. N 3/2 қаулысымен. Қазақстан Республикасының Конституциясы (9 бөлім). __NOTOC__ 91-бап. ЕСКЕРТУ. 91-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998.10.07. N 284 Заңымен. ЕСКЕРТУ. 91-баптың 1-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 1999.12.04. N 13/2 қаулысымен. 92-бап. ЕСКЕРТУ. 92-баптың 4-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2000.06.15. N 8/2 қаулысымен. 94-бап. ЕСКЕРТУ. 94-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998.10.07. N 284 Заңымен. 95-бап. ЕСКЕРТУ. 95-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998.10.07. N 284 Заңымен. ЕСКЕРТУ. 95-баптың 1-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 1999.11.29. N 24/2 қаулысымен. Исландия. Исландия (Исландия Республикасы) — Еуропада орналасқан аралды ел. Гренландия аралының шығысында және Норуегия мен Норуег теңізінің батысында жайғасқан. Елордасы Рейкиявик аралдың оңтүстік-батысында орналасады. Атауы. Аралдың атауының аудармасы — "мұзды жер". Жағырапиясы. Солтүстік Америка мен Еуропа арасындағы ұлы мұхитта орналасқан аралдық қос елдің бірі — Исландия геологиялық тұрғыдан алғанда әлемдегі ең жас елдердің бірі. Ғалымдардың пікірінше, Исландия Жер тарихының төрттік дәуірінде су асты (Атлант мұхиты) жанартауларының атқылауынан пайда болып, жаһандық мұз басу кезеңінде қатып, аралға айналған мемлекет. Исландияның жағалау шекарасы 5 мың km жуықтайды. Елдің солтүстік және солтүстік-батыс аудандары таулы болып келсе, оңтүстік бөлігін құмды алқаптар алып жатыр. Исландияның бүкіл жерін дерлік мұз жамылғысы басып жатыр. Ел бойынша жердің km² аумағы мұз жамылғысымен жастанған. Мұндай мұзтаулар елдің солтүстік бөлігінде орасан көп. Оның ірілері — Ватнайекүдл, Хофсиекүдл және Лаунгиекүдл. Ал елдің биік нүктесі — Хваннадалсхнукүр (2119 m). Елдің төрт шекарасын да мұхит қоршап тұрғанымен қоса, Исландияда өзендер мен көлдердің ірі жүйесі бар. Елдің ірі көлдері — Тингвадлаватн мен Тоурисватн. Алайда теңіз деңгейімен салыстырғандағы әлем бойынша ең төмен орналасқан британдық көршісімен қатар қойғанда Исландия әлдеқайда биікке қоныс тепкен. Ахуалы. Исландия өзінің аралдық көршісі — Британ аралдары секілді жауын-шашынның көптігімен ерекшеленеді. Дегенмен аралдың атауы мен мұздықтардың көптігін алға салып, Исландияны арктикалық ел екен деп ойласақ, үлкен қатеге ұрынамыз. Өйткені Солтүстік-Атлант ағысы (Голфстрим) әкелетін жылы желдер лебі Исландияның ауа райын бірқалыпты етіп отырады. Бұл аймақта қаңтардың орташа температурасы бар болғаны −1 °C болса, шілденің орташа температурасы +11 °C. Басқаша айтқанда, елдің жазы аптап емес те, қысы табан тоңдырмастай. Қоңыржай климаттың туристер үшін жайлылығы басым болғанымен, ауыл шаруашылығы үшін аяқтан шалатын жайт екені рас. Осыдан да келіп, Исландия ауыл шаруашылығы дамуы жөнінен артта қалған елдер санатына жатқызылады. Өсімдіктер дүниесі. Ел жерінің ¼ ғана өсімдік жамылғысы жауып жатыр. Оның өзінің үлкен бөлігін мүк пен аласа шөптер алады. Ал ағашты өсімдіктер мекеннің 1 % ғана иеленеді. Рас, жауын-шашынның молдығы өсімдік өсуіне басқалай әсер етуі қажет. Яғни былайғы жұрт Исландияны жасыл алқапты, шыңғылды ел деп ойлауы мүмкін. Бірақ мұз жамылғылары мен асқан ылғалдылық, кей мекеннің батпақты не құнарсыз топырақты болып келуі — Исландияның өсімдік жамылғысының тым жұқалығына септігін тиігізіп отыр. Хайуанаттар дүниесі. Елдің фаунасы да өте бай емес. Мекеннің ең тұрғылықты жануары — ақ түлкі (песец) саналады. Ал 18 ғ. бері Исландияға жерсіндірілген тышқанның бірнеше түрі мен 80-ге жуықтайтын құстар түрі, солтүстік бұғы-маралдар аймақтың жаңа тұрғындары іспеттес. Бірақ бұлардың бәрі де елдермен салыстырғанда азшылықты құрайды. Тек қана Исландияның мұхит жағалауында балықтар түрлері ғана көп. Исландия теңіз жануарларына кенде емес. Тіпті жағалауда итбалықтың екі бірдей түрі мен киттердің бірнеше түрі мекен етеді. Тарихы. Исландия геологиялық тұрғыдан алғанда өте жас елдердің бірі. Алайда өзге еуропалық мемлекеттер секілді тәуелсіздікке ерте қол жеткізген. Тарихтан Исландияның 1387—1390 жж. Данияға бағынышты болғаны белгілі. Саясат жайғасы. Исландия — республикалық мемлекет. Конституциясы 1944 ж. қабылданған. Ел басшысы — президент әр төрт жыл сайын бүкілхалықтық ашық және жабық сайлау нәтижесінде сайланып отырады. Дегенмен президенттің уысына атқарушы билік түгелдей беріле қоймаған. Заң бойынша атқарушы билік үкімет пен оның басшысы — Премьер-министрдің қолында. Парламент (жергілікті тілде "алтинг" аталады) депутаттары да (жалпы саны — 63) бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде 4 жылға сайланады. Ал елдегі ең екпінді партия — «Тәуелсіздік партиясы». 2003 ж. соңғы алтинг депутаттары сайлауында аталмыш партия атынан «бәйгеге» түскен үміткерлер 22 орынды (33,7 %) жеңіп алған болатын. Исландиядағы өзге партиялар қатарында Прогрессивтік партия және социалистік-демократиялық альянс бар Экономикасы. Исландия экономикасы соңғы жылдары ауытқымалы күй кешті. Айталық 1996—2001 жылдар аралығында елдің жылдық экономикалық өсімі 3—5 % құраса, 2002 ж. бұл сан күрт төмендеп, 0,2 % әрең ілікті. Ал ІЖӨ 0,6 % аспай қалды. Алайда араға жыл салып, яғни 2003 ж. экономикалық өсім қайта көтеріліп, елдегі инфляция 5 %-дан 2 %-ға дейін қысқарды. Исландия озық елдер тізбегінде 2005 ж. 16 орында тұрса, 2006 ж. мәлімет бойынша оның тағы екі саты жоғарылағаны анықталды. Осы өрлеу нәтижесінде ғана Исландия алып алтылық қатарынан табылды. Өнеркәсібі. Елде аздаған сұр тас көмір өндірісін есепке алмағанда, тау-кен өндірісі мүлдем жоқтың қасы. Оның есесіне 2-ші дүниежүзілік соғыстан соң өңдеуші өнеркәсіп саласы қолға алына бастады. 1960 жж. бастап, импортталған шикі алюминий өңделіп, құрылысқа қажетті дайын алюминий өнімі экспорттала бастады. Исландияда жеңіл өнеркәсіп саласы да соңғы жылдары алға қойылып келеді. Аяқ киім, металл өнімдері, құрылыс материалдары, электр құралдары және түрлі тұтыну тауарлары шығарыла бастады. Энергетикасы. Исландия энергетика саласы жағынан озық. Республикаға энергияның су көзі тән. Мемлекеттің гидроэнергетикалық мүмкіндігі жылына 80 млрд kW-сағ. бағаланады. Қазіргі таңда республикада 6 энергия өндіретін су көзі бар. Тасымалдау. Исландияда автокөлік жолы мен су жолы жақсы дамығанымен, темір жол мүлдем жоқ. Есесіне автожолдың ұзындығы km құрайды. Өйткені республикада көлік саны тым жоғары. Ресми емес мәліметтер бойынша, Исландияда жан басына шаққанда, екі адамға 1 көліктен келеді екен. Ал елдің сауда кемелерінің жалпы тауар сыйымдылығы 192 мың тоннаны құрайды. Елде тасымалмен 3 компания айналысады. Балық шаруашылығы. Исландия экономикасының негізгі тірегі — балық шаруашылығы болып табылады. Бұл сала жалпы халықтың 12 % жұмыспен қамтып отыр, сонымен қатар, елдің сыртқа шығаратын тауарларының 70 % құрайды. Оның ішіндегі негізгі тұщы су балықтары — нәлім (треска) мен майшабақ. Алайда соңғы жылдардағы балық түсімінің азаюына байланысты Исландияда мойва және сайра деп аталатын балықтар да ауланып, сыртқа шығарыла бастаған. Бұған қоса Исландия халқы кит аулаумен де айналысады. Рас, 1989 ж. халықаралық жануарларды қорғау қауымдастықтарының араласуымен кит аулауға елде мораторий жарияланғанымен, 1990 жж. ортасына қарай ел басшылығы мораторийді қайта алып тастады. Ауыл шаруашылығы. Ел халқының 5 пайызы ғана ауылшаруашылығы саласында қызмет етеді. Республикадағы жалпы ауылшаруашылығы фермаларының саны 6 мыңды құраса, оның 80 пайызы — жеке қожалықтар. Исландияның мал шаруашылығындағы негізгі нысанасы — қой шаруашылығы. Оның басты себебі: қой еті — Исландиядағы негізгі ет тағамы болып саналады. Саудасы. Сондай-ақ, сыртқы саудада балық өнімінен кейінгі орынды жерасты пайдалы қазбалары алады. Оның ішінде Исландия сыртқа алюминий, диатомит, феррокремний шығарумен шұғылданады. Негізгі сыртқы саудада байланыс құратын елдер: Алмания — 18 %, Құрама патшалық — 17,5 %, Недерланд — 11 %, АҚШ — 11 %, Испания — 5 %, Дания — 5 %, Португалия — 4 %, Норуегия — 4 %. Ал импорт жөніне тоқталғанда, Исландия мұнай өнімдері мен азық-түлік, машиналар тасымалдайды. Импорт байланысын жүргізетін елдер мен оның пайыздары төмендегідей: АҚШ — 11 %, Алмания — 11 %, Дания — 8,5 %, Норуегия — 8,5 %, Құрама патшалық — 7,5 %, Недерланд — 6 %, Ісүіш — 6 %. Фарер аралдары. Фарер аралдары — Еуропада орналасқан аралды ел. Исландияның шығысында, Норвегияның батысында жайғасқан. Данияға бағынатын автономия. Норвегия. Норвегия (Норвегия корольдігі) — Еуропада орналасқан ел. Жағырапиясы. Солтүстік Еуропаның Скандинавия түбегінде батыс жағалауды барынша иемденіп жатқан ірі елдердің бірі — Норвегия болып табылады. Атлант мұхитынан соғатын суық желдің әсері бар, батыстағы таулы қыраттың қытымыр аязы үстемдік құратын өлке қатарынан үш елмен қоңсылас орналасқан: Ресеймен — 196, Финляндиямен — 727 km, ал Швециямен — 1619 km шекарасы шектесіп жатыр. Корольдіктің жер аумағы — 386 960 km2 құрайды. Бұл жағынан келгенде Норвегия Скандинавия елдері ішінде екінші орында. Норвегияның жер қыртыстарын сөз етсек, солтүстіктен басталған аласа таулар легі оңтүстікке қарай биіктеп, таулы өлкеге айналып сала береді. Мемлекеттің ең биік нүктелері — Галлхейпиген (2469 m) мен Глиттертинн (2452 m) шыңдары боп есептеледі. Норвегияның ең ірі өзендері шығыста орналасса, батысында қысқа, бірақ ағысты өзендері ағады. Елдің оңтүстік өлкесі келбетті көлдерге бай. Дегенмен жасылмен жан бағатын елдермен салыстырғанда, Норвегияның өнім беретін өсімдіктері жоқтың қасы. Шыңын мұз басқан таулы, қыратты аймақтың бар болғаны 4 пайызы ғана егістікке қолайлы болып келеді. Сол секілді жануарлар әлемі де корольдікте аса мәз емес. Әкімшілік бөлінісуі. Норвегия жері 19 облысқа бөлінген (жергілікті тілде облысты "фүлке" атайды). Әр облыс қалалар мен ауылдық округтерден (коммуна) құралады. Оның әрбірі төрт жылда бір сайланатын кеңеске ие. Жұрты. Халық саны жер аумағына қарай шаққанда аз және қоныстануы да әркелкі. Айталық соңғы жасалған халық санағы бойынша елде 4 миллион 574 мың халық тұрады. Ал осы аз халықтың үштен бірі — бір Осло-Фьорд аймағына ғана шоғырланған. Ал өзге ірі қалалардағы халықтың қоныстануы төмендегідей: Берген (224 мың), Тронхейм (145 мың), Ставангер (106 мың), Берум (98 мың). Ал елдің қалған бөлігі халық өте сирек қоныстанған аймақ болып саналады. Елдегі бала туу — 11,89 % құраса, адам өлімі — 9,51 %. Елдегі балалар өлімі ең төменгі деңгейде. Және статистикалық мәліметтерге сүйенсек, әрбір төртінші норвег ауылдық жерді мекен етеді екен. Норвегияның негізгі халқы — германиялық біртекті ұлт. Ал елдің солтүстігінде жалпы саны 20 мыңға жуық саам халқы мекен етеді. Елде норвег тілінің екі түрі кездеседі — букмол және нүношк. Тарихы. Тәуелсіздікке 1905 ж. ғана қол жеткізсе, бұған дейінгі 1397—1814 жылдары Дания қарауына еніп, кейінгі 1814—1905 жылдары Швецияның отары болған. Саясат жайғасы. Норвегия — демократиялы конституциялық монархия болып табылатын мемлекет. 1991 жылдың 17 қаңтарынан бері мемлекет королі — Харалд V. 1814 жылы қабылданып, көптеген рет өзгерістер мен толықтыруларды бастан кешірген ел конституциясына сай, корольдің уысына елдің үш билігі бірдей берілген. Министрлер кабинеті Премьер-министр мен 16 министрден құралады. Үкіметбасыға елдің атқарушы билігі табысталған. "Стортинг" аталатын ел парламентіне 169 депутат мүше бола алады. Корольдікте көппартиялық жүйе мықтап қалыптасқан. Норвегияның белді партиялары қатарына — «Норвегия жұмысшылар партиясы», «Социалистік солшылдар партиясы» және «Орталық партия» жатады. Экономикасы. Норвегияның экономикасы жөнінде алып-қашпа әңгімелер көп. Бұған себеп — үлкен мұнай қорына иелік ете тұра, корольдіктің сыртқы саяси ойында аса белсенділік танытпауында жатыр. Дегенмен, қазіргі таңда ІЖӨ индексі бойынша Норвегия әлемнің ең бай мемлекеттерінің қатарында. 1970 жж. басталған Солтүстік теңіз кенішіндегі мұнай мен газ өндірісі елді Батыс Еуропа нарығындағы ең ірі мұнай шығарушы мемлекет қатарына шығарып, әлемдік саудаға мұнай шығарудан 2-ші (Сауд Арабстаннан кейінгі) орынға көтеріп тастады. 2005 ж. ІЖӨ 194,7 млрд. АҚШ долларын немесе жан басына шаққанда 42,4 мың АҚШ долларын құрап, Норвегияны үздіктер тізбегіндегі 17 орынға шығарса, 2006 жылы корольдік тағы да бес сатыға жоғарылап, 12-ші орынға көтерілді. Ел экономикасындағы негізгі сала — мұнай мен газ өндірісі. Алайда елдегі энергия көзі осы мұнайдан алынып отыр деу — жаңсақ. Өйткені Норвегия мұнайы түгелімен экспортқа шығарылады. Ал энергияны олар су көзінен алады. Алдағы уақытта оған «этанол» аталатын химиялық қосалқы энергия көзін қосу — жоспарда. Бұл дегеніңіз — қалдықтарды қайта өңдеу арқылы оны бензинге араластырып, таза экологиялық энергия шығару деген сөз. Норвегия үкіметі химия технологиясына қатты мән береді. Дегенмен бұл жерасты байлығын иемденем дегенге дейін Норвегия экономикалық тұрғыда үлкен қиындықтарды бастан кешіргені белгілі. Өйткені 19 ғ. мен 20 ғ. орта шеніне дейін елдің негізгі экономикалық саласы — ауыл, орман және балық шаруашылығы болғаны белгілі. Корольдік ежелден теңізшілер елі саналады. Соған орай халықтың үлкен бөлігі жағалауға қарай қоныстанған. Ертеректе, дәлірек айтқанда біздің дәуірдің 1000 жж. викингтер аталатын тәжірибелі қарақшы-теңізшілер тобы Атлант мұхитын кесіп өтіп, Жаңа әлемнің есігінен енген. Бұл ерте дәуірден-ақ Норвегия жерінде теңіз шаруашылығының кең өріс алғанынан хабар берсе керек. Бұған елде сақталып қалған зәулім сауда флоты мен жоғары дамыған балық шаруашылығы да дәлел бола алады. Айта кетерлігі аталмыш флот тасымалға шығаратын тауар көлемі жағынан 1997 ж. 6-шы орынды иеленген. Балық шаруашылығы елде ертеден-ақ жақсы дамыған. 1975 жылы аталмыш шаруашылықты дамыту жөнінен Норвегия дүниежүзі бойынша 5-орынды иеленсе, 1995 жылы 10-орынға тұрақтаған. Корольдікте балық шаруашылығы саласының ең негізгісі — майшабақ. Бұл жағынан 1996 жылғы есеп бойынша Норвегия ең негізгі бәсекелесі — Ұлыбританиядан үш есе көп, 330 мың тонна балық аулап, экспортқа шығарған. Орман шаруашылығында да айтарлықтай жетістіктер бар. Өйткені Норвегия жері географиялық жағынан орман шаруашылығына қолайлы. Ел территориясының төрттен бір бөлігі орманды алқап. Алайда ағаш өсімінің өте баяу екенін ескеретін болсақ, бұл саланың ел экономикасының екпінді тірегіне айналмағанына көз жеткізу қиынға соқпайды. Ауыл шаруашылығы Норвегия халқы үшін тиімсіз сала. Егін егуге корольдіктің таулы, қыратты, құнарсыз топырақты географиясы мен жазы салқын, аса мол жауын-шашынды ауа райы да қолайсыз. 1996 жылы ауыл және орман шаруашылығында еңбекке жарамды халықтың бар болғаны 5,2 пайызы ғана қызмет еткен. Ал ауыл шаруашылығына бөлінген жердің 3 пайызы ғана өңделіп, пайдаланылған. Мұнай өндірісі ашылғанға дейін ел экономикасының негізгі салаларының бірі болғанымен, бүгінде Норвегияда ауыл шаруашылығына аса көңіл бөлінбейді. Норвегияның өңдеу өнеркәсібінде алға қойылған салалар — электрометаллургия, радиоэлектроника мен кеме жасау және жөндеу өнеркәсіптері. Бұл салаларға жалпы еңбекке жарамды халықтың 25 пайызы тартылған. Норвегия сыртқы саудада Германия, Швеция, Ұлыбритания, Дания, Нидерланды және АҚШ мемлекеттерімен тығыз байланыс орнатқан. Экспортқа шығаратын негізгі өнімдері — мұнай мен газ (55 пайыз) және дайын өнімдер (36 пайыз). Сондай-ақ, импорттайтын тауарлары — дайын өнімдер (81,6 пайыз) және ауыл шаруашылығы өнімдері (9,1 пайыз). Қарулы күштері. Елдің қорғаныс саласында жаяу әскер, әскери-теңіз және әскери-әуе флоттары бар. Ел заңы бойынша, 19 және 45 жас аралығындағы азаматтар міндетті түрде 6 айдан 1 жылға дейінгі уақыт аралығында әскери қызметте болуы шарт. Запастағы әскер саны — 230 мың. Ал Норвегияның қорғаныс саласына жұмсаған соңғы жылдағы қаржысы ІЖӨ-нің 1,9 % құраған. Дания. Дания – Солтүстік Еуропадағы мемлекет. Ол Юкатан түбегінде және Дания архипелагында орналасқан. Дания Орталық еуропа жазығының солтүстігінде Еуропа мен Скандинавия түбегі аралығында орналасқан. Бұл корольдік ІХ ғасырдан бастап өмір кешуде. Дания солтүстігінен оңтүстігіне қарай 360 км және шығыстан батысқа қарай 480 км созылған.Дания аумағы 43 093 км 2 (Гренландия мен Фарер аралын қоспағанда).Мемлекеттің үлкен бөлігі (29 776 км2) Ютландия түбегінде орналасқан. Дат архипелагына 500 аралдар кіреді.Олар негізіненЮтландия шығысында Балтық және Каттегат бұғазы аралығында орналасқан.Ауданы 12 729 км2,ал Борнхольм аралы Балтық теңізіндегі – 588 км2.Данияның жағалауының ұзындығы 7438 км құрайды. Дания құрғақ жер арқылы тек қана Германиямен шекараланады.Бұл шекара ұзындығы 68 км созылған.Шығысында Дания Швециямен шекараланады,ол Эресунн (Зунд) және Каттегат бұғаздары арқылы өтеді,солтүстігінде Скагеррак бұғазы Данияны Норвегиядан бөліп тұрады.Дания солтүстік теңіз шельфінің шығыс бөлігі болып табылады.Сонымен қатар Дания құрамына алдыңғы колонияларыда кіреді.Олар Фарер аралдары және Гренландия аралы,бұлардың парламентте өз өкілдері бар. Фарер аралы Шотландияның солтүстігінде 375 км ұзақтықта орналасқан.Оның аумағы 1399 км2 құрайды.Олар Дания билігінде 1380 жылдан бастап болған,тек қана 1948 жылдан өздерін басқару құқығын алды. Гренландия – көлемі жағынан ең үлкен арал,аумағы 2 175 600 км2, бірақ оның тек 341 700 км2 мұздан арылған.Гренландия Данияның 1729 жылдан колониясы болған, 1953 жылы мемлекет бөлігі ретінде қабылдады,ал 1979 жылы автономия статусы берілді. Салалық өнеркәсіп құрылымы.Жалпы ішкі өнімдегі ауылшаруашылық,орман шаруашылығы және балық ұқсату салаларының көлемі— 3%,өнеркәсіп — 21%,қызмет көрсету–76% (2006 жыл). Халқы. Дания халқы 5220 мың адам (1997 жыл). 1980 жылдары халық саны тұрақты болған,ал 1990 жылдан бастап оның саны өсуы байқалды.Негізінен иммиграция есебінен (жылына 11 мың адам). Копенгаген қаласында, Фредериксберг және Гентофте коммуналарында шамамен 625,8 мың адам тұрады. (1995 жыл). Басқа ірі қаларда – Орхус (275,5 мың), Оденсе (182,6 мың), Ольборг (159 мың), Эсбьерг (82,6 мың.), Раннерс (64,4 мың), Коллинг (59,6 мың), Хернинг (57,7 мың.), Хельсингёр (56,9 мың), Хорсенс (55,3 мың) және Вайле (52,3 мың). Копенгаген қаласы айналасында барлығы 2 млн. адам тұрады Бұл елдегі 26% халық көрсеткіші.Зеландия (Шелланн) араында астан орналасқан – 42% халық тұрады. Қала халқы 85% құрайды,15 тұрғыны бар қалалар көптеп кездеседі.Фюн, Лолланн және Фальстер аралдарында 570 мың адам, ал Борнхольмде – 50 мың адам тұрады.Ютландия халқы 2,4 млн.адамды құрайды,хылықтың орналасу тығыздығы 81 адамнан тура келеді. Гренландия халқы 59 мың адам (1997 жыл),оның 5 мыңы еуропалықтар,қалғаны- инуиты (эскимостар). Фарер аралының халқының саны 50 мың адам (1997 жыл). Халық саны және көбеюі 1995 - 2000 жылдар аралығында. 1995 1996 1997 1998 1999 2000 Саны (адам) 5 199 437 5 249 632 5 305 048 5 333 617 5 356 845 5 336 934 жоғарылауы 0,22% 0,38% 0,59% 0,49% 0,38% 0,31% Халқының жас құрылымы 1995 – 2000 жылдар аралығында. 1995 1996 1997 1998 1999 2000 0 - 14 жас 17% 17% 18% 18% 18% 18% 15 - 64 жыл 68% 67% 67% 67% 67% 67% 65 жастан жоғары 15% 16% 15% 15% 15% 15% Туылу және өлім деңгейі 1999 - 2000 жылдар аралығында (1000 адамға) 1995 1996 1997 1998 1999 2000 Туылу 12,38 12,24 12,78 12,18 11,57 12,16 Өлім 11,14 10,42 11,22 11,08 10,97 11,00 Жас бөбек кезіндегі өлім коэффициентті 6,80 4,80 5,20 5,17 5,11 5,11 Халықтың жыныстық құрамы 1996 – 2000 жылдар аралығында. 1996 1997 1998 1999 2000 Жаңа туылғандар 1,06 1,05 1,05 1,05 1,05 15 жасқа дейін 1,05 1,05 1,05 1,05 1,05 15тен 64 жасқа дейін 1,03 1,03 1,03 1,03 1,03 65 жастан жоғары 0,7 0,71 0,71 0,71 0,71 Халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы 1995 – 2000 жылдар аралығында. 1995 1996 1997 1998 1999 2000 барлығы 76,11 77,30 76,10 76,31 76,51 76,54 Еркектер арасында 73,23 73,78 73,44 73,64 73,83 73,95 Әйелдер арасында 79,16 81,01 78,90 79,12 79,33 79,27 Этникалық құрамы. даттар 98%, эскимостар, фарерлер, немістер. Евангелиялық лютерандықтар 91% құрайды,ал қалған протестанттар және католиктер 2% құрайды. Дания бір ұлтты мемлекет.Аз санды немістер еврейлер және польяктар ассимилияцияға ұшыраған. 1960 жылы өндіріс дамуы қосымша еңбек күшін талап етті.Осыған байланысты мемлекетке еңбек ("gastearbejdere" – гастарбайтерлер) эмигранттар келді. 1980жыл соңына қарай көп санды туріктердің, югославтардың,ирандықтардың, пакистандықтардың қоғамдың бірлестіктері пайда болды.Ресми тілі – дат тілі,норвег тіліне жақын.Ағылшын тілі неміс тіліне қарағанда әйгілі емес.Көшпенді Герман тайпалары – англы, саксы және дандан–Данияға бірінші ғасырда қоныс тепкен.Осы тайпалардан қазіргі Дания халқы құралып отыр.Сонымен қатар даниялықтар тілінде диалект бар,негізінен копенгагендік диалектте сөйлейді. Евангелиялық Лютеран шіркеуі ресми Данияның шіркеуі болып мемлекет тарапынан қамтамасыз етіледі.сондада сенім бостандығы бар.Бұл шіркеуге кіргендер елде 87% құрайды.Маңызды аз санды діний қоғамдық бірлестіктерден мусулмандар (74 мың адам).Қалған – католиктер (33 мың), баптистер (6 мың.), иудейлер (5 мың.). Табиғаты. Жер бетінің түзлісі. Дания жер аумағының көп бөлігін толқынды онша биік болмаған жазықтықтардан құралған.Мемлекеттің ең биік нүктесі Идинг-Сковх тауы (173 м),Ютландияның шығысында орналасқан.ең төменгі жері (12 м) – батыс бөлігінде орналасқан.Дания жер бедері плейстоцендердің мұздық қабаттарының әрекеті нәтижесінде пайда болған.Жерінде көптеген қазаншұңқырлар бар,оларда көл және батпақтар орналасқан.Елдің солтүстігінде қабатты теңіздік жазықтықтар тарқалған.Негізгі жынысы – әктастар,олар кейінгі бор және кайнозой эраларында пайда болған.Осы жыныстармен жер асты сулары тығыз байланысты.Данияның шығыс бөлігі көп терең –терең шұңқырлармен бөлінген.Батыс және солтүстік бөлігі құмды төбелер кездеседі.оңтүстік батысы теңіздік әрекетер нәтижесінде пайда болған.Осы аралықта су тасқынынан қорғайтын көптеген бөгендер, дамбалар салынған. Климат. Дания теңіздік жұмсақ қысқа ие жер.Мұхитәсері қыста қатты байқалады.Ақпан айының орташа температурасы 0° С,шілде 15–16° С. Жыл бойы көптеп жел соғады.Көбінесе батыстан.Қыста бұлтты күндер көп болады.Жазда болса күншуақты болып келеді.Көктем кеш түседі.Жылдық орташа шауын-шашын көлемі Ютландияның батысында 800 мм, Үлкен Бельт бұғазында 450 мм. Көп мөлшерлі жауын-шашын күз және қыс уақытына тура келеді.Жауын жаңбыр түрінде түседі. Өзен мен көлдері.Мемлекеттің жер беті көптеген өзен торларымен қаптаған.Олардың жылдамдығы жоғары емес және ұзындығы қысқа болып келеді.Су тасқындар қыста болады.Ең үлкен өзені – Гудено Ютландияның шығысында орналасқан.Ұзындығы 158 км құрайды.Көлдер негізінен орталық Ютландияда шоғырланған. Экономикасы. Экономикасы туралы жалпы мәлімет. Дания – жоғары деңгейде дамыған өнеркәсіптік,халқының өмір сүру дәрежесі жоғары болған әлемдегі дамыған мемлекет.Экономикасында жеке сектор басты орында. Дания өнеркәсібі әртараптанған.Негізгі ерекше дамыған электронды құрылғылар өндірісі, тамақ,кеме өндірісі және құрылыс.Ауылшаруашылығында басты ролді балық аулау алады.Дания экономикасын екінші дүниежүзілік соғыстан кейінғана қалпына келтіре алды.Ауыл шаруашылығының ұлттық кірістегі үлесі 20% пайызға 1953 жылы, 3,9% пайызға 1995 жылы кміген.Данияда қызмет көрсетуде 74,7% халық жұмыс істейді.Жалпы ішкі өнімде сыртқы сауда үлесі 54,9% құрайды. 1991–1997 жылдары жұмыссыздар үлесі 10,3%, ал инфляция 1990–1995 жылдары – 2,5% құрады.Жалпы ішкі өнім Данияда 1995 жылы 173,3 млрд. долл.,немесе 33 144 долл. халыққа шаққанда тура келді.Ол кезде жан басына шаққандағы көрсеткіш бойынша тек қана Швейцария және Жапониядан кейін тұрды. Мемлекет шығыны 1996 жылы ЖІӨ 46% құрады,осының жартысы зейнетақы мен жәрдем ақыға бөлінген. Орташа экономикалық даму 4,5% пайыз 1960 жылы ал 1,7% пайыз 1986–1995 жылдары аралығында.. Мемлекеттік бюджет. 1996 жылымемлекеттің табысы 61,3 млрд. долл. құрады,шығын – 65,6 млрд., дефицит 2,5% пайызды(ЖІӨ) құрады. 46% әлеуметтік төлеулерге, 13% –білімге және ғылыми зерттеулерге, 10% –кәсіпкерлікті дамытуға, 10% – денсаулықты сақтауға, 3% –қорғанысқа, 3% – мәдениетке шіркеуге, 2% – орын-жай субсидиясы және 2% –полиция мен құқық қорғау органдарына. Амттер және муниципалитеттер өздерінің салық инспекциясына ие.Олар орталық үкіметке бағынады.Данияның таза қаржылық қарызы 1994 жылы 38 млрд. долл. құраған,бұл ЖІӨ 26,2% пайызына тең. Сыртқы сауда. Экспорт және импорт ЖІӨ-нің 1/3 құрайды. 2/3 сыртқы сауда –бұл Еуро Одақ елдерімен жүргізіледі.Негізінен Германия мен. Еуро Одақтан басқа АҚШ және Жапония. 75% экспортты өнеркәсіптік тауарлар құрайды.Бұлар құрылғылар,химиялық өнімдер,ауылшаруашылық өнімдері.Ауылшаруашылығы экспорттың 15% құрайды.Қызмет көрсету экспортты 10% пайызды құрайды. Импорт бойынша 70% шикізаттық тауарлар құрайды. 30% экспортты тұрмыстық тауарлар,яғни автомобилдерде бар. Қызмет көрсету саласы.Данияда экономикалық дамуында білімді халықтың арқасында қызмет көрсету арқылы үлкен табысқа ие болып отыр. 1994 жылы бұл сала 71% жұмыс орнына ие болған,ЖІӨ-де 72% (49% жеке сектор және 23% қоғамдық).Негізгі қызмет көрсету саласына банктер,туризм, қаржылық, транспорт және сауда. 1994 жылы шетелдік туристерден түскен қаржы көлемі 3,8 млрд. долл. құраған. Транспорт. Данияда транспорт өнеркәсібі дәстүрлі болып саналады.Ол нрегізгі шетелдік ақша түсуіне көмектеседі.Осы сала арқылы шетелдік ақшаның 90% ие болады.Теңіз транспортына 75% тасымалдау тура келеді. Темір жол ұзындығы 1995 – 1998аралығында (км.) Барлығы 2 838 2 848 3 358 2 859 Автомобил жолдары Дания қалаларын бір-бірімен байланыстырады.Сонымен қатар велосипедті транспорт әйгілі. Барлығы 71 042 71 420 71 600 71 437 Копенгагендағы Каструп аэропортыЕуропадағы ең үлкен эропорт. Авиакомпания " Scandinavian Airlines System" - "SAS" ол дат, швед және норвег маршруттарына қызмет етеді.Сонымен қатар Еуропа ішіне және сыртқы тасылмалдауларды жүзеге асырады. "SAS" компания "Danair" арқылы (Копенгаген – Зеландия қаласына, Ютландиға, Фюн, Борнхольм және Фарер аралдарына) тасымалды жүзеге асырады. Бетонды барлығы 102 102 28 28 28 Ұзындығы 3 047 м. 2 2 2 2 2 Ұзындығы 2 438 м.ден 3 047 м дейін. 7 7 7 7 7 Ұзындығы 1 524 м.ден 2 437 м. дейін 3 3 3 3 3 Ұзындығы 914 м.ден 1 523 м.дейін 13 13 13 13 13 Ұзындығы 914 м.дейін 77 77 3 3 3 Грунтты барлығы 7 7 90 90 90 Ұзындығы 1 524 м.ден 2 437 м.дейін 1 1 1 1 1 Ұзындығы 914 м.ден 1 523 м.дейін 6 6 7 7 7 ұзындығы 914 м.дейін...... 82 82 82 Сонымен қатар бұл мемлекетте көпір мен паромды тасымалдаулар жасалынады. Басты паромды маршруттар: Фюн аралы- Зеландия аралы, Зунд бұғазы (маршрут,Дания–– Швеция).Екі көпір Фюн аралын ––Ютландиямен байланыстырады.Ең ұзын Даниядағы көпір Зеландия мен Фальстерді байланыстырады. Порттары: Ольборг, Орхус, Копенгаген, Эсбьерг, Оденсе, Кёге, Грено, Струэр, Фредерисия. Телефон және телеграфты байланыс жоғары деңгейде. Жергілікті линиялар –жер асты және теңіздік кабелдер арқылы, 4 соткалы байланыс жүйесі. Халықаралық линилар – 18 теңіздік,олар Данияны Норвегиямен, Швециямен, Ресеймен, Польшамен, Германиямен, Нидерландымен, Фарер аралдарымен, Исландиямен және Канадамен, 6 станция Интелсат, 10 станция Еутелсат, 1 станция Орион, 1 станция Инмарсат (Даниямен бірлесіп Инмарсат станциясына Финляндия, Исландия, Норвегия және Швеция тіркелген). Өнеркәсіптік өндіріс. Дания өнеркәсібі тауарларының көлемі де түріде өте көп.Оларды ішкі және сыртқы нарыққа жеткізеді. Өндіруші өнеркәсіп бойынша мұнай өндірісі (21,5 млн. т жылына), газ (10,8 млрд. куб. м жылына) және құрылыс материалдары. Басты қайта өңдеу өндірісінде — машина жасау және метал өңдеу (электротехникалық, радиоэлектроника, кеме құрастыру, станкалар жасау,тамақ өндірісі бойынша құрал-жабдықтар),тамақ, химия, фармацевтика,ағаш өңдеу және басқалар.Ауылшаруашылығында халықтың 3,5% жұмыс істейді.Басты саласы етті сүтті ірі қара мал бағу және шошқа шаруашлығы.Астықтардан бидай,күріш,тары егеді. 2/3 ауылшаруашылқ өнімдері экспорт жасалынады. Тамақ өнеркәсібінде сүті өнімдері,ет өнімдері ұн және пива жасайды.Химия өндірісінде бастысы –бұл бензин,дәрілер және пластиктен жасалған заттар.Машина жасауда двигателдер,ауылшаруашылық машиналары, насостар, термостаттар, тоңазытқыштар және телекоммуникация құралдары.Сонымен қатар кеме құрастыру дамыған. Соңында басты сатылатын тауарларға даниялық мебельді, киімді және ойыншықтарды атауға болады.Әлемде даниялықтардың дизайнын жоғары бағалайды. Ауыл шаруашылығы. Басты ауылшаруашылығындағы сала ет-сүтті қара мал шаруашылығы.Ол 9/10 ауылшаруашылығының тауарын береді.Сонымен қатар картоп,қант қызылшасы,бидай егеді.Балық аулау 1,6 млн. т. (1986 жылы).Данияда жер бедері қолайлы болғандықтан 64% жер ауылшаруашылығында. Ауылшаруашылығының 80% тауары кооперативтер тарапынан дайындалады.Кейінгі кезде Данияда ауылшаруашылығының маңызы төмендеуде. Астық өндіру және азыттық өнімдер. 1995 жылы егілетін жерлер 58% құраған.Ол жерге картоп қант қызылшасы, турнепс және кольраби егілген.Ал 25% жеге азықтық шөптер егілген,немесе жайлау ретінде пайдаланған. 1996 жылы елде 4 млн. т тары өндірілді.Бұл 80 жылдаға қарағанда 30% аз.Тары шошқа үшін азық болып табылады.Сонымен қатар пива жасау үшінде пайдаланады,қалғаны экспортқа кетеді.Бидай өндіру 1995 жылы 4,2 млн. Т жетті.Басқада өнімдерден:қара бидай 429 мың. т, күріш 169 мың. т, картоп 1,6 млн. Т және қант қызылшасы 3,5 млн. т.Бидайды негізінен Шығыс Ютландияда,батыс Зеландияда және Фюнда егеді.Қара бидай Орталық және Батыс Ютландияда егіледі.Күріш Солтүстік және Батыс Ютландияда егіледі. Картоп негізінен Ютландияда кеңінен тарқалған. Көкеніс және бау-бақша өнімдері. 1970 жылдан бұл өнімдер көлемі азаюда. 1980 жылдар аяғында өнім жинау кезінде көлемі 305 мың. т құрады; оның 60% алмаға тура келеді,ол–– 75 мың. т азайған.Жер көлемі бойынша бау-бақшалы 25% аудан Ютландияда орналасқан.Қалғандары аралдарда.Интенсивті түрде көкеніс және бақша өндірісі оңтүстік шығыс Зеландияда дамуда.Олардың өнімі Копенгаген және Слагельсе консерва зауыттарында өңделеді.Екінші басты аудан –Фюн аралы және Оденсе және Свеннборг консерва зауыттары. 1995 жылы 40 мың. т алма жиналған осының ішкі нарыққа 40% кетеді.Данияда 1995 жылы тамақ өнімдерінің импорты 5,1 млрд. долл., ал экспорты –11,6 млрд. долл. құрады. Мал шаруашылығы. 90% астық өнімдері қара мал,шошқа және үй құстарының азығына кетеді. 1994 дылы қара мал бағатын 65% ферма бар. Данияда сүтті мал шаруашылығы еттіге қарағанда дамуда.1983 жылы сүт өнімінің мөлшері – 5,4 млн. т, 1995 жылы ол 4,6 млн. т азайды. Қара мал саны 3 млн. дан 0,8 млнға дейін азайды. Ірімшік экспортынан 1996 жылы 1 млрд. долл.пайда түскен. Негізгі мал түрлері– алақара дат және қызыл дат сыйырлары.Екіні түріне сүт өнімінің 90% тура келеді.Негізгі мал шаруашылығы ауданы– Ютландия.Бұл жерде 75% қара мал орналасқан.Шошқа саны 1993 жылы 11, 6 млн. бас.Шошқа өнімінің көлемі 1,7 млн. т, экспорттағы пайдасы 1996 жылы 3,4 млрд. долл.құраған. 3/4 ет өнімдері экспортқа кетеді.Негізінен дамушы елдерге жіберіледі. Балық аулау. Балық экспорты мемлекетке 2,1 млрд. долл. 1993 жылы әкелді.Бірақ 1995 жылы бұл көрсеткіш 520 млн. долл.қысқарды.Басты ауланатын балық треска болып ол 1/3 құрайды.Басқада ауланатын балықтардан камбала, теңіз шаяны және сельдь. Баст балық ауланатын жерСолтүстік теңіз және Скагеррака,басты порт Ютландияның батыс бөлігінде орналасқан.Кеме қатынасында Солтүстік теңізде, Эсбьерг қызмет теді. 1980 жылдан ресурстарды эксплуатация ету көбейіп Солтүстік теңіз ластанған соң балық аулау төмендеді. Швеция. Швеция (Швеция Kорольдігі) - Eвропада орналысқан ел. Скандинавия елдерінің бірі. Оланддар. Аланд аралдары — Еуропада орналысқан аралды ел. Скандинавия елдерінің бірі. Финландия құрамындағы автономия болып табылады. Алмания. Германия (— Германия Федерациялық Республикасы) — Орталық Eуропада 16 жеке не жартылай тәуелсіз федералдық жерлерден тұратын ел. Бүгінгі Германия Республикасының елордасы және мемлекеттік құрылымдары орналасқан жері — Берлин қаласы болып табылады. 82 млн халқы бар Алмания мемлекеті — әзірше Еуропадағы халқы санынан ең ірі мемлекет. Еуропа Одағының ірге қабырғасын қалаған мемлекет Еуропаның көшбасшы мемлекеті міндетін атқарып отыр. Әкімшілік-аумақтық бөлінісі. Алмания – федеративті мемлекет болып табылады. Әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қарай 16 жерден тұрады. Негізгі заңы – конституциясы 1949 жылғы 23 мамырда қабылданған. Елдің федералдық президенті Федералдық жиналыста бес жыл мерзімге сайланады. Қазіргі Федералдық президенті Хорт Келер, ол 2004 жылдың 23 мамырында сайланған. Алмания парламенті екі палатадан – Бундесрат (жоғарғы) және Бундестагтан (төменгі) тұрады. Бун¬десратты жер үкіметі өкілдерінің 68 мүшесі құрайды. Егер федералдық президент болмаған немесе ол өзінің міндетін атқаруды мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда мемлекет басшысының міндеті Бундесрат төрағасына көшеді. Ал Бундестаг төрт жыл мерзімге жасырын дауыс беру арқылы сайланған 603 депутаттан тұрады. Атқарушы билік – федералдық үкіметтің құрамына германдық Бундестагта сай¬ланған Федералдық канцлер мен федералдық министрлер кіреді. Федералдық канцлер мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Алмания қазіргі Федералдық канцлері – Ангела Меркель. Саяси партиялар. Алмания Федеративті Республикасында бірқатар саяси партиялар қызмет етеді. Олардың ішінде негізгілері, яғни басқа партияларға қарағанда ықпалы күшті алты партияны бөле-жара атаған жөн. Ретіне қарай атайтын болсақ, 1869 жылы құрылған Алмания Социал-демократиялық партиясы; 1945 жылы құрылған Христиан демократиялық одағы. Бұл партияны Федералдық канцлер Ангела Меркель басқарады. Негізгі мақсаты – Батыс елдерімен интеграция жасау және әлеуметтік нарықтық экономика. Бұдан кейінгісі Христиан әлеуметтік одағы; Еркін демократиялық партиясы; Демократиялық социализм партиясы және 1990 жылы құрылған “Жасылдар” одағы. 2002 жылғы қыркүйекте өткен Бундестаг сайлауында тиісті 603 орынның 251-ін Алмания Социал-демократиялық партиясы, 248-ін Христиан демократиялық одағы мен Христиан әлеуметтік одағы, 55-ін “Жасылдар”, 47-сін Еркін демократиялық партиясы, ал 2 орынды Демократиялық социализм партиясы алды. Экономикасы. Алмания экономикасы дамыған елдердің алдыңғы қатарынан орын алады. Негізгі салалары мәшине жасау, электр техникасы, металлургия, химия және фармацевтика өнеркәсібі, тағы басқа салалар ел экономикасының өркендеуіне қомақты үлес қосып келеді. Сонымен қатар, көлік инфрақұрылымы ерекше маңызға ие. Ірі 13 әуежай, 6,8 мың шақырымнан асатын ішкі су жолдары күндіз-түні жұмыс істейді. Бұған Солтүстік теңізіндегі Гамбург пен Бремен, Балтық теңізіндегі Киль, Любек және Росток теңіз порттары қосылады. Алманияның сыртқы саудадағы әріптестеріне келсек, ең алдында Франция тұр. Одан соң импорт бойынша Нидерланды, Италия, Ұлыбритания, АҚШ, ал экспорт бойынша Ұлыбритания, Италия, АҚШ және Нидерланды келеді. Алмания БҰҰ мен ЕҚЫҰ-ның жұмыстарына белсенді түрде қаты¬сып жүр. Өз тараптарынан беделді бұл халықаралық ұйымдарға айтар¬лықтай қаржы және кадр ресурстарын бөліп отырады. Сондай-ақ, Алманияның алдына қойған ба¬сым бағыттарының бірі – БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болу. Ал Алманияның Орталық Азия елдеріне байланысты ұстанған саясаты айқын, ол – экономикалық салаларда мүмкіндігіне қарай ынтымақтастық жасау. Швейцария. Швейцария - Eуропада oрналасқан ел. Швейцария конфедерациясы әкімшілік жағынан 22 кантонға бөлінетін Орталық Еуропада орналасқан мемлекет. Италия. Италия (Италия Республикасы) Eуропада орналысқан ел. Астанасы - Рим. Сан-Марино. Сан-Марино (Сан-Марино Мәртебелі Республикасы) Eуропада Италияда орналысқан ел. Етіс. Етіс (етіс категориясы) деп амалдың (істің) субъекті мен объектіге қатысын, сондай-ақ, керісінше субъекті мен объектінің амалға (іске) қатысын білдіретін формалардың жүйесін айтамыз. Етістер - етістіктен етістік тудыратын, өздерінше морфологиялық және синтаксистік сипаттары басқашалау болып келетін, бір алуан жұрнақтардың жүйесі. деген сөйлемдердегі етістіктерін ("сұра, сұрас, сұрат, сұрал, сұран") бір-бірімен салыстырғанда, олар бір түбірден өрбіген түбірлес негіздер екені айқындалады. Осы бес түрлі негіздің соңғы төртеуі "сұра" түбірінен тиісті жұрнақтар арқылы (-с, -т, -л, -н) туып, бір-бірінен ерекшеленіп тұр; осы формаларына қарай (түпкі лексикалық мағынасы бір боа тұрса да), олардың семантикалық мәндерінде де бір-бірінен айырмашылық бар. Лихтенштейн. Лихтенштейн (Княздік Лихтенштейн) - пресноводный Eуропада oрналысқан ел. Швейцария аралының шығысында және Аустрия батысында жайғасқан. Ватикан. Ватикан "(Латынша: Status Civitatis Vaticanæ)" Eуропада орналысқан ел. Ватикан - бір қаладан тұратын әлемдегі ең кішкентай ел. Рим католик шіркеуінің орталығы болып табылады. Ватикан, Ватикан қала-мемлекеті – католик шіркеуінің орталығы, Рим папасы орналасқан мекен. Рим қаласының батыс жағында. Жер аумағы 0,44 км2. Бұл жерден тыс Римнің іші мен сыртында Ватиканға қарайтын үш собор бар (жалпы ауданы 0,7 км2). Тұрғыны бір мың адам шамасында. Көпшілігі діни мекемелердің қызметкерлері. Ватикан азаматтығын тек жеті жүздей адам ғана алған. Ресми тілдері: латын және италия тілдері. Ватикан – абсолютті теократиялық монархия. Мемлекет басшысы – Рим папасы. Оның қолында барлық билік (заң шығару, атқару, сот төрелігі) шоғырланған. Бұған қоса Рим папасы сыртқы елдермен қарым-қатынасты да жеке өзі шешеді. Папаның жанындағы кеңесші орган – Кардиналдар кеңесі. Олар аса маңызды шіркеу істерін қарайды және өз араларынан Рим папасын сайлауға қатысады. Кардиналдардың үштен бір бөлігі Рим куриінің (Ватикан үкіметі) құрамына кіреді. Үкімет Ватиканның діни, саяси, экономикалық істерінің барлығына басшылық жасайды. Ватикан тарихы 756 ж. Папа облысы құрылған кезден басталады. 1870 ж. Италия әскерлері Папа облысын басып алып, астананы Римге көшірді. 1929 ж. жасалған Латеран келісімі (конкордат) бойынша, Италия жағы Ватикан мемлекетінің тәуелсіздігін мойындады. 1984 ж. екі арада жаңа конкордат жасалып, италиялықтарға дін еркіндігі берілді. Қазір әлемде сегіз миллионнан аса христиан-католик тұрады. Олардың ішінде Рим папасының саясатын жүргізетін 1,7 млн. дін қызметкері, 0,4 млн. священник, екі мыңнан аса монастырьлар бар. Бұған қоса Ватикан діни емес ұйымдар (кәсіподақ, жастар, әйелдер, т.б.) арасында да үлкен беделге ие. Ватикан басшылығы әлемдегі шешуі аса күрделі мәселелерге (қарулы қақтығыстар, жұмыссыздық, кедейшілікпен, аштықпен күрес, т.б.) үнемі араласып отырады. Бұл қызметтеріне кететін шығынды олар өз есептерінен төлейді. Ватикан дүние жүзіндегі аса бай мемлекеттердің бірі (алтын қоры – 13 миллиард доллар). Малта. Малта (Малта Республикасы) Eуропада орналасқан ел. Испания. Испания Eуропа құрлығында орналысқан ел. Испания парламенттiк демократиялы, конституциялық монархиялы ел. Оңтүстік-батыс Еуропада, Иберия бұғазында орналасқан мемлекет. 1986 жылдан бері Еуропалық Одақтың мүшесі. Номиналдық ЖІӨ бойынша дамыған ел: әлем бойынша ең ірі экономикалар арасында 9-ыншы орында, Еуропа бойынша 5-інші орында. Тарихы. Испания Америкада көп отарлар істеді. Жаулаушылық кейінгі бүгінгі Испания Көне Римның провинциясы – Hispania болды. Орта ғасырда осы жерге германдар келді, ал содан кейін, арабтар солтүстік Африкадан келіп Кордоба Халифаты орнатылған. Кордоба Халифатының елордасы өз уақытында Еуропаның ең үлкен және бай қаласы болды. Осы уақытта солтүстік Испания, және Португалияда Христиан патшалықтары: Арагон, Кастилия, Наварра және Астурия болды, олар арабтармен жаугершілік күресу - «Reconquista» (ұрып өзіне қарату) басталды. «Reconquista» 722 ж. Ковадонга шайқасымен басталды, христандар жеңіс алып, Астурия патшалығын орнатты. Сондықтан арабтар Пиреней тауларына кетіп, Фрасиямен соғыса бастады. 1469 ж. Кастилия мен Арагон патшалықтары бірлесіп, жаңа бір мемлекет – Испания елін құрды.1492 ж. христиандар ең соңғы мұсулман мемлекеті – Гранада патшалығын басып алды. Осы жылда Колумб Американы ашты, Испания өз империясының құрылысын бастады. Испандықтардың Империясына оңтүстік және орталық Америка, Мексика, оңтүстік АҚШ, Филлипины, Солтүстік Италия, Маррокко елдері кірді. Осы кезең Еуропада «Испанияның Алтын Ғасыры» деп аталған. Испания 16-17 ғасырда Еуропаның ең қайратты мемлекеті болып шықты, бірақ 19 ғасырдың француздардың кірісуі былыққа келтірді. 1793 ж. Испания Францияға соғыс жариялады (Франция өз патшасы Луи XVI өлтірді). Осы соғыста Франция жеңіске жетіп, Испанияда тәуелді мемлекет құрылды. Сондықтан Наполеон Испания патшалығын өз ағасы Жозеф Бонапартқа берді. Бірақ испандықтар келіспей тәуелсіздік соғысын бастады. Осының бәрі Испания Империясын әлсіретті - сонымен Боливия, Мексика, Куба елдері империядан шығып, өздерінің тәуелсіздігін жариялады. 20 ғасырда Испан азамат соғысы басталды, осы соғыста фашистер жеңіске жетті. 1978 жылы Испания демократиялық жолына оралды. Бүгінгі Испания - Парламенттік Патшалық, ол Еуропалық Одаққа кіреді. Әкімшілік құрылысы. Испанияда 17,1 автономиялық аймақ (comunidades autónomas) және 2 автономиялық қала (ciudades autónomas) – Кеута және Милилла, бар. Тағыда Испания 15 провицияға бөлінеді. Жеті автономиялық аймақ тек қана бір провинцияға кіреді, олар: Астурия (Asturias), Балеар аралдары (Balearic Islands), Кантабрия (Cantabria), Ла Риоха (La Rioja), Мадрид (Madrid), Мурсия (Murcia) және Наварра (Navarre). Провинциялар аудандарға (comarcas) бөлінеді. Ал одан әрі, олар микро-аудандарға (municipio) айырылады. Тілдер. Елдің мемлекеттік тілі- испан(кастиль нұсқасы). Бірақта жеке аймақтарда кастиль тілімен қатар ресми тілдер ретінде және қарым қатынаста каталон, баск(эускера), галисий және валенсий тілдері қолданылады Ысқақов, Ахмеди Ысқақұлы. Ысқақов, Ахмеди Ысқақұлы (1910) — тілтанушы, филология ғылымының докторы (1965), профессор (1968),Қазақстан ҰҒА-ның мүше-корреспонденті (1972), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957). Өмірбаяны. Алматы педагогикалық институтын бітірген (1940). КСРО ҒА-ның КСРО халықтарының тілі мен жазуы институтының аспиранты (1940—1941), ҚазПИ (1941-1942), содан кейін Педагогикалық және оқытушылық институты директорының орынбасары және оқутышысы (1942-1947), Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында кафедра меңгерушісі (1947-1951), ҚазССР ҒА-ның Тіл және әдебиет институтының директоры (1951-1953), ҚазМҚПИ кафедра меңгерушісі (1953-1955), ҚазССР ағарту министрлігі Педагогикалық ғылымдар ғылыми-зерттеу институтының директоры (1955-1961), 1961 ж. бастап ҚазССР ҒА-ның Тілтану институтында бөлім меңгерушісі. Ғылыми қызметі. Зерттеу бағыттары: қазақ тілтануының тарихы мен қазіргі жағдайы, грамматика (морфология), сөз таптарының теориясы және сұрыпталуы, лексика және лексикография, оқыту методикасы. Бұл кісінің бастауымен он томдық «Қазақ тілінің сөздігі» мен «Абай шығармаларының сөздігі» құрастырылған. Монографиялар, оқулықтар, жинақ ішіндегі бөлімдер; қазақ тілтануы, педагогика, халық білімі тарихының сауалдарына қатысты мақала топтамалары сияқты 200-ден астам ғылыми еңбектің ауторы. Португалия. Португа́лия (), толық ресми аты Португа́л Респу́бликасы () — Еуропаның ең батысында орналасқан мемлекет. Пиреней түбегінің оңтүстік-батысында орналасқан. Солтүстігі мен шығысында Испаниямен, ал оңтүстігі мен батысын Атлант мұхиты шайып жатыр. Ел аты Порту (лат. Portus Cale — «жылы кемежай») қаласы атынан бастау алады. 1910 жылдан бері президенттік республика. НАТО мүшесі (1949 жылдан бері), БҰҰ (1955), ЭЫДҰ (1961), Еуропа Одағы (1986 ж. 1 қаңтарынан бастап), Португал тілді елдер достастығы (1996). Шенген келісімі мен еуро аумағына кіреді. Андорра. АНДОРРА, А н д о р р а к н я з д і г і — Еуропадағы шағын мемлекет. Франция мен Испания аралығында, Шығыс Пиреней аумағында орналасқан. Жер көлемі 465 км2, халқы — 65 мыңнан астам (1993), олардың ішінде байырғы халқының (андорралықтар) саны — 19 мың шамасында, қалғандары — португалдықтар, испандықтар, француздар. Ұлттық мейрамы — 8 қыркүйек, Богородица Меритксельская күні (Андорраның желеп-жебеушісі). 1993 ж. 14 наурызда өткен референдумда мақұлданған елдің жаңа Конституциясы бойынша Андорра парламенттік княздік болып табылады. 1278 жылдан бері Урхель епископы (Сеу-де-Урхель қаласы, Испания) мен Франция президентінің тарихи қалыптасқан қос басшылығы сақталған. Олар — Андорр тәуелсіздігінің, Испания және Франциямен достық қарым-қатынасының кепілі. Өкіметтің заң шығарушы органы — бір палаталы Бас Кеңес (1419 жылдан бері жұмыс істейді), ол үкімет қызметіне бақылау жасайды және мемл. бюджетті бекітеді, парламент төрағасын және оның орынбасарларын, үкімет басшысын сайлайды. 1981 ж. жүргізілген “институттар реформасы” бойынша құрамында 8 министрі бар Атқару кеңесі (үкімет) құрылып, оған елдің ішкі және сыртқы саясатына басшылық ету жүктелді. Бас кеңесте 5 саяси партия өкілдері бар. Андорра жөніндегі алғашқы мәліметтер 778 ж. арабтардан жеңілген вестготтардың Сеу-де-Урхель қ-н тастап, Пиренейдің биік шатқалдарына барып паналауын сипаттайтын жазбалар да кездеседі. Император Ұлы Карл арабтардың әрі қарай ілгерілеуін тоқтатып, Андорраны Урхель епископының қарамағына береді. Орта ғ-ларда Андорра Урхель епископы мен граф де Фуаның иелігі болды. Кейін граф де Фуаның бұл құқы француз корольдеріне ауысты. 1993 ж. дейін Андорра Франция мен Испанияның протектораты ретінде саналған княздік болды. Жалпыға бірдей сайлау құқы ерлер үшін 1933 ж., әйелдер үшін 1970 ж. енгізілді. Жаңа Конституцияның Андорраның мемлекеттік құрылысы жөніндегі баптарына 1993 жылғы 1 маусымда өзгерістер енгізілді, Испания Корольдігі, Француз Республикасы және Андорра княздігі арасында шарт жасалып, Андорраның жаңа тәуелсіз мәртебесі тиянақталды. Андорра 1993 ж. БҰҰ-на, 1994 ж. Еуропа Кеңесіне, ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ-ке мүше болып қабылданды. 1996 ж. шілдеде Андорра Ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа ресми түрде қосылды. Халқының негізгі табыс көзі (1993 ж. жан басына 15411 АҚШ долларынан келді) — сауда мен шетелдік туризм (жылына 12 млн-ға дейін адам келіп кетеді), экономикасының маңызды саласы — темекі өсіру және өңдеу. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары бар. Таулы өңірлерінде мал ш-мен айналысады. Тегін және міндетті бастауыш білім беру енгізілген. Елдегі сауаттылық деңгейі 100%-ке жуық. Рай. Рай категориясы - модальдік (арай) категорияның етістік формалары арқылы берілетін амал-тәсілдерінің жүйесі. Етістіктің райы - мазмұн жағынан да, форма жағынан да - аса бай категория. тәрізді жай сөйлемдердегі етістік формаларын алсақ, олардың әрқайсысында өзіне ғана тән, өзгелерінде жоқ моральдік мән (реңк) бар. Ашық рай. Ашық рай (индикатив) деп амал-әрекеттің өткенде, қазірде және келешекте болу я болмауын білдіретін негативті грамматикалық категорияны айтамыз. Неғайбыл райлар. Амалдың реальді емес екенін білдіретін негативтік сипат - неғайбыл райлардың бәріне де тән жалпы қасиет. Бұйрық рай. Хинди тілінде бұйрық рай көпше және жекеше түрде 2-ші жаққа ғана қолданылады. Бұйрық рай бірнеші түрде болады: бұйрық, өтініш, қалау, рұқсат, сақтандыру, т.б. Бұл форма балаларға, патшаларға және жақын адамдарға қолданады, сондай-ақ бұл сыпайы түрде де және анайы түрде де қолданыла береді. 2-ші жақта көпше түрде бұйрық рай үшін етістіктіңтүбіріне –о жалғауы жалғану арқылы жасалады. О-жалғауы тікелей етістіктің бірінші әрпіне жалғасады. үшін бұйрық рай түрі – бұйрық беру үшін, өтініш, әдептілік үшін көп қолданылады және бір адамға, сондай-ақ бірнеше адамға бірдей айтылады. үшін, көпше түрдің 2-ші жағы, етістіктің түбіріне жалғану арқылы жасалады. Бұл сыпайы түр бір адамға, сондай-ақ бірнеше адамға бірдей айтылады. - (жоқ), сыпайы қарым-қатынас кезінде айтыладыжәне инфинитивпен бірге бұйрық рай түрінде. Сондай-ақ қалау рай түрінде қолданылады. Қалау рай. Қалау райы сөйлеушінің белгілі бір амалды я әрекетті жүзеге асыруға бағытталған ниетін, ынта-тілегін, үміт-арманын білдіреді. Бұл райдың көрсеткіштері есебінде -ғы (+м, +ң) сы кел; -са игі еді; ғай еді; -са екен (аналитикалық) форманттары қызмет етеді. Бұл форма мазмұны жағынан жүзеге асу я аспауы неғайбыл келер шақ мәнінде жұмсалумен қатар, өткен шақ пен осы шақ түрлеріне де қолданыла береді. Бірақ олар нақтылы амалдың жүзеге асқан я асып жатқан шағын емес, тек өткен шақта я қазіргі шақта сөйлеушінің көкейінде болған арман-ынтаны ғана білдіреді. Күрделі -ғай еді форманты арқылы сөйлеуші басқа(II, III жақ) субъектінің бегілі бір амалды жасағанын я орындағанын аңсайды, іздейді, бірақ одан амалдың қалай тынғаны көрінбейді де, білінбейді. Күрделі -са игі еді форманты арқылы да сөйлеуші басқа (II, III жақ) субъектінің амалды орындауын тек тілек ретінде атайды. Бірақ амалдың нақтылы орындалатыны я орындалғаны аңғарылмайды. Бірақ "сендер барса игі едіңдер" дегеннен тілек я қалаудан гөрі күдік я күмән мағынасы күштірек білінеді. Күрделі -са еді форманты амалға тек арман мәнін үстейді, бірақ оның орындалуы я орындалмауы жөнінде ешқандай мәлімет білдірмейді. Күрделі -са екен форманты да болашақта істелінетін амалды тек аңсап тілейді, бірақ оның жүзеге асу я аспауы тіпті ескерілмейді я ілтипатқа алынбайды. Шартты рай. Шартты рай формасы етістіктің жалаң (түбір, туынды), күрделі негіздеріне -са (-се) жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Шартты райдың бұл формасы мағына жағынан басқа бір амалдың я істің жүзеге асу-аспау шартын білдіреді. Осы мағынасына орай, шартты рай формалары етістік дәйім құрмалас сөйлемнің шартты бағыныңқысының баяндауышы болады да, басыңқы сөйлемнің баяндауышының істелу-істелмеу шартын көрсетеді. Шартты рай формасы үнемі жіктеліп жұмсалады. Оның жіктелу үлгісі өткен шақ формасына ұқсас. Арай категориясы. Арай категориясы - сөйлеуші лебізінің я сөйлеуші пікірінің ақиқат шындыққа қатысын білдіретін тілдегі тиісті фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тәсілдер және олар арқылы берілу жүйесі. Облыс орталығы. Облыс орталығы — Қазақстанда облыстын әкімшілігі орналасқан қала. Ағымда барлығы облыс әкімшілігіне бағынады. Байұлы. Байұлы — Кіші жүздің ең ірі тарамы. Одан да басқа екі тарамы бар, олар — Жетіру және Әлімұлы. Байұлы мен Әлімұлыны бірге алшын немесе ноғайлы деп те атайды. Байұлыға он екі ру кіреді. Олар: Адай, Алаша, Алтын, Бақсиық, Байбақты, Беріш, Есентемір, Жаппас, Қызылқұрт, Масқар, Сұлтансиық, Таз, Тана, Шенеш, Шеркеш, Ысық. Байұлы ұрпақтары көбінесе Қазақстанның батысында кең тараған. Одан да басқа Түрікменстанда, Ресейде көп. Құран. Мұсылман дардың киелі кітабы. 114 сүреден тұрады. Жалпы аят саны 6236. Мұхаммед (ғ.с) пайғамбарға Жабрайыл періштесі арқылы бөлек-бөлек 23 жыл бойы түсірілген. Барлық пайғамбарларда бір мұғжиза болған, Иса(ғ.с) адам емдеу болса, пайғамбарымыздың мұғжизасы Құран болған. Құран - тұтастай тұңғиық ғылым, Алладан түскен кітап. Әлемдік ғылым дамыған сайын оның сыры да белгілі бола бастады. Бір хадис естіп едім: "Ғылым дамыған кезде, Ислам дамиды" - деген. Ол - адам ақыл-ойының, логикасының туындысы деу шындыққа мүлдем жанаспайды. Қазіргі өркениетті, ғылым, білім, электроника, ақпараттық заманда дүние жүзінің таңдаулы, маңдай алды ғалымдары Құранға бас иіп, оның ғылыми тереңдігі мен шексіз қасиетіне таңдай қағуда. Құран Кәрім ғажайыптары. Құран Кәрім ғажайыптары — Құран пайда болған кезде белгісіз болған, одан көп кейін ғана ашылған ғылыми жаңалықтар Құранда айтылған еді деген көзқарас. Кейде ғажайыптары деп Құрандағы араб тілінің ерекше көркемділігіне қатысты да айтылады. Зерттеулер барысында Құран Кәрімнің көптеген мұғжизалары әр түрлі қырынан ашылуда. Солардың бірі Құрандағы ұғымдар тепе-теңдігі. Адамзатты тура жолға бастап, жақсылыққа шақырып, жамандықтан тиятын Құранның осы бір тұсының өзі ойлайтын адам үшін жетіп артылмай ма? Құрандағы ғылыми фактілер. Жапонияның тауларды зерттеуші, геолог-профессоры Сиеведа: "материктік және су астындағы таулардың ерекшелігі мынада: олар бейне жерге қағып кіргізілген қазықтар сияқты. олардың жер астында жалғасы бар " - деген ғылыми жаңалығын жария еткенде, оған құранның "Нәба" сүресінің 6-7 аяатындағы: "Сендер үшін біздің төсеніш етіп Жерді, оған қазық етіп тауларды жаратқанымыз өтірік пе?", - деген сөздерді оқып берген. Сонда Сиеведа: "Бұл адам сенгісіз жағдай. Тіпті мүмкін емес. Алайда, Құрандағы нәрсе - ақиқат, шындық және дәлме-дәл. Бұған дейін мұны ғалымдардың ешқайсысы білген жоқ еді. Қазіргі кездегі ғылыми шынды, Ислам шындыққа қарсы келмейді" - депті. АҚШ профессоры, атақты геолог Альфред Кронеге "Әнбия" сүресінің 30-аятындағы: "әуелде Көк пен Жер бір тұтас еді ғой. Біз екеуінің арасын ажыраттық. Жанды мақұлықтардың барлығын судан жараттық. Кәпірлер осыны қалай білмейді? Оған неге сенбейді?" - дегенді оқып бергенде, қатты таң қалыпты. "Бәдәуи мұны қайдан алған? Бұл жақында ЭВМ мен техниканың көмегінің нәтижесінде белгілі болды. Бұның 1440жыл бұрын өмір сүрген, ядролық физика туралы ештене білмейтін адамның жер мен аспан денелерінің бір уақытта жаралғанын ақылмен танып білуге қабілеті жетпейді. Оның мұны білуі мүмкін емес еді", - депті Мұхаммедті(с.ғ.с.) меңзеп. Және ол өтіп жатқан симпозиумның қортындысында: "Бұл ақиқат - Құдай жоғарыдан түсірген нұр" - деп қортындылапты. Қазіргі заманда рентген сәулесі арқылы ғана ана құрсағындағы нәрестенің даму процесін ашып, ғылыми тұжырым жасауда. Ал, бұл Құран аяаттарында тап қазіргідей суреттелген. "Адамды топырақтың ең асылынан жараттық. Одан соң оны ұрықтың тамшысына айналдырып, өте сенімді орынға - жатырға орналастырдық. Ұйыған қанды бір жапырақ етке айналдырдық. Бір жапырақ етке сүйек бітірдік, одан соң сүйекке ет қондырдық, оған жан кіргізіп басқадай жаратылысқа айналдырдық. Аса шебер Жаратқан Иең барынша ұлы!" (Мүминүн:12-14) Осы жайлы Канаданың анатомия профессоры Доктор Мур мен АҚШ ғылыми-зерттеу Ислам акедемиясының атақты ғалымы Шейх Мұстафа былай дейді: "Құранда пайдаланылған терминдер эмбрионның әр сатыда даму өзгерістерінде болып жатқан әр түрлі процестерді хронологиялық тәртіппен өте дәлдікпен баяндап береді. Адамның іште дамуы жайлы көптеген ғылыми жаңалықтар ХХ-ғасырда белгілі болып жатқанда VII ғ. Мұхаммедке (с.ғ.с.) ондай нәрселер қайдан белгілі болсын. Аллаһ тағалаға біздің өсіп-дамуымыз ған емес, біздің өміріміз де, жасаған әрекеттеріміз де белгілі". Токио обсерваториясының директоры, профессор Ешиди Крзан жұлдыздардың газ тәрізді зат пен түтінен пайда болғанын айтады. Және де ол Құранның "Фуссилат" сұресінің 11-12 аятында және "Фурхан" сүресінің 61-атында осы жайлы жазылған Аллаһ сөзін мысалға келтіре отырып, төмендегіше тұжырым жасайды: "Мен әлем дүниесін зерттеудің жаңа тәсілін таптым. Қазіргі біз телескоптар арқылы аспан денелерінің негізгі массасы мен топтауын көре аламыз. Сондықтан да мен Құранды оқып және сауалдарға жауап алып, осылайша Құранның көмегімен алдағы уақытта әлем дүниесін зерттеудің тиімді жолын табатынымызға сенем". Дүние жүзіне белгілі океанограф Жак Кусто талай теңіздер мен мұхиттардың тұңғиығына сүңгіп, зерттеп білген адам. Ол мұхит пен теңіздің мен білмейтін жұмбақ сыры жоқ деп ойлайтын. Бірақ теңіз астында өзен барын, ол бір бағытта ағып жатқанын, сөйтіп теңіз астында бір-бірімен қосылмайтын екі судың бар екенін көріп таңқалған. Сонан соң мұндай құбылыстың Құранда XIV ғ. бұрын жазылғанын көріп жағасын ұстаған. "Ол қосылып кету мүмкіндігі бар екі теңізді қатар ағызып қойды. Бірақ араларында тоспа тастады да, қосылмайды. Тәңірдің қай тағылымын жоққа шығара аласыңдар. Екеуінен де інжу-маржан шығады. Тәңірдің қай ізгілігін теріс дей аласыңдар" (Рахман:19-23) Башқұрт тілі. Башқұрт тілі () - Башқұрстанда сөйленген тіл. Түркі тілдерінен. Қазақшамен ұқсас тілдерден. Түркі тілдердің қыпшақ тобында. Башқұрт тілінде 1 379 000 адам сөйлидi (2002). Тығыз индекс. Тығыз индекс () - дерекқорға арналған файл. Бұл файл бірқатар қостан тұрады: кілт пен көрсеткіш. Әрбір кілт пен байланған көрсеткіш, сирек индекске қарағанда, дерек файлындағы "жазбаға" көрсетеді. Индекстерді қолдану себебі: қазырғы дерекқорлар өте үлкен болғандықтан олар компьютердің бас зердесіне (main memory) сыймайды. Сондықтан, жалпы деректер бас зердеге блоктарға бөліп еңгізіледі. Бірақ үлкен дерекқордан жазбаны табу ұзаққа созылып кетуі мүмкін. Ал енді, индекс файлы немесе индекс блогы дерек файлынан әжептеур жеңіл болғандықтан бас зердеге сыйп кетеді. Бұл жазбаны іздеу уақытын азайтады. Тағы бір себеп, кілттер сортталған болғандықтан бинарлық іздеу қолдануға болады. Кластерлік, кілттері дубликатталған индекстерде тығыз индекс дерекқордағы кілті дәл келген "бірінші жазбаға" көрсетеді. Дерекнама. Database Systems: The Complete Book. Hector Garcia-Molina, Jeffrey D. Ullman, Jennifer D. Widom Сирек индекс. Сирек индекс () — дерекқорға арналған файл. Бұл файл бірқатар қостан тұрады: кілт пен көрсеткіш. Әрбір кілт пен байланған көрсеткіш сирек индексінде, тығыз индекске қарағанда, дерек файлындағы "блокка" көрсетеді. Индекстерді қолдану себебі: қазырғы дерекқорлар өте үлкен болғандықтан олар компьютердің бас зердесіне (main memory) сыймайды. Сондықтан, жалпы деректер бас зердеге блоктарға бөліп еңгізіледі. Бірақ үлкен дерекқордан жазбаны табу ұзаққа созылып кетуі мүмкін. Ал енді, индекс файлы немесе индекс блогы дерек файлынан әжептеур жеңіл болғандықтан бас зердеге сыйп кетеді. Бұл жазбаны іздеу уақытын азайтады. Тағы бір себеп, кілттер сортталған болғандықтан бинарлық іздеу қолдануға болады. Кластерлік, кілттері дубликатталған индекстерде, сирек индекс әр блоктағы "ең төмен нөмірлі іздеу кілтіне" көрсетеді. Дерекнама. Database Systems: The Complete Book. Hector Garcia-Molina, Jeffrey D. Ullman, Jennifer D. Widom Үшінші қалыпты түр. Үшінші қалыпты түр ("third normal form" немесе "3NF") дерекқор нормалауында қатынастың барлық кілт емес атрибуттары кандидат кілттерінен тәуелді болуын тексеруіне арналған қалыпты түр (форма). 3NFтың екінші қалыпты түрінен айырмашылығы: 3NFтың барлық кілт емес атрибуттары кандидат кілттерінен тәуелді болуы шарт. Сондықтан Bill Kent айтуынша, 3NF тілеуі: " қатынас кілтпен ғана негізделеді, тек қана кілтпен". Формалдық анықтама. Еғер, әрбір formula_8 түріндегі функциялық тәуелділікке төмендегі жағдайлардың біреу сәйкес келсе formula_3 үшінші қалыпты түрде болады. кез келген жартылай тәуелділіктегі немесе тразитивті тәуелділіктегі қатынас үшінші қалыпты түріне кірмейді. Мысал. Бұл жерде, өндірушінің мекен жайы қатынасқа кірмейді. Сондықтан өндірушінің мекен жайы бөлек кестеге өз аттрибуттарымен көшірілу керек. Кесте 3NFте болмаса әрбір өндірушінің атына біз артық мекен жай қосуына мәжбір болушедік (Әр өндірушінің атына бір мекен жай емес, әр бөлшектің нөміріне бір бір мекен жай беруге тура келушеді). Мәуленов, Сырбай. Мәуленов, Сырбай (17.9.1922 ж. туған Қостанай облысы; Жанкелдин ауданы; Торғай поселкесі; — 1993) — ақын. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген (1973). 1943 — 1950 Қостанай облысы радиокомитетінде редактор, "Большевиктік жол" (қазіргі "Коммунизм таңы") газетінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, 1951 — 1955 жылы. Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редакция меңгерушісі, 1957 — 1961 жылы Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші; "Қазақ әдебиеті" газетінде бас редактордың орынбасары, 1964 — 1971 жылы "Жұлдыз" журналының, 1955 — 1957, 1971 — 1977 жылы "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы болды. Тұңғыш өлеңі Жамбыл облысы "Колхозшы" газетінде 1937 жылы жарияланды, "Өлеңдері" атты алғашқы жинағы 1948 жылы жарық көрді. С. Мәуленов — қырыққа жуық жыр жинақтарының авторы. Өлеңдері қазақ поэзиясының лирика жанрын дамытуға елеулі үлес ретінде қосылды. Шығармаларында туған жер, замандас және оның жасампаз еңбегі жарқын жырланады. "Жолдас" (1954), "Жас жүрек" (1956), "Жол үстіндегі жалындар" (1963), "Жұлдыз жырлар" (1963), "Қызыл арша" (1969), "Боз қырау" (1976), "Тау гүлдері", "Шалқар", "Жалын" (үшеу де 1979). "Жаңбырсыз күз" (1980), өлендері "Шуақ", "Алтын тасқын" өлендер мен поэмалары (екеуі де 1981); "Жұлдыз жүрек" (1985) жинақтары шықты. Ақын кітаптары сыншылар тарапынан жоғары бағаланды. (1958) жылы "Таңдаулы өлеңдер" атты таңдамалысы, 1966 жылы "Шаңқай түс" жинағы, 1972 жылы "Тандамалыларың" 2 томдығы басылып шықты. Оның "Жаңа көктем" (1956), "Дала таңы" (1957), "Көгілдір таулар" (1964), "Жер нәрі" (1970), "Апрель жапырақтары" (1972), "Таңдамалы лирикалары" (1967), "Тандамала лирикалары" (1972), "Жапырақтар жанады" (1972), өлеңдер жинақтары орыс тілінде Мәскеуде басылды. 1981 — 1984 ж. "Таңдамалы шығармалары", "Алтын тасқын" 1-т. 1981, "Өлеңдері" 2т.-1983; "Өлеңдері", 3т. 1984 жарияланады. Мәуленов — белгілі журналист бола отырып мерзімді баспасөзге белсене қатысты, көптеген публицистикалық мақалалар мен очерктер жазды. "Жар нәрі" атты әдеби портреттер мен очерктер жинағында 1966 республика еңбекшілерін халық шаруашылығын өркендетудегі еселі еңбегін туысқан республикаларға барған сапарларынан алған әсерлерін суреттейді. "Ал Үркер төбеде тұр" 1971 жыл кітабы естеліктер мен портреттерден этюдтерден құралған. Бұл жинақта Абай, Ыбырай; Сәкен, Ілияс, Бейімбет, Қ. Аманжолов, Н.С. Тихонов, М. Тұрсын-заде тағы басқа өмір жолын қысқа әрі көркем бейнеленген. Шындағы шұғыла атты мақалалар мен очерктер жинағында 1972 Отанымыздың 50 жыл ішіндегі қол жеткен табыстары баяндалған. Мәуленов балаларға арнап "Барлаушы бал" (1961), "Құлыншақ", "Бала жолбарыс" (екеуі де 1963), Амангелді Имановтың балалық шағы туралы "Қорқақ торпақ" (1968) тағы басқа өлеңдер мен әңгімелер жазды. Мәуленов орыс және туысқан халықтар әдебиетінің классиктері А.С. Пушкин, М.Ю.Лермонтов, Н.А. Некрасов, Т.Г. Шевченко, В.В. Маяковский, А,А. Блок, С.А. Есенин, Н.С. Тихонов, М.А. Шолохов, Ә. Науаи тағы басқа шығармаларың қазақ тіліне аударды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығынаң лауреаты (1970). 1-дәрежелі Отан соғысы; "Қызыл Ту", "Халықтар Достығы", "Құрмет Белгісі" ордендерімен және медальдармен марапатталды. Мәсімов, Кәрім Қажымқанұлы. Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы — Қазақстан Республикасы премьер-министрі. Қысқаша өмірбаяны. 1965 ж. маусымның 15-інде туған. Бейжін Тілдер институтын, Ухань Заң университетін, Қазақ Мемлекеттік экономика университетін бітірген. Америка Құрама Штаттарындағы Колумбия университетінде тағылымдамадан өтті. Экономика ғылымдарының докторы. Ағылшын, қытай, араб тілдерін меңгерген. Еңбек министрлігінде бас экономист, бөлім бастығы, одан кейін республика Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінің Үрімші (ҚХР) қаласындағы өкілдігінің аға маманы, Ғонкоңтағы Қазақстан сауда үйінің атқарушы директоры, кейіннен Алматы сауда-қаржы және Халық жинақ банктерінің басқарма төрағасы болып сайланды. Көлік және коммуникация министрі, Премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалған. 2003 ж. маусымынан Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі. 2006 ж. қаңтарынан бастап Премьер-Министрдің орынбасары қызметін атқарған. 2007 ж. қантардың 10-ында Қазақстан Республикасы Президенті жарлығыменен Қазақстан Республикасы премьер-министрі деп тағайындалған. Әкім. Әкім - Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң жергiлiктi атқарушы органды басқаратын және тиісті аумақта мемлекеттiк саясаттың жүргiзiлуiн, Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдардың барлық аумақтық бөлімшелерінің үйлесiмдi қызмет iстеуiн, тиiстi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететiн, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк басқару өкiлеттiгi берiлген, тиiстi аумақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының жай-күйiне жауапты өкiлi. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) әкімдіктің Басшысын Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) әкiмдік Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының бiртұтас жүйесiне кiредi, атқарушы билiктiң жалпы мемлекеттiк саясатын тиiстi аумақты дамыту мүдделерiмен және қажеттілiгімен үйлестiре жүргізудi қамтамасыз етедi. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) әкiмдікті облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмi басқарады. Әкiм облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) әкiмдіктің әкiм орынбасарларын, әкiм аппаратының басшысын, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бiрiншi басшыларын тағайындайды. Сүлейман Демирел атындағы университет. Сүлейман Демирел атындағы университет, СДУ () — 1996 жылы ашылған. Құрылтайшысы «KATEV» болып табылатын бұл университетті Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев пен сол кездегі Түркия Республикасының Президенті Сүлейман Демирел ашқан еді және бұл оқу орнын Н.Ә.Назарбаев «Сүлейман Демирел университеті» (СДУ) деп атаған еді. СДУ жылдам адымдармен қысқа мерзімнің ішінде Қазақстанның алдыңғы қатарлы университеттерінің біріне айналды. Университетте білім ағылшын тілінде беріледі, ал түрік тілі міндетті түрде оқытылатын пән болып табылады. СДУ-дің филологиялық факультеті алғаш болып 2000 жылы түлектер тәрбиелеп шығарды. Университетті бітірген түлектер осы күнге дейін жергілікті және шетелдік фирмаларда оңай жұмыс тауып, өздерінің еңбек жолын бастады. Алғашында филологиялық факультетпен білім бере бастаған университет кейінірек өзінің қызметін экономикалық және инженерлік факультеттер ашып жалғастырды. Университетте 60-қа жуық мұғалімдер мен 85 қызметкер жұмыс істейді. Сондай-ақ университет 3 жылдан бері «Cisco» аумақтық академиясы ретінде қызмет көрсетеді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған Республика университеттері арасындағы компьютерлік тестте бірінші орынға ие болып, аталмыш жылы біліктілік емтиханынан абыройлы өтті. Қыздар үшін 400 орындық, ұл балалар үшін 500 орындық жатақханасы бар университет жалпы алаңы 15 000м2 жерде орналасқан жалпы көлемі 6000 м2 оқу ғимаратының мүліктік иесі болып табылады. Қазіргі кезде университеттің бар-жоғы 1400 студентке білім беру мүмкіншілігі бар және мекен жетіспеушілігі салдарынан білім беру, әлеуметтік шаралар өткізу және жатақхана талаптарына сай оқу ғимаратына зәру. Бұл мәселе бойынша жоспарлы түрде жұмыстар жасалынып жатыр. Қаскелен жақта 2011 жылына дейін 17 гектардық жерде университеттің жаңа ғимараты салынуда. Мұхаметжанов, Бауыржан Әлімұлы. Мұхаметжанов, Бауыржан Әлімұлы — Қазақстан Республикасының Ішкі Істер министрі. Қысқаша өмірбаяны. 1960 ж. Жамбыл облысы Мерке аулында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін бітірген. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетінде, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінде, Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігінде жауапты және басшылық қызметтерде болды. 1997—00 жж. аралығында Қазақстан Республикасының Әділет министрі қызметін атқарды. Президент Әкімшігі Басшысының орынбасары — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бөлім және басқарма бастығы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалған. 2005 жылдың қазан айынан — Қазақстан Республикасының Ішкі Істер министрі. Ертісбаев, Ермұхамет Қабиденұлы. Ертісбаев, Ермұхамет Қабиденұлы — Қазақстан саясаткері, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі. Қысқаша өмірбаяны. 1956 ж. қарашаның 19-ында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Саясаттану ғылымдарының докторы, профессор. Ағылшын тілін меңгерген. Жұмыс тәжірибесін 1978 ж. Жезқазған педагогикалық институтының ассистенті болып бастаған. Кеңес Әскері қатарында әскери қызмет өтеген. Ломоносов атындағы ММУ-де машықтанушы-оқытушы болып қызмет атқарған, сонда аспирантураны бітіріп, диссертация қорғаған. Саясат тарихы кафедрасының меңгерушісі болған. Бірнеше монографиялар мен жүздеген ғылыми және публицистикалық мақалалардың авторы. 1990—94 жж. Республика Жоғары Кеңесінің депутаты болды. 1994—98 жж. Қазақстанның Социалистік партиясы саяси атқару комитетінің хатшысы болып сайланды. 1994—98 жж. Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі 1998—2002 жж. Қазақстан стратегиялық зерттеу институтының директоры. 2000 ж. Мемлекет басшысы Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2002 ж. Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі. 2006 ж. қаңтар айынан бастап ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрі. 2006—08 жж. ҚР Мәдениет және ақпарат министрі. 2008 ж. мамыр айынан Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі. Түймебаев, Жансейіт Қансейітұлы. Түймебаев, Жансейіт Қансейітұлы — Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрі. Қысқаша өмірбаяны. Қазақ мемлекеттік университетін, Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетін тәмәмдаған. Филология ғылымдарының кандидаты, профессор. Еңбек жолын Қазақ мемлекеттік университетінде бастаған. Сыртқы істер министрлігінде, Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігінде, Президенттің Протоколы қызметінде жауапты қызметтер атқарған. Түркия Республикасының Ыстамбұл қаласындағы Қазақстан Республикасының бас консулы, Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының бастығы, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі-Протоколының бастығы. 2006 ж. ақпаннан Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2007 ж. қаңтар айынан Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрі. Досмұханбетов, Темірхан Мыңайдарұлы. Досмұханбетов, Темірхан Мыңайдарұлы — Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі. Қысқаша өмірбаяны. 1949 ж. наурыздың 8-інші жұлдызында туған. Қазақ мемлекеттік дене тәрбиесі институтын, Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген. Педагогика ғылымдарының кандидаты. Институтты бітіргеннен кейін 12 жыл бойына Қазақ мемлекеттік университетінде оқытушылық және ғылыми қызметтерде болды. Содан кейін «Еңбек резервтері» ерікті спорт қоғамының Қазақ республикалық кеңесі төрағасының орынбасары, төрағасы, «Интурист-Қазақстан» ұлттық компаниясының бас директоры, «Яссауи» мемлекеттік акционерлік компаниясының президенті болып жұмыс істеді. Қазақстан Республикасы Жастар ісі, туризм және спорт министрі, Астана қаласының әкімі — Үкімет мүшесі қызметтеріне тағайындалған. Соңғы уақыттарда — Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы. 2006 ж. наурыз айынан бастап ҚР Туризм және спорт министрі. Есімов, Ахметжан Смағұлұлы. Есімов, Ахметжан Смағұлұлы — Алматы қаласының әкімі. Қысқаша өмірбаяны. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын тәмамдаған. Кеңшар инженері, директоры болып, партия және кеңес органдарында жұмыс істеген. Мемагроөнеркәсіп төрағасының бірінші орынбасары, республика Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары, Алматы облыстық әкімшілігінің басшысы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары — Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалған. Бірнеше жыл бойы шетелде Төтенше және Өкілетті елші лауазымында Қазақстанның мүдделерін білдірді. 2001 ж. мамырдан бастап республика Ауыл шаруашылығы министрі. 2002 ж. мамырдан бері — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Ауыл шаруашылығы министрі. 2004 ж. мамырынан Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары. 2006 ж. қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрi. 2008 ж. сәуір айынан бастап Алматы қаласының әкімі. Коржова, Наталья Артёмовна. Наталья Артёмовна Коржова (1958, Сарқан, Талды-Курганская область) — Қысқаша өмірбаяны. Алматы Халық шаруашылығы институтын бітірген. Экономика ғылымдарының докторы. Институтты бітіргеннен кейін мамандығы бойынша Қаржы министрлігінде жұмыс істеп, экономистен департамент бастығына дейінгі жолдан өтті. 1996—99 жж. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі. 1999 ж. Қаржы вице-министрі, Экономика және бюджеттік жоспарлау бірінші вице-министрі болып тағайындалған. 2006 ж. қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрi. 2007 ж. қарашаның 13 қызметінен босатылды. Мұхаммед пайғамбар. Мұхаммед ибн Абдуллаһ (‎ '; (570, Мекке — 632 маусымның 8, Мәдине) — дүниежүзілік діндердің бірі — Исламның қалаушысы, мұсылмандар үшін Аллаһтың () соңғы елшісі және пайғамбары, дінді толықтырушы боп табылады. Бұған қоса дарынды білікті дипломат, саудагер, пәлсапашы, оратор, заңгер, қолбасшы және реформатор ретінде белгілі. Этимологиясы. Мұхаммед есімі «Мақталатын», «Мақтауға лайықты» деген мағынаны білідіреді. Исламда Мұхаммед басқа да әл-Нәби (Пайғамбар) және Расул (Елші), Абд (Аллаһтың құлы), Башир (Елші), Надхир (Ескертуші), Мудаккир (Еске салушы), Шахид (Куә), Да'и (Аллаһқа жақындатушы) есімдерімен белгілі. Құранда Мұхаммед кейде «Ахмад» деп те аталады. (сүресі) () Мұсылман әдебіне сай, Мұхаммед пайғамбардың аты аталғаннан кейін немесе жазылғаннан кейін артынша әрдайым «Салла Ллаху алейхи уа салләм» (араб. صلى الله عليه وسلم‎‎) — яғни, Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын» деп айтылады. Балалық шағы. Мұхаммед 570 ж. Раби әл-әууәл айында дүниеге келген. Сол кезде ең маңызды тайпалардың бірі боп есептелген Бану Хашим тайпасынан болады. Алайда Мұхаммедтің туған уақытында тайпасының хәлі өте жақсы болмаған делінеді. Әдетте Мұхаммедтің туған жылын Піл жылымен байланыстырады. Сол жылы Аксум патшасы, Абраха, ішінде бірнеше пілі бар әскерімен Меккеге шабуыл жасайды. Бірақ әскер ауруға ұшырап шабуыл сәтсіз аяқталып, содан бері сол жыл арабтарда Піл жылы деп атанған. Бұл оқиға 568 - 569 жж орын алды деген көзқарас та білдіріледі. Мұхаммедтің әкесі, Абдуллах, баласының туғанына 6 ай қалғанда қайтыс болады. Сол заманда, шөлдегі өмір нәресте денсаулығы үшін пайдалы деп есептелінгендіктен, Мұхаммед Бедуин тайпасына тәрбиеге беріледі: екі жасына дейін Халиман бинт Аби Дуяб пен оның күйеуі асырайды. Мұхаммедтің анасы, Әмина, ауруға шалдығып, бала алты жасында болғанда қайтыс болады. Әке-шешесінен айырылып, жетім қалған Мұхммедті өз қамқорына атасы Абд әл-Мутталиб алады. Бірақ екі жылдан кейін атасы да дүниеден өткесін, бала ағасы Әбу Талибтың қолында қалады. 6-шы ғaсыр соңында Мекке маңызды сауда орталығы болатын. Сонымен қатар, араб құдайларының ғибадатханасына айналған Қағба да Меккеде орналасады. Қажылық кезеңінде көптеген тайпалардың саудагерлері қалаға келіп жиналатын. Мұхаммед бала кезінен ағасына еріп, Сирияға сауда етуге сапар шегетін болады. Жетім болған Мұхаммедке саудагер болудан басқа жол болмайтын. According to the tradition, when Muhammad was either nine or twelve whilst accompanying the Meccans' caravan to Syria met a Christian Monk or hermit named Bahira who is said to have foreseen the career of Muhammed as a prophet of God. Пайғамбарымыздың қысқаша өмірбаяны. Сүйікті пайғамбарымыз (с.ғ.с.) 571 жылдың 20-сәуірі, дүйсенбі күні Меккеде дүниеге келді. Әкесі – Абдуллаһ, анасы – Әмина. Дүниеге келген шағында зыр жүгіріп қызмет еткен әйелдер: Шифа, Фатима, оларға Үммү Әйман да қолғабыс жасаған. Олардың айтуынша, пайғамбарымыз (с.ғ.с.) туыларда үй іші нұрға толып кеткен. Сүйікті пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ИбраҺимнің (ғ.с.) дұғасын алған, Иса (ғ.с.) пайғамбар оның келетіндігін алдын ала сүйіншілеген, анасы Әмина оны түсінде көрген. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) туылмай тұрып, әкесі ауырып көз жұмған. Мәдинада жерленген. Сондықтан ол әкесін көре алмады. Төрт жасына дейін сүт анасы Халиманың, одан кейінгі екі жыл өз анасы Әминаның қолында өсті. Алты жасында анасы Әмина оны туған-туыстарын аралатып, әкесінің қабірін зиярат етіп қайту үшін Мәдинаға апарды. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) атасы Абдулмұтталибтың шешесі Сәлма мәдиналық болғандықтан, сол жақта туыстары тұратын. Әкесінің қабірі нағашы ағасы Нәбиғаның ауласында еді. Хазреті Әмина баласымен бірге күйеуі Абдуллаһтың қабірін зиярат етті. Хазреті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) туыстарымен танысып қайтты. Қайтып келе жатып Әбуа атты жерге жеткенде Әмина анамыз ауырып қайтыс болады. Сүйегі сонда қойылды. Осы сапарға бірге шыққан Үммү Әйман пайғамбарымызды (с.ғ.с.) Меккеге әкеліп, атасының қолына табыстайды. Алты жасынан сегіз жасқа дейін атасы Абдумұтталибтың тәрбиесінде болды. Атасы өлер алдында әкесінің бауыры Әбу Тәліптің үйін паналауды өсиет етеді. Көкесінің қойларын бағып, зыр жүгіріп үйдегі жұмыстарға да қолғабыс тигізеді. Он үш жасынан бастап саудаға араласып, ерекше адалдығымен көзге түседі. Жиырма бес жасқа келгенде хазреті Хадиша(р.а.) анамызға үйленді. Ол кезде Хадишаның жасы қырықта еді. Оған үйленерде пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ел ішінде сенімділігі мен танымалдығы үлкен рөл ойнайды. Отыз бес жасында Қағбаға тасты қоюға таласқан тайпалар арасын татуластырды. Әділ төрелік етті. Олардың арасында тұтанғалы тұрған қақтығысты болдырмады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қырық жасқа жақындағанда елден жырақ кетіп, жаратылыстың тылсым құпияларына оңашада ой жіберуге құмартты. Ара-тұра Хира тауындағы үңгірге барып-тұруды әдетке айналдырды. Қырық жасқа толған 610 жылдың Рамазан айында Жәбірейіл (ғ.с.) періште арқылы уахи жолымен ең алғашқы «Оқы! Жаратушы Раббыңның атымен оқы!» деген аяттар түсті. Осыдан барып Жаратушы тарапынан оған «Пайғамбарлық» міндет жүктелді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) шақыруымен Ислам дінін алғашқылардың бірі болып хазреті Хадиша (р.а.), Әли (р.а.), Харисұлы Зәйд (р.а.) және Әбу Бәкір (р.а.) қабылдады. Артынша хазреті Оспан (р.а.), Ауфұлы Абдуррахман (р.а.), Әбууаққасұлы Саад (р.а.), Талха (р.а.) мен Зүбәйрлер (р.а.) тілін кәлимаға келтіріп мұсылман болды. Алғашқыда Пайғамбарымыз (ғ.с.) және оған ергендер пұтқа табынушылар тарапынан көп қиындық көрді. Тіпті хазреті Ясир мен әйелі Сүмәйя Аллаһ жолында жанын қиып, алғашқы шейіт болды. Біләл (р.а.), Әбу Фуқаһа (р.а.), Әратұлы Хаббаб (р.а.) секілді ер кісілер мен қатар Үммі Абис (р.а.), Нәхдия (р.а.) мен Зиннира (р.а.) секілді әйел мұсылмандардың да басына қайғы бұлты үйірілді. Пайғамбарлықтың алтыншы жылы Хамза (р.а.) мен Омар (р.а.) сияқты нағыз қаһарман ер жүрек кісілер Исламды қабылдады. Сол жылдары кейбір мұсылмандар Аллаһ елшісінің рұқсатымен Эфиопияға көшті. Пұтқа табынатындар мұсылмандарды оқшаулап жұртпен араласуға шектеу қойып, құртып жіберудің айла-шарғысын жасап бақты. Олармен сауда жасауға, араласуға қатаң тыйым салды. Бұл үш жылға созылды. Пайғамбарлықтың оныншы жылы хазреті Хадиша (р.а.) мен Әбу Тәліп қатар көз жұмды. Дін дұшпандарының зорлық-зомбылығы тіптен арта түсті. Өйткені, олар беделді де, абыройлы пайғамбарымызға (с.ғ.с.) көп қолдау көрсеткен жақындары еді. Қатты қайғырған Пайғамбарымыз(с.ғ.с.) өзіне қолдау іздеп Тайыф қаласына барды. Бірақ, тайыфтықтар оны келеке етіп таспен атқылап, үсті-басын қан-жоса етті. Шаһар сыртындағы тауды паналап әрең аман қалды. Осындай аса қиын- қыстау кезеңде пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірінде «Миғраж» оқиғасы орын алды. Аллаһ тағаланың құзырына барып, оның бірқатар бұйрықтарын тікелей Өзінен естіп-біліп қайтты. «Исра» сүресінің 22-39 аяттарында айтылатын 12 бұйрық та осы түні түскен болатын. Қиындықтардың ешқайсысына мойымай Аллаһтың елшісі (с.ғ.с.) Исламды уағыздауды жалғастыра берді. Арада бір-екі жыл өткенде «Ақаба анттары» қабылданды. Артынша-ақ, Аллаһ тағаланың аян беруімен пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) нұсқауымен мұсылмандар Меккеден Мәдинаға көшті. Хижра жыл санауы осылай басталған болатын. Жұрттың соңында Расулымыз (с.ғ.с.) қасына Әбу Бәкірді (р.а.) ертіп Меккеге жол тартады. Пұтқа табынушылар олардың ізін өкшелеп Сәуір үңгіріне дейін қуып барады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Меккеден Мәдинаға көшкен мұсылмандарды – мұһажирлар, ал, оларға қол ұшын берген мәдиналықтарды – ансарлар (бауыр) деп жариялады. Мүшріктер мен мұсылмандар арасында Бәдір, Ұхуд, Хандақ, Мүрәйсі секілді бірнеше соғыстар болды. Мәдина маңайын бұрыннан мекен етіп келе жатқан иаһудилер бар еді. Қайнұқа, Нәдір мен Құрайза деп аталатын бұл иаһуди тайпалары мұсылмандармен тістесіп, тіресуін қоймады. Үнемі арадағы келісімдерді орындамай бұзып отырғандықтан, олар ол маңнан қуылады. 630 жылы Меккені азат етті. Кезінде өзі қуылған Меккеге қайта басып кіргенде пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзіне жаманшылық жасағандардың барлығын кешірді. Аллаһ елшісі(с.ғ.с.) 632 жылы қажылық кезінде Арафатта жүз мыңнан аса мұсылмандарға арнап сөз сөйледі. Исламның қысқаша түсінігі, адам құқықтары жөнінен өте үлкен мәнге ие бұл сөзі Ислам тарихында қоштасу хұтпасы деп аталды. Ислам дінін асқан сабырлылықпен, үлкен ыждағаттылықпен адамзат баласына жеткізген сүйікті пайғамбарымыз (с.ғ.с.) 632 жылы дүйсенбі күні бақилыққа аттанды. Жаназа намазы өз үйінде оқылып, ол жерге арулап жерленді. Ағынан ақтарылу. Батыс ойшылдары Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар туралы «Мен мынаны мойындаймын; Мұхаммед – ғажап бір күш. Жаратушы мұндай кісіні екінші рет жарата қоймас. Ей, Мұхаммед, сенің замандасың бола алмағаныма қатты өкінемін. Өзің таратқан мына кітап сенікі емес. Ол Құдайдікі. Бұл кітаптың Аллаһтан екенін мойындамау – ғылымды түгелдей жоққа шығарғанмен бірдей күлкілі нәрсе. Адамзат баласы сен секілді ғажап адамды бір-ақ рет көрді, ендігәрі көре алмас. Мен сенің алдыңда құрметпен бас ием» «Саған жапқан жаламыздың бәрі шындығында біз үшін өте ұят. Ол – жаны жайсаң, тұлғасы биік, барынша байсалды жан. Мақсаты – дүниені жарыққа бөлеу болды. Өйткені, мұны Жаратушының өзі оған бұйырған». «Мұхаммедтің ақыл-парасаты патшалық сән-салтанаттың өзін түкке тұрғысыз, өте қарабайыр деп білді. Аллаһтың елшісі өз отбасында қызметші секілді от жағып, үй сыпырды, қой сауып, киімдері мен аяқ киімдерін өзі тікті. Мемлекет әрі дінбасы екенін "ұмытып", таза табиғи қалпынан аумай-ақ, тақуа ғұмыр кешті». «Ол мемлекеттің де, мешіттің де басшысы. Бір өзі Цезарь, бір өзі Папа десе болады. Бірақ бітімі бөлек. Папаның жасандылықтарынан аулақ Папа, арнайы қорғаушысы, тұрақты қарулы әскері, полиция күші, не тұрақты кірісі жоқ Цезарь. Егер тарихта қай жағынан алсаңыз да, Құдайлық негізге сай үкім берген бір жан болса ол сөзсіз Мұхаммед болып шығады. Өйткені, ол ең мықты бола тұра күштілікке елеусіз қарады. Өмірі қаншалықты қарапайым болса, халықтың арасында да сол әдетінен айныған жоқ. Мұхаммедтің дінінде барлық нәрсе басқаша. Ол жайындағы тарихи мәліметтер көлеңкелі, қалтарыс-бұлтарысты емес, барынша айқын. Оның өз міндетін бастауындағы ішкі жағдаяттары да бізге жақсы аян, өйткені, оған ешқандай күмән келтірілмейтіндігі Құран арқылы қуатталған». «Егер мақсаттың ұлылығы сайманның аздығы, нәтиженің таңғаларлығы, адам данышпандығы арқылы өлшенетін болса, жаңа кезеңде Мұхаммедпен кім теңесе алады? Мұхаммед – философ, шешен, елші, тапқыр. Адамның ұлылығын анықтайтын өлшемдер шеңберінде қарастырып көрейікші, одан өткен ұлы адам бар ма?» «Алдағы жүз жылдықта Англияны, жо-жоқ, бүкіл әлемді жайлайтын бір дін болса ол – Ислам болуы мүмкін. Кісі таңғаларлық шапшаңдығы үшін мен Мұхаммедтің дінін өте жоғары бағалаймын. Бұл дін тұрмыстың барлық жағдайларына бейімделе алатын, қай ғасырға да сай дін ретінде көзге түсуде. Ол ғажап кісіні мен зерттедім. Оны адамзаттың құтқарушысы деп білген жөн. Дәл сондай бір адам қазір әлемді басқарса, бейбітшілік пен татулықты орнықтыра отырып, барлық мәселелерді шешер еді. Мен былай топшылаймын: Мұхаммедтің сенімін ертеңгі Еуропа қабылдайды, оны тіпті бүгінгі Еуропаның өзі қабылдай бастағаны белгілі» «Әлемге үлкен өзгеріс әкелген адамдардың ең алдыңғысы ретінде Мұхаммедті қоюыма кейбір оқырмандарым таңғалуы мүмкін. Алайда, тарихта рухани әрі материалды салада бірдей жетістікке жеткен адам жалғыз ғана Мұхаммед екені даусыз. Мұхаммедтің Исламға деген ықпалы Иса Мәсіх пен Қасиетті Павелдың Христиан дініне жасаған ықпалынан әлдеқайда басым. Мемлекет жүйесі мен дін жүйесін қатар түйістіре білуінен-ақ, оның тарихтағы ең ықпалды тұлға екенін көреміз». «Ол ұмми болса да ғалам кітабын өте жақсы оқығандықтан өзімен тайталасқан небір оқымысты, ақылдыларға дес бермеген. Сондай-ақ, ізінен ергендер арасындағы деңгейі ең төмендермен де оңай тіл табыса білген. Теңдессіз шешендік пен арды, сезімталдықты бір жерге түйістіре алуы оның ықпалын арттыра түсті. Оның риясыз, шын пейілмен іс жасайтындығы жүзінен-ақ белгі беріп тұрған. Бұл – адамға деген үлкен ізет-құрметін білдіретін. Ол оқымыстыны да, хат танымайтын адамды да баурап алатын, оларға бағыт-бағдар сілтейтін тамаша қасиетке ие болған» «Мұхаммед – өмір шындығын бүкпесіз ұғына біліп, оны ғұмырының арқауы еткен тарихтағы санаулы бақытты адамдардың бірі. Ол – Аллаһ тағаланың елшісі. Өмірінің соңына дейін өзінің кім екенін ұмытпай, жаратылыс мақсатын ұқтыратын қызметін қалтқысыз атқара білді. Хақтан алған хабарларын өте үлкен жауапкершілікті сезіне отырып, сондай бір байсалдылықпен әрі асқан кішіпейілділікпен "өте дәмді" етіп халыққа жеткізе білді». Дерновой, Анатолий Григорьевич. Дерновой, Анатолий Григорьевич — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрi. Қысқаша өмірбаяны. 1951 ж. тамыздың 21-інде Қарағанды қаласында туған. 1974 ж. Қарағанды медицина институтын бітірген. Медицина ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын Талдықорған облысы Киров ауданының санитарлық-эпидемиологиялық станса­сының бөлім меңгерушісі болып бастады, кейін осы ауданның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып жұмыс істеді. 1991—1994 жж. — Алматы облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері. 1994—1996 жж. — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары — бас мемлекеттік санитарлық дәрігері. 1996 ж. — Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының бастығы. 2006 ж. қыркүйектің 20-ыдан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрi. Оразбақов, Ғалым Ізбасарұлы. Оразбақов, Ғалым Ізбасарұлы — Иcраел Мемлекетіндегі Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшісі. Қысқаша өмірбаяны. 1995—96 жж. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің орынбасары. 1996—97 жж. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңес хатшылығының меңгерушісі. 1997—98 жж. Көлік және коммуникация министрлігінің Экономикалық саясат, инвестиция және сыртқы байланыстар жөніндегі департаментінің директоры, Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация қызметі мен әуе кеңістігін пайдалану жөніндегі комитетінің төрағасы-вице-министр қызметтерін атқарған. 1998—99 жж. «Қазақойл» ҰМК әкімшілік және әлеуметтік мәселелер жөніндегі вице-президенті, директоры, атқарушы директоры. 2000—01 жж. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің өндірістік сала және инфрақұрылым бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2001—02 жж. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда вице-министрі. 2002—03 жж. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі. 2003 ж. шілдеден «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы ААҚ президенті. 2007 ж. қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрі. 2008 ж. сәуір айынан Иcраел Мемлекетіндегі Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшісі. Тәжин, Марат Мұханбетқазыұлы. Тәжин, Марат Мұхамбетқазыұлы — Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер министрі. Қысқаша өмірбаяны. 1960 ж. сәуірдің 8-інде Ақтөбе қаласында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын және С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген. Әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор. 1992 ж. дейін ғылыми-оқытушылық қызметпен айналысты. 1992 ж. бастап — Қазақстан Республикасы Президенті мен Министрлер Кабинетінің Аппаратында: Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары, осы бөлімнің меңгерушісі, ҚР Президенті Аппараты Басшысының орынбасары және Ақпараттық-талдау орталығының басшысы. 1994—95 жж. — Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік кеңесшісі. 1995—99 жж. — Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары және Президент Әкімшілігі Талдау және стратегиялық зерттеу орталығының басшысы. 1999—01 жж. — Президенттің Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы. 2000 ж. — Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Мемлекеттік комиссиясының төрағасы міндетін атқарды. 2001 ж. — Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарды. 2002 ж. — Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі Президенттің көмекшісі — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы. 2002 ж. тамыз айынан бастап — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының Бірінші орынбасары. 2006 ж. сәуір айынан бастап — Президенттің көмекшісі — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы. 2007 ж. қантардың 11-інде Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Марапаттары. «Құрмет» орденімен және екі медальмен марапатталған. Ахметов, Серік Нығметұлы. Ахметов, Серік Нығметұлы — Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі. Қысқаша өмірбаяны. 1958 ж. 25 маусымда туған. Қарағанды металлургиялық комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бітірген, инженер-металлург, экономика ғылымдарының докторы. Еңбек жолын Қарағанды металлургия комбинатының жұмысшысы болып бастаған. 2001-03 жж. Теміртау қаласының әкімі, 2003-04 жж. Астана әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. 2004 ж. ҚР Президент Әкімшілігінің Ұйымдастыру-бақылау жұмысы және кадр саясаты басқармасы мемлекеттік инспекциясының меңгерушісі, 2005 ж. наурыз айынан бастап «Атамекен» кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің жалпыұлттық одағының басқарма бастығы қызметтерінде болған. 2006 ж. қыркүйегінен Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі. Қарағұсова, Гүлжан Жанпейісқызы. Қарағұсова, Гүлжан Жанпейісқызы — Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі депутаты, қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің төрайымы. Қысқаша өмірбаяны. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттiк университетiн тәмәмдаған, экономика ғылымдарының докторы, профессор. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттiк университетiнде дәрiс берген, Қазақстан Республикасы Президентiнiң көмекшiсi, Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Экономикалық консультанттар кеңесiнiң жетекшiсi, Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссияның төрайымы, Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Экономика, қаржы және бюджет жөнiндегi комитетiнiң төрайымы болып тағайындалған. 2001 ж. қарашадан бастап Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi. 2007 ж. «Нұр Отан» партиясы тізімі бойынша Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырым депутаты боп сайланған. қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің төрайымы. Қарағұсова, Гүлжан Жанпейісқызы Ысқақов, Нұрлан Әбділдаұлы. Ысқақов, Нұрлан Әбділдаұлы — Қоршаған ортаны қорғау министрі. Қысқаша өмірбаяны. Қазақ политехникалық институтын бітірген. Экономика ғылымдарының докторы. Институтты бітіргеннен кейін ғылыми қызметпен айналысты, коммерциялық құрылымдарда басшы лауазымдарда жұмыс істеді. Алматы қаласының Калинин ауданы әкімінің орынбасары, Алматы қаласы бойынша Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы, Мемлекет Басшысы Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі болып тағайындалған. Соңғы кезде — Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі. 2006 ж. сәуір айынан бастап ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі. Храпунов, Виктор Вячеславович. Қысқаша өмірбаяны. 1948 жылы 24 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданының Предгорное ауылында туған. 1970 ж. — Өскемен индустриалды техникумын (техник — жылу-технигі). 1977 ж. — Алматы энергетика институтын (инженер-электрик). Алматы Жоғары партия мектебін саясаттанушы мамандықтары бойынша бітіріп шыққан. Экономика ғылымдарының докторы. Еңбек жолын Алматы жылу электр орталығының кезекші слесарь, жөндеу жөніндегі слесарі, шебер болудан бастаған. Алматы жылу электр орталығы өндірістік-техникалық бөлімінің аға инженер- технологы, жабдықтарды жөндеу жөніндегі қазандық цехы бастығының орынбасары, құбырлар цехының бастығы, ҚР Энергетика және көмір өнеркәсібі министрі, ҚР Энергетика және табиғи ресурстар министрі қызметтерін атқарған. 1997 ж. 2004 ж. желтоқсанына дейін Алматы қаласының әкімі қызметін атқарды. 2004 ж. желтоқсанынан Шығыс Қазақстан облысының әкімі. 2007 ж. қаңтар айынан Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі. 2007 ж. қарашаның 1 Премьер-министр Кәрім Мәсімовтың жер ұйымдастыруда өткізілген кемшіліктерге байланысты ұсынысымен мемлекет басшысы жарлығымен Виктор Вячеславович Храпунов Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі қызметінен босатылды. Бәлиева, Зағипа Яхияқызы. Бәлиева, Зағипа Яхияқызы — Қазақстан Республикасының Әділет министрі. Қысқаша өмірбаяны. 1958 ж. қазанның 3-інде Алматы облысы, Кеген ауданының Жалаңаш ауылында дүниеге келген. 1981 ж. Қазақтың С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы — заңгер-құқықтанушы. Еңбек қызметін АПТУ-да лаборант болып бастаған 1981—82 жж. — Жамбыл аудандық, Жамбыл облыстық «Стройбанк» кеңсесінің заң кеңесшісі болып бастаған. 1982—86 жж. — Жамбыл (Тараз) қалалық атқару комитетінің заң кеңесшісі. 1986—92 жж. — Алматы қалалық аткомының тұрғын алаңды есепке алу және бөлу басқармасының инспекторы бөлім меңгерушісі. 1992—94 жж. — Алматы қалалық әкімі аппаратының заң бөлімінің бастығы, меңгерушісі болып істеген. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 13-ші шақырылуының депутаты болып сайланған. 1995 ж. наурызынан — Орталық сайлау комиссиясын хатшысы. 1996 ж. қаңтарынан — Орталық сайлау комиссиясы төрайымы болып басқарды. 2005 ж. сәуірден бері Қазақстан Республикасының Әділет министрі. Үйлік жағдайы. Жанұясы: жұбайы — Бәлиев Мұхтар Абзалұлы, ұлдары — Данияр, Ернар, Алияр, Нұрсұлтан, қыздары — Наргиза, Альдара. Ізмұхамбетов, Бақтықожа Салахиденұлы. Ізмұхамбетов, Бақтықожа Салахиденұлы — Батыс Қазақстан облысының әкімі. Қысқаша өмірбаяны. Үфі мұнай институтын бітірген. Техника ғылымдарының докторы. Еңбек жолын «Ембімұнай» бірлестігінде бұрғылаушы болып бастады. Қазақ мұнай геологиялық-барлау ғылыми-зерттеу институтында әр түрлі қызметтер атқарды. 1983—87 жж. Йеменде іссапарда болды. 1987 ж. — Гурьев тәжірибе-әдістемелік экспедициясының бас технологы, бастығы болды. 1991—93 жж. Геология және жер қойнауын қорғау министрлігінде бөлім, басқарма бастығы болып жұмыс істеді. «Қазақтүрікмұнай» бірлескен кәсіпорнының, «Қазмұнайтеңіз» теңіз мұнай компаниясының бас директоры, «ҚазМұнайГаз» ұлттық мұнай компаниясының атқарушы директоры, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар бірінші вице-министрі болып тағайындалды. 2006 ж. қаңтардан — Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрi. 2007 ж. тамыздың 28 — Батыс Қазақстан облысының әкімі. Ізмұхамбетов, Бақтықожа Салахиденұлы Имашев, Берік Мәжитұлы. Имашев, Берік Мәжитұлы — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы. Қысқаша өмірбаяны. 1960 ж. Алматы қаласында дүниеге келген. 1982 ж. Михайло Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. Университетті тәмамдағаннан кейін аудандық прокуроратураның тергеушісі, Қазақ КСР Прокуроры жанындағы аса маңызды істер жөніндегі тергеуші, аудан прокуроры, Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының басқарма бастығы, Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. 1994—1997 жж. «Казкоммерцбанк» акционерлік банкінің басқарма төрағасының орынбасары, Мемлекеттік мүлік басқармасы жөніндегі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары, салық полициясы басқармасының бастығы — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік салық комитеті төрағасының орынбасары. 1997 ж. мамыр — 1998 ж. сәуір аралығында жеке заң фирмасының басшысы. 1998—1999 жж. Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, Қазақстан Республикасының Шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің төрағасы. 1999—2000 жж. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы. 2001—2003 жж. «Нефтеконсалтинг» ЖАҚ президенті. 2003—2005 жж. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары. 2005 ж. мамыр — қазан айлары аралығында «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқармасы төрағасының қызметін атқарды. 2005 ж. қазан айынан 2007 ж. қаңтарына дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып қызмет атқарды. Марапаттары. Ю. Семенов атындағы Халықаралық қордың «Детектив және саясат» сыйлығымен (1990 ж.) және екі медальмен марапатталған. Имашев, Берік Мәжитұлы Тоқаев, Қасым-Жомарт Кемелұлы. Тоқаев, Қасым-Жомарт Кемелұлы — Қазақстан Республикасы Парламент Сенаттың төрағасы. Дипломатиялық дәрежесі — Төтенше және Өкілетті Елші. Саясат ғылымдарының докторы. Ағылшын, қытай, француз тілдерін меңгерген. Қысқаша өмірбаяны. 1953 ж. мамырдың 17 туған. Мәскеу Мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын, Бейжін Тіл институтын, КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық Академиясын бітірген. Институтты бітіргеннен кейін мамандығы бойынша КСРО Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында, шетелдік өкілдіктерде қызмет істеген. 1992 ж. наурызда — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің орынбасары, Министрдің бірінші орынбасары. 1994 ж. қазаннан бастап Қазақстан Республикасының Сыртқы істер Министрі. 1999 ж. наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Сыртқы істер Министрі. 1999 ж. қазан — 2002 ж. қаңтар аралығында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі. 2002 ж. қаңтар — 2003 ж. маусым аралығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы — Сыртқы істер Министрі. 2003 ж. маусымнан Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі. 2007 ж. қаңтар айынан — Қазақстан Республикасы Президенті жарлығы бойынша Парламент Сенаттың депутаты. 2007 ж. қаңтардың 11 Парламент Сенаттың төрағасы болып сайланды. Әдебиеттері. Қазақстанда, сондай-ақ шет елдерде жарық көрген халықаралық қатынастар мәселелері жөніндегі кітаптар мен бірқатар мақалалардың авторы. Тоқаев, Қасым-Жомарт Кемелұлы Алтынбаев, Мұхтар Қапашұлы. Алтынбаев, Мұхтар Қапашұлы — Штаб бастықтары комитетінің төрағасы — Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, армия генералы. Қысқаша өмірбаяны. 1945 ж. 10 желтоқсанда Қарағанды қаласында туған. Қазақ. 1977 ж. — Армавир жоғары әскери ұшқыштар ӘШҚ училищесін бітірді. 1985 ж. — Кеңестер Одағының Маршалы Г.К. Жуков атындағы ӘШҚ Әскери командалық академиясын бітірді. Саяси ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын Қарағанды қаласының шахталарында бастады. 1962 ж. қыркүйегінен 1966 ж. қазанына дейін жұмысшы, шахта қазушысы. 1964 ж. өндіріс пен оқудан қол үзбестен ұшқыштар даярлау жөніндегі Қарағанды авиациялық орталығын бітірді. 1965 жылдың желтоқсанынан ААФЖЕҚ Кинель-Черкасск авиациялық оқу-жаттығу орталығының курсант-ұшқышы. Әскери қызметке қабылданғаннан кейін әр түрлі жауапты басшылық лауазымдарда қызмет атқарды. 1972—75 жж. — авиациялық буынның командирі, авиациялық эскадрилья командирі, истребитель авиациясы полкі командирінің ұшу дайындығы жөніндегі орынбасары. 1979 ж. желтоқсанында Уральск әскери округінің истребитель авиациясы полкінің командирі болады. М.Алтынбаевтың қолбасшылығы кезеңінде полкте бір де бір оқыс ұшу оқиғалары болған жоқ және еліміздің Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері арасындағы ең үздігі атанды. 1982 ж. тамызынан — Кеңестер Одағының Маршалы Г.К. Жуков атындағы ӘШҚ Әскери командалық академиясының тыңдаушысы. 1985—88 жж. — дивизия командирінің орынбасары, Түркістан әскери округінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс дивизиясының командирі. 1992 ж. ақпанында Түркістан әскери округінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс корпусының командирі болып тағайындалды. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін Мұхтар Қапашұлы өз Отанына оралады және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығына сәйкес құрылған егеменді мемлекеттің Қарулы Күштерінің қалыптасуына белсене қатысады. 1992 ж. мамырында ӘШҚ әскерлерінің қолбасшысы — Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды. 1993 ж. қарашасынан Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы — Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары. 1994 ж. қыркүйегінен ҚР әскери-әуе күштерінің қолбасшысы. 1996 ж. қазанынан — Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі. 2000 ж. наурызынан — Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшысы. 2001 ж. желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды. 2007 қантардан — Штаб бастықтары комитетінің төрағасы — Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары. Марапаттары. Ұшқыш-мерген. Жетілдірілген соңғы МиГ және Су тектес истребительдердің қазіргі заманғы барлық түрлерін шектеусіз басқаруға рұқсаты бар. АҚШ авиациялық базаларының бірінде атақты америка F-16 жойғыш ұшағымен ұшу өнерін көрсеткен жаңа тәуелсіз мемлекеттердің тұңғыш ұшқышы болып табылады. Осыған орай америка мамандары М.Алтынбаевтың кәсіби шеберлігіне жоғары баға берді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 ж. мамырдың 6-ында № 112 Жарлығымен «Халық Қаһарманы» атағы берілді және «Халық Қаһарманы» Алтын жұлдызы мен «Отан» ордені табыс етілді. Үйлік жағдайы. Үйленген. Жұбайы — Алтынбаева, Гүлбану Рахымбайқызы. Ұлы — Алтынбаев, Мүслім Мұхтарұлы, әскери қызметші. Алтынбаев, Мұхтар Қапашұлы Қазақтың ұлттық ою-өрнегі. Қазақтың ұлттық ою-өрнегі — қазақ жерін мекендеген көшпелі тайпалар өнері әсерімен ғасырлар бойы қалыптасып, белгілі бір жүйеге келген ою-өрнек түрлері. Қазақтың алғашқы ою-өрнек үлгілері Андронов мәдениеті мен байырғы сақ, гұн, ұйсін өнері мұраларынан геометриялық, зооморфтық (жан-жануарлардың табиғи және фантастикалық бейнерлері), көгеріс өрнек пен қиял-ғажайып ою-өрнектер (аспанның, жердің символы) ретінде кездеседі. Олар негізінен малгершілік, саятшылық, әдет-ғүрып, үй іші жабдықтары мен сән-салтанат бұйымдарын, батырлық қару-құралдарын әсемдеуге қолданылған. Тартымды жасалып, биязы көркемделген өнердің көне мұралары (алтын тәтілер, ағаштан қыштан, өнделген теріден жасалған ыдыстар, түкті кілемдер мен кестелі заттар т.б.) Қалақай. Қалақай () — қалақай тұқымдасынан бір туысы. Бір жылдық не көп жылдық, қос үйлі және сирек те болса бір үйлі шөптесін өсімдік. Сабағы мен жапырағы түкті. Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан. Ұсақ гүлдері масақ тәрізді гүл шоғын құрайды. Қоныржай және тропик аймақта 40-тан астам, Қазақстанда 3 түрі бар. Көлеңкелі, ылғалды жерлерде, орманда, бақта, жол бойында өседі. Қазақстандың барлық түрінің құрамында белок көп болады. Жемшөптік маңызды түрі — үйлі () сондай-ақ Қазақстанның барлық жерінде кездеседі. Мұхамеджанов, Орал Байқонысұлы. Мұхамеджанов, Орал Байқонысұлы — Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі төрағасы. Қысқаша өмірбаяны. 1948 ж. қарашаның 11-інде туған. Қазақ. 1971 ж. Новосібірдегі кооперативтік сауда институтын бухгалтер-экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. Алматы жоғарғы партия мектебін бітірген, политолог. 13-і шақырылған Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңес депутаты. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ұйымдастыру-бақылау және кадр саясаты басқармасының Мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеген. Төрағалыққа сайлау алдынан Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары болып тағайындалған. 2008 ж. қазанның 13 Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі төрағасы болып тағы сайланды. Марапаттары. «Құрмет» орденімен, және төрт медалмен марапатталған. Мұхамеджанов, Орал Байқонысұлы Тұрғанқұлов, Қуандық Тұрғанқұлұлы. Тұрғанқұлов, Қуандық Тұрғанқұлұлы — Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қысқаша өмірбаяны. 1949 ж. тамыздың 1-інде Алматы облысы Жамбыл ауданының Көкөзек ауылында туған. В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген, мамандығы — инженер-экономист. 1971—79 жж. — Баянкөл геологиялық-барлау партиясында инженер-нормалаушы, Орталық геологиялық-тақырыптық экспедицияның аға инженер-экономисі, бөлім бастығы, экспедиция бастығының орынбасары; 1979—86 жж. — Қапшағай қалалық парткомының нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі; 1986—90 жж. — "Южказгеология" ПГО парткомының хатшысы; 1990—93 жж. — Қазақстан Республикасы Президентінің Аппараты мен Министрлер Кабинетінде хаттар және азаматтарды қабылдау бөлімінің консультанты, аға референті, ұйымдастыру-инспекторлық және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы; 1993—96 жж. — Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының, Әкімшілігінің кадр саясаты бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 1996 ж. қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары. 2007 ж. қаңтарынан Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасы. Отбасылық жағдайы. Тұрғанқұлов, Қуандық Тұрғанқұлұлы Біріккен Ұлттар Ұйымы. Біріккен Ұлттар Ұйымы – екінші дү­ниежүзілік соғыстан кейін КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекет­тері­нің белсенділік таны­туымен құрылған халықаралық ұйым Бас кеңсесі орналасуы — Нью-Йорк, АҚШ. Ағымда БҰҰ құрамына 192 мемлекет кіреді. «Біріккен Ұлттар» атауын АҚШ президенті Ф.Д.Рузвельт ұсынды. Декларациясы Сан-Францискода 1945ж. 24 қазанда қабылданды. Бұл БҰҰ-ң күні деп жарияланды. Тарихи шолу. Біріккен Ұлттар Ұйымының ең басты әрі негізгі құжаты оның Жарғысы болып табылады. Тарихи деректерді алға тартсақ, Ұйым Жарғысының жобасы КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекеттері өкілдерінің қатысуымен жасалған. Құжат бес тілде – орыс, ағылшын, қытай, фран­цуз және испан тілдерінде дайындалып, оған 1945 жылдың 26 маусымында Сан-Франциско конференциясында 51 мемлекет қол қойды. Ал Жарғы сол жылдың 24 қазанында аталмыш конференцияға қатысушы елдердің Жарғыны ратификация­лауларына байланысты күшіне енгізілді. Содан бері 24 қазан халықаралық қоғамдас­тықта Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылған күні ретінде кеңінен аталып өтіп жүр. Көзі қарақты көпшілікке жақсы таныс, Ұйымға мүше барлық мемлекеттер кіретін Бас Ассамблея Біріккен Ұлттар Ұйымының бас органы саналады. БҰҰ-ға мүше елдердің әрқайсысы шешім қабылдау кезінде бір дауысқа иелік етеді. Жалпыға ортақ ерекше маңызды мәселелер, атап айтқанда, бейбіт­шілік пен қауіпсіздік, Ұйымға жаңа мүше­лер мен оның бюджетін қабылдау мәселе­лері БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің үштен екісі қатысып, дауыс беру қорытындысы бойынша шешіледі. Сондай-ақ Бас Ас­самблея Ұйымның бюджетін қарап, бекітеді. Ұйымның әртүрлі органдарына мүшелер Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынуымен БҰҰ-ның Бас хатшысын сайлайды. Бүгінде Қауіп­сіздік Кеңесіне Ресей, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания және Франция мемлекеттері тұрақты мүше. Осы тұста айта кетейік, біраз жылдардан бері Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері қатарын көбейту жөнінде мәселе қозғалып жүр. Бірақ әзірше ол шешімін тапқан жоқ. Мақсаты. БҰҰ өзінің көп қырлы функцияларын қосқанда әлемдік қауымдастық қызметінің барлық дерліктей салаларын қамтиды. Оның өзектілігі, әсіресе өсіп келе жатқан ғаламдық тәуелділік пен мемлекетттердің халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде күш-жігерін біріктіруді талап етумен ерекшеленетін қазіргі заманның қақтығыстарын шешудегі рөлі өте зор. БҰҰ мүше-мемлекеттері үшін басты маңыздылық Ұйымның халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау, қарусыздану мен жаппай қырып-жою қаруын таратпау секілді өзекті мәселелерді шешуге қатысуы болып табылады. Ұйым, сонымен қатар лаңкестік, есірткінің заңсыз айналымы мен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша халықаралық күш-жігер бастамасын көтерді. Бүгінгі таңда ол халықаралық қауымдастықтың көкейкесті мәселелерін шешудің өзінше бір орталығына айналды: БҰҰ адам құқығын құрметтеуді қолдау, қоршаған ортаны қорғау, аурулармен күрес, жоқшылық ауқымын тежеу, босқындарға көмек, миналарды залалсыздандыру және ЖҚТБ-мен күрес бойынша жүйелі жұмыс атқаруда. БҰҰ-ның басты мақсаттарының бірі - бүкіл әлемде бейбітшілікті сақтау. Көптеген жылдар бойына ұйым халықаралық дағдарыстардың алдын-алу және ұзаққа созылған қақтығыстарды шешуде маңызды рөл атқарып келеді. Бейбітшілікті орнату мен сақтау және гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі кешенді операцияларды жүзеге асырды. Сонымен қатар ол өршіп келе жатқан қақтығыстардың алдын-алу шараларын қолға алды. Қақтығыс соңынан кейінгі жағдайларда ол зорлықтың түп негізгін жою мен тұрақты бейбітшілік негізін салуға бағытталған ұйымдасқан шараларды жиі қолға алуда. Құрылымы. Ресми тілдері: ағылшын, араб, испан, француз, қытай, орыс. БҰҰ-ң Жарғысы осы ұйымның бас құжаты болып табылады. Онда мүше-мемлекеттердің барлық міндеттері мен ұйымның қағидалары баяндалған. Қазақстан және Біріккен Ұлттар Ұйымы. Тәуелсіз Қазақстан тарихында 1992 жылдың 2 наурызы Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдануымен ерекшеленеді. Еліміз БҰҰ Бас Ассамблеясы­ның 46-сессиясында Ұйымның жаңа мүшесі ретінде ғана емес, қазіргі заманның ең өзекті халықаралық проблемалары бойынша бел­сенді позиция ұстанатын мемлекет ретінде мүше болды. БҰҰ Бас Ассам­блеясының 47-сессиясында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Қазақстанның халықаралық саясаты туралы айта келіп, екі маңызды ұсынысты алға тартты. Оның біріншісі – барлық үкіметтердің ізгі ниет білдіру тәртібімен “бір+бір” формуласы бойынша БҰҰ-ның бітімгершілік күш-жігерінің қорын құруды бастау. Бұл формула әрбір мемлекет оған өзінің қорғаныс бюджетінен бір пайыз бөліп, жыл сайын оны бір пайызға ұлғайтып отыруды көздейді. Осылай еткенде он жылдан соң бітімгершілік сомасы он есеге өседі. Екінші ұсынысы – Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңес (АӨСШК) шақыру. Мемлекет басшысының бұл бастамасы көпшілік елдер тарапынан, сондай-ақ БҰҰ-дан қолдау тауып, Қазақстанның сыртқы саясатын айқындауда айтарлықтай рөл атқарды. 1992 жылдан бері Қазақстан тек қана халықаралық қауымдастықтың мүшесі ретінде қабылданып қоймай, сонымен бірге онда өзінің лайықты орнын таба білді. Қазақстанның БҰҰ жүйесі жұмысына қатысуы еліміздің көпжақты дипломатиясының басты бағыттарының бірі, ол елдің егемендігі мен тәуелсіздігін нығайтуға септігін тигізіп, әлеуметтік-саяси, экономикалық және қоғамның т.б. салаларында қолайлы халықаралық жағдайларды туғызады. Осы бағыттың негізгі мақсаты халықаралық сахнада ҚР-ның ғаламдық және аймақтық қауіпсіздік саласындағы стратегиялық мүдделерін, саясат пен экономикада әділетті әлемдік тәртіп пен орнықты даму ортасын құруды, әлемдік қауымдастық мүшелері арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіруді көздейді. Мемлекетіміздің басшылығы халықаралық ынтымақтастықтың маңызды салаларындағы БҰҰ-ның рөлін күшейтуге бағытталған БҰҰ Бас Хатшысы К.Аннанның қызметін қолдай отырып, ҚР-ның осы беделді ұйым, оның мамандандырылған мекемелері, қорлары және бағдарламаларымен ынтымақтастығын кеңейтуге бағытталған бағдар ұстануда. Қазақстанның БҰҰ-мен ынтымақтастығы тарихындағы басты шаралардың бірі БҰҰ Бас Хатшысы К.Аннанның Қазақстанға 2002 жылғы 17-18 қазандағы ресми сапары болды, ол Қазақстанның БҰҰ-мен онжылдық ынтымақтастығының нәтижелерін бекітіп, ықпалдастықтың болашағын айқындады. Мемлекеттікті құру сатысында Қазақстанға сарапшылар, техникалық және қаржы көмегін тарту ісінде БҰҰ Даму Бағдарламасы, Балалар Қоры, Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы, БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасымен ынтымақтастықтың үлкен әлеуеті бар. БҰҰ-ның Жарғысын мүлтіксіз орындау негізінде, Қазақстан Ұйымды нығайту мен БҰҰ басшылығымен әлемдік қауіпсіздік жүйесін құруға күш-жігер жұмсауды толық жақтайды. БҰҰ-ның қазіргі таңдағы маңызды мәселелерді шешудегі басым рөлін тани отырып, Қазақстан осы ұйымда орын алып отырған үрдістерден тыс қала алмайды. Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бері бүкіл әлемдік бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау ісіне үлкен үлес қосып келеді. Ядролық қарудан бас тарту, Азияда сенім шараларын орнату, Еуразия кеңістігінде интеграциялық үрдістерді нығайту, өркениеттер мен діндер диалогын шақыру – осының бәрі біздің мемлекетіміздің БҰҰ Жарғысының ұстанымдары мен мақсаттарына сәйкес атқарған істерінің әлі де толық емес тізімі. Қазақстан БҰҰ-ның бітімгершілік қызметін және оның бітімгершілік әлеуетін нығайту жөніндегі күш-жігеріне қолдау көрсете отырып, БҰҰ-ның резервті келісім-шарттар жүйесі мандатын кеңейту шараларын оң бағалайды. Қазақстанның осы бағытта белсенді қызмет атқаруының дәлелі Қазақстандық бітімгершілік батальонының (Қазбат) құрылуы, әрі осы батальон сарбаздарының Иракта тұрақтандыру күштері қатарында қызмет көрсетуі болып табылады. Қазақстан 2003 жылы БҰҰ-ның дайындық іс-шаралары жүйесіне үлес қосу жөніндегі Өзара түсіністік меморандумына қол қойып, қазіргі таңда бітімгершілік операцияларға Қазбат батальонының адам, бронетехника және көлік ресурстарын бөлуге дайындығын, әрі БҰҰ-ның бітімгершілік операциялары үшін сатып алулар жүйесінде неғұрлым белсенді қатысуға ынтасын білдіреді. Біз БҰҰ мен аймақтық ұйымдар арасындағы ықпалдастықты кеңейтуді, әрі аймақтық ұйымдардың өздері арасындағы ұйымдасқан қылмыс, есірткі қаупі, заңсыз миграция, діни экстремизм, жоқшылық пен АҚТҚ/ЖҚТБ таралуымен күресте серіктестік байланыстарын кеңейтуді қуаттаймыз. Қазақстан БҰҰ-ның және оның мамандандырылған мекемелерінің мүмкіндіктерін Арал теңізінің тартылуы, Семей сынақ алаңының радиоактивті ластануы, ауыз-су көздерінің ластануы секілді техногендік және экологиялық апаттардың экономикалық және гуманитарлық салдарларын азайтуға мақсатты түрде пайдалануды көздейді. Осы тұрғыда жеке назарды Мыңжылдық даму мақсаттары мен орнықты даму ұстанымдарын жүзеге асырудағы Қазақстанның белсенді қатысуына аудару керек. 1992 жылғы ақпаннан бастап Қазақстанда БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерінің, қорларының және бағдарламаларының өкілдіктері жұмыс істеуде. Олардың қызметі техникалық, кеңес және қаржылық көмек көрсетуге бағытталған. Қазіргі уақытта БҰҰ-ның Қазақстанда келесі 15 ұйымы жұмыс істейді: Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ), БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ), БҰҰ Халық қоныстану қоры (ЮНФПА), БҰҰ есірткі және қылмыс мәселері жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЕҚБ), БҰҰ Жоғарғы комиссарының босқындар ісі жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЖКББ), БҰҰ Еріктілері (БҰҰЕ), Әйелдер қоры (ЮНИФЕМ), Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ), БҰҰ білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ), БҰҰ өнеркәсіптік даму жөніндегі ұйымы (ЮНИДО), Дүниежізілік Банк (ДБ), Халықаралық валюта қоры (ХВҚ), АТҚБ/ЖТҚБ жөніндегі БҰҰ бағдарламасы (ЮНЭЙДС) және Қоғамдық ақпарат жөніндегі департамент (ҚАД). Нью-Йорк. Нью-Йорк Сити АҚШ-тағы ең тығыз мекенделген, ең ірі қаласы, әлемдегі ең урбандалған қала. Ол 1970-жылдан бері АҚШ-тың ең ірі қаласы болып табылады, әрі АҚШ-тың алғашқы астанасы болды, мұнда Джордж Уошиңтонның алғашқы ел президенті ретіндегі инаугурациясы өтті. Бір ғасырдан аса уақыт бойы әлемнің ең негізгі коммерция және қаржы орталығы болып келеді. Әлемге бұқаралық ақпарат құралдары, саясат, білім, көңіл көтеру, саясат, өнер және сән салаларындағы ықпалы бойынша көшбасшы орталық болып есептеледі. БҰҰ бас кеңсесі Нью-Йоркте орналасқан. Мынаны да қараңыз. Азаттық мүсіні Шабдарбаев, Амангелді Смағұлұлы. Шабдарбаев, Амангелді Смағұлұлы — Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы. Қысқаша өмірбаяны. 1950 ж. тамыздың 1-і Алматы облысының Қаскелең ауданында дүниеге келген. Қазақ дене шынықтыру институтын, Мәскеу қаласындағы КСРО МҚК Жоғары курстарын бітірген, оқытушы-жаттықтырушы, заңгер мамандықтарының иесі. 1974 ж. КСРО Қарулы Күштерінде қызмет еткен. 1976 ж. Қазақ КСР Мемлекеттік қауіпсіздік комитетіне қызметке ауысады. Қызметін жедел уәкіл және аға жедел уәкіл лауазымдарында атқарды. 1986 ж. мемлекеттік қауіпсіздік органдарынан қызметтен кетеді. «Қазмұнайжолқұрылысы» тресінде бастапқыда шебер, кейін бастықтың орынбасары болып жұмыс істейді. 1992 ж. Қазақстан Республикасы Президентінің дербес Күзет қызметін құрудың ұйытқысы болды. 1995 ж. қарашада ҚР Мемлекеттік Тергеу комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалады. 1997 ж. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «А» Қызметіне басшылық жасайды. Орталық мемлекеттік органдарды жаңа астанаға көшіру кезеңінде А.С.Шабдарбаев Президенттің Күзет қызметі бастығының орынбасары болып қайта оралады. 2002 ж. қаңтардан — ҚР Президенті Күзет қызметінің бастығы. 2006 ж. наурыздың 2-інде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен генерал-лейтенант А.С. Шабдарбаев ҚР ҰҚК төрағасы болып тағайындалды. Марапаттары. II дәрежелі «Даңқ» орденімен, сондай-ақ ТМД елдерінің көптеген үкіметтік және ведомстволық наградаларымен марапатталған. Сыртқы сілтемелер. Шабдарбаев, Амангелді Смағұлұлы Жақсыбеков, Әділбек Рыскелдіұлы. Қысқаша өмірбаяны. 1954 ж. шілденің 26-ында Қостанай облысында туған. 1978 ж. Бүкілодақтық кинематография (Мәскеу қ.) мемлекеттік университетін тәмамдаған, 1987 ж. Плеханов атындағы халық шаруашылығ институтында «материалдық-техникалық жабдықтаудың ұйымдастырушысы» мамандығы бойынша қайта даярлықтан өткен. Қазақ КСР Мемкино жүйесінде, материалдық-техникалық жабдықтау органдарында жұмыс істеп, кәсіпорындарға басшылық еткен. 1988—95 жж. көпсалалы «Цесна» корпорациясының басшысы. 1995 ж. Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына сайланады. 1996 ж. Ақмола облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалады. 1997 ж. желтоқсанынан 2003 ж. маусымына дейін Астана қаласының әкімі. 2003 ж. шілдесінен 2004 ж. желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрі. 2004 ж. желтоқсанынан Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы. 2008 ж. қаңтарынан Нұр Отан халық демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары. 2008 ж. қараша айынан Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. Марапаттары. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев», III дәрежелі «Барыс» ордендерiмен, басқа да үкіметтік наградалармен марапатталған. Жақсыбеков, Әділбек Рыскелдіұлы Әбдікәрімов, Оралбай. Әбдікәрімов, Оралбай — Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаты (сенатор). Қысқаша өмірбаяны. 1944 ж. желтоксанның 18-інде туған. Білімі жоғары, Қарағанды мемлекеттік университетін, Алматы Жоғары партия мектебін бітірген. Еңбек жолын шопандықтан бастаған, әскери теңіз флотында борышын атқарған. 1969 жылдан бері қоғамдық-саяси жұмыста. 1981 ж. бастап республика басқару органдары салаларында мемлекеттік қызметте. Қазакстан Республикасы Президенті Аппараты мен Министрлер Кабинетінің ұйымдық-инспекторлык және аумақтық даму бөлімдерінің меңгерушісі болып тағайындалған, Елбасы Әкімшілігінің Басшысы, республикалық Жоғары тәртіптік кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Мемлекеттік комиссияның төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы қызметтерін атқарған. 1999 ж. қарашаның 30-ында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалған, 1999 ж. желтоксанның 1-інде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы болым сайланған. 2004 ж. наурыз айында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды. 2007 ж. мамырдың 15 Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі. 2007 ж. тамыздың 28 ҚР Президенті жарлығымен ҚР Парламенті Сенаты депутаты боп тағайындалған (Президент үлесі бойынша). Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 12 шақырылымының депутаты болған. Үйлік жағдайы. Отбасылы, үш ұлы, бір қызы бар. Әбдікәрімов, Оралбай Назарбаева, Сара Алпысқызы. Назарбаева, Сара Алпысқызы — Қазақстан Республикасының тұнғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың зайыбы. Қысқаша өмірбаяны. 1941 жылғы ақпанның 12-інде Ақмола облысында дүниеге келген. Сара Алпысқызы «Бөбек» қайырымдылық қорының негізін қалаушы. Қор көмекке зәру панасыз балаларды өз қамқорлығына алып, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тұрғысына білім алып, тәрбиеленуіне мән береді. Қазақстанның бірінші ханымының бастамасымен елімізде жетім балаларды қорғау туралы Заң қабылданды. Осының нәтижесінде республиканың барлық өңірінде жетім балалар үшін отбасылық үлгідегі балалар қалашықтары құрылып, «Үміт», жасөскіндер үйлері ашылуда. Президент зайыбы республикамыздағы колледждер мен жоғары оқу орындары және училищелерде білім алып жүрген жатқан жетім балалардың жағдайларына ерекше назар ұстап келеді. Сара Алпысқызы осындай жастарға ай сайын «Бөбек» қоры арқылы қайырымдылық көмек көрсетеді. Президент зайыбы «Өзіңді өзің таны» атты балаларға рухани-адамгершілік білім беру және тәрбие беру идеясының авторы болып табылады. Назарбаева, Сара Алпысқызы Нәрікбаев, Мақсұт Сұлтанұлы. Нәрікбаев, Мақсұт Сұлтанұлы — Қазақ гуманитарлық заң университетінің ректоры, Халықаралық жоғары мектеп академиясының академигі. Қысқаша өмірбаяны. 1940 ж. наурыздың 30-ында Алматы облысы, Талдықорған ауданы, Еркін аулында дүниеге келді. 1958—59 жж. Украин КСР Днепродзержинск қаласының № 8 техникалық училищесінде оқыды. 1968 ж. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне түсіп, 1974 жылы аталған университетті заңгер мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1992—93 жж. Қазақстан Республикасы Президентінің Аппараты мемлекеттік құқықтық бөлімінің сектор меңгерушісі және құқық қорғау органдары бөлімінің меңгерушісі қызметтерінде еңбек етті. 1995 ж. қазан айында мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Бас прокуроры, ал 1996 ж. маусым айында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шешімімен Жоғарғы сотының төрағасы болып тағайындалады. 2001 ж. «Құқықтық Қазақстан үшін» атты қоғамдық бірлестік құрды. 2004 ж. сәуір айында «Қазақстан демократиялық партиясының» құрылтайында оның төрағасы болып сайланды. 2002 ж. желтоқсан айында Мақсұт Сұлтанұлы азаматтық қоғамды одан әрі демократиялау және дамыту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу жөніндегі тұрақты мәжілістің мүшесі болып тағайындалды. 2003 ж. сәуірдің 12-індегі Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Жоғарғы сот құрамындағы өзгерістер туралы» Жарлығымен Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы болып тағайындалды. 2004 ж. желтоқсан айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Демократия мәселелері жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі. 2008 ж. ақпанның 14-інде Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы міндетінен босатылды. Марапаттары. Отан алдындағы еңбектері үшін «Парасат» орденімен, 5 медальмен марапатталды. Нәрікбаев, Мақсұт Сұлтанұлы Рысқалиев, Бергей Сәулебайұлы. Рысқалиев, Бергей Сәулебайұлы — Атырау облысы әкімі. Қысқаша өмірбаяны. Алматы архитектура-құрылыс институтын және Қазақтың мемлекеттік заңгер академиясын оқып бітірген. Оқудан соң іскерлік құрылымдарда басқару лауазыммен жұмыс атқарған. 2002—04 жж. — Атырау облысы маслихатының хатшысы. 2005—06 жж. — Атырау облысы әкімінің орынбасары. 2006 ж. ақпанынан — Атырау қаласы әкімі. 2006 ж. қазанынан — Атырау облысы әкімі. Рысқалиев, Бергей Сәулебайұлы Нақпаев, Сәлімжан Жұмашұлы. Нақпаев, Сәлімжан Жұмашұлы — Атырау қаласы әкімі. Қысқаша өмірбаяны. Алматы Халық шаруашылағы институтын оқып бітірген, мамандығы — экономист. 1983 ж. Атырау облысы Мақат ауданында машинист болып жұмыс бастағаған. Кеңес Армиясында қызметін өтегесін бұрынғы лауазымында төрт жылдан астам істеген. 1989—92 жж. аудан жобаландыру комиссиясында маман, экономика комитетінің аға маманы болып қызмет еткен. 1992—2000 жж. — "Мақсат" шағын өнеркәсібінің басшысы, Атырау облысы Мақат ауданы әкімшілігі басының (әкімнің) орынбасары — экономика комитетінің төрағасы. 2000—03 жж. Атырау облысы Мақат ауданы әкімі. 2003 ж. наурызынан — Атырау облысы әкімінің әкімшілігінің басқарушысы. 2005 ж. қантарынан — Атырау облысы Жылыой ауданы әкімі. 2006 ж. ақпан айынан — Атырау облысы әкімінің орынбасары. 2006 ж. қазан айынан — Атырау қаласы әкімі. Нақпаев, Сәлімжан Жұмашұлы Қазақстан байрағы. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік байрағы, Қазақ байрағы — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздердiң бiрi. 1992 ж. маусымның 4-інде қабылданған. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (1996 ж. қантардың 24-інде) белгiленген. Суреттемесі. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында 32 арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық «қошқар-мүйізді» оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Байрақтың енi ұзындығының жартысына тең. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк байрағы мен оның бейнесi, көлемдерiне қарамастан, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Резиденциясында сақтаулы тұрған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы эталонының түрлi-түстi және сызба бейнелерiне дәлме-дәл сәйкес келуге тиiс. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде «көк» сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотикалық тарихына сүйене отырып, мемлекеттік байрақтағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран Қазақстан Республикасының еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік байрағының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Рогов, Игорь Иванович. Рогов, Игорь Иванович — Конституциялық Кеңестің Төрағасы. Қысқаша өмірбаяны. 1950 ж. мамырдың 17-інде Әзірбайжанның Бақы қаласында туған. Әкесі – Рогов Иван Григорийұлы, қайтыс болған, әскери қызметкер, инженер-геолог болған. Анасы – Тагильцева Валентина Степанқызы, қайтыс болған, мұғалім болып жұмыс істеген. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген (1973), құқықтанушы. Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Экономикалық қылмыспен күрестің мәселелер (қылмыстық-құқықтық және криминологиялық зерттеу)» (1991). Профессор (1994). ҚР-ның Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі (2001). Қазақ және неміс (ауызекі тіл) тілдерін біледі. 1967–1968 жылдары – Алматы ағаш өңдеу комбинатының станокшысы. 1973 жылдан – Алматы қаласы Әуезов аудандық ішкі істер бөлімінің тергеушісі. 1975 жылдан – С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті заң факультетінің ассистенті, аға оқытушысы, деканының орынбасары, доценті. 1990 жылдан – ҚР Президенті Кеңсесі мен Министрлер Кабинеті мемлекеттік-құқықтық бөлімінің консультанты, аға референті, құқық қорғау органдары секторының меңгерушісі. 1992 жылдан – ҚР Конституциялық Соты төрағасының орынбасары. 1995 жылдан – ҚР Президентінің көмекшісі. 1997 жылдан – ҚР Президентінің Кеңесшісі. 2000 жылдан – ҚР Әділет министрі. 2002 жылдан – ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары – ҚР Мемлекеттік-құқықтық Басқармасының бастығы. 2004 ж. маусымның 15-інде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы болып тағайындалды. Үйленген. Әйелі – Рогова Валентина Георгийқызы (1950 жылы туған), адвокат. Ұлы – Денис (1974 жылы туған), заңгер. Қызы – Светлана (1982 жылы туған), заңгер. Ғылыми жұмыстары. «Шаруаға қырсыздық пен ысырапқорлыққа қарсы» (1987), «АӨК: тәртіп пен заңдылық» (тең авторы, 1989), «Экономика және қылмыстылық» (1991) кітаптарының, сондай-ақ конституциялық, қылмыстық құқықтың, процестің, криминологияның мәселелер арналған 90-нан астам ғылыми еңбектердің авторы. «Қазақстандағы экономикалық қылмыспен күрестің мәселелер» (1996), «Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы» (1998), «Сыбайлас жемқорлықтың қарсы әрекетінің негіздері» (2004), «Қылмыс жасалуының себептері» (2004), «Қазақстанның Қылмыстық құқығы» – негізгі бөлімі (2003), «Қазақстанның Қылмыстық құқығы» – жалпы бөлімі (2005), «Қазақстандағы Конституциялық бақылау» (2005) және басқа кітаптардың тең авторы. Сыртқы сілтемелер. Рогов, Игорь Иванович Тасболатов, Абай Бөлекпайұлы. Тасболатов, Абай Бөлекпайұлы — Қазақстан Республикасы Республикалық ұлан қолбасшысы, генерал-лейтенант. Қысқаша өмірбаяны. Алматы жоғары жалпы әскерлік командалық училищені, Мәскеу қаласындағы Ф.Э. Фрунзе атындағы Әскери академияны бітірген. Тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, Ресей Федерациясының Әскери ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі. 1969 ж. бері — Қарулы Күштер қатарында. 1973—97 жж. Алматы жоғары жалпы әскерлік командалық училищесінде курсант взводы командирінен училище бастығына дейін жоғарылады. Мемлекеттік қорғаныс комитетінің бөлім бастығы болып қызмет атқарды. Қазақастан Республикасы Әскери академиясының бастығы болып тағайындалған. 2002 ж. қаңтардан бастап Қорғаныс министрінің орынбасары болып қызмет атқарды 2006 ж. қаңтардың 21-інде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Абай Тасболатов Қазақстан Республикасы Республикалық ұлан Қолбасшысының лауазымына тағайындалды. Сыртқы сілтемелер. Тасболатов, Абай Бөлекпайұлы Сана. Сана түсінігі пәлсапа саласында негізінен адам болмысы тұрғысынан, яғни қоғамдық үдірістердің көрінісі, құбылыс және адамзаттық тарих пен мәдениетті жалғастыруды қамтамас етуші әдіс ретінде қарастырылады. Сана қоғамдық және жеке «өлшем» бірлігінен көрінеді. Шын мәнісінде, сана арқылы қоғамдағы байланысты жеке адам өзінде бекітеді. Сана — бейнеге сүйене қоғаммен қарым-қатынасқа түсе алатын адам қабілеттілігі, адамның заттармен байланыс іс-әрекеті, табиғи және мәдени қатынасы, қашықтағы, жақындағы адамдар өзара қатынасы мен қызметі, яғни осы образдарды өзінің мінез-құлық бағытында әдіс-тәсілі ретінде пайдалану. Сана түсінігі бұл психика түсінігі; психика тірі жанның қоршаған ортамен тікелей байланыс тәсілі (сондай-ақ жеке адам) деп түсіндіріледі, демек олардың өмірлік үрдістерінде әсерлендірушісі және көрінісі ретіндегі, психикалық қабілеттілік жыйынтық, табиғи және ғарыштық ырғақтар байланыстарында адамның қоғамдық және мәдени іс-әрекеттерінде өз-өзіне бағыт-бағдар жасай алуы мен басқара алатын қабілеттілікпен қамтамасыз етуі. Адам санасы, оның қоршаған ортамен байланыс ерекшелігіне қарай, «түзу сызықты» болып келмейді. Онда адамнан тыс және оған тәуелді адамның іс-әрекетінінің ерекшелігіне қарай, адамның адаммен, заттармен, табиғатпен қатынас байланыстары түйіскен және жекелеген әрекеттері бекітілген. Бұл қабілеттер әртүрлі үйлесімділікте — анық және жасырын — байланыстар байқалмайтын сана «орталығы». Бұл қабілеттіліктердің құрылуы сананың жетілгендігін, «жауапқа қабілеттілігін» ескертеді. Оның деградацияға ұшырауы сананың құлдырауына әкеледі. Әртүрлі уақыт кезеңдерінде адам санасы бір нәрсеге шоғырлана бекітілген. Оның белгілі бір затқа қатысты айқындалып көрінуін, «ашылуын», ол өзі анықтайды. Бұл — оның қалыпты жұмыс жағдайы. Сана жеке адамның затқа, формаға және кейінгісі адамның адаммен байланысы ретінде, әрекеттерде оларға тән қатынасты бекітеді. Жеке адамның басқа адамдармен, заттармен қарым-қатынас үдерісіндегі байланысы және оның арғы жағында жасырын жатқан құбылыстары сана арқылы енгізіледі. Сана қарапайым жолмен зерттеуге және түсіндіруге келе бермейтін, ерекше нысан. Ол адам өмірінің «мүшесі» ретінде қызмет атқарғанымен, бірақ оның өмірі, адам дене мүшесімен ғана шектеліп қалмайды, керісінше одан шығатын күштер оның сыртында,— адамзаттық қарым-қатынастар әлемінде, адамдар әрекеттерінің әдіс-тәсілдерінде, мәдени формалар мен әртүрлі табиғи күштерде көрініс табады. Қазіргі кезге дейін сана және оның табиғаты мен қызметі аз зертттелмеген. Олар жайында әр кезеңнің пәлсапашылары өз ойларын қорытып келді. Қасымбеков, Махмұд Базарқұлұлы. Қасымбеков, Махмұд Базарқұлұлы — Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы. Қысқаша өмірбаяны. 1952 ж. Жамбыл облысында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын (1974 ж.), Алматы халық шаруашылығы институтын (1985 ж.), Алматы жоғары партия мектебін (1990 ж.) бітірген. Саясат ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстанның комсомол (1973—1983) және партия (1983—1990) органдарында жауапты басшылық қызметтер атқарған. 1990—2004 жылдары — Президент аппараты мен Министрлер кабинеті Жалпы бөлімі, Президент Әкімшілігінің Жалпы бөлімі, Президент Кеңсесі, Президент Әкімшілігі Кеңсесінің меңгерушісі. 2004 жылдың сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы. Марапаттары. «Құрмет», ІІІ дәрежелі «Барыс» ордендерімен марапатталған, Ғылым, техника және білім саласы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Қасымбеков, Махмұд Базарқұлұлы Қазақстан президентінің байрағы. Қазақстан Республикасы Президентінің байрағы — мемлекет басшысының жоғары лауазымдық белгілерінің бірі. ҚР Президентінің 1995 ж. 29 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы Президентінің байрағы және оның айырым белгілерінің ресми пайдаланылуы тәртібі туралы» Жарлығына сәйкес ресми айырым белгілері мен орналасатын жерлері белгіленді. Ол көгілдір түсті (мемлекеттік тумен түстес), тікбұрыш нысанындағы ені мен ұзындығы үштен екіге сәйкес келетін кездеме. Ортасында қанатты барыстың үстінде оң қолын жоғары көтеріп отырған сақ дәуірінің жас көсемі алтын шеңбер ішінде бейнеленген. Кездеме үш жағынан алтын шашақпен көмкерілген. Сабына ҚР Президентінің мемлекеттік тілде тегі, есімі мен әкесінің аты және сайланған уақыты өрнектеліп жазылған күміс тақтайша бекітіледі. Қазақстан Республикасы Президентінің байрағы үнемі Елбасының жанында болады және шет елге сапарға шыққанда бірге алып жүреді. Мезозой. Мезозой (— «аралық», «орта» және — «жәндік», бірге «ортаңғы тіршілік» мағынасында) — фанерозой эоннын құрайтын үш заманның ортаңғысы. Мезозойдың (грек тілінен сөзбе-сөз «ортаңғы өмір») алдында палеозой заманы, соңында кайнозой заманы тұрады. Мезозой шамамен 251 млн жыл бұрын триастан басталып, 65,5 млн жыл бұрын кайнозой басталған кезде аяқталды. Мезозой триас, юра және бор кезеңдерінен тұрады. Шуаш тілі. Шуаш тілі ("Чăваш чĕлхи, чăвашла") — түркі тілдерінің оғұр тобына кіреді. Шуашстанда сөйленетін тіл. Палеозой. Палеозой (— «көне» және — «жәндік», бірге «көне тіршілік» мағынасында) — фанерозой эоны замандарының алғашқысы (542—251 млн жыл). Кембрий, ордовик және силур кезеңдері астыңғы палеозой субзаманын, ал девон, карбон және перм кезеңі үстіңгі палеозой субзаманын құрайды. Палеозой кезінде екі үлкен орогенез орын алған: астыңғы палеозой кезіндегі Каледон және соңғы палеозой кезіндегі Варискан. Палеозой фауналары көптеген омыртқасыз ағзалардың болғанымен белгіленеді, оның ішінде трилобиттер (Trilobita), грабтолиттер (Grabtolithina), брахиоподтар (Brachiopoda), сефалоподтар (Cephalopoda) және кораллдар. Заманның соңында амфибия мен рептилиялар әр-түрлі биологиялық топтаныстардың зор компоненті болды, ал алып талды циатея (Cyathea arborea), атқұйрық (Equisetum) және цикадалар ормандардың кең таралуына себепші болды. Сәуір. Сәуір (лат. Aprilis) — қазіргі Грегориус күнтізбесіндегі 4-ші келетін апрел айына сай қазақша атауы. Ежелгі қазақ күнтізбесінің 2-ші айы. Қазіргі санмен сәуірдің 21 — мамырдың 20. Мамыр. Мамыр — қазіргі Грегориус күнтізбесіндегі 5-ші келетін май айына сай қазақша атауы. Ежелгі қазақ күнтізбесінің 3-ші айы. Қазіргі санмен мамырдың 21 — маусымның 19. Маусым. Маусым (лат. Junius) — қазіргі Грегориус күнтізбесіндегі 6-ші келетін июнь айына сай қазақша атауы. Ежелгі қазақ күнтізбесінің 4-ші айы. Қазіргі санмен маусымның 20 — шілденің 19. Шілде. Шілде (лат. Julius) — қазіргі Грегориус күнтізбесіндегі 7-ші келетін июль айына сай қазақша атауы. Ежелгі қазақ күнтізбесінің 5-ші айы. Қазіргі санмен шілденің 20 — тамыздың 18. Тамыз. Тамыз — қазіргі Грегориус күнтізбесіндегі 8-ші келетін аугуст айына сай қазақша атауы. Ежелгі қазақ күнтізбесінің 6-ші айы. Қазіргі санмен тамыздың 19 — қыркүйектің 18. Қыркүйек. Қыркүйек (лат. September) — қазіргі Грегориус күнтізбесіндегі 9-ші келетін сентябрь айына сай қазақша атауы. Ежелгі қазақ күнтізбесінің 7-ші айы. Қазіргі санмен қыркүйектің 19 — қазанның 18. Қазан. Қазан (лат. October) — қазіргі Грегориус күнтізбесіндегі 10-ші келетін октябрь айына сай қазақша атауы. Ежелгі қазақ күнтізбесінің 8-ші айы. Қазіргі санмен қазанның 19 — қарашаның 17. Қараша. Қараша (лат. November) — қазіргі Грегориус күнтізбесіндегі 11-ші келетін ноябрь айына сай қазақша атауы. Ежелгі қазақ күнтізбесінің 9-ші айы. Қазіргі санмен қарашаның 18 — желтоқсанның 17. Желтоқсан. Желтоқсан (лат. December) — қазіргі Грегориус күнтізбесіндегі 12-ші келетін декабрь айына сай қазақша атауы. Ежелгі қазақ күнтізбесінің 10-ші айы. Қазіргі санмен желтоқсанның 18 — ақпанның 16. Орынбаев, Ербол Тұрмаханұлы. Орынбаев, Ербол Тұрмаханұлы — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары.. Қысқаша өмірбаяны. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетінің түлегі, заңгер. Ағылшын тілін жетік меңгерген. 2001—03 жж. — Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi. 2003—04 жж. — «Маркетингілік-талдамалық зерттеулер орталығы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы. 2004 ж. сәуір айынан бастап — ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары — экономикалық саясат басқармасының бастығы. 2006—07 жж. — Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметтерін атқарған. 2007 ж. қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы. 2007 ж. қазанның 29 — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары. Әлиев, Рахат Мұхтарұлы. Әлиев, Рахат Мұхтарұлы — іскер және саясаткер. Қысқаша өмірбаяны. Алматы Мемлекеттік медицина институтын, «Әділет» Жоғары құқық мектебін бітірген. Медицина және экономика ғылымдарының докторы. Ағылшын тілін меңгерген. Төтенше және Өкілетті І сыныпты Уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар. 1986—93 жж. ғылыми жұмыспен айналысты. 1993—96 жж. кәсіпкерлік қызметте. 1996—97 жж. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік салық комитетінің Салық полициясы Бас басқармасы бастығының бірінші орынбасары. 1997—98 жж. Алматы қаласы Салық полициясы департаментінің басқарма бастығы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық полициясы департаментінің директоры. 1998—99 жж. Бірінші вице-министр — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Салық полициясы комитетінің төрағасы. 1999—2000 жж. — Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша ҰҚК департаментінің бастығы. 2000-2001 жылы — Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасының Бірінші орынбасары. 2001—02 жж. — Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі бастығының орынбасары. 2000 жылдан бастап Қазақстан Футбол одағының қоғамдық негіздегі президенті. 2002—05 жж. — Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы, Хыруатия Республикасындағы, Македония Республикасындағы, Сербия және Черногория Одақтас Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы. Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі. 2005—2007 жж. — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің Бірінші орынбасары. 2005 ж. тамыздан бастап — Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі арнайы өкілі. 2007 ж. ақпаннан — Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2007 ж. мамырдың 26 — ҚР Ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджанов Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 26-бабы 4-ші тармағын басшылыққа ала отырып, Мемлекет басшысының атына Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ҚР-ның Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ҚР-ның арнаулы өкілі Рахат Әлиевті қызметтерінен босату туралы ҚР Бас прокурорымен келісілген ұсыныс түсірді. Онда Р.Әлиевтің ҚР Қылмыстық кодексінің 3-ші бөлімінің 125-ші бабында көзделген — «өзінің жеке мүддесі үшін ұйымдасқан топтың әрекетімен адамдарды ұрлау, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін екі және одан да көп адамдарға бірнеше мәрте қару қолдану және зорлық-зомбылық көрсету» бойынша айыпталып отырғаны айтылған. Нұрсұлтан Назарбаевтың 2007 жылғы мамырдың 26-сындағы № 333 Жарлығымен Рахат Әлиев Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі қызметінен босатылды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Рахат Әлиев Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйыммен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының арнаулы өкілі қызметінен босатылды. 2007 ж. мамырдың 28 — Рахат Әлиевке халықаралық іздеу жарияланды. Бас прокуратураның санкциясымен оны тұтқындауға ұйғарылды. Марапаттары. II дәрежелі «Данқ» ордені мен «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» юбилейлік медальінің иегері. 2008 жылдың 20 cәуіріндегі ҚР Президентінің Нұсқауымен барлық марапаттаудан, "қаржы полициясының генерал-майоры" арнайы атағынан, "генерал-майор" әскери атағынан және елшілік дәрежелерінен айырылды. Үйлік жағдайы. Бұрыңғы зайыбы, Дариға Назарбаевамен (Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы) үш бала: Әлиев, Нұрәлі Рахатұлы, 1985 ж.т., Назарбаев, Айсұлтан Рахатұлы, 1990 ж.т.; Әлиева, Венера Рахатқызы, 2000 ж.т. тапқан. Әлиев, Рахат Мұхтарұлы Сәйденов, Әнуар Ғалимоллаұлы. Сәйденов, Әнуар Ғалимоллаұлы — Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы. Қысқаша өмірбаяны. 1960 ж. Мәскеу қаласында (Ресей) туған, қазақ, білімі — жоғары, экономика ғылымдарының кандидаты. Ағылшын тілін еркін меңгерген. 1982 ж. М. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университетін бітірген, «экономист, саяси экономия оқытушысы» мамандығын алған, 1987 ж. — М. Ломоносов атындағы ММУ аспирантурасының күндізгі бөлімін, 1994 ж. — Лондон Университетін бітірген, экономика, қаржы жөніндегі магистр дәрежесі берілген. М. Ломоносов атындағы ММУ-ды бітіргеннен кейін оқытушылық және ғылыми-зерттеу қызметімен шұғылданды. 1993 ж. қыркүйек — 1996 ж. тамыз аралығында Лондон қаласында (Ұлыбритания) Еуропалық Қайта құру және Даму Банкінде тағылымдамадан өтіп, консультант және арнайы қызметкер болып жұмыс істеді. 1996 ж. тамыз — 1998 ж. сәуір аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 1998 ж. сәуір — 2000 ж. тамыз аралығында: Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің атқарушы директоры, Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің орынбасары болып жұмыс істеді. 2000 ж. тамызда «Қазақстан Халықтық Банкі» ААҚ-ның Басқармасы Төрағасының міндетін атқарушы қызметіне тағайындалды. 2000 ж. қазан — 2002 ж. қаңтар аралығында — «Қазақстан Халықтық Банкі» ААҚ Басқармасының Төрағасы. 2002 ж. қаңтар — маусым аралығында «Қазақстан Халықтық Банкі» ААҚ-ның Директорлар кеңесінің Төрағасы. 2001 ж. маусымда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. Оның ҚРҰБ-дегі қызметінің негізгі саласы қаржылық қадағалау болды. Ә.Ғ. Сәйденов банктік және сақтандыруды қадағалау, бағалы қағаздар рыногын және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу мәселелеріне жетекшілік етті. 2004 ж. қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы қызметін атқарады. Сәйденов, Әнуар Ғалимоллаұлы Түсіпбеков, Рашид Төлеутайұлы. Түсіпбеков, Рашид Төлеутайұлы — Қазақстан Республикасының әділет министрі. Қысқаша өмірбаяны. 1955 ж. қаңтардың 28-інде Шымкент қаласында дүниеге келді. 1962 ж. Қарағанды қаласында тұрды, 1976 ж. ондағы № 3 орта мектепті бітірді. Мектепті аяқтаған соң Қарағанды облысы атқару комитетінің өрттен қорғау қызметінде жүргізуші болып жұмыс істеді. 1976 ж. тамызда — 1981 ж. әскерден оралған соң Қарағанды мемлекеттік университеті заң факультетінің күндізгі бөлімінің бірінші курсына қабылданып, оны өте жақсы бағамен аяқтады. Қарағанды қаласы Совет аудандық халық сотында үш айлық сынақтан өткен соң 1981 ж. қараша айында халық судьясы болып тағайындалды. 1984—1993 жж. Қарағанды облысы Нұра аудандық соты төрағасының қызметін атқарды. 1993—1999 жж. Қарағанды облысы сотының төрағасы болды. 1999 ж. сәуір айынан Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағалығына тағайындалды. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты төрағасы міндетін атқарды. 2000 ж. қазан айынан желтоқсан айына дейін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің төрағасы болды. 2000 ж. желтоқсанның 21-інде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры болып тағайындалды. 2005 ж. желтоқсанның 15-інде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры болып екінші рет конституциялық мерзімге тағайындалды. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот кеңесiнiң мүшесi. «Закон и время» журналы редакция алқасының төрағасы Марапаттары. Мемлекет алдындағы қызметі, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдениетті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін 2003 жылдың 8 желтоқсанда 2 дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатын алған. Мемлекеттік 2-ші дәрежелі әділет кеңесшісі сыныптық шені бар. Үйлік жағдайы. Түсіпбеков, Рашид Төлеутайұлы Кайнозой. Сүтқоректілер Кайнозойдың басым жәндіктері болды. Кайнозой, Сенозой (— «жаңа» және — «жәндік», бірге «жаңа тіршілік» мағынасында) — осыдан бұрын 65,5 млн жылдан бастап осы күнге дейін келетін геологиялық заман. Оның ішіне сүтқоректілер мен адам ғасырлары деп аталатын палеоген мен неоген кезеңдері кіреді. Кайнозой заманының стратиграфиялық бөлуінде моллюск пен микроқазбалар пайдаланады. Геологиялық уақыттың осы кезеңінде Әлпі-Гималай орогенезі өз шыңына жеткен. Назарбаева, Дариға Нұрсұлтанқызы. Назарбаева, Дариға Нұрсұлтанқызы — Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы. Қысқаша өмірбаяны. 1963 ж. мамырдың 7-інде дүниеге келген, қазақ. Білімі жоғары. Қазақ, орыс, ағылшын, итальян, бірен-сарандап неміс тілдерін меңгерген. Михайло Ломоносов атындағы Мәскеу университетінің тарих факультетінде оқыған. 1985 ж. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1990 ж. Мәскеу университетінің аспирантурасына түскен. 1991 ж. тарих ғылымдарының кандидаты, 7 жылдан соң саясат ғылымдарының докторы ғылыми атағын алған. 1992 ж. — «Бөбек» балалар қайырымдық қорының вице-президенті. 1994 ж. — «Хабар» Ұлттық теледидар ақпарат агенттігінің директоры. 1995 ж. — «„Хабар“ агенттігі» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры. 1998 ж. — «„Хабар“ агенттігі» АҚ президенті. 2001 ж. — «„Хабар“ агенттігі» АҚ Директорлар кеңесінің төрайымы. 2003 ж. — «Асар» партиясының лидері. 2006—2007 жж. — «Нұр Отан» партия төрағасының орынбасары. 2004—2007 жж. «Асар» партиясының тізімі бойынша Мәжіліс депутаты боп сайланған. Қоғамдық қызметі. Телевизия өнерлері мен ғылымдар халықаралық академиясы (Нью-Йорк, АҚШ) басқармасының мүшесі, Еуразия экономикалық халықаралық академиясының мүшесі, Стратегиялық зерттеу Еуразия орталығының президенті. Әр уақытта қоғамдық мансаптары болған: ҚР ЮНЕСКО жайындағы ұлттық коммисиясының мүшесі, «Қазақстан жарнамасы» қорының президенті, ҚР гимнастика федерациясының құрметті президенті, Қазақстан журналистері конгрессі атқару комитетінің төрайымы, Журналистер академиясы мүшесі, «Жастар қалауы» ұйымы қамқорлық кеңесінің төрайымы. Үйлік жағдайы. Әкесі — Нұрсұлтан Назарбаев, анасы — Сара Назарбаева. Бұрыңғы күйеуінен, Рахат Әлиевтен, үш бала: Әлиев, Нұралі Рахатұлы, 1985 ж.т., Назарбаев, Айсұлтан Рахатұлы, 1990 ж.т.; Әлиева, Венера Рахатқызы, 2000 ж.т. тапқан. Сыртқы сілтемелер. Назарбаева, Дариға Нұрсұлтанқызы Алтын Қыран ордені. «Алтын Қыран» — Қазақстан Республикасы жоғары дәрежелік ерекше белгісі. «Алтын Қыран» ордені 1995 ж. белгіленді. Бұл орденмен азаматтар Қазақстан Республикасына сіңірген айырықша мемлекеттік қызметі үшін марапатталады. «Алтын Қыран» орденімен наградтауға лайықтыларды Қазақстан Республикасының Президенті анықтайды. Қазақстан Республикасы Пpeзидeнтiнiң өзі лауазымы бойынша ерекше үлгідегі «Алтын Қыран» орденінің иегері болып табылады. Орден жұлдыздан және ілмекті алқалық белгіден тұрады. Халық Қаһарманы. «Халық қаһарманы» aтағы — 1993 ж. белгіленген. Атақ Қазақстан Республикасына ciңірген аса көрнекті қызметі үшін оның бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы азаматтық және жауынгерлік ерліктері үшін беріледі. «Халық қаһарманы» атағына ие болған адамдарға айрықша ерекшелік бeлгici — Алтын жұлдыз және «Отан» ордені тапсырылады. Отан ордені. «Отан» ордені — 1993 ж. белгіленді. Барыс ордені. I дәрежелі «Барыс» орден жұлдызы I дәрежелі «Барыс» белгі ордені «Барыс» ордені — 1999 ж. белгіленді. «Барыс» орденінің үш дәрежесі бар. І дәрежелі «Барыс» opдені жұлдыздан және иыққа асатын лентадағы белгіден тұрады. Даңқ ордені. I дәрежелі «Даңқ» орден жұлдызы I дәрежелі «Даңқ» белгі ордені «Данқ» ордені — 1993 ж. белгіленді. «Даңқ» орденімен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлepi мен әскери құрамаларынын жоғары офицерлік құрамының, сондай-ақ прокуратура, ұлттық қayinciздік, iшкі істер және басқа органдар басшы құрамының адамдары әскерлерге басшылық ету мен басқарудағы табыстары, әскерлердің жоғары жауынгерлік әзірлігі мен елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз еткені үшін,әскери, шекаралық және ішкі қызметті үздік ұйымдастырғаны үшін, ұлттық қayincіздікті қамтамасыз еткені, заңдылықты және қоғамдық тәртіп күзетін нығайтқаны үшін марапатталады. «Даңқ» орденінің екі: І және ІІ дәрежелері болады. І дәрежелі «Даңқ» ордені жұлдыздан және иыққа асатын лентадағы орден белгісінен тұрады. Айбын ордені. «Айбын» ордені — 1995 ж. белгіленді. Орденмен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрамаларының әскери қызметшілері, сондай-ақ прокуратура, ұлттық қayincіздік, ішкі істер органдарының және басқаларының қызметкерлері жауынгерлік даярлықта, әскерлердің жоғары жауынгерлік дайындық деңгейін ұстауда, заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде қол жеткізген табыстары үшін; әскери және қызмет бабындағы парызын өтеудегі көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы, сондай-ақ мемлекет мүддесін қорғауда жасаған ерлігі үшін марапатталады. «Айбын» орденінің үш: I, II және III дәрежелері болады. І және II дәрежелі «Айбын» ордендерімен кіші және аға офицерлік құрамдағы адамдар марапатталады. III дәрежелі «Айбын» орденімен солдаттар, матростар, сержанттар, старшиналар, прапорщиктер мен мичмандар марапатталады. Парасат ордені. «Парасат» ордені — 1993 ж. белгіленді. «Парасат» орденімен Республиканың рухани және зияткерлік әлеуетін дамыту мен молайтуға жеке үлкен үлес қосқан, сонымен қатар адам құқығы мен оның әлеуметтік мүдделерін қорғау жөніндегі белсенді қызмет еткен ғылым мен мәдениет, әдебиет пен өнер қайраткерлері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, басқа да азаматтар марапатталады. Достық ордені. I дәрежелі «Достық» орден жұлдызы I дәрежелі «Достық» белгі ордені «Достық» орденi — 1995 ж. белгіленді. Орденмен азаматтар қоғамдағы ұлтаралық және азаматтық татулықты сақтау жөніндегі жемісті жұмысы үшін халықтар арасындағы бeйбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға ciңipreн еңбегі үшін марапатталады. «Достық» ордені eкi айырымнан: I дәрежелі «Достық» ордені жұлдыздан және иыққа acaтын лeнтaдaғы opдeннiң бeлгiciнeн тұpaды. Құрмет ордені. «Құрмет» орденi — 1993 ж. белгіленді. Орденмен азаматтар экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті, бiлiмдi дамытуға сіңірген еңбектері үшін, мемлекеттік органдардағы үлгілі қызметі және белсенді қоғамдық қызметі үшін марапатталады Алтын алқа. «Алтын алқа» — 1993 ж. белгіленді. Онымен он және одан да көп бала туып тәрбиелеп өсірген аналар марапатталады. Күміс алқа. «Kүмic алқа» — 1993 ж. белгіленді. Онымен сегіз және тоғыз бала туып тәрбиелеп өсірген аналар марапатталады. Алтын жұлдыз. «Халық қаһарманы» Алтын жұлдызы — Қазақстан Республикасы жоғары дәрежелік ерекше белгісі. «Халық қаһарманы» aтағы 1993 ж. белгіленген. Атақ Қазақстан Республикасына ciңірген аса көрнекті қызметі үшін оның бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы азаматтық және жауынгерлік ерліктері үшін беріледі. «Халық қаһарманы» атағына ие болған адамдарға айрықша ерекшелік бeлгici — Алтын жұлдыз және «Отан» ордені тапсырылады. Назарбаев ордені. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» ордені — «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңымен 2001 ж. қаңтардың 1-інен белгіленген. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапаттау Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Отан алдында сіңірген ерекше еңбегін атап өту құрметіне азаматтардың мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген ерекше еңбегі үшін жүргізіледі. Қазақстанның мемлекеттік марапаттары. Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттары — Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік, қоғамдық істегі қызметі, еңбектегі жетістіктері мен жауынгерлік ерліктері үшін марапаттары. Сондай-ақ, мемлекеттік наградаларды республикаға сіңірген еңбегі үшін шет ел азаматтарының да алуы мүмкін. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» ҚР Президентінің заңдық күші бар Жарлығына (23.01.1996) сәйкес мемлекеттік наградалармен КР Президенті марапаттайды. Ең жоғары наградалар: Алтын Қыран" ордені мен «Халық Қаһарманы». Осы Жарлықтың 3-тарауында мемлекеттік, қоғамдық қызметтің сан алуан саласында айрықша еңбектерімен танылған адамдарды ҚР-ның «Отан», «Даңқ» (2 дәрежелі), «Айбын» (3 дәрежелі), «Парасат», «Достық» (2 дәрежелі), «Құрмет» ордендерімен марапаттау белгіленген. Сондай-ақ, «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдары, «Қазақстанның халық ақыны», «Қазақстанның халық әртісі», «Қазақстанның халық жазушысы», «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы», «Қазақстанның еңбек сіңірген артисі», «Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері», «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері» деген құрметті атақтар бекітілген. 1999 ж. 26 шілдеде қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» заң күші бар Жарлығына өзгеріс-тер мен толықтырулар енгі-зу туралы" ҚР-ның арнаулы заңына сәйкес «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышынан» басқа құрметті атақтардың орнына «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы белгіленді. Бұл құрметті атақ көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлеріне, ғылым, мәдениет, өнер, өндіріс және әлеуметтік сала өкілдеріне республикаға сіңірген зор еңбегі үшін беріледі. «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен көп бала тауып, тәрбиелеп өсірген аналар марапатталады. ҚР-ның Құрмет Грамотасымен экономикадағы, оқу-ағарту ісіндегі, әскери және өзге мемлекеттік, қоғамдық қызметтегі елеулі жетістіктерге жеткен азаматтар, сондай-ақ, халықтар арасындағы достық пен ынтымақгастықгы нығайтуға ықпал еткен шығармашылық ұжымдар марапатталады. Қылмыстық іспен сотталған адамдар заңда белгіленген негізде және тиісті тәртіппен соттың ұсынуы бойынша ҚР Президентінің бүйрығымен наградасынан айрылады. Заңсыз сотталған және толық ақталған азаматтардың мемлекеттік наградаларын соттың шешімімен ҚР Президенті қайта қалпына келтіреді. ҚР-ның орденін, медалі мен құрметті атаққа берілетін белгісін сатып алу, сату, айырбастау немесе өзгедей өтеуге беру, сондай-ақ, мемлекеттік наградаларға қатысты басқа заңсыз іс-әрекет жасау заң бойынша жауапқа тартылады. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» заң күші бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР-ның жоғарыда аталған арнаулы заңына сәйкес мемлекеттік жаңа награда — «Барыс» орденімен (3 дәрежелі) марапаттау туралы бап енгізілді. Бұл орденмен ҚР-ның мемлекеттігі мен егемендігін нығайтуға, бейбітшілікті, қоғамның топтасуы мен Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етуге, мемлекеттік, өндірістік, ғылыми, әлеуметтік, мәдени және қоғамдық қызметке, халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, ұлттық мәдениеттерді, мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынастарды орнатуға ерекше еңбек сіңірген адамдар марапатталады. I дәреже орденнің жоғары дәрежесі болып саналады. III дәреже, II дәреже және I дәреже ретімен марапатталады. Уәлихан, Шот-Аман Ыдырысұлы. Уәлихан, Шот-Аман Ыдырысұлы (Шота Уәлиханов) — сәулетші. Қысқаша өмірбаяны. 1932 ж. сәуірдің 26-ында Көкшетау облысының (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы) Айыртау ауданындағы Сырымбет ауылында туған. Мәскеу архитектуралық институтын бітірді. «Қазақстан қала құрылысын жобалау» институтының қызметкері, Алматы қаласының бас сәулетшісінің орынбасары, Қазақстан Сәулетшілер одағы басқармасының төрағасы болды. Республикалық тарихи және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамының төрағасы. Шот-Аман Уәлихан — төре руының өкілі, әйгілі қазақ пен ресей ғалымы Шоқан Уәлихановтың бауырының ұрпағы. Қазақ ақыны Бахытжан Қанапияновтың немере ағасы. Марапаттары. Уәлихан, Шот-Аман Ыдырысұлы Мәлібекұлы, Жандарбек. Қысқаша өмірбаяны. 1942 жылы Қызылорда облысындағы Жаңақорған ауданының Екпінді ауылында дүниеге келді. Ташкент политехникалық институтының сәулет өнері факультетін бітірген. Ташкент қаласындағы ғылыми-зерттеу жобалау институтының қала құрлысы шеберқанасының жетекшісі, жобалар жөніндегі бас сәулетші болған. Сыртқы сілтемелер. Мәлібекұлы, Жандарбек Ниязбеков, Шәкен Оңласынұлы. Ниязбеков, Шәкен Оңласынұлы — суретші, Қазақстанның Мемлекеттік туының авторы. Қысқаша өмірбаяны. Ежелгі Тараз жерінде дүниеге келген, шеше жағынан полковник, Кеңестер Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туысы болып келеді. Бабасы — дана Төле би. Он жасқа келген кезде, бір жыл ішінде әке-шешесі өліп, кенеттен тұлдыр жетім қалады. Орта мектепті бітіргеннен кейін Шәкен Ниязбеков атақты «Мухинкаға» (Ленинградтың В. И. Мухин атындағы жоғары көркем-өнеркәсіптік училищесі) оқуға түседі. Студент кезінде ол Эрмитаж, Исаак соборы және Петродворецті қалпына кетіру жұмыстарына қатысады. Шәкен Ниязбеков өзінің ең басты ұстазы ретінде Әбілхан Қастеевті атайды. Соңғы отыз жылдан астам уақыт көлемінде суретші көптеген конкурстарға қатысып, бірнеше рет жеңімпаз атанды. Өмірінің кейбір кезеңдері: 1961 жыл — «Глобус» теледидарының дизайны үшін Чехословакияда берілген алтын медаль, 1964 жыл — Ленинградта өткен «Бейбітшілікті қолдаймыз!» атты плакаттар конкурсында бірінші орын, 1982 жыл — Алматы қаласындағы Республика алаңын көркем безендіруден өткен конкурста бірінші орын… «Құрманғазы», «Көбік шашқан», «Исатай Тайманов», «Абай», «Шоқан Уәлиханов», «Мұхтар Әуезов», «Сырым Датов», «Жамбыл», «Қазақстаннан келген солдат», «Ана» деген жұмыстар суретшінің жеке көрмелеріндегі каталогтардан қомақты орын алады. Оның жетістіктеріне, сондай-ақ, патриот Бауыржан Момышұлының зиратына қойылған құлпытас пен Алматы қаласының елтаңбасын да жатқызуға болады. Шәкен Ниязбеков — Қазақстанның мемлекеттік туының авторы. 1992 жылы ол Қазақстан, ТМД, Түркия, Германия, Монғолия елдерінен 1200-ге тарта суретші қатысқан конкурста жеңіп шықты. Нәжімеденов, Жұмекен Сабырұлы. Нәжімеденов, Жұмекен Сабырұлы — қазақ ақыны, жазушы. Қысқаша өмірбаяны. 1935 жылдың 28 қарашасында Гурьев (Атырау) облысы Тенгіз (қазір Құрманғазы) ауданындағы Ашақ деген жерде дүниеге келген. Жұмекен атасы Нәжімеден Стамғазиевтің бауырында өсіп, тәрбие алған. Сөз бен тарих және туған халқының дәстүрлеріне деген ыстық сүйіспеншілік сезімді бала бойында қалыптастырған сол кісі. Немересіне өзінің атақты бабалары Қартпанбет жырау (алтыншы ата) мен оның әпкесі Қосуан (Махамбет Өтемісұлының туған шешесі) туралы сыр шертетін. 1956-59 жылдары Қазақтың мемлекеттік консерваториясында оқыған. Содан кейін «Жазушы» баспасының редакторы, «Лениншіл жас» газетінде бөлім меңгеруші, Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, Баспалар жөніндегі мемлекеттік комитеттің редакторы, «Мектеп» баспасында бөлім меңгеруші болып қызмет атқарған. Жұмекен Нәжімеденовтің алғашқы «Егіс» лирикалық жинағы 1961 жылы жарық көрді. Төрт жылдан кейін «Жоқ, ұмытуға болмайды» атты поэмалар жинағы шықты. Ж.Нәжімеденовтің тірі кезінде барлығы он өлеңдер жинағы мен «Ақ шағылдар» (1973ж), «Кішкентай» (1975 ж), «Атақ пен дақпырт» (1978ж) атты үш романы басылды. Жұмекен Нәжімеденов өзінің 48 жасқа толуына алты күн қалғанда, 1983 жылдың 22 қарашасында дүниеден озды. Ақын өлімінен кейін жарық көрген он жинағына тірі кезінде жарияланбаған өлеңдері, поэмалары, повестері мен романдары, мақалалары мен аудармалары және тоғыз күй енді. Оның шығармалары көптеген тілдерге аударылып, басылды. Ақын А.Вознесенскийдің, Е.Евтушенконың, Н.Хикмет пен Ә.Файзи шығармаларын аударған. Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны. Жұмекен Нәжімеденов Қазақстанның қазіргі әнұран мәтінінің авторы. «Менің Қазақстаным» әні оның шығармашылық жолының басында, ақынның 21 жасында жазылған. Ол кісінің жұбайы Нәсіп апайдың айтуынша Жұмекен әнді осыдан 50 жыл бұрын, 1956 жылы Алматыда, белгілі қобызшы Гүлсара Бірманованың үйінде жазған. Бұл өлең бір қарағанда Қазақстан миллиард пұт астық жинағанына арналып жазылған сияқты болып көрінгенімен, негізінен «ел, жер менікі» деген отаршыларға қарсылықтан туған. Оны сезіп қалған коммунистер әнді мүлдем шығармай тастауға айналғанда Жамал Омарова ара түсіп, эфирден шырқауға мүмкіндік алған. Сөйтіп халыққа жетпей жатып қудалана бастаған ән бағы жанып, бейресмиден тәуелсіздіктің арқасында ресми әнұранға айналды. 2006 жылдың 11 қаңтарында «Менің Қазақстаным» әні елдің мемлекеттік әнұраны сипатында алғаш рет астаналық «Ақорда» резиденциясының шаңырағы астында, Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Президенті лауазымына салтанатты түрде кірісу сәтінде орындалды. Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы. «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағы — 1993 ж. белгіленді. Атақ ғарышқа ұшудың тапсырылған бағдарламасын ойдағыдай жүзеге асырған, алдарына қойылғанғылыми-техникалық, зерттеушілік және практикалық міндеттерді үлгілі орындаған азаматтарға беріледі. Қазақстанның еңбек ciңipгeн қайраткері. «Қазақстанның еңбек ciңipгeн қайраткері» белгісі «Қазақстанның еңбек ciңipгeн қайраткері» құрметті атағы — 1993 ж. белгіленді. Құрметті атақ республикаға сіңірген зор қызметі үшін көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлеріне, ғылымның, мәдениеттің өнердің, өндіріс пен әлеуметтік саланың өкілдеріне беріледі. Ерлігі үшін медалі. «Ерлігі үшін» медалі — 1993 жылы белгіленді. Медальмен азаматтар төтенше жағдайларда (суда, өрт, табиғат апаты кездерінде) адам өмірін құтқаруға байланысты көрсеткен, қылмысқа қарсы күресте көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін марапатталады. Жауынгерлік epлiгi үшін медалі. «Жауынгерлік epлiгi үшін» медалі — 1995 ж. белгіленді. Медальмен Қарулы Күштердің, Республикалық ұланның Президентің Күзет қызметінің, Ішкі және Шекара әскерлерінің әскери қызметшілері, прокуратура, ұлттық қayinciздік органдарының қызметкерлері Ерен еңбегі үшін медалі. «Ерен енбегі үшін» медалі — 1993 ж. белгіленді. Медальмен азаматтар экономикадағы, әлеуметтік саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегі және мемлекеттік қызметтегі жеткен табыстары үшін марапатталады. Шапағат медалі. «Шапағат» медалі — 1993 ж. белгіленді. Медальмен азаматтар белсенді де жемісті қамқоршылық қызметі мен қайырымдылық ісі үшін марапатталады. Шыңғыс хан. Шыңғыс хан (; өз аты —) — Азияда тұңғыш біртұтас мемлекет құрушы, өз заманының аса ірі әскери және мемлекет қайраткері. Ежелгі ру басшысы Есүхей батырдың отбасында туған. Мемлекет құруы. Өзінің әскери таланты арқасында және дұшпандарының әлсіздігі мен бытыраңқылығын пайдаланып, 1183—1204 жж. өкімет билігі үшін күресте негізгі жауларын — Меркіт тайпасының көсемі Тохтадан бастап, Найман тайпасының басшысы Таян ханға дейін — талқандады да, кең-байтақ территорияны басып алды, сөйтіп онда мекендейтін көптеген ру-тайпалық одақтардың бірден-бір билеушісі болды. Осы жеңістері және тайпа көсемдерін өз маңына топтастыруға бағытталған бірсыпыра әлеуметтік шараларды жүзеге асыруы нәтижесінде Тэмуджин дала ақсүйектері құрылтайының шешімімен Барыс жылы (1206) барлық тайпалардың ұлы ханы болып жарияланды да, «Шыңғыс хан» (түркі тілдеріндегі «теңіз» деген сөзден шыққан деп есептеледі) лауазымын алды.ШЫНҒЫС ХАН Есугейден кейінгі хан сайланады.Шынғысханның атын монголдарды коргасын деп Шынгысхан атаған. Ішкі саясаты. Ішкі саясатта Шыңғыс хан мемлекетті басқару ісін бір орталыққа бағындыруға күш салды, түркі-моңғол тайпаларын «мыңдық» деп аталатын әскери-әкімшілік бөліктерге бөлді (өйткені хан талабы бойынша, бұл бөліктердің әрқайсысы 1000 атты әскер беруге тиісті болды). Шыңғыс хан бұларды жайылым жерлерімен қоса өз туыстары мен нояндарға еншіге бөліп берді. Ұлы хан жазбаша іс жүргізуді ұйымдастырды. 1206 жылы ол әдеттегі құқық (Ұлы жасақ) ережелерін бекітті. Мемлекет ішіндегі наразылықтарды басу үшін 10 мың адамдық жеке гвардия (кэшиг) құрды. Әскери құрылысы. Әскерде өте қатаң тәртіп орнатты: сәл кіналы немесе қорқақтық көрсеткен әскери адамдар өлім жазасына кесілді. Шыңғыс хан әскери стратегия мен тактикада мұқият барлау, жауды жекелеп талқандау, тұтқиылдан шабуыл жасау, дұшпанды алдау үшін арнаулы отрядтардан тосқауыл қою, қыруар атты әскермен маневр жасау, т.б. әдістерді қолданды. Жерді жаулап алу. 1207-11 жж. Шыңғыс хан Сібірмен Шығыс Түркістан ды (буряттарды, якуттарды, ойраттарды, қырғыздарды, ұйғырларды) бағындырды. 1211 ж. Цзинь мемлекетіне жорық жасады. 1215 ж. Бейжінді алды. 1217 ж. Солтүстік Қытай түгел Шыңғыс ханның билігіне көшті. 1219 ж. Корея патшалығы Шыңғыс хан әскерлерінен тізе бүкті. Моңғол әскерлерінің Солтүстік Қытай мен Корея патшалығына жорықтарын ірі қолбасшы, әмір Мұқылы Гауин Жалаири басқарды. Қытайға қарсы шабуылдан кейін Шыңғыс хан әскерлерінің бір тобы 1218-19 жж. Жетісуды, 1219-21 ж. Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алды.anau mianugo baiagi Ұлыстарға бөлуі. Басып алынған жерлерді Шыңғыс хан ұлыстарға бөлді де, ұлдарына үлестіріп берді. Жошыға Ертістен Орал тауына, одан оңтүстікке қарай Каспий мен Арал төңірегіне дейінгі жерлер, Орта Азиядағы иеліктерінен Солтүстік Хорезм мен Сырдария аймағы, Шағатайға Мауераннахр, Жетісу, Қашқария, Үгедейге Батыс Моңғолия мен Тарбағатай аймағы берілді. Төле әкесінің ұлысы Моңғолияны мұраға алды. Қайтыс болуы. Шыңғыс хан Танғұттарға кезекті шабуылы кезінде қаза тапты. Соғысты Шыңғыс ханның мирасқорлары, Шыңғыс әулетінің хандары азды-көпті үзілістермен үсті-үстіне жүргізе берді. Кене хан. Кене хан (Кенесары Қасымұлы, Кенесары Қасымов, Кенесары хан, хан Кене) — қазақтың ең соңғы ханы. 1841—47 жж. билік құрған. Қазақ халқының патшалық Ресейге, Қоқан және Хиуа хандықтарына қарсы жүргізген ұлт-азаттық күресін басқарушы. Ол өзінің тегі жағынан төре тұқымынан. Бабасы қазақтың атақты ханы Абылай. Арғы аталары Шыңғысханның Жошы деген үлкен баласынан тарайды. Абылайдың әйелі қалмақтың Хочу мерген ноянының қызы Топыштан Қасым сұлтан туады. Кенесары осы Қасым сұлтанның баласы 1822 жылы Ресей өкіметі Кіші жүз бен Орта жүздегі хандық билікті жойып, аға сұлтан мен сұлтан әкімдер билігін енгізеді. Сөйтіп, Ресей өкіметі қазақ елінің ішкі тірлігіне тікелей араласып, өз үстемдіктерін жүргізе бастайды. Осыған қарсы шыққан Кенесары хандық басқару жүйесін қалпына келтіруге күш салады. Ол өз ойын Ресейдің жергілікті әкімшілігіне, сонымен қатар патшаның тікелей өзіне де жеткізеді. Бірақ патша өкіметі Кенесарының талаптарын орындаудан бас тартады. Сондықтан да ол өз мақсатын күшпен жүзеге асыруға кіріседі. Көтеріліс. 1827 ж. бастап Абылайдың ұрпақтары қазақ хандығын патшалық Ресей езгісінен босату жолындағы күресте белсенділік танытты. Кенесарының әкесі Қасым мен үлкен ағасы Саржан бастаған жасақтар орыс ауылдары мен керуендеріне шабуыл жасап тұрды, қазақ ауылдарын отарлық бұғаудан босатты. Міне солардың жолын жалғастырушы Кенесары Қасымұлы да мемлекет тәуелсіздігінің өте маңызды іс екенін халық санасына құюда қыруар еңбектер атқарды. Мемлекет мүддесін қорғау жолында жауды жеңіп, тәуелсіздікке қол жеткізу үшін халықты біліктілікпен басқару көп септігін тигізетінін ол жете түсінді. Кенесары Қасымұлы өз айналасына ең адал кеңесшілер мен батырларды, халық арасынан отарлық езгіге қарсы ең беделді, белсенді азаматтарды топтастыра білді. Кенесары қолы алғашқы әрекетін 1838 ж. көктемінде Ақмола бекінісін қоршап, өртеуден бастады. Қамал бастығы әскери старшина Карбышев пен Ақмола аумағының аға сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендин төнген ажалдан құтылып кетті. Кенесары енді Торғайға бет бұрды. Кенесары Қасымұлы патша өкілдеріне жазған хаттарында бұл әрекетін Ресей шекараларына жақындатуға ұмтылу, сол арқылы келіссөз процестерін жеңілдету деп түсіндірді. Шын мәнінде батырдың негізгі мақсаты 1836—38 жж. Исатай Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі болып өткен Кіші жүзді жалпыхалықтық көтеріліске қосу болды. Ақ киізге көтерлуі. 1841 ж. Кенесары хан сайланды, оның саясатының басты мақсаты қазақ хандығын қайта қалпына келтіру болды. Кенесары мемлекетті басқаруда шариғаттың негізгі ережелерін енгізді, сонымен бірге, билер сотын қалпына келтірді. Мемлекет пен оның әскерін нығайту жолдарын жетік білетін хан мұсылмандық құқық ережелерін бекітті. Салық саясаты да оны тиімді жолмен жинауға бағытталды. 1841 ж. Кенесары хан тағына отырғаннан кейін, көтеріліске қатысушылар әскери қимылын үдете түсті, олар қоқандықтардың елеулі күштері бекінген Жүлек, Ақмешіт, Жаңақорған, Созақ қамалдарын қоршауға алды. Кенесары өзінің басты мақсаты — азаттыққа қол жеткізу үшін ортақ жауға қарсы үш жүздің күш біріктіре күрес жүргізуі керек екенін түсінді. Алайда ұлт-азаттық күрестің 1844—45 жылдары қарқыны үдей түскен кезеңде де қазақтардың басы толық бірікпеді. Көтерілістің бас кезінде-ақ қазақтар қарама-қарсы екі топқа бөлінді: бірі Кенесары жағында болса, екіншісі патшаның жүргізген саясатын қолдады. 1846 ж. Ресей жасақтары мен отаршылдыққа бойұсынған қазақ сұлтандарының әскери құрылымдары оны Кіші және Орта жүздер аумағынан ығыстырды. Кенесары Қасымов хан, саясаткер, дипломат ретінде қазақтың үш жүзі руларының едәуір бөлігін өз туы астына біріктіре алды. Оның әскерінің жалпы саны кейде адамға дейін жетті. Халықтың бас көтеруіне Орта жүздің көптеген сұлтандары мен билері қосылды. Кенесары бастаған халық көтерілісінің ауқымы кең болды, ол 18 ғ. соңы мен 19 ғ. басындағы азаттық жолындағы өзге қозғалыстардан қазақ рулары көп қоныстанған негізгі аудандарды қамтуымен ерекшеленеді. Кенесары мемлекет құрылымына көп көңіл бөлді, елді басқаруда жаңа құрылымдар мен ережелер енгізді, сонымен бірге істен шығарылған құрылымдарды қайта қалпына келтірді. Әскер қатарында қатаң тәртіп орнатты. Әскерді ұзақ дала соғыстарына бейімдеу үшін мыңдықтар мен жүздіктерге бөліп басқару құрылымын құрды. Ол қажет ақпараттарды жеткізіп тұратын тыңшыларына да сүйенді, саяси күрес пен дипломатияның тиімді әдістерін қолданды. Мемлекеттің ішкі саясатын хан өзі қатаң бақылауға алды, ру аралық қақтығыстардың жолын кесті. Хандықтың құлдырауы. Үш жүздің қазақтарының біріккен ұлт-азаттық қозғалысы Ресейді қатты алаңдатты. 1843 ж. шілденің 27 І Николай империя құрамындағы қазақ хандығына қарсы ең көлемді әскери қозғалыстарға рұқсат беретін басқа мемлекет болмауы тиіс деген қағазға қол қойды. Бір кезеңде патша әскерлерімен және ымыраға келмес сұлтандармен күрес жүргізген Кенесары 1843—44 жж. біраз жеңістерге қол жеткізсе де, шегінуге мәжбүр болды. Шегіне келе Кенесары қырғыз жеріне шекаралас Ұлы жүздің аумағына орналасты. Ханның келесі бағыты қырғыз халқын орыс отаршылдығына қарсы ортақ күреске көтеру болды, алайда ол манаптар тарапынан күшті тойтарысқа тап болды. Кенесары Томақ маңындағы екі жақтың күші тең емес шайқаста қаза болды. Кенесары сіңірген тарихи еңбегі — ол қазақ халқының салт-дәстүрін сақтай отырып, оны бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күреске жұмылдырды. Кенесары ханның саясаты және идеологиясы ұлттың даму жолындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталды. Тағы қараңыз. Сыздық төре Тәуекел хан. Тәуекел хан - (1583-1598 жж. билік құрған) Шығай хандың ұлы 1586-94 жылдар аралығында ол өзге сұлтандармен хан тағына таласып, біраз уақытын соған жұмсады. Ақыры хандыққа қол жеткізді. Өзбек ханына қарсы күресте әскери одақтас ету үшін ол Мәскеумен қарым-қатынасын жолға қойды. Сөйтіп, 1598 жылы Орта Азияға жаңа жорық жасады. Сырдария бойындағы қалаларды қайтарып алар жолда ұрыстар жүргізілген кезде Тәуекел ауыр жараланып, Ташкентте қайтыс болды. XVI ғасырдың 90-жылдарынан XVII ғасырдың басына дейінгі Қазақ хандығының тарихы Шығайдың Абдаллахқа өтіп кетуі, Тәуекелдің одан қалуы, қазақ сұлтандары қатысқан 1588—жылғы Ташкент көтерілісі, 1594-1595 жылдардағы Тәуекел Түркістанды, Ташкентті, Ферғананы, Самарқандты басып алған кездегі соғыс оқиғалары сияқты деректермен белгілі. Бұл аймақтардың Қазақ хандығы құрамына қосылуының тарихи маңызы зор болды, бір тарихи кезеңнің екіншісімен алмасуын көрсетті. Бұл оқиғалар тек қазақ хандығына ғана емес, шайбанилік мемлекеттерге де елеулі ықпал жасады, өйткені Орта Азиядағы әулеттер ауысуының солармен тікелей байланысы болды. 1582 жылы Шығай хан өлгеннен кейін Тәуекел хан болды. Абдаллахқа вассалдық тәуелділік оның кезінде де сақталып қалды. Бірақ 1582 жылдың бас кезінде-ақ «Әндіжан мен Ферғанаға жорықтан қайтып келе жатқанда Тәуекел өзіне ханның теріс ниетінен күдіктеніп, оны тастап, өзінің Дешті Қыпшағына кетіп қалды» делінген дерек те бар. Тәуекелді осындай қадам жасауға итермелеген себептер деректемелерде түсіндірілгенімен бірсыпыра пікір айтуға болады. ... Тәуекел Сыр өңірінің қалалары үшін күресті бастап, 1586 жылы Ташкентті алуға әрекет жасайды. Абдаллах ханның әскерлері оңтүстікте шоғырланғанын біліп, Тәуекел Мауараннахрдың солтүстік аймақтарына шабуылдайды. Оның шабуылы Түркістан, Ташкент, тіпті Самарқанд сияқты қалаларды талқандады, Тәуекел шайқасқа түспей, асығыс шегініп кетті. Сөйтіп, Тәуекелдің Ташкентті алуға жасаған алғашқы әрекеті сәтсіз аяқталды. Ташкент өңірінде болған 1588 жылғы көтеріліс сол кезіндегі қазақ халқы тарихындағы маңызды оқиғалар қатарына жатады. Ол жөнінде Хафиз Тыныштың «Шараф-наме – ий шахи» және Мукимидің «Зафар - наме» деген еңбектерінде қызықты мәліметтер мен жағдаяттар келтірілген. Ташкент көтерілісіне зерттеушілер осы кезге дейін назар аудармай келді, ал ол Орта Азия – Қазақстан аймағындағы тарихтың дамуына едәуір дәрежеде ықпал еткен еді. Сол кезде қазақ сұлтандары Сауран билеушісі Ишанкелді аутаршы мен Наурыз би құсшының өздеріне қакүнемдік жасауға дайындалып жатқанын біліп, өзбек әскеріне қарсы аттанды. Алайда бұл күресте Ишанкелді би жеңіп, қазақ сұлтандары мен бүлікші әмірлері жеңіліс тапты. Үш айға жуық уақытқа созылып, әскери бүлік сипатында болған көтеріліс осылай аяқталды. Көтеріліске бүлікші әмірлермен және қазақ сұлтандарымен қатар көшпелі тайпалар да қатысты. 1588 жылғы оқиғалар содан кейінгі 1598-1599 жылдардағы оқиғалардың, атап айтқанда, Шайбани әулетін Аштархани әулетінің алмастыруы сияқты елеулі оқиғаның алғы шарты болды. Сонау 1585 жылы-ақ Абдаллахқа дербес қарсы шыққан Тәуекел бұл көтеріліске қатысқан жоқ. Ол жеңген жағдайда өзіне айтарлықтай пайда келтіретін болса да, басқа қазақ сұлтандары жүргізген бұл күреске қосылмады. Тәуекел 1582 жылдың аяғында Абдаллахтан кеткеннен кейін оның жоғарғы билік үшін ұзақ уақыт табан тіресе күресуіне тура келді. 1596 жылы оның хан атағы болғанымен, алайда ол осы заңды негізге алмаған еді. Тәуекелдің сол жылғы Ташкентті шабуын суреттей келіп, Ескендір Мұңшының өзі де «өзіне хан атағын алған қазақ Тәуекел сұлтан сансыз көп әскермен Ташкентке жақындап келді» деп хабарлайды. Бұдан Тәуекелдің хан жағдайын 1586 және 1594 жылдар арасында жүргізілген ұзақ та табанды күрес нәтижесінде жеңіп алғаны, оның содан кейін Мәскеумен қатынастар жасау кезінде нағыз хан ретінде әрекет еткені анық болады. 1594 жылы Тәуекел өзін бодандығына қабылдауды өтініп, Федор патшаға Құл-Мұхамедті елші етіп жіберді. Қазақ елшілері орыс патшасына Қазақ хандығының жайы туралы бірқатар қызықты мәліметтер жеткізді. Мәселен, Құл-Мұхамед былай деп хабарлаған: «Ал қазір Бұхара патшасымен уақытша татумыз, ал ноғайлармен бауырлардай татумыз, Тинехматтың балаларымен де, ұрыс тұқымымен де ала-бөтен емеспіз». Бұл елшілік туралы істе Тәуекел хан «қазақ және қалмақ патшасы» деп те аталған, бұдан оған Орталық және Солтүстік Қазақсстанды мекендеген қазақтарға жақын көшіп-қонып жүрген кейбір жоңғар рулары бағынған деген қорытынды жасауға болады. Сонымен қазақ елшілігінің алдында Ораз-Мұхаммедті қайтаруға қол жеткізу және Абдаллахқа қарсы күресте Мәскеудің көмегіне уәдесін алу міндеттері қойылды. 1595 жылғы наурыз айында елшіге патшаның жауап грамотасы тапсырылды, онда Тәуекелге қазақ хандығын «өзінің патшалық қол астына» алатынын хабарлаған және «патша мен ханзадаларға оқ ататын қару» жіберуге уәде етеді де, одан әрі мынадай тілек айтады: Тәуекел «біздің патшалық қол астымызда болғандықтан және біздің патшалық әміріміз бойынша Бұхара патшасымен және бізге опасыздық жасаған сібір патшасы Көшіммен соғысып, біздің ұлы мәртебелі патшамызға жол салатын боласыздар». Тәуекелдің елшілері Мәскеуге Иран шахы Абдаллахқа қарсы бірлесіп күресуі туралы келісімге қол жеткізу үшін Иран елшісін өздерімен бірге Тәуекелге жіберуін сұрады. Елшілердің өтініші орындалды. Құл-Мұхаммед елшілігіне жауап ретінде 1595 жылдың наурыз айында Мәскеуден Тәуекел ханға тілмаш Вельямин Степанов жіберілді. Сонымен, қалыптасқан жағдайда қамқорлық туралы мәселе жөнінде келісімге келу мүмкін болмай шыққанымен, дипломатиялық қатынастар, сондай-ақ сауда байланыстары XVI ғасырдың кейінгі жылдарында да жалғаса берді. Қазақ-орыс дипломатиялық қатынастарының дамуы керуен саудасының одан әрі кеңеюіне жағдай жасады. Қазақтар рынокқа өз тауарларын: малын, мал өнімдерін және т.б. апарып отырды. Ресейден Орта Азия мен Сібірге апаратын жол Қазақ хандығының аумағы арқылы өтті. Тобыл қаласынан Орта Азияға апаратын сауда жолы Ертіс өзені арқылы Есіл өзенінің бас жағына қарай, ал ол жақтан Ұлытауды айналып өтіп, Сарысу арқылы Түркістанға дейін, сонан соң Сырдария өзені арқылы Бұхараға өтетін еді. 1598 жылы Тәуекел Шайбани ұрпақтарының мемлекетіне жаңа шапқыншылық жасайды. Абдаллах хан Тәуекелді өзіне лайықты қарсылас деп санамай, оған қарсы шекаралас өңірлер сұлтандарының, әмірлерінің әскерлері мен өз әскерінің бір бөлігін жіберген. Ташкент пен Самарқанд арасындағы бір жерде шайқас болған. Абдаллах әскері ауыр жеңіліске ұшырайды. Абдаллах өлгеннен кейін хандық саяси дағдарыс кезеңіне енді. ... Сөйтіп Тәуекел аз уақыт ішінде Түркістанды, Ташкентті, Ферғананы алды. 1598 жылы наурызда Абдолла хан қайтыс болып, Абдылһұмин хан болды. Иран шахы аббас оған жаулық ойлады. Осыны пайдаланған Тәуекел ханшапқыншылық соғыс қозғап, жүз мыңнан астам қазақ әскерімен Мауараннахрға басып кіріп, Ахси, Әндижан, Ташкент, Самарқанд қалаларын басып алды. Тәуекел хан өзінің туысы Есім сұлтанды 20 мыңдай әскермен Самарқанда қалдырып, өзі 70-80 мың әскерімен Бұхараны алуға аттанды. Қазақ әскерлері Бұхараны 20 күн қоршады. Қала бекінісі түбіндегі бір шайқаста Тәуекел хан ауыр жараланып, Ташкентке қайтып келіп қаза болды. Әз-Жәнібек хан. Әз-Жәнібек хан (Жәнібек Әбусағит) (туған жылы мен өлген жылы белгісіз) — Қазақ хандығы мен қазақ хандары әулетінің негізін қалаушы, Барақ ханның ұлы, Орыс ханның шөбересі. 15 ғ. өмір сүрген. 1450 жж. дейінгі өмірі мен қызметі туралы нақты деректер жоқ. 1456 ж. Дешті-Қыпшақта шайбанид Әбілхайыр билікті қолына алған соң, көшпенді халықтың Жәнібек пен Керей бастаған бір бөлігі Моғолстанға қоныс аударып, Шу мен Қозыбасы өзендерінің аңғарында орын тепті. Моғолстан ханы өз қарсыластарымен болатын күресте көмектесер деген есеппен қазақ басшыларымен одақтас болды. Өзара қырқысулар мен соғыстардан жапа шеккен 200 мыңға жуық көшпенділер Жәнібек хан мен Керей ханның маңына топтасты, олардың билігінің күшеюі 1468 ж. Моғолстанға әскери жорық жасамақ болып, бірақ жол үстінде кенеттен қайтыс болған Әбілқайырға олар тарапынан қауіп төнуі мүмкін деген ой салды. Әбілқайыр хан өлімінен кейін хан тағы үшін болған өзара қырқысулар Дешті-Қыпшақта өрши түсті, оған туған жерге оралуды көздеп жүрген Жәнібек хан мен Керей хан да араласып кетті. Олар Әбілқайыр мұрагері Шейх-Хайдар ханмен кескілескен шайқасқа түсті. Өз әміршілері тарапынан ешқандай көмек ала алмаған Шейх-Хайдар билік үшін күресте жеңіліске ұшырады. Бұдан кейін Дешті-Қыпшақтағы билік Орыс ханның тұқымдары — Жәніібек хан мен Керей ханның қолдарына өтті. Олар тағы да отыз жыл бойы шайбанилықтармен табан тіресе шайқасты. Биліктің Орыс хан тұқымдарының қолына өтуі де «Көшпелі өзбектер мемлекетіндегі» саяси жағдайды өзгерткен жоқ. Дегенмен, бұл оқиға «Көшпелі өзбектер мемлекеті» атының Дешті-Қыпшақ болып өзгеруіне ықпал етті. Бір кездері Моғолстанға қоныс аударған адамдар Өзбек ұлысында «қазақтар» деп атала бастады және бұл атау бүкіл хандыққа тарай бастады. Билік үшін күрес Жәнібек хан мен оның үзеңгілестері қазақтардың бірігуі мен Қазақ хандығының құрылуына үлес қосты. 15 ғ. орта шанінде ежелден Жетісу өңірін мекендеген түркі тайпалары бір этникалық топқа біріге келе, қазақ халқын құрады. Жәнібек хан мен Керей хан Жетісу өңірі, Шу мен Талас өзендерінің бойын мекендеген қазақтардың басын қосуда көп еңбек сіңірді. Бұл мақсатпен олар өзара қырқысуларды басып, ірі феодалдарды маңайына топтастырды. Жәнібек ханның Дешті-Қыпшаққа оралғаннан кейін билігін күшейткені туралы, өмірінің соңғы жылдары мен өлімі туралы деректер жоқ. Оның есімі тарихи деректерде соңғы рет 1473 ж. кездеседі. Бұдан кейінгі жылдары Керей хан туралы ғана айтылған. Жәнібек хан жиі болатын шайқастардың бірінде қаза тапқан деп болжауға болады. Сақталып қалған халық аңыздары мен өлеңдерінде Жәнібек ханды Әз Жәнібек деп атаған. Керей хан. Керей хан (туған жылы белгісіз, 15 ғ. 70 жж. басында қайтыс болған) — Қазақ хандығының негізін қалағандардың бірі. «Таурих-и гузида-ий Нусратнама» (1268—70) еңбегінің авторы айтып өткендей, Керей хан — Орыс ханның немересі, Болат ханның ұлы. 1456 ж. Керей хан мен Әз-Жәнібек ханның Әбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті-Қыпшақтан батыс Жетісу жеріне қоныс аударуы қазақ хандығының құрылуына мұрындық болған маңызды тарихи оқиға еді. Бұл оқиғаның мән-жайы мынадай болатын: 1428 ж. Ақ Орданың ақырғы ханы Барақ ішкі феодалдық қырқыста қаза болған соң, Ақ Орда мемлекеті ыдырап, ұсақ феодалдық иеліктерге бөлінгенде өзара қырқыс үдей түсті. Бұрынғы Ақ Орданың орнына Әбілхайыр хандығы мен Ноғай одағы құрылды. Шайбани тұқымынан шыққан Әбілхайыр хан бұрын Орда Ежен ұрпағы билеген Ақ Орда территориясы — Шығыс Дешті-Қыпшаққа 40 жыл (1248—68) үстемдік етті. 15 ғ. ортасында Әбілхайыр хандығында толассыз болып отырған қан төгіс соғыстар мен ішкі феодалдық қырқыстар болған сайын үдеп феодалдық езгі мен қанау халық бұқарасын ауыр күйзеліске түсірді. Аласапыран соғыстар мен феодалдық бытыраңқылық салдарынан Дешті-Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан мал жайылысын пайдаланудың дағдылы көшіп-қону тәртіптері бұзылды, көшпелі тайпалар мезгілінде жайлау-қыстауларына бара алмайтын болды. Бұл көшпенді мал шаруашылығына ауыр зардабын тигізді. Осындай ауыр тауқымет тартқан халық бейбіт өмірді, Әбілқайырдың үстемдігінен құтылып, өз алдына тіршілік етуді армандады. Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шетіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң Әбілхайыр хан дүние салды да, өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан, Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Қазақ сұлтандары 870 жылдары (1465-1466) билей бастады… Алғашында қазақ хандығының территориясы батыс Жетісу жері, Шу өзені мен Талас өзенінің алабы еді. Міне, нақ осы территорияға деректемелерде тұңғыш рет «Қазақстан» деген атау қолданылды, ежелден осы алапты мекендеген қазақтың ұлы жүз тайпалары Дешті-Қыпшақтан қоныс аударған қазақ тайпаларымен етене араласып кетті. Әбілхайыр хандығындағы аласапыран соғыс салдарынан қанжілік болған қазақ халқы бұл араға келіп ес жиып, етек жауып, экономикалық тұрмысы түзеле бастады. Мұны көрген Дешті-Қыпшақ көшпенділері Әбілхайыр хан қоластынан шығып, бөгеуін бұзған судай ағылып қазақ хандығына келіп жатты. 15 ғ. 50 жж. ортасынан 70 жж. басына дейін Әбілхайыр ханның қарамағынан батыс Жетісуға 200 мың адам көшіп барды. 1462 ж. Моғолстан ханы Есенбұға қайтыс болған соң, бұл мемлекетте ішкі феодалдық қырқыс күшейіп, өкіметсіздік жағдайдың өріс алуы, Амасанжы тайшы бастаған ойрат жоңғарларының жасаған шабуылы салдарынан Моғолстан мемлекетінің шаңырағы шайқалған кезде Жетісуды мекендеген қазақ тайпаларының қазақ хандығына келіп қосылуы үдей түсті. Бұлар жаңадан құрылған Қазақ хандығының үкімет билігін нығайтып, оның беделі мен әскери, саяси күш-қуатын арттыра түсті. Алайда жаңадан құрылған қазақ хандығының экономикалық негізі әлі де әлсіз еді. Бірсыпыра қазақ тайпалары Әбілхайыр хандығының, Моғолстанның, Ноғай одағының және Батыс Сібір хандығының қол астында төрт хандыққа телі болып отырған болатын. Оның үстіне шығыс Дешті-Қыпшақты билеген Әбілхайыр хан өзіне қарсы шығып, Жетісуға қоныс аударған қазақтардың өз алдына хандық құрып, масайрап отырғандығына, әсіресе Әбілхайыр хандығынан көптеген тайпалардың оған ағылып барып жатқанына азуын басып, қылышын қайрап отырды. Ол жаңа құрылған қазақ хандығын тарпа бас салып жойып жіберуге сұқтанды. Оншақты жыл айналасында батыс Жетісу өңіріне екі жүз мың жан саны бар көшпелі тайпалардың жиналуы кең өріс, қоныс керек етті. Ал көшпелі елдің отырықшы-егіншілігі көркейген аудандармен, әсіресе қолөнері мен саудасы дамыған экономикалық орталық — Сырдария жағалауындағы қалалармен сауда-саттық қарым-қатынастарына қолайлы жағдай жасау халық тұрмысындағы маңызды мәселеге айналды. Бұл қарым-қатынастың оңалуына тек көшпелі халықтар ғана емес, отырықшы аймақтардағы егіншілік өнімдерін өткізіп егіс көлігін алуды аңсаған егіншілер де, қолөнер өнімдерін өткізіп шикізат (жүн, тері, т.б.) алуды аңсаған қолөнершілер де, сауда тауарын өткізіп пайда табуға саудагерлер де мүдделі болды. Сырдария бойындағы қалалар мен Дешті-Қыпшақ даласы үшін күресте қазақ хандығының басты бәсекелесі және ата жауы Әбілхайыр хан еді. Қазақ хандығы Әбілхайырға қарсы күресу үшін ең алдымен Моғолстан мемлекетімен тату көршілік одақ ойрат жоңғарларының тайшасы Амасанжының Моғолстанға шабуыл жасауынан және Әбілхайыр ханның Жетісудағы қазақ хандығына шабуыл жасауынан тізе қоса отырып қорғануды мақсат етті. 1468 ж. қыста Әбілхайыр хан Қазақ хандығын қиратпақ болып, Жетісуға жорыққа аттанды, бірақ сапары сәтсіз болып, жорық жолында қаза тапты. Әбілхайырдың қаза болуы қазақ хандығының нығаюына және көлемінің кеңеюіне үлкен орай тудырды. Әбілхайыр өлгеннен соң оның елінде қиян-кескі қырқыс басталып, хандық ыдырай бастады. Өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды, ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан мен Жәнібек ханға көшіп кетті. Мұндай тиімді жағдайды дер кезінде пайдаланған қазақ хандары Керей мен Әз Жәнібек бұдан он екі жыл бұрын өздері ауып кеткен ата қонысы Дешті-Қыпшаққа қайта оралды. Керей хан есімі тарихи деректерде соңғы рет 1472—73 жж. Сырдария жағасындағы қалалар үшін Моғолстан ханы Жүністің ордасына Бұрыш сұлтанның шабуыл жасаған кездерінде айтылады. Тарихи материалдарда Керей ханның хандық билікті ұлы Бұрындыққа бергені туралы, Керей ханның Өзбек ұлысын басқарған кезеңі, оның тағдыры қай уақытта, қандай жағдайларда қаза болғаны туралы нақты мәліметтер көрсетілмеген. Керей хан 1472—73 жж. оқиғалардан кейін қайтыс болған деп есептеледі. Есім хан. Есім хан — (1598—1628) билік құрған. Есім хан қазақ тарихында «Еңсегей бойлы ер Есім» деген атпен әйгілі болды, оған бұл атақ 1598-жылы ағасы Тәуекел ханмен бірге Мауреннахрға жасаған жорықта ерекше көзге түскені үшін берілген екен. Есім хан — Шығай ханның баласы, ол бұрын қазақ хандығының Түркістан қаласындағы хан ордасында тұрған. Хан тағына отырған соң Бұхарамен бітім-шартын жасасып, Орта Азия қалаларымен бейбіт, экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды. Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құруды көздеді. «Есім ханның ескі жолы» деп аталған заңды құрастырды. Есім ханның қазақтарды бір орталыққа бағындыру саясатына қарсы болған сұлтандар қазақ хандығын бөлшектеуге тырысты. Ташкент қаласы қазақ хандығына қараған соң оны Жәнібек ханның немересі, Жалым сұлтанның баласы Тұрсын Мұхаммед сұлтан басқарған еді. Ол көп ұзамай тәуелсіз хан болуға әрекет жасады. Тіпті өз атынан ақша соқтырып, «бажы және хараж» алым-салықтарын жинады. Сонымен, қазақ хандығын екіге бөліп, Түркістан қаласын орталық еткен Есім хан, Ташкент қаласын орталық еткен Тұрсын хан билеген еді. Бұлардың арасында соғыс қақтығыстары болды. Бұл екі жақ ұйғыр, қырғыз, қарақалпақ билеушілерінен өздеріне одақтас-жақтастар іздеуге кірісті. Есім хан тобы Яркент хандығына қарсы болып Тұрпанды билеген Әбдірахим ханмен одақтасты. Ал Тұрсын Мұхаммед хан жағы Яркент билеушісі Шажайдің Ахметтің жақтасы болды. Бұлармен одақтасып отырған Әбдірахим мен Ахметтер де бір-бірімен жауласып отырған билеушілер болатын. Есім хан өзіне мықты сүйеніш ету үшін Яркент ханы Әбдірахиммен құдандалық байланыс орнатты. Есім хан Әбдірахимнің қызы Патша ханымға үйленді де, ағасы Күшік сұлтанның қызын Әбдірахимге берді. Есім хан мен Тұрсын хан арасында күрес шиеленісе берді, 1627-жылы Есім хан Тұрсын ханды өлтіріп, қазақ хандығын өз қол астына біріктірді. Есім хан шошып оянған Тұрсын ханның басын алады. «Бахыр әл асырардың» авторы Махмұд ибн Уәлидің айтуына қарағанда, есім хан 1628-жылы қайтыс болған. Ал «Қазақ совет энциклопедиясының» мәліметіне қарағанда 1645-жылы қайтыс болған делінеді. Бұрындық хан. Бұрындық хан (1480-1511 ж.ж. билік құрған) — Керей ханның үш ұлының бірі. Бұрындықтың қашан дүниеге келгені белгісіз. Орта ғасырлардағы жазба деректердің үзік-үзік мәліметтеріне сүйене отырып, оның өмірінің 40-50 жылдық кезеңін қалпына келтіруге болады. Бұрындық ханның өмірі Қазақ хандығы тарихының алғашқы дәуірімен тығыз байланысты. Сондықтан да хандық тарихындағы ірі оқиғалар мен дамулар оның өміріндегі белестер болып есептеледі. Жазба деректердің өте тапшылығына қарамастан, Бұрындық хан өмірінен бірнеше белесті айқын көруге болады. Бұрындықтың хандықтың құрылу үрдісіне қатынасуы 1469-73 жылдардағы оқиғалардан көрінеді. Осы жылдары Қазақ хандығына қатысты мынандай оқиғалар болған еді: 1469 жылы Әбілқайыр хан Моғолстанның батыс жағындағы Қазақ хандығына қарсы жорық ұйымдастырып, сол жылдың қараша-желтоқсан айларында орта жолда қайтыс болды. Ол жұмсақ мінезді және жігерсіз адам болатын, басқару ісіне өз бетінше қадамдар жасауға қабілетсіз еді Осыны пайдаланып Әбілқайырдың кешегі жаулары әр тараптан жорықтар жасай бастайды. Қазақ хандығынан да бірнеше жорықтар жасалады. «Тауарихи гузидан нұсрат-намадан» басқа «Шайбани нама», «Фатх нама», «Бахр ал-асрарфи манакиб ал ахиар» шығармаларының дерегі бойынша «көшпелі өзбектер» мемлекетін талқандауда қазақ хандығы жағынан тек Жәнібек хан ғана аталады. Ал Керей ханның аталмауын, ол 1469 жылға дейін қайтыс болған дейміз. Бұрындық Керейдің үлкен ұлы болғандықтан әкесінің ұлысын басқаратыны өзінен-өзі түсінікті. Керейдің қашан қайтыс болғандығы жөнінде аңыз дерегі былай дейді: «Шудың бойында он жылдай хандық құрған Керей хан Хан тауына жерленіпті». Аңызды ел аузынан жинап, жариялаған белгілі археолог М.Елеуов. Жәнібек хан адамдары ішінен Бұрындық хан өз ұлысын жиып, Әбілқайыр хан ұлдарына тарпа бас салды. Олардың қарсыласуға күштері жан-жаққа бытырай қашты. Бұрындық кейін қайтқан соң, олар қайта жиналып бас қосты. Дерек мәліметінен көріп отырғанымыздай, Бұрындық Жәнібек хан тапсырмасын орындаушы, жорықтың мақсаты — Дешті Қыпшақтағы шайбанилық сұлтандарды жою болған. Жорық біршама сәтті аяқталғанымен, негізгі түпкі мақсат орындалмаған секілді. Бұрындықтың кері оралуымен, бас сауғалап қашқан Әбілқайыр ұлдары қайта жиналады. Соған қарамастан Бұрындықтың бұл жорығы оны тарихта қалдырады. Сөйтіп ол Қазақ хандығының құрылу кезеңіне, әсіресе оның екінші кезеңіне өз үлесін қосады. Бұрындық ханның қазақ тарихында аты жарқырап көрінген тұсы — XV ғасырдың 70-90 жылдары болды. Бұл жылдар қазақ хандығы үшін күшею, нығаю және қазақ халқының этникалық территориясын біріктіру жолындағы күрес дәуірі еді. Дәуірдегі ең басты оқиғаға көрсетілген жылдар ішіндегі Қазақ хандығының Сыр өңірі үшін Мауреннахрлық билеушілерімен, шайбанилық сұлтандармен және Моғолстан хандарымен жүргізген ұрыстары жатты. Осы ұрыстарда тарих сахнасына қазақ хандарының екінші буыны: Бұрындық, Қасым хандар шығып, қазақ мемлекеттігінің одан әрі күшейіп, нығаюына өз үлестерін қосады. Сыр өңірі үшін болған күрес жылдары Қазақ хандығын Бұрындық хан билеп тұрды. Жәнібек ханның қашан қайтыс болып, Бұрындықтың қай жылдардан бастап билік құра бастағаны белгісіз. Ол туралы ешбір дерек жазбаған. Сыр бойы деп отырғанымыз — Сырдария өзенінің орта ағысы бойындағы жерлер. XIV-XVI ғ.ғ. жазба деректер өңірді Түркістан аймағы деп атайды. Аймақ — ХІ ғасырдан бері Дешті Қыпшақтың ажырамас, құрамдас бөлігі және онымен бірге біртұтас шаруашылық, мәдени, этникалық, діни, тілдік кеңістікті құраған. Тек кей тарихи кезеңдерде Сыр өңірі саяси жағынан Мауреннахрға уақытша қарады. Дешті Қыпшақ пен Мауреннахр билеушілері арасындағы XI-XV ғ.ғ. қарым-қатынастың негізгі нысаны Түркістан аймағы болып саналады. Дәлелді болуы үшін ХІ-ХІІ ғасырлардағы қыпшақ хандығы мен Хорезм мемлекеті, ХІІІ ғасырдағы Орда Ежен ұлысы мен Шағатай ұлысы, Орыс хан мен Ақсақ Темір, Тоқтамыс хан мен Ақсақ Темір, Барақ хан мен Ұлығбек, Әбілқайыр хан мен Ақсақ Темір ұрпақтары арасындағы саяси қатынастарды айтсақ та жетіп жатыр. Саяси қатынастар Қазақ хандығы құрылғаннан кейін де жалғасын тапты. Аймақ үшін күрестің басталуы Бұрындық ханның билігі тұсына сай келеді. Оның қазақ тарихында алатын рөлі де осы Сыр бойы үшін күресте көрінеді. Сыр бойы үшін жүргізілген күрестің себебін айттық, ал басталуына түрткі болған оқиғаға Әбілқайыр ханның немересі Мұхамед Шайбани ханның Мауреннахрдың қол астындағы Түркістан аймағына келіп бекінуі болды. Осы жылдары өзара феодалдық соғыстарды бастан өткеріп жатқан Мауреннахр билеушілерінде Түркістан аймағын қорғайтындай күш жоқ болатын. Сондықтан оларға Қазақ хандығының негізгі жауы — шайбанилық сұлтандарды қазақтарға қарсы қою өте тиімді еді. Қазақ хандығы Мауреннахр билеушілерінің бұл әрекетіне бірден қарсы шығады. Қыс мезгіліне қарамастан Бұрындық хан бастаған қазақ әскерлері Мұхаммед Шайбани хан бекінген Сығанақ, Сауран және Созақ өңірлерінде ұрысқа түседі. Бірнеше рет болған ұрыстарда жеңіген Шайбани хан қашуға мәжбүр болады. Аймақтың басқа да өңірлерінен айырылу қаупін сезген аймақтың әкімі Мұхаммед Мазид-тархан Шайбани ханды Самарқанға кетуге көндіреді. Осылайша күрестің алғашқы кезеңі Қазақ хандығы үшін сәтті басталып, аймақтың солтүстік өңірлері Қазақ хандығына өтеді. Орны келгенде айта кету керек, бүкіл хандықты Бұрындық басқарып, алғашқы жеңістерге қол жеткізілсе де, деректерде атап өтілгеніндей, Жәнібек хан ұлдары Қасым, Жиренше, Махмұд сұлтандар ерекше көзге түседі. Бұл ұрыстар шамамен алғанда, 1470- жылдардың ортасында өтеді. Ал XV ғасырдың 80-жылдарында Шайбани мен Мауреннахр, билеушілеріне арқа сүйеп, аймаққа тағы да еніп, солтүстік өңірді басып алады. Бұрындық хан және Жәнібек хан ұлдарының қарсы қолданған әрекеттері нәтижесінде Әбілқайыр ханның немересі Түркістан аймағынан кетуге мәжбүр болады. Ал қазақ хандығы болса аймақтың солтүстік өңірін қорғап қана қоймай, аймақтың орталық және оңтүстік өңірлерінде өз ықпалын күшейте бастайды. Негізінен аймақта Жәнібек ханның 9 ұлының ықпал-әсері өседі. Олардың ұлыстары кеңейіп, қалалар мен жақсы қысқы жайылымдар солардың иелігіне көшеді. XV ғасырдың 90-жылдарында Бұрындық хан мен Жәнібек хан ұлдары арасында қайшылықтар туа бастайды. Қайшылықтың негізіне Сыр өңірінде Жәнібек хан ұлдарының ықпалының өсуі мен нығаюы жатыр. Ішкі саяси өмірдегі осы қайшылық сыртқы саясатқа да өз салқындығын тигізеді. Сол себепті де 1493-96 жылдары Түркістан аймағы үшін болған ұрыстар қиын да ауыр, ұзақ болады. Шайбани хан бірде Моғол ханы жағына, бірде Мәуреннахрлық билеушілер жағына шығып, өз бағытын өзгертіп отырады. Тіпті ол негізгі қарсыласы — Бұрындық ханмен де жақындасуға ұмтылады. Жәнібек хан ұлдарымен арадағы қайшылықтың одан әрі шиеленісуі Бұрындықты Шайбани ханмен одақтас еткізеді. Сөйтіп, 1496 жылы үш жылға созылған ұзақ ұрыстардан соң соғысушы жақтар келісімге келеді. Келісімнің қорытындысы бойынша Түркістан аймағы үшке бөлініп, оның солтүстігінде қазақ хандығы, оңтүстігінде Моғолстан, орталығында Шайбани хан билік жүргізуге тиіс болады. Сонымен бірге Бұрындық хан мен Жәнібек хан екеуі арасындағы одақтастықты тереңдету үшін екі қызын шайбанилық екі сұлтанға ұзатады. Мұндай одақтастыққа қарсы Жәнібек хан ұлдары Моғолстан ханымен жақындасып, қарсы одақ құрады. Қасым сұлтанның ағасы Әдік сұлтан Моғол ханының қарындасына үйленеді. Осылайша, қазақ қоғамындағы хандық әулет ішінде бір біріне қарама-қарсы күштер қалыптасады. Бұрындық хан тұсында XV ғасыр соңында Қазақ хандығындағы саяси күштер екіге бөлініп, ол хандықтың сыртқы саяси жағдайына әсерін тигізеді. Бірақ қалыптасқан жағдай Бұрындыққа абырой әкелмейді. Хан ретінде мемлекеттегі барлық саяси күштердің басын қосудың орнына, керісінше олардың бір-біріне қарсы тұруына, ол күштердің бірінде өзі болуы — оның беделінің құлдырауының басы болды. Бұрындық хан өмірінің қайғылы жағы да осында еді. XVI ғасырдың алғашқы 10 жылдығында Бұрындық хан өміріне түбегейлі бетбұрыс әкелген күрделі ірі оқиғалар болып өтті. Ол оқиға тағы да Мұхаммед Шайбани хан есімімен байланысты еді. 1500- жылдың жазында Самарқан тағына келген шайбанилық сұлтан айналасы 3-4 жыл ішінде бүкіл Мауреннахрды біріктіріп, Моғолстанның қол астындағы Ташкентті моғол ханынан тартып алды. Моғол хандары Сұлтан Махмұт пен Сұлтан Ахмет хандар қолға түсіріледі, бірақ Шайбани хан оларды босатып жібереді. Әбден күшейген Мұхаммед Шайбани хан 1505-жылдан 1510-жылға дейін қазақ хандығына қарсы 4 рет жорық ұйымдастырады. Жорықтардың алдына қойған саяси және экономикалық мақсаттарына қазақ хандығын бағындыру не әлсірету және Түркістан аймағын Мауреннахрға қосу жатты. Бұрындық хан дәл осы жорықтар кезінде үлкен қателіктер жіберді деп есептейміз. Оған дәлеліміз мынадай: Алғашқы үш жорық кезінде Бұрындық хан жауға қарсы ешқандай шара қолданбайды. Шайбани хан емін-еркін Жәнібек хан ұлдары: Жаныштың, Тыныштың ұлыстарыын ойрандап, мыңдаған мал-жанды олжалайды. Тіпті 1509-жылдың қысында болған үшінші жорық кезінде, өз ұлысына қарай жау әскерінің келе жатқанынан хабардар болып, ешқандай қарсылық көрсетпей, қашуға мәжбүр болады. Бұрындық ханның шарасыздық ісін, оның әдейі жасаған жоспарлы ойы деп түсінеміз. Жәнібек хан ұлдары неғұрлым әлсіресе, соғұрлым оның күші өсуі тиіс еді. Бірақ бәрі керісінше шықты. 1510-жылдың қысында жау тағы да қазақтарға жорық жасайды. Бұл жолғы жорық бағыты Қасым сұлтан ұлысына қарсы бағытталады. Қасым ресми хан болмаса да, осы жылдары оның беделі Бұрындық ханнан да күшті еді. Қазақ хагндығының құрылуы кезінде белсене араласып, одан кейінгі кезеңдерде хандықтың күшеюіне өз үлесін қосқан Бұрындық хан XVI ғасырдың алғашқы жылдарында үлкен, мемлекеттік дәрежеде көрегендік көрсете алмайды. Елдік мүддеден жеке, тар мүддеге көшу оның беделін түсіртті, атақ-абыройын жоғалтты. Бұрындық ханның тағдыры әркімге де тарихи сабақ бола алады. Әбілқайыр хан. Әбілқайыр хан (Әбілқайыр Мұхамбет Ғази Баһадүр хан; 1693—1748) — 1718—1748 жж. билік құрған Кіші жүз ханы. Соғыстарда батырлығымен, айлакерлігімен, айқас-шайқастарды ұйымдастыра білуімен даңқы шығып, мұрагерлік жолмен емес, өз беделімен Кіші жүздің ханы болды. Жошының бірінші ұлы Орда-Еженнен тарайтын — Өсеке ұрпағы, Қажы сұлтанның баласы. 1710 ж. Қарақұмдағы халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің қолбасшысы және хан болып сайланды, ал түмен басы болып атақты Бөгенбай батыр тағайындалды. 18 ғ. қазақ халқы үшін ел басына күн туған кезең болды, жоңғарлар тарапынан болатын шабуылдар халықты көп күйзеліске ұшыратты. Әбілқайыр бұл сұрапыл соғыста жанкештілік танытты. Ол бабаларының иелігінде болған Сайрам, Түркістан және Ташкент қалаларын қорғау жолында ерен ерлігімен көзге түсті. Бұл қалалар жоңғарлардың қоршауында қалған кезде, тең емес ұрыста анасы мен әйелі тұтқынға түскен соң, Әбілқайыр хан шегінуге мәжбүр болды. 1718 жылы Аякөзде Әбілқайыр мен Қайып 30 мыңдық әскері жоңғарлармен қанды шайқас жүргізді. Ол зор тұлғалы, сымбатты, аппақ жүзі қызыл шырайлы, түсі сондай жылы кісі, сонымен қатар зор денсаулық пен қайрат-күш иесі, садақ тартуға келгенде шынымен-ақ бүкіл ұлтта оған тең келетін кісі жоқ. Хан болмай тұрып, ол сұлтан ғана болатын, оның барлық балалары да осы лауазымды алып жүр. Жоңғар қалмақтарымен болған соғыста олардың басшысы қонтайшыны өз қолымен тұтқынға алғаннан кейін… Кіші орда оны хан сайлады Әскербасы Әбілқайыр халық жасақтарында қыруар істер атқарды, соғысу қабілетін жоғары деңгейге көтерді және қарулы күштерде адамгершілік рух пен патриотизмді марапаттап отырды. 1728 ж. қазақ әскері жеңіске қол жеткізді. Бұл шайқастар Ұлытау тауларында, Қарасиыр жері мен Бұланты өзенінің бойында болды, мұнда қазақтар қонтайшының ұлы ұлы басқаратын экспедициялық корпусты талқандады. Бұл жеңістен кейін халық көкейінде жеңіліске қол жеткізуге болады деген сенім ұялады. Басқыншыларға қарсы халық жұмыла көтерілді. Алайда бұл жеңілістен кейін де жау әлі күшті күйінде қалды. Жағдайға қанық Әбілқайыр жаңа шабуыл бастады. 1730 ж. көктемде Балқаштың оңтүстік шығысындағы Итішпес елді мекенінде Әбілқайыр бастаған қазақ әскері жауларды тағы талқандады. Жоңғарларға қарсы жүз жылдық соғыста қазақ халқы өзгерісті кезеңге аяқ басты, жеңіске бір табан жақындағандай болды. Алайда дәл осы кезеңде Болат хан қаза табады. Сондықтан да басқа ханды тағайындау төңірегінде сауал туындайды. Қат-қабат келген жағдайларға байланысты, Болат ханның жас ұлы Әбілмәмбет хан сайланды. Билік басына келген жаңа ханды Әбілқайыр құптамай, бас сардар атағынан бас тартып, өз әскерімен Кіші жүзге келеді. Осыдан соң біріктірілген қазақ халқының жасақтары ыдырай бастады. Күллі қазақтың әскері ыдыраған соң, әр жүз жаудан жеке өзі қорғана бастады. Бұл кезеңде Кіші жүз тұрғындары өте ауыр әскери жағдайға тап болды, төрт жағынан бірдей қоршаған жаудың қыспағында қалды. Тығырыққа тірелген Әбілқайыр Ресейден көмек сұрауға мәжбүр болды. Ресейдің қоластына еніп, жан сақтап қалу үшін Әбілқайыр 1730 ж. күзінде елші жібереді. 1731 жылы Ресей сыртқыістер министрлігінің М. Тевкелев бастаған елшілігі Ырғыз өзенінің бойындағы Майтөбе деген жерде отырған Әбілқайырдың ордасына келіп, қазақ ұлысын Ресей құрамына алу туралы келіссөз жүргізді. Әбілқайыр 1731 ж. қазанның 10 Ресей империясының қарамағына кіргендігі жөнінде ант берді. Бұл антты 1738, 1740, 1742 жж. қайталады. Ант беру арқылы ол Ресеймен тату тұруды, орыс қарамағындағы башқұрттар мен Еділ қалмақтарының қазақ жеріне шапқыншылығын тоқтатуды, Ресейдің көмегімен жоңғарлар басып алған жерлер мен қалаларды қайтып алуды көздеді. Осылай өзінің беделін арттырып, үш жүздің басын біріктіріп өзі билеуді, хандықты балаларына сайлау тәртібімен емес, мұрагерлік жолымен қалдыруды жүзеге асырмақ болды. Сөйтіп, ол жеке мүддесімен қатар халықты апаттан сақтауды да ойлады. Алайда Ресей саясаты да тереңде жатты. Империя қазақ жерін бүтіндей отарлауды ойлады. Әбілқайыр Петербор сарайы мен оның Орынбор әкімшілігінің саясатын дер кезінде түсінді. Ханның өз ұлы Қожахметті аманаттан қайтарып алудағы Ресей әкімдерімен тартысы, императрицалар Анна Ивановнаның, кейіннен Елизавета Петровнаның талаптарына мойынсұнбауы, Кіші жүзде дербес саясат жүргізуге тырысуы, ел тәуелсіздігін сақтау бағытындағы шаралары отаршылдықтың барлық көріністеріне қарсылығын байқатады. Орыс үкіметімен әр түрлі қатынастарды үзбей, Әбілқайыр сонымен қатар, жоңғар қоңтайшысы Қалдан Серенмен (пэренмен) астыртын байланыста болды. Жоңғар шапқыншылығы әлсіреген сайын Ресейден бойын аулақ салуға тырысты. 1740 ж. Хиуаны басып алып, аз уақыт осында хан атанды. Бірақ Иранның Нәдір шахынан ығысып, тастап шығуға мәжбүр болды. Әбілқайыр үш жүздің қадірлі билерімен, белгілі батырларымен, саяси қайраткерлерімен тығыз қарым-қатынас жасады. Өзінен жас, беделі өсіп келе жатқан Абылаймен әр кезде түсінісе білді. Абылайдың бір әйелі Қарашаш — Әбілқайырдың қызы. Кіші жүз ханы ретінде оның саясатында қайшылықтар да бар. Қазақ даласын отарлаудың тірегі болған Ор бекінісін салуды (1735) өзі ұсынды. 1737—38 жж. башқұрт халқының отаршылдық езгіге қарсы көтерілісін басуға қатысуы туысқан екі елдің қарым-қатынасын шиеленістірді. Әбілқайырдың дербестігі мен қазақ даласына жайылып кеткен атағы кейбір сұлтандарға ұнамады. Солардың бірі — Орта жүздің сұлтаны Барақ Ор бекінісінен қайтып келе жатқан Әбілқайырмен ен далада кездесіп қалып, оны өлтіреді. Ханның серіктері де сол жерде қаза тапқан. Бірақ Барақ Әбілқайырды «орысшылдығы» үшін емес, өзінің жеке басының мүдделерін көздеп «қарақшылық» іске барған еді. Әбілқайырдан көптеген ұрпақ қалған. Әбілқайырдың моласы Қабырға өзенінің Өлкейекке құятын тұсында, Торғай қаласынан 80 km жерде.Кейін бұл жер «Хан моласы» аталды. Әбілқайыр хан ескерткіші — Облыс әкімшілігінің үйі алдында 2000 жылы орнатылған. Тұғырдың биіктігі — 2,8 м, ені — 2,1 м, ұзындығы — 5,8 м. Ескерткіштің жалпы биіктігі — 6,5 м, тұғырға дейін жерден биіктігі — 3 м, жерден жалпы биіктігі −12,3 м. Тұғырдың материалы — Қордай граниті. Ескерткіш қоладан құйылған. Салмағы — 11,2 т. Автор қазақ халқының басына төнген қиын кезеңдегі жоңғарлармен шайкас алдындағы қолбасшы бейнесін бейнелеген.Алға қарай созған қолы Әбілқайыр ханның халқын ынтымаққа, жеңіске шақырып тұрғанын білдіреді. Ханның тұлпары бостандыққа құлшындырады. Ескерткіш авторы Ескен Сергебаев — ҚР еңбек сіңірген қайраткері. Сәулетшілері -Б.Егінбаев, Н.Қожағұлов. Абылай хан. Абылай (Әбілмансұр) хан — (1533—1537) билік құрғаны.Абылай хан (1711-1781) Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң еңсегей бойлы ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Бұл, Ш.Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Абылайдың 13 жасар кезі болса керек. Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатын, ел билеу қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріксе ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Оған қоса бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды. Бұқар, Үмбетей жыраулардың, т.б. ауыз әдебиетінің ірі өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда, Абылай жиырма жасында қан майданда ерлігімен танылған. Бұқардың Абылайға «Сен жиырма жасқа жеткен соң, Алтын тұғыр үстінде Ақ сұңқар құстай түледің» деуі осының дәлелі. Қай жылы туса да, 1730-33 жылдар аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас жігіт Әбілмансұр жекпе-жекке шығып, қалмақтың бас батыры, қоңтажы Қалдан Сереннің жақын туысы (кейбір деректерде күйеу баласы) Шарышты өлтіреді. Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады. Абылайдың жиырма жасы қай жылға сәйкес келуіне байланысты, қай шайқасқа қатысқаны туралы болжам айтуға болады. Бұл, әрине, Абылай қатысқан алғашқы соғыс емес. Ел әңгімелері, тарихи жырлар Сабалақ әуелде Бөгенбай жасақтарының құрамында жорық-жортуылдарға қатысқанын айғақтайды. Аңырақай шайқасына қатыспады дегеннің өзінде де, Абылайдың 1730-33ж. Болған бір ірі шайқасқа қатысқаны дау тудырмайды. Тарихи деректерден Орта жүз жасақтары мен жоңғарлардың арасында 1730 жылы да, 1731 жылы да бірнеше үлкен ұрыстар болғаны белгілі. 1732 жылы жоңғарлардың 7 мыңнан астам әскері Орта жүздің шығыс шетіндегі ауылдарына шабуыл жасап, тегеурінді тойтарысқа тап болады. Абылайдың жиырма жасы 1733 жылға сәйкес келсе, дәл сол жылы қазақ пен қалмақ арасында үлкен майдан болғаны қытай деректерінде атап көрсетілген. Абылайдың әскери қайраткерлігі, қолбасылық қабілеті 30-40 жылдардағы шайқастарда ерекше көрінді. Осындай жан алысып жан беріскен соғыстардың бірін Бұқар жырау «Қалданменен ұрысып, Жеті күндей сүрісіп...» деп суреттейді. Ол соғысқа Абылайдың қанды көйлек жолдастары: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Қарақалпақ Қылышбек, Шапырашты Наурызбай т.б. қазақтың белгілі батырлары тізе қоса қатысады. Бұл да Абылайдың жауға қарсы қазақ халқының басын біріктіре білгендігінің дәлелі болып табылады. Бірте-бірте ұлыстағы бар өкім Әз-Тәуке ханның немересі Әбілмәмбет ханнан өтіп, Абылайдың қолына көшеді. Абылайдың ерлігі мен ақыл-парасатына бас ұрған Әбілмәмбет ақылшы аға болып қалып, кеңесші хан дәрежесімен шектеледі. XVIII ғасырдың 30-жылдарының аяғында Абылай есімі бізге белгілі құжаттарда Әбілмәмбет ханмен қатар аталады. Орыс тарихшысы А.И.Левшин: «1739 ж. Орта жүзде Сәмеке ханның орнына хан сайлаудан бұрын Әбілмәмбет пен Абылай екеуі бірдей хандық билік жүргізген»,- деп жазды. Ш.Уәлиханов та осы пікірді қолдайды. 1738-41 ж. Абылай бастаған қазақ қолы жоңғар басқыншылырына бірнеше мәрте соққы берді. 1742 ж. Абылай тұтқиылдан шабуыл жасаған жоңғарлардың қолына тұтқынға түседі. Сол кездегі ойрат басқыншыларына қарсы күрестің ең белсенді ұйымдастырушыларының біріне айналған Абылайдың жау қолына түсуі қазақ қоғамында абыржушылық туғызып, Абылайды босатып алу үлкен саяси мәселеге айналады. Тарихи жырларда қазақ билеушілерінің атынан Төле би мен Әбілқайыр хан Орынбор әкімшілігінен Абылайды тұтқыннан босатып алуда ара түсуге өтініш жасайды. Бұл деректің шындық екенін осы кезеңде Орынбор губернаторы И.Ш.Неплюев пен Әбілқайырдың өзара жазысқан хаттары да дәлелдей түседі. Қазақтың үш жүзінен Толе би бастап 90 адам елші барып, келіссөз жүргізіп, 1743 ж. 5 қыркүйекте Абылайды тұтқыннан шығарып алады. Бұл жөнінде Неплюевтің сыртқы істер коллегиясына жазған хатында қазақтар мен қалмақтар бітімге келіп, бірігіп кете ме деген қауіп те білдірген. Абылай билігінің күшейге түсуінің жаңа кезеңі 1744ж. Әбілмәмбеттің Түркістанға көшіп кетуі уақытына саяды. Абылай көреген саяси қайраткер бола отырып, қалмақтармен аса ауыр соғыстардан қалжыраған елінің есін жиғызу үшін дипломат жолдарды да тиімді пайдалаңды. 1740 ж. тамызда ол Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен, тағы да басқа 120 старшынмен Орынборға келіп, орыс өкіметінің «қамқорына» кіруге келісім білдіреді. Сонымен бір мезгілде қазақ халқының тұтастығын сақтау мақсатында Шың империясымен де қарым қатынасын суытпады. Петербург пен Пекинге елшіліктер аттандырды. Ол Ресей мен Қытай империяларының өзара қайшылықтарын қазақ хандығы мүддесіне пайдаланып отырды. Абылай 1745 ж. Қалдан Серен дүние салғаннан кейін, Жоңғарияның билеуші топтарының тақ таласынан әлсіреп, бұрынғы әскери қуатынан айырыла бастауын және жоңғар-қытай соғысын Шығыс Түркістанмен іргелес өңірдегі ойраттардың уақытша билігінде қалған казақ жерлерін қайтаруға, елдің дербестігін толық қалпына келтіруге пайдалану үшін барынша күш салды. Абылай қазақ елінің тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін жағдаяттармен аянбай күресіп, дербес сыртқы саясат ұстанып өтті. 1745ж. Орта жүздегі Әбілмәмбет, Абылай және Барақ сұлтан қатар аталса, 3-4 жылдан кейін мұндағы жағдай мүлдем өзгерді. 1749ж. тамыз айында Неплюевпен кездесуінде Жәнібек тархан: «бұрын Орта жүзде Әбілмәмбет хан болған, бірақ ол біраздан бері Ташкентте тұрып жатыр, ел басқарудан қалған. Бірақ сұлтан зұлымдық ісі үшін қашып жүр. Онда жалғыз Абылай сұлтан ғана билік жүргізіп отыр»,- деп көрсетті. Жазба деректерде Абылайдың шетел басқыншыларына қарсы табанды соғыс жүргізгендігі айқын көрсетіледі. 1752ж. ол бастаған қазақ әскері шамасы 15-20 мың адамдай ойраттар қолының шабуылына тойтарыс берді. 1753ж. желтоқсанда Абылай 5 мың жауынгерімен жоңғар әскерлерімен шайқасып, бірталай қазақ жерін азат етті. 1754ж. сәуірде Абылай бастаған 1700 қазақ әскері 10 мың қалмақпен соғысуға мәжбүр болса, (Қаратал өз бйынша), сол жылдың шілде-тамыз айында 4 мың әскермен Жоңғарияға жорық жасап, 3000 қалмақты тұтқынға алып келген. 1756ж. Абылайдың бастауымен қазақтар қытайлар мен қалмақтардың біріккен күшімен екі рет шайқасып, оның бірінде жеңіліп, екіншісінде жеңіске жетеді. 1757ж. Абылайдың 6 мың әскері Қытайдың 40 мың әскерімен шайқасынан соң, қытайлар Абылайдан бітім сұрады. 1753-1754 жылдардағы шайқастарға Қабанбай, Бөгенбай, Жанатай, Керей Жәнібек, Өтеген батырлар қысы – жазы үзбестен қатысады. Абылай бірде Қалдан Серенмен бітімге келсе, бірде Дабашыны шауып, бірде оны және Әмірсананы өзіне паналатты. Сөйтіп Ойрат ұлысының бөлшектене беруін көздеді. Тегеурінді әскери қимылмен қатарластырыла жүргізілген дипломатиялық әрекеттері Абылайды өз заманының ұлы қайраткерлері деңгейіне көтерді. Осының нәтижесінде Абылай әскері 1771ж. Мойынты өзенінің бойында болған қалмақтармен ауыр шайқаста жаңа жеңіске жетті. Саяси ахуал тұрақталған шақта Абылай қазақ жерінің бүтіндігіне қол сұққан басқалармен де ымырасыз күрес жүргізді. 1754-55 және 1764 ж. қырғыздар Жетісуда біраз ауылдарды шауып, Жауғаш, Көкжал Барақ пен Шынқожа батырлар бастаған әскерлерді Ақсу, Көксу және Шу бойында талқандайды. Осы себепті Абылай 1755, 1765 жылдары Қырғыз ұлысына қарсы жорық жасап, Іленің сол жағасын, Шу бойын тазартады, қазақ пен қырғыздың Нарынқолдан Қордайға тартылған, күні бүгінге дейін сақталып отырған шекарасын анықтайды. Абылай хан Өмірінің соңғы 15 жылында Орта Азия хандықтарына қарсы тынымсыз күрес жүргізді. 1765-67 ж. Абылай қолының қоқан билеушісі Еркенбекпен соғысының нәтижесінде Түркістан, Сайрам, Шымкент қалалары қайтадан қазақтар иелігіне өтті. Ташкент алым төлеп тұратын болды. Екі жүз жылға созылған қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінің соңғы жаңғырығы алаш жұртының санасында «шаңды жорық» деген атпен белгілі. Бұл 1771ж. Еділ қалмақтарының жоңғарға қазақ жері арқылы үдере көшуі еді. Кіші жүздің ханы Нұралы асығыс әскер жиып, Жем бойында қалмақтарға алғашқы соққы береді. Балқашқа жақындаған кезде Абылай бастаған қазақтың қалың қолы қалмақтарды қоршауға алды. Осы кезде қалмақ басшылары Ұбашы мен Серен бітімге келуді, бүкіл ел жұртымен бодандыққа қабылдауды сұрап, елші жібереді. Кіріптар ұсынысты талқылау үшін шақырылған әскери кеңесте Абылай тағы да көрегендік танытып, жеңілген жауды қырып–жоюдың қажеті жоқ екендігін дәлелдеуге тырысады. Еділден ауған қалмақпен келіссөзге келіп, тым құрыса олардың Жоңғарға еркін өтіп кетуіне мүмкіндік беру жөніндегі Абылай түйінінің аржағында шығыстағы ұлы көршімен болашақтағы қарым-қатынасты ойлау жатыр. Жоңғардан азат етілген шығыстағы жерлерге қазақ ауылдарын апарып түпкілікті қоныстандыру да Абылай саясатының тереңдігін, кемеңгерлігін айқын көрсетеді. Оның әрбір іс-әрекеті қазақ халқының бүтіндігін, елі мен жерінің тұтастығын сақтауға бағытталды. Билікке таласқан Барақ сұлтан Әбілқайыр ханды өлтіргенде де Абылай ел билігін ойлап қынжылып, Төле бимен тізе қоса қимылдап, бұзық сұлтанды жазаға тарту жағында болады.Абылай соғыс жағдайынасай қол астындағы елде, әсіресе, әскер ішінде қатаң тәртіп орнатты. Сондықтан да хан бастаған жауынгерлердің ел-жұрты мен ата мекенін қорғау рухы жоғары, ұзақ жорықтарға шыдамды, шайқас даласында тегеуріні қатты болған. Абылай сан жағынан әлдеқайда басым жаумен шайқасудан еш тайынбаған және көбіне үстем шығып отырған. Абылай қазақ хандығының күшін біріктіріп, әскери жағынан қуатты мемлекетке айналдырды. 1771 жылы жасы жеткен Әбілмәмбет хан дүние салды. Қалыптасқан дәстүр бойынша Орта жүздің ханы болып не Әбілмәмбеттің інілерінің бірі, не үлкен ұлы Әбілпейіз сайлануға тиіс еді. Алайда басты сұлтандардың, старшындардың, Әбілпейіздің өз қалауымен үш жүздің басшы өкілдері Түркістанда Абылайды хан көтерді. Абылай іс жүзінде жалғыз Орта жүздің ғана емес, бүкіл Қазақ ордасының ұлы ханы болды. Абылай Ресей мен Қытай империяларының арасында орналасқан Қазақ елінің геосаяси жағдайына икемделген саясат жүргізді. Қытай әскерлері жоңғарларды жойып, Орта Азия мен Қазақстанға ене бастаған кезде мұсылман елдерінің басын қосуға ұмтылып, Ауған шаһы Ахмад Дурранимен келіссөз жүргізді. Түркияға елшілік жіберу ниеті де болды. Қытаймен қатынас жақсара бастаған кезде орыс бодандығынан бойын тартып, патша әкімшілігінің шақыруымен хандық белгілерді қабылдау үшін 1779 жылы қазан айында Петропавл бекінісіне барудан бас тартты. Пугачев соғысы кезінде 3 мың әскерімен «Қасірет белдеуі» бойындағы орыс бекіністерін шапты. Абылай қаһарлы хан болуымен қатар, қазақ халқының рухани қасиетінен еркін сусындаған дарынды күйші ретінде де белгілі. Ол «Ақ толқын», «Ала байрақ», «Бұлан жігіт», «Дүние қалды», «Жетім торы», «Қайран елім», «Қара жорға», «Қоржынқақпай», «Майда жел», «Сары бура», «Шаңды жорық» т.б. күйлердің авторы. Абылай өмір жолын ат үстінде, жорықтарда өткізіп, Арыс өзені жағасында қайтыс болды. Сүйегі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің ішінде Қабырхана мен Ақсарай арасындағы дәлізде жерленген. Абылайдың артында 12 әйелінен 30 ұл, 40 қызы қалды. Қазақ халқының жадына Абылай қажырлы мемлекет қайраткері, батыл қолбасшы, дарынды дипломат ретінде сақталып келді. Оның есімі тәуелсіздік символында жауынгерлік ұранға айналды. Абылай хан: «Ешқандай Барабы татарларын естіген емеспін, білмеймін. Жер біздікі!». Абылай дарынды хан, аса ірі қайраткер, қолбасшы болды. Әбілмәмбет ханның тірі кезінде қазақ халқы оны өзінің қорғаушысы, көсемі санады. Ол патша өкіметінің губернаторларының ыңғайына жүрмеді. Елінің еркіндігін, бостандығын қорғай білді. Әрине, бір мақаланың көлемінде Абылай ханның қазақ халқына сіңірген еңбегін толық қамту мүмкін емес. Дегенмен де нақты құжаттарға сүйене отырып, біраз өмір жолына шолу жасап көрелік. Абылай сұлтан өзінің ақылды, сабырлы мінезі мен адамгершілігінің арқасында тек бір орда емес, үш орданың сыйлы ханы атанды. Әрине, біраз тарихшылар, жазушылар Абылай сұлтанды Әбілмәмбеттің тірі кезінде хан болды дейді. Олай емес. Әбілмәмбет 1765 жылы қайтыс болды. Ол Түркістанның (Қалдан Сереннің қол астында 1743 жылдан), әрі Орта Орданың ханы болып есептелді. Ол өлгеннен кейін оның ұлын сайлады. Шындығында басқару тізгінін Абылайға берді. Қытай жазбаларында оны 1742 жылдан хан болды деуі осыдан. Олар ешқандай құжатқа сүйеніп хан болды деп жүрген жоқ. Халық арасындағы әңгімеге сүйенді. Ресеймен одақтасудан кейін көп кешікпей Абылай елдің ішкі сыртқы жұмысынан екі жылдай қол үзді. Ол туралы Мәскеу мұрағатынан табылған (қор 122, тізім 1, іс 2) хатқа жүгінейік. Бұл хатта Абылай сұлтанның Қалдан Сереннің тұтқынында екені жазылыпты. Бірақ қалай қолға түскені жазылмаған. Халықтың айтуы бойынша, жоңғарлардың қолына түсу себебін екі түрлі түсіндіреді. Біріншісі, Қалдан Серен тұтқиылдан Абылайдың ауылына шабуыл жасап, батырларымен қапылыста қолға түсірді десе, екіншісінде, Абылай сұлтан нөкерлерімен аң аулап жүргенде тұтқындалды дейді. Ал оның тұтқыннан шығуы туралы да екі түрлі жорамал айтады. Біріншісі, Ресейдің елшісі майор Мюллердің Қалдан Серенге апарып берген генерал-губернатор Неплюевтің хатынан кейін босатты десе, екіншілері қазақтың би-батырлары талап етіп босатып алды дейді. Мен танысқан хаттарға сүйеніп, Абылай ханның тұтқыннан босап шығуына үш түрлі себеп болды деймін. Ең бастысы, Абылайдың өзінің ақылдылығы, тапқырлығы, дипломаттығы. Оны халқының сыйлайтындығы Қалдан Серенді ойландырды. Екінші себеп - шын мәнінде оған арашашы болған беделді би-старшындар. Үшіншісі, Мюллердің де әкелген хаты әсер етті. «Қырғыз-қайсақтар әңгімелерінде Ақшораның жоңғарларға келгенін айтып отырды. Қырғыз-қайсақтың иесі Абылай сұлтанды жоңғарлардың қожасы Қалдан Серен тұтқында ұстап, оның аяқ-қолына кісен салыпты. Ақшора келген соң кісендерді алып, Ақшораның адамдарын кісендепті. Ақшора кеткеннен кейін Абылайдың аяқ қолындағы кісендерді алып тастап, Абылайдың інісін қырғыз-қайсақ еліне қайтарды. Ақшораны қалмақтың үш адамымен жіберді. Егер де 10 отбасын және Қарасақалды әкеліп берсе, сонда ғана жоңғарлықтар тұтқындарды қайтарамыз» дейді. Ақшора және үш қалмақ қырғыз-қай­сақтардан әлі қайтып келмеді». «...Абылай сұлтан Қалдан Серенде екі жылдай тұтқында болды. Онымен бірге Жолбарыс сұлтан отырды. Ол Қалдан Серенмен тіл табысты. Осы жылғы күзде оларды (30 қыркүйекте) өз елдеріне жіберді. Тұтқында 35 адам болды. Барлығы да қайтарылды. Өз ұлыстарына аман-есен жетті. Олар тұтқында болған кезде сол жазда қоңтайшыларда көп адамдар шешек ауруымен ауырып, қайтыс болды. Қалдан Серен қайсақтармен бейбітшілікте». Жоңғарлардың тұтқынынан келгеннен соң Абылайдың абыройы тіпті жоғары дәрежеге көтерілді. Енді үш орданың хандары, билері де онымен санасты. Ол Ресейден қол үзген жоқ. Бірақ губернаторларға бас иген емес. Оларды өзінен ара қашықтықта ұстады. Абылай хан Орынборға 1740 жылы барғаннан кейін губернаторлардың оған өздеріне келіп кетуін сұраған бірнеше шақыруларын қабылдамады. Кейбір тарихшылар Абылайдың тұтқыннан келуі оны Ресейге байлады, оған міндетті болды дегендей ой білдіреді. Жоқ. Олай емес. Ресейге тәуелді болған жоқ. «...Біз сізден көптен хабар ала алған жоқпыз, көп уақыт өткендігі себепті сізден өткен кездер туралы хабарларды естігеніміз дұрыс болар еді. Сіздің және қол астыңыздағылардың бір белгісі болсын. Егер мүмкіндігіңіз болса, уақыт тауып, сіз маған келсеңіз, маған ұнаған болар еді. Мен осы алдағы күзге дейін басқа жаққа баруыма байланысты орнымда болмауым мүмкін. Екеуміз кездесіп, бетпе-бет әңгімелесіп көп жағдайларға кеңескеніміз дұрыс болар еді. ...Сіздің қойған талабыңызға байланысты Сібір жағында ұсталған адам­дарыңыз бен малдарыңыздың біразы қайтарылды. Басқасына ол генерал күш салып көмектесемін деп сенім білдірді», депті. «Сіздің маған жіберген хатыңыздан естіп отырмын: «Бізге денсаушылық тілей отырып, біздің қол астымызда жаулап алды деген жылқылар және тұтқындар бар депсіз». Ондай жағдай болған жоқ. Тұтқында ешкім жоқ. Егер ондай болса, онда қандай одақтастық болады. Өткен жылы сіздің адамдар 42 адамды тұтқынға алды. 24 адам, 1300 жылқыны, 13 байдың үй-мүліктерінен 382 жылқыны бізге қайтарды. Енді 918-і сіздерде қалды». Бұл хаттағы: «Онда қандай одақтастық болады», деген сөзге көңіл бөлу керек. Ол - Абылай Ресейге берген сертін одақтастық деп түсінетіні. 1760 жылы 16 сәуірде Орынбор губерниясының кеңсесінен құпия экспедиция арқылы Орынбор гарнизонының жаяу әскер полкының поручигі, князь Иван Ораков, тілмаш Яков Гуляев Абылайды іздеп, бес күн жүріп старшын Байжігіттің ауылына келеді. Абылай осы жерден 3-4 шақырым жерде қоныстанған екен. Көкшетауға, Әулие Петр қамалына жазда бармақшы. Ораков пен Гуляев әдептілік, сыпайылық көрсетіп, Абылай сұлтанды тағы да Орынборға, тіпті болмаса Троицкіге келуді қиылып сұрайды. Оған Абылай: «Қашқария қырғыздары Айходжа және Күнходжа Жаркент қалаларына шабуыл дайындап жатыр. Бұл жердегі халықтар Ташкент, Түркістан, Бұқараға көпестер және таможнялықтармен еріп көшіп жатыр. Ол жерге көмек көрсетуіміз қажет. Сол себепті Орынборға баруға уақытым жоқ», деп жауап беріпті. Абылай осылайша үш (Ресей, Жоңғар, Қытай) алып мемлекеттердің ор­тасында дипломатиялық шеберлікпен Қазақ елінің бостандығын сақтай білді. «Алыстан орыс, қытай - ауыр салмақ. Артында ор, алдында көр, жан-жағы жау Сол кезде елге қорған болған Абылай, Көп жаудың бірін шауып, бірін арбап». 1759 жылы (қор 122, «Қырғыз-қайсақ ісі», тізім 1, іс 3) Орынбордың губерна­торы, құпия кеңесші Давыдовқа және генерал-майор Тевкелевке, Сібір губерна­торындағы әскери қолбасшы Брегадир Фрауендорфқа император ханымның канцлері граф Воронцовтың жолдаған хатында Абылай ханның өміріндегі тағы бір қырлар ашып беріліпті. Онда Абылай ханның Ресейдің губернаторларына, тіпті ханымға, канцлерге де бас имейтіні хабарланған. Бірнеше рет өздеріне келіп жолығуын 1743 жылдан бері сұраса да бармағанын, оның үстіне олардың алдына өзінің талаптарын табанды түрде қойып, оның орындалуын міндеттегеніне көз жеткіземіз. «...Сіз биылғы жылғы 15 наурыздағы хабарламаңызда тағы да ұсыныс жазыпсыз. Онда Абылай сұлтанды жақсырақ өзімізге тарту мақсатымен еркелетуді және Орынборда көбірек марапаттауды талап етіпсіз. Мұндай жалақы үшін ол одан әрі беріліп қызмет етуге міндетті. Оны жоғалтпас үшін, біздің жағымызды қолдауы үшін, тіпті болмаса ашық қарсы шықпаса да бүгінгі қытайлықтардың тырысып отырғанына беріліп кетпей, өз жағымызға шығару керек. Біздің жақтан да оны еркелетуіміз қажет. Онымен жеке хат жазысып тұрыңыздар. Ол өте пайдалы. Абылай сұлтанға император - ақ патша ханым­ның атынан биылғы 1759 жылдың басынан бастап жалақы төлеуі дұрыс. Орынбордың шет ел шығыны есебінен қырғыз-қайсақтардың Кіші Ордасының Нұралы ханының жалақысын азайтып, әрқайсысына 600 рубльден жалақы берілсін. Оларда реніш болмау үшін жылына 300 рубльден тағайындау керек. Оның үстіне 100 рубль басқа қырғыздарға берілмей, Абылай сұлтанның өзінің пайдалануына беріледі. Өйткені, бізге белгілі, ол өзінің 200 рублімен қырғыз-қайсақтың салты бойынша жергілікті старшындарымен бөліседі. Екінші, Абылай сұлтанның басқа ұсыныстарын алсақ, ол Ресейдің шекаралық командирлеріне өкпелі, сондай-ақ башқұрттарға және белгілі Ноян Шерендеге. Ол қырғыз-қайсақтардың жауы көп, жылқыларын алып кеткен. Сондай-ақ қа­сиетті шоқынуға барғандар туралы айтыпты, олардың басым көпшілігі өз еріктерімен шоқынуға барған жоқ. ...Абылай сұлтан қойған мәселелерді шешу және Ноян Шереннің ұстап отыр­ған адамдарын, жылқыларын да қайтарып беру мүмкіндігіне сенемін. Абылай жанжал шығарады. Оның арызы бойынша Сібір командирлерін тыныштандыру керек. Үшінші, Абылай сұлтан қойған мәселелерін шешу үшін қабылданған жарлықты нақты орындайық. Абылай сұлтан кейбір жағдайға сенбеуі мүмкін. Оның талаптары толығымен орындалған жоқ». Міне, көріп отырсыздар Санкт-Петербургтен канцлер Воронцов Абылайдың талаптарын орындау қажеттігіне қатты көңіл бөлген. Бұл Абылай сұлтанның беделі жоғары екенін, өзін Ресейге бағыныштымын деп мойындамайтынын дәлелдейді. «...Абылай бүкіл Орта Ордада ең басты қожасы болып есептеледі, оның үстіне ол басқалардан гөрі әлдеқайда зерек (түсінгіш), әрі икемді (епті), оны нағыз хан жасау керек. Жергілікті халық Орта Орданың Әбілмәмбет ханның мыса­лындай жарлықсыз хан сайламасын. Оған қарсы тұру өте қиын. Өйткені, ісіне қарап әр жерде бүгінде Абылайды хан деп атайды». Өздеріңіз байқап отырғандай, Абылайды халық әдейілеп сайламаса да оны «хан» деп есептейтіні құзыреттілерге де жеткен. Абылай ханның ғажап дипломат екендігі қалмақтың ханы Қалдан Серен өлгеннен кейін ерекше белгілі болды. Жоңғарлардың ханы Қалдан Серен өлген соң оның балалары таққа таласып, бірін-бірі өлтірді. Ең соңында күңнен туған ұлы Лама Дорчжи қулық-сұмдық жолмен тақты басып алды. Оның Даваци, Амурсана атты інілері Абылай ханның ордасына қашып келді. Осы кезде Әбілмәмбет хан, атақты Малайсары билер Абылайға қысым жасап, ол екеуі Лама Дорчжиге қайтарып беруді талап етті. Бұл Абылай ханның ел басқарып жүргендегі өте ауыр кезеңі еді. Ауыр сыннан шығу кезіндегі Абылайдың табандылығын, тапқырлығын, жігерлілігін көрсететін деректерді Санкт-Петербургтің орталық кітапханасынан алған В.В.Вельяминов-Зерновтың: «Тарихи хабарлама. Қырғыз-қайсақтар туралы және Әбілқайыр хан өлгеннен кейінгі Ресейдің Орта Азиямен қарым-қатынасы» атты кітабында жақсы көрсетілген. Онда былай деген: «Лама Дорчжи 1750 жылы мамыр айында өкіметті өз қолына басып алды. Бір інісін соқыр қылып, жер аударды. Бадемирдің бес ұлын тұншықтырып, өлтірді. Одан басқа да көптеген туыстарын сол әдіспен құртты. Ұрыс-керіс және келіспеушіліктер тез арада оның сөзсіз құритындығының белгісі еді. Мемлекет үшке бөлінді. Бір бөлігі Лама Дорчжиге қалды. Екіншісі Қытайға көшті, үшіншісі Сібірге, Ертіс өзеніне қарай ығысты. Енді елдің иесі жауыздықтың жаңа түрін қолдануға көшті. Даваци ең жақын таққа таласатын ізбасар болғандықтан, оны бақталас деп есептеп тұншықтырып өлтірмекші болды. Оған мазасызданған Даваци өзінің жиендерімен, Амурсана мен Сібір шекарасына кетуді ойлады да Орта Орданың қырғыздарына қашып барды. Даваци екі адамын Абылай сұлтанға жіберді. Одан рұқсат талап етті. Осы жерде қалайын ба, жоқ басқа жаққа барайын ба?» - деді.Осы екі арада айлакер Абылай сақтық шарасын қолданып үлгерген болатын». Міне, Абылай осылай болмаса, Абылай бола ма? 1757 жылы Абылай 10 мың сарбазбен Қашқария жерінде (1,0 млн.қал­мақтарды қытайлықтар қырғаннан кейін) қалған торғауыттарды қырды (бас­қарған батырлар: Арғын - Атығай - Күлеке батыр - 2000 сарбазбен; Керей Мер­ген батыр - 2000 сарбазбен, Көкжал Барақ батыр (Найман) - 2000 сарбазбен; Абылай сұлтан - 2000 сарбазбен; Қаракерей Қабанбай батыр - 2000 сарбазбен), қалған қалмақтардың бірде-бірін қалдырмай тұтқындап, қазақ жеріне құлдыққа таратты. 1760-1764 жылдар аралығында Қабанбай батырды Абылай сұлтан Зенгор жеріне бас қолбасшы етіп тағайындады. Қабанбай ба­тыр Қаракерей наймандарды, Төлеңгіт Райымбек батыр (Албан Райымбекпен шатастырмайық) Уақ, Керейлерді Зенгор жеріне көшірді. Бұл тек қана Абылай сұлтанның талабымен іске асты (қор 1, тізбе 1, іс 88, 1760 жыл, Омбы мұрағаты). «19 ақпан күні Абылай сұлтанның төлеңгіт қырғызы Райымбек былай деді: «Өткен күзде Абылай сұлтан өз атынан мені Орданың Қаракерей Найман руына жіберді. Олар Звенигорск қамалының жанында Қарата атты жайлаудағы көштермен бірге жүр». Кейін қайтар кезде сол рудың бас старшыны Қабанбай Абылай сұлтанның атынан Райымбекке бұйрық береді. Ол Райымбекке өзінің ұлыстарын түгелімен алдағы жазда Зенгор хандығының жеріне көшуін, ондағы Зенгор ханы Қалдан Серен Урғаның тұрған жеріне барып тұруын бұйырды». «...20 шілдедегі хатты Абылайға оқып берген. Онда Зенгордан Тарбағатайға де­йінгі жерлер Барабы татарларының жері, Уранхаевтардың қонысы деген. Абы­­лай: «Ешқандай Барабы татарларын естіген емеспін, білмеймін. Жер біздікі», - деп жауап береді. Жер дауын шешу үшін Абылай өзі шілдеде барып қайтамын, содан кейін жауабын генерал-майорға жазамын дейді. ... «Абылай мені 22-сі күні жібермекші болды. Мен жердің алыстығына бай­ланысты өтірік ауырған болып, бармай қалдым. Қытайдың елшісі келе жат­қанын да естідім. Абылай: «Олармен таяу арада кездесе алмаймын. Уақытым жоқ», - депті. Аз уақыт өткен соң, 23-і күні Қытай елшісі Абылайдың ордасына 30 адаммен келді. Олар Абылайға кісі жіберіп, бүгін кездесуді талап етеді. Абылайдан сескеніп, басқа қырғыздар да (қазақ - Б.Н.) кездескілері келмепті. Қытайлықтар қырғыздардың аудармашысына риза болмай, хатты бермей, тек ауызша ғана өз талабын айтады. Абылай мен Жолбарыс сұлтан парсы тілі араласқан қалмақ тілінде жазылған хатты түсінбейді. «Қырғыздар уранхай және торғауыттардың жерлерін басып алған. Олардың тұтқындағы адамдары мен малдарын қайтарып беруге уәде беріңдер», - депті қытайлықтар хатында. Егер қайтармасаңдар, әскер жіберемін деп қорқытыпты. Олар Абылайды сыйлағандықтан ғана жіберген жоқпыз деді. Міне, осындай жүздеген хаттар мұрағаттарда жатыр. Бұл сол заманның дипломатиясы. 1738-1781 жылдар арасында Қызылжар, Көкшетау, Кереку, Зайсан, Семей, Өскемен, тағы басқа да солтүстік, шығыс шекараларын қорғап, еліміздің бүгінгі күнге жетуін қамтамасыз етіп, оңтүстікте Төле би, Шапырашты Наурызбайдың сарбаздарымен қарым-қатынаста болып, оларға да қорған бола білгендігін дәлелдейтін хаттар бар. Абылай бастап барған жорықтар туралы да құжаттар жеткілікті. Әбілқайыр тірі тұрған кезінде Абылаймен қарым-қатынас жасаған. Әбілқайырды өлтіргенде оның балаларын аман алып қалған Абылай сұлтан. Ол туралы Әбілқайырдың зайыбы Бопай ханымның канцлерге, генерал-губернаторға жазған хаттарында: «Абылай сұлтанға көп рахмет. Балаларымды ажалдан құтқарды», депті. Абылай хан айтқандарына көнбеген соң Сібірдің губернаторы Саймоновтың Сыртқы істер мемлекеттік коллегиясына 1763 жылы 5 ақпанда, сондай-ақ 1764 жылы генерал-майор Фонфрауендорфтың жазған хаттарында Абылай сұлтанның абыройын төгіп, жамандап канцлерге жазыпты. Онда: «Абылай сұлтан бірде-бір руды басқармаған, халықтың арасында абыройы жоқ», деп, екіншісі «қытайларға жалтақтық жасады» депті. Осы хаттарды оқыған бірен-саран «тарихшы-жазушыларымыз» Абылай хан туралы алыпқашпа әңгіме айтып жүр... «...Генерал мырза, сізге айтарым, біздің Орда сіздің Ресейдей емес, өте шашыраңқы жатыр. Ұрыларды, бұзықтарды табу, ұстау тез арада қолдан келмейді. Жеріміз өте үлкен. Сол себепті кімнің қайда көшіп жүргенін білу мүмкін емес. Қытайдың Богдо ханына мен өз талабымды айтып былай дедім: «Қандай күші бар мемлекет болса да егер бізге қарсы шықса немесе дөрекілік білдірсе, онда біз оларға қарсы тұра аламыз». Егер де Қытайдан көмек сұрай қалсақ, ол ешуақытта көмек беруге дайын еместігін білдірді. Осыған байланысты, егер де бізге біреулер көз алартып, соғыс ашу қаупі бола қалса, онда сіз бізге әскери көмек беруге дайынсыз ба? Осы туралы импе­раторға жеткізіп, маған жауабын хабарласаңыз. Генерал мырза, сізден маған 1000 немесе 500, болмаса 300 әскери адамдарды уақытша беруіңізді сұраймын. Ол біздің ішіміздегі ұрыларды ауыздықтап, тыю үшін керек. Ұрыларды ұстап, жазаласақ, онда олар сіздерге де, біздерге де жаманшылық жасай алмауы тиіс. Екі генералитет келісімге келуіміз керек (Байқадыңыз ба? Екі мемлекеттің генералитеті деген мағынада - Б.Н.). Мен сіздің әскерді алысқа апармаймын. Бес күн ұрылармен бірге болады. Ол жерге мен өзім барамын немесе балаларымның біреуін жіберемін. Содан кейін оларды қару-жарақтарымен, киімдерімен өз елдеріне апарып саламыз. Бұл мәселені императорға жеткізбей-ақ өзіміз шеше аламыз ғой (Өз күшімізбен орындау мүмкін болмады. Қайда барса да қазақ «қарын бөле» болып шығады дегенді аңғартқан сияқты - Б.Н.). Әскер берсеңіздер де, бермесеңіздер де маған хабар беріңіздер. Соңында сізге көп жыл денсаушылық тілеуші - Абылай хан. Сенімді болу үшін өз мөріммен растаймын». Елде тәртіп орнатпаса, старшындардың өзара бейбіт өмір сүрулері мүмкін еместігін Абылай хан түсінді. Абылай ханға Ресейдің канцлері, Орынбор және Сібір губернаторлары сенімсіздік білдіріп, үнемі оның ордасына жансыздарын жіберіп, бақылап отырған. Оның дәлелі ретінде 1760 жылы қаңтар айының 20-сы күні Омбыдан Брегадир Фонфрауендорфтан полковник Лестокқа жіберілген хатпен таныссақ, көп құпияға қанық боларымыз анық. 1. Олардың жасырын әскерлері қай жерлерде орналасқан, қандай мекенде, саны қанша, Ресей жерінен қашықтығы қанша? 2. Оның тұрақты әскері бар ма? Қанша, қай жерде? Оның бас старшындары кім? 3. Абылай сұлтанның негізгі мақсаты не? Негізгі басшылары кім? Менің жіберген хатыма жауап болмады. Ол хат кімнің қолына берілген? 4. Ресейге шабуыл жасайтын әскерлері бар ма? Шабуыл жасау ойлары бар ма? Егер болса, не үшін? 5. Қытайды жақтайтын қырғыз-қайсақтар немесе басқа халықтар бар ма? Қанша? 6. Қырғыздардың басқадай бөтен ойлары бар ма? Көрші елдермен қарым-қатынастары бар ма? Соғыс қаупі туып тұрған жерлері жоқ па? 7. Бұқара, Қашғар, Жәркент, Ташкент, Түркістан, тағы басқа да жерлермен ұрыс-керістері бар ма? Олар өзара тату болса, тез арада олармен ымы­раласуға ниеттері бар ма? 8. Жазда Абылай сұлтан сырт жаққа, Көкшетау жағына көшіп бармақшы. Ол қайда барады, әрі қарай басқа жерге бармай ма? 10. Қабылан сұлтан Орынбордан жіберілген аудармашы Гуляевты қысымға алыпты. Ресей туралы ойын білу керек. Олардың қулықтарын ешкім байқа­мады ма? Абылай сұлтан, Күлсары батыр, тағы басқаларды бақылауды өте құ­пия түрде жүргізу керек». Міне, жоғарыдағы тапсырманы оқыған адам Абылай ханның ресейліктердің ай­дауымен жүрген адам еместігіне көзі жетеді. Абылай ханның билік жүргізу жүгі аса ауыр болғанын байқайды. Абылайдай дана патша әр елде болған жоқ. Кішігірім жауларды есепке алмағанда үш алыппен (Ресей, Жоңғар, Қытай) ортақ тіл табысу ол заманда ерен сабырлылық, білімділік, қайраттылық, жігерлілік, парасаттылық, терең ойшылдықты тілейді. Бір сөзбен айтқанда, ақылды дипломат болу керек. Абылайдың Ресеймен карым-қатынасының сан қырын бір мақалада толық ашып беру мүмкін емес. Сол елдің мұрағаттарында жатқан баға жетпес қазыналар негізінде құрастырылған менің 2 томдық «Абылай хан» атты кітабымнан, биыл Алла бұйыртса, баспадан шығатын 3-ші томынан Абылай ханның, оның серіктерінің жүздеген хаттарымен қалың жұрт танысады деген үміттемін. Болатбек Нәсенов, тарих ғылымдарының докторы, профессор. Байбарыс мешіті. Сұлтан Байбарыс мешіті — Сұлтан Байбарыс 1266—68 жж. салдырған. Ол — қазіргі кезде Мысырдағы ең танымал мешіттердің бірі. Әл-Кәһира қаласының солтүстігіндегі ескі қорғанынан тыс жерде ең алғашқы болып бой көтерген бұл ғимаратты салуда сол заманның озық құрылыс тәсілдері мен құралдары қолданылған. Көрші көшеде ибн-Тұлун мешіті орналасқан. Мешіт Шам жеріндені Яффа қаласынан әкелінген түрлі-түсті мәрмәр тастармен және құнды ағаштан тұрғызылған. Оның ұзындығы 108 m, ені 105 m. Дуал ретінде қаланған тас қабырғаларының биіктігі 10,96 m. Мешіттің көркем оюлармен безендірілген үш салтанатты қақпасы бар. Ғимараттың батыс жағында орналасқан 11,83 m бас қақпа өз алдына сәулет өнерінің ескерткіші. Сол заманда қабылданған құрылыс қағидалары мен мешіт салу мәнеріне сәйкес, оның ортасы, үсті төрт бұрышты ашық алаң болып, ал төрт жағы ені 10-12 m шамасындағы үсті мәрмәр бағаналарға бекітілген ағаш шатырмен жабылған сарай түрінде салынған. Мешіттің ішкі жақ қабырғалары мен терезелері араб және шығыс мәнерлеріндегі әдемі өрнектермен әшекейленіп, Құран Кәрім сүрелері аяттарымен өрнектелген. Мешіттің михрабы Мәкке бағытында. Михраб орналасқан бөлменің қабырғалары мен михрабтың орны кірпіштен қаланған қаңқасын ғана сақтап қалған. Байбарыс. Бейбарыстың мешіті, КаирСұлтан Байбарыс (Бейбарыс, — "әл-Мәлік әз-Заһир Рукн-әд-дін Байбарыс I әл-Бұндуқтари әс-Салих") — 1260—77 жж. Мысырда билік құрған. 1225 ж. беріш руынан туған. Сол кезде беріш руы Қырым өңірінде тұрған (қазіргі заманда беріш көбінесе Атырау облысында қоныстанған). Жаугершілік заманда, бала күнінде Қыпшақ даласында тұтқынға алынып, жат жерде ерекше ерлігімен, асқан талантымен құлдықтан қайраткерлікке дейін көтерілген, қазақ тарихында аса ғажайып тұлға. Әмір Айтегін әл-Бұндуқтар Димашқ құл базарында сатып алған сондықтан Байбарыс "әл-Бұндуқтари" деп аталған. 1250 ж. шамасында мәмліктердің әскери әмірі болып тағайындалған. Сұлтан Байбарыс Мысыр пен Шам еліне билік құрған 1265 ж крестшіл-франктердің қамалдарың алды. Берберлерді (1267-75) бағындырды.1260—77 жж. аралығында крест жорықтарының беті қайтарылып, моңғол қосындарының шапқыншылығы тойтарылды, елдің саяси-әскери беделі жоғарылап, жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігі жақсарды. Байбарыс тек қана талантты қолбасшы ғана емес, сондай-ақ, көреген саясаткер ретінде танылды. Ол сол кездің көптеген алыс-жақын мемлекеттерімен қарым-қатынас орнатты. Сұлтан аз-Заһир Байбарыс сол дәуірдің озық үлгісімен көптеген зәулім ғимараттар, көрнекті мешіттер, биік қорғандар мен қамалдар салдырды. Олардың бірқатары сақталған. Ол ат ойындарын, аңға шығуды, сайыстарды жақсы көретін. Қарапайымдылығымен және діндарлығымен елге танымал болған. Кедей-кепшіктерге әрдайым көңіл бөліп, көмектесіп, жетімдерді желеп-жебеп, өз қолтығына алып отырған. Сұлтан Байбарыс 1277 ж. шілденің 1-інде Димашқ қаласында қайтыс болып, аз-Заһариа кітапханасына күмбезінің астына жерленді. Ерекше ерлігі, асқан ақылымен құлдықтан хандыққа дейін көтерілген. Египеттей алып елді 17 жыл бойы билеп, моңғол жаулаушыларынан крест жорығын бастаушылардан жалпы араб әлемін сақтап қалған біздің ұлы бабамыз Байбарыстың бала кезінде тұтқынға осы Атырау бойынан әкетілгені, өзінің сүйегі осындағы Беріш тайпасынан екенін көптеген тарихшылар кезінде жазып қалдырған. Мен ана жалы Мысыр еліне барғанымда Байбарыс салдырған мешітте Құран оқыттым. Даңқты бабамызды арабтардың қалай құрмет тұтатынын өз көзіммен көрдім. Ұлы жасақ. Ұлы жасақ — Шыңғысхан тағайындаған заңдар кодексі. Шығай хан. Шығай хан — (1580—1582 жж.) билік құрған. Хақназар хан қаза болған соң оның орнына Жәдік сұлтанның баласы, Жәнібек ханның немересі Шығай 1580-1582 жылдары хан болды. Ол бұл кезде сексен жаста болғанымен, қазақтардың ішінде беделді хан болды. Оның өміріне қатысты мәліметтер тарихта аз сақталған. Шығай хан қазақ хандығының сыртқы саясатындағы Хақназар хан ұстаған бағытты жалғастырды. Ол Шайбани мұрагерлерінің арасындағы қақтығыстарды қазақ мемлекетін нығайту мақсатында ұтымды пайдаланды. 1582 жылы Бұхара ханы Абдолла, қазақ ханы Шығай және оның баласы Тәуекел сұлтанмен күш біріктіріп, Ташкент билеушісі Баба сұлтанға қарсы Ұлытау жорығын ұйымдастырды. Баба сұлтан жеңіліп, Дешті-Қыпшақ даласына қашты, өзбек, қазақ әскерлері Баба сұлтанды Сарысуға, Ұлытауға дейін қуды. Шығай хан сол жорықта қайтыс болды. Түркістанға қайтып келе жатқан Баба сұлтанды Тәуекел сұлтан өлтіріп, басын Абдоллаға әкеледі. Қас жауын жойғанға риза болған Абдолла хан Тәуекелге Самарқан өлкесіндегі Африкент уәлаятын тарту етті. 1582 жылы Шығай хан қайтыс болғаннан кейін таққа оның ұлы Тәуекел (1582-1598 жж.) отырды. Тәуке хан. Жәңгірұлы Тәуке хан (1626-1718) – Қазақ хандығының ханы, Салқам Жәңгір ханның баласы. Шешесі – қалмақтың хошоуыт тайпасының билеушісі Кунделен-тайшының қызы. Мұрагерлік жолмен Қазақ хандығының билік тізгінін қолға алған кезде (1680ж.) Тәуке ел ағасы жасына келіп ақыл тоқтатқан, мемлекет ісіне араласып, мол тәжірибе жинақтаған білікті жан болатын. Сондықтан да ол таққа отырып, әке ісін алға жалғап, оның саясатын жүргізгенімен, оны жүзеге асыруға келгенде бұрынғы сүрлеумен кетпей, өзіндік жаңа жолмен жүрді. Тәукені өзге қазақ хандарынан ерекшелеп, оның шын мәнінде көреген басшы, ақылды реформатор екенін танытанын қасиеті де осы өзіндік жолмен жүруінде. Бұл ретте ол ұлы бабасы Қасым ханға қарай бейімделеді. Тәуке ханның елі үшін сіңірген ерен еңбегі екі қырымен айрықша назар аударады. Бірі – елдің іргесін аман сақтауда сыртқы саясатты білгірлікпен жүргізіп, анталаған көп дұшпанға бел аудырмағаны. Екіншісі – елдің ішкі жағдайын реттеудегі саяси-құқықтық тәртіпті орнатуы. Ол төңірегіне топтан торай шалдырмайтын, сыртқа сыңар сабақ жіп алдырмайтын, бір ауыз сөзімен жұртты жатқызып - өргізетін, беделімен елдің бірлік-берекесін кіргізетін ақыл иелерін жинап, халқын солар арқылы басқарды, ақыл-ой, парасат үстемдігін орнатты. Тарих дерегі сол кезде Тәукенің қасында Ұлы жүз Әлібекұлы Төле, Орта жүз Келдібекұлы Қазыбек, Кіші жүз Байбекұлы Әйтеке, қырғыз Қарашораұлы Көкім, қарақалпақ Сасық би, қатаған Жайма секілді халықтың ішінен уақыттың өзі екшеп шығарған, даналық сөзімен, әділетті ісімен, қара қылды қақ жарған тура билігімен аттары бұл күнде аңызға айналған атақты билердің болғанын айтады. Осындай алыптардың замана тынысын тамыршыдай тап басып танып, халықтың басын қосып, елдің бірлік – берекесін кетірер ішкі дау – жанжалды, барымта – сырымтаны тиып, елді ынтымақта ұстау мақсатында ой тоғыстырып, бір бағытта игілікті іс-қимыл жасау арқасында Қазақ хандығының жағдайы күрт жақсарып, сыртқа айбарын асырды. Жұрт ерді ел қолдаса - береке, ханды ел қолдаса мереке екенін көрді. Сол себепті де Тәуке хан ел билеген кез - халық есінде «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» тыныш берекелі заман болып қалды. Бірақ, бұл, әрине ол кезде ешқандай шапқыншылық болған жоқ, бірыңғай бейбіт күн туып, қазақ халқы сыртқы жаудан қаймықпай алаңсыз ғұмыр кешті дегенді білдірмесе керек. Керісінше, Тәукенің кезінде қалмақтармен қақтығыс жиілей түспесе, кеміген жоқ. Сонау 1681 жылғы қалмақтың қоңтайшысы Галдан Бошоктудың қалың қолмен Шу өзенінің бойына жетіп, Сайрам қаласын қоршағаннан басталған шабуылдар легі кейін оның немересі Цеван Рабтан билік басына келген кезде де толастаған емес. Ұсақ қақтығыстарды есептемегеннің өзінде 1711-1712, 1714, 1717 жылдары қазақ пен қалмақ арасында ірі соғыстардың болғаны белгілі. Бұл арада мәселе елдің өз ішінде тыныштық орнауында, халық арасында ырыс қазығы - ынтымақтың берік қағылып, ағайынаралық алауыздықтың жойылуында, осыған ұйытқы болған ел басшысының төңірегіне халықтың ақыл-ойының жоғары көтеруінде. Сондықтан тарихшылар Тәукені «Қазақ ордасының Ликургі» деп бағалайды. Тәуке ханның тұсында тұрақты мемлекеттік органдар: хан кеңесі, билер кеңесі жұмыс істеп, жыл сайын үш жүздің шонжарларының съезін өткізу қалыптасты. Тарихқа «Жеті жарғы» деген атпен енген Тәуке ханның заңдарын зерттеушілер қазақтардың бұған дейінгі қолданылып келген әдеттегі құқық нормаларының бір жүйеге келтіріліп, толықтырылған нұсқасы деп қабылдайды. Тәуке хан билік басында өте ұзақ, әбден қартайып, қаусаған шал болғанша отырып, 1718 жылы өз ажалынан қайтыс болды. Қонаев, Дінмұхамед Ахметұлы. Қонаев, Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы (1912—1993) — аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, КСРО шет ел ордендері мен медальдарының иегері. Алматы қаласында, қызметкерлердің отбасында өмірге келген. Орта мектепті бітіргенннен кейін, Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті оны Мәскеу Түсті металл алтын институтына оқуға жібереді. Институтты ойдағыдай бітіріп, тау кен инженері мамандығын алған Д.Қонаев Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасып, онда бұрғылау станогының машинисі, цех бастығы, рудниктің бас инженері және оның директоры болып істейді. Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде ол тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түседі. «Алтайполиметалл» комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің және КСРО қорғасын мырыш өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірі Лениногор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарады. 1942—52 жж. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етеді. Осында жүргенде Қазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп, оны Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі және оның президенті етіп сайлайды. Тау кен ісі саласының ірі ғалымы Д.Қонаев республика ғылымының дамуы жолында зор еңбек сіңіреді. Ғылыми ұйымдық жұмыстарды жақсарту, ғылыми зерттеулердің негізгі салаларын білікті кадрлармен нығайту шаралары оның басшылығымен жүзеге асырылады. Д.Қонаев 1955—60 және 1962—64 жж. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы, 1960—62 және 1964—86 жж. Қазақстан коммунистік партиясының Орталық комитетінің бірінші хатшысы болды. Ол Қазақстанның экономикасы мен мәдениетін өркендету жолына өзінің білімін, мол тәжірибесін және ұйымдастырушылық қабілетін аянбай жұмсай білді. Ол бірнеше мәрте КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. СОКП ның 19 съезінен бастап кейінгі съездерінің бәріне делегат болды. Парламент және партия делегациясын басқарып, әлденеше рет шетелдерде болып қайтты. 1956 ж. СОКП Орталық комитетінің мүшесі. Партияның 23 съезінде ол СОКП Орталық Комитетінің Саяси Бюросының мүшелігіне кандидат, ал 24 съезде мүше болып сайланды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының мүшесі болды. Д.Қонаев өз заманының ұлы саясаткері бола білді. Ол билік басында болған уақыт қаншалықты күрделі, қарама қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді. Түрлі деңгейдегі партия және кеңес қызметін атқара жүріп, Орталықтың өктем саясатының ығымен кете бермей, ел мүддесін, болашақ қамын да бір сәт естен шығарған жоқ. 1960 жж. басында Н.С. Хрущевтің озбырлығымен Өзбекстанға беріліп кеткен қазақ жерінің біраз бөлігін қайта қайтарып алуы соның айқын бір дәлелі еді. 1986 ж. СОКП Орталық Комитетінің Бас Хатшысы болып М.С. Горбачевтің келуіне байланысты Д.Қонаев Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшылығынан босатылды. 18 минөт өткізілген пленумда орнына Ульяновск облысынан Г.В. Колбин отырғызылды. Орталықтың жүргізіп отырған әділетсіз саясатына қарсы республика жастары өз қарсылықтарын білдіріп алаңға шықты. Бұл әйгілі Желтоқсан оқиғасына ұласты. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Республика партия ұйымын басқарған ширек ғасырға жуық уақыт ішінде өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен танылып, халық дәстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой өресі биік жан екенін көрсетті. Кейін мемлекет ісінен қол үзген кезде де ол білімдар білікті жан ретінде елде жүріп жатқан реформа бағыттарын, қоғамды демократияландыру қажет екенін терең сезініп, қолдай білді. Өзі өмір сүрген күрделі уақыттың адал перзенті бола білген абзал азамат 1993 ж. тамыздың 22-інде, 82 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды. Колбин, Геннадий Васильевич. Колбин, Геннадий Васильевич (1927—1998) — Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы (1986 ж. желтоқсанның 16 — 1989 ж. маусымның 22). Қазақстан Коммунистік партиясының бірінші хатшы лауазымында Димаш Қонаевті алмастырған. Бұның тағайындалуы 1986 ж. Желтоқсан оқиғасына ұшырап жеткізді. Моңғол шапқыншылығы. Татар-монғол тайпаларының саяси жағынан басын біріктіріп, монғол феодалдық мемлекетінің негізін салушы Тэмуджин болды. Ол 1155 ж. ірі ноян Есүхей батыр отбасында туылған. Тэмуджин ер жете келе қол астына монғолдардың барлық тайпаларын біріктіреді. 1206 ж.ы көктемде Онан өзені жағасында Тэмуджинді жақтаушы монғол ақсүйектерінің құрылтайы болып оны Шыңғыс хан деген атпен монғолдардың әміршісі етіп жариялайды. Шыңғыс хан әскери-ұйымдастыру принципін мемлекеттік құрылыстың негізі етіп алады. Елдің бүкіл жері мен халқы он қанат (барунғар), сол қанат (жоңғар) және орталық (гол) атты үш әскери әкімшілік округке бөліп, әрбір округте он мың адамнан тұратын бірнеше түмгелер (түмендер) болды. Олар өз кезегінде «мыңдық», «жүздік», «ондықтан» тұрды. 1207—1208 жж. қысында Шыңғыс ханның үлкен баласы Жошы Енесей қырғыздарын және Сібірдің оңтүстігіндегі басқа да «орман халықтарын» бағындырды. 1208-1209 жж. Шыңғыс хан әскерлері тұтқиылдан шабуыл жасап, танпұттық Си ся мемлекетін күйретті. Шыңғыс ханның қахарынан сескенген қазіргі Шығыс Түркістан аймағындағы ұйғырлар монғолдарға өз еркімен берілді. 1211 ж. Шыңғыс хан қолы Солтүстік Қытайға бет алды. 1215 ж. олар сол кезде Цзинь мемлекетінің астанасы болған Чжундуды (Бейжінді) бағындырды. Қытайда монғолдар соғыс ісінің сол замандағы жоғарғы техникасымен танысты. Қытайдан көптеген қару-жарақ, қамал бұзатын машиналарын, оны пайдалана білетін адамдарды алған Шыңғыс хан жауынгерлік дайындығын күшейте берді. Сөйтіп, ол Шығыс Еуропа мен Алдыңғы Азияға жол ашатын Орта Азия мен Қазақстанды жаулап алуға дайындалды. Бұл үшін ол мұсылман көпестерінен, босқындардан мәлімет жинады. Шыңғыс ханҚазақстан мен Орта Азияға жорықты Жетісу арқылы жүргізбекші болды. Өз басының жауы болған найманның ханы Күшлік ханды талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған Жебе ноян бастапан әскер жіберді.Жетісуды Шыңғыс хан көп қарсылықсыз басып алды. Оны бағындырғаннан кейін Шыңғыс ханның Мәуереннахрға, сол кезде Орта Азияны билеп отырған Хорезм мемлекетіне қарсы жол ашылды. 150 мың адамдық қол Орта Азияны бағындыруға аттанды. Монғолдар Отырарға таяп келгенде монғолдардың басшысы Шағатай мен Үгедей бастапан бірнеше түменді қаланы қоршау үшін қалдырып, әскерлердің Жошы бастапан басқа тағы бір шоғыры Сыр бойымен төмен бағыттады. Үшінші шоғырға Сырдарияның жоғарғы ағысы бойындағы қалаларды бағындыру міндетін жүктеді. Шыңғыс хан ұлы Төлемен бірге әскерімен Бұхарға беттеді. Хорезм шахы Мұхаммед монғолдарға қарсы тұруға дайын емес еді. Ол әскери күштерді әр қалаға бөліп ұстап отырды. Мұның өзі Шыңғыс ханға қалаларда тұрған шағын шоғырды оңай құртып жіберуге мүмкіндік берді. thumb 1219 ж. күзінде Шыңғыс хан зор армияны Жетісу арқылы Мәуереннахрға аттандырды. Оңтүстік Қазақстан халқы қатты қарсылық көрсетті. Мысалы Отырар 6 ай бойы (1219 ж. қыркүйек — 1220 ж. ақпаны) қарсыласты. Алайда әскер басыларының бірі Қараджа түн ішінде қақпаны ашып жіберіп, монғолдарға өтіп кетті. Әскер осы қақпа арқылы қалаға кіріп, оны талқандады. Сөйтіп Отырар қамалын жермен-жексен еткен Шағатай мен Үгедей бастапан әскер Шыңғыс ханға қосылды. Бұл кезде Шыңғыс хан Бұхара мен Самарқанд арасындағы жолда болатын Сығанақ қаласы да, ашнас та ерлікпен қорғанды. 1220 ж. 4 сәуірде монғолдар Жентті алды. Сыр бойындағы қалаларды жеңгеннен кейін Шыңғыс әскерлері Орта Азияның ішіне кірді. Халық ерлікпен қорғанды. Бұхар, Самарқанд, Үргенш үлкен қарсылықпен алынды. 1219—1221 жж. Шыңғыс хан әскері Орта Азияны ойрандады. 1221 ж. көктемінен бастап соғыс хорасан, Ауғанстан және Солтүстік Үндістан мемлекеттерінің жеріне ауысты. Монғол әскерлеріның басшылары Жебе мен Сүбедей нояндар басқарған 30 мыңдық жасақ Солтүстік Иранды басып алды. 1222 жылы Қауқазға кірді. Моңғолдар аландарды, қыпшақтарды, Қалка өзенінде орныққан орыстарды жеңді. Олар орыс жерінің оңтүстік аймағын ойрандап, Дешті-Қыпшақ даласы арқылы 1224 жылы Шыңғыс ханның Ертістегі ордасына қайтып оралды. Сонымен, 1219—1224 жж. шапқыншылық салдарынан Қазақстан мен Орта Азия Шыңғыс империясының қол астына кірді. Шыңғыс жаулап алынған жерлерді балаларына бөліп берді. Шыңғыс хан Ертістен Орал тауларына дейінгі, онан батысқа қарай «монғол атының тұяғы тиетін жер», оңтүстікке қарай Каспий мен Арал теңізіне дейінгі жерді үлкен ұлы Жошының билігіне берді. Орта Азиядағы иеліктерінен Жошы ұлысына — Амудың төменгі жағындағы аудандар (Солтүстік Хорезм) мен Сырдария кірді.Жошының ордасы Ертіс алқабында болды. Шыңғыс ханның екінші баласы Шағатайдың үлесіне Мәуереннахр, Жетісу мен Қашғар кірді. Оның ордасы Іле алқабында болды. Үшінші баласы Үгедейге Батыс Монғолия мен Тарбағатай жері қарады. Оның ордасы қазіргі Шәуешек қаласы маңы. Кіші ұлы Төле, Шыңғыс хан жұрты Монғолияны иеленді. Сонымен Қазақстан жері монғолдың үш ұлысының құрамына: үлкен (далалық) бөлігі — Жошы ұлысының, Оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстан — Шағатай ұлысының, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі Үгедей ұлысының құрамына кірді. 1227 ж. Шыңғыс хан қайтыс болды. Ол өлгеннен кейін 1235 ж. Қарақорымда өткен монгол ақсүйектерінің құрылтай жиналысы Шығыс Еуропаға жаңа жорық жасауға шешім қабылдады. Оны Жошының ұлы Бату басқаратын болды. Бату хан әскері еріксіз тайпалар өкілдерінен құралды. Басқару қызметтерін монгол феодалдары иеленді. Бату хан әскері 1236 жылы Камадағы Бұлғарды, Мордваларды талқандап, 1237-1240 жж. орыс жерлеріне келді. Рязань, Мәскеу, Владимир түбінде күшті шайқастар болды. 1239 ж. басында монғолдар Еділ өзенінің ту сыртынан орыс жеріне екінші жорыққа аттанды. 1240 ж. күзде Киев алынды. Монголдар Польша, Венгрия, Чехияны талады. Енді монгол жері батыста -Днестрге, шығыста Ертіске, оңтүстікте Солтүстік Кавказға дейін жетті. Бату хан иеліктері құрамына оңтүстік-шығыста Солтүстік хорезм мен Сырдың төмен жағындағы жерлер енді. Орыс кінәздықтары да Бату ханға тәуелді бодан болды. Осындай аса зор мемлекет шығыс деректемелерінде Көк Орда, орыс жылнамаларында Алтын Орда деп атанды. Алғашында Алтын Орда Монголия империясына оның бір ұлысы ретінде енген еді, ал 15 ғ. 1460 жж. кейін ол дербес ел болып бөлінді. Алтын Орда халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы аймақтарда Еділ бұлғарлары, қала қыпшақтары, орыстар, армяндар, ежелгі хазарлар, хорезмдіктер тұрды. Ал далалық аймағында қыпшақ, найман, қоңырат т.б. мекендеді. Дешті-Қыпшақ пен Еділ бойына қоныс аударған монголдар жергілікті халықпен сіңісіп кетті. Алтын Орданың орталық аймағы — Еділ бойы (Сарытаудан (қазіргі Саратов) Аштараханға дейін) астанасы Берке сарайы немесе Сарай-әл-Жадид немесе Сарай-Жүк), негізгі әскери күші — қыпшақтар. Алтын Орда өзін билеген хандары — Бату хан 1241—1256; Берке − 1257—1266; Мөңке-Темір — 1266—1280; Төде-Мөңке — 1280—1287; Төле-Бұқа − 1287—1291 жж, Тоқа — 1291—1312 жж; Өзбек хан — 1312—1342; Жәнібек хан — 1343—1357 жж. күшейе түсті. Егер Жошы мен Бату хан Монголиядағы ұлы ханға бағынышты болса, Беркеден бастап Алтын Орда хандары өздерін тәуелсізбіз деп есептеді. Батыс Еуропамен, Мысырмен, Анадолымен, Үндістанмен, Қытаймен сауда жүргізді. Ислам діні Өзбек хан тұсында үстем дінге айналды. Мемлекет құрылысы әскери негізде болды, шет аймақтарда әскери әкімшілік биледі. Қарулы күштер оң қол, сол қолға бөлініп, оларды ханзада — оғландар, түмен басы, мың басы, жүз басы, он басы басқарды. Қала мен бағынышты аймақты ұстау үшін даруғабектер, басқақтар тағайындалды. Алтын Орда ішінде азаттық күрестер де, феодалдардың өзара күресі де күшейді. 1238 ж. Бұқарда қолөнерші Махмұд Тараби бастаған көтеріліс болды. 10 мың монгол жауынгері өлтірілді. Бірақ осы ұрыста Махмұд Тараби де қаза тапты. Монголдар көтерілісті басып тастады. 1240—1241 жж, 1270 ж. a>та, Суздальда, Ярославльде болған көтерілістен Алтын Орда іргесі шайқалды. 1377 ж. Мәскеудің ұлы кнәзы Дмитрий мен Суздаль-Нижегород кнәзының әскерлері Қазанға жорық жасады. Рязань кнәздығына шабуыл жасаған татарларды 1378 ж. орыстар Вожа өзені бойында (Оканың оң саласы) талқандады. 1380 ж. Алтын Орда нояны Мамай үлкен әскер күшімен орыстарға қарсы шабуылға шықты. Орыс кнәздықтарының біріккен күштері Непрядва (Донның оң сапасы) өзені жағасында, Куликово даласы деп аталатын жерде 1380 ж. 8 қыркүйекте Мамай әскерінің тас-талқанын шығарды. Бұл Алтын Орданың құлауын тездетті. Оның үстіне 14 ғ. соңында, яғни 1391 және 1395 жылдары Ақсақ Темір Алтын Ордаға бас көтертпей екі рет соққы берді. Осыдан кейін ел ыдырай бастады. 15 ғ. басында Тоқтамыс ханмен Едіге бидің өзара таласы Алтын Орданы өзара қажытты. 15 ғ. 1 жартысында онан бұлғарлар, Қазан мен Қырым бөлініп шықты. 1480 жылы орыс кнәздықтары монголдардан толық тәуелсіздік алды. Сол шамада Қазан, Қырым, Аштархан (Ноғай), Қазақ, Сібір хандықтары құрылды. Монғол шапқыншылығы кезінде монголдардың жаңа жерлерге қоныс аударғандары да болды. Батыс, солтүстік Қазақстанға олар келді. Біраз уақыттан кейін монголдар түркі тілдес халықпен сіңісіп кетті. Монголдар жаулап алған елдерін уәкілдер-даруғашылар, мен тамғашылар арқылы басқарды. Монгол шонжарлары жергілікті тілде сөйлей бастады. Ежелгі дәстүр бойынша тек Шыңғыс ұрпағы «алтын ру» (төре) өкілі ғана хан бола алатын еді. Шыңғыс әулетінен тараған сұлтандар Алтын Орда құлап, жаңа мемлекеттер құрылғаннан кейін де халыққа билік жүргізу құқын сақтап қалды. Қазақстан жеріне монголдар Шыңғыс ханның құқық нормаларын «Ұлы жасақ» енгізді. Ол бойынша жергілікті халық соғысқа қатысу үшін әрбір 10 үйден бір жауынгер беруге тиіс еді. Көшпелі малшылар копчур деп аталатын салық төледі. Оның мөлшері жүз бас малдан бір бас мал беру. Егіншілерден де астықтай салық алынды. Әрбір 10 тугар (түтін) егістен қазына пайдасына бір тугардың өнімі, кейбір жерлерде харадж (жер салығы) алынды. Жәнібек хан. Жәнібек Әбусағит (туған жылы мен өлген жылы белгісіз) - Қазақ хандығы мен қазақ хандары әулетінің негізін қалаушы, Барақ ханның ұлы, Орыс ханның шөбересі. XV ғасырда өмір сүрген. XV ғасырдың 50-жылдарына дейінгі өмірі мен қызметі туралы нақты деректер жоқ. 1456 жылы Дешті-Қыпшақта шайбанид Әбілхайыр билікті қолына алған соң, көшпенді халықтың Жәнібек пен Керей бастаған бір бөлігі Моғолстанға қоныс аударып, Шу мен Қозыбасы өзендерінің аңғарында орын тепті. Моғолстан ханы өз қарсыластарымен болатын күресте көмектесер деген есеппен қазақ басшыларымен одақтас болды. Өзара қырқысулар мен соғыстардан жапа шеккен 200 мыңға жуық көшпенділер Жәнібек хан мен Керей ханның маңына топтасты, олардың билігінің күшеюі 1468 жылы Моғолстанға әскери жорық жасамақ болып, бірақ жол үстінде кенеттен қайтыс болған Әбілқайырға олар тарапынан қауіп төнуі мүмкін деген ой салды. Әбілқайыр хан өлімінен кейін хан тағы үшін болған өзара қырқысулар Дешті-Қыпшақта өрши түсті, оған туған жерге оралуды көздеп жүрген Жәнібек хан мен Керей хан да араласып кетті. Олар Әбілқайыр мұрагері Шейх-Хайдар ханмен кескілескен шайқасқа түсті. Өз әміршілері тарапынан ешқандай көмек ала алмаған Шейх-Хайдар билік үшін күресте жеңіліске ұшырады. Бұдан кейін Дешті-Қыпшақтағы билік Орыс ханның тұқымдары - Жәніібек хан мен Керей ханның қолдарына өтті. Олар тағы да отыз жыл бойы шайбанилықтармен табан тіресе шайқасты. Биліктің Орыс хан тұқымдарының қолына өтуі де «Көшпелі өзбектер мемлекетіндегі» саяси жағдайды өзгерткен жоқ. Дегенмен, бұл оқиға «Көшпелі өзбектер мемлекеті» атының Дешті-Қыпшақ болып өзгеруіне ықпал етті. Бір кездері Моғолстанға қоныс аударған адамдар Өзбек ұлысында «қазақтар» деп атала бастады және бұл атау бүкіл хандыққа тарай бастады. Билік үшін күрес Жәнібек хан мен оның үзеңгілестері қазақтардың бірігуі мен Қазақ хандығының құрылуына үлес қосты. XV ғасырдың орта шанінде ежелден Жетісу өңірін мекендеген түркі тайпалары бір этникалық топқа біріге келе, қазақ халқын құрады. Жәнібек хан мен Керей хан Жетісу өңірі, Шу мен Талас өзендерінің бойын мекендеген қазақтардың басын қосуда көп еңбек сіңірді. Бұл мақсатпен олар өзара қырқысуларды басып, ірі феодалдарды маңайына топтастырды. Жәнібек ханның Дешті-Қыпшаққа оралғаннан кейін билігін күшейткені туралы, өмірінің соңғы жылдары мен өлімі туралы деректер жоқ. Оның есімі тарихи деректерде соңғы рет1473 жылы кездеседі. Бұдан кейінгі жылдары Керей хан туралы ғана айтылған. Жәнібек хан жиі болатын шайқастардың бірінде қаза тапқан деп болжауға болады. Сақталып қалған халық аңыздары мен өлеңдерінде Жәнібек ханды Әз Жәнібек деп атаған. Мақатаев, Мұқағали Сүлейменұлы. Мақатаев, Мұқағали Сүлейменұлы (1931-1976) – қазақтың әйгілі ақыны. Өмірбаяны. Ол 1931 жылдың 9-ақпанында Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. 1948 жылы орта мектепті бітірісімен, мәдени-ағарту саласында түрлі қызметтер атқарды. Мектепте әдебиет пәнінен сабақ берді. Аудандық газетте әдеби қызметкер болып істейді. Ол 1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды. Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеттерінде оқып және Мәскеудегі М. Горький атындағы әлем әдебиеті институтында білім алады. Мұнан соң «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің (1962-1963 жж.), «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») (1963-1965 жж.), «Жұлдыз» (1965-1972 жж.) журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында (1972-1973 жж.) қызмет атқарады. Мұқағали Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары шоғырланған ортада өткерген аз ғана жылдар ішінде өзіндік дара үнін, суреткерлік қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбектене білді. «Ильич» (1964), «Армысыңдар достар» (1966), «Қарлығашым келдің бе?», «Мавр» (1970), «Аққулар ұйықтағанда» (1973), «Шуағым менің» (1975) атты жыр жинақтарын көзінің тірісінде жариялап үлгерді. Мұқағали поэзиясының қайнар көзі, шабыт тұғыры туған елі, өскен жері, Отан тағдыры, замана тынысы, замандастарының арман аңсары. Осының бәрін Мұқағали жас дарынға тән қайталанбас шеберлікпен, тәңірдің таңдайынан төгілгендей поэтикалық мінсіз үйлесіммен, әр жүрекпен тіл табысар сыршыл да шыншыл сезіммен, нағыз поэзияға ғана тән бейнелі образдармен бедерлеп, өлмес өнер деңгейінде туындатып отырған. Шығармалары мен аудармалары. Мұқағалидің “Қарлығашым, келдің бе?”, “Дариға жүрек” (1972 ж.), “Аққулар ұйықтағанда”, “Шуағым менің” (1975 ж.), “Соғады жүрек”, “Шолпан”, “Жырлайды жүрек”, “Өмір-өзен”, ”Өмір-дастан” және т.б. жыр жинақтары, сондай-ақ, “Қош, махаббат!” (1988 ж.) атты прозалық кітабы да бар. Біршама өлеңдеріне ән жазылды. Өзін аудармашылық қырынан да сынfп көрген Мұқағали Дантенің “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” деген бөлімін (1971 ж.), Шекспирдің “Сонеттерін” (1970 ж.), Уолт Уитменнің өлеңдерін (1969 ж.) қазақ тіліне аударды. Поэмалары. “Аппасионата”, ”Жан азасы”, “Аққулар ұйықтағанда” (1974 ж.), “Ильич” (1964 ж.), “Мавр”. Бұлардың арасында “Аққулар ұйықтағанда” поэмасы көбірек танымал. Осы дастанын оқып Ғабит Мүсіреповке оқып бергенде Мүсірепов алтын қаламын сыйға тартқан екен. Ақынның заты өлгенмен, аты өлмейді. Алматы қаласында дүниеден өтті. Негізгі жыр жинақтарын көзінің тірісінде жарыққа шығарды (“Мавр”, “Дариға-жүрек”, “Аққулар ұйықтағанда”, “Шуағым менің”). Дүниеден өтер алдын “Реквием” атты толғау-өлеңін жазды. 1985 жылы Қазақстан Жазушылары Одағының бастамасымен үздік әдеби шығарма авторларына М. Мақатаев атындағы сыйлық тағайындалды. Ал 2008 жылы М.Мақатаев атындағы жаңа сыйлық тағайындалды. 1999 жылы Мұқағалидың «Аманат» атты кітабы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды (Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық). Ақынның туған жері Қарасазда мұражай ашылған. 2011 жылы Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдығы түрлі деңгейде аталып өтпек. Осы мерекеге орай "Ақын, туған күнінмен!" деген Асқаров Алимжан өлең арнаған Сілтемелер. Ақынның барлық өлеңдерін осы сайттан таба аласыз, кіруге міңдеттісіз Тілендиев. Тілендіұлы, Нұрғиса (1925-1998) – қазақтың әйгілі күйші композиторы, дирижер, дәулескер домбырашы. Туып өскен жері - Алматы облысының Іле ауданына қарасты Шилікемер ауылы. Топырқ бұйырған жері Жамбыл кесенесінің іргесі. Мәскеудің П.И.Чайковский атындағы консерваторисының дирижерлік факультетін (проф. Н.П. Аносовың класы бойынша) бітірді. Қазақтың Абай атындағы опера және балет театрында (1953-1961), қазақтың Құрманғазы атындағы Мемлекеттік Академиялық халық аспаптар оркестрінде (1961-1964) және тікелей өзінің ұйымдастыруымен дүниеге келген «Отырар сазы» халық аспаптары оркестрінде (1981-1998) бас дирижер қызметін атқарды. Сондай ақ, 1968 жылдың «Қазақфильм» киностудиясы музыка редакциясының бас редакторы болып істеді. Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, КСРО ның халық әртісі. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Н.Тілендіұлына 1998 жылы «Халық Қаһарманы» атағы берілді. Тілендіұлы Нұрғиса қазақтың музыкалық мәдениетіне композитор, дирижер, орындаушы ретінде өшпес із қалдырған суреткер. Ол 500-ден астам муызкалық төл туындылардың авторы. Осынау мол мұраның жанрлық аясы да қайран қалдырады: ән, күй, романс, увертюра, поэма, контата, опера, балет т.б. Сүйікті шығармаларынан «Достық жолымен» (1958), «Менің Қазақстаным» контатасын (1959), Қ.Қожамяровпен бірлесіп жазған «Алтын таулар» операсын (1961), «Ата толғауы» және оркестр үшін жазылған шығармаларын (1962), «Халық қуанышы» (1963), «Қайрат» (1964), «Жеңіс солдаты» (1975) сияқты увертюраларын атауға болады. Оның «Аққу», «Аңсау», «Арман», «Ата толғауы», «Әлқисса», «Қорқыт туралы аңыз», «Көш керуені», «Махамбет», «Фараби сазы» сияқты күйлері мен «Саржайлау», «Алатау», «Ақжайық», «Ақ құсым», «Өз елім» сияқты ондаған әндері халықтық бояу нақышының қанықтығымен, өзіндік қолтаңбасының айқындығымен жұртшылықтың сүйіп тыңдайтын рухани қазынасын айналған. Мұның сыртында қырықтан астам пьесаға және жиырмадан астам фильмге музыка жазған. Тілендіұлы Нұрғиса музыкасын жазған М.әуезовтың, Ш.Аймонвтың, Т.Ахтановтың, Ә.Тәжібаевтың пьесалары, сондай ақ «Қыз Жібек», «Қилы кезең», «Менің атым Қожа», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр», «Ақсақ құлан» фильмдері әлдеқашан қазақ сахнасын мен экран өнерінің классикасына айналған. Тілендіұлы Нұрғиса қазақтың музыкалық мәдениетіндегі сал серілік дәстүрдің соңғы тұяғы. Ол өнер туындату барысында уақыттың идеологиялық өктемдігіне, ассимиляцияшыл әсіре үрдісіне мүлде мойын ұсынбастан, өзінің тәңір дарытқан төлтума қалпынан қылдай ауытқымай жүріп, шығармашылық даралығын сақтап қала алды. Бұл ретте, Нұрғиса жерден қуат алатын Антей сияқты, қазақтың музыкалық дәстүріне табанын нық тіреп тұрып, өзінің арман аңсарын еш жасқанбастан дыбысқа айналдыра білді. Ол өз заманының музыкалық танымын терең игерген кәсіпқой музыкант бола тұра суырыпсалмалық дәстүрді ұдайы шабыт тұғыры етіп отырды. Былайша айтқанда, көргенді күйттеп, естігенді жаттап отыратын оркестрлік қасаңдыққа Нұрғиса буырқанған шабыт еркіндігін дарыта білді. Бұл рете, Нұрғиса сахараның ақ бас абыздары сияқты, өз үнін көп дауысқа тұншықтырмай, өз лебізін көп даңғазаға ілестірмей, қазақтың дәстүрлі музыкалық тіліндегі дарашыл қасиетті (монодийность) тәу етіп өтті. Нұрғисаның композитор, дирижер, орындаушы ретіндегі ойы көпке ортақ, тілі көпке түсінікті. Егер, салсерілер өнері адамның жан жүрегіне бағытталуымен дараланса, сол ұлы дәстүр Нұрғисаның да барша шығармашылық болмысында аста төк болып, шалқып шашылып жатты. Дәл осы тұрғыда Нұрғиса қазақтың дәстүрлі музыкасының әрін тайдырмастан, нәрін жоғалтпастан тек қана өзіне тән профессионализмді қалыптастыра алды. Нұрғиса тұңғыш рет қазақтың төл музыкасын төл аспаптарымен оркестрлік үлгіде дыбыстау арқылы, әрі қалай дамытудың тамаша үлгісін көрсетті. Енді, орындаушы Нұрғиса, яғни домбырашы Нұрғиса туралы. Қашанда айғақсыз деректің бәрі қиялмен қоңсылас, болжаммен кіндіктес. Айғақты дерек атаулы шын тарихтың тапжылмас іргетасы. Қазақ маңдайына біткен ұлы күйші – композиторлардың, шүкір қатары қалың. Бүгінге жеткен күй мұрасына да кенде емеспіз.Дегенмен, сұлулыққа іңкәр көңіл кейде қиялдайды: шіркін – ай, осынау құдірет күйлерді сол шығарушы құдіреттердің өзі қалай тартты екен деп. Өкініштісі, арыдағы дәулескер күйшілерден жеткен «қолтаңба» жоқ. Қолдан – қолға көшіп жеткен күйлеріне қанағат. Домбырашы – орындаушылық өнерді көксегенде де, сол көненің күйлерін көкірегіне қонақтатып, бүгінгі күнімізге жеткізген саңлақтардың өнеріне жұбанамыз. Жай ғана жұбанып қоймаймыз, орындаушылық ұлы дәстүрдің жығасы қисаймай, барша сән – салтанатымен, барша шеберлік – шалымымен жеткеніне де күмәнсіз сенеміз. Сендірмей қоймайтын құдірет – бүгінгі күй құмар қауым Дина Нұрпейіскеліні, Қали Жантілеу, Әбікен Хасен, Жаппас Қаламбай, Төлеген Момбек, Нұрғиса Тілендіұлы, Мағауия Хамза, Ырысбай Ғабди, Қаршыға Ахмедьяр, Әзидолла Есқали, Талас Әсемқұл, Шәміл Әбілтай, Секен Тұрысбек, Сыматай Үмбетбай, Мұхаметжан Тілеухан сияқты күйші – орындаушылықтың жылжыған жорғасы мен жылмиғмн жүйріктерін естіп – көріп отыр. Бұлардың әр қайсысы бір – бір мектеп, әр қайсысының саусағына ілесіп сан ғасырдың шеберлік – шалымы жеткен. Сонан соң, бұлардың бәрі де жай ғана жапттап тартатын жайдақ орындаушылар емес, күйші – орындаушылар. Яғни, күй туындататындар, содан да, олар тартатын күйінің ішіне түсіп, кейіпкеріне айналып тартады. Олар арыдағы құдірет күйшілердің өзі тіріліп келіп тыңдаса, өкіндірмейтін дүлдүлдер. Міне, осындай дүлдүл орындаушылардың бірі ғана емес, бірегейі – Нұрғиса. «Солақайдың сойынан сақтан» дегендей, Нұрғиса солақай домбырашы болған. Мұның өзі оң қол саусақтарының пернелерге қапысыз қадалатын икемділігін пайдаланып, мөлдір дыбыстар шығаруына дес берген сияқты. Ол домбыра арқылы айтар ойын жеріне жеткізе айтқан домбырашы. Қазақ домбырашылары күй өнерін көз арқылы, қол арқылы және құлақ арқылы жұғады деп отырады. Осылардың ішінде күйді құлақпен сіңіретіндердің жөні бөлек. Себебі, көз – көргенінен танбайды, қол – ұстағанынан – айырылмайды. Яғни, күйді көз бен қол арқылы жұғысты еткендер, әдетте, қасаң қайталаушылыққа ұрынады. Ал, құлаққа сіңген күй, сөз жоқ, санаға да сіңеді. Санаға сіңген күй жүректі тербеп, жүрекпен тартылмақ. Нұрғиса болса, күйді құлақпен сіңіріп, жүрекпен тартатын домбырашы. Оның тартқан күйлері жүректен шыққан соң да жүректерді байрап жатады. Нұрғиса домбырашы – орындаушы ретінде қазақтың күйшілік мектептеріне тән төл ерекшеліктерді терең танып – түсінген; сол танып – түсінгенін дыбыстай алар әдіс – тәсілдерді қапысыз меңгерген. Ол Алтайдың тік күйлерін, Арқаның қоғыр күйлерін, Сыр бойының бойлауық күйлерін, Жетісудың жайсаң күйлерін, Атыраудың адуын күйлерін тартқанда, солардың қай – қайсысының да әрін тайдырмай, нәрін жоғалтпай, сәні мен салтанатын келістіріп тарта алған санаулы ғана саңлақтардың бірі. Егер Нұрғиса композитор да болмай, қоғам қайраткері де болмай, тек қана домбырашы – орындаушы болса, ол сонда да қазақтың мәдени – рухани шежіресіндегі көрнекті тұлға ретінде төрден орын алар еді. ...Тілендіұлы Нұрғисаның бойындағы осындай Тәңір дарытқандай көп қырлы, алуан сырлы аста – төк дарынның сыр – себебі кім – кімге де ден қойдыртса керек. Әрине, ондай сыр – себептің негізі қашанда туған топырақ, шыққан тек, өсіп - өнген ортамен кіндіктес. Бұл ретте, Нұрғисаны жарық дүниеге келген сәттен бастап – ақ әнге бөлеп, жырмен құндақтап, күймен тербеткен Жетісудың өнерпаздық дәстүрін тағдырлы себептің зоры десе жөн. Мұндайда көктей шолып болса да, Жетісудың өнер мектебіне тұғыр болған тұлғалардың атын атап, түсін түстеп өті қажет. Бұл ретте, әрине, Сүйінбай, Жамбыл, Құлмамбет, Бақтыбай, Бармақ, Үмбетәлі, Қалқа, Кенен, Қуат, Балтағұл, сияқты айыр көмей ақындар, Кебекбай, Сапақ, Ноғайбай, Бөлтірік сияқты от ауызды, орақ тілді шешендер, Қанадан, Байсерке, Бердібек сияқты дәулескер күйшілер, Дәурен – сал, Қырмызы, Жидебай, Балқыбек сияқты толлықсып – бұлықсыған сал – серілер, Ұлбике, Әлмен, Ақкүміс, Ләтипа, Жаңылдық сияқты жезтаңдай қыз – келіншектер алдымен еске түседі. Олар қалыптастырған ұлы өнер мектебі, ұлағатты өнеге Нұрғисадай туа біткен дарынды жөргегінде тыныш жатқызуы мүмкін емес еді. Осы орайда, Нұрғисаны ақ көйлекпен туған, ақжолтай жан деуге болады. Ол өнерпаздықтың ұлы дәстүрін талбойына сіңірген әкесі – Тілендінің бауырында өсті. Тәңірдің тіліндей күй сарындарын әке алдында отырып бала көкірегіне қонататты. Нұрғисаның анасы Салиха әйгіліКенен ақынның қарындасы, ол кісі де төңірегін әншілігімен тәнті еткен. Сол кісінің сызылта салатын сұлу әндеріне бала Нұрғиса жан – жүрегін тербелтіп өсті. Мүшел жасқа толар – толмас кезінің өзінде – ақ ауылындағы қазақ пен қырғыздың, орыс пен татардың музыкалық аспаптарын тегіс қолынан өткізіп, алуан түрлі ән мен күйді құйқылжыта тартқанда ауыл – аймағы аузын ашып, көзін жұматын болды. Есейе келе Нұрғиса әншіліктің ақиығы Кененнен бата алып, жыр жампозы Жамбылдың сарқытын ішті. Мұның бәрі де Нұрғиса өнерпаздығының себепшісі, бастау бұлағы деуге әбден болады. Алайда, үлкен өнердің сара жолына қадам бастыртқан, тағдырдың жазуындай орайлы сәтке Нұрғиса он төрт жасында кезікті. Кезігушісі – қазақ музыкасына пайғамбардай шапағаты тиген әйгілі Ахмет Жұбан еді. Жеті қабат жер астынан жаңа ғана бұлқынып шығып, булыға ағып, енді ғана жүлге тарта бастаған кәусар бұлақтың тегеурінін жазбай танитын қарт бағьан сияқты, бала Нұрғисаның бойындағы бұла дарынды дана Ахмет те бірден таниды. Таниды да, Нұрғисаны қолынан жетектеп алып келіп, қазақ ұлт аспаптар оркестрінің домбырашылар тобына қосады. Бұл, жазмыш дегенді қойсайшы, оркестр құрамындағы өңшең дәулескер домбырашылардың ішінен домбырашылықтың дүлдүлі Қали Жантілеудің оң жағынан Нұрғисаға орын тиеді. Қалидың алдын көрген құйма құлақ Нұрғиса кешікпей – ақ, бұрын күйді қызығып тартса, енді күйді құнығып тартатын болады, бұрын күйді еліріп тартса, енді күйді елігіп тартады. Міне, осының бәрі де Нұрғиса әлеміне тапжылмас тұғыр болды, осының бәрі де Нұрғиса дарынының сарқылмас қайнар көзі еді. Тілендіұлы Нұрғиса өзінің барша қабілет – дарынын халқының рухын асқақтатуға арнады. Бұл жолда ол халқымен етене тіл табысып, халқының сырласы да, мұңдасы да бола алды. Оның музыкасы баланың да, дананың да жүрегіне жол тауып, дүйім жұрттың рухани жан серігіне айналды. Ол атақ – даңқ іздеген жоқ, атақ – даңқ оны іздеп тапты. Қазақстан композиторларының ішінде тұңғыш рет Халық қаһарманы атағын алды. Кез – келген кесек дарынның күмәнсіз орындалатыны сияқты, бұған дүйәм жұрт қалтқысыз көңілмен қуана қол соқт. Нұрғисаны біртуар дарын, қайталанбас тұлға ретінде көзінің тірісінде – ақ әйгілі замандастары бірауыздан мойындады. Олар Нұрғисаны мақтаған жоқ, халықтың мәдени – рухани өміріндегі құбылыс ретінде Нұрғисамен мақтанды. Жамбыл Жабаев: «Менің ием, жолбарысым Тілендінің баласы Нұрғисаға кетті. Түсімде соның алақанын жалап тұр екен. Ендігі иесі сол болар». Дінмұхамед Қонаев: «Музыка – адамзаттың әмбебап тілі ғой. Ол біздің жан – дүниемізді байытып, әсіресе, ұлттық сана – салтымызға баулитын сиқырлы күш. Мен Нұрғиса Тілендиевтің шығармаларын тыңдаған сайын осындай ойға қалам». Нұрсұлтан Назарбаев: «Тілендиев жазған күйлер тыңдаушысын қуанта да алады, жұбата да біледі; толғандыра отырып ойландырады; әлдилей отырып әдемі әсерге бөлейді, онда атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік асыл қасиеттер, инабат иірімдері, мейірім мен рахым шапағаты жаныңды баурайды; ионда мұқалмас жігер, қанаттандырар қайрат, өрлік пен өжеттік, ұлттық рух, намыс бар; меніңше, Тілендиевтің күйлері бүгінгі тыңдаушысын қалай бейжай қалдырмаса, енді он, жиырма, жүз жылдан кейін де дәл бүгінгі құдірет күшін солай сақтайды; өйткені ол ықылым заманғы бабалар рухымен, арман – мақсатымен сабақтас». Қанабек Байсейітов: «Нұрғисаның тұла бойы толған дыбыс қой, оның денесінен бір жапырақ етті үзіп алып, лақтырып тастасаң, ол екеш оған дейін бүлкілдеп, өлең айтып жатады». Әбдіжәміл Нұрпейісов: «Нұрғисаның талантты екенін, тұла бойы толған ән, әуен, саз екенін білу үшін онымен бір рет дидарласып, кездессе де жетіп жатыр... Осы бір ақжарқын, аржайы, ашық жігіттің қарапаймы дыбысқа қалай жан бітіріп жібергеніне таңданасың. Еш нәрсеге көңілі селт етпейтін осы дүниедегі ең бір енжар, самарқау жүретін кісіні де жағасынан ұстап алып жұлқып – жұлқып қалғандай, құдіретті күшті қаптатып жіберетініне сенер – сенбесіңдң білмейсің». Еркеғали Рахмадиев: «Н.Тілендиев бір ғасырда бір туып, ғасырлар бойы өзінің өнерімен халқының ортасында өмір сүретін тұлға». Әбіш Кекілбаев: «Домбырашы Нұрғисаның қолына домбыратисе, теңіз төрінде дауыл көтерілгендей, алай мен дүлейдің аласапыранына түсіп, дирижер Нұрғисаның қолына оркестр тисе, Алатау жапырылып, Атлант сапырылып кеткендей, аламан – асырдың астында қалдырып, композитор Нұрғиса билік алса, аспан ашылып, шуақ шашылып, дүние жарқырап жүре беретін қазіргі дәуренімізді көре қалғандардың өксімей, ести қалғандардың көксемей өтуі еш мүмкін емес. Жүректің дүлгіріне, қиялдың қиырына, арманның тұңғиығына ондай терең бойлай алатындар тым сирек еді – ау». Мырзатай Жолдасбеков: «Нұрғиса Тілендиев – қазақ даласын сахнаға айналдырып сазға бөленген жасампаз; музыка өнерінің ашылмай кеткен жұмбағы, шешілмей кеткен сыры; таусылмайтын кені, тот баспайтын асылы, сарқылмайтын бұлағы, сөнбейтін шырағы, талмайтын пырағы, қалқайған құлағы; лапылдаған жүрегі, құламайтын тірегі, ақиқат шындығы, асқақ үні; алтын діңгегі, мінсіз ұстасы; өшпейтін өнегесі, азбайтын рухы; әннің тіккен туы, асқар тауы, күйдің соққан желі, қара дауылы, ақ бораны; мауқымызды басқан, әні елге ем болған балгер; бармағынан бал тамған арқалы домбырашы, кеудесінен күй қоздаған күй – құдірет». Жәнібек Кәрменов: «Сөз жоқ, Нұрғиса Тілендиев оқшау дара тұлға. Зор талант иесі. Халқымыздың ақындық, әншілік, шешендік, күйшілік, композиторлық рухы, күш қуаты бір басында тоғысқан жаратылысы жомарт біртуар жан». Осы ой – толғамдардың алып – қосары жоқ, бәре де ақиқат сөздер. Ойдың орамын Тілендіұлы Нұрғисаның өз сөзімен түйіндеуге болар: «Кейде мен өзімді әке – шешеден тумағандай сезінем. Өйткені, халық алақанына салып, өмір бойы аялап келеді,» - дейді екен. Бір ауылда той болып, сол тойға Тілендіұлы Нұрғиса арнайы шақырылыпты. Өзі той болған соң, оған Нұрғиса шақырылған соң, әрине, күй талтылады. Күйді, әрине, Нұрғиса тартады. Елдің де күткені сол, күй тартылған сайын тыңдаушы жұрттың айызы қанып, желпіне түседі. Жұрт желпініп, қошамет көрсеткен сайын Нұрғисаның арқасы қозып, домбырасын қырық құбылтады. Тыңдаушының делебесі одан сайын қозады. Жұрт осылайша мәз – мейрам болып жатқанда, бір ақ сақалды қарт құйған мүсіндей болып, шеттеу отырады. Бейне бір тас керең адам секілді, тартылып жатқан күйге селт етпейді. Әрбір күйді тартқан сайын қолпашты қардай боратқан көпшілік Нұрғисаны одан сайын қолқалай түседі. Еті қызып алған Нұрғиса домбыраны төсіне қойып, басына шығарып, шырқ үйіріп тартады. Тыңдаушы көпшіліктің есі шығып, одан сайын үздіге түседі. Тек, әлгі шеткерірек отырған ақ сақалды қарт сол құйған мүсін сияқты қалпынан селт етер емес. Нұрғиса болса арқаланып алған, домбырасын одан сайын бебеулетіп, одан арман безілдете түседі. Әлден уақытта делебесі қозған бір жас жігіт: «Нұрғиса, сіз күйді башайыңызбен тартады дейді ғой, башайыңызбен тартыңызшы!» деп өзеурейді. Нұрғиса болса сұраушыны жалындырмайды, кебісті қағып тастап, домбыраны башайымен қағады. Жұрт қыран – топан, айран – асыр, таң – тамаша. Бірақ, шеткеріде отырған қарт қана, селт етпестен, сол тұнжыраған қалпынан танбайды. Содан, күйдің неше атасы тартылып, әннің неше атасы айтылып, тыңдаушының құмары қанып, түннің бір мезгілі болған кезде Нұрғиса тынығып, дем алмақшы болады. Қонақтарды алдын – ала сайланған үйлерге бөліп – бөліп жатқызу үшін тарата бастайды. Нұрғиса болса, бағанағы құйған мүсіндей тұнжыр қарттың үйіне бөлінеді. Үйге келеді. Тап – тұйнақтай қонақ түсетін үй екен. Нұрғисаның көзіне төрде ілулі тұрған қозы қарын қызыл домбыра алдымен шалынады. Домбыра көрсе Нұрғисада тағат қала ма, қызыл домбыраны қолына алып, шертіп көрсе, домбыраның көмейі күмбірлеп, көкірегі өксиді екен. Нұрғиса қызықғып кетеді де, үй иесіне: «Ақсақал, бір күй тартып берейінші!» дейді. Үй иесі самарқау қалпымен Нұрғисаның бетіне барлай қарап алады да: «Тартсаң тарт, шырағым. Тек, үйдің берекесін алмай, адам құсап тартшы!» - дейді. Қарттың үні мүлде түңілгендей, дені дұрыс күй тыңдаудан күдерін үзгендей болып естіледі. Нұрғиса болса дүние төңкеріліп түскендей «Ах!» дейді. Күнұзынғы қолпаштың, күнұзынғы марапаттың бәрі желге ұшқандай, бәрі жалған сияқты жаны құлазып сала береді. Ол аздай – ақ, сол сәт әкесі Тіленді марқұмның дәл жаңағы қарт сияқты «Күйдің берекесін алмай, күйін келтіріп тартар болар» деп отыратын сөзі есіне түсіп, одан сайын құмығыды. Тап бір әке өсиетін аттанғандай, күйші әкесінің арманына қылау түсіріп алғандай, жан – дүниесі әп – сәтте әптер – дәптер болады. Сол сәт көкірігінен «Ах, арман – ай!» деген сөздің қалай лықсып шыққанын өзі де аңғармай қалады. Нұрғиса тұғырдағы қырандай дүр сілкініп, есін жияды. Сол қалпында домбыраны үгітіп жіберердей құшырлана бауырына басып отырып, жөргектен құлағына сіңген ескі сарынды сұңқылдатып қоя береді. Күй қолымен емес, жүрегімен тартылады. Тереңнен тепсініп шыққан шұңғыла сарын гөй –гөйлеп, небір нақышты иірім – қайырымдар өзінен - өзі құйылып арманымен қауышқандай сезіне беріледі. Күй аяқталады. Нұрғиса қарсы алдында қақшиып отырған қартқа қарайды. Қарттың қабағы ашылып, жанары шоқтай жайнап, мүлде басқа күйге түскен. Сол қалпы ботадай елпілдеп: «Ой, бәрекелді, өркенің өссін, қарағым!» дейді. Нұрғиса сонда ғана өзіне өзі келгендей болып, көңілі орнына түседі... Сөйтсе, бұл қартыңыз соғысқа барғанға дейін тыңдаушысын тәнті еткен дәулескер домбырашы екен. Соғыстан сол қолы шынтағынан кесіліп оралыпты. Қол кесілгенмен, көкірек сау, күйге ынтық көңілін өзінше аулап, домбырасын баптап қояды екен. Міне, осы қарттың алдында тартқан күйін Нұрғиса кейін «Арман» деп атап жұртқа жайса керек. Дерек: Бұл күй аңызын Нұрғисаның өз аузынан естіп едім деп, 1978 жылы ақын Әбділда Тәжібаев айтып берді. Айманов, Шәкен Кенжетайұлы. Айманов, Шәкен Кенжетайұлы (1914—1970) — қазақтың әйгілі актері, режиссер.1964ж КСРО-ның халық артісі Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданы. Топырақ бұйырған жері Алматы қаласы. Орта мектеп бітірген соң (1928), Семейдегі педагогикалық техникумға оқуға түскен. Айманов Шәкен (Шаһкерім) — актер, режиссер, КСРО халық артисі (1964). Болашақ актер 1914 ж. 15 ақпанда қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Ол кішкентай кезінен жездесі Қали Байжановтың әндерін тыңдап өскен. Ауыл мектебін бітіріп, Семей мұғалімдер техникумында оқып жүргенде 1932 ж. Алматыдағы Қазақ драма театрына шақырылады. Айманов 1932 – 33 жылғы маусымнан театрға жұмысқа қабылданды. Ол алғашында бірқатар рөлдерді ойнады. Көп ұзамай классикалық пьесалар бойынша қойылған спектакльдерде басты рөлдерді шебер орындауымен көпшілік көзіне түседі. Әсіресе оның орындауындағы Ақан сері, Қобыланды, Сатин, Петруччо, Отелло рөлдері ұлттық театр тарихында өшпес із қалдырды. Айманов актерлік өнерімен қатар режиссерлік шығармашылықпен де айналысып, спектакльдер қояды. 1947 – 51 ж. қазіргі Қазақтың академиялық драма театрының бас режиссері болды. «Абай әндері» (1945), «Жамбыл» (1947) көркем фильмдерінде күрделі экрандық бейнелерді сомдады. 1953 – 70 ж. «Қазақфильм» студиясының көркемдік жағын басқарып, қазақ кино өнерінің өркендеуіне үлкен үлес қосты. Оның қойған көркем фильмдері: «Махаббат туралы аңыз» (1953), «Алдар көсе» (1965), «Атамекен» (1966), «Найзатас баурайында» (1968). Көрермен қауымның ой-талғамынан шыққан «Біздің сүйікті дәрігер» (1958) мен «Тақиялы періште» (1969) фильмдері ұлттық кино өнерінде комедиялық жанрды дамытудағы соны ізденістерімен ерекшеленді. Оның соңғы қойған «Атаманның ақыры» (1970) фильмі режиссер Айманов шығармашылығының биік шыңына айналды. Айманов Қазақстан Кинематографистер одағын ұйымдастыруға қатысып, одақ басқармасының 1-хатшысы (1958 – 70) қызметін атқарды. КСРО Мемлекеттік сыйлығының (1952) және Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығының (1968) лауреаты.1970 ж. 24 желтоқсанда Мәскеу қаласында жол апатынан қайғылы қазаға ұшырады; Алматы қаласында жерленді. Алматы қаласының көшесі (1972) және «Қазақфильм» студиясы (1984) Айманов есімімен аталады. Ол тұрған үй мен киностудия ғимаратына мемориалдық тақта орнатылған. Театр. Театр өнерімен әуестеніп, 1933 ж. Қазақ драма театрының құрамына алынады. Осы театр сахнасында жиырма жылдай еңбек етіп, актерлік шыығармашылығын шыңдады. Театрдың бас режиссері болды (1951). Ол М. Әуезов атындағы Мемлекеттік драма театрының сахнасында қазақ драматургиясының Ақан сері, Қобыланды, Қодар, Керім («Абай»), Алдар Көсе, Исатай (Жансүгіров, «Исатай — Махамбет») бейнелерін, әлем драматургиясынан Кассио және Отелло (Шекспир, «Асауға тұсау»), Уәлиханұлы және Тихон (Островский, «Таланттар мен табынушылар», «Найзағай»), Сатин (Горький, «Шыңырауда»), Шадрин (Погодин, «Мылтықты адам»), Кидд (Лавренёв, «Америка дауысы»), Бетт (Дж. Гоу мен А. Дюссо, «Терең тамырлар»), Хлестаков (Гоголь, «Ревизор»), Кривенко (Чирсков, «Жеңімпаздар»), Гельпак (Ф. Вольф, «Профессор Мамлок») бейнелерін сомдады. Ш. Айманов қойған «Абай» спектакліне 1952 ж. КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Ш. Айманов актер ретінде алдымен кейіпкерінің жан дүниесін ашуға және соған лайықты ұтымды әрекет қимылдар жасау шеберлігімен ерекшеленсе, режиссер ретінде шығармаға көркемдік идеялық мазмұнын дарытуға, ұлттық ерекшеліктердің бояуын қанық етуге, заман мен қоғам туралы философиялық ой толғам жасауға айрықша мән бере білетін дарынды суреткер. Шәкен аса дарынды суреткер актер, ойшыл режиссер ретінде қазақтың сахна өнері мен кино өнерінің қалыптасып, шыңдалуына айрықша ықпал еткен, өшпес із қалдырған дара дарын иесі. Кино. 1953 ж. бастап, өмірінің соңына дейін қазақ кино өнері саласында өнімді еңбек етті. Шәкен кино саласында да осы ұстанымдарын шебер пайдалана білді. Оның «Махаббат туралы аңыз» (1953), «Дала қызы» (1954), «Біздің сүйікті дәрігер» (1958), «Алдар Көсе» (1965), «Туған жер» (1967), «Атаманның ақыры» (1970) фильмдері қазақ кино өнеріне көркемдік төлтумалық датырқан өміршең туындылар. Бәйсейітова, Күләш Жасынқызы. Бәйсейітова, Күләш (Гүлбаһрам) Жасынқызы (1912-1957) - қазақтың әйгілі әншісі (лирика-колоратуралық сопрано), қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері. КСРО халық артисі (1936). КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1948-1949). Туып-өскен жері – Қарағанды облысының Шет ауданы. Топырақ бұйырған жері – Алматы қаласы. Күләштің әншілік өнерге бейімділігі жас кезінен-ақ байқала бастаған. Оның бойындағы қабілеттің ұшталуына ән мен күйге жүйрік әкесі Жасынның да әсері зор болған. Жеті жылдық мектеп бітірген соң Күләш Қазақтың педагогикалық институтына түсіп, мұндағы көркем-өнерпаздар үйірмесіне белсене араласады. Қала жастарының өнер байқауларында әншілік дарынымен көзге түседі. Содан 1930 жылы Қазақтың тұңғыш драма театрының труппасына қабылданады. Күләш сахна өнерінің қыр-сырына қызыға ден қойып, кешікпей-ақ театрдың белді артистерінің қатарынан көріне бастайды. Ол аз уақыттың ішінде Б.Майлиннің «Майдан» пьесасында Пүліштің, Н:В:Гогольдің «Үйлену тойындағы» Агафия Тихонованың, М.Тригердің «Сүңгуір қайығындағы» Клавдияның, Қ.Бәйсейітов пен А.Шаниннің «Зәуресіндегі» Зәуре, М.Әуезовтың «Еңлік- Кебегіндегі» Еңліктің рольдерін ойнап, сахналық тамаша қабілетімен танылады. Образдардың табиғатын тап басып тану, ол танығанын өмірлік шынайы шеберлікпен жеткізе білу, әсіресе туа біткен әншілік қабілеті кейіпкер болмысын аша түсуі де Күләштің сахна өнері үшін жаралған жан екенін әйгілей түседі. Күләш 1933 жылы жаңадан ашылған музыка студиясына қабылданады. Алғаш рет Қазақ музыка театрының шымылдығы 1934 жылы «Айман-Шолпан» (М.Әуезов, И.В.Коцых) музыкалық комедиясымен ашылғанда, Күләш басты рольді үлкен шеберлікпен ойнап, Айман бейнесі арқылы Қазақ қыздарының ар-намыстан жаралғандай парасатты болмысын шабытпен тұлғалайды. Мұнан әрі Күләштің ғажайып қабілеті мен дарыны Б.Майлин мен И.В.Коцыхтың «Шұғасындағы» - Шұға, Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсындағы – Жібек образдарын сомдау барысында одан әрі жарқырап ашыла түседі. Бұл рольдер арқылы оның бойындағы әншілік-артистік қабілеттің ғажайып мүмкіндіктері барша болмысымен көрініс тауып, қазақ сахна өнерінің соны табысы ретінде жұртшылықтың ықылас-ілтипатына бөленді. Ол жаңа қаз басқан қазақ сахна өнерінің шын мәнінде тірек тұлғасына, ұйтқысына айналды. Аз уақыт аясында Е.Брусиловскийдің «Жалбыр», «Ер Тарғын», «Алтын астық», «Гвардия алға», «А.А. Зильбердің «Бекет», И.Н. Надировтың «Терең көл», А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай», М. Төлебаевтың «Біржан-Сара», Д.Ж.Пуччинидің «Чио-Чио-Сан», П.И.Чайковскийдің «Евгений Онегин», А.Рубинштейннің «Демон» сияқты операларында басты рольдерде ойнап, басты вокальдық партияларды орындап, қайталанбас хас шеберлігімен танылды. Бір-біріне ұқсамайтын кереғар образдар, иірім-қайырымы әр алуан вокальдық партиялар Күләштің көп қырлы, алуан сырлы дарынының арқасында алмастай жарқырап ашылып, эстетикалық эмоциялық қуаты мейлінше тегеурінді образдар галереясы жасалды. Күләш Бәйсейітова концерттік әнші ретінде де дүние жүзіне танылған қайталанбас дарын иесі бола білді. Төлебаев, Мұқан. Төлебаев, Мұқан (1913—1960) — қазақтың аса көрнекті композиторы, қоғам қайраткері, КСРО халық артисі (1959), КСРо мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1949), Қазақстан Республикасы әнұраны ауторларының бірі. Туып-өскен жері — Алматы облысының Бөрлітөбе ауданындағы Қарашыған ауылы. Топырақ бұйырған жері - Алматы қаласы. Орта мектеп бітірген соң Алматы педагогикалық училищесінде оқиды (1933). Осы кезде аудандық «Жұмысшы жастар» театрын ұйымдастырады. Алматыда өткен халық өнерпаздарының бүкіл қазақстандық 1- слетіне қатысып (1934), әнші ретінде көзге түседі. Москва консерваторяисы жанынан ашылған Қазақ студиясына оқуға түседі (1936). Қазақтың халық аспаптар оркестрінің дирижері қызметін атқарады (1942-1944). Москва консерваториясын (Маяковский мен Ференнің композициясы класы бойынша) бітіріп шығады (1951). КСРО Композиторлар одағының мүшесі (1942). Қазақстан Композиторлар одағы басқарма мүшесі (1948). Қазақстан Композиторлар одағы басқармасының төрағасы (1956-1960). Мұқанның анасы Тәжібала мен туған нағашысы Апырбай ақындық, әншілік, күйшілік өнерімен төңірегіне танылған адамдар. Бұл болашақ композитордың өнерге жастайынан бейімделіп, бойындағы бұла дарынның қанаттануына себепші болған. Жалпы М. Төлебаев шығармаларындағы музыкалық – эпикалық үрдістің бел алып жататыны, оның ұдайы халық өнеріне табан тіреп, халықтың бай музыкалық қазынасынан шабыт алып отыратынын аңғартады. М.Төлебаев туындатқан опералардың, оркестрлік немесе вокальды-симфониялық шығармалардың, камералық-аспаптық пьесалардың, әндер мен романстардың қай-қайсысы да терең сезімталдығымен, музыкалық тілінің шыншылдығымен, өзіндік қолтаңбасымен дараланып отырады. Оның шығармаларының көркемдік қуаты тегеурінді, парасат-пайымы өрелі, көркемдік-идеялық бағыты айқын, ұлттық-төлтумалық бояуы қанық. М.Төлебаев қысқа ғана ғұмырында жүзден астам музыкалық шығармалар туындатып үлгерген. Бұлардың ішінде опералық, контаталық-ораториялық және ән-романстық шығармалары айрықша ден қойдырады. Әсіресе, «Біржан-Сара» операсы оның композиторлық дарынының шырқау шыңы ғана емес, сонымен бірге қазақтың ХХ ғасырдағы музыкалық мәдениетінің ең көрнекті табыыстарының бірі. «Біржан-Сара» операсы өзінің полифониялық болмысына қарамастан, ұлттық нәрі құнарлы туынды. Нағыз өнердің табиғатына тән төлтумалық «Біржан-Сара» операсының өнбойынан айқын аңғарылып отырады. М.Төлебаев қазақтың кәсіпқой музыкалық мәдениетін қалыптастырып, орнықтырушы хас дарындардың бірі. Момышұлы, Бауыржан. Момышұлы, Бауыржан (1910-1982) - екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, қазақтың көрнекті жазушысы. Өмір жолы. Туған жері Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені. Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота командирі болады. 1941 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс басталысымен, Бауыржан даңқты генерал майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады, батальон, полк командирі қызметтерін атқарады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады. Соғыс кезіндегі жеке басының қаһармандық ерлігімен және ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен ерекше көзге түседі. Бірнеше рет жау қоршауынан жауынгерлерін аман сау алып шығады. Москва түбіндегі шайқастағы ерлігі сол кездің өзінде Одақ көлеміне аңыз болып жайылады. Бауыржанның осындай ерлігі жөнінде белгілі орыс жазушысы А.Бек «Волоколамское шоссе» (қазақшасы «Арпалыс») повесін жазды. Бұл шығарма кейін бірнеше тілге аударылады. Соғыстан кейін Бауыржан Совет Армиясы Бас штабының Жоғары әскери академиясын бітіреді. Әскери педагогикалық жұмыспен айналысып, Совет Армиясы әскери академиясында сабақ береді. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан Бауыржан біржола шығармашылық жұмыспен айналысады. Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көрген білгендерін арқау етеді. Оның қаламынан туған, өмір шындығын арқау еткен тамаша романы мен әңгіме, повестері қалың оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналады. Олар бірнеше қайтара басылып шығады. Бауыржан бірнеше орден, медальдермен наградталады, Кеңестер Одағының батыры атағын алды. Алайда халықтың өзі «батырым» деп танып, ардақтаған қаһарман ұлына бұл атақ Отан соғысы біткеннен кейін жарты ғасырдай уақыт өткенде барып берілген болатын. Бауыржаның соғыс тарихында болмаған 27 тактикалық жаңалағы. Жас сардар Бауыржан Момышұлы Мәскеу түбінің қалың қарына малтыға жүріп, бес рет қоршауды бұзып, жалпы саны 207 рет қол бастап, ұрысқа кіріп, 27 рет әскери ғалымдардың айтуынша, соғыс тарихында болмаған тактикалық жаңалық жасады. Командир Момышұлы жетік стратег, асқан тактик болумен қоса, сұңғыла психолог та еді. Момышұлы өмірбаянының осы ең жауапты кезеңінде Мәскеу түбіндегі шайқас ерекше орын алады. 1941 жылы қазанның он бесі күні таң атар-атпастан панфиловшылардың И.В.Капров басқарған 1073-полктің қорғаныс шебіне фашистер шабуылын тынымсыз қайталай берді. Алған жолынан, айтқан сөзінен қайтпайтын қайсар командир Бауыржан роталардың соғыс қимылын жаңа тактикаға жанастыра отырып, операцияны орынды басқара білді. Осы күндердегі арпалыс кезеңдерінде жауға қайсарлықпен қарсы тұрып, майдан даласында ерлік көрсеткендердің ішінде Қ.Шәріпов, Р.Жанғозин, Б.Жетпісбаев, М.Әлімжанов, Д.Снегин, Е.Таймасов, Т.Ахтановтардың ерлігі бір төбе. Алайда аласапыран қысылшаң жағдайға ұшыраған кейбір полктердің батальон, роталарымен байланысы үзіліп, жауынгерлердің қай жерде, қандай халде екенін білу қиынға соқты. Сондай жағдайға ұшырағандардың бірі – Бауыржан басқарған бірінші батальон еді. Баукең енді шегінудің нақты жоспарын жасады. Батальонның алдында жүретін он бес адамнан құрылған (алдыңғы жақты барлайтын) барлаушы қойып, взвод-взводпен бөлек-бөлек болып, бірінің ізімен бірін жүргізе жылжуды ұйғарды. Батальон алдындағы барлаушыларды аға лейтенант Рахимов пен саяси жетекші Мұхаметқұл Сләмқұлов басқарды. Күндіз жау көзіне түспеу үшін жауынгерлеріне түнделетіп жүруді бұйырды. Күндіз қалың тоғайда тыныстап, түнде барлаушылар арқылы белгіленген бағытпен сақтана жүріп отырды. Қалың қарағайлы тоғай іші қар. Жауынгерлер шаршады. Әйтсе де табанды төзімділік көрсеткен батальон екі күннен кейін Новлянск пен Ивановск деревняларының аралығынан шықты. Барлаушылардың айтуынша, осы Ивановск деревнясында панфиловшылардың 1075-полкінің бірінші батальоны тұрады екен. Бұлар әлі шайқасқа қатыспапты. Әдісқой, тәжірибелі комдив И.В.Панфилов бұл полкті уақытша әдейі резервте ұстап тұр екен. «Б.Момышұлы басқарған батальон түгелдей жау қолынан қаза тауып, жойылып кетті» деген лақапты естіген олар түгелдей аман оралған жауынгерлерді зор қуанышпен қарсы алды. Бауыржан бастаған батальон жауынгерлерін көргенде И.В.Панфилов қуанғаннан көзіне жас алды. Иван Васильевич көптен көрмеген бауырын кездестіргендей Бауыржанды қаусыра құшақтай алып, бетінен сүйіп: «Жарайсың, сұңқарым!» деп арқасынан қақты. Кеңес әскерлерінің 1942 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы ұрыстарында 8-гвардиялық дивизияның Бауыржан Момышұлы басқарған полк жауынгерлері ерекше көзге түсті. Дивизия екі ай ішінде батысқа қарай 500-600 шақырым алға басып, фашистердің мыңдаған солдаты мен офицерін қырды, көптеген техникасын жойып жіберді. Бауыржан Момышұлының қатардағы жауынгерлер жайлы айтқан небір қасиетті сөздері халқымыздың есінде. Даңқты қолбасшы солдаттың мінез-құлқын, парасатын, елі үшін шыбын жанын қиятын ерлігін керемет білген. Соның арқасында оларды ерлік жеңістерге бастап, жігерлендіріп отырған. Бауыржан Момышұлы соғыс жылдарында адуынды да қатал әскери басшы болып қана қойған жоқ, сонымен қатар қарамағындағы жауынгерлер мен офицерлердің ақылгөй жетекшісі, зерделі де білгір, байыпты да мейірман тәрбиешісі де бола білді. Гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының 1990 жылдың 12 желтоқсанында туғанына 80 жыл толуына орай Кеңес Одағының Батыры деген жоғары атақ берілді. Б.Момышұлының «Әділет қашанда жеңеді, ол кешіксе де келмей қоймайды» деген сөзі шындыққа айналып, ел тілегі орындалды. Бауыржанға арнап. Қазақстанда батырдың атымен Алматы, Тараз, Атырау, Семей қалалары және Жамбыл облысындағы Асса селосындағы көшелерге батырдың аты берілген; Алматы (№ 131), Тараз (№ 44), Шымкент (№ 42), және Алматы қаласындағы әскери мектеп интернаттарыда батырдың есімімен аталады. Шымкент қаласындағы Қазақстан Республикасының iшкi iстер министрлiгі ғимараты мен Астана қаласында Бауыржан Момшұлының ескерткіші орнатылған. Жамбыл облысының бұрынғы Бурное ауданы қазір Бауржан Момышұлы ауданы болып өзгертілген. Батыр наградалары. 1942 жылы 6 маусымда -«Қызыл ту» орденімен 1944 жылы 6 маусымда -«Москваны қорғағаны үшін» медалімен 1945 жылы шілдеде- 1 дәрежелі «Отан соғысы», «Құрмет белгісі» ордендерімен, «Қызыл жұлдыз» орденімен 2 рет марапатталды 1970 жылы «Еңбек қызыл ту» орденімен, «Құрмет белгісі» орденімен КСРО Президентінің 1990 ж 11 желтоқсандағы жарлығымен Б. Момышұлына 1941-1945 ж соғыста неміс-фашист басқыншыларына қарсы күресте асқан ерлігі мен қаһармандығы үшін «Кеңес Одағының Батыр атағы» берілді. 2000 ж «Ғасыр адамы» деп танылды Жазушы қаламынан шыққан «Офицер жазбалары», «Артымызда Москва», «Генерал Панфилов», «Куба әсерлері», «Жонарқа», «Ұшқан ұя», «Соғыс психологиясы» туындылары- жұртшылықтың қолдарынан тастамай оқитын, өзінен кейінгілерге өнеге ретінде ұсынатын маңызды қазыналар. Аты бүкіл әлем халқына аңыз боп тараған қазақ елінің ақиық қыраны Б.Момышұлының қайталанбас ғажайып сырға толы өмір жолы мен көркем туындыларына куә болдық. Фильм. 2010 - Қазақтың Бауыржаны (Деректі фильм) Қазақфильм. Нематұлы Қалила Омаров Марғұлан, Әлкей Хақанұлы. Әлкей Хақанұлы Марғұлан (1904—1985) — Қазақстан археология мектебінің негізін салушы, ғылымның көптеген салалары: этнография, тарих, шығыстану, әдебитетану, өнертану бойынша көрнекті қайраткер. Филология ғылымдарының докторы (1945), Бүкілодақтық География қоғамының толық мүшесі, Қазақ ССР ҒА академигі (1958), профессор (1960), Казақ ССР ғылымының еңбек сіңірген қызметкері (1961). 1904 ж. мамырдың 11 Ақпеті болысында (қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы) дүниеге келді. Əкесі Хақан – атақты Олжабай батырдың тікелей ұрпағы. Əлкейдің əкесі Хақан мен шешесі Нұрила көптеген халық ертегілері мен аңыздарын білген, үйде халық əндері мен Абай əуендері жиі шырқалатын. Əлкей бес жасында оқып, жаза білуді үйренді, бала кезінде «Қобыланды», «Алпамыс», «Көрұғлы», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» дастандарын жатқа білген. Хақанның шаңырағында белгілі ақын, ғалым Мəшһүр-Жүсіп Көпеев, Жаяу Мұса, Имантай Сəтбаев жəне қазақ даласына белгілі басқа да адамдар жиі бас қосқан. Əлкей бастауыш білімді ауыл мектебінен алды. 1915 жылы Баянауылда үш сыныпты орыс мектебінде оқыды. 15 жасыңда гимназияда оқу мақсатымен Екатеринбург қаласына сапар шегіп, алайда Азамат соғысының кесірінен оқи алмай қалады. 1919 жылы Əлкей Хақанұлы Павлодар қаласындағы мұғалімдер курсына түсіп, белгілі əнші Майраның үйінде тұрады. 1920 жылы курсты бітірген соң туған ауылына оралып, Далба мектебінде мұғалімдік қызмет атқарады. 1921 жылы Əбікей Зейінұлы Сəтбаев сынды белгілі қазақ ағартушысы директор болған Семей техникумына оқуға түседі (1939 жылы Əлкей Хақанүлы Ə. Сəтбаевтың қызы Раушан Əбікейқызына үйленді). Семейде оқып жүрген кезінде Əлкей Хақанұлы «Таң» журналы мен «Қазақ тілі» газетінің редакцияларымен байланыс жасап тұрады. Осында ол Мұхтар Омарханұлы Əуезовпен танысады, екеуінің арасындағы достық ұзақ жылдарға созылған сыйластық қарым-қатынасқа айналады. М. Əуезовпен бірге Абайдың туған жеріне, Шыңғыстауға барып, Абайдың баласы Тұрағұлмен жəне Абай əндерін тамаша орындайтын Абайдың немересі Жəбірейілмен таныс болады. Осы жылдары Əлкей Хақанұлы атақты қазақ ақыны Мағжан Жұмабайұлымен танысып, достық байланыста болады. М.Əуезовтің кеңесі бойынша, 1925 жылы Əлкей Хақанұлы Ленинградқа сапар шегіп, 1925—31 жж. арасында Шығыс институтының əдебиет факультетіне түсіп, бір уақытта Ленинград университеті жəне өнер тарихы институтының дəрістерін тыңдайды. Түркітанушы Е. Бертельстің, арабтанушы, Құран Кəрімнің аудармашысы жəне білгірі И. Крачковскийдің, эпостанушы В. Жирмунскийдің, академиктер К. Розановтың, Е. Тарленің еңбектерімен танысады. Ғылым негіздерін табысты игере отырып Ə. Марғұлан Ленинградтың бай мұрағаттарынан бірнеше қайнар бастауларды зерттейді, қазақ халқының мəдениеті мен тарихы бойынша əдеби жəне архивтік материалдарды жинаумен шұғылданады. Осы жылдары ол əдеби шығармашылық қызметке де ден қояды. Оның аудармасы арқылы қазақ оқырманы алғаш рет атақты орыс жəне шетел жазушыларының шығармаларымен танысады. Ленинградта Əлкей Хақанұлы А. Затаевичпен танысып, онымен бірге туған өлкеге келеді, атақты музыкатанушы көптеген қазақтың халық əуендерін жазып алды. 1926-1927 жылдары академик А. Ферсман жəне профессор С. Руденко жетекшілігімен одақтас жəне автономиялық республикаларды зерттеу жөніндегі ерекше комитеттің қазақстандық жəне алтайлық экспедицияларына қатысады. Ə. Марғұланның қазақ халқының мəдениетін жəне наным-сенімін, ғұрыптары мен салт-дəстүрлерін білуі экспедицияның антопологиялық отрядының жұмысына үлкен практикалық көмегін тигізеді. Əлкей Марғұлан экспедиция материалдары негізінде найман мен адай тайпалары туралы алғашқы ғылыми еңбегін жазды. 1929 жылы Əлкей Марғұлан Шығыс институтындағы оқуын бітіріп, Абай шығармашылығы туралы дипломдық жұмысын табысты қорғап шықты. Ə. Марғүлан өзінің кандидаттық диссертациясына аз зерттелген жəне уақытында үлкен ғылыми қызығушылық тудырған: «Паузе жəне жарлықтардың, тағылған атақтардың тарихи мағынасы» мəселесін таңдап алды. Шын мəніңде бұл қыпшақтық этномəдени қауымының жазба ескерткіштерін зерттеудің алғашқы қадамы еді. Оқуын бітіріп келгеннен кейін Ә. Марғұлан Қазақстан Оқу Халық Комиссариатының жанындағы Жаңа әліпби комитетінде ғылыми қызметкер болады. Туған халқының тарихына ден қойып, зерттеу жұмыстарын сонау Ленинградта оқып жүргенде-ақ бастаған Әлкей елге келгеннен кейін де осынау бейнеті мол, көп ізденіп, зерттеуді қажет ететін сауапты істі одан әрі жалғастырып, Оңтүстік Қазақстандағы Сырдария, Шу, Талас өзендері бойында және көне Отырар, Сауран, Сығанақ қалаларының орындарында түрлі қазба жұмыстарын жүргізеді. Содан жинаған материалдарының негізінде «Ежелгі Қазақстан қалалары мен құрылыс өнерінің тарихына» деген монографиялық еңбек жазады. «Хандар жарлығының тарихи әлеуметтік мәні» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды. Бұл көне қыпшақ тарихын зерттеудегі құнды ғылыми еңбек еді. Осыдан бір жылдан кейін Қазақ КСР Ғылым академиясының тарих, археология және этнография институтының археология секторының меңгерушісі болып тағайындалады. Өзі қалап алған жұмыспен тікелей айналысуға мол мүмкіндік алған Әлкей Марғұлан енді Орталық Қазақстанды зерттеуге бет бұрады. Ұзақ жылғы зерттеу жұмысының нәтижесінде Ж.А. Ақышев, М.Қ. Қадырбаев, А.М. Оразбаевтармен бірігіп, «Орталық Қазақстанның ежелгі мәдениеті» атты кітап жазуға қатысып, оның редакциясын басқарды. Бұл кітаптың құндылығы жоғары бағаланып, оның авторларына Шоқан Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлық беріледі. Тарих, археология және этнография бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалғаннан кейін ол бұрынғы зерттеу жұмысын одан әрі жалғастыра отырып, сонымен бірге Шоқан Уәлихановтың әдеби мұраларын жинастырып, оны бес том етіп шығарысуға басшылық етеді. Ол қазақ халқының тарихы мен әдебиетін зерттеуге зор еңбек сіңірді. Оның қаламынан туған тарих, археология, этнография, әдебиет және өнер салаларына қатысты ондаған кітап, үш жүзден астам ғылыми зерттеу және жүзден астам энциклопедиялық мақалалар жарық көрді. Көшпенділер мен ата-тегіміздің өмірі, аңыздар мен миф дүниесі, кең дала, ашық ғарыш, киіз үй етене жақын болды. Академик Ә.Х. Марғұлан берілген мәліметтер бойынша 14 томдық негізгі еңбектерінен тұратын зор ғылыми мұра қалдырды. Тек қана шығармаларының толық жинағы, орасан еңбегі ғалымның ұлы мақсатын түсінуге мүмкіндік береді. Әлкей Марғұланның ұзақ жылғы қоғамдық өмірдегі және ғылымдағы үлкен еңбегі жоғары бағаланып, ол Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталды. Жұбанов, Ахмет Қуанұлы. Ахмет Қуанұлы Жұбанов (1906-1968) — қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер. Қазақстанның халық артисі (1944), өнертану ғылымының докторы (1943), профессор (1948), академик. Ол Ақтөбе облысы Темір ауданында 1906 жылы 29 сәуірде өмірге келген. Жасынан музыка өнеріне бейімділігін байқатып, домбыра, скрипка аспатарында ойнауды меңгереді. Жас кезінде ауылдасы Талым күйшіден, ауыл мұғалімі Қ. Ашғалиевтен, әкесі Қуаннан, ағасы Құдайбергеннен тәлі алып, муызка өнеріне ден қояды. Темірде орыс халық аспаптар әуесқойлары оркестріне жетекшілік ететін (П. Черняктан сольфеджио, скрипка, музыка теориясы бойынша) сабақ алады. 1929 жылы Ленинградтың М.И. Глинка атындағы техникумында (А.А.Этигонның скрипка класы бойынша), консерваторияда (профессор Ф.А. Ниманның гобой класы бойынша, кейіннен музыка тарихы мен теориясы факультетінде) оқыған. 1932 жылы Ленинградтағы Актер шеберлігі мектебінің аспинрантурасына түседі. 1933 жылы Алматыда ашылған музыкалық драма училищесіне ұстаздық қызметке шақырылады. 1930 жылы Ленинградтағы «Рабочий и театр» журналында жарияланған мақаласынан бастап, өмірінің соңына дейін қазақ музыкасының тарихы мен теориясын зерттеумен айналысты. 1936 жылы «Музыка әліппесі» атты тырнақалды кітапшасы жарық көрген. 1934 жылы А. К. Жұбанов алғаш 11 адамнан құралған домбырашылар ансамблі негізінде Қазақ ұлттық халық оркестрін ұйымдастырды. Осы ұжымның тұңғыш дирижері ретінде көптеген халық композиторларының музыка туындыларын оркестрге лайықтап нотаға түсірген. 1945-1951 жылдары Алматы консерваториясының ректоры, 1954-1961 жылдары осы консерваториядағы өзі ашқан халық аспаптар кафедрасының меңгерушісі болып, қазақ халық музыкасының тарихынан, дирижерлік өнер менаспаптанудан сабақ берді. Жұбановтың қазақ халқының ән-күй шығармаларының табиғаты мен ерекшелігі, ұлы күйшілер Құрманғазы, Дәулеткерей, Сейтек, Тәттімбет, Қазанғап туралы монографиялық ғылыми -зерттеу еңбектері- қазақ музыкасының ғылыми тарихын жасауға қосылған қомақты үлес болды. А. К. Жұбанов — қазақ халқының қазіргі заманғы кәсіби музыкасының негізін қалаған аға буын композиторлардың бірі. Ол халық күйлерін оркестрге лайықтап, нотаға түсірді және қазақ музыкасын күрделі аспаптық симфониялық шығармалармен байытты. Олар «Тәжік биі», «Қазақ билері», «Төлеген Тоқтаров», «Ария», «Вокальдік сюитасы», «Абай сюитасы», тағы басқалар. Композитор ретінде қазақтың музыкалық мәдениетіне өзіндік мелодиялық өрнек қосқан ондаған ән мен күйдің, романстар мен хорлардың, аспаптық симфониялық және вокальдық шығармалардың авторы. А. Жұбановтың композиторлық шығармаларының көрнектілері Л. Хамидимен бірлесіп жазған «Абай» (1944) және «Төлеген Тоқтаров» (1947) опералары, қызы Ғ. Жұбанова аяқтаған «Құрманғазы» (1970) операсы. А.Қ.Жұбановтың мұрындық болуымен қырқыншы жылдары ұйымдастырылған ғылыми экспедиция сексенінші жылдарға дейін Қазақстанның түкпір түкпірінен 10 мыңдай ән күй нұсқаларын жинаған. Қазақтың кәсіпқой халық композиторларының өмір дерегін жинастырып, шығармаларын нотаға түсіріп, одан соң кәнігі әнші күйшілерге үйрету арқылы халықтың рухани игілігіне айналдыруда теңдесіз еңбекқорлық пен іскерліктің үлгісін Ахмет Қуанұлының өзі көрсетіп отырды. А.Қ. Жұбановтың ғалым, педагог, композитор, орындаушы және ұйымдастырушы ретінде қазақтың музыкалық мәдениетіне сіңірген еңбегі ұлттың мәдени рухани шежіресіндегі ең көрнекті белестердің бірі болып қалады. А. К. Жұбанов қазақтың ұлттық өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын берді. Ленин орденімен, тағы басқа ордендермен, медальдармен марапатталған. Алматы қаласының көшелерінің біріне, Республикалық музыкалық мектеп-интернатқа Жұбанов есімі берілген. Ақтөбедегі музыка колледжі, көшелер А. К. Жұбанов есімінде. Өзі ұзақ жыл тұрған үйдің қабырғасында ескерткіш тақта орнатылған. 2006 жылы Ахмет Жұбановтың 100 жылдық мерейтойына орай Ғ. Жұбанова атындағы облыстық Филармония ғимаратының алдында композиторға арнап үлкен ескерткіш орнатылмақ. Ескерткіш авторлары — Ескен Сергебаев пен Бақытжан Әбішев, архитектор — Женсен Айнабеков. Қоладан жасалған ескерткішті гранит плиткасымен қапталған тұғырға орнатады. Қастеев, Әбілхан. Қастеев, Әбілхан (1904-1973) – қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі, Қазақ ССР-ы халқының суретшісі. Туып-өскен - жері Алматы облысына қарасты Жаркент қаласының жанындағы Шежін ауылы. Топырақ бұйырған жері Алматы қаласы. 1929 жылдан 1931 жылдары Қастеев Николай Гаврилович Хлудовтың көркем студиясында оқыды (Хлудовтың Қазақстанда тұрған кезінде). Содан кейін білім алуын 1934 - 1937 жылдары Мәскеу қаласында Крупская атындағы көркем студиясында жалғастырды. Қазақстанның халық суретшісі (1944). Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы (1945-1956). Еңбек жолын Түрксіб темір жол құрылысында жұмысшы болып бастады. Москвадағы көркемсурет студияларында Н.Г. Хлудов пен И. Бродскийден сабақ алды (1929-1936). Халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туындыларды дүниеге келтірген. Әбілхан қол өнеріне, одан соң суретшілік өнерге жастайынан бейім болған. Анасы Айғанша кілем, алаша, бау-басқұр тоқуға, сырмақ сыруға, шым ши жасауға шебер адам болыпты. Әбілхан осы халық өнеріне бала кезінен көз қанықтырып, анасына ою өрнектер салуға көмектесіп, сурет өнеріне қолын үйретіп өседі. Оның 1930-1931 жылдары салған «Қарындастың портреті», «Автопортрет» атты туындылары түпнұсқаға ұқсастығымен және кейіпкер болмысын ашуға деген талпынысымен ерекшеленеді. Ол бірте-бірте ел өмірінің алуан салалы тіршілік тынысына ден қойып, тарихи әлеуметтік өзгерістерге суреткер зердесімен қарай бастайды. Оның «Мектепте» (1930), «Түрксіб» (1932), «Жамбыл портреті» (1937), «Ескі және жаңа тұрмыс» (1937-1941), «Амангелді сарбаздары» (1970), «Жас Абай» (1945) сияқты туындылары дарынды суретшінің өткен мен бүгінді шыншылдықпен бедерлеген көркем шежіре іспеттес. Әбілхан туған жердің әсем табиғатын, оның дидарындағы адам қолының жасампаз өзгерістерін зор шабытпен бедерлей алған суреткер. Оның «Биік таулы мұз айдын» (1954), «Гүл ашқан алма» (1958), «Менің Отаным» (1959), «Жайлаудағы автодүкен» (1963), «Қапшағай ГЭС –І» (1972) сияқты полотнолары эпикалық қарымымен, шыншылдығымен назар аударады. Әбілхан Қастеев суретші ретінде өзіндік дара қолтаңбасымен ғана ерекшеленіп қоймайды, сонымен бірге, ол туған жері мен өскен елін перзенттік махаббатпен жырлай алған біртуар суреткер. Әбілхан Қастеевтің көп еңбектерін Алматы қаласы Т.Г. Шевченко атындағы Қазақ көркем галереясынан көруге болады. Қастеев есімі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер мұражайына және Қазақстанның бірнеше қалаларындағы көшелерге берілген. Танымал туындылары. «Колхоздағы сүт ферма», «Мақта жинау», «Колхоздың тойы», «Қыз алып қашу», «Сатып алынған қалыңдық», «Алтын астық», «Ақсай карьері», «Медеу мұз айдыны», «Түрксіб», «Талас жағалауы», «Қапшағай даласы». Сонымен қатар Кенесары Қасымов, Абай, Шоқан Уәлиханов, Жамбылдың портреттері; ерекше танымал болып табылатын портреті – «Амангелді Иманов» портреті. Мұстафин, Ғабиден. Мұстафин, Ғабиден (1902-1985) – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі. Туған жері қазіргі Қарағанды облысының Бұхар жырау ауданындағы Жауыр тауының етегі. Дін мектебіне беріліп, мұсылманша сауат ашқан Ғабиденді заман ағымының аңысын аңғарған акесі он төрт жасында Спасск заводының табельшісі мауқымның Жүсібі деген кісіден бір жыл орысша оқытады. Осы бір жыл зерек баланың келесі жылы осындағы бес жылдық орыс қазақ мектебінің төртінші бөліміне түсуге мүкіндік береді. Бірақ төңкеріс тудырған аласапыран оған онда бір жылдан артық әрі оқуға мұрша бермей, ауылға қайтып келуге мәжбүр етеді. Осыдан тек арада жеті жылдай өткенде тұрмыс құрып, үйлі баранды болған жас жігіт білімін көтеру мақсатымен Қазақстанның сол кездегі астанасы Қызылордаға келеді. Бірақ мұнда оқуға түсе алмай, өлкелік сотқа іс қағаздарын тіркеуші болып орналасады. Осында жазушының өз тілімен атқанда, «газет оқуға ауызданады», қысқа хабарлар жаза бастайды. Жаңа танысы Сәит Мұқановқа еліктеп, әңгіме жазады. Ұзамай «Жыл құсы» журналында тырнақалды әңгімесі, араға жыл салып барып «Ер Шойын» аттты тұңғыш әңгімелер жинағы жарық көреді. Бірте бірте қаламы ұшталып, жазу машығына жаңа төселе келе әдеби ортамен араласып, сол кездегі дәстүрмен пікір таластарына қатысады. Әдебиет майданында үлкен қағажу көріп, жазғандары жарияланбай, бәрін тастап еріксіз ауылына кетуге мәжбүр болады. Сөйтіп ол Қарағандыға келіп, үш жыл қара жұмыс істейді. Сонда жүріпгазет жұмысына араласып, әуелі «Қарағнды пролетариаты», Новосибирь қаласында ашылған «Қызыл ту» газетінде қызмет істейді. Бұл жылдары болашақ жазушы көркем әдебиеттен қол үзіп кеткенімен, журналистік жұмыс оның қаламын төселтіп, өмір тәжірибесін молайта түскен еді. Сондықтан да ол жаңа астана Алматыға, әдеби ортаға қайтып келгеннен кейін өндіртіп жаза бастайды. «Өмір не өлім» атты алғашқы романы, колхоз совхоз сахналарына арналған шағын пьесалары жарық көрді. Ғ. Мұстафин өзінің шығармашылық ұзақ жолында өндіріс тақырыбы мен ауыл шаруашылығы тақырыбын қатар қамтып, екі салада да өнімді еңбек еткен жазушы. Кезінде оқып, білім ала алмағанына қарамастан, өзінің тынымсыз ізденісі арқасында, орыс, қазақ жазушыларынан үйрену арқылы шеберлігін шыңдап, өзі айтқандай, «өмірдің алдын орауды» мақсат етпді. Соның нәтижесінде оның қаламынан туған шығармалар қазақ әдебиетіндегі сол тақырыпқа жазылған бірініші шығарма болып келеді. Оның өндіріс тақырыбына жазылған «Өмір не өлім», «Қарағанды» роандары да, ауылшаруашылығы тақырыбына жазылған «Шығанақ, «Миллионер» романдары да тап осындай шығармалар болатын. Ал «дауылдан кейін» мен «Көз көрген» романдары жазушының өзі өмір сүрген дәуірінің деректі шежіресіне айналды. Ақырын жүріп, анық басып, әділеттен айнымауды өз өмірінің шырағы етіп ұстанған ұлағатты қаламгердің әр шығармасы халқын рухани сусындатуға қызмет етті. Соған орай оны халқы да ардақтап, құрмет етті. Ол екі мәрте Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы болды. Бірнеше рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, бір рет КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Екі Ленин, екі Еңбек Қызыл Ту және екінші дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталды, Абай және Жамбыл аттарындағы Республикалық әдеби сыйлықтарды иеленді. Мүсірепов, Ғабит Махмұтұлы. Мүсірепов, Ғабит Махмұтұлы (1902-1985) – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері. Туған жері қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданы. Алғашқыда ауыл молдасынан арабша хат таныған Ғабит жастайынан әуелі екі жылдық ауылдық орыс мектебін, кейін төрт жылдық жоғары басқыш орыс мектебін бітіріп, Қазан төңкерісінен кейін үстемдік алған Кеңес өкіметінің жұмысына әжептеуір орысша сауаты бар адам ретінде араласып, түрлі қызмет атқарады. Орыс мектебінде жүргенде орыстың атақты ақын жазушыларының шығармаларын оқып білуі, ауыл мектебінде өзін оқытқан әдебиетші мұғалім Бекет Өтетілеуовтың әсер ықпалы болашақ жазушының әдебиетке ерекше ықылас аударуына септігін тигізеді. Орынбордағы рабфакта оқып жүргенде ол әдеби білімін, эстетикалық сезімін одан сайын жетілдіре түседі. Осы кезде өзінің тырнақалды туындысы «Тулаған толқында» повесін жазады. Содан былай қарай баспа орындарында, партия, кеңес мекемелерінде жауапты қызмет атқара жүріп, шығармашылық жұмысын толассыз дамыта береді. Соның нәтижесіндей болып, «Қос шалқар», «Көк үйдегі көршілер», «Шұғыла», «Талпақ танау» әңгімелері мен «Бір адым кейін, екі адым ілгері» повесі жыл аралатып барып, бірінен кейін бірі жарық көреді. Оның бұл шығармалары қазақ әдебиетіне жазу стилі қалыптасқан, көркемдік шеберлігі ерекше жаңа суреткердің келгенін жария еткен еді. Шығармашылық жолының бір белесін аналар туралы әңгімелер топтамасымен түйіндеген жазушы енді кең тынысты туынды жазуға кіріседі. Екінші дүниежүзілік соғыстың аяғын ала ол өзінің тұлғалы туындысы «Қазақ солдаты» романын жазады. Роман тың тақырыбымен, образдарының көркем бейнеленуімен, сюжет құру шеберлігімен, тартымды тамаша тілімен таңдаулы қазақ романдарының қатарына қосылады. Бұдан кейін ол араға біраз уақыт салып барып, өзінің ең ірі салалы да салиқалы шығармасы «Оянған өлке» романын жариялайды. Қазақ прозасының шоқтығы биік туындысы саналған осы романынан кейін жазушы қайтадан шағын жанрға ойысады. Сөйтіп әңгіме жанрында зергер суреткерлігімен танылған ізденімпаз жазушы, көркемдік шеберлігін барған сайын шыңдап, әр әңгіме, повесі сайын жаңа бір белеске көтеріліп отырады. 1968 жылы «Кездеспей кеткен бір бейне» кітабы үшін Абай атындағы республикалық сыйлық алады. Араға бес алты жыл салып барып, прозадағы соңғы елеулі туындыларының бірі «Ұлпан» повесін жариялайды. Сонау отызыншы жылдарда ақ үлкен драматург екенін танытып, «Қыз Жібек» операсының либреттосын, «Қозы Көрпеш Баян сұлу» пьесасын берген Ғ.Мүсірепов кейінгі жылдарда да бүкіл қазақ драматургиясының тамаша туындысы болып табылған «Амангелді», «Ақан сері Ақтоқты» пьесаларын жазады. Оның шығармаларының негізінде кинофильмдер түсіріледі. Ғабит Мүсірепов өзінің қоғамдық, публицистік, журналистік, сыншылдық қызметімен де туған халқының мәдениетінің дамуына зор еңбек сіңірді. Алайда қазақ халқы оны үлкен суреткер жазушы деп таниды, көркем сөздің хас шебері деп біледі, құрмет тұтады. Ол бірнеше мәрте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, бір рет КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болып сайланды. Екі мәрте Ленин орденімен және Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталды. Мұқанов, Сәбит Мұқанұлы. Мұқанов, Сәбит Мұқанұлы (1900-1973) – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі. 1936—1937 және 1943—1952 шығармаларды жазған. Туған жері қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар деген жер. Әке шешеден жастай жетім қалып, балалық шағын ауқатты ағайындарына жалданып, қой бағумен өткізген Сәбит өзінің талаптануымен хат танығанымен, мұғалім алдын көріп, жүйелі білім ала алмайды. Тек он сегізге толғанда, Омск қаласына барып, мұғалімдер курсында оқуға мүмкіндік туады. Оны бітіргеннен кейін ауылға барып, біраз мұғалім болады. Осында ауылды кеңестендіру жұмысына белсене араласып, таптық күрестің Көкшетау облысындағы оперативтік өкілі және партияның Ақмола губкомының нұсқаушысы қызметін атқарады. Бұдан кейін 1922 жылы Орынбордағы рабфакқа түсіп, оны бітіріп шыққаннан соң, баспасөз орындарында жұмыс істейді. Жастайынан халық арасында жиі айтылатын жыр дастандарды жаттап, өзі де ауызша, жазбаша өлең шығарып талаптанып жүрген Сәбит осы кезден бастап, шығармашылыққа шындап бет бұрады. Оның есімін жалпы қазақ оқырманына кеңінен танытқан «Сұлушаш» дастаны, «Адасқандар» романы осы кезде өмірге келді. Осыларға жалғаса жазылып, бірінен кейін бірі жарық көрген «Майға сәлем» (1933), «Сөз Советтік армия» (1934) атты өлеңдері, «Ақ аю» поэмасы (1935), «Жұмбақ жалау» романы (1938) және осылар тәріздес толып жатқан шығармалары қазақ әдебиетінің дамуында ерекше рөл атқарады. Осы кезге дейін атқарған сан салалы қызметінде болсын, шығармашылық өрлеу жолында болсын, ілгерлеудің басты кепілі терең білім екенін, онсыз көздеген мақсатында жету мүмкін еместігін айқын сезінген ол 1928 жылы Ленинград университетінің филология факультетінде оқиды, Москвадағы Қызыл профессура институтының әдебиет бөліміне түсіп оны бітіреді. «Қазақ әдебиеті» газетінің редакторы болады, Қазақстан Жазушылар одағын басқарады. Бұл жылдары да олөндіріп жазумен болды. Драматургия, сын, әдебиеттану салаларында ерекше еңбек етті. 200-ден астам әдеби сын мақалалар жазды. Қазақтың ауыз әдебиетін зерттеді, фольклор және көне жазба мұраларды жинап бастырды, әдебиет тарихы және ағартушы демократтар шығармашылығы туралы зерттеутт еңбектер жазды, халық поэзисының ірі өкілдері туралы толымды пікірлер айтты. Оның 1974 жылы жарық көрген «Халық мұрасы» деген тарихи этнографиялық шолуы халқымыздың мәдениеті, өнері, тілі, материалдық игіліктері жайында жазылған ерекше құнды зерттеу еңбек болды. Жазушының шығармашылығында да, бүкіл қазақ прозасында да белгілі белес болған келелі туындысы кейіннен қайта өңделіп, «Ботагөз» деген атпен жарық көрген «Жұмбақ жалау» романы еді десе, оның саналы шығармашылық өмірін түгел дерлік қамтыған «Өмір мектебі» трилогиясы шын мәніндегі халық шежіресі болатын. Ол халықтың арасынан шыққан халықтың сүйікті жазушысы болды. Оның қазақ мәдениетін өркендету саласында сіңірген зор еңбегі кезінде жоғары бағаланды. Бірнеше мәрте Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшелігіне, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына сайланды, екі рет Ленин, екі рет Еңбек Қызыл Ту, «Құрметті белгісі» ордендерімен марапатталды. Бүкілодақтық бейбітшілік қорғау комитетінің мүшесі болды. Сәтбаев, Қаныш Имантайұлы. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (1899-1964) - аса көрнекті қазақ геологы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы. Туған жері бұрынғы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Ақкелін болысы (қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданы). Геологиялық барлау мамандығы бойынша Томск технологиялық институтының тау-кен факультетін бітіріп келгеннен кейінгі Қаныш Сәтбаевтың бүкіл өмірі Қазақстанның минералдық ресурстарын және рудалық кендер генеалогиясын зерттеуге арналған. Оның геологиядан басқа ғылымдардан да; мәдениет саласында да; тарихтан да қалдырған ізі сайрап жатыр. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталуға тақағанда, жағдайдың аса қиын ауырлығына қарамастан, Қазақ КСР Ғылым академиясының ұйымдастыру жұмысына басшы болып, оның ісіне бел шеше араласуы ұлыларға тән көрегендіктің белгісі еді. Оның қалдырған ғылыми бай мұраларының ішінде, әсіресе, Жезқазған кені туралы зерттеулерінің, Сарыарқаның металлогендік және болжам карталары жөніндегі еңбектерінің мәні ерекше. Жезқазғанның ірі мыс рудалы аудандар қатарына жатуы кезінде осы кеннің жоспарлы түрде кең масштабтағы барлау жұмыстарын ұйымдастыруға болатын ірі объекті екенін дәлелдеп берген Қаныш Сәтбаев еңбегінің нәтижесі. Сондай-ақ ол минералдық шикізатқа бай Сарыарқа, кенді Алтай, Қарағанды, Қаратау секілді аймақтарға да ерекше назар аудара зерттеп, олардың кендерінің стратиграфиясы, тектоникасы, құрылысы, металлогениясы, неохимиясы және шығу тегі туралы маңызды ғылыми қорытындылар жасады, ғылымға формациялық металлогендік анализдің кешендік әдісін енгізді. Көптеген тәжірибелі мамандар қатыстырыла отырып, Қаныш Сәтбаевтың басшылығымен бірнеше жылдар бойы жүргізілген тынымсыз еңбектің нәтижесінде Сарыарқаның металлогендік және болжам карталары жасалды. Оны өндіріске ендіру арқылы Сарыарқа аймағында қара, түсті және сирек металдардың біраз жаңа кендері ашылды. Біраз кендерге бүтіндей жаңа өндірістік баға берілді. Ол Қарағандыда металлургиялық завод салуда, Қостанай, Алтай темір және марганец, Қаратаудың фосфорит кендерін және осылар секілді көптеген ірі нысандарды игеруге, Ертіс-Қарағанды каналының қазылуына, біраз ғылыми зерттеу институттарының ашылуына тікелей араласып, зор еңбек сіңірді, Қазақстан ғалымдарының зор армиясының ақылшысы, тәрбиешісі болды. Ол геология ғылымына қатысты әлемдік, одақтық, қазақстандық түрлі дәрежедегі толып жатқан комиссиялардың, комитеттердің мүшесі, басшыларының бірі; бірнеше мәрте КСРО және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңестерінің депутаты; СОКП съездерінің делегаты, КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комитеттің президиумының мүшесі. Ол төрт рет Ленин орденімен, Екінші дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталып, КСРО Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтардың иегері болған. Оның есімі институттар мен кен-металлургия комбинаттарына, Қазақстан қалаларының көшелеріне, мектептер мен шаруашылық аттарына берілген. Сондай ақ Алатаудың бір шыңы мен мұздағы, Қаратаудағы ванадий кенінің рудасынан табылған бір минерал (сатбаевит) оның атымен аталады. Оған арналған бірнеше мұражайлар бар. Әуез, Мұхтар Омарханұлы. Мұхтар Омарханұлы Әуез (1897—1961) — қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, филология ғылымының тұңғыш докторы, профессор, Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Әуезов Мұхтар Омарханұлы – Ұлы жазушы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан Ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957). Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде 1897 ж. жиырма сегізінші қыркүйекте туған. Алғашқыда 1908 ж. Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 ж. Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады. Училищені 1915 ж. аяқтап, Семей қалалық мұғалімдер семинариясына түседі. Семинарияда оқып жүріп Шәкерім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастанының негізінде «Еңлік – Кебек» пьесасын жазып, оны 1917 ж. маусым айында Ойқұдық деген жерде сахнаға шығарады. Ресейдегі саяси төңкерістер Әуезов өміріне үлкен өзгерістер әкеледі. Ол Семейде «Алаш жастары» одағын құрып, түрлі үйірмелердің ашылуына ұйытқы болады. Жүсіпбек Аймауытовпен бірігіп жазған «Қазақтың өзгеше мінездері» аталатын алғашқы мақаласы 1917 ж. 10 наурызда «Алаш» газетінде басылды. 1918 ж. 5 – 13 мамырда Омбы қаласында өткен Жалпы қазақ жастарының құрылтайына қатысып, оның орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады. Әуезов жазушы Аймауытовпен бірлесіп Семейде «Абай» ғылыми-көпшілік журналын шығаруға қатысады. 1919 ж. семинарияны бітіріп, қоғамдық-саяси жұмысқа араласады. 1919 ж. желтоқсанның төртінде Семейде большевиктер билігі орнап, Әуезов Семей губревкомының жанынан ашылған қазақ бөлімінің меңгерушісі және «Қазақ тілі» газетінің ресми шығарушысы болып тағайындалады. 1921 ж. қараша айында Қазақ АКСР-і Орталық атқару комитетінің (ОАК) төралқа мүшелігіне сайланып, онда кадр мәселесімен айналысады. Сол жылы «Қорғансыздың күні» әңгімесі «Қызыл Қазақстан» журналының №3 – 4 сандарында жарияланды. 1922 ж. күзде Ташкенттегі Орта Азия университетіне тыңдаушы болып оқуға түседі әрі «Шолпан» және «Сана» журналдарына жұмысқа орналасады. Осы басылымдарда «Қыр суреттері», «Қыр әңгімелері», «Үйлену», «Оқыған азамат», «Кім кінәлі», «Заман еркесі» («Сөніп-жану») әңгімелері жарияланады. 1923 ж. маусым айында Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік университетінің қоғамдық ғылымдар факультетінің тіл-әдебиет бөліміне оқуға ауысады. 1924 – 25 ж. Семейдегі мұғалімдер техникумына оқытушылыққа қалдырылды. Сонда жүріп «Таң» журналын шығарады. Онда «Кінәмшіл бойжеткен», «Қаралы сұлу», «Ескілік көлеңкесінде», «Жуандық» әңгімелері жарияланды. 1925 ж. Ленинградқа қайтып барып, оқуын жалғастырады. 1926 ж. жаз айында Семейге арнайы ғылыми экспедиция ұйымдастырып, оның материалдары негізінде жазылған «Әдебиет тарихы» монографиясы 1927 ж. кітап болып шығады. 1927 ж. жазда Жетісу өңіріне сапармен келіп, Ілияс Жансүгіровпен бірге болашақ шығармаларына материал жинайды. Ленинградқа қайтып оралысымен, осы материалдар негізінде «Қараш-Қараш оқиғасы» повесін, «Қилы заман» романын, «Хан Кене» пьесасын жазады. 1928 ж. Орта Азия мемлекеттік университетінің аспирантурасына қабылданды әрі Қазақ ағарту институтында сабақ берді. Алаш қозғалысының көсемдерімен бірге 1930 ж. 16 қыркүйекте тұтқындалып, 1932 ж. сәуір айында үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Дегенмен маусым айында түрмеден босатылып, Қазақ педагогика институтының (ҚазПИ-дің) аға оқытушысы болып қызмет істейді. Осы жылдары театр, драматургия, мәдениет пен өнер, әдебиет, фольклор тарихы, орыс әдебиетінің классиктері туралы мақалалары үзбей жарияланып тұрады. Әуезов сценарийі бойынша «Райхан» көркем фильмі (1940) түсіріледі. 1936 ж. Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысады. Осы жылдары «Абай» романын жазуға кірісіп, оны 1941 ж. бітіреді. «Абай» романының жарық көруі (1942) Қазақстанның мәдени өміріндегі ерекше оқиға болды. 1943 ж. «Абай» романын талқылау үлкен науқанға айналады. 1946 ж. романның екінші кітабын жазып бітіріп, ол 1947 ж. жарық көреді. 1950 ж. роман-эпопеяның «Ақын аға» аталатын үшінші кітабы жарық көреді. 1943 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақтың мемлекеттік университетінің (ҚазМУ-дің) қазақ әдебиеті кафедрасына профессор болып орналасып, өмірінің соңына дейін сонда дәріс оқыды. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында «Сын сағатта» (1941), «Намыс гвардиясы» (жазушы Әлжаппар Әбішевпен бірігіп, 1942), «Қынаптан қылыш» (1945) пьесалары мен «Абай» операсының либреттосын (1944), «Абай әндері» фильмінің сценарийін (1945) жазады. 1946 ж. Қазақстан Ғылым академиясы құрылғанда, оның толық мүшесі (академик, №1 куәлік) болып сайланады, филология ғылымдарының докторы, профессор атағы берілді. 1951 – 54 ж. Әуезов саяси-идеологиялық тұрғыдан тағы да қыспаққа алынып, 1953 ж. сәуір айында Мәскеуге жасырын аттанып кетуге мәжбүр болады. Мәскеу мемлекеттік университетінде профессор болып орналасып, «КСРО халықтары әдебиетінің тарихы» деген арнайы курс бойынша дәріс берді. 1954 ж. Алматыға қайтып оралып, «Абай жолы» роман-эпопеясын түпкілікті аяқтады. 1955 ж. шет елге сапарға шығып, Герман демократиялық республикасы (ГДР) жазушыларының Берлинде өткен съезіне құрметті қонақ ретінде қатысты. Үндістанға 40 күндік сапармен барып қайтады. 1956 ж. КСРО мәдениет қайраткерлері өкілдерінің қатарында Чехословакияда болды. Жазушының 60 жасқа толу мерейтойы Алматыда, Мәскеуде салтанатпен атап өтіледі. Атом және сутек бомбасын сынауға қарсы халықаралық қозғалыстың Жапонияда өткен 3-конференциясына қатысады. 1958 ж. Ташкентте өткен Азия және Африка елдері жазушыларының 1-конференциясын ұйымдастырушылардың бірі болды. 1960 ж. АҚШ-қа барып қайтып, 1961 ж. Үндістанға екінші рет сапар шегеді. 1955—57 ж. алты томдық таңдамалы шығармалары басылып шығады. Әуезовтің мұраcының аса қомақты бөлігі – оның ғылыми зерттеулері. Ол қазақ ауыз әдебиетін жинақтап, жүйелеп, қазақ әдебиеті тарихы, Абайдың өмірі мен шығармашылығы, әдебиеттану мен фольклордың теориялық-проблемалық мәселелері жөнінде іргелі еңбектер жазды. Қоғам және мемлекет қайраткері ретінде Әуезов жиырмадан астам шет елдерде болып, адамзат қоғамының дамуы, рухани ынтымақтастық үшін өз көзқарасын білдірді. Әлем халықтары оның «Абай жолы» роман-эпопеясын айрықша құбылыс ретінде таныды. 1961 жылдың жиырма жетінші маусымында Мәскеу қаласындағы ауруханада қайтыс болды; Алматы қаласында жерленген. Сол жылы Қазақстан Ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтына оның есімі берілді, одан кейін жазушы тұрған үйде мұражай-үйі (1963) ашылып, ескерткіштер орнатылды. Қазақ академиялық драма театры, Алматы, Астана, Семей және басқа қалалар мен облыстардағы аудан, ауыл, көше, мектептер Әуезов есімімен аталады. Мұхтар Әуезовтің туғанына 100 жыл толуы ЮНЕСКО-ның шешімімен, дүниежүзілік деңгейде (1997) аталып өтті. «Абай жолы» – Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі роман-эпопеясы. «Абай жолы» – қазақтың көркем прозасын классикалық деңгейіне көтеріп, әлем әдебиетіне көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан энциклопедиялық деңгейде жан-жақты ашып көрсетті. Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы әлемдік деңгейде: «ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі» (Луи Арагон) деген жоғары баға алды. Сондай-ақ бұл роман-эпопея қазақ халқын, қала берді бүкіл түркі әлемін дүние жүзіне танытқан ұлы шығарма ретінде де танылды. Әуезов алғашқыда екі кітаптан тұратын «Абай» (1942, 1947), онан кейін мұның жалғасы болып табылатын «Абай жолы» (бұл да екі кітаптан тұратын; 1952, 1956) романын жазды. Осы төрт томнан тұратын «Абай жолында» қазақ қоғамының алуан түрлі топтары кең қамтылып, сан қырлы тұтас галерея жасалды. Онда қазақ халқының этнографиялық, діни, жалпы мәдени-танымдық дәстүрлері: жаз жайлауға көшу, құдалыққа бару мен той жасау, кісі өлімі мен аза тұту, ас беру, жұт, болыс сайлауы, дауға билік айту, аң аулау мен табиғат көріністері, т.б. бәрі бар. Роман-эпопеяның танымдық мәнімен бірге ұлттық әдебиет пен мәдениетті, ана тілін өркендетудегі рөлі зор болды. Алғашқы екі кітаптан тұратын «Абай» романы үшін жазушыға КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1949) беріліп, төрт томдық «Абай жолы» роман-эпопеясы жарық көргеннен кейін ол Лениндік сыйлықтың лауреаты (1959) атанды. Эпопея дүние жүзі халықтарының бір жүз он алты тіліне аударылған. Ол екі жүз томдық «Әлем әдебиеті кітапханасы» топтамасында екі том болып басылды. Өмірбаяны. Туған жері — бұрынғы Семей уезінің Шыңғыс болысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы). Әкесі Омархан мен атасы Әуез сауатты кісілер болған. Мұхтар атасының қолында өскен. Атасы Әуез бен әжесі Дінасылдың тәрбиесінде болған бала Мұхтардың алғаш сауатын ашушы да атасы. Соның арқасында ол алты жасынан Абайдың өлеңдерін ауылдастарына жатқа оқып беретіндей дәрежеге жетеді. 1908 жылы [цуаываывавапддин хазірет медресесінде оқып, одан орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы бес кластық орыс училищесіне түседі. Осы жерде оқып жүріп «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады. 1915 жылы Семей қалалық мұғалімдер семинариясына қабылданады. Оқып жүргенде Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастаны негізінде «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде тіркестіріп тіккен киіз үй сахнасына шығарады. 1918 жылы М.Әуез Семей қаласының өкілі ретінде Омбы қаласында өткен жалпы қазақ жастарының құрылтайына қатысып, оның орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады. Құрылтайда «Алаш­орда» үкіметі мен Алаш қозғалысының бағытын ұстанған «Жас азамат» атты Бүкілқазақстандық жастар ұйымы құрылады. Ұйымның белсенді мүшесі бола жүріп, «Абай» ғылыми-көпшілік журналын шығаруға (Ж. Аймауытовпен бірге) атсалысады. 1919 жылы — Семей губревкомының жанынан ашылған қазақ бөлімінің қызметкері, 1920 жылдың ақпанынан бөлім меңгерушісі. «Қазақ тілі» газетінің ресми шығарушысы болып тағайындалады. 1921 жылы Семей облревкомының төралқа мүшесі, атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарады. 1921 жылғы қараша айында Қазақ АКСР-і ОАК-нің төралқа мүшелігіне сайланып, онда саяси хатшы міндетін атқарып, кадр мәселесімен айналысады. Мұхаңның «Еңбекші қазақ» газетіне басшылық жасайтын тұсы да осы кезеңмен дәлме-дәл келеді. Бір қыс Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетінде, төрт жыл Ленинград университетінде оқып, филология факультетін бітіреді. Сол жылы Орта Азия университетінің Шығыс факультетінің жанындағы аспирантурада оқиды. Ұлттық теңсіздік пен сауатсыздықты, аштықты жою жөніндегі ашық пікірі мен шығармалары үшін «ұлтшыл, алашордашыл» атанып, саяси сахнадан шеттету басталған тұста Мұхаң бірыңғай шығармашылық жұмыспен айналысуға көшеді. Ғылыми жұмыстарды да қолға алады. 1930 жылы идеялық көзқарасы үшін тұтқынға алынады. Тергеу ұзаққа созылып, 1932 жылғы сәуір айында үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылады. Осы жылғы 10 маусым күнгі «Социалистік Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде М. Әуезовтің «Ашық хаты» жарияланады. Онда Мұхаң өзінің қазақ әдебиетінің тарихы және Абай туралы зерттеулерінен, «Қарагөз», «Еңлік-Кебек», «Хан Кене», «Қилы заман» сияқты шығармаларынан бас тартатынын мәлімдеуге мәжбүр болды. Сонан кейін ғана ол түрмеден босатылып, оқытушылық жұмыспен айналысуға рұқсат алды. Ол 1961 жылы 27 маусымда Мәскеу қаласындағы Кремль ауруханасында операция кезінде қайтыс болды. 1961 жылы қайтыс болғаннан кейін Республика Үкіметі қаулы қабылдап, ұлы жазушының есімін мәңгі есте қалдыру мақсатымен Ғылым академиясының Әдебиет және өнер институты мен Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрына Мұхтар Әуезовтың аты беріледі, әдеби мемориалдық мұражайы ашылып, бірқатар мектеп, көше және Алматының бір ауданы М.Әуезов атымен аталды. Шығармалары. Жазушы өзінің шығармашылық жолында талай жанрға, тақырыпқа із салып, қыруар, очерк, әңгіме, пьесалар жазған, тамаша аудармалар жасаған, әдеби сынға, әдебиет тарихын зерттеу жұмысына белсене ат салысып, көптеген мағыналы мақалалар жариялаған, баяндамалар жасаған, оқулықтар құраған, жоғары оқу орындарында дәріс беріп, теориялық білімін жетілдіріп отырған. Сөйте жүре, үлкен дарын өзінің шығармашылық асқарына апаратын Абай тақырыбына қалам тартады. Үлкен жұмыстың алғашқы қарлығашы болып «Татьянаның қырдағы әні» өмірге келеді. Бұдан кейін жазушы Абай образын кең аумақта алып, бірнеше жанрда бейнелеуге кіріседі. Сөйтіп, «Абай» трагедиясы туады. Бұл ұлы ақынның образын сахнада тұңғыш бейнелеген шығарма болатын. Ұзақ зерттеп, кең тыныспен кіріскен «Абай жолы» романдарын Мұхтар он бес жылға жуық жазады. Жазушының өзі айтқандай, «Абай» және «Абай жолы» романдарын жазу жазушының шығармашылық өміріндегі сүйікті ісіне айналады. Абай жолы - халық жолы, халық жолы - Абай жолы. Осы бірлікті тарихи шындыққа сай асқан көркемдік шеберлікпен көрсету Мұхтар Әуезовтың шығармашылық жеңісі еді. Рысқұлұлы, Тұрар. Рысқұлұлы, Тұрар (1894-1938) – мемлекет және қоғам қайраткері, Әулиеата уезіндегі 1916 жылғы ұлт азаттық көтерілістің ұйымдастырушысы және басшысы. Шыққан тегі. Ұлы Жүздің, Дулат тайпасы, Шымыр-Шілмәмбет руынан. Әкесі Рысқұл Жылқайдарұлы шаруасы шағын, ауылдың еті тірі, есті жігіті болған. 1904 жылы патша үкіметінің зорлық зомбылығына қарсы шыққаны үшін он жылға сотталып, итжеккенге жер аударылады. Итжеккенге жер аударылуының басты себебі Талғар болысының болысы Саймасай болысты атып өлтіруі еді. Әкесінің қылмысты болып, түрмеге қамалуы он жасар Тұрардың былайғы өмірінің сол кездегі өзі тұрғылас қазақтың ауыл балаларының тірлігінен бөлек, басқа арнаға ауысуына себепші болады. Паналар басқа жері жоқ жетім Тұрар қашан әкесі сотталып, жер аударылғанша түрмеде, соның қасында болып, бас бостандығы жоқтардың бақытсыз күндерін солармен бірге бастан кешіреді. Теңсіздіктің, әділетсіздіктің небір сорақы түрлерін көзімен көреді. Сонда жүріп, бала болса да, оқымай, білім алмай болмайтынына көз жеткізеді. Бірақ қанша ұмтылғанмен, ол кзде жетім балаға білім алу оңай емес еді. Ол тек 1907 жылы ғана әкесін білетін жақсы адамдардың көмегімен, онда да ат жөнін өзгертіп, «Қырғызбаев» деген фамилиямен, Әулиеатадағы бұратаналарға арналған орысша бастауыш мектепке оқуға енеді. Бұдан кейін ол Пішпектегі ауыл шаруашылығы мектебін бітіріп, Ташкенттегі мұғалімдер институтына түседі. Бірақ онда оқудың мүмкіндігі болмайды. Осы кезде Қазақстанның әр жерінде патшаның «Июнь жарлығына» қарсы бас көтерген халықтың наразылығы ұлт азаттық көтерілісіне ұласып кеткен еді. Әулиеатадағы осындай көтеріліске белсене қатысқан Тұрарды патша үкіметі тұтқынға алады. Ақпан төңкерісінен кейін ол қазақ жастарын революциялық жолға жұмылдырып, Қырғыз (қазақ) жастарының одағын ұйымдастырып, Әулиеата Кеңесімен тығыз байланыс жасайды. Кеңес өкіметі орнасымен Әулиеата уездік Совдепі атқару комитетінің төрағасы болады. Бұдан кейін ол Түркістан республикасы Орталық Атқару комитетінің, РК (б) П Мұсылман бюросының төрағасы қызметін атқарады. Бір жыл Ұлт істері Халық комиссариатының Азербайжан республикасы бойынша өкілі болып, 1921 жылы РСФСР Ұлт істері Комиссариатына қызметке ауысады. Онда ол әуелі жәй қызметкер, алқа мүшесі, кейін халкомның екінші орынбасары болады. Коминтерн Атқару Комитетінде Шығыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметінде жүргенде оны Моңғолияға уәкіл етіп жібереді. Сонда бір жылдай болып, Қазақстанға келеді. Мұнда ол БК (б)П Қазақ Өлкелік Комитеті баспасөз бөлімінің меңгерушісі, «Еңбекші қазақ» газетінің жауапты редакторы қызметтерін атқарады. 1926 жылы оны Москваға шақырады. Онда ол қашан қамауға алынғанша РСФСР Халық Комиссиараты Кеңесі төрағасының орынбасары қызметінде болады. Тұрар қоғамдық саяси қызметпен қатар теориялық мәселелермен де шұғылданған. Ол Орта Азия мен Қазақстанның кеңес дәуіріндегі тарихшылардың бірі әрі қалам қарымы мықты журналист ретінде де танылды. Оның қаламынан шыққан оннан астам кітап жарық көрді. Өмірдің өзекті мәселелеріне арнап жүзден астам проблемалық мақалалар жазды. Осындай қыруар еңбек тындырып, халқының бақыты үшін аянбай тер төккен асыл азаматты отаршылдық озбыр саясат өз халқына жау етіп көрсетіп, тәжірибесі молайып, кемеліне келген шағында мерт етті. Бірақ халқы оның есімін ұмытқан жоқ. Қазір еліміздегі бірнеше қаланың көшесі, шаруашылықтар мен мектептер Тұрар Рысқұловтың есімімен аталады. Жансүгіров, Ілияс. Жансүгіров, Ілияс (1894—1938) — қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Ақын бұрынғы Қапал уезіндегі Ақсу бойында 1894 жылы дүниеге келген. Анасынан ерте жетім қалған Ілияс әке бауырында тәрбиеленген. Әкесі Жансүгір арабша жақсы сауатты, үйінде көнелі-жаңалы кітаптарды жинап, оқып отыратын, өлең-дастандарды, арғы-бергінің неше алуан қызық әңгімелерін көп білетін кісі болыпты. Оның үстіне домбырашы, ісмер, ұста екен. Баласына да өнерінің бәрін үйретіп, әке орнына — әке, шеше орнына — шеше болып, аялап, әлпештеп өсірген. Ілияс алғашында әкесінің үйретуімен хат таниды, сонан соң ауыл молдасының алдын көріп, Қарағаш ауылындағы мектепте оқып, жәдитше сауат ашқан. Бұдан кейін біраз жыл ауылда тұрып, үй шаруасымен айналысады. Қара танысымен, кітапқа құмартқан Ілиясқа үлкен кісілер қиссалар оқытып, баталарын береді екен. Жас кезінен бастап өлең де жаза бастайды. Қазақтың байырғы әдебиетімен, қисса, аңыз түрінде қазақшаланып жеткен Шығыс әдебиетімен ғана таныс Ілияс 22 жасында Абай өлеңдерін оқып, қайран қалады. "Оған дейінгі көрген, оқыған әдебиетімнің бәрін Абай кітабы жоққа шығарғандай болды. Ойым ояна бастады. Қанбай, қайта-қайта оқи беретін болдым. Өзімде бір түрлі сергектік, сілкініс болды, жүрегім де жаңалық сезгендей" деп жазады Ілияс "Қысқаша өмірбаянында". Талабына оқуының аздығы қол байлау болатынын сезінген Ілияс 26 жасында Алматыға келіп, қысқа мерзімді мұғалімдер курсын бітіреді. Одан кейін Ташкентке барып, онда Қазақ ағарту институты жанындағы курста жарты жылдай оқиды (1921). Осы екі қалада шығып тұратын мерзімді басылымдарда өлеңдері жарияланады. Бірақ денсаулығына байланысты көп ұзамай еліне оралып, алдымен мұғалім, одан кейін облыстық, губерниялық мекемелерде, «Тілші» гәзетінде істейді. Қолы бос кезде бас алмай кітап оқып, өзін тебіренткен жайттарды өлең етіп жазады. Алғашқы өлеңдері "Тілші", "Кедей еркі", "Лениншіл жас" газеттерінде, "Жаңа мектеп", "Әйел теңдігі" журналдарында жарияланады. І.Жансүгіров 1925-1928 жылдары Мәскеудегі Коммунистік журналистика институтында оқып, қоғамдық ғылымдар саласынан терең білім алады. Ақыл-ойы толысқан, өмір тәжірибесі мол, талантты жігіт, әйгілі ғалымдардың дәрісіне өздігінен оқуы қосылып, тез кемелденеді. Әсіресе, орыс және Еуропа әдебиетінің классикалық туындыларын құмарта әрі талдап оқиды. Институттың соңғы курсында оқып жүргенде - 1928 жылы "Сағанақ" атты тұңғыш жинағы жарық көреді. Елге оралған соң, ол республикадағы аға газет - "Еңбекші Қазақта", 1934-1935 жылдары Казақстан көркем әдебиет баспасында жауапты қызметтер атқарады. 1934 жылы КСРО Жазушыларының I съезіне делегат болып қатысып, сөз сөйлейді. Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы болып істейді (1932—34). ҚАКСР Орталық Атқару Комитетінің мүшесі (1933—36) болады. Ақынның М.Горькиймен шығармашылық байланысы, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезовпен достығы оның қаламгерлік жолына игілікті әсер етеді. Тұнғыш кітабы шыққаннан жазықсыз жазаға ұшырағанға дейінгі 10 жылға жетер-жетпес аралықта Ілияс Жансүгіров қазақ әдебиетін "Жолдастар" атты пьесаларымен байытады, әсіресе, поэзияда көптеген әсерлі өлеңдері мен "Жетісу суреттері", "Гималай" атты керемет көркем жыр-толғауларына қоса, артынан "Дала", "Күй", "Күйші", "Құлагер" сияқты классикалық поэмалар беріп, ақындық шыңына көтерілді. 1937—38 жж. саяси қуғын-сүргін науқанының құрбаны болды. Қазақ әдебиетіндегі орны. Ілияс Жансүгіров - қазақ әдебиетінің барлық жанрларында қалам тартып, елеулі туындылар берген әмбебап дарын. Әсіресе ол өзінің аса қуатты суреткерлік талантын поэзия жанрында көрсетіп, күллі қазақ әдебиетінің мақтанышына айналған туындылар берді. Ілияс әдебиетке халық фольклоры дәстүрінен, аз оқуымен және біршама кештеу - 20-жылдардың басында келді. Бірақ ол сол кездің өзінде халық өмірін жетік білетін, қазақ тілінің байлығын тамаша меңгерген бозбала еді. Өте қабілеттілігі мен ізденгіштігінің, жігерлілігінің және жаңадан құрылып жатқан қоғамның қоңыртөбел ортадан шыққан талапты жастың оқып, білім алуына жылы қабақ танытуының арқасында, ол біршама қысқа уақыттың ішінде тез жетіліп, аршындап алға озды. Алматы, Ташкент, Мәскеу оқу орындарында жақсы мағынасындағы қомағайлықпен білім алды, өз бетімен де көп оқыды, орыс және әлем классикалық әдебиетін зерттей оқып, үздік туындыларын орыс тілінен қазақшаға аударды. Осы аралықта жазуға да төселіп, қоғамдық жұмыстарға, әдебиет ісіне белсене қатысты. Алғашқы жинағы 1928 жылы 34 жасында жарық көрген Ілияс 5-6 жылдың ішінде қатарынан арындап алға озып, Абайдан кейінгі дәуірдің аса көрнекті ақынына айналды. Прозалық, драматургиялық талантты кесек туындыларын айтпағанда, "Күй", "Күйші", "Құлагер" сияқты классикалық шығармалар тудырды. Ілияс поэзиясы — ойға - қанат, сезімге нәр беретін, ешқашан ескірмейтін, мәңгі жас поэзия. Қазақтың Абайдан кейінгі замандағы аса дарынды да арынды ақыны Ілияс Жансүгіровті, әдетте, өзі шалқар шабыт, керемет құштарлықпен көсіле жырлаған Ақан серінің Құлагеріне ұқсастырады. Айтты-айтпады, екеуінің дүлдүлдігінде ғана емес, тағдыр-талайында, қайғылы өлімдерінде де ұқсастық бар. Бәйгенің алдын бермейтін қас жүйріктерге ғана тән намыскерлікпен жанын сала зымырап бара жатқан Көктұйғынды омыраулап, кең тыныспен жүйткіп келе жатқан Құла пырақ межелі жер -Жыландысайға еңкейісте, үстіндегі баланың тізгінін босатып, тақымын сәл қымтып қалуы мұң екен, жұлдыздай аға жөнеледі. Сол сәтте қалтарыстан тап берген қарақшы кер құланы маңдайдан айбалтамен періп өтеді де, қайран тұлпар қара жер қақ айырылғандай гүрс етіп құлап қала береді. Кемеліне келіп, ақындық бәйгесінде арындап алға шыққан шағында Ілияс та тоталитарлық жүйенің құрбаны болып, мұрттай ұшты. Әйтсе де әмбебап дарын айналасы 10 жылда проза мен драматургияда, әсіресе поэзияда әдебиетіміздің алтын қорына жататын айтулы туындылар беріп, артына аса мол көркем мұра қалдырды. Майлы, Бейімбет. Бейімбет Майлы ("Бимағамбет") (1894-1938) — қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Өмірбаяны. Туып-өскен жері — қазіргі Қостанай облысының Таран ауданы. Бір жасқа толмай жатып әкесінен, алтыға шығарда шешесінен айрылған. Жетімдік зардабын шегіп, байларға жалданады. Алғаш ауыл молдасынан оқып сауат ашқан. 1911-1915 жылдар аралығында Троицк қаласындағы Уәзифа медресесінде, Қостанайдағы орысша қазақша мектепте, Уфадағы Медресе Ғалияда оқып білім алған. 1916-1919 жылдары мұғалім болады, жазу­шылықпен шұ­ғылдана бас­тай­ды. «Қа­зақ», «Ауыл» газеттері мен «Ай­қап», «Садақ» журнал­дарына жа­зып тұрады. Бейімбет Майлы «Еңбекшіл қа­заққа» «Еңбек туы» болып тұрған кезде-ақ атсалыса бастаған. Алғаш мақалала­рымен қатысқан ол әдеби қызметкер, бөлім меңге­рушісі, хатшысы да болған, редакторлыққа дейін өскен. Бірақ көп істемеген. 1920-1922 жылдары газетті жасауға алғаш шығарушылар алқасы басшылық жасап, кейін жекелеген тұлғалар келе бастаған тұста басылымға Бейімбет Майлы секілді жеті-се­гіз адам жетекшілік ет­кені мәлім. Содан соң, «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде қызмет істеп (1922-1923), Қостанайдағы губерниялық «Ауыл» газетінде шығарды (1925). 1925-1928 жылдары қайтадан «Еңбекші қазақ» газетінде қызмет істеп, Қазақтың пролетар жазушылары ассоцияциясын (ҚазАПП) ұйымдастыруға қатысты (1928-1932). Мұнан кейінгі 30-шы жылдарында «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, «Ауыл тілі», «Қазақ әдебиеті» басы­лымдарының бас редак­торы болып істейді. 1938 жы­лы жазықсыз тұтқындалып, қызыл қырғын саяси репрессияның құрбаны болды. Шығармалары. Бейімбет поэзия, проза, драма саласында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгер. Ол «Садақ» қолжазба журналында (1913), «Айқап» журналында (1914), «Қазақ» газетінде (1915) жарияланған алғашқы өлеңдеріне ден қояды. Сахара жұртының мұң мұқтажын, арман аңсарын, әсіресе азаттық теңдік тақырыбын тілге тиек етеді. Бейімбеттің поэзиялық шығармаларындағы Мырқымбай типтік кейіпкер деңгейіне көтерілген жиынтық бейне. Мырқымбай бейнесі арқылы Бейімбет сол кездегі қазақ кедейлерінің болмыс бітімін, уақыт, қоғам аясындағы тіршілік тынысын суреткерлік шыншылдықпен бедерлей алған. Бейімбет қазақ поэзиясында поэма жанрының өрісін ұзартып, өресін биіктетуге қомақты үлес қосқан. Оның «Байдың қызы», «Рәзия қызы», «Қашқын келіншек», «Зайкүл», «Маржан», «Өтірікке бәйге», «Хан күйеуі» «Кемпірдің ертегісі», «Бөліс», «Мырқымбай» поэмалары тақырыбының әр алуандығымен, оқиғалық тартымдылығымен, өзіндік тіл стилімен қазақ поэзиясының көрнекті үлгілерінің бірі болып табылады. Бейімбет Майлы дарыны оның прозалық шығармаларында айрықша жарқырап көрінген. Әсіресе, қазақ прозасында әңгіме жанры Бейімбет шығармалары арқылы кемелдене түсті. Оның әңгімелері өмір шындығын дөп басып көрсететін реалистік тегеурінімен, көркемдік биік өресімен, тақырыбының әр алуандығымен дараланады. Ол көркем әңгімелері арқылы өзі өмір сүрген заман тынысы мен қоғам өмірін энциклопедиялық кемелдікпен сомдай алған ұлы суреткер. Бейімбет он беске тарта повесть, бұған қоса «Азамат Азаматович» атты роман жазған қаламгер. Оның «Қызыл жалау», «Қоңсылар» атты романдары аяқталмай қалған. Мұның сыртында ол ірілі ұсақты 25 пьеса, либретто, сценарийлердің авторы. Бейімбет Майлы шығармалары қазақ әдебиетін барлық салада байытқан рухани асыл қазына ретінде халқымен мәңгі бірге жасайтын болады. Сейфуллин, Сәкен. Сейфуллин, Сәкен (Садуақас, 1894-1938) — қазақтың көрнекті жазушысы әрі ақыны, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі, мемлекет және қоғам қайраткері. Туып өскен жері — Қарағанды облысының Шет ауданына қарасты Ортау кеңшарының Қарашілік қыстағы. Саяси репрессияның құрбаны болған. Қысқаша өмірбаяны. Нілдідегі орыс-қазақ және Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде (1905-1908), үш кластық қалалық (1913-1916) оқыған. Омбыда қазақ жастарының «Бірлік» қауымын, Ақмолада «Жас қазақ» ұйымын ашып, «Тіршілік» газетінде әдеби қызмет атқарған. Кейіннен редакторы болып істеді. Ақмола Совдепі президиумының мүшесі (1917). КОКП мүшесі (1918). Ақмола совдепшілермен бірге тұтқындалып (1919) Атаманның «азап вагонында» 47 күн азап шегіп, Колчактың Омбыдағы түрмесінен қашып шыққан. Ақмола Атқару комитеті төрағасының орынбасары және әкімшілік бөлімінің меңгерушісі (1920). Қазақтың Кеңестік Автономиялық Республикасын жариялаған Кеңестердің 1-Құрылтай съезінде Орталық Атқару Комитеті Президиумының мүшесі (1920). «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы (1922). Қазақстан Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы (1922-1925). Халық ағарту комиссараты жанындағы Ғылым орталығының төрағасы, Қазақтың пролетар жазушылары ассоцияциясының (Қаз.АПП) басшысы (1925). БК(б)П Өлкелік комитеті партия тарихы бөлімінің меңгерушісі (1926). Қызылорда халық ағарту институтының, Ташкенттегі қазақ педагогикалық институтының директоры (1927). «Әдебиет майданы» журналының редакторы (1932). Қазақтың коммунистік журналистика институтының профессоры (1934). Сәкеннің алғашқы өлеңдер жинағы «Өткен күндер» деген атпен 1914 жылы жарық көрді. Поэзиялық туындыларының ішінде Сәкеннің шығармашылық ерекшелігі мен идеялық саяси ұстанымын бедерлі айғақтайтын туындылары - «Кел жігіттер», «Жас қазақ марсельезасы», «Жұмыскерлерге», «Жолдастар» сияқты саяси лирикалары, сондай-ақ «Советстан», «Көкшетау», «Альбатрос», «Социалистан», «Қызыл ат» поэмалары. Проза саласында «Жер қазғандар», «Айша», «Біздің тұрмыс», «Сол жылдарда», «Жемістер» повестері мен «Тар жол, тайғақ кешу» мемуарлық роман жазған. «Бақыт жолында», «Қызыл сұңқарлар» драмалары өз заманының рухын танытатын елеулі шығармалар. Қазақ әдебиетінің қалыптасуына айрықша еңбек сіңірген С. Сейфуллин әдебиеттің басқа жанрларында да айтарлықтай із қалдырған. Оның әдеби-сын мақалалары, баяндамалары мен сөйлеген сөздері ұлттың мәдени-рухани өміріне сергек араласқан сыншылдық ойының құнарлылығын және пәрменділігін танытады. Әсіресе, қазақ әдебиеттану ғылымында күні бүгінге дейін құнын жоймаған «Қазақ әдебиеті» атты зерттеу еңбегінің мәні зор. Сәкен шығарған әндер халықтық дәстүрді тұғыр ете отырып, дүниеге келген өзіндік даралық сипаттармен ерекшеленеді. Сәкен қазақ маңдайына біткен біртуар дара тұлғалардың бірі. Ол өз ұлтын қалтқысыз сүйіп, халқына жойдасыз еңбек сіңірді. Бұл жолда Сәкен социалистік жүйені, оның идеялық дем берушісі коммунистік партияны халықтарға бақыт пен бостандық әкелуші деп сенді. Тіпті, сенбеген күнде, сөз жүзінде мейлінше тартымды коммунистік партияның саяси платформасын ұлттың көгеріп көктеуіне пайдаланбақшы болып жан-тәнімен қимылдады. Алайда, мемлекеттік төңкерістер мен идеологиялық өзгерістерге қарамастан Ресейде өзгеріссіз қалған империялық озбырлық Сәкеннің де, Сәкен сияқты жүздеген-мыңдаған боздақтардың да, керек десеңіз, мүлде басқа жолдарды таңдаған ұлтжандылардың да армандарын қиялға айналдырып, өмірлерін қасіретке тап қылды. Демек, тарихи тұлғалардың тағдырын парықтағанда олар қандай жолды таңдағаны бойынша бағаланбау керек, халқына қаншалықты қызмет еткені, қаншалықты еңбек сіңіргені, қаншалықты жілігі татитын мұра қалдыра алғаны бойынша лайықты бағасы берілуге тиіс. Тарихи әділдіктің де, ғылыми-әдіснамалық объективті ұстанымның да қисыны осы. Бұл тұрғыдан келгенде, Сәкен халқымен мәңгі бірге жасайтын, халқының мәңгі сый-құрметіне лайық біртуар тұлға. 1933 жылы Қазақстан басшылығына Леон Мирзоян келген соң, мәдени-ағарту саласында түрлі өзгерістер байқалады. 1936 жылы республикада қазақ қаламгерлері арасында тұңғыш рет С. Сейфуллиннің әдеби қызметінің 20 жылдық мерейтойы кең көлемде атап өтіліп, ақын Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталады. Бірақ кеп ұзамай 37 жылдың нәубетінде өзі құрған Кеңес үкіметінің түрмесінде жан түршігерлік қинау мен қорлық көріп, есіл ер 44 жасында опат болды. Ақын 1956 жылы толығынан ақталды. Жұмабай, Мағжан Бекенұлы. Өмірбаяны. Мағжан (Әбілмағжан) Бекенұлы Жұмабай (Мағжан Жұмабаев) (1893 ж. маусымның 25, Солтүстік Қазақстан облысы, бұрынғы "Молодежный" кеңшарының аумағы, қазіргі Мағжан Жұмабай ауданы, Сасықкөл жағасы — 1938 ж. наурыздың 19, Алматы қаласы) — Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі. Атасы — Жұмабай қажы. Әкесі — Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Анасының есімі — Гүлсім. Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905-1910 ж. Қызылжардағы (Петропавл) №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М.Бегішевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды. Медреседе Бегішевтен Шығыс халықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін, Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Омар һайям, Низами, Науаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді. Баспадан 1909 ж. шыққан Абай өлеңдерін оқып, «Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға» деген өлең жазды. 1910-1913 ж. Уфа қаласындағы "Ғалия" медресесінде білім алды. 1913-1916 ж. Омбы мұғалімдер семинариясында оқыды. Мағжан туралы пікірлер. Мағжан Жұмабаев поэзия әлеміндегі жарық жұлдыз, қайталанбас құбылыс. Оның қуатты, бойға жігер, жүрекке от беретін рухты үні, ізде­ністері мен жаңашылдығы қазақ әдебиетін ХХ ғасырдың басында-ақ Еуропа, орыс әдебиетінің биік деңгейіне көтерді. «Өлеңді музыкаға айналдырған, дыбыстан сурет тұрғызған, сөзге жан бітірген, жаңа өлшеулер шығарған» Мағжанның осындай қасиеттерін, ішкі шығармашылық құдіретін жұрттан бұрын байқаған әрі аса жоғары бағалаған Мұхтар Әуезов: «Мағжан мәдениеті зор ақын. Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілдігіне қарағанда, бұл бір заманның тегінен асқандай, сезімі жетілмеген қазақ қауымынан ертерек шыққандай… Сондықтан бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі. Одан басқамыздың бәріміздікі күмәнді, өте сенімсіз деп білемін» деп жазды. Мағжанды сүйетін, еуропалығын, жарқыраған, әшекейін сүйетін Мұхтар Әуезовтің өз ойын осылай Мағжан қуғын-сүргінге ұшырап жүрген кезде ашық айтуы, бұл – Мағжанның шығармашылығына берілген баға, өсер елдің баласының сөзі ғана емес, азапты жолда жүрген ақынға ашықтан-ашық ара түсу, өз басын оққа байлағанмен бірдей нағыз ерлік еді! Мұхтар Әуезов оған саналы түрде барды. Өйткені олар ел тарихындағы ең бір жойқын да күрделі кезеңде тарихи-әлеуметтік құбылысқа сыншыл көзбен қарап, өзінше баға берген, ұлт бостандығы мен тәуелсіздгі жолындағы күресте білек біріктірген тағдырлас жандар-тын. Мұхтар Әуезов Мағжан қаламынан шыққан туындыларға әркез зер салып жүреді, «Алқа» бағдарламасымен де алғашқылардың бірі болып танысады. «Бағдарламаның кеңестік идеологияға қарай икемделіп жазылғанын Мұхтар аңғармады емес. Мұны солшыл бағытта жазылған деп түйін­деуінен байқаймыз. Негізінен ол бағдарламаны мақұлдап, нақты әрекетке көшу керектігін айтып, Мағжанға жауап хат жолдайды». (Ш. Елеукенов «Мағжан мен Мұхтар», «Жұлдыз», 1997 ж.№10, 112б.). Мағжанның бұл еңбегінің М. Әуезовтің қолына тиюі де қызық. Мағжан қолмен көшіріліп көбейтілген санаулы ғана «Алқа» бағдарламасының бір данасын Мұхтарға өзі тапсырады. Бұл да оның Мұхтарды бағалағандығының, оған деген ықыласы мен сенімінің ерекше болғандығының көрінісі деп түсінуіміз керек. Осы екі ұлы қаламгердің шығармашылығындағы тағы бір тоғысуға назар аударайықшы. Мағжан «Ертегі», «Оқжетпестің қиясында» дастандарында Кенесары ханның тұлғасын сомдаса, даналығын, даралығын, алғырлығын, кемеңгерлігін жырласа, Мұхтар «Хан Кене» атты пьеса жазып, оның болмыс-бітімін, ел тарихындағы ролін аша түсті. Олардың пайымдауынша, хан Кененің тағдыры ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының қасіретімен тығыз сабақтас, үндес. Осылай қос арыс қазақты қалың өрттен қайтсем құтқарам деген тілек үшін жанын құрбан етуге даяр Кеңесарыны биікке көтеріп қана қоймайды, империялық санаға, бодандық санаға қарсы күресте бірлесіп шеп құрады. «Мағжан-ақынның ақыны». Содан да оның жырларын талдауға ше­берлігін сынауға екінің бірінің жүрегі дауаламаған, білімі, күші жете бермеген. Бұған қасы мен досы қатар жүрген кезде де ешкім уәж айта алмаған. Қазақтың белгілі ағартушысы Жүсіпбек Аймауытов 1923 жылы Ташкентте оқып жүрген қазақ студенттерінің алдында жасаған баяндамасында Мағжан сыршылдығымен, суретшілдігімен, сөзге еркіндігімен, тапқырлығымен, маржандай тізілген, торғындай үлбіреген нәзік үнді күйімен, шерлі, мұңды зарымен күшті екенін айта келіп, «Мағжан – алдымен сыршыл ақын. Мағжан сөзіндей тілге жұмсақ, жүрекке тиетін үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарында болған емес. Мағжан не жазса да сырлы, көркем, сәнді жазады. Оқушының жүрегіне әсер бере алмайтын құрғақ өлеңді, жабайы жырды Мағжаннан таба алмайсыз» – дейді, Мағжанды Пушкинге теңейді. Осы арада орыс халқының үлкен ақыны, ғалым В. Я. Брюсовқа телініп жүрген «Мағжан – қазақтың Пушкині» деген сөздердің нағыз авторы кім екенін айыруға болатын сияқты. Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағатындағы Мағжан Жұмабаевқа қатысты құжаттардың арасында оның өзі тапсырған өмір­баян парақшалары да бар. Біріншісін Мағжан 1923 жылғы 12 желтоқсанда Мәскеудегі жоғары көркем әдебиет институтына қабылданғанда толтырады. Туған жері, тұрағы, қайда, қандай білім алғаны, отбасы туралы қысқа да нұсқа деректер: жоғары оқу орнына түскенге дейін Омбыдағы мұғалімдер даярлайтын семинарияда оқыған, мектепте мұғалім, газетте редактор болған, үйленген. Ал екінші парақша бертінге дейін Петропавл педагогика техникумының мұрағатында сақталып келді, тапсырылған уақыты 1927 жылғы 1 қыркүйек деп көрсетілген. Мұнда Мағжан 1925 жылы әдебиет институтын тәмамдағанын, он жыл еңбек өтілі бар екенін, қазақ тілінен сабақ беретінін жазады. деп өзінің туған ұлтының аспандағы Айы, көгіндегі Күні, әмсе ақыл-ойының, парасатының өлшемі, асқар биігі, мақтанышы, тағзым етер тұлғасы болуға ұмтылысын танытып үлгерген дауылпаздың нақ өзі еді. Мағжанның дарыны ерте ашылды. Бозбала шағында балғын үнімен, сырлы да сұлу жырымен баршаны баурап, Ғ.Ибрагимов сияқты үлкен тұлғаның назарына іліккен ақын орда бұзар отызында қиянға сермеген қанаты талмайтын қыран екенін шын танытты. Алда оны не күтіп тұр еді? Басқалар тонды кең пішкенмен Мағжанның өзінің оған терең бойлап, алаңдамағаны анық. Ол тек елім, халқым деп соққан жүрегінің дүрсіліне құлақ түрді. Содан да өз бойына ұлтының ащысы мен тұщысын, қуанышы мен қайғысын, қызығы мен азабын қат-қабат қондырып, тағдырлы, тауқыметі мол, тайғағы көп жолды таңдады. Қанатын еркін сермей алмай қапыда кетті, жақұт жырлары қаратүнек қойнауында қалды, артық-кемі жоқ, жарты ғасыр бойы тұншығып жатты десек те, солақай, содыр саясат оның өзін де, сөзін де жоя алған жоқ. «Бұйырса, шырақ сөнбес, ұзақ жанар» деген ақынның өз сөзі ақиқатқа айналып, Мағжан халқымен қайта қауышты, мәңгілікке оралды. Міне, содан бері де жиырма жыл өтті. Осы уақыт ішінде біз Мағжан туралы біраз жайларға қанықтық. Мағжанды жарыса жазу үрдісі жиырмасыншы ғасырдың 90-жылдарына дөп келді. Қазір біршама саябырлаған секілді. Бұдан, әрине, ұлттың ұлы ақынына деген сүйіспеншілігі ортайып қалды деген ұғым тумасқа тиіс. Мағжанның өзі де, жыры да мәңгілік, елімен, халқымен бірге жасай береді. Мағжан туралы жазылған еңбектерді кезең-кезеңге бөліп қарастырар болсақ, Мағжанның көзі тірісінде, қуғын-сүргінге ұшырап, толық ақталғанға дейін жазылған дүниелердің бір төбе екенінде дау жоқ. Нақ сол кезде анық сөзін айтып кеткендердің қатарында Жүсіпбек Аймауытовты, Мұхтар Әуезовті, Ахмет Байтұрсыновты, Сұлтанбек Қожановты және басқаларын атауға болады. Бұлардың мағжантануға қосқан үлесі өлшеусіз. Осы орайда есімі елімізге белгілі ғалым, филология ғылымының докторы, профессор Бейсембай Кенжебаевтың естелігі де аса құнды дүние десек қателесе қоймаспыз. Оның естелігі ұзақ та емес. «Бұл қарапайым естеліктің айырықша қадірлі болатын тағы бір себебі – оны авторы қайта құрудың шарапатынан әлдеқашан бұрын (70-ші жылы) жазған. Ешқандай есепсіз адал жанымен жазған» (Құлбек Ергөбеков). Айтса айтқандай, естелік иесі ерекше құрметке лайық, батылдығымен аты шыққан ғалым. Оның өзі де ұлтшылдық қамытын киіп, қуғын-сүргінді көп көрген. Енді осы қоспасыз таза естелікке үңілер болсақ Мағжанның бейнесі жарқырап алдымыздан шығады. «Мағжан сұлу еді: орта бойлы, толық денелі, бұйра қара шашты, ақ құба бидай өңді еді. Бет пішіні Абайдың белгілі суретіндегі бет пішініне ұқсайтын. Жүріс-тұрысы жарасты, сәл маңғаз еді. Осының бәрінің үстіне ол қыз мінезді еді» – деп жазады Б. Кенжебаев. Осы айтылғандар Мағжанның шын бейнесін ашатын сөздер. Олай болатын себебі, Бейсембай Кенжебаев Мағжан Жұмабаевты жақсы білген, 1922 жылы Мәскеуде Күншығыс еңбекшілерінің коммунистік уни­верситетінде оқып жүргенде оның алдынан дәріс алған. Бұл кезде Мағжан Жұмабаевтың өзі де студент болатын, ол Мәскеудегі жоғары көркем әдебиет институтында оқитын. Бейсембай Кенжебаев: «Мейлі, лекциялық сабақта болсын, мейлі, практикалық сабақта болсын, ол қа­ғазға, кітапқа қарамайтын. Сөз арасында келтіретін мысал өлеңдер мен әңгімелерді түгел жатқа айтатын. Декламация оқып тұрған тәрізді барлық нәшін, сипатын, қимылын келтіріп айтатын» деп Мағжанның білі­мінің тереңдігіне, алғырлығына тәнті болады. Осы естелік Мағжанның Абайды пір тұтқанын, оған қатты еліктегенін тағы да дәлелдей түседі. Мағжан студенттерге Абай өлеңдерін оқып-үйретеді, олармен бірге Абайдың жаңа жыр жинағын талдайды. Бір кез­­дескенде өзінің шәкіртіне аудармаға қатысты ойларын бүкпесіз білдіріп: «Басқа тілден шығарма аудару – ол шығарманы өзінікі етіп алу деген сөз, өзінікі болған соң, ол өгей бала емес, туған бала болуға тиіс. Яғни өгей бала екені мүлде білінбеске керек. Ол үшін шығарманың тұрқы, тұлғасы аударылмай, мағынасы, рухы аударылуы қажет», – дейді. Ол осылай Абайды жүрегімен ұғынған. Олардың жырларындағы үндестік те осыны дәлелдейді. Қазақ үшін Абай қалай қайғырса, Мағжан да солай қапаланады. Өзінің ұлттық таным-тағылымы жеткен биікке ол өз халқының да орнығуын тілейді, ботадай боздайды, аңсайды, армандайды, әйтеуір өзінің ұлтын сол асқаралы заңғардан көргісі келеді. Мағжанға қарсы шабуылдың үдеуіне сол кезде Мәскеуде оқып жатқан жастар ғана түрткі болды десек қателесер едік. Оған Сәбеңнің, кәдімгі Сәбит Мұқановтың да бел шешіп, білек сыбанып кірісіп кеткені белгілі. Идеялық қарсыластарына ымырасыз Сәбең Мағжанды да аяған жоқ, өзгелермен бірге сынның дойыр қамшысын оған да сілтеді. «… Ақындық жағынан келгенде, Мағжан, әрине, қазақтың күшті ақындарынан саналады. Қазақтың тілін байыту ретінде, әдебиетте жаңа түрлер енгізу ретінде, Мағжанның еңбегі көп. Абайдан кейін тіл өнегесінде Мағжаннан асқан ақын қазақта жоқ». Бұл Мағжан өмірден озбай тұрып 1932 жылы айтылған сөз. Нақ осы кезде қуғын-сүргінге ұшырап, қиналып жүрген Мағжан да Сәбеңнен сырт айналуды жөн деп таппайды, хат жазып одан ақыл-кеңес, көмек сұрайды. Осы арада Мағжан Жұмабаевтың Сәкен Сейфуллинмен қарым-қатынасы туралы да әңгімелей кету артық емес сияқты. Мағжан 1937 жылы Алматыға табан тірегенде Сәбең қарсы алғанмен «Менің жолым-теріс. Сәкендікі – дұрыс болды. Алдымен соған сәлем берейін» деген тілегін білдіреді. Сәбең өзінің естелігінде жазғандай, ретін тауып Сәкенге хабар береді. Сәкен қарсы болмайды, екеуі көздеріне жас алып құшақ-тасады. Осы арада Мағжан Сәкеннен кешірім сұрайды. Сәкен: «Саған бәрі де кешірімді, бізден енді кешірім сұрама» дейді. Сол күні Мағжан Сәкен үйінде қонып қалады. Сырт көзге қатардағы оқиға сияқты болып көрінгенмен екі алыптың түсінісуі – бұл тарихи сәт еді. Өйткені, оған дейін олардың арасы жақсы емес-ті. Мағжан мен Сәкен тұңғыш рет Омбыда кездескен, сонда бірге оқыған. Кейін араларынан «қара мысық» жүгіріп кетіп, кикілжіңмен біраз жерге барып қалған. Екеуі де ақын болғаннан кейін бірін-бірі сөзбен түйрейді ғой баяғы. Соза берсек, бұл өзі таусылмайтын әңгіме. Белгілі ға­лым Тұрсынбек Кәкішев ағамыз бұл жөнінде «Өнер бәсекесі, немесе Мағжан мен Сәкен» деген көлемді тарихи-әдеби эссе жазған. Ақын Мұзафар Әлімбаевтың «Солтүстік Қазақстан» газетінде (1991 ж. 21 мамыр) жарияланған «Мағжанды махаббатпен оқығанда» деп аталатын эссесінде де Мағжан мен Сәкеннің ара-қатынасын ашатын тұстар аз емес. Ақын ағамыз өмірдің өз ағымында, әдебиеттің дамуында әрқилы мектептердің, әр алуан таланттардың бәсекесі, жарысы, айтысы мен тартысы қызу жүріп келгенін, жүре де беретінін айта келіп, «Мағжанның идеялық және эстетикалық позициясына қарсы жанкешті күреспесе, Сәкеннің азамат әрі ақын-суреткер ретінде қауырт өсіп, биікке самғауы, ол ол ма, қазақ әдебиетіндегі жалаугер жетекшілігі қамтамасыз етілер ме еді. М. Жұмабаевтың «Батыр Баянымен» қиын жарысқа Сәкен өзін өткір қайрап салмаса «Көкшетау» дастаны өзінің ғажайып көркемдік дәрежесіне көтеріле алар ма еді?» деп сауал тастайды. Сөз жоқ, осы бәсеке жай да жүйрік қаламды одан сайын желқанаттандыра түскені анық. Олай болса, Мағжан мен Сәкен өмір көшінде әрдайым бірге жүрді. Олардың өмірлерінің соңғы сәтінде кездесіп түсінісулері, табысулары кездейсоқтық емес. Бұл халқымызға бұйырған тағдырдың сыйы. Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығына қатысты жайларды елеп-екшеп жүре мені «Мағжан туралы оның жерлесі, замандасы, заңғар жазушы Ғабит Мүсірепов неге бір ауыз сөз қалдырмаған?» деген ой мазалай беруші еді. Оның жауабын жазушы Жайық Бектұровтың «Бес арыс» («Жалын» баспасы, 1992 ж.) деп аталатын жинаққа енген естелігінен тапқандай болдым. Ғабең бірде Жайық Бектұровқа Мағжанмен алғаш рет 1928 жылы Бурабайда кездескенін, Ақмола губерниялық партия комитетінің хатшысы Садықбек Сапарбековтің өзін шақырып алып, «Мағжанның орнына орман шаруашылығы техникумында оқытушы бол» дегенін айтып береді. «Бурабайға келдім. Мағжанды осында бірінші рет көрдім. Ол өзінің пәтерін маған беріп, Қызылжарға кетті. Сонда барып совпарт школда сабақ берді» дейді. Кейін Мағжан мен Ғабең 1936 жылы Алматыда тағы кездеседі. «Мен Қазақстан Орталық партия комитетінің мәдени-ағарту бөлімінің меңгерушісі едім. Мағжанды жұмысқа орналастырдық. Ол жұмысына құл­шына кірісті. Дінге қарсы орысша бір трактат іспеттес еңбек жазып әкелді. Жұмысының өзі де дінге қарсы үгіт-насихат жүргізу еді». (Ғабит Мү­сірепов). Жайық Бектұровпен әңгімесінде Ғабең: «Менің ойымша, Мағжан шығармаларын басуға бұл күнде совет өкіметінің еш бөгеттігі жоқ, бұлай деу бос сөз. Оның шығармаларын жарыққа шығаруға біздің өзіміздің көптен бергі бір беткей қалыптасып кеткен теріс дағдымыз, теріс көзқарасымыз, Мағжанды ұлтшыл деп жамандап қалған ескі әдетіміз бөгет. Біз біреуді жамандасақ, тасқа басқан таңбадай, өмір бақи өшпейтін қара бояудай көреміз. Кейде тіпті қайсыбір ақындарымыздың іштей қызғаншақтығы да бөгет болып жүр» деп Мағжан шығармаларын жарыққа шығаруға қатысты ойларын ашық білдіріпті. Алайда, Ғабең Мағжанға ара түскен жоқ, Мағжан туралы естелік те қалдырмады. Оның себебін қазір дөп басып айту қиын. Атақты «Бесеудің хатына» қол қойған, «Бейімбет жау болса, мені де жау деп санаңыздар» деген Ғабеңнің Мағжан туралы қалам тартпағанын түсіну де, түсіндіру де қиын. Соңғы жиырма жылдың ішінде Мағжан жайлы біраз дүние жарық көргенін жоғарыда айттық. Солардың ішінде белгілі жазушы Жайық Бектұровтың еңбегінің орны бөлек десем ақиқаттан тым алыс кете қоймаспын. Ш.Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ә. Марғұлан сынды қазақтың асыл ұлдарының әдеби портреттерін оқырманға тарту еткен Ж. Бектұров Мағжанның халқына қайта оралуына да көп еңбек сіңірді. Ол Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облысаралық бөлімшесін басқарған жылдары Солтүстік Қазақстан облысына сан мәрте келіп, Мағжанның жары Зылихамен кез­десіп, қолынан келген көмегін аямаған. «Мағжанды іздестірдіңіз бе? Жо­ғарғы жаққа арыз жаздыңыз ба? деп сөз бастап кеттім. «Жаздық қой. Жазбаған жеріміз жоқ. Ештеме шықпады», - деді Зылиқа. Мен ол кісіге: «Сіз Н.С. Хрущевке жазыңыз. Күйеуім ақын еді, жұрт ұлтшыл десті. Бірақ ол ешқандай басшы жұмыста болған жоқ еді. Кеңес үкіметіне қарсы ешбір теріс әрекет істеген адам емес. 1930 жылы ұлтшылсың деп бір соттады. Одан лагерьде жазасын өтеп келіп, болмашы қызмет істеп жүргенде қайта қамалды, жоқ болып кетті» деп жазыңыз» дедім». (Ж. Бектұров) Жазушы осыдан кейін өзі де қарап отырмайды, Башқұртстанның халық жазушысы Сайфи Құдашқа хат жазып, Мағжан Жұмабаевты ақтауға көмектесуін сұрайды. Мағжан Жұмабаевпен Уфадағы «Ғалия» мед­ресесінде бірге оқыған С. Құдаш 1969 жылы Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы Д. Қонаевқа хат жолдайды. «Қазақ ақыны Мағжан Жұмабаевтың тағдыры туралы» деп аталатын бұл хатында башқұрт әдебиетінің ақсақалы Қазақстанның көптеген қалаларынан, оның ішінде Қарағандыдан да, Мағжанға ара түсуін сұраған өтініштер келгенін жазады. Жайық ағамыздың Мағжанға, Мағжанның артында қалған жесірі Зылиқаға жасаған басқа да жақсылықтары аз емес. Мағжан ақталғаннан кейін Зылиқаны шетқақпай қыла бастаған ақынның туыстарының орынсыз әрекеттерін айыптағаны тағы бар. Ол: «Өмірде әділетсіздік көп қой. Бәрі де қараңғылықтың, іші тарлықтың белгісі. Бұрын естерінен шығып кеткен Зылиқа, енді Мағжан жұрттың аузына қайта іліге бастағаннан кейін, бұл байғұстардың да тіліне, көңіліне орала бастапты. Бұлардың да әкелері, туыстары сотталып, есеңгіреп қалған адамдар. Жалған қызғаншақтық сезім де бар. Жақсы мұраға ие болғысы келетін ниет те бар. Баласы, ұрпағы жоқ, жалғызбасты сорлы кемпірдің Мағжанның із-түссіз кеткен еңбектерін инемен құдық қазғандай жинағанын өзге, соның көп азап-бейнетін көргеннен басқа ешкімге ешбір жазығы жоқ» деп жазды. Белгілі жазушы, қазақ әдебиеті ақсақалдарының бірі Ғаббас Қабышұлы да осыны дәттейді. «Мағаңның өлең-дастандары, әдеби аудармалары жарияланған газет-журналдарды іздеп табу, көшірме жасатып алу, әрине, апайға қиын болған. Ақы-пұлын төлеу былай тұрыпты, кесірі жетерлік кездерде ашық іздеудің өзі қандай тәуекелді қажет етті десеңші?! Күйеуіне жағылған күйені кетіру үшін жан тыныштығын ұмытқан, алғаш тұт­қындалғанында ізденіп Мәскеуге, Максим Горькийге дейін барған, Мағаңның ол жолы ақталуына бірден-бір себепші бола білген, ал ері екінші рет тұтқындалғанда соңынан Сібірге барғаннан өзге шарасы қалмаған Зүлкең, кім не десе де, бүгінгі бізге де, келер ұрпаққа да аса қажет қыруар іс тындырды» (Ғаббас Қабышұлы. «Қазақ әдебиеті» 2003 ж. 30 мамыр). Шығармашылығы. Мағжанның әйгілі өлеңдерінің бірі "Мен Жастарға Сенемін" болып табылады. Ақынның 100 жылдық мерейтойына арналып 1993 ж. ашылған. Ол М.жұмабаев аудандағы өзінің туып-өскен Сарытомар ауылында орналасқан. Мұражай бұрынғы М.Жұмабаев атындағы кеңшардың мектебінде. Ондағы жиналған қорлар мен материалдар ақынның шығармашылық өміріне арналған. Құжаттардың көшірмесі Алматы, Петропавл, Омбы қалаларында және кейбір аудандарда сақталған. Мұражайдың жалпы аумағы 60м². Аймауытов, Жүсіпбек. Аймауытов, Жүсіпбек (1889—1931) — қазақтың көрнекті жазушысы,драматург,публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы. Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен. Жүсіпбек жастайынан араб­ша хат тану, оқу үйренген. 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады. 1911—1914 жж. ауылда мұғалім болып істейді. 1914 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданады. Оны 1918 жылы аяқтап шығады. Мұнан соң алашордашылардың істеріне араласып, Семейде «Абай» журналын шығарысып, Қ. Сәтбаевпен, М. Әуезовпен танысады. Кейін Алашордадан бөлініп, Коммунистік партия қатарына өтеді (1919). Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайы съезіне делегат болып қатысып, Қазақ АҚСР Халық ағарту комиссариаты комиссарының орынбасары болып тағайындалады (1920). Мұнан соң Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі (1921), «Қазақ тілі» газетінің редакторы. Қарқаралыда мектеп мұғалімі (1922—1924), Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі (1924—1926), Шымкент педагогикалық техникумының директоры (1926—1929) қызметтерін атқарады. 1929 ж. басталған кеңестік қуғын-сүргін кезінде Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар деген жаламен тұтқындалып, ұзақ тергеуден кейін 1931 жылы ату жазасына сырттай үкім шығарылған. Шығармалары. Жүсіпбектің қаламынан туған мол мұраны М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары жинастырып, ғылыми зердеден өткізіп, 1996-1999 жылдары бес том етіп жарыққа шығарды. Сөйтіп, қазақ оқырманы әйгілі суреткердің шығармаларымен арада 60 жылдан астам уақыт өткенде қайта табысты. Жүсіпбек аз ғана ғұмырында әдебиеттің әр түрлі жанрларында өнімді еңбек етіп, құнарлы шығармалар қалдырған. Бес томдық шығармалар жинағында оның өлеңдері мен «Нұр күйі» поэмасы, «Рабиға», «Мансап қорлар», «Сылаң қыз», «Ел қорғаны», «Қанапия Шәрбану», «Шернияз» атты пьесалары, көптеген әңгімелері мен «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, «Күнікейдің жазығы» повесі, балаларға арналған ертектері, сын мақалалары мен аудармалары енген. Бұлардың сыртында «Тәрбиеге жетекші» (1924 ж.), «Пси­хология» (1926 ж.), «Жан жүйесі және өнер таңдау» (1926 ж.), т.б. ірі ғылыми еңбектері бар. Жүсіпбек Аймауытов қаламынан туған мұралардың қай қайсысы да оның кесек дарын иесі екендігінің, гуманист суреткерлігінің, жалтақсыз ұлтжандылығының жарқын айғағы. Оның шығармалары өзі ғұмыр кешкен заманның, өзі араласқан қоғамның мұқтажын өтеуге, оның ақ қарасын парықтауға арналған. Сөйте тұра көркемдік тегеуріннің қуаттылығы, идеялық ұстанымдарының сонылығы, сөз қолданудағы шеберлігі Жүсіпбек шығармаларының өміршеңдігіне кепіл болмақ. Қашаубаев, Әміре. Әміре Қашаубаев (1888-1934) - қазақтың атақты әншісі. Туған жері Шығыс Қазақстан облысының Абыралы ауданына қарасты Дегелең тауынң алабы. Алматы қаласынан топырақ бұйырған. Шыққан тегі Орта жүз ішіндегі Тарақты руы. Кедей шаруа жанұясында туып өскен. Жастайынан әншілік өнерпаздығымен жұрт аузына ілігіп, ел аралап ән салып, қараөткелдік Сәтмағамбет, Ғазиз, баянауылдық Жаяу Мұса, Қали Байжанов, керекулік Майра Уәлиқызы сияқты арқалы әншілермен танысып, өнерін одан әрі шыңдай түседі. 1924 жылы Семейде өткен өнерпаздар байқауында Қалимен бірге бас жүлдеге ие болды. Мұнан кейін әншілік даңқы алысқа жайылып, 1925 жылы Парижде өткен Дүниежізілік көрмеде болған этнографиялық концерттерге қатысып, ерекше көзге түседі, қазақтың өресі биік әншілік өнеріне әлем тыңдаушыларының көзін жеткізеді. Әміре 1925 жылы Қызылордада ашылған жаңа театр труппасына қабылданады. Өмірінің соңына дейін театрда әнші артист болған. Әміре «Еңлік Кебекте» Жапалдың, «Айман Шолпанда» Жарастың рөлін ойнайды. Концерттік қойылымдарға жиі жиі шығып, халықтың ән өнерін насихаттауға айрықша үлес қосады. Әміренің әншілік өнері А.В.Луначарский, А.В.Затаевич, Г.Любимов сияқты өнердің парқын терең білетін мамандар тарапынан жоғары баға алған. Қазақтың «Ағаш аяқ», «Үш дос», «Қос барабан», «Қызыл бидай», «Смет», «Жалғыз арша» сияқты классикалық әндері Әміре айтқан үлгі өнегемен орнығып, кейінгі әншілердің репертуарларында жалғасын тауып келеді. Бұл ретте, Ж. Елебеков, М.Ержанов, Ж.Кәрменов, Қ.Байбосынов, М.Ешекеев, Б.Тілеуханов сияқты жез таңдай әншілердің Әміре өнерін жалғастырушы лайықты ізбасар болғанын атап айтқан жөн. Әміре сахнада.Ол халық сыймай отырған залды бір шолып жарып кететіндей бір-екі айқай дыбыстар алды, бірақ тек бастауы екен.Онысы залдың дыбыс ерекшелігін байқауы дегені болу керек.Енді аз ғана уақыт өткенде әнші залды да, онда құлаққа ұрған танадай болып тыңдап отырған көрер- менді де ұмытып кеткендей болды.Әміренің даусы күннің күркірегеніндей кейде аспанды жерге түсіріп дүрілдеп, кейде баяу соққан желмен қозғалған бидайықтың шашағын- да Мәскеуде болған бүкілодақтық кеңестер құрылтайында шыққан концертке жазылған бір мақалада.Әміренің аты тек Қазақстан емес,бүкіл Одаққа,бүкіл Еуропаға әйгі болды. Әміре арқылы қазақтың әншілік өнері мемлекттік шекраны сонау жиырмасыншы жылдардың ортасында-ақ аттап өтті, орыстың, батыстың ұлы мәдениет қайраткерлерінің ауызда- Әміре 1888жылы Семей облысы,Абралы ауданына қарасты Дегелең тауының етегінде туды.Әкесі Қашаубай кедей бо- лып,күнбе-күнгі өмірді қуып жүрді.Қашаубай көп ұзамай Семейге көшіп барады.Қалада да кәсіп істеу оңай болған жоқ.Қашаубай әрең дегенде үй ішін асырап отырды.Бірақ жасынан бейнет шегіп,иықбасты болып қалған Қашаубай тын халге келді.Ал Әміренің шешесі Тойған да үй-ішінің ұсақ-түйегі болмаса білекпен келетін ауыр жұмысқа о да жармай қалды.Мұның бәрі келіп,ақыры жас Әміренің мой- нына үлкен ауыр бейнет қамытын кигізудің басы болды. Басқа амал болмаған соң жас Әміре Жаңа Семей жағында тұратын Исабек деген байдың көлік айдаушысы болады. Әміре ыңылдап әндетіп жүретін болды.Бара-бара Әміре дауыстап,өзінің үн қабілетінің барлығын сезіп,кей кездерде ат айдаушы екенің ұмытып кетіп,әннің қызығына түсіп, қожасынан, біздің тілімізбен айтқанда, қатаң сөгістер алып қалып жүрді.Бірақ оның бәрі де Әміре үшін мәнді нәрсе емес, әйтеуір аузының бостығы да әбиір болып, осы Әкесінің айта қалғандай өнері жоқ болса да жаман Қашаубайдың баласының музыкаға деген қабілеті оның ат- шылығынан бұрын әнші бала, бері келе әнші жігіт деген атағын шығарды.Көшенің екі жағында тұрған, ашық қақпа- ның ішінде самауыр қайып жүген қыз-келіншек, кешкі тұ- рым әңгіме дүкен құрып отыратын үлкендер тобы, ойында жүрген бозбала фаетонның ешкісінде отырып, арбаның доң- ғалығының айналған ырғағымен қосылып, кешкі Ертісті жаңғыртып салып бара жатқан Әміренің әнің сілтідей тынып тыңдап тұрысты.Бүкіл Жаңа Семей болып Әмірені жақсы білетін болды.Ол арада болған ойын-сауық Әміресіз өтпейтін болды.Әншілігінің үстіне әсем мінезді, ақ көңіл жігіт халықтың назарын үнемі өзіне тез аударып алатын. Осындай екі бірдей қасиетінің арқасында Әміренің атағы көп ұзамай Ертісті кесіп өтіп, Семейдің қаласына жетуге айналды. Бұрынғы, бұрынғы ма, енді Қашаубайдың баласы Мұның бәрі де Исабек байға ұнамай, ол қалайда Әміренің мына бір кедейге келіспейтін қылығын тоқтатқысы келді. Сондықтан бір жерге қадап қою мақсатымен, Әмірені тері күзеттіріп қояды.Ондағысы Әміренің жолын кесіп тастау әншіні сүйген халықтан айыру еді. Бірақ ол мақсатына Иса- бек жете алмады.Әміренің даусы түнгі Семейді тегіс аралап көше бойы қыдырып, сайрандаған жастар терезесін ашып қойған ән құмар үлкендер құлақтарын тосып тыңдап ләззат алды.Жаратылыстан күшті дауыс кешкітұрым салқынмен бұрынғыдан да дүрілдеп,мына байлаудан құтқар, еркіндікке жібер, қанатымды бір қарыштайын, аспанға бір шырқайын деген сияқты болып, Әміренің даусы өзінен бұрын Исабектің сасық иісті тері қоймасынан іргені аулақ сұрап тұрғандай, Арқаның жазығына, Ертістің еркін ағысына шыққысы келгендей кейіп білдіреді. Бұл кездерде Әміре аз да болса бірқатар ақылай табысқа ие болып, оларын үйіне беріп, өзі Семейден сыртқа шыққысы келеді. Қаншама қиын болғанмен, мейірімді әке-шеше өнер- лі баланың алған маңдайын қақпайды.Әміре енді әніне бос- тандық алатын болды.Исабекпен есеп айырысып, Арқа ән- шілерінің Мекесі болған Қояндыға жол тартты.Бұл Әміре үшін үлкен игі сапар болды.Өйткені осы күнге дейін өзінің ғана білгенің айтып келген Әміре, не бір саңлақ, топтан оз- ған ән иелеріне кездеседі.Жасы келіп қалса да, әлі қунақ, күлдіргі қалпынан таймаған, қарт дауысымен әлі де әннің нақысын бұзбай айтатын аға әнші Жаяу Мұсаны көрді. Семейде жүргенде оның Ақ сисасын, Гауһар қызын, Хау- лауын, айтып, Жаяу Мұсаның өзің көрмеседе шығармашы- лық жүзіне қанық болатын.Енді міне, «құлақ естігенді, көз көреді»болып,қарт әншінің өзің де көрді.Жас талапкер үшін бұл үлкен рухани олжа болды. Ал тап осы кезде нағыз ба- бында тұрған Бәпидің Мәдиі, Ғаббастың Айтпайы, Байжан- ның Қалиын естігенде Әміренің бұл күнге дейінгі орындап жүрген әндерінде көптеген күнәләр болып шықты. Ол бір дүниені сындырып алған жазықты баладай, үндемей құла- менде, көзіменде бірге тыңдады.Мынау әннің базары Әміре- ні еліттіріп,енді қайтып Исабектің терісінің иісіне оралмас- тай іштей уәде айтты.Қандай жолмен болса да Әміре бұдан былай өзін бүтіндей ән өнеріне бағыштауға бел байлады. Жоғарыда айтылған әншілерден жаңа ән үйреніп,біраз репертуарын байытады.Әр әнді өзінің стилінде айтуға ты- рысты. Қабілетті әнші ол мақсатына жетіп қалды. Ол үш жасынан ән салып, Жаңа Семейдің шала қазақ, татарлар арасында «әнші бала» атанып, жасы он сегізге енді таян- ғанда мына Қондыға келуі, Әміре үшін ән дүниесін ашуын былай қойғанда басқа да, дүниелік, өмірлік үлкен жаңалық- тар көрген жүрісі болды. Әміре қойын-қолтығын әнге толтырып қайтып Семейге келеді.Енді бұрынғы жәмшік, күзетші Әміре емес, ысылған өмір көрген жақсылардың қасында болған тәжірибелі Әміре болып келді.Семей оны бұрынғыдан да қызу қарсы алды.Әмірені енді жиі шақыратын болды.Оның үстіне бұл кезде Семейге келіп жатқан атақты Майрамен кездесіп екі ән алыбы біресе домбырамен, біресе гармонға қосылып Семейдің ән базарын қыздыра түсті.Қазақтың кешегі заманда еңсесін бейнет басып, кеудесін көтере алмаған Әміре сияқты әншісі, қараңғылықты жарып шыққан Майра сынды өнершісі шүйделерін көтеріп, дауыстары бұрыңғы- данда сыңғырлады.Әміренің күшті үні төңкерістің дүбіріне қосылғандай аңқылдап аспанға шығып,бір күні Мәскеуге де «Қазақ әншісі Әміре Қашаубаев Парижде болатын жержүзілік көрмеде қойылатын этнографиялық концертке қатысу- ға бара ме екен? Соның хабарын тез білдіруіңізді сұраймын. Жол қаражаты қалам ақысы төленеді.Мерзімі маусым,шілде деген Семейдің губерниялық бөліміне телеграмма келеді Халық ағарту бөліміде, Әміреде сасып қалады.Бұлар осылай жүргендерінде Мәскеуден тағы:Әнші қазақ Әміре Қашаубаев туралы менің берген телеграммама жауапты тездетулеріңізді сұраймын. Парижде болатын біздің концерт мәселенің мемлекеттік маңызы бар деген Луначарский- дің қолымен телеграмма келді.Енді ойланатын кеңесетін уақыт жоқ. Телеграммадағыны тек орындау керек. Әміре Мәскеуге жол тартты.Қояндыға барғаның Меккеге барғандай ұзақ сапар көрген Әміреге енді мына жол тіпті қызық сияқты көрінді. Парижде болатын коцертке қатысу үшін Мәкеуде Қазақстаннан басқа ұлт республикаларынан белгілі өнерпаздар келді. Бұл шеберлердің оның ішінде Әміренің Париж кон- цертіне дайындық есебінде өткен Үлкен Театрдағы кон- цертке шығуы үлкен табыс болды. Бұл жөнінде Правданың 1925 жылғы 26июнь күнгі номерінде жазылған. дік сатысы жағынан орындаушылықтан еуропалық шебер- олардың қолдарындағы қандай жұпыны құрал десеңізші – деп жазды. Айтушылар Әміре Ағаш аяқтың басындағы жоғарғы нотасын шырқап алғанда, партердің алдынғы қатарында отырған бір әйел Мынау не деген күшті дауыс деп шошып кетіп барып айтыпты деседі. Әміре этнографиялық ансамбільмен Парижге барады.Көздерімен көріп,есіткеннің жаңсақ жерлерін түзетіп алғысы келеді. Сонымен қатар олар бұл келе жатқан кеңес елің жайлайтың халықтың бірқатарының ғана өкілдері екенің жиылған жарнамалардан есітеді.Кеңес өнершілері Париждің залдарында 11 концерт береді. Сол концерттерде Әміре өзінің сүйікті әндері: Ағаш аяқ, Үш дос, Екі жирен, Дудар, Қос барабан, Қызыл бидай тағы басқаларын айтады. Ансамбільдің концерті бұрын-сонды ондай музыканы тыңдамаған Париж халқыны қатты ұнайды.Неше түрлі ұлттар- дың әндері,олардың сан алуан түрлі аспаптары, неше түрлі түсті киімдері, орындау шеберліктері кеңес өкілдерін үлкен табысқа бөлейді. Әсіресе бұрын аттары шықпаған Ресейді жайлайтын аз ұлттардыңаз мерзім ішінде мұндай табысқа жетуіне дос сүйініп, дұшпан күйінеді. Бір кезде Ертістің Әміренің енді Сена өзенінің сылдырап аққан дыбысына сиқырлы үнің қосуы тек ән өнеріндегі емес, халықтар достастығын нығайтуда өнердің үлкен рухани құралға Париждің Комедия залында өтіп жатқан орыстың этнографиялық өнері әдеттегі біз болып жүретін концерттерден ерекше. Біз аса жоғары, қызықты сахна көрдік, біз, Түр- кістанның, Украинаның, Оралдың, Кавказдың таза шынайы қалпында тұрған, жүрек қылыңды қозғайтың музыкасын есіттік. Оларда гармониялық, мелодиялық бұрмалау дыбыс құрылыстарын өзгерту сияқты өзінің ерекшелік мазмұны бұзатын нәрселерді таба алмайсың.Қазақтың әншісі Әміре Қашаубаев өзінің халықтық манерада айты- латын емін-еркін даусына ұлт аспабы домбырасының сүйемелін қосып өз елінің жаныңда толқытатын әндерін орындады. Солардың бәрінде де, өздерінің өнерлерін Парижге көрсетуге келген адал көңілді әртістердің өз Ота- нына деген жалыңды сүйініші сезіледі – деп жазды. Француздың белгілі музыка зерттеуші ғалымы Ле мюзи-каль журналында Әміренің сирек кездесетін музыкалық көрініс екенін жазды. Сорбонн университетінің профессоры Перно фонографқа Әміренің орындауында қазақтың бірне- ше әндерін жазып алды. Бір айта кететін жай біз осы күнге шейін Әміренің сол фонографқа түскен әндерін шетелмен байланысты мекемелер арқылы қанша талаптансақ та, ала алмай жүрміз. Әміре Париждан елге келеді. Мәскеуде болып, одан туған қаласы Семейге келеді. Бірақ онда көп бола алмай, күзге қарай Қызылордаға келіп, ол кездегі Қазақстанның астана- сында ашылғалы жатқан театр тобына кіріп, солармен бірге дайындық жұмысқа кіріседі. Келесі 1926 жылда қаңтардың 13 күні Мұхтар Әуезовтың «Еңлік-Кебек» пьесасымен қазақ тарихында бірінші рет кәсіпкерлік театрдың шымылдығы ашылғанда Әміре қойшы Жапалдың рөлін ойнайды. Оны сол кезде көрген адамдар әлі-күнгі аузынан тастамайды. Өйткені Әміре тек әнші емес, жақсы әртіс болды. Ол сахнада жасанды қимыл-қозғалыссыз, қандай бейнеде болса да, шын жүректен, нанымды, қарапайым атап келеді. Солай бола тұрса да Әміренің шын шүйдесі көтеріліп, шоқтығы аспанға шығатын кезеңі концерттерде болатын. Жарнамада Әміре шығады деген концерттер ол кезде үнемі лық толы болады екен. Күлкілі сөз шебері Қалибек поэзияның жас перісі, әнші Иса, характерлі нөмірлерді жандырып шығаратын Елубай, от боп жанған Құрманбек- бәрі бірінің артынан бірі шыққанда концерт жөнсіз көп уақытқа созылып, көрермен уақытын қалай өткенін сезбей де қалады екен. 1927 жылдың сәуір айында Әміре тағы Мәскеуге шақы-рылады. Онда, осы әңгіменің басында баяндалғандай ке-ңестер сьезінде концертке шығып, үлкен табысқа ие болады. Әміре сол жылдың жазында Алманияның мамырда Франкфурт қаласында болатын Жержүзілік музыкалық көр-меге шақырылады. Бүкілодақтық шетелмен байланыс жасаушы қоғам онда көрменің кеңестік бөлімін ашты. Бөлменің концерттерінде біздің әр ұлтымыздың өкілдері шықты. Шілденің 22 мен 31 арасында көркемде орыс музыкалық апталығы болып, онда қатысуға РКФСР-ға еңбегі сіңген әртіс, профессор Г.Любимов бастаған кеңестік этнографиялық ансамбль құрылды. Сол ансамбльдің ішінде Әміре де болды. Ансамбль Франкфурттың Үлкен театрында 9 концерт берді. Концерттер аса қызығұшылықпен қабылданды. «Франкфуртер цейтунг» газеті «Аса қабілетті жеке орындаушылардың қатысуымен профессор Г.Любимовтың көрсеткені біздің күткенімізден асып шықты...Кеңестің ұлттық музыкасының бай жақтарынан нағыз шыншыл, айта қалғандай етіп көрсету арқылы ВОКС өзінің уәдесін орындады,»- деп жазды.Кеңестер Одағы халықтарының өнерлерін екінші Қазақ халқының ән байлығына шетке көрсетуде өнер қайраткерлерінің ішінде Әміре жас ұланы болды. Әміре қайтып Қызылордадағы қазақ театрына келді. 1928 жылы театр Алматыға көшкенде Әміре де бірге келді. Әміре драма театрында бірнеше рөлдер атқарды. Әсіресе концерт терінде басты әртіс болып жүрді. 1933 жылы драма театры-ның бір бөлек адамвнан құрылған «Музыкалық студияның» ішінде бірінші болып Әміре кетті. Ол студия келесі 1934 жылдың қаңтарының 13 күні «Музыкалық театр» болып, Мұхтар Әуезовтың «Айман-Шолпан» атты музыкалы пьесасымен ашылды.Әміре «Айман-Шолпанда» басты рөлдің бірін атқарды. Бірақ өмірі ұзақ болмай сол жылдың күзінде қайтыс болады. Әміренің негізгі ресми қызметі театрда болғанымен, ол үнемі концерт беруде болатын.1926 жылы Қ.Жандарбеков- пен бірге Шымкент,Ташкент қалаларында концерт берді. Қала халқы,оқушылар үлкен ынтамен қарсы алды. Әміренің залды күңірентіп жіберген ащы даусы мен сыңғыраған көмейінен бұралып шыққан үнге таңырқамаған жұрт қалмады. Әсіресе Әміреге бір риза болған жер, Қарқара жәрмеңкесінде болды. Әміре шығады дегенде жиналған жұрт қол соғып,сахнаға шығуын қошеметтеді.Біраз ән айтып кетпек болған еді, жұрт үсті-үстіне қол шапалақтап жібермеді. Әміре «Жалғыз арша», «Сырғақты», «Ісмет», «Қанапия» әндерін айтты. Қасында бір-екі жігіті бар, қалыпты Қыз Жі- бектің қисасын жазған Шайқы-Ыслам Жүсіпбекұлы екліп, Әміренің бұдан басқада талай үздік шыққан жерлерін көрдік. Өзінің Екі естелік дегенінде Қалибек Қуанышбаев 1924 ж Семейде өнерпаздардың ақпан айында болған жиналысын- бәрі бір облыс екен.Павлодардан Майра,Семейден Әміре, Қарқаралыдан Қали Байжанов болады.Басқа әншілер жа- рысқа түсіп,кезектесіп ән орындағаннан кейін, топталып келе жатып, қарақшыға жақындағанда шұбалып, біртіндеп шыға бастайтын бәйгі аттарындай, аяғында Қали мен Әміре қалады. Бұлар баста әрқайсысы әртүрлі ән айтып, қыза екеуі сахнадан шықпай қояды.Қазақтың ескі әдеті қалама,Қали айтқанда Қарқаралы,Павлодар,Баяндықтар қошеметтеп,Әміре айтқанда Семейдің көпшілігі шулап, айқайлап қостайды. «Ала қойды бөле қырыққан жүнге жарымайды» дегендей,екі әншінің бірінен бірін бөлмей, екеуінің де пірлі екенің көген төреші топ,бірінші,екінші бәйгені қосып жіберіп Қали мен Әміреге бөліп береді. «Әміренің адамшылығы өте зор еді. Барынша әділ, жүректі еді. Қаннен-қаперсіз, қалай болса-солай жүретін. Дүние үшін қабақ шытып, бір тарықпайтын. Қоң етін кесіп беретін жомарт еді. Біздің Әміре қасым жомарт қой деп күлуші едік. Кейде бір нәрсеге үлкен ерні томпайып, балаша өкпелейтін. Ой сорлы Қашаубайдың баласы-ай!- деп, бір саусағынды шошайтып қытықтасаң, күліп, ол өкпесін әп-сәтте ұмытып кететін. Әміре ән салғанда әнді көркемдеп, аспандата айтар еді. Қандай әнді болса да түзеп, кесек бейнелі ән қып айтып жүрсе де, мынаны мен түзедім демес еді.Әміре ән салғанда қандай күшпен, айқаймен бірнеше әндер айтқанда, түсі бұзылмас еді. Күшпен айтатын әндердің алдында, демін бір-ақ жиып алатын. Әміре енді ылғи сүйіп, ұнатып, өзі әнге ғашық болғандай айтатын. Халық көп болса делебесі қозып кететін.»-дейді сол естелігінде Қ.Қуанышпаев. «1925 жылдың қазан айының ішінде Еңбекші қазақ газетіне бір сыпыра адамдардың аттары жарияланды. Солардың басын қосып, құрастырып,театр құру керек деп, Оқу Комиссариаты шақырған болатын. Семейден Әмірені, Исаны, Павлодардан Майраны, Қостанайдан Серкені, Орынбордан Елубайды, Ташкенттен Құрманбекті, Қарқаралыдан мені атаған еді. Қызылордаға келісімен Әміренің үйін іздедім. Біреубен-біреу нұсқап, көрсетіп, әйтеуір таптым-ау. Әміре аға қайда?-дедім. Ерлі-зайыпты екеуі біріне-бірі қарап күлді. Сол сәтте Иса кіріп келді. Ол екеуіміз бұрыннан таныс болатынбыз. Аржағын Иса жөндеп әкетті дейді.» Қалибек өзінің қысқа естелігінде Әміренің сырт түрін, адамшылығын әдемі-ақ суреттейді. Әміренің қазақ әндерін көп ажарлағанын, байытқанын қазақтың тұңғыш режиссері, халық әртісі үлкен өнер қайраткері Жұмат Шанин де, ұлы жазушы Мұхтар Әуезовте айтып кетті. 1934 жылдың қыркүйек айында Қазақстан Халық ағарту Комиссариатының үйінде көптеген өнерпаздар бас қосқан үлкен мәжіліс болды. Оған әншілерден: Әміре Қашаубаев, Темірболат Арғынбаев, Қуан Лекеров, Жүсіпбек Елебеков, Ғарифолла Құрманғалиев, Бибі Сарасенбаева т.басқалары келеді. Әнді сазбен асықпай қоңырлатып айтатын, баритон дауысты Темірболат салған жерден, қырандай аспандап, шырқап кететін Қуан, әр нотасынан Сахараның кең тынысы сахнаға ере келіп тұрған Манарбек, әнді еркелетіп, уілдетіп, лебізімен жыланды іңнен шығаратын Жүсіпбек, дауысының жоғарысы әйелдің сопраносының бақшасына кіріп кететін Ғарифулла, жүоекке жылы тиетін, жұмасқ меццо-сопрано Бибі- бәрі де,бәйгегі түсетін болғансын, бірінен-бірі оздырамын деп, бар шеберліктерін салып, не бір мықты әндерді коммиссианың алдына табақтай тартып жатыр. Әміре оқуы көп болмағанымен тоқығаны ескергені көп адам еді. Осы жолдардың авторы Алматының музыка техникумында істеп тұрған кезінде ол бір күні техникумға келіп, екі сағаттай сөйлесті. Әңгіменің мазмұны өзінің бұрынғы заман өктемдігімен оқи алмай қалғаны, енді мына бір кішкене қыздарын музыкаға оқытқысы келетіні болды. Бұл 1933 жылдың күзі болатын. Әміре- ұлы әнші, азамат.Оның өмірі мен қимылы әлі де зерттеле түседі. Ол жөнінде талай кітаптар, дастандар жазылмақ. Оның аты ән мектебінде мәңгі қалады. Шоқай, Мұстафа. Париж маңында Мұстафа Шоқайға орнатылған ескерткішШоқай, Мұстафа (1890—1941) — Алаш қайраткері, түркі ха­лық­та­ры­ның бір­лігінің жа­лынды жар­шы­сы. Алашорда үкіме­тінің мүшесі, публицист-жазушы. Отаршылдықтың озбыр саясатына қарсы жүргізілген қоғамдық қозғалыс көсемдерінің бірі, Түркістан халықтары арасында тарихта тұңғыш рет демократиялық Еуропаның ортасында түркістандық саяси эмиграциялық қызметтің негізін қалаушы. 1890 жылы (екінші бір деректе: 1886 жылы туған) 7 қаңтарда Түр­кістан өлкесі, Сырдария облысы, Перовск уезі, Жөлек болысында, осы күнгі Қызылорда облысы­ның Шиелі ауданында дүниеге келген. Қазақтың ұрпағы. Атасы Торғай датқа Сыр қазақтары орыс патшалығының қол астына кірмей тұрғанда Хиуа ханының уәлиі болған. Әкесі Шоқай би, арғы әкесі Торғай датқа ел ішінде атақты адамдар болған. Әкесі Шоқай дала қазақтары арасында ерекше мәдениетті, елге беделді би болған, отырықшылықпен айналысып, бау бақша салдырып, егін еккен, кірпіш үй салдырған. Анасы Бақты да текті жердің қызы екен. Әкесі батыр болыпты. Түркістанды орыс отаршылары жаулап алуға кіріскенде, Бақты да әкесімен бірге соғысқа қатысып, барлаушылық қызмет атқарған. Бейбіт күнде өлең жазып, дастандар жырлаған. Мұстафа сауатын ауылдық мектепте ашып, Ташкент ерлер гимназиясын 1910 жылы үздік бітіріп, 1910-1917 жылдары Сән-Питербор уни­вер­си­те­тінің заң факультетін­ оқып бітіреді. Отаршылдықтың өктемдігін, қиянатшыл әділетсіздігін Мұстафа жастайынан көріп өседі. Өз басы отаршылдықтың өрескел кеудесоқтығымен Ташкентте, «өте жақсы» деген бағамен гимназияны аяқтаған кезде бетпе бет кездеседі. Гимназияда оған берілмекші болған алтын медальді генерал Самсонов бергізбей, одан төмен оқитын орыс баласына жазады. Бұған күміс медальді ұсынады. Бірақ Мұстафа медаль алудан мүлде бас тартады. Мұстафаның терең білім алып, саяси көзқарасының қалыптасуы және қоғамдық қозғалысқа, халқының азаттығы үшін күреске қатысып шыңдалуы Петербор университетінің заң факультетінде оқып жүрген кезінен басталады. Ол гимназияда да, университетте оқып жүргенде де, жергілікті әкімшіліктен зәбір жапа шегіп келген жерлестерінің атынан арыз жазып, олардың әділдікке жетуіне көмектеседі, тіпті, кейбір күрделі істер бойынша сенат алдына мәселелер қоюына тура келеді. Студент кезінде Мұстафаның алғашқы қоғамдық жұмысы оның 1914 ж. Әлихан Бөкейханұлы ұсынысымен IV Мемлекеттік Думадағы Мұсылман фракциясының хатшылығы және оның бюросында Түркістанның өкілі болатын. Бұл оның Ресейдегі қайраткерлермен, Дума депутаттарымен араласуына, іс жүзінде жалпы мұсылмандық, жалпы түркістандық идеяларды қолдауына алып келді. Оның Думадағы зор еңбегінің бірі: жазалаушы отряд­тардың 1916 жылғы көтеріліске қатысушыларды жаппай жаза­лап, айуандық көрсеткендігін тек­серу үшін тергеу комиссиясын құруға да басты ықпал жасаған адамның бірі. 1917 ж. Ақпан төңкерісін Петерборда кездестіріп Түр­кістан өлкесіне аттанады. Таш­кент­те жергілікті қазақ зиялыла­рының басын қосатын «Бірлік туы» атты саяси ұйым құрып және осы аттас газет шығаруды қолға алады. Оған қоса 1917 ж. шілде айында Орынборда өткен I Бүкілқазақтық Құрылтайдан соң құрылған «Алаш» партиясына мүше еді. Уақыт туғызған мүмкіндікті пайдаланып, еркіндікке қол жеткізер кезде Түркістан мұсылмандары бірлік таныта алмай, екі топқа бөлініп, бірі консервативті бағытты, екіншісі прогресшіл бағытты ұстанады. Қазан төңкерісінен кейін билікті алған Түркістан жұмысшы шаруа кеңестерінің үкіметі бұл екі топты саяси бірлікке келтірмеудің бар шарасын істеп бағады. Екінші бағыттың басында тұрған Мұстафа Шоқай 1917 жылы қараша айында Қо­қан қа­ла­сында құрылған Түркістан аутономиясының Уақытша үкіметінің алғашында оның қаржы министрі, кейіннен сыртқы істер министрі, Мұхаметжан Тынышпаев отставкаға кеткен соң, оның орнына Бас министр қызметін атқарады. Бұл кезде ол Өлкелік Қазақ Кеңесінің төрағасы болатын. 1917 жылы желтоқсанда Орын­­борда өткен Жалпықа­зақ­тық съезге қатысып, Сырдария об­лысынан Алашорда үкіметінің мүшелігіне өтеді. 1918 жылы 5 қаңтарда Түркіс­тан қала­сында ашылған Сырда­рия облысы қазақ-қырғыздары­ның съезін ұйымдастырады. Онда да автономия, милиция және т.б. мәселелер қаралады. Ташкенттегі жұмысшы солдат депутаттарының үкіметі өзін бірден бір билік иесімін деп есептеп, Қоқандағы Мұсылман автономиясына қарсы қанды қырғын ұйымдастырады. Қоқандағы большевиктер ойранынан зорға қашып құтылған Мұстафа Иргаш құрбашының бандыларының қолына түседі. Өліммен бірнеше рет бетпе бет келіп, әйтеуір аман қалады. Елде азамат соғысы басталып, қызыл­дар күш ала бастаған кезде олардың қуғы­ны­нан Ақтөбе, Үфі, Грузия арқылы Түркияға 1921 жы­лы кетіп, 1922 жылы Франсияда тұрақ­тайды. 1927-1931 жылдары «Жаңа Түркістан», 1929-39 жылдары «Жас Түркістан» журналдарын шығарып тұрды. Әр түрлі шетелдік және эмигранттық баспасөздерде мақалалар жариялап тұрады. Түркістанда біртұтас мемлекет орнату үшін бірлескен күрес жүргізу үшін құ­рыл­ған «Түркістан ұлттық бірлігі» ұйымының руха­ни көсемі бола білді. Ол өмірінің соңында Ұлы Отан соғысы бастал­ған­да тамыз айының басынан қараша айының соңына дейін немістің бірнеше лагерін аралап, тұтқындағы түркістандық жауынгерлердің хал-жағдайларын жеңілдетіп, түрмедегі өлім қаупінен алып қалу бағытында жұмсалады. Сіздер немістер өздеріңізді Еуропадағы ең мәдениетті халықпыз деп санайсыздар. Егер сіздердің мәдениеттеріңіз менің көріп жүргендерім болса, онда мен сіздерге тұтқындардың шеккен азабын көрулеріңізді тілеймін. Сіздер XX ғасырда өмір сүре отырып, XIII ғасырда Шыңғыс ханның жасаған зұлымдығынан асып түстіңіздер. Мәдениетті халық екендіктеріңізді айтуға хақыларыңыз жоқ. Егер сіздер осыған байланысты маған ату не асу жазасын берсеңіздер қарсылығым жоқ. Мұндай мәдени қоғамда өмір сүргеннен гөрі өлгенім артық. Мұстафаның адал жары Мария Яковлевна арқылы бізге жеткен осынау деректер ұлтын сүйген ұлы азаматтың ұлтшыл жүрегінің жерлестері тартқан азапты көріп қалай ауырғанын, жанының қалай күйзелгенін әлемге жариялап тұрғандай. Алайда ол 1941 жылы 27 жел­тоқ­санда беймәлім жағдайда қай­тыс болды. Дулатұлы, Міржақып. Міржақып Дулатұлы (1885—1935) — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайреткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері. Өмірбаяны. Туған жері — Сарықопа уезінің, Торғай облысының үшінші ауылы (қaзipri Қостанай облысының Жанкелдин ауданына қарасты "Қызбел" ауылы). Әкесі — Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі — Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған.Әкесі алаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897-1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Бұл мектеп Міржақьптың білімін толықтырумен қатар, азамат ретінде қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды, Мұқан мұғалім ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин іргетасын қалаған оқу орнының, дәлірек айтқанда, Торғай қаласындағы уездік орыс-қазақ мектебінің түлегі болатын. Өз шәкірттеріне де ол осы рухта тәлім-тәрбие, терең білім береді. Міржақып анасынан екі жасында, әкесінен он екі жасында айырылып, ағасы Асқардың қолында тәрбиеленеді. Асқар әкесі Дулаттың Міржақыптың оқып, білімді азамат болып, өсуін армандаған тілегіне сай, інісінің оқуын әрі жалғап, білім алуына ерекше көңіл бөледі. Ауылда туып, ауылда өскен, ауылда оқып, ауылда қызмет етіп, «ауыл мұғалімі» атанған зерделі жас ауыл тұрғындарының ауыр тұрмысын, теңдігі жоқ аянышты хәлін көріп, түңіле түршігіп, тебірене толқиды. Бұл кезең патша өкіметінің отаршылдықты қазақ даласында күрт күшейтіп, қалың елге тізесін қатты батырып тұрған шағы болатын. Бұл жағдай сол кездегі қазақтың көзі ашық, оқыған, зиялы азаматтарына қозғау салды. Наразылық туды. Күресудің жолдары қарастырылып жатты. Оның негізгі жолы ретінде оқуға, білім алуға ұмтылыс күшейді. Бірте-бірте халық саяси құбылысқа айналып, ел ішінде отаршыл саясатқа қарсы ұлт-азаттық идеялары туындады. Патшалық Ресей де бірінші буржуазиялық-демократиялық дүмпудің қарсаңында болатын. Езілген еліне ес болуға, жоғын жоқтап, мұңын мұңдауға серт байлайды. Халық ісіне бар болмысымен бүтіндей беріліп, «Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі, Пайдалан шаруаңа жараса, алаш!» деп бар даусымен жар салады. Өз бетінше талпынып, білім жинап, орыс тілін жетік меңгерген Міржақып орыстың озық ойлы азаматтарының еңбектерімен танысуы арқасында замана тозаңын суырып, дүниені дүр сілкіндірер дауылды күндердің тақап келе жатқанын өзгелерден бұрын сезеді. Міне, осындай күрделі кезеңде, 1904 жылы Міржақып Омбы қаласына келеді. Осында ұлт зиялыларының ұстазы Ахмет Байтұрсыновпен кездеседі. Бұдан кейінгі уақытта біpi — ұстаз, бipi — ізбасары ретінде жұптарын жазбайды. 1905 жылы Міржақып А. Байтұрсыновпен бipre Қарқаралыдағы саяси-бұқаралық жұмыстарға қатысады. 1905 жылы патша өкіметіне қазақ халкының атынан петиция жазушылардың қатарында болады. Кең даласында алаңсыз өмір сүріп, мал бағып жатқан бейқам халқын: «Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты» деп жырымен жұлқылап оятып, оларды білімге, ел үшін пайдалы іс әрекетке шақырады. Бүкіл халықтың еркіндікке жетуінің басты шарты түнек болып торлаған қараңғылық ұйқысынан ояну, дүр сілкініп, надандықтан арылу деп білген ол: «Оян, қазақ!» деп ұрандаудан танған жоқ. Сондықтан да оның үні қалың ұйқыдағы қазағын құлағының түбінен «маса» болып, маза бермей ызыңдап оятуды мұрат тұтқан өзінен он екі жас үлкен рухани ағасы Ахмет Байтұрсыновтың үнімен қатар естіліп, қазақ даласын қатар шарлады. Сол егіз үн тарих мінбесінен қатар көрінген екі алыптың қашан соңғы демдері таусылғанша, тағдыр талқысымен екеуі екі жақта жүрсе де, қуғынға түсіп, қамауға алынса да үзілмей, қатар естіліп тұрды. Ол екеуі екі атадан туса да, бір туған бауыр еді, екі баспен ойласа да, қорытар ойы бір еді, екі ауызбен сөйлесе де, шығар сөзі бір еді. Өйткені оларды туыстырған халқының мүддесі, ойландырған халқының қамы, сөйлеткен халқының мұң зары болатын. Сондықтан да халқы оларды жанашыр жақыным деп білді, олардың жұбын жазбай, «Ахаң Жахаң» деп бірге атады. Пенделік бар қазақтан бас тартап, халқының бақыты үшін күрескен есіл ерлерді өз халқының жауы атандырып, кешегі күні Қызылдың қызылкөз жендеттері екеуін еріксіз айырып, екі жерде атып өлтіріп, атын өшіреміз дегенде де халқы олардың асыл есімдерін есінен шығарған жоқ, аялап жүрегінде сақтады, ардақ тұтты. 1906 жылы Петербургке барып қайтады. Бұл сапарынан ол саяси күрескер ғана емес, шабытты ақын больш оралады. 1907 жылы Петербургте шыққан "Серке" газетіне “Жастарға" деген өлеңін, бүркенпік атпен "Біздің мақсатымыз" деген мақала жариялайды. Мақалада Міржақьш қазақ халқының басындағы қиын жағдайдың анық себептерін саралап, отарлық саясатты әшкерелейді. Патша өкіметі мақала авторын тұтқындамақ болғанмен, бүркеншік аттың иесін таба алмайды. 1909 жылы Петербургте М. Дулатовтың "Оян, қазақ!" атты өлеңдер жинағы жарық көреді. Бұл кітап та патша әкімшілігінің қуғындауына ұшырайды. 1913 жылы ол Ахмет Байтұрсыновпен бipre "Қазақ" газетін шығарып, басылымның бұдан кейінгі жұмысына белсене араласады. 1920 жылы Ташкентке келіп, сондағы “Ақ жол" газетінде қызмет атқарады. 1922 жылы жазықсыз қамауға алынады. Түрмеден шыққан соң, 1922-1926 жылы Орынбордағы ағарту институтында оқытушы болады. 1928 жылдың аяғында бip топ қазақ зиялыларымен бipre қамауға алынады да, он жылға сотталып, 1935 жылы тұтқында қайтыс болады. Шығармалық мұрасы. Міржақып Дулатов — әдебиеттің әр түрлі жанрына қалам тартқан қаламгер. Алғашқы кітабы — "Оян, қазақ!" деген атпен Петербург қаласындағы жарық көрген өлең жинағы. Одан кейін 1913 жылы Орьнборда "Азамат", ал 1915 жылы "Терме" атты өлеңдер кітаптары басыльш шығады. Ақын өлеңдерінің басты такырыбы—ел тағдыры болды. Алғашқы кітабы "Оян, қазақ!" жұртшылық арасында ауыздан-ауызға, қолдан-қолға тез тарап кетеді. Қайта басылады. Кітаптың нeriзгi мазмұньн халықты оятуға, әділетсіздікпен күресуге шақырған өлеңдер құрады. Сол себепті де кітап тұтқындалып, авторы құғынға ұшырайды. Өзінің шығармашылық жолын ә дегеннен өлеңнен бастаған Міржақып проза жанрына да қалам сілтейді. 1910 жылы оның осы жанрдағы туындысы "Бақытсыз Жамал" романы Қазан қаласында басыльш шықты. Бұл - қазақ әдебиетіндегі таза көркем проза үлгісінде туған тұңгыш роман еді. Кітап 1914 жылы екінші peт басылды. Бұл жылдары Міржақып бірқатар мақалалар мен фельетондар жазады. 1922 жылы Ташкентте екі бөлімнен тұратын "Есеп кұралы" оқулығын бастырады. "Балқия" пьесасын жазады. М. Дулатовтың шығармалары қазақ елінің тәуелсіздік алған кезінен бастап кеңінен жариялана бастады. 1991 жылы шығармаларының бip томдық, ал 1996-1997 жылдары екі томдық жинақтары жарык көрді. М. Дулатов шығармашылығы жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізіліп, бірқатар кітаптар мен мақалалар жарияланды. Өлеңдері. Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты, Жер кeттi, дін нашарлап, хал һарам боп, Ресей патшасының отарлау саясаты, қазақ жұртының хал-жағдайы, өнер-білімнің аздығы, басқа да түрлі қacipeттep осы төрт жолға сыйып тұрған секілді. Онын үстіне бұл жолдарды Міржақып шығармашылығының өне бойына тартылған темірқазық, идеяның басты бағдардың көрінісі деуге де болады. Ақын үшін халқының өмірін жырлаудан асқан мәртебелі тақырып жоқ. Көп өлеңдерінде ол қазақ елінің ауыртпалықтағы, отарлық езгідегі жағдайын баяндай келіп, елдің мүддесіне қызмет ету—әpбip азаматтың парызы деген тұжырым жасайды. Атап айтқанда, "Қазақ халқының бұрынғы һәм бүгінгі халі", "Таршылық халіміз хақында аз мінәжат", "Сайлаулар хақында", "Жастарға", “Қазақтың ру басшыларына", "Атқамінер сұмдарға", тәрізді өлеңдерінде қазақ қоғамының сипаты, ондағы адамдар психологиясы, соларды көрген ақынның өкінішті күйі анық бейнеленген. Ақынның сол тақырыптағы шығармаларының бipi — "Шағым" өлеңі. …Бір қарағанда "Шағым" өлеңі ақынның аз ғана сәттік көңіл күйінен туған тәрізді. Әйтсе де мұнда жеке бастың мұңынан гөpi әлеуметтік ой басым жатыр. Ел ішіндегі білімсіздік, бойкүйездік, жалқаулық, енжарлық, алауыздық тәрізді тольш жатқан кеселдерді көре тұрып, ақын мұңаяды. Тығырыққа тірелгендей болады. Жандырған жанды нахақ сөнер ме шоқ? Жанымда жан ашитын адам да жоқ, — Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш, Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі — Аталған өлең азамат ақынның алдына қойған мақсатын қаншалықты айқын түсінетінін байқатады. Ақынның мақсаты—халқының тағдырына ара түсу, елі үшін еңбек етуге, бел буу. Сол себепті де ақынның өлеңдері ел ішіндегі надандықты, әділетсіздікті әшкерелейді, олардан арылудың жолын іздейді. Мәселен, "Таршылық халіміз хақында аз мінәжат" өлеңінде қазақ ауылының көpiнісі суреттелш, ондағы ішкен-жегенге мәз, жайбарақат тіршіліктің беті ашылады. Ел ішіндегі бірліктің, ынтымақ пен бірауыздылықтың жоқтығын айта отырып, ақын ел билеу жүйесіндегі жүгенсіздік пен әділетсіздікті сынға алады. Міржақыптың осы тәрізді азаматтық, әлеуметтік сарындағы өлеңдерінің тақырыбы да, айтар ойы да, кұрылысы да, айтылу ерекшеліктері де әр алуан. Ақын бірде халықтың тағдырын, бүгінгісі мен келешегін толғаса, бірде жастарды оқу-білімге шақырған насихат айтады немесе күнделікті өмірдегі құбылыстарға қатысты адамгершілік мәселесін қозғайды, ал енді бірде патша өкіметінің озбыр саясатын, ел билеушілердің әділетсіздігін сынайды. Міржақьш қаламынан туған көркем де күрделі туынды — "Алашқа" өлеңі. Ақын халқына қарата сөйлеп, оның өткендегі өмірін есіне түсіріп, жақсы мен жаманды, кешегі мен бүгінгіні салыстыра отырып, бірқатар әлеуметтік шындықтың бетін ашады. Ақын алдымен күні кеше төскейі төрт түлік малға толған бетегелі қырлардың, онда көшіп-қонған берекелі ауылдардың сәнін әсем суреттейді, ел баскарған ақылды хандар мен билерді еске алады. Толықсып жүрген кеше күнің қайда? — деп келш, ел ішінен халқының сөзін сөйлейтін шешендер мен елін, жерін қорғайтын ерлер, ақылдың кені іспетті дана қарияларын іздейді. Солар бар жерде елдің берекесі де артык болмақ Бірақ өмір Міржақьш ойлағандай емес. Би — парашыл, қарттары — қарау. Бірлік жоқ, алауыздық үстем. Ақын осыған өкінеді. Еш нәрсе тәуіп бермес, білгенге ермес. Қой бағьш қасқыр қашан опа қылған, Көре бер өз бетіңмен күніңді өлмес, — деп, туған халқын ойлануға шақырады. Қойды қасқырға бақтырғандай әділетсіз заманның жайын түсіндіреді. Ел басқарушы залымдарға сенбей, өз күшімен күн көру қажеттігін айтады. Мiржақып ел ішіндегі кемшіліктерді әшкерелей отырып, халқына одан арылудың жолын көрсетеді. Өзінің "Шәкірт", “Насихат ғумумия" тәрізді бірқатар өлеңдерінде өнер мен білім жинаудың пайдасын бipiншi кезекке қояды. Tіпті адамгершіліктің өзі білімнен, оқудан басталады деген ой айтады. "Бақытсыз Жамал" романы. Халық тағдыры М. Дулатовтың прозалық шығармаларына да арқау болды. 1910 жылы оның "Бақытсыз Жамал" атты романы жарық көрді. Бұл роман жазушының шығармашылық жолындағы ірі табыс қана емес, бүкіл қазақ әдебиетіндегі елеулі көркем туынды болды. "Бақытсыз Жамал" қазақ әдебиетінде көркем прозалық үлгіде жазылған тұңғыш роман еді. Міржақып осы шығармасы арқылы бұдан кейін жазылған Т.Жомартбаевтың "Қыз көрелік", С.Көбеевтің "Қалың мал", С.Торайғыровтың "Қамар сұлу", т.б. романдарына жол ашты. Бұлардың бәрі де сол кезектегі аса маңызды әлеуметтік мәселеге арналды. Қазақ ауылының тұрмысы жайында жазылды. Әйелдердің бас еркі, қоғамдағы жағдайы туралы баяндады. "Бақытсыз Жамал" романының оқиғасына арқау болған мәселе де осы, ескі әдет- ғұрыптың қыспағына түскен қазақ қызының тағдыры. Сүйгеніне қосылып, бақытты өмір сүруді армандаған бойжеткеннің трагедиялық жолы. Шығарма сол кезеңдегі қазақ даласының шынайы тыныс-тіршілігін көрсететін эпизодтан басталады. ... Жайлауға жаңа көшіп қонған ауыл. Саумалкөл маңына жағалай тігілген киіз үйлер. Бие байлап, қымыз сапырған жайма-шуақ ауыл адамдары. Қыстай араласа алмай, сағынысқан жұрт енді бірін-бірі қонаққа шақырып мәз. Үй жағалап қымыз ішкен жастар... Осылайша жайбарақат жатқан ауылға патша ұлықтары келе жатқаны туралы хабар тарайды. Абыр-сабыр басталады. Ауыл сыртына үй тігіледі. Арнайы үйге келіп түскен екі ұлықты "ләббай, тақсыр" деп күткен ауылнайдың сөзінде де ерекше бір мақтаныш сезіледі. Міржақып Дулатов осы шағын көріністі суреттеу арқылы өз заманының тұрмыс-жағдайын, адамдардың психологиясын дәлме-дел береді. Ауыл адамдарының өзара әңгімелерінен, ауылнай бастаған белсенділердің іс-әрекет, мінез-құлықтарынан жазушы мол сыр ұқтырады. ...Дәл осындай абыр-сабыр сәтте ауыл қазағы Сәрсенбайдын әйелі босанып, дүниеге қыз бала келгені туралы қуанышты хабар жетеді. Дүниеге келген бұл сәби романның бас кейіпкері Жамал болатын. Табиғатынан зерек жаратылған Жамал молдадан ескіше, жаңаша оқып, хат таниды. Түрлі хисса-дастандарды көп оқиды. Бірқатарын жатқа да айтатын болады. Сөйтіп елдің көзіне түсіп, қыз айттырам деушілердің назарына ілігеді. Жамал он бес жасқа келді. Сұлулық, ақыл, салтанат үшеуі бір-біріне муафиқ келіп, Жамал сол елдің қызының алды болды. Бұл айтылмыш артықшылығының үстіне сөзге бек ұста болып, өз ойынан шығарып өлең де жазатын болды. Олай-бұлай қалжыңмен сөйлескен бозбаланы сөйлетпейтін еді. Ел ішінде тілді бозбалалардың көзі түсе бастап, шет елдерге де "Сәрсенбайда бек көркем бір ақын қыз бар" деген лақап жайыла бастады. Көркіне ақылы сай болып бойжеткен Жамалды Байжан деген бай баласы Жұманға айттырады. Қыз шешесінің қарсылығына қарамастан, Сәрсенбай болашақ құдасының байлығына қызығып, құдалыққа келіседі. Бірақ бай баласы топас, нашар болады. Жамал оны менсінбейді. Сөйтіп жүргенде бір тойда оқыған, мәдениетті, жаңаша киінген, сыпайы, әдепті Ғали деген жігітпен танысын, көңілдері жарасады. Арада біраз уақыт өтіп, қыздың Жұманға ұзатылар шағы туғанда, Жамал Ғалимен қол ұстасып қашып кетеді. Жастарды қудалау басталады. Сөйтіп жүргенде аяқ астынан Ғали ауырып қайтыс болады. Қайғыға батқан Жамал көп ұзамай Жұманға ұзатылады. Көрмеген қорлықты көреді. Ақыр аяғында бір боранды күні Ғалидың қабірінің басына барып, жылап жатып қайтыс болады. Романда оқиға желісі—суреттелетін ауыл өмірі, әр түрлі әлеуметтік топтар өкілдері арасындағы қарым-қатынастар мен жекелеген адамдар түсінігіндегі қайшылықтар шырмауына түскен Жамал мен Ғалидың мөлдір махаббаты, өз еркіндіктеріне жету жолындағы үмтылысы осы арнада өрбиді. Ақыр аяғында трагедиямен аяқталады. М. Дулатов бұл оқиғаны кездейсоқ болған бірді-екілі жай ретінде қарамайды. Ғашықтар трагедиясын ол қазақ даласындағы әлеуметтік мәселе дәрежесіне көтереді. Сол арқылы қазақ қыздарының бас еркі, жастардың өз қалауымен өмір сүру қажеттігі туралы ой ұсынады. Жазушы үшін әйелдің бас бостандығы, өзінің сүйгеніне қосылып, өмір сүруге мүмкіндік алуы ең бір түйінді мәселе болды. Ол әйелдің арын аяққа басатын ескі әдет-ғұрыпқа үзілді-кесілді қарсы шығады. Міржақып Дулатовтың романдағы Жамал бейнесін сомдаудағы жаңалығы да өзінің осы идеясына негізделеді. Романдағы Ғали — сол замандағы оқыған, мәдениетті жастарының жиынтық бейнесі. Сырт келбетіне ақылы сай жігіт Ғалидың әрбір іс-әрекетінен, сөйлеген, жазған хаттарынан бұл қасиет айқын аңғарылады. Ал шығармадағы Байжан бай, оның баласы Жұман, сондай-ақ Жамалдың әкесі Сәрсенбай, үлкен шешесі Қалампыр — ескі психологияның адамдары. Оларға адамгершіліктен гөрі байлық, шен мақтанышы қымбатырақ. Тұтастай алғанда, "Бақытсыз Жамал" романы сол кездегі тарихи-әлеуметтік шындықты шынайы да көркем бейнелеуімен, авторлық идеяның айқындығымен өзінен кейінгі қазақ прозасының өркендеуіне дәстүрлі жол көрсетті, үлгі болды. Әзірбаев, Кенен. Әзірбаев, Кенен (1884-1976) - қазақтың әйгілі халық ақыны, композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Туып-өскен жері – Жамбыл облысының Қордай ауданындағы Мәтібұлақ деген өңір. Ғасырға жуық ғұмыр кешкен Кенен өзі өмір сүрген замандағы әйгілі «июнь жарлығы», сонымен сабақтас 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы, одан соңғы Қазан төңкерісі, ұжымдастыру науқаны, халық дәулетінің жаппай тәркіленуі, халықты қынадай қырып кеткен ашаршылық, репрессия, соғыс, одан кейінгі тың игеру мен екпінді құрылыстар салу барысындағы желбуаз ұраншылдық сияқты халық тағдырына түбегейлі өзгеріс енгізген тарихи оқиғалардың бел ортасында болды. Жай сырттай бақылаушы емес, сол тарихи оқиғаларға Кенен сергек араласып, өзінің азаматтық позициясын бойындағы буырқанған дарыны арқылы айғақтап отырды. Бұл ретте, Кененнің әнші, ақын, жырау, күйші ретіндегі алуан арналы шығармаларын өзі өмір сүрген заманының жанды шежіресі деуге болады. Ол өз ғұмырында жүзден аса ән шығарып, оның өлеңін де өзі туындатып, бұған қоса асқан шеберлікпен өзі орындаған біртуар дарын иесі. Сондай-ақ, екі жүздей лирикалық, дидактикалық арнаулар мен толғаулардың авторы. Оның репертуарында оңдаған эпикалық жыр-дастан болған. Сол жыр-дастандарды таңды-таңға ұрып жырлап, тыңдаушысының құлақ құрышын қандырып, халықтың рухани ұйтқысы болған тұлға. Ол ән мен жырдың кенші атанған Жетісудың ғана емес, исі қазақтың әншілік-күйшілік, ақындық-жыршылық, сал-серілік дәстүрін терең игерген өнер тарланы. Кененнің дарын тегеуріні қазақтың ән өнерін әуендік интонациялық жағынан байытып, әннің түр-тұлғасын жаңа биіктерге көтеріп, тақырып аясына тарихи-әлеуметтік тың мазмұн дарытып, соны өрістерге алып шықты. Оның «Бозторғай», «Көкшолақ», «Ой, бұлбұл», «Он алтыншы жыл» сияқты әндері әуендік толымды жаңалықтарына қоса, бітім-құрылысы мен тақырыбы тұрғысынан да өзіндік төл сипатымен дараланады. Бұл әндердің қай-қайсысының да астарында уақыт тынысына қоса, ең алдымен Кененнің өзінің тарихи түйсік-зердесі, жалтағы жоқ болмысы аңғарылады. Мәселен, 16-шы жылғы толқудан көп бұрын дүниеге келген «Ой, бұлбұл» өлеңінде бұлбұлмен мұңдаса отырып, «Қаңғыртқан екеумізді патша құрғыр» деген сөзді айту үшін ыза-кекке қоса, сол кездегі іріп-шіріген саяси ахуалды түсінетін көреген зерде керек қой. Немесе, күндей күркіреген Отан соғысының алғашқы күндерінде-ақ Алатаудың ақ иық қыранындай саңқылдап, «Біздің Отан жеңеді!» деп жар салуы – ерге лайық жалтақсыз сенімнің, ақынға лайық оптимизмнің, ақылгөйге лайық көрегендіктің айғағы болса керек. Кенен Әзірбаев артына өлмес мол мұра қалдырып, халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани асыл қазыналарын бүгінгі өмірімен сабақтастыруға өлшеусіз үлес қосқан өнерпаз. Ақиық ақынның өлмес өлең-жырлары өлмес мол мұра қалдырып, халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани асыл қазыналарын бүгінгі өмірімен сабақтастыруға өлшеусіз үлес қосқан өнерпаз. Ақиық ақынның өлмес өлең-жырлары мен әсем ән-күйлері халықпен бірге мәңгі жасай бермек. Тастанбекқызы, Сара. Тастанбекқызы, Сара (1878-1916) - айтыскер ақын. Туған жері қазіргі Алматы облысының Қапал ауданы. Руы Найман. Өзінің қысқа ғұмырында тауқыметтің талайын көріп, әлеуметтік теңсіздіктің тәлкегіне ұшыраған Сараның шығармашылық жолы тым ауыр да күрделі жол. Ол үш жасында әкесінен айырылып, еңсе басқан жетімдік пен жоқшылықтың зардабын көріп өседі. Бұл аз дегендей, сырттай болса да жалғыз сүйенер тірегі немере ағасы Жайсаңбек «өгіз ұрлады» деген жаламен түрмеге түседі. Жоқшылық өтінде жеке қалған жетім бала, жесір әйелге қамқоршы болып, ауылына көшіріп әкелген Тұрысбек қажы Сараны шырылдатып, өзінің теңі емес, жаратылысынан кеміс туған, бай баласы Жиенқұлға атастырады. Жетім қыз үшін мал алған Тұрысбек қажының әрекетін естіген Есімбек қажы дау шығарып, Сараны өз ауылына көшіріп алады. Бірақ бұдан Сараға жақсылық болмайды. Ақырында бар шаруа екі қажының қыздың қалың малын тең бөліп алуға келісуімен тынады. Осылайша қаршадайынан басы дау шарға түскен ақын қыздың бағының ашылуына осы кезде найман елін аралап, серілік жасап жүрген атақты Біржан салмен кездесіп, шаршы топтың алдына онымен айтысуы үлкен себепші болады. Бұл айтыс Сараның халық алдындағы беделін арттырып, атағын алысқа жаяды. Елдің құрметіне бөленіп, халықтың махаббатына ие болған ақын қыздың тағдыр тізгінің өз қолдарынан сусып шығып бара жатқанын сезген қажылар да көпке көренеу қарсы шыға алмай, оның басына бостандық береді. Сөйтіп ақын Сара өзінің асқан дарынының арқасында теңдікке қол жеткізіп, он тоғыз жасында өз теңі Алтынбекұлы Бекбай дегенге тұрмысқа шығады. Теңдікке жетіп, теңіне қосылып, көзі ашылғандай болған осындай күндердің бірінде Верный қаласынан Әбіштің (Әбдірахманның) сүйегін алып қайтқан жолда Қапалда Абайға көңіл айтуға келген Найман елінің игі жақсылармен бірге Сара да келіп, ұлы ақынмен көріседі, аяулы баласынан айырылған ауыр қайғысына ортақтастығын білдіреді. Жастай жоқшылықты көп көріп, ауыр тұрмысты бастан кешкен теңсіздіктің зардабын шегіп, қайғы мұңды серік еткен ақын қыз көп ұзамай ауруға шалдығып, жалғанның қызығын жарытып көре алмай, ерте көз жұмады. Сара Тастанбекқызының Біржан салмен айтысы ғасырдан ғасырға үзілмей жалғасып келе жатқан қазақтың айтыс өнерінің шоқтығы биік, көркем үлгісі болып саналады. Ақынның бұл айтыстан басқа «Жүрек», «Ашындым», «Арсалаң аға алдында», «Жүрек сыры», «Жайлауда», «Әбіштің аруағына», «Хош бол, елім» секілді көптеген өлеңдері мен «Тұзақ» атты дастаны бар. Тынышбайұлы, Мұхаметжан. Мұхаметжан Тынышбайұлы (1879-1937) — қазақтың көрнекті саяси және қоғам қайрат­кері, алаш қоз­ғалысының негізін салушылардың бірі, Алаш Орда үкіметінің мүшесі және оның төрағасының орын­басары, тарихшы-ғалым, қазақ­тан шыққан тұңғыш теміржол қатынас­тарының инженері. 1879 жылы мамырдың 12 бұрынғы Жетісу облысы, Лепсі уезі, Мақаншы-Садыр болысында (қазіргі Қабанбай ауданы) дүниеге келген. 1889-1900 жылдары Верный ерлер гимназиясында оқып, оны үздік бітіріп шығады. Жыл сайын кластан класқа І-ші дәрежелі марапатпен көшіп, үздік үлгірім, өнегелі тәртібімен ұстаздарының ықыласына бөленеді. Гимназияны бітіргенде педагогикалық кеңестің шешімімен ол ғылымда, әсіресе, математикада үздік жетістікке жеткені үшін Алтын медальмен марапатталады. Жиырма жасар Мұхаметжанның Жетісу әскери губернаторының кеңсесіне тілмаш болып орналасуына жол ашады. Бірақ оқуға ынталы жас жоғары білім алуға ұмтылып, император Александр І атындағы Петербург теміржол транспорты институтына түсуге тілек білдіреді. Бұл жолы да тағдыр оған күле қарайды. Өзінің мұғалімі, гимназия директоры М.В.Вахрушевтің көмегімен қазынадан 360 сом жылдық стипендия алып, Петербургке аттанады. 1900-1906 жылдары Сән-Питербортегі І Александр атын­да­ғы жол қатынасы инженерлерін даярлайтын институтта оқып, мұнда да ол ерен қабілетімен ұстаздарын таңқалдырып, институтты үздік бағамен бітіреді. Институттың соңғы курсында жүргенде 1905 жылғы төңкеріске қатысады. Сол жылы өткен автономистерінің съезіне қатысып, онда «Қазақтар және қоғамдық қозғалыс» деген тақырыпта баяндама жасайды, өз халқының мұңын жеткізіп, Министрлер комитеті атына өтініш жолдайды. Онда қазақтарды басқарудың басты принциптерінің қазақтардың мүддесімен сай келмейтіндігін ғылыми тұрғыдан негіздеуге күш салады және басқарудың әскери жүйесінен азаматтық жүйеге көшуді талап етеді. Жас саясатшының бұл талабының атақты «Қарқаралы петициясы» талабымен үндесіп жатуы — халқым деген қазақ азаматтарының әр жерде жүріп, бір мақсатқа қызмет еткенін айқын көрсетеді. Институт қабырғасында оқып жүрген кезде-ақ ол туған халқы­ның, мұңын мұңдап, жоғын жоқ­тап баспасөзде уытты мақалалар жариялайды және әр түрлі жиын­дарда сөз сөйлейді. Қа­зақтардың жер мәселесі — сөзсіз аса маңызды… Үкіметтің нені көз­деп отырғаны түсінікті: бірінші­ден, … қазақтарды дербес ұлт ре­тінде жою және бүкіл өлкені орыс­тандыру; екіншіден, қазақтарды … қауқарсыз тобырға айналдыру; үшін­шіден, …ежелгі атақонысы­нан айыру… қандай қанқұйлы, зы­миян мақсат?! Жалпы М.Тынышбаев 1905-1907 жылдары Ресей империясының қоғамдық саяси өміріне белсене араласа бастайды. 1907 жылы Ресей ІІ-ші Мемлекеттік Думасына Жетісу облысынан депутат болып сайланады. Қазақ депутаттарының Дума трибунасынан Столыпиннің аграрлық саясатын сынаған үндері естіледі, әсіресе Бақытжан Қаратаевтың жасаған баяндамасы үлкен шу тудырды. Мұның аяғы 1907 жылдың 3 маусымдағы заң бойынша «еркіндікшіл» Дума таратылып, қазақтардың Мемлекеттік Думаға өз өкілдерін сайлау құқығынан айырылуымен тынады. ЖОО бітірген соң Орта Азия өңірі мен Жетісу теміржол құры­лысында инженер болып қызмет істейді. 1916 жылғы көтеріліс туралы Түркістан генерал-губернаторына берген түсініктеме нұсқасында оны кеңінен толғап, отаршылдық зорлық-зомбылық қимыл-әре­кеттеріне қысқаша шолу жасауы — тобықтай түйіндеп айтылған зор ғылыми еңбек болып табылады. Ақпан төңкерісіне дейін Мұхаметжан өзінің темір жол инженері мамандығы бойынша Орта Азияда, Жетісу облысында біраз жыл қызмет етеді. 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен өзге қазақ зиялылары сияқты ол да үлкен үміт күткен еді. Сондықтан да ол бұл кезде бел шеше қызмет етіп, қоғамдық-саяси қайраткер ретінде тез танылады. Сол жылы көктемде Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің мүшесі, сонымен қатар осы үкіметтің Жетісу облысындағы комиссары болып тағайындалады. 1917 жылы қазан айында Том қаласында өткен Жалпы Сібірлік съезге өзге алаш қайраткер­лері­мен бірге қатысып, Сібір кеңесінің құрамына енгізіледі. Сол жылғы желтоқсанда өт­кен Жалпықазақтық съезде Алаш­орда үкіметінің мүшелігіне сайланып, кейін Алашорда үкі­метінің төрағасының орынбасары ретінде көптеген заң актілеріне қол қояды. Алаштың арысы Әлихан Бөкейхановтың төңірегіне топтасқан ұлттық-демократиялық интеллигенция өкілдерімен бірге М. Тынышбаев та жалпыұлттық «Алаш» партиясын құруға тікелей араласады. 1917 жылы шілдеде өткен Жал­пы қазақтық съезде Жетісу об­лысынан Бүкілресейлік Құрыл­тай жиналысына депутаттыққа ұсынылады. 1917 жылғы желтоқсан айында жарияланған Алаш автономиясы үкіметінің он бес мүшесінің бірі болады, «Алаш автономиясы аумағындағы уақытша жер пайдалану туралы Ереженің» жобасын қабылдауға қатысады. 1918 жылы бүкілтүркістандық ІV-ші мұсылмандар съезіне қатысып, онда жарияланған Түркістан («Қоқан») автономиясының премьер-министрі болып сайланады. Түркістан автономиясын Кеңес өкіметі күшпен талқандағаннан кейін М. Тынышбаев Алашорда қайраткерлерімен бірге сол кезде бірінен соң бірі құрылып жатқан көптеген әр түрлі үкімет­термен (Уақытша Сібір үкіметі, Уфа директориясы, Колчак үкі­меттері сияқты) келіссөздер жүр­гізіп, хат-хабар жазысады, азамат соғысы жылдарында қызылдарға қарсы күреседі. Бірақ одан күткендей нәтиже болмайтынын көргеннен соң 1920 жылдан бастап, Кеңес өкіметінің жағына шығып, «буржуазиялық маман» ретінде Ташкентте, Қызылордада, Алматыда әр деңгейдегі шаруашылық мекемелерінде еңбек етеді. 1925-1926 жылдары жаңа ас­тана Қызылорда қаласын көрік­тендіру жүйесінің бас инженері болып тұрғанда қаланы сумен қамтамасыз ету жолын және көптеген жаңа объектілер салу ту­ралы ұсынады. 1926 жылдан бастап Тұрар Рысқұловтың қолдауымен Түркістан-Сібір жолын салуға қатысады. Сталиндік зобалаңда ол 1930 жылы 3 тамызда тұтқындалып, бес жылға сотталып Воронежге бес жылға жер аударылады. Онда ауырып, оралғанымен 1937 жылы қараша айында қайта тұтқындалады да, 1937 жылы Ташкент түрмесін­де "Халық жауы" деген желеумен атылады. 1959 жылдың 29-қыркүйегінде Мұхаметжан Тынышбаев Қазақ КСР-сы Жоғарғы сотының, және де 1970 жылы КСРО прокуратурасы мен Түркістан әскери округының прокурорының шешімімен ақталып шықты. Балуан Шолақ. Баймырзаұлы Балуан Шолақ (1864—1916) — атақты қазақтың халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны. Оның есімін де халық осы соңғы өнеріне сүйсінгендіктен еркелетіп, жас күнінде саусағын үсітіп алуына байланысты «Балуан Шолақ» деп атаған, әйтпесе өзінің азан шақырылып қойылған шын аты — Нұрмағанбет. Шыққан тегі — Ұлы жүздің Дулат тайпасының Сәмбет руынан. Бірақ аталары ерте кезде Арқаға қоныс аударғандықтан, оның бар өмірі Көкшетау өңірінде, атығай, қарауыл руларының арасында өскен. Әкесі Баймырза ағаш шебері болған. Әкесіне қарағанда, шешесі Қалампыр қарулы кісі болған дейді. «Алып — анадан» деген ғой, Балуан Шолақ та осы анасына тартып, теңдессіз алып күштің иесі болған. 14 жасынан бастап күреске түсіп, ат құғында ойнаған спортшы болған, шауып келе жатқан ат үстінде әр түрлі күрделі жаттығуларды шебер орындаған. Мысалы: жүйткіп келе жатқан ат үстінде түрегеліп, не басымен тұруы, аттың бауырынан өтуі, бір аяғын үзеңгіге қыстырып, шалқалап жатып шабуы бойындағы жойқын күшті, ептілікті шебер игере алатындығын, қазақтың далалық цирк өнерінің іргетасын қалағандығын айғақтайды. Көкшетау қаласындағы үлкен жиындарда 51 пұт (830кг-дай) кірдің тасын көтеріп, дүйім жұртты таң қалдырған. 1899 ж. Орыс палуаны Иван Кореньмен күресіп, оның қабырғасын сындырғанда Балуан Шолақ 35-те еді. Мұның үстіне Балуан Шолақ ән-күйге жасынан құмар болады. Бертін келе, жігіт шағында Балуан Шолақ осы екі өнерді қатар дамытады. Әке-шешесі қайтыс болған соң, Ғаникей деген қызға үйленген Балуан Шолақ ел аралап, салдық құрады және жалғыз-жарым жүрмей, маңына әнші-күйші, палуан, өнерлі жастарды жинайды. Топ құрып, «ансамбль» болып сауық құру Балуан Шолақтың дәстүріне айналған. Өзі ұстаз тұтқан Біржан сал, Ақан сері әндерінің тамаша орындаушысы әрі насихатшысы болады. Олардың әнші-композиторлық дәстүрін берік ұстанып, кейін өзі де ән шығарады. Бұл тұрғыдан алғанда, Балуан Шолақ қазақтың әншілік өнерін өрістетуге үлкен үлес қосқан композитор. Көкшетау, Қарқаралы, Қараөткел, Сарысу бойындағы елдерді түгел аралаған. Балуан Шолақ Баян-ауыл, Семейде болады, Арқаның әндерін Жетісуға жеткізеді. Осы сапарында Кенен Әзірбаев Балуан Шолақтың көптеген әндерін үйреніп, халыққа таратады. Оның халық арасына кеңінен тараған әндері — «Ғалия» мен «Сентябрь». «Ғалия» нәзік сезім дүниесін, мөлдір махаббатты шеберлікпен сыршыл әуенде жырлаған ғашықтық лирикасы болса, Балуан Шолақтың әндерін шебер орындаушылар Ж.Елебеков, М.Көшкімбаев, М.Тырбаев, Ж.Кәрменов, Қ.Байбосынов, т.б. болды. Белгілі музыка зерттеушісі А. В. Затаевич ел арасынан Балуан Шолақтың бірнеше әндерін жазып алып, оны «Қазақ халқының 1000 әні» және «Қазақтың 500 әні мен күйі» жинақтарына енгізеді. Сан өнерімен халқын риза етіп, Сарыарқасын сазды әуенімен тербеткен, заманының айтулы сал-серісінің бірі болған Балуан Шолақ Баймырзаұлы 1916 жылы өзінің өскен өңірі Өзектісайда қайтыс болады. Құдайбердіұлы, Шәкәрім. Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858 - 1931) — қазақ ақыны. Өмірбаяны. Туған жері қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде 1858 ж. шілденің 11-де дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған, Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек. Шәкәрім сонда Абайға немере іні болып келеді. Шәкәрім бес жасында оқуға беріліп, екі жылдай оқиды. Құдайберді отыз жеті жасында дүниеден өткенде, атасы Құнанбайдың тәрбиесінде болған Шәкәрім жетімдік тауқыметін тарта қоймаған. Өзінің «Мұтылғанның өмірі» атты ғұмырнамалық өлеңінде бес жасында ауыл молдасынан сабақ ала бастағанын жазады. Атасы оның көңіліне қаяу түсірмей, бетінен қақпай, еркелетіп өсіреді: ол жөнінде ақынның өзі: «қажы марқұм мені „жетім“ деп аяп, қысып оқыта алмай, жетімді сылтау етіп, ойыма не келсе, соны істеп ғылымсыз өстім» деп өкіне еске алады. Алайда ақылды бала өсе келе тез ес жиып, жеті жасынан бастап өлең сөзге бейімділігін танытады. Оның ерекше зеректігін аңғарған Абай Шәкәрімді өз қамқорлығына алады, «молда сабағынан» басқа орысша үйренеді. Былайғы өмірін ғылым білім қуумен қатар, домбыра тарту, гармоньда ойнау, ән салу, саятшылық құру, сурет салу, т.б. өнерлерге арнайды. Оның өнеге көрген ортасы Құнанбай ауылының зиялы тобы, ұлы Абайдың тағылымы болды. Ол жас Шәкәрімнің азамат және ақын ретінде қалыптасуына ерекше әсер етеді. Абайдың кеңесімен әр түрлі кітаптар оқуға машықтанған Шәкәрім ақылы кемелденіп, ой өрісі тереңдеп өседі. Ақындық өнерін де таныта бастайды. Ресми ақталуы. 1988 жылы Шә­кәрім ақталып, оның өлмес, өш­пес мұрасы халқына қайта орал­ды. Осы жылы ақынның “Жазу­шы” және “Жалын” баспа­сы­нан өлеңдер, ал “Өнер” бас­пасынан әндер жинақтары жарық кө­рді. Тап осы жылы қажының 130 жылдығы Абай ауданы, 1998 жылы 140 жылдығы Семей қаласы көлемінде тойланды. Осы жылдар аралығында Семейдегі бір жоғары оқу орнына қажы есімі беріліп, ескерт­кіші орнатылды, қала орталығындағы үлкен бір даңғыл ақын есімімен аталды. Мұның сыртында қаладағы байырғы бір қазақ мектебі ақын есімін иеленді. Бүгінде осындағы екі бірдей жоғары оқу орнында – Семей педа­гогика институты мен Шә­кәрім атындағы Семей универ­си­тетінде шәкәрімтану ғылыми-зерт­теу орталықтары жұмыс іс­тейді. Сол орталықтардың күші­мен “Шәкәрім” және “Шәкәрім әлемі” атты екі бірдей журнал жа­рық көруде. Семей педагогика институтындағы Шәкәрім­тану ғылыми-зерттеу орталығында қазірде Шәкәрімнің тұлғалық экциклопедиясы дайындалуда. Мұның сыртында аталмыш орталықта Шәкәрім мұрасы туралы бүгінгі күнге дейін бес томдық еңбек дайын тұр. Шығармалары. «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» атты тұңғыш кітабы 1911 ж. жарық көрген. Шәкәрімді философ, тарихшы, ойшыл ретінде де танытатын «Үш анық», «Мұсылсандық шарты» атты туындылары, әлеуметтік-ағартушылық арнадағы «Жолсыз жаза», «Қалқаман — Мамыр», "Еңлік - Кебек", "Нартайлақ-Айсұлу" т.б. жыр жинақтары мен поэмалары басылып шыққан. Көбісінде негізгі сюжет ғашық жастар төңіргіндегі оқиғалар туралы болғанмен, оларды тек қана махаббат трагедиясы деп қарауға болмайды. Шәкәрімнің поэмалары өзінің әлеуметтік, философиялық терең астарымен ерекшеленеді. Оның сезімді жүрегінен «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек», «Жастық туралы», «Анадан алғаш туғанымда» сияқты жиырмаға тарта әсем әуезді әндер туған. Көркем проза саласында бірнеше шағын әңгімелер, "Әділ - Мария" деп аталатын роман тудырған. Сондай-ақ Шығыс ақыны Физулидің шығармасы негізінде «Ләйлі — Мәжнүн» дастанын жазған, орыс ақыны А. С. Пушкиннің "Дубровский", "Боран" атты шығармаларын өз өрнегімен аударып шыққан. Хафиз, Физули, А.С. Пушкин, Л.Н. Толстой т.б. шығармаларын қазақ тіліне аударған. Мақтаған кім, сөккен кім — онда ісің жоқ, Дос мақтасса, не пайда онан саған, Дұшпан сөксе, не кемдік көрдің жаман? Мақтау — пайда, зиян ба жамандаған? Қуанбақ, не кейімек өзіңе еп пе? Солар сөкпес іс қылар жолды көксе. Дос мақтайды сен жақсы көрмек үшін, Көп нені айтса, соны айтып ермек үшін. Бұл үш мақтау берер ме саған пайда, Кейде дос та жамандар жоқ нәрсе үшін, Өтірік пе, рас па, көрмей ішін. Жақсы іске — ындын, зиянға салар тоқтау. Сен де жында боласың есі жоқтау! Әндері. Шәкәрімнің әндерін алғаш рет нотаға түсірген голландық Альвин Эрнестович Бимбоэс. Ол 1919 - 1922 жылдар аралығында Ақмола саяси бөлімінде нұсқаушылық қызмет атқарып жүріп, қазақ әндерін нотаға түсірумен шұғылданады. Соның нәтижесінде 1926 жылы Н.Ф. Финдейзеннің редакциялауымен шыққан «Музыкалық этнография» жинағында Бимбоэстің қазақ музыкасы туралы жазған көлемді мақаласына қоса қазақтың жиырма бес әнінің нотасы басылады. Осы аталған жинақтың ішінде «№ 1 Шакарим», «№ 2 Шакарим» деген атпен Шәкәрімнің екі әні жарық көреді. Бірақ, екі әннің де өлеңі нота астына жазылмаған, тек орыс тілінде мазмұны берілген. А.Э. Бимбоэс нотаға түсірген «№1 Шакарим» әнінің екінші түрі А.В.Затаевичтің 1925 жылы шыққан «Қазақ халқының 1000 әні» жинағына «Тілек - бата» деген атпен енген. Ал Шәкәрімнің «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» деген әні А.В. Затаевичтің 1931 жылы жарық көрген «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» деген жинағында «Шәкәрім Құдайбердин әні» деген атпен жарияланған. Осы жинақтың № 156 анықтамасында А.В.Затаевич: «Шәкәрім Құдайбербин - Семей уезінің қарт ақыны, қазір тірі, жасы жетпістер шамасында. Жинақта келтірілген әнін орыс әндерінің үлгісіне еліктеп шығарса керек, - деп жазған. Шәкәрім әндері қазақ композиторларының шығармаларына да арқау болды. Ахмет Жұбановтың «Абай» сюитасының бірінші бөліміне, А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсындағы Айдардың ариозосына, Айдар мен Ажардың дуэтіне сазгердің шығармалары пайдаланылды. Ал ақын поэмаларының сюжеті еліміздің ақын-жазушыларының, композиторларының шығармашылығынан кең орын алғанын айтсақ артық болмас. Мысалы, «Қалқаман - Мамыр» балетіне, «Еңлік - Кебек» пьесасына, «Еңлік - Кебек» операсына Шәкәрім туындылары арқау болғаны барша жұртқа аян. Орындаушылар. Шәкәрім әндерін өз бабында, иін қандырып айтатындар Әбдіғали Алдажаров, Зікағил Абайұлы, Рақымжан Мамырқазов, Есбай Бекхожин, Зұлғарыш Әзімбаев, Жебрайыл Тұрағұлов, Әлмағамбет деген өнерпаз адамдар болды. Шәкәрімнің әндерін өзінен үйренгендердің ішінен басқалардан шоқтығы биік, көпке танымал болған әнші Қабыш Керімқұлов болса керек. Ол ақынның оншақты әнін музыкатанушы Асқан Серікбаеваға айтып береді. Ал ол өз тарапынан осы әндерді қағазға түсіреді. Шәкәрімнің «Жиырма үш жасымда», «Жылым - қой, жұлдызым - июль», «Қорқыттың сарыны», «Қорқыт, Хожа Хафиз түсіме енді де», «Анадан алғаш туғанда», «Сұраған жанға сәлем айт», «Ойладым бір сөз жазайын да», «Мұтылғанның өмірі», «Сен ғылымға болсаң ынтық», «Көңіл», «Байғазы» сынды әндері ұзақ жылдар Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның фольклорлық зертханасының қорында сақталып келген бұл әндер сол Қабыш айтқан, Асқан нотаға түсірген дүниелер екенінде дау жоқ. Ал қазір Шәкәрім әндерінің бірден-бір насихатшысы, жанашыр іздеушісі әрі орындаушысы әнші Келденбай Ұлмесеков. Ол ел ішінде ұмыт болып бара жатқан ақынның біраз әндерін жинастырып, жарыққа шығарды, қазақ радиосының Алтын қорына жазғызды. Тілепбергенұлы, Қазанғап. Тілепбергенұлы Қазанғап (1854-1927) – қазақтың әйгілі күйші-композиторы. Туып-өскен жері – арал көлінің жағасы, Құланды түбегінің Ақбауыр деген жері. Топырақ бұйырған жері – сол Ақбауыр маңы, Айшуақ ауылының іргесі. Шыққан тегі – Ұлы жүз құрамындағы байырғы тайпалардың бірі - Шанышқылы. Шежіре дерегі бойынша, Ұлы жүз Ақарыстан тараған ұрпақтың бірі Кейкі би, одан Төбей туған. Төбейден Майқы, Қоғам, мекіре, Құйылдар деген төрт ұл туады. Осылардың Қоғамынан Қаңлы мен Шанышқылы туған. Шанышқылыдан Қорбақа, Дархан, Қырықсадақ, Бектау деген төрт ұл туады. Осылардың ішіндегі Қырықсадақтан Қазанғаптың аталары өрбіген. Кіші жүздің Ресейге бодан болуы ел ішіндегі әлеуметтік-саяси құрылымға ертерек өзгеріс енгізіп, бұрынғы ру аралық пәтуә- бірлік шырқының ертерек бұзылуына себепші болды. Әрідегі Сырым батыр, онан соң Исатай мен Махамбет бастаған жойқын көтерілістер, берідегі Бекет батыр бастаған көтеріліс Қазанғаптың жөргектен құлағына сіңісті болған, қала берді көзі көрген заманалық тауқымет айғағы болатын. Бойы өсіп, бұғанасы қатып үлгермей-қ Қазанғаптың маңдайына қойшылық өмір бұйырған. Қой соңында өткізген он жылда ол домбыраны жан серігі етіп, өзінің сезім – түйсігін күй тілінде сыртқа шығаруды машық етеді. Содан, оң-солын тани бастағанда күйге біржола өмірін арнамақ болып, әке-шешесінен рұқсат алады. Доңызтау-Аққолқада – Төреш, Бесқалада – Орынбай, Құрманияз, Орынборда – Үсен төре сияқты әйгілі домбырашылармен кездеседі. Арал алабын, Үстірт, Маңғыстау аймағын, Ақтөбе, Ырғыз, Қостанай, Троицк, Орынбор төңірегін шарлап, ел ішіндегі күй сарындарын көкірегін армансыз сіңіреді. Небір додалы күй сайыстарына түсіп, өнерін шыңдайды. Мұның бәрі Қазанғап бойындағы тегеурінді дарынның жарқырай көрінуіне, шабыт тұғыры болуына себепші болады. Қазанғап қарақалпақтар ортасында болған кезінде Балжан деген қызбен көңіл жарастырып, бас құрауға уәде байласады. Алайда, жоқ-жітік тірлік кешкен қарт әке-шешенің жағдайымен Қазанғап уәделі уақытта Балжанға келе алмайды. Кейін тағдыр айдап, тұрмысқа шыққан Балжанға келе алмайды. Сонда Балжан: «Қазанғап аға, тағдырдың бұйрығы осылай болды. Менде жазық жоқ, сағынышты серік етіп, уәделі мерзімді екі еселеп күтіп-ақ едім. Уәдеде тұра алмаған айып-шамыңызға өмір бойы маған күй арнап өтіңіз!» - деп, ашық мінезбен ағынан жарылады. Қазанғап адалдық пен сұлулық айғағындай Балжан аруды өмір бойы күй арқауы, шабыт тұғыры етіп өткен. Қазанғап шығарған күйлердің ішінде Балжанға арналған күйлер циклі қазақ күй өнерінің ең бір шуақты шоғырына жатады. Жалпы, Қазанғап эпикалық күйші. Оның күйлері қазақтың өткеніне де, бүгініне де, болашағына да терең бойлайды. Қазанғап күйлері халық тарихының артта қалған алмағайып кезеңі туралы «Ноғайлы босқыны» деп, он алтыншы жылғы патша жарлығын жарадай сезіне отырып «Жұртта қалған», «Окоп» деп күңіренеді. Қазан төңкерісінен кейінгі ел өмірінің түбірлі өзгерістерін ұлы көшке теңеп «Қызыл керуен» деп бебеулейді. Ал, «Майда қоңыр», «Учитель», «Өтті-ау дүние», «Көкіл» сияқты күйлері өмірдің мәні мен сәні туралы, бүгін мен болашақтың қамы туралы таусыла толғанады. Қазанғаптың күйшілік болмысына ден қойғанда, оны да ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында қазақ халқының рухани әлемінде көрініс тапқан антиутопиялық ағымның, кертолғау сарынының, зар заман тақырыбының аса дарынды өкілі деп аныған жөн. Ақан сері. Қорамсаұлы Ақан сері (1843—1913) — қазақ халқының әйгілі әнші-композиторы, ақын. Туып-өскен жері — Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданындағы Үлкен Қоскөл маңы. Топырақ бұйырған жері Айыртау ауданындағы Бұлақ басы, Құлагер құдығы, Құлагердің ақ шарбағы деген жерлер. Шыққан тегі — Арғын ішіндегі Қарауыл руы. Әкесі Қорамса, шешесі Жаңыл қарапайым шаруа адамдары болған. Алғашқыда ауыл молдасынан сауат ашып, содан кейін Қызылжардағы Уәли (Ахметуәли) медресесінде оқыған (1856-—1859). Мұнан кейін өз ауылына қайтып оралып, өнер жолына бір жола өмірін арнаған. Халық Ақаңның бойындағы қайталанбас биік өнерді жоғары бағалап, оның сұлу сырлы өлеңдерін сүйіп айтып, өнерге өмірін арнаған бекзаттығын қадірлеп «Ақан сері» деп атаған. Ақан сері алғашқы әйелі Бәтимадан Ыбан (Ыбырайым) есімді бір перзент көрген. Бәтима өлген соң Ұрқия атты қызға үйленіп, онымен ұзақ отаспаған. Ақанның «Хат жаздым қағаз алып, қалам, сия» деп басталатын өлеңі осы Ұрқияға арналған. Ақын өмірінде — өшпес із қалдырған адам — Ақтоқты сұлу. Ақтоқтыға үйленуді тағдыр Ақанға жазбаған. Ақанның «Ақ көйлек», «Аужар», «Алтыбасар», «Ғашық жарға», «Тағрипың» деп аталатын терең сырлы, ғажайып сезімге толы әндері осы Ақтоқтыға арналған. Сал-серілік дәстүрді барша сән-салтанатымен ұстанған Ақан сері жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазыны жан серігі еткен. Мұндай өмір салтын оның әншілік-ақындық шабытына тұғыр болып, «Құлагер», «Маңмаңгер», «Көкжендет», «Екі торы ат», «Алай көк», «Тер қатқан» сияқты тамаша әндердің дүниеге келуіне себепші болған. Сондай-ақ, оның «Көкшетау», «Сырымбет», «Кербез сұлу» деп аталатын әндері туған жерге, өскен елге деген перзенттік махаббаттың жарқын айғағы. Ақан сері өз кезінде Біржан сал, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Естай, Иманжүсіп, Құлтума сияқты ақын-әншілермен бастас болып, халықтың мәдени-рухани өміріне айрықша ықпал еткен. Ақан Сері, А қ ж і г і т Қ о р а м с а ұ л ы — ақын, әнші, композитор. Ақан 1843 ж. бұрынғы Көкшетау (қазіргі Ақмола) облысындағы Үлкен Қоскөлдің маңында туған. Әуелі ауылда, содан соң Қызылжардағы Уқли (Ахметуқли) молдадан оқыған. 16 – 17 жасынан өнер жолына түскен. Бірінші әйелі Жұман қызы Бәтимадан туған жалғыз ұлы Ыбан (Ыбырайым) тілсіз, мылқау болған. Бәтима өлген соң, аз күн отасқан әйелі Ұрқияға «Хат жаздым қағаз алып, қалам, сия» деген өлеңін арнаған. Тірідей айрылған сүйген қызы – Ақтоқты. Бұл – аты аңызға айналған оқиға. Ақтоқты есімі Ақан шығармаларынан кең орын алды. «Ақ көйлек», «Аужар», «Алтыбасар», «Ғашық жарға», «Тағрипың», «Ж-ға» – Ақтоқтыға арналған махаббат толғаулары. Құлагердің мерт болуы (1880-жылдардың ортасы) да егде тартқан серінің өмірі мен шығармашылығында ұмытылмас оқиға болды. Өмір соққысын көрген ол жайлауға көшпей, баласы Ыбан екеуі қыстауда қалады. Дұшпандары оны әр саққа жүгіртіп өсек таратады. Бірақ Ақан өмірден де, өнерден де қол үзбейді. Осы тұстағы ән-өлеңдерінің елеулісі – «Балқадиша». 1890 жылдардағы шығармашылығында айтыс едәуір орын алды. Ақанның елдің жер-судан, қоныстан айырылуына наразылық білдірген азаматтық лирикалары мен сықақ өлеңдері де өткірлігімен ерекшеленеді. Қонысынан айрылған елдің мұң-мұқтажын ақын халық атынан айтады. 1913 ж. Ақан өзінің туған жерінде дүние салды. Ақан сері – өмір шындығын үлкен суреткерлікпен жырлаған заманының асқақ ақыны ғана емес, мұңшыл да сыршыл, әншілік-орындаушылық өнерімен танылған өзгеше дарын иесі. Оның композиторлығы ақындығынан кем түспейді. «Ақан сері» атанып, кезінде жұртшылыққа кең танылуы, атақ, даңқының шар-тарапқа жетуі – әншілік-композиторлық өнерінің жемісі. Ол жас кезінде айналасына әнші-күйші жастарды жинап, өзгеше бір өнерлі топ болып ел аралады. Балуан шолақ, Жаяу Мұса, Естай, Иман Жүсіп, Құлтума сияқты атақты ақын-әншілер Ақанның ең жақын достары болған. Ол қазақтың ұлттық өнерін кәсіби биікке көтеріп, дәстүрлі өнердің классикалық үлгісін жасады. Елуге жуық музыкалық мұрасы қазақ мәдениетінің алтын қорына енді. Оның шығармаларын белгілі әншілер Әміре Қашаубаев, Жүсіпбек Елебеков, Манарбек Ержанов, Жәнібек Кәрменов, т.б. ел игілігіне айналдырды. Қазақстан композиторларының симфониялық және опералық шығармаларына кеңінен енгізіліп, Ақан әндері екінші өмірін бастады. Серінің өмірі мен тағдыры туралы Ілияс Жансүгіров «Құлагер» поэмасын, Ғабит Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты» драмасын, Сыдық Мұхамеджанов осы аттас операсын, Сәкен Жүнісов «Ақан сері» романын жазды. Алтынсарин, Ыбырай. Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы. Туып-өскен жері — Қостанай облысының Қостанай ауданы, Арқарағай ауылы. Осы өңірде, Тобол өзенінің жағасынан топырақ бұйырған. 1850 ж. Орынбор шекара комиссиясының қазақ балалары үшін ашқан мектебіне оқуға түседі. Мектепті бітірген соң, Орынбор шекара комиссиясында әскери старшина болып қызмет атқаратын үлкен әкесі Балғожа Жаңбыршыұлының хатшысы болады (1857—1859). Орынбор облыстық басқармасында тілмаштық қызмет атқарады. 1860 жылы Орынбор бекінісінде (Торғай) қазақ балалары үшін мектеп ашу тапсырылады, әрі сол мектепке орыс тілінің мұғалімі болып белгілінеді. Ыбырайдың бүкіл өмірін арнаған ағартушылық-педагогтық қызметі осылай басталады. Тікелей өзінің араласуымен халықтан жинаған қаржыға мектеп үйін және интернат салып, 1864 жылы 8 қаңтарда мектептің жаңа ғимаратын салтанатты түрде ашады. Ұстаздық-ағартушылық қызметке қоса Ыбырайға басқа да жұмыстарды атқару жүктеледі. Орынбор генерал-губернаторының тікелей тапсыруы бойынша Торғайда төрт рет уездік судья болып (1868—1874), торғай уездік бастығының аға жәрдемшісі (1876—1879) қызметін атқарады. Ыбырай инспекторлық қызметке кіріскен соң оқу-ағарту жұмыстарын одан әрі жандандырып, Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз уездерінде бір-бірден екі кластық орыс-қазақ мектептерін ашады, оларды қажетті кітаптармен жасақтайды. Әсіресе, елді көшпелі өмір салтын ескеріп, Ресейдің халық ағарту жүйесіне жаңа үлгілі білім беру тәсілін ұсыныс етеді. Нәтижесінде, 1888 жылы 10 сәуірде Орскіде бастауыш мектептер үшін қазақ жатарынан оқытушылар даярлайтын мұғалімдер мектебі ашылады. Ыбырай мұнан әрі қазақ жастары арасынан экономика, ауыл шаруашылығы, қол өнер кәіспшілігі салаларына қажетті мамандар даярлайтын училищелер ашуға көп күш жұмсайды. Тіптен, Қостанайдан ашылатын ауыл-шаруашылық училищесіне өзінің иелігіндегі жерін беретіні туралы өсиет қалдырады. Ыбырайдың қазақ қыздары үшін Торғайда, Қостанайда, Қарабұтақта, Ақтөбеде мектеп-интернат аштыруының тарихи мән-маңызы зор болды. Ыбырай оқу-ағарту жұмыстарына өз заманының ең озық әдістемелерін қолдана отырып, білімнің балаларға ана тілінде берілуіне айрықша мән береді. «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулық, «қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» атты дидактикалық оқу құралын жазды. Бұл кітаптарындағы оқушыны отан сүйгіштікке, еңбекке, кісілікке — тәрбиелейтін ғибратты шығармалары ешқашан да өзінің мән-мағынасын жоймақ емес. Тек қана оқу-ағарту жұмыстары емес, Ыбырай сонымен бірге сол кездегі қоғамдық — саяси өмірге сергек араласып, ғылым-білімге, еңбек пен өнерге, дінге, этнографияға қатысты мақалалар жазды. Оның, әсіресе, көркем еңбектері қазақ әдебиетінің қалыптасуына айрықша ықпал етті. Ыбырай есімі берілген аудан, ауылдар, оқу оырндары, көшелер, жер атаулары Қазақстанның түкпір-түкпірінде кездеседі. Байжанұлы, Жаяу Мұса. Байжанұлы Жаяу Мұса (1835—1929) — Қазақтар|қазақ халқының әйгілі әнші-композиторы, ақын. Туған жері — Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Жасыбай көлінің жағасы, Ақшоқы алқабы. Шыққан тегі — Орта жүз, Арғын ішіндегі Сүйіндік руы. Байжанұлы Жаяу Мұса (1835—1929) — қазақ халқының әйгілі әнші-композиторы, ақын. Туған жері — Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Жасыбай көлінің жағасы, Ақшоқы алқабы. Шыққан тегі — Орта жүз, Арғын ішіндегі Сүйіндік руы. Алғаш ауыл молласынан оқып, сауат ашады. Оң-солын тани келе өнер-білім қуып, Қызылжар, Омбы қалаларына келеді. Омбыдағы орыс мектебінде оқиды, қала өнерпаздарымен араласып, домбыра, сырнай, скрипка аспаптарын тартуды меңгереді, өзінің сезім-күйін әнге қосуға машықтанады, музыкалық әдеби кештерге араласады.Бойындағы өнерін жұрт алдында көрсете бастайды. Қалада өткерген жылдарында Жаяу Мұса сол кездің саяси-әлеуметтік өмірін тереңірек танып, туған елінің бодандықтағы мүшкіл халіне ой зерделетіп, санасы толысқан шағында елге оралады. Әрине, ел ішіндегі әлеуметтік әділетсіздіктер мен сыртқы өктемдікті жай ғана бақылаушы болып қана қалмайды, өзінің ұстанымын тиісті жерінде өнерімен де, іс-әрекетімен де көрсетіп отырады. «Ақ сиса» сияқты әлеуметтік теңсіздікті әшкерелеген әндері ел ішіне тарай бастайды. Ақыры Жаяу Мұсаға «Патша саясатына наразы адам» деген айып тағылып, Тобылға жер аударылады. Тобыл түрмесінде ол генерал-губернаторға хат жазып, әскер қатарына сұранады. Мұсаның өтініші қабылданады. Осылайша, оның әскер қатарындағы әр қиырды шарлаған күрделі өмірі басталады. Тобыл, Орынбор, Қазан, Новгород, Мәскеу, Владимир, Петербор қалаларында, Полония, Литуания жерінде болады. Кейін Қоқан хандығының саясатына қарсы жұмсалған полковник М.Черняевтің әскерінің құрамында Алатау, Әулиеата, Шымкент жорығына қатысады. Осы жорықта Ресей әскерінің зорлықшыл әрекеттерін көзімен көрген Жаяу Мұса қатты налиды, ән-жырына қосады. Алыста жүріп, туған жерін сағынып «Сүйіндік» әнін шығарады. «Толғау», «Арап ұрыға», «Бозторғай», «Хаулау» әндеріне өмірден көрген сондай қиындық қиянаттар арқау болады. Өмірдің көп тауқыметін бастан өткеріп, еліне оралған Жаяу Мұса әлеуметтік-саяси теңсіздікке арналған әндер шығаруды одан әрі жалғастырады. Ақмола уезіне қарасты Құлбай деген байдың немере қызы Сапармен көңіл жарастырып, ұрпақ құрып, саясатшылықпен айналысады. Жаяу Мұса қазақтың ән өнерін мазмұн, түр жағынан байытып, шығармашылық жаңалықтар енгізіп, әуен сазын жаңа биіктерге көтерген аса дарынды композитор. Ол өз шығармаларында қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, өз заманының арман-аңсарын әнмен бедерлей білді. Оның әлеуметтік көзқарастары, азаматтық ұстанымдары сол кездің демократтық-ағартушылық озық идеяларымен астасып жатты. Жаяу Мұса әндерін күні бүгінге дейін халық сүйіп тыңдайды. Оның алуан нақысты асқақ әндері Қазақстан композиторларының көптеген шшығармаларына арқау болған. Алғаш ауыл молласынан оқып, сауат ашады. Оң-солын тани келе өнер-білім қуып, Қызылжар, Омбы қалаларына келеді. Омбыдағы орыс мектебінде оқиды, қала өнерпаздарымен араласып, домбыра, сырнай, скрипка аспаптарын тартуды меңгереді, өзінің сезім-күйін әнге қосуға машықтанады, музыкалық әдеби кештерге араласады.Бойындағы өнерін жұрт алдында көрсете бастайды. Қалада өткерген жылдарында Жаяу Мұса сол кездің саяси-әлеуметтік өмірін тереңірек танып, туған елінің бодандықтағы мүшкіл халіне ой зерделетіп, санасы толысқан шағында елге оралады. Әрине, ел ішіндегі әлеуметтік әділетсіздіктер мен сыртқы өктемдікті жай ғана бақылаушы болып қана қалмайды, өзінің ұстанымын тиісті жерінде өнерімен де, іс-әрекетімен де көрсетіп отырады. «Ақ сиса» сияқты әлеуметтік теңсіздікті әшкерелеген әндері ел ішіне тарай бастайды. Ақыры Жаяу Мұсаға «Патша саясатына наразы адам» деген айып тағылып, Тобылға жер аударылады. Тобыл түрмесінде ол генерал-губернаторға хат жазып, әскер қатарына сұранады. Мұсаның өтініші қабылданады. Осылайша, оның әскер қатарындағы әр қиырды шарлаған күрделі өмірі басталады. Тобыл, Орынбор, Қазан қаласы Қазан, Новгород, Мәскеу, Владимир, Петербург қалаларында, Полония, Литуания жерінде болады. Кейін Қоқан хандығының саясатына қарсы жұмсалған полковник М.Черняевтің әскерінің құрамында Алатау, Әулиеата, Шымкент жорығына қатысады. Осы жорықта Ресей әскерінің зорлықшыл әрекеттерін көзімен көрген Жаяу Мұса қатты налиды, ән-жырына қосады. Алыста жүріп, туған жерін сағынып «Сүйіндік» әнін шығарады. «Толғау», «Арап ұрыға», «Бозторғай», «Хаулау» әндеріне өмірден көрген сондай қиындық қиянаттар арқау болады. Өмірдің көп тауқыметін бастан өткеріп, еліне оралған Жаяу Мұса әлеуметтік-саяси теңсіздікке арналған әндер шығаруды одан әрі жалғастырады. Ақмола уезіне қарасты Құлбай деген байдың немере қызы Сапармен көңіл жарастырып, ұрпақ құрып, саясатшылықпен айналысады. Жаяу Мұса қазақтың ән өнерін мазмұн, түр жағынан байытып, шығармашылық жаңалықтар енгізіп, әуен сазын жаңа биіктерге көтерген аса дарынды композитор. Ол өз шығармаларында қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, өз заманының арман-аңсарын әнмен бедерлей білді. Оның әлеуметтік көзқарастары, азаматтық ұстанымдары сол кездің демократтық-ағартушылық озық идеяларымен астасып жатты. Жаяу Мұса әндерін күні бүгінге дейін халық сүйіп тыңдайды. Оның алуан нақышты асқақ әндері Қазақстан композиторларының көптеген шығармаларына арқау болған. Шығайұлы, Дәулеткерей. Шығайұлы Дәулеткерей (1814-1887) - қазақтың әйгілі күйші композиторы, төре күйлерінің негізін қалыптастырушы. Өмірбаяны. Бұрынғы Бөкей ордасында, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Орда ауданына қарасты Қарамола деген жерде дүниеге келіп, өзінің ата қонысынан топырақ бұйырған. Ата бабасы Өріс (Орыс) ханнан бері қарай хандық биліктен қол үзбеген. Бөкей хан өлген соң, Дәулеткерейдің әкесі Шығай сегіз жылдай Бөкей ордасына хандық билігін жүргізген. Дәулеткерей төре күйлерінің дәстүрін біржолата орнықтырып, төре тартысты тұтас бір мектеп ете алған адам. Сондықтан да болар, Дәулеткерейді академик А.Жұбанов «төре күйлерінің атасы» дейді. Әрине, Дәулеткерей тақыр жерден өнген дарын емес. Ол өскен ортада күйшіліктің әбден қалыптасқан дәстүрі болған. Соқыр Есжан, Байжұма, Мүсірәлі сияқты күйші домбырашылар Орда төңірегіне құлақ түргізген дарын иелері еді. Дәулеткерей осы күйшілердің дәстүрін шабыт тұғыры еткен. Әсіресе, оның күйшілік өнерге елдік мазмұн дарытып, шабыт жанығандай күй кешуіне Құрманғазымен кездесуі себепші болады. Қос ұлы күйші іштей түсінісіп, жан жүректері жарасып, тіптен, бір біріне күй арнайды. Дәулеткерей бойындағы дарынның тек тамыры сөз болғанда өзі шыққан әулеттің өнерпаздық дәстүрін де айта кеткен жөн. Бөкей ордасындағы төре тұқымдарының арасында хандық билікті күйттеуден гөрі өнер мен ғылымға құлай берілгендері де аз болмаған. Дәулеткереймен немере болып келетін Мұхит бүкіл Кіші жүздегі ән мектебінің туын көкке шанышқан дарын. Сондай ақ Арынғазы, Жантөре, Өрейжан сияқты өкше басар інілері де төңірегін күймен баураған өнерпаздар болған. Тіптен, бел баласы Салауаттың өзі сұлтандық билікті тәрік етіп, күйден көбірек жұбаныш тапқан. Дәулеткерейдің туған жиені Бөкейханов Науша бүкіл өмірін нағашысының күйлерін насихаттауға арнаса, екінші жиені, Орынбордың кадет корпусын бітірген дарынды түлек Бабажанов Салық бүкіл өмірін халықты билеуге емес, ғылым білімге арнаған. Шығармалары. Дәулеткерей алғаш рет жастық сезімнің қарлығашы сияқты «Ақжелең», «Қосалқа» сияқты күйлерін шығарған. Дарынды күйшінің жарқын сезімге, сұлу суреттерге бай өзіндік қолтаңбасы осы күйлерінің өзінен ақ айқын аңғарылады. Жастық шағында ұлы күйшінің жақсыға қызыққанын, жүйрікке құмартқанын, сұлуға сүйсінгенін, тіптен жастыққа жарасатын жалын сезімге бой алдырған сәттерінің аз болмағанын байқау қиын емес. Бұған оның «Қыз Ақжелең», «Қосалқа», «Ысқырма», «Желдірме», «Қоңыр», «Құдаша» сиқты күйлерінің тақырыбы ғана айғақ емес, ең алдымен осы күйлердің жүрек тербер сазы, қалтқысыз сезімі, бозбаладй елпілдеген мінезі куә. Дәулеткерей өзі туып өскен ортадағы ел жұрттың тағдыр тіршілігіне ерте араласқан. Хан сұлтандықтың өз төңірегіне ғана түгін дүрдиткені болмаса, күні өтіп бара жатқан қаугөрік халін ерте түсінген. Орданың ғана емес, байтақ елдің тағдыры отаршылдықтың қыл тұзағына шырмалғанын ерте сезінген. Дәулеткерейдің ең бір драмалық шиеленіске толы күйлері осындай ахуалмен байланысты дүниеге келген. Ол «Тартыс», «Шолтақ», «Топан», «Жігер» сияқты күйлері арқылы өзі куә болған өмірдің қан сөлін сорғалатып көрсете отырып, сол өмірге суреткер ретінде өз үкімін айтқан. Әсіресе, «Жігер» күйінің жөні бөлек. «Жігер» Дәулеткерейдің ғана шыққан биігі емес, бүкіл қазақ күйлерінің асқар белі. Егер, дүние шіркіннің дидарында осынау фәни жалғанға жылап келіп, жылап кететін адамның көңілін жұбататын, жүрегін жылытатын, санасын сергітетін бір құбылыс болса, ол Дәулеткерейдің күйлері. Ұлы күйші қиын заманның қасірет қамауына тап болған бейбақ халқын домбырасымен жұбатқан. Аронұлы, Сүйінбай. Аронұлы Сүйінбай (1815 - 1898) – қазақтың әйгілі ақыны, айтыс өнерінің майталман жүйрігі. Туып өскен жері Алматы маңы, Жамбыл ауданына қарасты Қарақыстақ елді мекені. Осы өңірден топырақ бұйырған. Шыққан тегі Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы. Шежіре дерегі бойынша арғы атасы Күсеп дәулескер қобызшы болған. Күсептен Арон, одан Сүйінбай туған. Сүйінбайдан туған Малыбай, Бағыжан, Жетібай есімді балаларының ұрпағы өсіп өнген. Сүйінбайдың ақындық дарының алтын бесігі халқының ежелден қалыптасқан өнерпаздық дәстүрі. Әсіресе, ел ішінің сөз өнерін әспеттеген ұлы дәстүріне жастайынан ерте ұштап, төңірегіне ерте танылады. Сүйінбайдың даңқын елге жайған, ауыздан ауызға тараған шығармаларының бір шоғыры өз кезіндегі хан қара, би төре, бай манаптарға, көз көрген замандастарына қарата айтылған өлеңдері. Бұл өлеңдері, ол бір жағынан елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын, табанды да турашыл азаматтың тұлғасын танытып отырса, екінші жағынан айтар ойын ұрымтал образ, ұтқыр ой арқылы жеткізуге шебер ақынның тегеурінді қарымын танытады. Құнарлы сөз, кесек ой, келелі уәж оның поэзиясына, эпикалық қарым, көркемдік сипат дарытып отырады. Сүйінбайдың, әсіресе, айтысқа түскенде қынынан суырылған қылыштай жарқылдап, өзінің туа біткен ақындық дарынмен қауышқандай әсерге бөлеп отырады. Оның Майлықожамен, Тезек төремен, Қатағанмен, Арыстанбекпен айтыстары нағыз шашасына шаң жуытпайтын жүйріктің айғағы. Сүйінбай поэзиясы арқылы қазақтың айтыс өнерінің өрісі анағұрлым ұзарып, биіктеді, тақырып аясы кеңейіп, әлеуметтене түсті. Эпикалық қарымдағы ақын ретінде Сүйінбай халықтың әр түрлі жыр дастандарын таңды таңға ұрып айтып, «Манас», «Көрұғлы», «Рүстем Дастан», «Тотынама» сияқты туындыларды шығармашылықпен өзінше жырлаған. Оның Сұраншы, Сауырық батырлар туралы циклді өлеңдері мен толғаулары нағыз эпик ақынның өресін танытатын өлмес мұра. Мұнда ежелгі эпосқа тән асқақ рух, алапат теңеулер қарша борап отырады. «Лашын құстай түйілген, ақ тұйғындай шүйілген» батыр тұлғасын, «отыз жылдай алысқан, қырық жылдай шабысқан» дұшпан бейнесін нағыз жыраулық тегеурінмен сипаттайды. Сағырбайұлы, Құрманғазы. Сағырбайұлы Құрманғазы (1823-1896) – қазақтың ұлы күйші-композиторы.Қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі. Өмірбаяны. Құрманғазы СағырбайұлыТуып-өскен жері Бөкей хандығы, қазіргі Орал облысының Жаңақала ауданына қарасты Жиделі деген жер. Топырақ бұйырған орыны – Астрахань (Ресей) облысының бұрынғы «Шайтани батага», қазіргі «Құрманғазы төбе» деп аталатын жер. Шыққан тегі – Кіші жүз, он екі ата Байұлынан өрбіген Сұлтансиықтың Қызылқұрт бұтағы. Құрманғазының жетінші атасы Ерші деген кісі от тілді, орақ ауызды, сөз дарыған адам болыпты. Ал, нағашы жұрты – Беріш руы. Қалмақ шапқыншылығы кезінде асқан ерлігімен көзге түскен Ағатай батырдың есімі исі Берішке ұран болған. Одан берідегі Өтеміс би, Махамбет ақын, Исатай батыр бір ғана Беріш руының емес, исі қазақтың ардақты ұлдары. Құрманғазы сахараның даңғыл көкірек дәулескер күйшісі Соқыр Есжанның алдын көріп, Дәулеткерей сияқты жайсаң күйшімен сырлас болып, Шеркеш, Байжұма, Баламайсаң сияқты күйшілердің өнерінен өнеге алған. Шығармалары. Құрманғазының ғұмыр кешкен уақыты, әсіресе оң солын танып, өмір-тіршілікке белсене араласа бастаған кезі мейлінше күрделі еді. Бұл кезең патшалық Ресей жүргізген отаршыл саясаттың ең бір қарқын алған, әбден құныққан, шектен шыға басынған кезі болатын. Қашанда ел басына келген нәубеттің ауырлық тауқыметі ең алдымен еңсесі биік ерлердің иығына түсетін әдеті. Замана зобалаңы Құрманғазыны да от-жалынымен шарпып бағады. Оның «Түрмеден қашқан», «Кісен ашқан», «Ертең кетем», «Бозқаңғыр», «Пәбескі», «Терезеден-есіктен», «Бозшолақ», «Бұқтым-бұқтым», «Не кричи, не шуми», «Арба соққан», «Аман бол, шешем, аман бол», «Қайран шешем» сияқты күйлері замана басқа салған зобалаңның бір-бір бекеті сияқты. Ол қатал тағдырдың кез келген талқысына өнерімен жауап беріп, өнерімен белгі қалдырып отырған. Құрманғазы өмірге ғашық күйші. Тіршіліктің нұрлы сәттеріне ол балаша қуанып, қалтқысыз сезімге бөлене алады. Оның «Қызыл қайың», «Ақжелең», «Адай», «Сарыарқа», «Балбырауын», «Серпер», «Назым», «Балқаймақ», «Бұлбұлдың құрғыры», «Ақсақ киік», «Төремұрат», «Қуаныш» сияқты күйлері өмірге іңкәр жанның жүрек лүпілі сияқты. Құрманғазыны суреткер ретінде айрықша даралап көрсететін қасиет – ол концептуалды күйші. Бір ұрпақ емес, екі ұрпақ емес, бірнеше ұрпақтың тағдырына ықпал ететін заманалық құбылыстарға бойлай үңіліп, ой толғау Құрманғазының рухани болмысына тән. Оның «Жігер», «Көбік шашқан», «Кішкентай», «Ақбай» сияқты күйлері өзі ғұмыр кешкен заманның тарихи-әлеуметтік болмысына берілген күйші философтың бағасы. Құрманғазының асқақ рухы бір ғана музыка саласына сиятын құбылыс емес. Мұндай тегеурінді дарынның болмысы біртұтас ұлттың рухани болмысына айғақ бола алады. Ұлт тағдырындағы тарихи ұлы өзгерістердің барша қуаныш-қайғысы қашанда біртуар перзенттерінің тағдыр-талайымен шендесіп жатады. Бұл, орайда, Құрманғазы өзінің қайталанбас өнерімен ғана емес, өмірімен де туған халқының бүкіл қасиетіне, сол бір алмағайып аласапыран кезеңнің хал күйіне ең жарқын айғақ бола білді. Ол өзінің қанатты күйлерімен поэзиядағы Махамбет сияқты ғылымдағы Шоқан сияқты, майдан даласындағы Кенесары сияқты, өршіл рухына қылау түсірмей, замана тауқыметін қайыспай арқалап ғұмыр кешті. Жанкелдіқызы, Ұлбике. Жанкелдіқызы Ұлбике (1825—1849) — қазақтың әйгілі ақын қызы, майталман айтыскер, жезтаңдай әнші, дәулескер домбырашы. Тал бойына алуан түрлі өнер дарыған ару. Туып-өскен жері — Қызылорда облысы Тереңөзек ауданына қарасты өңір. Топырақ бұйырған жері Жамбыл облысына қарасты Талас өзенінің бойы. Шыққан тегі — Ұлы жүз ішіндегі Ошақты руы, Тасжүрек. Қос ноқат қойса үстіне «Те» болады. Бұрынғылар домбыра ұстап, айтатұғын «Қайым білесің бе?» деуші еді. «Қайым» деп екі ақынның айтысқанын айтады екен. Сонда «Қайым» өлеңінің басын Күдері қожа мен Ұлбике айтысқан. Бұл екеуінен бұрын қайым өлең де жоқ, айтыс та жоқ. Бұрынғылардікі — мақал, тақпақ… Күдері қожа албырт бозбала күнінде Ұлбикемен айтысамын дегенде Күдерінің әкесі (Еркөшек қожада ақын екен, жырлап сөйлейді екен): «Бала, Ұлбикемен айысамын десең Бұхарға барып үш жыл оқып кел. Әйтпесе онымен сен айтысуға жарамайсың» — деген екен. М-Ж. Көпеевтің бұл дерегіне Ұлбикенің алдына қара түсірмес дүлдүл ақын екені аңғарылып қана қоймай, сонымен бірге қазақтың сөз өнерінде ақындық айтыстың негізін салушы, орнықтырушы ақын ретінде дараланады. Ұлбике бұл сияқты ұтқыр уәждердің небір тамаша үлгілерін жүрген жерлерінде маржандай шашып отырған. Солмол мұрадан бүгінгі ұрпаққа жеткені мың шумақтай өлең. Бұл жиырмаға тарта айтыстары мен санаулы ғана көңіл күй толғаулары. Ұлбикенің асыл мұрасын жинауға М-Ж. Көпеев, Ә. Диваев, В.В. Радлов сияқты әйгілі фольклор жинаушылар айрықша ыждаһатпен ден қойған. «Бұдан 120 жылдай бұрын жанды бетіне қаратпаған ақын болып, қазақтан Ұлбике деген қыз шығыпты», — деп жазады Ә. Диваев. Ұлбикенің шығармаларын В.В. Радлов Петербург қаласында бастырып, кейін орыс және неміс тілдеріне аударып жариялады. М. Әуезов, С. Мұқанов, М. Жолдасбеков қатарлы білікті ғалымдар Ұлбикенің ақындығына жоғары баға берген. Ұлбикенің ғұмыры қызғалдақтай келте болған. Тәңірі шебер оны ақындық өнерпаздығына қоса, хор қызындай көрікті етіп жаратқан. Оны ақындар «аққудың жүнді үрі», «тілі шешен, жүзі көркем» деп өлеңге қосқан. Алайда «бір км дүние» деген емес пе, Ұлбикенің күйеуі Байтан өнердің парқын білмейтін ұр да жық, қызғаншақ адам болып кездескен. Ұлбике нағыз кемеліне келіп, ақын ретінде төңірегін тәнті ете бастаған шағында тентек күйеуінің қолынан мерт болған. Жабайұлы, Жамбыл. Жабаев Жамбыл (1846-1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Топырақ бұйырған жері – Алматы облысының Ұзынағаш елді мекені. Шыққан тегі – Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы. Жамбылдың өсіп-өнген топырағында ән-күй, ақындық –жыраулық өнер айрықша биікке көтерілген. М. Әуезовтың «қазақ халқында ерекше дамыған айтыс өнері ХІХ ғасырдан бергі жерде өзге жерлерде саябырсып, Жетісу, оңтүстік өлкелерінде шоғырлана бастайды» деуінде үлкен тарихи себеп бар. Біріншіден, Қазақстанның өзге өңірлерін ертерек шарпыған отаршылдық ел ішінің дәстүрлі қалпына өктемдігін жүргізіп, шырқын бұзып үлгергенде, Жетісу алабы әзірше қағаберісте еді. Екншіден, бұл өңірдің ертеден тамырын тереңге жайған өнерпаздық дәстүрі шын мәнінде ХІХ ғасырдан бергі жерде айрықша биік өреге көтеріліп еді. Осы кезеңде Жетісуға сонау Арқадан ұлы Абайдың келуі, Біржан, Шашубай, балуан Шолақ сияқты дауылпаз әнші-ақындардың келуі, Таластан – Жалайыр Түбектің келуі, оңтүстіктен – Макөт пен Майлықожаның келуі, Атыраудан – Құрманғазының келуі, сөз жоқ, ең алдымен олардың алыстан жаңғырығы жеткен ұлы өнер мектебіне деген ұмтылыстарына байланысты еді. Осындай өнер бесігінде тербеліп өскен Жамбылдың ақындық дарыны жас кезінен ақ таныла бастаған. Ол бозбала шағының өзінде ақ өскен ортасын ән мен жырға кенелтіп, тіптен көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылып үлгерген. Осы кезде өрттей жалындап, жұрт аузына іліккен жас Жамбыл Жетісудың дүлдүл ақыны Сүйімбайға жолығып, оның арқалы өнеріне құныға ден қойып батасын алады. Мұнан әрі жал –құйрығы сүзілген жүйріктей арындап, сол кездегі Айкүміс, Бақтыбай, Сары, Сарбас, Досмағанбет, Шашубай, Құланаян Құлманбет сияқты ақындықтың жылжыған жорға, жылмиған жүйріктерімен айтысқа түскен Жамбыл ұдайы шоқтығын асырып отырған. Бұлар ғана емес қырғыздың Балық, Тыныбек, Қалығұл, Найманбай, Қатаған, Арыстанбек, Сағымбек сияқты ақын-жырау, манасшылармен өнер өрелестіріп, қырғыздың көл-көсір поязиясынан тағылым алады, ақындық өнерін одан әрі шыңдай түседі. Жамбыл енді ақындық суырыпсалмалық өнеріне қоса «Көрғұлы», «Шаһмардан» сияқты жыр-дастандарды апталап-айлап жырлап, ақындық жыраулық өнерін соны қырымен таныта бастайды. Жамбылдың ақын-жырау ретінде қалыптаса бастаған кезі Ресей отаршылдары – бір жағынан, Қоқан хандығы – екінші жағынан, жергілікті жандайшаптар- үшінші жағынан қазақ халқын әлеуметтік саяси қыспаққа алған шақ еді. Жаны сергек, санасы өрелі Жамбыл өзінің «Шағым», «Жылқышы», «Шәбденге», «Сәт сайланарда», «Өстепкеде», «Патша әмәрә тарылды», «Зілді бұйрық» сияқты өлеңдерінде елдің әлеуметтік саяси өмірін ақындық шыншылдықпен азаматтық жауапкершілікпен бедерлейді. Жамбыл Қазан төңкерісінен кейінгі елдің саяси-әлеуметтік өміріндегі тарихи өзгерістерге үлкен үмітпен ден қояды. Оның «Туған елім» атты толғауы 1936 жылы жарық көріп, онан соң орыс тіліне аударылған нұсқасы «Правда» газетінде жарияланып, қарт ақынның даңқы бүкіл әлемге жайылды. Халқына қадірі артып, даңқы өрлеген Жамбыл, шабыт тұғырына қонған Алатаудың ақ иық қыранындай, жыр нөсерін селдетеді. Оның 1936-1945 жылдар аралығында шығарған жырлары 13 мың тармақтан асады екен. Ол ел өміріндегі табыс пен жаңғыруларды, жеңіс пен ерлік істерді ерекше шабытпен жырлайды. Шағын жыр-толғаулар ғана емес, оның қарт көкірегінен «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» сияқты эпикалық туындылар қайта жаңғырып ақтарылады. Жамбыл - әрі эпик, әрі айтыс ақыны; абыз жырау әрі жауынгер жыршы. Ол шын мағынасындағы биік парасатты өнерпаз, азаматтық саяси поэзияны қалыптастырушы. Жамбылдың ұлылығы оның тек ақындық шеберлігімен ғана емес, сонымен бірге халық поэзиясының бұтақ жайған жаңа бір бәйтерегі болуымен, басқаша айтқанда, халық ақындарының жасампаздық рухтағы жаңа ұлы көшін бастаған даралығымен де өлшенеді. Оның сөздері ұранға айналып, өзі халық поэзиясының атасы аталды. Ол жыраулардың байтақ эпикалық дәстүрін, қазақ сөз өнеріндегі ғажайып импровизациялық үрдісті бүтіндей жаңа арнаға бұрып, оған жаңа мазмұн дарытты. Жамбыл – ізгілік жолындағы азатшыл азаматты нәсіліне, ұлтына бөлмеген шын мәніндегі интернационалист ақын. «Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып халқының қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз» - деген еді Сәкен Сейфуллин. Жамбыл - жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесі, тозбайтын асылы. Ол жасампаз ұрпақпен сырласындай, қимасындай мәңгі бірге жасай береді. Жамбылдың қанатты шабытпен дүниеге келген шығармалары әлемнің ондаған тіліне аударылып дүние жүзіне тарады. Жамбыл көзінің тірісінде ақ КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын алып, өзінің де, халқының да даңқын дүйім дүниеге паш етті. Жамбыл бейнесі қазақ өнерінің барлық түрінде, барша жанрында шабытпен бедерленіп, ұлттың рухы биік ұлы тұлғасы екенін әйгіледі. 1945 жылы 22 июньде Жамбыл дүние салды. 1946 жылы февральда Қазақстан жұртшылығы даңқты ақынның жүз жылдығын салтанатпен атап өтті. Юбилейіне қарай ақынның таңдамалы шығармаларының академиялык жинағы орыс және қазақ тілінде басылып шықты. Жамбыл Жабаев Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет белгісі» ордендерімен наградталған. Дүкенұлы, Ықылас. Дүкенұлы Ықылас (1843-1916) – қазақтың әйгілі күйші қобызшысы. Туып өскен жері Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданы, Мұңлы Қулы тауларының етегі. Топырақ бұйырған жері Жамбыл облысының Сарысу ауданына қарасты Шу өзенінің бойындағы Қуарал деген жер. Шыққан тегі Кіші жүз Жетіру ішіндегі Тама руынан, оның ішінде Жөгі бұтағынан. Ықыластың өскен ортасында күйшілік өнер айрықша әспеттелетін дәстүрге айналып, дәулескер күйшілердің қалың шоғыры қалыптасқан. Тәттімбет, Тоқа, Дайрабай, Қыздарбек, Итаяқ, Әбди сияқты күйшілердің Ықылас бірінің даңқын естіп, күйін құлағына құйып өссе, келесісінің көзін көріп, қадірлес сыйлас болған. Бұл ортада бағзыдан жеткен теріс бұрау күйлері ұшталып, өрісін ұзартқан. Ықылас болса сол ұлы дәстүрді қобыз тілінде жалғастырушы дәулескер күйші. Қорқыт атадан кейін тәңірлік аспапқа адамның тілін дарытып, жоғын жоқтатып, мұңын ұңдатқан біртуар композитор. Ықыластың әкесі Дүкен де, оның әкесі Алтын да қобызшы болған. Алтын қобызға әуестеніп жүрген бозбала шағында түс көріп, түсінде бір ақсақалды абыз: «Бұл қобыз сенің жеті ұрпағыңа дарып, желеп жебейтін болады!» деп аян береді деген шежіре сөз бар. Ықыластың Дүйсебай, Түсіпбек, Ақынбай атты үш баласы да көшелі қобызшылар болған. Олардың балалары мен немере шөберелері қазір Жамбыл облысының Сарысу ауданында тұрады. Ықыластың қара қобызы бұл күнде Ақынбайдың баласы Дәулеттің қолында сақтаулы. Ықыластың тырнақалды туындылары «Қасқар», «Ықылас» деп аталады. Оның «Кертолғау», «Ерден», «Жалғызаяқ», «Жарым патша», «Жезкиік» сияқты күйлерінде өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық әлеуметтік көріністері бейнеленсе, «Қабар Назым», «Айрауық», «Қазан» сияқты күйлеріне ел арасына кеңінен тараған аңыз әңгімелер, қиял ғажайып оқиғалар арқау болған. Осы күйлердің қай қайсысы да Ықыластың адамға деген, қоғамға деген, табиғатқа деген азаматтық тұлғасын, адамгершілік үнін айқын аңғартады. Ықыластың күйшілік дәстүрінің жығасын қисайтпай жалғастырған төл шәкірттері Бекағамбетұлы Ашай, Тоқтамысұлы Әбікей, Әлиев Сүгір және өзінің бел баласы Түсіпбек болған. Бұлардан тікелей тәлім алған белгілі қобызшы домбырашылар Мықтыбаев Дәулет пен Қаламбаев Жаппас. Ал, Дәулет пен Жаппастың төл шәкірттері Үмбетбаев Сматай, Қосбасаров Базархан. Көшпелі елдің көшінен түсіп қала жаздап, қадау қадау өнерпаздардың қол жалғауы арқылы көнеден бүгінге жеткен қобыз өнері қазір арнасын кеңейтіп, өрісін ұзартып, өресін биіктетіп, халқын қоңыр үніне ұйытуда. Уәлиханұлы, Шоқан Шыңғысұлы. Уәлиханұлы Шоқан Шыңғысұлы (1835—1865) — қазақтың ұлы ғалымы: ориенталист, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. Шын аты — Мұхаммед Қанафия. Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен, «Шоқан» аталып кеткен. Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы Күнтимес ордасында (қыстауында) туған. Әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы сол кезде Аманқарағай дуанының (орталығы Қараоба мекені) аға сұлтаны болған. Округ орталығы 1844 жылы Құсмұрын қамалына ауысқаннан кейін дуан аты Құсмұрын болып өзгертілді. Шоқанның өз атасы Уәли Орта жүздің ханы болған. Арғы атасы Қазақ Ордасының Ұлық ханы Абылай, Шоқан оның шөбересі. Шоқанның балалық шағы қыс кезінде Обаған бойындағы Күнтимес ордасында, жазда Есілдің оң саласы Аққанбұрлық алабындағы ата жайлауда өткен. Әжесі Айғаным тұратын Сырымбеттегі хан ордасында да балдәурен күндерін өткізген. «Жеті жұрттың тілін білуге тиісті» хан тұқымы болғандықтан, Күнтимес ордасындағы әкесі ашқан ауыл мектебінде хат таныған Шоқан сол мектепте ортағасырлық қыпшақ-шағатай тілін меңгереді, парсыша, арабша тіл сындырады. Бұдан кейін 1847-1853 жылдары оны әкесі сол кезде Сібірдегі ең таңдаулы оқу орны деп есептелінетін Омбы кадет корпусында оқытады. Онда әскери сабақтарға қоса жалпы және Ресей жағрафиясы мен тарихы, батыс, орыс әдебиеттері, философия, физика, математика негіздері, шетел тілдері жүрген. Кадет корпусына алғаш оқуға түскен кезде Шоқан орыс тілін білмесе де өзінің зеректігімен тілді тез үйренді. Шоқанның корпуста бірге оқыған Г.Н. Потанин: «Өзінің орыс жолдастарын басып озып, Шоқан тез жетілді… Оған талайлар-ақ назар аударды. Ол сондай қабілетті еді және оқу орнына түспей тұрып ақ сурет сала білетін», дейді. Оған әсіресе орыс тілі мен әдебиеті оқытушысы, шығыстанушы Костылецкий мен тарих пәнінің оқытушысы Гонсевский күшті ықпал етті. Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Герцен,Белинский т.б. орыс классиктерін және батыс әдебиетінен Диккенс, Теккерей, Руссо шығармаларын, «Современник» журналын үзбей оқып, әлеуметтік өмірдің және әдебиет ағымының қай бағытта, қалай дамып бара жатқандығын аңғара алатын, өз кезінің саналы азаматының бірі болған. Кадет корпусын 1853 жылы он жеті жасында бітірген Шоқан Батыс Сібір генерал губернаторының кеңсесінде қызметке қалдырылады. Бір жылдан кейін Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік шығыс аудандарын басқаратын генерал губернатор Гасфорттың адьютанты болып тағайындалады. Осы қызметті атқара жүріп, ол Орта Азия халықтарының тарихын, этнографиясы мен жағрафиясын зерттеуге белсене араласады. 1854 жылы кадет корпусындағы ұстазы Костылецкийдің өтініші бойынша көрнекті шығыстанушы, Қазан университетінің профессоры Н.И.Березиннің тапсырмаларын орындайды. Березин Шоқан жинаған қазақтың ауыз әдебиеті нұсқалары, «Қозы Көрпеш Баян сұлу» жырымен таныс еді. Жас ғалым әйгілі профессор Березин бастырып шығарған "Тоқтамыс ханның жарлығы» мен басқа да хан жарлықтары туралы еңбектерге тыңғылықты талдау жасайды. Бұл оның алғашқы ғылыми зерттеулерінің бірі еді. Жастығына қарамай, оның білімдарлығын, әсіресе, шығыс әдебиеті мен тарихын жақсы білетіндігін сол кездегі орыс ғалымдары да жоғары бағалап, мойындай бастайды. Уәлиханов (солдан) мен Достоевский (оңнан) 1858 жылда 1855 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторымен бірге Семей, Аягөз, Қапал арқылы Алматыға дейін келіп қайтады. Осы сапарында қазақ, қырғыз, ауыз әдебиетінің үлгілерін, тарихы мен этнографиясының материалдарын жинай жүреді. Бұл материалдар негізінде кейін ол «Тәңірі (құдай)», «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» деген еңбектер жазады. Сол сапардан кейін оның әскери лауазымы бір сатыға жоғарылап, поручик шенін алады. 1856 жылы полковник М.М. Хоментовский басқарған әскери-ғылыми Ыстықкөл экспедициясына қатысып, қырғыз елін жете зерттейді. Қырғыздар мен Ұлы жүз қазақтарының тарихы, этнографиясы жайлы мәліметтер жинайды, ауыз әдебиетінің нұсқаларын жазып алады. Әлем ғалымдары арасында тұңғыш рет "Манас" эпосының ең шұрайлы бөлігі "Көкетай ханның ертегісі" жырын жазып алады. «Манас - халық даналығының туындысы, барша халық ертегілерінің, хикаялары мен аңыздарының, география, дін және салт-сана, әдет-ғұрпы жөніндегі түсініктерінің энциклопедиялық жинағы - дала Илиадасы" деп бағалады. Қырғыздардың көне тарихы жөнінде жазған К.Риттердің, А. Гумбольттің, шығыстанушы ғалымдар Шотт пен Клапроттың еңбектеріне сын айтады, Бұдан кейін Құлжа қаласында болып, оның қорытындысында Шығыс Түркістанның өткені мен бүгіні туралы зерттеулер жазады. Осы сапарларда жинаған материалдарды ол «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы», «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қытай империясының батыс өлкесі және Құлжа қаласы» атты еңбектерін жазуға пайдаланады. Табиғатты және ел тұрмысын Шоқан жазушылық шеберлікпен суреттейді. Осыдан барып оны орыс достары «Қазақ тақырыбына жазатын орыс жазушысы» деп атаған. Тарих, география саласындаы даңқы Петербург ғалымдарына да жетіп, жиырмадан жаңа асқан жас Шоқанды Орыс География қоғамының толық мүшесі етіп сайлайды. 1858 — 1859 жылдардағы Шоқанның Қашғарияға сапары ғалымдық, ағартушылық саласындағы еңбегінің жаңа белеске көтерілуіне жол ашты. Қашқария ол кезде Ресей тарапынан зерттелмеген өлке болатын. Саудагер ретінде Қашғарға құпия барған Шоқан, өлкенің экономикалық саяси құрылымын зерттеп, оның тарихы мен этнографиясынан көптеген материалдар жинайды. Қашқар сапарынан «Алтышаһардың, яғни Қытайдың Нан лу уәлаятының шығыстағы алты қаласының жайы» атты еңбегі дүниеге келді. Бұл Шығыс Түркістан халықтарының тарихына, әлеуметтік құрылысына арналып, сол заман ғылымының биік деңгейінде жазылған әлемдегі тұңғыш зерттеу жұмысы еді. Қашғар сапарынан кейін Сыртқы істер министрлігі Азия департаментінің арнайы шақыруымен Петербургте келіп, сонда бір жылдай тұрып ғылыми жұмыстармен айналысады. Алайда туберкулез ауруы меңдегендіктен Петербургтен елге, Сырымбетке оралады. Туған халқының екі жақты қанауда езілгенін көріп, 1862 жылғы сайлауда Атбасар округының аға сұлтаны болуға талпынады. «Елдестеріме пайдамды тигізу үшін аға сұлтан болғым келді. Оларды шенеуніктерден, қазақ байларынан қорғамақ болдым. Сондағы ең алдымен көздегенім өз басымның мысалы арқылы жерлестеріме оқыған аға сұлтанның пайдалы екенін көрсету еді» деп жазады ол бұл туралы досы Достоевскийге. Бірақ ол бұл мақсатын орындай алмайды. Шоқан қарсыласынан көп дауыс алып жеңіске жеткенімен, генерал-губернатор оның халық арасында ықпалы мен беделі зор болып кетеді деп сескеніп, «науқасына байланысты қызметтен бас тартты» деген өтірік сылтаумен аға сұлтандыққа бекітпей қояды. 1864 жылы наурыз айында Шоқан полковник Черняевтің шақыруымен Әулиеата жорығына қосылады. Орыс империясының Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияны Ресей қарамағына бағындыру мақсатын көздеген бұл жорыққа аудармашы, жергілікті халықпен бейбіт мәмілегерлік келісімдер жасау үшін қатысқан ол, полковник Черняевтің Әулиеатаны (қазіргі Таразды) алу кезінде шәһар халқына жасаған жауыздығын көргесін, ренжіп, кейін қайтады. Содан Верный (қазіргі Алматы) қаласына келіп, одан әрі Тезек төренің ауылында (бұрынғы Талдықорған облысы, жазда Күреңбел жайлауы, қыс кезінде Алтынемел асуының күнгейі) тұрақтап қалады. Сонда Тезектің немере қарындасы Айсарыға үйленеді. Сөйтіп жүргенде ескі өкпе ауруы қайта қозып, Шоқан 1865 жылдың сәуірінде қайтыс болады. Оның сүйегі Алтынемел тауының баурайындағы Көшентоған деген жерге қойылады. Шоқанның шығармаларын жинап бастыруда орыс ғалымдарының еңбегі аса зор. Орыстың жағрафиялық қоғамы басып шығарған Шоқан шығармаларына жазған алғы сөзінде академик Н.И.Веселовский: «Шоқан Уәлиханов Шығыстану әлемінде құйрықты жұлдыздай жарық етіп шыға келгенде, орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдары оны ерекше құбылыс деп түгел мойындап, түркі халқының тағдыры туралы онан маңызы зор, ұлы жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті!» деп жазды. Бірақ ол сол аз ғұмырында адам қабілетінің ғажайып мүмкіндіктерін, гуманизмнің биік өресін, ұлтжандылықтың жалтақсыз үлгісін, ғылыми қабілет пен алғырлықтың қайран қаларлық өнегесін барша болмысымен, нақтылы іс әрекетімен дәлелдеп үлгерді. Шоқаннан қалған мұраның бірі бейнелеу өнері туындылары. Олар Шоқанның осы өнер саласында қазақтың тұңғыш профессионал суретшісі болғанын дәлелдейді. Ғалым негізінен портрет, пейзаж және халықтың тұрмыс салтын бейнелеумен айналысты. Одан 150—дей сурет қалған. a>, (ЦФА тізімдемесі № 3154, Scott № 2971B) Сілтемелер. Бейсенбайұлы Жарылқап, Шоқан (роман-эссе). "Ғибратты ғұмыр" сериясы. "Қазақстан" баспасы. 2009 ж. 608 б. "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы. 8 т. 646-650 бб. Қоңырбайұлы, Ағыбай. Қоңырбайұлы Ағыбай (1802-1885) – қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күрескен әйгілі батыр, қолбасшы. Қазақ ханы Кенесары Қасымовтың Ресей отаршылығына қарсы жүргізілген көтеріліс басшыларының бірі. Туып өскен жері Қарағанды облысындағы Балқаш, Бетпақдала алабымен жапсарласып жатқан Арқаның Қызылтау, Ортау, Ақтау, Ұлытау деп аталатын сілемді таулары. Топырақ бұйырған жері - Ағадыр елді мекенінің оңтүстігінде 80-90 шақырымдай жерде ағып жатқан Қаратал өзенінің бойы, Тайатқан, Шұнақ тауларының алқабы. Ағыбай батырдың шыққан тегі Орта жүз Арғын, оның ішінде Шұбыртпалы руынан өрбиді. Нағашы жұрты Орта жүздің ноқтағасы Тарақты елі. Абылай ханның сенімді серігі, әрі ту ұстаушы батыры Наймантайұлы Байғозының Қойсана есімді қызы Ағыбай батырдың анасы. Тарихтан белгілі Абылайханнан тараған ұрпақтың ішінде Қарақалпақ қызы Сайман ханымнан туған Уәлихан бастаған балалары амалсыздан Ресей отаршылдығына мойын ұсынды да қалмақ қызы Топыш ханымнан туған Қасым бастаған балалары Ресей отаршылдарына қарсы бітіспес күрес жүргізіп өтті. Қасым сұлтан өз тұсында Көкшетау өңірінде орыс әскерінен қысым көріп, Арқаның бетпақ даламен жапсарлас өңірін қоныс ететін Қаракесек, Шұбыртпалы, Тарақты руларының жеріне ығысуға мәжбүр болған. Ағыбай батырдың да азаттық күресіне ертерек араласуы осы Қасым сұлтанмен, оның баласы Кенесары ханмен етене аралас, мүдделес болуынан басталады. Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы 1824 жылы Қарқаралы аймағында болған көтеріліске белсене қатысқан Ағыбай алғаш рет ерлік-батырлығымен, тапқырлық-табандылығымен көзге түседі. Мұнан кейін де 1826, 1827, 1829, 1832 жылдары Ресей әскерімен болған қақтығыстарда Ағыбай батыр өзін ел үшін белін бекем буған қаһарман батыр, қабырғалы қолбасшы ретінде танытады. Ресей отаршылдығына қарсы Орта Азиядағы түркі тілдес халықтармен бірігіп, күрес жүргізу мақсатымен елшілік келісімдерге қатысады. Қасым сұлтан ташкенттік Бегдербектің қолынан қаза тапқан соң, Шу бойындағы Бесқұлан деген жерде Ағыбай бастаған қазақ қосындары өзбек әскерлерін тас-талқан етіп жеңіп, Түркістан аймағын өзбек ықпалынан сейілтеді. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт азаттық соғысы қарқын алған кезде, 1837 жылы Айыртаудың етегінде Кенесарыны Орта жүзге хан етіп көтергенде, Ағыбай батыр да бір ауыздан бас сардар әскер басы болып тағайындалады. Кенесары ханның тікелей басшылығымен Ағыбай батыр бастаған қазақ қосындары Ресей империясының Қазақстандағы тірек орталықтары Қарқаралы, Ақмола, Ақтау, Екатеринбург бекіністеріне шабуыл жасап, орыс әскерлеріне Ырғыз, Тобыл бойындағы ұрыстарда, Қызылжар, Көкшетау шайқастарында талай рет ойсырата соққы береді. Кенесары хан бастап, 1847 жылы Кекілік тауында қырғыздармен болған қанды шайқаста Ағыбайдың қолы шепті бұзып шығады. Осы шайқаста Кенесары өлген соң да Ағыбай батыр Ресей өктемдігіне қарсы күресін тоқтатпайды. Ресей үкіметінің қамалдарына өз бетінше шабуыл ұйымдастырып, кейін Сыздық төре бастаған отаршылдыққа қарсы бағытталған қозғалысқа қосылады. Салт атты әскери тактикаға жүйрік Ағыбай батырды замандастары «Ақжолтай батыр» деп атап, оның есімін ұранға қосқан. Ағыбай қартайып бойынан қуат қайтқан шағында ауыл елін егіншілікке, балықшылыққа жұмылдырып, бас-көз болған. Қазақ халқының тәуелсіздігі үшін бар өмірін арнаған Ағыбай батырдың өмір жолы қазақ тарихшылары мен қаламгерлерінің еңбектеріне арқау болған. Жәңгір-Керей хан. Бөкейұлы Жәңгір хан (1801—1845) — Кіші жүздің Әбілқайыр хандығынан бөлініп шыққан Бөкей ордасының соңғы ханы, Әбілқайырдың шөбересі, Нұралының немересі. Оның шын аты Жиһангер. Әкесі Бөкей Еділ мен Жайық арасындағы елін әуелі сұлтандық дәрежеде басқарады да, кейін орыстың қазақ хандықтарын бөлшектеп, әлсірете беру саясатына орай 1812 жылы хан атағын алады. Бірақ ол хандықтың қызығын көп көре алмай, 1815 жылы қайтыс болады. Хан тағы мұрагерлік жолмен Бөкейдің артында қалған үш баласының үлкені сыртта Астрахань губернотары Андреевскийдің үйінде оқып жүруіне байланысты, ол ер жетіп, оң солын жете танығанша билікті Бөкейдің інісі Шығай сұлтан қолға алады. Еуропалық білім алып, орысша тәрбиеленіп, хандықты әкімшілік жағынан басқару тәсілдерін үйреніп келген жас жігіт 1823 жылдан бастап билік тізгінін өз қолына алғаннан кейін, патша өкіметінің саясатын бұлжытпай орындап, Батыс Қазақстанда жүзеге асырушы қуыршақ ханның бірі болады. Ішкі Орданың іргесі бекіп, ішкі әлеуметтік — шаруашылық жағдайы қалыптасып, нығайған тұсы 1823 — 1845 жылдары Жәңгір хан басқарған кезең болатын. Көзі ашық, көкірегі ояу, орыс, татар, араб, парсы тілдерін жетік меңгерген Жәңгір Ресей үкіметінің көптеген наградаларымен марапатталып, алтын тәжбен безендірілген I дәрежелі Әулие Анна орденінің кавалері атанып, генерал — майор шеніне дейін көтерілген тұңғыш қазақ ханы. Жәңгір 1824 жылдың күзінде Орынбор муфтиі Мұхамеджан Хусейновтың қызы Фатимаға үйленеді. Фатима европаша білім алған, тілдерді жетік меңгерген, би, музыкаға жақын болатын. 1826 жылы хан Жәңгір жұбайы Фатима ханшамен Орыс патшасы Николай I-нің таққа отыру рәсіміне шақырылады. Мәскеу қаласында өткен салтанатта Фатиманың білімділігі мен мәдениеттілігіне орыс интеллигенциясы, Фатиманы биге шақырған Николай патшаның өзі де, оның орысша таза сөйлеп, билегеніне тәнті болады. 1827 жылы Жәңгір хан патшаға ерекше шеберлікпен жасалған киіз үй сыйға тартады. 1829 жылы императрица Александра Федоровна Фатима ханшаға бразилия топаздарымен безендірілген алтын диадема, тарақ және сырға сыйлайды. Жәңгір билік еткен кезде Еділ, Жайық өзендері мен Каспий теңізінің жағалауындағы жерлерді қазақ шаруаларының пайдалануына тиым салынады. Олардың бұл өңірлерге мал жаюға, балық аулауға қақылары болмайды. Бұған салықтың көбеюі мен бөлісінде шаруалар үлесінің кемуі келіп қосылды да, осының бәрі жиылып келіп, Бөкей ордасында Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған шаруалар көтерілісінің тууына әкеп соғады. …ханның ықпалымен және жанашырлығымен Ордадағылар білімнің қажеттілігін сезіне бастады. Шәкірттер мен мұғалімдерді ынталандыру үшін марқұм хан ақшасын да, өзінің ынтасы мен ордалықтарға оқу білімнің пайдасы жөнінде түсіндірмек болған ынтасын да аямады. Өзінің сарайында мектеп ашып, 60 адам ислам діні, орыс жазуы және тіл жөнінде дәріс алды. Бұл мектеп сарай маңында осы күнге дейін «Жәңгір мектебі» деп аталып келді. Ондағы 30 бала Орданың шаруашылық қаржысы есебінен білім алуда. Кезінде Жәңгірдің өзі де Қазан университетінің кітапханасына араб, парсы, түркі тілдерінде жазылған маңызды қолжазбаларды сыйға тартады. Оның ағартушылықты таратуға деген еңбегін құрметтеп, 1844 жылы университеттің ғылыми кеңесі Жәңгірді «Қазан университетінің құрметті мүшесі» етіп сайлайды. Жәңгір орыс басылымдарын, газет-журналдар, әртүрлі кітаптар алдырып, бай кітапхана қорын жинақтаған. Оның үйіндегі жеке кітапханасында «Северная пчела», «Отечественные записки», «Современник» басылымдары, Шинкелдің «Архитектура XIX ст.», Гогольдің «Мертвые души» кітаптары болған. Жәңгір хан бойында жақсылығы мен жамандығы жарыса өріліп, атқарған ісінен орайына қарай осының екеуі де көрініс беріп тұратын күрделі тұлға. Жақсысын көріп, асқақтатып, аспанға шығармай, жаманын көріп, жатқа санап, жарға итермей, адамгершілікті биік парасаттылықпен тарихи бағасын берер кез енді келді деп білеміз. Қалайда Жәңгір ханның халқымыздың тарихында өзіндік орны бар екені ешқандай дау тудырмаса керек. Жәңгір хан қайтыс болғаннан кейін Бөкей ордасындағы хан өкіметі жойылып, басқару жүйесі қайта құрылды. Мырзағылұлы, Бекет. Мырзағылұлы Бекет (Бекет ата) (1750—1813) — қазақтың әйгілі батыры, ағартушы, сәулетші. Халық әулие тұтқан. Маңғыстауда туып-өскен. Өзі тұрғызған Оғыланды мешітіне жерленген. Хорезмдегі Пақыржан қажыдан оқып, діни білім алған. Бекет жастайынан білмекке құмар боылп, алғырлық зеректігімен көзге түскен. Ол ат жалын тартып мінген, оң-солын тани бастаған кездің жаугершілігі мол болған. Содан да ел қамы, халық тағдырына қатысты істерге ерте араласып, парасат-пайымымен, ерлік-табандылығымен жұрт көзіне ертерек түскен. Ол, әсіресе, медресе-мешіттер салдыртып, халықты имандылыққа, кісілікке, ауызбірлікке баулуға айрықша көңіл бөлген. Үстірттегі тааудан үңгіп жаалған мешіттер араб, парсы жазуларымен безендірілген. Мұндай ескерткіштерді Бекет төрт жерден жасаған. Оның бірі Маңғыстаудан қашық емес, Оғыландыда. Екіншісі — Бейнеуде, үшіншісі — Жем бойында, төртіншісі — Арал жағасындағы Баялыда Мұндай мешіттерде Бекет ата құдайға құлшылық етуге қоса, халықтың сауатын ашып, балаларды оқытатын болған. Тек қана ағартушылық жұмыстары емес, сонымен бірге ел басына күн туған ауыртпашылықта, жаугершілікте халыққа басалқылық жасап, жөн сілтеп отырған. Тікелей өзі араласып, шеп құрып жауға аттанып, небір тамаша ерліктің үлгілерін де көрсеткен. Ел мен жердің тәуелсіздігі үшін ақылымен де, қайратымен де басшы бола білген. Бекет ата салдыртқан мешіттер күні бүгінге дейін біршама тәуір сақталған. Әсіресе, өзінің сүйегі қойылған Үстірттің Маңғыстау жақ ойысындағы Оғыланды мешіті үш бөлме етіп ойылған қалпы әлі тұр. Бекеттің немересі Мұрынның мүрдесі де осында. Нұрмұхаммедұлы, Жанқожа. Нұрмұхаммедұлы Жанқожа (1771-1860) – қазақтың азаттығы жолында арыстандай алысқан атақты батырларының бірі. Шыққан тегі – Кіші жүздің Әлім тайпасының шекті аталып кеткен Жаманақ руынан. Атасы - Киікбай Әбілқайыр ханның батыры әрі биі болған. Ал әжесі - Тәжі қалмақпен де, орыспен де шайқасып өткен, өлгенде де «табаным тіреп жатсын» деп аяғын Орынборға қаратып көмуді өсиет еткен атақты тама Есет батырдың жалғыз қызы екен. Жанқожа - осы Киікбай мен Тәжіден туған Нұрмұхаммедтің баласы. Ел ауызындағы деректерге қарағанда, Жанқожаның батырлық даңқы тым ерте шыққан. Сыр бойының Қылышбай ханы хиуалықтармен соғысқанда, қазақ батырлары Хиуаның Тықы деген батырын жекпе-жекте жеңе алмай іркіліп қалған бір тұста, 17 жасар Жанқожа өзі сұранып шығып, оны найзамен түйреп түсіреді. Осыдан бастап оның «батыр» атағы жалпақ елге жайылып кетеді. Жанқожа зорлық-зомбылықты білмеген, қара қылды қақ жарған әділ кісі болған. Біреудің біреуге жасаған қиянатын кеше а лмаған. Біреудің азғыруына еріп, жазықсыз табыг Бұхарбай батырдың ауылын шабам деп, тілін алмай кеткен інісі Жауқашарға «барғаныңнан оралма» деп бата беруі, артынан қаза тапқанда оның сүйегін ауылына әкелдірмей қоюы соның дәлеліндей. Оның бүкіл мағыналы өмірін Хиуа мен Қоқан бақыншыларына, орыс отаршыларына қарсы күреске арнауы да сол зорлық – зомбылыққа, қиянатқа төзе алмайтын қасиетіне негізделген елін, жерін сүйген алып жүректілігі де себеп болса керек. Ел аузында Жанқожа батырдың Созақ қамалын алмаққа келген қазақтың соңғы ханы – Кенесары қолымен бірігіп жасаған шабуылдары жөнінде біраз әңгіме сақталған. Батыр осы жолы әуелі өзінің жігіттерімен Созақ қамалына көмекке келе жатқан Қоқан әскерінің алдынан шығып, оларды талқандап, кері қуып жібереді. Содан кейін Созаққа қайта оралып, Кенесары қолымен тізе қосып, қамалды алысады. Қамалдың қақпасын бұзып, алдымен ішке кірген осы Жанқожа батырдың сарбаздары болыпты. Елін, жерін азат ету жолына бар өмірін арнап, сырт жаумен арыстандай айқасқан есіл ер қартайған шағында, ауыл сыртындағы төбенің басында намаз оқып, құдайға құлшылық етіп тұрған жерінде өз қандастарының қолынан қапылыста қаза табады. Датұлы, Сырым. Датұлы, Сырым (1712—1802) — Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы күрескен Кіші жүз қазақтары көтерілісінің көрнекті басшысы, атақты батыр, әйгілі шешен. Шыққан тегі — Кіші жүздің Байұлы тайпасының Байбақты руынан. Өзінің асқан ақылдылығы арқасында өз ортасында тым ерте танылып, әділдігімен аты шыққан «Бала би» атанды. Сырым Датұлы 1-ші көтерілісі. Сіздердің түрлі әдістермен алдап, қолға түсірген ноғай, башқұрттар сияқты бізге де бұғалық салып, езбекші екендігіңіз белгілі. Бұдан Сырым батырдың қолына қару алып, көтеріліске шығып, басын бәйгіге тігудегі мақсатының айқындығы, халқының мойнына түскелі тұрған сол бұғауды үзуге ұмтылғаны анық аңғарылады. 1783 ж. Сырым бейқам жатқан қазақ ауылдарын шауып, кезекті тонауға келген казак-орыс атаманы Чагановтың отрядымен шайқасып, оны ойсырата жеңеді. Атаманның өзін тұтқындап, Хиуаға құлдыққа сатып жібереді. Бұл патша әкімшілігіне үлкен соққы еді. Соған орай Орал қаласындағы патша әскері түгел аттанып, осы жылдың күзінде Сырымды қолға түсіреді. Бірақ оны Нұралы хан қыруар мал беріп, бірер айдан кейін босатып алады. Сырым Датұлы 2-ші көтерілісі. Түрмеден босағаннан кейін Сырым Табын руының старшыны Тіленші Бөкенбайұлының қолдауымен орал казак-орыс әскерімен күресін әрі жалғастырады. Бірақ Нұралы хан бұл жолы Сырымды қолдамайды, қайта оған қарсы шығып, шекаралық әкімшіліктен көтерілісшілерді басу үшін арнайы әскер жіберуін талап етеді. Сөйтіп ол былайғы жерде Сырымға қарсы күресте шекара әкімшілігімен бір болады. Міне, осы кезден, яғни 1784 ж. бастап патшаның отарлау саясатына қарсы күресте ханының да, қарашасының да ортақ ниеттестігіне ие болып келген көтерілісшілер арасына жік түсіп, Сырым бастаған халық қозғалысының күресі енді Әбілқайыр әулетінен шыққан хан мен сұлтандарға қарсы бағытталады. Кіші жүздің көптеген рулары Нұралы ханға бағынбай көтерілісшілер жағына шығады. 1785 ж. күзінде болған старшындар жиналысы Нұралыны хан деп танудан бас тартады. Келесі жылдың көктемі қарсаңында көтерілісшілердің қысымына шыдамаған Нұралы шекаралық шептегі қамалға қашуға мәжбүр болады. Оның ақыры сол жылы Екатерина ІІ-нің Нұралыны хандықтан түсіру жөніндегі жарлыққа қол қоюына әкеп соғады. Хан тағына Нұралы кетіп, Ералы отырғанымен де жағдай түзелмейді. Халықтың наразылығы одан сайын күшейе түседі. Сырым бастаған көтерілісшілер енді ашық соғыс қимылдарына көшіп, патша қамалдарына шабуыл жасай бастайды. Бірақ олар пәлендей нәтижеге жете алмайды. Елек қамалына жасаған шабуылдың сәтсіздігінен кейін Сырым соғыс тәсілін өзгертіп, партизандық әрекеттер жасауға көшеді. Шекаралық бекіністерге, сұлтандар мен оларды қолдаушылардың ауылына тұтқиылдан шабуылдап, адамдарын тұтқынға алады. 1797 ж. көтерілісшілердің үлкен бір тобы Ералыдан кейін хан тағына отырған Есімнің ауылына тұтқиылдан шабуыл жасап, ханды өлтіреді. Есім ханның өлтірілуі Сырымға тілектес билер мен старшындардың одан ірге ашуына себепші болады. Хиуаға ығысу. Есімнің орнына Айшуақ хан сайлағаннан кейін, ол Есімнің кегін алмақ болып, арнайы отряд жасақтап, Сырымға қарсы аттанады. Соңынан індете қуып, маза бермеген патша экспедициясынан ығысып, Сырым Хиуа хандығының жеріне өтіп кетеді. Ел арасына атағы кеңінен тараған батырдан қауіптенген Хиуа ханы оның көзін жоюдың амалын жасайды. Ақыры оның есебін тауып улап өлтіреді. Бұл жөнінде халық ауызында түрлі әңгімелер айтылады. Қалқаманұлы, Бұқар жырау. Қалқаманұлы, Бұқар жырау (1668—1781) — қазақтың ұлы жырауы, 18 ғ. жоңғар басқыншыларына қарсы қазақтың азаттық соғысын бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы. Шыққан тегі Арғын тайпасының қаржас руынан. Заманындағы сыншылар оны «көмекей әулие» деген. Сөйлегенде көмекейі бүлкілдеп, аузынан тек өлең сөз төгіледі екен.Сырдария облысы Қазалы уезі көшербай болысының 6 шы ауыл. "ҚараҚ" деген жер Өмірбаян. Абылай хан бір жаққа жорыққа аттанарда одан айдың, күннің сәтін сұрайтын, көрген түсін жорытатын болған. Ел аузындағы аңыз әңгімелерге қарағанда, Бұқар жырау әз Тәуке ханның тұсында да ордадағы беделді билердің бірі ретінде, ел басқару ісіне араласқан секілді. Оны Үмбетей жыраудың: «Көріктей басқан күпілдеп, көмекейің бүлкілдеп, сөйлер сөзден таймадың. Тәукенің болып жаршысы, халқыңның болып заршысы, белді бекем байладың» деген сөздері де айғақтағандай. 18 ғ. болған жоңғар шапқыншылығы қазақ халқының мүлдем жойылып кету қаупін тудырғаны белгілі. Осы кезде «Ақтабан шұбырындыға» ұшыраған елдің басын қосып, ата жауға қарсы азаттық күресіне жұмылдыру бар ғұмырын халқының бірлік бүтіндігіне арнаған ұлы жыраудың басты мақсатына айналады. Оның сөздері осы кезде еліне есті кеңес, еріне әмір болып естіледі. Хан да, қара да тарих көшінің бағдарын, шиеленген қиынның шешімін Бұқардан күтеді. Халқының әулие данасы, дуагөй бітімшісі, көреген болжаушысы санатына көтерілген Бұқар жыраудың осы тұстағы даңқын орта ғасырдағы оғыз жұртының әулиесі Қорқытпен, 14 ғ. ноғайлы елінің данасы Сыпыра жыраумен салыстыруға болардай. Халық жадында сақталған бір әңгімеде Бұқар жырау ауырып жатқанда Абылай ханның алыстан күні түні аттан түспей жүріп келіп, көңілін сұрағаны айтылады. Бұл таққа ие болған ұлы ханның баққа ие болған ұлы жырауына деген ықылас ниеті, ерекше құрметінің белгісі болса керек. Заманында осылай ханы қадірлеп, халқы ардақ тұтқан жыраудың мұрасы халқымен мәңгі бірге жасай бермек. XVIII ғасырдың екінші жар хандық құрған Абылайдың бізге жеткен өлендері: "Ай,Абылай,Абылай","Бірінші тілек тілеңәне т,б Толғаулар. Бұқар жырау толғауларында өзі бастан кешіріп отырған алмағайып заманның келбеті бар болмысымен көрініп, өмір құбылысы мен дүние заңдылықтары, әлеуметтік жағдай мен адам тіршілігі кең тыныспен жырланады. Ондағы басты сарын елдің бірлігі мен ынтымағын күшейту мәселесі.Ол жан жақтан андыздаған жаулардан қорғануы үшін басты шарт бірлік екенін терең түсінеді, ата жауға қарсы бірігіп, тізе қоса күрескен ерлерді өзгелерге үлгі етеді. «Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек, ормандай көп орта жүз, солардан шыққан төрт тірек» деп майдан даласында көрсеткен ерлігімен бірге елдің ұйытқысы болып, бірліктің тірегі болып жүрген ерлерді мадақтайды. Сондықтан да Бұқар жырау жырларын басқыншы жаумен ұзақ арпалысып, ерлік пен ездіктің, парасаттылық пен азғындықтың парқы таразыға түскен сындарлы шақта Абылай хандай басшының төңірегіне топтасып, ұлы жеңістерге жетіп, ерліктің үлгісін, бірліктің құдыретін танытқан қазақ өмірінің шындығын айшықтай өрнектеген поэзия, ұлы мұра деп білеміз. Әйтеке би. Байбекұлы Әйтеке би (Айтық) (1644—1700) — қазақтың Тәуке, Болат, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан мемлекет және қоғам қайраткері, Әз Тәуке хан құрған «Билер кеңесінің» мүшесі, атақты шешен, Кіші жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» аталатын заңдар кодексін шығарушылардың бірі. Шыққан тегі — Кіші жүздің Әлімұлы тайпасынан. Ол қазіргі созылып жатқан Қыз-Бибі тауының етегінде өмірге келген. «Тобықты Әнет бидей баталы бол, Кіші жүз Әйтекедей аталы бол» деп атақты Сегіз серінің батасында айтылғандай, Әйтеке би аталы тұқымнан. Оның арғы атасы Сейітқұл Жәдікұлы Шығай ханның серігі болған. Шығай хан Бұқардың Абдолла ханымен одақтас болып, Сырдарияның сағасындағы қонысын тастап, Самарқанның теріскейіндегі Нұрата тауына көшкенде, сонымен бірге қарауындағы елін ертіп, қотарыла көшіп келеді. Осы Сейітқұлдың сегіз баласының бірі — Әйтеке бидің әкесі Ақша да, бірі — кейін Самарқанның билеушісі болған, қазақ ханы Салқам Жәңгір 600 жауынгермен жоңғар қоңтайшысы Батырдың 50 мың әскерінің өтінде қалғанда, дер кезде көмекке жетіп, қазақ қолына айтулы жеңісті суырып әперетін атақты Жалаңтөс баһадүр. Жалаңтөс Самарқанға әмір болғаннан кейін ағасы Ақшаны Қоқанның ханы етіп сайлатады. Ұлықбек медресесінде оқып, тәлім алған Әйтеке әуелі атасы Ақша ханның, атасы өлгеннен кейін ағасы Жалаңтөстің тәрбиелерінде болып, ел басқару істерінің қыр сырымен танысады. Оның осы кезде көргені мен білгені кейін Тәуке ханның ата заңы іспетті «Жеті жарғыны» шығаруға қатысқанда да Әйтекеге осы алған білім мен жиған тәжірибенің көп көмегі тиген болу керек. Бір жағынан Қытай, бір жағынан жоңғар, енді бір жағынан қазақ-орыс жерін торлап, шекараға әскерлерін шоғырландырған қиын күндерде Әйтеке би Төле бимен, Қазыбек бимен біріге отырып, елді, жерді қорғауға белсене араласады. Мәртөбе мен Күлтөбеде күнде жиын кезінде алты алашты аузына қаратқан сол үшеудің біреуі — орақ ауыз, от тілді Әйтеке би ел басына терістік шығыстан қара бұлт үйіріліп келе жатқан қарсаңда бір мақсатта тізе ажыратпай талай жыл бірге күрескен серіктерін тастап, дертті болып, ата жұртына — Нұрата тауына оралады. Ол дерт Алланың жіберген ауруы емес, «Тура би туғанына жақпайды» деп, ел тағдырына қатысты мәселеде бет пен беделге қарамай турасын тіліп айтқан бидің сөзін кек тұтқан сұлтандардың қастығы еді. Ата жұртқа келер алдында Төле би, Қазыбек би секілді үзеңгілес серіктеріне сәлем ретінде жолдаған ұзақ толғанысында Әйтеке би: «Елінен айырылған ер бақытсыз, жерінен айырылған ел бақытсыз. Құдайым ондай күнді маған көрсетпегей!» деген екен. Елім деген ердің тілегі ақ қой қашанда. Көкірегі даңғыл дана би өзі тілегеніндей елінің «ақтабан шұбырындыға» ұшырағанын көрмей, бұ жарық дүниемен хош айтысты. Қазыбек би. Келдібекұлы, Қазыбек би (1665—1765) — қазақтың мемлекет және қоғам қайраткері, Әз Тәуке хан құрған «Билер кеңесінің» мүшесі, атақты шешен, Орта жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» аталатын заңдар кодексін шығарушылардың бірі. Шыққан тегі Орта жүздің Арғын тайпасының Қаракесек руынан. Қазыбектің анасы Тоқмейіл ұтымды да тапқыр сөздерді көп білетін зерек кісі болыпты. Анасы айтқан есті сөздерді кішкентай күнінен жаттап өскен ол ер жете келе өзі де солай сөйлеуге машықтана бастайды. Осы өнерінің арқасында бала биден дана биге айналып, «қара қылды қақ жарған Қаз дауысты Қазыбек би», «алты алаштың ардағы» деген атаққа ие болады. Содан болар Тәуке хан мемлекет тұтастығына жарықшақ түсірмей, халықты бірлікте ұстау үшін үш жүзді өзінен шыққан үш биге билету арқылы басқарғанда, Орта жүзге осы Қазыбек биді тағайындайды. Ол ел басқару ісіне араласып, Қазақ хандығының ішкі сыртқы саясатына елеулі ықпал жасап отырады. Жоңғар басқыншылығына қарсы халық күресін ұйымдастырушылардың бірі болған Қазыбек би елдің азаттық алуы жолында аянбай тер төгеді. Абылай сұлтан жоңғарлардың қолына тұтқын болып түсіп қалғанда, оны босатып алуға белсене араласады. Сондай ақ ол Ресей, Бұқар, Хиуа мемлекеттері арасындағы еларалық мәселелерге де араласып, бейбітшілік пен достықты дәріптеуші мәмілегер болған, аразды татуластырып, алысты жақындастырып отырған. «Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан» деп, ол елшілік қызметті де мінсіз атқарған тұңғыш дипломат. Оның тұңғыш рет он сегіз жасында елшілікке атшы болып барып, басшы болып қайтқаны ел аузында әлі күнге аңыз болып айтылады. 1760 жж. Чиң империясы Қазыбекті өз жақтарына тарту мақсатымен оған елші жіберіп, мол сыйлықтар тартады. Бірақ ол Қытайдың қол астына қарауға қарсы болады. Сөйте тұрып, Абылайды Чиң империясымен тығыз қарым қатынас жасауға шақырады. Үш жүздің ішіндегі шешуі қиын, ең күрделі мәселелердің басы қасында жүріп, хандардың сенімді ақылшысы, халықтың ханға бергісіз биі болған Қазыбек әр кез батыр жинап, ел шаппай, қылыш шауып, оқ атпай ақ ақылымен жол тауып, ел бірлігінің емшісі бола білген. Әбілқайырды өлтіріп, ел бірлігіне сызат түсуіне себепші болған Бараққа: «Сылтауратып сытыла алмайсың, не өліп тынасың, не жөніңмен жеңіп құтыласың, екінің бірі, Барақ» деуі,ақыр соңында оны мойындатып: «Уа, би аға! Айттың сен, көндім кебіңе» деуге мәжбүр етуі тек Қазыбектей айбыны ай жасырған текті бидің қолынан ғана келсе керек. Абылай ханнан үш жүздің батырларының ішінен кімді ерекше құрметтейсіз деп сұрағанда, ол: "Бізге дейінгі ерлерден екі кісіге таңқалуға болады. Оның бірі 90 туысын Қалдан Сереннің тұтқынынан құтқарған қаракесек Қазыбек те, екіншісі өзінің сондай тұтқындағы туысын құтқарған уақ Дербісәлі. Мұның алғашқысы Қалданға өзі барып, сұрап алды. Соңғысы өзінің аулында отырып, жауын қорқытып алды деп жазады. Бұл заманында ақылымен қатарынан озған дана биіне ел басшысының берген нақ та әділ бағасы еді. Төле би. Әлібекұлы Төле би (1663—1756) — қазақтың Тәуке, Болат, Әбілмәмбет, Жолбарыс, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан аса ірі мемлекет және қоғам қайраткері, ойшыл дана, Әз Тәуке хан құрған «Билер кеңесінің» мүшесі, атақты шешен, Ұлы жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» деп аталатын заңдар кодексін шығарушылардың бірі. Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасының Жаныс руынан. Шежірешілер «тоғыз ұлды Құдайберді әулетінен Төлеге дейін бай да, би де шықпаған. Олар „қарашоғыр“ атанған қара шаруа болған» деген дерек береді. Төле би кезінде оқыған, ірі сауатты, халқының ақындық шешендік өнерінен тәлім алған адам. Жастайынан ел арасындағы билікке араласып, әділдішімен, шешендігімен, тапқырлығымен төңірегіне кеңінен танылады. Тәуке ханның тұсында Төле би «Билер кеңесінің» мүшесі ретінде мемлекеттік істердің оң шешілуіне айтарлықтай үлес қосқан, жыл сайын өтетеін бүкіл халықтық жиынды ұйымдастырушылардың бірі болған. Ол Орта жүздің төбе биі Келдібекұлы Қазыбекпен, Кіші жүздің төбе биі Байбекұлы Әйтекемен бірге Тәукенің Түркістан қаласын орталық етіп, үш жүз ұлыстарын бір орталыққа бағындыруға, сөйтіп бірегей Қазақ хандығын нығайтуға, жоңғар шапқыншылығына қарсы бауырлас қырғыз, қарақалпақ, өзбек халықтарының одағын құруға бағытталған шараларды жүзеге асыруға белсене қатысады. Бұл Қазақ пен Жоңғар хандықтарының арасы шиеленісіп тұрған кез болатын. Тәуке хан өлгеннен кейін Қазақ хандығының іштей әлсіреуіне байланысты Төле би Ұлы жүзді билеп, жоңғар басқыншылары Жетісуды жаулап алуына байланысты біраз уақыт соларға тәуелді болады. Бірақ оларға алым салық төлеп тұрғанымен, саяси билікті өзінше атқарып, «ақ табан шұбырындыдан» кейінгі қазақ қауымын біріктіріп, оларды жоңғар феодалдарының езгісінен зат етуде аса зор ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді. Ол жоңғар қонтайшысына алым салық төлей отырып, Абылай ханмен, Барақ сұлтанмен, Шақшақ Жәнібек батырмен, сондай ақ Қоқан хандығымен байланысын үзбейді. Бұл ретте жоңғардың Жетісу жерін жаулаған қолбасшыларының бірі Сары Манджаның Төле бидің үйінде өлуі де біраз жайды аңғартқандай. Төле би Ресей мен Қазақ хандығы арасындағы қарым қатынасты қалыптастыруға күш салды. 1749 жылы Орынбор губернаторы И. И. Неплюевке өзінің жиені Айтбай бастаған елшілік жіберіп, Ресейға қосылу ниетін білдіреді. Төле би жоңғар билеушілерінің арасындағы тақ таласын өршіте қолдап, ежелгі жаудың іштей әлсіреуіне ықпал жасайды. Абылай хан мен Төле би таққа таласқан жоңғар нояндарын алма кезек қолдай отырып, ақырында Жоңғар хандығының құлауын қамтамасыз етеді. Бұл Төле бидің Абылай ханмен бірлесе жүргізген сырт саясатының ірі нәтижесі еді. Ел аузында Төле би туралы көптеген тарихи аңыздар сақталған. Оның атымен байланысты айтылатын нақыл сөздер, мақал мәтелдер, билік кесімдер де ел арасына кеңінен тараған. Төле би есімі тек Ұлы жүзде ғана емес, Орта жүз бен Кіші жүзде де аса құрметпен аталады. Бұл оның бүкіл қазақ халқының тағдырына қатысты ірі оқиғалардың ортасында жүргенінің айғағы. Бұған Төле бидің замандасы, тағдырласы Қаз дауысты Қазыбек бидің «Төле би дүниеден өтті» деген суық хабарды естігенде: «Төле өлді дегенше, дүниеден әділет өлді десейші. Бүтін билікке Төле жеткен, бүтін хандыққа Есім жеткен, бұл екеуіне кім жеткен?» деп, жер таянып, көзіне жас алуы да куәлік етеді. Бұл үш арысқа тірек болған үш асылдың бірінің екіншісіне берген бағасы. Бұдан асырып, жеріне жеткізіп, айту мүмкін де емес. Өйткені олар қасында бірге жүріп, бір бірінің қадір қасиетін жете таныған алыптар ғой! Жалайыри, Қадырғали. Жалайыр Қосымұлы Қадырғали (1530—1605) — орта ғасырлардағы қазақтың ғұлама ғалымы, атақты биі. Тарихи шығармаларда оны "«Қайырғали Жалаири»" деп көрсетеді. Бұл — тарихи тұлғаның аты-жөнінің соңына оның қай мекеннен екені білдіру үшін туған жерін көрсететін бұрынғы қалыптасқан дәстүр бойынша алынған. Бірақ мұнда ғұламаның туған жері емес, тайпасының аты көрсетілген. Оның шыққан тегі — Ұлы жүздің тарақ таңбалы жалайыр тайпасынан. Оның «Жалайри» аталуы осыдан. Тарихи шығармаларда оның есімін "Қыдырғали", "Қыдырәли", "Қадырғали" деп құбылтып атай береді. Туған жері — Қазақстан жеріндегі Сырдария бойы. Қадырғалидың ата-бабалары Қарахандар әулеті билігінен бері үздіксіз хан сарайында қызмет етіп, ханның ақылшы-кеңесшісі, қол бастар батырлары болған. Оның өз атасы Темшік Шығай ханның батыры болса, әкесі Қосым бек лауазымын иеленген. Жастай білім алып, бірнеше тіл меңгерген Қадырғалидың өзі де хан сарайында қызмет атқарып, хан балаларын тәрбиелеу ісімен айналысқан. Шығай ханның баласы «Ұзын оқты» атанған Ондан сұлтан жау қолынан өлген соң, оның 13 жасар баласы Ораз-Мұхаммедті алып, өзіне қараған елмен Сібірдің Көшім ханының қол астына көшіп кетеді. Онда Қадырғалидың білімділігіне, ақыл-парасатына риза болған Көшім хан оны Төбе би етіп сайлайды, өзінің ақылгөй кеңесшісі етеді. Бірақ ол онда ұзақ бола алмайды, кейін Сібір кінәзі Сейдектің ықпалымен, онымен бірігіп, Көшім ханға қарсы шығады. Сөйтіп ол енді Ораз-Мұхаммедпен бірігіп, Сейдектің мәртебесін көтереді. Осында жүргенде оларды Сібір воеводасы Данило Чулков алдап тұтқынға түсіреді. Қадырғалиды Ораз-Мұхаммедпен бірге Мәcкеуге жөнелтеді. Кейін шведтерге, Қырым хандығына қарсы соғыста ерлік көрсеткені үшін орыс патшасы Ораз-Мұхаммедке Ока бойындағы Қасым хандығынан иелігіне жер бөліп береді. 1600 ж. орыстың жаңа патшасы Борис Годунов оны Қасым хандығының ханы етіп қояды. Қадырғали оның төрт биінің бірі болып тағайындалады. Ол осында ғылыммен шындап айналысады. Ана тілімен бірге араб, парсы тілдерін де жақсы меңгеріп, Шығыстың әдебиеті мен мәдениетін, ғылымын терең зерттейді. Соның нәтижесінде ол Орта Азияның сол кездегі атақты ғұламаларының деңгейіне көтеріледі. Кейін «Жами ат-тауарих» («Жылнамалар жинағы») деген атпен әлемге әйгілі болған өзінің атақты еңбегін жазады. «Мен дүние жүзіндегі неше түрлі мемлекеттерді аралаған, әділ үкім, нақыл сөздерге қанық көптеген кітап оқыған адаммын» деп жазады ол өзі жайында. «Жылнамалар жинағы» — орта ғасырдағы қазақ тілінде жазылған тұңғыш тарихи шығармалардың бірі. Мұнда Қазақ хандығының 10 ғ. басынан бергі ішкі-сыртқы жағдайлары, қазақ тайпаларының халық болып қалыптасуы, оның халықаралық жағдайлары, хандардың және олардың төңірегіндегі түрлі әлеуметтік топтардың саяси ахуалдары жөнінде аса құнды мәліметтер берілген. Тоқтарбайұлы, Қобыланды. Тоқтарбайұлы Қобыланды (XV ғ.) – аты аңызға айналған халық батыры. Шыққан тегі – Қыпшақ, оның ішінде Қара Қыпшақ. Халық жадында сақталған әңгімелерде, халық шежірелерінде оны көбіне «Қара Қыпшақ Қобыланды» деп атайды. Шежіре деректеріне қарағанда, Қара Қыпшақ Қобыланды Жошы ханның Шайбан деген баласының тұқымы Әбілхайыр ханның тұсында (XV ғасыр) өмір сүрген, соның белгілі қолбасшыларының бірі болған адам. Қазақ хандығының бөлінуіне де осы Қобыланды батыр себеп болған делінеді. Бұл жөнінде Шәкәрім шежіресінде: «Біздің осындағы арғындардың атасы Дайырқожа Әбілхайыр ханның сүйікті қазысы екен. Билікті әділ айтқандықтан «Ақжол» атаныпты. Және Қара ҚЫпшақ Қобыланды да ханның сүйікті адамы екен. Екеуі іштей жауласып жүргенде, бір күні Қобыланды Дайырқожаны далада өлтіріп кетіпті. Мұны әз-Жәнібек хан біліп, Қобыландыны шариғат бойынша қысас қылып өлтіруге сұрапты. Әбілхайыр берейін десе, көп қыпшақ бұзылатын болған соң, бере алмай, үш кісінің құнын ал деген соң, бұған Жәнібек өкпелеп, бөлініп кетеді» деген дерек беріледі. Бұл оқиғаның тарихи шындық екенін Дайырқожаның әкесі Қотан жыраудың өлген баласының денесін айналып, қайғырып, қан жұтып жүріп айтқан: «Қара Қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным? Сексен асып таянғанда тоқсанға. Тұра алмастай үзілді ме жұлыным» деп басталатын толғауы да дәлелдей түседі. Қобыланды батыр жайында екінші бір дерек көзі – қазақ халқының қаһармандық жырларының бірі – «Қобыланды батыр» жыры. Бұл мазмұны жағынан да, басқа батырлық жырларға қарағанда шоқтығы биік тұрған халықтық шығарма, ерлік эпопиясы. Бұл жырдың оқиғаларына қарағанда, Қобыландының ерлік жолы қазақ елінің сол кездегі сыртқы жауы – қызылбастар (парсылар) мен олардың шапқыншылық жасаған ханы Қазанға қарсы күресінен басталады. Оның бұдан кейінгі шайқасқан батырларының атына қарап, олардың атақты Едіге батырдың тұқымдары екенін аңғаруға болады. Қобыланды батырдың Орақ батырмен дос болып, Алшағырмен жауығуы – Қазақ хандығының өзара іштей екіге бөлінген Ноғай ордасының бірін қолдап, екіншісімен соғысып жатқан тарихи кезеңін алға тартады. Мұның бәрі Қара Қыпшақ Қобыланды батырдың аңыздық негізде қиялдан туған кейіпкер емес, өмірде болған, ерлік істерімен еліне танылып, құрметіне бөленген хас батырларының бірі болғанын дәлелдейді. Сүйінішұлы, Қазтуған. Алтын Орданың шаңырағы құлап, Еуразияның Ұлы Даласын көктей көшкен көшпелілер басынан құсы ұшқан кезде сұңқылдап тұрып жоқтау айтқан әйгілі тұлғалардың бірі Сүйінішұлы Қазтуған жырау өткенін қимай, бүгініне риза болмай,болашағына секеммен қарап өткен жырау. Өткенің қимайтыны, Шыңғыс ханның шаңды жорығынан кейін бірер ғасырдың аяасында түркі тайпалары қайтадан есжиып, еңсе көтеріп, қайтадан тұтастанудың нышанын танытып, алтын үзікті Орданың айбары алыс жақынға мойын бұрғыза бастап еді. Қазтуғанның өкінетіні сол айбар, сол береке көз алдында күйреп, кеше ғана сүттей ұйып, отырған елден береке қашып, быж-тыж болғаны. Осынау алмағайып кезеңде Алтын Орданың қос бағасындай болған, кіндігі бір ноғай мен қазақтың қақ бөлінуі Қазтуған сияқты эпикалық қарымдағы тұлғаның жүрегін қақыратып өткендей. Бүтін кезіндегі бақытын баянды ете алмаған соң қай бір үшбаққа жетер деп, болашаққа секем ала қарайтыны сондықтан. Қазақ пен ноғайдың айрылысқанын, ата қоныстың артта қалғанын Қазтуғанның көзі көріп отырса да, көңілі сенбейді, жан жүрегі бұл сұмдықты мойындамайды. Осынау тарихи оқиға Қазтуғанның бүкіл өмірінің мазмұнына айналған сияқты. Сүйінішұлы Қазтуған ХҮ ғасыр аясында сексен жасқа жақындап ғұмыр кешкен адам. Туып өскен жері Еділдің Ақтұма, Бозаң деген сағалары. Бұл бұрынғы Қызылжар өңірі, қазіргі Краснояр ауданы. Қазтуғанға «Сағыныш» күйін тартқызған қайран жер кезінде шет пұшпақтап Бөкей хандығына қараған болып еді, кейін біржолата сырттың иелігіне ауысты. Қазтуғанның ат жалын тартып мініп, ата жолын қуып, ел ісіне араласқан ортасы Дешті Қыпшақтың кіндік мекені - Еділ мен Жайық арасы, Каспий алыбы, Нарын, Қабыршақты, Қарсау деген жерлер. Қазтуған қиын кездегі көп қиқушының бірі емес. Сол даланың бағы мен сорын пешенесіне балаған елбасыларының үмбетінен шыққан. Оның тепсініп сөйлеп, таусылып айтып, тебірене күй төгуінде осындай гәп бар. Ел үшін еңіреп өткен Қазтуғанның сүйегі, көне көз қарттардың айтуында Қияш өзенінің жағасындағы Бабата қорымында өзінің өсиеті бойынша жерленсе керек. Сөз орайында әйгілі Бөкейханның да сүйегі осы қорымда екені айта кетудің артықтығы жоқ. Асан қайғы. Сәбитұлы Асан қайғы (14—15 ғғ.) — ақын. Еділ бойында дүниеге келген. Құрбанғали Халидұлы өзінің «Тауарих хамса» атты еңбегінде әйгілі Майқы биді Асан қайғының арғы атасы еді дейді. Берке хан дүниеден қайтқан соң (1359) Алтын Орданың тағына жанасқан хандар баянды билік құра алмаған. Сондай баянсыз хандардың бірі Ұлығ Мұхамед болса, Асан қайғы сол Ұлығ Мұхамед ханға сөзін өткізетін билерді бірі болған. 15 ғ. 1420 жж. Ұлығ Мұхамед Сарайдан қуылып, Қазанды паналағанда, Асан қайғы жасының егде тартқанына қарамастан өз әміршісінің жанында болған. Алайда, бас сауғалау болмысына жат Асанқайғы кешікпей қайтып оралып, Әбілхайыр Ордасындағы шиеленіскен тартыстың ортасына түседі. Керей, Жәнібек сұлтандар бастаған рулардың Әбілқайыр ұлысынан бөлініп шығуын қолдаушылардың бірі Асан қайғы болады. Асан қайғының жыр толғаулары мен нақыл сөздеріне қарағанда, Дешті Қыпшақтың кіндік мекені Еділ, Жайық бойынан қазақ руларының ірге көтеруін қолдамай, Керей мен Жәнібекке көп қарсылық білдіргені айқын аңғарылады. Асан қайғының «Жерұйық» іздеуіне қатысты айтылатын аңыздардан да халықтың бас құрап, ірге орнықтырып, ел болу қамын ойлауда оған шешуші міндеттің жүктелгені байқалады. Ақыры, елдің ертеңін ойлап, еңсесін көтеруді өмірлік мұрат еткен Асан қайғы Ордадан бөлінген қазақ руларын Шу, Сарысу бойына, Ұлытау төңірегіне қоныстандыруға атсалысып, халықтың темірқазығындай бағдаршы болып өткені мәлім. Ел аузындағы қария сөздің айтуында, Асан қайғы Сарыарқада дүние салып, Ұлытаудың топырағы бұйырған. Ал, Уәлиханов Шоқанның жазуында Асан ата өмірінің соңғы жылдарын Жетісуда өткізіп, Ыстық көлдің жағасында дүние салған. Ел ішіндегі шежіре сөздер мен күй аңыздарына қарағанда, Асан қайғы халық қамын ойлаған ақылгөй, көреген ғана емес, сонымен бірге дәулескер күйші де болған. Көптеген күйлердің аты мен аңыз әңгімесі де әлі күнге дейін айтылады. Өкініштісі, бүгінгі күнге «Ел айрылған», «Асан қайғы», «Желмаяның жүрісі», «Зар» сияқты санаулы күйлері ғана жеткен. «Ел айрылған» күйінің құрылысы қарапайым болғанмен, лекіте қағып отыратын сарынында терең күйзеліс сезіледі. Тіптен, не боларын күні бұрын болжай алатын дананың шарасыздығы сияқты торығуы да жоқ емес. Мұны бастан аяқ жалықпай сұңқылдап, талмай қайталайтын сырлы саздан аңғарасыз. «Ел айрылған» күйін Ғұбайдолла Мұхитовтың (Орал) тартуында алғаш рет А.В. Затаевич нотаға түсірген. Сондай ақ, толық, көркем нұсқасын 1964 жылы Мұқас Құсайыновтың (Орал) тартуында Т. Мерғалиев нотаға түсірді. Тілеуқабылұлы, Өтейбойдақ. Тілеуқабылұлы Өтейбойдақ (1388-1478) – қазақтың әйгілі шипагер ғалымы, елдің әлеуметтік саяси өміріне жүйрік тарихшысы, «Шипагерлік баян» атты толымды емшілік этнографиялық еңбектің авторы, өз тұсында Жәнібек хан, Жиренше шешен сияқты тарихи тұлғалармен бастас болып, ел қамы, халық тағдырына қатысты келелі істерге араласқан қоғам қайраткері. Өтейбойдақтың өмір дерегі, туған өлген жылдары негізінен «Шипагерлік баян» кітабындағы мағлұматтар бойынша белгілі. Автор 70 жасында жаза бастағаны туралы, содан Жәнібек хан дүние салған 1473 жылы кітапты 85 жасында жазып бітіргені жөнінде дерек қалдырған. Сондай ақ, Өтейбойдақтың 90 жасқа жақындап дүние салғаны жөнінде де дерек бар. Демек, Тілеуқабылұлы Өтейбойдақты 1366 жылы дүниеге келіп, 1478 жылы дүние салды деп жобалауға болады. Өтейбойдақ «Шипагерлік баян» кітабында өзі туралы былай дейді: «Өтейбойдақ Тілеуқабылдың ұлымын. Ата тегім Ұлыжүз Зарман, Зарман ішінде Албан. Мекенім Жетісу. Ауылымда құрбы құрдас, таныс білістерім аз емес. Жанымда Жиренше шешен, Жәнібек ханның қарашасымын. Жылым иіртек, сексен беске келдім. Бойым ұзын, қара торы, қоңқақ мұрынды, кең иықты, қап сақалды, ұзын қасты, кем сөзді жанмын». Емшілік, шипагерлік қасиет Өтейбойдаққа ата тегінен жұғысты болған. Ата баба әулетінің жинақтаған мол тәжірибесін бойына дарыта білген Өтейбойдақ бұл салаға бар ғұмырын арнап, халық медицинасын ғылыми жүйеге келтірген. Сөйтіп, шипагерліктің өз замандағы биік деңгейіне көтеріле білген. Бұл жолда ол Әл Фараби сияқты атақ даңқ, дүние мүлік, бас құрап, үйлі баранды болу дегендей, пендеге тән қасиеттердің бәрін тәрік етіп, бүткіл өмірін шипагерліктің қыр сырын игеруге сарып еткен. «Шипагерлік баян» бүгінгі күнге Өтейбойдақтың ағайын ұрпақтары арқылы жеткен. Кітап уақыттың алуан түрлі зобалаңынан өтіп, мейлінше көлемді мұраның төрттен бір бөлігі ғана бүгінгі ұрпақтың қолына тиген. Қалған бөлігі Қытайдағы атышулы «мәдени төңкеріс» кезінде «хуң уейбиндер» тарапынан өртелген. Өтейбойдақтың «Шипагерлік баян» кітабы қазақтың дәстүрлі медициналық тәжірибесі туралы мейлінше мол мағлұмат береді. Бұл рете, автордың мыңнан астам дәрі түрлерін тоғыстыру арқылы 4 мыңнан астам шипалық шаралардың қолданымын (рецепт беру) ұсынуы, оның білікті шипагер, ғұлама ғалым болғанын пайымдатады. Сондай ақ «Шипагерлік баян» кітабында өсімдіктен алынатын 728 түрлі, жан жануарлардан алынатын 318 түрлі, метал металлоидтардан түзілетін 318 түрлі шипалық қасиеті бар дәрілердің аталуы, 500 ге тарта анатомиялық атаулардың келтірілуі, бұл еңбектің тарихи этнографиялық мән маңызының ерекше екенін білдіреді. Теңдесі жоқ «Шипагерлік баян» ол заманда да қазақ тілінің қаншалық тұнық, бай болғанының айқын дәлелі. «Шипагерлік баян» кітабы арқылы Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының тек қана ғұлама шипагер емес, сонымен бірге халықтың өмір салтына, дүние танымына, рухани мәдениетіне мейлінше қанық болғаны, өз заманының терең ойлы, ұлтжанды тұлғасы болғаны айқын аңғарылады. Жошы хан. Жошы хан (1187-1227 жж.) – моңғол шапқыншылығынан кейін Қыпшақ даласында құрылған жаңа мемлекет - Жошы ұлысының негізін қалаушы, атақты Шыңғыс ханның қоңырат қызы Бөрте бәйбішесінен туған төрт ұлдың үлкені. Ол ересен күшті, ер жүрек, алған бетінен қайтпайтын қайсар адам болған. Ол, алдымен, моңғолдардың басқыншылық әскери жорықтарының бәріне қатысқан аса ірі әскери басшы ретінде танылады. Жошы Шыңғыс ханның батысқа қарай бағытталған бірқатар шапқыншылық жорықтарын басқарып, Оңтүстік Сібірді, Алтайды, Жоңғар даласы мен Шығыс Түркістанды мекендеген көптеген тайпаларды бағындырып, Жетісу өңіріне жетеді. 1211-1215 жылдары Қытайды жаулау жорығына қатысады. Содан үш жыл өткен соң, Жошы Қыпшақ даласына басып кіріп, Ырғыз даласына жеткенде Хорезм шахтың 60 мың әскерімен шайқасқа түседі. Күш арасалмағының кемдігіне қарамастан, Жошы қолбасшылық дарынымен ерекше көзге түседі. Хорезм шах әскері ашық шайқаста жеңіліп, қала қорғандарына барып тығылады. Бұдан кейін Жошы Сырдария бойындағы Отырар, Сығанақ, Үзкент, Баршынкент, Аспас, Жаңакент қалаларын алып, арада жыл өткенде Хорезмді бағындырып, Түркістанды иеленді. Келесі жылдың көктемінде Жошы әкеінің шақыруымен Сайрам мен Таластың арасындағы Құланбасы жазығында өткен құрылтайға қатысады. Шыңғыс хан жаулап алған жерлерін бөліске салған кезде Жошының еншісіне Ертістен бастап, Орал тауының аралығы және одан арғы батысқа қарайғы жерлер тиеді. Ордасы Ертіс өзенінің бойына орналасады. Құрылтайдан кейін Шыңғыс ханның басқа балаларының бәрі кері қайтып кеткенде, Жошы өзінің жаңа иелігінде қалады. Ол осында 1227 жылы қайтыс болады. Жошының өлімі жөнінде әр түрлі әңгіме бар. Оның бірі — Жошы аң аулап жүргенде, жараланған құланның айғыры шайнап өлтірді десе, екіншісі аттан құлап, мойны үзіліп өлді дейді. Ал енді бір дерек жеке билікке ұмтылып, әке ырқына көнбей, асаулық танытқан ұлын Шыңғыс өзі арнайы адам жіберіп, бел омыртқасын үздіріп өлтіртті дегенді айтады. Қалай болғанда да, Жошы ханның қазақ жерінде, Ұлытауда өлгені анық. Соның куәсіндей болып, Жезқазған қаласынан 45 шақырымдай жерде Кеңгір өзенінің сол жағасында Жошының мазары сол күйі әлі тұр. Майқы би. Майқы би (12—13 ғғ.) — халықтың ауызша тарихының айтуында, Шыңғысты хан көтеруге қатысқан атақты 12 бидің табыннан шыққан бірі. Шежіре деректері бойынша Ұлы жүздің түп атасы Ақарыстан Ұзынсақал Ыбрайым, одан Кейкі, одан Төбе би, одан Қойылдыр, Қоғам, Майқы, Мекре тарайды. Әділ билігімен, тапқыр шешендігімен бүкіл қазақ қауымының арасында атағы шыққан адам. Халық арасында: «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» деген ескі сөз бар. Шыңғыс ханның ел бастау ісіне көмектесіп, ақылшысы, өзі жорыққа аттанғанда орнына қалдыратын биі болғаны, Жошы ханның Батысқа жасаған жорығында моңғол әскерінің оң қанатын басқарғаны айтылады. Осыған қарағанда, Майқы би жас жағынан Шыңғысханмен қарайлас, болмаса ептеп үлкен болуы мүмкін. Баласағын, Жүсіп. Жүсіп Баласағын (Жүсіп «Хас Хажыб» Баласағұни) (1020—?)жыл — Орталық Азияның белгілі ақыны. Туған жері Жетісу жеріндегі Баласағын (Баласағұн) қаласы. Бұрын бұл қаланы «Күз Орда» деп те атаған. Жүсіптің әкесі де ақын, өнерпаз кісі болған. Қарахан мемлекетінің астанасы Баласағын қаласында (Қырғызстандағы қәзіргі Тоқмоқ қаласы өңірі) хан сарайында өлең айтып, күй шерткен. Кейін ол бұл іске баласын да тартып, Жүсіп әкесімен бірге хан сарайында қызмет еткен. Осында жүріп қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарынан білім алды. Жүсіптің ақын ретінде де, ғалым ретінде де атын шығарған еңбегі «Құтадғу білік» ("Құтты білік") атты дидактикалық поэмасы. Бұл еңбегін Қарахан мемлекетінің сол кездегі билеушісі Табғаш Арслан хан Боғратегінге тарту етіп, бұған қоса оның арғы тегіне арнап «Дәрдә Хұсайын» ("Хұсайынның қасіреті") деген күй шығарған. Хан оның бұл еңбегін жоғары бағалап, оған «Хас Хажыб» деген атақ берген. Жүсіп Баласағын аты жөніне «Хас Хажыбтың» тіркелуінің мәнісі де осында. «Хас Хажыб» араб сөзі, ханның ең жақын, ең сенімді кеңесшісі деген мағынаны білдіреді. Ақынның «Құтты білік» поэмасынан басқа жазған көптеген рубайлары да болған. Мысалы, Наманган қолжазбаларының ішінен оның 600 жолдан астам рубаилары табылған. Олардың да поэзиялық көркемдігі жоғары, философиялық толғамдары терең. Жүсіп Баласағын [Қашқар] қаласында жерленіп мазар салынған. Қашқари, Махмұд. Махмұд Қашқари (ХІ ғасыр) - түркі ғалымы, әйгілі «Диуану лұғат-ит-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы. Толық аты жөні Махмұт ибн әл Хұсейн ибн Мұхаммед. Туған жері қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) Барсхан қаласы. Махмұдтың әкесі белгілі қолбасшы, Барсханның әмірі болған. Ол кейін Қарахан әулеті билеген мемлекеттің мәдени саяси орталықтарының бірі Қашқарға ауысқан. Махмұд осында дәріс алған, ұзақ жылдар тұрған. Оның аты жөніне қай жерден шыққанын көрсететін дәстүрмен «Қашқариді» тіркеуінің мәнісі де содан. Ғалымның туған, қайтқан жылы белгісіз. Ол жөнінде өзі де, басқа зерттеулер мен сол тұстағы жазбаларда да ештеме айтылмайды. Ол Қашқарда алған білімін одан әрі толықтыру мақсатымен, Бұқара, Нишапур, Бағдад қалаларында болады, түркі тілінің сыртында араб, парсы, тілдерін жетік меңгереді. Өз заманының аса білімдар филологы, тарихшысы, этнографы, географы ретінде танылады. Махмұд Қашқари түркінің тұңғыш тіл маманы, түркі тілінің оқулығын жасаған, грамматикасын түзеп, жалпы түркі әлемінің тіл өнерінің өрісін кеңейтіп, өркенін өсірген ғұлама. Түркология тарихында ол тұңғыш тарихи салыстырмалы әдісті қолданып, түркі тілдері тарихи диалектологиясының негізін салды. Оның осы тілдерді салыстырмалы түрде зерттеу тәсілі бүкіл Шығыс тілшілеріне ортақ зерттеу тәсілі ретінде өзінше бір мектеп болып қалыптасты. Түркі жұртының бай тарихы, географиялық жағдайы, әдебиеті мен өнері, этнологияық ерекшеліктері «Диуани лұғат ат түркте» нақты тарихи деректілік сипатпен танылған. Ол көптеген ұлыстардың, тайпалардың тіл ерекшеліктерін саралап, түркі тілінің бітімін ежіктей түсіндіреді, тұрмыс салтын, әдет ғұрпын баяндайды, сол кездегі бір қатар қаламгерлердің, ғұламалардың, тарихи адамдардың аттары мен өмірбаяндық деректерін, түркі халықтарының байырғы жырларын, мақал мәтелдерін береді. Сонымен қатар ол көне дәуірдегі түркінің әлемдік қартасын жасап, онда Барсхан, Баласағұн, Тараз, Екіөгіз, Қашқардан бастап, түркі дүниесінің ежелгі шаһарларын, елді мекендерін түгел дерлік көрсетеді. Бұл ретте оны түркі жұртының тұңғыш энциклопедиялық анықтамалығы десе де болады. Қарабура. Қарабура (ХІ - ХІІ ғғ.) оғыз қыпшақ заманының әйгілі тұлғасы, дуалы ауыз абызы, ықпалды қайраткері. Шыққан тегі тама руынан. Туып өскен жері, ғұмыр кешкен мекені Шу, Талас, Сырдария, Еділ, Жайық өзендерінің бойы, сахара жұртының сол алаптардағы көшпелілік пен отырықшылықты тоғыстырған ортасы. Топырақ бұйырған жері Қаратаудың етегі, Созақ елді мекені. Далалық ауызша тарихнама деп жүрген қазақтың қария сөзі Қарабураның тегін былай таратады: әйгілі Қырымның қырық батырының бірі Қарадөн болса, одан Жұбаныш, одан Сүйініш, одан Ер бегіс, Ер Көгіс, одан Тама, одан Қарабура болып келеді де, Қарабурадан Нәрік, одан Шора, одан Есенгелді, одан Атамшыл, одан Торым, одан Базарқұл, одан Көкі, одан атақты тархан Есет батыр болып бір қайырылады. Бәрі де жыр арқауы болған ересен ерлер. Бұл жерде «Тама» атауы осынау ерлердің бәріне қатысты ру атауы, этноним екенін қаперге ілген абзал. Қарабураның өмір сүрген заманы Қарахан қағанаты, Ғазнауи сұлтандығы, Салжұқ сұлтандығы, Хорезмшах мемлекеті сияқты елдік мемлекеттік құрылымдар арқылы Орта Азияда ислам дінінің салтанат құра бастаған кезі еді. Яғни, Ұлы Дала көшпелілерінің ғасырлар бойғы бір Тәңірді тәу еткен наным сенімі сол кезеңнен бастап бір Аллаға мойын ұсынуға ден қоя бастады. Саяси әлеуметтік төңкерістен гөрі қашанда санадағы сілкіністер әлдеқайда күрделірек болып отырған. Сахара жұртының барша өмір салты, шаруашылық мәдени типі, адамдар арасындағы моральдық этикалық қарым қатынасы, салт дәстүрлері ғасырлар бойы тәңірлік дүниетаныммен реттеліп, мұның өзі экожүйемен үндесе шыңдалып, өмір сүрудің қалыбына айналған болатын. Әрине, мұндай ырғақты өмір салтқа исламдық наным сенімнің, исламдық құндылықтардың араласуы оңай құбылыс емес еді. Міне, осындай өтпелі кезеңде қайраткерлік қасиеттерімен ел тағдырына белсене араласқан көшпелілер аристократиясының ықпалды тұлғаларының бірі Қарабура болды. Мұны Қарахан, Салжұқ, Ғазнауи мемлекеттік құрылымдар өміріндегі күрделі ситуациялар ортасында ұдайы Қарабураның да бой көрсетіп отыруынан айқын аңғаруға болады. Әсіресе, Сыр бойындағы Жент сияқты іргелі қалада исламдық наным сенімге тәу еткен Қыпшақ Қимақ одағының арасындағы қанды қақтығыстар тұсында Қарабураның басалқылық ықпалы айқын байқалып отырады. Бұл жөнінде аңыз әңгіме түрінде, күй шежіре түрінде жеткен қызықты деректер мол. Қарабура сахара тұрғындары арасында қалыптасқан өмір салттың шырқын бұзбастан исламдық наным сенімді жерсіндіруге белсене ықпал еткен өз заманының қайраткері. Бұл тұрғыда ол әйгілі ойшыл ақын, сопылық дүние танымның ірі өкілі Қожа Ахмет Яссауимен мүдделес болды. Фәни мен бақи арасындағы құндылықтарды парықтай отырып, адамдар арасында адамгершілік, ізгілік, қанағат, рахымшылдық, адалдық сияқты қасиеттерді өмірдің ең өзекті ұстанымдары ретінде насихаттап отырды. Бұл ретте қызы Бегім сұлу мен күйеу баласы Санжар сұлтанның арасындағы қырбайлықта Қарабураның тек қана адалдыққа жүгініп, тек адалдықтың айнымас үкімін кепіл етуі, оның өмірлік ұстанымына айғақ болатын жарқын мысалдардың бірі. Қарабура есімінің ұранға шығуы, ол ұстанған гуманистік арман аңсардың (идеал) кейінгі ұрпақ үшін де бойтұмардай қастерлі екенін пайымдатады. Тіптен, Қарабура дүние салып, сүйегі Созақ топырағына бұйырған соң да, оның қабірі Орта Азия халықтары үшін киелі орынға айналды. Қарабураның аруағын исі түркі жұрты күні бүгінге дейін зор құрмет тұтады. Оның кесенесіне қоңырат Құрбан атаның, тарақты Шілмәмбет бидің, тама Құлтас бидің, сары үйсін Белгібай қажының, ұйғыр Шәкәсім ахуанның, өзбек Қожамқұл оқымыстының жерленуі де біраз жайды аңғартса керек. Айша бибі. Айша бибі (ХІ - ХІІ ғғ.) Қараханидтер әулетінің негізін қалаушы Қараханның қалыңдығы, қазіргі Тараз қаласының жанындағы, сонау скифтер заманынан бастап ақ қазақтың қол өнеріне енген, содан бері қолданылып келе жатқан ою өрнек, әшекей түрлерінің бәрін қамтитын күрделі арихитектуралық әсем ескерткіштің иесі. Айша бибінің кім екені жөнінде атадан балаға қалған аңыз болмаса, тарихи деректер жоқ. Ал, аңыз оны төрт түліктің бірі сиыр малының атасы деп есептейтін Зеңгі бабаның қызы еді дейді. Сол аңыздың айтуынша, Айша бибі Түркістанда жас батыр Қараханмен кездесіп, бірін бірі ұнатқан екі жас бас қосып, өмірлік серік болуға уағдаласады. Жаугершілік заман болса керек, тұс тұстан анталаған жаумен арпалысып, елін, жерін қорғаумен жүргенде Қараханның уәделі мерзімде Айша бибіге баруға мүмкіндігі болмайды. Арада біраз уақыт өтіп кетеді. Ақыры шыдамы таусылған Айша бибі Қараханның мекені Тараз қаласына өзі іздеп бармақ болып, қасына күтушісі Баба әже қатынды ертіп, жолға шығады. Бірнеше күн жол жүріп, Таразға жетеді. Қаланың төбесі көрінгеннен кейін өзеннің жағасына тоқтап, сол арада суға түсіп, шаң тозаңнан арылып, біраз дем алуға тоқтайды. Күтушісі ас жабдығына кіріседі. Салқын суға шомылып, денесі сергіп шыққан Айша бибі күтушісі ас әзірлегенше дем ала тұрмақ болып, арнайы өзіне төселген төсенішке келіп жатады. Су сабатының салқын ауасына қосылған таудың самал желі ұзақ жолдан шаршаған жас арудың балғын тәнін аялай сипап, рахат құшағына бөлейді. Сүйіктісінің ауылының төбесін көріп көңілі жайланған, енді аз уақыттан кейін онымен кездесетінін ойлап, тәтті қиял бесігінде тербеліп жатып, маужырап ұйықтап кетеді. Осы ұйқыдан оны даланың улы жыланы шағып оятады. Денесін у жайлап, тынысы тарылып бара жатқан Айша бибі дереу Қараханға хабар бергізеді. Қарахан тәуіптерін, молдасын алып жеткенде ару қыз ісіп кеуіп екі дүниенің арасында жатыр екен. Қарахан молдаға екеуінің некесін қиғызады. Содан кейін ол қызды қолына алып, жаны үзіліп бара жатқан Айшаның құлағына: «Айша, сен енді бибі болдың!» деп үш рет айқайлапты. Ханның өлі қызбен неке қиысқаны одан бұрын да, кейін де тарихтан кездеспейді. Қайғырып, қан жұтқан Қарахан сүйген жарының денесін арулап жерлеп, басына әсем күмбез орнатады. Жауын шайып, жел мүжіп, уақыт өз белгісін салғанымен бір бірін шынайы сүйген ғашықтардың махаббатының өшпес белгісіндей болып, сол күмбез әлі тұр Тараз қаласының іргесінде. Әбділкәрім Сатұқ Қарахан. Әбділкәрім Сатұқ Қарахан (?—960) — Орта Азияда Қарахан мемлекетінің негізін қалаушы. Шыққан тегі — мұсылман түркі әулетінен. Қарахан мемлекетінің құрылуы Қарлық қағандығының ыдырауымен тікелей байланысты. Тарихи әдебиеттерде Қарахандар әулетінің шығуы жөнінде түрлі пікірлер айтылады. Солардың ішінде Қарахан мемлекетінің тарихын зерттеуде үлкен еңбек сіңірген. О. Прицактың пікірінше, Қарахандар әулеті негізінен екі ірі тайпалар бірлестігінен "чігілдер" (шикілдер) мен "яғмалардан" құралғанға ұқсайды. Қарахан осы "яғма" тайпасынан шыққан. Қарлық қағандығының қағаны Білге Құл (Қадыр хан) өлгеннен кейін, оның орнында қалған екі баласы Бәзір Арслан мен Оғұлшақтың немере інісі Сатұқ Боғра хан ерекше көзге түседі. Ол кейін Оғұлшақтың өзіне қарсы шығып, Тараз бен Қашқарды одан тартып алады. 942 ж. ол Баласағын билеушісін тақтан тайдырып, өзін «қағанмын» деп жариялайды. Қарахан 960 ж. қайтыс болады. Оның орнына отырған баласы Мұса исләмды мемлекеттік дін деп жариялайды. Осыдан болар мұсылман тарихшылары қарахандар әулеті билеушілерінің кестесін осы Мұсадан бастайды. Бірақ шын мәнінде Қарахан мемлекетінің негізін қалаушы Мұсаның әкесі Әбділкәрім Сатұқ Қарахан, кейінгі тарихшылардың мемлекет атын оның есімімен «Қарахан» деп атауы да осыдан. Қараханның мазары бұл күнде Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласында тұр. Әл-Фараби. ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ (أبو نصر محمد الفارابي арабшасы) Қасиетті қазақ даласы талай ұлы ғұламаларды дүниеге алып келді. Қазақ топырағынын көкірегі ояу, көзі ашық, ойшыл азаматтары бүкіл Шығыс, араб-парсы мәдениетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ тілде жаза біліп, кейінгі ұрпақтарына мұра етіп қалдыра білді. Олардың ішінде аты әлемге жайылғандары да аз емес. Солардың бірі – бәрімізге танымал ұлы жерлесіміз Әбу Насыр әл-Фараби... Әл-Фарабидің түркі тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты жөнінде "Тархан" деген атаудың болуы. Әл-Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс өзені Сырға барып құятын өңірдегі, Фараб қаласында дүниеге келді. Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Ибн Мұхаммед Ибн Ұзлағ Ибн Тархан Әл-Фараби, яғни әкесі Ұзлағ, арғы атасы Тархан. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбу Насыр Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбу Насыр атанған. Бұл қаланың орны қазіргі Шәуілдір ауданы, Шымкент облысының территориясында. Сол тұста өмір сүргендердің қалдырған нұсқаларына карағанда, Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған. А. Н. Бернштам, шекарадағы аса манызды мекен және керуен жолдарының торабы болған Отырарға ортағасырлық авторлардың көп назар аударғанын атап көрсетеді. Географиялық көрінісі түрліше бұл өңір суармалы егіншілікпен айналысуға да қолайлы болған. А. Н. Берштамның айтуынша, Отырар қаласы орналасқан аса құнарлы алқапта қазақ халқының арғы ата-бабалары, қырдағы көшпенділер мен қала тұрғындары жиі карым-катынас, тығыз байланыс жасап отырған деп пікір қорыту әбден орынды. Кеңінен мәлім екі дерек бар: 1218 жылы моңғолдар қаланы қиратты, бұл "Отырар апаты" деп аталды; онаң соң 1405 жылғы ақпанда мұнда Әмір Темір қайтыс болды. Отырар жайында біздің қолымызда Ибн Хаукальдың, Абул Фиданың, қытай деректемелерінің мәліметтері бар. Отырар жөнінде Птоломейде де айтылған. Отырардағы кітапхана, ел ауыздағы аңызға қарағанда, кітабының саны жағынан атақты Александрия кітапханасынан кейінгі екінші орында болған. Бірақ Отырар Қазақстан территориясындағы бірден бір мәдени орталық емес-ті. Зерттеушілердің қажырлы еңбегі арқасында республиканың археологиялық картасында басқа да мәдени орталықтар (Тараз, Сығанак, Түркістан, Мерке, Исфиджаб және басқа қалалар) болғаны көрсетілген. Сондықтан, біз осы территорияны мекендеген тайпалардың сонау арғы заманда қалыптасқан өскелең өнері, қол өнері, ғылымы, түркі тілдес жазуы болған деп қазір батыл айта аламыз. Осы жазба әдебиеттің пайда болған кезін, ол біздің заманымыздан 300-400 жыл немесе одан да көп бұрын қалыптасты ма деген мәселені келешекте тарихшылар мен тіл мамандарының анықтауына тура келеді. Міне, сондықтан да, қазақ топырағынан шыққан ғалымдар Әбу-Насыр Әл-Фараби, Исхақ Әл-Отрари, Исмаил Әл-Шаухари, Жемал Әл-Түркістани, Әл-Сығнақи, Әл-Қыпшақи, Қадырғали Жалаири және басқалар жазған еңбектердің белгілі бір мәдени негізде дүниеге келуі әбден табиғи нәрсе. Осынау саңлақтардың ішінде жалпы әлемге әйгілі алып тұлға ретінде көзге көрінетін әл-Фарабидің орны ерекше. Ал енді әл-Фарабидің антика дәстүрімен байланыстылығынан, осының арқасында оның Аристотельден кейінгі "Екінші Ұстаз" атанып, даңққа бөленгенін айтатын болсақ, Әл-Фараби жастайынан-ақ ұлы Аристотельдің, Платонның, ерте дүниедегі Грецияның басқа да философтарының шығармаларымен түп нұсқасынан танысқаны жөнінде бізде деректер бар. Білімге, ізденуге деген құштарлықтың жетелеуімен ол, жас шағында, дүниедегі құбылыс біткеннің бәрі кісіге әрі ғажап, әрі таңсық көрінетін кезде саяхат жасап, сол замандағы мәдени әлемнің көптеген орталықтары: Хорасанда, Бағдадта, Дамаскіде (Шам), Алеппада, Каирда (Мысыр) болған. Өз өмірінің көп жылдарын ол, Араб Халифатының саяси және мәдени орталығы болған, Бағдадта өткізді. Мұнда ол өз білімін әбден тиянақты меңгеріп, толықтырады, көрнекті ғалымдармен байланыс жасайды, сөйтіп өзінің білімдарлығы, ақылының алғырлығы және асқан байсалдылығы арқасында көп ұзамай олардың арасында үлкен абырой-беделге ие болды. Бірақ өресі тайыз, кертартпа хадисшілер оны жек көріп, күндей бастаған, әсіресе, олар Әл-Фарабидің бүкіл ойының негізгі мәніне қарсы шыққан, өйткені, оның дүниеге көзқарасы шынайы болмысты танып білуге, адам бақытын о дүниеден іздеп табуға мезгейтін еді. Ақыр соңында Әл-Фараби лажсыздан Бағдадтан кетеді. Өзінің "Фусул ал-мадани" ("Мемлекет қайраткерінің нақыл сөздері") деген соңғы шығармасында ол: "Адам ғылымға түрліше тосқауыл жасайтын мемлекеттен кетіп, ғылыми өркен жайған елде тұруға тиіс", – дейді. Әл-Фараби Александриялық (Мысырлық) ғалымдар, яғни бір кезде Александриядан ығыстырылған несторианшыл христиандар тұратын Хоранға келіп қоныс тебеді. Өмірінің соңғы жылдарын Алеппо мен Дамаскіде өткізеді, мұнда ол Солтүстік Сирияның жетекшісі әрі саяси қайраткері Сейд Ад-Дуаль Хамданиге аса кадірлі болды. Әл-Фараби 950 жылы 80 жасында қайтыс болды. Біздің заманға Әл-Фарабидің тек негізгі шығармалары ғана келіп жетті. Ол шығармалардың ежелден бері-ақ жұртшылыққа танымал болып, философиялық және ғылыми ойдың одан кейінгі дамуына тигізген әсері толассыз. "Мұсылман Ренессансы" деген атауға ие болған сол заманға тән белгілері оның шығармаларымен белгілі бір дәрежеде өз орнын алады. Әл-Фарабидің шығармаларында көне замандағы дәстүрдің және "Бірінші Ұстаз" деп Шығыста аталып кеткен Аристотельдің тарих барысында қалдырған әсері, неоплатонизмнің, несторианшылдықтың әсері және исламның әсерімен Аристотель идеяларының өзгеруі айқын көрінеді. Әл-Фарабидің Аристотельге бас игені сөзсіз. Сол сияқты ол Аристотель идеяларының ең жақсылары мен бағалыларын әрдайым таңдап ала бермейтіні де даусыз. Бірақ біз үшін ерекше бағалы жағы да сол – ол Аристотель ілімінің формальдық жағымен ғана шектелмейді, диалектика элементтеріне, мәселені қарама-қарсы қоюына белгілі дәрежеде көңіл бөледі, сыртқы дүние мен сезім мүшелері арқылы жүзеге асатын байланыс таным логикасының іргетасы болып табылатынын дәлелдейді. Әл-Фараби Аристотельдің, Әл-Қиндидің ізін қуып, философия мен ғылымның барлық салалары бойынша үлкен жетістіктерге жетеді. Мәселен, Фараби шығармаларының санын неміс ғалымы Ш. Штейщнейдер 117 еңбек десе, түрік ғалымы – А. Атеш 160, ал тәжік ғалымы Б. Ғафуров – 200 трактат деп көрсетеді. Әл-Фараби философия саласы бойынша грек ойшылы Аристотельдің "Категориялар", "Метафизика", "Герменевтика", "Риторика", "Поэтика", бірінші және екінші "Аналитика", "Топикасы" мен 4 сопылық еңбектеріне түсініктемелер жазды. Ол еңбектері күні бүгінге дейін де мән-маңызын жоғалтқан жоқ. Сөйтіп, Фараби Шығыс пен Батыстың ғылымы мен ежелгі мәдениетін таныстыруда зор рөл атқарды. Сондықтан да, XI ғасырда өмір сүрген Фарабидің ізін қуушы атақты Әбу Әли Ибн-Сина (980—1037) тек Әбу Насыр түсіндірмелері арқылы ғана Аристотель еңбектерінің ойын ұғып, қуанғанынан қайыршыларға садақа үлестіргені жайлы жазған екен. Анығырақ айтсақ, Аристотель шығармалары сол кездің өзінде-ақ араб тіліне аударылып үлгерген-ді. Араб Шығысында Аристотельдің кейбір құнды ойлары бұрмаланып көрсетілді. Бірақ көп еңбектері тәржімаланбағандықтан ұлы грек философиясының ойын түсіну қиын болды. Сондықтан да, көп тілдерді жетік білген ұлы ғалым жерлесіміз Аристотель шығармаларына араб тілінде түсіндірме жазуды ұйғарды. Сөйтіп, ол ұлы философтың мұраларын жаңсақ пікірлерден тазартып, өз қалпында дұрыс түсіндіре біліп, өзінің бірінші ұстазға деген ғылым саласындағы үлкен адамгершілік, азаматтық іс-әрекетін таныта білді. Сондықтан да, шығыс философтары оны "Әл Му'алим Әс-Сани"— "Екінші ұстаз" деп атаған. Ұлы Бабамыз Аристотельдің философиясын дамыта отырып, өз тарапынан да "Ғылымдардың шығуы", "Ғылымдар энциклопедиясы немесе тізбегі", "Кемеңгерлік меруерті", "Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы", "Музыканың үлкен кітабы", "Философияны аңсап үйрену үшін алдан-ала не білу қажеттігі жайлы", "Ақылдың мәні туралы", "Әлеуметтік-этникалық трактаттар", "Философиялық трактаттар", т. б. көптеген философиялық еңбектер жазған. Фараби ғылымның философиялық-логикалық іргетасын дұрыстап қайта қалап шықты. Ол музыка жайлы күрделі зерттеулер жүргізді. Фарабидің метафизика, тіл ғылымы, логика, психология, география, этика т. б. ғылымдар жайлы жазған еңбектерінің мәні ерекше зор. Тарихқа неғұрлым терең үңілген сайын, біз жеке ұрпақтардың, тайпалар мен ұлттардың мәдениеті мүлде оқшау дамиды деген "теорияның" негізсіздігін соғұрлым айқын көріп отырмыз. Дүние жүзі мәдениетінің дамуында із қалдырған сол көрнекті қайраткерлер, шындығында, адамзат мөдениетінің бірлігін паш етіп келеді. Әл-Фараби осындай дүние жүзілік тарихи тұлғалардың санатына қосылады. Ол туған елінің мәдени байлығын, Иранның, Үндінің, ежелгі дүние мәдениеттерінің жемістерін бойына дарытты. Дәл, сондықтан да, ол таяз ұғымдар мен соқыр сенімдерден жоғары көтеріле білді, өзінің ойлау жүйесін сындарлы да икемді ете білді. Әл-Фараби өз заманындағы өнер-білімнің ең асылын таңдап ала білді, өз дәуірінің шынайы энциклопедиясын жасап берді. Оның терең мағыналы пікір айтпаған, жете зер салмаған, данышпандық болжам жасамаған бірде-бір білім саласы жоқ деуге болады. Күл-тегін. Күл тегін (684-731ж.ж.) - Құтлық (Елтерiс) қағанның екiншi ұлы, Бiлге қағанның (Могилян) туған iнiсi. Шешесi Елбiлге қатұн. Ачынұ тектi. Күлтегiн 7 жас кезiнде әкесi Құтлық (680-692 ж. билік құрған) қайтыс болады. Қаған тағына оның iнiсi Қапаған (692-716 ж.) отырады. Күлтегiн мен Бiлге, Қапағанның iнiсi Бөгүнi (716 ж.) тақтан тайдырып, қағандық билiктi Бiлге қолына (716-734 ж.) алады. (Н.Базылхан. Көне түрік бітіктастары мен ескеркіштерінің жинағы// "Қазақстан тарихы VIII-XX ғғ түрік тілді деректерде" атты сериясы бойынша. II том. - Алматы: Дайк-пресс, 2005.) Екінші Шығыс Түрік қағанаты әскерінің бас қолбасшысы, «көк түріктің көк семсері» атанған атақты батыры. Әкесінен жастай жетім қалып, ағасы Қапаған қағанның тәрбиесінде өскен Күл тегін тым ерте есейіп, қабырғасы қатып, бұғанасы бекімей жатып, жау жарағын асынып, түрік еліне тұс тұстан төнген басқыншы жауға қарсы үлкендер қатарында тұрып, ерлікпен күреседі. Бұл ретте түріктің атақты Білге қағаны Күл тегін батырдың басына қойылған ескерткіші тасқа ойып жаздырған ғұмырнамасында: «әкем қаған өлгенде інім Күлтегін жеті жаста қалды. Он жаста Ұмай текті шешемнің бағына інім Күлтегін ер атанды» деп жазды. Тарихи деректерді салыстыра зерделесек, бұдан Күлтегіннің он жасында ер атанып, алғаш көзге түскен соғысының табғаш елінің әйел патшасы У хыудың Қапағанның басына ақша тігіп, кімде кім оны өлтірсе, соған «Жан чо» («Чоны өлтіруші», яғни Мочо Қапағанды өлтіруші) деген атпен бірінші дәрежелі кінәз атағын беремін деген уәдесін арнайы жарлықпен бекітіп, түрік еліне жазалау жорыққа қалың қол аттандырғаннан кейінгі, 694 жылғы Жау жыу және Дин жыу аймақтарында болған соғыс екені анық көрінеді. Қапаған осы соғыста 90 мың тұтқынды қолға түсірген. Он алты жасына келгенде... алты чуб, соғдыларға қарсы аттандық. Күлтегін жауға жалғыз ұмтылды. Он тұтықты қарулы басшылармен қолға түсірді. Ол әскерді сонда талқандадық. Жиырма бір жасында Чача Сеңүнмен айқастық. Күлтегін әуелі Тадықан шораның Боз атын мініп шапты. Ол ат сонда өлді. Екіншісінде Ышбыр Жамтардың боз атын мініп шапты. Ол ат та сонда өлді. (Күлтегіннің) сауытына, қалқанына жүздеген оқ тиді, бірақ бірі де денесіне дарыған жоқ. Күлтегін жиырма алты жасқа келгенде қырғыздарға қарсы аттандық. Күлтегін Байырқының Ақбоз айғырына мініп, шабуылға ұмтылды. Бір батырын оққа ұшырды, екі батырын найзамен түйреп түсірді. Ақбоз айғырдың белі үзілді. Қырғыз қағанын өлтіріп, елін алдық... Тоғу қаласында шайқастық. Күлтегін Азбан ағын мініп ұмтылды. Алты батырын шаншып түсіріп, жетіншісін қылышпен шапты. Тоғыз батырын қуып жетіп, тақымға басты... Оғыздармен соғыстық Күлтегін Жетімек (Өгсіз) атқа мініп шауып, тоғыз ерін шанышты... Түргеш халқы жау болды. Күлтегінді шағын қолмен жібердік. Жойқын соғыс жасапты. Қара түргеш халқы сол жерде өлім тауыпты... Осылай жалғаса береді. Қарап отырсаңыз, Күлтегін батыр 47 жасқа жетіп, қаза тапқанша соғыссыз өткен жылы болмапты. Соның бәрінде ол жау қолына жасындай тиіп, түрік қолын жеңіске жеткізіп отырыпты. Әкесі Құтылығ (Елтеріс) қаған Екінші Шығыс Түрік қағанатының іргесін қалап, шаңырағын көтерсе, артында қалған екі баласы: үлкені Білге қағаны ел бастап, кішісі Күлтегіні қол бастап, сол қағанаттың айбынын асырып, мерейін тасытыпты. Ағайынды екі ұлан ақыл қосып бірге қимылдап, елінің бірі алтын тұтқасына, бірі айбарлы асыл тірегіне айналыпты. Ажал алытн тұтқасына, бірі айбарлы асыл тірегіне айналыпты. Ажал жетіп, сол асыл тірек құлағанда Ұлы Дала күңіреніп, төрткүл дүниеден түгел елшілер келіп, Күлтегін рухына тағзым етіпті. Басына ел тарихын жазып, алып ескерткіш орнатыпты. Сол ескерткіштің ғылыми көшірмесі бұл күнде тәуелсіз еліміздің астанасында, Еуразия ұлттық университеті бас ғимаратының төрінде тұр. Батыр бабаның бақытты ұрпағы күн сайын ескерткіш қасына келіп, ұлы Ерлікке тағзым етеді, ата рухына адалдықтарын білдіреді. Тоныкөк. Тұңықұқ бітіктасы. Базылхан Нәпіл түсірген. 2005. Тоныкөк (Тоңыұқық) (646- 741ж.ж.) - Екінші Шығыс Түркі қағанатының негізін қалаушылардың бірі, оғыз тайпасынан шыққан ұлы дана, заманында Түркі қағанатының үш бірдей қағанына уәзір болып, түркі елінің халқын көбейтіп, жерін кеңейтуге үлкен үлес қосқан кемеңгер. Көшпелілер тарихында артында өшпес атақ даңқын қалдырып; ақыл парасатына, қол қайратына, көрегендігіне табындырып; ел жұртының қасіретін, қуанышын, ерлігі мен елдігін тасқа жыр ғып қашап, мәңгілік мұра қалдырған Тоныкөктей тұлға болған емес. Сол тас жазуда: «Мен, Білге Тоныкөк, табғаш (қытай) елінде тәрбиеленіп өстім. Түркі халқы ол кезде табғаштарға бағынышты еді» деп жазылған. Бұдан Тоныкөктің түрк тайпасы көсемдерінің бірінің баласы екені анық аңғарылады. Өйткені ол кезде көшпелілердің тек ел басыларының қытайға аманатқа берген балалары ғана император сарайында оқып, тәрбиелене алған. Қытай сарайында жүріп, олардың өз еліне жасап жатқан қорлық зорлығының бәрін көріп біліп өскен Тоныкөк ақыры шыдай алмай, 683 жылы шыли иуән тайпасының басшысы Құтылықпен бірігіп, табғаштарға қарсы көтеріліске шығады. Көтерілісшілер жеңістен жеңіске жетіп, ұзамай әйгілі Екінші Шығыс Түркі қағанатының шаңырағын көтереді. Құтылығты «Ел төресі» деген атпен қаған етіп сайлайды. Жаңа шаңырақ көтерген елдің іргесін бекітуге мүмкіндік бермей құртып жіберуді көздеген табғаш билеушісі «жабайыны жабайының қолымен құрту» саясатымен түркілерге көрші тоғыз оғыз халқын айдап салды. Бірақ табғаш елінде болып, олардың қарсыластарын құрту үшін қандай әрекеттер жасайтынын жақсы білетін Тоныкөк асқан көрегендікпен бұл апаттың алдын алып, Тоғыла жазығында тоғыз оғыздардың әскерін тас талқан етеді. Қолға түскен тұтқындарды Тоныкөк Құтылығ қағанға айтып, түгел босатып, еліне қайтарады. Оларға: «Түбіміз бір туыспыз. Өзара қырқысқаннан өзгеге жем болғаннан басқа пайда жоқ. Табғаш елі ортақ жауымыз. Сондықтан соған қарсы күш біріктірейік. Бір бірімізді өгейсітіп, көзге түрткеннен тапқан олжамыз кәні? Бірігіп ел болайық, осыны айта барыңдар. Кім де кім бірлік байрағын көтеремін, ата жауға қарсы бірлесіп күресемін десе, Отыкенге келсін. Біз сонда бірер күн еру боламыз» дейді. Тоныкөктің осынау сөзі қандастарының жүрегін жібітіп, оғыздар түгелдей түрк туының астына жиналады. Кейін бұл жөнінде Тоныкөктің өзі тас жазуда: «Осыдан кейін оғыздар өз аяғымен көтеріле келді. Келтіргендей ақ келтірдім ау» деп ризалық сезіммен сол кезді еске алады. Құтылығ қаған өлгеннен кейін, орнына інісі Қапаған отырады. Тоныкөк оған да сенімді серік, білікті ақылшы болып, адал қызмет етеді. Бұл ретте Тоныкөктің өзі тас жазуда: «Елтөресі (Құтылығ) қаған, Білге Тоныкөк қам жеп, иелік қылғаны үшін Қапаған қаған бар болып отыр» дейді. Онысы рас та секілді. Қытай жылнамасы Қапағанды қарамағындағыларға аяусыз қатыгездікпен қарады, қартайған сайын қызғаншақ, ақылсыз бола бастады деп суреттейді. Тоныкөк осы кезде қағанына өкпелеп, қытайға өтіп кетуге жырыла көшкен ру тайпа көсемдерін тоқтатып, ел бүтіндігін сақтау үшін күндіз отырмай, түнде ұйықтамай, ат үстінде жүреді. Бірақ Тоныкөктің халық алдындағы беделінің тым жоғарлығын қызғанған Қапаған оны ел билігінен оқшаулай бастайды. Қағанат құлауға айналады. Ақырында Қапаған қаған ойда жоқта өз қандастарының қолынан қаза табады. Билікке таласып, ел бірлігіне зиян келтіреді деген қауіппен Қапаған қағанның бүкіл ұрпағын қырып тастаған Күл-тегін батыр ағасы Могилиәнді (Білге қаған) қаған тағына отырғызды. «Білге қаған» деген атпен таққа отырған Могилиән өз тайпасының ортасына кеткен Тоныкөктің көрегендік ақылымен тұс, тұстан анталаған жауының бәрін жеңіп, құлауға айналған қағанатты қалпына келтіреді. Тас жазуда Тоныкөк: «Түрк Білге қаған түрк - сыр, оғыз халқын асырап, мерейін үстем қылып отырар» деп, оған үлкен сенім артады. Түрк жұртының азаттыққа қол жеткізіп, жеке дербестік ел болып отыруына айтулы еңбек сіңірген дала кемеңгері Білге Тоныкөк өзінің бағасын, тарихтағы орнын өзі қашатып, жаздырып кетті. «Тәңірі жарылқады! Бүкіл түркі жұртына қарулы жау келтірмедім, атты әскер жолатпадым. Ел төресі жауламаса, оған еріп мен жауламасам, елім, халқым жойылар еді. Оның шабуылының нәтижесінде, менің шабуылымның нәтижесінде еліміз қайта ел болды, халқымыз қайта халық болды. Өзім қартайдым, ұлық болдым. Түркі Білге қағанның еліне арнап тасқа жаздырған мен Білге Тоныкөкпін» дейді дана қарт. Тоныкөктің қай жылы өлгені белгісіз. Қытай тарихында білге қаған оны ордаға 716 жылы қайта шақырып алдырғанда Тоныкөктің жасының 70-те екені анық көрсетілген. Содан кейін ол Білге қағанның қасында болып, Түркі қағанатын төніп келген апаттан құтқаруға көмектесіп, оған пайдалы ақыл кеңесін береді. 734 жылы Білге қаған уланып өледі. Бұдан кейін Тоныкөкке қатысты дерек еш жерде кездеспейді. Білге қаған өлгеннен кейін оның орнына таққа балалары бірінен кейін бірі отырғаны және бар биліктің сол балалардың анасы, Білге қағанның әйелі, Тоныкөктің қызы Бопының (Пофудың) қолында болғаны белгілі. Осының бәрі Тоныкөкті бұл жылдарда да қаған ордасында болды деуге мүмкіндік береді. Тарихшылар оны әбден әртайып барып өлді дегенді айтады. Соған қарағанда ол 741 жылдың шамасында 95 жасқа жетіп қайтыс болған тәрізді. Бумын қаған. Бумын қаған (? – 552 ж.) - түркілердің өздері «Мәңгі ел» деп атаған әйгілі Бірінші Шығыс Түркі қағанатының негізін қалаушы тарихи ұлы тұлғалардың бірі. Оның алғаш тарихқа танылуы түркі еліне Батыс Вей империясының елшілерінің келуімен тікелей байланысты. Бұл кезде түркі елі Жыужән қағанатының құрамындағы, соларға темір кенін өндірумен айналысатын бодан ел болатын. Бумынның бұл кездегі билік лауазымы ұлы йабғу (даиеху). Оған ол түркі елінің басшысы болған әкесі Ту (Туву) өлгеннен кейін, мұрагерлік жолмен ие болған. Кезінде хатталып, қағаз бетіне түспегендіктен, Батыс Вей империясынан елші келгенге дейінгі түркі елінің де, оның басшысы Бумынның да тарихы белгісіз. Сондықтан да болар тарихшылар ортағасырлық түркілердің тарихын, шартты түрде, осы елшілер еклген да тун жылнамасының он бірінші жылынан, яғни 545 жылдан бастайды. Елшінің келген мақсаты түркілердің Батыс Вей империясының бақталасы Шығыс Вей империясының одақтасы болып отырған Жыужән мемлекетіне қарсы қойып, қарсыластар күшін әлсірету әрі оларды күресте өздерінің жақтасы ету болатын. Бумынның аса ірі саясаткер, көреген басшы екенін танытатын тұс та, міне, осы кез. Ол алып империяның айдапсалына елігіп, билікке таласушылардың қолшоқпарына айналмай, өз саясатын жүргізе біледі. Асылы, Бумын өзін империя қолдайды екен деп, аңдаусыз аяқ басудың апатқа ұрындырарын мейлінше ұққан сақ жан. Жылнамалар жеткізген тапшы деректер осыны дәлелдейді. Ол Батыс Вей секілді империяның қолдауын пайдаланып қалайын деп, телылар сияқты жанталасып, бірден атқа қонбайды. Батыс Вейдің елшісі кеткеннен кейін оларға өзінің елшісін жіберіп, бар жағдайды өз адамдары арқылы толық біліп алады. Күресте көмектеседі деген империясының өз көмегіне зәру мүшкіл хәлін көреді. Азаттық күресінде тек өз күшіне ғана сүйену керектігін, қазіргі жағдайында қыздырманың тіліне еріп, қарсы шыққанменен, дәуірлеп тұрған жыужәндарды жеңуге шамасы жетпейтінін түсінеді. Сол себепті де ол ешкім күтпеген әрекетке барып, жыужәндарға қарсы жорыққа аттанған телы тайпаларын қолдау орнына, оларға тосыннан тиісіп, бүкіл елін өз қарауына қосып алады. Бұл ретте «Жыу кітабы» (Жыушу): «Осы кезде (546ж.) телылар жыужәндарға қарсы жаза жорығына шығады. Тумын (Бумын) өзіне қарасты тайпаларды бастап, оларға орта жолда бүйірден тиісіп, талқанын шығарады. Сөйтіп 50 мың түтіндік бүкіл елін бағындырады» деген дерек береді. Осылайша еліне ел қосып, жауынгерлер санын көбейтіп, әскери қуатын нығайтып алғаннан кейін барып, ол жыужәндарға қарсы шығудың әрекетіне көшеді. Онда да өзі бірден тиіспей, жыужәндардың өзін соғысуға мәжбүрлейді. Жыужән мемлекетінің билеушісі Анагүйге қызын өзіне әйелдікке беруді сұрап, елшісін жібереді. Бұл сол кездің дипломатиясында: «менің енді сенімен терезем тең. Менімен санасуға тиістісің» дегенді білдіретін еді. Бұған, әрине, Анагүй келісе алмады, тас талқан болып ашуланып, Бумынды балағаттап, «Сен менің темірші құлымсың, бұлай істеуге қалай батылың барады» деп, арнайы шапқыншысын жібереді. Бумынның күткені де осы еді. Дәстүр бойынша, енді оның қорланған жан есебінде не істеймін десе де еркі бар, халықтың толық қолдауына ие болады. Осыны қапысыз пайдаланған Бумын өшпенділікті одан әрі өршіте түсу үшін Анагүйдің шапқыншысының басын алуға әмір береді. Қаған шапқыншысын өлтіру бұл дағы соғыс ашудың бір сылтауы болатын. Ақыры фи ди жылнамасының бірінші жылының (552ж.) бірінші айында Хуәй хуанның терістігіндегі кең жазықта жыужәндар мен түркі әскері шешуші айқасқа шықты. Осы шайқасқа жеті жыл бойы қапысыз дайындалған Бумын ашудың жетегінде асығыс жиналған жыужән әскерінің тас талқанын шығарды. Ойсырай жеңілген Анагүй өзін өзі жарып өлтірді. Сөйтіп байтақ далада бір жарым ғасыр бойы дара билік жүргізген Жыужән қағандығы құлады. Оның орнына кейін Ұлы Далаға бірнеше ғасыр бойы үстемдігін жүргізген атақты Түркі қағанаты орнады. Түркі елі жиналып, Бумынды ақ киізге көтеріп, «Ел қағаны» деп жариялады. Әйеліне «Ел Білге қатын» деген атақ берді. Бірақ Бумын қаған өзі орнатқан қағанаттың дәуірлеп дүркірегенін көре алмады. 553 жылдың қозы айында өз ажалынан қайтыс болды. Еділ қаған. Еділ (Аттила) қаған (406—453) — батыс ғұн империясының аты аңызға айналған әйгілі билеушісі, адамзат тарихында өзіндік орыны бар тарихи ірі тұлға. Атилла есімі. Еділді Еуропа тарихшылары «Аттила», «Атилла», «Атыл», «Аттылы», «Этцель», «Этли» деп те атайды. Аттила және оның дәуiрi тарихта өшпес iз қалдырды, белгiлерiн тек тарихи шығармалар, жылнамалар және эпикалық шығармалар ғана сақтап қалған жоқ. Мәселен, германдықтардың батырлар жырының 18 шығармасында ғұндар мен оның патшасының ұлы iстерi көрiнiс тапқанын айтуға болады. Аттила (Этцель) есiмi уақыт өте келе пайда болған лингвистикалық өзгерiстерiне қарамастан орта ғасырлардан берi Германия топонимикасында сақталған. Мысалы, «Hetzelistal» («Hetzelinstall») атауының сөзбе-сөз аудармасы «Этцел даласы», бұл Оффенбург жерiнде, сонымен қатар «Hetzelhof» («Etzelhof»), «Atzelhof» («Этцел ауласы»), Гейдельбергте, Atzelbach («Этцель бұлағы») Оттенхефенде, «Attlisberg» («Аттли тауы»). «Аттила» есiмi қазiр түркi тектес халықтарда (қазақша — «Едiл») кең тараған. Билік алуы. 434 ж. Руғила дүниеден өткенде империя билігі оның інілерінің баласы Бледа мен Еділдің қолына көшеді. Бірақ көп ұзамай Еділ немере туысы Ақтардың баласы Бледаны өлтіріп, билікке өзі жеке дара ие болады. Осыдан кейін ол бұрын білікті қолбасшы ретінде төңірегіне мәлім болса, енді үлкен саясаткер, көреген көсем ретінде жарқырап көзге түседі. «Әділ билеуші» атанады. Оның есімі қарсыластары арасында үрей туғызады. Оны «Құдайдың қамшысы» деп атай бастайды. Еділдің тұсында империя өзінің шарықтау биігіне көтеріледі. Шығыста Кавказға, батыста Рейнге, терістікте даниялық аралдарға, күнгейінде Дунайға дейінгі жер Ғұн империясының иелігіне айналады. Еуропаға жорық. Еділ бастаған ғұн әскері 447 ж. Фракия мен Иллирияны талқандап, Фермопила мен Константинополь іргесіне дейін жетеді. Шығыс Рим империясы (Византия) Еділге тәуелді екенін мойындап, алым-салық төлей бастайды. Арада төрт жыл өткеннен кейін Рим императоры Валентин ІІІ нің қарындасы Онорияның өтінішімен Еділ батысқа аттанып, Галлияға басып кіреді. Галлияны билеуге Рома императоры жіберген атақты қолбасшы Аэций вестгот, алан, фраңги ұлықтарымен тіл табысып, Еділге қарсы көп әскер шығарады. Мұның аяғы тарихта бұрын болмаған үлкен қырғын, әйгілі Каталаун шайқасына әкеледі. Тарихшылар осы шайқаста майдан даласында 165 мың жауынгердің өлігі қалды дегенді айтады. 452 ж. Еділ Италияны ойрандап, Падуя, Милан секілді қалаларын алады. Рим салық төлеп құтылады. Сөйтіп ол осынау ұлы жорықтан Дунай бойындағы мемлекетінің астанасы Еділқалаға (Этцельбургке) үлкен жеңіспен, салтанатпен оралады. Қайтыс болуы. Осының алдында Еділ герман тайпаларын бағындырған кезде Бургундия ханшайымы Илдионаға (Хилдикаға) ғашық болып қалған еді. 453 ж. елінде үлкен той жасап, осы ханшайымға үйленеді. Бірақ алғашқы неке түнінде белгісіз жағдайда кенеттен қайтыс болады. Оның орнына әкесімен бірге шерулі жорықтарға қатысып, қолбасшылық дарыны танылып, үлгірген батыр баласы Эллақ отырады. Еділ өзінің көзі тірісінде оны мұрагері етіп белгілеген болатын. Тарихи зердесі. Сөйтіп билік басында болған он тоғыз жыл ішінде Ғұн империясының жеріне жер, еліне ел қосып, даңқын алысқа жайған Еділ қаған Шығыстың ұлы жаугер ұлдарының бірі ретінде тарихқа енді. Содан да болар, батыстың тарихшылары оның есімін «адамзат тарихындағы ұлы адамдар Ескендір Зұлқарнайын пен Юлий Цезарь есімдерінің қатарына қояды». Германдықтардың белгiлi эпикалық шығармасы болып табылатын «Нибелунгтар туралы жырда» және өзге де герман эпосының шығармаларында, скандинав сагаларында Аттила (Этцель, Атли) Рим империясының қол астындағы халықтарды азат етушi ретiнде сипатталады. Византияның атақты жылнамашысы, 5 ғ. тарихшысы және мәмiлегерi, ғұн патшасына 448 ж. жiберiлген Византия елшiлiгiнiң мүшесi грек Приск Паниос, жеке көрiнiстер түрiнде сақталған өзiнiң «Византия тарихында» Еділді iрi мемлекет тұлғасы, ұлы iстермен айналысқан дана билеушi, талантты мәмiлегер және әдiлеттi сарапшы ретiнде, Еділ қаған мемлекетiн Римнiң қауiптi бақталасы ретiнде суреттей отырып, шындықты бейнелеген. Мөде қаған. Мөде (Мөте) қаған (ж.ж.с.д. 228-174) - ғұн (қытайша хунну) империясының негізін қалаушы. Қытай жазбаларында оның есімін «Маудун», ал билік лауазымын «чәниүй» деп атайды. Чәниүй атауының жеке сөз ретінде не мағына беретіні әлі күнге белгісіз, ал лауазым ретіндегі мағынасы ғұнлар үшін ортағасырлық түркілердің «Қаған» дегенімен мәнзелдес. Қазіргі тарихшылардың чәниүйді «тәңірқұт» деп аударады. Мөде шамамен 18-19 жасында, ж.ж.с.д. 209 жылы, әкесі Тумәнді өлтіріп, ғұн хандығының тағына отырып, өзін ғұн елінің дара билеушісімен деп жариялайды. Содан көп ұзамай шығыста дунху, батыста жыужы (юечжи), терістігінде хуниүй, чуйшы, динлиң, гыгун және шыңли, оңтүстігінде лыуфаң, бай - иән секілді елдерді жаулап алып, шағын ғұн хандығын Шығыста теңдесі жоқ далалық ұлы империяға айналдырады. Осыдан кейін елі оны «ақылы асқан дана» деп мойындап, оған «Чиңтижы» деген ат береді. Бұл қазіргі түсінікте «Тәңірінің күші», яғни «Құдайдың қаһары» деген мағынаны білдіреді. Ел билігінің басына көсемдік дарыны аса жоғары, қолбасшылық қабілеті тым ерен, көздеген мақсатына жетпей тынбайтын жігерлі жас Мөденің келуі тек ғұн халқының ғана емес, бүкіл Шығыс халықтарының тағдырына үлкен өзгеріс әкеледі. Бұрын жеке жеке хандықтарға бөлініп, өзара қырқысып жатқан түркі халықтарының басы бірігіп, бәрі тарихқа танылған үлкен бір далалық империяның құрамына енеді. Елді басқарудың жаңа жүйесі қалыптасады. Бұл жүйе елді үш әкімшілік аумақтық құрылымға бөліп басқару арқылы жүзеге асырылып, бар билік бір адамның чәниүйдің қолына көшеді. Мөде қаған тұсында мемлекетті басқару жүйесінің шен дәрежесі де белгіленеді. Мемлекеттің шығыс бөлігін Сол тужи уаң, батыс бөлігін Оң тужи уаң басқарды. Қытайша аталған бұл лауазымдардың билік пәрмені кейінгі түркілердің «кіші хан» деген ұғымына келеді. Бұдан кейінгі лауазым иелерін Сол лули уаң, Оң лули уаң деп атайды. Бұлар кіші хандарға бағынышты азық түлікке жауап беретін уәзірлер. Кезінде осы төрт лауазым иелерін топтастырып ортақ бір ақ атаумен чәниүйдің «төрт мүйізі» деп атаған. Мұның сыртында «түмен басы» деп аталатын 24 әкімшілік басшылары болған. Тәрізі қазақтың қария сөзінде жиі айтылатын «24 баулы ел» деген тіркес сол бір шалғай кез кезеңнен келе жатқан үрдіс болуы әбден мүмкін. Мөденің реформасынан кейін мемлекетте әскери шен жүйесі де (бас қолбасшы, түменбасы, мыңбасы, жүзбасы, онбасы) бір қалыпқа түседі. ғұн империясы азаматтарының бәрінің бірдей әскер қатарына шақырылуға міндетті болуы, шақырылғандардың әскери бастықтарына сөзсіз бағынуы, әскердің үнемі жауынгерлік рухта болуы үшін әскери жаттығулардың жүйелі жүргізіліп тұруы ғұндың тұрақты армиясы болғанын дәлелдейді. Оның саны бір деректе «300 000, екіншісінде 400 000 еді» деп көрсетіледі. Ғұндарға шын ниетімен беріліп, өлгенше чәниүй ордасында тұрып, адал қызмет атқарған қытай оқымыстысы Жүншин Иөннің айтуына қарағанда: «олардың заңдары орындауға жеңіл» көрінеді. Бұл, әрине, оның ғұн мемлекетінің заңын Хән патшалығының заңдарымен салыстырудан шығарған қорытындысы еді. Ғұн империясы билігінің тізгінін 35 жыл уысында ұстаған Мөде қаған ж.ж.с.д. 174 жылы қайтыс болғаннан кейін де, кезегімен билік басына келген оның ұрпақтары ол орнатқан ел басқару тәртібі мен заңдылықтарды қатаң сақтап, жарты әлемді жалпағынан басқан алып мемлекеттің үш ғасыр бойы өмір сүруін қамтамасыз ете алады. Томирис. Тұмар (Томирис) (ж.ж.с.д. 570-520) — массагет халқының байырғы заманда ел билеген атақты әйелдерінің бірі. Ахемен әулетінен шыққан, «төрт құбыланың тұтас билеушісі» атанған парсылардың Құрыш патшасы Орта Азияға басқыншылық жорықпен келген, «жеңілуді білмейтін» деп дәріптелген «өлместер» әскерін ашық шайқаста тас талқанын шығарып жеңуімен тікелей байланысты. Мемлекетінің аумағын кеңейте беруді ойлаған Құрыш батыс елдеріне аттанбас бұрын әуелі шығыс жағын қауіпсіздендіру мақсатымен массагеттерді бағындырып алуды көздейді. Сөйтіп түркі көшпенділер еліне елші аттандырып, олардың ханшасы, сол кезде күйеуі өліп жесір отырған Тұмардың өзіне тұрмысқа шығуын сұрайды. Бұл Құрыштың массагеттермен соғысуға желеу іздеуі еді. Тұмар Құрыш патшаның ұсынысын қабылдамай тастайды. Осыны желеу еткен Құрыш жауынгерлерін шығысқа қарай қаптатады. Аракс дариясына жетіп, үстінен қалқыма көпірлерді құруды кемелердің кермесінде мұнара қамалдар тұрғызуды әмір етеді. Өздерін жаулап алуға келген парсылардың әр қадамын алыстан бақылап, біліп отырған Тұмар олардың дариядан өту үшін әуреленіп, көпір салғалы жатқанын естіп, Құрышқа арнайы жаушы жібереді. Мадилардың патшасы! Ниетіңнен қайт. Салып жатқан көпірлеріңнің игілігін көрер көрмесіңді өзің де білмейсің. Өнбес істі қума. Өз патшалығыңа бар да, өз билігіңді жүргізе бер, бізді күндеме. Ал егер алда-жалда соғыспай қоймаймын десең, онда көпір салып, уақыт өткізіп, әуре болма. Дарияның біз жақ бетіне шығып соғысамын десең, біз үш күншілік жерге кетіп, жол ашайық, ал дарияның өз жағыңда соғысамын десең, сен үш күншілік жерге шегін. Қалауыңа қарай өзің шеш. Тұмардың ұсынысын Құрыш патша әскери кеңеске салады. Біраз пікір таласынан соң, Лидияның бұрынғы патшасы, сол кезде Құрыштың қолындағы мырза тұтқын Крездің ақылымен дарияның массагеттер жағында соғысуды ұйғарып, шешімдерін Тұмарға хабарлайды. Массагеттер уәделерінде тұрып, үш күншілік жерге шегініп кетеді. Олардың кеткеніне анық көз жеткізгеннен кейін Құрыш бүкіл әскерін дарияның арғы бетіне өткізіп, Крездің үйреткен айласымен массагеттердың шабылдаушы тобын алдап қолға түсіріп, түгел қырғынға ұшыратады. Осы шабуылшы топтың басшысы, Тұмардың ұлы Спаргапты (Спаргапис) тұтқынға алады. Сүйікті ұлы мен шеп бұзар жауынгерлерінің қайғылы хабарын алған Тұмар Құрышқа жаушы жіберіп, оған өзінің соңғы сөзін жеткізеді. Қанқұмар Құрыш! Жеңіске желікпе. Сен менің ұлымды ашық айқаста қару құдіретімен жеңген жоқсың. Шарап ішкізіп, алдап барып, пенде еттің. Енді менің мына ақылымды ал. Айла амалмен біраз жауынгерімді опат еткеніңді қанағат тұтып, менің ұлымды өзіме қайтарып бер де, есен-сауыңда жөніңді тап. Егер өйтпесең, Тәңірі атымен ант етіп айтайын, қанға қаншама тойымсыз болсаң да, адам қанын сусының қанғанша ішкізермін! Құрыш өзінің шайқасатынын айтып, Тұмардың жаушысын кері қайтарады. Тұтқынға түскен Тұмардың ұлы өзінің қандай күйге ұшырағанын мастығы айығып, есі кірген кезде ғана бір-ақ біледі. Құрыш патша|Құрыштан аяқ қолын босатуын өтінеді. Қолдан бұғау, аяқтан кісен алынысымен, ол қасында тұрған парсы жауынгерінің қаруын жұлып алып, өзін өзі өлтіреді. Келесі күні екі жақтың арасында бұрын соңды көз көріп, құлақ естімеген сұрапыл қырғын соғыс басталады. Ақырында далалық ұрыс тәсілін тиімді пайдаланған массагеттер парсылардың әскерін түгел дерлік жусатып салады. Қоршауға түсіп, бас сауғалар мүмкіндігінен айырылған. Құрыштың өзі де жауынгерлерімен бірге айқас алаңында қаза табады. Әйтеуір тірі қалдым, сені жеңіп шықтым демесем, жан дегендегі жалғыз ұлымды аярлықпен қолға түсіріп, сен менің түбіме жеттің, жауыз! Енді Тәңірге берген сертімді орындап, басыңды қанға бөктіріп, сусыныңды қандырғаннан басқа амалым жоқ. Көкіұлы, Есет. Көкіұлы Есет (1667-1749) - қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресте есімі елге танылған әйгілі батырларының бірі. Шыққан тегі Кіші жүздің Жетіруы ішіндегі тама руының, аташал тармағынан. Әбілқайыр хан Россияға қосылу мәселесін көтергенде соның қасында болып, Кіші жүз бен Орта жүздің орыс патшасының қоластына өтуіне белсенді атсалысқан атақты Кіші жүз Бөкенбай батырдың күйеу баласы. Есеттің әкесі Базарқұлұлы Көкі де заманында аты шыққан батыр болған. Жауға үнемі тайсалмай тура шабатындықтан «Таймас батыр» деген ат алған. Тарихшылар Салқам Жәңгір хан жоңғардың Батыры қоңтайшысының 50 мыңдық әскеріне 600 жауынгермен қарсы тұрып, шайқасып жатқанда 20 мың әскермен көмекке келетін Жалаңтөс баһадүрдің әскерінің ішінде осы Көкі батырдың да болғандығын, сонда оның шеп бұзып, үлкен ерлік көрсеткенін жазады. Жауынгерлік заманда туып, күреспен есейіп, ер жеткен тұрғыластары сияқты Есет те ел қорғау жорығына ерте араласады. Жеке ерлігімен көзге түсіп, батыр атанады. Тәуке ханның тұсындағы жеңісті шайқастарда Есет батыр Кіші жүз қолын бастайды. Осындай шайқастардың бірінде найзагерлігімен көзге түсіп, ерен ерлік көрсеткен Есетке риза болған Тәуке хан кейін шақырып алып: «Айбатың аса түссін, найзаң мұқалмасын, ел намысы тұздығың болсын» деп бата беріпті деген әңгіме де бар. Есет батыр әйгілі «Ақтабан шұбырындыдан» кейін ел болып бірігіп, жоңғарларға алғашқы алапат соққы берген Бұланты шайқасына қатысып, езілген елдің еңсесін көтерткен Ұлы жеңіске өз үлесін қосады. Ал тарихи бетбұрыс жасаған Аңырақай соғысында ол Кіші жүз құрамының туын көтерген атойшы болады. Есет батырдың кейінгі өмірі Әбілқайыр ханның саясатымен тығыз байланысып жатады. Ханның қасында болып, ақыл кеңесін береді, хан мен халық арасына түскен жарықшақты дәнекерлеп бітірушісі болады. Әсіресе, орыс патшасының қол астына өтер кездегі хан басына үйірілген қауіп бұлтын сейілтуде ол сол кездің тарихи ірі тұлғалары Бөгенбай, Жәнібек батырлармен бірлесе отырып, оған үлкен көмек көрсетеді. Россиямен қарым қатынасты жақсартудағы сіңірген еңбегі үшін патша үкіметі оған 1743 жылы «тархан» атағын берді. Есет батыр сексен екі жасында өзінің атамекенінде, өз ажалынан қайтыс болады. Сарыұлы, Ақтамберді. Сарыұлы Ақтамберді (1675 - 1768) атақты жырау, қолбасшы батыр, қоғам қайраткері. Орта жүздің Найман Қаракерей Сыбан елінен. Әкесі Сары мен шешесі Сырбикеден жалғыз туған. Жыраудың «атадан жалғыз туғанның жүрегінің бастары сары да жалқын су болар» деуінде өз өмірінің шындығы бар. Қазақ тарихындағы аласапыран кезеңде өмір сүрген Ақтанберді «дұшпаннан көрген қорлығым, сары су болды жүрекке. Он жетіде құрсанып, қылыш ілдім білекке. Жауға қарай аттандым, жеткіз деп, құдай, тілекке» деп, өзі айтқандай, он жеті жасында ақ қолына қару алып, ел қорғауға аттанады. Жыраудың ақындық даңқымен балуандық, батырлық даңқы қатар шығады. Орта Азия хандықтарымен, қалмақтармен арадағы ұрыстарға қатысып алғашқы кезде жеке басының ерлігімен, соңынан қолбасшылық қабілетімен көзге түседі. Сақа батырлар санатына қосылған кезде атақты «Ақтабан шұбырындының» куәгері болады. Осы кезде ол жоңғар басқыншыларына қарсы ұлт азаттық күресін ұйымдастырушылардың және жеңісті жорықтарға дем берушілердің бірі ретінде танылады. Жоңғар мемлекеті талқандалып, шығыстағы бұрынғы жау қолында қалған жерлер босатылған кезде сонда қайта қоныс аударған қазақтарды ата мекеніне біржола орнықтыру жолында Ақтанберді айтарлықтай роль атқарады. Өзіне қараған руларды отырықшыландырмақ болып, арық, тоған қаздырады, егін ектіреді. Ақтанберді шығармалары негізінен нақылдық толғаныстар түрінде болп келеді. Олар көшпелі қазақтардың ой арманымен, мақсат мүддесімен астасып жатады. Жыраудың «Түйе мойнын тұз кесер», «Күлдір күлдір кісінетіп», «Жылқыдан асқан мал бар ма?» тәріздес әйгілі толғауларынан қазақ халқының мінез құлық ерекшеліктері, болмысқа өзіндік көз қарастары анық аңғарылады. Мал атаулының, оның ішінде жылқы түлігінің көшпелілер өміріндегі орыны жайында өз тұстастары арасында дәл Ақтанбердідей толғаған ақын жоқ. Ол жылқыны тіршілік көзі, жігіттің көркі деп есептейді. Әсіресе, батырдың жан серігі, жауға мінер тұлпары ретінде мадақтайды. Ақтанберді жырларындағы негізгі сарын ерлікке үндеу, жауға қарсы күреске жігерлендіру. Ол жау табанында қалған жерлерді азат етуді аңсайды, бүкіл қазақ болып бірігіп атқа қонуды, жоңғарларға күйрете соққы беруді армандайды. «Балпаң балпаң кім баспас», «Жауға шаптым», «От басар орыны отаудай» секілді біраз жырларында жұртшылықты ата жаумен айқасқа шақырады. Ел қорғау жолында өлген ерде арман жоқ деп білді. Аласапыран кезеңде туып, шайқас алаңында шыңдалып өскен Ақтанберді жырлары қазақтардың он сегізінші ғасырдағы жаугершілікке толы өмірінің шынайы суреттерін алға тартады. Әбілғазизұлы, Арынғазы. Әбілғазизұлы Арынғазы (1785-1833) – алмағайып аласапыран заманда өмір сүріп, елдің тұтастығы, жердің бүтіндігі үшін арыстандай арпалысып өткен көрнекті мемлекет қайраткері, көреген саясаткер, төре күйлерінің негізін салушылардың бірі болған дәулескер күйші-композитор. Арынғазы қазақ сахарасына әйгілі болған текті әулеттен. Шежіре тілімен айтқанда, қазақ халқының шаңырағын көтерген Әз Жәнібектің баласы Жәдік сұлтаннан өрбіген әйгілі Батыр сұлтанның шөбересі болып келеді. Батыр сұлтан, одан – Қайып, одан Әбілғазиз, одан – Арынғазы. Мемлекет қайраткері, саясаткер ретінде Арынғазы қос бүйірдегі көршілері Ресей мен Хиуаға тең саясат ұстанып, екеуінің де қорқау ниеттеріне тосқауыл болды. Әкесі Әбілғазиз 1815 жылы дүние салған соң, Арынғазы хан болып сайланғанда, Жанкент қаласында Шекті, Шөмекей, Жaғалбайлы, Төртқара, Жаппас руларының көсемдері оны ақ киізге отырғызып көтеріп, төбесінен алтын мен күміс теңгелер құйған. Ал, Бұқар әмірі Арынғазының таққа отыру құрметіне арнайы хандық мөр құйдырып, алтын оқалы шапан пен арғымақ ат тарту еткен. Тек, Ресей патшасы ғана, Абылайды, Батырды, Қайыпты хан деп мойындамағаны сияқты, аққаптал саясат ұстанып, Арынғазыны хан ретінде мойындамайды. Арынғазы хан тағында болған кезеңде ел ішінің береке-бірлігіне айрықша көңіл бөлген. Ол ел басқару ісінде ақыл-парасаты кемел ру басыларына сүйеніп, қазылар сотын құру арқылы қол астындағы халықтың жарастықты өмір сүруіне жағдай жасады. Халық тынышын алған отыз баукеспе барымташыны өлім жазасына кескізуі Арынғазының ел мүддесі үшін бәріне де дайын болғанын көрсетеді. Арынғазы хандық құрған кезде ру аралық дау-шар тиылып, көрші елдермен сауда-саттық жанданды. Әсіресе, Ресейдің Орта Азия елдерімен арадағы сауда жолдарының қауіпсіздігіне Арынғазы өз тарапынан кепілдік беріп отырады. Бұл ретте ол хиуалықтардың арандату әрекеттеріне тойтарыс беріп, қанды қақтығыстарға да барып отырды. Мұндай саясатқа іш тартқан Ресей өкіметі Арынғазыны Кіші жүздің хандық кеңесінің төрағалығына сайлап, гаухар тас орнатылған алтын медальмен марапаттайды, 500 рубль көлемінде жалақы тағайындайды. Ел ішіне жарастықты ахуал орнатқаны үшін халық оны «Тыным хан» деп атады. Ол Кіші жүз бен Орта жүздің ықпалды адамдарымен ақыл тоғыстырып, дербес хандық құру жөнінде тегеурінді қимылдарға мұрындық бола білді. Алайда, Арынғазының ел ішіндегі беделі мен ұстанған бағыты Ресей өкіметіне секем алдырады. Орынбордың әскери губернаторы генерал-лейтенат П.К. Эссеннің дем беруімен 1821 жылы Арынғазы Кіші жүздің хандық билігін иемденіп қайту ниетімен Санкт-Петербургке аттанады. Көктен тілегенін жерден бергендей, Ресей саясатының қанды шеңгелі Арынғазыны қайтып уысынан шығармайды. Ол 1823 жылы Калугаға жер аударылып, 1833 жылы Шоқан Уәлиханов, Мұхамбет-Салық Бабажанов сияқты, белгісіз жағдайда, белгісіз себептен дүниеге салады. Елім деп еңіреп өткен есіл ердің сүйегі күні бүгінге дейін Калуга топырағында. Жомарт табиғат Арынғазының бойына атты адам түсіп, жаяу адам жатып қарайтындай ғажайып қасиеттер дарытқан. Қатарынан иығы асып тұратын сұңғақ бой, көрген жанның көзін қарықтыратын сұлу пішін, аттылы жаяуға бірдей жауынгерлік шалым, құралайды көзге ататын мергендік, найзағадай шапшаң қылышкерлік... Осының бәріне қоса Тәңірі оған халқы үшін жанын ойланбай құрбан ететін асқақ рух, сахара сарбаздарына тән мәрт мінез, жомарт пейіл, сұлулыққа іңкәр нәзік сезім, сол сезімді биік өнер тілінде сыртқа шығара алатын бұл дарын берген. Арабша, шағатайша, орысша сауаты кемел болған. Оның беліне таққан қылыш үшін Санкт Петербургтің сайып қыран офицерлері ойланбастан Ресейдің 6 мың рублін ұсынған. Арынғазы сахараның сағағынан үзілген төрт аруына үйленген. Алғаш жар еткен Балым ханым Арынғазының артынан Калугаға іздеп барған. Ал, Мәдина сұлу Арынғазымен Калугада бірге болған. Арынғазы қайтқан соң Мәдина Москвада тұрақтап қалады да, одан туған ұрпақ тағдырдың жазуымен орыстанып кетті. Арынғазыны көрген замандастары ол туралы небір таңданыс-сүйсініске толы деректер қалдырған. Бұхар әмірі оның парасат болмысына сүйсініп «мұсылмандар әмәрә» деп атаған. Барон Е.К.Мейендорф ол туралы: «Арынғазының бар болмысы, оның арман-аңсары, оның әрекет тірлігі, оны қатардағы пенде атаулыдан анағұрлым асқақтатып көрсетеді», - деп жазды. Ал, Ресей елшісі А.Б.Негри былай деді: «Бұл сұлтанның тал бойындағы ар-имандылық пен қайраткерлік, ақ ниеттілік пен ержүректік біте қайнасқан». Ресей тарихшылары Арынғазыны бір ауыздан: «қазақ сұлтандарының ішіндегі халқын шын сүйген жалғыз адам, ары кіршіксіз таза адам» деп бағалады. Арынғазының ерекше жаралған болмыс-бітіміндей болып, оның сұлулық пен азаттыққа іңкәр асқақ рухындай болып артында «Арынғазы» күйі қалды. Ол күй аманат-өсиетіндей болып қазақ халқымен мәңгі бірге жасайды. Аюбаев, Мұхтар Ақатұлы. Аюбаев, Мұхтар Ақатұлы - Қазақстан Президенті Сақтандыру Қызметінің бастығы, генерал-майор. Байтұрсынұлы, Ахмет. Байтұрсынұлы, Ахмет (1873—1938) — ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Өмірбаяны. Туған жері — бұрынғы Торғай уезінің Тосын болысы (қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Ақкөл ауылы). …Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары уез, губерния соттарына күш салып, тілмәш болып, кейбірі арын сатып ұлықтық іздеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызмет қылды… халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тікті. Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны – «Қырық мысал», «Маса»; «Қазақ» газетінің қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты, біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын. Бірақ зорлықпен, күшпен дегенін болдырып үйренген большевиктер бұл ақиқатты теріске шығарып, оның есімін де, еңбегін де тарихтан өшіруге тырысып бақты. Оны бар ғұмырын адал қызмет етуге арнаған туған халқына жау етіп көрсетіп, «халық жауы» деген жалалы жамылғыны жауып, атқызды, атын атағандарды қуғынға салды. Бәрібір олар мақсатына жете алмады. Жала – бұлт, шындық – күн екен, заманы қайта туып, шындықтың шұғыласы өз нұрын төкті. Ұлтын сүйген ұлтжанды Ахаң, Ахмет Байтұрсынұлы өз халқымен қайта табысты. Шығармалары. Байтұрсынұлы шығармашылық жұмысын өлең жазудан бастаған. Онда ол еңбекші халықтың ауыр халін, арман-тілегін, мұң-мұқтажын көрсетіп, жұртшылықты оқуға, білім-ғылымға, рухани биіктікке, адамгершілікке, мәдениетті көтеруге, еңбек етуге шақырады. Патшалық Ресейдің қанаушылық-отаршылдық саясатын, шенді-шекпендінің алдында құлдық ұрған шенеуніктердің опасыздығын сынады. Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» атты аударма жинағында 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрді. Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ой-санасын оятуға бар жігер-қайратын, білімін жұмсайды. Ақын әрбір аудармасының соңына өзінің негізгі ойын, айтайын деген түйінді мәселесін халқымыздың сол кездегі тұрмыс-тіршілігіне, мінезіне, психологиясына сәйкес қосып отырған. Байтұрсынұлының екінші кітабы — «Маса» (1911). Бұл кітапқа енген өлеңдерінде ақын қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерді сынады. Көптеген өлеңдері сол кездегі ағартушылық бағытпен үндес болды. Ол Шоқан, Абай, Ыбырай қалыптастырған дәстүрлерді, гуманистік, демократиялық бағыттағы өрісті ойларды өзінше жалғастырушы ретінде көрінді. Қоршаған ортаға ойлана, сын көзімен қарайды, қоғам қалпына көңілі толмайды. «Қазақ салты», «Қазақ, қалпы», «Досыма хат», «Жиған-терген», «Тілек батам», «Жауға түскен жан сөзі», «Бақ» т.б. өлеңдерінің мазмұны осыны танытады. Кітаптың ішкі сазы мен ой өрнек, сөз орамы қазақ поэзиясына тән өзіндік жаңалық, ерекше өзгеріс әкелді. Әдебиеттану. Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап жарыққа шығаруда Байтұрсынұлы зор еңбек сіңірді. Әдебиет саласындағы алғашқы зерттеуі деп оның «Қазақ» газетінің 1913 жылғы үш санында шыққан «Қазақтың бас ақыны» деген көлемді мақаласын атауға болады. Онда қазақ халқының рухани өмірінде Абайдың аса ірі тұлға екені, өмірбаяны, шығармаларының мазмұн тереңдігі, ақындық шеберлігі, поэтикасы, орыс әдебиеттерімен байланысы туралы ойлы пікірлер айтылған, ақын мұрасының эстетикалық қадір-қасиеттері ашылған. Қазақтың эпостық жыры «Ер Сайында» алғы сөз бен түсініктемелер жазып, оны 1923 ж. Москвада шығарды. Қазақ ауыз әдебиетінде молынан сақталған жоқтау-жырларын арнайы жүйелеп, сұрыптап, 1926 ж. «23 жоқтау» деген атпен жеке кітап етіп жариялады. Байтұрсынұлының қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиет тарихы жөніндегі тұңғыш көлемді еңбегі — «Әдебиет танытқыш» (1926). Мұнда көркем сөз өнерінің табиғаты, сыры, мазмұны, ерекшеліктері, жанрлары, жаңа терминдер, ұғымдар жайлы жан-жақты зерттеулер, тұжырымдар сөз болды. Бұл еңбегінде Байтұрсынұлы ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің әлеуметтік, қоғамдық мән-маңызын ашудан гөрі адамгершілік, эстетикалық әсемдік әуенін талдауға көбірек көңіл бөлген. Сондай-ақ мұнда жазба әдебиеттегі ағымдар, әдістер туралы ой-түйіндер айтылған. Кітаптың бірінші бөлімі «Сөз өнерінің ғылымы» деп аталады да, онда көркем сөздің толып жатқан қыры мен сыры, тараулар мен тармақтар, тіл әуезділігінің қыруар шарттары, «сөздің өлең болатын мәнісі», өлең айшықтары, «шумақ түрлері», «тармақ тұлғалары», «бунақ буындары», «ұйқастығы» т.б. сөз етіледі. Екінші бөлімі «Қара сөз бен дарынды сөз жүйесі» деп аталады да, көркем қара сөз табиғаты, оның тараулары — шежіре, заман хат, өмірбаян, «мінездеме», тарихи әңгіме, «әліптеме, әліптеу тәртібі — мәнді әліптеме, сәнді әліптеме, жол әліптемесі, байымдама, байымдау әдістері, түрлері — пән, сын, шешен сөз, оның түрлері, саясат шешен сөзі, білімді шешен сөзі, уағыз көркем сөз» деп жүйелеп келіп, әңгіме, романға сипаттама береді. Еңбектің «сындар дәуірі, онда шығарма түрлері» атты тарауы өте маныз-ды. Онда сыншыл реализм туралы алғашқы пікірлер нышанын кездестіруге болады. Байтұрсынұлы Еуропа жұртындағы сындар әдебиетінің бай тәжірибесін меңгеруге бет алушылық, қазақ көркем сөз ізденістерінде сәйкестік, үйлесімділік тапқанын айтады. Байтұрсынұлы әдебиет зерттеушісі ретінде қазақ әдебиетінің даму процесін жеке дара бөліп қарамай, барлық халықтар әдебиетіне ортақ сипаттармен ұштастыра талдауға тырысады. Байтұрсынұлының жыраулардың мұрасын жетік білетінін осы еңбегінен айқын көреміз. Сөз өнерінің көне дәуірдегі үлгілері, 15-17 ғ-лардағы жыраулар поэзиясының біразы ақын назарына іліккен. Асан Қайғы, Нысанбай жырау, Бұдабай ақын, Наурызбай би, Құбыла ақын, Жарылғап ақын, Алтыбас, Ақмолда, Әбубәкір, Шортанбай, Байтоқ, Сүгір ақын, Мұрат, Досжан, Орынбай, Шернияз т, б. ақын-жазушылар шығармаларынан үзінділер бар. Аудармалары. Байтұрсынұлы қалдырған бай мұраның тағы бір саласы — көркем аударма. Ол орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып, көркем қазынаның бұл саласын байытуға мол үлес қосты. И.А. Крылов мысалдарының бір тобын қазақ тіліне аударып, «Қырық мысал» деген атпен жеке жинақ қылып бастырды. И.И. Хемницердің «Атпен есек»,А. Пушкиннің «Балықшы мен балық», «Алтын әтеш», «Ат», «Данышпан Аликтің ажалы» шығармаларын, орыстың белгілі лирик ақыны С.Я. Надсонның өлеңін қазақ тіліне аударды. Түркітану. Байтұрсынұлы тілші-ғалым ретінде қазақ тілінің табиғаты, өзгешеліктері, араб әліпбиінің жайы, терминдер, қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы мақалалар жазды. 1926 ж, Бакуде болған түркітанушылардың Бүкілодақтық 1-съезіне қатысып, «Түркі тілдеріндегі терминология жайлы» деген тақырыпта баяндама жасады. Байтұрсынұлы қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуына көп күш жұмсады. Осы мақсатта «Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914); ересектердің сауатын ашуға арнап «Әліпби» (1924), «Жаңа әліпби» (1926) атты оқулықтар мен тың еңбектер ұсынды. Қазақ грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша ғылыми термин жасап, морфологиялық тұлға-тәсілдерді жаңаша талдау, жаңаша анықтамалар берді. Қазақ фонетикасы мен грамматикасын талдауда тілдің типологиялық ерекшеліктері мен өзіндік даму барысын ескеру принципін ұстады. Байтұрсынұлы қазақ тілі білімін 20 ғ-дың бас кезінде қалыптастырып, оның ірге тасын қалады. Араб графикасына негізделген қазақ жазуының реформаторы болды. Әмір Темір. Әмір Темір (Темір бін-Тарағай Барлас,  — "Тимур-е Ләнг", Ақсақ Темір, Темірлаң) (1336—1405 жж.) — Орталық Азия жаһангері. Әмір Темірдің (Темуридтер) империясының негізін қалаған. Барлас руынан шыққан, Кеште туған. Қазір бұл Өзбекстанның Қащқадәрия облысының Шахрисабыз қаласы. Барлас руы түркі тілдес тайпаларына жатқан, қазір ұрпақтары өзбек халқының ішіне кіреді. Барластар Шыңғысханның жаулануы кезінде, қазіргі Моңғолия жерлерінен Орта Азияға көшкен. Әмір Темірдің арғы атасы Қаражер бек еді, оның баласы Ижил бек еді, оның баласы Әйлеңгір бек еді, оның баласы Беркел бек еді, оның баласы Мұхаммед Тарағай еді, оның баласы Әмір Темір. Темір барластарның бір бөлігінің бекі, жетекшісі еді. Кейін өзіне басқа бектерін қаратты, Шағатай ұлысының хандары - Моғолстанның билеушілеріне қарсы көтеріліс бастаған. Темір басқарған жігіттері керуендеріне шабуыл жасаған, соңдықтан оны жасында баспашы болды дейді. Бектердің бекі болып, Шағатай ұрпақтарынан тәуелсіз мемлекет құрған. Бірақ Шыңғысханның тікелей ұрпағы болмағандықтан, өзінің лауазымы "хан" емес, "әмір" еді.Әмір Темір Тоқтамыс ханмен көп жылдар бойы соғыс жүргізеді. Әмір Темір, Құтбуддин Темір Гүркап, Саһиб Қыран Ағзам Жанат Макан – қолбасшы, мемлекет қайраткері. Барлас тайпасының биі Тарағай бектің баласы. Ол 1336 жылдың тоғызыншы сәуірінде Түркістанның маңындағы Қожа-Илгар Кеште өмірге келген. Жас кезінде сол Түркістан маңындағы бір шайқаста аяғынан жарақаттанған. Әмір Темір алғашында Қашқадария уәлаятының билеушісі (1361) болды. Осы кезден бастап Әмір Темір Моғолстан ханы Тоғлұқ-Темірмен, оның ұлы Ілияс Қожа және Балх пен Самарқан әмірі Хұсейнмен билік үшін күрес жүргізіп, 1370 ж. Мауараннахрды өзінің қолына алды; ал 1370 – 80 ж. Хорезм, Шығыс Түркістан, Хорасан, Қандағар, Сұлтания (Оңтүстік Әзербайжан), Иран және Ауғанстанды бағындырды. Әмір Темір 1380 – 90 ж. Тоқтамыс хан мен Едіге әмірдің арасындағы алауыздықты шебер пайдалана отырып, Дешті Қыпшақ, Ақ Орда мен Моғолстанға оннан астам жойқын соғыс жорығын жасады. Әмір Темірдің Алтын Орданы талқандауы Ресейдің тәуелсіздік алуына оң жағдай жасады. 1390-жылдары Кавказ бен Ирак Әмір Темір мемлекетінің құрамына енді. 1398 ж. Үндістан басып алынды. Сирия мен Лубнан (Палестина) мәмлүктері бағындырылды. 1402 ж. жазда Әмір Темір Анкара шайқасында түрік сұлтаны Илдырым Баязидті (Баязид І) тұтқындады. Әмір Темірдің үздіксіз соғыстарының нәтижесінде алып империя – Темір мемлекеті құрылды. Оның жалпы аумағы 14 млн. км2-ге жетті. Әмір Темір 1405 ж. Қытайға жорыққа шыққанда жолай ақпанның он сегізі күні Отырарда қайтыс болды. Сүйегі Самарқандағы Гүр-Әмір кесенесіне жерленген. Темір әулетінен ұлы ғалым Ұлықбек, Моғол империясын құрушы Бабыр сынды атақты адамдар шықты. Орталық Азиядағы бірқатар сәулетті ғимараттардың пайда болуы, қалалардың өркендеуі, шөл даладағы жер суландыру құрылыстарының салынуы, қолөнер мен сауданың дамуы Әмір Темір есімімен тығыз байланысты. Әмір Темір қазақ жерінде мәңгілік өшпес ескерткіш – қасиетті Қожа Ахмет Иасауи кесенесін салып қалдырды. Сонымен қатар жаулап алынған елдердегі Әмір Темірдің шектен тыс қатыгездігі оны күрделі тарихи тұлға ретінде танытады. Момыш хан. Момыш хан — (1521—1522) билік құрғаны. XVI ғасырдың басында нығайған Қазақ хандығының жағдайы аталмыш ғасырдың 20-жылдарынан бастап әлсірей бастады. Қазақ хандығын нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсаған Қасым хан қайтыс болғаннан соң оның мұрагерлері арасында өкімет билігі үшін ішкі талас пен қырқыстар туды. «Тарихи Рашидидің» авторы Мұхаммед Хайдар Дулати айтқандай: «Қазақ сұлтандары арасында дау-шар басталды». Қасым ханның баласы Мамаш әкесінің орнына хан болып, бірақ көп ұзамай өзара қырқыстың бірінде қаза тапты. Тайыр хан. Тайыр хан — (1523—1533) билік құрғаны. Тахир хан ел билеуге қабілеті төмен, әскери-саяси және елшілік істерге олақ адам еді. Ол феодалдық қырқыстарды тия алмады, көрші елдердің көпшілігімен: Шайбани әулетімен, Ноғай Ордасымен және Моғолстан хандарымен де жауласты. Бұл соғыстарда қазақтар жеңіліп, Қазақ хандығы оңтүстіктегі және солтүстік-батыстағы жерінің біраз бөлігінен айырылып, оның ықпалы тек Жетісуда ғана сақталып қалды. Тахир хан Жетісуға қашып барып Моғолстан ханына қарсы қырғыздармен одақ жасасты. 1527 жылдан кейін ол көбінесе қырғыздарды биледі, ойрат-жоңғарлардың Жетісуға жасаған шабуылына қарсы күресті. Мемлекеттік билік құлдырап, мемлекеттің шекара аумағы қысқара түсті. Тахир ханның өлімінен кейін оның інісі Бұйдаш (1533-1534 жж.) қазақ-қырғыз бірлестігінің басшысы болды. Тоғым хан. Тоғым хан — (1533—1537) билік құрғаны. Бұйдаш хан. Бұйдаш хан — (1533—1538) билік құрғаны. Тахир ханның өлімінен кейін оның інісі Бұйдаш (1533-1538 жж.) қазақ-қырғыз бірлестігінің басшысы болды. Жетісу өңіріне билік еткен ол қазақтардың бір бөлігін ғана билеген. Оның тұсында да феодалдық қырқысулар мен соғыстар тоқталған жоқ. ХҮІ ғасырдың 30-жылдарында Бұйдаш ханмен қатар өзге де қазақ хандары, мысалы, Қазақстанның батыс өңірінде Ахмет хан, Жетісуда Тоғым хан болған. Міне, бұл жағдай Қазақ хандығының феодалдық бытыраңқылыққа ұшырағандығын көрсетеді. Хақ-Назар хан. Хақ-Назар хан — (1538—1580) билік құрғаны. Қасым ханның баласы Хақназар (Ақназар) хан тұсында қазақ хандығы қайта бірігіп дами түсті. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Ол ел басқару, қиын-қыстау, әскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды. Оның үстіне аса күрделі сыртқы жағдайларда дипломатиялық дарыны мол майталман екендігін көрсетті. Хақназар хан таққа отырған соң хандық үкіметтің билігін нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрынғы Тапир хан және Бұйдаш хан тұсында бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді. 1523—1524 жылдары жарыққа шыққан қазақ-қырғыз одағын үздіксіз нығайтты, тіпті сол заманның тарихи деректерінде Хақназар хан «қазақтар мен қырғыздардың патшасы» деп аталды. Ол осы қазақ-қырғыз одағына сүйене отырып, Моғолстан хандарының Жетісу мен Ыстықкөл алабын жаулап алу әрекетіне тойтарыс берді. Хақназар хандық құрған дәуірде қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса ірі тарихи оқиғалар туды. Бұл кезде батыста күшейе түскен орыс мемлекеті шығысқа қарай ірге кеңейтіп 1552 жылы Қазан хандығын, 1556 жылы Астрахань хандығын Россияға бағындырды. Осы жағдайға байланысты, Еділ мен Жайық арасында ұлан-байтақ өңірді мекендеген Ноғай ордасы ыдырай бастады. Ноғай ордасын билеген маңғыт мырзаларының арасында үкімет билігіне таласқан феодалдық қырқыс үдей түсті, бұл қырқыстар халық бұқарасын қатты күйзелтіп, жаппай наразылық тудырды, Ноғай одағы құлдырап, ауыр дағдарысқа тап болды. Хақназар хан тұсында Қазақ хандығының күшеюі және халық өмірінің оңалуы, Ноғай ордасына қарасты қазақ тайпаларын қызықтырып өзіне тартты. Ноғай одағына қарасты көшпелі тайпалардың бір бөлігі қаңлылар, қыпшақтар тағы басқалар Қазақ хандығына келіп қосылып жатты. Оларды Хақназар хан қарсы алып отырды. Ноғай ордасы н билеушілерінің бірі Ысмағыл мырза ішкі феодалдық қырқыста өз ағасы Жүсіп мырзаны өлтірді. Жүсіп мырзаның балалары Ысмағыл мырзамен соғысты. Ноғай ордасында өзара қырқысқан екі топ пайда болды. Ысмағыл мырзаның тобы Москва княздығына қосылуды жақтады, оған қарсы топ Қазақ хандығына қосылуға бой ұрды. Бұл жағдайды пайдаланған қазақ ханы Хақназар Ноғай ордасының көп ұлысын (бұлардың көбі қазақтың кіші жүзі алшын одағына енген тайпалар) өзіне қосып алды. 1557 жылы Ноғай мырзасы Ысмағыл орыс патшасы Иван IV ке: «Менің туыстарым қазір Жайықтың арғы жағында, бізден қалып қойып, қазақ патшасына қосылып кетті» деп арыз айтты. Хақназар хан Ноғай ордасының ыдырауын пайдаланып Жайық жағалауындағы көшпелі тайпаларды қазақ хандығына қосып алумен ғана тынбады, Ысмағыл мырза бастап, батысқа қарай ауған ноғайларға қуалай шабуыл жасап, оларды одан әрмен ығыстырып, ірге кеңейту әрекетін жасады. Орыс патшасы Иван IV-нің ноғай арасына жіберген елшісі Семен Мальцев 1569-жылы орыс патшасына: «Хақназар патшаның, Шығай ханзаданың, Шалым ханзаданың қазақ ордалары, ал олармен қоса 20 ханзада ноғайға келіп, ұрыс болды» деп хабарлаған. Кейбір зерттеушілердің айтуына қарағанда, жоғарыдағы шабуылдар батысқа қарай ауған ноғай тайпаларының Еділ мен Жайық өңірін тастап, Дон сахараларына қарай кетуіне себеп болған көрінеді. Бұл жөнінде тарихшы Ахмет Заки Уәлиди: «1969-жылы Шығай, Хақназар, Шалым сұлтандар бірлесіп, Ысмағылдың баласы Орыс сұлтанға шабуыл жасады, осыдан соң ұзақ тұрмай ноғай мырзалары ақырындап елдерін Жайық пен Еділдің батыс жағына, Дон сахараларына көшіруге, башқұрт елдерін тастауға мәжбүр болды» дейді. Бұл жеңіс Қазақ хандығының жерін кеңейтіп, күш-қуаты мен беделін арттырды, тарихи деректемелерде қазақ ханы Хақназарды «қазақтар мен ноғайлардың ханы» деп атаған. XVI ғасырдың ортасында ауыр дағдарысқа ұшыраған Ноғай одағы ішкі феодалдық қайшылықтар мен қырқыстардың және халық бұқарасының феодалдық үстемдікпен қанауға қарсы күрестерінің нәтижесінде бордай тозып, 1569-жылдан соң мемлекет ретінде өмір сүруден қалды. Бұрын Ноғай одағына қараған қазақ тайпалары және олардың этникалық территориясы Қазақ хандығына бірікті. Бұрын Ноғай одағының астанасы болып келген Сарайшық қаласы да қазақ хандығына өттіі. Бұл қазақ хандығының, қазақ тайпаларының және қазақтаардың этникалық территориясыын біріктіру жолында жасаған жеңісті қадамдарының бірі болды. Сонымен қатар ноғайлы дәуірінде жасалған немесе жаңғыртылып жырланған қыруар жырлар, «Қырық батыр жыры» сынды алып эпос қазақ мәдениетінің қазынасына қосылды. Ноғай ордасының ыдырауы, оған қарасты қазақ тайпалары мен олардың мекендеген жерлерінің қазақ хандығына қосылуы хандықтың батыс, солтүстік және оңтүстік жағындағы жағдайда өзгеріс тудырды. Орыс мемлекеті мен қазақ хандығы арасындағы кең өңірді алып жатқан Ноғай одағының ыдырауы, оның бір бөлігінің қазақ хандығына қосылып, енді бір бөлігінің орыс патшасына бағынуы, шығысқа қарай кеңейіп келе жатқан орыс мемлекетінің шекарасын қазақ хандығына жақындата түсті. 1563-жылы Сібір хандығының билігін тартып алған Көшім хан ендігі жерде қазақ хандығына дұшпандық позиция ұстады. Оның үстіне моңғол билеушілері мен қазақ хандары арасында да қақтығыстар болып отырды. Осындай күрделі жағдайлармен есептескен Хақназар хан Қазақ хандығының сыртқы саясатын өзгертті. Өзінен бұрынғы қазақ хандары үнемі жауласып келген Мауараннахрдағы Шайбани әулетімен одақтастық байланыс орнатуға ұмтылды. Орта Азияның ең ірі қалаларының бірі Ташкентті басып алуға бағытталған әскери қимылдарын тоқтатты. Сөйтіп, шайбани әулетінен шыққан Бұхара ханы Абдолла ІІ-мен қазақ ханы Хақназар «қастаспай дос болып, өзара көмектесу» жөнінде «анттастық шарт» жасасты. Хақназар ханның бұл дипломатиялық шарасы оңды болды. XVI ғасырдың 60-жылдарының соңы мен 70-жылдарының басында соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады, қазақтардың Орта Азия халқымен сауда-саттық қарым-қатынасы, экономикалық байланысы одан әрі өрістеді. Мұның өзі қазақ хандығының ішкі жағдайын жақсартуға, халқының шаруашылық өмірінің оңалуына тиімді болды. Сонымен қатар қазақ хандығын да нығайта түсті. Бұхара ханы Абдолла ІІ (1557—1598) тұсында Ташкент маңын Норозахмет (Барақ) ханның баласы Баба сұлтан биледі. Ол Бұхараға бағынбай өз алдына тұрды. Үнемі Абдолла ханмен соғысты. Сөйтіп, Баба сұлтан Бұхара хандығынан бөлініп шығуға әрекет етті. Қазақ ханы Хақназар өзбек хандарының өзара қырқысына араласып, біресе Абдолла ханды, біресе Баба сұлтанды қолдап екеуін де әлсіретуге, осы арқылы өздеріне үлкен пайда түсіруге тырысып бақты. 1579-жылы Абдолла хан екінші шеру тартып Баба сұлтанға қарсы жорық жасады. Қазақ ханы Хақназар оның Баба сұлтанға қарсы күресін қолдады. Қазақ хандығы осының бодауына Абдолла ханнан Түркістан аймағындағы бірнеше қаланы қайтарып алды. Бұдан кейін Ташкент билеушісі Баба сұлтан қазақ хандығына Түркістан, Сауран қалаларын бергенде, қазақ сұлтандары бір мезгіл Баба сұлтанды қолдады. 1579-жылдың екінші жартысында қазақ сұлтандары әскерлерімен Ташкентке келді. Олар қайтадан Абдолла жаққа шықпақ болып, Ташкент билеушісі Баба сұлтанға қарсы астыртын әрекет істеді. Бірақ бұл астыртын әрекетті сезген Баба сұлтан қазақ сұлтаны Жалымды, оның екі ұлын, Хақназар ханның екі ұлын өлтірді. Іле-шала оның астыртын жіберген адамы 1580-жылы Хақназар ханды өлтірді. Салқам Жәңгір хан. Салқам Жәнгір хан — (1643—1652) билік құрған. Жәңгірдің өмірі ат үстінде Қазақ хандығы жауларымен күресте өтті. Халық оны ел үшін еңіреп туған ерлігіне бола «Салқам Жәңгір» деп атаған. Жәңгір хан (1643-1652 жж.) билік құрған жылдары да Сыр бойындағы қалалар үшін Аштарханидтермен және Жетісудағы жайылымдар үшін қалмақтармен қақтығыстар тиылмады. Қазақ хандығына қалмақтар жақтан төнген қауіп зор болды. «Қалмақ» сөзі батыс монғолдардың түрікше аты. Олар өздерін ойраттар деп атаған. Қалмақтар бұл жылдары шығысында Хангай таулары, батысында Моғолстан, оңтүстігінде Гоби шөлі, солтүстігінде Ертіс пен Енисейдің жоғарғы ағыстары арасында көшіп-қонып жүрді. 1635 жылы бұл территориядағы тайпалардың басын біріктіріп, Батур қонтайшы Жоңғар мемлекетінің негізін қалады. Осыған байланысты жоңғарлар күшейіп, қазақ жерлеріне жиі-жиі шапқыншылықтар жасай бастайды. Жәңгір хан тұсында қазақтар мен жоңғарлар арасында үш ірі шайқас орын алады. Алғашқы 1635 жылғы шайқаста Жәңгір қалмақтарға тұтқынға түсіп қалып, бірақ көп ұзамай қашып шығады. Тұтқыннан босағаннан кейін, Жәңгір хан қалмақтарға қарсы күрес басшылығын өз қолына алады. 1643 жылы жоңғар қонтайшысы Батур қазақ жеріне 50 мың әскермен басып кіреді. 1644 жылы Жоңғарияға барған орыс елшісі Г.Ильин жоңғарлардың 50 мың қолына Жәңгір хан бастаған 600 жауынгердің қарсы тұрғанын айтқан. Мүмкін, бұл 600 адам ататын қарумен жабдықталған Жәңгір хан әскерінің алдыңғы шебі болуы мүмкін. Жәңгір өз тобының бір бөлегіне жоңғарлар тар асудан асып келгенше екі таудың арасындағы тар жырада ор қазып, бекініс жасауға бұйырады. Ал өзі екінші бөлегімен таудың екінші бетіне жасырынады. Жоңғарлар ор қазып, бекініп жатқан қазақ жасақтарына қарсы шабуыл жасайды. Осы кезде Жәңгір өз тобымен жаудың ту сыртынан лап береді. Қазақтар осы жерде бірінші рет оқ ататын қару пайдаланады. Шайқас барысында Батур қонтайшы 10 мың әскерінен айырылады. Шайқастың шешуші кезеңінде Жәңгір ханға Самарқан билеушісі Жалаңтөс батыр бастаған 20 мың әскер көмекке келеді. Батур қонтайшы кейін шегінуге мәжбүр болады. Сөйтіп, 1643 жылы жер жағдайын және соғыс тәсілін шебер пайдаланған Жәңгір хан Самарқан билеушісі Жалаңтөс батырдың әскери көмегі арқасында зор жеңіске жетті. Бұл тарихта Орбұлақ шайқасы деген атпен белгілі. Бұл жеңістің Қазақ хандығы үшін зор маңызы болды. Бірақ жоңғар билеушілері қазақ жерлеріне басып кіру үшін жаңа жорықтарға дайындала бастады. Батур қонтайшы бытыраған әскерлерін қайта құрап, Сібірдегі орыс қамалдарынан қару-жарақ сатып алды. Өзіне тәуелді қырғыздардан ат-көлік жинастырды. Осындай әскери дайындықтан кейін Батур қонтайшы 1652 жылы қазақтарға қарсы аттанды. Бұл соғыста қазақ жасақтары жеңілді. Жәңгір хан осы 1652 жылғы шайқаста жоңғарлардың қолынан қаза тапты. Жәңгір хан да Түркістан қаласындағы Қожа Ахмед Иассауи кесенесінде жерленген. Жәңгір ханнан кейін Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы нашарлады. Феодал шонжарлардың арасында алауыздықтар мен бақталастықтар өршіді. Қазақ сұлтандары ұлыстарды жеке-дара билеп, дербестенуге бой ұрды. Қазақ жүздерінің арасындағы байланыс нашарлап, олар бір-бірінен оқшаулана бастады. Қайып хан. Қайып хан - (1715—1718) билік құрған. Болат хан. Болат хан (1718-1729) — билік құрған. Әбілмәмбет хан. Әбілмәмбет хан - (1730—1771) билік құрған. Ақ Орда (мемлекет). Ақ Орда - Алтын Орданың шығысындағы дербес ұлыс, сосын тәуелсіз ел. 14-15 ғғ. Орта Азия мен Қазақстан монғол шапқыншылығы зардабынан арыла бастады. Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар түзеле бастады. Көптеген ұлыстар мен елдер тәуелсіз бола бастады. Осындай тәуелсіздікке ие болған мемлекеттердің бірі - Ақ Орда. Оның шекарасы Жайық өзенінен Ертіске, Батыс Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созылып жатты. Ақ Орданың халқы - қыпшақтар, Алтайдан осында қоныс аударған наймандар, қоңыраттар, керейттер, үйсіндер, қарлұқтар т.б. Ақ Орда хандары - Орда Ежен, Сартақ, Қоныша, Баян, Сасық-Бұқа, Ерзен, Мүбарак, Шымтай, Орыс хан, Қойыршақ, Барақ т.б. Ақ Орданың күшейген кезі 14 ғ. 2 жартысы. 1361 ж. Ақ Орданың билеушісі болған Орыс хан өз жағдайын біраз күшейтіп, енді Алтын Орда тағын иемденуге күш салды. Сөйтіп, 1374-1375 жж. Еділ бойымен жорыққа шыққан ол Сарайды өзіне қаратып, Хажы-Тарханды (Астраханьды) қоршауға алды. Кама бұлғарларының жерін бағындырды. Бірақ Орыс ханның үстемдігі ұзаққа созылмай, келесі жылы ол Еділ бойынан кетіп, Алтын Ордадағы билікті Мамайға беруге мәжбүр болды. 1377 ж. Орыс хан қайтыс болды. Ақ Орда иелігі Орыс ханның баласы Темір Мәлікке көшті. Бірақ осы кезде Маңғыстау үстіртінің билеушісі - Жошы әулеті Түй хожа оғланның баласы Тоқтамыс Орта Азия әміршісі Ақсақ Темірге сүйеніп, Темір Мәліктің әскерін талқандайды. Өзін 1379 жылы Ақ Орда ханы етіп жариялайды. Ақ Орда әмірлерінің қолдауына ие болған ол, 1380 жылы Сарайды, хажы-Тарханды, Қырымды және Мамай Ордасын басып алды. Тоқтамыстың бұл табысы орыс жеріне басып кірген Алтын Орда ханы Мамайдың 1380 ж. Куликово даласында орыс әскерлерінен жеңілуі себебінен мүмкін болды. Тоқтамыс мұнымен тоқтаған жоқ. Атап айтқанда, Тоқтамыс Ақсақ Темірдің қамқорынан босануға тырысады. Бірақ, 1380, 1391, 1395 жж. Ақсақ Темірдің Тоқтамысқа қарсы жасаған аса үлкен үш жорығынан кейін Алтын Орда тас-талқан болып қирайды. Темірдің басқыншылық соғыстарының нәтижесінде және ішкі талас-тартыстан 14 ғ. соңы мен 15 ғ. бас кезінде Ақ Орда да әлсіреп қалады. 1423-1424 жж. Орыс ханның немересі Барақ өзінің бақталастарын жеңіп шығып, Ақ Орда да хандықты өз қолына алды. Алайда, Ақ Орданың басты қаласы Сығанақ, т.б. Сырдың орта ағысындағы аудандар Темір әулетінің қолында еді. 1425-1426 жж. Барақ Ақсақ Темірдің немересі Ұлықбекке қарсы жорыққа аттанып, Сығанақты және Сыр бойындағы басқа да қалаларды босатты. Жорықта жүріп Барақ қаза тапқаннан кейін Шығыс Дешті Қыпшақтың билігі Шайбан әулетіне көшті. Барақ өлген соң олар Ақ Орданың елеулі бөлігін жаулап алды. Сөйтіп, 1227 жылы Жошы өліп, оның ұлысы екіге жіктелгенде пайда болған Ақ Орда екі ғасыр өмір сүрді. Ақ Орданың отырықшы аудандарында жерді шартты түрде иелену мен жеке меншіктің түрлері қалыптасты. Мал шаруашылығы да дамыды. Жер иеленушіліктің інжу, милк, сойырғал сияқты түрлері және тархандық сый тарту болған. Ақ Орданың еңбекші халқы хандар мен ақсүйектер пайдасына күпшір, зекет, тағар тәрізді салықтар төлеп тұрды. Ақ Орданың ресми тілі қыпшақ тілі болды. Әбілхайыр Ордасы. Әбілхайыр Ордасы — 15 ғ. алғашқы ширегінде Қазақстанның солтүстік-батыс және орталық аймағында пайда болған. Қазақстанның орталық, батыс және солтүстік-батыс бетінде бірнеше тәуелсіз феодалдық иеліктер құрылып, олардың арасында билік үшін күрес толассыз жүрді. Ноғай Ордасы мен Әбілхайыр хандығының пайда болуына әкелді. Осындай жағдайда Жошы әулетіндегі Шайбанның ұрпағы Дәулет Шайхтың баласы Әбілхайыр саяси өмір сахнасына шықты. Орталық және Солтүстік Қазақстан тайпаларын билеп отырған топтардың қолдауымен ол 1428 ж. Тура өңірінде (Батыс Сібір) хан болып жарияланды. Оның хандығының құрамына Қият, Маңғыт, Шынбай, Найман, Қарлұқ, Үйсін т.б. тайпалар кірді. Шығыс Дешті-Қыпшақтың феодалдық бытыраңқы жерлерін біріктірген «көшпелі өзбектер мемлекетінің» яғни Әбілхайыр хандығының Қазақстан тарихында елеулі орны бар. Оның иелігі Ноғай Ордасының шығыс бетін, батыста Жайық, шығыста Балқаш жерлеріне дейінгі, оңтүстікте Арал теңізі мен Сырдың төменгі ағысына, солтүстікте Тобыл мен Ертіс орта ағыстарына дейінгі жерлерді қамтыды. Әбілхайыр басқарған 40 жылдай уақыт ішінде елдің саяси жағдайында тұрақтылық пен тыныштық болмады. Оның қолынан билікті алу үшін күрескен әр түрлі топтармен күрес жүргізуге тура келді. Жошы әулетінің оның ішінде Орда Ежен хан, Орыс ханның ұрпақтары Жәнібек, Керей Әбілхайырға үнемі қарсы шығып отырды. 1446 ж. оған қарсы болып жүрген күшті шонжарлардың бірі Мұстафа ханның әскерлерін талқандады. Сол жылы Әбілхайыр хан Сырдария мен Қаратау бауырындағы Созақ, Сығанақ, Аққорған, Үзкент қалаларын басып алып, Сығанақты өз хандығының астанасына айналдырды. 1450 жж.  Әбілхайыр МәуранахрдағыТемір ұрпақтарының ішкі тартысына араласып, Самарқан пен Бұқарға жорық жасайды. 1456—57 жж. ойраттармен болған шайқастарда жеңіліске ұшыраған Әбілхайыр елдің бірлігін қамтамасыз ете алмады. Оған наразы Керей мен Жәнібек сұлтандар бастаған халықтың бір бөлігі Моғолстан жеріне қоныс аударып, Шу мен Қозыбасы (Талас) өзендерінің бойына орнықты. 1468 ж. Әбілхайыр көп жорықтарының бірінде қайтыс болып, «Көшпелі өзбектер мемлекеті» ыдырап кетті. Ноғай Ордасы. Ноғай Ордасы — Алтын Орда ыдырап, Ақ Орда әлсіреуі нәтижесінде пайда болған мемлекеттің бірі. Ноғай Ордасы 13 ғ. 2 жартысында бөлшектене бастады. Бұл жағдай әмір Едіге тұсында 14 ғасырда жалғасып, оның баласы Нұраддин (1426—40) кезінде аяқталды. Ноғай Ордасы Еділ мен Жайық арасындағы жерді мекендеді. Орталығы Жайықтың төменгі саласындағы Сарайшық қаласы. Ноғай Ордасының негізін қалаған Едіге 1396—1411 жж. Алтын Ордада бүкіл билікті өз қолынан шығармай, оны өзі тағайындаған хандар арқылы басқарды. Ол 1399 ж. Литуания-Полония әскері мен Тевтон ордені рыцарьларының біріккен жасақтарына күйрете соққы беріп, 1408 ж. орыс әскерлерін талқандап, Мәскеуге дейінгі жерлерді бағындырды. Ноғай ордасы маңғыттардан тұрды. Оның құрамында қоңырат, найман, арғын, қаңлы, алшын т.б. болды. Оның басшылары арасында билік үшін күрес болып жатты. Нәтижесінде Ноғай ордасы құлап, орнына Қазан, Қырым, Астархан хандықтары құрылды. Ғұндар. Батыс Ғұн Империясының территориясы Орталық Азия даласынан бастап қазіргі кездегі Германия жерлеріне дейін, және Қара теңіз бен Балтика теңізіне дейін созылған. 14-ші ғасырда салынған "Ғұндар" деген сурет. Бұл суретте ғұндардың өздері, олардың қару жарақтары және сол кездегі қала түрі сипатталған, 1360. Тарихы. Б.з.б. 1 мыңжылдықтың 2-жартысынан бастап Еуразияның этникалық-саяси тарихында Орталық Азияның көшпелі тайпалары ролі артты. Б.з.д. 4-3 ғғ. Қытайдың солтүстігі мен Орталық Азияда ғұндар деген тайпалар бірлестігі (сюнну, дунху) пайда болды. Нақты айтқанда, б.з.д. 209 жылы бой көтеріп, б.з. 216 ж. дейін дәурен сүрді. Шаңырағын көтерген әйгілі Мөде (Мотэ) батыр. Б.д.д. 209 жылы Мөде әкесін өлтіріп, таққа ие болады. Осы заманнан бастап, ғұн мемлекеті күшейе бастады (атап айтсақ, б.з.д 188 ж. ғұндар өзіне қытай императоры Гао-Диды бағындырады, хань династиясы ғұндарға салық төлеп тұрғаны белгілі. Юечжи, ловфань, байянь, үйсүн тағы да басқа тайпалардың жерін тартып алады.) Ғұндар Байкалдан Тибетке, Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзеніне дейінгі жерде мемлекет құрды. Оның әскері 300-400 мың болды. Мөде кайтыс болғаннан кейін өзара қырқыс басталды. Хулагу кезінде, б.д.д. 47 жылы ғұндар оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінді. Оңтүстік ғұндар Қытай бодандығын қабылдады, ал солтүстігіндегілер орталық азиялық тайпалармен одақтасып батысқа кетіп, өз тәуелсіздіктерін сақтады. Алайда, үнемі Қытайдың қысымына түскендіктен Тянь-Шаньды асып өтіп, қаңлыларға келді. Бұл ғұндардың Орта Азия мен Қазақстанға алғашқы қоныс аударуы болды. Екінші қоныс аудару б.д. 1 ғасырында болды. 93 жылы Қытайлар ығыстырған солтүстік ғұндар тағы да батысқа қарай жылжыды. Олар Қазақстан территориясы арқылы батысқа бет алды. Бұл көшпенділердің Қазақстанға енуіне байланысты шығыс иранның қаңлы тайпаларының түріктенуі басталады. Б.з. 1 мыңжылдығы басында Жетісу, оңтүстік қазақстан тайпаларының кескін-келбеті монғолдана бастады. Ғұндар жергілікті тайпаларды бағындырып, Сырдария бойымен Арал өңіріне, орталық және батыс Қазақстан аймақтарына барып енеді.Ғұндардың б.з.4 ғ. Шығыс және орталық Еуропа жеріне келуіне үш ғасыр уақыт керек болды. Ғұндар Рим империясына қауіп төндірді. 5 ғ. 30-ж. ғұндардың басшысы Аттила Еуропа халқының үрейін ұшырды. 375-376 жж. вестготтардың Қазақстан даласынан келген ғұндармен күресі ежелгі Рим империясының құлауына әкелді. Шаруашылығы. Шаруашылық-мәдени типінің негізі - көшпелі мал шаруашылығы. Мал өсіру, әсіресе жылқы өсіру басты роль атқарды. Сондай-ақ қой өсіру, аң аулау,егіншілік дамыды. Ғұндардың қол өнер кәсібі күшті дамыған (металдан, сүйек пен мүйізден, тас пен саздан, ағаштан, керамикадан жасалды). Сауда дамығандығын жібек маталар, айналар, нефриттен істелген бұйымдар көрсетеді. Қоғамы. Патриархалды-рулық қарым-қатынастардың белгілері өте күшті болған. Ғұндар 24 руға бөлінген. Олардың басында ағамандар тұрған. Ағамандар кеңесі мен халық жиналысы жұмыс істеген. Әскери тұтқындардан құралған құлдар да болған. Жазба деректр ғұндар қоғамындағы өкімет белгісі туралы мәлімет те қалдырған. Елді шаньюй басқарған. Одан кейін түменбасылар болды. Ғұндар қоғамында мал мен жерге жеке меншіктің пайда болуы, тұрпайы бюрократтық аппараттың құрылуы, алым-салық, жазу-сызудың болуы таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуын туғызды. Ғұндар тәңірілік дінді ұстанып, түркі жазуын тұтынған. Сөйлеу тілі де түркі тілі болған. Сарматтар. «Сармат» этнонимі ежелгі деректерде б.з.д. 3 ғасырдан бастап қолданылып келеді. Осы кезден бастап сарматтардың Скифияны жаулауы басталды Бұл сарматтар Аралдың оңтүстігіндегі тайпалармен туыс болған. Сондай-ақ олардың савроматтармен этникалық туыстығы да күмән тудырмайды. Сарматтардың бір тайпасы — роксоландар б.з. 1-ғ. Мидияның шекарасына жетіп, Риммен соғысқан. Сарматтар өздері басып алған елдің саяси өміріне мықтап араласқан. Мыс. Б.з.д. 2 ғ. соңында Понтия патшасы Митридаттың қолбасшысы Диафантпен болған соғыста роксоландар скифтерге қосылды. Б.з.д. 1 ғ. Митридат Римге қарсы күрескенде сарматтар оның жағында болған. Б.з.д. 49-ж. римдіктер мен сарматтар бірлесіп, Боспор патшасының одақтастары сирактарды (сармат тайпасы) жеңеді. Аландар (Оралдың оңтүстік өңірінен шыққандар, сарматтармен туыстас тайпалар) Қара теңіздің солтүстік өңірінен дейін жетеді. Кейін ғұндарға қосылып, Испаниядан бір шығады Археологиялық ескерткіштері. Б.з.б. 4 ғ. басында савроматтар Доннан Ембіге дейінгі территорияны алып жатты. Осы кезде олардың екі мәдениеті қалыптасты. Олар: Батыс Болғар-Дон мәдениеті, және Шығыс-Орал мәдениеті. Сармат тайпалары (ерте -Прохоров мәдениеті) өлген адамның қабырын балшықпен сылап не таптап, өлген адамды басын түскейге қаратып, шалқасынан жатқызып қоятын болған. Екінші кезеңде (орта - Суслов мәдениеті) б.з.д. 2-ғ. соңынан б.з. 1-ғ. басына дейін қабыр құрылысының түрлері өзгермейді. Бірақ іші көмкермелі молалар саны кемиді. Жасанды үңгірлер жоғалады. Әктастан жасалып, обалар астындағы қабырға қойылатын антропоморфты — адам бейнелі мүсіндер табыну бұйымдарына жатады. Үстірттегі Бәйіт табыну кешені белгілі. Ол обалар мен скульптура сынықтарынан тұратын үш топ ескерткіш. Мұндағы мүсіндер әктастан қашалып жасалған. Олардың кескін-келбеттері, қару-жарақтары ойылып жасалынған. Кейінгі сарматтар Орал, Еділ, Дон өңірін, Орал сыртындағы даладан Буг өзеніне дейінгі аралыққа тараған. Бұл б.з. 2-4 ғғ. Өлген адамдары іші көмкерілетін тар қабырларға жерленген. Шаруашылығы. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Жылқы мен қой өсірген. Иран тілдес болған. Зергерлік өнер. 3-5 ғғ. «полихромдық өнер» дамыды. Тек алтын қолданылды. Полихромдық өнерге әшекейлевдің түрлі техникасы тән. Жиі кездесетіндері түрлі-түсті тастармен безендіру (инкрустация), зерлев, оқа жүргізу, жалату т.б. Бұл өнер Моңғолиядан, Орта Азиядан ғұндардың келуімен байланысты Бұл әшекейлер Ертістің жоғары жағынан (Шілікті), Орталық (Жыланды), Батыс Қазақстан (Бесоба) қорғандарынан табылды Үйсін мемлекеті. Үйсін мемлекеті - Б.д.д. 3 ғасырда Қазақстанды мекендеген тайпаларда мемлекеттіктің алғашқы белгілері болды. Бұлар сақтардың этномәдени мұрагерлері үйсіндер болатын. Жағрапиясы. Үйсіндер Орталық Азиядан келді. Олардың негізгі территориясы Іле алқабында болды, батыс шекарасы Шу мен Талас арқылы өтіп, Қаңлылармен шектесті, солтүстігі Балқашқа дейін жетті. Астанасы Чигучен (Қызыл алқап) Ыстықкөлдің жағасына орналасты. Тарихы. Үйсіндер туралы жазба деректі қытайлар қалдырды. Б.д.д. 2 ғасырда Жетісуға Чжан Цянь бастапан елші келді. Ол көптеген мәліметтер әкелді. Үйсіндер туралы (усунь-го) «уйсін мемлекеті» деп айтты. Мемлекетте 630 мың адам, 188 әскер барын да көрсетті. Үйсін патшасы "гуньмо" деп аталды. Мықты ел болған. Б.з.б. 73 жылға дейін үйсіндердің жері үш бөлікке: сол (шығыс) бөлікке, оң (батыс) бөлікке және гуньмоның өзіне қарайтын орталыққа бөлінген. Бұлар өзара қақтығысқа толы болды. Қытай ханшалары үйсін гуньмоларына ұзатылған. Олар Қытайдың Орта Азия, Батыс Азия және Европамен сауда байланысында маңызды роль атқарды. Б.Д.д. 2 ғасырда пайда болған Ұлы Жібек жолын ұстап тұрған осы үйсіндер болды. Үйсіндер туралы қытай деректерінде б.з. 3 ғасырына дейін айтылады. Археологиялық ескерткіштері. Жетісу жерінде үйсіндердің обалары, қорымдары мекенжайлары зерттелді. Обалардың көбісі диаметрі 6-20 және биіктігі 0,5-1,5 м. Топырақ, тас қиыршық немесе топырақ-тас аралас үйінділер болып келеді. Қорымдары б.з.д.3-2 ғғ. жататындары ерте кезеңі.-Қапшағай 3, Өтеген 3, Қызыл еспе. Оларға ортақ сипат қорымдар теріскейден түстікке қарай, әрқайсысында 5-6-дан обасы бар тізбек болып, созылып жататындай жоспарланған. Орта кезеңге жататындар б.з.б. 1 ғ-б.з. 1 ғ. деп есептеледі. Бұған Өтеген 1,2, Тайғақ 1, Қарлақ 1, Алтын Емел қорымдары. Олар жүйесіз түрде, үш обадан тізбектеліп орналасқан. Соңғы кезеңі 2-3 ғғ. деп саналатын кейінгі кезеңге Қапшағай 2, Шолақ Жиде 1, 2, Гүр қора 2, Қалқан 4 қорымдары жатады. Бұлардағы обалар жүйесіз, ретсіз жасалған, қабырлар жерден қазылған, үстері ағашпен бастырылмаған. Үйсіндердің алғашқы қонысы Шу алқабынан, Луговое аулынан табылды. Қабырғалары қам кірпіштен жасалған, едендері балшықпен сыланған, ортасынад жер ошақ болған. Шаруашылығы. Олар көшпелілер болғанымен, үй маңында егін де салған. Оған дән дақылдары салынған ыдыс-аяқтар, дәнүккіштер тас кетпендер табылуы дәлел. Киімдері байлары жібек пен биязы жүн матадан, кедейлері жай қалың жүннен, былғары, қой терісінен тіктірген. Қоғамы. Үйсін қоғамында байлар, жасауылдар, абыздар, кедейлер болған. Әскер басылары мен шенеуніктердің қолында мөрі болған. Жеке меншік те өскен. Ол малға, жер-суға тараған. Қаңлы мемлекеті. Қаңлы мемлекеті - Қытай жазба деректерінде канцзюй деген атпен, б.з.д. 2 ғ. айтылады. Сырдария, Талас өзендері бойында орналасты. Саны 600 мың адам, 120 мың әскерімен Орталық Азиядан келген. Астанасы Битян қаласы. Археологиялық ескеткіштері. Қауыншы және Отырар-Қаратау мәдениеті деп археологтар атайтын үлкен ескерткіштері сақталған. Бұлардың біріншісі Ташкент аумағында, екіншісі Сырдың орта ағысысы мен Қаратаудан Таласқа дейінгі аралықта. Қауыншы мәдениетіне жататын Ақтөбе мекені көбірек зерттелді. Табылған ескерткіш - сарай крест тәрізді салынған бес үйден, екі дәлізден тұрады. Отырар-Қаратау мәдениетіне жататын ескерткіш Отырар өңірі. Қазылған үйлер бір бөлмелі, екінші бөлме қойма болған. Ортада тікбұрышты жер ошақ жасалған. Шаруашылығы, кәсібі. Керамика ыдыстар, құмыралар, табалар табылған. Қаңлылар темірді балқытып орақ, пышақ, жебе ұштарын жасаған. Егін шаруашылығы, мал өсіру, аң аулаумен айналысқан Сақалар. Сақ тайпалары мекендеген аумағы. 1000 ЗБ — 500 ЗБ Сақалар (сақтар) — қуатты тайпалық одақтары массагеттер, исседондар, аландар, каспийлер, сарматтардан тұрған. Атауы. Бұл халық өзін өзі "сака", "сақа" деп атаған, (аккадша: "ashkuza"; — "Sai", көне қытайша:). Оларды көне юнандар скифтер () деп атаған. Ол туралы юнан тарихшысы Геродот өзінің «Тарих» деген еңбегінде, 5 томында, жағрапияшы Страбон «Жағрапиясында» жазып қалдырған. Тарихы. Парсылардың патшасы Құрыш II, Лүдия патшасы Кройсоспен 558—29 жж. ЗБ соғысқанда, сақалармен одақтасқан. Кейін Құрыш сақаларды, соның ішінднгі массагеттерді өзіне бағындаруды ұйғарды. Құрыш сөйтіп, Сақа жеріне басып кірді. Алайда парсылар сақаларды жеңдік деген кезде, сақа жауынгерлері тұтқиылдан бас салады. Құрыш та, әскерлері де өлтіріледі. Тұмар туралы аңыз осы кезде шықты. Бұл аңыз расқа тән — Құрыш ұлы Қамбуджия — массагеттерге өкілдерін жіберіп әкесі мәйітін кері алған. Құрыштың Орта Азиядағы басқыншылық жорықтарын Дараявауш I (521—486 жж. ЗБ) жалғастырды. Парсылар сақаларды аз уақыт бағындырады. 6 ғ. ЗБ соңы — 5 ғ. ЗБ басында (500—449 жж. ЗБ) ежелгі Шығыстағы юнан-парсы соғысында сақа тайпалары парсылар жағында болды. 490 ЗБ ж. юнан-парсы әскерінің Марафон жерінде болған соғысында сақалар парсылармен бірге юнандарға қарсы соғысты. 4 ғ. ЗБ 330 жж. Ескендір Зұлқарнайынның македон әскерлері Ахеменидтердің ең соңғысы Дараявауш III Кодоманның армиясын талқандап, Орта Азияға басып кіреді. Олар Маракандты (Самарқанд) алып, Сырдарияға келеді. Сыр бойына бекіну үшін, Александрия Эсхата (Шеткі Александрия) деген қала салады. Алайда македондықтар жеңгенімен, ыстық табиғатқа шыдамаулары, Ескендірдің аурып қалуы македондықтар Самарқанға шегінуге мәжбүр етті. Ескендір 323 ЗБ ж. Бабыл қаласында сүзектен өлді. Оның ала-құла империясы ыдырап кетті. Археологиялық ескерткіштері. Бұлар қорымдар, жартастағы суреттер, сақ бұйымдарының көмбелері. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан. Бұл сақ тайпалары мекендеген аса көлемді аймақ: тиграхаудтар — Жетісуда, ал массагеттер Арал өңірі мен Сыр бойында. іле алқабында Бесшатыр, Есік, Түрген, Кеген, Алексеев обалары осы алқаптан табылды. Жетісудағы сақ мәдениеті екі кезеңді: ерте кезеңі (б.з.д. 8-6 ғғ) және кейінгі кезең (б.з.д. 5-3 ғғ.). Соңғы кезеңдегі патша обасына Бесшатыр қорымы мен Есік обасы жатады. Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң жағалауындағы Шылбыр деген жерде, ол 31 обадан тұрады. Қорымның барша обалары екі топқа бөлінеді, үлкен обалар — диаметрі 45 м-105 м-ге дейін. Биіктігі 6-18 м. Салынған уақыты б.з.д. 5 ғ. Шығыс Қазақстан. Алтай аясынан, Шыңғыстау мен Тарбағатай бөктерлерінен кездеседі. Үлкен патша обалары бар. Ол Шілікті алқабында шоғырланған. Бұл өңірдің мәдениеті үш кезеңнен тұрады. Мәйемір кезеңі (б.з.д. 7-6 ғғ), берел кезеңі (б.з.д. 5-4 ғғ.), құлажүргін кезеңі (б.з.д. 3-1 ғғ.). Мәйемір кезеңінің соңында салт кісіні атымен бірге қоятын қабырлар пайда болады. Орталық Қазақстан. Бұл жерден Тасмола мәдениеті (б.з.д. 7-3 ғғ.) ашылды. Зерттеуді археологтар Ә. Марғұлан, М. Қадырбаев жүргізді. Бұл обалардың ерекшелігі — оларда тас жалы, «мұрты» болады. Бірнеше варианттардан тұрады. Негізгі обаға жанаса немесе оның шығыс бетінде, иек астында кіші оба тұрады, одан шығысқа қарай доғаша иіліп, ені 1,5-2 м, ал ұзындығы 2-200 м дейін кейде одан ұзыныда болады, екі жал кетеді. Үлкен обаға үйілген төбе астында жерден қазылған қабырда өлген кісінің мәйіті жатады, ал кіші қорғанда үйінді астындағы қабырға ат пен ағаш ыдыс-аяқтар қойылады. Арал өңірі. Арал өңірі сақалар мәдениеті Тегіскен, Ұйғарақ, Оңтүстік Тегіскен қорымдары. Батыс Қазақстан. Еділ мен Жайық арасындағы аймақтан қорымдардың көп шоғырланған жері — Үлкен және Кіші өзеннің бойлары, Қамыс-Самар көлдерінің өңірлері, Елек, Шаған, Ембі жағалаулары. Обалардың көбінде үйінділері бар, ал олардың аса үлкендері орлармен қоршалған. Тас үйінділері немесе топырақ пен уақ тастар араластырылған үйінділері бар обалар сирек кездеседі. Қабырлар шығыстан батысқа қарай ыңғайлай қазылады, ал өлгендер молаларда емес, обалар үйінділері астындағы арнайы дайындалған алаңдарға қойылады. Ауыл шаруашылығы. Мал шаруашылығымен де егін өсірумен де айналысқан. Жылқы өсірген. Екі тұқымы болғаны анықталды. Оның біревІ басы үлкен, аяғы жуан, денесі шомбал, жатаған жылқы, ал екіншісі шоқтығы биік бойшаң, сымбатты жылқы, оны қарулы жауынгерлер мінетін болған. Қой бағумен де айналысқан. Сақтарда маңдай алды дөңестев ірі қойлар көп тараған. Олар қазақтың кәзіргі құйрықты қойлары тұқымына жақын болған. Ал сиырдың көшпелі тіршілікке бейімделген мұндай тұқымының өзгеден айырмасы — өнімділігі төмен, тірілей салмағы аз, жемшөпті көп талғамайтын. Суықта сыр бермейтін, жүні қалың, тебін малы болды. Егіншілік пен суару. Қыстау маңындағы егін сақтарды астықпен қамтамасыз еткен. Олар тары, арпа, бидай еккен. Оңтүстік Сырдарья алқабында сақтардың Шірік Рабат, Бәбіш-молла, Баланды секілді қоңыстарында табылған. Кәсіпшілігі. Сақ тайпалары арасында металл өндіру және оны өңдеу, әсіресе қола құюға байланысты кәсіпшіліктері дамыған. Б.э.д. 1 мыңжылдықта Қазақстан және Орта Азияны мекендеген сақ тайпалары темірден заттар жасауды меңгерді. Темір мен мыс, қалайы мен қорғасын, алтын мен күміс өндіру жоғары дәрежеде дамыған. Мәселен, Имантау кен орнында 3 млн. пұт мыс рудасы, ал Жезқазған мен Успенскіден 10 мың және 26 мың пұт руда өндірілген, сонда сол руданың көбісі сақтар заманында өндірілгені анықталды. Сақ зергерлері қоладан қанжарлар, оқ жебелері мен сүңгі ұштарын, аттың қайыс әбзелдерін, әшекейлер мен айна, қазандар мен құрбандық ыдыстарын жасаған. Саудасы. Еуразия далаларын сақтар билеген кезде Батыс пен шығысты, Жерорта теңізі мен Қытайды байланыстырған халықаралық өтпелі сауда басталады. Б.з.д. 1 мыңжылдықтың орта кезінде дала жолы пайда болады. Геродот жазуына қарағанда, дала жолы Қаратеңіз өңірімен жүріп, Дон жағалауына сосын Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтар жерінен Ертіс бойына, одан әрі Алтайдағы аргиппейлер еліне жеткен, содан әрі Моңғолия мен Қытайға қарай кететін болған. Осы жолдың бір бөлігі Қазақстан жерімен өтті. Қоғамы. Сақ қоғамында халықтың үш тобы болды деген болжам бар. Ол рим тарихшысы Квинт Курций Руф айтқан аңызға сүйеніп айтылады. Осы үш жіктің өзіне тән дәстүрлі түсі болған. Жауынгерлерге — қызыл, сары-қызыл; абыздарға-ақ; қауымшылдарға-сары мен көк түстер. Сондай-ақ көсемдер мен патшалар да болды. Олар әскери жіктердің өкілдері болды. Гректер оларды басилевс — патша деп атаған. Патшаның белгісі жебелі садақ. Мәдениеті. Сақтар аң стилін Алдыңғы Азия мен Иранға жорық жасаған кезінде қабылдаған. Бұл өнер б.д, д. 7-6 ғасырда қалыптасқан. Аң стилі дегеніміз түрлі жануарлардың бейнелерін дыс-аяққа, киімге, тұрмыс заттарына, түрлі әшекейлерге, қару-жараққа салған. Сақтар күнге, найзағайға, жел-дауылға табынған. Сақтар мифологиясында сәйгүлік ат күнмен, отпен байланысты болған. Дүниені жаратқан көк тәңірісі Митра, жердікі Варуна, жер астыныкі Индира секілді құдайлар болған Андронов мәдениеті. a> cultures are candidates for cultures associated with Indo-Aryan movements. Б.з.д. 2 мыңжылдықтың алғашқы ширегі бітер кезде Волга мен Алтай арасында мал шаруашылығымен айналасқан адамдар қола жасауды меңгерді. Мыс пен қалайының қосындысы қола. Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосынан қола дәуірі ескерткіштері алғаш рет табылды. Оны 1913 ж. Б.Г. Андрианов ашты. Ғылымда шартты түрде Қазақстан жеріндегі қола дәуірі ескерткіштерін Андронов ескерткіштері деп атайды. Бұл атауды ғылыми айналымға 1927 жылы С. А. Теплоухов енгізген. 1927 жылы археолог М.П.Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тапты. Андронов ескерткіштері Қазақстан, Орта Азия, Сібір жерлерінен табылып отыр. Жалпы, Қазақстанда Андронов мәдениетімен бірге, қима мәдениет ескерткіштері Батыс Қазақстанда табылған. Қима мәдениетінің бас ерекшелігі — қайтыс болған адамдарды қиылған ағаштың арасына салуы. Андронов мәдениетінің ескерткіштері Казақстанда мол кездесетін болғандықтан, осы хронологиялық кезеңді Андронов мәдениеті арқылы қарастырады. Андронов мәдениетінің ескерткіштерінің өте үлкен территорияда табылуына және оның үлкен кезеңді қамтуына байланысты ғылымда қазір Андронов тарихи-мәдени қауымдастығы деген термин қолданылады. Ескерткіштері. Андронов мәдениеті шартты түрде үш кезеңге бөлінеді. Ерте қола — б.з.д. 18-16 ғғ, орта қола б.з.д. 15-12 ғғ., кейінгі қола б.з.д. 12-8 ғ.б. Андронов мәдениеті 8-9 ғасырға созылады (б.э.д. 17-9 ғасырлар). Орталық Қазақстан. Бұл өңірден көптеген мекендер, қорымдар, көне рудниктер, құрбандық орындары, петроглифтер. Орталық Қазақстанның андронов мәдениетіне тән сипаты-оның мазарларының күрделілігі, тас өңдеумен байланысты құрылыс техникасының жетіле түскендігі. Солтүстік және Батыс Қазақстан. Солтүстік Қазақстан жеріндегі қола ғасырын, соның ішінде Андронов мәдениетінің ескерткіштерін зерттеген ғалымдар - К. А. Ақышев, Ә. М. Оразбаев, Г. Б. Зданович, С. Я. Зданович және т. б. Солтүстік Қазақстанның қола ғасырының кезеңдерге бөлуді, Андронов мәдениетінің сатыларын, олардың хронололгиялық мерзімдерін Геннадий Борисович Зданович көпжылдарға созылған Жабай-Покровка, Боголюбово, Куропаткино және тағы да басқа ескерткіштерде жүргізілген қазба жұмыстарының негізінде анықтады. Алексеев қонысы мен Тасты-бұтақ қорымы кеңінен мәлім болды. Топырағы төбешік болып үйілген, дөңгелек және тікбұрышты қоршаулары бар қорымдар көп кездеседі. Челябинск және Қостанай облыстарының шекарасынан Арқайым қонысы ежелгі қалалардың мысалы болады. Қазіргі Қостанай облысында Садчиков қонысы, Ақмола облысындағы, Зеренді ауданындағы Павловка (Шағалалы)қоныстары - Андронов тарихи-мәдени қауымдастығының айшықты ескерткіштері. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу. Ескерткіштері — Таңбалы, Қаратау сияқты тастағы суреттер, Таутары қорымы. Сырдарияның төменгі жағынан Арал алқабынан - Тегіскен кесенесі ашылды. Шаруашылығы. Андроновшылар қоныстары дала өзендері мен оның жағаларына егін, бау-бақша салып қоныстанған. Тары ботқасы күйген құмыралар табылды. Қоныстардың бәрінен табылған ортақ олжалар: дәнүккіштер, келсаптар, орақтар мен тас кетпендер. Мал өсіру маңызды роль атқарды. Негізгі тамағы сүт болды, сүзбе, ірімшік жасаған. Ет өте аз болған, оны мейрамдарда ғана, құдай жолына құрбандық жасағанда ғана пайдаланған. Негізгі мал қой, сиыр, жылқы. Жылқының үш тұқымы болды: биіктігі 128-136 см., басы үлкен, қалың жалды жатаған жылқы. Қазіргі монғол жылқысына ұқсас. 2). Шоқтығы орташа не биік 136-152 см-ге дейін салмағы 350 килоға дейін жететін жылқылар. 3). Асыл тұқымды биіктігі 152-160 см., аяқтары жіңішке, сымбатты, қой мойынды жылқылар. Олар соғыс арбасына жегілетін болған. Андроновшылар мал бағудың қыр-сырын жетік меңгергендер болды. Олар дүние жүзінде алғаш рет малды қолда ұстауды енгізді. Қыста төлді жылы жерде ұстаған, ол үшін үйдің бір жағын қоршап бөліп тастаған. Тұрғын үйлерге жалғаса мал қора салды. Андроновшылар қос өркешті бактриан түйелерін өсірді. Ерте және орта қола кезеңдерінде, яғни б.з.д. 1 мыңжылдық басында андроновшылар отырықшы болды. Аралас шаруашылықпен айналысқан. Малды үй іргесіне бағу нәтижесінде жайылым тез тозған. Сондықтан жайлаулық тәсілді ойлап табады. Бұл көктем, жаз айларында жастар мен ер адамдар алыс жайылымға малды айдап әкетсе, отбасылары егін өсірумен айналысты. Ежелгі кеншілер. Кен өндіру б.з.-дан үш мың жыл бұрын пайда болды. Мысалы, Жезқазған осы кезде-ақ кен өндіріле бастады. Олар кенді тотықтандыру, қайлалау, отпен өндіру әдістерін меңгерді. Сондай-ақ әрбір отбасы өз ыдыс-аяқтарын өздері жасады. Әйелдер саз балшықты әзірлеп, одан ыдыс-аяқ істеп, оларды ошақтағы отқа, кейде таспен қоршалған шұңқырға алаулатып күйдірген. Ыдыстар әртүрлі сызықтармен, геометриялық ою-өрнектермен әсемделген. Үй кәсіптері Андроновшылар үй тіршілігіне қажетті нәрсені өздері жасады. Жіп иіру, тоқу, теріні өңдеу, киімді түрлі-түсті жіппен әдіптев бәрін игерген. Матаға қажетті жіпті мал жүнінен игерген. Тоқыма станогы, ұршық болды. Олар өкшесіз аяқкиім киген, жүннен тоқыған, теріден тіккен құлақшын киген. Әйелдер көбіне ұзын жеңді етегі жер сызған жүн көйлек киіп жүрді. Әшкейлік бұйымдар сырға, салпыншақтар, моншақтар таққан. Ерлері қоладан үшкірлеп жасалған садақтармен қаруланды. Халық, қоғам, әдет-ғұрып. Олар үлкен үйде отбасылық қауым болып өмір сүрді. Ағайын-туыстар шаруаны бірге атқарды. Обалар, қабырлар қазу ісінде өзгешеліктер болған. Бұл андронов қоғамының біртекті болмағандығын көрсетеді. Байлар, текті адамдар өлгенде олар ерекше құлпытас орнатылған мазарларға жерленді. Жауынгерлер, патшалар абыздар тәрізді әлеуметтік жік болған. Діні мен өнері. Өліктер қабырда бастары батысқа немесе оңтүстік-батысқа қаратылып қойылды. Бұл о дүниемен байланыс жасайтын құдайға қарату деген мағынаны білдірді. Мәйіт бүктей жатқызылды. Сондай-ақ мәйітті өртеп жіберу де болды. Ол отқа табынудан шықса керек. Үй құрылысы да құрбандық шалудан басталған. Оған сүт толы ыдыстар, бұқа не бағлан шалынған. Тіпті балаларды да құрбандыққа шалған, оны үй едені астына көмген. Үйдің ошағы отбасының ең қасиетті жері болды. Тастағы суреттер. Қола дәуірінің жартастар бетіне салынып, кілегей қоңыр қабыршақпен жабылып қалған суреттерінің өзіндік ерекшелгі бар. Бұл суреттер — жануарлар, күн бейнелі адамдар, соғыс арбалары, шайқас көріністері туралы тасқа салынған суреттер олардың дүние-танымын көрсетеді. Жартастағы суреттер-петроглифтер Қазақстанда Таңбалы, Ешкіөлмес, Қарату мен Маймақ, Тарбағатай мен Бөкентауда табылды. Ақ Орда (резиденция). Ақ Орда резиденциясы — Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясы. Астана қаласы Есілдің сол жағалауындағы жаңа әкімшілік орталығының аумағында 2001 ж. қыркүйек айында салына бастады. Ғимараттың жалпы көлемі  m2. Қазақстан Республикасы Президентінің Ақ ордасының ресми тұсаукесері 2004 ж. желтоқсанның 24 күні өтті. Ғимарат қазіргі заманғы құрылыстың ең таңдаулы әдістерін қолдана отырып, монолит құйматастан салынған. Шатырсүмбіні қоса есептегендегі ғимараттың биіктігі 80 m. Қасбеттің қаптамасы қалыңдығы 20—40  cm. болатын итальян мәрмәрынан жасалған. Ғимарат жер бетінде 5 және жер астындағы 2 қабаттан тұрады, оның ішінде жер бетіндегі 1-қабаттың биіктігі 10 m., қалған қабаттардың биіктігі 5 m. Жертөле қабаттарында техникалық қызмет, ас үй, асхана және гараж орналасқан. Бірінші қабатта жалпы ауданы 1800 m2 құрайтын, еденіне гранит төселген салтанатты хол орналасқан. Барлық залдар ерекше мәнермен әрленген, люстралар мен жиһаз бар. Едендерге түрлі сортты мәрмәр, гранит тастары және көркем паркет төселген. Резиденцияны салу барысында әлемдік ірі өндірушілердің озық инженерлік құрал-жабдықтары пайдаланылған. Түркі қағандығы. Түркі қағанаттың саяси-әскери бірлестік ретінде қалыптасқан мекені - Жетісу. Жетісу мен Шығыс Қазақстан жужан мемлекеттің шет аймақтары болатын. Осы аймақтарда орналысқан тайпалар - теле - 492 ж. жужаньдарға қарсы шығып, тәуелсіздік мемлекет құрады. Дегенмен де, 516 ж. жужаньдар жаңа құрылған мемлекетті тағы да өздеріне бағындырады. 545 ж. теле тайпаның Ашина руы жужаньдарға қарсы қүресті басқарады. 551 ж. ашина руының батыры Бумын, Қытаймен бірігіп, жужань мемлекетінің талқандайды. Сонымен, түркі тілдес тайпаларының ішіннен шыққан теле тайпа Жетісуда мемлекетінің негізін құрып, көрші мекендерді өзіне бағындыру үшін саясат жүргізеді. 1 мыңжылдықта Евразияның аймағында этникалық өзгерістер болады. Түркі тілдес тайпалар басымдық алды. "Түрік" атауының тұңғыш рет аталуы қытай шежірелерінде кездеседі және ол 542 жылға жатады. Қытайлар түріктерді сюнну-ғұндар деп атаған. Ерте Түркі мемлекеті - Түркі қағанаты 552 жылы құрылды. Оның негізін салған - Бумын қаған 553 жылы қайтыс болады. Оның мұрагері - Қара-Ыстық-хан - билігі бір жылға толмай, қайтыс болады. Мұқан-қаған (553-572) билік құрған жылдарда Түркі қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке ие болады. Олар Маньчжуриядағы қидандарды, Енисейдегі қырғыздарды бағындырады, бұларға Солтүстік Қытай алым-салық төлеп тұрады. 563-567жж. эфталит патшалыпын басып алады. Міне, осыдан кейін олардың жері Каспий теңізінен Солтүстік Индияға дейін және Шығыс Түркістанға дейін созылып жатқан. Түркілер Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Жерорта теңізіне дейін баратын Жібек жолына иелік етті. Олар өздерінің жаулап алу жорықтарын жүргізуде Иранға қарсы Византиямен одақтасты, 571 жылы түріктердің әскери қолбасшысы Естеми Солтүстік Кавказды басып алады, сөйтіп Керчь түбегіне (Боспорға) шықты. Оның баласы Түріксанф Керчьті басып алып, 576 жылы Қырымға шабуыл жасады. Бірақ Естеми өлгеннен кейін 582-593 жылдары билік үшін қырқыс басталды. Өзара қырқыс пен әлеуметтік қайшылықтар қағанатты қатты әлсіретті. Күшейіп алған Иран 588 ж. Герат түбінде түріктерді жеңіп шығады. Византия 590 жылы Боспорды қайтадан жаулап алады. Өзара қырқыстар, әлеуметтік қарама-қайшылықтар қағанатты әлсіретіп, оның 603 жылы Шығыс және Батыс түркі қағанаттарына бөлінуіне әкелді. Шығыс Түркістаннан Амударияға, Еділ өңірі мен Терістік Кавказ далаларына дейінгі жер Қағанат қарауына көшеді. Түркі мемлекетінің басында - қаған тұратын, оның оң қолы (көмекшісі) - "ягбу" титулымен аталатын. 568 ж. бастап Түркі қағанаты 4 болысқа бөлінетін. Қағанның ордасы (ставкасы) - Алтайда болған. Халық 3 әлеуметтік топқа бөлінген - бектер, қара-будундар (жалпы халық), татылар (құлдар). Түріктерге бағынатын тайпалырдың барлығы - оғыз деп аталатын. 581 ж. Қытайда Чжоу династияның орнына Суй династия келгеннен кейін, жаңа патша түріктермен барлық сауда қарым-қаныстарды үзді. Енді Қытайдан жібек маталары Орта Азияға келмейтің болғандықтан, түрік қағандарының Ұлы Жибек жолындағы ролі азаюға бастады. Тобо-хан қайтыс болғаннан кейін, түркі қағанатта өзара қырқыс басталады. Суй династияның патшалары осы ішкі өзгерістерді сезіп, түркі қағанатты ыдыратуға, әлсіретуге тырысады. Осы саясаттың нәтижесінде, 602-603 жж. қарай, түркі қағанаты екіге бөлініп кетеді. 604 ж. Батыс Түркі қағанатының қағаны болып Таман сайланды. Ал Шығыс Түркі қағанатының қағаны болып Жанғар. Батыс түркі қағандығы. Қағанаттың этникалық саяси өзегі «он тайпа» (он оқ будун) болды, олар Қаратау баурайынан Жоңғарияға дейінгі аралықта жатқан ежелгі үйсін жерін жайлайды. Шу өзенінің шығыс жағында дулының бес тайпасы, ал оның батыс жағында бес тайпалы нушебилер (басқаша он-шадпыт) жайлады. Суяб қаласы (Қырғыстанның Тоқмақ қаласы маңында) ел астанасы болды, ал қағанның жазғы ордасы Мың бұлақ (Түркістан қаласы жанында) еді. 610-618 жж. Жегуй қаған мен оның інісі Түн жабғы қаған (618-630 жж.) билеген кезде қағанат күшейді. Мемлекет шекерасы Үндістанның солтүстік-батысына дейін жылжыды. Қағанат шаруашылықтың көшпелі және жартылай көшпелі, отырықшы-егіншілік әдісімен де айналысты. Елдің халқы түркілер де, соғдылар да сауда-саттықпен, мал бағумен, қолөнермен, егіншілікпен қатар айналысты. Қағанаттағы бірінші тұлға — жердің қожасы, әскери билеуші — қаған болды. Қағанаттағы жоғары лауазымдар — жабғы, шад, елтебер, қаған әулетіне ғана лайық атақтар болды. Сот қызметтерін бұйырықтар мен тархандар атқарды. Қағанаттың негізгі халқы — мал өсіретін ерікті ұсақ қауым мүшелері болған, оларды «қара будун»(қара халық) деп атаған. Әлеуметтік жағынан тайпалар — ақ сүйек және вассал (бағынышты) тайпалар болып бөлінген. Бағыныштылар алым-салық төледі. Соғыс тұтқындары құлға айналды. thumb Жібек жолы бойында үстемдік орнату үшін мемлекеттердің арасында жие соғыс болып тұрған. Сауда жолы үшін талас 7 ғ. 20-ж. барлық ортағасырлық мемлекеттерді екі коалиция бөлді. Бұлар — бір жағынан — Батыс Түркі қағанаты, Византия, Қытай, екінші жақтан — Шығыс Түркі қағанаты, Иран және Ауар (Авар) қағанаты. Екі коалицияның арасындағы шайқас, мемлекеттерді әлсіретіп, ешқайсына да жеңіс әкелген жоқ. Дегенмен де, осы соғыстардың нәтижесінде, дулы тайпалары (он оқ будун тайпа бірлігіне кірген тайпаның бірі), 630 ж. түркі қағанаттің патшасың өлтіріп, оның орнына дулының арасынан шыққан Сібір-ханды таққа отырғызады. Осы кезден басталған, дулы мен он-шадпы тайпаларының арасындағы билікке күрес ұзаққа созылады. Сонымен, қарауындағы халықты ұстап тұруға, бағындыруға Батыс түркі қағанаттың орталық үкіметінің шамасы жетпейтін болғандықтан, Батыс Түркі қағанаты өзінің саяси және әскери күшін жоғалтуға мәжбүр болды. Осыны қытайдағы Тан империсы пайдаланып, Батыс Түркі қағанатқа қарсы соғыс жариялайды. Өзара (640-648, 656-657, 658-659 жж.) соғыстар, қырқыстар Жетісуға қытай әскерінің баса-көктеп кіруіне әкеп соқты. Олар өздері қалаған адамдарын Батыс Түркі қағанатын билетуге тырысты. Барлық Батыс Түркі қағанаттың аймақтары екі губернаторлыққа бөлінді. Жаулап алынған жерлерде қаған орынбасарлары — тудундар алым-салықтың алынуын қадағалады. 679 ж. қытай саясатына қарсы Монголия мен Жетісуда шамамен бір уақытта көтерілістер болады. Монголиядағы көтерілісінің нәтижесі — Шығыс түркі қағанатың қайта орнату. Ал Жетісудағы көтерілісті қытай әскері күшпен басады. Енді барлық шаманы Шығыс Түркі қағанатың қайта бағындыруға салған кезде, Жетісудағы түркеш тайпалары халықты басқарып, 699 ж. (басқа деректер бойынша — 704 ж.) Батыс Түркі қанағатын қайта тәуелсіз мемлекет ретінде орнатады. Сонымен, қарсы тынымсыз соғыстардың нәтижесінде түргештер күшейіп, Жетісуда саяси жетекші күш болып шығады. Түркеш қағандығы. Түргеш қағанаты (704-756 жж.) Түргештер дулы тайпа құрамының ішіне жатады, түргештердің өзі - қара және сары түргеш болып бөлінгені белгілі. (Кейбір тарихи деректер бойынша, "сары" және "қара" деген тайпа бөліктері этниқалық емес, саяси жағынан қарастырғаны жөн. Демек, Сақал қаған болған кезде түргеш кағанаты екіге бөлініп кетеді. Біревінде Сақал өзі қаған болған, ал екіншісінде халықты басқарған Сулық. Сақалға бағынатын халықты "сары түргеш" деп атаған, ал Сулыққа бағынған халықты - "қара түргеш".) Түргеш қағанаттың саяси өмірі тарихта Орта Азияға шапқыншылық жасаған арабтармен тығыз байланыстырады. 7-ғ. бас кезінде Араб түбегінде Араб мемлекеті қалыптасты. Ислам мемлекеттік дінге айналады. Осы дінді таратушы Мұхаммед 632 ж. қайтыс болғаннан кейін, арабтар ислам дінін тарату үшін жаулаушылық соғыстар бастады. Арабтар Орта Азияға жаулауы басталған кезде, Қазақстан мен Орта Азияның басым бөлігі Батыс Түркі қағанаты қол астында болды. Арабтарға қарсы күресте Жетісуда өкімет басына келген түргештер болды. Оның негізін салған Үш-еліг қаған (699-706 жж.). Оның ордасы Шу бойындағы Суяб қаласы болды. Екінші (кіші) ордасы Іле өзені жағасындағы Күнгіт қаласында орналасты. Үш-еліг-қаған елді 20 түтіктікке (еншілікке) бөлді, оның әрқайсысының 7 мыңнан әскері болды. Үш-еліг-қаған Қытай империясымен және Согд мемлекетімен саяси бірлестік құрып, арабтарға қарсы күреседі. Түргеш қағанатында Үш-елігтен кейін оның мұрагері болып, баласы Сақал-қаған (706-711) таққа отырады. Оның кезіңде Түргеш мемлекетінде ішкі бірлік болмайды және қағанат үнемі арабтармен, қытайлармен күрес жүргізіп отырды. Түргеш қағанаты Сулық қаған (715-738) тұсында күшейді. Оның тұсында түргештер екі майданда күрес жүргізді. Батыстан арабтар, шығыстан Тан әулеті кұш көрсетті. Елшілік жолымен (неке байланысы) және әскери шаралар арқылы Сулық шығыстан келетін қатерді болдырмады. Бұл жағдай түргештердің батыста белсенді әрекет етуіне мүмкіндік туғызды. 723 жылы Ферғана қарлұқтарымен және Шаш тұрғындарымен тізе қосып, түргештер арабтарды жеңеді. Сулықты арабтар Абу Мұзахим (Сүзеген) деп атайды. 737 жылы Сулықты өз қолбасшысы Баға-Тархан өлтіреді. Оның қазасынан кейін "сары" түргештер мен "қара" түргештер арасында өкімет билігін алу үшін күрес басталды. 746 жылы Жетісуға Алтай мен Тарбағатайдан қарлұқтар келіп қоныстанады. Арабтармен, сондай-ақ өзара қырқыстардан әлсіреген түргештер қарлұқтарға белсенді қарсылық көрсете алмайды. Мұны Қытай империясы пайдаланды. Оның Шығыс Түркістандағы уәлилары 748 жылы өз әскерін Суяб қаласына аттандырады да, оны басып алады. Шаштың иесі дарға асылады. Оның баласы арабтардан көмек сұрап келеді. 751 ж. Тараз жанындағы Атлах қаласы маңында арабтар мен қытай әскері арасында зор шайқас болады. Шайқас бес күнге созылады. Шешуші сәтте қытайлардың ту сыртындағы қарлұқтар көтеріліс жасап, арабтар жағына шығады. Қытайлар толық жеңіледі. Тан әскері Жетісуды, Шығыс Түркістанды тастап кейін шегініп кетеді. Арабтар Шашқа қарай кетеді. Бірақ ішкі қырқыс Түргеш мемлекетін әбден тұралатып тастады. 756 жылы түрік тілді қарлұқ тайпаларының әрекетінен түргеш мемлекеті құлады. Түркі тілді көшпелі, жартылай көшпелі тайпалар Батыс түркі қағанаты орнына 4 бірдей құдыретті мемлекет орнатады. Хазар қағанатын қоспағанда, Төменгі Еділ өңірі мен Солтүстік Кавказда, Қазақстан жерінде үш этникалық-әлеуметтік бірлестік пайда болды: Сырдың бойын, Арал өңірін Оғыз мемлекеті, ал Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында, астанасы орта ертісте болған Қимақ мемлекеті дүниеге келді. Батыс түркі қағанаты орны Жетісуда - қарлұқтар қалды. Қарлық қағандығы. Қарлық қағандығы — қарлық (көнетүркіше: "қарлұқ") тайпаларының мемлекеті (756—940 жж.). Қарлық тайпаларынын мекені — Алтай маңында орналасқан. 8 ғ. бастап қарлықтар Жетісуға қоныс аударады. Қарлықтардың арқасында 751 ж. арабтар Талас бойында түріктермен болған шайқасты жеңеді. Осы кезден бастап қарлық тайпалары күшейіп, олардың патшасы өз билігін Алтайда орнатады. 755 ж. қарлықтар Жетісуда түргештерді жеңеді. Түргештердің жартысы қарлықтарға бағынады, ал қалғаны шығысқа таман көшуге мәжбүр болды. 7 ғасырдың басындағы қытайдың "Таншу" әулеттік хроникасында қарлұқтардың түрік тілдес тайпалардың бір тармағы екендігі, олардың құрамында бұлақ, жікіл, ташлық деген тайпалардың бар екендігі көрсетілген. Қарлықтар туралы деректер 5 ғ. жатады. Ол «бұлақ» деген атпен белгілі. Түркі руна ескерткіштерінде "«үш қарлық»" атын Алтай тауы мен Балқаш көлінің шығыс жағалауы арасын қоныс еткен көшпелі тайпалар бірлестігіне айтады. 7 ғ. ортасында қарлық бірлестігі құрамына "бұлақ", "шігіл" мен "ташлық" кірген. Көсемдері "Елтабар" деп аталған. 766 ж. түргеш қағандарының қос ордасы Тараз бен Суябты қоса, бүкіл Жетісу қарлық жабғысының қоластына көшеді. Олар ерте феодалдық мемлекет құрады. Араф географы Әл-Марвази (12 ғ.) қарлықтар құрамында 9 тайпа болғанын айтады. Қарлық конфедерациясына Жетісу мен оңтүстік Қазақстанның "тухси", "шігілдер", "әзкіштер", "халаджылар", "чаруктер", "барысхандар", т.б. түркі тілдес тайпалар кірген. 8—10 ғғ. Қарлық тайпалары Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап, Сырдың орта ағысына дейінгі көсіліп жатқан территорияны қоныс етеді. Балқаш пен Ыстықкөл арасы, Шу, Іле, Талас өзендері бойында, Отырарға дейін көшіп жүреді. Олардың билеушісі "джабғу", 840 ж. бастап каған атағын алды. Көшпелі тайпалардың билеуші ақсүйек топтарының қолында жайылымдар мен құнарлы жер ғана емес, қала орталықтары да болды. Қарлықтар елінде 25 қала мен қыстақ болған. Олардың ішінде Тараз, Құлан, Мерке, Атлалық, Тұзын, Балық, Барысқан және т.б. Қарлық қалалары Ұлы Жібек жолы бойында орналасты. Қарлық қағанаты ішкі қырқыс, өкіметті алу жолындағы, қоныс-өрісті иемдену жолындағы талас-тартыс мемлекетті ыдыратты. 940 (942) ж. Баласағұнды (қарлық мемлекетінің елордасын) Шығыс Түркістандағы түріктер (Тянь-Шянь жағынан қоныс аударған "чығыл" және "ягма" тайпалары) жаулап алады. Осыдан кейін Жетісуда билік қараханидтерге өтеді. Сонымен, 940 ж. қарлық мемлекеті өмір сүруін тоқтатты thumb Қарахан мемлекеті. Қарахан мемлекеті ең көп дамыған кезіндегі Қарахан Әулетінің мемлекеті (942—1212 жж.) — 10 ғ. құлылған, иелігі батыста Амудария мен Сырдария арасындағы Мәуереннахрдан бастап, шығыста Жетісу мен Қашғарға дейін созылған мемлекет. Мемлекет құрылуы. Қарахан мемлекеті негізін салған Сатұқ Боғра хан (915—955). 940 (942) ж. Сатуқ Баласағұн билеушісін құлатып, өзін жоғарғы қағанмын деп жариялайды. Осы кезден бастап Қарахандар мемлекеті тарихы басталады. Қарахан мемлекетінің құрылуы мен оның ерте тарихында басты рольді Қарлұқ конфедерациясының тайпалары атқарды. Ұсақталғандық. Қарахан мемлекеті шекаралары тұрақты, толып жатқан еншіліктерге бөлінетін. Еншілік иелерінің құқтары зор болатын. Олар өз атымен теңгелер шығаруға дейін, кейде тіпті лауазымдарын өзгерте алатын. 11 ғ. 30 жж. соңында Ибрахим ибн Насырдың тұсында мемлекет екіге бөлінеді: біріншісі, орталығы Бұқарда болған, қарауына Ходжентке дейінгі Мәуереннахрды қосып алған "Батыс хандығы", екіншісі — қарамағына Тараз, Исфиджаб, Шаш, Ферғана, Жетісу мен Қашғар кіретін Шығыс хандығы. Оның астанасы Баласағұн қаласы. Осымен Қарахан мемлекетінің еншіліктерге бөлінуі заңды түрде бекітілді. Арслан хан кезіңде қарахан мемлекеті одан сайін бөлініп кетеді: әрбір еншілік өз тәуелсіздігін құру үшін таласады. 1056 ж. Қадыр ханның ұлы Йинал-тегін өкімет мұралығы жолындағы күресте інісі Сүлейменнің иелігін басып алады. Бірақ ұзамай ол у беріліп өлтіріледі. Тәж-таққа Йинал-тегіннің баласы Ибрахим ие болады, бірақ ол да біраздан кейін Барыс хан әміршісімен болған соғыста қаза табады. Осыдан кейін Шығыс қағанатын 15 жыл бойы (1059—1074) Қадыр ханның балалары Юсуф Тоғрул хан мен Боғра хан Харун басқарады. Олардың тұсында Ферғана Шығыс қағанатқа күшпен қосылады. Екі қағанат арасындағы шекара Сырдарияны бойлай өтеді. thumb Тоғрұл қайтыс болғаннан кейін оның еншілігі Боғра хан Харунның (1075—1102) — Қашғар, Баласағұн мен Хотан қожасының қол астына көшеді. 1089 ж. бастап ол Салжық сұлтаны Мәлікшахтың кіріптар вассалына айналады. 1102 ж. Боғра хан қайтыс болғаннан кейін, көп ұзамай Мәуереннахрға Баласағұн мен Таластың иесі Қадыр хан Жабраил шабуыл жасап, Амударияға дейінгі жердің бәрін басып алады, тіпті Салжықтардан Термезді тартып алмақшы болады, бірақ олардан жеңіліп қалады. Сұлтан Санжардың басқаруы кезінде (1118—1157) салжықтар Мәуереннахрда шексіз билігін жүргізеді, бірақ бұл кезде Қарахан әулетінің саяси құлдырауының белгісі біліне бастады. Бұған бас себебі — Қарақытай мемлекетіінің құрылуы және оның жүргізген сыртқы әскери саясаты болып табылады. Ыдырауы. 12 ғ. екінші жартысында қарақытайлар Батыс қағандығына қауіп төндіре бастайды. 1141 ж. Қарахан — Салжықтың әскерін талқандағаннан кейін Қарахандар мемлекеті екі хандығының билігі де қарақытайлар қолына көшеді. 1210 ж. шығыс Қарахандар әулеті наймандармен соғыста жеңіледі. Ал 1212 ж. Хорезм шах Мұхаммед батыс қағанаттың соңғы қағаны самарқандық Османды өлтіреді, ұзамай Қарахандардың Ферғана тармағы да жоқ болады. Қарахан әулетінің мемлекеті тарихы осылай аяқталды. thumb Шаруашылығы мен мәдениеті. Қарахан әулеті мемлекетінде аса маңызды әлеуметтік-саяси институт әскери-мұралық жүйе болды. Хандар өз туыстарына белгілі бір территорияның, сол уақытқа дейін мемлекет пайдасына деп алынған салықты өздері жинап алу құқын берді. Мұндай салық «икта» деп аталады, ал оны жинаушыны «мукта», немесе «иктадар» деп атаған. Халық көшпелі, жартылай көшпелі болды. Мемлекеттік дін ретінде — Ислам діні болды. Исламның (960 ж. Мұса жариялады) енуіне байланысты, араб әрпіне негізделген жаңа түркі жазуы қалыптасады. Түрік этносының ой-санасы өседі. Жүсіп Баласағұни есімі кең мәлім болды. Қарақытай мемлекеті. Қарақытайлар мемлекеті (1128-1213). Қарақытайлар. Олардың құрылуы Орталық Азияның қидан тайпаларымен тығыз байланысты. Қидандар (цидань, кита, хита) б.з. 4 ғ. жазба деректерде монғол тілді тайпалар ретінде аталады. Олар Қытайдың солтүстік жағында Маньчжурия мен Уссури өлкесінің территориясын мекендеген. 924 ж. Алтайдан бастап, Тынық мұхитқа дейінгі жер Қидан мемлекетінің (Ляо империясы) қоластына өтеді. 1125 ж. Сунь Қытайы мен Чжурцжень мемлекетінің біріккен күші Ляо империясын құлатады. Қидандардың бір бөлегі чжурчжендерге бағынады, ал қалғандары Елюй-Даши басқаруымен батысқа қарай Шығыс Түркістан мен Жетісуға таман - жылжиды. Олар енисей қырғыздарының жерін басып өтіп, Еміл өзенінің бойына жетеді. Сол жерге аттас қала салады. Қидандардың батыс бөлігі Жетісудың бір бөлігіне қарап, жергілікті түркі тілдес халықпен араласып кетуі нәтижесінде, келімсектер қара қытай аталып кетеді. 1128 ж. Қарахандар әулетінен шыққан Баласағұнды иемденуші өздеріне қысым жасаушы қаңлылар мен қарлұқтарға қарсы шығады. Қарақытайлар көсемі Елу Дашы Баласағұнды басып алып, Жетісуда өз мемлекетін орнатады. Жетісу, оңтүстік Қазақстан, Мәуереннахр мен Шығыс Түркістан қарақытай мемлекетінің құрамына кіреді. Қарахандар әулетін қарақытайлар өз вассалына айналдырады. thumb Қарақытай мемлекетінің басшысы Гүрхан деп аталады. Оның ордасы - Шу озенінің алқабында болатын. Баласағұн орталық болып қала берді. Әскерде тәртіп қатал болған. Ел ішінде аула басынан салық жинай жүйесі енгізіледі - әр үйден бір динардан салық алып отырады. Гүрхан жақындарына жер-суды тарту етпейді, олар бәсекеші болып кетеді деп қауіптенді. Қарақытайлар Жетісудың оңтүстік бөлігін, Исфиджабтың солтүстік-шығыс аймағын, Құлжа өлкесін басқарады. Бірінші гүрхан Елюй-Даши 1143 ж. қайтыс болды. 1169 ж. оның баласы - Елюй-Чжилугу - таққа отырады. Өзі христиан болғандықтан, мұсылман дініне қарсы шығады. Оның Жетісудағы мұсылман халқын бағындыру саясаты қарсылыққа толы болды. 1208 ж. бастап Жетісуға қоңыс аударған найман тайпалары да осы ішкі саясатты бұзбайды. Жетісу аймағы өзара қырқыстар, мұсылмандық қозғалыстар орталыпына айналады. Жетісудағы осы жағдай 1218 ж. дейін, яғни Шыңғыс-ханның әскері келгенше созылды. Қимақ қағандығы. Кимақ қағанаты (9-11 ғ.б.) - көне қазақ мемлекеті. Кимақтар 7 ғ. қытай деректерінде айтылады. Синологтар оны "яньмо" тайпасымен бір деп қарайды. 840 ж. Орталық Моңғолиядағы Ұйғыр қағанаты ыдырағаннан кейін оған енген тайпалардың бір бөлігі (еймұр, баяндұр, татар) кимақ бірлестігінің өзегіне келіп қосылады. Сол кездері жеті тайпадан: еймұр, имек, қыпшақ, татар, баяндұр, ланиказ, ажлардан тұратын кимақ федерациясы құрылады. Кимақ патшасының титулы - "байгу" деп аталады. Ал 9 ғ. соңы мен 10 ғ. басында Кимақ қағанаты құрылғаннан бастап, олардың ханы түріктің ең жоғары лауазымы - қаған атын алады. 10 ғ. ортасынан бастап, кимек қағанаты 4 болысқа бөлінетін болады. Кимек тайпаларының одағы қандас-туысқандық байланысқа негізделген құрылым болмаған, ол территориялық-әкімшілік қарым-қатынас принциптеріне сүйенген. Кимектерде жазу-сызу болғанын араб саяхатшысы Әбу Дулафтың (10 ғ.): "оларда қамыс өседі, олар сонымен жазады" - деген сөзі дәлелдейді. Олар тәңірге, ата-баба рухына, сондай-ақ кейбіревлері христиан тектес дін - манихейлікті ұстанған. Кимек қағанының Ертістегі ордасы Қимеқияға (Имекияға) апаратын керуен жолдары болған. 11 ғ. басында Кимақ қағанаты күйреді. Оның құлауның екі себебі бар: өздерін өздері билеуге ұмтылған қыпшақ хандарының орталықтан бөлінуге тырысушылығы, және қағанатта ішкі талас - тартыстың күшеюІ және Орталық Азияның көшпелі тайпаларының қаптап кетуі. Оғыз мемлекеті. Оғыз мемлекеті (9-11 ғғ. басы). 9-10 ғғ. Сырдың орта, төменгі ағысында, сонымен қатар Батыс Қазақстанды да қосып алатын территориясында оғыз тайралардың саяси бірлестігі құрылды. «Оғыз» деген терминнің этимологиясы әлі де анықталмаған. Махмуд Қашғари, Марвази енбектерінде, оғыздарға жататын руларды атап кеткен: қынық, баят, язғыр, имур, қарабулақ, тутырка, т.б. Оғыздар 2 экзогамды фрактриядан құрылған. Бұлар — бузук және үшүк (учук). 8 ғ. ортасында түргештер мұрасы үшін қарлұқтармен болған күресте оғыздардың едәуір бөлігі Жетісуды тастап, Шу алқабына кетеді. Осы жерде олардың «Көне Гузия» деп аталатын ордасы болды. 9 ғ. бас кезінде оғыздардың көсемі қарлұқтармен, қимақтармен одақтасып, қанғар-печенег бірлестігін күйретеді, сөйтіп Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірі мен даласын басып алады. 9 ғ. соңында олар хазарлармен одақ құрып, печенегтерді жеңеді де, Орал мен Еділ арасын қоластына қаратады. Печенегтермен соғыс олардың саяси бірлігін күшейтіп, тайпалардың оғыздық одағын құруға мүмкіндік берді. Оғыздар құрамына Сырдария алқабы мен Арал-Каспий далаларының үнді-европа, финн-угор тектес ежелгі компоненттері және Жетісу мен Сібірдің халаджылар, жағарлар, чаруктер, қарлұқтар, имурлер, байандұрлар тайпалар кірді. Оғыздардың этникалық қауымдастығының құрылуы ұзақ процесс болды. 9 ғ. соңы мен 11 ғ. басында оғыз тайпалары Сырдың төменгі ағысынан Еділдің төменгі бойына дейінгі орасан зор территорияны мекендейді. Оғыздар туралы алғашқы дерек тер 9-10 ғ. б. араб деректерінде мысалы, әл-Якубидің (9 ғ.) еңбегінде айтылады. Орта Азия мен Шығыс Еуропаға және Орталық Азияға баратын керуен жолдарының тоғысқан жерінде жатқан Янгикент қаласы 10 ғ. оғыз мемлекетінің астанасына айналды. Оғыз мемлекетінің халқы — түркі және иран тілінде сөйлеген. «Жабғы» атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің басшысы болған. Оғыз жабғыларының орынбасарларын Күл-еркін деп атаған. Жоғарғы билеушілер өкіметі мұрагерге — «иналамиға» — беріліп отырған. Жабғы мемлекетінде оғыз әскерінің «сюбаши» деп аталатын бас қолбасшысы маңызды роль атқарған. Оғыздар мал шаруашылығымен айналысты. Отырықшылықта қатар дамыды. Жент, Сауран, Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ деген қалалары болды. Құл саудасы дамыды. Оғыздар мәжусилер болып, бақсы-балгерлерге табынды. Біртіндеп ислам діні де ене бастады. Оғыз мемлекеті Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды орны болды. 965 жылы олар Киев Русымен одақтасып хазар қағанатын талқандайды. 985 жылы оғыз жабғысы орыс кінәздарымен бірлесіп Еділ Булғариясын талқандады. Осының бәрі оғыз мемлекетінің саяси күш-қуаты өсуіне әсер етті. 10-11 ғғ. Оғыз мемлекеті елеулі дағдарысқа ұшырайды. Оған алым-салыққа қарсылық білдірген оғыз тайпалары көтерілістері себеп болды. Салжықтармен, қыпшақтармен болған соғыстарға шыдамай, оғыз мемлекеті 11 ғасырдың ортасында біржола құлайды. Жартысы қыпшақтардың қысымынан Шығыс Еуропа мен Кіші Азияға, жартысы Мәуереннахрдағы қарахандарға, хорасан селжұқтарына, қалғаны Дешті-Қыпшақ тайпаларына араласып кетті. Қыпшақ одағы. Қыпшақ хандығы (1030-1219 ж.) - ежелгі қазақ мемлекеті. 400px Қыпшақ атауы. "Қыпшақ" атауы 760 ж. ежелгі түркінің руна ескерткіштерінде аталады. Араб географы Ибн хордадбехтың (9 ғ.) түркі тайпаларының тізімінде көрсетілген. 656 ж. Батыс түркі қағандығы құлағаннан кейін Алтай тауының солтүстік жағы мен Ертіс өңірін жайлаған қыпшақтардың едәуір топтары кимектердің басшылығымен тайпалар одағының өзегін құрайды. Алайда негізгі қыпшақ тайпаларының өзін-өзі билеуге ұмтылған талаптары сәтсіз болып, 9-10 ғғ. Қимақтар тарихымен бірге болды. Қыпшақтар қимақ қағанатына саяси тәуелді болды. 11 ғ. басында қимақ қағанаты тарағаннан кейін, кимак, қыпшақ және куман тайпаларының бұрын жайлаған жерлерінде әскери-саяси жетекшілік қыпшақ хандарының қолына көшеді. Олар Сырдың орта және төменгі бойларынан, Арал мен Каспий өңірі далаларынан оғыз жабғыларын ығыстырады. Енді "Оғыздар даласы" (Мафазат әл-гуз) орнына Дешт Қыпшақ (Қыпшақ даласы) атауы пайда болады. 11 ғ. ортасында қыпшақтар Еділ бойымен, батысқа қарай жылжиды. Ертістен Днестрге дейінгі бүкіл аридтік зонаны алып жатқан Дешті Қыпшақтың тарихи-географиялық облысын шартты түрде Еділ бойы арқылы екі үлкен этникалық -территориялық бірлікке бөлуге болар еді: басында Тоқсоба рулық әулеті тұрған Батыс қыпшақ бірлестігі және Ел-бөрілі руының хан әулеті тұрған Шығыс Қыпшақ қағанаты. Қыпшақтардың үш кезең даму жолы. Оның даму жолы үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең. Бірінші кезең: қимақ тайпалық бірлігі өзегінің құрылуына байланысты, онда 7 ғ. 2 жартысынан бастап, 8 ғ. соңына дейін қыпшақтар елеулі роль атқарады. Осы кезеңде қыпшақтар мен теле тайпалары өзара тығыз этникалық-мәдени байланыста болып, жақындасып кетеді. Екінші кезең. Екінші кезең - 8 ғ. соңынан 11 ғ. басына дейін. Қыпшақтар бұл кезеңде, шығысында Алтай мен Ертістен бастап, батыстағы оңтүстік Орал таулары мен Еділ бойына жетеді. Қыпшақтармен бірге Батыс Қазақстанды, орталыпы Мұғаджар тауларында болған кумандар жайлайды. Негізгі үш этникалық-саяси бірлестік -қимақтар, қыпшақтар мен кумандар өзара бір-біріне ықпал етті. Сондай-ақ теле, угро-финн, сармат-алан сияқты этникалық компоненттерде қыпшақтана бастады. Қыпшақ этносы қандас туыстар байланысы емес, территориялық-шаруашылық қарым-қатынасы принципінде біріккен, көптеген рулар мен тайпалар негізінде құралды. Үшінші кезең. Үшінші кезең: 11 ғ. басынан 13 ғ. басына дейін қыпшақтардың этникалық қауымдастығының қалпытасуы. Көптеген тайпалар мен этникалық топтар өздерінің бір этносқа жататынын мойындап, күшейіп келе жатқан қыпшақтардың атын алады. Алайда қыпшақтардың құрылып, қалыптасып болуының соңын монғол басқыншылығы тоқтатып тастайды. Қоныстануы. 11 ғ. ортасында қыпшақтар Қазақстанның шығысындағы Алтай мен Ертістен бастап, батысындағы Еділ мен Оңтүстік Оралға дейін, оңтүстігіндегі Балқаш көлінен теріскейдегі оңтүстік-батыс Сібірдің орманды дала аймағына дейінгі территорияны мекендеді. 11 ғ. 2 ж. қыпшақтар Маңғыстау мен Үстірт жерлеріне орналасты, олармен бірге оғыздар да көшіп-қонып жүрді. Қыпшақтардың 11 ғ. ортасында батысқа қарай жылжыуының бастапқы кезеңі Махмұд Қашқари картасында бейнеленген, ол картада қыпшақтардың мекені ретінде Еділдің ар жағы мен Каспий теңізінің арғы бетіндегі солтүстік-батыс жерлері көрсетілген. Еділ өзені қыпшақ елінің ішінде қалған. Қыпшақ хандары өз мемлекетінің шекарасын кеңейте отырып, оңтүстікте Тараз қаласының маңына дейін жетеді, сөйтіп Қарахандармен шектесіп жатқан жерден Қанжек бекінісін салады. Қыпшақ билеушілері мен Қарахандар арасындағы табиғи шекара Балқаш көлі мен Алакөл шұңқырының көлдері болады. Олардың шығыс шекарасы Ертістің оң жағалауындағы алқаппен Алтай тауларының жоталарын қамтыған. 12 ғ. Алтай мен Ертістің жоғарғы бойындағы қыпшақ тайпалары наймандармен, қаңлы, керейттермен шектесіп жатады. Хандықтың құрылуы. Қыпшақ хандарының өкімет билігі мұралық жолмен берілді. Хандар шығатын әулеттік ру ел- бөрілі болды. Әскери-әкімшілік жағынан Қыпшақ хандығы көне түркі дәстүрлерін сақтап, екі қанатқа бөлінген. Оң қанат қосынымен Жайық өзені бойында, Сарайшық қаласының орнында, сол қанат қосынымен Сығанақ қаласында тұрған. Оң қанат екіншісінен күштірек болған. Хандықтың орталыпы Торғай даласында болса керек. Билевші ақсүйек топтың (хандар, тархан, басқақ, бек пен байлар) қатал иерархиялық жүйесі айқын көрініп отырған. Рулар мен тайпалардың өзі де әлеуметтік маңызына қарай бөлінген. Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және жіктік жағынан да тең болмады. Малға жеке меншік, сондай-ақ жайылым жерлерде ақсүйектер меншігінде болған. Қоғамның қатардағы ерікті мүшелері малшылар болды. Құлдар соғыс тұтқындарынан құралды. Олардың бірқатары сатылып, жартысы жалшы, малай ретінде пайдаланылған. Қыпшақтардың өзара саяси қарым-қатынасы. 1065 ж. салжықтардың билеушісі Алп Арслан қыпшақтарға қарсы Маңғыстауға жорық жасайды. Нәтижесінде қыпшақтардың бір бөлігі хорасан салжықтарына тәуелді болып қалады. 11 ғ. соңы мен 12 ғ. басында Жент, Янгикент, төменгі Сырдың тағы басқа қалалары да қыпшақ көсемдернің қолына қараған. 1133 ж. Жент қаласынан Дешт қыпшақ даласына тереңдетіп соққы жасаған Атсыз (хорезмшахы) қыпшақтарды талқандайды. Осы 12 ғ. ортасынан бастап қыпшақ хандығының ыдырауы басталады, оған себеп болған басты жайттар: қыпшақ тайпалары ақсүйектерінің арасында хорезмге бейімделушілер қатарының молаюы, қаңлылардың аса ірі бірлестігінің құрылуы, өзара әулеттік қырқыс күшеюінен болды. 12 ғ. 2 жартысынан әсіресе Текеш (1172-1200) билеген дәуірден бастап, хорезм Қыпшақ ақсүйектерімен жақындасуды мақсат етті. Қыпшақ хандары мен хорезмшах әулеті өзара туысқандық неке байланысын орнатуға көшті. Қыпшақ ханы Жанкеші -қызы Теркенхатынды хорезмшах Текешке береді. Қаңлы тайпалар бірлестігі 13 ғ. басында саяси тәуелсіздікке ұмтылып, қыпшақ хандығының саяси бірлігіне нұсқан келтірген. Хорезмшахтардың басты әскери күші қыпшақтар мен қаңлылар болды. 13 ғ. басында хорезмшахтар сарайында қаңлылардың басшысы Әмин Мәлік маңызды роль атқарған. Хорезмшах Аладдин Мұхаммед соның қызына үйленген болатын. Қыпшақ ақсүйектері хорезмшахтар мемлекеттік және әскери қызметпен қамтамасыз еткеннен кейін, олардың мүддесін қорғап отырды. Бұл қыпшақ қоғамында шиеленістерді күшейтті. Бүкіл мұсылман Азиясы ішінде бірінші орын алуға ұмтылған хорезмшах Мұхаммед (1200-1220 жж.) мемлекеті құрамына 13 ғ. басында Сығанақ облысы да кіреді. Сығанақтан айрылып қалса да, қыпшақ хандары хорезмге қарсы күрестерін жалғастыра береді. Жент қаласынан солтүстікке қарай Дешт-қыпшақ еліне Мұхамед хорезм шах көп рет жорық жасайды. 1216 жылы Қадырханға қарсы аттанған әскери жорықтарының бірінде ол Ырғызға дейін жетіп, Торғай даласында қыпшақтар еліне қашып кірген меркіттерді қуып келе жатқан Шыңғысхан қолымен кездесіп қалады. Монғолдар түн жамылып шегініп кетеді. Бұл монғолдардың Қазақстан жерінде алғаш рет болуы еді. Қыпшақтардың хорезмшахтармен бәсеке соғысы тоқтап қалды. Монғол басқыншылығы келіп қалды. Қазақ хандығы. Қазақ хандығы — қазақтардың ұлттық мемлекеті. Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (15-16 ғғ.). Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдевІ 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды. Әсіресе Әбілхайыр(1428-1468) Жошы-Шайбан- Дәулет-Шайх оғланның ұлы хандығы өте нашар еді. Территориясы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірінен, солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі жерді алып жатты.Бір орталықа бағынған мемлекет болмады. Көптеген ұлыстарға бөлінді. Олардың басында Шыңғыс әулетінің әр тармақтағы ұрпақтары, көшпелі тайпалардың билеушілері тұрды. Әбілхайыр билік еткен кезде халық өзара қырқыс пен соғыстан шаршады. 30 жж. ол Тобыл бойында Шайбани ұрпағы Махмұт Қожаханды талқандады. Сыр бойындағы далада Жошы әулетінің Махмұтханы мен Ахметханын(Тоқа Темір тұқымы) жеңді. 1446 жылы Әбілхайыр Темір ұрпақтары мен Ақ Орда хандары ұрпақтарынан Сыр бойы мен Қаратау баурайындағы — Сығанақ, Созақ, Аққорған, Өзгент, Аркүк сияқты қалаларды басып алады. 1457 ж. Үз-Темір тайшы бастапан ойраттардан (жайылым жер іздеген) Түркістан өңірінде жеңіліп қалды. Масқара ауыр шарт жасасып, ойраттар Шу арқылы өз жерлеріне кетті. Ал Әбілхайыр өз ұлысында, қатал тәртіп шараларын орнатуға кіріседі. Бұл халық бұқарасының оған деге өшпенділігін күшейтті. Нәтижесінде халықтың жартысы Шығыс Дешті Қыпшақтан Түркістан алқаптарына және Қаратау бөктерлерінен Жетісудың батыс өңіріне көшіп барулары еді. Оны Жәнібек пен Керей басқарды. Дешті Қыпшақ пен Жетісудағы көшпелі бұқара феодалдық қанаудың күшеюіне, соғыстарға наразылық ретінде, хандар мен феодалдардың қол астынан көшіп кетіп, қоныс аударды. Сөйтіп, 15 ғ. 50-70 жж, яғни 1459ж. Әбілхайыр хандығынан Жетісудың батысына Есенбұға хан иелігіне Шу мен Талас өзендерінің жазықтығына көшіп келді. Олардың қоныс аударуының бір себебі, оларды Шыңғыс әулетінен шыққан Керей хан мен Жәнібек ханның жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ халқының дербес мемлекетін құру, оның тәуелсіз саяси және экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолындағы қадамы мен қызметі өз ықпалын тигізді. Жетісу рулар мен тайпалар мемлекет бірлестігінің орталыпына айналды. Олардың саны 200 мың адамға жетті. Моголстан ханы Есенбұға өзінің солтүстік шекарасын қорғату үшін, сондай-ақ өзінің бауыры Тимурид Абу Саид қолдап отырған Жүністің шабуынан батыс шекарасын қорғату үшін пайдаланғысы келді. Жәнібек қазақ хандығының тұңғыш шаңырағын көтерген Барақ ханның ұлы, ал Керей оның ағасы Болат ханның баласы. Барақтан басталатын қазақтың дербес мемлекеттігі жолындағы күресті оның туған ұлы мен немересінің жалғастыруы табиғи құбылыс. Мырза Мұхамед хайдар Дулати Қазақ хандығының құрылған уақытын хижраның 870 жылына (1465-1466 жж.) жатқызады. Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды (1458-1473 жж.). Одан кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайланды (1473-1480 жж.). Бұлардың тұсында Жетісу халқы, 1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға өлгеннен кейін ондағы тартыстың күшеюіне байланысты, өзара ынтымақтықты нығайтуға үлес қосты. Әбілхайыр хандығынан көшіп келушілер Жәнібек пен Керейдің қазақ хандығын күшейте түсті. Едәуір әскери күш жинапан және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей, Жошы әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл күрес 1468 ж. Әбілхайыр өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Қазақ хандарының басты жаулары Әбілхайырдың мұрагерлері- оның ұлы Шайх -хайдар мен немерелері Мұхамед Шайбани мен Махмұд сұлтан болды. Сыр өңірі мен Қаратау — қазақ хандарының Батыс Жетісудағы иеліктеріне ең жақын болды. Жәнібек пен Керей хандар сауда-экономикалық байланыстардың маңызды орталықтары және күшті бекініс болатын Сыр бойындағы қалаларға өз құқықтарын орнатуға тырысты. Сондай-ақ Сырдың төменгі және орталық сағаларының жерлері қазақтың көшпелі тайпалары үшін қысқы жайылым да еді. 70-жылдары Сауран, Созақ түбінде, үлкен шайқастар болды. Асыны (Түркістанды), Сығанақты біресе қазақ хандары, біресе Мұхамед Шайбани басып алып отырды. Осындай шайқастардың бірінде көрнекті қолбасшы Керейдің ұлы Мұрындық болды. Ол 1480 жылдан бастап хан болды. Соның нәтижесінде 15 ғ. 70-ж-да қазақ хандығының шекарасы кеңейе берді. Оңтүстік қазақстан қалалары үшін Шайбани әулетімен арадағы соғыстар Жәнібек ханнан кейін қазақ хандығын билеген Бұрындық хан (1480-1511 жж.) тұсында да толастамады. Батыс Жетісудағы иеліктеріне оңтүстіктегі өздеріне қараған қалаларға (Созақ, Сығанақ, Сауран) сүйене отырып, алғашқы қазақ хандары Дешті Қыпшақтағы өкімет билігіне талаптанушы барлық хандарды жеңіп, өз иеліктерін ұлғайтты. Дешті Қыпшақта қазақ хандары билігінің орнығуы, Мұхаммед Шайбаниды Дешті Қыпшақтағы тайпалардың кейбір бөлігін соңына ертіп Мәуереннахрға кетуге мәжбүр етті. Мұнда ол Темір әулеті арасындағы өзара тартысты пайдалана отырып, өкімет билігін басып алды. Сонымен қазақ хандығының құрылуына ұйтқы болған себептер — саяси және этникалық процестер болды. Оның басты этапы — Керей мен Жәнібектің қол астындағылармен бірге көшпелі өзбектердің басшысы Әбілхайырдан кетіп, Моғолстанның батысына қоныс аударуы. Мұндағы маңызды оқиға — Керей мен Жәнібекті жақтаушылардың өзбек-қазақтар, кейін тек қазақтар деп аталуы. Әбілхайырдың өлімінен кейін Керей мен Жәнібектің Өзбек ұлысына келіп, үкімет билігін басып алуы. Жаңа мемлекеттік бірлестік Қазақстан атана бастады. Қасым ханның тұсында Қазақ хандығы. 16-17 ғғ. қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз тұсында «жерді біріктіру» процесін жедел жүзеге асырып, көзге түскен хандардың бірі Жәнібектің ұлы Қасым.. Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы нығая түсті. Ол билік құрған жылдары қазақ халқының қазіргі мекен тұрағы қалыптасты.Бірсыпыра қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлауы Ұлытаудан асты. Оңтүстік-шығыста оған Жетісудың көп бөлігі (Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері) қарады. Қасым ханның тұсында Орта Азия, Еділ бойы, Сібірмен сауда және елшілік байланыс жасалды. Орыс мемлекетімен байланыс болды. Ұлы князь 3 Василий (1505-1533) билік құрған кездегі Мәскеу мемлекеті еді. Батыс Еуропа да қазақ хандығын осы кезде танып білді. «Қасым ханның қасқа жолы» деген әдет-ғұрып ережелері негізінде қазақ заңдары жасалынды. Дегенмен Қасым хан тұсында Қазақ хандығы бір орталыққа бағынған мемлекет болмады. Ол Қасым өлгеннен кейін бірден байқалды. Өзара қырқыс, таққа талас басталды. Моғол және өзбек хандарының қазақ билеушілеріне қарсы одағы қалыптасты. Өзара тартыс кезінде Қасым ханның ұлы және мұрагері Мамаш қаза тапты. Қасым ханның немере інісі Таһир (1523-1532) хан болды. Оның айырықша елшілік әне әскери қабілеті болмады. Маңғыт және Монғол хандарымен әскери қақтығыстар басталды. Бұл соғыстар қазақтар үшін сәтті болмады. Қазақ хандығы оңтүстіктегі және солтүстік-батыстағы жерінің бір бөлігінен айрылып, оның ықпалы тек Жетісуда сақталып қалды. ТаҺир ханның інісі Бұйдаштың (1533-1534) тұсында да феодалдық қырқысулар мен соғыстар тоқталған жоқ. Хақназар ханның тұсында Қазақ хандығы. 16 ғ. 2 ж. әлсіреген хандықты біріктіруде Қасым ханның баласы Хақназар (1538-1580 жж.) өз үлесін қосты. Ноғай Ордасындағы алауыздықты сәтті пайдаланған ол, Жайық өзенінің сол жағындағы жерді қосып алды. Оның тұсында Жетісу мен Тянь-Шаньды басып алуды көздеген Моғол ханы Абд- Рашидке қарсы ұтымды күрес жүргізілді. Хақназар өзара тартыста өзбек ханы Абдулланы қолдау арқылы Сыр бойындағы қалаларды (Сауран, Түркістан) өзіне бағындырды. Оның Абдулламен байланысынан қорыққан Ташкенттің ұлыстық әміршісі Баба сұлтан жансыздары арқылы Хақназарды у беріп өлтірді. Тәуекел ханның тұсында Қазақ хандығы. Ақназардың мұрагері Жәдіктің баласы және Жәнібек ханның немересі қартайған Шығай (1580-1582) болды. Ол өзінің баласы Тәуекелмен (1586-1598 хан болған) бірге Баба сұлтанға қарсы күресінде Бұқар ханы Абдоллаға келді. Абдолла Шығайға ходжент қаласын сыйға тартып онымен қосылып Баба сұлтанға қарсы Ұлытау жорығына шығады. Осы жорықта Шығай қайтыс болады. Қазақ хандығының иелігі енді Тәуекелге көшеді. Есім ханның тұсында Қазақ хандығы. Шығайұлы Есім хан (1628-1645) – Қазақ хандығының ханы, Шығай ханның баласы, атақты Тәуекел ханның туған інісі. Есім хан туралы халық жадында сақталған аңыз -әңгімелер, дастан-жырлар көп. Оны халқы «Еңсегей бойлы ер Есім» деп ардақтайды. Есім хан билік басына ағасы Тәуекел өлгеннен кейін келді. Бұл кезде Қазақ хандығының шығысындағы жағдай Тәуекел тұсындағыдан әлдеқайда күрделене түскен еді. Мұнда ойрат тайпаларының бірігіу процесі жүріп жатты. Сондықтан ол көршілерінде болып жатқан жағдайды жіті қадағалап, олардың тайпалары арасындағы алауыздықты өз пайдасына шешуге ұмтылып бақты. Ойраттардың бір жағынан Ембі, Жайық, Еділ бойындағы ноғайлармен шарпысуығ екінші жағынан орыс қамалдарының гарнизондарымен қақтығысуы Есім хан саясатының ықпалды болуына елеулі жағдай жасады. Ақырында үш жақты соғыстың өздеріне қырғын таптыратынын сезген ойрат әміршілері Есім ханның үстемдігін мойындап, тату көршілікте тұру мақсатында ұсыныс жасап, елшілерін жіберуге мәжбүр болады. Хандығының шығысындағы жағдайды осылайша өз пайдасына шешкен Есім хан оңтүстігін де ойдан шығармайды. Хандығының шекарасын кеңейте түсу саясатын мұнда да батыл жүргізіп бағады. Оған жағдай да көмектесе түседі. Себебі, бұл кезде қайтыс болған Бәки Мұхаммед ханның орнына оның інісі Уәли Мұхаммед пен Герат-Хорасанның билеушісі Дінмұхаммед баласы Иманқұлы таласып жатқан еді. Осы қақтығысты өз пайдасына асыруда Есім хан үлкен ептілік танытады. Ол әуелі Уәли Мұхаммедке көмектесемін деп уәде беріп, кейін Иманқұлы жағына аунап түседі. Соның нәтижесінде онымен бірігіп, Уәли Мұхаммедті өлтірісіп, Иманқұлымен одақ жасасады да, сол жылы Иманқұлыға қарсы шығып, Самарқантқа әскер жөнелтеді. Бұл кезде Иманқұлының Есіммен соғысарлық шамасы жоқ еді. Сондықтан онымен шартқа отырып, Ташкент пен оның төңірегінің түгелдей қазақтардың иелігі екенін ресми түрде мойындайды. Бұдан кейін Есім хан Моғолстан ханы Әбдірахымның қызы Падшахқа үйленіп, ағасы Күшік сұлтанның қызын Әбдірахымға беріп, қарсы құда болу арқылы оны өзінің жақтасы етіп, соның көмегімен өзіне опасыздық жасаған Тұрсын ханды талқандап, дара билікке қол жеткізеді. Есім ханның билігі тұсында (1598-1645) халық жадында «Есім салған ескі жол» деген атпен қалған әдет-ғұрып нормаларын қалыптастырған конституциялық құжат болғаны белгілі. Мұны «Есімнің заңы» деп ұққан жөн. Бірақ оның көктен алынбағанын, өз заманының орайы мен талабына қарай Есім хан мен оның кеңесшілері өңдеп, толықтырған баяғы «Қасым салған қасқа жолдың» бір нұсқасы екенін де естен шығармаған абзал. Түтпет келгенде, «Есім салған ескі жол» деген сөздің мәні де Есім ханның тұсында жасалған даналық заңдарға байланысты айтылған. Қоныс-тұраққа, мал-мүлікке, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа қатысты туындайтын дау-шардың шешімдері осы кезде сараланды. Мұның өзі кейін Тәукенің әйгілі «Жеті жарғысына» негіз болып, қазақ халқының мәдени-рухани және салт-дәстүр қалыптарының төлтумалығын шыңдай түсуге ықпал етті. Жалпы көшпелілер мемлекетінің хандары сияқты, Есім хан да тақ үсті мен ат үстінде бірдей танылған біртуар тұлға. Оны халқының «Еңсегей бойлы Ер Есім» атанған атақты ханның қайтыс болған жылы – 1645 жыл деген шындыққа келетін сияқты. Есім хан дүние салған соң қазақ хандығының тағына Жәңгір хан (1645-1652) отырды. Халық оны ел үшін жасаған ерлігіне орай «Салқам Жәңгір» деп атанған. Хан ордасын Түркістан қаласында ұстау Жәңгір хан тұсында басталды. Есім хан қазақ тарихында «Еңсегей бойлы ер Есім» деген атпен әйгілі болды, оған бұл атақ 1598-жылы ағасы Тәуекел ханмен бірге Мауреннахрға жасаған жорықта ерекше көзге түскені үшін берілген екен. Есім хан - Шығай ханның баласы, ол бұрын қазақ хандығының Түркістан қаласындағы хан ордасында тұрған. Хан тағына отырған соң Бұхарамен бітім-шартын жасасып, Орта Азия қалаларымен бейбіт, экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды. Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құруды көздеді. «Есім ханның ескі жолы» деп аталған заңды құрастырды. Есім ханның қазақтарды бір орталыққа бағындыру саясатына қарсы болған сұлтандар қазақ хандығын бөлшектеуге тырысты. Ташкент қаласы қазақ хандығына қараған соң оны Жәнібек ханның немересі, Жалым сұлтанның баласы Тұрсын Мұхаммед сұлтан басқарған еді.Ол көп ұзамай тәуелсіз хан болуға әрекет жасады. Тіпті өз атынан ақша соқтырып, «бажы және хараж» алым-салықтарын жинады. Сонымен, қазақ хандығын екіге бөліп, Түркістан қаласын орталық еткен Есім хан, Ташкент қаласын орталық еткен тұрсын хан билеген еді. Бұлардың арасында соғыс қақтығыстары болды. Бұл екі жақ ұйғыр, қырғыз, қарақалпақ билеушілерінен өздеріне одақтас-жақтастар іздеуге кірісті. Есім хан тобы Яркент хандығына қарсы болып Тұрпанды билеген Әбдірахим ханмен одақтасты. Ал Тұрсын Мұхаммед хан жағы Яркент билеушісі Шажайдің Ахметтің жақтасы болды. Бұлармен одақтасып отырған Әбдірахим мен Ахметтер де бір-бірімен жауласып отырған билеушілер болатын. Есім хан өзіне мықты сүйеніш ету үшін Яркент ханы Әбдірахиммен құдандалық байланыс орнатты. Есім хан шошып оянған Тұрсын ханның басын алады. «Бахыр әл асырардың» авторы Махмұд ибн Уәлидің айтуына қарағанда, Есім хан 1628-жылы қайтыс болған. Ал «Қазақ совет энциклопедиясының» мәліметіне қарағанда 1645-жылы қайтыс болған делінеді. Қазақтардың өзара саяси қарым-қатынасы. 16 ғасырда қазақ хандығы солтүстікте құрылған Сібір хандығымен (орталығы Түмен) шектесті. 1563 жылы Шайбани әулеті мен Тайбұғы руы арасындағы ұзақ жылдар бойы жүргізілген күрестен кейін Сібір хандығы Шайбани әулеті Көшім ханның қолына көшті. Сібір хандығының халқы түркі тілдес қырық рудан құрылған және угар тайпаларының жиынтығынан тұрды. Хандықтың негізгі халқы түркі тілдес «Сібір татарлары» деген атпен белгілі болды. Сібір хандығы Қазақстанмен саяси және сауда байланысын жасап тұрды. 1552 ж. Ресей Қазан қаласын жаулап алғаннан кейін, ол Сібір хандығымен көрші болып шықты. 1581 ж. Ермактың сібірге жорығы басталды. Көшім хан жеңілгенмен, Ермак жеңісті баянды ете алмады, ол 1584 ж. қаза тапты. Бірақ Сібір хандығы да көтерілмеді. Сөйтіп ол 1598 жылы Ресей құрамына енді. 17 ғ. 2 ж. Қазақ хандығының жағдайы нашар болды. Өзара қырқысты пайдаланған жоңғарлар Жетісудың бір бөлігін басып алып осы аймақта көшіп жүрген қазақтар мен қырғыздарды бағындырды. Бұқара әскерлері Ташкентті алып, қазақтарды ығыстыра бастапан кезде, қазақ хандарының бірі Жәңгір Бұқар әміршісін жоңғарларға қарсы күресу үшін әскери одақ жасауға көндірді. Жәңгір жоңғарларға қарсы жорықта 1652 ж. қаза тапты. 17 ғ. 90-ж-да жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылы бәсеңдеді. Бұл кезде қазақ хандығының нығаюы, қырғыздар мен қазақтар арасындағы одақ және оған қарақалпақтардың қосылуы күшті жүрді. Тәуке ханның тұсында Қазақ хандығы. қанға қан алу, яғни біревдің кісісі өлтірілсе, оған ердің құнын төлеу (ер адамға 1000 қой, әйелге 500); ұрлық, қарақшылық, зорлық-зомбылыққа өлім жазасы кесіледі, жазаны ердің құнын төлеу арқылы жеңілдетуге болады; денеге зақым келтірсе, оған сәйкес құн төленеді (бас бармақ 100 қой, шынашақ 20 қой); егер әйел ерін өлтірсе өлім жазасына кесіледі (егер ағайындары кешірім жасаса, құн төлеумен ғана құтылады, мұндай қылмысты екіқабат әйел жасаса жазадан босатылады); төре мен қожаның құны қарашадан 7 есе артық төленеді; егер ері әйелін өлтірсе, әйел құнын төлейді. Қазақ хандығының саяси-әлеуметтік шағы. Феодалдық қанау көптеген салық түрін енгізді. Малшыдан зекет, егіншіден ұшыр жиналды. Ең жоғары басқарушы хандар болды. Олар тек Шыңғыс тұқымынан шықты. Феодалдық шартты жер иеленушілік, жерге меншіктің тұрақты түрлері, әсіресе Қазақстанның оңтүстік аудандарында, Сыр бойындағы қалалар аймағында қалыптасты. Олардың сойырғал, иқта, милк, вакуф сияқты түрлері болды. Ханнан тархандық құқық алып, сыйлық жерді иеленушілер онда тұратын егіншілерден, қолөнершілерден өз пайдасына салық жинады. Қазақ қоғамын әлеуметтік-таптық топтарға бөлу негізіне әл-ауқаттылық жағдайынан гөрі, әлеуметтік шығу тегі негізге алынды. Жоғары аристократтық топ ақсүйектерге Шыңғыс әулеттері хандар, сұлтандар, оғландар төрелер, қожалар жатты. Ал басқа халық әл-ауқатына қарамастан қара сүйеккке жатқызылды. Қазақ хандығының мәдениеті. Қазақ поэзиясының аса ірі тұлғалары Шалкиіз (15 ғ.), Доспамбет (16 ғ.), Жиембет (17 ғ.). Қазақтың батырлар жыры тарихи оқиғаларға құрылған. Мысалы: Қобыланды, Ер Тарғын, Алпамыс, Ер Сайын, Қамбар батыр дастандары. Ислам діні толық тарады. Араб әліпбиі қолданылды. 18 ғасырда қазақтар үз жүзге бөлініп өмір сүріп жатты. Әр жүздің өз ханы болды. Кіші жүзді Әбілхайыр, Орта жүзде Сәмеке (Шахмұхамед), Ұлы Жүзде -Жолбарыс, Түркістан қаласын астана еткен Үлкен Орданың ханы Тәуке еді. Қазақ жерінде орталықтанған мемлекет болмауын көршілері өз пайдасына шешуді ойлады. Оңтүстік-батыстан Жайық казактарының қолдауымен Еділ бойындағы башқұрттар, қалмақтар Кіші жүзге тынымсыз шабуыл жасады. Солтүстіктен Сібір казактары тыным бермеді. Орта Азиядағы Бұқара мен хиуа хандықтары да қазақ жерінен дәмелі болды. Олардың бәрінен асып түскен жоңғарлар еді. Қазақ халқының ойраттарға қарсы күресі. 16 ғасырдың соңында ойраттар(қалмақтар) төрт тайпалық бірлестіктен тұрды. Олар Тарбағатайдан Шығысқа қарайғы өңірді алып жатқан торғауыттар, Ертістің жоғары ағысында қоныстанған дербеттер, қазіргі Дихуа қаласының маңындағы хошауыттар, Іле өзенінің жоғары жағындағы шоростар еді. Қазақтар мен ойраттар арасындағы жайылым жер үшін күрес 15 ғасырда-ақ басталды. 16 ғ. соңында ойраттардың шағын бөлігі қазақ ханы Тәуекелге бағынды. 1635 ж. Хонтайшы Батурдың бастауымен Жоңғар хандығы құрылды. Қазақ-жоңғар қатынастары Батур хонтайшы (1634-1654) билік құрған кезде шиеленісе түсті. Онан кейінгі жоңғар хандары (Сенге, халдан) Оңтүстік қазақстанды, маңызды сауда жолдары өтетін қалаларды өздеріне қаратуға тырысты. Қазақ халқының жоңғарларға қарсы күресі. 1718 жылы Тәуке өліп, орнына Болат хан болды. Оның кезінде қалмақтардың қазақ жеріне жорығы күшейді. Бұл жорықтардың табысты болуына шведтің артиилерия сержанты Иоганн Густав Ренаттың әсері күшті болды. 1709 жылы Полтава түбінде орыстардың қолына түскен Ренат Тобыл қаласына айдалды, осында Ертістің бойында Бухгольцтің экспедициясы құрамында Кереку қаласының маңында 1715 жылы қалмақтарға тұтқынға түседі. 1733 жылға дейін қалмақтардың қолында болды. Ол қалмақтарға зеңбірек құюды, баспахана жасап, әріп құюды үйретеді. Жан-жақты әскери дайындығы бар жоңғарлар 1710-1711 жж. қазақ жеріне басып кіріп соғыс жүргізді. Олар 1717 жылы жазда Аякөз өзені жағасында қазақтардың 30 мың жасағын талқандады. Келесі жылы жоңғарлар қазақтарды Бөген, Шаян, Арыс өзендері бойында тағы да қырады. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама. 1723 жылы ерте көктемде жоңғарлар қазақ жеріне тағы да соғысуға келді. Шуна Дабо деген қалмақ басқарған бұл шайқас екі бағытта жүруі тиіс еді. Бірінші бағыт Қаратауды басып өтіп, Шу мен талас өзендеріне шығу болса, екінші бағыт қазақтарға соққы беріп, Шыршық өзеніне жету болатын. Бұл жоспарды іске асыру үшін әскерлер жеті топқа бөлініп, оның бірі Жетісу Алатауының етегіндегі Балқаш көліне құятын төрт өзеннің бойына топтастырылды. Қалмақтың ірі қолбасшысы Амурсана басқарған 70 мың адамнан тұратын екінші бір тобы Іле өзені бойына, Кеген өзенінің солтүстік жағасына, Нарын өзенінің күншығыс жағынадғы Кетпен тауы баурайына орналасты. Бейғам отырған қазақтар аямай қырылды. Жоңғарлар Жетісуды, Ұлы жүзді қырып-жойып, Ұлы жүз, Кіші жүз жеріне де жетті. Халық басы ауған жаққа шұбырды. Ұлы Жүз бен Орта Жүздің қазақтары Самарқан пен ходжентке қарай шұбырды. Кіші жүз қазағы хиуа мен Бұхараға ағылды. Босқындардың біразы Сырдың сол жағындағы Алакөл маңына топтасты. Халық бұл кезеңді «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп атады. «Елім-ай» деген ән туды. Халық ең соңында бірігудің қажеттігін түсінді. 1728 жылы Әбілхайыр бастапан Кіші жүз жасақтары, Тайлақ батыр, Саурық батыр бастапан әскерлер Ырғыз уезінің оңтүстік шығыс бетіндегі Бұланты өзенінің жағасында «Қара сиыр» деген жерде қалмақтарға қарсы соққы берді. 1730 жылы көктемде Балқаш көлі маңында тағы соғыс басталды. Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай, сияқты батырлар бастапан қазақ жасақтары жоңғарларға аяусыз соққы берді. Бұл жер кейін «Аңырақай» деп аталып кетті. Шуно Дабо бастапан қалмақтар Іле өзені бойымен шығысқа қарай қашуға мәжбүр болды. Қазақ жерін азат ету жолындағы соғысты жеңіспен аяқтау үшін Үш жүздің әскерлері Шымкентке таяу Ордабасы деген жерге жиналды. Қолбасшы болып Әбілхайыр мен Бөгенбай сайланды. Осы тұста Тәуке ханның баласы Үлкен Орда иесі Болат хан қайтыс болды. Таққа талас басталды. Болат ханның інісі, Орта Жүздің ханы Сәмеке (Шахмұхамед) тақтан үміткер болды. Сондай-ақ қалмақты қыруда үлкен ерлік танытқан Кіші жүз ханы Әбілхайырда тақтан дәмеленді. Алайда аға хан болып Болаттың үшінші ұлы Әбілмәмбет сайланды. Әбілхайыр бұған наразы болып, майдан шебінен әскерін алып кетті. Сәмеке де Шу бойымен Бетпақдалаға қарай өз әскерін алып кетті. Жоңғарларға қарсы майдан әлсірей бастады. Ұлы Жүздің ханы Жолбарыс жоңғарлармен мәмлеге баруға мәжбүр болды. Осы тұста әрбір жүздің ішінде феодалдың бытыраңқылық күшейді. Кіші жүз сұлтандары Батыр мен Нұралы (Әбілхайырдың баласы) өз алдына ел биледі. Сол сияқты Орта жүзде Күшік пен барақ сұлтандардың да өз иеліктері болды. Қазақ хандығының Бұхара, хиуамен қатынасы да нашар болды. Еділ өзені бойында қалмақтар мен башқұрттар Кіші Жүздің жеріне шабуыл жасап, үнемі қауіп туғызды. Абылай ханның тұсында Қазақ хандығы. 1742 жылы 20 тамызда Ор қаласында Ресей, жоңғар және қарақалпақ, қазақтардың Кіші, Орта және Ұлы жүздің өкілдері қатысқан келіссөз жүргізілді. Онда Ресей өкілі қазақ пен жоңғар арасындағы қақтығысқа байланысты уәж айтпақшы болды. Бірақ жоңғарлар оны тыңдаған жоқ. Олар орыс қамал-бекіністеріне, қазақ қоныстарына жақын жерде 20 мың әскер ұстап, қазақты мазалауын қоймады. Ендігі жерде қазақтар өз күшіне ғана сенуіне тура келді. Осы идеяны орнықтыруға Абылай хан зор күш жұмсады. 1711 жылы дүниеге келген Абылай Уәлиұлының бастапқы есімі Әбілмансұр болды. Ол жастай жетім қалды. 1731 жылы жоңғарлармен шайқаста көзге түсті. Жоңғарияның ханы Қалдан Серен 1745 жылы өліп, оның мұрагерлері таққа таласты. Осы кезде оған Цинь империясы тиісе бастайды. Абылай осы сәтті пайдаланды. Ол сыр бойындағы қалаларды азат етуге кірісті. Ол бұл жорықта қазақ әскерлерін үш топқа бөлді. Оның бірінші тобын Қанжығалы Бөгенбай мен Үмбетей жырау басқарды. Бөгенбай басқарған 10 мың әскер Түркістанның солтүстік жағына, Созақ бекінісіне барып тиісуге тиіс еді. Екінші қолды Жәнібек батыр басқарды. Оған Тәтіқара жырау қосылды. Олар Сырдың төменгі ағасына қарай кетті. Үшінші негізгі қолды Абылайдың өзі басқарды. Жорыққа қатысушылар Шиелі, Жаңақорған бойымен Түркістанның күнбатыс жағына қарай жылжыды. Бұл топта Қабанбай, Баян, Сырымбет, Малайсары, Жанұзақ болды. Жоңғар әскерін басқарған Қалдан Сереннің ортаншы ұлы Цевен Доржи де өз әскерін үшке бөлді. Ол өзінің басты күшін Абылайға қарай бағыттады. Оның қару-мылтығы, түйе үстіне орнатқан 15 зеңбірегі бар еді. Қазақ жасақтары сойыл, шоқпар, садақпен қаруланды. Цевен Доржи өзінің ауыр қолымен Абылай әскерлерінен бұрын келіп, Жаңақорғанға бекініп алды. Абылай Жаңақорған бекінісін алуды Қабанбайға тапсырды. Сырымбетті оң жақ қанатқа, Баянды әскердің сол жақ қанатына қойды. Олардың сыртынан үш мың қолы бар Малайсары, Оразымбет батырлардың әскерін топтастырды. Бұл соғыс екі айға созылды. Қазақ әскерлері Жаңақорғанды, Шымкентті жаудан тазартты. Түркістанға дейін жетті. Бөгенбай басқарған әскерлер Созақ пен Сайрамды босатты. Батыр Баян Талас өзеніне дейін барды. Жәнібек батырдың әскерлері қарақалпақ жерін босатып, қалмақтарды Сырдың жоғарғы сапасына шегіндірді. Амалы таусылған Цевен Доржи Абылайдан бітім сұрауға мәжбүр болды. Келісім бойынша Созақ, Сайрам, Манкент, Шымкент қалалары Әбілмәмбеттің қарамағына өтті. Түркістан туралы мәселе кейінірек шешілетін болды. Абылой бұл жолғы жеңістерін жоңғар хандығының күйреуінің бастамасы деп есептеді. 1745 жылғы соғыс осымен бітті. Қазақ жерін қалмақтардан толық тазарту мақсатымен Абылай бастапан қазақ жасақтары 1750 жылы жауды жоңғар қақпасы маңында оңдырмай соққы берді. 1755 жылы жоңғарлар бірнеше ұсақ иеліктерге бөлініп кетті. Осыдан кейін 1758 жылы Жоңғар мемлекеті құлады. 1758 ж. Цинь қытайлары Шығыс Түркістандағы қазіргі Синь-Цзянь жерін басып алды. Цинь империясының батыс шекарасы қазақ жерімен шектесті. Қытайлар дүркін-дүркін шабуыл жасап қазақтарға тыным бермеді. Абылай келісімге келу туралы Пекинге адамдар жіберді. Сөйтіп, Қытаймен сауда, экономикалық қатынас орнату жолдарын іздестірді. Ол Ресеймен де қарым-қатынас орнатты. 1771 жылы Әбілмәмбет хан өлгеннен кейін, Түркістанда Абылайды Орта жүздің ханы етіп сайлады. Бір жылдан кейін 1772 жылы вице-канцлер М.Л. Воронцовтың жарлығымен Абылайға арналып Есіл өзеніне таяу жерде Жаңғызтөбеге ағаш үй салынды. Абылай 1780 жылы мамыр айында Ташкентте 69 жасында қайтыс болды. Орнына Уәли сайланды. Сырым Датұлы көтерілісі. Көтеріліс себептері. 18 ғ. 30-ж. Кіші Жүз Ресейге қосылғаннан кейін бекіністер салына бастады. 1744 ж. Орынбор салынды. Ор өзені бойында Орск салынды. Орал қаласынан Өскеменге дейінгі 3,5 мың шақырым қашықтықтағы Жайық, Ертіс өзендері жағалауларында ірі әскери бекіністер салынды. Оларға орыс-казактар қоныстандырылды. Патша үкіметі қазақтарды ішкі жаққа Жайық сыртына өткізбей оған тыйым салды. Кіші жүз ханы Нұралының да қысымы көп болды. Көтеріліс. Көтеріліс басында Кіші жүздің Байбақты руынан шыққан Сырым батыр (1742-1802) тұрды. 1783 ж. көктемінде қазақтардың Орал бекінісіне шабуылы басталды. Ағамандар Тасболат пен Ерболат бастаған қазақ жасақтары Гирьяль бекінісіне шабуыл жасады. Орынбор коменданты Ладыменский далаға орынборлық казактардан құралған жазалау отрядтары мен жүзбасы С.харитонов басқарған башқұрттардың 1500 адамдық отрядын жіберді. Қазақ жасақтары харитонов басқарған башқұрттардың 1500 адамдық отрядын жіберді. Қазақ жасақтары харитоновтың отрядына қарсылық көрсетті, бірақ олар жеңілді. 1784 ж. мамырда Сырым оралдық казактармен ұрыс жүргізді. Қазақ жасақтары Нижневральск желісі ауданында, Орск бекінісі маңында әрекет жасады. Қараша айында Сырым жасағында 1000 адам болды. 1785 ж. көктемде қаза даласына жазалаушылар келе жатқанын естіген Сырым 2700 адам жасақ жинады. Оған 3,5 мың адамы бар Барақ пен Тіленші әскері қосылады. Оларды шекеара бойына қалдырып Сырым бес жүз жігітімен Сахарный бекінісіне шабуыл жасады. Бірақ Сырым бекіністі ала алмады. 1785 ж. жазында тағы да адамдар қосылады. Осы тұста Тама руының старшыны Қадыр, Садыр деген батырлардың бастауымен Нарын құмының жІгіттері Сырымды қолдап, орыс әскерлеріне қарсы күреседі. 1785 жылы Орынбордан патша генералы Смирнов, Орал қаласынан Жайық атамандары Колпаков пен Пономарев бастапан әскер шоғырлары шығып, Сырым жасақтарын құртпақшы, көтерілісті баспақшы болады. Сырым жасағы оларға партизандық соғыс жасайды. Ресейдің саясаты. Ресей үкіметі жағдайды өзінше шешпекші болады. Бұл хандық тәртіпті жою шарасы болды. Сырым мұнымен келіседі. 1786 ж. Хандық жойылып, Нұралы хан Жайық бойындағы орыс бекіністерін паналады. Сырым он екі ата Байұлының аға старшыны болды. Оның билігі халыққа жақсы болды. Ұзақ жылдар бойы сүйеніш болып келген хандық билікті бекер жойғанын үкімет түсінді. Сөйтіп, хандық билікті қалпына келтіруге кірісті. 1790 ж. Нұралы өлгеннен кейін осы оқиғаны желеу етіп, інісі Ералыны хан етті. Ералы халықты ойламады. Жер тарылды. Тағыда халық Сырым төңірегіне топтасты. 1791 жылдың наурызында жазалаушылардан сақтау үшін, табын, кердері руларын шығысқа Мұғалжар тауларына ойысуды ұсынды. Бұл саясат кейін өзін ақтады. 1792 ж. Cырымның қарулы күшінде мыңнан астам жасақ болды. Патша үкіметі Сырым Бұхара, Хиуа хандығымен байланысады деп қауіптенді. Өйткені Сырым олармен келісім жасаған болатын. Патша үкіметі бірқатар жеңілдіктер жасауға мәжбүр болды. Жайық өзенінің оң жағында мал жаюға, Жайық пен Еділ арасындағы Үлкен және Кіші өзендердің (Қара өзен, Сары өзен) бойындағы жайылымдарды пайдалануға рұқсат етті. Одан халық жағдайы жақсармады. 1795-1796 жж. жұт халықты қажытты. 1794 жылы Ералы хан өліп, 1795 ж. Есім хан болды. Ұлт-азаттық көтеріліс қайтадан өршіді. Сырымға енді Ерсалы, Қайсарлы деген батырлар қосылды. 1797 ж. 26-27 наурызда Есім хан өлтірілді. Көтерілісшілерді жазалау үшін 1797 ж. күзінде полковник Скворкин Сырымды қудалауды ұйымдастырды. Алайда Сырым жасақтары Ойыл өзені бойына көшіп кетті. Жазалау сәтсіз аяқталды. Дағдарыс. Есім хан өлгеннен кейін Кіші жүз сұлтандарының бір бөлігі Нұралының ұлдарының бірі - Қаратайды хан етіп сайлауды қалады. Сырым батыр да бұл мәселеден сырт қалмады. Ол халықтың пікірімен санасуды айтты. Хан сайлау төңірегіндегі тартыс Кіші жүз сұлтан, старшындарын екіге бөлді. Орынбор генерал-губернаторы Игельстром хан сайлауын тоқтатуды айтты. Жүзді басқаруды хандық кеңеске беруді ұсынды. Кеңестің төрағасы болып Айшуақ тағайындалды. Кеңес мүшелігіне 4 адам кірді. Оған Сырым да, Нұралы хан туыстары да енгізілмеді. Хан кеңесі жиналған кезде Нұралыға жақын феодалдар оның баласы Қаратайды хан деп жариялады. Бұл Нұралыға қарсы топтың Сырымға жақындасуын күшейтті. Патша үкіметі 1797 ж. күзде хандық билікті қалпына келтіруге тырысты. Осыдан кейін Сырымға қарсы қуғын күшейді. Оған 800 адамммен Қаратай сұлтан қосылды. Сырым Хиуа жеріне өтіп кетті. 1802 ж. Үргеніште Нұралы тұқымдары өлтірді. Исатай-Махамбет көтерілісі. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастапан шаруалар көтерілісі (1836-1838). Еділ өзенінің Каспийге құятын аймағын 1635 жылдан бастап Жоңғар шапқыншылығы кезінде бөлініп қалған қалмақ рулары мекендеді. Оны қазақтар қалмақ қыры депті. 1771 ж. бұл жердегі қалмақтар екіге бөлініп, бір бөлігі қазақ жері арқылы Жоңғарияға кетті. Ал екіншісі батысқа ығысып, Дон даласына көшіп кетті. Осы босаған жерге 1801 жылдан бастап патша рұқсатымен Кіші жүздің Бөкей сұлтан басқарған 5000 қазағы қоныс аударды. Мұның өзі ішкі (Бөкей) орданың құрылуына негіз болды. 30-ж. соңында мұнда 20 мыңдай түтін мен 80 мың адам жайлады. Бірақ жер мен жайылымдар бірдей бөлінбеді. Көбісі орыс помещиктері Юсупов пен Безбородконың меншігіне өтті. Үлкен және Кіші өзен бойындағы Қамыс-Самар көлі төңірегіндегі жер казак-орыстарға кетті. Үкімет ішкі Орда мен Кіші жүзді басқаруды өздеріне бейімдеп жатты. Үкімет дистанциялар (аралық бақылау жүйесі) құрып, оның бастығы қызметін енгізді. Жайық бойындағы жерді Орал казак-орыстары иемденді. Қазақтарға Жайық өзенінен өтуге және казак-орыстардың өзен жағалауындағы белдевлеріне көшіп келуіне тиым салынды. Қазақ шаруалары орыс помещиктері мен қазақ сұлтандарынан жалға алу үшін уақытылы ақша төлеуге тиіс болды. Түрлі айып-пұл, алым-салық көбейді. Батыс қазақстан жерінде Бөкейдің баласы Жәңгір 1824 ж. Хан тағына отырған соң, патша үкіметі қолдауымен ел басқаруды өзгертуге кірісті. Ол отырықшылықты, елді мекендер салуды, қырда пішен шабуды, мектеп, училище ашуды, мешіт ашуды, малды асылдандыруды, сауданы енгізуді бастады. 1827 ж. Жәңгір хан нарын құмындағы Жасқұс мекенінде тұрақты хан ордасын орнатты. Елді орталықтан басқаратын болды. Сол жылы хан кеңесі құрылды. Оған 12 ата байұлы руларынан бір-бірден би кірді. Ханға оның тапсырмаларын орындайтын 12 старшын, сондай-ақ бірнеше сұлтан қызмет етті. Оның татар бөлімі және жалпы бөлімнен тұратын өз кеңсесі болды. Кеңсе жанында арнаулы тергевші штат та тұрды. Жәңгір хан 1845 жылы өлді. Бұған дейін Қаз-ң барлық бөліктерінде хандық билік жойылған еді. Өкіметтік топтар ішкі Ордада хандықты жоюды ұйғарды, хан билігі орыс шеневнігі басқарған Уақытша Кеңестің қолына көшті. Патша үкіметінің жергілікті феодалдарға сүйеніп, халықты қанауы наразылық туғызды. Наразылық жер дауынан басталды. Ішкі Ордада қазақ байлары мен орыс помещиктері ең құнарлы жерді өздеріне алды. Кедейлерге ең құнарсызы тиді. Бір ғана Жәңгір хан 400 мың десятина жерді өз иелігіне қаратты. Жәңгірдің інісі Меңдігерей Бөкейханов, би Балқы Құдайбергенов, ханның қайын атасы Қарауылқожа Бабажанов халықты қанады. 1831 ж. Ресеймен шекаралас жерлерде сұлтандар мен Орынбор Шекара комиссиясына бағынатын әкімшіліктер құрылды. Ондағы әкімдер мен старшындар жергілікті басқаруды өз қолдарына алды. Ал Жайық бойын иемденген Орал казак-орыстары қазақтарға Жайық өзенінен өтуге, оның жағасына көшіп-қонуға тиым салды. Жәңгірге наразы болған бір топ сұлтандар шаруаларды Жайықтың арғы жағына қайтадан өтуге шақырды. 1827 жылдың қысы жұт болды. Аман қалған аз малды сақтау үшін қазақтар Саратов губерниясына, ондағы Юсупов пен Безбородконың жер иеліктеріне көшпекші болды. Көктем шығысымен Байбақты руы бірінші болып Жайыққа бет алды. Оны Жантөре Қарабатыров, Нұршабай Байтурин, Өтен және Әбен Көтібаровтар, Нәдір Қашқынов, Ырсалы Көсепулин басқарды. Ресми өкімет орындары бұл көшуге қарсы болды. Мұның өзі Кіші жүз қазақтарының үкіметке наразылығын күшейтті. Көтеріліс басталды. Оны беріш руынан шыққан Исатай мен Махамбет басқарды. 1812 жылы Бөкей хан Исатайды Жайық бойындағы руларға старшын етіп тағайындады. 1814 ж. соңында оны Орынбор Шекара комиссиясы бекітіп, уақытша жарлықпен оған мөр тапсырды. 1836 ж. ақпанда халықтың Жәңгір ханға қарсы күресі басталды. Бұған Исатайдың хан ордасына шақыртылуы себеп болды. Ол одан бас тартты. 1836 ж. 4 сәуірде Манаш қыстауына ханның Қарауылқожа бастапан жасағы келді. Көтерілісшілер қосынына Исатай бастапан 200-ге жуық жІгіттер келді. Нәтижесі екі жақтың тарап кетуімен аяқталды. Исатайдың даңқы арта түсті. Оған шаруалар қаптап келе бастады. Исатай, Махамбеттер 1937 жылы қыркүйек, қазан айларында Қарауылқожаның, Балқы бидің, Шоқы сұлтанның ауылдарын шабады. Сол жылдың қараша айының соңында Исатайлар хан ордасын шабуға аттанады. Бұл тұста хан ордасында 41 үй бар еді. Ханға Орынбордан подполковник Гекке бастаған әскер күші көмекке келді. 700 казак-орыс, екі зеңбірек, ханның 400 сарбазы Исатайдың 2000-нан астам сарбазына қатты қарсылық көрсетті. 1837 ж. 15 қарашада Тастөбе деген жерде шайқас болды. Күші басым жазалаушылар екпініне шыдай алмаған көтерілісшілер топ-топқа бөлініп кетті. Исатай да шегінді. Жәңгір Исатайдың басына 500 күміс ақша тікті. Исатайдың тобы қуғыннан қашып, Жайықтан өтті. Сағызға қарай кетті. 1838 ж. қаңтарында Исатай жасағымен Үлкен Борсық құмындағы Шекті руының қонысына келді. Көктемде халық қозғалысы қайта күшейді. Кенесары, хиуа жерінен шыққан Қайыпғали Есімов бастаған жасақтар пайда болды. Бұл кезде Сібір өңірінен шегінген Кенесары әскерінің бір бөлігі Орынбор өлкесіне ауысты. Олардың Исатай тобына қосылуынан қорыққан Орынбор ген-губернаторы Перовский көтерілісшілерді талқандауға кірісті. Орск бекінісі жағынан құрамында Орал полкі казактары бар Айшуақ Сұлтанұлының жасағы шықты. Орынбордан Гекке әскері шықты. Осы кезде Исатай 500 сарбазымен сұлтан Баймағанбетке соққы беру үшін Қайыпқали Есімұлынан бөлінді. Бұл кезде Айшуақұлы әскері полковник Гекке әскерімен біріккен болатын Оны Исатай тобы білмеді. 1838 ж. шілде айының 12-нде Исатайдың жасағы мен полковник Геке бастаған әскерлер Ақбұлақ деген жерде кездесті. Зеңбірек оғынан шегінген көтерілісшілерге Айшуақовтың әскерлері тап берді. Тыл жақтан казак-орыс жүздіктері қоршауға алды. Исатай қаза болды. Ол өлгеннен кейін көтеріліс әлсіреді. Бытыраңқы жасақтар Ойыл бойындағы Нижневральск желісі маңында қимыл жасап жүрді. 1846 ж. Махамбетті немере інісі Ықылас өлтірді. 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс. 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс — 1916 ж. шілде айының бас кезінде пайда болды. Көтерілістің шығу себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты және т.б. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. маусымдың 25 армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды. Шілденің басында қазақ даласында көп кешікпей қарулы көтеріліске айналған стихиялық бас көтерулер басталды. Ол біртіндеп ұйымдасқан сипат алды: Торғай мен Жетісуда оның танылған жетекшілері А. Иманов, Ә. Жанкелдин, Т. Бокин, Б. Әшекеев, Ө. Саурықов басшылық еткен ірі ошақтары пайда болды. Қазақ қоғамында патша жарлығы мен көтеріліске деген көзқарас бір мәнді болған жоқ: бай-феодалдардың бір бөлігі, жергілікті әкімшіліктің кейбір шенеуніктері патша жарлығын қолдап, оны орындауға шақырды. Қазақ интеллигенциясының кейбірі (Боқин, Ниязбеков, Жүнісов) жарлыққа қарсы шығып, оны орындауға қарсыластық көрсетуге шақырса, «Қазақ» гәзеті төңірегіндегі зиялылар (Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов және т.б.) күші басым үкіметке қарсы шығудың халықты қырғынға ұшыратарын ескертіп, сабыр сақтауға шақырды. Көтерілістің аса ірі ошақтары Жетісу, Торғай болды. Жетісу облысында қарулы қарсыластық шілде-тамыз айларында жаппай қарқын алды. Шілденің 17 Жетісу мен Түркістан өлкесінде әскери жағдай жарияланды. Патша үкіметі мұнда ірі әскери күштерді жібере бастады. Қыркүйек, қазан айының басында жетісулық көтерілісшілер шегініп, Шығыс Түркістанға өтіп кетуге мәжбүр болды. Торғай көтерілісі (басшылары А. Иманов, Ә. Жанкелдин) 50 мыңдай адам қамтыған ірі қозғалыс болды. А. Иманов көтерілісшілерді ондыққа, елулікке, жүздікке, мыңдыққа бөлді. Арнайы мергендер бөлімшесі құрылды. А. Иманов бас сардар болды. Оның жанында әскери кеңес жұмыс істеді. Торғай облысындағы көтеріліс патша үкіметі құлатылғаннан кейін ғана тоқтады. 1916 ж. көтеріліс қазақ халқының көп ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында маңызды орын алды. Ол отарлауға және империалистік саясатқа қарсы өрбіді. Есік Алтын адамы. Есік «Алтын адамы» — 1970 ж. басында Есік қорғанында — сақтар тайпасының жас көсемінің зираты табылды. Қорған қазбалары Қазақстанды 5 ғ. ЗБ мекен еткен ежелгі тайпалардың мәдениеті, өнері, діні жайлы құнды деректер берді. Алтын адам — Алматы облысындағы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі (5 ғасыр). 1969 – 70 ж. археолог Кемел Ақышев тапқан. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін «хайуанат нақышында» жасалған. Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар – ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген. Есік обасынан алынған археологиялық мәліметтерге қарап, бұл адамның біздің заманымыздан бұрынғы 5 – 4 ғасырларда өмір сүргені анықталды. Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, Алтын адамның Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті елбасының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді. Көне дәуірдегі материалдық мәдениет, өнер, мифология, т.б. салалардан мол дерек беретін Алтын адам сол кездегі сақтарда мемлекеттік өркениет ертеден қалыптасқанын дәлелдейді. Алтын адам – Қазақстанның азаттық символына айналды. Оның тұлғасы Алматының бас алаңына орнатылды, төбе бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі елтаңбамызға енді. Қазақстан халқы ассамблеясы. Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) — Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы кеңесші орган. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру туралы» Жарлығымен елдегі қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында 1995 ж. наурыздың 1 құрылған. ҚХА-ның мақсаты — республикадағы оқиғаларға баға беру және саяси жағдайларға болжам жасау негізінде қоғамдағы ынтымақты қамтамасыз ететін іс-тәжірибелік ұсыныстарды ойластыру, ҚР Президентінің республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілі ретіндегі қызметіне атсалысу. Ассамблеяның 350-ге жуық мүшесі бар. ҚХА-на мүшелікке кандидаттарды тең арақатынас қағидасы бойынша жергілікті жерлердегі Қазақстан халықының кіші Ассамблеясы, республикалық және аймақтық ұлттық-мәдени бірлестіктер, Ассамблея Кеңесінің мүшелері ұсынады. ҚХА-ның төрағасы — ҚР Президенті. Ол Ассамблея мүшелерінің ұсынысы бойынша төрағаның екі орынбасарын тағайындайды. Ассамблея мәжілістері арасындағы жұмысты ҚР Президентінің шешімімен Ассамблея кеңесі жүргізеді. ҚХА кеңесі ұлттық-мәдени орталықтар, ардагерлер кеңесі өкілдерінен, кіші Ассамблея жетекшілерінен, сондай-ақ, Ассамблеяға мүше басқа тұлғалардан құралады. ҚХА-н құру идеясын алғаш рет ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев 1992 ж. тәуелсіздіктің бір жылдығына арналған Қазақстан халықтарының 1-форумында ұсынды. ҚХА 2003 ж. дейін қызметі барысында 9 сессия өткізілді. ҚХА Қазақстанда өмір сүріп жатқан барлық халықтардың мәдениетін, тілін дамытуға қолайлы жағдай жасау бағытында Қазақстан халықтарының фестивальдерін, тілдер фестивальдерін, жексенбілік мектеп окушыларының мемлекеттік тіл мен ана тілін білу дәрежесін анықтайтын байқауларын, тіл саясаты мәселелері бойынша халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар, т.б. өткізеді. Ассамблея Кеңесінің мүшелері жетекшілік ететін республикалық, аймақтық және қалалық Ұлттық мәдени орталықтар жұмыс істейді. Әзірбайжан, айсор, юнан, ингуш, неміс, шешен, поляк, т.б. халықтардың ұлттық мәдени орталықтарының жексенбілік мектептері бар. ҚХА Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының құрылымдарымен тығыз іскерлік байланыстар орнатқан. Осы ұйымның қолдауымен Ассамблея үлтаралық қатынастар мәселелерін зерттейтін талдау орталығын құрды. 2007 ж. Конституцияға еңгізілген түзетулер бойынша ҚР Парламент Мәжілісіне ҚХА 9 депутат сайлайды. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі. Әлемдік және Дәстүрлі Діндер Лидерлерінің Съезі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев мемлекет басшысы және қоғамда діннің өсіп отырған рөлін толық шамада сезінетін саясаткер ретінде әлемдік және дәстүрлі діндер форумын Қазақстан Республикасының бас қаласы - Астана қаласында өткізуді ұсынды. Осындай іс-шаралардың ұйымдастырушы ретінде жетекші діндер мен конфессия өкілдері тарапынан ғана бұндай ұсыныс түсетін еді. Конфессияаралық келіссөздерді орнатуға бағытталған осындай іс-шаралардың бірі Италияның Ассизи қаласында 1986 жылдың қазан айында және 2002 жылғы қаңтарда әлем діндері мен конфессиялары өкілдерінің кездесуі ғана болатын. Қазақстан Президентінің ойы бойынша бір бірі туралы жалпы аспектілер мен дәл мәліметтер негізінде құрылған әлем және дәстүрлі дін лидерлері арасындағы келіссөз өзара ынтымақтастық үшін кең болашаққа жол ашып біздің заманымыздың зомбылық, фанатизм, экстремизм және терроризм сияқты теріс көріністерді болдырмауға септігін тигізеді. I-ші Съез. І Съездің тұжырымдық ойы және дауларды шешу құралы ретіндегі діндер келіссөзі конфессияаралық және ұлтаралық қатынастардағы зорлық пен терроризм әдістеріне қарсы қойылды. І Съездің мақсаты әлемдік және дәстүрлі дін нысандарында жалпы адами бейіндерді іздестіруге, дін келіссөзін жүзеге асыру және келісілген шешімдер қабылдау үшін үнемі әрекет ететін халықаралық конфессияаралық институт құруға негізделді. Форумға қатысушылар арасында қазіргі әлемдегі дін рөлі және кез келген діннің негізгі адамгершілік құндылықтарының жалпы адамзаттық сипаты туралы ашық пікір алысуға қол жеткізілді. Діни негізде даулар себептерін анықтаумен, дінаралық үйлесімді жетілдіру қажеттігімен, бір бірімізге деген өзара құрметпен, өзге халықтар дәстүрі негізінде үйренумен байланысты проблемалар көтерілді. І Съезде өркениеттер, конфессиялар, елдер мен халықтар арасында құрылымдық келісімді нығайту мен келіссөз орнату жолында батыл адым жасалды. Дінаралық келіссөз қоғамдық даму мен барлық халықтың әл-әуқатын жақсартудың негізгі кілттерінің бірі болып табылатындығы баса айтылды. Съезд қорытындысы бойынша делегаттар діндер келіссөзі тереңдеуі және пікірталастар жүргізуге білуге құрылуы керек деген пікірге келді. Діни негізде даулар себептерін анықтаумен, дінаралық үйлесімді жетілдіру қажеттігімен, бір бірімізге деген өзара құрметпен, өзге халықтар дәстүрі негізінде үйренумен байланысты проблемалар көтерілді. Ерекше және есте қаларлық оқиға ретінде форум бүкіл әлем адамдарының бейбіт және тиісті өмір сүруы алдында түрлі дін өкілдерінің ынтымақтасуы мен бірігу идеясының өзектілігін және оны іске асыру қажеттігін тағы бір көрсетті. Съезд идеясын әлемнің К.Аннан, Дж.Буш, М.Тэтчер, Цзянь Цземинь, Н.Манделла, Ж.д'Эстен, М.Горбачев және тағы басқа беделді саясаткерлері қолдады. Форум қорытындысы бойынша Декларация қабылданды, онда рухани лидерлер адамзат үшін бейбітшілік пен алға жылжуды қамтамасыз ету және келешекте бейбітшілік негізі ретінде қоғамда тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша бірлесе атқаратын іс-әрекеттер туралы айтты. Өткен іс-шараның жеңісі І Съездің 3 жылда 1 рет жиі негізде дінаралық форум өткізу туралы Шешімінде бекітілді. Осы шешімде Қазақстанға әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің ІІ Съезін Қазақстан Республикасының бас қаласы - Астана қаласында ұйымдастыру мәртебесі беріліп, сондай-ақ Съезд Хатшылығын құрумен байланысты барлық аспектілерді әзірлеу тапсырылды. II-ші Съез. 2006 жылғы 12-13 қыркүйекте Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың төрағалық етуімен әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің ІІ Съезі өтті. Съезд жаңа, арнайы форум өткізу үшін салынған «Бейбітшілік және келісім сарайында» өтті. Съезд «Дін, қоғам және халықаралық қауіпсіздік» жалпы тақырыбымен, «Діни сенім еркіндігі және өзге дін өкілдеріне құрмет» және «Дін лидерлерінің халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ролі» деген екі бағытта өтті. Форумның бірінші күні «Дінаралық келіссөз қағидаттары» қабылданды, онда Съезд жұмысының барысында Форумға қатысушылар басшылыққа алатын негізгі құраушылар көрініс тапты. Съезде сөз сөйлемшілер баяндамаларында Қазақстан Республикасының атына, оның Президентіне діндер келіссөзі дауларды шешу құралы ретінде конфессияаралық және ұлтаралық қатынастарда зорлық пен террор әдістеріне қарсы қойылған Дін форумын ұйымдастырғаны үшін алғыстар айтылып жатты. Съезд қорытындысы бойынша оған қатысушылар барлық дін және этникалық топтар өкілдерін мәдени және діни айырмашылықтар негізінде қақтығыстар тудырмауға шақыратын бірлескен Декларацияны қабылдады. Бұл құжатта «қақтығыстар идеологиясына» «әлем мәдениетіне» алмастырудың жаһандық қажеттігі көрініс тапты. Форумға қатысушылардың бір ауыздан келісімі бойынша келесі әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің ІІІ Съезі 2009 жылы Астана қаласында өту шешімі қабылданды. Форум аяқталғаннан кейін барлық дін лидерлері мен құрметті қонақтар Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастауымен Бейбітшілік және келісім сарайының жоғарғы қабатында залға көтеріліп өз портреттері астына естелік жазу қалдырды. Келешекте бұл жазбалар ІІ Съезд делегаттарының портреттерімен және олардың баяндамаларының дәйексөздерімен жеке кітап болып жарияланды. Форум жұмысына 20-дан астам елден келген барлық әлемдік дәстүрлі діндер мен конфессиялар: ислам, христиандық, иудаизм, буддизм, даосизм, синтоизм және басқа да өкілдерінен тұратын 43 делегация қатысты. Құрметті меймандар ретінде олардың арасында ЮНЕСКО-ның бас директоры Коичиро Мацуура, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Сергей Орджоникидзе, Малайзияның бұрынғы премьер-министрі Мохаммад Махатхир бар белгілі саяси және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ түрлі елдердің заң шығарушы органдарының, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері шақырылған. III-ші Съез. Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің ІІІ Съезі 2009 жылғы 1-2 шілдеде Астана қаласында (Қазақстан) өтті. Оған әлемдік діни конфессиялардың 60-тан астам делегациялары қатысты. Съезге қатысқан делегациялардың құрамында БҰҰ, ЕҚЫҰ, ЮНЕСКО және басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдері болған. Съезд барысында Ислам діні тарапынан Египет, Үндістан, Индонезия, Иран, Түркия, Ливия, БАӘ, Кувейт, Қытай, Ресей, Қырғызстан, АҚШ, Сауд Арабиясы және Пәкістан елдерінен Әл-Азхар университетінің Жоғарғы имамы Шейх Мұхаммед Саид Тантауи, Бүкіләлемдік Ислам Лигасының Бас хатшысы Шейх Абдалла Бен Абдель Мухсин Ат-Турки және Бүкіләлемдік Исламды уағыздау қауымдастығының Бас хатшысы Мұхаммед Ахмад аш-Шариф сынды белгілі дін тұлғалары қатысты. Христиан конфессиясынан рим - католик, орыс православиелік, англикандық, константинопольдегі православиелік, румындық православие және армян апостолдық шіркеу, Бүкіләлемдік лютерандық федерация өкілдері қатысуға ниетті екендіктерін білдірді. Ватиканнан дінаралық сұхбат жөніндегі Папа кеңесінің президенті, кардинал Жан Луи Торан, ағылшын шіркеуінен епископ Николас Бэйнс, Константинополь шіркеуінен Франция митрополиті Эммануель, лютерандық федерациядан Бүкіләлемдік лютерандық одақтың Бас хатшысы доктор Ишмаел Ноко бастаған делегациялар қатысады. Иудаизм делегацияларын Израильдің Бас раввині Иона Мецгер және Израильдің Бас сефард раввині Шломо Амар бастап келді. Сонымен қатар Съезд жұмысына Қытай Халық Республикасы, Моңғолия, Жапония, Таиланд және Оңтүстік Корея елдерінен будда дінінің өкілдері қатысты. Делегацияларды дәстүрлі діндердегі синтоизм атынан жапондық Синтоистік шіркеу қауымдастығының вице-президенті Цунекие Танака, индуизмді - Индология және дінаралық сұхбатты зерттеу институтының төрағасы Шантилал Сомайя, даосизмді - қытайлық Даосизм қауымдастығының төрағасы Жэнь Фажун, ал зороастризмді Бүкіләлемдік заратуштра мәдени мұрасы кеңесінің президенті Хоми Буржор Дхалла бастап келді.Съезге құрметті қонақ ретінде белгілі саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері шақырылды. Олардың ішінде Израиль президенті Шимон Перес, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Еуропа бөлімінің бас директоры Сергей Орджоникидзе, ЕҚЫҰ бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбо, Испания сыртқы істер министрі Мигель Анхель Моратинос, Норвегияның бұрынғы премьер-министрі Кьелль Бондевик, БҰҰ Өркениеттер алянсы хатшылығының директоры Марк Шойер және тағы басқа лауазымды тұлғалар болды. Съездің бірінші күні "Өзара құрмет пен ынтымақтастық және толеранттылық негізіндегі әлемді құрудағы діни көшбасшылардың ролі" атты жалпы отырыс өтті. Ал келесі күні іс-шара "Моральдық және діни құндылықтар", "Сұхбат және ынтымақтастық", "Пікірлестік әсіресе, дағдарыс кезіндегі пікірлестік" атты үш бөлім бойынша жалғасты. Форум қорытындысы бойынша III съезд қатысушыларының үндеуі қабылданды. Қазақстанның Қарулы күштері. Қазақстанның Қарулы Күштері — Қазақстан Республикасының әскери құрылымы әскери басқару органдарын, Қарулы Күштердiң түрлерiн, арнайы әскерлердi, тыл, әскери оқу орындары мен ғылыми мекемелердi қамтиды. Соғыс уақытында құрамына қорғаныс министрлігіне қарайтын әскер түрлерiнен басқа Iшкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шекара қызметi және басқа да әскерлерi, республикалық «Ұлан», азаматтық және аумақтық қорғанысты басқару мен құру органдары кiредi. Міндеттері. Қарулы Күштер агрессияға тойтарыс беруге, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендігін қару-жарақпен қорғауға, мемлекеттік және әскери объектілерді күзетуге және қорғауға, әуе кеңістігін күзетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес міндеттерді орындауға арналады. Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар Әскери доктринаға және Қарулы Күштерді қолдану жоспарына сәйкес қорғаныс саласындағы міндеттерді орындайды. Бейбiт кезеңде. Бұл мiндеттердi орындауды Қарулы Күштер ҚР-ның басқа да әскерлерi мен әскери құрылымдарымен өзара тығыз iс-қимылда жүзеге асырады. Бұл ретте ҚР Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шекара қызметiне құрлықта, теңiзде, көлдерде және өзге де су айдындарында мемлекет шекараны күзету мен қорғау, сондай-ақ, лаңкестiкке (террорға), қару мен есiрткi саудасына қарсы күреске қатысу жүктеледi. Әскери доктринасы. Қазақстанның геосаяси жағдайы үлкен өзгерiстерге (экстремизм, шекараға таяу жерлерде әскери қақтығыстардың өршуi, жаңадан ядр. мемлекеттер пайда болуы, т.б.) ұшырауда. Әскери доктрина Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелерін, Мемлекет басшысы жарлықтарының талаптарын, Қазақстан­ның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын, Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын, Қазақстан Республика­сы­ның заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Қазақстан қатысу­шысы болып табылатын халықаралық шарттарды нақтылайды. Әскери доктрина қорғаныстық сипатта, ол ұлттық мүдделерді қорғауды, елдің әскери қауіп­сіздігіне кепілдік беруді батыл шеше отырып, Қа­зақстан Республикасының бейбітшілікке бейілді­лігін айқындайды, асимметриялық қатерлер­ге: терроризмге, экстремизмге, есірткі тасымалына, қаруды заңсыз таратуға, заңсыз көші-қонға қарсы күресті ескере отырып, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды дамыту шарттары мен жаңа бағыттарын нақтылайды. Өңірлік қолбасшылықтар. Құрлық күштерінің өңірлік қолбасшылықтары 2003 жылы құрылған. «Астана» өңірлік қолбасшылығы. «Астана» өңірлік қолбасшылығы Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімшілік шекарасында орналасады. Қолбасшылық штабы Қарағанды қаласында орналасқан. Өңірлік қолбасшылық құрамына орталық бағынысты бөлімдер мен Әуе қорғанысы күштері әскерлерінен басқа аумақтық бөлініс шегінде орналасқан әскери бөлімдер кіреді. «Астана» өңірлік қолбасшылығы — Қарулы Күштер Жоғарғы Бас қолбасшысы Ставкасының резерві. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының әкімшілік шекараларында орналасқан. Қолбасшылық штабы Семей қаласында орналасқан. Өңірлік қолбасшылықтың құрамына Әуе қорғанысы күштерінің орталық бағыныстағы бөлімдері мен әскерлерін қоспағанда, аумақтық бөлініс шегінде орналасқан әскери бөлімдер кіреді. «Батыс» өңірлік қолбасшылығы. «Батыс» өңірлік қолбасшылығы Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарының әкімшілік шекараларында орналасқан. Қолбасшылық штабы Атырау қаласында орналасқан. Өңірлік қолбасшылықтың құрамына Әуе қорғанысы күштерінің орталық бағыныстағы бөлімдері мен әскерлерін қоспағанда, аумақтық бөлініс шегінде орналасқан әскери бөлімдер кіреді. Өңірлік қолбасшылықтың негізгі міндеті — Каспий теңізінің қазақстандық секторында Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасына, аумақтық тұтастығына, егемендігі мен экономикалық мүдделеріне қол сұғылмауын қамтамасыз ету. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының әкімшілік шекараларында орналасқан. Қолбасшылық штабы Тараз қаласында орналасқан. Өңірлік қолбасшылықтың құрамына Әуе қорғанысы күштерінің орталық бағыныстағы бөлімдері мен әскерлерін қоспағанда, аумақтық бөлініс шегінде орналасқан әскери бөлімдер кіреді. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының негізгі міндеті — елдің оңтүстік-шығыс шептерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Қазақстан президенті. Қазақстан Республикасының Президенті — мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымды тұлға. Республика Президентіне халык пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының адам және азамат құқықтары мен бостандыктарының нышаны әрі кепілі ретінде әрекет ету өкілеттігі берілген. Бұл өкілеттікті президент Парламентте бекітілетін заңдарды қарау, басқа мемлекеттік органдармен өзара байланыс жасау процесінде пайдаланады. Қазақстан Республикасы Конституциясында белгіленген тәртіппен президент Қазақстан Республикасының егемендігін, оның тәуелсіздігін, мемлекеттің тұтастығын қорғау шараларын колданады, мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісімді жұмыс істеуін және билік органдарының халық алдындагы жауапкершілігін камтамасыз етеді. Ол конституцияға және заңдарға сәйкес мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік етеді. Қазақстан Парламенті. Қазақстан Республикасының Парламенті - елдің заң шығару қызметiн жүзеге асыратын ең жоғарғы өкiлдiктi орган. 1995 ж. 30 тамызда бүкiлхалықтық референдуммен қабылданған ҚР Конституциясына сәйкес Парламент екi рет (1995 ж. және 1999 ж.) сайланды. Парламенттiң өкiлеттiгi оның бiрiншi сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған Парламенттiң бiрiншi сессиясы жұмысқа кiрiскен кезден аяқталады. Өкiлеттiк Конституцияда көзделген жағдайлар мен реттерде мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн. Парламенттiң ұйымдастырылуы мен қызметi, оның депутаттарының құқықтық жағдайы конституц. заңмен белгiленедi. ҚРП құрылымы тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi палатадан: жоғ. палата — Сенат және төменгі палата — Мәжiлiстен тұрады. Парламент өз Палаталарының бөлек отырысында мәселелердi әуелi Мәжiлiсте, содан соң Сенатта қарау арқылы заңдар қабылдайды; респ. бюджеттi және оның атқарылуы туралы есептердi, бюджетке енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларды талқылайды, мемл. салықтар мен алымдарды белгiлейдi және оларды алып тастайды; ҚР-ның әкiмш.-аумақтық құрылымына қатысты мәселелердi шешу тәртiбiн белгiлейдi; азаматтарға рақымшылық жасау туралы актiлер шығарады; палаталардың бiрлескен комиссиялары мүшелерiнiң жартысын сайлайды; Конституцияға сәйкес Палаталар депутаттарының өкiлеттiгiн тоқтатады, оларды қол сұғылмаушылық құқығынан айырады; Үкiмет мүшелерiнiң есептерiн тыңдайды; палаталардың үйлестiрушi және жұмысшы органдарын жасақтайды, регламент қабылдайды, ҚР Конституциясында (54-бап) көзделген басқа да өзгерiстердi жүзеге асырады. Парламент Палаталардың бiрлескен отырыстарында: Президенттiң ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi; Конституц. заңдар қабылдайды, оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi; респ. бюджеттi және Үкiмет пен Респ. бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi Есеп к-тiнiң бюджеттiң атқарылуы туралы есептерiн бекiтедi, бюджетке өзгертулер мен толықтырулар енгiзедi; Президенттiң қарсылығын туғызған заңдар немесе заңның баптары бойынша Президент қарсылық бiлдiрген күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткiзедi (бұл мерзiмнiң сақталмауы Президент қарсылығының қабылданғанын бiлдiредi); Президенттiң бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауыс беруiмен Президентке бiр жылдан аспайтын мерзiмге заң шығарушылық өкiлеттiк бередi; Президенттiң Премьер-министрдi; Ұлттық банк төрағасын тағайындауына келiсiм бередi; Премьер-министрдiң Үкiмет бағдарламасы туралы баяндамасын тыңдап, бағдарламаны мақұлдайды немесе қабылдамай тастайды (Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауысымен Үкiмет бағдарламасының екiншi рет қабылданбауы Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiрген болып табылады); әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауысымен, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiрiнiң бастамасы бойынша Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiредi; соғыс және бейбiтшiлiк мәселелерiн шешедi; респ. референдум белгiлеу туралы ұсыныс енгiзедi, т.б. Парламент Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар ҚР-ның Заңдары, Парламенттiң қаулылары, Сенат пен Мәжiлiстiң қаулылары түрiнде заң актiлерiн қабылдайды. Республика Заңдары Президент қол қойғаннан кейiн күшiне енедi. Парламент пен оның палаталарының заң актiлерi, егер Конституцияда өзгеше көзделмесе, Палаталар депутаттары жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданады, ал конституц. заңдар Конституцияда көзделген мәселелер бойынша әр Палата депутаттарының жалпы санының кемiнде үштен екiсiнiң көпшiлiк дауысымен қабылданады. Парламент Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiргенде, Парламент Премьер-министрдi тағайындауға екi мәрте келiсiм бермесе, Парламенттiң Палаталарының арасындағы немесе Парламент пен мемл. билiктiң басқа тармақтары арасындағы келiспеушiлiк салдарынан саяси дағдарыс болғанда — Президент Парламенттi тарата алады. Бiрақ төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы кезеңiнде, Президент өкiлеттiгiнiң соңғы 6 айында, сондай-ақ, алдыңғы таратудан кейiнгi 1 жыл iшiнде Парламенттi таратуға болмайды. Парламенттiң ағымдағы қызметi тұрақты к-ттерде атқарылады, олардың саны әр Палатада жетеуден аспауға тиiс. Палаталардың бiрлескен қызметiне қатысты мәселелердi шешу үшiн Сенат пен Мәжiлiс тепе-тең негiзде бiрлескен комиссиялар құруға құқылы. Заң жобасы Мәжiлiстiң тұрақты к-тiнде алдын-ала қаралып, к-т ол бойынша қорытынды бергеннен кейiн — Мәжiлiстiң жалпы отырысында талқыланады. Әдетте, талқылау екi оқылымда өтедi. Ал Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және конституц. заңдар қабылдау немесе оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу мәселелерi бойынша кемiнде екi оқылым өткiзiлуi мiндеттi. Сенаттың қаралған заң жобасы бойынша қарсылық бiлдiруге құқы бар. Сенат депутаттары жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданбаған жоба Мәжiлiске қайтарылады. Егер Мәжiлiс депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауысымен жобаны қайтадан мақұлдаса, онда жоба Сенатқа қайта талқылауға және дауысқа салуға берiледi. Қайта қабылданбаған заң жобасын сол сессия барысында қайтадан енгiзуге болмайды.Әр Палатаны депутаттардың арасынан сайланатын, мемл. тiлдi еркiн игерген төраға басқарады. Төрағалар палаталардың жұмысын жүргiзедi. Тұтастай алғанда, Парламенттiң қос палаталы құрылымы Қазақстанның жоғары заң шығарушы органы қызметiнiң пiкiр алшақтықтарын азайтып, өзара ынтымақтаса жұмыс iстеуiн мақсат етедi: палаталар бiр-бiрiне бағынбайды, бiр-бiрiне тәуелсiз құрылады; палаталардың әрқайсысы жеке жұмыс тәртiбiнде қызмет атқарады, өздерiнiң қызмет аясы мен мiндеттерi бар. Сонымен қатар олар көптеген мәселелер бойынша бiрлесiп қызмет атқаруға мiндеттi. Парламент Сенатының әр кездегi төрағалары: Ө.Байгелдi (1995 — 99), О.Әбдiкәрiмов (1999 жылдан), Н. Әбіқаев, Парламент Мәжiлiсiнiң төрағалары: М.Оспанов (1995 — 99), Ж.Тұяқбай (1999-2004), 2004 жылдан Орал Мұхамеджанов. Қазақстан Парламенті Сенаты. Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты - әрбiр облыстан, респ. мәндегi қаладан және ҚР астанасынан екi адамнан, тиiстi облыстағы, респ. мәнге ие қаладағы және ел астанасындағы барлық өкiлеттi органдар депутаттарының бiрлескен отырыстарында сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың жетi депутатын Парламенттiң өкiлеттiк мерзiмiне Президент тағайындайды. Сенат депутаттары жанама сайлау негiзiнде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Қазақстан Республикасының кемiнде 5 жыл азаматы болған, жасы отызға толған, жоғары бiлiмдi және кемiнде 5 жыл жұмыс стажы бар, Республика аумағында кемiнде 3 жыл тұрақты тұрған азаматы 6 жыл өкiлеттiк мерзiмге Сенат депутаты бола алады. Сенат депутаттарын сайлау — мәслихат депутаттарының бiрлескен отырыстарында өткiзiледi. Конституцияның 55-бабына сәйкес, Сенаттың ерекше құзырына мыналар жатады: Президенттiң ұсынысы бойынша Жоғ. сот төрағасын тағайындау және қызметтен босату, Президенттiң Бас прокурорды және Ұлттық Қауiпсiздiк к-тiнiң төрағасын тағайындауына келiсiм беру; Бас прокурорды, Жоғ. сот төрағасын дербес құқықтылығынан айыру; жергiлiктi өкiлеттi органдардың өкiлдiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату; Президенттi қызметтен кетiру туралы Мәжiлiс көтерген мәселенi қарау, т.б. Қазақстан Парламенті Мәжiлiсі. Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжiлiсі - 77 депутаттан тұрады. 67 депутат республиканың әкiмш.-аумақтық бөлiнiсiн ескерiп жасақталатын және сайлаушылар саны шамамен бiрдей болатын бiр мандатты аумақтық сайлау округтерi бойынша сайланады. 10 депутат тең дәрежелi өкiлеттiлiк және бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша партиялық тiзiм негiзiнде сайланады. Мәжiлiс депутаттарын сайлау жалпыға бiрдей тең және төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Республиканың жасы 25-ке толған азаматы Мәжiлiс депутаты бола алады. Респ. және жергiлiктi бiрлестiктер арқылы, сондай-ақ, өзiн өзi ұсыну жолымен азаматтар Мәжiлiс депутаттығына кандидаттар ұсынуға құқылы. Мәжiлiстiң ерекше құзырына мыналар жатады: тиiстi заң жобаларын қарауға қабылдап алу және қарау; Парламент қабылдаған заңдарға Президенттiң қарсылығы бойынша ұсыныстар әзiрлеу; Орт. сайлау комиссиясы төрағасын, төраға орынбасарларын, хатшылары мен мүшелерiн сайлау және босату; Президенттiң кезектi сайлауын жариялау және оның кезектен тыс сайлауын өткiзудi тағайындау; әдiлет бiлiктiлiк алқасының құрамына 2 депутат ұсыну; ҚР Президентiне қарсы мемл. опасыздық жасады деген айып тағу, т.б. (ҚР Конституциясы, 56-бап). Қазақстан үкіметі. Қазақстан Республикасының Үкіметі — Қазақстандағы жоғары атқарушы билiк органы. Қазақстан Ресупбликасының Үкіметі — мемлекеттік билiктiң ерекше тармағы ретiнде министрлiктерден, агенттiктерден, комитеттерден тұратын орталық атқарушы органдар, облыстық, аудандық және қалалық әкiмшiлiктерден тұратын жергiлiктi атқарушы органдар жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды. Оның құқықтық мәртебесiнiң негiздерi Қазақстан Республикасының Конституциясында бекiтiлген (64-бап). Үкiметтiң құзыретi, ұйымдастырылуы мен қызметiнiң тәртiбi ҚР Конституциясына сәйкес 1995 ж. 18 желтоқсанда қабылданған “Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы” (1999 ж. 6 мамырда өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген) ҚР-ның конституц. Заңымен белгiленген. Үкiмет ҚР Конституциясының, аталған конституц. заңның, ҚР-ның заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң негiзiнде және оларды орындау үшiн iс-қимыл жасайды. Үкiметтi Республика Президентi ҚР-ның Конституциясында көзделген тәртiппен құрады. Премьер-Министр Үкiмет басшысы болып табылады. Премьер-Министрдi Парламенттiң келiсiмiмен Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. ҚР-ның Премьер-Министрi өзi тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмде үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы ҚР Президентiне ұсыныс енгiзедi. Президент Премьер-Министрдiң ұсынысы бойынша үкiмет құрылымын анықтайды, оның мүшелерiн қызметке тағайындайды және оларды қызметтен босатады, орт. атқарушы органдарды құрады, таратады, қайта құрады. ҚР Үкiметiнiң құрылымын министрлiктер мен өзге де орт. атқарушы органдар құрайды. Қазақстан Үкiметi — алқалы орган. Оның құрамына Үкiмет мүшелерi — республиканың Премьер-Министрi, оның орынбасарлары, министрлер, өзге де лауазымды адамдар кiредi. Премьер-Министр мен Үкiмет мүшелерi қызметке кiрiсер алдында Қазақстан халқына және елбасына ҚР Үкiметi туралы конституциялық заңда белгiленген тәртiппен ант бередi. Премьер-Министрге ерекше мәртебе берiлген. Ол Президентке Үкiмет құрамына кiрмейтiн министрлiктердi, орталық атқарушы органдарды құру, қайта құру және тарату туралы, министр қызметiне кандидатуралар жөнiнде, министрдi қызметтен босату туралы ұсыныстар енгiзедi, Үкiметтiң қызметiн ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшiн дербес жауап бередi. Өкiлеттiктері. Үкiмет өзiнiң бүкiл қызметiнде конституцияда және үкiмет туралы конституциялық заңда белгiленген нысандарда Республика Президентiнiң алдында жауапты. ҚР-ның Премьер-Министрi үкiмет қызметiн ұйымдастырып, оған басшылық етедi, оның жұмысы үшiн жауап бередi, Президентке Үкiмет қызметiнiң негiзгi бағыттары жөнiнде баяндайды, қаулылар шығарады. Үкiмет мүшелерi өз құзыретi шегiнде дербес шешiмдер қабылдайды, Олар өздерiне бағынышты мемлекеттік органдардың жұмысы немесе тапсырылған жұмыс аясы үшiн Премьер-Министрдiң алдында жауап бередi. Парламенттiң әрбiр палатасы үкiмет мүшелерiнiң қызметтерi жөнiндегi есептерiн тыңдауға хақылы. Үкiмет мүшесi заңдарды орындамаған жағдайда депутаттар оны қызметтен босату жөнiнде Президентке мәлiмдей алады. Үкiмет ҚР Конституциясы, заңдары, ҚР Президентiнiң нормативтiк жарлықтары негiзiнде және солардың орындалуы үшiн өз құзыретi шегiнде бүкiл мемлекеттік аумағында мiндеттi күшi бар Үкiмет қаулылары мен Премьер-Министрдiң өкiмдерiн шығарады, олардың iске асырылуын қамтамасыз етедi. Бұл қаулылар мен өкiмдер Конституцияға, заңдарға, Республика Президентiнiң актiлерiне қайшы келмеуге тиiс. Жаңадан құрылған Үкiмет өз қызметiнiң бағдарламасын жасап, бұл туралы Парламентке баяндама ұсынады. Егер Парламент Үкiметтiң бағдарламасын қабылдамаса, Үкiмет екi ай iшiнде бағдарламаны қайтадан ұсынады. Егер Парламент депутаттарының жалпы санының 2/3-сiнiң дауыс беруiмен бағдарлама тағы да қабылданбаса, онда бұл Үкiметке сенiмсiздiк вотумын бiлдiредi. Үкiмет заңдық ұсыныстар енгiзуге хақылы. Ол заң жобаларының жоспарын құрып, соған сәйкес парламент мәжiлiсiне заң жобаларын ұсынады. Заң жобаларын дайындауға олардың сапасы үшiн жауапты болатын министрлiктер, мемлекеттік комитеттер, агенттiктер, бiрiншi басшылар қатысады. Қазақстан Ресупбликасының Үкіметі Президенттiң өкiлеттiк мерзiмi шегiнде қызмет етедi және жаңадан сайланып, қызметке кiрiскен ҚР Президентiне үкiмет мүшелерi жазбаша қол қойған өтiнiш беру арқылы өз өкiлеттiгiн доғарады. ҚР-ның Конституциясында (70-бап) және ҚР-ның Үкiметi туралы констиуц. заңда республика Үкiметiнiң, оның мүшелерiнiң тиiстi өкiлеттi мерзiмiнен бұрын орындарынан түсу себептерi мен тәртiптерi қаралған. Егер Үкiмет, оның кез келген мүшесi өздерiне жүктелген мiндеттердi одан әрi орындау мүмкiн емес деп санайтын болса, онда олар республика Президентiне өз орнынан түсуi туралы мәлiмдеуге хақылы. Конституцияда (53-бап, 7-тармақ, 61-бап, 7-тармақ) көзделген жағдайларда Парламент Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiретiн болса, Үкiмет өзiнiң орнынан түсуi туралы ҚР Президентiне мәлiмдейдi. Орнынан түсудi қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселенi ҚР Президентi он күн мерзiмде қарайды. Орнынан түсудi қабылдау Үкiметтiң не оның тиiстi мүшесiнiң өкiлеттiгi тоқтатылды дегендi бiлдiредi. Премьер-Министрдiң орнынан түсуiн Президенттiң қабылдауы немесе оны қызметiнен босатуы бүкiл Үкiметтiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi. Сондай-ақ, президент өз бастамасымен де Үкiметтiң өкiлеттiгiн тоқтату туралы шешiм қабылдауға және оның кез келген мүшесiн қызметтен босатуға хақылы. Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен келiспейтiн және оны жүргiзбей отырған үкiмет мүшелерi атқарып отырған қызметiнен босатылуға тиiс. Құрылымы. Министрлiктiң және өзге де орт. атқарушы органдардың басшылары болып табылатын үкiмет мүшелерi: тиiстi мемл. органдарға басшылықты жүзеге асырады; өз құзыретi шегiнде дербес шешiмдер қабылдайды; ҚР Премьер-Министрiнiң алдында өздерiне жүктелген бағынышты мемл. органдардың жұмысы үшiн, сондай-ақ, тиiстi мемл. органдардың қарауына жататын мемлекеттік басқару аясындағы iстiң жайы үшiн дербес жауап бередi; ҚР заңдарының, ҚР Президентi мен Үкiметi актiлерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi. Министр ҚР Конституциясында көзделген ретте (37-бап, 6-тармақ) өз қызметiнiң мәселелерi жөнiнде парламент палаталарына есеп бередi. Орталық атқарушы билiк органдарын ұйымдастырудың және олардың өз қызметiн атқаруының тәртiбi “Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы” конституц. Заңмен (18.12.1995), ҚР Үкiметiнiң 1997 ж. 13 наурыздағы 321-қаулысымен бекiтiлген ҚР-ның министрліктері (Мемлекеттік комитетi) туралы үлгi ережемен және әрбiр министрлік, агенттiк, комитет туралы ережелермен реттеледi. ҚР-нда ұйымдық-құқықтық нысандарда қалыптасып, қызмет атқарып жатқан орталық атқарушы органдар: ҚР-ның министрлiктерi; ҚР-ның агенттiктерi; ҚР министрлiктерiнiң құрылымдық бөлiмшелерi болып табылатын комитеттер, департаменттер және басқармалар. ҚР-ның Министрлiгi мемл. басқарудың тиiстi саласына басшылық жасайтын, сондай-ақ, заңдарда көрсетiлген шекте салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орт. атқарушы орган болып табылады. Министрлiктi Премьер-Министрдiң ұсынысымен Президент құрады, қайта құрады және таратады. Министрлiктiң басшысы болып табылатын министрдi де Премьер-Министрдiң ұсынуымен Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Министр министрлiктiң жұмысына басшылық жасайды және министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы және оның өз қызметiн жүзеге асыруы үшiн жауап бередi. Ол лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң құрамына кiредi. Министрлiктiң құрылымы мен штат санын Үкiмет бекiтедi. Министрлiкте министрдiң орынбасарлары (вице-министрлерi), сондай-ақ, министрлiктiң басқа да басшы қызметкерлерi құрамында министр басшылық ететiн алқа — кеңесшi орган құрылады. Алқаның сандық құрамын Үкiмет, ал жеке адамдар құрамын министр бекiтедi. Мин. өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен ҚР-ның барлық аумағында мiндеттi күшi бар бұйрықтар түрiнде актiлер шығарады. Министрлiктiң қызметi тек мемл. бюджеттен қаржыландырылады. Заң бойынша барлық министрлiктер өзара тең болып табылады және бiр-бiрiне әкiмш. бағынышты емес, бiрақ олар өздерiнiң жұмыстарын үйлестiре алады, бiрлесiп қызмет атқару немесе әртүрлi құрылымдық бөлiмшелердiң бiрлескен iс-қимылдарын қажет ететiн (мыс., респ. мақсатты бағдарламаларды iске асыру, қылмыспен күресу, т.б. жөнiндегi мәселелердi шешу туралы) шарттар мен келiсiмдер жасаса алады. ҚР-ның агенттiгi де орт. атқарушы орган болып табылады. Агенттiктi Премьер-Министрдiң ұсынысымен Президент құрады, қайта ұйымдастырады және таратады. Ол тиiстi мемл. басқару саласына басшылықты, сондай-ақ заңдарда белгiленген шекте салааралық үйлестiру мен өзге де арнайы және рұқсат беру мiндеттерiн жүзеге асырады. Агенттiктердiң және Үкiмет құрамына кiрмейтiн басқа да орт. атқарушы органдардың басшыларын қызметке Үкiмет тағайындайды және қызметтен босатады. Агенттiктiң құрылымын оның басшысы — төраға бекiтедi. Әдетте, оның құрылымы департаменттер мен басқармалардан тұрады. Агенттiк төрағасының жанынан кеңесшi орган — алқа құрылады. Оның құрамын агенттiктiң төрағасы бекiтедi. Агенттiк төрағасының бұйрықтары агенттiктiң құқықтық актiлерi болып табылады. Министрлiктер, агенттiктер мен өзге де орт. атқарушы органдар туралы ережелердi, сондай-ақ, оларға құрылымдық жағынан бағынышты мемл. мекемелердiң штат санының лимиттерiн Үкiмет бекiтедi. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Мемл. қызмет жөнiндегi агенттiк, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi мемл. комиссия, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiк, Респ. бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп к-тi үкiмет құрамына кiрмейдi, оларға ҚР Президентiне тiкелей бағынатын және оған есеп беретiн мемл. орган мәртебесi берiлген. Орт. атқарушы органның құрылымдық к-тi тиiстi орт. атқарушы органның құрылымдық бөлiмшесi болып табылады. Оны тиiстi орт. атқарушы орган басшысының ұсынуымен үкiмет құрады, қайта ұйымдастырады және таратады. Құрылымдық бөлiмше орт. атқарушы құзыретiнiң шегiнде арнайы атқару және бақылау-қадағалау мiндеттерiн жүзеге асырады, сондай-ақ, салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады немесе мемл. басқарудың iшкi саласына басшылық жасайды. Орт. атқарушы орган басшысының ұсынуымен үкiмет бөлiмшенiң басшысын қызметке тағайындайды және оны қызметтен босатады. Оның құрылымын, құзыретiн және басқа мемл. органдармен өзара iс-қимылының тәртiбiн үкiмет белгiлейдi. Қазақстан Конституциялық Кеңесі. Конституциялық Кеңес Қазақстанның саяси жүйесінде айрықша орынға ие. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі өкілеттіктері алты жылға созылатын жеті мүшесінен құралған. Конституциялық Кеңестің өмір бақилық мүшелігіне Республиканың Экс-Президенттері құқылы болып табылады. Конституциялық Кеңестің Төрағасын Республика Президенті тағайындайды және дауыс теңдей бөлінген жағдайда оның дауысы шешуші болып табылады. Конституциялық Кеңестің екі мүшесі Республика Президентімен, екеуі Сенат төрағасымен, екеуі Мәжіліс төрағасымен тағайындалады. Конституциялық Кеңестің қалған мүшелері әр үш жыл сайын жаңартылып тұрады. Конституциялық Кеңестің ұйымдастырылуы мен қызметі конституциялық заңмен реттеледі. өткізудің дұрыстығы туралы мәселеге қатысты туған таласты шешеді. -Парламентпен қабылдаған және Президентпен қол қойылған заңдардың Конституциямен сәйкестігін; халықаралық келісімдердің Конституцияға сәйкес бекітілуін қарайды. - Республика Президентін қызметінен мерзімінен бұрын босату туралы Парламентпен тиісті шешім қабылданғанша, Республика Президентін қызметінен босату туралы соңғы шешімге келгенге дейін белгіленген конституциялық рәсімдерді сақтау туралы ұйғарым жасау; Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімі қабылдаған күннен бастап күшіне енеді және шешім шағымдануға жатпайды, республиканың барлық аумағында жалпыға бірдей міндетті болып табылады. Басқа да шешімдердің өз күшіне ену тәртібі Конституциялық Кеңеспен айқындалады. Республика Президентінің қарсы пікірін еңсермеген жағдайда Конституциялық Кеңестің шешімі қабылданбаған болып саналады және конституциялық өндірісі тоқтатылады. Қазақстан Жоғарғы Соты. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты – төменгі буындағы соттардың азаматтық, қылмыстық, шаруашылық және басқа да сот істері бойынша заңда көрсетілген процесуалды формада олардың қызметтеріне сот қадағалу жүргізіп, сот практикасы мәселелері бойынша түсінік береді. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 1997 жылғы 6 наурыздағы №3 қаулысына сәйкес "Қазақстан Республикасы Конституциясының 4 бабы 1 тармағының нормасымен бекітілетін, қолданылатын құқық Жоғарғы Соттың нормативтік қаулылары болып табылады дегенді Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты сот практикасында заңнамалық нормалар, оның ішінде Конституция нормаларын қолдану мәселелері бойынша ғана нормативтік қаулылар шығаруға өкілетті деп түсінген жөн". Мәми, Қайрат. Мәми, Қайрат — Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы. 1981 ж. — Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін тәмамдады. 1981—90 жж. — Гурьев облыстық сотында судья, төраға орынбасары, төраға 1990—93 жж. — Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы 1993—95 жж. — Алматы қалалық сотының төрағасы. 1995—96 жж. -Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының Төрағасы. 1996 (сәуір-маусым) — Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының міндетін атқарушы. 1996—2000 жж. — Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының Төрағасы. 2000 ж. — Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қазақстан Республикалық Ұланы. 1992 жылдың 16 наурызында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Алматы облысы Қаскелең ауданы Красный Восток кентінде орналасқан Ішкі әскерлердің шұғыл мақсаттағы жеке бригадасы негізінде Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы құрылды. 1992 жылдың 14 қазанында Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының алғаш қолбасшысы болып Сейілбек Алтынбекұлы Алтынбеков тағайындалды. 1993 жылдың 21 шілдесінен 1995 жылдың 9 қазанына дейін генерал-майор Төлеген Әнуарбекұлы Үмбетбаев Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының қолбасшысы міндетін атқарды. 1997 жылдың 3 наурызынан 1999 жылдың 9 желтоқсанына дейін генерал-лейтенант Сәт Бесімбайұлы Токпақбаев Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының қолбасшысы міндетін атқарды. 2001 жылдың 14 наурызынан 2001 жылғы 31 қаңтарға дейін генерал-майор Болат Бақытжанұлы Жанасаев Қазақстан Республикасының Республикалық ұланының қолбасшысы міндетін атқарды. 1999 жылдың 14 желтоқсанынан 2000 жылдың 19 желтоқсанына дейін және 2002 жылдың 31 қаңтарынан 2006 жылдың қаңтарына дейін генерал-майор Болат Ғазизұлы Ысқақов Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының қолбасшысы міндетін атқарды. 2006 жылдың 23 қаңтарынан бастап Абай Бөлекбайұлы Тасболатов Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының қолбасшысы. 1995 жылдың 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Заң күші бар "Респуликалық ұлан туралы" Жарлыққа қол қойды. Онда Республикалық ұланның тікелей Қазақстан Республикасы Президентіне бағынатыны және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер құрамына кірмейтіні айқындалды. Республикалық ұлан Елбасы және басқа да күзетілетін тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, жоралғылық рәсімдерге қатысады, тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін аса маңызды объектілерді, ғимараттар мен қызметтік үй-жайларды күзетеді. Қазақстанның Президенттік оркестрі. Қазақстан Республикасы Республикалық Ұланының Президенттік оркестрі - Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес еліміздегі Протоколдық, дипломатиялық, Мемлекеттік және басқа да салтанатты іс-шаралардың музыкалық бөлігін қамтамасыз ету мақсатында (заң күші бар: «Республикалық гвардия туралы» 1992 ж.) құрылды. Өзінің шығармашылық жолын Республикалық гвардияның үрмелі аспаптар оркестрі ретінде бастады, қазіргі уақытта Президенттік оркестр әлемдік музыкалық мәдениеттің барлық жанрларын, оның ішінде классикалық, академиялық және осы заманғы композиторлардың музыкалық еңбектерін қамтыған қарымды шығармашылық ұжым болып табылады. Оркестрдегі Халық ансамблінің құрамына көптеген конкурстардың бас жүлдесін иеленген, М.Нүкеев, А. Ахмадиев, М. Малдыбаев сияқты дарынды домбырашылар енген. Сонымен бірге талантты өнерпаз А. Ефременко баян аспабы арқылы барлық жанрда өнер көрсетіп, көпшіліктің ықыласына бөленіп келеді. Би ансамблі өз репертуарына көптеген дүниежүзі халықтарының түрлі ұлттық билерін енгізген. Сонымен қатар оркестрдегі жекелеген әншілер көпұлтты Қазақстанның бай мәдениетін жұртшылыққа кеңінен паш етуде. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртістері– М. Чалабаев, Ж. Бақтаева, бұған қоса елімізге есімдері кең танылған жастар "Саз отау" дуэтінің өнерпаздары мен А. Балажанова, Д. Таңатаров сияқты әншілер оркестрдің беделін биіктетуде. 2003 жылдан бастап Президент оркестрі көпшілікке өзінің шығармашылық кештерін ұйымдастырып келеді. Ірі өнер ұжымы республикамыз бен жаңа елорда өміріндегі айтулы мәдени іс-шараларға белсене атсалысып келеді. Президент оркестріне бірегей күйші, музыка саласының білгірі Рүстем Бейсенұлы Күлшебаев басшылық жасайды. Қазақстан теңгесі. Қазақстан теңгесі — Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы. Қазақстан Республикасының Президенттің 1993 ж. қараша 15 жарлығы бойынша айналысқа еңгізілді. Шақалар. 1, 2, 5, 10, 20, 50 және 100 теңге шақалар Республикада ақша айналысындағы шақалар (монетамен) қатар мерейтойлық және ескерткіш монеталар да қолданылады. Мерейтойлық және ескерткіш монеталар оларда белгіленген құнға сәйкес төлем қабілетіне ие, бірақ олар негізінен мәдени — ағарту мақсатында шығарылған. Әдеттегідей, олар қатаң шектеулі таралыммен шығарылады және Қазақстан Республикасының аумағында және шет елдерде коллекциялық құнымен сатуға арналған. Қызықты деректер. 2007 жылғы таңдалынған теңге нышаны, осыдан 120 жыл бойы Жапон пошта фирмасы қолданып келе жатқан белгісінң айнымасы. Финландия. Финляндия,(финск. Suomi, Suomen Tasavalta, швед. Finland, Republiken Finland)- Солтүстік еуропада Еуропаның TÜRKSOY. __NOTITLECONVERT__ -- (, ТҮРКСОЙ) — Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымы. 1993 ж. шілде 12 Алматыда келсімге құрылтайшы елдерініің өкілдері қол қойған. Түркия Республикасы ұйымның арқаушы елі болып тағайындалды. TÜRKSOY ұйымының ресми қызмет тілі — түрік тілі. Бас кеңсесі Анқара (Түркия) қаласында орналасқан. 1994 ж. бастап Полад Бүлбүл Оғлы, Әзірбайжан Республикасының Мәдениет министрі, үш рет (1994, 1997, 2000 жж.) халықаралық ұйымның Бас директоры болып сайланған. Алтай республикасы. Алтай Республикасы — Ресей Федерациясының субъекті. "Республика Алтай" находится в центре Евразийского континента,на юге Западной Сибири в бассейне рек Бии и Катуни. Имеет внешнюю границу с Китаем, Монголией, Казахстаном и внутреннюю границу с субъектами Российской Федерации] — республиками Тывой и Хакасией, Алтайским краем и Кемеровской областью. Башқұртстан. Башқұртстан Республикасы (Башкортостан,) — Ресей Федерациясының субъекті. "Мәртебе" Приволжский (Еділ маңы) федералдық аумағына, Орал экономикалық ауданына кіретін Ресей Федерациясының субъект "Шекаралары" Свердловск облысы, Челябинск облысы и Орынбор облысы, Перм өлкесі, және де Татарстан мен Ұдмұртстан республикалары Республика Орал тауларының баурайында орналасқан. Қалалары. Үфі (астанасы), Ақеділ, Баймақ, Бәлебей, Белорет, Бөрі, Благовещен, Төртейлі, Дәулекен, Ишімбай, Көміртау, Мелеуіз, Межгорье, Нефтекамск, Октябрьск, Салауат, Сибай, Істерлітамақ, Туймазы, Учалы (өшалу), Жаңауыл Тарихы. 1557 жылы Ресейдің құрамына кірген. Қазан төңкерісіне дейін Үфі губерниясының жері болып саналды. 1919 жылының наурыз айының 23 жұлдызында Башқұрт Аутономиялық Кеңес Социалистік Республикасы құрастырылған. 1923 жылының маусым айында Башқұрт АКСР-дің астанасы Үфі қаласы болып кетті. 1992 жылы Кеңес Одағының құлағаннан кейін Баш- құртстан Республикасы Ресейдің федералдық субъекті болып кетті. Гәгәузия. Гәгәузия (гәгәузша: "Gagauziya" немесе "Gagauz Yeri"; молдованша: "Găgăuzia"; орыша: Гагаузия), ресми Гәгәуз Аутономиялық Территориялық бірлігі (Гәгәуз - Ері) (молдованша: "Unitatea Teritorială Autonomă Găgăuzia"), бұл Молдованың аутономиялық аумағын атауы Гәгәуз халқының атауынан шыққан. Гәгәуздер қырым татарларға жақын, көк оғыздардан шыққан түркі тілдес халық. Саха Республикасы. Саха Республикасы — Ресей Федерациясының құрамдас бөлігі. Жағрапиясы. Сібірдің солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Жерінің аумағы — 3,1032 миллион км² бойынша — Ресей Федерациясының ең үлкен субъектісі әрі Нунавут Канаданың Солтүстік-батыс территорияларынан бөлінгелі бері — дүние жүзіндегі ең ірі әкімшілік-аумақтық бірлік. Саха елі 3 уақыт белдеуінде орналасқан. (— батыс бөлігі, Якутскіні қоса, — орталық бөлігі, Новосибир аралдарын қоса, — шығыс бөлігі. Тарихы. 1851 ж. Иркутск генерал-губернаторлығының Якут аймағы құрылған. 1922 ж. сәуірдің 27 Якут АКСР-ы құрылды. 1991 ж. желтоқсанның 28 — Якут-Саха КСР-ы, 1992 ж. сәуірдің 27 — Саха (Якутия) Республикасы. Татарстан. Татарста́н Республикасы () — Ресей Федерацииясының субъекті. "Халық саны" 3768,5 мың адам (2005 жылының мәліметтері, қалада — 74,5 % (2005) тұрады. Жұрт тығыздығы: 55,4 адам/шақырымға (2005). "Жұрттың көбі" татарлар (52,92 %) менен орыстар (39,49 %). "Республиканың құрамында" 43 аудан, 20 қала (солардың 14 — республикаға қарайды), 21 қала сияқты елді мекен, 897 ауыл кеңес бар. Тыуа. Тыуа Республикасы (тыуаша Тыва Республика, орысша Респу́блика Тыва́ (Тува́) — Ресей федерациясының құрамынағы субъект, Тыуаның конституциясы (атазаңы) бойынша — демократикалық құқықтық Ресей федерациясымен біріктірген мемлекет, Шығыс Сібірдің оңтүстігінде орналасқан. Тыуа шығыста және оңтүстікте Моңғолиямен, солтүстікте Красноярск өлкесімен, солтүстік-батыста Хаққасиямен, солтүстік-шығыста Бурятиямен және Үркіт облысымен, батыста Алтай Республикасымен шектеседі. "Көлемі" — 168,6 мың наршы шақырым (км²), РФ-нің жер көлемі бойынша 24-ші субъект. "Халық саны" — 308,5 мың адам (2006), халық тығыздығы — 1,8 адам/1 км² (2006). Қаладағы халықтың саны: 51,5 % (2006). Хақас Республикасы. Хака́сия (Республика Хакасия) — республика в составе Ресей, расположенная на юге Центральной Сибири. "По территории" (более 61 тыс. км²) Хакасия занимает 49 место и 8 место среди 10-ти регионов Восточной Сибири. "По населению" (более 540 тыс. чел.) 70 место по Ресей и 5 среди регионов По плотности населения (8,7 чел/км²) — 58 место по Ресей и первое в Восточной Сибири, а по удельному весу городского населения (71 %) — 37 место по России и 3 среди регионов Восточной Сибири. "Административный центр" — город Абакан. "Основной закон страны" — Конституция Республики Хакасия "Хакасская автономная область" была образована 20 октября 1930, в 1992 году она была переименована в Республику Хакасия. "Крупные реки" — Енисей, Абакан, Томь, Белый Июс, Чёрный Июс (бассейн Оби). На Енисее — Саяно-Шушенская ГЭС и Майнская ГЭС. Қарақалпақстан. Қарақалпақстан (өзбекше: "Qoraqalpog`iston Respublikasi" немесе "Қорақалпоғистон Республикаси"). Қарақалпақстан Республикасыныңелордасы — Нүкіс қаласында 236 700 адам жасайды. Басқа ірі қалалары — Хожейлі, Қоңырат, Шымбай және Тахияташ. Жағырапиясы. Тәуелсіз демократиялық Қарақалпақстан Республикасы Өзбекстан Республикасының солтүстік-батысында орналасқан. Республика шығысында Өзбекстан, солтүстігінде және солтүстік-шығысында Қазақстан, оңтүстігінде және оңтүстік-батысында Түрікменстан орналасқан. Жалпы жер ауданы — 165 600 шаршы шақырым. Халқы. Қарақалпақстанның халқы 1,4 миллион адамды құрайды, солардың 48%-ы ауылдарда, 52%-ы қалаларда тұрады. Қарақалпақстан халқының 32,1%-ын — қарақалпақтар, 32,8%-ын — өзбектер, 25,0%-ын — қазақтар, 8,0%-ын — түрікмендер, қалған 25,0%-ын басқа халықтар құрайды. Табиғи байлықтары. Қарақалпақстан Республикасында табиғи газ, гранит, мұнай, бетонит, каолин, мәрмәр және тағы басқа қазба байлық көздері бар. Арал теңізі атырабында газ бенмұнай шығады, бірақ бұл қорлар әлі дамытылмаған, сондықтан пайдаланылмайды. Қаратау немесе Сұлтан Уәйіс баба жотасында алтын көздері бар. Ауыл шаруашылығы. Мақта мен күріш — ең көп егілетін дақылдар. Республикада мүйізді ірі қара, түйе, қаракөл қойы және ешкілер өсіру кең тараған. Энергетика. Тахияташ электр станциясы және Түйемойын электр станциясы жұмыс істейді. Ауғанстан. Ауғанстан, Ауғанстан Ислам Республикасы (Da Afġānistān Islāmī Jomhoriyat) - Азияда орналасқан мемлекет. Пәкістанмен, Тәжікстанмен, Өзбекстанмен, Түрікменстанмен, Иранмен және Қытаймен шектеседі. Ресми тілдері - парсы(дари) және пұшту, солтүстігінде өзбек тілі де қолданылады. Халықтың негізі - пұштұндар мен парсы(дари) тілінде сөйлейтін тәжіктер; өзбектер, түрікмендер, қазақтар, күрттер, белуджтер, хазарейлер, памири халықтар, нұристандықтар көп, демек, 20 халықтардан астам өзіні ауғандық деп санайды. Ресми діні - Сүнни ислам. Ауғанстан, Ауғанстан ислам мемлекеті – Оңтүстік Батыс Азиядағы мемлекет. Аумағы 652,2 мың км2. Халқы – 32 млн. адам. Астанасы – Кабул. Ауғанстан жері 29 уәлаятқа және 2 округке бөлінеді. Мемлекеттік тілі – пушту және дари тілдері. Ислам дінін ұстанады (негізінен суниттер). Жерінің 3/4 бөлігінен астамы таулы. Елдің солтүстік-шығысынан оңтүстік-батысына қарай өте ірі Гиндукуш тау жоталары (ең биік жері 6729 м) созылып жатыр. Оны Ауғанстанның солтүстігі мен батысында Паропамиз және Сафеднах жоталары алмастырады. Ауғанстанның оңтүстігінде Газни-Кандагар таулы үстірті, ал оңтүстік-батысында Бактрия, Регистан, Дашти-Марго шөлдері жатыр. Климаты – субтропиктік, құрғақ. Шілде айының орташа температурасы 24Ә-тан 32ӘС-қа, ал қаңтар айының орташа температурасы 0Ә-тан 8ӘС-қа дейін жетеді. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 350 мм-ден аспайды. Ірі өзендері: Әмудария, Герируд, Гильменд, Кабул, Мургаб. Кен байлықтары – мұнай, табиғи газ, тас көмір, графит және асыл тастар. Қазіргі Ауғанстан жерінің солтүстік бөлігін адамдар ежелгі тас дәуірінен, оңтүстік бөлігін қола дәуірінен мекендей бастаған. Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықтың 1-жартысында бұл жерде құрылған мемлекеттердің бірі Бактрия болды. Ауғанстан туралы алғашқы деректер біздің заманымыздан бұрынғы 6 ғасырдан сақталған. Бұл кезеңде ол Ахемен әулеті билеген Парсы империясының құрамында болды. Біздің заманымыздың 1 – 4 ғасырларында Ауғанстан жерінде Кушан патшалығы дәуірледі. 6 ғасырдың 60-жылдарында Ауғанстан жерінің бір бөлігі Түрік қағандығына, екінші бөлігі Сасан әулетіне бағынды. 7 – 8 ғасырларда Ауғанстан жерінің басым бөлігі арабтарға қарап, ислам діні кеңінен тарады. 1220 ж. елді Шыңғыс хан әскерлері жаулап алды. 16 ғасырда Ауғанстан жеріне Ұлы Моғолдар мен Сефеви әулеті билік жүргізді. Орта Азиядан ығысқан Бабыр 1504 ж. Кабулды, кейін Ауған жерін тұтас жаулап алып, Ұлы Моғол әулетіне бағындырды. Жеке иеліктерге бөлінген Ауғанстан жерінде 1747 ж. Ахмад шаһ Дуррани басқарған алғашқы Ауған мемлекеті орнады. Бірақ оның мұрагерлері тұсында мемлекет ыдырап, 1818 ж. Ахмад шаһ әулеті де биліктен кетті. Елді қайта біріктірген Дос Мұхаммед хан 1835 ж. әмір атанды. Бұл уақытта Ауғанстан жерін отарлауды көздеген ағылшындар елге басып кіріп (1838), Кабулды алғанымен, оларға қарсы күрес күшейіп, басқыншылар жеңіліп тынды (1842). 1878 ж. Ұлыбританияның 37 мың адамдық әскері Ауғанстанға тағы да басып кірді. Халық отаршылдардың бетін қайтарғанымен, елдің тәуелсіздігі шектеліп, сыртқы қарым-қатынасы Англияның бақылауында болды. 1919 ж. өкімет басына келген Аманулла хан Ауғанстанның тәуелсіздігін жариялады. Англия мұны мойындаудан бас тартып, соғыс ашқанымен, 1919 жылғы Равалпинди шарты бойынша Ауғанстанның тәуелсіздігін мойындауға мәжбүр болды. 1973 жылға дейін Ауғанстанда монархиялық билік орнады. 1973 ж. әскери төңкеріс болып, республика жарияланды. 1978 ж. тағы да қанды төңкерістен кейін өкімет басына Революциялық кеңес келді. Оны қолдау үшін 1979 ж. желтоқсанда Ауғанстанға Кеңес Одағының әскерлері кіріп, онда 1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді. Кеңес әскерлері шығарылғаннан кейін де Ауғанстанда азамат соғысы жалғаса берді. Ұзаққа созылған соғыс елді әлсіретіп, халықты күйзеліске ұшыратты. 1997 – 98 ж. Қазақстан Республикасының үкіметі Ауғанстандағы қазақтарды көшіріп әкелді. Ауғанстан – аграрлы ел. Экономикасының негізі – суармалы егіншілік пен мал шаруашылығы. Жалалабад каналы мен Сарда су қоймасы бар. Қой шаруашылығы жақсы дамыған. Сонымен қатар миллиондаған ешкі мен ірі қара, түйе мен жылқы өсіріледі. Бау-бақша өнімдері, бидай, жүгері, күріш, мақта, қант қызылшасы сияқты дақылдар өндіріледі. Ауғанстан өнеркәсібін су электр стансалары мен әскери-механикалық зауыт сияқты бірді-екілі кәсіпорындар құрайды. Солтүстік шекарасында газ құбыры тартылған. Тас көмір мен цемент өндіріледі. Өңдеуші кәсіпорындар мақта мен жүннен мата тоқиды, жасанды жібек шығарып, аяқ киімдер тігеді. Экспортқа негізінен қаракөл елтірісі мен жүн шығарылады. Тарихы. 1717 жылы пұштұндардың Дуррани мемлекеті құрылған. Ол Ресей мен Британдық Үндістанның арасында буфер аумағы ретінде еді, кейін ағылшындардан тәуелді болып кетті. 1919 жылы тәуелсіздігін алды. 1929 жылы Кеңес үкіметінің көмегімен коммунисттердің келуінін қауіпі туылды. Коммунисттік идеяларын қолдайтын Аманулла ханды тақтан құлатты. Билік Нәдір шаһтың қолына түсті. Оны 1933 жылы бір әскери курсант өлтірді. Таққа Заһир шаһ отырды. 1975 жылы оны інісінің баласы - Дәуіт тақтан құлатты. 1978 жылы Ауғанстанда Сәуір төңкерісі болып, Ауғанстан Демократикалық Республикасы жарияланды. 1979 жылының желтоқсан айында Ауғанстанға Кеңес Одағының қызыл әскері кірді. Он жыл соғыстан кейін, билікке исламисттер келді. Тәжіктер мен пұштұндар арасында билік үшін тартыс басталды. Билік әскери командирлерге - өзбек Рашид Дустумның, тәжік Ахмад Шаһ Масудтың, пұштұн Гүлбеддин Хикматиярдың қолында еді. Ел бөлініп, бақылаусыз қалған. Ақырында Раббанидің мұджаһиттердің режимі орнатылды. 1992 жылы тәжік Бурхануддин Раббани Мұхаммед Нәжібұлланың режимін құлатты. 1996 жылы "Талибан" деген нағыз дін исламға жат уаһһабиттер сектасының тоталитардық режимі билікке келді. Ауғанстанның заңды билеушісі Нәжібұлла өлтірілді. "Талибан" сурет салуға, әуен тыңдауға, Наурыз мейрамын тойлауға тыйым салынған, адамдардың құқықтарын бұзған. 2001 жылының қыркүйектің 11 оқиғасынан кейін, американдық пен одақтас әскерлері "Талибан" уаһһабиттердің режимін құлатып, жаңа үкіметке билікке жол ашты. 2002 жылының бүкілелдік құрылтайы(Лойя Джирга)сынан кейін Ауғанстан Ислам Республикасы жарияланған, жаңа рәміздері қабылданған, азаматтық соғыс пен тартыс тоқтатылған. Қазіргі Ауғанстанның Елбасы - Хамид Карзай. Ирақ. ИРАК, Ирак Республикасы (өзд. атауы — әл-Жумхурия әл-Иракия) — Оңтүстік-Батыс Азияда, Тигр және Евфрат өзендері бойында орналасқан мемлекет. Жер көлемі 444 мың км2. Халқы 22,4 млн. адам (1999). Тұрғындарының 75%-ы арабтар, 20%-ы — курдтар, қалғандары түрікмендер, ассириялықтар, парсылар, армяндар, т.б. Қала халқы 68,1% (1997). Мемлекеттік тілі — араб тілі. Халқының 62%-ы — ислам дінінің шиит бағытын, 34%-ы сунит бағытын ұстанады. Астанасы — Бағдад қ. (3 млн-нан астам). 1970 ж. қабылданған конституциясы бойынша Революциялық кеңестің төрағасы елдің Президенті және Жоғарғы Бас қолбасшы қызметін қатар атқарады. Заң шығарушы орган — бір палаталы Ұлттық кеңес, 250 депутаттан тұрады. Елдің ұлттық мейрамы — 17 шілде, Ұлттық Республика күні және Тәуелсіздік күні (1958). Ирак 18 провинциядан (мухафаз) тұрады. Ақша бірлігі — Ирак динары. Табиғаты. Жерінің көбін Жоғары Месопотамия және Төменгі Месопотамия жазықтары алып жатыр. Солт. және солт.-шығыс жақтарын Армян және Иран таулы қыраттары алып жатыр. Ең биік жері — Боздаг тауы (3612 м). Пайдалы қазбалары: мұнай мен газ, фосфорит, күкірт. Климаты — жерортатеңіздік (елдің солт.) және тропиктік (оңт.). Қаңтардағы орташа темп-ра 7 — 11С, шілде айында 34С, тамыз айында 50С-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашын мөлш. 500 мм-ден 1000 мм-ге (оңт.-шығыста) дейін. Басты өзендері — Тигр мен Евфрат (екеуі қосылып Шатт әл-Араб өз. деп аталады). Жерінің көпшілігі шөгінді және шалғынды топырақты, батыс жағы сары топырақты келеді. Ел территориясының негізгі бөлігі дала, оңт.-батысы — шөл және шөлейт, тау беткейлері мен өзен жағалары бұталы, сирек орманды келеді. Газель, жабайы есек, қасқыр, қабылан, т.б. аңдар мен көкқұтан, бірқазан, қоқиқаз т.б. құстар мекендейді. Тарихы. Қазіргі Ирак аумағы — ежелгі мәдениет ошақтарының бірі. Осы жерде б.з.б. 4-мыңжылдықта шумер-аккад мәдениеті пайда болып, қала-мемлекеттер (Ур, Урук, Ашшур, Лагаш, Умма, т.б.) өркендеді. Б.з.б. 2-мыңжылдық басында Оңт. Месопотамияда Вавилон мемлекеті (қ. Вавилон), Солт. Месопотамияда Ассирия мемлекеті (қ. Ассирия) құрылды. Б.з.б. 1-мыңжылдықтың ортасынан бастап бұл аумақ парсы патшаларына бағынышты болып, кейін ұзақ уақыт Иран, Парфия, Рим империялары арасында, артынан Иран мен Византия арасында таласқа түсті. 630 ж. Месопотамияны арабтар жаулап алды. Сөйтіп, ол 661 ж. Араб халифатының бір аймағына айналды (қ. Араб халифаты). 762 ж. Бағдат қ-сы салынды (қ. Бағдат). И. жерін 11 ғ-да салжұқтар, 13 ғ-да Шыңғыс хан әулеті, 14 ғ-дың аяғында Әмір Темір басып алды. Әмір Темір мемлекеті ыдырағаннан кейін бұл аумақ түркі билеушілеріне кезек-кезек бағынып, 16 ғ-дың басында парсылардың Сефеви әулетінің қол астына өтті. Көп ұзамай Иран мен Осман сұлтандығы арасында Ирак үшін күрес басталып, 17 ғ-да түріктер Месопотамияны толығымен бағындырды. 17 ғ-дың орта тұсынан бастап елге ағылшын саудагерлері келе бастады. 18 ғ-да Англияның ықпалы күшейіп, 1779 ж. Бағдад және Басра қалаларында Ост-Индия компаниясының агенттіктері ашылды. 1860 жылдан бастап Ирак дүниежүз. саудаға тартылып, шетке арпа, бидей, құрма шығарып тұрды. 1869 ж. Суэц каналы ашылғаннан кейін елге шет ел капиталы ағылып, барған сайын еур. мемлекеттерге тәуелділігі күшейді. Енді Месопотамия үшін Ұлыбритания мен Германия арасында күрес басталды. 1918 ж. Иракты Ұлыбритания жаулап алды. Ағылшындар елде әскери әкімш. орнатты да, жер-жерде көтерілістер басталды. Ағылшын армиясы ол көтерілістерді басып тастады, бірақ елге өзін-өзі басқару билігін беруге мәжбүр болып, 1920 ж. “ұлттық үкімет” құрды. 1930 ж. Ирак үкіметі Ұлыбританиямен шарт жасасты. Шарт бойынша ол формальді түрде тәуелсіздік алып, Ұлттар Лигасына мүше болды, бірақ оған ағылшын үкіметінің саяси, әскери, экон. бақылауы сақталып қалды. 2-дүниежүз. соғыс басталысымен Ирак Германиямен дипломатиялық қатынастарды үзді (5.09.1939), бірақ 1941 ж. оңшыл топтар Германияның қолдауымен мемл. төңкеріс жасады. Дегенмен, төңкерісті көп ұзамай ағылшын әскерлері басып тастады. 2-дүниежүз. соғыстан кейін халық толқулары қайтадан күшейді. Елде ағылшындардың ықпалы төмендеп, оның орнына АҚШ-тың ықпалы артты. 1954 ж. И. үкіметі әскери көмек жөнінде АҚШ-пен, 1955 ж. 24 ақпанда Түркиямен шарт жасасты. Сөйтіп, Бағдад пактысының негізі қаланды. Халық көтерілістері одан әрі күшейді. Нәтижесінде 1958 ж. 14 шілдеде монархия құлап, республика жарияланды, 1958 ж. 24 наурызда ел Бағдад пактысынан шығатынын жариялады және өз территориясындағы шет елдің әскери базаларын жойды, агр. реформа жүргізіле бастады. Бірақ, халықтың тұрмысы жақсарған жоқ, ел ішінде көтеріліске шыққан күрд әскерлеріне қарсы әскери қимылдар жасалынды. 1968 ж. 8 ақпанда елде мемл. төңкеріс болып, үкімет басына Араб социалистік қайта өрлеу партиясы (БААС) келді. Шет елдің мұнай компанияларының бұрынғы кәсіпорындары халық меншігіне айналып, 1974 ж. 11 наурызда Иран Курдстанына автономия берілді. 1980 ж. қыркүйекте И. пен Иран арасында соғыс басталды (қ. Иран — Ирак соғысы). 1988 ж. 20 наурыздан бастап әскери қимылдар саябырсыды да, 1990 ж. 15 тамызда екі жақ келісімге келді, 17 — 22 тамыз аралығында Ирак өз әскерлерін Иран территориясынан шығарып әкетті. Екі ел өзара соғыс тұтқындарын алмастырып, қазан айында дипломатиялық қарым-қатынастарды қалпына келтірді. 1 тамыз күні түнде (1990 ж.) И. әскерлері Кувейтке басып кірді (қ. Ирак — Кувейт соғысы). 1994 ж. 10 қарашада И. өзінің Кувейттің тәуелсіздігі мен терр. тұтастығын толық мойындайтынын мәлімдеді. Осыдан кейін Ирак пен АҚШ арасы күрт шиеленісіп кетті. 1998 ж. 2 рет (ақпан және қараша айларында) екі ел арасындағы жағдай соғыс қаупіне алып келді. Осы жылы желтоқсан айында АҚШ және Ұлыбритания Иракты ракетамен бомбылады (“Шөлдегі дауыл” операциясы). Әскери қақтығыстар мен экон. құрсау елді аса қиын әлеум.-экон. жағдайға алып келді. Халықтың тұрмыс жағдайы күрт төмендеп кетті, азық-түлік, қаржы, дәрі-дәрмек жетіспеушілігі күшейді. Экономикасы. Ирак — экономикалық әлуеті үлкен ел. Елде аса ірі мұнай (65 млрд. т-дан астам), табиғи газ, фосфат қорлары бар. Ирак — Иран соғысына дейін ел тек мұнай экспортынан ғана жыл сайын 21 — 26 млрд. АҚШ долл-ы көлемінде пайда тауып отырды. Ол ақша елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға, жаңа индустрия мен инфрақұрылымдарды дамытуға жұмсалды. Мұнай шығару, мұнай өңдеу, газ өндіру, цемент, электрэнергетика, машина жасау, т.б. өндіріс салалары жақсы дамыған. Ауыл шаруашылығы ұлттық табыстың 20%-н құрайды. Астық (бидай, арпа, күріш) өнімдері, өсімдік майлары, көкөніс, құрма, т.б. өсіру жақсы жолға қойылған. Мал шаруашылығы жақсы дамыған (15 млн-нан астам қой мен ешкі, 2,5 млн мүйізді ірі қара бар). 1998 ж. Ирак үкіметі БҰҰ-ның арнайы комиссиясын жұмыс істеткізбей тастады. Сондықтан елге экон. байкот жариялау әлі күнге жалғасып келеді. 2001 — 2002 ж. АҚШ үкіметі Ирак террорлық қастандықтарды қолдайды, “зұлымдық ұясы елдеріне” жатады, сол себепті Ауғанстаннан соң оны соққының астына алып, ел басшысы С.Хусейннің көзін жою керек деген пікірді әлем халықтарына жариялап келеді. Әдебиеті. Ирак әдебиеті араб тілінде дамыған. Оның шарықтап дамыған дәуірі — орта ғасырлар. Ол кезде Бағдад шаїары мәдениеттің, ғылым мен әдебиеттің ортасы болған (қ. Бағдад). Алайда, жиі-жиі болған соғыстардан халық есін жия алмай, Ирак әдебиеті құлдырап кетті. 19 ғ-да және 20 ғ-дың басында елде экономика дамып, ұлт-азаттық қозғалысының күшеюіне байланысты мәдени өмір де ілгері басты. Бұл кезде Абу әл-Мухсин әл-Казими (1865 — 1935), Жемәл Сидки әз-Захави (1863— 1936), Мааруф ар-Русафи (1875 — 1945), т.б. ақын-жазушылар өз шығармаларына ұлт бостандығы үшін күрес тақырыбын арқау етті. Әсіресе, ұлт-азаттық көтерілісі кезіндегі (1920) Махди әл-Басири, Мұхаммед әл-Бәкір әл-Хилли, Хейри әл-Хиндави, Хабиб Адиди, т.б. ақындар шығармалары осы тақырыпты терең қозғады. 20 ғ-дың 50-жылдары Ирак әдебиетінде орыс, Еуропа әдебиетінің ықпалымен прозалық шығармалар жазылып, роман жанры қалыптасты. Бірақ көпшілік романдарда схематизм басым болды. Елдегі 1958 жылғы төңкерістен кейін Ирак әдебиеті жан-жақты дами бастады. Солардың ішінен шығармалары халық арасына кең тараған Мұхаммед Махди әл-Джавахири, Бахр әл-Улюм, т.б. ақын-жазушылардың есімін атауға болады. Өнері. Ирак территориясынан б.з.б. 4-мыңжылдыққа жататын мәдениет пен өнердің көне ескерткіштері табылған. Ежелгі өркениет орталықтарының бірі — вавилон-ассирия мәдениетінің (Вавилон, Ур, Ниневия, т.б.), Парфян патшалығы (Хатра), Сасани әулеті өнерінің (Ктесифон) көптеген мұралары ашылды. И. араб мәдениетінің қалыптасуында елеулі рөл атқарды. 7 ғ-да Куфа, Басра, 8 ғ-да Уасит, 762 ж. Мадинат ас-Салам (қазіргі Бағдад) қ-лары салына бастады. Аббас әулеті халифатының гүлдену дәуірінде Самаррада күрделі сарайлар ансамблі, зәулім мұнаралы мешіттер, кесенелер тұрғызылды. 12 — 13 ғ-ларда Бағдадта Мустансирия медресесінің кешені, Мосулда Жами әл-Кабирдің үлкен мешіті, т.б. салынды. 13 — 15 ғ-лардағы Шыңғыс хан империясы шапқыншылығынан кейін құрылыс салу ісі тоқырады. 20 ғ-ға дейін тұрғын үйлер салу ісі дәстүрлі жобамен жүргізіліп келді. 20 ғ-дағы ұлт-азаттық қозғалыс пен 1958 жылғы көтеріліс жаңа сипаттағы архитектураның дамуына жағдай жасады. Аббас әулеті дәуіріндегі Ирак бейнелеу өнері қабырғаға, ағашқа ойып салынған бейнелер мен бедерлер арқылы белгілі. 12 — 13 ғ-ларда Бағдад пен Солтүстік Иракта кітап көркемдеу ісі дами бастады. Орта ғасырларда тұрмыстық бұйымдарды оймыштап, өрнектеп жасау кең өріс алды. И-та кескіндеме (Абд әл-Кадер Рассам, т.б.) 20 ғ-да пайда болды. Ирак музыка мәдениетіне ежелгі араб өркениеті негіз болды, ол араб музыкасының бір тармағына айналды, музыка аспаптары: уд, рабаб, гиджак, канун, най, дуфф, т.б. И-тың халықтық және кәсіби музыкасы сан алуан мақамдармен сипатталады. Халық әндерінің арасындағы кең тарағаны — атаба (шағым) ән жанры. Ирактың муз. өмірінің орт. — Бағдад. Бағдад радиосының жанында Шығыс муз. оркестрі, хор және әншілер тобы жұмыс істейді. 1971 ж. Ұлттық симф. оркестр құрылды. Музыкалық мамандары Әсем өнер академиясында (1940) тәрбиеленеді. 20 ғ-дың 20-жылдарының аяғында кәсіби театр құру жолындағы алғашқы қадамдар жасалды. 1929 ж. орта мектеп оқушылары Бағдадта Ирак ұлттық театрының труппасын құрды, ансамбль ұйымдастырды. 1935 ж. осындай үлгіде студенттер мен қызметкерлер құрған труппалар Бағдадта, Басрада, Мосулда жұмыс істей бастады. Бағдадта Әсем өнер академиясы маман актерлер даярлап шығарады. Артистер академия ұйымдастыратын концерттерде және радио, телевизия арқылы өнер көрсетеді. Ел арасында халық аспаптарының сүйемелдеуімен эпикалық поэмалар мен өлеңдерді мақамдап орындаушылардың өнері зор табыспен өтеді. Ирак кинематографиясы 20 ғ-дың 40-жылдарының орта шенінен дами бастады. Осы жылдары “Шығыс балалары”, “Ләйлі Иракта”, “Әлия мен Иссам”, т.б. фильмдер қойылды. 20 ғ-дың 50-жылдары кедейлер өмірін көрсетуге арналған фильмдер шығарылды. Елде кино мен театр жұмыс істейді (1959 жылдан). Моңғолия. Моңғолия (монг. Монгол Улс, Моңғол елі) — елі Орталық Азияның шығыс бөлігінде орналасқан. Солтүстігі Ресей Федерациясымен, ал оңтүстігі, шығысы, батысы Қытай Халық Республикасымен шекарласады. Моңғолия бұл екі елдің ортасында орналасқаны мен оның батыс нүктесі Қазақстан Республикасының шығыс нүктесіне өте жақын жерде (18 км) орналасқан. Моңғолияның мұхитқа шығысы жоқ. Жер көлемі — 1 564 116 км². Жер көлемінің үлкендігі бойнша әлемде 19-ші орында. Астанасы - Ұлаанбаатар қаласы. Халық саны: 2 736 800. Мемлекеттік тілі - монғол тілі, жазуы кириллица. Монғол тілінде халықтың 95 % сөйлейді. Орта мектепте кирилицадан басқа ескі монғол жазуын оқытылады. Қазақтар көп тұратын Баян-Өлгий аймғында қазақ тілі оқытылады. Тарихы. 1,000 төгрөгі, Шынғыс хан сурет пен Бүкіл Моңғолияның тарихы, осы жерде көшпенділер тұрды. Ең бірінші – хуннлар, өз мемлекет істеп, Қытаймен (Син династиясы) соғысу бастады. Қытайдын қолбасшы маршал Менг Тиан өз елін қорғау Ұлы Қытай Дуал жасаді. Хуннлар кейнгі осы жерде түркілер өздің империясы жасады. 12 гасырда Моңғол жерде бір мемлекет болған жоқ. Осыда көп араздық ұлыстар болды. Қолбасшы Тимучин бүкіл ұлыстар бір елге бірлесіп Моңғол Империясы жариялды. 1206 ж. ол Шыңғыс Хан (Үлы хан) аты алып, басқыншылық соғыстар бастайды. Оның Империясы бүкіл Азия және жарты Еуропада орналасті. Шыңғыс Хан өлгенде ол өз империясы балаларға берілді. Шынғыс ханың немере Кублай Хан, империяның елордасы Пекин қалаға тасымалдады. 1368 ж. Қытайдын Минг Династиясы төңкеріс жасап моңғоллар өз жерден қуып жібереді. Осыдан бастап Монғолия қытайдың отар болды. 1911 ж. Цин Империясы бұзылды, соңдықтан Монғолия өз тәуелсіз жариялды. Бірақ Қытай қолбасшылар Моңголияға өз әскерлер кіргізіп, осы жер екі аймаққа бөлуді (Сыртқы Моңғолия және Ішкі Моңғолстан). 1917 ж. Ресей империясының азамат соғысы басталды, және көп «ақ әскерлер» Сібір және Қытай жерге қашты. Бір сондай әскер, - Барон Унгерн өз сарбазлармен Сыртқы Моңғолияға кіріп, Урга қаласы (қазіргі Ұлаанбаатар) басып алды. Ресей қызыл Армиясы моңғолияның коммунистік қолбасшы Сухэ-Батор қолданды, ол Унгерның әскерлер жеңісіп, Сыртқы Моңғолияның жерде - Моңғол Халық Республиқасы жариялды. Бүгінгі Моңғолия – парламенттік республикасы. Елдің парламент – Ұлы Хурал деп аталады. Географиясы. 1,564,116 км² жер көлемі бойнша Моңғолия Ираннан кейін әлемде 19- орынға кіреді. Моңғолияның оңтүстігі Говь шөлі, солтүстігі және батысы суықтау келетін таулы өлкеде орналасқан. Моңғолияның орталық бөлігі жазық болып келеді. Ең биік шыңы Моңғол Алтай таван богд тауының Хүйтэн шыңы теңіз денгейінен 4,374 метр биік болып келеді. Моңғолия континенталдық климаты. Жазда ыстық болғанымен қыста суық болады. Қыста орташа температура -30 °C болады. Ұлаанбаатар қаласы әлемдегі ең суық астана болып саналады. Таулы өлке көп болғандықтан жел көп соғады. Жылында орта есеппен 257 күнді тәулік болады. Жауын шашын мөлшері шығыс бөлігінде орташа есеппен 200-350 мм, оңтүстүкте 100-200 мм. Оңтүстіктін ең шеткей өлкесінде Говь шөлінде кей жылдары жауын шашын мүлде болмайды. Тәбиғат белдеулері. Моңғолияның солтүстігінен оңтүстігіне қарай келесі меридиандық табиғат белдеулері кездеседі: орманды дала,дала, шөлейт, шөл. Орманды белдеуде таулы орманды және тайга белдеуі кездеседі. Табиғы белдеулерді орналасуына байланысты Хангай, Хэнтий, Алтай таулы, Дорнодтың далалық, Говь шөлдік деп төрт белдеуге бөлінеді. Топырағы. Моңғолияда күрен, қара күрен, ашық күрен, қара топырақ, шөлдік қоңыр, батпақты, тұзды сияқты көптеген топырақ түрлері кездеседі. Бұлардың ішінен құнарлы топырақ олардың 5 % құрайды. Жер көлемінің 0,76% егін шаруашылығына ыңғайлы. Суармалы жер көлемі 840 км². Суы. Моңғолияда 67000 км ұзын 3811 өзен бұлақ, 500 км³ ауданы бар 3500 жуық көл 7000 жуық көлшік, 540 км² ауданы бар 190 жуық мұздық, 250 жуық арасан бар. Жер асты суларының 139 жуық көзі бар. Моңғолияның ең ұзын өзені Орхон. Ұзындығы 1124 км, ауданы 133000 км². Ең үлкен көлі Увс көлі (3350 км²), ең терен көлі Хөвсгөл көлі (262.4 м). Экономикасы. Моңғолияның экономикасы негізінен ауылшаруашылғы және таукең өнеркәсібіне тәуелді. Табиғи байлық түрлері көп кездеседі. Мыс, молибиден, аққалай, көмір, вольфрам, мырыш рудасы, темір рудасы және алтын өндеу ел экономикасында маңызды орын алады. Ауылдағы адамдардың негізгі кәсібі малшаруашылығы болып келеді.Орта есеппен әрбір адамға 12 бас мал келеді. Егіншаруашылғында бидай, арпа, көкөніс, және малазығын егумен айналысады. 2008 жылғы есеп бойынша ІЖӨ нің көлемі 9,48 млрд долларды құраған. Жан басына шаққадағы көрсеткіш 3200 доллар. Жұмыссыздар саны орта есеппен халық санының 2,8 % (2008). Негізі экспорт өнімдері (2,5 млрд долл. 2008 ж): Мыс, молибиден, көмір, мырыш рудасы, темір рудасы, шикі мұнай, мал өнімдері, былғары, текстиль. Негзігі экспорттерлері алушылары: ҚХР (76 %), Канада (9 %), Ресей (3 %). Импорт өнімдері: (3,6 млрд долл. 2008 ж): жанар жағар май, машина техника, автомобиль, азық түлік, құрлыс материалдары, қант, өндрістік және күнделікті қолданыстағы товарлар, чай т.б. Негізгі импорттерлері: Ресей (35 %), ҚХР (29 %), Жапония (8 %). Әскер. Қарулы күштегі адам саны 8,6 мың. Әскерге 18-25 жас аралығындағы жігіттер шақырылады. Әскер мінетін атқару уақыты 12 ай. Қарулы күштің резерві - 137 мың адам. Қарулы күштің басштабының бастығы генерал-лейтенант Цэрэндэжидийн Бямбажав (2009 ж бастап). 2002жылдан бастап Моңғолия әскер күші БҰҰ және басқадай халықаралық ұйымдармен бірге Сьерра-Леоне, Ирак, Этиоп, Эритрей, Батыс Сахара, Либери, Чадад,Афганстан бейбітшілік миссияларына қатысуда. Бұл уақыт аралығында бұл миссияларға 3200 дей әскер қатысқан олардың 1800 БҰҰ мандаты бойынша 1400 харықаралық мандат бойынша өз міндеттерін атқаруда. Афганстанда Моңғол әскерлері Афганстан Ұлттық Қарулы Күшін құруда НАТО әскерлеріне бірге көмек көрсетуде. Казіргі таңда Моңғолия бітімгерлері Сьерра-Леоне, Ирак, Этиоп, Эритрей, Батыс Сахара, Либери елдерінде қызымет атқаруда. Ирактығы бейбітшілкі миссиясы кезінде моңғол әскерлері польша әскерлерімен бірге Ирактың оңтүстігінде Кэмп-Эхо базасының қауыпсіздігін қамтамас етті. 2005- 2006 жылдарда Моңғолия әскерлері Косоводағы Бельгия әскери тобында қызымет атқарды. Протерозой. Протерозой (— алғашқы, аға, — тірлік) — прекембрийді құрайтын үш бөлімшенің (1. хадей немесе приской, 2. архей, 3. протерозой) соңғысы (осыдан шамамен 2500—542 млн жыл бұрын). Архей. Архей (археозой) — прекембрийдің үш бөлімшесінің ортаңғысы (осыдан 4-2,5 млрд ж. бұрын). Қазіргі кезде архей ресми түрде эон болып табылады. Архей — архей эрасы және архей тобы ұғымдарының қысқаша аталуы. Грек тілінде archаіos деген сөз ежелгі деген мағынаны білдіреді. Архей – Жердің геологиялық даму тарихындағы ең ежелгі эра болып табылады. Радиометрлік зерттеулер Архей эрасына қатысты тау жыныстары осыдан шамамен 3,6 – 4 млрд. жыл бұрын қалыптаса бастағандығын көрсетеді. Бұл эраның жоғарғы деңгейі, яғни оның протерозой эрасына ауысу уақыты шамамен 2,6 – 2,8 млрд. жыл бұрын өткен. Архейде қалыптасқан тау жыныстары негізінен метаморфтық өзгерістерге ұшыраған тау жыныстарынан: гнейстен, кристалды тақтатастан, сирек жағдайда амфиболиттен, мәрмәрдан және кварциттен тұрады. Органикалық қалдықтар кездеспейді, бірақ олардың құрамында графиттің ұшырасып қалуы архей эрасында да тіршілік нышаны болғандығын білдіреді. Архейде түзілген тау жыныстары көптеген көне геологиялық құрылымдардың негізін қалайды. Олардың арасында маңызды кендер кездеседі. Хадей. Хадей (Азой, Катархей, Приской) — Жер тарихындағы бір эонның бейресми атауы. Хадей Жердің құрылған уақытынан басталып архейдің басталған кезіне дейін созылады. Бор кезеңі. Бор кезеңі – мезозой заманына кіретін үш кезеңнің үшіншісі. 145,5 млн. жыл бұрын басталып 65,5 млн. жыл бұрын аяқталған. Бор кезеңі Англияның Дувр қаласы маңындағы (Ақ Жартас) деген жерде бордың жинақталуымен және көптеген омыртқалы мен омыртқасыздардың, оның ішінде динозаур, мозазаур, ихтиозаур және плезиозаурлардың жаппай қырылуымен белгіленеді. Соңғы деректер бойынша шамамен 93 млн жыл бұрын жанартау белсенділігі қазіргі деңгейден 300—500 есе көбейген. Жанартау қарқындылығы көбінесе қазіргі Кариб теңізінде болған. Атмосфераға көмір қышқылды газ көп мөлшерімен түскен, ал оттегі азайып әкті қабықшасы бар фораменифера деген бір жасушалы жәндіктер жаппай қырылған. Бұлардың сүлделері бор болып жетілді. a> a few kilometers in diameter can release as much energy as the detonation of several million nuclear weapons. Кейбір геологтар тұжырымы бойынша қазіргі Мексикан теңізі жеріне 65,5 ± 0.3 млн жыл бұрын үлкен астероид құлап теңіз айшанағын жаратқан да жанаратауларды оятқан. Осының әсерінен мезозой жәндіктері қырылып кайнозойға жол ашқан. Бұл уақытты және қатысты геологиялық саты арасын "бор-үштік шегі" (, сонда "K" — бор кезеңінің қысқартпасы, "T" — үштік кезеңі, "boundary" — шек) деп атайды. Жапония. Жапония ()- Шығыс Азияда орналасқан аралды мемлекет. Азияның Тынық мұхитқа тірелетін жағалауының шығыс жағындағы аралдарда табылады. Батысында Жапон теңізі арқылы ҚХР, Корея және Ресеймен, солтүстігінде - Охотск теңізімен, оңтүстігінде - Шығыс Қытай теңізі арқылы Тайуанмен шектеседі. Ел атауын құрайтын екі иероглифтің мағынасы "күн" және "қайнар, негіз" деген мағынаны білдіргесін, Жапонияны кейде "күн шығыс елі" деп те атайды. Жапондықтар болса, өз елін – Ниппон не Нихон дейді. Елдің туында - күннің көзі бейнеленген, ал ел таңбасында алтын хризантема – күннің символы – бейнеленген. Азия елдері ішінде орта ғасырлардағы жойқын жорықтардан, және одан кейінгі отаршылық тәуелдіктен аман қалған жалғыз екі елдің бірі - Жапония болады. 19 ғ. Жапония өнеркәсібі қауырт өркендей бастады. Жағрапиясы. Жапон аралдары солтүстіктен оңтүстікке қарай ұзыннан-ұзақ созылып жатыр. Жапонияның солтүстігінде, әсіресе Хоккайдо аралында, қар қалың түсіп, қысы едәуір суық болады, ал оңтүстігінің, Рюкю аралдарының ауа райы тропиқалық климатқа жақын. Жапония – негізінен жылы әрі күн шуақты ел, алайда оның климаты әжептәуір ылғалды болып келеді. Жапон аралдарының бүкіл ауданының алтындан бес бөлігіне жуығын қалың орманды, жартасты таулар алып жатыр. Ең биік тауы – Фудзи тауы. Ол – сөнген жанартау. Фудзиді жапондар киелі тау деп есептейді. Жапонияда толып жатқан сөнбеген жанартаулар, көптеген шипалы арасандар (ыстық бұлақтар) бар. Мұнда жер сілкіну жиі болып тұрады. Жапония халқы негізінен теңіз жағалауын бойлай созылып жатқан құнарлы жазық алаптарда тұрады. Күріш алқаптарын, жеміс бақтары мен шай плантацияларын жыл сайын ұлғайып өсіп бара жатқан ірі қалалар ығыстырып, егістік жер тарыла түсуде. Жапондардың салттары. Жапондардың тұрмыс-тіршілігінде басқа бір мәдениетке ұқсамайтын өзіндік салты мол сақталған. Жапон үйлерінде жиһаз аз болады, еденіне күріш сабанынан тоқылған төсеніш - татами - төселеді. Жапондықтар аяқ киімдерін босағаға тастап, үйде шұлықпен немесе жалаңаяқ жүреді. Тамақтанатын әрі ұйықтайтын жері – еден. Сондықтан еденді әрқашан айнадай таза ұстайды. Жапон өнері де, әсіресе кескіндеме өнері мен қуыршақ театры өзіндік ерекшеліктерге бай. Жапондар – сәнді гүл шоғын өте шебер жасайтын халық. Олардың дзю-до, каратэ, сумо күресі секілді ұлттық спорт түрлері бүгінде бүкіл дүние жүзіне белгілі. Жапонияда императордың билігі конституция арқылы шектелген: император - тек мемлекеттік символ боп табылады. Жапония Ұлыбритания сияқты – Конституциялық монархия болады. Жапония қалалары. Жапония халқының бестен төрт бөлігі қалаларда тұрады. Кеме тоқтайтын айлағы мен зауыттары самсаған қалалар жағаны бойлай бір-бірімен иін тіресе созылып жатыр. Қала шетінде суға бөккен көк күріш алқабы жайқалады. Жапонияның ішкерірек аумақтарында, таулы аймақтары мен автомобиль магистральдары бойынан будда ғибадатханаларын, сондай-ақ хауызы мен нақышты тас қондырғылары бар шағын саябақтарды, сұлтан қамалдарын, шаруалардың сабанмен жабылған шошақ төбе ескі үйлерін көруге болады. Қазақстан мен Жапония арасындағы экономика­лық ынтымақтастық. Соңғы төрт-бес жыл бедерінде екі елдің өзара сауда-эко­номикалық қатынастары еселеп арта түскен. 2005 жылы Қазақстан мен Жапония ара­сындағы тауар айналымы 736,1 миллион долларды құраса, 2006 жылдың жарты жылында ол 439,2 миллион долларға жетіп отыр. Мұны өткен жылдың аталған мерзімімен салыстырғанда 21 пайызға артқандығын көруге болады. Ал Қазақстан Жапония рыногына негізінен ферроқорытпа, болат, титан, жерасты сирек металдарын экспорттаса, бұл ел бізге автокөліктер мен олардың бөлшектерін, сондай-ақ электр жабдықтары мен тұрмыстық техникаларды импорттап келеді. Біраз жылдардан бері Жапонияның халықаралық ынтымақтастық банкі Қазақстанда несие беру арқылы бірқатар жобаларды жүзеге асыра бастады. Олардың ішінде темір жол көлігінің тасымал қуатын арттыруға, Ертіс өзені үстінен көпір құрылысын салуға, Астанадағы халықаралық әуежайды қайта жөндеуден өткізуге, Батыс Қазақстанда көлік жолдары жүйесін дамытуға, Атыраудағы мұнай өңдеу зауытын күрделі жөндеуден өткізуге арналған жобалар бар. Бүгінде солардың бірқатары жүзеге асырылды да. Қазақстан мен Жапония арасындағы өзара ынтымақтастықтың жаңа сатыға көтеріліп, байланыстардың орныға бастауына 1994 жылдың сәуірінде және 1999 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың осы елге жасаған ресми сапарлары негіз қалағанын атап өткен жөн. Екі мемлекеттің гуманитарлық саладағы ынтымақтастығы да уақыт өткен сайын жақсарып келеді. Оған Қазақстан басшысының Токиоға жасаған алғашқы сапары барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың Жапонияның сол кездегі Премьер-Министрі М.Хосокаваға соғыс жылдарында Қазақстан аумағында әскери тұтқында болып, қайтыс болғандардың тізімі бар “Естелік кітапты” табыс еткені дәлел болмақ. Прекембрий. Прекембрий — фанерозой алдындағы хадей, архей, протерозой деген үш эонды сипаттайтын қазіргі кезде бейресми түрде ғана қолданылатын атау. Бұл ең ұзақ геологиялық уақыт Жер қабығы қатайған кезінен басталып 542 млн. жыл бұрын кембрий кезеңі басталған кезде аяқталады. Геологиялық уақыттың осы кезеңге жататын тау жыныстары әдетте өзгерген және олардың ішінде қатты бөліктері немесе қаңқалары бар аз ғана қазбалар табылып жүр. Прекембрий тау жыныстары солтүстік Канада және Балтық теңіз қалқанды өңірлерінде жер бетіне көптеп шығады. Триас кезеңі. Триас — мезозой заманын құрайтын үш кезеңнің ең көнесі--92.47.64.170 15:24, 2009 ж. маусымның 4 (ALMT)(251-199,6 млн жыл). Жоғарғы палеозойдағы тіршілік иелерінің жаппай қырылуы нәтижесінде, триаста көптеген жаңа фауна мен флора элементтері дүниеге келді. Олардың ішінде аммониттер (Ammonoidea), осы күнгі коралдар, әр-түрлі моллюскілер (Mollusca), динозаурлар және кейбір жалаңұрықтылар (Gymnospermae) болған. Мысыр. Мысыр (көне мысырша:; коптша: — "Kīmi"; — "Mir"; масрише:), ресми түрде Мысыр Араб Республикасы, Египет Араб Республикасы – Африка құрылығының солтүстік-шығысын және Азиядағы Синай түбегін алып жатыр. Жағрапиясы. Бүгінгі Мысыр – Африканың солтүстік-шығысында орналасқан ірі араб елі. Оның аумағының бір бөлігі - Синай түбегі - Азияда жатыр. Екі құрылықтың арасындағы шекара Суэц каналының бойымен өтеді. Мысырдың миллион текше километрден асатын аумағының 96% - бұл сирек кездесетін шұрайлы жерлерден тұратын шөлді дала, ал шөлді даланың аумақты бөлігі –құмды емес, таулы болып келеді. Қалған бөлігінде 70-миллиондық тұрғыны бар елдің 9 пайызды әлі күнге дейін өмір сүріп жатқан Нілдің алқабы мен атырауы. Тіпті ежелгі грек тарихшысы Геродот «Египет – Нілдің сыйы» деп айтқан болатын. Ұлы өзеннің арнасы мың жарым километрге созылып, оңтүстіктен, Суданмен жалғасып жатқан шекарасынан солтүстікке, Жерорта теңізінің жағалауына дейін, шығыс Аравия шөлейтін Батыс Ливия шөлейтінен бөліп жатыр. Нілдің бойындағы «тіршілік жолағының» арнауы оңтүстігінде бір километрден Каир ауданына дейін 20-25 километрге дейін жетеді. Шөлейт жерлерінің өзі: құм, құм төбелер, көшпенділердің тілдерінде ғана атауы түсінікті – сарыдан, қою сары секілді күлгін түске дейінгі небір түстердің түрлері аса бір әсерде қалдырады. Тарихы. Египет – ең байырғы елдердің бірі. Оның 5 мын жылға тарта тарихы бар. Ежелгі Египет мәдениеті жайында перғауын патшалардың сағанасы алып пирамидалар, ғажайып ғибадатханалар мен тас бетіндегі муреттер сыр шертеді. Елдің халқы түгелге дерлік ежелден Африкадағы кәрі Ніл өзені бойына шоғырлынған. Ніл аңғарында дүниедегі ең сапалы мақта өсіріледі. Бұл – Египеттің негізі байлығы. 7 ғасырда Египетте арабтар жаулап алды. Мұнда араб тілімен бірге өз діндерін – исламды таратты. Египет 1952 жылғы революциядан кейін ғана шын мәніндегі ерікті мемлекетке айналды. Оған дейін көп жыл бойы Ұлыбритания үкіметі қол астында еді. Республикада 1952 жылғы революциядан соң көптеген зауод, фабрикалар салынды. Египет Израильмен тарпынан талай шабуылға ұшырады. 1967 ж. Израиль Египеттің Синай түбегін басып алды. Египет халқы Израиль тартып алған Синай түбегін, басқа да араб жерлерін азат ету үшін қүресуде. 1974 ж. Египет халқы Суэц каналының шығыс жағасындағы Израиль әскерлерін кетуге мәжбүр етті. Канал бойымен Еуропа мен Америкадан Азия және Шығыс Африкаға кеме жолы ашылады. Экономикасы. Барлық еңбекке жарамды тұрғындардың 30% ауыл шаруашылығымен айналысады. Өнеркәсіпте тоқыма фабрикалары мен азық-түлік өндіру жөніндегі кәсіпорындарының маңызы зор. Хелундағы орзан зор металлургиялық комбинаттын өздерінің мол жерасты қазба байлықтары шикізатпен қамтамасыз етеді. Электр энергиясын ең алдымен Асуан гидростансасы береді. Табиғи газдың ірі жерасты қоры бар. 1979 жылдан шетел капиталдарының құйылуы анағұрлым өсті. Елдің барлық аудандарын бірімен-бірін жалғастырып жатқан жол құрылысы кеңейді, мектептер, емханалар салынды, сымтетік байланысы жаңартылып, кеңейді. Мысырдық фунт тұрақты валютаға айналды.Туризм индустриясы қарқынды дамуда - ондаған жаңа қонақ үйлер бой көтерді, Қызыл теңізде жаңа курорт орталықтары құрылды, көптеген ежелгі ескерткіштер қалпына келтірілді. Табиғаты. Ніл алқабында Мысырдың бай өлкесі мен атырауында жердің әрбір текше метрі барынша пайдаланылады. Мұнда бидай, арпа, қарақұмық, күріш, жүгері, мақта, қант құрағы, көкөністер, зәйтүн мен дәмдеуіштер өсіріледі. Орман, тоғайлар мүлдем жоқ, бірақ та Нілдің жағалауында құрма пальмалары өседі. Жеміс ағаштары, банан плантациялары мен жүзімдер Нілдің шұраттары мен атырауында өздерін өте тамаша сезінеді. Жерорталық жағалауларда негізінен пальма тығыз өскен жағажайлар, Синай түбегінде – көлденеңінен кесілген жатқалдар, барлық түске боялған тау реңжердері көз тартады. Шөлейттің ортасында шоқ тоғайлары мол өскен шұраттар, плантациялар мен мол өнімді дәнді дақылды егістіктері бар жасыл аралдар. Мемлекеттік құрылымы. Мысыр Араб Республикасының Басы және оның қарулы күштерінің жоғарғы бас билеушісі президент, “раис” деп аталады. Бұл лауазымды Хосни Мүбарак атқарады. Парламенттің бес жылға сайланған 448 депутаты (тағы 10 президент сайлайды) бірдей үлесте шаруалар мен жұмысшылардың атынан сайланғандар. Билік етуші Хосни Мүбарак төрағалық ететін Ұлттық-демократиялық партия. Шураның (Парламенттің жоғарғы палатасы) 210 мүшесі кеңесу функциясын атқарады, олардың ішіндегі 57-ін мемлекет басшысы тағайындайды. 1971 жылғы Конституция – ислам мемлекеттік дін деп жариялады. Аймақтардың губернаторлары мен үлкен қалалардың әкімдерін зор өкілеттілік пен жауапкершілік тақты. Халқы. Бүгінгі күні Египеттің тұрғындары 70,5 млн.адамнан асады және жыл сайын 1,3 млн. өсіп отырады. Каирда қазір 17 млн. адам өмір сүріп жатыр, бұл дегеніміз 50-ші жылдардағы барлық елдің тұрғындарының саны. Ежелгі египеттіктердің арабтанған ұрпақтары тұрғындардың 99% құрайды. Этникалық азшылықты нубийлықтар, сонымен қатар бедуиндер және өзге де көшпелі тайпалар құрайды. Тұрғындардың 80% - шаруалар (феллахтар) Тілі. Египтегі өзара сөйлесу тілі араб тілінің бір диалектасы, ресми тілі – “жоғары” араб тілі деп аталатын тіл. Арабтар оңнан солға қарай жазады.. Бірақ сандары солдан оңға қарай жазылып, оқылады. Египетте ағылшын тілі білімі өте көмектеседі. Қалалар мен курорттық орталықтарда тұратын көптеген арабтар ағылшын тілінде тілдесе алады; жол көрсеткіштерінде және көше атауларында жие-жие ағылшын және латын шрифтері пайдаланылады. Тұрмыс салттары мен ғұрыптары. Мысыр– төтенше қонақжай ел. Қонақтарын қашанда ашық көңілмен қарсы алады. Сіздің жанұяңыз, жұмысыңыз, Мысырдан алған әсеріңіз туралы қызықтап сұрайды. Ең болмаса бір шыны шәй ішіп кетіңіз деп, ақ көңілімен қонаққа шақырады. Мысырға миллиондаған саяхатшылар келген – олардың көптегені мұнда қайта-қайта келіп кеткен. Олардың ішіндегі ең танымалдары Нілдің бойындағы ғажайып елді сипаттаған жол жазбаларын қалдырған: математик Еуклид, географ Страбон, жазушылар Гюстав Флобер және Агата Кристи, Лоренс Даррелл және Э.М. Форстер. Тіпті жаугершілер де бұл елдің сұлулығына жәйбірақат қала алмаған. Ұлы Александр оған Александрияны сыйлаған; Наполеон, оның археологтары Ежелгі Египетті ашқан, бір сапарында әскерлеріне қарап, толқи тұра: «Солдаттар, мына пирамидалардың биіктігінен сендерге қырық ғасыр қарап тұр!» деген сөздер айтқан. Мұсылмандар діні египеттіктердің өмірінің ырғағын анықтайды. Бұл таза сыртқы белгіден айқын көрінеді: мысалы күніне бес рет муэдзин дауыс күшейткіштен дінге сенушілерді намазға шақырады.. Ал рамазан айында түн күнге айналады. Күні бойы мұсылмандар ораза тұтып, күн батқаннан кейін ғана ауыз ашады. Бұл уақытта қоғамдық өмір тұрып қалады, мемлкеттік мекемелер тек 10.00-нан 14.00-ге дейін жұмыс жасайды. Саяхатшы, әрине, мысырдықтардың, алдымен ауылдық жерлерде айқын көрінетін, бірақ та қала өміріне де бөтен емес ұлттық киімінің ерекшеліктеріне назар аударады. Мысырдықтар кең пішілген жейделер киеді, жәй адамдар әдетте ақ түсті таңдайды, ал әйелдер әр түрлі түстегі элементтермен әрлендіреген, қара түсте киінеді, арасында әшекеймен немесе шілтермен безендіреді. Көптеген әйелдер мұсылмандық құндылықтарға бет бұра күйеулерінің немесе жанұясының дегенімен хигаб – бетті жаппай, тек шашты жауып тұратын паранжының бір түрін, және ұзын кең көйлек – галабей киеді. Дін. Мысыр Респуликасының діні - Ислам. Олар: 90% - Сүнни мұсылманлар, 5-6% суфи және 3-4% шиға. Басқа ең үлкен діні - мәсіхшілік, бүкіл елде 16% осы дініге кіреді. Олардың көпшілігі Александрияның Копттік Православ Шіркеу мүшелер. Басқа да шіркеулер - Копттік Католик және Копттік Евангелик (Протестанттар). Копт христиандары. «Копт» сөзі арабтың «купт» сөзінен, ал оның өзі гректің «эгиптос» сөзінен шыққан. Бірақ түп тамыры одан да тереңіректе ежелгіегипеттік "Ха-Ка-Птах" сөзінен таралуы да мүмкін. Коптар Ніл алқабын мекендеген алғашқы египеттік христиандардың ұрпақтарымыз деп санайды. Египтегі христианшылдықтың пайда болған жері Александрия, бұл жерден ол елдің ішінде екі негізбен: анахореттік және монаштық қоғамдастық ретінде тарады. Коптар Иисус Христосқа екі – тәңірлік және адамдық табиғат емес, тек бір ғана тәңірлік табиғат қана тән деген сенімді ұстады. Әлемдік Халкидон Соборы 451 ж. монофизиттікті қате ілім деп айыптағаннан кейін, Египеттегі копт шіркеуі ортодоксалды христиан шіркеуінен ажырады. Мысырды 641 жылы арабтар жаулап алғанға дейін бірнеше ғасырлар бойы христиан елі болып келді. Енді коптар Египеттің 68-миллиондық тұрғындарының ішіндегі шамамен 5-7 млн. деп саналады. Олар мұсылмандармен қатиар өмір сүреді, тіпті кейбір уақытта шіркеудің қоңыраулықтары мешіттердің мұнараларымен көрші орналастырылған. Копт шіркеуінің басында патриарх тұр, қазіргі уақытта Шенуда ІІІ, резиденциясы Александрияда. Коптар ұқыпты сыйынады және пост (еттен және сүт тағамдарынан бас тартады) ұстайды. Олардың литургиясы православ ғұрыптарына жақынырақ. Әкімшілік құрылысы. Мысыр Республикасы 29 аймаққа бөлінеді (арабша: "muhafazat"). Ал оларда ауданларға ("markaz'лар") бөлінеді. Юра кезеңі. Large dinosaurs were dominant during the Jurassic Period. Юра кезеңі — мезозой заманын құрайтын үш кезеңнің бірі. Триас пен бор арасында орналасқан юра кезеңі осыдан 199,6 млн жылдан 145,5 млн жылға дейін созылады. Ең кең тараған тау жыныстары саз балшық, ізбесті құмдақ және әктас болып, юра кезеңі 11 ярусқа бөлінеді (геттанг, синемюр, плинсбах, тоар, аален, байос, бат, келловей, оксфорд, киммеридж, титон). Көптеген басқа омыртқасыздармен бірге брахиоподтар, қосқақпалылар және аммониттер кең тараған. Юра кезеңінде рептилиялар жер мен суда көп кездесіп, сүтқоректілер саны аз, көбінесе түңгі өмір сүрген деп есептеледі. Алғаш құстар, оның ішінде археоптерикс, кеш юра кезінде пайда болған. Геохронология шәкілі. Геохронология шәкілі (Жер жылнамасы) – жалпы стратиграфиялық шәкілдің бірліктеріне тең келетін геохронологиялық бөлімшелердің иерархиялық жүйесі. Ордовик кезеңі. Ордовик — Ордовик деген көне келт тайпасының есімімен аталған палеозой заманын құрайтын алты кезеңнің екіншісі (488,3 — 443,7 млн жыл). Ордовик кембрийден кейін, силурдің алдында тұрады. Бұл кезең әр-түрлі жылдам дамыған граптолит пен енді пайда болған жақсыз балық түрлерімен ерекшеленеді. Фанерозой. Фанерозой – палеозой, мезозой және кайнозой замандарын қамтитын геологиялық эон. Шамамен 542 млн. жыл бұрын кембрий кезеңінің басында басталған. Қаңқасы минералданған жануарлардың қалдықтары бар шөгінді жинақтауларымен ерекшеленеді. Грек тіліндегі фанерос «көруге болатын» және зойон «жануар» деген сөздерден шықанына қарамастан, бұл термин қазіргі кезде «көруге болатын өмір» деген мағынада қолданылмай, әншейін кембрийдің аяғы дегенді білдіреді. Грекия. Гре́кия (), ресми аты Грекия Республикасы () — Еуропа оңтүстігінде, Балкан түбегінде орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Албаниямен, бұрынғы югославиялық Македония республикасымен және Болгариямен, солтүстік-шығысында — Түркиямен шектеседі. Шығысы мен оңтүстігін Эгей теңізі, батысын — Ион теңізі шайып жатыр. Осы елді мекендейтін юнандар (гректер) атымен аталған. Грекия, Грек Республикасы — Еуропаның оңтүстік-шығысында, Балқан түбегінің оңтүстігі мен соған шектесіп жатқан Ион, Жерорта және Эгей теңіздеріндегі ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Жер аумағы — 132,0 мың км2. Халқы — 10,5 млн. Астанасы — Афина қаласы (3,5 млн.). Тұрғындарының 95%-дан астамы гректер, қалғандары: түрік, албан, т.б. Ресми тілі — грек тілі. Халқының көпшілігі христиан дінінің православие тармағын ұстанады. Ел аумағы әкімшілік-аумақтық жағынан 51 номға бөлінеді. Үлкен қалалары: Салоники, Патрай, Ираклион, Волос. Ақша бірлігі — драхма. Мемлекет басшысы — президент. Заң шығарушы органы — бір палаталы парламент. 1975 ж. 11 маусымда қабылданған ел конституциясы бойынша, Грекия президент басқаратын парламенттік республика болып табылады (президентті парламент сайлайды). Ұлттық мерекесі — Тәуелсіздік күні (1821, 25 наурыз). Грекия жерінің басым бөлігі таулы-қыратты. Климаты жерортатеңіздік субэкваторлық. Қыс айларындағы орташа температура 4 — 11ӘС, ал жаз айларында 24 — 28ӘС. Өзендері шағын, суы аз. Жерінің 15%-ын орман алып жатыр. Жауын-шашын мөлшері 350 — 1500 мм аралығында. Алғашқы грек мемлекеттері біздің заманымыздан бұрынғы 3-мыңжылдықта пайда болды. 395 жылдан ежелгі Грекия жері Византия империясына бағынды. 15 ғасырдан бастап Осман сұлтандығына қосылды. 1821 — 29 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысынан және 1828 — 29 жылдардағы орыс-түрік соғысынан кейін Грекия 1830 ж. тәуелсіздікке қол жеткізді. 1-дүниежүзілік соғыс кезінде Антанта жағында болды. 1941 ж. елді Германия мен Италия әскерлері басып алды. 2-дүниежүзілік соғыс аяқталысымен елде азамат соғысы басталды (1946 — 49). Ол аяқталған соң, 1952 ж. Грекия НАТО-ға мүше болды. 1967 ж. үкімет билігі әскери хунтаның қолына көшті. 1974 ж. болған жалпыхалықтық ереуілден кейін, әскерилер биліктен кетіп, демократиялық институттар қалпына келтірілді, жаңа конституция қабылданды. 1992 ж. қараша айында Грекия Еуропалық одаққа толық мүше болып қабылданды. Грекия — орташа дамыған индустриальды-аграрлы мемлекет. Жан басына шаққанда жылдық орташа табыс мөлшері — 7100 доллар Ұсақ жекеменшік кәсіпорындар да көп. Экономикасының жетекші салалары: тамақ, химия, тау-кен, металлургия өнеркәсіптері және цемент шығару. Кейінгі жылдары электроника мен кейбір машина түрін жасау тез дамып келеді. Ауыл шаруашылығында, негізінен, жүзім, жеміс-жидек, зығыр, дәнді дақылдар өсіріледі. Бұған қоса сауда флоты мен туризм жақсы дамыған. Грекия — сауда флоты жағынан дүние жүзіндегі жетекші елдердің бірі. Елге жыл сайын 10 млн-нан аса туристер келіп, қазынаға 4 млрд. доллардан аса кіріс кіргізеді. Негізгі сауда серіктестері: Германия, Италия, АҚШ, Франция, Сауд Арабиясы. 1992 ж. 1 қазанда Қазақстанмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Батыс өркениеті бесігі болап танылған, тарихтағы алғашқы демократиялық мемлекет. 1981 жылдан бастап – ЕО, 1952-ден бастап — НАТО мүшесі. Мажарстан. Мажарстан - (мажарша: Magyarország) Eуропада oрналысқан ел. Жағрапиясы. Мажарстан Альпі, Карпат және Динар тауларының аралығында орналасқан. Жерінің тең жартысындайын Үлкен Орта Дунай ойпаты алып жатыр. Мажарстаның басты өзені - Дунай елді қақ ортасынан дерлік басып өтеді. Балатон атты үлкен де әдемі көлдің жағасында көптеген санаторийлер, қонақ үйлер, туристік орталар бар. Мажарстан (Венгрия) – Еуропаның орталығында, Австрия, Словакия, Украина, Румыния, Хорватия мемелекеттерімен шекаралас жатқан ел. Экономикасы. Венгрия, Хунгария, Мажар Республикасы – Еуропаның орталығында орналасқан мемлекет. Жер аумағы 93 мың км2. Халқы 10,1 млн. адам (2007). Астанасы – Будапешт. Халқының 90%-дан астамы венгрлер. Қалғандары неміс, серб, хорват, румын, еврей, т.б. халық өкілдері. Мемлекеттік тілі – венгр (мадьяр) тілі. Тұрғындарының басым көпшілігі католиктер (70%) және протестанттар (25%). Венгрия – парламенттік республика. Елді президент басқарады. Заң шығарушы органы – бір палаталы Мемлекеттік жиналыс. Атқарушы билікті Мемлекеттік жиналыс құрамындағы әр түрлі партия өкілдерінен құралған үкімет жүргізеді. Венгрия, негізінен, Орта Дунай жазығында орналасқан ел. Жерінің 60%-дан астам бөлігі – жазық, қалған бөлігі таулы қырат. Жазық жерлері ауыл шаруашылығына қолайлы, таулы аймақтары қалың орман. Мұнда дүние жүзіне әйгілі курортты аймақ – Балатон көлі орналасқан. Климаты қоңыржай. Қаңтар айындағы орташа температура –2 – 4ӘС, шілдеде 20 – 22ӘС. Жауын-шашын мөлшері 450 – 900 мм. Қазіргі Венгрия жерін біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықта сақтар және кельт, иллирий, фракия үндіеуропалық тайпалары қоныстанған. Кейінірек герман, ғұн, авар тайпалары ағылып келіп, осы жерден Батыс Рим империясына шабуылдар жасады. Бұл өңірде 430 ж. Аттила (Еділ) патша бастаған Батыс Ғұн мемлекеті құрылып, ол ыдырағаннан кейін Баян хан бастаған аварлар салтанат құрды. 895 ж. Арпад патшаның басшылығымен венгрлердің (мажарлар) жеті тайпасы көшіп келіп қоныстанды. Арпадтың шөбересі Геза христиан дінін қабылдап, еуропалық үлгідегі мемлекет құрды. Шыңғыс хан шапқыншылығы кезінде (1237 – 46) көптеген қыпшақ тайпалары Венгрияға келіп, қоныс теуіп қалды. 1301 ж. Арпад әулеті биліктен кетіп, өкімет басына Анжу әулеті келді. Олар 1335 ж. чех, поляк корольдерімен бірігіп, саяси-сауда одағын құрды. 1372 ж. Пешт қаласында университет ашылды. 16 ғасырдың бас кезіне елдегі бытыраңқылық салдарынан Венгрияның әлсіреуіне байланысты Осман сұлтандығы мұнда 1526 – 1686 жылдары өз биліктерін орнатты. Ел үш бөлікке: Шығыста Трансильвания князьдігіне, түріктер иеленген орталық бөлікке және Габсбургтер әулеті билеген Венгрия корольдігіне бөлініп кетті. 1683 ж. түріктер Вена қаласы түбінде жеңіліске ұшырағаннан кейін Венгрия Польша, Венеция мемлекеттерімен «Қасиетті одаққа» бірікті де, 1686 ж. елді азат етті. Бірақ билік басына Габсбургтер әулеті келді. 1867 жылдан бастап Венгрия дербес парламенті, конституциясы бар елге айналып, экономикалық жағынан тез дами бастады. 1-дүниежүзілік соғыстың аяқ кезінде, 1918 ж. күзде, елде өкімет басына Антантаны жақтаушылар келді. Бірақ Ресей түрмелерінен босап шыққан венгр әскери тұтқындары 1919 ж. көктемде Венгрияда уақытша Кеңес өкіметін құрды. Оны Хорти бастаған монархияшыл топ күшпен басып, король үкіметін қалпына келтірді. Жаңа үкімет 20 ғасырдың 30-жылдарынан бастап Германия мен Италияның ықпалында болды және 2-дүниежүзілік соғыс барысында Германияның одақтасына айналды. Соғыстан кейін Венгрия Кеңестер Одағының ықпал ету аймағында қалды да, өкімет басына коммунистер келді. 1956 ж. жиырма үшінші қазан күні тоталитарлық режим жойылып, көппартиялы жүйе қалпына келтірілді, үкімет Варшава шартынан шығатынын мәлімдеді. Төртінші қарашада Венгрияға Кеңес әскерлері басып кіріп, бұл үкіметті таратып жіберді, екі жүз мыңға жуық адам шет елге кетіп қалды. Шығыс Еуропадағы саяси өзгерістерге байланысты 1989 жылдың аяғында коммунистер билік басынан кетіп, ұлттық-демократиялық күштер билік басына келді. Еуропалық Одаққа (ЕО) ассоциацияланған мүше, ал 1999 ж. НАТО-ға мүше болып қабылданды. Венгрия орташа дамыған индустриялы-аграрлы мемлекет. Ұлттық табыстың әр адамға шаққанда орташа мөлшері 4300 АҚШ доллары шамасында. Экономикасының жетекші салалары: машина жасау, станок шығару, химия, дәрі-дәрмек, металлургия, жиһаз жасау, т.б. Ауыл шаруашылығы жақсы дамыған. Бидай, жүгері, қант қызылшасы, күнбағыс өсіріледі. Құс шаруашылығы мен шарап өндірісі жақсы өркендеген. Басты сауда серіктестері: Германия, Австрия, Италия, Франция, АҚШ, Ұлыбритания, ТМД елдері. Венгрия үкіметі 1991 ж. Қазақстанның тәуелсіздігін таныды. 1955 жылдан БҰҰ мүшесі. Көптеген халықаралық ұйымдардың, оның ішінде Еуропа Кеңесінің жұмысына қатысып келеді. Тарихы. Мажарстанның тұрғылықты халқы өздерін «Мадиярлармыз» деп айтады. Осы венгрлік мадиярлардың қазіргі мекендеп жатқан Еуропа аумағына ұлы даладан келгендігі жəне олар қайсібір заманда сонда көшіп-қонған халықтың бір бөлігі болғандығы жайында тарихи, мұрағаттық деректер мен аңыздар көп. Мажар аңыздарындағы ғұндарға байланысты оқиғалар мажарлардың шығыспен байланысы сонау ерте заманда басталғанын, Мажарлардың Азиядан Еуропаға 896 жылы қоныс аударғанын баяндайды. Мадиярлар Қазақстан мен Мажарстан. Қазақстанды өздерінің ата-жұрты деп санайды. ІХ ғасырда қыпшақ деген атпен белгілі болған халық моңғолдардың 1239 жылғы шапқыншылығынан Мажарстанға қоныс аударады. Көтен хан ІV Белаға елшілерін жіберіп, Мажарстанға халқымен көшіп баруға рұқсат сұрайды. Рұқсат алған соң, 1239-40 жылдары қол астындағы 40 мың (кейбір деректерде 60 мың) халқымен көшеді. Еркін көшіп-қонуға, ескі салттары бойынша өмір сүруге лайық аумақтарға, жазық далалы жерлерге қоныстанады. Түгелдей отырықшы болуларына жүз жыл кетеді, ал тілдері Иштван Мандоки Қоңырдың айтуынша, ХVІІ ғасырдың аяғына дейін сақталады. Күні бүгінге дейін Мажарстанда Дунай мен Тиса арасы – Кишкуншак (Кіші қыпшақ жері), шығысы Надькуншак (Ұлы қыпшақ) деген атауларға ие. Қарсақ қаласы – Ұлы Қыпшақ жерінің жүрегі. Мадиярлар мен қазақтардың туыстығы туралы алғашқы пікірлер ХІХ ғасырда жергілікті газет беттерінде жариялана бастайды. 1835 жылы Шамуель Брашшаидың «Қырғыз-қазақтар» атты еңбегі жарық көреді. Кейін де мадияр ғалымдарының қазақ еліне, жеріне байланысты еңбектері жарық көре бастайды. Солардың арасында Дьердь Алмашидің есімі көзге түседі. 1900 жылы Қазақ жеріне жасаған саяхаты нəтижесінде «Азия жүрегіне саяхатым» атты еңбегі жарық көреді. Кітабында Орта Азия халықтарының, соның ішінде қазақтардың өмірі, тұрмыс-салты, шаруашылығы, сауда-саттығы, əдет-ғұрпы, наным-сенімдері, қол өнері, ауыз əдебиеті туралы мол мағұлмат келтіреді. ХХ ғасырда белгілі венгр ғалымы, антрополог Тибор Тот өзінің ғылыми еңбектерінде екі елден шыққан мадияр руының қазақтар мен мадиярлар (венгр) арасындағы туыстық байланыстарды жан-жақты зерттеуді бастағанымен, бұл ғылыми мұрасын саяси себептерге орай жалғастыра алмайды. Ал, Андрош Биро мұны ғылыми дəрежеге көтереді. 2006 жылы Андроштың жетекшілігімен, Қостанай облысында қазақ-венгр бірлескен антропологиялық экспедициясы Торғай өңірінде тұратын қазақтардың мадияр руы өкілдері арасынан генеологиялық деректер, антропологиялық өлшемдер жасалады. ДНК үлгілері алынып, ғасырлар бойы өзгермейтін жəне генетикалық ақпаратты сақтайтын Ү хромосомдарына талдау жүргізіледі. Нəтижесінде венгрлік мадиярлар мен қазақтардың арасындағы туыстық қатынас толығымен дəлелденеді. Ал Иштван Мандоки Қоңыр «Кун тілінің Мажарстандағы ескерткіші» (1993) атты еңбегінде мажар тіліндегі кейбір сөздер мен қазақ тіліндегі сөздердің ұқсастығын келтіреді. Мысалы: арқан – arkany, ұнтақ – ontak, шолақ – csollak, қанжыға – kangyik, пышақ – bicska т.б. Латвия. Латвия — Солтүстік Еуропадағы ел. Қазақстанның Футбол Федерациясы. Қазақстанның Футбол Федерациясы () — Қазақстанда футбол додалары мен біріншіліктерін ұйымдастыратын мемлекеттік орган. Ол Қазақстан Премьер Лигасы және Қазақстан Кубогы сияқты додалар мен Қазақстан Ұлттық құрама командасы ойындарын ұйымдастырады. Алматыда орналасқан7 Атырау ФК. Атырау Футбол Клубы (Атырау ФК) — Қазақстан Премьер Лигасында, ойнайтын, Қазақстан футбол клубы. Атырау қаласының Мұнайшы стадионы клубтың базасы болып табылады. Клуб тарихы. КСРО чемпионатының 2-ші лигасының (7-ші зонасы) екі сезоніне қатысты: 1980 - 19-шы орын, 1981 - 18-ші орын. Сілтемелер. Атырау ФК Шинжәң Ұйғыр аутономиялық ауданы. Шинжәң Ұйғыр аутономиялық ауданы (өлкесі) (/ Shinjang Uyghur Aptonom Rayoni;. Қысқаша ШҰАР, Шинжәң;;; поштада: Sinkiang) — Қытай Халық Республикасының Солтүстік-Батыс өңіріндегі орналасқан аутономиялық район. «Шинжәң» атау тарихы. Негізгі атауы «Шығыс Түркістан». Қазір Қытай өкіметі саяси нараздық себептерінен «Шығыс Түркістан» деген атау қолдануына тиым салынған. Бұрын Хән тарихнамаларында «Батыс өлкелер» делініп келген бұл тұсқа Шинжәң (Жаңа аумақ) деген ат 1877 ж. Чиң үкіметі кеңесші амбы етіп тағайындаған Зо Зұңтаң жағынан берілген болатын. Тарихы. Шинжәңда бұдан 10-20 мың жыл бұрын-ақ адамзат тіршілік ете бастаған. Олар 4 мың жылдың алдында қола, 2700 жылдың алдында темір кезеңіне өткен. Сонау Амур мен Сарыөзеннің (Хуаңхы) батысы ежелден кейін келе қазақ қатарлы ұлттарды құраған тайпалардың атамекені екені тарихнамалардан белгілі. Бұл ұлан-байтақ өңірде сақтар, ғұндар тайпалық одағы салтанат құрған. Ғұн қағанаты ыдырай бастағанда, Тәңіртау мен Алтай арасы үйсіндер қолына өтті. Бұл б.з.б. 2-ші, 1-ші ғғ. күй. Хән әулетінің алғашқы мәмілегері Жяң Чян осы тұста (119 жыл) Үйсін Еліне келіп саяси құдалық сөйлесіп қайтқан. Қытай тарихнамасында Үйсін мемлекеті (Усүн Го) Іле өңірін кіндік еткен өңірдің алып елі деп айқын жазылған. Хән патшасы Хән Уди алғашында Лю Шижүн ханікені үйсін күнбиіне үйсіндерді ғұндарға Хәнмен тізе қоса қарсы шығу үшін ұзатады. Байырғы Ұлы Жібек Жолында жатқан Шинжәңның ерте заман мәдениет жұрттары, мыңүйлері, архитектуралары, қабірлері, петроглифтерінің ірілері 300-ге таяу. Бұдан сырт 22 жаратылыстық қорық бар. Ертедегі қала қалдықтарының ішінде ең атақтылары — Ярғұл, Едіқұт, Кроран, Көтең, Шаты қала харабалары. Шатыдағы қала ойраны алғашында үйсіндерге жазғы астана, артынан Түрік қағандығы маңызды қала болып, Шыңғыс хан жағынан күйретілген. Жоғрапиясы. Еуразия құрлығының кіндігінде жатқан Шинжәңның жер аумағы km2 астам. Яғни бүкіл Қытай аумағының алтыдан бірін құрайды. Шет елдермен шекара ұзындығы km асады. Солтүстігінде Алтай, ортасында Тәңір (Тянь-Шань), оңтүстігінде Коинлон таулары тұр. Тәңіртаудың солтүстігінде Жоңғар, оңтүстігінде Тарым ойпаты бар. 750 неше өзені бар Шинжәңнің жер беті суының жылдық ағыс мөлшері — m3. Өзендері ішінде ең үлкені Іле мен Ертіс. Қалғандары — Тарым, Қарашәрі, Үліңгір, Манас сықылды орташа не шағын өзендер. Ұзындығы km келетін Тарым ертеде Лоп көліне құяды екен. Қазір Тітіма көліне де жетпейді. Оның орта шенін бітік тораңғы орманы жапқан. Шинжәң асқарларында -ден астам мұздық бар. Аумағы 1 km2 асатын көлінің саны 139. Тұщы Бағраш көлінен жылына мың тоннадан астам балық ауланады. Бағраш қамысқа да бай. Айдынкөл теңіз деңгейінен 155 метр төменде жатыр. Боғда көлі теңіз деңгейінен екі мың метрдей биікте тұр. Солтүстік Шинжәңда бұдан сырт Сайрам, Қанас секілді тамаша көлдер бар. Қытайдағы ең үлкен ойпат — Тарым ойпаты. Екінші үлкен ойпат — Жоңғар ойпаты. 380 мың шаршы шақырымдық бұл ойпаттың ортасында Құбының құмы жатыр. Қытайдағы шөлдердің 60 пайызы (430 мың 400 шаршы шақырымы) — Шинжәңда. Қытайдағы екінші үлкен (km2) шөл Жоңғар кіндігіндегі Құрбантүнгіт. Экономикасы. Шинжәңда күн сәулесінің түсуі 3400 сағатқа шейін барады. Шинжәңның 37,8 % жері ғана ауыл, орман, мал шаруашылықтарына істетіледі. Егістік жері кісі басына 3,13 мудан (1 гектар = 15 му) тура келеді. Орманды жер — гектар. Пайдалануға болатын табиғи жайылым 51 миллион 310 мың гектардай. Шинжәң — құрғақ, жауын-шашыны аз, ауа райы құбылмалы өлке. Шинжәңның кен қоры мол, кен түрі көп (138-ден астам). Оның 26 түрі қоры жағынан Қытай бойынша алғы бес орынның ішінде. Алтайдың алтыны, жақұты, шырымталы әлемге әйгілі. Бұл өлкеде жанарзаттық (мұнай, табиғи газ, көмір, майлытас, шымтезек, т.б.) кен өнімдерінің де қоры өте мол. Мұнай байлығы — тонна, табиғи газ байлығы — m3 деп мөлшерленуде. Бұл Қытайда 2-ші, 1-ші орындарға тән деген сөз. Шинжәңда, төрт түліктен сырт, 700-дей омыртқалы хайуандар өмір сүреді. Оның ішінде жуан тұмсық бөкен, қарабай, ақиық сияқты сирек түрлер де бар. Мұнда өсетін түрлі өсімдіктің ішінде 100-ге жуығы (жабайы кендір, көксағыз, сасыр, ақжүрек, алақат, қызылмия, қожашөп, т.б.) құнды дәрілік өсімдіктер. Жанболатов, Сұлтан Рамазанұлы. Жанболатов, Сұлтан Рамазанұлы () — ғалым, мемлекет және мәдениет қайраткері, жазушы (қалам аты — Асан Шат пен Шөкен). Қысқаша өмірбаяны. 1936 ж. қаңтардың 1, ҚХР ШҰАР Шағантоғай ауданының Қаракемер ауылындағы малшы отбасында дүниеге келген, қазақ. 1956 ж. Шинжәң институты физика-математика факултетін, 1961 жылы Чаңчүндегі Жилин (Гирин) университеті физика факултеті радиоэлектроника мамандығын бітірген. 1961—1986 жж. Шинжәң университетінде оқытушы, лектор, Қытай қазақтарынан тұңғыш доцент, кейін келе магистр жетекшісі, кафедраның және информация зертханасының меңгерушісі (жүргізушісі), деканның орынбасары (1980 ж.), проректор (1983 ж.), ҚХР Электроника Қоғамының басалқа мүшесі, ҚХР азұлт жазуындағы информацияларды өңдеу қоғамының төрағасы, ШҰАР Ғылым және техника қауымдастығының тұрақты жорасы, ШҰАР ЖОО кәсіптік қызмет атақтарын аттестаттау комиссиясының бастығы, т.б. қызметтерді өтеген. Радиоэлектроника мамандығын (қазіргі Шинжияң Университеті электроника факультетін) құрып шыққан. 1962—1966 жж. «ұлтшыл, ревизионист», «шетелге қашқанның ұлы», «ақ маман» сияқты «бөріктермен» көрген саяси қақпайы «Мәдениет төнкерісінде» (1966—1976) айдалу, күреске алыну мен мырза қамаққа асқынған Сөкең, бертінгі Дың Шяупиң саясатынан соң ғана оң көзге түсе бастайды. 1986—1996 жж. ШҰАР оқу-ағарту комитеті төрағасының (білім минстрінің) орынбасары, Оқу-ағартуды зерттеу институтының профессоры (1988 ж.), ШҰАР дың төтенше үлесі бар маманы (1990), бұған қоса Чяугуаң шығыс ғылымы мен мәдениеті академиясының мүшесі, ЖОО ларда білім беруді зерделеу институтының директоры мен аға зерттермені. 1993—2003 жж. 8-ші және 9-ші (екі кезектік) Мемлекеттік Халық Құрылтайының (парламент) депутаты, оның Ұлттар Комиссиясының мүшесі болды. Әдебиеттері. С.Р. Жанболатов 1986 ж. кейін (лабораториядан қол үзіп, техникалық мамандығын жалғастыру мүмкіндігінен айрылған соң) біржолата көркем әдебиетке бұрылады. «Үйсін Хикаясы» атты трилогиясы — «Елжау Күнби», «Саншора Күнби» және «Оңғай Күнби» атты төрт томнан тұратын үш романы жарық көрді және ҚХР да мемлекеттік, ШҰАР-дық үздік сыйлықтарға ие болды. Сұлтанның бұдан басқа, «Таластағы жанталас» секілді повестері, үш томдық мақалалар (монографиялық еңбектер) топтамасы, сондай-ақ очерктері мен әңгімелер жинақтары бар. 2006 ж. «Біз» дейтін трилогиясының бірінші томы мен әңгімелер жинағы жарық көрді. Ол Қазақстан, Қытай және ШҰАР жазушылар одақтарының мүшесі. Марапаттары. Азұлт жазуларын компьютерде біржақты ету жүйесін жаратып, «Техникалық Прогрес» сыйлығын алған. 2001 ж. Қазақстанның тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бекітуі арқылы мерекелік медальмен марапатталған. 2004 ж. ол тағы «Тяншян» әдебиет-өңер силығының ең жоғарғысы «Үлес» сыйлығымен марапатталды. Жанұя жағдайы. Жұбайы — Ғайынжамал Нүркеқызы, ұлы — Ержан, қызы — Баян (күйеуі — Қасым Қалбанов) Қалбанов, Қасым Қабылхақұлы. Қалбанов, Қасым Қабылхақұлы (Hasimu Hapahake, Hasem Habelhah) — Айова қаласының, Америка Құрама Штаттарындағы Медициналық зерттеу орталығының ассистент-профессоры, пәлсапа докторы. Қысқаша өмірбаяны. 1983—1990 — Бейжін университеті, бакалаур және магистер деңгейі. 1994—1998 — Хоккайдо университетінің Медицина мектебі, пәлсапа докторы. 1998—1999 — Хоккайдо университетінің Медицина мектебі, докторлықтан соң тәлімдену. 1999—2002 — Синай тауы Медицина мектебі, докторлықтан соң тәлімдену. Құрама Патшалық. Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Патшалығы (Құрама Патшалық, Ұлыбритания, Британия, Англия) Албания. Албания, Албания Республикасы (албанша: Republika e Shqipërisë) - еуропаның оңтүстігінде орналасқан шағын ел. Солтүстігінде Черногория және Сербиямен, оңтүстік-шығысында Грекия және Македониямен, шығысында Косовомен шектеседі. Албания албанлардың жалғыз мемлекет емес, олар Косово және Македонияда тұрады. Жағрапиясы. Жердің көп бөлігі тау жоталары мен үстіртті аймақта орналасқан. Таулы аңғарларынан құлай аққан тасқынды өзендер теңізге қарай құлаш ұрады. Бұл өзендер Андрия теңізін жиектей 150 км-ге созылып жатқан құнарлы жазық алқап арқылы өтеді. Алқаптың ені 15 км-ден 35 км-ге дейін барады. Бұл жактың ауа райы жұмсақ. Таулы аудандарда сәл қаталдау. Қыста жиі боран соғып, аяз 20 градусқа дейін барады. Мемлекеттік құрылым. Албания Президенттік Республика болып есептеледі. Елбасшысы - Президент. Елдің Парламенті бірпалаталық Халықтық Қеңес деп аталады. Аталған кеңесте 140 депутат бар, олардың 100 депутаты можаритарлық система бойынша бірмандаталық округтерде сайланады. Қалған 40 депутаттар партиялық тізім бойынша сайланады. Барлық депутаттар 4 жылға сайланады. Экономикасы. Елдің өнеркәсіп және мәдениеторталығы, Албанияның елордасы – Тирана. Мұнда көп заводтар және фабрикалер орналасқан. Албания халық шаруашылығының басты саласы – ауыл шаруашылығы. Құнарлы жері бүкіл территориясының тек қана бір бөлігін алып жатқандықтан, албандар батпақты жерлерді құрғатып, тау төскейлерін бақ отырғызыға пайдаланады. Олар бидай, күріш, арпа, сұлы егеді, бұршақтұқымдас өсімдіктер, лимон, жүзім сондай-ақ зәйтүн ағашын отырғызынады. 2005 жылғы деректерге сәйкес Албанияның Жалпы Ішкі Өнімі (ЖІӨ) 6,9 млрд евро құраған. Адам басына шаққанда - 1 900 евро. Албания Еуропаның ең кедей мемлекеттерінің бірі. 2008 жылдың деректеріне сәйкес ауыл шаруашылық саласында жұмысшылардың 58 % істеген, өндіріс саласында - 15 %, қызмет көрсету саласында 27 %. Жұмыссыздық деңгейі 12,5 % тұрақталды. 2008 жылы экспорт — 1,3 млрд АҚШ долларын құрады. Басты сатып алушы елдер — Италия 57 %, Грекия 11,8 %, Қытай 5,8 %. 2008 жылы импорт — 4,9 млрд АҚШ долларын құрады. Басты импорт жіберуші елдер — Италия 30,7 %, Грекия 12,5 %, Түркия 6,9 %, Германия 6,3 %, Швейцария 4,6 %, Ресей 4,2 %. Тарихы. 1900 жылғы Тирана қаласындағы базар Албания бұл - орта ғасырлардың атау. Гректер осы мемлекет Albaētia немесе Arbanētia деп атады. “Алба” сөзі илирикша (бұрынғы Грекияның тілі) “төбе” мағынаны білдіреді. Албания бірінші Грекияның, ал сосын Рим Империясының провинциясы болған. 395 ж. Рим Империясы екі мемлекетке бөлінді (Батыс Рим және Византия). 1912 ж. албандар Осман Империясынан шығып өзінің тәуелсіздігін жариялайды. Бірақ 1939 ж. италияның фашистері Албанияға кіріп – аннексия жасайды. 1944 ж. партизандар өз мемлекетін жауыздан босатып, 1946-1976 жж. Албанияны – Албан Халық Республикасы деп атайды. 1976 ж. социалистер Албания Социалистік Халық Республикасы деп жариялады. 1991 ж. бастап Албания демократиялық республикасы. Әкімшілік құрылысы. Албанияда 12 провинциялар (албанша: "qark" - "qarku", немесе "prefekturë" - "prefektura"), 36 аймақтар және 351 райондар бар. Литуания. Литва – ресми түрде Литва Республикасы – солтүстік Еуропадағы ел, үш Балтық мемлекеттерінің ең оңтүстігіндегісі. XIV ғасырда Литва Еуропадағы ең ірі мемлекет болған – бүгінгі Беларусь, Украина, Польшаны қамтыған, Ресейдің бір бөлігі Литва Үлкен Герцогтығының құрамына кірген. Бүгінгі күндері Еуропа Одағындағы ең тез дамушы экономикаларының бірі болып табылады. 2007 жылы 21 желтоқсанда Литва Шенген келісімшартының толық мүшесі болып кіреді. 2009 жылы Литва өз есімінің 1000 жылдығын атап өтті. Франция. Қазақстан мен Франция. Қазақстан мен Франция арасындағы тауар айналымы 2008 жылы 6,201 миллиард дол­лар­ды құрады. Ал Қазақстан Фран­цияға негізінен мұнай, металдар және металл құрылғыларын, химия өнімдерін, ауылшаруашылық өнім­дерін экспортқа шығарып келеді. Қазақ­стан болса, Франциядан электр және элек­трондық бұйым­дар және оның жаб­дықтарын, медициналық дәрі-дәрмек, авто­­көлік, тамақ өнімдерін және құры­лыс материалдарын алады. Осы тұста айта ке­тейік, Франция эли­талық тауарлар ретінде шарап, теңіз өнімдері шикізаттарын, киім-кешектер, тағы басқа тұрмысқа қа­жетті бұйымдарды жеткізеді. Екі елдің бірін-бірі инвестиция­лау көрсеткіші де жыл өткен сайын жақсарып келеді. Франция Эконо­мика министрлі­гі­нің деректері бойынша, Франция Қазақ­стан Республикасының экономи­касына жалпы көлемі 2,005 миллиард еуро көле­мінде қаржы салды. Ал Қазақ­станның Фран­ция экономикасына бағыттаған ин­вестициясы 10 мил­лион еуроны құрайды. Оның 4 мил­лион еуросы 2008 жылы са­лын­­ған. Қазіргі кезде Қазақстанда Фран­цияның бірқатар компания­лары табысты жұмыс істеуде. Әсі­ре­се, екі ел арасындағы ынтымақ­тастық отын-энергетика сала­сын­да жақсы жолға қойылған. Мысалы, қазіргі кезде 40-тан астам фран­циялық компания Қазақстанның мұнай-газ, тау-кен өндірісі, энер­гетика, көлік және қыз­мет көрсету салаларында жұмыс жасауда. Осы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бой­ынша Қазақстанда француз капиталының қатысуымен 25 кәсіпорын ойдағыдай қыз­мет ат­қаруда. Бұл кәсіпорындар негізінен сауда, көлік-логистикалық қызмет­термен айналысады. Қазақстан-Франция қаты­настарында алдағы уақытта қаржы-банк ынтымақ­тастығынан көп үміт күтуге болады. Бұған қазіргі кезде Қазақстанда “Сосьете Женераль”, “Натексис Банк Попюлэр”, “БНП Партба” және “Калион” банктері­нің жұмыс істеуі нақты дәлел болады. Мемлекет басшыларының кез­десуі мен жүргізген келіссөз­дерінде нақтыланғанын­дай, екі мемлекеттің экономикалық байла­ныстарын дамытуда Үкіметаралық экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссияның жұмысын оң бағалауға болады. Жалпы, 1992 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан аталған комиссия осы аралықта сегіз отырыс өткізген. Оларда Қазақстан мен Франция қарым-қатынастарын дамытуға қатысты көптеген мәселелер талқыланып жүр. Қазақстан мен Франция арасындағы мәдени-гуманитарлық қатынастар да соңғы жылдары ойдағыдай дамып келеді. 1993 жылы екі елдің арасында осы салада­ғы байланыстарын жандандыруға бағыт­талған үкіметаралық келісім жасалған. Осы қатынастар бүгінде екі ел халқының мәдениет пен өнер салаларындағы бай­ланыстың негізі болып отыр. Содан бергі уақытта Алматыда “Альянс Франсез” мәдени білім агенттігінің өкілдігі ашылды. Бұл агенттіктің 139 елде филиалдары жұ­мыс істейді. Олар негізінен Франция үкі­метінің франкофония және мәдени-гу­манитарлық ынтымақтастықты дамыту­дағы басты құралы болып табылады. Сондай-ақ Қазақстан мен Франция арасында білім беру жөніндегі қатынастар да ойдағыдай дамып келеді. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев баспасөз мәслихатында атап өткеніндей, “Бола­шақ” бағдарламасы бойынша Қазақстан­ның көптеген жастары Францияның беделді жоғары оқу орындарында білім алып, қазіргі кезде ел экономикасының дамуына үлес қосып жатыр. Чехия. Чехия (, ресми аты Чех Республикасы -) - орталық Еуропадағы мемлекет. Бірінші дүниежүзілік соғысы салдарынан Аустро-Венгрия мемлекетінің құлауынан Чехия, Словакия және Карпатасты Русі бірігіп тәуелсіз Чехословакия республикасын 1918 жылы құрады. 1993 жылдың 1 қаңтарында Чехословакия бейбіт түрде екі тәулсіз мемлекет - Чехия мен Словакияға бөлініп кетеді. НАТО-ға 1999 жылы мүше болса, 2004 жылы Чехия республикасы Еуропалық Одаққа мүшелікке енді. БАӘ. Біріккен Араб Әмірліктері - солтүстік-шығыстағы Арабыстан түбегінденде Таяу шығыста орналасқан мемлекет. Қатармен, Сауди Арабыстанмен, Оман Сұлтанатымен шектеседі. Солтүстіктегі БАӘ Парсы шығанағының суларымен, ал шығысында Оман бұғазының суларымен жағаласады. Ел ордасы. Ресми астанасы – Абу-Даби қаласы болып табылады. Ал туристтік және саудалық орталығы – Дубай шаһары - деп есептеледі. Әр бір әмірліктің есімі оның бас қаласының атауымен сәйкес келеді. Саяси ахуалы. 1971 жылы құрылған федеративті мемлекет Біріккен Араб Әмірліктері – жеті тәуелсіз әмірліктерден тұратын жас ел, әр әмірліктің есімі негізгі қаласымен байланысты аталған белгілеуі болады: Абу-Даби, Дубай, Шарджа, Аджман, Ум-аль Кувейн, Рас-Эль-Хайма және Фуджейра. Әр бір әмірліктің әміршісі – шейх, ал жалпы мемлекеттік басқару билігі жоғарғы кеңеске берілген. Халқы. Халықтың 80%-ы басқа елден келушілер болып табылады. 2000ж. Санақ бойынша этникалық арабтар барлық тұрғынның 48,1% (оның ішінде БАӘ арабтары – 12,2%, бедуиндер – 9,4%, египеттік арабтар – 6,2%, оман арабтары – 4,1%, сауд арабтары - 4%), оңтүстік Азиядан келгендерi – 35,7%, ирандықтар - 5%, филлипиндіктер – 3,4%, еуропалықтар – 2,4%, басқалар – 5,4% бөлігін құрады. Діні. БАӘ-нiң діні – ислам. Дегенмен, басқа діндерге де рұқсат берілген. Тілі. Араб тілі, сонымен бірге ағылшын тілі де кең таралған. Мерекелерi мен демалыстары. 1 – қаңтар – Жаңа жыл. 11 – ақпан – Құрбан Айт 5 – сәуір – Хижра бойынша Жаңа жыл. 14 – маусым – Мұхаммед Пайғамбардың туылған күні. 25 – қазан – Лелат аль – Мирадж, Мираж түні. 27 – қараша – Рамаданның басталуы (мөлшермен) Мерзімдері өзгермелі діни мерекелер де бар. Мысалы, Ид Аль Фир – Рамадан аяқталған соң 3-4 күн өткеннен кейін Хижра бойынша жаңа жыл (мұсылман күнтізбесі бойынша) Пайғамбардың туылған күні (Милед ан Наби). Діни мерекелердің мерзімі Исламда қабылданған айлық күнтізбе бойынша белгіленеді. Күндік күнтізбеге қарағанда айлық күнтізбенің жылдық айналымы 11 күнге қысқа болып келеді. Діни мерекелер кезінде ресторандар жұмыс істемейді немесе онда темекі шегуге, спирттік илімдіктер ішуге тыйым салынады. Рамадан мерекесін алып қарайық. Бұл айда дүкендердің жұмыс уақыты қысқартылып, қоғамдық орындарда ішіп-жеуге, темекі шегуге болмайды. Бұл талаптар отель территорияларына таратылмайды. Бұл шектеулер әр эмиратта өзінің қатыгездігімен ерекшеленеді. Ас үйi. Арабыстан асханасында келесі тағамдар кең орын алған: хомус – бұршақ пен күнжіт ұрығынан жасалған паста, таббуле – ұсақталған жұмсақ ет, ақ желкен мен майдаланған бидай, гузи – жаңғақ пен күріш қосылған қозы еті. Харис – арнайы дайындалған бидайдан пісірілген ет. Араб Әмірліктері – теңіз елі, сондықтан мұнда ет тағамдарынан басқа теңіз жануарларынан жасалған тағамдар өте көп. Таңқышаян, асшаян, омар, тунa – бұлар бұлар күріш және арнайы дәм қосарлармен бірге берілетін тағамдар. Араб елінің дәстүрлі жеңіл тамағы – шауырма (араб шелнегіне оратылған салатпен өрге қозы немесе балапан еті) – қаланың әр бұрышында сатылады. Жергілікті десерттер өте дәмді – умм али (нан нудингісінің бір түрі), эш асаяя (бетіне крем жағылған тәтті ірімшік бәліші), мехалабия – (қызғылт сумен және пістелермен себілген ботқа). Кофе тағайындау – бұл елдегі үлкен өнер болып есептеледі. Ең кереметі – аравиялық, ашық түсті. Ол жартылай қыздырылған дәннен жасалады. Сан жетпес Арабыстан кафелерінен оның дәмін татуға болады. БАӘ мұсылман елі болғандықтан, спирт ішімдіктері мейрамханалар мен сыраханадарда, қонақ-үйлерде ғана сатылады. Тек Шардж әмірлігінде ғана алкогольге мүлде тыйым салынған. Дубаи – ең демократиялық қала болып саналады. Қоғамдық орындарда, көшеде, жағажайда алкогольді пайдалануға болмайды. Транспорт жүргізуге мас кезінде мүлдем тыйым салынған. Бұл үшін үлкен айып-пұл салынады, тіпті қамауға алуы да мүмкін. Құбырдан су ішу зиянды емес. Шөлмектегі суды да пайдалануға болады. БАӘ-гі климат. БАӘ нағыз құрғақ субтропикалық климатымен ерекшеленеді(жылына жауын-шашын дәрежесі – 13см). Жаз мезгілі өте ыстық болады(+48°С-ге дейін). Күн және бұлтсыз аспан жылына 360 күн. БАӘ-дe туристтік маусым жазғы аптап азайған кезде қыркүйек айының соңында басталып, мамыр айының бірінші жартысына дейін созылады. БАӘ-да желтоқсан мен қаңтар ең салқын айлар болып есептеледі. Бұл кездегі ауа температурасы күндіз +28°С, түнде +18°С көрсетеді. БАӘ-нiң шипажайлары. БАӘ - әлем туристтері үшін ең бай және тартымды тарап. Парсы шығанағының жылы сулары, құмды жағажайлары, шөлейтті табиғи көріністері, желкенді құрма, банан және лимон шоқтарының ылғалды алқаптары, қазіргі кезеңгі өмір тәртібі, халықтың ұлттық дәстүрге деген сенімі, еуропалық тамаша супермаркеттерi мен шығыс базарлары – бұның бәрі саяхатшылар үшін қиял әлемі. Саяси құрылымы. Мемлекет басшысы – Президент. Сонымен бірге әр қайсы әмірліктің өзіне тәуелді қызметтері, жеке үкіметі бар. Банктері. БАӘ-гі және жергілікті шетел банкілері ақыл-кеңес қаржы қызметтерінің барлық түрлерін көрсетеді. Банктердің жұмыс уақыты: сенбіден сәрсенбіге дейін 8.00-13.00, бейсенбі күні 8.00-12.00 дейін. Кейбір банктер сағат 16.00-17.00-ге дейін ашық болады. Айырбастау бөлімшелері 8.00-13.00 және түстен кейін 16.00-20.30 дейін жұмыс істейді. Ақша бірлігі – дирхам. Айналымда 5, 10, 20, 50, 100, 200, 500, 1000, 5000 дирхамдық ақшалар жүреді. Сонымен бірге 1 дирхамдық металл тиындары да бар, оның сыртында Құман бейнеленген. БАӘ-нiң айырбастау пұлы – филз деп аталады. Бір дирхам 100 филзді құрайды. Мұнайлы әуе бейнеленген 50 филз кең қолданылады. Ұсақ ақшалар құнының төмендігіне байланысты сирек қолданылады. 25 филздік ақшада – елік, 5 филзде – балық бейнесі суреттелген. Қонақ-үйлердің көпшілігінде, сауда орталықтарында, ірі дүкендерде American Express, Master Card, Visa, Dinners Club төлем кәртішкелері қабылданады, ал банкоматтарды кез келген халық ірі қоныстанған орталықтардан таба аласыз. Шетел және ұлттық пұлды енгізуге және шығаруға шектеулер қойылмас. БАӘ-нiң салт-дәстүрлері. Біріккен Араб Әмірліктерінiң салт-дәстүрлері оның мұсылман елі екендігінен бастау алады. Сондықтан, бұл елмен түсінісіп, келісімге келу үшін және жақсы дем алу үшән осы халықтың дәстүрін сыйлауыңыз қажет. Ислам шарттары, әсіресе, қасиетті Рамадан айында қатаң сақталынады. Тәуліктің жарық кезінде мұсылман баласынң аузы берік болады. Қылмыс пен заң бұзушылықты Шариғат соты қарастырады. Есерткі тарату мен жыныстық қатынас сипатындағы қылмыстар қатаң жазаланады. Спирттік ішімдіктер ішуге мейрамханада, сыраханада немесе қонақ-үй нөмірінде ғана рұқсат етіледі. Қоғамдық орындарда алкогольді пайдалану немесе көшеде мас болып жүрудің соңы қылмыстың жазалауға немесе елден көшіруге әкеліп соғады. Намаз оқып жатқан адамдарға қарау, оларды фотосуретке немесе бейнесуретке түсіру, мешітке жалаңаш кіру мәдениетсіздіктің белгісі деп танылады. Үйге кіру үшін алдымен аяқ киіміңізді шешесіз. Арабтар үшін қарсы отырған адамның өкшесі көрініп тұрса, бұл қорлық болып саналады. Арабтардың қол алысуы ұзағырақ, себебі, бұл ерекше мұқияттылық белгісі. Қоштасу кезінде қол алысуды ұмытпаңыз. Құрметті адамдардың қолын екі қолыңызбен аласыз. Мұсылман әйелге қолңызды бірінші болып бермеңіз, қажет болса, оны өзі істейді. Арабтармен сөйлесу кезінде, тіпті ол жақсы білетін ескі танысыңыз болса да, оған оның әйелі туралы ешқашан қоймаңыз. Отбасы жағдайы туралы сыпайы ғана сұраңыз. Арабтар өте қонақжайлы халық. Олар қонақты шай, кофе немесе салқын шырындармен қарсы алады. Шығыс елі қонақ күтудің ежелгі дәстүрін ұстанады, сондықтан тағамды қабылдамау – үй иесін сыйламағандығыңыздың белгісі. Тағамды, шырындарды немесе қандай да бір заттарды тек оң қолыңызбен ғана алыңыз. Шай, кофе секілді тұтқасы болмайтын кіші стақанға құйылып, сүтсіз, тәтті-дәмділермен қоса беріледі. Жаздың ыстық күнінде шөп қосылған араб шайы көкірегіңді оятады. Жыл бойы жаз бен ыстық болатын Дубай қаласында әйелдер киіміне қатаң шектеулер қойылмайды. Дегенмен, жергілікті дәстүрді сыйлап, өте ашық көйлектерді кимегеніңіз абзал. Жағажайда, бассейнде суға түсуге арналған киімдерді киюге болады. әйел адамдардың суға түсу киімінің жоғарғы бөлігі міндетті түрде болуы керек. Әскери нысандар мен ғимараттарды, полиция бөлімшелерін немесе араб әйелдерін суретке түсірмеуге тырысыңыз. Бұл жағымсыз әрекеттердің алдын алуға мүмкіндік береді. Қай жерде жүрсеңіз де, елдегі қоғамдық және мәдени дәстүрді сыйлаңыз. Израиль. Израиль – Таяу Шығыс елі, Азия мен Африканы қосып тұр. Георафиялық орналасуы бойынша – мемлекет Азияның оңтүстік-батысында орналасқан. Израилдің астанасы – Иерусалим қаласы. Иерусалим көне карталарда әлемнің орталығы болып бейнеленген. Бұл қаланың жасы үш мың жылдан астам. Еврейлер үшін Иерусалим қаласы Израильдің өзі болып есептеледі; бұл Давида мен Соломон шіркеуінің атақты орны. Еуропа халқының мәңгілік астанасы. Христиандар үшін Христостың соңғы күндерін сүрген және керілу мен жанданған жері, сондай-ақ құпия сырдың орны. Мұсылмандар үшін қасиетті Әл-Қудждің атымен көкке ұшқан күні. Иерусалим үш қаланың бір қала болып көрінгені тәрізді. Қаланың бүгінгі көрсінісі: Батыс Иерусалим – еврей анклав; Шығыс Иерусалим – онда негізінен арабтар қауымы тұрады; бұл конглометарнығ ортасында Көне қала орналасқан. Солтүстік-шығысында – Сириямен, шығысында – Иорданиямен, ал оңтүстік батысында Мысырмен шекараласқан. Батысында Жерорта теңізімен шектеседі (жағалау сызығы – 230 км), оңтүстігінде – Қызыл теңізбен шектескен (жағалау сызығы – 12 км). Ортақ ауданы шамамен 21,643 шаршы метр. Мемлекет басшысы – президент. Мемлекетті заң шығарушы орган (кнесет), атқарушы органдар және сот билігінің органдары басқарады. Заң шығарушы орган 120 парламентарийден тұратын кнесет (парламент). Кнесет – заңдарды енгізеді саяси шешімдерді қабылдайды, президент пен үкіметті сайлайды. Изриальдегі атқарушы органның рөлін үкімет атқарады. Ол заң шығаруға жауап береді. Заңгерлік билік елдегі заңдары қолдауды қамтамасыз етеді. Заңгерлік жүйенің басында Жоғарғы сот тұр. Діні – 76,5% еврейлер, 16% мұсылмандар, 2% християндар, 1,5% друздар, 4% дінге сенбейтіндер. Халқының саны 7 млн-ға жуық, олардың 80% еврейлер, 20 % арабтар құрайды. Валютасы – израильдік жаңа шекель. Шекель 100 агоротқа тең. Демалыс күндері жексенбіден бейсенбіге дейін таңертеңгі сағат 9:00 ден кешкі 19:00 ге дейін жұмыс жасайды. Сауда орталықтары сенбі күндері ашық. Ресторандар мен кафелер әдетте жұма-сенбі күндері жұмыс істейді. Мұсылмандар дүкендері жұма күні жұмыс істемейді, себебі бұл күні мұсылмандар демалады, ал христиандар дүкендері жексенбі күндері жұмыс істемейді. Климаты. Израиль климаты - әртүрлі болып келеді. Елдің орталық және солтүстік бөліктерінде жерорта теңіздік климат, яғни, ыстық жаз бен жаңбырлы қыс. Израильдің оңтүстік және шығыс аумақтарында шөлді климат. Шөл мен теңізге жақын аудандарда жартылай құрған зона. Күз бен көктем елге келуге ең ыңғайлы кезең. Ландшафт. Израиль негізінен үш регионға бөлінеді: теңізге жақын орналасқан теңдік, таулы регион және Иордан даласы. Теңіз теңдігі – елдің батыс бөлігі. Ал шығысына таман қыраттар бар. Таулы район – солтүстігіндегі Ливаннан бастап оңтүстігіндегі Эйлат шығанағына дейін созылған және теңіз теңдігі мен Иордан даласының ортасында жатыр. Таулы аймақтың сольүстігіндегі климат – жерортатеңіздік, жаңбырлы, а лоңтүстігінде – шөлейт. Самари және Иудей қыраттарының солтүстік бөліктері сәйкесінше Самари мен Иудей шөлдеріне ұласады. Иордания даласы – солтүстігінде Метуладан бастап оңтүстігінде Қызыл теңізге дейін жалғасып, бүкіл Израильді басып өтеді. Иордан Израильдің ең үлкен өзені. Ол Иордан даласы арқылы ағып жатыр. Иордан өзені өз жолында Киренет өзенін және тұзды Өлі өзенді қосады. Израиль климаттық және географиялық зоналардың ортасында болғандықтан флора мен фаунасы өте бай. Оның флорасында 2380-ге жуық өсімдік түрі кездеседі, ал олардың кейбіреулері өз кезегінде тек Израильде ғана кездеседі. Шөлейт жерлерде өімдіктер сирек кездеседі. Израиль фаунасы мөлшермен 100-ге жуық жабайы суқоректілерден тұрады. Израиль территориясында 510 құс түрі кездеседі, олардың көбісі жыл құстары. Израиль «бөтелке ауызы» тәрізді жыл құстары ұшатын жер, яғни, теңіз бен шөлейттің арасындағы миллиондаған құстардың солтүстіктен оңтүстікке және оңтүстіктен солтүстікке қарай ұшқандағы демалыс орны болып табылады. Қызыл теңіздің суасты әлемі де тропикалық балықтар мен түсті кораллдарға бай. Транспорт. Израильде кеңінен таралған транспорт түрі – автобус. Барлық автобустардағы билет бағасы арзан. Автобустары ыңғайлы, кондиционерлермен жабдықталған, жиі әрі уақтылы жүріп тұрады. Автобустар сенбі және еврей мейрамдары кезінде жүрмейді. (0)-қосымша тариф, телефонмен тапсырыс берілген жағдайда алынады; (2)-әдеттегі тариф және 25% түнгі уақытта (21:00- ден 5:30-ға дейінгі уақыт аралығы) және сенбі күндерінде жүру үшін алынады; Тарихы. Израиль мемлекеті еврейлік дәстүрмен Израль халқына мұраға қалдырылған Израиль елінде пайда болған. Бұл Иисустың дүниеге келген және мұсылман дінінің елшісі Мұхаммедтің көкке көтерілген жері. Иисус Израиль елін римдектер басқарып отырға нкезде дүниеге келген. Біздің эрамыздың IV ғасырында Израиль елі көпшілік санасына Қасиетті Жер ретінде қалыптаса бастады. Елде көптеген шіркеулер мен монастырьлер салынды. Мұнда қасиетті тастар сақталады. Біздің эрамыздың 640 жылы Израиль елі Омар халиф әскерімен жауланды. Арабтардың жаулап алуы Израиль елінде мұсылман билігінің бастамасы болды. Осы кезде мәдениет пен діннің алмасу үрдісі басталды. Мұсылман дәстүрі бойынша Иерусалим қаласы қасиетті болып есептеледі, себебі, Мұхаммед елші осы қаладан көкке кеткен. Егер басында мұсылман арабтары хрисандарға Иерусалим қаласына кіруге рұқсат берсе, XI ғасырдан бастап Иерусалимге христиандарға кіруге рұқсат бермеді. Осы кезде II Урбан Папасы Европа рыцарьларын жинап, мұсылман қоластынан қасиетті жерлерімізді аламыз деген ұранмен шабуылға шықты. Осылайша 1099 жылы Иерусалим қаласын басып алды. 1187 жылы Египет пен Сирия әскері темпилерлерді талқандап, мамлюктердің билігін орнатты. Израиль елінің тарихында ерекше орын алатын Наполеонның Шығысқа Египеттік жорығы немесе Таяу Шығыс жорығы болды. Наполеонның қасиетті жерге келуі европалықтардың көзін қайта ашты. Олар енді аймақтың экономикалық және стратегиялық маңыздылығынқайта аңғара бастады. 1948 жылы тәуелсіз Израиль мемлекеті дүниеге келді. Израиль мемлекеті, континенттер мен теңіздердің, империялардың, халықтар мен мәдениеттердің қақтығысы салдарынан пайда болды. Ал бүгінгі күні, Израиль түрлі мәдениет пен дәстүрдің аралас мекені болып отыр. Оңтүстік Корея. КОРЕЯ, Корея Республикасы (кәрісше Хангук— таң самалының елі) — Шығыс Азиядағы Корей түбегінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі — 98,5 мың км2. Халқы — 46,1 млн. адам (1999). Ресми тілі — корей тілі. Тұрғындары, негізінен, кәрістер, 30 мыңға жуық қытайлар, т.б. ұлт өкілдері тұрады. Олардың көпшілігі будда дінін, кейбір бөліктері конфуцийшілдік пен христиан дінін ұстанады. Астанасы — Сеул қаласы (11 млн.). Әкімшілік бөлінісі 9 провинциядан және тікелей орталыққа бағынатын 6 қаладан тұрады. Конституциясы бойынша, елді президент басқарады (1997 жылдан Ким Дэ Чжун). Заң шығарушы органы — Ұлттық жиналыс (299 депутаттан тұрады). Ұлттық мерекелері: 15 тамыз — Республика жарияланған күн (1948), 3 қазан — мемлекеттің құрылған күні (Ежелгі Чосон, б.з.б. 108 ж.). Ұлттық ақшасы — уон. Табиғаты. Корея — таулы ел. Солтүстік жағында Корей таулары (Кымгансан, Хамчен, Пуджоллен, Кяма, т.б. таулары мен үстірттер) жатыр. Тек батыс жағалаулары ойпатты, жазық келеді. Кен байлықтары — темір, қорғасын, мырыш, мыс, хром, тас көмір, қоңыр көмір, т.б. Климаты жағынан солт. — континенттік муссондық, оңт. — субтропиктік. Қаңтардағы орташа температура солтүстікінде –2С (тауларда –30 — 40С-қа дейін), оңтүстікінде 4С, тамыз — шілде айларындағы темп-ра 22 — 26С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 700 — 1500 мм. Солтүстігінде қыста қар жауады. Өзендері жиі орналасқан, бірақ шағын келеді. Территориясының 3/4 бөлігі орманды (емен, шаған, шырша, қарағай, самырсын, оңтүстікінде мәңгі жасыл ормандар) және бұталы. Жолбарыс, қабылан, қара және қоңыр аю, сілеусін, ала бұғы, т.б. аңдар, құстардың көптеген түрлері мекен етеді. Жағалауындағы теңіздерде балықтың 35 түрі кездеседі. Тарихы. Археологиялық зерттеулерге қарағанда Корея жерін полеолит заманынан бастап адамдар қоныстана бастаған. Б.з.б. 1-мыңжылдықта алғашқы мемлекеттер құрыла бастады. Олардың ішінде Чосон мемлекеті б.з.б. 2 — 1 ғ-ларда аса күшті мемлекетке айналды. Б.з. басында Кочуре (солт-те), Пэкче (оңт.-батыста), Силла (оңт.-шығыста) атты мемлекеттер құрылды. 4 — 6 ғ-ларда елге будда діні тарай бастады. Силла, Пэкче, Кочуре мемлекеттері өзара соғысып отырды. Осыны пайдаланған Қытайдағы Таң әулеті мемлекеті Кочуре мен Пэкчені басып алды. Бірақ Силла мемлекеті 676 ж. қытайларға тойтарыс беріп, 8 ғ-да Кореяның көпшілік жерлерін біріктірген біртұтас мемлекет құрды. 9 ғ-да Силла ыдырап, 935 ж. Коре мемлекетінің (елдің қазіргі еуропаша атауы осы Коре атауынан шыққан) негізін қалаушы Ван Гон елді қайта біріктірді. Жаңа мемлекет қидандардың шабуылына (993, 1010 — 11, 1018 — 19) төтеп беріп, елдің тұтастығын сақтап қалды. Шаруашылық өркендеп, сауда мен қолөнер дамыды, металл ақша пайда болды. 1231 — 59 ж. Коре мемлекеті Шыңғыс хан империясының қол астына өтіп, 14 ғ-дың орта тұсында ғана тәуелділіктен құтылды. 1352 — 62 ж. Қытай әскерлерінің шабуылын тойтарып, Чосон атауын (ежелгі Чосон мемлекеті құрметіне) қайтып алды. Астана Кэчен қ-нан Хансонға (Сеул) көшірілді. 16 ғ-дың аяғында елге жапондар, 17 ғ-да маньчжурлар басып кірді. Корей халқы 1592 — 98 ж. жапон басқыншыларынан елді қорғап қалғанымен, маньчжур шапқыншылығына төтеп бере алмады. 1637 ж. К. билеушісі маньчжур әулетіне бағынды. Дегенмен 17 — 18 ғ-ларда ел әлеум.-экон. жағынан біршама ілгері басты. Ірі қалалар көбейіп, сауда орталықтары құрылды. 18 ғ-дың аяқ кезінен бері экономикада нарықтық қатынастар пайда болды. 19 ғ-дың 2-жартысынан бастап дамыған елдер Кореяға күш көрсете бастады. 1876 ж. Жапония Кореяны тиімсіз Канхва шартына қол қоюға мәжбүр етті. Осындай шарттар 1882 ж. АҚШ, 1893 ж. Ұлыбритания, Германия, 1894 ж. Ресей, Франция мемлекеттерімен де жасалды. 1893 — 94 ж. елде болған халық толқуларын басуды сылтауратып, Кореяда Қытай мен Жапония әскерлері өздері таласқа түсті де, соның салдарынан жапон-қытай соғысы (1894 — 95) болып өтті. Қытай Кореядан кетуге мәжбүр болды. 1904 — 05 жылдардағы болған орыс-жапон соғысынан кейін Жапония елге біржолата орнықты, 1910 жылдан бастап Корея отарға айналды. Чосон мемлекеті жойылды. 1919 — 45 ж. елде жұмысшы-шаруа және оқушы жастардың отаршыларға қарсы ұйымдары құрылды. 2-дүниежүз. соғыста Жапония жеңілгеннен кейін, 1945 жылғы Ялта (Қырым) конференциясы шешімдеріне сәйкес, Корея 38 ендікте екі бөлініп, солтүстік КСРО-ның, оңтүстік — АҚШ-тың бақылауына өтті. Соғыстан кейінгі жылдары КСРО мен АҚШ арасындағы “қырғи-қабақ соғысқа” байланысты ел жасанды түрде екіге бөлінді. 15 тамызда (1948 ж.) Сеулде ресми түрде Корея Республикасы, ал 9 қыркүйекте Пхеньянда Корей Халық Демократиялық Республикасы құрылды (қ. Корей Халық Демократиялық Республикасы). Екі ел арасында 1949 ж. қарулы қақтығыстар, 1950 — 53 ж. корей соғысы болып өтті. 1953 ж. 27 шілдеде соғыс еш нәтижесіз аяқталып, шекарада ені 4 км созылатын демилитаризацияланған аймақ пайда болды. 1987 жылға дейін К-да әскери төңкерістер (1961, 1979) болып, билік басында әскерилер отырды. Дегенмен 20 ғ-дың 60 — 80-жылдары елде экономика қарқынды дамып, Корея кеме жасау мен электронды бұйымдар жасаудан жетекші орынға шықты. 1987 ж. демокр. қозғалыстардың қысымымен елде либералдық реформалар жасалды, президент сайлауы өткізілді. 1988 ж. Сеулде 24-інші Олимпиада ойындары өтті. 1998 ж. тұңғыш рет оппозиция үкімет басына келді. Экономикасы. 20 ғ-дың 60-жылдарынан бастап Корея экономикасы жағынан жедел дамыды, 1996 ж. дамыған елдер деңгейіне жетті. Бұған үкіметтің өндірісті қолдауы, экспортты дамытуға бағытталған стратегия, ең соңғы технологияны қолдану, жоғары білімді мамандар мен сауатты жұмысшылар даярлау ықпал етті. “Азия жолбарысына” айналған осы ел 1997 ж. қаржы дағдарысына ұшырап, ол 1999 — 2000 жылға дейін созылды. Экономика құлдырап, жұмыссыздық көбейді. Үкімет Халықаралық валюта қорынан көмек ала отырып, ел экономикасын қайта көтере бастады. Кореяның жылдық ұлттық табысы көл. — 485,2 млрд. АҚШ доллары, жеке адамға шаққанда — 13500 долл. шамасында. Сыртқы қарызы — 95,5 млрд. долл. Экспортқа электр тауарлары, киім-кешек, аяқ киім, кеме, химия өнімдерін шығарса, импортқа мұнай мен мұнай өнімдерін, астық және тамақ өнімдерін, химия өнімдеріне қажетті шикізаттар әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: АҚШ, Жапония, Сауд Арабиясы, Австралия, Сингапур, Қытай, т.б. Қазақстанмен Корея арасында дипломатиялық байланыстар 1991 ж. 30 желтоқсанда орнады. 1993 ж. 30 шілдеде Алматыда Корей елшілігі, 1995 ж. мамырда Сеулде Қазақстан елшілігі ашылды. Екі ел арасындағы сауда-экон., мәдени байланыстар біршама жоғары деңгейде. Елдегі қаржы дағдарысына қарамастан Корея Қазақстанға инвестиция салушылардың көш бастаушыларының бірі. Жұрты. Корейлер елдегі негізгі ұлт, аздаған (100 мыңнан аспайтын) қытайларды есептемегенде (олардың көпшілігі Гонкоңнан, Макао, Жапония, Малайзия, Үндістаннан, Филиппиннен келгендер). Iрі қалаларында, әсіресе Сеулде, бизнес пен білім саласында көптеген шетелдіктер жұмыс істейді. АҚШ-тың 28000 адамнан тұратын әскери контингенті де бар. Қазақстан мен Оңтүстік Корея қарымқатынасы. Қазақстан мен Корея арасын­дағы дипломатиялық байланыс 1992 жылдың қаңтарында орнаған. Содан бері екі елдің арасындағы қарым-қатынас барлық салаларда қарқынды дамып келеді. 2008 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Корея арасындағы екіжақты сауда айналымы 750 млн АҚШ долларынан асады. 1993 және 2008 жылдар аралы­ғын­да, яғни 15 жылдың ішінде Ко­рея­дан Қазақстанға салынған тікелей инвестициялардың жиынтығы 3 млрд. долларды құрады. Қазақстанда 300-ге тарта бірлескен қазақ-корей кәсіпорындары жұмыс істейді. Қазақстанда 2011 жыл - Оңтүстік Корея жылы болып жарияланған. Тайуан. Тайyан (,) – Тайуан аралында орналасқан мемлекет. Жұртының саны 23 млн. адам. Тайуандықтар бірнеше этникалық топтпрға бөлінеді, олардың ішінде ең ірісі хандзулар. Тайуан ең тығыз елдердің бірі. Батыс өңірі тығыздау болып келеді, жергілікті халқы ханзулықтармен тауларға ығыстырылған. Тайуан Жапония мен Филиппин аралдарының арасында, Тынық мұхиттың батысында орналасқан. Тайуан мемлекетіне Тайуан аралы, Пэнху архипелагы (Пескадор аралдары), Киньмэнь (Кемой), Мацу және т. б. аралдар кіреді. Тайуанның ресми атауы 1912 жылдың 1 қаңтарында «Қытай республикасы» деп қабылданған. Қазыргі уақытта бул атаумен Конституция ескіргендіктен, басқа атау қабылдау керек деген әңгіме қозғалынды. Виетнам. Виетнам, Виетнам Социалистік Республикасы (виет.: Cộng Hòa Xã Hội Chủ Nghĩa Việt Nam) – Азияның оңтүстік-шығысында орналасқан мемлекет. Сонау оңтүстік-шығыстағы Виетнам жері – Оңтүстік Қытай теңізі атта шалқар айдын жағалауын қуалай 1750 километрге созылған, тауқұзды және қалың ну ормандары өңір болып келеді. Виетнамдықтар өз елін Бакбо (солтүстігі), Чунгбо (орта бөлігі) және Намбо (оңтүстігі) деп атайды. Виетнамның солтүстік аймағын Хонга (Қызыл), оңтүстігін Меконг өзендері суландырады. Социалистік Виетнам – көп ұлтты ел: мұнда алпысқа жуық халық қоныстанған. Астанасы – Ханой. Мұнан өзге ірі қалалары – Хошимин және Хайфон. Елдің еделгі астанасы Хюэде көне ғимараттар сақталған. Жағрапиясы. Вьетнам, Вьетнам Демократиялық Республикасы – Оңтүстік-Шығыс Азияда орналасқан мемлекет. Жерінің аумағы 330 мың км2. Халқы 85 млн. адам (2007). Астанасы – Ханой қаласы. Халқының 88%-ы – вьеттер (жергілікті тұрғындар). Қалғандары мыонг, кхмер, таи, тхай, т.б. ұсақ халықтар. Ресми тілі — вьетнам тілі. Тұрғындары негізінен буддизмді, сонымен қатар христиан, ислам діндерін ұстанады. Мемлекет басшысы – президент. Заң шығарушы органы – Ұлттық жиналыс. Жерінің бестен төрт бөлігі таулы қыраттар. Климаты тропиктік, муссондық. Қаңтар айының орташа температурасы 15ӘС, шілдедегі орташа температура 26ӘС. Жауын-шашынның орташа мөлшері 1500 – 3000 мм. Тропикалық ормандарда піл, жолбарыс, антилопа, буйвол, т.б. жануарлар кездеседі. Вьетнам жерін адам баласы көне тас дәуірінен бастап қоныстана бастаған. Ең ежелгі мемлекеттік құрылым Ванланг деп аталады. Кейіннен оның орнында пайда болған Аулак пен Намвьет мемлекеттерін біздің заманымыздан бұрынғы 2 ғасырда Қытай жаулап алды да, 10 ғасырға дейін бодандықта ұстады. 11 ғасырдың ортасында бір орталыққа бағынған мемлекет құрылып, ол Дайковьет (Ежелгі Ұлы Вьет) деп аталды, 1069 жылдан Дайвьет (Ұлы Вьет) деген атауымен белгілі болды. 12 – 13 ғасырларда ел билеушілері көрші мемлекеттермен, соның ішінде Камбоджамен үздіксіз соғыс жүргізді. Вьетнам халқы 1257 – 88 ж. үш дүркін Шыңғыс хан империясы әскерлеріне тойтарыс берді. 1407 – 27 жылдар аралығында Қытай армиясына да қарсы күрес жүргізіп, өз тәуелсіздігін сақтап қалды. 17 ғасырдың бас кезінен бастап ел өзара қырқысқан екі мемлекетке бөлініп кетті. 1884 жылдан бастап Вьетнам толықтай Францияның отарына айналды. Франция Вьетнамға Лаос пен Камбоджаны қосып, ол жерлерді Француз Үндіқытайы деп атады. 20 ғасырдың бас кезінде елде ұлт-азаттық қозғалыс өрістеді. 1930 жылдың бас кезінде Қытайда Үндіқытай компартиясы (ҮҚКП) құрылды. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін орын алған ұлт-азаттық қозғалысына осы партия басшылық жүргізді. Ол 1954 ж. француз армиясының жеңілуімен аяқталды. Женева келісіміне сәйкес, Вьетнам 17-ендіктің бойымен екі мемлекетке бөлініп, солтүстігінде 1959 ж. отыз бірінші желтоқсанда Вьетнам Демократиялық Республикасы құрылды, ал оңтүстігінде 1955 ж. жиырма алтыншы қазанда Вьетнам Республикасы жарияланған болатын. Елдің екіге бөлінуі, бірінің КСРО мен Қытай, екіншісінің АҚШ және оның серіктестерінің ықпалында болуы кейіннен соғысқа алып келді. 1975 жылдың басында Вьетнам Республикасындағы Сайгон режимі құлап, 1976 ж. екі Вьетнамның бірігуі аяқталды. 20 ғасырдың 90-жылдарынан бастап Вьетнамда саяси және экономикалық реформалар жүзеге аса бастады. Экономикасының негізгі салалары: мұнай, көмір, электр энергиясын өндіру және ауыл шаруашылығы (күріш, тропиктік жеміс-жидектер өсіру). Ұлттық табыс жан басына шаққанда 200 АҚШ доллары көлемінде. Алайда соңғы жылдары шетелдік инвесторлар көптеп тартылып, ел экономикасы жедел дамып келеді. Елге ең көп инвестиция бөлушілер әрі негізгі сауда серіктестері: Сингапур, Тайвань, Жапония, Оңтүстік Корея. Вьетнам — БҰҰ-ның мүшесі, оның жүз алпыс елмен дипломатиялық қарым-қатынасы бар. Виетнам тарихы. Бұрын талай ежелгі мемлекеттер Валанг, Аулак, Дайвиет, болған Виетнам жерін 1884 ж.француз отаршылдары жаулап алды. Виетнамдықтар күші басым жауға қарсы бостандақ күресін бастады. Олардың ондаған жыл бойы толассыз күресі 1954 ж. елге алғашқы жеңіс әкелді. Виетнам халқы өз жерінен отаршылдарды қуып шықты. Бірақ осы кезде АҚШ оңтүстік Виетнам оккупацияға алып, Оңтүстік Виетнам Республикасы істеді. Виетнам соғысы бастады. Виетнам халқына өз күресін одан әрі жалғастыруға тура келді. 1975 жылдың көктемінде халықтын тщқсан жылға созылған күресі елге толық жеңіс әперді, Оңтүстік Виетнам азат етілді. 1976 ж. Виетнам біртұтас социалистік мемлекет болып жарияланды. Сөйтіп, виетнамдықтар өз елінің ұлттық бостандығы, арнамысы үшін күресудің асқақ үлгісін көрсетті. Ұман. Оман () — Оңтүстіктік-батыс Азиядағы мемлекет, Араб түбекінің оңтүстіктік-шығысында орналасқан. Арабстанмен, Біріккен Араб Әмірліктерімен және Йеменмен шектес. Араб теңізі және Ұман шығанағы суларымен шайылады. Мағрибия. Мағрибия (— әл-Магриб — «батыс», Магриб әл-Акса — «алыс батыс», кейде Марокко деп аталады) — Африканың солтүстік-батысында орналасқан мемлекет. Толық ресми атауы — Мағрибия Патшалығы (— әл-Мамләка әл-Магрибия). Алжир (мемлекет). Алжир, Алжир Халық Демократиялық Республикасы (арабша: الجزائر) - Африканың солтүстігіндегі мемлекет. Оның территориясының көпшілік бөлігі – шыжыған Сахара шөлі. Мұнда ұшы-қиыры жоқ тақтайдай қу дала мен жал-жал құмды, күн қақтаған пәршек-пәршек жартастарды ғана ұшыратуға болады. Алжир БҰҰ, Африканың Одағы, Араб Лигасынын мүшесі. Алжир жерін француз отаршылары 130 жыл бойы дерлік тонап келді. Олар бұл елден астық, мұнай, көмір, металл тасып әкетумен болды. Алжирдің бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы соғыс жеті жылға созылды. 1962 ж. алжир халқының күресі жеңіспен аяқталды. Алжир — Алжир Халық Демократиялық Республикасы (арабша әл-Жумхурия әл-Жазаирия Демократия аш-Шаабия) – Солтүстік Африкадағы мемлекет. Жерорта теңізінің батысында орналасқан. Батысында Мароккомен, Батыс Сахарамен, оңтүстігінде Нигермен, шығысында Ливия және Туниспен шектеседі. Жері 2,42 млн. км2. Халқы 34 млн. (2007). Негізгі халқы – алжирліктер – 14,9 млн. адам. Халықтың 99%-ын мұсылман сунниттер құрайды. Мемлекеттік тілі – араб тілі. Ірі қалалары мен порттары: Алжир, Оран, Константина, Аннаба, Беджана. Астанасы – Алжир қаласы. 15 әкімшілік уәлаятқа бөлінеді. Алжирдің солтүстік жағалауын Жерорта теңізі, ал орталық бөлігін Алжир Сахарасы, оңтүстігін Тамезруфт шөлі алып жатыр. Жер бедеріне қарай Жағалаулық Атлас (2310 м), Сахара Атласы (2330 м) тау жоталары, оңтүстік-шығысында Ахаггар таулы қыраты болып бөлінеді. Кен байлықтарынан мұнай, табиғи газ, темір, қорғасын, мырыш, фосфорит, сынап өндіріледі. Теңіз жағалауында субтропиктік климат қалыптасқан. Қаңтар айының орташа температурасы –5 –12ӘС, шілдеде – 25ӘС, орталығы мен оңтүстігінің шөлді өңірінде 35ӘС-қа жетеді. Жауын-шашын мөлшері оңтүстігінде 100 – 200 мм, солтүстігінде 500 – 1200 мм-ден аспайды. Басты өзені: Шелиф (ұзындығы 700 км). Тұзды көлдер көптеп кездеседі (Шотт-аш-Шерги, Шотт-әл-Ходна, т.б.) Жерорта теңізінің тау беткейлерінде мәңгі жасыл ормандар, ал атырабының қалған бөлігінде шөл, шөлейт өсімдіктері өседі. Алжир аймағында алғашқы адамдар бұдан 400 – 500 мың жыл бұрын өмір сүрген. Біздің заманымыздан бұрынғы 12 ғасырда Алжир жерінде тұңғыш финикиялық қоныстар пайда болып, сауда, қала өмірі қалыптасқан. Олардың ең белгілі мемлекеті Карфаген біздің заманымыздан бұрынғы 3 ғасырда Жерорта теңізі аймағында үстемдік орнату мақсатымен Риммен көп жылдарға созылған соғыстарда жеңіліске ұшырады. Сол кездерде Алжир жерінде тайпалық одақтар қалыптасқан (массилдер, мазазилдер, т.б.). Олардың негізінде біздің заманымыздан бұрынғы 3 ғасырдың ақырында Нумидия мемлекеті құрылды. Біздің заманымыздан бұрынғы 46 ж. Нумидия Римге бағынышты болды. Біздің заманымыздың 5 ғасырында Алжирді вандалдар басып алды. 6 ғасырда Византия үстемдігі орнады. 7 ғасырда бұл аймақ арабтардың қолына өтті. 14 ғасырдың ортасында Алжир Осман сұлтандарының қолына өтті. 1711 ж. жергілікті әскери-феодалдық топтар ел билігін өз қолдарына алу үшін күрес жүргізді. 18 ғасырда Алжир бірнеше иеліктерге ыдырап кетті. Соны пайдаланған Франция 1830 ж. Алжирді басып алды. Әмір Абду-л-Қадыр бастаған Алжир халқының отаршылдарға қарсы күресі 1881 жылға дейін созылды. 1-дүниежүзілік соғыс жылдарында ұлт-азаттық қозғалысы қайтадан өріс алды. 2-дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары да елдің тәуелсіздігі үшін күрес тоқтамады. 1954 ж. наурызда Алжирде «Революциялық бірлік пен қимыл комитеті» құрылды. Ол сол жылдың ақырында «Алжир ұлт-азаттық майданы» (ҰАМ) болып жарияланып, 1 қарашада қарулы көтеріліс ұйымдастырды. Ұлт-азаттық майданды негізгі саяси, қоғамдық топтар, бұқара халық қолдады. Көтерілісті басу үшін Францияның 1 млн-ға жуық әскерлері елді мекендерді бақылауға алды. 8 жылға созылған соғыста 1,5 млн. адам қаза тапты, 2 млн адам абақтыға қамалып, босқындар көбейді. 1962 ж. 5 шілдеде Алжир – Халықтық демократиялық республика болып жарияланды. Ауыл шаруашылғының дамуы жағынан Алжир Африка құрлығында 2-орын алатын аграрлы ел болып саналады. Астық, жүзім шаруашылығымен қатар теңіз жағалауында цитрус жемістері мен көкөніс өнімдерін егу кең өріс алған. Елдің таулы және шөлейт аудандарында мал шаруашылығы өркендеген. Қалаларда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу (шарап жасау, консерві, темекі, ұн тарту) дамыған. Ел экономикасында өнеркәсіптің үлесі артып келеді. Оның жетекші саласы – мұнай және табиғи газ өндіру. Металлургиялық комбинат, трактор және дизель моторларын жасау зауыты бар. Алжир территориясында дүниежүзілік маңызы бар мұнай және табиғи газ қорлары зерттелген. Боже, Царя храни. Боже, Царя храни (Құдайым, патшаны сақта) — Ресей империясының әнұраны. Кембрий кезеңі. Кембрий — осыдан 542 млн жыл бұрын басталып, шамамен 488,3 млн жыл бұрын аяқталған палеозой заманын құрайтын алты кезеңнің алғашқысы. Осы кезеңде бөлініп жатқан шөгінділердің құрамына қаңқалары минералданған алғаш ағзалар кіреді. Кең тараған қазбалар қатарына брахиопод, трилобит, остракод және кейінірек пайда болған граптолиттер жатады. Трилобиттер кембрий кезеңінің стратиграфиялық бөлімшелеуіне маңызды болып табылады. Силур кезеңі. Силур – палеозой заманын құрайтын алты кезеңнің үшіншісі (443,7-416 млн. жыл). Силур кезеңінің аяғы өз шыңына жеткен каледон орогенезі мен палеозойдағы бірнеше шөгінді бассейннің толтырылуымен белгіленеді. Девон кезеңі. Девон — палеозой заманын құрайтын алты кезеңнің төртіншісі және үстіңгі палеозой субзаманының алғашқысы. 416 млн жыл бұрын басталып, 359,2 млн жыл бұрын аяқталған. Еуропада теңіздік пен құрылықтық фацияларының екеуі де бар. Құрылықтық фациясы кәрі қызыл құмдақ деген атымен белгілі. Девон деген жерде орналасқан тау жаныс аймағының есімімен аталғанына қарамастан, теңіздік девон стратиграфиялық жағынан Белгияның Арден деген жеріндегі қазбалы сүйекке бай шөгінділер негізінде айқындалған қабаттарға бөлінеді. Теңіздік шөгінділердің бөлімшелеуі литологияға және гониатит пен спириферид брахиоподтары бар мол омыртқасыз фаунаға негізделеді. Құрылықтық кәрі қызыл құмдақ шөгінділеріне примитивті псилофит тобына жататын жақсыз балық фаунасы мен өсімдіктер кіреді. Кеш силур уақытындағы каледон орогенезі нәтижесінде Британ аралдарының талай жерін қызыл қабат фациялары басқан. Карбон кезеңі. Карбон — палеозой заманын құрайтын алты кезеңнің бесіншісі. Девоннан кейін, пермнің алдында келетін бұл заман 359,2 млн жыл бұрын басталып, 299 млн жыл бұрын аяқталған. Қазақстанның геологтары карбонды үстіңгі (гжел, қасым), ортаңғы (мәскеу, башқұрт) және астыңғы (серпухов, визей, турней) карбон деп бұрынғы Кеңес Одағы дәстүрі бойынша үш бөлімге бөледі. Еуропада карбон жүйесінің астыңғы бөлігі динант деп терминделген. Динант екі қабатқа бөлініп, мол корал-брахиопод фаунасы бар теңіздік әктаспен сипатталады. Үш қабатқа бөлінген силезий деп аталатын карбонның үстіңгі бөліктері жердегі және тұщы судағы бөлініп жатқан шөгінділермен белгіленеді. Үстіңгі карбондағы кең тараған ормандар оңтүстік Уеліс, Англия, Шотландия және әлемнің басқа да көптеген жерлердегі мол көмір қабаттарының пайда болуына себепші болды. Солтүстік Американың геологтары карбон жүйесін екі субжүйеге бөледі. Астыңғысы (359,2-318,1 млн жыл) миссисипи деп аталып, Еуропалық динант субжүйесі мен силезий субжүйесінің астыңғы бөлігіне тең боп келеді. Пенсилван деп аталатын үстіңгі субжүйелері (318,1-299 млн жыл) еуропалық силезийдің көп бөлігіне сәйкес келеді. Перм кезеңі. Перм — орталық Ресейдегі Перм деген өңірінің атымен аталған палеозой заманының ең соңғы кезеңі (299-251 млн жыл). Бұл кезең солтүстік жартышардағы кең тараған құрылықтық жағдайлармен және оңтүстік жартышардағы мұзданудың байтақ сипатымен жиі белгіленеді. Көптеген хайуанат пен өсімдік топтары, оның ішінде ругозды коралдар (Rugosa), трилобиттер (Trilobita) және бластоид ине терілілер (Blastozoa) өмір тарихындағы ұлы дағдарыстардың бірі болып саналатын перм кезеңінің соңында жаппай қырылу барысында жоқ боп кеткен. Фузулин мен гониатит фацияларының шектеулі таралуы және бейтеңіз шөгінділердің кең дамығаны перм жүйесінің көптеген әр-түрлі аймақтық бөлімшелеуіне әкеп соқты. Мысалы Қазақстанның геологтары Орыс платформасы мен Оралдың негізінде Перм кезеңін астыңғы пермге кіретін әсел, сақмар, артинск, күнгір және үстіңгі пермге кіретін уфа, қазан, татар деп жеті қабатқа бөледі. Халықаралық стратиграфия комиссиясы перм кезеңін тоғыз ғасырға бөледі: Орал дәуірін құрайтын әсел, сақмар, артинск, күнгір ғасырлары, Гуадалупа дәуірін құрайтын роуд, уөрд, капитан ғасырлары және лопиң дәуірін құрайтын укиапиң мен шаңсиң ғасырлары. Палеоген кезеңі. Палеоген – бордың алдында, неогеннен кейін келетін 65,5-32,03 млн жыл аралығындағы кайнозой заманын құрайтын екі кезеңнің алғашқысы (Халықаралық стратиграфия комиссиясы, 2004). Палеоген кезеңі палеосен, еосен және олигосен дәуірлеріне бөлінеді. Неоген кезеңі. Неоген – 23,03 млн жыл бұрын басталып, осы күнге дейін созылып келетін, палеогеннің алдында тұратын кайнозой заманын құрайтын екі кезеңнің соңғысы. Неоген кезеңі миосен, плиосен, плейстосен және голосен дәуірлеріне бөлінеді. Қазақстан премьер-министрі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі — Қазақстан Парламенті келісімімен тағайындалып, Қазақстан Республикасының Президентінің шешімімен қызметінен босатылады. Адай. Адай — Кіші Жүздегі Байұлы тайпаcының құрамына кіретін ру аты. Адай руына кіретін халық көбіне Маңғыстау облысында тұрады. Басқа облыстарда да адайлар бар. Адайдың Тәзіке атты немересінен тарайтын ұрпақ қазіргі Атырау облысында кеңінен тараған, олар ерте заманда қалмақтармен болған соғыстарға қатысып, Жем, Нарын бойларында қалған Адай руының ұрпақтары. Ақтөбе, Орал облыстарында Адайлар бар. Оңтүстік Қазақстан облыстарында Адайлардың саны аздау, дегенмен де Оңтүстік Қазақстанның Адайлары сол жердің байырғы тұрғындары боп саналады. Шежіресі. Адайдан екі бала бар: Келімберді және Құдайке. Екеуі де кең тараған, екеуінің балаларының саны сегіз (Сегіз Арыс). Тарихы. Кіші жүздегі көп тараған рулардың бірі — Адай руы. Маңғыстау адайларының шыққан тегі туралы нақты деректер аз. Тек С.А.Аманжолов қана адайлар, оның өзі жазғандай, Геродот пен Страбонның мәліметтеріне қарағанда, б.з.б. ІІ ғасырдың өзінде-ақ, Каспий теңізінің жағалауында мекендеген ежелгі дайлардың ұрпақтары болуы мүмкін деген жорамал пікір айтқан. Сол арада ол адайлар оғыздардың «ада» (арал) «адайлар» (аралдықтар) деген сөзінен шыққан деген нұсқасын да келтіреді. Бізге дайлар (дахтар) адай руының алыстағы бабалары деген нұсқа әбден ықтимал болып көрінеді. Осы пікірді дамыта отырып, рудың шыққан тегі көрінісін мүмкін болғанынша жаңғыртуға тырысайық. Дайлар (дахтар) туралы алғашқы мәліметтерді буз І Дарийдің Накширустемдік жазбаларынан табамыз, онда б.з.б. VI-IV ғасырларда Яксарттың (Сырдария) сағасы жағында тарадарайя немесе парадарая сақтары тұрған, дахтар солардың одағына кірген делінеді. Геродот пен Страбонның мәліметтеріне қарағанда, біз б.з.б. V біздің заманымыздағы І ғасырда-ақ Сырдарияның төменгі ағысында емес, Каспий теңізінің оңтүстік-шығыс жағында, яғни қазіргі Иран мен Түркменстан шекарасындағы аймақта мекендегенін көреміз. В.М.Массой да «Ксеркстің мерзімі б.з.б. 486-480 жылдар деп белгіленетін белгілі антидевовтық жазбаларында Ахеменидтік Персияға бағынған халықтар мен елдер арасында даха атауы келтірілген, зерттеушілердің көпшілігі оны Страбонның дайларымен салғастырады» деп көрсетеді. Бұл да дайлар туралы бірден-бір мағлұмат емес, С.П.Толстов «хорезмиліктердің оңтүстік-батыс және солтүстік-шығысындағы көршілері дах тайпалары болып табылады» дейді. Бұл мәліметтер де б.з.б. ІІІ ғасырларға қатысты. С.П.Толстовтың айтуынан дахтар Сырдарияның төменгі ағысында және ішінара Теджен өзені аңғарындағы өңірде, яғни оларды (Геродот пен Страбон бойынша) б.з.б. V ғ. Біздің заманымыздағы І ғасырда мекендеген жерінде орналасқаны көрінеді. Б.з.б. VI-IV ғасырларда Сырдарияның төменгі ағысында мекендеген дахтар ІІІ ғасырдың өзінде-ақ, Геродот пен Страбонның деректеріндегідей, ішінара Теджен өзені аңғарына қоныс аударып, қалғандары бұрынғы жерінде тұра беруі ықтимал. Дайлардың (дахтардың) Сырдарияның төменгі ағысынан оңтүстікке қоныс аударғанын Страбон да көрсетеді. Ол Аршакидтік патшалыққа орын тепкен (парнадайлар Меотидояның арғы жағында", яғни Арал теңізінің арғы жағында «мекендейтін дайлар аймағынан шыққандар» дейді. Арал өңірі дайларының Теджен өзені бойына қоныс аударғанын С.П.Толстов та айтады. Дайлардың бұдан кейінгі тарихы бізге былайша сияқты. Кангюй (қаңлы) тайпалық одағының мейлінше гүлденген кезеңінде ол өзінің ықпалын Хорезм, Ферғана, Соғда аймақтарына таратқан. Осы кезеңде дайлар кангюйлердің билігіне ұшырауы ықтимал. Кангюй тайпалық одағының орнына жаңа тайпалық бірлестік Батыс Түрік қағанаты келіп, оның құрамында өз тұтастығын сақтап қалған дайлардың күшті де саны көп тобы болған. Сонан соң (ІХ ғ.) дайлар тобы оғыз тайпалары одағына кірген. Тегінде, дайлардың (дахтардың) Маңғыстауға орын тебуі сол кезеңде (ІХХ ғғ.) болуы мүмкін. Бұл жағынан әл-Истахридің Гуздер елі туралы «Китаб Месаликал Меналик» деген кітабында келтірілген мәліметтер назар аударарлық. Атап айтқанда, онда былай делінген: «…Онда (Сиякух Маңғыстау В.В.) қоныс және жайылым еткен». Сиякух бұл арада арал деп көрсетілген. Гуздерден бөлініп кеткен «түріктер тайпасы» дайлар (дахтар) болуы, гуздер осы «арал» халқын адайлар деп атауы да мүмкін, өйткені гуздер (оғыздар) тілінде арал — ада. Сыртқы сілтемелер. Шыңғысханның тегі Адай тайпасы, Мұңал руынан, тарихшының бәрі Мұңал атамыздың атын Мунгал, монгол, могол деп тарихта болмаган, түбі негізссіз атауларды онүшінші ғасырдан бері санаға тықпалап келеді. Алтай тілдері. Алтай тілдері — Азия және Шығыс Еуропада, Балқаннан Мағадан облысына дейін және Таймырдан Иран және Рюкю аралдарына дейін таралған, 60-қа жуық тілден тұратын ұя. Алтай тілдерінде сөйлейтін халық саны шамамен 380 млн адам (2004 ж. санақ бойынша). Құрайтын бұтақтарының генетикалық туыстығы дәлелденбеген: кейбір ғалымдардың пікірінше, олар ежелгі замандағы тілдердің терең қарым-қатынасынан алынған. Кең таралған көзқарас бойынша, алтай тіліне түркі тілдері, моңғол тілдері, түнгіс-манзу тілдері, максималды нұсқамен кәріс тілі жапон-рюкю тілдері жатады. Глоттохронология мәліметтері бойынша, ежелгі алтай тілінің бөлінуі б.з.д. 5000 жыл бұрын басталған. KazSat-1. __NOTITLECONVERT__ -- — Жер айналымында тұрақты жайғасымында (103° E) орнатылған Қазақстанның алғашқы ғарыш жабдығы. 2004 ж. қаңтарда Қазақстан Үкіметі және Хруничев атындағы Ресей Мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығымен (МҒҒӨО) KazSat-1 жасалуы мен ұшырылуына арасындағы келісім-шарт қол қойылды. Келісім-шарттта сонымен қатар ұшуда ғарыштық аппаратты басқару және бақылау, сондай-ақ ұлттық кадрларды оқыту және даярлау үшін жер инфрақұрылымы көзделген. KazSat ғарыштық жабдығы 2006 ж. маусымның 18-інде Байқоңыр айлағынан Ресей және Қазақстан президенттерінің қатысуымен ұшырылды. KazSat-тың ұшырылуынан бастап Қазақстанның ғарыштық бағдарламаларын іске асыру басталады. KazSat Жер серігі 72 MHz өткізгіштік жолағымен 40 W және 90 W Ku-диапазонындағы 12 транспондерлермен жабдықталған. Жер серігінің қамту аймағы Қазақстанның аумағын, Орталық Азия республикаларын, Кавказды, Ресейдің орталық бөлігін қамтиды. Жер серігінің аппаратурасы кіші диаметрдегі антендік жүйелерге дабылдың жақсы қабылдауын қамтамасыз етеді. KazSat телерадиохабарларын тарату арналары, телефондық байланыс, деректерді беру, Интернет желісіне кеңжолақты қол жеткізу, VSAT-желілерді құру және дамыту, ведомстволық және корпоративтік байланыс желілерін құру, мультимедиялық қызметтер пакетін көрсету үшін арналған. Қақ. Қақ — тақырлардағы қар және жаңбыр суы тоқтайтын ойпаң жерлер. Әсіресе Орталық Азияның шөлді бөлігінде көп кездеседі. Қақта жиналған су кейде 1,5-2 айдан сақталады; жазда кеуіп, жұқа тұзды қабат пайда болады. Қала. Қала — тұрғындары өнеркәсіп пен сауда орындарында және ғылми, мәдени, басқару мекемелерінде еңбек ететін ірі елді мекен. Қазақстанда. Қала көбіне өз атырабының әкімшілік және мәдени орталығы болып табылады. Елді мекенді қала дәрежесіне көтеретін басты межелер — ондағы, халықтың саны және олардың атқаратын қызметі (өнеркәсіп, мәдени, саяси-әкімшілік орталықтары). Battlestar Galactica. «Галактика» жұлдыз крейсері () — бірнеше филм мен телетоптамалар атауы. Battlestar Galactica 1978. Алғашқыда 1978 ж. шілденің 7 Кәнәдә, Еуропа және Аустралия кинодидарларында екі сағаттық филм болып көрсетілген, және де теледидарда 148 мин нұсқасымен шығарылған. Мәтінін Глен Ларсен жазған, режиссері — Ричард Колла. Басты рөлдерін ойнағандар: Ричард Хатч, Дерк Бенедикт, Лорна Грин. 1978—1979 жж. осы филмдің жалғасы ABC арнасында теледидар топтама болып көрсетілді. Не барлығы 45 минөттан 24 бөлшек шығарылған. Galactica 1980. Хикаяның жалғасы. Енді Жерде. Бағдарламада қолайсыз ерте уақытқа салынған, және аз қаржы бөлінген бұл телетоптама біршама мезгілде деледидардан аластатылды. Battlestar Galactica 2003. Бұрынғы құқық иелері қайта бастаудан бас тартқасын АҚШ Sci-Fi арнасы 2003 ж. телетоптаманы қайта түсіруге кірісті. 2003 ж. үш сағаттық Battlestar Galactica атымен шағын телетоптамасы жарық көрді. 2004 ж. бастап қазіргі күнге дейін топтаманың бірнеше бөлшегі жарық көрді. 04 — Act of Contrition [08.11.2004] 05 — You Can't Go Home Again [15.11.2004] 07 — Six Degrees of Separation [29.11.2004] 08 — Flesh and Bone [06.12.2004] 09 — Tigh Me Up, Tigh Me Down [13.12.2004] 10 — The Hand of God [03.01.2005] 12 — Kobol's Last Gleaming: Part 1 [17.01.2005] 13 — Kobol's Last Gleaming: Part 2 [24.01.2005] 02 — Valley of Darkness [22.07.2005] 06 — Home: Part 1 [19.08.2005] 07 — Home: Part 2 [26.08.2005] 09 — Flight of the Phoenix [16.09.2005] 11 — Resurrection Ship: Part 1 [06.01.2006] 12 — Resurrection Ship: Part 2 [13.01.2006] 17 — The Captain's Hand [17.02.2006] 19 — Lay Down Your Burdens: Part 1 [03.03.2006] 20 — Lay Down Your Burdens: Part 2 [10.03.2006] 03 — Exodus: Part 1 [13.10.2006] 04 — Exodus: Part 2 [20.10.2006] 07 — A Measure of Salvation [10.11.2006] 11 — The Eye of Jupiter [15.12.2006] 13 — Taking a Break from All Your Worries [28.01.2007] 14 — The Woman King [11.02.2007] 15 — A Day in the Life [18.02.2007] 18 — The Son Also Rises [11.03.2007] 19 — Crossroads, Part 1 [18.03.2007] 20 — Crossroads, Part 2 [25.03.2007] Футбол. Футбол — спорттық ойын түрі, аты ағылшын тіліндегі "foot" – аяқ, "ball" – доп деген сөздерінен шыққан. Футбол — әлемге аса танымал ойындардың бірі. Тарихы. Футбол тарихы XII ғасырдан басталады. Алғаш рет Англияда дамыды. Саяхатшы Гастон де Фуа өз заманында футболды бар ынтасымен бақылап, «Ағылшындар футболды ойын деп есептесе, онда төбелесті не дейді?» деп жазып кеткен екен. Футболға қарсылық көрсеткендер болды. Мысалы, шіркеудегі діндарлар, феодалдар футболға тыйым салынуын талап еткен екен. Өйткені, бүгінгі күнге дейін футбол өте қауіпті ойын саналып келеді. 1313 жылы белгілі феодал Эдуард II қала ішінде футбол ойнауға шектеу қойған. Тіпті, 1314 жылдың 13 ақпанында король Лондон қаласында футболға қарсы шаралар қолданған деседі. 1389 жылы Ричард II пашта сарайы маңында доп тепкендерді өлім жазасына кескен. Патшаға бірнеше мәрте рұқсат сұрап барған футбол жанкүйерлері әрдайым жағымсыз жауап алып отырған. Футболға тыйым салған патшалар тізімі төмендегідей: Генрих IV 1399-1401, Генрих, V 1413 - 1433 ж, Генрих VI 1449-1451 ж, Эдуард IV 1471 ж, Генрих VII 1491 ж, ал Генрих VIII ойыншыларға шектеу қойып қана қоймай, алаң иелеріне тыйым салып, салық салған. Бұдай қатаң қағидаларға мойымаған халық футбол ойнаудан бас тартқан жоқ. Тек 1908 жылы футбол олимпиадалық ойындар тізімінен орын алды. Ал, 1863 жылы Лондонда футболдың жаңа шарттары белгіленді. Жобаға енгізілген ережелерді арнайы комиссия жіті қараған. 1872 жылдан бастап футболдан халықаралық кездесулер өткізілді. Доданы Англия мен Шотландия футболшылар ашты. Ойынды бар ынтасымен тамашалаған жанкүйерлер үшін ойын сәтсіз аяқталды. Өйткені, алғашқы кездесуде есеп ашылған жоқ. 1884 жылы Ұлыбританияда алғашқы ресми кездесу өтті. Жарысқа Англия, Шотландия, Уэльс және Ирландия командалары қатысып, бақ сынасты. Ойын жеңімпазы -шотландықтар болды. 1920 жылы еуропалық футбол бәсекесінде Белгия мен Чехословакия кездесті. Онда чех футболшыларын ойсырата жеңген бельгиялықтар олимпиада чемпионы танылды. Ал, 1924 жылы Оңтүстік Америкада ашылған олимпиадада алтынды Уругуай құрамасы ұтты. Олар Югославия, американ, франсуз, голланд пен Швейцария ойыншыларын қапы қалдырды. Ағылшындардан футболды үйренген Уругуай футболшылары әлдеқайда ширақ еді. Италия мен Испания, Мажарстан, Аустрия, Чехословакия да футболдың қыр-сырларын тең меңгере білді. Бұны 1934-38 жылдары Италия құрамасының екі рет әлем чемпионаты атанғаны дәлелдейді. Ежелгі Шығыс елдерінде (антикалық дәуірде Мысыр, Қытай,) (Грекия, Рим), тіпті Франция, Италия, Англияда футболға ұқсас ойын болған. Ежелгі Мысырдағы футбол тектес ойын біздің эрамызға дейін 1900 жылы танылған. 19 ғасырдың аяғында футбол Еуропа мен Латын Америкада қарқынды дамыды. 1904 жылы Белгия, Дания, Нидерланд мен Швейцария елдері футбол қауымдастығынан халықаралық федерацияның (ФИФА) құрылуына мұрындық болды. 1923 жылы Ресей құрамасы Скандинавия турнирінде Швеция мен Норвегия командаларын қапы қалдырды. Одан кейін бірнеше мәрте Түркия ойыншыларын сан соқтырды. 1946-48 жылдары Оңтүстік Америка үш рет қатарынан аргентиналықтардан басым түсті. 1950-60 жылдары футболдан үздік мектептер саналғандар мыналар еді: Лев Яшин мен Игорь Нетто, Альфреде ди Стефано мен Франсиско Хенто, Раймон Копа мен Жюст Фонтэн, Полеи Диди, Гарринча және Жильмар, Драгослав Шекуларац пен Драган Джаич, Иозеф Масопуст пен Ян Поплухар, Бобби Мур мен Бобби Чарльстон, Герд Мюллер, Уве Зеелер мен Франц Беккенбауэр, Ференц Вене мен Флориан Альберт, Джачинто Факкеттии Джанни Ривера, Жаирзиньо және Карлос Альберте. 1956 жылы Кеңес Одағының футболшылары алғаш рет олимпиада чемпионы атанды. Төрт жылдан кейін олар Еуропа кубогының жеңімпазы танылды. Әлем чемпионатында жеңіске жеткендер Бразилия құрамасы - Бес рет: 1958, 1962, 1970, 1994 және 2002 жылдарындағы чемпионаттарды жеңді. Италия құрамасы - төрт рет: 1934, 1938, 1982 және 2006. Германия құрамасы - үш рет: 1954, 1974, және 1990. Аргентина құрамасы - екі рет: 1978 және 1986. Уругуай құрамасы - екі рет: 1930 және 1950. Англия құрамасы - бір рет: 1966. Испания құрамасы - бір рет: 2010. 1977 жылы Тунисте алғаш рет жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтті. Жасы 19-ға дейінгі жас футболшылар 16 ұлттық құрамадан алынды. Жастар арасындағы чемпионат тізімінің тұсауын КСРО футболшылары кесті. УЕФА. УЕФА (— "Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағы") — Еуропа мен бірнеше Азия футболының әкімшілік және меңгерушілік ұйымы. Ол Еуропа елдерінің футбол қауымдасытықтарын біріктіреді. УЕФА барлық Еуропаның клубтық және кұрама жарыстарының ұйымдастырушысы. УЕФА - ФИФА ұжымына кіретін 6 континенттік аймақтың бірі және ең байы. Әлемнің барлық дерлік футболшылары осы Еуропада ойнайды, өйткені ең көп еңбек ақы төлейтін осы Еуропа командалары. Әсіресе Англия, Испания, Италия, Германия елдерінде көп табысқа жетуге болады. Және де әлемнің ең мықты ұлттық құрамалырының көбісі де осы УЕФАда. Мысалға 2010 жылғы әлем чемпионатына УЕФАдан 13 құрама қатысты. УЕФА 1954 жылы маусымның 15-і күні Швейцарияның Базель қаласында құрылды.Алғашында УЕФАға 25 ел кірген. Қазір оның саны 53-ке жетті. 1959 жылға дейін УЕФАның штаб-пәтері Париж қаласында орналасқан, Берн қаласына ауысып кетті. 1955 жылдан бері УЕФАның штаб-пәтері болып Ньон қаласы саналады. УЕФАның алғашқы президенті болып Эббе Шварц сайланды. Олжашы батыр. Олжашы батыр (16 ғ. аяғы — 17 ғ. басы) Олжашы Орта жүз Арғын тайпасының ішінде Қаракесек руынан шыққан азамат еді. Қаракесектің Ақша деген баласы болған. Оның баласы Бошан. Оның баласы Бәйбөрі. Бәйбөрінің екінші баласы Олжашы батыр еді. Есім ханның тұсында 1627 ж.: «Хан Тұрсынды ант ұрсын», деп Қатаған Тұрсын ханға қарсы жорыққа баруға қол жиналған. Соңда қолбасшылардың бірі Арғын Олжашы еді. Тұрсын ханның әскері Сайрамның атырабында жеңілді. Өзінің ордасы Ташкент қаласы еді. Тұрсын хан Аштарханид әмірлерімен одақ құрып, Есім ханмен бәсекелескен. Ташкентті алғаннан кейін Тұрсын хан қаза табады. Артынан бірнеше қыз қалады. Айбике, Нұрбике мен Қызданбике деген ғажайып періштедей сұлу қыздарын Шаншар деген қолбасшы олжа ретінде алады. Қоңырбике деген қызды ұлы Абайдың түп бабасы Әли алады. Кенжесі Оразбике сұлуды Олжашы батыр алады. Олжашының Жүгіней деген ағасы болған. Оразбикені батыр осы ағасына берген. Одан Қойке, Есбалақ, Баян, Хангелді, Кенжек деген балалар туған. Тағы бір әйелінен Қыдырәлі, Кедей деген балалар туған. (Жұрт арасында «Қыдырәлі, Кедейсің, Қойке келсе не дейсің» деген мәтел қалды.) Ал Олжашының өзінің Асан, Үсен деген балалар туған. Ақтабан шұбырынды кезінде Асанның ұрпақтары Сырдың ар жағына кеткен. Үсендер және Жүгінейдің ұрпақтары Арқада қалып, өсіп-өнген. Қазақ КСР Ішкі Істер министрі Шырақбек Қабылбаев Олжашы батырдың ұрпағы. Аргентина. Архентина, Аргентина, Аргентина Республикасы - Оңтүстік Американы орналасқан мемлекет. Жағрапиясы. Аргентина — Оңтүстік Американың (Латын Америкасының) оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан мемлекет, федеративтік республика. Аумағы 2,77 млн. км2. Халқы – 39 млн. адам, мемлекеттік тілі – испан тілі. Астанасы – Буэнос-Айрес. Аргентина 22 провинция, 1 ұлттық аумақ және 1 федералды астаналық округке бөлінеді. Аргентинаның солтүстік-шығысында Гран-Чако, Ла-Плата жазықтары, батысында Анд тауына (ең биік тұсы Аконкагуа шыңы, 6960 м) жалғасып жатқан Атакама шөлі бар. Оңтүстік-батысын Патагония үстірті (2000 м) алып жатыр. Кен байлықтарынан мұнай және табиғи газ, тас көмір, қорғасын, мыс, темір, вольфрам, уран кентастары өндіріледі. Аргентина тропиктік, субтропиктік және шөлейтті климаттық белдеуде орналасқан. Қаңтардың орташа температурасы 9 – 20 ӘС, шілдеде 23 – 30 ӘС, жылдық жауын-шашын мөлшері 250 – 900 мм. Суы мол Парана, Парагвай, Уругвай өзендерінде кеме жүзеді. Көлдердің көбі осы өзендердің алабында және Патагонияда орналасқан. Жерінің бестен бірі тропиктік орман. Ерте заманда Аргентина жерінде үндіс тайпалары қоныстанған. Солтүстік-шығыс пен орталықта гуарани, тапес, чарруа, керанда, солтүстік-батыста диагиттер, оңтүстікте араукандар, патагондар тұрған. Диагит тайпалары отырықшы тұрмыс құрып, егіншілікпен шұғылданды, мата тоқуды, түсті металл қорытуды кәсіп етті. Бұлардан басқалары негізінен көшпелі үндістер болды. 1516 ж. испан теңізшісі Хуан Диас де Солис Рио-дела-Плата өзені сағасының төңірегін Испания жері деп жариялады. Осы күнгі Аргентина жерін отарлау 15 ғасырдың 30-жылдарынан кейін күшейе түсті. Отаршылдар үндістерді қырып-жойып, көпшілігін құлға айналдырды. Испандар бағындыра алмаған тайпалар құнарлы жерлерінен тықсырылып, оңтүстіктегі суық өңірлерге қарай ығысты. 1620 ж. жаулап алынып, Ла-Плата деген ат қойылған аймақ Перу вице-корольдігіне қосылды. Отарлаушылар ірі жер иеліктерін құрып, жұмыс қолы жетіспеген соң Африкадан зәңгі-құлдар әкеле бастады. Осы күнгі Аргентина, Боливия, Парагвай мен Уругвай кіретін аймақ 1766 ж. Ла-Плата вице-корольдігі болып бөлінді. 19 ғасырдың басында Испанияның отарлық үстемдігі әлсіреп, енді бұл өңірге ағылшындар көз тіге бастады. Алайда жергілікті халық жасақтары 1806 – 07 ж. ағылшындардың екі дүркін шабуылын тойтарып, 1810 ж. Ла-Платаның уақытша үкіметін құрды. Үкімет тәуелсіздік жолындағы күресті күшейтті. 1816 ж. 9 шілдеде Оңтүстік Американың біріккен провинциялары (осы күнгі Аргентина) өз тәуелсіздігін жариялады. 1826 ж. Аргентина Федеративтік Республикасы болып қайта құрылды. 19 ғасырдың 2-жартысында Еуропадан қоныс аударушылар лек-легімен ағылып, елдің халқы тез көбейді, экономика жедел өркендеді. 20 ғасырдың басында еуропалықтардан құралған аргентина ұлтының қалыптасу процесі аяқталды. Отаршылдар қырғынынан аман қалған аз ғана үндістер елдің қиыр оңтүстігі мен солтүстігін мекендеуге мәжбүр болды. 20 ғасырдың 30-жылдарынан басталған әскери төңкерістер 1983 жылға дейін толастамай, Аргентина жарты ғасырдан астам уақыт әскери адамдардың билігінде болды (1955 – 58); 1966 – 73; 1976 – 83). Соңғы әскери режим билігі кезіндегі елдегі жағдай әсіресе 1982 ж. сәуір – маусым айларында Англия мен Аргентина арасындағы әскери жанжал кезінде шиеленісе түсті. Бұл соғыста Аргентина жеңіліс тауып, Фолкленд (Мальвин) аралдарында (Оңтүстік Атлантика) Ұлыбританияның үстемдігі орнады. 1983 ж. елде демократиялық өкімет қайта орнап, құқық билігі үстемдік алды. Аргентина Біріккен Ұлттар Ұйымына, Халықаралық валюта қорына, Америка мемлекеттері ұйымына және басқа да халықаралық ұйымдарға мүше. 1993 ж. 25 маусымда Қазақстан Республикасымен дипломатиялық қатынастар орнатты. Аргентина – аграрлы-индустриялы ел. Негізгі пайда экспортқа шығаратын өнімдерінен түседі. Экономикасының дамыған саласы – ауыл шаруашылығы. Басты бағыты – астық және мақта егу, етті мал өсіру. Сонымен қатар темекі, жеміс және цитрус плантациялары бар. Жері орманды, ағаш қоры жөнінен Латын Америкасында 3-орын алады. Теңіз жағалаулары мен өзендерден балық ауланады. Пайдалы қазбаларға бай. Мұнай, газ, тас көмір, темір, қорғасын, мырыш, уран кендері өндіріледі. Өнеркәсібінің басты салалары – ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін тамақ және жеңіл өнеркәсіп, кен өндірісі. Бидай ұны, қант, күнбағыс майы, мақта жібі, жасанды талшық өндіріледі. Металлургия өнеркәсібін дамытуда едәуір табысқа жеткен. Машина жасау өнеркәсібі автомашиналар мен тракторлар, станоктар мен кіржуғыш машиналар шығарады. Басты өнеркәсіп орталығы – Буэнос-Айрес қаласы. Барлық жүк айналымының 37,2%-ы су жолымен (басты порттары – Буэнос-Айрес, Госарино), 29,5%-ы автомобильмен, 20,6%-ы темір жолмен, 12,7%-ы құбыр арқылы тасылады. Сыртқы саудадағы негізгі серіктестері – АҚШ, Бразилия, Германия. Тарихы. 16 ғасырда испандықтар Онтүстік Американы жаулап ала бастады. Бұларды жат жерден алтын мен күміс табыла ма деген үміт қызықтырған еді. Сондықтан олар құрлықтың оңтүстігіндегі елді – Аргентина – ‘күмісті’ деп атады. Бірақ Аргентинада алтын да, күміс те жоқ болып шықты. Бірнеше ғасыр бойы ол Испанияның Америкадағы иесіз қалған отарларының шет аймағы күйінде қала берді. Осыдан бір ғасырдан аз-ақ бұрын бұл өңір өзгеріп сала берді. Бұл кезде теңіз жолдары құрлықтарды бір-бірімен жалғастырып жібірген еді. Еуропада өнеркәсіп қауырт дамып, қалалар тез өсті. Осыған байланысты Аргентинада ауыл шаруашылығы, әсіресе мал шаруашылығы шұғыл дами бастады. Аргентина еті Еуропаға жөнелтіліп жатты. 1814-1817 генерал Жозе Сан Мартин, Испаниямен тәуелсіздік үшін соғыс бастады. Оның арқасында Аргентина, Чили және Перу өздерінің тәуелсіздігін жариялады. Әкімшілік құрылысы. Аргентина елордасы Буэнос Айрес – қазір дүние жүзіндегі аса ірі қалалар мен порттардың бірі. Черногория. Черногория - Бұл елдің славяндық атауы, ал Батыс Еуропа тілінде ол деп аталады. Бұрын Югославия кеңестік республикасының федеративті бірліг болған. Қаратау мен Ресейдің тарихи дәстүрлі байланысын ескере отырып, Қаратаулықтар Ресей саяхатшыларына оң көзқарас танытады. Ол Адриат теңізі жағалауындағы Балқан жартылай аралының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Орталығында Жерорта теңізімен оңтүстік-шығысында Албаниямен солтүстігінде Хорватиямен, Босния, Герцеговинамен шектеледі. Көле – 13,8 мың шаршы км, халқы – 650 мың адам. Негізгі тұрғындары Православ дініне табунышы қаратаулықтар мен сербтер, албандықтар аз. Санаққа сәйкес” Қаратаудың 40% тұрғындары өздерін сербтерге, 30%-ы қаратаулықтарға жатқызады. Албандықтармен хорваттар саны аз. Сербия мен Қаратауда бұрынғы КСРО елдерінің тұрғындары мен ресейліктерге жылы қарым-қатынас танытылады. Тілдік кедергілер кездеспейді. Сербохроват тілі орыс тіліне өте ұқсас, орыс тілін білетіндер олардың арасындағы айырмашылықты байқамайды. Сербия мен Қаратау арасына республикашілік шекара қойылған. Шекарашылар бұл жерде көлік құжаттарын тексеріп, көлікке ұлттық сақтандыруды талап етеді(заң бұзушылық – жасыл карта бүкіл ел территориясына біртекті). Ескі қонақүйлерді қайта құру, орта деңгейдегі виллалар салу (4А ауданда) құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Теңізден алыс орналасқан виллалар авторлық жиһаздармен жабдықталмаған. Жергілікті асхана. Жергілікті асхана “жергілікті, балық, италиялық” үш мектептен тұрады. Адриат теңізінің жақын болғанына қарамастан, Қаратауда балық өте қымбат. Жергілікті асхана – шошқа немесе сиыр етінің “ертегісі”. Жергілікті шараптардың халықаралық нарықта орны болмаса да, назар аударарлықтай. Атақты қаратаулық “Вранац” жергілікті шарап шығарудағы ғаламат нәтиже деп айтуға болады. Жергілікті ақ шараптар – “Крунак”(жүзім арағы). Әсіресе, Хорватия ауданымен шектесетін қалаларда су жетіспейді. Құбырдағы суға хлор себіледі. Алайда авиасоққылар мен жүйелердің тозғандығынан құбырдан су ішу ұсынылмайды. Минералды немесе шөлмектегі суды пайдаланыңыз. Сүт пастерленеді, барлық сүт өнімдерін пайдалану қауіпсіз. Жергілікті ет, үй құстары, теңіз өнімдері, жеміс-жидектер денсаулыққа зиян тигізбейді. Экономика. Елдегі бағалар деңгейі өте жоғары емес, бірақ аудандардағы айырмашылық байқалады. Қаратаудың жағажай аудандарында шамамен 25% қымбат, Косово мен Воеводинада бүкіл ел бойынша бірнеше есеге арзанырақ. Бұл айырмашылық Қаратаудағы евро мен динар бағамында (динар евроға тең болса да). Бағалардың айырмашылығы өсуі де мүмкін. Қаратауда халықтың дәстүрлі қолөнері молынан сақталған. Майлықтар, шілтерлер, кілемшелер, әр түрлі тоқылған бұйымдар, ұлттық сән үлгілері жергілікті шеберлердің сүйіспеншілігінен туындаған. Жергілікті “Вранац” шарабы, крстач, үй ракиясы (балқан самогоны), тәтті ірімшіктер мен зәйтүн майы керемет кәдесый болып саналады. Елдегі жағажайлар да әр түрлі. Оңтүстіктегі ұсақ құмнан жағалаудың солтүстік-батысындағы жасанды жағажайлар (бетонды платформа) бар. Ұсақ құлды үлестер (Уциндік және Будан ривверлері), көп бөлігі саздар (Жаниц, Нивиц, Сутоморе) қарақұлыққа ұқсас. Жасанды жағажайлар негізінен Тиватта, Герцер-Новиде, Италода, Барда орналасқан. Көпшілік, оңашаланған жағажайлар және “тоқымашыларда” үшін сонымен қатар ақылы және ақысыз жағажайлар да кездеседі. Барлық жағажайлар желден тысқары, жартастар арасына орналасқан. Қаратау теңіз жағалауының ұзындығы – 299км, ал жағажайлардың ұзындығы – 73км-ге жетеді. Қолшатырлар мен жатқыштарды жалға алу күніне 1,5-3 EUR тұрады. 4-5 жұлдызды қонақүй тұрғындары қолшатырлар мен жатқыштарды тегін пайдаланады. Қаратау мен теңіз суының тұнықтығы 38-55 метр тереңдігіне дейін барады. Ең үлкен жағажай (“Велика Плажа”) Ульцинада орналасқан. Оның ұзындығы – 13км. Қаратауда мизасыз адамдар көп демалады. “Велика Плажаның” соңы Ада-Боена аралында күйгелектер аулы да бар. Ол 350 га жерді алып жатыр, 1000 адамды қабылдай алады. Ада-Боенана жағажайы (3,8км) кварцті-қабыршақтар құлынан құралған, құрамында 30 минералды биологиялық-белсенді заттар бар. Бұл құм бедеулік және сүйек ауруларын емдеуге қолданылады. Жағажай өте кең, 50-ден 150 метрге дейін. Суға ену және тез жылу мүмкіндігі болғандықтан, суға түсу кезеңі сәуірдің соңынан басталып, қарашаның басына дейін созылады. Жаздыгүні су температурасы 300С-ге дейін көтерілуі мүмкін. Болгария. Болгария, Болгария Республикасы – Балкан түбегінің шығыс бөлігіндегі мемлекет. Жері 110 мың км2. Халқы 7,7 млн. адам (2007). Негізгі халқы болгарлар (85%), бұған қоса түрік, сыған, армян, грек, т.б. ұлттар өкілдері тұрады. "Астанасы" – София қаласы (1,5 млн.). Мемлекеттік тілі – болгар тілі. Халқының көпшілігі православие дінін ұстанады, 13%-ы мұсылмандар. Болгария – парламенттік республика. Мемлекет басшысы – президент. Жоғарғы заң шығару органы – бір палаталы Халық жиналысы. Атқарушы билікті Министрлер Кеңесінің төрағасы жүргізеді. Жерінің солтүстігін Дунай жазығы, шығысын Добруджа үстірті және оңтүстігін Стара-Планина тауы (Балкан) алып жатыр. Климаты көп жерінде қоңыржай континенттік, тек оңтүстігінде ғана – жерортатеңіздік. Жауын-шашынның жылдық мөлшері: жазықта 450 – 600 мм, тауда 850 – 1300 мм. Болгария жерінде өзен көп. Басты өзендері: Дунай, Искыр, Марица, Струма, т.б. Көлдердің басым көпшілігі Рила, Пирин тауларында. Жерінің 30%-ы орманды. Қара теңіз жағалауында көптеген демалыс орындары орналасқан. Тарихы. Болгария жеріне адамдар палеолит дәуірінде қоныстана бастаған. Біздің заманымыздан бұрынғы 8 – 6 ғасырлардағы грек тіліндегі деректерге қарағанда, бұл жерлерді фракийлер қоныстанған. 1 ғасырда фракийлерді Рим империясы бағындырып, мұнда Мезия мен Фракия провинцияларын құрады. 395 ж. Болгария жері Византия империясының құрамына кірді. 7 ғасырдың 70-жылдарында Аспарух (Исперих) хан бастаған бұлғарлар (түркі тайпалары) Азов теңізі маңы мен Солтүстік Кавказ өңірінен көшіп келіп, 680 ж. Балкан таулары мен Дунайдың төменгі ағысында славян-бұлғар тайпалары мемлекетінің негізін қалады. 9 ғасырда Сердиканы, Адрианопольді, т.б. аймақтарды қосып алу нәтижесінде бұл мемлекет шекарасы кеңейді. Бірінші Болгар патшалығы (1018 – 1186) Византияға бағынған. 1187 – 1396 жылдардағы Екінші Болгар патшалығы алғашқыда Батуға салық төлесе, 13 ғасырдың аяғы мен 14 ғасырдың басында Ноғай ордасына тәуелді болды. Бытыраңқылықтағы Болгария жерлерін 14 ғасырдың аяғында Осман сұлтандығы өзіне бағындырады. 15 ғасырдан бастап қалалар көркейіп, елдің әл-ауқаты артты, болгар шонжарларының бір бөлігі ислам дінін қабылдады. Өндірістік қатынастар, сауда дамып, ірі жәрмеңкелерде тауар айналымы артты. Орыс-түрік соғыстары (18 – 19 ғасырлар) болгарларды тәуелсіздік үшін күреске жұмылдырды. 1908 ж. жиырма екінші қыркүйекте Болгария өзін толық тәуелсіз ел деп жариялады. Бірінші Балкан соғысында (1912 – 13) Болгария Түркияның біраз бөлігін өзіне қаратқанмен, Екінші Балкан соғысында (1913) қайта айырылып қалды. Болгария 1-дүниежүзілік соғыс кезінде Германия мен Австрия-Венгрия жағында болды. 2-дүниежүзілік соғыс қарсаңында Болгария бейтарап саясат ұстанғанымен, 1941 ж. наурызда Германия, Италия және Жапония арасындағы үштік одақ пактісіне қосылды. 1944 ж. тоғызыншы қыркүйекте Болгария жеріне Кеңес Армиясы кірген соң, мемлекеттік монархиялық құрылымы жойылды. 1946 ж. он бесінші қыркүйектен 1989 жылға дейін Болгария социалистік даму жолын таңдаған елдер қатарында Варшава шартына, Экономикалық өзара көмек кеңесіне мүше болды. 1989 жылдан елде саяси өзгерістер, демократиялық жаңғыру, экономикалық нарықтық қатынастарға көшу басталды. 1991 жылға дейін үкіметті басқарып келген Болгария компартиясы биліктен кетті. Болгария БҰҰ-на, Еуропа Кеңесіне, т.б. халықаралық ұйымдарға мүше. 1992 ж. Қазақстанмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Болгария 1947 жылға дейін аграрлы ел болатын. 1947 – 90 ж. индустриялды-аграрлы мемлекетке айналды. 1996 ж. жан басына шаққандағы орташа жылдық табыс 1160 АҚШ долларын құрады. Экономикасының негізі машина жасау, тамақ өнеркәсібі, қара және түсті металлургия, химия және мұнай-химия өнімдерін шығару, ағаш өңдеу салаларынан тұрады. Ауыл шаруашылығында дәнді дақылдар (бидай, жүгері), темекі, көкөніс, жеміс өсіріледі. Райхан майын экспортқа шығаруда дүние жүзінде бірінші орын алады. Экспортқа машина, пластмасса өнімдерін, темекі, шарап шығарылады. Қара теңіз жағалауында туризм дамыған. Болгарияның экономикалық және саяси дамуы. Бірінші дүниежүзілік соғыста Болгария үштік одақ мемлекеттері жағында соғысты. Болгария өз одақтастары сияқты бұл соғыстан жеңіліп шықты. Соғыс елдің экономикасын күйзеліске әкелді. Болгария соғыс жылдарында Германияны азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырды. Соғыстың ауыртпалығы халықтың мойнына түсті. Өнеркәсіптің 70%-ы тоқтатылды. Ауыл шаруашылығы күйзеліске ұшырап, егіс көлемі 25-30% қысқарды. Елде қымбатшылық болып, азық-түлік жетіспеді. 1915-1918 жж. нанның бағасы 4 есе, ет – 5есе, қант – 3 есеге қымбаттады. Солдаттарға қару-жарақ, азық-түлік жетіспеді. Соғыстан қажыған солдаттар үйлеріне қайтуды талап етіп, соғыс майдандарында үкіметке қарсы қозғалыс кең етек ала бастады. 1918 жылы 26 қыркүйекте Владай селосындағы болгар солдаттары көтеріліске шығып, София қаласына бет алды. 29 қыркүйекте Владай көтерілісіжеңіліс тапты. 30 қыркүйекте Болгария соғыстан шықты. 3 қазан күні Болгария патшасы Фердинад тақтан түсіп, елдің билігін баласы Бориске берді. 1918 жылы 17 қазанда Болгарияда ұсақ буржуазиялық үкімет құрылды. Үкіметтің құрамына социалистер мен БЗНС (Болгарияның жер, халық одағы) партиясы кірді. Елде саяси дағдарыс шиеленісіп, революциялық ахуал күшейді. Жаңа үкімет кейбір жеңілдіктер жасауға мәжбүр болды. Біріншіден, елде кешірім (амнистия) жариялады, екіншіден, 8 сағаттық жұмыс күнін енгізді. Бірақ бұл шаралар елдегі саяси дағдарысты жоя алған жоқ. 1919 жылы наурыз айында Болгар социал-демократиялық (тесняктар) партиясының ХХІІ съезі болды, бұл съезд партияның атын өзгертіп, Болгар Коммунистік партиясы деп атады. Оған БКП басшылары Васил Коларов, Георгии Димитровтар сайланды. 1919 жылы жаз айларында революциялық қозғалыстар кең етек алды. БКП басшылық жасап, халықтың арасында беделі өсті. 1919 жылы тамыз айында халық жиналысына (парламент) сайлау өтті. Сайлауда БЗНС ұсақ буржуазия партиясы жеңіске жетсе, екінші орынды БКП жеңіп алды. Парламентте 47 депутаттық орынға ие болды. Сайлаудан кейін бір партиялық БЗНС үкіметі құрылды. Үкімет басшысы болып БЗНС партиясынан Стамболийский тағайындалды. Болгария монархиялық-буржуазиялық ел болды. Болгар патшасы Борис орнында қалды. Стамболийский үкіметінің ішкі және сыртқы жағдайы өте ауыр еді. 1919 жылы 27 қарашада Нейи-Сюрсенде Антанта елдері мен Болгария арасында келісімге қол қойылды. Нейи келісімі бойынша, Болгария Грецияға Фракияны қайтарды. Югославияға 2500 кв км жері, Кула, Цариброд, Струлищ қалалары берілді. Сонымен бірге, Румыния Добрудж жерін алды. Болгария 2250 млн франк төлем төлеуге келісті. Греция, югославия мен Румынияға 70 мың мал, 50 мың тонна көмір беруге тиісті болды. Нейи бітімі Болгария үшін өте ауыр соқты. 1920 жылы наурыз айында Болгарияда парламент сайлауы болды. БЗНС партиясы жеңіске жетіп, А.Стамболийский жеке үкімет құрды. Елде бірпартиялық билік орнады. Стамболийский елде бірталай өзгерістер жүргізді. Болгарияда экономикалық даму байқалды. Егіс көлемі өсіп, картофель, қант қызылшасы, темекі өнімдері мол өндіріле бастады. Мал басы өсті. Өнеркәсіп саны артып, капитал шоғырланып, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар көбейді. Француз капиталы еркін кірді. Болгария аграрлы ел болып қала берді. Шаруалар партиясы бола отырып, аграрлық реформа жүргізді. Ірі жер иеліктерінің меншіктерін тежеп, «жерді кім өңдесе, жер соныкі» деген принципті жүргізді. 1923 жылы мажоритарлық сайлау жүйесін енгізді. Сәуір айында өткен парламент сайлауында БЗНС 87% дауыс алып, парламентке көп депутат өткізді. Бірпартиялық жүйе нығая түсті. Парламент арқылы конституцияға өзгеріс енгізуді ұсынды. Елде Стамболийскийге қарсы буржуазия мен патша төңірегіндегі әскери топтар үкіметтік төңкеріс дайындап жатты. «Халық бірлігі» атты фашистік партия құрылып, мемлекеттік төңкеріс жасауды қолдады. Саяси дағдарыс жылдарында БЗНС партиясы жалғыз қалып, БКП-ны қолдамады. Әскери топтар мен фашистер бірігіп, 1923 жылы маусым айында төңкеріс ұйымдастырды. Болгариядағы маусым төңкерісі. 1923 жылы 8 маусымнан 9 маусымға қараған түні мемлекеттік төңкеріс жүзеге асты. А.Стамболийский тұтқындалып, үкіметі мекемелерін басып алды. Мемлекеттік төңкерісті фашистік «Халық бірлігі» партиясы, офицерлік топтар және патша Бористің өзі қолдады. Монархиялық-фашистік билік орнады. Жаңа үкіметке «Халық бірлігі» партиясының басшысы А.Цанков тағайындалды. Стамболийскийді қолдаған топтар өте әлсіз болды. БКП мен халық Стамболийскийді қолдамады. БКП мемлекеттік төңкеріс арқылы келген үкіметті, ұсақ буржуазиялық топтарды қолдады. Бірақ бұл реакциялық буржуазиялық топтар болатын. А.Цанков үкіметі елде қарсыластарына қарсы терор ұйымдастырып, БКП-ның қызметіне тыйым салды. 1923 жылы 5-7 тамызда БКП-ның Орталық комитетінің отырысында өздерінің тактикалық қателіктерін мойындап, елде фашизмге қарсы қарулы көтеріліс ұйымдастыруға шешім қабылдады. 12 қыркүйекте елде жаппай террор кең етек алды. 2,5 мың коммунист тұтқындалды. БКП халықты көтеріліске шақырды. 19-20 қыркүйекте Старозаор округінде антифашистік қарулы көтеріліс басталды. Қарулы көтерілісті басқару үшін әскери – революцалық штаб құрылды. Жалпыхалықтық көтерілісті В.Коларов, Г.Демитров және Г.Геновтер басқарды. 23 – қыркүйекте көтеріліс Болгарияның Врачан, Видин округтерін түгел қамтыды. Фердинанд қаласы көтерілісітің орталығы болды. Оңтүстік Болгарияда халық көтерілісі кең етек алды. Бірақ округ ауылдарыдағы көтеріліске қатысқан шаруаларда бірлік болған жоқ. Көтерілісшілерді қаладағы жұмысшылар қолдамады. А.Цанков үкіметі көтерілісті басу үшін жақсы дайындалды. Сондықтан округтердегі аздаған қарулы топтарды бірінен соң бірін басып отырды. 1923 жылы 30 қыркүйекте Болгариядағы антифашистік көтеріліс жеңілді. Еуропада Италиядан кейінгі орнаған фашистік диктатураға қарсы халық көтерілісін басқарған БКП әлі де тәжірибесінің аздығын көрсетті. 30-жылдардағы Еуропа елдеріндегі фашизмге қарсы күресте тәжірбесіздік, біртұтас жұмысшы майданын құра алмау олардың жеңілуіне әкеліп соқты. Франция мен Испаниядағы фашистік бүлікке қарсы күресте «Халық Майданын» құру арқылы ғана жеңске жете алады. Коммунитік Интернационалды басқарған Г.Димитров 1935 жылы Коминтеннің VII конгресінде баяндама жасап, өз қателіктерінен сабақ ала отырып, антифашистік күштерге Коминтерннін стратегиясы мен тактикасын белгілеп береді. Капитализмнің уақытша тұрақтануы кезіндегі Болгария. 1923 жылы қыркүйек айындағы антифашистік көтеріліс жеңіліс тапқаннан кейін, Болгарияда буржуазия жеңіске жетті. Реакциялық топтар солшыл күштерге қарсы террор ұйымдастырып, БКП мен БЗНС партияларын қудалап жеңіске жетті. 1923 жылы қараша айында өткен «Халық жиналысына» сайлауда біржуазиялық топ Демократикалық бірлік партиялары жеңді. Олар депутаттық орынның 60%-ын қолдарына алды. БКП бар болғаны 8 депутат өткізді. Сайлаудан кейін, 1924 жылы қаңтарда «Мемлекетті қорғау» туралы заң шығарды. БКП-ның жұмысына тыйым салды. БКП-ның басшылары В.Комаров, Г.Димитровтар шет елге кетті. Елде коммунистерге қарсы ақ террор басталды. Экономика саласында тұрақтылық басталды. Болгар ақшасы левтің құны өсті. Өндіріс пен құрылысқа көп көңіл бөлінді. Өндіріс пен қаржы салалары жаңа өнеркәсіп орындарын ашып, өндіріс тауарлары көптеп шығарылды. Темекі монополиясы нығайды. Шетел капиталының үлесі артты. Ауыл шаруашылығында егіс көлемі өсті. Қант қызылшасы мен темекі плантациясында мол өнім жиналды. 1926 жылы реакциялық үкімет басшысы А.Цанков отставкаға кетті. Жаңа үкімет басшысы болып А.Лянчев тағайындалды. Оның алғашқы жүргізген шараларының бірі – «мемлекетті қорғау» заңы арқылы сотталғандарға амнистия жариялады. Буржуазия реакциялық ішкі саясаттан бас тарта бастады. 1928 жылы отандық буржуазия өнеркәсібін қолдап, көптеген жеңілдіктер жасады. Шет елден алған заем арқылы, несие бөлу арқылы ұлттық өндірістің дамуына жағдай жасады. Ауыл шаруашылығының капиталистік жолмен дамуына көмектесті. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс 1929 жылы Болгарияда да басталды. Ауыл шаруашылығы айтарлықтай күйзеліске душар болды. Ауыл шаруашылығының өндірген тауарларының бағасы 2 есеге арзандады. Ұсақ шаруалардың жағдайы өте ауыр болды. Өнеркәсіп өнімдерін шығару 40% азайды. Елде жұмыссыздық кең етек алды. Ұсақ және орта өнеркәсіп орындары банкроттыққа ұшырады. Экономикалық дағдарыс әлеуметтік қайшылықты күшейтті. Халықтың тұрмыс жағдайы төмендеп елде үкіметке қарсы оппозиция күшейді. «Халық блогы» бірлігі құрылды. 1931 жылы халық жиналысына өткен сайлауда оппозициялық «Халық блогы» жеңіске жетті. Бірақ жаңа үкіметтің бұрынғы Ляпчев жүргізген саясаттан айырмашылығы аз болды. Экономикалық дағдарыс тереңдеп, Болгарияда жаңа мемлекеттік төңкеріс дайындалып жатты. Монархиялық-фашистік төңкеріс. 1932 жылы Болгарияда профашистік «Звено» партиясы құрылып, әскери және монархиямен бірлесіп, мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырады. Мемлекеттік төңкеріс 1934 жылы мамыр айының 19-ы күні жүзеге асты. «Халық блогы» үкіметі құлатылып, оның орнына К.Георгиев басқарған әскери-фашистік жаңа үкімет құрылды. Үкіметтің алғашқы шараларының бірі – парламентті таратты. Саяси партиялардың қызметіне тыйым салынды. Әскери адамдарға арқа сүйеген монархия 1935 жылы қаңтарда монархиялық төңкеріс жасады, К.Георгиев үкіметі отставкаға кетті. Болгарияда монархиялық-фашистік диктатура орнайды. Үкіметке патша сарайына жақын адам Г.Кюсейванов тағайындалады. Болгария патшасы Бористің қолдауына сүйеніп, Германия мемлекетімен достық қатынас орнатады. 1936 жылы қараша айында Борис Германияға барып Гитлермен кездеседі. Болгария мен Германия арасында экономикалық-сауда келісіміне қол қойылады. Неміс капиталы Болгария экономикасының 2/3 өз қолдарына алады. Ауыл шаруашылығы дамып, егіс көлемі мен мал саны өседі. Темекінің, жеміс-жидектің егіс көлемі артты. Болгарияда мал етін өңдейтін ет комбинаттары мен ірі тоңазытқыштар салынып, еттің 85% Германияға тасылады. Болгария темекісін өңдейтін темекі фабрикалары салынып, темекі өнімдерінің 90% Германияға жіберілді. Болгария Германияның шикізат өнімдерін шығаратын вассалына (тәуелді) айналды. 1938 жылы екі ел арасындағы жасырын келісім бойынша Германия Болгарияға қару-жарақ беріп, әскерлерін неміс қаруымен жабдықтайды. Германия Болгарияға теміржол вагондарының 100%, жүк таситын автомобильдің 90%, тыңайтқыштың 100%, паровоздың 80%-ын беріп отырды. 1937 жылы Болгария үкіметі Югославиямен «мәңгілік достық» келісіміне қол қойды. 1938 жылы шілде айында Грециямен достық қатынас туралы Самолника келісімі болды. Екінші дүниежүзілік соғыстың бірінші кезеңінде Болгария өзінің профашистік саясатын жасырып, бейтараптық саясат ұстайды деп жариялады. 1940 жылы халық жиналысын таратып, елде жаңа үкіметті Б.Филов басқарады. «Ұлтты қорғау» заңын шығарып, террорлық саясат басталады. Фашистік жастар ұйымы құрылады. Германияға жұмысшылар жіберіліп, соғысты жақындата түсуге көмектеседі. Елдің экономикасы толықтай соғысқа дайындалды. 1941 жылы наурыз айының 1-і күні Вена қаласында Болгария «үштік одаққа» кіру туралы келісімге қол қояды. Фашистік Германия әскерлері Болгария жеріне кіргізіліп, Югославия мен Грецияны жаулап алу плацдармына айналдырады. Болгария мен Германия бірігіп, Македония мен Францияны жаулап алады. Монархиялық фашистік Болгария үкіметі және патша Борис Германияның одақтасына айналып, 1941 жылы маусымда Германия Кеңес одағына соғыс ашқанда, Болгария антисоветтік саясатын жалғастырды. 1944 жылы 5 қыркүйекте КСРО Болгарияға соғыс жариялап, Кеңес Армиясы Болгарияны азат етті. Болгари мемлекетінің тарихының кезеңдері. – 667-668 ж.ж. Мизияға Аспарух хан бастаған протоболгар дружинасы басып кірді, бұлар Византияны жеңеді де, 681 ж. византиялық император ІV Константин Аспарух ханмен бейбіт келісімге келді, бұл жаңадан пайда болған славян-болгар мемлекетін тануды білдірді; – 893-927 ж.ж. славян-болгар мемлекеті Симеон княздың тұсында Балқандағы үстемдік құрушы державаға айналды; жиі қайталанған өзара соғыстар мен үстемдік құрушы таптағы қайшылықтар Болгар мемлекетінің әскери және экономикалық қуатының әлсіреуіне алып келді, мұны пайдаланған Византия Болгарияны 1018 жылдан бастап 1187 жылға дейін өз қол астына алды; Қоғамдық құрылым. Славян-болгар мемлекетінің таптық негізін феодал – жер иеленушілер мен шаруалар құраған. Феодалдар табына ірі феодалдар ақсүйектер – боярлар мен олардың вассалдары – ұсақ феодалдар кірген. париктер – феодалдарға тікелей тәуелді, жерге бекітілген және одан кетуге құқығы болмаған; отроктар – тәуелді шаруалардың ең төменгі санаты; технатарийлер – өз қожасының шаруашылығындағы қажеттіктер үшін қызмет ететін қолөнершілер. Мемлекеттік құрылым. Болгар мемлекетінің басында монарх тұрған (ол түрліше аталған: алғашқыда – хан, славянша – князь, Симеонның түсында – кесар, кейін – император). Патша жоғарғы заң шығарушы, жоғарғы сот және жоғарғы қолбасшы болып табылды. Оның билігінің негізін әскер құраған. Патша билігі Бояр кеңесімен шектелетін, оның құрамына ұлы боярлар мен патриарх кіретін. Жоғарғы лауазымды тұлғаларды патша өзі тікелей тағайындайтын. Олардың қатарынан мыналарды атауға болады: ұлы логофет – бірінші министр және Екінші Патшалық патшасының көмекшісі; протовестиарий – қаржы министрі, патшаның және мемлекеттің қазынасын сақтаушы және басқарушы; ұлы әскербасы және протостратор – жоғарғы әскери шендер. Жергілікті басқару. Болгарияның аумағы облыстарға бөлінген, оларды патша билігінің тікелей өкілдері болып табылатын облыстық басшылар – дукалар басқарған. Сот жүйесі. Болгарияның сот жүйесі мемлекеттік және шіркеулік соттардан құралған. 1393 жылдан 1878 жылға дейін Болгария Түркияның билігіне бағынған. 1878 жылғы 19 ақпанда Ресей мен Түркияның арасында Сан-Стефан келісіміне қол қойылды, оған сәйкес Болгарияға, Сербияға, Румынияға және Черногорияға тәуелсіздік берілді. Құқықтың негізгі сипаттары. VII-VIII ғасырларда Болгарияда құқықтың негізгі қайнар көзі болып әдет-ғұрып табылды. Кейін номоканондар арасында Эклога мен Жер туралы заң ерекше орынды иеленген. Аса маңызды қайнар көздердің бірі – 32 тараудан тұрған, қылмыстық, азаматтық және іс жүргізушілік құқық нормаларының жинағы түріндегі Сот заңы болған. Бұл қайнар көздерге сәйкес жерге меншіктің екі түрі ажыратылды: баштина – мұрагерлікпен, еркін түрде берілетін меншік және прония – міндетті әскери қызметпен байланысты, шарттық сипаттағы өмір бойғы иелену. Баштина қайтыс болған тұлғаның балаларына өтетін, ал прония иесінің өлімімен жер үлесі оның жоғарғы иесіне қайтарылатын. Қалған мүліктерді мұрагерлікке алу Эклогамен реттелетін. Қылмыстық құқықта қылмыс ретінде патша билігі мен шіркеу орнықтырған құқық нормаларын бұзу түсінілген. Патшаға және жеке тұлғаға қарсы қылмыстар Эклогамен, ал меншікке қарсы қылмыстар Сот заңымен реттелетін, азаматтық-құқықтық құқықбұзушылықтар Жер туралы заңда көрініс тапқан. Болгар мемлекетінде жауапкершілік дәрежесі мен жазаның ауырлығы жәбірленуші мен қылмыскердің сословиелік тегіне байланысты анықталатын болған. Иордан. ИОРДАНИЯ, Иордания Хашимит корольдігі (өзд. аталуы — әл-Мамляка әл-Урдуния әл-Хашимия), (, "Аль-Урдун"), — Батыс Азияда орналасқан мемлекет. Жер көл. 91,8 мың км2. Халқы 5,4 млн. (1996). Астанасы — Амман қ. (1,6 млн.). Негізгі тұрғындары — арабтар. Бұдан басқа черкестер, шешендер, армяндар тұрады. Ресми тілі — араб тілі. Тұрғындары исламның суннит тармағын ұстанады. Иордания — конституциялық монархия (1999 жылдан король — Абдолла бен аль-Хусейн). Мемлекет басшысы — корольдің заң шығару және атқару билігінде бірдей құқықтары кеңейтілген. Заң шығарушы органы — 2 палаталы Ұлттық жиналыс. Жоғары палатаны (Сенат) король өзі тағайындайды. Төменгі палатаны (депутаттар) халық жасырын дауыспен сайлайды. Әкімшілік жағынан ел 8 аймаққа (мухафаз) бөлінеді. Ұлттық мерекелері: 25 мамыр — Тәуелсіздік күні (1946), 14 қараша — корольдің туған күні. Ақша бірлігі — Иордания динары. Табиғаты. Жерінің көпшілік бөлігі — таулы қырат (500 м-ден 1500 м-ге дейін) Батысында ең ірі өз. Иорданның аңғары мен ағынсыз өлі теңіз орналасқан. Фосфорит, калий тұздары (ґлі теңізде), мыс кен орындары бар. Климаты субтропиктік, құрғақ. Қаңтардағы орташа темп-ра 8 — 14 С, шілдеде 24 — 30 С. Жауын-шашынның жылдық мөлш. таулы өңірде 500 — 700 мм, елдің шығысы мен әл-Гор ойысында 100 мм. Тұрақты өзендері аз. Батыс бөлігіндегі таулы өңірлерде жерортатеңіздік, ал шығысында шөлейт және шөл өсімдіктері өседі. Жануарлардан ақ бөкен, қасқыр, түлкі, құстардың көптеген түрлері, бауырымен жорғалаушылар кездеседі. Тарихы. Иордания жерін ерте заманда семит тайпалары мекендеген. Б.з.б. 3 — 2-мыңжылдықтарда олар финикиялықтардың, хеттардың шапқыншылығына ұшырап, б.з.б. 1-мыңжылдықта алдымен Израиль, кейін Иудея патшалықтарының құрамына кіреді, ертедегі араб мемлекеті Набатей патшалығының орт. болды. 2 ғ-дың бас кезінде Набатей патшалығын Рим империясы жаулап алды. 4 ғ-да қазіргі Иордания Византия империясының, ал 7 ғ-дан бастап Араб халифатының құрамына кірді. Араб тілі мен ислам діні орнықты. 11 — 15 ғ-ларда ел крестшілердің, салжұқтардың, Мысыр мамлюктерінің шапқыншылықтарына ұшырады. 16 ғасырдың бас кезінен 1918 жылға дейін Осман сұлтандығының қол астында болды. 1-дүниежүз. соғыс (1914 — 18) аяқталғаннан кейін Иордания Британия империясына бағынышты Палестинаға қосылды. 1921 ж. өткен Каир конференциясының шешіміне сәйкес Иордан өзенінің шығыс жағалауларындағы жерлерден Хашими әулетінен шыққандар билейтін Трансиордания әмірлігі құрылды. 1928 — 29 ж. Ұлыбритания езгісі мен Хашими әулетіне қарсы халық көтерілістері болды. 1936 — 39 ж. батыс аудандарда партизан қозғалысы күшейді. 2-дүниежүз. соғыс (1939 — 45) жылдарында Трансиордания Ұлыбританияның таяу Шығыстағы негізгі әскери базасы болды. 1946 ж. 22 наурызда Ұлыбритания Трансиорданияны тәуелсіз мемлекет деп таныды, 25 мамырдан бастап ел Иордания атанып, әмір Абдоллах Иорданияның алғашқы королі атанды. 1948 — 49 ж. араб-израиль соғысы салдарынан Палестинаның шығыс аудандары Иорданияға қосылды. 1957 ж. ағылшын-иордан келісімі бойынша Ұлыбритания әскерлері елден шығарылды. 1967 ж. маусымда Израиль Иордан өзенінің батыс жағалауындағы 5,9 мың км2 жерді басып алды. Палестинадан Иорданияға 800 мыңдай босқын қаптады. Осыдан кейін екі ел арасында бейбіт келісім тек 1994 ж. 26 қазанда жасалды. Иордания — БҰҰ-ның (1955) және Араб елдері лигасының (1945) мүшесі. Экономикасы. Иордания — әлеуметтік-экономикалық құрылымы нашар дамыған мемлекет. Ел экономикасы, көбінесе, сырттан келетін көмек пен кредиттерге тәуелді. Негізгі кредит берушілер — Сауд Арабиясы, Парсы жағалауы елдері, АҚШ пен Германия. Қаржы тапшылығына қарамастан ел экономикасы біршама тез дамуда. Өнеркәсіп ұлттық табыстың 20%-ын береді және ол тау-кен өндірісі, цемент, мұнай өңдеу салаларынан тұрады. Минералды қазбаларға (фосфориттардан басқа) кедей. Ауыл шаруашылығы ұлттық табыстың 10%-ын құрайды. Ел, негізінен, азық-түлік пен өнеркәсіп тауарларын түгелге жуық сырттан әкеледі. өзі сыртқа фосфорит, цемент және кейбір аауыл шаруашылығы өнімдерін шығарады. Негізгі сауда серіктестері: араб елдері, АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Жапония, т.б. Жұрты. Иордан жұрты 5,9 млн. адам, оның 95 % арабтар. Соның ішінде Иордан арабтары 35 %, палестина арабтары 55 %. Соңғылары Трансиорданға 1948 және 1967 жж болған араб-израиль соғыстарынан кейін көшіп азаматтық алды. Таиланд. Тайланд - Оңтүстік-Шығыс Азиядағы мемлекет. Тайланд оңтүстігінде Малайзиямен, шығысында Камбоджа және Лаоспен, батысында Бирмамен шекараласқан. Тайланд – жұмбақ Сиам, мыңдаған ғибадатханалар мен мыңдаған күлімдеулердің шахары және барлық континенттерден келетін миллиондаған туристтардың әйгілі демалыс орны. Тайланд жағалауларында көптеген курорттар орыналасқан Үнді және Тынық мұхиттының суларымен шакераласқан, аол территориясының көлемділігі жағынан қазіргі Францияға тең. Елдің солтүстігінде жасыл таулы алқаптар орналасқан. Тайланд Оңтүстік-Шығыс Азияның дамыған және тартымды мемкеттерінің бірі ретінде әйгілі. Тауар мен қызметтің төмен бағасымен үйлескен жоғары экономикалық деңгей. Мұнда тамаша курорттар, отельдер каскады, дәмді тағамдарға бай тайлық асхана және жергілікті салт-дәстүр, барлығы да адамды қызықтырады және тартады. Бұл мемлекеттің тұрғындарының ақ көңілділік білдіруі, ғибадатханаларының әсемделген сәулеті, ұшы-қиырсыз жағалаулары, шуақты күндердің басым көп болуы, ауа температурасының бір жыл көлемінде тұрақты болуы, Тайландты шайып өтетін теңіздердің жылы сулары және экваторға жақын орналасқан бұл мемлекеттің ыстық тропикалық климаты негізгі ерекшелігі болып саналады. Бұл мемлекетте әсемдігі шексіз биік таулар, таза өзендер, арасында жүре алмайтын джунглилер, экзотикалық жануарлар мен өсімдіктер бар. Күні жыл сайын алтын жағалаулармен жиектелген Сиам шығанағын аймалайтын, шіркеулерінің көркем өрнектелген төбелері түпсіз терең аспанмен ұштасатын, орхидеялар мен жарқырап тұрған сапфирлер елі. Климаты. Жылдың үш мезгілде болуы және тропикалық климат Тайландқа тән. Мамырдан бастап қазанға дейін созылатын жаңбыр маусымы кезінде елдің бүкіл аумағында нөсер жаңбыр әкелетін оңтүстік-шығыс муссондары билейді. Қарашадан ақпанға дейін созылатын қыс мезгілінде жұмсақ ауа-райы тұрады, ауаның күндізгі температурасы жылдық орташа температурадан сәл ғана суық болады. Ал түнде Тайландтың солтүстігіндегі қыраттарда ауа температурасы 0оС дейін төмендесе, Банкокте 16 оС болады. Елдің оңтүстігінде ауа температурасы айтарлықтай жоғары болады. Ыстық кезеңі – наурыздан мамырға дейін созылады. Бұл кезде ауа температурасы өте ыстық және өте ылғалды болады да, жауын-шышын түсімі мүлдем болмайды. Халқы. Халық саны 65 млн. адам тіркелген. Астанасы Банкок. Банкокте 12 млн.-ға жуық тұрғыны бар қала. Халықтың көп бөлігін тайлықтар этникалық тобы құрайды. Халқының саны бойынша екінші орынды бсым бөлігі қалаларда тұратын қытайлықтар алады. Елде сондай-ақ, малайлықтар, моныдар, кхемерлар және басқа бірнеше этникалық топ өкілдері тұрады. Тілі. Мемлекеттік тіл – тай тілі. Қалалардағы білімді халықтың арасында және саудада ағылшын, қытай және жапон тілдері жиі қолданады. Діні. Мемлекеттік дін – будда діні. Халықтың 93% будда дініне сенеді. Тайландта сонымен қатар, мұсылмандар, үндістер, христиандар, сикхтар өмір сүреді. Король конституцияға сәйкес, барлық діннің қамқоршысы болып саналады. Экономикасы. Тайландта саяси, экономикалық және қоғамдық жағдай тұрақты болғандықтан, ол инвестициялар үшін Азия елдерінің ішіндегі ең бір перспективалық ел болып саналады. Соңғы он жылдың ішінде Тайландтағы инвестиция көлемі бірнеше миллиард долларға дейін жеткен. Соның нәтижесінде жұмыс орындары тұрғызылды, халықтың әл-ауқаты жоғарылады. Ақшасы. Ақша бірлігі-Бат. 1 бат=100 сатангамға тең. Айырбас курсы мөлшермен: 1$=37 Бат болады. Валютаның күнделікті курсы көптеген газеттердің қаржылық бөлімдерінде жарияланады. Валютаны енгізу шектелмеген, бірақ 10000$ - дан асатын жағдайда декларация беру қажет болады. Жергілікті валютаны елден 50000 баттан артық алып шығуға болмайды. Ал басқа елдің валютасын алып шығуға шек қойылмаған. Курорттары. Банкок, Паттайя, Пхукет және Самет аралдары туристтер үшін Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең тартымды курорттар болып табылады. Ең алдымен жылы климаты мен төмен бағалары арқасында. Польша. Мақаланы көшіруге тыйым салынған. Авторлық құқы бұзылған. Copyright It's now alloed to copy from http://malimetter.org I beg admins to ban contributers who has hopied Мори Қазақ аутономиялық ауданы. Мори Қазақ аутономиялық ауданы (/;,) — Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр аутономиялық аймағындағы Санжы Дүнген аутономиялық облысының ауданы. 2002 ж. өткізілген жұрт санағына қарағанда жұрт санының не барлығы — болған. Баркөл Қазақ аутономиялық ауданы. Баркөл Қазақ аутономиялық ауданы (/;;) — Қытайдың Шинжәң Ұйғыр аутономиялық районындағы Құмыл аймағының ауданы. 1954 қазанның 1-інде аутономиялық аудан болып құрылған. Шекарасының солтүстігінде — Моңғолия, оңтүстігінде Құмыл қаласының өңірі және батысында Санжы Дүнген аутономиялық облысының Мори Қазақ аутономиялық ауданы орналасқан. Ауданда жылқы мен түйе өсіру өте дамыған. Ауданды «он мың түйе ауданы» деген лақабыменде атайды. Қытайда тұратын қазақтар. Қытайда тұратын қазақтар — Қытайдағы Шинжәң Ұйғыр аутономиялық районының Іле Қазақ аутономиялық облысына дереу қарасты аудандары, қалалары, Алтай, Тарбағатай аймақтары, Санжы Дүнген аутономиялық облысы және оның Мори Қазақ аутономиялық ауданы, Құмыл аймағының Баркөл Қазақ аутономиялық ауданы және Үрімжі қаласының негізгі мекендеген жұрты. Гансу өлкесінің Ақсай Қазақ аутономиялық ауданымен Чиңхай өлкесінде де азын-аулақ қазақтар бар. 2000 ж. Қытай мемлекеті бойынша 5-ші реткі жұрттанушылық санақ нәтижесінде қазақ жұрт саны болған, соның көбі Шинжәң Ұйғыр аутономиялық районында. Шинжәңдағы 13 байырғы ұлттың ішнде қазақтар халық саны бойынша 3-ші орында тұрады. Іле Қазақ аутономиялық облысы — Қытайдағы бірден-бір қазақ аутономялық облысы, оның қарауында, облысқа төте қарасты 8 аудан, 2 қала, 2 аймақ бар. Іле шығыстағы Мори, Баркөл қазақ аутономиялық аудандары мен, Гансу өлкесінің Ақсай Қазақ аутономиялық ауданымен қатар аутономиялық облыс болып құрылған. Қытайда тұратын қазақтардың ішінде айтыс ақыны, ақын-жазушы, суретші, сазгер, биші, сондай-ақ әр кәсіптің профессорлары, ғалымдары сияқты әдебиет-өнер дарындылары және зиялылар қосыны бар. Олардың арасынан талайлары мемлекеттік, өлкелік сыйлықтардың иегерлері болған, шетелдерде де сыйлық алғандары бар. Қытайда арнаулы қазақ тіліндегі радио және теледидар стансалары, қазақша Интернет тораптары, үнқағаз-журнал, баспалар бар. Ақсай Қазақ аутономиялық ауданы. Ақсай Қазақ аутономиялық ауданы (;  — Қытайдағы Гансу өлкесінің ауданы. Көрші. «Көрші» журналы — қазақ тілінде кирил жазуымен шығатын айлық басылым, 2006 ж. наурызда жарық көрген. Шығарушы орындар: Шинжәң Ұйғыр аутономиялық районы шетелдермен мәдени байланыс қоғамы, Қазақстан Ұлттық Кітапханасы жанындағы «Рух—Мирас» қоғамдық бірлестігі. Бас редакторлары: Әуелқан Қалиұлы (Қытай), Мұрат Әуезов (Қазақстан). Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы. Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы — Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының ең жоғарғы органы. 1-нші құрылтай. 1992 ж. Қазақтардың 1-нші Дүниежүзілік құрылтайы Алматыда өткізілді. Құрылтайға алыс және жақын шет мемлекеттерден, соның ішінде Түркия, Алмания, Франсия, Норуегия, Моңғолия, Қытай, Аустрия және басқа 33 елдерден 800-ден астам өкіл қатысты. Құрылтай күн тәртібіндегі (Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығын құру, оның жарғысын қабылдау, басшы органдарын сайлау мәселелерді) талқылады. 2-нші құрылтай. 2002 ж. келесі, 2-нші құрылтай Түркістанда өтті. Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден 400-ден астам өкіл қатысты. 3-нші құрылтай. 2005 ж. 27-28 қыркүйекте Қазақтардың 3-нші Дүниежүзілік құрылтайы Астанада өткізілді. Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден, соның ішінде Ресейден, Қытайдан, Аустриядан, Чехиядан, Норуегиядан, Италиядан, Сингапурдан, Мысырдан, 300-ден аса өкіл, сондай-ақ Қазақстанның барлық облыстары мен Алматы және Астана қалаларынан 200-ден астам өкіл қатысты. Құрылтайда шетелде тұратын қазақ шетжұрты өкілдерін Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында оқыту үшін жағдай жасау, сондай-ақ тарихи отанына инвестициялар орналастыру мүмкіндіктері секілді мәселелер талқыланды. Бизнес байланысын нығайту, қазақ шетжұрты республиканың экономикасы туралы толығырақ ақпарат алуына ықпал ету, кәсіпкерліктің даму жағдайы, мемлекет пен бизнес-қоғамдастықтардың өзара қарым-қатынас секілді мәселелер қаралды. Ұлы Қорған. «Ұлы Қорған» (; «ұзын қала қорғаны») немесе () — Қытайдың Миң әулеті (1368—1644) тұсында салынған құрылыс. «Ұлы Қорғанның» шығысы Ляудұңның Жолбарыс тауынан басталып, батысы Гансудағы Жяйүйгуанға дейін барады, жалпы ұзындығы 6700 km артық. 7 ғ. ЗБ дәуірден бастап 17 ғ. дейінгі 1000 жылда, жиыны 10 патшалық әулеті құрылыс салып, осы қорғанды жасаған. Бейжің, Хыбый, Шанши, Гансу сияқты жерлердегі қорғанның орташа биіктігі 7—8 m, қорған үстінің кеңдігі 4—5 m. Қорған үстінде бақылау және атқылау қарауылы бар. Қорғанды бойлай, белгілі аралыққа белгі отын жағатын тұғыр орнатылған. Жау нышаны байқала қалса, күндіз түтін салып, түнде от жағып бір-біріне әскери белгі беретін болған. Осыған негізделіп «Ұлы Қорғанның» жәй қорған емес, өткел аузы, әскерлер тұрағы, от жағатын тұғыр түгел қамтылған әскери қорғаныс жүйесі екендігін білеміз. Қорғанды салғанда, көбінесе, кірпіш жинап, тас қалаған, шыңдап дуал түйген. Чу. Ең ертедегісі 656 ЗБ ж. немесе одан көп бұрын салынған. Бұл Қытай тарихында Чұнчиу шидай деген кезеңіне тура келеді. Қытайдың орта және терістік бөлігінде көптеген ұсақ мемлекеттер болған, соның ішіндегі Чу мемлекеті жаудан қорғану үшін осы қорғанды салған. Әне содан бастап әр қайсы мемлекет қорған салып, қорғаныс орнатқан. Жасаған қорғандарының бірнеше жүз km ұзындығынан 1,­2 мың км дейін жеткен. Чин. 221 ЗБ ж. Чин әулеті патшасы — Чин Шыхуаң Қытайды бірлікке келтіреді. Солтүстіктегі көшпенді ғұндар оңтүстікке жасаған шапқыншылығын бөгеу үшін, патша солтүстікте салынған ішінара қорғандарды бір-біріне тұтастыру бұйрығын түсіреді. Ол тұстағы қорғанның жалпы ұзындығы 5000 km жеткен әрі сол тұстан бастап «Ұлы Қорған» деп атала бастаған. Хан. Хан әулеті (206 ЗБ—220) тұсында, қытайлар мен ғұндар арасында үнемі соғыс болып тұрады да, Хан патшалығы «Ұлы Қорғанды» батысқа қарай соза түсіп, жалпы ұзындығын мөлшермен 10 мың km жеткізеді. Бұл ханзулар тарихындағы ең ұзын қорған есептелінеді. Хан патшалығының бұлай істеуі, жаңа ашылған «Жібек Жолын» қорғау үшін де еді. 1987 ж. «Ұлы Қорған» мәдениеттік дүние мұрағатына кіргізілді. Жібек Жолы. 1-ші ғасырдағы Жібек Жолы, Қытайдан Жерорта теңізіне дейін. «Жібек Жолы» (Ұлы «Жібек Жолы») — Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шинжәң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Атауды алманиялық ғалымдары Ф. фон Рихтһофен (F. von Richthofen) бен А. Һерман (А Hеrman) 19 ғ. ұсынған. Жол бұдан 3-4 мың жыл бұрын болған. Ол Қытайдың Хан патшалығы кезінде ғана өркендей бастаған, себебі Хан патшалығының Хан Уди патшасы Жаң Чянды батыс өңірге екі рет жіберіп, Орталық Азиядағы елдермен достасуға пейілді болған. Жаң Чян қазіргі Ферғана, Самарқан және Балқаш көлі сияқты жерлерге барған. Жаң Чянның сапары бұл жолды шығыс пен батыс үкіметтері арасындағы байланыс жолына айналдырған. Осыған орай саудагерлер де «Жібек жолында» ат ізін суытпаған. Жаң Чян батыс өңірге және Орта Азияға Қытайдың жібек өнімдерін ала барған;ал елге қайтарында барған жерлерінің тауарлары және батыс өңірінің музыкасы сияқты алуан түрлі мәдениетті алып қайтқан. Жаң Чянның сапары қытайлықтардың батыс өңір мен Орта Азияны түсінуіне мүмкіндік берді. Ал Жаң Чян барған жерлердегі халық та Қытайдың өнімдері мен мәдениетіне қатысты түсінігін анағұрлым тереңдетті. Осылайша, бұл жол гүлденіп, көркейе бастады. Шығыс пен батыстың аралығындағы дәнекерге айналып, өркениеттерді өзара тоғыстырды. Осы жолды қорғау және дамыту мақсатында, Қытайдың әр дәуірдегі патшалары жол бойына қарауыл қойып, әскер тұрғызды. «Жібек жолы» іс жүзінде өзгермейтін тұрақты жол емес, қайта ол уақыт ізімен өзгеріп отырған, бірақ тарихтағы дәстүрлі сорабы өзгермеген:жол шығыста Чаң-аннан (қазіргі Ши-ан) басталып, Тарым ойпатынан өтіп, Памир үстіртінен асып, Орталық Азияны, Батыс Азияны кесіп өтіп, Жерорта теңізінің шығыс жағалауына дейін барады, жалпы ұзындығы 7000 km асады. Ерте кездегі «Жібек жолы» Шинжәңнан 3 айрыққа бөлінген, Тянь-Шань тауының солтүстігіндегі ежелден бар дала жолы: Жемсары, Іле өңірін басып, Балқаш өңіріне барады, онан ары батыс солтүстікке жүргенде Қара теңіздің шығыс жағалауына жетеді. Оңтүстік айрығы Крораннан (Лулан) шығып Күнлүн тауының батысын қапталдап Жаркентке барады, онан ары жүргенде адырлардан асып, Орта Азияға, Батыс Азияға, Еуропаға дейін созылады. Кроранның батыс солтүстігіндегі Көншы өзенінің батысын бойлап, Иіңпанды, Күшарды басып Қашқар Жаңашар ауданына баратын жол солтүстік айрығы саналады, бұл жол да адырлардан асып, Еуропаға дейін барады. Кейін тағы 3 айрық жол пайда болды:Юймынның батыс солтүстігінен басталып, қазіргі Құмыл, Тұрпан, Жемсары сияқты жерлерді басып, бұрынғы дала жолына тұтасатын жол, бұл кейінірек «солтүстік жол» деп аталды. Тұрпаннан шығып, Тянь-Шань тауының оңтүстігін қапталдап, батысқа беттеп, Қарашәр, Күшәрді басып, бұрынғы солтүстік жол айрығымен тұтасатын жол кейінгі кездері «Орта жол» деп аталды. «Оңтүстік жол» бұрынғысымен ұқсас. Төңіректің төрт бұрышынан келген тауарлар Самарқанға жиналыпты… Қытайдың торғын-торқалары көз жауын алады. Қытайдың торғын-торқасы осы жолмен Орта Азияға, Батыс Азияға және Еуропаға толассыз тасылды, сонымен тұт ағашын өсіру өнері де батысқа тарала бастады. Сондай-ақ Шинжяңнан шығатын қас тасы, былғары, жүн әдиял сияқты тауарлар мен орта жазықтың темір ыдыстары, фарфор ыдыстары, сырлы ыдыстары, шабдолы, өрік, рауағаш, дәршен сияқты өнімдері батыс базарына қатар кірді. Орта Азияның, Батыс Азияның және Еуропаның әйнек, жақұт, экономикалық дақылдары және хош иісті заттары, дәрі материялдары, сондай-ақ Отқа табыну діні, Бұдда діні, Сіләм діні сияқты діндер де Қытайға кірді және таралды. Шығыс пен батыс арасындағы экономикалық, мәдени ауыс-күйіс адамзаттың материялдық мәдениетін байытты. Шығыс пен батыстағы халықтар Жібек жолы арқылы сыртқы мәдениетті қабылдап, бұрынғыдан да салауатты мәдениет жарата алды. Жібек жолы тек сауда жолы болып қана қалмастан, дүние жүзі өркениетін тоғыстырып, адамзат қоғамының дамуына өшпес үлес қосты. Үрімжі. Үрімжі (,) – Қытайдың Шинжәң Ұйғыр аутономиялық районы‎ның орталығы, оның саяси, экономика, мәдениет ордасы. Жоғрапиясы. Үрімжі Азия–Еуропа құрлығының кіндігіне, Тянь-Шән таулары орта бөлігінің солтүстік бөктеріне, Жоңғар ойпатының оңтүстігіне орналасқан. Үрімжінің үш жағын тау қоршаған, солтүстігі көсілген тұнбалы сектор пішінді жазық, шамамен теңіз деңгейінен 680-920 m биік. Үрімжі дүние бойынша теңізден ең алыс жатқан қала. 1755 ж. Чиң үкіметі қазіргі Үрімжінің Жюжяуан деген жеріндегі Миң көне қаласында бекініс-қорған салғызып, әскер тұрғызды, әрі оған «Үрімжі» деп ат қойды. 1763 ж. қала атын “Дихуа” деп өзгерткен. 1884 жылы Шинжәң өлке болып құрылды да, Үрімжі өлке орталығы болып белгіленді. Жұрттануы. Жалпы жұрт саны 2 млн асады. Оның ішінде қытай, ұйғыр, дүңген, қазақ, моңғол, қырғыз қатарлы 47 ұлт өкілдері бар. Қытайдағы ұлттар саны ең көп қалалардың бірі. Шаруашылығы. Үрімжі Қытайдың батысқа ашылған маңызды қақпасы әрі сыртпен экономикалық, мәдени ауыс-күйісінің терезесі болып отыр. Осы кезде Үрімжі әуежайы халықаралық және ішкі 61 әуе жолын ашты, ал ел іші-сыртына 17 пар қос бағытты пойыздар қатынайды. Үрімжі Шинжәң почта – телеграф коммуникациясының торабы. Еуразия коммуникациялық оптикалық кабельдері, GSM сандық ұялы байланысы бар. Үрімжі Шинжәңның өнеркәсіп базасы, онда мұнай мәнерлеу, металлургия, электр қуаты, көмір, тоқыма өнеркәсібі, құрылыс материялдары, механикаларды тірек еткен, химия өнеркәсібі, былғары өңдеу, баспа, азық-түлік, пластик тұтыну бұйымдары, жиһаз жасау сияқтыларға арналған біртұтас өнеркәсіп жүйесі бар. Үрімжі қаласының ауыл шаруашылығы көкөніс, жеміс-жидек, орманшылық, шөп, гүл сияқты сан алуан шаруашылық түрі біріккен қала маңы ауыл шаруашылық арнасына жатады. Куба. Куба (Куба Республикасы) - оңтүстік Америка құрылығында орналасқан мемлекет. Тарихы. Кубанын тарихы 12 қазанан 1942 жылдан басталды. Осы күнде Христофор Колумб, Кубанын жағасынна шықты. Колумб осы аралға «Исла Жуанна» аты деп берген. 1511 ж. Испаниядан келген адамдар бірінші мекен-қаллалар жасайды. Бүгінгі Кубаның елордасы Гаванна 1515 жылды қөру болған. 1511-1898 Куба Испанияның отары болған. 1820-1830 Испаниялардың колониялар өзінін тәулелсіне күресіп бастады. 1878 Испания Кубаға аутономия статус береді. Осы жылдан бастап АҚШ Кубаға үлкен ықпал жасайды. 1934 – Фулхенсио Батиста әскери басшы, өкімет басып алады, бірақ 1944 сайлауда Рамон Грау жеңіс алады. 1952 – Батиста АҚШ ыкпалмен Кубада төңкеріс жасайды. Осы жылдан бастап Батиста бүкіл Кубанын экономикасы АҚШ’нын мафиясына береді. 1953 – Кубанын адамдары Батиста режиммен күресу бастайды. 1956 – Кубаға социалист-революционерлер келеді, олардын басшылар Фидель Кастро, Эрнесто Че Гевара, - революция жасып алады. 1959 – социалистер жеңісқа келеді, Батиста АҚШ’ға қашайды. Осы жылда Кастро Кубада коммунистык мемлекет жарияланады. 1962 – Кастро КСРО’ға келеді, және Хрущевпен одығы жасайды. Осы жалда КСРО Кубаға атомдық ракеттер қояды. 1962 – Кариб дағдарысы. 1965 – Фидель Кастро өзі басшы болып Кубанын Коммунистык партиясы істеді. 1970-1980 – Кубанын эскерлер Ангола, Ефиопия, Йемен социалистерға көмектеседі. 1970 жылдан бастап АҚШ Куба изоляцияға салады. 1991 – КСРО айырлады, және Кубада экономикалардың мәселер басталаді. Бірақ Қытай, Венесуела Кубаға көмектесті. 1953 жылы бір топ жас революционерлер адвокат Фидель Кастро басшылыымен генерал Батистаның диктаторлық тәртібіне қарсы ктерілді Ирландия. Ирла́ндия, Ирланд Республикасы (;) — Ирландия аралының көбін алып жатқан Батыс Еуропа мемлекеті. Ауданы — 70,2 мың км². Елдің аты деген сөзден шыққан. Астанасы — Дублин. Атауы. 1937 ж конституциясы бойынша мемлекет аты — "Éire, немесе, ағылшынша, Ireland" деп бекітілген. Билігін бүкіл аралға тарату ниетімен 1949 ж. Дублин ел атауын "Ирландия Республикасы" деп өзгертті. Жағрапиясы. Жағрапиялық мағлұматтарды Ирландия аралы және Ирландия жағрапиясы деген мақалалардан қараңыз. Саяси құрлымы. Қазіргі конституциясы 1937 жылдың 1 шілдесінде плебисцитта қабылданды. 1937 жылдың 29 желтоқсанында күшке енді. Ирландия президенті (ирл. Uachtarán) халық референдумымен 7 жылда бір рет сайланады. Президенттің, үкімет сұранысы бойынша парламенттің төменгі палатасын шақыруға және таратуға құқығы бар, ол заңдарды жариялайды, соттар мен басқа да жоғарғы лауазымдарды тағайындайды және бас қолбасшы лауазымына ие болады. Шын мәнінде үкімет басы — премьер-министрді (Taoiseach) — өкілдер палатасының ұсынысы бойынша президент тағайындайды. Жоғарғы заң шығарушы орган — парламент (ирл. Tithe An Oireachtais). Құрамында 2 палата бар: өкілдер палатасы мен сенат. Өкілдер палатасында 160-тан 170-ге дейін мүше бар. Олар халық тарапынан тікелей құпия дауысберу арқылы сайланады. Сенат құрамында 60 мүше бар, олардың 11-ін премьер-министр тағайындайды, 6-ы Ұлттық және Дублин университеттерімен сайланады, 43-і жанама сайлау арқылы ерекше тізіммен (тізімдегі кандидаттар әртүрлі мекемелер мен ұжымдардың ұсынысымен кіргізіледі) өтеді. Сенаттың сайлау коллегиясы 900 адамнан тұрады, олардың ішінде өкілдер палатасының мүшелері, муниципалитеттер мен графтықтар кеңесінің мүшелері бар. Палаталардың жұмыс мерзімі — 7 жыл. Әкімшілік құрлымы. Типперэри графтығы 2 суб-субъект болып басқарылады: Типперэри Солтүстік Ридинг және Типперэри Оңтүстік Ридинг. Жаңа-Зеландия. Жаңа Зеландия - Тынық Мұхиттың оңтүстік-батыс жағында орналасқан екі (Солтүстік және Оңтүстік деп аталатын) аралдан, сонымен қатар басқа да ұсақ аралдардан (Стюарт, Чатам) тұратын ел. Жергілікті Маори ұлты Жаңа Зеландияны Аотиароа (Ұзын Ақ Бұлт Елі) деп атайды. Жаңа Зеландия қарамағына сонымен қатар Куук аралдары Найю (өзін-өзі басқарғанымен еркін құрамында); Токелау; Росс Тәуелділігі (Жаңа Зеландияның Антарктикадағы территориясы). Халқының басым бөлігі Еуропалықтар, ал ежелгі Маори тұрғындары ең ірі кіші ұлттардың бірі, Азиялықтар мен Маориге жатпайтын Полинезиліктер көбінесе урбанды аудандарда кезедеседі. Жаңа Зеландия – "Тынық мұхиттың оңтүстік-батыс бөлігіндегі екі үлкен (Оңтүстік арал және Солтүстік арал), бірнеше шағын (Стьюарт, Чатем, Кермадек, Кэмпбелл, т.б.) аралдарда орналасқан мемлекет". Жер аумағы – 270,5 мың км2. Бұған қоса Жаңа Зеландия Антарктиканың бір бөлігін (жалпы аумағы 414,4 мың км2) сырттай меншіктенеді. Астанасы – Веллингтон. Халқы – 4,2 млн. адам. Тұрғындардың 79,5%-ы – жаңазеландықтар (негізінен, Ұлыбританиядан шыққан еуропалықтар), 14,5%-ы – маорилер (жергілікті тұрғындар), 6%-ы – азиялықтар, полинезиялықтар, т.б. этникалық топтар. Ресми тілі – ағылшын тілі. Халқының көпшілігі христиан дінінің протестант тармағын ұстанады. Жаңа Зеландия – Британ Достастығына кіретіндіктен, мемлекет басшысы Ұлыбритания королевасы болып есептеледі. Оны 5 жылға генерал-губернатор тағайындайды. Заң шығарушы органы – бір палаталы парламент. Атқарушы билік премьер-министр басқаратын үкіметтің қолында. Министрлер Кабинеті жеңіске жеткен партия мүшелерінен жасақталады. Ақша бірлігі – Жаңа Зеландия доллары. Әкімшілік жағынан 10 провинцияға бөлінеді. Ұлттық мерекесі – Вайтанга күні (6 ақпан). Осы күні (1840 ж.) Ұлыбритания үкіметі мен жергілікті маори тайпалары Вайтанга өзені бойында келісімге келіп, жергілікті тайпалар, еуропалық қоныс аударушылар және Ұлыбритания біріккен корольдігі арасындағы қарым-қатынас анықталды. Жаңа Зеландия аралдары таулы келеді, жерінің төрттен үш бөлігі – тау, үстірт, қырат. Ең биік жері — Оңтүстік Альпідегі (Оңтүстік арал) Кук тауы (3756 м). Жер сілкіну, жанартау атқылау жиі болады. Солтүстік аралдың орталық бөлігінде Руапеху (2796 м), Нгаурухоэ (2291 м), Тонгариро (2048 м) атты сөнбеген жанартаулар бар. Климаты теңіздік, субтропиктік, қиыр оңтүстігі – қоңыржай салқын. Ең жылы айдағы (қаңтар) орташа температура солтүстігінде 19°С, оңтүстігінде 14°С, шілде айында 12°С және 5°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері батысында 2000 – 5000 мм, қалған жерлерде 400 – 700 мм. Ірі өзендері – Уаикато, Уонганум Рангитики (Солтүстік арал) және Клута, Тайери, Матаура (Оңтүстік арал). Суы мол көлдері Те-Анау, Мананаури (Оңтүстік арал) Таупо, Ротоудэ (Солтүстік арал). Жерінің 23%-ы (6,2 млн. га) – субтропиктік және жасыл орман. Жер бетінде алғаш жаралған кесірткелердің бірі геттерия (немесе тутара) осында ғана кездеседі. Жаңа Зеландияға 10 – 14-ғасырларда Полинезиядан қазіргі маорилердің арғы аталары келіп қоныстанған. Еуропалықтардан ең бірінші барған адам голландиялық теңізші Абел Тасман (1642) болды. Екінші рет 18-ғасырдың 2-жартысында ағылшын теңізшісі Джеймс Кук барып, зерттеу (1769) жүргізді. 19-ғасырда аралдарға еуропалықтар қоныс теуіп, жергілікті тұрғындарды қуғынға ұшыратты. 1840 ж. Ұлыбритания өз отарына айналдырды. Маорилердің көтерілістері (1843 – 72) қатал басып-жаншылды. Алтын кендерінің ашылуына байланысты қоныстанушылар көбейіп кетті. Ел 1907 ж. доминион мәртебесіне ие болып, 1931 ж. ішкі-сыртқы дербестігі күшейтілді. 1945 ж. БҰҰ-ның мүшелігіне өтті. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында Жаңа Зеландия әскерлері Грекиядағы, Солтүстік Африкадағы және Жапонияға қарсы соғыс қимылдарына қатысқан. Соғыстан кейін елдің Ұлыбританиямен саяси байланысы нашарлап, АҚШ-пен саяси және әскери ынтымағы күшейді. АҚШ жағында Корея соғысына (1950 – 53), Вьетнаммен соғысқа (1965 – 70) қатысты. Жаңа Зеландия – өндірісі мен ауыл шаруашылығы дамыған ел. Ішкі жиынтық өнім жеке адамға шаққанда 16786 АҚШ долларын құрайды. Өнеркәсібінің негізгі салалары: тамақ, қағаз шығару, машина жасау, химия, тігін, т.б. Соңғы жылдары экспортқа балық шығару жедел дамып келеді. Жаңа Зеландия ет-сүт өнімдерін өндіруден, қой өсіруден дүние жүзінде жетекші орында. Әлемдегі сүт өнімдерінің 25%-ын шығарады. Жыл сайын миллион тоннадан аса ет, 200 мың тонна жүн (Австралиядан кейін 2-орын) өндіреді. Экспортқа тауар шығарудан жан басына шаққанда Жаңа Зеландия дүние жүзінде 1-орын алады. Өндірілген өнімдердің 30%-ы экспортқа шығарылады. Олар, негізінен: ет, сүт, жүн, жеміс-жидек, балық, ағаш өнімдері. Импорттың 40%-ын машина, құрал-жабдықтар, көлік құралдары құрайды. Қалған бөлігі шикізаттар мен мұнай, химия өнімдеріне тиесілі. Қазақстан мен Жаңа Зеландия арасында дипломатиялық қарым-қатынас 1993 ж. 10-тамызда орнады. Малайзия. Калимантан (Борнео) аралының солтүстік және Малакка түбегінің оңтүстік бөлігін алып жатқан Оңтүстік Шығыс Азиядағы мемлекет. Малайзияның солтүстік жағалауы Оңтүстік Қытай, солтүстік шығыста Сулу және шығыста Сулавеси теңіздерінің суларымен шайылады. Малакка түбегінде Таиландпен, Калимантан аралында Индонезия және Брунеймен шектеседі. Малайзияны Сингапурдан Джохор бұғазы ажыратуда. Шекараның жалпы ұзындығы 2 669 км, жалаудың ұзындығы 4 675 км. Климаты экваторилдық, ыстық әрі ылғал. Мемлекеттік құрылым. Билік нысаны – конституциялық манархия. Елдің негізгі заңы – 1957 жылғы Федералдық Конституция. Ел басшысы – Жоғарғы басшы – Янг ди-Пертуан Агонг. Жоғарғы басшы штаттарды басқарушы 9 сұлтанның қатарынан басшылар Кеңесімен кезектесіп 5 жылға сайланады. 4 штаттың Губернаторлары сайлауға қатыспайды. Ел басшысы конституциялық монархқа тән дәстүрлі артықшылықтарды қолданады. Оның Парламентті шақыруға және таратуға құқығы бар (Министрлер кабинетінің ұсынысы бойынша). Сонымен қатар патша қабылданатын заңдарға тыйым салу құқығына ие және де Парламент алдында жыл сайын жолдаумен сөз сөйлейді. 2006 жылдың желтоқсанынан бері Малайзияның Жоғарғы басшысы Янг ди-Пертуан Агонг ХІІІ Мизан Зайнал Абидин Ибни Әлмархум Сұлтан Махмұд әл-Мұқтафи Биллах Шах. Малайзияның Праламенті екі палатадан тұрады – Сенат және Өкілдер палатасы. Сенат 70 адамнан тұрады. Оның ішінде 44 сенатор Премьер-министрдің ұсынысы бойынша Жоғарғы басшымен тағайындалады, ал қалған 26 сенатор штаттардың заң шығарушы ассамблеяларымен жіберіледі (әр штаттан 2 адам). Тағайындалған сенаторлар жеті жыл бойы қызмет атқарады. 2009 жылдың 7 шілдесінде Сенаттың Президенті болып Дато Вон Фун Менг сайланды. Өкілдер палатасы кеңірек өкілеттіктерге иеленіп 219 депутаттан тұрады. Депутаттар жалпы сайлау құқықтың негізінде бірмандатты өңірлерде 5 жылға сайланады. 2008 жылдың 28 сәуірде Өкілдер палатасының төрағасы болып Тан Сри Пандикар Амин Мулия сайланды. Жалпы сайлау нәтижесінде Өкілдер палатасында басым орын алған партияның жетекшісі Премьер-министр лауазымына тағайындалып Министрлер кабинетін басқарады. 2008 жылдың наурыз айынан бері Малайзияның Премьер-министрі «Біріккен малай ұлттық ұйымы» (БМҰҰ) саяси партиясының төрағасы Наджиб Тун Разак. Малайзияның үкіметінде 33 федералды министрлік бар. Сонымен қатар Премьер-министрдің департаментінде портфельсіз 6 министр қызмет атқарып жүр. Үкімет Премьер-министрден, оның бір орынбасарынан, министрлер мен олардың орынбасарларынан және парламенттік хатшылардан (70 адамнан астам) тұрады. Барлықтар Жоғарғы басшымен тағайындалады.Конституцияға сәйкес Кабинеттің мүшесі Парламенттің депутаты болуы қажет. Халқы. 2020-жылы әлемнің ең дамыған елдері қатарына қосылуды мақсат етіп отырған 26 миллион тұрғыны бар Малайзия - көпұлтты мемлекет. Оның ішінде тұрғылықты мекендеушілер – малайлықтар мен оранг-асли 65,1%, қытайлықтар – 26%, үнділер – 7,7%. Халықтың 65 пайызы қалаландырылған аймақтарда өмір сүруде. Өмір ұзақтығының орта шеңі: ер азаматтар – 71,8 жас, әйел азаматтар – 76,3 жас. Малайзиялықтардың діні: мұсылмандар 60%-ды құрайды. Сонымен қатар елде буддистер, даосистер, христиандар тұрады. Малайзия Экономикасы. Малайзия – қарқынды дамушы индустриалды-аграрлық мемлекет. 2008 жылдың Малайзияның Жалпы Ішкі Өнімі (ЖІӨ) 5,1%-ға өсті, сөйтіп 214,7 млрд. АҚШ долл.құрады. Халықтың Адам басына бұл көрсеткіш 15 300 долл. құрайды (2008 ж.) және аймақтағы ең жоғарғы көрсеткіш болып табылады. ЖІӨ құрылымы келесі түрде бөлінген: ауыл шаруашылығы - 9,7%, өнеркәсіп - 44,6%, қызмет көрсету саласы - 45,7% (2008 ж.). Соңғы жеті жылда елдің алтын валюталық қоры үнемі ұлғайып келді және 2008 жылы 104,4 млрд. АҚШ долл.құрады (әлемдегі 14 орын). Еңбекке жарамды халықтың саны - 11,2 млн.адам (2008 жылғы мәліметтер бойынша), олардың 13%-ы ауыл шаруашылық саласында, өнеркәсіп саласында - 36%, қызмет көрсету саласында - 51%. ІЖӨ ең улкен үлесі қызмет көрсету саласына тиесілі, оның басым бөлігі үстеме және бөлшектем сату сауда, сондай-ақ қаржы қызметі; сақтандыру және жылжымайтын мүлік алу. Жұмыссыздық деңгейі 3,2% пайызды құрайды (2008 жылғы мәліметтер бойынша), үйсіз халықтың саны 5,1% пайызды құрайды. 2008 жылы бюджеттік кіріс 44,32 млрд-қа тең болды, ал бюджеттік шығыс - 55,1 млрд. АҚШ долл. құрады. Тікелей шетелдік инвестициялар ағымы 2008 жылы ІЖӨ 20,7% құрады, ал дағдарыс деңгейі 5,8% пайызды құрайды. Сыртқы қарызы – ІЖӨ 42,7% құрады (2008 ж.). Экономиканың аса қарқынды секторы – өңдеу өнеркәсібі. Ел интегралды жобалардың, кондиционерлердің, радио және телеаппаратура шығарушы әлемдік негізгі елдер қатарына кіреді. Малайзия – АСЕАН елдерінің ішінде өз автомобиль құрылысы бар жалғыз ел. («Протон», «Перодуа», «Наза», «Хайком», «Буфори» сияқты маркалар бар). Өнеркәсіп өндірісі негізінен Кланг өзенінің маңайына шоғырланған. (т.н. «Селикон даласы»), сондай-ақ Пинанг штатында. Малайзияның қарулы күштері. Малайзияның қарулы күштерінің тарихы 1933 жылдан, ағылшын колониалды әскері құрамындағы алғаш малай жаяу әскері құрылған Порт-Диксон қаласынан басталды. 1963 жылы Малайзия егемендігін жариялау уақытына таяу елдің қарулы күштерінің саны 22 мың адамды құрады. Әскер өз еркімен жалға алу арқылы жинақталады. Офицерлер АҚШ және Ұлыбританияда әскери мектептерде даярланады. Қазіргі таңда қарулы күштерінің жалпы саны 114 мың адам. Сонымен қатар, жергілікті полиция құрылымдары бар (50 мың адамға жуық). Жаяу әскері 43 мың адамға жуық, олар жаяу бригадалардан, жеке полктерден және арнайы әскерден құралған. Әуе күштері (4 мың адамға жуық), 30 әскери және 60 қосымша ұшақтар мен тік ұшақтардан құралған. Теңіз әскері (3 мың адамға жуық) 45-ке жуық күзет және басқа кемелері бар. Халықаралық әскери-саяси және әлемдік экономикадағы жағдайлардың өзгеруіне байланысты Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің соңғы он жылдағы Азия-тынықмұхиттық аймақтағы процесстерге ықпалы аса күшеюде. Тек аймақтағы емес, сонымен қатар ғаламдық қарқында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаңа орталығын құрушы ОШАЕА әлемдегі ең табысты ұйымдардың бірі болып саналады. Сыртқы саясат және қауіпсіздік. Малайзия әлем елдерінің 120-дан астам елдерімен дипломатиялық қатынас ұстануда. Куала-Лумпурда 100-ден астам мемлекет пен халықаралық ұйымдардың дипломатиялық миссиялары қызмет жасауда. Малайзияның шетелде жалпы саны 105 болатын дипломатиялық өкілеттіліктері бар. Малайзия – негізгі халықаралық ұйымдардың мүшесі: БҰҰ және оның арнайы органдарының (1998-2000 жж. Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес өкілі болды), ӘСҰ, ӘВФ және Әлемдік Банк, Британ Достығы, дамушы елдер бірлестігінің қатысушысы, (Қосылмаушылар қозғалысы, Топ-77, ИКҰ) және аймақтық ұйымдар (АСЕАН, РФА, АТЭС, ВАС). Малайзия Движения неприсоединения төрағасы болды (2003-2006 жж.), ОИК (2003-2008 жж.), АСЕАН (2005-2006 жж.). 2008 жылдың мамыр айында Малайзия Британ Достастығының «Хараре Декларациясының» (CMAG) міндеттемелерін орындау бойынша Министрлік тобының төрағасы орнына сайланды. Бұл шешім 12 мамырда Лондонда 29-шы Топтың отырысы қарсаңында бір дауыспен қабылданды. Малайзия сыртқы саясатының маңыздысы болып асеандық бағыт қалуда. 2020 жылдарға таяу АСЕАН қауымдастығын құру жоспарлануда, сондайа-ақ бщества, «АСЕАН + 3» форматындағы ынтымақтамтық дамуы қаралуда(Қытай,Жапония, Корея). 2008 жылы Малайзия Парламенті 2007 жылы 20 қарашада қол қойылған АСЕАН Жарғысын ратификациялады. Малайзия XIII саммит қарсаңында АСЕАН Сингапурдағы «ондық» көшбасына кіреді. Оның қабылдануы халықаралық құқықсубъектілігі бар АСЕАН эволюциясының, толық аймақтық ұйымға айналуының жаңа кезеңінің бастамасы болып табылады. АСЕАН Жарғысы ресми түрде 2008 жылдың 15 желтоқсанындағы заң күшіне енді. 2009 ж. Малайзияның Сыртқы істер министрлігі жергілікті құқыққорғаушының, Әлемнің Нобель премиясының лауреаты Аун Сан Су Чжидің Мьянмада тұтқындалуына қарсы наразылық білдірді және бұл әрекеттерді елдің демократизациясы бойынша «жол картасы» ұлттық бейбітшілік процессінің үзілуі дет атады. Малайзия инициативасы бойынша бұл мәселе 2009 жылдың 19-20 мамырында в Пхукетте (Таиланд) өткен АСЕАН мүше-мемлекеттерінің Үлкен лауазымды тұлғалары отырысының күн тәртібіне енгізілді, Маңызды приоритет батыс жетекші мемлекеттерімен әріптестік қатынастардың дамуы болып табылады – АҚШ және Евроодақ. Мұндай саясаттың жүргізілуіне сауда-экономикалық және әскери-саяси ынтымақтастықтың жоғары деңгейде болуы ықпал етеді. Сонымен, Америка Құрама Штаттары Малайзияның үлкен сауда әріптесі болып табылады, ал Малайзия АҚШ-тың сыртқы экономикалық байланыстарында 10 орында тұр. 2008 жылы екі ел арасындағы тауарайналымы 43,703 млрд. АҚШ долларын құрады. Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың нәтижелі болуының бір көрсеткіші АҚШ пен Малайзияның Еркін сауда туралы келісіміне қол қоюға мүдделлі болуы, бұл жөніндегі келіссөздер 2006 жылдың маусымынан бері жүргізілуде. Бұл бағыттағы белсенділікті күшейту мақсатында 2009 жылдың 14-15 мамырында Малайзия сыртқы істер министрі Датук Анифах Аман АҚШ-қа іссапармен барды. Іссапар кезінде АҚШ мемлекеттік хатшысы Х.Клинтонмен және АҚШ Сенатының Халықаралық істер жөніндегі комитетінің төраға орынбасары Ричард Лугармен кездесулер жүргізілді. Малайзияның сыртқы саясатындағы маңызды сектор Қытаймен қарым-қатынас болып табылады. Бұл бағыттағы маңызды оқиға 2009 жылдың 2-5 маусымында Малайзия Премьер-министрі Наджиб Тун Разактың ҚХР-на ресми іссапары облды. Бұл іссапар барысында ҚХР Президенті Ху Цзиньтао мен ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің төрағасы Вэнь Цзябаомен кездесулер өтті. Тараптар «Қытай-малайзиялық шұғыл ынтымақтастық бойынша біріккен әрекеттер жоспарына», қызметтік және дипломатиялық паспорттармен визасыз бара алу туралы келісімдерге қол қойды. Келісімдер нәтижесі бойынша Малайзия үкіметіның басшысы Н.Разак екі елдің өзара сауда тәжірибесінде толықтай американдық доллардан бас тартып тек қытай юандары мен малайзиялық ринггиттерді пайдалана отырып есептесу туралы жариялады. Малайзияның мұсылман қауымдастығындағы ықпалы күшеюде. Ислам әлемінде ИКҰ төрағасы (2003-2008 жж.) есебінде басқару орындарында болған кезеңдерінде Куала-Лумпур өзін беделді және экономикалық дамыған ислам мемлекеті ретінде көрсете білді. Малайзия палестиндік мәселені реттеу сауалдарында жоғары саяси белсенділік танытуда. Бұл үрдістің соңғы көрінісі ретінде ел үкіметінің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде бұрын болмаған арыздары, Израильдің Палестинаға қарсы агрессиясын сынға алатын резолюция қабылдау ультиматумымен шығуы және Израильдің Газа секторына басып кіруін талқылау үшін БҰҰ шұғыл сессиясын шақыруын айтуымызға болады. Малайзия, сондай-ақ БҰҰ арқылы халықаралық бақылаушылар топтарын Газа секторына бағыттау және БҰҰ мирасқорлық күштерін Палестина территориясына енгізу инициаторы болып табылады. Халықаралық өркениет диалогы мен әріптестігінен туындаған сауалдар аса көңіл аударуды талап етіп отыр. Сонымен, 2006 жылдан бері Сыртқы істер министрлігі «Cordoba Initiative» (АҚШ) ықпалды халықаралық үкіметтік емес ұйыммен жыл сайын мұсылман әлемі мен Батыс өзара әрекеттері сауалдарына арналған конференциялар жүргізуде. Бұл форум азаматтық қоғам, дін өкілдері, ғылым, мәдениет, БАҚ өкілдерінің қатысуымен халықаралық конфессиялық және халықаралық өркениет үшін маңызды қадам болып табылады. Малайзия 1996 жылы Бангкокта құрылған Азия мен Еуропа арасында саясат, экономика, мәдениет және әлеуметтік сала мәселелері бойынша диалогты дамыту бағытында жасалып жатқан жұмыстарға белсенділік танытуда.(«Азия – Европа»саммиті). Малайзиялық дипломатияның обьективті жетістіктеріне қарамастан, соңғы бірнеше жыл сыртқы саясатта кейбір қолайсыз мәселелер туындап отырды. Мәселен, 2008 жылы Малайзия Гаагадағы Халықаралық Сотта Сингапурмен аймақтық мәселе бойынша дауда халық мүдделерін қорғай алмады. Сот дауласуы нәтижесі бойынша Куала-Лумпур Оңтүстік-Қытай теңізіндегі шұғыл маңызды арал Педра Бранкадағы бақылау құқығын жоғалтты. Даулы жердің Малайзии штаты – Джохор маңайында және Малайзия аймақтық суларында болғанына қарамастан. Вердикт қабылдауда судьялар Сингапурдың 130 жыл бойы Малайзия тарапынан наразылықсыз аралдағы теңіз маягын пайдаланғанына сүйенді. Ал Малайзия 100 жылдан астам уақыт бойы Педра Бранкада ешқандай шаруашылық қызметін жүргізуге ынта білдірмеген. АҚШ Мемлекеттік департменті есебінде «2009 жыл бойынша Адам саудасы жөнінде», Малайзия ең төмен, тізімдегі үшінші деңгейдегі назарда болды (2007 ж. Малайзия 2-ші деңгейде болды). Елдер 2000 жылы «Адам саудасының құрбандарын қорғау туралы»(TVPA) АҚШ Заңымен бекітілген стандарттар бойынша жүргізіледі. Минималды стандарттарды сақтау үшін аса күш білдірмеген елдер 3-ші деңгейге жатады. Мұндай баға Америка Құрама Штаттарын бұл мемлекеттерге гуманитарлық және сауда мәселелерінен басқа сауалдарда көмегін тоқтатуға итермелеуі мүмкін. «2-ші деңгейдегі бақылау тізімі» үкіметтері TVPA минималды стандарттарын толықтай сақтамаған, бірақ бұл мәселеге аса күш жұмсайтын елдер үшін арналған. Малайзиялық сыртқы саясатының қосымша қоздырғышы жыл сайынғы 2008 жыл бойынша Малайзиядағы саяси жағдай туралы Халықаралық құқыққорғаушы «Freedom House» ұйымының есебі және демократия, рыногтық экономика және саяси жүйенің дамуы жөніндегі «Bertelsmann-Stiftung» (Германия) фондының мәлімдемесі болып отыр. Жоғарыда айтылған мәлімдемеге сәкес, елдегі саяси реформалар жеткіліксіз, қоғамның этно-діни құрылымымен байланысты мәселелері бар, билік жүйесіндегі коррупцияның болуы аса қауіп туғызуда. 2009 жылы «Freedom House» анықтамасы бойынша «Әлемдегі еркіндік жағдайы - 2008» (Freedom in the World) рейтингіне сәйкес, Малайзия «толықтай емес еркін мемлекеттер» категориясына енді (салыстырмалы түрде, Индонезия «Еркін мемлекеттер» тобына кірді). 2009 жылдың қаңтарынан бастап Малайзия СІМ шұғыл стратегиялық жоспарлау жүйесі енгізілді. 2009-2015 жж. аралығына бекітілген бұл жүйе, институциялық потенциал және сыртқы саяси мекемесінің адамзат қорының дамуы мен нығаюына бағытталған. Аталған мақсаттар қызметкерлерді қазіргі дипломатиядағы тиісті білім мен тәжірибемен қамтамасыз етуді көздейді, атап айтқанда – саяси және экономикалық анализ, кризис басқаруы, экономикалық дипломатия және стратегиялық жоспралау амалдарын зерттеуді қамтиды. Шетел тілдерін меңгеру және келіссөздер жүргізу тәжірибесін арттыру мәселесіне аса назар аударылады. 2009 жылдың сәуір айында Малайзияның Сыртқы істер министрі болып Датук Анифах Аман тағайындалды. Тарихи шолу. 14 ғасырға дейін Шривиджая империясының құрамына кірген 7 ғасырда пайда болған индуистік мемлекет. 1403 жылы Малайзияның барлық жерлерін біріктірген Малакка корольдігі құрылды. 1511 жылы Малакка Альфонсо де Альбукерктің басшылығындағы португалдық әскермен басып алынды. 1641 жылы португалдықтарды голланддықтар ал 1824 жылыголланддықтарды ағылшындар алмастырды. 1914 жылы бүкіл Малайзия Ұлыбританияның қол астында болды. 1941-1945 жылдары Жапониямен жаулап алынған болатын, бірақ соғыстан кейін қайтадан Ұлыбритания протекторатының астына өтті. 1948 жылы құрылған Малайлық Федерация 1956 жылы автономияға және 1957 жылы Ұлыбритания Достастығының құрамында тәуелсіздікке ие болды. 1963 жылы Малайя, Сингапур, Саравак және Сабахтан тұратын Малайзия Федерациясы құрылды. 1965 жылы саяси және экономикалық келіспеушіліктердің салдарынан Сингапур Федерация құрамынан шықты. Сирия. Сирия - Шығыс Орта елдерінің бірі Қазақстан мен Сирия сауда-экономикалық ынтымақтастық. Қазақстандық компаниялар Сирия нарығына үлкен қызығушылық білдіруде. Сол себепті екі үкімет жаңа сауда-экономикалық келісімге қол қоюы тиіс. Ал 1992-жылы қол қойылған келісім бұрынғы маңызынан айрылды. Өз кезегінде Сирия Араб республикасының экономика және сауда министрі Амер Лютфи Қазақстан жағына тоқыма және азық-түлік өнеркәсібі саласында бірлескен кәсіпорындар құруды ұсынды. "Қазақстан үшін Сирия арабия нарығына алтын көпір бола алады. Біз басқа да 17 араб мемлекетімен бірге арнаулы экономикалық аймаққа жатамыз. Бұл елдер үшін салық жеңілдіктерінің жүйесі жұмыс істейді. Біздің ел арқылы Қазақстан өз өнімдерін осы елдерге шығара алады",- деді А.Лютфи. Солтүстік Корея. Корей Халық Демократиялық Республикасы, (КХДР), корейше — Чосон минджуджуый иымин конхвачук — Шығыс Азиядағы Корей түбегінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі — 121,2 мың км2. Халқы — 22,5 млн. адам (1999). Негізгі халқы — корейлер. Бірнеше мың қытайлар да тұрады. Ресми тілі — корей тілі. Тұрғындарының көпшілігі будда дінін ұстанады, конфуцийшілдікті, христиан дінін ұстанатындар да бар. Астанасы — Пхеньян қ. (2,3 млн.). Конституция бойынша, КХДР “Чучхе идеясын басшылыққа алған егеменді социалистік мемлекет”. Елді президент басқарады (1998 жылдан Ким Чен Ир). Заң шығарушы органы — Жоғары халық жиналысы. Ким Чен Ир, сондай-ақ, елдегі жетекші партия Еңбек партиясының Бас хатшысы және КХДР Қорғаныс к-тінің төрағасы болып табылады. Ұлттық мерекелері: 9 қыркүйек — КХДР-дің құрылған күні, 15 сәуір — Ким Ир Сеннің туған күні (1912 ж., Күн мерекесі), 16 ақпан — Ким Чен Ирдің туған күні. Ақша бірлігі — вон. Ел аумағы әкімш. жағынан 9 провинцияға, 2 орталыққа бағынатын қалаға бөлінген. Табиғаты. КХДР, негізінен, таулы ел. Солт. жағында Корей таулары орналасқан. Түбектегі ең биік тау осы елде (Пэктусан жанартауы — 2744 м). Басты өзендері: Амноккан және Туманган. Климаты теңіздік, континенттік және муссондық. Қаңтардағы орташа темп-ра –21С, шілдеде 22 — 26С. Тарихы. КХДР-дің 1945 жылға дейінгі тарихы Корея Республикасымен ортақ (қ. Корея). 1945 ж. Корей түбегінің солт-нде КСРО әскерлері орналасқаннан кейін ел социализм орнату жолына түсті. 1946 ж. КСРО-ның көмегімен корей коммунистері Ким Ир Сен басқарған Уақытша үкімет құрды және жер реформасын жүргізе бастады. 1948 ж. 9 қыркүйекте КХДР ресми түрде жарияланды. КСРО өз әскерін түбектен алып кетті. 1950 ж. КХДР бұрынғы біртұтас елді біріктіру үшін Оңтүстік Кореяға басып кірді. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі 1950 ж. 25 маусымда КХДР агрессиясын айыптайтын және екі күннен кейін Оңт. Кореяға БҰҰ мүшелері тарапынан әскери көмек беретін қарарлар қабылдады. Оңт. Кореяға АҚШ, ал КХДР-ге Қытай еріктілері (1 млн-дай адам) көмектесті. КХДР жағына КСРО да көмектесіп, елдің ішкі аудандарын АҚШ авиашабуылынан қорғады. 1951 ж. екі жақ та шабуылдаушы күштерін сарқып, қорғаныстық соғыстарға көшті. 1953 ж. 27 шілдеде соғыс аяқталды. 20 ғ-дың 70-жылдарының басында және 80-жылдарының 2-жартысында КХДР үкіметі көршісіне елді біріктіру үшін келіссөз жүргізуді ұсынды, бірақ келіссөздер сәтсіз аяқталды. 1991 ж. желтоқсанда екі Корея мемлекеті бір-біріне шабуыл жасамау, ынтымақтастық орнату жөнінде келісімдерге келді. 1992 ж. ақпанда бірлескен декларацияға қол қойылды. КХДР-де қандай да бір шет ел азаматтарымен қарым-қатынас жасауға тыйым салынған. 1972 ж. президенттің атқарушылық қызметін қайта қараған Конституция қабылданып, ол бойынша корей халқы “Ұлы қолбасшыға”, яғни Ким Ир Сен мен оның ұлы Ким Чен Ирге шексіз берілу рухында тәрбиеленуде. 1994 ж. Ким Ир Сен қайтыс болып, орнына ұлы Ким Чен Ир сайланды. 1996 — 97 ж. КХДР-де экономика құлдырап, елді аштық жайлады. БҰҰ мүшелері елге азық-түлікпен көмектесе бастады. Бірақ қазіргі таңда демокр. елдерге қауіп төндіріп, ядр. қару жасап жатыр деген желеумен АҚШ КХДР-ды “қауіпті елдер” тізіміне кіргізіп отыр. Экономикасы. 20 ғ-дың 50 — 60-жылдары КСРО-ның, Шығ. Еуропадағы соц. елдердің, Қытайдың қайтарымсыз қаржылай, тех., материалдық көмектері арқасында ел экономикасы тез көтерілді. “Қалалар мен селоларда социалистік қайта құрулар жүзеге асырылғаннан” кейін (1958), елді индустрияландыру мәселесі шешілген соң (1970) КХДР-де идеол., тех., мәдени революцияларды жүзеге асыру мәселелері алға қойылды. Оңт. Кореямен арадағы шиеленістерге байланысты қорғаныс мәселелеріне үнемі көп көңіл бөлуіне тура келді. 20 ғ-дың 80-жылдарынан бастап ел экономикасы сырт елдерден тұйықтала бастады. Елдің қазіргі жылдық ұлттық табысы 21,45 млрд. АҚШ долл-ы көлемінде, жеке адамға шаққанда — 950 долл. Сыртқы қарыз — 9,8 млрд. долл. Экспортқа металдар, тоқыма өнімдері, ауыр машина өнімдері, жеміс-жидек шығарылады, мұнай мен мұнай өнімдері, құрал-саймандар, астық, көмір, тамақ өнімдері импортталып әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: Қытай (импорттың 32,6%-ы), Жапония (экспорттың 27,9%-ы), ТМД елдері, Оңт. Корея, Германия, Италия, Иран. "Әдеб.: Горбунова М.Н., Корея, М., 1951; Современная Корея, М., 1971; Большой энциклопедический словарь, М., 2001. Тағы қараңыз. Оңтүстік Корея Хыруатстан. Хорва­тия - Парламенттік республика. Премьер-Министр лауа­зымы маңызды орында - парламентте көпшілік орын алған партиядан сайланады. Қазақстан-Хорватия байланысы. Осы күні Қазақстанда хорват капиталы­ның қа­тысуымен алты кәсіпорын тір­келген. 2005 жылы Қазақстан эко­номикасына құйылған Хорва­тия­ның инвестициясы 20 млн. АҚШ доллары көлеміне жақын­дады. Хорватияның “ИНА”, “Бе­лупо”, “БИДД Самобор”, “Галеб-Про­мет”, “Тесла”, “Кончар”, “Плива”. “Под­равка” атты фирма­лары Қа­зақ­станның “Қазкон­тракт”, “Ис­пат-Кармет”, “Атырау МӨЗ”, “Пав­лодар МӨЗ”, “Қазмет­ал­экспорт” секілді кәсіп­орындарымен тығыз әріптестік қарым-қатынас орнатқан. Боливия. Боли́вия (,,), ресми атауы — Көпұлтты Боли́вия мемлекеті () — Оңтүстік Американың орталығындағы мемлекет. Боливия солтүстігінде және солтүстік-шығысында Бразилиямен, оңтүстік-шығысында — Парагваймен, оңтүстігінде — Аргентинамен, оңтүстік-батысында және батысында — Чили және Перумен. Теңізге шығатын жолы Чили 1879 жылы Антофагаста портың басып алғаннан кейін жоқ. Мемлекеттік устройство. Республика. Глава государства и правительства — президент, избираемый населением на один 5-летний срок. С қаңтардың 22 2006 года — Хуан Эво Моралес. Президент возглавляет правительство, утверждает состав кабинета министров, является главнокомандующим вооруженными силами. Избранным считается кандидат, набравший простое большинство голосов (более 50 % голосов). Если победитель не определен, парламент на совместном заседании обеих палат избирает президента из двух кандидатов, получивших простое большинство голосов. По результату референдума в қаңтардың 2009 года об изменении конституции (введение привилегий для индейцев и введение госконтроля над экономикой) очередные выборы президента и парламента прошли досрочно, 6 декабря 2009 года. Моралес получил право баллотироваться на второй президентский срок и одержал на выборах уверенную победу (свыше 60 % голосов). Екіпалаталы парламент — 36 сенатор және 130 депутат, 5 жылға сайланады. Саяси партиялары. Боливида тағы 6 парламентте орын алмаған заңды партия бар. Саяси жағдай. a> қаласының орталығы, Боливияның әкімшілік орталығы 10 июня 2005 года временным главой Боливии стал Председатель Верховного суда Эдуардо Родригес ("Eduardo Rodriguez"), заменивший Карлоса Месу ("Carlos Mesa"), подавшего в отставку 5 июня. По боливийским законам, в случае досрочной отставки президента его полномочия должны перейти главе верхней палаты парламента, в случае его самоотвода — спикеру нижней палаты. Поскольку оба действующих политика отклонили предложение занять пост главы страны, то власть принял «человек номер три» в списке — председатель Верховного суда. Причиной отставки Карлоса Месы стали антиправительственные демонстрации, участники которых обвинили его в крахе экономики страны, а также выдвинули требования — национализация нефтяной и газовой промышленности и внесение изменений в конституцию страны. 18 декабря 2005 были проведены президентские выборы, на которых победу одержал леворадикальный кандидат Эво Моралес, возглавляющий Движение к социализму. Отрыв Эво Моралеса от ближайшего соперника Хорхе Кирога составил более 15 %. Одновременно состоялись выборы 27 сенаторов и 150 депутатов в национальный конгресс. Эво Моралес (лақап аты Эль Эво) — Боливия тарихындағы бірінші үндіс президент. В ходе своей кампании он обещал национализировать нефтегазовую промышленность, признать недействительными контракты на разработку нефти и газа иностранными корпорациями (американской ExxonMobil, испано-аргентинской Repsol YPF, бразильской Petrobras, французской Total, британской British Gas), отказаться от уплаты внешнего долга и разрешить выращивание коки. Эво Моралес — выходец из крестьян, представитель аймара, одного из крупнейших в Южной Америке индейских племён, друг Фиделя Кастро и Уго Чавеса, свою предвыборную кампанию построил на патриотических лозунгах, выступая с резкой критикой «американского империализма и неолиберализма». Политическая карьера Эво Моралеса тесно связана с крестьянской борьбой. В 1997, будучи лидером Ассоциации производителей коки Боливии, он баллотировался в конгресс, чтобы защищать крестьян от властей, уничтожающих плантации коки. В парламенте проявил себя ярым антиглобалистом, постепенно перейдя к критике капитализма как такового. Позже Эво Моралес возглавил выступления крестьян, за что был лишён депутатского мандата, но завоевал себе ещё большую популярность. Боливия в настоящее время уже наряду с Колумбией и Перу является основным поставщиком кокаина на мировой рынок. В 2005 производство этого наркотика выросло в Боливии ещё на треть. По данным ООН, площадь плантаций коки в стране составляет более 23 тыс. гектаров. Эль Эво заявляет, что кока, не как наркотик, безвредна, и предлагает организовать в Боливии производство прохладительных напитков, жвачки и мыла на основе коки. Администрация США крайне озабочена подобными инициативами. Боливия обладает вторыми по величине запасами природного газа в Южной Америке после Венесуэлы и богата другими полезными ископаемыми, тем не менее она остаётся беднейшим государством континента (по данным МВФ, за чертой бедности находится около 70 % населения страны). Жаңа конституция туралы референдум. Қаңтардың 29 2009 года Центральная избирательная комиссия Боливии после подсчета 98,83 % голосов сообщила, что за новую конституцию, предложенную Эво Моралесом, проголосовало 61,67 % граждан страны. Согласно ей, государство закрепляет за собой контроль над ключевыми секторами экономики. Запасы газа и другие природные ресурсы провозглашаются национальным достоянием. Новая конституция также отменяет статус католицизма как официальной религии и значительно расширяет права коренных жителей страны — индейцев. Әкімшілік бөлінісі. Әкімшілік-территориялық жағынан Боливия 9 департаментке бөлінеді. Ал департаменттер провинцияларға бөлінеді. Географиялық данные. Боливияның жер ауданы 1 098 580 км². Ол әлем бойынша жер ауданы жағынан 27 орында. Боливия не имеет выхода к морю с 1879 года, когда она потеряла прибрежную область Антофагаста в Тихоокеанской войне с Чили. Однако выход в Атлантический океан у Боливии есть — по реке Парагвай На территории Боливии представлено огромное разнообразие экологических зон. Западные высокогорья страны расположены в Андах, в том числе плато Альтиплано. Восточные низкие равнины включают в себя большие районы амазонских тропических лесов и Чако. Самая высокая точка страны — потухший вулкан Сахама (6542 м), расположенный в департаменте Оруро. Озеро Титикака расположено на границе Боливии и Перу. Самый крупный в мире солончак Уюни расположен в юго-западной части страны, в департаменте Потоси. Наиболее крупные города Боливии: Ла-Пас, Эль-Альто, Санта-Крус-де-ла-Сьерра и Кочабамба. Боливия имеет сухопутные границы с пятью странами: Аргентиной — 832 километра, Бразилией — 3423 километра, Чили — 860 километров, Парагваем — 750 километров, и Перу — 1075 километров. Экономика. Боливия обладает богатыми природными ресурсами — олово, газ, нефть, цинк, вольфрам, сурьма, серебро, железо, свинец, золото, лес, гидроэнергетические ресурсы. При этом Боливия остаётся одной из самых беднейших и наименее экономически развитых стран Латинской Америки. ВВП на душу населения в 2009 году — 4,6 тыс. долл. (в Латинской Америке — ниже только у Гондураса, Парагвая и Никарагуа, а в целом — 145-е место в мире). Безработица — 8,5 % (в 2009), ниже уровня бедности — 60 % населения (в 2006). Ауыл наруашылығы (11 % ВВП, 40 % работающих) — соя, кофе, кока, хлопчатник, кукуруза, сахарный тростник, рис, картофель; лесозаготовки. Промышленность (37 % ВВП, 17 % работающих) — добыча олова и нефти, пищевая промышленность, табак, ручные ремёсла, одежда. Қызмет көрсету саласы — 52 % ЖІӨ, 43 % работающих. Сыртқы сауда. Экспорт — 6,4 млрд долл. (2008) — газ, соя, шикі мұнай, мырыш рудасы, қалайы. Негізгі сатып алушылар — Бразилия 60,1 %, АҚШ 8,3 %, Жапония 4,1 %. Импорт — 4,6 млрд долл. (2008) — мұнай өнімдері, продовольствие, автомобилдер. Негізгі сатушылар — Бразилия 26,7 %, Аргентина 16,3 %, АҚШ 10,5 %, Чили 9,5 %, Перу 7,1 %, Қытай 4,8 %. Халқы. Халық саны — 9,9 млн (2010 жылғы бағалау). Жылдық өсім — 1,7 % (фертильность — 3,1 туу бір әйелге). Орташа өмір сүру жасы — 64 жыл еркектре, 7жыл әйелдер. Ұлттық-нәсілдік құрамы — үндістер 55 % (негізі кечуа және аймара), метистер 30 %, ақтар 15 %. Тілдер — 3 ресми тіл: испан 60,7 %, кечуа 21,2 %, аймара 14,6 %; басқа тілдер 3,6 % (2001 жылғы санақ бойынша). Дін — католики 95 %, протестант (інжілдік методисттер) 5 %. Сауатттылық — 93 % еркек, 80 % әйел (по переписи 2001 года). Мианма. Бирма, Мианма, Мианма Одағы – Азияның Оңтүстік-Шығысындағы Бенгал шығанағы жағалауына орналасқан мемлекет. Жағрапиясы. Бирмада жыл бойы ыстық болып тұрады, соның өзі жазғы – жаңбырлы, қысқы – қуаңшылықты екі маусымға бөлінеді. Кеме жүзетін үлкен өзен Иравади солтүстіктен оңтүстікке қарай бүкіл елді қақ жара ағып жатыр. Бирмалықтардың көпшілігі осында тұрады. Ал шекаралық аудандары түгелдей тропикалық қалың орманды, биік таулы болып келеді. Бұл тауларда әр түрлі тайпалар мекендейді. Тарихы. 1044-1287 жж. осы жерде Банган патшылығы болды. Бірақ 13 ғасырда монғолдын Кублай Хан Банганың елордасы Татон қаласы басып алды. 1531-1752 жж. бирмалар Таунго патшылығы құрылды. Бирма көп жылдар Англияның отары болды. Ол 1948 ж. ғана тәуелсіз алды. 1962 ж. Революциялық совт өкімет басына келді. Қнеркәсіп орындарының басым көпшілігі мемлекет меншіге алынды. Елде маңызды демократиялық өзгерістер жүзеге асырылуда. Республика дамудың либералдік жолына түсті. 1988 жж. әскерлер төңкеріс жасап өкімет алынған. 1989 олар Бирма атауы Мианма Одағына өзгертті. 2005 ж. елордасы Янгондан Найпидауға тасымалды. Қалалары. Көптеген бирмалықтар қазірдің өзінде биік қадарладың үстінде салынған үйлерде тұрады. Қабырғалары тоқымалы, верандасы бар, шатырлы салбыраңқы үйлер ағаштан немесе бамбуктен жасалады. Ең ірі қаласы – Янгон, ол мемлекеттік кейнгі елордасы. Ал қазіргі елордасы – Найпидау қаласы. Бангладеш. Бангладеш – «бенгальдықтар елі» деп аталады. Бангладеш 1971 ж. құрылған мемлекет. Балнгладеш, Бангладеш Халық Республикасы – Азияның оңтүстігіндегі мемлекет. Батысында, солтүстігінде, шығысында Үндістанмен, оңтүстік-шығысында Мьянма Одағымен шектеседі. Жері 147 мың км2. Халқы 149 млн. адам (2007). Астанасы – Дакка қаласы (3,3 млн.). Мемлекеттік тілі – бенгал тілі, ресми діні – ислам (85%). Бангладеш дүние жүзіндегі халқы өте тығыз орналасқан аймақтардың бірі. Халқының басым көпшілігі – бенгалдар (барлық халықтың 95%-ы). Қалған 5%-ға жуығы чакма, могх, гаро, целу, санталдар, т.б. үлесіне тиеді. Елді президент басқарады. Заң шығарушы органы бір палаталы Ұлттық жиналыс. Бангладеш Ганг, Брахмапутра, Мегхна өзендерінің бастауында орналасқан. Климаты субэкваторлық, муссонды. Жазы жауын-шашынды, қысы құрғақ. Муссондық маусым басталар алдында, сәуір мен мамырда, орташа температура 30ӘС-тан асады, ал ең суық ай қаңтарда 12 – 25ӘС. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері батысында 1500 мм, шығысында 3500 мм. Қазіргі Бангладеш жерінде алғашқы мемлекеттік құрылымдар біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдық ортасында қалыптасып, түрлі империялар құрамына кірді. Бенгалия атауы 10 – 12 ғасырлар шамасындағы деректерге түсті. 13 ғасырдың басына дейін Бангладеш жерінде Гауд, Пал, Сен әулеттері билеген мемлекеттер өмір сүрді. 14 ғасырдың ортасында Бангладештегі Дели сұлтандығының әкімдері тәуелсіздікке ие болды да, Бихара мен Ориссада (астанасы Муршидабад) дербес мемлекеттері орнады. Ағылшындар Бангладешті 1757 ж. маусымның жиырма үші күні болған Плесса маңындағы шайқастан кейін өз отарына айналдырды. 19 ғасырда отаршылдық езгіге қарсы ұлт-азаттық қозғалыс кең өріс алды. Ұлыбританияның 1947 ж. Үндістанды екіге бөлуі нәтижесінде Бенгалияның үндістер мекендеген батыс бөлігі Үндістанда қалды да, мұсылмандар тұратын шығыс бөлігі Пәкстан (халқының 98%-ы бенгалдар) құрамына кірді. Шығыс Пәкстандағы ұлттық шиеленістер Пәкстанда бірнеше рет (1952, 1954, 1958) саяси дағдарыстар туғызып, 1969 ж. Айюб Хан режимінің құлауына себепші болды. Оның орнына үкімет басына келген Яхья Хан елде тұңғыш рет парламент сайлауын (1970) өткізуге мәжбүр болды. Сол кезде Шығыс Пәкстанға автономия беру мәселесін көтерген Халықтық Лига партиясы жеңіп шықты. Ұзаққа созылған күрес нәтижесінде 1971 жылдың желтоқсанның он алтысы күні Бангладеш Халық Республикасы құрылды. 1971 ж. наурыздың жиырма алтысын Тәуелсіздік күні деп жарияланды. Бангладеш – аграрлы ел, шаруашылық жүйесінде ұсақ тауарлы өндіріс басым. Бангладеш – әлемдегі ең кедей елдердің бірі. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы жылдық орташа мөлшері 235 доллар. Табиғи жағдайының аса қолайлылығы мұнда егіннен жылына екі – үш рет өнім жинауға мүмкіндік береді. Негізінен, күріш пен шай, қант қамысы, темекі өсіріледі. Басты жеміс дақылдары – банан, манго, кокос пальмасы, ананас, цитрус. Бұған қоса металлургия, мұнай өңдеу, цемент және тыңайтқыш шығару, кеме жөндеу өндірістері жақсы жолға қойылған. Көліктің басты түрі – өзен жолы. Пайдаланымдағы су жолының ұзындығы 4,5 мың км. Темір жолдарының ұзындығы 2,4 мың км. Бангладеш БҰҰ-ның, Ислам Конференциясы ұйымының, Оңтүстік Азия Аймақтық Ынтымақтастық Ассоциациясының мүшесі болып табылады. Негізінен, АҚШ, Жапония, Еуропа Одағы, Қытай елдерімен сауда-экономикалық байланыстар жасайды. Қазақстанмен 1992 жылдың наурыз айынан бастап дипломатиялық қатынас орнатқан. Бенгальдықтар салттары. Бенгальдықтар бүкіл елді тығыз жайлаған. Олардың көпшілігі ауылдық жерлерде тұрады. Үйлерін бамбуктен, ағаштан немесе кірпіштен биік жерлерге салып, шатырын сабан, пальма жапырақтармен, дәулеттілері қаңылтырмен жабады. Өзендер арнасынан асып, жайыла тасыған кезде жұрт бір-біріне көбінесе қайықпен қатынайды. Үйлердің айналасында аяқ басар бос жер болмайды.Әрбір сүйем жер дәнді дақыл егуге, шай және қант құрағын, сондай-ақ жеміс ағаштырын өсіруге пайдаланылады. Көлдете суарылатын жерлерге бенгальдықтардың басты тамағы – күріш егіледі. Жерді өңдеуге буйволдарды көбірек пайдаланады, ал енді күрішті су кешіп жүріп қолмен отырғызады. Белгия. Белгия Корольдігі - Батыс Еуропада орналасқан елі. Оңтүстігінде Франциямен, шығыста Алмания және Лүксембормен, солтүстігінде Недерландмен және бастыста Солтүстік Теңізімен шектеседі. Белгия – НАТО, ЕО мүшесі. Недерланд және Люксембургмен ол Бенелюкс экономиялық одағына кіреді. Белгияны екі ұлт – валлондар мен фламандар мекендейді. Белгияға тұнғыш келген адам мекемелердің маңдайшаларындағы тақтайлар, көрсеткіш атаулының бәрі екі тілде: французша (валлондардаң тілі) және фламанша жазылғанына назар аударады. Мемлекеттік атауы 'Belgium' көне Римдың «Gallia Belgica» провинциясынан келеді. Тарихынан Белгия, Недерланд және Лүксемборг бір регионға кіреді, осы регион Еуропада «Төмен елдер» деп аталады. Тарихы. Бельгия, Бельгия Корольдігі – Батыс Еуропадағы мемлекет. Жері – 30,5 мың км2. Халқы – 11 млн. адам (2007). Астанасы – Брюссель (1 млн.) Ірі қалалары: Антверпен, Гент, Шерлеруа, Льеж. Әкімшілік жағынан он провинцияға бөлінеді. Ресми тілдері – француз, нидерланд (фламанд) және неміс. Негізгі діні – католик (70%). Ислам дінін 200 мыңдай адам ұстанады. Ақшасы – бельгия франкі. Ұлттық мейрамы – жиырма бірінші шілде (Леопольд Біріншінің парламентке конституцияны құрметтеуге ант берген күні) мен он бесінші қараша (король әулетінің 1866 ж. таққа отырған күні). Бельгия – конституциялық монархия. Қазіргі конституциясы 1831 ж. қабылданып, оған бірнеше рет өзгерістер енгізілді. Мемлекеттік басшысы – король. Заң шығару билігін король мен парламент жүргізеді. Парламент – өкілдер (150 депутат) және сенат (71 мүше) палаталарынан тұрады. Атқарушылық билікті парламенттің алдында жауап беретін үкімет жүзеге асырады. Провинцияларды король тағайындайтын губернаторлар басқарады. Бельгия жерінің жазықтығымен, жылы климатымен ерекшеленеді. Арденн тауы Бельгияның оңтүстік-шығыс бөлігін алып жатыр. Ең биік жері – Ботранж шоқысы (649 м). Қаңтардағы орташа температура 3ӘС, шілдеде 18 – 19ӘС. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 700 – 900 мм, Арденн тауында 1250 мм. Басты өзендері: Маас және Шельда. Өзендер бір-бірімен каналдар арқылы жалғасқан. Бельгия жерін марал, елік, қабан, орман мысығы мен құндыз, құстардан қырғауыл, құр, т.б. мекендейді. Бельгия жерінде ерте заманда кельттердің белг (елдің атауы осыдан шыққан) тайпалары өмір сүрген. Біздің заманымыздан бұрынғы 57 ж. Рим империясы белгтер елін жаулап алады да, елдің оңтүстік-батыс бөлігінде Бельгика провинциясын құрды, ал 3 – 4 ғасырларда бұл жерге герман тайпалары – франктер, ішінара фриздер мен сакстер көшіп келе бастады. Бельгия жері 5 – 9 ғасырларда Франк мемлекетінің құрамына кірді де, кейіннен бірнеше графтықтардың құрамына бөлініп кетті. Орналасқан жері қолайлы болғандықтан 12 – 13 ғасырларда Еуропаның «шеберханасына» және халықаралық сауданың маңызды торабына айналды. 16 ғасырда қазіргі Бельгия, Нидерланд, Люксембург жері және Солтүстік Францияның бір бөлігі бірігіп, Нидерланд деп аталды да, 1621 ж. Испанияға қосылды. Испан тағына мұрагерлік үшін болған соғыстың (1701 – 1714) нәтижесінде Нидерланд Испаниядан австриялық Габсбургтер әулетіне өтті. 1794 ж. Бельгия Наполеон империясы құрамына еніп, ол құлағаннан кейін, Вена конгресінің (1814 – 15) шешімі бойынша Голландиямен бірге Вильгельм І бастаған Нидерландия корольдығына бірікті. Осы кездерде Бельгияда өнеркәсіп жедел дамыды. Темір жолдар салынып, банктер көптеп ашылды. 1830 ж. жиырма бесінші тамызда Брюссельде Голландия үстемдігіне қарсы көтерілістен соң, қарашаның оны күні ашылған Ұлттық конгресс елдің тәуелсіздігін жариялады. 1831 ж. бірінші қаңтарда Бельгияның мәңгі-бақи бейтараптылығы айқындалды. Сол жылы Ұлттық конгресс қабылдаған конституция елде конституциялық монархия орнатты. 19 ғасырдың 2-жартысында Бельгия өнеркәсібінде көмір өндіру, темір жол салу зор қарқынмен дамыды. Бірінші дүниежүзілік соғыс (1914 – 18) кезінде Германия Бельгияға басып кірген соң (1914 ж. 4 тамыз), оның бейтараптығы бұзылып, Антанта жағында соғысты. 1940 ж. оныншы мамырда неміс-фашист армиясы елді тағы басып алып, 1944 ж. қыркүйекке дейін билік жүргізді. Бельгия – БҰҰ-на, Солтүстік Атлантика ұйымына (НАТО), Еуропалық қауымдастыққа, Бенилюкс елдер одағына, т.б. халықаралық ұйымдарға мүше. Қазақстан Республикасымен дипломатиялық қарым-қатынасты 1992 ж. орнатты. Бельгия – әлемде индустриясы жоғары дамыған елдердің бірі. Қара металлургия – Бельгия өнеркәсібінің ежелгі салаларының бірі. Химия және электротехника өнімдерін шығару, машина жинау, құрылыс материалдарын дайындау, ағаш өңдеу (жиһаз, қағаз), т.б. дамыған. Орта және ұсақ фермерлі шаруашылықтар негізінен мал шаруашылық өнімдерін береді. Ал астық пен жеміс-жидектер шеттен әкелінеді. Экспортқа автомобиль керек-жарақтарын, химия мен металлургия өнімдерін, тағамдар мен киім-кешек шығарады. Сырттан минералдар, металл бұйымдары әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: Еуропалық қауымдастыққа мүше мемлекеттер және АҚШ. Жағрапиясы. Белгия Солтүстік теңізі жағалауына орналасқан. Теңізден соққан дымқыл жел қыста суықты, жазда ыстықты басып, жұмсартып тұрады. Өзендері қатпайды. Қыста күн көбінесе бұлыңғыр, тұманды, жазда қоныр салқын болады. Найзағай ойнап, жаңбыр жиі жауады. Теңіз жағалауынан елдің түкпіріне қарай кең жазық созылып жатыр. Оны өзендер мен каналдар жарып өтеді. Олардың өн бойына қаз-қатар терек егілген. Ал Белгия супер Бруней. Оңтүстік-Шығыс Азиядағы Калимантан аралында орналасқан және Малайзия территориясының 30 шақырымдық телімімен бөлінген екі дара аймақтан тұрады. Құрғақ жерде тек қана Малайзиямен ал суда Оңтүстік-Қытай теңізімен шектеседі. Батыс Бруней - қырлы жазықтармен, ал Шығыс Бруней Букит Пагон ауданында 1841 метрге биіктенетін жағалық тегістікпен сипатталады. Мемлекеттік құрылымы. Жоғарғы билік мұралық монархтың - Сұлтанның қолында жинақталған (1967 жылдың қазан айынан бастап - Хассанал Болкиах Муизаддин Ваддаулах), және де ол брунейлік мұсылмандардың діни басшысы болып есептеледі. Сонымен қатар Сұлтан Министрлер кеңесін басқарады. 1971 жылда Англиямен жасасқан келісімге сәйкес, Министрлер кеңесінің және Жасырын кеңесінің (Сұлтанның жанындағы жеке консультативтік орган) құрамына Ағылшын бас комиссары кіреді. Оның құзыретіне қорғаныс және сыртқы байланыстар сұрақтары жатады. Одан басқа 21 мүшеден тұратын (он бірін Сұлтан тағайындайды, оны сайланады) Заң шығару кеңесі жұмыс істейді. Мемлекеттегі 1961 жылдан бастап келе жатқан төтенше жағдай ахуалын назарға ала отырып, Бруней негізінде Сұлтанның өкімдерімен биленеді Адат, немесе «Ортақ заң», елдің күндегі өмірінің көптеген аспекттерін реттейді. Сонымен қатар, мемлекеттің салт-дәстүрлерін және ресімдерін қоршайтын, сондай-ақ протоколға, өң-түске және геральдикаға қатысты ескертпелер шығаратын ерекше мекеме де бар. Арнайы құрылған Діни істер министрлігі ислам құндылықтарының күндегі өмірдің бүкіл салаларына таралымына жәрдемдеседі. Алайда, қазіргі Конституция Бруней халқы сенетін басқа діндердің ерекшеліктерін де есептейді және де дін тұту еркіндігі құқығын жүзеге асырады.1992 жылдың аяғында Брунейді малай мәдениетінің құндылықтары, мұсылман шарттары және монархиялық билік жүйесінің негізінде құрылған мемлекет ретінде белгілейтін «Малай ислам монархиясы» атты мемлекеттік ішкі саясатты даму тұжырымдамасының ақырғы бейнесі қалыптасты. Сонымен қатар, 2004 жылдың 25 қыркүйегінде Бруней Сұлтаны Парламенттік сайлау жүйесін құру жөнінде Конституцияға түзетуге қол қойды (Тәуелсіздік алғаннан кейін 1984 жылда Брунейде парламентшілік институты таратылды). Аталған түзетумен сәйкес, Бруней Парламенті (Заң шығару кеңесі) Сұлтанның өкімімен тағайындалатын 29 мүшеден және халықпен сайланатын 15 мүшеден тұрады. Тағайындалатын мүшелердің санына Сұлтандың өзі және Министрлер Кеңесінің 9 мүшесі кіреді. Брунейде мемлекеттің басшылығын толығымен қоштайтын Бруней Ұлттық Бірлік жалғыз саяси партиясы істейді (партия басшысы - Яссин Афенди). Халықы. 388,190 мың адамнан тұрады (2009 ж. шілде), құрамы: малайлар - 66 %, оларға туыстас этникалық қауымдар - келаян, ибан, меланау, дусундар, муруттар, даяктар және т.б. - 8%, қытайлар - 11%, европейлер, индустар және басқалар - 15%. Сонымен қатар 20 мыңға жуық Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен жұмыс мигранттар бар. Діні. Ислам діні ресми болып танылады (суннизм) және халықтың 67% құрайды, 13% - буддистер, 10% - христиандар (протестанттар), 10% - әртүрлі табынушылыққа жатады. Әкімшілік-аумақтық құрылымы. Бруней «даера» атты келесі төрт аймаққа бөлінген - Белайт, Бруней-Муара, Тембуронг және Тутонг. Тембуронг аймағы басқа аймақтардан Малайзия шекарасымен кесілген, сонымен полуэксклав болып табылады. Аймақтар «муким» атты кіші аудандарға дараланады. Қарулы күштері. Брунейдің Корольдік қарулы күштері құрлықтағы әскерлерден (3 жаяу батальон және жәрдем батальоны), әскери әуе күштерінен (3 тікұшақ эскадрильясы, 1 транспорттық ұшақ эскадрильясы, әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөліктері, техникалық және қосалқы бөліктер), және әскери-теңіз флотынан (3 зымыран катері, 3 күзет катері, 2 амфибия, 2 десанттық катері, 17 кіші өзеңкатерлері) тұрады. Одан басқа британдық армиясының ардагерлерінен құрылған «Гуркхтар резервтік бөлімшесі» бар. Ол Сұлтанның жеке күзетінің, сонымен қатар мұнай өнеркәсібі объектілерін қорғау міндеттерін атқарады және Ішкі істер министрлігіне бағынады. Экономикасы. Бруней экономикасының негізін мұнай (жылында 10 млн. тоннадан аса) және табиғи газ (13 млрд. көлем метрден аса) өндірісі құрайды, ал олардың экспорты мемлекеттің валюталық түсімдердің 95% жасайды (Жалпы Ұлттық Өнімнің 60%). Әдетте, мұнай өндірісімен «Бруней Шелл Петролиум» (акциялар 50% -дан «Ройал Дач Шелл» компаниясы мен Бруней Сұлтаны арасында бөлінген) бірлескен кәсіпорыны шұғылданады. «Бруней Петролиум» мемлекеттік компаниясы әлі қалыптасу қалпында болып жатыр, ол 2007 жылда француздік «Тоталь» компаниясымен бірге теңіз қайраң игеру жұмыстарын бастады. 1997 жылдан бастап, Үкімет Брунейдің экономикасын әртараптындыруға бағытталған бесжылдық индустриялық даму бағдарламаларын жүзеге асыруда. Бұл бағдарламаларға сәйкес, өзін-өзі азық-түлікпен қамтамасыз ету, бөлшек сауда және құрылыс индустрияларын дамыту, транспорт саласын өркендету және қаржы мен банктік институттарын жетілдіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Үкіметтің басты шаралары мемлекеттік ғылыми орталықтардың көмегімен «жаңа экономиканы» тудыруға бағытталған. Қазіргі уақытта Брунейде химиялық өнеркәсіп кәсіпорындарын дамыту мақсатымен Сунгэй Лианг индустриялық паркін құру жумыстары жүріп жүр. Муара-дистрикт аумағында да эластомер және алюминий шығаратын заводтар құрылысы атқарылып жатыр. Одан басқа сұйылту газдарды өндіру (Бруней-Жапон-Англиялық бірлескен кәсіпорыны), ағаш тілу мен ағаш өңдеу кәсіпорындары бар. Туризм секторын дамыту мәселесіне өте өзекті мән беріледі. Брунейде ағынды қарқынмен экотуризм және «мұсылмандық туризм» секілді әртүрлі жаңа туризм бағыттары көркеюде. 2007 жылда Бруней аймақтық туристік тәсімдерге сәттілікпен енді. Атап айтқанда, Азия-Тыңыш мұхит мемлекеттерінің экономикалық қауымдастығының (АТМЭҚ) аймақты дамыту бойынша бірлескен жобаларында Брунейдің алдында Малайзияны, Индонезияны, Филиппиндерді және Таиландты қамтитын туристік бағыттар бойынша әуе қатынасын қамтамасыз ету мақсаттары қойылған. Сұлтандық балық аулау және мал шаруашылығынын дамытуға көп көңіл бөледі. Күріш – ауыл шаруашылығының негізгі дақылы болып табылады, оның жинағы жылында 10 мың тоннаға жетеді және елдің қажеттіліктерінің жартысын ғана өтейді. Одан басқа гевея және сарго өсіріледі. Жалпы, азық-түліктердің 80% импорт тауарлары құрайды. 2008 жылда Брунейдің Жалпы Ұлттық Өнімі (ЖҰӨ) 14,5 млрд. долл. АҚШ жетті (2007 жылмен салыстырғанда, -1,9%). ЖҰӨ құрамы келесі түрде үлесілген: өнеркәсіп секторы - 75%, қызмет көрсеті секторы - 25%, ауыл шаруашылығы секторы - 0,7%. 2008 жылда елдің экспорт түсімдері 8 млрд. 973 мың. долл. құрады, ал импорт импорт шығыстары 1 млрд. 798 мың. долл. жетті. Брунейдің 2008 жылдағы экспорттын негізгі баптары бұрыңғыдай сызды мұнай және мұнай өнімдері, сонымен қатар табиғи газ және текстить болып табылды. 2008 жылдағы Сұлтандықтың экспорт бойынша басты серіктестері: Япония 32,8%, Индонезия 24.4%, Австралия 13,4%, Южная Корея 12,2% және АҚШ 5,5%. 2008 жылда Бруней үшін аса қажеттілік келесі импорт тауарлары тудырды: техника және транспорттық құрал жабдықтары, өнеркәсіп бұйымдары, азық-түлік және химия тауарлары. Импорт бойынша басты серіктестер: Великобритания 46,4%, Сингапур 19,5%, Малайзия 11,3%. Еңбекке қабілетті халық 188,8 мың адам құрайды. Жұмыс күші келесі түрде үлесілген: өнеркәсіп секторы -63,1%, қызмет көрсеті секторы - 32,4%, ауыл шаруашылығы секторы - 4,5%. Жұмыссыздық деңгейі 2008 жылда 3,7% жетті. Халықтың жан басына салыстырғанда Жалпы Ішкі Өнім - 51,3 мың. долл. АҚШ (2008 г.). Бруней азаматтары табыс салығымен салынбайды. Сонымен қатар сатуға салынатын салық, экспорттық және кейбір басқа баж алымдары ескерілмеген. Компаниялардың айналым салығы 30% құрайды. Білім беру және деңсаулық сақтау қызметтері ақысыз көрсетіледі. Бруней транспорт желілері біршама дамыған болып есептеледі. Темір жолдарының ұзақтығы - 13 км (жеке меншік иелігінде), автомобиль жолдарының ұзақтығы 3650 км (асфалт жолдары - 2819 км). Тіркелген автокөліктердің саны 200 мыңнан асады. Екі ауежай жұмыс істейді. «Ройял Бруней Эйрлайнс» ұлттық әуе компаниясы 30-дан астам әуе бағыттарымен жүйелік рейстер жасайды. Ең өнімді әуе байланысы Сингапурмен, Малайзиямен, Индонезиямен, Филиппинамдармен және Таиландпен жасалады. Сонымен қатар Бруней Сингапурмен жүйелік кеме жүрерлік байланыс орнатты. Тарихи шолу. 16 ғасырда Бруней Калимантан аралының жартымды бөлігін және кейбір көршілес аралдарды басып алған іргелі феодалдық мемлекет болып табылды. 1839 жылда Сұлтанның қызметінде болған англиялық офицер Дж.Брук көтеріліс жасап, Саравак аралының солтүстігіндегі жерлерді өзіне бағындырды. Бұл еңбек үшін сауаб ретінде Дж.Брук Сұлтанның қалауымен «Раджа» атағына ие болды. «Ақ раджалардың» билігінен кейін Саравак аралы Малайзияның құрамына кірді. 1888 жылдан бастап, Сұлтандық Великобританияның протектораты болып саналды. 1941-1945 жылдарда мемлекетті Жапон қарулы күштері жаулап алды. 1959 жылы Бруней өз Конституциясын қабыл алды. 1962 жылы Заң шығару кеңесінің сайлауында Бруней халық партиясы (БХП) жеңді. БХП бастаған қарулы көтеріліс тоқтатылды, ал партия заңнан тыс болып жарияланды. 1961 жылдан бастап созылып келе жатқан Ерекше жағдай шегінде мемоекет Сұлтанның декреттерімен өмір сүреді. 1979 жылы Великобритания мен Бруней арасында қол қойылған Келісімге сәйкес, 1984 жылдың 1 қаңтарынаң бастап, Сұлтандық тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. 1984 жылда Бруней Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қоғамдастығының (ASEAN) құрамына кірді. 1992 жылы «Малай ислам монархиясы» атты мемлекеттік ішкі саясатты даму тұжырымдамасы қабылданды. Сұлтан Хассанал Болкиах қоғамның епті жаңарту саясатын жүргізуде. Бразилия. Бразилия, Бразилия Федеративтік Республикасы – Оңтүстік Америка құрлығының шығыс және орталық бөліктерін алып жатқан мемлекет. Жері – 8,5 млн. км2. Халқы 189 млн. адам (2007). Халқының этникалық құрамы: ақ нәсілдер – 54,7%, зәңгілер – 5,89%, мулаттар – 38,45%. Бұған қоса 3 млн-нан астам иммигранттар (жапон, италиялық, неміс, араб, француз, т.б.) тұрады. Астанасы – Бразилиа. Мемлекеттік тілі – португал тілі. Халқының көпшілігі христиан дінін ұстанады. Ұлттық мейрамы – жетінші қыркүйектегі Тәуелсіздік күні. Бразилия – президенттік федеративті республика. Елдің басшысы, Қарулы Күштердің бас қолбасшысы – президент. Жоғарғы заң шығарушы органы – Ұлтық Конгресс федералдық сенат және депутаттар палатасынан тұрады. Әкімшілік жағынан жиырма бес штатқа, бір федералдық (астаналық) округке бөлінеді. Губернатор билейтін әрбір штат өз конституциясын ұстанады. Климаты. Бразилия жері экваторлық (солтүстік бөлігі), субэкваторлық, тропиктік (орталық және оңтүстік бөлігі), субтропиктік (қиыр оңтүстік-шығыс) ендіктерде орналасқан. Жерінің көбін Бразилия таулы үстірті алып жатыр. Климаты негізінен ыстық, жауын-шашын мөлшері әр түрлі. Батыс жағы ылғалды экваторлық, шығыс жағы қуаң экваторлық ендікте. Суы мол, энергия көзіне бай өзендер көп, ішіндегі ірілері: Амазона, Сан-Франсиску, Парнамба, Парана. Ниобий, уран, торий кендері бар. Одан басқа темір, марганец, мыс, мұнай, газ, көмір қорлары мол кездеседі. Тарихы. Бразилия жеріне адам неолит дәуірінде қоныстанған. 16 ғасырдың басына дейін Бразилия жерін тупи-гуарани, тупинамбас, ботокуд тамойос, короадос, т.б. үндіс тайпалары мекендеген. Олар аңшылықпен, балық аулаумен, жер өңдеумен шұғылданып, темекі, какао, т.б. дақылдар өсірді. 1500 ж. Бразилия жағалауына португалдық теңізші Педру Кабрал келіп түсті де, өзі тапқан жерді Португалия иелігі деп жариялады. Ол паубразил атты құнды қызыл ағашты Бразилиядан Португалияға тасыды; елдің аты да осы ағаштың атынан шыққан. 1549 ж. генерал-губернаторлық құрылып, астанасы Баия (Салвадор) қаласы болды. 1517 жылдан құлдар әкеліне бастады да, құл еңбегінің нәтижесінде ірі жер иеліктері пайда болып, онда қант қамысы, мақта, күріш, жүгері өсірілді. Кейіннен алтын мен алмас шығарылуына байланысты Бразилия Португалияның ең бай отарына айналды. 1763 ж. астана Баиядан Рио-де-Жанейроға көшірілді. 1815 ж. Бразилияға корольдік статус беріліп, «Португалия, Бразилия және Алгарва біріккен корольдігінің» құрамдас бөлігіне айналды. 1822 ж. қаңтарда Бразилияның тәуелсіздігі жарияланды. 1824 ж. наурыз айында елдің тұңғыш конституциясы қабылданып, конституциялы монархия орнады. Келесі жылы Португалия Бразилияның тәуелсіздігін мойындады. 1850 ж. елге құл әкелуге тыйым салынып, 1888 ж. құл иелену мүлде жойылды. 1-дүниежүзілік соғыста Ұлыбритания және АҚШ-тың қысымымен Бразилия Германияға соғыс жариялап, 1918 ж. Еуропаға бірнеше әскери бригадаларын жіберді. 2-дүниежүзілік соғыс кезінде Бразилияда АҚШ-тың ықпалы күшейеді де, 1942 ж. тамызда Германия және Италияға, 1945 ж. маусымда Жапонияға қарсы соғыс жариялады. 1944 ж. елу мыңдық әскери корпусын Италия майданына жіберді. 1950 – 60 ж. Бразилия аграрлы елден аграрлы-индустриялы елге айналды. Сан-Паулу, Рио-де-Жанейро, Ресифи, т.б. өнеркәсіп орталықтары өсіп, аграрлық, финанс, оқу реформалары жүргізілді. 1960 ж. жиырма бірінші сәуірде ел астанасы Бразилиа қаласына көшті. Бұдан кейін жиырма жылдай (1964 – 85) елді әскери генералдар басқарды. Бразилия экономикалық күш қуаты жағынан дүние жүзінде сегізінші орын алады. Бразилия Латин Америкасы елдері ішінде шешуші рөл атқарады. Негізгі сауда серіктестері: АҚШ (22%), Батыс Еуропа елдері, Латин Америкасы елдері, Азия елдері. Қазақстанмен дипломатиялық қарым-қатынас 1992 ж. орнатылған. Самоа. Самоа Тәуелсіз Мемлекеті (сам. Malo Sa’oloto Tuto’atasi o Samoa, ағыл. Independent State of Samoa) — Тынық мұхиттың оңтүстік тарабындағы Самоа архипелагінің (шоқ аралының) батыс аралдарында орналасқан. Океания елдеріне жатады. Бұрыңғы атаулары — Алмания Самоасы (1900—1914) және Батыс Самоа (1914—1997). 1976 жылының 15-і желтоқсанында Біріккен Ұлттар Ұйымына кірді. 1970 жылынан бері — Ұлыбритания басқаратын Ұлттар Достастығының мүшесі. Намибия. Қызықты дерек. Намибия елтаңбасында Таңғажайып вельвичия белгіленген Микронезия Федерациялық Штаттары. Micronesia Micronesia Мағрип. Мағрип (المغرب العربي) — Солтүстік-Батыс Африка өңірінің дәстүрлі аты. Көбінесе бұған Марокко, Алжир және Тунис өңірлерін кіргізеді, бірақ ерте араб тілінде бұған Әл-Андалус (Испания мен Португалия), Сицилия Әмірлігі (Италия) және Малта өңірлерін кірістірді. Босния және Герцеговина. Босния және Герцеговина - (), боснаша, серпше және хыруатша атауы - Bosna i Hercegovina (Босна и Херцеговина), орысша - Босния и Герцеговина) - Еуропадағы Балқан түбегінде орналасқан ел. Венесуэла. Венесуэла — Оңтүстік Америкада орналасқан мемлекет. Венесуэла, Венесуэла Республикасы – Оңтүстік Америкада орналасқан мемлекет. Жер аумағы – 912,0 мың км2. Халқы – 28 млн. адам (2007). Астанасы – Каракас. Халқының ұлттық құрамы: 69%-ы метистер, 20%-ы ақ нәсілділер, 9%-ы зәңгілер, 2%-ы үндістер. Ресми тілі – испан тілі. Тұрғындарының басым көпшілігі – католиктер. Елді президент басқарады. Заң шығарушы органы – екі палатадан (сенат және депутаттар жиыны) тұратын Ұлттық конгресс. Венесуэла Кариб теңізі жағалауында орналасқан. Елдің орта бөлігінен Ориноко өзені ағады. Оңтүстік-шығысында Гвиана таулы үстірті бар. Климаты субэкваторлық, ыстық. Орташа температура қысы-жазы 25 – 29ӘС. Жауын-шашын мөлшері солтүстік жағында 280 мм, ал оңтүстігінде 2000 – 3000 мм. Ең ірі көлі – Маракайбоның төңірегінде ірі мұнай қоры бар. Негізінен, тропикалық өсімдіктер өседі. Жерінің 53%-ы орман. Венесуэланы ерте заманда үндіс тайпалары мекендеген. Еуропалықтарға бұл елді алғаш 1498 ж. Христофор Колумб ашты. «Венесуэла» атауы «Кіші Венеция» деген ұғымды білдіреді. 16 ғасырдан бастап елге испан отаршылары басып кіріп, жергілікті үндіс тайпаларын қырғынға ұшыратты. Ауыл шаруашылығы жұмыстарына Африкадан әкелінген зәңгілердің еңбегі пайдаланылды. 19 ғасырда испан отаршыларына қарсы ұлт-азаттық қозғалысы күшейді. 1811 ж. елдің тәуелсіздігі жарияланды. 1819 ж. ол Колумбия Республикасымен қосылып, Ұлы Колумбия деп аталынды. 1830 ж. қайтадан жеке бөлініп шықты. 1913 ж. ірі мұнай көздері ашылғаннан кейін елдің экономикасына АҚШ-тың мұнай компаниялары үстемдік жүргізді. 1975 ж. үкімет мұнай және кен шығару өндірістерін мемлекет меншігіне алды. Қазіргі кезде Венесуэла экономикалық даму дәрежесі жағынан Латын Америкасы елдері арасында төртінші орын алады. Ұлттық табыстың орташа мөлшері жан басына шаққанда 2,8 мың АҚШ доллары. Өнеркәсіптегі жетекші салалар: мұнай шығаратын және өңдейтін өндіріс орындары, көлік және байланыс салаларының басым бөлігі – мемлекет меншігінде. Елде мұнайдан басқа табиғи газ, темір, боксит, көмір, алтын, алмас, т.б. пайдалы қазбалар өндіріледі және экспортқа шығарылады. Ауыл шаруашылығы нашар дамыған. Тамақ өнімдерінің 50%-ы шеттен әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: АҚШ, Германия, Жапония, Италия, Бразилия, Канада, т.б. елдер. Тарихы. Америго Веспучи 1499 ж. осы жерге келгенде, су үстінде орналасқан үйлер көрілді, бұл оның есіне Венеция қаласын түсіреді. Сондықтан ол осы жерге «Кіші Венеция» (венесуэла) деп ат қояды. Испандықтар алғашқы отарын 1522 ж. осы жерде ұйымдастырады. 16 ғасырдан бастап, Венесуэла испандықтардың Жана Гранада атты отарының құрамына кіреді. 1811 ж. Еуропада Наполеон соғыстары жүріп жатқан кезде Венесуэла өзін тәуелсіз деп жариялды. Тәуелсіздік соғысы басталды, бірақ испан әскерлер көтерісшілерді басып-жаншиды. 1821 ж. Венесуэланың қолбасшысы Симон Боливар Карабобо шайқасында жеңіске жетеді. Симон Боливар испандықтармен күресті бастап, бүгінгі Боливия, Колумбия, Эквадор елдерін азат етті. Осы жерде ол Ұлы Колумбия мемлекетін жариялайды, бірақ 1831 ж. Ұлы Колумбия бөлшектеніп, Венесуэла оның құрамынан шығып тәуелсіз мемлекет болады. Бүкіл 19 ғ. Венесуэланы әскери диктатуралар биледі. 1992 ж. сайлауда Уго Чавес жеңіске жетті. Чавес Венесуэлада социалистік республикасы құра бастайды. Ол экономикалық реформалар жасап, «Боливар революциясын» жариялады, революцияның негізі – бүкіл Оңтүстік Американың мемлекеттерін бір елге одақтастыру. Бүгінгі Венесуэла – Ресей, Иран, Қытай, Белорусь, Куба және Боливия сияқты елдермен жақын қарым-қатынас жасайды. Барбадос. Барба́дос () — Кариб бассейніндегі Барбадос аралында орналасқан мемлекет, орналасқан аралы Кіші Антил Аралдары тобына кіреді, Кариб теңізінің шығысында орналасқан. Салыстырмалы түрде алғанда Оңтүстік Америка құрлығына жақын, 434,5 км Венесуэланың солтүстік-шығысында. Аралдың орталығындағы төбеден Барбадосқа көрініс. Бағамалар. Bahamas Bahamas Bahamas Bahamas Bahamas Монсеррат. Montserrat, Parishes of * Сингапур. Сингапур (;; Tamil: சிங்கப்பூர், "Cingkappūr"), ресми түрде Сингапур Республикасы - экватордан 137 км солтүстікте, Малайзияның Жохор облысының оңтүстігінде, Индонезияның Рияу аралының солтүстігінде орналасқан қала-мемлекет, арал-ел. Жидда. Жидда — Сауди Арабстан Патшалығының Батыс өлкесіндегі қала мен кемежай. Қажылыққа барғандардың көбі осы порт арқылы Мәккеге барады Америка Құрама Штаттары. АҚШ, Америка Құрама Штаттары (, USA) — Батыс жарты шарындағы ірі ел. Оның барлық жері түгелдей дерлік Солтүстік Америкада. Шығысында Атлант мұхитымен, батысында Тынық мұхитпен шайылады. Солтүстікте Канадамен, оңтүстікте Мексикамен шектеседі. АҚШ климаты біркелкі қоныржай және субтропикті болып келеді. Ал солтүстіктегі Аляска штатында қыстыгүні арктика суығы байқалып тұрады. АҚШ – көптеген атақты тұлғалардың отаны. Соның ішінде аса көрнекті саяси қайраткерлер Бенджамин Франклин, Авраам Линкольн, Роберт Фултон, Томас Эдисон, Марк Твен және т.б. бар Америка Құрама Штаттары (АҚШ), Америка – Солтүстік Америкадағы мемлекет, федеративтік республика. Аумағы 9363,2 мың км2. Халқы 302 млн. Астанасы – Вашингтон қаласы. Тұрғын халқының саны жағынан ірі қалалары: Нью-Йорк, Чикаго, Лос-Анджелес, Сан-Франциско, Филадельфия, Детройт, Бостон, Хьюстон, Вашингтон, Даллас, Питсбург, Балтимор, Сиэтл, т.б. 50 штат пен 1 федералдық (астаналық) округке бөлінеді. Бірімен-бірі шектесіп жатқан 48 штаттан және құрлықтың солтүстік-батысындағы Аляска, Тынық мұхиттың орталығындағы Гавай аралдарынан құрылған Гавай штаттарынан тұрады. Мемлекеттік тілі – ағылшын тілі. Халықтың 66%-ы – протестанттар, 26%-ға жуығы католиктер. Үкімет пен мемлекет басшысы – президент. Заң шығарушы орган – палата мен сенат өкілдерінен тұратын екі палаталы парламент (конгресс). АҚШ аумағының басым көпшілігі Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа дейінгі ендік бағытта созылып жатқан қоңыржай және субтропиктік белдеуде орналасқан. Аляска штаты субарктика және арктикалық, ал Гавай штаты – Тынық мұхиттың тропиктік белдеуінде. Жер бедерінің 1/2-ін (елдің батысында) биік таулы жоталар мен таулы үстірттер алып жатыр. Кордильер мен Аппалачи тауларының аралығында елдің ішкі жазықтары (Орталық Ұлы жазықтар) орналасқан. Атлант мұхиты жағалауларын бойлап Атлант маңы және Мексика маңы ойпаттары жатыр. АҚШ-тағы ең биік тау – Аляска түбегіндегі Мак-Кинли (6193 м). Жер қойнауы кен байлықтары мен минералды шикізатқа өте бай. Оның ішінде темір, никель, кобальт, алтын, күміс, уран кентасы қоры жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орында. Тас көмір (Аппалачи таулары), мұнай мен газ (Мексика ойпаты, Ұлы жазық) табылған. Ал Кордильер таулары түсті және қара металл шикізаттарына бай келеді. Қаңтар айының орташа температурасы Аляскада –18ӘС, Орталық жазықтың солтүстігінде –24,8ӘС. Елдің оңтүстік-батысында қаңтар айының орташа температурасы 12ӘС-тан, Флорида түбегінде 20ӘС-қа дейін жетеді. Шілде айының орташа температурасы батыс жағалауда 14 – 22ӘС, шығыста 16 – 22ӘС-қа дейін ауытқиды, ал орталығындағы жазық өңірлерде 32ӘС-қа дейін көтеріледі. Батыс жарты шардағы ең жоғарғы температура Ажал аңғарында (56,7ӘС) байқалды. Жауын-шашынның мөлшері Алясканың жел өтіндегі тау беткейлері мен Тынық мұхит жағалауында 3000 – 4000 мм; шығыс және теңіз жағалауы белдемінде 1000 – 2000 мм; Орталық жазықта 600 – 900 мм, Ұлы жазықта – 400 – 600 мм, Мохаве шөлінде (Ажал аңғары) – 100 мм-ден де аз. Жауын-шашынның көп мөлшері Гавай аралдарында (10000 мм). Ең ірі өзендері: Миссисипи (ұзындығы Миссури саласымен бірге 6420 км), Огайо, Колорадо, Колумбия, Рио-Гранде, Юкон. Көпшілігі Атлант және Тынық мұхит алабына жатады. Дүние жүзіне әйгілі көлдер жүйесін елдің солтүстік-шығысындағы Ұлы көлдер құрайды (Жоғарғы көл, Гурон, Мичиган, Эри, Онтарио). Олардың барлығы бір-бірімен жалғасып, 245 мың км2 аумақты алып жатыр. Эри мен Онтарио көлдерін байланыстыратын Ниагара сарқырамасы осы тұста орналасқан. АҚШ аумағында 270-ке жуық мемлекет қорғауындағы табиғи аймақтар (ұлттық саябақтар, табиғат ескерткіштері, қорықтар) бар. Олардың ірілері: Йеллоустон, Йосемит, Секвойя, Гранд-Каньон, т.б. Қазіргі АҚШ жерінде ежелден үнділер өмір сүрді. Христофор Колумб Американы ашқаннан кейін (1492 – 1503) 16 ғасырда Англия, Испания, Нидерланды, Франция, Швеция Солтүстік Американы отарлауға кірісті. 18 ғасырдың 60-жылдарына қарай Англия Солтүстік Американы түгел дерлік басып алды. 17 ғасырдың басында Америкаға ауыр жұмыстарға пайдалану үшін Африкадан құлдар әкелу басталды. Отарлық қанаудың күшеюі тәуелсіздік жолындағы соғысты туғызды (1775 – 83). 1776 ж. 4-шілдеде Тәуелсіздік декларациясы қабылданды, онда АҚШ-тың құрылғандығы жарияланды. 13 ағылшын отары бірігіп, дербес мемлекетке айналды, 1-Америка-буржуазиялық революциясы деп аталған тәуелсіздік соғысында Англия жеңіліс тапты. 1783 ж. бітім шарты бойынша Англия АҚШ-тың тәуелсіздігін мойындады. 1787 ж. АҚШ Конституциясы қабылданып, елдің бірінші президенті болып Джордж Вашингтон сайланды. 1776 ж. құрлық аралық конгресс қабылдаған Тәуелсіздік декларациясы жобасының авторы, қоғам құрылысын демократияландыруға үлкен үлес қосқан Томас Джефферсон 1800, 1804 ж. АҚШ президенті болып сайланды. Ол түрлі әлеуметтік топтардың арасында мәмілеге келтіру саясатын жүргізді. Кейбір реакциялық заңдарды жойып, армияны, флотты, мемлекеттік аппаратты қысқартты. Ресеймен дипломатиялық қатынас орнатты. 19 ғасырдың 1-жартысында АҚШ жері әжептәуір ұлғайды. 1803 ж. АҚШ Батыс Луизиананы, 1819 ж. Флориданы, 1867 ж. Алясканы қосып алды. 1823 ж. Монро доктринасы жарияланып, мұнда Америка және Еуропа бір-бірінің ішкі істеріне араласпауға тиісті деп көрсетілді. 1809 ж. елге құл әкелуге тыйым салынды. Алайда бұл іс жасырын түрде жалғаса берді. 1790 ж. АҚШ-та 760 мың зәңгі құл болса, 1860 ж. олар 4 млн-ға жетті. Ауыр езгіге және қорлауға шыдамаған құлдар көтерілістер жасады, солтүстікке қашты. Солтүстікте бірқатар штаттарда құлдық жойылды. 1-дүниежүзілік соғыста АҚШ Антанта жағында болды. Екі дүниежүзілік соғыс аралығындағы Франклин Рузвельт әкімшілігінің реформалары АҚШ тарихында ерекше орын алды. «Жаңа бағыт» деп аталған осы реформалар елді ауыр экономикалық дағдарыстан шығарды және қоғамның демократиялық үлгісін қалыптастырды. Рузвельт сыртқы саясатта да өзгеріс жасады. Латын Америкасында «тату көршілік», Еуропада «оқшаулану», Азияда «ашық есіктер» саясатын жүргізді. 2-дүниежүзілік соғыс кезінде АҚШ фашизмге қарсы мемлекеттер одағын құруға белсене қатысып, Тынық мұхитта, Еуропада, Африкада соғыс қимылдарын жүргізді. Соғысқа 1941 ж. 7 желтоқсанда кірісіп, 1945 ж. 2 қыркүйекте аяқтады. Соғыстан кейін АҚШ, КСРО бөлек-бөлек әскери-саяси одақтар құрып, дүние жүзін екі лагерьге бөлуді іске асырды. Осы «қырғи-қабақ соғыс» 80-жылдардың ортасына дейін созылды. Қазақстан егемендік алғаннан кейін АҚШ-пен дипломатиялық қатынастар орнатылды. АҚШ – экономикасы дамыған мемлекет. Жер қойнауы отын-энергетикалық шикізаттарға, темір, түсті металл қазбаларына, табиғи күкіртке, уран шикізаттарына, фосфориттерге, калий тұздарына, т.б. пайдалы кендерге бай. АҚШ мемлекеті өз жерінің табиғи байлықтарын бей-берекет пайдаланбай, ұқыптылықпен қарап, көп минералдық ресурстарды сырттан тасиды. АҚШ өнеркәсібі – бүкіл экономиканың жетекші саласы. Оның энергиялық балансында мұнай мен газ маңызды орын алады, ауыр және жеңіл өнеркәсібі өркендеген. Машина жасау өнеркәсібі автомобиль, авиация электр техникасы салаларына түрлі жабдықтар өндіреді. Атом өнеркәсібі, тоқыма және тігін өнеркәсібі айрықша дамыған. АҚШ-тың ауыл шаруашылығында механикаландырылған фермерлік шаруашылықтар жетекші рөл атқарады. Онда өндірілетін негізгі дақылдарға бидай, арпа, сұлы, қара бидай, жүгері, соя бұршақтар, картоп, қант қызылшасы, мақта жатады. Мал шаруашылығында сиыр, шошқа, қой өсіріледі, тауық пен күрке тауық өсіру жаппай дамыған. АҚШ-тың бір жылғы ұлттық табысы жан басына шаққанда 25 мың долларға жуық. Негізгі сауда серіктестіктері – Батыс Еуропа елдері, Канада, Мексика, Жапония. АҚШ-пен Қазақстанның экономикалық байланысы 20 ғасырдың 90-жылдарында дами бастады. Ондаған американ фирмалары мен кәсіпкерлері және белгілі банкілер Қазақстанда түрлі салалар бойынша жұмыс істейді (мысалы, мұнай өндірумен айналысатын «Шеврон», «Shell», «Мобиль» компаниялары мен «Prіse Waterhause» есеп аудит консалингтік компаниясы, т.б.). Тарихы. 16 ғ. Колумб Американы ашқаннан кейін еуропалықтар Солтүстік Америкаға көшіп келе бастады. Олар осы құрлықтың негізгі халқы – үндістерді аяусыз қырғынға ұшыратты. Тірі қалған үндістер түк шықпайтын тақыр жерлерге – резервацияларға ығыстырылды. 17 ғ. негізінен Ұлыбританиядан көшіп келгендер Атлантика жағалауында өздеріне тұрақ салды – отар деп аталды. 18 ғ. аяғында 13 отар ағылшын үстемдігінен құтылып, тәуелсіз мемлекет – Америка Құрама Штаттарын құрды. Америка жалауының сол жақ жоғары бұрышындығы көк төрт бұрышқа салынған 50 ақ жұлдызша АҚШ-тың қазіргі күндегі штаттарының санына сай келеді. 1776 - АҚШ тәуелсіз декларациясы жариялды 1812-1815 – АҚШ-Ұлыбритания соғысы 1819 – АҚШ Флорида штатын 5 млн. долларға сатып алады. 1846-1849 – АҚШ-Мексика соғысы 1861-1865 – АҚШ-ның азамат соғысы 1867 – Ресейден Аляска штатын сатып алады 1917 – АҚШ Бірінші Дүниежүзілік Соғысына кіріп, Антанта одағына қосылады 1941 – Перл-Харбор инциденті. АҚШ Екінші Дүниежүзілік соғысна кіреді 1945 – Хиросима мен Нагасаки аттомдық шабуылы 1950-1953 – Корея соғысы 1962 - Кариб дағдарысы. 1964-1973 – Вьетнам соғысы 1969 – Ғарышкер Армстроң, Нил Олден айға қонады 1991 – Бірінші Ирак соғысы 2001 – 11 қыркүйектің трагедиясы 2003 – Екінші Ирак соғысы Саясаты. Демократиялық партиясы – 1824 ж. құрылған. Джон Кеннеди, Билл Клинтон, Барак Обама осы партияның мүшелері. Республикалық партиясы – 1854 ж. құрылған. Джордж Буш, Рональд Рейган осы партияның мүшелері. Құң-зы. Құң-зы (; сирек кездесетін —, дәлме-дәл «"Құң ұстаз"»,) (551 ЗБ—479 ЗБ) — ілімі мен пәлсапасы қытай, кәріс, виетнамдық және жапон өмір тұрысы мен ойлау ғұрыпына терең ықпал еткен, әйгілі қытай ақылманы және әлеуметтік пәлсапашысы. Конфуций ілімінің ерекшелігі сол, ол адамгершілік мәселелерін бірінші кезекке қойған. Ал рух, аспан денелерінің қозғалу заңдылықтарына еш көңіл бөлмейді. «Өмірдің не екенін білмей жатып, өлімнің, рухтың не екенін қайдан білейік», — деген екен ол. Алайда, көкті пір тұтқандығы ақиқат, көк тәңірісіне құрбандық шалуды оған деген адамдардың көрсеткен құрметі деп түсінген. Кейіннен Қытайдың «аспан асты империя» деп аталуына да осы ұғым өз әсерін тигізген сыңайлы. Жоғарыда айтылып өткендей, Конфуций өз ілімін адамға бағыттаған. Ол - алғаш рет адамның кісілік тұлғасы туралы ой қозғаған философ. Үлгі тұтуға жарайтын ер адамның адамгершілігі (жэнь), үлкенді сыйлауы (сяо), әдет-ғұрып, дәстүрді құрмет тұту (ли) жоғарғы дәрежеде болуы тиіс. Адам тумысынан жаман болып тумайды, оны жаман да, жақсы да қылатын өскен ортасы. Конфуций мемлекетті де үлкен отбасы деп түсіндірген. Оның ілімі, жалпы алғанда, үстем таптың мүддесін қорғады, құлдықты сөкет көрмеді, сондықтан да ұзақ жылдар бойы мемлекеттік ресми идеологияға айналып, Қытайдағы қоғамдық өмірдің барлық салаларына өз әсерін тигізді. Конфуцийдің қазасынан кейін оның ілімі сегіз тармаққа бөлініп кетті. Олардың ішіндегі ең негізгілері идеалистік бағыттағы Мэн-цзы мектебі мен материалистік бағыттағы Сюнь-цзы мектебі. Бұл екі бағыт та Конфуцийдің шәкірттері Мэн жэне Сюньнің аттарымен аталады. Мэн-цзы Конфуций ілімдерін жинақтап, бір жүйеге түсірумен ғана айналыспаған, сонымен қатар, жаңа ойлармен толықтырьш отырған. Мысалы, «адамның табиғаты тек жақсылықтан жаратылған» деген қағида Мэн-цзы философиясының негізгі өзегі болып табылады. Сюнь-цзы Конфуций іліміне материалистік нышан енгізген. Әлемнің негізі материалдық күш (ци) және оның екі түрі болады (инь жэне ян). Әлем өзінің табиғи заңдылықтары арқылы өмір сүреді, көк тәңірі - әлемнің құрамдас бөлігі ғана, оны зерттеп, сырын ұқса адамдардың мақсат-мүдделеріне пайдалануға болады, Бақытты, бақытсыз болу, сау немесе ауру, бай немесе қайыршы болу адамдардын өзіне ғана байланысты. Бұл тұжырым Абайдың ауруды жаратқан Құдай, бірақ нақты адамды ауру қылған Құдай емес; байлық кедейлікті жаратқан Құдай: бірақ белгілі бір адамды бай немесе кедей қылған Құдай емес, адамның бақытты яки бақытсыз болмағы өзінен дейтін ойымен үндесіп жатыр. Бабыр. Захиредден Мұхамед Бабыр — өзбек және үнді ел билеушісі, сардары, Ұлы Моғол мемлекетінің орнатушысы, ақын мен жазушы. 1483 ж. ақпанның 14 қазіргі Ферғана уалаятында туған. Оның әкесі Омар Шайхы — Ақсақ Темірдің шөбересі, Ферғананың әмірі еді. Ал Бабырдың шешесі — Құтлық Нигар ханым Моғолстан ханы, Шыңғыс хан әулеті Жүністің қызы болатын. Бабыр және қазақтың тұңғыш тарихшысы Мұхаммед Хайдардың шешелері — бірге туған, апалы-сіңлілі адамдар болған. Демек, Бабыр мен Мұхаммед-Хайдар — бөле болып келеді. Маураннахр. 1494 ж. Омар Шайхы қайтыс болады да, Ферғана әмірінің орны бос қалады. Осы кезде Омар Шайхының інісі, Самарқан әмірі Ахмет мырза осы орынға ауыз салып, Ферғана әмірінің тағына таласады. Алайда, Омар Шайхының беделді бектері оған қарсы шығып, Омар Шайхының 11 жасар баласы Бабырды Ферғана әмірі деп жариялап, асығыс таққа отырғызады. Бабыр үкімет басына келген кезде, Самарқан, Бұқар, Ташкент, Әндіжан, Хисар, Қабылды билеуші Темір тұқымдары өзара жауласып, бір кездегі аса қуатты Ақсақ Темір империясын әбден әлсіреткен еді. Міне, осындай аса ауыр жағдайда үкімет басына келген бала Бабырдың көп майданда күрес жүргізуіне тура келді. Ол бір жағынан өзінің туған қаласы Әндіжанды өзінің немере ағасы Ахмет мырзаның шабуылынан сақтап қалуға тиіс болса, екінші жағынан, өзі отырған тағына өз туысы Жиһангер мырзадан қорғап қалуға тура келді. Өзін Шыңғыс хандығының мұрагері, Әмір Темірдің әулеті санаған Бабыр Мауреннахрда бір орталыққа бағынған ірі мемлекет құрып, Темір ұрпақтарының әр жерге шашырап жүрген әскери күштерін бір қолға топтастырмақ болды. Осы кезде Самарқан мен Бұхара әмірі Сұлтан Ахмет мырза қайтыс болып, оның артында ұрпақ қалмады. Осыған байланысты Самарқанда Темір әулеттерінің арасында таққа талас басталды. Осыны пайдаланған солтүстіктегі көшпелі өзбектер ханы — Шайбани хан өзінің қол астындағы адамдарын жинап алып, дереу Самарқанға қарай шеру тартады. Алайда самарқандықтар туған қаласын ерлікпер қорғап қалады. Бірақ ол уақыт өткізбей, Қаршы және Шахрисәбіз қалаларына бет алып, оларды жаулап алады да, бірден Бұқарға беттейді. Үш күн қоршауға шыдай алмаған Бұқар бектреі қаланы өзбектерге беріп қояды. Өзбектердің Бұқарды басып алуы самарқандықтардың үрейін ұшырады. Қаланың көптеген бектері Бабырға және ташкент Әмір Уейс мырзаға келіп, олардан көмек сұрайды Темірдің бұл екі әулеті де Самарқанға қарай шабады. Бірақ мұнда үкімет билігін Сұлтан Әли мырза өз қолына алып қойған еді. Бірақ ол өз маңайындағылардың опасыздық жасауға ыңғайланып жүргенін байқап қалып, қаланы Шайбаниға өзі беруге ұйғарады. Жұма күндердің бірінде қала халқы намаз оқып жатқан кезде, Сұлтан Әли мырза аз ғана адамдармен жасырын түрде Самарқанды тастап шығып, Шайбаниға барады. Мұнан кейін қаланың басқа әмірлері мен белді бектері де қала жұртшылығының мүддесін сатып кетіп, Шайбаниды үлкен сый-құрметпен қарсы алады. Сөйтіп, өзбектер 1500 жылы Ақсақ Темір әулетінің көне астанасы — Самарқанды соғыссыз-ақ басып алады. Бірақ Шайбани Самарқанда ұзақ тұра алмады. Самарқанның аса ірі ғұламаларының бірі — Абул Мекарим Бабырға хат жазып оның өз ата-бабасының астанасын басып алып, ондағы таққа отыруға шақырады. Сондай-ақ белгіленген уақытта оған қаланың қақпасын ашып беруге уәде береді. Бабыр ғұламаның хатына жауап ретінде Самарқанға аттанады. Ол түнде аз ғана адамдармен қаланың ішіне кіріп, ондағы өзбек әскерлерін қырып салады да, таң атқанда өзін Самарқанның падишағы деп жариялайды. Алайда Бабырдың бұл падишалығы, өз сөзімен айтқанда, жүз-ақ күнге созылады. Өйткені Самарқан халқы үздіксіз ұрыстың нәтижесінде әбден арып-ашыған болатын. Бабыр осы ашаршылыққа ұшыраған халықтың жағдайын жақсарту үшін өзінің Ферғанадан әкелген әскерлерін таратып жібереді. Мұны білген Шайбани жақсы жарақтанған қалың қолмен Самарқанға шабуыл жасайды. Бабыр аз уақыттың ішінде шағын қол жинап алып, өзіне көмекке келе жатқан шағатайлықтар мен моғұлдарды күтпестен өзбектреге қарсы шықты. Зарафшан өзенінің бойында Шайбани әскерлерімен кездесіп, соғыс ашады. Өзінің жеке басының асқан ерлік кетуіне қарамастан, Бабыр әскерлері жеңіліп, Бабырдың өзі Самарқанға келіп тығылды. Шайбани төрт ай бойы қаланы қоршап алды. Аштық күшейе берді. Қаланың көптеген бектері аштыққа шыдай алмай, өзбектреге өтіп кетіа жатты. Өзінің осындай ауыр жағдайға душар болғанын сезген Бабыр бір түнде Самарқанды тастап шығып, Ташкенттегі ағасы, Моғұл ханы — Махмұдқа барды. Бабырдың өзіне тиген еншісі — Әндіжан өлкесі де бұл кезде өзбектердің қолында болатын. Енді Бабыр Әндіжанды азат етіп алу үшін Махмуд ханнан көмек сұрады. 1501 ж. қысында моғұл әскерлері жорыққа аттанады. Бірақ Шайбани әскерлері оларды Сырдария бойында тас талқан етті. Бабыр енді Моғұлстанның солтүстік-шығыс облыстарына қарай қашты. Осы күннен бастап Бабыр өз сөзімен айтқанда, шатыраш шаһы сияқты бір бұрыштан бір бұрышқа тығылумен болды. Ақыры 1504 ж. Кабул бектерінің көмегімен ондағы үкімет билігін өз қолына алады және жақсы жарақтанған әскер құрады. Жеңістен жеңіске жетіп желіккен көшпелі өзбек ханы Мұхаммед Шайбани Темірдің соңғы көрнекті ұрпағы Сұлтан Хусайын мырзаның Әмірлігін де басып алуға әзірленеді. Шайбанидің аяқ алысынан қауіптенген Ақсақ Темір тұқымдары — Хисар, Хатлан, Куляб, Кундуз, Бадахшан Әмірлері өзара одақ құрады. Міне осы одаққа Бабыр да қосылады. Одақтың басшысы болып Хисардың Әмірі Хусрау-шах тағайындалады. 1504 ж. шілдеде ол өзінің әскерлерімен Кундузға қарай аттанады. Бірақ осы жерде жол тосқан өзбектреден қатты жеңіліп, өзі тұтқынға түсіп, сол жерде қаза тапты. Одақтастардың бұдан былайға шабуылы өздерінің өзара ұрыс-керісі салдарынан тоқтап қалады. Осы кезде Шайбани Бұқардан Хорезмге қарай шабуыл жасап, 1505 жылы Үргенішті басып алды. Ауғанстан. 1506 ж. көктемде Хусайын мырза қайтыс болады. Оның орнына екі баласы Бадиуззаман мен Мұзаффар-Хұсайын қалады. Шайбани Балх қаласын қоршайды. Тек күздің басында ағалы інілі мырзалар әскер жинап, Балхқа көмекке келеді. Жолшыбай оларға өз әскерлерімен Бабыр қосылады. Бірақ бұлар келіп жеткенше, әбден әлсіреген Балх тұрғындары өзбектерге беріліп қояды. Ал, Шайбани болса, өзімен соғысқалы келе жатқан Темір әулеттерімен майданға түспей, Мауреннахрға қарай бет алады. Одақтастар жаудың ізіне түсіп, оны талқандаудың орнына келер көктемге дейін соғыс әрекеттерін бастамауға келіседі. 1507 ж. мамырда Шайбани хан Әмудариядан өтіп, Хорасан жеріне барады. Темірдің соңғы әулеті Сұлтан Хұсайын мырзаның елордасы — Герат дұшпан алдында әлсіздік көрсетеді. Шайбани Гератты жаулап алып, өзінің жаугершілік жолында Иран шекарасына жетеді… Ал, Иран шахы Исмаил Шайбанидің бұл қылығын ұнатпайды. 1510 ж. Исмаил Хорасан жеріне жорық жасайды. Осының алдында ғана, 1508 ж. қазақтар мен моғұлдардың бірігіп күш көрсетудің нәтижесінде Шайбани бастаған өзбек әскерлері Сырдария бойында үлкен жеңіліске ұшыраған еді. Сондықтан олар Иран әскерлеріне қарсы керісуге жарамайды. Мұны сезген Шайбани өзінің аз ғана адамдарымен Мерв қаласына барып тығылады. Бірақ кейінгі бір ұрыста Шайбани қаза тауып, әскерлері талқандалды. Сөйтіп Гератты Иран шахы Исмаил басып алады. Осы кезде Бабыр өзінің ең қауіпті дұшпаны Шайбанидің қаза тапқанын естіп, өзінің бұрынғы патшалығын өзбектерден қайта тартып алу үшін әрекет жасайды. Осы мақсатпен ол Иран шахына ұсыныс жасайды. Шах бұған келіседі. Сөйтіп Бабыр Кабулдан қалың қолмен аттанып, Әмудариядан өтіп, Хисарға келеді. Қарсылық көрсеткен өзбек отрядтарын қиратып, Мауреннахрдың көптеген бөлігін (Хисарды, Кулыбты, Кундузды, Бадахшанды) басып алады. Сөйтіп, Самарқанға қарай бет алады. Осы жорықта Бабырдың қасында жүрген оның туған бөлесі, «Тарихи-Рашиди» кітабының авторы Мұхаммед-Хайдар Дулатидің айтуына қарағанда, қатал көшпеліліерді жеңіп шыққан Бабырды Самарқан халқы қуанышпен қарсы алады. Оның жолына жібек кілем төсейді. Көшелер қызыл гүлге бөленеді. Сөйтіп 1511 ж. Бабыр Самарқанға салтанатпен кіреді. Бірақ Бабардың Иран шахы Исмаилмен одақтас болуы самарқандықтарды қатты мазасыздандырады. Мешітке Хутба оқылып, онда Бабырды падишах деп дариялайды. Бұл хутбада қызылбастардың (ирандықтардың) он екі имамының есімі аталып, Исмаил шахтың аты да қосыла оқылады. Міне осы жағдай Бабырдан самарқандықтардың көңілін суытты. Оның үстіне самарқандықтарға сенген Бабыр өз қолындағы Иран әскерлерін таратып жібереді. Міне Бабырдың осы қателігін көшпелі өзбектер тағы да пайдаланып, 1512 жылы Мауреннахрға тағы шабуыл жасайды. Бабыр аздаған күшпен оларғы қарсы шығып, оларға ұрыс ашады. Бірақ қатты жеңіліп Хисарға қарай қашады. Мұнда келгеннен кейін бекіністер жасап, қаланың көшелерімен бұрыштарында тосқауыл тұрғызады. Көмек сұрап, Исмаил шахқа кісі жібереді. Мұны естіген өзбектер Мауреннахрға қайтып кетеді. 1512 жылдың күзінде Нәжімсани бастған 60 мың кісілік Иран әскері Әмудариядан өтіп, Термез төңірегінде Бабыр қолына қосылады. Қызылбастар әулеті Хизарды, кейін Қаршы қаласын басып алады. Олар бейбіт халақты жаппай қырғынға ұшыратады. Соның ішінде атақты әрі Шайбани ханның өзара тарихшысы Бенаи да қаза табады. Мұнан кейін қызылбастар Бабырмен бірігіп, Гиджубанға қарай аттандаы. Бірақ өзбектер бұлардан бұрын Гиджубанға келіп, ұрысқа әзірленеді. Әскерлерін көше бойымен қатар тізіп тастайды. Қызылбастар мен Бабыр қолы қалаға енгенде, өзбектер бұрыш бұрыштан оларды атқылай бстайды. Оқ астында қалған қызыбастар тасада тұрған өзбек әскерлеріне еш шара қолдана алмайды. Бабырдың өз басынан асқан ерлік көрсетуіне қарамастан тағы да жеңіліске ұшырайды. Иранның әскер басы Нәжімсани мен оның офицерлері қаза табады. Бабыр тағы да Хисарға қашады, одан әрі Кабулға кетеді. Үндістан. Бабыр Кабулда ұзақ жылдар болып, Үндістанды жаулап алу жоспарын жасайды. Бұл істе оған өзінің өмірлік тәжірбиесі, өзбектермен ұрыста алған сабақтары көп көмек көрсетеді. Үндістанға жорыққа Бабыр 14 жыл әзірленеді. Осы жылдардың ішінде ол армияны қайта құрады, зеңбіректер жасайды, соғыс тактикасын жетілдіре түседі. Сөйтіп, 1526 жылдың қарашасында Бабыр 12 мың кісілік қолмен Пенджабқа кіреді де, Делиге қарай бет алады. 1526 жылы 21 сәуірде Панипат маңында Үндістанның тағдырын шешкен үлкен ұрыс болды. Бұл кезде Бабыр ысылған қолбасшы болып қалған еді. Ол қызылбастардың зеңбіректерімен соғысын және көшпелі өзбектердің «толғама» атты әскери тактикасын шебер меңгерген болатын. Міне осы ұрыс әдістерінің нәтижесінде Бабыр 12 мың әскермен Дели патшасы сұлтан Ибрагим Лодидың 40 мың кісілік қолын жеңіп шығады. Сөйтіп қазіргі Ауғанстан мен Үндістан жерінде «Ұлы моғұлдар империясы» аталған үлкен мемлекет құрылды. Сонымен Үндістан Бабырдың екінші отаны болды. Ол мұнда үлкен мәдени жұмыстар жүргізді, аса күрделі құрылыстар салды, елдің ең таңдаулы ақындары мен ғалымдарын өз маңына топтады. Дегенмен, оның өмірінің соңғы кезі де қайғы-қасыретпен өтті. Ең алдымен ол өзінің туып-өскен, жастық шағын өткізген Отанын — Мауреннахрды сағынды, оның үстіне жеңілген дұшпандар да қарап жатпады, оған қарсы астыратын күрес жүргізді. Мәселен, Ибрагим Лолидің шешесі Бабырдың асына у қосып беріп, оны улап өлтірмек болды. Бабырға Үндістанның ауа-райы да жақпады. Біресе ыстық соғып, біресе салқын тиіп, ауыра берді. Ақырында ол 1530 жылдың 26 желтоқсанында Аграда қайтыс болды. XVII ғасырдың басында оның денесі әкелініп, өзінің көзі тірі кезіндегі өсиеті бойынша, биік төбенің бауырындағы бақ ішінде жерленеді, басына мәрмәрдан құлпытас қойылды. Ұлықбек. Ата жолын қумады …Орта ғасырлар кезіндегі орта Азия. Өзін Азияның арыстаны, жер тәңрісі санаған Әмір Темір (Ақсақ Темір) дүние жүзін жаулап алмақ болып, аш қасқырдай аласұрды. Азияның Иран мен Үндістан сияқты бай өлкелері Ақсақ Темірдің аяғының астында тапталды. Ол Амудария мен Сырдарияның арасындағы кең аймақты алып жатқан жаңа империя құрды. Ол Мавераннахр (арабша “өзеннің аржағындағы” деген сөз) деп аталады. Бұл империяның астанасы ескі қалалардың бірі - Самарқанд болды. Ол бұдан 2000 жылдан астам бұрын салынған. Тіпті Птоломейдің геграфиялық картасының өзінде самарқанның орны көрсетілген. Самарқанның гүлденген кезі Әмір Темірдің патшалық ету кезеңіеді. Ол Самарқанүға өзі басып алған елдердің байлығын тасумен болды. Үндістаннан, Азербейжаннан, Ираннан, Армениядан, Грузиядан т.б. елдерден шеберлер шақыртып, өз астанасынкеңейту жолында қолынан келгенін істеп бақты. Ақсақ Темір тұсында салынған Бибі ханым мешіті, Шахин-Зинда және басқа құрылыстар архитектуралық ескерткіштердің тамаша үлгілері болып табылады. Атақты “Бабурнамада” осы қарсаңда Самарқанда дүние жүзіндегі қағаздың, керамикалық бояулардың, барқыттың және т.б. ең әдемісі шығатын еді деп жазылған. Самарқан - көрнекті ғалымдар, дәрігіерлер,құрылысшы-шеберлер, кітап -көшіргіштердің ордасы саналады. Сонымен қатар Самарқан кертартпа, бедел-ықпалы, зор мұсылман дін басыларының да шоғырланған жері болды. Осы тұста, Темір әулетінде 1394 жылы 22 март күні дүниеге Мұхаммед Тарағай деген бала келді. Кейін оған Ұлықбек деген лақап ат беріледі. Оның әкесі Шахрух Темірдің үшінші баласы еді. Шахрух біраз билеуші болып, кезінде ғылымның өркендеуіне үлкен қайырым жасаған кісі. Ұлықбек жастайынан поэзияға, тарихи білімге, астрономия мен математикаға құмарланады. Ұлықбектң ғалымдығының қалыптасуына оның атасы Темірге ілесіп мәдени, ғылыми дәстүрлері бай елдерді аралауы үлкен әсер етеді. Ұлықбек жас шағында осылай Армения, Азербайжан, Грузия, Иран, Туркия және Ауғаныстандарды аралап көреді. Бұған қосымша, Ұлықбектің ғалым болып шығуына әкесі Шахрух жиыстыран Самарқандағы аса бай кітапхана да зор себепші болады. Ұлықбек Платон, Аристотель, Гиппарх, Птоломей сияқты ежелгі грек ғалымдарының классикалық еңбектерімен жақсы таныс болады. Сонымен қатар, ол өзінен бұрын өмір сүрген Орта Азияның көрнекті оқымыстылары Хорезми, Фараби, ферғани, Бируни, Ибн Сина, Нысреддин әт-Тусилердің негізгі еңбектерін жете білген. Бірақ жас Ұлықбекті қоршаған билеуші топ оның ғылымға ден қоюын құптамайды. Темірөлгенне кейін империясы ыдырап екі - Хорасан, екіншісі - мавераннахр. Соның екіншісіне 15 жасар Ұлықбекті әкім сайлайды. Айта кетрлік бір жәйт оңтүстік Қазақстанның көп қалалары (Отырар, таразы т.б.) осы Ұлықбекке тиеді. Сарай төңірегіндегілер Ұлықбектің әскери қызметке, дипломатиялық өнерге деген құмаолығын арттыруға бар күшін салып бағады, оның асқан ғалым емес, ата жолын қуушы әмір болуын көздейді. Бұл ықпалдан шыға алмаған Ұлықбек алғашқы жылдары (1425 және1427 жылдары) бірсыпыра жорықтарды басқарып, олардың кейбірін сәтті аяқтап жүреді. Ол ел басқарушылық және әскери талантының бар екенін танытады. Аайда, Ұлықбек мәдени құрылыстарға көп көңіл бөледі. Самарқанда, ғиждуанда, Бухарада және басқа қол астындағы қалаларда көрнекті-көрнекті құрылыстар салдырады және Темірдің тұсында аяқталмай қалған құрылыстарды аяқтайды. Ұлықбектің өнер-білімге деген іңкәрлігі күн асқан сайын күшейе түседі. Ол қаңқұйлы соғыстардан гөрі әлем сырын ашып, оның құпиясын білуге ынтығады. Профессор Т.Н. Қары-Ниязов “Ұлықбектің астрономиялық мектебі” атты еңбегінде Ұлықбекте билеуші-әмір ретінде бағалайды: “Ұлықбектің қызмет -әрекеттері көп жағынан ілгерілерінен бөлек болды, оның өз кезінде, әсіресе, ғылым саласында прогрестік роль атқарған сөзсіз” Ұлықбек обсерваториясы. Ұлықбектің мемлекеттік қайраткер ретінде істеген ең ірі жұмысы - Самарқанда аса зор астрономиялық обсерватория салдыруы болды. Бұл Ұлықбектің ғылым мүддесін көздеп, болашақ үшін жасаған үлкен ерлігі болып саналады. Бұл обсерватория еріккен әкімнің атаққұмар жеңіл мінезінен туған нәрсе емес. Ол қайта, ғылыми келешегін дұрыс бағалап, шын жаңкүйері бола білген оқымыстының ғылымға тартқан тартымды сыйы еді. Ұлықбек обсерваториясы одан бұрынғы батыс және шығыс елдерінің обсерваторияларының бай дәстүрлері негізінде салынады. Бұл тұрғыдан, әсіресе, XII ғасырда Азербайджанда көрнекті математик және астроном Насыреддин әт-Тусидің басшылығымен салынған Марага обсерваториясының тәжірбиесі көп игілікті ықпал жасады. Бұл обсерваторияда “Ельхан астрономиялық таблицалары” деген еңбек жазылған болатын. Ұлықбек обсерваториясының салынуына XV ғасырдағы аса дарынды ғалым Жәмшид Ғиясэддин әл-Кәшидің көп көмегі тиді.кейінгі зерттеулер әл-Кәшидің Ұлықбекке дейін де обсерватория салу туралы бірнеше рет мәселелер қойғанын анықтады. Бірақ керітартпа әкімдер ғалымның игілікті ұсынысына құлақ аспайды. Әл-Кәшидің бұл ниеті Ұлықбектің тұсында жүзеге асады. Ұлықбек обсерваторисының негізгі мақсаты - дәлдігі өте жоғары бақылаулар жасай отырып, Марага обсерваториясында жасалған астрономиялық таблицалардың қателерін түзету болды. Обсерваторияның құрылысын және оны астрономиялық құралдармен жабдықтау жағын әл-Қәши басқарады. Обсерватория үш жылда салынып бітеді, бірақ небәрі 27-28 жыл ғана жұмыс істейді. Обсерватоияның басқарушысы әл-Қәши өлгеннен кейін Қазы-Заде Руми, ол өлгеннен кейін әл-Құсшы басқарады. Ұлықбек обсерваториясынан бұрын да шығыстың түрлі елдерінде әркезде бірнеше обсерваториялар салынған-ды. Бірақ, олардың бірде бірі көлемі, жабдықталуы, алдына қойған мақсаты жағынан бұл обсерваторияға тең келе алмайды. Мұнда телескоп ойлап табылғанға дейінгі негізгі астрономиялық аспап-құралдардың барлаға да - горизонталь дөңгелек, биіктігі 50 метрге жуық алып квадрант. Күн және астрономия сағаттары, сан түрлі бұрыш өлшегіш нәзік құралдар болды. Міне, осылардың көмегімен обсерваторияда көптеген сындарлы астрономиялық бақылаулар мен зерттеулер жүргізіледі. Ұлықбектің маңындағы ғалымдар. Ұлықбек өз дәуірінің алдынғы қатарлы, озат ойлы адам болды. Ол жан-жағына ілім шарапатын мол шашуға тырысты. Ғылым мен мәдениетті дамыту мүддесін ескеріп, Ұлықбек бірнеше жерде (Бухарада, Ғиждуанда, Самарқанда) жаңа типті оқу орындарын ашты. Бұларда сабақ беру үшін мұғалімдері діни дәрежесіне емес, білім дәрежесіне қарай іріктеп алды. Бұл тұрғыда Самарқандағы жаңа типті жоғары мектеп-медресеашылған күні болған мына бір оқиға айтуға тұрарлық. …. Медресе ашылған күні оған бүкіл шәкірттер, ұстаздар, ғалымдар және сарай төңірегіндегі бектер, дін иелері, шейхылар жиналады. Барлағаның көкейінде: Ұлықбек медресенің бас муддарисіне (мұғаліміне) кімді сайлар екен? - деген сұрақ тұрады. Өйткені шейхылар арасында бұл орынға ойы барлар аз емес еді. - Кімде-кім барлық ғылымға жетік болса, сол медресені басқарады, - деп мәлімдейді. Медресенің бас мұғалімі болып заманында сегіз қырлы білімпаз болған маулэн Мұхаммед Хавофи сайланады. Құраннан басқа білімлері жоқ молдалар Ұлықбекке іштей кектеніп қала берді. Ұлықбекке ғылымға өзі белсене араласып қана қоймай сол тұстағы Орта Азияның көрнекті оқымыстыларын маңына топтастырған. Медресе мен обсерваторияның жұмысына “Заманының Аплатоны (Платоны)” атанған Қазы Заде ар-Руми, жоғарыда аталған атақты математик және астроном Жәмшид әл-Кәши, оның баласы Мансур Кәши сол дәуірдің Птоломейі атанған Алаеддин әл-Құсшы және басқа да бірсыпыра оқымыстылар ат салысады. Ұлықбек оларды қадірлеп, пікір-кеңестеріне әрдайым құлақ асып отырған. Мәселен, обсерватория салардан бұрын Қазы-Заде ар-Руми бұрынғы ескі обсерватория жұмыстары жөнінде түсінік берген, әл Жәмшид әл Кәши астрономиялық аспап құралдар жайында нұсқау-кітап жазған. Ұлықбек маңына топталған бұл ғалымдар -математика және астрономия салаларында едәуір еңбек етіп, ғылым тарихында белгілі із қалдырған оқымыстылар. Солардың бірі - Қазы Заде ар-Руми Кіші Азияда туып өскен. Ол жоғары білімді Хорасанда және Мавераннахрда алады. Самарқанда ол талантты ғалым, әрі ұстаз ретінде аса үлкен даңққа ие болды. Қазы-Заде Ұлықбектің мұғалімі болған. Ол “Арифметика туралы”, “Астрономияға түсініктеме”, “Фигуралар туралы түсініктеме”, “Синус туралы” трактаттар жазған. Обсерваторияда қызмет еткен оқымыстылардың барлығы ғылыми еңбектерін солкездегі дүние жүзілік ғылым тілі саналған араб тілінде жазған. Ара-кідік парсы тілінде жазылған шығармалар да кездеседі. Ұлықбек обсерваториясының ғылыми жетістіктері. Ұлықбек обсерваториясының ең басты еңбегі - “Зидж Гурганидың” (”Ұлықбек зиджі”) жасалуы болып табылады. Бұл Ұлықбектің басшылығымен жүргізілген көп оқымыстылардың коллективтік еңбегі болып табылады. “Зидж” деген парсы сөзі, ол астрономдар мен географтар үшін жасалған таблицалар жинағы дегенді білдіреді. Мұнда астрономияның теориляық негіздерімен қатар 1019 жұлдыздың орнын көрсететін каталог жасалған. Бұл каталог дәлдігі жөнінен Тихо Брагенің бақылауларына дейінгі барлық каталогтардан тәуір болды. Ол Лондонда 1650-65 жылдардың өзінде қатарынан үш рет басылып шықты. XIX ғасырдың орта кезінде Ұлықбек таблицаларының Лондондағы астронмиялық қоғам қайта бастырады. “Кіріспенің” толық аудармасы жарияланады. Салыстыра зерттеу үшін ол таблицалардың маңызы келешекте де еш төмендемек емес. Ұлықбек обсерваториясында да экватордың эклиптикаға көлбеулігі бес планетаның орташа жылдық қозғалысы жұлдыздық жылдың ұзақтығы жөнінде дәлдігі өте жоғары өлшеулер жүргізілді. Ұлықбектің өлшеуі бойынша бір жылда 365 күн 6 сағат 9 минут 15 секунд бар. Сонда жіберілген қате бір минуттан да аз. Осылармен қатар Ұлықбек обсерваториясында жылдық процессияның мәнін бұрынғыларға қарағанда дәлірек тапты деуге негіз бар. Осы обсерваториядағы жүргізілген өлшеулердің тамаша дәлдігіне дән риза болған оқымысты Лаплас Ұлықбекті өте көрнекті бақылағыш деп бағалаған. Ұлықбек обсерваториясында астрономиямен қатар, математиканың да көп тараулары зерттеліп, ілгері дамытылады. Астрономия мұқтаждығын өтеу мақсатында аса кемелдендірілген тригонометриялық таблицалар жасалған. Мұнда олар математикалық жаңа әдістер мен есептеулерді қолданады. Мәселен, таблица жасау үшін бір градус доғаның синусын аса дәлдікпен табудың мәні зор. Осы үшін Ұлықбек мектебінің математиктері тарихта тұңғыш рет X3 - 3х + 0,104671913 121 217 587 = 0 теңдеуіне қарастырып жуықтап шешудің тамаша бір әдісін көрсетеді. Ұлықбектің таблицаларының дәлдігін сипаттау үшін кез келген үшбұрыштың синустарының мәнін келтірейік. Ұлықбектің таблицаларының дәлдігін сипаттау үшін кез келген үшбұрыштың синустарының мәнін келтірейік. Дәлділіктің тамаша екендігін көрініп тұр. Европада тригонометрияның негізін қалаған Региомонтанның таблицаларының дәлдігін бұдан көп тқмен жатыр. Математиканы дамытуда, әсіресе, Ұлықбек обсерваториясының бірінші меңгерушісі Жәмшид әл-Кәши еңбектерінің бірі мәні зор болды. Ол математика тарихында бірінші болып ондық бөлшектреді ашты. Европада ондық бөлшек содан 150 жылдан кейін ғана мәлім болады. Щеңбер ұзындығының диаметрге қатынасын көрсететін тұрақты шама үшін ол 18 таңбасына дейін дұрыс тапты. Қорыта айтқанда, әл-Кәши және Ұлықбек мектебінің басқа математиктері жуық есептеу, есептеу техникасын жетілдіру жөнінен өз замандастарынан көп алда тұрды. Ұлықбек обсерваториямының оқымыстыларымен сол тұстағы Қытай ғалымдарының арасында ғылыми байланыс болғанын дәләлдейтін соны деректер табалып отыр. Ұлықбек және мұсылман дін басылары. Ұлықбек орта ғасырларда діни фанатизмнің өршіп тұрған кезінде өмір сүрді. Бірақ оның өз басы мұсылмандық жолдан оқшау тұрды. Ұлықбек көптеген діни әдет ғұрыптарды сақтамады, сондықтан да оны мұсылман дін басылары барынша жек көрді. Ұлықбектің еркін ойлығын сипаттайтын мындай бір фактыны келтіруге болады. Ұлықбектің әкесі Шахрухтың қарамағында Шейх Қасым Әнуар дейтін мұсылман жолынан ауытқушы мистик өмір сүреді. Ол Шахрухқа қастандық жасады деп айыпталып, елден аластылады. Алайда, Ұлықбек Самарқанда оны жақсы қарсы алып, Әнуармен достасып, пікірлес жақын адам болады. Бұл олардың идеяларының өте жақын екендігін көрсетеді Шынында, егер Ұлықбек мұсылман болса, біз білетін Ұлықбек бола алмас еді, ғылым мен ағарту мәселесі үшін пайдалы жұмыс істемес еді. Ұлықбектің ғылымға өте беріліп кетуі, прогресшіл еркін ойлары, шейхылардан ғылым адамдарын жоғары қоюы мұсылман дін басшылары арасында қатты наразылық туғызды. Олар Ұлықбекті райынан қайтарып, ғылымнан бездіргісі келеді, үгіттейді атасы мен әкесін үлгі етеді. Адам ақыл-ойының күшіне сенімі мол Ұлықбек ғылымды тастай алмайды, ол көңілдегі күдігін ашық айтып салады: “Дін тұманша сейіледі, патшалық жойылады, ал ғылыми еңбек мәңгі бақи сақталады.” Ұлықбек Самарқаннан Меккеге кетуге мәжбүр болады. 1449 жылы 27 қазанда “діннен безді” деген атақ тағылып, Меккеге кетіп бара жатқан Ұлықбекті діншілдердің үгіттеуімен Ұлықбектің өз баласы Әбдел-Латифтың жендеттері қылышпен шауып өлтіреді. Орта Азия мәдениетінің тамаша өкілі, өз заманының асқан ғалымы, көрнекті астроном Ұлықбектің өмірі аяқталады. Осы фактіні анықтау үшін 1940 жылы кеңес археологтары Ұлықбектің моласын ашып зерттейді. Қабірдің бетіндегі құлыптаста әкесін өлтірген Әбдел-Латифқа лағнет айтылған жазу бар екені және Ұлықбектің басы денесінен бөлек жатқандығы айқындалады. Атақты кеңес антропологы М. Герасимов бас сүйегі бойынша Ұлықбектің суретін жасайды. Профессор Қары-Ниязов Ұлықбектің кертартпа мұсылман дін басыларының тікелей нұсқауымен басы кесілуін Джордано Бруноның христиан инквизициясының әмірі бойынша отқа өртелу фактісімен орында салыстырады. Бұл Европада да, Азия да, Батыста да, Шығыста да дінінің ғылымға қас жау болғанын сипаттайды. Ұлықбектің ақыры. Ұлықбектің ғылым жолындағы жасалған ерлігін діншілдер қанша әрекеттенгенмен, жоқ ете алмайды. Халық ұлықбек есімін әр кезде жоғары тұтып, оның мәдениет үшін істеген көрнекті еңбегін аңыз етіп, айтып жүреді. Ұлықбектен сәл кейін өмір сүрген данышпан ақын Әлішер Науаи ол туралы былай деп дазған: “Сұлтан Ұлықбек, Әмір Темірдің әулеті, дүниеде теңдесі жоқ патша болды. Оның туысқандарының бәрі ол дүниеге сапар шекті. Оларды қазір кім біледі? Ал Ұлықбек ғылымға қол созып көп нәрсені игерді. Ол десе аспан төмен түсіп, жұлдыздар жақын келер еді. Оның ашқан заңдары мен ережелері дүниенің ақырына дейін әр уақытта адамдар кәдесіне жарай береді… ” Ұлықбек өлгеннен кейін мұсылман фанатиктері обсерватоияны талқандап, кітап-құралдарды шашып, талан таржға салады. Ұлықбек мектебінің белсенді өкілі әл - Құсшы Меккеге тауап қылуды сылтау етіп, ең басты ғылыми еңбектерді шет елге алып кетпегенде, Ұлықбектің астрономиялық мектебінің тамаша жетістіктері жайлы тарих еш нәрсе білмей қалған болар еді. Аоғаш әл-Құсшы, кейіннен Қазы-Заденің немересі Мариям Шелеби ол еңбектерді іріктеп, түсініктемелер жазып, Стамбулда жарыққа шығарады. Осылар аоқылы Ұлықбек лбсерваториясының негеізгі жетістіктері Европада кейіннен ғыдымның дамуына белгілі дәрежеде ықпалын тигізеді. Айта кетерлік бір жәйт: қазір бірсыпыра тарихшылар арасынды әл-Құсшы Ұлықбек кітапханасының көп кітаптарын Самарқан маңайындағы бір төбенің үңгіріне тығып кетіпті деген жорамал-аңыз да тарап жүр. Қазір сол төбе табылып, бірсыпыра археологтар, ғылымның жанашырларыосы төбені қазып, зерттеу жөнінде экспедиция дайындап жатыр. Бұл экспедицияның жұмысы сәттіаяқталған күнде, ғылым тарихы үшін құнды мағлұмттар алынатыны сөзсіз. Қара түнек заманда манспатан да, байлықтан а ғылымды жоғары қойып, болашақ үшін өлмес құралдар қалдырған ұлы жерлесі - Ұлықбектің есімін туған халқы қадір тұтып, үлкен мақтаныш етеді. Оның есімі астрономия ғыдым тарихында Птоломейдің, Насыреддин әт-Тусидің, Николай Копениктің, Галилео галилейдің, Джордано Брунолардың есімдерімен занды түрде қатар тұр. Ал оны дүние жүзінің ғылыми жұртшылығына әйгілі болған көптеген мұралары күні бүгінге дейін ғылыми құнын жоймай келеді. Әл-Құдыс. әл-Құдыс (—; —, «Киелі». Тәурат пен Інжілде "Ұршалим"; Исраелде ресми: "Ұршалим-әл-Құдс" (ежелгі мен қазіргі арабша атауларының қоспасы) — Жерорта теңізі мен Өлі теңізі сушекарасында, 650-840 м биіктікте орналасқан ежелгі қала. Қала жасы — 3500 жылдан астам. Әл-Құдыс үш діннің — иудаизм, христиан және ислам діндерінің орталығы болып табылады, түрлі елдердің тарихи, мәдени ескерткіштері ерекше көп мекен. Бұрын көне Иудей патшалығының орталығы болған, бүгін Израил мемлекетінің ресми астанасы болып табылады. Әйтсе де, Шығыс Әл-Құдысқа деген Израил егемендігін дүниежүзілік қауымдастықтың басым бөлігі мойындамайды. Тұрғылықты дискі. Тұрғылықты дискі (немесе винчестер;) — дерек жазуға және сақтауға арналған құрылғы. Тұрғылықты дискілерге арналған дискіенгізгі жүйелік блоктың ішінен қосылады, бірақ қажет болған жағдайда оны компьютерден ағытып алуға болады. Қажетіне қарай бір жүйелік блоктың ішіне бірнеші тұрғылықты дискі орнатуға болады.Тұрғылықты дискілердің сыйымдылығы бірнеше терабайтқа дейін жетуі мүмкін, бірақ қазіргі кезде компьютерлердің көпшілігінде мөлшері бірнеше гигабайтқа жететін тұрғылықты дискілер пайдаланылады. Қолданушы сақтайтын ақпараттың көлеміне қарай, кез-келкен көлемдегі тұрғылықты дискілер таңдап ала алады. Физикалық тұрғыдан бір дискіні, логикалық бірнеше дискілерге болуге болады. Мысалы, жаңа сатып алынған тұрақты дискіні бірнеше логикалық дискілерге бөлу. Яғни, жүйелік ақпараттарды негізгі және белсенді дискіге сақтауға, мәліметтерді екінші дискіге сақтауға мүмкіндік береді. Бұл, амалдық жүйе қандайда бір себеппен істен шыққан жағдайда да, екінші дискідегі ақпаратқа ешқандай қауіп тудырмауға мүмкіндік береді. Тінтуір. a> заманның компьютерлік тінтуірі. Жалпы қалыпталған қасиеттері — екі түйме мен тегершік. Тінтуір ( — тышқан) — бейнебетте көрсетілген белгілі бір тілдесу элементтерін меңзеп, оларды бөлектеу үшін пайдаланушы қолданатын құрылғы. Тінтуірдің бір қолмен ұстауға арналған, жайпақ табанды қаптамасы, үстінде бір немесе бірнеше батырмасы, түп жағында көп бағытты бергіш құрылғысы (әдетте кішкентай шар) және оны компьютерге жалғайтын сымы болады. Тінтуірді қозғай отырып, пайдалану бейнебеттегі жүгіргіні басқарады. Бейнебетте элементтер мен әмірлер таңдау үшін пайдаланушы тінтуір батырмаларының бірін басып, тінтуір нұқымын жасауы керек. Айналдырғыш тінтуір немесе дөңгелекшелі тінтуір, оның сол жақ және оң жақ батырмаларының арасында дөңгелекшесі бар. Ол бейнебет құрамын біртіндеп қарап шығуға мүмкіндік береді. Оптикалық тінтуір – меңзейтін құрылғының соңғы жаңа түрі, онда жұмыршақтың орнына жарық шығаратын элемент орнатылған. Ол жарық шығаратын элемент шағылыстыратын жарық ағынының өзгеруіне жауап ретінде жылжуды тіркеп отырады. Ғаламтор шолғышы. Ғаламтор шолғышы () — HTML файлдары мен веб-беттерді пішімдейтін және бейнелейтін бағдарламалық жасақтама. Кейбір шолғыштар пайдаланушылардың электрондық поштаны жіберуіне және алуына, жаңалықтар тобын қарап шығуына, сондай-ақ веб-беттерге кіріктірілген дыбыстық және бейне файлдарды ойнатуына мүмкіндік береді. Компьютерлік бағдарлама. Компьютерлік бағдарлама () — мәтінмен жұмыс істеу, тіркелгілер мен деректерді басқару сияқты тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді. Бағдарламаларды сондай-ақ бағдарламашықтар деп те атайды. Ғаламтор. a> пайдаланған NeXTcube компьютері тұңғыш ғаламтор сервері болды. Ғаламтор () — еренсілтемелерді пайдалана отырып Интернетті қарап шығу жүйесі. Ғаламтор шолғышы пайдаланылған кезде бұл жүйе мәтіндік, сызбалық, дыбыстық және бейне нысандары түрінде көрінеді. Интернет. Интернеттің бір аумағының бағдарларының бейнелеуі. Интернет () — компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі. Интернетке қосылу мүмкіндігі болған жағдайда, білім беру мекемелері, мемлекеттік ұйымдар, коммерциялық кәсіпорындар және жеке адамдар сияқты миллиондаған қайнар көзінен ақпарат алуға болады. Қазіргі кезде Интернет сөзін пайдаланғанда, физикалық желінің өзін емес, Дүниежүзілік желі және ондағы ақпаратты айтамыз. Егер бұл терминді енгізген ағылшын тіліндегі RFC құжатына сүйенсек, онда бұл термин екі түрде жазылып, сәйкесінше екі мағынаға ие болады. Егер "internet" сөзі кішкентай әріптен басталса, онда бұл термин мәліметтер пакетін маршрутизациялау арқылы желілерді байланыстыру ұғымын білдіреді. Бұл кезде ауқымды ақпараттық кеңістік туралы айтылмайды. Көбінесе, бұл екі түсінікті бір-бірінен ажыратып жатпайды. Интернет желісінің тарихы. 1957 жылы Кеңес Одағы Жердің жасанды серігін ұшырғаннан кейін, АҚШ Қорғаныс министрлігі ақпаратты тасымалдаудың сенімді жүйесі қажет деп шешті. АҚШ алдыңғы қатарлы зерттеу жобаларының агенттігі (ARPA) осы мақсатта компьютерлік желі құруды ұсынды. Бұл желіні құру Лос-Анджелестегі Калифорния университетіне, Стэнфорд зерттеу орталығына, Юта штатының университетіне және Санта-Барбара қаласындағы Калифорния штатының университетіне тапсырылды. Компьютерлік желі ARPANET деп аталып, 1969 жылы аталған төрт ғылым орталықтарын біріктірді, барлық жұмыстарды АҚШ Қорғаныс министрлігі қаржыландырып отырды. Одан соң, ARPANET желісі жылдам дамып, оны ғылымның әр түрлі салаларындағы ғалымдар қолдана бастады. Алғашқы ARPANET сервері 1969 жылдың 1 қыркүйегінде Лос-Анджелестегі Калифорния университетінде орнатылды. «Honeywell 516» компьютерінде 12 КБ оперативті жад бар болатын. 1971 жылы желі арқылы электронды почта жіберуге мүмкіндік беретін алғашқы компьютерлік бағдарлама жасалып, ол кеңінен таралды. 1973 жылы бұл желіге трансатлантикалық телефон сымы көмегімен Ұлыбритания және Норвегияның ұйымдары қосылып, желі халықаралық сипат алды. 1970-жылдары интернет желісі негізінен электронды почтаны жіберу үшін пайдаланылды. Бірақ, интернет желісі басқа техникалық стандарттар негізінде жасалған желілермен байланыс орната алмайтын еді. 1970-жылдардың соңында мәліметтерді тасымалдау стандарттары кеңінен тарай бастады, олар 1982-83-жылдары бір стандартқа келтірілді. 1983 жылдың 1 қыркүйегінде ARPANET желісі NCP протоколынан TCP/IP протколына көшірілді, бұл протокол қазіргі кезге дейін желілерді біріктіру үшін қолданылуда. 1983 жылы «Интернет» термині ARPANET желісіне байланысты айтылатын болды. 1984 жылы домендік аттар жүйесі (DNS) жасап шығарылды. 1984 жылы ARPANET желісіне бәсекелес пайда болды. АҚШ Ұлттық ғылыми қоры (NSF) университетаралық ауқымды NSFNet (|National Science Foundation Network) желісін құрып, оған көптеген шағын желілерді (сол уақыттарда-ақ танымал болған Usenet және Bitnet желілерін қоса) біріктірді, бұл желінің ақпарат тасымалдау қабілеті ARPANET желісіне қарағанда, біршама артық еді. Бір жыл ішінде бұл желіге 10 мыңдай компьютер қосылды. 1988 жылы Internet Relay Chat (IRC) протоколы жасалып, Интернетте нақты уақытта сөйлесу (чат) мүмкіндігі пайда болды. 1989 жылы Еуропада, Ядролық сынақтар бойынша еуропалық кеңес (CERN) қабырғаларында Бүкіләлемдік тор концепциясы пайда болды. Оны әйгілі ағылшын ғалымы Тим Бернерс-Ли ұсынды, ол екі жыл ішінде HTTP протоколын, HTML тілін және URI идентификаторларын ойлап тапты. 1990 жылы ARPANET желісі NSFNet желісімен бәсекелестікке шыдай алмай, өз жұмысын тоқтатты. Осы жылы Интернетке телефон арқылы қосылудың сәті түсті (Dialup access). 1991 жылы Бүкіләлемдік тор Интернетте пайда болды, ал 1993 жылы әйгілі NCSA Mosaic браузері пайда болды. 1995 жылы NSFNet желісі бастапқы зерттеу мақсаттарына қайта оралды, енді Интернеттің барлық траффигін маршрутизациялаумен Ұлттық ғылыми қордың суперкомпьютерлері емес, желілік провайдерлер айналыса бастады. Осы жылы Бүкіләлемдік тор FTP арқылы файлдарды тасымалдау протоколын трафик жөнінен басып озып, Интернеттегі ақпарат тасымалдаудың негізгі көзіне айналды, Бүкіләлемдік тор консорциумы (W3C) құрылды. Бүкіләлемдік тор Интернетті өзгертіп, оның қазіргі заманғы бет-бейнесінің қалыптасуына әсер етті деп айтуға болады. 1996-жылдан бастап, Бүкіләлемдік тор Интернет түсінігін толықтай ауыстырды деп айтуға болады. 1990-жылдары Интернет сол уақыттағы желілердің көпшілігін біріктірді (Фидонет сияқты кейбір желілер интернет құрамына кірген жоқ). Интернеттің техникалық стандарттары ашық, ал оны басқаратын белгілі бір компания жоқ болғандықтан, интернеттің дамуы жекелеген желілердің бірігуіне көп әсерін тигізді. 1997 жылы Интернетте 10 млн компьютер болды, 1 миллионнан астам домендік аттар тіркелді. Интернет ақпарат алмасудың ең танымал құралына айналды. 1998 жылы рим папасы Иоанн Павел II Бүкіләлемдік Интернет Күнін 30 қыркүйек деп бекітті. Қазіргі кезде Интернетпен тек қана компьютерлік желілер арқылы емес, сонымен қатар, байланыс спутниктері, радиосигналдар, кабельдік теледидар, телефон, ұялы байланыс, арнайы оптикалық-талшықтық желілер және электр желілері арқыы да байланысуға болады. Интернеттің негізгі принциптері. Интернет мыңдаған корпоративті, үкіметтік, ғылыми және үй желілерінен құралған. Әртүрлі архитектуралы және топологиялы желілерді біріктіруге IP (Internet Protocol) протоколын және мәліметтер пакеттерін маршрутизациялауды қолдану арқылы қол жеткізілді. IP протоколы әдейі физикалық байланыс арналарына тәуелсіз етіп жасалды. Яғни цифрлық мәліметерді тасымалдауға арналған кез-келген жүйе Интернетпен де байланыса алады. Желілердің байланысқан түйіндерінде арнайы маршрутизаторлар (бағдарламалық немесе аппараттық) пакеттердің қабылдаушылардың IP-адрестерін қарай отырып, мәліметтер пакеттерін сұрыптаумен және бағыттаумен айналысады. IP протоколы бүкіл әлем көлемінде біртұтас адрес кеңістігін құрады, бірақ әрбір жеке желіде өзіндік адрес кеңістігі болуы мүмкін. IP-адрестерді осылайша ұйымдастыру маршрутизаторларға әрбір мәлімет пакетінің бағытын анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша, Интернет құрамындағы жекелеген желілер арасында конфликттер болмайды, ал мәліметтер бүкіл әлем көлемінде дәл жеткізіледі. IP протоколын IETF (Internet Engineering Task Force) ұйымы ойлап тапқан болатын. IETF және оның жұмыс топтары қазіргі күні де Бүкіләлемдік желінің протоколдарын дамытумен айналысады. IETF қызметіне қарапайым пайдаланушылар қатыса алады. Бұл ұйым комитеттері RFC құжаттарын жариялайды. Бұл құжаттарда көптеген сұрақтардың техникалық спецификациялары және дәл түсініктемелері беріледі. Интернет протоколдары. Бұл жағдайдағы протокол түсінігі - желімен жұмыс жасаған кездегі компьютерлер арасындағы мәліметтер алмасу «тілін» білдіреді. Әртүрлі компьютерлер бір-бірімен байланысу үшін, олар бір протоколмен байланысуы керек. Интернет протоколдар жүйесін TCP/IP протоколдар жиыны деп атайды. Өлшем бірліктерінің халықаралық жүйесі. Өлшем бірліктерінің халықаралық жүйесі () — өлшемдердің халықаралық қалыпы, метрикалық жүйесінің заманауи нұсқасы. SI күнделікті өмірмен қатар ғылым және техникада әлемдегі ең көп пайдаланатын бірліктер жүйесі болып табылады. Қазіргі кезде әлемнің көп елдерінде SI заңды түрдегі бірліктер жүйесі ретінде қабылданған және тіпті күнделікті өмірде дәстүрлі бірліктерді қолданатын елдердің өзі осы жүйе бірліктерін ғылымда әрқашан дерлік пайдаланады. Осы аздаған елдер (мысалы, АҚШ) дәстүрлі бірліктердің өзін SI бірліктерне ауыстырған Бұл жүйе мына өлшемдерге негізделінеді: ұзындық, алыстық және жылжым үшін — метр, масса үшін — килограм, уақыт үшін — секунда. Метр, килограм, секунда бірі-бірімен үйлестіріліп қолдануы мүмкін. Бұл әртүрлі өлшемдер жасайды. Мысалы, көлем, қуат, қысым, жылдамдық дегендер үшін. Кей уақытта үлкендеу мен кішілеу өлшеу мағыналарын айтқанда, өлшем атаулары алдына арнайы префикс қосылады. Мысалы, "кило" — «1000», "милли" — «0,001». Сонда километр — 1000 метр болады, миллиграм — 1/1000 грам бөлшегі. Осы арнайы префикстер үшін төменгі кестені қараңыз. MS-DOS. __NOTITLECONVERT__ -- ( — "Microsoft фирмасының Дискілік Амалдық Жүйесі") — дербес компьютерлерде және оларға сыйысымды құрылғыларда пайдаланылатын амалдық жүйе. MS-DOS жүйесі пернетеқтадан енгізілген деректі компьютер орындай алатын амалдарға айналдырады. MS-DOS жүйесімен әрекеттесу әмір енгізу арқылы жүзеге асырылады, ал MS-DOS жүйесіне негізделген бағдарламалармен әрекеттесуді жұмыс үстеліндегі лақаптардың көмегімен жүзеге асыруға болады. Файл. Файл () — дерек сақтаудың негізгі бірлігі болып табылады. Файл компьютердің бір дерек жинағын екіншісінен айыруына мүмкіндік береді. Мәтін жазылған немесе суреті бар кез келген қағаз құжат сияқты, файл дерек жинағы болып табылады, ондағы деректі бөліп алуға, өзгертуге, жоюға, сақтауға я болмаса басып шығарғыш немесе электрондық пошта бағдарламасы сияқты шығару құрылғысына жіберуге болады. Файлдардың ішінде бағдарлама, бағдарламада қолданылатын деректер немесе пайдаланушы жасаған құжат болуы мүмкін. Файл атауының кеңейтімі. Файл атауының кеңейтімі () файл атауындағы нүктеден кейін келеді де, файлда сақтаулы деректер түрін білдіреді. Мысалы, Windows жүйесінде файл атауларының үш әріпті кеңейтімі болады. "Example.txt" деген файл атауындағы кеңейтім ".txt" әріптері болады. Бұл кеңейтім осы файлдың мәтіндік файл екенін көрсетеді. Файлды сақтау кезінде кеңейтімді көрсету міндетті емес. Бағдарлама кеңейтімді өздігінен қосады. Файл түрі. Файл түрі () файл сипаттамасының белгісі. Файл түрі осы файлды ашу үшін пайдаланылатын бағдарламаны, мысалы, Microsoft Word бағдарламасын айқындайды. Файл түрлері файл атауының кеңейтімімен сәйкес келеді. Мысалы, ".txt" немесе ".log" деген кеңейтімі бар файлдардың түрі «мәтіндік құжат» болады да, оларды кез келген мәтін өңдегішті пайдалану арқылы ашуға болады. Психология. Адам - психология ғылымының зерттеуінің негізгі нысаны. Психология — адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық. Психологияның негізгі мақсаты — психиканы cубьективттік структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу. Анықтамасы. Этимологиялық деңгейде психология рух пен руханиятты (көне грекше: — рух) зерттеу (көне грекше: — сөз, ғылым, тану) деп танылады. Өзінің грекше мағынасында бұл зерттеу вегетативттік (жан дүниесі мен рухани болмысы), сезімдік (ниет-пиғыл, байым, әрекет), интеллективттік (ақыл-ой) функцияларымен шектеледі. Алайда психология — ақыл-ой қызметтерін зерттеумен бірге, рухани себеп-салдар әдістемесі, рухани жекешілдігінің, тұлға ішіндегі ақиқатты зерттеу. Ақыл-ой — тек комбинация мен арақатынас мекені емес, ол абстракция мен материалдық қатынас арқылы адам затын ойлау әрекетіне икемді нәрсе ретінде анықтайды. Осы тұста адам мен жануар арасындағы айырмашылық көрінеді. Психологияның зерттеу объекті — осы күннің өткен ғасырлардан бері келе жатқан дау мен талқылаудың тақырыбы. Бұл күрделі дауға шешім табатындай пікірлер қалыптасқан әдет-ғұрып бойынша бірнешеу, атап айтсақ, психологияның зерттеу объекті — мінез-құлық пен оның қалыптасуы; ойлау үдірістері; эмоциялар мен пейіл; тұлға; адамдар арасындағы қарым-қатынастар, т.б. Психологияның әртүрлі тараулары қолданған әдіс (клинакалық немесе тәжірибелік), немесе адамның әрекеті (жұмыс, еске салу, есте сақтау, еске түсіру, сезу, тәлім тану, т.б), немесе зерттеу бағыты (бала дамуы мен руханияты, Келбет руханияты, жануар жан дүниесі) арқылы ажыратылады. Психологияның кей тараулары басқа ғылымдармен бірге немесе өзара көрші зерттеу өрістері ретінде немесе бір зерттеу өрісінің салалары ретінде үйлеседі. Бұл тараулар, мысалы психологияның бір тарауы — рухани бұзылыстарды зерттеу үшін патологияны белгілеу өте күрделі, тұлға патологиясын ақыл−ой паталогиясынан ажырату — одан әрі күрделі. Ақыр соңында психология мен пәлсапа арасында көп уақыт бойы қарым—қатынас өте жақын болды, ажыратылмас десе де болар, себебі бұрын психология пәлсапаның бір бөлімі болған, ал пәлсапафизиканың ескі мағынасында (ағлақ, сана, іс әрекет, т.б. қалыптасқан пәлсапа тақырыптары психологияда кездеседі) бір бөлімі екендігін де ұмытпау қажет. Осылай психологияның кей салалары пәлсапалық тақырыптарды зерттеуге бағытталған (персонализм, гуманизм, биологизм, т.б.). Психологияны зерттеу өрісінде басқа да антропология, социология сияқты қоғамдық ғылымдармен де соқтығыстыруға болады. Ең аяғында психологияны теориялық немесе практикалық жағынан анықтау — бүгінгі күннің шешілген мәселесі емес. Ежелгі дамуы. "Психология" терминінің бірінші қолдануы 1590 жылы Неміс схоластик пәлсапасышы Рудольф Гөкельге беріледі. Алайда одан алты ғасыр бұрын Хорват гуманисті - Марко Маурулиц бұл терминді өзінің кейіннен жоғалған еңбегінің есімі ретінде қолданған. Бұл әрине терминнің ең бірінші қолданылуы болмауы мүмкін, бірақ бұл бүгінгі күндегі терминнің ең алғашқы құжатталған қолданылуы болып есептеледі. Бұл термин қауымның кең қолданулуына Неміс идеалист пәлсапасышысы Кристиан Вольфтің (1732-1734) "Psychologia empirica және Psychologia rationalis (1732-1734)" атты еңбегі жарық көргеннен бұрын енбеген. Эмпирикалық және рационалды психологиялардың арасындағы бұл ажыратылуы Дидьероның Энциклопедиясынан алынып, Францияда Мэң дө Биғаңның көмегімен кең тараған. Өзінің "жан" мен "тану" деп көне грек тілінен аударылған түбірлеріне қарамастан, психология ғылымы өзінің діни мәнінде адам жанының зерттеуі болып тек одан көп уақыт өткеннен кейін, христиандық заманда танылды. Психология медицинаның тарауы ретінде танылуы Томас Уиллистің ми функцияларының мәніндегі "Жан Доктринасы" мен анатомиялық трактаты "Хайуан Жандар Жайлы Екі Пікірлесу" ("De Anima Brutorum") атты еңбектерінде көрінеді. 19шы ғасырға дейін психология пәлсапаның бір тармағы ретінде қарастырылды. Ерте жаңа заман. 1879 жылы "психологияның атасы" болып танылған Вильхельм Вундт (1832-1920) Германияның Лейпциг Университетінде психологиялық зерттеу зертханасын ашты. Вильям Джеймс, америка пәлсапасышысы өзінің "Психология Принциптері" (1890) атты жемісті кітабын жариялап, келесі жылдарда психологтардың назарын жинақтаған көптеген мәселелерінің іргетасын қалады. Бұл өріске өздерінің үлестерін қосқан, тәжірибелік түрде еске салу, есте сақтау, еске түсіру функцияларын Берлин Университетінде зерттеген Херманн Эбингауспен бірге қазір классикалық шарттастық болып танылған тәлім тану процесін зерттеген орыс физиологы Иван Павловты атап айту керек. Осы тұста, 1890 жылдары Аустрия дәрігері, невролог, тәжірибелік психологияда бейресми білімі бар Зигмунд Фрейд психотерапияның жаңа әдісі — психоанализді дамытты. Фрейдтың ақыл-ой жөніндегі түсініктері интрепретативттік және интроспективттік әдістемелерге кең шамада негізделген, ақыл-ой дерттілігін шешу мен психопатология үстінде жинақталған. Фрейдтың теориялары кең тараған, оның себебтерінің үлкен бірі — теориялардың сексуалдылық және жаншу психологиялық дамудың негізгі аспектілері ретінде қарастыру сияқты мәселесін қозғау. Бұл сол кездің аттеріс мәселері болып саналған, ал Фрейд болса олардың оқымысты қоғам ішінде кеңінен қарастырылуына жол ашқан. Фрейд теориялары жалпы психология теорияларына ықпалы зор. Жаңа заман. Әйткенмен бихейворизм айтарлықтай жаңалықтарды ашса да, адам іс-әрекетін зерттеуіндегі жолбасшысы болуы үшін жеткіліксіздігі анық көрінді. Ноам Хомскийдің Скиннердің "Ауызша Іс Әрекет" (сөйлеуді бихейвористтік теория моделіндегі мүліктену жайлы) атты кітабі жайлы шолуы бихейворизм патшалығының біту себебінің ең басты факторларының бірі болып танылады. Өзінің Туғызушы Грамматика теориясында Хомский тіл үйрену тек шарттастық арқылы орын алынбайтығын дәлелдеді. Адам мағынасы мен құрастырылуы жағынан бірегей сөйлемдерді тек табиғи тіл тәжірибесі арқылы өндіруі мүмкін емес. Бұл бихейворизм алдамшы деп мойындамаған ақыл-ойдың ішкі ахуалының бар болуын білдіреді. Альберт Бандура балалар тек қоғамдық бақылау арқылы, яғни көрінген мінез-құлықтың өзгеруінсіз үйренуінің мүмкін еместігін көрсетті. Гуманисттік психология өзінің қайратты дамуын 1950 жылдары көріп, ақыл-ой зерттеуінің позитивисттік және ғылыми әдістемелеріне кертартпа ретінде жалғасты. Ол адам тәжірибесіне қараған феноменологиялық көзқарасты айырықшалап, адам мен оның іс-әрекетін сапалы зерттеу арқылы түсінуді іздейді. Гуманисттік әдістеменің тамырлары экзистенциалісттік және феноменологиялық пәлсапада табылады, және де гуманисттік психологтар ғылыми әдістемені мүлдем қабылдамай, адам тәжірибесін өлшемдерге көшіру оны барлық мәні мен маңыздылығынан айырады деп тұжырымдайды. Бұл мектептің негізін қалаған кей теоретиктер — адам мұқтаждылығының иерархиясын шығарған Эбрахем Маслоу, клиент айналысында орнаған терапияның жасаушысы Карл Роджерс және Гештальт терапиясын тудыру мен дамуына ат салысқан Фриц Перлс. Компьютерлік технологиялардың дамуы ақыл-ой әрекетін инфомация өңдеу ретінде қарастыруға әкеп соқтырды. Бұл ақыл-ойды ғылыми түрде зерттеумен, ішкі ақыл-ой ақуалдырының бар болуы туралы сеніммен серіктесіп, когнитивизмнің дамуы мен оның ақыл-ой модельдерінің доминанттысының болуына әкелді. Ми мен жүйке жүйесінің әрекеті арасындағы қатынас кең тарады, бұл бір жағынан Чарльз Шеррингтон және Дональд Хебб сияқты адамдардың зерттеулері, екінші жағынан ми зақымдалуы туралы зерттуелерге байланысты. Ми әрекетін дәлділікпен өлшеу технологияларының дамуымен бірге невропсихология мен когнитивттік невроғылым бүгінгі күннің ең іскер өрісі болып танылды. Басқа ғылымдармен (пәлсапа, информациялық технологиялар, невроғылым) үлкейіп келе жатқан қарым қатынаспен бірге ақыл-ойды түсіну және шығындарды өнімді түрде пайдалану үшін әртүрлі салаларды бір шатыр астына бекіткен ғылым — когнитивттік ғылым жаратылды. Психология мәселелері. Психология оны оқыған адамдардың алған жағына қарай бірнеше мәселелермен кесіп өтілген. Көптеген нәтижелер жинақталған болып, кейбір гипотезаларды растау немесе қабылдамай тастау мүмкін болса да, қорытындылардың синтетикалық және рационалдық комбинациясы ортақ пәтуаға келмеген. Психология ғылым ба? Әлі күнге дейін де бұл сұрақ қойылып отыр. Екі концепциялар бір біріне қарама қайшы, біріншісі психология ғылым ретінде қалыптасқан десе, екіншісі оны тек пре ғылым деп, талқыға салады. Аристотельдік (преғылыми) және галилейлік (преғылыми) ойлау түрлерін салғастырған Курт Левиннің текстіне сүйеніп, бұл мәселені қарастыра аламыз. Психология ғылым. Осылай психология статистикалық қайта өндіре алатындай нәтижелерге тіреле алады. Психология ғылым емес. Грек, латынның кейбір сөздері өз ана тіліне айналып кеткен Батыс елдері(ағылшын, неміс, француз, итальян, испан, грек) үшін, "психология" сөзі - "руханият" деген мағынада ұғылады. Мысалы, қазақ үшін, арабтың "рух" сөзі қазақтың өз сөзі сияқты ұғылады емес пе?! Дәл сол сияқты, "псюхе" сөзі батыста "рух" деп ұғылады. Батыс елдері "Ағылшын руханияты", "Француз руханияты", "Грек руханияты" дегендей етіп өздерінің ұлттық руханиятын зерттеуге ден қойған. Яғни батыстағы "руханият жайлы ғылым" дегенің ақылға қонымды, пайдалы ғылым бола алады. Ал Кеңестік шекпеннен шыққан елдер үшін, оның ішінде Қазақстан үшін "психология" дегеннің не мағына беретіні де бұлыңғыр. Бізде, "псюхе" сөзін "рух" деп санамайды, "жан" дейді; ал "психология" дегенді "руханият" деу орнына "жантану" деп қателеседі. Батыс елдері "рухани даму", "рухани азық", "рухани кесел" дегендей мәселелерді қарастырып жатса, біздікілер олордың атауын ғана алып, "психикалық даму", "психикалық азық", "психикалық кесел" деп, ішкі мәнін дұрыс ұқпай шала түсінікті сөздерге айналдырады, сосын оның түпкі мәнін жеткізе алмай сандырақтап кетеді. Осы сияқты кемшіліктер, дәлірек айтқанда "былықтар" бізде толып жатыр. Сондықтан да Қазақстандағы "психология" ғылымы - ғылым емес. Әлбетте, оның ашқан жаңалығы да атымен жоқ. Мәселен, шет елдерде жасалып жатқандай кісітануға қажетті сын-сұрақтамалардың бірін де біздің "психологтар" жасай алған жоқ. Біздегілер Батыс елдеріндегі рухани жарамсыз қоқысқа саналған ескі тесттерін аударумен, көшірумен ғана айналысады. Мысалға, Батыс елдеріндегі ғалымдар, төрт темперамент түрін анықтау тесті түгілі, сол темпераменттің төрт түрі бар дегеннің өзін қате деп жоққа шығарған. Ал біздікілер "Айзенктің темперамент түрін анықтау тестін" енді аударып, студенттерге оқытуға кіріскен. Психология салаларының таптастыруы мен оның әдістемелері. 1. Еңбек психологиясы Адамның еңбек іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының даму заңдылықтарын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастырады. 2. Педагогикалық психология Оқу, тәрбие істерінің оқушы санасына қалайша әсер ететіндігін зерттейді. Оқу материалының мазмұны мен көлемін анықтау, балалардың жас мөлшеріне лайықты оқулықтар мен бағдарламалар құрастыру кейбір оқушылардың екінші жылға қалу, мектептен шығып кету себептері, тәрбиеленуі қиын балалармен жұмыс істеудің жоспары, жыныс тәрбиесі, бағдарламалап оқыту (алдын-ала жасалынған үлгіге қарап оқыту әдісін ұтымды етіп ұйымдастыру), педагогикалық психология зерттейтін ғылыми мәселелердің бір тобы. Тармақтары: 1. Оқыту; 2. тәрбие; 3. Ұстаз. 3. Медициналық психология Дәрігер мен науқстың арасындағы қатынасты, олардың мінез-құлқының түрлі құрылыстарын зерттейді. Емдеу мен психотерапияның психологиялық әдістерін жасаумен айналысады. Ол өз тарапынан нейропсихология, психоформалогия, психотерапия, психопрофилактика, психогигиена дейтін салаларға бөлінеді. 4. Инженерлік психология Адам мен техниканың қарым-қатынасынан туындайтын психологиялық мәселелерді зерттейді. «Адам-машина» жүйесінде әрекетті тиімді етіп ұйымдастыру, басқару жүйелерінің құрылымын үйлестіру, мұндағы творчестволық міндеттерді тиімділікпен шешу, информацияны сақтау, өңдеу, оны жобалау, оперативті модельдер қалыптастыру үлкен орын алады. Негізгі проблемаларына операторларды кәсіптік тұрғыдан таңдап алу, оларды үйрету және жаттықтыру, тиісті информациялық модельдер мен басқару орындарын жобалау, операторлардың хал-күйін анықтау, техникалық эстетика мен эргономиканың, ЭВМ-нің алгоритмдеріне қойылатын талаптарды тұжырымдау, түрлі агрегатты басқарудағы адамның дара психологиялық өзгешеліктерін, оның ерік-сезім сферасын, интеллект деңгейін зерттеу жатады. Мұндағы инженерлік психологиялық міндеттерді шешу консультациялық және сан салалы тәрбие жұмысымен айналысатын ұйымдар үшін қолданбалық мәні зор. 5. Жас ерекшелік психологиясы Қалыпты адам психологиясының даму заңдылықтарын нәрестелік кезеңнен қарттық кезеңге дейінгі психологиялық ерекшеліктер мен заңдылықтарды зерттейтін психология саласы. Тармақтары: 1. Балалар; 2. Жеткіншектер; 3. Жастар; 4. Ересектер (акмиология); 5. Қарт адамдар психологиясы (геранто психология). 6. Арнаулы психология Адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуы. Ми ауруына ұшыраған психикалық күйзелістері мен осы саладағы себептерді қарастырады. Тармақтары: 1. Олигофрено психология – ми зақымы ауруымен туылған адамдардың психологиясының зерттелуі; 2. Сурдо психология – саңырау немесе керең адамдардың психологиясын зерттейді; 3. Тифло психология – нашар көретін немесе соқыр адамдардың психологиясын зерттейді. 7. Салыстырмалы психология Салыстырмалы психологияға зоопсихология, этология дейтін салалар кіреді. Мәселен, балалар психологиясы қоғамдық жағдай мен биологиялық факторлардың баланың дүниеге келгеннен кейінге дейін психикалық дамуына тигізетін әсерлерді зерттейді. Салыстырмалы психология жануарлар психикасымен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қарастырады. 8. Әлеуметтік психология Тұлғаның әлеуметтік – психологиялық көріністерін, индивидтің басқа адаммен өзара қарым-қатынасын, адамдардың психологиялық үйлесімдігін, үлкен топтардағы әлеуметтік психологиялық көріністерді зерттейді. 9. Әскери психология Адамның соғыс жағдайы кезіндегі мінезі, соғыс техникасын меңгеру мен басқару әдістерін зерттейді. Сүндеттеу. Сүндеттеу (— сұннат) — медицина ғылымында «циркумцизия» (лат. Circumcisio — дөңгелете кесу) деп аталады. Тарихы. Оның тарихына қарасақ, б.э.д. 2500 жж. ежелгі Мысыр елінде кең қолданылғандығын көреміз. Сүндеттелген перғауын бейнесі мен ересектеу екі баланы сүндетке отырғызу рәсімі көрсетілген папирус суреттерінің Каир мұражайында сақталғандығы осының айғағы. Тіпті, ол көптеген Африка елдерінде де баланың есею нышаны ретінде қалыптасқан. Сүндеттеу тәсілдері. 240px 128px 137px Жақтау мен сынау. сүндет мұсылмандар мен еврейлерге ғана тән діни міндет, өзге дін өкілдеріне қатысы жоқ. Ол гигиена сақтау қиынға соғатын ыстық аймақтарда қолданылған. Бүгінгідей гигиенаны сақтау мүмкіндіктері жоғары кезде оның қажеті жоқ. Ол құмарлықты тежейді. Балаға ауыр тиеді АҚШ тың педиатрлық академиясы 1989 жылы осы мәселеге орай жаңа туған нәрестелерге арналған ауыртпайтын әрі қауіпсіз препарат табылғандығын ресми мәлімдеді. Бүгінгі күні Вашингтонның Балалар емханасының медициналық орталығында (Childrens Hospital Medical Center) ата аналардың қадағалауымен жаңа туған балаларға жасалатын барлық хирургиялық операциялар кезінде ауруды басатын анестезия пайдаланылуда. Сондай ақ, бұл педиатрлық академия 1999 жылы сүндеттің медициналық тұрғыдан пайдалы екендігін жариялаумен қатар, баланы сүндетке отырғызу отырғызбау мәселесін ата аналардың өздері шешкені мақұл деп тапты. Бұған қоса, сүндеттеуде қалыптасқан діни, мәдени, эстетикалық көзқарастармен де санасу керектігін ескертті. 2000 жылғы баяндамасында Американың медициналық ассоцациясы (Аmerican Medical Association AMA) сүндеттеудің несеп қуық жолдарын сирек кездесетін қатерлі, жұқпалы аурулардан, инфекциядан қорғайтындығын мәлімдеді. Американың акушер және гинекология академиясы да (American Academy of Obstetricians and Gynecologists ACOG) Педиатрлық академия мен медициналық ассоцацияның мәлімдемелереін мақұлдап, сүндеттеуге ескішілдіктің сарқыншағы ретінде қарауға ешқандай да медициналық негіз жоқ екенін жариялады. Еврейлерде. Көне заманда еврейлер таңғы құлшылықтарын жасағаннан кейін барып, синагогта сүндеттеу рәсіміне кірісетін болған. Бұл күн оларда ерекше қуанышты синагог мерекесіне баланған. Оны әдебиеттерінен де көруге болады. Кейіндеп бұл дәстүр израил қауымына тән он өкілдің қатысуымен жеке үйлерде де атқарыла тек раввиннің қатысуы жеткілікті саналады. Мұсылмандарда. Ислам дінінде сүндеттелу өте үлкен мәнге ие. Өйткені, ол үмбеті ретінде Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.а.у.) ісін қайталауға, яғни сүннет амалын жасауға жатады. Дәлел Әбу Хұрайра жеткізген Пайғамбарымыздың хадисі. Хадисте адам жаратылысының табиғи қажеттілігі ретінде мына бес нәрсе: сүндетке отыру, мұртты басу, қолтық пен ұятты жерді түктен таза ұстау, тырнақ қысқарту аталған. Қазақтарда. Қазақ халқы мұсылмандықты тілінен бұрын дініне енгізген. Мысалы, отағасы ұл баласы жеті жасқа толысымен сүндетке отырғызуды өзінің міндеті санаған. Бала туғанда жасалатын «шілдехана», «бесік тойдан» кейінгі үлкен той осы «сүндет той». Ауқатты адамдар ондайда ат шаптырып, балуан күрестіріп, үлкен думан жасаған. Кимешек кигізу. Кимешек кигізу (салт). Жас келін түскен жерінде бір жылға дейін желек жамылып жүреді. Ойын тойға барғанда сәукелесін де киіп барады. (Қазақ әулетінде сәукелені ұзатар кезінде ғана киеді). Келін болып түскеннен соң шешіп алып қояды. Жас келін перзентті болған соң ауыл әйеледері, бәбішелер әдейі жиналып келіп, келінге кимешек кигізеді. Бұл келіннің ана болған кезі. Қазақстанның солтүстік жағында мұны «жаулық салды» деп те атайды. Кимешек те, жаулық та ана болған әйелдің белгісі екендігін көрсетеді. Жас адам болғандықтан бұл бас киімдер әшекейленіп, шашақталып, кестеленіп тігіледі. Құрсақ шашу. Құрсақ шашу (дәстүр). Жас келіннің екіқабат болғаны белгілі болса, оның абысын ажындары, енелері әйелдерді шақырып, құрсақ тойын (кей жерде «құрсақ шашу» дейді) жасап, оның аман сау қол аяғын бауырына алуына (яғни босануына) тілек білдіріп шашу шашып, дастарханды түрлі дәмге толтырып, сауық жасайды. Ғұрып бойынша бойына бала біткен келіншекті «күмәнді», «аяғы ауыр», «ішінде көжесі бар» деп тұспалдап айтады. Бұл сөздің мәнісі жас келін қысылып ұялмасын, тіл көздің сұғынан сақтасын деген ойдан шыққан. Жас келін бала біткен соң бойына ас сіңбей құса береді. Әлдеқандай тағамға көңілі шабады. Мұны жерік болды дейді. Мұндайда әйелдер жерік ананың көңілі қалаған асын табуға тырысады. Жерігі қанбаған әйел басы айналып, ауыра береді. Қалаған асы табылып, жерігі қанған әйелдің құмары тарқап, ерекше сезімге бөленіп, денсаулығы жақсара бастайды. «Жерік асын жегендей қуанды» деген сөз осындайдан шыққан. Жеріктікті басудың тек анаға ғана емес, іштегі сәбидің де денсаулығына зор әсері бар. Мысалы жерігі қанбаған ананың балалары әлжуаз, аурушаң, кейде кемтар тууы да мүмкін. Сәбидің аузынан суы шұбырып жүруі де осындайдан болады дейді халық даналығы. Халық екіқабат ананы да тәрбиелеу жолын әсте ұмытпаған. Оны мәпелеп, аялай білген, ренжітпеген. Бұл жөнінде жазушы Зейнеп Ахметова былай деп жазған: «Қарағым биік тауға қара көңілің өседі, көңілің өссе немерем кең пейілді болады, жайқалған шөпке, жайқалған гүлге қара сәбиің шырайлы болады, бұлақтың көзін аш, балаң қайырымды болады» деген секілді ұлағаты тәлімін беріп, аналарымыз жас келіншектің таным талғамын ұштап, баулыған». Міне, бұл ұлттық ұғымның ұлағаты. Дәстүр бойынша жас келін босанғаннан кейін оның анасы әдейі келіп, қуанышқа ортақтасады. Бұл ананың басты парыздарының бірі. Құттық. Құттық (дәстүр). Келін түсірген үй құда құдағиларын аттандырған соң ауылдың оң жақта отырған бойжеткендері келіп «құтты болсын» айтып арнайы дәм әкеліп, сый жасайды. Сосын қыздарға лайық тағым, кесе аяқ, көрпе жастық,сақина, сырға сияқты әшекейлі заттар сұрайды. Бұл дәстүр ел ішінде «құттық» деп аталады. Ол «құтты болсын», «құт әкелсін» деген ізгі ойдан туған қазақи ырым, жоралғы. «Құттық» алатындар әдейі алыстан да келеді. Оларға мал, бағалы бұйымдар мен киімдер беріледі. Әрине, бұл дәулетті мырза адамдардың ғана қолынан келетін іс. Сонымен бірге бұл қазақтың салт дәстүрге бай жомарттық, мырзалық қасиеттерінің тағы бір айқын дәлелі екенін көрсетеді. Неке қияр. Пәленшеден жаралған (әкесін айтады), пәленшеден туған (шешесін айтады), пәленше қызды (қызды айтады), халал жұптылыққа қабыл көріп алдыңыз ба? Қызға айтқанда да бәрін осы қалыпта айтып, аяғында «пәленше халал жұпты болдыңыз ба?» дейді (А.Байтұрсынов). Осы сөздерде келтірілгендей жігіт те, қыз да жұпты болғандығын өз аузымен мақұлдайды. Содан кейін екеуі неке суын ішеді. Бұдан кейін олардың некесі қиылып, ерлі зайыпты адамдар болып саналады. Үлкендер жақсы тілек тілеп, қол жайып бата береді. Шариғат бойынша қалыңдық екіқабат болса неке қиылмайды, ол босанғаннан кейін қиылады. Жеті атаға толмаған қыз, жігіт некеге отырғызылмайды. Неке туралы ислам дінінің өз заңы бар. Кейде өзбек, қазақ, қырғыз, татар, башқұрт сияқты түркі халықтары қыз алысып, қыз берісіп жатады. Бәрі де ислам қауымынан болғандықтан мұндай некеге рұқсат етілген. Егер қазақ жігіт орыс қызын алатын болса, ол әйел мұсылман дініне кіріп, тілін, салт дәстүрін толық мойындайтындығы туралы уәде беріп, оны орындауы керек. Некеге сонда ғана рұқсат берілген. Мысалы, орыс қызы Мария Рыкина қазақ жігіт Дүйсенге шығып, олардың сүйіспеншілігінен «Дудар ай» деген ғажайып ән туды. Олардың есімі бүкіл қазақ еліне аңыз боп тарады. Ақын Х.Бекхожин бұлар туралы дастан жазды. Қазақ орыс арасындағы мұндай неке бұрын да, қазір де бар. Бие қысырамас. Бие қысырамас (ырым). Жаңа түскен келіннің беті ашылғаннан кейін енесі келіп, келіннің бетінен тағы сүйіп, жақсы тілек тілеп, сол жерде отырған әйелдердің ортасына «биелерің қысыр қалмасын» деп ақ мата тастайды. Бұл «бие қысырамас» деген кәде. Әйелдер бұл матаны жыртып, бөліп алып үйлеріндегі сабаның аузына «бием қысыр қалмасын, бісмілла» деп байлайды. Бұл кәде бәріне де жетуі керек. Жетпей қалғандардың өкпелеуге хақы жоқ. Соңғы жылдары халқымыздың мал шаруашылығынан қол үзе бастауына сәйкес бұл ырым ұмытылып бара жатыр. Абысын асы. Абысын асы (салт). «Абысын тату болса ас көп» (мақал). Бұрын бір ауылдың әйелдері яғни абысындар күнделікті өмір күйбеңімен ертелі-кеш үй шаруасында жүреді. Олар ата-ене, күйеуінің рұқсатынсыз ешқайда шыға алмайды. Кейде ауыл адамдары айтқа, тойға, қазаға үлкен-кішісі аттанып кетеді де ауылда тағы да сол әйелдер қалады. Абысындардың еркіндеп қалатын кезі міне осы сәт. Олар мұндайда өздері бір үйге бас қосып жылы-жұмсағын қазанға салып, шәй қойып өздері бір кеш сауық жасайды, өлең айтады, бой көтереді, сырласады. Дастарханды кең жайып дәм татады. Міне, осы бас қосу, осындағы дәм «абысын асы» деп аталады. Бұл да қазақ әйелдерінің ырысты ынтымағының көрінісі болатын. Айрылысар көже. Айрылысар көже (салт). Көрші қонғанда «ерулік» беріп, қыстай немесе жаздай бірге отырған, сйласқан отбасылар қоныс аударып бөлінген жағдайда олар енді «айрылысар көжеге» шақырады. «Көже» деп сыпайылап атағаны болмаса сыйлы, сыбағалы табақ тартылады. Олар бір-біріне ризашылығын білдіріп, «ұрыспай айрылған ұялмай қосылар» деп тағы да аман-сау қосылуға тілек білдіреді. Бұдан олардың бірін-бірі сыйлау, қимастық көңілдері көрінеді. «Айрылысар көже» - адалдық әрі әдемі дәстүр. Айтыс. Айтыс (дәстүр, өнер). «Жүлде алдым талай-талай айтыста да» (Н.Ахметбеков). Айтыс - әдебиет жанры болғанымен ертеден қалыптасқан халықтық дәстүрдің үлкен түрі. Ойын, той, ас, қыз ұзату, келін түсіру сияқты қазақ тойлары жүйрік ат, білекті палуандармен бірге айтыс ақындары да қатысып, олар айтыс арқылы той қызығы мен мәртебесін көтере түскен. Әрине мұндай жерде айтыстардың өз мақсаты, талабы, шарты бар. Айтыстың түрлері де көп. Айтыс – ақынның талантын шыңдайтын үлкен өнер жарысы. Өткен ғасырда Жанақ, Сабырбай, Шөже, Сүйінбай сияқты ғажайып айтыс ақындары болған. Бұл үлкен дәстүрді қазір Әсия, Әселхан, Қонысбай, Баянғали, Әлфия, Абаш, Мұхамеджан сияқты айтыс ақындары жалғастырып келе жатыр. Айып. Айып (заң жолы, салт) — барымта, қылмыс, ұрлық, дәстүрді бұзғаны т.б. жағымсыз іс-әрекеті үшін қылмыскерлерге берілетін жаза. «Айыбына атын алып қалып жаяу қайтарыңдар!» (Ғ.Мүсірепов). Мысалы: көп алдында орынсыз дау-жанжал шығарған адамдарға айып салынады. Жазаланушы адам оны сол сәтте орындауға тиіс. Айыптың түрлері көп. Жеңіл кінәлары үшін тон немесе ат төленеді. Ауыр қылмыстар жасағандар тоғыз төлейді. Бұл түйе бастаған тоғыз мал немесе ат бастаған тоғыз мал немесе өгіз бастаған тоғыз мал деген сөз (Түйе бастаған тоғыз: 3 бас түйе, 3 бас жылқы, 3 бас сиырдан тұрады. Ат бастаған тоғыз 3 жылқы, 3 сиыр, 3 қой, т.с. Қылмыс (ұрлық) өте ауыр болса, бұл айып үш еселенуі мүмкін. Әрине, бұдан басқа да түрлері бар. Айыптың әлеуметтік, тәрбиелік, хұқықтық маңызы зор. Ақ алып шығу. Ақ алып шығу (салт, ырым). Қазақ халқы сүтті, қымызды, шұбатты, айранды тағы басқа сүт тағамдарын «ақ» деп атайды да оны қасиетті, киелі зат санатына жатқызады. Сол сияқты ақ түсі де киелі, адалдық ұғымды білдіреді. Халық дәстүрінде ауылға келген көш алдынан шығу – адамгершілік, мұсылмандық, болашақ көршілік парыз. Ақ алып шығу «осы ақтай таза, дәмді болайық» деген тілекті білдіреді. Мұндай жағдайда жаңа көшіп келгендер ризалық, білдіріп алғыс айтады. Бір тоқтысын сойып көршілерін қонаққа шақырады. Ал бұрынғы көршілер бұдан бұрын «ерулікке» шақырып үлгіреді. Көші көшіп келіп жатқанда оның алдынан шықпау, ерулік бермеу қазақы салтты бұзғандық, көргенсіздік болады. Мұндай ұят, ерсі істі жұрт айта жүреді. Қазақ КСР әнұраны. Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының мемлекеттік әнұраны Мәтіні. Бостандық өмір мен ар үшін қиған жан. Жарқырап Лениндей күн шығып, атты таң. Көп алғыс айтамыз ұлы орыс халқына. Юән. Юән (жалпы: 元;; Wade-Giles: yuen; дәлме-дәл «дөңгелек») — қытай тілінде пұлдың жалпы атауы. Мысалы АҚШ доллары "Мейюән" (美元) болады. Бірақ, халықаралық ортада, "юән" бірнеше қытай пұл бірліктеріне қатысты, соның ішінде женминби (CNY) және Жаңа тайуан доллары (TWD) кіреді. Бір "юән" 10 "жәу" (角) дегенге бөлінеді немесе ауызша "мау" (毛). Бір "жәу" 10 "фын" (分) дегенге болінеді. Шәңғаң және Мақау аумақтарында кең жайылған юе тілінде, "жәу" және "фын" дегендер "хо" (毫) және "сін" (仙) деп аталады. «Сін» сөзі дегеннен шыққан. Тектесуі. Чиң әулеті дәуірінде Қытайда күмістен дөңгелек шақа шығару бастаған, содықтан шақалар "юән" («дөңгелек») деп аталып кеткен. Қытай сандары сияқты, юән таңбасы екі түрде: жоралауы кем — 元, және жоралауы артық — 圓 не 圆, соңғысы боямалық пен есеп қателіктен сақтану үшін пайдаланылады. Жапон ені түпнұсқа түрінде бұрын 圓 деп жазылған, бірақ соңра 1946 ж. "тойо кандзи" жарияланған бойынша жайдақтап 円 таңбасымен жазылып кетті. Кәріс уоны Екінші Дүниежүзілік соғыстан соң 圓 таңбасымен белгіленген және де 圜 таңбасымен — 1902—1910 жж., бірақ ағымда екі кәріс мемлекеттерінде тек былай — 원 хангүл арқылы жазылады. Қытайша жазғанда Шәңғаң доллары және Мақау патакасы юән деп жазылады. Қытай мен Тайуан дүкендерінде бағаларды сандардың соңынан қойылған 元 таңбасымен белгілейді. Тағы да Қытайдың өзінде, сандардың алдында қойылған ¥ латын нышанымен (қазақша екі таяқшасы бар Ұ әрпіне уқсас) белгіленеді. Қытайша юән сөзі бір буынды екпінмен айтылады, /йен/ дегенге жақын. Қытайдың көп аумақтарында ауызша "қуай" () деп те айтылады. Женминби. Женминби () — Қытай Халық Республикасының (ҚХР) ресми пұл бірлігі, жалпы атауы юән () деп саналады. Бұны ҚХР ең жоғары пұл өкіметі, Қытай Халық Банкі, айналысқа шығарады. ISO 4217 қалыпы бойынша ресми қысқармасы — CNY, дегенмен ортақша «RMB» деп те пайдаланылады. Латынданған нышаны — ¥. ¥. Осы екі пұл бірлігі қытай жазуымен бірыңғай жазылады (圓/元/円), путунхуаша айтылуы —, және жапонша —. Негізінде таңба екі көлденен келген таяқшасы бар Ү латын әрпін бейнелейді, немесе Қытайдың өзінде бір таяқша (қазақ қирил Ұ әрпі сияқты) болуы мүмкін. Тағы да нышанның өзі «қой» деген (бұрын болған қытай ақшасының атауы) мағынасы бар таңбаға ұқсас (羊,). Бұл әріп Жапониядағы компьютерлерде файл жолындағы бөлу белгісі боп пайдаланылады. Қазақстан мейрамдары. 2009ж 22 сәуірдегі №152-ІV ҚРЗ өзгерістер енгізілуіне байланысты 25 қазан Қазақстан Республика күні деп есептелінбейді Түсініктемелер. 2008ж 9 желтоқсанға келеді, 2009ж 27 қарашада, ал 2010ж 17 қарашада болады. Теңге нышаны. 39px Теңге нышаны — Қазақстан Республикасы ұлттық пұлы (теңге) нышаны. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі 2006 ж. қарашада «Теңге нышаны» жалпыұлттық конкурсын жариялап, 2007 ж. наурыздың 20-ында қорытынды шешім қабылдады. Бекітілген теңге нышанының ауторлары — Санжар Әмірханов және Вадим Давиденко. Нышан сипаттамасы. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баспасөз жарияламасында былай делінген Теңгенің көрсетілген графикалық бейнесі «т» дыбысының транскрипциясын білдіретін ежелгі түркі әліпбиінің нышаны болып табылады, «теңге» сөзі, …барлық түркі халықтары үшін қасиетті болып табылатын «аспан», …«Тәңірі» сөзі де осы әріптен басталады. Бұл нышан ақша бірлігі тұрақтылығының идеясын, жоғарыәлуетін, Қазақстан Республикасы ұлттық экономикасының даму және өсу динамикасын бейнелейтін болады. Идеограмма қазіргі замандағы қазақстандықтардың даму және прогресс жолындағы қозғалысын бейнелейтін болады. Пайдалануы. Әзірше ресми мәлметтерді қатынауға мүмкін емес, бірақ қалыптасқан халықаралық дәстүр бойынша ақша нышаны (соның ішінде теңге нышаны да) санның алдына ешбір кемтіксіз қойылады. Мысалы: ₸ = теңге, пұл бағамы: €1 = ₸164,87. Африка. a> section for a clickable map of individual countries.) Африка — Жерорта және Қызыл теңіздерінің оңтүстігіне қарай, Атлант мұхитының шығысына және Үнді мұхитының батысына қарай орналасқан континет. Африка көлемі 30 065 000 км², немесе жер аумағының 20,3 %. Африкадағы адам саны шамамен 800 млн. адам. Африка — аумағы жағынан Еуразиядан кейінгі орынды алатын құрлық, дүние бөлігі. Жерінің аумағы 29,2 млн. км2 (аралдарымен бірге 30,3 млн. км2). Тұрғыны 728 млн. адам. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 8000 км-ге, батыстан шығысқа қарай 7500 км-ге (Сахарада) созылған, оңтүстігіндегі ені 810 км. Жағалауының жалпы ұзындығы 30500 км. Африканы экватор сызығы ортасынан кесіп өтеді. Құрлықты солтүстігінде Жерорта теңізі, батысында Атлант мұхиты, шығысында Үнді мұхиты мен Қызыл теңізі сулары шайып жатыр. Солтүстік-шығысында жіңішке Суэц мойнағы (112 км) арқылы Азиямен жалғасады. Гибралтар бұғазы арқылы Еуропаның Пиреней түбегінен бөлінген. Ірі шығанақтары Гвинея, Сидра. Ең үлкен түбегі – Сомали, құрлықтың шығысында – Мадагаскар, Занзибар, Сокотра, Мафия, Пемба, Комор, Маскарен, Амирант және Сейшель аралдары, батысында – Мадейра, Канар, Жасыл мүйіс, Гвинея шығанағында Аннабон, Сан-Томе, Принсипи, Фернандо-По аралдары орналасқан. Ойпаттары мен аласа жазықтары көбіне жағалауда орналасқан (Сенегал, Гвинея жағалауы, Сомали, Мозамбик, Жерорта теңізі жағалауы). Экватордан солтүстікке қарай Африканың көп жерін Сахара және Судан жазықтары мен үстірттері алып жатыр. Сахараның солтүстік-батысында Атлас таулары (Тубкаль, 4165 м), шығысында Қызыл теңізді бойлай Этбай жотасы (Асотериба 2216 м) созылып жатыр. Ол оңтүстігінде Эфиопия таулы қыратына (Рас-Дашан, 4623 м) ұласады. Бұл таулы қыраттың аралығында Африканың ең терең ойысы – Афар жатыр. Оның солтүстік-батысында Камерун жанартауы (4070 м), солтүстігінде Азанде, батысында Оңтүстік Гвинея қыраты, оңтүстігінде Лунда-Катанга үстірті, шығысында Шығыс Африка таулы қыраты қоршай орналасқан. Олар сөнген және әлі сөнбеген жанартау конустарына, яғни батысында Рувензори (5109 м), Карисомба (4507 м), Рунгве (3175 м), шығысында Элгон (4322 м), Кения (5199 м), Меру (4567 м), Килиманджаро (5895 м) тауларына жалғасады. Оңтүстікке қарай жүрген сайын жер бедері біртіндеп аласарып, Калахари ойысы арқылы Кап және Айдаhар (Дракон) тауларына ұласады. Африка жері қазба байлықтарға өте бай, әсіресе, минерал кендерінің қоры көп. Мұнай мен газдың ірі кен орындары Нигерияда, Ливияда, Египетте, Алжирда, ал тас көмірдің ірі кендері, Оңтүстік Африка Республикасы жерінде табылған. Кобальт пен мыстың аса ірі қоры Замбия мен Конгода, алмас, платина, алтын кендері Оңтүстік Африка Республикасында, уран Нигерия мен Намибия жерінде шоғырланған. Африка тропиктік белдеулер аралығында орналасқандықтан, жері өте қатты қызады. Жаз айларындағы орташа температурасы құрлықтың барлық бөлігінде дерлік 20ӘС-тан жоғары, Сахара мен Суданның солтүстігінде 35Ә – 38ӘС-қа жетеді. Жер шарындағы ең жоғары температура +58ӘС 1933 ж. Сахараның (әл-Азизия) Жерорта теңізі жағалауында тіркелген. Жылдық жауын-шашынның ең көп түсетін жері Гвинея шығанағы жағалауындағы Камерун тауының беткейінде (10470 мм, Дебунджа), ал ең аз жауын-шашын мөлшері Сахарада (0,5 мм, Асуан қаласы) тіркелген. Географиялық ерекшелігіне қарай Африка аумағы ыстық, ылғалды экваторлық, ауыспалы ылғалды (муссондық), субэкваторлық, ыстық әрі құрғақ, континенттік, тропиктік шөл, ыстық ылғалды тропиктік және субтропиктік жерортатеңіздік климат белдеулеріне бөлінеді. Құрлық ішкі суларының жылдық ағынының мөлшері (5400 км3) бойынша Еуразия мен Оңтүстік Америкадан кейінгі орында тұр. Өзендер экватор төңірегі мен құрлықтың оңтүстік-шығыс жағалауында жиі. Шөлді аудандарда, әсіресе, Сахарада климаттың ертеде ылғалды болғанын аңғартатын құрғақ өзен арналары (вади) көптеп кездеседі. Ірі өзендері – Ніл (6671 км, дүние жүзіндегі ең ұзын өзен), Конго, Замбези, Нигер, Оранж. Өзен арналарында шоңғалдар мен сарқырамалар көп кездеседі. Замбези өзенінің бойында атақты Виктория сарқырамасы бар (биіктігі 120 м, ені 1800 м). Құрлықтағы өзендердің гидроэнергетикалық мүмкіндігі өте жоғары. Ірі артезиан алаптары Сахара мен Калахари жерінде жатыр. Африка көлдерінің ірілері: Виктория, Танганьика, Ньяса, Рудольф, Чад. Африкада гүлді өсімдіктердің 40000-нан астам түрі бар, оның 9000-ға жуығы тек қана осы құрлықта өсетін өсімдіктер. Құрлықтың 8%-ын ылғалды тропиктік орман (гилея), 35%-ына жуығын саванна және сирек орман, 40%-ы құрлықтық шөл мен шөлейт белдемі алып жатыр. Гвинея жағалауы мен Конго ойысындағы ылғалды экваторлық орманда ағаштың 300-ден астам түрі бар. Олар бірнеше қабатты болып өседі, ең биік өсетін ағаштар – пальмалар (биіктігі 60 – 70 м-ге жетеді). Олардың алып фикус, май және шарап пальмасы, сейба, қола ағаштары сияқты түрлері бар. Төменгі бөліктерде банан, папоротниктер, либериялық кофе ағашы және каучук беретін ағаш тәріздес лиана, ландольфия, ротанг пальмасы кездеседі. Саваннаның негізгі ағашы – баобаб. Олардың аралығында биіктігі 2 – 3 м, кейде 5 м-ге жететін піл шөбі, дум пальмасы, май пальмасы өседі. Сахара мен Калахари шөлдерінің шұраттарында құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерден жусан, жантақ, акация, құрма пальмасы, Намиб пен Карру шөлдерінде суккулентті өсімдіктерден сүттіген, вельвичия таралған. Африка – кофе мен құрғақшылыққа төзімді бидайдың отаны. Африкада жануарлар өте көп және алуан түрлі. Құрлық сүтқоректі жануарларға, әсіресе, тұяқты жануарларға бай. Жер шарындағы 51 туысқа біріктірілетін сүтқоректілердің 1/4-і осында шоғырланған. Тек қана Африкаға тән жануарлардан африка пілі, керік, зебра, адам тәріздес маймылдар – шимпанзе мен горилла, басы итке ұқсас маймылдар павиан мен мандрил, сондай-ақ бегемоттар, Мадагаскар аралығындағы лемурды атауға болады. Құрлықтың жануарлар дүниесі 19 ғасырда, әсіресе, 20 ғасырдың басында аяусыз қыру нәтижесінде күрт азайып кеткен. Қазір құрлық бойынша 150-ден астам ұлттық саябақтар, қорықтар, қамашаулар құрылған. Ірі ұлттық саябақтарға Рувензори, Кения, Серенгети, Вирунга, Цаво, Кафуэ, Калахари-Хемсбок, Крюгер, Намиб жатады. Африка туралы мәлімет өте ерте кезден-ақ белгілі болған, әсіресе, оның жерортатеңіздік жағалауындағы ірі мемлекеттер туралы деректер көп. Египет перғауынында қызметте жүрген финикиялықтар біздің заманымыздан бұрынғы 600 ж. шамасында бүкіл құрлықты айнала жүзіп шыққан. 14 ғасырда марокколық араб Әбу Абдаллах ибн-Баттута қазіргі Сомали мемлекеті аймағын, кейіннен Мали мен Тимбукту жерлеріне саяхат жасап, зерттеген. Құрлықты біздің заманымызда ең алғаш рет Үндістанға баратын қысқа жол іздеу мақсатында Васко да Гама (1497 – 1498) басқарған португал экспедициясы айналып шыққан, бірақ құрлықтың ішкі бөлігіне ешкім тереңдеп енбеген. Тек 19 ғасырдағы отаршылық науқаны кезінде көптеген зерттеу жұмыстары жүргізілген. Олардың ішінде ағылшын саяхатшысы Давид Ливингстонның 1840 – 1870 ж. және орыс саяхатшысы Василий Юнкердің 1876 – 1896 ж. зерттеулерін атауға болады. Африканың қазіргі саяси картасында 55 мемлекет бар. Олардың үшеуінде конституциялық монархия (Марокко, Лесото, Свазиленд), Намибияда федерациялық республика, ал қалғандарында республикалық мемлекеттік құрылым орныққан. Африка елдерінің көпшілігінде шаруашылықтың бір жақты мамандануы, яғни экспортқа бағытталған шикізат немесе азық-түлік өндіру сақталған. Жер бедері. Көбінесе жазық дала, солтүстік-батысында Атлас таулары, Сахарада — Ахаггар және Тибести таулары. Шығысында — Абиссин таулары, оның оңтүстігінде — Килиманджаро жанартауы (5895 м) — құрлықтың ең биік нүктесі. Оңтүстігінде Кап және Айдаһар таулары. Ішкі сулары. Африкада оңтүстіктен солтүстікке ағып жатқан әлемдегі ең ұзын Ніл өзені орналасқан. Өзге ірі өзендері — Батыста Нижер, Орталық Африкада Конго және Оңтүстікте орналасқан Замбези, Лимпопо және Қоңыр өзендері. Ең ірі көлі — Виктория. Басқа ірі көлдері — Литосфера жарығында орналасқан Ньяса және Танганьика көлдері. Олар солтүстіктен оңтүстікке созылып жатыр. Климаты. Африка орталығы экваториалды белдеуге жатады, онда жыл бойына мол жауын-шашын түседі және жыл мезгілдері ауыспайды. Экватор белдеуінен солтүстікке және оңтүстікке қарай солтүстік және оңтүстік тропиктік белдеулері орналасқан. Оларға шөлдердің пайда болуына әсерін тигізетін аз ылғал мен жоғары температураның болуы тән. Солтүстігінде Жер бетіндегі ең ірі — Сахара шөлі бар, оңтүстігінде — Намиб шөлі орналасқан. Құрлықтың Солтүстік және оңтүстік шеттері сәйкес субтропикалық белдеулерге жатады. Халқы. Қазіргі Африка халқының жалпы саны 2004 жылы 800 млн адамнан асады. Бірақ Африка халқы елдер бойынша біркелкі таралмаған. Халқы негізінен екі нәсілден тұрады: Сахарадан оңтүстікке қарай — негроидтар, солтүстік Африкада және ОАР-да — европеоидтар. Африкада 56 мемлекет бар. Олардың басым көпшілігі ұзақ уақыт бойына еуропа елдерінің колониялары болды да, тәуелсіздіктерін тек 20 ғ. 50-60 жылдары алды. Оған дейін тек тәуелсіз болған мемлекеттер — Мысыр (1922), Етиопия (1941), Либерия (1847) және ОАР (1910), бірақ ОАР-да 90 жылдарға дейін де апартеид — жергілікті қара халықты кемсіту тәртібі сақталды. Континет солтүстігінде Испанияның Сеута, Мелилья жерлері орналасқан. Таралған дәстүрлі діндері: ислам, христиандық (католиктер, протестанттар, православиеліктер, монофизиттер). Африка мемлекеттерінің шекаралары, түрлі халықтар мен тайпалардың орналасуын есепке алмастан, жазанды түрде сызылғандықтан және жалпы африка қоғамының демократияға дайын болмағандығынан, көптеген африка елдерінде тәуелсіздік орнағаннан кейін азаматтық соғыстар басталып кетті. Көптеген елдердің билігіне диктаторлар келді. Осылайша орнаған режимдер адам құқығын менсінбеумен, бюрократиямен, тоталитаризммен ерекшеленеді, бұлар өз кезегінде экономиканың құлдырауына және кедейшіліктің өсуіне әкеліп соғуда. Кең тараған тілдер араб, ағылшын, француз, суахили, конго, фулбе. Еуразия. Еуразия — жер бетіндегі ең ірі континет. Жағырапиялық сипаттама. Континет солтүстік жарты шарда, шамамен 0° ш. ұ. және 180° ш. ұ., орналасқан, мұнымен қатар Еуразия аралдарының кейбірі оңтүстік жарты шарында. Екі әлем бөлшегінен тұрады: Еуропа және Азия. Еуропа және Азия шекараларын Орал таулары, Волга, Ембі өзендер, Каспий теңізі, Кума өзені, Кумо-Маныч ойпаты, Маныч өзені, Дон өзен, Кавказ солтүстік шекарасы, Босфор және Дарданелла бұғаздары арқылы жүргізеді. Бұл бөлініс тарихи түрде қалыптасқан. Табиғи түрде Еуропа және Азия шекаралары бөлінбейді. Континенттер құрлықтың үздіксіздігімен байланысқан, қазіргі заманда қалыптасқан тектоникалық топтасу мен климаттық процесстердін бірегейлігі. Континентпен шектесетін сулар: батыста Атлант мұхиты, солтүстікте - Солтүстік Мұзды мұхит, шығыста - Тынық мұхиты, оңтүстікте - Үнді мұхиты. Еуразия батыстан шығысқа қарай 16 мың. км-ге, солтүстіктен оңтүстікке қарай 8 мың. км.-ге ұласып жатыр, мұндағы жер аумағы ≈ 53,4 млн. км². Бұл әлемдегі бар құрлықтың үштен бірі. Еуразия аралдарының аумағы 2,75 млн. км²-ге жетеді. Геологиялық сипаттама. Балтық және Украин қалқандарымен бірге Шығыс Еуропа платформасы. Жер бедері. Қазіргі континет бедері неоген және антропоген мерзімдеріндегі үдемелі тектоникалық қозғалыстардың нәтижесі. Континенттің орташа биіктігі - 830 м, таулар мен жоталар құрлықтың 65%-ін құрайды. Континенттің солтүстік және бірқатар таулы аудандарың жер бедеріне ежелгі мұз басу әсері тиген. Қазіргі заманда мұздар Арктика аралдарында, Исландияда және биік таулы аудандарда сақталып қалған. Халқы. Еуразия халқының саны шамамен 4,3 млрд. Кең тараған этникалық топтар - қытайлықтар, орыстар, арабтар. Солтүстік Америка. Солтүстік Америка — Батыс жарты шары мен Солтүстік жарты шарының қиылысындағы континент. АҚШ және Канада тұрғындары Солтүстік Америкамен тек АҚШ пен Канаданы түсінеді. Жағрапиялық орналасуы. Солтүстік Америка батысында Тынық мұхитымен, шығысында Атлант мұхитымен, солтүстігінде Солтүстік Мұзды мұхитымен шайылады. Батысында Еуразия құрлығынан Беринг бұғазы айырып тұр, оңтүстікте Оңтүстік Америкадан Панама арнасы айырып тұр. Солтүстік Америка құрамына көптеген ірі Гренландия, Канада арктикалық архипелаг, Алеут, Ванкувер аралдары кіреді. Таулар. Континенттің ең биік нүктесі МакКинли тауы 6192 м. Көлдері. * Queen. __NOTITLECONVERT__ -- («Куин») — 70-80 жылдары аса танымал және күні бүгінге шейін миллиондаған жанкүйерлері бар британ рок-группасы. Queen тобының ең белгілі әндеріне «Bohemian Rhapsody», «We Will Rock You», «We Are the Champions», «A Kind of Magic», «Show Must Go On» сияқты классикалық рок-хиттар жатады. Үлкен атаққа Queen музыканттарының түсірген бейнеклиптері ие, тіпті бейнеклиптердің бірі музыка тарихындағы алғашқы клип болды («Bohemian Rhapsody» әнінің клибі). Одан басқа, «Queen» тобы бүкіл рок тарихындағы ең ұлы концерттік топтардың бірі деген атаққа ие. Пайда болуы. Топ тарихы 1968 жылы, Брайан Мэй және Тим Стаффел атты екі студенттің «Smile» тобын жасаудан басталады. Брайан өзі оқитын «Империал колледж» қабырғасына хабарландыру іліп қояды. Онда топқа соқпалы аспапта Митч Митчелл және Джинджер Бейкердей ойнайтын адам керектігі жазылған болатын. Сол хабарландыру бойынша студент-дантист Роджер Тэйлор хабарласты. Ол Мэй мен Стаффелді соқпалы аспапты сазына дәл келтіруімен таң қалдырып, ең дұрыс нұсқа болып көрінді. «Smile» тобының ең биік жетістігі «Pink Floyd» тобының шығарының алдында халықты жылытуы болды. Бірақ күрделі оқу мен қандай да бір менеджменттің болмағандығынан, 1970 жылы трио тарап кетті: Тим Стаффел топтан кетіп қалды. Бірақ Мэй және Тейлор музыкалық өнерлерін қалдырғылары келмеген, кейін өздерінің шығармашылық ойларын досы және сыныптасы Фредди (Фарух) Булсарамен бөлісті. Ол «Smile» тобының орындауларына жиі баратын, бірақ Мэй және Стаффел оның ән айта алатынын тіптен білмеген. Фреддидің ойында анық орындау жоспарлары мен топтың сахналық жұмыстары болды. Ол топқа жаңа «Queen» атын ойлап тапты, өзіне Фредди Меркьюри лақап атын алды. Ендігі жерде топ вокалшы-клавишник, гитарист және соқпалы аспапшыдан тұрды. Алғашқыда бас-гитарист роліне Роджер Тейлордың «The Reaction» Корнуоль тобындағы танысы Майк Гроуз шақырылды, ол алғашқы екі концертте ойнады (27 маусымда Труро қаласының Қалалық залында және 12 шілдеде «Империал колледжде»). Кейініректе оны Барри Митчелл ауыстырды. Бірақ музыкалық бизнестен шаршаған Барри, топты 1971 жылы тастады. Топтың келесі басисті Даг Боги небәрі екі орындаудан соң кетіп қалған. Бірақ 1971 жылдың ақпанында Брайан Мэй мен Роджер Тейлор лондонның дискотекасында сол жылдары тәжірибелі басист Джон Диконмен танысты. Ол туған қаласы Лестерден оқу үшін Лондонға келген болатын. Оны тыңдағаннан кейін, ол топқа басист болып кіріп, 21 жыл бойы өзгермеген құрам тарихы осылайша басталды. 1970-ші жылдар. 1971 жылдан бастап 1979 жылға дейін өзге коллективтердің ықпалын сезуге болады. Жылдан жылға ол азырақ сезіледі, бірақ жетпісінші жылдарда білінеді. Фреддидің өзі айтқандай, олардың тобы «Led Zeppelin» және Джими Хендрикс сияқтыларға қарап өсті. 1973 — «Queen» тобының алғашқы альбомына «Smile» триосының «Doing All Right» әні енгізілген. Диск негізі — «Queen» тобының алғашқы синглы «Keep Yourself Alive» болды. Альбом атаққа ие бола қойған жоқ, бірақ ол жабырқауға себеп болмады. Бұл альбом екі жыл бойы студияның бос кезінде жазылған болатын. Альбомның проблемасын Брайанның гепатиті тереңдетті. Дегенмен де, бұл альбомды топтың құлдырауы деп қарамау керек — ол парадтарда көтерілмегенмен, шетке ысырылып тасталған жоқ. «Queen» Ұлыбританияда, Алманияда және Люксембургте алғаш дербес концерттер қоя бастайды. Оған дейін олар басқа топтардың алдында көрермендерді жылытушы ретінде қатынасқан. 1974 — «Queen II» критиктердің жағымсыз пікірлеріне қарамастан британ хит-парадын жарып өтіп 5 орынға көтерілді. Альбом шикілік пен жалтақтаушылық үшін айыпталды, бірақ соған қарамастан, тек осы кемшіліктері үшін Брайан Мэй бұл альбомды топтың үздік альбомы деп атайды. «Sheer Heart Attack» Британияда екінші орынға жетті. Альбомның үздік әндері («Killer Queen», «Flick Of The Wrist») топтың ең үздік әндеріне жатады, ал «Stone Cold Crazy» әні хэви-металдың классикасы болып саналады (кейін ол «Metallica» тобының репертуарына кірді). Топ австралиялық Sunbury Music Festival-ға қатысады да Швеция және Финляндияда алғашқы концерттер қоя бастайды. 1975 — «A Night At The Opera» альбомын «Queen» тобының ұлы шығармасы деп аталады. Көпшілік оны рок-музыка тарихындағы ең үздік альбомдардың бірі деп атайды.едением «Queen». Многие считают его одним из лучших альбомов в истории рок-музыки вообще. Бұл күйтабақ тіпті ерекше болды — ашық, әуенді, рояльдың көп пайдаланылуы, — ол рок-музыканың танылмаған жаңа парағын ашып берді. Біздің заманда жетпісінші жылдардың стилін кейіптейді. Әндердің бір бөлігі клавишалық аспаптар үшін жазылған, бірақ, «Love Of My Life» бұдан әрмен альбомдық версияда ешқашан орындалған емес, концерттерде Брайан Мэйдің 12 пернелі жартылай акустикасының сүйемелдеуімен орындалып жүрді. Бұл әннің концерттік нұсқасы альбомдағыдан тәуірірек шықты, бірақ бұл олқылық ол заманда актуалды емес еді. Ал альбомның ең белгілі әні «Bohemian Rhapsody» болды. Бұл ұзақ, бесминуттық, рок-поп-опера, кей жерлерде фольклор қосылған композицияның белгілі болуы, онымен қоймай хит-парадтардың алғашқы орындарына көтерілуі мүмкін еместей көрінетін. Ол кезде үш минуттық ән стандарт болатын, бірақ Queen бұл ұзақтығы бесминуттық, ширек ғасырдан соң Британияда мыңжылдық әні болып танылатын біртуманы шығаруға қорыққан жоқ. «Bohemian Rhapsody» видеосының алғашқы бейнеклип екенін де айта кеткен жөн. Әнге видеоны бұған дейін де шығарған, бірақ бұл жағдай — арнайы біріктірілген бейнелеудің, эффекттің және әуеннің мысалы. Клипте қазіргі заманда қарапайым көрінетін оптикалық арнайы эффекттер пайдаланылған: алтыбұрышты призма арқылы түсіру және музыканттардың жүздерін дубляждау. Бірақ, айта кету керек, бүгінгі таңда да клиптердің барлығы осындай талғаммен түсірілген. Осы альбомға байланысты тағы да «You’re My Best Friend» және «Love Of My Life» әндеріне бейнеклиптер түсірілген, соңғысы гитараның сүйемелдеуімен орындалған концерттік нұсқа түрінде. Альбомды қолдау мақсатымен Queen АҚШ-та, Канадада, Жапонияда және өз елінде концерттер қояды. 1976 — «A Day at the Races» тағы да критиктердің ашу-ызасына тап болды. «Queen»-ді «A Night At The Opera» альбомын жеміссіз қайталау әрекеті үшін айыптады, және де алдыңғы альбомның ықпалы анық көрініп тұр. Брайан Мэйдің айтуы бойынша барлық әндер бір уақытта дайындалған, тек бір бөлігі 1975 жылы, бір бөлігі 1976 шықты. Қалай болғанда да, екі альбомның ұқсастығыны күмән тудырмайды, оның үстіне «A Day At The Races» британ чартында алғашқы орынға шықты, ол «Somebody To Love» Меркьюридің сүйікті әні болды. Одан бері «Tie Your Mother Down» концерттердің көпшілігінде орындалды. Және де «Somebody To Love» және «Good Old Fashioned Lover Boy» әндеріне бейнеклиптер түсірілді. Бұның бәрі бір жылдан кейін ауысқалы тұрған бағыттағы «жетпісінші». Одан басқа топ Гайд Паркта өте үлкен (170000 адам жиналған), тегін концерт қояды, Шотландия, АҚШ, Жапония, тіпті Аустралия елдеріне турнемен шығады. 1977 — «News of the World», шамасы, Queen тобының шығармашылығындағы «сексенінші» стильдің жаңа көріне бастаған күйтабағы, жаңа ән жалпы алғанда агрессивті, хард-рокқа жақын. Дегенмен кейбір келіссіздіктер орын алды — альбомның үшінші әнінің орны анық «Sheer Heart Attack» альбомында, ал «Sleeping On The Side Walk» әнін топтың біртумасына жатқызуға әсте болмайды. Бұл күйтабақ топқа «We Will Rock You» және «We Are The Champions» суперхиттарын әкелді, бірақ басқа жағынан альбом сәтті бола қойған жоқ: Британия үшінші, АҚШ-та төртінші. Топ концерттерімен Швецияға қайтады, Солтүстік Америка мен Еуропаға турлар жасайды. 1978 — «Jazz» — топтың ең жанжалды альбомы. Ол кей түрде «попса» үшін айыпталса, ең әжептәуір сын «Bicycle Race» клибіне айтылды. Порнографиялық делініп, АҚШ-та клипті қоюға тиым салынды. Топ рухтан ада болып жарияланып, ол тыңдармандарының бір бөлігінен айырылып қалды. Бұған «Fat Bottomed Girls» клибі де «көмектесті». Күйтабақта алғашқы тұрған «Mustafa» да түсініксіз қалды. Негізінде мәтіні араб тілінде жазылған, және back-vocal болып жүреді. Бұл туынды біріне бірі қарама-қайшы пікірлер тудыруда: бірі оны попсалы, билеу фонограммасы деп санаса, енді біреулері одан жасырынған терең сыр табады. Қай жақтың да бұл дауға деген қатысының артық екені көрініп тұр. «Let Me Entertain You» әні хэви-металға жақын, бірақ альбомға өте жақсы енгізіліп тұр. «Dreamers Ball» орынсыз көрінгенімен, өте әдемі. Күйтабақтың ең жақсы әні «Don’t Stop Me Now» — әннің авторы Фредди Меркьюри. Альбомның стильді мұқабасын шабыттаған суретті музыканттар Берлин қабырғасынан қалаға жасаған сапарында көрген. Сынға қарамастан, «Jazz» Британия да екінші орынға, АҚШ-та алтыншы орынға шықты. 1979 — «Live Killers» Queen тобының ең белгілі әндері кірген концерттік топтамасы жарық көрді. Музыканттар өздерін концертке арнағандықтан жаңа альбом шықпайды. Сол кезде Фредди, «The Game» альбомына кіретін «Crazy Little Thing Called Love» әнін алғаш рет сахнаға гитарамен шығып орындайды. Бірақ бір жылдан кейін тыңдармандар тіптен басқа, 80-ші жылдардың рок-музыкасының бетке ұстары болып әлі күнге шейін әлемдегі ең атышулы коллектив болып табылатын «Queen» тобын көреді. 1980-ші жылдар. 1980 жылдан бастап «Queen» шығармашылығында жаңа мерзім басталады. Алдағы 6 жыл ішінде топ өзінің өткен онжылдығынан тіпті өзгеше өзіндік стилін дамыта бастайды. Топ глэм-роктан жайлап шегінді, ал Меркьюри болса өзінің сол кезге дейінгі сахналық бейнесімен қоштасты: шашын қиды, мұрт қойды, трикода шығуын қойып, көпшілікке танымал кейпіне келді. 1980 — «The Game» альбомы шықты. Ол топтың шығармашылығында ғана емес, тіпті бүкіл рок-музыкада жаңа эра ашты. Фредди оны топтың ең үздік альбомы деп санады. Топ альбомға жаңадан синтезатор қосып, жаңа әуен қосты. Бұған дейін синтезаторлар стильге және дыбысқа келіспейтін аспап ретінде саналып келген, оны Брайанның «Red Special» гитарасы ерекше полифониялық дыбытарымен ауыстырып жүрген болатын. Бұл күйтабақтағы әндер барлық концерттерде ойналып жүрді, ал кейбірі топтың біртуарлар қатарына енді. Күйтабақтың алғашқы — «Play The Game» әні сәл ерекше клиппен жалғасты. Артқы көріністе ішінен музыканттар шыққан от жанып жатыр — бұл графиканың алған пайдаланылуы. «Play The Game»-нің концерттік нұсқасын Меркьюри рояльда ойнады. Диконның «Another One Bites the Dust» әні ерекше құрметке ие болды. Бұл біртуар шығарма топқа тән емес стильге жатқызылады. Оны диско-фанк деп атауға болады. «Another One Bites the Dust» — топтың ең үздік әндерінің бірі екені анық, ерекше бас ойналымы мен вокалмен жатталынып қалады. Фредди бұл әнді қатты сүйетін, әрі қарай альбом осы әннің есебімен жасалды. Ой өзін ақтады — «The Game» жай әндер топтамасы болмай, белгілі бір тақырыпта дамыды. Сол кездері топ Флэш Гордон фантастикалық фильміне әндер жазады. 1981 — «Greatest Hits» топтамасы жарық көреді. Дэвид Боуимен бірге «Under Pressure» әні жазылады, әзірге ол сингл түрінде шыққанымен Англия және тағы да бірқатар елдерде бірінші орындарға ие. 1982 жыл топ үшін ірі концерттік турнемен өтті: Queen Ұлыбританияда, Батыс Еуропада, АҚШ-та және Жапонияда 70-тен астам концерттер қойды. Басты хиті «Under Pressure» болған «Hot Space» альбомы шықты. Британия телевидениесі 2004 жылы жарық көретін «» концерті жайлы фильм түсіреді. 1983 — топ азғантай уақытқа өзінің жұмысын тоқтатып, музыканттар жеке жобаларына кірісіп кетеді. 1984 — «The Works» альбомы Ұлыбритания чарттарында екінші орынды иемденді. «Radio Ga Ga» әні 19 (!) мемлекеттің хит-парадында алғашқы орынды алды. Сол кезде «I Want To Break Free» әніне түсірілген клипте музыканттар әйел киімін киіп түскені үшін аса ірі сынға тап болды, бірақ Ұлттық Африка Конгресінің ресми әнұраны болуына кедергі болған жоқ. Топ «Golden Rose» фестиваліне қатысады, оны «Greatest Video Hits II» топтамасынан көруге болады. 1985 — «Queen» «Rock In Rio» фестиваліне қатысады. Кейініректе бұл қатысуы DVD-ге Токиода 11 мамырда ойналған концерттей шығады. 1985 жылдың 11 мамырында топ ірі масштабты, қайырымдылық «Live Aid» концертіне үлкен салтанатпен шығады. 20 жыл өткен соң бұл орындауды орындаушылардың ең үздік орындауы деп таниды. Бұл концерттен кейін Брайан Мэй сол кезде өзінің жұмысын үлкен мақтанышпен қарайтынын айтты. «„Queen“ — бүгінгі таңдағы әлемдегі ең үздік топ!» — деп гитарист мәлімдеді. 1986 — «Queen» Таушы фантастикалық фильміне саундтрек жазады да әндері келесі, жаңа «A Kind Of Magic» альбомына негіз болады. Альбом үлкен марапатқа ие болады, Queen әлемдегі ең танымал рок-топтардың біріне айналады. Музыканттар «Magic Tour» — Еуропада бірқатар концерттер ұйымдастырды. Ең ірі үш концерті (Лондон,Небуорт және Будапешт) 400000 адам жинаса, Мажарстанда қойған концерті батыс топтарының Шығыс Еуропа тарихындағы алғаш рет қоюы болды. Турдың өзі Еуропа бойынша миллион шамасында адам жинады. Ондай марапатты бірде-бір рок-топ немесе рок-әнші 60-жылдардағы битломания заманынан бері көрмеген еді. «Magic Tour» топтың ең соңғы туры болды. Осы жылдан бастап Фреддидің ауруы туралы қауесет жүре бастайды. Фредди өзінің сау келбетіне сілтеп, оны жоққа шығарады. 1989 — бұл жылды топтың «тоқсаныншы» жылдар шығармасына қою дұрыс болар еді. «The Miracle» альбомы өткен жұмыстардан өте өзгеше көрінеді. Фреддидің дауысы сәл өзгерген, ол мұртын алып, строго киіне бастайды. Альбоммен қатар бес сингл жарық көреді. Клиптердің жарық көруі Фреддің ауруы хақындағы қауесетті күшейтеді, бірақ топ мүшелері қауесеттің барлығын жоққа шығарады. «The Miracle» альбомының түсініксіз мұқабасы пікірталасқа Фреддидің аурунан түседі. Альбомның алғашқы әне болып бес минуттық «The Miracle» әні тұрады, бірақ, Queen тобының болашағы туралы «Scandal» әні ойландырады. 1990-шы жылдар. Тоқсаныншы жылдар топ үшін 1989 жылы «The Miracle» альбомынан басталды. Тіпті музыкадан алыс адам да Меркьюридің даусы соңғы екі альбомда өзгергенін байқай алады. Бәлкім, бұл аурудың болуы шығар, бірақ 1990 жылдың басында Фредди темекі тартуды өкпе ауруы басталып келе жатқандықтан тастап еді. 1990 — Топ туралы ешқандай мәлімет болмайды. Мүшелердің айтуы бойынша, «бәрі жақсы», бірақ топтың өмір салты мен сәнін бір мезгілде түбегейлі өзгертуі жанкүйерлердің таңданысы мен уайымын тудырады. «Queen» «Brit Awards» музыкалық сыйлығын алады да, бұл шығуы Фреддидің жұрт алдында соңғы шығуы болады. Ол тек: «Thank you, goodnight» — деді де, басқа ештеңе айтқан жоқ. Әлбетте, «The Show Must Go On» — «Queen» тобының ең үздік әндерінің бірі. Бірақ топтың тарихын білмей, Фреддиге бұл әнді жазу қандай күш-жігер қалағанын білу мүмкін емес. Меркьюридің дауысы ауруын байқатпайды. Жақындап келе жатқан өлімді біле тұра, осындай әнді айтудың өзін елестету қиын. Бұл Брайан Мэй жазған ән арнайы Фредди үшін арналғандай. Ажалының алдында Меркьюри қайтадан шығарылатын «Bohemian Rhapsody» әнінен түскен табысты түгелдей Теренс Хиггинс атындағы СПИД-пен күресу қайырымдылық қорына аударуды өсиет етті. Ол 1991 жылдың 24 қарашасында қайтыс болды. 1992 — 20 сәуірде лондонның Уэмбли стадионында, қалған топ мүшелерінің ұйымдастыруымен өткен Фредди Меркьюриді еске алу концерті өтті. Сол күні сахнаға Фреддидің дос санаған адамдары шықты: Джо Эллиот, Джордж Майкл, Аксель Роуз, Элтон Джон, Роберт Плант, Дэвид Боуи, Сил Сэмуэл, Роджер Дартлей, Эни Леннокс, Лайза Стэнсфилд және Меркьюридің сүйікті киножұлдызы Лайза Минелли. Бұл Фредди Меркьюриді еске алу концерті болса, анығында «Queen» тобымен қоштасу болды. 1995 — «Made in Heaven» («Сделано на небесах») атты топтың ең соңғы студиялық альбомы шықты. Альбом 1991 жылдың көктемінде Mountain студиясында сессиялық жазбалардан, Фреддидің жеке альбомында екі жаңартылған әндерден, Роджер Тейлор тобының бір әнінен және бұрындары жарық көрмеген әндерден жасақталды. Айта кететіні, «A Winter’s Tale» — Фреддидің шығарған соңғы әні болса, «Mother Love» әні оның ең соңғы жазбасы болды. Бүгінгі күні. Бүгінгі күн туралы Джон Дикон: «Жалғастырудың маңызы жоқ. Фреддиді ауыстыру мүмкін емес». 1995 жылдан кейін ол өзінің музыкалық мансабын тоқтатып, тек 1997 жылы ғана сахнада бір рет пайда болды. Дегенмен де, Брайан мен Роджер басқа орындаушылармен бірге орындауды жалғастырып жатыр. Меркьюридің өлімінен кейін концерттер мен жазбаларда Джордж Майкл, Робби Уильямс және Five тобы орындады. Бірақ, Пол Роджерс атты британ блюз-рогының өкілімен жасаған жұмыс өте жемісті болды. Жоба «Queen + Paul Rogers. Return of the Champions» деп аталады. Музыканттар гастрольды турнелермен шығып, «Queen» тобының дәстүрлі әндерін орындап, қалың көпшілікті күні бүгін де жинауда. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы (;) — 1948 ж. желтоқсанның 10-ында Бас Ассаммблеясы 217 А (III) жарғысымен қабылданған және жарияланған. Барлық адамдар тумысынан азат және қадір‐қасиеті мен кұқықтары тең болып дүниеге келеді. Адамдарға ақыл‐парасат, ар‐ождан берілген, сондықтан олар бір‐бірімен туыстық, бауырмалдық қарым‐қатынас жасаулары тиіс. Джон, Элтон. Джон, Элтон - атақты британ әншісі және композиторы. Шын аты Реджиналд Кеннет Дуайт. 650 миллион дискілерін сатқан. Ақ құйып шығару. Ақ құйып шығару (салт, ырым). «Үйге кірген жыланға да ақ құйып шығарады» (мәтел). Халқымыз ақты жерге төкпейді, аяққа баспайды. Ал кейде сол ақты жерге төгетін де ырымдар бар. Мысалы, қалың өрт келгенде алдына ақ шашады. Сол сияқты үйге жылан кіріп кетенде де оның басына ақ (сүт не айран) құйып, үйден шығарып барып өлтіреді. Мұндай әдет халықтың өз аулына немесе үйіне келген дос, дұшпанына да алдымен құрметпен қараудан шыққаны болуы керек. Ақ жол (ырым). деген өлең елге ауыздан ауызға тарап кетіпті. «Ақ жол» ырымы емнен гөрі әйелдің пәктігін сынауға арналған болу керек. Ақ үй аманат. Ақ үй аманат (салт). Қазақ тарихы мен аңыз әңгімелерінде «ақ үй аманат» берген екен деген сөз жиі кездеседі. XVI-XVII ғасырлардағы жаугершілік замандарда екі жақ мәміліге келіп, іс бітімгершілікпен аяқталғанда осы салт сол үлкен жұмыстардың айғағы ретінде жүрген. Мұндайда негізінен кінәлі жақ өзінің жеңілгендігін мойындап бар сән-салтанат, дүние жиһазымен ақ орда яғни «ақ үй аманат» әкеліп тапсырады. Бұл тек жеңілу ғана емес, сол елді мойындаудың, бұдан былай тату көршіліктің (елдіктің) кепілі ретіндегі орны бөлек құжат әрі сый-сияпат десе де болады. «Ақ үй аманат» негізінен көшпелі елдің әсіресе түркі халықтарының арасында жиі болған. Бұл туралы ғалымдар Ш.Уәлихановтың, Ә.Марғұланның еңбектерінде жазылған. Мұндай жағдай өткен ғасырларда қазақ даласында жиі болып отырған. Мысалы: жоңғар-қазақ соғыстарында, қытай-қазақ шапқыншылығында, Хиуа хандығы мен қазақ хандығы арасында қақтығыстар да елшілер «ақ үй аманат» тапсырып бітім мен келісімге келген кездер көп болған. Мұндай жағдайдың басында мемлекет ішінде беделді би, батырлар мен шешендер, атақты ақсақалдар мен хандардың өздері де жүрген. «Ақ үй аманат» - ант, серт пен келісімнің, татулықтың айғағы. Оны бұзған ел басқа халықтар алдында үлкен кінәлі деп сыналған және одан сырт айналған. Ақтық. Ақтық (дәстүр, ырым). «Омбыдан тағып қайтқан ақтығыңды ақтағалы тұрсың ба?» деп оған ауыр сөз айтады. (Е.Саққұлақұлы). Тыңшылық жасап өсек –аяң жеткізгені, біреуді сүріндіру, ұтыстыру үшін немесе жағымсыз жасырын қызметі үшін берілетін сыйлықты «ақтық» деп атайды. Ел арасындағы жаман әдетке ертеде тыйым салынған. Анықталғандар айып төлеген. «Ақтық» берушілер де жазаға ұшыраған. Ал негізінде «ақтық» деген інгенін қайытқаны үшін бураның немесе биесіне шаптырғаны үшін айғырдың иесіне жасырын берілетін құны төмен кәде. Ант (ғұрып). Ант, серт, уәде - халқымыздағы сенім кепілінің көрінісі. Ант жаудан өш алу, ел аралық уәде, келісім, адалдықтан айнымау сияқты маңызы жоғары жағдайларда ғана айтылады. «Уа айтылған ант, серттескен, уәде, алысқан қол қайда?!» деген жерде еш адам анттан аттап кете алмаған. Ел ішінде ант бұзған адамды «ант атқан» деп жек көреді. Ант – адалдық сөзі. Бірақ «адал болсаң да ант ішпе» дейді қазақ. Шөгінді. Шөгінді — бұрыннан келген тау жынысынан, биогендік көздерден пайда болып немесе химиялық үдерістерінің нәтижесінде шөгініп, Жер бетіне немесе Жер бетінің жанында бөлінген материал. Шөгіну бассейні. Шөгіну бассейні — шөгінділердің таза жинақталуына жол беретін Жер қабығының төмендеп бара жатқан аумағы. Шөгінді тану. Шөгінді тану (седиментология) — шөгінділерді, шөгіну үдерістерін және шөгінді тау жыныстарын зерттейтін, баламалайтын және сыныптайтын ғылым. Тау жынысы. Тау жынысы — минералдардың немесе органикалық заттың қатқан немесе қатпаған жиынтығы. Тау жыныстың осы үш түрі бір-бірінен дәндерінің арасындағы қарым-қатынасымен (текстурасымен) ерекшеленеді. Барлық атпалы тау жыныстар байланыспалы текстурасын көрсететін минералдардың жиынтығымен ерекшеленеді. Алтынайұлы, Қарасай. Алтынайұлы Қарасай (1598-1671) — қазақтың қаһарман батыры, әйгiлi қолбасшысы, есiмi Шапырашты руының ұранына шыққан аса көрнектi тарихи тұлға. Қарасай батыр Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Суықтөбе тауының етегiнде Қарасаз деген жерде дүниеге келiп, Арқа жерiнде Көкшетау үшiн болған қанды шайқаста ауыр жараланып дүние салған. Топырақ Көкшетау алабындағы айыртау сiлемiнiң Құлшынбай деп аталатын төбесiнен бұйырған. Қасына өзiнiң қанды көйлек досы арғын Ағынтай батыр жерленген. Қос арыс-шапырашты Қарасай батыр мен арғын Ағынтай батырға және олармен бiрге қанды шайқаста қаза болған сарбаздарға қос күмбездi кесене орнатылған (1999). Қарасай батырдың шыққан тегi ұлы жүз Шапырашты. Шежiре дерегi бойынша, Шапырашты Шам (Ыстық), одан Малды, Желдi, Қалды есiмдi үш ұл туады. Малдыдан Екей, Емiл есiмдi екi ұл туған. Емiлден Жайық пен Есқожа туған. Есқожадан Алысай, Алтынай, Шуаш есiмдi үш ұл туған. Алтынайдың үшiншi әйелiнен Қарасай батыр туған. Сөз орайында айта кеткен жөн, Қазақстан Республикасының тұңғыш президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев осы Қарасай батырдың тiкелей ұрпағы болып келедi. Атап айтқанда, Қарасайдан Көшек, одан Айдыр, одан Мырзатай, одан Кенбаба, одан Едiл, одан Сапақай, одан Назарбай, одан Әбiш, одан Нұрсұлтан туады. Қарасай батырдың өмiр сүрiп, ғұмыр кешкен заманы қазақ жоңғар арасында екi ғасырға созылған қанқасап соғыстың ендi тұтанып, ендi шиеленiсiп, бiрте-бiрте екi көшпелi елдiң тактикасы мен стратегиясының сынға түсе бастаған кезi едi. Бұл кезде қазақ халқының дербес ел болып, iрге бекiтiп, бiртұтас этникалық сана-сезiмнiң орныққанына екi ғасырдың жүзi болған. Содан да болар, қазақ-жоңғар арасындағы өрт тұтанған кезде елi мен жерiн қорғау үшiн алғаш рет таққа қонып, елдiң шетiне, желдiң өтiне, жаудың бетiне шығып, ерлiк көрсеткен батырлардың сапында Қарасай Алтынай ұлы да болды. Қазақ-жоңғар соғысы XVI ғасырдың өзiнде-ақ шиеленiскенi жөнiнде тарихшы В.В.Вельяминов-Зернов жазады. Ал, ағылшын көпесi А.Дженкинсон 1557 жылы Қытайға бармақшы болып жолға шыққан, бiрақ қазақ-жонғар арасында Ташкент үшiн қырғын соғыс болып жатқандықтан Қытайға өте алмағанын жазып қалдырған. Демек, Қарасай батыр ат жалын тартып мiнiп, сарбаздар сапына тұрған кезде көшпелi екi ел арасындағы соғыс тәсiлдерi, қорғаныс әдiстерi әбден шыңдалып, өлiспей берiспейтiндей шиеленiсiп үлгерген. Мiне, бұл тұрғыдан келгенде, қазақ халқының ұлттық потриотизмiн, ерлiк дәстүрiн алғаш рет қалыптастыру, орнықтыру миссиясы Қарасай қатарлы батырлардың пешенесiне жазылған. Жетiсуда туған Қарасай батырға Арқаның Айыртауынан топырақ бұйыруы, Қызылжарда туған Баян батырының соңғы демiнiң Iле бойында таусылуы, Едiл бойында туған тама Қабанбай батырдың Арқадағы Сарысу бойындағы шайқаста қаза табуы, Ерейментаудың Малайсарысының Алатау бөктерiнде дүние салуы, сөзжоқ, Ұлттық-этникалық бiртұтастықтың, мемлекеттiктiң әбден орныққандығының, сол мемлекет аясындағы ата мекеннiң азаматтар санасында бiртұтас киелi сипат алғандығының ең бедерлi айғағы едi. Осындайда қазақ халқының кейiнгi ғасырларда бастан кешкен жойдасыз азапты өмiрiнде отаншылдық сияқты ең киелi сезiмдерiнiң шайылмауының басты себебi, сол бiр Қарасайлар заманында орныққан эпикалық ерлiктер мен потриотизмнiң негiзi берiктiгiнен де болар деген қорытындыға тоқтауға тура келедi. Қарасай батырдың заманы — қалмақ-ойрат хандары Қара-Құла мен Батырдың, қазақ хандары Есiм мен Жәңгiрдiң дәурен сүрген кезi едi. Бұл хандар өз тұсында Еуразия қос құрлығының ахуалына ықпал етiп, шығысында Қытай мен Үндiнiң, батысында Орыс пен Кавказ елдерiнiң, оңтүстiгiнде араб-иран жұрттарының назарын аудартып, көңiлдерiн бөлдiрткен. Жонғарияда шор әулетiнен шыққан Қара-Құла алғаш рет бiртұтас өкiмет билiгiнiң нiгiзiн қалап, лама дiнiнiң орнығуына ықпал етсе, оның баласы Батыр хунтайшы Жонғар хандығының бiртұтастығын жариялады. Ал, қазақтың Есiм ханының тұсында қазақ халқы өзiнiң осы күнгi мекен-тұрағын негiзiнен орнықтырып үлгердi. Тек мекен тұрақ қана емес, елдiк жөн-жоралғылар, билiк заң үрдiстерi, көш-қонның жол-жобалары, ру-тайпаның қоныс жайлаулары бiртұтас елдiк қалпымен осы кезде сараланды. Қазақтың қалмақ басқыншылығына қарсы табанды шайқастарының бiрi Ыстық көл үшiн болған. Бұл соғыста әскердi Есiм ханның өзi бастады. Жоңғар-қалмақ тегеурiнiнiң өршiп бара жатқанын терең сезiнген Есiм хан Бұхарадағы, Турфандағы, Қашғардағы, Қырғыздағы ел-жұртпен тiл табысуда айрықша икемдiлiк көрсеттi. Ташкент қаласында қырғыздың Көкiм биiнiң құрметiне әйдiңгер күмбез соқтырды. Есiм хан өз iнiсi Күшiк сұлтанның қызын Турфан билеушiсi Абд ар-Рахимге берiп, өзi оның қызына үйлендi. Сөйтiп, жоңғар-қалмақ шабуылына алаңсыз қарсы тұруға жағдай жасай бiлдi.(Шах Махмуд Чарос. Хроника. М., 1976, 252-бет.) Тек сыртқы саясатта ғана емес, елдiң iшкi жағдайында да Есiм хан орнықтырған жөн-жоралғылар, тәртiп-талғамдар аз емес. Түптеп келгенде, «Есiм салған ескi жол»деген сөздiң мәнi де Есiм ханның тұсында жасалған далалық заңдарға байланысты айтылған. Қоныс-тұраққа, мал-мүлiкке, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа қатысты туындайтын дау-шардың шешiмдерi осы кезде сараланды. Мұның өзi кейiн Тәукенiң әйгiлi «Жетi жарғысына» негiз болып, қазақ халқының мәдени рухани және салт-дәстүр қалыптарының төлтумалығын шыңдай түсуге ықпал еттi. Жалпы көшпелiлер мемлекетiнiң хандары сияқты, Есiм хан да тақ үстi мен ат үстiнде бiрдей танылған бiртуар тұлға. Оны халқының «Еңсегей бойлы ер есiм» деп марапаттайтыны да содан. Есiм хан дүние салған соң қазақ хандығының тағына Жәңгiр хан (1645-1652) отырды.Халық оны ел үшiн еңiреп тұған ерлiгiне бола «Салқам Жәңгiр» деп атаған. Хан ордасын Түркiстан қаласында ұстау Жәңгiр хан тұсында бастылды. Әрине, Есiм мен Жәңгiр сияқты ақылды хандардың арман аңсары Қарасай сияқты бiртуар батырларға, ру-тайпа көсемдерiне тiкелей арқа сүйеу арқылы жүзеге асып отарды. Жалпы XVII ғасыр аясында, яғни Қарасай батырдың ат үстiнде болған кемел шағында қазақ-жонғар арасында әйгiлi үш сағыстың болғаны тарихта аян. Мұның бiрiншiсi-1635 жылы болған Сiбiр-Тобыл соғысы. Бұл соғыс туралы И.Э.Фишер «Сiбiр тарихы» атты еңбегiнде жазған. Тарихи деректерде осы кезеңде жалайыр, шапырашты руларының Тобыл бойында болғаны айтылады. Сiбiр-Тобыл соғысына Қарасай батырдың қатысқаны ешқандай күмән келтiрмейдi. Келiп едi о баста жердi ластап, - деп суреттейтiнi Қарасай батырдың осы соғыстағы ерлiгiне орай айтылған. XVII ғасырдың аясында қазақ-жонғар арасында болған сұрапыл соғыстың үшiншiсi- 1652 жылы өткен. Бұл соғыста Жәңгiр ханды жекпе-жекте 17 жасар Қалдан Серен өлтiрдi. Осындайды «тарихтың тәлкегi» деуден гөрi, «тарихтың заңдылығы» деуге болатын бiр гәп еске түседi, сол Қалдан Сереннiң баласы Шарышты Аңырақай шайқасында 17 жасар Абылай сұлтан (ол езде хан емес) жекпе-жекте өлтiредi. 1652 жылғы соғыста Қарасай батыр жалпы қазақ әскерлерi қолбасшыларының бiрi ретiнде ақыл парасатымен, тапқырлық-табандылығымен танылған. Сахара төсiнiң ежелден қалыптасқан тәртiбi бойынша ел бастаған көсем мен қол бастаған батырлардың есiмi әдетте ру-тайпа атауына ұласып, ұранға шығып отырған. Ондай iрi тұлғаларға жер атын беру рәсiмi қалыптасқан. Бұл ретте Қарасай батыр есiмiнiң ру атауына ұласып, ұранға шығуы, бiрнеше жер атауларының берiлуi, ең алдымен, iргелi рудың қам-қаракетiн елдiк мұрат-мүддесiмен тоғыстыра бiлген қайраткер -қолбасшылығына айғақ болса керек. Белгiлi зерттеушi П.П.Румянцевтiң жетiсу тарихы мен шаруашылығына арналған кiтабы 1913 жылы Петербургте жарық көрдi. «Материалы Семиреченской облости» деп аталатын осы кiтапта былай деп жазылған: «Батыс Кәстек өңiрiнiң жұрты шапырашты руынан шыққан Қарасай батырдың ұрпақтарын құрайды. Қазiр Қарасай руы Ақмола облысының жерiн қоныс етедi. Қарасайдың бейiтi Көкшетау уезiнiң Айыртау деп аталатын өңiрiнде» — дейдi. Қазақ халқаның тарихи тұлғаларына деген марапат-құрметiнiң соншалықты баянды екенi қайран қалдырады. Өлетiн малмен, тозатын дүниемен алдартқатпайды, елiне лайық ер туса, олардың есiмiн тұтас ру мен киелi туған жерге бұйыртып отырған. Онысы жерiмiз бүтiн, елiмiз аман болса, бiртуар ерлердiң де есiмi ұмыт болмайды дегенi болу керек. Қазақ халқының мұндай мәртебеге лайық перзентi Қарасай батыр екенiн тарихтың өзi дәлелдеп отыр. Монро, Мерилин. Монро, Мерилин (1926—1962) — АҚШ-тың ұлы актрисаларының бірі. Өзінің көптеген фильмдердерде түскенімен және Американың ең әдемі әйел болуымен белгілі. Джон Кеннедидің көңілдесі болған деп есептеледі. The Beatles. __NOTITLECONVERT__ The Beatles (қаз. Битлз) — Ливерпул (Англия) қаласында 1960 жылында құрылған ағылшын рок тобы болған. Музыка тариһында ең сәтті әрі сыншылардың тарапынан ең қадірленген топтардың бірі. 1962 жылынан бастап Битлз құрамына Джон Леннон (гитара, ән), Пол Маккартни (бас-гитара, ән), Джордж Хэррисон (соло-гитара, ән) және Ринго Стар (соқпалы аспап, ән) кірген. Скифл және рок'н'ролл-дан бастап, олар кейін әр түрлі жанрлардан сынап көрген. Битлз тобының атағы мен мәртебесі "Битломания" феномені ретінде жаппай еліктенді. Топтың тіршілік кезінде мүшелері өлен шығару қабілеттерін өте жоғары деңгейіне дамыған. Битлз тобының ықпалы бүкіл әлемде әрі Совет үкімет кезіндегі Қазақстанымызда да байқалды. Алғашқы кезеңдер. Топтың тарихы 1950 жылдардың ортасынан, рокнроллдың гүрлей бастаған кезеңінен басталады. Джон Леннон 1956 жылы алғаш естіген Элвис Преслидің «Heartbreak Hotel» әні оның өмірін түбегейлі өзгертеді. Сол кездерде ол гитара тартуды үйреніп достарымен бірге Куорримен тобын құрады. Олар тедди-бойларға ұқсап скиффлді ойнайды. 1957 жылдың жазында ол алғаш концерттердің бірінде Пол Маккартнимен танысады, Пол оны гитара тарту өнерімен және әндердің сөзін білгенімен таңдандырады. 1958 жылдың оларға Полдың досы Джордж Харрисон қосылады. Уақыт өте келе олар болашақтағы Битлз тобының негізі болады, ал қалған топ мүшелері топтан кетеді. Куорримен әр түрлі кештерде, тойларда ойнағанмен нағыз концерттер мен жазуларға мүмкіндік болмайды (дегенмен, 1958 жылы олар қызық үшін өз ақшаларына күйтабаққа екі ән жазып қарайды); бірнеше рет топ тарайды. Леннон мен Маккартни әнді Бадди Холли мен Эдди Кокран сияқты бірге жаза бастайды, сонымен қатар олар өздерінің әндеріне екіжақты ауторлық беру туралы шешім қабылдайды. 1959 жылдың аяғында топқа Стюарт Сатклифф атты жаңа бастап жүрген суретші кіреді, Леннон оны өзінің арт-колледжінен танитын. Сатклиффтің ойнағаны кереметтігімен ерекшеленбеген болатын, әрине, талапқойғыш Маккартниге бұл ұнамайды. Осы құраммен топ жинақталып қалған, тек соқпашының жетіспеушілігі оларға кедергі болды. Аты. Сол кездері топ Ливерпульдің концерттік-клубтық өміріне аяқ басады. Түрлі сайыстарға қатысады, бірақ топтың жолы болмайды. Сол кездері топтың аты бірнеше рет ауысады. Алғашындағы Куорримен аты оларға енді қатысы болмайды. 1959 жылдың желтоқсанында топ жергілікті телевизиондық сайыста «Johnny and the Moondogs» атымен шықты, бірақ кейін де бірнеше рет өзгерген болатын. «The Beatles» аты 1960 жылдың сәуірінде пайда болды, бірақ оның ауторы кім екені жөнінде текетірес әлі күнге шейін жүріп жатыр. Топ мүшелерің еске алуы бойынша неологизм ауторлары Леннон мен Маккартни, олар әр түрлі мағынаны беретін бір сөз іздеген болатын. Мысал ретінде Бадди Холлидің The Crickets («шегірткелер», ағылшын тіліндегі тағы бір баламасы бар, ол «крикет» ойыны). Леннон айтуы бойынша ол ат оған түсінде келген: «ұшып жүрген бәліштегі баланы көрдім, ол „beetles болсын“ деді». Бірақ жай ғана Beetles («қоңыздар») сөзінің басқа мағынасы болмағандықтан оның үшінші әрпін ауыстыра салып әлемге топтың жаңа атын әкеледі. «Вeat» — бит-музыка дегенді білдіреді. Топтың промоутерлері топтың атын қысқа әрі көріне қоймайтын деп сынағандықтан алғашқы кезеңдерде топтың атын «Long John and The Silver Beetles» деп қойып жүрді. Топқа деген сұраныс көбейе берді, олар көбіне пабтар мен кішкене клубтарда шыға бастайды. 1960 жылдың сәуірінде Джонни Джентлге көмектескіш топ ретінде алғаш Шотландияға кішігірім әнсаяхат жасайды. Олардың шеберлігі өсе берді, бірақ көпшілікке белгісіз топ болып қала берді. Гамбург (1960—1962). 1960 жылдың жазында The Beatles Гамбург қаласында ойнауға шақырылды, ол жердегі клубтардың иелері шын ағылшынның рок-н-ролл ансамбльдарына қызығушылық тудыратын; Гамбургте бұрында да Ливерпуль қаласының топтарының ойнауының септігі тиді. Бірақ, бұл жағдай оларды жедел түрде келісім-шартқа сәйкес кәсіби соқпалы аспапшыны іздетті. Осылайша, топқа Касба клубында ойнайтын The Blackjacks атты ливерпульдік рок-топтың соқпашысы Пит Бест келді. 16 тамыз күні The Beatles Англиядан кетті, келесі күні-ақ олар гамбургтік Indra клубында алғашқы концертін қойды, бұл жерде топ қазан айына дейін ойнайды. Қазан айынан қараша айының соңына шейін The Beatles «Kaiserkeller» клубында ойнады. Қойылым кестесі өте қатты болды: әдетте, 12 сағат бойына клубта бір сағат бойы бір топ, келесі сағатта - келесі топ ойнады. Топ мүшелері кинотеатрдың ғимаратындағы тар бөлмеде тұрды. Сахнада музыканттар көптеген материалдарды ойнау керек болды, сондықтан, рок-н-роллдан басқа блюз, ритм-энд-блюз, халық әндерін, ескі эстрадалық және джаз номерлерін рок-н-роллға ыңғайлап ойнады. Кейде кәдімгі әндер рок-н-роллға келтіріле жарты сағат ойналатын; мұнымен қатар, топтың байқағаны, немістерге дауысы жоғары және агрессивті музыка ұнайтын. Битлз өз әндерін ойнаған жоқ, себебі, өздерінің айтуы бойынша - сол кездегі ортада келісті материалдар көп болатын. Осындай күн сайынғы жұмыс пен кез-келген жанрда ойнау қабілеті олардың Қазақ-түрік лицейлері. Қазақ-түрік лицейлері — Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі бекіткен оқу жоспары бойынша білім беріледі. Қазақ-түрік лицейлерінің маңызды ерекшеліктерінің бірі — шет тілдерін оқытуда басымдылық пен ерекше талап қоюуы. Сондықтан да оқытуда әлемде озық деп танылған әдістермен бірге, түрлі әдебиеттер, таспалар, дискеттер, компакт-дисктер, карточкалар, көрнекті құралдар мен басқа да оқу материалдары пайдаланылады. Орыс тілінде білім беретін мектептерді бітіріп келген оқушылар үшін оқулық, аудиотаспалар және мұғалім мен оқушыға арналған кітаптардан тұратын арнайы әдістемелік комплекс жасалған. Оқулықтар мен оқу құралдарының мазмұны әлемдік стандарттарқа сай. Олар тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар көптеген елдерде жетістіктерге қол жеткізген. Оқушыларға жаңа құралдар, оқу-әдістемелік құралдары, таспалар, дискеттер, CD, макеттер және басқалар берілген. Лицейлерде ғылыми-көпшілік және көркем әдебиет кітаптардың үлкен қоры бар кітапханалар қызмет көрсетеді. Қазақ-түрік лицейлерінің негізін түрлі зерттеулер мен тәжірибелер өткізу арқылы жаңа нәрселер үйренуге мүмкіндік беретін зертханалар құрайды. Қазақ-түрік лицейдерінде сабақтан тыс уақытта түрлі шаралар ұйымдастыратын тәрбие және психологиялық кеңес орталықтары құрылған. Орталықтар оқушылардың даму барысын қадағалайды, тәрбие және тұлғаның жан-жақты қалыптасуы бойынша кеңес береді. Оқушылардың әлеуметтік және мәдени дамуы үшін конференциялар, семинарлар, республика бойынша және шетелге туристік сапарлар, дискуссиялар, көрмелер, театрлар, мұражайлар және кинотеатрларға қыдыру шаралары ұйымдастырылады. Оқушылардың ақыл-өрісі мен моральдық тұрғыдан дамуымен бірге дене шынықтыруына да үлкен көңіл бөлінеді. Қазақ-түрік лицейлері жеткіншектердің қабілеттері мен бейімділіктерін анықтап, оларды жетілдіру үшін шынайы мүмкіндіктер туғызады. Лицейлердің шаңырағы астында сан-алуан спорт секциялары мен әдебиет, музыка, бейнелеу, ғылыми-практикалық және басқа да үйірмелер қызмет көрсетеді. Бұндай үйірмелердің көмегімен оқушылардың бейімділіктері мен талпыныстары артады, сондай-ақ қоғамдық өмірге дайындық үрдісі жылдам қалыптасады. Осы шаралар негізінде лицей оқушылары әлеуметтік және мәдени тұрғыдан дамыған және өздеріне сенімді тұлға болып өсе алады. Дарынды және қабілетті жастарды жетілдіру мақсатымен барлық қазақ-түрік лицейлерінде олимпиадаларға дайындық жұмыстары жүргізіледі. Халықаралық олимпиадалар туралы мәліметтер тиянақты түрде сарапталады, оқушылар барлық қажетті оқу және ғылыми материалдармен қамтамасыз етіледі. Жыл сайын лицейлер арасында негізгі пәндер бойынша олимпиадалар өткізіледі. Жыл өткен сайын оқушылар облыстық, республикалық және халықаралық пән бойынша білім олимпиадаларының жеңімпаздары болуда. Төмендегі таблицада қазақ-түрік лицейлері оқушыларының халықаралық және республикалық білім олимпиадаларында қол жеткізген жетістіктері көрсетілген. 1 2 3 4 1 2 3 4 1995-1996 4 1 3 1 9 1 3 4 1996-1997 3 9 7 2 21 4 10 3 1 18 1997-1998 1 3 2 7 13 13 11 26 9 59 1998-1999 11 4 15 10 15 12 8 45 1999-2000 1 4 6 2 13 11 19 12 12 54 2000-2001 4 1 2 7 5 17 12 3 37 2001-2002 1 7 10 18 12 13 21 46 2002-2003 5 8 13 11 20 36 67 2003-2004 6 8 1 15 11 26 34 71 Барлығы 21 48 69 22 163 77 117 158 401 Түлектеріміздің жоғарғы оқу орындарына түсулері үшін оқу жылы бойынша қабылдау емтихандарына дайындық ретінде қосымша сабақтар жүргізіледі. Оқушылардың қызығушылықтары бойынша мамандық таңдауларына көмектеседі. Ол үшін сауалнамалар, семинарлар ұйымдастырылады және жоғарғы оқу орындары туралы кітапшалар ұсынылады. Жыл сайын қазақ-түрік лицейлері түлектерінің 97 пайызы мемлекеттік гранттер мен несиелердің, сондай-ақ шетелдік жоғарғы оқу орындарының стипендияларының иегері болуда. Қазақстанның алдыңғы қатарлы білім ордаларымен бірге, біздің түлектеріміз Түркияның, Еуропаның және Американың танымал университеттерінде оқып, өз елі мен қазақ-түрік лицейлерінің мақтанышына айналуда. Олимпиадалардағы жетістіктер. Қазақ-түрік лицейлерінің оқушылары бірнеше жылдан бері облыстық, республикалық және халықаралық пән олимпиадаларының жүлделі орындарына ие болуда. Жоғары оқу орындарына түсу. Қазақ-түрік лицейлері 1996 жылы алғашқы түлектерін ұядан ұшырды. Сол жылдан бастап осы күнге дейін лицей түлектерінің жоғары оқу орындарына түсу пайызы едәуір жоғары. Біздің түлектеріміз Қазақстан, Түркия, Еуропа мен Американың бетке ұстар университеттерінде оқып жүр. .kz. __NOTC__ -- — Интернет жоғары деңгейлі үйшігінің Қазақстанға арналған ел белгілемесі (--) 1994 ж. қыркүйектің 19-ында енгізілген. Екінші деңгейлі үйшіктерді тіркегенде DNS-сервердің ең кемінде екеуі Қазақстанның аумағында болуы қажет. Найман. Найман - қазақ халқының құрамындағы байырғы тайпа,көне жұрттардың бірі. Тарихы. Найман туралы деректер оны әуелде Хинганнан Қарпатқа дейін созылып жатқан Ұлы Даланың Ертіс пен Орхон өзендері аралығында ежелден көшіп жүрген тайпалар қатарында таниды. Ол – сонау жыл санауымызға дейінгі екінші ғасырлардан бастап дәуірлеп, Орта Азиядан Сары өзенге дейінгі байтақ аймақты жайлаған Хунну (ғұн) ұлысының, біздің жыл санауымыздың бастапқы ғасырларында қытай жазбаларында «теле» деген атпен әйгеленген байырғы киіз туырлықты қандас тайпалар қауымдастығының кесек бір сынығы. Әбілғазы жазуынша: «Наймандар – көне жұрттардың бірі, малы мен басы көп өскен халық». Бұл ел VI-VII ғасырлардағы айбынды Түрік қағанаты заманында дүниеге келген ата жазуымызда Моңғолиядағы қазақ ғалымы әрі қайраткері Қ.Сартқожаұлының дәлелдеуінше, «Байырқу», «сегіз оғұз» тайпасы түрінде көрініс береді. Бірсыпыра ғалымдардың дәлелдеуінше, «оғұз» сөзінің көне Түрк тіліндегі бір мағынасы тайпа дегенге келеді. («оқ» - тайпа, «з» - жиынтық сан есім). Ал «найман» моңғолша сегіз деген сөз. Сегіз оғұз жұртын әуелі «найман аймақ» («сегіз тайпа») деп Х ғасырда моңғол тілдес қидандар атай бастаған екен. Кейіннен моңғол империясының дүниеге келіп дәуірлеуі, бұл сөздің негізгі атау орнында қолданыла бастауына одан әрі жағдай жасаған еді. Зерттеушілер бұл тайпа Х ғасырдан «найман» деп атала бастаса да, ХІІІ ғасырға дейінгі бұрынғы «сегіз» аты да қосарлана байқалып келгенін де ортаға тартады. Кезінде Жапон теңізінен Шығыс Түркістанға дейінгі байтақ өңірді қоластына бағындырып, наймандарға да біраз уақыт билік жүргізген Лияу әулетінің (Ұлы Қидан мемлекеті тарихы туралы жазылған жылнамаларда (Х ғасыр) наймандар батысында (Ертістен ары) қанлы, қыпшақ, шығысында (Орхон, Тола және Оңғын өзенлерінің алқабы) керей, меркіт, теріскейінде (Селеңгеннің салалары) қырғыз, оңтүстігінде ұйғыр, таңғұттармен шекаралас, қоңсылас болғаны айтылады. Рәшид-ә-диннің «Жылнамалар жинағы» мен «Моңғолдың құпия шежіресінің» көрсетуінше, Арғұн өзенінің Хайлар деп аталатын саласы мен Халқын гол өзені алқабында қоңыраттар мекендеді. Екінші мыңжылдықтың бас кезінде осы қоңыраттардан батысқа қарай Керей, Меркіт жеріне дейінгі аралықта (Онон, Керуленөзендерінің алқабы) хунну, дунхулардың бір сынығы болып табылатын түрк-моңғол жұрттары да қанатын жайып өсіп жатты. Ол тайпаларға өздерімен іргелес, кейіннен моңғол тілі деп ен тағылған тілде сөйлейтін Қидан (осы сөзден «қытай» атауы шыққан) мемлекетінің үстемдігі мен ықпал-әсері тым етене байқалатын. Түрк тайпаларының қақ ортасында жатқан осы жұрттардың соңыра моңғол тілді атанып кетуінің де бір себебі – түп-тегі Ішкі Моңғолиядан шыққан сол қидандардың жегі құрттай дендеп кеткен жойқын ассимиляйиясына тығыз қатысы бар болуы да ғажап емес. (Мұндай мысалды алыстан іздеудің қажеті де жоқ. Орыс тілі шыңдап ене бастаған жарты ғасыр ішінде, қазақтың жартысына жуығының орыс тілді болып шыға келгені көз алдымызда ғой). ХІІ ғасырдың басында Ұлы Қидан (Лияу(мемлекеті ыдырап, қидандардың біраз бөлігі Жетісу мен Орта Азияға өтіп, Қарақытай мемлекетін құрғаны белгілі (1140-1213). Олар кейінірек жергілікті халықтарға сіңісіп кетті. Ал сол ғасырдың соңына таман Онон, Керулен алқабын жайлаған тайпалардың арасынан Темүжин сынды жас көсем бастаған қият тайпасы лау етіп көтнріліп, «тарыдай шашыраған моңғолдың басын қосып», аз уақытта-ақ маңындағы елді ұйыстыра алған моңғол мемлекетіне айналды. Моңғолиялық қазақ ғалымы И.Қабышұлы Темүжинге Шыңғыс (Жеңіс, Жеңгіз) деген есімді еншілеген сол кездегі керейлердің ханы Торы (Торғыл(екенін айтады. (Торыны оған қытайлар берген «Уаң» яки, бір елдің әміршісі лауазымы бойынша Уаң хан деп те атайды. Өзі үлкен бір елдің билеушісі, әрі әкесі Есукейдің андасы болғаннан кейін Торы бұл есімді «жақсы тілек», жарым ырыс» қылып айтса айтқан шығар. Алайда Шыңғыс хан шапқан сайын төске өрлеп, маңайындағы Татар (тата, тетан) мен Қоңыратты қоластына бағындырып алғаннан кейін, Керей елінің өзіне ауыз салды. Әкесіндей болған Торыны (Уаң ханды) туған жерінен безіндіріп, ақыры ол найман қарауылдарының қолынан кездейсоқ қаза тапты. Ал ауқатты Найман мемлекетінің Шыңғыс ханмен шайқастары тарихи жылнамаларда жан-жақты жазылып қалған бір хикая. Темүжиннің әкесі Есүкей батырдың тұсында Найманелін Инанығ Білгі қаған билеген еді. «Инанығ» - сенімді, «білгі» - білгір, кемеңгер деген сөз. Сол Инанығ білгінің заманында наймандар Қидан мемлекетінің (қарақытайлардың) қармағынан құтылып, бостандығын алады. Ол өлгеннен кейін Найман ұлысы екі баласы байбұқа (қосалқы аты – Тай, Таян. Қидандар оған Дауаң) «үлкен әмірші» (деген атақ берген, сол сөз келе-келе Таянға айналған) мен бүйректің таласына түседі. Ақыры ағайынды екеу арасындағы араздық ұлысты екіге бөліп тынады. Тай хан үлкені болғандықтан, әкесінің орнында жазық аймақты, Бүйрек таулы өңірді мекендейді. Наймандар мен шыңғыс хан әскерінің алғашқы шайқасы 1199 жылы Алтай өңіріндегі Үліңгір көлінің маңында өткен еді. Онда Шыңғыс керей ханы Торының шақыруымен одақтас ретінде көмекке келген. Сол жолы Бүйрек хан ойсырай жеңіліп, өзі Енесай қырғыздарына қашып құтылады. Арада үш жыл өтпей жатып, олар тағы да шайқас даласында бас қосқан. Бірақ бұл жолы да Шыңғыс хан мен Уаң ханның тізе қоса қимылдауы Бүйрек ханның ойсырай жеңілуіне мәжбүр етті. Ол басын әзер сауғалап, тағы да қашып құтылды. Бұдан кейін Шыңғыс ханның керейлермен жауласып, Торы ханның (Уаң ханның) түбіне жеткенін жаңа айттық. Оны өлтірген Бүйрік ханның ағасы Тай ханның жасауылдары болатын. Сол хабарға көзі анық жеткен Тай бойын ашу-ыза кернеп: «Күншығыстағы аз моңғол қыр көрсететінді шығарды. Атасынан асыл жаралған Уаң ханды алуан түрлі қырмен қорқытып, безендіріп, өлімге душар етті. Сөйтіп олар бәрін иеленіп, қаған болмақшы ғой, тегі? Күн мен ай аспанды үнемі жарық етіп тұру үшінжаратылған болар. Ал жерде екі қаған бола алмайды. Ендншн сол аз моңғолды байлап әкелейік», - дейді. («Моңғолдың құпия шежіресі»). Сонда Тай ханның кіші шешесі Кербез: «Қайтпексің, ол моңғолдар қоңырсыған иісті, қомыт-қомыт киімді емес пе? Әкеліп қайтесің. Аулап жүргенің жөн ғой. Тек өңі түзу қыз-қатындарын әкеліп, қол-аяғыңды жуындарап, мал сауғызса жетпей ме?» - дейді. Тай хан маңайындағы әлі де моңғолдарға бағына қоймаған меркіт, қатаған, дүрбет тайпалары және бұрын талқандалғанкеррейлер мен татарлардың біраз блігімен одақ құрып, Шыңғыс ханға қарсы жорыққа қамданады. Алайда бұл хабарды алысымен, Шыңғыс ертерек қимылдап, одақтастар әскеріне тұтқиылдан шабуыл жасап, оларды тас-талқан етеді. Тай хан соғыста қаза тауып, оның ұлы Күшлік аман қалған жұртын бастап, бұл кезде Алтайдың түстігінде жүргенағасы Бүйрек ханға келіп паналайды. Осыдан кейін бүкіл найман елінің қонысы моңғолдың қоластына қараған. «Құпия шежіреде» Тай ханның кіші шешесі Кербез (Күрбесу) ханымды Шыңғыс хан алдына әкелдіріп: «Сен моңғолды сасық депсің ғой. Қандай екен», - деп өзіне тоқал етіп алғандығы жазылады. Қанаттас отырған ірі көршілері наймандар мен керейіттерді осылайша жеңгеннен кейін бұл өңірде енді Шыңғыс ханды тоқтата алатын күш те қалмаған еді. Аз уақытта ол қазіргі моңғол жеріне сәйкес келетін аймақты түгел бағындырып алды., 1206 жылы киіз туырлықты көшпелілер Онон жағасына құрылтайға жиналып, «тоғыз сирақты ақ ту көтеріп», Шыңғысты Моңғол империясының ұлы ханы етіп көтерді. (Тарихшы И.Қабышұлы сол империя құрылар қарсаңында моңғолдар 200 мың, керейлер 600 мың, наймандар 800 мың болған екен деген дәйек айтады). Осы құрылтайдан кейін Шыңғыс хан Алтайдың күнгейінде әлі де найманның атамекенін қайтарып алуды ойлап жүрген Бүйрек ханға жорыққа аттанады. Ол бұл кезде ештеңеден хабарсыз Ұлық тау қойнауындағы Сақсу өзенің бойында аз адаммен аң аулап, сейіл құрып жүрген еді. Қас қылғандай нөпір әскер дәл оның үстінен түседі де, тұтқынға алынып, ата жауы сол жерде оның басын қағады. Оған паналап жүрген Күшлік аман қалған елді ертіп Ертіске қарай қашады. Алайда Шыңғыс хан наймандарға бұл жерде де тыныштық бермейді. 1208 жылы Ертіс жағасында наймандар мен меркіттердің бірлескен күшін тас-талқан қылады. Одан кейін бұл тайпалар Жетісуға қарай босады. Күшлік хан Бесбалық, Тұрфай аймағы арқылы айналып, бір кезде наймандарды да билеген Қидан мемлекетінің Орта Азияға келіп жаңғырған түрі Қарақытай империясының астанасы Баласағұнға жетеді. Бұл дәуірде Жоңғар тауынан Иранға дейінгі аймақ осы Қарақытай Гөрханына (ұлы ханына) қарайтын. Наймандардың Таян сынды ханының баласы Күшлікті Гөрхан сарайында ілтипатпен қарсы алады. Жилугу Гөрхан оған қызын беріп, жақын адамдарының бірі етеді. Бұл шамада Қарақытай мемлекетінің әлсіреп, бұған дейін оған бағынышты боп келген Хорезм елінің елінің дәуірлей бастаған да кезі еді. Шамасы Гөрхан Күшлік төңірегіне жиналуға тиіс наймандарды өз мүддесіне пайдалануды көздеген де болуы керек. Әрі Күшліктің де оған осы тектес уәде бергенін біз Рәшид-әд-диннің «Жылнамалар жинағынан», Қытайдың «Жол қатынас тарихының материалдары» атты еңбегінен ұшырастырамыз. Күшлік хан Жилугуге: «Менің тайпам көп, олар қазір Еміл, Қойлық, Бесбалық жерлеріне келіп қоныстанып отыр. Маған рұқсат берсеңіз, оларды жинап, олардың күшін мен сіздерге көмек беремін», - дейді. Гөрхан мұны мақұл көріп, оған қару-жарақ, қаражат береді. Әрине Таян ханның ұлы Күшлік хан Түркістан аймағына келіпті деген хабар осы маңға Шыңғыс ханның қаһарынан ығысып келген наймандарға қатты әсер етті. Олар тез арада Күшлік ханның қоластына жиналып, жойқын күшке айналды. Бұл жағдай енді Күшлікті Гөрхан билігін тартып алу ниетіне итермеледі. Және сол кезде талайдан андысулы Мұхаммед Хорезмнің Гөрханға қарсы шыққанын естуі мұң екен, Күшлік те ойын жүзеге асырмақ боп Қарақытай әміршісіне қарсы қымилды бастап жіберді. Жасанған әскер қойсың ба, Күшлік көп ұзамай-ақ өз қайын атасының тағына отырды. Осылайша Шыңғыс хан әскерінен күйреген (1204 жыл) Найман мемлекетінің соңғы ханы арада сегіз жыл өтпей жатып, Қарақытай империясының билігін өз қолына алған. Тарихи деректерде наймандар мен керейлердің несториан дінін (христиан дініндегі бір ағым) ұстанғаны айтылады. Күшлік хан Жилугудің қызы Күнкеге үйленгенннен кейін несториан дінінен шығып, будда дініне (пұтқа табынушылық) кіреді. Ол кезде Қарақытай мемлекетіндегі жұрттың дені мұсылман дінін ұстанатын болғандықтан, Күшлік хан тарапынан олар «не несториан, не будда дініне кірсін» деген зомбылық талаптар да қойылып тұрған көрінеді. Атамекенінен көтере қуып жіберген найман ханы Күшліктің байтақ Түркістан аймағында бұлайша дәуірлеп отырғанынан Шыңғыс хан сірә хабарсыз емес-тін. Тек ол бұл кезеңде Қытайды жаулап алу жорықтарының басы-қасында жүрді. Сол жорықтан қайтысымен, Шыңғыс хан 1218 жылы Күшлікке қарсы әйгілі қолбасшысы Жебе ноян басқарған күшті әскерін жіберді. Жебе ноян Қарақытай еліне жетісімен, баршаға дін, сенім бостандығын жариялады. Бұған дейін де өзіне мұсылмандарды қарсы қойып алған Күшлік шайқастарда шыңдалып келген моңғол әскерлерінің екпініне төтеп бере алмады. Тас-талқан болып жеңіліп, Алтай тауларына қарай қашты. Бірақ Жебе ноян оны қойммай қуалап жүріп, ақыры Сарыкөл маңында қолға түсіріп, өлтіріп тынады. Найман елінің Шыңғыс ханға қарсы жиырма жылдай уақытқа созылған қан кешті күресі осылайша аяқталды. Найман мемлекетінің күйреуі атамекендерінде қалың отырған бұл елдің құрамына кірген рулардың жан-жаққа кең ыдырап кетуіне, басқа тайпалар арасына сіңуіне әсер етті. Олардың біраз бөлігі байырғы қоныстарына жақын Ертіс, Алтай алқабында орнығып қалып, Шыңғыс ханның баласы Үгедей ханның қол астына қарады. Шапқыншылықтан ығысқандары Балқаш төңірегіне, Алакөл маңына, Сыр, Ырғыз алқабына орналасты, оңтүстікте Орта Азия хандықтары жеріне дейін жетті. Бұл өңірде қоныстанған наймандар ХV ғасырдың соңында Мұхаммед Шайбани ханның ықпалында болды. 16 ғасырда Марыға найманнан шыққан Қобыз би, Жолым билер әмір жүргізді. Найман Назар би Балхты биледі. Нұраталық көшпелілерді найман Ахметәлі басқарды. Шайбан тұқымы Бабаханның бір әскербасысы найман Жанмұхаммед би болды. Шежіреші Әбілғазы найман Сопырмырзаның 1604 жылы оның әкесі Араб Мұхаммед ханды өлтіру үшін қастандықұйымдастырушылардың бірі болғанын тілге тиек етеді. Осы мысалдардан-ақ наймандардың Орта Азия аймағында қабырғалы күштердің бірі ретінде әрекет еткенін байқау қиын емес. Бұл наймандар біртін-біртін жергілікті халыққа сіңісіп, өзбек, қарақалпақ қауымдастығының бір тармағы болып кетті. Өзбектерде қазақ-найман, қарақалпақта бағаналы, терістаңбалы, қырғызда бүйе найман, күн найман, мырза найман, жуанбұт найман руларының кездесуі сол араласудың бір нышаны. Қазақ наймандары 1720 жылдардағы Жоңғар шапқыншылығынан кейін Орталық Қазақстандағы Тоқырауын алқабынан Алтай мен Жоңғар тауларына дейінгі аралыққа орналасты.. М.Тынышбайұлының айтуынша, наймандардың 1810 жылы Қарқаралы мен Шыңғыстайды тастап оңтүстікке қарай сырғуы олардың соңғы қоныс аударуы болған еді. Осы тарихшы наймандардың саны 1917 жылдың қарсаңында Бұқара мен Қытайдағы руластарын қосқанда 830 мың адам төңірегінде деп көрсетеді. Орта жүз елдері арасында дәл наймандардағыдай мол таңбаны кездестіре алмайсың. Олардың ірі рулық бірлестігі ғана емес, кейде жеке руларының өзі де дербес ұран-таңбаға ие. Дәл осы ерекшеліктің өзінде оның сонау бірінші мыңжылдықта «сегіз-оғұз» деп көрініс берген сипатының әсері болуы да ғажап емес. «Сегіз тайпа» - демек, найман жұрты осынша тайпадан құралған. Алайда ғылыми деректерде олар туралы анық мәлімет жоқ. Тарихи деректерге сүйенсек, «Найман» - қазақ шежірелерінде айтылғандай жеке адамның аты емес. Алайда халық шығармашылығы оны түп бабаның есімі етіп, өзін найманбыз дейтін бар руды (олардың арасында баяғы аласапыран замандарда басқа елдерден келіп сіңіскен жұрттар бар болса да) сол «шалдан» ғана тарқатып қояды. Қария сөздер бойынша Найманның кешігіп көрген Тоқпан деген ұлы ер жеткен кезде Ұлы жүз Дулат бидің қызы Ақсұлуға үйленген екен дейді. Содан аз уақыт өтер-өтпесте Найманның кемпірі мен ұлы Тоқпан қатар қайтыс болады. Ақсұлу өзі түскен шаңырақтың болашағын ойлап, еліне барып, жақын сіңлілерінің бірі Әлпешті сұрап әкеліп, атасына қосады. Найман Қызейнемен алты айдай ғұмыр кешіп көз жұмады. Екіқабат қалған Әлпеш күн жетіп босанады. Баланың атын Найманнан қалған белгі ғой деп Белгібай қояды. Оның екінші аты - Өкіреш. Найманның әулие келіні Ақсұлу атасының жылын бергеннен кейін Қызынейді Найманның ұлы атасы делінетін Сарманаймен бір туысқан Шумақ дегеннің немересі Елтайға қосады. Оған атамның орнына атам болды деп Ел ата деген ат қояды. Қызыней одан Серкібай деген ұл табады. Ақсұлу Белгібайды тәрбиелеп өсіріп, он бес жасқа толғанда қайным деп оған өзі тиеді. Одан Сүйінше, Сүгірше деген екі ұл табады. Немере сіңлісі Тоқсұлуды кейіннен әпкеме қолқанат болсын деп бір сіңлісі Қаракөзді Белгібайға қосады. Қаракөзден Өтеген туады. Қазақ шежіресінде бар Найман осы төртеуінен тарайды да, тоғыз таңбалы найман аталады. Керей. Керей - Қазақ құрамындағы көне тайпалардың бірі – Керей елінің де тарих көшінде белгілі бола бастаған кездеріндегі ғұмыр кешкен ата жұрты – сонау замандарда бірсыпыра түрк халықтарының қасиетті қонысы атанып, ғажайып ата жазу мұрағаттарымыз мәңгілікке қашалып, жазылып қалған, қазіргі моңғол даласы және оған іргелес жатқан байтақ аймақты қамтитын құтты мекеннің бір тұсы – Орхон, Оңғын, Керулен, Селеңге, Арғұн өзендерінің құйқалы алқабы еді. Керей атауының шығуы туралы әртүрлі пікірлер бар. Бірақ солардың арасында Орхон-енесай жазуларының білгір зерттеушісі, жазушы Қаржаубай Сартқожаұлының апталығымызға ұсынған қолжазбасындағы Керлін (Керулен) өзені және ол өз басын алатын Кентай тауына қатысты пікір көңілге қонымды көрінеді. Онда қазақ ғалымы көне түрк жазуларында (Мойын шор ескерткіші, VIII ғ) бұл қоныс жер аты «Кейре» түрінде көрініс бергендігін айтады. Ал Керлін алқабы ежелден керейлердің түп-тегі Тоғыз байырқулар қоныстанып келе жатқан төл мекен. Олар бірде «тоғыз байырқу», бірде «тоғыз оғұз», бірде «тоғыз керейлік» деп атала жүріп, ғасырлар өте келе «керейлер» боп өзгерген секілді. Бұл бағамдау Керей шежіресінде бұрыннан айтылып жүретін өзен атына қатысты әңгіме сарынын да пысықтағандай болады. Қытайда тұратынқазақ оқымыстыларының кейінгі кездерде бірсыпыра көне қытай жазбаларынқазақша сөйлете бастауы халқымыздың тарихына қатысты көптеген құнды деректерге жолықтырғанын бұрын да айтқан едік. Сол жазбаларда керей атауына да қатысты сәттер кездеседі. Мәселен, «Сүй патшалығының тарихында» Шеп тайпасының көсемі Керін Еркіннің Шығыс Түрк қағандығының үстемдігіне қарсы шыққаны туралы дерек бар. «Таң патшалығының көне тарихы» жазбасында сол Керіннің баласы Хылейдің де қаған болғандығы айтылады. Яғни осылардағы Керін мен Хылей «Керей» деген атау болуы да мүмкін деген топшылау ортаға тартылады. Аудармашылар бұл жазбалардан Шеп тайпасымен бірге Сеп, Байлау, Қойлау секілді тайпалар атауының да ізін бағамдағандай болды. Бір қызығы, Алтай аймағыгда ХІХ ғасырда ғұмыр кешкен керей Мәмидің шежіресінде де осыған үндесетін тұстар бар. Ол шежіреде Керей ұлысының арғы тегі Шеп, Сеп, Байлау, Қойлау, Елдей, Көлдей, Изен, Жусан секілді тайпалардан таралады делінеді. Бұлардың Шеп, Септен басқасының бәрі қазір Керей-Уақ шежіресінде кездесетін ата-тектер... Академик Ә.Марғұлан керейлер мен үңгіттердің (уақтардың) моңғол дәуіріне дейін мәдениеті жоғары болғаны, көне түрк жазуларын пайдаланғандығы жөнінде өзінің «Таңбалы тас жазуы» еңбегінде былай дейді: «Алтай, Жоңғар даласында, Еңесайда орхон жазуы бар құлпытастар жиі кездеседі. Олардың көбін жазған керей мен үңгіттер. Моңғол дәуіріне дейін бұлар және наймандар тегіс несториан дінін қабыл еткен елдер. Бұл әсіресе олардың крест таңбасынан ашық көрінеді... бұл таңба қазақ керейлерінде осы күнге дейін сақталған. Мұндай крест таңбасы бар құлпытастар (орхон жазулы) Енесай даласында көп...» Шыңғыс хан заманы туралы теңдесі жоқ жылнама түзіп кеткен Рәшид-әд-Дин еңбегінен сол кезеңдерде Керей мемлекетінің құрамында Керейт, Қырқын, Қоңқайт (Тоңқат), Сақайт, Тобаут, Албат, Қарақин секілді тайпалар болғанын білеміз. Бұлардағы сөз соңындағы «т» әрпі әдетте көптік жалғауды білдіреді. М.Тынышбайұлы осындағы Сақайттан бүгінгі сақаларды (якуттарды), тубауттардан туба жұрттарының атауын көріп, оларды бір кездегі ірі Керей мемлекетінен бөлшектенген елдер болуы кәміл деген болжамды ортаға тартады. Бұл пікірді профессор С.Аманжоловтың «Тоңқатты» тубалардың құрамындағы «Тоңқат», Орхон-Енесай жазбаларында «Құрыққан» түрінде кездесетін «Қарақинді» якуттың қазіргі «Құрыққан» тайпасымен байланыстыруы одан әрі дамытады. Ал Керей мемлекетінің кезінде ірі де айбынды ел болғанына тарихта дәлел жеткілікті. Кей мемлекеттер бойынша Х ғасырда керейлер 900 мыңға жуық болған. Моңғол билігіне дейін Керейді Марғұзған, Құршақұз, Бұйрық, Гөрхан, Уаң хан сияқты хандар билеген. Уаңның өз аты Торы (Тұғырыл). Ол өз кезінде Қытайдың Алтан ұлысына татар тайпаларын жеңуге көмектескені үшін қытай әміршісінен Уаң хан (бір елдің ханы) лауазымын алған. Уаң ханның (Он ханның) осы есімі кезінде керейлердің несториан дінін ұстағанына қатысты Еуропаға «керейлердің королі Иоан поп» деген атаумен де жеткен екен. Шыңғыс хан моңғол жұрттарының басын құрап, жас мемлекетінің шаңырағын алғаш көтерген кезде, ол өз әкесінің анда-досы Уаң ханның көмегіне арқа сүйеді. Онымен бірге наймандарға қарсы соғысқа қатысты. Алайда кейіннен екеуінің арасында алауыздық туып, оның ақыры Шыңғыс ханның Керей мемлекетін жойып жіберуіне әкеліп соқты. Осы аласапыраннан кейін керейлердің бір бөлігі қонсылас наймандарға ығысып, Батыс Алтай мен Зайсан, Ертіс алқабына ауды. Ал атажұртта қалған бөлігі Шыңғыс хан қарауына өтіп, кейін жаулап алынған найман, меркіттермен бірге оның жорығына қатысып, Шыңғыс ханның жер қайысқан қолының басты күштерінің біріне айналды. Тарихшылар бүгінде Қазақстанның теріскейін жайлаған керейлер сол Керей мемлекеті күйрегеннен кейін Ертісті бойлап солтүстікке қарай ығысқан бөліктен тараған ұрпақтар екенін айтады. Олар туралы «Сібір жылнамаларында» бірқыдыру деректер бар. Ол бойынша Уаң ханның Тайбұға деген тұқымы Шыңғыстың әмірімен Ертіс, Өб бойындағы жұрттарды бағындырған әскерге басшы болып, кейіннен сол жерлерді Моңғол империясы ханының рұқсатымен өз иелігіне алған. Бұл жерде Шыңғыс ханның байтақ империясының теріскей шетіне әуелден аралас-құралас, құдандалы хан ордасының мұрагерін қою арқылы, олармен қайтадан дұрыс қарым-қатынас орнатуға құлықты болғанын көреміз. Әрі оның бұл орайда Уаң хан ұрпағының өз атамекендерінен жырақтай бергенін де мақұл көргені анық. Тайбұға Ібір-Сібір аймағын өз иелігіне алғаннан кейін Тобылдың бір сағасы Тұра өзеніне Төмен өзені құяр тұсқа Шыңғы (Шымға) деген қала салады (ол қазіргі Төмен қаласының іргесі). Тайбұға тұқымы бұл өңірде 15-ғасырдың соңғы ширегіне дейін билік жүргізді. Шайбан әулетінен шыққан Махмұд ханның баласы, Қажы Мұхаммед ханның немересі, Дешті Қыпшақ даоласын қазақ хандары билеуіне байланысты шеттетіліп қалғасын Ібір-Сібірге жеткен Ибақ хан (Абақ хан) сол кезде Сібір бегі болып отырған Марды екі ұлымен қоса өлтіріп, тағына отырды. Арада көп ұзаммай Тайбұға ұрпағы оны өлтіріп, билікті өз қолдарына қайта алады. Алайда тағы жетпіс жылдай уақыт өткенде, бұл кезде Сібір хандығы аталған мемлекет басына Ибақ ханның немересі Көшім хан келеді. Ол бүкіл Тайбұға әулетін қылыш астынан өткізіп қырғынға ұшыратты. Дегенмен, сол қасаптан Сейтек деген бір бала аман қалып, ол 16-ғасырдың соңғы ширегінде Сібір хандығының билігіне қайта оралғанымен, бектің ғұмыры қысқа болады. Жошы әулетінің бір ұрпағы Ораз-Мұхаммед сұлтан, қыдырғали би Жалаиримен бірге саясатта жүргенде, оларды Сібірді дендеп жаулай бастаған орыс әскері опасыздықпен алдап тұтқынға түсіріп, Мәскеуге жөнелтті... XVII ғасырда Ресейдің ашкөз отаршылдығының күшейе түсуі Тобыл, Тұра, Өб бойын жайлаған керейлердің Солтүстік Қазақстан өңіріне қарай қоныс аударуына мәжбүр етті. М.Тынышбайұлы керейлердің Шыңғыс ханға мойынсұнбаған бір бөлігі меркіттермен бірге Торғай даласына дейін ығысқан еді, бүгіндері Кіші жүздің Жетіруы құрамында Керейт тайпасы сол босқындардың ұрпағы болуы кәміл дегенді айтады. Ақсақ Темір жорықтары туралы жазбалардан сол кезде Керейлердің Қара Ертістен Алакөлге дейінгі аймақты мекендегенін де көреміз. Тарихтан жоңғарлардың XV ғасырдың басынан қуатты күшке айнала бастағаны белгілі. Осы шамада олар Балқаш, Алакөл аймағындағы керейлерді қатты бір соққыға душар етіп, жан-жаққа тағы ыдыратып жібергенге ұқсайды. Керейлердің бір тобы XV ғасырдың аяғы мен 16-ғасырдың басында Жошы тұқымы – Мауереннахр мен Хорасанда билік жүргізген Мұхаммед Шайбани ханның жорықтарына да қатысқан. Өз тарихында қилы-қилы дәуірлер мен аласапыран замандарды бастан өткерген көне Керей елі кейіннен қазақ халқын құрауға атсалысқан белді тайпалардың біріне айналды. Керейлер сондай-ақ өзбек халқының құрамында да бар. Кенегес тайпасының екі рулы Абақлы мен Ашамайлы деп аталады. Ол Қарақалпақтың Қоңырат деген үлкен арысына енетін рулардың да бірінің аты. Керей рулары тубалардың, Қырым татарларының, башқұрттардың да құрамында кездеседі. Дені қазақ ішінде қалған Керей елі қария сөздер бойынша Абақ және Ашамайлы болып екіге бөлінеді. Қазақ шежіресіндегі бұл ру аттарының шығу тегін тергеген тұстарына үңілсек, Абақты Керейдің Ақылбай атты ұрпағының бәйбішесінің аты еді деген түсіндірмеге жолығамыз. Оның есімі әуелі Аппақ екен, келе-келе Абаққа айналған. Қазір «12 ата Абақ» деп жүрген бірлестік әу баста сол Абақ бәйбішенің өзі тәрбиелеген он екі немересінен өрбіген делінеді. Ал Ашамайлының әуелгі аты Ғали екен (енді бір шежіреде Ақберді), әкесі ашамайға мінгізіп барып келіншек алып бергендіктен Ашамайлы атаныпты делінеді. Шежіреде Абақты Ашаммайлыдан әкеліп тарқататын нұсқалар да бар. Зерттеушілер бұл ру аттарын олардың таңбаларына қатысты өрбіген атау болуы керек деген пікірге ден қояды. Ашамай – қазақ тілінің түсіндірме сөздігі бойынша «балаға арналып, екі қасының жоғарғы ұшы айқастырылып жасалған ер». Ру таңбасындағы «Х» әрпіне ұқсас белгі соны көрсетеді. Ал «абақ» - қасқыр, түлкі секілді аңдарды ұстауға арналған көне құралдың аты. Ол аң сиятындай екі бөліктен тұрады. Аң ішкі бөлікте жатқан етке ұмтылып кірген кезде, жоғары қарай көтеріліп тұрған сырғыма есік сарт етіп төмен түсіп жабылып қалады (Қ.Салғарұлы). осы «абақ» сөзінен түрме мағынасын білдіретін «абақты» сөзі шыққан. Сондай-ақ ғалымдар арасында «ашамай» таңбаны керейлердің баяғыдан несториан дінін ұстанған кезінен қалған бір беогі деп – «крест» таңбасынан, ал «абақ» сөзін түрк-моңғол тілдеріндегі «қандас туыстар одағы» деген мағынаны білдіретін – «обақ», «обох» сөздерінен тарқататын топшылаулар да бар. Керей еліне қатысты ата-тек мәліметтерінің бірсыпырасы Сегіз сері Баһрамұлының шежіресінде жинақталған. Бүгіндері Қазақстан Республикасы ғылым академиясының қолжазба қорында сақталған бұл шежірені әу баста XVI ғасырдың соңы мен XVII ғасырдың басында ғұмыр кешкен көшебе Дәулен батыр Таузарұлы жинастырған екен. Одан кейін оны баласы Толыбай, немере туысы Шәукер мырза, ұрпақтары Шақшақ би сияқты біраз сауатты кісілер толықтырған. Олардан Сегіз сері жазып алып, кейінгі ізбасарларының дамытуымен бізге жеткен Абақ керейдің қоныстанған мекен тұрағы Алтай айналасы, Моңғолияда Қобда өлкесі, Баян-Өлке аймағы, Қытайда Қаба өзені, Қара Ертістің басы, Сауыр тауының күңгейі, Үліңгір көлі маңайы. Олардың қалың ұйысқан жерлері шетте болғандықтан, біз Абақ керей туралы толық шежірелік мәліметтерде ілкіде мұқтаждық көріп отырған едік. Алайда Моңғолияда тұратын авторымыз Қ.Сартқожаұлы Баян-Өлкеде 1991 жылы басылып шыққан Абақ керей шежіресін ала келіп, біраз жыртығымызды жамап кетті. Бүгінгі тізбе-кесте де Р.Шынай деген азамат құрастырған осы жинақтағы және бұрыннан да қолда бар моңғолиялық қазақ ғалымы И.Қабышұлының «Керейлер керуені» атты кітабындағы мәліметтер негізінде жасалды. Абақ шежіресін кестеге түсіру үстінде біз Шәкерім қажаның он екі ата Абақты – Жантікей, Жәдік, Жастабан, Шұбарайғыр, Шеруші, Ителі, Итемген, Молқы, Меркіт, Сарбас, Қарақас, Көнсадақ деп бөлгені дұрыс болуы керек деген ойға келдік. Біраз мәліметтерде он екі атаның бірі – Шимойын руы деп аталып жатады. Алайда тізбелеу үстінде біз Шимойын Абақтан емес, Ашамайлының Сибанынан тарайтын деп айтуының да бекер еместігіне ден қойған едік. Сегіз сеті шежіресі оны Балғанның Сибаына жатқызады. Осы соңғы шежіреде 19-ғасырдың басында Керей, Уақтың басым көпшілігі орыстан үркіп Алтай, Шәуешекке көшкенде, Шимойын керейлердің едәуір бөлігі солармен бірге өткені айтылады. Демек, Шимойынның Абаққа, Ашамайлыға да қатысы бар болуының бір төркіні осында. Қалың Абақтың арасында тұрғаннан кейін ол бірте-бірте сол қауымдастықтың бір баласы секілді болып кеткен. Алайда ата-текті тарқатқан шежіре желісіне сыналап кіре алмаған. Абақ керейдің қрамындағы Меркіт руы – ілгерідегі көне Меркіт тайпасынан жеткен бір сынық. Меркіт елі туралы алғашқы мәліметтер Қытайды билеген Лияу әулетінің жазба жылнамаларында бар. Рәшид-әд-Дин жылнамасынан оның ұдайы моңғол жұртымен, әсіресе Шыңғыс ханмен көп жауласқан тайпа болғанын көреміз. Олар бірде жас Темүжинді тұтқынға алса, енді бірде бәйбішесі Бөртені тартып алып кетеді. Темүжин араға керейдің Уаң ханын салып жүріп, бәйбішесін әзер қайтарып алады. Сол жолы Бөрте үйіне қайтып келе жатқанда, жолшыбай тұңғышы Жошыны босанады. Ол кезе меркіттердің көсемі Тоқтабек деген адам екен. Оның алты ұлы болыпты. Жылнамада сол алтауының тұңғышы Тоғыздың керейлермен соғыс кезінде, қалғандарының Шыңғыс ханмен өткен әлденеше шайқастарда көз жұмғаны айтылады. Жауынгер, бүлікшіл меркіт жұрты Шыңғыс ханға әлденеше рет қарсы көтерілген алайда бұның түбі олардың түгел дерлік қрып кетуіне де әкеп соққан еді. Шыңғыс хан меркіттердің «арба дөңгелегінен бойы асқандарының бәрін қыруға» жарлық берген екен деген деректер де бар. Меркіттердің аман қалған аз тобы керейлерге қосылып, кейін олардың бір атасы ретінде сіңісіп кетті. Жер (ғаламшар). Жер — Күн жүйесіндегі Күннен әрі қарай санағанда үшінші ғаламшар. Жер мен Күн арасындағы орташа қашықтық — 149,58×106 км. Бұл қашықтық қалыпты «астрономиялық бірлік» боп табылады. Жердің орташа радиусы —  км, тығыздығы —  кг/м³, массасы — 5,9736×1024 кг. Жердің мұхит (қалыңдығы 5—7 км) және құрлық (қалыңдығы 40 км) қабығы мен 2900 км тереңдіктегі Гутенберг аралығына дейін баратын және балқыған, темірге бай ядроның үстінде жататын силикат мантия арасында Мохоровичич аралығы жатыр. Ең көне тау жыныстарының жасы 3980 млн жыл шамасында. Жер осыдан шамамен 4,6 млрд жыл бұрын құрылған. Жер күн жүйесінің басқа планеталары сияқты әр түрлі жұлдыздардың шаңы мен газдарынан құрылған. Жердің геологиялық жасы 4,5-5 млрд жыл деп есептеледі. Алғашқы геологиялық сатыдан бастап жер беті материктік көтерулер мен мұхиттық ойпандарға бөлінген. Жер қыртысыныңда ерекше граниттік-метоморфты қабат қалыптасқан. Мантиядан бөлінген газдар арқылы алғашқы атмосфера мен гидросфера пайда болған. Жер бетінде табиғи алғашқы жағдайлардың қолайлы болғаны сонша, планеталар қалыптасқан соң миллиардтаған жылдардан кейін өмір, тіршілік пайда болды. Жер бетінде өмірдің пайда болуы тек қанажер планетасының болу ерекшелігімен ғана емес, сонымен бірге Күн көзінен қолайлы арақашықтықтың дамаңызы бар. Себебі Күн көзіне планеталар жақын орналасса, онда жылу мен жарық мөлшері көп болады да, кез келген жамылғы (жер беті) судың қайнау температураснан жоғары болады. Ал жылуды аз қабылдайды да, өте қатты суынып кетеді. Көптеген планеталар массаларының Жерге қарағанда азырақ болуына байланысты, тартылыс күші де кем болады да, тығыз даәлді атмосфера қабатын ұстап тұруды қамтамассыз ете алмайды. Планета өмір сүру уақытында оның табиғаты бірнеше рет өзгеріске ұшыраған. Әр кезеңдерде тектоникалық іс-әрекет белсенді көріністер берген: құрлықтар мен мұхиттардың көлемі мен келбеті өзгерген, Жер планетасына космостық денелер құлаған, бірнеше рет мұз жамылғылары пайда болып, жоғалып кетіп отырған. Бұл өзгерістер органикалық дүниенің дамуына түпкілікті әсер ете қоймаған. Географиялық қабықтың құрамына: литосфера, гидросфера, атмосфера және биосфера кіреді. Бақылауға мүмкін, космостық кеңістікте Жерге ұқсайтын басқа аспан денелерідәл қазірге дейін байқалмайды. Магнит өрісі. Жердің магнит өрісі біршама зор. Жерден алыстаған сайын магнит өрісінің индукциясы әлсірей береді. Жер маңындағы кеңістікті космос аппараттары көмегімен зерттеу біздің планетамызды қуатты радиациялық белдеу қоршап тұрғандығын көрсетті, алллл ол- үдей қозғалатын зарядталған элементтер бөлшектер- протондар мен электрондардан тұрады. Оны жоғары энергиялы бөлшекткр белдеуі деп атайды. Белдеудің ішкі жағы шамамен Жер бетінен 500-5000 км-ге дейін созылып барады. Радиациялық белдеудің сыртқы жағы Жердің 1-5 радиустарындай биіктіктер аралығында. Ол негізінен он мыңдаған электронвольт энергиясы бар электрондардан тұрады. Радиациялық белдеуді құратын бөлшектерді Жердің магнит өрісі сірә,Күннен ұдайы шығарылып тұратын бөлшектерден қармап алатын болуы керек. Бөлщектердің аса қуатты тасқыны, әсіресе Күндегі жарылыс құбылыстары кезінде, яғни Күндегі оталыстар кезінде пайда болады. Күн бөлшектерінің тасқыны 400-1000 км/с жылдамдықпен заулап,өздерін туғызған Күн бетіндегі ыстық газдардың оталысынан 1-2 күн өткеннен кейін Жерге келіп жетеді. Осындай күшті корпускулалық тасқын Жердің магнит өрісін ұйытқытады. Магнит өрісінің өзгеріс-сипаты тез және оқыс құбылады, осыны магнит дауылы дейді. Ғаламшар. Ғаламшар — өз орбитасы бойынша Күнді не басқа жұлдызды айнала қозғалатын, гравитациялық өріс жасауға өз салмағы жеткілікті, соның нәтижесінде шар тәріздес орбитаға ие аспан денесі. 2006 ж. тамызында Прага қаласында 75 елден жиналған 2,5 мыңдай астроном Халықаралық астрономиялық одақ маслихатында ресми түрде ғаламшар мәртебесін алу үшін аспан денесіне қажетті көрсеткіштерді бекітті. 1930 жылы ашылған содан бері Күн жүйесіндегі 9-шы ғаламшар саналып келген Плутон мәртебесінен айырылды. Жаңа жіктелім бойынша Плутон енді шағын ғаламшарлар немесе планетоидтар санатына жатады. Мәскеу, Ресей. Жағрапияcы. Мәскеудің ауа райы қоңыржай континенталды. Өте қатты суық қыс та, өте ыстық жаз да болмайды. Желтоқсанда кейде жылулар болып тұрады және жазда кейде ыстық суық күндер мен ұзақ жаңбырлар болады. Мәскеу Ресейдің еуропалық орталығында, Ока және Еділ өзендері арасында, Мәскеу өзені жанында теңіз деңгейнен орташа 180 м. биіктікте орналасқан. Бүкіл қала Смоленск-Мәскеу биіктігінде, Мәскеу-Ока жазығында, Мишар ойпаты жағына жайылған. Мәскеу — бұл аспан астындағы мұражай. Ежелгі шіркеулер, сарайлар, үйлер көп. Мәскеу бұл Еуропалық жаңа қала, өзінің ежелгі дәстүрін, ұлттық орыс салтын сақтаған. Меркьюри, Фредди. Меркьюри, Фредди (; 1946 ж.қыркүйектің 5 — 1991 ж. қарашаның 24) — әйгілі британ Queen саз тобының әншісі. "Bohemian Rhapsody", "Killer Queen", "Somebody to Love", "We Are the Champions" and "Crazy Little Thing Called Love" әндерінің авторы. Топтағы өнерімен қатар, өзіндік шығармашылығымен айналысқан. Шын аты — Фаррух Бұлсара ("Farrokh Bulsara"). Фредди Меркьюри 1991 жылы 24 қарашада өз ауруын жариялаған күннен кейін бір күн салып СПИД ауруынан қайтыс болды. Топ сыншылардың арасында үлкен атаққа ие болмаса да, жалпы сатылған жазуларының саны 300 миллион данадан асып түседі. 2006 жылы Time Asia журналы Меркьюриді Азияның соңғы 60 жыл ішіндегі ең танымал адамдарының қатарына жатқызды. Бір жағынан ол өзінің ұлтын жасырып жүргені үшін сыналса, екіншіден өзінің ВИЧ ауруын құпияда сақтағаны үшін сыналды. Өмірбаяны. Фредди Меркьюри 1946 ж. Занзибарда дүниеге келген, Занзибар ол кезде Британ колониясы болатын, қазір Танзанияға кіреді. Фреддидің ата-анасы Боми және Джер Булсара Британдық Үндістанның парсылары болатын. Боми жанұясын жұмысына байланысты Занзибарға көшірген. Фреддидін Кашмира атты бір қарындасы бар. Джойс, Джеймс. Джойс, Джеймс () (1882—1941) — ирландиялық жазушы және ақын. Дублинде туған, өмірінің көбі Ирландиядан тыс жерде өткен. Оның ең белгілі шығармасы «Улисс». Ол Леопольд Блум атты дублиндік еврейдің бір күні туралы 600 беттік шығарма. Джойс «ес ағымы» атты әдеби жанрдың шебері болып есептеледі. Армстроң, Нил Олден. Армстронг, Нил Олден — АҚШ ғарышкері (астронавты). Айға ең бірінші аяқ басқан адам. Нил Армстронгтың айға ұшуы Джон Кеннедидің одан алты жыл бұрынғы берген уәдесі еді. КСРО-ның ғарышты зерттеуі, ғарышқа адамды ұшыруы оған себебін тигізді. Ғарышқа Нил Армстронгпен бірге Эдуин Олдрин және Майкл Коллинз ұшты. Ағылшын тілі. Ағылшын тілі (ағылш. English) — Үнді-Еуропалық тілдер жанұясының батыс герман тобына жататын тілі. Герман тобына ағылшын тілінен басқа неміс, норуег, швед, недерланд т.б. тілдері жатады. Ағылшын тілі ежелгі тіл болып есептеледі, ол қазіргі Ұлыбритания аумағын ежелде басып алған Англо-Саксондардың тілі, бірақ жауланған келттердің тілдері әсерін тигізген. Ағылшын тілі — халықаралық тіл. Әлемдегі ең көп тараған, әрі қытай тілінен кейінгі халық саны бойынша ең көп пайдаланатын тіл. Ағылшын тілі Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары, Жаңа Зеландия, Аустралия және басқа елдерде ана тілі болып есептеледі. Одан басқа көптеген мемлекеттерде ресми тілі болып саналады. Ағылшын тілі — БҰҰ-ның алты тілінің бірі болып саналады. Бармағын жалау. Бармағын жалау (ғұрып). «Ықыласыңызға қарай келдік, бармағыңызды жалай келдік». (Мірдің оғы). Құрметті адамды біреу қонаққа шақырғанда оның жанына 1-2 жігіт шақырылмаса да ере барып, үй иесіне «Біз пәленшекеңнің бармағын жалауға келдік» - дейді. Мұның қазақ ғұрпында еш ерсілігі жоқ, керісінше шақырылған қонақтың құрметін көтере түсу болады. Мұндайда келген жігіттерге үй иесі де риза болып қалады. Кейде үй иесі өзінен кіші адамдарға «біздің үйге пәленше келеді, сендер соның бармағын жалаңдар» дейді. Бұл арнаулы шақыру болса да өзінен кішілермен сыйласудың, құрметтеудің белгісі. Ұлт дәстүрінде адаммен сыйласудың, қатынастың мұндай жолдары көп. Ауыз тию. Ауыз тию (дәстүр, ырым). «-Қымыз әкел, ас ауыз тигіз мыналарға!» (М.Әуезов). Алыс сапарға, емделуге шыққан адам ауылдың үлкен үйінен дәм татып аттанатын ырым бар. Бұл сол «Қара шаңырақтың киесі қолдасын» деген сенімнен шыққан. Сондай-ақ дастарқан үстіне келген адам дәмнен ауыз тиюге тиіс. Ал таңертеңгі астан міндетті түрде ауыз тиеді. Мұндайда әйел болса «күйеуің тастап кетеді», еркек болса «әйелің тастап кетеді» деп әзіл айтады. «Таңертеңгі асты тастама, кешкі асты бақпа» деген мәтел бар. Қазақтың дәстүрі бойынша үйіне келген адамға дәм ауыз тигізбей шығармауы керек. Халықта «үйге кірген жыланға да ақ құйып шығарады» деген сөз бар. Мұның бәрі қонаққа да, асқа да ерекше ықыласты көзқарастың белгісі. Байлау (салт). Байлау (салт). «Бері кел, байлан мынаны!» (Ғ.Мүсірепов). Қазақтың мәрттік, мырзалық, азаматтық қасиетін білдіретін салттарының бірі – байлау. Соғып алған аңды кездескен кісіге сыйлау, олжаны, тауып алған дүниені (затты) жанындағы адамға ұсыну ежелден қалыптасқан ұлттық әдет. Бұл салтты бұзу адамгершілік әдебінен аттау ретінде жазаға тартылады, сөгіс жарияланады немесе ел алдында бетке басылады. Дегенмен мұндай жағдайда аңшы адамның алғашқы олжасы болса, ол «байлануға» жатпайды, керісінше оған «құтты болсын» айтады. Бал басы. Бал басы (ғұрып). Бұрын ел ішінде болашақты, адам өмірін болжайтын көріпкелдер, әулие-әмбие, балшы, емші, құмалақшылар, жауырыншылар көп болған. Әр адам оалрға келіп бал аштырады. Олар жоғалған малды, затты, алыстан келетін жолаушыларды, реніш-қуаныштарды болжап айтатын болған және олардың көпшілігі шындыққа айналған. Бал аштырушы кітап ашып, құмалақ салушыларға өтінішпен келгендер көріпкелдерге еңбегі үшін төлем беруі қажет. Оны сыпайылап «бал басы» деп атайды. «Бал басының» нақты бағасы, немесе өлшемі болмайды. Әркім қолда барын береді. Кедей, нашар адамдарға көріпкелдер «құдай үшін», яғни тегін бал аша берген. Бұл үшін олар батаға да риза болған. Кейбір адамдар тіпті ештеңе де алмаған. Егер бал ашушы белгілі мөлшерде ақша, мал сұраса, халық ондай кісілерге бармаған, құрмет көрсетпеген және сенбеген. Ай санау. «Жылым - қой, жұлдызым - июль» (Шәкәрім). Халық жылды он екі айға бөледі де оны «ай санау» - деп атайды. Бұл тым ертеде қалыптасқан дәстүр. Әр айдың атаулары жыл мезгіліне, табиғат құбылыстарына, халықтың ұғымы мен салт санасына сай белгіленген. Мұның шаруашылық, экономикалық, астрологиялық жағынан да маңызы бар екенін дала ғұламалары тағы ескерген. Ежелгі астрономиялық бағдарда әр айға сәйкес жұлдыз аттары да бар. Ол «Жұлдыз, ай» деп аталады. Қазақстанның оңтүстік аймақтарында қазіргі айларды жұлдыз, ай атымен де атай береді. Әр айда табиғат құбылыстары мен өзгерістері де жиі болады. Халық оны «ай амалдары» немесе «амал» деп атап, желді, суық айларда қауіптеніп, оған қарсы күтініп отырады. Оны білетін халық есепшілері болған. Олар ауа райын дәл болжап, біліп, хабарлап отырған. Елімізде ай да, жыл да наурыз айынан басталады. Қазақтар қыркүйек, тамыз, желтоқсан, мамыр т.б. ай аттары сол мезгілдердің өзіндік қасиеттеріне сай келеді. Халық әр айға сәйкес ұлттық ұғымдар, наным сенімдер, мақал мәтелдер қалдырған. Мысалы «сәуір болмай - тәуір болмас», «қараша - қауыс, кәрі құртаңды тауыс», «күн қаңтарда қарға адым, ақпанда ат адым ұзарады», «сүмбіле туса - су суыр». Артынан топырақ шашу. Артынан топырақ шашу (дәстүр). «Кесапатты адамның артынан бір уыс топырақ шашу — пәле-жаланы аластау» («Ана тілі» газетінен). Халықта ел қатты жек көрген қылмыскерлер мен опасыздарға, қарғыс алғандарға немесе өзі кінәлі бола тұра ел-жұртын кінәлап ат құйрығын кесіп кетіп бара жатқандарға әбден көңілі қалып, қаны қарайған кездерде көпшілік олардың артынан топырақ шашатын әдеті бар. Бұл — әрі жаза, әрі «қараң батсын» деген қарғыстың, «енді көзге көрінбе» деген аса қатты ескертудің ауыр сабағы. Мұндай адамдардың елі атын атамаған, есімін еске алмаған. Қазіргі кезде біреуді (әсіресе қайтыс болған адамды) сыртынан жамандау деген мағынада қолданылады. Ат майы (дәстүр). Ат майы (дәстүр). «Ат майы» қайтты. Тигені ала бие (І.Жансүгіров). Халық дәстүрі ел арасында отырған адамдарды ешқашан ескерусіз қалдырмаған. Оның мұң мұқтажы мен әлеуметтік, тұрмыстық жағдайына құлақ асқан. Мысалы, тұрмысы нашар, жоқ жітік, жетім-жесірлерге көмек көрсетіп, қол ұшын созып отырған. Соның бірі – ат майы. Мінер аты жоқ кедейлер бұрын байлар мен ауқатты кісілерге немесе көрші-көлем, туған-туысқандарына келіп «ат майын» сұрайды. Яғни бір жаққа барып келуге немесе бірер ай мініске ат сұрайды деген сөз. Мұның мағынасы алыс жолға мінген ат ариды, күйін жоғалтады. Ат сұраушы осыны меңзеп отыр. Мұндай жағдайда әр адам сұраушының көңілін қалдырмаған. Бұл да қазақтың қайырымдылық ғұрпының бір белгісі. Ат тергеу. Ат тергеу (дәстүр) – «Тентегім, сен теріс айтып жатырсың» (М.Әуезов). Халық дәстүрінде адамға құрмет көрсетудің жолдары көп. Соның бірі – ат тергеу. Ұлт дәстүрі бойынша әйелдер атасының, қайнаға, қайынсіңілісінің атын атамай, өзіне лайықты ат қойып «мырза қайнаға», «бай атам», «би атам», «жалқы бала», «тентегім», «еркем», әйел болса «шебер шешей», «ақ әже», «сырғалым», «шашбаулым», «күлімкөзім» деп атайды. Жеңгелер жағы небір күлкілі аттар да қоя береді. Мысалы: тапалды «сұңғағым», жайбасарды «жүйрігім» дейді. Мұның бәрі шын мәнінде сыыйластық пн құрметтің ерекше белгісі болып табылады. Ер адамдар да ақсақалдар мен өзінен үлкендерді «ата», «әке», Ереке, Аха, Жәке, Сәке деп құрметтеген. Бұл да осы ғұрыптың бір түрі. Ат тергеу – біздің халқымыздың адам сыйлау жөніндегі ізеттілік, көргендік, кішіпейілділік қасиеттерінің биік көрінісі. ӨЗінен үлкен адамның атын тура атау анайылық болып табылады. Халық аузында мынадай қызықты әңгіме бар: Бір келіншек «сарқыраманың ар жағында, сылдыраманың бер жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр! Білемені жанымаға жанып-жанып тез келіңдер!» - депті. Сөйтсе ол Өзенбай, Қамысбай, Қойлыбай, Қасқырбай, Қайрақбай, Пышақбай деген қайны, қайнағаларының атын атай алмай тұр екен! Жолаушылар су әкеле жатқан әйелден: «бұл кімнің ауылы» деп жөн сұрапты. Сонда келіншек «өзінде ғана бардай, өзгеде жоқтай атамның ауылы» депті. Сөйтсе бұл Көтібар ауылы екен. «Ат тергеу» басқа жағдайларда да қолданылады. Мысалы, халық қасқырды «ит-құс» деп, қорасан, шешек,қызылша сияқты ауруларды «әулие» деп атайды. Ол осындай пәле-жала бізден аулақ болсын деген ырым. Деңгене. Деңгене (дәстүр). Соңғы жылдарда ұмытылып бара жатқан дәстүрдің бірі - осы деңгене. Екі немесе үш жігіт басын қосып ауқатты үйге «деңгене» жеуге келдік дейді. Оның шарты мынадай: үй иесі бір семіз қойды сояды да әлгі екі не үш жігіттің алдына қояды. Олар бір қойдың етін сорпасымен ішіп, жеп кетуі керек. Егер олар қойды жеп кетсе, қойдың құны сұраусыз, егер етті тауыса алмаса, олар үй иесіне екі қой төлеуге тиіс. Кей жерлерде мұны «сірне» деп те атайды. Тағы бір қызығы ел арасында бұрын бір қойды бір өзі жеп кететін мешкейлер көп болған. ХІХ ғасырдың соңында Арғын ішінде Тінет руында Шінтән деген атақты мешкей болыпты. Бір қой оның жұмырына жұқ болмайтын көрінеді. Қазақстанның оңтүстік жағында «деңгенені» қолданылуы басқаша. Бұл жақта 4-5 үй бірігіп бір малды ортақтасып сойып алады. Ол біткен соң тағы бір малды ортақтасып сояды. Сөйтіп кезектесе береді. Бұл негізінен қыста күн жылы болғандықтан соғым еті көп сақтауға келмейтіндіктен болар. Араша. Араша (дәстүр). – «Уа, жетті ғой, Құнанбай! Араша, араша! Деп айғайлап жатты» (М.Әуезов). Екі адам жанжалдасқанда немесе төбелескенде оның жанындағы адамдар «араша, араша!» деп басу айтуға тиіс. «Араша» деген сөзді естіген адамдар беруге яғни жанжалды дереу доғаруы керек. Араша бермей жанжалдасу қазақ әдетінде жоқ. Ондай адамға айып бар. Ат құйрығын кесу. Ат құйрығын кесу (дәстүр). «Ат құйрығын кесіңдер, хан талау қылып алыңдар!» (Жанкісі. Ел арасында әртүрлі жағдайлармен қақтығысқан, енді көрместей болып біржола кетіскен, бітіспес адамдар өз елінен, туған-туысқандарынан безіп кетеді. Мұндай жағдайда ол өз атының қыл құйрығын кесіп, қолын төбесіне қойып елден шығады. Бұл енді келмеудің, ағайыннан, елден безінудің, ащы араздықтың, артына қарамай кетудің өліммен тең өте ауыр шарасы. «Ат құйрығын кесіп кетті» деген сөз осыдан шыққан. Мысалы Шәкәрімнің «Қалқаман-Мамыр» дастанында Қалқаман батыр өзін оққа байлаған ел-жұртынан осылай кеткен. «Ат құйрығын кеспе», «төбеңе қолыңды қойма» деген тыйым осындайдан қалған. Ат мінгізіп, шапан жабу. Ат мінгізіп, шапан жабу (салт). Рахмет қос мергенді аттандырды, Астына ат мінгізіп, шапан жауып. (С.Тұрғынбеков) Құрметті қонаққа, ақынға, батырға, палуанға және сол сияқты елге еңбек сіңірген ардақты, айтулы азаматтарға ат мінгізіп, шапан жабу қазақ халқының ертеден келе жатқан аса лайықты, жарасымды ата салты яғни бұл «батыр», «ақын», «палуан» деген құрметті атақтардан кейінгі берілетін құрметтеу, сый-сияпат, марапат, мадақ (награда) белгісінің айғағы, ең жоғары құрметі ретінде беріледі. Ат мінгізу, шапан жабу салты қазіргі күнде де жарасымды жалғасын тауып келеді. Мысалы, Ұлытауға келгенде қазақ елінің тұңғыш президенті Н.Назарбаевқа Торғайда ақын С.Мәуленовке, Шымкентте жазушы Ш.Мұртазаға ат мінгізіп, шапан жабылуы ұлттық мәдениеттімізідің, салт-дәстүріміздің қадір-қасиетін көтере түскені сөзсіз. Әділін айтсақ, мұндай құрмет қазіргі күнгі «машина кілтін тапсырды» дегеннен әлдеқайда абыройлы да асқақ естіледі! Ауызбастырық. Ауызбастырық (ғұрып). «Кер атты беріп тұрып: - Айта көрме, ауызбастырғымыз болсын, - деп аттандырды». («Ел аузынан» кітабынан). Біреуді сөзбен жығып, ұтып оны орнынан тұрмастай етіп өлең шығарғанда немесе өткір әзіл тастағанда (немесе ұятты іс істегенде) ұтылған адам өзінше әлгі сөзді басқа адамға таратпау үшін «ауызбастырық» береді. Ол бұл сөзді ешкімге айтпаңыз деген жалынуы, кешірім сұрауы болып табылады. «Ауызбастырық» алған адам әлгі сөзд ешкімге айтпауы керек. Сонда «ауызбастырық» та серттің бір түрі болып табылады. Ерулік. Ерулік (салт). «...екі ауыл бір-біріне ерулік беріп, шақырысып араға аяқ-табақ қатысып қалды» (ә.Нұрпейісов). Ауыл ортасына жаңа үй көшіп келсе, қоныстанса сол ауылдың адамдары жаңа үйге «ерулік» деп ас пісіріп табақ тартады. Бұл жаңа адамдарды бөтенсіретпей өз ортасына тартудың, сыйласудың үлкен белгісі. Мұның әлеуметтік, қоғамдық мәні де бар. Мысалы жаңа көшіп келген үйде отын, су болмайды. Оны әкелуге біраз уақыткерек. Міне, кең ойлап, терең толғайтын қазақ салты мұны да ұмытпаған. Болпан. Болпан — Күнге ең жақын және Күн жүйесінің 1-ші ең кіші ғаламшары. Күнді 88 тәулік ішінде айналып шығады.Ал өз белін ұзақ уақытта айналып шығады, Болпанның бір тәулігі Жердің 176 тәулігіне сәйкес. Болпанды бақылау өте қиын. Бетіндегі температура күндіз +300 дәреже болса, түнде -200 дәрежеге төмендейді. Болпанның үстінде бұлттар жоқ, соңдықтан ғаламшарда жуан атмосфера жоқ. Аспаны қараңғы, жұлдыздар Болпаннан жарық көрінеді, Күн үлкен тәжі бар шар сияқты көрінеді. Болпанды әлемде "Меркурий" деп атайды, бұл атау көне юнанның Гермес құдайының мадағына берілген. Ақмола. Ақмола — аққайрақ тастан әдемілеп жасалған ескерткіш белгілер. Осындай бір ескерткіш (мола) Есіл өзенінің бойында, ескі керуен жолы өтетін Қараөткелде (қазіргі Астана қаласы тұрған жер) болған. «Мола» деген сөз ғұн тілінде биік қорған, қамал деген ұғымды береді. Ақмола – 13 – 14 ғасырларда тұрғызылған сәулетті күмбез. Тастан, күйдірген кірпіштен тұрғызылған мұндай күмбездер Есіл мен Нұра өзендері бойында (Ботағай, Көктам, Сұлутам, Сырлытам, т.б.) көп. Ақмола, Кеңгір бойындағы Домбауыл кешені солардың ескі түрінің бірі. Оның қабырғасы төрт бұрышты текше түрінде қаланып, үстіне жартышарға ұқсаған не киіз үйдің төбесі тәрізді күмбез орнатқан. Күмбез жолаушының көзіне алыстан жарқырап көрінеді. Кейіннен Ақмола Ақмола қаласы мен облысының ресми атына айналды. Жанұзақов, Қабыш. Жанұзақов Қабыш (1917—1997) — Қазақстанның заң қызметі қайраткері. 1917 жылы 7 қарашада, Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. 13 жасында жетім қалып, кейін балалар үйінде тәрбие алады. 1938 жылы әскерге шақырылады. 1940 жылы Совет-Фин соғысына қатысты. Фин шығанағындағы Ханко түбегінде 164 күн қорғаныс ұстаған. Одан кейін Ұлы Отан соғысы басталады. Соғыстың басынан бастап 1943 жылдың наурызына дейін аға сержант Қабыш Жанұзақов фронтта соғысқан, ұлы Ленинград қаласын фашистерден қорғаған. 1943 жылы келесі шайқастың үстінде қатты жарақат алып, аяғынан айырылған, кейін демобилизацияланған. Көптеген ордендер мен медальдармен марапатталған Соғыстан оралған соң, Қабыш Жанұзақов Қазақ ССР-ның прокуроры Барановтың кеңесімен заңгер курстарын өтеді. Павлодар облысының прокуратурасында заңгер болып істеген. Есіл ауданының прокурор меңгерушісі болып істеген. 1957 жылы, Екібастұз қаласы салынған кезде, қалаға келіп, қала прокурорының меңгерушісі болып істеді. 1979 жылы Қабыш Жанұзақов пенсияға шығып, өз өмірін балалар мен немерелерге арнайды. 1997 жылы 80 жасында дүние салады. Қабыш Жанұзақов әрі қиын, әрі қызықты өмір сүрген. Оның балалары мен немерелері оны әрқашан еске алып, үлгі етіп, Жанұзақов фамилиясын мақтан тұтады. Бабырнама. «Бабырнама» (шағатайша:) - Бабырдың өзі және өз қолымен жазған атақты еңбегі. Бабыр тек жалаң саясатшы, жауынгер қолбасшы ғана болмаған, сонмыен бірге ол XVI ғасырдың атақты ойшылдарының бірі. Бабыр жазушы-ғалым ретінде өз артынан едәуір әдеби мұра қалдырған адам. Оның біздің заманымызға жеткен еңбектерінің ішінен «Бабырнаманы», «Мубайин» атты өлеңдер жинағын, «Хәтти Бабри» атты өзі жасаған жаңа алфавитті, махаббат тақырыбына жазылған көптеген газелдер мен төрт жолдық өлең шумақтарын ерекше атуға болады. Бабыр сонымен бірге музыка, поэзия және соғыс туралы да көптеген трактаттар жазған. Бірақ өкінішке қарай, оның бұл еңбектері біздің заманымызға жетпеген. Бабыр еңбектерінің іішінде «Бабырнаманың» алатын орны ерекше. Бабыр парсы тілін жақсы білгенімен, «Бабырнаманы» өзінің ана тілі — түркі тілінде жазған. Бұл шығарма Бабырдың есейген шағында, патша болып тұрған кезінде, Үндістанда жазылған. Сондықтан да автор мұнда көбінесе өзінің жастық шағын, өзі туып өскен жерлерді сағынышпен еске түсіреді. Кітап сол кездің әдебиетіне тән сөзуарлық, тақуалық, тілмарлықтан аулақ, халыққа түсінікті қарапайым тілмен жазылған. Шығарманың басты кейіпкері автордың өзі. Шығармада, ол бір жағынан, айлакер, саясатшы, қатал қолбасшы ретінде көрінсе, екінші жағынан, әдебиетке, өнерге, ғылымға ерекше ықыласпен қараған, қамқорлық жасаған кісі болып танылады. Бірақ «Бабырнама» — тек түрік монархының ғана өмірбаяны емес, сонымен бірге ол өз заманының тамаша тарихы. Бұдан XV ғасырдың аяғы мен XVI ғасырдың басында Орта Азия, Хорасан, Ауғансытан және Үндістанда болан саяси оқиғалар мен ұрыстар тарихын анық көресін. Автор сонымен бірге өз замандастырының — әмірлері мен бектердің, ақындар мен ғалымдардың, суретшілер мен зергелердің тамаша бейнесін бере білген. Олардың түрі, киімі, әдет-ғұрпы, талғамына дейін бастан аяқ суреттеген. Сол сияқты өзі жүрген елдің географиялық жағдайын, ауа райы, шаруашылығын, кәсіпшілігін де жазып отырған. «Бабырнамада» суреттелетін үстем өкілдерінің ішінен Омар Шайхы, Сұлтан Ахмет, Сұлатн Махмұд, Хұсайын Байқара бейнелері ерекше орын алады. Бұлардың іс әрекеттері үлкен тарихи оқиғаларға байланысты берілген. Мәселен, Бабыр бір кездегі әрі ақылды, әрі батыр Хусайын-Байқараның кейін азғындыққа салынып, қоян жүрек қорқақ адамға айналғанын әсем суреттейді. Міне соның нәтижесінде Хусайын Бақара билеген Герат хандығы азып тохып кеткен. Кітапта сонымен бірге падишах пен әмірлерге, әскер басыларымен тарихандарға да елеулі орын берілген. Өйткені бұлар Орта Азия мен Хорасанның XV-XVI ғасырладағы тарихында елеулі роль атқарған. Бабыр тархандар мен әскер басылардың қорқаулығын, сарандығын, мансапқорлығын шебер суреттейді. Олардың қандай жолмен болса да, басып алуға тырысқан әрекеттерін әшкерелейді. Бабыр өз кітабында тек әмірлер мен тархандардың ғана бейнелерін жасамаған, сонмыен бірге ол заманда өмір сүрген Орта Азияның аса ірі мәдениет және әдебиет қайраткерлерінің де бейнелерін бере білген. Ол тәжік әдебиетінің ұлы классигі Абдрахман Жәми, түркі әдеби тілінің негізін салушы Әлішер Науаи, XVI ғасырдың атақты суретшілері Камаладдин Бекзад, Шах-Музаффар және басқалар туралы өте жоғары пікір айтады. Мәселен, Бабыр Әлішер Науаи жөнінде былай деп жазады: «Әлішер бек теңдесі жоқ адам еді. Түркі тілінде өлең жазғандардың ішінде одан көп және одан жақсы жазғаны жоқ. Әлішер бек сияқты ғылым мен өнерге қамқорлық жасаған адам бұран-сонды болды ма? Ұста бекзад пен Шах Музаффар да Әлішердің қамқорлығы мен көмегінің арқасында өз өнерлерін өрістетіп, үлкен атаққа ие болды. Ол салдыран пайдалы құрылыстар сияқты жүргізген адам кемдекем» «Бабырнамадан» бұдан басқа да көптеген құнды материалдар табуға боады. Жалпы Орта Азияны, Ауғаныстанның және Үндістанның XV-XVI ғасырлардағы тарихы жөнінде мәлімет алғысы келгендердің қай-қайсысы болса да «Бабырнамаға» соқпай кете алмайды. Саудабаев, Қанат Бекмырзаұлы. Саудабаев, Қанат Бекмырзаұлы — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы. 1946 жылы туған. Ленинград мемлекеттік мәдениет институтын, Қоғамдық ғылымдар академиясын (Мәскеу қаласы) бітірген. Саяси ғылымдар докторы. Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі бар. Ағылшын және түрік тілдерін меңгерген. Институтты бітіргеннен кейін мамандығы бойынша Мәдениет министрлігі саласында жұмыс істеді. Мемлекеттік кинематография жөніндегі комитеттің, Мәдениет жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы болды. 1991 ж. бастап дипломатиялық жұмыста — Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы өкілетті өкілі, Түрік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елші, Сыртқы істер министрі, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елші, Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы — Үкімет мүшесі болып тағайындалған. ?-2007 ж. Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарында Төтенше және Өкілетті Елшісі, және Қазақстан Республикасының Кәнадада Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарушы. 2007 ж. мамырдың 15 — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы. Курув. Курув — оңтүстік-шығыс Польшадағы ауыл, Пулавы және Люблин қалаларының арасында Курувка өзенінің жағасында орналасқан. Ол Люблин воеводтығындағы гминаның, яғни бір ауданның орталығы, тұрғындары 2781 (2007 жыл). Тарихы. 1431 және 1442 жылдардың аралығында ауылға Магдебург заңдарының негізінде қалалық құқықтар берілді. Жеке меншік қала ретінде айналасындағы аймақтағы азық-түліксаудасының орталығы болды. Бұнда бірнеше аң терісі және былғары өңдеу орындары болған. 16-шы ғасырда осында көптеген поляк бауырластары қоныстанғандықтан, Курув кальвинизмнің орталықтарының да бірі болды. 1660 жылдарға қарай тұрғындарының басым көпшілігі арианизмге өтіп болды. 1660 жылдардан кейін Курувтың тарихы бүкіл өлкенің тарихымен бірдей болды. 1795 жылы Польша үшінші рет бөлшектелгеннен кейін қаланы Аустрия өзіне қосып алды. 1809 жылы Курув Польша патшалығының құрамына өтті. 1831 жылғы Қараша көтерілісінің кезінде осы жерде Курув шайқасы орын алды, онда генерал Иозеф Дверницкидің басқаруындағы поляк әскері орыс әскерлерін жеңді. 1870 жылғы Қаңтар көтерілісінің кезінде Курув өзінің қалалық дәрежесін жоғалтып, оны осы күнге дейін қайтарып алған жоқ. 1918 жылы Курув қайтадан Польшаның құрамына енді. 1939 жылғы қыркүйектің 9-ында Поляк қорғаныс соғысының (Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы Польшада осылай аталады) кезінде қаланы герман Люфтваффесі қатты бомбылады. Сол кезде қиратылған нысаналардың бірі — азаматтық аурухана(қызыл айқыштармен белгіленген болса да шабуылға ұшырады), онда көп адам шығыны болды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Германия екі құлдық еңбек лагерін орнатты. 1942 жылы бір кішігірім геттода орналастырды. Алайда Курувтағы тұтқындалған поляктардың басым көпшілігі құтылып, айналадағы ормандарда күресіп жүрген поляк Халықтық Армиясына барып қосылды. Әлмерек абыз. Әлмерек абыз — қазақтың Ұлы жүз үйсін тармағындағы албан тайпасынан шыққан батыр, абыз. 1658 ж. қазіргі Алматы қаласындағы «Әлмерек тоған» (бұрынғы Гагарин аулы) деген жерде туылған. 1756 ж. қайтыс болған. Әлмерек Абыз Қазақ-Жоңғар соғысына басынан аяғына дейін қатысқан батыр. Соғыс ақырына қарай қартая бастағанда әскерге сарбаз жаттықтырумен айналысады. Шәкірттерінен атақты Раймбек батыр, өз немересі Саурық батыр шыққан. М. Әуезовтың «Қилы заманында» айтылған Ұзақ батыр да осы кісінің тікелей ұрпағы. Сонымен қатар жаратлысынан бойына сіңген қасиетін пайдаланып әскерге емшілік жасау, халықтық емшілік, билік, имамдық, мұсылманша бала оқыту кәсіптерімен шұғылданған. Күші басым дұшпанды көз байлау арқылы жекпе-жекте сөзсіз жеңу әдісін қолданған және шәкірттеріне үйреткен. Раймбек батыр күші басым жаумен жекпе-жек шыққанда осы әдісті қолданып, ешбір жағдайда жекпе-жекте жеңілмей кеткен. Бейбіт заманда билік айтып, ел басқарған. Қазақ балаларын мұсылманша оқытып, Жетісу жеріне ислам дінін таратуға еңбек сіңірген. Қазақ-жоңғар соғысы біткеннен кейін батыс, солтүстік, оңтүстіктен келеген қазақ сарбаздарын жергілікті қыздарға үйлендіріп шекараға жақын жерге қазақтардың жиі қоныстануын ұйымдастырған. Албан, Суан тайпаларының ішінде Дулат, Адай т.б руларда болатын кіші рулар жиі кездеседі. Ол кісіден 12 ұрпақ тараған. 12 рулы ел Құрман деген Әлмеректің бір баласының атымен аталады. Әлмерек ұрпағы Құрмандар албанның ішіндегі ең көп тараған (Қабырға жетпес қара Құрман) руға жатады. Ошақтың үш аяғындай үш жүз бірге болса, қазақты ешбір жау ала алмайды. Бейіті Алматы қаласының шығыс жағында ГРЭС қалашығына шығар жодың оң жағында, шағын өзен жағасындағы қырда тұр. Басына көгілдір күмбез қойылған. Қабанбай батыр. Өмірбаян. Қабанбай (Ерасыл) батыр — XVIII ғасырдағы қазақ батыры, әйгілі қол-басшы. Мәмбет — Қожақұл, одан Қабанбай батыр туылған. 1691 жылы етегі Алакөлге малынып жатқан Тоқта-Барлық тауының маңында, Барқытбелдің күнгей жағына орналасқан Мәмбет ауылында Ерасыл (Қабанбай) дүниеге келген. Ол өзінің қайраттылығымен ғана басқа балалардан өзгеше болған жоқ, сонымен қатар оның арқасындағы қалың, қылдай түктері ерекшелендірді. XVIII ғасырдың бас кезінде, яғни 1702 жылы Барлықтағы алғашқы айқаста әкесі Қожақұл батыр аз адаммен қоршауда қалып, ақыры ауыр жарақаттан мерт болады. Ерасылдың он бірге жаңа толған кезі еді. Қожақұл батырдың көзі жұмылған соң бас иесінен айрылған Мәмбет ауылдарына жыл сайын ойраттар шабуыл жасап, тал түсте жылқыларын айдап әкете беретін әдет тапты. Сондай бір кезекті шапқыншылық кезінде қалмақтар жылқы күзетіп жүрген Қабанбайдың ағасы Есенбайды қолға түсіріп, қорлап өлтіреді. Аямас жауыздар қанжармен жас жігіттің қарнын жарып, шалажансар күйінде далаға тастап кетіпті. Есенбай жалғыз інісі Ерасылды маңдайынан шертпей, қатты еркелететін. Соның арқасында әкесінің де жоқтығы білінбей, жетімдік көрмей, бұла боп өскен еді. Аға өлімінен кейін, он алтыға жаңа толып, әлі оң-солын танып үлгермеген Ерасыл көзге қамшы тигендей мәңгіріп қалды. Әсіресе, қорлағаны, азаптап өлтіргені жанына қатты батты. Есенбайдай азаматтың қаны текке кетпес, қалмаққа қолма-қол аттанармыз, қарымта қайтарармыз деп ойланған. Жоқ, олай болмады. Бәрінен де елдің етекбастылығы, асықпайтын ағайынның керенаулығы көңілін қалдырды. Не керек, әйтеуір, іргедегі қалмаққа аттанып кек қайтаратын, тым құрыса жауға қыр көрсетіп, азаматтың құнын сұрайтын бір пенде табылмады. Ерасылдың күте-күте төзімі таусылып бітті. Ақыры тәуекелге бел байлаған Ерасыл не де болса қалмаққа жалғыз аттанбақ болды. Қанға — қан, жанға — жан! Ағасынан жаны артық па? Осы жолы не Есенбайды өлтірген қалмақты тауып, қанын ішеді. Не ағасының артынан бұл да мерт болады — екінің бірі! Ақыры кек алмай жаны жай таппасына көзі жетті де, жылқыдан төл аты — Ардакүреңді ұстап мініп, ешкімге жөнін айтпастан, шығысты бетке алып тартып отырды. Мөлшерлегеніндей-ақ, Сарыбелдің шығыс қапталына қалмақ ауылдары сұғына кіріп отыр екен. Ерасыл мал көздеп жүрген адам болып, алға қарай ішкеріледі. Қолында қаруы — әкесінен қалған төрт қырлы қаратамақ найза, қайқы қара қылыш пен екі жүзді алмас қанжары бар. «Жалғыздық жары — құдай деуші еді. Уа, пәруардігер, өзің жолымды оңғара көр!» деп тіледі ішінен. Өлже айқайлап дыбыс бергісі келді ме, әлде тынысы тарылып ауа қармағаны ма, сәл теңселіп тұрды да, қанжарды қайта суырып алған кезде, етбетінен күрс етіп құлап түсті. Ерасыл өзінің Ардакүреңіне мініп ауылдан ұзап кеткен соң, айырылысатын кезде Ердене жолдасының амандығын айту үшін Мәмбет ауылдарына қарай, ал Ерасыл із жасыру үшін Ертіс бойына ұзатылған әпкесіне қарай тартып, Керей еліне бет түзеді. Мұндағы апа-жездесінің қолында бірнеше жыл тұрып қалады. Бір күні Зайсан көлі жағасында жылқы қайырып жүріп, ойда жоқта бір тобыр жабайы шошқаға тап болғаны бар. Қамыс арасынан шыға келген құнан өгіздей қара қабан Ерасылға қарай оқтай атылды. Ерасыл да найзаны бар күшімен сермегенді, сірә, найзаның ұшы жүректі жарып өткен болар, қара қабан серең етіп құлап түсті. Ерасылдың аман екенін көріп, қуанған Бердәулет жездесі: батыр деп мына сені айт! Өзің нағыз қабан екенсің ғой! Уа, жарандар, бүгіннен бастап атын «Қабан батыр» деп атайық! — демесі бар ма. Жездесінің аузы мұндай дуалы болар ма, қуаныш үстінде айтылған бір ауыз сөз кешікпей бүкіл елге тарап, аяқ астынан «Қабанбай батыр» атанды. Сол жылы күзде Сауырдағы шайқаста Ерасыл ойрат батыры Долан Дошыға қарсы жекпе-жекке ел қойып алған осы жаңа атымен шықты. Содан Керей арасында бес жылдай тұрып, Ханбибіге үйленіп, кейін Байжігіт ішіне қайта оралған соң да бұл ат қалған жоқ. 1718 жылдың күзі, арада жеті жыл өткенде, Аягөз өзенінің бойында Арсалаңмен кездесті. — Қапы қалма, Арсалаң! Мен — қазақтың Қабанбай деген батырымын. Осыдан жеті жыл бұрын, он алты жасымда, ағаң Өлжежырғалды о дүниеге аттандырып едім. Міне, құдайдың құдіретін көрдің бе, сенің де ажалың менен болайын деп тұр… Ал енді шамаң болса, қорғанып бақ! Найзаны қолына мығым ұстаған Қабанбай кіндік тұстан, не қазан толмастан қадайтын кісіше, еңкейе шауып келді де, дәл қасына таяған кезде көз ілеспес жылдамдықпен өндіршекке ұрып кеп жіберді. Найзамен бауыздалған Арсалаң кескен теректей болып, ат үстінен сұлап түсті де, қорқырап қала берді. Кейін, ойрат қолын ойсырата жеңіп, Шаған шатқалынан айдап шыққанда, ақбоз атқа мініп дара шауып, қол бастаған батырдың Қабанбай екенін біліп, Абылай хан қатты разы болған екен. — Қайраусыз өтер қара қылышым-ай! Даңққа жеткізген дара бозым сен екенсің ғой! Егер биікке бекініп алған жау қамалына қалың қолды көтеріп сен шаппағанда, бүгінгі шайқастың немен бітері неғайбыл еді. Бүгіннен бастап Қабанбай атың хан ұранына айналып, жорықтағы есімің Дарабоз болсын! — деп құшағына алып, үстіне алтын зерлі тонын жапқан екен. 1769 жылы жетпістен асқан Қабанбай батыр төрт көздері түгел отырған жиында былай деп өз байламын естіртті. — Мен енді көп ұзамаймын. Әрі кетсе бір ай, әйтпесе шөп буыны қата жолға түсетін шығармын… Тоқтының сыртында Сарыбел деген асу бар. Сүйегімді сонда апарып қойыңдар! — деп сөзін қысқа қайырды. — Маған неғұрлым Қабанбайдың амандығы керек. Оның ауылын көзі тірісінде шаппасам, кегім қайтпайды!- деп масайрады ол. «Ел шетіне жау тиді! Қырғыздар батырдың ауылын шапқалы келеді» дегенді құлақтары шалысымен, байырғы сарбаздардың бәрі атқа қонып қолдың саны мыңға жетті. Ал бұл кезде Қабанбайдың тұла бойын ыза мен намыс билеп алған еді. Қарабектің қаһарлы қаруы қылыш болса керек, ақ алмас «жан алғыш әзірейілің менмін» дегендей, көк жүзінде қалықтап келеді. «Я, алла, өзің медет бере гөр» деп қарт батыр терең тыныс тартып, бойындағы бар қуатын жинап алды да, ауыр сүңгіні құлаштай сақтырды. Көп көздеп жатпаса да, дағдылы қол мүлт кетпепті. Жебедей зулаған көк сүңгі ажал Қарабектің тура жүрек тұсына барып қадалды да, ат үстінен жұлып түсірді. Сол сәт Қабанбайдың ішкі құрылысынан әлдене үзілгендей болған, батырдың басы айналып, төңірегін түгел түнек жапқандай, әлдебір тұңғиыққа батып бара жатты. Алпыс жыл бойы аттан түспей, бар өмірін жауға қарсы қылыш сермеп өткерген ұлы қолбасы ажал жастығына алаңсыз бас қойған еді. Марқұмды, өз өсиеті бойынша, Жоңғар қақпасының сол жақ қапталындағы Сарыбелге жерледі. Белгі ретінде батырдың басына тас үйілді. Ұрпақ ауысып, ел жаңарды. Зират басына үйілген обалар мүжіліп, бірте-бірте жұрт жадынан өше бастады. Бабалардың салақтығынан кейінгі ұрпақ ұлы қолбасының нақты қай тұсқа жерленгенін таппай, сарсаңға түсіп сандаларыын ол кездегі адамдар қайдан білсін?! Мамаұлы, Бөкенбай. Өмірбаян. Бөкенбай Мамаұлы (1690—1775) — Абылай хан заманындағы атақты қолбасшы, батыр. Батырлығы мен қолбасшылық дарыны арқасында Бөкенбай үлкен құрметке бөленіп, ерлігі ел аузында аңызға айналып кетті. XVIII ғасырдың бірінші жартысында қазақ даласын қорғауда Бөгенбай батыр қамал бұзар қайратымен көзге түсті. Олжабай, Қабанбай, Малайсары секілді дарабоздармен қоян-қолтық Көксерке атын борбайлап, қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы талай қанды айқастарға қатысты. Бөгенбайдың қалмақтармен және қытай әскерлерімен болған қиян-кескі шайқастарда көрсеткен қайраты сол кезеңдегі жорық жырауларының толғауларында мәңгі өшпес өлең тілімен өрнектеліп қалды. 1725—1727 жылдары Бөгенбай батыр Абылай ханмен бірге қазақ қолын басқарып, осы ұрыс нәтижесінде ойсырай жеңілген онсон қалмақ әскері Түркістан мен Саураннан Жоңғар Алатауының арғы жағына қуылған болатын. 1756—1758 жылдары Бөгенбай батыр Талқы түбінде Шығыс Түркістанға алғаш рет аяқ басқан қытай әскерімен қиян-кескі шайқасқа қатысты. Бұл ұрыста ол қытайларды қыра талқандап, Үрімшіге дейін қуып барды. XVIII ғасырдың отызыншы-қырқыншы жылдары Бөгенбай батыр, көрші елдермен келіссөздер жүргізу мәселесіне етене араласқан. Оның Кіші жүз елімен жиірек қатысуында да бір мән бар. Біріншіден, орыс әкімшілігі арқылы қалмақ-башқұрт елдерінде тұтқында жүрген сарбаздарын қайтарып алу мәселесі болса, екіншіден, Ресей патшасымен одақ құрудың келешегі қалай болар екенін бағдарлау. Бұл тұста қазақ елінде іргелі хан ретінде Әбілқайыр ғана белгілі еді. Оның орыс әкімшілігімен жүргізіп жүрген келіссөздері бірде нәтижелі, бірде аяқсыз қалып келе жатқанын Бөгенбай батыр секілді қолбасшылар бақылап отырды. Бұл кездің тағы бір ерекшелігі — ел ішінен жиналған саңлақ сарбаздарды халық арасында абырой-беделі бар батырлар басқарды. Қолбасы батырлар халықтың ұлы жиын, үлкен кеңесінде жалпы бұқараның ұсынысымен тағайындалды, осындай кеңесте 1710 жылғы Қарақұмда Бөгенбай батырды бүкіл халықтың қалауымен қазақ жасақтарының қолбасы етіп сайлайды. Осы жасақтар әзірлігінің арқасында, қару-жарағы мол жоңғар әскерлеріне тез арада ойсырата соққы беріп жүрді. Бөгенбайдың нағыз толысқан шағы — батырлығына қоса от ауыз, орақ тілді шешен кезі еді. Осы уақыттарда сыртқы жаумен жекелеген ұрыс-шайқастарда бірқатар жеңістерге жетіп, бүкіл алашқа аты шығып, даңқы артқан болатын. Бөгенбай батыр ұрыстарда ұдайы жүрмеген адам, елінің алды-артын болжаған, халқының келешегін көп ойлаған абзал жан. Жас кезінде шайқастарда батырлығымен көзге түссе, өз елінде қолбасшылығымен, ұйымдастырушылық қабілетімен сыйлы болған. Бөгенбайдың батырлығынан басқа ақылгөй-көрегендігін, мейірбан-адамгершілігі жоғары, бейбіт жан болғандығын байқауға болады. Бұл жағынан ол Төле бимен дәмдес қана болмаған, пікірлес дос болған. «Жігіттік, ерлікті айтсаң Бөгенбайды айт!» деп Тәттіқара жырау жырлағандай, қазақ халқы өзінің даңқты ұлының тұлғасын мәңгі жүрегінде сақтап, ауыздан-ауызға таратуда. Бөгенбай батыр 1761 жылы Абылай ханның ұлы Әділ жүргізген Қытай империясы мен Қазақ хандығы арасындағы келісімге де барған. Қазақ халқының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін жоңғар шапқыншыларына қарсы шайқастардағы Бөгенбай батырдың жетістіктері Ресеймен достығымызды нығайтып, біріккен одақ құруға септігін тигізді. Бұл қазақ пен орыс халықтарының арасындағы достық пен бірліктің бастамасы болып табылады. Оның ерліктеріне деген құрмет ретінде батырдың денесі Түркістан қаласындағы дүние жүзіне әйгілі Қожа Ахмет Иассауи Кесенесінде жерленген, басына граниттен құлпытас қойылған. Наурызбай батыр. Наурызбай батырдың ескерткішінің ашылуына қатысты Наурызбай батыр (Наурызбай Құтпанбетұлы) (1706—1781) — Абылай ханның үш батырының бірі, қолбасшы. Ол Ұлы жүз Шапырашты тайпасының Тілеміс руынан, қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы Жалпақтас, Серіктас деген жерлерде мекендеген. Оның бар өмірі жоңғарлармен соғыста өткен. Жоңғарлармен соғыста оның Құдайберген, Шолпан, Дүйсен деген үш бірдей бауыры қаза тапқан. Наурызбай батырдың 1729 жылы Шамалхан мен Қаскелеңді жекпе-жекте өлтіргені қазақ даласына кеңінен тараған. 1750—1752 жылдары басқа батырлармен бірге жоңғарларды Тұрфаннан асыра қуып, жеңіске жеткен. Ол сол жылы көп қазақты тұтқыннан босатқан. Қазақстан облыстарында, аудандарында Наурызбай батырдың аты көшелерге берілген, Наурызбай батырға арнап ескерткіштер орнатылған. Қорқыт Ата. Қорқыт ата (9 ғ.) — қобыз атасы деп табылады, композитор, жыршы, ақын, музыкант, бақсылардың қамқоршысы.Қорқыт ата Түрік дәстүрін, салтын, әдетін, сенімдерін, басқа халықтардан айырмашылығын, қысқасы, қоғамдық мінездемесін ертегілерінде айтқан, оны бүгінге дейін әдемілеп жеткізген ұлы өнерпаз. Туған, қайтыс болған жылдары белгісіз. Өмір сүрген ғасыры да даулы. Кейбір зерттеушілер оның Әзірет Пайғамбар заманында жасағанын айтады және ғылыми еңбектерінде бұл пікірді дәлелдейтін дастан бөлімдерін келтіреді. Ал кейбір зерттеушілер Қорқыт Атаның Оғыз түріктерінің ертекшісі және дастаншысы болғанын айтып, Қорқыттың бүгін қолымыздағы 12 дастан-хикаясынан пікірлерін дәлелдейтін деректер келтіреді. Пертев Найили Боратов Қорқыт Ата ертегілері жөніндегі Ислам Энциклопедиясына жазған мақаласында бұл ертегілердің XV ғасырға дейін ауызша болып келгенін, ал XV ғасырдың екінші жартысында Аққойынлылар тарапынан жазылып алынғанын еске түсіріп, қолымыздағы бар мәтіндерде екі бөлек дәуірдің оқиғалары бейнеленгенін көрсетеді. Қыпшақ-оғыз түріктерінің Сырдария солтүстігінде отандарында IX-XI ғасыр арасында кешкен өмірлері осы ертегі-дастандарда көрсетіліпті. Және бұл ертегі-дастандар жазылып алынған XV ғасырдағы Аққойынлы мемлекетінде болған оқиғаларды қамтиды. Қорқыт Ата ертегілерінің негізі қыпшақ-оғыз түріктерінің өмір-тұрмысына негізделген және осы заманның салт, әдет-ғұрып және дәстүр түрлерін көрсетеді. Бірақ нақ осындай салт-дәстүрмен жасаған Аққойынлылар ертелерді қағазға жазғанда кейбір хикаяларды ол күндердің оқиғаларына үйлестіре жасауы мүмкін. Кейбір ғылыми еңбектерде Қорқыт Атаның Пайғамбарға елші болып жіберілгені жазылды. Бұл қосымшалардың түріктердің ислам дінін қабылдағаннан кейін жазылуы ықтимал. Қорқыт Ата қыпшақ-оғыз түріктерінің білгіші болып табылады. «Оғыз халқының басына қайыр келетінін сөйлеген едім» деп айтқан хикметтерінен түріктерге жол көрсеткені байқалады және оның бақсы болғандығы жөніндегі ықтималды күшейтеді. Бақсылар әрі ақын болатын, әрі өткен замандардың хикаяларын сөйлейтін, келешектен хабар беретін. Бақсы болғанының тағы бір дәлелі-қолындағы қобызы. Әдетте, қобыз-әулиелердің аспабы. Қазіргі заманда түркі халықтары арасында Қорқыт Ата дастаны кең тараған. Қорқыт Атаның біздің заманымызға дейін жеткен 12 хикаясы бар. Олардың сегізі ішкі және сыртқы соғыстар туралы.Екеуі ғашық оқиғалары жайында болса, екеуі мифологиялық сипатта. Бірақ бәрі де түркі дүниесін шын сипатында көрсетеді. Түркі қауымының қаһармандығы, мәдениетін, мінезін, діни әдеттерін және тұрмыстарын ашып береді. Қорқыт Ата ертегілері мен дастандары-түркі мифологиясының қайнар көзі. - Дерсе хан ұлы Бұқаш туралы жыр, - Қазан бектің ауылын жау шапқаны туралы жыр, Жер қадірін ел біледі, ел қадірін ер біледі; Құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнайды; Қар қаншама қалың жауғанмен - жазға бармас; Анадан өнеге көрмеген қыз; Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді, т.б. Қолына қобыз ұстаған ұзан (абыз,жырау) елден елге жетеді – деп Қорқыт атаның өзі айтқандай, өнер-мәңгілік, ол елден елге, ұрпақтан ұрпаққа тарайды. Қорқыт ата кім болған? Қарақожа ұлы Қорқыт Ата қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданына қарасты Сырдария өзенінің төменгі жағасында, Жаңакент /Иеникент/ қаласында /VIII—IX ғ.ғ,/ өмір сүрген. Өз халқының, бақыты үшін 'Жер ұйығын" іздеп, көптің муддесін көздеген Қорқыт Ата — ақын, жырау, композитор, әнші, күйші, қобызшы, өз дәуірінің ойшылы болған адам. Бұл жаңа қала Сыр өзенінің Арал теңізіне қүйылар жерінде тұрғандықтан, қазақ халқы оны Су аяғы — Ер қорқыт" деп те атаған. Тарихи жазба мәліметтер мен халық шежіресі бойынша Корқыттың әкесі Қарақожа оғыз тайпасына жататын Баят дейтін рудан шыққан, ал шешесі қазақ қурамына кіретін қыпшақ қызы, оның туған жері қәзіргі Қостанай облысының Аят өзені. Қорқыт мініп, жер дүниенің төрт бұрышын кезіп, аңьізға айналған атақты Желмаяны оньің шешесінің жақын туыстары сыйлаған. В. М. Жирмунскийдің айтуынша, Қорқыт Ата жыраулар мен жыршыларға тән көне халық поэзиясының ерекшеліктерін бойына сіңірген әнші-жырау әрі болжагыш ақылгөй болған. Оғыз-қыпшақ қогамының ішкі-сыртқы істерінің білгірі Қорқыт өз заманында төрт-бес хандықты басынан өткізіп солардың бәрінде де бас уәзірлік қызмет атқарып отырған. Олар: Инал хан, Дойлы хан, Көл- Еркі, Тұман хан және Каңлықожа. Хандарга күшті ықпал жасағандықтан, олар Корқыттың ақылды кеңесінен аса алмаған. Осы пікірді шығыс тарихын зерттеуші Әбілғазы да баса айтқан.Әр турлі аңыз-әңгімелерде Қорқыттың туған жылы мен жасы жөнінде әр түрлі пікір айтылады. Кейбір деректер Қорқытты 95 жыл жасаған десе, кейбірінде — 195-ке, тіпті 400-ге келген деген болжам бар. Ал "Деде Қорқыт кітабында» Корқыттың өмір сүрген уақытын Мухаммед пайғамбардың заманына жақындатады “Расул ғалей һи уәс-салам заманына жақын Баят бойында Қорқыт Ата дейтін бір ер тұрыпты",— дейді ол кітапта. Қазақтың аңыз-ертегілерінде Корқыттың туған күнін өте қорқынышты етіп көрсетеді. Ол күні алай-түлей боран соғады, нөсерлі жауын құяды, күн тұтылғандай, айналаны қара түнек басып, үш күнге дейін күннің көзі ашылмайды. Қаратауды қаптаған қалың бұлттан күн күркіреп, жұрттың құтын қашырып, зәресін ұшырады Халық аңыздары мен жазба деректерге және өзінің ғылыми еңбектеріне сүйенген қазақтың академик ғалымы Ә. X. Марғұланның мәлімдеуінде Қорқыттың шешесі нәрестені тогыз күн ұдайы қатты толғатып, ерекше бір ғаламат қорқынышты жағдайда өмірге әкелгенін айтады.Сырдарияның жағасы мен Қаратаудың айналасын қара тұман бұлт басып, күн тұтылады. Сондықтан Қорқыт туған бұл үрейлі қара түнек күнді халық "Қараспан" деп атаған. Сұрапыл дүлейден, қара түнектен, қорыққан халық жаңа туған балаға «Қорқыт» деп ат қойған. Мағынасы «Қорқыт, қорқытты» деген ұғым береді Махмуд Қашқаридың айтуынша, халық өлеңдерінде, "Оғызнама" жырында Қорқыттың туғаны ерекше сипатталады. Мұны академик Ә. X. Марғұлан да қуаттайды. Сырдарияға жақын Қаратау төңірегінде өмірге келген Қорқыт туғанда сөйлеп туыпты. Ол тауды Қарашық /Қаратау/ немесе "Қараспан" деп атаған. Қорқыт және қобыз. Ақ қайынның безінен қағып алған, қобызым. Өзегінен кара емен ойып алған, қобызым. Қыл құйрығын тұлпардын ішек қылған, қобызым. Тау текенің мүйізін тиек қылған, қобызым. Ақ ырғайын қиянның құлақ қылған, қобызым. Ақ түйенің сүтімен — сылап алған, қобызым Сырынды ашып, үніңді сынап алған қобызым. Өзі мықты, үні әдемі, сазды болуы үшін қазақ халқында қобыз аспабы күні бугінге дейін осы әдіспен жасалып келеді. Қазақтың аңыз-әңгімелерінде Қорқыт Атаның қалай өлгені, неден өлгені туралы да айтылады Солардың бірінде Қорқыт өлімнен қашып, Сырдария жағасьіна жайылған кілем үстінде жеп отырған жүзім ішінен қарақурт шыгып, шагып өлтіреді. Енді бір аңыз-әңгімеде Қорқыт өлімге тосқауыл жасамақ болып, өмір жайын ән мен күйге қосып, Сыр суының жағасына төселген кілем үстінде қобызбен күй сарнатып отырады. Бір мезетте куйге елтіп, арбаған әбжылан Қорқыт қалгып кеткен кезде шағып алады да,Қорқыт Ата содан өледі «Қорқыт ата кітабы» әдеби ескерткішінен (9—10 ғғ.) Қорқыт атаның Оғыз мемлекетінде билік құрған оғыз тайпасынан шыққандығын білуге болады. Оны Ш.Ш. Уәлиханов қазақтың алғашқы шаманы, алғашқы ақыны деп атайды. Қорқыт жайындағы аңыз әңгімелер Ә. Науаи арқылы белгілі болып, түркі халықтары, әсіресе қазақтар арасында кең тарады. Аңыздарда Қорқыт қобыз жасаған. Ол қобыздың музыкалақ дыбысталуынан үшкіру, ауа, сиқыр өткізген. Қорқыттың пайымдауынша, адамдар адамилық қасиеттерін сақтап қалу керек. Адам үшін ең қауіптісі — адамилықты жоғалту. Сол аңыздарда Қорқыт жер-жаһанды кезіп, «басқа елден әркімге өз елінде жақсы» деген ой түйіндегенін байқауға болады. Оның айнымас досы сиқырлы Желмаясы болды. Ескерткіші. Қорқыт атаға арналып 1980 ж. Қызылорда облысының Жосалы стансасынан 18 km жерде, Қорқыт разъезінің түбінде архитектуралық ескерткіш орнатылды. Ауторлары — сәулетші Б.А. Ыбыраев, физикадан ғалым С.И. Исатаев. Ескерткіш темір бетоннан жасалған 4 тік көктастан (стеладан) тұрады, биіктігі 8 m. Жоғарғы жағында аузы кең түтіктер орнатылған. Аузы кең орталық тесікке келіп түйісетін 40 металл түтік жел соққан кезде қобыз сарынымен үндес дыбыс шығарады. Қобыз атасы, композитор, жыршы, ақын, музыкант, бақсылардың қамқоршысы. "Қорқыт ата кітабы" әдеби ескерткіштерінен ІХ-Х ғасырларда билік құрған оғыз тайпасынан шыққандығын білуге болады. Оны Ш.Ш.Уәлиханов қазақтың алғашқы шаманы, алғашқы ақыны деп атайды. Қорқыт жайындағы аңыз әңгімелер Ә.Науаи арқылы белгілі болып, түркі халықтары, әсіресе қазақтар арасында кең тарады. Уәлихановтық-потаниндік түсіндірме "қорқыт" сөзі — адамзат тұрмысының жағдайын көрсететін "қорқыту" сөзінен шыққан деп түсіндіреді. Өлімнен қорқу мен одан қашу — шаман халық аңыздарының жемісі. Аңыздарда Қорқыт қобыз жасаған. Ол қобыздың музыкалық дыбысталуынан үшкіру, ауа, сиқыр өткізген. Сол аңыздарда Қорқыт жер-жаһанды кезіп, "басқа елден әркімге өз елінде жақсы" деген ой түйіндегенін байқауға болады. Оның айнымас досы сиқырлы Желмаясы болды. "Қорқыт ата кітабы" — кейіннен түркі халқының құрамына қосылған оғыз тайпасының эпикалық жазба ескерткіші, Кітап оғыздардың өмірі жайында баяндайды. Оғыз — қыпшақ тайпаларына ортақ тілде жазылған. Кітаптың араб әрпімен жазылған екі нұсқасы саққалған (Дрезден, Ватикан). Кітапта қазіргі қазақ тілінде кездесетін географиялық атаулар көптеп кездеседі. Мұраның орыс тіліне толық аудармасын В.В.Бартольд 1922 жылы жасады, ол 1962 ж. жарық көрді. Қорқыт атаның кесенесі. Қорқыт Атаның сегіз қырлы күмбезді мазары қәзіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданына қарасты теміржол станциясына жақын Сырдария өзенінің жағасына /IX—XI ғ./ орнатылған. Мазардың сыртқы көрінісі қазақтың киіз уйі сияқты дөңгелек. Ә. А. Диваев пен И. А Кастаньенің зерттеуі бойынша /IX ғ. / мазар кірпіштен салынған. Ішкі жағы қазақтың түрлі оюларымен безендіріліп, кереге, уықтар бейнеленген. XIX ғасырдың аяғында Қорқыттың табыты басқа жерге көшірілгең, мазарының қалдықтарын Сыр суы шайып әкеткен. Соңғы жьілдары /1978—1980/ Қазақстан Республикасы тарихи және мәдени ескерткіштерді қоргау қоғамы Орталық советі Президиумының шешімі бойынша арнайы қаржы босатылып, Қорқытқа мәңгі ескерткіш орнатылды. Алматылық жас архитектор Ибраев Бектің жобасы бойынша жүзеге асырылған, қазақтың көне музыкалық аспабы — қыл қобыз бейнеленген бұл ескерткіш желмен бірге ыңылдап, үн салып тұрады. Ескерткіш Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының теміржол станциясына жақын жерден бой көрсетеді. Қорқыт Ата мазарын 1898 жылы қазақтың көрнекті фольклорисі, қазақ ауыз әдебиеті үлгілерінің белгілі жинаушысы Ә. Диваев түсіріп алған екен. Сол фото-сурет Стамбул университетінің профессоры М. Ергиннің /Китаби Қоркыт/ еңбегінде пайдаланылған. Киіз үй. Киіз үй — Орталық және Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы. Ол — көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі. Көшпенділердің киіз үйі — тарихымыздағы ең бірінші сәулеттік қүрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Сондықтан, шопандар да, туристер де пайдаланады. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды. Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үйлер апарып жүр. Шаңырақ. Киiз үйдегi кеңiстiк — қазақ дүниетанымының тоғысқан жерi. Осында адам дүниеге келедi, үйленедi және соңғы сапарға аттанады. Яғни адамның түздегi тiршiлiгiн қоспағандағы өмiрi осында өтедi. Киiз үй — ғаламның моделi. Бүкiл ғалам мен адам арасын байланыстырушы. Рухани мәдениет ретiнде қарастырсақ, киiз үй баспана ғана емес арғы әлеммен байланыстырып, қаскөй рухтардан қорғайтын киелi орын. Қазақ үйдiң киесi шаңырақтан бастау алады. Шаңырақ — қасиеттi. Шаңырақ — күннiң символы. Шаңырақ көтерiлiп жатқанда ешкiм сөйлемейдi. Өйткенi ұлы iс атқарылып жатқанда үнсiздiк орнауы тиiс. «Жетi уық шаншылғанша жетесiз ғана сөйлейдi» деген сөз осының дәлелi. Шаңырақтың төрт күлдiреуiшi — төрт тарапты бiлдiредi. Уықтарды күннiң шашырандысы деп ұғыңыз. Ертеректе шаңыраққа үрлеген қарын байлап қоятын болған. Оның мәнiсi, құт құйылады деп есептеген. Шаңырақтың астында ошақ орналасады. Ошақ — адамның оты. Шаңырақтың үстiнде Алланың оты маздаса, төменде адамның оты лаулайды. Есiк пен төр. Киiз үйдiң есiгi әдетте шығысқа қаратылады. Бұл — күннiң сәулесi үйге бiрiншi түссiн дегендi бiлдiредi. Есiкке қарама-қарсы бетте — төр. Төрдегi адам есiкке қарап отырады. Егер ол малдас құрып отырса, оның әкесi жоқ деп есептеңiз. Әкесi тiрi адам малдас құрмайды. Отырудың өзiнiң осындай таңбалық мәнi бар. Төрдегi адам төрелiк айтады. Төрге ақ пен қара түстi сырмақ төселедi. Мәнiсi, төр — ақ пен қараның ара жiгiн ажырата алатын адамның орны. Төрде отырып, билiк айтқандар мемлекет билiгiне дейiн көтерiлген. Мұны Орхон-Енисей жазбасындағы «төр» сөзiнiң мемлекет мағынасында қолданылғанынан байқауға болады. Қазақта: «Едiл үйдiң — есiгi, Жайық үйдiң — жапсары, Түркiстан — ұлы төрiмiз» деген сөз бар. Шыңғыс дәуiрiндегi Ақ орда, Көк орда, Алтын орда дегендердiң өзi — кеңейтiлген киiз үйдiң көшiрмесi iспеттi. Сосын төрге қыз бала отырған. Өйткенi, қыз — қонақ. Бабалардан қалған бiр сөз — «Қыз бала — төр иесi, ұл бала — үй иесi». Керегең кең болсын, екi босағаң тең болсын! Босаға — екеу. Оң жақ босаға және сол жақ босаға. Сол жақ босағаға кебеже, саба, мес, күбi т.б. қойылады. Сол жақ босағаға келген дүниенi ғалымдар «құт» категориясымен белгiлейдi. Өйткенi жоғарыдағы аталған ыдыстарға айран, iркiт, қымыз, шұбат т.б. құйылады. Демек сол жақ босаға — әйелдiң символы. Дәл осындай түсiнiк әлемнiң бiрқатар елдерiнде де бар. Ал қазақ шұңғыл ыдысты да әйелдiң символы ретiнде бағалайды. «Аяғын көрiп, асын iш, анасын көрiп, қызын ал» деген мақалдағы «аяқ» осындай мағынасы үшiн де мақалға енген. Сол босағадан кiрген дүние сыртқа шықпайды, қапқа түседi. Қазақ мұны «қапқа түскен — қатындыкi» деп бiр-ақ қайырады. Ал оң босаға — еркектiң символы. Оң жаққа ер-тұрман, ат әбзелдерi, бүркiт т.б. қойылады. Қатты жауын-шашында малдың жас төлiн де оң босағаға кiргiзетiн болған. Оң жақ — аралық меже. Босаға аттап келген келiндi оң жақта қарсы алады. Аяғына «биязы болсын» деп ақсарбастың терiсiн төсейдi. Босағаны пәк болып аттаған бойжеткен аралық межеден өтiп, жанұялық өмiрiн бастайды. Үйленген соң, төсек-орнымен сол жаққа өтедi. Қайтыс болған адамды да қазақ ақ киiзге жатқызып, оң жақтан шығарады. Демек оң жақ бiр әлеуметтiк сатыдан екiншi әлеуметтiк сатыға немесе бiр әлеммен екiншi әлемге өткiзетiн көпiр iспеттес. Олай болса, «Керегең кең болсын, екi босағаң тең болсын!» деген тiлектiң кейiнгi жолдарында әке-шешең аман болсын деген астар жатыр. Қазан-ошақ. Шаңырақты көтергенде бақанның екiншi ұшы тиген жерге, яғни үйдiң дәл ортасына ошақ орналасады. Ошақ орналасқан соң, қазан асылады. Ал қазан асылған соң мiндеттi түрде оған бiрдеме құйылуы керек. Қазанның бос тұруы жаман ырымға саналады. Құт деген түсiнiктi сарқа құйып алатын символдың басы осы — қазан. Оның бiзге жеткен керемет үлгiсi — Түркiстандағы Тайқазан. Қазақтың қазанды қатын-баламен бiрге атайтыны да осыдан келiп шығады. Қайда көшсе де қазанын тастамайтын ғұрып бүгiнгi күнге дейiн жалғасып келедi. Қазанды татулықтың белгiсi ретiнде де мансұқтайтын аңыздар бар. Оның бiрi: «жауласқан мың батырдың найзасының ұшы ерiтiлiп, қазан құйылған екен» деп басталады. Олай болса қазанды береке-бiрлiктiң символы ретiнде де таниды. Бақан, адалбақан. Бақан да еркектiң символы. Бақанды әйел адам ұстамайды. Бақан әлемдi тiреп тұрған нәрсе. Ал адалбақанның рөлi бұдан да жоғары. Төсек-орнымен сол жаққа шыққан ерлi-зайыптылар жастары өсе келе төрге бiр табан жақындаса, адалбақанға екi табан жақындайды. Адалбақан — әлем ағашының символы. Әлем ағашы, әлем бәйтерегi дегенiңiз — Ертөстiк ертегiсiнде айтылатын, самұрық құс қонатын, арғы әлем мен бергi әлемдi жалғастырған ғажайып ағаш. Адалбақанға жақындаған адам — адалдыққа жақындаған адам. Дәл осы жастағылардың денсаулығы сыр берiп, жаны күйзелгенде «Төрiмнен көрiм жақын» деп қиналатыны да бар. Табалдырықты баспа! Ертедегi түсiнiк бойынша, әлем үш сатыдан тұрады. Аспан — рухтар мекенi. Ондағы адамдар белбеудi басынан байласа, жердегiлер белiнен, ал төмендегiлер аяғынан байлайды. Табалдырық сол төмендегi әлеммен байланысқа түсiретiн мәнге ие. Мысалы, ертеректе шала-жансар туылып, өлiп қалған малдың төлiн табалдырықтың астына көметiн болған. Түсiктi де сөйткен. «Табалдырықты баспа!» дейтiн тыйымның шығу себебi, мiне, осымен байланысты. Оталмаған мылтық пен қаппаған қақпанды домдау үшiн табалдырықтың астына қойып, бойын таза ұстайтын әйел адамға аттататын болған. Себеп, арғы әлем мен бергi әлемнiң арасындағы қаскөй рухтар мылтық пен қақпанды байлап тастады дейтiн түсiнiк. Отырар. Отырар — 9 ғ. ірі қаласы. Ол тарихта Тұрарбанд, Тұрар, Тарбанд деп те аталып келген. Отырар 5—15 ғғ. Арал бойындағы көшпелі тайпалармен сауда жасайтын орталық болған. Иран мен Орта Азиядан Сібірге, Монғолияға және Қытайға қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды. 1218 ж. Отырардың билеушісі Қайыр ханның әмірімен Шыңғыс ханның керуеніндегі көпестерді өлтіріледі. Бұл моңғолдардың Орта Азияға шапқыншылық жасауына себеп болады. Тарихи әдебиеттерде бұл қырғын «Отырар апаты» деген атпен белгілі. Моңғол шапқыншылығынан Отырар қиратылып, қала тұрғындары қырылады. Тірі қалғандары Моңғолияға айдалады. Бірақ 1218 жылғы апаттан кейін Отырар қайта жанданады. Жошы ұлысы құлағаннан кейін Отырар Әмір Темір мемлекеті құрамына енеді. Темір мұнда бірнеше рет болып, 1405 ж. осында қайтыс болады. 16 ғ. екінші жартысынан кейін қала қазақтардың билігіне біржола көшеді. Отырар — 18 ғасырдың басына дейін толыққанды өмір сүрген қала. Кейін құлдырауға ұшыраған. Жеті жарғы. Жеті жарғы – "Тәуке хан (1678 – 1718) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы." 17-ғасырда қазақ хандығының ыдырау қаупінің тууына байланысты Тәуке хан елдің ауызбірлігін арттыратын шаралар қарастырып, хандық билікті нығайтуға күш салады. Қазақ қоғамының дамуы мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін қажет етті. Осы ретте Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдары мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолын” одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысты. Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, “Тәуке ханның Жеті жарғысы” деген атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады. Жаңа заң жүйесі қазақ халқының өмірлік мәселелерін барлық жағынан қамтыды, соның нәтижесінде оның көптеген жол-жобалары мен қағидалары 20-ғасырдың басына дейін қолданылып келді. Жеті жарғы, қазақтың ұлттық шешендік өнеріне сай, негізінен, афоризмдерден, мақал-мәтелдерден, қанатты сөздерден құралған. Онда жер дауы, отбасы және неке заңы, қылмыс пен құн дауына, ұрлық-қарлық, тонаушылыққа және куәлік ету мен ант беру рәсімдеріне орай қалыптасып, тұжырымдалған қазақтың ұлттық әдеп-ғұрып заңдары көрініс тапқан. Болат. Болат – темірдің көміртекті қорытпасы. Болат - өндіру технологиясына байланысты, қорытпа құрамында көміртектен басқа марганец, кремний, күкірт, фосфор т.б. қосалқы элементтер болады. Мұндай болатты көміртекті болат деп атайды. Болат сапасын арттыру үшін, қорытпа құрамына хром, никель, молибден, ванадий вольфрам, марганец, кремний т.б. элементтер қосылады. Мұндай қорытпа легирленген болат деп аталады. Құрылыстық болат. Әдетте, прокат күйінде құрылыс конструкцияларының әртүрлі элементтері мен вагон, кеме жасауда қолданылады. Машина жасау болатынан негізінен әр түрлі машина бөлшектері жасалады. Ол үшін термиялық өңдеу мен химиялық-термиялық өңдеуден өтеді. Аспаптық болат әр түрлі кесу, өлшеу, штамп аспаптарын жасауға пайдаланылады. Айырықша-физикалық қасиеттері бар болат көбінесе электр техникасы, химия, әскери техникаларын жасауда пайдаланылады. Қазақ билері. Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би Қазақ билері — ерте заманда осы күнгі соттың да, тергеушінің да қызметін атқарған. Билер өздерінің бір ғана сөзімен небір шытырман даулы мәселелердің дұрыс шешімін тауып отырған. Қазақ халқының бұл билері елді үш жүздің бірлігін сақтауға шақырды. Қарасай батыр. Қарасай Алтынайұлы — Жетісуда жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық соғыста қол бастаған батыр. Алатау бөктерінде туып өскен. Ұлы жүз Шапырашты тайпасының Есқожа руынан. Қарасай батыр Қарғалы, Ұзынағаш, Қастек, Жиренайғыр, Ырғайты өзендері бойындағы, Қарақия, Ақтасты, Сарыжазық, Суықтөбе тауларындағы ұрыстарда жау шебін бұзып, суықтөбе басына туын тіккен. 1929 жылы жазда Шапырашты қолы Жайық бойынан шаршап келіп, тыныстаймыз ба деп Асы (Алматы облысы) жайлауында жатқанда, ойраттардың олжалап кете салу мақсатымен қараша айында Іледен өтіп шабуыл жасауы Қарасайды атқа мінгізді. Қарасай аяқ-астынан басталған ұрысқа екі мың қол жиып, осы қазір Қарасай ауылы тұрған ойпатта ойрат тайшысы Банжұрды тас талқан етті. Қоян-қолтық айқаста көбі қырылған қалмақтар Іледен қайта өтуге мұршасы келмей, Сөгетіге қарай қашты. Ақыры, жау тұмсығы Торайғыр тауына тірелгенде, келген мыңдай қолдан басы Банжұр болып тігерге тұяқ қалмады. Ең соңғы екі қалмақты Байынқол жағасында ұстап, екеуін қара есекке теріс мінгізіп, таңып қалмақ ауылына қарай айдап жібереді. Ұрыс болған жер (ауыл) Қарасай атымен аталды. Сопы-Саты көлінің түстігінде де ұрыс болған. Бұрын бабасы Шапырашты ұрыс салып, соның атымен аталатын сайдың бір саласы да күні бүгінге дейін Қарасай есімімен аталады. 1635 жылы ойрат-қалмақ мемлекеті бой көтерді. Қытай және қазақ пен қырғыз жерінің ортасында жатқан Жоңғар хандығы, аумағын кеңейтуді ойлап, таулы, тастақты өлкеден гөрі, жазықты өңірге көз аларта түсті. Кешікпей мұздай қаруланған 50 мың қол қазақ пен қырғыз жеріне басып кірген. Алғашқы шайқастың бірі осы Талас өңірінде өтеді. Бұл соғыста өзбек қолын Алдышүкір басқарып келіп, қазақ, қырғыз жасағымен бірлесіп, тұтқиылдан келген жауға қарсы соққы берген. Бауырлас үш ұлттың үзеңгі қағысқан бірлігі өзбек жерінде, қазақ даласының оңтүстік аймағы — Сайрам маңында болған соғыста да ажырамады. Жетісуды бауырыны басқан жоңғар батырлары Нарынқол мен Байынқол, Қастек пен Қаскелеңнің үздіксіз жеңісіне мастанғаны сондай, Алатау асып, қырғыз жеріне қалың қолын төгеді. Ыстықкөл өлкесінде өткен шайқаста қырғыз жұрты жауға төтеп бере алмай қалады. Сонда «қырда қырғыз баласы жыласа, ойда қазақ ененің омырауы сыздайды» дегендей, бауырлас елді көрініп келген апаттан құтқарайық деп, жанына бес мың жасағын ертіп, қазақтан шыққан Шапырашты Қарасай батыр Шу жазығында ұрыс салған екен. Қарасайдың өзі жекпе-жекте қылышпен қалмақтың қоңтайшысының оң қолын шауып түсіреді. Осыны арқаланған қазақ, қырғыз жасақтары аруақ шақырып, майдан даласында айта қаларлықтай ерліктер көрсеткен екен. 1664 ұлу жылы Қарасай ұрысқа ақырғы рет алпыс алты жасында қатысты. Арқос Аңқойынан (қазірше Жоңғар қақпасы) екі мың торғауыт Наймандар мен Жалайырларға шабуыл жасап, Қарасай мен Ағынтай тағы да ұрысқа кіріп, жауды ойсырата қуады. Осы ұрыста Қарасай батыр ауыр жараланып, саптан шығады. Ағынтай батыр да аяғынан жараланып, ақсақ болып қалады. Енді қатты-қайырым, күшке түсер қимылға жарамағандықтан Қарасай батыр ел басқару ісіне кірісті. Екі жұрттың арасындағы елшілік жұмыстарда болып, билікке араласты. Қарасай 1669 жылы Ресеймен келіссөз жүргізуге барған. Бұл жолға ол үмітпен аттанып, орыс патшасы әкімдерінен түңіліп қайтты. Қарасай батыр мен кіші жүз — Жетісу-Тама-Тұғынай, Найман-Матай Кеден би үшеуі келіссөз жүргізіп, қару-жарақ, зеңбірек алмақ болды, бірақ орыстар ертең бұл қару өзімізге пәле болмай ма дегендей мойнын ішіне алып, қазақ елшілерін құр қол шығарып салады. Осы бір жылдары қазақ жері аз да болса тынышталып, жаға жайлау, етек қыстау болған заман бола қалды. Қарасай батыр бірсыпыра туғандарымен өзінің қандыкөйлек досы Ағынтай еліне көшіп барады. Онда бір жылдай тұрып, 1671 доңыз жылының тамыз айында жетпіс үш жасында дүниеден өтеді. Сүйегі Арқада, Айыртау деген жерге қойылды. Қарасай батырдан алты бала қалды. Олар: Әуез, Өтеп, Көшек, Түрікпен, Еркен, Төркен. Соңғы екі баладан ұрпақ қалмаған. Бірақ екеуі де есейіп, азамат болғанда өлген. Әкесінің елу жасында туған егіз ұл Алтынай тұқымы Арқаға барған соң бір күнде мерт болған. Екі бірдей ұлының қазасы әке өлімін тездете түскен. Талай өлімді көріп, талай өлікті қолымен ұстаған Қарасай батыр: «Өліп көрген жоқпын, одан басқаның бәрін көрдім десем, әлі көрмегенім көп екен ғой» деп екі баласына қатты қайғырған. Қарасай екі ұлдың қырқына жетпей қайтқан. Қазақтың Қарасай батырының жылын берген соң Ағынтай батыр да дүние салған. Оны да Қарасай батыр қойылған бейітке жерледі. Осылайша, ерлігі мен даңқы айбынды қазақтың Қарасай батыр есімі ұрпақтан-ұрпаққа ұран болып ғасырлардан жалғасын тауып Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы. Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (Кеңес Одағы, КСРО) — 1922-1991 жж. болған мемлекет. КСРО тарихы. КСРО жасалды Желтоқсанның 30 1922 Беларусь КСР, Ресей КФСР, Украина КСР, Закавказская КФСР. Қытайдағы қазақтардың азықтану салты. Қытайдағы қазақтардың азық-түлігі — Қытайдағы 56 ұлттың арасында дара ерекшелікке ие. Қытайдағы ШҰАР дың орталығы — Үрімжідегі қазақтар ашқан ресторандар мен дәмханалар Қытайдың жер-жерінен ШҰАР-ға келген саяхатшылардың әуесін қозғады. Қазақ ресторандарына барып сүтті шай ішіп, қазы-қарта, нарын жеу қаладағылардың салтына айналды. Кең байтақ жайылымды далада тіршілік ететін қазақтар тегінен ақ көңіл, ашық- жарқын қонақжай келеді. Олардың азықтану салты қанық мал шаруашылық өңірлік түс алған. Мал шаруашылық өңірлерінің ауа-райы суық, теңіз деңгейінен биік болғандықтан, олар жылдың төрт маусымында ет пен сүттен жасалған тағамдарды басты азық етеді. Одан қалса ұннан жасалған нан, кеспе және палау сияқты тағамдарды тұтынады. Тұтынатын ет түрлері, бастысы сиыр, қой, жылқы еттері болса, сүттен жасалған азықтардың түрі мол, аты да алуан түрлі келеді. Қазақтардың сүт өнімдері далалық халықтар ұнатып тұтынатын ерекше азықтар. Олар ұзақ уақыттық көшпелі мал шаруашылық тұрмысында сиыр, қой сүтінен сарымай, құрт, ірімшік, сүзбе, қатық қорықтық сынды алуан түрлі сүт өнімдерін алу шеберлігіне жетілген. Бұның ішінде сүтті шай мен қымыздың аты әйгілі, орны бөлек. Сүтті шай. Сүтті шай қазақтардың күнделікті тұрмысында кем болса болмайтын сусын. Олар «Шай ішпесек басымыз ауырады», «Күні бойы тамақ ішпесек те болады, бірақ шай ішпесек болмайды» деп жүреді. Осыған қарап та, сүтті шайдың ерекше маңыздылығын байқау мүмкін. Қазақтардың сүтті шайды осыншама ұнатуындағы басты себеп мал шаруашылық өңірлері немесе қақаған суық өңірлерде етті тағамдарды көп тұтынып, көкөніс түрі аз болғандықтан, сүтті шай тамақ сіңіретін ең маңызды сусынға айналғандығы. Малшылар сүтті шайды шайға сүт қосып дайындайды, бұдан басқа шайға сарымай, қой майы, жылқы шыртылдағын қосуға да болады. Малшылар шайды тамақ орнында ішеді. Олардың күні бойы дастарқаны жиылмайды. Олар шайды құмарынан шығып, шөлі қанғанша ішеді. Қазақтардың көпшілігі тас шай (Қытай Хунан өлкесінен шығатын шақпақ көзді қатты престелген шай), одан қалса күрек шай (опырма шай деп те аталады) ішеді. Сүтті шай қайнатқанда, алдымен шәугімге шай салып қайнатып, шайын шығарып, содан кейін сүт және ас тұзын қосады. Кейбіреулер қыста шайға қалампыр, қара бұрыш сияқты дәмдендіргіш қосады. Бұндай шай иісті әрі дәмді келеді. Енді бірі қаймақты шай — бұл қанық шыққан шайды шыныға құйып, оған қаймақ (сиыр, қой-ешкі, түйе сүтінен алынған қаймақтар) қосады. Тағы бір түрі сарымай қосқан шай, бұндай шайға аз ғана сарымай қосады. Бұл шай да хош иісті келеді. ШҰАР -дың Іле өңіріндегі қазақтар шайды самаурынмен даярлайды. Нан. Нан қазақтардың дастарқанында үзілмейтін тағам. Қазақтар тұтынатын нандар іс жүзінде қарма нандар, ол ұйғырлардың тандырға пісірген нанына ұқсамайды. Оны табаға салып қақтап пісіреді; Қамырды сүт немесе сумен илеп (қамырды ашытса тіпті жақсы), нан ашыған соң оқтаумен жазып, ромбы пішінде кесіп, қызып тұрған мал майына немесе өсімдік майларына пісіріп алынған ұн тағамы — «бауырсақ» делінеді; Сосын санзы деген бар: Әр жылғы ораза айт, құрбан айт мерекелерінде, егін шаруашылық өңірлерінде немесе қала — қалашықтарда тұратын қазақ отбасыларының дастарқандарында табаққа қатпар — қатпар етіп дөңгеленте тізген майға піскен тағамдар тұрады. Бұл қазақ халқында ежелден болмаған, қайта бауырлас халықтардан қабылдаған салттық тағам; Енді бірі нарын (бұл кей жерде «бесбармақ»деп те аталады): Бұл кеспе, ет, май қосып даярланатын тағам. Ет. Жас ет тұтынудың қуыру, асу, қақтау сынды үш түрлі пісіру тәсілі бар. Етті ұсақтап турап майға қуырып, тұз салып, аз — кем уақыттан соң азырақ су құйып, жарым сағат мөлшерінде қайнату арқылы қуырдақ даярлайды. Ал ең жалпылық әрі недәуір өзгеше тағам — жіліктеп (мүшелеп) асқан қой еті. Қазақтар қой етін жілік — жілігімен бұзып тұздап, сосын бас-сирағы, қарын-жөргемімен қосып қазанға асады. Ет піскесін пияз турап тұздық жасап, етті табақпен тартады. Содан соң етті турай отырып, қолымен алып жейді. Бұл Алтай, Тарбағатай өңірлеріндегі қазақтардың ет жеу тәсілі; ал Іле өңіріндегілер піскен етті сүйегінен айырып, ұсақтап турап сорпаға нарын және сарымсақ салып жейді. Кабапты (бұны «кәуәп», кейде «қауап»-деп те атайды) қазақтар «қақтаған ет» деп те атайды. Оны көбінде қой төстігінен немесе түйенің етіне тұз сеуіп, оттың жалынына қақтап пісіреді. Әрине кабапты басқа әр қандай еттен де даярлау мүмкін; Аңшылар да жабайы аңдардың қарнына ет толтырып, оны қоламтаға көміп, үстінен қызымды отындарды жағып кетіп әлден уақыттан соң, тіпті бірер күннен соң ашып жейтін салт бар. Бұны сілікпе деп атайды. Ал малшылар түзде мал баққанда, егер аң аулап қалса, бірнеше бұтақ кесіп алып қана, аң терісін сыпырып алып, содан соң етті жапырақтап турап, бұтаққа өткізіп отқа қақтап пісіретін де тәсіл бар. Бұлардың барлығының дәмі өзгеше әрі қызықты болады. Алтай-Тарбағатай-Іле сияқты суық өңірлердегі қазақтар әр жылы қыста соғым сояды. Олар қысқы соғымның етін ұзақ сақтау үшін, аздап тұз сеуіп етті арсалап, ыстап сүрлеп алады. Кейбіреулер етке тау сарымсағын қосады. Тау сарымсағын салған сүрі ет тіпті дәмді келеді. Соғым етінен шұжық жасап кептіруге де болады. Ол кез-келген уақытта пісіруге және ұзақ сапарға алып жүруге ыңғайлы келеді. Қазы аудару — да соғымның шұрайлы мүшесі. Қымыз бен шұбат. Қымыз бен шұбат қазақтардың құмартып ішетін сусыны. Жаңа сауған саумалды үлкен сабаға құйып піспекпен ауық-ауық пісіп-пісіп, әбден ашытады. Әдетте саумал бір күнде ашып қымыз болады, келесі күні ішеді. Ашыған қымыз қышқыл болады. Қымыз сыйлы қонақасылар мен салтанатты мерекелердегі тамаша сусын. Қымыз бен шұбаттың азықтық қуаты жоғары болумен бірге, көптеген ауруларға шипа болатын да көрінеді. Әр жылы жаз шығысымен жайлауда бие байлап, қымыз ашытылады. Ал күз келіп шөп қурағанда бие бауды ағытып, құлындарды енесіне қосып жібереді. Жент. Қазақтардың тағы бір таңсық асы — «жент». Оны ірімшік, тары жармасы, қант, талқан, сарымай (жылқы немесе қой шыртылдағы), жүзім сияқты азықтық заттардан қосып жасайды. Наурыз көже. Әр жылы наурыз мерекесі кезінде қазақтар отбасы сайын наурыз көже (бұл «тілеу көже», «көп көже»деп те аталады) жасайды. Наурыз көжені түктелген бидай, немесе оның жармасын етпен бірге қайнатып, оған қатық, құрт тәрізді жеті дәмді қосып даярлайды. Басқа тағамдар. Кейінгі кездерде, қазақтар орыс, татар ұлттарынан «бақали» және пряник-печениелер пісіруді үйреніп алды. Талқан да қазақ ұлтының дәстүрлі тағамдарының бірі. Қазақтар сүтті шаймен бірге қуырған бидай, тары сияқтыларды қосып жегенді ұнатады. Бидайдың қауызын түктеп, қой майына қуырады, майсыз қуырылған бидайдан талқан даярлайды. Ақталған тары да қазақ халқының ұрпақтан — ұрпаққа жалғасқан таңсық тағамы. Кеңес Одағы әнұраны. «Гимн Советского Союза» — Кеңес Одағының мемлекеттік әнұраны. Күн (жұлдыз). Күн — Күн жүйесінің орталық жұлдызы. Күн — G-спектрлік түрлі жұлдыз, оның диаметрі km, × Жер массасы, × Жер көлемі, kg/m3 орташа тығыздығы бар. Экуаторы эклиптика жазықтығына 7.25º бұрыш мөлшерімен еңкейіп тұр. Негізінен сутегі мен гелийден құрылған. Көзге көрінетін беті «фотосфера» (температурасы  К) деп аталады. Күн – қатты қызған (беткі температурасы – 6000С), плазмалық шар (тығыздығы 1,4 г/м3). Оның лаулаған от пен протуберанецтер орналасқан тәжі бар. Күннің сәуле шығаруының – күннің белсенділігінің – 11 жылдық циклі бар. Күннің белсенділігінің ең жоғарғы шегінде оның бетінде ерекше көп дақ байқалады. Сутегінің гелийге айналуы кезінде 1–Гелийлік ядро; 2-конвекция зонасы; 3-хромосфера; 4-фотосфера; 5–кун дақтары; 6-протуберанецтер; 7-тәж термоядролық реакциялар күн энергиясының көзі болып табылады. Алғаш рет термоядролық реакциялардың жүріп өтуіне қажетті температураны теориялық түрде Артур Эддингтон есептеп шығарған. Неміс физигі Ганс Бете (1967 жылы Нобель сыйлығын алған) Күнде жүретін сутегімен гелийдің термоядролық синтезінің реакциясын есептеп шығарды. Күн жүйесі мен жұлдыздардың пайда болуы жайлы кез-келген проблема немесе гипотезаның негізінде, Ғаламның үш фундаменталдық ерекшелігі бар: біріншіден Ғаламдағы заттардың басым көпшілігі сутегіден (75%), гелийден (25%) және басқа да химиялық элементтердің азғантай бөліктерінен құралған; екіншіден Ғаламның кезкелген нүктесінде жұлдызаралық газ және шаң бар; үшіншіден Ғаламда барлық заттар айналмалы және турбулентты қозғалыста (галактиканың формасы спираль тәріздес, жұлдыздар айналуда, планеталар күнді айналады және т.б.). Сондай ақ бізге Күн жүйесінің жасы 5 млрд жылға тең екендігін білеміз. Бұл мағлұмат бізге ғаламның өзіміз орналасқан бөлігінің тарихын елестетуге мүмкіндік береді. Күн жүйесінің пайда болуы жөнінде бірнеше гипотезалар бар. Өткен ғасырда осындай гипотезаны И.Кант ұсынды. Бұл гипотезаны П. Лаплас қолдады. Жақын арада ғана В.Фесенков пен О. Шмидтің жаңа гипотезалары пайда болды. Бұл гипотезалардың басқа гипотезалардаң айырмашылығы, оларға сәйкес планеталар бастапқы ыстық компоненттерден емес, суық күйдегі заттардан түзілген. Швед астрофизигі Х.Альвен ұсынып, кейін Ф.Хойл жетілдірген Күн жүйесінің пайда болуы гипотезасының электромагниттік варианты қазіргі таңда кең таралған. Ашина. Ашина (; басқа атаулары: "ашина", "асена", "асен", "осень") — көне түркілердің билеген ру не тайпа атауы. Көне түріктерді моңғол тектес этностар "čïnuw-a > čïnu > čоn > чоно" (бөрі, қасқыр) деп атаған. Ačï+de — оның көптік топтамалау мағынаны білдіретін тұлғасы (бөрілер, қасқырлар деген мәнде). Қытайлықтардың моңғол тектестерден үйреніп атағаны осы — Ačïnu, Ačïde болса керек. Бұл атаулар түрік бітіктастар мен ескерткіштерінде және де ешбір көне түрік мәтіндерінде кездеспейді. Ал мұны Ю.А.Зуев, Қ.Сартқожа және т.б. ғалымдар хотан-сақ тілінде аssejna- «көк», ашидэ — орта парсы тілінде azdahak-"айдаһар" деген мағына білдіреді, сол сөздерден туындаған деп зороастризмге теліп қарастырады. дом Тугю по монгольски называется как ниже увидим дулга …принял слово шлем — на монгольском …тукю Бұл көне моңғол тіліндегі "türüg/türük" атауының қытайша "дулга/дулуга" күйінде оқылғаны болса керек. Білге қаған. Бiлге қаған (;  — "Бике кыхан", "Могилян") (683—734) — Түрік Елінің 717—734 жж. билік құрған қағаны. Ол 683 ж. Орхон өзенi бойындағы Өтүкенде туған. Құтлық қағанның (Елтерістің) үлкен ұлы, Күл-тегіннің ағасы. Шешесі Елбілге қатұн. «Ачынұ» текті. Түрiк Елінің бiрегей тұлғасы атанған ол iнiсi Күлтегiнмен бiрге елдің қамы, жердің тұтастығы үшін күресіп, көшпелiлер тарихында ұлы империяның іргесін бекітті. Ол күллi көшпелiлер империясының тұғырын сомдап, түрiк тектес этностардың бiрлiгiн сақтай отырып, елдiң мұңы, жердiң қамы үшiн «түнде ұйықтамай, күндiз отыра алмай» күресті. Бiлге қаған 9 жас кезiнде әкесi Құтлық (680—692 жж.) қайтыс болады. Түрік Елінің тағын оның iнiсi Қапаған (Қабаған) (692—716 жж.) иеленеді. Қапағанның iнiсi Бөгүден (716 ж.) кейiн таққа отырған Бiлге қаған 19 жыл билік етеді. Бiлге қаған 13 жасында шад атағын алады. 17 жасында Таңғытқа, 18 жасында алты чұб, табғач, он тұтыққа жорық жасап жеңiске жеткен. Одан қырғыз, түргеш, қарлық, тоғыз оғыз және т.б. елдерге жорық шабуыл жасаған. Әдебиет. Н.Базылхан. Көне түрік бітіктастары мен ескеркіштерінің жинағы// «Қазақстан тарихы VIII-XX ғғ түрік тілді деректерде» атты сериясы бойынша. II том. — Алматы: Дайк-пресс, 2005. Минерал. Минерал — әдетте табиғи түрде кездесетін, кристалдық құрылымы бар бейорганикалық зат. Қаттылық, жылтыр, түс, кливаж, омырылым және қатысты тығыздық сияқты сипаттарына қарап минералды анықтауға болады. Әр минералдың өзіне тән химиялық құрамы бар. Тау жыныстары минералдан құралады. Кейде кеншілер шығаратын кейбір органикалық заттар да «минерал» деп аталады. Бор (тау жынысы). Бор (тау жынысы) – көбінесе кокколитофор мен фораминифер сияқты микроорганизмдердің ізбесті (90-99% кәлсит) қаңқаларынан құрылатын борпақ (40-49% дейін), ұсақдәнді (<0,01мм) тау жынысы. Еуропадағы үстіңгі бор кезеңінің бор шөгінділері Дуврдың Ақ Жартастары мен Кәленің оңтүстігіндегі жартастарды құрайды. Қызылжұлдыз. Қызылжұлдыз (кейде Марс деп аталынады) — Күн жүйесіндегі төртінші ғаламшар. Күн мен Қызылжұлдыз арасындағы қашықтық 1,524 AU (астрономиялық бірлік) құрайды. Радиусы 3390 km, тығыздығы 3940 kg/m³, экваторының орбитасына еңкею бұрыш мөлшері 25,1º. Шағын СО2 атмосферасы бар (7 mb). Полюстік қалпақтары маусымдық қатты СО2 қосылған су мұзынан тұрады. Солтүстік жартышар қабығы негізінен базалт жазықтары мен жанартаулар; оңтүстік — көне кратерленген аймақ. Тарсис дөңестігі көтеріңкі немесе жанартаулық плато боп табылады. Қызылжұлдызда дәу каньондар мен баяғыда су эрозиясы болғанын дәлелдейтін куәліктер бар. Кейбір базалт метеориттер Қызылжұлдыздан келеді деп қазіргі заманның зерттеушілері санайды. Қызылжұлдызтың Фобос және Деймос деген екі шағын, бәлкім тартылыс күшіменен ұстап алған астероид, серігі бар. Ай (серік). Ай — Жердің серігі. Массасы Жердікінен 1/81 құрайды. Тығыздығы 3344 kg/m3, радиусы 1738 km. Жер мен Ай арасындағы орташа қашықтық km. Айдың өз атмосферасы жоқ. Бетіндегі температурасы −173 °C -ден 127 °C -ге дейін барады. Айдың қалыңдығы 60—120 km фелдшпат жотадай қабығы силикат мантияның үстінде жатыр. Базалт лавалары Ай бетінің 17 % жабады. Радиусы 300—400 шағын (Ай көлемінің 2—3 % құрайтын) темір ядросының болуы ықтимал. Ай — Жердің табиғи серігі, өзінен жарық шығармайтын Жерге ең жақын аспан денесі. Ай латын тілінде luna деп аталады. Ол Жерді эллипстік орбита бойымен (1,02 км/сек жылдамдықпен) айналады. Ай Жер тәрізді, диаметрі 3476 км (Жер диаметрінен 4 еседей аз), массасы 7,35Һ1022 кг, тығыздығы 3343 кг/м3. Ай бетіндегі ауырлық күшінің үдеуі 1,62 м/сек2. Орбитасының эллипсті және аспан денелері ұйытқуы ықпалында болуына байланысты Айдың Жерден қашықтығы 356400 км-ден (перигейінде) 406800 км-ге (апогейінде) дейін артады, ал орташа қашықтығы 384401 км. Осы ауытқуға сәйкес айдың көрінерлік бұрыштық диаметрлері 33'32"-тан 29'20"-қа дейін өзгереді. Ай орбитасы жазықтығы мен Жердің Күнді айнала қозғалу жазықтығының арасындағы бұрыш 50Ә-қа жуық. Айдың эллипстік орбитамен шығысқа қарай бір тәулікте 13Ә-тай жылжуына байланысты оның Жерден қарағандағы көрінісі өзгеріп отырады. Осыған сәйкес ай фазасы ауысады. Айдың бірдей екі фазасы аралығындағы уақыт 29,53 тәулік (синодтық ай), ал оның жұлдыздарға қатысты Жерді бір айналып шығатын уақыты 27,32 тәулік (сидерлік ай немесе жұлдыздық ай) болады. Айдың өз осінен айналу периоды Жерді айналып шығу периодымен бірдей болғандықтан 59%-ын қамтитын жарты сферасы көрінеді. Қалған 41%-ы көрініп үлгермейді. Арғы беті осы себепті ғарыш кемелерімен арнайы суретке түсірілді, картасы жасалды. Ай бетіне түскен Күн сәулесінің 7%-ы ғана кейін шағылады. Айдың 354 сағатқа созылатын күндізгі уақытында оның беті 130ӘС-қа дейін қызса, сонша уақытқа созылатын түнінің ортасында –170ӘС, ал таң алдында –200ӘС-қа дейін суиды. Атмосферасының жоқтығынан Ай бетінің жылынуы мен суынуы Күн сәулесінің түсу бұрышына байланысты тез өзгеріп отырады. Жай көзбен қарағанда Ай бетінде қарауытқан дақтар көрінеді. Олар шартты түрде «теңіздер», «мұхиттар», «көл», «шығанақ» деп аталған. Сыңардүрбімен (телескоппен) қарағанда ай бетінен тау сілемдері, жарықтар, арналар, шыңдар, аңғарлар мен киіз үй пішінді нысандар, «кратер», «цирк» деп аталатын сақина тәрізді таулар, ұзыннан ұзақ созылып жатқан жоталар мен тау тізбектері (Альпілер, Аппениндер, т.б. делінетін) байқалады. Негізінен аспан тастарының соқтығуынан болған кратерлердің диаметрлері бірнеше км-ден 400 км-ге дейін барады. Цирктердің диаметрі шамамен 200 – 250 км, ал оны қоршаған тау жоталарының биіктігі 3 – 7 км. Ай бетін үлкенді-кішілі тас, құм және ұлпа топырақ жапқан. Бұл тастар Күн сәулесі әсерінен желініп жұмырланған. Ғарыш кемелерімен айдан әкелінген материалдарды зерттеу нәтижесінде, онда тіршіліктің ең жабайы түрінің де жоқ екендігі анықталды. Ай материалының химиялық құрамы Жердегіден өзгеше. Ай жынысында хром, титан, цирконий сияқты элементтер көп, ал алтын, күміс, платина сияқты элементтер аз кездеседі. Онда негізінен темір, титан, цирконий қоспасынан құралған белгісіз минералдар табылды. Ай жыныстары бұдан 3,6 – 4,6 млрд. жыл бұрын пайда болған. Бұл – Күн жүйесінің жаралуымен шамалас уақыт. Айдың планеталардан қалған заттардан өз алдына дербес жаралуы мүмкін. Кейін оны Жер өзіне тартып серік етсе керек. Бұл мәліметтер өткен заманда Ай Жерден бөлініпті-мыс, Тынық мұхиты соның орны екен деген көзқарастың теріс екендігіне дәлел болып отыр. Айға «Луна», «Зонд», «Рейнджер», «Сервейер», «Лунар Орбитер» және адам басқаратын «Аполло» планетааралық автоматты кемелер арқылы зерттеулер жүргізілді. Ай бетіне алғашқы адам 1969 ж. 21 шілдеде қадам басты (Нил Армстронг, АҚШ). Айда 1969 — 1972 ж. 12 астронавт ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Айға сапар – сериялы «Аполло» ғарыш кемелерімен Айға ұшуды жүзеге асырған адамдар тобының сапары. Әр сапарға үш астронавт қатысты, оның екеуі Айға арнаулы кабинамен қонып, біреуі орбитадағы негізгі бөлікте қалып, айналып ұшып жүрді. Бортында астронавтар бар «Аполло-8» кемесі 1968 ж. 24 желтоқсанда Айдың жасанды серігі орбитасына шығарылды. Қонатын орын сайлау мақсатында Ай беті жақыннан суретке түсірілді, телевизиялық репортаж жүргізіліп, Айдың жасанды серігі орбитасынан Жерге қарай ұшатын жолға қайта түсу, Жер – Ай жолында ұшу, екінші ғарыштық жылдамдықта атмосфераға ену жұмыстары атқарылды. Ұшу бас-аяғы 6 тәулік 3 сағат, 42 минутқа созылды. 1969 ж. 18 майда аттандырылған «Аполло-10» кемесімен астронавтар Ай кабинасына өтіп, Жер серігінен 12,8 км биіктікте 4 айналым жасап, аман-есен Жерге оралды. Ұшу 8 тәулік 3 минут 23 секундқа созылды. 1969 ж. 16 шілдеде Гринвич уақыты бойынша 13 сағат 32 минутта «Аполло-11» ғарыш кемесі Айға аттанды. Ай кабинасы негізгі бөліктен бөлінгеннен кейін, автоматты режимде құлдилау басталды. Қонуға жақын қалғанда Армстронг кабинаның көлемдері 3 м-ге дейін жететін тастарға толы қазаншұңқырға тап келгенін дер кезінде байқап қалады, автоматты режимді өзгертеді де басқаруды өз қолына алып, Ай кабинасын қазаншұңқырдан 330 м шалғайға апарып қондырды. 1969 ж. 20 шілдеде Гринвич уақыты бойынша 20 сағат 17 минут 42 секундта кеме табаны Тыныштық теңізі тегісіне тиді. 1969 ж. 21 шілдеде 2 сағат 56 минут 20 секундта Армстронг адамзат тарихында тұңғыш рет Ай үстіне аяқ басты. «Бұл – адамның қарапайым қадамы, бірақ адамзат үшін ғаламат секіріс» – деп бастады, ол алғашқы толқулы сөзін. Астронавтар Ай үстінде жүруді меңгерді, бірқатар ғылыми приборлар орнатты, 22 кг Ай жынысының үлгісін жинап, суретке түсірді. Олар Ай үстінен Жермен телевизиялық байланыс жасап, қайтыс болған бес ғарышкердің (Юрий Гагарин, Владимир Комаров, Вирджил Гриссом, Эдвард Уайт, Роджер Чаффи) бейнесі бедерленген медальдарды қалдырды. Сыртта Армстронг 2 сағат 31 минут 40 секунд, Эдвин Олдрин 2 сағат 15 минут болды. Ай кабинасына әуелі Олдрин оралып, арада он минут өткен соң Армстронг мінді. 1969 ж. 24 шілдеде кеме Жерге қайтып оралды. Ұшу 8 тәулік 3 сағат 18 минут 35 секундқа созылды. «Аполло-12» ғарыш кемесі астронавтары алдарына қойылған мақсат – Айды зерттеу, Ай бетіне изотопты генератордан ток алатын ғылми құралдарды орнату, Жерге Ай жыныстарының үлгілері мен сонда 1967 жылғы 20 сәуірден жатқан «Сервейер-3» автоматты ғарыш аппаратының кейбір бөлшектерін Жерге алып келу болды. Қонғаннан кейін астронавтар кемеден 450 м қашықта жұмыс жасады. Ұшу 10 тәулік 4 сағат 36 минут 25 секундқа созылды. «Аполло-13» кемесі Жерден 330 мың км алыстап, Айға 91 мың км қалғанда оттекті-сутекті жанармай элементтері батареясына арналған оттегі бар қалбыр жарылып, кеменің негізгі бөлігі электр қуатынсыз қалды. Екі астронавт Ай кабинасына өтті, үшіншісі экипаж бөлімінде болды. Ай кабинасынан экипаж бөліміне оттек келіп тұруы үшін екі арадағы люктер ашық қалдырылды. Ғарыш кемесі эллиптикалық геоцентрлік орбита бойынша Айды үлкен эксцентриситетпен айналып ұшып өтіп, Жерге оралды. Ұшу 5 тәулік 22 сағат 54 минут 41 секундқа созылды. «Аполло-14» кемесінің қонатын аймағы «Аполло-13» орындай алмаған Фра Мауро қазаншұңқыры төңірегі болды. Әдеттегі міндеттерге қоса астронавтарға бұл жолы шағын магнитометрдің көмегімен локальды магниттік өрісті зерттеу, Айдың жасанды серігі орбитасындағы негізгі бөліктен Ай үстін радиозондтау, Жер мен Ай арасындағы ұшу жолында технологиялық тәжірибелер жасау, «Аполло-12» ғарыш кемесі астронавтары орнатып кеткен сейсмометрмен сейсмологиялық дірілді тіркеу мақсатында «Сатурн-5» ракета ұшырғышының соңғы сатысын орбитадан Ай бетіне тастау ісін жүзеге асыру жоспарланды. Қонғаннан кейін астронавтар сыртқа екі рет шығып, алғашқысында 4 сағат 48 минут, кейінгісінде 4 сағат 35 минут уақыт болып, кемеден 1,2 км-ге дейін қашықтай алды. Зерттеу жүргізген аймақтың кедір-бұдырлығынан магнитометр салынған салмағы 9 кг екі дөңгелекті арбаны көп жағдайда астронавтардың өз қолдарымен көтеріп алып жүрулеріне тура келді. Айдан ұшып шығу және Жерге оралу алдын ала жасалған штатты бағдарлама бойынша жүзеге асырылды. Ұшу 9 тәулік 1 минут 57 секундқа созылды. «Аполло-15», «Аполло-16» және «Аполло-17» ғарыш кемелерінде Айды жасанды серігі орбитасынан зерттеуге арналған приборлар кешені, кемеден бөлек ұшып жүріп зерттейтін автономды Айдың жасанды серігі, ал Ай кабинасында астронавтар айдап жүретін «Ровер» Ай электромобилі болды. «Аполло-15» ғарыш кемесі негізгі бөлігінен ажыраған Ай кабинасы қонғаннан кейін екі астронавт кемеден сыртқа үш рет шықты. Алғашқысы 6 сағат 33 минут, екіншісі 7 сағат 12 минут, үшіншісі 4 сағат 50 минутқа созылды. Астронавтар зерттеу жұмыстарын Ай электромобилімен жүргізді, олар 27,2 км аймақты шарлап, Ай тастарын жинады, тас жынысы үлгісін алу үшін және Ай қыртысынан шығатын жылу ағынын өлшейтін құралдарды орнату үшін 2,7 м тереңдікте бірнеше оқпан қазды. Айдан Жерге оралу негізгі бағдарламаға сай өтті. Ұшу 12 тәулік 7 сағат 11 минут 53 секундқа созылды. Кейбір технологиялық және биологиялық тәжірибелер «Аполло-16» астронавтарына жүктелген жаңа міндеттер болды. Астронавтар қонғаннан кейін кемеден Ай бетіне 7 сағат 11 минут, 7 сағат 23 минут және 5 сағат 40 минуттан үш рет шықты. Олар кемеден 5 км қашықтықта ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізді. Ай электромобилі ылдилы жерлерде сағатына 17 км жылдамдыққа дейін алып отырды. Олар 27,1 км жол жүріп, 3 м тереңдікте оқпандар қазды. Ай бетінде қалған Ай электромобиліне орнатылған телекамера арқылы ұшып шығу сәті телекөрініске түсірілді. Жерге оралу ойдағыдай өтті. Ұшу 11 тәулік 1 сағат 51 минут 5 секундқа созылды. «Аполло-17» ғарыш кемесінің Ай кабинасы негізгі бөліктен бөлініп, Ай бетіне қонғаннан кейін кеме басшысы мен Ай кабинасының ұшқышы кемеден сыртқа 7 сағат 12 минут, 7 сағат 37 минут және 7 сағат 15 минуттан үш рет шықты. Ай кабинасынан 7 км қашықтықта астронавтар Ай электромобилімен 35,7 км жол жүрді, ғылыми-зерттеу ісін жүргізді. Ылдилы жерлерде Ай электромобилі сағатына 18 км-ге дейін жылдамдық алды. Тереңдігі 3 м оқпандар қазды, Ай тастарының үлгісін жинады. Жерге оралу негізгі бағдарламаға сай өтті. «Аполло-17» кемесінен кейін Айға сапар тоқтатылды. Деймос. Деймос - Марстың екі серігінің бірі. Орогенез. Орогенез — тау қалыптасуы; әсіресе Жер қабығының белдігін жанама күштер қысып, тау тізбегін құрған кездегі үдеріс. Жер қабығының эволюциясында әрбірі миллиондаған жылға созылған талай орогендік эпизод болған. Қатпар белдігі, Ороген, Орогендік белдік, Орогендік айналым терминдерін қараңыз. SuperStar KZ. __NOTITLECONVERT__ -- — танымал британдық Pop Idol шоуға негізделген әр сайын сағат 18:50 де Бірінші Еуразия Арнасынан көрсетілетін реалитишоу. Бұл жарыс Қазақстандағы жас әншілерді анықтау үшін ұйымдастырылған. СМС немесе телефон арқылы дауыс беру әр сенбі сайын 22:40, ал қорытындысы 22:30 дан 23:00. SuperStar KZ — Қазақстандық телевидениядағы екінші сатып алынған жоба. SuperStar KZ орыс тілінде ұсынылған, ал әндері орыс, қазақ және ағылшын тілінде. Айнұр Назарбекова, Алтынай және Жанар сияқтылар тек қана қазақ тілдерінде сөйлейді. Ұлттардың әртүрлілігі Қазақстан үшін: Қазақтар, Орыстар, Кәрістер, Ұйғырлар және Татаралар. --. Бірінші сезон. Бірінші сезон «Толық лицензия» бойынша жүрді және тоғыз айға созылды. Жоба 16 қаладағы тыңдаудан: Астана, Тараз, Ақтау, Семей, Павлодар, Атырау, Шымкент, Қызылорда, Талдықорған, Қарағанды, Көкшетау, Ақтөбе және Алматы, нәтижесінде жюрилер 5563 адамды тыңдады. Екінші кезең — Elimination, Алматы қаласында 27 тамыздан 3 күнге созылды. Бұл конкурс боынша 100 адамның ішінен 50 таңдап алынады. Үшінші кезен «Work Shop» — «Жұмыс дұкені» деп аталады. Бұл 2003 жылдың қараша айының 1 мен 30 аралығында бес апта бойы жүрді. Әр апта сайын Алматыға вокал, хореография және стиль боыйнша дәріс алған 10 конкурсант, ал сенбі сайын тікелей эфирден көрермендер олардың не үйренгенін көре алады. Әр ондықтан тек екеуі ғана шығады. Финалда 10 адам. Бірақ ұйымдастырушылар 13 желтоқсан күні жүргізді. «Бақытты билет» 8 қатысушыға финалға шығуға мүмкіндік берілді. 8 қатысушыларды таңдау келесідей болып өтті: жюри мүшелері әрқайсысы келісімсіз бір-бір қатысушыларды атады. Екі қатысушыны жюри бір бірімен талқылау арқылы таңдады. Әрі қарай финалды концерттер сериясы өтті. Ол жерде 12 финалисттердің ішінен әр апта сайын бір қатысушы жобадан кетіп отырды. Гранд-финалда телефон қоңырауы мен СМС саны — 622394 ке жетті. Ким Романға — 295807 дауыс, ал Алмас Кішкенбаетың еншісіне 326587 дауыс берілді. Айырмашылығы тек бес процент қана болды. -- Бірінші маусымының демеушілері болып Қарзқммерцбанк және магазиндер жүйесі Электроника Әлемі болып табылады. --. Екінші сезон. SuperStar KZ. Екінші сезон. Тыңдау Тараз, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Өскемен, Павлодар, Қарағанды және соңғы нүктесі Астана қалаларында 2004 жылдың 23 мен 30 шілде аралығанда өтті. SuperStar KZ екінші маусымынаң премьерасы 2004 жылы 25 қыркүйекте Бірінші Евразия Каналында болды. 2004 жылдың 6 қараша айында «Work shop» кезеңі өтті. Бес апта аралығанда көрермендер конкурс қатысушыларын тікелей эфирден көре отырып бірден артынша ұнаған конкурсанттаң ішінен көрермендер дауысын көбірек жинаған екі конкурсант қана финалға шыға алады. Олар Тараздық Алишер Каримов пен Шымкенттік Қайрат Түнтеков. Екеуі бірдей 3 әнді орындап, 19 жасар Қайрат Түнтеков бәйгеге жетті. -- екінші маусымының демеушілері Қазқоммерцбанк пен LG компаниясы табылады. --. Үшінші сезон. SuperStar KZ Үшінші маусымның премьерасы 2005 жылы 26 қарашада Бірінші Евразия Каналында болып өтті. 2006 жылдың 7 қарашында «Шынайы таңдау» Алматы турнирына келген SuperStar KZ 3 атағына үмтікер 143 адамнан жюри 40 көшбасшыны таңдады. Әдеттегідей қатысушыларды 5 топқа 8 адамнан бөліп, олардың музыкалық таланттар әр сенбі сайын бағаланып отырды. --. Төртінші сезон. SuperStar KZ төртінші маусымының премьерасы 2007 жылы 17 ақпанда Бірінші Евразия Каналынды болды. Төртінші маусымда ондық финалға қатысушыларды таңдау былайша жүргізілді, бірінші аптада 12 қыз, келесі аптады 12 жігіт шығанды. Осылардың ішінен 8 жігіт пен қызы шығады. Содан 8-ден 4 қатысушы және 8 финалист. Сонымен қатар екі қатысушыға финалға шығуға мүмкіндік бертін бақытты билет. 8 — 4. (Жігіттер. 2007 жыл 14 сәір). Бақытты билет бойынша финалға Олег Карезин мен Даулет Болатбаев шықты. 2007 жылдың 30 маусым SuperStar KZ 4 жеңімпазы Олег Карезин (59 %)! 2-ші орын Адылжан Умаров (41 %). Серпер. Серпер - Құрманғазының күйі. Серпер - қаншама иілтсе де, қаншама еңсесін басса да сынбайтын, мойымайтын, қайта серпіп, бұрынғы қалпына келе беретін, болаттай берік, халықтың қайыспас ерекше ерлігіне арналған шығарма. Сыртқы сілтемелер. Қали Жантілеуовтың орындауында ("Асыл мұра" жобасынан) - (MP3 форматында) Тойбастар. Той бастар - Динаның күйі. Дина бұл күйді 1940 ж. Қазақстанның жиырма жылдығына арнап шығарған. Бұл күйде халықтың қуанышты көңіл-күйі бейнеленеді. Күй шаттық сезімде, көңілді тартылады. Әсем қоңыр. Әсем қоңыр - Динаның күйі. 1937 ж. Дина көркемөнерпаздардың слетіне Алматыға келді. Ол мұндағы білім алып жатқан жастарды көреді. Олардың бақытты ұрпақ екенін көріп іштей сүйсінеді. Ол өзінің немересі Қоңырын еске алып, Қазақстанның бақытты балаларына арнап «Әсем қоңыр» күйін шығарады. «Әсем қоңыр» жарқын, көңілді шығарма. Бұл күй – төкпе күй түріне жатады Телқоңыр. Телқоңыр - Сүгірдің күйі. Күй асықпай, сабырлы ойналады. Әр ырғағында қазақтың ауылы, иіп тұрған бие, ерке мінезді құлын әсемдікпен суреттелген. Жетім құлынды құлыны бар биеге теліп өсіреді. Был­қылдақ. Былқылдақ - Тәттімбеттің күйі. Бұл күй Былқылдақ деп аталатын саздауытты жайлауы бар жерге арналып шығарған. Күй негізінен би ырғағына құрылған. Оның сазынан мөлдіреп шыққан бұлақтың сылдырын, желмен тербелген шөп сыбдырын, тоғайда ән салған құс даусын естігендей боласыз. Сыртқы сілтемелер. Мағауия Хамзиннің орындауында ("Асыл мұра" жобасынан) - (MP3 форматында) Қосалқа. Қосалқа - Дәулеткерейдің күйі. Күйдің музыкасы аяқты басуға орай тербелген қос сырғаны еске түсіреді. Күй төкпе күйге жатады. Бұл күйде су әкеле жатқан қыз суреттеледі. Күйдің екпіні орташа. Сыртқы сілтемелер. Қали Жантілеуовтың орындауында («Асыл мұра» жобасынан) - (MP3 форматында) Қайран шешем. Қайран шешем - Құрманғазының бұл күйі анасы Алқаға арналған. Бірде түрмеге айдалып бара жатқан Құрманғазы анасын көріп, көзіне жас алады. Мұны көрген анасы Алқа: «Мен ұл таптым деп жүрсем, жасық неме екен ғой туғаным. Кімнің алдында көзіңнің жасын шығарып тұрсың» - деп жағына шапалақпен тартып жіберіпті. Кейін түрмеде отырғанда осы күйін шығарған. Ақсақ құлан. Ақсақ құлан - халық күйі. Ерте заманда Жошы ханның ұлы құлын аулауға шығып, үйірді бастап жүрген басшы құланды жаралайды. Ызалы құлан аңшыға тап беріп, оны өлтіреді. Жошы хан бір сұмдықтың болғанын сезіп, баласы туралы жаман хабар әкелген адамның көмейіне қорғасын құямын дейді. Сол кезде бір жігіт келіп домбыра алып, бір күйді тарта жөнеледі. Хан осы күй арқылы бәрін түсінеді, сөйтіп, сертін бұзбас үшін, домбыраның көмейіне қорғасын құйғызады. Ел айырылған. Ел айырылған - халық күйі. 1723 ж. Жоңғар шапқыншылығы кезінде болған «Ақ табан шұбырынды» ел босып жүрген кезінде, халық күйшілері домбыраның көмейінен «Ел айырылған» күйін күңіренткен. Қайғыға толы, орташа екпінде орындалатын күй. Қорықбаев, Ілияс. Ауылдық Кеңестің хатшысы, почта байланысы бөлімінің бастығы, кеңшар бухгалтері қызметтерін атқарған. Домбыра тартуды жездесі Зәкария жыраудан үйренген. Құрманғазының «Ақсақ киік», «Адай», «Кісен ашқан», Тәттімбеттің «Саржайлау», «Сылқылдақ», «Былқылдақ», т.б. күйлерін домбырада тамаша орындаған. Атақты Ақансері Қорамсаұлының «Құлагер», «Маңмаңгер», «Балқадиша», «Жаяу Мұса», Байжанұлының «Ақ сиса», «Сұрша қыз», Біржан-сал Қожағұлұлының «Айтбай», «Ғашығым» т.б. әндерін домбыраға қосылып шырқаған. Ш. Қалдаяқовтың әндері мен Нұрхан Ахметбековтың «Есім Сері», «Жасауыл қырғыны», «Ұры қарға» поэмаларын және «Алпамыс батыр», «Ер Тарғын»,"Қозы Көрпеш-Баян сұлу" эпостық жырларды жатқа айтқан. Қожанбаев, Қайырғали Үсенғалиұлы. Қожанбаев Қайырғали Үсенғалиұлы (1 1.1938 ж.т. Атырау обл., Махамбет ауд. Құмшығанақ а.) - "Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері" /1988 ж./, профессор, сазгер, дирижер. 1955 ж. ауд. мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі болып еңбек жолын бастады. 1964 ж. Құрманғазы атынд. мемл. консерваториясын бітірген. Ақтөбе мәдени-ағарту уч-щесінде оқытушы. 1971-89ж. Ақтөбе музыкалық уч-щенің директоры, 1989-90 ж. Бүкілодақтық музыка қоғамы обл. бөлімінің төрағасы, 1990-98 ж. Жұбанов атынд. Ақтөбе ун-тінің музыка-педагогика ф-нің аға оқытушысы, кафедра меңгерушісі. 1998 жылдан бері мемл. емес "Дүние" ун-тінің музыка-педагогика ф-тінің деканы. Халық арасына кеңінен танылған онға тарта күйлердің, 60-тан астам әндердің авторы. Қазанғап атынд. халық аспаптар орке- стрің "Әлия гүлі" ән-би ансамблін ұйымдастырушылардың бірі. Акад. Ахмет Жұбановтың шәкірті. Айпақов, Жәлекеш. Айпақов Жәлекеш (1904, Шалқар қ. - 1967, Ақтөбе қ.) - Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген әртісі. 1935 ж. Алматы филармониясына шақырылып, жұмыс істеді. Құрманғазы атындағы ұлт- аспаптар оркестрінің негізін қалаушылардың бірі болған 1953 ж. Ақтөбе филармониясында жұмыс істеді. Халық композиторы Қазанғаптың күйлерін республика жұртшылығына насихаттаған. Құрманғазы, Мәмен, Дина күйлерін орындаудағы асқан шеберлігімен танылған. Көптеген шәкірттер күйшіден дәріс алды. Еңбегі бағаланып, мемлекеттік марапаттарға ие болған. Асылханов, Жайлаубай. Асылханов Жайлаубай — домбырашы, концерттік орындаушы, Қысқаша өмірбаяны. 1987 ж. А. Жұбанов атындағы Ақтөбе саз коллежін, 1997 ж. Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияны бітірген. 1987—92 ж. Ақтөбе облыстық филармониясының домбырашысы, 1992—95 жж. «Домбыра дастан» ансамблінің көркөмдік жетекшісі, 1994 ж. бастап Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе саз коллежінде домбыра класынан дәріс береді. Репертуарында Құрманғазының, Дәулеткерейдің, Қазанғаптың, Динаның, Абылдың, Естайдың, Сүгірдің, Құлшардың, Есірдің, сондай-ақ қазіргі қазақ сазгерлерінің 100-ден астам күйі бар. Қашаған жыраудың, Қазанғаптың шығармашылығына арналған республикалық өнер сайыстарының жеңімпазы. Марапаттары. ҚР «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2000) марапатталған. Құқық. Құқық – мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің (нормалардың) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ. - қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау; - қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту; - мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп басқару. Құқықтың реттеу функциясы – нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру. Құқықтың қорғау функциясы – нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу. Жоғарыда айтылғандай, құқық – жалпыға бірдей міндетті, мемлекет қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқықтық норма – құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастардың жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып отырады. Қылмыстық заң. Қылмыстық заң — парламент қабылдаған құқықтық акт. Қазақстан Республикасында қылмыстық заң тек қана ҚР Қылмыстық кодексінен ғана тұрады. Смартфон. Nokia Communicator 9000, 9110, 9210, 9500 Смартфон — өзіне ұялы телефонның сөйлесу мүмкіндіктері мен қалта компьютерінің Интернетке шығу, файлдармен жұмыс істеу, пошта тәрізді мүмкіндіктерімен біріктірілген гибрид болып табылады. Смартфонның ұялы телефоннан айырмашылығы — оның амалдық жүйесі болады. Бразил әнұраны. Бразилдің ұлттық әнұраны () — тұңғыш 1832 ж. сәуірдің 17-де шығарылған, бірақ республика жарияланғанша дейін ресми деп есептелмеген. Әнұран 1890 ж. қантардың 29-да декретпен бекітілген. Ағымдағы әнұран мәтіні Бразил тәуелсіздігінің 100 жыл мерей тойның алдында, 1922 ж. қыркүйектің 6-да қабылданған. Мәтіні. Ouviram do Ipiranga as margens plácidas De um povo heróico o brado retumbante, E o sol da Liberdade, em raios fúlgidos, Brilhou no céu da Pátria nesse instante. Desafia o nosso peito a própria morte! Brasil, um sonho intenso, um raio vívido De amor e de esperança à terra desce, Se em teu formoso céu, risonho e límpido, És belo, és forte, impávido colosso, E o teu futuro espelha essa grandeza Dos filhos deste solo és mãe gentil, Ao som do mar e à luz do céu profundo, Fulguras, ó Brasil, florão da América, Iluminado ao sol do Novo Mundo! Do que a terra mais garrida Teus risonhos, lindos campos têm mais flores; «Nossa vida» no teu seio «mais amores». Brasil, de amor eterno seja símbolo E diga o verde-louro desta flâmula — Paz no futuro e glória no passado. Mas, se ergues da justiça a clava forte, Verás que um filho teu não foge à luta, Nem teme, quem te adora, a própria morte. Dos filhos deste solo és mãe gentil, PageRank. __NOTITLECONVERT__ -- — Интернеттегі тораптың әрбір бетіне өзіндік салмақ беріп, іздеу сұранысында беттерді сол салмағы бойынша реттеп шығаратын Google дегеннің алгоритмы. Ал әрбір бетке берілген бұл салмақ, сол беттің басқалары үшін қаншалықты қажет екенін білдіретін көрсеткіш. Атауы. PageRank сөзі алғаш PageRank бастаушылардың бірі Page дегеннің атына да байланысты болуы мүмкін Тарихы. PageRank алғаш СтенФорд Университетінің екі студентінің (Brin & Page) зерттеу жобасы ретінде басталып, соңынан Google Компаниясы ретінде Google Іздеу жүйесін бастап кетті. Мүмкін Google дегеннің қазіргі дәрежеге дейін көтерілуіне себепші — бұл олардың алгоритмдары дәлірек жұмыстауында шығар. Алгоритмы. Сондықтан торапты немесе блогты іздеу нәтижесінде жоғарыда шықсын деп ойлағандар PageRank жоғары тораптармен сілтеме алмасып блогын сол тораптарға сілтеме береді. Сілтемелер көбіне басты бетте тұрмаса, басқа беттегі тұрған сілтемелер көп пікір жинай алмайды. Google PageRank 0-дан 10-ға дейінгі сандарды береді. 10 саны ең жоғары болып есептеледі. Мысалы Google, Yahoo тораптарының PageRank 10/10. Нұрмұхамедұлы, Жанқожа. Жанқожа Нұрмұхамедұлы (1774, қазіргі Қызылорда облысы,Қазалы ауданы, Арықбұлақ ауылы - 1860, Қызылқұм) - батыр. Сыр бойы қазақтарының Хиуа, Қоқан хандықтарының езгісіне және Ресей отаршылдарына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы. 19 ғасырдың 20-жылдарынан бастап Сыр бойы мен Арал теңізінің шығыс жағалауын қоныстанған қазақтарға өз үстемдігін жүргізе бастаған Хиуа, Қоқан хандықтары 1830-1840 жылдары жергілікті халыққа өктемдігін одан әрі күшейтті. Хиуа хандығы Жаңадария, Қуандария, Қызылқұмнан өтіп, Қосқорған, Арал теңізіне дейінгі аралықтағы Сыр бойындағы қазақтарға шапқыншылықтар жасап, малдарын барымталап, әйел, бала-шағаларын тұтқынға алып кетіп отырды. Қоқандықтар шекара бекітіп, әкімшілік құрып, 1817 жылдан бастап салына бастаған бекіністерінен әркез жасақтар шығарып, бейбіт елді шауып, алым-салық жинап кетіп тұрды. Осындай зорлық – зомбылықтан жапа шеккен қазақтар, жастайынан әділдігімен, батырлығымен елге танымал болған Жанқожаның төңірегіне топтасты. Жанқожа 17 жасында Кіші жүз құрамындағы Әлімұлы тайпасының жергілікті рулары сайлап алған Қылышбай ханның Хиуа бекінісіне жасаған жорығы кезінде жасаққа елеусіз еріп барып, ешкімге дес бермей тұрған қарақалпақ батыры Тықыны жекпе-жекте өлтіреді. Осы жорықта әділетсіздігі үшін Қылышбай ханның өзіне де қол жұмсайды. Бұл кездерде Жанқожа ауылы Қарақұмда жайлап; Ырғызды қыстаған. Қоқан хандығының Созақ бекінісіне орналасқан әкімдерінің жергілікті халыққа салынатын алым-салықтан тыс көрсеткен зорлықтары қазақтардың бас біріктіріп, бұл қамалға шабуыл жасауына себепкер болды. И. В. Аничковтың мәліметі бойынша, Қоқан әкімі Дәурен Созақ қаласының бектері Отыншы, Cушымен бірігіп, Сарман биді өлтіреді. Созақта тұратын, Құрман би араша түсуді өтініп, Жанқожаға арнайы хабар жібереді. Жанқожа елден қол жинап, Созаққа жорыққа аттанып, жолда Жаңақорған, Желек бекіністеріндегі қоқандықтарды қуады. 1830 жылдың күзінде Созақ бекінісін қоршауға алып, көмекке келген қоқандық Таған палуанды жекпе-жекте қолға түсіреді. Одан соң Жанқожа жасақтарымен бекіністің дарбазасын бұзып кіріп, Созақты басып алды. Қоқан бектері Отыншы мен Сушыны қолға түсіріп, баласын өлтіргенің үшін Құрман биге тапсырады. Кейбір деректерге қарағанда, Жанқожа Қоқан хандығының Шымқорған, Қосқорған, Күмісқорған тәрізді бекіністерін де талқандайды. Хиуа хандығы Аллақұл ханның тұсында 1835 жылы Қуандарияның батысындағы Құртөбе деген жерге бекініс салып, онда 200 әскер ұстайды. Жанқожаға арқа сүйеп, алым-салық төлеуден бас тартып, Хиуа бегі Бабажанның озбырлығына көнбей жүрген сырдың төменгі сағасындағы қазақтарды тәртіпке келтіру үшін түрікмен Аймұхамед палуанды жасақтарымен жіберді. 1836 жылы Ақирек деген жерде елге тізесі батқан осы Аймұхамед палуанды Жанқожа жекпе-жекте өлтіреді. Басшысы мерт болған палуанның жасақтары бас сауғалап қашуға мәжбүр болды. Жанқожа бұдан кейін де Сыр бойындағы қазақтарды хиуалықтардың езгісінен құтқару үшін, олардың бекіністеріне жиі-жиі шабуыл жасап отырды. Оның бұл жорықтары нәтижелі болып, Хиуа бекіністері көп шығынға ұшырады. 1845 жылды көктемінде Хиуа хандығы Сыр бойындағы қираған бекіністерін қалпына келтіру үшін 200 жасақ аттандырады. Жанқожаның жігіттері бұлармен ұрыс салып, кері қайтарады. 1847 жылы көктемде Хиуа бегі Уайыс-Нияздың әскері Атанбас, Ақирек, Қамыстыбасты жайлап отырған қазақтарға шабуыл жасап, 1400 үйді ойрандап, тонап кетеді. Осы жылдың тамыз айында Хиуа бегі Қожанияз бастап, қазақ сұлтандары Жанғазы Шерғазиев пен Елікей (Ермұхамед) Қасымов қоштаған шапқыншылар қазақ ауылдарын тағы да тонауға ұшыратады. Хиуалықтардың мұндай шапқыншылығы бір жылда бірнеше рет қайталанады. Тонауға ұшыраған елін қорғауға Жанқожа 700 сарбазымен қарсы шығады. Құрамында екі мың әскері бар хиуалықтар Жаңақала бекінісінің төңірегіне шоғырланады. Жанқожаға Ресейдің Райым бекінісінің бастығы Ерофив бастаған отряд көмекке келіп хиуалықтарды бірге талқандайды. 1847 жылы Райымға келіп, бекініс сала бастаған Ресей әскерлеріне Жанқожа қарсылық көрсетпеді. Сол кездегі Орынбор генерал-губернаторы В. Обручевпен жолығып сөйлескен Жанқожа оны мен орыс әскері жергілікті халықтың тыныштығын бұзбайтындығына және хиуалықтардың шапқыншылығынан қорғайтындығына келіседі. Бірақ кейін іс жүзінде керісінше болады. Патша шенеуіктері мен әскерлері ауық-ауық елдің тыныштығын бұзып, бұл кезде егде тартып отырған Жанқожаға да маза бермейді. Орынбор шекаралық комиссиясының Сырдария жүйесі бойынша өкілі И. Осмаловскийдің көмекшісі болып есептелінетін тілмаш Мұхамедхасан Ахмеров пара жинауға шабармандарын Жанқожа ауылына жұмсайды. Жанқожа оларды «орыс заңында мұндай салық мүлде жоқ» деп қуып жібереді. Мұндай келеңсіз құбылыстарға ашуланған Жанқожа көтеріліске шығуға мәжбүр болады. 1856 жылы желтоқсанның соңғы күндерінде көтерілісшілер Қазалыны қоршауға алды. Қаратөбе манындағы Л. Булатовтың отрядына бірнеше рет шабуыл жасады. Көтерілістің бас кезінде Жанқожаның 1500-ден аса сарбазы болса, 1857 жылы қаңтарда олардың саны 5000-ға жетті. Жағдай Орынбор генерал- губернаторы В. А. Перовскийді қатты алаңдатты. Ол генерал-майор Фитингофт бастаған 300 атты казак, 320 жаяу әскер, 1 зеңбірек, т.б. қаруларымен қоса сұлтан Елікей Қасымов бастаған бірнеше жүз казак жасағы бар жазалау отрядын аттандырады. Екі жақ Арықбалықтың тұсында кездесіп, бірнеше дүркін шайқас болды. Бақайшағына дейін қаруланған жазалаушы отрядқа көтерілісшілер қарсы тұра алмай, шегінуге мәжбүр болды. Екі күн бойы ізіне түскен жазалаушы отрядтың көзіне көрінбей, көтерілісшілер Қызылқұмға ойысып кетті. Жазалаушы отряд жолда кездескен қазақ ауылдарын шауып, тонаушылыққа ұшыратты. Фитингофт бастаған жазалаушы отряд ақпан- наурыз айларында көтерілісші халыққа қарсы тағы бірнеше рет жорыққа шығып, қазақ ауылдарына адам айтқысыз жауыздықтар жасады. 1856-1857 жылы қазақтардан тартып алынып есептелмей, талан-таражға түскенді қоспағанда, 79567 сомның малы сатылды. Көтеріліс жеңіліс тапқаннан кейін Жанқожаға сатқындық жасаған рубасылар мен елағаларына ренжіп, Дауқара жаққа, одан Бұхар хандығы жеріндегі Ерлер тауына жалғыз кетіп қалады. Екі жылдан соң қайта оралып, Қызылқұмда жалғыз отырған Жанқожаны Елікей Қасымов бастаған казак отряды келіп өлтіріп кетеді. Жанқожа батыр — 19 ғасырдың орта шеніндегі Сыр бойы қазақтарының Хиуа, Қоқан отаршылдығына қарсы күресін суреттейтін жыр. Айтушысы — Мысабай жырау, ол Қазалы маңындағы Қаракөл елді мекенінде тұрған. Жинаушысы – И. В. Аничков. Ол Сән-Питербор универсететі шығыстану факультетінің түлегі, Сырдария губерниясының әр түрлі аймақтарында сот қызметін атқарған, Орынбор, Түркістан ғылым қоғамдарының белді мүшесі болған. Аничков жырды 1893 жылы қағазға түсіріп, кейіннен «Қазан уневерситетінің археология, тарих, этнография қоғамының хабаршысында» жарияланған. Шығармада Сырдың төменгі ағысындағы қазақтардың Хиуа хандығына, әсіресе, Бабажан сартқа қарсы күресі жырланады. Жанрлық тұрғыдан келгенде бұл тарихи жыр. - деген жолдар он бір буынды өлшемге құрылған. Мысабай жыраудан жазылған осы жыр үлгісін Сәкен Сефуллин «Жаңа әдебиет» журналының 1926 жылғы 5- санында араб әрпімен жарияланған. «Жанқожа жайлы өлең» деп аталған жырдың осы үлгісі Талғат Қоңыратбаевтың «Ертедегі ескерткіштер» (1996) атты зерттеуінде қайта басылған. Қазақстанның орта ғылыми кітапханасында «Жанқожа батыр» жырының бірнеше үлгісі сақталған. Олар «Жанқожа батыр», «Жанқожаның тарихи», «Жанқожа батыр мен Бабажан сарт». Айтушылары – Мысабай, О. Сұлтанов, Л. Шаңғытбаев. Бұл нұсқаулардың біреуі қара сөзбен, өзгелері өлеңмен жазылған. Жинаушылары – М. Ахметов, Баймұхамбетов, С. Бөлекпаев, К. Көрегенов, Қалижанов, Қ. Сұлтанов, Н. Қарабатыров.т.б. Жанқожа батыр ауылы – Қызылорда облысының Қазалы ауданындағы ауыл, Арыңбалық ауылдың әкімшілік округінің орталығы. Аудан орталығы-Қазалы қаласынан солтүстікке қарай 12 километр жерде, Сырдария жайылмасының қамыс, құрақ басым өскен шалғынды сортан топырақты шөлдік белдемінде орналасқан. Тұрғыны 1,7 мың адам (1999). 1962-1997 жылы Қазақстанның 40 жылдығы атындағы Қаракөл кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде 1997 жылдан Жанқожа батыр ауылында және округіне қарасты Шәкен, Шиелі, Шалқұм аудандарында шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Округте 4 мектеп, бала-бақша, кітапқана, мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория және 2 фельдшір-акушерлік пункт бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолымен қатынасады. Шыны. Шыны – құрамында шыны түзетін компоненттер (кремний тотығы, бор, аллюминий, фосфор т.б.) мен металл тотықтары (литий, калий, магний, қорғасын т.б.) бар балқыманы суыту нәтижесінде алынатын қатты, аморфты,оптикалық мөлдір (құрамына байланысты) әйнек түрді материал. Шыны құрылыста, санитарлық техникада қолданылады, тамақ және химиялық ыдыстар жасауда кеңінен пайдаланылады. Республикада шыны мен шыны кристалды материалдардың құрылымына байланысты ғылыми зерттеулер 1960 жылдан 1960 жылдан Қазақ хим-технологиялық институтында, кейін – Жамбыл гидромелиорация-құрылыс институты мен Алматы құрылыс материалдары ғылыми зерттеу және жобалау институтында (С.Т. Сүлейменов, В.О. Есімов, Т.Ә. Әбдуалиев, В.Ф. Вернер, А.А. Мырзахожаев т.б.), Қазақ Республикасы Ғылым Академиясының химия ғылымдар институтында (Ю.А.Моркеренков, Л.Н. Шелудяков т.б.) жүргізіп келді. Зерттеу жұмыстары жергілікті табиғи шикізат пен өнеркәсіп қалдықтарын пайдалана отырып, әр түрлі мақсатқа арналған бұйымдар шығару технологиясына бағытталған. Екібастұз мемлекеттік аймақтық электр станциясының күлінен түсі қара түсті «Марблит» типті шыны тәрізді қаптама тақталар; беті жалынмен жылтыратылған түрлі-түсті шыныдан тұратын қос қабатты көркем қаттама материалдар ретінде қолданылатын шыны-кристаллит тақталар; үйлердің архитектурасын жақсартуға, техникалық мақсатқа арналған ақ және қара түсті шлакситалды, күлситалды бұйымдар; қымбат металлдар мен легирленген қорытпаларды алмастыратын биологиялық индифферентті физика-механикалық қасиеттері мен косметикалық эффектісі жоғары тіс ортопедиясына қажетті ситалдар т.б. жасалды. Республикада шыны ыдыстарды дайындайтын жергілікті өнеркәсіп министрлігіне қарасты екі кәсіпорын (Жамбыл, Щучинск қалаларында) бар. Әл-Құдысқа қайта оралу. әл-Құдысқа қайта оралу (,) — Қытайдағы мәсіхшілік миссионерлік қозғалысы. Бұл қозғалыс 1920 ж. ұйымдасып, буддистер, индуистер және мұсылмандар арасында христиан дінін таратуды көздейді. Қытайда коммунистік-маоистік кезеңде өз жұмысын астыртын өткізуге мәжбүр болып әлсіреп кеткен. Қазіргі таңда жүз мыңнан астам жолын ұстаушылар бар. Есенбаев, Мәжіт Төлеубекұлы. Есенбаев, Мәжіт Төлеубекұлы — ҚР Бәсекелестікті дамыту жөніндегі агенттігінің төрағасы. Қазақ политехникалық институтын тәмамдаған, экономика ғылымдарының кандидаты. Мамандығы бойынша республика Мемжоспары жанындағы Экономика институтында жұмыс істеген, институтта дәріс берген. Қарағанды облысының мемлекеттік органдарындағы басшы қызметтерге тағайындалған, республика Қаржы министрлігі Бас салық инспекциясының бастығы — Министрдің бірінші орынбасары, Мемлекеттік салық комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы, Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалған. 1999—2002 жж. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі. 2002 ж. қаңтарда Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрі болып тағайындалған. 2002 ж. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі. 2003 ж. маусымынан Мемлекет Басшысының көмекшісі қызметінде болды. 2004 ж. наурызынан Ақмола облысының әкімі. 2008 ж. қаңтарынан ҚР Бәсекелестікті дамыту жөніндегі агенттігінің төрағасы. Есенбаев, Мәжіт Төлеубекұлы Сағындықов, Елеусін Наурызбайұлы. Сағындықов, Елеусін Наурызбайұлы — Ақтобе облысы әкімі Ақтөбе педагогикалық институтын, Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын бітірген. Экономика ғылымының докторы. Институтты бітіргеннен кейін мамандығы бойынша жұмыс істеді, өндірістік оқу мастерінен білім вице-министріне дейінгі жолдан өтті. Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, Ақтөбе қаласының әкімі болып тағайындалған. Соңғы кезде — Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болған. Үмбетов, Серік Әбікенұлы. Үмбетов, Серік Әбікенұлы — Алматы облысының әкімі. Бас зоотехник, кеңшар директоры, Кеген аудандық агроөнеркәсіп кешенінің төрағасы болып жұмыс істеді. Күрті аудандық әкімшілігінің басшысы, Алматы облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары, әкімі болып тағайындалды. Жамбыл облысының әкімі қызметінде болды. 2004 ж. ҚР Ауыл шаруашылығы министрі. 2005 ж. тамызынан Алматы облысының әкімі. Үмбетов, Серік Әбікенұлы Кәрібжанов, Жәнібек Сәлімұлы. Кәрібжанов, Жәнібек Сәлімұлы — ҚР Парламенті Мәжіліс торағасының орынбасары, Мәжіліс депутаты. 1948 ж. қарашаның 23 Ресей Федерациясы Омбы облысы, Щербакул ауданы Айбас ауылында туған. 1971 ж. С.М.Киров атындағы Омбы ауыл шаруашылығы институтын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. 1989 ж. Казақ ССР Мемлекеттік агроөндіріс комитеті агроөндіріс кешенін экономикалық дамыту және әлеуметтік жоспралау Бас басқармасының бастығы, Қазақ ССР Мемлекеттік агроөндіріс комитеті төрағасының бірінші орынбасары — Қазақ ССР министрі. 1996 ж. ҚР Премьер-минстрінің орынбасары, Ақмола облысының әкімі қызметтерінде болған. 1999—2001 жж. Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі. 2001—07 жж. Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы Төтенше және Өкілетті елшісі, ҚР Вьетнамдағы, Монғолиядағы, Корей Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі. 2007 ж. қаңтар — 2008 ж. мамыр Шығыс Қазақстан облысының әкімі. 2008 ж. мамырдың 14 ҚР Парламенті Мәжіліс торағасының орынбасары. Марапаттары. Кәрібжанов, Жәнібек Сәлімұлы Жексембин, Бөрібай Биқожаұлы. Жексембин, Бөрібай Биқожаұлы — Жамбыл облысының әкімі. Алматы зоотехникалық- малдәрігерлік институтын, Евразия нарық институтын бітірген. Бас зоотехник, кеңшар директоры, Приозер аудандық және Жезқазған облыстық агроөнеркәсіп комитетінің төрағасы болып жұмыс істеген. Жезқазған облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ұйымдастыру- бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы болып тағайындалған. Соңғы кезде — Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметінде болды. 2004 ж. мамырынан Жамбыл облысының әкімі. Жексембин, Бөрібай Биқожаұлы Әшімов, Нұрғали Сәдуақасұлы. Әшімов, Нұрғали Сәдуақасұлы — Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау министрі. Қысқаша өмірбаяны. 1959 ж. қазанның 10 Шымкент қаласында туған. Мәскеу экономика-статистика институтын (1981 ж.) инженер-математик мамандығы бойынша; Мәскеу экономика-статистика институтының аспирантурасын тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты. ҚазССР-і Мемжоспары жанындағы ғылыми-зерттеу институтының кіші ғылыми қызметкері (1981 ж.), бөлім меңгерушісі (1987 ж.); ҚазССР-і Министрлер Кеңесінің кадрларды қайта даярлау жөніндегі республикалық институтының аға оқытушысы, Қазақ химия-технология институтының аға оқытушысы (1990 ж.) қызметтерін атқарған. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары — Оңтүстік Қазақстан территориалдық мемлекеттік меншік жөніндегі комитетінің төрағасы (1992 ж.) қызметтерін атқарған. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (1993 ж.), Ұлттық Банктің Оңтүстік Қазақстан облыстық басқармасының бастығы (1996 ж.), ҚР Экономика және сауда вице-министрі (1997 ж.), «ТұранӘлем банкі» жабық акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (1997 ж.), Қостанай облысы әкімінің орынбасары (1998 ж.), Қостанай қаласының әкімі (1998 ж.) лауазымдарында болды. «Қазтрансгаз» ЖАҚ-ң коммерция және маркетинг жөніндегі вице-президенті (2000 ж.), «Intergas CentraI Asia» ЖАҚ-ң бас директоры (2000 ж.), «Қазтрансгаз» ЖАҚ-ң президенті (2001 ж.). Тағайындауға дейін ҚР Энергетика және минералдық ресурстар бірінші вице-министрі қызметінде болды. 2007 ж. тамызына дейін — Батыс Қазақстан облысының әкімі. 2007 ж. тамыздың 28 — Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі. Әшімов, Нұрғали Сәдуақасұлы Нығматуллин, Нұрлан Зайроллаұлы. Нығматуллин, Нұрлан Зайроллаұлы — Қарағанды облысының әкімі. Қарағанды политех­никалық институтын бітірген. Саяси ғылымдар докторы. Еңбек жолын 1984 ж. «Қарағанды­облгаз» өндірістік бірлестігінің инженері болып бастады, кейіннен автоколонна бастығы болды. Қарағанды облысының мемлекеттік басқару органдарында басшы қызметтерді атқарды. Қазақстан Жастар ұйымдары комитетінің төрағасы, «Тенкри» қазақ-американ бірлескен кәсіпорнының президенті болды. Мемлекет басшысы Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, бөлім меңгерушісінің орынбасары, Астана қаласы әкімінің орынбасары, Көлік және коммуникациялар вице-министрі болып тағайындалды. 2004 ж. маусымнан бастап — Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары. 2006 ж. қаңтарынан бастап Қарағанды облысының әкімі. Нығматуллин, Нұрлан Зайроллаұлы Кулагин, Сергей Витальевич. Кулагин, Сергей Витальевич — Қостанай облысының әкімі. 1952 ж. қыркүйектің 8 Ақмола облысының Атбасар қаласында дүниеге келген. 1975 ж. Целиноград ауыл шаруашылығы институтын, 1988 ж. Алматы жоғары партия мектебін бітірген. Саясат ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын Целиноград облысының Астрахан ауданындағы Николаев кеңшарының № 1 бөлімшесінде жұмысшы болудан бастаған. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін инженер; кеңшардың бас инженері; 1981—84 жж. аралығында Целиноград облысының Астрахан ауданындағы Қызылжар кеңшарының директоры қызметін атқарған. Торғай облыстық әкімшілігінің басшысы (1992—93 жж.); ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі (1993—1994 жж.); ҚР Премьер-Министрінің орынбасары (1994 ж. маусым — қазан); «Интеграция-Целина» Халықаралық қорының президенті (1994—1998 жж.); Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі (1998 ж. қаңтар — қыркүйек) қызметтерін атқарған. 1998 ж. қыркүйек айынан Ақмола облысының әкімі болды. 2004 ж. наурызынан Қостанай облысының әкімі. Кулагин, Сергей Витальевич Құл-Мұхаммед, Мұхтар Абрарұлы. Құл-Мұхаммед, Мұхтар Абрарұлы — Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі. 1960 ж. желтоқсанның 12 дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған. Заң ғылымдарының докторы, профессор. 1983—92 жж. Қазақ энциклопедиясында аға ғылыми редактор, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарды. 1992—99 жж. «Атамұра» корпорациясын басқарды. 1999—2001 жж. депутат, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Заңнама және құқықтық реформа жөніндегі комитетінің хатшысы, Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитеттің төрағасы. 2001—03 жж. — Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі. 2003—04 жж. — Президент кеңесшісі. 2004 жылдың сәуірінен желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы. 2004—06 жж. — Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі-Баспасөз хатшысы. 2007 ж. қаңтар айынан Қызылорда облысының әкімі, Қазақстан Республикасы президентінің «Байқоңыр» кешенінде арнаулы өкілі. 2008 ж. мамыр айынан Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Бесікке салу. Бесіктің сәби денсаулығына, тазалығына пайдасы өте зор. Бесіктегі сәбидің бойы, қол аяғы түзу, ширақ болады. Сондай-ақ бесік баланы кездейсоқ құлаған заттан, суық пен ыстықтан да қорғайды. Пәле-жаладан сақтасын деп ырымдап, оған тұмар, бүркіт тұяғы, жыланның бас сүйегі, кірпі сияқты заттар тағып қояды. Бесік ағаштан, негізінде талдан иіп жасалады. Себебі тал басқа ағаштай емес иілмелі морт сынбайды, құрт түспейді, жат иіс болмайды. Бесіктің мынадай құрал-жабдықтары болады: жастық, мамық, жөргек, түбек, шүмек, қолбау, тартбау т.б. Пенициллин. Пенициллин — түрлі микробтарға қарсы, іріңді жараны, өкпе қабынуын, баспа, соз және басқа ауруларды емдеуге қолданылатын антибиотик. Ол ең пайдалы антибиотиктердің бірі. Ол көптеген іріңді бактерияларды қоса алғанда, бактериялардың біраз түрін жояды. Бірақ: ол іш өткенге, зәр шығаратын мүшелерге түскен инфекцияға, сегізкөз ауруына, көгеріп іскенге, әдеттегі салқын тигенге, қызылшаға немесе басқа дә вирустық инфекцияларға көмектеспейді. Пенициллин миллиграммен (мг) немесе единицамен (ед.)— бірлік өлшемімен өлшенеді. Пенициллин үшін 250мг=400000ед Қазір пенициллиннің түрі көп (экмоновоциллин, новоциллин). Ал феноксиметил пенициллинді ішуге болады. Пенициллиннің құрғақ түрін жараға себеді, ал ерітіндісімен жараны жуып емдейді. Қатері және сақтық шаралары. Көптеген адамдар үшін пенициллин аса пайдалы да сенімді дәрілердің бірі болып табылады. Пенициллинді шектен тыс қолдану оларға зиян келтірмейді, тек қаржысын ғана шығын етеді. Пенициллинді аз мөлшерде қолданған жағдайда ол инфекцияны толық жоя алмайды және бактериялар пенициллинге үйреніп, оған берілмейтін болып алады (оларды жою қиындайды). Кейбір адамдарда пенициллин аллергиялық реакция туғызады. Қызыл таңдақтар немесе қызыл бөрітпелер шығып, қышуы аллергиялық реакциялардың жеңіл түріне жатады. Бұл көбіне пенициллин шанышқаннан кейін бірнеше сағаттан немесе бірнеше күннен кейін пайда болып, бірнеше күндерге созылуы мүмкін. Антигистаминдер қышығанды басуға көмектеседі. Сиректеу жағдайда қауіпті реакциялар туғызады, бұл аллергиялық естен тану деп аталады. Пенициллинді шанышқаннан немесе ішкеннен кейін адамның беті кенеттен бозарып, дем алысы қиындзйды да ол естен танады. Бұл жағдайда жедел эпинефрин (адреналин) қолдану керек. Пенициллинді қабылдай алмайтын адамдар таблетка түріндегі тетрациклинмен немесе эритромицинмен емделуіне болады. Пенициллиннен жазылатын көптеген инфекциялардан оның таблеткасын ішіп те ойдағыдай жазылуға болады. Пенициллинді егу оны таблетка түрінде қабылдаудан көрі қауіптірек. Пенициллинді ушыққан және аса қауіпті жұқпалы аурулар кезінде ғана шанышу керек. Пенициллинге берілмеу. Кейде пенициллин өзі бұрын жойып келген инфекцияларға қарсы әсер ете алмайтын болып қалады. Бұл бактериялардың пенициллинге берілмеу қасиеті қалыптасуынан болады, бұдан әрі пенициллин бұл бактерияларды жоя алмайды. Кейде пенициллинге берілмеу қасиеті қалыптасатын инфекцияларға мыналар жатады: импетиго (тері бөрітпесі), іріңді бөрітпе және сүйек инфекциясы (остеомиелит). Егер осы инфекциялардың біреуі әдеттегі пенициллиннен жазылмаса, басқа антибиотиктерді немесе пенициллиннің айрықша түрлерін (метициллин, нафциллин, оксациллин, диклксациллин) қолданып көріңіз, олар көмектесуі мүмкін. Бүгінгі таңда дүние жүзі елдерінің көпшілігінде соз пенициллинге берілмейтін болып алды. Кейде өкпе талауратуы пенициллиннен жазылмайды, мұндайда ко-тримоксазол немесе эритромицинді қолданып көріңіз. Пенициллинді шанышқан кезде, әрқашанда адреналин (эпинефрин) дайын тұрсын. Қандай да болмасын аллергиялық реакция бір-ақ рет болғанның өзінде ол адам ешқашан да пени-циллиннің немесе ампициллиннің ешқандайда түрін, таблеткасын да, шанышатынын да қабылдамауға тиіс. Өйткені екінші қайталанған реакция анағұрлым қауіпті болуы, тіпті өлтіріп жіберуі мүмкін. (Бірақ пенициллин ішкен кезде ішіңіз өтсе, ол аллергиялық реакциядан емес. Бұл үшін пенициллинді қабылдауды тоқтатуға болмайды). Пайдаланылған әдебиеттер. ISBN 5-615-01453-9 (Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет!) Өзен. Өзен — арна деп аталатын ойпаң арқылы ағатын су ағыны. Өзеннің ағып шығатын жері оның бастауы деп аталады. Қыраттың етегінен немесе тау шатқалының түкпір-түбінен ағып шыққан бұлақ бірден көзге түсе бермейді. Бірақ су күні-түні тынбай ағып жатқандықтан, одан тұрақты ағыс, яни жылға пайда болады. Ол өзеннің бастауы болады. Өзен көлден немесе батпақтан да басталады. Биік таулы жерлерде өзен басын қар мен мұздықтың шетінен, еріген судан алады. Өзеннің құяр жері оның сағасы деп аталады. Өзендер ағысының жылдамдығы сағасына барғанда төмендейді, сөйтіп онда тосқындар жинақталып, өзен сағасы тармаққа бөлінеді, яғни атырау пайда болады. Өзен бастауынан бастап сағасына дейін әрі кең, әрі ұзынша ойыс алқапты бойлай ағады. Бұл — өзеннің аңғары. Аңғардың табанындағы өзен суы ағып жататын ойыс арна деп аталады. Су тасыған кезде өзен арнасынан асып, аңғардың іргелес жайдақ бөлігін басады. Аңғардың өзен тасығанда су басатын бөлігі жайылма деп аталады. Өзен ағысы ұзына бойымен алып қарағанда шамамен 3 бөлікке бөлінеді. Бастауына жақын жағы — жоғарғы ағысы, саға жағы — төменгі ағысы, екеуінің аралығы орта ағысына жатқызылады. Өзен барлық салаларымен бірігіп, өзен жүйесін құрайды. Өзенге және оның салаларына су ағып келетін жердің бәрі өзен алабына жатады. Өзен алаптарын бір-біріне көбінесе қыратты болып келетін су айрықтар бөледі. Өзен ағысының бағыты мен жылдамдығы сол өзен өтетін жер бедеріне байланысты. Өзендер екіге бөлінеді: тау өзендері және жазық өзендер. Тау өзендері беткейлері тік жартасты тар аңғармен ағады және терең болып келеді. Мұндай тар аңғарды шатқал деп атайды. Мысалы, Колорадо өзені (Солтүсті Америка). Ол таудың шығыс бөлігін басталып, ішкі таулы үстірттерді басып ағады да, терең каньондар жасай отырып, тау жоталарын тіліп ағады. Колорадо өзенінің тереңдігі 1600 m, ұзындығы 400 km. Жазық жерлермен ағатын өзендердің ағысы баяу. Жазық жерлердің өзендері терең емес және олардың ені бірнеше километр болып келеді. Жазықтығы өзендер кеме қатынасы үшін қолайлы. Екпін. Екпін — сөйлем ішіндегі кейбір сөздердің немесе сөз ішіндегі кейбір буын, дыбыстардың басқа тілдік бөліктерден ерекшеленіп, көтеріңкі айтылуы. Екпін сөз екпіні, ой екпіні, тіркес екпіні, дыбыс екпіні деп бөлінеді. Әдебиеттен Нобел сыйлығы. Әдебиеттен Нобел жүлдесінің медалі. Түпнұсқа әрлемі ®© The Nobel Foundation. Әдебиеттен Нобел жүлдесі – жыл сайын дүние жүзінің қандай да елінен болмасын шыққан авторға беріледі. Бұл сыйлықты швед инженер-химигі, өнертапқыш және өнеркәсіп иесі Алфред Нобел ұйымдастырды. Оның есімімен аталған бұл сыйлық дүниежүзінде ең танымал, сонымен бірге ең қатты сыналады деп айтылады. Сыйлыққа А. Нобелдің кескіні бейнеленген алтын медаль, диплом және ақшалай сыйлық беріледі. Ақшалай сыйлық Нобель фондының кірісіне байланысты. Нобелдің 1895 ж. қарашаның 27 жазған өсиетхаты бойынша оның капиталы (алғашында 31 млн. швед кроны) акция, облигация, несиеге салынды. Осыдан түскен табыс бірдей бес бөлікке бөлінеді және физика, химия, физиология немесе медицина, әдебиет және бейбітшілікті нығайтуға бағытталған үздік жетістіктерге беріледі. Сыйлықты жыл сайын желтоқсанның 10 Ісуіш патшасы Стокхолмда тапсырады. Нобел әдебиет сыйлығын алғаннан кейін лауреат жұмысының тақырыбы бойынша дәріс беруге міндетті. Негізінен әдебиет сыйлығы жазушыға жеке шығармасы үшін емес, әдебиеттің дамуына қосқан үлесі үшін беріледі. 1901 жылдан бері Әдебиеттен Нобел жүлдесі беріліп келеді. Содан бері 106 жазушы осы сыйлыққа ие болды. Магиялық реализм. Магиялық реализм — шынайы ғалам сипатына магиялық элементтерді қосатын өнер жанры деген анықтаманы нақтыдан гөрі, жалпы сипаттамалы деп айтуға болады. Алғашында неміс сыншысы Франц Рохтың шындықты өзгертіп көрсететін суретті сипаттауға қолданған термині «магнетикалық реализм» болатын, бірақ кейін бұл терминді Артуро Услар-Петри латин-америкалық жазушылардың кейбір жұмыстарын сипаттауда кең пайдаланды. Куба жазушысы Алехо Карпентьер (Alejo Carpentier) (Услар-Петри дегеннің досы) «The Kingdom of this World» (орысшаға «Царство мира сего» деп аударылған) (1949) повесінің алғы сөзінде «Lo real maravilloso» (сөзбе-сөз аударғанда «ғажап (тамаша, таңғажайып) шындық» дегенді білдіреді) терминін қолданды. Карпентьердің шығармалары XX ғасырдың 60-жылдары Еуропада басталған осы жанрдың серпілісіне үлкен әсер етті. Тұмау. Тұмау (грипп) — өте жұқпалы ауру. Кейде ол асқынып кетіп тыныс жолын, нерв жүйесін, қан тамырды, жүректі ауруға шалдықтырады. Тұмауды қоздыратын вирустар (микробтар) тыныс жолының кілегей қабығында өсіп-өнеді. Тұмау тиген адам аурудың микробын жөтелгенде, түшкіргенде және қақырығы арқылы ауаға таратады. Сондай-ақ тұмау вирусы науқастың ыдысы, сүлгісі, қол орамалы, кітабы және т.б. арқылы жұғады. Тұмау вирусы өте тез тарайды. Бір мезгілде бір болыс, өлке, тіпті бүкіл жер жүзі адамдарының жаппай ауруы мүмкін. Бір ауырған адам бір-екі жылға дейін қайтып тұмаумен ауырмайды. Тұмау салқын кезде жиі, ыссыда сирек кездеседі. Кейде адамға суық тиіп, тыныс жолының жоғарғы бөліктері қабынып, оның тұмауға ұқсауы да мүмкін. Бірақ бұл тұмау емес. Ол салқын тигенде мұрын, көмей, жұтқыншақтарды жайлайтын басқа микробтардың әрекеті. Тұмау вирусы күн сәулесіне және зарарсыздандырғыштар (хлор, қышқылдар, спирт және т.б.) әсерінен тез қырылады. Тұмау басталғанда адамның денесі дел-сал болып, көңіл-күйі нашарлайды және тағамға тәбеті шаппайды. Бір-екі күннен кейін дене қызуы көтеріледі, басы ауырады, бұлшық еттері сыздап, буын-буыны сырқырайды, мұрны бітеді, дауысы қарлығып, жөтеледі, тамағы қызарып, жұтынғанда ауырады, көзі қызарып жасаурайды. Адам дереу дәрігерге көрініп, емделсе, үш-бес күннен кейін дене қызу төмендеп, сауыға бастайды. Емі. Емі — дәрігердің бақылауында болып, оңаша, ауасы таза бөлмеде жатып емделу. Дене қызуын, дене сырқырауын, аспирин, пирамидон және т.б. дәрілер тез басады. Тұмау вирусына антибиотиктер пайда етпейді. Ауру адам жөтелгенде, түшкіргенде аузы-мұрнын қолымен немесе орамалмен (шүберекпен) жабуға тиіс. Науқастың тек өзіне арналған ыдысы, орамалы т.б. болуға, олар жиі қайнатылып, жуылуға тиіс Дерекнама. А.А. Сүлейменов, М. Исамбаев. Медициналық анықтама. «Қазақстан» баспасы, Алматы, 1968 ж. Қан. Қан — организмдегі ішкі сұйық ортаның бірі. Ол қантамырларының тұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін атқарады. Қан барлық мүшелердің клеткаларына қоректік заттар мен оттегін жеткізеді және тіршілік әрекетінің өнімдерін зәр шығару мүшелеріне тасымалдайды. Организмдегі биологиялық әрекетшіл заттардың гуморальдық реттелу қызметі қанның қатысуымен іске асады. Қан организмнің инфекциядан қорғаныш реякциясын қамтамасыз етеді. Қанның құрамы. Ересек адам организмінде шамамен бес литр қан болады. Қан — ағзадағы дәнекер тканінің бір түрі. Оның негізгі бөлігі клетка аралық сұйық зат — плазмадан құралады. Плазмадан қан жасушалар — эритроциттер мен лейкоциттер және қан пластинкалары — тромбоциттер болады. Тромбоциттер сүйектің кемік майындағы клеткалардан түзіледі. Олардың жетілуі, қорға жиналып, бұзылуы басқа мүшелерде өтеді. Плазма негізінде еріген органикалық және бейорганикалық заттары бар судан тұрады. Плазма құрамының өзгеруі организм үшін өте қауіпті. Қанға үздіксіз көптеген заттардың қосылуына қарамастан, плазманың құрамы өзгермейді. Плазмадаға артық заттар зәр шығару мүшелері арқылы шығарылады: қан өкпеде көмірқышқыл газынан, ал бүйректе — судың артық мөлшері мен онда еріген минералды тұздардан арылады. Қанның ұюы. Тамырлар жарақаттанғанда одан аққан қан ұйып, қанның ағуына кедергі жасайтын іркілдек зат — тромб түзеді. Іркілдек зат бірте-бірте қоюланып тамырдың зақымданған жерін бітейді де, аққан қанды тоқтатады. Біраз уақыт өткен соң тамыр жарақаты жазылып, тромб жойылады. Тромб негізінен ерімейтін талшықты белок — фибриннен құралады. Фибрин плазмада еріген белок — фибирногеннен түзіледі. Фибрин түзілуі үшін қанда және қан пластинкалары, тамырлар мен оларды қоршап жатқан тканьдер бұзылғанда пайда болатын ерекше заттар қажет. Қан ұйығанда кальции тұздарының маңызы зор. Егер кальций тұздарын бөліп алса, қан ұйымайтын болады. Фибрин жіпшелерінің аралығына қан клеткалары тұтылып, іркілдек зат қызыл түске боялады. Қанның іркілдек заты үш-сегіз минутта түзіледі. Лимфада да фибриноген болады. Ол қан ұйитын жағдайда, бірақ қаннан гөрі баяуырақ ұйиды. Кейбір адамдар іштен туа қаны ұйымайтын ауруға тап болады. Мұндай адамдар болмашы жарақаттанудан-ақ қаннан айырылып, қаза табуы мүмкін. Қанның ұйуы дегеніміз организмді қан кетуден сақтандыратын, оны қорғанышты бейімділігі болып табылады. Жүрек. Жүрек — іші қуыс бұлшықетті мүше. Ересек адам жүрегінің салмағы 250-300 грамм. Жүрек кеуде қуысының сол жағына таман орналасқан. Оның дәнекер тканінен түзілген жүрек қабы қаптап тұрады. Жүрек қабының ішкі беті жүректі ылғалдайтын және жиырылу кезінде үйкелісті кемітетін сұйықтық бөліп шығарады. Жүректің құрылысы оның атқаратын қызметіне сай келеді. Ол тұтас арқылы екі — сол жақ және оң жақ бөлікке бөлінген. Ал жүректің әр бөлігі бір-бірімен жалғасқан екі бөлімнен: жоғарғы — құлақшадан және төменгі — қарыншадан тұрады. Сонымен, адамның жүрегі бүкіл сұтқоректі жануарлардікі сияқты төрт камералы: ол екі құлақшадан және екі қарыншадан тұрады. Қарыншаға қарағанда құлақшаның қабырғасы әлдеқайда жұқа. Бұл құлақша жұмысының оншалықты көп болмауына байланысты. Ол жиырылған кезде қан қарыншаларға өтеді. Қарынша бүкіл тамырларды бойлай қан айдап, көп жұмыс атқарады. Көп жұмыс істейтіндіктен, сол жақ қарыншаның бұлшық еті оң жақ қарыншаның қабырғасынан қалың болады. Әрбір құлақша мен қарыншаның шекарасында жақтаулы қақпақшалар болады, олар сіңір талшықтары арқылы жүректің қабырғасына бекінеді. бұл жақтаулы қақпақшалар. Құлақша жиырылғанда қақпақшаныыңы жақтаулары қарыншаның ішіне қарай салбырап, босап қалады. Сондықтан қан құлақшадан қарыншаға еркін өтеді. Қарынша жиырылғанда қақпақшаның жақтаулары тығыз жабылып, құлақшаның кіре беріс жолын бітейді, сондықтан қан тек бір бағытта — құлақшадан қарыншаға қарай ағады, одан қан тамырларына барады. Монолог. Монолог – (- дара, - сөйлеу) кейіпкердің көпшілікке қарата немесе өзіне арнап айтқан сөзі, толғанысы, өсиет-уағызы. Монолог – сөйлеуші өз ойын бір, бірнеше, көп адамдарға арнап айтатын ауызша сөйлеу әрекеті. Монологта сөйлеушінің басты мақсаты – тыңдаушыға хабарды мүмкіндігінше анық жеткізу. Әрбір тыңдаушының келіп түскен хабарды қабылдау, түсіну, қорыту сапасы түрліше болғандықтан, сөйлеуші түрлі лингвистикалық құралдарды, тәсілдерді қолдана алады. Диалог. Диалог – () екі не бірнеше адамның кезектесіп сөйлесуі арқылы берілетін ауызекі тілдегі ерекше форма. Диалог – екі адам арасындағы сөйлеу әрекеті (егер сөйлеушілер екеуден көп болса онда полилог деп аталады). Монологтан айырмашылығы диалогта сөйлеумен қатар тыңдау механизмдері қатар жүреді. Диалогта сұрақ / жауап / қарсы сұрақ / сөйлеушілердің көңіл-күйі, реакциясы (сөзбен берілмейтін) болады. Диалогтар қысқа (2-3 сөйлем) және «мазмұнды» яғни ұзын болуы мүмкін. Қабуснама. «Қабуснама» — 1082-1083 жылдар iшiнде жазылған аса бағалы педагогикалық мәнi бар туынды. Х-ХII ғасырда феодализм қоғамы едәуiр өркендеп, оқу мен бiлiмi, мәдениетi мен әдебиетi кемелдене түскен Орта Азия мен Иран өлкесi саяси-экономикалық, мәдени жағынан күштi дамиды. Бұл қауым Иран мәдениетiн арабтың және араб арқылы келген грек, Рим мәдениетiн, ipreлес үндi мәдениетiн бойына сiңiредi. Сонымен қатар саяси, таптық, ұлттық мәдени-әдеби тiл қайшылықтары шиеленicкeн орталық болады. Мiнe, осы жағдайда бүкiл адамзаттың мәдениетi мен әдебиетiн байытқан алып тұлғалар дүниеге келдi. Абдулхасан Рудаки, Әбiлқасым Фердоуси, Омар Хайям, Насир Хисрау, әл-Фараби, Абу-али-Ибн Сина, Махмұд Қашқари, Қожа Ахмет Яссауи, Баласағундық Жүсiп, Абурайхан әл-Бируни, Мұхамед Хорезми, Ахмед Югенеки, Низамул Мүлiк, Насыр Хисрау сияқтылардың ғылыми еңбектерi түрлi, әдеби шығармалары сияқты «Қабуснама» да -ХI ғасырдың жемiсi. «Қабуснаманың» авторы — Кайқаус Каспий теңiзiнiң оңтүстiк жағалауында мекендейтiн Гилан ру-тайпасының ұсақ феодал семьясында (1021-1022 жылдарда) дуниеге келедi. Кайқаус 63 жасында «Қабуснаманы» өзiнiң ұлы Гиланшахқа арнап жазады. Өзiнiң қартайғанын баяндай келiп: «Мeнің дүниедегi жиып-терген ең қымбат асыл затта рым — саған арнап жазған осы үгiт-насихат кiтабым», -дейдi. Орыс және батыс педагог-ғалымдары бала тәрбиесiне, оның мiнез-құлық, этика мәселелерiне қаншалықты көңiл белсе, шығыс ғалымдары да бала тәрбиесiне соншалықы үлкен мән берiп отырған. Шамсал Маолий Қабус қатал, зұлым болғанымен өз заманындағы феодал үстемдiгiне қажеттi барлық iлiмдердi үйрендi. Ол әpi әдебиетшi, әpi ақпа ақын едi. Фарсы, араб тiлiнде өлеңдер жазатын. Классикалық араб тiлiнде жазылған «Намалардың» авторы болды. Сонымен қатар ол өз қол астына белгiлi ғылым, әдебиет, мәдениет қайраткерлерiн топтастырды және Жүржаниидi ipi мәдениет орталығына айналдырды. Қабустың нeмepeci Кайқаус та өз заманының көп жағдайынан хабары бар зиялылардан едi, өз дәуiрiнiң iлiмдiлерiнiң қатарында болып, музыка және табиғаттану iлiмiне зор құштарлықпен көңiл аударды. Оның көптеген ғылымдардан хабары болғаны автордың «Қабуснама» шығармасынан жарқырап көрiнiп тұрады. Кайқаус «Қабуснаманы» жазар алдында өзiнен бұрын өткен ғалымдар мен зиялылардың шығармаларымен кеңiнен танысады. Өткен дәуiрде жазылған педагогикалық шығармаларды оқып шығады, өз дәуiрiндегi мәдени орталығы бар мемлекеттермен танысады. Бұхар, Самарқанд, Хорезм өлкесiнде болып және ол жердегi ғалымдармен сұхбаттасып, олардң ғылыми-тәрбиелiк пiкiрлерiнiң жиынтық айнасындай «Саһодатнама» және «Рушнойнама» шығармаларына назарын ерекше аударады. Сондықтан да «Қабуснама» тәлiм-тәрбиелiк мәнi жағынан ХI ғасырдағы шығыс педагогикасы тарихында аса құнды шығармалар қатарынан орын алды. Қабуснама 1432 жылы түpiк тiлiне, 1786-1787 жылдары — ұйгыр тiлiне, 1881 жылы — нeмic және татар тiлдерiне, 1886 жылы — француз, орыс тiлдерiне тәржiмәланады. 1953 жылы шығыc әдебиетiн зерттеушi атақты ғалым Е.Э.Бертельс екiншi рет орыс тiлiне аударған. Парсы, тәжiк тiлiнен ecкi өзбек тiлiне Алишер Науаидан соңғы өзбектiң атақты ақыны Огахи 1860 жылы тәржiмелейдi. Ecкi өзбек тiлiнде жазылған Огахи нұсқасы негізінде және оны толықтыру мақсатымен орыс тіліне аударылған Бертельс нұсқасын пайдалана отырып филология ғылымының кандидаты, республикаға еңбек сiңiрген ғалым қайраткерi Сүбiтай Далимов 1967 жылы және кейбiр өзгертулермен екiншi рет 1973 жылы қазiргi өзбек тiлiне аударып, жариялады. Тұрсынәлі Айнабеков осы 1973 жылы өзбек тiлiнде шығарған нұсқасы негiзiнде қазақшалап, кейбiр тарауларын 1898 жылы Қазан баспасында басылып шыққан Әбунасыр ұлы Әбдiхайымның (Хайюм-Насрий) татар тiлiндегi нұсқасынан аударып, толықтырған. Бұл басылым 1992 жылы "Балауса " баспасында жарық көрді. Кемеңгерұлы, Қошке. Білім мен білікке ұмтылған Қошке Кемеңгерұлының тағдыр-талайы зиялыларымыздың жарқын ғұмырымен қат-қабат байланысып жатыр. Ол 1915 жылдан бастап 1930 жылға дейін үзіліссіз ұлт әдебиетіне, драматургиясына, журналистикасына, ғылымына айрықша үлес қосты. Осы уақыт аралығында Қошке өз қатарластарымен бірге отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күреске қатысты. Оның сан салалы ізденіске толы ұлтты дамыту жолындағы қызметін 30-жылдары басталған Кеңес өкіметінің репрессия науқаны үзді. Өмірбаяны. Қошке Кемеңгерұлы 1896 жылы 15 шілдеде сол кездегі территориялық бөлініс бойынша Ақмола облысы, Омбы уезінің Қаржас ауылында дүниеге келді. Ата-бабасы мұнда Баянауылдың Сарытауынан қоныс аударған болатын. Деректерге қарағанда, Шорман би “Омбыға барғанда тамақ ішетін, намаз оқитын жерім жоқ” деп, баласы Мұса оқыған кадет корпусы көрінетін Ертістің сол жақ бетінен 250 сомға жер сатып алып, сол жерге 1849 жылы сенімді ағайыны Атанұлы Кемеңгерге, өзіне арнайы үй салдырып, қызметшілері үшін тұрғын жай, малы үшін қора-қопсы тұрғызады. Кемеңгер Дүйсенбай, Дүйсебай есімді екі ұл сүйген. Дүйсебайдан тарайтын Қошмұхамбет есейе келе қалам ұстағанда, жазғандарына “Қошке Кемеңгерұлы” деп қол қояды. Діндар Дүйсебай ерте жастан хақ жолына түсіп, бойдақ күнінде-ақ Меккеге барып келіп, қажы атанады. Осы қасиетті Меккеге барарда ол Атығайдың беделді мырзасы Қартабаймен сапарлас болады. Жас Дүйсебайды Қартабай қатты ұнатып, елге келгенде оған Жәмила есімді қызын өз қолымен ұзатады. Сонымен болашақ қаламгер көзі ашық, ауқатты, берекелі отбасында туып, жан-жақты тәрбие алды. Білімі. Қисықтағы Қаржаста Белгібай молдадан оқыған Қошкені әкесі Омбы приход школына береді (Бұл кезде мұсылманша оқу орны – мектеп, медресе, орысша оқу орны – школа, училище аталған). Алғаш христиан дініне тарту үшін ашылған приход школдары мұсылмандардың ниетін аңғарғаннан кейін олардың балаларын “Божий Закон” сабағынан босатқан-ды. Жас Қошке осы школдан орыс тілін, басқа да пәндердің негіздерін үйреніп шығады. Мұнан кейін Қошке Омбының ветеринарлық-фельдшерлік школына түседі. Арнаулы оқу орны болғандықтан мұнда ол зоотехника, медицина негіздері бойынша сабақ алады. 1913 жылы аталған школдың 2-класын бітіргенде, Омбы ауылшаруашылық училищесіне түсуге аңсары ауады. Осы жылы аталған білім ордасына Қошкемен бірге Ахмет Әбдірахымұлы, Смағұл Қазыбекұлы, Мұхтар Саматұлы сынды шәкірттер де түседі. Бұлардан бір жыл бұрын училищеге Сүлембек Байжанұлы, Бірмұхамед Айбасұлы, Асфандияр Шорманұлы секілді қазақ балалары қабылданған екен. 1916 жылы бұл оқуға Смағұл Садуақасұлы түседі. 1920 жылы 7 желтоқсанда Қазақстанның Сібір ревкомындағы өкілеттігі Сібір ауылшаруашылық және өндіріс институтының басшылығына Қ.Кемеңгерұлы мен М.Сейітұлын ветеринария факультетінің медицина бөліміне курстан тыс қабылдауын өтініп, арнайы хат жолдайды. Қошке осында оқып жүргенде аталған институт аты “Батыс Сібір мемлекеттік медицина институты” болып өзгереді. Бұл уақыттағы мекені туралы қаламгер: “Әке-шешем Омбы уезі, Теке болысы, Қисық жайлауындағы №9 ауылда тұрады. Менің қазіргі мекен-жайым: Омбы қаласы,2-линия, 68-үй”,—деп жазады. Қ.Кемеңгерұлы ІІІ курсты тәмамдағаннан кейін 1924 жылдың 21 тамызында Орта Азия мемлекеттік университетінің медицина факультетіне ауысуға өтініш береді. Сол жылы ол Түркістан Республикасының орталығы Ташкентке кетеді. Мұрағатта мынандай мазмұнда жеделхат тіркелген: “Ташкент. “Ақ жол” газеті редакциясына. Қ.Кемеңгерұлына. Ол ІV курстың дәрісін түгел тыңдады. Омбы. Омбы көшесі, 26-үй. Соколова”. Бұл деректен Қошкенің Ташкентте “Ақ жол” төңірегіне тұрақтағаны байқалады. 1917-1918 жылдардағы саяси оқиғалар тұсында Қошке сергелдеңге түскен халық пен оқығандардың ішінде жүрді. Бұл кезде заман қатал, саясат құбылмалы еді. Осыған қарамай Алаш зиялылары сеңдей соғылысқан жұрттың арасынан бөлінбей, мәмілегерлік жолын іздеді. 1917 жылы сәуірде Қошмұхамбет Кемеңгерұлы Дінше Әділұлын ертіп, Ақмола облыстық қазақ комитеті атынан (Омбыдан) Ақмола қаласына келіп, уездік қазақ комитетін ашады. Оның төрағасы болып Сәкен Сейфоллаұлы тағайындалады. Қазақ комитетін құрушылар Ақмола шаһарында бірде медреседе, бірде қала басқармасының үйінде жиналып, аласапыран заманның қиындығынан халықты қалай аман сақтап қалу жолын ақылдасады. Қошке Ақмолада Сәкен ұйытқы болған “Жас қазақ” ұйымының жұмысына да қатысады. Бірақ облыстық қазақ комитеті мен уездік қазақ комитеті арасындағы кейбір маңызды мәселелер бойынша туған келіспеушіліктен соң және “Жас қазақ” басшылары Алаш Ордадан бойын аулақ салғаннан кейін 1917 жылы тамызда Қошке Омбыға қайтады. Сол жылы күз, қыс айларында Қ.Кемеңгерұлы Ақмола облыстық Алаш партиясы комитетін ашуға күш-жігер жұмсайды. Сөйтіп, өзі сол комитеттің мүшесі болады. Желтоқсанның 5-13 арасында Орынборда әйгілі Алаш Орда үкіметін жариялайтын ІІ жалпықазақ съезіне делегат ретінде қатысады. Жас тұрғысынан жиырмадан енді асқан ол күрестен де, ізденістен де шет қалмады. 1915-1916 жылдары Омбыдағы қазақ жастары сол жағалаудағы Қаржаста жасырын жиналатын болса, 17-жылғы өзгерістен соң қала ішінде ашық мәжіліс құрды. Алғашқы бас қосулардың нәтижесі – 1918-1919 жылдары Алаш Ордаға қалтқысыз жәрдем берген, ел бірлігі мәселесінде біршама тиянақты жұмыс жасаған “Жас азамат” ұйымы мен газеті еді. Қошке осы ұйымның алқасына кірді, оның Қызылжар қаласында шығып тұрған үні – “Жас азамат” газетіне редактор болды. “Қазақ”, “Сарыарқа”, “Абай” сынды ұлттық басылымдардың ізбасары іспеттес “Жас азамат” бетінде алаштың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған мақалалар нөмір құрғатпай шығып тұрды. Бұл газет большевиктердің имансыз әрекеттерін елге жария қылды. Сондай-ақ қиын кезде жастарды ауызбірлікке шақырды. 1919 жылы Қошке Омбы политехника институтына оқуға түседі. Мұнда ол бірінші курсты ғана оқиды. 1920 жылы Ақмола облысына (орталығы – Омбы) қарайтын Петропавл (Қызылжар) уезіне мұғалімдікке шақырылады. Мұнда ол жаңадан құрылған, аты заманына сай “Қызыл мұғалімдер курсында” оқытушы ретінде дәріс оқи бастайды. Бұл шақта мұнда Мағжан да сабақ беретін. Осы оқуды тәмамдаған, кейін Омбыдағы қазақ педучилищесінің директоры болған Жүнісбек Жанғонақов естелігінде: “Курста 200 мұғалім оқыды. Қошмұхамбет жаратылыс пәнінен сабақ берді. Ол кісі әдебиет мәселесімен де шұғылданып жүретін еді. Қайсы уақытта өзінің жазған әңгіме, пьесаларын қолжазбасынан оқитын”, — деп жазады. Пьесалары. Қызылжар қаласында Қошкенің драматургтік қабілеті де ұштала түсті. Осыған дейін “Әулие тәуіп” секілді пьесасын сахналатып үлгерген Қ.Кемеңгерұлы енді бұл саладағы шығармаларының тақырыбын кеңейтті. Оның қаламынан 1919-1920 жылы “Қасқырлар мен қойлар”, “Бостандық жемісі” атты қос пьеса дүниеге келді. Бұл екеуі де Қызылжардағы қалалық бақтың сахнасында қойылды. Ж.Жанғонақов 1916 жыл оқиғасы туралы “Қасқырлар мен қойлар” пьесасында өзі – урядник рөлін, ал кейін жазушы болған Сәбит Мұқанов – болыстың шабарманы рөлін ойнағанын айтады. Отбасы. 1923 жылдың көктемінде Қ.Кемеңгерұлының жеке өмірінде үлкен оқиға болады: ол профессор Зарницынның жетекшілігімен Қызылжар жерінде халыққа ем-дом көрсетіп жүргенде Мұхамеджанқызы Зурамен көңіл қосып, шаңырақ көтереді. Бұл кезде Қошке студент-практикант еді. Тағдырдың жазғанына не шара, 1924 жылы наурызда Зура бала үстінде дүниеден озады. Осынау трагедия Қошкені есеңгіретіп тастайды. Қ.Кемеңгерұлы Ташкентте. Ол мұнда ұлтқа қызмет ету үшін көшті. 20-жылдары зиялылардың көбі негізінен Ташкентке орнықты. Мұндағы саясат райы салыстырмалы түрде Орынбордан тәуір еді. Түркістанда өкімет басындағылардың ескі оқығандарға ықыласы бөлек болды. Х.Досмұхамедұлы 1922 жылы құрған “Талап” қауымына елшіл азаматтар топтасқан еді. Бұл шақта мұнда Алаш арыстары баспасөз, оқу-ағарту салаларында қызмет жасайтын. Қ.Кемеңгерұлы бір кездері қайраткер Т.Рысқұлұлы көтерген Түркістан конфедерациясы идеясына сенді. Ташкентке табан тіреген Қошке мұнда 1921-22 жылдардан орныға бастаған Алаш зиялыларымен тығыз қарым-қатынас жасай бастады. Бұл кезде Ахмет пен Міржақып – Орынборда, ал Әлихан Бөкейхан Мәскеудегі “Күншығыс” баспасының қазақ секциясында қызметте еді. Ташкентте Қошке сондай-ақ Халел Досмұхамедұлы, Мұхтар Әуез, Мағжан Жұмабай, Жүсіпбек Аймауытұлы, Абдолла Байтасұлы, Даниял Ысқақұлы сынды арыстармен араласып тұрды. Қошкенің Түркістанға ат басын бұрған кезі әйгілі “Алқа” бағдарламасының оқығандар ортасында кеңінен талқыланған шағына тұспа-тұс келді. Бағдарламадағы мына жолдар Қошке мұратымен үндесіп жатты: “Жаңа әдебиеттің тартылса ағұзысы ғана тартылды, біссімілдәсі әлі басталған жоқ. Өміріміздің күнді һәм күңгірт дәуірлері болған һәм бар. Қазақтың өзінің жаратылысқа, өмірге, тұрмысқа көзқарасы, өзінше философиясы, терең сезімі болған һәм бар. Осылардың бірі туралы әлі айтарлық қалам тартылған жоқ....Осылар түспей, әдебиет өз әдебиетіміз бола алмақ емес”. Сәл кейінірек, 1926 жылы “Көркем әдебиет туралы” атты мақаласында осы ойды Қошке таратыңқырап, жүйелеп айтқаны мәлім. Оның көркемөнер табиғаты мен заңдылығы туралы пікірі әлі де көкейкесті. Ғұмырының Ташкент кезеңі Қ.Кемеңгерұлы шығармашылығының тынысын кеңейтті. Ол Омбыда бастаған “Қазақ тарихынан” зерттеуін аяқтап, Мәскеудегі “Күншығыс” баспасына тапсырды. Аталған баспадан сонымен бірге 1925 жылы қаламгердің “Бұрынғы езілген ұлттар” атты ғылыми еңбегі мен “Қазақша-орысша тілмашы” жарық көрді. Сөздікті түзуге Қ.Кемеңгерұлының жетекшілігімен Байғасқаұлы, Баймақанұлы, Дәулетбекұлы, Темірбекұлы, Сәрсенбайұлы қатынасқан. Қошке осы Ташкентте жүріп 2 кітаптан тұратын қазақ тілінен “Жабыропалықтар үшін оқу құралын” жазды. Оның біріншісі 1928 жылы Ташкентте, екіншісі 1929 жылы Қызылордада басылды. 1918-1919 жылы С.Садуақасұлы: “Жас талап Кемеңгерұлының прозасы келешегінен үміт күттіреді” деп жазғанындай-ақ, Қошке қаламынан оның өмірінің Ташкент жылдарында “Отаршылдық ұсқындары,” “Қанды толқын”, “Момынтай”, “Ерлік жүректе”, “Қазақ әйелдері”, “Жетім қыз”, “Дүрия”, “Назиха” тәрізді тумысы ерекше әңгімелер туды. Суреткер Қ.Кемеңгерұлы әріптесі Мұхтар Әуез, Жүсіпбек Аймауытұлы секілді прозада ұлттық нақышты сақтай отырып, көркем бейнелеудің биігіне ұмтылды. 1925 жылы Қазақстан астанасы Ақмешітке көшті де, шойын жолдың бойындағы бұл қазақы елді мекен Қызылорда деген жаңа атау алды. Осында 1926 жылы 13 қаңтарда мемлекеттік ұлт театры Қ.Кемеңгерұлының “Алтын сақина” пьесасымен тұңғыш шымылдығын ашты. Осы қойылым драматургке игі әсер етіп, 1926 жылы “Парашылдар”, 1927 жылы “Ескі оқу”, 1930 жылы “Күнәсіз күйгендер” атты пьесалар жазып, көрерменге ұсынды. Талантты сыншы С.Садуақасұлы Қошкенің драматургиясын: “Жеке адамның ішкі сыры бұған анағұрлым танысырақ”,- деп бағалады. Қошке Кемеңгерұлы Ташкентте шебер журналист ретінде де қабілет-қарымын аңғартты. Ол Омбыдан келісімен “Ақ жол” газетінде қызмет істеді, сондай-ақ ғылыми-танымдық “Сана” журналының бірер санына редакторлық етті. “Ақ жол” тілшілерінің 1925 жылы өткен тұңғыш жиынын ұйымдастыруға атсалысты. Әлеумет, шаруашылық, ғылым-білім хақында алуан-алуан мақала жазды. Әдебиет жөніндегі айтыста сындарлы пікір білдірді. Күйбең журналистік, ағартушылық тіршіліктен қолы босағанда замандастары туралы жазбақ болған романына материал жинады. ҰҚК архивінен табылып отырған, 1925 жылы 16 наурызда Д.Әділұлына жазған хатында ол: “Сен өміріңде талай тарихты бастан кешірген жансың ғой. Менің ептеп қаламды ермек ететінімді білесің. Өмір жолыңмен танысқым келеді. Кішкене уақытыңды бөл. Есеп беру кезеңі туды. Мен қазақ зиялылары жөнінде роман жазуға отырдым” дейді. Ташкентте Қошке мен Гүлсімнің (Омбы зиялысының қызы) Зәйра, Нарманбет, Сәуле есімді үш перзенті дүниеге келді. Ұстаздық еңбегі. Саяси сапырылыстарға толы 20-жылдардағы Ташкент тарихында Қошмұхамбет Кемеңгерұлы тек қаламгер ретінде ғана емес, ағартушы-педагог ретінде де қалды. Ол 1926 жылы Орта Азия университеті мен Түркістан әскери училищесінде дәріс оқығанын айтады. Қайраткер сондай-ақ САГУ-дың рабфагында, даярлық бөлімінде, шығыстану факультетінде, кеңестік шаруашылық пен құқық факультетінде, педагогика факультетінде қазақ тілінен дәріс оқыған. Университетте екі жыл қызмет жасағаннан кейін Қ.Кемеңгерұлы шындап ғылым жолына ден қойғысы келді. Бұл орайда ол түріктануды таңдады. 1928 жылы 23 қазанда Қошке Шығыстану факультетінің түріктану кафедрасына аспирант болып қабылданды. Аталған факультеттің аспирантурасында Қ.Кемеңгерұлымен қатар Мұхтар Әуез де оқыған. Бұл екі дарынды азаматқа А.Шмидт, М.Гаврилов, А.Дубсон сынды ғалымдар тәлімгерлік жасады. Нағыз ғылым ашық, жүйелі пікірсайыстан соң барып қана туады. Қошке тіл маманы ретінде Юдахин, Поливанов, Шмидт тәрізді тәлімгерлерімен қазақ тілінің күрделі мәселелері жөнінде айтысып қалып отырған. Мысалы, 1929 жылы мамыр айында болған орфографияға арналған конференцияда жаңа орфография мен термин жасау принциптері жөнінде Е.Омаров, Қ.Жұбанов, Қ.Кемеңгерұлы орнықты пікір білдіріп, бұра тартқан еуропалық ғалымдармен айтысқан. Бұл бесіктен белі шыққан, буыны бекіп келе жатқан тіл ғылымының еуроцентристік көзқараспен текетіресуінің көрінісі еді. Қошке осы Ташкентте жүріп, қазақ тілі білімінің проблемалары жөнінде бірқатар зерттеу жазды. САГУ-де оқыған Даниял Ысқақұлының айтуынша: “1927 жылы Ташкенттегі Казпедвузға С.Садуақасұлы директор болып келгенде, осы оқу орнына Қошкені оқытушы етіп алған”. Қ.Кемеңгерұлының ғылыми еңбегінің қатарына 1927 жылы Г.Архангельскийдің құрастыруымен орыс тілінде жарық көрген “Қазақ тілінің грамматикасы” да кіреді. Қошкенің редакциялауымен шыққан осы зерттеудің алғы сөзінде құрастырушы: “Настоящий труд представляет записки лекций по казахскому языку, читанные тов. Кеменгеровым – преподавателем казахского языка на б.Туркестанских Курсах Востоковедения РККА в 1924-1925 гг.”, деп жазып, ұстазына үлкен алғысын білдіреді. Ал, баспагер тарапынан жазылған сөзде А.Байтұрсынұлының бұл еңбекті жоғары бағалағаны айтылады. Қошке Кемеңгерұлы 24-30-жылдары тек бір Ташкентпен ғана тоқырап қалмады. Орынбор, Қызылорда, Семей, Шымкент қалаларына түрлі іссапармен барып, қаламгерлермен байланыс жасап тұрды. 1929 жылы жазда қаламгер Қызылтау, Сарытаудың топырағын соңғы рет басқан екен. Қуғын-сүргін. 1930 жылы 13 қазанда Қ.Кемеңгерұлы “Кеңес өкіметіне қарсы әрекет жасаушы” деген жалған айыппен Ташкентте ұсталып, абақтыға жабылады. Осы кездегі көңіл күйін, шеккен мехнатын ол “Қамалдым өткелі жоқ терең жарға, Әділдік таба алмадым амал бар ма?” деп сипаттаса, немере ағасы Нұрмағамбетке жазған бір хатында “Құс – ауға, балық торға кездесті ғой, Тағдырдың жазуына жоқ қой шара” дейді. Осы 30-жылдың қазан айының соңында Қошке Ташкенттен Алматы абақтысына айдалды. Ол Алматы түрмесінде 1932 жылдың сәуір айының соңына дейін отырады. 20 сәуірде үштіктің шешімімен 58-баптың 10,11-тармағы бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырылып, Украинаның Валуйки қаласына жер аударылады. Қаламгер мұндағы темір жол жүйесінде дәрігер болды. Дәл осы жол құрылысында 1932-1933 жылдары С.Садуақасұлы инженер болып қызмет жасаған еді. Сондай-ақ Валуйки, Воронеж бағытында Х.Досмұхамедұлы, Ж.Досмұхамедұлы, Ж.Ақбайұлы, Е.Омарұлы, С.Қадырбайұлы, К.Тоқтыбайұлы, М.Тынышбай, Ж.Күдеріұлы, М.Мырзаұлы сынды азаматтар жер аударылған еді. 1935 жылы Қошке Кемеңгерұлы Валуйкиде мерзімін толық аяқтады. Заң бойынша енді ол елге қайтуға ерікті еді. Бірақ айлалы НКВД саяси тұтқындарды елден жырақ ұстауды қалады. Сол себепті Қ.Кемеңгерұлына толық ерік бермей, Омбының Шарбақкөліне қоныстануға рұқсат етті. Ол аудандық денсаулық сақтау бөліміндегі қарапайым қызметті таңдады. Зәйра Қошкеқызының естелігіне қарағанда, әкесі 1937 жылдың ортасында сонау Ташкенттен бастап жазған замандастары туралы романды аяқтаған, енді соны Алматы баспаларына жеткізудің жолын қарастырған. Сол кітап кейін қолжазба күйінде НКВД қармағына түскен. 1937 жылдың қара құйыны Шарбақкөлдегі дәрігер Қошкені қиналмай-ақ тапты. Қайраткерді ату туралы үкім 17 қарашада бекітіліп, 21 қарашада Омбыда орындалды. Қошкенің бақи дүниеге көшкенін туған-туыстары білмеді - тек бір Алла ғана білді. Қошке әділет, азаттық жолында шейіт болды. 1957 жылы 17 тамызда Сібір әскери округінің трибуналы әкесін ресми түрде ақтағанда, Зәйра, Нарманбет, Сәуле тоталитаризмнің жөн-жосығын білетін саналы азаматтар еді. Қазір олардан тараған ұрпақ ата аманатына адал, өскен-өнген. 1995 жылдан бері Қошкенің мұрасы бірнеше дүркін кітап болып шықты. 2004-2006 жылы “Алаш” баспасы қайраткердің үш томдық шығармалар жинағын жариялады. Қошкетану ғылымы да қалыптасып, салаланып келеді. Бектайұлы, Қалдыбай. Бектаев Қалдыбай — дүниеге аты шыққан оқымысты. Оның терең бiлiмдерi математика мен инженерлiк лингвистика ғылымының бағытының пайда болуы мен дамуының негiзi болды. Жетекшi тюрколог — оның табыстары түркі тiлдерiнің дамуында оларды ары қарай зерттеу жене қолдану үшiн негiзгi тірек болып табылады. Бектаев Қалдыбай 1920 ж. 27 қарашада Оңтүстiк Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Шұбар селосында туылған. 1937 ж. математика мамандығы бойынша Орта-Азия мемлекеттiк университетiне түсiп оны 1946 ж. бiтiрген. 1941-1945 ж. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1946-1996 ж. мұғалiм-оқытушы және ғалым Шымкент педагогикалық институтында, қазiргі Х.А.Иассауи атындары Халықаралық қазақ-түрiк университетiнде үздiксiз қызмет еткен. Қазақ ССР Ғылым академиясының Тiл бiлiмi институтына қарасты «Статистика-лингвистикалық зерттеу және автоматтандыру тобын» ашып басқарды. СССР Министр советінің ғылым мен техника Мемлекеттiк Комитетiнiң машиналық аударма жайындағы координациялық кеңес мүшесi. Қазақ тiлi компьютер қорының негiзiн қалаушы. Қ.Бектаев — филология ғылымдарының докторы, математика профессоры, Қазақстан республикасына еңбек сiңiрген ғалым қайраткер, Халықарлық информаттандыру академиясының академигi, Шымкент қаласының құрметті азаматы, Кембридж биографиялық орталығы кеңесiнiң құрметті мүшесi т.т. Сөздердiң жиiлiктерiн зерттей келе олардың үлестiру заңдылығын анықтаған, бұл заңдылық тiл бiлiмiнде «Бектаев эффектi» деп аталып жүр. Профессор Қ. Бектаев туралы сипаттама жене еңбектерiнiң тiзiмдерi Англияда шығатын «Всемирная энциклопедия замечательных людей» кiтабына енгiзiлген. Абстракционизм. Абстракционизм ( — дерексіздік, бөлініс, оқшаулық) — қазіргі заман өнеріндегі қоршаған ортаны бейнелеуде нақты қаттарды ескермейтін ағым. Абстрактілі өнер шындықты тiкелей керсетпейтiндiктен, оны кейде «затсыздандырылған», деп айтады. Ол үшiн бейнеленетiн нерселердiң көркемдiк бiтiмдерi (кеңiстiктегi формалары, аумағы, бояуы,т.б.) маңызды емес, бiрiншi орынға суреткер-тұлғаның субъектiлiк көңiл-күйi шығады. Абстракционизм 1910 ж. Мюнхенде, Амстердамда, Мәскеуде шамамен бiр уақытта қалыптасты да, 1930 ж. Париж бен Нью-Йоркте кеңiнен өрicтедi. Абстрокционизмнің эстетикалық бағдарламасын 1910 ж. В.Кандинский «Өнердегi руханилық туралы» еңбегiнде айқындап бердi. Абстракционизм eкi бағытта дамыды: оқыс бояулар мен кескiндердiң қиюласуын үйлесiмдi етуге ұмтылу жене геометриялық абстракцияларды құрастыру. Бiрiншiсi экспрессионизм және фовизм тәрiздi ағымдармен түбiрлес болып, түcті заттық шындықтан толық ажыратқысы келдi. Осы бағытта Оп-Арт деп аталатын, бояудың қиюластығын елестететiн музыкалық және басқа да ассоциациялардан туатын синестезия идеясына негiзделген aғым пайда болды. Бұл түрдегi абстракционизмнің кубизммен ортақ шыққан тегі бiр болғанымен, одан айырмашылықтары да болды. Абстракционизмнің осы бағытының тармақтары бiрнеше: М.Ларионовтың сәулешiлдiгi, К.Малевичтiң супрематизiмi, Л.Попованың стиль тобы. 1917 ж. Голландияда жаңа пластицизм идеясын ұсынды: геометриялық бiтiмдердiң анықтылығы, айқындылығы және қарапайымдылығы табиғат ретсiздiгiнен жоғары тұрады. Абстракционизмнің кейбiр көpiнicтepi дадаизм мен сюрреализм өкiлдерiнiң кейбiр шығармаларынан байқалады. Eкi дүниежүзiлiк coғыc арасында Францияда әр ұлттың және әр бағыттың өкiлдерiн бiрiктiрген абстракционизм топтары болды: «Нақты өнер», «Шеңбер мен төртбұрыш», «Абстракция мен шығармашылық». 50 жылдан бастап АҚШ-та «абстрактi экспрессионизм» (М.Ротко, Л.Горки, Дж.Поллок т.б.) деп аталатын, өз әдicтерiн «таза психологиялық автоматизм» деп жариялаған мектептер пайда болды. Абстракационист — кескiндемешiлер заман динамикасын бiлдiретiн өзiндiк әдicтер мен тәсiлдер қалыптастырды, олар бүгiнгi күні дизайнда, театр, кино мен теледидарда және бөлмелер интерьерi мен қызметтiк офистердi көркемдеуде кең қолданыс тауып келеді. Буферлеу (информатика). Буферлеу (информатика) () – компьютерлерде шығыс-кіріс буферді пайдаланатын әдіс. Гөте, Йоһанн Волфгаң фон. Гете Иоганн Вольфганг (1749-1832) — ұлы нeмic ақыны, дана ойшыл, табиғаттанушы. Жас кезiнен үйiнде арнаулы жан-жақты бiлiм алды, жетi-сегiз жасынан бiрнеше көне және еуропалық тiлдердi меңгердi, француз мәдениетiмен жетiк таныс болды. Лейпциг және Страсбург университеттерiн бiтiрдi. Гетенің рухани қалыптасуына Винкельман, Гердер және Шиллер үлкен әсер еттi. «Гец фон Берлихинген» (1773) атты драмасында реформация кезеңiндегi бүлiкшiл рыцарьдың бейнесiн ашып көpceттi. Бұл шығармасында романтизм ықпалы байқалды. 1774 ж. Гете «Жас Вертердiң азаптары» атты романын оқушы қауымға ұсынды. Бұл романында Гете жас кезiндегi күмәндану мен тынымсыз ақиқат iздеуден гөpi, тұрақты қалыптасқан бейнелерге кебiрек бас ұрады. Ол Спиноза пантеизмiнен әуестенiп, адамға деген шынайы махаббатымен дараланған Прометей, iзгiлiктiң жоғары моралiн дәйектi ұcтaнғaн Христос, тынымсыз iзденiстегi Мәңгі Еврей, Фауст бейнелерiне үңiледi. Гете антикалық классикалық мәдениетке үлкен мүдделiлiк танытады. Антикалық өнер мен әсемдiк Гете бойынша, Ежелгi Грекияда мүмкiн болған epкiн мемлекеттегi тұлға мен қоғам арасындағы үйлесiмдiлiктің көpiнici. Тек осы жағдайда адам адам бола алады. Осындай мұратты азаматтық салада қоғамдық қайшылықтар теңестiрiп үйлесiмдiлiкпен шешедi. Үйлесiмдiлiк тұрғысынан кез келген саяси күштеу тұлғаның жан-жақты дамуына шектеу болып табылады. Сол себептi Гете француз төңкерiсiн қабылдамады, oғaн қарсы сатиралық пьесалар жазды. «Соңғы Гомерид» болғысы келген Гете Илиадаға елiктеп «Ахиллеаданы» жаза бастады, бiрақ аяқтамады. Веймарда Гете бiрiншi министр қызметiн атқарды. Ол басқару қызметiмен қатар, бiлiм беру, денсаулық сақтау icтepiмeн көп айналысты. Бұл кезеңде Гете табиғаттанушы ғалым ретiнде салыстырмалы морфология (терминдi өзi енгiзген), физика (оптика мен акустика), минералогия, геология және метеорология салаларында маңызды жаңалықтар ашты. Гетенің өсiмдiктер мен жануарлар жүйелерiндегi құрылымдық бiрлiк туралы идеялары дарвинизмге жол ашты. Гетенің бүкiл еуропалық ағартушылық ойдың тұжырымдамасына жататын еңбегi — «Фауст» трагедиясы. Кейiн Ф.Ницше жалпы батыстық мәдени типтi фаустық адам деп атаған. Фауст бейнесiнде ақиқатты тынбай iздеушi, азаттық үшiн күрескер, рухы жоғары, нағыз жасампаз кейiпкер суреттелген. Мефистофель болса, Гетенің өзiндiк күмәндарын бiлдiредi. Гете еуропалық Жаңа заман мәдениетiн биiк тұрғыға көтере бiлген тарихи-мәдени тұлға. Гетера. Гетера (— көңiлдес әйел) — Көне Грекияда күйеуге шықпаған, epкiн өмip cүpeтiн, теңдiк және рухани мәдениетте ерекше дараланған әйелдердi атаған. Гетера түciнiгiн антикалық Вольтер деп аталған Лукиан Самосат бұрмалап, оларды жезөкше әйелге, ал Афродитаны ар төгудiң құдайына теңеген. Шын мәнiнде, гетера ұғымының тiкелей мағынасы «жолдас әйел», «құрбы» деген түсiнiктердi бiлдiредi. Осындай дәрежеге тек жоғары бiлiмдi және қабiлеттi, антикалық мәдениеттiң озық үлгiлерiн бойына қондыра бiлген, атақты қайраткерлер мен ақыл иелерi, өнерлi тұлғалар ғана жете алған. Қазiргi жапондық гейшалар тәрiздi, гетералар мiндеттi түрде тәнiмeн саудаға бармай-ақ еркектердiң көңiлiн өздерінің парасаттылығымен, әceмдігімен, өнерлілігімен көтере бiлген. Грек гетерасы туралы Иван Ефремовтың «Афиналық Таис» атты тарихи романында тартымды бейнелер мен мәдени деректер келтiрiлген. Компьютер. Компью́тер ( — «есептегіш»), ЭЕМ ("электрондық есептеуіш машина") — есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина. Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде компьютердің негізгі қызметі — есептеу деп саналатын. Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі — басқару болып табылады. Өзінің алдына қойылған тапсырманы орындау үшін компьютер механикалық бөліктердің орын ауыстырылуын, электрондардың, фотондардың, кванттық бөлшектердің ағынын немесе басқа да жақсы зерттелген физикалық құбылыс әсерлерін қолданады. Көбімізге компьютерлердің ең көп таралған түрі — дербес компьютер жақсы таныс. Компьютер архитектурасы алға қойылған мәселені, зерттеліп отырған физикалық құбылысты максималды айқын көрсетіп, модельдеуге мүмкіндік береді. Мысалы, электрондық ағындар бөгеттер салу кезіндегі су ағынының үлгісі ретінде қолданылуы мүмкін. Осылай құрастырылған аналогтық компьютерлер ХХ ғасырдың 60-жылдары көп болғанымен, қазір сирек кездеседі. Қазіргі заманғы компьютерлердің басым бөлігінде алға қойылған мәселе әуелі математикалық терминдерде сипатталады, бұл кезде барлық қажетті ақпарат екілік жүйеде (бір және ноль ретінде) көрсетіледі, содан кейін оны өңдеу үшін қарапайым логика алгебрасы қолданылады. Іс жүзінде барлық математикалық есептерді бульдік операциялар жиынына айналдыруға болатындықтан, жылдам жұмыс жасайтын электронды компьютерді математикалық есептердің, сонымен қатар, ақпаратты басқару есептерінің көпшілігін шешу үшін қолдануға болады. Бірақ, компьютерлер кез-келген математикалық есепті шеше алмайды. Компьютер шеше алмайтын есептерді ағылшын математигі Алан Тьюринг сипаттаған болатын. Орындалған есеп нәтижесі пайдаланушыға әр түрлі енгізу-шығару құрылғыларының көмегімен көрсетіледі, мысалы, лампалық индикаторлар, мониторлар, принтерлер және т.б. Компьютер — жай ғана машина, ол өзі көрсетіп тұрған сөздерді «түсінбейді» және өз бетінше «ойламайды». Компьютер тек қана бағдарламада көрсетілген сызықтар мен түстерді енгізу-шығару құрылғыларының көмегімен механикалық түрде көрсетеді. Адам миы экрандағы көріністі қабылдап, оған белгілі бір мән береді. Этимология. "Компьютер" сөзі ағылшын тілінің, сөздерінен шыққан. Бұл сөздер «есептеу», «есептегіш» мағынасында аударылады (ағылшын сөзі, өз кезегінде, латын тілінің  — «есептеймін» сөзінен шыққан). Алғашында ағылшын тілінде бұл сөз механикалық құрылғыларды қолданбай немесе қолдана отырып, арифметикалық есептеулер жүргізетін адамға қатысты айтылған. Содан кейін бұл сөз машиналарға қатысты айтылатын болды, бірақ, қазіргі заманғы компьютерлер математикамен тікелей байланысты емес мәселелермен де айналысады. "Компьютер" сөзінің анықтамасы алғаш рет 1897 жылы ағылшындық Оксфорд сөздігінде пайда болған болатын. Бұл сөздікте компьютер механикалық есептеуіш құрылғы ретінде көрсетілген. 1946 жылы бұл сөздікте цифрлық компьютер, аналогтық есептеуіш машинасы және электронды компьютер түсініктерінің мағынасы ажыратылып көрсетілдді. Компьютер техникасының экспоненциалды дамуы. Егер есептеуіш құрылғылардың 1900 жылдан бастап даму тарихына көз жүгіртетін болсақ, машиналардың жұмыс өнімділігі әрбір 18-24 айда екі есеге өсіп отырғанын байқаймыз. Бұл ерекшелікті алғаш рет 1965 жылы «Intel» компаниясының басшыларының бірі Гордон Е. Мур сипаттаған болатын. Компьютерлер көлеміні кішірею процессі де осындай жылдамдықпен жүріп келеді. Алғашқы электрондық есептеуіш машиналар көптеген тонна салмағы бар, бірнеше бөлмеде орналасқан үлкен құрылғылар болатын. Олардың қымбат екені сонша, оларды тек үкіметтер мен үлкен зерттеу ұйымдары ғана пайдалана алатын еді. Олармен салыстырғанда, қазіргі заманғы компьютерлер біршама қуатты, кішкентай және арзан болып табылады. Компью́тер (ағылшынша: computer — «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) — есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина. Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде компьютердің негізгі қызметі — есептеу деп саналатын. Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі — басқару болып табылады. Негізгі принциптері: Өзінің алдына қойылған тапсырманы орындау үшін компьютер механикалық бөліктердің орын ауыстырылуын, электрондардың, фотондардың, кванттық бөлшектердің ағынын немесе басқа да жақсы зерттелген физикалық құбылыс әсерлерін қолданады. Көбімізге компьютерлердің ең көп таралған түрі — дербес компьютер жақсы таныс. Компьютер архитектурасы алға қойылған мәселені, зерттеліп отырған физикалық құбылысты максималды айқын көрсетіп, модельдеуге мүмкіндік береді. Мысалы, электрондық ағындар бөгеттер салу кезіндегі су ағынының үлгісі ретінде қолданылуы мүмкін. Осылай құрастырылған аналогтық компьютерлер ХХ ғасырдың 60-жылдары көп болғанымен, қазір сирек кездеседі. Қазіргі заманғы компьютерлердің басым бөлігінде алға қойылған мәселе әуелі математикалық терминдерде сипатталады, бұл кезде барлық қажетті ақпарат екілік жүйеде (бір және ноль ретінде) көрсетіледі, содан кейін оны өңдеу үшін қарапайым логика алгебрасы қолданылады. Іс жүзінде барлық математикалық есептерді бульдік операциялар жиынына айналдыруға болатындықтан, жылдам жұмыс жасайтын электронды компьютерді математикалық есептердің, сонымен қатар, ақпаратты басқару есептерінің көпшілігін шешу үшін қолдануға болады. Бірақ, компьютерлер кез-келген математикалық есепті шеше алмайды. Компьютер шеше алмайтын есептерді ағылшын математигі Алан Тьюринг сипаттаған болатын. Орындалған есеп нәтижесі пайдаланушыға әр түрлі енгізу-шығару құрылғыларының көмегімен көрсетіледі, мысалы, лампалық индикаторлар, мониторлар, принтерлер және т.б. Компьютер — жай ғана машина, ол өзі көрсетіп тұрған сөздерді «түсінбейді» және өз бетінше «ойламайды». Компьютер тек қана бағдарламада көрсетілген сызықтар мен түстерді енгізу-шығару құрылғыларының көмегімен механикалық түрде көрсетеді. Адам миы экрандағы көріністі қабылдап, оған белгілі бір мән береді.б.э.д. 3000 жыл — Ежелгі Вавилонда алғашқы есептегіштер — абак пайда болды. б.э.д. 500 жыл — Қытайда абактың «жаңа» нұсқасы пайда болды. 1492 жыл — Леонардо да Винчи өзінің бір күнделігінде он тісті сақиналары бар 13-разрядты есептегіш құрылғының сызбасын көрсеткен. Бұл сызбалар негізінде жұмыс жасайтын құрылғы ХХ ғасырда ғана жасалғанымен Леонардо да Винчи жобасының дұрыстығы расталды. 1623 жыл — Вильгельм Шиккард, Тюбинген университетінің профессорі, тісті сақиналар неізінде алты разрядты ондық сандарды қосып және азайта алатын құрылғы жасап шығарды. 1960 жылы профессордың сызбасы бойынша қайта жасалып, дұрыс жұмыс жасайтындығын көрсетті. 1630 жыл — Ричард Деламейн шеңберлік логарифмдік сызғыш жасады. 1642 жыл — Блез Паскаль «Паскалин» — алғашқы нақты жүзеге асырылған және кең танылған цифрлық есептеуіш құрылғыны ұсынды. Құрылғы прототипі бес разрядты ондық сандарды қосып және азайта алатын еді. Паскаль бұндай есептегіштердің оннан астамын жасады, соңғы үлгілері сегіз разрядты сандармен де жұмыс жасай алатын еді. 1673 жыл — көрнекті неміс философы және математигі Готфрид Вильгельм Лейбниц механикалық калькулятор жасады, ол екілік санау жүйесінің көмегімен көбейту, бөлу, қосу және азайтуды орындай алатын еді. Осы кездер шамасында Исаак Ньютон математикалық анализ негіздерін қалады. 1723 жыл — неміс математигі және астрономы Христиан Людвиг Герстен, Лейбниц жұмыстарының негізінде арифметикалық машина жасады. Машина сандарды көбейту кезінде бүтін бөлігін және тізбектелген қосу амалдарының санын есептей алатын еді. Сонымен қатар бұл машина енгізілген мәліметтерді енгізудің дұрыстығын тексере алатын еді. 1786 жыл — неміс әскери инженері Иоганн Мюллер «айырмалық машина» идеясын ұсынды — бұл машина айырмалық әдіспен есептелетін логарифмдерді табуляциялай алатын еді. Лейбництің тісті доңғалақтары негізінде жасалған бұл машина біршама кішкентай (биіктігі 13 см, диаметрі 30 см) болғанымен, 14-разрядты сандармен негізгі төрт арифметикалық амалды орындай алатын еді. 1801 жыл — Жозеф Мария Жаккард бағдарлама арқылы басқарылатын тігін станогын құрды, оның жұмысы перфокарталар жиыны көмегімен көрсетілетін еді. 1820 жыл — француз Тома де Кальмар арифмометрлерді алғаш рет өндірістік жағдайда шығарды. 1822 жыл — ағылшын математигі Чарльз Бэббидж айырмалық машинаны (математикалық кестелерді автоматты түрде құруға арналған арифмометр) ойлап тапты, бірақ іс жүзінде жасап көрсете алмады. 1855 жыл — Стокгольм қаласында ағайынды Георг және Эдвард Шутц Чарльз Бэббидж жұмыстарының негізінде алғашқы айырмалық машина жасады. 1876 жыл — орыс математигі П.Л.Чебышев ондықтарды үзіліссіз тасымалдайтын қосқыш аппарат құрды. Бұл ғалым 1881 жылы осы машинаға көбейту және бөлуге арнап қосымша бөліктер жасады. 1884—1887 жж — Герман Холлерит электрлік табуляциялық жүйе (Холлерит табуляторын) жасап шығарды, бұл жүйе 1890 және 1900 жылдары АҚШ-тағы, 1897 жылы Ресейдегі халық санағында қолданылды. 1912 жыл — орыс ғалымы А.Н.Крылов жобасы бойынша қарапайым дифференциалдық теңдеулерді интеграциялауға арналған машина жасалды. 1927 жыл — Массачусетс технологиялық университетінде аналогтық компьютер жасап шығарылды. 1938 жыл — неміс инженері Конрад Цузе өзінің алғашқы есептеуіш машинасын жасап, оған Z1 деген ат берді (Оның соавторы ретінде Гельмут Шрейердің есімі де аталады). Бұл толықтай механикалық, бағдарламаланатын цифрлық машина еді. Бұл үлгі іс жүзінде қолданылмады. Оның қалпына келтірілген нұсқасы Берлиндегі неміс техникалық мұражайында сақталған. Осы жылы Цузе Z2 машинасын жасауға кірісіп кетті. 1941 жыл — Конрад Цузе Z3 машинасын жасады. Бұл машина қазіргі заманғы компьютердің барлық қасиеттерін ие болатын. 1942 жыл — Айова штатының университетінде Джон Атанасов және оның аспиранты Клиффорд Берри АҚШ-тағы алғашқы электрондық цифрлық компьютерді жасап бастады. Бұл машина толықтай аяқталмағанымен (Атанасов әскерге кетті), тарихшылардың айтуына қарағанда, американ ғалымы Джон Мочлидің екі жылдан кейін Эниак ЭЕМ-ін жасап шығаруыны көп әсерін тигізді. 1943 жылдың басында алғашқы американдық есептеуіш машина — Марк I жасалды. Бұл машина АҚШ әскери-әуе күштерінің күрделі баллистикалық есептерін шығаруға арналған еді. 1943 жылдың соңында арнайы мақсаттарда қолданылатын ағылшын есептеуіш машинасы — Колосс жасалды. Машина фашисттік Германияның құпия кодтарын шешумен айналысты. 1944 жылы Конрад Цузе Z4 компьютерін жасап шығарды. 1946 жылы алғашқы әмбебап электронды цифрлық есептеуіш машина — Эниак жасап шығарылды. Кеңес Одағында алғашқы электрондық есептеуіш машинасы Киевте Сергей Алексеевич Лебедевтің басшылығымен 1950 жылы жасалды Физикалық жүзеге асыру. Компьютерлерді жіктеу үшін оларды құру кезінде қолданылған технологияларды пайдалануға болады. Бастапқыда компьютерлер толықтай механикалық жүйе болғандығы белгілі. Соған қарамастан, ХХ ғасырдың 30-жылдары телекоммуникациялық өндіріс электромеханикалық компоненттерді ұсынды, ал 40-жылдары вакуумдық электрондық лампалар негізінде құрылған толықтай электрондық компьютерлер жасалды. 50-60-жылдары лампалардың орнына транзисторлар келді, ал 70-жылдардың басында — қазіргі кезге дейін қолданылатын интегралдық жүйелер (кремний чиптері) пайдаланыла бастады. Бұл тізім толық деп айта алмаймыз; ол тек есептеуіш техниканың негізгі даму тенденциясын ғана көрсетеді. Әр кезеңдерде көптеген түрлі технологиялар қолданылған болатын. Мысалы, гидравликалық және пневматикалық компьютерлерді жасау мүмкіндігі қарастырылған, ал 1903-1909 жылдары Перси И. Луджет атты өнертапқыш тігін механизмінің негізінде жұмыс жасайтын аналитикалық машина жобасын құрған болатын. Қазіргі кезде оптикалық компьютерлердің жобасы жасалуда. Бұл компьютерлер электр сигналдарының орнына жарық сигналдарын қолданады. Басқа бағыт бойынша молекулярлық иология және ДНҚ зерттеулерінің жетістіктерін қолдану қажет. Ақыр аяғында, есептеуіш техника саласындағы өте үлкен өзгерістерге әкелуі мүмкін тәсілдердің бірі кванттық компьютерлерді жасауға негізделген. Цифрлық немесе аналогтық. Комьютерді құру кезінде, оның цифрлық немесе аналогтық жүйе болатынын анықтап алу керек. Егер цифрлық компьютерлер дискретті сандық және таңбалық айнымалылармен жұмыс жасайтын болса, аналогтық компьютерлер келіп түсетін мәліметтер ағынын үзіліссіз өңдеуге арналған. Қазір цифрлық компьютерлер кеңінен қолданылады, бірақ аналогтық компьютерлер де кейбір арнайы мақсаттарда қолданылады. Бұл жерде импульстік немесе кванттық есептеулер туралы айтпай отырған себебіміз — олар арнайы салаларда ғана қолданылады, немесе әзірге тек тәжірибе жүзінде қолданылады. Аналогтық компьютерлер: логарифдік сызғыш, астролябия, осциллограф, теледидар, аналогтық дыбыстық процессор, автопилот, ми. Ең қарапайым дискретті есептегіштер ретінде абакты айтсақ, ең күрделісі суперкомпьютер болып табылады. Екілік, ондық немесе үштік. Есептеуіш техниканың дамуындағы маңызды қадам ретінде сандардың ішкі көрсетілімінің екілік жүйеге ауысуын айтуға болады. Бұл қадам есептеуіш техникалардың және перифериялық құрылғылардың құрылыстарын біршама қарапайым етті. Екілік жүйесін қолдану арифметикалық функцияларды және логикалық амалдарды орындауды жеңілдетті. Соған қарамастан, екілік логикаға өту процессі бір мезетте бола қойған жоқ. Көптеген ғалымдар компьютерді адамға ыңғайлы ондық санау жүйесінде жасап шығаруға тырысты. Басқа да тәсілдер қолданылды. Мысалы, кеңестік машиналардың бірі үштік жүйе негізінде жұмыс жасады, кей жағдайларда үштік жүйенің екілік жүйеден артықшылықтары бар еді (үштік Сетунь компьютерінің жобасын кеңес ғалымы Н.П.Брусенцов жасап шығарды) Ондық санақ жүйесі негізіндегі компьютер ретінде алғашқы американдық есептеуіш машина — Марк I машинасын атауға болады. Толықтай алғанда, мәліметтерді ішкі көрсету жүйесін таңдау компьютер жұмысының негізгі принциптерін өзгертпейді — кез-келген компьютер басқа жүйедегі компьютер жүйесін эмуляциялай алады. Бағдарламаланатын. Компьютерлердің басты ерекшелігі — олардың физикалық құрылысын өзгертпестен, белгілі бір өзгеріп отыратын инструкциялар тізімін (бағдарламаны) орындау мүмкіндігі. Бұл ерекшелікті әрі қарай дамыта отырып, бағдарламаның орындалу процессін динамикалық түрде басқаруға болады. Яғни, мәліметтердің жағдайына байланысты, бағдарлама бұйрықтарының орындалу ретін өзгертуге болады. Бағдарламаларды және мәліметтерді сақтайтын. Есептеулерді орындау кезінде аралық мәліметтерді сақтау қажеттігі пайда болады. Көптеген компьютерлердің жұмыс өнімділігі көп жағдайда оның жадынан және онымен жұмыс жасау жылдамдығына байланысты болады. Алғашқыда компьютер жадысы тек аралық мәндерді сақтау үшін ғана қолданылған, бірақ кейініректе компьютер бағдарламасының кодын да жадта сақтау туралы ұсыныс пайда болды (фон Нейман архитектурасы бойынша). Бұл шешім қазіргі заманғы компьютерлік жүйелердің көпшілігінде қолданылады. Қазіргі заманғы жалпы мақсаттағы компьютер. Қазіргі заманғы компьютерлерді қарастырған кезде, олардың бұрынғы есептеуіш машиналардан бір маңызды ерекшелігін байқаймыз: қажетті бағдарламаларды қолдану арқылы кез-келген компьютер басқа бір компьютердің әрекеттерін орындай алады (әрине, бұл мүмкіндік мәліметтерді сақтау құрылғыларының сыйымдылығымен және жылдамдықпен шектеледі). Осылайша, қазіргі заманғы компьютерлер болашақта құрылатын кез-келген есептеуіш техниканың жұмысын эмуляциялай алады деп есептеледі. Бұл қабілет арқылы жалпы мақсаттағы компьютерлерді және арнайы мақсаттағы құрылғыларды ажыратуға болады. Компьютерлердің қолданылуы. Алғашқы компьютерлер тек қана есептеулер үшін қолданылған болатын ("компьютер" және "ЭЕМ" терминдерінің шығу тегі де осыған байланысты). Ең қарапайым деген компьютерлердің өзі бұл салада адамдардан асып түседі. Ең алғашқы шыққан бағдарламалау тілі - Фортран тілі де осы себепті тек қана есептеулер шығаруға арналған болатын. Екінші жолы - мәліметтер базасы үшін. Бірінші кезекте бұлар үкіметтерге және банктерге қажет болатын. Мәліметтер базасын басқару үшін күрделі компьютерлер және ақпаратты енгізу-шығару, сақтауға қажетті күрделі жүйелер қажет болды. Осы мақсаттарда Кобол тілі пайда болды. Кейінірек пайда болған мәліметтер базасын басқару жүйелерінің өз бағдарламалау тілдері бар болатын. Үшінші жолы - әр түрлі құрылғылармен бірге қолдану. Даму жолы арнайы мамандандырылған (көп жағдайда аналогтық) құрылғылардан стандартты компьютерлік жүйеге дейін болды. Сонымен қатар, күн өткен сайын, техниканың көп бөлігі компьютерден тұратын болды. Ақырында, компьютерлер кеңседе де, үйде де негізгі ақпараттық құрал ретінде пайдаланыла бастады. Яғни, ақпаратпен орындалатын кез-келген жұмыс (мәтінді енгізу, фильм қарау) компьютер көмегімен жүзеге асырылатын болды. Осы тұжырымды ақпаратты сақтауға да, тасымалдауға да байланысты айтуға болады. Компьютерлер қолданылатын салалардың ішіндегі ең күрделі, ең аз дамыған саласы жасанды интеллект - компьютерлерді белгілі бір алгоритм жоқ жерде пайдалану болып табылады. Бұл салаға мысал ретінде мәтінді аудару, эксперттің жүйелерді айтуға болады. Сұлтанов, Бақыт Тұрлыханұлы. Сұлтанов, Бақыт Тұрлыханұлы — Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі. Қысқаша өмірбаяны. 1971 ж. қарашаның 29 Алматы қаласында дүниеге келді. 1994 ж. Қазақ ұлттық техникалық университетін «Робототехникалық кешендер және жүйелер» мамандығы бойынша үздік бітірді. 1995 ж. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Бизнес және менеджмент» мамандығы бойынша бітірді. 1994—2002 жж. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде басқару жұмыстарын атқаруда. 2002 ж. қыркүйектен бастап 2003 ж. маусымға дейін Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Бюджеттік саясат және жоспарлау департаментінің директоры қызметін атқарды. 2003 ж. маусымнан бастап 2006 ж. ақпанға дейін Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің вице-министрі қызметіне тағайындалды. 2006 ж. ақпаннан бастап 2007 ж. қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы болып қызмет істеді. 2007 ж. қаңтардан бастап — Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі. 2007 ж. тамыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі. Нұрпейісов, Қайрат Айтмұхамбетұлы. Нұрпейісов, Қайрат Айтмұхамбетұлы — Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары. Қысқаша өмірбаяны. 1957 ж. Павлодар облысының Шарбақты ауданындағы Галкино ауылында туылған. Павлодар педагогикалық институты мен Алматы Халық шаруашылығы институттарын математик және экономист мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын Павлодар станциясының локомотив депосында слесар болудан бастаған. 1982—88 жж. Павлодар облысының қаржы және салық органдарында жұмыс істеп, бас экономистен Павлодар облысының салық комитетінің төрағасына дейін көтерілді. 1998—2002 жж. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі, ҚР Мемлекеттік Кіріс вице-министрі қызметтерін атқарды. Соңғы уақытта Павлодар қаласының әкімі болды. 2003 ж. маусымынан Павлодар облысының әкімі. 2008 ж. қазанның 13 Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды. Мансұров, Тайыр Аймұхамедұлы. Мансұров, Тайыр Аймұхамедұлы — Еуразия Економикалық Қауымдастығының Бас хатшысы. Қысқаша өмірбаяны. Қазақ политехникалық институтын, Мәскеу қаласындағы Жоғары партия мектебін бітірген, саяси ғылымдардың докторы. Төтенше және Өкілетті елші дипломатиялық дәрежесі бар. Институтты бітірген соң мамандығы бойынша жұмыс істеді, «Алматыцентрострой» құрылыс басқармасында инженер, бас инженер болды. Алматы, Қарағанды, Мәскеу қалаларының мемлекеттік басқару органдарында басшы қызметтер атқарды. Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі, Сыртқы Істер министрлігінің айырықша тапсырмалар жөніндегі елшісі қызметтеріне тағайындалған. Соңғы уақытта Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметінде болды. 2003 ж. желтоқсанынан Солтүстік Қазақстан облысының әкімі. 2007 ж. қазанның 8-інен бастап Еуразия Економикалық Қауымдастығының Бас хатшысы боп тағайындалған. Мансұров, Тайыр Аймұхамедұлы Шөкеев, Өмірзақ Естайұлы. Шөкеев, Өмірзақ Естайұлы — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары. Қысқаша өмірбаяны. Мәскеу экономикалық-статистикалық институтын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. ҚР Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің кеңесшісі; Президент Әкімшілігі мен Министрлер Кабинетінің қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары (1991—1993 жж.) қызметтерін атқарған. 1993—1995 жж. Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік меншік жөніндегі территориялдық комитетінің төрағасы. 1995 ж. қараша ҚР Экономика министрі; ҚР вице-премьері болып қызметтер атқарған. 1997 ж. қарашасынан 1998 жылдың сәуіріне дейін «Тұран-Әлем» банкінің басқарма төрағасы; 1998 ж. тамыз айынан ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымында болды. 1998 ж. тамыздың 19 Қостанай облысының әкімі қызметін атқарған. 2004 ж. наурызынан Астана қаласының әкімі қызметін атқарған 2006 ж. қыркүйектің 20 Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі. 2007 ж. тамыздың 27 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Мамин, Асқар Ұзақбайұлы. Мамин, Асқар Ұзақбайұлы —«„Қазақстан темір жолы“ ұлттық компаниясы» АҚ-ның президенті. Қысқаша өмірбаяны. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын, Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын бітірген. Инженер-құрылысшы, экономист. Еңбек жолын «Целинтяжстрой» тресінің құрастырушысы болып бастады. Кейіннен кәсіпкерлікпен шұғылданды. Ақмола арнайы экономикалық аймағы әкімшілік кеңесі төрағасының орынбасары, Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары болды. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі, Индустрия және сауда бірінші вице-министрі, 2005 жылы тамыз айында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі болып тағайындалған. 2006 ж. қыркүйек айынан Астана қаласының әкімі. 2008 ж. сәуір айынан «„Қазақстан темір жолы“ ұлттық компаниясы» АҚ-ның президенті болып тағайындалды Тэтчер, Маргарет. Ма́ргарет Хи́льда Тэ́тчер () — 1979—1990 жж. Құрама Патшалықтын премьер-министрі. Баронесса (1992) Маргарет Тэтчер, қыз кезiндегi аты-жөнi Маргарет Робертс, 1925 жылғы 10 Қазанда бақалшы отбасында дүниеге келдi. Aқылды және сабырлы қызға әкесiнiң табысы мектепте оқуға және 19 жасында Оксфорд университeтiнe түсуге жеттi. Оны «Органикалық химия» мамандығы бойынша 5 жыл оқып бiтiргеннен кейiн Маргарет бipаз yaқыт химия кәсiпорындарында icтeді. Алайда заң iлiмiне деген зор құштарлық өз дегенiн icтетiп, ол көңiлi хош көрген заң курстарында дәрiс алды. Маргарет адвокат атағына емтиханды үздiк тапсырып, адвокаттық кәсіппен шұғылдана бастады. Ол белсендi өмiрлiк ұстанымы, ойын кернеген күш-жiгерi мен iскерлiк құлшынысы арқасында 1959 жылы Парламентке сайланды. Ол сол уақытта күйеуге шыққандығына және егiз балалы (ұл мен қыз) болғандығына қарамастан отбасы — ошақ қасымен шектелмей мемлекеттiк iстерден қол үзген жоқ. 1970 жылы Маргарет Тэтчер Эдвард Хит үкiметiнде оқу және ғылым министрi болды. Ол консерваторлар партиясының белсендi мүшесiне айналып 1975 жылы Эдвард Хиттiң консерваторлар партиясында жетекшiлiк орынды иелендi. 1979 жылы партия жалпы сайлауда жеңiске жеттi және Тэтчер британдық тарихта тұңғыш рет әйел премьер-министрi болды. Маргарет Тэтчер үкiмeттi басқарумен қатар өз идеяларын табысты жүзеге асырды. Өткен жүз жылдықтың 70-шi жылдары консерваторлар үшiн cәттi болды. Билiкке консервативтiк саясатшылар келiп, консервативтi идеялар кеңiнен тарала бастады. Ол бiрден салықты төмендетiп, үкiмeттiң кәсiпкерлерге бақылауын әлсiреттi. Ол үшiн әрбір британдықта жеке үйiнiң, меншiктің кез келген түрінің: қозғалмайтын мүліктің, автокөліктің болуы немесе акцияларды иеленуі аса маңызды еді. «Меншiккерлер демократиясы» немесе «Халықтық капитализм» тұжырымдамасы Тэтчер қолындағы аса құнды бағдар болды. Оның философиясы мен практикасы саясат үшiн өте сирек «тэтчеризм» деген сөзбен аталды. Тэтчеризмнiң ерекшелiгi — оның шағын бизнестi қолдап-қуаттауы. Тэтчердiң ұcaқ буржуазиялық құндылықтар: ұқыптылықты, еңбексүйгiштікті, шаруашылықты үнеммен жүргiзудi, өз iciн ашyғa деген ұмтылысты насихаттауы кездейсоқ емес. Өзiнiң ұcaқ саудагер отбасынан шыққандығын Тэтчер нaғыз жарнамалық науқaнғa айналдырып, өзiнiң қоғaм алдында «халықтан шыққан адам», «әйел-ана», халықтың мұң-мұқтажын бөлiсушi және көңiл-күйiн түciнeтiн тұлға peтiндe көрсете бiлді. Тэтчердiң ұтқан жерi — оның шaғын бизнесте экономикалық өрлеудi: техникалық жаңалықтарды игерудi, икемдiлiктi, yaқыт талабына iлесе бiлудi көре бiлгендiгi. Ол өзiнiң практикалық дағдылар мен icкерлiгiн әкeciнiң дүңгiршегiнде жүрген уақытында шыңдаған болатын, ал студенттiк шағынан бастап ол экономика негiздерiн де меңгердi, өзiндiк ойлау қабiлетi мен батыл қадамдары тэтчеризмнiң оң іciн aқыp аяғына дейiн жеткiздi. Тэтчеризм ретiнде неоконсерватизмнiң британдық нұсқасы түсіндіріледі, оған Маргарет Тэтчер қайталанбас әйелдiк нақыш пен тың серпiлic бердi. 80-шi жылдардaғы Ұлыбритания «айбынды арудың» жiгерлiк қызметiнiң ықпалымен дамыды. Бұл үpдic қойылғaн мaқcaттaн бiр адым ayытқыған жоқ. Aғылшын тарихында билiкте болғaн, ұзақтығы бойынша 18-шi ғасырда премьер-министр лауазымы енriзiлген cәттeн бастап, жетiншi орын алады. Ол 11,5 жыл бойы билiк тiзгiнiн ұстады. Тэтчер жақтаушылары мүмкiндiктер теңдігін қолдады: барлық адамдардың өмiрдегi мәрелiк жағдайы бiрдей, алайда бұл ешуақытта нәтижелер теңдiгiне жеткiзбейдi. Адамдар пайданы бөлiсуде де, ақыл-ой қабiлетiн көрсетуде де бipдей емес. Олар тiптi заң алдында да тең емес. (Бай адамдардың кедейлерге қарағанда жақсы адвокатқа ақша төлеу мүмкiндiгi жоғары) Тэтчер саясатындағы негiзгi сәт — оның «әрбiр адамның маңызы бiрдей» деп санауы. Сыртқы және iшкi саясаттағы Тэтчердiң қатаңдығы оны «айбынды ару» атандырды. 1990 жылдың аяғында оның танымалдығы төмендей бастады. Оны маңызды мәселелерді шешуде шектен тыс «өзiм бiлемдiкке» салынды деп айыптай бастады. Ол қайтадан консервативтiк партия басшысы болып сайланбады және қызметiнен кетiп, орнын Джон Мейджорға босатып бердi. Осы бiр дaңқты әйелдің жазған естелiгінің алғашқы басылымы миллиондаған данамен таралды. Маргарет Тэтчер тасы өрге домалаған бизнесменнiң әйелi, екі баланың анасы, Ұлыбритания Корольдiк Қоғамының мүшесi, Соммервилл колледжiнiң Құpмeттi профессоры, Корольдiк химия институтының Құрметтi профессоры. Анахронизм. Анахронизм ( — кepi,  — уақыт) — жыл санаудағы уақытқа сәйкессiздiк (хронологиялық қателiктер) не бiр дәуiрдің оқиғалары мен сипаттамаларын жаңылыс немесе шартты түрде екiншi дәуiрге телу. Анахронизм ауыспалы мағынада ecкінің қалдығы, жаңа заман дүниетанымымен сәйкеспейтiн, көнерген, күнi өткен көзқарас, ұғым, салт-дәстүр дегендi де бiлдiредi. Анахронизм орта ғасырлар мен Қайта өрлеу дәyiрiне, классицизмге тән дүниелерде (өнер мен әдебиет) жиi кездеседi. XIX — ХХ ғасырларда анахронизм шығарманың кемшiлiгi ретiнде қарастырылды. Тек кейбiр жағдайларда ғaнa көркемдiк тәсiл деп ұғынылды (мысалы, Б.Брехттiң «Юлий Цезарь ici» атты романындағы анахронизм). Андеграунд. Андеграунд ( — астыртын, жасырын) — 20 ғ. екiншi бөлiгiнде ресми өнерге қарсы оппозициялық қозғалыс. Андеграунд ресми мәдениеттiң құндылықтapы мен догмаларын қабылдмайтын, авангардтық өнердiң, рок-мәдениеттiң, қарсы мәдениеттiң, жастар қозғалысының кейбiр принциптерiн бойына сiңiрген өнердің дәстүрлi емес бiтiмдерiнен құралады. Андеграунд мәдени өмiрдің кейбiр жергiлiктi көpiнicтepiмeн де («самиздат», бейресми көрмелер, жасырын концерттер, дискотекалар, салондық мәдениеттiң кейбiр түрлерi, т.б.) байланыстырады. Тоталитарлық қоғамда андеграунд өнері саяси-идеологиялық өктемдiкпен өнер еркiндiгiн тұншықтырyға бағытталған мемлекеттік-әкiмшiлiк жүйемен және бipден-бiр өнер жүйесi болып танылған социалистік реализммен келiспеушiлiктен туындаған. Осы қоғамда жасырын айтылатын анекдоттар андеграунд өнеріне жақын. Андеграунд өнерінің кейбiр түрлерiне қарадүрсiндiк пен руханисыздық тән. Анимизм. Анимизм (— рух, жан) — заттық дүние құбылыстарының жандылығын бiлдiретiн термин. Анимизм терминiн ғылыми қолданысқа ағылшын этнографы және мәдени антропологы Э.Б.Тайлор (1832-1917) енгiзген. Ежелгi мәдениетке талдау бере келе, магия, тотемизм, фетишизм сияқты ecкi ceнім-нанымдардың қатарында ол анимизмдi де атап өтедi. Оның пiкiрi бойынша анимизм кейiнгi дамыған дiндерге апаратын баспалдақ есебiнде болады және олардың ментальдық дүниесiне енедi. Басқа халықтардың дүниетанымы мен сенiм-нанымдарындай анимизм қазақтың дәстүрлi рухани мәдениетiнде терең ұялаған. Мысалы, Ш.Уәлиханов қазақы түсiнiкте жанның үш түpi бар дейдi: ет жан, шыбын жан, рухи жан. Анимизмнің көрінісіне қазақы дүуниетанымдағы «киелi», «қасиетті» жер бедерлерi мен атаулары жатады. Табиғат аясындағы мәдениет үшiн қоршаған орта киелi таулардан, құтты өзендер мен көлдерден, ағаш-бұталардан, т.б. тұрады. Табиғи құбылыстар да қасиеттi мағынаға ие болады, олардың рухы және иесi бар делiнедi. Аномия. Аномия — ( — жоқтық және  — заң) қоғамның құндылықтар жүйесiндегi түбегейлi дағдарыстарды бiлдiретiн ұғым. Аномия терминiн ғылыми айналысқа енгiзген француз ғалымы — Э. Дюркгейм (1858-1917). Ол «Еңбектiң қоғамдық бөлiнуi» кiтабында аномия еңбек белiнiciнiң бұрмалануы нәтижесiнде пайда болады деп тұжырымдайды және оның себебiн мамандандыру кезiндегi адамдар арасындағы ынтымақтастық пен үйлесiмдiктiң жоғалуынан көредi. «Өзiн-өзi өлтiру» деген еңбегiнде Дюркгейм эгоистiк, альтуристiк және аномиялық суицидтердiң түлерiн атап өтедi. Соңғысы дәстүрлi шектеу нормалары шайқалған кезде ырықсыз құмарлықтан туындайды делiнедi. Шектелмеген тiлектер орындалмаған жағдайда адамдарда шешiмi жоқ тұйық дағдарыстар пайда болады. Аномия ұғымын қазiргi социологияда әpi қарай дамытқан американдық ғалым Р. Мертон (1910). Ол аномия мәселесін ауытқушылық әрекетпен байланысты қарастырады. Мұндай әрекет ұлғалық мақсаттарға заңды құралдармен жете алмайтын жағдайларда қалыптасады. Нақтылы мәдени жүйеде туындайтын мүдделер үстемдік етіп тұрған басқарушы және реттеуші тетіктерге қайшы келуі мүмкін. Аномия әсіресе, өтпелі қоғамдарда жиі кездеседі. Бұрынғы әдетке айналған бағдарлар жаңа талаптарға сәйкес құндылықтармен жылдам ауыстырыла бермейді. Мұндай қайшылықтар тұлғалар санасында ауытқушылық туғызуы мүмкін. Зиммел, Георг. Зиммел, Георг (1858—1918) — нeмic пәлсапашысы, әлеуметтанушысы. Зиммел өмip пәлсапасы ағымының өкілі ретiнде мәдениет пәлсапасының мәселелерiн қарастырды. Зиммелдің танымы бойынша «өмip» ұғымы шығармашылық қалыптасу процесi, оған iшкi толқыныс, сезiм қуаты мен рационалды құралдарды қолдану арқылы жетуге болады. Өмiрдiң күрделi толқыныстары мәдениеттiң әрқилы формасында көpiнic табады. Зиммельдің өмip туралы, дара тұлғалардың ролi туралы көзқарасы Гете, Рембрант, Кант, Шопенгауер, Ницше туралы еңбектерiнде, басқа да мәдениеттiң тарихы мен пәлсапасы туралы көптеген эсселерiнде көpiнic тапты. Зиммел мәдениеттi рухани және практикалық еңбектiң нәтижесi ретiнде, өмip формасының саналы, нәзiк көpiнici деп таниды. Зиммел үшiн мәдениет — өмip сүру формасы. Мәдениет пен өмiрдiң арасында түрлi саяси және мәдени қозғалыстарға ықпал етiп, қозғалысқа түcipep қайшылық бар. Зиммель пiкiрi бойынша шығармашылық бұлағы — тұлға, және оның таным қуаты. Сол таным, шығармашылық көру қуатына сәйкес түрлi мәдениет «әлемi» қалыптасады: дiн, пәлсапалық ғылымдар, өнер, т.б. Оның барлығы өзiнiң ерекшелiгiмен мәдениеттануда көpiнic табады. Зиммелдің мәдениеттану туралы толғаныстары, оның негiзi «Мәдениеттану ұғымдары мен трагедиясы» (1911 — 1912), «Қазiргi мәдениеттегi конфликт мәселесi», «Мәдениет трагедиясы туралы ұғым», т.б. еңбектерiнде көpiнic тапқан. Идеал. Идеал (« — идея, ұғым, таным) — талаптың, iс-әрекеттің жоғарғы мақсаты, белгiлi бiр нәpceнiң үздiк үлгici. Иероглиф. Жапон иероглифі 好 («махаббат») жазу әдісі Иероглиф ( — қасиеттi,  — қиылып алынған) — жазу таңбасының не белгiсінің атауы. Алғашында "иероглиф" сөзі тек көне мысыр жазуына пайдаланды. Иероглиф деп оқылуы да, жазылуы да қиын жазулар аталған. Иероглифтің таңбалары ретiнде заттың, жануарлардың, өciмдiктiң, құстың, т.б. суреттерi қолданылған. Мысалы, Мысыр иероглиф жазуларында сурет формасы, ал Қытай иероглиф жазуларында пиктографиялық ерекшелiк басым. Икона. Икона (орта «бейне», «кecкiн»; тағы көне «кейіп», «сурет») — христиан дiнiнде (католик, православие және монофизиттік) құдайды, құдайананы, әулиелердi, қасиеттi кiтаптарды бейнелеген суреттер. Католиктерде мен православиеде иконаға табыну 787 ж. 7-ші Дүниежүзілік құрылтайымен орнатылған. Икона болмағанымен coғaн жақын түрлi мүciн, қасиеттi дүниелерге табыну ламаизм мен будда дiндерiнде де кeңiнeн тapaғaн. Икона жазу тар мағынасында орта ғасырда қалыптасқан бейнелеу өнepiнiң бiр тармағы. Икебана. Икебана (немесе "икебана", «ике» — тіршілік, «бана» — гүлдер, дәлме-дәл «тірі гүлдер») — гүлдер мен басқа да өсiмдiктерден әсемдеп гүл шоғырын жасайтын дәстүрлі жапон өнер түpi. Икебана өнер peтiндe 15 ғ. қалыптасты. Басты эстетикалық принципі — нәзiк, қарапайым материалдардан әдемi, көркем шешiм таба бiлу болып табылады. Иллюзия. Иллюзия ( — алдану) — сыртқы дүниенiң жаңсақ, фантастикалық бағытта қабылдануы. Қарапайым өмiрде иллюзия ерекше арман түрiнде, өзiн-өзi өмiрде алдау арқылы, үмiттенiп өмipiн жеңiлдету түpiндe көpiнic табады. Өнер тарихында ғалымдар иллюзияның пайда болу ерекшелiгiн зерттеп, оның адамға қажеттiгін ашып көрсетуге тырысқан. Шындығында өнердегi иллюзия адамдарға демалыс, көтерiңкi көңiл-күй сыйлайды. Өйткенi ол өмiрде жоқ, тек қана шынайы өнердегi иллюзия болып табылады. Имидж. Имидж ( — бейне, бейнелеу) — өнер ретiнде мақсатты түрде адамның өзiн, не бұқаралық ақпарат арқылы белгiлi бiр зат немесе адам жөнiндегi керек мәлiметтi бейнелеп керсету. Oғaн жарнаманы да қосyға болады. Имидж қолданбалы өнердiң құрамдас бөлiгi және бедел мен абыройын, қажеттiлiгiн арттыру үшiн де қажет. Сондай-ақ, имидж әлеуметтік-саяси бағытта да адамның бағасын арттыруға ықпал етер маңызы бар. Имитация (өнер). Имитация (өнер) ( — елiктеу) — өнертану мен мәдениеттануда белгiлi бiр өнердiң стилiне, мектебiне, бағытына, шеберлiк мәнepiнe елiктеудi бiлдiретiн ұғым-термин. Елiктеушi мүлде басқа тәсiлмен, көркемдiк құралдарымен мақсат eткeнiн айнытпай келтiрiп, қайталауы мүмкiн. Импровизация. Импровизация ( — төтенше, кенеттен, қауырт) — көркем шығарманы ешқандай дайындықсыз аяқ астынан суырып салып айту өнepi. Импровизацияның үздiк үлгici ретiнде түpкi халықтарында, әcіpece оның ішінде қазақ халқында сақталған өнердiң ерекше түpi "айтысты" aтayғa болады. Импровизация шешендiк өнерде, т.б. жанрларда да көpiнic тапқан. Импрессионизм. Импрессионизм (франц. impressionisme — әсерлену) — өнерде XIX ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында пайда болған бағыт. Тарихта импрессионизм терминiнiң ғылыми айналымға eнyiн 1874 ж. француз суретшiсi К.Моненiң «Таңның атуымен әсерлену» атты шығармасының көрмеге қойылуымен байланыстырады. Францияда импрессионизм көркемдiк әдic ретiнде сол жылдары қалыптаса бастады. Импрессионизмнiң ірі өкiлдерi — Э.Мане, О.Ренуар, Э.Дега, К.Моне, А.Сислей, К.Писсаро, т.б. Импрессионизм адамның өзiн қоршаған ортадан алатын сезiмдiк әcepiн, табиғатын, т.б. нәзiк беруде елеулi жетicтiктерге жеттi. Импрессионистер бояу қocындылapын бiр-бiрiне қоспай, таза, айқын түстердi пайдалана отырып жұмыс icтедi. Импрессионизм бағыты — музыкада, әдебиетте және театрда да көpiнic тапты. Индуизм. Индуизм - әлемдегі ірі діндердің бірі. Индуизм б.д. дейінгі бірінші мыңжылдықта пайда болды. Ол адамды рухани құтқарудың үш жолын ұсынды. Олар: қасиеттері істер жолы; таным жолы; адалдық жолы. Индуизмнің тұңғыш қауымы – «адживака»тақуалық жолын тұтып, тән құмарлығымен күресті. Бірақ, Вишнуға табынды. «Адживака» діни идеяларын «бхагаватами» толықтыра түсті. Ол Вишнумен қатар Кришнаға тең дәрежеде құрмет көрсетті. XII ғасырда брахмандар жарты құдай – Рамаға ерекше тұғыр орнатты. XV ғасырда діни ғұрыптар қара халықтың тілі болып саналатын хинди тілінде атқарыла басталды. Осының нәтижесінде Вишнудің көпшілік арасындағы мәртебесі жоғарылай түсті. Шиваға құлшылық жасау да осы құдайды мойындаушы қауымдардың бірлігінің нығаюына қызмет етті. Бірақ, көпқұдайлық үнді халықтарының одан әрі қауымдаса түсінуіне кедергі болған жоқ. Керісінше, осы көп құдайлар біртұтас діни түсінік аясында құрметтеліп, индуизм баршаның дініне айналды. Индуизм үшін «Махабхарата» және «Рамаяна» эпостары-Үндістанды арий тайпалары жаулап алуы кезеңіндегі үнділердің қаһармандық күресі туралы әңгімелейтін қасиетті аңыздар жинағы. Поэмада индуизм құдайлары пантеоны туралы әңгімелейтін қасиетті аңыздар жинағы. Поэмада индуизм құдайлары туралы кең әңгімеленеді. «Рамаянада» Раманың және оның жұбайы Ситаның өмірі баяндалады. Индуизмнің діни ескерткіштерінің ішінде құрылымдық жағынын «Махабхарата» эпосына енетін дүниетанымдық проблемаларға түсініктемелер беретін «Бхагават-Гита» философиялық концептия тұтастығымен ерекшеленді. Концепцияның негізінкүллі болмыстың бастауы ретіндегі пракрит туралы және одан дербес таза рух – пуруша туралы ережелер құрайды. Осылардан шығарма авторларының екі негізді мойындаған дуалистік көзқарасы көрінеді. Инициация. Инициация ( — құпия жасау, арнау) — бозбала мен бойжеткеннiң есейiп балиғатқа толуына байланысты дәстүрлi мәдениетте кеңiнен тapaғaн әмбебап әдет-ғұрып жүйесi. Инициация мaқcaты — жастарды отбасылық, қоғамдық және өндiрicтiк өмipгe дайындау. Бұл процесс түрлi тайпаларда өз әдет-ғұpыптарына байланысты түрлi деңгейде өтeдi (сүндетке отырғызу, тiciн қағып алу, тату жасау, т.б.). Бұның қайсiбiрiнiң салдары асқынып, ауыр өтeтiн кездерi болған. Мыңбаев, Сауат Мұхаметбайұлы. Мыңбаев, Сауат Мұхаметбайұлы — ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрі. М.Ю.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін экономист-кибернетик мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымының кандидаты. Университетті тәмамдаған соң ғылыми және оқытушылық қызметпен айналысқан, «Қазақстан» республикалық құрылыс биржасының президенті, «Қазкоммерцбанк» акционерлік банкі басқармасы төрағасының бірінші орынбасары болды. Қаржы министрінің бірінші орынбасары, бірінші қаржы вице-министрі, Қаржы министрі, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалған. «Қазақстан Даму банкі» ЖАҚ президенті, «Каспий өндірістік-қаржылық топ» ЖШС бас директоры болған. 2003 ж. маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, кейіннен Премьер-Министрдің орынбасары — Индустрия және сауда министрі. «„Самұрық“ мемлекеттік активтерді басқару қазақстандық холдингі» АҚ атқарушы директорының (Басқарма төрағасының) міндетін атқарушы, басқарма төрағасы лауазымдарын атқарған. 2007 ж. тамыздан бері Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі. Сапарбаев, Бердiбек Машбекұлы. Сапарбаев, Бердiбек Машбекұлы — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі. Қысқаша өмірбаяны. Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымының кандидаты. Институтты тәмамдағаннан кейін Мемлекеттік еңбек жинақ кассасы республикалық басқармасында экономист, Қаржы министрлігінің жүйесінде экономист, жетекші, бас экономист, бөлім бастығының орынбасары, Бас жоспарлау-экономикалық басқарманың бастығы қызметтерін атқарған. Білім министрінің орынбасары, Президент Аппараты және Министрлер Кабинеті Бөлім меңгерушісінің орынбасары, Министрлер Кабинеті Іс Басқармасының Бөлім меңгерушісі, Министрлер Кабинеті Аппаратының Басшысы. Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы, Қаржы вице-министрі — Кедендік бақылау комитетінің төрағасы. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары — Үкіметтің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Өкілі. Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі болып тағайындалған. 2007 ж. тамыздан бері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі. Бозымбаев, Қанат Алдабергенұлы. Қысқаша өмірбаяны. 1969 ж. қаңтардың 8 Алматы қаласында туған. Қазақ. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын 1993 ж. бітірген, экономист. ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі. 1993 ж. — жекеменшік компанияның экономисі. 1994 ж. — Алматы қаласы әкімінің көмекшісі. 1997 ж. — Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігіндегі өңірлік саясат бөлімінің бастығы, «Мұнайды тасымалдау жөніндегі „ҚазТрансОйл“ ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамының жиынтық-қаржылық департаментінің бастығы, экономикалық мәселелер бойынша вице-президенті. 1998 ж. тамызынан — Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігіндегі мұнай мен газ департаментінің бастығы. 2000 ж. наурызынан — Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі. 2001 ж. қаңтарынан — «KEGOC» ашық акционерлік қоғамының бірінші вице-президенті. 2001 ж. мамырынан — «KEGOC» ашық акционерлік қоғамының президенті. 2003 ж. наурызынан — Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығындағы директорлар Кеңесінің төрағасы. 2007 ж. тамызынан — «Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі „Самұрық“ холдингі» Акционерлік Қоғамы басқармасының төрағасы. Бозымбаев, Қанат Алдабергенұлы Есекеев, Қуанышбек Бақытбекұлы. Есекеев, Қуанышбек Бақытбекұлы — Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы. Қысқаша өмірбаяны. 1975 ж. маусымның 10 Алматы қаласында туған. 1995 ж. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық Университетінің қолданбалы математика мамандығы бойынша бітірді. Математика ғылымдарының кандидаты. «Қазақойл» ЖАҚ-ының, «Қазақстан темір жолы» РМК-інің ақпараттық технологиялар департаменттерін басқарды. 2002 жылы мемлекеттік қызметке келді. Қаржы, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінде департамент директоры қызметінде ақпараттандыру мәселелеріне жетекшілік етті. 2004 ж. мамырдың 13 бастап Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 2006 ж. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасы болып тағайындалды. Әбдиев, Қали Сейілбекұлы. Әбдиев, Қали Сейілбекұлы — Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігінің төрағасы. Қысқаша өмірбаяны. 1956 ж. желтоқсанның 16 туылған. С.М.Киров атындағы Қазақтың мемлекеттік университеттін тәмамдаған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында оқытушы, аға оқытушы, деканның орынбасары, информатика кафедрасының доценті болған. 1997 ж. Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика агенттігінің ақпараттық технологияларды дамыту басқармасының бастығы, 1998 ж. ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің ақпараттық-есептеу орталығының директоры қызметтерін атқарды. 2003 ж. наурызынан Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігінің төрағасы. Сағынтаев, Бақытжан Әбдірұлы. Сағынтаев, Бақытжан Әбдірұлы — Қазақстан Республикасы премьер-министрі кеңсесінің басшысы. Қысқаша өмірбаяны. С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы экономист, экономика ғылымдарының докторы. Мемлекеттік емес құрылымдарда оқытушы болып жұмыс істеген. Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасының шағын бизнеске қолдау көрсету жөніндегі агенттік төрағасының оынбасары, «Шағын іскерлікті дамыту қоры» ЖАҚ-ы басқармасының төрағасы, ҚР табиғи монополияны реттеу, бәсекелестікті қорғау мен шағын бизнесті қолдау Агенттігі Төрағасының орынбасары (2002 жылдың қыркүйегінен — ҚР табиғи монополияны реттеу, бәсекелестікті қорғау Агенттігі) қызметтерін атқарды. 2004 ж. қыркүйегінен Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасы. 2007 ж. желтоқсанның 11 Қазақстан Республикасы премьер-министрі кеңсесінің басшысы. Аңырақай шайқасы. Аңырақай шайқасы (1729 ж., кей деректерде 1730 ж.) — біріккен қазақ қолының жоңғар басқыншылығына қарсы жүз жылдық азаттық соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі жеңісі. Саяси және әскери бірлікке қол жеткізген үш жүз жасақтары 1728 ж. бастап, Балқаш пен Шу бойына қарай жылжып, ұрысқа әзірлене бастады. Бұл кезде жоңғарлар қазақ жерін тұтастай иелену ниетінде еді. Қазақтардың әрекетін сезген олар да Шу мен Балқаштың оңтүстігінде үлкен шеп құрды. Үш жүз жасақтары шешуші шайқас алдында Хантауында, Сұңқар тау ында (кейін бұл жер Әбілқайыр тауы аталды) жиналды. Шайқас солтүстігі Балқаш, оңтүстігі Отар даласы, батысы Шу, шығысы Күртіге дейінгі аралықтағы жерлерде өткендігін осы өңірлерде жиі кездесетін қазақ, қалмақ қорымдары дәлелдейді. Аңырақай аталатын да осы өңір. Бұл шайқаста (40—45 күн) қазақтар ірі жеңіске жеткен. Үш жүз жасақтарының қимылын үйлестіру міндетін бас қолбасшы Әбілқайыр хан жүзеге асырды. Көптеген қазақ батырлары соғыс өнерін жетік білетіндігін көрсетті. Ұлы жүз қолын Жолбарыс хан мен Төле би, Орта жүз қолын қанжығалы Бөгенбай, шақшақ Жәнібек, қаракерей Қабанбай, Кіші жүзді тама Есет, шекті Тайлақ т.б. батырлар басқарып, үлкен ерлік көрсетті. Қазақ садақшыларының жеке жасағын ошақты Саурық батыр басқарды. Шайқасқа болашақ қолбасшы шапырашты Наурызбай да қатысқан. Бұл шайқаста көптеген батырлар жекпе-жекке шықты. Бұл соғыста көптеген атақты батырлар қаза тапты. Соққыдан есін жия алмай қалған қалмақтар сусыз сортаң жерде шөлге ұшырап, одан әрі соғыса алмай Аягөз, Шарға қарай жөңкіле қашты. Қазақтар бұл соғысты әрі қарай дамыта алмады. Оған шайқастың соңында Болат хан жараланып, қайтыс болғаннан кейін басталған тақ үшін талас кедергі келтірді. Көпшілік Болат ханның баласы жас Әбілмәмбетті қолдады. Бұған наразы болған Әбілқайыр майдан даласын тастап, Кіші жүздің қолын Ырғыз арқылы батысқа алып кетті. Орта жүз қолы Сәмеке хан соңынан солтүстікке бет алды. Бірақ Аңырақай шайқасындағы жеңіс қазақ халқының рухын көтеріп, болашаққа деген сенімін бекітті. Халқымыз үшін Аңырақай шайқасының маңызы орыстардың Бородино даласындағы, Еуропаның біріккен қолының Ватерлоо, КСРО халықтарының Ұлы Отан соғысындағы Сталинград түбіндегі жеңістерімен бірдей. Бөкей Ордасы. Ішкі Қазақ Ордасы (Бөкей Ордасы) — Ресей империясының вассалы ретінде Еділ мен Жайық аралығында 1801 ж. құрылған. Бөкей Ордасы — қазақтардың және әлемдегі ең сөңғы Шыңғысхан ұрпақтарымен меңгерілген мемлекеттік құрылым. Атауы. Хандық сұлтан Бөкей Нұралыұлының есімімен аталды. Жағырапиясы. Бөкей Ордасы Еділ мен Жайықтың аралығында орналасқан. Солтүстікте Самар губерниясы, шығыста — Орал облысы, оңтүстікте Каспий теңізі батыс жағында — Астарахан губерниясының Царёв, Енотаев және Краснояр уездері. Жер көлемі — km2 19 ғ. аяғында Астархан меже бөлімі бойынша — km2. Орда өңірініңдегі дала көпшілігі құмды мен сазды жерден тұрады. Көтеріңкі жерлері төмпелі, ойпаттарда жабындық жерлер орналасады, бірақ кей тұстарда былқылдақ құм бар. Солтүстік жағында (Тарғын, Тал, Камыс-Самар, Калмақ) қара топырақты дала кездеседі, Оңтүстігінде көбінесе құм жайлайды. Оңтүстікте құм төбелерінің арасында құмаршық (Triticum cristatum)өсетін ойпаттар кездеседі. Төмпелерде ештеңе өспейді, теңізге жақындағанда тегістеніп кетеді де сорларға айналады. Оңтүстік-батыста Бэр төмпелерікөріне бастайды. Орданың солтүстігінде бірде жалғыз, бірде топтасқан обалар бар, соңғысында әдетте ортасында біреуі ірілеу болады. Енң ірілердің шеңбер диаметрі 30 m шамасына жетеді. Бұл обалар мола екенін қазба жұмыстар дәлелдеді, соның ішінде адам мәйітінен басқа дүние-мүлік табылған, ал кейбіреулерінде зертасты кірпіш қалауы бар. Хан Жәңгір Бөкей ордасына келген ғалым-зерттеушілерді ерекше құрметпен қабыл алған. Осы өңірде болған Г.С. Карелин, В.И. Даль, т.б. хан үйінің қонақжайлылығына ризашылықтарын естелік — зерттеулерінде жазып көрсетеді. Бұлардан басқа Бөкей ордасында 100-ден астам ресей және шетел зерттеушілері болған. 1842 ж. Жәңгірдің өтінішімен белгілі картограф, Орыс жағрапиялық қоғамының мүшесі Я.В. Ханыков Бөкей ордасының аумақтық картасын жасайды. Жұрты. Хандықта Кіші жүзден шыққан 5 мың жанұя болды, 19 ғ. 50 жж. Бөкей ордасында 300 мың адам тұрды (50 мың жанұя). Тарихы. Кіші жүз - үш жүздің ішіндегі жерді ең көп иеленген өлке. Ол Жайық пен Тобылдаң бастап Сырдарияның төменгі ағысына дейінгі алқапты қамтып (850 000 шақырым) жатыр. Оңтүстігінде Хиуа, Қоқан хандықтарымен, Түрікмен, Қарақалпак иеліктерімен, солтүстігінде Ресейдің Астрахан, Саратов және Орынбор губернияларымен, шығысыңда Ұлы және Орта жүз жерімен шектеседі._ ХІХ ғасыр басында Кіші жүздің біркатар ауылдары Ресей империясының құрамындағы Жайық пен Еділ өзендерінің төмеңгі ағысын қамтыды. Олар кейін Бөкей ордасы немесе Ішкі орданы (географиялык орналасуы бойьнша) құрды. 1801 жылғы 11 наурызда император I Павелдің Жарлығымен Кіші жүз қазақтарының осы жерде көшіп-қонуы заңдастырылды. 1803 жылғы есепке карағанда олардың мал саны едәуір болған (70мың түйе, 30мың жылқы, 250 мың ірі қара мал, 1 миллионнан астам қой). Патша үкіметі Кіші жүз руларына Жайық пен Еділ арасында еркін коныстануға қайта мүмкіндік беру арқылы қазақтардың жер үшін күресін біршама бәсеңдетіп, оны өзінің отарлау саясатындағы басты бағыт деп қарастырды. Бөкей Нұралыұлы (1804 - 1845жж) - Кіші жүздің белді сұлтандарының бірі. Саяси күреске ХVIII ғасырдың соңынан араласа бастаған. Өзінің туған ағасы Қаратаймен алакөз болып, кейіннен Айшуақ ханмен де жағаласты. ХIX ғасырдың басында осы Ханның кеңесіне төраға болды, алайда тәкаппарлығы оның бағыныштылығына жол бермеді, орыс өкіметіне жағымды болды. Жәңгір жас кезінен білімге құштарлығын байқатты. Астрахан губернаторының үйінде тәрбиеленді. Парсы, орыс, араб тілдерін білді. Сауда-саттыққа қамқорлық жасады. Ресей елінде белгілі қайраткер ретінде бедел мен билікке ие болды. Хандық. Қырғыз-Қайсақ Кіші ордасының Хан кеңесінің төрағасы Бөкей сұлтан Нұралы хан ұлын өзіме ризашылықпен қабылдаймын, өзі қалаған жеріне көшіп жүруіне рұқсат етемін және менің рахым етуімнің белгісі ретінде қара лентамен мойынға тағатын өз суретім бар алтын медаль тағайындаймын. Сол жылдың күзінде Бөкей сұлтан өзіне қарасты 5 мың түтін ауылымен Жайықтың ішкі бетіне көшіп-қоныстанады. Тарихта Ішкі Қазақ немесе Бөкей ордасы аталған өлкенің іргесі осылай қаланады. Бөкей сұлтанның қол астындағы қазақтарға Үлкен және Кіші өзендерінен Боғда тауларына дейін, одан Шапшашы арқылы Дудацкий немесе Телепнёв батағаларына және теңізге дейін көшуге рұқсат беріледі. 1808 жылы шілденің 17 Бөкей хандығы Астрахан әскери губернаторының және Орынбор шекара комиссиясының құзырына бағынышты болып бекітіледі. 1812 жылы Александр I патшаның арнайы жарлығымен Бөкей сұлтан Ішкі Қазақ ордасының ханы болып тағайындалады. Бөкейді ақ киізге көтеріп хан сайлау Орал қаласының маңындағы тоғайда өтеді, кейін ол жер «Хан тоғайы» деп аталады. 1815 жылдың мамырыдың 21 Бөкей хан қайтыс болады. Тақ мұрагері Жәңгір жас болғандықтан, хан тағына регент есебінде уақытша сұлтан Шығай Нұралыұлы отырады. 1823 ж. Жәңгір Бөкейұлы хан тағының мұрагері болып танылып, 1824 ж. маусымдың 22 «Хан тоғайында» ақ киізге көтеріліп, хан сайланады. Бөкей хандығының тарихында Жәңгір ханның билік еткен кезеңі анағұрлым елеулі із қалдырды. Жәңгір ең алдымен қазақтарға ыңғайлы әрі тиімді тұрмыстың үлгісі етіп, 1827 ж. Нарын құмының Жасқұс деген жеріне Хан сарайын салдырады. Жәңгірден үлгі алған би-сұлтандар, кейін қарапайым халық үй тұрғызып, Хан ставкасы саяси-экономикалық маңызға ие орталыққа айналады. Бөкей ордасы тарихында маңызды орын алатын оқиға — Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған 1836—1838 жж. халық көтерілісі. Бүл — патша әкімшілігі мен хан-сұлтандарға қарсы көтерілген халықтың азаттығы үшін бастаған бой көтеруі болды. 1845 жылы тамыздың 11 Бөкей ордасының саяси, мәдени, экономикалық жағынан дамуына жол бастап, бұл өлкенің басқару ісіне көптеген өзгерістер енгізген ұлы реформатор, қазақ даласының ұлы жаңартушысы Хан Жәңгір Бөкейұлы қайтыс болады. Хан Жәңгір дүние салғаннан кейін хан тағы Паждар корпусында оқыған Жәңгірдің баласына Сайып-Керейге көшті. Хан дәрежесі берілгенде басқа Жәңгір Бөкейұлының балаларына сияқты тегі "Шыңғысхан" деп өзгертілді. 1847 ж. Сайып-Керей хан қайтыс болады, Бөкей ордасындағы хандық басқару құрылымы жойылып, жаңа әкімшілік — Уақытша Кеңес құрылады. Сол кездегі болған ірі Исатай-Махамбет, Кенесары көтерілістерінен шошыған Ресей империясы Бөкей Ордасын аннексияландырады. Уақытша Кеңес. Уақытша Кеңес 1847—1917 жж. аралығында билік жүргізеді, орталықта және жергілікті жерлерде жазбаша іс жүргізу енгізілді. Сонымен бірге, Орда қазынасы пайдасына халыққа салық салудың қатал жүйесі іске асырылды. 1860 ж. Бөкей ордасы 7 әкімшілік бөлікке бөлінеді. Олар: Тарғын, Қалмақ, Нарын, Қамыс-Самар, Талов қисымдары және I, II Теңіз жағалауы округтері. Әрбір әкімшілік бөлікті әкім-правительдер басқарады. 1862 ж. Хан Ставкасында кітапхана ашылады. Кітапхана қорында О. Бальзактың, У. Шекспирдің, В-М. Гюгоның, Т. Шевченконың кітаптары, сондай-ақ Ресейдің басылымдары болған. Хан жәрмеңкесіндегі сауда саласының дамуына байланысты, ақша капиталын реттейтін әрі сақтайтын орын «Казначейство» мекемесі 1867 ж. ашылып, банк қызметін атқарады. 1869 ж. 5 адамнан тұратын өрт сөндірушілер командасы және жылжымалы обоз жасақталады. 1870 ж. Ресейден ауарайын бақылайтын аспаптар әкелініп, метеорологиялық станция жұмыс жасайды. 1832 ж. Жәңгірдің бастауымен отырғызылған Орда орманын мемлекет тарапынан қорғау 1890 ж. бастап қолға алынады. 1908 ж. Орда орман шаруашылығы мекемесі жанынан питомниктер жасақталып, зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Соның нәтижесінде — Нарын қарағайы дүниеге келеді. 1908 ж. қазақ даласындағы ең түңғыш Оба індетіне қарсы күрес станциясы кұрылады. Бүл станцияда Халықтық денсаулық сақтау комиссарының орынбасары М. Шомбалов, оба індетін емдеуге маманданған дәрігерлер И.А. Деминский, А. Михайлов, кейін медицина ғылымының докторы Н. Доброхотова жұмыс жасады. 1911 ж. қазақ баспасының қарлығаштарының бірі — «Қазақстан» газеті белгілі ақын Г. Қараштың ұйымдастыруымен Ордада басылып шығады. 1917 ж. Бөкей Ордасы жерлері жаңадан құрылған Бөкей губерниясына енді. Саясат жайғасы. Елді хан басқарды. Жәңгір-Керей хан кезінде хан билігі абсолютистікке жақын болды. Дегенмен, 1828 ж. сәуірдің 1 хан жанында 12 би кеңесі ұйымдастырылды. Бірінші шақырысындағы болған билер (депутаттар): шеркештен — Мүпәт Айдаболұлы, ноғай-қазақтан — Шомбал Ниязұлы, байбақтыдан — Қонаш Сопақұлы, масқардан — Шора Кедейұлы, беріштен — Бәтке Құдайбергенұлы, алашадан — Алтай Досмұхамедұлы, жаппастан — Көшетұр Мапақұлы, ысықтан — Жантөре Абдалұлы, адайдан — Байту Төменбайұлы, қызылқұрттан — Дуантай Айтуғанұлы, есентемірден — Татан Сәкенбайұлы, таздан — Құдайшүкір Базайұлы, жетірудан (табын, тама, кердері рулаларынан) — Кендірбай Ырысбайұлы және кетеден — Бос Боздайұлы. Бөкей хандығында хан билігі институты, екі ханның Бөкей хан мен оның баласы Жәңгір ханның басқару кезеңін қосып есептегенде 45 жылға созылды. Ішкі Орданы қадағалауды Орынбор әскери губернаторы және Ресей империясының Сыртқы істер министрлігі іске асырды. Экономикасы. Бөкей хандығы Ресей үшін мал, ет, жүнмен жабдықтаушы болды. Хандықта ақша-тауар қатынасының дамуы қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымының өзгеруіне, рулық-қауымдық шаруашылықтың қалдықтарын жоюға ықпал етті. Хан Жәңгір Бөкей ордасындағы мал басының санын көбейтіп қана қоймай, оның тұқымын асылдандыруға, әсіресе, жылқы малына үлкен мән береді. Хан ставкасында, Ресейдің Орск, Элиста қалаларында ат көрмелері өткізіліп, ат жарыстары ұйымдастырылып тұрады. 1840 ж. Жәңгірдің шақыртуымен Ордаға ветеринар К.П. Ольдекоп келеді. Осында қазақ жеріндегі түңғыш ветеринарлық бөлім ашылып, алғаш мал ауруларына қарсы екпе, тәжірибе — зерттеу жұмыстары қолға алынады. 1841 ж. Хан ставкасы мен Черный Яр қаласының аралығына пошта — телеграф байланысы орнатылады. Мәдениет және қоғам. 1828 жылы Жәңгір өз үйінің бір бөлмесіне әулеттік-династиялық құнды заттарды, ат әбзелдерін, жауынгер қару-жарағын жинастырып, қару-жарақ палатасын ұйымдастырады. Бұл — қазақ жерінде ашылған тұңғыш музей болатын. 1841 ж. желтоқсанның 6 Нарынқұмда Қазақстан тарихында ең түңғыш қазақша-орысша білім беретін мектеп ашылды. Бұл мектептен есімі елге танылған талай тұлғалар білім алды. Солардың бірі — қазақтан шыққан ғалым-этнограф Мұхамедсалық Бабажанов. Оның қазақтар жөніндегі зерттеулері, тарихи мұралары туралы басылымдары жоғары бағаланып, 1862 жылыОрыс жағрапиялық қоғамының күміс медалімен марапатталады. Жәңгір мектебінен білім бастауын алған жүзден астам ғалым-зерттеушілер, Асан Тайманов сынды жиырмадан астам академиктер шықты. 1844 ж. Қазақ жастарының Ресейдің жоғары оқу орындарында оқуы үшін вакансиялық орындар алынды. Осы уақытта көшпелі және жартылай көшпелі қазақ халқына қызмет ететін дәріхана және емдеу орны, өте сирек кездесетін экспонаттары бар қару-жарақ музейі ашылды. Бөкей хандығынан шыққан көрнекті композиторлар Құрманғазы мен Дәулеткерей Қазақстанның мәдениеті мен қоғамдық ойының тарихында орасан зор рөл атқарды. Әлеуметтік саласы. Бөкей хандығы құрылуының алғашқы жылдарынан бастап шұрайлы тәуір жайылымды жерлерде хан өз туыстары мен хан сарайындағы ақсүйектерге бөліп берді. Өйткені Бөкейдің — Ішкі орданың хандары тақты ұзақ ұстап отыра алмайтындарын түсінді. Жәңгір өз қоластындағы халқының денсаулығына да үлкен көңіл бөліп отырған. 1825 ж. С. Жәнібеков деген қазақты шешекке қарсы екпе жұмысын жүргізуді үйрену үшін оқуға жібереді. 1826 ж. бастап Ордада шешек ауруына қарсы екпе жұмыстары жүргізіледі. 1832 ж. Жәңгір ханның шақыртуымен Хан ставкасына дәрігер А.А. Сергачев келеді. Кейін 1839 ж. тұңғыш дәріхана ашылады. Осы кезеңдерде Ордада В.Ф. Евланов, Пупорев, т. б. дәрігерлер қызмет атқарады. 1852 ж. Ордада 16 кереуеттік қоғамдық аурухана ашылады. Бүл аурухана күні бүгінге дейін сақталып, халыққа қалтқысыз қызмет етіп келе жатыр. 1832 ж. хан Жәңгір халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру, сауда-саттық саласын дамытып, жолға қою мақсатында жәрмеңке ұйымдастырады. Жәрмеңке көктем және күз айларында өткізіліп, оған Ресейдің Сарытау, Мәскеу, Нижний Новгород, т.б. губернияларынан саудагерлер келген. 1846 ж. көктемгі жәрмеңкеге 3883 адам қатысса, 1851 ж. тауар айналымы 1,5 миллион күміс ақша құраған. Жәңгір бөкейлік қазақтардың өз дінін жоғалтпай, сақтап қалуы үшін 1835 ж. өз үйінің ауласына ерекше архитектуралық үлгімен мешіт салдырады. Ел ішінде оны «Хан мешіті» деп атаған. Азаматтық қоғам. Азаматтық қоғам – саяси өкіметке тәуелсіз жұмыс істейтін және оған ықпал жасауға қабілетті әлеуметтік қатынастар мен институттар жиынтығы; дербес жеке адамдар мен әлеуметтік субъектілер қоғамдастығы. Азаматтық қоғам - ол жеке тұлғаның негiзгi құқықтыры мен еркiндiктерi заң жүзiнде қамтамасыз етiлетiн және саяси қорғалатын, мемлекеттен тыс қатынастар саласы үйлесiмдi дaмығaн қoғaм. Оны iшкiмемлекеттiк қaтынacтapдың дамуына ықпал жасайтын адамдар топтарының ұйымдасқан әpeкeтi ретiнде де aнықтayғa болады. Қoғaм мүдделерiне бағытталған азаматтық бастама азаматтық қoғaмның маңызды белгiсi болып табылады. Дамыған демократиялық мемлекеттер, сонымен қатар өркендеген азаматтық қoғaмaдap да болып табылады. Сонымен бiрге азаматтық қoғaмның дамуына бағытталған түрлi әлеуметтiк топтардың немесе жеке азаматтардың бастамалары (азаматтық бастамалар аталынатын) мемлекет арқылы қабылданады және оны жетiлдiре түceai. Дамушы және «өтпелi экономика» мемлекеттерiне жататын елдерде жағдай бiршама басқаша. Coңғылары азаматтық бастамалар мемлекет құрылысының тiкелей мiндеттерi шектерiнен шығып кeтyiнe байланысты азаматтық бастамаларға күдікпен қарайды. «Бүкiл адамзат үшiн жарқын болашаққа үмiт беретiн бiрден-бiр жол, ол өзара iс-қимыл мен ынтымақтастық жолы, мұндa барлық қoғaмдық күш-жiгерлер - мемлекеттер, жеке сектор, бiлiм беретiн және зерттеу мекемелерi, барлық нысандағы азаматтық қoғaм - нақты, қол жететiн мaқcaттapғa ұмтылу үшiн өз күштерін бiрiктiредi.» (БҰҰ Бас Хатшысы Кофи Aннaнның ұйымның қызметi туралы есебi, Бас Ассамблея, Нью-Йорк. 6 қыркүйек 2001 жыл Азаматтық бастамалар тек елеуciз шамада ғaнa мемлекет арқылы қабылданады: мемлекет мұндай бастамаларды өзiнiң даму үлгiлерiне көшiруге қабiлетсiз. Мемлекет пен азаматтық қoғaм органикалық жүйе элементтерi ретiнде емес, ал тек ресми турде ғaнa өзара iс-қимыл жасайды: олар өзара тiптi белгiлi бiр қарама-қайшылыққа да барады. Азаматтық қoғaмның даму қажеттiлiгi тек демократия қажеттiлiктерiмен ғaнa мәжбүрленбейдi, ол сонымен қатар экономикалық сипат та алады: кәсiпкерлiк қызмет бастамалары, әcipece шағын және орта бизнес салалары, тек жеткiлiктi түрде дамыған азаматтық қоғамда берiлетiн мүмкiндiктермен тiкелей байланысты. Азаматтық қoғaмның қалыптасу және даму процесi үшінші сектордың дамуымен тығыз байланысты. Үшiншi сектор - бұл өз мақсаттарын мүдделер бойынша клубтарда, кәсiби одақтарда, әлеуметтiк қозғалыстарда, одақтарда icке асыратын epiктi азаматтардан құралатын өзiн-өзi басқаратын сектор (деп анықтама беріледі – Sourcebook on Building Partnerships with Civil Society Organizations. UNDP, 2002) Азаматтық қoғaмның ажырамас құрамды бөлiгi бола отырып, «үшiншi сектор» елдегi қоғамдық-саяси процестердi ары қарай демократияландыруға оң ықпалын тигiзедi. Мемлекеттiң демократиялық жүйесi әзipше дамымай oтырған жағдайда, дәл осы бейүкiметтiк ұйымдар арқылы азаматтық қoғaм көбiне iлгерi дамып отырады. «Бейүкіметтік ұйымдарды» мемлекеттік емес ұйымдар деп те аударады. Қасқыр. Қасқыр () — жыртқыш аң. Басқа атаулары да белгілі: бөрі, бері. Еркек қасқыр шамамен 50 килограмм болады, ал ұрғашысы 45 кг болады. Тұрғылықты жері жердің солтүстік жарты шеңберінде өмір сүреді. Қасқырдың өзге хайуандардан дара, олардың ешқайсысына ұқсамайтын қасиеттері көп. Оның бойындағы осындай ерекшеліктерге негізделіп айтылатын аңыздар да жетерлік. Солардың бірі-түркілердің түпнегізін көкбөрімен байланыстыруы. Ежелгі Қытай жазбаларында мынадай бір аңыз бар: Кезекті бір шайқаста ғұндардың бір бөлігі қатты жеңіліс табады. Қарсыластары сол жердегі бүкіл ғұн атаулыны қырып-жойып, атып-шауып тастайды. Ең аяғында жалғыз ер бала ғана қалады. «Ит қорлықпен өлсін» деген мақсатта дұшпандары оның аяқ-қолын шауып кетеді. Елсізде қалған баланы бір қасқыр тауып алады да өз сүтімен асырайды. Адам аяғы баспайтын биік бір таудың ішіндегі үңгірде бала өсіп, ер жетеді. Осы баладан қасқыр жүкті болып, он ұл тауыпты. Түркі халықтары осы он ұлдан тараған-мыс… Тағы бір аңыз: «айдай сүлу бір ару бөлмесінде ұйықтап жатқанда, оған бір көкбөрі келіп, қосылады. Күн сәулесі кейпінде келген көкбөріден қыз жүкті болады. Түркілердің түпнегізі осы қыздан тараған»… Қасқырлардың ішіндегі көк аспан түстес келетіндері мен ақ қасқырлар аса киелі хайуан болып есептеледі. Олардың адамдарға көрінуі де сирек. Мұндай көкбөрілермен кезіккен адам да «тегін адам емес, киелі қасиеттерге ие кісі» болып табылады. Қасқыр — қайсар, аса сақ, қу хайуан. Қайсарлығы — оның кез келген айқаста жеңіске жеткенше не жеңіліп, демі үзілгенше шайқасуынан көрінеді. Ал аса сақ, аса қулығы әр түрлі әрекеттеріне байланысты айтылған. Бірде бір сұр қасқыр ауыл-үйдің арасына кіріп кетеді. Қиқулап қуа жөнелген топ алдында ғана келе жатқан қасқырдан демде көз жазады да қалады. Ары іздейді, бері іздейді, жоқ. Кейін артынан анықтап білсе, арлан қасқыр ауыл арасында тұрған электр желісінің бағанасын құшақтап, тікесінентік тұра қалған екен. Сұр бағана мен сұр қасқыр ешкімнің назарына да ілікпепті. Қасқырдың ақылдығына танданысқан топ, бастарын шайқаса тарқасыпты. Қазір қасқыр аса азулы, жыртқыш ретінде суреттеледі. Әлі де солай. Бұғауға көнбейтін тұз тағысының аса жыртқыштығын дәріптеудің ең көрнекті үлгісі — «Көксерек» фильмі. Мұнда қасқырдың адам үстемдігіне еш көнбейтіндігінің ең нанымды дәлелі Көксеректің баланы жарып кетуінен айқын көрініс табады. Бұл — қасқырдың мейіріммен ұстауға да көнбейтіндігінің дәлелі. Қасқыр — дала тағысы. Киелі саналатын көкбөрі тұқымына қатысты тағы бір дерек, ол — оның отбасына беріктігі. Қасқыр бір ғана отбасына ие және ол — бөлтірік тәрбиесін толықтай өз мойнына алған хайуан. Ауыздандыру, бөлтірігін көкжалға айналдыру, бәрі-бәрі — осы ата қасқырдың құзырындағы міндет. Өзге хайуандарда жоқ осы қасиеттер киелі жаратылыс иесін әр кез даралап тұрады.--95.57.4.245 14:59, 2010 ж. ақпанның 8 (ALMT)--95.57.4.245 14:59, 2010 ж. ақпанның 8 (ALMT)--95.57.4.245 14:59, 2010 ж. ақпанның 8 (ALMT) Балық майы. Балық майы — нәлім балығынан алынады. Балық майында адамға керекті витамин заттары көп. Мысалы, балық майында А және Д витаминдері көп болады. Балық майын жас балалар рахитқа шалдықпау үшін береді және сол ауруды емдеу үшін қолданады. Бала рахитпен ауырса, қаны азайып жүдесе, не болмаса тамағының безу шошынса, онда ол балаға балық майын ішкізуге болады. Сонымен бірге сүйектің сынған жерінің тез бітуі үшін де балық майын пайдаланады. Сондай-ақ, балық майын дененің күйген, үсінген жеріне жағып емдеу үшінде қолданады. Балық майын бес-алты айлық сәбилерге ішкізуге болады, жарты шай қасықтан бастап бір шай қасыққа дейін күніне екі рет, екі -бес жастағы балаларға екі шай қасық мөлшерімен күніне екі рет ішкізген орынды. Ал он жастан жоғары балаларға ас қасықпен күніне екі-үш рет ішкізеді. Балық майын аузы жақсы жабылатын ыдысқа құйып, қараңғы және салқын жерде сақтау керек. Ауыз уылуы. Ауыз уылуы (стоматит) — ауыздың кілегей қабығының қабынуы. Оның бірнеше түрі болады. Олар: ауыз кілегей қабығының жай ғана қызаруы; екіншісі — жас балаларда кездесетін — ауыз кілегей қабығының күлбіреуі; үшіншісі — ауыз ойылуы. Ауыздың кілегей қабығы қатты қабынғанда адамның қызыл иегі қатты ісініп, қанай береді, ұрттың кілегей қабығы қабынғанда тістің батқан ізі көрініп тұрады, сілекей ағады, кейде мүңкіген сасық иіс шығады. Уылудың екінші түрін ауыздың кілегей қабығына стрептококк немесе стафилококк микробы еніп қоздырады. Мұнда кілегей қабықша мен қызыл иектің әр жері күлдіреп ағарады. Адам тағам шайнаудан қалады, көңілі делсалданып, ашуланшақ келеді, аузынан сілекей ағады, дене қызуы 37,2—37,5 ℃ дейін көтеріледі. Ал аузы ойылған, уылған адамның тістерінің түбі ісініп, сұрғылттанады, қызыл иектері жара болады, жақ астындағы бездер шошиды, тамақ ішуі қиындайды. Емі. Дәрігерге көрініп, күніне 5-6 рет риванол немесе марганец қышқылды ерітіндісімен шайып отыру. Бұлар болмаған күнде сода (көмір қышқылды натрий), бура (бор қышқылды натрий) және фурациллин ерітінділерімен де шаюға болады. Ауызды шайғаннан кейін оның кілегей қабығына метилен көгінің 3 % ерітіндісін жағу қажет. Науқас адамның ішетін асы сұйық не қоймалжың, әрі жылы күйінде, витаминге мол болғаны дұрыс. Кейде пенициллин, стрептомицин сияқты антибиотикті ұзақ ішкенде де ауыз уылуы мүмкін. Бұл жағдайда осы дәрілерді ішуді тоқтатса, аурудың өзінен-өзі қайтуы ғажап емес. Халықтық емі. Ошағанның (тікенді осімдік) гүлін күйдіріп, күлін уылған жерге басады. Қамшы. Қамшы — атқа мiнген адам ұстайтын, бiрнеше таспа қайыстармен көмкерiлiп, өрiлген, сабы тобылғыдан, ырғайдан, аңдардың тұяғы, мүйiздерiнен жасалған атты айдап жүргiзетiн құрал. Қамшының өрiмi сабынан бiр жарым еседей ұзын болады. Қамшы құрал болумен қатар қару ретiнде қолданылған. Өрiмшi қамшының таспасын жiңiшке не жуандатып, кейде өрiмге талшық сымтемiр салып өрген. Ондай қамшылар ыңғайына және қамшы иесiнiң қалауына қарай өрiлiп отырған. Қамшы саптан, өрiмнен және бүлдiргiден тұрады. Саптың қолға ұстар жерi былғарыдан қапталады. Кейде қайыстан өрнектелiп өрiледi. Қамшы өрудiң көптеген түрi қолданылады, соның iшiнде 3 таспадан 32 таспаға дейiн жететiн түрi кiредi. Өрiмдер домалақ, жұмыр, төртқырлы болып келедi. Қамшының қарапайым түрiнiң бiрi — бишiк. Ол қамшыға қарағанда қарапайым, өрiмi сабынан үш-төрт есе, кейде одан да ұзын болуы мүмкiн. Оны мал айдағанда, ат-арба не ат шанамен жүргенде жиi пайдаланады. Өрiм алғашқы басында жуан болып ұшына қарай жiңiшкере бередi. Қамшыны жасау үшiн ең бiрiншi терiнi илеп, иiн қандырып, қайыс өңдеп шығару қажет. Әдетте оны бояуға да, боямауға да болады. Сосын қайысты тарам-тарам етiп тiледi. Өрiм саны неғұрлым артқан сайын сапасы да арта түседi. Алайда, оны өру де айтарлықтай қиындайды. Өйткенi, өрiм саны қаншалық көбейсе, соншалық қайыс тармағын жiңiшкерту қажеттiгi туады. Қамшылардың ең қолайлысы 12 өрiмдiгi болып табылады. 6 өрiм қарапайым түрiне жатады. Осы күндерi тобылғы сапты қамшыдан елiк сирақты сапты қамшыға сұраныс байқалады. Елiк сирағынан жасалған қамшы сәндiкке болмаса, қажетке жаратуға келе бермейдi. Әрине, оны да қолдануға болады. Алайда, ел iшiнде елiк сирағынан жасалған қамшының жолы ауыр деп есептеледi. Сирақ болсын, тобылғы болсын алдымен кептiрiп алынады. Сосын барып бүлдiргiсiн қайыстан ойып шығады. Бүлдiргiге түрлi пiшiндегi ою-өрнектер салынады. Бүлдiргi тесiлiп, қайыс жiппен таспаға тастай оралады. Ең соңында үш бөлiк те бiр-бiрiмен бекiтiледi. Таспаның орта тұсына дейiн оралған қайыс өзiнше сән берiп тұрады. Қолдан сырғып түспеу үшiн саптың соңы тесiлiп жiп өткiзiледi. Ал, бишiктердiң сүйiрленген ұшына әдейi шашақ байланады. Сүйiр қамшы ысылдап сес көрсетiп тұрса, шашақтан қамшы жерге сiлкей ұрылғанда мылтық атылғандай дыбыс шығады. Оспанов, Бақыт Сағындықұлы. Оспанов, Бақыт Сағындықұлы — ҚР Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің төрағасы. Қысқаша өмірбаяны. 1947 ж. қыркүйектің 1 Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Ынтымақ ауылында дүниеге келген. Орта мектептен кейін «Фабричный» кентіндегі фабрикада жұмыс істеген(1965 ж.). Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бітірген (1971 ж.). Жоғарғы оқу орнын аяқтағаннан кейін, кеңестік партия жұмыстарын атқарған. Аудандық, облыстық депутаттығына, Халық депутаттарының Жоғарғы кеңесіне сайланған. ҚР Жер қатынастары және жерге орналастыру мемлекеттік комитет төрағасының орынбасары (1992 ж.); ҚР Жер қатынастары және жерге орналастыру мемлекеттік комитетінің төрағасы (1993 ж.) болып жұмыс істеген. Қазіргі уақытта ҚР Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің төрағасы. Ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты. Қазақстанның Халық Академиясына Академик болып сайланған (1995 ж.). Китано, Такеши. Такеши Китано — әлемге әйгiлi жапон режиссерi. Ол соңғы он жылдықтың ең үздiк режиссерi саналады. Көрермен қауымға «Фейерверк», «Сонатина» фильмдерi арқылы аса танымал. Такеши Китано Токио қаласында дүниеге келген. Балаң шағында жапон мафиясымен байланысы болған деген де деректер бар. 1971 жылы досы Киеши Канекомен бiрiгiп, «Қос қуақы» сайқымазақ дуэтiн құрады да, екi жыл бойы сенбi сайын қала клубтарында келушiлердiң көңiлiн көтерумен айналысады. Тек бұдан кейiн ғана сайқымазақтықтан телепродюсерлiкке көшiп, 1976 жылы «Ең үздiк дуэт» атағын жеңiп алады. 1983 жылы Нагиса Осиманың «Счастливого рождества, мистер Лоуренс» фильмiне қатысып, үлкен кино әлемiне алғашқы қадамын жасайды. Бұдан кейiн «Крутой коп» фильмiнде тұңғыш рет режиссерлiк қабiлетiн сынға салады. «Қаншалықты жақсы көретiн тағамыңыз болмасын, күнделiктi пайдалансаңыз, түбi бiр тәбетiңiз тартпай қалады. Сол секiлдi бiр-бiрiнен егiздей айнымайтын фильмдер де көрермендердi тез жалықтырады» дейдi даңқты киногер. Китано Жапониядағы он жылдықтың үздiк фильмi деп танылған «Фейервергiн» 1997 жылы жарыққа шығарды. Кейiн айтылмыш кино Канн және Венеция фестивальдерiнде жоғарғы бағаға ие болды. Фильмнiң басты кейiпкерi — бұрынғы полиция қызметкерi Ниси жапон мафиясының бар құпиясын ашып, жермен-жексен етедi. Режиссер кейiпкерiнiң бойына бар қасиеттi жиып бередi де, нәтижесiнде Вальядолид фестивалiнде «Ең үздiк актер» атағын жеңiп алды. Бұдан кейiн түсiрген «Кикуджиро» киносы XX ғасырдың соңғы шедеврi саналады. Майялар. Майя — құшағына бiрнеше ұлтты басқан, тiлi мен дәстүрi, құдайы ортақ ұлыс. Сол кезеңде тамыры бiр бiрнеше жұрттың бiрiккен ошағын майялар деп атаған. Бірақ олар жайлы зерттеуер көп уақыт жүргізілмеген. Өйткенi, халықтардың мекен еткен жерi — Мезоамериканың ну джунглилерi мен манго ормандарының iшiнде болды. Сонымен бірге бұл өркениеттi түбiрiмен зерттеймiн деп қадам басқан адамның алдынан тағы бiр дерек тұрады: Ол майялардың iшiнде жүзге тарта ұлыс болғанымен олардың өзi бiрнеше тармаққа бөлiнетiнi. Майялардың негiзiнен атақонысы болып саналатын жер — Мексиканың, Гватемаланың, Белиз бен Гондурастың, Сальвадордың шалғай қалың орманды өлкелерi едi. Ал, бүгiнде ол аймақта соңғы бiр-екi ғасырда көшiп барған ұлты мен тегi алуан түрлі америкаланған жұрттар мекен етуде. Әрине, майялар өз атамекенiн тастамаған. Бiрақ оларды ығыстырып шығарды, қарсылық көрсеткендерiн атып, асып, бұл ұлысты тарих бетiнен жоғалтуға ұмтылыс жасаған американдық саясат өз дегенiне жеттi. Бұл зерттеу жүргiзiлмеудiң бiр себебi. Екiншiден, олардың бiзге жеткен тастағы жазбалары мүлдем түсiнiксiз болды. Қаншама ғалым көз майын тауысқанымен оқылуы мүмкiн болмады. Ал, 1990 жылдан бергi уақытта ғана жанкештiлiкпен жазбаға үңiлген зерттеушiлер тастағы мәтiннiң бiрен-саранын ғана оқуға мүмкiндiк алып, Гватемала джунглилерiндегi археологиялық жаңалықты үндiстер ұлысының арқауы болған ежелгi мәдениет пен руханият деп баға бердi. Ал, бұған дейінгi зерттеулерге қарасақ, осыған дейiн Чичен-Ица, Копан, Ушмаль, Тикаль тәрiздi қалалары ашылған. Және мұның үндiстердiң ежелгi мәдениетi мен тарихы және жылнамаларынан хабар беретiн мүмкiндiк тудырған. Осы қалалардың бiрiне жақын зираттан, атап айтсақ, Гватемаланың солтүстiк-батысында орналасқан Вака атты ежелгi қаладан табылған бұдан 1200 жыл бұрынғы әмiршi әйелдiң қабiрi екенiне көз жеткiзiлген. Оның жерлеу рәсiмiндегi шараларына қарап майялар өркениетiне қатысты бiршама деректi ұшырастыруға болады. Өйткенi, ол жауынгерлiк дулыға кигiзiлiп жерленген. Соған қарап ғалымдар бұл әйел әскери адам болған деген де пiкiр айтуда. Жорамалға сенсек, мұндай мәртебеге ие болған әйел жоғарғы шендi қолбасшы, немесе әскер басы болуы тиiстi. Зиратта сонымен қатар теңiз мысығының сүйектерi де табылыпты. Ежелгi түркi өркениетiнде өлген адамға деген құрмет үшiн жылқы малын көрге бiрге көмсе, бұл халықтарда да құрбандық шалу риторикасы болса керек. Жалпы, зерттеушiлердiң пiкiрiнше, осы Майя жұрты мен Түркi халықтарының арасында ұқсастық өте көп. Майялардың Ушмаль қаласының аты "Үш рет қайта салынған" дегенді білдіреді. Майя өркениетiнде құрбандық шалу — екi түрлi болған. Бiрi құдайға шалатын құрбандық, екiншiсi өлген адамға құрмет көрсету үшiн шалынатын құрбандық. Көз жұмған кiсiге деген құрбандықты мал мен аң атқарса, құдайға деген құлшылықтарында қолға түскен жаудың тұтқындарын шалатын болған. Әсiресе, дiни мейрамдар қарсаңында арнайы сақталған тұтқындарын өлiм жазасына кесiп, құдай алдындағы мiндетiн өтейтiн болған. Мәдени даму Майя халықтарында да болған. Бұдан шамамен 2000 жыл бұрын өмiр сүрген Сиваль қаласының орнын зерттегенде қазба жұмысын зерттеушiлер бұл жердегi мұрағаттарға қарап, қала классикалық дәуiрдi бастан кешкен деген тоқтамға келген. Сәулет құрылыстары мен сарай салу өнерi осындай тоқтамға келтiредi екен. Көлемi бес-алты метрден асатын сарай қабырғалары мен алып мүсiндер сонымен қатар күрделi жазбалармен де өрнектелген. Бiрақ осынау жазбалардың оқылмай келген де себебi бар. Әлем кiтап оқуға бет бұрған кездiң басы саналатын ХVII ғасырда Еуропада шiркеу мен дiн басылар тарапынан мұндай түсiнiксiз және мистикалық құдiретке ие жазуларды оқуға мүлдем тиым салынды. Сондай кедергiлердiң салдарынан Сиваль қаласындағы жазбаларды оқуға мүмкiндiк 1950 жылдарда ғана туды. Мұның нәтижесiнде Майя халықтарының тек жауынгерлiктi ғана баптап қоймай, дәрiгерлiкпен, iсмерлiкпен, қолөнермен, сондай-ақ, астрономиямен шұғылданғанын байқаған. Майялардың iшiндегi жиi-жиi болатын шабуыл — олардың даму мүмкiндiгiне де кедергi келтiрдi. Зерттеушiлер тiптi Майя халықтарының ыдырап кету себебiн ең бiрiншi соғысқұмарлығына қатысты сабақтастырады. Олардың соғысқұмар болғандығының тағы бір дәлелі, зираттар мен қазба жұмыстарында табылған соғыс құралдарымен қатар, тiптi, мүсiн және архитектуралық заттарының өзiнен қиналып өлгелi жатқан тұтқындардың бейнесiн жасағаны дәлелдейдi. Майя жұлдызшылары бүгiнге жеткен Григориан күнтiзбесiнен бұрын уақытты дәлме-дәл есептейтiн грек пен римдiктердiң ойына да келмеген уақыт санауды ашқаны соңғы кездерде белгiлi болып жатыр. Мұның бiр мысалы, iнжiр ағашының қабығынан жасалған қағаздардағы жазбалары үлкен ойшылдықты айқындайды. Дегенмен бұл жазбалар толық жетпеген. Майя өркениетiнен бiзге жеткен бiр таңсық нәрсе — ол ас үй. Бұршақ пен какаоны пайдалану нәтижесiнде жасаған көбiктi шокаладтарын қазба жұмыстары дәлелдесе, олардың табиғи каучуктен жасалған доптарына қарап, қазiргi заманғы футбол ойыны майялықтарға тән деген де жорамал айтылуда. Салмағы 3,5 келi болатын ауыр доппен ойнау тек қана ойын емес, ер жiгiттердi сынау да болыпты. Осының нәтижесiнде талай адам жараланып, жеңiлiс тапқандарды өлтiру де кездескен. Жалпы зерттеушiлер бұл өркениет жайында көп пiкiр айтады. Құрып кетуiнiң себептерi ретінде — 1)халық саны көбейiп, өздi-өзi соғысу түбiне жеткен, 2) ұзаққа созылған құрғақшылық, 3) Америка құрлығының ашылу кезеңi т.б. да атайды Тораңғы. Тораңғы () — терек туысына жататын ағаш. Дiңi түзу, жуандығы кейде 1 м-ге жетедi, қабығы сарғылтсұр, таспа тәрiздi сыпырылады. өркендерi бастапқыда нәзiк түктi, кейiн түксiз, түсi қоңыр сарғылт. Сәуiрде гүлдейдi, мамырда жемiс бередi. Тораңғы топтанған тоғай (тораңғыл деп аталады) түрiнде де, жеке дарақ ретiнде де шөлдi-шөлейт аймақтарда, құмды қолат баурайларда, тұзды-сортаң тақырларда, өзен аңғарлары мен жағаларында өседi. Сырт келбет-пiшiнi мен жапырақтары көгiлдiр терекке ұқсастау келедi. Тораңғы сол саялы ағаштың жабайы түрi iспеттес. Тораңғы отын орнына пайдаланылып құрып бара жатқандықтан, соңғы кезде Қазақстанның Қызыл кiтабына енгiзiлген. Тораңғы — тұзды және құмды сусыз шөлдерде табиғи жағдайда өсе беруге қабiлеттi бiрден-бiр биiк дiңгектi, жапырағы мол ағаш. Ол ауаның жылылығына, желдiң күшi мен дымқылдың тапшылығына қарамайды. Қоршаған ортасына тап осылай бейiмделiп үлгерген бұл ағаш шөлдi аймақтың күрт өзгерiстi континенттiк қатал жағдайына жақсы шыдайды. Ағаш жапырақтарының суды аз буландыруы, тамыр жүйесiнiң жақсы дамуы мен оның 10 метрден әрмен тереңдiктегi жер асты су көздерiнен нәр ала беретiнi оны осындай дәрежеге жеткiзген. Тораңғы тамыр жүйесi жер бетiне жақындаған тұсында жан-жағына қарай жайыла тарап, аумағы 30 метрге дейiн барады. Бұл өскiн сегiзаяқтың өндiр өркенi сияқты сол шандыр тамырларынан тараған шыбықтары арқылы айналаға ұрпақ шашып, қанатын кең жаяды. Сол сияқты мамыр айында гүлдейтiн жапырақтарынан ақ үпелек түрiнде ауаға ұшатын ұрықтарынан шамалы да болса майда өскiндер өсiп шығады. Бiрақ бұл жалпы мөлшердiң болмашы көлемiн ғана қамтиды. Ал, тек тамыр мен бұтақ қаламшалары арқылы бұл ағашты әсте көбейтуге болмайды. Тораңғы жапырақтары ылғалды өте жақсы өткiзедi. Мамандар тораңғы тамырында судың көп болатынын айтады. Шөл далада өсiп тұрған iрi ағаштардың түбiнде судың жиналып қалатыны жиi байқалады. Ол сулар ұдайы төмен қарай ағып, маңайына шыбын-шiркей жинайды. Мұндағы су мөлшерi 25 литрге дейiн барады екен. Су ауаға шыққаннан кейiн қышқылданып, қан iспеттес қоңыр-қызыл түске боянады. Осылай ерекше үн шығаратын немесе қанға ұқсас су жинайтын қасиеттерiне орай жұрт тораңғыды ерекше киелi ағаш санайды. Қасиетi бар болса, бар шығар, тораңғыдың гүл шашып жатқан кезiнде оның көлеңкесiне жатып, ұйықтап қалуға болмайды деседi. Қолайлы жағдай болса, тораңғы ағашының өте биiк те iрi болып өсе алады. Мысалы, Б.К.Скупченко 1952 жылы Балқаштың маңайынан биiктiгi 30 метрге жететiн, жуандығы 1,5 метр болатын тораңғыды көрiп, суретке түсiрiп алған. Оның қандай көлемдiсi болмасын, құмды және тұзды топырақтарда орман алқаптарын көбейтумен қатар, сол табандар көшкiнiн тоқтатуға үлкен септiгiн тигiзетiнiмен бағаланады. Ғалымдардың мәлiмдеуiнше, әр тораңғы орта есеппен жыл сайын 1 тоннадан аса шаңды ұстап қалып, 1,5 мың литр оттегiнi айналасына бөлетiн көрiнедi. Тораңғы — елдi мекендердi көгалдандыру мәселесiнде де таптырмайтын аса құнды ағаш. Ол бүгiндерi Қызылорда қаласындағы Оқушылар паркi мен барлық аудандар орталықтарының бiрқатар көшелерi бойларында көптен берi өсiп тұр. Ел аузында «шөл даланың падишасы» атанған бұл өскiндi бүгiнде қазақ жерiнiң бiраз пұшпағы өзiнiң өрелi саясы санайды. Қазiр тораңғы (тораңғы деп те айтылады) тұқымдас ағаштың алуан түрi Қазақстанда Арал өңiрi мен Қызылорда облысынан басқа Балқаш пен Алакөл аумақтарында, Бетпақдала атырабында, Зайсан маңайында, Мойынқұм сауырында кездеседi. Борис Кузьмич Скупченко бiраз жылдар бойы Қазақстан Ғылым академиясында қызмет iстеп, тораңғы ағашының өсiп-өнуiн түбегейлi зерттеген. Осы бағыттағы iзденiсiнiң қорытындысы ретiнде ол 1952 жылы «Тораңғы теректерiнiң тұқым арқылы көбеюi» деген тақырыптағы кандидаттық диссертациясын қорғаған. Миқұрт. Миқұрт (менингит) — бұл халық арасында көп таралған дерттiң бiрi, өте қатерлі ми ауруы, мұнымен көбінесе балалар ауырады. Ол басқа аурулардың, шешек, мысқыл (шықшыт безінің қабынуы), көкжөтел немесе құлақтың қабынуы сияқты аурулардың "асқынуынан" болады. Туберкулезбен ауыратын анадан туған балалар кейде туғаннан кейінгі алғашқы айларда туберкулез менингитімен ауырады. Оның неше түрлi кезеңiмен көптеген адамдар ауырады. Ертеде бұл аурумен науқастанған жан ем табылмауы себептi көп өмiр сүрмеген. Ал, бүгiнгi таңда жетiлген медицинаның көмегiмен құлантаза айығып кететiн адамдар саны артып келедi. Көбiне суықтан болатын бұл кесел ми мен жұлынның жұмсақ қабықтарының қабынуынан туындайды. Ең алғаш рет оған қарсы емдiк препаратты 1887 жылы А. Вейксельбаум ойлап тапқан болатын. Сонымен қатар менингит бактериясы жөтелу кезiнде ауа арқылы жұқпалы түрге алмасады. Мұрынға түскен бактерия жұлынға жетiп, қан айналымына енiп, қоздырғыштарды күшейтедi. Менингиттiң жұқпалы түрiне шалдыққан адам ауруды таратушы болып саналады. Сонымен қатар менингит жүйке жүйесiне қатты әсер етiп, нәтижесiнде менингиттiң жүйке жүйесiне әсер ететiн түрiне шалдыққандардың 20 пайызы өз өмiрiмен қоштасады. Менингиттiң туындауы — адамдардың тығыз орналасуынан, тазалық сақтамаудан, сонымен қатар, ауруды тарататын ошақтардың жақын болуынан. Сондай-ақ, кейде денеге түскен жарақаттан, құрт ауруынан, тұмау мен iш сүзегiнен де пайда болады. Аурудың барысы. Ауру бастапқы кезеңде екi түрге бөлiнедi. Жедел және созылмалы болатын бұл аурудың ең күрделiсi мида iрiңдi түрде болатын менингиальдық синдромы. Аурудың алғашқы белгiлерi — ауру жұққаннан кейiн 10-12 күннен соң ағзада бас ауру, лоқсу, ауыз құрғап, қызу көтерiлу, дауыс қарлығып, өңi бозару секiлдi инкубациялық кезең өтiп, денеде қызғылт түстi дақтар пайда болады. Дене қызуы 40-қа жоғарылап, бұлшық еттер тырыса бастайды. Дер кезiнде емделмесе көп жағдайда сал болып қалуы да мүмкiн. Жарыққа қарай алмай, қатты дауыстан қорқып, есiнен адаса бастайды. Бұл белгi iрiңдi менингитте орын алады. Менингит — құрт ауруының түрi — науқастан әл кетiп, шаршап, тез терлеп, дене қызуы көтерiлiп ұзақ уақыт жүредi. Бас сүйек iшiндегi қан қысымы ұлғайғанда барып анықталады. Алдын алу. Анасы туберкулезбен ауыратын жаңа туған сәбиде болатын туберкулездік менингиттің алдын алу үшін сәбиге туған кезінде арнаулы вакцина егілуге тиіс. Сәбилер үшін вакцина мелшері — 0,05 мл (қалыпты 0,1 мл мөлшердің жартысы). Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Есмағамбетова, Аянат. Аянат Есмағамбетова — қазақ киносының актриса. 1987 ж. мамырдың 3 дүниеге келген. Қазақ Менеджмент, экономика және бизнес институтында оқиды. Чувакова, Тамара Құрманғалиқызы. Тамара Құрманғалиқызы Чувакова — Қазақстанда неонатология саласын дамытуда ерекше еңбек сiңiрген профессор, 1938 жылы 5 мамырда дүниеге келген. Әкесi Құрманғали, туған ағасы Нығмет Нұрмақов екеуi де халық жауы деген желеумен репрессияға ұшырап, 1938 жылы атылып кеткенде, Тамара апай анасының құрсағында қалыпты. Бес жасынан бастап әжесiнiң тәрбиесiнде болған оның өмiрi соғыс жылдарындағы және одан кейiнгi қиындықтармен тұспа-тұс келген. Осыншама қиындықтарға мойымастан мектептi жақсы тәмамдағаннан кейiн, 1962 жылы Қазақ Мемлекеттiк медицина институтын жемiстi аяқтап, «Ана мен бала денсаулығын қорғау» ғылыми-зерттеу институтының бала физиологиясы, гигиенасы және тәрбиесi бөлiмiнде ғылыми қызметкер болып еңбек жолын бастайды. 1969 жылы кандидаттық диссертация қорғайды. Осыдан кейiн «Ана мен бала денсаулығын қорғау» ғылыми-зерттеу институтының жаңа туған және шала туылған нәрестелер бөлiмiн басқара жүрiп, күнi толмай туған балалардың орталық жүйке жүйесiнiң гипоксиялық зақымдары мәселелерiмен белсендi айналысады. Оның редакциялауымен «Жаңа туған нәрестелердегi гипоксия, асфиксия және босанған уақытта алған бас сүйегi жарақаты» атты ғылыми еңбектер жинағы шыққан. Тамара Құрманғалиқызы «Шала туған балалардағы гемостаз бұзылыстары және оларды ретке келтiру» деген тақырыпта докторлық диссертациясында өте жақсы қорғап шығады. Ол 1978 жылы Алматы Дәрiгерлер бiлiмiн жетiлдiру институтында ашылған неонатология курсының бiрiншi жетекшiсi. Оның жоғарғы кәсiби дәрежеде қызмет етуi арқасында 1980 жылы курс неонатология кафедрасы болып қайта құрылды. Бұрынғы Кеңес Одағында бұндай кафедра бар болғаны бесеу-ақ болатын. Неонатология — шала туылған балалар жөнiндегi ғылым деген ұғымды бiлдiредi. Тамара Чувакованың жетекшiлiгiмен 12 кандидаттық, 4 докторлық диссертация қорғалды, 250 ғылыми жұмыс жарияланды. Және 2 монография бар. 1998 жылы Амстердамда өткен XXII Халықаралық педиатрлар конгресiнде оның ана сүтiн ластаушылар және олардың бала денсаулығына әсерi туралы баяндамасына грант берiлдi. Ғалым-ұстаздың халықаралық дәрежеде көптеген еңбектерi бар. Тамара Құрманғалиқызы — көптеген жылдар бойы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң штаттан тыс бас неонатологы. Профессорға Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 22 қазандағы қаулысымен «Қазақстанның еңбек сiңiрген қызметкерi» құрметтi атағы берiлдi. Алматы қалалық Перинатальдық орталыққа қарасты неонатология кафедрасының меңгерушiсi Тамара Чувакованың ұжымы АҚШ-тың бұрынғы президентi Клинтонның зайыбы Хиллари ханымның бастамасымен АҚШ неонатологтарымен бiрiгiп, тәжiрибе алмасу жұмыстарын жүргiзуде. Ысмайылов, Әубәкір. Әубәкір Ысмайылов - Қазақ ССР-інің халық суретшісі. Әубәкір Ысмайылов 1913 жылы №6 ауылда (қазіргі Қарағанды облысы, Тельман ауданында) туған. Әкесі шахтер болатын. Суретшінің жадында сақталып қалғаны ағылшындар салған ыс басқан барактар мен шаң-тозаңды даланың сұрықсыз келбеті еді. Әубәкір бала кезінен бастап суретті көп салды, балшықтан түрлі ойыншықтар жасайтын, әсіресе, жылқы мен салт атты адамның мүсінін жасауға аса құштар болатын. Еңбегі бірінші рет он бес жасында көрмеге қойылған. 1928 жылы жас суретші үлкен өмірге енді қадам басқан шағында Қазақстан қалалары мен поселкелерінде (Семей, Петропавл, Қызылорда және т.б.) бірінші рет көркемсурет көрмесі өткен. Оған 30 суретші қатысып, 110 живописьтік, графикалық, қолөнер шығармалары қойылды. Көрме өткен әр қалада ол жергілікті суретшілердің жұмыстарымен де толықтырылып отырды. Н. Крутильников, Ф. Болкоев, М. Белов, В. Уфимцев сияқты үлкен талант иелерінің ұйымдастыруымен өткен жылжымалы көрме Кеңес Үкіметі тарапынан үлкен қолдау тауып, көпшілік құрметіне тез бөленді. Халық ағарту комиссары А. Луначарский арнайы жеделхат жіберіп құттықтап, артынан көрме мемлекет қамқорлығына алынады. 1929 жылдың көктемінде Кеңес¬тің кезекті съезі өтерде республиканың сол кездегі астанасы Қызылорда қаласында көрме ашылады. Осы көрме Петропавлда өткен кезде оған Әубәкір Ысмайылов алғаш рет қатысты. Бұл әуесқой суретшінің тырнақалды балаң еңбектері болса да, жұрт назарын аударды. 1927-1928 жылдары Әубәкір Ысмайылов Омбыдағы М. Врубель атындағы кәсіптік көркемсурет техникумының қазақ жастарына арналған студиясында оқыды. Сол жылдары дала өмірін бейнелеу үшін Қазақстанға жиі келетін суретші Г. Савицкиймен бірлесіп істеген жұмысы жас суретшіге өте көп пайдасын тигізді. Ысмайыловтың ерте кезде салған шығармалары сақталған жоқ. Ол суреттердің тек аттары ғана белгілі. 1928-1929 жылдардағы көрмеде суретшінің «Бетпақдаладағы аңшы» мен «Сарысу алқабы» акварелі және ауыл кедейлері тақырыбына салған жиырма шақты суреті көрсетілген болатын. 1932 жылы Ысмайылов шахтерлер еңбегін бейнелеуге көбірек көңіл бөледі. Суретші есімі Қазақстанға және одан тысқары жерлерге кеңінен мәлім. Ысмайыловтың елге ерекше танылуы пейзаждары мен тақырыптық суреттерінің ғана арқасы десек қателесеміз, оның актерлік, режиссерлік, бишілік, балетмейстерлік өнерлері де ел-жұрттың үлкен қызығушылығын тудырған. Әйтей батыр. Әйтей Құлманбетұлы 1712 жылы қазіргі Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы Жарсу өзенінің бойында жылқышының үйінде дүниеге келген. Шапырашты руының Асылынан тараған Орынбет ұрпағы, Құлманбеттің үш ұлының ең үлкені. Жастайынан жылқы бағып, тай мініп, асау үйреткен бала, ержете аттың құлағында ойнайтын шабандоз, бапкер, жылқыны өте жақсы танитын сыншы (сейістік) және ат бәйгесі мен көкпар, жеке сайыстарға көп қатысып, шынығып өседі. Ол бала жігіт кезінен-ақ XVІІІ ғасырда қазақ жеріне, әсіресе, Жетісу өлкесіне тұтқиылдан шабуыл жасаған құба қалмақтың басқыншылық соғысына қарсы күрес жүргізген айтулы қазақ батырларының бірі. Елінің бас бостандығы мен тәуелсіздігі үшін, атамекен жерді жаудан қорғап қалу үшін арпалыс жолында жан аямай жасақ жинап, күш біріктірген қолбасшы. Тарихи деректер мен ел аузындағы, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, бізге жеткен шежіре мен аңыз әңгімелерге қарағанда, албан руынан шыққан беделді, ел билеген батыры Хангелдінің басшылығымен Әйтей қалмаққа қарсы көптеген ұрысқа қатысып, әбден шыңдалды. 1729 жылдың көктемінде қазақ, қалмақ жасақтары екі төбенің басына жиналып, қан төгіспек үшін бірін-бірі жекпе-жекке шақырады. Қалмақ жағынан дене бітімі ерекше ірі жасақ Жамқайын атын ойнатып, екі төбенің ортасындағы жазыққа шықты да, найзасының ұшын қазақ жасақтарына қаратты. - Балам, жастау екенсің, жасың нешеде, қайратың қандай еді? - деп сұрайды. - Олай болса, балам, Алла жар болсын, Бәйдібек бабаңның әруағы қолдасын, әу¬мин! - деп қысқа қайырып, батасын береді. Ауыздықпен алысқан құлагерін ортекедей орғытып Әйтей де жазыққа шықты. Екі сарбаз бір-біріне құйындата қарсы шаба жөнелді. Басын жіберген құлагердің құйрығы ұшқан құстың қанатындай түп-түзу болып көрінді. Екі ат бір-біріне жақындасқанда, батырлар ұстаған найзалардың қалқанға тиген ащы дауыстары шаңқ-шаңқ етіп, бар назарын осы екі сарбазға аударып тұрған жасақтарға естіліп тұрды. Екеуі бірін-бірі көпке дейін ала алмайды. Қалмақтың қара күші басым болғанымен, амал-тәсілі шамалы, қимылы борпылдақ екен. Әйтейдің шапшаңдығына төтеп бере алмаған қалмақ әбден қансорпа болып терлеп, берекесі кете бастады. Екеуінің ұрысы қанша уақытқа созылғанын кім білсін, бір кезде көз ілеспес жылдамдықпен қимылдаған Әйтей найзаның ұшымен қалмақтың кіндігінің тұсынан шаншып, бұрап-бұрап жіберіп, тартып қалғанда, оның ішек-қарны ақтарылып, өзімен бірге жерге түседі. Жерге екі бүктеліп топ ете түскен жауының басын Әйтей қылышымен шауып алады. Мұны көрген қазақ жасақтары қуанғанынан «Бақтиярлап, Қарасайлап!» төңіректі күңірентіп жіберді. Қалмақтар жағы алдыңғы сенімінен айырылып, қатты абыржиды. Олардың жан-жаққа бытырап қаша бастағанын байқаған қазақтар лап қойып, жауды жеңеді. Осы ұрыстан кейін сол жердің аты «Ойрантөбе» болып, күні бүгінге дейін ел аузында айтылып келеді. Ата-бабаның әруағы қолдап, алғашқы рет қалмақтың Жамқайын батырымен жекпе-жек ұрыста жеңіске жеткен бала жігіт Әйтейдің атағы тез арада Жетісу аймағына тарайды. Әйтейдің жұрт көзіне түсіп, батыр деген атаққа ие болып, соғысқа нағыз араласқан кезі осыдан басталады. Хангелді Әйтей батырды сарбаздарының мыңбасы етіп сайлайды. Жалындаған жас жолбарыс Әйтей батыр әскери қолбасшылыққа ие болғаннан соң дереу іске кіріседі. Алғашқыда әскери жоралғыны неден бастарын білмеген ол, ағайын-туғанның «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», ұйымшылдық демеуі арқасында тізгін-шылбырды жетегіне алғаннан кейін, ар жағын тез-ақ меңгеріп кетеді. Әйтей де басқа батырлардай елін, жерін қорғауда, азат етуде көптеген соғыстарға қатысып, жеңіске жетіп, қазақты ұятқа қалдырмайтындай, қалмақтарды қысқанда суын шығаратын батыр және ел қамқоршысы болды. Басқа батырларға қарағанда Әйтейдің соғыс әдісі өзгеше болатын. Қарсы келген жаулары басы-көзін, қол-аяғын қорғаймын деп жүргенде, ол көбінесе кіндіктің тұсынан найзамен шаншып, болмаса қылышпен шауып, ішек-қарнын ақтарып, ердің басынан жерге шұбатып түсіреді екен. Сондықтан, оның ұрысын естіген қалмақ маңайынан алыс болуға тырысатын. Онымен жекпе-жекке шығудан қашады екен. Күз айы. Әйтей батырдың шатыры Қаскелеңнің терістік етегіндегі Қаратөбенің астындағы сайда, жау көре алмайтын Қарасу өзенінің бойында болатын. Осы қоныстың соғыста стратегиялық маңызы зор екенін батыр өте жақсы білген. Қаратөбенің шоқысында тұрған күзетші-сақшы жан-жақты қырағылықпен көз жетер алыстағы аттыларды көріп, байқап хабарлап тұратын. Осындай жайбарақат күн¬дердің бі¬рінде аттан түспей әбден шаршаған жасақтардың көңілдері жай, тынығып жатқанда қалмақтар қоршап алып, естерін жиғызбай, соққыға жығады, біразы қашып құтылады. Әйтей бастаған біраз тобы қалмаққа берілмей, қасық қаны қалғанша соғысып, олардың да сазайын береді. Қазақ сарбаздары қол жинап, соғысуға қайта келгенде, Әйтейді жеті жерінен найзамен түйреп, ат басы бойы жоғары көтеріп қойып, өздері қашып кетіпті. Бұл 1761 жылан жылы, батырдың қырық тоғызға келген мүшел жасы екен. Елімізде мүшел жасты адамның өз өміріне қауіпті жас деп айтады. Әйтей қамығу, қорқу дегенді білмейтін көзсіз батыр еді. Сол кезде оған тең келерлік батыр сирек болатын. Батырлық қасиет оның жүрегінде де, білегінде де бар еді. Бірақ кейбір батырлардай Әйтейдің бағы жанбады. Фәни дүниеден ерте өтті, - деп, Шыбыл Жауғашар батырдың күрсініп, жүрегін елжірете айтқан әңгімелерін әкем Аманнан балалық шағымда көп естуші едім, - дейді, белгілі ақын, сазгер Жарылқасын Аманов. Әйтейдің артында қалған балалары - Барлыбай, Естемес, Пұстынбай ұрпақтары кейін бабасының қаза болған жеріне қоныс теуіп, олардан тараған немере-шөберелері өсіп-өрбіп, өз алдына бір ауыл болады. Содан бері осы ауыл Әйтей батыр ауылы аталып келеді. Ал, Әйтей үлкен ұлы Мамырдың ұрпақтары әкесінің туып-өскен қазіргі Еңбекшіқазақ ауданы жерлерін мекендеп қалады. Кейін ұжымдастыру кезінде де колхоз Әйтей батыр болып аталды. Осы ауылда төрт бейіт бар. Қазіргі күмбез тұрғызылған бейіт -«Шошақ мола» деп аталады. Жолдыбай, Маман, Арқанаты, Естемес ұрпақтарының бейіті қырда, қазіргі Тұрар ауылына төтесінен баратын жолдың бойында. Ал, Жиенбет, Боқаш ұрпақтарының бейіті - Қаратөбеде. Төртінші - ауылға кіреберіс жолдың екі жағындағы атаға бөлінбейтін бейіт. Ол жаппай ашаршылық кезінде пайда болған. Ұлы Отан соғысы жылдары Әйтей батыр колхозын әйел адамдар басқарды. Әйтейдің бесінші буыны Есімнің қызы Мәстура - колхоз бастығы, Әйтейдің үшінші ұлы Барлыбайдан туған Маманның шөбересі Жазылбектің кіші ұлы Андайбектің әйелі Алуа - партия ұйымының хатшысы болды. Сіздер қай колхоздансыз? - деген сұраққа Мәстура да, Алуа да ізеттілік, әдептілік сақтап, бабасының есімін айта алмай, күбірлеп жауап бермейді. Содан бері аудан басшылары ауылдың атын өзгертіп «Интернационал» деп қойды. 1941-1945 жылдарда болған Ұлы Отан соғысына Әйтей батыр ауылынан жүз он сегіз адам қатысып, олардың жартысы еліне оралмай, майданда қаза болды. 1992 жылы ауыл тұрғындарының және батырдың ұрпақтарының сұрауы, талабы бойынша бұрынғы тарихи аты қайтадан «Әйтей батыр» ауылы болды. Қазір осы ауыл екі мыңнан астам тұрғыны бар елді мекен. Қаскелең ауданының құрылғанына жетпіс жыл толуына байланысты Қаскелең, 1999 жылы Қарасай батыр ауданы болып атанды. Қызыл қайың. Қызыл қайыңның жалғыз Отаны бар, ол — Қазақстан. Бұл сирек кездесетiн тал әлемнiң өзге бiрде-бiр елiнде өспейдi. Қазақстанның өзiнде Алматы облысындағы Текес пен Байынкөл өзендерi аңғарында ғана тараған. Бүгiнде қайыңның бұл түрi Қызыл кiтапқа енгiзiлген. Алайда, бұған қарамастан, жыл сайын ағаш ареалы тарылу үстiнде. Қызыл қайыңның тағдыры бүгiнде қыл үстiнде десек те болады. Өйткенi ол — Нарынқол ауылы тұрғындарының негiзгi отын көзiне айналған. Ресми дерек көздерiне сүйенсек, соңғы он бес жыл көлемiнде қызыл қайыңның өсу аймағы 15-20 пайызға қысқарған. Айталық, 1990 жылы қайың ареалы 225 гектарды құраса, бүгiнде 180 гектарға әзер жетедi. Мұсақожаева, Айман Қожабекқызы. Айман Қожабекқызы Мұсақожаева - скрипкада ойнаушы. Қазақстанның халық артисі, “Әлем артисі” (ЮНЕСКО, 1998 ж.), Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі. 1958 ж. Алматы қаласында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын, П. И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясын бітірді. Айман ұйымдастырушы, талантты ұстаз. 1993 жылдан “Солистер Академиясы” Мемлекеттік камералық оркестрін ұйымдастырды. 1998 жылдан ол Астанадағы қазақтың Ұлттық музыка Академиясының ректоры қызметіне тағайындалды. Қазіргі кезде Президент оркестрінің көркемдік жетекшісі. А. Мұсаходжаеваның аты музыкалық Олимпте М. Плетнев, Г. Кремер, Е. Грач, В. Третьяков, И. Гаврш сияқты әлем жұлдыздарымен қатар тұр. Ол Шығыс музыкасының нәзіктігін, сезімталдығын Еуропаның музыкалық мәдениетінің руханилығымен, көпқырлығымен үндестіріп, ұлттық өнерді әлем халқына танытты. Балалық шағы. Әлемге әйгiлi Айман Мұсақожаеваның ән-күйге деген әуестiгi бала кезiнен басталды. Анасы Рахила балаларының жан-жақты бiлiмдi, жiгерлi болып өсуiне көп күш салды. Әкесi Қожабек Мұсақожаев әр жерде түрлi жауапты қызметтерде жүрдi, облыстық партия комитетiнiң хатшысы болды. Үйдегi төрт бала Алматыдағы интернатта тұрып оқыды. Шешесi Қаскелең ауданынан қалаға келгенде төрт қызды жетектеп, опера және балет театрына алып баратын. Айман Күләш Байсейiтова атындағы республикалық музыка мектебiнде профессор Н.Патрушеваның сыныбында оқыды. Оны ойдағыдай бiтiрген соң Мәскеудегi П. Чайковский атындағы мемлекеттiк консерваториясында Кеңес Одағының әртiсi, профессор В. Климовтың сыныбында оқуын жалғастырды. Айман Мұсақожаева 1976 жылы Югославияда, Белград қаласында өткен халықаралық конкурста лауреат атанды. Небары 18 жастағы қыздың халықаралық сайыста Қазақстан атынан жасқанбай өнер көрсетiп, жеңiмпаздық тұғырдан көрiнуi жиналғандарды айрықша таң қалдырған едi. Бұл оның алғашқы шыққан биiгi болатын. Осыдан кейiн Айманның өсiп, өрлеу жолдары басталды. 1981 жылы Генуядағы Паганини атындағы, 1983 жылы Токиодағы, 1985 жылы Хельсинкидегi Я.Сибелиус атындағы, 1986 жылы Мәскеудегi П.Чайковский атындағы VIII халықаралық конкурстардың лауреаты атанды. Таңдаулы техника, түрлi әуендердi терең түсiну оның ең қиын скрипкалық туындыларды икемге келтiрiп, әлемнiң тамаша концерт залдарында нақышына келтiре орындауына мүмкiндiк бердi. Концерттiк қызмет жылдарында Айман Мұсақожаева скрипкалық музыканың бай репертуарын жинақтады. Соның iшiнде Бах, Гайдн, Моцарт, Бетховен, Паганини, Брамс, Чайковский, Сибелиус секiлдi жарқын тұлғалардың, осы заманғы сазгерлердiң, Қазақстан сазгерлерiнiң шығармалары бар. 1992 жылы ол «Солистер академиясы» Мемлекеттiк Камералық оркестрiн құрды және қазiр де оның көркемдiк жетекшiсi болып саналады. Алғашқы құрылған күннен оркестр классикадан бастап бүгiнгi композиторлардың туындыларына дейiн игердi. Ол XVII-XVIII ғасырлардағы көне де әспеттi, сондай-ақ осы заманғы озық үлгiдегi музыкалық құралдармен қамтамасыз етiлген. Оркестр ұжымының жоғары орындаушылық шеберлiгiн Ресейде, Америкада, Жапонияда, Германияда, Австрияда және басқа да елдерде лайықты бағалады. 1993 жылдан берi Айман Қожабекқызы Ресейдегi Петр Чайковский атындағы, Абрам Ямпольский атындағы (Дубна) Халықаралық скрипкашылар конкурсының, Италиядағы Милан қаласында өтетiн Микеланжело Аббадо атындағы Халықаралық скрипкашылар конкурсының қазылар алқасының мүшесi. Мәскеу, Алматы, Бiшкек консерваторияларының профессоры ретiнде белсендi, әрi педагогикалық қызмет атқарып келедi. Қазақ Ұлттық Музыка академиясы. Шәкiрттерiнiң арасында халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары аз емес. Бiрақ Айманның орындаушылық және педагогикалық қызметiнiң шыңы 1998 жылы Қазақ Ұлттық Музыка академиясының ашылуы болып табылады. Бұл астананың Алматыдан Целиноградқа ауысып жатқан кезi болатын. Қазақ Ұлттық Музыка академиясы Айман Мұсақожаеваның ұсынысы бойынша сол жылдың 31 наурызында Қазақстан Президентiнiң бастамасымен ашылды. Ол республикадағы жас оқу орындарының бiрi болып саналады. Айман Мұсақожаева басқаратын академия өзiнiң қысқа тарихы кезеңi iшiнде Қазақстанның барлық аймақтарынан шығармашылық күштердi өзiне тарта бiлетiн және қазақ музыкасы мен әлемдiк өнердi кең көлемде насихаттайтын перспективалы бiлiм мен мәдени-ағарту орталығы бола бiлдi. Музыка академиясы Қазақстан үшiн бiрегей оқу жобасын ұсынды, оның негiзi етiп бiр оқу орны қабырғасында үздiксiз кәсiби бiлiм беру идеясы алынған. Мұнда бастауыш (1-9 сыныптар), орта (10-12 сыныптар), жоғары бiлiм (I-IV курстар), ассисентура мен аспирантура тоғысқан. Музыканттарды алғашқы қадамынан бастап жоғары кәсiби шеберлiктi толық игерiп шыққанға дейiн жүйелi тәрбиелеу идеясының авторы да Айманның өзi. Академияның мiндетi — республиканың барлық өңiрлерiнен келген дарынды балаларға көңiл бөлу, жан-жақты бiлiмдi өнер шеберлерiнiң жаңа ұрпағын тәрбиелеп шығару үшiн барлық қажеттi жағдай туғызу. Отандық педагогиканың озық дәстүрi мұнда әлемдiк бiлiм беру үрдiсiнiң қазiргi заманғы жетiстiктерiмен шебер ұштасқан. Академияның оқытушы-профессор құрамы жаңа оқу бағдарламаларын және кәсiби музыканттарды тәрбиелеу жөнiндегi әдiстемелердi жасайды, оқу-бiлiм беру базасын кеңейту жолында жұмыс iстейдi, оқу жоспарына бүгiнгi күннiң өзектi тынысына жауап беретiн жаңа пәндердi енгiзiп отырады. Қазақ Ұлттық Музыка академиясы халықаралық фестивальдар мен конкурстарда Қазақстан атынан лайықты өнер көрсетiп жүр. Осындағы шәкiрттердiң Италияда, Австрияда, Ресейде өтетiн музыкалық сайыстарда жеңiстерге жетулерi дәстүрге айналды. Өткен кезеңде шынайы талант иелерi Венада, Зальцбургте, Сан-Бартоломеода, Сенигаллияда, Брешиада, Генуяда, Ватиканда өздерiн көрсете бiлдi. Олардың орындаушылық шеберлiгi Еуропа жұртшылығы үшiн шын мәнiсiнде жаңалық болды. Италияда скрипкашылардың «Айсәуле», «Каприччи» ансамбльдерiнiң, студенттiк симфониялық оркестрiнiң концерттерi таңданыс туғызды. Түркияда өткен фестивальда «Ели-гай» балалар хоры үлкен табысқа жеттi. Академия музыканттарының үнiн Лондонда, Берлинде, Брюссельде естiдi. Қазақстан тәуелсiздiгiнiң онжылдығына арналған «Айман-Гала» концерттiк сапары өттi. Музыка академиясы Еуропа консерваториялары, академиялары және жоғары музыкалық мектептер қауымдастығына кiредi, П. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттiк консерваториясымен ынтымақтастық туралы шартқа отырды, Париждiң, Хельсинкидiң, Хорватияның музыкалық академияларымен өзара тиiмдi келiсiмдер жасады. Академия жұмыс iстей бастаған алғашқы күндерден шығармашылық тыныс тамыры белсендi соғады: «Руханият» газетi үнемi шығарылады, ұжымның ғылыми қызметiн дамытуға қолайлы жағдай жасайтын ғылыми-әдiстемелiк конференциялар өткiзiлiп тұрады, алғашқы мақалалар жинағы жарық көрдi. Шығармашылық қабiлеттi дамыту, қазiргi заманғы композиторлық техниканы игеру үшiн жанында «Форманта-күй» ансамблi жұмыс iстейтiн Шығармашылық орталық ашылды. Астанадағы мектеп оқушылары мен балалар үшiн абонементтiк дәрiс-концерттер қою дәстүрге айналды, студенттер, оқытушылар мен музыкалық ұжымдардың концерттерi көпшiлiкке танымал бола бастады. Академияда жас орындаушылардың республикалық конкурстары ұдайы өткiзiледi. Халықаралық «Shabyt-Inspiration» конкурсы барған сайын көпшiлiкке белгiлi бола түстi. Оның жұмысына бүкiл дүние жүзiне белгiлi орындаушылар қатысады. Олар студенттердiң шеберлiгi деңгейiне баға берiп қана қоймайды, сонымен бiрге шеберлiк сыныптарын өткiзедi, концерттер қояды. Солардың арасында Милан консерваториясының профессоры, Микеланджело Аббадо атындағы Халықаралық конкурстың негiзiн қалаушы Марчелло Аббадо (фортепьяно), Гентедегi музыка академиясының профессоры Михаил Кугель (альт, Израиль), Стефан Метц (виолончель, Франция), профессор Аркадий Севидов (фортепьяно, Ресей) және басқа да көптеген өнер майталмандары бар. — Бiр үйде төрт қыз туып, өстiк. Төртеуiмiз де музыка жолын таңдап алдық. Бәрiмiз де бiр ұядан шыққан балапандардай жұбымызды жазбай, бiр жерде жұмыс iстеп жатырмыз. Үлкен апам Раиса скрипкада ойнайды, академияның оқу-тәрбие жұмыстары жөнiндегi проректоры. Екiншi апам Раушан қылқобызда ойнайды, қазақ халық аспаптары кафедрасының меңгерушiсi. Сiңлiм Бақытжан виолончель және контрабас кафедрасының доцентi. Өнерге баулып, тәрбиелеген анам мен әкеме мәңгiлiк борыштармыз. Қазiргi жеткен жетiстiктерiмнiң бәрi де солардың арқасы деп бiлемiн. Бойындағы өнерiн шынайы талант иесi өзгелерге үйретуден жалықпайды. Еуропада, Америкада, Оңтүстiк Кореяда шеберлiк сыныптарын жүргiзедi. Атақтары. Музыка саласындағы жоғары жетiстiктерi үшiн оған 1988ж Қазақстан Республикасының халық әртiсi, Халықаралық Шығармашылық академиясының академигi атағы, ЮНЕСКО-ның шешiмiмен «Әлем әртiсi» құрметтi атағы берiлдi. Қазақстан меценаттар клубы «Платиндi Тарлан» сыйлығымен марапаттады. Есiмi Кембридж университетiндегi Халықаралық Өмiрбаян орталығы жариялайтын «XX ғасырдың 2000 көрнектi музыканты» атты дүниежүзiлiк құрметтi тiзiмге енгiзiлiп, осы орталықтың медалiн омырауына тақты. Қарағанды хайуанханасы. Қарағанды хайуанханасы — Қазақстандағы Қарағанды қаласындағы мемлекеттік хайуанаттар паркі. Қазақстан Республикасының ең алғашқы зоологиялық парктерінің бірі. Батыр (піл). Батыр - Қарағанды хайуанханасындағы әйгілі піл атауы. Абдалла II. Абдалла II - Ұрдония патшасы. 1962 жылы 30 қаңтарда дүниеге келген. Абдалла Екінші король тағына Иорданияны 47 жыл басқарған әкесі Король Хусейн қайтыс болғаннан кейін, 1999 жылы ақпан айында отырды. Бастауыш білімді Аммандағы Ислам колледжінде алғаннан соң Англиядағы Әулие Эдмунд мектебінде оқыған Абдалла 1980 жылы Сандхэрстегі (Ұлыбритания) Корольдік әскери академияға түседі. Ал 1981 жылы лейтенант әскери шенін алады. Осы кезден бастап оның әскери мансабы басталады. Англияда, АҚШ-та білім алған ол Иордания Қарулы Күштерінде жоғары әскери қызметтер атқарған. Абдалла Екінші 1999 жылы 24 қаңтарда Король жарлығымен Тақ мұрагері ретінде жарияланды. Үйленген, екі ұлы, екі қызы бар. Абдалла Екінші Қазақстанға екі рет сапармен келді. Сақабеков, Аужан. Оның ғылымдағы жолы мен қөзқарасының қалыптасуына көрнекті ғалым Ө.Сұлтанғазиннің әсері зор болды. Ө.Сұлтанғазиннің жетекшілігімен Ә.Сақабеков 1982 жылы кандидаттық диссертациясын қорғады. Ол сфералық гармоника әдісінің стационар теңдеулер жүйесі үшін екі өлшемді облыста қойылған шеттік есептер теориясын жасап шықты. Ғалым қол жеткізген зерттеу нәтижесі оның «Ғылым» баспасынан шыққан «Математические проблемы кинетической теории переноса» атты монографиясында толық көрініс тапты. Әлемдік математика ғылымына қосылған қомақты үлес ретінде отандық та, шетелдік те ғалымдар тарапынан жоғары бағаланған осы құнды зерттеу еңбегі үшін 1989 жылы А.Сақабековке КСРО Ғылым академиясы мен Чехословакияның Ғылым академиялары бірлесіп белгілеген Жаратылыстану ғылымдары саласының сыйлығы берілді. Ол М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры В.А.Кондратьевпен, Воронеж мемлекеттік университетінің профессоры И.А.Киприяновпен, Мәскеу қаласындағы М.В.Келдыш атындағы қолданбалы математика институтының профессоры П.А.Гермогеновалармен тығыз ғылыми байланыста зерттеу жұмыстарын бірлесе жүргізді, 1988-1989 жылдары Мәскеу қаласындағы В.А.Стеклов атындағы математикалық институтына (академик В.С.Владимировтің бөліміне) аға ғылыми қызметкерлікке арнайы шақырылды. ХІХ ғасырда австриялық ғұлама Л.Больцман газ молекулаларының өзара соқтығысу заңдылығын бейнелейтін теңдеуді қорытып шығарған еді. Бір жарым ғасырға жуық уақыт ішінде оның құпиясын ашуға талпынған таланттар саны көбеймесе, азайған емес. Көшбасында Рональд ди Перна (АҚШ), Пьер Лионс (Франция), Kawashіwa S (Жапония), А.В.Бобылев, В.С.Владимиров, Г.И.Марчук, В.В. Веденяпин (Ресей) сынды мықты ғалымдар тұрған зерттеу мектептерінің бұл бағытта жүргізген жүздеген зерттеулерінің нәтижесінде Больцман теңдеуінің сан алуан қырлары ашыла түскені анық. Әйтсе де нақты шешім әлі де табылмай келе жатқан-ды, десек, әлем алдында сол жұмбақ есептің шешуі бар екенін қазақтың марқасқа ұлы Аужан Сақабеков дәлелдеп шығып, халқының абыройын асырып, мәртебесін биіктетті. Аужан Сақабеков 1992 жылы Алматыда өткен халықаралық симпозиумда алғаш рет әлем ғалымдарының талқысына ұсынған Больцман жұмбағына қатысты ғылыми пайымдауларының негізінде 1993 жылы докторлық диссертациясын қорғады. Осы іргелі ғылыми жұмысында ғалым Больцманның моменттік теңдеулер жүйесінің теориялық іргетасын қалады және оның негізін қалыптастырды. Ғалым ашқан жаңалықтар 2002 жылы «Ғылым» баспасынан шыққан «Больцманның моменттік теңдеулер жүйесі үшін алғашқы-шеттік есептер» атты монографиясына еніп, ғалымдардың, аспиранттар мен студенттердің игілігіне айналды. Профессор А.Сақабековтың ғылым саласындағы ізденіс жұмыстары Математика және Ғарышты зерттеу институттарымен байланысты жалғасын тапты. 1996-2001 жылдары ол Математика институтының «Сәулені тасымалдау теориясының математикалық проблемалары» атты зертханасына меңгерушілік етті. Оның 120-дан астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектері бар. Ол ғылымдағы жетістігінің арқасында 1993 жылы халықаралық Сорос қоры грантын иеленді. Ұстаздық жолы. Сонау әскерге дейінгі кезеңде Қа¬рағанды политехникалық институтындағы ассистенттіктен басталған педагогикалық еңбек жолын ол күні бүгінге дейін жемісті жалғастырып келеді. Ол Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев пен Ұлыбританияның Премьер-министрі Тони Блэр қол қойған меморандумның негізінде өмірге келген жаңа білім ордасы – Қазақстан-Британия техникалық университетінің іргетасын қалаушылардың бірі болды. Алғашқы ашылған кезінен бастап ол осы білім ордасының оқу ісі жөніндегі проректоры, оқу-әдістемелік кеңестің жетекшісі, жоғары және қолданбалы математика кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды. Оның тікелей қатысуымен энергетика және мұнай-газ индустриясы факультеті, ақпараттық технология мен қаржы-экономика факультеттері ашылды. Университеттің республикадағы алдыңғы қатарлы озық тәжірибелі білікті мамандардан құралған оқытушы-профессорлық құрамы жасақталды. Пәнаралық ғылыми-әдістемелік семинарлар ұйымдастырылып, мамандықты жетілдіру курстары үздіксіз жұмыс істеді. Аужан Сақабековтің бастамасымен университетте тірек конспектілер әдісі енгізілді. Ол оқу процесін жетілдіруге, мамандықтардың оқу жоспарлары мен оқу бағдармаларын модернизациялауға көп көңіл бөлді және тікелей басшылық етті. 2006 жылы ол «Қазақстан студенттерінің альянсы» Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының тәуелсіз ассоциациясының – «Әділ ұстаз» номинациясы бойынша дипломын иемденсе, сол жылы Білім және ғылым министрлігі жариялаған «Жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы» грантының иегері атанды. Қырбасов, Әуесхан Мақатайұлы. Әуесхан Мақатайұлы Қырбасов — «Қазақстан дипломаттары қауымдастығының» төрағасы. ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі. Ол Алматы ауыр мәшине жасау зауытында инженер-конструктор, жетекші инженер болып жұмыс істеді. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі мен Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінде жауапты қызметте болды, сонда мәшине жасау саласына жетекшілік етті. Әсіресе, ауылшаруашылық мәшинелерін шығару мәселесіне үлкен мән берілді. 1983 жылдан бастап он жыл бойы министрлік дәрежесі бар Қазақстанның сауда-өнеркәсіп палатасының президенті міндетін атқарды. Сол кезде ол республикада сыртқы экономикалық байланыстармен айналысатын жалғыз мекеме еді. Қазақстанның Еуропа Одағындағы бірінші елшісі, Елбасының Жарлығымен Қазақстанның Бельгия және Нидерланды Корольдігінде, сонымен қатар Люксембург Ұлы Герцогтігінде Төтенше және өкілетті елші болып тағайындалған. Қайсенов, Қасым. Қасым Қайсенов — Қазақстанның Халық Қаһарманы, Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы, Ұлы Отан соғы­сының ержүрек батыры, әйгілі пар­тизан, көзі тірісінде аты аңыз­ға ай­налған халқымыздың қайта­лан­бас біртуар даңқты перзенті. Өмірбаяны. 1918 жылы 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында дүниеге келген. Ол 2006 жылы 30 жел­тоқсан күні 89 жасқа қараған ша­ғында ауыр науқастан дүние салды. 1934 жылы мектеп бітірген­нен кейін Өскемен қаласындағы саяси-ағарту техникумына түсіп, 1938 жылы оны бітірген соң Павло­дар облыстық оқу бөлімінің саяси-ағарту жөніндегі нұсқаушысы болып қызмет атқарып жүргенде әскер қатарына шақырылып, әскери-барлау мектебіне жіберіледі. 1941 жылы қараша айында осы мектепті бітірген бойда, Оңтүстік-Батыс майданының штабына жөнелтіліп, сол жерден арнайы тапсырма алып, Украинаның бас­қыншылар қолында қалған жерінде партизан отрядын құру үшін жау тылына түсіріледі. Ол жерде Қ.Қайсенов Чапаев атындағы пар­тизан құрамасының үшінші отря­дын басқарады. Одан кейінгі кез­дерде, 1944 жылдың аяғына дейін Молдавия, Чехословакия, Румыния жеріндегі партизан қозғалыстарына қатысады. Отряд командирі болып жүріп, жау тылында жүздеген жорықты басынан өткереді. Соғыс аяқталған соң Отанына — Қазақстанға ора­лып, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңе­сінің Президиумы аппаратында жауапты қызметте болады. Жамбыл облысының Жуалы, Свердлов аудандарында атқару комитеттері төрағаларының орынбасары ретінде соғыстан кейінгі ауыл шаруашы­лығын қалпына келтіру науқанына белсене араласады. 1951-1954 жыл­дары Қазақстан Компартиясы Орта­лық комитеті жанындағы екі жылдық партия мектебінің аудар­ма­шылар бөлімінде оқиды. 1953-1972 жылдар аралығында «Жазу­шы» баспасы директорының орын­басары, Қазақстан Жазушылар одағы көркем әдебиетті насихаттау бюросы директоры, «Қайнар» бас­пасы директорының орынбасары болып қызмет істейді. Шығармашылығы. Қ.Қайсенов Ұлы Отан соғысы­ның қиын-қыстау кезеңін, жауын­герлердің жанқиярлық ерлігін шы­найы суреттеген, оқушы жұртшы­лыққа кеңінен мәлім көптеген шығармалардың авторы. 1954 жылы орыс тілінде «Жас партизандар» атты алғашқы кітабы жарық көрді. Одан кейінгі кездерде «Илько Витряк», «Переяслав партизан­дары», «Ажал аузынан», «Жау тылындағы бала», «Днепрде», «Жау тылында», «Партизан соқпақтары», тағы басқа әңгіме, очерк, повесть жинақтары оқырман қолына тиді. Бұл шығармалары орыс, украин, басқа да көптеген тілдерге ауда­рылған. Кейінгі кездері «Елімнің ертеңіне сенемін», «Естеліктер мен жазбалар», тағы да басқа кітаптары жарық көрді. Марапаттары. Қ.Қайсенов «Богдан Хмельниц­кий», «Отан соғысы», «Чехосло­вакия партизандары», Украинаның «За заслуга» ордендерімен, Ке­ңестер Одағының көптеген орден, медальдарымен марапатталған. Ол Қазақстан Жазушылар одағы­ның Бауыржан Момышұлы атын­дағы әдеби сыйлығының лауреаты. Қазақстанның халық қаһарманы Сұлтан (журнал). Сұлтан - ер-азаматтарға арналған қазақ тіліндегі алғашқы және көркем иллюстрациялы журнал. Меншік иесі - “Қызылжар қызы” жауапкершілігі шектеулі серіктестік. Сегізбаев, Санжар. Санжар Сегізбаев — 1920 жж. жаңа құрылған Қазақ АКСР-інің сот жүйесінің негізін қалыптастыруға атсалысып, бүкіл өмірін Қазақстанның осы саласын дамытуға арнаған азамат. Тұңғыш заңгерлердің біреуі. 1906 жылы Ақтөбе облысының Алға ауданындағы Еңбекші (сол кезде № 3 ауыл) ауылында дүниеге келген. С.Сегізбаевтың әке-шешесі қарапайым шаруа адамдары болған. Бірақ соған қарамастан, ол жастайынан діни сауат ашуға, оқу-білімге, орысша және арабша жазуға талпынған. Кейін ол осы ізденісінің арқасында Орынбор қаласына барып, Қазақ АКСР-інің Орталық сайлау комиссиясының жанындағы іс жүргізу жөніндегі инструкторлық курсқа түседі. 1924 жылы аталмыш курсты бітірген соң, ол Қызылорда қаласындағы Қазақ АКСР-інің Әділет комиссариаты жанындағы сот-өндіріс бөлімінің өлкелік заң курсына түсіп, оны 1929 жылы үздік бағамен аяқтап шығады. С.Сегізбаев осы кезде білімін тереңдетіп, тәжірибе жинақтау үшін Мәскеу қаласына барып, Әділет комиссариатының жанындағы аталмыш бөлімнің жоғары заң курсына оқуға түседі. 1929 — 1931 жылдары ол Мәскеуде білім алып, елге оралады. Репрессия құрбаны. 1930 жылдардың басында республика басшысы Ф.Голощекин колхоздарды ірілендіру үшін жергілікті халықтың мал-мүлкін тәркілеу саясатын жүргізгенде С.Сегізбаев өз замандастарының арасында алғашқылардың бірі болып бұл іске наразылық білдіреді. С.Сегізбаев осы жылдары өзінің білімі мен еңбекқорлығының арқасында Ресей Федерациясының губерниялық прокуратура басқармасының хатшысы, Ресей Жоғарғы Сотының Қазақ бөлімі төрағасының орынбасары және оның пленумының толық мүшесі болып қызмет етеді. С.Сегізбаев сол жылдары мемлекеттік жауапты қызметте жүріп қамауға алынғандардың бірі болды. Ол 1938 — 1939 жылдары бас бостандығынан айрылды. 1939 жылы С.Сегізбаев ешқандай қылмыстық істің жоқтығына байланысты КСРО Бас прокуратурасының шешіміне сәйкес босатылып, бұрынғы сот жүйесіндегі жұмысына қайта кіріседі. Бірақ ол енді Жоғарғы Сот төрағасы қызметіне қайта бара алмайды, республика басшылығы барлық салада білікті маман екенін ескере отырып оны Семей, Алматы қалалары мен Алматы облысындағы әділет басқармалары төрағасының орынбасары, облыстық шаруашылық басқару және мобилизация бөлімінің басшысы қызметтеріне тағайындайды. Қоғамдық қызметі. Бұдан кейін 1971 жылы зейнет демалысына шыққанға дейін Алматы облыстық атқару комитетінің хатшысы, қалалық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы атқару комитетінің төрағасы және Қазақ КСР Министрлер Кеңесінде бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарады. С.Сегізбаев 1971 жылы ұзаққа созылған науқастан көз жұмады. Әулеті. Санжар Сегізбаев пен оның жары Жібек Тіржанқызынан Ембі, Светлана, Қасиет, Кәмила, Жәмила есімді қыздар және Тимур, Бақытжан, Нұрлан есімді ұлдар туған. Бүгінде Сегізбаевтардың әулетіндегі ең үлкені Ембі ұзақ жылдар ұстаздық қызмет етіп, құрмет демалысына шықса, ер балалары арасындағы ең үлкені Тимур кезінде Алматының «Қайрат» командасында ойнаған қазақтың танымал футболшысы, ал Нұрлан бала кезінде барша қазақтың сүйікті киносына айналған «Менің атым Қожа» фильмінде басты рөлде ойнаған болатын. Ұлы жүз. Бәйдібек бабаның 2 әйелі және 1 тоқалы болған. Ал тоқалы Нұриладан «Домалақ ана» Жарықшақ дүниеге келеді. Жарықшақ деп қойылу себебі Бәйдібек бабаны қызғанған әйелдері нәрестенің кішкентай кезінде басынан ұрып жарып қояды, содан оны Жарықбас, кейін Жарықшақ деп атап кеткен. Ангола. АНГОЛА, Ангола Республикасы — Африканың оңтүстік-батысындағы мемлекет, президенттік республика. Заң қабылдаушы органы — Ұлттық Ассамблея. Атқарушы билік үкімет қолында. Жер көлемі 1246,7 мың км2. Астанасы — Луанда (1,5 млн., 1990 ж). Ірі қ-лары: Бенгела, Уамбо, Лубанго, Маланже, Кабинда. Әкімшілік жағынан 18 провинцияға бөлінеді. Халқы — 10,9 млн. (1993 ж). Олар батуконго және батыс банту этник. топтарына бөлінеді. Мемлекеттік тілі — португал тілі. Халықтың 80 -тен астамы христиан дініне сиынады. Табиғаты. Ангола аумағының басым бөлігі үстіртті, таулы келеді. Теңіз жағалауы ойпатты (ені 100 км-дей). Климаты — экваторлық муссондық және тропиктік пассаттық. Қаңтар айының орташа темп-расы 200-25С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 1000-1500 мм., теңіз жағалауында 250 мм. Үлкен өзендері: Кванго, Касаи, Кунене, Кванза. Таулы үстірттің солт-ін қалың орман, ал оңтүстігін қуаңшылықта жапырағы түсіп қалатын сирек бұталы саванна (ағаш пен бұта өсетін шөл дала) алып жатыр, батыс беткейінде мәңгі жасыл тропиктік ағаштар өседі. Тарихы. Анголаның ежелгі және орта ғ-лардағы тарихы толық зерттелмеген. 15-17 ғ-да мұнда Гола-ан-Данго, Конго, Луанда аталатын мемлекеттер болғаны белгілі. Олар туралы алғашқы мәліметтерді Еуропалық саудагерлер, саяхатшылар қалдырған. Сауда жұмыстарымен келген португалдықтар тұрғылықты халықты тонап, шауып кетіп отырған. Түрлі әдістермен жергілікті көсемдерді құлдар сатуға әуестендіріп, кейін күшпен бағындыруға кіріскен олар біртіндеп өз билігін тікелей жаулап алу арқылы орната бастады. Сөйтіп бүкіл Ангола 15 ғ-да португалдықтардың отарына айналды. Төрт жүз жылға созылған құл сату жүйесі Анголаны әбден қансыратты. Миллиондаған Ангола азаматтары Америка, Еуропаға сатылды. Өз еліндегі жергілікті халық та адам төзгісіз қанау мен қорлауды бастан кешті. Ангола Африкадағы ең артта қалған елдердің қатарында болды. 1961 ж. ақпанда Луанда қаласында Анголаны азат ету жолындағы бүкілхалықтық қозғалыс ұйымы (МПЛА) қарулы көтеріліс бастады. Ұлт-азаттық күрес қиын кезеңдерді басынан өткерді. Оған тайпалық, саяси бақталастық себептерінен жікшілдік және шетелдік арандатушылық әрекеттер араласты. Әйтсе де қиыншылықтарды біртіндеп жеңе білген МПЛА (Анголаны азат ету жолындағы бүкілхалықтық қозғалыс) біртіндеп ұлт-азаттық күресінің негізгі күшіне айналды. Қозғалыс көптеген елдерден қолдау тапты. Анголаның азат болған аудандарында МПЛА халық үкіметін орнатып, әлеум. шаралар жүргізе бастады. Ангола халқы қарулы соғысының Португалияның басқа отарлары — Гвинея-Бисау мен Мозамбиктегі азаттық соғыстарымен байланыса әрекет етуі отаршылардың күшін әлсіретті. 1975 ж. 11 қарашада Ангола патриоттары елдің ұлттық тәуелсіздігін жариялады. Алайда көтерілісшілердің түрлі партиялары арасында билік үшін талас басталып, ол азамат соғысына ұласты. Аймақтық жанжалға айналған Ангола мәселесін реттеуге 80-жылдардың аяғында ғана сәтті қадамдар жасалып, 1989 ж. көкекте Ангола, Куба, АҚШ және ОАР алғашқы келісімге қол қойды. АҚШ, Португалия, КСРО араласқан азамат соғысын тоқтату әрекеттері нәтижесінде 1991 ж. 31 мамырда Лиссабон қ-нда МПЛА және УНИТА (Анголаны толық азат етудің ұлттық қозғалысы) ұйымдары бірнеше келісімге қол қойды. 1975 ж. қабылданған Ангола Конституциясына 1991 — 92 ж. біраз өзгеріс енгізіліп, көппартиялық тәртіп бекітілді. Бір жылдан кейін БҰҰ бақылауымен елде парламент және президент сайлауы өткізілді. Біраз уақыт тыныштық орнап, 1997 ж. Анголада тағы бүліншілік басталды. Екі билік орталығы арасындағы соғыс халықты әбден тұралатты. Азамат соғысы әлі күнге дейін жалғасып отыр (1998). Экономикасы. Ангола — аграрлы ел. Өнеркәсібі нашар дамыған. Кофе, жүгері, қант, арахис, копра, мақта сияқты а.ш. өнімдері өсіріледі. Оңтүстік аудандарда мал шаруашылығы дамыған. Сыртқы саудада кофе мен алмас ерекше орын алады. Анголаның жер қойнауы кенге бай (мұнай, алмас, кварц, мәрмәр, мыс, темір). Мұнай айыру, цемент зауыттары, балық-консерв және мата тоқу кәсіпорындары бар. Ел экон-да шетел капиталы басым (АҚШ, Португалия, ГФР). 1995 ж. экспортқа шығарылған өнім — 3698 млн. доллар болса, импортпен келген өнім көлемі 729 млн доллар болды. Анголаның дүн. жүз. ішкі жиынтық өнімдегі үлесі 0,02%. Отарлық езгі салдарынан Анголаның ежелгі мәдениеті толық зерттелмеген. Ғамбия. Гамбия Республикасы. Ғамбия деп тілді бұзбаңдаршы. Джибути. Джибу́ти́ (араб. جيبوتي‎‎) — Африканың солтүстік-шығысында, Африка мүйізінде орналасқан мемлекет. Эфиопиямен, Сомалимен және Эритреямен шектеседі. Тарихы. Қазіргі Джибутидің аумағы VII ғ.-да араб сұлтандарының билігіне көшті. XIX ғ.-да аумақты Франция отарлап, мемлекетке ресми түрде Француз Сомали Жағасы атын берді (кейін - афарлар мен иссалардың француздық аумағы). Саяси құрылымы. Президенттік республика. Президент үкімет басшысы және Қарулы күштердің Жоғары Бас Қолбасшысы. Заң шығару функциясын 5 жылға сайланатын бір палаталы Ұлттық жиналыс атқарады. Атқарушы билікті президентке бағынышты министрлер Кеңесі атқарады. Әкімшілік жіктеу. Ел аумағы 5 аймақтан және 1 қаладан тұрады. Экономика. Ел экономикасы көбіне теңізшілікке негізделген. Астанасы Джибути негізі қаланғалы бері Эфиопиямен арадағы негізгі теңіз порты болып табылады. Импорт: тағамдар, сусындар, көлік, мұнай өнімдері, электроника. Саудадағы серіктестері - Франция, Эфиопия, Жапония. Халқы. Негізгі этникалық топтары - исса, афар және солтүстік сомалилік тайпалар. Леннон, Джон. Джон О́но Ле́ннон (, азан шақырылған аты "Джон Уи́нстон Ле́ннон") — британдық рок-сазгер, әнші, композитор, суретші, жазушы (1940 ж. қарашаның 9, Ливерпул, Ұлыбритания — 1980 ж. желтоқсанның 8, Нью-Йорк, АҚШ). The Beatles тобының негізін қалаушы және мүшесі, 20 ғ. ең әйгілі сазгерлерінің бірі. Музыкалық қарекетімен қатар Леннон саяси қайраткер болды. Өзінің көзқарастарын ол өз әндері мен бұқараның алдында жеткізіп жүрді. Атақты «Imagine» әнінде Леннонның әлемнің қалай құрылуы жөнінде ойлары байқалады. Леннон адамдардың арасындағы теңдікті, бостандықты, бейбітшілікті жырлады. Бұның бәрі оны хиппилердің кумирі болуымен қатар 1960—1970 жылдардағы ең белгілі қоғам қайраткерлері қатарына қосты. 2002 жылы БиБиСи медиакорпорациясы () ең ұлыбритандықтар тізімін құрастыру мақсатында сұрау жүргізді. Джон Леннон бұл тізімде тоғызыншы орынды алды. Ми. Ми (дұрыс айтылуы — "мый") — сүтқоректілерде мінез-құлыққа жауапты орталық нерві жүйесінің меңгеру торабы. Ми баста бассүйекпен паналы, қуысында орналасады. Ол мынадай бөлімдерден тұрады: сопақша ми, көпір ми, мишық, ортаңғы ми, аралық ми және үлкен ми сыңарлары. Ми бөлімдерінің қызметі. Жұлындағы сияқты мида ақ және сұр заттар болады. Ақ заттан өткізгіш жолдар түзіледі. Олар миді жұлынмен,сондай-ақ ми бөліктерін өзара байланыстырып тұрады. Өткізгіш жолдардың арқасында бүкіл орталық нерв жүйесі біртұтас қызмет атқарады. Сұр зат өз алдында шоғырланып, ақ затқа ядролар түрінде орналасады. Мұнымен қатар сұр зат ми сыңарларымен мишықты қаптап, ми қыртысын түзеді. Сопақша ми мен көпір жұлынның жалғасы болып табылады, олар рефлекстік және өткізгіштік қызмет атқарады. Сопақша ми мен көпірдің ядросы ас қорыту,тыныс алу, жүрек қызметін және басқа процестерді реттейді, сондықтан сопақша ми мен көпірдің зақымдалуы өмірге қауіпті. Шайнау, жұту, ему прцестерінің реттелуі, сондай-ақ құсу, түшкіру, жөтелу сияқты қорғаныш рефлекстері мидың осындай бөлімдерінің қызметіне байланысты болады. Сопақша мидің үстіңгі жағына мишық орналасады. Оның беті сұр зат — қыртыстан тұрады, қыртыстың астындағы ақ затта ядро болады. Мишық орталық нерв жүйесінің көптеген бөлімдерімен байланысады. Мишық адамның қимыл әрекетін реттейді. Оның қалыпты қызметі бұзылса, адам дәл үйлесімді қимылынан айырылып, дененің тепе-теңдігін сақтай алмайды. Мұндай адамдар, мысалы, иненің көзінен жіп өткізе алмайды, олар мас адамдарша теңселіп жүреді, жүргенде қол -аяғы сермеп, ебедейсіз қимыл жасайды. Ортаңғы мида ядролар орналасады, олар қаңқа бұлшықеттеріне үнемі нерв импульстарын жіберіп, олардың шыриғып тұруын — тонусын сақтауға мүмкіндік береді. Көру және дыбыс тітіркенуін қабылдайтын бағдарлау рефлекстерінің рефлекс доғалары ортаңғы ми арқылы өтеді. Бағдарлау рефлекстері бас пен денені тітіркендіргішке қарай бұрудан бөлінеді. Сопақша ми, көпір және ортаңғы мидан ми бағаны түзіледі. Одан 12 жұп бассүйек — ми нервтері таралады. Нервтер миды баста орналасқан сезім мүшелерімен, бұлшықеттер мен бездермен байланыстырады. Нервтердің бір жұбы — кезкелген нерв миды ішкі мүшелер — жүрек, өкпе, қарын, ішектермен және т.б байланыстырады. Ортега-и-Гассет, Хосе. Хосе Ортега-и-Гассет () — испан философы, мәдениеттанушы (1883—1955). Хосе Ортега-и-Гассеттің мәдениет философиясы «идеялар мен сенiмдер» туралы iлiмiне негiзделедi және бұл оның философия тарихының өзегiн құрайды. Әлеуметтік өмiрдiң және кез келген мәдениеттiң өзегiн танытатын нанымдар жекелiк және ұжымдық болады. Тарихи дaғдapыc дәстүрлi сенiм-нанымдардың құлдырау кезеңiнде болады. Шектен тыс ритуалдaнған, өлi мәдениет адамға өмiрде бағдар бола алмайды; ол идеялар мен нормалардан адам ceнімін жоғалтады. Жаңа идеялар мен сенiмдер iздеу дағдарысты кезеңдердi әртүрлi теориялармен, философиялық доктриналармен, дiнбұзарлықпен толтырады, сонымен қоса көпшiлiктiң «варварлануына» алып келедi. Тарихтың әрбiр шешушi сәттерiнде саяси сахнада осы варварларға жетекшi болатын «Әрекет адамы» табылады. «Көпшiлiк көтерiлiсi» еңбегiнде ол саяси қозғалыстарды — фашизм, коммунизм — «көпшiлiк қоғамның» және «көпшiлiк адамының» пайда болуымен байланыстырады. Сонымен қатар ол «Өнердiң адамгершiлiксiзденуi» еңбегiнде қазiргi мәдениеттің дағдарысының әр қырын және «көпшiлiк мәдениетiнiң» пайда болуын қарастырады. Ол үшiн еуропалық контекстегі испан ойы, философияның болуы анык,талмаған мәселе болды. Ол испандық болмыстың өзiн драмалык, деп қарастырады. Оның ұлттық дүниетаным ерекшелiктерiнен бастап ipi ақындар. мен суретшiлердiң портреттерiне дейiнгi маңызды тақырыптарды қамтитын эсселерi испан мәдени өміріне арналған. Испандық жағдайлар мен еуропалық таным тоғысында артегиандық философиялық метафора пайда болды. Қарасақал. Қарасақал — Әлімұлы тайпасындағы «Алты ата Әлім» дегеннің ішіндегі рулардың бірі. Олардың көбі Қызылорда облысында тұрады. Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы — лауазымына Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды және қызметтен босатады. Өз қызметін тікелей Елбасының басшылығымен атқарады. Елбасы үшін ішкі саясат пен өңірлік дамудың, басқа да коғамдык мәні бар іс-шаралардың негізгі бағыттары бойынша тұжырымдама дайындайды. Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша оның мемлекеттік органдармен, саяси партиялармен және басқа да қоғамдық бірлестіктермен арадағы қарым-катынастағы мүддесін білдіреді. Мемлекет Басшысы жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметтерін үйлестіреді: Олар: Ұлттық Кеңес, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Сыбайлас жемкорлыққа карсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасын сақтау мәселелері жөніндегі комиссия, Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия, Қазақстан Республикасы Бірінші Президентінің бейбітшілік және прогресс мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия, Мемлекеттік нышандар жөніндегі республикалық комиссия, Шет елдерде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия, Мәдени және гуманитарлық саладагы қайырымдылык және демеушілік кызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрметті дипломын тағайындау жөніндегі комиссия, Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия, «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ақпараттык саясат» жөніндегі БАҚ қоғамдық кеңесі. Өз кұзыреті шеңберінде қаралатын мәселелер бойынша Президенттің актілері мен тапсырмаларының орындалуын қадағалайды. Қазақстан Республикасында тіркелген шет мемлекеттердің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдайды. Қазақстандағы орыс әдебиеті. Қазақстандағы орыс әдебиеті — жалпы орыс әдебиеті мен Қазақстан әдебиеті бөлшектері боп табылады. 19 ғасырдың 2-жартысынан бастап әр түрлi саяси оқиғаларға байланысты қазақ жерiне аяқ басқан өзге ұлт өкiлдерi тұрақтап қала бастады. Олар 20 ғ-дың алғашқы жартысынан қазақ елiндегi саяси-әлеум., мәдени шараларға белсене араласып, өздерiн этник. топтар ретiнде көрсеттi. Әсiресе, Қазақстанға орыстар көптеп қоныс аударды. Олардың арасында әдебиет пен мәдениет өкiлдерi де болды. Қазақстан жазушылар одағы құрамында 1933 жылдан орыс әдебиетi секциясы жұмыс iстей бастады. И.Шуховтың «Қасiрет белдеуi» (1931; қазақ тiлiнде 1972; ауд. О.Оспанов), «Өшпендiлiк» (алғашқы ред. 1932; қазақ тiлiнде 1935; ауд. X.Есенжанов) сияқты романдары сол кездегi кеңес әдебиетiнiң роман жанрындағы елеулi шығармалары болып саналды. 2-дүниежүз. соғыс жылдары А.Бектiң «Волоколам тас жолы» повесiнде (1943) Б.Момышұлының, И.Панфиловтың, т.б-дың ерлiк бейнелерi жасалды. Соғыстан кейiн Шуховтың «Күн келбетi» (1950), В.Ванюшиннiң «Тiрек нүктесi» (1952) повестерi жарияланды. Бұлар Қазақстандағы орыс жазушыларының тақырыптық ауқымын кеңейттi. Н.Анов «Ән қанатында» романында (1959) 20 жылдардағы Қазақстанның әлеум.-тарихи жағдайын суреттедi. Онда ұлттық өнердiң қалыптасуы мен дамуы көрсетiлiп, дарынды адамдардың (И.Байзақов, Ә.Қашаубаев, Қ.Мұңайтпасов, А.В. Затаевич, т.б.). бейнелерi жасалды. И.Щеголихиннiң «Қарлы бұрқасын» романы (1961), Г.Черноголовинаның «Жаңбырсыз маусым» повесi мен «Тәуекел аймағы» романы (1981), т.б. шығармалар жазылды. Г.Свиридовтың «Жанкештi сапар» романында (1976) Ә.Жангелдин басқарған отрядтың шөл дала арқылы өткен ерлiк жорығы баяндалады. Жангелдиннiң бейнесi М.Симашконың «Комиссар Жангелдин» романында айқынырақ әрi жан-жақты жасалды, Дм. Снегин «Таңертең және талтүс» дилогиясында (1976, 1982) тарихи тақырып ауқымын кеңейтiп, тарихи тұлғалардың бейнелерiн сомдады, олардың iшiнде О.Жандосовтың бейнесi ерекше орын алады. Симашконың Ы.Алтынсарин туралы «Қоңырау» (1982), орыс халқының тарихы туралы «Семирамида» (1968) романдарын, Ф.Достоевский туралы П. Косенконың «Өмiр үшiн өлiм» деректi повестер топтамасын (1986) оқушылар жылы қабылдады. Снегиннiң I.Жансүгiров, И.Эренбург, А.Твардовский, Вс.Иванов туралы «Қауышқан құшақ» әдеби естелiктерi (1988) жарияланды. Поэзия саласында В. Антонов, А.Елков, Д.Рябуха, Л.Скалковский, Ф.Моргун, В.Смирнов, М.Чистяков сияқты ақындардың жаңа толқыны келiп қосылды. Республикада тұратын көптеген орыс жазушылары қазақ қаламгерлерiнiң шығармаларын орыс тiлiне аударды. Қазақстандағы кәріс әдебиеті. Қазақстандағы кәріс әдебиеті — жалпы кәріс әдебиеті мен Қазақстан әдебиеті бөлшектері боп табылады. 1977 ж. Қазақстан Жазушылар одағында корей әдебиетi секциясы ашылды. Корей жазушылары өз шығармаларында ежелгi ұлттық әдебиет туындыларын бүгiнгi заман дәстүрiмен шебер ұштастырды. Олардың көрнектi өкiлдерiнiң бiрi — жазушы, ақын Ким Дюн (1900 — 1980) болды. Оның қазақтың батыр қызы Ә.Молдағұловаға арналған «Әлия» атты поэмасы (1969 ж. корей тiлiнде), корей патриоттарының күресiн бейнелеуге арналған «Жүз елу мың вонның iсi» романы жарық көрдi. 1937 жылдан берi республикалық корей театрында корей драматургтерiнiң жүзден астам пьесалары қойылды. Сонымен қатар театр сахнасында қазақ жазушылары М.Әуезовтiң «Қарагөз» және «Қобыланды», Ғ.Мүсiреповтiң «Қозы Көрпеш — Баян сұлу», О.Бодықовтың, Қ.Мұхамеджановтың, т.б. пьесалары корей тiлiнде қойылды. Қазақстандағы корей жазушыларының шығармалары «Корей өлеңдерi» (1958), «Дала қызғалдағы» (1973), «Сырдария әуендерi» (1975), «Күнбағыстар» (1982) деген атпен ұжымдық жинақ болып шықты. Сондай-ақ, Ким Дюннiң жыр кiтаптары, Ен Сенненнiң шығармалары, корей жазушыларының «Шаттық Отаны» (1988), «Гүлден, дала» (1988), Хан Диннiң пьесалар жинақтары (1988) корей тiлiнде жарық көрдi Қазақстандағы неміс әдебиеті. Қазақстандағы неміс әдебиеті — жалпы неміс әдебиеті мен Қазақстан әдебиеті бөлшектері боп табылады. Қазақстандағы немiс ақын-жазушылары да елеулi еңбек еттi. «Фройндшафт» (1966 ж) газетiнiң шығуы, «Қазақстан» баспасында (Алматы) немiс әдебиетi редакциясының құрылуы (1967 ж), Алматыдан немiс тiлiнде радио хабар таратылуы (1958 ж.), сондай-ақ, Қарағандыда немiс тiлiнде телевизиялық хабардың әуе толқынына шығуы, Темiртау қ-нда немiс театрының ашылуы (1980) — осылардың бәрi Қазақстандағы немiс ұлты өкiлдерiне жасалған қамқорлық болды. 50 — 60 жылдары Қазақстандағы немiс жазушыларының шығармаларында поэзия жанры ерекше өркендедi. Р.Жакмьеннiң, К.Вельцтiң, И.Варкентиннiң, Н.Ваккердiң, Г.Генкенiң, Д.Левеннiң, Р.Франктiң, Э.Ульмердiң, Р.Лейстiң, Н.Ваккердiң, О.Пладерстiң, т.б. жыр жинақтары, А.Реймгеннiң, В.Клейннiң, Д.Гольманның, А.Дебольскийдiң, Г.Бельгердiң, К.Эрлихтiң, Г.Гольманның прозалық кiтаптары жарық көрдi. Қазақстандағы ұйғыр әдебиеті. Қазақстандағы ұйғыр әдебиеті — жалпы ұйғыр әдебиеті мен Қазақстан әдебиеті бөлшектері боп табылады. Қазақстанда ұйғыр тiлiнде алғашқы газеттер, журналдар, альманахтар шықты, ұйғыр ақын-жазушыларының шығармалары жарық көре бастады. 1932 ж. Қазақстан Жазушылар одағы жанынан ұйғыр секциясы ұйымдастырылды. Бұл кезеңде И.Саттировтың, И.Искандеровтың поэзиясы ерекше көзге түстi, драматургтер Ж.Асимов пен А.Садировтың, К.Хасановтың пьесалары қойылды. Проза жанры жетекшi орын алды. X.Абдуллиннiң З.Сәмәдидiң, Ж.Босақовтың, Т.Тоқтамовтың, М.Зұлпықаровтың, А.Ашировтың, Н.Баратовтың, П.Сәбитованың) повестер жинақтары жарық көрдi. И.Бахтияның, М.Хамраевтың, И.Бахниязовтың, Р.Кадыридiң, А.Ғаниевтiң, М.Абдурахмановтың өлең-поэмалары жарық көрдi. А.Құнанбаевтың «Өлеңдерi» (1987), С.Мұқановтың «Балуан Шолақ» (1987, ауд. Қ. Тоқтамов). Ғ.Мүсiреповтiң «Кездеспей кеткен бiр бейне» (1987, ауд. З. Сәмәди) шығармалары ұйғыр тiлiнде жарияланды. Қазақ әдебиеті. Қазақ әдебиеті  . — қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы. Қазақтың сөз өнерiнiң тегi әрiден, түркi тiлдес тайпалардың өз алдына халық болып қалыптаспай тұрған кезiнен басталады. Халық фольклоры мен поэзиясының негiзi сол тайпалар шығарған ертегi, аңыз, мақал-мәтелдерде жатыр. Батырлардың отаншылдық сезiмi, туған халқының азаттығы жолындағы күрестерiн жырға қосқан батырлық эпостар («Қобыланды батыр», «Алпамыс», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр», т.б.), халық арасына кең тарап, сүйiктi шығармасына айналған, жастардың адал махаббаты, алмағайып тағдыры жырланған лиро-эпикалық дастандар («Қозы Көрпеш — Баян сұлу», «Қыз Жiбек», т.б.) қазiргi қазақ әдебиетінiң өз алдына мол мұрасы болып саналады; қараңыз: Ауыз әдебиетi. Қазақ әдебиетінің арғы тарихы. Ежелгi түркiлердiң арғы ата-тегi саналатын сақтардың батырлық жырлары арасындағы мазмұн, түр, стиль бiрлiгi көркемдiк дәстүр жалғастығы тұрғысынан ғыл. негiзде дәлелдендi. Сол себептi б.з.б. дәуiрлерде шығарылған «Алып Ер Тоңға», «Шу» батыр, «Атилла», «Көк бөрi» және «Ергенеқон» дастандары бүгiнгi қазақ әдебиетінiң қайнар-бастаулары болып табылады. Сондай-ақ аталған қаһармандық дастандар өзiнен кейiнгi тарихи кезеңдердегi — Түркі қағандығы тұсындағы (8 ғ.) әдеби жәдiгерлердiң («Күлтегiн», «Тоныкөк», «Бiлге қаған» жырлары) жазылуына үлгi-өнеге, негiз болды. Түрiк қағандығы тұсындағы жазба әдебиет өзiнен бұрынғы сақтар мен ғұндардың ауыз әдебиетi үлгiлерiмен генезистiк, типологиялық, дәстүрлiк үндестiкте дамыды. Түркі қағандығы дәуiрiнде шығарылған ерлiк эпосының бiрi — «Қорқыт ата кiтабы». Ал, бұдан кейiнгi Қарахан мемлекетi тұсындағы немесе ислам дәуiрi (10 — 12 ғ.) деп аталатын тарихи кезеңдегi түркi халықтарының қоғамдық-мәдени даму тарихындағы "Қайта өркендеу" — Ренессанс дәуiрi деуге болады. Бүкiл түркi қауымын әлемге танытқан Әбу Наср әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, Әбу Райхан әл-Бируни, Махмұт Қашқари, Жүсiп Баласағұни, Ахмед Иүгiнеки, Қожа Ахмет Иасауи, Сүлеймен Бақырғани, т.б. осы "Қайта өркендеу" дәуiрiнде тарих сахнасына шықты. Олар өзерiнiң ғылыми және көркем туындыларында гуманистiк идеяларды, адамгершiлiк пен қайырымдылықты, т.б. iзгi қасиеттердi көтердi. Бұған әл-Фарабидiң «Риторика», «Поэзия өнерi туралы», ибн-Синаның «Данышнамесi» («Бiлiм кiтабы»), әл-Бирунидiң «Хикметтерi» («Даналық сөздерi»), Махмұт Қашқаридiң «Диуани лұғат ат-түрiк» («Түркi сөздерiнiң жинағы»), Баласағұнидiң «Құтты бiлiгi», Иасауидiң «Диуани хикметi» («Ақыл кiтабы»), Бақырғанидың «Бақырғани кiтабы», т.б. толық дәлел бола алады. Қазақ әдебиетіндегі Алтын Орда дәуірі. Алтын Орда дәуiрiнде (13 — 15 ғ.) Қыпшақ даласындағы түркi халықтарының әдебиетi мен мәдениетi мүлдем жаңа сапалық дәрежеге көтерiлдi. Бұл кезде мемлекет астанасы болған Сарайшық қаласына Батыс пен Шығыстың аса көрнектi ғалымдары, сәулетшiлерi, ақындары, өнер қайраткерлерi, т.б. жиналған едi. Алтын Орда дәуiрi әдебиетi тұсында әл-Хорезмидiң «Мұхаббат-наме», Сайф Сараидiң «Гулистан бит-турки», («Түркi тiлiндегi Гүлiстан», Құтбтың «Хосрау — Шырын», Дүрбектiң «Жүсiп — Зылиха» дастандары ерекше мәшһүр болды. Сондай-ақ, Насреддин Рабғузидiң «Қиссасул әнбия» деп аталатын прозалық шығармасы да кең тараған болатын. Қыпшақ тiлiнiң сөздiгi — «Кодекс куманикус» атты кiтап та заман талабы бойынша өмiрге келген туынды едi. Қазақ әдебиеті тарихының ежелгi дәуiрiн танып-бiлуде тарихи тақырыпқа жазылған көркем шежiрелер де ерекше маңызды рөл атқарады. Сан ғасырлар бойы атадан балаға ауызша да, жазбаша да рухани мұра болып келе жатқан мұндай шежiрелердi қазақтың зиялы ойшылдары, ақындары мен жыраулары жақсы бiлген. Қазақ халқының тарихы мен әдебиетiне тiкелей қатысты түркi тiлiндегi осындай жәдiгерлердiң iшiнен Әбiлғазы Баһадүр ханның «Шежiре-и Түрк» («Түрiк шежiресi»), Қадырғали Жалайыридiң «Жамиғ-ат тауарих» («Шежiрелер жинағы»), Захир әд-Дин Мұхаммед Бабырдың «Бабыр-наме», Мұхаммед Хайдар Дулаттың «Тарих-и Рашидиi» ерекше орын алады. Бұлар ежелден-ақ қазақ оқырмандары арасында тарихи тақырыпқа жазылған көркем туындылар ретiнде қабылданды. Қадым замандардағы сақтар мен ғұндардың аңыз-әфсанаға айналып кеткен ерлiк тарихынан, көк түрiктердiң ежелгi қаһармандық шежiресiнен сыр шерткен жыр-дастандар бертiн келе, қазақтың батырлық жырларының идеялық және көркемдiк тұрғыдан қалыптасуына тiкелей ықпал еттi. Ал, ислам дiнi дәуiрiнде өмiрге келген этикалық-дидактикалық мазмұндағы дастандар мен сопылық сарындағы хикметтер, моральдiк-философиялық трактаттар, ғибрат сөздер, т.б. қазақ ақын-жырауларының толғау-жырларынан өзiнiң логикалық, тарихи, көркемдiк жалғастығын тапты. Қазақ хандығы дәуірі әдебиеті. Қазақтың ұлттық әдебиетiнiң төл тарихы қазақтардың ұлт болып қалыптасуы мен дербес мемлекеттiгiн құрудан басталады. 15—16 ғ-ларда қазақ жыраулары ежелгi түркi поэзиясындағы дидактик. сарынды мазмұндық, тiлдiк, стильдiк жағынан жетiлдiре түстi, гуманистiк, философиялық ой-пiкiрлердi қоғамдық дамудың жаңа асқар биiгiне шығарды; қараңыз: Жыраулық поэзия. 18 ғ-дың соңына қарай, Қазақ әдебиетіндегi жыраулық дәстүр бiртiндеп ығысып, жеке ақындық өнерге орын бере бастады. Жыраулық поэзияның қалыптасқан сөз саптауы, ел тағдырын ту етiп ұстап, ерлiктi мадақтаған биiк үнi бiр iзге түсiп, жеке ақындық өнер арқылы күнделiктi тiршiлiктiң сан-саласына, адам өмiрiне, оның iсi мен мiнез-құлқына, қоғамдағы орны мен қызметiне көңiл бөлiндi. Бұл — әдебиет дамуындағы жаңа дәуiрдiң басы едi. Ақындар шығармаларының тақырыбын кеңейтiп, өмiр шындығын нақты тануға, оған өз көзқарасын бiлдiруге ұмтылды. Бұл арқылы жеке ақындық өнер байып, өзiндiк көркемдiк бояу iздеу жолына түстi. Осы жолмен ол ауыз әдебиетi дәстүрлерiн сақтай отырып, кәсiптiк поэзияның қалыбына кiрдi. Осындай жеке ақындық шығарм-тың туу кезеңiнде өмiр сүрген Көтеш, Шал ақын өлеңдерiнде жеке адамға бағытталған арнаулар, адам өмiрi, оның мәнi мен сәнi, фәнилiк пен бақилық жайы суреттелдi, оларда тапқырлық, бейнелiлiк, шынайы поэзияға тән лирикалық «мен» көрiнiс тапты. Бодандық дәуіріндегі қазақ әдебиеті. 19 ғасырдан бастап қазақтың жазба әдебиетi — әлеумет халiн ұғып, ел қамын жақтауға кiрiсiп, өлең бұрынғыша, қызық, сауық сияқты ермек емес, қауым қызметiн атқара бастады, елдiң саяси пiкiрi мен тiлек, мақсат, мұң, зар сияқты сезiмдердiң басын қосып, жаңадан ой негiзiн, салт санасын құрауға кiрiстi, бұл уақытқа шейiн болмаған әлеуметшiлдiк сарыны, азаматтық нысанасы бой көрсеттi. Осындай әлеуметшiлдiк сарынды көбейткен тарихи оқиғалар бұл дәуiрде орыс отаршылдығымен байланысты туды. Ресей империясына бодан болу, сонымен байланысты туған ел iшiндегi өзгерiстер, қанаудың күшеюi, халықтың тiршiлiк ету аясының тарылуы, ұлттық намыстың тапталуы қазақ ақындары шығармаларында кеңiнен бейнелендi. Осы өзгерiске қарсы анық наразылық Махамбет Өтемiсұлы өлеңдерiнен айқын көрiнедi. Махамбет жырлары — Исатай Тайманов бастаған көтерiлiстiң (1836—37) ұраны, үнi. Мұнда көтерiлiстiң мақсат-мұраты («Қорлықта жүрген халқыма бостандық алып берем деп»), оған қатысатын ерлердiң сипаты («Ереуiл атқа ер салмай»), соғыс суретттерi («Соғыс»), Исатайдың батырлығы мен оны жоқтауға арналған жырлар («Тарланым», «Мұнар күн»), ақынның өз жайына, көңiл-күйiне («Баймағамбет сұлтанға айтқаны», «Қызғыш құс») байланысты өлеңдерiне жалғасып, тұтастай көтерiлiс тарихын, сол кезеңдегi әлеум. жағдайды бейнелейдi. Исатай-Махамбет көтерiлiсiне тiлектес ақындар қатарындағы Шернияз Жарылғасұлының Исатайды мадақтап, Баймағамбеттi даттайтын өлеңдерi батылдығымен, тапқырлығымен бағалы. Исатай—Махамбет көтерiлiсiне жалғас туған Кенесары—Наурызбай бастаған ұлт-азаттық қозғалысы да (1837 — 47) өзiне тiлектес әдебиет тудырды («Наурызбай — Қаншайым», «Топ жарған», «Жасауыл қырғыны», Нысанбай Жаманқұлұлының «Кенесары-Наурызбай» жыры). Сыр бойында, Батыс Қазақстанда өткен патша отаршылдығына қарсы көтерiлiстер кезiнде жаңа жырлар туды («Бекет батыр», «Жанқожа батыр»). Отаршылдыққа қарсы күрес поэзиясы қазақ көркем сөзiнiң дамуында озық идеясымен, халықтық мазмұнымен жаңа белес саналады. Билеушiлерге қарсы наразылықты ашық айтқан шыншыл поэзия туды, адамды суреттеудiң жаңа тәсiлдерi қолданылды. Осы қатардағы ақындар iшiнде Жанақ Сағындықұлы, Шөже Қаржаубайұлы, Сүйiнбай Аронұлы елеулi орын алады. Отаршылдық дәуiр әдебиетiнiң ақындары шығармаларында ел байлығының талауға түсiп, халықтың кедейшiлiкке ұрынып, қоныстың тарылуы, зорлық-зомбылықтың күшеюi, парақорлықтың етек жаюы, адамдар мiнез-құлқының өзгерiп, ұсақталып, берекесiздiкке түсуi, дiн шарттарының еленбеуi, т.б. жағдайлар кең қамтылып, көркем бейнелендi. Оларды заман қайғысы, өткендi ойлап торығу, алдағы өмiрден шошыну зары бiрiктiрдi. Бұл сарынның көрнектi ақындары — Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Кердерi Әбубәкiр Шоқанұлы, т.б. халықтық поэзияның түрлерiн жетiлдiрдi. Оны заман шындығын бейнелеумен шебер байланыстыруда, реализмдi байытып, адам психологиясындағы өзгерiстердi жарқын суреттеуде, тiл өрнегiнде сан алуан жаңалықтар табуда осы топтағы ақындардың еңбегi үлкен. Олардың бiразы отарлаушыларға шошына қарады, дегенмен шығыс әдебиетiмен, дiни әдебиет үлгiлерiмен жете таныс болуы арқасында көркемдiк құндылығы жоғары туындылар жасады; қараңыз: Зар заман ақындары. Қазақ әдебиетінің бодандық дәуіріндегі ренессансы. Қазақ әдебиетiнiң өскелең бағытын айқындауда 19 ғасырдың екiншi жартысында туған демократиялық ағартушылық әдебиеттiң орны ерекше. Бұл әдебиеттiң өкiлдерi Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов ғылым-бiлiм, оқу-өнер арқылы алдыңғы қатарлы елдерге теңелуге, теңдiкке жетуге болатынына сендi. Шоқанның ғыл. көзқарасы, қызметi арқылы қазақ елi iшiнде ағартушылық, демократиялық идеялар тарады. Ыбырай әдебиетке деген ұғым, түсiнiктi жаңартып, оның жас ұрпақты тәрбиелеудегi ұлы күш екенiн көрсеттi. Өзi балаларға арналған әңгiмелер, өлеңдер жазды. Көркем сөз өнерiнiң кемелденуi, өлең сөздiң қоғамдық қызметiн көтеру, сол негiзде жаңа көркемдiк әдiс — реализмдi қалыптастыру ұлы Абайдың үлесiне тидi. Ол Еуропа мен орыстың классикалық әдебиетiн еркiн меңгерiп, көркемдiк таным мен талғамға жаңа талаптар қойды, жаңа сипатты поэзия туғызды. Классикалық әдебиет үлгiлерiн қазақ тiлiне аударып, қазақтың төл әдебиетiмен қатар қойды, Қазақ әдебиетінiң эстетикалық принципi Абай шығармаларында жүзеге асты. 19 ғ. әдебиетi ұлттық таланттардың көптiгiмен және олардың бiр-бiрiне ұқсамайтын сан алуандығымен көзге түседi. Онда айтыс ақындары (Жанақ, Шөже, Орынбай, Түбек, Бақтыбай, Кемпiрбай, Сабырбай, Сара, Ырысжан, Ұлбике, Тәбия, Ақбала, т.б.), әншi ақындар (Бiржан сал, Ақан Серi, Сегiз Серi, Мұхит, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, т.б.), қиссашыл ақындар (Жүсiпбек Шайхисламов, Ақылбек Сабалов, Шәдi Жәңгiров, Мәулекей Юманчиков, Кашафутдин Шахмарданұлы, т.б.) жыршы-жыраулар дәстүрiн жалғастырып, халықтық әдебиет үлгiлерiн сақтап жеткiзушiлер (Марабай, Абыл, Нұрым, Мұрын, Ығылман, т.б.) қатар өмiр сүрдi. Бұлардың барлығы өз мүмкiндiктерiнше әдеби арнаны толықтырды, өмiрдi өзiнше танып жырлады. Қазақ тiлiндегi алғашқы кiтаптар осы кезде басылды («Өсиет наме» — 1880, «Бала зар» — 1890, «Диуани хикмет» — 1896, т.б.), фольклорлық мұралар жинақталып, жарық көре бастады. Қазақ әдебиетінiң көршi халықтар әдебиеттерiмен байланыстары ұлғайып, жаңа аудармалар пайда болды; қараңыз: Әдеби байланыс. 20 ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті ұлы Абайдың ағартушылық, демократиялық дәстүрiн жалғастыра отырып, отаршылдыққа қарсы күрес пен тәуелсiздiктi аңсау идеясын ашық және батыл көтердi. Ахмет Байтұрсынов, Мiржақып Дулатов қазақ халқының тарихи-мәдени дамудан кенже қалып, қараңғылықта отырған күйiн суреттеп, елдi өнер-бiлiмге үгiттедi. Жаңалыққа енжар, ұйқыда жатқан қазақты бiрi «Маса» боп құлағына ызыңдап, бiрi «Оян, қазақ» деп, бар дауыспен жар салды. Ғасыр басында әдебиетке келген ақын-жазушылардың барлығы да осы дүбiрмен оянғандар едi. Сұлтанмахмұт Торайғыров қазақ әдебиетін көркемдiк-эстетикалық тұрғыдан байытып, жаңа жырлардың туып, жетiлуiне үлес қосты. Оның «Қамар сұлу», «Кiм жазықты?» атты романдары, «Адасқан өмiр», «Кедей», «Таныстыру», «Қала ақыны мен дала ақынының айтысы» поэмалары, лирик. өлеңдерi, публицистик. мақалалары ақынның әр саладағы iзденiстерiн танытты. Әдебиеттегi сыншылдық бағытты дамытып, ағартушылық идеяны көркем сөз арқылы өрiстетуге Сәбит Дөнентаев, Мұхамеджан Сералин, Спандияр Көбеев, Бекет Өтетiлеуов, Тұрмағамбет Iзтiлеуов, Ғұмар Қараш, Нарманбет Орманбетұлы, Бернияз Күлеев, т.б. елеулi еңбек сiңiрдi. Олар ақындық өнердi әр жағынан жетiлдiрдi. Сәбит шағын, сюжеттi өлеңдер мен мысал жанрында өнiмдi еңбек етсе, Бернияз заман шындығын лирик. өлеңдермен ашуға ұмтылды. Ауыл мектептерiнде сабақ берген Спандияр мен Бекет еңбектерi олардың ұстаздық, ағартушылық көзқарастарымен байланысты едi. Көбеев «Қалың мал» атты роман жазды. «Айқап» журналын шығарған белгiлi журналист Сералиннiң әлеуметтік теңсiздiктi бейнелейтiн дастандары («Гүлқашима», «Топжарған») басылды. Отаршылдық қанауды, ел билеу жүйесiндегi саясатты, қазақ қоғамының мешеу күйiн сынауда Ғұмар мен Нарманбет өлеңдерi едәуiр көркемдiк табысқа жеттi. Бұл дәуiрдегi әдебиет ақын-жазушылардың ұстаған жолы мен көркемдiк iзденiстерi, бағыт-бағдары жағынан бiркелкi емес едi. Олардың iшiнде таза қазақы дәстүрге сүйенген, аракiдiк шығыс әдебиетiнен хабары бар ақындар тобы болды. Олар да ел iшiн жайлаған надандықты, ел билеушiлердiң әдiлетсiздiгiн, патшаның отаршылдық саясатын сынады. Мәшһүр-Жүсiп Көпеевтiң, Нұржан Наушабаевтың реалистiк өлеңдерi дәуiр шындығын ашып көрсеттi. 20 ғ-дың басындағы әдебиеттi толықтыруда «Исатай-Махамбет» дастанының авторы Ығылман Шөрековтi де, Қ. ә-нiң дәстүрлi саласын дамытқан әншi-ақындар легiнде (Майра, Иманжүсiп, Мәди, Кенен, Үкiлi Ыбырай) атап айтуға болады. 1917 жылғы ұлт-азаттық көтерiлiсiнiң батырлары Амангелдi, Бекболат, т.б. туралы жырлар туды. Көтерiлiске байланысты туған халық поэзиясы ғасыр басындағы әдебиеттiң демокр.-халықтық бағытын толықтырып, оны жаңа мазмұнмен байытты; қараңыз: Қазақ халық поэзиясы. Тәуелсiз Қазақстандағы қазақ әдебиеті. Тәуелсiздiк жылдарының рухани нәтижесi Нұрпейiсов («Соңғы парыз»), Қабдолов («Менiң Әуезовiм»), Мұртаза («Ай мен Айша»), Мағауин («Сары қазақ»), Жүнiсов («Аманай мен Заманай»), Нұршайықов («Жазушы мен оның достары»), Ысқақ («Ақсу туралы аңыз»), Тоқтаров («Абайдың жұмбағы»), Софы Сматай («Жарылғап батыр»), С.Елубай («Тағзым»), Мұратбеков («Ай туар алдында»), Исабеков («Ай-Петри ақиқаты»), Тарази («Қара жұлдызға сапар»), Жұмадiлов («Тағдыр»), А.Жақсыбаев («Тiрек»), Қ.Исабаев («Шоң би»), Д.Досжан («Құм кiтап»), Б.Мұқай («Өмiрзая»), Ә.Сарай («Едiл-Жайық»), О.Сәрсенбай («Шеңбер»), т.б. көрнектi жазушылардың роман, повесть, әңгiмелерiнде көрiнiс тапты. Әдеби онжылдықта Қ. ә-нiң дәстүрлi жанры поэзияда ұлттық үн мен азаматтық әуен жоғары деңгейге көтерiлдi. Барлық уақыт қабаттарына барлау жасау, поэтикалық қиялдың ауқымдылығы, лирикалық, баяндаушылық, публицистік және сыншылдық көңiл-күйдiң байлығы, суреттеу тәсiлдерi мен құралдарындағы батыл iзденiстер осы жылдар поэзиясына тән болды. Мүшайра, айтыс, әдеби-поэтикалық байқаулар шығармашылық iзденiстердiң молаюына түрткi болды. 20 ғ-дың 90-жылдарында ұлттық драматургияның ең басты нысанасы болған Кекiлбаевтың «Абылай хан», Ш.Құсайыновтың «Томирис», М.Байсеркеновтың «Абылай ханның ақырғы күндерi» тарихи драмалары ендi ғана тәуелсiздiк алған елдiң егемендiгiн сақтап қалудағы қиын күрестiң тiрегiн iздеудiң ерекше түрi iспеттi болады. Қазақ әдебиеті өзiнiң бүкiл даму барысында күрделi де қайшылықты жолдардан өттi. Бүгiнгi қазақ ұлттық әдебиетi өсiп-өркендеген көп салалы, көп жанрлы, көрнектi авторлары бар, әлемдiк әдебиет деңгейiне көтерiлдi. Қытай қазақтарының әдебиеті. Әдебиет деген алып байтеректің сандаған бұлақтардан құралатыны даусыз. Олай болса қазақ әдебиеті деп аталатын ұлы ұғымды Қазақстан көлемімен ғана шектесек сыңар жақты көзқарас болар еді. Қазақ әдебиеті әлемдегі қазақ қоныстанған барлық елде өз өркенін жайып, тамыр тартты. Әсіресе, екі милионға жуық қандастарымыз қоныстанған қытай елінде де біздің әдебиетіміз өз жетістігімен өзгешеленеді, әрі қазақ әдеби мұраларының құнды да құнарлы қазынасы сақталған алып әдеби орта екені ақиқат. Ал, біз кейде сондай әдебиетімізбен мәдениетіміздің мәйегі болған қандастарымыздың құнды еңбегін бағалай алмай жатамыз. Жақында ғана Алматыда «Жазушы» баспасынан жарық көрген Шәміс Құмарұлының «Бөке батыр» романын оқып отырып ойларымыздың шындығына онан ары көз жеткіземіз. Осы орайда қытайда болған күндерімде жазушы Шәміс Құмарұлы ағамызбен сәті түсіп сыр бөліскен едім. Сөзіміздің дәлелі де мәйегі сол сұхбатымыз болсын. - Шәміс аға, сіз қытай қазақ әдебиетіне елеулі еңбек сіңірген жазушының бірісіз, әрі осы салада көп жылдан бері басшылық міндетін арқалап келесіз. Сол қытай қазақ әдебиетінің жалпы жайы, бұрынғысы мен бүгінгісі және болашағы туралы не айтасыз? - Қытай қазақтарының жазба әдебиетінің тарихы тым ұзақ емес. Қытай топырағында туылған жазушылардан тұңғыш шығармасы басылым көрген Ақыт Үлімжіұлы екен. Біз әйгілі ақын Ақыт Ұлімжіұлының 1891 жылы қазан баспасынан жеке кітап болып шыққан тұңғыш кітабы “Жыйһаншаны” Қытайдағы қазақ қаламгерлерінің тұңғыш кітабы деп есептесек, жазба әдебиетіміздің тарихы әрең 115 жыл болады. Қытай зерттеуші мамандар қытай әдебиетін төмендегідей бірнеше дәуірге бөледі. 1840 жылдан 1919 жылға дейінгі әдебиетті қазіргі заман әдебиеті 1949 жылдан кейінгі әдебиетті осы заман әдебиеті деп айырады. Осы тұрғыдан алғанда Ақыт Ұлімжіұлы ғана қытай жақынғы заман қазақ адебиетінің уәкілі болады. өйткені оның “Жиыһаншадан” басқа трөіт кітабы түгел 1919 жылдан бұрын қазан баспасынан шыққан. Сол арқылы Ақыт бүкіл қоғамға өте кең танылған. Сонау ХІХ ғасырда, оқу-ағартуы төтенше мешеу, баспа сөз орны мұлде жоқ, қараңғы өңірде қолына қалам алып шетел баспаларынан кітап шығару оңай жұмыс емс. Қатынасы қолайсыз өте шеткері Өралтай өңірі жөнінен алғанда тіпті де қиын еді. Ақыт Ұлімжіұлының халықты оқу - ағартуға, ғылым, білім үйренуге үндеген шығармалары өте көп. Әсіресе ахылақ мұралға, адалдыққа үндеген өлеңлдері сонау 30-40 ж.ж. халықты оятып, мәдениетке жетелеу де орасан қызмет атқарған. Ал, Таңжарық Жолдыұлы, Асқар Татанайұлы, Дубек Шалғынбаев, Нығымет Мыңжанұлы қатарлы қаламгерлердің алды 1930 жылдардан бастап шығармалар жариялап, қоғамға ақын - жазушы ретінде танылған. Құрманалы Оспанұлы, Қаусылқан Қозыбайұлы, Рахметолла Әпшеұлы, Мағаз Разданұлы қатарлы ақын жазушылардың алғашқы шығармаларының жарық көруі 1949 жылдан бұрын болғанмен саны шағын, дені 1949 жылдың қарсаңында жарияланған екен. Сондықтан бұл жазушыларды да қытай қазіргі заман әдебиетіне өкілдік ететін, қытай қазақ әдебиетінің уакілдері деуімізге болады. Бұл жерде соны анық айтуымызға болады. Соңғы аталған ақын - жазушылардың кесек еңбектері мәдениет зор төңкерісінен кейін жарық көрді. Бұл оларлдың сонау 1949 жылдардағы алғаш әдебиетке атсалысқан дәуірінен айрықша екені анық. Мен олардың алғаш танылған дәуірін негіз еттім. 1949 жылдан 1966 жылға дейін Совет қазақ әдебиеті мен Қытай жаңа дәуір әдебиетінің ықпалында бір буын ақын - жазушылар қосыны қалыптасты. Бұлардың негізгі өкілдері ретінде: Омарғазы Айтанұлы, Күнгей Мұқажанұлы, Мақатан Шәріпқанұлы, Ғани Саржанұлы, Құлмұқамет Ахметұлы, Тәліпбай Қабаев, Шәкен Оңалбаев, Задақан Мыңбаев, Мәди Әбдірахманов, Жақып Мырзақанов, Бердібек Құржықаев, Жұмәділ Маман, Батырқан Құсбегин, Шәйсолтан Қызырұлы, Тұрсынәлі Рысқалиев, Жұмабай Біләлұлы, Ғалым Қанапияұлы, Әуелхан Қалиұлы, Райхан Ібінқызы, Ұлықан Солтанқызы қатарлы елуден артық қаламгерді атауға болады. Бұл дәуірде ақын - жазушылар қонысы молайып, бір бөлім көркем туындылар барлыққа келгенімен жәнеде советтер одағынан келген әсіре солшылдық идеялардың шырмауынан аулақ бола алмады. Бұл дәуірдегі шығармалардан таптық күресті жырлаған солшыл, ұраншылдық бастан - аяқ қамтылып отырды. Шындап айтқанда қытай қазақ әдебиеті, қытай әдебиеті мен ұқсас, «мәдениет зор төңкерісі» делінетін әсіре солшыл он жылдық ойран аяқталып, Қытайда реформа жүргізу, есікті ашу саясаты жолға қойылғаннан кейін ғана өзіндік даму жолына түсті. Ақын жазушыларымыз шығармашылықпен алаңсыз шұғылданды. Соның нәтижесінде 1978 жылдан 2000 жылға де йінгі қысқа ғана 22 жыл ішінде жүзге тарта роман, неше жүздеген әңгіме, повестер жинағы, дастан, өлеңдер жинағы жарық көрді. Соны ашық айтуға болады. Қытай қазақ әдебиеті тарихындағы едәуір үздік шығармалар сол дәуірде туды. Бұрынғы қарт қаламгерлердің де белді шығармалары осы дәуірде жарыққа шықты. Тарихта өткен Ақыт, Таңжарық ағаларымыздың да томдары осы дәуірде баспадан шықты. Меніңше 80-90 ж.ж. Қытай қазақ әдебиетінің бір шама гүлденген, өлмес шығармалар туған тамаша дәуірі болды. Қытай қазақ әдебиетінің болашағы туралы кесіп бір нәрсе айта алмаймын. Солайда Қытай қазақ әдебиетінің бүгінгі даму ауқымына шама мөлшер жасауға болады. XXI- ғасыр басталғаннан бері қарай яғни 1999 жылдан кейінгі әдеби шығармалардың жалпы даму деңгейіне көз салғанда, яғни жас қаламгердің тебініне қарағанда, қытай қазақ әдебиетінің болашағы нұрлы деп қараймын. Болашақта халқымызға мақтан боларлық яғни қазақ халқының абыройын асыратын әйгілі шығармалар туылуына тамаша негіз бар.- Қытай осы заман қазақ әдебиетінде бүгінгі өмірді тақырып еткен қандай кесек шығармалар бар? Сіз оларға қандай баға бересіз? - Жоғарыда қытай қазақ әдебиетінің жалпы жағдайы туралы тоқталып, осы заман әдебиетіндегі кесек шығармалар мене халық жүрегін ұялаған әйгілі шығармалардың барлығы 1978 жылдан кейін ғана дүниеге келгендігін айттым. Бүгінгі өмірді жазған кесек шығармалар негізгі жақтан осы қарсаңда дүниеге келді. Ал, мәдениет төңкерісінің соңғы дәуірінен бері қарайғы өмірді жазған шығармаларды қосқанда саны біразға барады. Бұларға Күнгей Мұқажанұлының “Тайталас” поуэсті, Жұмабай Біләлдің “Жондағы жорықтар” романы, Омарғазы Айтанұлының “Таразы” романы менің “Көз жасы сарқылмайды” романым мен “Жусанды дала” “Тірлік тынысы” қатарлы поэсдтерім, “Ертіс кілкіп ағады” романым, Қайса Түсіпұлының: “Үзілген үміт”, “Тағдыр таразы” романдары, Оразхан Ахметтің: “Көкбелес романы “80-аулада”, “Алыстағы оттар” поэсдтері, Шәйсолтан Қызырұлының “Алтын тау азматтары” романы, және “Шаңырақ” повесті, Жұмәділ Маманның: “Көпірдегі көк жалдар” поэсді, Жеңіс Ырсқанұлының “Тортөбелдің толық емес тарихы”, “Томпақтың қоныс аударуы”, “Бір реткі қонағасы” қатарлы повестері, Қырбақ Нұрғалиұлының “Үкі күлкісі”, “Сорға біткен дос”, “Сынық қанат көгершін” қатарлы поэсттері, Серік Қауымбайұлының “Құйынды қабір” повесті, бұдан басқада повестер бар. әңгімелерде аз емес. Романдардың ішінде Омарғазы Айтанның “Таразы” романы Менің “Қөз жасы сарқылмайды” романым оқырмандардың жақсы аңысын қозғағаны көпшілікке белгілі, менің “Ертіс кілкіп ағады” романым 2006 жылы Қытай тіліне аударылып баспадан шықты. Сыншылыр тисті бағаларын жазды. Повестерден:”Жусанды дала”, “Тор төбелдің толық емес тарихы”, “Үкі күлкісі”, “Құйынды қабір” қатарлы повестер реформа дәуірін бір шама жанды бейнелеген шығармалар деуге болады. Әр жазушы өмірдің әр қырынан, әр түрлі жазу тәсілімен жазып келеді. Әр кімнің шығармашылық іздену жолы әр бөлек. Сондықтан шығарма атаулыны бір өлшемге салып баға беруге келмейді. Қайсы үлгіде, өмірдің қай қырынан жазылған шығарма болсада оның өзіндік артықшылығы әрі кемшілігі болады. Бірінің кемін бірі толықтайды. Сондықтан жазу шеберлігі жетпеген яғни көркемдігі төмен шығарманың да жалпы әдебиетімізге аз болсада қосқан үлесі бар деп қараған дұрыс. Оқырмандардың көңілінен жол тапқан, халықтың аңысын қатты қозғаған әйгілі шығармаларды мен ашалап отырмасамда жұрттың көңілінде сайрап тұрғаны анық, соны анық айтуға болады. Әйгілі шығарма дүниеге келген соң ғана сол шығарманың авторы әйгілі жазушыға айналады. Қытайда 45 тен төменгі қаламгердің бәрін жастар қатарына жатқызады. Осы тұрғыдан алғанда біздің жас ақын - жазушыларымыздың саны аз емес. Әсіресе ұлтымыз жөнінен алғанда, қоғамға шығармашылықпен танылған жас қаламгерлердің саны расында едәуір көп. Мұның бәрін бірден атап отырсақ үлкен бір тізімдік болады. Жалпы сапасы жағынан алғанда, әрине бір келкі емес екені анық, бір келкі деу шындыққа да жанаспайды. Десе де осы жас қаламгерлеріміз ішінде көркемдік деңгейі едәуір биік үздік шығармалармен көзге түсіп жүрген жастарымызды мақтана ауызға алсақ артық болмайды деп ойлаймын. Жақынғы жылдардан бері Тәпей Қайысқанұлы, Қидаш Жұбанышұлы, Білісбек Әбдіразақұлы, Қырбақ Нұрғалиұлы, Балапан Рабатов, Жеңіс Ырысқанұлы, Еркеш Құрманбекқызы, Мағаз Мәлікұлы, Алмагүл Жұмажанқызы, Тұрсынбек Байжұмаұлы, Қасен Әубәкірұлы, Мәдениет Мұқатайұлы, Ерлен Нұрдықанұлы, Серік Сейтқазыұлы қатарлы жас қаламгерлер бұрынғы көне сүрндекті бұзып, өздерінгше ізденіп, өз алдарына жол тауып, шығармашылықта өз даралықтарымен жұрт көңілінен орын алды. Жазушының жазу стилі деген сөз жазушының қалам даралығы ғой, мұны түсінікті тілмен айтсақ, жазушының шығармада пікір көтеру яғни идея табу тәсілі болады. Біз ауызға алып отырған осы бір топ жас ақын-жазушылар өздеріне тән идеч табу тәсілдері бар қаламгерлер десек артық болмайды. Адам баласы көңілге, рухқа сүйеніп жасайды. Бір ұлттың әдебиеті сол ұлттың асқақ рухы. Сондықтан жер бетінде бір ғана адам қалған күнде де сол бір адамның көңіл - күйіне қажет рухани әлем болуы керек. Менің қарауымша жер бетінде адам баласы болады екен, сөзсіз әдебиет те болады. Айтуларға қарағанда адамдардағы ауырудың жүзде тоқсаны адам көңіл - күйінің қалыпсыздығы себебінен болады екен. Бұл адамдардың көңілге сүйеніп жасайтындығының дәлелі. Әдебиеттің өзі адамдардың көңіл - күйінің дәрісі. Егер бір адам өмірде тығырыққа тіреліп, өліп алуды ғана ойлап отырғанда, қолына бір жазушының шығармасы түсіп, осы шығарманы оқығаннан кейін ол, мыныдай блғанда мен ұлмеуім керек дейтін ойға келсе, ал, бір адам біреуге өлердей өшігіп өлтірмей қоймаймын деп жүргенде бір кітап қолына түсіп оқыған соң райынан қайтса бұл шығарма нақты адам көңіл - күйінің баға жетпес емі деуге болады. әдебиетте болашақ жоқ дейтін аңыс, біріншіден, ұлыт мүддесін емес, ақшаны ғана қуған бір бөлім адамдармен, жазудан белгілі өзіндік жол таба алмаған адамдардың қоғамға көтеріп шыққан идеясы болуы мүмкін. өз басым, қоғам дамыған сайын әдебиетте дамиды деп қараймын. Әдебиетте адамның жан дүниесін жазу деген сөз ертеден айтылып келеді. Бұл сайып келгенде жәнеде адамдардың көңіл-күйін жазу деген сөз. Қазірде Қытайдың Шыңжаң автономиялы ауданына қарасты Шәуешек қаласында тұратын жазушы, ақын, драматург Қажығұмар Шабданұлы 1925 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Таңсық елді мекенінде дүниеге келген. 1930-шы жылдардың басында ашаршылықтан бас сауғалап, ата-анасымен Қытайдың Шыңжаң өлкесіне қарасты Дөрбілжін ауданына ауып барған. Жергілікті халықтардың мәдени-ағарту көтерілісі кезеңінде Дөрбілжіндегі «Қазақ-қырғыз ұйымын» басқарған. Алғаш рет 1958 жылы «оңшыл», «солшыл» деген саяси айыптаулармен сотталып, 22 жылға бас бостандығынан айрылған Қажығұмар жазасын Такламакан шөліндегі Тарым лагерінде толық өткеріп, 1980 жылы бостандыққа шығады. 1986 жылдың желтоқсанында ұлттық дербестікті көздейтін «Үміт» атты партия құрды және Қазақстанның астыртын ұйымдарымен байланыс жасады деген айыптаулармен, шетел жансызы деген желеумен 13 жылға екінші мәрте түрме жазасына кесіледі. Бұл жаза мерзімін ол Үрімжі қаласының №1 түрмесінде өткізеді. Қытай өкіметі тарабынан саяси себептерге байланысты қудаланғаны үшін Қажығұмар Шабданұлы қамауда отырған кезде адам құқығын қорғау жөніндегі «Халықаралық рақымшылық» (Амнести интернешнл) ұйымы оны «ар-ождан тұтқыны» деп танып, Қытайдың құзыретті ресми орындарынан ол кісіге байланысты әділ тергеу мен ашық сот жүргізуін жүйелі түрде талап еткен. Монголия қазақтарының әдебиеті. Атамекендегі қазақ әдебиетін алып бәйтерекке теңесек, моңғолиядағы қазақ әдебиеті соның бір мәуелі бұтағы болып табылады. Бұл өлкедегі қазақтар арасынан жиналған фольклорлық мұра 5 том кітап боп жарыққа шықты. Ақыт Үлімжіұлы (1867-1940) Ақыт Қажы Үлімжіұлы - атақты қазақ ақыны, діни қайраткері, халық ағартушысы. Шығыс Түркістандағы Алтай аймағының Көктоғай ауданында кедей отбасында дүниеге келді. Бала кезінен бастап ауыл молдасынан, одан кейін Бұқар медресесінде дәріс алып араб, парсы тілдер, сондай-ақ шариғат пен тәжуитті үйренген. 1908 жылы Алтай, Қобда аймақтары қажылар тобының аудармашы ретінде Меккеге қажыға сапар шегіп барады. 1910 ж. елге қайтып келген соң, Сарытоғай ауылында мектеп ашып мұғалім болады. 1939 жылы Шэнь Шицайдің үкіметіне наразы шыққан халық көтерілісіне белсене қатысқаны үшін ұсталып қамалды да, 1940 жылы абақтыда қаза болды. Ақыт Қажы атамыздың “Жиһанша”, “Ахиретбаян”, “Сәйпілмүлік - Жамал” дастандары Қазан баспасында бірнеше рет жарық көрді. Оның “Абақ керей шежіресі”, “Ер Жәнібек”, “Алтай” сияқты толғау өлеңдері қолжазба түрінде кең тараған. Ақын Ақыт Үлімжіұлы Қарымсақовтан бастап 30-дан астам халық ақындарының шығармалары жинастырылып, зерттеліп, ел игілігіне айналды. Тауданбек Қабанұлы(1830-1908), Төлебай Бөжекұлы(1858-1924), Мешел Қожекеұлы(1858-1928), Отарбай ақын(1882-1953), Нәжікеш Таңқайұлы(1885-1953), Оңашыбай Ірбітұлы (1892-1953), Бұрқасын Тауданбекқызы (1905-1968) т.с.с. халық ақындарының шығармашылығы арнайы зерттеліп, оқырман қауымға жол тартты. МХР тәуелсіздігінің нығая түсуіне байланысты 1940 жылы Баян- Өлгий қазақ ұлттық аймағы боп жеке құрылды. Бұл оқиға мұндағы қазақтың әлеуметтік-саяси өміріне бетбұрыс әкеп, ұлттық мәдениеттің гүлденуіне негіз болды. 1942 жылы 3-қыркүйекте “Қазақ аумағында жаңа әліпбиді қолдану туралы” қаулы қабылданып, латын әрпі орнына Қазақстанда қолданылып отырған қазақ (кириллица) әліпбиін пайдалану ісі жүзеге асып, ана тілінде алғаш рет “Өркендеу” газеті (қазіргі “Жаңа өмір”) жарыққа шығып, қаламгерлер осы газет төңірегінде топтаса бастады. Тұңғыш мәдени ошақ Ұлттық клуб құрылды. 1955 жылы қазақ қаламгерлері үйірмесі орнап, 1957 жылы жылына 4 мезгіл жарық көретін “Жаңа талап” альманағы (қазіргі “Шұғыла”) шыға бастады. 1948 жылы өткен Моңғолия Жазушылар Одағының съезіне ақын Ақтан Бабиұлы, жазушы Құрманхан Мұқамадиұлы бастаған қаламгерлер қатысты. 1968 жылы 28 желтоқсанда МХРП ОК-нің саяси бюросы арнайы қаулы қабылдап, МХР Жазушылар Одағының қазақ бөлімшесін ресми құрды. Мұның бәрі ұлттық мәдениеттің түлеп жаңғыруына, әсіресе жаңа жазба әдебиеттің қалыптасуына зор әсерін тигізді. Соның нәтижесінде бүгінге дейін әдебиет саласында 400-дей қаламгер еңбек етіп, олардың қатарынан 20-дан астамы МХР Жазушылар Одағының мүшесі шығып, 70-тей талант иелері аймақтың жазушылар бөлімшесіне мүше болып, 1957-жылдан кейінгі кезеңде ақын-жазушы, драматургтер алды 10, арты бір кітаптан шығарма жазып, барлығы 300-ге тарта әдеби шығарма, зерттеу, 40-тан астам біріккен жинақ, моңғол тілінде 30 жинақты жарыққа шығарды. Әдебиеттің жаңа мазмұны мен түрі пайда боп әңгіме, повесть, роман, драма, кинодрама, поэма, сатира, фантастика секілді барлық жанрды қаламгер қауым игеруге атсалысты. Моңғолиядағы жазба әдебиеттің даму кезеңін екіге бөліп қарастыруға болады. І кезең: 1940-1970 жылдар. Бұл жаңа әдебиеттің пайда болып қалыптасу кезеңі. ІІ кезең: 1970 жылдан бүгінге дейінгі уақыт. Бұл жазба әдебиетінің толысу дәуірі. Ақтан Бабиұлы (1897-1973) Моңғолиядағы жазба әдебиеттің негізін салушы – Ақтан Бабиұлы (1897-1973). Ол МХР мәдениеті мен өнеріне еңбегі сіңген қайраткер, ақын әрі драматург, сонымен бірге ауыз әдебиетінің белді өкілі. Жас кезінде айтыскер ақын ретінде елге танылған ол 1919 жылдан бастап “Кедей күні”, “Сары Мешелге”, “Қарау байға”, “Жөргем салға”, “Халел мен Мәлік молдаға” секілді өлеңдерімен сол кездегі мешеулікті сын тезіне салып, тілі уытты сыншыл да шыншыл ақын ретінде халыққа танылады. Оның Ұмсындық, Ғазиза, Ақбалалар мен айтысы сол кездегі қазақ өмірінің айнасы деуге болады. А.Бабиұлы 1940 жылдан бастап “Өркендеу” газетіне өршіл үнін қосып, жаңа заманның жаршысы болумен бірге мәдениет пен өнерге қарымды үлесін қосқан сергек саналы қайраткер болды. Оның оннан астам жинақтары жарық көріп, драмалық туындылары театр репертуарының мәйегіне айналды. Ақынның 1940-1960 жылдарда жазған өлеңдері үгіт-насихат сипатында болып, халықты жаңа қоғам құруға уағыздады, ескі мешеулікті қатты сынауға бағытталды. Ол достық тақырыбында “Орыс даласы”, “Москвам”, “Қанды соғыс”, “Отан жыры” секілді туындылар, “Қыс”, “Жазғы мысал”, “Қобда өзені”, “Бесбоғданың қойыны”, “Бөкентау” секілді табиғат лирикаларын жазды. Ақынның “Бүркіт” (1959), “Досымбек-Балқия” (1964), “Өмір жолы” (1970) секілді поэмалары оның қаламгерлік қарымын жалпақ елге танытқан шоқтығы биік туындылар болумен бірге поэма жанрының қалыптасуына негіз болды. Құрманхан Мұқамадиұлы – (1923-1964) Құрманхан Мұқамадиұлы – (1923-1964) әдеби қызметін өлең жазумен бастады. Оның “Құттықтау”, “Қыс”, “Октябрь тойына”, “Қазақстандық достарға” “Тау қойнында жеке дара” секілді өлеңдері бар.Әйткенмен ол қаламгерлік қабілетін драма саласында көрсете білді. Арғынбай Жұмажанұлы Арғынбай Жұмажанұлы 1954 жылы Алматыда Абай атындағы қазақ педагогика институтының филология факультетін бітірген соң туған жеріне қайтып оралып, Баян-Өлгей аймағындағы мәдени-ағартушылық істердің тізгінін қолға алып, ел-жұрттың рухани толысуына тегеуірінді ықпал еткен адам. Өнер бердің, жыр төгіп шалқып барам. Кешір мені туған жер — Моңгол елім, Ол орта мектепте мұғалім, директор, аймақтық оқу бөлімінің меңгерушісі, аймақтық партия комитетінің хатшысы, "Жаңа Өмір" газетінің редакторы, қатарлы қызметтерді абыроймен атқарып, құрметті демалысқа шыққан. Монғол Халық Республикасы халық ағарту ісінің үздігі, 1950 жылдан Монголия Жазушылар одағының, 1971 жылдан Монғолия Журналистер одағының, 1993 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, көрнекті жазушы драматург, Монғолия Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты. Өлең, дастан, драмалық шығармаларының он шақты жинағы қазақ тілінде, төрт кітабы монғол тілінде басылған. Шығармалары орыс, украйн, болғар, тува, алтай тілдеріне аударылып жарық көрген. "Талаптылар мен табынушылар", "Ертіс әуендері", "Бірлестікшілер", "Сандуғаш" пьесалары театр сахнасында қойылып, "Шайқас алдында", "Домбыра әуендері" атты көркем және деректі фильм сценарилері кино болып шыққан. Монғолия Үкіметі Арғынбай Жұмажанұлының ұстаздық және жазушы-журналистік еңбегін жоғары бағалап, "Еңбек қызыл ту", "Алтын жұлдыз" ордендерімен және мерекелік медалдармен марапаттаған. Ақын, драматург Арғынбай Жұмажанұлының алғашқы жинағы “Тақпақтар” деген атпен 1949 жылыҰланбатырда жарық көрді. Содан кейін “Ертіс жырлары” (1960), “Біздің өлкеде” (1972), “Меңдікөл” (1979) жинақтары оқырманға жетті. Ақын Даниял Дікейұлының “Жетілген жетім”, “Таң алдында”, “Солдат сөзі”, “Алтай аясында” секілді поэмалары, Имашхан Байбатырұлының “Телқоңыр” (1967), “Аққу әні” (1970) секілді жинақтары, Шабдарбай Қатшанұлының “Көрімдік”, “Шығыстағы алау”, “Майлы жер” поэмалары, Дайын Қалаубайұлының “Жас дәурен”, “Гүлсім” сияқты жинақтары поэзияның аяқ алысын байқатқан айтулы туындылар. Аға буын қаламгерлер Ж.Байыт, И.Жәбенұлы, Қ.Кәп, М.Егеухан, А.Қауия, І.Яки, орта буын өкілдері Ж.Кәкей, Ш.Зуқай, Р.Шынай, І.Кеңес, Қ.Тойлыбай, Қ.Бодаухан, О.Солдатхан, Ж.Қуанған, М.Зүлкафил, Б.Мұрат, Ә.Дәулетхан, Р.Зұрғанбайұлы секілді ақындардың туындылары өлең өнерінің биік үлгіде дамуына баспалдақ жасады. Проза саласына келсек, бұл кенже қалған жанр 1955 жылдан кейін дами бастады. Дәлірек айтқанда, Қ.Мұқамадиұлының бірнеше көркем әңгімелерінен бастау алып, керуен тартты. Қ.Мұқамадиұлының “Алғашқы қадам” (1955) “Жұрт ала ма, жұт ала ма?” көркем эссесі прозаның сәтті жазылған алғашқы үлгілері болды. “Алғашқы қадам” әңгімесінде аймақ өмірінде болған тұңғыш рет адамға хирургиялық операция жасаған тарихи оқиға суреттеледі. Көркем проза Махфуз Құлыбекұлының “Мұралық”, “Көк лақтың құпиясы” әңгімелері, “Қызыл қайың хикаясы” повесі арқылы жалғасын тапты. Жазушы Шерияздан Нығышұлының “Күдірлі керуен” повесі қазақ және моңғол тілінде жарық көрді. Ақын Алақанұлының “Менің анам”, “Егіншінің баласы”, “Ананың ақ тілегі” секілді прозалық шығармалары әдебиетке елеулі жаңалық әкелді. 1970-1985 жылдары Моңғолиядағы қазақ қаламгерлерінің оншақты роман, көптеген повесть, әңгімелері жарық көрді. Алғашқы роман – жазушы Елеусіз Мұқамадиұлының “Қобда қойнауында” шығармасы еді. Одан кейін Шабдарбай Қатшанұлы “Жырақта қалған жылдар”, Мағауия Сұлтанияұлы “Ұрпақ тағдыры”, Ісләм Қабышұлы “Ұрпағың үзілмесін”, Жамлиха Шалұлы “Үлкен үй”, Қауия Арысбайұлы “Жиекте”, Сейітхан Әбілқасымұлы “Қара боран”, Сұлтан Тәуекейұлы “Мұнар таулар” романдарын жазды. Бұл әдебиеттің жаңа белеске көтерілгенінің дәлелі болды. 1940 жылы аймақтық Ұлттық клубтың шымылдығы Ақтан Бабиұлының “Ермалай” пьесасымен ашылып, бұл туынды драма жанрының алғашқы қарлығашы болды. Оның“Жамал” (1941), “Еріншек пен екпінді әйел” (1942), “Қалқаман-Мамыр”, “Ақайша” секілді драмалық туындылары өлкедегі театр өнерінің қалыптасып дамуына септігін тигізді. Жазушы, драматург Құрманхан Мұқамадиұлы буыны енді беки бастаған драма өнерін зор белеске көтерді. Мәскеуден білім алып,л әлем классиктерінің шығармаларымен терең сусындаған ол осы салаға тың серпін берді.Оның “Кезең үстінде” (1955), “Қарға қарғаның көзін шоқымайды” (1957), “Жасыл дөң” (1959), “Тұлбакөл шайқасы” (1962) секілді драмалық шығармалары күрмеуі мол күрделі жанрды игеруге соны соқпақ болды. Ақын, драматург Арғынбай Жұмажанұлының “Талаптылар мен табынушылар” пьесасы 1956 сахнаға жол тартты. Оның “Ертіс шындығы”, “Сандуғаш” секілді пьесалары бар. “Моңғолкино” студия түсірген “Шайқас алдында”, “Домбыра әуені” фильмдерінің сценарииін жазды. Жазушы Ж.Баят, ақын Қ.Шабдарбайлар да осы жанрға үлесін қосып, ақын И.Байбатырұлы “Керім-Торым” либреттосын жазды. Көркем аударма саласы да қарқынды дамып, Қазақстанның көрнекті ақын-жазушыларының туындылары түгелдей дерлік моңғол тіліне аударылды. Атап айтар болсақ, А.Құнанбайұлы, Ж.Жабаев, М.Әуезов М.Жұмабаев, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, І.Есенберлин, Ж.Молдағалиев, Ә.Әлімжанов, М.Мағауин т.с.с. көптеген қаламгерлердің белгілі туындылары моңғол тіліне тәржімаланды. Бұл іске аударма шеберлері Ж.Шалұлы, О.Қаһар, И.Қабышұлы, Т.Сұлтан, Ж.Қамайұлы өз үлесін қосты. Әсіресе М.Әуезовтің “Абай жолы” романынан бастап қазақстандық атақты қалам қайраткерлерінің туындыларын аударуға өмірін арнаған ақын-жазушы Жамлиха Шалұлы мен А.Құнанбайұлы, М.Өтемісұлының шығармаларының толық жинағын моңғол тілінде сөйлеткен ақын, аудармашы Жүкел Қамайұлының еңбегін ерекше атауға тиіспіз. Сонымен бірге моңғолдың көне фольклорлық мұралары мен классикалық әдеби шығармалары қазақ тіліне молынан аударылды. Бұл іске Қ.Мұқамадиұлы, М.Сұлтанияұлы, Б.Құрманханұлы, Қ.Жұмаханұлы секілді көптеген қаламгерлер үлес қосты. Әдеби сын, зерттеу саласында ф.ғ. докторы Қабидаш Қалиасқарұлы, ф.ғ.кандидаты Қуанған Жұмаханұлы, ф.ғ.кандидаты Есенгүл Кәпқызы секілді ғалымдар қажырлы еңбек етті. Соңғы буынға келсек, Қазақстан тәуелсіздігінен кейін Рысбек Зұрғанбайұлы, Жүкел Қамайұлы, Сұраған Рахметұлы, Бақытбек Бәмішұлы, Абай Мауқараұлы, Есенгүл Кәпқызы, Дәулеткерей Кәпұлы, Жандос Бәделұлы, Бақытгүл Баймолдақызы секілді ақын-жазушылардың көбі тарихи отанына оралып, әдебиет саласында еңбек етіп отыр. Түйіндеп айтқанда, моңғолиядағы қазақ әдебиеті қазақ пен моңғол халықтарының рухани бай қазынасынан тең сусындап, мазмұны байып, жанрларының барлық түрі дамып, ұлт әдебиетінің алып дариясына құятын мөлдір бұлаққа айналып отыр. Қазақ киносы. Қазақ киносы — Қазан төңкерiсiнен кейiн пайда болды. 20 ғ. басында Қазақстанда барлығы 13 жекеменшiк кино залы жұмыс iстедi. Олар негiзiнен iрi қалаларға (Семей, Павлодар, Өскемен, Ақмола (Астана), Қостанай, Ақтөбе, т.б.) орналасты. Верный (Алматы) қ-нда бiрiншi киносеанстар 1910 жылдан көрсетiле бастады. Киноның алғашқы белсендi насихатшыларының бiрi — Ә.Жангелдин болды. Ол 1913 ж. Еуропа мен Азия елдерiнде саяхатта болып, Испания, Үндiстан, Қытай, т.б. елдердiң өмiрiнен түсiрiлген этногр., тұрмыстық мазмұндағы 40-қа жуық лента мен жылжымалы кинопроектор алып келдi. 1925 ж. Қызылордада өткен Қазақстан Кеңестерiнiң 5-съезiн Мәскеу киношежiрешiлерiнiң пленкаға түсiруi Қазақстандағы бiрiншi кино түсiру қадамы болып саналады. Сол жылы орт. «Культкино» студиясы жасаған «ҚАССР-нiң 1 жылдық мерекесi» атты тұңғыш деректi фильм шықты (қ. Кино). Киноның негiзгi түрлерi: көркем фильм, ғылыми-көпшiлiк кино, деректi кино және мультипликациялық кино, әдеби шығармашылықтың бiр саласы, фильмнiң әдеби, көркемдiк негiзi болып табылатын — кинодраматургия, кино өнерiнiң жанры, бейнелеу құралдарының бiрi — киномузыка және тұтастай кино өнерi мен оның ерекшелiктерiн, түрлерiн және жанрларын зерттейтiн ғылым саласы — кинотану ғылымы дамыды. Қазақстан тәуелсiздiк алғаннан кейiн де қазақ киносы өзiнен бұрынғы дәстүрдi лайықты жалғастыра отырып, әлемдiк кино өнерi туындыларының байқауларында жүлделi орындарға ие болды. Қазақ киноларының тізімі және жүктеп алу сілтемелері: http://www.zhastar.biz/index.php?name=forums&op=showtopic&id=281&num=1#9898 Қазақстан жұрттануы. Қазақстан Республикасында 1989 жылғы халық санағында 16199,2 мың адам тiркелдi. 1999 жылғы санаққа дейiнгi аралықта Қазақстан халқы 1246,1 мың адамға кемiген. Мұның басты себебi бұрын қуғын-сүргiнге ұшырап, Қазақстан жерiне көшiрiлiп, қоныстандырылған өзге ұлт өкiлдерiнiң, әсiресе, орыстардың, украиндардың, немiстердiң, кавказ халықтарының, т.б. өз ата мекендерiне көшiп кетуi болды. Өсу тек Оңт. Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарында, Алматы, Астана қ-ларында байқалды. Ерлердiң саны 7201,8 мың болса, әйелдер 7751,8 мыңды құрады. Соңғы он жылда ұлттық құрамда да айтарлықтай өзгерiс болды. Мысалы, қазақ ұлты 1468,1 мың адамға (22,9%) көбейiп, республика халқының жартысынан астамын (53,4%-ын) құрады. Сондай-ақ, күрд (29,1%-ға), дүнген (23,3%-ға), ұйғыр 15,9%-ға), өзбек (12%-ға) халықтарының саны да өстi. Оның есесiне орыс ұлты өкiлдерiнiң саны 1582,4 мың адамға (26,1%-ға) кемiдi, немiстер 593,5 мың (62,7%), украиндар 328,6 мың (37,5), татарлар 71,7 мың (22,4%), беларусьтер 66 мың (37,1%) адамға кемiген. 1897 ж. бүкiлресейлiк халық санағының мәлiметi бойынша, қазiргi Қазақстан аумағындағы халықтың 80%-ын қазақтар, 12%-ын славян тектес халықтар құраған. 1897 — 1913 ж. аралығында мұндағы халық саны қоныс аударған орыс, украин, беларусь, татар, ұйғыр, дүнген, т.б. шет жұрттықтар есебiнен 1 264,0 мың адамға көбейген. Қазақстан аумағындағы халық санының өсу көрсеткiшi мынадай: 1897 ж. 4333 мың адам, 1913 ж. — 5597 мың, 1939 ж. 6082 мың, 1959 ж. 9295 мың, 1970 ж. 13009 мың, 1979 ж. — 14684 мың. Кеңестiк дәуiрде, әсiресе, 1930 жылдан кейiн Қазақстан жерiне сырт өлкеден халық толассыз келумен болды. 1937 — 44 ж. тұтас халықтарды ата жұрттарынан Қазақстан аумағына күштеп көшiру науқаны жүргiзiлдi. 1937 ж. алғашқылардың бiрi болып Қиыр Шығыстағы корейлер көшiрiлдi. Олар негiзiнен Қазақстанның оңт. және оңт.-шығыс аудандарына қоныстандырылды. Сол жылы Армения және Әзiрбайжаннан, 1944 ж. Грузиядан күштеп көшiрiлген күрдтер Қазақстан мен Орта Азияға қоныстандырылды. 2-дүниежүз. соғыс қарсаңында КСРО ХКК-нiң 1940 ж. 18 қазандағы қаулысымен Қазақстанға Украина мен Беларусьтiң батыс облыстарынан поляктар көшiрiлiп әкелiндi. Олар Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солт. Қазақстан, Семей облыстарына iрге тептi. Соғыс басталысымен 1941 ж. КСРО-ның батыс аймақтары мен Едiл бойынан немiс жұртшылығы, сонан соң 1944 — 45 ж. Украинада, Беларусьте, Балтық жағалауында тұратын немiстер көшiрiлдi. 1943 ж. қазанда қарашайлар Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарына, сондай-ақ, Қырғызия мен Өзбекстанға көшiрiлдi. Одақтық үкiметтiң 1943 ж. күзде қабылдаған шешiмi бойынша келесi жылдың көктемi мен күзiнде Қазақстанға Солт. Кавказ бен бұрынғы Қалмақ АКСР-нан арнайы қоныс аударушылар Қазақстанға тұрақты мекендеуге көшiрiлдi. 1944 ж. ақпанда Қазақстан аумағына чечендер мен ингуштер жер аударылды, ал наурыз айында Қазақстанның оңт. аймағына және Қырғызияға балқарлар әкелiндi. Л.Берияның «Қырым АКСР-ның аумағынан Кеңеске қарсы элементтердi тазарту туралы» 1944 ж. 13 сәуiрдегi бұйрығымен Қырым татарларын, болгарлар мен гректердi көшiру науқаны жүргiзiлдi. Олар Өзбекстанға және Қазақстанның оңтүстік аймақтарына қоныс тептi. 1944 ж. 13 маусымда Мемл. қорғаныс к-тiнiң қаулысымен Грузиядан көшiрiлетiн арнайы қоныс аударушыларды респ. аумағына қоныстандару туралы Қазақстан үкiметiне өкiм берiлдi. 1944 ж. қарашада Грузиядан Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Талдықорған, Оңтүстік Қазақстан облыстарына месхеттiк түрiктер мен күрдтер күштеп қоныстандырылды. Бұдан кейiн Қазақстанға басқа халықтардың көп мөлшерде көшiп келуi тың және тыңайған жерлердi игеру кезеңiнде (1954 — 56 ж.) және өнеркәсiп нысандарын қарқынды салу жылдары (1959 — 65) көбейдi. Осы жылдары Қазақстанда тұратын жергiлiктi халық саналатын қазақтардың үлесi ең төм. деңгейге жеттi (30%). Қазақстан аумағы жүзден астам ұлттар мен ұлыстардың өкiлдерi тұратын мекенге айналды. 1960 жылдан бастап көшiп келушiлер мөлшерi бiршама азайып, жыл сайынғы мөлшерi 60 — 70 мыңдай адам болды. 80-жылдардың екiншi жартысынан, әсiресе, 1990 жылдан кейiн Қазақстанды мекендеген шет жұрттықтардан көшiп кетушiлер саны өсе бастады. Қазақстан халқының саны 2003 ж. қаңтарда 14862,5 мың адамға жеттi (қ. 4-кесте). 1990 жылға дейiн Қазақстан халқының демогр. жағдайы тұрғындар санының ұдайы қарқынды өсуiмен, қалада тұрушылар үлесiнiң шұғыл артуымен, ұлттық құрамының қарқынды араласуымен, халық тығыздығының бiркелкi болмауымен сипатталды. 1990 жылдан кейiнгi кезеңде славян, герман тектес тұрғындардың өз елiне қоныс аударуы көбейiп, республика халқы едәуiр азайды, қазақ және басқа түркi тектес халықтардың үлесi артты, сондай-ақ, нарықтық қатынастарға байланысты iшкi көшi-қонның әсерiмен қала тұрғындарының саны өсе бастады. Төңкерiске дейiн Қазақстан қалаларында жалпы халықтың 9,7%-ы тұрды. Соғысқа дейiнгi жылдарда қала халқының өсуiне Қазақстанның бай минералдық шикiзат қорларын игеру, iрi т. ж. құрылыстарын салу, т.б. факторлар әсер еттi. 1939 ж. қала халқы 3,3 есе өсiп, қалалық елдi мекендер саны 81-ге жеттi. Соғыс жылдарында жаңадан 28 қалалық елдi мекен пайда болды. 100 мыңнан астам тұрғыны бар қалалар халқының үлесi 1939 ж. 28,8%-дан, 1986 ж. 62,6%-ға артты. 1986 ж. Қазақстанда 83 қала (21 iрi, 11 орта, 51 кiшi), 204 кентте жалпы халықтың 58,0%-ы тұрды. 1985 жылдың басында Қазақстанда ауыл-село халқының саны 1970 жылға қарағанда 5,0%-ға артып, жалпы халықтың 42,9%-ын қамтыды. Қазақстан жер аумағы үлкен (2724,9 мың км2) болғанымен халық сирек қоныстанған елге жатады. Оның аумағының сәйкес түрде 1 км2-не 5,4 адамнан келедi. Тұрғындар үшiн табиғат жағдайы неғұрлым қолайлы өңiрлер — Оңт. Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары (Алматы қ-н қоса алғанда). Мұнда республика тұрғындарының 37,8%-ы орналасқан, тұрғындар тығызд. 1 км2-ге 16,9; 6,9 және 7 адамнан келедi. Салыстырмалы түрде тұрғындары көп келесi аймақтар — Солт. Қазақстан аймағы: Қостанай, Солт. Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарының аумағы. Мұнда ел тұрғындарының 24,8%-ы орналасқан, тұрғындар тығыздығы 1 км2-ге 5,2; 7,4; 5,7 және 6,5 адамнан келедi. Шығыс Қазақстанда республика тұрғындарының 10,2%-ы тұрады, тұрғындар тығыздығы 1 км2-ге 5,4 адамнан. Орт. Қазақстанда (Қарағанды облысы) республика тұрғындарының 9,4%-ы орналасқан. 1 км2-ге 3,3 адамнан келедi. Халық ең аз қоныстанған аудандар батыс аймақтар — Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстары және Оңт. Қазақстан аймағындағы Қызылорда обл. Мұнда бүкiл тұрғындардың 17,7%-ы орналасқан, 1 км2-ге келетiн орташа тығыздығы, тиiсiнше, 1,9; 3,7; 4,1; 2,3 және 2,6 адамнан. 1999 жылғы санақ жүргiзiлген кездегi ҚР-ның әкiмш.-аум. бiрлiгiнде 84 қала, 200 кент, 2036 ауылдық округ, 7684 ауылдық елдi мекен болады. Ресми статист. мәлiмет бойынша, Қазақстан тұрғындарының 56%-ы қалалық елдi мекендерде, 44%-ы ауылдық елдi мекендерде тұрады. Қала тұрғындары ең көп облыстар: Қарағанды (қала тұрғындарының үлесi 82,2%), Маңғыстау (78,4%), Павлодар (63,4%), Қызылорда (60,5%), Атырау (58,2%), Ақтөбе (56,2%), Қостанай (54,2%). Республиканың ең iрi қалалары — Алматы (1129356 адам), Қарағанды (43664), салыстырмалы түрде iрiлерi: Шымкент (360078), Тараз (330125), Астана (312965), Өскемен (310950), Павлодар (300503), Семей (269574), Ақтөбе (253088), Қостанай (221429), Петропавл (203533), Орал (195459), Темiртау (170481), Қызылорда (157364), Атырау (142497), Ақтау (143396), Екiбастұз (127197), Көкшетау (123389), Рудный (109515). Қалған қалалардағы тұрғындар саны 100 мың адамнан кем (қ. 3-кесте). Байырғы тұрғындардың үлес салмағы көп облыстар: Қызылорда (94,2%), Атырау (89%), Маңғыстау (78,7%), Ақтөбе (70,7%) облыстары, ең азы — Солт. Қазақстан (29,6%), Қостанай (30,9%), Ақмола (37,5%), Қарағанды (37,6%) облыстары). Әдетте қазақтар көбiнесе ауылдық жерлерде тұрады. Соңғы он жылдықта олардың қалаларға көшу қарқыны жоғары болды. 1989 ж. қалада тұратын қазақтардың үлесi 38,3% болса, 1999 ж. 45,3%-ға жеттi. Консулдық қызмет департаментi басқармасының соңғы мәлiметi бойынша (2003) әрбiр үшiншi қазақ шет елдерде тұрады, олардың жалпы саны 3,5 млн. адам. Алыс шет елдерде: Қытайда — 1258500, Моңғолияда — 83000, Ауғанстанда — 28000, Түркияда — 20000, Иранда 3450; Балтық жағалауы елдерiнде — 2500, Германияда — 700, Жапонияда — 400, Австралияда — 400. Бельгияда — 28, Сауд Аравиясында 28, Норвегияда — 20, Кубада — 2 адам тұрады. Барлығы 1397028 адам. Сонымен бiрге Францияда — 172, Швецияда — 51, Пәкстанда — 36, АҚШ-та — 23; Австрияда — 18, Швейцарияда — 4, Данияда — 4 отбасы тұрады. Жақын шет елдерде 1814300 қазақ, оның iшiнде Өзбекстанда — 966000, Ресейде — 687800, Түрiкменстанда — 87600, Қырғызияда — 42600, Украинада — 10500, Тәжiкстанда — 10000, Әзербайжанда — 4000, Грузияда — 3000, Молдовада — 2000, Арменияда — 500, Беларусьте — 300 адам тұрады. Қазақстанда ер балалардың дүниеге келуi басым болғанымен әйелдер саны 30 — 34 жастан бастап айтарлықтай көбейедi. 60 — 69 жаста 1,5 есе, 70 жаста 3 есе артады. Тұтастай алғанда, республикада әйелдер саны ерлерден басым. Қазақ халқы жас ұлтқа жатады. Оның жас айырмашылығы құрылымында 9 жасқа дейiнгi балалар 22,0%. Ал тұтастай алғанда, 19 жасқа дейiнгi жастар 43,9%; 60 және одан жоғары жастағы тұрғындар үлесi 6,1%. Орташа арифмет. жас — небәрi 25 жас. Яғни қазақ халқының басым бөлiгi жастар мен балалар. Қазақстан халқының бiлiмдiлiк индексi мен сауаттылық көрсеткiшi жоғары деңгейде. 1990/91 оқу жылы Қазақстандағы 55 жоғары оқу орнында 287,4 мың студент оқыған болса, 1999/2000 оқу жылында жоғары оқу орындарының саны 163-ке, ал ондағы оқитындар саны 365,4 мыңға жеттi. Соңғы он жылдықта жергiлiктi тұрғындардың бiлiм алуында серпiлiс пайда болды. Әрбiр 1000 адамның 126-сы жоғары бiлiмдi. Әсiресе, студенттер санының қазақ жастары есебiнен күрт өсуi 90-жылдардың басынан басталды. Қазiргi кезде жоғары оқу орындарындағы қазақ студенттерiнiң үлесi 67%. Экономика салаларында еңбек ететiндер арасындағы жоғары және арнаулы орта бiлiмдiлер үлесi айтарлықтай өстi: егер 1989 ж. 1000 адамға шаққанда жоғары бiлiмдiлер саны орта есеппен 130 адам болса, 1999 ж. 212; арнаулы орта бiлiмдiлер тиiсiнше 234 және 296 болды. Қазiргi кезде жалпы бiлiм беретiн мемл. мектептерде 3101,4 мың оқушы оқиды, олардың 1661,3 мыңы ауылдық жерлерде бiлiм алуда. 1997 ж. республикадағы жалпы бiлiм беретiн жеке меншiк (беймемл.) мектеп саны 124 болды, онда 13,5 мың оқушы оқыды. Қазiргi кезде 3455 мектеп мемл. тiлде жұмыс iстейдi. Онда 1530,1 мың оқушы оқиды. Сонымен бiрге сабақ орыс тiлiнде жүргiзiлетiн 2522 мектеп (1462,4 мың оқушы); өзбек тiлiнде — 78 мектеп (77,2 мың оқушы); ұйғыр тiлiнде — 14 мектеп (22,3 мың оқушы); тәжiк тiлiнде — 3 мектеп (2,5 мың оқушы), украин тiлiнде — 1 мектеп (0,1 мың оқушы) және аралас тiлде оқытатын 2112 мектеп бар. Қазақстан үшiн табиғи өсiм тұрғындар саны өсуiнiң негiзгi көзi болып табылады әрi қазақ халқы өсiмiнiң басты факторы болып қала бередi. Мыс., қазақтардың табиғи оң өсiмi 1989 ж. Қазақстан тұрғындарының бүкiл табиғи өсiмiнiң 63,5%-ын құраған болса, бұл өсiм 1991 ж. — 72,4%, 1993 ж. — 88,2%, 1995 ж. — 88,0% болды Қазақстан энергетикасы. Қазақстан энергетикасы — электр энергиясы мен қуатын өндiру және электрмен жабдықтау жүйесi; ұлттық экономиканың өндiрiстiк және әлеуметтік инфрақұрылымындағы маңызды сала әрi өнеркәсiптiң басқа салаларын дамытудың басты базасы. Алғашқы электр станциялары. Кеңестiк билiк дәуiрiне дейiнгi кезеңде өндiргiш күштердiң даму деңгейi төмен болуы себептi оның энергетикалық базасы Қазақстанда тым кенже қалды. Деректер бойынша, қазақ жерiнде барлық электр станциялардың қуаты 2,5 мың кВт/сағ-тан аспаған, оларда жылына 1,3 млн. кВт/сағ электр қуаты өндiрiлген. Кен кәсiпорындарына қызмет көрсету үшiн ұсақ локомобильдi немесе екi тактiлi мұнай электр станциялары қолданылған. Успенск сияқты кенiштiң барлық электр қуаты 32 кВт болған, ал Спасск зауытында 455 кВт-тан аспаған. Тек 6 қалада ғана қуаты шағын қалалық электр станциялары болған. Қарағанды алабындағы таскөмiр кенiшiнен алғаш көмiр өндiру 1856 ж. басталғанымен Қазақстанда отын өнеркәсiбi де нашар дамыды. 1917 жылға Қазан төңкерiсiне дейiнгi кезеңде мұнда 1182 мың т көмiр өндiрiлдi. Ленгiр қоңыр көмiр кенiшiн (1869 жылдан), Екiбастұз тас көмiр кенiшiн (1898 жылдан) және басқа кенiштердi қосқанда Қазақстанда төңкерiске дейiнгi 67 жылда 1,6 млн. т көмiр өндiрiлген. 1900 — 18 ж. Ембi мұнай кенiшiнен 1377 т мұнай, соның iшiнде Доссор кенiшiнде (1911 жылдан) 1332 т мұнай өндiрiлген. Кеңестiк дәуiрдiң бас кезiнде қабылданған ГОЭЛРО жоспарының (1920) елдi электрлендiрудегi экономикалық және саяси мәнi зор болды. Бұл жоспардың Қазақстанға да тiкелей қатысы бар. Онда Сiбiр темір жолы бойындағы iрi сауда-өнеркәсiп орталықтарының қатарында Петропавлды, Ертiс өзенінiң бойындағы Павлодар ауданын бiрiншi кезекте, ал Дала өлкесiн екiншi кезекте электрлендiру, Павлодарда қуаты 15 мың кВт электр станцияларын салу межеленген. Осы жоспарға сай 1925 ж. Қарсақбай электр станцияларының құрылысы басталып, 1928 ж. мұнда мыс қорыту зауыты iске қосылды. Осы жылы Жоғ. Харуиз СЭС-i пайдалануға берiлiп, соның негiзiнде Риддер қорғасын зауыты iске қосылды. 1925 — 26 ж. Доссорда мұнайдың 41,2%-ы, Мақатта 87,8%-ы электр қуатын қолдана отырып өндiрiлдi. Осы жылдары мұнай оқпандарын бұрғылау және мұнайды барлау үшiн КСРО-да тұңғыш рет электр қуаты қолданылды. Қазақстандағы отын-энергетика қорларды iздестiру жұмыстарының нәтижесiнде көмiр мен мұнайдың iрi кенiштерi табылды. Қазбалы отын қорлары бойынша Қазақстан Кеңес Одағында екiншi орынға шықты. Қазақстан электр энергетикасының дамуының негiзгi кезеңдері. Сөйтiп, Қазақстан өзiнiң электр қуаты жөнiндегi мұқтаждарын толық қамтамасыз ететiн әрi оны өзге елдерге шығаратын ахуалға жеттi. Бұл кезеңде Алматыда, Қарағандыда, Петропавлда, Жамбылда, Шымкентте, Павлодарда iрi аймақтық су электр станциялары (АСЭС) салынды. Ертiс өзенінде Өскемен және Бұқтарма су электр станциялары (СЭС), Iледе Қапшағай СЭС-i жұмыс iстедi. Аса iрi Ақсу АСЭС-ы Екiбастұз кенiшiнiң арзан көмiрiн пайдаланды. 1990 ж. КСРО экономикасының құлдырауы қарсаңында республика электр станцияларының қуаты 18 млн. кВт-тан асты, ал Қазақстанның жалпы электр энергиясын тұтынуы 104,8 млрд. кВт/сағатты құрады, оның 87,4 кВт/сағаты меншiктi электр станцияларында өндiрiлдi. 1990 ж республикада 131,5 млн. т көмiр, 25,5 млн. т мұнай мен газ конденсаты және 6,8 млрд. м3 газ өндiрiлдi. Өндiрiлген көмiр мен мұнайдың едәуiр бөлiгi республикадан тысқары шығарылды. 1990 ж. басқа елдерге 10 млн. т кокстелетiн және 46,6 млн. т энергет. көмiр (42,9%), 21 млн. т мұнай мен газ конденсаты (82,4%) шығарылды. Республиканың отын балансындағы газдың үлесi 15% болды. 1990 ж. республиканың ұлттық табысындағы үлестi энергия сыйымдылығы 1 сомға шаққанда 4,01 кг болды, мұның өзi өзге одақтас республикалармен салыстырғанда 28%-ға көп. Қазақстан электр энергетикасы 1991 жылдан дағдарысты жағдайды бастан кешiрдi. Республиканың қолданыстағы энергетикалық қуаты 1990 жылдың басында 17000 мВт-қа жуық болса, 1998 ж. ортасына қарай бұл қуат 10000 мВт-қа дейiн қысқарды. 2000 жылдың қорытындысы бойынша электр қуатын тұтыну көрсеткiшi 8560 мВт-қа дейiн төмендедi. Қазақстан энергия өндiрушi қуаттардың тапшылығы және артық электр қуаты бар аймақтардан оны жеткiзе алатын электр желiсiнiң жоқтығы себептi оңтүстік және батыс аймақтар үшiн электр қуатын сырттан алды. ҚР Үкiметi 1996 ж. электр энергетикасының қуат өндiрушi және электр тораптары активтерiне мемлекеттік монополияны реформалау, сөйтiп электр қуатының бәсекелi рыногiн жасау қажеттiгi туралы шешiм қабылдады. Осы мақсатта электр энергетикасын құрылымдық жағынан қайта құрудың үкiметтiк бағдарламасы әзiрлендi. Бұл бағдарламаны iске асыру электр энергетикасының бәсекелi бөлiгiн (электр қуатын өндiру және оны тұтыну) табиғи монополистерден ажыратып алу (электр энергиясын беру және бөлу) қамтамасыз етiлдi. Iрi электр ст-лары (МАЭС) инвесторларға сатылды, ал аймақтық жылу электр станциялары (ЖЭО) жергiлiктi басқару органдарының меншiгiне берiлдi. 1120, 500 және 220 кВ кернеулi негiзгi тораптардың активтерi негiзiнде Электр тораптарын басқару жөнiндегi қазақстандық компания («КЕGOC» ААҚ), 110 — 35, 6 — 10 және 0,4 кВ кернеулi аймақтық электр тораптары негiзiнде бөлу электр тораптық акционерлік компаниялары (АЭК АҚ) құрылды. Қазақстан энергетикасын дамытудың 1997—2000 жылдарға арналған бағдарламасы. Осы үлгiнiң енгiзiлуi екi жақты мерзiмдi келiсiмшарттар рыногiн құруға мүмкiндiк бердi. Бiр орталықтан диспетчерлiк басқару жүйесi қайта құрылды, ол электр қуатын бәсекелi (электр қуатын өндiру мен тұтыну) және монополиялы (электр қуатын тарату және бөлу) бөлiктерiнiң бөлiнiсi жағдайында жұмыс iстеуге бейiмделдi, сондай-ақ, электр қуатының сапалық көрсеткiштерi, атап айтқанда, электр тогының жиiлiгi жақсартылды. Электр энергетикасы секторын реформалау бағдарламасын дәйектiлiкпен iске асыру нәтижесiнде 2000 жылдан бастап оң өзгерiстерге қол жеткiзiлдi: екi жақты мерзiмдiк (форвардтық) келiсiмшарттар рыногi құрылып, жұмыс iстей бастады. Қазақстанның электр энергетикасы секторының бастапқы экспорттық әлеуетi 2001 жылдың басында 500 — 1000 мВт деп бағаланды. Мыс., Екiбастұз АЭС компаниясы 2001 жылдан Ресейге (Омбы қаласының маңына) 300 мВт электр қуатын экспортқа шығара бастады. 2030 ж-ға дейiн электр энергетикасын дамыту бағдарламасы шеңберiнде Қазақстанның электр энергетикасы жөнiнен тәуелсiздiгiн қамтамасыз етудiң 2005 жылға дейiнгi жоспары әзiрлендi. Нарықтық экономика жағдайында электр энергетикасы секторындағы табиғи монополияның барлық құрылымдары уәкiлеттi орган (Энергетика және табиғи ресурстар министрлігі) тарапынан мемлекеттік бақылауға алынған. Электр қуатын тарату және бөлу жөнiндегi тарифтердi ҚР-ның Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi реттеп отырады. 2000 ж. 1 сәуiрде Тарифтер жөнiндегi бөлiмшеаралық комиссия «КЕGOC» ААҚ-ның аймақаралық деңгейдегi электр тораптары бойынша электр қуатын тарату жөнiндегi қызмет көрсетуiне арналған тарифтi есептеудiң жаңа әдiстемесiн қолданысқа енгiздi. Электр энергетикасы секторындағы реформаларды тереңдетудiң 2000 жылдан басталған кезектi кезеңi Республиканың электр қуатының көтерме сауда рыногiн жетiлдiру тұжырымдамасына негiзделдi. Бұл тұжырымдамаға сәйкес электр қуаты рыногiнiң қазақстандық операторы құрылды, оған электр қуатын өндiру мен тұтыну процестерiн нарықтық жолмен басқару мiндетi жүктелген. Шикiзат көзi. Қазақстанда қазiр энергетика өнiмнiң 2/3-сiне жуығы ЖЭС-терде, қалған бөлiгi энергиясын СЭС-терде өндiрiледi. Қазақстанның батыс аймағында энергетикалық шикiзат көзi мұнай мен табиғи газ болғандықтан сұйық, газ тәрiздi және аралас типтi отынмен жұмыс iстейтiн станциялар дамытылған. Шығыс және оңтүстік аймақтарда әзiрге су қуатынан басқа меншiктi энергетика көздерi жоқ. Осыған байланысты оларда ядролық отын, тасымал мұнай, газ, көмiр пайдаланылады. Электр қуатын тұтынудың есептiк деңгейлерiне жасалған талдау 1990 жылдан бастап он жылдық кезеңде электр тұтыну көлемi жалпы республикалық және солтүстік, батыс аймақтар бойынша 2 есе дерлiк, ал оңтүстік аймақ бойынша 3 есе дерлiк кемiгенiн көрсетедi. Электр энергиясын тұтыну. Соңғы 2 — 3 жылда электр энергиясын тұтынудың азаю қарқынының баяулағаны байқалды, ал батыс аймақта ол өсе бастады. 2000 жылдың алғашқы жартысында республикада 27,4 млрд. кВт/сағ электр қуаты тұтынылған, мұның өзi 1999 жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда 7,2%-ға көп. Электр қуатын өндiру мен тұтыну көлемiнiң өсуi негiзiнен Батыс және Солтүстік аймақтарда (Павлодар-Екiбастұз өңiрiнде) байқалды. Қазақстанның Оңтүстік аймағында (Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстары) жеткiлiктi бастапқы энергетикалық қор жоқ болғандықтан оның электр энергетикасы тасып әкелiнетiн көмiрге, сырттан әкелiнетiн газ бен мазутке негiзделген. Бұл аймақтағы электр қуатының негiзгi көздерi — Жамбыл МАЭС-i, Шымкент ЖЭО-1, Алматы ЖЭО, Қапшағай СЭС-i. Мұндағы тапшылық Солтүстік Қазақстанның ОЭС-ы, 220 — 500 кВ электр тораптары бойынша Орта Азия республикаларынан әкелiнетiн электр қуаты есебiнен өтеледi. 2000 ж. 15 маусымнан бастап Қазақстанның Бiрыңғай энергетикалық жүйесiнiң (БЭЖ) Солтүстік бөлiгiнде Ресейдiң БЭЖ-iмен қатарласқан жұмыс қалпына келтiрiлдi, ал 2000 ж. қыркүйектен Қазақстанның БЭЖ-i Ресей мен Орта Азияның энергетика жүйесiмен қатарлас жұмысқа көшiрiлдi. Қазiр Қазақстанның барлық облыстарында аймақтық электр тораптары компанияларымен қатар көптеген делдалдар (трейдерлер) тұтынушыларды электр қуатымен жабдықтайды. Қазақстанның электр тораптарының қазiргi құрылымында 1150, 500 және 220 кВ-тық кернеулi жоғары класты жүйе құраушы негiзгi тораптардың ұз. тиiсiнше 1423 км, 5470 км және 17900 км. Аймақтық және жергiлiктi тораптардың көрсеткiштерi мынадай: 110 кВ — 42000 км, 35 кВ — 61500 км, 6 — 10 кВ — 199400 км және 0,4 кВ — 115500 км. Республика экономиканың отын-энергетикалық қорының қажеттiгiн анықтау кезiнде өнеркәсiптiң түрлi салалары мен әлеуметтік аяда қуат үнемдейтiн 100-ге жуық технология мен шаралар ескерiлдi. Қазақстан өзендерiнiң су энергетика әлеуетi 200 млрд. кВт/сағ, ал пайдалануға экономикалық тиiмдi су-энергия қоры 23 — 27 млрд. кВт/сағ деп бағаланды. Қазiргi кезде гидравликалық энергияның экономикалық әлеуетiн пайдаға асыру деңгейi небәрi 20%-ды құрайды. Жел қуатын пайдалану, үшiн Жоңғар қақпасы ауданында (100 — 110 млрд. кВт/сағ), Маңғыстау тауларында (100 — 140 млрд. кВт/сағ), т.б. аудандарда қолайлы жағдайлар бар. Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарының аумағында негiзiнен жылытуға және ыстық сумен қамтамасыз етуге жарамды геотермиялы су қорлары анықталды. Жер асты суын пайдалану жылына 1 млн. т шартты отын үнемдеуге мүмкiндiк бередi. Республикада күн энергиясы мен биомассаның да белгiлi бiр әлеуетi бар. Энергияның мұндай әдеттен тыс көздерiнiң техникалық әлеуетi 13 млрд. кВт/сағатқа бағаланып отыр, соның iшiнде жылына 5000 — 6000 сағатты қамтамасыз ететiн кепiлдi қуат — 380 мВт. Энергия өндiрiмi 1,9 — 2,3 млрд. кВт/сағ. Қазақстан жағрапиясы. Географиялық зерттелу тарихы. Еуропа мен Азия елдерi арасындағы қарым-қатынастың көпшiлiгi (керуен жолдары, елшiлiк көштерi, т.б.) ежелгi заманнан-ақ қазiргi Қазақстан аумағындағы жер арқылы өткен. Осыған байланысты Қазақстанның кейбiр табиғи нысандары туралы жазба деректер өте ерте кезден белгiлi болған. Мысалы, Геродот (б.з.б. 5 ғ.) Каспий теңізінiң шығысында шексiз жазық өңiр жатқандығын және оны массагеттердiң мекендейтiндiгiн баяндаған. Птолемей (б.з. 2 ғ.) өз еңбектерiнде Жайық (Dаiх), Жем (Rhymmus) және Сырдария (Jаxаrtеs) өзендерi туралы мәлiметтер келтiрген. 9 — 10 ғ-ларда араб ғалымдары Арал т-не толық сипаттама берiп, картаға түсiрдi және гректердiң Әмудария мен Сырдария өзендерi Каспий теңізіне құяды деген топшылауын терiске шығарып, Арал т-не құятынын анықтаған. Арабтардың сол кездегi деректерiнде Жайық, Жем, Сағыз өзендерi аталған. 13 ғ-да Моңғолияға Италия саяхатшысы Плано Карпини және фламанд саяхатшысы Виллем Рубрук бастап барған елшiлер өздерi жүрген Қазақстан аумағындағы шөл, шөлейт аймақтардың қысқаша сипаттамасын берген. Олар өздерiнiң жеке бақылаулары негiзiнде Каспий теңізінiң тұйық алап екендiгi туралы маңызды геогр. мағлұматтарды жаңартып толықтырған және Алакөл, Балқаш көлдерi, Тарбағатай, Жетiсу Алатауы (Еренқабырға) жайында алғашқы деректер келтiрген. 15 — 17 ғасырлардағы Қазақстан туралы географиялық мәлiметтер Ресей әдебиеттерiнде жинақтала бастаған. Бұл мәлiметтер Мәскеу мемлекетiн және оған iргелес аумақтарды бейнелеген «Большой чертеж» («Үлкен сызба») картасында жүйеленген. 1627 ж. шыққан «Книга большого чертежа» («Үлкен сызба кiтабы») атты еңбекте қазiргi республиканың батыс, оңт. және орт. бөлiктерiнiң бiршама жерлерiне нақтылы сипаттама берiлген. 17 ғасырда Қазақ ордасына және Орта Азия хандықтары жерiне жасалған орыс саяхатшыларының зерттеулерi жиiлей түскен. Олардың Жайық өз. сыртындағы дала туралы мәлiметтерi жинақталып, «Чертеж всей земли безводной и малопроходной каменной степи» («Бүкiл жерi сусыз, өтуге қиын тастақты дала сызбасы») деген атпен жарық көрген (1697). Бұл туынды С.Ремезов жазған «Чертежная книга Сибири» («Сiбiрдiң сызба кiтабы») атты орыстың тұңғыш геогр. атласы құрамына енген. Мұнда Қазақстан аумағының көпшiлiк бөлiгi қамтылған. 18 ғ-дыҢ 30-жылдарынан 19 ғ-дыҢ 60-жылдарына дейiн созылған Ресейдiң Қазақстанды отарлау үрдiсi оның аумағының геогр. зерттелуiнiң сипаты мен барысына әсерiн тигiзбей қоймады. Бұл кезеңде жаңа қосылған аумақтарда орыс мемлекетi билiгiн орнату және нығайту мақсатына сай көптеген арнаулы әскери және ғыл. экспедициялар ұйымдастырылды. Ертiс өзенінің бойында бекiнiстер салуға және Жоңғар хандығымен дипломатиялық қарым-қатынас орнауына байланысты Шығыс және Оңт.-Шығыс Қазақстанды тұңғыш топогр. картаға түсiру iсi жүргiзiлдi. Сонымен қатар Қазақстанның батысында, Каспий мен Арал т-дерi жағалауында, Сарысу, Шу өзендерiнiң алаптарында картаға қарапайым түсiрулер iске асырылды. Бұл түсiрулердiң нәтижесiнде, бiр жағынан, Қазақстанның жеке өңiрлерiнiң тұңғыш iрi масштабты карталары жасалса, екiншi жағынан, табиғат ерекшелiктерi туралы ғыл. мәлiметтер жиналды. Қазақстан географиясы туралы алғашқы ғыл. еңбек П.И. Рычковтың 1762 ж. шыққан «Топография Оренбургская» («Орынбор топографиясы») атты кiтабы болды. Қазақстанның геогр. зерттелу тарихында 1768 — 74 жылдардағы акад. экспедициялар ерекше орын алды. Ресейдiң Ғылым және көркемөнер академиясының академиктерi мен адъюнктерi Қазақстанның Едiл мен Жайық өзендерi аралығындағы бөлiгiн, Маңғыстау түбегiн, Ырғыз бен Торғай өзендерiнiң алабын, Есiл даласын, Ертiс маңы ойпатын, Кендi Алтайды және Қалба жотасын зерттедi. 1820—21 ж. экспедициялық зерттеулер нәтижесiнде «Естественная история Оренбургского края» («Орынбор өлкесiнiң табиғат тарихы») атты 3 томдық еңбек жарияланды. Оның 1-бөлiмiнде Бат. Қазақстанның табиғат жағдайларына жалпы сипаттама берiлдi. 19 ғ-дың 1-жартысында қазiргi Қазақстан аумағын зерттеушi экспедициялардың саны артты. 1827 жылдан 1872 жылға дейiнгi аралықта Г.С. Карелин өлкенi картаға түсiрумен бiрге әр түрлi аймақтардың (Каспий т. жағалауы, Алтай, Тарбағатай, Жетiсу Алатауы тауларының) жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiнен коллекциялар жинады. Атақты немiс ғалымы А.Гумбольдт өзiнiң Алтайға жасаған саяхаты (1829) нәтижесiнде «Центральная Азия» («Орталық Азия») деген көлемдi еңбегiн шығарды. 19 ғ-дың 30-жылдарына дейiн Қазақстан туралы жиналған геогр. деректер А.И. Левшиннiң «Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей» («Қырғыз-қазақ не қырғыз-қайсақ ордасы мен даласының сипаттамасы») деген кiтабында (1832) қорытындыланды. Бұл кiтап Қазақстанның жерi туралы берiлген алғашқы толық геогр. сипаттама болды. 1840—50 ж. аралығында Шығыс, Оңт.-Шығыс және Орт. Қазақстан өңiрлерiне Ресей ботанигi Л.И. Шренк саяхат жасады. Ол Жетiсу Алатауына, Балқаш—Алакөл ойысының шығыс бөлiгiне физ.-геогр. сипаттама бердi. 19 ғ-дың орта шенiнде Арал (А.И. Бутаков) және Каспий (К.М. Бэр, Н.А. Ивашинцов) теңiздерi жан-жақты зерттелдi. 1857 ж. Арал-Каспий атырабына императорлық Санкт-Петербург ҒА-сы ұйымдастырған экспедицияға И.Г. Борщов пен Н.А. Северцов қатысты. Экспедиция жұмыстарының қорытынды деректерiнiң маңызы өте зор болды. Экспедиция жүмысының нәтижесiнде Бат. Қазақстанның жер бетi, геол. құрылысы, климаты, флорасы және фаунасы туралы нақты деректер кеңейдi. Борщов «Материалы для ботанической географии Арало-Каспийского края» («Арал-Каспий өлкесiнiң ботаникалық географиясына арналған деректер») деген классик. монографиясында Бат. Қазақстанды ландшафтылық-геогр. облыстарға бөлдi. 1856—57 ж. П.П. Семенов (Семенов-Тян-Шанский) Тянь-Шань тауына өзiнiң әйгiлi саяхатын жасады. Ол бұл сапарындағы зерттеу қорытындысында таулы өлкенiң орографиясына (таулы жер бедерi) жаңаша сипаттама берiп, тұңғыш рет биiк тау ландшафтын анықтады. П.П. Семеновтың бұл сапарда ашқан аса маңызды жаңалықтарының бiрi — Орта Азиядан тау мұздықтарының табылуы. Ғалымның осы жолғы еңбегi Орта Азия мен Қазақстанның Тянь-Шань сияқты таулы өлкелерiн жан-жақты зерттеудiң ғыл. негiзiн жасағандығы болды. 19 ғ-дың 50—60-жылдарында Жетiсу Алатауы мен Iле өңiрiн қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов зерттедi. Жетiсу және Тянь-Шаньның табиғатына ғыл. сипаттама бердi. Балқаш к. мен Алакөлдiң пайда болу және қалыптасу тарихының өте ұқсастығын дәлелдедi. Жетiсу Алатауы мен Солт. Тянь-Шань тауын жануарлардың таралуына қарай биiк таулық белдеулерге бөлдi. Сонымен бiрге осы зерттелген өңiрлердiң маршруттық және жалпы шолулық карталарын жасады. 19 ғ-дың алғашқы жартысында кен байлықтарын iздеуге байланысты физ.-геогр. сипаттағы бiрқатар жаңа деректер алынды. Әсiресе, Орт. Қазақстан мен Тарбағатай тауының және Маңғыстау түбегiнiң геол. құрылысы, орографиясы туралы нақтылы деректер жиналды. 19 ғ-дың 60-жылдарында Ресейдiң Қазақстанды отарлаудың тарихи үрдiсi аяқталды. Соған орай кен байлықтары пайдалануға, т. ж-дың салынуына және егiстiк жер қорының кеңеюiне көп көңiл бөлiне бастады. Жалпы геогр. зерттеулермен бiрге арнаулы геол., топырақтану, ботаника, гидрология, т.б. салалар бойынша жұмыстар жүргiзiлдi. 1865—79 ж. аралығында А.Татаринов Оңт. Қазақстаннан Ленгер, Келтемашат, Боралдай, т.б. қоңыр көмiр кен орындарын ашты. Бұрын Маңғыстау түбегiнен көмiр кенiнiң ашылуына байланысты мұнда одан әрi барлау жұмыстары жүргiзiлдi. Қазан төңкерiсiне дейiн Маңғыстау түбегiн зерттеу жұмыстарының ең көрнектiсi — Н.И. Андрусовтың «Мангышлак» («Маңғыстау») атты еңбегi. Мұнда автор түбектiң тектоникасы, стратиграфиясы туралы белгiлi болған барлық деректердi тұжырымдады. 1865—79 ж. И.В. Мушкетов пен Г.Д. Романовский Арал маңын, Қаратауды, Тянь-Шаньның солт-н, Балқаштың оңт-н, Тарбағатайды зерттеп, Түркiстан аймағының алғашқы геол. картасын (1881) жасады. Онда бүкiл Оңт. Қазақстан өңiрi камтылды. И.В. Мушкетов Орта Азияның физ. географиясы мен геологиясына арналған «Туркестан» («Түркiстан») еңбегiн жазды (1886—1906). Ол сонымен бiрге 1887 ж. Верныйдағы (қазiргi Алматы) зiлзаланың себебiн және зардаптарын зерттедi. 19 ғ-дың 90-жылдарында Сiбiр т. ж-н салуға байланысты Солт. Қазақстанда көрнектi геолог К.И. Богдановичтiң жалпы басшылығымен бiрнеше экспедициялық зерттеу жүргiзiлдi. Осының нәтижесiнде Солт. және Орт. Қазақстанның геол. құрылысының негiзгi сипаты анықталып, бiрнеше көмiр кен орындары (Екiбастұз, т.б.) ашылды. А.Н. Замятин, Н.Н. Тихонович және С.И. Мироновтың зерттеулерi нәтижесiнде Ембi мұнайлы өңiрiнiң стратиграфиясы мен тектоникасының жалпы сұлбасы жасалды, мұнайдың жер асты тұз күмбездерiмен байланыстылығы анықталды. Қоныстандыру басқармасының Н.Г. Кассин, А.А. Козырев, П.В. Матвеев басқарған экспедициялары Қазақстанның бiрқатар аудандарының жер асты сулары туралы тұңғыш мәлiметтер бердi. Геол., топырақ тану, ботан., т.б. экспедициялар өз жүмыстарына қосымша Қазақстанның жер бедерi және оның ерекшелiктерiнiң жалпы сипаттамасы туралы зерттеулер жүргiздi. Мыс., Мушкетов өзiнiң геол. зерттеулерiнiң нәтижесiнде Тянь-Шаньның қазiргi жер бедерiнiң қалыптасу заңдылықтарын ашты және орогр. құрылысының негiзгi белгiлерiн анықтады. Оның Арал Қарақұмында жүргiзген бақылаулары Қазақстан мен Орта Азиядағы қуаң өңiрлер жер бетiнiң өзгеруiне эолдық факторлардың күштi әсер тигiзгенiн дәлелдедi. Д.Л. Иванов Батыс Тянь-Шаньнның iрi масштабты гипсометриялық картасын жасады. М.В. Баярунас Маңғыстаудың оңт-не жүргiзген геол. зерттеулерi кезiнде қосымша геоморфол. бақылаулар жүргiзiп, Қарақия, Қауынды, т.б. тұйық ойыстарға жан-жақты геогр. сипаттама бердi. Санаулы ғана арнаулы геоморфол. зерттеу жұмыстарының iшiнде Л.С. Бергтiң еңбегi ерекше. Ол алғашқы болып Солт. Арал шөлдерiнiң жер бедерi пiшiндерiне геоморфол. сипаттама бердi. 19 ғ-дың 70-жылдарынан Қазақстан аумағында метеорол. бақылаулар жүргiзiлдi, бiрақ мұнда метеорол. ст-лардың саны өте аз болды және аумақ бойынша орналасуы бiркелкi болмады. 1898 — 99 ж. Берг, П.Г. Игнатьев және В.Д. Елпатьевский Орыс Геогр. қоғамының Бат. Сiбiр бөлiмшесiнiң тапсырмасымен Солт. және Орт. Қазақстанның iрi көлдерiне зерттеу жүргiздi. 1899 — 1902 ж. аралығында Берг Арал т-нiң гидрологиясын зерттедi. Нәтижесiнде Арал т. туралы бұрынғы түсiнiктер түбiрiмен өзгертiлдi. Бұрын бүкiл Тұран ойпатын жауып, шығыста Балқаш к-не дейiн созылып жатқан бiртұтас Арал — Каспий алабы болды деген ұғым терiске шығарылды. Өз зерттеулерiнiң нәтижесiн Берг «Аральское море» («Арал теңiзi») монографиясында (1908) қорытындылады. Бұл еңбек өз деректерiнiң нақтылығымен, ғыл. қорытындыларының маңыздылығымен бүгiнгi күнге дейiн маңызын жойған жоқ. Осыдан кейiнгi жылдары Берг Балқаш к-н жан-жақты зерттедi. 20 ғ-дың басында қазiргi Қазақстан жерiнде топырақтану зерттеулерi етек жайды. Қоныстандыру басқармасы ұйымдастырған экспедицияларға топырақ зерттеушiлер С.С. Неуструев, Л.И. Прасолов, А.И. Безсонов, т.б. басшылық еттi. Қазақстанның өсiмдiгiн зерттеуге ботаник және географ А.Н. Краснов үлкен еңбек сiңiрдi. Оның экспедициясы Алтайды, Каспий ойпатын, Шу-Iле тауларын, Iле өз. алабын, Iле Алатауын қамтыды. Ол алғашқылардың бiрi болып Тұран шөлiн жiктеп, онда шөлдiң саздақты, құмайтты, тастақты, сортаң түрлерiнiң бар екендiгiн анықтады. Геоботан. зерттеулердiң iшiнде В.В. Сапожников Тянь-Шаньда, Жетiсу Алатауында, Алтайда ботан. және геогр. зерттеулер жүргiздi. Ол бұл тау жүйелерiндегi өсiмдiктердiң таралуының бiрқатар заңдылықтарын ашты. В.М. Савич Бат. Қазақстанда жүргiзген геоботан. зерттеу нәтижелерiне сүйенiп, шөл және дала белдемiнiң ауыспалы сипатта екендiгi туралы пiкiр айтты. 1908 жылғы Торғай экспедициясынан бастап И.М. Крашенинников 30 жыл бойы Қазақстанды геоботан. тұрғыдан зерттедi. Ол өз еңбектерiнде, әсiресе, өсiмдiк ассоциациясының жер бедерiмен және топырақпен өзара қатынасын терең талдады. 19 ғ-дың соңы — 20 ғ-дың басында Қазақстан фаунасын зерттеуге көңiл бөлiне бастады. Iрi зоол. зерттеулердi Арал — Каспий экспедициялары жүргiздi. Жаратылыс зерттеушiлердiң Петербург қоғамы өлкенiң жаратылыс тарихын анықтау мақсатында экспедиция ұйымдастырды және Каспий мен Арал т-дерiнiң фаунасын зерттеуде бай материал жинақтады. Экспедицияның ихтиол. коллекциясын зерттеу нәтижелерiне сүйенiп, К.Ф. Кесслер жаңа геол. уақытта Каспий мен Арал т-дерi арасында болған байланыстылық туралы пiкiрге алғашқылардың бiрi болып өз күмәнiн айтты. Северцовтың, А.М. Никольскийдiң зерттеулерi геогр. тұрғыда жүргiзiлуiмен ерекшеленедi. Северцов «Вертикальное и горизонтальное распределение туркестанских животных» («Түркiстан жануарларының таулы және жазық өңiрде таралуы») деген күрделi еңбегiнде (1873) Орта Азияны геогр. аудандастырудың негiзiн қалады (Оңт. Қазақстанды қоса). Қазақстанның орнитофаунасын алғаш талдап зерттеушiлер: Н.А. Зарудный, П.П. Сушкин, В.Н. Бостанжогло. Бұл ғалымдар өздерiнiң тiкелей бақылаулары мен бұрынғы мәлiметтердi пайдаланып Қазақстан аумағында кұстардың геогр. таралуын жете түсiндiрдi. Сондай-ақ, олардың еңбектерiнде Қазақстанның жазық бөлiгiн аудандастыру мәселесi қамтылған. Северцов, Краснов, Берг, Неуструев, Крашенинниковтың еңбектерiнде табиғат кешендерiнiң әр түрлi құраушылары аралығындағы байланыстылық талданып, физ.-геогр. заңдылық тұжырымдалып, табиғи аудандастыру мәселелерi көтерiлдi. Қазақстан аумағының қазiргi физ.-геогр. бөлiнуiнiң негiзi Бергтiң «Опыт разделения Сибири и Туркестана на ландшафтные и морфологические области» («Сiбiр мен Түркiстанды ландшафтық және морфол. аймақтарға бөлу тәжiрибесi») мақаласында (1913) қаланды. Осы жұмысында Берг нақтылы деректер негiзiнде Қазақстан аумағын ландшафтылық белдемге және морфол. облыстарға бөлдi. Бергтiң аудандастыру туралы еңбегiнiң Қазақстан аумағы үшiн қазiрге дейiн ғыл. маңызы күштi. Қазақстан жерiнiң кеңестiк дәуiрде зерттелуi Қазақстанның өндiргiш күштерiн соц. негiзде дамыту мәселелерiмен тiкелей байланыстырылды. Өнеркәсiп пен а. ш-ның дамуы табиғи қорлардың зерттелуiмен ұштастырылды. Әрбiр iрi құрылысқа байланысты геогр. ортаның элементтерi — жер қойнауы, топырақ қабаттары, су қорлары, климаты, т.б. зерттеле басталды. Кен байлықтарын табу және оларды игеру мақсатында геол. барлау кеңiнен етек алды. Топырақ және өсiмдiк түрлерiн зерттеу экспедицияларының жұмысы жандандырылды. Жаңа қалалар мен елдi мекендердiң пайда болуына және одан әрi дамуына байланысты Қазақстанның көпшiлiк бөлiгiнiң климаттық жағдайы зерттелдi, су қорларын iздеу жұмыстары кең көлемде жүргiзiлдi. Дегенмен, республика жерiнiң геогр. зерттелу барысы әр кезеңде әр түрлi болды. Бұл жағдай ең алдымен республикадағы табиғи ресурстардың игерiлу қарқынына, ғыл. мекемелердiң жұмыс көлемiне байланысты болды. Осы шаралардың барлығын жүзеге асыру үшiн Қазақстан аумағы геогр. жағынан жан-жақты зерттеле бастады. Зерттеу, әсiресе, 20 ғ-дың 20-жылдарының ортасында елiмiзде халық ш-н қайта құру және соц. экономиканың негiзiн қалау кезеңiнде кең өрiс алды. Жеке облыс аумағын жүйелi және жан-жақты зерттейтiн ғыл. экспедициялар ұйымдастырыла бастады. Минералдық шикiзаттардың кеңiнен iздестiрiле барлануына байланысты Қазақстан жерiн зерттеушi ин-ттардың, геол. партиялардың және трестердiң (Сiбiр к-тi, Орт. геол. ин-ттың Сiбiр бөлiмi, Алтай полиметалл, Атбасар полиметалл және Қазақ геол. барлау трестерi, Ауыр өнеркәсiп халкомының Қазақ геология-гидрогеол. басқармасы, т.б.) саны көбейе түстi. 1926 ж. КСРО ҒА жанында құрылған одақтас және автон. республикаларды зерттеушi арнаулы комитет Қазақстанның жер қойнауын зерттеу жұмысын қолға алды. 1933 ж. Қазақ гидрометеорол. басқармасы ұйымдастырылды. 1932 ж. КСРО ҒА-нда Қазақстанның өндiргiш күштерiн зерттеуге арналған конференция өттi. Бұл жағдай республикада жүргiзiлген көптеген зерттеу жұмыстарының бастамасы болды. Сол жылы КСРО ҒА-ның Қазақстандық базасы құрылды (1939 ж. КСРО ҒА-ның бөлiмшесiне айналды). Геол. зерттеулердiң басты мақсаты — елiмiздiң өнеркәсiбiне аса қажет кен орындарын табу және оларды барлау болды. Бұл бағытта В.К. Котульский (Алтайда), В.П. Нехорошев, Н.Н. Горностаев, А.К. Мейстер (Шығ. Қазақстанда), М.П. Русаков, Н.Г. Кассин, Д.С. Коржинский (Орт. Қазақстанда). Замятин (Жем алабында), т.б. еңбек еттi. Кен орындарының өнеркәсiптiк маңызын анықтай түсу үшiн Әулиеата уезiнде, Мұғалжарда, Қызылқұмда (И.П. Герасимов, П.К. Чихачев), Солт.-Шығыс Қазақстанда (А.А. Козырев), Орт. Қазақстанда (Қ.Сәтбаев) геол. зерттеулер iске асырылды. Геоморфол. байқаулар Үстiртте (Н.Л. Благовидов), Каспий ойпатында (Герасимов) жүргiзiлдi. Н.А. Копыловтың 1927 ж. шыққан «Материалы по гипсометрии Казахстана» («Қазақстан гипсометриясы бойынша деректер») кiтабында Қазақстан геоморфологиясы туралы алғашқы маңызды мағлұматтар берiлдi. Оңт. Қазақстан облыстарының климатын зерттеуде Түркiстан метеорол. ин-ты елеулi үлес қосты. Түркiстан (1924) және Қазақстанның (1925) климаттық жағдайлары туралы еңбектер жарық көрдi. Республика аумағын климаттық аудандастыру алғашқы қадамы [1927 ж. шыққан М.Д. Пономарев пен В.Н. Барсуктың «Климатический очерк Казахстана» («Қазақстанның климаттық очеркi») еңбегi] жасалды. Қазақстандағы алғашқы гидрол. кешендi зерттеу жұмысы ретiнде М.М. Давыдовтың (1925) және Б.X. Шлегельдiң (1926) еңбектерiн атауға болады. Бұлар Оңт. Қазақстан өңiрiнiң су шаруашылығы жағдайын сипаттады. КСРО ҒА-ның басшылығымен Қазақстан гидрографиясының жоспарлы зерттелуi жолға қойылды, осы мақсатпен республиканың батыс бөлiгiне бiрнеше экспедициялар шықты. Бұлардың материалы бойынша 1928 ж. П.Н. Лебедевтiң «Краткий гидрографический очерк Казахстана» («Қазақстанның қысқаша гидрографиялық очеркi») және «Гидрометеорологический очерк Казахстана» («Қазақстанның гидрометеорологиялық очеркi») еңбектерiн баспадан шығарды. Шу, Талас, Сырдария өзендерiнiң төм. ағысындағы көлдер зерттелдi. КСРО Геогр. коғамының Верный және Түркiстан бөлiмдерi Кiшi және Үлкен Алматы өзендерiмен өтетiн лай тасқындардың себебiн анықтау мақсатында зерттеу жұмыстарын ұйымдастыра бастады. Қоныстандыруға және жер қорын есепке алуға байланысты Қазақстан өңiрлерiнiң топырағын зерттеу кең өрiс алды. Республика аумағы топырақ жамылғысының алғашқы сипаттамаларын Р.И. Аболин (1922), К.Д. Глинка (1923) және Л.И. Прасолов (1925) бердi. Олардың жұмыстарында топырақ-өсiмдiк белдемдерiнiң сұлбасы жасалып жiктелдi. Қостанай (В.И. Баранов), Орал (И.И. Фелимонов, И.В. Ларин), Ақтөбе (М.И. Рожанец) және Жетiсу (А.Мухли) облыстарының аумағына экспедициялар шықты. КСРО ҒА-ның экспедициялары құрамында Герасимов Үстiрттiң, Неуструев Каспий ойпатының топырақ жамылғысын зерттедi. Әсiресе, Герасимовтың еңбектерiнде (1928—30) бұл өңiрлердiң топырақ қабаттарының қалыптасу жағдайлары және бұған байланысты өңiрдi физ.-геогр. аудандастыру жөнiнде құнды деректер берiлдi. Геоботан. зерттеулердiң де өзiндiк қолданбалық мақсаты белгiлендi. Бұлардың алдына жайылымды, шабындықты және жыртуға жарамды жердi анықтау әрi оларға сипаттама беру мiндетi қойылды. Алғашқы жылдары геоботан. жұмыстың көпшiлiгi Бат. Қазақстанда жүргiзiлдi (И.В. Ларин). КСРО ҒА-ның қазақстандық экспедициясы құрамындағы топырақ-ботаника отряды бұл өңiрдiң өсiмдiгiн зерттеуге елеулi үлес қосты. Республиканың Жер Халкомы Семей және Павлодар обл-тарына экспедициялар жiбердi. Бұл саладағы зерттеудiң алғашқы жиынтық қорытындыларын (1923—25) Крашенинников жариялады. Ол өз еңбегiнде өсiмдiк жамылғысы географиясын түсiндiруге генетик. принциптi пайдалануды және физ.-геогр. аудандастырудың алғашқы сұлбасын ұсынды. Осы кезеңде республика фаунасын зерттеуде Д.Н. Кашкаров, В.Н. Шнитников, Б.С. Виноградов, т.б. елеулi үлес қосты. Өндiрiстi тиiмдi де дұрыс орналастырудың маңыздылығы экономиканы қайта құру жоспарын жасау кезiнде айқындала түстi. Алғашқы бесжылдық (1929—32) жоспарларында Қазақстанда өнеркәсiп және а. ш-ның барлық салаларының тех. базаларын жасау қарастырылды; ол үшiн республикадағы геогр. зерттеулердi кеңiнен және жан-жақты жүргiзу керек болды. Бұл кезеңде (1928—40) экспедициялық зерттеулер кең етек алды. Республикада тұрақты ғыл.-зерт. мекемелерiнiң және жергiлiктi ғыл. кадрлардың көбеюiнiң нәтижесiнде Қазақстан жерiнде тұрақты бақылаулар жүргiзу жолға қойылды. Геол. барлау жұмыстары түстi және сирек металдар, көмiр, т.б. кен байлықтарының қоры жөнiнен Кеңес Одағы бойынша Қазақстанды жетекшi орындардың бiрiне шығарды. Алтайдың, Орт. Қазақстанның кентастық кен орындарын және Тянь-Шань, Жетiсу (Жоңғар) Алатауы, Арал маңы, Мұғалжар тауы, т.б. өңiрлердiң геол. құрылысын зерттеу қарқынды түрде жүргiзiлдi. Климаттық және гидрол. жұмыстар метеорол. және гидрометеорол. ст-лардың көбеюiне негiзделе жүргiзiлдi. Су қорларын зерттеу өрiстедi. Өндiрiс қажеттерiн өтеу және салынуға тиiстi гидротех. құрылыстардың геогр. жағдайларын анықтау үшiн кейбiр жеке алаптарға кешендi зерттеулер жүргiзiлдi. Бұлардың нәтижесiнде И.И. Фелимоновтың Жайық-Көшiм каналы, Орт. Қазақстанды суландыру перспективасы, Б.К. Терлецкийдiң Балқаш-Алакөл алабы жөнiнде, Солт. және Орт. Қазақстан туралы «КСРО су қорларының анықтамасы» жинағының 13-томы, т.б. еңбектерi жарық көрдi. Арал т. мен Балқаш к-н жаңадан зерттеу басталды. Iле Алатауына Н.Н. Пальгов гляциол. бақылаулар жүргiздi. 2-дүниежүз. соғыс жылдарында (1941—45) жалпы геогр. зерттеулер бiршама қысқарды, негiзiнен майдан мен тыл мұқтажын өтеу ғана ескерiлдi. КСРО ҒА-ның Геогр. ин-тының көпшiлiк қызметкерлерi Алматыға көшiрiлiп, Топырақ тану және Ботаника ин-ттарымен және басқа жергiлiктi ғалымдармен бiрлесе отырып, а. ш-н өркендетудiң қорларын табу және зерттеумен шұғылданды. Дәл геоморфол. карталар жасалды, су және топырақ жамылғысының қорлары түбегейлi зерттелдi. Солардың нәтижесiнде жердi тиiмдi пайдалануға нақты ұсыныстар берiлдi. Республика алғашқы рет табиғи мал азығының қоры бойынша аудандастырылды (Л.Г. Соболев), геоморфология бойынша (И.П. Герасимов), агроклиматологиядан (П.Н. Колосков) iрi қорытындылар шығарылды, топырақты зерттеудiң геохим. тәсiлi жасалды (М.А. Глазовская), су ш. қажетiн өтеуге катысты табиғат жағдайларының бiрнеше карталары (Б.А. Федорович, С.Л. Кушев) құрастырылды. Бұл материалдарды қорытындылай келе А.А. Григорьев өзiнiң Қазақстан табиғаты туралы очерктерiн жариялады. Осы жылдары КСРО ҒА Қазақ бөлiмшесiнiң Геогр. секторын белгiлi ғалым Н.Н. Баранский басқарды. Ол республика экономикасын мамандандыруды жетiлдiре түсу мақсатында Қазақстанды 5 экон. ауданға бөлдi. Соғыстан кейiнгi жылдары (1945 жылдан бастап) Қазақстандағы геогр. зерттеулерге баса көңiл бөлiндi. Халық ш-н қалпына келтiру және одан әрi дамыту үшiн табиғи ресурстарды көптеп табу және оларды шұғыл шаруашылыққа пайдалану керек болды. 1946 ж. ҚазКСР ҒА құрылды. Оның кұрамында бiрнеше экспедициялар ұйымдастырылып, Арал т-ндегi Барсакелмес аралының, Балқаш к-нiң оңт-ндегi шөлдiң, Жетiсудың геогр. жағдайлары зерттелдi. Республика аумағын физ.-геогр. аудандастырудың алғашқы сұлбасы құрастырылды (Н.Г. Рыбин, 1948). Бұрынғы жүргiзiлген зерттеу материалдары негiзiнде республика табиғатының басты кешендерiне тұжырымды сипаттама берiлген «Қазақстанның физика-географиялық очерктерi» (1952) жарыққа шықты. Қазақ КСР ҒА-ның Геогр. ин-ты Қазақстан табиғатын зерттеудi одан әрi жалғастыра бердi, «Қазақстан. Физика-географиялық сипаттама» (1950) жинақ кiтабын шығарды. КСРО ҒА-ның өндiргiш күштердi зерттеу кеңесi игерiлуге тиiстi жаңа аудандарда кешендi экспедициялық зерттеулер ұйымдастырды. Осы мақсатпен Торғайдың шикiзат қоры, Солт. және Орт. Қазақстанның минералдық шикiзат, гидроэнергет. және ормандық қорларын зерттедi. Тянь-Шаньда биiк таулық физ.-геогр. ст. құрылды. Республика жерiн геоморфол. зерттеу, әсiресе геоморфол. картаға түсiру iсi өрiстедi. Жер қойнауын зерттеу тәсiлдерiнiң бiрi — геол. картаға түсiру жалпы зерттеу процестерiнiң құрамына енгiзiлдi. Сөйтiп геоморфол. карта табиғи аудандастыру мен ландшафтын зерттеудiң негiзiне айналды. Суландыру, орман алқаптарын отырғызу, тың және тыңайған жердi игеру шараларына байланысты республиканың жеке аудандарының микроклиматы және жылу балансы зерттелдi. Аңызақ жел, атмосф. қуаңшылық, жел эрозиясы, топырақ борау, топырақ бетiнiң тоңдануы сияқты құбылыстар және климаттың өзгеру заңдылықтары зерттелдi. Осы зерттеулердiң деректерi негiзiнде «Қазақстан климаты» (1959) атты жинақ шықты. Гидрол. зерттеулердiң iшiнде республика көлдерiнiң жете тексерiлгенiн аңғаруға болады. Бұл жұмысты кейiннен КСРО ҒА-ның Көлтану ин-тына айналған көлтану лаб. мен Қазақ КСР ҒА-ның геогр. секторының қызметкерлерi бiрлесе жүргiздi. Зерттеу жиынтығын А.В. Шнитников қорытындылады. Көлдердiң физ.-геогр. жағдайымен қоса олардың гидробиол. және экон. жақтары да зерттелдi. Көлдердiң жалпы кадастры құрастырылды. Жер бетi суы қорларын зерттеу нәтижелерi тың және тыңайған жерлердi игеруге байланысты бiршама толықтырылды. Бiрнеше iрi гидрол. кешендiк зерттеулер жүзеге асырылды және бұлардың деректерi «Ресурсы поверхностных вод районов освоения целинных и залежных земель» («Тың және тыңайған жердi өңiрлерiнiң беткi ағын қоры»), «Ресурсы поверхностных вод СССР» («КСРО жер бетi ағынының қоры») жинақтарына енгiзiлдi. Топырақ жамылғысын зерттеген әр саланың ғыл. және өндiрiстiк мекемелердiң қорытындылары көп томдық «Почвы Казахской ССР» («Қазақ КСР-iнiң топырағы») басылымында және бiрнеше жалпы шолулық карталарда жарияланды. Геоботан. және зоогеогр. зерттеулердiң жиынтық деректерi жарық көрдi. КСРО ҒА-ның аэротәсiлдер лаб. Солт. Қазақстанның табиғи жағдайын зерттеудiң аэротәсiлiн белгiледi. Экон. география саласында Қазақстанның табиғатын, халқын, экономикасын және мәдениетiн бейнелейтiн кешендiк еңбектер (И.Т. Тәжиев, М.Ш. Ярмұхамедов, К.Б. Ахмедова, т.б.), өндiргiш күштердi тиiмдi орналастыруға, экон. аудандастыруға және экон. аудандарды мамандандыруға, аумақтық-өндiрiстiк кешендердiң қалыптасу мәселелерiне, еңбек және табиғи қорларға баға беруге арналған жұмыстар (В.А. Адамчук, Б.Я. Двоскин, Е.Н. Гладышева, С.Әбдiрахманов, т.б.) жарық көрдi. Республика жерiн жан-жақты зерттеу нәтижесiнде Қазақстанның және оның жеке аймақтарының кешендiк атластары құрастырылды. Тың өлкесiнiң, Қарағанды, Қостанай, Солт. Қазақстан облыстарының бiрнеше ландшафтылық карталары шықты. Ландшафтылық зерттеулердiң кеңiнен етек алуына ландшафт танушы ғалымдардың бүкiлодақтық 6-кеңесiнiң (1963) Алматыда өтуi әсер еттi. Арал маңы мен Жезқазған өңiрiнiң, Алматы, Қарағанды, Маңғыстау обл-тарының ландшафтылық жағдайы зерттелдi. Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары. Алғашқы газеттер — «Түркiстан уәлаятының газетi» (Ташкент, 1870 — 82), «Дала уәлаятының газетi» (Омбы, 1888 — 92). Бұдан кейiн Ордада және Оралда ағартушылық бағыттағы «Қазақстан» газетi (1911 — 13), Орынбор қ-нда А.Байтұрсыновтың ұйымдастыруымен «Қазақ» газетi (1913 — 1918), ақын-демократ М.Сералин ұйымдастырған қазақ тiлiндегi тұңғыш журнал «Айқап» (1911 — 15) шықты. 1913 ж. 11 газет болса, 1975 ж. 407 газет, оның iшiнде 15 респ., 38 обл., 271 ауд., 8 қалалық, 69 көп тиражды және 1 ұжымшарлық газет болды. Қазан төңкерiсiнен бастап қазiргi кезеңге дейiнгi аралықтағы респ. газеттер: «Егемен Қазақстан» (бұрынғы «Социалистiк Қазақстан», 1919 жылдан), «Казахстанская правда» (1920 жылдан), «Жас Алаш» (бұрынғы «Лениншiл жас», 1921 жылдан), «Экспресс К» (бұрынғы «Ленинская смена», 1922 жылдан), «Ұлан» (бұрынғы «Қазақстан пионерi», 1930 жылдан), «Дружные ребята» (1933 жылдан), «Қазақ әдебиетi» (1934 жылдан), «Қазақстан мұғалiмi», «Учитель Казахстана» (1952 жылдан), «Спорт» (1959 жылдан), ұйғыр тiлiнде «Коммунизм туғи» (1957 жылдан), оның араб алфавитiмен шығатын «Йени һаят» («Жаңа өмiр», 1970 жылдан) қосымшасы және үш ауд. газет; корей тiлiнде «Ленин кичи» («Ленин туы», 1938 жылдан); немiс тiлiнде «Фройндшафт» («Достық», 1966 жылдан); өзбек тiлiнде екi ауд. газет шығады. Респ. журналдар: «Ақиқат» (бұрынғы «Қазақстан коммунисi», 1921 жылдан), «Здравоохранение Казахстана» (1923 жылдан), «Қазақстан әйелдерi» (1925 жылдан), «Народное хозяйство Казахстана» (1926 жылдан), «Жұлдыз» (бұрынғы «Әдебиет және искусство», 1928 жылдан), «Мысль» (бұрынғы «Партийная жизнь Казахстана», 1930 жылдан), «Простор» (1932 жылдан), «Қазақстанның ауыл шаруашылығы», «Сельское хозяйство Казахстана» (1936 жылдан), «Ара», «Шмель» (1956 жылдан), «Парасат» (бұрынғы «Мәдениет және тұрмыс»), «Балдырған», «Автомобильный транспорт Казахстана», «Кооператор Казахстана» (1958 жылдан), «Зерде» (бұрынғы «Бiлiм және еңбек», 1960 жылдан), «Жалын» (1969 жылдан), т.б. 1921 жылдан Қазақ телеграф агенттiгi (ҚазТАГ) жұмыс iстейдi. Респ. радио хабары 1931 ж. берiле бастады. 1974 ж. радио хабарларының орта тәулiктiк көлемi 5 респ., 19 обл. бағдарлама бойынша 70 сағ болып, 200 ауд. және 8 қалалық радио редакция жұмыс iстеген болса, қазiр 60-тан астам қоғамдық-танымдық бағдарлама, 20-ға жуық муз. ойын-сауық бағдарламасы бар (2003) (қ. Қазақ радиосы). 1958 ж. тұңғыш телехабар берiлсе, 1972 ж. 15 телевизия студиясы және 40-тан астам ретранслятор жұмыс iстедi (қ. Қазақстан телеарнасы). Респ. радио мен телевизия қазақ, орыс, корей, ұйғыр, немiс, әзербайжан, түрiк, татар тiлдерiнде хабар бередi. Баспа iсi. Қазан төңкерiсiне дейiнгi кезеңде түркi тiлдес халықтардың iшiнде татар тiлiндегi кiтаптардан кейiн қазақ тiлiндегi кiтаптар саны мен көлемi жағынан екiншi орын алған. Бұл кiтаптар, негiзiнен, Қазан, Ташкент, Петербург, Уфа, Троицк, Астрахан баспаханаларынан шыққан. Қазақ тiлiндегi ең алғашқы басылым 1831 ж. «Қазақ халқына хабарлама» деген атпен Қазан ун-тi баспаханасынан жарық көрген. 1861 ж. Н.И. Ильминскийдiң құрастыруымен орыс-қазақ дала мектептерiне арналған «Қырғыздар үшiн өздiгiнен орысша сауат ашу» оқулығы шықты. 1862 ж. «Ер Тарғын» эпосы жұртшылықтың қолына тидi. Ол төрт рет қайта басылып, таралымы 33 800 данаға жеттi. 1908 жылға дейiн Едiл мен Жайық бойында 2 млн. 201 мың 105 дана 509 басылым (оның 461-i кiтап) жарияланған. Фольклорлық сипаттағы 25 басылым жарық көрген. Олардың iшiнде «Қыз Жiбек», «Айман — Шолпан», «Сал-сал», «Алпамыс», «Шах-Мұрат», «Қасым Жомарт», «Шәкiр-Шәкiрат» қиссалары мен «Құла мерген», «Сәтбек батыр», «Мәлiк Ажда», «Наурыз» жырлары бар. Суырып салма ақындық өнер iшiнде Бiржан мен Сараның айтысы халыққа кең тараған. Ол тоғыз рет қайта басылып, таралымы 57800 данаға жеткен. Қазақ ауыз әдебиетiнiң үлгiлерi де жеке кiтап болып шыққан. «Қазақ мақалдары», «Жұмбақтар мен мақалдар» (құраст. Г.Жәнiбеков), «Жұмбақ», «Шопан ата» (құраст. З.Әбдiқадыров), «Тоғыз құмалақ», т.б. Сонымен бiрге араб, парсы, әзербайжан, өзбек фольклорларының шығармалары қазақ тiлiне аударылған: «Ғашықтар кiтабы» (ауд. А.Сабасов), «Дарбұға туралы аңыз», «Өлеңмен жазылған махаббат хаты», түрiк тiлiнен «Қаһарман», «Зұлқарнай», «Сейфiлмәлiк», «Бахдам» аударылған. Орыс әдебиетiнен А.С. Пушкиннiң «Алтын балық туралы аңызы» (ауд. А.Сабасов), «Капитан қызы» (ауд. Молданияз Бекiмов), И.А. Крыловтың «Мысалдары» (ауд. Спандияр Көбеев) шықты. Елуге жуық қаламгердiң жаңа шығармалары жарық көрдi. Бұлардың iшiнде М.Сералин, С.Дөнентаев, Қ.Шопанов, Б.Өтемiсов, М.Қалтаев, М.Қашымов бар. Т.Жомартбаевтың «Қыз көрелiк», С.Көбеевтiң «Қалың мал» романдарын, Қ.Түгiсовтiң «Надандық құрбаны» атты драмасын атауға болады. Жалпы 1917 жылға дейiн қазақ тiлiнде 1000-нан аса кiтап жарық көрдi. 1920 ж. қарашада Мемл. кiтап баспасы құрылды. Егер 1920 ж. республикада жалпы таралымы 13 мың дана небары 6-ақ кiтап шығарылған болса, 1930 ж. 2 млн. 671 мың дана 420 кiтап, 1940 ж. 5 млн. 775 мың дана 762 кiтап, 1971 ж. таралымы 25 млн. данадан асатын 2096 кiтап пен кiтапша жарық көрдi. 1940 ж. Қазақстанда небары төрт баспа: Қазақ баспасы (1964 жылдан — «Қазақстан» баспасы), Қазақ партия баспасы (Қазпартиздат), Көркем әдебиет баспасы және жастар баспасы болды. 1963 ж. Қазақ КСР Мин. Кеңесi жанынан Баспа iстерi жөнiндегi мемл. к-т құрылды. Ол 1978 ж. Қазақ КСР Мемл. баспа, полиграфия және кiтап саудасы iстерi жөнiндегi мемл. к-т болып қайта құрылды. 1989 ж. бұл к-т ҚР Баспасөз және бұқаралық ақпарат мин. деп аталды. 1995 ж. оның негiзiнде ҚР Баспасөз және бұқаралық ақпарат жөнiндегi ұлттық агенттiк құрылды. Ол 1997 ж. таратылып, оның орнына ҚР Ақпарат және қоғамдық келiсiм мин. өмiрге келдi. Бұл мин. ҚР Президентiнiң 1999 ж. 22 қаңтардағы Жарлығымен ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм мин. болып өзгердi. 2003 ж. 13 қыркүйекте ҚР-ның Ақпарат мин. болып қайта құрылды. Қазiр мемл. тапсырыспен жұмыс iстейтiн 38 баспа бар (2003). 1978 ж. құрылған Республика кiтап мұражайында ерте заманнан бүгiнге дейiнгi 60 мыңнан астам әр алуан кiтаптар, альбомдар, көне қолжазбалар сақталған. Қазақстанда Интернет, кабельді теледидар серпінді дамып келеді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар ақпарат нарығында кеңінен қолданыс табуда. Ұлттық ТД мен радиостансалар ұлттық ғарыштық жүйе арқылы таратылуда. 2002 жылы CaspioNet (операторы Eutelsat) ғарыштық арнасы құрылды.Республиканың барлық аумағында кабельдік және ғарыштық арналар арқылы BBC, CNN, Deutsche Welle арналарының бағдарламалары, Азаттық радиосы, Польшаның Polonia арнасы, ресейлік және басқа да телерадио арналар көрсетіледі. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер миинстрлігінде әлемнің 20 елінен 80-нен астам шетелдік БАҚ-тардың өкілдері тіркелген. Олардың қатарында BBC, Associated Press, Интерфакс, France Press, Reuters, ITAR-TASS сияқты дүниежүзіне танымал аса ірі ақпараттар агенттіктері бар. Байжанов, Ерлан Сапарұлы. Байжанов, Ерлан Сапарұлы — Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы. Қысқаша өмірбаяны. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін (1985ж.), М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасын (1988ж.) бітірген. Филология ғылымдарының кандидаты. 1989-1990 жж. — С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аға оқытушысы. 1990-1991 жж. — «Советы Казахстана» газеті редакциясының парламенттік шолушысы, бөлім меңгерушісі. 1991-1996 жж. — кәсіпкерлік саласында жұмыс істеді. 1996 жылдың сәуірінен — СІМ баспасөз қызметінің бірінші хатшысы, СІМ ақпарат және баспасөз бөлімінің меңгерушісі. 1997 жылдың қаңтарынан — ҚР Президенті Баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі, ҚР Президенті Баспасөз қызметі жетекшісінің орынбасары. 2004 жылдың наурызынан — Қазақстан Республикасының Ресейдегі Елшілігінде кеңесші-уәкіл, Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі Шарт ұйымында өкілетті өкіл. 2005 жылдың тамызынан — ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт бірінші вице-министрі. 2006 жылдың ақпанынан — ҚР Президентінің Әкімшілігі Ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі. 2007 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды. Марапаттары. «ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған. Үйлік жағдайы. Байжанов, Ерлан Сапарұлы Әлиев, Жұматай Әлиұлы. Әлиев, Жұматай Әлиұлы — Қазақстан халықы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі. 1952 жылдың 20 маусымында Жамбыл облысында дүниеге келген. А.А. Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университетінің философия факультетін (1974 жылы) аяқтаған. Философия ғылымдарының докторы, профессор. Еңбек жолын 1974 жылы Алматы медициналық университетінде оқытушылықтан бастаған. Одан кейін партия-комсомол органдарында, жоғары білім беру жүйелерінде басшылық қызметтер атқарды. 2001 жылдан бастап Президент Әкімшілігінде жұмыс істейді. Әлиев, Жұматай Әлиұлы Басекеев, Әділбек Әлімжанұлы. Басекеев, Әділбек Әлімжанұлы — Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы Өкілі Мәскеу байланыс және информатика техникалық университетін, Мәскеу бизнес және ақпараттық технологиялар университетін бітірген. Еңбек жолын 1984 жылы Ленинск қаласындағы телеорталықтың электромеханигі қызметінен бастаған. 1993-1995 жылдар аралығында Ленинск қалалық әкімшілігі басшысының көмекшісі, Ленинск қалалық жастар ісі, туризм және спорт істері жөніндегі басқармасының бастығы. 1995-1999 жылдары — Ленинск қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру жөніндегі аумақтық комитеттің төрағасы. 1999 жылдан бері Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік дамыту және кадр жөніндегі бөлімінің бас инспекторы, 2002 жылдан — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ұйымдастырушылық-аумақтық бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 2004 жылдың қыркүйегінен Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы арнаулы Өкілі болып тағайындалды. Басекеев, Әділбек Әлімжанұлы Мұздық. Мұздық - ауқымды су қоймасы. Достастықтағы мұздықтардың мұз массасының өзi 7 мың текше шақырым су құрайды екен. Бұл бұрынғы Кеңес Одағы территориясының өн бойын шарлаған өзендердiң төрт жылғы ағын суы. Ал осы мұздықтар ерiген күнде Әлемдiк мұхит атаулы 5 сантиметрге көтерiледi. Мұздықтар - ғажайып тiршiлiк, мәселен, бiр қарағанда мұздықтар жылжиды дегенге сену қиын-ақ. Соның әсерi ме, ұзақ жылдар бойына бұл жағдайға онша мән берiлмей келедi. Мұздықтардың жылжуы. Аталмыш құбылыс XVI ғасырдың аяғында Альпi тұрғындарының жылнамасында алғаш көрсетiлдi, ал, жүз жылдан соң исландиялық ғалым Т. Вигалин жазбаларында мұздықтардың қозғалатыны жайында мәлiметтер кездестi. Тек, О. Соссюраның XVII ғасырда Альпiге жасаған саяхаты ғана мұздықтар жылжуының өзгеше мәнiн ашып бердi. Саяхатшының мұздықтар бетiне қалдырған баспалдақтары сол 1788 жылғы сапардан кейiн араға 44 жыл салып қайта келгенде Черная Игла тауының Мер-де-Глас мұздығының төменгi беткейiнен орын теуiптi. Осы жылдар iшiнде төрт шақырым қозғалысқа енген. Мұздықтардың қозғалысын бағамдамау салдары қиын жағдайларға әкелiп соғады. Оның бiр мысалы, 1894 жылы француз ғалымы М. Жанссан Монблана шыңына обсерватория салады. Осы аталмыш ғимараттың ерекшелiгi де шығар, жалпы салмағы 187 тонна да, аумағы 50 шаршы метр жердi алып жатты. Ғалымның топшылауы бойынша ол барлық төтенше жағдайларға шыдас беретiн берiктiгi мен бiр орнынан жылжымайтынына көңiлi тола iске кiрiстi. Әйтсе де арада төрт жыл өткенде қозғалыс әсерi iргетастан қатты байқалды. Өйткенi, обсерваторияның иiлiп еңкiш тартуы оның құлап қалу қаупiн тудырды. Ақ бас мұзды шыңдар кейде тосыннан қозғалысқа енедi. Мұндай маусымда өзгеше жылдамдық алады да мұздық тiлдерi төменге сусыған күйi ұласа түседi. Мұздықтардың беймәлiм мiнез танытуының негiзгi сыры климат өзгеруiнен екенi белгiлi. Эпталь Альпiсiндегi Фернагтфернер мұздығы соңғы төрт ғасырда төрт рет қозғалысқа енген. Әр қозғалған сайын Рофон өзенiн бөгеп отырды, бөгелген өзен суы жиналып көлге айналады да лықсып толып, артынша сарқырап ағып төмен құлаған. Мұның өзi апатты су тасқындарына әкелiп соқты. Аляскада 1966 жылы 12 мұздық, оның iшiнде Солтүстiк Америкадағы ең алып Беринг мұздығы көштi. Оның қозғалыс енi 42 шақырым шамасында едi, төрт жыл iшiнде 1200 метрге жылжығаны байқалған. Ал, 1918 жылдан бақылауға алынған Уолш мұздығы ұзақ зерттеу нәтижесiнде ғалымдар қозғалысқа енбейдi деген тұжырымға келген. Дегенмен Уолш мұздығы 60-жылдардың аяғында мiнез танытты, төрт жылда орталық бөлiгi 10 шақырымға жылжып кеттi. Сонымен бiрге ара салмақтық мөлшерiнде елеулi өзгерiс болған, төбесiндегi мұз қабаты 150 метрге шөктi. Қарақорымда Гасанабад мұздығы 1904-1905 жылдары екi жарым айдың өзiнде 10 шақырымға жылжыған. Ал, бiр тәулiкте жазық даланың 130 метр жерiн биiк мұздық бауырына алған. Памир тауындағы мұздықтар мiнезi де тым қызық, 1963 жылы Вахч жазығының бойымен Медвежий мұздығы 2 шақырымға төмен жылжыды. Он жылды артқа тастап тағы да 1750 метрге қозғалды. Тұйықсу мұздығы. Тұйықсу мұздығы Тянь-Шаньның солтүстiк жоталарының бiрi. Iле Алатауында ұзындығы 5,1 шақырым, жалпы көлемi 3,8 шаршы шақырым жердi алып жатыр. Мұздықтың төменгi бөлiгiне қарасаңыз, сусыған қиыршық тас пен үлкен-үлкен қой тастар биiкке өрiле түседi. Өзгеше әспетiмен ерекшеленген iргетас секiлденiп жатқан тас жамылғы бiр шақырым ұзындыққа созылып, теңiз деңгейiнен 3100 метр биiктiкте альпi белдеуiне ұласады. Зерттеулер. Тұйықсу ғылымда 1902 жылдан белгiлi. Оның пiшiн-болмысы жайында алғаш хабарлаған С. Дмитриев едi. Жазды күнгi қысқа мерзiмдi сапары дәйектi зерттеуге мүмкiндiк бермейдi. Көрген-бiлгенi нәтижесiнде анықтағандарын жалпылама түсiндiредi. Ал, ғылымға керегi мәлiметке толы нақты деректер. Сол себептi де барлық жайт белгiсiз қалпында қала бердi. Кейiннен екiншi рет Тұйықсуға өзге бiр өлкетанушы В.Городецкийдiң жолы түседi. Осы сапардың қорытындысында ол Тұйықсу мұздығының жай-жапсары жөнiнде хабарламалық мақала жазды. Араға алты жыл салып, 1922-1923 жылдары Тұйықсу Н.Пальговтың назарын аударды. Сонан соң барып 13 жыл мерзiм өткенде мұздық құпиясына қызыққан қазақ гидрометеорологиялық қызмет басқармасының мамандары болды. Тұйықсу мұздығына жүргiзген көптеген бақылау нәтижесi ауа райына байланысты маңызды деген сауалдарға жауап алуға мүмкiндiк бердi. Сонымен қатар оның өткенiне барлау жасап, өзгеге тосын жұмбақ жайттардың сырына қаныға түсуге жетеледi. Бұның бәрiне бағыт сiлтегендей болған Алматының ауа райын 1879 жылдан бақылауға алынғандығын айғақтайтын деректер едi. Осыған байланысты Мыңжылқы стансасында мұздықтардың жаз айларында температураның өзгеруiне сай келетiн жайларды жүйелi зерттеу жүргiзiлдi. 1937 мен 1964 жылдар аралығындағы мәлiметтердi салыстыра келе ауа райы температурасының, мұздық режимiнiң өзара байланысы 1879 жылдан бергi Тұйықсудың тiршiлiк тынысын тануға жол ашты. Мұздықтың кербез кейпi көз арбайды. Ұшар басы аспан тепкен мұзарт шыңдар шығар күннiң жалқын сәулесiне шомылған қалпы биiктеген дерсiң. Олардың ең биiгi 4410 метрлiк Орджоникидзе шыңы. Сүйiр қалпындағы мұз таудың күнге шағылысқан кескiнiн жолақ болып бөлiп жатқан қарлы белдеу мұздықтағы сызат-жарықты аңғартады екен. Оңтүстiк шығыста Тұйықсу тiзбектерiнiң таулы алқабы бастау алады. Шығуы қиын саналатын оның биiктiгi - 4150 метр. Одан батысқа қарай қарлы аңғардың қарсы беткейiнде Тұйықсу шыңы. Барлық шыңның жартасты беткейi терең сайға ұласады, одан бәкене мұздықтар өрiлiп тұрады. Сол жақ беткейден Космедемьянская мен Молодежный мұздығы сырбаз кейiпте мен мұндалайды. Алдыңғысы Тұйықсу мұздығымен астасып жатыр да, екiншiсi жанамалап қосылады. Оң жақта Тұйықсу тiзбегi. Мұздық пен тiзбектi бөлiп жатқан моренаның төменгi бөлiгi. Тұйықсу тiзбегiнен солтүстiкке қарай Партизан, Орджоникидзе, Маяковский, Мәметова мұздықтары жалғасады. «Мен жүргiзген бақылау нәтижесi мұздың ақырындап өсе түскенiн шамалауға негiз бередi. Мәселен, мұздықтың сол жақтағы тiлiнiң бұрышы 1902 жылы 5 градусқа тең болса, мен келгенде 11 градусқа жетiп қалыпты. Мұз массасы тоқтап, азайғаннан гөрi бiрте-бiрте салмақ қосып үлгеретiндей... Сөйтiп, мұздық соңғы жиырма жыл көлемiнде шегiнбеген және шегiнбейдi деп айтуға болады». 2007. 2007 (MMVII) жыл — Грегориус күнтізбесінде ағымдағы 21-ші ғасырдағы дүйсенбіден басталатын кәдімгі жыл. Әшімұлы, Асанәлі. Асанәлі Әшімұлы - халық әртісі, режиссер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Туған жері – Сарысу ауданының Жайылма ауылы. Әкесі 25 жасында соғыста қайтыс болған. Шешесі 2002 жылы сексеннен асып, дүниеден қайтқан. Асанәліден кейінгі екі қарындасы ертеректе қызылшадан қайтыс болған. - Асанәлі аға, сіз қазақ өнерімен бір­­ге жасасып келе жатқан ғұмы­ры­ңыз­­да талай адаммен дәмдес, тұздас бол­ды­ңыз. Өмір мен өнер жолында табыс­қан адам­дарыңыздың арасында бүгінде халық тұлға деп танитын жан­дар аз емес. Тұлға болып қалыптасу үшін адам­ның бүкіл ғұмыры жетпей­тін­­дей. Өйт­кені адамдар бірін-бірі тір­ші­­лікте емес, өмірден өткеннен кейін құр­меттеп жа­тады ғой. - Иә, тіршілікте талайлармен ұзақ жыл­дар сахнада театрдың қызығы мен шы­жы­ғын бірге көрдік. Енді біреулермен өмір жо­лында табысқан жан достар едік, ал енді біразы өнер жолында өзіміз қадір тұтып, қастерлеген тұлғалар болатын. Мұхтар Әуе­зов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұста­фин, Сәбит Мұқанов сынды асқарлы жазу­шы­лар - театрдан бір сәт қол үзіп көрмеген нағыз тұлғалар. Олар - өздеріне дейінгі ұлтым деп өткен Алаш азаматтарының жал­­ғасы. Одан кейінгі қазақ театры мен кино­сына өшпес із қалдырған Серке Қожам­құлов, Елубай Өмірзақов, Қалибек Қуанышбаев, Құрман­бек Жандарбеков, Шәкен Айманов сынды сахна өнерінің саң­лақ­тары, олардың өкше­сін басқан Нұрмұ­қан Жантөрин, Ыдырыс Ноғай­баев, Сей­фол­ла Телғараев, Таңат Жай­лы­беков, му­зы­ка өнерінің жарық жұл­дызы Шәмші Қалдаяқов, күні кеше әзіліміз жарасқан Әнуар Молдабеков пен Есболған Жайсаң­баев­тар - бәрі-бәрі қайталанбас тұл­ғалар. Алайда жер басып жүргенде жұмыр басты пенде ешқашан жүз пайыз тұлға бола ал­май­ды. Тек өмірден өткеннен кейін ғана тұлғаның пендешілігі бірте-бірте ұмытылып, ел есінде оның жарқын бейнесі мен игі істері қалады екен. Сондықтан тұлғаны тірі­сін­де бағалай алу мүмкін емес. Кезінде орыс­тың Белинский деген ұлы сын­шы­сы өз заманында орыстан бір жақсы жазу­шы шықпады-ау деп жыларман болған екен. Сонда оның қатарында Пушкин мен Гоголь жүріпті. Ал осы екеуі орыстың ұлы жазушы­сы емес деп қазір кім айта алады? Өзімізбен қатар жүргенде қандай тұлға болса да «е, соны қойшы» дейміз. Талай ұлы тұлғаларды менсінбедік қой кезінде. Халық­тың талға­мы, уақыттың сүзгісі шын асылды асық­пай таң­дайды. Әсіресе біз, қазақ хал­қы, тір­ші­лік­те тірі жанды менсінбей, кем-кеті­гін іздей­­міз, өмірден өтіп кеткеннен кейін ға­на «ойпырым-ай, ол пәлен еді, тұлға еді» деп көлгірсиміз. - Сіздердің тұстарыңыздағы буын өнер­дің телегей теңізіне алғаш қайық сал­ғанда, өздеріне дейінгі дарындары дария даналарды үлгі тұтып, солардың әр сөзінен, ісінен тәлім алғанын мақ­та­ныш­пен айтып жүреді. Бүгінде «қазақ өнерінің корифейі» атанған Асекең күні кеше Тоқпановтай ұстаздың тоқ­па­ғын, «қазақ киносының Құлагері» атан­ған Шәкеңдердің ұстаздық мек­те­бін көрді емес пе? Бүгінде сахна және кино өнеріндегі ұстаз бен шәкірт ара­сын­дағы осындай бір әдемі байланыс үзіліп қалғандай?.. - Біз әрқайсысы бір-бір театр, бір-бір мек­теп - қазақ сахнасының тұнық бастауы бол­ған тұлғаларды үлгі тұтып өстік. Әлі есім­де алғаш Алматыға келіп, Мұхтар Әуе­зов­ті жанынан көрген кезімде есімнен танып қала жаздағанмын. Одан кейін тағ­дыр мені Шәкең, Қаллеки, Елағаң, Серағаң, Құрекең сынды өнер иелерімен әріптес бо­лу­ға жазды. Бүгінде ғұмырында мұндай мек­теп көрмеген көгенкөздерді көргенде өзім­нің бақытты екеніме көзім жете түседі, кеу­демді мақтаныш сезімі кернейді. Жоға­ры­да есімі аталғаны бар, аталмағаны бар саф өнердің саңлақтарының арасында ар­найы білімі болмаса да, туабітті таланты, ин­теллектісіне тәнтімін. Әзіл-қалжыңдары, әңгімесінің өзі бір таусылмас, түпсіз, тұң­ғиық еді ғой. Олар­дың басқосуының өзі бір спектакль тәрізді болатын. Сахнада, кино­да биік бола білген өнер иелері сол кез­дің өзінде кино тек қана ұлттық болуы ке­рек­тігін айтып кетті. Кино ұлттық болғанда ғана көпұлтты болады де­ген ұран көтеріп, қарапайым түсінікті енді­ріп кеткен де солар еді. Ал бүгінде уызына жарымаған жал­тақ­тар ұлттың пайдасына ше­шім қабылдаудың орнына, елді тұқыр­та­тын, рухын түсіретін дү­ниелерді дабыра ету­ге құмар. Кеңес заманында өнердегі идео­ло­гияның рөлі күшті болатын. Біз «мамандар бәрін шеше­ді» деген ұранмен қызмет еттік. Қазір­гілер «ақша бәрін шешеді» деп ұран­дай­ды. Маман тәрбиелеуге аса назар ауда­рыл­май­ды. Өзімнің ұстазым Асқар Тоқпанов, алдымен, кәсіби режиссер, шынайы педа­гог болатын. Асекең актерлік шеберлік пә­ні­нен елу жыл сабақ берді. Ол кісі ылғи «Өзі жары­мағанның сарқытын ішпеңдер» деуші еді. Жекіп ұрсып та, кейде басыңнан сипап та, тіпті шапалақтап та алатын. Оның тоқ­па­ғын да жедік, айғайын да естідік, бірақ қатты құрметтейміз, біз оның мұ­ны­сын аға­ның жанашырлығы деп қабыл­да­дық. Ал қазіргі балаларға дауыс көтеріп көр, бірден сотқа сүйрейді. Негізінде, бі­реу­дің біреуді өнерге дайындауы деген - қи­сынсыз нәрсе. Таланттыларды танып, қол­тығынан демеп, қамқорлық жасау қа­жет, егер ол шын талант болса, халық айт­пақ­шы, «тас жарады, тас жармаса, бас жа­ра­ды». - Бүгінде елімізде «50 театр жұмыс істейді» деп ауыз толтырып айтып жүр­міз. Алайда осы театрларда қазіргі кез­де классикалық туындылардан гөрі кө­біне аударма шығармалар жиі қо­йы­­ла­ды. Сонда бізде қазір сахнаға шыға­рар­лық ұлттық туындылар жоқ па, әлде бұл режиссураның әлсіздігінен бе? - Бұл да - еліктеушілік деген идиотизм­нің басымдығынан. Жалпы, қазір қазақ театрында режиссура жоқ. Бәрі шетінен жал­­пақбай. Қазір өзі жалпақбайлардың зама­ны ғой. Ал жоғарыда отырғандар театр өнерін жете түсінбейді. Кезінде Черчилль, Сталин секілді адамдар театр де­ген­­нің, жалпы, өнер дегеннің не екенін те­рең ұғын­ған. Мысалы, қатыгез Сталиннің өзі өнер адамдарына тиіспеген. Оның за­ма­­нында киноның түсірілімі Сталинсіз өтпеген. Кино түсіріліп жатқанда ол фильм­нің үзінділерін ар­найы келіп, көріп тұратын болған. Ол кіші театр­дың бір қойылымына сегіз рет барған екен. Демек, оның өнерге деген махаббаты зор болғаны ғой. Біз мәдениетті бәрінен жоға­ры қоя білуді үйрене алмай келеміз. Көше­де жүру үшін де, адаммен сөйлесу үшін де, дастарқанда отыру үшін де мәде­ниет керек. Бірақ біздегі мәдениеттің тө­мен­ді­гіне кінә артудың өзі қиын. Өйткені біз феодалдық құрылымнан бірден ыршып-ыршып, асығып келеміз ғой. Сондықтан бізде ентігіс бар. Басқалар жаяу асықпай келе жатса, біз соған ілесу үшін жүгіріп оты­руымыз керек. Өзге өркениетті елдер әл­де­қа­шан асықпай баяу жүріп-ақ, бізден озып кеткен. Біз солардан қалып қоймау үшін жүгі­ріп келеміз. Ал енді жаяу жүрген адам мен ылғи жүгіріп келе жатқан адамның жағ­дайы белгілі ғой. Қазақтан космонавтикаға үлесі бар Қ.Сәтбаев секілді ұлы адамдар да шыққан, сондай-ақ ауылда әлі күнге мүлдем сауат­сыздар да жетерлік. Біздің тағы бір кем­ші­лігіміз - барымызды жарқыратып көр­сете алмаймыз. Өзіміз бас­­қалардың қойы­лымдарын театр сах­на­сы­на шыға­ра­мыз, ал біздің қазақ қойы­лым­­дарын тіпті өзі­міздің елдегі орыс театр­лары қоймайды. Де­мек, бізді халық ретінде мойындамайды деген сөз. - Өзіңіз театр сахнасында небір клас­­­сикалық шығармалардағы басты кейіп­керлерді ойнадыңыз ғой. Өзге ұлт тұл­­ғасының кейпін сомдағанда, оны қа­за­қы­ландыруға тырысатын секіл­ді­сіз? - Кез келген кейіпкердің рөлін ойна­ған­да оның өмір сүрген заманын елестетіп, ойын сезіне білу маңызды. Мысалы, актер Абайдың рөлін ойнағанда онымен бірге тамақ ішіп, өзімен тілдесіп көрмегендіктен, ақын өмір сүрген заман туралы көп оқуы тиіс, ақынның өлеңдерін оқи отырып, оның ішкі жан дүниесін, ойын түсінуі керек. Егер актер өзі сомдайтын кейіпкердің тек сыртқы бейнесін, жүрісін аудырмай салса, бұл - қоқи­­байлық. Қазіргі біздің театрлардағы актер­лердің 99 пайызы - қоқибайлар. Ел олар­ды актер деп ойлайды. Ал енді өзге ұлттың тұлғасын қазақыландыруға келер бол­­сақ, рас, мен егер Отеллоны, Гамлетті ойна­­сам, оны қазақыландырамын. Қойы­лым­­да белгілі бір детальдар ғана сол ұлттікі ретін­де қалдырылып, қалғаны қазақ көрер­­менінің танымына икемделуі керек. Айта­лық, Мұхтар Әуезовтің Гогольдан ау­дар­ған «Ревизорын» оқысаңыз, шығарма бей­не бір аударма емес, түпнұсқасы қазақ­ша жазылғандай. Сол секілді кез келген актер, ең бастысы, өзінің қазақылығын жо­ғалт­­пауы керек. Егер дарынды адамға тән басты қасиет не десе, мен намысқойлық дер едім. Намыссызды наданға теңеуге бо­ла­ды. Намыспен қаруланған актер ғана ұлт­тық өнердің мүддесін, мұратын көз­дей­ді. Талантты биіктететін намыс екінің бірінде жоқ. Абайдың өзі «Бәсеке неге озасың деп күн­деуің болмасын, өзіңді өзің қамшылауың бол­сын» дейді. Патриоттықтың негізі - на­мыс. Қазақпыз ғой деп кемшілігімізді бі­рі­міз­­дің бетімізге біріміз басып жатамыз. Бұл - на­мыссыздық. - Армансыз адамды қанатсыз құсқа теңеп жатады ғой. Сіздің өнер иесі ретінде орындалмаған арманыңыз бар болар?... - Мен театр сахнасында Гамлеттің, Абай­дың рөлін ойнауды армандадым. Осы арма­нымның жүзеге аспағандығын, бәл­кім, өкініш деуге де болар. Бірақ өмірде ой­лағаныңның бәрі орындала бермейді ғой. Адам армандай білуі керек. Арман адам­ды алға жетелейді. Сахнада Гамлетті ойнай алмадым-ау деген ойдың өзі менің жігерімді қамшылай түсті. Иә, мен Абайдың кейпін сомдай алмадым, есесіне «Қараш-Қарашта» Жарасбай деген байдың рөлінде Абайды ойнағандай болдым. Себебі мен шығар­мадағы жағымсыз кейіпкер Жарас­бай­ды жақсы қырынан тануға тырыстым. Өйткені ақымақ адамға дәулет бітпейді. М.Әуезовтің осы кейіпкерін Жарасбай ата­ға­нының өзі маған үлкен ой салды. - Сіз бір сөзіңізде «актер әркез ре­жис­серге бағынып, оның айтқанына бас шұлғи бермеуі керек» деген едіңіз. Өзі­ңіз «Шоқан» фильмін түсіргенде ре­жис­сер ретінде ырқыңызға көнгісі кел­ме­гендерге түсіністікпен қараған бо­лар­сыз?.. - «Шоқанды» түсіру кезінде мені актер мәселесі көп ойландырды, әр актерге түсі­ніс­тікпен қарауға тырыстым. Жақсы актер­мен серіктес болудың өзі - бақыт. Режис­сердің айтқанына әркез бас шұлғи беретін актер шахмат ойынындағы пешкамен тең. Актер өз рөлінің авторы болмай, кейіпкер жасауы мүмкін емес. Актерге тағылар мін де, айтылар сын да көп, өнерпаз болып ғұмыр кешу оңай емес. Өнердегі қазақтың азаматтарына айтарым - бір тәңірі сый­ла­ған дарынды өз орнымен пайдалана біл­ме­сек, келешектің алдында кешірілмес кү­нә­ға қаламыз. Өйткені халыққа сенің атақ-даңқ, дақ­пыртың керек емес, елді тек­ті өнер бас­қа­рады. Өзіңді өзің жиі сы­на­ма­саң, қажет бол­са, отқа да, суға да түс­песең, жақсы актер болу мүмкін емес. - Сіздің қазақ киносындағы сәтті шыққан сүбелі рөлдеріңіздің бірі - жа­қында ғана көрерменнің назарына ұсы­­нылған «Сіз кімсіз, Ка мырза?» фильміндегі бас кейіпкер. Сіздің кино­дағы ұзақ жылдық тәжірибеңіз бен шебер­лігіңізден болар, режиссер Қуат Ахме­товтің бұл фильмін көрермен жақ­­сы қабылдады. Өзіңіз, жалпы, бүгін­де сәнге айналған экшн жан­рын­дағы фильмдерге түсу туралы ұсы­ныс­тар­ға қалай қарайсыз? - «Сіз кімсіз, Ка мырза?» - өзіндік сю­жеті бар, адамгершілікке негізделген, Отанға деген патриотизмді насихаттайтын, кеңес заманының стилінде түсірілген фильм. Қазіргі жастар мұндай фильмді он­ша түсіне бермейді. Ал анау шетелдің бас-аяғы жоқ, пух-пах атыс-шабыс киноларын өліп-өшіп қарайды. Көрермен ауысты. Мені, қазіргі тілмен айтқанда, экшн жан­рын­дағы фильмдерге түсуге жиі шақырады, бірақ мен сценарийін оқығаннан-ақ фильм­ге түсуден бас тартамын. - Жақында сізді «Арман қала» атты отандық телехикаядан көріп қалдық. Бізді сіздің телехикаяға түсуге қалай келіскеніңіз таңғалдырды. - (Күлді.) Шынымды айтсам, сол теле­хи­каяға түскеніме өкінемін, өзім тіпті оның экранға шыққанын көрген де жоқпын. «Ар­ман қаланы» кино деп атауға да келің­кі­ре­м­ейді. Кейде осылай халтураға баруға да тура келетін кездер болып қалады. - Қазіргі кезде көрермен, әсіресе жас­тар, Голливуд жұлдыздарын пір тұ­та­тыны шындық. Бұл біздің кино өнерін идеологиялық қаруға айналдыра алмауымыздың кесірінен болса керек. Біз қашан ұлттық кино түсіреміз деп жүргенде, өскелең ұрпақ «өрмекші адам» немесе «терминатор» болып кетпей ме?.. - Иә, қазіргі кезде шетелдің фильмдерін айтпағанда, өзіміздің режиссерлер түсіріп жатқан фильмдерде шетелдік актер ойнаса болды, ғажап туынды деп қабылдай бере­міз. Егер осы процесс ұзаққа созылатын бол­са, қазақтың дүниежүзілік мәдениетке қосар ұлттық сипаттағы болмысы еңсе түзей алмақ емес. Өркениет айдынында біз­дің Америкадан, Еуропадан еш айыр­ма­шы­лығымыз болмайды. Ал ұлттық үрдісінен ажыраған елдің өнерін ешкім де тұшынып көрмейді. Шындығына келсек, актерлік шеберлік жөнінен өзіміздің қазақ актерлері көбінен мықтырақ. Ал анау Шварценеггер, Ван-Дамм дегендер актер емес, ең алды­мен, спортшылар, Анджелина Джоли се­кіл­ді актрисалар - модель. Бірақ біз осыны түсі­нгіміз келмейді, өнердің қай саласын алып қарасақ та, еліктеушілік басым. Күні кеше Абай алысып өткен надандық әлі бар бізде. Біздің әлі құлдық психологиядан арыла алмауымыз - үлкен кемшілік. Біреуге бағыну, табыну басым, жалтақпыз. Кезінде Мұхтар Әуезов «өнерсіз ел - ел емес» деген еді. Мен осыған қосыламын. Кеңестік идео­логияның кесірінен кезінде біз өзі­міз­дің ұлттық батырларымыздан гөрі Гитлер, Наполеон, Грозный туралы көп білдік. Өз басым алпыстан асқанда төл тарихымызды қайта оқуыма тура келді. Осының зардабын қазір қазақ киносы тартып келеді. Негізі ұлттық бояуға құрылмаған туындының ғұмы­ры келте. Біздің қазіргі кинемо­тог­ра­фия­дағы өздерін «жаңа ағымдағы толқын» деп атайтын жастарымыздың шығармалары еуропаланып барады. Мұндай тұғыртасы шайқалып тұрған туындылардың болашағы да жоқ. Міне, ұлтсыздық, намыссыздықтың маңдайы тасқа тиетін жері - осы. - Аға, сіздің шахматты ғажап ойнай­ты­ныңызды білеміз. Жұмыс каби­не­ті­ңіз­де төрт адам ойнайтын шахмат түрін қойып қойыпсыз... - Өмірдің өзі - шахматтың ойыны. Бұл - ой еркіндігін танытатын текті, ақсүйек өнер. Ал өзім шахматты сонау мектеп жасынан ойнаймын. Мықты қарсы­лас­та­рым­ның қатары сиреп қалды. Ермек үшін емес, шама-шарқымша ойнаймын, кейде ұта­мын, кейде ұтыламын. Шахматтың төрт адам ойнайтын түрін өзіміздің қазақ аза­мат­тары ойлап тапқанына мақтануымыз керек. Маған мұны автордың өзі әкеліп берді. Төрт адам ойнауға арналған шах­мат­тың патентін ағылшындар екі миллион долларға сатуды өтініпті. Бірақ біздің аза­мат­тар оған келіспей отыр екен. Біздің елде дарындар аз емес, бірақ оларға қамқорлық жетпей жататыны шындық. Жалпы, мен спорт­тың қай түріне болса да жанкүйермін. Ұлт­ты ұлт ретінде танытатын өнері мен спорты ғой. Американы Америка еткен - кино­сы. Сонау 1980 жылы Мәскеудегі олим­пиадада Ж.Үшкемпіров чемпион бол­ғанда, оның ойынын түнімен көріп, ол же­ңіс­ке жеткенде қуанғанымыздан жылап жі­бергенбіз. Спорт та - намыс. - Қазіргі таңда кино өнеріндегі бә­се­ке, жетістік шетелдік бай­қау­лар­да­ғы жүлдемен өлшенетін болды ғой. Өзіңіз де елімізде жыл сайын өтетін «Шәкен жұл­дыздары» байқауын басқарып отыр­­сыз. «Бап шаба ма, бақ шаба ма?» демекші, қандай да бір додаға түскен фильмдердің өзіндік артықшылықтары бар ма? - Қазіргі фильмдерді алдымен өзіміз көр­мей, шетелге ала қашатынымыз рас. Алды­мен мұхиттың ар жағындағыларға үшкіртіп, олардың батасын алмасақ, көңі­лі­міз көншімейді. Кешегі Айманов, Қожы­қов, Бегалин, Қарсақбаевтарды қазақ ки­но­сының тарихынан сызып тастап, тарихты өзінен бастағысы келетіндер шетелдің ар­зан­қол сыйлығына мәз болып жүр. Сондық­тан да қазіргі өнер өміршең бола алмай, айлакер-алпауыт тобырдың арасында ада­сып жүр. Ал «Шәкен жұлдыздары» бай­қауы туралы айтар болсам, мұның басқа конкурстардан айырмашылығы, бұл - студенттердің дипломдық жұмыстары. Бұл байқауды жастардың тырнақалды режис­сер­лік еңбектері, алғашқы үлкен байқауы деп қабылдау керек. Байқау келешекте та­лантты жастарға бағыт беруді мақсат етеді. «Шәкен жұлдыздарын» көбі дұрыс түсін­бей, байқауға қатысқан жастардың шы­ғар­ма­ларының ішінен жақсы кино іздейді. Алайда мұны қыруар қаржы жұмсалатын халықаралық байқаулармен салыстыруға келмейді. «Шәкен жұлдыздарының» абы­ройын асқақтату үшін мен 80 мың еуро беріп, Депардьені шақыра алмаймын. - Актерлік деген бекзадалық өнер­дің биігіне көтеріле білген Асанәлі Әші­мов нәзікжандылардың махаббатына бөленген жан десек қателеспейтін шығармыз, аға? Өзіңіз шын сүйе білген, сүйік­ті де бола білген адам ретінде айты­ңызшы, отбасылық өмірде біреу­дің махаббаты екеуге жете ме? - Отбасындағы жұбайлардың екеуі де бірін-бірі сүюі керек. Алайда әйел еркекті артығырақ сүйсе, ол отбасында бақытты өмір болады. Ал егер ері көбірек сүйіп, әйел сүймесе, онда өмір болыңқырамайды. Әйел ерін онша ұнатпай, көңілі басқа жақ­қа ауып тұрса, несі жақсы. Әйел - үйдің алтын діңгегі. Әйелдің махаббаты күштірек болғанда ғана толыққанды отбасы бола алады. Еркектің басын төрге сүйрейтін - әйел қауымы. Өмірде шексіз сүю өліммен тең. Кешегі Қозы Көрпеш пен Баян сұлу, Ромео мен Джульеттаның махаббаты - трагедия. Ал өмірдегі сыйластық, симпатия отба­сылық өмірдегі сүйіспеншілікке тән. Қазіргі біздің қоғамның ең үлкен трагедиясы - тойымсыздық. Өз басым ақшаға бас ұрған, соған тәуелді шенеуніктерді аяймын. Оларда нағыз өмір, күндіз күлкі, түнде ұйқы жоқ. Қытайларда «ұйқыңыз қалай?» деген мәтел бар. Қытайлардың бір-бірінен бұлай қал-жағдай сұрасуының себебі - адамның түнгі ұйқысы дұрыс болса, көңіл күйі де, денсаулығы да жақсы деген сөз. Ал біздің қалтасына ақшаны баса берсем, баса берсем дейтін шенеуніктеріміз өздерін қашан, қай жерде, кім атып кетер екен деген үреймен өмір сүреді. Осы өмір ме? Мәңгілік билік пен мәңгілік құндылықтардың аражігін саралайтын парасат-пайым алдыңғы орынға шығатын күн жақын болса екен! Кітаптары. деп аталатын 5 томнан тұратын көп томдық шығармалары «Қазығұрт» баспасынан жарық көрді. Шалдай орманы. Шалдай орманы — «Ертіс орманы» Мемлекеттік табиғи резерватындағы (Шалдай кенті төңрегі, Павлодар облысы) орналасқан сирек кездесетін қылқан жапырақты орман алқабы. «Шалдайдың қарағайлары тек Австралия ормандарында ғана өседі» деген де ғалымдардың пікірі бар. Шалдай орманын қорғау. Қазіргі кезде бұл алқап өрт және заңсыз кесу салдарынан жойылып барады. Бүгінгі таңда Шалдайдағы өртенген алқаптардың көлемі 60 мың гектарды құрайды. Ал өртеніп кеткен Шалдайдағы алқаптарды қайта қалпына келтіру үшін 30 жылдай уақыт қажет. Шалдай орманын қорғау үшін «Халықаралық қайта құру және даму банкінен» қарыз алуды қолға алуда (2007 жыл). Ормандарды сақтау жобасының құны 63,5 млн доллар. Бұл соманың 30 млн доллары аталмыш банктен алашақ ретінде алынбақ. 5 млн долларын Ғаламдық экологиялық қор бермек. Тек 28 млн доллары ғана республикалық бюджеттен қарастырылып отыр. ҚР АШМ орман және аңшылық шаруашылығы комитеті орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқармасы бастығының орынбасары Мақсат Елемесовтің сөзіне қарағанда, жоғарыда аталған жоба алты жылға ғана лайықталған. Сол секілді жан-жақтан құйылатын қомақты қаражат тек қана 2000 гектар орман алқабын қайта қалпына келтіруге жетеді екен. Қазіргі күні ағаш өсіретін питомниктер де жұмыс атқаруда. Руми, Жалаладдин. Жалаладдин Руми — ұстаз, ақын. 2007 жылы ЮНЕСКО деңгейінде ұлы ақынның сегіз жүз жылдығы тойланады. Осыған байланысты 2007 жыл Моулави Руми жылы деп жарияланды. Ұстаз ақын. Моулави, Моулана деген атты Жалаладдин Румиге оның шәкірттері берген. Арабшадан аударғанда «моулави» менің ұстазым, «моулана» біздің ұстазымыз деген мағынаға ие. Моулави Руми ақындықтан бұрын ұстаз ретінде танымал. Кәдімгі ел ішінде, жиын-той, жамағат арасында уағыз айтып, жөн көрсетіп, жол сілтеп отыратын ел ағасы, ғұлама. Ақынның әкесі Баһоаддин Валед те сондай ірі ұстаздың бірі еді. Моңғол шапқыншылығы тұсында өмір сүрген Моулавидің әкесі туған жері Бәлхтан кетуге ұйғарған. Бәлхтан шыққан жолда Нишапур қаласында Моулави Фаридаддин Аттарды кездестіреді. Аттар сонда жас Жалаладдинге өзінің «Асрарнама» кітабын сыйлап, батасын береді. Бәлхтан шы¬ғып, қажылық сапарын өтеген Баһоаддин Валед біраз уақыт Сирия жерінде тұрып, кейіннен Конияға келіп тұрақтап қалады. Тәбризи. Моулави Орта жастан асқан шағында Шәмс Тәбризимен жолығады, бұл оның өміріне де, шығармашылығына да ерекше із қалдырды. Тәбриздік Шәмсуддин Мұхаммад Ибн Әли Ибн Малекдод Моулавидің өмірін толығымен өзгерте алған жан. Жалаладдин Руми Шәмс Тәбризиді өзіне ұстаз тұтады. Моулавидің өлеңдеріне қарағанда, Шәмс Тәбризи көрген түсті де біліп, оның себебі неден екенін айтып беретін сұңғыла болған екен. Тәбриздік Шәмс — адам жанын зерттеуші, емдеуші, кез келген дертке дауа тапқан жан. Көпшілікке сөйлеген сөздері әдетте түсініксіздеу көрінетін Шәмс — Моулави үшін кемелдікке жеткен толық адамның нағыз өзі, идеал болды. Шәмсті Моулавидің өзіне ұстаз тұтқанын шәкірттері түсіне алмайды. Оларға өз ұстаздарының басқаны ұстаз тұтуы, ол аз болса, өзі белгісіз адамның алдында қызмет етіп жорғалап жүргенін көру ауыр тиеді. Көре алмаушылық пен күндеуге шыдамаған Шәмс бір рет кетіп қалады. Моулави шарқ ұрып іздеу салады. Димашық — Дамаскіде жүрген жерінен тауып алып, жалынғандай болып қайтарып алады. Екінші кездесу де ұзаққа созылмайды. Өзі кетпейінше Моулавиге басқалардың тарапынан тыныштық болмайтынын сезген Шәмс бір түнде ешкімге айтпастан тағы да кетіп қалады. Бұл жолы Моулави қанша іздесе де оны таба алмайды. Бір деректер бойынша, Шәмсті кетуге мәжбүрлеген ақынның шәкірттері болса керек. Ал тағы да бір деректерде Моулавидің кенже ұлының Шәмстің түбіне жеткені айтылады. Қалай болғанда да, Моулави Шәмсті кездестірген соң, рухани түлеуге ұшырағаны анық. Моулави Шәмсті кездестірмей тұрғанда да өлең жазатын болған. Бірақ Шәмс ғайып болған соң жазылған жырлар Румиге әлемдік әдебиеттен орын ойып беріп, даңқ сыйлағаны анық. «Семаъ». thumb Моулавидің Шәмспен кездесуінен кейін қалдырған мұрасының бірі -"семаъ". «Моулавие» сопылық мектебінің негізін қалаған Моулави Руми жаратқанға жалбарынып Шәмсті жоқтап жүріп, ақырындап айналып басталатын, бірте-бірте үдете түсетін, соңынан бас айналып, талып түсетін жағдайға дейін шырқ айналып қозғалатын «семаъ» үрдісін қалыптастырды. Семаъ — би емес, «семаъ» сөзінің өзі арабшадан аударғанда «тыңдау» деген мағынаны береді. Ал Моулавие мектебінен бермен қарай семаъ — адамның жан тербелісін, жан айғайын, ішкі сезімін сырнай күйімен үндестіре жеткізетін таңғажайып қимылдар жиынтығы ретінде қалыптасты. Ол сырттай қарағанда шарқ ұрып айналған биге ұқсайды. Семаъ сайып келгенде, тәннің емес, жанның шарықтауымен үндесіп жатыр. Моулави мектебінің алып келген жаңалығы — семаъ арқылы жанның тәнді өзіне бағындыруы болып табылады. Семаъ найсыз орындалмайды. Най — қамыстан жасалатын сырнай. Моулави сызылтып тартқан сырнай үнімен семаъның серпіліс күйіне түсіп, шыркөбелек айналып жүріп, алты кітаптан тұратын «Маснави маънави» шығармасын жырлап шыққан. Семаъға түскенде айтқан ақынның өлеңдерін алғаш оның Салахаддин атты мүриді, кейін Хисамуддин есімді хатшысы қағазға түсіріп отыратын болған. Моулавие мектебі де, семаъ да әлі күнге жалғасын келе жатыр. Түркияда 1924 жылы Ататүрік оған тыйым салғанымен, ол елуінші жылдардан бермен қарай қайтадан жаңғырды. Алпамыс мектепке барады. «Алпамыс мектепке барады» — 1977 ж. Ригада өткен Бүкілодақтық кинофестивальде «Бала психологиясын жақсы ашқаны үшін» атты ең таңдаулы балалар филміне берілетін бас жүлдені жеңіп алады. Фильм студияға 1975 жылы Роза Хұснутдинованың сценарийі бойынша «Алпамыс идет в школу» деген атпен келеді. Бүгінде белгілі режиссер Серік Жармұхамедовтің Мәскеудегі Жоғары курстың екінші курсын тәмамдап, «Қазақфильмге» тәжірибеден өтуге келген шағы. Фильмнің режиссері Абдолла Қарсақбаев студияның ұзын дәлізінен Серік-студентті көре қалып, қолға алып жатқан фильмі бойынша бірлесіп жұмыс істеуге қолқа салады. Мұнда түсіру жұмысының бастапқы кезеңіндегі актер іздеу, киносынақ жасау, киім дайындау секілді әзірлік шаруалары қызу жүріп жатады. Алпамыс. Алпамыстың рөлін ойнаған Ермек Төлепбаев ол кезде алтыға толмаған еді. Ермек сәл бұрынырақ Тұраш Ыбыраевтың «Белый автомобиль» деген қысқа метражды фильміне түскен екен. Бұдан кейін де Ермек В. Пұсырмановтың «Серебряный рог Алатау», С.Райбаевтың «Әнші аралдың құпиясы», С.Жармұхамедовтың «Өтелмеген парыз» А.Григорьевтің «Время жить» сияқты фильмдерге түсті. Қалихан. Қалиханның рөлі Алпамысқа кереғар мінезді болуы тиіс. Алпамыс арманшыл болса, Қалихан іс-әрекетке бейім. Ол бір жағы сотқар, бір жағы алғыр. Жай жүрмей, жүрген жерін өртеп жүретін, бірақ қанша бұзық болса да, сол сотқарлығынан ар жағында ертеңгі күні «адам» болып кететіні көрініп тұратын бала қажет еді. Төлепбаев, Ермек. Ермек Төлепбаев — «Алпамыс мектепке барады» көркем фильмінде Алпамыстың рөлін ойнаған. Көрерменнің есінде алты жастағы Алпамыс күйінде қалып қойған Ермек Төлепбаев 1970 жылы туылған. Алдымен Халық шаруашылығы институтын, кейін Қазақ Мемлекеттік заң академиясын бітірген. Бірталай жыл Д.Қонаев атындағы гуманитарлық институтта және Экономика академиясында оқытушы болып, кейін бизнеске ауысқан. Кластер (экономика). Кластер (экономика) — бір үлгідегі нысандардың шоғырлануы, бәсеке қабілетін арттыру мақсатында кәсіпорындардың өз еріктерімен бірігуін білдіреді, олар ғылыми мекемелермен, қаржы орталықтарымен, және жергілікті басқару органдарымен бірлесе жұмыс істеген топ. Аумақтық дәрежедегі еңбектің бөлінісі — аумақты басқарудың объективті негізі ретінде ондағы шаруашылықтардың мамандануы мен маманданушы аумақтар арасында экономикалық байланыстардың даму дәрежесін білдіреді, яғни бұл үрдіс белгілі бір салаға маманданған ауданды қалыптастырудың басты элементі. Еңбек бөлінісі. Саяси экономияның негізін қалаушылардың бірі Адам Смит «Халықтар байлығы» (1776 ж.) атты еңбегінде, тұрмыстық жағдайдың еңбектің бөлінісімен байланысты болатынына көз жеткізіп, мынадай ой айтады: егер әр адам өздерінің жұмыс орындарында әртүрлі еңбек операцияларын орындауға толық маманданса, онда еңбек өнімділігі көтеріліп, оның бөлінісі тиімді түрде жүзеге асады, ал еңбектің бөлінісі дұрыс болуы үшін барлық өндіріс факторлары мен дайын өнім өзара байланыста болуы шарт. Осы логиканы ұстанатын болсақ, онда еңбек бөлінісінің «тереңдеуі» алға қойылған өндірістік мақсатқа, оған жеткізу үшін қолданылатын материалдық құрал-жабдықтарға байланысты. Басқаша айтқанда, қоғамның өндіргіш күштерінің дамуы пайдалы еңбектің бөлінісіне тікелей байланысты. Бір топ (Вильям Петти, Адам Смит, Давид Рикардо, Джон Мейнард Кейнс, Милтон Фридман) ғалымдар еңбектің өндіргіш күшінің дамуының, жетістігінің және ептілік пен зеректілігінің белгілі бір бағытта болуының өзі оның бөлінісінің нәтижесінде көрінеді деген түйін жасайды. «Неміс идеологиясы» атты еңбегінде К.Маркс және Ф.Энгельс осы байланысқа анықтама бере отырып, ұлттың өндіргіш күштерінің даму деңгейінің көрнектілігін ондағы еңбектің бөлінісі дәрежесінен білуге болады деп көрсетеді. Осы тұжырымға қоса олар еңбек бөлінісі үрдісінің қоғамдық, салалық және аумақтық астарларын да ғылыми тұрғыдан зерделеген болатын. Сонымен қатар, кез келген қоғамдық-экономикалық жүйенің тауарлы шаруашылық жағдайында қоғамдық еңбек жиынтығы жекелеген іс-әрекет және оның қосалқы түрлеріне, сфераларға бөлінетіні туралы да алғашқы дәлелдемелерді ғылыми еңбектерінде келтірген. К. Маркстың пікірінше, еңбектің аумақтық бөлінісі аудандардың нақты өндіріс салаларына мамандануы болса, аймақтанушы Н.Н. Баранскийдің ұстанымында ол жалпы, жеке және бірыңғай еңбек бөлінісі түрлерінің кеңістіктегі өзарабайланысы. Ал, профессор И.С.Судеревский еңбектің аумақтық бөлінісі оның тек жалпы және жеке даму үрдісін көрсететін аумақтық астары десе, П.М.Алампиев, В.Е.Комаров, В.М.Москвич және басқалар оны тек жеке еңбек бөлінісінің бір түрі деп ұйғарым жасаған. Қоғамдық өндіріс өндірістік күштер мен өндірістік қатынастардан тұрады. Өндірістік күштер жұмыс күшінен, өндіріс технологиясынан, өндіріс құралдарынан (өндіріс заты мен құралы) тұрса, өндірістік қатынастар әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық, техникалық бөліктерден құралады. Өндірістік қатынастарға кіретін бөліктер еңбектің бөлінісін (қоғамдық, салалық, аймақтық, халықаралық), өндірістің мамандануын (технологиялық, салалық, аймақтық, тораптық және заттық) және өндірістік байланыстардың кооперациясын (қарапайым және күрделі) қалыптастырады. Соның ішінде еңбектің аумақтық бөлінісі қоғамдық еңбек бөлінісінің түрлері мен нысандарында ерекше орын алып, оның мәні мен қоғамдық ұдайыөндірістегі рөлі қоғамдық еңбек жиынтығының әралуан түрлерін өзарабайланыста қарастыру арқылы толығырақ ашыла түседі. Сонымен, еңбектің аумақтық бөлінісі аумақты басқарудың объективті негізі ретінде ондағы шаруашылықтардың мамандануы мен маманданушы аумақтар арасында экономикалық байланыстардың даму дәрежесін білдіреді, яғни бұл үрдіс белгілі бір салаға маманданған ауданды қалыптастырудың басты элементі. Сонымен, аудандарда еңбек бөлінісі негізінде экономикалық жүйелердің қалыптасу барысын зерделеудің мақсаты елдің өндіргіш күштерін ұйымдастыруда ең жоғары тиімділікке қол жеткізу болып табылады. Осылайша, еңбектің аумақтық бөлінісі өндірістің жекелеген салаларының белгілі бір аумақтарда болуын және оған тән табиғи, климаттық, экономикалық (географиялық орналасуы, жұмыс күшінің саны мен сапасы, шаруашылықтың қалыптасу тарихы) ерекшеліктерін сипаттайды. Егер осы мәселелерді жергілікті басқару және жергілікті шаруашылықпен байланыстыратын болсақ, онда оның қалыптасу заңдылықтарын еңбектің аумақтық бөлінісімен ұштастыра түсіндіруге тура келеді. Әрине, еңбектің аумақтық бөлінісін оның салалық бөлінісінен ажырата қарастыру белгілі бір шарттылықты талап етеді. Өйткені еңбек бөлінісінің бұл екі түрі де өзара өте тығыз байланыста өрбитін құбылыс. Сондықтан жергілікті шаруашылықтың қалыптасуы мен дамуын зерделегенде аумақтық еңбек бөлінісінің «жетекшілік» рөлін ойда ұстағанмен, оның салалық астарын да есепке алып отыру ләзім. Ол екеуінің кемелдену дәрежесі оның еңбек бөлінісі деңгейімен анықталатындығын әлемдік тәжірибеден айқын көруге болады. Осыдан барып еңбек бөлінісінің аталмыш түрлерінің өзі қандай факторлардан туындайтыны жайлы сөз қозғалуға тиіс. Факторлары. Осы факторлар жергілікті өндіргіш күштер әлеуетін сипаттап қана қоймай, оған қоса сол аумақтағы шаруашылықтың даму болашағы мен құрылымына да үлкен әсер етеді. Айтылғандарға көрнекілік сипат беретін болсақ, онда оны 1-ші сурет арқылы келтіруге болады. Дамудың басты бағыттары. Осыдан келіп, еңбектің аумақтық бөлінісі аймақ өндірісінің басты тетігі ғана емес, қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыратын қуатты фактор болып табылады деп қорытынды жасауға болады. Жергілікті билікті ұйымдастыру. Жергілікті билікті ұйымдастыру — теориялық негізін Алексис де Токвил, Лоренц Штейн, Рудольф Гнест еңбектерінен табуға болады. А.Токвил «ұлттың қауымдық институттарынсыз еркін үкімет қалыптасуы мүмкін, ал ондай жағдайда еркіндіктің шынайы рухы болмайды» деп атап көрсетсе, француз политилогі Ги Сорман «орталықтансыздандыру мен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту — ұлттың күшті жағы. Мемлекет күші мықты болған жағдайда, қоғам керісінше әлсіз» болады деген ой айтады. Бірақ бұл аталған негізгі белгілердің сипаты қазіргі кезде толықтай өзгерген. 19 ғ. ортасында-ақ, мемлекетке орталық пен жергілікті билік арасында заңды түрде қарым-қатынас орнап, жергілікті билік заң шеңберінде дербес белгілі бір аумақта өмір сүріп жатқан халықтың мәселелерін шешуде белсенділік таныта бастады. Одан кейін жергілікті биліктің қайта қалыптасуы Кеңес дәуірінің соңғы жылдары біліне бастады. 1990-1991 жж. «Кеңестік социалистік республикалар одағы жергілікті өзін-өзі басқару және жергілікті шаруашылықтың жалпы басталуы туралы» Заңы елімізде жергілікті басқарудың қалыптасуына негіз болды деп айтуға болады. Ал, 1991 жылдың ақпанында «Жергілікті өзін-өзі басқару және Қазақстан Республикасының жергілікті кеңестерінің халық депутаттары туралы» Заңы қабылданғанымен, ол заң бұрынғы кеңестік дәуірдің ағымымен жұмыс істеді. Іс жүзінде жергілікті шаруашылықты басқару органдарының қызметі екі бағытқа негізделеді, олар: биліктік және экономикалық. Олардың экономикалық негізін кәсіпорындар мен мекемелер арасындағы шаруашылық байланыстар мен қоғамдық сұраныстарды жүзеге асырушы субъектілер құрайды. Бұл субъектілердің рөлдері әртүрлі. Кәсіпорындар өз пайдасын немесе тауарын я қызметін қоғамдық сұранысты қанағаттандыруға бағыттаса, кейбіреулері нормативті (заңды негізде) және қоғамдық (өз еріктерімен) негізде халықтың мүддесін қорғауға қатысады, ал, жергілікті басқару органдарының міндеті аталған екеуінің іс-әрекетін халық мүддесі үшін реттеу болып табылады. Осындай жіктеудің құндылығы сол — жергілікті мәселелердің шешімін табуында субъектілердің рөлі мен орнын анықтау, жергілікті шаруашылықты басқару үрдісінде оның атқаратын іс-әрекеттерінің мақсаттарын белгілеу, ерекшеліктерін есепке алу болып табылады. Есептеуіш техника тарихы. Есептеуіш техника есептеу және мәліметтерді өңдеу процессінің маңызды компоненті болып табылады. Есептеуге арналған алғашқы құрал ретінде есептеу таяқшаларын атауға болады, бұл құрал қазіргі кезде де бастауыш сынып оқушыларын есепке үйрету үшін қолданылады. Даму жолында бұл құралдар күрделене түсті (мысалы, финикиялық саз фигуралары). Уақыт өте келе, қарапайым құрылғылардан күрделі құралдар пайда бола бастады: абак, логарифмдік сызғыш, механикалық арифмометр, электронды компьютер. Алғашқы есептеуіш құрылғылардың қарапайымдылығына қарамастан, олармен жұмыс жасауға үйренген адам, қазіргі заманғы калькуляторларды пайдаланғаннан да жылдам есептер жүргізе алады. Әрине, қазіргі заманғы есептеуіш құрылғыларының жұмыс өнімділігі және есептеу жылдамдығы ең жылдам есептегіш адамның өзін шаң қаптырып кетеі. Ертедегі есептеу құралдары. Адамзат қарапайым есептеу құралдарын қолдануды мыңдаған жылдар бұрын бастады. Есептеудің ең көп тараған түрі - айырбас саудасында қолданылатын тауарлардың санын анықтау болатын. Ең қарапайым шешім ретінде айырбасталатын тауардың салмақ эквивалентін пайдалануды айтуға болады, себебі бұл жағдайда, тауардың құрамындағы заттардың санын есептеу қажет болмайтын. Бұл мақсаттарда қарапайым балансирлік шеккілер қолданылатын, олар массаны анықтауға арналған алғашқы құрылғы болды. Эквиваленттілік принципі "абак" деп аталатын құралда да пайдаланылды. Заттарды санау үшін, бұл құралдағы сүйектерді қозғау қажет болатын. Тісті сақиналарды ойлап табуға байланысты, есептеулерді орындауға арналған құрылғылар күрделене түсті. ХХ ғасырдың басында табылған антикитерлік механизм (б.з.д. І ғасырда батып кеткен антикалық кемеден табылған) ғаламшарлардың қозғалысының үлгісін көрсете алатын еді. Болжам бойынша, бұл құралды діни мақсаттарда күнтізбелік есептеулер жүргізу, күн және ай тұтылуын болжау, егін егу және жинау уақыттарын анықтау үшін қолданған. Есептеулер жүргізу үшін 30-дан астам қола сақиналар және бірнеше циферблаттар қолданылды. Ай фазаларын есептеу үшін, диффернциалдық тасымал пайдаланылды (ғалымдар бұл тәсілді ХVI ғасырда ойлап табылған деген болатын). Антика мәдениеті құлдыраған соң, бұндай құралдар жойылып кетті. Күрделілігі осы шамалас механизмдерді құру үшін, адамзатқа бір жарым мыңжыл қажет болды. 1623 жылы Вильгельм Шикард "Есептеуіш сағаттар" - төрт арифметикалық амалды орындай алатын механикалық калькуляторды ойлап тапты. Құрылғының бұлай аталу себебі, сағаттардағы сияқты, бұл құралда да тісті сақиналар мен жұлдызшалар қолданылды. Бұл құрылғыны іс жүзінде алғаш рет Шикардтың досы, философ және астроном Иоганн Кеплер пайдаланды. Бұдан соң Блез Паскаль ("Паскалина", 1642 ж.) және Готфрид Вильгельм Лейбниц өз машиналарын жасап шығарды. 1820 жылы Charles Xavier Thomas төрт арифметикалық амалды орындай алатын механикалық калькуляторларды (Томас арифмометрі деп аталатын құрал Лейбниц жұмыстарына негізделген) жасап, саудаға шығарды. Ондық сандарды есептеуге арналған механикалық калькуляторлар 1970-жылдарға дейін қолданылды. Сонымен қатар, Лейбниц қазіргі заманғы компьютерлердің негізі болып табылатын екілік санақ жүйесін де сипаттады. Бірақ, 1940-жылдарға дейінгі шыққан машиналардың басым бөлігі (Чарльз Бэббидждің машинасы және ЭНИАК) ондық жүйені қолданған болатын. Сандарды көбейту және бөлу амалдарын осы сандардың логарифмдерін қосу және азайту арқылы орындауға болады (Джон Непер). Нақты сандарды сызғыштағы ұзындық интервалдары көмегімен көрсетуге болады, бұл жаңалық логарифмдік сызғыштарды ойлап табуға негіз болды, бұл құрал көмегімен көбейту және бөлу амалдарын оңай орындауға болатын еді. Логарифмдік сызғыштар қалта калькуляторлары пайда болғанға дейін қолданылды. Айға адам жіберген "Аполлон" бағдарламасының инженерлері өз есептеулерінде логарифмдік сызғыштарды пайдаланған болатын. 1801: Перфокарталардың пайда болуы. 1801 жылы Жозеф Мари Жаккар перфокарталар арқылы өрнек салып, жұмыс жасайтын тігін станогын ойлап тапты. Перфокарталарды ауыстыру арқылы, матаға түсірілетін өрнекті өзгертуге болатын еді. Бұл құрал бағдарламалау тарихында маңызды орын алды. 1838 жылы Чарльз Бэббидж жасап бастаған аналитикалық машинаның бағдарламалау принциптері Жаккардың перфокарталарына байланысты болатын. 1890 жылы АҚШ Халық Санағы, он жыл бойы жүргізілген халық санағының нәтижесін өңдеу үшін, Герман Холлерит ойлап тапқан сұрыптау тәсілдерімен қатар, перфокарталарды пайдаланды. Холлерит компаниясы IBM корпорациясының ядросына айналды. Бұл корпорация перфокарталар технологиясын мәліметтерді өңдеудің қуатты құралына айналдырып, оларды жазуға арналған құрылғыларды көптеп шығарды. 1950 жылы IBM технологиясы өнеркәсіпте және үкіметте кең тарады. Карталардың көпшілігінде жазылған "бұруға, мыжыруға және жыртуға болмайды" деген ескерту соғыстан кейінгі көпшіліктің есінде болатын. Көптеген компьютерлерде перфокарталар 1970-жылдардың соңдарына дейін қолданылды. Мысалы, дүние жүзіндегі көптеген университеттердің инженерлік және ғылыми мамандықтарында оқитын студенттер бағдарламалар жазу үшін перфокарталар қолданды. 1835 – 1900: алғашқы бағдарламаланатын машиналар. "Әмбебап компьютердің" негізгі ерекшелігі - бағдарламалау мүмкіндігі, яғни компьютер жұмысын өзгерту үшін тек оған енгізілетін бұйрықтар тізбегін өзгерту ғана қажет. 1835 жылы Чарльз Бэббидж өзінің аналитикалық машинасын жарыққа шығарды. Бұл машина - жалпы мақсаттағы компьютер болып саналады, енгізілетін мәліметтер және бағдарламалар үшін перфокарталар қолданылды, ал энергия көзі ретінде бу қозғалтқышы пайдаланылды. Математикалық амалдар үшін тісті сақиналар қолданылды. Бастапқыда, Бэббидждің идеясы бойынша, жоғары дәлдікпен логарифмдік кестелерді басып шығаратын машина құру қажет болатын. Содан соң ғана, перфокарталарды қолдану арқылы, бұл идея "аналитикалық машинаға" дейін дамытылды. Жоспарлар анықталып, жобаны жүзеге асыру мүмкін екендігіне көз жеткізілгенімен, машинаны құру кезінде белгілі бір қиындықтар болды. Бэббидж өзінің идеяларымен келіспеген әрбір адаммен дискуссияға түсіп отыратын. Машинаның барлық бөліктері қолмен жасалу керек болды. Мыңдаған детальдардан тұратын машина үшін, әрбір детальда кеткен қатенің құны қымбат болатын, сондықтан, детальдарды жасау кезінде аса жоғары дәлдік қажет болды. Нәтижесінде, жобаның авторы мен детальдарды жасайтын маман арасындағы келіспеушілікке, және мемлекеттік қаржыландырудың жетіспеушілігіне байланысты, жоба аяқталмай қалды. Атақты ақын лорд Байронның қызы Ада Лавлейс 1843 жылы итальян математигі және инженері Луиджи Федерико Менабреаның 1842 жылы жазылған "Notions sur la machine analytique de Charles Babbage" ("Elements of Charles Babbage's Analytical Machine") еңбегін ағылшыншаға аударып, өз түсініктемелерімен толтырды. Ада Лавлейстің аты Бэббидждің атымен қатар аталады. "Айырмалық машинаның" 2-нұсқасының қалпына келтірілген нұсқасы 1991 жылдан бері Лондондық ғылым мұражайында сақталуда. Бұл машина Бэббидж көрсеткен жоба бойынша жұмыс жасайды, сондықтан Бэббидждің теориясы дұрыс болғандығына көз жеткіземіз. Қажетті бөліктерді құру үшін, мұражай сол уақыттағы деталь жасаушы маманның мүмкіндігімен шектелген машинаны қолданды. Кейбіреулердің айтуы бойынша, сол уақыттағы технология қажетті дәлдіктегі детальдарды құруға мүмкіндік бермеген, бірақ бұл болжам расталмады. Сондықтан Бэббидждің машина жасау кезіндегі сәтсіздікке ұшырауының негізгі себебі ретінде саяси және қаржылық қиындықтар аталады. Бэббидждің ізі бойынша, оның жұмыстары туралы білмесе де, дублиндік бухгалтер Перси Ладгейт жұмыс жасады. Ол 1909 жылы өзі жасап шығарған бағдарламаланатын механикалық компьютерді жасап шығарды. 1930 — 1960: стол калькуляторлары. 1900-жылдары механикалық калькуляторлар, кассалық аппараттар және есептеуіш машиналар электр қозғалтқыштарын қолдана отырып жасалған болатын. Бұл құрылғыларда тісті сақинаның күйі айнымалыны сипаттайтын еді. 1930-жылдардан бастап, Friden, Marchant және Monro сияқты компаниялар арифметикалық төрт амалды орындай алатын механикалық стол калькуляторларын жасап шығара бастады. "Компьютер" ("есептеуіш") сөзі қызметке байланысты айтылды (математикалық есептеулерді орындау үшін калькуляторларды қолданатын адамдарды солай атаған). Манхэттендік жоба барысында болашақ Нобель сыйлығының лауреаты Ричард Фейнман әскери мақсаттарға қажет дифференциалдық есептерді шешетін математик-әйелдерді басқарған болатын. Атақта Станислав Мартин Улам соғыс аяқталған соң, сутегі бомбасының жобасына қажетті есептерді шығарумен айналысты. Толықтай электронды Первым полностью электронным настольным калькулятором был британский ANITA Мк.VII, который использовал дисплей на трубках «Nixie» и 177 миниатюрных тиратроновых трубок. В июне 1963 года Friden представил EC-130 с четырьмя функциями. Он был полностью на транзисторах, имел 13-цифровое разрешение на 5-дюймовой электронно-лучевой трубке, и представлялся фирмой RPN на рынке калькуляторов по цене 2200 $. В модель EC 132 были добавлены функция вычисления квадратного корня и обратные функции. В 1965 году Wang Laboratories произвёл LOCI-2, настольный калькулятор на транзисторах с 10 цифрами, который использовал дисплей на ЭЛТ Nixie и мог вычислять логарифмы. Z-серия Конрада. Zuse Z1 компьютерінің үлгісі. Техника мұражайы, Берлин В 1936 году, работая в изоляции в нацистской Германии, Конрад Цузе начал работу над своим первым вычислителем сериии Z, имеющим память и (пока ограниченную) возможность программирования. Созданная, в основном, на механической основе, но уже на базе двоичной логики, модель Z1, завершённая в 1938 году, так и не заработала достаточно надёжно, из-за недостаточной точности выполнения составных частей. Следующая машина Цузе — Z3, была завершена в 1941 году. Она была построена на телефонных реле и работала вполне удовлетворительно. Тем самым, Z3 стала первым работающим компьютером, управляемым программой. Во многих отношениях Z3 была подобна современным машинам, в ней впервые был представлен ряд новшеств, таких как арифметика с плавающей запятой. Замена сложной в реализации десятичной системы на двоичную, сделала машины Цузе более простыми и, а значит, более надёжными; считается, что это одна из причин того, что Цузе преуспел там, где Бэббидж потерпел неудачу. Программы для Z3 хранились на перфорированной плёнке. Условные переходы отсутствовали, но в 1990-х было теоретически доказано, что Z3 является универсальным компьютером (если игнорировать ограничения на размер физической памяти). В двух патентах 1936 года, Конрад Цузе упоминал, что машинные команды могут храниться в той же памяти что и данные — предугадав тем самым то, что позже стало известно как архитектура фон Неймана и было впервые реализовано только в 1949 году в британском EDSAC. Британский «Колосс». a> кезінде неміс шифрларын оқуға қолданылды. Во время Второй мировой войны, Великобритания достигла определённых успехов во взломе зашифрованных немецких переговоров. Код немецкой шифровальной машины «Энигма» был подвергнут анализу с помощью электромеханических машин, которые носили название «бомбы». Такая «бомба», разработанная Аланом Тьюрингом ("Alan Turing") и Гордоном Уэлшманом ("Gordon Welchman"), исключала ряд вариантов путём логического вывода, реализованного электрически. Большинство вариантов приводило к противоречию, несколько оставшихся уже можно было протестировать вручную. Немцы также разработали серию телеграфных шифровальных систем, несколько отличавшихся от «Энигмы». Машина 42 использовалась для армейской связи высокого уровня. Первые перехваты передач с таких машин были зафиксированы в 1941 году. Для взлома этого кода, в обстановке секретности, была создана машина «Колосс» ("Colossus"). Спецификацию разработали профессор Макс Ньюман ("Max Newman") и его коллеги; сборка Colossus Mk I выполнялась в исследовательской лаборатории Почтового департамента Лондона и заняла 11 месяцев, работу выполнили Томми Флауэрс ("Tommy Flowers") и др. «Колосс» стал первым полностью электронным вычислительным устройством. В нём использовалось большое количество электровакуумных ламп, ввод информации выполнялся с перфоленты. «Колосс» можно было настроить на выполнение различных операций булевой логики, но он не являлся тьюринг-полной машиной. Помимо Colossus Mk I, было собрано ещё девять моделей Mk II. Информация о существовании этой машины держалась в секрете до 1970-х гг. Уинстон Черчилль лично подписал приказ о разрушении машины на части, не превышающие размером человеческой руки. Из-за своей секретности, «Колосс» не упомянут во многих трудах по истории компьютеров. «ЭНИАК». Американский ENIAC, который часто называют первым электронным компьютером общего назначения, публично доказал применимость электроники для масштабных вычислений. Это стало ключевым моментом в разработке вычислительных машин, прежде всего из-за огромного прироста в скорости вычислений, но также и по причине появившихся возможностей для миниатюризации. Созданная под руководством Джона Мочли ("John Mauchly") и Дж. Преспера Эккерта ("J. Presper Eckert"), эта машина была в 1000 раз быстрее, чем все другие машины того времени. Разработка «ЭНИАК» продлилась с 1943 до 1945 года. В то время, когда был предложен данный проект, многие исследователи были убеждены, что среди тысяч хрупких электровакуумных ламп многие будут сгорать настолько часто, что «ЭНИАК» будет слишком много времени простаивать в ремонте, и тем самым, будет практически бесполезен. Тем не менее, на реальной машине удавалось выполнять несколько тысяч операций в секунду в течение нескольких часов, до очередного сбоя из-за сгоревшей лампы. «ЭНИАК», безусловно, удовлетворяет требованию полноты по Тьюрингу. Но «программа» для этой машины определялась состоянием соединительных кабелей и переключателей — огромное отличие от машин с хранимой программой, появившихся позже. Тем не менее, в то время, вычисления, выполняемые без помощи человека, рассматривались как достаточно большое достижение, и целью программы было тогда "решение только одной единственной задачи". (Улучшения, которые были завершены в 1948 году, дали возможность исполнения программы, записанной в специальной памяти, что сделало программирование более систематичным, менее «одноразовым» достижением.) Переработав идеи Эккерта и Мочли, а также, оценив ограничения «ЭНИАК», Джон фон Нейман написал широко цитируемый отчёт, описывающий проект компьютера (EDVAC), в котором и программа, и данные хранятся в единой универсальной памяти. Принципы построения этой машины стали известны под названием «архитектура фон Неймана» и послужили основой для разработки первых по-настоящему гибких, универсальных цифровых компьютеров. Первое поколение компьютеров с архитектурой Фон-Неймана. Первой работающей машиной с архитектурой Фон-Неймана стал манчестерский «Baby» — Small-Scale Experimental Machine, созданный в Манчестерском университете в 1948 году; в 1949 году за ним последовал компьютер Манчестерский Марк I, который уже был полной системой, с трубками Уильямса и магнитным барабаном в качестве памяти, а также с индексными регистрами. Другим претендентом на звание «первый цифровой компьютер с хранимой программой» стал EDSAC, разработанный и сконструированный в Кембриджском университете. Заработавший менее чем через год после «Baby», он уже мог использоваться для решения реальных проблем. На самом деле, EDSAC был создан на основе архитектуры компьютера EDVAC, наследника ENIAC. В отличие от ENIAC, использовавшего параллельную обработку, EDVAC располагал единственным обрабатывающим блоком. Такое решение было проще и надёжнее, поэтому такой вариант становился первым реализованным после каждой очередной волны миниатюризации. Многие считают, что Манчестерский Марк I / EDSAC / EDVAC стали «Евами», от которых ведут свою архитектуру почти все современные компьютеры. Первый универсальный программируемый компьютер в континентальной Европе был создан командой учёных под руководством Сергея Алексеевича Лебедева из Киевского института электротехники (СССР, Украина). ЭВМ МЭСМ (Малая электронная счётная машина) заработала в 1950 году. Она содержала около 6000 электровакуумных ламп и потребляла 15 кВт. Машина могла выполнять около 3000 операций в секунду. Другой машиной того времени была австралийская CSIRAC, которая выполнила свою первую тестовую программу в 1949 году. В октябре 1947 года директора компании Lyons & Company, британской компании, владеющей сетью магазинов и ресторанов, решили принять активное участие в развитии коммерческой разработке компьютеров. Компьютер LEO I начал работать в 1951 году и впервые в мире стал регулярно использоваться для рутинной офисной работы. Машина Манчестерского университета стала прототипом для Ferranti Mark I. Первая такая машина была доставлена в университет в феврале 1951 года, и, по крайней мере, девять других были проданы между 1951 и 1957 годами. В июне 1951 года UNIVAC 1 был установлен в Бюро переписи населения США. Машина была разработана в компании Remington Rand, которая, в конечном итоге, продала 46 таких машин по цене более чем в 1 млн. $ за каждую. UNIVAC был первым массово производимым компьютером; все его предшественники изготовлялись в единичном экземпляре. Компьютер состоял из 5200 электровакуумных ламп, и потреблял 125 кВт энергии. Использовались ртутные линии задержки, хранящие 1000 слов памяти, каждое по 11 десятичных цифр плюс знак (72-битные слова). В отличие от машин IBM, оснащаемых устройством ввода с перфокарт, UNIVAC использовал ввод с металлизированной магнитной ленты стиля 1930-х, благодаря чему обеспечивалась совместимость с некоторыми существующими коммерческими системами хранения данных. Другими компьютерами того времени использовался высокоскоростной ввод с перфоленты и ввод/вывод с использованием более современных магнитных лент. Первой советской серийной ЭВМ стала «Стрела», производимая с 1953 на Московском заводе счётно-аналитических машин. "Стрела" относится к классу больших универсальных ЭВМ (Мейнфрейм) с трехадресной системой команд. ЭВМ имела быстродействие 2000-3000 операций в секунду. В качестве внешнего памяти использовались два накопителя на магнитной ленте емкостью 200 000 слов, объем оперативной памяти - 2048 ячеек по 43 разряда. Компьютер состоял из 6200 ламп, 60 000 полупроводниковых диодов и потреблял 150 кВт энергии. В 1955 году Морис Уилкс изобретает "микропрограммирование", принцип, который позднее широко используется в микропроцессорах самых различных компьютеров. Микропрограммирование позволяет определять или расширять базовый набор команд с помощью встроенных программ (которые носят названия "микропрограмма" или "firmware"). В 1956 году IBM впервые продаёт устройство для хранения информации на магнитных дисках — RAMAC (Random Access Method of Accounting and Control). Оно использует 50 металлических дисков диаметром 24 дюйма, по 100 дорожек с каждой стороны. Устройство хранило до 5 МБ данных и стоило по 10 000 $ за МБ. (В 2006 году, подобные устройства хранения данных — жёсткие диски — стоят менее 0,001 $ за МБ.) 1950-е – начало 1960-х: второе поколение. a>ларды ығыстырып, есептеуіш техникада зор төңкеріске себепші болды. Следующим крупным шагом в истории компьютерной техники, стало изобретение транзистора в 1947 году. Они стали заменой хрупким и энергоёмким лампам. О компьютерах на транзисторах обычно говорят как о «втором поколении», которое доминировало в 1950-х и начале 1960-х. Благодаря транзисторам и печатным платам, было достигнуто значительное уменьшение размеров и объёмов потребляемой энергии, а также повышение надёжности. Например, IBM 1620 на транзисторах, ставшая заменой IBM 650 на лампах, была размером с офисный стол. Однако компьютеры второго поколения по-прежнему были довольно дороги и поэтому использовались только университетами, правительствами, крупными корпорациями. Сетунь была первым компьютером на основе троичной логики, разработана в 1958 году в Советском Союзе. В 1959 году на основе транзисторов IBM выпустила мейнфрейм IBM 7090 и машину среднего класса IBM 1401. Последняя использовала перфокарточный ввод и стала самым популярным компьютером общего назначения того времени: было выпущено 12 тыс. экземпляров этой машины. В ней использовалась память на 4000 символов (позже увеличенная до 16 000 символов). Многие аспекты этого проекта были основаны на желании заменить перфокарточные машины, которые широко использовались, начиная с 1920-х до самого начала 1970-х гг. В 1960 году IBM выпустила транзисторную IBM 1620, изначально только перфоленточную, но вскоре обновлённую до перфокарт. Модель стала популярна в качестве научного компьютера, было выпущено около 2000 экземпляров. В машине использовалась память на магнитных сердечниках объёмом до 60 000 десятичных цифр. В том же 1960 году DEC выпустила свою первую модель — PDP-1, предназначенную для использования техническим персоналом в лабораториях и для исследований. В 1961 году Burroughs Corporation выпустила B5000, первый двухпроцессорный компьютер с виртуальной памятью. Другими уникальными особенностями были стековая архитектура, адресация на основе дескрипторов, и отсутствие программирования напрямую на языке ассемблера. Первыми советскими серийными полупроводниковыми ЭВМ стали «Снег» и «Весна», выпускаемые с 1964 по 1972. Пиковая производительность ЭВМ «Снег» составила 300 000 операций в секунду. Машины изготавливались на базе транзисторов с тактовой частотой 5 МГц. Всего было выпущено 39 ЭВМ. Наилучшей отечественной ЭВМ 2-го поколения считается БЭСМ-6, созданная в 1966. В архитектуре БЭСМ-6 впервые был широко использован принцип совмещения выполнения команд (до 14 одноадресных машинных команд могли находиться на разных стадиях выполнения). Механизмы прерывания, защиты памяти и другие новаторские решения позволили использовать БЭСМ-6 в мультипрограммном режиме и режиме разделения времени. ЭВМ имела 128 Кб оперативной памяти на ферритовых сердечниках и внешнюю памяти на магнитных барабанах и ленте. БЭСМ-6 работала с тактовой частотой 10 МГц и рекордной для того времени производительностью — около 1 миллиона операций в секунду. Третье и четвёртое поколение. Бурный рост использования компьютеров начался с т. н. «3-им поколением» вычислительных машин. Начало этому положило изобретение интегральных схем, которые независимо друг от друга изобрели лауреат Нобелевской премии Джек Килби и Роберт Нойс. Позже это привело к изобретению микропроцессора Тэдом Хоффом (компания Intel). В течение 1960-х наблюдалось определённое перекрытие технологий 2-го и 3-го поколений. В конце 1975 года, в Sperry Univac продолжалось производство машин 2-го поколения, таких как UNIVAC 494. Появление микропроцессоров привело к разработке микрокомпьютеров — небольших недорогих компьютеров, которыми могли владеть небольшие компании или отдельные люди. Микрокомпьютеры, представители четвертого поколения, первые из которых появился в 1970-х, стали повсеместным явлением в 1980-х и позже. Стив Возняк, один из основателей Apple Computer, стал известен как разработчик первого массового домашнего компьютера, а позже — первого персонального компьютера. Компьютеры на основе микрокомпьютерной архитектуры, с возможностями, добавленными от их больших собратьев, сейчас доминируют в большинстве сегментов рынка. Ейфел мұнарасы. Эйфель мұнарасы () - Манхеттендегі Крайслер салынғанға дейін 40 жыл бойы әлемдегі ең биік мұнара болып саналды. 2007 жыл Эйфель мұнарасының 120 жылдық мерейтойы. 2005 жылы осы мұнараның астына су қатырып, мұз айдыны жасалынды. Ол Париждің 2012 жазғы олимпиаданы өзінде өткізуге шақырған жарнама болатын. Teletex Holіday тур фирмасы жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша, әлемнің 7 кереметінің ішінде Эйфель мұнарасы екінші орында тұр. Осы уақытқа дейін мұнараның үшінші қабатына 200 млн адам көтерілген. Ол бүгінде Францияның символына ғана айналып қоймай, жылына 53 миллион евро әкелетін үлкен табыс көзіне айналды. Мұнараның салынуы. 1888 жыл Маусым, құрылыс кезі. Эйфель мұнарасын Марс алаңында құрастыруға екі жылдан астам уақыт кеткен. Ол революцияның 100 жылдық құрметіне «Әлемдік көрмеге» арнап салынған. Манхеттендегі Крайслер салынғанға дейін ол 40 жыл бойы әлемдегі ең биік мұнара болып келді. Сол кездегі ең биік деп саналған Хеопс пирамидасы (137 м), Кельн шіркеуі және Ульм шіркеуінен (167 м) екі есе биік болған. Францияның символына айналған Эйфель мұнарасының биіктігі – оның құзар басындағы антеннасымен қоса есептегенде 322 метр. Ал салмағы он мың тонна. Алып мұнара үш бөліктен тұрады. Ең үстінде орналасқан үшінші бөлім 274 метр биіктікте орналасқан. Оның төбесіне не лифтімен, не 1792 баспалдақпен жаяу көтерілуге болады. Кезінде Гитлер Францияны басып алғаннан кейін Эйфель мұнарасына шығуға келеді. Сол кезде лифті істемей қалып, ол 1792 баспалдақпен жаяу көтерілген деген аңыз бар. Мұнараны бір мезгілде 10400 адам аралай алады. Оған жылына 6 миллион адам көтеріледі. Густав Эйфель. Оның атын өзін жасап шыққан конструкторы Густав Эйфельдің құрметіне қойған. Г.Эйфельдің жобасы 700 жобаның ішіндегі ең үздігі деп танылып, конкурсты жеңіп алады. Густав Эйфель «Бостандық статуясының» темір құрылысын ойлап тауып жасаған, кейіннен оны Франция Америкаға сыйға тартты. Бүгінде ол АҚШ-тың символына айналып шыға келді. Эйфель мұнарасының құрылымы. Алып мұнара француздардың туындай үшке бөлінген. Алғашында оның бірінші қабатында мейрамханаға қажет бөлмелер, екінші қабатында лифтіні көтеруге арналған су қоймасы мен әйнек галереясындағы мейрамханалар орналасады. Ал үшінші қабатында астрономиялық және метеорологиялық обсерватория және физика кабинеті болған. Эйфель мұнарасының бірінші бөлімі – 57 м биіктікте, екінші бөлімі – 115 м, ал үшіншісі – 274 м биіктікте орналасқан. Бүгінде оның әрбір қабатында барлар мен мейрамханалар және бақылау алаңдары бар. Оның ең үстіңгі қабатында маяк орналасқан. Оған түскен прожекторлардың жарығы 70 шақырым жерден көрініп тұрады. Мұнара басында физиктер жердің тартылыс күшінің принциптерін зерттеген, теңізшілер уақытты айырған. Оның төбесінен 140 шақырымға дейінгі аймақты шолуға болады. «Құбыжық скелет». «Мен Эйфель мұнарасын көрмес үшін Эйфель мұнарасының ішінде отырып, мейрамханада тамақтанамын. Өйткені бұл мұнараның Парижден көрінбейтін жері өзінің іші ғана болып тұр», Жоспарлау (экономика). Жоспарлау — бұл кез-келген іс-әрекеттің маңызды және міндетті сатысы, себебі, ол үрдістің даму басымдықтарын анықтайды. Елдердің ерекшеліктеріне сәйкес жоспарлау Кеңестік, Америкалық, Француздық, Жапондық, Оңтүстік Кореялық деп бөлінетін көптеген түрлері бар. Кеңес үкіметінің алғашқы бесжылдық жоспары күні бүгін барлық елдер көңіл бөліп отырған аймақтық басқаруды дамыту, басқаруды «төменнен жоғарыға» қарай жүргізуге негізделгенімен, тәжірибе жүзінде іске асу бағыты дәл жоспарлағандай болып шықпады. Жоспарлаудан кеңес үкіметі ыдырағаннан кейін бас тартқан еліміз (Қазақстан) оған қайта оралды. Орталықтан жоспарлаудың оңтайлы тұстарыда жетерлік. Оған бірқатар мемлекеттердің тәжірибесі мысал бола алады, әсіресе, Америка Құрама Штаттарындағы екі басты бағыт орталықтандырылған жоспарлаудың тиімділігінің дәлелі. Оның біреуі муниципалды және аймақтық деңгейлердегі жоспарлау, екіншісі, ірі фирмалар деңгейінде жоспарлау. Оған қоса, бұл елде қаржылық, бағдарламалы-мақсатты жоспарлармен қатар аумақтық та жақсы дамыған. Федералды деңгейде аумақтық жоспарлаудың эволюциясы өндіргіш күштерді орналастыру, қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік мәселелерді кеңінен қамтитын әртүрлі мақсатты бағдарламаларды дайындауға мүмкіндік берді. Осылайша бүгінгі күні ол елдің бюджеті жалпы ішкі өнім бойынша (ЖІӨ) 2 трлн. долларға қол жеткізіп, қазір әлемде ең көп ЖІӨ 9,3 трлн. доллар көлемінде осы елде, яғни әр жан басына шаққандағы табыс мөлшері 34 мың долларды құрайды. Жоспарлаудың маңызды көрсеткіші мерзім болып табылады. Оны үш негізгі формаға бөлу арқылы бұл процеске кешенді әрі нысаналық сипаттама беріп, оның қатысушыларына бір келісімге келу қамтамасыз етіледі, себебі қаржылық жоспарлауда жергілікті басқару органдары бірдей шешім қабылдауға тиіс. Ұзақ мерзімді жоспарлауда жергілікті құрылымның стратегиялық дамуы анықталып, қаржылық жоспарлауға қатысушылардың негізгі мүдделері келісіледі. Ұзақ мерзімді жоспарлау жергілікті басқару органдарының өкілеттіктерінің мерзімімен тең келеді. Басымдықтарды даярлайтын атқарушы билік, қаржылық жоспар мен бюджеттің қалыптасуындағы келесі сатыларда дау — жанжал болып қалмас үшін олардың келісіліп бекітілуіне көп көңіл бөледі. Ауыл. Ауыл — тұрғындары ауыл шаруашылығында (мал не өсімдік өсіру) еңбек ететін мекен. Даму жағдайына сәйкес топтастыру. Ауылдар даму жағдайына сәйкес төрт топқа топтастырылған. Қазақстанда. Республика бойынша 7660 елді мекендердің 190-ы (2004 жылдың 1-ші қаңтарына), яғни 2,4%-ы Атырау облысының үлесіне тиеді. Бұл елді мекендердегі ауыл халқының саны 262270 мың адам, облыс халқының 58%-ын құрайды. Еліміздегі барлық ауылдық елді мекендердің (қоңыстардың) 780-дейі, яғни 10 пайыздан астамы әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан өте төмен деңгейде. Қазақстандағы есепке алынған 7262 елді мекендерді әлемдік қаржы институттарының тәжірибесі мен қалыптасқан халықаралық нормаларға сүйене отырып, 130 көрсеткіш (ауылдың рынокқа жақын-алыстығы, топырағының құнарлылығы, шағын кәсіпкерліктің өріс алуы, инженерлік инфрақұрылымдардың болуы, әлеуметтік даму деңгейі, ауыз суының сапасы, ауаның радиациялық жағдайы және т.б. көрсеткіштер) бойынша талдау жұмысы еліміздегі Елбасы Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүзеге асырылу үстінде. 2004-2010 жылдарда Қазақстан Республикасы ауылдық аумақтарын дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың бірінші сатысында (2004-2006 жылдар) жоғарыда көрсетілген салалар қаржыландырылады. Ауылдардың, таза ауыз суымен, газбен қамтамасыз етілуі өз кезегінде жергілікті шаруашылықтардың дамуына әсер етеді. Мысалы, Атырау облысының жергілікті бюджетінен әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бөлінетін қаржының 2004 жылы 72,5%-ы білім беруге, 27,5%-ы денсаулық сақтауға жұмсалды. Мәслихат. Мәслихат — ол белгілі бір аумақ халқымен сайлананатын орган. Мәслихат сессиясы. Мәслихат өзінің өкілетін сессияда (сессия жылына 4 рет өткізіледі), өзінің тұрақты комиссиясы, мәслихат сессиясының төрағасы, депутаттар, мәслихат хатшысы арқылы жүзеге асырады. Мәслихат сессияның төрағасы мен оның хатшысын сайлайды, олардың есептерін тыңдайды, тұрақты комиссияны қалыптастырады, мәслихаттың шығындарын анықтайды, ревизиялық комиссияның актілерін бекітеді, мәслихат аппаратының құрылымын бекітеді. Мәслихат сессиясы ашық түрде жүреді. Сессия төрағасы жергілікті атқарушы органдардың жетекшілерін шақыруға құқылы. Мәслихат өзінің мерзімінде тұрақты комиссияны құрады, онда жеті депутаттан артық болмайды. Тұрақты комиссия жылына бір рет есеп беріп тұрады. Мәслихат қызметінде ревизиялық комиссияның атқаратын рөлі жоғары. Ревизиялық комиссия мәслихат өкілетінің мерзіміне сайланады, олар жергілікті бюджеттің орындалуына бақылау жасайды. Тексеру нәтижесімен ревизилық комиссия мәслихат пен акиматты ақпараттандырады. Мәслихат немесе оның хатшысы мәслихат сессиясында қарауға мәселелерді енгізу жөнінде уақытша комиссия құруға құқығы бар. Уақытша комиссияның құрамын, міндетін, өкілетін, құқығын мәслихат анықтайды. Уақытша комиссия жұмысына қатынасқаны үшін еңбек ақы төленбейді. Хатшы. Мәслихат құрылымында хатшының атқаратын рөлі зор, ол мәслихаттың ағымдағы барлық жұмыстарын орындайды. Бұл лауазымды тұлға, ол тұрақты негізде жұмыс істейді. Мәслихат хатшысының оның тұрақты комиссиясының құрамында болуға құқығы жоқ. Мәслихат функциясын жүзеге асыру үшін шағын аппарат құрылады, оның құрылымы мен сандық құрамы орындалатын жұмыстың деңгейіне, сипатына, көлеміне байланысты. Мәслихат аппараты ұйымдастырушылық, құқықтық, материалды — техникалық және басқа да мәслихаттың органдарын қамтамасыз ету жұмыстарын жүзеге асырады. Мәслихат аппараты жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме болып табылады. Орталықсыздандыру. 1. Орталықсыздандыру – басқару функцияларын орталықтан жергілікті билік органдарына беру, жоғары тұрған органдарындың есебінен төменгі билік органдарының өкілеттіліктерін кеңейту. 2. Орталықсыздандыру – орталықтандыруға қарама-қарсы басқару жүйесі, яғни жергілікті әкімшілік органдар мен қоғамдық өзін-өзі басқару мекемелерінің билік өкілдіктерін кеңейту. Орталықсыздандыру түсінігінің әртүрлі анықтамасымен бірге оның түрлі формалары бар. Қазақстан Республикасын Стратегиялық жоспарлау Агенттігінің мемлекеттік функцияларды орталықсыздандыру Концепциясының жобасында осы мемлекеттік функцияларды орталықсыздандырудың екі формасын бөліп көрсетеді: бөлшектеу және деволюция. Бөлшектеу. Билікті бөлшектеу деп иерархиялық басқару жүйесінің күшін сақтай отырып, мемлекеттік биліктің басқару функцияларын осы жүйесі бойынша төменгі билік органдарына берумен байланысты үрдісті айтады. Оны «әкімшілік орталықсыздандыру» деп те атайды. Билікті бөлшектеу басқарудың әкімшілік астарына да қатысты және оның орталық және орталық емес басқару органдары арасында функцияларды иерархиялық бөлуді қайта қалыптастыру сияқты мақсаттары бар. Орталықсыздандыру саяси жағынан (саяси орталықсыздандыру) келсе, ол шешім қабылдау құқығын жергілікті басқару органдарына беруді білдіреді. Оның құқықтық жүзеге асуы жергілікті басқаруды білдіреді. Деволюция. Деволюция (міндеттерді табыстау) жергілікті басқару органдарына шешім қабылдауға және дербес қаржылық, басқарушылық іс-әрекет жүргізуге құқық беру. Графика. Графика — (, тырнау, жазу, салу дегеннен) тырнайтын, жазатын, грифель құралының көмегімен салынатын өнер түрі. Графика өнері каллиграфиямен, жазбамен тығыз байланысты деп табылады. 19 ғ. дейін графика мен сурет түсініктері қатаң ажыратылып қаралды. Графика деп тек баспа техникасымен салынатындарды атаса, суретке — қолмен салынатын жұмыстарды: нобайды, нұсқа, т.б. жатқызады. Графика – бейнелеу өнерінің бір жанры. Кескіндеме жанрында түс пен бояу негізгі рөл атқарса, графикада (грекше graphіke, grapho – жазамын) сызықтар, штрихтар, ашық және қара (қоңыр) дақтардың арақатынасы шешуші рөл атқарады, сондай-ақ заттардың ең негізгі белгілері таңдап алынады. Графикаға гравюраның барлық түрлері (литография, линогравюра, ксилография), плакаттық, сатиралық сурет түрлері жатады. Бейне қарындашпен, көмірмен, бормен, қаламұшпен тікелей қағазға түсіріледі немесе арнайы өңделген тақталарға (гравюра) немесе тасқа (литография) бедерленіп, қағазға содан басылады, кейде баспалық-механикалық әдіс арқылы көбейтіледі. Бейнелеу құралдарының қарапайымдылығымен әрі көп таралыммен басып шығаруға ыңғайлылығымен графика бұқаралық байланыс, ақпарат саласында (плакаттар, пошта маркалары, экслибристер, газет-журналдар), кітаптарды, әдеби шығармаларды безендіру үшін, әр түрлі тақырыпқа карикатура, шарж, жалпы нобай, композициялық эскиздер салу үшін, т.б. заттарды көркемдеуде кеңінен қолданылады. Графикада кескіндеме жанрындағыдай акварель, гуашь, пастель пайдаланылады. Графиканың көп ғасырлық тарихы бар. Батыс Еуропаның Леонардо да Винчи, Микеланджело, Рембрандт, орыс халқының Орест Кипренский, Карл Брюллов, Василий Перов, Илья Репин сынды суретшілері өздерінің графикалық туындылары арқылы әлемдік бейнелеу өнері қорын байытты. Қазақстандағы графикалық суреттердің ежелгі (палеолит дәуірі) үлгілеріне Балқаш, Түркістан, Маңғыстау, т.б. жерлерде жартастарға салынған суреттер жатады. Қазіргі заманғы қазақ бейнелеу өнеріндегі графика 1930 – 50 жылдары аралығында қалыптасты. Архетип. Архетип ( — бастау және  — пішін, үлгі) — шығармашылықтағы белсенділікті қалыптастыратын алғашқы идея, алғашқы кейіп. Көркем өнердегі «архетип» деп шындық болмысты түйсінудің, дүниетанымның және дүние туралы түсініктің белгілі бір тарихи уақытта қалыптасқан түрі қарастырылады. Архетип терминін алғаш рет 1910 ж. психолог К.Г. Юнг өзінің аналитикалық психологиясында қолданды. Қазіргі кезде «архетип» көркем өнерге сын талдау жасауда негізгі құралға айналып отыр. Каталаун шайқасы. Каталаун шайқасы — Каталаун даласында (;  — Шалон-ан-Шампан) 451 ж. маусымның 20-на таман ғұндардың Еділ қағаны өткізген ірі ұрыс. Каталаун даласындағы ұрыс Ганнибалдың тұсындағы (216 бзб ж.) Канн, Наполеонның тұсындағы Ватерлоомен (1815 ж.) қатар тұра алатын Еуропа және әлемдiк тарихтағы атақты шайқастардың қатарына жатады. 451 ж. басында Еділ жорығын бастады. Ғұндармен бiрге кейбiр бағынышты герман тайпалары да болды. Рейннен өткен әскер Трирге бағыт алып, екi топпен Галлияның солтүстiк-шығысына бет бұрды. Шешушi шайқас алаңы қазіргі Шампандағы (Франсия) Каталаун даласы болды. Вестгот королi Теодорих сол қанатты, Аэций оң қанатты басқарып, ортадан одақтастар орын алды. Қарама-қарсы тұстағы әскердiң негiзiн құраған орталық позицияны ғұндар мен Еділ иелендi, ол вассалдарын сатың екі қанатына орналастырды. Иордан жазып кеткендей, «ешкiм мұндай керемет оқиғаларды басынан өткермеген, бұл оқиғаларды жан-жақты жеткiзу үшiн кереметтiң тiкелей куәгерi болу қажет». Вестготтардың патшасы Теодорих атпа найза тигеннен кейiн құлап, оның денесi тау болып жатқан өлiктердiң арасында жоғалып, тек келесi күнi ғана табылды. Ұрыс түнге дейiн созылды. Қараңғылық түсiсiмен рим-вестгот әскерлерi Еділ қағанның лагерiн атқылаудан ғұн садағының оғынан қорқып, тұрақтарына қайтып келдi. Сол уақыттың жылнамашыларының көрсеткенiндей ғұндар ерекше жауынгер болды, алыстан найза лақтырып соғысса, жекпе-жекте өздерiн қанжардың жүзiнен қорғай отырып, жауларын арқаннан жасалған тұзаққа түсiретiн. Әскерде садақшыларға ерекше орын берiлдi, садақты пайдалануда ғұндар жоғарғы жетiстiкке жеттi. Ерекше ассиметриялық түрдегi садақ, майысқақ ағаштан жасалып, мүйiз пластинкалары, сiңiр, сүйек жапсырылып қуатына жететiн де, алыстан жауын жайрататын. Вестготтар өз патшасының өлiмi үшiн кек қайтарғылары келдi. Дегенмен Теодорихтiң баласы Торисмунд «ғұндар қайтар жолында оның корольдiгiн iздейдi-ау» деген үреймен қайтуды шештi. Ал Еділ готтардың кеткенiн байқап, мұны жау тарапынан жасалып отырған қулыққа балап, лагерьде бiршама ұзақ болды. Дегенмен, бiрiккен Еуропа әскерiмен соғыста ол маневр, яғни айла жасауды жөн көрдi. Тюрингия арқылы Еділ әскерiмен Паннонияға қайтып келдi. Проспер Тиро жазғандай, Каталаун даласындағы шайқаста «бiрде-бiр жақ жеңiске жеткен жоқ. Өлiм саны шексiз болды». Галлиядағы жағдайды Еділ жорығының ерекше кең аумағымен түсiндiруге болады және шексiз үлкен территориядағы тайпалар мен бiрлестiктердi бiр жерден басқару аса күрделi болды. Шындығында 451 жылғы «халықтар шайқасынан» кейiн ғұндардың күшi әлi де қуатты едi. Әрине, бұл Еділ қағанға тән жеңiс болмаса да, бiрақ жеңiлiске де мүлдем жатпайды. Ақсу. Ақсу (1993 дейін — "Ермак") — Қазақстан Республикасындағы Павлодар облысында Павлодар қаласынан оңтүстікке қарай 50 шақырымда Ертістің сол жағалауындағы қала. Қала мен оның ауыл өңірінің аумағы солтүстігінде Ақтоғай ауданымен, оңтүстігінде Баянауыл, Май, Лебяжі аудандарымен, бастысында — Павлодармен, шығысында — Екібастұз қаласымен шектеседі. Халқының саны — шамамен 70 мың адам. Тарихы. Ақсудың тарихы Екібастұз ауданының тас көмірі кені ашылуымен тығыз байланысты. 1897 жылы Екібастұздан 109 шақырымдық темір жолының құрылысы басталды. Воскресенск темір жолы болашақ қаланың аумағынан өтті. Жолдың Ертіспен қиылысатын жерінде кемежай пайда болды, екі кент: әкімшілік және жұмысшы дами бастады. Көшіп келіп жатқан жұмысшылар жергілікті материалдардан: саз балшықтан, қамыстан және сабаннан өздеріне тұрғын үй сала бастады. Жаңа жүзжылдық басында № 5 қазақ ауылымен қатар Қызыл-Шырпы шатқалында Глинка деп аталатын саз балшықтан соғылған үйлерден кішкентай қоныс пайда болды. Глинканың халқы біртіндеп, әсіресе қырғыз және сібір даласына келімсектер саулаған 1906 жылғы революциялық көтерілістерден кейін қарқынды ұлғая түсті. 1911 жылы жұмысшылр кентінің халқы 1000 адамға дейін өсті. 1913 жылы Глинка кентіне дала өлкесі губернаторының жарлығы бойынша Ермак аты берілді. Осылай Воскресенск кемежайы Глинка кентімен Ермак кенті болып ата бастады. 1917 жыл Ермакқа жаңа тәртіптер әкелді. Ермактағы жағысжай жанындағы алаңда айуандықпен өлтірілген Екібастұз Халық шаруашылығы кеңесінің бірінші комиссары Царев Степан Иванович бандылардың құрбаны болды. Ермакта Кеңес өкіметі Павлодар халық комиссарлары кеңесі ұйымдастырылғаннан кейін 1919 жылдың қарашасында орнады. 1922 жылға дейін Павлодар уезінің болыс орталығы болды, санаққа сәйкес кентте 1289 адам тұрды, 1938 жылы Ермак ауылы орталығы бола отырып, Каганович ауданы құрылды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1961 жылғы 23 қазандағы Жарлығымен Ермак кентіне қала мәртебесі берілді. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1993 жылғы 4 мамырдағы ТН № 2189-ХІІ Қаулысы негізінде Ермак қаласы Ақсу қаласы болып қайта аталды. Жұрттануы. Қала халқының саны шамамен 70 мың адамды құрайды, оның ішінде ауыл тұрғындары 29 мың адамнан астам. Өнеркәсібі. Бүгінгі Ақсу — бұл Павлодар облысындағы өнеркәсіптік, ауыл шаруашылықты қала. Қаланың өндірістік инфрақұрылымын екі алып кәсіпорын: Ақсу ферроқорытпа зауыты мен ЕЭК ААҚ электр станциясы құрайды. 1960 жылдан бастап электр станциясының құрылысы басталды, оның бірінші директоры Новик Владимир Михайлович болды. 1968 жылғы 17 желтоқсанда ГРЭСте қуаттылығы 300 мегаватт алғашқы энергоблогы пайдалануға берілді және бірінші өнеркәсіптік ток берілді. 1996 жылғы желтоқсанда кәсіпорын Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы ашық акционерлік қоғамына қайта құрылды. Қала энергетиктерімен 2001 жылдың басынан бастап 5.580.7 миллион киловатт сағат электр энергиясы және 612.0 гекокалория жылу энергиясы өндірілді. 1962 жылдан бастап ферроқорытпа зауытының өнеркәсіптік объектілерінің құрылысы басталды. 1968 жылы қаңтарда зауытта ферроқорытпалардың бірінші тоннасы балқытылды, ал 1970 жылы шілдеде 8 қорыту пеші бар № 2 цехты іске қосу аяқталды. Ермак ферроқорытпа зауытының бірінші директоры болыпТопильский Петр Васильевич тағайындалды. 1995 жылы кәсіпорын Қазхром Трансұлттық корпорациясының құрамына кірді. Осы кәсіпорындармен келесі әлеуметтік объектілер: дене шынықтыру-сауықтыру кешені, профилактория, жүзу һәуізі, демалыс үйі, емдеу-сауықтыру орталығы сақталып қалды, содан басқа Баянауылда демалыс үйлері: Факел және Жасыбай сатып алынды. Шағын және орта бизнес кәсіпорындарында 500 млн. теңгеден жоғары сомаға тауарлар мен қызмет көрсетулер жүргізетін 3835 адам еңбек етуде. Біздің қаламыздың маңызды стратегиялық объектісі Қ.И. Сәтбаев атындағы Ертіс-Қарағанды арнасы болып табылады. Ертіс-Қарағанды арнасы — Қазақстанның орталық және солтүстік бөліктеріне ауыз суды негізгі жеткізуші. Мәдениеті. Қала үшін біздің қаланы ҚР солтүстік және оңтүстік бөлігімен байланыстыратынАқсу-Дегелең темір жол желісі ашылуына арналған салтанатты митингке ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қатысуы тарихи оқиға болып қалды. Ал ТЖ жағысжайының қалпына келтірілген ғимараты — біздің қаламыздың ең жарқын көрікті жерлерінің бірі. Діни және білім берушілік өмірі. Қалада 6 діни бірлестігі, соның ішінде мешіт, православ шіркеуі, христиан-адвентистер жетінші күнінің шіркеуі, евангель христиан-баптистерінің қауымы жұмыс істейді. Ақсу қаласының білім беру саласында 50 мекеме: 27 мектеп (3 орталау), № 3 кәсіптік лицей, № 19 кәсіптік-техникалық лицей, қазақ гимназиясы, мектеп-лицей, 11 бастауыш шағын комплектілі мектеп; 3 мектептен тыс мекеме: Балалар шығармашылық үйі, өнер мектебі, жас натуралистер станциясы; 6 мектепке дейінгі мекеме; құқықтық, өндірістік және мәдени қызмет салаларында мамандарды дайындау бойынша күндізгі және сырттай оқытатын Жаяу Мұса колледжі; Павлодар мемлекеттік емес университетінің филиалы жұмыс істейді. Қала тұрғындарының демалатын орны мәдениет және демалыс саябағы, Мәдениет үйі, ауылдық елді мекендердегі мәдени-бос уақыт орталықтары болып табылады. Қала тұрғындарының қызметіне қалада 78 мың данадан астам кітап қоры бар, селолық округ кітапханаларымен модемдік байланыс жасайтын орталықтандырылған кітапхана жұмыс істейді. 2000 жылы біздің кітапханаға облыста алғашқылардың бірі болып электр поштасы арқылы халыққа қызмет көрсету бойынша электронды жүйе енгізілді. Денсаулық және спорт. Қаланың денсаулық сақтау құрылымына Ақсу орталық ауруханасы, Қалқаман ауылындағы ауылдық аурухана, туберкулезге қарсы диспансер, жедел жәрдем станциясы, 11 ауылдық отбасылық дәрігерлік амбулатория кіреді, соның ішінде біреу жекеше. Ақсу — спортсмендер қаласы. Қалада дене шынықтырумен және спортпен айналысу үшін барлық жағдайлар жасалған. Қала тұрғындарының қызметіне жүзу һәуізі, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 5000 орынға арналған стадион, балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, қаланың шағын аудандарында және ауыл өңірінде спорт алаңдары бар. Сандық кескін. Сандық кескін (цифрлық кескін, цифрлық графика) — екі өлшемді кескіннің шектеулі сандық бірліктер — пикселдер — көптігі ретінде бейімделуі. Сандық кескін пикселдер жолдары мен қатарларының белгілі санынан тұрады. Пиксел — кескіннің ең кішкене элементі бола отырып, белгілі нүктедегі берілген түс ашықтығын көрсететін сандық мөлшерді сақтайды. Әдетте, пикселдер компьютер желісінде растр кескіні немесе растр картасы, яғни кішкене дағдылы сандардың екі өлшемді матрицасы ретінде сақталады. Атырау (үнжария). «Атырау» — Атырау облысының қоғамдық-саяси гәзеті. Тарихы. Алғашқы саны «Ерік» деген атаумен 1923 ж. сәуірдің 1-ші күні шықты. 1924 ж. тамыздың 23 — «Жұмыскер тілі», 1930 ж. қыркүйегінен «Жем жұмысшылары», 1932 ж. сәуірдің 16 — «Ленин жолы», 1933 ж. қыркүйектің 16 — «Социалистік құрылысқа», 1933 ж. қарашаның 5 — «Социалды құрылыс», 1963 ж. мамырынан — «Коммунистік еңбек» деген атаумен, ал 1990 ж. маусымның 30 бері «Атырау» деген ағымдағы атаумен шығып келеді. Ұзақ жылдар аптасына 5 рет шыққан газет соңғы жылдар бері аптасына үш рет шығады. Ол 1923—30 жж. — уездік, 1930—33 жж. — аудандық, 1933—38 жж. — округтік (аймақтық), 1938 ж. бері — облыстық газет. «Атырау» гәзеті Қазақстанның батыс өлкесіндегі алғашқы ұлттық басылымдардың бірі. Оның негізін қалап, материалдық базасын жасақтап, алғашқы номерлерін шығарған 1923 ж. Гурьев уездік партия комитетінің бірінші хатшысы болған Төлепкерей Өтеулиев. «Еріктің» № 1 санының басмақаласын жазған да сол. «Тірлік осымен табылады» деп аталған осы басмақалада негізгі ой «Халықтың оқу-білімінің маңызы, ерікті ел болудың басты шарты-оның сауаттылығында» дегенге саяды. Облыстық гәзет өзінің бүкіл тарихында осы ойды, жан-жақты насихаттаумен келеді. Редакция. 1980 жж. редакцияда 7 бөлім, 56 адам жұмыс істеді. Ал 1995 ж. бері редакцияда бөлім жойылды. Бұл Қазақстан редакцияларындағы жаңалық болды. Журналистер жеке проблемалар бойынша бас редактор мен оның екі орынбасарының тікелей басшылығымен жұмыс істейді. 1997 ж. қарашасынан «Атырау» газетінің өзі компьютермен шығарыла бастады. Гәзет 2006 ж.аптасына 66 мың данамен тарауда. Бұл бұдан 5 жыл бұрынғыдан 2,5 еседей көп таралым. 2000 жж. басында гәзет таралымы 10 мың болса, бүгінде таралым 26 мыңнан асты. Бүгінде гәзетте 30-дан астам қызметкер жұмыс істейді. Олардың жартысы шығармашылық жартысы техникалық топтан тұрады. Әйгілі тұлғалар. Газет тарихы бай. Оған кезінде Әбу Сәрсенбаев, Асқар Тоқмағанбетов, Сәбит Мұқанов, Ғабдол Сланов, Хамит Ерғалиев, Жұмекен Нәжимеденов, Берқайыр Аманшин мақала-өлеңдері мен әңгімелерін жолдап тұрған. Зейнолла Қабдолов, Әбіш Кекілбаев өмір бойы біздің газетпен тығыз байланыста келеді. Гәзетте Тауман Амандосов, Меңдекеш Сатыбалдиев, Фариза Оңғарсынова, Марат Ысқақов, Берік Қорқытов, Аманқос Ершуов сынды белгілі әдебиетші-жазушылар жұмыс істеп, қанаттанды. Нүреден Мұфтахов, Тілек Дәулетов, Ізімберген Ісхожин сынды республикаға танымал журналистер, әлем классиктерін қазақ, қарақалпақ тілдеріне алғашқы аударған Жүсіп Жантөрин, Қыдырғали Сасықов сынды ертеде елге танылған аудармашылар жұмыс істеді. Марапаттары. Гәзет 1973 ж. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды, 1990 ж. М.И. Ульянова атындағы Бүкілодақтық сыйлыққа ие болды. Тама. Тама — Кіші жүздің Жетіру бірлестігіне кіреді. Атырау облысында тұрады. Жезқазған облысында және Жамбыл облысының Сарысу ауданында, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстанның Созақ ауданында тамалар шоғырлана орналасқан. Тама руының шыққан тегі тарихи әдебиетте ешқандай көрініс таппаған. Орыс деректемелерінде тама руы туралы алғаш рет 1748 және 1762 жылдарда айтылады. Ол жөнінде А. И. Тевкелевтің тізімінде және П. И. Рычковта, сонымен қатар Ларионовтың рапортында да кездеседі. Бұл рудың неғұрлым ертеректегі тарихын анықтау үшін, біздің ойымызша, Рашид адиннің монғол тайпаларының ішінде баргубурут бөлімдерінің бірі Енисейдегі ңырғыздар арасында мекендеген тума (тумэте) болғаиы туралы мағлұматы қызықтырарлық болып табылады. Жорамал ретінде бұл тума тама руының атабабалары болып табылады деп санауға толық мүмкіндік береді. Және де бұл арада мәселе үндестікте болып отырған жоң, қайта туманың қазіргі қырғыздарда да, наймандар арасында да кездесетіндігінде болып отыр. Қырғыздың сару тайпасы арасында ахынай (ақынай) руы бар, оның тегі қазақтардан шыңңан делінеді. Шынына келгенде, қазақтың тама руында да ахынай бөлімшесі бар. Тумалардың әлдебір бөлігінің дербес ру ретінде алшындар құрамына енуі әбден мүмкін. Тама руының шежіресін қарастыра келгенде, біз онда есенгелді, жабыл және жоғы деген үш тармақ бар екенін көреміз. Рудың таңба белгісі: қос әліп (архив деректері, Гродеков, Мейер және басқа деректемелер бойынша). Тамалар таңбасы қазаңтың қыпшақ тайпасының таңбасынан еш айырмасы жоң екенін атап өту керек. Оның үстіне Тама руы ертедегі қыпшақтардың ежелгі жерінде, яғни Оңтүстік Оралда, Жайық және Тобыл өзендерінің жоғарғы ағысында үнемі мекендеп келген. XIVXVI ғасырларда батыр Шора бастаған тама тайпасы ДештіҚыпшақта, Қазақ хандығының, Ноғай ордасының саяси өмірінде зор рол атқарды. Осының бәрі тамалардың ДештіҚышпақпен тығыз байланысын, олардың қыпшақтармен этникалық жағынан туыс екенін көрсетеді. Тама руының ұраны «Қарабура». Шығу тегі. Тарихи атажұрты Тама-Тархан (қазіргі Таман) қаласы. Тама руының шықңан тегі тарихи әдебиетте ешқандай корініс танпаған. Орыс деректемелерінде тама руы туралы алғаш рет 1748 және 1762 жылдарда айтылады. Ол жөнінде А. И. Тевкелевтің тізімінде және П. И. Рычковта, сонымен қатар Ларионовтың рапортында да кездеседі. Бұл рудың неғұрлым ертеректегі тарихын анықтау үшін, біздің ойымызша, Рашид адиннің монғол тайпаларының ішінде баргубурут бөлімдерінің бірі Енисейдегі ңырғыздар арасында мекендеген тума (тумэте) болғаиы туралы мағлұматы қызықтырарлық болып табылады. Жорамал ретінде бұл тума тама руының атабабалары болып табылады деп санауға толық мүмкіндік береді. Және де бұл арада мәселе үндестікте болып отырған жоң, қайта туманың қазіргі қырғыздарда да, наймандар арасында да кездесетіндігінде болып отыр. Қырғыздың сару тайпасы арасында ахынай (ақынай) руы бар, оның тегі қазақтардан шыңңан делінеді. Шынына келгенде, қазақтың тама руында да ахынай бөлімшесі бар. Тумалардың әлдебір бөлігінің дербес ру ретінде алшындар құрамына енуі әбден мүмкін. Тама руының шежіресін қарастыра келгенде, біз онда есенгелді, жабыл және жоғы деген үш тармақ бар екенін көреміз. Рудың таңба белгісі: қос әліп (архив деректері, Гродеков, Мейер және басқа деректемелер бойынша). Тамалар таңбасы қазаңтың қыпшақ тайпасының таңбасынан еш айырмасы жоң екенін атап өту керек. Оның үстіне Тама руы ертедегі қыпшақтардың ежелгі жерінде, яғни Оңтүстік Оралда, Жайық және Тобыл өзендерінің жоғарғы ағысында үнемі мекендеп келген. XIVXVI ғасырларда батыр Шора бастаған тама тайпасы ДештіҚыпшақта, Қазақ хандығының, Ноғай ордасының саяси өмірінде зор рол атқарды. Осының бәрі тамалардың ДештіҚышпақпен тығыз байланысын, олардың қыпшақтармен этникалық жағынан туыс екенін көрсетеді. Тама руының ұраны «Қарабура». Керейіт. Керейіт — ( — христиандар) Кіші жүздің Жетіру бірлестігіне кіреді. Шығу тегі. Орта жүздегі керейлерден тараған. Тарихи атажұрты Батыс Моңғолияда. 4—13 ғғ. — христиандық дінінде болған. Керейіттер туралы алғашқы деректер XII ғасырдың басына жатады. Онон, Керулен өзендерінің бойында және Бұйырнұр көлінің жағалауында, яғни Монголия аумағында, деп жазады Рашид ад-Дин, керейіт тайпасы мекендеді. Алайда, бұл тайпа аталған уақыттан едәуір ертеректе өмір сүрген деп санау керек, өйткені XII ғасырға қарай ол Шыңғысханға қарсы тұрған аса қуатты күш болған. XIII ғасырдағы керейіттер туралы мәліметтерді біз Г. Рубруктің, Плано Карпинидің, одан соң Марко Полоның жазбаларынан табамыз. Бұл арада осы тайпаның саяси тарихын қарастырып жатудың қажеті жоқ, бұл біздің міндетімізге кірмейді. XIII ғасырдың басында керейіттердің Ванханы Тоғырыл қаза тапқаннан кейін керейіттердің Шыңғысхан билігіне көшіп, оның империясы құрамына кіргенін ғана айтып өтпекпіз. Керейіттердің қазіргі Қазақстан аумағына келуі туралы мәселенің айқын еместігі сияқты, бұл тайпаның содан кейінгі тарихы да айқын емес. Біздіңше, керейіттерді Шыңғысхан талқандап, оларды монгол мемлекетінің құрамына енгізгеннен кейін олар монғолдардың батысқа жасаған жаулап алушылық жорықтарына қатысқан да, сонда мекендеп қалған тәрізді. Мұхаммед Хайдардың деректеріне қарағанда, XIV ғасырдан бастап, керейіттердің қайсыбір бөлігі Моғолстан моголдарының құрамына кірген. XV ғасырда керейіттер өзбек тайпалар одағының құрамына, ал кейініректе қазақ халқының құрамына енген. Ш. Уәлихановтың мағлұматтарына қарағанда, қазақ халқы құрылғаннан кейін керейіттер Ұлы жүздің құрамына кірген, ал көп үзамай олардың негізгі бұқарасы одаи бөлініп шығып, өзбек туыстарыиа кеткен. Керейіттердің қазақтарда қалған шағын бөлігі жетіру ұрпақтарына қосылған. Керейіттер туралы енді Кіші жүзге кіретін ру ретіндегі келесі мағлұматты XVIII ғасырдың орта шеніндегі А. Тевкелевтен, ал содан соң А. Левшиннен табамыз. Бұл ру неғұрлым кейінгі зерттеулердің еңбектерінде де үнемі кездесіп отырады. Керейіттердің этникалық тегі туралы мәселе өте маңызды. Бұл жөнінде зерттеушілерде бір пікір жоқ. Рашид адДин өз шығармасында XIII ғасырда керейіттер түркі тілдес емес, қайта монгол тілдес болған деп көрсетеді. Нақ осы автор басқа бір жерде керейіттердің шыққан тегі туралы мәселеде оншама үзілдікесілді айтпайды. Ол «ертеректе монғол атын алмаған» халықтар арасында керейіттер де болды деп жазады. Ал бұдан әріректе «керейіттер өздеріп мақтапу үшін монғолдар деп атай бастады», ал ерте кезде «бұл атауды мойындамайтын» деп көрсетеді. Бұл пікірді былай деп түсіну керек: монғолдар үстемдік еткен кезеңде олардың бодандары, соның ішінде керейіттер де өздері монғолдар болмағанымен, жаулап алушылардың этникалық атауын қабылдаған. Ш. Ш. Уәлиханов, В. В. Бартольд керейіттерді әбден айқын монголдарға жатқызған. ГруммГржимайло да керейіттердің түріктерден шықңанына күмән келтіреді. Г. Н. Потанин, Н. А. Аристов, X. Ховорс және басқалар мүлде қарамаңарсы көзқарас ұстанды. Мысалы, Г. Н. Потанин олардытүріктер, Шыңғысхан кезінде ғана «өздерінің атақ алуы үшін» монғолдар деп атай бастаған деп санайды. Бірбірімен байланысы болмаса да, X. Ховорс иен А. А. Аристов бір мезгілде керейіттердің түріктерден шыққаны туралы пікірге келген. X. Ховорс өз пайымдауын керейіт хандарының түрік есімдері мен атақтарын көрсетуге негіздеген. Керейіттердің шығу тегі туралы С. Аманжолов та соншалықты айқын көзқарас ұстанды, ол «керейлер (керейіттер В. В.) ешқашанда монғолдар болған жоқ және монғолдар деп аталған емес» деп жазды. Ал одан әрі: «Монғолдар шапқыншылығы кезінде батысқа қоныс аударуға мәжбүр болған бөлігі (керейлердің В. В.) керейіттер деп аталды, ал бұрынғы жерінде қалғандарының бәрі өз атауларына «іт» жалғауын қабылдамады». Бізге бұл мәселені інешуді екі тұрғыдан қарастыру қажет тәрізді. Біріншіден, керейіттер мен керейлерді бір тайпа деп санау дұрыс па: өйткені бір зерттеушілер оларды бір тайпа деп санауға бейім, ал басқалары олай емес. Екіншіден, керейіттердің монғолдарға немесе түріктерге жататындығы туралы мәселе біріншісімен тығыз байланысты және белгілі бір дәрежеде соған тәуелді. Шығыстанушы Н. А. Аристов, В. В. Бартсльд, М. Тынышбаев пен С. А. Аманжолов осы екеуін бір тайпа деп білді. Н. А. Аристов бұлайша балауға түсіндірме бермейді, жай ғана керейлер мен керейіттер жөнінде бір тайпа ретінде айтады. В. В. Бартольд та нақ сөлай істейді. М. Тынышбаев болса, неғұрлым сақ, өйткені керейіттер керейлердің Шыңғысханнан қашу кезінде бөлініп шығып, батысқа кеткен бөлігі болуы мүмкін деп жазады. М. Тынышбаев сияқты С. А. Аманжолов та жоғарыда өзіміз көргендей, керейіттерді керейлердің бір бөлігі деп есептейді. Керейіттер туралы айта келіп, X. Ховорс оларды керейлермен ешбір байланыстырмайды. ГруммГржимайло керейлер цюйлинь, ал керейіттер кэле (хэре) деп аталатын «ЦзиньЛяо Юань саньшиюйцзе» («Цзииь, Ляо және Юань әулеттерінің тарихтарында кездесетін байырғы халық атауларын түзетулер сөздігі») сияқты деректемеге сілтеме жасай отырьш, оларды әр түфлі тайпалар деп санайды. М. Тынышбаев пен С. А. Аманжоловтың батысқа кеткен керейлер керейіттер деп атала бастаған деген пікірін, біздің пікірімізше, онша дәл емес дегеннен бастайық. Біз деректемелерден шығыста, атап айтқанда, Монғолияда да керейіттер мекендегенін білеміз. Біздің бұрын көрсеткепіміздей, бұл жөнінде Рашид адДин, Рубрук, Марко Поло және П. Карпини айтады. «Қасиетті аңызда» (§ 96, 104, 105, 126 және басқа) керейіттер (кэлеити) туралы айтылады. Басқа да бірқатар деректер мұны айқын дәлелдейді. Мәселен, «Юаньшиде» Онханның серігі Хасан кэлеи (керейіт) тайпасынан шыққан делінген. Керейіттер кэлеи туралы «Синь Юаньшиде» де айтылады. Демек, керейіттердің ІНыңғысхан талқандан, батысқа кеткен керейлерден шыққандар болуы мүмкін емес, өйткені олар Моиғолияда сонау XII ғасырда, мүмкін, одан да бұрын болар, мекендеген. Керейіттердің болғаны және олар мекендеген жер жөнінде Н. Д. Мартин хабарлайды, ол керейіттер Толе, Орхон, Онгон өзендері бойынша көшіп жүрген және шығысында наймандармен шектесіп жатқан деп жазады. Біз Н. Д. Мартиннің керейіттер мекендейтін жер деп Рашид адДин айтқан жерлерді атайтынын көреміз. Бұл пікірді «Юаньши» де растайды, онда «Ванхан алқашқыда (бір кезде) осы жерлерде тұрды» делінген. Бұл арада Енисейдің оңтүстікбатысында, қырғыздардың оңтүстікшығысында, ТаннуОланың солтүстігінде жатқан Цзяньчжоу Кемчжаут аймағы айтылып отыр. Сонымен, бізге белгілі деректемелердің бәрінде керейлер емес, керейіттер туралы айтылады. Бұдан шығатыны: көптеген зерттеушілердің айтып жүргеніндей, керейлер мен керейіттерді бір деп санауға, керейіттер керейлердің «батысқа кеткен» бөлігінен шыққап деп есептеуге болмайды. Біз XXIII ғасырларда керейлер болған жоқ, керейіттер болған, олар өздерін Шыңғысхан талқандағанға дейін ертедегі феодалдық күшті мемлекет еді, ал «олардың көсемдері құдіретті патшалар болған» деп сапаймыз. Керейіттерді Шыңғысхан талқандағаннан кейін олардық бір бөлігі Ертістің томенгі ағысын бойлай қашын, оның мүмкін болған жерінде орын тепкен. Керейіттердің бір болігі Ертістің батыс жағына, содан соң одан да әрі қарай бет алған. Олардың көбісі өздерімен көршілес Алтай халықтарының құрамыиа кірді. Бірқатары тіпті басқа халықтардың құрамыида да өздерінің бастанқы этиикалық атауын сақтап қалғаи. Керейіттердің Ертіс бойымен, содан соң Сөлтүстік Қазақстан даласына кеткен болігі өз атауындағы «іт» жалғауын жоғалтып, «керей» деп атала бастаған да, содан соң дербес керей тайнасы ретінде қазақ халқының құрамына кірген. Керейіттерді біз доолос тайпасы қырғыздарының арасынан да көреміз. XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында Кіші жүзге кірген керейіт руының шыққан тегі туралы мәселе бізге қысқаша алғанда осылай сияқты. Есентемір. Есентемір — ( — "әсен" — темір; + "темір") Кіші жүздің Байұлы бірлестігіне кіреді. Жағалбайлы. Жағалбайлы — Кіші жүздің Жетіру бірлестігіне кіреді. "Қыз-Жібек" поэмасындағы Төлеген батыр осы рудан шыққан. Кердері. Кердері — Кіші жүздің бірлестігіне кіреді. Уран «Қожаахмет», тамга Тамга племени кердери Кердери – одно из основных племенных подразделений поколения Жетыруу Младшего жуза. Жетыруу (дословно “семь родов”) – этническая группа в составе казахов, компактно проживающая в северных районах Актюбинской, юго-западных районах Кустанайской, северо-востока Западно-Казахстанской областей Казахстана и смежных районах Оренбургской и Челябинской областей РФ, отдельные группы дисперсно проживают в Южном Казахстане и Узбекистане. Впервые о них писал А.Левшин: “Малая Орда состояла прежде из сильного рода алчин и 7 малых родов, которые Тауке-ханом соединены в поколение семиродцев-кердери, джагалбайлы, тама,табын, кереит, телеу, рамадан.” Подробные “числовые” по названию объединения хорошо известны у кочевников: у половцев – жеты-оба” (етобичи, четеевцы в древнерусских летописях; едисан – у ногайцев). Этноним кердери исследователи возводят к гуннам-кидаритам, проживавшим в “Кердере –местности в области Хорезма или на границе ее с областью тюрок” (Якут). Это подтверждается и данными арабского историка Масуди о борьбе огузов с четырьмя тюркскими племенами в числе которых значится племя наукерде (от иранского “нау” – ”новый”, “керд” – город). В Х в Аральское море называлось Кердерийским. Правобережная часть Хорезма также называлась Кердерийской, именно здесь археологами был раскопан город, называвшийся Янгыкент (“новый город”). Казахский род кердери родствен каракалпакскому кердерли, также ведущего своё происхождение из Приаралья. По данным сельскохозяйственной переписи населения дореволюционного Казахстана численность Жетыруу составляла 342 тыс. человек, в том числе 88 % казахского населения Актюбинского, 31,4 % Уральского, 30 % Кустанайского, 17 % Темирского, 15 % Перовского уездов, всего около 9,2 % от числа казахов Российской империи. Шығу тегі. Кіші жүз құрамына кірген ежелгі рулардың бірі Кердері руы. Кезінде Якуп «Кердер Хорезм аймағындағы немесе оның түріктер аймағымен шекарадағы жер» деп жазған. Осы көрсетуді негізге ала отырып, П. И. Лерх пен Н. И. Веселовский, ал содан соң С. П. Толстов та Кердер деген жерді онда ғұнкидариттердің мекендеуімен байланыстырады және қазақтың Кердері руы атауыпда кидариттер әтнонимі сақталып қалган деп біледі. Бұл пікірді олар Масудидің ғұздардың, қарлұқтардың және басқа тайпалардың арасында наүкерде тайпасы айтылатын төрт түрік тайпасымен күресі туралы деректерімен тиянақтайды, ал мұндағы нау иранша «жаңа», керд«қала» терминінің негізі. X ғасырда Арал теңізі Кердері теңізі деп аталған. Оң жағалаудағы Хорезм жағы да Кердері делінген; нақ сонда екі кердері қаласы болған. С. П. Толстов басшылық еткен Хорезм археологиялықэтнографиялық экспедициясының жұмысы барысында Оңтүстік Арал өңірінен осы қалалардың Жанкент деп аталған біреуі табылып, аршылды, бұл «Наукердтің жаңа қаласы» дегенді білдіретін. Қарақалпақтавдың фольклорлық материалдарында мүйтен тайпасына кірген кердерлі руы аталады. Сірә, қазақтың кердері руы қарақалпақтың кердерлі руымен туыс және соңғылары сияқты Арал өңірінен шыққан болуы ықтимал. Кердері руының таңбас (Левшин, Мейер бойынша), Q (Тынышбаев бойынша) белгісі болып табы лады, ел арасынан жиналған деректер олардың таңбасы деп көрсетеді. Таңбалардың бейнеленуінде айырма шылықтар бар сияқты болып корінгеніне қарамастан, тұтас алғанда олар оте жақын. Кердері руының ұраны Хожахмед (Тынышбаев бойынша), Қожахмет (Аманжолов бойынша). Телеу. Телеу — Кіші жүздің Жетіру бірлестігіне кіреді. Шығу тегі. "Телеу" атауын ғалымдар Алтайдағы "телес" тайпасынан шығарады. Рамадан. Рамадан — (— рамадан, ислам күнтізбесінің 9-шы айы) Кіші жүздің Жетіру бірлестігіне кіреді. Осы рудан қазақтың ертегілеріндегі кейіпкер Алдар-Көсе шыққан. Шығу тегі. Бек Арыс → Ордаш → Мөңке би → Сармырза → Қоғам → Алшын батыр → Арғымақ, Алау батыр(шын аты Тұлпар); Арғымақ → Телеу мырза, Рамадан, Сәдір, Нәдір; Алау батыр → Қыдуар тентек, Құдаһияр, Сәду(Жағалбайлы); Жетіру. Жетіру — Кіші жүздегі ру бірлестігі. 7 рудан тұрады: Жағалбайлы, Кердері, Керейіт, Табын, Тама, Телеу, Рамадан. Аңыз бойынша Тәуке хан Орта жүздегі аз халықты Жетіруды алшындарға (бұрыңғы ноғайлыларды) қосып Кіші жүз құрған. Қызылқұрт. Қызылқұрт — (қызыл + "гұрг" — қасқыр) Кіші жүздің Байұлы бірлестігіне кіреді. Жаппас. Жаппас — Кіші жүздің Байұлы бірлестігіне кіреді. Шығу тегі. Жаппас руы Кіші жүздегі ірі рудың бірі болып табылады. Өкінішке қарай, тарихи деректемелерде бұл ру туралы ерте кездегі деректер жоқ. Кіші жүз құрамындағы Жаппас руы туралы алғашқы рет айтқан да сол А. Тевкелев. Кіші жүздің П. И. Рычков келтірген «аса белгілі» руларының арасында жаппас аталмайды. Орынбор шекара комиссиясыныңшенеунігі Ларионовтың 1829 жылға қатысты рапортында және А. Левшинде бұл ру туралы айтып өтеді. Ең кейінгі жазбаша деректерде Кіші жүз бен Бөкей ордасының құрамдас бөлігі ретінде бұл ру Небольсинде, Ханыковта, Бламбергте, Кеппенде және басқаларында үнемі кездесіп отырады. Ол туралы архив материалдарында да мағлұматтар бар. XIX ғасырдың екінші жартысы XX ғасырдың басындағы деректемелерге қарағанда, рудың құрамына тоғыз бөлімше кірген, олар: шолтақ, сумұрын, бесбалуан, баймұрат, онғұт, қаракөз, киеке, ыстық және өтеп. Кеппен жеті, ал Небольсин алты бөлімшені ғана келтіреді. «Қырғыздардың жер пайдалануы жөніндегі материалдар...» мен біздің ел арасынан жинаған мәліметтерімізде ру бөлімшелерінің түрлі саны келтіріледі. Бұл арада мәселе мынада: Жаппас руы, дұрысырақ айтқанда, оның бөлімшелері орасан зор аумаққа бытырап кеткен. Бұдан әрі көретініміздей, олар Торғай облысының әр түрлі уездерінде, Бөкей ордасының, Сырдария және Орал облыстарының аумағында мекендеді. В. В. Радлов та Жетісудағы Жаппас руы туралы Үлкен орданың батыс қанатына ендіміс деп хабарлайды. Бұл жағдайда В. В. Радлов Қапал уезі жалайырларының арасында мекендейтін, бірақ, әрине, Ұлы жүз құрамына епібір кірмеген осы ру шаруашылықтарының саны болмашы екенін айтып отыр. Сондықтан зерттеушілер мен саяхатшылардың белгілі бір жерді мекендеген ру бөлімшелерін көрсеткені түсінікті, ал ру құрамының толық көрінісін осы материалдардың бәрін салыстыра отырып қана жаңғыртуға болады. Біздің 1960 жылы ел арасынан жинаған мәліметтеріміз рудың мейлінше дәл құрамын береді, айта кетелік, оны М. Тынышбаевтың деректерімен бірдей деуге болады. Алшақтық мынада ғана: бізде тағы да күшік (қошық) бөлімшесі бар да, ол М. Тынышбаевта жоқ. Жапиас руының таңба белгісі: ұрандары «Баймұрат»және «Бақтыбай» (Бламберг). Таз руы.. Таз — Кіші жүздің Байұлы бірлестігіне кіреді. Шежіре деректері бойынша Таздың - Абдал, Жастабан және Шарға сынды ұлдары болған; келесі бір шежіреде Таздан - Ес, Естен - Абай, Қабай тараған; одан әрі өз реттерімен Абайдан - Жастабан мен Шарға, Қабайдан - Абдал, Жастабаннан - Байсары, Сүйірбас және Тілес, Шарғадан - Ақсерке, Жақсыбай, Жолым, Асан, Сырлыбай, Күнбас, Жиен және Жантай, Абдалдан - Шоқтығұл мен Құлай, олардан - Өтес, Жапақ, Мәмбетқұл, Көшей, Келдібай және Кішкене (Тұрымбет) ұрпақтары өрбіген. Шығу тегі. Моңғолдың "Құпия шежіресі" бойынша Енисей өзенінің бір саласының атауы Таз, осы өңірдегі орман халқының бір атасы - Тас, Таз. Гоби шөлін мекендеген моңғол руларының бірі - Таз. Бүгінде Кіші Жүз мекені өңірлеріне түгел тараған. Бүкіл қазаққа танымал Төремұрат, Өтен, Нарынбай батырлар, Дәден би, Қашқынбай мен Бала Ораз ақындар осы Таздың қасиетті ұрпақтары. Ұлы Жүздің Албан және Ысты тайпаларының құрамында да Таз рулары бар. Шеркеш. Кіші жүздің Байұлы бірлестігіне кіреді. Шығу тегі. "Алтай кижи" ұлты арасында "теркеш" (бұрыңғы "түркеш") деген тайпа атауымен байланысы. Халык саны бойынша қазақтардын арасында ен көбi. Атақты Шеркештер: Калиев Алдияр, Алдияров Сабыржан Кұлсарыдан, Байбакты батыр, Асаналi Ашiмов, Маншук Маметова, Сыдых Зиманов, Махаш хакiм, Куаныш Алдиев Кұлсары, Аман Сарбалин,Сенебаев Аманбек Құлсарыдан Тана. Тана — Кіші жүздің Байұлы бірлестігіне кіреді. Таналардың атауы Тана (Дон) өзені атауынан шыққан. Шығу тегі. Тана Кіші Жүздің Байұлысына кіріп, жетіге бөлінеді: Жиенбет, Қалқаман, Қарақұнан, Асан, Шолан, Жолымбет, Қараман. Кластер. Кластер () — белгілі өз сипаттары бар, дербес бірлік деп саналатын, бірнеше біртектес даналарды бір топқа бірлетіруі. Еренсілтеме. Еренсілтеме — файлға, файлдағы орынға немесе Интернеттегі HTML-бетке өтуге мүмкіндік беретін, түске боялған әрі асты сызылған мәтін немесе сурет. Компьютер желі. Компьютер желі () — барлық құрылғылардың бір бірімен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін байланыс желілері арқылы қосылған компьютерлердің және басып шығарғыштар мен мәтіналғылар сияқты басқа құрылғылардың тобы. Желілер шағын немесе үлкен, кабельдер арқылы тұрақты жалғанған, немесе телефон желілері мен сымсыз арналар арқылы уақытша жалғанған болуы мүмкін. Ең үлкен желі — Интернет, ол бүкіләлемдік желілер тобы болып табылады. Жергілікті желі. Жергілікті желі () — салыстырмалы түрде шектеулі кеңістіктің (мысалы ғимараттың) шегінде компьютерлер, басып шығарғыштар мен басқа да құрылғылар тобын біріктіретін коммуникациялық желі. Жергілікті желі бір біріне қосылған құрылғылардың өзара әрекеттесуіне мүмкіндік береді. Интернет провайдері. Интернет провайдері — () Интернетке қатынасу мүмкіндігін беретін ұйым. Интернет провайдері пайдаланушылардың компьютерлерін Интернет провайдерінің компьютерлеріне қосу үшін қажетті телефон нөмірін, пайдаланушы атауын, оның құпия сөзін және басқа да мәліметтерді қамтамасыз етеді. Интернет провайдеріне ақы әдетте бір ай үшін немесе бір сағат үшін төленеді. Қытай жазуы. Қытай жазуы — () тарихи деректер бойынша, қытай жазуының алғашқы таңбалары б.з.б. 14 ғ. Шаң патшалығы заманында пайда болған. Қытай жазуы адамдардың заттар мен құбылыстарға ұқсата еліктеуі нәтижесінде, дүниелік құбылыстарды сызбамен бейнелеп, түсіну мақсатына жетті. Олар алғашқы жазуды сүйектерге ойып жазды, сондықтан зерттеушілер осы әдепкі жазуларды "сауыт-сүйек жазуы" деп атасты. Қазіргі қолданылып отырған қытай жазуы көптеген өзгерістер арқылы барынша қарапайымдасып, барынша ұғынықты болды. Өтемұратов, Болат Жамитұлы. Өтемұратов, Болат Жамитұлы — Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы, сонымен қатар Қазақстан теннис федерациясының президенті. Forbes журналының 2008 жылғы дәулетті адамдар тізіміне енген (1 млрд АҚШ доллары бар). Қазар сөздігі. «Қазар сөздігі: сөздік романы» — сырпы жазушы, көркемөнерші, пәлсапа докторы Милорад Павич () жазған тұңғыш романы. Басылымға 1984 ж. шықты. Бұл кітап 8 ғ. аяғында, 9 ғ. басында болған тарихи оқиғалар негізінде жазылған: Қазар қағандығындағы дүниедегі үш түрлі діннің (яхудилық, мәсіхшілік, ислам) өкілдері бетпе-бет айтысын бейнелейді. Сол кезде қазар ақсүйектері мен баршаның көбі яхудилыққа айналған. Аңыздық айтылымда болған әйгілі хазар таласы негізінде хатқа қалдыру арқылы жазылған деп саналады. Аңыздық айтылымда ол кітап екі түрлі, алтын жане күміс басылымда, кімде-кім ол кітапты ашса қарғысқа қалады делінген. Осылайша дүниедегі үш түрлі дін, дүниеде қазірге дейін жұмбақ болып келе жатқан талай сырлы құбылыстар жайлы сыр шертетін осы кітаптар жүз жылға дейін адам баласы оқуға болмайды деп шектеліп тасталған. Қазір дүниеде шын-өтірігі аралас бірнеше парағы ғана сақтаулы. Енді осы кейінгі «Қазар сөздігіне» оралсақ, бұл кітапты Милорад Павич сол көне кітаптың жүлгесіне негізделіп жазған. Бұл кітап әлем әдебиетінде сөздік роман жазудың алғашқы үлгісін жаратты, онымен қоймай кітап Қара теңіз бен Арал теңізі аралығында жасаған сырлы ұлыс қазарлар жайлы сыр шертеды. Тұтас кітап өз алдына бір енциклопедия дерліктей. Қызық деректер. Романның екі нұсқасы бар: ерлердің және әйелдердің, айырмашылығы тек бір сөйлемде. Таулы Қарабақ Республика. Таулы Қарабақ Республика () - мойындалмаған мемлекет алды Кавказ. Нидерланд. Нидерланд, ресми атауы Нидерланд корольдігі – Батыс Еуропада орналасқан ел. Оңтүстігінде Бельгиямен, шығысында Алманиямен шектеседі, және солтүстігі мен солтүстік-бастысында Солтүстік Теңізге шығады. Елордасы – Амстердам, бірақ үкімет пен парламент Гаага қаласында жайғасқан. Нидерланд кейде Голландия деп те аталғанымен, мемлекет Солтүстік және Оңтүстік Голландиядан басқа тағы 10 аймақтан тұратынын ұмытпаған жөн. Нидерланданың астанасы – Амстердам. Ірі қаалары – Гаага, Роттердам, Утрех. Әкімшілік-территориялық бөлініуі – 12 провинция. Халық саны – 16,3 млн адам, негізінен голландықтар. Оңтүстігінде көбінесе фламандықтар, солтүстігінде – фриздықтар. Мемлекеттік тілі – нидерландық (голландықтар), бірақ мұның өзінде голландықтардың көбісі, әсіресе қала тұрғындары, ағылшын және неміс тілдерін жақсы біледі. Мемелекеттегі жазықтар оның атына толығымен сай келеді: Нидерланды территориясының барлығын – ойпатты жазықтар деуге болады. Шамамен жердің 40% мұхит деңгейінен төмен орналасқан, олар дюналармен, плотинамен және домбалармен бекітілген. Ірі гидротехникалық жобаларға қармастан, 20ғ жасалған, бұл жерлер әлі де су апатына үшырау қаупі бар. Жүздеген жылдар бойы дамбыларда көптеген жел дермендер салынған болатын, бұлар Нидерланданың символдарының бірі болып қалды. Мемелкеттің оңтүстік-батысында ең үлкен ойпаттар жатыр – бүкіл дельта өзендері Рейн, Маас және Шельда, ал оңтүстік-шығысында – ең биік нүктесімен Арденн щатқалы – Ваалсерберг тауымен. Нидерланды – жасанды жазықтар мемлекеті. Ормандарында (балығыда егілген) қарағай, терек, қайын ағаштарымен аралас, территорияның тек 10% ғана алады. Нидерландыдағы өзендер толық сулы, олардың көбісі каналдармен және су қоймаарымен байланыстырылған. Суық қыстарда олардың қатып қалуыда сирек емес. Көптеген шетелдіктер үшін Нидерланды – бұл қызғалдақ, дермен және кломтар (ағаш аяқ киімдері) мемлекеті. Шетелдіктердің көбісіне белгілі, Нидерланды – төмен орналасқан жер, мұнда су апаттары жиі құрлықтарды жаулап алуы болып тұрады. Бірақ шекарадан тыстардың көбісі білебермейді, Нидерланды әлем бойынша экспорттан және инвесторлардан сегізінші орын, үшінші орын, АҚШ және Франциядан соң, ауылшаруашылық тауарларын экспорттау көлемі бойынша екенін. Голландықтар он бес Нобелдық премиялар алған: экономика, физика, химия және медицина салаларында. Нидерланды туристерде өте жақсы атқа ие. 2007 жылы мемлекетті шамамен 9,8 миллион адамдар келген әлемнің әр жерінен. Қонақтардың төрттен бірі Германиядан келген. Туристердің арасында Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Бельгия, Франция және Италиядан да келгендері бар. Шетелдік туристер Нидерландыда шамамен 8,1 миллиард доллар жаратады, яғни, бұл гүл және өсімдіктер экспорт көлемінен асып түседі. Нидерланд – НАТО, ЕО, Киото Протоколының мүшесі. Бельгия және Люксембургпен қоса Бенелюкс экономикалық одағына кіреді. Кот-д-Ивуар. Côte d'Ivoire Côte d'Ivoire Cote d'Ivoire Сандық камера. Сандық камера — әртүрлі сахналарды пикселдерден тұратын матрицамен сандық кескін түсіретін құрылғы. Моңғолия әнұраны. Моңғолия әнұраны — (— "Моңғол елінің мемлекеттік әнұраны") Моңғолияның ұлттық әнұраны. 20 ғ. Моңғолияда бірнеше әнұран болған. Бірінші нұсқасы 1924—1950 жж., екіншісі — 1950—1962 жж., үшіншісі 1961—1991 жж. орындалған. 1991 ж. бастап 1950 ж. нұсқасы қайта қолданған, тек Ленин, Сталин, Сүхбаатар, Чойбалсан атағын шығарған екінші тарауы аласталған. 2006 ж. шілденің 11 Моңғол империясы құрылығанына 800 ж. толуына арнап және Шыңғысхан атағына өзгерістер еңгізілген. Ағымдағы нұсқасы. 1992—2006 жж. нұсқасы. 1961—1991 жж. нұсқасы. 1950—1961 жж. нұсқасы. Монгол Интернационал (1923—1950). Эртний Сайхан (1923 алдында). Тағы да "«Чингисийн Төрийн Дуулал»" деп аталады, мағынасы — "Шыңғысханның мемлекеттік әнұраны". Үнді-Ганг жазықтығы. Үнді-Ганг жазықтығы (Һинди тілінде: "Sindh Ganga ka Maidan") солтүстік және шығыс Үндістанның, Пәкістанның халық ең тығыз қоныстанған аймақтарын және Баңладешті түгел дерлік қамтып жатқан ауқымды және топырағы құнарлы аллювийлі жазықтық. Бұл аймақ өзін сумен қамтамасыз ететін Инд және Ганг өзендерінің аттарымен аталған. Үнді-Ганг жазықтығы солтүстік жағынан Гималай тауларымен шектелген. Оның көптеген өзендері Гималайдан бастау алады. Екі үлкен өзен жүйесінің бүкіл аймаққа алып келетін құнарлы аллювиінің көзі де сол. Жазықтықтың оңтүстік жағы Виндхъя және Сатпура тау жотасымен және Чота Нагпур платосымен көмкерілген. Батысында Иран платосы орналасқан. Бұл аймақ Жер ғаламшарындағы ең тығыз қоныстанған аймақтардың бірі. Онда шамамен 900 миллион адам тұрады, бұл бүкіл Жер тұрғындарының 1/8-ін құрайды. Топографиясы. Жазықтықтың топографиясы жалпы алғанда біркелкі, оны түрлендіріп тұратын жайылмалардың тік жарлары, өзен арнасының өзгеріп тұрулары және өзендердің эрозия тудырып, жер бедерін өзгертетін басқа да әрекеттері. «Терай» деп аталатын жер бедерінің бір түрі Үнді-Ганг жазықтығының солтүстік шекарасын құрайды. Гималай тауларының етектері жазықтықпен тоғысатын жерлерде тау өзендері алып келген ірі түйіршікті құмнан және малта тастардан кішкене төбелер құралған, оларды жергілікті тұрғындар «ғар» деп атайды (Һинди тілінде ол үй дегенді білдіреді). Бұл аймақта жер асты суы жазықтық басталатын жерден бастап ағады да, өзен бойындағы көптеген жерлерді батпақтарға айналдырады. Жазықтықтың оңтүстік шекарасы Раджастхан штатындағы Тар шөлінің шетімен өтеді, содан соң шығысқа қарай бұрылып, Деккан үстіртімен жапсарлас созылып, Бенгал шығанағына жетіп тіреледі. Төбелердің биіктігі 300-ден 1200 метрге дейін өзгеріп отырады, әрі төбелердің жалпы алғанда батыс-шығыс бағытында созылып жатыр. Деккан үстірті солтүстік және оңтүстік екі бөліктен тұрады. Солтүстік бөлігі шығыс Раджастхандағы Аравалли қыраты арқылы өтеді. Мадхъя Прадеш штатындағы оңтүстік бөлігі, Малва үстірті одан ары оңтүстікте жатқан Виндхъя қыратымен түйіседі. Бөлімдері. Кейбір географтар Үнді-Ганг жазықтығын мынадай бірнеше бөлікке бөледі: Инд өзенінің аңғары, Пенджаб жазықтығы, Һариана жазықтығы және Ганг өзенінің орта және төмен ағысы. Бұл бөлімдеу судың молшылығына негізделген. Тағы бір анықтама бойынша, Дели қыраты Үнді-Ганг жазықтығын екі су жинау алабына бөліп отыр. Оның батыс бөлігі Пенджаб жазықтығынан және Һариана жазықтығынан, шығыс бөлігі Ганг-Брахмапутра су жинау алабынан тұрады. Дели қыратының орташа биіктігі бар болғаны 300 метр шамасында ғана, сондықтан сырт көзге Үнді-Ганг жазықтығының осы екі алапқа бөлініп отырғандығы біліне бермейді. Рави, Беас, Сатледж өзендері Пенджаб жазықтығын да, Һариана жазықтығын да сумен қамтамасыз етеді. Суды ауыл шаруашылығында көп қолдана бергеннің нәтижесінде Үндістанның Пенджаб штатында және Пәкістанның Инд өзенінің аңғарында ағып өтетін судың деңгейі айтарлықтай төмендеді. Ганг өзенінің орта ағысы батыста Ямуна өзенінен шығыста Батыс Бенгалия штатына дейін созылып жатыр. Ганг өзенінің ортаңғы ағысына қарағанда оның төменгі ағысында және Ассам аңғары аймағында өсімдік дүниесі әлдеқайда бай. Гангтың төменгі ағысының басым бөлігі Батыс Бенгалия арқылы өтіп, одан әрі Баңладештің жері арқылы жалғасады. Ямуна өзенімен қосылғаннан кейін екі өзен Ганг атырауын құрайды. Брахмапутра өзені Тибетте Ярлунг Цангбо деген атпен бастау алып, Үндістанның Аруначал Прадеш және Ассам штаттары арқылы өтіп, Баңладешке өтеді. Ауқымы. Құнарлы Терай аймағы осы жазықтықтың Непалдық бөлігіне жатады. Жазықтықты айналай ағып жатқан өзендер: Беас, Чамбал, Ченаб, Ганг, Гомти, Инд, Рави, Сатледж және Ямуна. Топырағы өзендер ағызып әкелетін тұнбаға бай, сол себепті жазықтық дүние жүзіндегі ең көп өңделетін аймақтардың бірі болып табылады. Тіпті ауылдық жерлерде халықтың орналасу тығыздығы өте жоғары. Ауыл шаруашылығы. Үнді-Ганг жазықтығында ауыл шаруашылығының негізі — ауыспалы егіс тәсілімен күріш және бидай дақылдарын өсіру. Сонымен бірге жүгері, қант қамысы және мақта да өсіріледі. Егістіктерге жаңбыр суының негізгі көзі — оңтүстік-батыс муссондар, ол жалпы ауыл шаруашылығын сумен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етеді. Гималай тауларынан ағатын көптеген өзендер суармалы егіншіліктің негізі болып табылады. 20 ғасырдың 70-ші жылдарына дейін Үнді-Ганг жазықтығының ауыл шаруашылығы тұрғындарын азық-түлікпен әзер дегенде қамтамасыз етіп келді. 60-шы жылдары басталған Жасыл революцияның нәтижесінде бұл жағдай түзелді. Су қорларының тапшылығы. Халық санының қарқынды өсуінің себебінен және жаңбыр әкелетін муссондар мен Гималайдан ағып келетін қар суының мөлшеріне әсер ететін ғаламдық жылынудың себебінен бұл аймақта болашақта су тапшылығы шиеленісе бастауы мүмкін. Тарихы. Бұл аймақ көне Үндістанның бесігіне айналған Үнді өзені аңғары өркениетімен әйгілі. Жерінің жалпақ та құнарлы болғаны түрлі империялардың пайда болып, дамуына қолайлы жағдай жасады. Солардың ішінде Гупта империясы, Канаудж, Магадха, Маурья империясы, Моғол империясы және Деһли сұлтандығы, олардың әрқайсысының демографиялық және саяси орталықтары дәл осы Үнді-Ганг жазықтығында орналасқан болатын. Үнді тарихының Ведалық және эпикалық кезеңдерінде бұл аймақ Арьяварта (Арялардың елі) деп аталды. Ол ел батысында Үнді өзенімен, оңтүстігінде Виндхъя таулы қыратымен шектесіп жатты. Ислам дәуірінде осы жерді жаулап алған түркі билеушілері парсы тіліндегі «Һинд» жер-су атауына негізделіп оны Һиндустан деп атай бастады (яғни «Үнді өзенінің елі»). Бұл атау кейінірек бүкіл Үндістанға қатысты қолданылатын болды, бірақ тіпті қазірге дейін осында сөйленетін хинди және урду тілдері мен сол тілде сөйлейтін мәдениет «һиндустани» деп аталады. Кейінірек Британия отары болған кезде де, тәуелсіздік алғаннан кейін де Үндістанның демографиялық және саяси орталығы осы жазықтық болып қала берді. Тілдері. Үнді-Ганг жазықтығында сөйленетін тілдердің басым көпшілігі Үнді-Арий тілдеріне жатады. Шығу тегі бір туыстас тілдер болғандықтан олар бір-бірімен диалектілер тізбегін құрайды. Қалалары. Үнді-Ганг жазықтығының ең үлкен қалаларының ішінде Ахмадабад, Деһли, Дакка, Файсалабад, Хайдарабад, Канпур, Карачи, Колката, Лахор, Лакхнау, Лудхияна, Мултан, Патна, Равалпинди-Исламабад және Сурат. Бұл аймақта қалалардың тығыз орналасқаны сонша, бір қаланың бітіп, көршілес қала басталатын шекараны дәл басып айту кейде қиын. Әкімшілік бөліктері. Үнді-Ганг жазықтығының шекараларын нақты белгілеу мүмкін болмағандықтан қай әкімшілік аймақтардың оған кіретінін нақты айту да мүмкін емес. Махамбет (ауыл). Махамбет ауылы — Атырау облысы Махамбет ауданы орталығы, оның негізі 1928 жылы құрылды. Атауы Махамбет Өтемісұлы атағына берілген. Жағырапиясы. Аудан орталығының Атырау қаласынан қашықтығы 67 км. Жұрттануы. Аудан орталығында 2007 жылғы 1 қаңтарда тұратын халық саны 7,6 мың адам құрады. Бухгалтерлік есеп. Бухгалтерлік есеп — барлық шаруашылық істерді түгелдей, үздіксіз және құжатты түрде мүліктің жағдайын, ұйымның міндеттемелерін және олардың өзгеруін (ақшаның қозғалысын) жинау, тіркеу және мәліметті ақшалай түрде топтастыру. Бухгалтерлік есеп - барлық шаруашылық істерді түгелдей, үздіксіз және құжатты түрде мүліктің жағдайын, ұйымның міндеттемелерін және олардың өзгеруін (ақшаның қозғалысын) жинау, тіркеу және мәліметті ақшалай түрде топтастыру. Бухгалтерлік есептің объектісі болып ұйымның мүлігі, олардың міндеттемелері және өзінің қарекет етуі кезіндегі ұйымның шаруашылық жұмыстары. Бухгалтерлік есепті пайдаланатын ішкі - басшыларға, ұйымдастырушыға, мүшелерге және ұйым мүлкінің иесіне және сыртқы - (инвестициялаушыларға, қарызшыларға және басқа да бухгалтерлік есептілікті қажет етушілерге керекті ұйымның қарекеті және мүліктің жағдайы жөнінде толық әрі сенімді мәліметтерді құрастыру; Шаруашылық қарекеттердің теріс нәтиже бермеуін және ішкі шаруашылық қорлардың қаржылай тұрақтылықты ұстауын қадағалау. Бухгалтерлік есепті ұйымда есепші, ұйым жетекшісі және сыртқы ұйым жүргізе алады. Еріктілер маршы. Еріктілер маршы — Қытай Халық Республикасының ұлттық әнұраны. 1966—1978 жж. ұлттық әнұран есебінде боп «Шығыс алқызылдады» деген ән орындалды. Жұлдыздармен жарқыраған туымыз. 15 жұлдызды, 15 жолақты «Жұлдыздармен жарқыраған ту» Жұлдыздармен жарқыраған туымыз — Америка Құрама Штаттарының ұлттық әнұраны. Сөзі. "O say, can you see, by the dawn’s early light," "What so proudly we hailed at the twilight's last gleaming," "Whose broad stripes and bright stars, through the perilous fight," "O’er the ramparts we watched, were so gallantly streaming?" "And the rockets’ red glare, the bombs bursting in air," "Gave proof through the night that our flag was still there." "O say, does that star spangled banner yet wave" "O’er the land of the free, and the home of the brave?" On the shore, dimly seen thro’ the mist of the deep, Where the foe’s haughty host in dread silence reposes, What is that which the breeze, o’er the towering steep, As it fitfully blows, half conceals, half discloses? Now it catches the gleam of the morning’s first beam, ’Tis the star-spangled banner! O long may it wave O’er the land of the free and the home of the brave. And where is that band who so vauntingly swore That the havoc of war and the battle’s confusion A home and a country should leave us no more? Their blood has washed out their foul footsteps' pollution. No refuge could save the hireling and slave And the star-spangled banner, in triumph doth wave O’er the land of the free and the home of the brave. O thus be it ever when freemen shall stand Between their loved homes and the war’s desolation! Blest with vict’ry and peace, may the Heav’n-rescued land Praise the Power that hath made and preserved us a nation. Then conquer we must, when our cause it is just, And this be our motto: "In God is our Trust." And the star-spangled banner in triumph shall wave O’er the land of the free and the home of the brave. Ресей әнұраны. Ресей әнұраны — Ресей Федерациясының ұлттық әнұраны. Ресей Федерациясының әнұраны. От южных морей до полярного края Одна ты на свете! Одна ты такая — Широкий простор для мечты и для жизни Нам силу даёт наша верность Отчизне. Так было, так есть и так будет всегда! Өзбекстан әнұраны. Өзбекстан әнұраны — ( — "Өзбекстан Республикасының мемлекеттік әнұраны") Өзбекстан ұлттық әнұраны. Кеңес дәуіріндегі Өзбек КСР әнұранының әні пайдаланады, 1991 ж., тәуелсіздік жарияланғада, жаңа сөзі қабылданған. Сөзі. Serquyosh, hur o‘lkam, elga baxt, najot, Yashnagay to abad ilmu fan, ijod, Erkin, yosh avlodlar senga zo‘r qanot! Haqsevar, ona yurt, mangu bo‘l obod! Қырғызстан әнұраны. Қырғызстан әнұраны — ( — "Қырғыз Республикасының мемлекеттік әнұраны") — Қырғыз Республикасының ұлттық әнұраны. Кырғыз Республикасының Жоғарғы Кенесі 1992 ж. желтоқсанның 18-інде қабылдаған. Ақалтеке жылқысы. Ақалтеке жылқысы — түрікмен халқының арғымақ түрі. Оны түркімендер орынды мақтаныш етеді. Қаз мойынды, қамыс құлақ, артық майды бойына дарытпайтын сыйда арғымақтар паңдықтың, тектіліктің нышанындай. Тарихы. Бұл тұқымды қазіргі кезде өте ертеде шыққан деп дәлелдеушілер көп. Бірақ, кеңес заманындағы ғалымдар оның 1220—40 жж. Каспий жағасында көшіп-қонып жүрген түркімен тайпаларында түзіліп шыққанын дәлелдеген. Соның ішінде теке руында — теке, жәуміт руында — жәуміт тұқымы түзілген. Сөйтіп, арғымақтардың жалпы атауы алдымен «теке-жәуміт» атаныпты. Кейін түркімендер Ақал оазисіне келіп қоныстанған. Осы сәттен асыл тұқымды жылқылар «ақалтеке» атаныпты. Ағылшынның таза қанды мініскер жылқысы осы тұқымнан алынған. Өз билігі өзінде болмай, бөтен елдің боданы болып отырған 19 ғ. ғасырдың аяғында жаппай тасып әкетудің салдарынан ақалтеке тұқымы саны мен сапасын жоғалта бастайды. Сонда басқа жылқылармен қаны араласпаған айғырлар ұстап қалған дана ақсақалдар ауыл-ауылды өздері аралап жүріп, ақалтекенің тұқымын таратқан екен. Олардың Бойноу, Мелекуш, Бекназар-қара, Бекназар-ала атты айғырларының есімдері де қазіргі ақалтекенің тарихында ерекше құрметпен аталады. Өрбітуі. КСРО аумағында өмірге келген Дон жылқысы, Қарабайыр, Қарабақ, Орлов желгіштері, т.б. арғы бастауын осы ақалтекеден алады. Бүкіл еуропалықтар өз жылқысын асылдандыру үшін осы түрікмен жылқысын пайдаланады. Қазір ақалтекені сыртқа сатпайды. Жылқы зауыттарында оның санын барынша көбейту жұмыстары қолға алынған. Түркімендердің оны қатты құрметтейтіні соншалық, тіпті мемлекеттік елтаңбасына да Янардак деген бірінің суретін салып қойған. Қызық деректер. Табиғи сұлу қалпымен қатар, ақалтеке жылқысы барынша төзімді де болып келеді. 1935 жылы түркіменнің 30 жігіті оның төзімділігіне, ерекше қасиетіне әлем назарын аудару үшін Ашғабттан Мәскеуге атпен сапар шеккен. Бұл сол кездегі КСРО деңгейінде тараған ерекше шаралардың бірі болыпты. Жорыққа қатысқан жігіттердің бәріне орден беріліп, бір-бір құсмылтық сыйға тартылған екен. Түрікмен кілемі. Түрікмен кілемі - қалын кілем түрі. Алғаш 1869 жылы түркімен шеберлерінің жәдігері Санкт-Петербургтегі көрмеге қойылып, бәйге алған. Содан бері Еуропа жұртшылығы түркімен кілем тоқығыштарынан хабардар болады. 1937 жылғы Париждегі үлкен көрмеде түркіменнің қалы кілемі алтын медаль алады. Қазір қай жерде этнографиялық көрме болса, түркімен қыз-келіншектерінің шебер қолынан шыққан туындылары сонда қойылып, бәйге алып жатады. Тәуелсіздік алғаннан кейін бұрынғы «Туркменковер» фирмасының орнына «Түркіменхалы» атты мемлекеттік бірлестік құрылған. Қазір оның өнімдері дүние жүзінің көптеген елдеріне шығарылады. Соның арасында АҚШ, Италия, Ұлыбритания, Германия, Швейцария, Ресей, Түркия, т.б. елдер бар. 1993 жылдың 20 наурызында Түрікменстанда түркімен кілемінің музейі ашылған. Онда ХІІІ ғасырдан бергі уақыттағы түркімен кілемінің тамаша үлгілері жинақталған. 1996 жылы Ашғабадта осы кілем тоқу өнеріне арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік симпозиум өткізіліпті. Түркімен кілеміне ТДС 52-97 халықаралық стандарты берілген. 2002 жылы Женевада өткен «Ғасырлық сапа кезеңі» атты көрмеде түркімен кілемі алтын жүлде алған. Кеңес заманында тоқылған ең үлкен кілем «Түркімен рухы» деп аталады. Ол 1942 жылы тоқылған, аумағы 193,5 шаршы метр. Тәуелсіздік жылдарында өкімет тарапынан күшті қолдау көрген түркімен кілемшілері өз өнерлерін жаңа сапалық деңгейге көтерген. 1996 жылы «Түркіменбашы» атты аумағы 266 шаршы метрлік кілем тоқыса, ел тәуелсіздігінің 10 жылдығына арнап 2001 жылы то¬қылған кілем Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген. «Ұлы Түркіменбашы Сапармұрадтың алтын ғасыры» деп аталған бұл кілемнің аумағы 301 шар¬шы метр, биіктігі 14 метр, салмағы 1 тонна 200 кг. 1992 жылдан бастап Мақтымқұлы айының соңғы жексенбісі «Түркімен кілемінің күні» деп мерекеленіп келеді. Ашғабат. Ашғабат — () Түрікменстанның елордасы. Копет-Дағ тауының етегіне орналасқан, тұрғыны 600 мыңдай адам «Ақ мәрмәрдан соғылған қала» — түркімендер өз елінің астанасын осылай деп дәріптейді. Атауы. Ашғабат деген сөздің өзі «ышық-абад» яғни, «ыстық абад» деген сөзден алынған екен. Түрікменстан мейрамдары. Түрікменстан мейрамдары — Түркіменстанда ұлттық есептелетін 23 мереке бар. Жыл сайын Құрбан айтына 3 күн демалыс беріледі. Ал Түркімен тұлпары, кілемі, Мақтымқұлы позиясы, т.б. мерекелік күндер демалыс болмаса да кеңінен аталып өтеді. Түрікменстан әнұраны. Түрікменстан әнұраны — ( — Түрікменстанның мемлекеттік әнұраны) Түрікменстанның ұлттық әнұраны. Saňa şek ýetirse, kör bolsun gözler, Ашғабаттағы жер сілкінісі. 1948 жылдың 6 қазаны түнгі сағат бірден он екі минөт өтіп, халықтың бәрі қатты ұйқыда жатқанда Ашғабатта 9 баллдық жер сілкінісі болған. Бар-жоғы 15-20 секөнтке созылған сол зілзала бір мезгілде 160 мың адамның өмірін қиған. Қала құрылыстарының 98 пайызы қатты бүлінген. 200-ден артық өнеркәсіп ошақтары жермен-жексен болған. Ұйқыдағы адамдардың бәрін құлаған құрылыстар басып қалған. Сілкіністің күштілігі сондай, көрген адамдардың айтуына қарағанда, рельсте келе жатқан темір жол құрамы тепловозымен бірге қаңбақша ұшқан. 1998 жылы Ашғабад трагедиясының 50 жылдығы кеңінен аталып өтті. Сол жылы Бабасары Аннамұрадов деген мүсінші «Зілзала» атты скульптуралық-композиция салады. Онда «көк өгіздің мүйізіндегі» жер шары бейнеленген. Ол жарылып, қара күштер бел алғанда ананың қолындағы алтын бала болашаққа ұшып кеткелі тұрғандай әсер етеді. Сөйтіп, сол бала президенттің алтын мен апталған алып ескерткішіне ұласқан. Композицияның аяқталу сәті қарсы алдында тұрған Түркіменбашының алып мүсінімен аяқталады. Қолдан құйылған «көк өгіздің» биіктігі 15 метр болғанда қарсы тұрған президенттің мүсіні одан 4 −5 есе биік. Түрікменстанда «Қызыл күндердің» ішінде «Қасірет шеккендерді еске алу күні» бар. Исландия әнұраны. Исландия әұраны — ( — "әнұран"; ( — "Біздің елдің құдайы!") Исландия Республикасының ұлттық әнұраны. Әнұранда үш тарау бар, бірақ тек бірінші тарауы әдетте орындаладыю Ó, guð vors lands! Ó, lands vors guð! Vér lofum þitt heilaga, heilaga nafn! Úr sólkerfum himnanna hnýta þér krans Fyrir þér er einn dagur sem þúsund ár, og þúsund ár dagur, ei meir; eitt eilífðar smáblóm með titrandi tár, sem tilbiður guð sinn og deyr. eitt eilífðar smáblóm með titrandi tár, sem tilbiður guð sinn og deyr. Ó guð, ó guð! Vér föllum fram og fórnum þér brennandi, brennandi sál, guð faðir, vor drottinn frá kyni til kyns, og vér kvökum vort helgasta mál. Vér kvökum og þökkum í þúsund ár, því þú ert vort einasta skjól. Vér kvökum og þökkum með titrandi tár, Ó, guð vors lands! Ó, lands vors guð! Vér lifum sem blaktandi, blaktandi strá. Vér deyjum, ef þú ert ei ljós það og líf, sem að lyftir oss duftinu frá. Ó, vert þú hvern morgun vort ljúfasta líf, og á kvöldin vor himneska hvíld og vor hlíf og vor hertogi á þjóðlífsins braut. verði gróandi þjóðlíf með þverrandi tár, Аманжолов, Сәрсен. Сәрсен Аманжолов (1903-1958 жж.) — қазақтың көрнекті лингвисті, тілші, ойшылы, тюрколог ғалымы. С. Аманжолов 1903 ж. Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданындағы Егінсу деген жерде дүниеге келген. 1916 жылы Катон-Қарағайдағы орыс-қазақ мектебін бітіргеннен кейін, Өскемен қаласындағы қалалық реальдық училищеге түседі. 1920 ж. Семей қаласындағы үш айлық мұғалімдік курсқа түсіп, оны жақсы бағамен аяқтайды. 1919-1922 жылдары мұғалім қызметін атқарады. 1922 жылдың 1- мамырынан 1924 жылдың 2- маусымына дейін Бұқтырма уезінде халық соты болады. 1924 жылдың 1 — маусымнан 1926 жылдың 1- мамырына дейін Шығыс Қазақстан облысының Атқару Комитетінде жауапты хатшы, ал 1928-30 жж. Орта Азия жазушылар бюросындағы қазақ жазушылары секциясының төрағасы. Орта Азия Орталық партия Комитетінің және Қазақстан өлкелік партия Комитетінің ұйғаруы бойынша, 1928 ж. ашылған Абай атындағы қазақ педагогикалық институтына С. Аманжолов 1931 ж. күзінде оқытушылық қызметке келді. Осы жылы бұл институтта әрі аспирант, әрі ассистент болып жүріп көлемді оқулықтар мен бағдарламалар жазу ісіне кірісті. Жас ғалымның алғашқы көлемді еңбектері 1931 ж. Ташкентте басылып шықты.6 сыныпқа арналған «Қазақ тілі грамматикасы» атты кітабы 1932 жылы Алматыдағы Мемлекеттік баспадан басылып шықты. 1934-40 жж. орта мектептерге арналған «Қазақ тілі» грамматикалық оқулық болып шықты. Бұл грамматика мектеп балаларын оқытуда мұғалімдерге ұсынылған тұңғыш оқулық еді. С. Аманжолов — тұңғыш рет жасалған қазақ тілі бағдарламасының авторы. Бұл бағдарлама 1938 жылы жарыққа шықты. 1939 — 1957 жылдары жоғары оқу орындарына арнап қазақ тілі диалектологиясының бағдарламасын жасады. Профессор С.Е. Малов С. Аманжоловтың қазақ тіл біліміне, қазақ тілінің орфографиясына сіңірген еңбегіне зор баға берді. 1940 ж. кирил жазуы негізінде қазақ әліппесін дамытқан. Аманжолов көрнекті тюрколог, қазақ тіл ғылымының терминологиясына үлкен мән берді. Ғалым орфографияға, түсіндірме сөздіктер жасау ісіне зор көңіл бөлді. 1940 ж. орфографиялық сөздігі жарық көрді. 1944-45 жж. «Қызыл Армия үгітшісінің блокнотында» аудармашы, әрі редактор қызметін атқарды. 1954 ж. ол Қазақ ССР академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды. 1948-1958 жылдары Қазақ КСРО Ғылым Академиясы Институтының тіл және әдебиет бөлімін басқарды. Өмірінің соңына дейін ғылыми-педагогикалық қызметтен қол үзбеген ғалым. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетіне С. Аманжоловтың есімі берілді. Әзірбайжан маршы. Әзірбайжан маршы () — Әзірбайжан Республикасының ұлттық әнұраны. Әнұран 1919 ж. жазылған, 1920 ж. Әзірбайжан Халық Республикасының әнұрані етіп қабылданған. 1992 ж. Әзірбайжан Республикасының әнұрані етіп қайта тағайындалған. Səndən ötrü can verməyə cümlə hazırız! Səndən ötrü qan tökməyə cümlə qadiriz! Тәуелсіздік маршы. Тәуелсіздік маршы () — Түрік Республикасының және Солтүстік Қыбыр Түрік Республикасының ұлттық әнұраны. 1923 ж. қазанның 29 Түрік Республикасының жариялану алдынан екі жыл бұрын 1921 ж. наурыздың 12 қабылданған. Korkma, sönmez bu şafaklarda yüzen al sancak; Sönmeden yurdumun üstünde tüten en son ocak. O benimdir, o benim milletimindir ancak. Çatma, kurban olayım çehreni ey nazlı hilâl! Kahraman ırkıma bir gül! Ne bu şiddet bu celâl? Sana olmaz dökülen kanlarımız sonra helâl, Ben ezelden beridir hür yaşadım, hür yaşarım. Hangi çılgın bana zincir vuracakmış? Şaşarım! Kükremiş sel gibiyim, bendimi çiğner aşarım; Garbın âfakını sarmışsa çelik zırhlı duvar, Benim iman dolu göğsüm gibi serhaddim var. Ulusun, korkma! Nasıl böyle bir imanı boğar. «Medeniyet!» dediğin tek dişi kalmış canavar? Siper et gövdeni, dursun bu hayasızca akın. Kimbilir, belki yarın, belki yarından da yakın. Bastığın yerleri «toprak» diyerek geçme, tanı! Sen şehit oğlusun, incitme, yazıktır atanı; Verme, dünyaları alsan da bu cennet vatanı. Kim bu cennet vatanın uğruna olmaz ki feda? Canı, cananı, bütün varımı alsın da Hüda, Etmesin tek vatanımdan beni dünyada cüda. Ruhumun senden, ilahi, şudur ancak emeli; Bu ezanlar ki şahadetleri dinin temeli, O zaman vecd ile bin secde eder varsa taşım; Her cerihamdan, ilahi, boşanıp kanlı yaşım, Fışkırır ruh-i mücerret gibi yerden na'aşım; O zaman yükselerek arşa değer belki başım! Dalgalan sen de şafaklar gibi ey şanlı hilâl; Olsun artık dökülen kanlarımın hepsi helâl! Ebediyyen sana yok, ırkıma yok izmihlâl. Тәжікстан әнұраны. Тәжікстан әнұраны (— ұлттық әнұран) — Тәжікстан Республикасының ұлттық әнұраны. Кирил жазуымен. Ба бахти мо сари азизи ту баланд бод, Саодати ту, давлати ту бегазанд бод. Ба зери парчами ту саф кашидаем, Ту аз умеди рафтагони мо нишонаӣ, Ки мазраи вафо бувад канори ту, Бақои ту бувад бақои хонадони мо, Мароми ту бувад мароми ҷисму ҷони мо, Зи ту саодати абад насиби мост, Ту ҳастиву ҳама ҷаҳон ҳабиби мост, Беларус әнұраны. Беларус әнұраны — Беларус Республикасының ұлттық әнұраны. Бейресми атауы — ( — Біз, беларустар) әнұранның бастау сөздерінен. Беларус президенті жарлығымен 2002 ж. шілденің 2 тағайындалған. 1992. Наурыз. 2 наурыз — ҚР БҰҰ-ның мүшелігіне қабылдануы. Туғандар. 2 Қаңтар - С. Ержан =) 1993. Қараша. 15 қараша — ҚР-ның өз ұлттық валютасы — теңге айналымға кірді. Қайтыс болғандар. _ 1994. Қаңтар. 1 қаңтарды — Дублин ғрафтығы Дублин қаласына Дан-Лири — Ратдаун мен Фингал, Оңтүстік Дублин графтықтарына бөлінді Қайтыс болғандар. Арғынбай Жұмажанұлы 2010. Барыс – сыры жұмбақ жануар. Ол өзіне өзгелердің назарын еріксіз аудартады. Барынша жіті көз тігуге мәжбүр етеді. Өзінше дербес, тәкаппар, топтанып жүруді ұнатпайтын, мейлінше сақ, бірақ қорқақ емес, барынша батыл, бірақ өзгелерге қиянат жасап, біреудің мекені мен жеміне көзін алартпайтын, басқаларға жоқтан өзгеге бола азу көрсетіп, тырнақ батыруды білмейтін, бірақ өзінің есесін ешкімге де жібермейтін, айнала төңірегіндегілерді ақырып-бақырмай-ақ, айрықша шыдамдылығымен өзін сыйлата алатын текті аң. Ешқашан қапы қалмайтын аса сезімтал, айбынды қасиетке ие. Басты оқиғалар. Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төрағалығының логотипі 2010 жылы Қазақстан ТМД елдерінен алғашқы болып ЕҚЫҰ-ға төрағалық етеді. Қазақстан ТМД-дағы, Орталық Азия мен тұтастай алғанда, басым бөлігін мұсылман халқы мекендейтін Азия субқұрлығындағы осы ықпалды еуропалық ұйымға басшылық ететін алғашқы ел болып отыр. Қаңтар. Гаити жерсілкінісі (2010) Ақпан. Қысқы Олимпиадалық Ойындар 2010 Наурыз. Қызылағаш бөгеті бұзылуы 1830 жж.. Ресеймен тырысқақ індеті домаланды. Тамбовта және тағы бірнеше губерния тырысқақ бүліктерді болды. Дүниеге келді. 15 наурыз - Пауль Хейзе, неміс жазушысы. 1953. Наурыз. Наурыздың 5-сінде СОКП ОК Хатшысы, КСРО МК төрағасы, КСРО Жоғарғы Қолбасшы, Кеңес одағы генералиссимусы Иосиф Сталин пәниден бақиға өтті. Қайтыс болғандар. Наурыздың 5-сінде Иосиф Виссарионұлы Сталин қайтыс болды. 1959. Қаңтар. Қаңтардың 2-сінде КСРО Айға қарай "Луна-1" ғарыш аппаратын ұшырды. Наурыз. Наурыздың 3-нде АҚШ Айға қарай "Пайонир-4" ғарыш аппаратын ұшырды. 1978. Наурыз. Наурыздың 16-сында "Қызыл бригада" террористері Италияның бұрынғы премьер-министрі Альдо Мороны ұрлап әкетті. 2. 2 жыл — Біздің Заманымыздың екінші жылы. 3. 3 жыл — Біздің Заманымыздың үшінші жылы. 4. 4 жыл — Біздің Заманымыздың төртінші жылы. 5. 5 жыл — Біздің Заманымыздың бесінші жылы. 6. 6 жыл — Біздің Заманымыздың алтыншы жылы. 7. 7 жыл — Біздің Заманымыздың жетінші жылы. 8. 8 жыл — Біздің Заманымыздың сегізінші жылы. 9. 9 жыл — Біздің Заманымыздың тоғызыншы жылы. 10. 10 жыл — Біздің Заманымыздың оныншы жылы. 1939. 1939 (MCMXXXIX) жыл — Грегориус күнтізбесінде жексенбіден басталатын кәдімгі жыл болған. 1929. Туғандар. Арғынбай Жұмажанұлы 1900. Оқиғалар. Дэвис кубогының алғашқы жарысында АҚШ пен Ұлыбритания қатысты. Біләлов, Серік Сұлтанғазыұлы. Біләлов, Серік Сұлтанғазыұлы — Солтүстік Қазақстан облысы әкімі. 1958 ж. сәуірдің 5 Солтүстік Қазақстан облысының Булаевск ауданының Сарытомар аулында дүниеге келген. Целиноград ауыл шаруашылық институтын (1983 ж.), Алматы экономика және статистика институтын тәмамдады (1998 ж.), зооинженер, экономист. Еңбек қызметін 1974 ж. Солтүстік Қазақстан облысының Возвышенск ауданының «Молодогвардейцев» атындағы совхоздың мал санитары болып бастап, кейін Бескөл ауданы «Андреевский» кеңшары бөлімшесінің зоотехнигі болып жұмыс істеді. Солтүстік Қазақстан облысының кеңшарларында бас зоотехник, Совет ауданы «Аралағаш» кеңшарының директоры болып істеді. 1992 ж. «Бескөл құс фабрикасы» АБАҚ бас зоотехнигі, одан кейін президенті болып істеді. 1999 ж. бастап Солтүстік Қазақстан облысы Булаев (қазіргі Мағжан Жұмабаев), Есіл, Қызылжар аудандарының әкімі. 2007 ж. сәуіріне дейін Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданының әкімі болып жұмыс істеп, сәуір айынан Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған. 2007 ж. қазанның 9 — Солтүстік Қазақстан облысы әкімі. Біләлов, Серік Сұлтанғазыұлы Ататүрік, Мұстафа Кәмәл. Қарындасы Макбуле, анасы Зүбейде ханым, Мұстафа Кәмәлдің өзі. Мұстафа Кәмәл Ататүрік — Түркия Республикасының тұңғыш президенті, оның негізін қалаушысы, жалпыұлттық көсемі, саяси реформаторы, әскери сардары және революцияшыл мемлекет қайраткері. Мұстафа Кәмәл Галлиполи операциясы кезінде дивизия командирі қызметін атқарып жүрген кезінде өзін табысты және мейлінше дарынды қолбасшы ретінде көрсете білді. Кейінірек ол Анатолия және Палестина фронттарында әскер қимылдарды ерекше табысты жүргізуімен көзге түсіп, Бірінші Дүниежүзілік соғыс кезінде зор атақ-даңққа ие болды. Османлы империясының соғыста жеңіліп, Антанта тарапынан елді бөлшектеп тастауға жоспарлар жасалғаннан кейін, Мұстафа Кәмәл Түрік ұлттық қозғалысын бастады. Ол кейін Түрік тәуелсіздік соғысына ұласты. Анкарада уақытша үкімет ұйымдастырған соң, ол Антанта мемлекеттері жіберген әскерлерді талқандады. Оның жеңімпаз әскери жорықтарының нәтижесінде ел басқыншылардан азат етіліп, Түркия Республикасының негізі қаланды. Содан соң Мұстафа Кәмәл Түркия өмірінің саяси, экономикалық және мәдени жақтарына терең өзгерістер енгізуге бағытталған реформаларға кірісті. Ол реформалардың басты бағыттары Кәмәлдің саяси идеологиясында баяндалған. Ол көзқарас бойынша осы заманғы, демократиялық және зайырлы ұлттық мемлекет құрылуға тиіс. Жеке өмірі. Мұстафа Кәмәл Османлы империясындағы Сәләник қаласында дүниеге келген. Туған кездегі толық есімі — Әли Риза ұлы Мұстафа. Әкесі — Әли Риза Ефенді, анасы — Зүбейде ханым. Балам батыр болсын деген ырыммен әкесі Мұстафаның бесігінің үстіне қылыш ілген екен. Мұстафа Кәмәлдің нақты қай күні туғаны белгісіз. Оның себебі, Османлы империясында екі түрлі күнтізбе қолданылған: һиджри және руми. Оның туған жылы 1296 жыл деп тіркелді де, қай күнтізбе бойынша екендігі айтылмады. 1296 жыл қазіргі жалпы қолданыстағы күнтізбенің 1880-1881 жылдарына сәйкес келеді. Мұстафа Кәмәлдің өзінің айтуынша, анасы оған көктемде туғансың деп айтқан, ал қарындасы Макбуле Атаданның айтуынша, аналары Мұстафа қыстыгүні боран тұрған кезде түнде туғансың деп хабарлаған. Тарихшы Решит Саффет Атабиненнің ұсынысынан кейін Ататүріктің өзі туған күні ретінде Түрік тәуелсіздік соғысы басталған күнді, яғни мамырдың 19-ын қабылдады. Селанік пен Манастырдағы әскери мектептерде оқыған. 1895-ші жылы Манастырдағы Османлы әскери академиясына оқуға түсті. Мұстафа Кәмәл Латифе Ұшақлігілге үйленген. Ол 3 жыл отауласқаннан кейін ажырасты. Ататүрік жеті қыз бен бір ұл асырап алған. Бос уақытында кітап оқуды, атқа мінуді, шахмат ойнауды және суда жүзуді ұнатқан. Биге әсіресе құмар болған; вальс пен халықтық «Зейбек» би мәнеріне әуес болған. Мұстафа Кәмәл көптеген кітап жазып, жеке күнделік те жүргізген. Бастапқы кезең, 1905-1914 жылдар. Мұстафа Кәмәл әскери оқу орнын 1905 жылы лейтенант әскери шенімен тәмамдап, Дамаскіде орналасқан 5-ші армияға жолданды. Ол сонда "Vatan ve Hürriyet" («Отан және азаттық») деген реформашыл офицерлердің құпия революциялық қоғамына мүше болып, османлы сұлтаны ІІ-ші Абдулхамидтың автократиялық билігінің қарсыласына айналды. 1907 жылы ол капитан шенін алып, Манастырдағы 3-ші армияға жолдау алды. Осы кезеңде ол Жас түріктер деген атпен де белгілі Бірлік және прогресс комитетіне (БПК) кірді. 1908 жылы Жас түріктер ІІ-ші Абдулхамид сұлтанды тақтан тайдарап, билік басына келді. Мұстафа Кәмәл жоғарғы әскери басшылардың біріне айналды. БПК-ның ең алғашқы мүшелерінің бірі ретінде ол да 1908 жылғы революцияға қатысты. Бірақ кейінгі жылдары БПК-ның жетекшілері жүргізген саясатқа қарсы бола бастап, кейде тіпті сынға алып та жүрді. Оның үстіне Мұстафа Кәмәлдің Енвер пашамен қатынастары да нашарлап кетті. Ақырында Енвер паша 1913 жылы ең жоғарғы әскери лауазымға ие болған соң Мұстафа Кәмәл биліктен шеттетілді. 1910 жылы Ататүрік Франциядағы Пикардия әскери маневрлеріне қатысты. 1911 жылы Ыстамбұлдағы Соғыс министрлігінде (Harbiye Nezareti) қызмет етті. Сол 1911 жылы ол Траблусгарб уәләятына (қазіргі Либия мемлекетінің жерінде) италиян әскерлеріне қарсылық ұйымдастыруға жіберілді. Тобрук қаласын табысты қорғағаннан соң ол 1912 жылғы наурыздың 6-сында Дернедегі әскердің қолбасшысы болып тағайындалды. Мұстафа Кәмәл Ыстамбұлға 1912 жылғы қазан айында, Балқан соғыстары басталып кеткеннен кейін оралды. Бірінші Балқан соғысында ол Фракияның жағалауындағы Галлиполи мен Болайырда Бұлғарстан әскерімен соғысты. Екінші Балқан соғысының кезінде Едірне мен Дидимотейхоны қайтаруда маңызды роль атқарды. 1913 жылы ол Софияға жіберіліп, сонда әскери атташе болып тағайындалды. Бұның себебі — Енвер паша Мұстафа Кәмәлді өзінің бақталасы ретінде қарастырып, оның Ыстамбұлдағы саяси ықпалының күшейіп кетуінен қауіптенген болатын. 1914 жылғы наурызда Софияда жүрген кезінде ол подполковник әскери атағын алды. Бірінші дүниежүзілік соғыс. Софиядағы қызмет кезінде Мұстафа КәмәлТүркияның соғысқа Германияның одақтасы ретінде қатысуын қатты сынға ала бастады. 1914 жылғы шілденің 6сында ол Истанбулдағы соғыс министрлігіне соғыс бастала қалған жағдайда Түркияның бейтараптық саясатын ұстанып, кейінірек соғысқа Германияға қарсы кірісу керектігі туралы ұсыныс жасап хат жазды. Алайда соғыс министрі Енвер паша Германиямен одақтасуды дұрыс көріп, екі үкіметтің арасында одақ құру туралы құпия келісім жасалды. Соның нәтижесінде Османлы империясы Бірінші дүниежүзілік соғысқа Германияның одақтасы ретінде енді. Галлиполи шайқасы, 1915–1916. a>ның кезінде жағалауға келіп түскен Антанта әскерлерінің барлығын дерлік талқандаған 19-шы дивизияға қолбасшылық етті. Дарданелл бұғазын қорғауға арналған 5-ші армияны басқаруға неміс маршалы Отто Лиман фон Сандерс тағайындалды. Мұстафа Кәмәлға сол 5-ші армияның құрамына енгізілген 19-шы дивизияны ұйымдастырып, оған басшылық ету міндеті жүктелді. Ал 1915 жылғы қаңтардың 8-інде Британия соғыс кеңесі «Галлиполи түбегін зеңбірекпен атқылап, Истанбулды қолға түсіру мақсатымен басып алу» үшін соғыс оперциясын бастап жіберді. Галлиполи операциясының кезінде жауынгерлеріне басшылық етіп жүрген Мұстафа Кәмәл, 1915 жыл. Дарданелл бұғазының жағалауындағы қорғаныстарды бұзып-жарып өтіп Истанбулға шабуыл жасау тапсырмасын Британия соғыс кемелері орындай алмады. Сол себепті британиялықтар флотының қимылдарына қолдау болсын деп құрлыққа түсу операциясын бастады. Бұл операция 1915 жылғы сәуірдің 25-інен 1916 жылғы қаңтардың 9-ына дейін орын алды. Галлиполиде орналастырылған Мұстафа Кәмәлдің басшылығындағы дивизия түбекті басып алмақ болған Антанта әскерлерімен бетпе-бет келіп соқтығысты. 1915 жылғы сәуірдің 15-інде Аустралия және Жаңа Зеландияның әскерлері (АНЗАК) АНЗАК қойнауында жағалауға келіп түсіп, ішкеріге басып кіруге бет алды. Бірақ көп ұзамай олар Мұстафа Кәмәлдің қолбасшылығындағы түрік әскерінің қарсы шабуылына ұшырады. Мұстафа Кәмәл жау әскерлерімен төбелерде кездесіп, оларды тоқтатып, биіктіктерді қайтадан қолға түсірді. Оның әскери басшылығының арқасында АНЗАК әскерлері тоқтатылып, жағалауға түсуде қарастырылған әскери мақсаттар орындалмай қалды. Түн түскенге дейін АНЗАК әскерлерінің шығыны 2000-ға жетіп, олар енді теңізге ығыстырылып тасталмай, жағалауда қалу үшін ғана соғыса бастады. Содан кейінгі екі аптаның ішінде Антанта әскерлері жағалауда қалып, әскердің үштен бірінен айырылды. Мұстафа Кәмәл операцияның бастапқы кезеңіндегі Чунуқ Баир шайқасында қарсылас әскерін тоқтатып полковник әскери дәрежесін алған болатын. Галлиполи операциясының екінші кезеңі тамыздың 6-сында басталды. Соның кезінде қолбасшы Мұстафа Кәмәл қызметтерін көбінесе алғы шептен 300 метр ғана қашықтықта атқаратын. Осы операцияның Чунуқ Баир, Юсуфчук тепе, Сары Баир сияқты шайқастарында түрік әскерлеріне басшылық етті. 1916–1917 жылғы Кавказ жорығы. Мұстафа Кәмәл Диярбакырда тұрақтап, 2-ші армияның 16-шы корпусына басшылық ете бастады. Галлиполи шайқасынан кейін Мұстафа Кәмәл алдымен Едірнеде 1916 жылғы қаңтардың 14-ні дейін қызмет атқарды. Содан соң ол Кавказ жорығына жіберілді. Сәуірдің 1-інде ол бригада генералы әскери лауазымына ие болды. Тарихшылардың көбі оның әскери лауазымының өсуіне Енвер паша әдейі кедергі келтіріп отырды деп ойлайды. Мұстафа Кәмәл жаңа қызметке тағайындалған кезде османлы әскері үздіксіз алға басып келе жатқан генерал Товмас Назарбекянның басшылығындағы орыс әскерімен, Андраник Торос Озанянның басшылығындағы армян еріктілері қосынымен және армян қарулы азаматтарынан құралған әскери топтармен бетпе-бет тұрған болатын. Ван қарсылығынан кейін Арам Манукянның басшылығымен Арменияның уақытша үкіметі құрылды. Армян үкіметінің билігі Ван көлінің жағасында алғашқы пайда болған кезінен біраз кеңіген болатын. Бітліс шайқасы мен Мұш шайқасы да басталып кеткен еді. Кәмәл келген кезде бей-берекет жағдайдың қалыптасқанын көрді. Жылдың ең жайлы кезеңдерінде де ондағы ауа райы қатал болатын. Байланыс және әскерді қамтамасыз ету жолдары бас көтерушілердің шабуылдарына ұшырап жатты. Жүздеген мың босқындар, олардың көпшілігі армян қосындарымен жауласқан күрдтер, алға басып келе жатқан орыс әскерлерінен бас сауғалап босып келе жатқан еді. Мұстафа Кәмәлдің алдында тұрған басты мақсат — өз басшылығындағы әскердің дұрыс қызмет атқаруы үшін осы бей-берекет босып келе жатқан жұрттың арасында тәртіп орнат, олардың көріп жүрген азаптарын азайту болды. Орыс әскерлерінің жойқын шабуылы Анатолияның Ерзурум, Бітліс және Мұш қалаларына келіп жетті. Тамыздың 7-сінде Мұстафа Кәмәл топтарын орналастырып, қарсы шабуыл бастап жіберді. Ол өзінің бұрынырақ жеңіліске ұшырап, қатты жүнжіген әскерінің рухын көтере білді. Соның арқасында небәрі бес күннің ішінде оның дивизияларының екеуі зор стратегиялық маңызға ие Бітліс және Мұш қалаларын қолға түсіріп, Ресей қолбасшылығының жоспарларын шатастырып жіберді. Емиль Ленгиель бұл туралы былай деп жазды: «Ол қайтадан егер дұрыс басшылық жасалса түріктің ержүрек жауынгер бола алатынын көрсетіп, түріктердің өздері «Кемел» есімді қолбасшыларының ерекше дарынды қолбасшылығына таңырқай назар аударды». Алайда майданның басқа бөліктерінде қолбасшылық еткен Іззет паша осы табысты қарсы шұабуылға дұрыс үлес қоса алмады. Қыркүйек айында Мұстафа Кәмәл орыс әскерінің және армян еріктілер қосындарының шабуылынан Мұш қаласын тастап кері шегінуге мәжбүр болды. Бірнеше рет жеңіліс көрсе де Мұстафа Кәмәл бір рет табысқа жетті. Оның басты стратегиялық мақсаты — қарсыластың әскерін таулы аймақтан шығармай ұстау болды. Оның қол жеткізген табыстары оның сол жылы «Имтияз орденінің алтын семсері» медалімен марапатталуы арқылы бағасын алды. 1917 жылғы наурыздың 7-сінде Мұстафа Кәмәл 16-шы корпустың қолбасшылығынан шеттетіліп, бүкіл 2-ші армияның қолбасшысы болып тағайындалды. Сол екі арада 1917 жылғы Қазан төңкерісі басталып, Ресей әскері бытырап кетті. Мұстафа Кәмәл сол кезде басқа жаққа тағайындалып, ол аймақты тастап кеткен болатын. 1917–1918 жылғы Синай және Палестина жорығы. 1918 жылғы Синай және Палестина жорығының кезінде Мұстафа Кәмәл Наблуста орналастырылған османлының 7-ші армиясына басшылық етті. Путин, Владимир Владимирович. Владимир Владимирович Путин — Ресей Федерациясының 2-ші президенті. Владимир Владимирович Путин 1952 жылы 7 қазанда Ленинградта дүниеге келген. 1975 жы­лы Ленинград мемлекеттік университетінің заң факультетін бітіргеннен кейін мемлекет қауіпсіздігі органдарына жұмысқа жіберілген. 1985-1990 жылдар аралығында сол кездегі ГДР-де болғаны да бар. ЛГУ ректорының көмекшісі, қалалық кеңес төрағасының кеңесшісі, Ленинград мэриясының сыртқы байланыстар комитетінің төрағасы сияқты қызметтер атқарған. Владимир Влади­мир­овичтің мықшегедей мықтылығы, шиыр­шық атқан шымырлығы 1999 жылдың та­мы­зында Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы бо­лып тағайындалған тұстан бастап шындап танылды. Сол жылдың 31 желтоқсанынан Ресей Президентінің міндетін атқаруға кіріс­кен. Путин басқару нәтижесі. Елді Путин басқарғалы бергі сегіз жылдың басты олжасы – отаншылдықтың орасан артқаны. Путин Ресейдің біртұтастығын сақтауды салған беттен қатты қолға алды. Ол 2000 жылғы 26 наурыздағы президент сайлауынан кейін өз қызметіне ресми түрде 7 мамырда кірісті. Іле-шала, 13 мамырда Путин жеті федералдық округ құру туралы ұсыныс жасап, ол округтарға өзінің өкілетті өкілдерін тағайындады, сөйтіп өңір басшыларына өзінің ықпалын күшейтті. Араға 10-ақ күн түскенде, 17 мамырда Парламенттің жоғарғы пала­та­сын жасақтаудың жаңа тәртібін енгізді. Оған дейін Федерация Кеңесі губернаторлардан құ­ра­латын, губернаторлардың әрі орындаушылық, әрі заң шығарушылық тармақтарда қатар тұруы расында да көкейге қонбайтын нәрсе еді, енді олар Федерация Кеңесіне өз өкілдерін жіберетін болып белгіленді. Сол күні Путин Орталық пен федерация субъектілерінің қарым-қатынасына байланысты тағы бір маңызды бастама көтерді, оның мәні негізінен өңірлік лидерлердің орынсыз дабырайтылған ықпалын кемітуге тірелетін. Бұл жолда Путин ештеңеден тайынған жоқ. Тіпті 2004 жылдың күзінде Бесланда болған лаңкестік шараны да өз мақсатына пайдалана білді: бірнеше күннен кейін-ақ Мемлекеттік Думаға губернатор сайлауларынан бас тарту туралы заң жобасын енгіздірді, губернаторлар есін жиып үлгергенше қанды қырғыннан кейін қаны қатып тұрған депутаттар заңды қабылдап та жіберді. Путин билікке келісімен-ақ басталған екінші чешен соғысы оның алған беттен қайтпайтынын анық көрсетті. Дубровкадағы Театр орталығында лаң­кестер көрермендерді кепілдікке алып, қойылған шартқа келіспей тұрған тұста, тіпті, әлеует­ті күштер театр залына улы газ жіберіп, лаң­кестермен бірге залда қалған санаулы көрермендерді де амалсыз құрбандыққа шалуға дейін барды. 2005 жылғы 13 қарашада Нальчиктегі бүлікті қанға бөктіріп басу, 2005 жылғы 8 наурызда Аслан Масхадовтың, 2006 жылғы 10 шілдеде Шәміл Басаевтың көзін жою енді Ресей жерінде Буденновск қырғыны сияқты мас­қара жағдай, Хасавюрт келісімі сияқты шегініс бол­майтындығын бүкіл әлемге ашық айттырды. Мем­лекеттік Дума тиісті заңға қаза тапқан лаңкестердің денесін жер қойнына тапсыру үшін туған-туысқандарына беруге тыйым салатын түзетулер енгізді. Батыстағылардың адам құқы деп, жария­лылық деп, сөз бостандығы деп бажыл­да­ғанына қарамай, Путин әкімшілігі Кавказдағы соғыс тақырыбын бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетуге, жазуға іс жүзінде тыйым салды. Бұл орайда соғыс жағдайында БАҚ-тардың мүмкіндігі мемлекет тарапынан шектелетіндігі жөніндегі халықаралық құқық нормалары ептілікпен пайд­а­ла­нылды. Осыдан сегіз жыл бұрын лаңкестер Дағыстанға басып кіріп, Ресейдің әр жеріндегі қалаларда үйлерді жарып жатқан еді. Бүгінде елдің ыдырауы толық тоқтатылды, Солтүстік Кавказдағы соғыс өрті өшірілді, Чешенстан федерацияның толыққанды субъектісіне айналды. Бұл – факт. Елді әкімшілік-территориялық және саяси орталықтандыру мәселесінің шешілуі Президентке бүкіл билікті біржолата бергізді әрі оның жауапкершілік жүгін де күрт арттырды. Өйтпесе болмай бара жатыр еді. Бір өлкеде сатириктердің жазған мәтіндерін жаттап алып, сахнадан, телеэкраннан жатық орындаумен аты шыққан әртістің губернаторлыққа сайланып кеткенін біз де ұмыта қойған жоқпыз. Ресейден көргенінің бәрін үздік үлгідей ұсынатын біздегі біраз саясат­кер­лердің әкімдерді халық сайлауы керек деп біраз дау­рығып барып басылғаны да есімізде. Фе­дерациялық Ресейдің өзі бұл жолдан бас тартуы унитарлық Қазақстанның жағдайында ел тағ­ды­рына эксперимент жасауға тіпті де болмай­тынын анық ұғындырып берді. Бүгінде әкімдерді т­а­ғай­ын­дау халық сайлаған мәслихаттар депутаттарының келісімімен жүзеге асырылып жүр. Путин елді басқарған алғашқы жылдардың өзінде билікті меншік­теуге тыйым салынды, билік оли­гарх­тар қолынан жұлып алынды, сөйтіп, халықтың мемлекетке сенімі қал­пына келтірілді. Соң­ғы мәселенің ұлт­тық қадір-қасиетке тікелей қатысы бар екенін жасырмай айтқанымыз жөн шы­ғар. Путин ақпараттық империялардың олигархтарға тәуелділігі жағдайында ешқандай да мемлекеттік идея көңілдегідей жүзеге асырыл­майтынын әуел бастан-ақ айқын ұғынған. Ол істі Ель­циннің тұсында қолға алмауының өзінен Пу­тин­нің ақылы мен айласы, арыны мен абай­ла­ғыш­тығы қатар жүретін сұңғыла саясаткерлігін көреміз. Ельцинді екінші рет таққа отырғызуға барын аямаған Борис Березовскиймен бетпе-бет келу Борис Николаевичке қарсы шығудай қабылданар еді. Чешенстандағы террорға қарсы операцияларды көр­сетуге байланысты қойылған шектеулерді бұзған, Путиннің өзінің қадірін кетіруге арналған хабарлар дайындаған арналардың иелері – В.Гусин­ский мен Б.Березовский бірінен кейін бірі ше­телге қашуға мәжбүр етілді. Қалың қал­талылардың саясатқа сұғынуы қандайлық қатер еке­нін анық білетін Путин келесі соққысын ЮКОС-тың иесі М.Ходорковскийге бағыттады. Ре­сей сарапшыларының жазуына қарағанда, Ходор­ковский 2003-2004 жылдардағы сайлау науқаны ке­зінде Думаға өтетін партияларды меймілдете қаржыландыра бастаған, ондағы ойы өзі өткізген депутаттар арқылы премьер орынтағына ие болу, онан әрі елдегі басты билікті қолға алу көрінеді. Қалай дегенде де, Путин өз оппоненттерін материал­дық ресурстардан айырудың құқықтық тетіктерін дәл таба білді. Атам заманғы грек ойшылы Менандрдың “Адал адам ешқашан бай бола алмайды” дегені дұрыс емес, бірақ адал адамның аса бай болуы қай заманда да қиын ба деп те қаласың кейде. Мүмкін екендігін теріске шығар­маймыз, әрине. Ондаған миллиард дол­ларлық жеке байлығын жинаған Гусинскийдің де, Березовскийдің де, Ходорковскийдің де табиғи мо­нополияларындағы қисапсыз қаржының қайнар көзі жекешелендіру желігіндегі жөнсіздік екенін дәлел­деу тіпті де қиын емес еді. Ходорковскийді қамауға алу, артынша ЮКОС-ты қайта жеке­шелендіру Кремльдің ақшалы алпауыттармен ай­қасындағы айтулы жеңісіне айналды. Мұ­ның ұлттық қадір-қа­сиетке қандайлық қа­ты­сы бары көзі қарақты оқырманға жақсы мәлім. Әрине, Путин оларды ев­рей ұлтының өкілдері ретінде қудалаған жоқ, заңды белден басып байыған тойымсыздар ретінде қудалады. Соны­мен бірге арғы баба­ла­ры­ның арасында шо­ви­нис­тік айтаққа еріп, “Жөйіт­ті ұр, Ресейді құт­қар!” деп ұрандағандар да табылатын ұлттың кейбір бөлігінде Путиннің бұл қадамына осы қырынан қарап айызы қанғандар да аз болмағанын, айна­лып келгенде мұның өзі қоғамдық пікірде орыс­тың омырауын көтерте түскенін атымен ескер­меу­дің тағы жөні жоқ. Эко­номикадағы табыстар. Оның тұсында елдегі экономикалық және саяси құлдырау тоқта­тыл­ды, көп­субъектілі экономикаға негіз қаланды, 90-жыл­дардағы же­к­ешелендіру кезінде жол беріл­ген қате­ліктерді түзету қолға алын­ды, Ресейдің сыртқы қары­з­ын күрт кемітудің сәті түсті, экономиканың инновациялық сипатына бет бұру басталды, халықтың әл-ауқаты ана­ғұрлым жақсарды. Өткен сегіз жылдың ішінде Ресейде адамдардың нақты табысы 2,5 есе артты. Жұмыссыздық пен кедей­шілік мөлшері 2 еседен артық кеміді. Эконо­ми­каға тартылған шетелдік инвестицияның көлемі 7 есе өсті. Ресейдің шет елдермен сауда айналымы 5 еседен астам артты. Путиннің осы сегіз жылда тындырған тағы бір ірі ісі – Ресейдің әлемдік аренаға қуатты мемлекет ретінде қайта оралғандығы. 4 желтоқсанда жариялаған “Путин партиясы” атты мақаламызда: “Ре­­сей идеясы мың жыл бойы тәуелсіз сыртқы сая­сат жүргізіп келген бұл елдің халықаралық аре­надағы абыройын бірте-бірте қалпына келтіре бас­тады. Тап қазір ана бір жылғы Косоводағыдай сын сағат туа қалса, Ресейдің бұғынып қал­май­тыны бар­шаға белгілі”, деп жазған екенбіз. Аузымызға Ко­совоның қалай түскенін қайдам. Сол бітеу жараның бір жарылмай қоймайтынын түйсікпен болса да шамалаған шығармыз. Қазір сондай сын сағат шынында да туып отыр. Сондай сын сағатта Ресей бұғынып қалған жоқ. Президенттіктен үміткер Дмитрий Медведев сайлау сайысымен жанталасып жүріп, Сербияға барып қайтуға, Мәскеудің Косово егемендігін мойындамай­тын­дығын ашық айтуға уақыт тапты. Ал кезінде еңі­ре­ген ер дейтін Ельциннің өзі Сербияны НАТО ұшақ­тарының бомбылауына келіскен еді. Бал­кандағы оқиғалардың қалай өрбитінін болжау қи­ын, алайда, бір ұлттың мемлекеті әлемде біреуден артық болуы түптің түбінде жақсылыққа апар­майтынын біз дәйім есте ұстауға тиіспіз… Молотов-Риббентроп пакты. Молотов-Риббентроп пакты (ресми атауы:"Алмания мен Кеңестік Социалистік Республикаларының Одағы арасында шабуыл жасаспау туралы келісімі", «Гитлер-Сталин келісімі» деген аттармен де белгілі) — Бұл келісім он жыл мерзімге жасалды. Келісімге 1939 жылдың 23 тамызында Алмания жағынан сыртқы істер министрі Йоахим фон Риббентроп пен кеңестік жағынан сыртқы істер халық комиссары Вячеслав Молотов қол қойды. Қол қою рәсіміне Иосиф Сталин мен Алманияның елшісі граф фон дер Шуленбург қатысты. Келісім 1926 жылғы Берлин келісімімен және Рапалло келісімімен байланысты еді. Келісім Алманияның Польшамен және Батыс державаларымен келіспеушіліктер пайда болғанда Кеңес Одағының бейтараптығына кепілдік берді. Келісім бойынша Кеңес Одағы патшалық Россияның Бірінші Дүниежүзілік соғыс кезінде айырылып қалған территорияларын Алманияның қарсылығынсыз қайтарып алуға мүмкіндік алды. Келісімге жасалған қосымша құпия протокол бойынша екі ел Орталық Еуропаны өз мүдде аймақтарына бөлісіп алды. Финляндия, Эстония, Латвия елдері және Польшаның Нарев, Висла және Сан өзендерінен шығыс жатқан бөлігі советтік мүдделер аймағына жатқызылды. Оңтүстік-Шығыс Еуропа бойынша бұндай анық демаркация сызығы жасалмады. Кеңес Одағы Алмания үшін маңызы төмен Бессарабия аймағына өзінің мүдделі екенін жариялады. 1941 жылдың 22 маусымында Алманияның Кеңес Одағына шабуылымен келісім өз күшін жойды. 1939 жылдың 23 тамызында кеңес-алман шабуыл жасаспау туралы келісіміне қол қойылуы. Қол қойып отырған – Молотов, оның артында Риббентроп, Риббентроптың сол жағында Сталин тұр, оң жағында – Борис Шапошников. Алғы тарихы. Гитлер Алманияның шығысында жатқан елдердің Франциямен тығыз байланыстарын әлсіретуді өз алдына мақсат етіп қойған болатын. Оның жоспары бойынша осы елдер 1918 жылғы Брест-Литовск бейбіт келісіміндегідей қайтадан Алманияға тәуелді болып, Кеңес Одағына қарсы болуға тиіс еді. Бірақ 1934 жылғы алман-поляк өзара шабуыл жасаспау туралы келісімге қарамастан және 1936 жылы Алманияның Румынияға жасаған ұсыныстарына қарамастан бұл саясат сәтсіздікке ұшырады. 1938 жылғы қазан айында Гитлер Польшаға бірге шығысқа қарай экспансия жасау туралы ұсыныс жасап, Польшаға сол үшін Украинаның басым бөлігін беруге уәде етті. Бірақ Польша бұл ұсынысты қабылдамай тастады. Сондықтан Гитлердің жалғыз ғана амалы қалды. Ол — әскери күш қолдану арқылы Батыс державаларын араласуға деген еркінен айырып, Шығыс Еуропа елдерін алмандық және кеңестік мүдделер аймағына бөліп тастау. Алмания 1939 жылғы наурыздың 15-де 1938 жылы жасалған Мюнхен келісімдерін бұзып, Чехословакияны толығымен басып алғаннан кейін Британия мен Францияның тыныштандыру саясатының толық күйрегені анық болды. Гитлер де өзінің Версаль бітімінің шарттарын бұза бергеніне көрсеткен Британия мен Францияның төзімділігін олардың әлсіздігінің белгісі деп қабылдады.Ұлыбританияда Черчилльдің жетелеуіндегі консервативті партия оппозициясы үкіметтен гитлерлік Германияның талаптарына икемделе беруді тоқтатуды талап етті. Британия премьер-министрі Чемберлен Гитлердің ұлттарға байланысты талаптарын орындауға дайын болғанымен, Германияның шығысқа қарай ауқымды түрде кеңеюін Ұлыбританияның ұлы держава ретіндегі жағдайының негізі болып табылатын күштер тепе-теңдігіне төнген қатер деп қабылдады. Чемберленнің 1939 жылғы наурыздың 31-нде Польшаның тәуелсіздігі туралы берген кепілдігі Ұлыбританияның тәуелсіз Польшаға барынша мүдделі екендігін көрсетті. Сонымен бірге британ үкіметі Кеңес Одағынсыз Еуропада Гитлерге қарсы тиімді әрекет жасаудың мүмкін еместігіне де көз жеткізе бастады. Осы үш держава,Ұлыбритания, Германия және Кеңес Одағы Орталық-Шығыс Еуропада стратегиялық маңызды орынға ие болды және үшеуі де әрқандай қатерден тыс болғысы келді. Кеңес Одағы Германиядан төнген қатерді болдырмауға тырысып, алғашқы қадамды өзі жасап, 1938 жылғы сәуірдің 18-нде Ұлыбританияға одақ құру туралы ұсынысты алға тартты. Ол келісім бойынша екі ел шабуылға ұшыраған жағдайда бір-біріне көмектесіп, Балтық елдері,Финляндия мен Польшаға көмек беру туралы міндеттеме алуға тиіс болды. Үш мемлекеттің одағы туралы келіссөздер. Ұлыбритания, Франциямен Кеңес Одағы арасындағы келіссөздер ең басынан бастап бір-біріне сенбеушілік жағдайында өтті. Чемберлен Кеңес Одағына толығымен сенбеді, әрі Қызыл Армияның қуатын өте төмен деп бағалады. Кеңес Одағы болса батыс елдерінің өз міндеттемелерін орындайтындығына күмәнмен қарады. Келіссөздер оның үстіне Кеңес Одағының ықпалына түсіп қалудан қорыққан елдердің себебінен өте баяу жылжыды. 1939 жылғы тамыздың 11-нде басталған келіссөздер көп ұзамай тығырыққа тірелді. Әсіресе совет әскеріне Польша арқылы өту хұқығын беруге поляк үкіметі үзілді-кесілді қарсы болды. Кеңес Одағының тіпті герман шабуылы болмаған күннің өзінде поляк территориясына ешбір алдын ала жариялаусыз ену хұқығы туралы жасаған талабын Варшавадағылар қабылдаудан мүлдем бас тартты. Тамыздың 21-нде келіссөздер алдымен кейінге шегерілді, ал 23-нде Герман–совет өзара шабуыл жасаспау туралы келісіміне қол қойылғаннан кейін тамыздың 27-нде келіссөздердің сәтсіз аяқталғандығы баршаға түсінікті болды. Алман-кеңестік келіссөздері. Германия Драгоновтың бұл мәліметін аяқсыз қалдырмады. Шілденің 26-нда елшілік кеңесшісі Карл Шнурре совет елшілік кеңесшісі Астаховқа немістердің қандай кепілдік болса да беруге дайын екенін жеткізді. Түрлі мәселелер туралы талқылаулардан кейін тамыздың 17-нде елші Шуленбург сыртқы істер министрі Молотовқа өздерінің шабуыл жасаспау туралы келісімге қол қоюға дайын екендіктерін және мүдделер аймақтарын бөлісу туралы протокол оған құпия қосымша ретінде жасалуға тиіс екенін ұсынатын нота алып келді. Тамыздың 19-да бірнеше айдан бері Берлинде өткізіліп келе жатқан герман-совет экономикалық келіссөздері келісім жасасумен аяқталды. Ол келісімдер бойынша, Германия Кеңес Одағына 7 жылға 200 миллион рейхсмарка несие беріп, оның есесіне Кеңес Одағы Германияға екі жылдың ішінде 180 миллион рейхсмаркаға шикізат сататын болды. Дәл сол күні Молотов Берлинге совет үкіметінің сыртқы істер министрі Риббентропты тамыздың 26-ы мен 27-де шабуыл жасаспау туралы келісімді рәсімдеу үшін қабылдауға дайын екендігі туралы құлаққағыс жасады. Тамыздың 21-нде Шуленбург Молотовқа Гитлердің Сталинге жіберген жеке жолдауын табыстады. Ол жолдауда Гитлер Риббентроптың келесі екі күннің ішінде келісімнің соңғы мәселелерін шешіп, оны рәсімдеу үшін Мәскеуге келе алатынын хабарлады. Бұған Сталин Риббентроптың келуін тамыздың 23-не белгіледі. Осылайша Герман-совет өзара шабуыл жасаспау туралы келісіміне 1939 жылғы тамыздың 23-нде Риббентроп пен Молотов тарапынан Мәскеуде қол қойылды. Келісімнің мазмұны. Польшаны бірлесіп басып алған екі әскердің өкілдерінің кездесуі. 1939 жыл Келісім бойынша, келісуші жақтар бір-біріне шабуыл жасамауға ғана емес, үшінші бір жақпен соғыс басталғанда бейтараптық ұстануға тиіс болды. 1939 жылғы қыркүйектің 1-де герман Вермахты Польшаға шабуыл жасап, оны тез арада талқандап, 1939 жылғы қыркүйектің 17-де совет әскерлері шығыс Польшаны басып алғаннан кейін екі жақ 1939 жылғы қыркүйектің 28-де Герман-Кеңес шекара және достық туралы келісіміне қол қойып, бұрынғы поляк мемлекетінің аумағын өзара бөлісіп алды. Алмания. Британияның Германияға қойған ультиматумы Гитлердің осы «бас жоспарын» түкке жарамсыз етіп тастады, себебі Германияның материалдық және адамдық ресурстары бүкілеуропалық соғысты жүргізуге мүлдем аздық ететін. Британияның ультиматумын орындамау Германияны алғашқыда зор жеңістерге алып келгенімен, кейін ол Кеңес Одағына шабуыл жасауға, сол арқылы ақыр соңында толық күйреу мен апатқа алып келді. Кеңес Одағы. Кеңес Одағы үшін бұл пакт бір жағынан батыс елдерінің өзіне қарсы одақ құруын мүмкін емес етіп тасаса, екінші жағынан Германия мен Жапонияның Кеңес Одағына екі жағынан шабуыл жасау қауіпінің алдын алды. Гитлермен жасасқан пакт Сталинге патшалық Ресейдің бұрынғы аймақтарын (Финляндия, Балтық бойы, шығыс Польша, Буковина, Бессарабия) қайта қосып алуға және бәрібір болмай қоймайтын герман шабуылының қарсаңында Қызыл Әскерді қайта қаруландыруды аяқтауға мүмкіндік берді. Полония. Поляк үкіметі 1939 жылғы қыркүйектің 17-нде, яғни кеңестік әскерлер Польшаға басып кірген күні елді тастап, Германияға қарсы соғысты жалғастыра беру үшін шетелге бассауғалап кетті. Польшаның айдаудағы үкіметінің басшысы генерал Владыслав Сикорски шетелдегі поляк босқындарынан бірнеше дивизия ұйымдастырып, оларды британ әскерінің құрамына енгізді. 25000 адамнан тұратын тағы бірнеше поляк әскери құрамасы кеңес жағында ұйымдастырылып, Сикорский-Майский келісімінің нәтижесінде басқа поляк әскери құрамаларымен біріктіріліп, британ әскерінің 2-ші Поляк корпусын құрады. Польшаның айдаудағы үкіметінің Польша өзінің ескі шекараларында қалпына келтірілуге тиіс деген талабын британ үкіметі қолдағанымен, ол кеңес үкіметінің үзілді-кесілді қарсылығына тап болды. Катынь қырғыны туралы белгілі болысымен Сикорски 1939 жылы кеңес тұтқынына айналған бірнеше мың поляк офицерінің өлтірілуіне әкеп соққан оқиғалардың тізбегін қалпына келтіре бастағанда, кеңес үкіметі онымен дипломатиялық қатынастарын үзді. 1945 жылғы шілденің 6-нда Ұлыбритания АҚШ-тың үгіттеуімен Кеңес Одағының талабын орындап, Лондондағы айдаудағы үкіметін тануын жоққа шығарды. Алмания. Франция, Ұлыбритания мен Кеңес Одағының арасында әскери одақ құрылуының, яғни Германияның бар жағынан қоршалып қалу қаупі жойылғанда, Гитлер батыс одақтастардың тікелей интервенциясынан қорықпай Польшаға шабуыл жасауға мүмкіндік алды. Бірақ сол екі мемлекет Польшаға берген міндеттемелерін орындаудан бас тартпай отырғандықтан, Германия үшін ең маңыздысы – соғысқа қажетті материалдарды алып отыру үшін Кеңес Одағының бейтарап болуы еді. Оның үстіне Кеңес Одағы сауда-саттық серіктесі әрі маңызды шикізатты жеткізетін транзит елі ретінде ынтымақтасуға дайын тұр еді. Бірнеше экономикалық келісімдердің нәтижесінде тапсыруға тиісті тауарлардың түрі мен мөлшері туралы келісімдер жасалды. Германияның ұсына алатыны негізінен технология мен түрлі машиналар болса, Кеңес Одағы Германияның соғыс экономикасына өте маңызды астық, түсті металдар және мұнай өнімдерін ұсына алды. Кеңес Одағы. Қосымша протоколда кеңес мүдделер аймағы болып белгіленген жерлерге поляк әскері шегініп, сонда күштерін қайта топтастыра алмас үшін Германия кеңес жағынан әскери күш енгізуді бірнеше рет талап еткен соң 1939 жылғы қыркүйектің 17-нде екі батыс әскери округтың асығыс ұйымдастырылған топтары кеңес-поляк шекарасын кесіп өтті. Поляк әскерлерінің әлсіз қарсыластығына кезіккен олар негізінен украиндер мен белорустар қоныстанған аймақтарды басып алды. Кеңес Одағы өзінің осы қадамын шығыс Польшада көпшілікті құрайтын «бауырлас славян халықтарын» полякмемлекеті тарқатылған соң қорғау үшін жасалған деп түсіндірді. Бірнеше аптаның ішінде сайлаулар ұйымдастырылып, сол аймақтар Белорус КСР-і және Украин КСР-інің құрамына енгізілді. Қыркүйек айының кезінде-ақ Эстония мен Латвиямен де шабуыл жасаспау туралы келісімдер жасалған болатын. Соның барысында осы елдердің үкіметтеріне өз жерінде кеңес әскери базаларының орнатылуына рұқсат беруге зор қысым жасалды. Кейінірек Литва да қосылды. Германияның қарамағына өтуге тиісті Вильна аймағы Литваға берілді. 1939 жылдың қазан айында Кеңес Одағы Финляндияны да осы сияқты келісім жасасуға күштеуге тырысты, бірақ фин үкіметі келіспей, бұл 1939 жылдың қараша айында Қысқы соғыс депаталып кеткен кеңес-фин соғысына әкеліп соқты. Соғыстың нәтижесінде Финляндия біраз жерлерінен айырылып, Ханко түбегінде кеңес әскери базасының орнауына келісуге мәжбүр болды, бірақ өз тәуелсіздігін сақтап қалды. Басқыншылық саясатының себебінен деп Ұлттар лигасы Кеңес Одағын өз құрамынан шығарды. Герман әскерінің Франция жорығынан кейін Кеңес Одағы 1940 жылғы маусымның 26-да Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Румыния тартып алған Бессарабия аймағын, оған қоса Буковинаның солтүстік бөлігін Кеңес Одағы қайтарып алды. Бұл аймақтар Украин КСР-ның құрамына енгізілді. Оның алдында ғана Балтық бойы елдері Литваға (маусымның 15-інде), Эстонияға (маусымның 17-інде), Латвияға (маусымның 17-інде) кеңес әскерлері басып кіріп, парламент сайлаулары өткізілгеннен кейін Кеңес Одағының одақтас республикалары ретінде қабылданды. Келісім жасалғанна кейін Кеңес Одағы Чехословакияның айдаудағы үкіметімен қарым-қатынас жасауды тоқтатып, Словак республикасымен дипломатиялық байланыстар орнатты. 1941 жылғы мамыр айында кеңес үкіметі өз елдеріне биліктері жүрмейді деген себеппен Бельгия, Норвегия және Нидерландылардың айдаудағы үкіметтерін ресми тануын тоқтатты. Содан кейін көп ұзамай ұқсас себеппен Югославия мен Грекияның үкіметтерімен де байланысты үзді. 1989 жылы күшін жоюы. Кеңестік-алман шабуыл жасаспау туралы келісімінің қосымша протоколдарының бар екендігін Кеңес Одағы 50 жыл бойы жоққа шығарып келді. Тек 1989 жылы Михаил Горбачев өзінің жақын серіктесі Александр Яковлевті арнайы тергеу комиссиясының жетекшісі етіп тағайындағаннан кейін ғана осы «құпия» протокол жұртшылыққа жария болды. 1989 жылғы желтоқсанның 24-де КСРО-ның Халық депутаттарын съезі көпшілік дауыспен Кеңестік-алман шабуыл жасаспау туралы келісімінің және оның қосымша протоколының күшін жойды. Тарихшылар күні бүгінге дейін Кеңестік-алман шабуыл жасаспау туралы келісімінің және оның қосымша протоколдарының тарихи маңызы туралы бір көзқарасқа келе алмай жүр. Кейбір тарихшылар, соның ішінде Виктор Суворов, осы келісімді Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына түрткі болды деп есептейді. Тарихшылардың көпшілігі бұл келісім Кеңес Одағына екі жыл бейбітшілік сыйлады деген пікірді ұстанады. Келісімнің мәтіні. Өзара шабуыл жасаспау туралы алман-кеңес келісімі және оған жасалған құпия протокол Келісімге келіп отырған екі жақ, жалғыз болсын, немесе басқа мемлекеттермен бірге болсын, бір-біріне қарсы күш көрсетуден, басқыншылық әрекеттерге барудан және шабуыл жасаудан бас тартуға міндеттенеді. Келісім жасасып отырған Жақтардың бірі үшінші бір мемлекеттің әскери шабуылына ұшыраған жағдайда, келісім жасасып отырған екінші Жақ осы үшінші мемлекетке ешқандай қолдау көрсетпеуге тиіс. Келісім жасасып отырған екі Жақтың үкіметтері бұдан былай бір-бірін ортақ мүдделерге қатысы бар мәселелер туралы мәлімдеп, кеңесіп отыру мақсатымен үзбей қатынас жасасып тұратын болады. Келісуші екі Жақтың ешқайсысы екінші Жаққа тікелей немесе басқалай қарсы бағытталған елдердің тобына қатыспайды. Османлы империясы. Османлы Империясы (1299-шы жылдан 1922-ші жылға дейін) (Көне Османлы түрікшесі нде: دولت عالیه عثمانیه ("Devlet-i Âliye-yi Osmâniyye"), Жаңа Османлы түрікшесі және қазіргі түрікшеде: "Osmanlı Devleti" немесе "Osmanlı İmparatorluğu". Замандастары оны Түрік империясы немесе Түркия деп те атаған. Тағы мынаған қараңыз: Османлы мемлекетінің басқа аттары) – көп ұлтты және көп дінді түрік мемлекеті. Өзінің шарықтау шыңында (16-шы – 17-ші ғасырлар) ол үш құрлыққа жайылып, Оңтүстік-шығыс Еуропа, Таяу Шығыс және Солтүстік Африканың басым бөлігін билеген; батыстағы Гибралтар бұғазынан (ал 1553 жылы тіпті Гибралтардың ар жағындағы Морокконың Атлант жағалауына дейін) шығыстағы Каспий теңізі мен Парсы шығанағына дейін, солтүстіктегі Аустрия мен Словакияның шекаралары мен Украинаның бөліктерінен оңтүстіктегі Судан, Эритрея, Сомали мен Йеменге дейінгі аумақты қамтып жатқан. Бұл империя алты ғасыр бойы Шығыс және Батыс дүниелерінің қарым-қатынас жасасуының бел ортасында болып келді. Құдіретінің шарықтау шыңында Османлы империясы 29 аймақтан тұрып, оған бағынышты Молдавия, Трансильвания және Валахия княздіктері алым-салық төлеп тұрды. Бүгін Ыстамбұл деген атпен белгілі Констанинополис қаласын өз астанасы етіп алған Османлы империясын көп жағынан бұрынғы жерортатеңіздік өркениеттердің, атап айтқанда Рим және Византия империяларының исламдық мұрагері деп атауға болады. Османлылар да өздерін Рим және Ислам дәстүрлерінің жалғастырушылары деп, яғни «мәдениеттердің бірігуі» арқылы «бүкіләлемдік империяның» билеушілері деп қарастырды. Көтерілуі (1299-1453). a>, оны 1453 жылы Османлының жаңа астанасына айналдырды Кеңеюі және шарықтау шыңы (1453-1566). a> кемелерден зеңбірек атқан алғашқы теңіз шайқасы болды. Осы шайқас жаңа пайда болған Османлы әскери теңіз флотының күшін көрсетті Модернизация (1828-1908). a> жарлығын жариялау арқылы Түркияның модернизациясын бастады. Ыдырауы (1908-1922). Ыстамбұлдың Сұлтанахмет ауданындағы жұртшылық шеруі, 1908 Қосымша әдебиет. Westview Press, 2004. pp37-56. ISBN 0-8133-4048-9. Barbarie (1795-1911), Paris: L'Harmattan, 2002, 305 pp. Ottoman Empire 1290-1808". Cambridge University Press, 1976. ISBN 0-521-21280. New York: Oxford University Press, 2006. Бөкей гөбернесі. Бөкей гөбернесі (1917—1925) — Ресей Республикасында бұрыңғы Бөкей Ордасы орнына 1917 ж. шілденің 1 құрылған. Орталығы — Орда қаласы. 1925 ж. Бөкей губерниясы таратылып, Қазақ АКСР Орал гөбернесінің құрамына енгізілді. 1917 жылғы губернияның құрамындағы болған аумақтар қазіргі Тарихы. Қазақстандағы ең тұңғыш Қазан төңкерісі орнаған жер — Орда болатын. 1918 жылы Ордада Қазақтың I үлгілі атты әскер полкі жасақталады. 1918 жылы тұңғыш комсомол ұясы құрылады. Мәдениеті. 1918 жылы тұңғыш кеңестік баспахана ашылып, онда «Дұрыстық жолы», «Киргизская правда», т.б. газет — журналдар басылып шығады. Осы кезеңдерде мәдени өмірге де көп көңіл бөлінеді. «Жігер» жастар ұйымы кұрылып, орыс, татар, қазақ труппалары, белгілі күйші М. Бөкейхановтың ұйымдастыруымен ұлт аспаптар оркестрі жасақталады. Белгілі драматург И. Меңдіхановтың пьесалары көрермен назарына ұсынылады. Қызық деректер. 1983 ж. көктемінде Гурьев, Волгоград, Астархан облыстарында дайындалық кезеңі болды. Политбюро жобасы бойынша қазақтар тұратын аудандар (бұрыңғы Бөкей Ордасының/Бөкей гөбернесінің жерлері) Ресейден Қазақстанға беріліп қайтадан обылыс құру. Келешек облыс атауы шешімі екі-талай болды: не Бөкей облысы, не Құрмаңғазы облысы. Орталығы — Ганюшкино селосы (қала деңгейіне көтеріп). Ресейдің бірқатар жергілікті басшылары қатаң қарсылықтарын айтқасын, жоба енгізілмей қалыпты. Бөкей ордасы ауданы. Бөкей ордасы ауданы — Батыс Қазақстан облысы құрамындағы аудан. Атауы. 20 ғ. бас кезінде Бөкей Ордасы көптеген өзгерістерді басынан өткерді. 1925 жылы Бөкей гөбернесі таратылып, Орал гөбернесінің құрамына енгізілді. 1928 жылы Бөкей уезінің аты Орал облысының Орда ауданы болып өзгертілді. Осы уақыттан бастап Бөкей ордасы атауы жойылды. 2001 жыл ордалықтар үшін екі бірдей қуаныш әкелді. Оның бірі — Тәуелсіздіктің 10 жылдығы болса, екіншісі — Орданың 200 жылдығына орай Бөкей Ордасы атауы қайтарылып берілді. Тарихы. Кең байтақ қазақ даласының батыс бөлігінде орналасқан шежіресі бай, табиғаты сұлу өлке - Бөкей ордасы ауданы. 19 ғ. мәдениет, өнер, білім орталығы болған ғажайып өлкенің тарихы тереңнен бастау алады. Ұлы Отан соғысы. 1941—45 жж. Ұлы Отан соғысы жылдары Орда ауданы Қазақстандағы соғыс жағдайына келтірілген бірден-бір аудан болды. Ордалық 2000-нан астам азамат туған Отанын қорғауға аттанды. Соғыстан кейінгі кезеңде ел шаруашылығын көтеріп, нығайтуда аянбай еңбек еткен 25 ордалыққа Кеңес Одағының ең жоғарғы наградасы — Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Капустин Яр полигоны. Орда тарихының қасіретті беті — Капустин Яр полигоны. 1948 ж. полигонға берілген аудан аймағында жер асты, жер үсті сынақтары жүргізіледі. 1952 жылы ауданның 19 колхозы күшпен өзге аудандарға көшіріледі. 1990 жылдың мамырында Т. Махимовтың жетекшілігімен «Нарын» қоғамдық қозғалысы құрылады. Мәдениеті. Орда — талантты ұлы тұлғалардың мекені. Осы өлкеден қазақтың белгілі күйшілері Құрманғазы, Дина, Сейтек, Науша, домбырашылар Ж. Теміралиев, Е. Қазиев, Халық артисі, актриса Х. Бөкеева, қазақтың тұңғыш дирижері Ш. Қажығалиев, халық композиторлары Б. Жұманиязов, М. Сағатов, медицина саласының озық қызметкерлері А. Герасимов, Х. Бөкейханов, білім беру ісінің үздіктері Ғ. Зарипов, М. Кульбацкая, Орда музейін ұйымдастырушы А. Тажетдинов, ауыл шаруашылығының озаттары К. Меңдәлиев, Р. Егізбаев, ақындар Т. Жароков, С. Даумов, Қ. Жұмағалиев, т.б. шықты. Зальцман, Павел Яковлевич. Павел Яковлевич Зальцман (1912 қаңтардың 2, Кишинёв, Бессараб губерниясы — 1985 желтоқсанның 20 Алматы) — кеңес дәуірі суретші, кескінші, жазушы. Аналитикалық өнер деп аталатын ағымның өкілі, П.Н. Филоновтың шәкірті, кейде «соңғы филоншыл» аталған. Қазақ КСР еңбегі сіңген өнер қайраткері. Өмірбаяны. Павел Зальцман Кишинёвте (қазіргі Чишинеу) патша офицерінің әулетінде туған. Балалық шағы сол қалада өткен, Азаматтық соғыс аяқталғасын жанұямен бірге Рыбницаға көшкен, сосың Одессада тұрып, 1925 ж. Ленинградта мекенденген. Ленинград кезеңі. Ленинградтағы Өнерлер бірінші мемлекетттік студиясынның декоратор бөлімінде дәріс алған, сонымен бірге Өнер тарихы мемлекеттік институтында тәмамданған. 1920 жж. Ленинградтағы басылған «Резец», «Перелом», «Стройка», «Юный пролетарий» деген журналдарында суретпен безендірушы болып істей бастаған. 1929 ж. П.Н. Филоновпен танысып жолын ұстаушыға айналған, 1930 ж. «Аналитикалық өнер шеберлері мектебі» деген тобына қатыса бастады, сонымен бірге ЛОСХ (КСРО суреткер одағы Ленинград бөлімі) мүшесі болды. 1930 жж. Зальцман Филоновтың басқа шәкірттерімен бірге финндердің «Калевала» (1932) дәстүрлі дастанына суретттеу дайындады, сол кезде портрет жасауға айрықша бейімділігін көрсетті. 1931 ж. А.А. Арапов басқарушылығымен Ленфильм киностудиясында жұмыс істей бастады, суреткер-қоюшы болып бірнеше филмдерге қатысқан: Васильев ағайындылардың («Дербес іс», 1932), Илья Траубергтің («Жеке жағдай», 1934), Эдуард Иогансонның («Демалыста», 1936) және Александр Ивановтың («Шекарада», 1938). Алматы кезеңі. Ленинград блокадасы зардаптарын кешіп, 1943 ж. Қазақстанға эвакуацияға көшірлді. Алматыдағы соғыс кезіндегі болған ЦОКС (Біріккен орталық киностудиясына) орналастырылған. Ұлы Отан соғысы біткесін Алматыда қалған, талай жыл Қазақфилм киностудиясында суреткер-қоюшы (1955 ж. — студияның бас суреткері) болып жұмыс атқарған. Шәкен Аймановтың бірқатар кинокөріністерінің режиссёр-қоюшысы болған: «Ақ әтіргүл» (1943), «Дала қызы» (1954), «Махаббат туралы дастан» (1954) және «Жол түйісі» (1963); Ефим Арондың «Алтын керней» (1948) және «Ботагөз» (1958); Павел Боголюбовтың «Қыз-жігіт» (1955) т.б. 1948 ж. бастап өнер тарихы пәнінен Алматыда сабақ беріп жүрді: өнер мектебі, Сәулет академиясы, педагогиқалық институт, Қазақ университетінің филология факультеті және Қазақфилм студиясының сценарий курсы. Зальцман соғыстан соңғы шығармашылығы екі тақырыпқа зейін болды: Бессарабиядағы жебірей кенттерін еске салатын кескіндеу топтамалары және өзіне замандас қазақ ықпалына негізделінген портреттер салу. Өнер шығармашлығы мұрасы. Зальцманның кескіндері мен сұңғаттары Орыс мемлекеттік мұражайы, Третьяков қоймасы, А.С. Пушкин атындағы Бейнелеу өнерлері мемлекеттік мұражайы оймыш кәбинеті, Шығыс халықтар өнері мұражайы, Қазақтың өнерлер мемлекеттік мұражайы және дербес жинақтамаларында сақталады. Әдебиет шығармашылығы. Өлең мен қарасөз жазуды 1930 жж. Обэриутттер ықпалына түсіп Ленинградта бастаған. Бірақ әдебиет мұрасы тек өзі дүние өтегесін Исраел (Зальцманның әулеті көшіп кеткен) мен Ресей баспасөздерінде жарық көрді. Алматы кезеңінде жазылған «Мадам Ф.» таңдамалы хикаялар мен әңгімелер және өлеңдер кітабы 2003 ж. Мәскеу «Лира» баспасөзінде шықты. Исләм. Исләм — Ибраһим діндері деген ұясынан шыққан әлем діні. Ағымда 1 миллиард 300 милионнан астам халқы ұстанып отырған деп саналады. Тарихы. Исләм діні "жазирату-л-араб" деп аталатын осы күнгі Араб түбегінде дүниеге келді. Мұсылмандар Құран Кәрімді осы елдегі Құрайш тайпасынан шыққан Абдуллаһ ұлы Мұхаммед пайғамбарға Алла тағала қасиетті уахи етті деп санайды. Мұсылмандар жаңа дін жаратылғаннан аз жылдардан соң Араб түбегінен шағындап шығып, осы күнгі Сүрия, Паластин, Ирақ жеріне жетті, Исләмды ту еткен араб қосындарының бір бөлігі Қызыл теңізден өтіп Мысырға табан тіреді, соңыра әрі қарай қазіргі Мағриб араб елдеріне де байрағын желбіретті. Либия, Тунисия, Әлжезаир, Мағрибия (Марокко) исләмге мойынсұнды. 711 ж.ы мағрибтық мұсылмандар жаңа дінді жалау етіп Атлант мұхиты мен Жерорта теңізі бөліп жатқан Жебелі-Тарық бұғазынан өтіп, Андалусияға (Испанияға) аяқ басты. Олар сондай-ақ Испания мен Франция арасындағы Пиреней тауларына да жетті. Кейінірек Ислам діні Солтүстік Африка ғана емес, Орталық Африканың да біраз жерлері мен елдеріне тарады. Араб жасақтары тек Батысқа ғана емес, сондай-ақ осы күнгі Кіші Азия мен Кавказ тауларына да ат басын бұрды. Бірте-бірте жаңа дін Мауараннаһр деп аталған Орта Азиядағы түркілер өлкесіне де жетті. Бұқар мен Самарқан, Шаш (Ташкент) пен Отырар, Хорезм өлкесі де исләмды қабылдады. Сөйтіп Ислам діні 9 — 10 ғ.10 ғғ. сұнниттік бағытта бірте-бірте түркілер әлемінде де нығая бастады. Әйтсе де қазақ жеріне түгел тарап, біржола орнығуына әлі де біраз уақыт қажет еді. Мұхамед Пайғамбар 40 жасында пайғамбар болады. Ол әділ адал болады Негізгі қағидалары. Ол парыздар мұсылманның мойнына бойжеткеннен бастап жүктеледі. Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің күні. 1992 жылғы маусым айының 4-ші жұлдызы Қазақстан Республикасы тарихындағы ерекше мәртебелі күн. Бұл күн еліміздің мемлекттік рәміздері — Туы, Елтаңбасы, Әнұраны — дүниеге келген күн ретінде мәңгі есте қалады. Қазақстан байрағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы — ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Туды сабының тұсында ұлттық өрнек нақышталған тік жолақ көктеп өтеді. Күн, шұғыла, қыран және өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының қатынасы — 1:2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мен оның бейнесі, көлемдеріне қарамастан, Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясында сақтаулы тұрған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы эталонының түрлі-түсті және сызба бейнелеріне дәлме-дәл сәйкес келуге тиіс. Қазақстан елтаңбасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбезі тәрізді бөлігі) бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған, оны аңыздардағы пырақтар қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы көшірме бейнесі, көлеміне қарамастан Қазақстан президентінің Резиденциясында сақтаулы тұрған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы эталонының түрлі-түсті немесе ақ-қара бейнесіне дәлме-дәл сәйкес келуге тиіс. Ғалымбаева, Айша Ғарифқызы. Ғалымбаева Айша Ғарифқызы - қазақ кескіндемешісі және кино суретшісі, Қазақстан халық суретшісі (1967). Қазақ қыздарының арасынан шыққан алғашқы суретші. Оның еңбектерінде қазақ әйелдерінің көркем бейнесі талантты және нәзік бейнеленген. Алматы көркемсурет училищесін, одан кейін Мәскеу жалпыодақтық кинематографистер институтының, мода өнері факультетін бітірген. Суретшінің кез-келген туындысынан халқының өнеріне деген ерекше махаббатты көруге болады. Негізгі еңбектері: «Батыр Ана», «Сәукеле», «Көктем және күз» және т.б. Ш. Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет Белгісі» және Еңбек Қызыл Ту ордендерінің кавалері. Сидоркин, Евгений Матвеевич. Сидоркин, Евгений Матвеевич – 1930 жылы Киров облысы Лебюжье аулында туылған.1957 жылы Ленинградтағы Репин атындағы архитектура, мүсін және кескіндеме институтын аяқтағаннанкейін Е.М.Сидоркин Қазақстанға келеді. Негізгі еңбектері: "Ақсақал" (1959) линогравюрасы, қазақ халық ертегілері тақырыбында автолитография сериялары "Көңілді алдағыштар" (1959), М. Әуезовтің "Абай жолы" (1960) романына иллюстрациялы сериялар, "Қазақ эпосы" (1962), "Қазақтың ұлттық ойындары" (1964), "Сәкен Сейфуллинді оқи отырып" (1965) әдебиетіне сериялар және т.б. Сидоркин Е.М. Ш. Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Қазақстандық гарфика өнері жоғары наградаларға ие болған (олардың ішінде Лейпциг және Краковтағы алтын медальдар), беделді көрмелерге қатысуы оның әлемдік деңгейдегі шеберлігін таныту факторы ғана емес, Қазақстанды әлемге танытуға бірден бір септігін тигізді. Республикалық “Өнер” баспасынан көзі тірі кезінде шыққан «Менің Қазақстаным» атты альбомы сурет шеберінің соңғы альбомы болып табылады. Ысмаилова, Гүлфайрус Мансұрқызы. Ысмаилова, Гүлфайрус Мансұрқызы - 1944 жылы (кезінде Врубелмен оқыған) жастарды көркемсуреттің қыр-сырына ғана емес, форма мен түсті шығармашылық және сезімдік тұрғыдан қабылдай білуге үйреткен көркемсурет профессоры А. М. Черкасск көркемсурет училищесінің А класына оқуға түседі. Ол өзінің қалауы бойынша ұстазының көзінің дәлдігін, түс құбылыстарының нәзік құбылуы, адам денесінің әдемілігін түсіну, қоршаған ортаның формасы мен бояуларын қабылдауды үйренуге талпынған. Оның көп шығармаларына тән нәрсе - әшекейлеу. Ұлттық костюмдер, сәндік бас киімдер, сәндік бұйымдар, маталардың жеңілдігі, олардың оюлары, заттардың әртүрлі формалары – Исмаилованың тақырыптық әлемі.. Оның еңбегі V Бүкілодақтық кинофестивальда "Захар Беркут" (А. П. Довженко атындағы студия), "Рустам и Сухраб" ("Тәжікфильм") эпикалық фильмдерінің қатысуына қарамастан ең үздік еңбек болып табылған. Қазақ киносының тарихында алғаш рет қазақ халқының ұлттық киімдері, тұрмысқа қажетті заттары және жауынгерлік жарақтары бейнеленген осы фильмге арнап 1500-ден астам эскиздер жасады. Одан кейін суретші әр түрлі қалаларда жұмыс істеді. 1971 жылы Г. Исмаилова Абай атындағы Мемлекеттік акдемиялық опера және балет театрының бас суретшісі болып орналасты. Ленинградта Сурет Акакдемиясында өзінің жары С. Сидоркинді кездестірді. Ол Исмаиловаға деген махаббатының арқасында қазақ мәдениетін және Қазақстанды жақсы көрді. Олар жасаған графикалық жұмыстар Абай жолы романына жасаған иллюстрациялар мен графикалық жұмыстар қазақ халқының ділін, дүниетанымын ашып көсете білді. Оған қазақ мәдениетіне сіңірген еңбегі үшін Қаз ССР-нің Мемлекеттік премиясы берілген болатын. Бақытты және үйлесімді өмірдің жемісі ретінде дүниеге келген ұлы – Вади екі суретшінің де қабілетін бойына сіңірген ол да суретші. Ол алған білімі бойынша кескіндемеші, ал өмірде еткен еңбектері жөнінен алғанда суреттемеші. Сондай-ақ портреттер салуды жақсы көреді, өзін қызық әрі талантты суретші ретінде көрсетті. 1956-57 жылдары Г. Исмаилова көркемсурет училищесінде сабақ береді. Алайда тағы да кинематографиямен айналысуна тура келеді – бұл жолы Е.Аронның "Ботагоз" картинасындағы басты ролді сомдау тиеді Сыдыханов, Әбдірәшіт Аронұлы. Сыдыханов, Әбдірәшіт Аронұлы– 1937 ж. Гурьев облысы Кулагин ауылында дүниеге келген. 1965 ж. Н.В. Гоголь атындағы көркемсурет училищесін бітірді. (Алматы қ). 1965 ж бастап көрмелерге қатысушы.1967 ж ССРО СО мүшесі. 1965 ж. бастап Алматыда жұмыс істейді. 1980 жылдары суретші өзінің суреттеме тілінің стилін өзгертіп, көрермендер мен сыншылардың жоғары бағасын алған: "Тон киген қыз" (1981, ГТГ, Москва), "Бозторғай әні" (1982), "Ақ бұлақ" (1986), "Әдемі інгенді сауу" (1987. Қастеев атындағы ГМИ, Алматы), сондай- ақ "Өз күшіктерін жеген ит" (1988. Қастеев атындағы ГМИ), шығармалары жарық көріп, Каспий жағалауындағы республикалардың Бакуде өткен на Биеннале көрмесінде алтын медальмен марапатталды. 1986 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Мемелкеттік сыйлықтың лауреаты атағы берілді. 1990 жылы, Қазақстан Республикасының өнерге еңбек сіңірген атағы берілді. Құрмет орденінің құрметті иегері, “Тарлан” сыйлығының лауреаты болды. Оның еңбектері Қастеев атындағы Мемлекетік өнер мұражайында, Мәскеудегі Мемлекеттік Треьяков галереясында, Польшадағы Хута Катовица мұражайында, АҚШ-тағы Зиммерли мұражайында, Франция, Швейцария, Англия, Жапония, АҚШ, Израил, Лихтенштейн жеке коллекцияларында орналасқан. Шаяхметов, Кәміл Махмұдұлы. Шаяхметов, Кәміл Махмұдұлы – Қазақ ССР өнерінің еңбек сіңірген қайраткері. Н. В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін, Ленинградтағы Е. Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет институтын аяқтаған. Ю. Непринцевтен тәлім алған, 1956 жылдан бастап Алматы қаласында жұмыс істеген. 1957 жылдан бастап, көрмелерге қатысқан, осы жылдан бастап ССРО СО мүшесі. 1995 жылы Алматы қаласында дүние салды. 1970 жылдары Кеңес өнерінде суретшілердің өмірдің мықты және терең көріністерін бейнелеу, ірі жоспарлы шешімдерге талпыну үрдісі едәуір артты. 70-жылдардағы шығармалары - "Астық орушылар", "Көктемгі еңбек", "Қойшылардың өмірінен", "Даладағы ақ қала", "Қойшы Рахымжановтың портреті", "Кәмшат Дөненбаева", "Қойшы Әлібек", "Комбайншылардың түскі асы" – Шаяхметов таңдаған тақырыбы Қазақстанның еңбекші халқын және табиғатын жырлау тақырыбына арналды. Суретші шығармалары халықпен және ұлттық дәстүрмен байланысты сезіну қажеттілігінен туындаған. Кенбаев, Молдахмет Сыздықұлы. Молдахмет Сыздықұлы Кенбаев – Қазақстан халық суретшісі, В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін аяқтады, В. И. Суриков атындағы Мәскеу Мемлекеттік көркемсурет институтын бітірген. Ф. Решетниковтен тәлім алған. 1956 жылдан бастап Алматы қаласында жұмыс істеді. 1965-1980 жылдары – В. И. Ленин атындағы Қазақ Мемлекеттік политехникалық институтының сәулет-құрылыс факультетінің сурет және кескіндеме профессоры, 1980 жылдан бастап Алматы сәулет құрылыс институтының профессоры. 1949 жылдан бастап көрмеге қатыушы, 1955 жылдан бастап КСРО СО мүшесі, 1993 жылы Алматы қаласында дүние салды. Молдахмет Кенбаев 1950 жылдардағы суретшілер легіне жатады. Ол өнерге бірден кірді. М. Кенбаев картиналары халықтық сипатты кеңінен бейнелейді, қазақ халқының салт-дәстүрін жырлайды. М. Кенбаев суреттерінің жоғары көркемдік құндылығын Мәскеудегі Мемлекеттік Третьяков галереясы қоры және Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында сақталғаны дәлелдейді. М. Кенбаевтың үздік шығармалары — "Асауды ұстау" (1961), "Әңгіме" (1957), "Қойшының әні" (1956) – даланы өмірдің, әдеміліктің, поэзияның бастауы ретінде жырлайды. Онда адам мен табиғаттың үйлесімді бірігу сезімінен туған қуаныш бейнеленген. М. Кенбаевтың сіңірген еңбегі күнделікті дәстүрлі әдемілікті көріп жырлай білгендігінде. Оның суреттерінде қарапайым ғана көріністер жер қожайынының және табиғаттың үйлесімді әніне айналады. Наурызбаев, Хакімжан Исмаханұлы –. Наурызбаев Хакімжан Исмаханұлы – Қазақстанның алғашқы ұлттық кәсіби мүсіншісі. 1925 жылы 25 тамызда Қостанай облысында туды. 1939 жылдан бастап, 1941 жылға дейін Мәскеу көркемсурет мектебінде сырттай білім алды. 1943 жылдан 1945 жылға дейін Қаз ССР Кеңстік халық комитетінің шақыруы бойынша Алматы көркемсурет училищесінде оқып жүріп, мүсінші О. Кудрявцева және С. Бесединаның шеберханасында жұмыс істеді. Сол кісінің кеңесімен Мәскеу сәулет институында оқып, бір жылдан кейін О. Кудрявцева және С. Беседина шеберханасына Харків мемлекеттік көркемсурет институтының мүсіндеме бөліміне ауысады. 1951 жылы ол ХМСИ –ды үздік бітіріп, «Атқа мінген Жамбыл» тамаша дипломдық жұмыс жасайды. Сол жылы Наурызбаев Алматы театр көркемсурет училищесінде мұғалім болып қызмет атқарады. 1952 жылы КСРО СО мүшесі болып, мүсіндеме бөлімін ашады және 1964 жылға дейін шығармашылық шеберхананы басқарады. Қазақ ССР халық суретшісі. Алматы қаласындағы Абай Құнанбаев және Ш. Уәлихановқа қойылған ескеркіштері үшін Қазақ ССР мемлекеттік сыйлығына ие болды. Наурызбаев- қазақстан халық суретшісі, профессор, Мемлекеттік сыйлық лауреаты. Телжанов, Қанапия Темірболатұлы. Телжанов, Қанапия Темірболатұлы - Отандық мәдениеттің көрнекті қайраткері, Қазақстаннның бейнелеу өнерінің қалыптасуына үлкен үлес қосушы. Телжанов 1927 жылы 1 мамырда Омбы қаласында туылды, 1932 жылдан бастап, Ленинградта тұрды. Суретшілік қызметін И. Репин атындағы суреттеме, мүсін және сәулет институтының қабырғасында жүргенде-ақ бастады. 1953 жылы институтты аяқтап, осы жылы КСРО СО мүшелігіне кіреді. 1949 жылдан бастап К. Телжанов барлық халықаралық, бүкілодақтық, республикалық көрмелерде - Венгрия, Чехословакия, Польша, Румыния, Югославия, Финляндия, Бельгия, Болгария, Индия, Цейлон, Ауғанстан, Бирма, Монғолия, Канада, Швеция, Дания, Мексика және т.б. елдердегі көрмелерге қатысқан. "Бабалар жерінде", "Көкпар", "Домбыра үні, "Жамал", "Карлығаш", "Тыныштық", "Қазақстан 1918 жылы", "Алғашқы", "Күн сәулелі өлкеде", "ҮЙДЕ", "Жалын", "Әнші", "Ағым", "Шындық", "Бостандық", "Үміт", "Бақыттылар", "Абылай", "Бостандық үшін" және көптеген шығармалар халыққа кеңінен танылған шығармалар болды. Суретші шығармалары классикаға айналған көп қырлы Қазақстанның өткені мен қазіргісін терең философиялық түрде бейнелейді.– Қазақстан Халық суретшісі У. Таңсықбаев: "Телжанов картиналары туған өлке Қазақстан туралы әдемі әндер, оның халқының жарқын болашағы үшін күресі туралы " — деп бағалады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Академиясының академигі, Қазақстан халық суретшісі, ССРО халық суретшісі (1978). Тарихи және қазіргі заманғы тақырыптарға арналған монуметтік шығармалары бар. ("Әнші", 1967). Бапанов, Әлімбай Қалтайұлы. Бапанов Әлімбай Қалтайұлы 1953 жылы Қызылорда облысында туылған. "Кескіндеме" кафедрасының доценті, өзінің шығармашылығын Алматы қаласындағы “Шежіре” галереясы жеке көрмесінде ұсынды. Алматы (2001 ж.), Лозан қаласында, (Швейцария 2002 ж.), Алматы қаласындағы көрмелер дирекциясында (2003 ж). Киіз деген не, ол қандай жануардың жүнінен алынады түсіндіріп қажеті жоқ. Бүгін гі таңда ата-бабаларымыздың жүннен жасау технологиясының жаңа үлгілері пайда болды. Оны жеке көрмесінде Сәуле және Ә. Бапановтар ұсынды. Бапановтар Қазақстаннан тыс жерлерде де кеңінен танымал. Қазақстан Республикасы суретшілер Одағының мүшелері Строгановка (Мәскеу жоғарғы көркемсурет училищесі) және Суриков көркемсурет училищесі сияқты базалық мектептерден білім алған. Олардың жұмыстары бүгінгі күні еліміздің барлық мемлекеттік және жеке коллекцияларында сақтаулы. Сәуленің қолынан шыққан киіз бұйымдар – жеке дара қазақстандық үлкен сала. Германия, Швейцария, Жапонияда қолдан жасалған бұйымдар жоғары бағаланады. Сонымен қатар, қазақстандық киіз шеберлерінің көршілес қырғыз елінен мықты бәсекелестері бар. Досмағамбетов, Төлеген. Досмағамбетов Төлеген (1940-2001) — Қазақстан мәдениетінің біртұтас кезеңі ұлттық мүсін өнерінің негізін қалаушы. Қазақ халқының батырлық тарихын бейнеленген оның жұмыстары республиканың әрбір қаласында орналасқан. Олар Ақан-Сері, Шоқан Уәлиханов, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Ахмет Байтұрсынов, Мұхтар Әуезов, Амангелді Иманов, Әліби Жанкелдин, Ғани Мұратбаев, Қаныш Сәтпаев, Дінмұхаммед Қонаевтың ескерткіштер және кеуде мүсіні. Оның қаламынан Нұрсұлтан Назарбаев, Олжас Сүлейменов, Бибігүл Төлегенова, Әнуар Әлімжанов, Тоқтар Әубәкіровжәне олардың ұлы замандастарының портреттері туындаған Т. Досмағамбетовтің соңғы көптеген жұмыстары Қазақстанның жаңа астанасы — Астананың келбетін суреттеді. Ол Есіл өзені арқылы өтетін көпірге орнатылған — барыс мүсіні, Тағы бір мүсінді баланың өмірін құтқарған қасқыр туралы аңызға арнаған Ол мүсін Астана қаласының орталығында тұр. Алматы көркемсурет училищесін және Ленинград көркемсурет академиясын тәмамдаған. Оқуын бітірген соң ССРО СО мүшесі болды, ал 35 жасында респуликаның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты және Қазақстан өнерінің еңбек сіңірген қайраткері болды. Т. Досмағамбетовтің өзі былай дейді: «Мүсін дегніміз — мыңдаған жылдардың ескерткіші және әрбір суретші өзіндік жаңалық қосуы керек». Дүзелханов, Ағымсалы Дүзелханұлы. Қызылорда облысы Қазалы қаласында дүниеге келген. 1976 жылы Алматы көркемсурет училищесін және В. Суриков атындағы Мәскеу Мемлекеттік институтын 1982 жылы өзінің шығармашылық еңбегін 1975 жылы Қазақстан баспасымен жұмыс істей отырып бастады. Суретші кітап иллюстрациясы, станоктык графика, плакат, өндірістік кескіндеме және тарихи суреттеме саласында жұмыс істеді. Үш жүзден астам ктітапты, 50-ден астам плакаттарды фольклорлық тарихи тақырыптарға иллюстрация жасады. Бүкілодақтық республикалық халықаралық көрмелер, кітап және плакаттар конкурсының дипломанты: 1985, 1986, 1987 ж.ж., бүкілодақтық дипломдарға, Абай, Әлішер Науаи атындағы сыйлыққа, «Үздік кітап» сыйлығына (Ташкент қ) және т.б. ие болды. Жаңа ағымдағы мектеп оқулықтарына иллюстрация жасады, сондай-ақ, кескіндеме факультеттерінің студенттеріне арналған мектеп оқу-әдістемелік құралдарын жазды. Ұзақ уақыт бойы Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кескіндемелік дизайн кафедрасында доцент болып жұмыс істеді. ҚР Ағарту ісінің үздігі. 1992 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық ваютасының дизайнын әзірлеуге тікелей қатысты. 1996жылы Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді. 2000 жылы Нью-Йоркте БҰҰ ұйымдастырумен өткен «Глобал-арт-2000»,халықаралық конкурс- көрмесінің жеңімпазы болды. 2000 жылғы желтоқсанда ҚР президенті Жарлығымен А. Дүзелханов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Алаш аутономиясы. Алаш аутономиясы (1917—1920) — 20 ғ. басында қазіргі Қазақстан Республикасы жерін мекендеген қазақ-қырғыз республикалық мемлекеті. Атауы. "Алаш аутономиясы" аталуы негізі болған "алаш" сөзінің мағынасы — дәлме-дәл қазақ, Қазақстан. Тағы да «Алты алаш заманы» деп Қазақ хандығына нақ үш жүзден тыс қырғыз, қарақалпақ, башқұрт елдері кіргенін көрсетеді. Тарихы. 1917 ж. желтоқсанның 5—13 Орынбор қаласында өткізілген 2-ші бүкіл қазақ-қырғыз құрылтайында жарияланған. Нода, Андрей. 1988 жылы Т. Жүргенов атындағы АМТИ бітіргеннен кейін Қарағанды қаласына жолдамамен барып, осы уақыт ішінде халықаралық, шетелдік, бүкілодақтық, республикалық көрмелерге қатысты, сондай-ақ 20 жеке көрме ұйымдастырды. 17 жыл белсенді шығармашылық өмірінде ол кескіндеме, суреттеме, сурет, керамика және «contemporary art» саласында мыңнан астам жұмыс жасады. Мерзімдік басылымдарда өлеңдерін шығарды. 2000 жылдан бастап, Талғар өзенінің аңғарындағы жеке студиясында жұмыс істейді. Бапышев, Бахыт. 1958 жылы 27 наурызда Алматы қаласында туылды. 1979 жылы Алматы көркемсурет училищесін аяқтады, бірнеше жыл Мәскеуде тұрды. 1986-90 жылдары АМТИ –да оқыды. 1986 жылы Гамбург қаласында Шлезвиг-Гольдштейн жерінде Мәдениет минстрлігінің стипендиясы бойынша барған. 1991-96 жылдары екі мәрте Париждегі Сите-интернациналь дез Арт стипендиааты болды. 1987 жылы Токиода алтын медальға ие болды. Әртүрлі кішкентай француз қалаларының мэрлерінен алған бірнеше алтын медальдары және сыйлықтары бар, сондай-ақ, Париж мэрінің сыйлығын алған. 1992 жылы Сорбонна университеті француз өркениеті курсына түсіп, 1993 жылы аяқтады. Одан соң сол университтенің француз әдебиетін оқып шықты. 1997 жыл Метриз-ді бітірді. Сан-Дени, пари-8 университеніңі магистратурасында оқыды. Классикалық өнердің докторы. 1979 жылдан бастап көрмелерін ұсынуда. Соңғы жартыжылда Германияда тұрып, жұмыс істеді. Әбішев, Бақытжан Әлімбайұлы. Әбішев Бақытжан Әлімбайұлы — суретші, мүсінші. Суретшілер Одағының мүшесі 1947 ж. Ақтөбе қаласында туған. Алматы орта мектебінің 10 жылдық сыныбын және Алматы Гоголь атындағы сурет училищесін 1969 жылы аяқтағаннан соң, Суриков атындағы Мәскеу мемлекеттік көркемсурет институтына оқуға түсті. 1971 ж. Мәскеу қаласында жас суретшілердің «Шетел әдебиетінің кітапханасы» көрмесінен бастады. Содан бері республикалық, бүкілодақтық көрмелердің тұрақты қатсушысы. 1975 ж. бастап, республиканың қайраткерлері: Жасыбай, М. Әуезов, Әл-Фараби, Берсиев және т.б бейнелері сомдалды. Сонымен қатар республикадағы монументальды жұмыстардың авторы: Тоқаш Бокин ескерткіші (Алматы қаласы), Ұлы Отан соғыстарының құрбандарына қойылған, «Әлия, Мәншүк», «Қаныш Сәтпаев», «Ауған соғысының құрбандарына» қойылған ескерткіштердің жобасына қатысушы және т.б. Алматы қаласындағы қоғам қайраткерлерінің аллеясындағы Әл-Фараби, Махамбет, К. Байсейітова, Алматы қаласындағы Жамбыл ескерткіші, Бұқар жырау ескерткіші, Мәшһүр-Жүсіп Көпеев ескерткіші, Павлодар облысы Баянауыл ауылындағы С. Торайғыров ескерткіші, Ақтөбе облысындағы Әлия Молдағұлова ескерткіші. Республиканың қалаларындағы мұражайларында сондай-ақ шет елде станоктік сипаттағы жұмыстар орналасқан. «Олимпиядашыл» атты еңбегі Швейцариядағы Лозаннада олимпиада комитетінің штаб пәтер мұражайында, «Күйші» Алманиядағы жеке жиынтығында, «Томирис» Мәскеуде орналасқан. Оның жұмыстарынң жекелеген даналары ҚР Президентінің резиденциясында қойылған. Сондай-ақ, ҚР мемлекеттік сыйлығы және ҚР Президентінің әлемдік рухани келісім сыйлығы белгілерінің ауторы. Қазақстан Республикасы Ленин Комсомолы сыйлығының лауреаты. Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың иегері. Далбай, Нұрлан. Алматы қаласында 1961 жылы 11 сәуірде туылған. 1983 жылы Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін аяқтады, 1989 жылы Е. Репин атындағы академияны аяқтады. 1993 жылдан Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі. Астана қаласындағы Кенесары Қасымов ескерткішінің авторы, Алматы қаласындағы Тәуелсіздік ескерткішінің бірлескен авторы және т.б. Жеке еңбектері Қазақстан, Франция, Түркия, Германия, Швеция және т.б. жеке коллекцияларынан табылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы - 1910 жылы 31 желтоқсанда құрылды. Ағарту саласы жанашырлары Қоғамының қаражаттарына Верный қалалық думасы Л.Н. Толстой атындағы кітапхана-оқу залын ашу туралы шешім шығарды. Кітапхана ҚазОАК Президиумының «Қазақ АССР мемлекеттік көпшілік кітапханасын бекіту туралы» (1931 ж.) Қаулысымен 1931 жылы Республикалық кітап қоймасы мәртебесін алды. Қазақ ССР Министрлер кабинетінің 1991 жылы 9 желтоқсандағы N775 Қаулысы бойынша Ұлттық кітапхана болып аталды. ҚР ҰҚ ғимараты Қазақ Министрлер Кеңесінің 1982 жылы 26 қаңтардағы N38 Қаулысының және ҚР «Тарихи-мәдени мұраны сақтау мен пайдалану туралы» Заңының 11 және 19 баптарының негізінде тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілді. Кітапхана қорында әлем халықтарының әр тілдерінде сақтау бірлігін құрайтын әмбебап жалпыұлттық әдебиеттер жинағы сақталады. Қор жыл сайын 100 мың данаға толықтырылып отырады. Күн сайын кітапханаға 3 мыңға жуық оқырман қатынайды. Оқырмандарға 1 жылда 2 миллионнан аса құжат беріледі. Оқырмандарға 15 оқу залы қызмет көрсетеді (жалпы және 14 мамандандырылған). Олар 1500 адамға бір мезгілде қатар қызмет көрсетуге есептелген. Оқу залдарында негізгі кітап сақтау және қосалқы қорлардан әдебиет беріледі, соның ішінде сирек кітаптар мен қолжазбалар, карталар, ноталар, дыбыс жазбалары, электронды басылымдар топтамалары да бар.. 1990 жылы ҚР ҰК Халықаралық кітапхана қауымдастықтары мен мекемелері Федерациясының құрамына кірді. (ИФЛА) және Еуразия кітапхана ассамблеясының (ЕКА) тең құрылтайшысы болды. Толеранттылық, білім, диалогқа ашықтық «Ұлы Жібек жолындағы Керуен-сарай» жобасының негіз қалаушы идеялары болып табылады. ҚР ҰК-ғы шетелдердің мәдениет Орталықтары ақпаратты сақтауға, күшейту мен беруге, мәдени дәстүрлердің жаңғыруы мен халықтардың нақты өзара ықпалдастығына жәрдемдеседі және өздерінің қызметі арқылы «Ұлы Жібек жолындағы Керуен-сарай» бағдарламасын іске асырады. ҚР Ұлттық кітапханасында Ресейлік зерттеулер, Қытай, Пәкістан, Түркия мәдениет Орталықтары, Үндістанды зерделеу, Иран және Орталық Азия халықтарының мәдениетін зерделеу Орталықтары жұмыс істейді. Оқырмандарға әдебиет, Интернет-ресурстар, CD және DVD-материалдар, кітап және өнер туындыларының көрмелері, мәдениет және ғылыми қайраткерлерімен кездесулер арқылы түрлі халықтардың мәдениеті туралы ақпарат беріледі. 2007 жылы Америка мәдениет Орталығын ашу жоспарланды. Тепе-тең бастамаларда Қытай кітапханаларының бірінде Қазақстан мәдениет Орталығы ашылады. Осындай Орталықты Қырғызстан Ұлттық кітапханасында (Бішкек) және Ресей мемлекеттік кітапханасында Орталық Азия мемлекеттері мен Қазақстан ресурстары Орталығын ашу ұйғарылды (Мәскеу). Мұрат Әуезов. Мұрат Мұхтарұлы Әуезов — мәдениеттанушы-ғалым, дипломат, Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері. 1943 жылы Жамбыл облысында дүниеге келді. Мәскеу мемлекеттік М.В. Ломоносов атындағы университеттің «Қытай филологиясы» мамандығы бойынша шығыс тілдері Институтын бітірді және КСРО ғылым Академиясының әлем әдебиеті институтында әдебиет теориясы бойынша филология ғылымының кандидаты дәрежесіне диссертация қорғады. Қазақстан Журналистика Академиясының 27.02.2007 жылғы жалпы жиналысы арқылы Академияның толық мүшесі болып сайланды (диплом N 44 27.02.2007 жыл). 1970—1976 жылдарда М.М.Әуезов «Эстетика кочевья» ұжымдық монографиясын әзірлеген (1975 жыл) философия және құқық институтындағы эстетика тобына жетекшілік етті. 1981—1987 жылдарда ол «Қазақфильм» киностудиясында бас редактор болып қызмет атқарды. 1988—1990 жылдарда Қазақстан Жазушылар Одағының көркем аударма және әдеби өзара байланыстар жөніндегі Алқасын басқарды. 90-шы жылдардың соңында М.М. Әуезов Қазақстандағы «Мир» телерадиокомпаниясының көркемдік жетекшісі болды. 1990 жылы Әуезов М.М. Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Халық депутаты болып сайланып, онда Кеңес Президумының мүшесі, парламентаралық байланыстар жөніндегі Комитеттің төрағасы болды. 1992 жылғы желтоқсаннан ҚХР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды. Ол ҚР ерекше тапсырмалар бойынша Төтенше және Өкілетті Елшісі болып табылады. 1995 жылы Алматы облысы әкімдігінің ақпарат және Қоғамдық келісім Департаментін басқарды. 1999 жылғы желтоқсаннан «Сорос-Қазақстан» қорының атқарушы директоры, 2002 жылғы шілдеден қордың Президенті қызметін атқарды. 2003-2006 жж. Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Бас директоры қызметіне тағайындалды. Мұрат Мұхтарұлы — Мұхтар Әуезовтың баласы. Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы. Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы (АҚРҰАК) - 2004 жылдың 23 сәуіріндегі ҚР Үкіметінің № 461 Қаулысымен құрылды. 2004 жылғы 10 маусымда ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев пен Мәскеу мэрі Ю. М. Лужковтың қатысуымен кітапхананың салтанатты ашылу рәсімі өтті. 2005 жылғы 10 қыркүйекте АҚРҰАК оқырмандарына өз есігін ашты. Жаңа кітапхана - жалпы алаңы 15 000 шаршы метрді құрайтын, қазіргі заманға сай 5 қабатты ғимарат. Мұнда тұтынушыларға бар жағдай жасалынған. Қазақстан Үкімтенің жаңа жобасы кітапхана процесстерін автоматтандырудың кешенді жүйесімен қатар, кітапхана ісіндегі жаңа технологияларды дамыту және ақпараттардың ұлттық электронды сақтау қоймасын құру үшін жаңа компьютерлік жабдықтармен жасақталған зияткерлік орталық құруға бағытталған. Бүгінде ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында электронды ресурстарды 50 терабайттан петабайтқа дейін ұлғайтуға мүмкіндік беретін электронды сақтау қоймасы мен серверлер кешеніне арналған база құрылды. Кітапхана кітапханалық-библиографиялық процесстерді автоматтандыру деңгейі жөнінен республикамызда көшбасшылық орында. АҚРҰАК базасындағы «РАБИС» ақпараттық-библиографиялық жүйесінің автоматтандырылған негізгі үлгісі Қазақстанда алғаш рет ресми мақұлданды әрі жаңартылды. Бұл жүйе оқырмандарға қызмет көрсету процесіндегі бірегей логикалық тізбек бойынша жұмыс жасайды — оқырмандарды тіркеуден бастап, оларды әдебиеттер іздестіру мен тапсырыс беру, кітап беріліміне дейін бақылау. Бүгінде кітапхана қызметін 15 мыңнан аса оқырман пайдалануда. Кітап қоры 380 000 жуық. Кітаптан бөлек, кітапханаға қазақ, орыс және басқа да шет тілдерінде 1500 аса атаумен отандық, шетелдік мерзімді басылымдар келіп түседі. Кітапхана өз пайдаланушыларына 15 толық мәтінді ғылыми мәліметтер базасын және әлемдік алпауыт ақпарат орталықтарының он-лайн каталогтарын ұсынады. АҚРҰАК кітапханашылары компьютер технологияларын қолдануды жетік меңгерген, электрондар тасқынындағы ғылыми ақпараттардан да хабардар, қызмет барысында қашықтағы мәліметтер базасын, виртуальді анықтама қызметін, құжаттарды электронда жеткізу секілді осы замандық қызмет көрсету түрлерін жиі қолданады. Сондай-ақ, кәсіби ақпаратты қажет ететін тұрғындарға қызмет көрсету үшін меншіктік ақпараттық мәліметтер базасын қалыптастыруда. АҚРҰАК еліміздің кітапханаларына арналған ақпараттандыру мен автоматтандыруды енгізу бойынша консалтингтік орталық құруды зор сеніммен қолға алуда әрі республикамыздың кітапханалық процесстеріне жаңа технологияларды енгізу саласындағы консалтингтік, болжалдау және талдау жұмыстарын жүзеге асыруда. АҚРҰАК мынадай алып ақпараттық жобалардың инициаторы әрі әзірлеушісі: «Қазақстанның Ұлттық Электронды Кітапханасы» (ҚазҰЭК), «Қазақстанның қашықтағы кітапханалық академиясы», «Қазақстан кітапханаларының бірегей ақпараттық желісі». АҚРҰАК мамандары «Қазақстан кітапханаларын жаңартудың 2007—2009 жылдарға арналған бағдарламасын» әзірлеуде белсенділік танытты. АҚРҰАК қызметіндегі басым бағыттардың бірі — халықаралық ынтымақтастықты дамыту. АҚРҰАК мынадай халықаралық үкіметтік, қоғамдық, кәсіби ұйымдармен белсенді ынтымақтасқан: ИФЛА, БАЕ, МБИАЦ, ЮНЕСКО, Француз Альянсы, Гете институты, Дүниежүзілік даму банкі, Азия даму банкі, ПРООН, НАТО және басқалар. ТМД елдерінің Ұлттық кітапханаларымен ынтымақтастық туралы Келісім жасалды. Атап айтсақ: Ресей, Әзірбайжан, Тәжікстан, Қырғызстан, Молдова, Белоруссия, Өзбекстан. «Адам құқықтары жөніндегі ашық сандық кітапхана», «Көпшілік құқықтық ақпараттар орталығы», Үнді мәдениет орталығы, Неміс оқу залы, Ақпараттық даму орталығы, НАТО кітапханасы және басқа да ұйымдармен бірлікте жобалар әзірледі және енгізді. Ынтымақтастық туралы бұл келісімдер кітапхана қызметтері мен ақпараттық ресурстарды әрі қарай электрондауға серпін беретін жаңа жобаларды дамытуды қарастырады. АҚРҰАК қызметі халықаралық дәрежеде аталып, ақпараттық қоғам қалыптастыруға өзіндік үлес қосқан әлем кітапханалары туралы түсінік беруді мақсат еткен ИФЛА «Success stories of libraries Building the Information Society» арнайы жобасында әлемдегі үздік кітапханалар тарихы ондығына енді. Қазақстан Республикасы зағип және көру қабілеті төмен азаматтарға арналған кітапхана. Республикалық зағип және көру қабілеті төмен азаматтарға арналған кітапхана - Арнаулы кітапханалар жүйесінің тарихы Қазақ ССР Мәдениет Министрлігінің «Республикада көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханалар ашу туралы» 1969 жылғы ақпан айының 12 жұлдызында № 29 бұйрығынан басталады. Қазақ ССР Мәдениет Министрлігінің бұйрығына байланысты 1969 жылы республика аумағында 14 арнаулы кітапханалар, соның ішінде № 22 Алматы қалалық кітапханасы ашылады. Осы кітапхана негізінде 1971 жылы Қазақ ССР Мәдениет министрлігі және Қазақ соқырлар қоғамы орталық басқармасының ұсынысымен қаңтар айының 27 жұлдызында Қазақ ССР Министрлер Советінің № 50 жарлығымен «Көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» құрылады. Арнаулы кітапханалар жүйесінің негізін қалаушы, Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың (ЗНКААРК) алғашқы директоры Александр Филипович Сапелкин, еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, бүгінде республикалық кітапханада жемісті еңбек етіп жүр, еңбекті жаңа бастаушы жас кітапханашыларға қамқор — ұстаз. 1971 жылы кітапхана штатында 18 адам жұмыс істеген еді (оның 14 кітапханашы). Кітап қоры 18,5 мың дана, 1300 оқырманға кітапханалық қызмет көрсеткен. Кітапхана үш бөлімнен ғана тұрған. Бүгінгі таңда кітапхана штатында 41 адам жұмыс істейді, оның ішінде 26 кітапханашы, кітапханалық жоғарғы білімі барлар — 23. Кітап қорын 223 мыңнан аса әртүрлі басылымдар қоры құрайды, оқырмандар саны 3 мыңнан асады, келушілер саны — 26700. Кітапханада 8 бөлім, 8 кітапханалық пункттер, үйде қызмет көрсететін және кітапханааралық абонементтер бар. Үйде қызмет көрсететін оқырмадар саны 30-ға жуық. Онда тек көз мүгедектеріне ғана емес, сол сияқты, басқа да топтағы мүгедектерге кітапханалық қызмет көрсетіледі. Кітапханада дәстүрлі бөлімдерден басқа: дыбыстандыру студиясы, шағын тиражбен нүктелі-бедерлі әдебиеттер шығаратын баспа бөлімі, көз мүгедектерін арнаулы компьютерлік бағдарламалар көмегімен оқытуға арналған компьютерлік класс бар. Курс тыңдаушылары зағип студенттер, жұмыс табудан үміткер жастар және түрлі саладағы зағип мамандар, сонымен қатар зағип жастар ата-аналары, отбасы мүшелері. Мүгедек пайдаланушылардың барлығының Интернетпен жұмыс істеуіне, электронды сайттарды ашып, ақпарат ағынымен ақысыз танысуына мүмкіндіктер бар. Көз жанарынан айырылған азаматтарды Брайль жүйесі бойынша оқу-жазуға үйрету, Қазақстан әлем тарихы бойынша, шет тілдерін үйрету, отбасы құрамында мүгедек бар және мүгедектер отбасына психологиялық, құқықтық, психологопед кеңестер беру үшін реабилитация кабинеті бар. Кітапхана бүгінгі заманның талабына сай жаңа техникалық құрал-жабдықтармен жабдықталған, сондықтанда зағип жандарды жаңа ақпараттық технологияларға оқыту, кәсіптік мамандығын көтеру, жаңа мамандық игеру орталығы болып табылады. Сонымен қатар мүгедектердің барлық топтары тең және тез арада ақпарат ала алады. Кітапхана типтік ғимаратта орналасқан, қаладағы көптеген мәдениет орындарының бірі, басқа да топтағы мүгедектер кітапханаға кіру үшін пандустармен қамтамасыз етілген. 2004 жылдан бастап кітапханаға Балғожина Гүлбаршын Рахымберліқызы жетекшілік жасап келеді. Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана мүгедектердің барлық тобын оңалту, әлеуметтендіру, білім алу, демалу шараларын ұйымдастыру процессіне қатысады. Республикадағы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханаларға координациялық-әдістемелік және арнаулы кітапханалар мамандарының мамандық білімін көтеру орталығы болып табылады. 2005 жылдан бастап Алматыда біліктілігін көтеруге байланысты басқа да кітапханалар мамандары үшін бүгінде оқу базасы орындарының бірі. Арнаулы кітапханалар қызметін координациялау, жүйелік әмбебаб ақпарат кеңістігін құру, зағип және нашар көретін азаматтардың ақпарат-кітапханалық қажеттігін қамтамасыз ету мақсатында зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханалар Интернет-порталын құру жұмысы жүргізіліп жатыр, сонымен қатар кітапхананың өз сайты бар. 2005 жылдан бастап зағип және нашар көзі көретін азаматтар үшін «РБНСГ-Вести» газеті екі шрифте шығарыла бастады. 2007 жылдан бастап мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлініп, қазақстан баспасөз каталогына енді. «Юрист» компаниясының демеушілік көрсетуінің арқасында оқырмандардың құқылық анықтамалық «Юрист» жүйесін пайдалану мүмкіндігі бар. Бұл бағдарламаның деректік қоры үнемі жаңартылып, толықтандырылады. Кітапханалық процесстерді аутоматтандыру жұмысы ұдайы жетілдіріліп отырады. Аутоматтандырылған ақпараттық жүйе-Қазақстан Республикасының арнаулы кітапханасы (ААЖ-ҚРАК) бағдарламасын құрастыруы осыған дәлел бола алады. Құрастырушылардың бағдарламаға авторлық куәлігі бар. ЗНКААРК-сы бағдарламаны үйретуге, таратуға және сатуға орнатуға, сол сияқты бағдарламаны қолданылулар барысында өзгерістер, толықтыруларенгізуге және жетілдіруге құқылы. Бұл бағдарлама арнаулы кітапханалардың кітап қорының: нүктелі-бедерлі, дыбыстандырылған, жайпақ — баспа әдебиеттерден тұратын ерекшеліктерін ескере отырып кітапханалық процесстерді аутоматтандыруға бағытталған. Жазбаларды үш тілде: (қазақша, орысша, ағылшынша) басып шығарады. Бағдарламаны қолдану жұмыс орнын аутоматтандыру болып табылады. Басылымдардың барлық түріне инвентарлық кітаптарды құру, есептік кітаптарды енгізу, құжаттарды есептен шығару түрлері, мерзімдік басылымдар, кітап қорын есепке алу деректері, абонемент, тифлология, кітапхана пайдаланушыларымен жұмыс жасауды жеңілдету процесстері және электрондық каталог құру болып табылады. Қазіргі уақытта кітапханада әртүрлі ақпараттық тасымалдаушы: жайпақ баспа, нүктелі-бедерлі және дыбысты әдебиеттер, сол сияқты бедерлі-нүктелі құралдар, видеоматериалдар, CD дискілер пайдаланылады. Бұл басылыдардың барлығы дерлік электрондық базада көрсетілген. Инвентарлық кітаптарға, басылымдардың барлық түрлеріне (каталог, картотекалар карточкалық және электрондық түрде қатар жүргізіледі). Халықаралық «Force» қорының қолдауымен кітапханада зағиптарға арналған қазақ тілінде брайль жазуымен жазылған ақпаратты шығаруға мүмкіндік беретін арнаулы компьютерлік бағдарлама қондыру жұмысы жүргізілуде. Мемлекеттік, қоғамдық құрылымдармен, өкіметтік емес мүгедектер ұйымдарымен сол сияқты Қазақ соқырлар қоғамымен кітапхана тығыз байланыста жемісті еңбек етеді. Олар: «Шырақ» мүгедек әйелдер, Алматы қаласы барлық топтағы мүгедектер ассоциациялары, «Бақытты өз қолыңмен», «Көмектес», мүгедектер құқы жайлы азиялық «Жан», «САТР» қоғамдық бірлестіктер, Алматы қаласындағы Н. Островский атындағы көзі көрмейтін және нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернат, «Юринфо» компаниясы, БАҚ. Қазақстан Республикасының алтын және бағалы металдар мемлекеттік мұражайы. Қазақстан Республикасының алтын және бағалы металдар мемлекеттік мұражайы — Астана қаласындағы «Бейбітшілік пен келісім сарайында» орналасқан. Басты мақсаты: тарихи және мәдени ескерткіштерді жинақтау, жинау, жүйелеу, сақтау және зерттеу, сондай-ақ зергерлік, қолданбалы өнерді және ұстаханалық шеберлікті дамыту; Негізгі қордағы экспонаттардың саны 5782 бірлікті құрайды, соның ішінде негізгі қор — 1720 бірлік, «Есік Алтын адамы» жинағы — 4061 бірлік, көмекші қор — 43 бірлік, соның ішінде — экспозицияда — 426 бірлік, көшпелі көрмелерді — 3289 бірлік. Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайы. Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайы — Алматы қаласында орналасқан. Мұражайдың қорында 21750-ден астам бірлік бар, оның ішінде Ә. Қастеев атындағы өнер мемлекеттік мұражайы. Ә. Қастеев атындағы өнер мемлекеттік мұражайы - 1976 жылы Т.Г. Шевченко атындағы Қазақ мемлекеттік көркемсурет галереясының (1935 жылы қаланған) және Ресубликалық қолданбалы өнер музейінің (1970 жылы қаланған) қоры негізінде қаланған. 1984 жылы қаңтарда музейге Қазақ ССР Халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің есімі берілді. ЮНЕСКО-ның шешімімен 2004 жылы Әбілхан Қастеевтің 100 жылдық мерейтойы кең көлемде атап өтілді. 2004 жылдың 15 қаңтарында Әбілхан Қастеевтің мерейтойлық көрмесінің салтанатты ашылуы болды. Көрме суретшінің күллі шығармаларын қамтыды. Атап айтар болсақ, 400-ден аса акварельдік және кескіндеме туындылары, фотоқұжаттар, суретшінің жеке заттары, кинохроника музейдің үлкен төрт залдарында қойылды. Сонымен қатар суретшінің көрмесі Париж қаласындағы ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде және республиканың облыс орталықтарында өткізілді. Жаркентте Ә. Қастеев атындағы көркемсурет музейі ашылса, Чижин ауылында Ә. Қастеев атындағы саябақ ашылды. 2005 жылдың қаңтарында Әбілхан Қастеевке Алматы қаласының әкімі И. Н. Тасмағамбетовтың және қала басшылығының тікелей қаржылық қолдауымен ескерткіш ашылды. Бүгінде Ә. Қастеев атындағы МӨМ еліміздегі бейнелеу өнері саласындағы жетекші ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту ісіндегі ірі көркемсурет музейі болып табылады. Музейде Қазақстанның бейнелеу өнері, Қазақстанның қолданбалы өнері, шетел классикалық өнері, жаңа дәуірдегі шетел өнері, қорлар, қайта қалыпқа келтіру, көрме және экспозиция, насихаттау және экскурсиялық қызмет көрсету, ақпарат және баспа ісі сынды 9 ғылыми орталық жұмыс атқарады. Қазіргі таңдағы музейдің қоры өзінің көркемдік деңгейінің жоғарылығымен көптеген әлемдік жинақтардан еш қалыспайды. Музейдің аса бай қорындағы 22500-ден астам кескіндеме, графика, сәулет және Қазақстанның, Ресейдің, Еуропаның, Американың, Шығыс елдері халықтарының қолданбалы өнерінің баға жетпес жұмыстары музейдің негізі қорындағы туындылар болып табылады. Ә.Қастеев атындағы МӨМ әлемдік мәдени мұраларды сақтау, оларды зерттеу және танытуда маңызды іс шараларды орындайды. Музейдің тұрақты экспозициясы әрбір халықтың мәдени байлығы мен ерекшелігін көрсететін экспонаттар арқылы әлемдік өнердің негізгі даму сатыларын байқауға болатын тарихи хронология тәртібіне негізделген. Музейде зерттеу және білім беру ісі белсенді түрде жүргізіліп қана қоймай, сондай-ақ жыл сайын халықаралық және республикалық ғылыми конференциялар өткізу үрдіске айналған. Музейде өткізілетін қазақстандық, шетелдік суретшілердің көрмелері өнер сүйер қауымның, Алматы қонақтарының ерекше қызығушылығын тудырады. Музей өз тарапынан жинақтау, сақтау, көрме ұйымдастыру жұмыстарымен шектеліп қана қоймай, сонымен бірге музей қорын насихаттау және көркемсурет мәдениеті жайлы тұрғындарды кеңінен таныстыру мақсатында ағартушылық жұмыстарын жүргізуді өз алдына мақсат етіп қойған. Жұмыстың басты түрі болып: түрлі жастағы және әлеуметтік топтағы келушілерді белсенді түрде тарту, музей қорының аса жоғары дәрежедегі көркемдік деңгейін көрсету мақсатында тақырыптық және шолу экскурсияларын жүргізу; аса бай иллюстриативтік материалдарды пайдалана отырып лекциялар өткізу. Музей жанында Кіші өнер академиясы жұмыс істейді. Бейнелеу, сәндік-қолданбалы өнер тарихына арналған лекциялар 4—5 айға ойластырылған. Ә. Қастеев атындағы МӨМ ЮНЕСКО жанындағы беделді ИКОМ халықаралық музейлер қауымдастығының мүшесі болып табылады. Қазақстан Республикасы кітап мұражайы. Қазақстан Республикасы кітап мұражайы - Алматы қаласында орналасқан. 2006 жылғы 1 қаңтардағы жай-күй бойынша мұражайда 51,3 мың кітап тіркелген. Олардың 5213 мыңнан астамы сирек кездесетін, ескі кітаптар мен қолжазбалар. Ғимараттың жалпы көлемі 490,6 шаршы метр. Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы. Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы — Астана қаласында орналасқан. Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтің ұсынысы бойынша "жаңа астананың мәдени және рухани кейпін арттыру, үлкен қоғамның Қазақстан халқының тарихи мұрасымен, оның әлемдік мәдениет пен өнер саласындағы жетістіктерімен танысуы мақсатында (Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылдың 27 қазанынан № 1620) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мұражайы» және «С. Сейфуллин атындағы Республикалық бұқаралық кітапхана» екі республикалық мекеменің бірігуі арқылы құрылған. Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы Астана қаласындағы екі ірі жол торабы Республика даңғылы мен А. Бараев көшелерінің қиылысында орналасқан. Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығының жалпы ауданы — 20315,0 шаршы шақырым. Бұл — Астана сәулетінде зәулім ғимараттардың бірі. Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы үлкен биіктіктен қазақ халқының мәдениетіне тән, сәулелері әлемнің төрт бұрышына таралатын дөңгелек ретінде көрінеді. Бүкіл сәулет композициясының осьтік орталығы радиусы 19,5м, ғимаратқа түркілік сипат беретін, 16 метрлік күмбезбен бекітілген 5 қабатты мұражай болып табылады. Күмбездің жоғарғы жағы бірінші қабаттың еденінен деңгейінде орналасқан. Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы өзінің әртүрлі және әржақты шығармашылығы арқылы тарихи шыңдыққа, қазақ халқының дәстүрлі және әлем әдебиетінің гуманистік құндылықтарына сілтейді және өзінің алдындағы барлық мақсаттарын жүзеге асыруға және бұл салада еңбек ететін барлық ұйымдар мен мекемелер, қорлар мен агенттіліктермен ынтымақтастыққа келуге дайын. Отырар қорығы. Отырар археологиялық мемлекеттік қорық-мұражайы — 1979 ж. 11-мамырда Қаз КСР министрлер Кеңесі шешімімен ғылыми-зерттеу, мәдени ағарту және археологиялық еекерткіштерді қорғау мекемесі ретінде құрылған. Бұл Қазақстан аумағында құрылған алғашқы археологиялық қорық — музейі. 1998 ж. 25-желтоқсанындағы № 1335 Үкіметтің қаулысына сәйкес Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі республикалық бағыныстағы мемлекеттік мекеме болып қайта құрылды. Ол заңды мемлекеттік мекеме ретінде 1999 ж. 27-сәуірде қайта тіркелді. Қорық-музей мекемесі Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Жібек жолы даңғылының бойында үш қабатты ғимаратта орналасқан. Көпшілік көрермендерге Музей ғимаратымен қоса Арыстанбаб кесенесі Отырар қалашығы, Отырар руханиятының филиалы, қазақтын қоржын үйі қызмет көрсетеді. Қоржын үйдің жалпы ауданы 3048,5 м, экспозиция ауданы 1052 м, қор бөлімінің ауданы 254 м. 2004 жылы қорық музей қарамағында 160 — тарихи — мәдени ескерткіштер бар болса, 2005 жылы ескерткіштер саны 200 — ге жетті. 2006 жылы археологиялық барлау экспедициясының барысында Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музей есебіндегі археологиялық ескерткіштердің саны 220-дан асты. Музей ұжымы «Мәдени мұра» және «Көне Отырарды жаңғырту» бағдарламалары негізінде Отырар өңірінде жүргізілген археологиялық және реставрациялық жұмыстарға қатысып бірнеше ғылыми есептер жазды. 2004 жылы күзде осы жұмыстарға орай музей ішінен жаңа реставрация және консервация бөлімі ашылды. Қорық музейде қазақ халқының көне тарихы насихатталады. Қорық-музейдің негізгі мақсаты Отырар өңіріндегі археологиялық, архитектуралық ескерткіштерді қору, ғылыми зерттеу және насихаттау мен мәдени ағартушылық жұмыстарымен айналысу. Отырар қорық — музейі мен Ә. Марғұлан атындағы археолгиялық институты бірлесе Қазақстанда алғаш рет Отырар өңірінің ескерткіштеріне электронды археологиялық карта жасады, өңір ескерткіштерінің нақты орындары белгіленді. Жұмыс Leisa фирмасының электронды тахеометрлерінен инструментальді топографиялар жасалды. Ескерткіштердің электронды базасы үшін ArsGIS бағдарламасы пайдаланылды. ArsGIS бағдарламасы ескерткіштер орналасу картасы, мәліметер базасы, жәдігерлерді күтіп сақтау, есепке алу және ресми рәсімдеу жұмысына аса пайдалы екені анықталды. 2005 жылы музей ұжымы Отырар қорық — музейі және Отырар қалашығы мен оның айналасындағы ескерткіштер жөнінде мультимедиялық презентация жасады. Осы екі бағдарлама музей ұжымының жаңа үрдіспен жаңа әдістерді қолдана отырып, қорық — мұражайды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған жұмыстардың бірі. Әзірет Сұлтан. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында орналасқан. 1978 жылдың 30 қыркүйегінде Қазақ ССР министрлер Кеңесінің қаулысы бойынша Қожа Ахмет кесенесі негізінде «Республикалық Ахмет Ясауи сәулет кешені музейі» болып ашылып 1989 жылдың 28 тамызындағы Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің № 265 қаулысы бойынша «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейі болып қайта құрылды. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі Қазақстандағы бүкіләлемдік мұралар тізіміне (ЮНЕСКО) алынған тарихи ескерткіш (2003 жыл, маусым айы). Музейлердің жалпы экспозициялық алаңы 3794,52 шаршы метр. Әулиелердің сұлтаны атанған Қожа Ахмет Ясауи көз жұмған соң ХII-шi ғасырдың екінші жартысында оның мазарының басында екi бөлмелi шағын кесене тұрғызылады. Қазіргі үлкен кесене, тамаша сәулет өнерінің туындысы ХIVғ. соңында Әмiр Темiрдiң бұйрығымен салынған. Ғимарат бас ұста Мәулен Убайдулла Садырдың басшылығымен тұрғызылады. Орталық Азияда Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне тең келетін сәулет өнерінің туындысы жоқ. Оның сыртқы биіктігі 41 метр. Ұзындығы 65, ені 46,5 метр. Сыртқы қабырғаларының қалыңдығы 2 метр, Қазандық бөлмесінің қабырғалары 3 метр. Барлығы 35 бөлме бар. Орталық залдың күмбезінің диаметр 18,3 метр. Тайқазан 12399 жылы 25 шақырым жерде тұрған Қарнақ қаласында Әбділәзиз Шарафутдинұлы Тебризи құйған. Салмағы 2 тонна болатын қазанға 3 мың литр су сияды. ХVI ғасырдан бастап кесене маңына хандар мен билер, атақты кiсiлер жерленетін болды. Оларды жерлеу рәсiмi бастарына жеке кесене — мазарлар және дiни құрылыстар салумен қатар жүрдi. «Әзiрет Сұлтан» кесенесiн жөндеуге алғаш рет 1872 жылы көңiл бөлiндi. Ол жұмыстар кесене төңiрегiндегi қоқысты тазалауға бағытталды. Осы кезден бастап кесенедегi жөндеу және қайта қалпына келтiру жұмыстары бiрнеше кезеңде жүргiзiлiп отырды. 1966 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң шешiмiмен Мәдениет министрлiгi жанынан республикалық ғылыми-жөндеу шеберханасы, ал 1972 жылы Түркiстан қаласында арнайы жөндеу және қалпына келтiру шеберханасы ашылды. Қожа Ахмет Ясауи кесенесi музей болып ашылғаннан кейiн кешен құрамындағы «Шығыс моншасы» қайта қалпына келтiрiлдi. 1975 жылға дейiн үздiксiз жұмыс iстеп келген монша тарихи мәдени ескерткiш ретiнде, өзiнiң негiзгi қызметiн тоқтатып, 1979 жылдан бастап мұражайға айналдырылды. 1980 жылы қалпына келтiрiлген Қорған қабырғасы мен Қорғанның қақпасын бұрынғы сақталған сурет, сызбалар негiзiнде жаңадан тұрғызуға тура келдi. Ал, Жұма мешiтiнiң 1878 жылы салынған ғимараты бастапқы қалпы сақталып, қайта қалпына келтiрiлдi. ХIVғ. ескерткiшi болып табылатын Шiлдехана iшiнара қалпына келтiрiлiп, консервацияланды. 1979 жылы кесене төңiрегiндегi ортағасырлық сәулет ескерткiшi «Шығыс моншасы» көне ескерткiшi сақтау мақсатында музейлендiрiлдi. 1982 жылы «Жұма мешiтi» ХIХ ғасыр ескерткiшi орнынан «Археологиялық табыстар» атты музейi ұйымдастырылды. 1996 жылы Қожа Ахмет Ясауи өмiрiмен байланысты тарихи орын, жерасты мекенi, сопылық орталық болып саналатын ХII-ХIХғғ. Ескерткiш «Қылует» мешiтi музей қызметкерлерiнiң күшiмен экспозиция қойылып музей ретiнде ашылды. «Түркiстан тарихы» музейi орналасқан ғимарат — ХIХ ғасырда салынып әскери казарма ретiнде пайдаланылған. Кеңес заманында тiгiн тоқыма фабрикасы қызметiн атқарған. ХIХ ғасырда салынған сәулет ескерткiшi мемлекет қарауына алынып, жөндеу жұмыстары жүргiзiлiп 2000 жылы «Түркiстан тарихы» музейi-тарихи қаланың 1500 жылдық мерейтойы қарсаңында ашылып пайдалануға берiлдi. Музейден тарихи, рухани қаланың өткенi, кешегiсi туралы толық мағлұмат алуға болады. Музей экспозициясы үлкен-үлкен сегiз бөлiмнен тұрады. Музей қызметкерлерiнiң мақсаты көне қаланы «музейлер қаласы, рухани орталық» ретiнде түрленте беру. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Түркістан қаласында болғанда «Қазақстанның рухани орталығы Түркістан»-деген болатын. Сондықтан «Әзірет Сұлтан» қорық музейінің халқымыздың рухани өсіп өркендеуінде алатын оны ерекше. Болашақта осы бөлімдерді кеңейтіп, жаңа ғылыми зерттеу салаларын ашу жоспарланып отыр. Олар: археологиялық-ескерткіштерді зертеу бөлімі, этнография және этнология бөлімі, дін тарихы бөлімі, мәдени көпшілік және насихат бөлімі, экспозиция және көрмелер бөлімі, туризм және сервис жұмыстары. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейі өзінің жан-жақты шығармашылығы және рухани құндылықтарды насихаттау арқылы, өзінің алдындағы барлық мақсаттарын жүзеге асыруға және бұл салада қызмет ететін барлық ұйымдар мен мекемелер, қорлар мен агентттіктермен ынтымақтаса отырып жұмыс жүргізуге дайын. Абай қорығы. «Жиделі-Бөрібай» Абайдың тарихи-мәдени және мемориалдық мемлекеттік қорық-мұражайы — Семей қаласында орналасқан. Абай туғанына 95 жыл толу мерекесінің қарсаңында Қаз ССР Халық Комиссарлар Кеңесінің 1940 жылғы 1 сәуірдегі қаулысы бойынша ұйымдастырылып, сол жылы қазан айының 16-күні мереке үстінде ашылды. Қазақстан тарихындағы тұңғыш әдеби мұражай болып табылады. Оның негізгі қорын 1885 жылы Абай өлкетану мұражайына тапсырған заттар құрайды. Аталмыш заттардың 30-ға жуығы мұражай қорында сақтаулы. Алғашқы жылдар мұражай, ақын Семейге келгенде ат басын тіреп түсіп жүрген Бекбай Байысов пен Әнияр Молдабаевтың үйлеріне орналасқан болатын. 1967 жылдан бастап мұражай көпес Ершовтың (Ленин көшесі, 12) үйіне орын тепті. 1990 жылғы 5 сәуірдегі № 141 Қаз ССР Министрлер Кеңесінің қаулысы бойынша ақынның әдеби-мемориалдық мұражайы Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық «Жидебай-Бөрілі» қорық-мұражайы болып құрылды. Қорық-мұражайдың құрамына қалалық кешен, Жидебайдағы Абайдың әдеби-мемориалдық мұражай-үйі, Бөрілідегі М.Әуезовтің мұражай-үйі, қорық аймағына кіретін 16 тарихи орындар, Абай ауданы Құндызды ауылындағы халық ақыны Шәкір Әбенұлының мұражай-үйі, Мақаншыдағы Әсет Найманбайұлының мұражайы және Жидебайдағы «Шаһкәрім. Саят қора» экспозициясы кіреді. Қалалық кешенге Ленин көшесі, 12 үйде орналасқан көпес Роман Ершовтың үйі, 1995 жылы салынған жаңа ғимарат, 1993 жылы кешен аймағына көшірілген Ахмет Риза медресесі мен мешіті, мұражайдың әкімшілік үйі, сонымен бірге Бөгенбай батыр көшесі, 132 үйде орналасқан «Алаш арыстары — М.Әуезов» мұражайы кіреді. Мұражайдың қор құрамы — 20 мың, оның он мыңнан астамы негізгі қорда. Мұражайда әкімшілік, ғылыми қор, ғылыми-зерттеу, ғылыми насихат, ғылыми-техникалық, шаруашылық бөлімдері қызмет атқарады. Ежелгі Тараз ескерткіштері. «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени мемлекеттік қорық-мұражайы — Тараз қаласында орналасқан. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 ж. наурыздың 24 № 256 Қаулысына сәйкес құрылған. Облыс бойынша 1064 тарихи-мәдени мұра бар. Қорық-мұражай — тарихи-мәдени мұраларды қорғау, жөндеу, зерттеу, қалпына келтіру және пайдалану жұмыстарын жүргізеді. Оның 29 — республикалық дәрежеде, 66 — жергілікті мәні бар нысандар. Бұл ескерткіштер ҚР «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі» Заңына сәйкес және тиісті нормативтік нұсқаулар негізінде құжаттандырыдған. Олардың компьютерлік жүйесін жасап, электронды қорға енгізді және электронды табақшаларға қондырды. Мекеме Тараз қаласы, Бектұрғанов көшесі, № 3 үйде — 1900 жылы салынған сәулет өнері ескерткіші ғимаратында орналасқан (бұрынғы офицерлер үйі), мемлекеттік қорғауына алынған. Таңбалы. «Таңбалы» тарихи-мәдени және табиғи мемлекеттік қорық-мұражайы — Алматы облысы Жамбыл ауданында орналасқан. Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1052 Қаулысымен 2003 жылдың қазан айының 14 жұлдызыңда Мемлекеттік мекеме Алматы облысында «Таңбалы» Мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы ұйымдастырылды. Таңбалы қорық-мұражайы Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Алматы қаласынан 170 км солтүстік-батыста, Қарабастау кентінен солтүстік-батысқа қарай 4 км жерде орналасқан. Таңбалы қорық-мұражайының жалпы ауданы 3800 га құрайды, ал Визит-орталығы үшін 24 га жер берілген. Таңбалы шатқалының аумағында жүзден астам әр түрлі уақыттағы ескерткіштер — қола дәуірінен біздің заманымызға дейінгі 14—13 ғасырдың ортасынан 19—20 ғасырлардың дейінгі аралықты қамтыған қоныстар, молалар, ертедегі тас қашалған орындар, петроглифтер және табыну ғимараттары (құрбан шалынатын жерлер) орналасқан. Олардың бәрі бірігіп үш мың жыл бойы біздің еліміздің көптеген ертедегі және қазіргі кездегі халықтарының тарихын нақтылы көрсететін археологиялық кешен құрайды. Кешеннің барлық кезеңдердегі негізі жартастарында 3000 жуық петроглифтер (1—5 топ) сақталған каньон болып табылады. Ертедегі петроглифтер белгілі бір бағытқа ғана бағдарланған жазықтықтарға ойып жасалған. Аңғарда каньоннның әрбір жартасының алдында қола дәуірінің барлық суреттері күрделі композицияларға дәйектілікпен біріге отырып, бір мезілде көрінетін жер бар. Таңбалы петроглифтер галереясы өзіндегі қола дәуірінің тайпаларының ертедегі мифологиясы негізіндегі көркем хикаяны нақтылы түрде көрсетеді. Қола дәуіріндегі Таңбалының көптеген петроглифтері Орталық Азияның жартастағы өнеріндегі бірегейі. Таңбалы шатқалы Балхаш көлі және Шу өзенінің су сағасы бассейінін бөлетін, Шу-Іле тауларының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан және Солтүстік Тянь-Шань провинциясының жазықтық-тау бөктері, шөлді-далалы аймағының құрамына кіреді. Таңбалы қорық — мұражайының ең көрікті жері шатқалдың сағасында түзілген шағын каньон болып табылады. Мұнда аңғардың таң қаларлық иілімінде жартас беткейлері жабық кеңістіктің елесін жасай отырып, көрерменді тығыз қоршап алады. Таңбалы қорық — мұражайының аумағында өзінің алғашқы қалпын сақтаған жабайы жануарлар — қасқырлар, түлкілер, қояндар, тасбақалар, жыландар, сондай-ақ көптеген құстар, соның ішінде жыртқыш- дала қыраны, бөктергі, сұңқар-ителгі мекендейді. Таңбалы археологиялық кешенінің аумағында Шу-Іле тауларында ғана кездесетін, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген — Регель қызғалдағы, Кушакевич юнонасы және арнайы қорғауға мұқтаж басқа сирек кездесетін және реликті эндемикалық өсімдіктері бар ботаникалық бірлестіктер сақталған аймақтар бар. Одан басқа, жерді жырту және мал бағу нәтижесінде аймақтағы осындай ландшафтың көптеген басқа телімдері бүлінсе де, ескерткіш аумағында өзіне тән өсімдігімен бірге Тянь-Шаньның тау бөктеріндегі шөлге тән ландшафтының бүлінбеген телімдері сақталған. Таңбалы Орта Азиядағы жартастағы өнердің ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мұралар Тізіміне енгізілген бірінші ескерткіш. Қазақстанның көп ғасырлық тарихындағы Таңбалының мәнділігі, мұнда қола дәуірінің суретшілері алғаш рет құдайға антропоморфтық кескін бере отырып, оның көріп білуге болатын бейнесін жасауында. Таңбалының әлемдік мәні сондай, мұнда адам ашық аспан астында Күн Ордасын жасай отырып, ландшафтың табиғи өзгешелігімен өзінің шығармашылық даналығын біріктіре білген. Петроглифтердің орналасқан жері Таңбалы шатқалы тек Орта Азия шеңберінде ғана емес, ғаламдық көлемдегі ең маңыздылардың бірі болып табылады. Бұл зерттеліп жатқан және қорғалатын адамзаттың тарихи-мәдени мұрасы болып табылатын осы кешенге аялы қатынасқа себепші болады. Таңбалы шатқалының петроглифтерін зерттеу петроглифтердің тарихи-мәдени және палеоэкологиялық мағыналы мәтінін қайта құру үшін негізгі базаны қамтамасыз етеді. Таңбалының ертедегі петроглифтері ертедегі адамның қоршаған әлемді кеңістіктік көру және қабылдауын көрсете отырып, ап-анық сұлулыққа ие. Осы жартастағы суреттер біздің санамызға әсер ете отырып, ғасырлар арқылы сәлемдеме түрінде бізге жеткендей. Таңбалы ордасының феномені петроглифтердің бейнелеу қатарларының белгілі құрылымдарының болуында, мұнда қола дәуіріндегі петроглифтердің жүйесіз емес, белгілі дәйектілікпен орналасатындығын және белгілі экспозициядағы ғана жазықтықты алып жатқандығын бақылаймыз. 2003 ж. 19 желтоқсанда ЮНЕСКО-Норвегия-Қазақстанның «Менеджмент, консервация және Таңбалының жартастағы өнер ескерткіштерін таныстыру» жобасын іске асыру туралы Қазақстан Үкіметі және ЮНЕСКО арасында Келісімге қол қойды. 2004 жылдың басында Таңбалыны ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мұралар Тізіміне енгізу үшін қажетті құжаттамаларды дайындау үдерісі аяқталу кезеңіне кірді. 2004 ж. 30 маусымда Таңбалы археологиялық Ландшафтының Петроглифтері ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мұралар Тізіміне енгізілді. 2005 ж. 19 қыркүйекте ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мұралар Тізіміне «Таңбалы археологиялық ландшафтының петроглифтерін» Қазақстандық номинациясын енгізу туралы СЕРТИФИКАТТЫ ЮНЕСКО-ның Бас директоры Койчиро МАЦУУРАның қазақстандық делегацияға тапсыруының салтанатты рәсімі өтті. Ордабасы қорығы. «Ордабасы» тарихи-мәдени ұлттық қорығы - Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Ордабасы кенті, Бадам стансасында орналасқан. Мемлекеттік мекеме қызметінің негізгі мақсаты тарихи және мәдени археологиялық және сәулет ескерткіштерін сақтау болып табылады. Ұйымның қызметінің негізгі бағыты ұйым аумағындағы ұлттық мәдени қазынаны анықтау, қорғау, зерделеу, консервациялау, реставрациялау және пайдалану болып табылады. «Ордабасы» Ұлттық тарихи-мәдени қорығы 1134 га аумақты алып жатыр. Қорық-мұражай аумағында тарихи-мәдени маңызы бар 10 ескерткіш орналасқан. Қорық-мұражайдың қорлары мен экспозицияларында барлығы 1376 бірлік бар, оның ішінде негізгі қор – 41 бірлік, көмекші қор – 1335 бірлік. Ұлытау қорығы. «Ұлытау» тарихи-мәдени және табиғи ұлттық қорық-мұражайы - Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Ұлытау селосында орналасқан. Республикалық маңызы бар мұражайлардың бірі, Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1990 жылы 29 қарашадағы № 466 қаулысымен құрылған, алып жатқан жер көлемі 1883 шаршы км. Мұражай қорық аумағында ежелден келе жатқан (шамамен б. д. д. 5000 жылдар) некропольдар орналасқан. Олардың жалпы саны 200 -ге жуық. Осы өңірде яғни қорық көлеміне 700 ден астам тарихи-археологиялық және архитектуралық ескерткіштер орналасқан, оның ішінде Республикалық маңызы бар 12 ескерткіш. Атап айтқанда: Жошы хан, Алаша хан, Домбауыл, Лабақ, Мақат саханасы, Ерден, Кетебай, Жакуда-Ишан, Басқамыр қалашығы, Ақмешіт әулие, Едіге, Айранбай мазарлары. Оның сыртында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 20 қараша № 295 бұйрығымен «Мемлекеттің тұтастығы мен Қазақстан халықтарының бірілігінің белгісі» «Ұлытау» мұражай-қорығына 2006 жылы 6 желтоқсанда қабылданды. Ұлытау өңірі өзінің тарихқа толы ескерткіштерімен ғана белгілі емес, табиғатында да ерекшелігі бар. Жалпы аумағы 18 млн. Гектарды алатын қорық солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатқан Ұлытау, Арғанаты, Желдіадыр, Байқоңыр, Майтөбе, Аралтөбе, Үш қағыл тау бөктерінен тұрады Географиялық, ботаникалық зерттеулердің анықтауы бойынша бұл өңірде жалпы өсімдіктің 617 түрі өседі, оның ішінде 90 түрлі өсімдіктің дәрілік қасиеті бар. Мұражай 2 қабатты ғимараттан тұрады. Жалпы ауданы 583,2 кв. м. Мұражай қызметкерлері тарихи археологиялық ескерткіштерді қорғау, келешек ұрпаққа сақтап қалу мақсатында жұмыстар атқаруда. Жың Хы. Жың Хы (; туған аты: 馬三寶 / 马三宝;; "Хәджжи Маһмұд Шамс") ("Миң хоң у" 4-ші жылы — "Шұан ды" 8-ші жылы; 1371—1433) — қытайлық Миң әулеті дәуіріндегі теңізші, дипломат. Есімі. Юннән өлкесінен, ата тегі дүңген, сондықтан оның әуелгі тегі қытайша "Ма", аты "Санбау". Хорезм шаһтары болған Мұхаммед әулетінен. Жың Хы дегеннің 6-шы атасы "Сәийд Әжжал Шәмс әл-Әйн Омар" Юан дәуірінде Орта Азиядағы түсті көзділерден келген ақсүйек еді. Ма Санбау 33 жасында соғыста ерен ерлігі ұшін "Жың" тегін алып, атын "Хы" деп өзгерткен. Жың Хының шығысқа сапары. 1404 ж. Миң Чыңзу патша Жың Хыны 10 мың жасауылды бастап Жапонияға сапарға шығуға бұйырды. Осы нәтижеде Жапония тұңғыш рет Миң елімен достық байланыс орнатты. Жың Хының батысқа сапары. 1405 ж. шілденің 11 Миң Чыңзу патша Жың Хыны 204 кеме, 24 мың 400 адамды бастап батыс Тынық мұхит пен Үнді мұхитындағы елді мекендерге жіберді. 1433 ж. дейін ол 8 рет теңізге шығып, ақырында Гулида ауырудан қаза тапты. Мұны тарихи жазбаларда Санбау әтектің Батысқа сапары дейды. Дәстүрлі қытай жазуы. Дәстүрлі қытай жазуы (көне қытай жазуы) — жеңілтілген қытай жазуына қарағанда сызық сандары көп. Қытайдың ұзын тарихы барысында әр дәуірдің өзгерісі арқылы қазір істетіліп отырған жеңілдетілген жазуға өзгерген. Маркетиңг. Маркетинг ( — нарық, базар, өткізу, сауда) — кәсіпорынның (фирманың, бірлестіктің, т.б.) тауар өндіру-өткізу және сауда жасау қызметін ұйымдастыру мен басқару жүйесі. Маркетинг нарық дамуының жай күйі мен келешегін зерделеуге негізделеді, тұтыну мен өндіріс өніміне (тауарға, көрсетілген қызметке) сұранымды қалыптастырады, табыс алу мақсатымен рынокта тауарлардың өткізілуін тездетуге бағытталады. Маркетинг сұранымды жан-жақты зерделеп, болжау, жарнаманы пайдалану, өндірісті ынталандыру, сақтау және тасымалдаудың осы заманғы тәсілдерін, тауарлардың тұтынушыға жетуіне жәрдемдесетін технологиялық және басқа түрлерін қолдану негізінде кәсіпорынның жаңа өнімді әзірлеу, өндіру мен өткізу жөніндегі ұйымдық-техникалық, қаржы, коммерциялық және басқа қызмет түрлері жатады. Маркетингтің мәні — экономиканы, жарнаманы, инженерлік істі, психологияны, жоспарлауды, болжауды оңтайлы ұштастыру, яғни маркетиңг-тауарларды өндіру мен өткізу туралы ғылым. Оның негізгі мақсаты барынша көп пайда алумен бірге айырбас, тауарлардың тұтынушыға жеткізілуін тездету және өндірістік-коммерциялық қызметтің тиімділігін арттыру арқылы нарықтың (адамдардың, фирмалардың, кәсіпорындардың) тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) сұранымын қанағаттандыру. Анықтамалар. Көптеген зерттеушілер маркетинг — бұл үрдіс деген көзқарасты ұстанады. Бұл үрдіс компания жұмыс істегісі келетін мақсатты нарық сегментін зерттеу ден басталады. Маркетологтар әлеуетті сұранысты және оның көлемін (нарық сегментінің көлемін) анықтайды, яғни қажеттіліктері жеткілікті деңгейде қанағаттандырылмаған немесе нақты тауарлар мен қызметтерге қызығушылық білдіретін сатып алушыларды айқындайды. Нарықты сегменттеу жүргізіледі және сол сегменттің компания ең жоғарғы деңгейде қызмет көрсете алатын бөліктерін таңдау жасалады. Тауарды жасау және тұтынушыға дейін жеткізу жоспарлары, сонымен қатар сұранысқа тауар арқылы, бағаға, тарату арналары мен тауарды жылжыту әдістеріне әсер етудің маркетинг-микс () стратегиясы жасалады. Жүргізіліп жатқан шараларды және олардың тұтынушыларға әсерінің деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін маркетингтік аудит жүйесі құрылады. Маркетинг көбінесе тауардан емес, тауарды сатып алуға мүмкіндігі бар төлем қабілеті жоғары тұтынушыны іздеуден басталады. Маркетинг функциялары мен ұғымы. Әдетте маркетинг мазмұнын өткізу мен өткізуді жарнама арқылы ынталандыруға теңдейді. Бірақ өткізу жалпы маркетингтің бір функциясы бола отырып, оның ең маңызды функцияларына жатпайды. Егер фирма тұтынушылар қажеттіліктерін анықтау, қажетті тауарларды жасау және оларға дұрыс баға тағайындау, тауарларды таратудың мен тиімді ынталандыру жүйелерін жақсарту сияқты маркетинг бөлімдері аясында жақсы жұмыс жасаса, онда бұндай тауарларды өткізуде проблемалардың пайда болуы мүмкін емес. Басқару теоретиктері тұжырымдайтындай: «Маркетинг мақсаты — өткізу бойынша артық жұмыс істеуді болдырмау. Оның мақсаты — тауар мен қызметтің клиентке тура сәйкес келетіндей және өздерін өздері сататындай клиентті танып, оны түсіну». Бұның барлығы өткізу мен оны ынталандыру бойынша күш жұмсау өзінің маңыздылығын жоғалтатынын білдірмейді. Бұл функциялар одан да ауқымды «маркетинг кешенінің» (marketing mix) бөлігі, яғни нарыққа ең көп деңгейде әсер ету үшін бір бірімен үйлесімді байланыстыру қажет маркетингтік құралдар жиынтығы болып табылады. Жалпы маркетинг — бұл қай жақтан болса да нарыққа қатысы бар адамдар қызметі. Маркетингтік функциялар мынадай ұғымдарды қалыптастырады:мұқтаждық, қажеттілік, сұраныс, тауар, айырбас, мәмле және нарық. Маркетинг негізіндегі бастапқы идея болып адам мұқтаждығы идеясы табылады. "Мұқтаждық" — бірдеңенің жетіспейтіндігінің сезімі. Адамдар мұқтаждықтары әртүрлі және күрделі. Бұған негізгі болып табылатын тамаққа, киімге және қауіпсіздікке деген мұқтаждық; және де рухтық жақындық, беделді болудың әлеуметтік мұқтаждықтары; білім мен өзін-өзі көрсету сияқты жеке мұқтаждықтарды жатқызуға болады. Бұл мұқтаждықтардың көбісі адам табиғатының бастапқы құрамдастарымен анықталады. Егер мұқтаждық қанағаттандырылмаса, онда адам өзін қанағаттандырылмаған болып сезініп, сол мұқтаждықты қанағаттандыра алатын объекті іздейді, не ол мұқтаждықты басып тастауға тырысады. Маркетингтің екінші бастапқы идеясы болып адамның қажеттіліктері идеясы табылады. Қажеттілік — индивидтің мәдени деңгейі мен оның жеке тұлғасының ерекшелігіне сәйкес спецификалық пішінге келген мұқтаждық. Мысалы, қарт адамға тілдесуге деген қажеттілікті теледидар алмастыра алса, жастар үшін оның орнын би кештері алмастырады. Қажеттіліктер нақты қоғам немесе әлеуметтік топтың мәдени құрылымына байланысты әдіспен қанағаттандыра алатын объектілермен білінеді. Қоғамның прогрессивті дамуына қарай оның мүшелерінің қажеттіліктері де өседі. Адамдар олардың қызығушылықтары мен тілектерін туындататын объектілердің түрлерімен күннен күнге жиі кездесетін болды. Өндірушілер өз тарапынан тұтынушылардың тауарларды сатып алу тілегін ынталандыру үшін мақсатты шаралар жүргізеді. Олар өздері шығаратын тауарлар мен адамдар мұқтаждықтарын байланыстыруға тырысады. Тауарды бір немесе бірқатар ерекше мұқтаждықтарды қанағаттандыру құралы ретінде үгіттейді. Маркетинг қызметшісі мұқтаждықты тудырмайды, ол одан бұрын да бар болған. Сатушылар жиі қажеттілік пен мұқтаждықты шатастырады. Бұрғылау колонкаларын өндіруші тұтынушыға оның бұрғысы керек деп ойлайды, бірақ шынында тұтынушыға ұңғыма (скважина) қажет. Ұңғыманы тезірек және арзанырақ жасай алатын басқа тауар пайда болатын болса, онда тұтынушыда жаңа қажеттілік (жаңа тауарға деген) пайда болады, ал мұқтаждық сол бұрынғы болып қалады. Адамдар қажеттіліктері шексіз болып табылады, бірақ адамдар ең төменгі құн, уақыт және ақпарат шығындарын жасағандағы ең жоғарғы қанағаттандыру беретін тауарларды ғана сатып алады. Сұраныс — бұл сатып алу қабілеті бар қажеттілік болып табылады. Нақты қоғамның нақты уақыт аралығындағы сұранысын айтып өту қиынға соқпайды, бұның өзінде қоғам өндіріс көлемін алдыңғы жылғы сұранысқа негізделіп келесі жылға жоспарлай да алады. КСРО- да өндірісті жоспарлау осылайша жүргізілетін. Бірақ сұраныс – тұрақсыз көрсеткіш. Адамдарға қазір айналымда жүрген заттар тез қызықсыз болып көрініп, олар әртүрлілік үшін әртүрлілік іздейді. Талғамның өзгеруі бағаның немесе табыс деңгейінің өзгерісінің нәтижесі болып шығуы да мүмкін. Адам әдетте жиынтық қасиеттері осы бағада қанағаттандыратын тауарды, адамның барлық ерекше қажеттіліктері мен ресурстарын есепке ала отырып, таңдайды. Тауар — қажеттілік немесе мұқтаждықты қанағаттандыра алатын кез келген нәрсе және нарыққа назар аудару, сатып алу, пайдалану және тұтыну мақсатымен ұсынылады. Тауарлар қажеттіліктерге сәйкес келмеуі, бір бөлігінің ғана сәйкес келуі мүмкін, қажеттіліктерге толықтай cәйкес келуі және идеалды тауар болуы мүмкін. Тауар неғұрлым тұтынушы талғамына сәйкес болса, соғұрлым өндіруші табысты болады. «Тауар» ұғымы физикалық объектілермен шектелмейді. Тауар деп, қызмет көрсете алатын, яғни мұқтаждықты қанағаттандыра алатын кез келген нәрсені айтуға болады. Бұйымдар мен қызметтерден басқа оған тұлғаларды, жерлерді, ұйымдар, қызмет түрлері мен идеяларды жатқызуға болады. Тұтынушы теледидардан қандай ойын-сауық бағдарламасын көргісі келетінін, демалысқа қайда барғысы келетінін, қандай идеяларды қолдағысы келетіндігін өздігінше таңдайды. Маркетинг адамдар өзінің мұқтаждықтары мен сұранысын айырбас арқылы қанағаттандырғысы келген кезде пайда болады. Бұл бес шарт айырбастың іске асуының тек әлеуетті мүмкіндігін тудырады. Айырбастың жүзеге асатыны не аспайтыны тараптардың айырбасқа қатысты шарттар туралы келісіміне байланысты болады. Егер айырбас — маркетингтің ғылыми пән ретіндегі негізгі ұғымы болса, онда маркетинг аясындағы өлшеудің негізгі бірлігі болып мәмле табылады. Мәмле — екі тарап арасындағы құндылықтарды коммерциялық айырбастау. Мысалы, сатып алушы сатушыға белгілі бір соманы беріп, өзіне керекті тауарды алады. Бұл классикалық ақшалай мәмле. Бартерлік мәмледе айырбас заттар арқылы жүреді — күнбағысты метталға алмастырады, немесе қызметтер арқылы жүруі да мүмкін — заңгер дәрігерге заңгерлік қызмет көрсетіп, дәрігер өз тарапында оған медициналық көмек көрсетеді. Әдетте, мәмле шарттары заңнан қолдау тауып, қорғалады. «Мәмле» ұғымынан тікелей «нарық» ұғымына келуге болады. Нарық — нақты және әлеуетті тауарды сатып алушылардың жиынтығы. Әртүрлі экономикалық жүйелерде адамдардың мұқтаждықтарын қанағаттандырудың әдістері әртүрлі. Қарапайым әлеуметтік құрылымдарда өзін -өзі қамтамасыз ету орын алады — яғни қажеттіліктер аз және әр адам өзіне қажетті нәрсемен өзін-өзі қамтамасыз ете алады. Орталықтандырылмаған айырбас болған жағдайда әрбір белгілі бір тауарды өндіруші оның тауарларына қызығатын әрбір тұтынушыны іздейді және мәмле жасайды. Үшінші әдіс — орталықтандырылған айырбас, бұнда айырбастаудың қосымша қатысушысы — саудагер және белгілі орын — нарық қажет болады. Нарық құндылықты маңыздылығы бар нақты бір тауар немесе қызмет үшін құрылуы да мүмкін. Мысалы, еңбек нарығы өзінің жұмыс күшін жалақыға немесе тауарларға айырбастағысы келетін адамдардан тұрады. Ақша нарығы адамдар мұқтаждықтарын қанағаттандырады, яғни ақшаны қарызға алуға, несиеге алуға, ақшаны сақтауға және олардың сақтығын кепілдендіруге мүмкіндік береді. «Нарық» ұғымынан негізгі «маркетинг» ұғымына қайтып келуге болады. Айырбас үрдісі белгілі бір әрекеттерді қажет етеді. Сатқысы келетіндерге сатып алушыларды іздеуге, олардың қажеттіліктерін айқындауға, сәйкес тауарларды жасауға, оларды нарыққа жылжытуға, сақтауға, тасымалдауға, баға туралы келісуге тура келеді. Маркетинг қызметінің негізін тауарды жасау, зерттеулер жасау, байланыс орнату, бөлуді ұйымдастыру, бағаларды орнату, сервис қызметтерін ашу сияқты үрдістер құрайды. Маркетинг сатушылардың ісі болып саналғанымен, маркетингпен сатып алушылар да айналысады. Үй шаруашылықтарындағы әйелдер өзіне қажетті тауарларды іздеген кезде өзінің маркетингін жүргізеді. Тапшылық көретін тауарларды іздеу барысында фирма жеткізушісіне сатушыларды іздеу қажет болады. "Сатушы нарығы" — бұл сатушылардың беделі жоғары және белсенділердің қатарында көбінесе сатып алушылар болатын нарық. "Сатып алушы нарығы" — бұл бедел сатып алушыда болатын және сатушылар белсенді болуға тура келетін нарық. Маркетинг қалыптаса бастаған нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттерде, 50-ші жылдардың басында тауарлар ұсынысы оларға туындаған сұраныстан аса бастады және маркетингті сатып алушыларды іздеп жүретін сатушылармен теңдей бастады. Сондықтан маркетинг проблемаларын сатып алушы нарығы жағдайындағы сатушы алдында пайда болатын проблемалар сияқты қарастырады. Соңғы тұтынушылардың "сатып алушылық мінез-құлқы" — бұл тауарлар мен қызметтерді өзінің жеке тұтынуы үшін сатып алатын жеке тұлғалар мен жанұялардың мінез-құлқы. "Тұтынушылық нарық"— жеке тұтыну үшін тауарлар мен қызметтерді сатып алатын жеке тұлғалар мен жанұялар. "Маркетинг-микс" (немесе маркетингтік кешен) маркетингтік басқарудың пәні болып табылатын негізгі факторларды білдіреді. Ол «"төрт P"» деп аталатын төрт элементтен тұрады — тауар, баға, тарату және жылжыту (). Маркетингтік басқарудың міндеттері мен құрылымы. Маркетинг кешенін құрастыруға тауарларды жасау, тауарларға баға тағайындау, тауарларды таратудың әдістерін таңдау және тауарды өткізуді ынталандыру жатады. Маркетингтік шараларды жүзеге асыру стратегиялық жоспарларды жасау және олардың орындалуына бақылау орнату. Маркетингті басқару қағидаты. Коммерциялық ұйымдар өзінің маркетингтік қызметін басқаруды іске асыратын бес негізгі әдіс бар: өндірісті жетілдіру қағидаты, тауарды жетілдіру қағидаты, коммерциялық күш жұмсауды қарқындату қағидаты, маркетинг қағидаты және әлеуметтік – этикалық маркетинг қағидаты. Бұл қағидаттар нарықтық экономика дамуының әртүрлі кезеңдерінде қалыптасқан болатын. Маркетингтің дамуының жалпы тенденциялары - өндіріс пен тауардағы назардың коммерциялық жұмыс жасауға, тұтынушыға көшуі және тұтынушы мен әлеуметтік этика проблемаларына назар аударыла бастауы. "Өндірісті жетілдіру қағидаты" (the production concept) тұтынушылар кең таралған және бағасы бойынша қол жетімді тауарларды таңдайтынына негізделіп, соған cәйкес басқарушылар өзінің бар күшін өндірісті жетілдіру мен тарату жүйелерінің тиімділігін жоғарлатуда шоғырландыруы қажет екендігін білдіреді. Өндірісті жетілдіру қағидатын қолдану екі жағдайда жүргізіледі. Біріншісі — тауарға деген сұраныс ұсыныстан жоғары болғанда. Бұл кезде басқарушыларға өндірісті жоғарлату әдістерін іздеу керек. Екіншісі — тауардың өзіндік құны өте жоғары болып, оны төмендету қажет болғанда, ал ол үшін өнімділікті жоғарлату керек (бірақ бұнда өнімнің өзіндік құны жоғары болғандықтан, демек оған сұраныстың төмен болу кесірінен қоймада жататын өнімнің бір бөлігін төмендетілген бағамен сату керек болады. Бұл осы тауарды өндіретін немесе сататын фирма үшін кері әсерін тигізуі мүмкін). "Тауарды жетілдіру қағидаты" (product concept) тұтынушылар сапасы ең жоғары, ең жақсы пайдалану сипаттамалары және қасиеттері бар тауарларға қызығушылық білдіретініне негізделіп, ал бұл ұйым өзінің энергиясын тауарды әрдайым жетілдіруге бағыттауы тиіс екендігін білдіреді. Бұл қағидатты пайдалану фирмаға белгілі артықшылықтарды тек қысқа мерзімге ғана қамтамасыз ете алады, бірақ жалпы тауарды жетілдіру қағидаты «маркетингтік алыстан көрмеушілікке» алып келуі мүмкін. Өзінің тауарына бар назарды аудара отырып, сатушы тұтынушының қажеттіліктерін байқамай қалады. Осылайша, мысалы, АҚШ-та темір жол басшылары тұтынушыларға көлік құралы емес, поез қажет деп ойлады да, әуе жолдары мен автокөліктен шығатын бәсекелестік қауіптілікті байқамады. Логарифмдік сызғыш өндірушілері тұтынушыларға есептеу мүмкіндігі емес, сызғыш керек деп ойлады, сондықтан қалта калькуляторларынан шығатын қауіпті байқамады. "Коммерциялық күш жұмсауды қарқындату қағидаты" (selling concept) фирма өткізу мен ынталандыру аясында қажетті күш жұмсамаса, тұтынушылар сол фирманың тауарларын жеткілікті көлемде сатып алмайтынына негізделеді. Бұл қағидатты басшылыққа ала отырып, әлеуетті тұтынушыларды анықтаудың және сатып алушыларға белсенді әсер етіп, сатып алуды мәжбүрлейтін «қатаң сату» -дың әртүрлі әдістері жасалған. "Маркетинг қағидаты" (marketing concept) ұйым мақсаттарына жетудің кепілі болып шартты нарықтардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктірін анықтау және бәсекелестерге қарағанда тиімдірек және өнімділігі жоғарырақ әдістермен қанағатты қамтамасыз ету табылатынын білдіреді. Маркетинг қағидатындағы назар аудару объекті болып тауар емес, мұқтаждықтары мен қажеттіліктері бар фирма клиенттері табылады. Бұл жерде фирма табысты тұтынушылық қанағаттың құрылуы мен соны қолдау арқылы алады. Соңғы екі қағидатты салыстыра отырып, коммерциялық күш жұмсауды қарқындату қағидаты, немесе оны тағы өткізу қағидаты деп те атайды, жалпы ресей нарығына сипатты, ал маркетингтік қағидат өте сирек, көбінесе элиталық тұрғын үйлерін салғанда қолданылатыны айқын көрінеді. "Әлеуметтік- этикалық маркетинг қағидаты" (societal marketing) фирманың міндеті мақсат нарықтардың мұқтаждықтарын, қажеттіліктерін және мүдделерін анықтау және қанағатты тиімдірек және өнімділігі жоғарырақ әдістермен, тұтынушы мен жалпы қоғамның ауқыттылығын сақтай отырып қамтамасыз ету болып табылатындығын білдіреді. Бұл қағидат кейін, яғни қоршаған орта тұрғысынан алғандағы таза маркетинг қағидатының жеткіліксіз екендігіне, табиғат көздерінің сарқылатындығына көз жеткеннен кейін және басқа да әлеуметтік – этикалық проблемаларға байланысты құрылды. Ақыры, таза маркетинг қағидаты тұтынушы қажеттіліктері мен оның ұзақ мерзімді ауқаттылығы арасындағы мүмкін қарама-қайшылықтарды қарастырмайтын болды. Әлеуметтік- этикалық маркетинг қағидаты үш фактордың үйлесуін талап етеді: фирма табысы, сатып алушы қажеттіліктері және қоғам мүддесі. Маркетингтік ақпарат жүйесі және маркетингтік зерттеу үрдісі. XX ғасыр басында фирмалардың көпшілігі шағын болатын, ал олардың қызметкерлері өзінің клиенттерінің әрбіреуін жақсы білетін. Басқарушылар маркетингтік ақпаратты өздерінің тұрақты клиенттерімен әңгімелесу арқылы жинайтын. Одан кейін одан да ауқымды және сапалы ақпаратты алудың қажеттілігін туғызған үш тенденция пайда болып, күшейе бастады. 1. Жергілікті деңгейдегі маркетингтен жалпыұлттық ауқымдағы маркетингке көшу. Фирмалар әрдайым өзінің нарығының ауқымын кеңейтіп, оның басқарушылары өзінің клиенттерімен тікелей таныс емес. Маркетингтік ақпаратты жинаудың жаңа жолдары қажет. 2. Сатып алушылардың мұқтаждықтарынан сатып алушылардың қажеттіліктеріне өту. Табыстың өсуіне байланысты, сатып алушылар тауарды сатып алғанда сол тауарға деген талаптарды жоғарлатады. Сатушыларға сатып алушылардың тауардың әртүрлі сипаттамаларына, рәсімделуіне және тауардың басқа да қасиеттеріне қалайша қарайтындығын алдын ала болжау қиынға түседі. Арнайы маркетингтік зерттеулер жүргізу қажеттілігі пайда болады. 3. Баға бәсекелестігінен бағалық емес бәсекелестікке өту. Сатушылар маркетингтің бағалық емес, тауарларға маркалық атауларды қою, жарнама және өткізуді ынталандыру сияқты әдістерді көптеп қолдана бастады. Осы әдістерді қолдануға нарық қалай қарайтындығы туралы ақпаратпен қамтамасыз ететін кері байланыс жүйесін құру қажеттілігі туындайды. Бұл қажеттіліктерді іске асыру үшін көптеген фирмалар маркетингтік ақпарат жүйелерін жасайды. Маркетингтік ақпарат жүйесі (marketing information system) — адамдар, құрал-жабдық және әдістемелік жолдар байланысының тұрақты құрылымы. Ол маркетингтік шараларды жоспарлауды жетілдіру және бақылау мақсатымен өзекті, уақытылы және нақты ақпаратты жинау, топтау, сараптау, бағалау және таратуға арналған. Маркетингтік ақпарат жүйесі ақпарат көзіне байланысты ішкі есеп жүйесі мен сыртқы маркетингтік ақпарат жинау жүйесіне бөлінетін мәліметтер базасын құрайды. Ішкі есеп жүйесі (internal records information) ағымдағы өткізу көрсеткіштерін, шығын сомаларын, материалды қорлар көлемін көрсетеді. Сыртқы ағымдағы маркетингтік ақпаратты жинау жүйесі — басқарушылар фирманың коммерциялық ортасы туралы алатын күн сайынғы ақпаратты жинаудың көздері мен әдістемелік жолдарының жиынтығы. Бұл ақпарат газеттерден және арнайы басылымдардан, каталогтардан және осындай ақпаратты жинайтын бөлшек саудагерлер мен фирмалардан келеді. Ірі фирмаларды ақпаратты жинау үшін жеке бөлімшелер құрылады. Маркетингтік зерттеу (marketing research) — маркетингтік қызметке қажетті ақпаратты жинау үрдісі. Маркетингтік барлау — ашық қайнар көздерден маңызды маркетингтік ақпаратты алуды білдіреді. Бұндай бөлімшелер жұмысының әдістеріне БАҚ талдауы, әлеуметтік сауалнама жүргізу (сауалнама), ішкі корпоративті зерттеулер, тиімділік көрсеткіштерінің талдауы жатады. Осылайша, компанияның жалпы айналымы, таза табыс, жалпы келушілер ішіндегі сатып алушылардың үлесі (келушілерді санау жүйесі) талданады. Талдау әдістері (маркетингтік модельдер). Маркетингтік модельдер тек маркетингтік талдау жасау үшін ғана емес, сонымен қатар маркетинг бөлімінің басқа бөлімдерімен байланысу үшін қолданылады. Әтек. Шығыс ұлықтарының (соның ішінде — Көне Қытай, Араб Халифаты, Византия, Османлы империясы т.б.) патша сарайында жұмыс істейтін өзге әулеттердің ерін пішіп тастап жұмысқа кіруіне рұқсат ететін болған. Үшінші Рейх. Үшінші Рейх (немесе Нацистік Алмания, ресми түрде — "Неміс Империясы", соңра — "Ұлы Неміс Империясы") (1933—1945) — "Nationalsozialistische Deutsche Arbeiterpartei" (Ұлттық Социалистік Неміс Жұмыскерлері Партиясы, не «Нацистік партия») және Адолф Һитлер канцлер болып және, 1934 ж бастап, "Führer" (көсем) деп аталып елбасы болып басқарған кезеңіндегі Алманияның атауы. "Нацистік Алмания" деген термин саяси әдепті деп саналмайды, Алманияда, т.б. елдерде әдетте "Үшінші Рейх" деген терминді пайдаланады. Нацистік Германияның тіршілік кеңістігі, «арийлердің» нәсіл тазалығы, антисемитизм, Версаль келісімі нәтижесінде Германияның жерінің қысқартылғаны және сол арқылы абыройының аяқасты етілгені үшін кек алу, Кеңес Одағына қарсы бағытталған антикоммунизм секілді ұғымдарға негізделген саясаттары Екінші дүниежүзілік соғыстың және соның кезінде фашистік режимнің миллиондаған яһудилерді, саяси қарсыластарын және басқа да топтарды Холокост немесе Шоа деген атпен белгілі қырып-жоюының басты себептері болып саналады. Соғыстың аяғына қарай Германияның инфраструктурасы қирап, одақтастардың бомбылаулары және қала ішінде жүргізілген ұрыстардың нәтижесінде (әсіресе 1945 жылы Берлин қаласының ішінде болған ұрыстардың нәтижесінде) басты қалалары үйінділерге айналды. Фашист билігінің кезінде Германия, әскери және территориялық тұрғыдан алғанда, 1940-шы жылдардың басында Еуропаның билеуші мемлекетіне айналды. 1938 жылы Аустрияны өзіне қосып алғаннан кейін Қасиетті Рим империясы заманынан бері Аустрияны қамтыған алғашқы герман мемлекетіне айналды. Фашист режимі 1945 жылы күйрегеннен кейін Аустрия қайтадан тәуелді мемлекетке айналды. Сол күйреудің тағы бір нәтижесі — Германия өзінің Пруссия деген өте маңызды тарихи аймағынан толығымен айырылып қалды. Аты. Германияның ресми аты 1933 жылы нацистер билік басына келген соң өзгертілген жоқ. Оның аты 1871 жылы Германия біріккен мемлекет ретінде құрылғаннан бері болып келгендей "Deutsches Reich" (яғни «Герман рейхы») болып қала берді. Тек 1943 жылы ғана фашист үкіметі ресми түрде Германияның атын "Großdeutsches Reich" (яғни Ұлы Герман рейхы) деп өзгертті. Ол ат қолданыста 1945 жылғы май айына дейін қала берді Нацистік партия "Drittes Reich" («Үшінші рейх») and "Tausendjähriges Reich" («Мыңжылдық рейх») деген аттарды өздері құрғылары келген барлық неміс ұлтының өкілдерін қамтитын империяны атау үшін қолданатын. «Мыңжылдық рейх» деген атау қысқа ғана уақыт қолданылып, 1939 жылы келемеждеу болмасын деп қолданыстан шығарылды.. 1945 жылғы майдың 8-інен кейін Үшінші рейх туралы жазылған кітаптар мен мақалаларда сол «мыңжылдық» деген сөз оның іс жүзінде өмір сүрген он екі жылымен көп рет салыстырылды. Нәсілдік және әлеуметтік қудалау. «Сары белгі» — нацистік Германияда және жаулап алынған аумақтарда барлық еврейлер тағып жүруге міндет болған белгі. Екінші Дүниежүзілік соғыс. 1936 ж. Германия мен Жапония «антикоминтерндік пактіге» қол қойды, 1937 ж. оған Италия қосылды. Жапония 1931 ж. Қытайда, Италия 1935-36 ж. Эфиопияда, Германия мен Италия 1936 — 39 ж. Испанияда басқыншылық соғыстар жүргізді. 1938 ж. Германия Австрияны, Мюнхен келісіміне (1938 ж. 29 қыркүйекте Мюнхен қаласында Германия, Ұлыбритания, Франция, Италия үкімет басшылары кездесіп, Чехословакияның Судет облысын немістерге беру, Германия көршілерінен баска жер талап етпеуге келісім жасасты) сәйкес Чехословакияның Судет обл-н, 1939 ж. наурызда Чехословакияны, Литваның Мемель облысын, сәуір айында Италия Албанияны басып алды. Еуропада өз мүдделерін қорғау үшін Ұлыбритания мен Франция үкіметтері Польша, Румыния, Грекия, Түркия елдерін қорғауға міндеттеме алды, сондай-ақ, КСРО-мен үжымдық қауіпсіздік жөнінде келіссөз жүргізді. Кеңес үкіметі олардың кейбір талаптарымен келіспей, келіссөзді тоқтатты да, керісінше, Германиямен өзара шабуыл жасаспау пактісіне (1939 ж. 23 тамыз) қол қойды. Осы Молотов-Риббентроп келісімі (В.Молотов КСРО-ның, М.Ребентроп Германияның атынан келісімге қол қойған) бойынша екі мемлекет жасырын түрде Шығ. Еуропадағы өздерінің ықпал ету аймақтарын бөлісіп алды. Финляндия, Латвия, Литва, Эстония, Бессарабия және Польшаның шығыс бөлігі (Нарва, Висла, Сен өзендерінің шығыс жағы) Кеңес Одағына, ал қалған бөліктер түгелімен Германияға тиесілі болды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Германия және оның одақтастары Еуропада жаулап алған жер (көкпен боялған). Соғыстың 1-кезеңі (1939 ж. 1 қыркүйек — 1941 ж. 21 маусым). КСРО-мен келісімге келгеннен кейін 1 қыркүйекте Германия Польшаға шабуыл жасады, ал 3 қыркүйекте Ұлы-британия мен Франция Германияға соғыс жариялады. Поляк армиясы 8-28 қыркүйекте Варшаваны ерлікпен қорғағанымен еріксіз берілді. 17 қыркүйекте Қызыл Армия Молотов — Риббентроп келісімі бойынша, Польшаның шекарасынан өтіп, Бат. Украина мен Бат. Белоруссияны өзіне қосып алды, ал қыркүйек — казан айларында Эстония, Латвия, Литва үкіметтерімен өзара көмек шарттарын жасасып, әскер кіргізді. Ұлыбритания мен Франция үкіметтері Германияға соғыс жариялағандарымен, 9 ай бойы ешқандай ұрыс кимылдарын жүргізген жоқ. Осыны пайдаланған Германия Ұлыбритания теңіз флотына соқкы берді де, Бат. Еуропаны жаулап алуға кірісті. 1940 ж. сәуір — мамыр айларында Норвегия мен Дания жаулап алынып, 10 мамырда Бельгия, Нидерланд, Люксембургке, әрі қарай Францияға басып кірді. Петен бастаған француз үкіметі қарсыласудан бас тартып, 22 маусым күні берілді. Оңт. Францияда Петеннің «қуыршақ үкіметі» құрылып, елдің қалған бөлігінде герман билігі орнады. Маусым айында (1940) Италия үкіметі де Франция мен Ұлыбританияға соғыс жариялады. Енді гитлершілер ағылшын қалаларын аяусыз бомбалауға кірісті. Бірақ Гитлер Ұлыбританияға басып кіруден бас тартып, Кеңес Одағымен соғыска мұқият дайындала бастады. Жапониямен, Италиямен достык нығайтылды. Балкан компаниясы (1941) нәтижесінде Грекия жаулап алынып, Югославияда фашистік Сербия, Хорватия «мемлекеттері» күрылды. Румыния, Венгрия, Болгария, Финляндия фашистік одақка қосылды. Басып алынған жерлерді қырып жою, еріксіз жүмысқа пайдалану саясаты жүргізіліп, нәтижесінде фашистерге қарсы карсыласу козғалысы дүниеге келді. АҚШ үкіметі бейтараптык саясатынан бас тартып, Ұлыбритания мен баска да Еуропадағы соғысушы елдерге несиеге немесе жалға соғыс материалдарын (лендлиз) беру туралы заң қабылдады (1941 ж. 11 наурыз). Соғыстың 2-кезеңі (1941 ж. 22 маусым — 1942 ж. 18 қараша). 1941 ж. 22 маусым күні Германия КСРО-ға басып кірді. Германияға Венгрия, Румыния, Финляндия, Италия мемлекеттері қосылды. Соғыс қиян-кескі сипат алып, Германия өзінің Қарулы Күштерінің 77%-ын осы майданда ұстады. Мәскеу шайқасында (30.9.1941 — 20.4.1942) және Сталинград шайқасында (1942, шілде, — қараша) кеңес армиясы өз отанын қорғап қалды. 1941 ж. шілдеде КСРО үкіметі Ұлыбритания және эмиграциядағы Польша, Чехословакия үкіметтерімен келісімге келді. Қыркүйектің аяғы — қазан айының бас кезінде (1941) Мәскеуде АҚШ, Ұлыбритания үкіметтері КСРО-ға қару-жарақпен көмек беру жөнінде келісімге қол қойды. Гитлерге қарсы одақтың негізі қаланды. 1943 ж. жазда өткен әйгілі Курск шайқасында жеңіске жеткен Қызыл Армия бөлімдері жаппай шабуылға шығып, Украина мен Белорусьті азат етуге кірісті (к. Курск шайқасы). Германияның негізгі күші шығыс майданда болғанын пайдаланған одақтастар 1943 ж. жазда Сицилияны басып алып, Апенин түбегіне беттеді. Одақтастардың шабуылы мен антифашистік қозғалыстың күшеюі нәтижесінде шілденің аяғында Италияда Муссолини үкіметі қүлап, П.Бадальо бастаған жаңа үкімет 3 кыркүйекте АҚШ-пен, Ұлыбританиямен уақытша бітім жасасты. Алайда гитлершілер қосымша күш жіберіп, Италия армиясын қарусыздандырып, елді толығымен басып алды. 1943 ж. өткен Каир және Тегеран конференция ларында ағылшын — американ үкіметтері 1944 ж. мамыр айында Бат. Еуропада екінші майдан ашуға келісті, ал Кеңес Одагы Германиямен соғыс аяқталғаннан кейін Жапониямен соғысуға міндеттенді. Соғыстың 4-кезеңі (1944 ж. 1 қаңтар — 1945 ж. 8 мамыр). Соғысқа 61 мемлекет, дүние жүзі халқының 80%-ы қатысты. Соғыс қимылдары 40 мемлекет жерінде жүріп, 110 млн адам әскерге алынды. 50 — 55 млн адам қазаға үшырап, 4 триллион долл. көлемінде шығын шықты. Соғыстың аяғында фашизм толық күйреп, Бат. Еуропа елдерінде демократияның орнауына жол ашылды. Дүңгендер. Дүңгендер () — Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан жерлерінде тұратын ұлт. Ол — Орталық Азия ұлттарын басты төркін ете отырып, миграциялық көшу және сауда қарым-қатынастары арқылы Қытай жерінде біртіндеп қалыптасқан, бірлікке келген, әрі ислам мәдениет дәстүрін сақтаған ұлттық топ. Дүңгендер ұлт болып қалыптасып, даму барысында, Қытай тілін өз ұлтының ортақ тілі ретінде таңдап алды. Дүңген — Қытай аз ұлттары арасындағы халық саны көбірек, бытырай қоныстанған ұлт. 2000 жылғы санаққа қарағанда, Қытайда 9 млн. 816 мың 805 дүңген бар екен. Жалпы халық саны жағынан Қытай, Жуаң және Манжур ұлттарынан қалса Дүңгендер төртінші орында тұрады. Дүңген Қытайдың барлық жерінде бар. Солтүстікте Амурдан (Хилұңжяң) оңтүстікте Хайнан аралына дейін, батыста Памир үстіртінен, шығыста Шығыс теңіз жағасына дейін дүңгендер қоныс тепкен. Дүңген — Қытайда «Кең көлемде бытырап, шағын көлемде шоғырланып» қоныстанған халық. Қытайдағы аудан-қалалардың көбінде дүңгендер бар. Ал Ниңшя, Гансу, Хынан, Шинжяң, Чиңхай, Йүннан, Хыбей, Шандұң қатарлы өлке, автономиялы райондарда дүңгендердің халық саны көбірек, тарихи және тұрмыс әдеті қатарлы жақтардағы себептер салдарынан, дүңгендер орналасқан өңірлерде, көбінше мешітті орталық етіп шоғырлана қоныстанған. Әдетте қалаларда өздіктерінен көше, маһалла, ал ауыл-қыстақтарда өздігінен қыстақ болып құралып, үлкен-кішілігі әр-түрлі қоныс қалыптастырған. Дүңгендер Қытайда шашырай қоныстанған, ал олардың автономия алған өңірлері де Қытайда шашыраңқы. Ниңшя — Қытайдағы дүңгендердің өлке дәрежелі автономиялы районы (НДАР). Дүңген ұлтының аймақ дәрежелі автономия алған өңірлерінен Шинжяңда Санжы Дүңген автономиялы облысы (СДАО) және Гансуда Линшя Дүнген автономиялы облысы (ЛДАО) бар. Мұнан сырт тағы Шинжяңда Қарашәр (Янжи) Дүнген автономиялы ауданы және дүңген ауылдары бар. Дүңгендердің ең арғы тегі б.з. VII ғасырдағы (Таң — Сұң династиялары дәуірі) Қытайға сауда байланысымен келіп қоныстанып қалған шетелдік мұсылман ұрпағы; Ал дүңгендердің басты тегі — б.з. ХІІІ ғасырда моңғолдар батысқа жорық жасағанда, сонымен бірге Юан династиясы дәуірінде, түрлі салауатпен Парсы, орта азия және Араб елдерінен топ-тобымен куәлікпен келген немесе өз бетімен шығысқа ауып келген әр ұлт мұсылмандары. Олар алдымен, Юан династиясындағы қоғамдық орны жоғарырақ түрлі кәсіп шеберлерінің басты құрамдас бөлігіне айналып, халық саны неше жүз мыңға жеткен; дүңгендер қалыптасу, даму тарихы барысында, өздері тұрған өңірдегі қытай, ұйғыр, моңғол қатарлы ұлттардың бір бөлімін сіңіріп алған. Мысалы, ұлы теңіз жиһанкезі Жың Хы да шығу тегі жағынан осы ұлтқажатады. Дүнген ұлт болып қалыптасып, даму барысында Қытай тілін өз ұлтының ортақ тілі ретінде таңдап алды. Алайда, ислам дінінің ықпалымен, сөйлегенде Араб тілінің және Парсы тілінің сөз — сөйлемдерін көбірек қосып айтады. Сонымен бірге, дүңгендер туғанда, Арабша азан шақырып ат қояды. Жазу жағында да осындай жайыт бар. 《Құранды》 оқығандар Қытай жазуынан гөрі Араб жазуын көбірек қолданады. Мұнан қала берсе, кейбір асхана-шайханалардың маңдайшалығы немесе сауда маркасына араб жазуын жазады, немесе араб не қытай жазуын бірге қолданады. Қытай тілін қолданудан сырт, дүңгендер басқа ұлттармен аралас қоныстанған болса, басқа ұлттардың тіл-жазуын қолдана береді, яки басқа ұлттардың да тіл-жазуын, өз ұлтының да тіл-жазуын біледі, сондай — ақ сол ұлттардың мәдениет ықпалында болады. Мысалы: Йүннан өлкесіндегі Шишуаңбаннада тұратын Дүңгендер Дай ұлтының да тіл-жазуын қолданады, Дай ұлтынша киінеді, Дай ұлтының үй жасау формасымен бамбуктен салынған үйлерде тұрады. Йүннанның Ырюан ауданындағы Дүңгендер Бәй ұлтының тілін қолданады. Йүннан Дичиң Тибет автономиялы облысындағы және Тибеттің Лхаса аумағындағы дүңгендер Тибет тілін қолданады. Сычуанның Ляңшан деген жеріндегі И ұлтымен аралас қоныстанған Дүңгендер И ұлтының тілінде сөйлейді. Ішкі моңғол мен Шинжяң районындағы Дүңгендердің бір қыдыруы моңғол, ұйғыр немесе қазақ тілін де біледі. Дүңгендер Қытайда бытыраңқы мекенденген болса да, исламдық діни нанымдарын сақтап қалған. Ислам діні Дүңгендер арасында ұзақ уақыт сақталып, Дүңгендердің саяси, экономикасына елеулі ықпал жасаған. Оның үстіне, олардың қоғамдық өмірінің және ғұрып-әдеттерінің әр қайсы жақтарына сіңіп Дүңгендердің дәстүрлі мәдениетінің маңызды құрамдас бөлігіне айналған. Тарихтағы Дүңгендердің ұлт болып қалыптасып, дамуы барысындағы біртіндеп бытырауына байланысты, мешіттер де Қытайдың жер — жеріне салынған, мұның ішінде, Гуаңжоудағы Хуайшың мешіті, Чуанжоудағы Шыңйоу, Хаңжоудағы Жынжяу мешіті, Яңжоудағы Шианхы мешіті бар. Бұлар оңтүстік және шығыс теңіз жағалауындағы "Төрт ірі ерте заман мешіттері " деп аталады; Ши-ан қаласы Хуажө көшесіндегі мешіт, көлемі зор, сәулет үлгісі ерекше, салтанатты да көркем, айбынды да қарапайым болып келген де, Қытайдағы мешіт сәулет үлгілерінің бірегейі саналады. Жиниңдегі батыс үлкен мешіттің намаз залы көлемінің кеңдігі жағынан Пекиннің Гугұң (яғни патша сарайы) сарайындағы Тайхы залынан қалса екінші орында тұрады. Ниңшядағы Тұңшин үлкен мешіті, өзінің тұтас тұлғалық сәулеттік үлгісі жағынан ислам мәдениет өнері мен Қытай дәстүрлі сәулет стилін шеберлікпен тұтастырған. Сәулет үлгісі салтанатты да көркем, қарапайым әрі кең-мол. Жоғарыда айтылған мешіттер, Қытайдың ішкі өлкелеріндегі өздерінің ислам діні ерекшелігін алған құрылыс стилімен Қытай ерте заман мәдениет қазынасындағы құнды мұраға айналып, Қытай сәулетшілігі тарихында маңызды орын иелейді. Дүңгендер көбінше егіншаруашылығын экономикалық тұрмыстың басты қайнары етеді. Әйткенімен Дүңгендер Қытай жерінде бытыраңқы мекенденуі себепті, олардың экономикалық жағдайы Қытайдың ұлан-байтақ жерлерінің, жаратылыстық ортасының және экономикалық шарт- жағдайының алуан-түрлі объективтік болмысымен сәйкесіп, көп деңгейлі, көп құрылымды болудай көрнекті ерекшелік алған. Гансу, Ниңшя, Чиңхай аумағындағы дүңгендер егіншаруашылығын негіз етіп, мал шаруашылығымен қосымша шұғылданады; Шинжяң мен ішкі Моңғол аумағындағы Дүңгендер егіншаруашылығы мен мал шаруашылығын ұштастырған, немесе, мал шаруашылығын негіз еткен; Хынан, Хыбей, Шандұң қатарлы ішкі Қытайдағы Дүңгендер егіншаруашылығымен шұғылданудан сырт, маусымдық шағын саудамен, шағын қолөнер кәсіппен көбірек айналысады; Йүннандағы және Қытайдың оңтүстік-батыс өлкелеріндегі дүңгендер егін шаруашылығымен де, саудамен де шұғылданады, немесе сауда, тасымал кәсібін негіз етеді; Хайнан өлкесі қатарлы оңтүстік және шығыс теңіз жағалауы районындағы Дүңгендер теңізшілік және балықшылық жұмысымен шұғылданады. Қытай қалаларында бытыраңқы қоныстанған Дүңгендер саудамен және түрлі қызмет өтеу кәсіптерімен көбірек айналысады. Тарихтан бері Дүнгендердің өз үйлерінде мұсылман тағамдарын жасау, сату дәстүрлері бар. Мұның ішінде, мұсылманша қышқылтым сорпа, қой еті тұшпарасы, асқан қой еті, буға пісірілген құйрық май, қой сорпасына малшыған бу нан, қуырған бидай, мұсылманша торт-праниктер секілді тағамдары бар. Дүңгендер тағам даярлау жағынан Қытайдың дәстүрлі тағам дайындау мәдениетінің жауһарын қабылдап, оны жасампаздықпен дамыта түсіп, осы заман Қытай сауда базарына салып, әрқайсы ұлттардың алқауына ие болды. Көнеден келе жатқан мұсылман асханалары жаңарып, өркендеп, ірі мейрамханаларға айналды. Мұсылманша тағам түрлері көбейіп 300 түрге таяды, мұсылманша торт-праниктер, сүттен жасалған азықтар да үздіксіз молығуда. Дүңген халқының қажырлылықпен үйрену, ынта қоя іздену, отан сүю, дінді аялау сияқты асыл дәстүрлері бар. Юан династиясынан бері, Қытай тарихында Дүңгендердің әжептәуір ықпалды бір сыпыра ардагер-ақиықтары жарыққа шықты. Мысалы: Ұлы теңіз жиһанкезі Жың Хы, Қытай театр әңгімелеріндегі пәк ұлық Хай Рүй, Қытай солтүстік-шығысындағы жапон шапқыншыларына қарсы соғысқан қаһарман Яң Жиңйүй, «Қытайдың симфония атасы» (музыка дирижері) Ли Дылұн, Қытайдың күлдіргі өнерпазы Ма Санли,т. б. Жексенбіден басталатын кәдімгі жыл. Жексенбіден басталатын кәдімгі жыл Дүйсенбіден басталатын кәдімгі жыл. Дүйсенбіден басталатын кәдімгі жыл Қазанның 25. Қазанның 25 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 298-ші күні (кібісе жылдарда 299-ші). Жылдың аяғына 67 күн қалады. Оқиғалар. 1990 ж. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Егемендік Жарияламасын қабылдады. Қазанның 26. Қазанның 26 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 299-шы күні (кібісе жылдарда 300-ші). Жылдың аяғына 66 күн қалады. Қазанның 27. Қазанның 27 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 300-ші күні (кібісе жылдарда 301-ші). Жылдың аяғына 65 күн қалады. Қазанның 28. Қазанның 28 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 301-ші күні (кібісе жылдарда 302-і). Жылдың аяғына 64күн қалады. Қазанның 29. Қазанның 29 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 302-ші күні (кібісе жылдарда 303-ші). Жылдың аяғына 63 күн қалады. Қазанның 30. Қазанның 30 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 303-ші күні (кібісе жылдарда 304-ші). Жылдың аяғына 62 күн қалады. Қазанның 31. Қазанның 31 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 304-ші күні (кібісе жылдарда 305-ші). Жылдың аяғына 61 күн қалады. Қазанның 21. Қазанның 21 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 294-ші күні (кібісе жылдарда 295-ші). Жылдың аяғына 71 күн қалады. Қазанның 22. Қазанның 22 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 295-ші күні (кібісе жылдарда 296-шы). Жылдың аяғына 70 күн қалады. Қазанның 23. Қазанның 23 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 296-шы күні (кібісе жылдарда 297-ші). Жылдың аяғына 69 күн қалады. Қазанның 24. Қазанның 24 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 297-ші күні (кібісе жылдарда 298-ші). Жылдың аяғына 68 күн қалады. Қазанның 20. Қазанның 20 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 293-ші күні (кібісе жылдарда 294-ші). Жылдың аяғына 72 күн қалады. Қазанның 1. Қазанның 1 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 274-ші күні (кібісе жылдарда 275-ші). Жылдың аяғына 91 күн қалады. Қазанның 2. Қазанның 2 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 275-ші күні (кібісе жылдарда 276-шы). Жылдың аяғына 90 күн қалады. Қазанның 3. Қазанның 3 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 276-шы күні (кібісе жылдарда 277-ші). Жылдың аяғына 89 күн қалады. Қазанның 4. Қазанның 4 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 277-ші күні (кібісе жылдарда 278-ші). Жылдың аяғына 88 күн қалады. Қазанның 5. Қазанның 5 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 278-ші күні (кібісе жылдарда 279-ші). Жылдың аяғына 87 күн қалады. Қазанның 6. Қазанның 6 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 279-шы күні (кібісе жылдарда 280-ші). Жылдың аяғына 86 күн қалады. Қазанның 7. Қазанның 7 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 280-ші күні (кібісе жылдарда 281-ші). Жылдың аяғына 85 күн қалады. Оқиғалар. 1949 жылы Герман Демократиялық Республикасы жарияланды. Қазанның 8. Қазанның 8 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 281-ші күні (кібісе жылдарда 282-ші). Жылдың аяғына 84 күн қалады. Қазанның 9. Қазанның 9 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 282-ші күні (кібісе жылдарда 283-ші). Жылдың аяғына 83 күн қалады. Қазанның 10. Қазанның 10 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 283-ші күні (кібісе жылдарда 284-ші). Жылдың аяғына 82 күн қалады. Қазанның 11. Қазанның 11 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 284-ші күні (кібісе жылдарда 285-ші). Жылдың аяғына 81 күн қалады. Қазанның 12. Қазанның 12 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 285-ші күні (кібісе жылдарда 286-шы). Жылдың аяғына 80 күн қалады. Қазанның 13. Қазанның 13 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 286-шы күні (кібісе жылдарда 287-ші). Жылдың аяғына 79 күн қалады. Оқиғалар. 1871 жылы белгілі Біржан мен Сараның айтысы болды. 2003 жылы Алматы – Астана тас жолы ашылды. 1897 жылы Филадельфияда жануарларға арналған алғашқы ем-баспанасы ашылды. 1987 жылы дельфиндер әскери мақсатта алғаш рет пайдаланылды Туғандар. 1925 жылы ХХ ғасырдағы ең белгілі әйел-саясаткер Маргарет Тэтчер дүниеге келді Қазанның 14. Қазанның 14 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 287-ші күні (кібісе жылдарда 288-ші). Жылдың аяғына 78 күн қалады. Қазанның 15. Қазанның 15 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 288-ші күні (кібісе жылдарда 289-шы). Жылдың аяғына 77 күн қалады. Қазанның 16. Қазанның 16 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 289-шы күні (кібісе жылдарда 290-шы). Жылдың аяғына 76 күн қалады. Қазанның 17. Қазанның 17 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 290-шы күні (кібісе жылдарда 291-ші). Жылдың аяғына 75 күн қалады. Қазанның 18. Қазанның 18 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 291-шы күні (кібісе жылдарда 292-ші). Жылдың аяғына 74 күн қалады. Қазанның 19. Қазанның 19 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 292-шы күні (кібісе жылдарда 293-ші). Жылдың аяғына 73 күн қалады. Қарашаның 1. Қарашаның 1 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 305-ші күні (кібісе жылдарда 306-шы). Жылдың аяғына 60 күн қалады. Желтоқсанның 1. Желтоқсанның 1 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 335-ші күні (кібісе жылдарда 336-шы). Жылдың аяғына 30 күн қалады. Қаңтардың 1. Қаңтардың 1 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 1-ші күні. Жылдың аяғына 364 (кібісе жылдарда 365) күн қалады. Бұл — жылдың бастапқы күні. Өткен күн — алдыңғы жылдың желтоқсанның 31. Ақпанның 1. Ақпанның 1 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 32-ші күні. Жылдың аяғына 333 (кібісе жылдарда 334) күн қалады. Қарашаның 2. Қарашаның 2 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 306-шы күні (кібісе жылдарда 307-ші). Жылдың аяғына 59 күн қалады. Қарашаның 3. Қарашаның 3 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 307-ші күні (кібісе жылдарда 308-ші). Жылдың аяғына 58 күн қалады. Қарашаның 4. Қарашаның 4 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 308-ші күні (кібісе жылдарда 309-шы). Жылдың аяғына 57 күн қалады. Қарашаның 5. Қарашаның 5 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 309-шы күні (кібісе жылдарда 310-шы). Жылдың аяғына 56 күн қалады. Қарашаның 6. Қарашаның 6 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 310-шы күні (кібісе жылдарда 311-ші). Жылдың аяғына 55 күн қалады. Қарашаның 7. Қарашаның 7 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 311-ші күні (кібісе жылдарда 312-ші). Жылдың аяғына 54 күн қалады. Қарашаның 8. Қарашаның 8 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 312-ші күні (кібісе жылдарда 313-ші). Жылдың аяғына 53 күн қалады. Қарашаның 9. Қарашаның 9 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 313-ші күні (кібісе жылдарда 314-ші). Жылдың аяғына 52 күн қалады. Қарашаның 10. Қарашаның 10 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 314-ші күні (кібісе жылдарда 315-ші). Жылдың аяғына 51 күн қалады. Қарашаның 11. Қарашаның 11 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 315-ші күні (кібісе жылдарда 316-шы). Жылдың аяғына 50 күн қалады. Қарашаның 12. Қарашаның 12 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 316-шы күні (кібісе жылдарда 317-ші). Жылдың аяғына 49 күн қалады. Қарашаның 13. Қарашаның 13 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 317-ші күні (кібісе жылдарда 318-ші). Жылдың аяғына 48 күн қалады. Қарашаның 14. Қарашаның 14 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 318-ші күні (кібісе жылдарда 319-шы). Жылдың аяғына 47 күн қалады. Қарашаның 15. Қарашаның 15 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 319-шы күні (кібісе жылдарда 320-шы). Жылдың аяғына 46 күн қалады. Қарашаның 16. Қарашаның 16 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 320-шы күні (кібісе жылдарда 321-шы). Жылдың аяғына 45 күн қалады. Қарашаның 17. Қарашаның 17 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 321-ші күні (кібісе жылдарда 322-ші). Жылдың аяғына 44 күн қалады. Қарашаның 18. Қарашаның 18 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 322-ші күні (кібісе жылдарда 323-ші). Жылдың аяғына 43 күн қалады. Қарашаның 19. Қарашаның 19 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 323-ші күні (кібісе жылдарда 324-ші). Жылдың аяғына 42 күн қалады. Қарашаның 20. Қарашаның 20 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 324-ші күні (кібісе жылдарда 325-ші). Жылдың аяғына 41 күн қалады. Қарашаның 21. Қарашаның 21 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 325-ші күні (кібісе жылдарда 326-шы). Жылдың аяғына 40 күн қалады. Қарашаның 22. Қарашаның 22 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 326-шы күні (кібісе жылдарда 327-ші). Жылдың аяғына 39 күн қалады. Қарашаның 23. Қарашаның 23 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 327-ші күні (кібісе жылдарда 328-ші). Жылдың аяғына 38 күн қалады. Қарашаның 24. Қарашаның 24 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 328-ші күні (кібісе жылдарда 329-шы). Жылдың аяғына 37 күн қалады. Қарашаның 25. Қарашаның 25 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 329-шы күні (кібісе жылдарда 330-шы). Жылдың аяғына 36 күн қалады. Қарашаның 26. Қарашаның 26 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 330-шы күні (кібісе жылдарда 331-ші). Жылдың аяғына 35 күн қалады. Қарашаның 27. Қарашаның 27 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 331-ші күні (кібісе жылдарда 332-ші). Жылдың аяғына 34 күн қалады. Қарашаның 28. Қарашаның 28 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 332-ші күні (кібісе жылдарда 333-ші). Жылдың аяғына 33 күн қалады. Қарашаның 29. Қарашаның 29 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 333-ші күні (кібісе жылдарда 334-ші). Жылдың аяғына 32 күн қалады. Қарашаның 30. Қарашаның 30 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 334-ші күні (кібісе жылдарда 335-ші). Жылдың аяғына 31 күн қалады. Желтоқсанның 2. Желтоқсанның 2 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 336-шы күні (кібісе жылдарда 337-ші). Жылдың аяғына 29 күн қалады. Желтоқсанның 3. Желтоқсанның 3 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 337-ші күні (кібісе жылдарда 338-ші). Жылдың аяғына 28 күн қалады. Желтоқсанның 4. Желтоқсанның 4 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 338-ші күні (кібісе жылдарда 339-шы). Жылдың аяғына 27 күн қалады. Желтоқсанның 5. Желтоқсанның 5 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 339-шы күні (кібісе жылдарда 340-шы). Жылдың аяғына 26 күн қалады. Желтоқсанның 6. Желтоқсанның 6 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 340-шы күні (кібісе жылдарда 341-ші). Жылдың аяғына 25 күн қалады. Желтоқсанның 7. Желтоқсанның 7 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 341-ші күні (кібісе жылдарда 342-ші). Жылдың аяғына 24 күн қалады. Желтоқсанның 8. Желтоқсанның 8 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 342-ші күні (кібісе жылдарда 343-ші). Жылдың аяғына 23 күн қалады. Желтоқсанның 9. Желтоқсанның 9 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 343-ші күні (кібісе жылдарда 344-ші). Жылдың аяғына 22 күн қалады. Желтоқсанның 10. Желтоқсанның 10 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 344-ші күні (кібісе жылдарда 345-ші). Жылдың аяғына 21 күн қалады. Желтоқсанның 11. Желтоқсанның 11 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 345-ші күні (кібісе жылдарда 346-шы). Жылдың аяғына 20 күн қалады. Оқиғалар. 1941 жылы Құрама Штаттар Германия мен Италияға соғыс жариялады. Желтоқсанның 12. Желтоқсанның 12 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 346-шы күні (кібісе жылдарда 347-шы). Жылдың аяғына 19 күн қалады. Желтоқсанның 13. Желтоқсанның 13 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 347-ші күні (кібісе жылдарда 348-ші). Жылдың аяғына 18 күн қалады. Желтоқсанның 14. Желтоқсанның 14 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 348-ші күні (кібісе жылдарда 349-шы). Жылдың аяғына 17 күн қалады. Желтоқсанның 15. Желтоқсанның 15 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 349-шы күні (кібісе жылдарда 350-шы). Жылдың аяғына 16 күн қалады. Желтоқсанның 16. Желтоқсанның 16 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 350-шы күні (кібісе жылдарда 351-ші). Жылдың аяғына 15 күн қалады. Мерекелер. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі. Оқиғалар. 1986 жылы осы күні Алматының орталық алаңында Желтоқсан оқиғасы болды. Желтоқсанның 17. Желтоқсанның 17 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 351-ші күні (кібісе жылдарда 352-ші). Жылдың аяғына 14 күн қалады. Желтоқсанның 18. Желтоқсанның 18 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 352-ші күні (кібісе жылдарда 353-ші). Жылдың аяғына 13 күн қалады. Желтоқсанның 19. Желтоқсанның 19 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 353-ші күні (кібісе жылдарда 354-ші). Жылдың аяғына 12 күн қалады. Желтоқсанның 20. Желтоқсанның 20 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 354-ші күні (кібісе жылдарда 355-ші). Жылдың аяғына 11 күн қалады. Желтоқсанның 21. Желтоқсанның 21 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 355-ші күні (кібісе жылдарда 356-шы). Жылдың аяғына 10 күн қалады. Туғандар. Осы күні 1879 жылы Иосиф Виссарионұлы Сталин туды. Желтоқсанның 22. Желтоқсанның 22 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 356-шы күні (кібісе жылдарда 357-ші). Жылдың аяғына 9 күн қалады. Желтоқсанның 23. Желтоқсанның 23 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 357-ші күні (кібісе жылдарда 358-ші). Жылдың аяғына 8 күн қалады. Желтоқсанның 24. Желтоқсанның 24 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 358-ші күні (кібісе жылдарда 359-шы). Жылдың аяғына 7 күн қалады. Желтоқсанның 25. Желтоқсанның 25 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 359-шы күні (кібісе жылдарда 360-шы). Жылдың аяғына 6 күн қалады. Желтоқсанның 26. Желтоқсанның 26 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 360-шы күні (кібісе жылдарда 361-ші). Жылдың аяғына 5 күн қалады. Оқиғалар. 1941 жылы герман әскерлерінің "Орталық" әскери тобы Қызыл әскердің қарсы шабуылының себебінен Калуга қаласынан шегінуге мәжбүр болды. Желтоқсанның 27. Желтоқсанның 27 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 361-ші күні (кібісе жылдарда 362-ші). Жылдың аяғына 4 күн қалады. Туғандар. 1988 жылы қазақтың біртуар қызы Мамырханова Айгерім дүниеге келді Желтоқсанның 28. Желтоқсанның 28 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 362-ші күні (кібісе жылдарда 363-ші). Жылдың аяғына 3 күн қалады. Желтоқсанның 29. Желтоқсанның 29 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 363-ші күні (кібісе жылдарда 364-ші). Жылдың аяғына 2 күн қалады. Желтоқсанның 30. Желтоқсанның 30 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 364-ші күні (кібісе жылдарда 365-ші). Жылдың аяғына 1 күн қалады. Желтоқсанның 31. Желтоқсанның 31 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 365-ші күні (кібісе жылдарда 366-ші). Жылдың аяғына 0 күн қалады. Бұл — жылдың соңғы күні. Ендігі күн — келесі жылдың қаңтардың 1. Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры. Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры - 1934 жылы 13 қаңтарда М. Әуезовтың либреттосына жазылған «Айман-Шолпан» музыкалық спектаклімен ашылды. Қойылым барысында Иван Коцыктың өңдеуімен жазылған қазақ халқының халық әндері мен күйлері орындалды. Спектаклдің қол жеткен табысы орасан болды, барлық ел жаңа театрдың ашылғанынан хабардар болды. Бұл қазақ халқының музыка тарихында үлкен орын алатын орасан зор оқиға болып, онда ролдерде ойнаған актерлердің барлығының да есімі мәңгілік тарихта өшпестей болып қазақ музыка мәдениетінің біртуар өнер иелері болып қалды. Соның ішінде, атап айтқанда, Күләш Байсейітова, режиссер Жұмат Шанин, әнші және режиссер Құрманбек Жандарбеков, әнші, режиссер және драматург Қанабек Байсейітов, биші Шара Жиенқұлова, әнші Манарбек Ержанов, суретші Анатолий Ненашев, жазушылар Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов, Бейімбет Майлин, композитор Евгений Брусиловский т. б. өнер майталмандары еді. Е. Г. Брусиловский Қазақстанның ұлттық опера өнеріне көп үлесін қосқан театрдың ең алғашқы композиторларының бірі болды. Оның музыкасына жазылған «Қыз Жібек» (1934), «Жалбыр» (1935), «Ер Тарғын» (1936) спектаклдері көрерменнің ыстық ықыласына бөленген туындылар болып табылады. 1938 жылы ұлы композитор П. Чайковскийдің «Лебединое озеро» балеті алғаш рет сахналандырылды. Одан кейін «Конек-горбунок», «Раймонда», «Бахчисарайский фонтан» т. б. көптеген қойылымдар опера театры сахнасының әрін келтірді. Осы жылы алғаш рет В. Великановтың «Қалқаман және Мамыр» атты қазақ балеті қойылды. Опера театрының алғашқы табысы 1936 жылғы Москва қаласындағы қазақ әдебиеті мен мәдениетінің күндері болып табылады. Қазақтың бұлбұл қызы атанған К. Бәйсейітованың сомдаған Жібек ролімен «Қыз Жібек» спектаклі үлкен қошаметке бөленді. Барлық баспасөз беттері жаңа театр мен оның әртістері жөнінде үлкен табыспен мақалалар жариялады. Қазақ өнерінде алғаш рет К. Бәйсейітоваға Кеңестер Одағының халық әртісі атағы берілді. Театрды жаңа кәсіби мамандармен толықтыру мақсатында Ресейдің т. б. елдердің ұлттық музыка білім ордаларын бітірген өнерпаздарын театрға шақыртып, театр әртістерінің иқатарын толықтырып, жаңартып отырды. Атап айтқанда, Байғали Досымжанов, Әнуарбек Үмбетбаев, Ришат және Мүсілім Абдуллиндер, Шабал Бейсекова, Кәукен Кенжетаев, Мұкан Төлебаев т. б. 1941 жылы театрға Академиялық театр атағы берілді. Күләш Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театры. Күләш Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театры - саяси және мәдени орталығы Астана қаласын әрі қарай өркендету мақсатымен 2000 ж. қаңтарында ҚР Президөнті Н. Ә. Назарбаевтың ықыласымен «Ақ Орда» опера және балет театры атымен құрылды. 2000 ж. шілде айында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымөн 2000 ж. Мәдениетті қолдау Жылы деп жариялануына орай, сонымен қатар Астана қаласының опера және балет театрына қазақтың әйгілі әншісінің есімін мәңгі есте қалдыру мақсатымен Күләш Байсейітованың есімі және Ұлттық мәртебе берілді. Бүгінгі күні, К. Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры — еліміздегі қазақтың және әлемдік музыка мәдениеті дәстүрлерін арқалаған, жаңарып келе жатқан Қазақстан жұртшылығының рухани талаптарын жүзеге асырушы — ең жас музыкалық театр. Ұлттық театрдың ең алғашқы қадамынан бастап алған репертуарлық бетке ұстар бағыты, отандық және әлемдік музыкалық театрдың маңдайалды туындыларымен айқындалды, сонымен қатар Қазақстандағы опера — балет жанрын дамытуға ықпал жасайтын жаңа шығармаларды жарыққа шығару болды. Алғашқы әртістік құрам Қазақтың музыка академиясының, Құрманғазы атындағы Қазақтың Ұлттық консерваториясының А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінің, сонымен қатар келешегі айқын талантты әртістерден және тәжірибелі сахна шеберлерінен құралды. Театрдың бірінші маусымы 2000 жылдың 14 қазанында М. Төлөбаевтың «Біржан — Сара» операсымен ашылды. КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, Халық қахарманы Ә. Мәмбетовтың қоюшы — рөжиссер, Қазақстанның енер қайраткері В. Семизоровтың қоюшы — суретші және А. Мұхитдиновтың қоюшы — дирижер ретінде керемет еңбектерінің арқасында, сонымен қатар театрдың бүкіл шығармашылық ұжымының жанқиярлық жұмыстарының арқасында қазақ опера өнерінің әйгілі шығармасы дүниеге келді. Театрдың ұлттық репертуары кейінгі маусымдарда басқа да отандық музыкалық театр классикасының аса көрнекті туындыларымен толыға түсті. Астананың мәдени өміріндегі аса маңызды уақиға — ол қазақ операсының інжу — маржаны болған Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек» (қоюшы — режиссер — Ә. Мәмбетов) және Е. Рахмадиевтің «Қамар сұлу» спектакльдерінің қойылымдары болды. «Қамар сұлу» қойылымына қоюшы — режиссер Е. Обаев ерекше бір жаңа леп еңгізді және операны ұғынуға деген жаңа көзқарас туындатты. Ұлттық жанрларды дамытуға бейім бағыт алғандықтан болар, Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян туралы аңыз» атты поэмасы бойынша қойылған эксперименталдық қойылым Астананың мәдени өмірін дүр сілкінтіп тастады. Композитор Франсуа Жанно мөн Бекболат Тілеуханның музыкалық — поэтикалық көзқарастары, еуропа мен ұлт өнерінен өзгеше бір үйлесімін тауып, жаңа ізденіс түрлерін табуға, жанрларды дамытуға жаңа қадам болды. Театрдың келешектегі игі жоспары — қазақтың опера өнерінің алтын қазынасындағы барлық опералық спектакльдерді қою. Мұхтар Әуезов атындағы қазақ академиялық драма театры. Мұхтар Әуезов атындағы қазақ академиялық драма театры - Алматыдағы ірі қазақ театрларының бірі. Абай даңғылыда орналасқан. Қызылорда қаласында 1926 жылы 13 қаңтарда М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек», пьесасымен және халық өнерпаздары қатысқан үлкен концертпен тұңғыш рет театр шымылдығы ашылды Алғашқы құрылған жылдары театр құрамында көркемөнерпаздық пен халық шығармашылығының танымал шеберлері — И. Байзаков, Ә. Қашаубаев, С. Қожамқұлов, Е. Өмірзақов,Ж. Шанин,Қ Қуанышбаев, Қ. Жандарбеков, Қ. Бадыров, Қ. Мұңайтпасов, З. Атабаева, Ш. Әлібекова, Ш. Байзакова, М. Шамова, Ж. Шанина ойнады. 1929 жылы театр труппасы Алматыға қоныс аударды. 1937 жылы 27 ақпанда академиялық театр атағын алды. 20 жылдығына орай 1946 жылы Еңбек Қызыл ту орденімен, ал 50 жылдығына байланысты 1976 жылы Халықтар достығы орденімен марапатталды. Театрға 1961 жылы жазушы, драматург М. О. Әуезовтің есімі берілді. Театр сахнасында ерлікке толы ұлы өмірлер, патриоттық — отаншылдық сезімдер, жанқиярлық ерен еңбектер жан-жақты жырланатын қойылымдармен қатар, халқымыздың рухани асыл армандары мен мұң-мұқтаж, талап-тілегін бейнелейтін тарихи-эпостық тақырыптағы шығармаларға да көп ден қойылды. М. Әуезовтың «Абай», «Еңлік — Кебек», «Қобыланды», С. Мұқановтың «Шоқан Уәлиханов» спектакльдері шығармашылық үлкен жеңіс болды. Соңғы жылдары театр Қазақстан және таяу шетелдерге жиі гастрольдік сапармен барып тұрады. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Омбы қаласы (Ресей Федерациясы), Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Жамбыл облыстарына, Астана, Павлодар, Семей, Қарағанды, Өскемен қалаларына қойылымдарымен барып қайтты. 2006 жылы театр 80 жасқа толды. Мерейтойының қарсаңында Ә. Әмзеұлының «Қара кемпір», Қ. Ысқақтың «Қазақтар» атты жаңа қойылымдарын дайындады. Михаил Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры. Михаил Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры - Орыс театры атымен 1933 жылы Семей қаласында К. Треневтың «Любовь Яровая» спектаклімен шымылдығын ашты, коюшы-режиссері Юрий Рутковский. Алматы қаласында театр А. Афиногеновтың «Страх» атты спектакілін көрермендерге көрсетіп, екінші рет ашылды. Театр құрамында Е. Кручинина, З. Морская, С. Ассуиров, М. Бранд деген артистер жұмыс атқарған. Алғашқы жылдары театр өз жұмысын орыс классикалық шығармаларын қоюға негізделген болатын. Ал осы қойылымдарды сахна төріне шығаруға бірталай атақты режиссерлер атсалысты — Л. Варпаховский, М. Гольдблат, Г. Товстоногов, Б. Бибиков, О. Пыжова, А. Ридаль, олардан кейін Я. Штейн, А. Соломарский, М. Сулимов, С. Казимирский, А. Мадиевский сынды режиссерлер театр деңгейін көтерді. Өткен ғасырдың 60-ші — 80-ші жылдары театрдың көрнекті қойылымдары бүкіл республикаға танымал болды, ол Ф. Абрамовтың «Две зимы и три лета», А. Вампиловтың «Свиданье в предместье», «Прошлым летом в Чулымске», «Утиная охота», Д. Вассерманның «Человек из Ламанчи», В. Розовтың «Гнездо глухаря», «Кабанчик», А. Галинның «Ретро», П. Шеффердің «Амадей», Н. Лесковтың «Расточитель», Ю. Домбровскийдің «Факультет ненужных вещей» атты спектакльдері. Театрдың қазақ драматургияға да бет бұрған кезеңдер болған. М. Әуезовтың «Қара қыпшақ Қобланды», «Түнгі сарын», Ғ. Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш — Баян слу» классикалық шығармалары сахналанды. Сол жылдыры орыс актерлермен бірге қазақ артистері де ойынаған қойылымдар кейде жарық көрді. Мысалы, КСРО-ның халық артисі Х. Бөкеева «Иван Грозный» спектаклінде Мария Тюмрюковнаны, ал А. Жолымбетов — Ханзаданы ойнаған. Сондай-ақ, КСРО-ның халық артисі Ш. Айманов «Голубые корни» қойылымда Бреттің, ал Казақ ССР-інің халық артисі Н. Жантөрин «Порт-Артурда» Звонаревтің бейнесін сомдады. 1964 жылы М.Ю. Лермонтовтың 150-жылдығына орай театрға ақынның есімі берілді. Театрға 1974 жылы академиялық деген атағы берілді. Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік академиялық қазақ театры. Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік академиялық қазақ театры - ашылуына Кеңес одағы бойынша балалар театрының негізін қалаған режиссер Н.И. Сац араласып, ең әуелі 1945 жылдың 7 қарашасында балалар мен жасөспірімдер театрының орыс труппасы Е. Шварцтың «Қызыл телпек» пьесасымен шымылдығын ашты. Театр алғашқы кезде екі труппадан – қазақ және орыс труппасынан тұрды. Қазақ труппасы сахналық жолын 1947 жылы 2 ақпанда А. Н Островскийдің «Мысыққа күнде той бола бермес» пьесасын (режиссер А. А. Алексеев) қоюмен бастады. Театр шымылдығы ресми түрде 1948 жылы 4 шілдеде А. Толстойдың «Алтын кілт» спектакілімен (режиссер Н. Сац) ашылды. Театрда қазақ драматургиясы мен бірге орыс, батыс классиктерінің және өзге халықтардың таңдаулы деген туындыларынан репертуар кестесі қалыптасып, фестивальдарға қатысу үрдістерін жандандыра бастады. Шығармашылық жолында талай асуларды кездестіре отырып, түрлі жетістіктерден де құр алақан қалмады. 1958 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық жастар театрының фестивалінде М. Ақынжановтың «Ыбырай Алтынсарин» спектаклі екінші дәрежелі дипломға ие болды. Қоюшы режиссер А.Тоқпанов лауреат атанды, 1966 жылы Мен Дон Ук қойған Ш.Хұсайыновтың «Алғашқы ұшқындар» спектаклі театрға Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығын әперді. Театр қазақ драматургтерімен бірге орыс, батыс классиктерінің және өзге халықтардың таңдаулы деген пьесаларын сахнаға шығарды. Шиллердің «Зұлымдық пен Махаббат», Н.Хикметтің «Әпенді», Мольердің «Скапеннің айласы», Б.Брехттың «Әйдік апай және оның балалары», У. Шекспирдің «Вероналық екі бозбала», «Дуалы түнгі думан», «Гамлет», «Ромео мен Джулетта» («Махабат айдыны»), А.Чеховтың «Шағала» спектакльдері режиссерлер мен актерлер құрамының күштілігін, классикалық ірі туындыларды еркін түрде игере алатын кемел шаққа жеткендіктерін танытады. Еліміздің мәдени-рухани әрі көркемдік жедел өркендеуіне әлеуметтік зор үлес қосып, жасөспірім жеткіншектердің эстетикалық, дүниетанымдық көзқарастарының жарасымды қалыптасуына өз үлесін қосудағы театр ұжымының еңбегі айтарлықтай. Жарты ғасырдан артық өнер тарихында театр шығармашылық даму мен қалыптасудың әртүрлі белестерінен өтіп, бүгінгі ұлттық сахна өнерінде өзіндік орнын белгіледі. Бұл театр көп жылдарға дейін орыс балалар театрымен бірлесіп жұмыс істеді. 1982 жылдан бастап өз алдына дербес бөлініп шықты. 1992 жылы Ғ. Мүсіреповтың 90 жылдығы құрметіне байланысты жазушының есімін иеленді. Ал, 1996 жылы театрдың 50 жылдық мерейтойына орай, оған «Академиялық» деген статус берілді. Театр құрылған күннен бастап, жасөспірімдердің эстетикалық сезімін жетілдіріп, оларды ізгі қасиеттерге баулитын көркемдік-идеялық маңызы зор қойылымдар шығарды. Балалар мен жасөспірімдерге арналған орыс театры. Наталья Сац атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік академиялық орыс театры Мемлекеттік Құдыс Қожамьяров атындағы ұйғыр музыкалық комедия театры. Мемлекеттік Құдыс Қожамьяров атындағы ұйғыр музыкалық комедия театры - 1943 жылы 24 қыркүйек күні ашылды. Ұйғыр театры әлемде теңдесі жоқ жалғыз кәсіби ұйғыр театры болып табылады. Театр құрамында биік дәрежедегі мамандар жұмыс атқарып, қазіргі кезеңде 70 жылдық тарихын абыроймен жалғастыруда. Театр саңылақтары өнерін елміздің көрермендері ғана емес, сонымен бірге Мысыр, Португалия, Үнді, Пакистан, Туркия, Венгрия, Қытай, Финляндия, Швейцария, Ағылшын, Америка қошаметпен қарсы алды. 1984 жылы театр өзінің 50-жылдығының қарсы алдында «Құрмет белгі» орденімен марапатталды. Театр репертуарына 50-ші жылдары енген Ж. Асимов пен А. Садыротың «Анарханы», В. Дъяков пен И. Саттаровтың «Герип-Санамы» осы күнге дейін көрермендердің көңілінен шығатын классикалық қойылымдарына айналды. Сонымен бірге театр әлем классикалық шығармалардын да жетік меңгеріп келеді, солардың ішінде В. Шекспирдің «Отелло», «Король Лир», Ж. Б. Мольердің «Мещанин во дворянстве», К. Гольдонидің «Хозяйка гостиницы», Н. Гоголдің «Женитьба», Ғ. Мүсіреповтың «Қыз-Жібек» атты туындылары бар. Спектакльдерді қойып, театрдың көркемдік деңгейін көтерген режиссерлерді айтатын болсақ, олар өнердің еңбек сіңірген қайраткері С. Башоян, Қазақстанның халық артистері Б. Омаров пен Қ. Жетпісбаев, режиссер Я. Шамиев, тағысын-тағылар. Театрдың шығармашылық тобы 160 адам құрайды. Драма тобынан басқа фольклорлық ансамблі «Нава», жастар ансамльдері «Яшлық» пен «Сада», би тобы «Рухсара» сан рет халықаралық фестивальдерде лауреат атанды. Мемлекеттік неміс драма театры. Мемлекеттік неміс драма театры — ресми ашылуы 1975 жылдың 6 ақпан күні есептеледі. Сол күні Қазақ ССР-інің Мәдениет министрлігі бұйрығына қол қойылды. Бес жылдан кейін Москва қаласындағы Малый театрдың М. Щепкин атындағы мектеп-студиясының 29 жас түлегі Теміртау қаласына келіп, шығармашылық тобын құрады. 1980 жылдың 26 желтоқсанында театр А. Раймгеннің «Первые» атты қойлыммын шымылдығын ашты. Алғашқыда театрдың репертуарына неміс авторлардың пьесалары енді — А. Закстың «Свой очаг», П. Варкентиннің «Народные гулянья», И. Лангеманның «Как часто в кругу друзей», К. Шиффнердің «Баллада о матери», К. Эрлихтің «Отзвуки тех лет», В. Гейнцтің «На волнах столетий», «Люди и судьбы», «Годы надежд», «Мы — не пыль на ветру» қойылымдары. Қоюшы-режиссерлері Б. Атабаев, А. Гаан, Д. Вардетский, Э. Шмидт, А. Осипенко, О. Белов, Г. Клейманн, В. Михаэлис болды. Актерлік құрамында П. Варкентин, В. Больц, Д. Шварцкопф, Э. Шварцкопф, В. Брестель, П. Цахариас, Л. Иммель, Л. Гензе, еңбек сіңірген артистері К. Шмеер М. Альберт жұмыс істеді. 1989 жылы театр Алматы қаласына ауысты. Осы кезде неміс ағайындардың Германияға көшу процессі басталды да, театрдың актерлер тобын толықтыру мақсатында Т. Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академияның құрамында Неміс театр өнерінің академиясы ашылды. 2000 жылы театр гастрльдік сапарымен Германия мен Швейцарияға барып В. Сорокинның «Очередь атты» қойылымды көрсетті. Неміс театрының сахнасында тәуелсіз жобалардың бірнешеуі жарық көрді — Дарио Фоның «Женщина одного дома» атты моноспектакль актриса Ирка Абдульманованың ойнаумен 2000 жылы қойылды, режиссер Петер Тодоровтың (Польша) «Снег» атты спектакілінде Наталья Дубс қатысты. Ағылшын режиссері Джеффри Черч У. Шекспирдің «Макбетін» қойды. Соңғы спектакльдің стилін европалық және қазақ театрына лайықты тәсілдері шеберлікпен құрастырылған. 2004 жылы режиссер Болат Атабаев «Алматыдағы леди Мильфорд» қойылымда Германияға көшкен оралмандардың қиын тағдыры суреттеледі. Аталған қойылымдардан тыс 2006 жылы театр М. Горькийдің «Девушка и смерть», Г. Бюхнердің «Войцек», А. Володинның «Деректив каменного века», Р. Шиммельпфеннингтің «Рыба за рыбу» атты қойылымдарды көрермендерге тарту етті. 2006 жылы Неміс драма театры Мюльхем қаласында (Германия) «Жібек жолы» атты халықаралық фестивальге барып қайтты. Қазақфильм. Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм акционерлік қоғамы - 1934 жылы «Алматы кинохроника студиясы» атауымен құрылды. 1944 жылғы 25 қаңтар – Алматы киностудиясы Алматы көркем және хроникалық фильмдер киностудиясы болып қайта аталды 1960 жылғы 9 қаңтарда Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің бұйрығымен Алматы көркем және хроникалық фильмдер киностудиясы «Қазақфильм» киностудиясы болып қайта аталды. 1963 жылғы 8-9 қаңтарда Қазақстан кинематографтары одағының Бірінші Құрылтай съезді өткізілді, бірінші хатшы болып Шәкен Кенжетайұлы Айманов сайланды. 1963 жылғы 28 мамырда Қазақ КСР-нің Мемкино – кинематографиясы бойынша Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Мемлекеттік Комитеті құрылды (1963-1988). 1967 жыл – Қазақстанда мультипликациялық фильмдер көрсетіле бастады. Бірінші қазақ мультфильмі Әмен Әбжанұлы Хайдаровтың «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» фильмі болды. 1984 жыл – «Қазақфильм» киностудиясына ұлттық кинематографияның көрнекті қайраткері Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың аты берілді (Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы). 2000 жылғы 28 мамыр – Ш.Айманов атындағы қазақ кинофабрикасы, ҚР Ұлттық продюсерлік орталығы, Қазкинопрокат және Мемфильмқоры бірігу жолымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық компаниясы РМҚК – Республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны болып құрылды; 2005 жылғы 6 маусымдағы N 563 «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық компаниясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамы» болып қайта құрылды. Егемен Қазақстан (үнжария). «Егемен Қазақстан» - 1919 жылғы 17 желтоқсаннан бастап шығатын жалпыұлттық күн сайын жарияланатын гәзеті. «Егемен Қазақстанның» алғашқы саны 1919 жылдың аяғында Орынборда жарыққа шықты. Содан бері ұжымдастыру кезеңі де, сталиндік қуғын-сүргін кезеңі де, соғыс жылдары мен соғыстан кейінгі қиын кезең де газеттің тұрақты түрде жариялануына кедергі бола алмады. Тек атауы ғана «Ұшқын», одан кейін «Еңбек Туы», «Еңбекші қазақ», «Социалистік Қазақстан» және соңғы жылдары «Егемен Қазақстан» болып өзгерді. Бұл газетте қазақ зиялы қауымының негізгі шығармашылығы жинақталған. Олар газетте алғашқы күндерден бастап-ақ жұмыс істеді: алғашқы кезде газетте қазақ зиялыларының күшті шығармашылық тобы жинақталды. Газеттің алғашқы редакторларының бірі Сәкен Сейфуллин болды. Мұнда Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Ғабит Мүсірепов, Ілияс Жансүгіров секілді біртуарлар жұмыс істеді және шығармаларын жариялады. «Егемен Қазақстан» мектебінен сандаған журналистер өтті. Әрине, уақыт өткен сайын республикада заман талабына сай және күшті болуы мүмкін қазақ тілді жаңа газеттер пайда болды, бірақ «Егемен Қазақстан» әрдайым тұрақты жариялануы мен объективтілігімен ерекшеленеді. 86 жылдың ішінде газеттің кеңсесі түрлі қалаларда орналасты, ең алдымен Орынборда, Қызылордада, содан кейін Алматыда, ал қазір тарихы газеттің сарғайған беттерінде сақтаулы тәуелсіз мемлекетіміздің бас қаласы – Астанада. Казахстанская правда (үнжария). «Казахстанская правда» - 1920 жылғы 1 қаңтардан бастап шығатын жалпыұлттық күн сайын жарияланатын гәзеті. Еліміздің Президенті мен Үкімет мүшелері, депутаттар мен іскерлік ортаның өкілдері өз жұмыс күндерін «Казправданы» оқудан бастайды, себебі еліміздің сан қатпарды әрі қызу тіршілігігі туралы эксклюзивтік, жедел және жан-жақты ақпараттар күн сайын тек «Казахстанкая правда» газетінде жарияланады. Газетте Қазақстан Республикасындағы саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалардың барысы туралы штаттан тыс автордардың және меншікті тілшілердің ресми және бейресми материалдары кеңінен жарияланады. Ғылым, білім және денсаулық сақтауды дамыту проблемаларына баса нараз аударылады. Газеттен ресми материалдардан басқа адамдардың өмірі туралы қызықты ақпараттармен тереңірек танысуға, мәдениет және спорт жаңалықтарын білуге болады. ҚазАқпарат. ҚазАқпарат ("Қазақ Ақпарат ұлттық агенттігі") — 1920 ж. құрылған. Тарихы. 1920 жыл. 13 тамызда РОСТА-ның (Ресей телеграф агенттігі) Орынбор-Торғай бөлімшесі деп аталатын қазақ жаңалықтарының алғашқы агенттігі құрылды. 1925 жыл — ҚазРЕСТ деп қайта аталды. 1937 жыл — ҚазТАГ деген атаумен Қазақ КСР-нің Министрлер Кеңесіне берілді. 1997 жыл. 10 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің № 3625 Жарлығымен ҚазААГ республикалық ақпарат агенттігі деп қайта аталған. 2002 жыл. 8 қарашада ҚР Үкіметінің № 1186 қаулысына сәйкес ҚазААГ базасында «Қазақ ақпарат агенттігі» Ұлттық компаниясы — «ҚАЗАҚПАРАТ» ҰҚ құрылған. Компания туралы. Компанияның міндеті еліміздің ішкі және сыртқы саясатын ақпараттық қамтамасыз етуді, сондай-ақ әлемдік ақпараттық кеңістікте Қазақстанның оң беделін қалыптастыруды жүзеге асыру болып табылады. Компанияның қызметі өз қызметін ақпараттық қызмет көрсету нарығында 85 жылдан астам жүзеге асырған және республикадағы жалғыз мемлекеттік ақпараттық агенттік болып табылған бұрынғы ҚазААГ (бұрынғы ҚазТАГ) жұмысын жалғастыруға және дамытуға бағытталған. ҚазТАГ-ҚазААГ-тың заңды мұрагері болып табылатын Компания өз қызметінің негізгі профилін сақтап қалды. Еліміздің аумағында жұмыс істейтін ақпараттық агенттіктер арасында Компанияның республиканың барлық аймағында Қазақстанның қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмірінде болып жатқан оқиғалар туралы жедел және объективті ақпаратты жоғары кәсіби деңгейде ұсынуға мүмкіндік беретін корреспонденттік пунктерінің тармақталған жүйесі бар. Нью-Йоркте, Брюссельде, Мәскеуде, Пекинде, Ташкентте, Бішкекте шетелдік меншікті тілшілер бөлімі бар. Халықаралық ынтымақтастық. ҚазАқпарат- АТААҰ ақпарат агенттіктері халықаралық қауымдастығының мүшесі (Азия мен Тынық мұхит елдерінің Ақпараттық Ұйымдары); Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушылары — Мемлекеттердің ұлттық ақпарат агенттіктерінің қауымдастығының мүшесі (МҰАҚ), түркі тілдес елдердің ақпарат агенттіктері ұйымының (ТААҰ), ТҮРКСОЙ мәдениет және өнерді бірлесіп дамыту жөніндегі халықаралық ұйымның мүшесі. ҚазАқпарат — ИТАР-ТАСС, РИА-Новости, КАБАР, БелТА, УкрИнформ және т.б ірі ақпарат агенттіктерінің серіктесі. Наурыздың 1. Наурыздың 1 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 60-шы күні (кібісе жылдарда 61-ші). Жылдың аяғына 305 күн қалады. Мерекелер. 1953 жылы 1 наурыз – «Азаттық» радиосы хабар тарата бастады. Туғандар. 1931 жылы 1 наурыз – қазақтың көрнекті ғалымы, академик Өмірбек Арысланұлы Жолдасбеков дүниеге келді. Жазық рычагты механизмдер кинематикасы мен кинетостатикасын, серпімді буынды механизмдердің динамикасын зерттеуге арналған еңбектері шет елдерде де кеңінен танымал. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасынан кейін университет ректоры ретінде қудалауға түскен жылдардағы сынақтан да сағын сындырмай өте білді. Сәуірдің 1. Сәуірдің 1 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 91-ші күні (кібісе жылдарда 92-ші). Жылдың аяғына 274 күн қалады. Оғыз халықтары. Оғыздарға түрікмендер (Түрікменстан), трухмендер, терекмелер (Ирак түркілері), азерилер (Иран азербайжандары), азербайжандар (Азербайжан), және селжұқтар, османлылар (тарихи халықтар), түріктер (Түркия), гагауздер (елі қазіргі Молдавияда) сонымен бірге қазіргі кавказ бен қырымдағы түркі халықтары (қарашай, балқар, құмық, қырым татарлары) ҚЫПШАҚТАРМЕН аралық топ ретінде жатады. Оғыздардың қазір үш тәуелсіз ірі мемлекеті бар: Түрікменстан, Әзірбайжан, Түркия. Үшеуінің де туында ай таңбасы бар екен. Ендеше осы ай таңбаның өзі олардың Ұлы атасы Оғыз қағаннан таралғандығын да әйгілеп тұрғандай. Оғыз қаған деген кім? Ол - Оғыздардың аңызға айналып кеткен арғы атасы. Алғаш рет Оғыз мемлекетін құрған кісі. Ертедегі скиф тайпаларының грекше айтылуы Ишкуза (Ашкуз) Мен көне заман тарихшысы Геродот еңбектеріндегі скифтердің атасы болып есептелетін "Таргитай" деген адам осы Оғыз қаған болар деп ойлаймын. Скифтер - Қара теңізден Алтайға дейінгі аймақты аймақты мекен еткен негізінен түркі-иран тілдес көшпенді тайпалар. Оғыздардың ата мекені - қазіргі Амудариядан Шығысқа қарайғы жерлер. Оғыз халықтарының бәрі қазір еуропалық нәсілдегі (монголоид белгілері аз) халықтар. Оғыз халықтарың 5 мың жылдық тарихы бар. Кейін олар скифтер мемлекеттерінің, одан хун империясының, одан соң Батыс Түрік қағанатының құрамына енді. Көк Түріктердің (Білге қаған құрған империя) Оғыз тайпаларын қалай бағындырғаны жөнінде көне тас жазбаларла нақтылы жазылады. Осы кезеңнен бастап, олардан ығысып, біртіндеп батысқа қарай жылжи бастайды. Қазіргі Түркия жеріне қарай. Ал Орталық Азиядағы Оғыз мемлекеті қайта бөлініп, 9-11 ғасырларда қыпшақтар мемлекеті орнағанша Орталық Азияда іргелі мемлекет болып тұрды. Осы кезеңде (9-11) қазіргі жоғарыда аталған Оғыз халықтары тілі жағынан бөлініп, (түрікмен, түрік, азербайжан) негізінен қалыптасып болады. Оларды арабтар ғуз-дар деп атаған. Оғыз сөзі ус, ғұз деп аталады да "өзен, су" деген мағына береді (Мысалы: Ая+гөз-алақан+өзен, су-мағынасы: кішкене өзен). Қазіргі Азербайжандар - оғыз тайпалары мен ирандықтардың араласуынан шыққан түркі тілдес халық болса, түріктер оғыздар мен кавказ халықтары және гректердің араласуынан шыққан түркі тілдес халық. Ол жерлерге түркі халықтары Осы Орталық Азиядағы ата мекенінен барған. Ал өз мекенінде қалып қойған Түрікмендер - Оғыздар мен Үндіиран (арий) тайпаларының тоғысқан тұсынан қалыптасқан түркі тілдес халық. Тілдік деректері мен тарихи қалыптасуы, салт-дәстүрі мен дүниетанымы жағынан Оғыздар Түркі халықтарың ішіндегі ҚАРЛҰҚТАРҒА (Өзбек, Ұйғыр) жақын. 9-11 ғасырларда құрылған Оғыз мемлекетінің қазіргі мұрагерлері Түрікмендер. Ал түріктер мен әзірбайжандар ол кезде қазіргі қоныстарына - Кавказ бен Кіші Азияға жетіп тұрақтаған болатын. Оғыздардың мемлекеті Қазіргі Каспий мен Аралдың Солтүстік-Шығысын алып жатты. Кейін қыпшақтар оларды біртіндеп оңтүстікке ығыстырады. Соның ішінде қазіргі қазақ халқының кіші жүзінің негізін құраған тайпалар олардың орнына келіп орналастын (Жайық, Маңқыстау, Қарақалпақстан, Сыр бойы). Оғыз жырларында олардың дұшпандары ретінде қыпшақтар көп аталатыны сондықтан. Осы тайталас кешегі Түрікмендер мен адайлардың арасында да жалғасқан еді. Түрікмендер нәтижесінде қазіргі аймағынан (Қарақұм, Амудария) табылды, Азербайжандар Батыс Кавказда, Солтүстік Иранда қалыптасты, Түріктер Кіші Азияға барып, әйгілі Осман империясын құрады. Одан кейінгі тарих белгілі. Оғыздардың тарихы көне скифтердің (сақтардың), массагеттер, печенегтер, ирандықтар, парсылар, кавказ елдері және көне мемлекеттер Шумер, Ассирия, Хет, Элам, мен Үнді халықтарының тарихымен ұштасып жатады. Енді оғыздар туралы сөз соңында осы халықтан шыққан әлемге әйгілі тұлғалардың аттарын атай кетуді жөн көрдім. Көбін қамтып атап шығу мүмкін болмағандықтан тек он шақты адаммен шектегім келіп отыр. Мамырдың 1. Мамырдың 1 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 121-ші күні (кібісе жылдарда 122-ші). Жылдың аяғына 244 күн қалады. Оқиғалар. Үш мың жыл бұрын ежелгі Италия тұрғын­дары Жердің қамқоршысы әйел-құдай – Майяға табынған. Соның құрметіне бүгінге дейін мамыр айының алғашқы күні серуен­деу мен салтанат мерекесі болып есептелді. 1890 жылы Парижде өткен ІІ интернационал конгресінің шешімімен 1886 жылы Чикаго­да болған америкалық еңбек­шілердің 8 са­ғаттық жұмыс күнін талап етіп, капиталис­тер мен қанаушыларға қарсы жанқиярлық күресінің құрметіне Варшава қаласында сол жылдан бастап 1 Ма­мыр ең­бекшілердің ын­тымағы мерекесі ретінде аталып келеді. Ал­ғаш айтулы мейрамды 1890 жылы Аустро-Мажарстан, Белгия, Алмания, Дания, Испа­ния, Италия, АҚШ, Норвегия, Франсия, Швеция сияқты мемлекеттер атап өтті. Со­дан бері аумалы-төкпелі заман өтіп, саяси жүйелер жаңғырса да, қазіргі таңда 1Мамыр мерекесін әртүрлі мазмұнда әлем­нің 66 мемлекеті тойлайды. Еуроодақ пен НАТО-ға қосылған кешегі социалистік ел­дер үшін 1 Мамырдың маңызы шамалы. Ук­раинада 1 Мамыр күні халық алаңда ме­реке ұйым­дас­­тырып, орманда серуен құрып, кәуәп да­йындайды. Оңтүстік Африка рес­публика­сында халықтық өнер туынды­лары­ның көрмесін ұйымдастырып, төмен баға­мен жал­пы халыққа арналған тұрмыстық бұ­йымдар сатылады. Сицилияда жергілікті халықтың сенімі бойынша, бұл күні даладан түймедақ (ромашка) теру бақыт әкеледі-міс. Испанияда бұл күн гүлдер мерекесі болып саналады. Ал Берлин полицейлері үшін бұл күн ауыр да мазасыз күн, себебі елдегі пар­тиялар мен қозғалыстардың шеруінің соңы бей-берекет тәртіпсіздіктерге ұласып жата­ды. Ал америкалықтар болса, мейрам екен демейді, жұмыс істейді. Британияда 1 Ма­мыр – демалыс күні. 1977 жылы лейбористер билік басында болғанда, бұл күн мемле­кет­тік мейрам ретінде аталып өтетін. Еуропаның көпшілік елдері бұл күнді атап өтуге сонша­лық ықыласты емес. Аустрия, Болгария, Бразилия, КХДР-да еңбек мейрамы ретінде мемлекеттік деңгейде аталып өтеді. Ресей империясында 1890 жылдан бастап 1 Мамыр мерекесі аталып келеді. Алайда 1897 жылы бұл мейрамды тойлаудың арты саяси сипат алып, бұқаралық бас көтеруге ұласады. Тек большевиктер 1917 жылдан бастап 1 Мамыр мерекесін тұрақты түрде атап өтуді дәстүрге айналдырған. 1 мамыр мейрамы КСРО құр­са­ғындағы қырық құрау ұлыстарды бірың­ғай кеңес халқына айналуына үлес қосқан-ды. 1 мамыр қызыл төңкеріс пен таптық кү­рестің символы болды. Кеңестік идеология­ның тегеуріні сондай, 1 мамыр күні Маяков­скийдің «Бейбітшілік! Еңбек! Мамыр!» деген сөзімен ұран тастап, алқызыл жалау желбіретіп, алаңда төбе көрсетпегендерді ертесіне жұмыстан шығарып жіберетін. КСРО-ның орнын басқан Ресейде 1 Мамыр мерекесін 1997 жылдан бастап Көктем және еңбек мерекесі ретінде атап өтеді. ТМД ел­дері ішінде Ресей мен Молдавия бұл мей­рамда қатарынан бес күн демалады. Ал Әзір­байжан, Грузия, Түрікменстан және Өзбекстанда 1 мамыр – жұмыс күні. Бірақ өзбек, түрікмен жұрты бұл күні ұлттық тағам дайындап, өзбекше, түрікменше тойлайды. Маусымның 1. Маусымның 1 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 152-ші күні (кібісе жылдарда 153-ші). Жылдың аяғына 213 күн қалады. Шілденің 1. Шілденің 1 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 182-ші күні (кібісе жылдарда 183-ші). Жылдың аяғына 183 күн қалады. Тамыздың 1. Тамыздың 1 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 213-ші күні (кібісе жылдарда 214-ші). Жылдың аяғына 152 күн қалады. Қыркүйектің 1. Қыркүйектің 1 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 244-ші күні (кібісе жылдарда 245-ші). Жылдың аяғына 121 күн қалады. Қаңтардың 2. Қаңтардың 2 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 2-ші күні. Жылдың аяғына 363 (кібісе жылдарда 364) күн қалады. Қаңтардың 3. Қаңтардың 3 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 3-ші күні. Жылдың аяғына 362 (кібісе жылдарда 363) күн қалады. Қаңтардың 4. Қаңтардың 4 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 4-ші күні. Жылдың аяғына 361 (кібісе жылдарда 362) күн қалады. Қаңтардың 5. Қаңтардың 5 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 5-ші күні. Жылдың аяғына 360 (кібісе жылдарда 361) күн қалады. Қаңтардың 6. Қаңтардың 6 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 6-шы күні. Жылдың аяғына 359 (кібісе жылдарда 360) күн қалады. Қаңтардың 7. Қаңтардың 7 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 7-ші күні. Жылдың аяғына 358 (кібісе жылдарда 359) күн қалады. Туғандар. 1886 жылы бұрынғы Ақмешіт (бүгінгі Қызылорда) үйезінде белгілі саяси және Түркістанның қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай дүниеге келді Қаңтардың 8. Қаңтардың 8 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 8-ші күні. Жылдың аяғына 357 (кібісе жылдарда 358) күн қалады. Қаңтардың 9. Қаңтардың 9 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 9-шы күні. Жылдың аяғына 356 (кібісе жылдарда 357) күн қалады. Қаңтардың 10. Қаңтардың 10 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 10-шы күні. Жылдың аяғына 355 (кібісе жылдарда 356) күн қалады. Қаңтардың 11. Қаңтардың 11 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 11-ші күні. Жылдың аяғына 354 (кібісе жылдарда 355) күн қалады. Қаңтардың 12. Қаңтардың 12 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 12-ші күні. Жылдың аяғына 353 (кібісе жылдарда 354) күн қалады. Қаңтардың 13. Қаңтардың 13 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 13-ші күні. Жылдың аяғына 352 (кібісе жылдарда 353) күн қалады. Қаңтардың 14. Қаңтардың 14 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 14-ші күні. Жылдың аяғына 351 (кібісе жылдарда 352) күн қалады. Туғандар. 1992 жылы Атақты күйші Мұрат Бегдар дүниеге келді. Оның "Махаббат", "қыздар", "Қасқа", "Құрсын", "Бүйтсиш-сүйтсиш", "Өлә" деген күйлері қазаққа етене таныс. Қаңтардың 15. Қаңтардың 15 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 15-ші күні. Жылдың аяғына 350 (кібісе жылдарда 351) күн қалады. Туғандар. Ахмет Байтұрсынұлы 1873 - 1937 ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қаңтардың 16. Қаңтардың 16 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 16-шы күні. Жылдың аяғына 349 (кібісе жылдарда 350) күн қалады. Қаңтардың 17. Қаңтардың 17 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 17-ші күні. Жылдың аяғына 348 (кібісе жылдарда 349) күн қалады. Оқиғалар. 1945 жылы Қызыл әскер Польшаның астанасы Варшаваны герман әскерлерінен азат етті. Туғандар. 1942 жылы Мұхаммед Али - белгілі бокстан кәсіпқой әлем шемпионы 1989 жылы қазақтан шыққан атақты палуан күрескер Мамыш Ержан дүниеге келді. 2008 жылы бейжіңде өткен олимпиядада сегіз бірдей алтын медаль алып, оның барлығын ақсшаға сатып жіберген. Сөйтіп, қазір баааай... америкада турады... Қаңтардың 18. Қаңтардың 18 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 18-ші күні. Жылдың аяғына 347 (кібісе жылдарда 348) күн қалады. Туғандар. 1955 жылы танымал американдық киноактер Кевин Костнер дүниеге келді Қаңтардың 19. Қаңтардың 19 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 19-шы күні. Жылдың аяғына 346 (кібісе жылдарда 347) күн қалады. Оқиғалар. 1903 жылы алғашқы «Тур де Франс» деп аталатын веложарыстың өтетіні туралы хабарланды. Бүгінде ол ең көп танымал, айтулы жарыстардың бірі Қаңтардың 20. Қаңтардың 20 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 20-шы күні. Жылдың аяғына 345 (кібісе жылдарда 346) күн қалады. Қаңтардың 21. Қаңтардың 21 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 21-ші күні. Жылдың аяғына 344 (кібісе жылдарда 345) күн қалады. Қаңтардың 22. Қаңтардың 22 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 22-ші күні. Жылдың аяғына 343 (кібісе жылдарда 344) күн қалады. Қаңтардың 23. Қаңтардың 23 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 23-ші күні. Жылдың аяғына 342 (кібісе жылдарда 343) күн қалады. Қаңтардың 24. Қаңтардың 24 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 24-ші күні. Жылдың аяғына 341 (кібісе жылдарда 342) күн қалады. Қаңтардың 25. Қаңтардың 25 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 25-ші күні. Жылдың аяғына 340 (кібісе жылдарда 341) күн қалады. Қаңтардың 26. Қаңтардың 26 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 26-ші күні. Жылдың аяғына 339 (кібісе жылдарда 340) күн қалады. Қаңтардың 27. Қаңтардың 27 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 27-ші күні. Жылдың аяғына 338 (кібісе жылдарда 339) күн қалады. Қаңтардың 28. Қаңтардың 28 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 28-ші күні. Жылдың аяғына 337 (кібісе жылдарда 338) күн қалады. Қаңтардың 29. Қаңтардың 29 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 29-шы күні. Жылдың аяғына 336 (кібісе жылдарда 337) күн қалады. Қаңтардың 30. Қаңтардың 30 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 30-шы күні. Жылдың аяғына 335 (кібісе жылдарда 336) күн қалады. Қаңтардың 31. Қаңтардың 31 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 31-ші күні. Жылдың аяғына 334 (кібісе жылдарда 335) күн қалады. Ақпанның 2. Ақпанның 2 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 33-ші күні. Жылдың аяғына 332 (кібісе жылдарда 333) күн қалады. Ақпанның 3. Ақпанның 3 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 34-ші күні. Жылдың аяғына 331 (кібісе жылдарда 332) күн қалады. Ақпанның 4. Ақпанның 4 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 35-ші күні. Жылдың аяғына 330 (кібісе жылдарда 331) күн қалады. Мерекелер. Халықаралық зорлыққа қарсы күрес күні. Бұл күн 1985 жылдан бері аталып келеді. Ақпанның 5. Ақпанның 5 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 36-шы күні. Жылдың аяғына 329 (кібісе жылдарда 330) күн қалады. Ақпанның 6. Ақпанның 6 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 37-ші күні. Жылдың аяғына 328 (кібісе жылдарда 329) күн қалады. Ақпанның 7. Ақпанның 7 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 38-ші күні. Жылдың аяғына 327 (кібісе жылдарда 328) күн қалады. Ақпанның 8. Ақпанның 8 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 39-шы күні. Жылдың аяғына 326 (кібісе жылдарда 327) күн қалады. Ақпанның 9. Ақпанның 9 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 40-шы күні. Жылдың аяғына 325 (кібісе жылдарда 326) күн қалады. Ақпанның 10. Ақпанның 10 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 41-ші күні. Жылдың аяғына 324 (кібісе жылдарда 325) күн қалады. Ақпанның 11. Ақпанның 11 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 42-ші күні. Жылдың аяғына 323 (кібісе жылдарда 324) күн қалады. Ақпанның 12. Ақпанның 12 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 43-ші күні. Жылдың аяғына 322 (кібісе жылдарда 323) күн қалады. Оқиғалар. 1955 жылы 12 ақпан – Байқоңыр ғарыш айлағын салу туралы шешім қабылданды. 2002 жылы 12 ақпан – Дели қаласында Абай көшесі ашылды. Ақпанның 13. Ақпанның 13 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 44-ші күні. Жылдың аяғына 321 (кібісе жылдарда 322) күн қалады. Ақпанның 14. Ақпанның 14 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 45-ші күні. Жылдың аяғына 320 (кібісе жылдарда 321) күн қалады. Ақпанның 15. Ақпанның 15 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 46-шы күні. Жылдың аяғына 319 (кібісе жылдарда 320) күн қалады. Туғандар. 1907 жылы 15 ақпан – қазақтың көрнекті тілші – ғалымы Ісмет Кеңесбаев дүниеге келді. «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» - ғалымның ана тілімізге орнатып беріп кеткен ерен ескерткіші. 1914 жылы 15 ақпан – қазақтың көрнекті актері, театр және кино режиссері Шәкен Кенжетайұлы Айманов дүниеге келді. Ұлы ағылшын драматургінің кейіпкерлерін үздік бейнелеген әлем актерлері қатарында Ұлыбританиядағы Шекспир фестиваліне шақырылған. Кинодағы таңдаулы туындысы – «Атаманның ажалы» фильмі. Мәскеуде 1963 жылы өткен Халықаралық фестивальдің жюри мүшесі ретінде танытқан табандылығымен де танымал болған – партия органдарының қысымына қарамай, Бас жүлдені итальян режиссері Федерико Феллиниге беруді жақтап шыққан. 1915 жылы 15 ақпан – қазақтың тамаша тарихшысы Ермұқан Бекмаханов дүниеге келді. Кенесары Қасымовтың ұлт – азаттық көтерілісі жөніндегі зерттеу еңбегі үшін кезінде нақақ жазаланған. 1966 жылы қайтыс болған. 1989 жылы 15 ақпан – қазақтың болашак каржы министры Пазылдаева Дана дүниеге келді. 2030 жылы жанадан курылган окiметтiн курышалардын бiрi. Ақпанның 16. Ақпанның 16 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 47-ші күні. Жылдың аяғына 318 (кібісе жылдарда 319) күн қалады. Ақпанның 17. Ақпанның 17 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 48-ші күні. Жылдың аяғына 317 (кібісе жылдарда 318) күн қалады. Ақпанның 18. Ақпанның 18 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 49-шы күні. Жылдың аяғына 316 (кібісе жылдарда 317) күн қалады. Ақпанның 19. Ақпанның 19 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 50-ші күні. Жылдың аяғына 315 (кібісе жылдарда 316) күн қалады. Туғандар. 1921 жылы 19 ақпан – қазақтың көрнекті заңгері, қоғам қайраткері, академик Салық Зиманов дүниеге келді. Тәуелсіздіктің елең – алаң шағында Парламент депутаты ретінде танытқан бөлекше біліктілігі ел есінде. Атап айтқанда, Қазақ ССР – нің мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның мәтіні бас – аяғы үш тәулік ішінде жазылып біткен болатын. Ақпанның 20. Ақпанның 20 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 51-ші күні. Жылдың аяғына 314 (кібісе жылдарда 315) күн қалады. Ақпанның 21. Ақпанның 21 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 52-ші күні. Жылдың аяғына 313 (кібісе жылдарда 314) күн қалады. Ақпанның 22. Ақпанның 22 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 53-ші күні. Жылдың аяғына 312 (кібісе жылдарда 313) күн қалады. Ақпанның 23. Ақпанның 23 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 54-ші күні. Жылдың аяғына 311 (кібісе жылдарда 312) күн қалады. Қайтыс болғандар. 2010 жылы 23 ақпанда қазақ әдебиетінің классигі, қоғам қайраткері, ұлы жазушы Сәбит Мұқанұлының жары Мәриям Мұқанкеліні қайтыс болды. Ақпанның 24. Ақпанның 24 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 55-ші күні. Жылдың аяғына 310 (кібісе жылдарда 311) күн қалады. Ақпанның 25. Ақпанның 25 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 56-шы күні. Жылдың аяғына 309 (кібісе жылдарда 310) күн қалады. Ақпанның 26. Ақпанның 26 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 57-ші күні. Жылдың аяғына 308 (кібісе жылдарда 309) күн қалады. Туғандар. 1932 жылы 26 ақпан – қазақтың белгілі сәулетшісі Шота (Шот - Аман) Уәлихан дүниеге келді. Ақпанның 27. Ақпанның 27 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 58-ші күні. Жылдың аяғына 307 (кібісе жылдарда 308) күн қалады. Ақпанның 28. Ақпанның 28 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 59-шы күні. Жылдың аяғына 306 (кібісе жылдарда 307) күн қалады. Ақпанның 29. Ақпанның 29 — Грегориус күнтізбесінде кібісе жылдың 60-шы күні. Кібісе жылдың аяғына 308 күн қалады. Ақпанның 29 тағы да «кібісе күн» деген атауымен белгілі. Жылда ақпанның 29 болса, ол «кібісе жыл» деп санлады. Бұл күн-ай тек төрт жылда бір рет кездеседі, жылдың саны 4-ке бөлінгенде, мысалы 1988, 1996, 2008 не 2024 жылдарда. Жылдың саны 400-ге бөлінбесе, оңкей болады, немесе кібісе емес, мысалы 1900 ж. Наурыздың 2. Наурыздың 2 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 61-ші күні (кібісе жылдарда 62-ші). Жылдың аяғына 304 күн қалады. Мерекелер. 1992 жылы 2 наурыз – Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына қабылданды. 1995 жылы 2 наурыз – Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Наурыздың 3. Наурыздың 3 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 62-ші күні (кібісе жылдарда 63-ші). Жылдың аяғына 303 күн қалады. Наурыздың 4. Наурыздың 4 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 63-ші күні (кібісе жылдарда 64-ші). Жылдың аяғына 302 күн қалады. Наурыздың 5. Наурыздың 5 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 64-ші күні (кібісе жылдарда 65-ші). Жылдың аяғына 301 күн қалады. Туғандар. Алашорда үкіметінің төрағасы, қазақ тарихында аты алтын әріппен жазылған қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт көсемі Әлихан Бөкейханұлы дүниеге келген. Қайтыс болғандар. 1953 ж. СОКП ОК Хатшысы, КСРО МК төрағасы, КСРО Жоғарғы Қолбасшы, Кеңес одағы генералиссимусы Иосиф Сталин пәниден бақиға өтті. Наурыздың 6. Наурыздың 6 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 65-ші күні (кібісе жылдарда 66-ші). Жылдың аяғына 300 күн қалады. Туғандар. 1945 жылы 6 наурыз – қазақтың тамаша ақыны Темірхан Медетбек дүниеге келді. Ұлттық поэзияға ХХ ғасырдың соңғы ширегіндегі уақыт ырғағын, шамырқанған замана тынысын жеткізетін жырлардан сыбаға салған суреткер. 2000 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын алған. Наурыздың 7. Наурыздың 7 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 66-ші күні (кібісе жылдарда 67-ші). Жылдың аяғына 299 күн қалады. Наурыздың 8. Наурыздың 8 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 67-ші күні (кібісе жылдарда 68-ші). Жылдың аяғына 298 күн қалады. Оқиғалар. 1959 жылы 8 наурыз – Қазақ телевизиясы алғаш рет хабар тарата бастады. Наурыздың 9. Наурыздың 9 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 68-ші күні (кібісе жылдарда 69-шы). Жылдың аяғына 297 күн қалады. Туғандар. 1986 жылы Жұматов Мейрамбай Сарсенбайұлы Түркменістан Ташауыз облысында дүниеге келди! Наурыздың 10. Наурыздың 10 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 69-шы күні (кібісе жылдарда 70-ші). Жылдың аяғына 296 күн қалады. Наурыздың 11. Наурыздың 11 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 70-ші күні (кібісе жылдарда 71-ші). Жылдың аяғына 295 күн қалады. Оқиғалар. Қызылағаш оқиғасы Наурыздың 12. Наурыздың 12 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 71-ші күні (кібісе жылдарда 72-ші). Жылдың аяғына 294 күн қалады. Наурыздың 13. Наурыздың 13 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 72-ші күні (кібісе жылдарда 73-ші). Жылдың аяғына 293 күн қалады. Наурыздың 14. Наурыздың 14 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 73-ші күні (кібісе жылдарда 74-ші). Жылдың аяғына 292 күн қалады. Мерекелер. 14-Наурыз: Жаңа жылдың басы болып саналады БҰҰ Бас ассамблеясы «Наурыз халықаралық мерекесi» қарарын бiр ауыздан қабылдап, бағзыдан келе жатқан мерекенi атап өту күнiн 21 наурызға белгiлепті. Толық нұсқасы мына жерде.. Наурыз мерекесі – үш мың жылдан бері салтанатты түрде Орталық Азиядан Балқанға дейінгі ауқымды өңірде аталып өтетін мейрам. 21-наурыз ұлыстың ұлы күні, күн мен түннің теңелу кезі екенін білеміз. Біздің Жаңа жылымыз, ұлттық мейрамымыз. Енді бүкіл түркі жұртына ортақ мейрам, халықаралық мейрам болып бекітілді. Ал, еліміздің батыс аймақтарында, Маңғыстау, Атырау облыстарында тегіс, Орал, Ақтөбе облыстарының кей бөлігінде, көршілес Ресейдің Астрахан, Саратов, Орынбор, Қарақалпақстанның қазақтар көп қоныстанған жерлерінде Наурыз айы туды деп, осы айдың 14-күнінен бастап, «Көрісу» салты басталады. Кей жерлерде «амал» деп те атайды. 1918 жылдың 24-қаңтарында «Батыс Еуропа күнтізбесінің Ресей мемлекетіне енгізілуі туралы» В.И. Ленин қол қойған декрет қабылданды. Бұл кезде юлиан және григорий күнтізбелерінің арасындағы алшақтық 13 күнге жеткен еді. Декретте көрсетілгендей 1918 жылдың 31-қаңтарынан кейінгі күн: 1 ақпан емес, 14 ақпан болып есептелді. Соның әсерінен бұрын 1-наурызда Жаңа жыл – Ұлыс күнін тойлайтын қазақ елі, 1918 жылдан бері қарай 14-наурызда көрісіп келеді деуге болады. Әр үй жеті шелпегін пісіріп, дастарханын жайып қояды. Наурыздық жасап, ата-баба рухына дұға бағыштайды.Біздің жақта осы күні кішілер үлкендерге, көрші-қолаң, ағайын-туыс бір-біріне, ал, бала-шағалар әр үйге кіріп, көрісіп құттықтап шығады. Тек келіндер аталарына және қайынағаларына көрісуге болмайды. Ер адамдар құшақтасып, төс түйістіреді, әйелдер жағы да құшақтасып, беттерінен сүйіп, көрісіп жатады. Бала кезімізде үлкен әжелері бар үйлерге көрісіп барғанда, алғысын айтып, қолымыздың сыртынан сүюші еді. Қолдан сүю «түріктердің дәстүрі, қазаққа жат» деп жүргендер бар ғой. Соған қарағанда, қолымыздан сүю тек түріктер емес, ежелден келе жатқан түркілік дәстүр шығар деп ойлаймын. Осы көрісу дәстүрі тек батыста ғана емес, бұрындары еліміздің көп жерлерінде болғанға ұқсайды. Шәкәрімнің ұлы Ахаттың жазбаларында: «14-март – ескіше 1-март. Әкей айтты: «Бүгін ескіше 1-март, қазақша жаңа жыл, ұлыстың ұлы күні дейді. Ал жаңа жылдың бұрынғы аты – Наурыз, бұл фарсы тілі. Жаңа күн деген сөз. Қожа-молдалар ескі әдетті қалдырамыз деп, құрбан, ораза айттарын ұлыс күні дегізіп жіберген. Ескі қазақша, ескі түрікше жаңа жыл күнінің аты – ұлыс. Жаңа жыл басының ұлыс екеніне мынадай дәлел бар. «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар. Ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы жол болар» – деген. Сонда көрісу дәстүрі тек батыста емес, барлық жерлерде де болған, тек бертін келе халық ұмытып кеткен, отаршыл саясат ұмыттыруға тырысқан. Бірақ, осы батыс аймақтарда ұмытылып көрген емес. ХХ ғасырда ел шұбырған аумалы-төкпелi заманда сан қазына түбiрiмен құрып, ұмытылып кеткені шындық. Ай мен Үркердiң қиылысып өтуiн көшпелi жұрт тоғыс атаған ғой. Наурыз айында тоғыстың келетін тұсы да осы күндерге келетін болса керек. Халық сенімінде 14-нен 15-на қараған күнi қой құмалағы қарға батып кетсе, жақсылыққа санап, ырым еткен. 15-i күнi халық қыс жұлдызы бiтiп, жаз жұлдызы туды деп есептеген екен. Сонымен, ертең – қазіргі күнтізбе бойынша Наурыз айы туады. Наурызды қазақ жыл басы десе, ескіше болсын, жаңаша болсын, келе жатқан Жаңа жылымыз – Наурыз құтты болсын! 14-наурыздан көрісуді ұмытпайық! Бұл күн бала кезімізден жаңа жылдың басы болып саналады. Амал таңын қарсы алған әрбір үй ертемен есіктерін ашып қойып, жақсы тілектер тілейді. Ауылдың кішілері үлкендерге көрісіп барады. Жағдайы бар адамдар бір малын сойып, қазанды толтырып ет асып Наурыздық жасайды. Ал, соятын малы жоқ адамдар қыстан қалған сүр етін асады. Амалда адамдар көрісіп келер деп сақтап қойған шұжығын, үлпершегін асатындар бар. Мұндай мүмкіндігі жоқ үйлер қазанға май қатып күріш, жармасын салып «қазан толы болсын» деген ырыммен көже асып қояды. Көпшілік үйлер бұл күні жеті шелпегін пісіріп иіс шығарып, бауырсағын сірә пісіреді. Он төртінші наурыз ел ішінде отбасылық мереке есебінде ешқашан үзіліп көрген емес. Бұл күні ағайын туыс, құда - жекжат, дос - құрбы бір үйден –бір үйге барып, ең жақын, сыйлы үлкендеріне жақсы шапан, көйлек -жаулық әкеліп көрісу дағды-дәстүрге айналған. Ал бала күнімізде 22 наурызды мереке есебінде елеген емеспіз. Тек 1988-89 жылдардан бастап мерекелей бастадық қой. Жеті түрлі дәм салып наурыз көже пісіру де осы кезден бастап насихаттала бастады. Шындығын айтқанда бала күнімізде Маңғыстауда шешелеріміздің наурыз көже пісіргені есімде жоқ. Осы кезден бастап мал төлдей бастайды. Алты ай жаздың басталуы, малға да, жанға да жайлы жер аяғының кеңи бастауы деп осы Амалды ерекшелеп күту дәстүрге айналған. Жыл бойына жалғасатын көрісуге байланысты кейінгі кезде Бейнеуде жақсы жағдай қалыптасты. Рулас ағайындардың үлкен-кішілері түгел бас қосып жылына бір үйге жиналып көрісіп жүр. Бұл уақытты үнемдеуге әрі мерекені ойдағыдай бірге атап өтуге жақсы. Кейбір үлкен ауылдар мейрамхана, тойханаларға жиналып бас қосып мерекелейді. Мұның бәрі заманның дамып, жақсы жағдайдың болғандығынан ғой. Мен Бұрмақ деген байдың қызы болдым. Әкеміз Түрікменстанға ерте қоныс аударыпты. Өміріміздің барлық саналы жылдары түрікмен жерінде өтті. Атамекенге көшіп келгенімізге үш-төрт жыл болды. Түркменстандағы қазақтар жыл сайын 14 наурызды ерекше күтетін. Бұл күн жақындағаннан -ақ көше-көше болып тұрып жатқан маңайымызды, жолды, үйлеріміздің айналасын, салмаларды (арықтарды) тазалап дайындайтынбыз. Айнала жаңарып, тазарып қалатын. Үй ішімізді тазалап, кір-қоң қалдырмай жуып - шайып, сандықтарды ашып, жаңа заттарды іліп қойып үй ішінің сәнді болып тұруына көңіл бөлетінбіз. Өзіміз де ұлттық киімдерімізді киіп, ілмелі жаулықтарымызды тартып, собық сырға, шашбау, өңіржиектерімізді тағып сәнденіп, үлкен кісілерге көрісіп баратынбыз. Әйелдер бір-бірімен міндетті түрде құшақтарын айқастырып көрісетін. Аталарымыз бен қайнағаларымызға тек иіліп сәлем беріп, енелерімізден бастап қалған адамдармен қол алысып көрісеміз. Бұл күні адамдар үйлерінің ауласына, қөшелерге тал егеді. Біздің үйіміздің ауласында шалым әр наурызда отырғызған түрлі жеміс ағаштары бар еді. Шалым Сазанбай бәрін өсірді, тек жаңғақ ағашын көгерте алмады. Наурыз күні көрісіп келетін адамдарға дастархан жасап қоямыз.Ет асылады. Жүгеріні түйіп қазанға май қатып, су құйып наурыз көже дайындаймыз. Наурыз көжені мол етіп дайындаймыз, құрамына міндетті түрде ақ қосылады. Осы жерге келгелі бұл күнді ағайын-туыспен бірге жиналып қарсы алып мерекелеп жүрміз. Бұл күн Батыс Қазақстан аймағында, оның ішінде біздің атакүлдігімізде бағзыдан келе жатқан мейрам. Сондықтан сонау бала күнімізден бұл айдың он төртінші жаңасының таңы атысымен үйдегі жан біткенмен құшақтаса қол алысып, одан соң апыр-топыр көрші үйлерге барып көрісе бастаушы едік. Әр үйдің қазанында сүр ет асылып, таң атысымен көрісуге келетін адамдарға дастархан дайындай бастайды. Соғымның шекесін осы күнге сақтап қоятындар да бар. Бәрінен де ет баптау мен сақтаудың шеберлері болған шешелеріміз бұл күнге арнап қарынға салып сақтаған, шұжық етіп баптаған еттерін асушы еді. Бұл еттердің түрі де, дәмі де шие татып тұрушы еді. Асылған еттің арасында сары әйнектей мөлдір, тұздауы мен сүрлеуі әбден келіскен бір білем құйрық май, немесе өркеш май міндетті түрде болады. Сүр ет қайнап жатқан қазанға бүйенге құйылған уызды да еппен пісіріп алатын қайран шешелеріміз-ай десеңші. Бұл күні түйесі боталаған үй міндетті түрде үлпершек асады. Үлпершек те шұжық сияқты ғой. Сәлем-сауқатын алып, арнайы көрісе келгендердің алдына буы бурқыраған ет толы табақ келгенде май жеуден қашатын адамның өзі әлгі қиялай туралған шыңылтыр сүр майдың дәмін көріп, қалай асап жібергенін өзі де байқамай қалушы еді. Әлгі аппақ бордай кірт-кірт туралып кесек- кесек болып жатқан түйенің уызы еттің ең үстіне туралып ол қанша көп болса да бірден таусылып қалатын. Амал күні қазан толы, қарын тоқ болсын деп салынатын сүбе қабырғасымен тұтас ішекке тығылған қазы да көрісіп келгендердің бір сыбағасы. Сонау күздің басында шыжғырып шыны ыдысқа құйып сақтаған, түсі сап-сары бояудай қанық сары майдың дастарханға қойылатын күні де осы кез. Тары қайнатып, бидай қуырып талқан, жент жасалатын. Шешеміздің бұл күнге арнап дайындайтын дастархан мәзірі осындай ерекшелігімен есте қалыпты. Біздің бала кезімізде 14 наурыз отбасылық мейрам ретінде әр үйде осылайша аталып өтетін еді. Біз оны көрісу дейтінбіз. Ол кезде біз тұрған Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Ебейті ауылында сіресіп жатқан қалың қар енді-енді жіби бастайтын. Кей жылдары бұл күні қар жауып тұрса, адамдар «жарықтық, наурыздың ақша қары, жақсылықтың нышаны, жыл жақсы болады екен» деп жататын. Қар кетпегесін ағаш егілмейді ғой. Бірақ мал төлдеп, сауын малдардың уызына тоя бастаушы едік. Үлкендерге барып көрісу әлі күнге жалғасып келеді. Ал бүгінгі күнгі дастархан мәзірі бәрімізге белгілі жаңаша жасалады... Амал келді, тағы да амал келді! Адамдар бір- біріне көрісе барады, кішілер үлкен-дерден бата алады. Пенделікпен қателік жасағандар, Амалда ар алдында тазарады. Амал – бірлік, адамдардың бір-біріне деген көл-көсір ниеті. Амал – тірлік, адамдардың жамандық атаулымен күресі. Ендеше жанымыз да, тәніміз де тазара бергей!. Ауладан басталар аймағымызды абаттандырып, табиғат тамырына нәр жүгіртіп туған жерді түрлендіре-йік. Ұлттық рух, салт-дәстүр салтанат құра бергей! Дастархан толы, көңіліміз тоқ болғай. Атышулы дағдарыс дүрбелеңі елімізден жоқ болғай! Наурыздың 15. Наурыздың 15 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 74-ші күні (кібісе жылдарда 75-ші). Жылдың аяғына 291 күн қалады. Наурыздың 16. Наурыздың 16 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 75-ші күні (кібісе жылдарда 76-шы). Жылдың аяғына 290 күн қалады. Наурыздың 17. Наурыздың 17 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 76-шы күні (кібісе жылдарда 77-ші). Жылдың аяғына 289 күн қалады. Наурыздың 18. Наурыздың 18 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 77-ші күні (кібісе жылдарда 78-ші). Жылдың аяғына 288 күн қалады. Наурыздың 19. Наурыздың 19 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 78-ші күні (кібісе жылдарда 79-шы). Жылдың аяғына 287 күн қалады. Наурыздың 20. Наурыздың 20" — Грегориус күнтізбесінде жылдың 79-шы күні (кібісе жылдарда 80-ші). Жылдың аяғына 286 күн қалады. Оқиғалар. 1973 жылы 20 наурыз – Маңғыстау облысы құрылды. Наурыздың 21. Наурыздың 21" — Грегориус күнтізбесінде жылдың 80-ші күні (кібісе жылдарда 81-ші). Жылдың аяғына 285 күн қалады. Наурыздың 22. Наурыздың 22" — Грегориус күнтізбесінде жылдың 81-ші күні (кібісе жылдарда 82-ші). Жылдың аяғына 284 күн қалады. Наурыздың 23. Наурыздың 23" — Грегориус күнтізбесінде жылдың 82-ші күні (кібісе жылдарда 83-ші). Жылдың аяғына 283 күн қалады. Наурыздың 24. Наурыздың 24" — Грегориус күнтізбесінде жылдың 83-ші күні (кібісе жылдарда 84-ші). Жылдың аяғына 282 күн қалады. Наурыздың 25. Наурыздың 25" — Грегориус күнтізбесінде жылдың 84-ші күні (кібісе жылдарда 85-ші). Жылдың аяғына 281 күн қалады. Наурыздың 26. Наурыздың 26" — Грегориус күнтізбесінде жылдың 85-ші күні (кібісе жылдарда 86-шы). Жылдың аяғына 280 күн қалады. Наурыздың 27. Наурыздың 27" — Грегориус күнтізбесінде жылдың 86-шы күні (кібісе жылдарда 87-ші). Жылдың аяғына 279 күн қалады. Наурыздың 28. Наурыздың 28" — Грегориус күнтізбесінде жылдың 87-ші күні (кібісе жылдарда 88-ші). Жылдың аяғына 278 күн қалады. Наурыздың 29. Наурыздың 29" — Грегориус күнтізбесінде жылдың 88-ші күні (кібісе жылдарда 89-шы). Жылдың аяғына 277 күн қалады. Наурыздың 30. Наурыздың 30" — Грегориус күнтізбесінде жылдың 89-шы күні (кібісе жылдарда 90-шы). Жылдың аяғына 276 күн қалады. Наурыздың 31. Наурыздың 31" — Грегориус күнтізбесінде жылдың 90-шы күні (кібісе жылдарда 91-ші). Жылдың аяғына 275 күн қалады. Астана қаласы. Астана — Қазақстан Республикасының елордасы. Астанада адам тұрады (1 қаңтар 2011). Қазір қаланың аумағы 200 km2 алып жатыр. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан. Атауы. Қаланың атауы қазақ тілінен алынған. Қазақша ол сөз елдің бас қаласы дегенді білдіреді. Астана сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Онда ол "киелі орын", "босаға" деген мағыналарға ие. Әкімшілік бөлінісуі. Астанада Сарыарқа ауданы, Алматы ауданы және Есіл ауданы бар. Жұрты. Астана қаласы халқының саны 2000 жылмен салыстырғанда 169,2 мың адамға көбейіп, 2006 жылдың басында 550,2 мың адам болды. Астана қаласы халқының табиғи қозғалысының оң факторы бала туу мен неке қию деңгейінің артуы болып табылады. 2005 жылы қалада 8,8 мың бала өмірге келді, ол 2000 жылы туылғандармен салыстырғанда 4,3 мыңға көп. 2005 жылы бала туудың коэффициенті 1 мың тұрғынға шаққанда 6,3, өлім — 6,7 құрады. Қала халқының өсуі негізінен көші-қон ағыны есебінен қамтамасыз етілуде. Көші-қон сальдосының елеулі түрде өсуі (50 мыңнан асатын шекте) 2000—2001 жылдары байқалды. Келгендердің санының кеткендерден асып түсуі негізінен азаматтардың республиканың ішіндегі көші-қон есебінен қамтамасыз етілді. Алайда соңғы жылдары оның салыстырмалы түрде тұрақтануы байқалады (2002 ж. — 6,8 мың, 2003 ж.- 5,4 мың, 2004 ж. — 14,2 мың, 2005 ж. — 15,7 мың адам). Халықтың табиғи өсімі осы кезеңде 2000 жылғы 1513 адамнан 2005 жылы 5,2 адамға дейін көбейді. Тарихы. Астана 1830 ж. Есіл өзенінің жағасында қазақ-орыстар әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады. 1862 ж. Ақмола қала мәртебесін алды. 1962 ж. қалаға Целиноград атауы берілді. 1997 ж. егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев Жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады. 1998 ж. мамыр 6 жаңа елорданың атау Астана болып өзгертілді. 1998 ж. шілде 10 Қазақстанның жаңа елордасы — Астананың халықаралық тұсауы кесілді. 1998 ж. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Бұл атақ қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі қуатты өсуге, тұрақты этникааралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі. Бразилияда өткізілген бұл конкурста Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әр түрлі елдерінің он екі қаласын басып озды. Өзін-өзі басқаруы. Мәслихат жалпыға бірдей тең және тікелей сайлау құқығының негізінде құпия сайлау арқылы қала халқымен 4 жылдық мерзімге сайланады. Астана қаласы мәслихатының құрамына бір мандаттық аймақ бойынша сайланған 25 депутат кіреді. Депутаттар арасынан сайланып, өз қызметтерін босатылған негізде атқаратын қалалық мәслихат хатшысы мен тексеру комиссиясының төрағасынан басқа қалалық мәслихат депутаттары өз қызметтерін босатылмаған негізде атқарады. Экономикасы. Астана өте серпінді дамуда. Елорда көшірілген кезден бастап қала экономикасына салынған инвестиция көлемі 3,5 миллиард доллардан асты. 2007 жылға дейін Астананың құрылысына 238,6 миллиард теңге көлемінде қаражат жұмсау жоспарлануда. Астананың ойдағыдай дамып келе жатқанының белгілерін оның халқының жедел өсуінен байқауға болады. Елорданы көшіру жарияланған жылы мұнда небәрі 225 мың адам тұратын. 2004 жылы елорда тұрғындарының саны екі есе өсіп, жарты миллионнан асып кетті. 1998 жылы Астана еркін экономикалық аймақтың WEPSA халықаралық қауымдастығына кірді. Әлемнің 15 қаласы Қазақстан елордасының бауырлас қалалары болып табылады, олардың арасында Мәскеу, Берлин, Варшава, Минск, Киев, Анкара, Бангкок және басқалары бар. Елорданың жаңа әкімшілік орталығында Бейбітшілік пен келісім сарайы мен «Пекин-Палас» бизнес-орталығының құрылысына дайындық жұмыстары басталды. Тағы 10 нысан — жанар-жағармай құю стансасы, «Capital Forum» Ынтымақтастық және даму халықаралық орталығы, 6 қабатты медиа-орталық, сауда-демалыс кешені, халықаралық сауда орталығы,т.б. нысандар құрылысқа рұқсат алу және жобалау кезеңінде тұр. 2005 жылдың басынан бері барлығы 15 нысан тіркелді, оның ішінде 3 әкімшілік ғимарат, әлеуметтік мақсаттағы 4 нысан, 4 тұрғын үй, 4 инженерлік, көлік инфрақұрылымдары бар. Ал, соңғы 6 айда Жоғарғы сот, муниципалдық 4 тұрғын үй кешені, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 2 жатақханасы, т.б. нысандар пайдалануға берілді. ҚР Парламент Мәжілісі мен Сыртқы істер министрлігі ғимараттарының, «Ғашықтар» саябағының, «Президент-отель» қонақүй кешені мен Ислам орталығының ашылу рәсімі өтті. Сенат мен Үкіметтің әкімшілік ғимараттары, «Тұлпар» тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталып келеді. Дипломатиялық қалашық, цирк ғимараты, «Сол жағалау — Абылай хан даңғылы тас жолы мен Есіл арқылы көпірдің» құрылысы жалғасуда. Есілдің сол жағалауын әкімшілік орталыққа айналдыру мақсатында құрылған «Астана — жаңа қала» экономикалық аймағында 141 нысан салынып жатыр. 2010 жылға дейін мұнда тағы 150 ғимарат бой көтеруі тиіс. Бұл құрылыс жұмыстары үшін 240 миллиард теңге қаржы жұмсалмақ. Арнайы экномикалық аймақ Елбасы жарлығымен жаңа Астана құрылысын қарқынды дамытуға қолайлы жағдай жасау үшін құрылған-ды. Ол үшін Есілдің сол жағалауынан мың жарым гектар жер бөлінді. 2002-2007 жылдарға арналған арнайы бағдарлама жасалып, оған 240 миллиард теңге инвестиция тарту көзделді. Қазір құрылыс жұмыстарына 162 миллиард теңге құйылып, жаңа ғимараттар бой көтерді. Аймақ құрылған осы 3-4 жылдың өзінде 141 нысан тіркелсе, оның 49-ы толықтай салынып бітіп, пайдалануға берілді. Сондай-ақ 2005 жылдың соңына дейін тағы 30 нысан іске қосылмақ. Қаланың дәл жүрегінде орналасқан Бәйтерек мұнарасы жағаласындағы паркқа ұқсас ашық аланында ұдайы арнайы мерекелер өткізіліп отырады. 2010 жылы осы жерде Әкімшіліктің шақырумен Берлин қаласынан келген Аюлар достастығы көрмесінің таныстыру мерекесі өткізіле алынды. Осы көрмеде дүниенің 125 елінен 125 өнерпаздар жасап шығарған 125 көркемөнер уникаттары, бірбірімен татулықпен тыныш тұрып тұрған түрінде, көрсетілді. Мәдениет және қоғам. Соңғы жылдары қалада мәдени-ағарту мекемелері желісі едәуір көбейді. 3 театр, 23 кітапхана, 5 мұражай, 1 клуб мекемесі, 2 кинотеатр, Мемлекеттік филармония, 2 сарай, 3 балалар музыка мектебі, өнер мектебі, көркемөнер мектебі жұмыс істейді. Халықты спортпен және дене шынықтырумен тұрақты айналысуға тарту мақсатында өткен кезеңде жаңа спорт кешендері ашылды және балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне (БЖСМ) күрделі жөндеу жүргізілді. Халыққа қызмет көрсетуге 25 спорт-сауықтыру кешендері іске қосылды. Қалада ақпараттық инфрақұрылым қалыптасқан және оның дамуы жалғасуда. 2001—2005 жылдар кезеңінде бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) саны 78-ден 169-ға дейін (77 газет, 82 журнал, 7 телерадиокомпания, 3 ақпараттық агенттік) өсті. Олардың ішінде 25 БАҚ ағылшын, неміс, украин, татар тілдерінде шығады. Сонымен бірге мемлекеттік емес БАҚ-тар үлесін арттыру үрдісі байқалып отыр, бұл қазіргі уақытта 66 %-ды құрайды. Ақпараттық саясатты іске асырудың маңызды құралы мемлекеттік тапсырысты мемлекеттік, сондай-ақ жеке меншік БАҚ-қа да орналастыру болып табылады. Ақпараттық саясат медиажоспарларға сәйкес іске асырылады. Әлеуметтік саласы. Әлеуметтік қорғау саласында жүргізілген жұмыс кедейлік шегінен төмен өмір сүріп жатқан халықтың, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал жіктерінің өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталды. Астанада 2005 жылғы желтоқсанда орта есеппен жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс шамасы 6,2 мың теңгені құрады. Кірісі кедейлік шегімен бірдей немесе одан төмен тұрмысы төмен азаматтардың саны 2006 жылдың 1 қаңтарына 2,9 мың адамды құрады, бұл 2000 жылмен салыстырғанда 4,2 есе кем. Қалада зейнеткерлердің саны 2000 жылғы 32,3 мың адамнан 2005 жылы 34,7 мың адамға өсті. Мүгедектердің саны 7,7 мың адам болды. Жергілікті бюджеттен төленетін есебінен әлеуметтік төлемдердің жалпы сомасы 2005 жылы 678,7 млн. теңгені құрады, оның ішінде тұрғын үй көмегі — 23,5 млн. теңге, атаулы әлеуметтік көмек — 35,4 млн. теңге. 2005 жылы Астана қаласы бойынша кедейлік шегінің орташа мөлшері 2,4 мың теңгені құрады. Атаулы әлеуметтік көмек алатындардың саны 2,3 мың адам болды. 14 мыңға жуық тұрмысы төмен азамат жергілікті бюджеттен атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй жәрдемақысы, заңды және жеке тұлғалардың қайырымдылық және демеушілік көмегі түрінде түрлі материалдық көмек алды. Қалада 11 жоғары оқу орны (оның 8-і жеке меншік), 22 колледж жұмыс істейді. Оқудың барлық түрлері бойынша жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінің жалпы саны 58,3 мың адам. Оқушылар саны 1,9 мың адам болатын небәрі 5 мемлекеттік кәсіптік мектеп бастауыш және орта кәсіптік даярлықты жүзеге асырады. Астанада 54 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп, 2 дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернаты, арнаулы түзету мектеп-интернаты, ұйымдардың деректері бойынша жалпы саны 60,1 мың оқушысы бар кешкі мектеп жұмыс істейді. Мектеп жасына дейінгі білім беру жүйесінде 11,2 мың баланы қамтыған 36 мектеп жасына дейінгі ұйым жұмыс істейді. Бес-алты жастағы балалардың мектепалды дайындығын ұйымдастыру үшін жағдайлар жасалған. Қалада білім беру кеңістігі құрылды. Білімге ынталы дарынды балалар үшін мектептер ашылды. 26 мектепте жекелеген пәндерді тереңдете оқытатын сыныптар ашылды. Қалада ғылым салыстырмалы түрде төмен деңгейде, ғылыми қызметкерлер санының күрт төмендегені байқалады. 2005 жылы Астана қаласының тұрғындарына барлық мамандықтағы 3,6 мың дәрігер және 4,2 мың орта медицина қызметкерлері еңбек ететін, жергілікті басқару органдарының қарамағындағы 32 мемлекеттік медицина ұйымы және 100-ден астам мемлекеттік емес медицина ұйымдары қызмет көрсетті. Астана қаласында 5 жыл ішінде кепілді медициналық көмектің көлемі 1 821,2 млн-нан 4 176,6 млн-ға дейін өсті. Халықтың жеке санаттарын ауру түрлері бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін 2005 жылы 102,4 млн. теңге пайдаланылды, бұл емдеу процесін жүргізу сапасына оң ықпалын тигізді. Сәуірдің 2. Сәуірдің 2 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 92-ші күні (кібісе жылдарда 93-ші). Жылдың аяғына 273 күн қалады. Сәуірдің 3. Сәуірдің 3 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 93-ші күні (кібісе жылдарда 94-ші). Жылдың аяғына 272 күн қалады. Сәуірдің 4. Сәуірдің 4 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 94-ші күні (кібісе жылдарда 95-ші). Жылдың аяғына 271 күн қалады. Сәуірдің 5. Сәуірдің 5 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 95-ші күні (кібісе жылдарда 96-шы). Жылдың аяғына 270 күн қалады. Сәуірдің 6. Сәуірдің 6 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 96-шы күні (кібісе жылдарда 97-ші). Жылдың аяғына 269 күн қалады. Сәуірдің 7. Сәуірдің 7 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 97-ші күні (кібісе жылдарда 98-ші). Жылдың аяғына 268 күн қалады. Туғандар. 1939 жылы АҚШ фильм режиссері Френсис Форд Коппола туды. Сәуірдің 8. Сәуірдің 8 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 98-ші күні (кібісе жылдарда 99-шы). Жылдың аяғына 267 күн қалады. Сәуірдің 9. Сәуірдің 9 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 99-шы күні (кібісе жылдарда 100-ші). Жылдың аяғына 266 күн қалады. Сәуірдің 10. Сәуірдің 10 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 100-ші күні (кібісе жылдарда 101-ші). Жылдың аяғына 265 күн қалады. Сәуірдің 11. Сәуірдің 11 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 101-ші күні (кібісе жылдарда 102-ші). Жылдың аяғына 264 күн қалады. Сәуірдің 12. Сәуірдің 12 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 102-ші күні (кібісе жылдарда 103-ші). Жылдың аяғына 263 күн қалады. Туғандар. 2010 жылы Сарсенбай Іңкәр Мейрамбайқызы дүниеге келді! Сәуірдің 13. Сәуірдің 13 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 103-ші күні (кібісе жылдарда 104-ші). Жылдың аяғына 262 күн қалады. Сәуірдің 14. Сәуірдің 14 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 104-ші күні (кібісе жылдарда 105-ші). Жылдың аяғына 261 күн қалады. Сәуірдің 15. Сәуірдің 15 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 105-ші күні (кібісе жылдарда 106-шы). Жылдың аяғына 260 күн қалады. Сәуірдің 16. Сәуірдің 16 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 106-шы күні (кібісе жылдарда 107-ші). Жылдың аяғына 259 күн қалады. Сәуірдің 17. Сәуірдің 17 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 107-ші күні (кібісе жылдарда 108-ші). Жылдың аяғына 258 күн қалады. Сәуірдің 18. Сәуірдің 18 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 108-ші күні (кібісе жылдарда 109-шы). Жылдың аяғына 257 күн қалады. Сәуірдің 19. Сәуірдің 19 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 109-шы күні (кібісе жылдарда 110-шы). Жылдың аяғына 256 күн қалады. Сәуірдің 20. Сәуірдің 20 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 110-шы күні (кібісе жылдарда 111-ші). Жылдың аяғына 255 күн қалады. Сәуірдің 21. Сәуірдің 21 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 111-ші күні (кібісе жылдарда 112-ші). Жылдың аяғына 254 күн қалады. Сәуірдің 22. Сәуірдің 22 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 112-ші күні (кібісе жылдарда 113-ші). Жылдың аяғына 253 күн қалады. Мерекелер. Жер күні мерекесі Сәуірдің 23. Сәуірдің 23 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 113-ші күні (кібісе жылдарда 114-ші). Жылдың аяғына 252 күн қалады. Оқиғалар. 1014 жылы Ирландияның жоғарғы ханы Бриан Борума Клонтарф шайқасында викингтердің және Лейнстер патшалығының одақтас әскерлерін талқандады, бірақ оның өзі шайқастың кезінде қаза тапты. Сәуірдің 24. Сәуірдің 24 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 114-ші күні (кібісе жылдарда 115-ші). Жылдың аяғына 251 күн қалады. Сәуірдің 25. Сәуірдің 25 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 115-ші күні (кібісе жылдарда 116-шы). Жылдың аяғына 250 күн қалады. Сәуірдің 26. Сәуірдің 26 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 116-шы күні (кібісе жылдарда 117-ші). Жылдың аяғына 249 күн қалады. Туғандар. 26 сәуір қазақ әдебиетінің алып тұлғасы, мемлекет және қоғам қайраткері, шығармалары дүниежүзінің 40-тан астам тіліне аударылған, қазақ әдебиеті тарихында теңдесі жоқ ұлы жазушы Сәбит Мұқанұлының туған күні. Сәуірдің 27. Сәуірдің 27 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 117-ші күні (кібісе жылдарда 118-ші). Жылдың аяғына 248 күн қалады. Сәуірдің 28. Сәуірдің 28 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 118-ші күні (кібісе жылдарда 119-шы). Жылдың аяғына 247 күн қалады. Сәуірдің 29. Сәуірдің 29 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 119-шы күні (кібісе жылдарда 120-шы). Жылдың аяғына 246 күн қалады. Сәуірдің 30. Сәуірдің 30 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 120-шы күні (кібісе жылдарда 121-ші). Жылдың аяғына 245 күн қалады. Мамырдың 2. Мамырдың 2 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 122-ші күні (кібісе жылдарда 123-ші). Жылдың аяғына 243 күн қалады. Мамырдың 3. Мамырдың 3 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 123-ші күні (кібісе жылдарда 124-ші). Жылдың аяғына 242 күн қалады. Мамырдың 4. Мамырдың 4 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 124-ші күні (кібісе жылдарда 125-ші). Жылдың аяғына 241 күн қалады. Мамырдың 5. Мамырдың 5 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 125-ші күні (кібісе жылдарда 126-шы). Жылдың аяғына 240 күн қалады. Мамырдың 6. Мамырдың 6 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 126-шы күні (кібісе жылдарда 127-ші). Жылдың аяғына 239 күн қалады. Мамырдың 7. Мамырдың 7 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 127-ші күні (кібісе жылдарда 128-ші). Жылдың аяғына 238 күн қалады. Оқиғалар. 1895 жылы орыс инженері Александр Степанович Попов Орыс физико-химиялық қоғамының жиналысында өзі құрастырған радиоқұрылғыны іс жүзінде көрсетті. Бұл күн радио дәуірінің алғашқы күні болып саналады. Мамырдың 8. Мамырдың 8 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 128-ші күні (кібісе жылдарда 129-шы). Жылдың аяғына 237 күн қалады. Мамырдың 9. Мамырдың 9 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 129-шы күні (кібісе жылдарда 130-шы). Жылдың аяғына 236 күн қалады. Мамырдың 10. Мамырдың 10 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 130-шы күні (кібісе жылдарда 131-ші). Жылдың аяғына 235 күн қалады. Мамырдың 11. Мамырдың 11 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 131-ші күні (кібісе жылдарда 132-ші). Жылдың аяғына 234 күн қалады. Мамырдың 12. Мамырдың 12 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 132-ші күні (кібісе жылдарда 133-ші). Жылдың аяғына 233 күн қалады. Мамырдың 13. Мамырдың 13 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 133-ші күні (кібісе жылдарда 134-ші). Жылдың аяғына 232 күн қалады. Мамырдың 14. Мамырдың 14 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 134-ші күні (кібісе жылдарда 135-ші). Жылдың аяғына 231 күн қалады. Мамырдың 15. Мамырдың 15 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 135-ші күні (кібісе жылдарда 136-шы). Жылдың аяғына 230 күн қалады. Мамырдың 16. Мамырдың 16 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 136-шы күні (кібісе жылдарда 137-ші). Жылдың аяғына 229 күн қалады. Мамырдың 17. Мамырдың 17 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 137-ші күні (кібісе жылдарда 138-ші). Жылдың аяғына 228 күн қалады. Мерекелер. Халықаралық электр байланысы күні Мамырдың 18. Мамырдың 18 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 138-ші күні (кібісе жылдарда 139-шы). Жылдың аяғына 227 күн қалады. Мамырдың 19. Мамырдың 19 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 139-шы күні (кібісе жылдарда 140-шы). Жылдың аяғына 226 күн қалады. Мамырдың 20. Мамырдың 20 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 140-шы күні (кібісе жылдарда 141-ші). Жылдың аяғына 225 күн қалады. Мамырдың 21. Мамырдың 21 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 141-ші күні (кібісе жылдарда 142-ші). Жылдың аяғына 224 күн қалады. Мамырдың 22. Мамырдың 22 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 142-ші күні (кібісе жылдарда 143-ші). Жылдың аяғына 223 күн қалады. Мамырдың 23. Мамырдың 23 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 143-ші күні (кібісе жылдарда 144-ші). Жылдың аяғына 222 күн қалады. Мамырдың 24. Мамырдың 24 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 144-ші күні (кібісе жылдарда 145-ші). Жылдың аяғына 221 күн қалады. Мамырдың 25. Мамырдың 25 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 145-ші күні (кібісе жылдарда 146-шы). Жылдың аяғына 220 күн қалады. Мамырдың 26. Мамырдың 26 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 146-шы күні (кібісе жылдарда 147-ші). Жылдың аяғына 219 күн қалады. Мамырдың 27. Мамырдың 27 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 147-ші күні (кібісе жылдарда 148-ші). Жылдың аяғына 218 күн қалады. Мамырдың 28. Мамырдың 28 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 148-ші күні (кібісе жылдарда 149-шы). Жылдың аяғына 217 күн қалады. Мамырдың 29. Мамырдың 29 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 149-шы күні (кібісе жылдарда 150-ші). Жылдың аяғына 216 күн қалады. Мамырдың 30. Мамырдың 30 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 150-ші күні (кібісе жылдарда 151-ші). Жылдың аяғына 215 күн қалады. Мамырдың 31. Мамырдың 31 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 151-ші күні (кібісе жылдарда 152-ші). Жылдың аяғына 214 күн қалады. Ай. Ай — уақыт бірлігі. Күнтізбелердің негізгі бірлігі. Жер. Жер, Жер шары – "Күн жүйесінің Күннен бастап санағандағы үшінші ғаламшары; адамзаттың тіршілік ететін бесігі." Жер эллипстік (дөңгелекке жуық) орбита бойымен 29,765 км/с жылдамдықпен 149,6 млн. км орташа қашықтықта 365,24 орташа күн тәулігі ішінде Күнді бір рет айналып шығады. Оның табиғи серігі – Ай. Ай Жерді 384000 км орташа қашықтықта айналады. Жер осінің эклиптика жазықтығына көлбеулігі 66°33´22˝, оның өз осінен айналу периоды 23 сағ 56 мин 4,1 с. Өз осінен айналуы себебінен Жерде күн мен түн ауысса, ал оның осінің орбита жазықтығына көлбеулігі мен Күнді айналуы салдарынан Жерде жыл мезгілдері өзгеріп отырады. Жер Күнді айналып жүрген 9 планетаның ішінде мөлшері мен массасы бойынша 5-орында. Жердің массасы 5,975•1021 тонна, орташа тығыздығы 5,517 г/см3, көлемі 1,083 млрд. км3, ауд. 510,2 млн. км2, сыртқы пішіні үш осьті эллипсоидқа жақын. Осы күнгі космогониялық түсінік бойынша, Жер осыдан төрт жарым миллиард жыл бұрын Күн айналасындағы кеңістікте шашыраған газ-тозаң заттан, планеталардың тартылыс күшінің әсерінен пайда болған. Қатты материя кесектерінің соқтығысып, жабысуынан планеталар ұлғая берген. Газ-тозаң зат іріктеліп, олардың жеңіл элементтері Күн сәулесінің қысымымен онан әрірек, ал біршама ауырлары Күнге жақын орналасқан. Жер құрамына Күн жүйесінде кездесетін барлық химиялық элементтер енеді. Заттың планета центріне тартылуы және оның ось бойымен айналуы салдарынан Жер эллипсоидтық пішінге келген. Жердің құрамы, құрылысы, қасиеттері жөніндегі мәліметтер — жер қыртысының үстіңгі қабаттарын тікелей бақылау, серпінді толқындардың таралу жылдамдығына негізделген сейсмикалық әдістер арқылы алынған жанама деректер. Осы деректерге байланысты Жер негізгі 3 геосферадан тұрады: жер қыртысы, мантия және ядро. Бұл геосфералар сейсмикалық толқындардың жылдамдығына және олардың тереңдік бойынша өзгеруіне байланысты сегіз сейсмикалық қабатқа бөлінеді: А, В, С, D´, D˝, Е, Ғ, G. Сонымен қатар Жерде жоғары қатты қабат литосфера мен төменгі жұмсақ қабат астеносфера бөлінеді. А – Жер қыртысы. В, С, D´ және D˝ қабаттары – Жер мантиясы. В қабаты Мохоровичич бетінен 400 м тереңдікке дейін бойлайды. В қабаты мен Жер қыртысының арасында қарқынды зат алмасу жүреді. Бұл қабатта сейсмикалық толқындардың жылдамдығын төмендететін белдемдер бар. Олардың тереңдігі құрлықта 100 – 220 км, мұхиттардың астында 60 – 220 км. Бұл белдемдердегі толқындардың жылдамдығының төмендеуі жоғары температура мен оған сәйкес қысымға байланысты. С қабаты 400 – 900 км тереңдікті қамтиды және бұл қабат минералдық зат тығыздығы артып басқа түрлерге алмасуына байланысты толқын жылдамдығының тез өсуімен сипатталады. D´ (900 – 2700 км) қабатында толқындардың жылдамдығы біртекті заттардың нығыздалуына байланысты өседі. D˝ қабатында (2700 – 2885 км) заттардың құрамы әртекті және температураның жоғары болуына байланысты сейсмикалық толқындардың жылдамдығы тұрақсыз. Е, Ғ, G қабаттары Жердің ядросын (радиусы 3486 км) құрайды. Ол сыртқы (Е қабаты) және ішкі (G қабаты) ядроға (субядроға) бөлінеді. Бұл екеуінің арасында сыртқы ядро құрамына кіретін аралық белдем (Ғ қабаты) бар. Ядро шекарасында бойлық сейсмикалық толқындардың таралу жылдамдығы 13,6 км/с-тен 8,1 км/с-ке дейін кемиді, субядро шегіне таяу 11,2 км/с-ке дейін артады. Субядродағы сейсмикалық толқындардың таралу жылдамдығы тұрақты. Жердің физикалық қасиеттері мен температурасы тереңдеген сайын өзгереді. Геосфераны құрайтын жыныстар үнемі қозғалыста болады және өзгеріп отырады, бұл процесс, әсіресе, сұйық және газды қабаттарда өте жақсы байқалады. Жер қойнауында және бетінде болатын барлық процестер эндогендік және экзогендік болып екіге бөлінеді. Экзогендік процестер бұзушы (үгілу, өзен және мұз эрозиясы, жел мен жер асты суларының әрекеті, т.б.) және түзуші (құрлықтық ойыстардың, тау жыныстарының жаралуы) болып ажыратылады. Жер қыртысына әсер етуші эндогендік процестердің жиынтығы тектоникалық процестер, ал олар байқалған қабаттар тектоно-сфера деп аталады. Тектоникалық процестер магмалық әрекеттердің барлық түрлерімен тығыз байланысты. Құрлықтардағы экзогендік процестер Жер бетіндегі биіктіктер мен ойпаңдар бойынша анықталады. Ішкі және сыртқы процестердің өзара байланысы Жер бедерін қалыптастырады. Жер бедерін түзуші факторларға Жер бетіндегі ауырлық күшінен туатын гравитациялық процестер, Жер – Күн – Ай жүйесінің өзара тартылыс күштері де әсер етеді. Ішкі күштер Жер бедерінің басты элементтерін түзеді, ал сыртқы күштер оларды бұзып өзгертеді. Жер бетінің басым көпшілігін (70,8%-ын) дүниежүзілік мұхит құрайды. Құрлықтар теңіз деңгейінен орта есеппен 875 м биіктікте орналасқан. Ең биік жері Гималайдағы Джомолунгма шыңы (8848 м), ең төмен жері Батыс Азияда — Өлі теңіз жағалауында орналасқан Гхор ойысы (–395 м). Жер беті 6 ірі құрлықтан (Австралия, Антарктида, Африка, Еуразия, Оңтүстік Америка және Солтүстік Америка) және көптеген аралдар тобынан тұрады. Құрлықтардың басым көпшілігі Солтүстік жарты шарда (61%) орналасқан. Жерді Батыс және Шығыс жарты шарларға бөліп қараса, онда құрлықтардың көп бөлігі Шығыс жарты шарда болады. Жер бетінің 60%-ға жуығын абсолюттік биіктігі 1000 м-ге дейінгі жазықтар мен аласа таулар құраса, 40%-дан астамын орта және биік таулар құрайды. Жердің «қатты» қабатын (гидросфераны қоса) атмосфера қабаты қоршап жатыр. Ол Жермен бірге айналады және оның құрамы, негізінен, азот (78,08%-ы) пен оттектен (20,95%-ы) тұрады. Атмосферадағы ауаның жалпы массасы 5,15•1015 тонна. Жер бетінен жоғарылаған сайын оның қысымы мен тығыздығы кемиді. Атмосфера бірнеше қабаттардан тұрады. Жер бетінен биіктеген сайын тропосфера, стратосфера, мезосфера, ионосфера, термосфера және экзосфера деп ажыратылады. Олар бір-бірінен температуралық, физикалық және химиялық қасиеттерімен ерекшеленеді. Атмосфера қабаты Жер бетіне келіп түсетін Күн сәулесінің радиациясын ұстап қалады. Көмір қышқыл газ және су буының әсерінен Жерден жылу шығару мөлшері төмен болады. Жердің атмосфера қабаты ғарыштан келетін (метеорит, астеорит, т.б.) қауіптен сақтайды. Жылына орта есеппен 10 – 12 ірі метеорит атмосфера қабаттарынан өтіп, Жер бетіне жетеді. Жер бетінен 20 – 25 км қашықтықта озон қабаты орналасқан. Ол Жер бетіндегі тірі организмдерге қауіп төндіретін ғарыштан келетін қысқа толқынды сәулелерді ұстап қалады. Атмосфера мен Жер беті арасында үздіксіз су айналымы болып тұрады. Нәтижесінде ол Жер бетінің 50%-ға жуығын жауып жататын бұлттар түзеді. Сонымен қатар атмосферадағы ауа үздіксіз қозғалыста болады. Жер бетіндегі географиялық белдеулердің (ендіктердің) әркелкі қызуынан климат пен ауа-райы да әр түрлі келеді. Атмосфераның жоғарғы бөлігінде айқын шекара жоқ. Жерден алыстаған сайын атмосферадағы ауаның, газдың мөлшері азайып, тығыздығы кеми береді де, планетааралық кеңістікке жалғасады. Жер бетінде өтетін процестердің негізгі энергия көзі – Күннің электрмагниттік радиациясы. Жер бетіне секундына 1,7•1017 Дж Күн сәулесінің энергиясы түседі. Осы энергияның, шамамен 50%-ы мұхит пен теңіздің беткі қабатына, топырақ пен өсімдікке, ішінара атмосфераға сіңіп, бірқатар өзгерістерден кейін атмосфераның инфрақызыл сәулесіне айналып кеңістікке тарайды. Қалған бөлігі атмосферадан, бұлттан, Жер бетінен шағылып кейін қайтады. Күн сәулесі Жер бетіне әр түрлі бұрыш жасап түсетіндіктен тропиктерден полюстерге қарай кеми береді. Нәтижесінде ендіктік климат және географиялық белдемділік қалыптасады. Жер шарында бір экваторлық, екі-екіден (Солтүстік және Оңтүстік жарты шарларда) субэкваторлық, тропиктік, субтропиктік, қоңыржай белдеулік, сонымен бірге субтропиктік және арктикалық (Солтүстік жарты шардың жоғарғы ендіктерінде), субантарктикалық және антарктикалық (Оңтүстік жарты шардың жоғарғы ендіктерінде) климаттық белдеулер бар. Олар өзара температуралық, климаттық, ландшафттық жағдайларымен ерекшеленеді. Жер бетіндегі жылдық орташа температура 14,8°С-ты құрайды. Егер атмосфера қабаты болмаса, Жер бетіндегі орташа температура –23°С болар еді. Ең ыстық аймақ Солтүстік Африка (Ливия) мен Солтүстік Америкада (АҚШ, Ажал аңғары). Бұл аймақтарда температура 57 – 58°С-ты көрсетеді. Ең төменгі температура (–90°С) Антарктиданың орталық бөлігінде байқалған. Жер шарындағы жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 1000 мм шамасында. Жауынның көп түсетін аймағы – Шығыс Үндістанның тропиктік аудандарында (Гималайдың оңтүстік беткейлері, жылына 12000 мм), ең аз жауатын жері (бірнеше мм, кейде жыл бойы жауын-шашын түспейді) субтропиктік және тропиктік шөлдерде, Антарктида мен Арктиканың жоғарғы ендіктеріндегі мұзды шөлдерде тіркелген. Жердің климаты әр түрлі геологиялық дәуірлерде өзгеріп отырған. Жердің Күн жүйесіндегі басқа планеталардан ерекшелігі – мұнда тіршілік бар. Тіршілік Жерде бұдан 3 – 3,5 млрд жыл бұрын материяның күрделі эволюциялық өзгеруі нәтижесінде пайда болған. Оған Жер бетіндегі физикалық және химиялық жағдайлардың қолайлылығы септігін тигізді. Жердің тірі организмдер мекендейтін қабатын биосфера деп атайды. Биосферада Жердегі биологиялық зат айналымы үздіксіз жүріп тұрады. Жерде екі миллионға жуық өсімдіктер мен жануарлар түрі бар. Түр жағынан жануарлар басым болса, биомассасының көлемі бойынша өсімдіктер басым. Жануарлар мен өсімдіктердің ең көп тараған аймағы – жылы әрі ылғалды тропиктік ормандар, ең сирек жері – құрғақ және ыстық тропиктік шөлдер, Арктиканың және Антарктиданың мұз қапсырып жатқан өңірлері. Құрлықтағы биомасса (6,5•1012 тонна) мұхит биомассасынан жүздеген есе көп деп саналады. Жердің құрылымы және құрылысы жағынан ең күрделі бөлігі – оның географиялық қабығы. Ол атмосфераның төменгі қабатын, литосфераның беткі қабатын, бүкіл гидросфера мен биосфераны қамтиды. Олардың арасында зат және энергия алмасуы тоқтаусыз жүріп жатады. Географиялық қабықтың қалыңдығы бірнеше километр ғана болғанымен онда табиғи ландшафтының орасан кеңістіктік дифференциясы байқалады. Олар арктикалық және антарктикалық мұзды шөлдер, тундра, тайга, аралас және жалпақ жапырақты ормандар, орманды далалар, далалар, шөлейттер, шөлдер, субтропиктік жерортатеңіздік ландшафтысы, муссонды ормандар, саванналар, гилеялардан, т.б. тұрады. Таулы жерлерде ландшафт түрлері биіктік белдеулік бойынша таралады. Жер бетінің 30%-ын ормандар, 20%-ға жуығын саванналар мен сирек ормандар, 20%-ға жуығын шөлдер мен шөлейттер, 10%-дан астамын мұздықтар және 10%-ға жуығын әр түрлі табиғи ландшафтар, қалған 10%-ын жыртылған жерлер мен урбандалған аумақтар алып жатыр. Адамның пайда болуымен байланысты Жерде тіршіліктің саналық формасы (ноосфера) қалыптасты. Нәтижесінде, адамзат табиғаттың барлық құраушылары мен ландшафттарына антропогендік қысым түсіре бастады. Адамның қоршаған ортаға экологиялық, экономикалық, т.б. әсерлері жылдан-жылға ұлғайып, жаһандық сипат алуда. Жерді көптеген ғылымдар зерттейді. Геодезия – Жердің мөлшері мен пішінін зерттесе, астрономия – оны аспан денесі ретінде қарастырады; геофизика – Жер геосферасындағы физикалық процестерді және заттық күйін; геохимия – химиялық элементтердің Жер қойнауында таралуын; геология – Жердің даму тарихын, құрылымын; физикалық география мен биология — географиялық қабықтағы және биосферадағы табиғи процестер мен құбылыстарды зерттейді. Маусымның 2. Маусымның 2 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 153-ші күні (кібісе жылдарда 154-ші). Жылдың аяғына 212 күн қалады. Маусымның 3. Маусымның 3 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 154-ші күні (кібісе жылдарда 155-ші). Жылдың аяғына 211 күн қалады. Маусымның 4. Маусымның 4 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 155-ші күні (кібісе жылдарда 156-шы). Жылдың аяғына 210 күн қалады. Маусымның 5. Маусымның 5 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 156-шы күні (кібісе жылдарда 157-ші). Жылдың аяғына 209 күн қалады. Маусымның 6. Маусымның 6 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 157-ші күні (кібісе жылдарда 158-ші). Жылдың аяғына 208 күн қалады. Маусымның 7. Маусымның 7 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 158-ші күні (кібісе жылдарда 159-шы). Жылдың аяғына 207 күн қалады. Маусымның 8. Маусымның 8 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 159-шы күні (кібісе жылдарда 160-шы). Жылдың аяғына 206 күн қалады. Маусымның 9. Маусымның 9 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 160-шы күні (кібісе жылдарда 161-ші). Жылдың аяғына 205 күн қалады. Маусымның 10. Маусымның 10 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 161-ші күні (кібісе жылдарда 162-ші). Жылдың аяғына 204 күн қалады. Маусымның 11. Маусымның 11 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 162-ші күні (кібісе жылдарда 163-ші). Жылдың аяғына 203 күн қалады. Маусымның 12. Маусымның 12 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 163-ші күні (кібісе жылдарда 164-ші). Жылдың аяғына 202 күн қалады. Маусымның 13. Маусымның 13 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 164-ші күні (кібісе жылдарда 165-ші). Жылдың аяғына 201 күн қалады. Маусымның 14. Маусымның 14 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 165-ші күні (кібісе жылдарда 166-шы). Жылдың аяғына 200 күн қалады. Маусымның 15. Маусымның 15 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 166-шы күні (кібісе жылдарда 167-ші). Жылдың аяғына 199 күн қалады. Маусымның 16. Маусымның 16 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 167-ші күні (кібісе жылдарда 168-ші). Жылдың аяғына 198 күн қалады. Маусымның 17. Маусымның 17 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 168-ші күні (кібісе жылдарда 169-шы). Жылдың аяғына 197 күн қалады. Маусымның 18. Маусымның 17 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 168-ші күні (кібісе жылдарда 169-шы). Жылдың аяғына 197 күн қалады. Маусымның 19. Маусымның 19 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 170-ші күні (кібісе жылдарда 171-ші). Жылдың аяғына 195 күн қалады. Туғандар. Блез Паскаль - XVII-ғасырда өмір сүрген француз математигі және физигі, пәлсапашы, әдебиетшісі. Маусымның 20. Маусымның 20 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 171-ші күні (кібісе жылдарда 172-ші). Жылдың аяғына 194 күн қалады. Маусымның 21. Маусымның 21 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 172-ші күні (кібісе жылдарда 173-ші). Жылдың аяғына 193 күн қалады. Маусымның 22. Маусымның 22 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 173-ші күні (кібісе жылдарда 174-ші). Жылдың аяғына 192 күн қалады. Маусымның 23. Маусымның 23 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 174-ші күні (кібісе жылдарда 175-ші). Жылдың аяғына 191 күн қалады. Маусымның 24. Маусымның 24 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 175-ші күні (кібісе жылдарда 176-шы). Жылдың аяғына 190 күн қалады. Маусымның 25. Маусымның 25 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 176-шы күні (кібісе жылдарда 177-ші). Жылдың аяғына 189 күн қалады. Туғандар. Мағжан (Әбілмағжан) Бекенұлы Жұмабаев (1893 ж. маусымның 25, Солтүстік Қазақстан облысы, бұрынғы "Молодежный" кеңшарының аумағы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасы — 1938 ж. наурыздың 19, Алматы қаласы) — Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі. Маусымның 26. Маусымның 26 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 177-ші күні (кібісе жылдарда 178-ші). Жылдың аяғына 188 күн қалады. Маусымның 27. Маусымның 27 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 178-ші күні (кібісе жылдарда 179-шы). Жылдың аяғына 187 күн қалады. Маусымның 28. Маусымның 28 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 179-шы күні (кібісе жылдарда 180-ші). Жылдың аяғына 186 күн қалады. Маусымның 29. Маусымның 29 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 180-ші күні (кібісе жылдарда 181-ші). Жылдың аяғына 185 күн қалады. Маусымның 30. Маусымның 30 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 181-ші күні (кібісе жылдарда 182-ші). Жылдың аяғына 184 күн қалады. Шілденің 2. Шілденің 2 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 183-ші күні (кібісе жылдарда 184-ші). Жылдың аяғына 182 күн қалады. Туғандар. Шаханов, Мұхтар (1942 ж.), - Қазақстанның ақыны, жазушысы, қоғам қайраткері. Шілденің 3. Шілденің 3 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 184-ші күні (кібісе жылдарда 185-ші). Жылдың аяғына 181 күн қалады. Туғандар. 1994 жылы Қазақстанның әйгілі КВН-шілерінің бірі Мамырханов Ернұр дүниеге келді. Шілденің 4. Шілденің 4 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 185-ші күні (кібісе жылдарда 186-шы). Жылдың аяғына 180 күн қалады. Шілденің 5. Шілденің 5 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 186-шы күні (кібісе жылдарда 187-ші). Жылдың аяғына 179 күн қалады. Шілденің 6. Шілденің 6 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 187-ші күні (кібісе жылдарда 188-ші). Жылдың аяғына 178 күн қалады. Шілденің 7. Шілденің 7 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 188-ші күні (кібісе жылдарда 189-шы). Жылдың аяғына 177 күн қалады. Шілденің 8. Шілденің 8 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 189-шы күні (кібісе жылдарда 190-шы). Жылдың аяғына 176 күн қалады. Шілденің 9. Шілденің 9 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 190-шы күні (кібісе жылдарда 191-ші). Жылдың аяғына 175 күн қалады. Шілденің 10. Шілденің 10 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 191-ші күні (кібісе жылдарда 192-ші). Жылдың аяғына 174 күн қалады. Шілденің 11. Шілденің 11 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 192-ші күні (кібісе жылдарда 193-ші). Жылдың аяғына 173 күн қалады. Шілденің 12. Шілденің 12 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 193-ші күні (кібісе жылдарда 194-ші). Жылдың аяғына 172 күн қалады. Шілденің 13. Шілденің 13 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 194-ші күні (кібісе жылдарда 195-ші). Жылдың аяғына 171 күн қалады. Шілденің 14. Шілденің 14 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 195-ші күні (кібісе жылдарда 196-шы). Жылдың аяғына 170 күн қалады. Шілденің 15. Шілденің 15 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 196-шы күні (кібісе жылдарда 197-ші). Жылдың аяғына 169 күн қалады. Шілденің 16. Шілденің 16 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 197-ші күні (кібісе жылдарда 198-ші). Жылдың аяғына 168 күн қалады. Шілденің 17. Шілденің 17 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 198-ші күні (кібісе жылдарда 199-шы). Жылдың аяғына 167 күн қалады. Шілденің 18. Шілденің 18 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 199-шы күні (кібісе жылдарда 200-ші). Жылдың аяғына 166 күн қалады. Шілденің 19. Шілденің 19 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 200-ші күні (кібісе жылдарда 201-ші). Жылдың аяғына 165 күн қалады. Туғандар. Жұмаділ Қазына 1995 жыл 19 шілде Шілденің 20. Шілденің 20 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 201-ші күні (кібісе жылдарда 202-ші). Жылдың аяғына 164 күн қалады. Шілденің 21. Шілденің 21 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 202-ші күні (кібісе жылдарда 203-ші). Жылдың аяғына 163 күн қалады. Шілденің 22. Шілденің 22 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 203-ші күні (кібісе жылдарда 204-ші). Жылдың аяғына 162 күн қалады. Шілденің 23. Шілденің 23 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 204-ші күні (кібісе жылдарда 205-ші). Жылдың аяғына 161 күн қалады. Шілденің 24. Шілденің 24 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 205-ші күні (кібісе жылдарда 206-шы). Жылдың аяғына 160 күн қалады. Шілденің 25. Шілденің 25 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 206-шы күні (кібісе жылдарда 207-ші). Жылдың аяғына 159 күн қалады. Шілденің 26. Шілденің 26 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 207-ші күні (кібісе жылдарда 208-ші). Жылдың аяғына 158 күн қалады. Шілденің 27. Шілденің 27 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 208-ші күні (кібісе жылдарда 209-шы). Жылдың аяғына 157 күн қалады. Шілденің 28. Шілденің 28 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 209-шы күні (кібісе жылдарда 210-шы). Жылдың аяғына 156 күн қалады. Шілденің 29. Шілденің 29 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 210-шы күні (кібісе жылдарда 211-ші). Жылдың аяғына 155 күн қалады. Шілденің 30. Шілденің 30 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 211-ші күні (кібісе жылдарда 212-ші). Жылдың аяғына 154 күн қалады. Шілденің 31. Шілденің 31 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 212-ші күні (кібісе жылдарда 213-ші). Жылдың аяғына 153 күн қалады. Раушан. Раушан (немесе — «сәулелі», «жарқыраған»;,) (342 — 309 жж. ЗБ) — Бактра кшатрасының қызы, Ескендір Зұлқарнайынның әйелі. ...Осы қыздардың біреуін Роксана деп атаған. Ол бойжеткен қыз болған еді, сонда жорыққа қатысушылар, бұл бикеш Азияда көргендер сұлулардың арасында, жалғыз Дараявауш әйелін тек санамағанда, бір ару деп, қайта-қайта айтқан. Ескендір алғаш көргенінен оған ғашық болған, бірақ, тұтқынындағы қыз қолында болса да, өз құштарлығына күшпен қанағат болмай, өзін жайдақтатып заңды неке қию рәсімін өткізген еді. Бұл мәліметке қарағанда тарихшылар сол кездегі Раушанның жасы 14-16 шамасында болыпты дейді. Куртиус жазады, Раушанды әкесі басқа 30 игі қыздар арасында салтанатты тойда патшаның көңілін көтеру үшін әкелгенде Ескендір байқап қалған. Бұның айтуынша патша нөкерлері азсынушылығын перделеген: «…Азия мен Еуропаның патшасы тойда көңілін көтеру үшін әкелінген қыздан жеңіскерлерге ұлық тудыру үшін әйелі етті» (Curt., 8.4). И его брак с Роксаной, красивой и цветущей девушкой, в которую он однажды влюбился, увидев её в хороводе на пиру, как всем казалось, вполне соответствовал его замыслу, ибо брак этот сблизил Александра с варварами, и они прониклись к нему доверием и горячо полюбили его за то, что он проявил величайшую воздержанность и не захотел незаконно овладеть даже той единственной женщиной, которая покорила его. Тамыздың 2. Тамыздың 2 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 214-ші күні (кібісе жылдарда 215-ші). Жылдың аяғына 151 күн қалады. Тамыздың 3. Тамыздың 3 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 215-ші күні (кібісе жылдарда 216-шы). Жылдың аяғына 150 күн қалады. Спам. Күнделікті э-поштамызға кімнен екені белгісіз хаттар келіп тұрады немесе форумдарда, блогтарда бейтаныс адамдар пікір жазып кетеді. Олардың кейбірі жарнама болса, кейбірі бірігіп бизнес істеуге шақырады, тіпті кейбірінде вирус ілесіп жүреді. Бұл белгісіз хаттар мен жарнамалар СПАМ деп аталады. Интернетте э-пошта сервисін (мыс: Yahoo!, MSN, Gmail т.б) қолданбай-ақ басқа біреуге бейтаныс атпен (мыс: example@mysite.com) хат жіберу өте оңай. Оның біреуі арнайы програмалар арқылы болса, екінші жолы PHP, JSP немесе ASP.NET сияқты скрипт жазатын програмдау тілдері арқылы. Спаммерлер (спам жіберушілер) э-пошта адресіңізді Интернеттен адрес жинайтын програмалар арқылы жинап алып, өзінің базасына сақтап қояды да, керекті кезінде қолданады. Тіпті адамдардың жеке мәліметін де жинап алып, басқа компанияларға сататын ұйымдар болады. Олардың көбі э-пошта адресіңізді @ симболы арқылы білетіндіктен, көпшілік оқи алатын сайттарға адресіңізді жазудан абай болыңыз, немесе басқаша тәсіл қолданыңыз. Мысалы сурет арқылы бейнелеу немесе @ орнына “at”, “ит”, “собачка” сияқты сөздер қолдануға болады. Спаммерлердің хатын жеке хаттардан қалай ажыратуға болатыны тұрғысында SMTP протоколында қорғаныс жоқ. Тек арнайы програмалар арқылы ғана оны тексеруге болады. Мысалы Wordpress - AKISMET жүйесін қолданады. Бір хатты көп кісіге қатарынан жіберілгенінен де білуге болады. Бірақ ондай жағдайда компания өзінің барлық клиенттеріне хат жіберсе, оны спам деп танып, келген хатты спамға сақтайтын жайттар да кездеседі. Хаттың ішіндегі сөздерден күдіктеніп, спам деп тануға болады. Оны спаммерлер де байқап, сөзді әдейі бұрмалап жібереді екен. Мысалы Viagra сөзін V I A G R A Кейбір компаниялрдың табыс көзі спам хаттар арқылы жарнама тарату болғандықтан спам азаймайды, керісінше көбейіп келеді. Блог. Блог (, "web log" дегеннен, «желі журналы не оқиға күнделігі») — үнемі үстелінетін ұзын емес жазбалардан, суреттерден, таспалардан тұратын сәтке мәнді мағлұматы бар торап. "Блогшы" деп блог жетекшілерін атайды. Ғаламтордағы барлық блогтар жиынтығын блогосфера дейді. Авторлық құрамына байланысты блогтар топтық және дербес(корпоративтік, клубтық) және қоғамық(ашық) болып бөлінеді. Құрамы бойынша- тематикалық және бірігей. Блог қолданушыларға бір тақырыпқа өз пікірлерін (коментарийлерді) қалдыру блогтарға тән қасиеті бар. Ол блогтарды желілік қарым-қатынас ортасын істейді және оның чат, веб-форум, жаңалықтар тобы және электрон поштасынан біршама артылықшылықтары болады. Блогтардың функциялары және қатысу ынтасы. Блогтарды оқу мен авторлық – мазмұны бойынша екі әртүрлі процесс деп есептеу керек. Өзінің жеке блогынан тыс контекст жүргізу блогтарының комуникативтік мүмкіндіктерімен пайдаланатын адамдар, тікелей байланысуға мүмкіндіктері жоқ адамдармен, мысалы, басқа қалаларда тұратын жолдастармен, қарым қатынастарды белгілейді. Блогтарда пайдаланылатын хабарламалардың альтернативтік экономикасы, қарым-қатынастың мұндай формасын ыңғайлы етеді, өйткені ол міндетті өз аралығын және «бірде-бір» шектелген қарым-қатынастарды қарастырады. 2005 жылы жүргізілген Livejournal блогтерлердің сауалнамасы іс жүзінде, блогтардың келесі функциялары ерекшеленген. Коммуникативтік функция кең түрде таралған. Коптеген блогерлер айтуы бойынша, олар блогтарды қызықты адамдармен қарым-қатынас жүргізу үшін оқиды немесе жүргізеді деп айтады. Ең алдымен ол өз ойын көпшілік есту үшін айту мүмкіндігі. Однаған таныстарға өзінің қала шетінде тұрған саябаққа барғаны туралы айтудың мағынасы неде? Егер оны блогта сипаттап, фоторгафияны суреттеу мүмкіндігі болғанда. Олардың әрқайсысы ол туралы олар үшін ыңғайлы уақытта оқи алады. Бірақ мұндай жағдай қарама-қарсы проблемаларды туғызады. Яғни екі блогерлердің нақты өмірде кездескен кезде олардың фантазиясы болмай, олармен әңгімелесуі қызықтырмайтын кезде. Бірнеше респонденттер басында дербес сайтты құруды ойлаған, бірақ блогты жүргізуі қанша жеңіл болғандықтан, бұл ақпаратты баяндау өз жайлы болды. Авторлардың шығармашылығын талқылау және баспаға шығаруға арналған блогтар кластары бар, бірақ кәдімгі күнделіктің де автордың дербестілігі туралы қапараты бар. Көптеген блогерлер «басқалар мені оқу үшін күнделікті жүргіземін» деп айта алады. Коптеген адамдар блогтарды жүргізі, блогты оқуды және коментарийледі талқылауды көңіл көтеру ауқыты ретінде пайдаланады. Әсіресе, еген олар интернеттен басқа көңіл көтеру құралдарынан шектеліп, бос ауқыты көп болған кезде. Кейбір пайдаланушылар блогтарды бос уақытты өткізу үшін пайдаланады, ал басқалары керісінше, уақыт жетіспеушілікке байланысты толық қарым-қатынас үшін пайдаланады. Әдеттегі күнделік сияқты, блог жаңа функциялардан басқа мемуаллар функциялар жүргізуші ретінде бола алады. Ол болшақта пайда болатын белгілі бір жазу орны болып табылада.Бұл функцияны пайдаланатын респонденттер, күнделікті өз үшін пайдаланады беп айтады. Яғни, белгілі бір оқиғаны ұмытпас үшін? Оны жазып, кейінірек оны оқу мақсатында жүргізеді. Блогерлердің өзге «МЕН» сипатын құрастыруға мүмкіндік берумен байланысты функция. Кейбіреулері күнделіктің жариалылығы оны әрі қарай жүргізуді мәжбүр еткізеді, сонымен қатар өзінің ойларын дұрыс құрастыруды үйренуге мүмкіндік береді, бұл жағдай олармен болған оқиғаларды жақсы түсінуге көмектеседі. Блогтың психотерапевтік функциялары еске салуы кездеседі. Ол алдын ала болжанған немесе эмоцияларды сыртқа шығару, қияларды айту, жүйке жүйесін қалпына келтіру, жазуларын жүргізу процесінде негізделген. Дәстүрлі кунделіктің бұл функциясы көптеген авторлармен айтылып және ол жаңа формаға және жаңа мүмкіндіктерге ие болуы мүмкін. Егер livejournal пайдалунышалрдың қоғамдастықтағы тұрақты диалогтар мазмұнын қарастыратын болсақ, бұндай транзакциялар қарым қатынастың ең танымал формасы болып табылады, бір тұтынушы өмірге шағымдалса, онда басқалары оны жұбауратады. Тарихы. • 1992 жылы Тим Бендерс-Ли парағын «Washington Profile» газеті ең бірінші блог деп санайды. • 1996 жылы блотардың кең таралуы болды. • 1999 жылының тамызында Сан-Франсиско қаласындағы Pyra Labs компьютерлік компаниясы Blogger сайтын ашты. Бұл ең бірінші тегін блогтық жүйе болып саналды. Содан кейін 2003 жылдың ақпанында Google компаниясы Blogger-ді сатып алды. • Ақпараттың төгілудің қайнар көзін ашуға талап еткен және компанияның ресми түрде жариаланбаған тауарлар туралы айтқаны үшін 2004 жылы блогерлерді сотқа берген Apple компаниясы екі жылдан соң сот процесінен жеңілді. Тілшілер секілді, ақпараттардың қайнар көзін жария етпеу туралы блогерлердің де құқығылары бар екендігін 2006 жылы сот шешімі қабылданды. Техникалық негізі. Блогтардың шектеулері және техникалық мүкіндіктері, желілік технологиялардың ортақ толығымен анықталады.Бағдарламалық қамсызданудың бар болуы блогты жүргізуді жорамалдайды да, «Бүкіләлемдік торда» кәдімгі қолданушының жаңа жазуларды енгізуге мүмкіндік береді. Жүйенің мазмұнымен басқарудың жеке түрі және бұл Бағдарламалық қамсыздандыру блогтың «қоғалтқышы» болып саналады. RSS. RSS — жаңалық арналарды, мақала анонстарды, блогтардағы өзгерістерді т.б. сәтті мәнді сипаттау үшін арналған XML тұқымдас пішімдері. Әртүрлі RSS қайнарларындағы мәліметтерді жинайтын, жөндететін, таныстыратын арнайы бағдарламасы "аггрегатор" деп аталады. RSS арқылы пайдаланушылар өздерінің сүйікті тораптарының мағлұмат өзгерісін өздіктікті қадағалап отырады. Бұл RSS пішімінің ең басты ерекшелігі. RSS арнасын «feed reader» бағдарлама арқылы оқуға болады. Осы заманғы ғаламтор шолғыштарының көбінде «feed reader» бағдарламасы бар. Роксонаки. Роксонаки — қазақтың этникалық сазын орындайтын рок тобы. Тотың негізгі мәнері: джаз-, фанк-, арт-рок пен фольклор түзілісі (алқым вокал, халық аспаптары — жетіген, шаңқобыз, сыбызғы, саз сырнай, қамыс сырнай, қаурсын сырнай). Топ композицияларын тек қазақ тілінде орындайды. Атауы. "Роксонаки" — сақтардың аңызды елордасы. Тамыздың 4. Тамыздың 4 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 216-шы күні (кібісе жылдарда 217-ші). Жылдың аяғына 149 күн қалады. Тамыздың 5. Тамыздың 5 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 217-ші күні (кібісе жылдарда 218-ші). Жылдың аяғына 148 күн қалады. Оқиғалар. 1943 жылы Курск шайқасының кезінде осы күні Қызыл Әскер герман әскерлеріне қарсы Орёл мен Белгород қалаларының маңында кері шабуыл бастады. Тамыздың 6. Тамыздың 6 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 218-ші күні (кібісе жылдарда 219-ші). Жылдың аяғына 147 күн қалады. Тамыздың 7. Тамыздың 7 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 219-ші күні (кібісе жылдарда 220-ші). Жылдың аяғына 146 күн қалады. Тамыздың 8. Тамыздың 8 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 220-шы күні (кібісе жылдарда 221-ші). Жылдың аяғына 145 күн қалады. Тамыздың 9. Тамыздың 9 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 221-ші күні (кібісе жылдарда 222-ші). Жылдың аяғына 144 күн қалады. Тамыздың 10. Тамыздың 10 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 222-ші күні (кібісе жылдарда 223-ші). Жылдың аяғына 143 күн қалады. Тамыздың 11. Тамыздың 11 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 223-ші күні (кібісе жылдарда 224-ші). Жылдың аяғына 142 күн қалады. Тамыздың 12. Тамыздың 12 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 224-ші күні (кібісе жылдарда 225-ші). Жылдың аяғына 141 күн қалады. Тамыздың 13. Тамыздың 13 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 225-ші күні (кібісе жылдарда 226-шы). Жылдың аяғына 140 күн қалады. Тамыздың 14. Тамыздың 14 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 226-шы күні (кібісе жылдарда 227-ші). Жылдың аяғына 139 күн қалады. Тамыздың 15. Тамыздың 15 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 227-ші күні (кібісе жылдарда 228-ші). Жылдың аяғына 138 күн қалады. Тамыздың 16. Тамыздың 16 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 228-ші күні (кібісе жылдарда 229-шы). Жылдың аяғына 137 күн қалады. Тамыздың 17. Тамыздың 17 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 229-шы күні (кібісе жылдарда 230-шы). Жылдың аяғына 136 күн қалады. Тамыздың 18. Тамыздың 18 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 230-шы күні (кібісе жылдарда 231-ші). Жылдың аяғына 135 күн қалады. Тамыздың 19. Тамыздың 19 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 231-ші күні (кібісе жылдарда 232-ші). Жылдың аяғына 134 күн қалады. Тамыздың 20. Тамыздың 20 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 232-ші күні (кібісе жылдарда 233-ші). Жылдың аяғына 133 күн қалады. Тамыздың 21. Тамыздың 21 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 233-ші күні (кібісе жылдарда 234-ші). Жылдың аяғына 132 күн қалады. Тамыздың 22. Тамыздың 22 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 234-ші күні (кібісе жылдарда 235-ші). Жылдың аяғына 131 күн қалады. Тамыздың 23. Тамыздың 23 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 235-ші күні (кібісе жылдарда 236-шы). Жылдың аяғына 130 күн қалады. Тамыздың 24. Тамыздың 24 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 236-шы күні (кібісе жылдарда 237-ші). Жылдың аяғына 129 күн қалады. Тамыздың 25. Тамыздың 25 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 237-ші күні (кібісе жылдарда 238-ші). Жылдың аяғына 128 күн қалады. Тамыздың 26. Тамыздың 26 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 238-ші күні (кібісе жылдарда 239-шы). Жылдың аяғына 127 күн қалады. Тамыздың 27. Тамыздың 27 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 239-шы күні (кібісе жылдарда 240-шы). Жылдың аяғына 126 күн қалады. Тамыздың 28. Тамыздың 28 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 240-шы күні (кібісе жылдарда 241-ші). Жылдың аяғына 125 күн қалады. Тамыздың 29. Тамыздың 29 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 241-ші күні (кібісе жылдарда 242-ші). Жылдың аяғына 124 күн қалады. Тамыздың 30. Тамыздың 30 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 242-ші күні (кібісе жылдарда 243-ші). Жылдың аяғына 123 күн қалады. Тамыздың 31. Тамыздың 31 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 243-ші күні (кібісе жылдарда 244-ші). Жылдың аяғына 122 күн қалады. Қыркүйектің 2. Қыркүйектің 2 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 245-ші күні (кібісе жылдарда 246-шы). Жылдың аяғына 120 күн қалады. Қыркүйектің 3. Қыркүйектің 3 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 246-шы күні (кібісе жылдарда 247-ші). Жылдың аяғына 119 күн қалады. Қыркүйектің 4. Қыркүйектің 4 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 247-ші күні (кібісе жылдарда 248-ші). Жылдың аяғына 118 күн қалады. Қыркүйектің 5. Қыркүйектің 5 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 248-ші күні (кібісе жылдарда 249-шы). Жылдың аяғына 117 күн қалады. Қыркүйектің 6. Қыркүйектің 6 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 249-шы күні (кібісе жылдарда 250-ші). Жылдың аяғына 116 күн қалады. Қайтыс болғандар. 1998 жылы осы күні Акиро Куросава қайтыс болды. Қыркүйектің 7. Қыркүйектің 7 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 250-ші күні (кібісе жылдарда 251-ші). Жылдың аяғына 115 күн қалады. Қыркүйектің 8. Қыркүйектің 8 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 251-ші күні (кібісе жылдарда 252-ші). Жылдың аяғына 114 күн қалады. Қыркүйектің 9. Қыркүйектің 9 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 252-ші күні (кібісе жылдарда 253-ші). Жылдың аяғына 113 күн қалады. Қыркүйектің 10. Қыркүйектің 10 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 253-ші күні (кібісе жылдарда 254-ші). Жылдың аяғына 112 күн қалады. Қыркүйектің 11. Қыркүйектің 11 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 254-ші күні (кібісе жылдарда 255-ші). Жылдың аяғына 111 күн қалады. Қыркүйектің 12. Қыркүйектің 12 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 255-ші күні (кібісе жылдарда 256-шы). Жылдың аяғына 110 күн қалады. Қыркүйектің 13. Қыркүйектің 13 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 256-шы күні (кібісе жылдарда 257-ші). Жылдың аяғына 109 күн қалады. Қыркүйектің 14. Қыркүйектің 14" — Грегориус күнтізбесінде жылдың 257-шы күні (кібісе жылдарда 258-ші). Жылдың аяғына 108 күн қалады. Қыркүйектің 15. Қыркүйектің 15 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 258-ші күні (кібісе жылдарда 259-шы). Жылдың аяғына 107 күн қалады. Қыркүйектің 16. Қыркүйектің 16 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 259-шы күні (кібісе жылдарда 260-шы). Жылдың аяғына 106 күн қалады. Қыркүйектің 17. Қыркүйектің 17 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 260-шы күні (кібісе жылдарда 261-ші). Жылдың аяғына 105 күн қалады. Қыркүйектің 18. Қыркүйектің 18 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 261-ші күні (кібісе жылдарда 262-ші). Жылдың аяғына 104 күн қалады. Қыркүйектің 19. Қыркүйектің 19 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 262-ші күні (кібісе жылдарда 263-ші). Жылдың аяғына 103 күн қалады. Қыркүйектің 20. Қыркүйектің 20 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 263-ші күні (кібісе жылдарда 264-ші). Жылдың аяғына 102 күн қалады. Қыркүйектің 21. Қыркүйектің 21 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 264-ші күні (кібісе жылдарда 265-ші). Жылдың аяғына 101 күн қалады. Қыркүйектің 22. Қыркүйектің 22 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 265-ші күні (кібісе жылдарда 266-шы). Жылдың аяғына 100 күн қалады. Қыркүйектің 23. Қыркүйектің 23 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 266-шы күні (кібісе жылдарда 267-ші). Жылдың аяғына 99 күн қалады. Қыркүйектің 24. Қыркүйектің 24 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 267-ші күні (кібісе жылдарда 268-ші). Жылдың аяғына 98 күн қалады. Қыркүйектің 25. Қыркүйектің 25 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 268-ші күні (кібісе жылдарда 269-шы). Жылдың аяғына 97 күн қалады. Қыркүйектің 26. Қыркүйектің 26 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 269-шы күні (кібісе жылдарда 270-ші). Жылдың аяғына 96 күн қалады. Қыркүйектің 27. Қыркүйектің 27 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 270-ші күні (кібісе жылдарда 271-ші). Жылдың аяғына 95 күн қалады. Қыркүйектің 28. Қыркүйектің 28 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 271-ші күні (кібісе жылдарда 272-ші). Жылдың аяғына 94 күн қалады. Қыркүйектің 29. Қыркүйектің 29 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 272-ші күні (кібісе жылдарда 273-ші). Жылдың аяғына 93 күн қалады. Қыркүйектің 30. Қыркүйектің 30 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 273-ші күні (кібісе жылдарда 274-ші). Жылдың аяғына 92 күн қалады. .ru. -- — Интернет жоғары деңгейлі үйшігінің Ресейге арналған ел белгілемесі (--) 1994 ж. сәуірдің 7-інде енгізілген. External links. R u Ru R u Есік обасы. Есік обасы - Алматының шығысында 50 км жерде, Іле Алатауы баурайында. Есік обасының салынған кезі б.з.д. 6 ғ. деп есептеледі. Оны 1969—1970 жж. зерттеген археолог К. Ақышев. Обаның диаметрі 60, биіктігі 6 м. Топырақ үйіндісінің астында екі қабыр — орталықтағы және бүйірдегісі бар. Орталық қабыр тоналған. Бүйірдегісі аман жетті. Жерленген 18 жасар ханзада. Ол киіндіріліп, қару-жарақ таққан күйінде жерленген. Ыдыс-аяқтар, бүйіріне 26 таңбадан тұратын екі жол сөз жазылған күміс тостаған жатыр. Өліктің басына биік былғары қалпақ-дулыға кигізілген, оның сыртына алтын бұтақтарына құстар қонған, сирек ағашты тау бейнеленген. Дулығаның төбесіне тәж ретінде титімдей арқар бейнесін қойған. Марқұмның мойнына ұшы барыс бастарымен безендірілген алтын өңіржиек салынған, құлағына бирюзадан салпыншағы бар сырға тағылыпты. Екі саусағында алтын жүзіктері бар. Белбеуінің оң жағына қызыл түсті ағаш қынапты, ұзын сессер ілініпті. Семсер темірден, оралмалы-орам бедері бар сабы имектев. Сол жағына ақинақ-қанжар ілінген. Есік обасы – сақ дәуірінен сақталған ескерткіш. (б.з.б. 5–4 ғ-лар) Алматы обл. Еңбекшіқазақ ауд-ның орт. Есік қ-ның маңында, Есік өз-нің жағалауында орналасқан. 1969–70 ж. Жетісу археол. экспедициясы (жетекшісі К.Ақышев, мүшелері Б.Нұрмұханбетов, А.Г.Максимова) зерттеген. Бұл маңдағы сақ дәуірінен сақталған обалар бірнеше топқа бөлінеді. Мұның ішінде ең көрнектісі – үлкен Есік қорымы. Қорым құрамында солт-тен оңт-ке созыла ауд. 3 км2 жерді алып жатқан 45 топырақ (диам. 30–90 м, биікт 4–15 м) оба бар. Арасынан алты үлкен оба қазылды, бұлардың қатты тоналған үшеуінен заттай дерек кездеспеген. Төртіншісінен үлкен төртбұрышты қабір ішіне басын батысқа қарата бірге жерленген екі адамның мүрдесі, темір түйреуіш, көптеген алтын жапсырмалар табылды. Ал алтыншы оба – әлемдік маңызы бар «Алтын адамның» табылуы себепті ғылым мен мәдениетке «Есік обасы» деген атпен енді. Сақ ханзадасы диам. 60 м, биікт. 6 м обаның астындағы шырша бөренелерден жасалған ағаш қабірге қойылған. Мұның өзі бүйірдегі қосымша қабір, ал негізгі қабір толығынан тоналып кеткені анықталды. Ханзада 4 мың алтын әшекей тағылған киімімен, қару-жарақ, ыдыс-аяғымен жерленген. Күміс тостағанға түсірілген 26 таңбалы жазу қазір «Есік жазба ескерткіші» деген атпен белгілі және мұның әліпбилік жазу екендігіне күмән келтірілмейді. Бұдан солт.-батысқа таман орналасқан тағы бір обаның диам. 58 м, биікт. 4,5 м. Қазу барысында обаның бірнеше рет кезектесіп қаланған тас және топырақ қабаттарынан тұратыны, сондай-ақ тоналғандығы да анықталды. Үлкен қабірдің аум. 5,1х2,3 м, тереңд. 1,8 м. Тонау кезінде біршама бүлінген қабір ішінен кішірек жұқа алтын жапсырмалар, күміс сырға, қыш ыдыстар және қоладан құйылған ғұрыптық ыдыс табылды. Сирек кездесетін мұндай ыдыс Жетісуда тұңғыш рет кездесті, ол конус пішіндес аласа тұғыр мен жайпақ тостағаннан тұрады. Ғұрыптық жораларды өткізу кезінде сақтар осындай ыдысқа хош иіс шығаратын заттарды жағып түтіндетіп қоятын болған. Е. о. сақ кезеңінің әлеум.-экон. деңгейін көрсететін ерекше ескерткіштерге жатады. Сталин, Иосиф Виссарионович. Сталин, Иосиф Виссарионович (рас тегі — Джугашвили/Жұғашвили,  — "Ioseb Besarionis Dze Jughashvili"; не  — 1953 ж. наурыздың 5) — кеңестік мемлекеттік, саяси және әскери қайраткері, 1922 ж. бастап Кеңес Одағы Коммунистік партиясының Орталық Комитетінің бас хатшысы, Кеңестік Үкіметінің басқарушысы (1941 ж. бастап КСРО Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы, 1946 ж. бастап КСРО министрлер кеңесінің төрағасы), Кеңес Одағы Генералиссимусы (1945). Ленин, Владимир Ильич. Ленин, Владимир Ильич (рас тегі Ульянов,;  — 1924 ж. қаңтардың 21) — көрнекті ресейлік төңкерісшілі, сөзші, пәлсапашы, ленинизмдың негізін қалаушы, большевиктер партиясы көкейтесті құрылтайшылардың бірі, Ресей КФСР мен КСРО орнатушысы, Кеңестік Үкіметін басқарушысы (бастап РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы, 1922 желтоқсанның 30 бастап КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы). Хрущёв, Никита Сергеевич. Хрущёв, Никита Сергеевич (;  — 1971 ж. қыркүйектің 11) — 1953—64 жж. КОКП ОК бірінші хатшы, 1958—64 жж. КСРО Министрлер Кеңесі төрағасы, Кеңес Одағы ері, үш рет Социалистік еңбек ері. Брежнев, Леонид Ильич. Брежнев, Леонид Ильич ( — 1982 ж. қарашаның 10) — 1964 ж. бастап КОКП ОК Бірінші хатшысы (1966 ж. бастап Бас хатшы) және КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы (1960—64 жж. және 1977—82 жж. Төрт рет Кеңес Одағы ері, Социалистік еңбек ері. Андропов, Юрий Владимирович. Юрий Владимирович Андропов (;  — 1984 ж. ақпанның 9) — кеңестік мемлекеттік және саяси қайраткері, 1983—84 жж. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы, 1982—84 жж. КОКП ОК бас хатшысы, 1967—82 жж. КСРО МҚК төрағасы. Исаев, Ораз Жанұзақұлы. Ораз Жанұзақұлы Исаев (1899—1938) — кеңестік мемлекеттік, саяси қайраткері. Ораз Жанұзақұлы бұ­рынғы Орал облысының Іл­бішін уезіне қарасты Қарасу болысында дүниеге келген. Сол жердегі орыс-қазақ мек­тебінде оқып, хат таныған. Еңбек жолын 1916 жылы ауыл әкімшілігінде хатшы болып бас­тайды. 1917 жылы Шал­қар бо­лысында земство бас­қармасының хатшысы және уездік милиция хат­шысы болып істейді. 1919—1920 жылдары Ілбі­шін және Жымпиты уез­дерінде құқық қорғау орган­дарында еңбек етеді; ТХО (ЧОН) жауынгері, губ ТК (ЧК), ОГПУ уәкілі, губер­ниялық қылмысты істерді іздестіру органы бастығының орын­басары болады. 1921 жылы большевиктер пар­тиясы қата­рына өтеді. Орал губер­ниясында комсомол, кәсіподақ ұйым­дарын құруға атса­лысқан. 1924—1925 жылдары РК(б)П Қазақстан өлкелік бақылау комиссиясының орын­­басары, Қазақ ОАК-нің хатшысы. 1925—1929 жыл­дары БК(б)П Қазақстан өлкелік комитетінің екінші хат­шысы. 1926 жылғы шілденің 13-і мен тамыздың 30-ы аралығында «Еңбекші қазақ» газетіне де басшылық жасады, газет редакторы болды. Бұл тұста ол Қаз­крайкомның ұйымдастыру бөлімін басқаратын. 1929 жылғы сәуір­ден 1938 жылдың мамырына дейін Қазақстан Халком кеңе­сінің төрағасы, КСРО БОАК және ОАК төрал­қасының мүшесі, өлкелік партия комитетінің бюро мүшесі, КСРО Жоғарғы Кеңе­­сінің депутаты және КСРО Жоғарғы Кеңесі Төр­ал­қасының мүшесі болды. Ораз Исаев 1938 жылы жалған жаламен тұтқын­далып, саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болды. Есенбаев, Халел. Есенбаев, Халел (1892—1938) — кеңестік мемлекеттік, саяси, мәдениет қайраткері. Бөкей ордасында (қазіргі Орал облысы, Қазталов ауданы, Ағашүй ауылы) өмірге келген. Ауыл­дан хат танып, кейін Орын­бордағы Құсайын медресесіне түседі. Сөйтіп мұғалім мамандығын алып шығады. 1919 жылдың 21 ақпа­нынан РК(б)П мүшесі. Бөкей губаткомының делегаты ретінде Қазақ АССР құрыл­тай съезіне қатысқан. «Кир­гизская правда», «Дұрыстық жолы» газеттері мен «Мұғалім» журналының алқа мүшесі болған. 1919 жылы Қазақстанда маңызды оқиғалар көп бол­ды. Кеңес өкіметінің В.И. Ленин қол қойған декреті бо­йын­ша Қазақ өлкесін бас­қару жөніндегі революциялық комитет құрылды. Осыған орай Кирревкомның баспасөз органын ашу мәселесі күн тәртібіне қойылды да, 1919 жылғы 17 желтоқсанда өлке астанасы — Орынборда «Ұшқын» газетінің бірінші нөмірі жарыққа шықты. Работал чл. редкол­легии орг. Букгубисполкома «Киргизская правда», «Ду­рустук жолы», журнала «Мугалим» («Учитель»), редактором органа Киркрай Ревкома «Ушкун» («Искра») — в 1918 и 1919 годах, орг. Бу­кгубкома «Энбек» («Труд»), перевел на киргиз­ский язык Конституцию РСФСР и т.п. Х. Есенбаев 30-шы жыл­дары Алматыдағы ағарту комиссариатында жауапты қызметте болған. Одан кейін бірсыпыра облыстық ағарту бөлімін басқарды. Бүкіл­қазақ­стандық ІІ Кеңестер съезінде ҚАССР Орталық Атқару комитетіне мүше­лікке кандидат, ал 1936 жы­лы оның мүшесі болып сай­ланды. Ағарту комиссариаты басқармасын басқарды. Х. Есенбаев 1938 жыл­ғы саяси қуғын-сүр­гін­нің құрбаны болды. Сәдуақасов, Смағұл. Сәдуақасов, Смағұл (1900-1933) — кеңестік мемлекет, саяси, мәдениет қайраткері. Бұрынғы Көкшетау облысы, Ленин ауданы, Жарқын ауылында туған. Он жасына дейін «Медресе Ғалияны» бітірген өз әкесі Сәдуақас хазірет­тен тәлім-тәрбие алып, одан кейін Әбіл молда мек­тебінде білімін жалғас­тырады. 1912-1915 жылдары Павлодардағы екі кластық орыс-қазақ училищесін бі­тіріп, бір жыл мұғалім бола­ды да, Омбыдағы ауылшаруа­шылық мектебіне түседі. 1918-1920 жылдары «Центросибирь» коопера­тивтер бірлестігінде қызмет етеді. 1920 жылы Орынборда Қазақстандағы алғашқы жастар ұйымының хатшысы болып сайланады. Сол жылы жаңа құрылған Қазақ Автономиялы республи­ка­сының үкімет басшылығына қызметке алынады. 1925-1926 жылдары «Еңбекшіл қазақ» («Егемен Қазақ­стан») газетінің жауапты шыға­рушысы, әрі «Қызыл Қазақ­стан» («Ақиқат») журналы­ның редакторы, 1925-1927 жылдары Қазақ АССР Халық ағарту комис­сары, 1927-1928 жылдары Ташкенттегі қазақ педа­го­ги­ка институ­тының рек­торы қызмет­терін атқарды. 1928-1932 жылдары Мәскеу көлік инженерлері институтын оқып бітірген соң Мәскеу-Донбасс темір жол құрылысында инженер-құрылысшы болып еңбек етті. Мемлекеттік, қоғам­дық қызметпен қоса әдеби-ғылыми шығар­машы­лықпен айна­лы­сып, сол кез­де шығып тұрған қазақ, орыс тілдеріндегі көптеген газет-журналдарда саясат, шаруа­шылық, ел ісі, мәде­ниет, әде­биет, өнер, тарих мәсе­лелерін сөз еткен мақала­лары жарияланды. Көркем әңгімелері де жарық көрді. Оның «Жастармен әңгіме» (Орынбор, 1925 ж.), «Ұлт театры туралы» (Қызыл­орда, 1926 ж.), «Қазақстан­дағы халық ағар­ту мәсе­лелері» (Қызылорда, 1927 ж.) деген үлкенді-кішілі кітап­тары жарық көрді. Сондай-ақ Қазақстандағы ұл-азат­тық көтеріліс пен Қазан төң­керісінен кейінгі ел өмі­рін арқау еткен «Сәрсен­бек» атты романы да бар. «Сал­мақ­бай, Сағындық» (1923 ж.), «Күміс қоңырау» (1927 ж.) повестері қазақ әдебие­тін­дегі проза жанрын дамы­туға қосылған үлес болып табылады. С. Сәдуақасов «Еңбекшіл қазақ» («Егемен Қазақ­стан») ба­сы­лымды екі рет (1921 ж. қаңтар — 1921 ж. ақпан және І. 1925 ж. қаңтар — 1926 ж. сәуір) басқарған кісілердің бірі. Смағұл Сәдуақасовтың бү­кіл қайраткерлік, азамат­тық болмысы жарқырай та­нылған кезең 1925-1927 жыл­дар еді. Бұл кезде ол рес­публика халық ағарту комис­сары, әрі өлкелік партия комитетінің бюро мүшесі болды. Бұл кезең сонымен бір­ге Ф.И. Голощекиннің Қазақ­стан өлкелік партия комитетін басқару кезімен дәлме дәл келеді. С. Сәдуақасов мен Ф. Го­ло­щекиннің арасындағы келіс­пеушілік, қақтығысты тарихшылар төрт түрлі мәселеден сабақтап жүр. Олар біріншіден, меке­мелер­дегі іс қағаздарын қазақы­лан­дыру, екіншіден, қазақ­тың оқыған, көзі ашық зия­лы қауы­мына деген көзқарас, үшін­­шіден, байлар мен орта­шаларға деген көзқарас, төр­тіншіден, өнеркәсіпті дамыту. Асыл азамат 33 жыл ға­на ғұмыр сүріп, 1933 жылы Мәскеу-Донбасс темір жол құрылысындағы апатта қай­тыс бол­ды. Маржан барқын сарқырамасы. Маржан барқын сарқырамасы () — Қытайдағы Сычуан өлкесінің батыс бөлігіндегі Аба Тибет және Чияң аутономиялық облысында орналасқан сарқырама. Маржан барқын сарқырамасы Жиужайгоу алқабындағы ең сұлу жерлердің бірі. Ол 2433 m биіктікте орналасқан, өз биіктігі 21 m. Сарқыраманың ұшар басындағы ені 16265 m. 40 m биіктіктен құлайтын сарқырама айшық пішіндес. Қазақбаев, Әбдісәмет. Әбдісәмет Қазақбаев (1898—1959) — Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері. 1924—1937 жылдарда Ақмола ауданында ауылдық Кеңес хатшысы, төрағасы, колхоз басқармасы, 1937—1938 жылдарда аудандык атқару комитеті төрағасының орынбасары, Қарағанды облаткомының төрағасы қызметтерін атқарды. 1938—1947 жылдар аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Президиумының төрағасы болды. КСРО және Қазақ КСР Жоғары Кеңестеріне бірнеше рет депутат болып сайланды. Ә. Қазақбаев 2 рет Ленин орденімен және т.б. орден-медальдармен марапатталған. Қаратаев, Мұқаметжан Қожасбайұлы. Мұқаметжан Қожасбайұлы Қаратаев (1910—1995) — Қазақ кеңес энциклопедиясының тұңғыш бас редакторы. Қазакстанның Халық жазушысы. Филология ғылымдарының докторы. ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі. Жанайдаров, Сейілбек Мейрамұлы. right Сейілбек Мейрамұлы Жанайдаров (1884—1929) — Алаш қозғалысының көрнекті басшыларының бірі, Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері. 1913 ж. Санкт-Петербор университетінің заң факультетін бітірген. 1917 ж. Алаш Орда үкіметінің мүшесі. 1920 ж. Қазақ АҚСР қаржы халық комиссарының орынбасары, халық комиссары. Өмірінің соңғы жылдарында Қазақстанның ауыл шаруашылығы банкін баскарған. Сапиев, Серік. Серік Сапиев — бокстың 64 kg-дық тұғырында 2005, 2007 жж. әлем чемпионы. 1983 ж. қарашаның 16 туған. Өнер жолы. 2005 ж. Дилшод Махмұдовты, 2007 ж. Геннадий Ковалёвті жеңіп әлем чемпиоы атанған. 2006 ж. Дохада өткен Азия ойындарында таиландтық боксер, олимпиада чемпионы Манус Бунджумноңды нокаутқа кіргізсе де, ұпаймен (18:22) жеңіліп, қола медаль жүлдегері атанған Затаевич, Александр Викторович. Александр Викторович Затаевич — композитор, этнограф, музыка және қоғам қайраткері. А.В. Затаевич бұрынғы Волхов, қазіргі Орёл облысында 1869 ж. өмірге келген. Ол алғашқы музыкалық білімін сол Орёл қаласындағы әскери гимназиядан алған. Біраз жыл бойы Варшава консерваториясы жанынан шығатын «Варшава күнделігі» аталатын газетте музыка рецензенті қызметін атқарып, орыс, батыс классиктерінің шығармаларын, сондай-ақ халық музыкасын насихаттаумен айналысқан. Ол алғаш рет қазақтың халықтық музыкасы шығармаларымен 1920 жж. басында, Орынборда жүрген кезінен-ақ таныса бастайды. Сол кезеңнен бастап А. Затаевич өзінің болашақ қызметін аспаптық мұраларын тамаша үлгілерін жинау, оны насихаттаумен тығыз байланыстырады. Ол жатақханаларды, мектептерді, құрылыстарды, орта дәрежелі оқу орындарын, казармаларды аралайды, съезге, конференцияға, кеңестерге келген қазақтардан ән жазады. Базар, театр, концерт орындарының фойелерінде кездескендердің бәрінен де жазып алады. Бала жасынан кіршіксіз еститін құлағы жасы елуден асқанша көрмеген елдің музыкасын жаза баспай нотаға түсіруге мүмкіндік береді. Бірақ, өмірін музыкаға бағыштаған А.В. Затаевич әнді қалада отырып тек кездейсоқ келгендерден жазып отыруды жөн көрмеді, елге шығады, Жайықтың бойын, Сыр, Ертіс өзендерін, Бөкей, Қарқаралы далаларын аралайды. Замандар бойы жабылып жатқан қазақтың ән қазынасын көтереді. Қазақтың көл-көсір мұрасын жинақтауды өзіне парыз санаған жанның бірі. Ұлты басқа болса да, жер орта жасқа келгеніне қарамастан, 1920 жылы қиын-қысталаң кездерінде кездескен көлік атаулымен, болмаса, жаяу-жалпы аралап, халқымыздың ән-күйлерін музыка белгілерімен (нотамен) хатқа түсірген. Сөйтіп, 1920 көктемінен бастап 1923 ж. аяғына дейін, нағыз аш-жалаңаш жол қиындықтарына да қарамай, А. Затаевич қазақтың 1000 әнін жинап нотаға түсіреді. Оның 1925 ж. Мәскеуде «Қазақ халқының 100 әні», және 1933 ж. «Қазақтың 500 әнімен күйі» атты этнографиялық жинақтары шықты. А. Затаевич 1936 жылы Мәскеу қаласында дүние салған. А.В. Затаевичтың жарқын бейнесі, оның қазақ халқының мәдениеті мен өнеріне сіңірген еңбегі, ірі тұлғасы ұлғайған үстіне ұлғая бермек, ұмытылмақ емес. Бөкейхан, Әлихан Нұрмұхамедұлы. Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (1866—1937) — XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға, ұлт-азаттық қозғлысы көсемі және Алаш партиясы, Алаш Орда үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы. Өмірбаяны. 1866 ж. наурыздың 5 бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі, То­қы­рауын болысының 7-ші ауылында туған. Бұл қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы бұрынғы Қаратал кеңшарының жеріне қарасты, 1992 ж. Ақтоғай аудандық кеңестің шешімімен Ә.Н. Бөкейханов есімі берілді. Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Сұлтан Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей осы Сұлтан Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед. Әлиханды әкесі тоғыз жасында Қарқаралыға апарып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ зерделі бала молдадан оқығандардан гөрі осындағы мектепте оқып жүргендердің сауаттылығын аңғарып, қаладағы үш кластық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып алады. Бұдан кейін ол Қарқаралы қаласының үш жылдық училищесіне түсіп, оны да «өте жақсы» деген бағамен бітіріп шығады. Осыдан кейін он алты жасар Әлихан 1888 жылы Омбы техникалық училищесіне қабылданады. Төрт жыл бойы үздік оқыған алғыр шәкіртіне риза болған мүмкіндік жасайды. Сөйтіп ол жиырма жасында Дала генерал губернатор кеңсесінің ұсыныс хаты мен қазақ қауымдастығының 200 сом стипендиясын алып, 1894 ж. Ресей империясынің елордасы Санкт-Петерборға барып, Орман шаруашылығы институтының экономика факультетіне түседі. Ол мұнда жүріп күнделікті сабақтарына қоса студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және тағы басқа үйірмелердің жұмысына қызу араласып, студенттік толқуларға қатысады. Оны екі ғасырға жуық Ресей империясының қол астында отырған халқының ауыр тағдыры қатты толғандыра бастайды. Қараңғылық пен надандықтың шырмауында отырған халқына білім мен мәдениет керек екенін ұғады, елдің тұрмысын, мәдениетін, білімін көтеруді өзінің алдына мақсат етіп қояды. Қоғамдық-саяси әрекеттері. Оқуын бітіріп, Омбыға оралғанда Ә. Бөкейханов Ресей империясының қазақ даласына жүргізген отаршылдық саясатына деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, марксизмнің экономикалық қағидаларымен қаруланған, саяси астыртын күрестің түрлері мен әдістерін үйреніп, білген, күрес тартыстан біршама тәжірибесі бар саяси күрескер болатын. Ол Омбыға келісімен қаланың саяси әлеуметтік, қоғамдық жұмысына белсене араласады. «Народная свобода» ("Халық бостандығы") партиясының қатарына өтіп, өзі қазақ зиялылары мен саяси белсенділерінің арасында осы партияның шағын тобын ұйымдастырады. Әлиханның саяси көзқарасының пісіп, жетілуіне, кейін белгілі саяси, қоғам, мемлекет қайраткері әрі қазақ ұлт азаттық қозғалысының ұйымдастырушысы және көсемі ретінде танылуына, саяси күрескер ретінде шыңдалуына Омбыдағы күндері ерекше ықпал етеді. 1905 ж. бастап Ресей конституциялық-демократиялық партиясының (кадеттер) мүшесі, оның қазақ бөлімшесін құру мақсатында Оралда, Семейде жиындар өткізген. Қарқаралыда патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы өткен қозғалысқа қатысып, адам қол қойған Қарқаралы петициясын ұйымдастырушылардың бірі болған. 1905 ж. Әлихан Бөкейханов Семей облысы қазақтарының атынан 1-ші Мемлекеттік думаға депутат болып сайланды. Бірақ ол 1-ші Мемлекеттік дума жұмысына қатыса алмады. Өйткені Ә.Н. Бөкейханов өз жұмысын бастаған кезде Дала өлкесі генерал-губернаторының негізсіз жарлығымен, соттың тергеуінсіз, 3 ай Павлодар абақтысында отырды. Ал абақтыдан шығып Санкт-Петерборға жеткенде, Дума патшаның үкімімен таратылып, оның біраз мүшелері наразылық актісін қабылдау үшін сол кезднгі Финляндияның Выборг қаласына жүріп кеткен еді. Ә.Н. Бөкейханов да солардың артынан аттанып Выборг үндеуіне қол қойды. Сол үшін жазаға тартылып, Санкт-Петербор сот палатасының төтенше мәжілісінің шешімімен 3 айға Семей түрмесіне жабылды. 1906 жылы Омбыдан шығатын кадеттік «Голос степи», «Омич» және «Иртыш» газеттерінде, 1908 жылы Санкт-Петерборда жарық көрген меньшевиктік «Товарищ», кадеттік «Речь», «Слово» гәзеттерінде редакторлық қызмет атқарды. 1909-17 жж. «Дон егіншілік банкі» бөлімшесінде жұмыс істеді. 1911-14 «Қазақ» гәзетін ұйымдастыруда және оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуіне зор еңбек сіңірді. 20 ғ. басында қазақ даласында екі ағымның болғаны белгілі. Бірі Бұқар мен Түркістан өлкесіне бет бұрған дәстүршіл, панисламшыл ағым, екіншісі негізінен Батыс өркениетін үлгі тұтқан жаңашыл, пантүркішіл ағым. Осы екінші ағымның басында Әлихан бастаған орыс мектептерінен тәлім тәрбие алған озық ойлы қазақ зиялылары тұрады. Бұл топ саяси ұстамдылық танытып, Ресей империясына қарсы ашық күреске шығудың әлі ерте екенін анық түсінеді. Сондықтан олар, ең алдымен, халықтың сана сезімін оятатын жағдай жасау керек деп білді. Бар күш қуаттарын осы мақсатқа жұмылдырады. Бірақ олардың ойдағыдай жұмыс істеуіне жандармерия басқармасының жансыздары мүмкіндік бермейді. Солардың көрсетуімен қуғынға түседі, түрмеге қамалады. Бұдан студент кезінде-ақ сенімсіздердің қара тізіміне ілігіп, бақылауда жүрген Әлихан да тыс қалған жоқ, алдымен, Семей түрмесіне қамалып, кейін Самар қаласына жер аударылып, онда тек ғылыми-шығармашылық қызметпен айналысуға ғана мәжбүр болды. 1916 жылы жер аудару мерзімі бітіп, Самардан Орынборға келген Әлихан бірден қаланың қоғамдық, саяси өміріне араласып кетеді. Қаланың қазақ тұрғындары атынан қалалық думаға сайланады. Бүкіл мағыналы өмірін халқының азаттық алып, еркін ел болуына арнаған аяулы азаматтың соңғы демі біткенше сол мақсат жолында жасаған қызметі сан қилы. Ол Ресей жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері съезінің делегаты, Ресейдің I Мемлекеттік думасының және мұсылман халықтары съезінің депутаты, IV Мемлекеттік Думаның мұсылмандар фракциясының Бюро мүшесі болды. Алаш Орда төрағасы. Ол Ақпан төңкерісінен үлкен үміт күтеді. Бірақ ол үміті ақталмайды. Уақытша үкімет, оның ішінде өзі мүшесі болып жүрген кадет партиясының көсемдері қазаққа аутономия беруге қарсы болады. Оның үстіне олармен жер мәселесі жөнінде де ымыраға келе алмайды да, ол бұл партиядан шығып, қазақтан сайланған тоғыз өкілді бастап барып, Томск қаласында Сібір аутономистерінің құрылтайына қатысады. Осында болашақ Сібір республикасының құрамында Қазақ аутономиясы құрылмақ болады. Құрылтайдан оралысымен Әлихан қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым Алаш партиясын ұйымдастыруға кіріседі. Артынша, 1917 ж. желтоқсанында бүкіл қазақтардың құрылтайында Алаш аутономиясы жарияланып, Ә. Бөкейханов сол алғашқы Қазақ республикасының тұңғыш төрағасы (президенті) болып сайланады. Ә. Бөкейхановтың қуғын-сүргін кезеңінен 2 жыл алдындағы мен ату жазасының күніндегісі. 1919 ж. большевиктер өкіметінің бұрынғы алашордашыларға жасаған кешірімнен кейін Ә. Бөкейханов қалған өмірін ғылыми зерттеушілікке арнады. Бірақ, ұлттық намыстан жұрдай, жалған интернационалист, жадағай белсенділердің көрсетуімен ол 1926 ж. екі рет тұтқындалып, түрме азабын тартты. Ә. Бөкейханов Мәскеуге жер аударылады, зор беделінен қорыққан большевиктер өкіметі оны Қазақстанға жолатпады. Онда он жыл үй қамауында отырған Әлиханды 1937 ж. тамызында қайыра тұтқындап, бір айдан кейін жалған жаламен 67 жасында Мәскеуде ату жазасына жазасына кеседі. 1989 ж. мамырдың 14 КСРО Жоғарғы сотының қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болғандықтан, ақталды. Ғылыми әрекеттері. 19 ғ. соңында Омбы орман шаруашылығы училищесінде оқытушылық қызмет атқарып, ғылыми жұмыстармен айналысады. Ол 1896 ж. көрнекті ғалымдардың кепілдемесімен Орыс жағрапиялық қоғамы Батыс-Сібір бөлімшесінің толық мүшесі болып сайланды. Әлихан «Россия. Жалпы географиялық сипаттама» атты көп томдық еңбектің қазақ даласына арналған 18 томына автор ретінде қатынасқан. Ол ғылыми жұмыспен қатар қоғамдық-әлеуметтік саяси қызметтерге де белсене араласа бастайды. 1904 ж. қазақ даласына қоныс аудару қозғалысын даярлап берген Ф.А. Шербина экспедициясының құрамында болды. 1911-14 жж. Ә. Бөкейханов «Жаңа энциклопедиялық сөздіктің» 4-21 томдарына автор ретінде қатысты. Ә. Бөкейханов — ғұлама ғалым ормантанушы, экономист, мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қоюшы, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы, әрі публицист ретінде қазақ халқының саяси әлеуметтік, мәдени рухани тарихында өшпестей із қалдырған ұлы тұлға. 2-ші бүкіл қазақ-қырғыз құрылтайы. 2-ші бүкіл қазақ-қырғыз құрылтайы — 1917 ж. желтоқсанның 5—13 Орынборда өткізілді. Құрылтайды Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Е. Омарұлы, С. Досжанов ұйымдастырды. Төрағасы Б. Құлманов болды. Қазан төңкерісінен кейін қалыптасқан саяси ауыр жағдайда өздерінің іс-әрекеттерін айқындап алу үшін ұлттық интеллигенция бастаған қазақ қоғамы құрылтайға қатысты. Алғашқы баяндаманы Ә. Бө­кей­ханов жасап, ол жөнінде қаулы қа­былданады. Қаулыда — қазақ ауто­номиясы, милиция (жасақ) және Ұлт кеңесі мәселелерін қарауға жеті кі­сілік комиссия құрылады. Құрыл­ған комиссия атынан Халел Ғаббасов аутономия, милиция және Ұлт кеңесі туралы баяндама жа­сайды. 1) Бөкей елі, Орал, Тор­ғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сыр­дария облыстары, Ферғана, Самар­қан облыстарындағы, Амудария бө­ліміндегі, Закаспий облысын­дағы қазақ уездері және Алтай губерниясындағы іргелес жатқан қазақ болыстарының жері бір­ыңғай, іргелі халқы қазақ-қырғыз, қаны, тұрмысы, тілі бір болған­дықтан, өз алдына ұлттық, жерлі автономия құруға; 2) қазақ-қырғыз автономиясы — «Алаш» деп аталсын… 3) Алаш автономиясының жер ұстіндегі тұгі-суы, астындағы кені Алаш мұлкі болсын… 5) Қазақ-қырғыз арасында тұрған аз халықтың құқықтары тең-геріледі. Алаш автономиясына кірген ұлттардың бұкіл мекемеде санына қарай орын алады… 6) Алаш облыстарын қазіргі бүлін­шіліктен қорғау мақсатымен уақытша Ұлт кеңесі құрылып, мұның аты «Алаш орда» болсын. Алаш ордасының ағзасы (мүшесі) 25 болып, 10 орын қазақ-қырғыз арасындағы орыс және басқа ха­лық­тарға қалдырды. Алаш орданың уақытша орны — Семей қаласы. Алаш орда бүгіннен бастап қазақ-қырғыз халқының билігін өз қо­лына алады… Құрылтай делегаттары Уақытша үкімет құлатылғаннан кейін қазақтардың өмір сүруінің өзін күрделендіріп жіберген анархия (тәртіпсіздік) жағдайында елді аман сақтау үшін милиция жасақтау туралы қаулы қабылдады. Қазақ-қырғыз автономиясын жариялау мерзімі туралы қызу пікірталас туып, Ә. Бөкейханов бастаған топ: «ортамызда тұрған басқа халықтармен ақылдасып және милиция құрғанша тоқтата тұрайық» — десе, Досмұхамедовтер бастаған топ «дереу жариялан­сын!» дейді. Артынан екі жақ ымы­раға келіп, біраз шартпен автоно­мияны жариялау Алаш Орда үкіме­тіне жүктеледі. Алаш Орда. Алаш Орда (1917—1920) — Ақпан мен Қазан төңкерістері соң 1917 ж. желтоқсанның 13 құрылған қазақ-қырғыз Алаш аутономиясының үкіметі. Алаш Орда құрылтайы. 1917 ж. желтоқсанның 5—13 Орынборда 2-ші бүкіл қазақ-қырғыз құрылтайы өткізілді. Құрылтайдың күн тәртібіне 10 мәселе қойылды. Олардың ішіндегі ең негізгілері: қазақ-қырғыз автономиясын жариялау, милиция һәм Ұлт кеңесі (Үкімет) құру мәселелері болды. Құрылтай делегаттары Уақытша үкімет құлатылғаннан кейін қазақтардың өмір сүруінің өзін күрделендіріп жіберген анархия (тәртіпсіздік) жағдайында елді аман сақтау үшін, «уақытша Ұлт Кеңесі» түріндегі берік билік құру, оған «Алаш Орда» деген атау беру (төрағасы Ә. Бөкейханов, Ұлт Кеңесі құрамына 25 адам кірді), сондай-ақ милиция жасақтау туралы қаулы қабылдады. Алаш астанасы — Семей (кейін "Алаш-қала" атауын алды) қаласы еді. Бұл туралы кейіннен Ә. Бөкейханов (1919 ж. ақпанның 11) былай деп мәлімдейді: «съездің бұл шешімі қазақтар мекендеген территорияда анархияны болдырмау, өлкеде большевизмнің дамуына (яғни қазақтар үшін жат-таптық жіктелу) жол бермеу мүдделерінен туындады…». Сол кезде Ресейде орын алған жағдайда қазақтардың жарияланған автономиясын жүзеге асыру мүмкін емес еді. Кезекте бостандықтың жауы — большевизммен күрес тұрды. Өздерінің қолға алған шараларын іске асыру жолында Алашорда үкіметіне Кеңестерге қарсы жақпен бірігуге тура келді. Өйткені Кеңес үкіметі кеңестік негіздегі автономияларды ғана қолдап, көтермелесе, ал ақтардың Алаш автономиясына көзқарасы басқаша болды. Соңғыларының қолдауына сүйене отырып, қазақ халқы, дәлірек айтқанда Ә.Бөкейханов бастаған зиялылар тобы белгілі бір деңгейде дербестікке жетуге болады деп санады. Бұл жолдағы күрес оқиғалары төмендегідей өрбіді. Сыртқы істері. Алаш Орданың ақтармен бұл бағыттағы алғашқы байланысы, 1918 жылы 8-ақпанда большевиктер тұтқындаған Сібір облыстық Думасының орнына құрылған Уақытша Сібір үкіметімен болды. Алаш Орда жетекшілері атаман Дутовпен, Самардағы Құрылтай жиналысы мүшелері Комитетімен (Комуч), Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен де байланыс жасады. Басталып кеткен азамат соғысы Алаш Орданың ұстанар бағытында айқындауды қажет етті. Сөйтіп, қазақ аутономиясы өлкеде әлеуметтік-саяси негізі жоқ Кеңес үкіметіне қарсы күреске шығып, ақтарға қосылуға мәжбүр болды. Уақытша Сібір үкіметі бастан-ақ қазақтарға ұлыдержавалық пиғыл танытты. Олар Алаш қайраткерлерінің ел ішіндегі беделін өздерінің мақсаттарын жүзеге асыруға мәселен, қажет кездерде әскер күшін жасақтау, соғыстың бүкіл салмағын халық мойнына арту т.б. жағдайларға пайдалануды көздеді. Бұл үкімет Алашорданың белгілі бір үкімет органы ретінде дербес, белсенді әрекет жасауына келісе қоймады. Архив деректері, Сібір үкіметінің мүддесін жүзеге асырушы эмиссарларға Алашорданың батыл қарсылық білдіріп отырғанын көрсетеді. Мұның соңы қазақ автономиясының өзін ресми тану туралы мәлімдемесін, Сібір үкіметінің «нағыз сепаратизмнің белгісі» деп айыптауымен аяқталды. Бұдан кейін Алашорда Бүкілресейлік биліктен үміткер тағы бір үкімет — Самарадағы құрылтай жиналысы мүшелері комитеті (Комучпен) қарым-қатынаста болды. 1918 жылы 8 маусымда өмірге келген негізінен эсерлер басқарған бұл үкімет, демократиялық принциптерге беріктігін бірден-ақ байқатты. Бұл олардың Алашордаға көзқарасынан-ақ байқалады. Тамыз айында Комуч құрылып жатқан басқа үкіметтердің қатарында Алаш Орданы да мойындайтындығын мәлімдеді. Комитет құрамына — Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ж. және Х. Досмұхамедовтер, А. Бірімжанов, М. Тынышбаев, М. Шоқай және т.б. кірді. Бірақ бұл табыс та ұзаққа бармады. Оппозициялық күштерді біріктіру мақсатында Комуч ұйымдастыруымен 1918 жылдың 8-23 қыркүйегінде Уфа кеңесі өтеді. Кеңеске жоғарыда аталған қайраткерлер қатынасты. Бұратана халықтар атынан сөйлеген Ә. Бөкейханов өздерінің сепаратизмнен аулақ екендігін, демократиялық-федеративтік Ресеймен біртұтас екендігін айтты. Кеңес жүріп жатқан кезде 11-қыркүйекте Ә. Бөкейхановтың төрағалығымен Х. және Ж. Досмұхамедовтер, М. Тынышбаев, У. Танашев, Ә. Ермеков, А. Бірімжанов қатысқан Алашорданың төтенше мәжілісі өтеді. Онда қазақ автономиясын Алашорданың бір өзі басқаратыны, ал бұрынырақта (18-мамырда) батыс Қазақстандағы саяси жағдайға байланысты уақытша құрылған Ойыл уәлаяты таратылатыны шешілді. Оның онына жол қатынасы нашарлығымен соғыс жағдайы себебінен Алашорданың батыс бөлімшесі құрылды. Бұл болашақта шақырылатын Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы қарсаңында, бірауыздан құрылған автономия бар екенін Кеңеске қатысушыларға көрсету болатын. 23-қыркүйектегі Кеңестің соңғы күнінде Уақытша Бүкілресейлік үкімет — Директория жарияланды. Бірақ бұл Директория өзі жойылардан аз ғана бұрын 4-қарашада шыққан бұйрығымен, бөлінбейтін Ресейді қалпына келтіру үшін барлық облыстық үкіметтермен бірге Алашорданың орталық үкіметін таратып, оның облыстық, уездік ұйымдарын ғана қалдырды. Орнына мәдени-тұрмыстық мүдделерді басқаратын Бас Уәкілдік қызметін енгізді. Бас Уәкілдік мәселесі 18-қарашада Омбыдағы төңкеріс нәтижесінде өзін «Жоғары Билеуші» деп жариялаған адмирал Колчак кезінде қаралды. «Николайдың заманы мен тәртібі келген уақытта да» қазақ зиялылары көздеген мақсатынан таймады. Колчак үкіметі Бас уәкілдің міндеті туралы Ережені талқылап, оған керекті материал жинау үшін қазақ даласына өз өкілдерін жіберді. 2-мамырда Семейге келген Ішкі Істер Министрлігінің өкілі Г. Малахов, аталған мекеменің Алашорда тағдыры туралы жоспарын бір топ қазақ интеллигенттеріне таныстырады. 1919 жылы 6-мамырда А. Бірімжанов, М. Тынышбаев, Р. Мәрсеков, А. Қозбағаров, С. Дүйсембинов, Х. Ғаббасов өлкені басқару туралы жаңа Ережеге өз көзқарастарын білдіріп, Ішкі Істер министрлігінің «Бұратаналар» бөліміне Семейден хат жолдайды. Онда ұлттық-территориялық автономия құру туралы шешім қабылдаған ІІ жалпықазақ сьезі, 1917 жылдың өн бойында өткен облыстық сьездердің қорытындысы болғанын, сол съезд шешіміне қарай қажетті жағдайларда әрекет жасағандарын (Ресей мемлекетін қалпына келтіру үшін Кеңес үкіметіне қарсы ортақ күреске қосылғандарын) сондықтан да қазіргі ауыр жағдайда Ресей мемлекетін қалпына келтіруге кедергі келтірмес үшін ұлттық мүддені қоя тұрып, Уақытша Бүкілресейлік Өкіметтің 1918 жылғы 4-қарашадағы бұйрығына көніп отырғандарын, бірақ бұл жарлықтағы қазақ өлкесін басқаратын арнайы органның құрылуы туралы ереженің кешігуі, қазақ халқын алаңдатып тұрғаны айтылды. Колчактың қазақ даласын басқаратын Бас уәкілдік тағайындау туралы жаңа Ережені жаңғыртқан әрекеті алайда жүзеге асқан жоқ. Мұның себебі, бір жағынан күннен-күнге жеңіліске ұшырап жатқан Ақ Армиядағы сәтсіздіктер болса, екінші жағынан ұлттық қозғалыстарға жауыға қарайтын орыс үкіметтеріне тән қасиетті бойына сіңірген Колчак билігінің өзінен болды. Алашорда сонымен бірге Кеңес үкіметімен байланыс жасауға тырысты. Халел және Жанша Досмұхамедовтер Ленин, Сталинмен, сондай-ақ Халел Ғаббасов ұлт ісі жөніндегі халық комиссары Сталинмен келіссөз жүргізді. Мұның нәтижесі — аутономияның мәдени мұқтажына орталықтың көмегі, бүкілқазақтық құрылтайды шақыру, өлкеде азаматтық бітімге келу туралы уәделер болды. Алаш қайраткерлеріне Бүкілресейлік Орталық Атқару комитетінің 1919 жылғы 4 сәуірдегі және 1920 жылғы 15 сәуірдегі шешімімен амнистия жарияланса да, Кеңес үкіметі күшіне мінгеннен кейін, олардың өткенін ешуақытта ұмыта да, кешіре де алған жоқ. Түрлі әдіспен бүркеленген қудалау ақыры, Алаш зиялыларын жаппай қырғынға ұшыратты. Бұл зобалаңнан аман қалған саусақпен санарлық зиялы қазақ, өмірлерінің соңына дейін Мемлекеттік Қауіпсіздік Комиеті назарынан тыс қалмады. Ал атылғандардың үрім-бұтақтары да соңғыларының кебін киді. Бұдан кейінгі Қазақстанның саяси тарихы бәрімізге белгілі. Алдымен 1920 жылы құрылған Қазақ Кеңестік Автономиялық социалистік республикасы, кейіннен 1936 жылы Қазақ Кеңестік Социалистік республикасы болған тұсында қазақтар отаршылдық қамытынан қол үзген жоқ. Қазақ халқы өз тілін, дінін, әдет-ғұрпын, саяси санасын жоғалту алдында тұрды. Өз тілінен жеріген ұрпақ пайда болды, мәңгүрттік пайда болды. Алаш Орда тізімі. 1. Бөкей Ордасынан — Танашев Уәлитхан (1887—1968), заңгер; 2. Орал облысынан — Досмұхамедов Халел (1883—1939), әскери дәрігер; 3. Ақмола облысынан — Тұрлыбаев Айдархан (1877—?, 1937 ж. тұтқындалған), заңгер; 4. Торғай облысынан — Бірімжанов Ахмет (1871—1927), заңгер; 5. Семей облысынан — Ғаббасов Халел (1888—? 1931 ж. тұтқындалған), физик-математик; 6. Жетісу облысынан — Аманжолов Садық (1889—1941) заңгер; 7. Сырдария облысынан — Шоқаев Мұстафа (1890—1941), заңгер. 8. Бөкейханов Әлихан (1866—1937) — Арқадан, экономист, Алаш орда үкіметінің төрағасы; 9. Досмұхамедов Жанша (1887—?, 1930 жж. ұсталынған) — Орал облысынан, заңгер; 10. Ермеков Әлімхан (1891—1970) — Қарқаралыдан, математик; 11. Тынышбаев Мұхаметжан (1879—1937) — Жетісу облысынан, инженер; 12. Құлманов Бақтыкерей (1859—1919) — Бөкей Ордасынан, шығыстанушы; 13. Ақбаев Жақып (1876—1931) — Арқадан, заңгер; 14. Мәметов Базарбай (1888—1946) — Жетісу облысы, Лепсіден, заңгер; 15. Әлжанов Отыншы (1873—1918) — Шығыс Қазақстаннан, ағартушы-мұғалім. 1. Қашқынбаев Иса (1891—1948) — Текеден, дәрігер; 2. Жақыпбаев Нүсіпбек (1890—1932) — Жетісу облысынан, дәрігер; 3. Итбаев Ережеп (1873—?, 1930 жж. ұсталынған) — Шығыс Қазақстаннан, заңгер; 4. Сабатаев Сатылған (1874—1921) — Жетісу облысынан, Қаскелеңнен; 5. Қасаболатов Есенғали (1889—1938) — Текеден, дәрігер; 6. Ниязов Батырқайыр (1872—1924) — Бөкей Ордасынан, заңгер; 7. Боштаев Мұқыш (1888—1921) — Баянауылдан, заңгер; 8. Жанайдаров Сейілбек (1884—1929) — Атбасардан, заңгер; 9. Нұралыханов Сәлімгерей (1878—?) — Бөкей Ордасынан, заңгер; 10. Алмасов Өмір (? —1922) — Торғайдан, халық мұғалімі; 11. Қадырбаев Сейдәзім (1885—1938) — Торғайдан, заңгер; 12. Кенжин Аспандияр (1887—1938) — Гурьевтен, халық мұғалімі; 13. Бекімов Молданияз (1882—?, 1930 жж. соң белгісіз) — Текеден, әскери қызметкер; 14. Тұрмағамбетов Есен (? — ?) — Торғайдан; 15. Солтоноев Белек (құжаттарда — Жанеке, Жапеке) (1878—1938) — Жетісу облысынан, қырғыз, мал дәрігері. 1. Байтұрсынов Ахмет (1872—1937) — Торғайдан, Орынбор қазақ мұғалімдер мектебін бітірген (1895); 2. Жұмабаев Мағжан (1893—1938) — Қызылжардан, Омбы оқытушылар семинариясын бітір­ген (1917); 3. Омаров Елдес (1892—1937) — Қостанайдан, Орынбор мұғалімдер мектебін бітірген (1911); 4. Сәрсенов Биахмет (1885—1921) — Шығыс Қазақстаннан, Семей мұғалімдер семинариясын бітірген (1939); 5. Шонанов Телжан (1894—1938) — Ырғыздан, Орынбор қазақ мұғалімдер мектебін бітірген (1916). Құлманов, Бақтыкерей. Бақтыгерей Құлманов — Алаш қайраткері, Алашорда үкіметінің мүшесі, 1-2 Мем­ле­кеттік Думалардың депутаты, шығыстанушы, алғашқы ғылым кандидаты (1888). 1859 жылы 22 желтоқсанда Астрахань губерниясындағы Ни­кольск селосының маңайында (Бөкей ордасы, қазіргі Атырау облысы, Құрманғазы ауданы) туған. Өзі төре тұқымынан. Әбілқайыр — Нұралы — Есім сұлтаннан тарайды. 1872-1881 жылдары Орынбор ерлер гимназиясында 9 жыл оқып, оны алғашқы бітірген қазақтар­дың бірі, күміс медальмен мара­пат­талған. 1881 жылы Сән-Питербор университетінің заң факультетіне түскен. Бұл факультетте 1883 жылдың желтоқсанына дейін 1-курс­та қатарынан 3 жыл оқиды. Таңғаларлық жайт, 1-ші курсқа өз өтінішімен қала берген. Үшінші жылы тағы қалуға университет бас­шы­лығы рұқсат бермеген­дік­тен, ол 1884 жылдың қаңтарынан бас­тап университеттің Шығыс тіл­дері факультетіне ауысады да, 1889 жылы 9 наурызда № 877 диплом алып шығады. Араб, парсы, осман, татар тілдері және орыс сөздігінен өте жақсы баға алып, университет кеңесінің 1888 жылғы 17-қыр­күйек­тегі ұйғарымымен канди­дат­тық ғылым дәрежесіне лайық деп бағаланады. ЖОО бітірген соң еліне келіп, 1889 жылдан бастап Астрахань гу­бернаторының қарамағындағы Қамыш-Самар қисымының әкімі қызметінде болады. Әкім болып тұрғанда мектептер ашып, әр түрлі емдеу пунктерін көбейтуге күш салады. 1901 жылы Бөкей ордасының құрылғанына 100 жыл толуына байланысты Бөкей қазақтарының де­путациясын бастап Ресей патшасының қабылдауында бола­ды да депутация атынан арнау сөз сөйлейді. 1903 жылғы 22 шілдеден 1906 жылғы қыркүйекке шейін Бөкей ордасының Уақытша кеңесінің кеңесшісі қызметін атқарады. 1906 жылы отставкаға шыға­ды. 1 Мемлекеттік думаға Ставро­поль және Астрахань губернияла­рының көшпелі тайпаларынан 2 орын бөлінеді. Астрахань губер­ния­сының қазақтарынан Б. Құл­манов, ал Ставрополь губерния­сының қалмақтарынан Құлманов 1907 жылы 2 Мем­ле­кеттік думаға мүше болып сайланады. Қатарынан екі рет сайлануы, оның ел алдындағы қадірін білдірсе керек. 1917 жылы 21-25 сәуір ара­лы­ғында Бөкей ордасындағы қазақ съезіне белсене араласып, онда ол баяндама жасайды. Осы съезде Астрахань өлкесі қазақтары­ның, яғни Бөкей ордасының ко­мис­сары болып сайланып, оны 1918 жылғы 1 сәуіріне шейін, Қы­зыл өкіметі орнағанша атқарады. 1917 жылы қыркүйек айында Бөкей ордасының ұлт зиялыла­рының съезі өтеді. Онда Б.Құл­ман­ов жер мәселесі жөнінде баян­дама жасайды. Б. Құлманов қоғамдық-саяси қимылдарға тек Бөкей ордасымен шектеліп қалмай, жалпықазақ елі бойынша атсалысады. Мысалы, патша өкіметі құлағаннан кейін 1917 жылы 24 наурызда Минскі­ден Ә.Бөкейханов бастаған бір топ зиялылар жер-жерге жеделхат соққанда, Астрахань губерния­сын­дағы Шәңгерей Бөкеев пен Б.Құлмановқа арнайы жібереді. 1917 жылы 21-26 шілде ара­лы­ғында Орынборда өткен Жалпы қазақтық съезде Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутат­тыққа Бөкейліктен Б.Құлманов, У.Танашев, Б.Ниязов ұсынылады. «Қазақ» газеті Құрылтай жи­на­лысына депутаттыққа ұсыныл­ған адамдарды сипаттай келе Ба­қыт­керей туралы: «…Университет бітірген кісі. Былтыр 25 июнь жарлығы шыққаннан кейін „Арыз айтасыз, Мәулет сөйлейсіз“ деп Астрахань губернаторы Бақытке­рейді жер аударып еді. Бақыткерей Самар губерниясынан еліне бостандық туғаннан кейін ғана қайтты», деп оның күрескерлік қимылын атап өтеді. Ал 1917 жылы 5-13 желтоқ­сан­да өткен Жалпықазақтық съезге ол арнайы шақырылып, съез президумының төрағасы болады. Алашорда үкіметінің төраға­сы­ның орнына Ә.Бөкейханов, А.Тұрлыбаев пен бірге Б.Құлман­овтың да түсуі де көп жайтты аң­ғартады. Осы съезден кейін ол еліне қайтып, артынан сүзек ауруынан 1919 жылы Жаңақалада қайтыс болады. Кейбір энциклопедияда жазылып жүргендей, ол шетел асып кеткен жоқ. Досмұхамедов, Жаһанша. Досмұхамедов Жанша (Жаһанша) — Алаш қозғалысының аса көрнекті қай­раткері, Алашорда үкіметінің мүшесі, Алаш­орданың Батыс бөлімшесінің төрағасы, заңгер. 1887 жылы Орал облысы, Орал уезі, Жым­питы болысының, № 1 ауылында дүниеге келген. 1899 жылы тамыз айында Орал әскери реалдық училищесіне түсіп, онда 1905 жылы 31 мамырға дейін толық курсын оқып бітіріп, сол жылғы 27 қарашада № 991 аттестатпен 1906 жылы тамыз айын­да, Орал облысының стипендиаты ретінде Мәскеу университетінің заң факультетіне түсіп, оны № 175 бітіру куәлігімен 1910 жы­лы 4 наурызда бітіріп шыққан. 1917 жылғы Ақпан төңкерісіне дейін округтық соттың прокурорының жолдасы (орынбасары) міндетін атқарған. 1917 жылы 1-11 мамыр аралығында Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылман сиезіне басқа да қазақ делегаттарымен бірге қатысып, мұсылман істерін басқаратын «Шуро-и-Ислам» комитеті төрағасының орынбасарлығына сайла­нады. «Шуро-и-Исламның» ісімен Мәс­кеуде біраз болады. Сол жылы 21-26 шілдеде Орынборда өткен Жалпықазақтық сиезде Орал облысынан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа ұсынылады. 1917 жылы желтоқсан айында өткен Жал­пықазақтық съезде Ж.Досмұхамедов Алашорда үкіметінің мүшелігіне облыс­тардан тысқары делегат ретінде кіреді. Съезде автономия жариялау туралы екі пі­кір болғанын: оның бір жағында Ә.Бөкейханов бастаған топ «кейінірек», ол Халел және Жанша Досмұхамедовтер бастаған топ «дереу» жариялансын деген ұстаным қалыптасқан. 1918 жылдың наурыз айында Жанша және Халел Досмұхамедовтер Мәскеуге келіп, Ленин және Сталинмен келіссөз жүргізіп, Кеңес үкіметін Алашорданың жел­тоқсандағы съезінің қаулыларымен таныстырып, сондағы 11 шартты қояды. Кеңес үкіметінің жанынан Қазақ ко­миссариатының ашылуына қол жеткізеді. 1918 жылы 6 мамырда Жымпитыда өт­кен Орал облысының 4-қазақ съезінде, құ­рамына Сырым батырдың ұрпағы Салық және Сейіт ишан кірген 7 адамнан тұратын «Ойыл уәлаяты» құрылып, Жанша оның Уа­қытша үкіметінің төрағасы болып сай­ланады. Уәлаятта атты милиция жасақ­та­лып, оларды соғыс өнеріне үйрететін курс ашылады. Әр түрлі шаруашылық құрылым­дар ашылады. Мәс­кеудегі келіссөзден кейін Ж.Досмұха­ме­довтің Кеңес өкіметіне деген көзқа­расында біраз өзгерістер туады. «…бізді жылы шыраймен қабылдаған бірден-бір өкімет, ол Кеңес өкіметі. …біз көптен бері автономияны та­лап етіп келіп едік, Кеңес өкіметінен басқа еш өкімет бізді қош көрмеді» және «Кеңес өкіметін саяси күш ретінде қырғыз (қазақ) халқы да мойындау керек» деп мәлімдеді. Аталған мәлімдемелер жөнінде Жанша мен оның серіктестерінің арасында біраз келіспеушілік туындайды. Азамат соғысы жылдары сан-сапалақ өкіметтердің бірінен соң бірі келіп-кетіп жат­қанда Батыс Алашорда жетекшілерінің саясаты: қазақ жұртшылығын қорғау; ау­малы-төкпелі замана ағымына орынсыз ки­лікпеу; және артын бағамдау ұстанымы болды. 1918 жылы қыркүйекте Уфада өткен Алашорданың шұғыл мәжілісінде өзге де мәселелермен қатар «соғыс жағдайы мен жол қатынастарының нашарлығынан» Алаш автономиясының батыс өлкелерін басқару үшін «Ойыл уәлаятының» ор­нына Алашорданың бөлімшесі құры­лады. Бө­лімшенің құрамына Б.Құл­манов, Х.Досмұ­ха­медов, Ж.Досмұха­медов және Е.Тұрмұ­ха­медовтер кіреді. Төрағасы болып Ж.Дос­мұ­хамедов сай­ланады. Ж.Досмұхамедов көптеген уа­қытша өкімет орындарымен ке­ліссөз жүргізіп, хат-хабарлар алмасып, мәлім­де­мелер жазып жатқанда, өздерінің істеп жатқан істерінің мән-мағынасын тү­сін­дірумен болды. Яғни мына алма­ғайып заманда қазақ халқын аман-есен сақтап-қорғау мақсатында және бүкіл Ресейде түпкілікті өкімет орнағанша жергілікті Уақытша қазақ өкіметтерін құруға мәжбүр болғандарын атап өтеді. Осы бағытта да Кеңес өкіметімен, яғни Түркістан май­да­нының (М.Фрунзе) өкілдерімен келіссөз жүргізіп, оның басты шарттарына: 1) қазақ халқының өзін-өзі билеу құқы, автономия; 2) екі жақтың теке-тіресінің ортасында қал­ған қазақ халқын зорлық-зомбылық пен та­лан-тараждан аман сақтау болып та­бы­лады деп шегелеп көрсетеді. Нәтижесінде, М.Фрунзенің ұсынысы­мен, қазақ даласынан аластатылып, оқ­шауландырылуға жататын Батыс Алаш­орда жетекшілерінің 5 адамынан (Ж. және Х.Досмұхамедовтер, Иса Қаш­қынбаев, Кәрім Жәленов пен Беркінғали Атшыбаев) құрылған делегацияны алдымен Түркістан майданының шта­бына, ары қарай Мәс­кеуге жөнелтеді. Осы топ Батыс Алашорда өкіметінің іс-харекеттері туралы баяндама-хат да­йын­дап, оны Жанша өз қолымен В.И.Ленин, И.В.Сталин және Л.Д.Троц­кийге табыс­тайды. Батыс Алашорда бөлімшесі тараты­лып, оның жетекшілері біраз уақыт қазақ да­ла­сынан аластатылғанда, Жанша 1920 жылы жаз айларын Мәскеуде Бас тоқы­ма өнер­кәсібі басқармасында инспектор болып, қыркүйек айында аталған меке­менің жол­дамасымен Ташкентке жібе­ріліп, Түр­кістан Республикасы Халық шаруашы­лығы Орталық кеңесінің жүн-жұрқа бөлі­мінің меңгерушісі болады және ТР ОАК қазақ бөлімінің хатшысы қызметін қоса атқарады. Ташкентте қазақ зиялылары құр­ған мәдени-ағарту «Талап» қауым­дас­тығына мүше болып, оның тапсыруымен қа­зақ тілінде ал­ғашқы қылмыстық кодекс жо­басын әзірледі. Онан кейін ол қазақ астаналары Қызылорда, Алматы қалала­рында әр түрлі қызметтер атқарып, 1930 жылы Мәскеуге қызметке ауысады. Сол жылы қазан айын­да тұтқындалып, 1932 жылы Воро­нежге 5 жыл мерзімге жер ау­дарылады. 1938 жылы қайта тұтқында­лып, үштіктің шешімімен ату жазасына кесіледі. Аманжолов, Садық. Аманжолов Садық — Жетісудағы Алаш қозғалысы жетекші­ле­рінің бірі, Алашорда үкіметінің мүшесі, заңгер. 1889 жылы 28 тамызда Жетісу облысы, Верный уезі, Бақай бо­лысында (қазіргі Еңбекшіқазақ ауданы) ауқатты отбасында туған. 1898-1907 жылдары Верный ерлер гимназиясында оқып, 1912 жылы Қазан университетінің заң факультетін бітіреді. Сол жылғы күз айынан бастап Верный округ­тық сотында кіші кандидаттық, ке­лесі жылы аға кандидаттыққа көтеріліп, Сарқантқа уақытша бітімші сот қызметіне ауыстыры­лып, онан кейін Лепсіде істеп, 1914 жылы наурыз айынан бастап Сер­гиопольде (Аягөздің маңы) бі­тімші сот болып 1918 жылдың мамыр айына дейін істейді. Ақпан төңкерісінен соң елдегі әлеу­меттік жұмыстарға араласып, Жетісудағы Алаш қозғалысының белді қайраткерлерінің бірі болады. Жер-жерде қазақ сиездері ашы­лып, қазақ комитеттері құрылып жат­­қанда, ол Үржар қазақ коми­те­­ті­нің төрағасы, ал 1917 жылғы шілде айында өткен жал­пықа­зақ­тық сиезде бүкілресейлік Құрыл­тай жиналысына Жетісу облысы­нан ұсынылады да, желтоқсандағы сиезде Алашорда үкі­метінің мү­шелігіне Жетісу облысынан өтеді. 1918 жылғы тамыз айында Лепсі қаласында өткен Алашорданың Жетісу облыстық 2-қазақ сиезінде оның облыстық кеңесіне мүше болып сайланады. Азамат соғысы жылдары Же­тісуда, Шә­уешек қаласында Алаш әскери жасақтарын құруға белсене араласады. Жетісу жерін больше­вик­тер басып алғаннан кейін, 1918 жылдың шілде-тамыз айынан бас­тап Алаш­орданың Жетісу бөлімі­нің барша мүшелері Шәуешекке келе бастаған бо­латын. Қызылдармен болған ұрыста ол ауыр жарақат алады. Базарбай Мәметовпен (ол да Алашорда үкі­метінің мүшесі) бірге Жетісудағы ашыққан, күйзелген қазақтарға арнап, көмек комитеттерін ұйым­дас­тырады. 1918 жылы Шәуешекке Алаш­орда­ның Жетісу бөлімінің мүше­лерімен бірге өткен ол онда 1922 жылдың күз айларына шейін бо­лып, онда да қуғын-сүргінді көп кө­ріп, қайтадан еліне қайтады. 1923 жылы наурыз айынан бас­тап Жетісу облыстық атқару ко­мите­тінде қызмет атқарып, 1924 жылдан Жетісу облыстық сотының мүшесі болады. 1930 жылдарға ше­йін Заң халық комис­са­риатында әртүрлі қызметтер атқарады. 1930 жылы Қазақстаннан ке­тіп Мәскеу, Бішкек, Ташкент қа­лаларында жұмыс іс­тейді. Бірімжанов, Ахмет. Бірімжанов Ахмет — Алаш­орда үкіметінің мү­ше­сі, 1-2 мемлекеттік Дума мүшесі, заңгер. 1871 жылы 7 желтоқсанда Тор­ғай уезінің Тосын болысының № 1 ауылында дүниеге келген. Арғы аталары атақты Арғын-Шақшақ Қошқарұлы Жәнібек батыр және Шеген би. Өз әкесі — Қор­ғанбек. Шешесі — Қыпшақ Наурыз­бай би­дің қызы Ханша. Ал арғы атасы — Шеген бидің қызы Айман Ыбырай Алтын­сариннің шешесі. Жастайынан зерек Ахмет Орын­бор ерлер гимназиясын 1891 жылы күміс медальмен бітірсе, ал Қазан университетінің заң фа­куль­­тетін 1895 жылы алтын медаль­мен бі­тірген. ЖОО бітірісімен Орынбор округтық соттың канди­даты, онан кейін Торғай уезінің бітімші соты болып істеп жүргенде, 1906-1907 жылдары Ресейдің 1-2 мемле­кеттік Думасының мүшелі­гі­не қатарынан екі рет Торғай об­лысы қазақтары атынан сайлана­ды. 1906 жылы 2 шілдеде дума отырысында сөз сөйлеп, аграрлық комиссияға қазақ депутаттарын енгізуді ұсынады. Депутат А.Қалменев екеуі қазақ жерінде қоныс аударушы­лар­ды жерге орналастыру комис­сияларының заңсыздықтары тура­лы жоғарғы үкімет билігіне сұрау салады. А.Бірімжанов 2-Думада әскери дала соттарын жою туралы заң жобасын жасау комиссиясының құрамына енеді. Бұдан басқа өзге де 53 депутатпен бірлесіп, Ми­нистрлер Кеңесіне 1906 жылы 4 мау­сымда қазақ даласында қо­ныс аударушылар учас­келері мен ормандағы саяжайлардың орна­ласу заңсыздығы жөнінде сұрау салады. Қазақ даласына ішкі Ресейден қоныста­ну­шылардың жаппай шұбыруына байла­нысты жер, қоныс мәселесі қатты ушығып, қазақ халқының тағдырына тіке­лей әсер еткендіктен, қазақ зиялы­ларын қатты тол­ғандырып, оны Дума мінбері арқылы же­ңілдетіп шешуге әрекеттенген іс-қимыл­дары еді. Алайда Дума таратылып, бұл іс-әре­кеттер нәтижесіз болып, Дума мүшесі ретінде А.Бірімжанов қазақ өлкесінде қызмет істеуіне рұқсат етілмей, 1917 жылға шейін Бузулук қаласында сот тергеушісі болған. Ақпан төңкерісінен соң алға­шында Уа­қытша өкіметтің Торғай уезінің комиссары, онан кейін Қостанай уезінің комиссары бол­ған. Сол жылдары елде белең алған қоғамдық-саяси және Алаш қозға­лы­сы­на араласа бастайды. 1917 жылы 2-8 сәуірде Орын­бор­да және сол жылғы 20-25 тамызда Ақтөбеде өткен Торғай облысы қазақтарының сиезіне қатысып, соңғысында жаңа сот жүйесінің жобасын әзірлеу жөнін­дегі комиссияның құрамына кіре­ді. Торғай облыстық біріккен мұ­жық-қазақ сиезіне де қатысады. Шілдеде өткен Жалпықазақ­тық сиезде Торғай облысынан Құ­рылтай жиналысына депутаттыққа ұсынылады да, желтоқсандағы сиезде Торғай облысынан Алаш­ор­да үкіметінің мүшелігіне өтеді. Кеңес өкіметі кезінде заң орындарында жауапты қызметтер атқарған. Қазақ АКСР-дің заң комиссариатының алқа мүшесі және өмірінің соңына шейін Қазақстанның Жоғарғы сотының мүшесі болған. 1927 жылы 5 қаңтарда Ленин­градта қайтыс болған. Ақтық сапарға Ә.Бөкейханов, Ә.Сейда­лин, Ленинградта оқып жүрген қазақ студенттері М.Әуезов, Ә.Марғұлан, ұлы Батырбек және татар зиялылары шығарып салған. Танашев, Уәлитхан. Танашев Уәлитхан — Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері, Алашорда үкіметінің мүшесі, адвокат- заңгер. 1887 жылы, Ішкі Бөкей ордасының, 2-Те­ңіз жағалауы округі, № 3-болысында туған. Каспий теңізінің теріскей жағында балық кәсіпшілігімен айналысқан дәулетті отбасынан. 1908 жылы Астрахань гимназиясын, ал 1912 жылы Қазан университетінің заң факультетін бітіріп шықты. ЖОО бітірісімен Қазан қаласында адвокаттықпен айналыс­ты. Қалада мәдени-қоғамдық істерге жұмыла кірісіп, татарлар арасында сыйлы болды. Ақпан төңкерісінен соң Қазанда мұ­сыл­ман комитеті құрылып, оның саяси же­текшілерінің бірі ретінде У.Танашевтың да аты аталады. Төңкеріс жылдары еліне оралып, Алаш қозғалысына белсене араласады. 1917 жылы 2-8 сәуір аралығында Орын­борда өткен Торғай облысы қазақтарының сиезіне қатысып, мәжіліс төралқасына сайланады. 1917 жылы 21 сәуірде Хан Ордасында ашылған Бөкей Ордасының қазақтарының сиезін ұйымдастыруда және басшылық жасауда У.Танашев зор белсенділік та­нытты. Сиез төралқасының төрағасына сай­ланды. Сиезде негізінен жергілікті басқару жүйесіндегі құрылымдық өзгерістерге байланысты мәселелер қаралды. Сол жылғы шілдеде Орынборда өткен Жалпықазақтық сиезге қатысып, онда Бөкей Ордасынан бүкілресейлік құрылтай жина­лы­сына депутаттыққа ұсынылды. Әмбе Мәс­кеуде өткен бүкілресейлік мұсылман­дар сие­зіне қатысып, оның Атқару коми­тетіне басқа да 3 қазақ зиялысымен бірге мүшелікке кіреді. Бөкей Ордасында ұлт зия­лыларының сиезін ұйымдастырып, Ресейдегі саяси жағдай туралы баяндама жасайды. Міне, осындай алаш жолында еткен көпте­ген еңбектерін ескеріп, 1917 жылы жел­тоқ­санда өткен жал­пықазақтық сиезде Халық Кеңесінің 15 мү­шесінің бірі болып сайла­на­ды. Яғни Алаш­орда үкіметінің министрі бо­лады. Қазақ елінің, жерінің мүдделерін көздеп, Алашорда үкіметінің атынан Азамат соғысы жылдары Ресей, Сібір жерінде құрылған әртүрлі мемлекеттік дәрежедегі ұйымдармен, мысалы, Комуч, Сібір үкіметі, Уфа дирек­то­риясының мәжілістеріне қатысып, олар­мен келіссөздер жүргізеді. Жанша Досмұха­ме­довпен бірге Мемлекеттік мәжіліске Ко­мучтың дайындық жұмыстарын жүргізеді 1918 жылы қыркүйек айында Уфа Дирек­ториясының мәжілісіне қатысады. Сол жерде Алашорданың шұғыл мәжілісі өтіп, «Ойыл уалаяты» тарқатылып оның орнына Алашорданың Батыс бөлімшесі құрылады. У. Танашев осы іс-әрекеттердің бел орта­сында жүреді. Директория құлаған соң (1918, қара­шада) Омбыда Колчак үкіметінің ведомство-аралық құрылымының отырысына Ә.Бө­кей­ханов, А.Тұрлыбаевтармен бірге У.Танашев та қатысып, онда ол Колчак өкіметінің өкіл­деріне: «… қазақ халқының өкілетті органы және Алашорданың Бас уәкілдігі жөніндегі екі комиссия құрылып, солардың құзыреті генерал-губернатордың немесе Үндістан­дағы статс-хатшының құзыретімен пара-пар болу керек», — деп мәселені төтесінен қояды. Кеңес өкіметі кезінде басқа да алаш зиялылары сияқты ол да Кеңес аппаратына жұмысқа тартылады. Алғашында Қазақ әскери ревкомының аппаратында, Мемлекеттік баспаның бө­лімшесін құру жолында біраз жұмыстар ат­қарады. 1920 жылғы қазан айындағы Қазақ авто­номиясының Құрылтай жиналысына Бөкей Ордасынан делегат болып қатысып, Қазақ АКСР-ының Орталық Атқару комитетінің мүшесі болып сайланады. Сол жылғы қазан айында Қазақ АКСР Юстиция Халық ко­миссарының орынбасары болып тағайын­далады. Осы қызметте жүріп, жас Қазақ Рес­публикасының көптеген заң актілерін дайындауға атсалысады. 1921 жылғы қазан айынан бастап Қазақ АКСР-нің Мәскеудегі өкілеттігінің коллегия төрағасының орынбасары және одан кейін Ұлттар Халық комиссариатының (Нарко­мнац) жанындағы Қазақстан өкілеттігінің орынбасары болып 1924 жылға шейін Мәс­кеуде әртүрлі жауапты қызметтер атқарады. 1924-1937 жылдары Қазанда Татар АКСР-інің Жоғарғы сотында адвокат­тық­пен айналысады. 1937 жылы және екінші рет 1949 жылы Татар Республикасында қу­ғын-сүргінге ұшырайды. 1955 жылы ай­дау­дан келіп, Қазанда зейнеткерлікке шығады. Ғаббасов, Халел. Халел Ғаббасов - Алашорда үкіметінің Семей облысынан сайлан­ған мүшесі, Үкімет төрағасының орын­­басары, Алаш қозғалысының көр­некті жетекшілерінің бірі, пуб­лицист, Алаш үні «Сарыарқа» га­зе­тінің кезектескен редакторы, ма­ман­дығы – физик-математик. 1888 жылдың 1 қазанында Семей қала­сында, қала жатағының отбасын­д­а туған. 15.08.1901 – 2.06.1909 жылдары Се­мей ерлер гимназиясында оқып, оның толық 8 класын бітірген. 1910-1915 жылдары ИМН Мәскеу университетінің физика-математика факультетінде білім алып, 1915 жылғы 27 мамырдағы сынау комиссиясының қорытындысы бойынша 2-дәрежелі дип­ломға ие болып, №11142 диплом­ды 1916 жылғы 30 наурызда алады. ЖОО бітірген соң Семейде уақ-қа­рыз серіктігінде инспектор болып қыз­мет атқарады. Патша өкіметі құлаған соң ол ел­дегі саяси өмірге, Алаш қозғалысына бел­сене араласады. Уақытша үкімет тарапынан ол Түр­кістан комитетінің мүшелігіне таға­йын­далады. Алайда ол коми­тет­тің мүшесі ретінде нақты жұмыс ат­қарылмайды. Ал Семей облыстық қазақ коми­те­ті төрағасының орынбасары, об­лыс­тық земство басқармасының мүше­сі, облыстық Делегаттар жина­лы­сының мүшелігіне сайланып бұл ба­ғытта көп жұмыстар атқарады. Әр түр­лі әлеуметтік саяси жұмыстарды ұйым­дастыру-үйлестіру бағытында шы­ғып тұрады (мысалы, 1917 жылы Зай­сан уезіне барды). «Қазақ» газетінен кейін Алаш үні бол­ған «Сарыарқа» газетінің кезек­ші­сінен редакторларының бірі бола­ды. Онда ол ел-жұртты толғандырып, маза­лап жүрген әлеуметтік-саяси жағ­дайды түсіндіріп, талдаған және большевиктердің озбырлық саясатын әшкерелеген өткір мақалалар жария­лап тұрады. 1917 жылғы шілдеде өткен Жал­пы­қазақтық сиезге Бүкілресейлік құрыл­тай жиналысының депутат­ты­ғына ұсынылады. Халел Ғаббасовтың қазақ елдігі үшін еткен еңбегінің ең көрнектісі – оның 1917 жылғы желтоқсан айында өткен Жалпықазақтық сиезге арнайы құрыл­ған комиссия атынан Қазақ автономиясы, милиция және Ұлт кеңесі туралы баяндама дайындап жа­сағаны. Осы баяндаманың негізінде сиез «... жері бірыңғай, іргелі халқы қа­зақ-қырғыз, қаны, тұрмысы, тілі бір болғандықтан, өз алдына ұлттық-жерлі автономия құруға» деген тарихи қарар қабылдайды. Сиезге Халел Алашорда үкіметінің мүшелігіне Семей облысынан сайланып, кейін төраға Ә.Бөкейхановтың орынбасары міндетін атқарып, Алашорда атынан шығарылған заң-қаулыларға қол қойып отырады. Сиезге милиция жасақтау туралы баян­дама жасалып, кейін сол қаулы­ның негізінде 1918 жылы Семейде Алаш атты әскер жүздіктерін жасақ­тауға белсене араласады. Сол алмағайып заманда қазақ елді­гін қалай аман сақтау жолында еңбек еткен басқа да алаш арыста­ры­мен бірге Халел 1918 жылдың қазан айын­да Том қаласында өткен жалпы Сібір сиезіне қатысады. Сиезге Сібір авто­номиясы мәселесі қаралған бола­тын. Ондағы мақсатты Ә.Бөкейханов жақсы түсіндіреді. «Біз ойладық, әуелі Сі­бірге сүйеніп, тасымалдап, жалға­сып көшіп кетелік, жіп жалғап, зор мемлекет күрмеуінен құтылып ап, отау болып, соңынан бөлінелік деп». Халелдің енді атқарған үлкен бір ісі – төраға Ә.Бөкейхановтың тапсыр­ма­сымен 1918 жылдың 20 наурызында автономия жөнінде И.В.Сталинмен телеграф арқылы келіссөз жүргізеді. 1918 жылы сәуір айында Ә.Бө­кей­ханов, Ә.Ермековтермен бірге Алаш автономиясын алу жөнінде телеграф арқылы В.И.Сталинмен тағы да сөй­лес­кен. 1918 жылғы 21 сәуірде РСФСР Халық комиссарлары кеңесі мен Ұлт істері жөніндегі комис­сария­ты­на жолдаған жеделхатында Ала­ш­орда автономиясын дереу мойындау тура­лы талап қояды. Бірақ жауап болмады. Кеңес тұсында саяси-қоғамдық істерден шет қалмаған. Семей облыс­тық кеңесі төрағасының орынбасары, Семей облыстық земство жанындағы Жер комитетінің төрағасы, Қазақ революциялық комитетінің мүшесі (VІІІ.1920) және оның Сейревлом жа­нын­дағы уақытша өкілі болады. Ақмола және Семей облыстарын Қа­зақстан қарамағына алу жөніндегі Қаз ОАК-нің төтенше комиссия­сы­ның мүшесі (1921-1923), Семейдегі педте­хникум оқытушысы, қазақ АССР-ның Мемлекеттік жоспарлау коми­тетінде және басқа да орындарда қызмет атқарды. 1930 жылы қуғын-сүргінге ұшы­рап, 1931 жылы Мәскеу түрмесінде аты­лып кете барады. Ермеков, Әлімхан. Әлімхан Ермеков (1896 жылы 25 мамырда Семей облысы - 1970) — Алаш қозғалы­сы­ның жас та, алғыр, іскер қай­рат­кері. Алашорда үкіметінің мү­шесі, табиғатынан зерек тұлға, математика ғылымдарынан тұң­ғыш қазақ профессоры. 1896 жылы 25 мамырда Семей облысы, Қарқаралы уезі, Темірші болысының № 1 ауылында дәулетті отбасында туған. Әкесі Әбеу Темірші болысы болған. Жергілікті патша әкімшіліктерінен талай мақтау алып, шекпен де киген. Бала Әлімхан алғашында Қар­қара­лыдағы училищеде оқып, 1905 жылы Семей ерлер гимназиясына түсіп, 1912 жылы алтын медальмен бітіріп шығады. Гимназия бітірген соң, аса зерек балалар оқитын Томск технология институтына оқуға 1912 жылы түседі. 1913/14 оқу жыл­дары ол қан аздығы мен созылмалы брон­хымен ауырып, оқи алмаған сияқты. Ол ту­ралы дәрігерлік анықтама да сақталынған. Сондықтан да ол 1917 жылдары 5-курсты кешігіп оқып, аласапыран басталып, оқуын дер кезінде бітіруге мүм­кіндік болмайды. Тек 1920 жылы Халық ағарту комиссары А.Бай­тұр­сыновтың арнайы мандатымен Томдағы оқуын жалғастырып, бітіріп шығады. Патша өкіметі құлатылғаннан кейін елдегі қалыптасқан жағдай­ды айқындап, алда не істеу керек­тігін шешіп алу үшін жер-жерде қазақ съездері ашылып жатты. Ә.Ермеков, алғаш рет саяси іске алаш қозғалысына, 1917 жылы 27 сәуір, 7 мамыр аралығында өткен Семей облыстық қазақ съезіне қатысады. Онда ол басқа да адам­дармен бірге съезд президиумының хатшы­лығына, онан кейін съезд шешімімен Семей облыстық қазақ комитетінің мүшелігіне сайлана­ды. Әмбе ол, қазақтар жағынан Халел Ғаб­басов екеуі Семей об­лыстық атқару коми­тетінің төр­ағасының орынбасары болады. Шілде айындағы жалпықа­зақ­тық съезде Семей облысынан Бүкілресейлік құрылтай жиналы­сына депутаттыққа ұсынылады. 1917 жылы 8-17 қазанда 1-Сібір облыс­тық съезіне, делегаттар жиналысы атынан қатысады да, оның президиумына Семей об­лы­сы­нан кіреді. Съезде Сібір авто­но­миясының негізгі заңын жаза­тын комитет құрылып, оған қазақ делегаттары Ә.Ерме­ковті кіргізеді. Міне, алаш жолындағы көпте­ген саяси істерге қатысып, шың­далған Әлімханды «Қазақ» газеті «Технологический институт­қа асқан зеректер ғана түседі. Әлім­хан білімді, шешен, өткір, халыққа қызмет етуді өзіне парыз санаған жігерлі жас азамат», — деп сипат­тайды. Осындай жан-жақты дарын иесі жас сұңқардың желтоқсанда өткен жалпы қазақ съезінде Алашорда үкіметінің мүшелігіне өтуі таңғажайып емес еді. Әмбе ол, «Алаш» партиясының Семей облыстық комитетінің мүшесі де болатын. Әлихан Ермековтің тарихи зор еңбегінің бірі — Қазақ автономиясы шегарасының біртұтастығын жан­қиярлықпен қорғауы. Осы орайда ол 1920 жылы 17 тамызда В.И.Ле­нин­нің төрағалығымен өткен қазақ өкілдері қатысқан Халық ко­миссарлары кеңесінің мәжілі­сінде Қазақ автономиясы туралы мәселе қаралғанда, Қазақстанның жағдайы туралы Ә.Ермеков баян­дама жасайды. Онда ол жер, Қа­зақ­станның шегарасы туралы мәселелерді қамтып, өктемшіл, озбыр, отаршылдық пиғылдағы өкілдермен қызу айтысқа түсіп, өз пікірін тиянақты, жан-жақты, бұлтартпас дәлел­дер­мен қорғап шығады. Окупанттар өз кінәсін мойындап, нәтижесінде, кезінде қазақтардан тартып алынған Кас­пийдің теріскей жағалауындағы ені бір шақы­рымдық және Ертістің сол жағалауындағы он шақы­рым­дық ұлан-ғайыр жер Лениннің ті­келей қолдауымен Қазақ еліне қайта­рылады. Қазақ автономиясын құруда Ә.Ерме­ков­тің өлшеусіз еңбегін зерделей отырып, онан кейінгі жасампаздық жолдары Қазақ елінің шаруашылық жайын қа­лыптастырып, нығайтуға халықты ағарту сияқты нақты істерге бағыт­талғандығына көз жеткіземіз. Қарқаралыда мектеп ашады, Таш­кент пен Алматыдағы жоғары оқу орындарында ма­тематикадан дәріс оқиды. «Ұлы математика курсы» 1-бөлім (1935), «қазақ тілінің мате­матика терминдері» (1936) атты оқулық, кітаптарды жарыққа шы­ғарады. Қазақ арасынан тұңғыш математика ғылымының профес­соры атағын алады. Сонымен бірге нағыз білім мен біліктілікті қажет ететін сала — Халық шаруашылығын жоспарлау коми­тетінде және басқа да жауапты қызметтерде болады. 1929-1930 жылдары бір топ қазақ зия­лылары абақтыға алы­нып, тергеуге түскенде, Ә.Ер­ме­ковті де түрмеге қоса қамайды. Алаш ісінің мүлдем құртылып, ұрпақтық сабақ­тастық үзіліп қал­мау және ұлт зиялылары бола­шақ­ты ойлап, Алаштың жас түлек да­рындары М.Әуезов пен Ә.Ерме­ковті сақтап қалу мақсатында олар, «кінә­ларын мойын­дап» сол жолы бостандыққа шығады. Алайда 1937 жылғы қара бұлт Ә.Ер­мековтің басына тағы да үйіріліп, 1939 жылы сотталып, 1947 жылға дейін түрмеде отырып шығады. Түрмеден шыққаннан кейін жа­ламен қайта ұсталып, 1958 жылы босайды. 1957 жылы 26 қарашада толық ақталып, 1970 жылы қайтыс болады. Тұрлыбаев, Айдархан. Айдархан Тұрлыбаев - Алаш Орда мүшесі, заңгер. 1877 жылы 25 тамызда Ақмола облысы, Көкшетау уезінің Мезгіл болысында туған. Әкесі – Шүменов Тұрлыбай да, шешесінің аты – Алтын. 1897 жылы Омбы гимназиясы, ал 1897-1902 жылдары Сән-Питербор университетінің заң фа­культетінде оқып бітірген. Кейбір деректерде (туыстарының) жазыл­ғандай, Айдарханның гимназияны алтын медальмен бітірген дегені бекер сөз. А.Тұрлыбаев гимназия мен университетті көрнекті Алаш зиялыларының бірі – Райымжан Мәрсековпен бірге оқып, бірге бітірген. Университет бітіргеннен кейін ол Омбыда адвокаттық қыз­мет қылып, присяжный поверен­ный болады. Омбыда 1937 жылы тұтқындалғанға дейін тұрады. Төңкеріс жылдары қазақ қо­ға­мындағы қоғамдық-саяси қозға­лысқа белсене араласып, Қазақ елінің келешегі үшін келелі істер атқарады. Патша өкіметі құлаған соң қазақ даласының аумағында жер-жерде ұлттық қозғалыс бел алып, ұлттық мәселелер көтеріле бас­тай­ды. 1917 жылы 25 сәуір - 5 мамыр аралығында Омбы қаласында өткен – 150 делегат қатысқан Ақ­мола облыстық қазақ съезі осын­дай қозғалыстың бірі болып та­былады. Осы съезд туралы «Қазақ» газеті қызық дерек келтіреді. «Бұл съезд 5 дуан елдің білімді, басшы адамдарының басын қосқан еді... Ақмола съезіне келген адамдар ала-құла. Бір ел білгішін, бір ел ілгішін, бір ел өлеңші-ақынын жіберген... Осындай ақыны бар съезд қызықсыз болмайды ғой. Талай қызық болды» деп жазады. Сонымен, съезд төрағалығына Айдархан Тұрлыбаев, орынбасар­лы­ғына Асылбек Сейітов сайла­нады. Қазақ өлкесінде өткен басқа да қазақ съездеріндегідей, бұл съезде де дәурені өткен бұрынғы жергілікті билік тармағын таратып, земство енгізу, ана тілінде, жалпы, тегін оқыту, халықтың діни мұқ­таждарын орындау мәселелері талқыланады. Әсіресе, жер мәсе­лесі өткір қаралады. Жер үлесін бөлгенде Құрылтай жиналысының шешіміне сәйкес, алдымен қазақ­тарды қамтамасыз етіп, оған дейін Құрылтай жиналысы өткенше әлі ешкім қоныстанбаған, бірақ қа­зақ­тардан тартып алынған жер­лерді өздеріне қайтарып беру мәселесін қойып талқылайды. Осы съезде А.Тұрлыбаев Ақмола об­лыст­ық қазақ комитетінің төраға­лығына сайланады. 1917 жылы 21-26 шілде аралы­ғында Орынборда өткен жалпы қазақтық съезде Алаш партиясы атынан Ақмола облысынан бүкіл­ре­сейлік Құрылтай жиналысының депутаттығына ұсынылады да, әмбе бүкілресейлік мұсылман съезі Шора-и-Исламға өкіл болып сай­ланады. 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда өткен жалпы, қазақ­тық съезде Жалпы қазақтың Ха­лық кеңесіне – Алашордаға мүше болып, Ақмола облысынан сайла­нады, яғни қазіргіше айтқанда, Алашорда үкіметінің министрі болады. Азамат соғысы жылдары Қа­зақ елінің тағдыры, оның болашағы үшін басқа да ұлтжанды ел аза­маттары сияқты бір кісідей еңбек сіңірді. Семейде бір Алаш полкін ұйым­дас­тыруға Х.Ғаббасов, М.Тыныш­паев, Б.Мәметовтармен бірге А.Тұрлыбаев та тікелей ат салысты. 1919 жылы 11 ақпанда Омбы қала­сында Колчак үкіметінің ішкі істер министрінің жолдасы (орын­басары) П.Ф.Коропа­чин­скийдің төрағалығымен өткен «Қазақ-қырғыз халқының әкім­шілік-шаруашылық құрылымы туралы мәселе» жөніндегі ведомс­твоаралық алдын ала өткен мәжі­лісіне Алашорда үкіметінің төр­ағасы Ә.Бөкейхановпен бірге оның мүшелері У.Танашев пен А.Тұрлыбаев та қатынасты. Кеңес кезеңінде Омбы қала­сында заң орындарында қызмет жасап, әр түрлі мекемелерде заң мәселелері жөнінде кеңесші болады. Кеңес өкіметі А.Тұрлыбаевты қуғын-сүргінге ұшыратып, 1934 жылы түрмеге қамап, онда 6 айдай отырады. Кейін 1937 жылы қайтара тұтқындайды. Содан қайтпайды. Әлжанов, Отыншы. Әлжанов Отыншы - Алаш қозғалысының көр­нек­ті өкілі, Алашорда үкіме­тінің мүшесі, Жетісудағы алаш қозғалысының басшы­ла­рының бірі, ағартушы-публицист, халық мұғалімі. 1873 жылы 12 тамызда Се­мей облысы, Зайсан уезі, На­рын болысының №6 ауы­лын­да ауқатты отбасында туған. Омбы облыстық архи­вінде сақталынған Омбы мұғалімдер семинариясын­дағы іс-қағаздарында Отын­шыны 1875 жылы туған деп көрсетеді. 1882-1887 жылдары Зай­сан­­дағы қазақ балаларына арналған бастауыш мектеп­те, 1887-1890 жылдары Омбы уездік училищесінде оқып, 1894 жылы Омбы мұ­ғалімдер семинариясын бас­тауыш мектеп мұғалімі деген атақпен бітіріп шығады. Отын­шының қолы шебер болуы керек, себебі қолөнер сабағынан үнемі мақтау қағазын алып отырған екен. Семинария бітірісімен Дала генерал-губернаторы кең­се­сінің қызметкері, 1895-1897 жылдары Ақмола об­лыстық сотының аударма­шысы болып қызмет атқа­рып, 1897 жылы 3 айдай Ат­басар уезін­де бүкілресейлік халық сана­ғын жүргізуге қатыса­ды. Соңғы қызмет орны, Омбы округтік со­тында 1898-1907 жылдары аудар­машы болады. О.Әлжанов семинарияда оқып жүрген кезден бастап, «Дала уалаяты» газеті және басқа да баспасөз беттерінде оқу-ағарту саласы бойынша, сайлау кезіндегі ру тартысы мен жікшілдіктің зиянды­лы­ғы жөнінде, шаруашы­лық­ты өркендету, қазақтың әдет-ғұрып заңдары туралы көкейкесті мақалалар және ауыз әдебиеті үлгілерін жариялап отырды. 1905 жылы Санкт-Петер­бург­те өткен «Шығыс бұра­таналарын» оқыту мәселе­лері бойынша Ерекше мәжі­ліске «Дала уалаятындағы» қа­зақ мұғалімдері атынан О.Әлжанов сөз сөйлеген. Екінші бір, 1907 жылы өткен мәжілісте де Отыншы тағы да сөйлеп, «бұратана халық­тарды» оқыту туралы «Ере­жеге» сын айтып, қазақ мек­тептерінің жұмысын қадаға­лайтын инспекторлық орын­ға қазақ мұғалімдерін таға­йындау, қазақ мұғалімдері­нің құқын және діни сабақ­тарды беретін мұғалімдердің жалақыларын орыс мұғалім­дерінің құқы мен жалақы­ларымен теңестіруді және басқа да өзекті мәселелерді ортаға салады. Осы мәжілістен оралған ол туған еліне пайдасын тигізбек ниетпен А.Е.Алек­торовтың жәрдемімен 1907 жылы Көкпекті 2-кластық орыс-қазақ училищесінің меңгерушісі болып тағайын­далады, әмбе Өскемен, Зай­сан уездеріндегі қазақ мек­тептеріне басшылық жасау міндетін қоса атқарады. Мек­теп ісін жолға қоюда көп­теген шаралар ұйымдас­тырып, мектеп ашуға ел бай­ларын жұмылдырады. Көкпектіде ол тек ұстаз­дық­пен айналыспай, істі болған, зәбір-жапа шеккен қазақтардың мұң-мұқта­жын жоқтап, оларға нақты көмек береді. Көкпектіде тұ­рып жатқан орыс мұжық­тары мен татар көпестері және қала тоғышарлары қала маңайында қазақтар­дың жаз жайлауға шығатын жерлерін ешқандай ақы тө­лемей қалай болса, солай пайдаланып, қазақтарды ба­сынып, астамшылық жасап, құқықсыз адам санатында қарады. Бұған ашынған О.Әл­жанов заң жүзімен жерлестерінің талабын орындауға кіріседі. Оқыған қазақтың бұл әділетті қимы­лынан қауіптеніп, орыс ке­лім­сегі мен татар саудаге­рінің атынан пәле-жала ұйымдастырылып, О.Әлжа­нов 1909 жылы 5 жыл мер­зімге Жетісу облысының Леп­сі уезіне жер аудары­лады. 1916 жылғы көтерілісте елге тоқтау айтып, бос қан төгілуден сақтандырады. Патша өкіметі құлағанда, О.Әлжанов Уақытша өкі­мет­тің Лепсі уезі комис­сарының орынбасары бола­ды. Жетісу жеріндегі Алаш қозғалысына белсене арала­сады. Жетісу қазақтары атынан Құрылтай жиналысына де­пу­таттыққа ұсынылады. Желтоқсандағы съезде жалпы, қазақ атынан Алаш­орда үкіметінің мүшелігіне сайланады. Жетісу облыстық қазақ съездерін ұйымдас­тыруға қатысып, Алматыда автономия қамымен мили­ция жасақтамақ болып жүр­генде большевиктер тарапы­нан Ы.Жайнақов, С.Саба­таев үшеуі тұтқындалады. Осы мәселеге байланысты Алаш қайраткерлері, тіпті Мәскеудегі Кеңес өкіметінің алдына мәселе қояды да кейін абақтыдан босатылып, Лепсі жаққа келеді. Азамат соғысы жылдары Лепсіде жұтаған елге көмек көрсету комитетін құрады. Милиция жасақтап «Елдің басына мынандай пәле туып тұрғанда мен бұларды тастап кете алмаймын, өлсем-тіріл­сем де бірге көремін», – деп елді қорғауға бел байлайды. Өзінің жігіттерімен Жетісу өлкесінен Қытай аспақшы болып Үржар маңайындағы Науалы қыстағында қызыл партизандармен қақтығы­сады. Отыншы Көктұма өзе­нінің бөгетіне салынған су диірменінің басына шы­ғып, көп атысады. Жау диір­менге от қояды. Отыншы сол отта ерлікпен қаза табады. Бұл оқиға 1918 жылы 21 та­мызда болған. Оны Семейге жеткіз­ген Б.Мәметов пен Ы.Жай­нақов. «Абай» жур­налы «... Алаш баласына Отын­шы­ның шығыны бата­ды. Орны ой­сырайды.... Же­ті­судағы аға­йындарға бас­шы­сынан, кө­се­мінен айы­рыл­ғаны жан ауыртарлық іс бол­ды. Тағ­дыр­ға шара бар ма?» деп бас­қар­ма атынан азалы сөз жаза­ды. Ақбаев, Жақып. Ақбаев Жақып - Алаш зиялысы, күрескер, қайраткер, Алашорда өкі­ме­ті­нің мүшесі, заңгер. Құқықтану магистрі. 1876 жылы 25 қазанда Се­мей облысы, Қарқаралы уезі, Берікқара болысы, №3 ауы­лының Төңіректас деген жерінде дәулетті отбасында туған. 1886 жылы Қарқа­ра­лы қала­сындағы қазақ ин­тер­на­тын­да оқып, 1889 жы­лы Омбы гимназиясына тү­сіп, онда 7 жыл, онан кейін Томск гим­на­зиясына ауы­сып онда бір жыл оқып, 1898 жылы бітіріп шығады да, Санкт-Петер­бург универси­тетінің заң фа­культетіне түседі. 1903 жылы 1-дәрежелі дипломмен біті­ріп шығады. ЖОО-да оқып жүргенде ілім-білімнің әр саласын мең­геруге талапта­нады. Адам­­ның есте ұстау қабілеті мен фактілерді ек­ше­леудің әдіс-тәсілдерін жете меңгеру үшін Одесса қала­сындағы мнемоника профессоры С.Файнш­тейн­нен дәріс тың­дауға және Санкт-Петер­бург­тегі Ар­хеология инсти­тутына оқуға түсуге универ­ситет басшы­ла­рына өтініш те жазады. Мемлекеттік сынақ комис­сиясында «Қазақ­тар­дың не­келік құқығы» атты тақы­рыпты қорғауға бекітіп ала­ды. Кейін осы тақы­рыпты түрмеде отырғанда ары қа­рай жалғастырып, ке­ңейтіп, 1907 жылы Орыс гео­графия­лық қоғамының Се­мей бө­лім­шесінің жазба­ла­рын­да жариялайды. ЖОО бі­ті­рі­сі­мен Омбы сот палата­сына қыз­метке тұрады. 1905 жылғы тамызда Омбы қала­сындағы 2-учаскенің бітім­ші соты болады. 1905 жылғы шілде айында Омбы қаласында патша әкім­шілік орындарының мә­жілісі өтіп, онда Дала өл­кесінің генерал-губернаторы Сухотин бас болып қазақ өкілдерін Дума сайлауына қатыстырмау туралы мәселе қозғайды. Міне, осы шешім­ге қарсылық ретінде Ә.Бө­кей­­­ха­новтың ұйымдас­ты­руы­мен Қарқаралы уезінің 42 қазақ өкілетті адамдары атынан патшаға 1905 жылы 22 шілдеде Ж.Ақбаевтың құрастыруымен жеделхат жіберіледі. 1905 жылы 17 қа­зандағы патша манифесінен кейін жер-жерде бостандық, теңдік, сөз еркіндігі жөнінде қызу талас, митингілер өтіп жатты. Іле-шала осындай митингі, шерулер 19 қазанда Омбы қаласында өтіп, оған Ж.Ақбаев қызу кірісіп ке­теді. «Үкіметке тіл тигізгені» үшін ол қызметінен қуыла­ды. Артынан ол Кереку қа­ласы, Баянауыл станица­сын­да жиындар өткізіп, пат­ша режимін шенеген сөздер сөйлейді. 1905 жылғы 15-16 қарашада Қарқаралы қала­сын­да өткен үлкен жиында ол тағы да жалынды сөз сөй­лейді. Патшаның жергілікті әкімшілігі «мемлекеттік қылмыс істеп, опасыздық жасады» деп 1906 жылғы 11 қаңтарда тұтқындап, Семей түрмесіне жөнелтеді. Міне, осы кезден бастап Ж.Ақбаев патша және Ке­ңес өкіметі кездерінде үнемі қуғын-сүргінді, тепкіні көп көріп, абақты-айдаудан көз ашпады деуге болады. Жетісу облысының Қапал уезіне 2 жылға жер аудары­лады. Қайда жүрсе де ол пат­ша шенеуніктерінің пара­қор­лығын, халыққа жасаған озбырлығын үнемі әшкере­леп отырады. Қарқаралы уезін­дегі шаруалар учаскесі­нің бастығы Цыловтың және де басқалардың парақор­лы­ғын әшкерелейді. Қапалда жүргенде де келімсектерден қиянат көрген қазақтардың мүдделерін қорғап, осында айдауда жүрген К.Төгісов­пен бірлесіп, сот процесінде әділ шешім шығаруға ықпал жасайды. Ж.Ақбаевтың патша әкім­­шілігінің жоғары орын­да­рына өзінің жазықсыз жапа шегіп, айдауда жүрген мер­зімін қысқартып, не сот үкі­мін бұзу жөніндегі арыз-ша­ғымдарында (мысалы, сена­тор граф Паленге жазылған осы құжатты және Ақбаев­қа қатысты басқа да мате­риалдарды алғаш тауып, жа­риялаған белгілі ақбаевта­нушы-ғалым, М.Құл-Мұ­хам­мед) өзінің жеке басы­ның мәселелері көрініс тап­қандай болып көрінгенімен, шын мәнісінде, ол құжат­тарда патша әкімшілігінің озбырлық, зорлық-зом­былық, зымияндық саясаты, шенеуніктердің парақор­лығы, жер мәселесінің ушы­ғуы сияқты мәселелер көтерілген. Ақпан төңкерісінен соң 1917 жылғы 27 сәуір мен 7 ма­мыр аралығында өткен Семей облыстық қазақ съезін өткізуге белсене ара­ласып, оның облыстық ко­ми­тетінің мүшелігіне де сай­ланады, сол жылғы 24 қыр­күйекте өткен кеңесіне де қатысады. 1917 жылғы шілде айында болған Жалпықазақтық съез­де Құрылтай жина­лысқа депутаттыққа ұсыны­лып, ал Желтоқсандағы съез­де Алашорда үкіметінің мүшелігіне өтеді. Азамат соғысы жылдары Колчак және т.б. уақытша өкі­меттер оны бірнеше рет абақтыға жауып, ату жаза­сына да кесіп, артынан ол үкімді бұзып, Ж.Ақбаевтың басы шыр айналып, Алаш­орда үкіметінің мүшесі ре­тінде елдік, алаш ісіне то­лыққанды бел шеше араласу мүмкіншілігінен айыры­лады. Кеңес өкіметі орнаған соң ол Семей губревкомының заң бөлімінде жұмыс істеп, оның «етене араласуымен губерния бойынша сот-тергеу учаскелері құры­лады». Біраз уақыт Семей кеңестік халық сотының мүшесі болады, Қарқаралы уездік халыққа білім беру бөлімінде және Семейде әр түрлі қызметтер атқарады. Ж.Ақбаев басқа да Алаш қайраткерлері сияқты ста­линдік зобалаңға түсіп, Во­ро­нежге жер аударылып, ол жақтан ауруына байла­ныс­ты елге қайтарылып, 1934 жылы 4 шілдеде Алматыда қайтыс болады. Мәметов, Базарбай. Мәметов Базарбай — Алаш зиялысы, Алашорда үкіме­тінің мүшесі, Жетісудағы Алаш қоз­ғалысының көрнекті мүше­лерінің бірі, заңгер. 1888 жылы (екінші бір архивтік құжатта 1891 жылы туған деп көр­сетілген) 20 мамырда Жетісу об­лысы, Лепсі уезі, Балқаш-Лепсі болысында (қазіргі Сарқант ау­даны) дүниеге келген. 1900-1911 жылдары Верный ерлер гимназиясында оқиды. Алғашында Мәскеудегі Алексеев әскери учи­лищесіне оқуға ынтасы бол­ға­нымен, 1911 жылы Қазан уни­верситетінің заң факультетіне түсіп, оны 1917 жылы бітіріп шы­ғады. ЖОО-да оқып жүргенде-ақ, ол әр түрлі жұмыстарға белсене араласады. 1916 жылы атақты «июнь» жарлығы шыққанда Қа­зан­да оқитын қазақ студенттері ішінде Б. Мәметов те бар, тыл жұмысына бара жатқан орыс тілін білмейтін қазақ жігіттеріне бас-көз болу үшін «Қазақ» газетінің бе­тінен «бүкіл ақ жүрек бауырларын» шақырып, үндеу жолдайды. Бұл үндеуді Ә. Бөкейханов «Бауыр­ларым, ден сау, жас шақтарыңда жұрт үшін жұмылыңдар!» — деп жылы қабылдайды. Ақпан төңкерісінен соң Алаш қозғалысына белсене араласады. 1917 жылғы шілде айындағы Жал­пықазақтық съезде Жетісу облысынан бүкілресейлік Құрыл­тай жиналысына депутаттыққа ұсынылып және бүкілресейлік мұсылмандар кеңесіне (Шоро-и-Исламға) өкіл етіп сайланады. Ал сол жылғы желтоқсанда өт­кен Жалпықазақтық съезде Алаш­орда үкіметінің мүшелігіне облыс­тардан тысқары, яғни жалпы қазақ атынан кіреді. Осының өзінен-ақ Б.Мәметовтің абыройының қан­ша­лықты екенін аңғаруға болады. Азамат соғысы жылдары басқа да ұлтжанды қазақ зиялылары сияқты Б.Мәметов те ақ пен қы­зылдың теке тіресінде тектен-текке қосақ ара­сында қалған қазақ жұрт­шылығын аман сақтап, қор­ғау мақсатында Семейде 1918 жылы 1 Алаш полкін жасақтауға және Жетісу жерінде қазақ жігіт­терінен алаш сарбаз­дарын ұйым­дастыруға ат салысады. Жетісуда С. Аманжоловпен бірге аштық-күйзеліске ұшыраған жұрт­шылыққа көмек комитетін ұйымдастырады. 1918 жылы 10-31 тамыз аралы­ғында Лепсіде өткен Алашорданың Жетісу облыстық 2 қазақ съезіне қатысып, оның кеңесінің мүшелі­гіне сайланады. Колчак үкіметі тарапынан боль­шевиктермен қатысы бар деген жалған желеумен Алашорда мү­шесі Лепсі көмек комитетінің төр­ағасы Б.Мәметов қуғын-сүргінге ұшырайды. Қуғынға ұшыраған Алаш зиялысы Б. Мәметовке М. Тынышпаев ара түсіп, адмирал Колчакқа хат жазады. Жетісуда казак-орыстардың қазақ ауылдарына жасаған адам айтқысыз айуандық істерін, Отын­шының ерлік өлімін Семейге ал­ғаш жеткізген және осыларды «Абай» журналына жазған Б.Мә­метов пен Ы. Жайнақов болатын. Кеңес кезеңінде де Б. Мәметов қуғын-сүргінге ұшырап, 1928 жылы ұсталынып, тұтқындалады. 1931 жылы отбасымен Саратовқа жер аударылады. Саратов, Қарақалпақстан, Жам­­был, Талдықорғанда әр түрлі шаруа­шылық қызметте болып, 1946 жылы қайтыс болды. Солтоноев, Белек Солтонкелди уулу. Солтоноев, Белек Солтонкелди уулу (1878-1938) - Тарихшы, ағартушы. Қарақол орыс-түзем мектебінде, Пішпекте қырғыздарға арналған бағбандық мектебінде оқыған. 1916 жылы Атаке болысының болыс басқарушысы болып сайланды. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысып, басқа көтерілісшілермен бірге Қытай асып кетеді. 1917 жылы қайтып келеді. Жетісуда кеңес өкіметін орнатуға қатысқан. 1920-24 жылдары солтүстік Қырғызстанда оқу-ағарту жұмысымен айналысқан. 1924 жылы қырғыз босқындарының істерімен Шығыс Түркістанда (Құлжа) болып қайтқан. 1927-37 жылдары Қырғыз АКСР Халкомсовының ғылыми қызметкері. Шежіре деректері мен еуропалық әдебиет материалдарының негізінде қырғыз халқының тарихы бойынша еңбек жазуға тырысты. Оның «Кызыл кыргыз тарыхы» (басқаша атауы - «Кыргыз-казак тарыхы») деген қырғыз тілінде араб графикасымен жазылған бірегей еңбегі Кенеш Жусуповтың арқасында ғылыми айналымға енгізілді, кейін екі том болып басылып шықты (Бишкек, «Учкун», 1993) 1937 жылы жазықсыз қамауға алынып, 1938 жылы атуға үкімделді. 1955 жылы ақталды. Тиесов, Елдес Омарұлы. Тиесов, Елдес Омарұлы — қоғам қайраткерi, ғалым (лингвист және математик), публицист және аудармашы. 1917 ж. Орынбор қаласында өткен2-ші бүкiл қазақ-қырғыз құрылтайында Қазақстанда ұлттық автономия — Алаш Орда атты өкiмет құру туралы шешiм қабылдаған болатын. Бұл бастаманың басында «Алаш» партиясы тұрды, ал осы бағдарламаның авторларының бiрi замандастары жан-жақты бiлiмi, таланты үшiн қазақтың Ломоносовы деп атаған белгiлi Елдес Тиесов болған едi. 1892 ж. ақпанның 29 Қостанай уезiнiң Қонай ауылында дүниеге келген (қазiргi Г. Белинский атындағы агроконцерн, Таран ауданы). Алғашында Елдес ауылдың молдасынан хат таныды, содан соң Қостанай орыс-қазақ училищесiн бiтiрiп, Добай ауылында мұғалiм болып жұмыс iстейдi. Үш жыл (1917 ж. ақпан айына дейiн) жергiлiктi соттың кеңсесiнде қызмет еттi. Сол жылдары оны Минск қаласындағы Земство Одағына хатшы қызметiне шақырады. 1917 жылы оқулық дайындау комиссиясының мүшесi етiп тағайындайды. Азамат соғысы жылдары Елдес Омарұлы Қостанай уезi бойынша «Алаш Орданың» комиссары және Қостанайдағы бөлiмшесiнiң төрағасы дәрежесiнде қызмет еттi. 1920 жж. бастап Орынбордағы халыққа бiлiм беру комиссариатының мектеп бөлiмiнде қызмет ете жүрiп, өлкелiк академиялық орталықтың қызметкерi болды. Елдес Омарұлы да «халық жауы» деп айыпталып, ОГПУ-дың үкiмiмен 58 бабы бойынша он жылға сотталды. Көп кешiкпей сол ОГПУ Елдес Омарұлын ату жазасына кестi, бiраз уақыт өткен соң бұл үкiм өзгертiлдi. Алғашқы жылдарын (оған дейiн Елдес Мәскеудегi Бутырка түрмесiнде отырған) ол Карелияда өткiздi. 1933 жылдың шiлдесiнде Елдес Омарұлы мерзiмiнен бұрын босатылды, бiрақ ол бостандық көпке ұзамады. Елдес Омарұлы алғашқылардың бiрi болып Мұхтар Әуезовтың ғылыми еңбектерi туралы пiкiр жазған. Ол М. Әуезовтың еңбектерiне жоғары баға бердi. Мұхтар Әуезов 1927 жылы туған ұлының атын Елдес Омарұлының құрметiне Елдес деп қойды. Е. Тиесов — көптеген оқулықтардың авторы. Атап айтқанда, математика, алгебра, физика, тригонометрия, геометрия оқулықтарын орыс тiлiнен, немiс тiлiнен аударып, өңдеп, өзi толықтырып отырды. Көптеген геометриялық терминдер Е. Омарұлының аудармасында мәндi де, мағыналы. Мысалы, геометрия — пiшiндеме, теорема — түйiн, трапеция — қостабан т.с.с. Ғылыми еңбектерiнiң басым көпшiлiгiн орыс тiлiнде жазған. Оның iшiнде «Упражнения по синтаксису» (Синтаксис жаттығулары), «О сочетании звуков казахского языка» (Қазақ тiлiндегi дыбыс үндестiгi), «Новые правила о казахском шрифте» (Қазақ қаріптерiнiң жаңа ережелерi), «Ученая деятельность Ахмета Байтурсынова» (Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми еңбектерi) сияқты еңбектерi орыс тiлiнде жазылған. Ал, бастауыш сыныптарда өзi жазған «Әлiппенi» қолданды. Бұл оқулық қазақтың мақал-мәтелдерiне, билердiң шешендiк сөздерiне негiзделген. Өкiнiшке орай, бұл оқулық баспадан шықпай қалды. Ғалымның жеке өмiрi де бақытты болған жоқ. Оның зайыбы Ташкент қаласындағы Алмания консулының қызы Эльза Адамовна Берте болатын. Тұңғышына Кенесары Қасымовтың құрметiне Кенехан деген ат қойды. Кейiнiрек әйелi мен баласының өмiрiне қауiп төнбесiн деп ажырасып кетедi. Ал, ұлының туу туралы куәлiгiнде Генрих Берте деп жазылды. Ұлының тағдыры белгiсiз, тек қана II Дүниежүзiлiк соғысқа қатысқаны, ұшқыш болғаны туралы қысқа ғана дерек бар. Белгiлi ғалым Елдес Омарұлы ғалым-филолог Телжан Шонановпен көп жылдар бойы дос болды. 1937 жылы Шонановқа «халық жауы» деген айып тағылғанда, Е. Омарұлы досының сөзiн сөйлеп, құтқарып қалғысы келдi, бiрақ оның өзiне де «халық жауы» деген жалған айып тағылды. Алдымен, ҚазГУ-дiң жатақханасында тұрып жатқан жерiнен шығарып жiбердi. 1937 жылдың 20 қарашасында ол тұтқындалып, желтоқсанның бiрiнде ату жазасына кесiледi. Е. Омарұлы тек 1989 жылы ғана ақталды. 1997 жылы бұрынғы Қостанай орыс-қазақ училищесiнде (қазiргi көркемөнер мектебi) даңқ таңбасы ашылды. Қарқаралы. Қарқаралы қаласы — Қарқаралы ауданының орталығы. Жағрапиясы. Қарқаралы қаласы Қарағанды облысының шығыс бөлігінде, Қарағандыдан 220 km, теңіз деңгейінен 815 m биіктікте жатыр. Жұрты. Қарқаралы-қала. Қарағанды облысының Қарқаралы ауданының әкімшілік орталығы. Қарағанды қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 220 шақырым жерде, теңіз деңгейінен 815 м.биіктікте орналасқан. Ең жақын темір жол станциясы - Қарағайлы (25 шақырым)орманды-тоғайлы, жақпар-тасты келген көрікті Қарқаралы тауларының шығыс етегінде, Қарқаралы өзенінің екі жағасында жайғасқан. Іргесі 1824 жылы Ресей империясының әскери бекінісі ретінде қаланған. 1868 жылы уездік қалаға айналды. 1928 жылға дейін Семей облысына қарасты Қарқаралы уезінің, 1928-1930 және 1934-1936 жылдары Қарқаралы округінің орталығы болды. 1930-1934 және 1936 жылдан Қарқаралы ауданының орталығы. 19-ғасырдың екінші жартысында жері шұрайлы, жайылымы малға, қойнауы кенге бай Қарқаралы Орта Азия мен Қытайдан Сібірге баратын керуен жолының торабы ретінде маңызды сауда, кәсіпшілік және мәдени - ағарту орнына айналды. Мұнда саяси тұтқындар жер аударылды. Қарқаралының солтүстігіндегі Қарасор көлінің жағасында 1848 жылдан 1930 жылға дейін белгілі Қоянды жәрмеңкесі өтіп тұрды. Мұнда талантты әншілер мен артистер (Ә.Қашаубаев, И.Байзақов, Ж.Шанин, Қ.Қуанышбаев, М.Уәлиева) өз өнерлерін, ал Қажымұқан Мұңайтпасов күрес бәсекесін көрсетіп тұрды. Қалада тоң май айыратын, сыра қайнататын, кірпіш зауыттары жұмыс істеді. Ауыл шаруашылығы және қыздар бастауыш мектептері болды. Қарағайлы қорғасын-барит кен-байыту комбинатының салынуына, оған теміржол мен тас жолдардың жүргізілуіне, қалада ауыл шаруашылықтың дамуына және айналасында көптеген дем алыс орындарының пайда болуына байланысты Қарқаралы жедел өсті. Қазір қалада нан зауыты,тамақ комбинаты «Тоғай» ЖШС-автокөлік мекемелері астық қабылдау пункті, шеге жасайтын, тағы басқа ұсақ кәсіпорындар, баспахана жұмыс істейді. Бала бақша, 3 орта, 11 кешкі мектеп, ауыл шаруашылық колледжі, музыка, спорт мектептері, мәдениет үйі, кинотеатр, екі кітапхана, тарихи-өлкетану, табиғат мұражайлары, аудандық аурухана т.б.бар. Қала төңірегінде «Шахтер»,»»Сосновый бор» санаторийлері, туристік база, оннан астам демалыс үйі, бес оқушылар лагері орналасқан. Тарихы. Тарихи деректерде тау сілемдерінің етегін ала ағып жатқан шағын өзеннің табанында орналасқан елді мекен үстінен Орта Азия мен Сібір аралығындағы ұлы керуен жолы өткен. Осы өлкеге алғаш саяхат жасаушылар 1785 жылдардан бастап аяқ басқаны тарихи деректерден бүгінгі ұрпаққа жетіп отыр. Ресей өкіметі пайдалы кен қазбаларын зерттеп, оны өндіруді қолға алу мақсатында көшпенді шаруашылықтарының территориялық орналасу мәселесін шешуге кіріседі. Болашақ округтік билік орталығына Қарқаралы және Кент таулы мекендері таңдап алынады. Қарқаралы 1824 ж. сәуірдің 8 Сібір қазақтары дала губернаторлығының әкімшілік-аумақтық орталығы — станица негізінде құрылды. 1868 (1869) ж. — Семей облысы құрамындағы уездік қала, ірі сауда орталығына айналды. 1928-30 жж. және 1934-36 жж.ы — Қарқаралы округінің орталығы. 1930-34 жж. және 1936 ж. бастап. — Қарқаралы ауданының орталығы. Қарқаралы тарихы ұлы Абайдың есімімен тығыз байланысты. Әкесі Құнанбай қажы Қарқаралыда көктөбелі күмбезді мешіт салдырып өз атын ұрпақтарына мәңгілік ескерткіш қылып қалдырып кеткен кемеңгер еді. Экономикасы. Қаланың мәдени экономикалық өсіп-нығаюына Қоянды жәрмеңкесі зор ықпал етті. Қарқаралы біртіндеп саяси орталыққа айналды. Халық мұрасы. Қарқаралы тау сілемдерінің етегі ежелден көшпелі елге қоныс болған. Ол туралы өткен заманнан жеткен аңыз бен ертегілерде айтылған, Қарқаралы туралы көптеген өлеңдер мен аңыздар жазылған. Ең алғаш «Қозы-Көрпеш, Баян-сұлу» қиссасын орыстың жазушысы М.М. Пришвин осы төңіректе естіген. Қазақтың мың әнін жинаумен тарихта теңдессіз тәлім қалдырған атақты музыка зерттеушісі А.В. Затаевич Қарқаралы өңіріндегі құйма құлақ, зерделі де зерек жыраулар ауызынан 154 ән жазып алған. Жазиралы Қарқаралы табиғатына тікелей байланысты «Сұлушаш» поэмасын 1928 жылы Сәбит Мұқанов дүниеге әкелген. Зерттеулер. Қарқаралының ақ қайың мен жасыл терек зерлеген шұрайлы өлкесі ерте кезден-ақ оқымысты-ғалымдардың, саяхатшы-зерттеушілердің көңіліне ұялап, көзін қызықтырған. Қазақ халқының тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлиханов, Қарқаралы округінде екі рет — 1855 және 1863 жылдары болды. Қызмет бабындағы сапарын ол халықтың ауызеке аңыз-әңгімелерімен, ән-жырларымен танысуға арнады. Ш.Уәлиханов мал шаруашылығы жөнінде бірсыпыра қызықты материалдар жинады. Оның «Қарқаралының сыртқы округтері болыстарының қысқы көші-қоны» деген еңбегі осы тақырыпқа арналады. Атақты саяхатшы П.П.Семенов-Тяньшанский редакторлығымен 1865 жылы басылып шыққан «Ресей империясының Географиялық-статистикалық анықтамалық сөздігі» Қарқаралының атағын асқақтата түсті. Қалың оқырман қауым алғаш рет Қарқаралының сұлулығы туралы, әлі де зеттетлмеген үңгірлер мен қорғандардың құпияларына ынтыға түсті. Орыстың саяхатшысы Г.Н. Потанин өзінің жолжазба естеліктерінде, бұл өңірде болғанда сол кездегі көпес Рязанцевтің үйінде тоқтаған. Бұл ғимарат бүгінгі ұрпаққа сол қалпында жетті. Халық ағарту. Қарқаралыда ашылған оқу орындары Орталық Қазақстан бойынша ең алғашқы білім орталықтары болып табылады. Атақты тұлғалары. Қазақтың алғашқы ағартушы, қоғам қайраткерлері Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Әлімхан Ермеков, Әлихан Бөкейханов, Жақып Ақбаев, Нығмет Нұрмақов бұл өңір тарихына өз таңбаларын қалдырған. Қала көшелеріне келмеске кетіп ұмыттырлмақ болған А. Байтұрсынов, Ж. Ақбаев, Ә. Ермеков, Құнанбай қажы, Ұлы Отан соғысындағы батырларымыз Н. Әбдіров, М. Мамраев, П. Теряев, А. Қосыбаев есімдері берлілді. Сонымен бірге Қарқаралының бір көшесі ақын Қ. Аманжолов есімімен аталады. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров та осы Қарқаралы топырағынан шыққан. Нұрмақов, Нығмет Нұрмақұлы. 1895 жылы 25 сәуірде Семей облысы Қарқаралы уезінде дүниеге келген. 1915 жылы Омбы мұғалімдер семинариясын, 1931 жылы ВКП (б) ОК жанындағы Коммунистік университетті тәмамдады. 1915—1918 жылдары Қарқаралыда мектеп мұғалімі. 1918 жылы ақпан-мамыр айлары — жұмысшы шаруа депутаттары Қарқаралы уездік кеңесінің хатшысы. 1918—1919 жж. Ақгвардияшылар түрмесінде. 1920—1921 жж. — Қарқаралы уездік ревкомының, уездік атқару комитетінің, Семей губерниялық әскери ревкомының мүшесі және бөлім меңгерушісі, губкомның бөлім меңгерушісі, Семей губерниялық атқару комитетінің мүшесі. 1921 жылдың қазанынан революциялық Трибуналдың төрағасы. 1923 жылдың 11 сәуірінен РСФСР Жоғарғы Сотының қазақ бөлімінің төрағасы. Н. Нұрмақовтың Жоғарғы Сот пен губерниялық прокуратураның қалыптасуындағы ролі ерекше зор. Осы кезеңде прокуратура мен сот органдарын ұйымдастыру, кәсіби кадрларды даярлау, іс жүргізуге қазақ тілін енгізу жұмыстары аяқталды. Орынборда тұңғыш өлкелік заң курсының ашылуы Нұрмақовтың қызметке келуімен дәл келді. Қысқа мерзімді курстар Семейде, Ақмолада, Қостанайда ашылды. Олардың жанынан еңбек сессиялары ұйымдастырылды. 1922 жылғы 13 шілдеде екінші шақырылған КирЦИК-тің ІІІ сессиясында прокурорлық қадағалау туралы, адвокатура туралы Ережелер қабылданды. 1923 жылғы 28 желтоқсанда КирЦИК жанындағы бас Тәртіптік Кеңес туралы қаулы бекітілді. 1925 жылғы қыркүйек—қазан айлары — ВКП(б) Киробкомының бөлім меңгерушісі. 1924 жылғы қазан — 1929 жылғы сәуір — ҚАКСР Халық Комиссарлары кеңесінің төрағасы. 1929—1931 жж. — Мәскеуде оқуда. 1931—1937 жж. — ВЦИК хатшысының орынбасары. ВЦИК Президумының бөлім меңгерушісі ВКП(б) Қазақ өлкелік комитетінің ҚАКСР ОАК мүшесі. 1937 жылы атылып, 1956 жылғы тамызда ақталды. Қоянды жәрмеңкесі. «Қоянды жәрмеңкесі» (1848—1930) — кезінде Орталық Қазақстанда өткізіліп отырған ең ірі маусымдық сауда орны болған. Қарқаралы қаласынан 50 шақырым жердегі Талды өзенінің бойында орналасқан. Талды өзенінің бойында орналасуының басты себебі,сатуға әкелінген малды уақытша жаюға жері құнарлы суы мол, шөбі шүйгін. Осы орайда, жәрмеңке комитеті сату малын жаюға 55 шақырым жер бөлген. Ол негізін қалаушы Ялуторовскілік көпес Ботов деп көрсетіледі. Жәрмеңкенің алғашқы саудасы қазақи киіз үйлерде жасалса, 1871 жылдан бастап арнайы сауда балағандары салына бастайды. Жәрмеңкедегі негізгі сауда — төрт түлік мал, оның ішінде қой саудасы негізгі роль атқарған. Сонымен қатар, жергілікті мал және мал өнімдеріне батыс Қытай, Моңғолия, Үндістан, Батыс Сібір, орталық Ресей саудагерлері өз жерінен қолданыстағы сауда бұйымдарын айырбасқа салған. Бұл Қоянды жәрмеңкесінің халықаралық маңызының зор болғандығын куәландыра алады. 1855—1862 жж. қазақтардың мал санының азайып кетуіне қарамастан 1869 жылы Қоянды жәрмеңкесінде саудаға түскен мал басы жарты миллионнан асып түскен. 1869 жылы Семей губерниясының әскери губернаторы Полторацкий мен Қарқаралы уезінің бастығы штабс-капитан Тихонов Қоянды сауда орнын жәрмеңке ретінде тануға бұйрық шығарды және осы кезден бастап бірде «Қарқаралы», бірде «Қоянды» деп аталып жүрген жәрмеңке «Ботов» атауына ие болады. 1869 жылы 12 қыркүйекте Батыс Сібір Бас басқармасының кеңесі Қоянды жерінде жыл сайын 15 маусымнан 15 шілдеге дейін жәрмеңке ұйымдастыруды бекітеді. Қоянды жәрмеңкесі жылдан-жылға күшейе түседі. 1900 жылы жәрмеңкеде 30 дүкен, 276 шағын дүкен, 700 астам киіз үй болған. Жыл сайын сатуға 200 мыңнан астам жылқа, ірі қара, қой-ешкі түссе, оның 60 проценті Жетісудан, 7 проценті Қытайдан әкелінген. Жәрмеңке тек саудада ғана емес, қазақ өнерінің дамуына да үлес қоса білген. Мұнда біртуар талант иелері Майра, Әміре, Қали, Иса, Қажымұқан өнер көрсеткен. Жәрмеңке қазақ даласының алғашқы сауда элитасын қалыптастырған. 1928 жылы Жәрмеңкеде «Халық үйі» жұмыс істеп, мұнда қазақша спектакльдер қойылған. Оқу залының есебінде 3300 адам болған. Патша өкіметіне саяси қарсылық ретінде 14 мың адам қол қойған атақты «Қарқаралы петициясы» осы жәрмеңкеде туған. 1930 жылы жәрмеңкенің құрылыстары жаңадан құрылған колхоздарға берілді. Қазір мұнда бұрынғы «Қоянды» совхозынан бөлінген шаруа қожалықтары бар. Қарқаралы ұлттық паркі. Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі — Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 желтоқсандағы № 212 арнаулы қаулысына сәйкес ұйымдастырылған. Мақсаты Қарқаралы және Кент кешендеріндегі өте сирек кездесетін және экологиялық, тарихи, ғылыми, әсемдік жағынан ерекше құнды тау сілемдері мен орман алабын сақтау және қалпына келтіру. Ұлттық парктің жалпы көлемі — 112,12 мың га. Қарқаралының ауа райы оны қоршаған аймақтарға қарағанда әлде қайда біркелкі, қоңыр салқын. Ауа райының жылдық орташа көрсеткіші 2 °C жылы. Шілде айында орта есеппен +18, +20 °C болса, қаңтар айында −12, −15 °C суықтықты көрсетеді. Жауын-шашынның ең көп түсетін кезі шілде айына келеді, жалпы жаздағы ылғал мөлшері 200 мм дейін болады. Тау баурайлары шатқал-шатқал болып тілініп кеткендіктен одан бұлақтар мен өзендер ағып жатады. Олардың ең бастылары: Каркаралинка, Керала, Кендала, Аяноға және Қарасу. Бұлардың барлығы да даладағы тұзды өзендер қоймасына жатады. Қарқаралының көгалды табиғатына ерекше сұлулық беретін Шайтанкөл, Бассейн, Пашенный және Үлкен Көл сияқты бірнеше көлдер бар. Сол сияқты тауларда жауын суы жиналған шағын-шағын бірнеше суаттар кездеседі. Қарқаралы жерінде сүтқоректілердің 40-қа тарта түрлері бар. Олар негізінен бедерсіз бір түсті: бұлан, елік, тиін, борсық, суыр, сілеусін, қасқыр, түлкі, қоян сияқты т.б. жануарлар. Сирек кездесетін жануар — арқар Қызыл кітапқа енгізілген. Құстардың — 114 түрі бар. Олар негізінен құр, тоқылдақ, құзғын сол сияқты бүркіт, қарабайқұс, сұңқар, үкі сияқты сирек кездесетін құстар да Қызыл кітапқа енгізілген. Сирек кездесетін өсімдіктер түрі — 66, негізінен орман тұқымдас: қарағай, қайың көктерек, тал, арша және т.б. ағашты-бұта тектес түрлері өседі. Ал қарқаралы бөріқарақаты (барбарис), мүк сияқты өсімдіктің түрлері де Қызыл кітапқа енгізілген. Алаша хан кесенесі. Алаша хан кесенесі — 12—13 ғғ. халық шеберлерінің қолымен салынған Қазақстандағы бірден-бір ерекше архитектуралық мазар. Ол Қаракеңгір өзенінің оң жақ аңғарында, Малшыбай кешенінен 2 km жерде салынған. Мазар төрт бұрышты етіп қызыл кірпіштен қаланған, күмбезді. Сырт көрінісі кірпіштен әр түрлі-кескінді өрнекпен қаланған. Өрнектің түрлері әсіресе кіреберіс бетінде шығыс кілемнің суретімен безендірілген. Зерттелуі. Мазарды зерттей бастау Ш.Уәлихановтың «Қырғыз қайсақ молалары және жалпы бұрынғы туралы» атты мақаласынан бастау алады. (1855 ж.). 1868 жылы подполковник Красовскийдің "Область сибирских киргизов" атты еңбегінде ежелгі құрылыс туралы сипаттама пайда болады. Орталық Қазақстанның сәуле ескерткіштерін зерттеуге «Атбасарцветмет» тресінің бас геологы Қ.И.Сәтпаев атсалысты. Кейін ол академик атанды. Жақыпбаев, Нүсіпбек. Нүсіпбек Жақыпбаев (1890—1932) — Алаш қайраткері. Ол Киев университетінің медицина факультетін тәмамдап, (1916 жылы), елге оралған соң дәрігер болып қызмет істеген. Оқу бітірген жылдары патша үкіметі құлап, елде Алаш қозғалысы басталады да Нүсіпбек осы жұмыстарға белсене араласады. Жетісудағы оның ішінде Алматыда Ы. Жайнақов, О. Әлжанов, А. Құрманбаев және басқалармен бірге тізе қосып жұмыс жасайды. Орынборда 1917 ж. желтоқсанда өткен жалпы қазақтық съезге қатысып, оның халық кеңесіне, Алаш Орда мүшелігіне кандидат болады. Алаш Орда министрінің орынбасары болады. Азамат соғысында Алаш полктері құрылып, Жетісу өлкесінде, Үржарда Алаш атты әскер жүзді¬гін басқарып, қызылдарға қарсы күреседі. Бір қызығы, бір кездері атаман Анненков оны зорлықпен өзіне жеке дәрігер етіп ұстап тұрған екен. Кейін Мұхаметжан Тынышбаевтың араласуымен ол тұтқыннан босайды. Н. Жақыпбаев Кеңес өкіметі тұсында денсаулық сақтау ісін қалыптастыруға атсалысып, Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы болады. Бекімов, Молданияз. Молданияз Бекімов — Алаш қозғалысының қайраткері, арнаулы білімді алғашқы қазақ офицерлерінің бірі, этнограф, фольклоршы, аудармашы. 1882 ж. қазіргі Қаратөбе ауданы Аққозы ауылында дүниеге келген. Молданияз Бекімов әуелі Орал реальдық училищесінде оқып, кейін Қазан жаяу әскер юнкерлері училищесін подпоручик шенімен 1905 ж. бітірді. Көп жыл әскери қызмет атқарған оған 1913 жылы штабс-капитан әскери атағы берілді. 1-ші дүниежүзілік соғысқа қатысып, Ресей империясының бірнеше орденімен марапатталды. 1915—16 жж. Ташкент гарнизонының бастығы да болды. Алаш қозғалысына белсене қатысты. Молданияз Бекімов А. Пушкиннің «Капитан қызы» романының ықшамдалған нұсқасын аударып, 1903 ж. Қазан қаласындағы Харитонов баспасынан жеке кітап етіп шығарды. Ол сондай-ақ ауыз әдебиеті нұсқаларын жинаумен, зерттеу жұмыстарымен де айналысты. Сабатаев, Сатылған. Сатылған Сабатаев (1874—1921) — шығыстанушы, тұңғыш қазақ агрономы. 2 ЖОО бітірген, Абай және Міржақып өлеңдерін алғаш орыс тіліне аударушы (1914). Алаш Орда үкіметіне Жетісу облысынан, Қаскелеңнен қатысқан. Шонанов, Телжан. Шонанов Телжан (1894—1938) — Алаш Орданың оқу комиссиясының мүшесі, тілтанушы-түркітанушы, доцент. Туған жері қазіргі Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, № 4 ауыл. Алматы қаласында 1937 ж. шілденің 20 тұтқындалып, 1938 ж. ақпанның 27 Қазақ КСР Жоғарғы сотының Әскери колегиясымен ату жазасына кесілген. 1992 ж. қыркүйектің 18 Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы қылмыс құрамы жоқтығынан ақталған. Әшімов, Бәйкен Әшімұлы. Бәйкен Әшімұлы Әшімов — мемлекеттік, саяси, қоғам қайраткері. Б. Әшімов Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданында туған. Әкесі Әшімнің ұлы дүниеге келгеннен кейін алты айдан соң көз жұмыпты. Анасы Сақып ерінің соңында ұлын өсіреді. Петропавлға келіп ФЗО-ға түседі. Кейін техникум бітіріп, соңында сол кездегі қазақ жастары үшін таңсық кәсіп-агрономдық мамандықты игеруге аңсары ауып, қиырдағы Ленинград қаласына бағын сынауға келеді. Ленинградтағы зоология және фитопотология институтына түсіп, агроном-ғалым мамандығын алып шығады. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің, Жоғарғы Кеңес Президиумының бұрынғы төрағасы болған. Ұялы телефон. Ұялы телефон — радиожелі арқылы байланыс жасауға арналған құрал. Тарихы. 1875 жылдың 2 маусымында Бостон университетінің Шешендік өнер мектебінің профессоры Грехем Белл ең алғаш рет байланыстырушы сымдардың көмегімен өз көмекшісінің даусын естиді. Өнертапқыш шотландтықтың бұл жаңалығы тарих бетінде телефон деген атпен қалды. Бір қызығы, өнертапқыштың есімі ағылшын тілінен аударғанда, «қоңырау» деген мағына береді. Арада бір ғасырға жуық уақыт өткенде ең алғашқы ұялы телефондар пайда болды. Иллинойс технологиялық институтының түлегі Мартин Купердің өнертапқыштық бұл жаңалығын қазір әлем халқының жартысына жуығы күнделікті қолданып отыр Ұялы телефонмен жасалған алғашқы нағыз байланыстың тарихы 1973 жылдың 3 сәуірінен басталады. Ұялы байланыс компаниясының қызметкері Мартин Купердің зерттеулер бөлімінің басшысы Белл Лабзға Нью-Йорк көшелерінде серуендеп жүріп соққан қоңырауы ұялы телефонмен алғашқы байланыс орнату саналады. Купердің өзі таратқыштан сигнал жіберу хаттамасының негізгі құрастырушысы еді. Ал ол қолданған телефонның салмағы, яғни ең алғашқы ұялы телефон 1,15 килограмм тартатын. Сол уақыттары Нью-Йорк әлемдегі ұялы байланыстың базалық станциялары орнатылған әлемдегі жалғыз нүкте болды, төрт жылдан соң Чикагода 2000 абоненттік тәжірибелік ұялы желі құрылды. Ал 1979 жылы бұл өнертапқыштық жаңалыққа Күншығыс елі зор қызығушылық білдіріп, 88 базалық станциядан тұратын алғашқы ұялы байланыстың қызметін бастады. Қазір әлемде ұялы телефондардың қолданыс аясы өзінің байланыс орнату шегінен асып кетті. Телефондар өмірдің барлық саласында қолданылуда. Ұялы телефон қазіргі заманда адамның ажырамас көмекшісіне айналды. Түрлері. Пішініне қарай: моноблокты, жайылмалы, сырмалы, т.б. "Жай ұялы телефонда" қоңырау шалу/қабылдау, SMS, соңғы кездері фото/бейнекамера, саз, флеш-жад, Интернет, MMS, Bluetooth, IrDA деген сияқты функциялары бар. Бұл қатар уақыт өткен сайын көбейіп барады. "Смартфон" ( — білімді, ақылыды) құрылымы жағынан компьютерге ұқсас болып келеді. Оның ішіндегі функциялар бағдарлама ретінде жасалынған, ал олар смартфонның амалдық жүйесінде істейді. Мұнымен қатар өз бағдарламаларыңызды қосуға болады. Мысалы ойындар, ойнатқыш, шолғыш т.с.с. Сол себепті смартфон жай ұялы телефонға қарағанда күрделі, функциялары кеңейтілетін құрылғы. Бейнетелефонда ұялы телефонның бейнекамерасы мен бейнебет арқылы бірін бірі көріп сөйлесуге болады. Bluetooth. Bluetooth ( — "көк тіс") — радиомен тілдесу арқылы ақпарат алмасу технологияларының бірі. Ол 2,4 — 2,4835 GHz (ISM — Industrial, Science and Medical band, лицензиялау қажет емес диапазон) жиілік арасында 10 немесе 100 m (классына байланысты) арақашықтықта істейді. Атауы. Bluetooth технологиясы атауы Данияның Harald Blåtand ( — "көктісті") деген "конунгі" атағына берілген. Тарихы. 1994 ж. Ericsson швед компаниясы сымсыз байланыс арқылы ұялы телефондарды, компьютерлерді, т.б. шет құрылғыларды біріктіруді ойластырды. Соның нәтижесінде 1998 ж., алғашында Ericsson, Nokia, Intel, IBM, Toshiba компанияларын біріктірген "Bluetooth SIG" (Bluetooth Special Interest Group) тобы құрылды. Сөйтіп 1999 ж. Bluetooth 1.0 спецификациясы жарыққа шығады. Істеу принципі. Bluetooth-модульдер арасындағы байланыс секірмелі түрде өзгеретін "FHSS" (Frequency Hopping Spread Spectrum) жиілікте және екісатылы Гаусс фильтрімен (GFSK, Gaussian Frequency Shift Keying) модуляцияланады (Bluetooth 1.0/1.1). FHSS бойынша радиоканал 79 каналшаларға бөлінеді, хабарлағыш (ақпарат жіберуші) пен қабылдағыш синхронды түрде 1 тайм-слот сайын каналшадан каналшаға ауысып отырады (спецификация бойынша 1 тайм-слот = 625 µs, яғни секундына 1600 рет ауысады). Бұл ауысулар хабарлағыш пен қабылдағыш арасындағы алдын-ала келісіп алған алгоритммен жүреді. Сондықтан басқа Bluetooth құралдарға кедергі келтірмейді. Уақытты бөліп, дуплексті түрде ақпарат тасымалдау бойынша (Time Division Duplexing) бірінші құрылғы ақпаратты жұп тайм-слоттарда, екіншісі тақ тайм-слоттарда жібереді. Осылайша екі құрылғы "Asymmetric ACL" (Asyncronous Connectionless Link) каналында 723,2 kb/s тура бағыттағы және 57,6 kb/s кері бағыттағы жылдамдықпен, немесе "Symmetric AC"L каналында 433,9 kb/s жылдамдықпен екі жаққа істей алады. Дауыс тасымалдау кезінде байланыс 3 синхронды аудиоканалда (SCO — Syncronous Connection Oriented Link) 64 kb/s жылдамдықпен әр бағытта, немесе ақпарат пен дауысты бірге жібере алады. 2003 ж. "Bluetooth 1.2" спецификациясында FHSS адаптивті өзгеретін "AFH" дегенге (Adaptive Frequency Hopping) ауыстырылды, қате қабылданған пакеттерді (ақпараттар жұбын) қайта жіберу "ARQ" (Automatic Repeat Request) және "EVP" (Enhanced Voice Processing) — дауысты өңдеп, сапасын жақсартатын технологиялар енгізілді, ескі спецификациялармен сәйкестік сақталды. 2004 ж. соңында "Bluetooth 2.0" жарыққа шығады. Оның басты ерекшелігі — жоғары жылдамдық. Бұл фазалық модуляцияны (PSK — Phase-Shift Keying) қолдану арқасында жүзеге асады. PSK амалы 1 тайм-слотта көбірек ақпарат жіберуге мүмкіндік береді. Ең көп жылдамдықтар Symmetric ACL-да 1,3 Mb/s, Asymmetric ACL-да 2,1 Mb/s және 173 kb/s жылдамдығына жетеді. Екінші ерекшелігі істеу арақашықтығын сақтай отырып, мұндай жылдамдықта байланысу үшін жұмсалатын энергияның 2-есе азайтылғандығында. Тағы бір жаңалығы — Multi-cast әрекет тәртібі: бір уақытта бірнеше құрылғыларға ақпарат жіберу. Байланыс жылдамдығына қате пайда болу коэффиценті (BER — Bit Error Жуан мәтінRate) тікелей әсер етеді. Жаңа спецификацияда бұл коэффицент аз болғандықтан, радиоканал эффектілігі өсіп, қызмет көрсету сапасы (QoS — Quality of Service) жақсарды. Жанаптар. Жанап () — құрылғылар арасындағы байланысты жасайтын, ақпаратты кодтау/декодтауды қамтамасыз ететін бағдарламалық үдіріс. Олардың қызметі әр түрлі болады. Әр Bluetooth құрылғыларының өзіне сай жанаптары бар. Мысалы телефонда — аудиогарнитура қосу, компьютерлерде файлдар жіберу т.с.с. Түрік әліпбиі. Түрік әліппесі — 29 әріптен тұратын осы заманғы латын қарпіне негізделінген әліппе. Тарихы. Кеңес Одағындағы латындандыру науқаны өткізілген кезіне тән бұрын болған османлы түріктерінің араб жазуына негізделінген әліппе орнына 1928 ж. қарашаның 1 "№ 1353 Түрік әліппесін қабылдау және жүзеге асыру Заңы" бойынша енгізілген. Ğ (yumuşak ge). Негізінде әрпі этимологиялық дыбысын көрсету жөн, бірақ әдеби айтылуында алдындағы дауысты дыбысты ұзартады және келесі дауыстыны үндестіреді. Бұл әріп сөздің нағыз басында кездестірілмейді. Нүктелі İ мен нүктесіз ı. Нүктелі İ мен нүктесіз I әріптері дара боп табылады. Нүктесіз ı кіші әрпініне сәйкес бас әрпі I болады және де нүктелі i кіші әрпініне сәйкес бас әрпі İ болады. Сирконфлексті â, î және û. Сирконфлекс қойылған , және өте сирек кездесетін міндетті емес әріптері, «/nowiki>a>, және «/nowiki>u> әріптерінің нұсқалары деп табылады. Бұлар алдыңғы дауыссыз дыбысты палатализциялануын (жұмсартуын) көрсету үшін пайдаланылады (мысалы «kar» /kar/ мағынасы «қар», «kâr» /car/ мағынасы «пайда», «олжа»). Араб, парсы тілдерінен алынған кірме сөздерінде даустылардың ұзартылғанын көрсетеді. Q, W, X күйі. Түрік әліппесінде Q, W, X деген әріптері мүлдем жоқ, олардың орнына тиісінше K, V, KS әріптері пайдаланылады. Алаш партиясы. «Алаш» партиясы (1917—1920) — 1917 ж. Ақпан төңкерісінен соң Ресей конституциялы демократиялық партиясының қазақ мүше тобынан құрылған. Төрағасы — Әлихан Бөкейханов. Алаш партиясы мүшелері Алаш Орда үкіметінің құрамында барынша көпшілігі болған. Сурет:Alash-orda.jpg|thumb|left|250px|Руководители партии «Алаш» Тарихты халық жасағанымен, қоғамның тарихи даму заңдылықтарын реттеп отыратын заңдар мен құқықтық құжаттарды, саяси-құқықтық доктриналарды нақты тұлғалар жүзеге асыратыны белгілі, осы салада мемлекеттік тілдің де атқарар қызметі зор. Қазақ жері екі ғасырдан астам Ресей самодержавиесінің қол астында болған жылдарда қазақ халқының өз тағдырын өзі билеу құқығынан айырғаны, көк түрік дәуірінен бастау алған бірегей саяси тарихы бар халық түгелдей империялық заңдардың бұғауына түскені біздерге тарихтан белгілі. Қазақ қоғамының осы бір қасіретін халықтың озық ойлы, көзі ашық өкілдері аңғара бастады. Олар халықты саяси күрес додасына бастап шықты. Бұған себеп болған 1917 жылғы Ресейдегі қос төңкеріс еді. Патша үкіметінің тақтан құлауы саяси күресті одан әрі қыздыра түсті. Қазақ зиялылары саяси қызметтің қатерлі жолына жалтақтамай, жанқиярлықпен күрескен көрнекті тұлғалар шықты. Олар: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Ақбаев, Ә.Ермеков, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов және т.б. болатын. Олар патша самодержавиесінің қазақ халқының саяси-сезімінің қалыптасып, оның саяси күреске ұласуына барынша кедергі келтіріп отырғанын бірден түсінген еді. 1917 жылы Ақпан төңкерісінің жеңісі күллі қазақ деген ұлт зиялыларының басын бір жерге қосуға мүмкіндік әкелді. 1917 жылдың сәуір-мамыр айларында көптеген облыс-уезд орталықтарында аймақтық қазақ сиездері өткізіліп, қазақ комитеттері құрыла бастады. Олардың жекелеген өкілдері Уақытша үкіметтің жергілікті органдары болған облыстық және уездік атқару комитеттерінің құрамына енгізілді. 1917 жылы Қазақ сиездері Орынбор (Торғай облыстық), Орал (Орал облыстық), Семей (Семей облыстық), Омбы (Ақмола облыстық) т.б. қалаларында болды. Қазақ сиездерін өткізуге ұлт зиялылары белсене кірісті. Орал облыстық қазақтардың 1-ші сиезі 1917 жылы 19-22 сәуір аралығында Орал қаласында өтті. Сиезді уақытша қазақ комитетінің төрағасы Ғұбайдолла Әлібеков ашып, құттықтау сөз сөйледі. Осы сиезде бірінші кезекте Мемлекетті басқару туралы, Уақытша үкімет туралы және жүріп жатқан импералистік соғысқа көзқарас туралы мәселелер қаралды. - Орал қаласында уақытша орта оқу орнын ашу қажет, ерлер гимназиясының бағдарламасы негізінде қазақ балаларына арнайы оқу орнын ұйымдастырып, оны қазақтар қаражатына салынған бұрынғы кәсіптік мектептің үйіне орналастыру жөн деп табылсын; - қазақ тілінде газет, брошюралар шығару қажет деп табылсын; Сиезде бұдан басқа да мәселелер қаралды, басқа қаралған мәселелерді қосқанда саны 23-ке жеткен. Орал сиезінің қарарында облыс орталығында орта мектеп ашу және кәсіби мамандардың қатысуымен халық ағарту ісін реформалау мәселелерін талқылау үшін мұғалімдер құрылтайын шақыру қажеттілігі көрсетілді [4]. Осы сиезде Жаһанша Досмүхамедов: «Біздің мақсатымыз – ел билеуді халықтың өз қольша беру, қазақ халқы автономияға ие болып, алдағы уақытта тағдырын өз қолына алады. Қалың қазақты аяусыз қанаған патша орнынан түсті. Ендігі жерде қазақты елдің тұрмысын, тілін білетін, мінез-құлқын, әдет-ғұрпын білетіндер ғана басқарады. Осыған байланысты қалай болғанда да біз Ресейден автономия алуға тиістіміз», деп өз ойын білдіреді [5]. Жаһаншаның жалынды сөзінде мемлекеттің саяси құрылысы мен оның мемлекеттік тілі, оның қолдану аясы ашық түрде айқын айтылғанын біздер ұғынуымыз керек. Кешегі өткен 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының құрбандары болған жастар да Жаһаншаның ой-пікірін қайталағанын біз еске түсірмей кете алмаймыз. XX ғасырдың басындағы алаш ардақтылары халықты ұлтаралық бірлікке шақырды, олар ұлтшылдықты арқау еткен жоқ, керісінше ұлтын сүйген ұлтжанды азаматтар екенін танытты. Мемлекетті билеу түрі Ресейде демократиялық, федеративтік парламенттік республика болу керек деп көрсетілген Н.Мартыненконың «Алашорда» атты құжаттар жинағында [6]. Ал 1917 жылы 24 маусымдағы «Қазақ» газетінде автономиялықтың негізі туралы әртүрлі пікір-ұсыныстар айтылған. Қазақ мемлекетінің әлде Федеративтік Россияның бір автономиялық бөлігі болғаны жөн бе? Қазақтар өз бетімен тәуелсіз ел бола ала ма, әлде тәуелсіздікке басқа халықтармен одақтасқан жағдайда жете ме деген сұрақтар талқыланды [7]. Бірақ бұл сиезде нақты пікірге келе алмады. Ал жер мәселесі Құрылтай сиезіне қалдырылды. Күн тәртібінде айрықша мәнге ие болған дін, оқу-ағарту, әйел мәселелері және сот жүйесі болды. Бұрынғы ескі сот жүйесі («Народный сот») таратылып, олардың орнына «Қазақ тұрмысына лайық айрықша сот құрылуға» тиіс болды. Келесі мәселе оқу-ағарту саласы: «міндетті бастауыш оқу енгізу», «бастапқы екі жылда оқу баланың ана тілінде» жүргізілу керектігі айтылып, тіл мәселесін айрықша назарға алған және білім берудің тегін болуы талап етілген. Білім алудың орта, арнайы, жоғарғы сатылары да айтылған. 1917 жылдың 21 қараша күні «Қазақ» газетінде Алаш партиясы бағдарламасының жобасы және сиез материалдары жарияланды. «Алаш» партиясының өмірге келуі үлкен саяси мәселе еді. Сол кездегі қазақ интеллигенциясы ғылыми жұмыстармен де, оқу-ағарту ісімен де, алғашқы қазақ тілінде басылымдар шығару қарекетімен де, көркем творчествомен де айналысқанын көруге болады. «Алаш» партиясы программасының жобасындағы тоғызыншы тарауда «Ғылым-білім үйрету» жөнінде - оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық, ақысыз болуы; - жұртқа жалпы оқу жайлы; бастауыш мектептер ана тілінде оқылады; - қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашуға; - оқу жолы өз алдына автономия түрінде болуы; - ел ішінде кітапханалар ашылу туралы айтылады. - газет шығаруға, кітап бастыруға еркіншілік - деп көрсетілген [8]. 1917 жылғы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында Екінші жалпықазақ сиезі өтеді. Сиездегі қаралған аса маңызды мәселелер: қазақ-қырғыз автономиясы; милиция құру; ұлт кеңесі; оқу мәселесі т.б.. Бұл сиезде автономияны жариялау мерзімі туралы қызу тартыстар бірнеше күнге созылды. Осы сиезде Алаштың аяулы азаматы Міржақып Дулатов баяндама жасады: қазақ даласында медресе мен мектептердің аздығын, қазақ тілінде оқулықтардың жетіспейтінін, сондықтан міндетті түрде ұлттық мектептерді құру керектігін тілге тиек етті. Осы мәселе бойынша құрамы 5 адамнан тұратын бастауыш және орта мектептерге арналған қазақ тілінде оқулық жазатын комиссия құрылды. Комиссия орталық ұлттық кеңеспен бірге болу керек. Комиссияға оқулықтан басқа да жұмыстар жүктелді. Атап айтсақ: ұлттық мектептерге арналған бағдарламалар; мұғалімдерге арналған нұсқаулар; бала тәрбиесі жөніндегі кітаптар; барлық қырғыз-қазақ мектептерінде халықтық білім беру іс-шараларының Ережелерін жасау; қазақ тілінде жазу үлгілерін енгізу; қазақ тіліне пайдалы кітаптарды, брошюраларды аудару т.с.с. Комиссия 1918 жылдың басынан жұмысқа кірісу керек. Өздері құрастырған кітаптарын, бағдарламаларын баспаға жариялап отыру қажет. Комиссия құптамаған окулықтар басылымға шығарылмайды. Комиссия жұмысына қаражатты облыстық земстволар ұлттық қордан бөлуге тиіс делінген. Міне, өздеріңіз көріп отырғандай, жаңадан құрылып жатқан «Алашорда» үкіметі алғашқы сағатынан бастап ұрпақ тәрбиесіне, ұрпақ болашағына зор көңіл бөлген. Жас ұрпақтың туған тіліне деген сауаттылығын арттыру үшін, ана тіліндегі оқулықтарды жасауға кіріскен. Бала тәрбиесіне, оқуына осындай қиын заманда жаңаша бетбұрыс, бұл болашаққа деген сенім еді. Білімді жастар, еліне салауатты да сауатты қызмет етеріне деген үміт болатын-ды [9]. Орынбордан қайтып оралған бойында Жаһанша, Халел Досмұхамедовтер қазақтың батыс аймағын басқаратын үкімет құруға кірісті. «Ойыл уәлаяты» уақытша үкіметі – XX ғасырдың басында Жайық өңірінде орнаған мемлекеттік-автономиялық құрылым. Ол 1918 жылдың мамыр айының соңында Жымпитыда өткен ІҮ Орал облыстық қазақ сиезінің қарарымен құрылды. «Ойыл уэлаяты» уақытша үкіметінің атқарған істері: жерге жекеменшікті жойып, оны халықтың меншігі деп жариялады; халық сайлаған уәлаяттық, уездік соттар іске кірісті; ақша-финанс жүйесі жасалынды; халыққа өз саясатын жеткізу, түсіндіру үшін газет шығарылды (оның редакторы болып Ахмет Мәметов жұмыс атқарды. Ол М.Мәметованың әкесі, көрнекті Алашорда қайраткерлерінің бірі); жерді пайдалану, салық, дін, сот, білім, әскер істері жөнінде қаулы-қарарлар қабылдады. Осыған қоса, іс-қағаздарын ана тілінде жүргізу туралы мәселе айқын жолға қойылды. Білім беру ана тілінде болуы керек делінген. Басылымдардың қазақ тілінде болуына ерекше назар аударған [10]. 1918 жылы 1 сәуірде Халел және Жаһанша Досмұхамедовтер Мәскеуге барып, Орталық Кеңес өкіметінің басшысы В.И.Ленинмен және Ұлт істері жөніндегі халық комиссары И.В.Сталинмен кездеседі. «Алашорда» атты ұлттық автономиялық үкімет құрылғанын, «Алашорда» үкіметінің төрағасы Ә.Бөкейханов екенін мәлімдейді. Бірақ «Алашорда» мемлекетінің қойған талап-тілектерін Орталық Кеңес өкіметі толықтай мойындамайды. Дегенмен де РКФСР-дің ұлт істері жөніндегі комиссариатының құрамында қазақ бөлімі құрылады [11]. «Тіл адамның даңқын асырады. Адам ол арқылы бақыт табады» деп Жүсіп Баласағұнның «Құдатғу білік» еңбегінде жазғандай [12] тіл саясатын көтерген XX ғасырдың басындағы Алаш қайраткерлерінің қазақ қоғамындағы басты ағымдарының бірі – автономиялық басқару жүйесіндегі мемлекеттік құрылыс болса, екіншісі – Мемлекеттік тіл саясаты еді. Ана тіліне деген үлкен жауапкершілік еді. Алаштың арыстарының бірі – Ахмет Байтұрсынов «Дүниеде ешбір тіл өз-өзінен шықпайды. Тіл деген нәрсе қалың елдің күндегі тұрмыс қазанында қайнап, пісіп дүниеге келеді,» - десе [13], Күнбатыс Алашордасының идеологы саналған Ғ.Қараш: «Тіл болмаса, ұлт та болмайды, яғни ұлт бүтіндей өлген, жоғалған ұлт болады. Ең әуелі ана тілі қажет. Егер ана тілін білмесең, онда сен ол ұлттың баласы емессің. Ана тілін білмей тұрып, ұлт білімін ала алмайсың. Ұлт білімі болмаса, онда әдебиеттің болмайтындығы өзі-ақ белгілі. Әдебиеті жоқ ұлттың өнері де өршімейді», - деген [14]. Батыс Алашорда үкіметі жетекшілерінің бірі Х.Досмұхамедұлы тіл туралы: «Біздің тәжірибемізде қазақ тілі – бай тіл. Тек сөздерін ғылым жолына салып реттесе, ешбір жұрттың тілінен кем болмайды», - деген пікірді айтқан [15]. Қазақ АССР-і орнағаннан соң 1924 жылы Орынборда маусымның 12-сінде Қазақ (қырғыз) білімпаздарының тұңғыш сиезі шақырылды. Осы сиезде 12-13 жыл бойы қолданылып, орнығып қалған қазақ тілінің дыбыстық табиғатына лайықталып өзгертілген, ресми түрде қабылданған альфавиттің мәні жөнінде, дыбыс әдісімен оқыту ісі жөніндегі мәселелер талқыланды [16]. Ал 1927 жылы Қызылордада жазу (графика) мәселесіне арналған конференцияда А.Байтұрсынов сиезде айтқан пікірін қуаттай келе: «Түрік жұртының 90%-і баяғыдан бері араб әрпін пайдаланып келеді. Әрқайсысының араб әрпімен жазылған хат мәдениеті бар (хат мәдениеті –сауаттылық, оның жүзіндегі өнер-білім, ілім, емле, үйрету әдісі, баспа істері, баспа мамандары, жазба мамандары, жазылған, басылған барша сөздер т.т.). Хат мәдениеті бар халыққа бір әрпін тастап, екінші әріпті ала кою оңай нәрсе емес», – деп өз ойын білдірген. А.Байтұрсынов – қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына көп күш жұмсаған адам. Осы талапты жүзеге асыру үшін А.Байтұрсынов қазақша сауат ашатын тұңғыш әліппе құралын жазды. Ол «Оқу құралы» деген атпен тұңғыш рет 1912 жылы Орынборда шығарылса, 1925 жылы Орынборда 7 рет қайта басылады. Ал 1926 жылы «Әліппенің» жаңа түрін жазып ұсынады, бұл суреттермен берілген оқулық. 1926 жылы Қызылорда Ташкент баспалары бірігіп шығарған [18]. Қазақ тілін талдап-тануда А.Байтұрсыновтың еңбегін және бір тұрғыдан ерекше бағалау керек. А.Байтұрсынов тіл мен әдебиет қана емес, этнография, тарих мәселелерімен де шұғылданғанын айту керек. Ахмет Байтұрсынов XX ғасырдың 20 жылдарында Қазақстанның оқу-ағарту комиссары, Алаш қозғалысының мүшесі, ғылым, әдебиет, өнер салаларында шығармашылық жұмыспен шұғылданды. А.Байтұрсынұлы «Ғылыми және практикалық білімнің жиынтығын бойына сіңірген халық қана айбарлы да бай болады» деп санады [19]. Ғасыр басында Алаш ардақтылары Қазақ АССР-ның Қазақ-Қырғыз Білім Комиссиясында жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде, халқын мәдениетке сүйреуде жан аямастан қызмет етті. Білім Комиссиясы жұмысына Мағжан Жұмабайұлы, Мұхамеджан Тынышбайұлы, Сұлтанбек Қожанұлы, Жаһанша Досмұхамедұлы, Нәзір Төреқұлұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы, Иса Тоқтыбайұлы, Санжар Асфендиярұлы, Халел Досмұхамедұлы т.б. қатысты [20]. XX ғасыр басында Алаш қайраткерлері көтерген тіл мәселелесі бүгінгі XXI ғасырдың да ең өзек жарды мәселесі болып отыр. М.Әлімбаев: «Туған жерді сүю – парыз, сүю үшін білу парыз» - десе, ана тілімізді бәріміз де сүюге, қастерлеуге тиіспіз. Пайдаланылған әдебиеттер. 1. Н.Назарбаев Қазақстан халықтарына арнаған жолдауы. Алматы, 2005. 2. М.Шахановтың өлеңдері // Қазақ тарихы. 2005. №5 3. Құл-Мұхамед. Алаш қайраткерлері саяси-құқықтық көзқарастарының эволюциясы. Алматы: Атамұра, 1998. 4. Д.Сүлейменова. Алашорданың Батыс бөлімінің тарихы. Тарих ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесін алуға арналған диссертация. Алматы, 2004. 6. Н.Мартыненко. Алашорда сборник документов. Алматы, 1992. 7. Н.Мартыненко. Алашорда сборник документов. Алматы, 1992. 9. Д.Сүлейменова. Алашорданың Батыс бөлімінің тарихы. Тарих ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесін алуға арналған диссертация. Алматы, 2004. 10. Д.Сүлейменова. Алашорданың Батыс бөлімінің тарихы. Тарих ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесін алуға арналған диссертация. Алматы, 2004. 11. Н.Нұрпейіс. Алаш һәм Алашорда. Алматы, 1995. 12. Қазақстан тарихы // әдістемелік журнал, 2006, №3 13. Р.Сыздықова. Ахмет Байтұрсынов. Алматы, 1990. 14. Қазақ тарихы // журналы, 1997, №5. 15. К.Нұрпейіс, М.Құлкенов, А.Мектепов, Б.Хабижанов. Халел Досмұхамедұлы және оның өмірі мен шығармашылығы. Алматы: Санат, 1996. 16. Р.Сыздықова. Ахмет Байтұрсынов. Алматы, 1990. 17. Р.Сыздықова. Ахмет Байтұрсынов. Алматы, 1990. 18. Р.Сыздықова. Ахмет Байтұрсынов. Алматы, 1990. 19. Қазақстан Республикасының ҰҚК - нің мұраты. №06610-іс 20. К.Нұрпейіс, М.Құлкенов, А.Мектепов, Б.Хабижанов. Халел Досмұхамедұлы және оның өмірі мен шығармашылығы. Алматы: Санат, 1996. Қырымлы әліпбиі. Қырымлы әліппесі — 31 әріптен тұратын осы заманғы латын қарпіне негізделінген әліппе. Тарихы. 14 ғ. Қырымда қыпшақ тілінде (қазіргі қырымлы тілінің арғы тегі боп табылады) құрастырылған Codex Cumanicus латын әліппесі негізінде жазылған. Сонымен қатар грек жазуы, жебірей жазуы пайдаланылғаны аян. 1928 ж. дейін араб жазуына негізделінген әліппе пайдаланылды. Кеңес Одағындағы латындандыру науқаны өткізілген кезінде 1928—1939 жж. Жәңаліптің жергілікті нұсқасы пайдаланылды. 1938 ж. бастап орыс әліппесі пайдаланылды. 1990 жж. бастап түрік әліппесіне негізделінген қазіргі латын әліппесі пайдаланылады. Бұл әліппе 1997 ж. Қырым Республикасының Жоғарғы Кеңесі үкімімен бекітілген. Интернетте тек латын әліппесі пайдаланылады, ал баспасөзде әлі де кирил әліппесі кездестіріледі. Әріп кестесі. Латын мен кирил әріптерімен жазу емлесінде бірі-біріне үйлесуі жоқ. â әрпі. Сирконфлекс қойылған міндетті емес әріп, «/nowiki>a> әрпінің нұсқасы деп табылады. Cөздің нағыз басында кездеспейді. Бұлар алдыңғы дауыссыз дыбысты палатализциялануын (жұмсартуын) көрсету үшін пайдаланылады: lâ — ля, kâ — кя. W және X әрптері. W және X әрптері қырымлы әліппесінде пайдаланылмайды. Татар әліпбиі. Татар әліппесі — 35 әріптен тұратын осы заманғы латын қарпіне негізделінген әліппе. Яңа имля. Татар АКСР Халкомсов 1920 ж. желтоқсанның 19 декретімен Ахмет Байтұрсынов ұстындарымен кейбір әріптер аласталған, қосымша әріптер үстелген. 1925 ж. қарашада Татар АКСР Халық ағарту хавлық комиссариатының Академиялық орталығы үкімімен жаңа емле барлыық ұйымдарда міндетті болды. Кирил әліппесі. 1989 ж. гъ, къ әріптерінің орнына тиісінше Ғғ, Ққ әріптері, сонымен қатар төл татар сөздеріндегі қазақша У сияқты айтылатын Вв әрпі орнына Ўў әрпі енгізілу үкімі қабылданған. Дегенмен шешім жүзеге асырмалды. 1997 ж. дейін орыс әліппесіне қарағанда қосымша әріптері реттің аяғында орналасты. Яңалиф-2. Жаңа татар әліппесінің шартты атауы «Яңалиф-2». Бұл әліппе 1999 ж. қыркүйектің 15 № 2352 «Латын қаріпі негізіндегі татар әліппесін қалпына қайта келтіру» Татарстан Республикасы Заңымен пайдалануға берілген. Бірақ 2002 ж. қаңтардың 15 Ресей Федерациясы Мемлекеттік думасы «РФ халықтары тілдері» Заңына өзгерту енгізілген. Бұл шешіммен РФ халықтарының мемлекеттік тілдері тек кирил жазуына негізделінуі бұйырылған. Ресей Федерациясы Конституциялық Соты 2004 ж. қарашаның 16 № 16-П қауылысымен Татарстан заңы істен тоқтатылған. Заманалиф. Мақаланың басындағы көрсетілген әліппе «Заманалиф» атауын алған. Бұл нұсқа шығу себебі: кең тараған қаріптерде өзіндік татарша Ə, Ɵ әріптері өте сирек кездеседі, ал Ŋ әріпі тіпті Юникодта жоқ. Í әрпі. Тағы да кирилше ый деп жазылған әріптің орнына Í әрпі пайдаланылады. Á, Â, É, Ó және Ú. Бұл әріптері тек шет тілдерден сөздерде, соның ішінде есімдерде, пайдаланылады. Апостроф. Апостроф (ʼ) араб тілінен енген кірме сөздерінде «һамза», немесе «глоттал стоп» дыбысын көрсетеді, мысалы: Qör'än, tä'sir, tä'min… Құтадғу білік. «Құтадғу білік» ("Құтты білік") — Жүсіп Баласағын (Баласағұн) шығарған дидактикалық поэма. Бұл көнетүркі тілінде жазылған, түркі тектес халықтардың ортақ қазынасы. Көптеген зерттеушілер бұл поэманы саясат, мемлекет басқару, әскери іс жөніндегі философиялық трактат деп жүр. Шындығында да, бұл жалаң әдеби дүние емес. Бұл бүтін бір тарихи кезеңнің мінез құлқын бойына сіңірген, қоғамдық саяси, әлеуметтік бітімі қанық, моральдық этикалық, рухани қазынамыздың негізі, арқау боларлық дүние. Ондағы бүгінгі тілімізге, ой толғамымызға төркіндес, етене жақын орамдарды көргенде, қазақ әдебиетінің солармен тікелей сабақтаса жалғасқан дидактикалық поэзия мен шешендік сөздердің, билердің орағытып, ой тастайтын кең тынысты толғамдарының дәстүрлі бірлігі «мен мұндалап» тұрады. Жүсіп Баласағын «Құтты білікті» 1069—1070 жж. Баласағын қаласында бастап, он сегіз айдың ішінде Қашқар қаласында аяқтаған. Қоғамдық әлеуметтік мәні терең, халықтың моральдық этикалық бағдарламасы іспеттес бұл еңбегін Қарахан мемлекетінің сол кездегі билеушісі Табғаш Арслан хан Боғратегінге тарту еткен. Иманов, Аманкелді Үдірбайұлы. 1873 жылы 3 сәуірде Қостанай облысы Қайдауыл болысының №3 ауыланда дүниеге келген. Әкесі Үдірбай Бегімбет рулық тайпасына жатады. Анасының есімі-Қалампыр. Әкесі Үдірбай 1879 ж қайтыс болған. 1881 ж. Қалампыр балаларын молдаға, медресеге оқуға береді (4 жыл оқиды). 1886 ж. құрғақшылық болып, 1887 ж 15 жасар Аманкелді байларға жалшылықта болады. 1895 ж тұтқындалып, Токарев, Денисовтың көмегімен түрмеден босатылады. А Иманов 1905-1907 жж. революцияға қатынасады. 1916 ж. 16 маусымда бұратана халықтардан майданның қара жұмысына адам алу туралы патша жарлығы шықты. Көтерілістің басты себептері осы болса, 2-ші себебі әлуметтік теңсіздік болатын. Осылайша қорлық өмір адамдарды әбден ашындырған. 1916 ж. тамыз-қыркүйек айларының аралығында А.Иманов басқарған партизан отрядтары жазалаушы отрядтарға қарсы бірнеше сәтті ұрыстар жүргізді. 1916 ж 21 қазанда 4 мыңға жуық көтерілісшілер Татыр көлінің маңында казак жүздігімен және Торғай уезінің бастығының полиция отрядымен ұрыс жүргізді. Бұл көтерілісшілер мен жазалаушылар арасында ең Ірі шайқастың бірі болатын. Көтерілісшілердің арасында қалыптасқан үздіксіз байланыс болатын. Көтерілісшілерді қару-жарақпен қамтамасыз ету үшін бірнеше ауылдарда, ұстаханалар құрылды. Ұстаханаларда қару-жарақтар, оқ-дәрілер дайындалып, қылыш, найза, айбалталар соғылды. 1916 ж. 25 қазанда А Иманов басқарған 15 мыңға жуық көтерілісшілер Торғай қаласын қоршауға алды. Казан әскери округтерінің әскери қолбасшысы соғыс мини стріне; Торғай және Ырғыз уезіндегі жағдай күрт төмендеді. Торғаймен байланыс үзілді. Торғай тегіс қоршалды. Ырғыз қоршалу қаупінде деп. телеграмма жолдады. Қарашаның алғашқы жартысында Торғай уезіндегі көтеріліс бүкіл халықтық сипат алды. 6 қараша күні көтерілісшілер шабуылды бастап, қаланың жартысын басып алды. Бірақ та зеңбірекпен атқылаған соң, шегінуге мәжбүр болды. Қарашаның аяғына қарай көтерілістің негізгі табы Торғайдан шегініп, Батпаққарада шоғырлануға мәжбүр болды. Патша әскери бас штабының бұйрығы бойынша, Казан әскери аймақтық майдан шегінен алынған. Бірнеше әскери бөлімдерден генерал Лаврентьевтің экспедициялық корпусын жасақтап, көтеріліс ауданына жіберілді. Ұлт -азаттық көтеріліске қатысқан үшін 3 мың адам жауапқа тартылып, оның 201 өлім жазасына, 162 каторгаға айдалды, Соған қарамастан айбалтамен, құсмылтық пен және басқа қарулармен қаруланған көтерілісшілер жазалаушылардың негізгі күшін қыспаққа алып, Торғайды айналасына 100 шақырым радиуспен қоршап алды. Қостанайдан Батпаққара бағытына шыққан алғашқы жазалаушы отрядтардың жолын А Иманов басқарған Науырзым болысының 2 мың көтерілісшісі болды. 22-23 ақпанда Доғал-Үрпек жазығында көтерілісші-ң жазалаушыларға қарсы соңғы рет ұрыс салды. 27 ақпанда жазалаушы отряд Торғай қаласына қарай шегініп, Доғал-Үрпек Батпаққара мекенін көтерілісшілер қолына тастап шықты. 1917 ж 8 наурызынан бастап Уақытша Үкіметтің А Имановпен оның сарбаздары жөніндегі істі тоқтату қаулысына қарамастан жергілікті үкімет өкілдері Аманкелдіні тұтқындауды талап етті. 1917 ж шілдесінде алашордашылардың ұйымдастыруымен уақытша үкіметтің рұқсатымен болған билер соты А Имановты 10 жылға Сібірге айдауға кесті. Жанкелдин, Әліби Тоқжанұлы. Әліби Тоқжанұлы Жанкелдин — Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату және нығайту жолындағы күрестің көрнекті басшысы, республиканың мемлекет қайраткері. 1884 жылы Торғай облысы қазіргі Жанкелдин ауданында дүниеге келген. 1903 жылы Қостанай орыс-қазақ училищесін бітірген. 1905 жылы революцияға қатысқаны үшін Қазан мұғалімдер семинариясынан және Мәскеу діни академиясынан оқудан қуылды. 1910 — 1912 жылы «Николай Степнов» деген атпен Еуропа, Таяу Шығыс, Африка, Азия елдеріне жаяу саяхат жасады. 1911 жылы Женевада В.И. Ленинмен кездесті. 1913 жылы Қазақстанға оралып, революциялық жұмыс жүргізді. Өкіметтің қуғындауынан Қырымға кетті, кейін Петроградқа ауысты. 1916 жылы Торғайға келіп, А. Имановпен бірге ұлт-азаттық көтерілісті басқарды. 1917 жылы Уақытша үкіметке қарсы күрес ұйымдастырды, бұқара халық арасында большевиктер идеясын насихаттады. 1917 жылы қарашада РСФСР Халық комиссарлары Кеңесі Жанкелдинді Торғай облысының төтенше соғыс комиссары етіп тағайындады. 1-ші Торғай облысы Кеңестердің съезінің төрағасы. 1918 жылы мамырда Дала өлкесінің төтенше комиссары болды. Ол халық арасында шебер ұйымдастырушы, жалынды насихатшы,әскери басшы және саяси қайраткер ретінде танылды. 1918 жылы В.И. Лениннің тапсырмасымен Астархан арқылы Ақтөбе майданына қаржы, қару-жарақ жеткізген отрядты басқарды. Қызыл Әскердің бөлімдерін ұйымдастыруға, Кеңес өкіметін нығайтуға іскерлік пен басшылық етті. 1919 жылы шілде — 1920 жылы қазан — Қырғыз-Қазақ өлкесін басқару жөніндегі соғыс революциялық комитет төрағасының орынбасары. 1920 жылы қазан айынан ҚАССР ОАК Төралқа төрағасының орынбасары және ҚАССР Қамсыздандыру хал-комы. 1938 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшесі, 1951 жылы оның төрағасының орынбасары болды. 1920 жылы РК(б)П Қырғыз (Қазақ) облыстық комитетінің және ҚАССРО мүшесі, 1938 жылы Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты. РК(б)П 13-съезінің делегаты (1924)/. Ленин орденімен, Қызыл Ту орденімен марапатталған. Торғай облысының бір ауданы, бірнеше ұжымшар (біреуі Ақтөбе облысында) Жанкелдин есімімен аталған. Ақтөбе қаласында оған ескерткіш орнатылған, бір көшенің аты берілген. Ескерткіштің авторлары скульптор Исаев А.А. және архитектор Белоцерковский Н.И. Байғанин, Нұрпейіс. Нұрпейіс Байғанин — халық ақыны, жырау. Қазіргі Ақтөбе облысы Байғанин ауданында 1860 ж. дүниеге келген. Ол ақындық өнерді ең алғаш анасынан үйренген. 16—17 жасынан-ақ «бала жыршы» атанады. Кейіннен Абыл, Шернияз, Нұрым, Қашаған, Ақтан, Қазақбай, Сабыр тәрізді белгілі ақындардан үлгі алып, бірқатарымен айтысқа түседі, батырлық жырларды үйренеді. Н. Байғанин негізінен батырлықты, адамгершілік пен адалдықты, әділдік пен ізгілікті дәріптейтін, халық сүйіп тыңдайтын «Құбығұл», «Төрехан», «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Алпамыс», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан» сияқты жыр, дастандарды жырлаған. Дайын сюжеттерді пайдалана отырып, халықтық, әлеуметтік мәселелерге арналған «Ақкенже», «Нарқыз» сияқты өз туындыларын шығарды. Н. Байғанин шығармашылығы жағынан толысып, халық құрметіне бөленген шағында отансүйгіштік, халық тағдыры, тағы басқа тақырыптарды кеңінен жырлады. Көп жасаған, көп көрген, көп үйреніп, көп жырлаған, қазақ халқының мол сөз қазынасын меңгере, пайдалана білген ақынның шығармалары терең мағыналы, өткір тілді, шешендік сөздерге, мақал-мәтелге, афоризмге толы. 1938 ж. бастап Н. Байғанинге әдеби хатшы белгіленіп, ақын шығармаларын М. Хакімжанова, Қ. Шаңғытбаев, Е. Ахметов, тағы басқа ақындар ұқыпты түрде дер кезінде қағазға түсіріп отырды. Н. Байғаниннің өмірі мен шығармашылығы Е. Ысмайыловтың, О. Нұрмағамбетованың, К. Сейдехановтың зерттеулерінде қарастырылған. Ақтөбе облысында Н. Байғанин ауданы бар. Ақтөбе және басқа қалалардағы көшелер мен мектептерге ақын аты берілген. 1940 ж. Н. Байғанин «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. 1999 ж. Нұрпейіс Байғанинге арналған ескерткіш Ақтөбе қаласының Әбілқайыр даңғылында арнайы тұғырға қондырылды. Өлшемі шаршы үлгіде (2,5 х 2,5 m), қара-көк мәрмәр таспен қапталған. Төменгі тұғыр ұзындығы — 12,2 m, ені — 6 m, биіктігі — 100 cm, тұғырды есептегенде — 136 cm. Тұғыр үстіндегі мүсін биіктігі — 2,3 m, асбест цемент араласқан материалдардан әзірленген, мыс темірмен қапталған. Жалпы биіктігі — 3,66 м. Ескерткішті орнату жобасын облыстың бас сәулетшісі, Қазақстан Сәулетшілер одағының мүшесі Б.С. Егінбаевтың басшылығымен «Ақтөбеазаматтықжобалау» институты жасады. Ескерткіштің авторы Грузияның белгілі суретші-монументалисі Гамлет Элиабарашвили. Буш, Джордж. Джордж Уокер Буш () — 43-ші АҚШ президенті. 1946 жылы 6 шілдеде дүниеге келген. 1995-2000 жж. Техас штатының 46-шы губернаторы ретінде жұмыс атқарды. Бұрынғы Американ президенті Джордж Герберт Уокер Буш пен Барбара Буштың үлкен ұлы. Жұбанов, Құдайберген Қуанұлы. Құдайберген Қуанұлы Жұбанов (1899—1938) — қазақ тілі білімінің негізін қалаушылардың бірі, түріктанушы, педагог-ағартушы, профессор. 1899 ж. желтоқсанның 19 Темір ауданының Ақжар ауылында туған. Електегі (Орынбор облысы) екі кластық орыс училищесін (1918), Орынбордағы «Хұсайния» медресесін (1920)/, Ленинградтағы (қазіргі Санкт-Петербор) Шығыстану институтының толық курсын бітірген (1928). 1930-1932 жылдары КСРО ҒА Тіл білімі институтында аспирант. 1921—1924 жылдары Темір қаласындағы уездік оқу бөлімінде, 1925—1929 жылдары Ақтөбе губерниялық оқу бөлімінде нұсқаушы-әдіскер және педтехникумда оқытушы. 1932—1937 жылдары Қаз КСР Оқу халық комиссариатының ғылыми және оқу-әдістеме кеңесінің төрағасы. ҚазПИ-дің қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, КСРО ҒА-ның Қазақстан бөлімшесінің сектор меңгерушісі, мемтерминкомының төрағасы. Жұбановтың тіл білімі бойынша жазған еңбектері қазақ әліпбиі мен орфографиясы мәселелеріне арналған. «Көмекші етістіктер мен күрделі етістіктер», «Қазақ тіліндегі біріккен сөздердің жасалуы», «Қазақ тілінің ғылыми грамматикасының материалдары», «Фонетика», «Қазақтілінің ғылыми курсы жөнінен лекциялар», «Қазақ тілі фонетикасының тарихын зерттеуге кіріспе», «Қазақ сөйлеміндегі сөздердің орын тәртібі», «Жаңа грамматиканың жаңалықтары жайынан», «Буын жігін қалай ажыратуға болады», т.б. еңбектері — қазақ тіл білімі теориясын жасау және оны дамытуға қосылған үлкен үлес. Латын әліпбиіне негізделген қазақ орфографиясын жасауға қатысты. «Термин сөздердің өзіндік ерекшеліктері», «Қазақ әдеби тіл терминологиясының мәселелері» атты еңбектер жазды. Республика халық ағарту комиссариатының коллегия мүшесі, КСРО ҒА Қазақстан бөлімшесі президиумының, бірнеше ғылыми кеңестер мен қоғамдардың мүшесі болған. Халық ағарту ісіндегі еңбегі үшін «Қазақстанның 15 жылдығы» белгісімен марапатталған. 1938 жылы «халық жауы» деген жаламен атылып, 1957 жылы. КСРО Жоғарғы соты Соғыс коллегиясының үкімімен ақталды. Бүгінгі таңда Қ. Жұбановтың еңбектерін ғалымдар, жоғары оқу орындары мен орта білім беру мектебінің оқытушылары кеңінен қолдануда. Құдайберген Жұбанов есімі Ақтөбе мемлекеттік университетіне, қалалар мен ауылдарға беріліп отыр. Университет алдында ғалымға арналған бюст орнатылды. Кереев, Жансен. Жансен Кереев — көрнекті әскери қайраткер, генерал- лейтенант. 1930 ж. қаңтардың 1 Ырғыз селосында өмірге келді. Амур облысының Благовещенск жалпы әскери училищесін, Мәскеудегі М.В. Фрунзе атындағы әскери академияны алтын медальмен, К.Е. Воршилов атындағы КСРО Қарулы Күштері Бас штабының әскери академиясы (1973), Бас штаб әскери академиясы жанындағы жоғары академиялық курсты (1978) бітірген. 1950 жылы әскер қатарына шақырылып, Сахалин облысы Курил аралдарында қызмет етті. 1953—56 жж. Забайкалье әскери округінде взвод командирі, 1956 жылы Кеңес әскерлерінің Алманиядағы тобына жіберіліп, онда 1962 жылға дейін әуелі атқыштар взводының, кейін рота командирі болды. 1965—70 жж. Ленинград әскери округінде полк штабының аға офицері, полк командирі, дивизия командирінің орынбасары. 1973—75 жж. генерал-майор атағымен Кеңес әскерлерінің Алманиядағы тобында дивизия командирі, Магдебургтегі әскери құрама штабының бастығы болып қызмет жасады. 1979—82 жж. Приволжье әскери округінің штаб бастығы, КСРО Қорғаныс министрлігі аппаратының жауапты қызметкері. Ол үш ірі әскери жаттығуларға — Ленинград әскери округіндегі «Двина», «Днепр», Шығыс Алманияда өткен «Қалқан» жаттығуларына қатысушы. 1982 ж. Виетнам халық әскерінің аға кеңесшісі болып тағайындалған. 1983 ж. елге қайтып келе жатқанында науқастанып, Мәскеудегі Бурденко атындағы әскери госпитальда қайтыс болған. Жансен Кереев ескерткіші — 2000 ж. генералдың өз атындағы көшеге орнатылды. Мыстан жасалғаң тұғыр биіктігі — 3,6 м. Материалы — Қордайдың қызыл гранитінен. Төменгі тұғыр биіктігі. — 0,3 м, мүсін биіктігі — 1,2 м. Авторы Бақытжан Әбішев, сәулетшілері Б. Егінбаев, Н. Қожағүлов. Мөңке би. Тілеуұлы Мөңке би — белгілі би, Әбілқайыр хан кеңесшілерінің бірі, жырау. Шамамен 1675 жылы дүниеге келген. Ата тегі шежіре бойынша өз әкесі Тілеу әрі қарай Айт, Бөлек, Қалу, Сирақ, Мұса хан, Уақас би, Нұраддин болып жалғаса береді. Әбілқайыр хан дүние салған соң Нұралы ханның билігін тану туралы Елизавета Петровнаға жазылған хатқа Орта жүздің беделді адамдары Жәнібек тархан мен керей Наурыз би бастаған топпен, сондай-ақ Кіші жүздің 30 би, батырларымен бірге қол қойған. Мөңке би өз заманында «ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен сұңғыла би», келер күнді айнытпай болжайтын сәуегей және дала даналығының көрінісі іспетті ой-тұжырымын тағылымды поэтикалық жырға айналдырған жырау ретінде танылды. Мөңке бидің философиялық толғаулары, риторикалық сұрақ-жауап, болжау, билік, кесім, шешім түріндегі мұралары өзіндік ерекшелігімен көзге түседі. Көшпелі тірліктің тіні бұзылмаған қоғамда заман аңысын аңдап, оның келешек кескін-кейпін дәл болжай білу Мөңке би шығармашылығының басты белгісі. Мөңке бидің Сырым батырға қойған астыртын сұрақтары мен оған Сырымның қайтарған жауаптары, сондай-ақ оның шеркеш Түрке би, тана Нүрке билермен кеңесе отырып айтты дейтін «Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек» дейтін толғаулары белгілі. Оның көркем бейнесі Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романы мен «Ел қорғаны» пьесасында, Ә. Кекілбаевтың «Үркер» романында көрініс тапты. Мөңке бидің өмірі мен шығармашылық мұрасы туралы әр жылдары А. Жұбанов, Т. Кәкішев, С. Негимов, Б. Адамбаев, Қ. Сыдиықұлы, М. Тілеужанов,С. Байменше, Б. Омаров, Ж. Асанов, К. Төлеубайұлы, тағы басқалар ғалымдар ғылыми-зерттеу еңбектерін жазды. «Шекті Мөңке би жеті жасында билік айтып, кісі құны дауды бітірген екен». (А.Байтұрсынов). Мөңке би, тарихымызда есімі құрметпен аталатын, үлкен философ, терең ойшыл, ұлы ақын. Қара қылды қақ жарған, мың жылдығын болжаған дала кемеңгері Мөңке бидің ұрпақтары Ақтөбе облысы көптеген аудандарында тұрады. Республикаға танымал мүсінші Құрақбай Егізбаевтың граниттен ойып жасаған Мөңке бидің мүсіні Ақтөбе қаласының 101 атқыштар дивизиясы атындағы көшеде орнатылды. Мүсін ақшыл түсті мәрмәр тастан жасалынған. Тұғырдың биіктігі — 2,7 м, ескерткіштің биіктігі − 1,5 м. Суретші С.Әлімбетов. Оспанов, Марат Тұрдыбекұлы. Марат Тұрдыбекұлы Оспанов — мемлекеттік, саяси қайраткер, ҚР парламенті мәжілісінің тұңғыш төрағасы, экономика ғылымдарының докторы. Еуразия халықаралық экономикалық Академиясының академигі. 1949 жылы 17 қыркүйекте Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 1971 жылы Г. В. Плеханов атындағы Мәскеу халық шаруашылығы институтын бітірген. Еңбек жолын ҚР Жоспарлау комитетінің есептеу орталығының ғылыми-зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкер боп бастады. 1973-1976 жылдары Ақтөбе медицина институтының партия тарихы және саяси экономия кафедрасының оқытушысы, 1979-1989 жылдары Ақтөбе мемлекеттік медицина институтында аға оқытушы, доцент, партия тарихы және саяси экономия кафедрасының меңгерушісі. 1990 жылы XII шақырылған ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, «Демократиялық Қазақстан» депутаттық тобының негізін қалаушы, әрі оның тең төрағаларының бірі боп сайланды. 1991 жылы ҚР Жоғарғы Кеңесінің экономикалық реформа, бюджет және қаржы мәселелері жөніндегі төрағасының орынбасары. 1992-1994 жылдары ҚР Бас мемлекеттік салық инспекциясы бастығының орынбасары — министр, Бас мемлекеттік салық инспекциясының бастығы — ҚР Қаржы министрінің орынбасары, ҚР Жоғарғы Кеңесі төрағасының орынбасары (1994-1995), Министр кабинеті жанындағы шетел капиталын пайдалану жөніндегі Комитет тәрағасы (1995). 1995-1999 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы, 1999 жылы -"Отан" партиясы терағасының орынбасары. Экономика ғылым саласында 6 кітабы бар, көптеген ғылыми мақалалардың авторы. 2-дәрежелі «Барыс» орденімен, «Астана» медалімен марапатталған. Ақтөбе қаласындағы көшенің біріне, Батыс Қазақстан медицина академиясына М.Оспанов есімі берілген. Ақтөбе қаласында Марат Оспанов тұрған үйге ескерткіш тақта ілініп, есіміндегі медицина академиясына қола бюсті 2001 жылы шілде айында қойылды. Пацаев, Виктор Иванович. Виктор Иванович Пацаев — КСРО-ның ұшқыш-ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры. 1933 жылы 19 маусымда Ақтөбе қаласында туған. Пенза индустрия (қазіргі политехникалық) институтын бітіргеннен кейін (1955), КСРО Гидрометеорология қызметінің Орталық аэрология обсерваториясында және конструкторлық бюрода қызмет етті. 1971 жылы 6 маусымда «Союз-11» ғарыш кораблімен сынаушы ретінде Г.Т. Добровольский және В.Н. Волковтармен бірге ғарышқа ұшты. Сол жылғы 7 маусымда «Союз-11» ғарыш кораблі «Салют» ғылыми станциясымен түйісу операциясын ойдағыдай жүзеге асырып, ғарышта 23 тәулікке жуық барлығы 25 тәулік болды. Ұшу бағдарламасы толық аяқталып, Жерге қону кезінде түсу аппаратының герметикалылығы бұзылуы салдарынан экипаждың басқа мүшелерімен бірге қаза тапты. Пацаев атында Ақтөбеде көше, алаң, мектеп, шаруашылық ұжымдары бар. 1972 жылдың 19 маусымында ұшқыш-косманавтқа арналған ескерткіш-бюсттің салтанатты ірге тасы қойылды. Ескерткіштің авторлары — скульптор Ю.А.Тур мен архитектор А.А.Заварзин үлкен ауқымды жұмыс атқарды.Бюсттің биіктігі 2 метр.Ескерткіш 1976 жылы ашылды. Пушкин, Александр Сергеевич. Александр Сергеевич Пушкин (6 маусымның 1799, Мәскеу, Ресей — 10 ақпанның 1837, Сән-Питербор, Ресей) — Ресей ақыны, классикалық орыс әдебиетінің негізін салушы. Ол 1799 жылы 6 маусымда Мәскеуде дүниеге келген. А. С. Пушкиннің шығармашылығы бір жарым ғасырға созылған орыстың ұлттық әдебиетінің қалыптасу кезеңін аяқтады. Ол дворян отбасында туылып, балалық шағын Мәскеуде өткізген. 12 жасынан лицейде оқып, ақындық шеберлігін шыңдай түсті. Лицейді аяқтаған соң Петербургке қоныс аударып, әдеби-қоғамдық өмірге белсене араласты. Осы жылдары «Свобода», «Чаадаеву», «Деревня» секілді өлеңдерін, «Руслан и Людмила» атты тұңғыш поэмасын жазды. Кишинев, Одессадан кейін патшалық Ресей Пушкинді әдеби-мәдени ортадан алыс жатқан Михайловское селосына жер аударды. Бұл тұста қаламгер өлеңмен жазылған «Евгений Онегин» романы мен «Граф Нулин», тағы басқа көптеген өлеңдер мен сын мақалаларын (1824), «Борис Годунов» (1825) тарихи трагедиясын жазды. Орыс халқының тұрмыс-тіршілігіне, халықтық сөз қорына дендей енген А. С. Пушкин шығармалары енді көркемдік-реалистік арнаға бет бұрды. Халықтың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, адамдардың әр алуан мінез-құлқын терең бейнелеген «Евгений Онегин» романы «орыс өмірінің энциклопедиясы» (В. Белинский) атанды. А. С. Пушкин шығармаларының бір қыры — тарихи таным, «Борис Годунов», «Полтава», «Медный всадник» және тағы басқа да туындысы арқылы ол әрі ақын, әрі тарихшы ретінде танылды. А. С. Пушкин Орынбор, Орал қалаларында болған кезінде (1833) қазақтың лиро-эпостық жыры «Қозы-Көрпеш — Баян сұлуды» жаздырып алып, осы тақырыпта шығарма жазуды жоспарлады. Құран сүрелерін өлеңмен жырлады. Қазақ даласында А. С. Пушкин мұрасына алғаш айрықша көңіл аударып, қазақ халқына танытқандар қатарында Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, тағы басқалар болды. Абай «Евгений Онегин» шығармасының үзінділерін қазақ тіліне аударды (1889), «Татьянаның хаты» Абай әнімен қазақ өңіріне кең тарады. «Капитан қызы» 1903 жылы қазақ тілінде басылып шықты. І. Жансүгіров, Қ. Аманжолов, Т. Жароков, Ә. Тәжібаев, Қ. Тоғызақов, Х. Бекхожин, С. Мәуленов, Қ. Шаңғытбаев, тағы басқа қаламгерлер А. С. Пушкин шығармаларын қазақ тіліне аударды. Қазақстанның көптеген қалаларында Ұлы ақынға арналып ескерткіштер орнатылып, көшелер, мектептерге есімі берілді. Фрунзе, Михаил Васильевич. Михаил Васильевич Фрунзе — кеңестік мемлекет, әскери қайраткері, соғыс теоретигі. М.В. Фрунзе 1904 жылы Верныйдағы (Алматы) гимназияны алтын медальмен бітіріп, Петербургтің политехникалық институтына түседі. Көп кешіікпей РСДЖП қатарына кіріп, астыртын партиялық қызмет атқарды. 1905 жылы Иваново-Вознесенск ереуілін басқарды. 1906 жылы сәуірде РСДЖП 4-ші (Бірігу) съезіне делегат болды, сонда В.И. Ленинмен кездесті. Иваново-Вознесенск, Шуя ауданында ұйымдастыру және насихат жұмысын жүргізді. Революциялық қызметі үшін М.В. Фрунзе бірнеше рет тұтқынға алынып, екі рет өлім жазасына кесілді, кейіннен ол он жыл каторгамен алмастырылады. Каторгадан 1915 жылы қашып шығады. 1916 жылдан бастап Батыс майданда революциялық жұмыс жүргізді, Минскіде 3-ші және 10-ші армиялардағы астыртын большевиктік ұйымды басқарды. Ақпан революциясынан кейін Минск халық милициясының бастығы. Батыс майдандағы солдат комитетінің, Минск Советі аткомының мүшесі. 1918 жылы Иваново-Вознесенск губерниялық аткомының және губерниялық партия комитетінің председателі, губерниялық әскери комиссары. Июльде Москвада болған Советтердің Бүкіл россиялық. 5-съезінің жұмысына және оңшыл эсерлердің контрреволюциялық бүліншілігін басуға қатысты. 1918 жылы тамыздан Ярославль соғыс округының әскери комиссары, 1918 жылы 26 желтоқсаннан 4-армияның қолбасшысы болды. М.В. Фрунзе 1919 жылы В.И. Лениннің ұсынысымен Шығыс майданның оңтүстік тобының, ал 13 шілдеде Шығыс майданның қолбасшысы болып тағайындалды. Оның басшылығымен оңтүстік топ әскерлері Колчактың басты күштеріне қирата соққы берді. М.В. Фрунзе 1919 жылы 15 тамыздан Түркістан майданына қолбасшылық етіп, Оңтүстік Оралды алып, Түркістанға жол ашты. Кешікпей анненковшылар мен дутовшылардың қалдығы Жетісудан түгелдей қуылып, тазартылды. 1920 жылы 21 қыркүйекте ол Оңтүстік майданның қолбасшысы болып тағайындалды. 16 қарашада Врангель толық талқандалды. 1920—1924 жылы М. В. Фрунзе Украина және Кырымдағы әскерлердің қолбасшысы, УССР Халкомсовы председателінің орынбасары, УК(б)П ОК Саяси Бюросының мүшесі. 1924 жылы наурыздан СССР Революциялық-Әскери Кеңесі төрағасы орынбасары және Соғыс-Теңіз істері халкомының орынбасары, ал апрельден Жұмысшы-Шаруа Қызыл Армиясының штаб бастығы, кейіннен Әскери Академияның бастығы болды. 1925 жылы 26 қаңтардан СССР Революциялық-Әскери Кеңесі төрағасы, ал ақпаннан Еңбек және Қорғаныс Кеңесінің мүшесі. М.В. Фрунзе барлық сайланған БОАК мүшесі, 1921—1925 жылдары РК(б)П ОК мүшесі, 1924 жылдан ОК Саяси Бюросының мүшелігіне кандидат болды. 2 рет Кызыл Ту орденімен, Құрметті революциялық қарумен наградталды. Қырғыз ССР-інің астанасына, Әскери академияға, Совет Армиясының Орталық Үйіне тағы басқаларға Фрунзе есімі берілген. Алекторов, Александр Ефимович. Александр Ефимович Алекторов (1861—1918) — ресейлік ориенталист, қазақ тарихын, мәдениетін, этнографиясы мен фольклорын жинап зерттеген ғалым. Қазан университетінің архелология, тарих және этнография қоғамының мүшесі. Алекторов А.Е. қазақ халқының талантын, дәстүрін, өнерін, музыкасын, фольклорын жоғары бағалады. Алекторов қазақ этнографиясы, тарихы бойынша көптеген ғылыми жұмыстардың авторы, қазақ халқының мәдениет, тұрмыс-салтының үлкен білгірі. Мал шаруашылығы, жер, әдет-ғұрып, халық медицинасы, ойындар, фольклорлық әндер және қазақтардың ақындық өнерінен бай материал жинады және оны жариялаумен айналысты. Дерекнама. А.Е. Алекторов. «Указатель книг, журнальных и газетных статей и заметок о киргизах». - Казань, 1900 Науаи, Әлішер. Әлішер Науаи (Низамеддин Мір Әлішер) () (1441 ақпанның 9, Ғират — 1501 қаңтардың 3, сонда) — Түркі халықтарына ортақ ұлы ақын, ойшыл, мемлекет қайраткер. Әкесі қайтыс болғаннан кейін 12 жасар Науаиды Бабыр өз тәрбиесіне алған. Науаи 15 жасында түркі және парсы тілдерінде бірдей жазатын белгілі ақын ретінде танылды. Ғиратта, Мешхедте, Самарқанда оқып, логика, пәлсапа, математика пәндерінен мағлұмат алды. Өзінен бұрынғы Фирдауси, Низами, Дехлави, Хорезми, Сайф Сараи, замандастары Атаи, Сак­каки, Лутфи, Жәми шығармашылығымен танысты. Ол өнер жұмыспен айна­лысып, «Хамса» тобына енетін «Жақсылардың таңдануы» (1483), «Фархад пен Шырын», «Ләйлі мен Мәжнүн», «Жеті әлем» (1484), «Ескен­дір дуалы» (1485) атты шығармаларын жазды. Науаи шығармалары 15 ғ. өзінде Мауараннахр мен Хорасанды ғана емес, Иран, Әзірбайжан, Шығыс Түркістан, Үндістан, Мысыр, түркі елдеріне, кейіннен Еуропа мен Америка кітапханаларына да тарады. Ақын шығармалары 19 ғ. орта шенінен шығыстанушы ғалымдардың назарын аудара бастады. Шығармалары көптеген тілдерге аударылған. Таңдамалы өлеңдері қазак тілінде екі рет (1948, 1968) кітап болып басылды. Айбектің «Науаи» романы қазақша жарық көрді (1950). Науаи өнерін зерттеуге қазақ ғалымдары да үлес қосуда (М. Әуезов, Е. Ысмайылов, Р. Бердібаев, К. Сейдеханов). Ұлы шайырдың юбилейі Кеңес Одағы көлемінде аталып өтті (1948, 1968). Әлішер Науаи, Әлішер Низамаддин Мир Науаи – түркі халқының ұлы ақыны, ойшылы, мемлекет қайраткері. 1441 ж. ақпан айының тоғызында Герат қаласында туған. Әкесі өлгеннен кейін 12 жасар Әлішер Науаиды Әбілқасым Бабыр өз тәрбиесіне алған. Оның есімі 15 жасынан түркі және парсы тілдерінде бірдей жазатын ақын ретінде танылды. Гератта, Мешхедте, Самарқанда оқып, Фирдауси, Низами, Хорезми, Сайф Сараи, Жәми шығармашылығымен танысты. Мектептес досы Хұсайын Байқара Хорасанның әмірі болған кезде, оның мөр сақтаушысы (мұхрад) қызметін атқарды. 1472 ж. уәзір болып тағайындалды. Әлішер Науаи осы қызметтерде жүріп, ғалымдарға, суретшілерге, музыканттарға, ақындарға, хуснихатшыларға (каллиграфтарға) қамқорлық жасады. Өз қаржысына жолдар, көпірлер, каналдар, керуен сарайлар, мектептер, шеберханалар салдырды. Әлішер Науаидың халық арасында абырой-беделінің артуын қызғанған басқа уәзірлер оны Байқарамен араздастырып, 1476 ж. уәзірліктен босатылуына себепші болды. Ол шығармашылық жұмыспен айналысып, түркі-шағатай тілінде «хәмсә» жырлар тобына енетін «Жақсылардың таңдануы» (1483), «Фархад пен Шырын», «Ләйлі мен Мәжнүн», «Жеті әлем» (1484), «Ескендір дуалы» (1485) атты шығармаларын жазды. 1488 – 1501 ж. ол тарихи-өмірбаяндық («Әджәм патшаларының тарихы», «Саид Хасан Ардашердің өмірі», Пәһлован Мұхаммедтің өмірі»), дидактикалық-философиялық («Құстар тілі», «Көңілдердің сүйгені»), әдеби-теориялық («Өлең өлшемі»), лингвистикалық («Екі тілдің таласы»), әлеуметтік-экономикалық («Вақфия»), діни-ғұрыптық («Пайғамбарлар мен хакімдердің тарихы», «Мұсылмандық нұры», «Гауһарлар шоғыры») туындыларын жазды. Парсы тілінде 12 мың жол өлеңін «Диуан-фани» деген атпен дербес жинақ етіп құрастырды. «Бес қайрат» («Хәмсәт ул-мутахаирин») кітабын ұстазы Абдрахман Жәмиге (1414 – 92) арнады. 15 ғасырда өмір сүрген 400 шайырдың шығармашылығынан мәлімет беретін «Ғажайып мәжілістер» («Маджолис ун-нафоис») кітабын жазды. Ақын 1501 жылдың үшінші қаңтарында туған қаласында қайтыс болған. Әлішер Науаи шығармалары 15 ғасырдың өзінде Мауераннахр мен Хорасанда ғана емес, Иран, Әзербайжан, Шығыс Түркістан, Үндістан, Мысыр, түркі елдеріне, кейіннен Еуропа мен Америка кітапханаларына тарады. Ақын шығармашалығы 19 ғасырдың орта шенінен шығыстанушы ғалымдардың назарын аудара бастады. Әлішер Науаидың ақындық дарынына ұлы Абай да тәнті болып, оның шығармашылық дәстүрін жалғастырған. Әлішер Науаи шығармашылығын зерттеуге қазақ ғалымдары да (Мұхтар Әуезов, Есмағамбет Ысмайылов, Рахманқұл Бердібаев, т.б.) елеулі үлес қосты. Ақын Несіпбек Айтов Әлішер Науаидың ғазалдарын қазақ тіліне тәржімалап, жеке кітап етіп шығарған. Көпейұлы, Мәшһүр Жүсіп. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (1858—1931) — ұлы ойшыл, фольклортанушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы. Мәшһүр-Жүсіп араб және парсы тілдерін жетік білгенімен қоймай, Көп тілді білген ғұлама. Ол өлең жазумен қатар, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап бастырумен де айналысты. Шежірелер мен айтыстарды, көптеген тарихи жырларды хатқа түсіріп, кейінгі ұрпаққа аманаттады. Сонымен бірге, ол күллі ғұмырын қазақ халқын сауаттандыруға жұмсады десек те болады. “Күн батысы – Сырдария, күншығысы – ұзын аққан Ертіс, оңтүстігі – Жетісу өзені, солтүстігі – Еділ, Жайық. Бұл қазақ иесіз жатқан жерге келіп ие болған жоқ, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен кеше Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек заманында жаннан кешіп, сусын орнына қызыл қан ішіп, жаудай алысып, жаттай салысып, күні-түні атысып, қара қанға батысып, шыбын жанын нысанаға байлап, не маңғаз, сарбаздары жау жолында оққа ұшырап өліп, сөйтіп алған жері еді...” Еңбектері. 10-15 жасынан бастап-ақ өлең жазып, хат жазарлық болғаннан-ақ Мәшһүр Жүсіп халық әдебиетін ел ау­зы­нан да, қағаз бетінен де жинау­мен айналысады. 1887 жылы 29 жасында Мәшһүр Жүсіп Бұхара, Ташкент, Түркістан, т.б. ша­һарларға сапарға шығады. Ол заман­да негізгі көлік қатынасы түйе мен ат болғанын ескерсек, бұл сапа­рының өзі 2-3 жыл уақытты қамтыса керек. Мәшһүр Жүсіп бір жыл Бұхарада тұрып оқып, білімін толық­тырады. Араб, пар­сы, шағатай, түркі тілдерін үйренеді. Өз­бек, тәжік, және т.б. тілдерді де біледі, әдет-ғұрпын түсінеді. Көптеген ғылыми кітаптарды оқып, танысады. Келесі жылы Бұхарадан қайтып, Түр­кістандағы атақты Қожа Ахмет Ясауи­дің басындағы Әмір Темір сал­дырған көк күмбезін көреді. Онда да бір­сыпыра уақыт болып, бірнеше ға­лым­дармен танысады. Одан әрі Сыр өңі­рін аралайды. Май­лықожамен жолы­ғады, жеті ата­сы­нан бері ақын­дық үзіл­меген дуана қожа Көшек, Кү­дері қожа тұқым­дарымен та­ны­сады. Одан кейін Шу мен Сырдан өтіп, Ұлы­тау мен Кіші­т­ауды басып, Есіл мен Нұраны жайлап, мекен қыл­ған жұрт­ты арал­ай­ды. Осын­дай екінші сапа­рына Мәшһүр Жү­сіп 37 жасында, яғни 1895 жылдар ша­ма­сында шық­са, үшінші сапары 49 жасына (1907) сәйкес келеді. Мәшһүр Жүсіптің үш кітабы: “Сары­ар­қаның кімдікі екендігі”, “Хал-ахуал”, “Тір­ші­лікте көп жа­сағандықтан көрген бір тама­шамыз” ат­ты туын­ды­лары 1907 жылы Қазан қа­ласындағы Құ­са­йы­н­ов­тар бас­па­хана­сынан жарық көреді. Кейіннен ол баспаханадан шық­қан 14 қалам ие­сінің шығар­ма­ларын цен­зура сот­қа тартады. Ішінде Мәшһүр Жүсіптің жоғарыда аталған еңбектері де бар. Мәшһүр Жүсіп жинаған фольклор үлгі­лерінің басым көпшілігі – аңыз бен әңгі­мелер. Мұндағы аңыздар: жер-су аттары. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы­ның аңыз-әңгімелерді, тарихи әңгі­мелерді, шешендік сөздерді қағазға түсірумен ғана шек­телмей, фольклордың басқа да жанрлық түрлерін, атап айтқанда, тұрмыс-салт жыр­ларын, эпос, ертегі, мақал-мәтел, ақын­дар айтысын, т.б. жинағаны белгілі. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы жинаған фоль­клорлық үлгі­лерге жанрлық жағынан келетін болсақ, ел аузынан тұрмыс-салт жырла­рының 30-40 шақтысы топталған. Ол ел арасынан: “Қамбар батыр”, “Ер Тарғын”, “Ер Көкше”, “Ер Са­йын”, “Нәрік ұлы Шора батыр”, т.б. тәрізді батырлар жырында, “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “Алтынбас-Күмісаяқ” т.т. лиро-эпос­тық жырларды да, сондай-ақ “Киік”, “Боз­торғай”, “Дін үйренетұғын” тәрізді басқа шығармаларды да жинаған. “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “Ер Тарғын” жырларын Мәшһүр Жүсіп 1866 жылы 8 жасында-ақ Қамар хазіреттің қолжаз­басынан көшіріп алғанын бі­леміз. Ал “Алтынбас-Күмісаяқ”– 200 жол­дан тұ­рады дей отырып, бұл жыр үлгі­лерін жи­наған В.Радлов екендігін Мәшһүр Жүсіп көрсетіп кеткендігінің де куәсі бол­дық. Бұл үлгілерді Мәшһүр Жүсіп В.Радлов жина­ғынан ала отырып, олардың бәрін қол­жаз­баның әр жеріне шашыратпай, бір же­ріне ғана топтастыра орналастырған. Сон­дай-ақ, қолжазбалар ішінде “Сайын батыр” жы­рының көлемі 2000 жолдан тұрады деген де дерек бар. Зерттеуші ел арасынан түрлі ер­те­гілер де жинаған – “Еділ-Жайық”, “Көр ақ­тар­ған Жаманбай”, “Баһырам патша ту­ралы”, “Есен тентек туралы”, “Ертеде бір хан болыпты”, “ Ақтабан шұбырын­ды, Ал­қакөл сұлама”, “ Еңсегей бойлы Ер Есім”, “Ала­ша хан”, “ 7 жасар Жел­кілдек”, “Ер Төс­тік”, “Әз Жәнібек және бір ұста”, “Екі пат­ша”, “Әділ би”, “Сүйіндік:Олжабай батыр, “Тама Сарыбас мерген”, т.б. Халық поэзиясы үлгілерін, оның ішінде мақал-мәтелдерді Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің ерінбей ұзақ жинағаны мәлім. Фольклордың басқа жанрларына қара­ғанда, мақал-мәтел­дер­ді жинаумен ай­налысу фольклорист-ғалымнан ұзақ уақыт пен қажымас ізденуді, еңбектенуді қажет ететіні белгілі. Себебі, мақал-мәтелдер дайын күйінде жеке-дара кез­деспейді. Оларды айтушының не ауызекі сөзінен, не қолжазбалар ішінен, туындылар арасынан іздеп табу арқылы қағазға түсіру керектігі аян. Мәшһүр Жүсіп сондай-ақ ақындар айтысының не бір тың үлгілерін де жинаған. Мәселен, “Ұлбике қыз бен Кү­дері қожа ай­тысы”, “Ұлбике қыз бен Қа­рақалпақ Жан­кел ақын айтысы”, “Ұлы жүз Үйсіннен шыққан Үмсін қыз бен Заман қожа ай­тысы”, “Шоң, Торайғыр ақыны Орманшы Са­қау ақыны мен Қара­кесек қызы Тоғжан ай­тысы”, “Қалдыбай қожа мен Соқыр Шө­же айтысы”, “Соқыр Шөже мен Қаракесек ақы­ны Балта айтысы”, “Қаракесек Қамбар Жа­нақ пен Най­ман Сабырбай айтысы”, “Қаракесек Қам­бар Жанақ пен Найман-Түбек ай­тысы”, “Қаракесек Қамбар Жанақ пен Ор­маншы- Сақау ақын айтысы”, “Қу­ан­дық-Алтай бір ақыны мен Найман қызы Опан айтысы”, “Керей-Тұрлыбике ақыны Үрімбай ақыны мен Арыстанбай ақын айтысы”, “Айдабол-Күліктің Күлігінен шыққан Жамшыбай ақыны мен Найман-Түбек айтысы”, “Ақбала қыз бен Боздақ жігіт айтысы”, “ Қыз бен жігіт айтысы” тәрізді ақындардың сөз қағыстырулары Мәшһүр Жүсіп қолжазбаларында белгілі бір тәртіппен, реттілікпен берілген. Сондай-ақ қолжазба ішінде ақын айтыс­тың: “Қыпшақ Өске Тәтті қыз”, “Қолға түскен Алтай жігіт –Найман Опан қыз” айтысы 46 жолдан, “Шортанбай қожа мен Арыс­танбай ақын” айтысы 100 жолдан, “Шал мен қыз”, “Шөже мен Қалдыбай”, “Жа­нақ пен Түбек”, “Ұлбике мен Күдері” ай­тысы – 106 ауыз өлең, “Жанкел мен Ұлбике” айтысы – 100 ауыз өлең, “Заман қожа мен Осы қыз” айтысы – 50 ауыз өлең, “Тоғ­жан мен Сақау” айтысы – 78 ауыз өлең т.б. деген түрлерін қанша жолдан тұратынын дере­гімен де бірге берген. Ақын қол­жаз­ба­ларында көптеген ақын жыраулардың өлең мен қиссалары, дастандары т.б. бар: Бұхар жырау, Мәделі қожа, Сақау ақын, Ақан сері, Шернияз т.б. өлеңдері, Қоңырат Сапақ датқа ақ­ын, Үйсін Үмсін қыз, Заман қожа, Тоғ­жан, Қалдыбай қожа, Шөже ақын, Арғын- Қам­бар Жанақ, Найман Сабырбай, Най­ман Түбек, Найман-Опан қыз, Орынбай, Шор­танбай қожа, Күлік-Жамшыбай, Қаракесек Бал­та, Көтеш, Ақмолла, т.б. ақындар туын­дыларын қағазға түсірген. Бұл жинаушылық барысында белгілі фольклорист-ғалымдар: Ш.Уәлиханов, В.Радлов, Г.Потанин, т.б. тәрізділер сияқты Мәшһүр Жүсіп те өзіндік жинау әдісіне сүйенгені белгілі. Олар: тілдік ерекшеліктерді сақтау, дәлділік, айтушы аузынан сол қалпынан көшіру, арнайы бір тақырыпқа материал жинау, т.б. Сондай-ақ айтушы не айтты – бәрін тү­гел қалдырмай жазу шарты, еш сөзін қыс­қартуға, алып тастауға немесе өз жанынан басқа бір нәрсені қосуға мүлде болмай­тын­дығы, диалектілік ерек­шеліктер болса оны да тастамай көрсетіп отыру керектігі жө­ніндегі т.б. талаптар барлық фольклорист ғалымдар үшін ортақ. Сол тәрізді шығар­маны кім, қашан, қайдан, кімнен естіп жаттап алды деген сауалдарға жауап жазу керектігі тәрізді талаптарды Мәшһүр Жүсіптің орындап отырғандығы бізге мәлім. Мәшһүр Жүсіп жазбаларында фольк­лор­дың барлық жанрлары қамтылған. Егер жанр бойынша жіктеп жүйеге келтірсек, ерте­гі­лерден 15 шақты мәтін үлгі; батырлық жыр­лардан – 5-6; ғашықтық жырдан – 2-3; қисса-дастандардан – 11-12; тұрмыс-салт жыр­ларынан – 30-40 шақтысы; аңыз-әңгі­ме­лердің – 200-300 үлгісі; жаңылтпаштың – 100-150 шақты көлемі; жұмбақтың қара сөз бен өлең түріндегісі – 50 шақтысы; ма­қал-мәтелдердің 2,5 мың жолдық мөлшері; ақындар айтысының 27 үлгісі; 30-40 шақты ақын-жыраулардың өлеңдері, дастандары т.б. орын алған. Сондай-ақ қолжазбалар ішінде шежірелер, діни өлеңдер мен нақылдар, әлі баспа бетін көрмеген күлдіргі сөздер топ­тамасы, т.б. нұс­қалары бар. Мұндай үлгілерді жи­нағанда аражігін бөліп-жармай, жаңа-ескі деп қарамай, шамасы келгенше фоль­клордың әр жанрын қамтып, барлығын жан-жақт­ы жинауға тырысу тек Мәшһүр Жүсіп ерекшелігі емес, сол тұстағы көп­теген ғалым-фольклоршы­лардың шарты. Мәшһүр Жүсіп өзі жинаған үлгіле­рінің кө­лемін белгілеп отырған. Мәселен, “Ғылым бі­лімі” кітабы 129 сахифадан тұрады дей оты­рып, оның ішінде 12 аят, 18 хадис, 43 мақал, 114 ауыз өлең бар десе, ал “Әмір” әң­гімесі 26 сахифадан, 104 ауыз өлеңнен тұ­рады дейді. Мұндағы сахифа – араб сөзі, “бет”, “парақ”, “газет” деген мағынаны береді. Бұлардан басқа қолжазбаларда мы­надай мәліметтер берілген: “Хазірет Юсуф пай­ғамбар”, “Шайқы Бұрқы әулие мекіре балықтан туған”, “Сары­арқа тарихы”, “Шоң, Торайғыр билер”, “Абылай аспаған са­ры бел”, “Қоқан хандары тарихы”, “Кіші жүз ұрандары мен рулары”, “Ша­ныш­қылы Бердіқожа батыр тарихы”, “Едіге мен Төле би”, “Көлеби батыр”, “Олжабай батыр тарихы”, “Абылай хан”, “Махамбет деген батыр шығыпты деп барып тапқан 92 батыр” турасында, қазақ шежірелері (Орта жүз тарихы, Мейрам сопы тарихы, Қуандық, Қаракесек, Найман, Қыпшақ тарихтары), “Барпық әңгі­мелері”, күлдіргі сөздер, “Қара­кесек пен төрелер ұраны” туралы, Мөңке би, Досбол би, Қожакент пен Өзкент, т.б. қал­алары турасында, “Ошақты Қоңырбай қалпе” әңгімесі, “Хазірет Нұхқа 370 жа­сында пайғамбарлық берілді”, діни нанымдар т.б., Сарман, Қиғара, Қосдәулет би­лер хақында, жыл басы туралы, Ор­ман­шы ақсары Шотана батыр жайындағы деректер орын алған. Қолжазбадағы кейбір материал­дардың жа­зылған жылдары да көрсе­тілген. Мәселен, “Тө­бет ішіндегі Жан­келді” деген әңгіме 1908 жылы жазылды десе, “Бір ханның жалғыз баласы өлгенде” деп басталатын шығарма 1921 жылы хатқа түсірілді деген белгілер бар. Жалпы ауыз әдебиеті мен фоль­клорлық нұсқаларды жинаушылардың көпшілігі ұстанған дәстүрдің бірі – экс­педициялық әдіс екені белгілі. Бұл экс­педиция сапар­ларында В.Радлов, Г.Потанин, Ә.Диваев т.б. сынды ғалым­дар көптеген ауыз әде­биетін жинай­тын тіл­шілер мен өз елінің мә­дениеті мен фоль­клорына жанашыр көз­қараспен қарайтын энтузиаст адамдардың да көмегіне сүйеніп отырғаны мәлім. Және де фольклорист-ғалымдар қолданған мұндай тәсіл фоль­клорлық үлгілердің жанр жағынан жан-жақты жиналуына негіз болды. Жинаушылықтың осы формасын “экс­пе­­дициялық” әдісті Мәшһүр Жүсіп те көп қолданған. Бірақ жинаушылық барысында Мәшһүр Жүсіп жоғарыдағы фольклорист-ға­лымдар тәрізді тілшілер, т.б. көмегіне сүйен­бе­ген. Мәшһүр Жүсіптің қазақ тілін жете мең­гергендігі, бір жағынан, оның жи­нау­шылық қызметінің тілдік қиындықтарға ұрын­­бауын негіздесе, оның жинау жұ­мыс­та­­рының тез қарқынды жүруіне де, фоль­клор­­лық үлгілерінің мол болуына да ықпал етті. В.Радлов, Г.Потанин тәрізді фоль­клорист-ғалымдар фольклорлық үлгіні жинағанда жанрдың көнелігіне баса назар аударып, көмекшілеріне көбінесе сол жағын көп тапсырғаны байқалады. Онысы дұрыс та, әдетте бір ел өкілі екінші бір ха­лық­тың тарихын, әдет-ғұрпын білгісі кел­се, ең алдымен оның фольклорын, яғни әсіресе көне жанр түрі – аңыз­да­рына зе­йін сала­тыны мәлім. Сол арқылы бүкіл халықтың тү­сінігін, арман-ойын, салт-ғұрпын, мә­де­ниетін, т.б. түсінеді. Мәш­һүр Жүсіп болса, халыққа сол кезең­де “не керек” дегендерді аражігін ашпай жинай берген. Яғни, елінің тарихын, әдет-ғұрпын, халықтың мінез ерекшеліктері, тұрмыс-салты, т.б. жақтары – бәрі қажет боларын сезініп, неғұрлым ау­қымды жұ­мыстар атқарған. Сонымен жи­нау­шылықтың негізгі мақсаты халыққа “не пайдалы” деген тұрғыдан жүргізіл­ген­діктен де басқа дамыған елдер қатарында өмір сүру үшін қазаққа не қажет, өскелең ұрпақты қалай тәрбиелеген жөн, ол үшін қандай үлгі-өнеге боларлық іс-әрекет қолдану керек. Сондай-ақ тарихтың қай кезеңдері: үлгілі билер мен айбарлы хандар заманы ма, әлде аты аңызға айнал­ған Асан қайғы мен Жи­ренше ше­шен тә­різді бабалар дәуірі ме, қай­сы­сында кейін­гілер тағылым аларлық қан­ша­лық мән жатқандығы – бәрі Мәшһүр Жүсіпті қы­зықтырған. Осының бәрі Мәшһүр Жүсіп жинаушылығының негізін құрайды. Міне, бұ­дан біз Мәшһүр Жүсіптің фольклористік кон­цепциясы оның демо­кратиялық, ағар­ту­шылық көзқарасынан туын­дағанын кө­ре­міз. Қазақ халық әдебиетінің жиналу тари­хын сөз еткенде, өз әріптестеріне Ш.Уә­ли­ханов, В.Радлов, Ә.Диваев, т.б. қара­ғанда, со­ларға үндес ететін ортақ си­пат­тарымен қатар Мәшһүр Жүсіптің өзіндік ерек­­шеліктері мол екеніне алдымен көңіл бөлу керектігін айтқымыз келеді. Шығыс, ба­тыс мәдениетін, қазақ тілін жетік мең­герумен бірге араб, парсы, орыс, көне түркі тілін жете игеруі жә­не ХІХ ғасырдың соң­ғы ширегі мен ХХ ға­сырдың бас ке­зінде қазақ даласын көп аралауы нә­ти­жесінде Мәшһүр Жүсіптің қазақ халық әдебиетін өз заман­дастарына қарағанда, анағұрлым мол жинап, ол туралы кеңірек зерттеу жүргізу мүмкіндігі болды. Мәшһүр Жүсіп жазып қалдырған көп ма­те­риалдарды шолып қарай отырып, оның жи­наушылық еңбектерін саралауға бас­тай­тын мынадай ерекше­ліктерін жинақ­тап айтуға болады. "Бірін­шіден", Мәшһүр Жүсіп ерте­гінің, не аңыз­дың қысқартылған сұл­басын, шы­ғарма фабу­ласын берумен шектелмеген. Ақын белгілі бір материалды ел арасындағы ай­тылу қалпын сақтай отырып, неғұрлым толық қамтып отырған. "Екіншіден", әрбір сөздің сол кездегі дыбысталу қалпын, орфоэпиясын ескеріп, белгілі бір сөздерді естілуі бойынша қағазға түсірген. Әсіресе, сөздің дыбыстық әуез­ділігіне, өзара үнде­суіне көп көңіл бөлі­нетінін, дыбысталу сапа­сының сөз мағы­насына, сол арқылы шы­ғар­ма көр­кем­ділігіне пәрменді ықпал жасап оты­ратынын бағамдасақ, бұлай жазу қазақ тілін­­дегі сөздер фонетикасы тарихын жа­сау­да да елеулі рөл атқара­тынын дәйек­теуге бо­лады. Үшіншіден, Мәшһүр Жүсіп қай ма­териалды кімнен қандай жағдайда қалай жазып алғанын жеткізіп отырған. Демек, ол қалдырған жазбалардың тарихи, этно­гра­фия­лық, т.б. мәні айрықша бола­тыны күмәнсіз. Төртіншіден, ел тари­хын, мәдениетін, әдет-ғұрпын кең білген Мәшһүр Жүсіп жинаған материалдарға деген өз бағасын, байқау­ла­рын қоса жа­зып отырған. Соңғы айтыл­ғандары Мәшһүр Жүсіптің естігенін құр жа­зып алу­мен ғана емес, оларды сара­лап, белгілі бір тарихи жағ­дай, ел ахуа­лымен са­лыс­ты­рып отыр­ған зерт­­теушілік ең­бегін көрсетеді. Мәшһүр Жүсіптің фоль­­клорист ғалым ретінде қалып­тасуының үш қай­нар көзі бар. Бірі – өз елінің ауыз әдебиеті мен фоль­клор үлгі­лерінен тұ­ратын бай мұра­сын қабылдауы; екіншісі – шығыс елінің, оның ішінде орта ғасырлық ғалымдар жетістіктерін игеруі; үшіншісі – батыс ғалымдары, оның ішінде орыс зиялы­ла­рының әсері. Ауыз әдебиеті мен фольклорлық үлгі­лерді жинау барысында Мәшһүр Жүсіп белгілі бір жинау принциптеріне сүйенген. Ол ақынның ағартушы-демо­кратиялық көз­қарасынан туындаған. Ең алдымен айтатын нәрсе, Мәшһүр Жүсіп фоль­клор­ды өзгер­туге, түзетуге жат­пайтын асыл мұра деп біл­ген, мәтінді сол қалпында хатқа түсіру шар­тын ұстанған. Сол себепті, Мәшһүр Жүсіп кімнен не алса да көрсетіп отырған. Мәселен, “Әз Әйтеке би” әңгімесінде бір­неше мәтелдер шоғыры беріледі де, оның иесі, яғни жеткізушісі есебінде төрт Шө­ме­кейге қараның ханы бол­ғанын тілге тиек еткен. Мұндай мысалдар ақын қолжаз­ба­сында көптеп кездеседі. Екіншіден, фоль­клорды тұрмыстың қажеті, елге білім, тәрбие беретін құрал деп білген. Сон­дықтан, әр мәтіннің шығу тарихын, айтылу жағ­да­йын, қалай та­ра­ғанын анықтап отырған. Мә­се­лен, Мәшһүр Жү­сіп жинаған “Малшы Алтай” әңгімесі. Мұнда Қуандықтың ба­ласы Алтай деген жігіттің Піс­пекбайдың жыл­қысын ерінбей, жалықпай тер төгіп, адал еңбегі арқасында жұттан шашау шығар­май аман алып шығуы баян­далады. Жылқышының таза көңіліне, адал­дығына т.б. қасиеттеріне тәнті болған бай оған өз қызы Байбикені қосады. Кейін Байбикеден туып, тараған ел “Жо­ғарғы Алтай” аталатындығы сөз болады. Сондай-ақ, Байбике өлген соң, бай Алтайға екінші қызы Аққоянды да беріп, одан “Төменгі Алтай” деген ел тарай­тын­дығы баяндалады. Міне, көріп отыр­ға­ны­мыздай, адал еңбегі арқасында малшының да мұратына жеткендігін баяндай отырып, Мәшһүр Жүсіп өз заманындағы жастарға-осы іс-әрекетті үлгі ретінде ұсынады. Жоғарыдағы деректерге қарағанда, Мәшһүр Жүсіп фольклорлық үлгілерді тек үлгі-өнеге, т.б. үшін ғана жинамаған тәрізді. Ав­тор сол нұсқалар арқылы өзіндік ой-топ­шы­лауларын да бірге беруге ты­рысқан. Яғни, фольклорды халықтың сана-сезімінің өзіндік көріну формасы деп бағалағандығын көруге болады. Ал, бұл Мәшһүр Жүсіптің жинау­шылық пен зерттеушілігінің бір арнада тоғысқандығын дәлелдейді. "Үшіншіден", Мәшһүр Жүсіптің фоль­клор­ды ауызша тарих, тарихтың көзі деп тануы. Бұған, мысал ретінде Абылай ханға қатысты 16 әңгімелер циклін келтіруге бо­лады. Мұнда ханның жас кезінен қайтыс бол­­ғанға дейінгі кезеңдері келтіріледі. Жал­пы бұл әңгімелерде қазақ халқының тарихында ерекше орын алатын қалмаққа қарсы елдің бостандыққа, тәуелсіздікке күрес жолы сипатталған. Яғни, қиын қыстау кезде ел басына хан боп көтеріліп, өзінің сенімді билері мен батырларына сүйенген хан Абылайдың жаужүректілігі, да­налығы, ақылдылығы, тапқырлығы, ең бас­тысы, елдің бірауыздылығы, бірлігі, тату­лығы, ынтымақ­тығы, т.б. арқасында халықтың өз арманына, мұратына жет­кендігі айтылады. Жинаушылықтың төртінші ұстанымы – фольклорды Мәшһүр Жүсіптің филология­лық тұрғыдан қарастыруы, яғни сөз өнері деп білуі. Ол фольклор­дың ел арасында ерек­ше мәртебеге ие екенін, қазақтың сөз өнерін аса жоғары қастер­лейтінін ба­рынша айқын көрсетуге ты­рысқан. Мәшһүр Жүсіптің халық ара­сында ең алды­мен ақын-жазушы ретінде таныл­ғанын ескерсек, онда оның фоль­клорды өз шығармаларына да арқау етіп отырғаны, сонымен бірге оны тіл бай­лы­ғының, сөз өнерінің, т.б. қайнар бұлағы есеп­ті бағалағаны анық. Мәселен, ел аузындағы “Жиренше ше­шен” аңызын қолжазбасына түсірген Мәшһүр Жүсіп, ол турасында өзінің көзқарасын да білдіріп кеткен. Онда: “Міне, жігіттер, бір ауызды сөздің түбін, төр­кінін білемін деп ізлегендіктен қа­лыңсыз бір ханның қызын алды. Өз ха­нының сатусыз, пұлсыз уәзірлігін алды. “Жігіттікте жаннан кеш те, іс қыласың, өлесің, өлмесең, кісі бола­сың!”– деп бұрынғының айтқаны осы!” – делінген ақын тамсануы да бар. Ал “Шоң биге” қатысты жинаған әңгіме­сі­нің бірінде Мәшһүр Жүсіп, құны жүз бие болатын сәукелені екі ауыз сөзбен-ақ Сақау ақынның ақысыз, пұлсыз алғандығын ескертіп өтеді. Осыдан көріп отырғаны­мыздай, Мәшһүр Жүсіп сөз өнерін, т.б. дәріптеуге арналған фоль­клор үлгі­лерін көбінесе тарихи адам­дар есім­дерімен ұштастырған. Фоль­клор үл­гілерін жиыстырғанда Мәшһүр Жүсіптің билер сөзінің де ұлттық мәдениетіміздің бір көрінісі, ай­насы екендігіне көңіл бөлгені бай­қалады. Жинаушылықтың бесінші ұста­нымы – Мәшһүр Жүсіп фоль­клорды этно­графиялық мәліметтердің көзі деп қарастыруын аламыз. Яғни, белгілі бір халық­тардың шығу тегіне, рулық құ­рамына, қоныс аударуына, қалып­та­суына, тіпті олардың тұрмыс-тірші­лігіне, қор­шаған табиғи орта­сына, киетін киім­дері мен кәсібіне, рухани мәдениетіне т.б. қатысты деректердің Мәшһүр жазбасында молынан ұшырасуы назар аудартады. Мәсе­лен, “Бұл қазақ қай уа­қыттан үш жүз атанған” әңгімесі ішінде “Алаш” деген қай ел, не себепті олай айтыл­ғандығы, “Жүз” деген атау қайдан шық­қандығы төңірегіндегі аңызға ақын өз көзқарасын да бірге берген: “Бұрын­ғы заманда қазақтың Жүз деген де ата­ла­рының аты болса керек. “Жүз” деген ат­ты ұруға, “Алаш” деген атты ұранға қо­йып, жауға шапқанда “Алаш, алаш” деп шабыңдар, “Алаш, алаш” демегенді әкең де болса ұрып жық деп бата қы­лысыпты. Кеше “Алаш алаш болғанда, Ала­ша хан болғанда, үйіміз ағаш, ұра­нымыз Алаш болғанда үш жүздің баласы қазақ емес пе едік” деп айтылған сөз сонан қалды. Бұл Алаша ханнан бұрын қазақ ел болып, өз алдына отау тіккен емес, әр жұртқа бұратана қоңсы болып жүрген. Исламның бес парызы біреуі – иман, Ерлерді айт Құдай үшін жанын қиған. "Ағаштың бойында гүрілдеп ағып жатқан өзен – адамның денесіндегі қан. Әй, жігіттер, естеріңде болсын, оны “шайтан” – дейді. Ол бір кесек нәрсе емес, денеңе арам қан боп кіріп, жүрегіңе барып, жүрегіңді толқытып, өзіңді бұзады. “Шайтан” деген өзіңнің ойың..." Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы жайлы жаңа кітап жарыққа шықты Павлодарда Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шығармашылығы мен өмірі жайлы жаңа кітап жарыққа шықты. Өз заманында озық туған көрнекті тұлға ақындығымен қатар тарих, әдебиеттану, өлкетану, шежіре жинақтау салалары бойынша мол мұра қалдырды. Бірақ қолжазбаларының көбі түрлі себептермен сақталмаған. Әсіресе, Кеңес заманында көптеген шығармалары қасақана құртылды. Мәшһүр Жүсіптің ел ішінде көріпкел- әулиелігімен танылғаны белгілі. Оған өзінің дүниеден қайтатын ай-күніне дейін дәл біліп, бір жыл бұрын асын бергізіп кетуі дәлел. Аңызға бергісіз мұндай деректер мен шығармалары қазір 20 том болып басылып жатыр. Ал,жарық көрген кітап тың деректермен толықтырылды. Ғалымдардың айтуынша, Мәшекеңнің зерттелмеген мұрасының өзі әлі талай ұрпаққа азық болмақ. Олжабай батыр. Олжабай батыр — Абылай хан басшылығымен Бөгенбай, Наурызбай жəне Қабанбай батырлармен бірге отанымызды жоңғар шапқыншыларынан қорғап көзге түскен. Олжабай батыр Абылай ханның жақын серігі, оның ту ұстаушысы болды. Олжабайдың ерліктерін Бұқар жырау жырға қосқан. 1772 жылы Олжабай батыр мен Едіге бидің орыс патшайымы II Екатеринаға солтүстік қазақ жерлерін, Құлыңды даласын қайтаруды талап етіп хат жазғандары белгілі болып отыр. Жасыбай көлі аймағында Олжабайдың қыстауы болған, қазір ол жер Дулат асуы деп аталады. Өзбек әліпбиі. Өзбек әліппесі — 23 (28) әріптен тұратын осы заманғы латын қарпіне негізделінген әліппе. Тарихы. 1928 ж. дейін өзбек тілінде араб жазуы пайдаланылды. Яналиф. 1936 ж. әдеби өзбек тілінің емлесі қыпшақ диалекттерінен қарлық диалекттерінің негізіне көшірілді (сингармонизмсыз), сондықтан Ə ə, Ө ө, Y y, Ь ь әріптері әліппеден өшірілді. Қазіргі латын жазуы. 1992 өзбек тілінде қайтадан латын жазуы пайдаланылады, бірақ Яналиф үлгіснде емес, ағылшан әліппесі негізінде (мақала басын қараңыз). Құрманғалиев, Ерік Сәлімұлы. Ерік Сәлімұлы Құрманғалиев (1959—2007) — өте сирек кездесетін контратенор сарынды «қаздауысты» опера әншісі. 1959 ж. желтоқсанның 31 Гурьев облысы Құлсары кентінде (қазіргі Құлсары қаласы, Атырау облысы) дәрігерлер әулетінде туған. Әкесі Сәлім — хирург, анасы Меруерт — педиатр болған. Бала шағында әкесінен айырылған Ерік орта мектеп оқуын Гурьев (қазіргі Атырау) қаласында бітірген. Ән айтуды өте ерте бастаған радиодан есіткен Людмила Зыкина, Ольга Воронец дауыстарын өзінің балалық альт дауысымен бейнелеген. Алматы консерваториясында дайындау бөлімінде оқып жүргенде, оны тастап, Мәскеуге барады. Гнесиндер атындағы Мәскеу саздық-педагогикалық институтына түсіп бітіреді. «Гнесинкада» оқып жүргенде концерттік әрекетін бастайды. 1980 жылы Д. Шостакович атындағы Ленинград филармониясы Үлкен залы сахнасында алғашында Антон Шароев оркестрімен бірге Перголезидің "Stabat mater" деген кантатасын орындайды. Соңра мынадай асқан дирижерлер меңгеруіндегі әйгілі оркестрлерімен бірге бірталай рет сахнаға шыққан: Рождественский, Китаенко, Мансуров, Сондецкис, Башмет, Третьяков, Гринденко, Николаев. Гнесиндер институтын бітіріп Мәскеу консерваториясы аспирантурасында профессор Н. Дорлиактан біліктігін арттырады. Шеберлік жетілдіру сабақтарын И. Бьенер, А. Рейнолдс, Ф. Кертин, Р. Кэйселли дегендерден алады. 1987 ж. Хертогенбош (Нидерландия) қаласында өткен халықаралық жас әншілер конкурсында лауреат болады. 1988 ж. Бостон қаласында өткен кеңестік саз фестивалінде жергілікті басылымдар Ерік Құрманғалиевті ғаламат феномен деп аңызға айналған опера әнші Федора Барбиеримен салыстырады. Опера әлемінде белгілі болса да, баршаға тек Роман Виктюк қойған «М. Баттерфляй» спектакліндегі ролінен кейін Ерік ардақты адам боп санала бастады. 1992 ж. американдық драматург Девид Г. Хуанг «М. Баттерфляй» пьесасында Сонг Лилинг ролін орындаған үшін осы жылдың актерлерінің жампозы аталды. Альфред Шнитке шығармаларының тұңғыш орындаушы Құрманғалиев болды: 2-ші симфония, 4-ші симфония, «Доктор Иоһанн Фауст хикаясы» кантатасы. «Рихтердің желтоқсанда саз кештері» деген халықаралық фестивалінің тұрақты қатысушысы болды. Концерттік әрекетін опера және жеке бағдарламаларды басты сахналарда орындап кең мәртеде өткізді: Ресей, Украина, Латуия, Естония, Литуания, Қазақстан, Татарстан, Недерландия, Белгия, Мажарстан, Югославия, Франция, Грекия. Пьер Карден шақыруымен Париж сахналарына шықты. 2002 ж. қазанында Мәскеу консерваториясы Үлкен залында гала-концерт берген. 2005 ж. Рустам Хамдамов түсірген «Вокальные параллели» ("Әнмен қатарласу") деген филмінде басты ролдерінің біреуін орындады. Соңғы кезде Ерік сахнаға ата-анасы «Сәлім-Меруерт» атымен аталып шығып жүрді. 2007 ж. қазанның 16 бауыр ауруымен Мәскеу қаласында ауруханаға түсіп, қарашаның 13 дүние өтті. Жәмішев, Болат Бидахметұлы. Болат Бидахметұлы Жәмішев — ҚР Қаржы министрі. Қысқаша өмірбаяны. 1957 ж. Талдықорған облысында (қазіргі Алматы облысы) туған. Қазақ ауыл шарушалық институтын бітіріп, экономист дипломын алып шыққан, экономика ғылымының кандидаты. 2006 ж. маусымынан бастап Еуразия даму банкінің басқарма төрағасының орынбасары болып қызмет атқарған. 2004 ж қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігінің төрағасы лауазымында қызмет атқарған. 2006 ж. қаңтарында бұл лауазымға Арман Дунаев тағайындалған болатын. 2007 ж. қарашаның 13 — ҚР Қаржы министрі. Божко, Владимир Карпович. Владимир Карпович Божко — ҚР Төтенше жағдайлар министрі. 1949 ж. Алматыда дүниеге келген. 1971 ж. В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген, заң ғылымының кандидаты, доцент. 2001 ж. желтоқсанынан бері Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып жұмыс істеген. 2007 ж. қарашаның 13 — ҚР Төтенше жағдайлар министрі. Көне келісім. Көне келісім — Киелі кітаптың 1-ші бөлімі. Негізнде көне жебірей тілінде жазылған тарауларын айтады. Бірақ үш тарауы арамей тілінде жазылған. Католик шіркеуінде көне юнан тілінде жазылған деутерканоникалы жазбаларын қосады. Сахалар. Сахалар, 'якуттер' деген атпен де белгілі, Саха (Якутия) республикасында жасайтын түркі халқы. Якут тілі Түркі тілдерінің Солтүстік тармағына жатады. Сөйлеушілерінің саны шамамен 456 000 (Ресей санағы, 2002), негізінен Саха (Якутия) республикасында қоныстанған, аздап Амур, Магадан, Сахалин аймақтарында және Таймыр және Эвенк автономиялық округтерінде де бар. Саха елінің халқы шамамен 980 000, олардың 382 000-ы, немесе 39%-ы сахалар. Олардың үлесі кеңес кезінде басқа жақтан келгендердің есебінен азайған еді, бірақ соңғы жылдары аздап көбейді. Сөйлеушілерінің саны біршама көп болғандықтан, саха тіліне төнген жоғалып кету қаупі Ресей Федерациясындағы басқа тілдерге төнген қауіптен әлдеқайда төмен болып саналады. Қоныстанған жерлері мен шаруашылық дәстүрлері бойынша сахалар екі негізгі топқа бөлінеді. Солтүстікте тұратындары жартылай көшпелі аңшылық, балықшылықпен, қодас және бұғы өсірушілікпен айналысады. Оңтүстіктің сахалары негізінен мал шаруашылығымен, жылқы және ірі қара өсірумен шұғылданады. Шығу тегі. Ғалымдардың көпшілігі сахалар Олхон мен Байқал көлінің маңынан қазіргі тұрып жатқан Лена, Алдан және Вилюй өзендерінің алабына шамамен 13-ші ғасырда көшіп келіп, сол жерлердің эвендер, эвенктер секілді байырғы тұрғындарымен араласқан болса керек деп топшылайды. Археологиялық деректердің негізінде сахалар оңтүстік Сібірден шыққан, олардың шығу тектері буряттармен ортақ деген көзқарас орныққан. 2003 жылғы наурыз айында Алманияның Макс Планк атындағы Эволюциялық антропология институты сахалардың шығу тегі туралы зерттеу жариялады. Ол зерттеуде 100-ден астам саха ұлтының адамының митохондриялық ДНҚ-лары басқа еуразиялық халықтардікімен салыстырылды. Зерттеу бойынша, сахалар сол аймақта өмір сүретін эвенктерге және оңтүстік Сібірдегі түрік тілдес тувалықтарға генетикалық жағынан өте жақын болып шықты. Дәстүрлі тұрмыс-тіршіліктері. Солтүстік сахалар аңшылық, балықшылық, бұғы өсірушілікпен айналысқан, оңтүстік сахалар жылқы, ірі қара өсірген. Екі топ та киіз үйлерде тұрып, жыл сайын қыстақ пен жайлаудың арасында көшіп жүрген. Саха мәдениетінің басқа Сібір халықтарының мәдениетінен ерекшелігі — сахаларда темір қорыту және саздан ыдыс жасау (көзешілік) өнері күшті дамыған болатын. 1620-шы жылдары олардың жеріне орыстар келе бастады. Олар Саха елін өзіне қаратып, аң терісінің салығын орнатты. 1634 және 1642 жылдары болған саха көтерілістерін басып-жаншыды. Алтын қорларының табылуы мен Транс-сібір теміржолының ашылуынан кейін өлкеге орыстар көптеп келе бастады. 19 ғасырдың 20-сы жылдарына дейін сахалардың басым көпшілігі Орыс-православ дініне өтіп болды. Бірақ қазірге дейін кейбір шамандық әдет-ғұрыптарды да сақтап қалған. 1919 жылы кеңес үкіметі Якут Автономды Кеңес Социалистік Республикасын жариялады. Шнитников, Борис Николаевич. Шнитников, Борис Николаевич (, 1886 қазанның 4 — 1961 сәуірдің 30) — қазақ-ағылшын сөздігінің ауторы. Санкт-Петерборда орналасқан Тенишев жоғарғы мектебін бітіргеннен кейін, Политехникалық институттың экономикалық факультетіне оқуға түседі. 1912 ж. студент бола отырып, ауыл шаруашылығы министрлігінің Қазақстан және Қырғызстан аумағына жіберген экспедициясына қатысады. Шығармалары. Kazakh-English Dictionary, Shnitnikov B.N., 1966, Indiana University Досмұхамедов, Халел. Халел Досмұхамедов (1883-1937) — Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым. Руы - беріш. Мамандығы дәрігер бола тұрса да, қоғам өмірінің сан салалы мәселелеріне араласқан көп қырлы дарын: саяси және қоғам қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы, әдебиетші, ауыз әдебиетінің сирек үлгілерін жинап, насихаттаушы, шебер аудармашы. 1883 ж. сәуірідің 24 бұрынғы Орал облысы, Гурьев уезі, Тайсойған бо­лысы, (қазіргі Атырау облысы Қы­зылқоға ауданы) Тайсойған құмында №4 ауылында дүниеге кел­ген. Ағасы Дәулетүмбет Машақұлының ықпалымен әкесі Досмұхамед ауыл молдасынан хат таныған Халелді жергілікті орыс қазақ мектебіне береді. Мектепті жақсы бітірген Халел 1894 жылы Теке қаласындағы Орал әскери-реалдық училищесінің даярлық класына қабылданып, оны үздік бітіреді де, тағы бір жылға қосымша класта оқуға қалдырылады. Сосын Сән-Питербор императорлық әскери-медицина академия­сына латын тілінен қосымша емтихан тап­сырып түскен. Студенттік өмірі империяның саяси толқуларға толы кезеңімен тұстас келіп, оның саяси білімін жетілдіріп, қалып­тасуына әсер етті. Ол осы жылдары ел ішінде үгіт-насихат жүргізіп, жергілікті «Фикр» (Пікір), «Уральский листок» газеттеріне ма­қа­лалар жазып, саяси толқулардың мән-жайын халыққа түсіндіріп отырды. 1905 жылы Орал қаласында бес облыстың делегаттары жиналған съезде кадеттер партиясының жергілікті бөлімшесі құрылған. Қазақ конституциялық-демократиялық пар­тиясының 9 адамнан тұратын Орталық комитетіне Б. Қаратаев, М. Бақыткереев­тер­мен бірге сайланды. 1909 жылы академияны үздік дәрежелі дәрігер атағымен, Алтын медальмен бітіріп, офицер ретінде кесімді мерзімдегі әскери міндетін өтеуге жіберілді. Алдымен Пермь губерниясында, кейін 2-Түркістан, 2-Орал қазақ-орыс атқыштар батальонында әскери кіші дәрігерлік қызмет атқарды. 1912, 1913 және 1915 жылдары оба індетіне қарсы күрес ісіне қатысты. Бұл еңбектері үшін Им­ператорлық қола медальмен марапатталды. 1913-18 жылдары «Қазақ» газетінде «Тамыр дәрі хақында», «Сары кезік — сүзек», «Жұқ­палы ауру хақында» сынды кәсіби, әлеу­мет­тік-саяси тақырыптарда мақалалар жариялап, өзіндік ой-пікірін білдіріп тұрды. «Как бороться с чумой среди киргизского народа» (1916) деген кітабы өз кезеңінде оба індетіне қарсы күрестің әдіс-тәсілдерін түгел қам­тыған еңбек болды. Ресейдегі Ақпан төң­керісінен кейін қазақ даласында облыстық, жалпы қазақ съездерін ұйымдастырып, өткізуге атсалысты. Сәуір айында 800-ден аса делегаттың қатысуымен өткен Орал облыстық қазақ съезінде Ж.Досмұхамедовпен бірге «Орал облысының далалық бөлігін басқарудың уақытша ережелері» атты жергілікті және облыстық деңгейдегі басқару жүйесін толық қамтыған заң жобасын ұсынып, оған делегаттар бірауыздан дауыс берді. Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсыл­мандар съезіне қатысып, І жалпықазақ съезінен Бүкілресейлік құрылтай жиналы­сына депутаттыққа кандидат ретінде ұсы­нылды. 1917 жылы ІІ жалпықазақ съезінде жарияланған Алашорда үкіметі — Ұлт кеңесі құрамына сайланды. Алаш қайраткерлерімен бірге бірінші кезекте халықты бүліншіліктен қорғайтын ұлттық әскер — халық мили­циясын жасақтауға, Алаш қорын құруға, елден алым-салық қаражат жинау ісіне күш салды. Уақытша үкіметтен билікті күшпен тартып алған большевиктердің үстемдігі нығайған тұста, Кеңес үкіметінің басшысы В.И.Ленинмен, Ұлт істері жөніндегі халық комиссары И.В.Сталинмен бетпе-бет келіссөздер жүргізеді. Большевиктер Кеңес өкіметін толық мойындап, сөзсіз бағынуды талап етсе, олар Алашордаға ішінара билік беру (заң шығару, атқарушы билік, сот жүргізу, өз әскері болу), қазақтар шоғыр­ланған жерлерді түгел қазақтарға қайтару, әр жерде кеңес органдары тұтқындаған алаш қайраткерлерін түрмеден босату, оларды қудалауды тоқтату, қаржылай көмек беру сияқты маңызды мәселелерді өткір қоя білді. 1918 жылы Жымпиты қаласында өткен Орал өңірі қазақтарының 4-съезінде Қазақстанның бүкіл батыс өңіріне ықпал етерлік ұлттық-территориялық құрылым — «Ойыл уәлаяты уақытша үкіметін» жария­лауға қатысты. Сол жылы қыркүйек айының ортасында Кеңес өкіметіне қарсы күштердің Уфа директориясын жариялау мәжілісіне жиналған Алашорда қайраткерлері бұл құрылымды қолдап, оған «Алашорданың батыс бөлімшесі» деген ат берді. Осы кезеңде Халел Алашорданың атты әскерін ұйым­дас­тырып, Самарадағы Комуч үкіметінен қару-жарақ алуға, Ұлттық банк ашуға, баспахана, «Еркін қазақ» газетін шығаруға көп еңбек сіңірді. Алашорда таратылғаннан кейін басқа қазақ зиялылары секілді Халел де жаңа өкіметтің жұмысына тартылады. 1920 жылы 21 тамызда Түркістан рес­публикасы халық ағарту комиссариаты жаны­нан Түркістан халықтарының оқу-ағарту, мәдени Һәм ғылыми мұқтаждарын өтеу үшін арнайы ұйымдастырылған Білім комиссия­сының мүшелігіне, кейін төрағалығына сайланды. Ташкенттегі халық ағарту институтында оқытушысы болды. Орта Азия (Түркістан) университеті медицина факультетінің хирургиялық емхана­сында ординатор, Түркістан денсаулық сақтау халық комиссариаты алқасының мүшесі және емдеу-санитарлық бөлімінің меңгерушісі болды. Орта Азия мемлекеттік баспа коллегиясының, кейін Қазақ мемлекеттік баспасы Шығыс бөлімінің меңгерушісі, Қазақ мемлекеттік баспа басқармасы меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқара жүріп, отандық ғылымның дамуына да мол үлес қосты. Халел Досмұхамедов бір өзі бірнеше қызметтер атқара жүріп, ұлттық мектептердің ғылыми терминология жасау ісіне ат салысады. Жер жерлерде қаулап ашыла бастаған жүйесін құруға, қазақ тіліндегі ғылыми терминология жасау ісіне ат салысады. Жер жерлерде қаулап ашыла бастаған ұлттық мектептерге ана тілінде оқулық жазу қажет болады. Осындай қажеттілік Халелді атқарып жүрген толып жатқан қоғамдық қызметерін ана тіліндегі оқулықтар жазумен және оны шығару жұмыстарымен ұштастыра жүргізуге мәжбүр етті. Ол «Табиғаттану», «Жануарлар», «Адамның тән тірлігі» (қазақша орысша жаратылыстану сөздігі), «Оқушы­лардың денсаулығын сақтау», «Дене бітімі және оның жұмысы туралы әңгімелер», «Сүйектілер туралы» т.б. оқулықтар мен ғылыми еңбектер жазды. Ол қазақ халқының тілі мен әдебиетіне, тарихына қатысты материалдар жинақтап, тілдің дыбыс жүйесінің өзекті мәселесі — сингармонизм заңын зерттеді, «Қазақ-қырғыз тілдеріндегі сингармонизм заңы», «Шернияз шешен», «Алаш не сөз», «Бұқарадағы Көгілташ медресесін салу туралы әпсана», «Тіллә-Қары мен Ширдор медреселерін салғызған Жалаңтөс батыр шежіресі», «Диуани лұғат ат-түрік», «Кенесарының соңғы күндері», «Қазақ әдебие­тінің тарихы» сияқты, т.б. ғылыми-теориялық еңбектер жазып қалдырды. «Мұрат ақын сөзі», «Исатай — Махамбет», «Аламан» жинақтарын шығарды. Сондай ақ оның қаламы жүйрік журналист болғанын қазақ тілінде шығып тұрған «Шолпан», «Ақ жол», «Еңбекші қазақ», «Сәуле» сияқты газет журнал беттерінде жарияланған мақалаларынан айқын көруге болады. Ол сонымен бірге қазақ қырғыз білім комиссиясы жанынан «Сана» журналын шығарып, өзі соның редакторы болған. 1924 жылы Ресей Ғылым Академиясының Орталық өлкетану бюросының корреспондент-мүшесі болып сайланады, осы жылы Түркістан халық ағарту комиссариаты атынан Орынборда өткен қазақ білімпаздарының, Мәскеудегі Бүкілре­сей­лік денсаулық сақтау қызметкерлерінің съез­деріне қатысты. Өзі проректор болып істейтін, халқымыздың алғашқы жоғары оқу орны Қазақ педагогика институтының негізінде Қазақ мемлекеттік университетін ұйымдастыру жөнін­­дегі комиссияның төрағасы, оның бірінші проректоры болып тағайындалады. Қазақ педагогика инсти­тутының доценті, Қазақ мемлекеттік университетінің әкімшілік-шаруашылық бөлі­мінің басшысы, осы оқу орнының профессоры болды. Алайда, келесі жылы Кеңес өкіметі ұйымдастырған қуғын-сүргін саясаты кезінде тұтқындалып, ОГПУ үштігінің шешімімен Воронеж қаласына 5 жылға жер аударылды. Онда жүріп Денсаулық сақтау және гигиена институтында бөлім меңгерушісі, балаларды ем­деу-сақтандыру амбулаториясы мең­герушісінің орынбасары секілді қызмет істеді. Соңғы бір жыл кесімді мерзімі бітсе де елге оралмады. 1938 жылы 26 шілдеде жалған саяси айыппен екінші рет тұтқынға алынып әуелі Мәскеу, кейін Алматы түрмесінде отырды. 1939 жылы 24 сәуірде әскери трибуналдың үкімімен ату жазасына кесілді. Оның ісі тек 1958 жылы 28 ақпанда Қазақ КСР Жоғарғы сотының Қылмыстық істер коллегиясында қайта қаралып ақталды Қазір туған жері Атырау облысы Миялы кен­тінде оған ескерткіш қойылған. Атырау уни­верситетіне, Алматы және Атырау қалаларын­дағы бір-бір көшеге есімі берілген. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы — Қазақстан Республикасы республикалық мәртебесі бар халықаралық үкіметтік емес ұйым. Ол 1992 жылы қыркүйектің 29-ында Алматы қаласында тұңғыш өткен Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы‎нда құрылды. Құрылтайға әлемнің 33 елінен 800-ден астам делегаттар қатысты. Әділет министрлігінің алғаш рет 1992 жылғы 2 қарашада, одан соң 1997 жылғы 16 сәуірде қайта тіркеуінен өткен. Қауымдастықтың негізгі міндеті — шетелдерде тұратын қазақтармен мәдени-рухани, оқу-білім және іскерлік бизнес саласында байланыс жасау. Ол өз Жарғысында белгіленіп бекітілген міндеттер аясында жұмыс істейді. Соған орай, ешқандай саяси мақсат көздемейді. Өзге мемлекеттердің ішкі ісіне араласпайды. Күнделікті жұмысында Қазақстан Республикасының шетелдермен мәдени-рухани, оқу-білім және экономикалық салада жасалған келісім-шарттарды, басқа да халықаралық құжаттар мен актілерді басшылыққа алады. Қауымдастық өз Жарғысы бойынша Қазақстан Республикасының және шетелдердің мемлекеттік мекемелерімен, қоғамдық ұйымдарымен, мәдени-ғылыми орталықтарымен байланыс жасауға құқылы. Қауымдастық дүниеге келген уақыттан бері сыртта жүрген қандастарымыздың күнделікті тыныс-тіршілігінің барлық салаларына қатысты ірілі-ұсақты мәселелердің бәрімен тұрақты шұғылданып келеді. Қазақ диаспорасы шеңберінің ұлғаюы нәтижесінде алыс-жақын шетелдердегі ағайынмен сан-салалы байланыстарды жетілдіру жолдарын өз қызметінің негізгі өзегі деп біледі. Атқарылып жатқан шараларды негізінен мәдени-рухани және экономикалық салаларға топтастыруға болады. Ал оларды жүзеге асыру барысында қолданылатын жұмыс әдістері әр алуан, оған көкейтесті мәселелер бойынша ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық конференциялар, халықаралық симпозиумдар, «дөңгелек стол» мәжілістері тақырыптық кештер, әдеби кештер, соңғы жылдары дәстүрге енген шетелдерде жыл сайын өткізіліп келе жатқан кіші құрылтайлар, өнер, қолөнер, кітап көрмелері, мерейтойлық басқосулар, өнер және спорт фестивальдері сияқты сан-салалы шараларды жатқызуға болады. Шметтерлинг зымыраны. Һеншель Hs 117 «Шметтерлинг» зымыраны (; "шметтерлинг" — көбелек) — Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Алманияда жасалған жер-әуе зымыраны. Оның әуе-әуе түрі де болған. Зымыранды басқарушы оны арнайы дүрбі арқылы бақылап, радио арқылы джойстик секілді басқару құралымен басқарып отырған. Тарихы. 1941 жылы профессор Һерберт Вагнер (ол бұрынырақ кемелерге қарсы қолданылатын Һеншель Hs 293 зымыранын да жасап шығарған болатын) Шметтерлинг зымыранын ойлап шығарып, оны Рейх Әуе министрлігіне (RLM) тапсырды. Бірақ министрлік жобаны қабылдамады, себебі ұшаққа қарсы қолданылатын қару-жарақ түрлері жеткілікті болатын. Алайда 1943 жылы Алманияны жаппай бомбылау басталғанда Рейх Әуе министрлігі ойын өзгертіп, Һеншель фирмасы оны жақсартып, шығара бастауға тапсырыс қабылдады. 59 сынақ атуы болып, оның 34-і сәтсіз аяқталды. 1944 жылдың мамырында Hs 117 зымыранының сынақтары табысты аяқталды. Оны жаппай шығара бастау 1944 жылдың желтоқсанына белгіленіп, ұрыс жағдайында қолдана бастау 1945 жылдың наурызына белгіленді. 1945 жылғы қаңтарда зымыранның жаппай өндіріске арналған үлгісі дайын болды, бірақ ақпанның 6-сында СС-обергруппенфюрері Һанс Каммлер бүкіл жоспарды тоқтатып тастады. Түрлері. Зымыранның Hs 117H деген түрі Дорниер Do 217, Юнкерс Ju 188, or Юнкерс Ju 388 ұшақтарынан ұшырылуға лайықтап жасалған. Ол зымыранның өзін ұшырған ұшақтан 5 km жоғары ұшып жүрген әуе аппараттарын жоюға мүмкіндігі болған. Райнтохтер зымыраны. «Райнтохтер» зымыраны — Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Алманияда жасалған жер-әуе зымыраны. Оның аты герман аңыздарының «Райнтохтерлерінен» («Рейн қыздары») (Рихард Вагнердің Нибелунгтардың сақинасы операсындағы «Рейн қыздарынан») алынған. Тарихы. «Райнтохтерді» дамытуға 1942 жылдың қарашасында алман әскері (Вермахт) тапсырыс берген. 1943 жылдың тамыз айында 83 сынақ ұшырылуы жасалды. Оның әуе-әуе түрі де жобаланған. «Райнтохтер» жобасы 1945 жылғы ақпанның 6-сында тоқтатылды. Бұл зымыранның бір данасы қазір Берлиндегі Алмания Политехникалық мұражайында тұр. Түрлері. Бастапқы R1 түрінде 2-басқышты қатты отынды зымыран қозғалтқышы орнатылған болатын. Бұл модельдің жоғары биіктікке жету қабілеті болмағандықтан R3 моделі жасалды. Бұл модельде қатты отынды зымыран қозғалтқышымен бірге қатты отынды үдеткіштер де болды. Вассерфалль зымыраны. Һермес-A1 (Америкалықтардың Вассерфалльдың дайын сызбалары бойынша жасаған зымыраны) «Вассерфалль» зымыраны (— "Вассерфалль алыстан басқарылатын әуеге қарсы зымыраны", "Вассерфалль" сөзінің мағынасы — сарқырама; "Агрегат-5" деген атпен де белгілі) — алыстан басқарылатын жер-әуе зымыраны. Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде Германиядағы Пенемюнде орталығында жасалған Германияның ғажайып қаруларының бірі болып табылған Вассерфалльдың құрылымының негізінде жасалған зымырандарды Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңестіктер Р-101 жобасында пайдаланып, ал америкалықтар Һермес-А1 деген зымыранды сол Вассерфалльдың негізінде жасады. Жасалу тарихы. Толығымен қорғаныс жүйесі болғандықтан "Вассерфалль" зымыраны Адольф Һитлерге онша қатты ұнамаған болатын, себебі Һерманн Гөринг оған Люфтваффе Үшінші Рейхтің әуе кеңістігіне жауды аяқ бастырмайды деп уәде еткен еді. Сондықтан бұл жоба бастапқы кезеңде онша көп қолдау көрген жоқ. 1943 жылдан бастап ағылшын-америкалық одақтастардың стратегиялық бомбылауы күшейе бастаған кезде "Вассерфалль" зымыранына керекті қаржы-материалдар оның орнына Фау-2 шабуыл зымыранын жасауға жұмсалып отырды. Зымыранның негізгі концепциясы бойынша жұмыс 1941 жылы басталып, оның соңғы техникалық көрсеткіштері 1942 жылғы қарашаның 2-сінде мақұлданды. Алғашқы модельдері 1943 жылдың наурызында сынақтан өтті, бірақ 1943 жылдың тамызында доктор Вальтер Тильдің Британия әскери әуе күштерінің Пенемюндеге жасалған бомбылық шабуылының кезінде қаза табуы жұмысты қатты кешеуілдетіп тастады. 1944 жылғы наурыздың 2-сінде жасалған алғашқы табысты сынақтан кейін (оның үшінші сынақ моделі), Вассерфалльдің тағы 3 сынақ ұшырылуы 1944 жылғы маусымның соңында қарай аяқталды. 1944 жылғы қаңтардың 8-інде жасалған сынақ сәтсіз аяқталған болатын. Ол кезде зымыранның қозғалтқышы «шыжылдап», зымыранды тек 7 km биіктікке көтеріп, дыбыс жылдамдығына жеткізе алмады. Одан кейінгі ақпан айындағы ұшыру табысты болды, зымыран тік көтеріліп, 770 m/s (2,800 км/сағ) жылдамдыққа қол жеткізді.. 1945 жылғы ақпанның 17-сінде Пенемюндедегі зымыран орталығы эвакуацияланғанға дейін 35 Вассерфалль сынақ ұшырылуы жасалып үлгерілді. 1944 жылғы маусымның 13-інде Вассерфалльдың радиомен бағыттау жүйесі орнатылған Фау-2 зымыраны Швецияға барып құлады. Ондағы бағыттау жүйесі «Кель-Штрассбург» бағыттау жүйесінің жетілдірілген түрі болатын. Осы «Кель-Штрассбург» бағыттау жүйесі Жерорта теңізінде ағылшын-американ кемелеріне біршама табысты қолданылған Һеншель Hs 293 қанатты зымыранының бағыттау жүйесі ретінде қолданылған еді. Осы күнге дейін мен мынаған нық сенемін: егер біз 1944 жылдың көктемінен бастап «Вассерфалльді», оған қоса реактивті жойғыш ұшақтарды жаппай қолдана алғанымызда, бұл ағылшын-американ әуе күштерінің біздің өндірістік орындарымызға шабуылдарын тоқтатар еді. Бұл біздің қолымыздан келер еді, себебі одан көп кейін де айына 900 дана Фау-2 зымырандарын шығарып отырдық. Техникалық сипаттамалары. Вассерфалль Фау-2 зымыранының әуеге қарсы бейімделген, екеуінің жалпы құрылымы да, сырт түрлері өте ұқсас бір түрі болды. Зымыран бомбылаушы ұшақтардың ұшатын биіктігіне ғана көтерілуге тиіс болғандықтан, ол Фау-2-ден кішірек болды, оның ұзындығының ¼-дей ғана. Вассерфалльдың тағы бір ерекшелігі — қозғалысын басқара алу үшін оның фюзеляжының орта бөлігінде қосымша қанаттар орналасқан. Фау-2-ден айырмашылығы, Вассерфалль бір ай уақыт бойы дейін бірден ұшырылуға дайын тұруға бейімделіп жасалды, сондықтан Фау-2 зымырандарында қолданылған ұшқыр сұйық оттегі оған жарамайтын еді. Доктор Вальтер Тиль жасап шығарған қозғалтқыштың жаңа түрі отын ретінде визолға (винил изобутил эфирі) және «СВ-қоспасы» немесе «Зальбай» деп аталатын қоспаға (90% азот қышқылы, 10% күкірт қышқылы) негізделген болатын. Осы тез тұтанатын қоспа басқа бір резервуардан қысыммен берілетін азот газымен араласып, жану камерасына зор қысыммен келіп жететін. Вассерфалль тез тұтанатын отын төгілсе де зымыранды ұшыра алатын арнайы зымыран базаларынан (Везувий деген құпия атымен белгілі) ұшырылуға тиісті еді. Зымыранды бағыттау жүйесі ретінде күндізгі уақытта қарапайым радио бағыттау жүйесі — MCLOS жүйесі қолданылатын. Түнгі уақытта бағыттау әлдеқайда күрделі болды, себебі қараңғыда зымыранның өзін де, нысананы да көру қиын. Сол себепті «"Райнланд"» атты жаңа жүйе жобаланды. «Райнландтың» ішінде транспондер орнатылатын, транспондердің жіберген сигналдарын жерде орналасқан радиопеленгатор қабылдап, зымыранның нақты орны анықталатын. «Райнландтың» нысананы анықтауға арналған радары да болды. Зымыран ұшырылғаннан кейін бірден іске қосылатын механикалық компьютер транспондер мен радардың көрсеткіші бойынша зымыранды нысанаға қарай бағыттайтын. Жерде орналасқан оператор радардың экранында зымыран мен нысананың екі жарық дағын көріп, зымыранды күндізгідей бағыттай алатын. Зымыран енді ұшырылған кезде оны бағыттау жану камерасының аузында орналасқан төрт графит руль арқылы, ал зымыран толық жылдамдығына жеткен соң оның құйрығында орналасқан төрт басқа руль арқылы жүзеге асырылатын. Бағыттау жүйесінің жобаланған тағы бір түрінде тек бір ғана айқыш тәрізді, нысананы көздеп айналып тұратын радар сәулесі қолданылатын. Райнланд жүйесі секілді ол да нысанаға алдымен транспондер сәулесі арқылы бағытталып, содан соң сол болымсыз кері байланыс арқылы сәуледен ауытқымай бағытталып отыратын. Егер ауытқи қалған жағдайда ол тұрақты сигналдың орнына пульс қабылдай бастап, аутоматикалы түрде өзін сәулеге қайтаратын. Бастапқыда зымыранның жарғыш жүгінің салмағы 100 kg болатын, бірақ зымыранның тию дәлдігі төмен болғандықтан оған әлдеқайда үлкен (306 kg) сұйық жарылғыш затқа негізделген жарғыш жүк тией бастады. Ондағы мақсат — жаудың бомбалаушы ұшақ тобының ортасында зор жарылыс ұйымдастырып, кем дегенде бірнешеуін істен шығару. Күндізгі уақытта оператор жарғыш жүкті алыстан басқару жүйесі арқылы іске қосып, түнгі уақытта алыстан жарғышытың бір түрі қолданылуға тиіс болды. Тиль, Вальтер. Вальтер Тиль (1910 жылғы наурыздың 2-сі - 1943 жылғы тамыздың 17-сі) Фау-2 зымыранының зымыран қозғалтқышының негізгі бөлігін дамытқан неміс инженері. Тиль Бреслау қаласында туып-өскен. Ол сондағы техникалық университетті материалдар технологиясы мамандығы бойынша бітіріп, кейін зымырандарда тез тұтанатын отындарды қолдану бойынша зерттеулер жүргізе бастады. Ол 1936 жылы Вернер фон Браунның Пенемюнде қаласындағы зерттеу тобына қосылды. Оның жанармайды зымыран қозғалтқышына жіберу үшін турбосораптарды қолдануды ұсынуы үлкен табыс болып, Фау-2 сияқты зымыранды жасап шығару соның арқасында мүмкін болды. Оған дейін зымыран қозғалтқыштарында жанармай резервуарларда жоғары қысыммен сақталатын да, оның қақпағы ашылғанда қозғалтқышқа сол қысымның күшімен берілетін. Ал Тильдің ұсынысының арқасында қозғалтқыштардың қуаты он есе артты. Клаус Ридельмен бірге Тиль жану камерасының және соплоның құрылымын жақсартуға еңбек сіңірді. Тиль Вассерфалль әуеге қарсы зымыранының қозғалтқышын дамытуға да үлес қосты. 1943 жылғы тамыздың 16-сынан 17-сіне қараған түні Британия әскери әуе күштері Пенемюндеге жасаған бомбылау шабуылының кезінде Вальтер Тиль өзінің отбасымен бірге қаза тапты. ("«Гидра» операциясы"). Айдағы Тиль кратері оның атымен аталған. Германия ордені. Германия ордені (немісше: "Deutscher Orden") – нацистік партияның жеке адамға «мемлекет пен партияға көрсеткен ең жоғарғы дәрежелі қызметі үшін» берген ең жоғарғы марапаты. Бұл марапатты алғаш рет 1942 жылы рейхсминистр марқұм Фритц Тодттың жерлеу рәсімінің кезінде оған Адольф Һитлер табыс етті. Герман ордені екінші рет сол жылдың маусым айында Райнхард Һейдрихке оның жерлеу рәсімінің кезінде табыс етілді. Сыншылар бұл орденді «өлген адамға берілетін орден» деп атады, себебі бұл орденмен марапатталғандар негізінен қайтыс болған адамдар болатын. Осы орденмен марапатталып соғысты қаза болмай тірі аяқтаған тек екі адам ғана: Константин Һирль мен Артур Аксманн болатын. Германия орденінің бастапқыда үш дәрежесі белгіленген болатын, бірақ оның тек алқа дәрежесі (ең жоғарғы дәрежесі) ғана марапат ретінде беріліп үлгерілді. Бұл марапат Үшінші Рейхтың ең аз берілген марапаты, одан аз берілген марапат – Ұлттық өнер мен ғылым жүлдесі). Германия орденімен марапатталғандар өзара бауырластық құруға тиіс болатын. Адольф Һитлер бұл орденді мемлекет пен партияға көрсеткен қызметтері үшін марапаттайтын өзінің жеке марапаты ретінде қарастырды. Осы себеппен, және орденнің арт жағында оның қолтаңбасының бедері басылғандықтан, ол жұрт арасында «Гитлер ордені» деп те аталып кетті. 1942 және 1945 жылдардың арасында осы орденмен 11 адамның марапатталғаны дәлелденген. Кейбір құжаттардың мәліметінше, осы орденмен СС райхсфюрері Һайнрих Һиммлер мен гросс-адмирал Карл Дөнитцтер де марапатталуға тиіс болатын. Қарақалпақстан әнұраны. Tu'bi bir, shaqası mın' bolar demek. Xalqın' bar azamat, dos ha'm miyirban, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы. Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ) () — саяси диалог үшін арналған халықаралық ұйым. Негізгі мақсаты — жетілдірілген басқару мен демократиялық үрдіс негізіндегі аймақтық тыныштық пен қауіпсіздік. 3500 астам қызметкерлерінің басым бөлігі жерлердегі істермен айналысып, ал оның 10 %-ға жуығы бас пәтерде отырады. ЕҚЫҰ, Біріккен Ұлттар Ұйымы астындағы ад хок ("Ad hoc") ұйым (VIII тарау), алдын ала ескерту, шиеленістерді тоқтату, тоқырау-менеджментіне және пост-конфликттік реабилитация істеріне аса назар аударады. Ұйым Еуропа, Кавказ, Орталық Азия, Солтүстік Американың 56 мемлекеттерін, яғни солтүстік жарты шардың көп елін қамтиды. Ұйым Салқын Соғыс кезінде Батыс — Шығыс форумы ретінде құрылған. Қазақстан бұл ұйымға 1992 ж. қаңтардың 30-ы мүше болып Хелсинкидегі Соңғы Актіне шілденің 8-де қол қойды. 2009 жылы осы Ұйымды басқару үшін ниет еткен Қазақстан негізінен тек екі ел — АҚШ пен Құрама Патшалық қарсылығына тап болды. Осы елдердің ойынша Қазақстан адам құқығын, демократиялық құндылықтарды қорғау жөнінде әлі де көп еңбек ету керектігі айтылған. Қазақстан кандидатурысын ТМД елдерімен қатар Батыс Еуропа елдерінің көбісі (Германия, Италия, Нидерланды және Франция) қолдауда. Қарашаның 29—30 Мадридте ЕҚЫҰ мүше-елдердің сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) 15-ші отырысында компромисс ретінде Қазақстан ТМД елдерінің ішінде алғашқысы болып ЕҚЫҰ төрағалығына 2009-да емес, 2010 жылы ие болатындығы хақында шешім қабылданды. Мүше мемлекеттер. ЕҚЫҰ қол қойғандар (2006 ж. дейін). Қорқыт ата кітабы. «Қорқыт ата кітабы» (9—10 ғғ.) — көне дәуірден түркі халқының құрамына кірген оғыз тайпасының эпикалық жазба ескерткіші. Кітап оғыздардың өмірі жайында баяндайды. Оғыз-қыпшақ тайпаларына ортақ тілде жазылған. Кітап ақыл-өсиет, мақал-мәтел, нақыл, шешендік сөздерге толы. Кітаптың бас кейіпкері көріпкел, тайпа көсемі, ақылгөй Қорқыт ата. Әрбір жырдың соңы Қорқыт атаны мақтаумен аяқталады. Мұраның орыс тіліне толық аудармасын В.В. Бартольд 1922 ж. жасады, ол 1962 ж. жарық көрді. Ал қазақ тіліне аудармасын Ә. Марғұлан, Н. Келімбетов, Ә. Қоңыратбаев сынды қазақ ғұламалары 1986 ж. басып шығарды. "Қорқыт Ата кітабы." Түрік тілінен ауд. Б. Ысқақов.— Алматы: Жазушы, 1994.—160 6. "Қорқыт Ата кітабы" қазақ топырағында д8ниеге келген, оқиғасы, тілі, кейіпкерлерінің мінез-құлқы, іс-әрекеті жағынан халқымыздын төл туындыларына — аныз-әңгімелерге, эпостық жырларға етене жақын тұрған шығарма. Кітапта Сыр бойында IX—XI ғасырларда өмір сүрген оғыз-қыпшақ елінің тұрмыс-салты, жаугершілік заманда халықтың басынан кешкен ерлік оқиғалары суреттеледі. Бұл еңбек 1969 жылы Ыстамбул қаласынан шыққаң нүсқадан аударылып отыр. Генерал-фельдмаршал (Алмания). Алманияның генерал-фельдмаршал әскери атағын иеленгендерінің тізімі Өзтүрiк, Мұстафа. Мұстафа Өзтүрiк (1954—1995) — Қазақстанның таэквон-до шебері, әлем чемпионы, қоғам қайраткері. 1975—1980 жж. Тайпей қаласындағы Халықаралық Саясат Университетінде оқыды, халықаралық-журналист мамандығы бойынша жоғары білімін Тайуанда алды. 1980—1990 жж. Таэквон-До жоғары мектептерінің негізін АФР мен Түркияда қалады. 1990—1995 жж. тарихи елі Қазақстанға оралып еңбек етті. Таэквон-До жоғары мектебінің негізін қалаушы. Таэквон-До спортынан алты-дүркін әлем чемпионы, 6-шы Дан дәрежесі бар, халықаралық жаттықтырушы. Алты тілде сөйлеген. 1995 жылы Алматы қ-да қайтыс болып, Ыстамбұлда (Түркия), әкесі жатқан бейітке жерленген. Мұстафа Өзтүрік! Бұл кісінің тағдыры өте қиын болған. 50-жылдар басында аталары, тағдырдың тәлкегіне шыдамай, бақыт іздеп Қытай, Пәкістан, Үндістан арқылы Түркияға келеді. Жолда ашаршылық та, суықты да, кедейшілікті де көреді. Барі бірдей Түркияға жете алмады… Сол елде 1954 жылы Мұстафа дүниеге келеді. Әке-шешесі баланы мектептен кейін Тайвань Университетіне жібереді. Университет дипломымен бірге Мұстафа Өзтүрiк таэквондодан 6-шы Дан сертификатын алады. Бұл таэквондодан барша мұсылман әлеміндегі алғашқы әрі соңғы жоғары дәреже еді. Осылайша ол аңызға айланады. Жұмыс істеуге ол Германияға көшіп барып Мюнхен қаласында таэквондодан өз мектебі — Мұстафа мектебін ашады. Осындай мектеп Ыстамбұлда да әлі істеп тұр. Егемендік алған елімізге ұландарымыздың көпшілігі орала бастайды. 1991 жыл для Мұстафа үшін де солай болады. Ол осы спорт түрінен Республикалық федерация құрып соның президенті болады. Сосын ел тарихында алғаш рет таэквондистерді халықаралық жарыстарға Түркияға және Америкаға апарып сол жақтардан ірі жеңіспен оралады. «Мен әлемді көрдім, — дейді Мұстафа, — енді өз елімді көрдім. Несін айтасыз, үлкен айырмашылық. Сондықтан еліме өз біліміммен, күшіммен көмектесу үшін елде қалуға шештім». Генерал-фельдмаршал. "Генерал-фельдмаршал" (кейде оны қысқартып «фельдмаршал» деп те атайды) — бірнеше герман мемлекеттерінің, Қасиетті Рим империясының және Аустрия империясының әскерлерінде қолданылған әскери атақ. Оған басқа әскерлерде армия генералы және герман әскери теңіз флотында гросс-адмирал атақтары сәйкес келеді. Пруссия әскерінде және кейінірек Герман әскерінде бұл атаққа ие қолбасшылардың бірқатар артықшылықтары, мысалы, әрқашан олармен бірге жүретін жеке көмекшілері болатын. 1854 жылы «тек соғыс кезінде әскер басқарған қолбасшылар ғана фельдмаршал атағын ала алады» деген ережені бұзбастан Вильһельм ханзаданың әскери лауазымын өсіру үшін "генерал-полковник" деген әскери атақ енгізілді. 1870 жылы ханзада Фридрих Карл және тақ мұрагері патшазада Фридрих Вильһельм фельдмаршал болып тағайындалған алғашқы Пруссия ханзадаларына айналды. "Генерал-фельдмаршал" атағы Үшінші Рейхтың жаяу әскері мен Люфтваффесінде 1941 жылға дейін ең жоғарғы атақ болып келді. Сол жылы жаңадан "рейхсмаршал" атағы енгізілді (оған жалғыз Һерманн Гөринг ие болып үлгірді). "Генерал-фельдмаршал" атағына әскери теңіз флотында "гросс-адмирал" атағы сәйкес келді. Үшінші Рейх күйрегеннен кейін "генерал-фельдмаршал" атағы алынып тасталды. Һитлер Сталинградтың түбіндегі 6-шы армияның бәрібір Қызыл Әскерге берілуге мәжбүр болатынына көзі жеткен соң оның қолбасшысы Фридрих Паулусқа ол соңғы демі қалғанша күрессін немесе өзін-өзі өлтірсіндеп фельдмаршал атағын береді. Себебі ешқашан ешбір неміс фельдмаршалы тарихта жаудың қолына тірі түспеген болатын. Бірақ Паулус бәрібір жаудың қолына беріледі. Өзіне фельдмаршал атағы берілгені туралы білгенде ол: «анау богемиялық ефрейторға бола өзімді атып өлтіретін жайым жоқ!» - деген екен. Қазіргі таңда қайта құрылған Бундесвердегі ең жоғарғы әскери атақ — генерал. "Бундесвердің" жоғарғы қолбасшысының (бейбітшілік кезінде Германияның Негізгі заңының 65-ші бабы бойынша бұл қызметті қорғаныс министрі атқарады) тұрақты шешімі бойынша, генералдың барлық жауынгерлердің үстінен жүргізетін билігі ерекше. "Генерал-инспектор" болса "қарулы күштердің жетекші штабын" басқарады. ГДР-дың Ұлттық халықтық армиясы "ГДР Маршалы" атағын 1982 жылғы наурыздың 25-нде тағайындады. ГДР-дың Мемлекеттік кеңесі соғыс кезінде немесе ерекше әскери жетістіктері үшін генерал әскери атағына ие адамды маршал ете алатын, бірақ бұл атақ ещкімге берілмеген күйі қалды. Тағы қараңыз. * Математика. Математика (— "ғылым", "білім", "оқу"; — "білуге құштарлық") — әлдебір әлемнің сандық қатынастары мен кеңістіктік формалары, оның ішінде — структуралар, өзгерістер, белгісіздік жөніндегі ғылым. Ол абстрактілендіру және логикалық қорыту, есептеу, санау, өлшеу және физикалық нәрселерді жүйелі түрде орнықтыру, бейнелеу мен өзгерістерді оқыту арқылы көрініс табады. Математиктер жаңа тұжырымдамаларды сипаттайтын осы түсніктерді ретімен таңдалып алынған аксиомалар мен анықтамаларды пайдалана қорыта отырып зерттейді. Көне Мысыр математикасы. Көне Мысыр әлемдегі ең байырғы мәдениет ошақтарының бірі. Ніл өзенінің екі жағалауына орналасқан бұл ел б.з.б. 3200-ші жж біртұтас мемлекет болып бірікті. Ніл өзені әр жылда тасып, жағалаудағы егістік жерлерді шайып кетіп отырған, тасу мезгілі аяқталған соң тұрғындардың жерін қайта өлшеп бөлу керек болады, ұзақ жылғы жер өлшеу тәжірибесінің арқасында геометрия ғылымы пайда болған (геометрия – грекше сөз, гео — жер, метро — өлшеу деген мағына береді). Көне Мысырдың Ахмосе немесе Райнд папирусы Б.з.б. 2900-шы жж кейін патшаларының мазары ретінде көне мысырлықтар көптеген алып пирамидаларды тұрғыза бастаған. Пирамидалардың құрылысына қарай отырып, сол кездегі көне мысырлықтардың геометрия мен астрономияны аз білмегенін аңғаруға болады. Мысалға, пирамида табаны мен бүйір бет ауданы арасындағы қатынас пен табанындағы бұрыштарды атауға болады. Қазіргі кездегі Көне Мысыр математикасы туралы зерттеулер негізінен, сол кездегі монахтар жазуы және руни жазуымен жазып қалдырған екі кітапқа сүйенеді: бірі Лондонда (1858 жылы ағылшын жинаушысы Райнд тауып, өз меншігіне алған, сондықтан көбінесе Райнд папирусы (жоғарғы суреттегідей) деп аталады, ол папирус б.з.б. 1700 жылға жатады, бұл Мәскеу папирусына қарағанда үлкенірек). Енді бірі Москвада сақтаулы. «Мәскеу папирусы» деп аталады. (суреттегідей) Оны 1893 жылы ескі заттарды жинақтап сақтаушы орыс әуесқойы Голенищев сатып алған, ал 1912 жылы ол Мәскеудегі әсемдік өнерлер мұражайына берілген. Папирус — қамыс текті өсімдік. Мысырда, Ніл өзенінің жағалауында өседі. Оның өзегін тілімдеп алып, тілімдерді қатарластра орналастырады. Олардың үстіне көлденең осындай тілімдердің екінші қабатын салады. Қысқышпен екі қабатты біріктіріп жаныштағанда тілімдерден шығатын желім сияқты шырын қабаттарды тұтастырып қағаз түріне келтіреді. Папирустар 9 ғ.-дан бастап мүлде қолданылмайтын болған, оның орнына қағаз пайдаланылады. Қағаз ең алғаш бұдан 2000 жыл бұрын, Қытайда шыққан, оны Чай Лунь деген адам ойлап шығарған деп жазылады Қытай тарихнамаларында. Қағаз жасауды қытайлардан Орталық Азия халықтары үйренген. 7 ғ. Самарқандта қағаз өндірісі болған. Осыдан арабтар үйренген, олар арқылы Еуропаға тараған. Көне Мысырдың ертедегі әріптері сурет пішіндес әріптер болған, соңынан ретке келтіріліп демотикалық жазу пайда болған. Осы екі кітаптан басқа да кітаптар теріге, тастарға ойылып жазылған, олар қазір дүнйенің түкпір-түкпірінде сақтаулы. Екі кітаптың жазылған уақыттары шамамен б.з.б. 1850-1650 жж. сәйкес келеді. Көне мысырлықтар ертеден ондық санау жүйесін қолдануды білген, бірақ оның әрбір орындағы сандардың жазылу ережесін білмеген, мысалға 111-ді жазу үшін, 1-ді үш рет қайталап жазбаған, керісінше әр орындағы 1-лерді әр түрлі белгілермен бейнелеген. Көне мысырлықтардың негізгі амалы қосу болған, ал көбейту қосудың қайталанып келуі ретінде есептелген. Олар бір айнымалысы бар бірінші дәрежелі теңдеулерді шеше алған, әрі арифметикалық, геометриялық прогрессиялардың қарапайым есептерін шеше алатын болған. formula_1 деген теңдеудің иероглифтермен жазылып берілуі. Сол кітапта («Мәскеу папирусы») және де шеңбердің ауданын есептеуді де көрсеткен: диаметрінің -ін алып тастағаннан кейін квадраттаған. Есептеу нәтижесінде π=3. 1605 болып шыққан. «Мәскеу папирусында» жазылғаны бойынша олар дұрыс төрт жақтың көлемін есептеуді білген. Қорыта келгенде көне мысырлықтар көптеген нақтылы тәжірибелер топтаған, бірақ оны бір тұтас теорияға айналдырмаған. Ежелгі Бабыл математикасы. Көне Мысырда математиканың туумен қатар ертедегі Бабыл тұрғындары және шумерлер мен аккадтықтар өз алдына өздерінің дербес математикасын жасап шығарды. Бұл халықтар сына сияқты сызықшалардан құралатын таңбалар арқылы (19 ғ-да археологиялық қазбалар кезінде табылған) күн көзіне қойғанда тастай қатайып қалатын, балшықтан жасалған саз балшықты тақталарға (плиткаларға) білімдерін жазып қалдырған. Мұндай балшық тақталар Бабыл жерінен мыңдап табылады. right Бабылдықтардың барлық математикалық жетістіктері жинақталып жазылған (шамамен айтқанда б.з.б. 200-шы ж., яғни Бабыл мәдениеті өркендеп өзінің ең жоғарғы сатысына көтерілген кезге жатады) қырық төрт кестеден құралған бабылдықтардың математикалық энциклопедиясы табылған. Бұл энциклопедиядан бабылдықтардың сол ертедегі заманда күнделікті мұқтаждықтары алға қойған практикалық есептерді: егіншілік, жер суаруды реттеу, сауда жасаудағы есептерді шешудің бірсыдырғы тиімді тәсілдерін білгендігі көрінеді. Бабылдықтар астрономия ғылымының негізін салған. Бір аптаны жеті күнге бөлу, шеңберді 360 градусқа, сағатты 60 минутқа, минутты 60 секундқа, секундты 60 терцияға бөлу солардан бізге мирас болып қалған. Жұлдыздарға қарап болашақты болжау, яғни астрология да солардың арасында туған. Бабылдықтар санаудың негізіне қазіргідей 10-дық жүйе емес, көп жағдайда арифметиканың аса қиын амалы — бөлу амалын жеңілдететін 60-тық санау жүйесін қолданған. Мысалы: 1 574 640 санын алпыстық жүйеде өрнектесек: 1 603 + 57 602 + 46 60 + 40, яғни қосындысы 424000 Әрбір өлшеуіш алдыңғысынан 60 есе артық болып келіп отыратын өлшеуіштер мен таразылар жүйесін де солар жасаған. Біздің қазіргі уақыт өлшемдеріміз — сағатты, минутты және секундты 60 бөлікке бөлуміз содан басталады. Бабылдықтар екінші дәрежелі теңдеулерді, ал арнаулы кестелер арқылы үшінші дәрежелі теңдеулерді шеше білген. Ежелгі Урарту математикасы. Б.з.б. екінші мыңжылдықтың орта шенінен бастап бір жағынан Бабыл патшалығына, кейіннен оның орнына келген Ассирия патшалығына, екінші жағынан Кавказ сыртына шектескен территорияда Ван патшалығы немесе Урарту патшалығы болды, бұл патшалық 8 ғ-да Кавказ сыртының оңтүстік облыстарын жаулап алды. Урарту халықтары Бабыл математикасын меңгеріп, қазіргі позициялық ондық (тұрған орнына қарай бір цифрдің өзі әр түрлі разрядтардың белгісі болатын) нумерацияға жақын және позициялық принципті білмейтін, мысырлық ондық нумерацияға мүлде ұқсамайтын, ондық нумерацияға көшкендігі анықталған. Урарту арифметикасы көбінесе ертедегі Армян арифметикасына ұқсас. Бұлай болса ертедегі бабылдықтардың математикасы Урарту халықтары арқылы Кавказ сыртындағы халықтардың, әсіресе армяндардың өте ерте замандағы математикалық мәдениетіне ықпалын тигізіп математиканың ауқымды дамуына зор үлесін қосқан. Араб математикасы. Орта ғасырдағы Орта Шығыс, Солтүстік Африка және Испания сынды мұсылман мемлекеттеріндегі араб жазуы арқылы жазылған математикалық шығармаларды айтады. Араб математикасының дамуына арабтар ғана емес, парсылар, сүриянилер, т.б. үлес қосты. Бұл шығармалар қолжазба түрінде осы күнге жеткен, олар әлемнің әр түкпіріндегі кітапханаларда сақтаулы тұр. Араб математикасының негізгі жетістіктерінен, арифметика жағында: ондық санау жүйесі, жазбаша есеп (бұл екеуіне Үндістанның тигізген әсері бар), дәрежеге көтеру, біріз қатарлардың қосындысын табу формуласы, т. б. Ал алгебра жағында: бірінші және екінші дәрежелі теңдеулерді шешу, үшінші дәрежелі теңдеудің геометриялық шешу әдісі, екімүшеліктің жіктелуіндегі коэфициенттері т. б; геометрия жағынан: Евклидтің «геометрияның алғашқы кітабының» аудармасы, парралелдік туралы аксиоманың тереңдей зеріттелуі, π санының мәні (әл-Каши 16-орынға дейін дұрыс есептеген) т. б; тригонометрия саласы да ертедегі грек пен үндіге қарағанда анағұрлым толық зерттелген. 12 ғ-дан бастап, араб математикасы Солтүстік Африкадағы Жерорта теңізі жағалау арқылы өтетін мәдени жолдары арқылы Испания мен Еуропаға тараған. Әсіресе ондық санау жүйесі мен жазбаша есеп, Евклидтің «Геометрия бастамалары» кітабының аударма нұсқасы т. б. бұлар бүкіл Еуропаның, тіпті дүние жүзінің математикасының дамуына орасан зор ықпал еткен. Бірак, араб математикасының керемет туындылары латын тіліне аударылып Еуропаға тарамаған, тек 19-ғасырдан кейін араб математикасы реттеліп бір жүйеге келтіріле бастаған. Араб математикасы ертедегі гректің, Индияның, Қытайдың, Шығыс пен Батыстың математикалық жетістіктерін пайдаланып және оларды бір қалыпқа түсіріп Еуропаға таратқандықтан мәдениеттің қайта гүлденуі кезеңінде математика керемет дамыды, сондықтан да араб математикасы әлемдік математика тарихында ойып тұрып орын алады Орта ғасырлар математикасы. Математика ғылымының кіндігі де, тұсауыда кесілген жері ертедегі шығыс(Қытай, Үнді, Бабилон, Мысыр). Онан кейін, ол Бабилон мен Египет, Грецияға ауысады. Греция математиктері математиканы өзінің нәтижелері мен түпкі қағидаларын логикалық қортынды арқылы келтіріп шығаратын дедукциялық ғылымға айналдырды. Гректер әсіресе бастапқы геометрияға жататын мәселелерді түгел зерттеді деуге болады. Жаңа заманнан ілгері 47 ж. Рим әскерлері Грекияны басып алып Александрия портындағы Мысыр кемелерін өртегенде, өрт кітапхананы да шарпып, натижеде екі жарым ғасыр бойы жинап сақтаған кітаптар мен 500 мың парша қолжазба күйіп түгейді. 4 ғ. Христандар Грекия пұтханаларын өртеген кезде Серапис пұтханасындағы 300 қолжазба күйіп түгейді. Міне осындай тарихи себептерден, әрі Грек математикасының өзіндегі олқылықтар себебінен, ежелгі Грекия математикасы тоқырайды. Осыған байланысты бүкіл Еуропада ғылым дамымақ түгіл, уақытысында болған ғылымдардың өздері жоғалып, Еуропаны қара түнек басады. Ақыл берген ғасырлардың орынына мың жарым жыл бойы үздіксіз созылған оянбайтын ұйқыға батқан «Ақыл-ой» ғасырлары келді. Адамзат тарихында мұнан үлкен, бұдан ғаламат ауыртпалық болған жоқ. Шығыс математикасы 5 ғ-дан 15 ғ-ға дейінгі мың жылдан астам уақыт аралығында есептеудің әсіресе астрономияның қажетінен шұғыл дамыды, бұрынғы Грекия математиктерінің көпшілігі философ болса, кейінгі шығыс мәдениетінің көбінің астроном болуы міне осы себептен болса керек. Матемактика тарихында, Гректердің мұрагерлері Индиялықтар делінеді. 200-жылдан 1200 жылға дейін Индия математикасы жоғары толқынға көтерілген дәуір есептеледі. Бұл дәуірдің бастапқы мезгілінде, олар Гректерден геометрияны Вавилоннан алгебраны ұйренді. Әрі Қытайдан үлгі алып арифметика мен алгебраны одан ары дамытты. Индия астрономиясы мен астрономиясын дәуір биігіне көтерген ғалымдар: «Ариабхатия» атты астрономиялық шығарманы авторы Ариабхатия (476-550) оның тригонометрияға қосқан үлесі төтенше зор. Брахмагупта (598-?), ол отыз жасында «Арифметикадан лекциялар» және «Анықталмаған теңдеулерден лекциялар» қатарлы арнаулы тарауларды өзі ішіне алған, «Брахма-сыбхута-ситханда» (брахманың түзетілген жүйесі) атты әйгілі шығарма жазған. Ең алғаш теріс сандарға төрт амалды қолданған міне осы Брахма гупта. Махавира (850-жылдар) «Есептеу жауһары» атты шығарнма жазған, кейбір тарихи деректерден қарағанда Қытайдың математикаылық кітаптаырынан пайдаланғандығы мәлім. Үндіс математика тарихындағы ең биік тұлға Быхаскара Акария (1114-1185) Быхаскара астрономия, арифметика, өлшеу алгебраға қатысты көптееген шығармалардың авторы, солардың ішінді қызының атын қойған арифметика мен есептеуге жататын әйгілі шығармаысы «Лайлауати» (көрікті). Алгебралық шығармасы «Вижаганита» (түбірлерді есептеу) де теріс сандарды біршама кеңірек қарнастырған. Гректеер өлшемдес емес кесінділерді ең бұрын тапсадағы бірақ оның бір сан емес екенін мойындамады. Быхаскара басқа барлық индия математиктерінен асқан кереметтігі иротционал сандарды сан деп қарап, иротционал сандар мен ратционал сандар арасындағы қатаң шекараны бұзып тастағандығы. Сандардың ондық системасын Үндиялықтар алтыншы VІ ғасыырда игерді. ІХ ғасырға келгенде математик Махавира нөлді бір сан деп қарайды. Содан бастап ондық система одан ары кемелдене түседі. Қазіргі күнде бүкіл дүние жүзі қолданатын арғы түп төркіні Индыстан екендігі математика тарихынан азда болса хабары бар адамға белгілі болса керек. 773 жылы Үндыстаннан Бағдатқа көрнекті бір астроном келеді. Ол арабтарға одан 150 жыл бұрын жазылған Брахмабуттаның «Брахма-сутта-сиддыханта» атты кітабының санскирт тіліндегі нұсқасын береді. Бұл кіпты Мұхаммет Ибын Ибраһим әл-Фараби араб тіліне аударады. Араб астрономиясы міне осы кезден басталады. Хорезмидің редекциясымен ол екі рет шыққан. «Сиддыхантха» Хорезми көлемді теориялық кіріспе жазған. Хорезми өзінің «Китап әл-джам уат тафрих би хисап әл-үнді» атты кітабын үнеділердің үлгісімен жазады. Онда санау тіртібі, сандардың он сифыры арқылы жазылуы, аталуы, төрт амал, түбір шығару, жәй бөлшектерді есептеу айтылған. Бұл кітап 1150-жылы латын тіліне аударылған. Еуропалықтар Үнді сифырларын араб тіліндегі кітаптардың аудармаларынан көргендіктен араб сифыры деп атағаны мәлім. Тарих жылжып өтіп жатты, хандықтар ара бақталасы, хандық ішіндегі тах таласынан талай хандық ауысып, ғылым ордалары ойрандалып, адамзат ақыл ойының алыптары құғын-сүргін көрседағы ғылыми мұраларды халық көзінің қарашығындай сақтап өзигіліктеріне айналдырып отырды. ХІІІ ғасырға келгенде шығыс Қытай, Батыс орта азия, таяу және орта шығыс елдері манғол билеушілернің қлдарына өтті. Осы елдер ара барыс-келіс, сауда мәдениет ауысу онан ары күшеюдің сыртында Юан патшалығы дәуірінде мұсылмандар ерекше мұрсатты жағдайларды болады, ордада әр қайсы өлке аймақтарда саяси, әскери, экономика және ғылым-техника орындарында негізгі басқару, манғолдардан қалса мұсылмандардың қолында болады. Мұсылман елдерінің көптеген астроном-математиктері хан ордасына келіп жылнама (календар) жасау қызметімен шұғылданды. «Юан патшалығы тарихындағы» деректерден қарағанда Құбылайхан таққа шағар алдында (Құбылайдың хан болған кезі 1260-1294) жылдар аралығы) Жамалиддін бастаған бір топ мұсылман астрономадары сол кездегі манғол хандығының астанасы Шаңдуға (Ішкі манғолдың Долы ауданының шығыс оңтүстігі) шақырылады. Құбылайхан «Жамалиддін қатарлы мұсылман астрономадарын қабылдап олардың білім-өнерін пайдалану туралы жарлық түсіреді. оларға ешқандай мансап берілмеген» («Юан тарихы». 90-шиыршық). Мұсылман елдерінің астрономиясы мен математикасы міне осы кезден бастап Қытайға кірнеді. Құбылай орталықты Бей жиңге (Ханбалық) көшіргеннен кейін Жамалиддін Ханбалықта бақылау стансияяысын құрады. 1267-жылы төмендегідей жеті түрлі астрономиялық асбап жасайды. 1. көпшеңберлі асбап: арабша аты Dhatuhalag - датухалық. Мыстан жасалған аспан денелері мен күннің өз өсінің маңайындағы айналуын бақылауға қолданған. 2. Азимот аспабы: арабша аты Dhatu sumut - датусмуд жұлдыздарды бақылайтын аспаб. 3. көлбеу ендікті аспаб: арапша аты Luhma - I - muwaji - лахмуммуж. Күннің көлеңкесін өлшеу арқылы көкткем мен күзді айыратын аспап. 4. горизонтал ендікті аспап: luhma-i- mustawi - лахмомустави. Қыс -жаз маусымдарын айыратын аспап. 5. аспан глобусы: арабша аты -Kurai - Sama - Курасма, оған 28жұлдыз және 12мүшел ойылған, аспан күмбезі деседе болады. 6. жер шары глобусы: арабша аты -kura- i- ardz-курай арзұ. Жер шары қаритасы десе де болады. 7. тәуліктік уақыт анықтау аспабы: арабша аты, usturlab - устырлаб мыстан жасалған. Оған 12 шақ сызылған. («Юан тарихы! 48-шиыршық). «Мұндай таңғажайып тамаша аспаптардың Қытай астрономдарының аспан денелерін, аурарайын бақылауда керемет қолқабысы болғандығын ешкімде теріске шығара алмайды» дейді еліміздің ғылым тарихшысы Мажань өзінің «Мұсылман астрономисының Қытай астрономиясына ықпалыә атты мақаласында. «1297 жылы Жамалидын, Айшуе қатарлы асторономдарры «ұзақ жылдар» атты календар жасап ордаға ұсынады, Құүбылай хан бұл календарды ішінара райондардың қолдануы туралы жарлық түсіреті.» («Юань тарихы» 52-ширшық). 1271жылы ханбалыққа ханзу обсерваториясы (расатханасы) және мұсылмандар обсеоваториясы(расатхана) құрылып, тең дәрежелі орган болады. Ханзулар обсерваториясының бастықтығына Гу Шу Жин тағайындалады. Тағы бір мұсылман астрономы Айшуе абсерваториясына бақылау жіне есептеу жұмысына жауапты болады. Құбылай хан 1276жылы еліміздің атақты астрономия математигі Го Шук Жин (1231-1316) мен Уаң Шунь (1236- 1282) ды қабылдап, Юань патшалығының жаңа календарын жасауды бұйырады. Сонымен олар 1280жылы «мезгіл календары» атты біршама кемелді календар жасап ортаға ұсынады. Құбылай хан бұл календарды бүкіл мемлекет бойынша қолдану туралы жарлық түсіреді. Ал календардың кемелділігін содан байқауға болады, 1644жылы елімізгі батыс календары кіргенге дейін жиыны 364 жыл қолданылады, сонымен бір уақытта еліміздігі халықтардың қолдануы үшін арнаулы мұсылмандар календарын жасайтын мемдекет дәрежелі жылнамалар меңгермесі құрылады. 1288-1291жылдар Жамлид дін Айшуенің мұсылмандар календарын басқару қызметін Салмень мен әл Ахун Сәли (1243-1307) өткізіп алады, әрі ұзақ жылдар календарына өзгерістер енгізеді. 1313жылы астроном Кламадін ұзақ жылдар календарына өзгерістер енгізеді өзгеріс енгізілген бұл нұсқа үлкен жіне шағын екі түрлі формада жылнамалар меңгермесі жағынан баспада басып таратылады, жекелердің басып таратуына тийым салынады. 1328жылға келгенде басып таратылға нмұсылман календары 5257 нұсқаға жеткен. Алып жүруге қолайлы болу үшін шағын нұсқасын да басып таратады, Минң патшалығы дәуіріне келгенде яғни 1368 жылы жылнама меңгермесінің басшылары Қыдыр, Әділ және Ыдырыш қатарлы 14 астрономды патшалық үкімет шақырып әкеліп календарға түзетулер жасатады. Патшалық өкімет 1369жылы тағы да ЖАнали қатарлы 10адамды шақырып әкеліп календар туралы арнайы талқы ұйымдастырды. Юань патшалығы дәуірінде, Шань Чи Гунь жазған «Юань патшалығы хатшылары шежіресінің» жетінші ширшығындағы «мұсылмандар кітабы» атты тармағында «1273жылы мұсылмандар расатханасы пайдаланған кітаптар 242 кітап, расатхана бастығы Жамалиддіннің үйінде 47 кітап сақталған болып жиыны 13 түрлі» оның ішінде 4 математика кітабы бар. Өкінерлігі бұл кітаптар біздің дәуірімізге келіп жетпей жоғалгған, оның үстіне жоғарыдағы 4 кітаптың аттары араб тіліндегі аталуының дыбыстық атаулары болғандықтан, олардың мазмұндары жөнінде дәп басып бірдеме деу қиын. Солайда бұл кітаптың кейбіреулерінің аттары жөнінде өз тұспалымды ортаға қоя кетпекшімін.Мұсылман астрономдардың елімізге келуімен бірге Юань патшалығы дәуірінде араб цифрының кірігендігі де анық. 1956жылы, Ши ань қаласы маңынан Юань патшалығы дәуіріндегі Әнши Уаңның ордасының көне орнынан бетіне араб цифрлары ойылған бірнеше төртбұрышты кішкене темір тахташалар табылды. Бұл араб цифрфынфң елімізге кіруі жөніндегі ең алғашқы заттыұ айғақ болып табылады. Әл- Хисса, «хатшылар шежіресіндегі» деректерден қарағанда, «1278жылы Жмалидын Әнши каңға календар есептеп берген кезде расатханадағы үш қызметкерді бірге ертіп жүріп жаттықтырған». Бұл тахташаларды жасаған болуы мүмкін. Тағы бір тарихи деректерден қарағанда, Жамалидин астрономиялық жіті аспапты жасаған кезде араб тіліндегі Фтолемейдің «астрономия жинағы» қатарлы 3 түрлі ғылыми кітап әкелді делінген. Жамалидын атақты астроном-математик болудан сырт әйгілі теңдессіз геогроф және тарихшы. «Юань патшалығының хатшылар шежіресіндегі» деректерден қарағанда, 1288жылы Жамалиддін Құбылай ханаға жазған хатында «мемлекетіміз теңдессіз бірлікке келді, территориясы кеңейді, басты жұмыстар ретке түсті, хан, патшалар әділ ел билеп, өткен әрқандай заманға қарағанда қой үстіне бөз ьорғай жұмыртқалаған заман болды. Соған, сен ұлы бірлікке қарасты ел -аймақтардың тарихын жазып шығуға бел байлап отырмын…» деген. Құбылай хан Жамалиддінның бұл ұсынысын қолдағанның сыртына қажетті адамдарды қосып беретіндігіне кепілдік еткен. Сонымен Жамалиддін бірқанша ғұлама ғалымдардың көмегімен 15 жыл бойы материал жинау, реттеу, түрге айыру, көшіру арқылы 1303-жылы 600 бөлім, 1300 шиыршық келетін 200 реңді қыстырма суретті «Ұлы Юан патшалығының ұлы бірлік шежіресі» атты тарихи-жағрапиялық әйгәлә шығармасын жазып бітіреді. Патша Темір (1294-1307) Жамалиддінді осы еңбегі үшін неше мың қадақ алтын-күміспен силайды. Өкінерлігі бұл кітап Миың патшалығы дәуіріндегі аласапыран соғыста ойрандалып, жекелердің қолына сақталған азнаулақ бөліктері ғана біздің дәуірімізге келіп жетеді. Азаттықтан кейін Жау уан ли деген адам оның 10 шиыршығын «Юан патшалығы дәуіріндегі бірлік шежіресі» деген атпен баспаға береді. 1966-жылы Жұңхуа кітап мекемесі жағынан басылып таратылады. Юан патшалығы дәуірінде тағы бір мұсылман математик әрі сушылық инженері Сакыш 1321-жылы «Тасқыннан сақтану туралы масылихат» атты кітап жазады. Оның бұл кітабында бір белгісізі бар теңдеулерден пайдаланып, су құрылысындағы төтенше күрделі есептерді шешеді. Қорыта айтқанда, Юан патшалығы дәуірінде, және одан кейінгі дәуірлерде ислам елдерінен неше жүздеген ғұлама ғалым, астроном-математиктер жылнамалар меңгермесінде, расатханада жұмыс істеген. Бұлармен бірге көптеген математикалық білімдерде кірген. Солайда орта ғасырдағы ислам елдері математикасының еліміз математикасының дамуына жасаған ықпалын әлі де ішкерлей зерттеуге тура келеді. Әл-Хорезмиге дейінгі ислам математиктері. 'Осы кезеңдегі математиктердің жалпы өмір баяны туралы толық ақпарат жоқ. бізге жеткені, мәлім болғаны тек осы кезеңдегі математиктердің аттары мен кейбір ғылыми еңбектері ғана. Олардың ортақ бір ерекшелігі математика және астрономиялық трактаттарды тек қана араб тілінде жазған, кейігі кезінде ғана үнді математиктерінің шығармасын араб тіліне аудара бастаған. Осы дәурдегі кейбір математикалық амалдар Қытай математикасынананда көрініс табады. Араб сандары. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 араб сандары деп аталады. Олар ондық санау системасы бойынша сан жазудың негізі. Араб сандарын үнділер тапқан, кейін келе ол арабтардың арасына тараған. 12 ғ-дың басында Италия ғалымы Фибоначчи (Leonardo Fibonacci, 1170-1250 жж.) латын тілінде жазылған «Есеп шот» деген кітабында үнді сандарын еуропалықтарға таныстырған. Еуропалықтар бұл сандарды арабтардан қабылдағандықтан, мұны араб сандары деп атап кеткен. Әл-Хорезми. Әбу Абдолла Мухаммед ибн Мұса әл-Хорезми әл-Мәжухи 787 жылы шамасында Хиуада туып, 850 жылы шамасында Бағдатта қайтыс болған. Әл-Хорезми Орта Азияның ұлы математигі, әрі астрономы, жиырма жасында ғылым қуып Бағдатқа келіп, сол жерде өмірінің көп уақытын сол жерде өткізген. Бағдатта өздігінен грек тілін үйренеді, сол жердегі кітапханадан грек пен үндінің ғылыми мұраларын меңгереді. Сол заманда Бағдаттағы кітапханалармен обсерваторияларды басқару ісін өзі қолына алған. Обсерваторияда аспан денелерін зеріттеп, зеріттеулер нәтижесінде әйгілі «Астономиялық кестелер» атты еңбегін жариялады. Осы еңбегінде аспан денелерін бақылау нәтижелерімен қатар тригонометриялық функциялардың кестелері, шеңбердің қасиеттері, шеңбер доғасының бөліктерінің қасиеттерімен қатар градус, минут, секунд ұғымдарының анықтамалары да бар еді, оның «Жер түрлері жайындағы кітабы» араб тілінде жазылған, онда сол заманда белгілі елді мекендер мен мемлекеттер, таулар мен теңіздер мен көлдер және олардың табиғи сипаттары суреттелген. Хорезмидің атын әлемге әйгілеген еңбегі екі кітап болып шыққан математикалық еңбегі: «Үнді есебі бойынша қосу мен азайту» («Kитaб aл-жaм 'а бил хисаб aл-Хинди») мен «Әл-Жебр мен әл-Мұқабала есебі жөніндегі кысқаша кітап» («Aл-Maкaлa фи хисаб aл-жaбр вa aл-Mұқaбалa»). 12-ші ғасырда латын тіліне аударылған, ол кітаптың ұқсамайтын екі түрлі аудармасы XVI-шы ғасырға дейін сақталған). Біріншісінде арифметика, екіншісінде алгебра баяндалған. Бұл кітап математика тарихындағы алгебраға арналған тұңғыш шығарма, сондықтан да әл-Хорезмиді кейде «Алгебраның атасы» деп те атайды. әрі оны геометриялық жолмен шешеді. «әлховарезм» деген сөз кейіннен алгоритм деген сөзге айналып кеткен, яғни қазргі қолданыстағы математиканың бір ережесі алгоритм термині де осы әл-Хорезмидің атымен аталады. Оның бұдан басқа еңбектерінен «Тарих кітабы» ("Kитaб aт-Тaрих"), «Жер бейнесі туралы кітап», «Астролябияның құрылысы туралы кітап»; Насыр ад-Дин ат-Туси. Толық аты: Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн ал-Хасан ат-Туси. Оның аты тарихта бірнеше атпен сақталған, мысалға Хожауи Туси, не Қожа Насыр. 1201 жылы 18 ақпанда қазіргі Иранның Хорасанынна қарайтын Тус қаласында дүниеге келген, Ол тулған кез Монгол империясының бар әлемді жаулап жатқан кезіне тура келеді, ол кезде империяның құрамына Қытайдан бастап шығыс Еуропаға дейінгі елді мекеннің бәрі қарап болған кез еді, Монғол империясы қол астына қараған жердегі мәдени ошақтармен ғылым ордаларының біразын қиратты, әсіресе, сол кездегі ислам әлемінің ғылым ордалары көп зардап шекті. Ат-Тусидың әкесі сол жердегі он екінші медресенің заң жөніндегі кеңесшісі болған, он екінші медіресе сол кездегі шиит мұсылмандарының діни оқуы мен уағыздарын жүргізетін маңызды орын болған, Туси осы жерде діни сауатын ашады, сонымен бірге өзінің нағашы ағасынан көптеген жаратылыс тану саласының сабақтарын үйренеді, Бұлардың ішінде логика, физика, метафизика және математика бар, ерекше ден қойып үйренгені алгебра мен геометрия болды. 1214 жылы Шыңғысхан соғыс бағытын Қытай мен шығыс Еуропаны жаулауға жұмсады да, осы кезде ислам әлемінде біраз кеңшілік болды, осыны жақсы пайдалаған Туси 13 жасында, Тус қаласынан 75 км қашықтықтағы Нишапурға барады, Нишапур білім қуған жасқа шөлін басар бұлақ іспетті болды, қалада көптеген оқымыстылармен қатар көптеген материялдар, математикалық трактаттар молынан табылатын, осы жерден ол медицина, философия және математиканы беріле оқиды. Шығыстың атақты ғұламалары әл-Фараби, әл-Бируни, әл-Хорезми, Омар Хайямның және басқа да даналардың шығармаларынан сусындайды. Оған математиканы Камал ад-Дин ибн Жүніс (атақты математик Шараф ад-Дин ат-Тусидің оқушысы) үйретеді. Кейіннен 1256 жылдары ол Аламут қаласына келіп, сол жерде ғылыммен және орда жұмысымен айналысады. Ол біраз шығарма жазған, бірақ, өмірінің көп бөлігін көшіп-қонумен өткізген ғұламаның бізге жеткен шығармасы аз, ең алғашқы трактаты 1232 жылы жазылған «Ахлақ-и насири» (Akhlaq-i nasiri), бұл трактатта математика, философия, логика мәселерімен қатар астрономия мәселелері де қаралған. Ғұлама 1274 жылы 26 маусымда Бағдатка жақын жердегі Кадхимаин деген жерде қайтыс болған. Шамс ад-Дин ибн Ашраф Ас-Самарқанди. Шамамен 1250 жылы Самарқандта (Өзбекстан) туған, 1310 жылдары шамасында қайтыс болған. Толық аты жөні: Шамс ад-Дин Мұхаммед ибн Ашраф ал-Хусаини ас-Самарқанди Оның нақты қай жылы туып нақты қай жерде қайтыс болғаны туралы толық мәліметтер жоқ, тек бізге мәлімі 1276 жылы «Рисала фи адаб ал-Бағс» деген еңбегін жазып бітіргені ғана белгілі, оның бұл еңбегі механика, логика, философия, математика, және астрономия саласын қамтыған сонымен бірге өз заманында бірге жасаған ғұламалар туралы үлкен еңбек еді, еңбек көне грек оқымыстыларының еңбектері секілді түгелдей диалог ретінде құрылған. Ол және де 1266-77 жылдары аралығындағы аспан денелерін зерттеуі туралы мәліметтерге толы «Астрономияға түсінік» атты еңбегі бар. Математикаға келер болсақ, оның бізге жеткені 20 беттен ғана тұратын Евклидтің 35 теоремасын түсіндірген кітабы ғана бар, бірақ, оның бұл еңбегі өз заманындағы Евклидтің еңбегін жан жақты зерттеген ең мықты еңбек болған. Абу ал-Қужанди. Толық аты Абу Махмуд Хамид ибн ал-Қидар ал-Қужанди. Шамамен 940 жылы қазіргі Хужанд (Тәжікстан) қаласында дүниеге келген. Қужанди туралы біздің білетініміз өте аз, ол туралы тек ат-Тусидің еңбектерінен ғана мәліметтер алуға болады, ат-Тусидің жазбаларында, оны Сырдария бойындағы Хужанд қаласынан келгендігі, ал оның әкесінің моңғолдардың бір тайпасының басшысы екені айтылады, осы айтылғандарға қарап, және оның Сыр бойынан кеткендігін ескерсек, оның біздің Қазақстан жерінен барған деуге де болады, ал шетел басылымдарында оны тәжікстандық деп жазады. Ол жастайынан ғылымға құштар болған, оның ғылым жолына Буид ру басыларының көп көмегі тиген. Буид руы сол жердегі билік басына 945 жылы Ахмад ад-Дауланың Бағдатты өзіне қаратқан соң келген. Ал осы Ахмад ад-Дауланың билігі Буид руымен тығыз байланыста болған, сол себептен. Қужанди 976-997 жылдар аралығында Ахмад ад-Даулахтың сарайында ғылыммен айналысқан. Ахмад ад-Даула оны сол жердегі ең үлкен обсерваторияның басқару жұмсын беріп оған астрономиялық бақылау жүргізуіне көптеген қолайлы жағдай жасап отырған. Осы жерде ол күн траекториясын бақылауға алады, әрі бір жылдық бақылау нәтижесінде жердің өз өсінен ауытқу бұрышының 23 32' 19"болатынын есептейді. Көптеген астрономиялық бақылаулар мен зерттеулер де жасайды, астрономиялық бақлауларға керек деген ниетпен геометриялық трактаттар жазады. Оның басты еңбектерінің барлығы астрономияға арналған, ал сонымен қатар аздаған математикалық жұмыстарды жазғанын ат-Тусидің жазбаларынан біле аламыз. Aбу Жафар Мұхаммед ибн aл-Хасан Aл-Қaзиннің сандар теориясына қатысты кітабында мынадай сөз бар «... менен бұрын жасаған... ғалым Aбу Мұхаммед ал-Қужанди екі санның кубтарының қосындысы бір санның кубы болмайтынын көрсеткен, бірақ дәлелі қате...» (бұл атақты Ферманың ұлы теоремасы) міне осы сөзден де ал-Қужандидің сандар теориясымен де айналысқанын көреміз. Өкініштісі ғұламаның толық еңбегі мен өмірбаяны туралы ақпараттар өте аз болғандықан оның басқа да қандай еңбектерінің барлығы бізге белгісіз. Бір елдің ең үлкен обсерваториясын басқарған ғұламаның басқа да еңбектері болуы бек мүмкін. Әл-Қужанди шамамен 1000 жылы қайтыс болған, қайтыс болған жері белгісіз Арифметика. Арифме́тика («сан») — математиканың, қарапайым сандар түрлерін (натурал сандар, бүтін сандар, рационал сандар) және оларға қолданатын қарапайым арифметикалық операцияларды (қосу, алу, көбейту, бөлу) зерттейтін саласы. Планиметрия. Планиметрия (— жазықтық,) — екі өлшемді фигураларды, яки жазықтықта жатқан фигураларды, олардың қасиеттерін зерттейтін геометрия бөлімі. Планиметрия туралы алғашқы жүйелі түрде зерттелген шығарма Евклидтің «Бастамалар» () атты еңбегі болып табылады. Алгебра. a> «Табиғи пәлсапаның математикалық бастамалары» атты кітабының мұқабасы. Алгебра (арабша әл-жәбр)-Математиканың теңдеулерді шешу жөніндегі есептерге байланысты дамыған негізгі бөлімдерінің бірі. Алгебра атау және жеке ғылым саласы ретінде Әбу Абдаллаһ әл-Хорезмидің 1-ші, 2-ші дәрежелі теңдеулерге келтірілетін есептердің жалпы шешімі көрсетілген «Әл-жәбр уә-л-Мұқабала» атты еңбегінен бастау алады. Ал, Омар Хайям(1038/48-1123/24)— 3-ші дәрежелі теңдеулерді зерттеуді жүйелеп, өзінің «Алгебрасын» жазған. Орта ғасырлық шығыс ғұламалары гректер мен үнділердің математикасын түрлендіріп, қайта өңдеп Еуропаға табыс еткен. Амалдарды белгілейтін таңбалар енгізу нәтижесінде алгебра одан әрі дамыды. 17-ғасырдың ортасында қазіргі алгебрада қолданылатын таңбалар, әріптер толық орнықты. Ал 18-ші ғасырдың басында алгебра математиканың жеке бөлімі ретінде қалыптасты. 17-18—шің ғасырларда теңдеулердің жалпы теориясы (көпмүшеліктер алгебрасы, т. б) қарқындап дамыды. Оған сол кездегі ірі ғалымдар — Рене Декарт, Исаак Ньютон, Жан Даламбер мен Жозеф Лагранж үлкен үлес қосты. Неміс математигі Карл Гаусс кез-келген n дәрежелі алгебралық теңдеудің нақты не жорамал n түбірі болатындығын анықтаған (1799). 19-шы ғасырдың басында норвег математигі Нильс Абель және франсуз математигі Эварист Галуа дәрежесі 4 тен жоғары болатын теңдеулердің шешуін алгебралық амалдар көмегімен теңдеудің коэффиценті арқылы өрнектеуге болмайтындығын дәлелдеген. Алгебралық өрнек. Саны шекті әріптермен сандардан құралған және бір–бірімен қосу, азайту, көбейту, бөлу бүтін санға дәрежелеу сондай ақ түбір табу амалдарының таңбалары арқылы біріктірілген өрнек. Еген өрнекке енетін әріптер түбір астында болмаса, онда алгебралық өрнек сол әріптерге қарағанда рационал алгебралық өрнек деп аталады.(мысалға өрнегі ға қарағанда рационал алгебралық өрнек). Егер белгілі бір әріптер енетін өрнекте бөлу амалы болмаса,онда алгебралық өрнек сол әріптерге қарағанда бүтін алгебралық өрнек деп аталады. Егер кейбір әріптерді(не бәрін) айнымалы деп санасақ онда алгебралық өрнек алгебралық функцияға болады. Анықталмаған теңдеу. Сандар теориясының аса маңызға ие, бай тарихы бар, мазмүны мол саласының бірі. Анықталмаған теңдеу деп белгісіздің саны теңдеудің санынан көп болатын теңдеулер жүйесін не теңдеуді айтамыз. Көне Гректің атақты математигі Диофант сонау Ⅲғысырдың баснда-ақ осындай түрдегі теңдеулерді зеріттей бастаған, сондықтан кейде анықталмаған теңдеу Диофант теңдеуі деп те аталады. 1969жылғы, Л.Ж.Модердің «Диофант теңдеуі» атты кітабы осы саладағы зеріттеулердің натижесін бір ретке келтіріп берді. Соңғы он жылда осы салада аса зор дамушылық байқалады. Дегенменен, жалпы жағдайға алып қарағанда, екінші дәрежеден жоғары анықталмаған теңдеулер туралы адамдардің білері шамалы. Енді бір жағынан, анықталмаған теңдеумен математиканың басқа салалары, мысалға, алгебралық сандар теориясы, алгебралық геометрия, терулер математикасы қатарлылармен тығыз байланысы бар, шекті топтар мен көркем модудауға да осы анықталмаған теңдеулерді қолдануға болады, осы себептен де математиканың осы бір көне саласы әлі де көптеген математиктердің назарын өзіне аударуда. Бірінші дәрежелі анықталмаған теңдеу: ең қарапайым бірінші дәрежелі анықталмана теңдеу екі айнымалысы бар бірінші дәрежелі теңдеу 17ғасырда, ①теңдеудің шешімінің бар болуының қажетті әрі жеткілікті шартының ді нің қалдықсыз бөлуі болатынын білген, әрі ①дің шешімі болған кезде, жалғасты бөлу тәсілі арқлы теңдеудің бір жұп шешімін иапқан. болсын, онда ①дің барлық бүтін сан шешімін арқылы өрнектеуге болады, мүндағы ①дің бір жұп шешімі, кез- келген бүтін сан. ② ні ①дің жалпы шешімі деп атайды. Әдетте, элеменітті бірінші дәрежелі анықталмаған теңдеу деп, Түріндегі теңдеуді атайды, теңдеудегі барлығы берілген бүтін сандар. Екі элеменітті жағдаймен ұқсас түрде, ③теңдеудің бүтін сан шешімінің бар болуының қажетті және жеткілікті шарты ді нің қалдықсыз бөлуі болады. ② теңдеудің жалпы шешімінде бір параметр бар, ал ③теңдеудің жалпы шешімінде параметр бар. Мысалға, болған жағдайнда, болсын, ④ анықталмаған теңдеуінің жалпы шешімін арқылы өрнектеуге болады. өрнектегі –④ теңдеудің бір жұп шешімі, саны шарытн қанағаттандырады, ал кез-келген бүтін сан. Архимед акциомасы. Ұзіндіқтарі әр тұрлі екі кесіндінің ұзінірағі мейлі қанша ұзын, қысқасы мейлі қанша қысқа болсада, ұзінірақ кесіндінің бойынан қысқарақ кесіндіге тең кесіндіні ұздіксіз қыйып алыуға болады, әрі мәлім рет кесіп алғаннан кейін мынадай жағдайдың біреуісөзсізкеліпшығады: а-сурет не асып қалмайды, не қысқарақ кесіндіден де қысқа кесінді қалады. AB кесіндісі ұзінірақ кесінді, CD кесіндісі қысқарақ кесінді болсын, AB нің бойынан CD нің ұзіндіғіна тең болатын кесінділер қыйып алсақ, онда не AB=n CD (а -сурет),не nCDі, мұнда бастапқы күшейткіш лампылар бергі жақта, қуат күшейткіш лампылар артқы жақта. In the 1980s, a number of companies emerged selling "high-end" audio equipment. These companies, which included Audio Research and Classé, mostly offered "Class A" amplifiers, which are highly linear in a portion of their operating range. The advantage is that they have little harmonic distortion. They also have no crossover distortion, unlike "Class B" amplifiers, which are typically solid-state. The disadvantage of a Class A amplifier is that it is very inefficient: The power drain at idle is nearly equal to the drain at full output. Today, scores of small companies are manufacturing audiophile amplifiers and preamps that use vacuum tubes. "Vacuum tube" can also mean a tube with a vacuum. It is e.g. used for demonstration of, and experiments with, free-fall. Автоэмиссионды лампылар. In the early years of the 21st century there has been renewed interest in vacuum tubes, this time in the form of integrated circuits. The most common design uses a cold cathode field emitter, with electrons emitted from a number of sharp nano-scale tips formed on the surface of a metal cathode. Their advantages include greatly enhanced robustness combined with the ability to provide high power outputs at low power consumptions. Operating on the same principles as traditional tubes, prototype device cathodes have been constructed with emitter tips formed using nanotubes, and by etching electrodes as hinged flaps (similar to the technology used to create the microscopic mirrors used in Digital Light Processing) that are stood upright by a magnetic field. Such integrated microtubes may find application in microwave devices including mobile phones, for Bluetooth and Wi-Fi transmission, in radar and for satellite communication. Presently they are being studied for possible application to flat-panel display construction. Сыртқы сілтемелер. * Гипотеза. Гипотеза (— "негізгі", "жорамал") — дәлелденбеген тұжырымдама, жорамал. Әдетте гипотеза өзін құптайтын байқауларға (мысалдарға) негізделе жасалады, сондықтан рас болып көрінеді. Гипотезаны аяғында не дәлелдеп ақиқатқа айналдырады, немесе одан (қарсы мысал келтіру арқылы) бас тартып алдамшы тұжырымдамаға жатқызады. Ал, бас тартпаған және дәлелденбеген гипотезаны ашық мәселе (проблема) деп атайды. Физика. Физика (— "табиғат") — зат әлемді, және оның қозғалысын зерттейтін ғылым. Бұл жөнінде физика күш, энергия, масса, оқтама т.б. сияқты тұжырымдамалармен шұғылданады. Физика пәні. Жалпы мағынасы бойынша физика — табиғаттың негізгі (іргелі) қарым-қатынастарын, заңдылықтарын зерттейді. Физика ғылымы ең жалпы және негізгі болатын, затты әлемнің күйін, өзгеруін және құрылымын анықтайтын жаратылыстану бөлімі болып келеді. Кейбір қасиеттер барлық материялдық жүйелер үшін бірдей болады, мысалы, энергияның сақталуы — оларды физикалық заңдылық деп атайды. Кейде физиканы іргелі ғылым деп те атайды, себебі басқа жаратылыстану ғылымдары (биология, геология, химия және т.б.) тек қана заттық жүйелердің, физикалық заңдылықтарға бағынатын, кейбір таптарын ғана сипаттайды. Мысалы, химия молекулалар мен олардан құралған заттегілерді зерттейді. Ал заттегілердің физикалық-химиялық қасиеттері, термодинамика, электромагнетизм және кванттық физика сияқты физика бөлімдері сипаттайтын, атомдар мен молекулалардың физикалық қасиеттерімен анықталады. Физика математикамен тығыз байланыста — математика физикалық заңдылықтарды дәл өрнектеуге болатын құрал болып табылады. Физикалық теориялар әрқашан дерлік математикалық өрнектермен сипатталады, оның үстіне физика басқа ғылымдарға қарағанда математиканың әлдеқайда күрделі бөлімдерін пайдаланады. Және керісінше, физикалық теория мұқтаждықтары математиканың көп салаларының дамуына әкеп соқты. Тәжірибелік және теоретикалық физика. Физика негізінде тәжірибелік және теоретикалық физика болып екіге бөлінеді. Физиктердің көпшілігі таза теоретик немесе таза тәжірибеші болғанымен, ал екі физика екі бөлек боп көрінгенімен шын мәнінде ол олай емес. Тәжірибелік және теоретикалық физика бірге хабарласа отырып дамиды. Бір мәселемен теоретиктер де, тәжірибешілер де шұғылдануы мүмкін. Алғашқылары қолда бар тәжірибелік хабарларды сипаттай отырып болашақ нәтижелерді теориялармен болжам жасайды, екіншілері бар теорияларды тәжірибелер қояйып тексере отырып жаңа нәтижелер табады. Адам. Адам — тірі жүйелер эволюциясының дамуының ең жоғарғы сатысы. Ағылшын ғылымы Чарльз Дарвин 1871 ж. шыққан «Адамның тегі және жыныстық сұрыпталу» деген еңбегінде: «Адам жануарлар әлемінің эволюциялық дамуы нәтижесінде пайда болды», — деп жазды. Бірақ, бұл анықтамада адамның пайда болуының себептеріне көңіл бөлу қарастырылмады. Дарвиннің анықтамасы адамның пайда болуы мен адам тәрізді маймылдар тегінің біртұтастығын көрсетіп, эволюциялық даму бағытына сілтеме жасады. Адам — Жер бетіндегі ең жоғарғы даму сатысындағы тіршілік иесі, қоғамдық-тарихи әрекет пен мәдениетті жасаушы. Адам – философия, әлеуметтану, психология, физиология, педагогика, медицина, т.б. ғылымдардың нысаны болып табылады. Адам мәселесі, оның пайда болуы, өмірде алатын орны, тіршілігінің мәні мен мақсаты адамзат танымының формалары – әпсаналардағы (мифологиядағы), діндегі, философиядағы, ғылымдағы ең негізгі мәселе. Бұл жөніндегі әңгімелер ертедегі Стоя қаласының ойшылдары (Сенека, т.б.) мен Сократтан басталады. (Протагор: «адам – заттардың өлшемі», Сократ: «өзіңді өзің танып біл»). Ежелгі Үнді, Қытай, Грек философиясында адам әлемнің бір бөлігі ретінде қарастырылады. Демокрит түсіндірмесінде адам микрокосм, «кіші әлем», ол сондай-ақ түпнегіздерден құралады; адам денесі мен рухы ақиқаттың екі аспектісі (аристотелизм) немесе екі ерекше түпкізаты (платонизм). Антикалық философия үшін (Аристотель) адамды қоғамдық өмірге икемді тіршілік, рух, парасат иесі ретінде тану анықтаушы фактор болды. Ортағасырлық шығыс өкілдері де (Әбу Наср әл-Фараби, т.б.) діннің ықпалы күшейіп тұрғандығына қарамастан, Аристотельдің осы түсінігін ары қарай жалғастырды. Қайта өркендеу дәуірінде адам құдайдан дарыған еріктілік күші арқасында өз өмірі мен тағдырының негізін қалаушы және табиғаттың шектеусіз билеушісі ретінде танылды, сондықтан шебер жаратушының бейнесі Ренессанс символына айналды. 17 ғасыр (ғылыми-революция ғасырында) мен 18 ғасыр (ағартушылық дәуірінде) рационалистерінің ұғынуында нақ сол парасат, ақыл-ой адамның түпкізаты, өзіне тән ерекшелігі ретінде қарастырылады. Неміс классикалық философиясы үшін адам мәдениеттің жаратушысы, рухани іс-әрекет субъектісі және жалпы идеалдық бастау, яғни рух, парасат иесі. 19 – 20 ғасырлардағы постклассикалық философия (Фридрих Ницше, Артур Шопенгауэр, Серен Кьеркегор және т.б.) сезім, мықтылық және т.б. адамдық ақылдан шет қабілеттерге бет бұрады. Қазіргі философия адам тіршілігінің мәнін оның саналы қызметімен байланыстырады. Бұл қызметтің барысында адам тарихтың әрі алғышарты әрі жемісі болып шығады. Адамның әлеуметтік мәніне назар аудара отырып, қазіргі философия сонымен бірге әлеуметтік және биологиялық факторлардың өзара күрделі әсерін, әлеуметтік факторлардың басымдылығын ескереді. Әйтсе де «табиғи түрде» әрекет ететін биологиялық факторлардың зор маңызы бар екендігін де ұмытпау қажет. Болашақтағы адам парасатты, иманды, елгезек те қарекетшіл, сонымен бірге сұлулықтан ләззат ала білетін, рухани кемел, жан-жақты дамыған тұлға. Ол қоғамдық тірлікте қайталанбас бітім, бірегей тұлға ретіндегі өзіндік «менімен» танылатын болады. Адам жерде шамамен осыдан 2 – 3 млн. жыл бұрын пайда болды. Ол бірнеше эволюциялық кезеңдерден (питекантроп, гейдельберг адамы, неандертальдар) өтіп, осыдан 30 – 40 мың жыл бұрын, Homo sapіens (латынша - саналы адам) кейпіне енді де, бірте-бірте қазіргі адамдарға тән биологиялық қасиеттерге (кроманьондар) ие болды. Абай, Шәкәрім және ислам теологы әл-Ғазали тәрізді даналардың айтуынша, адам болмысы үш бөліктен құралады: тән, нәзік болмыс және жан. Тән – табиғаттың негізгі бес элементінен: топырақтан, судан, ауадан, оттан және эфирден тұрады. Тәннің құрылысын, оның жұмысын, өзгеру заңдылықтарын медицинаға байланысты ғылым салалары зерттейді. Адамның нәзік болмысына – сезім, ой-өріс, ақыл-ес, түйсік және «мен» деген түсінік жатады. Бұлардың табиғатын ұғыну өте қиын. Нәзік болмыс табиғи және әлеуметтік ортаға байланысты қалыптасады. Оны психология, парапсихология, спиритуализм, магия, бақсылық, йога тәрізді адам психикасын зерттейтін ғылымдар мен окульттік ағымдар қарастырады. Нәзік болмыстың түрлі атаулары бар: арабша – хауас сәлим, қазақша – рух, санскритте – аура, орысша – дух, латынша – спирит, ғылымда – психоэнергетикалық жүйе, т.б. Жан – адам өмірін басқарушы, қуат көзі, мәңгілік болмысы болып табылады. Тән мен материалдық болмыс оның уақытша киген киімі тәрізді. Олар ауысып отырады. Жан білімге және рухани ләззатқа құштар болғандықтан, ол бұл қасиеттердің қайнар көзін қоршаған ортаның материалдық болмысынан іздейді. Материалдық болмыс болса, әрқашан ақиқатты көмескілеп, бұрмалап көрсетеді және мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, ол жанды толық қанағаттандыра алмайды. Бұл жан мен тән арасындағы қайшылықты және олардың өзіндік сипаттағы үздіксіз күресін туғызады. Шығыс философиясы бойынша адамның жетілуі дегеніміз жанның материалдық құрсаудан босану барысы. Материалдық құрсаудан неғұрлым азат болса, жан солғұрлым жетілген болып есептеледі. Адамның басқа тіршілік иелерінен айырмашылығы да осында. Адам материалдық болмысқа хайуанат дүниесіне қарағанда әлдеқайда тәуелсіз. Сондықтан оның өмірлік мақсаттарға жету мүмкіндігі мол. Жанның толығуы тек рухани жолмен ғана іске асады. Оның қасиеттері жетілу барысында білінеді. Рухани жетілген адамның бүкіл болмысы кемелді келеді. Абай тәнді жан билеу керек екенін айтады. Жан тәнді нәзік болмыс арқылы билейді. Сондықтан жан неғұрлым таза болса, адамның іс-әрекеті де соғұрлым кемел. Бұл адам өмірін мазмұнды етіп, бақыт сезіміне бөлейді. Адам «микрокосм» болғандықтан, оның өмірі «макрокосм» болып табылатын бүкіл әлем өмірімен тығыз байланыста. Сондықтан әркімнің өмірі бүкіл әлем заңдылықтарымен толық үйлесімді болғаны абзал. Абай өзін тәнмен балап, табиғи сезімдерінің ықпалында жүргенді «пенде» деп, нәзік болмысын жетілдірген интеллектуалдарды «адам» деп, ал жан тазалығы үшін рухани жолға түскендерді «толық адам» деп атайды. Белгілі бір тарихи дәуірге немесе ортаға тән мәнділік сол дәуірдегі я ортадағы адамдардың жалпы рухани кескінін құрайтын нәрсе. Адамдардағы нақты істер мен мақсаттар, олардың ойлау ерекшелігі (менталитет), жалпы тіршілігі мен ойлауының логикасы сол ішкі мәнділікпен сәулеленіп тұрады, белгілі дәрежеде соның көрінісі деуге болады. Сондықтан да мәнділік көбінесе тікелей көзге көрінетін құбылыс емес. Белгілі бір ортаның рухани мәдениетінің өзгеше болып тұратыны да оның түпкі негізінде ерекше мәннің жататындығынан. Осындай мән белгілі бір мәдениеттің ішкі ұйтқысы. Мысалы, байырғы қауымдасудың дәрежесінде 20 ғасырға дейін сақталған Америка, Австралияның, т.б. жерлердің тайпаларын зерттеген Еуропа ғалымдары сол тайпа адамдарының іс-әрекеттерін, әсіресе олардың ойлау логикасын көп уақыт түсіне алған жоқ. Оларға әуелде (Эмиль Дюркгейм, әсіресе Люсьен Леви-Брюль) қауым адамдарының ойлауында ешқандай логика жоқ сияқты көрінген. Бірақ, кейінгі кезеңдерде олардың ойлауы еуропалықтарға ұқсамайтын басқаша тәртіппен, заңдылықпен іске асатындығы айқындала бастады. Прологикалық (яғни логикалық дәрежеге дейінгі) деп есептеліп келген ойлаудың өзіндік өзгеше логикасының бар екені белгілі болды. Оның себебі ойлаудың барлық мәнін сыртқы объективтік дүниенің себеп-салдарлық байланыстары арқылы ғана көретін, сыртқы дүниені тек пайдалануға бағышталған еуропалық ойлау негізінде басқа мән жатқан ойлауды, рухани мәдениетті түсіне алмады. Байырғы қауым адамдарының мәдениетіне, ойлауына, табиғатқа, болмысқа осы тұрғыдан қарау жат нәрсе. Осы қатесін Леви-Брюль кейін өзі де мойындаған. Адамның дүниеге қатынасы, оның негізгі сипаты мен табиғаты осы мәнмен анықталады. Сыртқы табиғатты өзгерту қызметінің өзі негізгі екі түрлі мәнді іске асыру үшін болуы мүмкін: біріншіден, табиғат пен адамның бірін-бірі толықтыратын, жаңғыртатын үйлесімді байланысы және екіншіден, табиғатты тек пайдалануға ұмтылу. Табиғатқа тек қана пайдагершіліктің көзімен қарап, тек өзінің бір мұқтаждығының тұрғысынан қатынас жасау антикалық дәуірден бастап Еуропада кең өріс алды. Онда табиғатты тек адамның бір кәдесіне жарайтын немесе жарамайтын заттар мен құбылыстардың арсеналы, табиғи қоймасы ретінде ғана қарап, іс-әрекет жасау басым болды. Әрине, еуропалық өмірде басқа көзқарастар да бар, бірақ әңгіме қандай пиғылдың жетекші, басым болғандығында. Осы пайдагерлік қатынас үстем болған, тіпті баз біреулердің жан дүниесінде жалғыз ғана құмарлыққа ие болған жерде табиғаттың, басқа адамдардың, жалпы өзінен тыс құбылыстардың қайсысы болса да өзіндік дербес мағынасынан айрылады, оңдай жандар үшін табиғаттың кез келген заты я пайдалы, я пайдасыз, олардың өзіндік құндылығы ол үшін жоқпен тең. Сондықтан ондай адам, оңдай қоғам табиғатты тәуелсіз мағынасы үшін қастерлемейді, мәпелемейді, тіпті сақтауға да ұмтылмайды, одан тек керегін алып, жоя беруге даяр. Бұл белгілі бір мәнділіктің ешбір қоспасыз «таза» анықтамасы. Бірақ өмірде ол қатынас «кіршіксіз» күйінде кездесе бермейді. Өкінішке қарай өзіміз өмір сүріп отырған дүниемізде осы қатынас басым. Соның арқасында өзімізді қоршап отырған табиғат орасан зор зардап шегуде. Бұл қатынас түбірінен өзгермесе (бүкіл әлемдік шеңберде) адамзат қазіргісінен де зор апаттарға ұшырауы сөзсіз. Бұл тарихтағы жалған мәнділіктің бір көрінісі. Адамдарға өз құлқынан басқаның бәрін тәрік етушілік меңдеп кеткен дәуірлерде ол табиғатқа ғана емес, ең алдымен адамның адамға қатынасында ең үлкен апаттарға душар етеді. Осындай пиғыл 20 ғасырда айрықша зор алапаттар туғызды. Оның кейбір мысалдары: екі рет болған дүниежүзілік соғыс, белгілі кезеңде Еуропада бел алған фашизм, бұрынғы КСРО-дағы тоталитарлық тәртіп, бүкіл әлемді, соның ішінде Қазақстанды да қамтыған экологиялық дағдарыс. Екінші бір мәнділік: табиғатты өзгертуге, меңгеруге, үстемдік етуге, пайдалануға біршама енжарлық, бірақ оның есесіне, табиғатпен үйлесімді тіршілікке бейімділік, көбінесе, Шығыста айқынырақ көрінді. 20 ғасырға дейін осылай болды. Бірақ мұнда да мәнділіктің алғашқы үлгісі белең ала бастады. Адам анатомиясы – адам денесінің құрылысын, пішінін, қимылдарын, мүшелердің өзара қарым-қатынасын зерттейтін жаратылыстану ғылымының бір саласы. Адам анатомиясының (латынша anatome – кесу, бөлшектеу деген ұғымды білдіреді) негізін салушы – ежелгі рим дәрігері Гален, одан кейін шығыс ғалымдары: ар-Рази, ибн-Рушд, Әбу Әли ибн Сина адам анатомиясына елеулі жаңалықтар қосты. Қазақ даласында адам анатомиясы мәселелері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (15 ғасыр), Халел Досмұхамбетұлы (20 ғасыр) еңбектерінде баяндалды. Бүкіл тірі организмдер сияқты адам денесі торшадан (клеткадан) тұрады. Торшалар торшааралық затпен қосылып тін (ткань) құрайды. Тін: эпителиалдық, дәнекерлік, бұлшық еттік, жүйкелік болып 4 топқа бөлінеді. Тін қосылып ағзаларды (орган) құрайды. Жалпы құрылысы мен дамуы біртектес және ортақ қызмет атқаратын ағзалар – ағзалар жүйесіне біріктіріледі. Шығу тегі мен құрылыстары ұқсамайтын, бірақ ортақ қызмет атқаратын ағзалар – ағзалар аппараттары деген топқа бөлінеді. Ағзалар жүйесі мен аппараттары адам организмін құрайды. Ағзалар бірнеше жүйеге бөлінеді: 1) тірек-қимыл аппараты; 2) ас қорыту жүйесі; 3) тыныс алу жүйесі, 4) несеп-жыныс аппараты; 5) жүрек-тамыр жүйесі (бұл жүйе өз ішінде қан жасап шығаратын және иммундық жүйе ағзалары болып бөлінеді); 6) сезім ағзалары; 7) эндокриндік бездер; 8) жүйке жүйесі. Осылардың бәрі бірігіп, адамның қоршаған ортамен арақатынасын жүзеге асырады. Адам денесі бас, мойын, тұлға, қол және аяқ бөліктерінен тұрады. Адам қаңқасына тұлға қаңқасы (омыртқа бағанасы және кеуде клеткасын құрайтын сүйектер), бас сүйек және қол-аяқ қаңқалары жатады. Бас сүйек: ми сауыт пен бет сүйектеріне бөлінеді. Ми сауытының ішінде ми, есту және тепе-теңдікті сақтау, көру ағзалары орналасқан. Омыртқа бағанасы: мойын (7 омыртқа), кеуде (12), бел (5), сегізкөз (5) және құймышақ (3 – 5) бөліктерінен тұрады. Омыртқа бағанасының кеуделік бөлігіне 12 жұп қабырғалар бекиді. Олар алдыңғы жағында төс сүйекпен қосылып кеудені құрайды. Кеуде қуысында өкпе, жүрек, кеңірдек, өңеш, тамырлар мен жүйке талшықтары орналасқан. Омыртқа бағанасының бел бөлігі іш бұлшықеттерімен бірге іш қуысын түзеді. Yстіңгі жағында іш қуысы кеуде қуысынан көк ет арқылы бөлінеді. Іш қуысында бауыр, асқазан, талақ, ішек, ұйқы безі, бүйректер, тамырлар, жүйке талшықтары орналасқан. Іш қуысы төменгі жағында жамбас астауы қуысына жалғасады. Бұл қуыста несеп қуығы, тік ішек және жыныс ағзалары жатады. Қол қаңқаларын жауырын, бұғана, тоқпан жілік, шынтақ жілік, кәрі жілік, қол басы сүйектері құрайды. Аяқ қаңқасына жамбас сүйектері, ортан жілік, асықты жілік (кіші жілік) және аяқ басы сүйектері жатады. Сүйектер өзара буындар, шеміршектер арқылы жалғасады. Оларды бұлшықеттер жауып жатады. Адам анатомиясы зерттеу ерекшеліктеріне байланысты бірнеше салаларға бөлінеді: жүйелік немесе қалыпты анатомия – адам денесінің құрылысын ағзалар жүйелері бойынша баяндайды; патологиялық анатомия – ауруға шалдыққан ағзаларды зерттейді; топографиялық анатомия – денедегі ағзалардың, тамырлардың, жүйке талшықтарының өзара орналасуын, арақатынасын талдайды; пластикалық анатомия – адам денесінің сыртқы пішіні мен құрылысы туралы ілім; салыстырмалы анатомия – дамудың әр түрлі сатысында орналасқан тіршілік иелерінің дене құрылысын салыстыра зерттейді. Болашақ. Болашақ — Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Болашақ» халықаралық стипендиясы. 1993 жылғы 5 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қаулысымен «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды. Бұл бастама дарынды жастарға келешекте өздерінің жинақтаған тәжірибелерін мемлекет игілігіне пайдалану үшін шетелде сапалы білім алуға көмектесу идеясына негізделген. 1994 жылы бір топ қазақстандық студенттер тұңғыш рет шетелдік жоғары оқу орындарына жіберілді. 1994 жылдан бастап 2004 жыл ішінде «Болашақ» бағдарламасы аясында барлығы 785 студент әлемнің 13 елінде білім алды. Стипендия қызметте табысты өсудің, түлектердің кәсіби мамандануының кепілі іспеттес. Бұның дәлелі ретінде бағдарламаның көптеген түлектері мемлекеттік қызметте, мемлекеттік және халықаралық ұйымдарда, акционерлік құрылымдарда жауапты қызметтерді атқарып, мемлекеттік және халықаралық жобаларға қатысып, еліміздің дамуына өз үлестерін қосуда. Мемлекет басшысының 2005 жылғы халыққа Жолдауында айтылған «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлерінің санын арттыру жөніндегі бастамасын іске асыру мақсатында ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясына конкурс өткізуді ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 301 қаулысымен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы құрылды. Сондай-ақ 2005 жылы шетелде оқуға арналған елдер тізімі өсіп, үміткерлер АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Ресей, Австралия, Австрия, Венгрия, Дания, Жаңа Зеландия, Жапония, Израиль, Испания, Италия, Канада, Қытай, Малайзия, Нидерланды, Норвегия, Оңтүстік Корея, Польша, Сингапур, Финляндия, Франция, Чехия, Швеция, Швейцарияға сияқты елдер арасынан өзіне ыңғайлысын таңдайтын болды. 2007 жылы елдер мен ЖОО-лар тізімі толықтырылды. Қазіргі кезде үміткерлер әлемдегі 32 елдің алдыңғы қатарлы 630 оқу орындарында оқи алады. Бүгінгі таңда стипендияны іске асыруда магистрлік және докторлық бағдарламаларға, сондай-ақ біздің ел үшін анағұрлым қажетті болып табылатын техникалық және медициналық бейіндегі мамандарды дайындауға ерекше көңіл бөлінеді. Қобыз. Қобыз — таңқаларлық пішінді және ғажайып сазды, бай тембрлі аспап. Қобыз екі шекті 40-қа тарта аттың ұзын қылы керілген ысқышы бар аспап. "Қылқобыз" аталуы да осыдан болар. Қобыз үнінің төмендеп қайта жоғарылап дыбыс шығаруы — шектеріне саусақтың ұшын ғана тигізіп, сәл ғана басып шертіп, керілген қылды ысқышпен үйкеп ысқылап тарту арқылы ысқышты аспапқа «іліп қойғандай» етіп көлденең ұстап ысқылап сүйкеп-сүйкеп көсеп-көсеп жібергенде флажолетті обертонды қою-қошқыл сазды мұңлы болып шығады. Біреулер оны құс даусына ұқсатады: « — Оның даусы аспаптың шегін аттың жалынан керілген қылдан тартылған еспе ысқышпен үйкелегенде аққудың үніне ұқсас дауыс шығады» — дейді (П. Паллас). Енді біреулер қобыз үнін адам даусына ұқсатады (Б. Сарыбаев) ащы, зарлы, өксікті үн шығарады деген де пікір айтады (И. Гмелин). Қобыздың саз аспабы ретінде тағдыры тайғақ, жолы тар, қиын-қыстау болды. Бұл аспап қазақ халқының тарихи-этникалық мәдениетінің көне көзі, рухани қазына мүлкі, эпостық және аспаптық музыкалық өнерін күні бүгінге дейін сақтап жеткізуші ұлттық мұра бола тұра, ол өзіне деген кертартпа ескілікті көзқарастан арылмай ақталмай-ақ қойды. Әу бастан-ақ қобыз бақсының, бақсылық жасаудың құралы деген пікір қалыптасқан болатын. Сондай бір түсінбеушіліктің кесірінен қобыз жаңа заман көшіне ілесе алмай ескіліктің қалдығы саналып жоғалып, жойылып кетудің алдында қалды дейді А. Затаевич. Осының салдарынан 20 ғ. басында қобыз аспабына арналып шығармалар жазылмай сиреп ұмытыла бастады. «Әкеден балаға мұра» болып келе жатқан қасиетті өнеріміз, ұлттық салт-санамыз, отбасылық қобызшылық дәстүріміз үзіліп қалды. Классикалық қобыз музыкасының аты аңызға айналған ең соңғы хас шебері 19 ғ. ортасында дүниеге келген Ықылас Дүкенұлы. Дегенмен жоғалып жойылып құрып кетуге жақын қалған қобыз ойнау өнерін өмірге қайта оралтып «шаң басқан уақыт» пернесін ашуға жасалған шаралармен ізденістер, талпыныстар болмай қалмады. Осындай істің басында бірегей ірі қобызшылар зор тұлғалы музыканттары болып Жаппас Қаламбаевпен (1909—1970) Дәулет Мықтыбаев (1904—1976) тұрды. Шын мәнінде осы екеуінің арқасында музыкалық қобыз аспабының барлық құпиясымен қасиетінің қыры мен сыры сақталып өткеніміздің баға жетпес асыл мұрасын шашау шығармай жоғалтпай бізге жеткізіп жаздырып қалдырып кеткеніне шүкір дейміз. Қобызда ойнап ең алғаш рет концерттік эстрадаға шыққан, 1968 жылы Алматы консерваториясында ашылған қылқобыз класына бірінші сабақ берген де осы екі тарлан. Шертпе күй. Шертпе күй — аспаптық дәстүрі өте көне және Қазақстанның түгелдей дерлік аймағына кең тараған дәстүр (Қазақстанның батысын қоспағанда, онда төкпе күй сақталған). Шертпе күй деп ел арасында домбыраға арналған күйлердің ертеден сақталған, бірақ өте жоғары дамыған өзіндік бір ерекше мақамы бар айырықша күйде орындалатын түрін айтады. Шертпе күйлер негізінен лирикалық сезімге бай, бұларда пәлсапашылдық — ойға шомып жан-дүниеге түрткі салатын сыршылдық басым. Ең көп тараған шертпе күйлер арқаның күйлері (Сары Арқа, Орталық Қазақстан өңірі) оның бәйтерегі Тәттімбет (1815—1862). 20 ғ. Тәттімбеттің ізбасарлары Әбікен Хасенов пен Мағауия Хамзин. Шертпе күйдің Қаратау өңірі (Қазақстанның оңтүстігі) аймағындағы дәстүрі кенжелеп кейін дамыды. Оған әрине қатарлас, көршілес жатқан Арқа дәстүрінің әсері тиді және басқада дәстүрлер қобыз күйінің, кей тұста домбыра тартудың өзгеше сипаты төкпе күйлік әсеріде сезіледі. Шертпе күйлердің қаратаулық дәстүрі аты аңызға айналған ұлы Сүгір (1882—1961 ж.) есімімен тығыз байланысты. Сүгірдің жолын қуған оның шығармаларының кең таралуына өз үлестерін қосқан тамаша музыкант күйші Төлеген Момбеков болды. Еуропадағы кәдімгі қарулы күштер туралы шарт. Еуропадағы кәдімгі қарулы күштер туралы шарт (ЕКҚКТШ) — Варшава келісімі елдері мен НАТО арасында 1990 жылы қабылданған. Еуропаның 28 мемлекеттері (Әрменстан, Әзірбайжан, Беларус, Белгия, Бұлғарстан, Құрама Патшалық, Мажарстан, Алмания, Грекия, Гүржістан, Дания, Исландия, Испания, Италия, Қазақстан, Лүксембор, Молдова, Недерланд, Норуегия, Польша, Португалия, Ресей, Румыния, Словакия, Түркия, Украина, Франция, Чехия), және АҚШ пен Канада ЕКҚКТШ қатысушы елдері боп табылады. Шартқа сәйкес қарулы күштер мен техниканың бес санатына — танктер, әскери броньдік машиналар, 100 мм және жоғары калибрлі артиллерия, әскери ұшақтар, соқылау тікұшақтары шектеледі; кең ауқымды бақылау-зерттеу іскерлігі және ақпарат алмасу да көзделген. Допиң. Допинг ( — "есіртке";  — "есіртке беру") — кейінгі жылдары спортқа кенедей жабысып, оның ажырамас бөлігіне айналып барады. Спортшы­лар медаль, атақ, жеңіс, рекорд, ақша үшін белді бекем буып, допинг қолданып, денсаулықтарына зиян келетіндігіне да көңіл аударар емес. Бұл әрі жылдан-жылға қарқынды түрде өріс алып, спорт әлемін кеулеп барады. Допингке деген сұраныстың шектен тыс артуын қалт жібермей, оны үлкен бизнеске айналдырып отырған әккілер де баршылық. Интерпол деректері бойынша, дәл қазір допинг (тыйым салынған препараттар) айналымы наркотик айна­лымынан да асып түсуде. Осыған орай осы кеселмен күресу үшін Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) құрылған. Содан бері спортты химия мен зұлымдық­тан тазартып, спорттық жоғары жетістіктерге тек әділетті жолмен қол жеткізуді қалайтын, көксейтін қызу күрес жүргізіліп келеді. Бір қызығы, допинг қолданғандар­дың арасында медицина мен химияны аса жақсы білмейтіндіктен, опық жеп жүр­гендері де баршылық. Мысалы, кейбір спортшылар ауырып-сырқаттанып неме­се жарақаттанып қалған кезде тезірек емделу үшін дәрі-дәрмектер қолданады. Осындайда оның құрамында тыйым салынған препараттар да бар екенін білмей, жаза басып, жазықты болып жүргендер де бар. Бүгінде допинг қолданғандары әш­кере болып, жазаларын тартып жатқан, тіпті жеңіп алған медальдарынан айыры­лып жатқан спортшылар көп-ақ. Бұл тұрғыда, Америка сияқты өркениетті ел­дер­дің спортшыларының өздері аяусыз жазаға тартылуда. Қазақстанда. Өкінішке қарай, Қазақстан спортшыларының ішінде де допинг қолданғандықтан, спорттан алас­татылғандары баршылық. Бұл тұрғыда қазақ ауыратлеттерінің, жеңілатлеттерінің, шаңғышыларының және конькишілерінің бастарынан өткен жағдайды айтуға болар еді. 90-шы жылдары бұрын әйгілі жеңілатлет әйел Ольга Шишигинаға «допинг қол­данған» деп айып тағылып, Жетісудың қырмызы қызғалдағы 1996 жылғы Атланта Олимпиадасына қатыса алмады. Бірақ 2000 жылы Сиднейде Олимпиада чемпионы болып, өзінің нағыз аузымен құс тістеген дүлдүл екендігін дәлелдеп шықты. Ал 2007 жылы Қазақстан велоспортының серкелері Александр Винокуров пен Андрей Кашечкинге де «допинг қолданған» деген айып тағылды. Дәл қазір екеуі де өздерінің адал екендіктерін дәлелдеуге тырысуда. Бұл жерде жағдай мүлдем басқаша, себебі екеуінің басына түскен істе саясат басымырақ. Қазақтың нуы мен суынан нәр алып, ұлттық ком­па­нияларының қаржысы­нан жаралған команданың қамшының сабындай қысқа уақыт ішіндегі жетіс­тіктері мен амбициясы шетелдіктердің (Халықара­лық велоспорт басшыла­рының) қыты­ғына тиген тәрізді. Стимуляторлар. Стимуляторлар — адамның миына әсер ететін, денесінің жұмысқа деген қабілетін (ойлау қабілетін де, күш-қуатын да) үйлестіретін заттар. Спорт­шылар мұны шаршағандықтарын ба­сып, күш-қуаттары көпке дейін жоға­ры деңгейде болуы үшін қолданады. Сондай-ақ салмақ қууға да жақсы көмектеседі. Зиянды әсерлері — қан қысымын көтереді; ашушаң қылып, күйгелектікке түсіреді; бұған үйрені­сіп-бейімделіп кету ықтималдығы басым; тамаққа деген тәбетті жоғалта­ды; жүрек қағысына кері әсер етеді; кеуде мен бас ауырады; адамның бойы дірілдейді. Есірткелік анальгетиктер. Есірткелік анальгетиктер — бұл ауырғанды басатын, адам ағзасына қатты әсер ететін заттар. Спортшылар мұны шаршағандарын басып, жарақат­тарының ауырғандарын білдірмеу үшін қолданады. Осының арқасында олар жарақаттарына қарамай, жарыс-бәсекені, сайыс-доданы одан әрі жалғастыра береді. Зиянды әсерлері — бұған үйреніп кету ықтималдығы шек­тен тыс басым; бойыңды ұстай алмай қалуың да мүмкін; ұйқышыл қылады; жүректі айнытады, құстырады; іш қатады; естен танып, құлап қалуың да кәдік. Мұны қолданған спортшыны үш ай ішінде тексерсе, бірден байқалады. Анаболиктер. .еркектер үшін — бүйрекке за­қым келтіреді, көкірек қуысы өседі; шаш түсе бастайды, аталық жұмыртқа қатаяды; белсіздікке (ұрықсыздыққа) және импотенцияға ұрындырады; безеу басып кетеді; ашушаң болып, төсек қатынасына деген «тәбет» күшейеді. Әйелдер үшін — еркекке тән қасиеттер дами бастайды, тіпті бетті түк басады; дауыс ырғағы өзгереді; етек­кір циклі өзгереді; ашушаңдық пайда болады. Стероидтар алты ай бойы ағзада қалып қоятындықтан, зәр арқылы мұндай допинг қолданғандар бірден әшкереленеді. Диуретиктер. Диуретиктер — денеден сұйық шы­ғаратын препараттар. Қолданыстағы түрлері: ацетазоламид, хлорталидон, триамтерин. Әлбетте бұлар салмақ қуу үшін қолданылады. Сондай-ақ басқа­дай тыйым салынған препараттарды қолданғандарын білдірмеу үшін кеңінен пайдаланылады. Зәр айдағыш қасиеттерінің арқасында ағзадағы химиялық преператтар сыртқа тез шығарылады. Зиянды әсерлері — сусыздандырады; құрыстырады; басты ауыртады, бас айналады; жүрек ай­ный­ды; бүйрекке зақым келтіреді. Гормондар. Пептидті гормондар және оған ұқсастар — белгілі бір функцияларды (атап айтқанда, қызыл қан тәндерін өндіру мен ауырсынуды) бақылау үшін адам ағзасында пайдаланылған заттар. Жасанды жасалған түрлері де болады. Қолданыстағы түрлері: өсу гормондары, эритропоиетин. Өсу гормондары бұлшық ет пен күшті көбейтеді, жарақаттың тез жазылуы мен жаттығу жұмыстарынан кейін спортшының спорттық бабына тезірек келуіне көмектеседі. Эритропоиетин қанның оттегіні тезірек игеру қа­білетін арттырады, бұл өз кезегінде спортшының неғұрлым ұзақ және қарқынды түрде жаттығып, бәсекеге түсуіне ықпал етеді. Өсу гормондарын көп пайдалану қолдың, аяқтың, бет пішін мен ішкі орган­дардың өсуіне кері әсерін тигізеді. Мұны медицинада акромегалия дейді. Эритропоиетинді көп қолдану қанның қоюлануына әкеп соғады, ал бұл өз кезегінде талмалы ауруға, инфарктқа ұшырауға, тіпті өліп кетуге ұласады. Қан допиңы. Қан допингі — бұл спортшының қанының құрамындағы эритроциттер шамасын арттыру, осылайша қанның оттегіні тезірек игеру қабілеті күшей­тіледі. Қолданыстағы түрлері: спортшы­ның қанына донорлық эритроциттер құю. Сондай-ақ басқа да әдіс-тәсілдері бар: ірі жарыс-бәсекеге дейін екі-үш ай бұрын спортшыдан белгілі бір мөлшер­де қан алынып (немесе нағыз спорттық бабына келген кезінде алынуы да мүмкін), бұл қан консервіленеді (зерт­ха­налық жағдайда сақталады), ал нақты керек кезінде әлгі қан ағзаға қайта құйы­лады. Мұны қолданудағы басты мақсат — қанның оттегіні игеруін күшейте түсу. Осындай жолмен қан допингін қолдану адамның ағзасы үр жаңа қалыпқа түскендей етеді. Әрі олар төзімді де, шыдамды бола түседі. Зиян­ды әсерлері — қан түйіршік­тері пайда болады; қан айналым жүйесіне жүктеме түседі; аллергиялық реакциялар бүй­рек­ке зақым келтіреді; инфекциялық аурулар таралады. Көпке дейін мұны анықтау мүмкін болмай келген, бірақ қазір «ағынды цитоме­трия» мұндай допинг қолданғандарды айна-қатесіз айқындап береді. Фармокологиялық, химиялық және физикалық манипуляциялар. Фармокологиялық, химиялық және физикалық манипуляциялар — бұл зәр анализін бұрмалау үшін әртүрлі әдіс­тер мен препараттар қолдану. Қолда­ныс­тағы түрлері: басқа адамның зәрін пайдалану (өткізу), эпитестостерон және бромантан қолдану. Спортшылар өздерінің зәрлерінің анализінде тыйым салынған препараттар бар екендігін жасыру үшін осындай әрекеттерге барады. Зиянды әсерлері тым аз. Мұны анықтау аса қиын емес, тек тексеруші шектен тыс мұқият болса болғаны. Гендік терапия. Гендік терапия — бұл кейінгі кездегі химиктердің жаңа жетістігі. Cебебі, уақыт өткен сайын өмір бір орында тұрмай, жаңа техно­логиялар жетілген үстіне жетіле түсуде. Гендік терапия — спортшы ағзасынан оның допинг қолданғандығын білдір­меу мақсатында ойланып шығарылған допинг түрі. Бұл ең әуелі бұлшық еттері сырқырайтын егде жастағы адамдар мен бұлшық еттері зақымданған адам­дарды емдеу үшін шығарылған жаңа клиникалық сынақ еді. Мұнда сырқат адамның ағзасына синтетика­лық ген енгізіледі. Бұлшық ет тіндерінің «құ­рылыс материалына» айналған синте­ти­калық генді бірнеше жылдардан соң табиғи гендерден айыру мүмкін болмай қалады екен. Алайда қазір медицина­ның бұл жетістігі гендік допингке де айналып барады. Мұның артықшылы­ғы синтетикалық ген өнімдері қан айналымына түспейді, енбейді. Сон­дықтан қан мен зәрден сынақ алынған кезде мұндай допинг қолданылғанын анықтау мүлде мүмкін емес. Осыған орай WADA ғалымдарға гендік тера­пияның спортқа енуіне тосқауыл болу­ларын өтініп, ұсыныс жасады. Допинг­ке қарсы ірі ғылыми орталықтар осын­дай допингті бақылау әдістерін зерт­теуде. Әзірше мұндай допинг қолданған адамдарға қандай зиянды әсерлері тиетіні де дөп басып айқындалмаған. Процессор. Процессорды компьютердің жүрегі десекте болады. Компьютеріңіздің есептеу жылдамадығы осы процессорға байланысты. Өндірісте процессорды Intel және AMD фирмалары шығарады. Intel-дің екі ядролық процессоры Core 2 Duo, ал AMD-нікі DualCore деп аталады. Процессордың жиілігін жоғарлатудан жарыс бітті. Процессордың жиілігі жоғарлаған сайын оның жылу бөлуі де жоғарылайды. Бұл әрине тиімсіз болды. Бұны бір корпусқа екі процессор орнату арқылы жеңді. Процессорлар такталық жиілігі, кэш жадысының көлемімен, платаға орналасатын ұяшықтарының түрімен әр түрге бөлінеді. Машиналардың маркалары мысалға (BMW 525i, Mercedec600) сяқты процессорлардың да номерлері бар. Celeron D 330 немесе Pentium 4 640. Процессор (микропроцессор)-компьютердің ең үлкен микросхемасы. Процессор ондаған миллион транзисторлардан тұрады. Процессордың негізгі ішкі схемасы-арифметика логикалық құрылғы, ішкі жады және кэш жады, барлық операциялармен жұмыс жасау схемасы, сыртқы шинаны басқаратын шина (сыртқы әлеммен байланысу схемасы). Процессордың разрядтылығы. Сыртқы шина арқылы процессорға ақпарат түседі-мәліметтер және командалар. Бұлар арифметика логикалық құрылғыда өңделеді. Процессордың схемаларының разрядтылығы қаншалықты көп болса соншалықты ақпаратты тез өңдейді. Процессордың жиілігі (frequency). Разрядтылықтан басқа процессорда маңызды қызмет атқаратын ол тактылық жиілігі. Ол мегагерцпен есептеледі. Бір мегагерц ол секундына миллион такт болады. 100 МГц - секундына жүз миллион такт болып есептеледі. Бір тактыда процессор қандайда бір фрагментті есептейді. Сондықтан тактылық жиілік қаншалықты жоғары болса, процессор түскен мәліметтерді соншалықты тез өңдеп беретін болады. Процессордың кэш жадысы. Процессор өңдейтін мәліметтерді оперативті жадыдан алады. Әдетте процессор өзінде еш нәрсеніде сақтамайды. Ода мәліметтер өңделетін ұяшықтар өте аз. Бұл жұмыс ұяшықтары регистр деп аталады. Процессордың жұмысын жеделдету үшін көптен бері кэштеу технологиясы қолданылып жүр. Кэш бұл шағын ұяшықтық жады. Буфердің қызметін атқарады. Егер бір нәрсе жалпы жадыдан өңделсе, оның көшірмесі кэш жадыға түседі. Егер бұл мәліметтер тағы керек болып жатса, алысқа жүгінбей буферден ала салады. Процессорға мәлімет керек болса, ол бірінші регистрді тексереді. Ол жерде керек мәлімет жоқ болса, жақын жердегі кэш жадыны тексереді. Ол жердеде жоқ болса оперативті жадыдан қарайды. Бұл жерде де жоқ болса, HDD дискіге сұраныс жасайды. Бұл атқарылатын жұмысты төмендегі суреттен көруге болады. Голланд ауруы. «Голланд ауруы» () — шикізатты (әсіресе мұнай мен газды) жаппай сыртқа (экспортқа) шығарғанда экономикаға валюта ағыл-тегіл құйылып, нарықтағы баға өсіп, ұлттық валюта нығайып, экономика біртіндеп қымбаттай бастайды. Демек, экономиканың 3,3 есе қымбаттауы оның өзге экономикамен салыстырғанда бәсекеге қабілетінің төмендегенін көрсетеді. Отандық тауар өндірушілер біртіндеп нарықтан ығыстырылады. Ұлттық валютаның қымбаттауы экспорттық қабілеті бар шикізаттық емес басқа секторларға кері әсерін тигізуі мүмкін (фактілер: 2000 ж. шикізаттық сипаты жоқ тауарлардың экспорты 2 млрд АҚШ долларын құраса, 2005 ж. да сол деңгейден еш аспады). Сайып келгенде, мұнай, т.б. шикізат секторларындағы ірі жетістіктер өңдеу өнеркәсібін астыртын тұншықтырып, олардың ресурстарын өзіне тартып, жұтып отырады. Әлемдік тәжірибеге назар аударсақ, бұл құбылыс негізінен шикізатты, оның ішінде мұнай мен газды экспорттайтын елдерде жиі байқалған. Олар — мұнайды экспорттайтын елдер ұйымы — ОПЕК-ке мүше және осы ұйымға кірмейтін, бірақ мұнай мен газды сыртқа шығаратын елдер. Әлем бойынша бұл термин өткен ғасырдың 1950—50 жж. ғана пайда болды. «Голланд ауруының» алдында «испан дерті» болған еді. Испандықтар Латын Америкасында (16 ғ.) жаулап алған колониялардан байлықтарды (алтын, күміс) өз еліне тасып, оларды экономиканың, мемлекеттің одан әрі дамуына жұмсамай (инвестиция жасамай), өте қымбат, зергерлік заттарды жаппай сатып ала бастаған. Нәтижесінде Испания мен Еуропа елдерінде инфляция күшейіп, халықтың тұрмысы нашарлап, экономикалық дағдарысқа түсті. Испанияда алашағы бар Италияның бірнеше банкі банкротқа ұшырады. 20 ғ. газ бен мұнайға, басқа да ресурстарға бай кейбір елдердің жіберген басты екі қатесі болды. Біріншісі — өңдеу өнеркәсібінің секторлары мен қызмет көрсетуге ерекше назар аудармай, жер асты байлықтарынан түсетін пайданы алумен, бөлумен жаппай шұғылдану. Бұл қателік — ОПЕК картеліне мүше 13 мемлекет: Иран, Ирақ, Қуайт, Сауд Арабиясы, Венесуэла, Катар, Индонезия, Ливия, Біріккен Араб Әмірлігі, Алжир, Нигерия, Эквадор және Габонға тән. Араб Әмірлігі мен Индонезия даму бағыттарын 1980 жж. ғана өзгертіп дұрыс жолдарын таба білді. Дүние жүзінде мұнайдың 35—37 % осы елдер өндіріп отыр. 1965 — 99 жж. арасында экономиканың құлдырауы жыл сайын Иран мен Венесуэлада — 1 %, Ливияда — 2 %, Ирак пен Кувейтте — 3 %, Катарда — 6 % жетті. 20 ғ. соңғы 30 жылында ОПЕК ұйымына мүше елдердің ішкі жалпы өнімдері (ІЖӨ) өскен жоқ, керісінше, жыл сайын 1,3 % кеміп отырды. Бұл қателікке ұрынбаған елдердің бірі — Норвегия. Екінші қателік — мұнай мен газ секторларына мемлекеттің тікелей араласуы, мемлекеттің осы секторлардың өндіріс ошақтарын мемлекеттің қарамағына күштеп алуы, яғни «национализациялауы». Мұндай құбылыс ОПЕК-ке мүше елдерде, әсіресе Венесуэла мен Сауд Арабиясында жиі орын алды. 1973 жылға дейін Сауд Арабиясында жан басына шаққандағы ІЖӨ АҚШ-пен салыстырғанда 15 % төмен болса, отыз жылдан соң, 2003 ж. 72 % төмендеді. 1973—75 жж. Венесуэланың ІЖӨ-сі 10 000 доллардан асса, 2005 ж. сатып алу қабілеті бойынша 5800 долларға дейін төмендеді. Венесуэла халқы ішкі тұрақсыздық пен қақтығыстың ұйытқысы болып келген қара алтынды «шайтанның эксперименті» деп атаса, Сауд Арабиясында мұнайды «Алланың бергені, рақымшылығы» деп бағалайды. Осы тұста мұнайға тікелей байланысы бар 20 ғ. айтулы оқиғаларына зейін салайық. Жапонияның екінші дүниежүзілік соғысқа кіруінде, АҚШ-тың Перл-Харбордағы әскери-теңіз флотына кенеттен шабуыл жасауында бір құпия болды. Ол — мұнай құпиясы. Өйткені, жапондықтар Қытайға 1941 жылы басып кіргесін АҚШ мұнайды жапондықтарға жөнелту (экспорт) көлеміне бірден шектеу қойды. Ал Жапония АҚШ-тың мұнай импортына тәуелділікке түсті. Бұрынғы Кеңес Одағы ыдырауының негізгі себебі мұнайға да байланысты. КСРО 20 ғ. 1970—80 жж. мұнай мен газ экспортынан 200 млрд доллар табыс алды. Бірақ, 1980—90 жж. мұнайдың бағасы АҚШ саясатының салдарынан біртіндеп төмендеді. Өйткені, АҚШ Кеңестер елін ыдырату мақсатында (ұсынысты сұраныстан молайту арқылы) резервтегі мұнай қорын рынокқа жаппай сата бастады. Сөйтіп, КСРО-ның мұнай экспортынан түсетін табысын барынша азайтты. Экономикалық тоқыраудың арты Кеңес Одағының елін бөлшектеуімен аяқталды. «Голланд ауруы» Қазақстандағы келуі және оның алғашқы белгілері. «Голланд ауруы» мұнай өндірудің қарқынын ұлғайта бастаған Қазақстанға 2002 ж. келіп (мұнайды қамтитын шикізат өнеркәсібінің үлесі өңдеу өнеркәсібінің үлесінен асқан жыл, оның бірнеше белгісі (симптомы) барыс организмінде біліне бастады. "Бірінші белгі." Көлемі бойынша немесе әлемдік бағаның өсуінен (2005 ж. бағаның өсуінен экспорт 37 % өсті) Қазақстанға мұнай экспортынан түсіп жатқан валюта ағыл-тегіл құйылды. Валюта ағыны елдің валюта рыногына ықпал етіп, теңгенің бағамын әлсін-әлсін күшейтіп, нығайтумен болды. 2005 жылы теңгені айырбастаудың тиімді индексі 5,8 % нығайды, ұлттық валютамыз доллармен салыстырғанда 1,5 %, ал еуроға қатысты 15,9 % қымбаттады. 2003 ж. теңге долларға қатысты 12,4 % қымбаттағанын айта кетейік. Жалпы, валюта бағамының саясаты — Қазақстан Республикасы ұлттық банкі құзыретіндегі мәселе. Егер бұрын валюта нарығы — айырбастау пунктінде 1 АҚШ долларын 146—156 теңгеге сатып алсаңыз, енді 126 теңгеге сатып алуға болады. Демек, шикізаттық емес, дайын тауарлар мен қызмет көрсету өнімдерін сыртқа шығаратын отандық экспортшылар валюта бағамы өзгеруінен туындайтын, құны 30 теңгеден тұратын (156 т − 126 т = 30 т) бәсекеге қабілеттілік деңгейін жоғалтты деген сөз. Бұл үрдіс Қазақстаннның Индустриялық-инновациялық даму стратегиясына қайшы келеді. 1999 ж. көктемінде және 2000—01 жж. жүргізілген девальвация мүмкіндігін Қазақстан түгелімен пайдаланды. Енді жаңа девальвацияға зәруміз. Бағалардың ұдайы өсу аясында ұлттық экономиканың одан әрі дамуы үшін теңгені айырбастаудың тиімді жаңа саясаты ауадай қажет. Сайып келгенде, 2003—01 жж. мұнайдан түсіп жатқан валюта ағыны аясында Халықаралық валюта қорының кеңестерін басшылыққа алған Қазақстанның Ұлттық банкі осы жылдары жүргізіп келген валюта бағамы саясатының нәтижесінде теңгеміз әлсін-әлсін қымбаттады. Бұл Елбасының 2006 жылы Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген стратегиялық мақсаттың орындалуына- бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруіне — шикізаттық емес, яғни өңдеу өнеркәсібі мен қызмет көрсету секторларына, оның ішінде экспортпен шұғылданатындарға кері әсерін тигізіп жатқандығы байқалады. Дәлел ретінде Қытай тәжірибесіне назар аударалық. Соңғы жиырма жылда ҚХР мен АҚШ арасындағы сауда балансы 100 млрд долларға жетіп, Қытайдың үстем түсуімен аяқталды. Бұған өз септігін тигізген бірден-бір құрал валюта бағамы саясаты, яғни юаньның өте тиімді бағамы болып табылады. "Екінші белгі" біріншіден өрбиді. Теңге бағамының нығаюы барысында импорттық тауарлардың келуін ынталандырып, импорттық қызмет түрлері арзандай бастайды. Демек, импорт мөлшерінің молаюы отандық өнім өндірушілерді ішкі рыноктан біртіндеп ығыстырып (фактілер: қазақстандықтар тұтынған тауарлардағы импорттың үлесі 2000 ж. 27,9 % еді, ал, 2005 ж. 44 % жетті), экономиканы есептейтін бухгалтерлік есепшот жүйесі — төлем балансына тән ағымдағы есепшот көрсеткіштерінде теріс сальдоның көрініс беруіне, ұлғаюына себеп болады. Теріс сальдо тек қана қызмет көрсету емес, сонымен қатар табыстарда да 5 млрд доллардан асып отыр. "Үшінші белгі" — өндіріс секторларында жалақы деңгейінің өсу қарқыны еңбек өнімділігінің өсу қарқынынан асып түсуі. Әрине, осы орайда оқырман жалақының өскенін қалайды. Ол үшін бір шартты қатаң сақтауға міндеттіміз. Жалақының өсу қарқыны еңбек өнімділігінің өсу қарқынынан еш аспауы керек. Бұл заңды Қазақстан қатаң, міндетті түрде орындауы қажет. Әйтпесе, ұзақ мерзімде, әсіресе, экспортқа шығарылмайтын тауар мен қызмет көрсетулердің бәсекеге қабілеті әлсін-әлсін әлсірейтін болады және экономикалық өсу төмендейді. Ал экспортқа өнім шығаратын отандық өндірушілердің жұмыс күші арзан елдердегі (Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан) кәсіпорындармен салыстырғанда бәсекеге қабілеті төмен болады. Мәселен, 2000—05 жж. жалақының орташа өсу қарқыны 10—11 % құрады, тіпті өткен жылы жалақыны өсіруге арналған бюджеттің шығыс бөлігі бірден 25,9 % артты. Ал еңбек өнімділігінің өсу қарқыны төменгі деңгейде қалды: 2000—05 жж. орташа 6—7 % құрады. Соңғы жылдары, өкінішке орай, жалақының өсу қарқыны тек еңбек өнімділігінің өсу қарқынынан емес, сонымен қатар экономикалық өсуден де асып отырды. Қазақстанда жалақының өсу қарқыны еңбек өнімділігінің өсу қарқынынан 4 % асып отыруы елде «голланд ауруының» белгілері бар екендігін тағы да дәлелдеп, Үкіметке жаңа тактикалық және стратегиялық міндеттер жүктейді. Осы құбылыстан туындайтын басты қауіп — ішкі өндіріс біртіндеп қымбаттай бастайды. Егер қымбаттау басталса (кейбір секторларда басталып та кетті), қазақтар импорттық заттар мен ресурстарды жаппай пайдалануға көшеді. Осы орайда айта кететін жәйт: жаппай сатып алу жалақы емес, сонымен қатар банктер беріп жатқан тұтыну несиелерімен де ұлғаюда. 2002—05 жж. тұтыну несиелері Қазақстанда 10 есе өсті. "Төртінші белгі" — ақша салмағының өсу қарқыны. Мұнай экспортынан келіп жатқан валюта ағынын Ұлттық банк стерилизация (рынокқа жібермеу) жасап, шет ел валютасын барынша қорытып жатыр. Мұның нәтижесі ақша агрегатының, яғни ақша салмағының индикаторы М3 шамасының ұлғаюына әкеліп соқтыруда. Әлемдік статистикаға ден қойсақ, 20 ғ. соңында ақша салмағын 30—50 % өсірген елдер үнемі инфляцияға тап болғандығы және ішкі бағалардың ұдайы өскендігі расталады. "Бесінші белгі" — инфляцияның өсуі. Бағаның үнемі өсіп жатқандығын ай сайын сезінеміз. Үшінші белгіде сөз болғандай, өндіріс секторлары мен бюджеттегілердің жалақы деңгейлерін жыл сайын көтеруге мәжбүрлейтін бір ғана себеп бар. Ол халықтың қалтасындағы жалақысы мен табысын үнемі жұтып жатқан инфляция деген құбылыс. Былайша айтқанда, инфляция салығы. Ағымдағы жылдың 7 айында инфляция 8,7 % өсті, ал жылдық болжам — 5,7 %. Енді инфляцияның макроэкономикалық қасиетіне қысқаша тоқталайық. Биылғы жарты жылда ұлттық экономикамыз номиналмен (ағымдағы бағамен ақшалай) есептегенде 31,4 % өсті, ал шын мәніндегі (нақты) өсімі 9,3 %. Айырмашылық 3,3 есеге жетіп отыр. Демек, Қазақстанда 1000 теңгенің өнімі өндірілсе, оның ақшалай құны 3400 теңгеге жетті деген сөз. Тоқ етерін айтқанда, ХХІ ғасырдың басында Қазақстан экономикасына тән «голланд ауруының» индексі 3,3-ке жетіп, жалпы ақша ұсынысы ақша сұранысынан (тауар салмағына сәйкес) құны 2400 теңгеден тұратын (3400 − 1000 = 2400) жылдамдықпен озып отыр. 20 ғ. басында өзекті мәселені алғаш рет Ахмет Байтұрсынұлы көтерсе, 21 ғ. басында Қазақстан ұлттық экономиканың тұрақты дамуына қауіп төндіріп тұрған «голланд ауруымен» іс жүзінде мемлекеттік деңгейде күресуде. Шар-айна. Шар-айна (Парсы: چهاﺮآﻳنه) - темiр айналардан жасалған шығыс сауыты Дүниежүзілік сауда ұйымы. Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) — халықаралық сауда ережелерін либерализм принциптеріне қарай реттейтін халықаралық экономикалық ұйым, ол 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істей бастады. Алғашқы кезеңде ДСҰ-ға 77 мемлекет кірсе, 2005 жылғы 11 желтоқсандағы соңғы мәлімет бойынша оған 149 ел мүше болды. Бұрынғы кеңестік елдерден оның қатарында Литва, Латвия, Эстония, Грузия, Армения, Молдова, Қырғызстан, Украина (соңғысы 2008 жыл 5 ақпанында қабылданды) бар. ДСҰ-ға кіретін елдердің үлесі әлемдік тауар айналымның 95% құрайды, яғни Ресейді қоспағанда бүкіл дүниежүзілік нарықты қамтып отыр деуге болады. Және Қазақстанды қосқанда 30-ға жуық ел осы ұйымға кіру ниеттерін білдірді, олар бүгінгі таңда бақылаушы мәртебесіне ие. ДСҰ міндеттері. — Саудада еш кемсітушіліктің болмау шарты, яғни бірде-бір мемлекет қайсыбір мемлекетке экспорт пен импортқа шектеушілік қоюға құқығы болмайды; — Сауда кедергілерін азайту, немесе қайсыбір елдің нарығына шетелдік тауарлардың келуіне кедергі келтіретін факторларды жою, оларға бірінші кезекте кедендік алымдар мен импорттық квоталар жатады, басқаша айтқанда импортқа қойылатын көлемдік шектеулер; — Тұрақтылық пен сауда шартының алдын-ала болжамдылығы, бұл шетелдік компаниялар, инвесторлар мен үкіметтер қолданыстағы сауда шарттарының кенеттен және бір тараптың еркімен өзгерілмейтініне кепілдік береді; — Халықаралық саудадағы бәсекелестікті ынталандыру, яғни түрлі елдер фирмаларының тең құқықты бәсекелестігі үшін «әділетсіз» тәсілдерді жою, оған экспорттық субсидиялар (экспортшы-фирмаларға мемлекет демеушілігі), жаңа сату нарықтарын иелену мақсатында демпингтік бағаларды пайдалану; — Жоғары дамымаған мемлекеттер үшін халықаралық саудада жеңілдіктер жасау. Нақ осы бап жоғарыда көрсетілген ұстанымдарға кереғар келеді, алайда ол әлемдік шаруашылыққа осал дамыған елдерді тарту үшін қажет болды. Бұл елдер алғашқы кезеңде дамыған мемлекеттермен бәсекелесе алмайтыны айдан анық, сондықтан да нашар дамыған елдерге ерекше жеңілдіктер қарастыру «әділетті» болар деп есептеледі. Қазақстан — ДСҰ-ға кіруге мүдделі. Қазақстан Үкіметі ДСҰ-ға кіру — елдің сыртқы экономикалық саясатындағы басымды бағыттардың бірі деп біледі. Қазақстанның ДСҰ-ға кіру жөніндегі жұмысшы топқа осы ұйымның 38 мемлекеті кіреді, сонымен бірге нарыққа тауарларды шығару жөніндегі келіссөздерге 14 ел, ал қызмет нарығына қатысты 10 ел қатысады. — Тауарлар рыногіне шығу келіссөздері ұйымға кіргеннен соң Қазақстан пайдалануға құқық алатын импорттық кедендік алымдарды барынша байланыстыру деңгейлерін ДСҰ-ға мүше-елдермен анықтау және келісуді көздейді; — Қызметтер нарығына шығу туралы келіссөздердің мақсаты қазақ нарығына шетелдік жеткізіп берушілердің шығу шарттары болып табылады; — Ауыл шаруашылығына қатысты арнайы көп жақты келіссөздер, тарифтік аспектіден бөлек, ауыл шаруашылығын іштен қолдау білдіру мен экспорттық субсидиялардың мөлшерін келісуді көздейді; — ДСҰ қатысушысы ретінде өз міндеттемелерін орындау үшін заңнамада қолдануға тиіс шараларды анықтау мақсатында жүргізіліп отырған жүйелік мәселелер бойынша келіссөздер; Жеке елдермен өткізілген екіжақты келіссөздердің 14 раундының қорытындылары бойынша Қазақстан тауарлар нарығына шығу жөнінде келіссөздердің соңғы мәресіне жетті. Бүгінгі таңда тарифтік міндеттемелерді егжей-тегжейлі талқылап, АҚШ, Еуропалық Одақ, Канада сияқты елдермен диалог құруға қол жеткізді. Сонымен қатар қызметтер нарығына шығу жөніндегі келіссөздер процесін одан әрі қарқынды жүргізуге негіз қаланды. Бүгінгі таңда, Грузия, Пәкістан, Түркия, Оман Сұлтанаты, Корея, Жапония, Куба, Мексика Қырғыз Республикасымен екіжақты келіссөздердің аяқталуы туралы Хаттамаларға және ҚР Индустрия және сауда министрлігі мен Мысыр Араб Республикасының Индустрия және технологиялық даму министрлігі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. ҚР мен ДСҰ арасындағы ынтымақтастықтағы маңызды оқиғалардың бірі 2004 жылғы тамыздағы ДСҰ Бас хатшысы С.Паничпакдидің Қазақстанға сапары болды. Осы тұста айта кетер бір жай ДСҰ басшылығы әдетте бір елге арнайы сапар ұйымдастырмайды, қалыптасқан тәжірибе бойынша бірнеше мемлекетті аралап шығады. Осы сапардың барысында ұйым басшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен, елдің бірқатар министрлерімен кездесіп, ДСҰ келісімдерінің міндеттемелерін қабылдау жөніндегі Қазақстанның ортақ ұстанымын түсінісуге қол жеткізілді. Қазіргі кезде Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру процесі маңызды сатыда тұр. Келіссөздер жүргізу тұрғысында Қазақстан үшін бес мемлекет, атап айтқанда, АҚШ, Еуропалық Одақ, Канада, Аустралия және Болгария ең маңызды болып табылады. Келіссөздер процесінде уағдаластыққа жету қиыншылықтары тауарлар мен қызметтер нарығына шығуда көп жағдайда олардың нақты коммерциялық мүддені қозғамайтын, тіпті еліміздің экономикалық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін әсіреқатаң талаптар қоюынан туындауда. Аталған проблемаларды реттеу үшін Қазақстанның ДСҰ-ға кіру жөніндегі келіссөздер мен ресми кездесулер кестесі әзірленді. Бұл тұрғыда Сыртқы істер министрлігінің шетелдік мекемелері де ДСҰ мүшелері болып табылатын жеке елдерге саяси ықпалды күшейтуге барлық мүмкіндіктер жасауда. Студент. Студент (— бір нәрсеге ұмтылушы, бір нәрсеге қызығушы) — жоғары оқу орынында оқитын адам. Ең алғашқы университет пайда болған уақта латын тілі ғылым мен іс қағаздарының тілі болатын. Студенттерді ол кезде "школяр" (— оқушы, — мектеп) деп атайтын. Бұл термин бүгінде мектеп оқушыларына қатысты қолданылады. 1941 ж. Лондонда, фашизмге қарсы күресетін студенттердің халықаралық жыйналысында қарашаның 17 студенттер күні болып белгіленеді. 1939 ж. дәл осы күні Чехословакиядағы Студенттер одағының көптеген басшыларын неміс-фашист оккупациясы абақтыға салып, ату жазасына кеседі. Мыңдаған студенттер мен ұстаздар концлагерьлерге жіберіліп, ЖОО-ы жабылады. Спорт. Спорт (— жалқу) — белгілі ережелер немесе дәстүрлерге сай көбінесе жарыс күйінде өтетін әрекет. Спорт жалпы алғанда физикалық мығымдығы өте маңызды болатын (жеңіске немесе жеңіліске әкелетін) әрекетті сипаттағанымен, ақыл-ой немесе құрал-жабдық сапасы да маңызды рөл атқаратын ақыл-ой спорты және мотор спортына қатысты айтылады. Адам баласы спортпен денсаулығын жақсарту, моральді және затты қанағаттану үшін, өзін-өзі дамыту үшін шұғылданады. Тарихы. Спорттың даму тарихына зер салсақ қоғамдағы өзгерістер мен қатар спорттың мән-мағынасын да түсінуге болады. Бүгінгі күнге белгілі үңгір өнерінің көп үлгілерінде дәстүрлі ырымдық ритуалдыр көріністері бейнеленген. Осы бейнеленген көріністерді сенімді түрде қазіргі мағынадағы спортқа жатқызуға болмағанымен сол кездің өзінде спортқа жақын әрекеттердің орын алғаны хақында байлам жасауға болады. Франция, Африка, және Аустралияда орналасқан бұл бейнелердің осыдан 30 000 жыл бұрын жасалғанын айта кеткен жөн. Қытай территориясында біздің дәуірден 4000 жыл бұрын қазіргі спорт мағынасына жақын әрекеттің болғанын айтатын заттар мен құралыстар бар. Гимнастика ежелгі Қытайдағы кең тараған спорт түрі болыпты-мыс. Перғауындар мазарларындағы бейнелер мен заттар бірнеше ғасырлар бұрын да спорттың әр түрі болғандығынан хабардар етеді, оның ішінде жүзу мен балық аулауды айта кетуге болады. Ежелгі Персияда поло және атты рыцарлардың найзамен жарысы негіздері қаланды. Ежелгі Грекия өзінде алуан түрлі спорт болған. Ең дамыған түрлері — күрес, жүгіру, диск лақтыру және арба жарысы. Осы тізімге қарағанда Ежелгі Грекияда(жалғыз ол жерде ғана емес т.б. жерлерде) әскери мәдениет мен әскери өнер спортқа тікелей қатысты болған. Сол жерде әр төрт жыл сайын Пелопонессе атты ауылда Олимпия деп аталған Олимпиада ойындары өтіп тұрған. Осы күндері адамзаттың даму деңгейіне сәйкес, әсіресе БАҚ пен жаhандық байланыс жүйелерінің пайда болуымен спортпен шұғылдануға көпшіліктің мүмкіндігі өсуде. Спорт "кәсіпқой спортқа" айналып одан әрі адамзатты қызықтыруда. Қазақ спорты. Қазақстанда дамыған спорт түрлері қатарына бокс, хоккей, күрес, велоспорттарды жатқызуға болады. Иран. ИРАН (1935 жылға дейін Парсы елі), Иран Ислам Республикасы — Азияның оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі 1,648 млн. км2. Халқы 65,2 млн. адам (1999). Халқының ұлттық құрамы: парсылар (51%), әзербайжандар (27%), күрдтер (5%), арабтар, түрікмендер, белуджилер, армяндар, еврейлер, т.б. Қала халқы 58,3%. Астанасы — Тегеран қ. (айналасын қосқанда 12 млн-нан астам). Одан басқа Мешхед (1,5 млн.), Исфаһан (1 млн.), Тебриз (852 мың), Шираз (800 мың) сияқты ірі қалалар бар. Ресми тілі — парсы тілі. Мемл. діні — ислам дінінің шиит тармағы. Иран — діни мемлекет. Елдегі саяси және діни билік аятолла Сейд Әли Хаменеидің қолында. Президент (1997 жылдан бастап Сейд Мохаммед Хатами) 4 жылға сайланады және Министр Кабинетін басқарады. Жоғарғы заң шығарушы орган — бір палаталы парламент — Ислам кеңесі жиналысы (меджлис) 4 жыл сайын сайланып отыратын 270 депутаттан тұрады. 1981 жылғы конституциясы бойынша, елде саяси және діни емес ұйымдарға тыйым салынған. Ұлттық мейрамы 11 ақпан — Революция күні (1979). Ұлттық ақша бірлігі — риал. Табиғаты. Иран Армян таулы қыратының оңтүстік-шығысы мен Иран таулы қыратының батыс бөлігінде орналасқан. Шет жақтарында Солт. Иран (Эльбурс, Түрікмен — Хорасан), Оңт. Иран (Загрос, Мекран), Шығ. Иран (Серхед, Пеленган, Боран, Келат) таулары, орт-нда Кухруд жотасы, Деште-Кевир, Деште-Лух шөлдері орналасқан. Солт.-батысын Оңт. Каспий және Кура-Аракс ойпаттары, солт.-шығысын Горган жазығы, оңт-н — Гермезир шөлі алып жатыр. Жері, негізінен, таулы. Климаты субтропиктік, континенттік, жазы ыстық, қысы солт-нде салқын, оңт-нде жылы. Парсы және Оман шығанақтары жағалауларының климаты тропиктік. Қаңтардағы орташа темп-ра 2С-тан 19,4С-қа дейін, шілде айында 29,4 — 32,5С. Жауын-шашынның жылдық мөлш. 500 мм. Эльбурс тауы беткейінде 2000 мм, Систан ойысында 50 — 60 мм. Жер беті суы аз. Ірі өзендері — Карун, Сефидруд, Гильменд, Қиыр солт-гінде Атрек, Аракс өз-дері бар. Таулы аудандарда көптеген көлдер кездеседі. Жері сары, қоңыр және қызғылт топырақты. Тау беткейлері орманды, өзендер бойы шалғын, ішкі аудандары шөл, шөлейт. Иран жерінде сүтқоректілердің 100-ге тарта, құстардың 400-ге жуық, бауырымен жорғалаушылардың 80-ге жуық түрі бар. Шектес теңіздері балыққа бай. Пайдалы қазындылары: мұнай, газ, тас көмір, темір, хромит, т.б. Тарихы. Иран жеріне адам баласы тым ерте заманнан бері қоныстанған. Б.з.б. 3-мыңжылдықта қазіргі И-ның оңт.-батысында алғашқы мемлекеттер құрыла бастады. Б.з.б. 2-мыңжылдықта бұл аймаққа Орт. Азиядан арий тайпалары келіп қоныстанды. Б.з.б. 673 — 672 ж. қазіргі Иранның солт.-батысында Мидия мемлекеті пайда болып, 616 — 605 ж. Ассирияны талқандап, аса ірі мемлекетке айналды. Б.з.б. 550 ж. өкімет билігі парсылық Ахемен әулетіне көшті (қ. Ахемен әулеті). Ахемен әулеті мемлекетінің шекарасы шығыста Үнді өз-нен батыста Эгей т-не дейін, солт-те Армениядан оңт-те Ніл өз-деріне дейін жетті. Батыс пен Шығысты жалғастыратын сауда жолдары үшін бұл мемлекет гректермен ұзаққа созылған соғыс жүргізді. Сақтар еліне бірнеше дүркін басқыншылық жорықтар жасады (қ. Кир ІІ, Дарий І). Ахемен әулеті мемлекетін б.з.б. 330 ж. Александр Македонский талқандады. Иран эллиндік мемлекеттердің билігіне көшіп, б.з.б. 2 ғ-дың орта тұсынан бастап Парфия патшалығына бағынды. 224 ж. Парфия мемлекеті құлап, орнына Сасани әулеті мемлекеті құрылды. Сасани әулеті мемлекеті Оңт. Арабияны, Сирияны, Палестинаны, Мысырды жаулап алды. Византияға қауіп төндірді, Түрік қағанатымен соғыс жүргізді. Бірақ Сасани әулеті мемлекеті арабтардың шабуылынан құлап, 7 ғ-дың 2-жартысында Иран Араб халифаты құрамына қосылды. 8 ғ-да Араб халифатының билеушісі Әбу әл-Аббас әс-Саффах халифат астанасын Бағдадқа көшірді. Иран аумағы ұзақ жылдар бойы Аббас әулеті билеген Бағдад халифаты құрамында болып, мәдени және экон. дамуды басынан кешірді. 9 — 10 ғ-ларда елде Араб халифатына шартты түрде ғана тәуелді болған әмірліктер құрылды. Елде экономикалық және мәдени өрлеу байқалып, қалалар өсе бастады. Сондай әмірліктердің бірі Самани әулеті биліктен кеткеннен кейін Шығыс Иран Ауғанстанмен және Орта Азияның бір бөлігімен бірге түркі текті Ғазнауи әулеті билеген мемлекеттің құрамына кірді (қ. Ғазнауи әулеті). 11 ғ-да Иранға түрік-оғыздар (салжұқ) басып кіре бастады. Көп ұзамай олар Ғазнауи әулеті әскерін талқандап, бүкіл И-ды және көрші елдерді басып алып салжұқтар мемлекетін құрды. 12 ғ-да салжұқтар бірнеше сұлтандыққа бөлініп кетті де, осы ғасырдың аяғына таман бүкіл И-ды түркі қыпшақ тайпасынан шыққан Хорезм шаїы Текеш басып алды. 1220 — 56 ж. И-ды Шыңғыс хан әулеті жаулап алды. Олар елде Хулагу әулетіне қарайтын ильхандар мемлекетін құрды. 14 ғ-дың 30-жылдары ильхандар мемлекеті бірнеше иелікке бөлініп кетті де, 1380 — 93 ж. Иранды Әмір Темір әскерлері басып алды. Әмір Темір өлгеннен кейін Шығыс Иран Темір әулетінің билігінде қалып, Батыс Иранда Қарақойлы мемлекеті құрылды. 16 ғ-да Кіші Азиядан шыққан түркі тайпалары (қызылбастар) И-ға басып кіріп, 1501 — 1610 ж. елді толығымен бағындырып, Сефеви әулеті мемлекетін құрды. 17 — 18 ғ-ларда Иранның экономикасы құлдырап, халықтың жағдайы нашарлап кетті. Ұсақ халықтар (ауғандар, түрікмендер, әзербайжандар, күрдтер, армяндар, грузиндер) орталықтың езгісіне қарсы жиі-жиі көтеріліс жасап тұрды. Әсіресе, 18 ғ-дың 2-жартысында елдегі үстемдік үшін екі әулеттің (Зенд және Каджар) арасындағы үздіксіз соғыс халықты әбден қалжыратты. 18 ғ-дың аяғында билікке Каджар әулеті келді. Осы кезден елдің ішкі істеріне еур. мемлекеттер (Англия, Франция) араласа бастады. 19 ғ-дың басында болған орыс-иран соғысынан кейін елде шетелдіктердің билігі күшейіп кетті. 19 ғ-дың аяғына таман И. еур. мемлекеттердің жартылай отарына айнала бастады. 1901 ж. ағылшындар Иран мұнайын шығаруға рұқсат алып, 1909 ж. бірлескен ағылшын-парсы мұнай компаниясы құрылды. Елдің солт-не Ресей, оңт-не Ұлыбритания қожалық ете бастады. 1905 — 11 ж. елде шетелдіктерге қарсы ұлт-азаттық қозғалысы болып өтті. Оның барысында конституция жарияланып, меджлис шақырылды, ақсүйектік дәрежелер жойылды. Бірақ 1918 ж. ағылшындар бүкіл И-ды басып алып, 1919 ж. оны кіріптарлық шарттарға қол қоюға мәжбүр етті. Елде ағылшын үстемдігіне қарсы жаңа толқулар басталды. 1921 ж. 21 ақпанда әскерилер Реза ханның басшылығымен мемл. төңкеріс ұйымдастырып, жаңа үкімет құрды. Жаңа үкімет халықтың қысымымен 1919 ж. ағылшын-парсы шартын жойылды деп жариялады. Армияға сүйенген Реза хан Орталықтың билігін күшейту үшін сепаратистік пиғылдағы Иран ақсүйектерімен үздіксіз күрес жүргізді. 1925 ж. 31 қазанда 5-меджлис Каджар әулетін тақтан түсті деп жариялады, 12 желтоқсанда Құрылтай жиналысы Реза ханды Реза шаї Пехлеви деп жариялады. Елде нарықтық қатынастар тез дами бастады. Халықтың мәдени және тұрмыстық өмірінде көптеген өзгерістер болып өтті. Алайда, 1929 — 33 ж. болған дүниежүз. экономикалық дағдарыс Иран экономикасын тұралатып тастады. Халықтың тұрмысы нашарлап, елде толқулар басталды. Ол толқулар күшпен басылып отырды. 2-дүниежүз. соғыс жылдарында Иранға одақтастар әскерлері енгізілді (1941 ж. тамызда ағылшын және кеңес әскерлері, 1942 ж. аяғына таман АҚШ әскерлері). 1941 ж. 16 қыркүйекте Реза шаї тақтан өз еркімен бас тартып, орнына баласы Мұхаммед Реза Пехлеви шаї болды. 1942 ж. 29 қаңтарда И. КСРО және Ұлыбритания мемлекеттерімен одақтастық туралы шартқа қол қойды. 1943 ж. 9 қыркүйекте И. Германияға соғыс жариялады, бірақ соғыс қимылдарына араласқан жоқ. Тегеран конференциясы кезінде 1943 ж. 1 желтоқсанда КСРО, АҚШ, Ұлыбритания үкіметтері Иранға территориялық тұтастығын сақтауға әзір екендіктерін мәлімдеді. Соғыстан кейін И. үкіметі Батыс елдерімен тығыз байланыс орнатты. 1953 ж. ел тәуелсіздігін күшейтуге тырысқан М.Мосаддық үкіметі құлатылды. Иран шаһы М.Р. Пехлевидің көмегімен АҚШ елдің ішкі өміріне белсене араласа бастады. Ел 1955 ж. АҚШ-пен әскери келісімдер жасасты, 1960 жылдан бастап Батыс үлгісінде дами бастады. Елде шет ел капиталының үстемдік алуы, ұлттық құндылықтардың аяққа басылуы 1978 — 79 ж. халықтың шаһ үкіметіне қарсы жаппай бас көтеруіне алып келді. Оны елдегі шиит дінбасылары басқарды. 1979 ж. 11 ақпанда болған революция нәтижесінде шаї үкіметі құлап, 1 сәуірден бастап Иран Ислам Республикасы жарияланды. Үкімет басына шиит дінбасыларының көсемі аятолла Р.Хомейни келді. Саяси партияларға тыйым салынды, шаһ үкіметі жойылды, Батыстың иелігіндегі барлық компаниялар мүлкі мемлекет меншігіне алынды, ел СЕАТО блогынан шығып, Блоктарға қосылмау қозғалысына мүше болып енді. 1980 — 90 ж. болған иран-ирак соғысы ел экономикасына өте ауыр (700 млрд. АҚШ долл-ынан астам) зардаптар әкелді (қ. Иран — Ирак соғысы). Қазіргі кезде И. үкіметі Батыс елдері қолданып отырған оқшаулау саясаты ықпалын бәсеңдету үшін белсенді сыртқы саясат жүргізуде. Экономикасы. Ел экономикасының негізі мұнай және мұнай мен газ өңдеу өнеркәсіптері. Мемл. кірістің 1/3 және экспорттың 90%-ына жуығы осы салалардан алынады. Елде жыл сайын 180 млн. т-ға жуық мұнай, 58 млрд. м3 газ (қоры 14 трл. м3 шамасында) өндіріледі. Экономиканың басқа салалары да дамыған, бірақ сыртқы экон. байланыстардың нашарлығынан және қаржы жетіспеушілігінен толық қуатымен жұмыс істей алмауда. Өнеркәсіпке қажетті құрал-саймандар 90%-ға дейін шеттен әкелінеді. Ауыл шаруашылығы нашар дамыған. Тұрғындар үшін бидай, күріш, қант, өсімдік майы, т.б. шеттен (жыл сайын 2 млрд. АҚШ долл-на) әкелінеді. Соңғы жылдары туризм дами бастады. Ұлттық байлықтың 36%-ы өнеркәсіптен, 22%-ы ауыл шаруашылығынан, қалғаны қызмет көрсету секторынан тұрады. Мұнай экспортынан жыл сайын 16,3 млрд. АҚШ долл-ы түседі. Ұлттық табыс 75 млрд. АҚШ долл. көлемінде, жан басына шаққанда — 1250 долл. шамасында. Елдегі басты проблеманың бірі — жұмыссыздық (3,5 млн. адам). Мұнайдан басқа экспортқа кейбір өнеркәсіп тауарлары, ауыл шаруашылығы өнімдері, кілем, халық тұтыну тауарлары шығарылады. Шеттен — азық-түлік өнімдері (30%), машина, құрал-жабдықтар, кейбір өнеркәсіп шикізаттары әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: Германия, Жапония, Ұлыбритания, Италия, араб елдері, Түркия, Қазақстанмен дипломатиялық және экон. байланыс 1992 ж. орнады. Қазақстан Президенті Н.Назарбаев екі рет (1992; 1996) И-да болып қайтты. ґз кезегінде И. басшылары да (1993 ж. А.Хашеми Рафсанджани, 1998 ж. М.Хатами) Қазақстанда болды. Екі жақ арасында 40-қа жуық келісімдерге қол қойылған, соның ішінде ең маңыздылары мұнай мен газды Иран арқылы шетке шығару, жаңа астанадағы құрылысқа Иран жағының қатысуы, Каспий т. мәртебесін шешу, т.б. мәселелер. 2002 ж. Алматы — Тегеран бағытында т. ж. байланысы орнатылды. Әдебиеті. Иран әдебиеті ежелгі дәуірде және орта ғасырларда парсы тілі тобына жататын халықтар (парсы, тәжік, ауған, күрд, т.б.) мен түркі тілінде сөйлейтін (өзбек, түрікмен, әзербайжан, түрік) халықтардың әдебиеті арқылы қалыптасты. Иран әдебиетінің классик. дәуірін (7 — 16 ғ-лар) парсы не парсы-тәжік әдебиеті деп атанды. Сасани әулеті мемлекетін Араб халифаты басып алған соң (7 ғ.), араб тілі негізгі әдеби тіл болып, парсы тіліндегі құнды шығармалар араб тіліне аударылды (“Қалила мен Димна”, т.б.). Парсы тіліндегі әдебиет, әсіресе, Рудаки (860 — 941) тұсында толық қалыптасты, кейін Фирдауси (940 — 1020 ж.ш.) “Шаһнама” эпопеясын жазды. Көрнекті ақын әрі ғалым Омар Хайям (1048 ж. ш. т. — 1122 жылдан кейін) сол заманның әлеум. болмысын жырлады. Әзербайжан ақыны Низамидің (1141 —1209) “Бестік” (“Хамса”) атты шығармасы жазылған кезден бастап Иран әдебиетінде адамгершілік тақырыбы өріс алды. Иран әдебиетінің гүлденген кезі — 13 — 14 ғ-лар. Бұл кезде Закани, ибн-Ямин, Сағди, Хафиз сияқты атақты ақындар шықты. Иран революциясы (1905 — 11) және азаматтық қозғалыс (1918 — 21) кезінде А.Фарахани, М.Кермани, М.Т. Бехар, т.б. ақындар демокр. идеяның жыршысы болды. Бұл кезде С.Хедаяттың “Қаңғыбас төбет” (1943), “Азғындық” (1944) әңгімелер жинақтары мен “Хаджи аға” повесі (1945), Б.Алевидің “Елу үш” (1942), “Түрме жазбалары” (1941) сияқты түнек жылдарын суреттеген романдары жарияланды. Ирандағы әлеуметтік проблемаларды көрсеткен Ускуидің “Періште жылағанда” (1963), Саркоштың “Көз жасының зары” (1965), А.М. Афганидің “Аху-ханумның күйеуі” (1962), т.б. роман-повестері жарияланды. Иран әдебиетінен “Парсы ертегілері” (1958), Омар Хайям рубаилары (1965), Сағдидың “Бустан” дастаны (1970), т.б. қазақ тіліне аударылды. Өнері. Иран территориясында неолит дәуіріне жататын, қабырғалары өрнектелген егіншілік құрылыстары, адам және жануарлар бейнелері, әшекейлі қыш ыдыстар (б.з.б. 5 — 4 ғ-лар, Сузы, Тепе-Сиалк, Тали-Бакун) сақталған. Хұзыстан, Курдстан жартастарындағы рельефтер, Сұзыдан табылған, асыл металдан жасалған көркем заттар И. өнерінің өз заманында жоғары дәрежеде болғанын дәлелдейді. Иран жерінде сақтар тарихына қатысты мәдени ескерткіштер де мол сақталған (қ. Бехистун сына жазуы, т.б.). Сасани әулеті дәуірінде (3 — 7 ғ-лар) қалаларды қорған ішіне жүйелі жоба бойынша салу қанат жайды (мыс., Нишапур қ. шахмат жүйесімен салынған). Мүсін жасау, жартастарға рельеф қашау елеулі орын алды. Алтын, күміс, қола және әйнектен әр түрлі бұйымдар жасау, жүн және жібек мата тоқу өркен жайды. 7 ғ-да арабтардың ислам дінін таратуына байланысты мұнаралы мешіттер, медреселер, күмбездер пайда болды. 1305 — 13 ж. осы дәуірдегі сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші Ольджейту-Ходабенде кесенесі (сәулетші Әли шаї) тұрғызылды. 14 ғ-дан кейін қолжазба көркемдеу, қабырғаға сурет салу дамыды. 15 ғ-да И. миниатюрасының өркендеуіне Герат мектебі үлкен әсер етті. 16 — 17 ғ-ларда пайда болған Тебриз, Шираз, Исфаһан (Риза Аббаси, т.б.) мектептері миниатюра өнерін жоғары дәрежеге көтерді. 18 — 19 ғ-ларда еур. өнердің ықпалымен сулы және майлы бояумен орындалған алғашқы туындылар өмірге келді. 20 ғ-да жаңа типті архит. құрылыстар салына бастады. Иранның жаңа архит. мұралары қазіргі стиль мен ұлттық үлгідегі сәулет өнерін ұштастырған. 20 ғ-дың басынан мүсін, графика, кескіндеме жанры дамып келеді. Сән және қосалқы өнердің дәстүрлі түрлері сақталған. Кәсіби және халық музыкасының ғасырлық дәстүрі бар. Иран музыкасы, негізінен, монодиялық (бір дауысты) түрде кездеседі. Халық музыкасының теснифа (баллада), теране (жергілікті әуен), қасида (ода), ғазел (лирикалық ән) түрлері көп тараған. Муз. аспаптары: саз, тар (ішекті), кеманча (әшекті-ысқылы), керней, зурна (үрлемелі), зарб (соқпалы). Арабтар жаулап алғаннан кейін Иран музыкасына мұсылмандық араб мәдениетінің ықпалы тиді. 9 ғ-дан бастап сарай өнері дамып, халық арасында мутребтердің (әнші-бишілер) даңқы жойылды. 19 ғ-дың 2-жартысынан И. музыкасына еур. муз мәдениеті әсер етті. 20 ғ-дың 20-жылдары композитор әрі шебер орындаушы, Тегеран ун-тінің проф. Әли Наги Уәзири ұлттық музыканы оқып-үйренудің негізін салды, муз. теориясынан оқулық жазып, Тегеранда муз. мектебін ашты. Иранда Рудаки атынд. Опера және балет театры (1967, Тегеран), Телевизия балет труппасы, филармония (1953), 2 симф. оркестр жұмыс істейді. Театр өнерінің негізі халықтық салт-дәстүрлерде жатыр. Ежелгі базигер театры жайлы деректер сақталған. Пантомима, көлеңке және қуыршақ театрлары болған. 10 ғ-да пайда болған мистерия діни ғұрып шахсей-вахсейдің құрамына енді. 17 — 18 ғ-ларда ол трагедиялық мистерия түрлерінің бірі — тазийенің негізін қалады. 20 ғ-дың 30-жылдарына дейін кезбе актерлер — масқарапаздар өнер көрсетіп келді. 1911 — 12 ж. еур. театрлар тәжірибелерін пайдалана отырып Ұлттық театр, 1917 ж. Иранның комедия театры ашылды. Бұл театрларды құруда актер Сейед Әли Нәсірдің еңбегі зор. 1929 жылдан бастап әйел актерлер көріне бастады. 1930 — 40 ж. театр репертуарларынан өңделген Бат. Еуропа драмалары мен мелодрамалар орын алды. 1940 жылдан Иран театры дағдарысқа ұшырады, 1960 жылдардың басында қайта өрлеу жолына түсті. 1963 ж. Тегеранда кәсіби актерлер дайындайтын драм. студия ашылды. Тегеранда “25-шахривар”, “Касра”, “Нәсір”, “Жамейе Барбод”, Мешхедте Ұлттық театр, Исфаһанда “Сепахан”, Хамаданда “Були” театрлары жұмыс істеді. 1968 жылдан бастап Ширазда театр фестивалы өткізіліп тұрды. 1973 ж. осы фестивальға Қазақ драма театрының труппасы қатысып, Ш.Айтматовтың “Ана — Жер-ана” спектаклін көрсетті. 1930 ж. тұңғыш “Әб аби” атты фарстық фильм (реж. Эханиян), 1934 ж. дыбысты “Лор қызы” фильмі (реж. А.Х. Сепента) түсірілді. 20 ғ-дың 40-жылдарына дейін, көбінесе, шетелдік фильмдер көрсетіліп келді. 1946 ж. Тегеранда “Митра-фильм” киностудиясы құрылды. 1960 — 70 ж. муз. комедияларға, шағын драмаларға, мифтік және тарихи сюжеттерге құрылған фильмдер қойылды. Тегеранда 1955 жылдан халықар., 1970 жылдан ұлттық кинофестивальдер өткізіліп тұрады. Иран кинематографиясының дамуына реж. И.Кушан, М.Мисагие, Мохтасем, М.Мохсени, С.Ясеми, Ш.Рафия елеулі үлес қосты. Мау төрағаның сөздері. Кітаптың неміс тіліндегі басылымының мұқабасы, Бейжің, 1972 Мау төрағаның сөздері (), 1966 жылдан бастап қытай үкіметі шығара бастаған кітап. Ол Мау Жедөңның сөйлеген сөздерінен алынған үзінділерден тұрады. Бұл кітап маоизм саяси бағытының иманшарты және оны зерттеудегі маңызды дерек көзі болып саналады. Осы кітаптың көптеген тілдерде шамамен 1 миллиардқа жуық данасы жарық көрген. Ол Қытайда 1966—1976 жылдар аралығында болған Мәдени төңкеріс кезінде зор маңызға ие болған. Оны әрбір қытай азаматы әрқашан өзімен бірге алып жүруге тиіс болған. Алғысөзі. Мау төрағаның сөздері кітабын Үлкен секіріс науқанынан кейін қорғаныс министрі Лин Биао Халық-азаттық армиясының жауынгерлеріне саяси тәрбие беру құралы ретінде құрастырды. Лин Биаоның екінші басылымға жазған алғысөзінен үзінді Мау Жедөң жолдас — біздің заманымыздың ең көрнекті марксист-ленинисі. Мау Жедөң жолдас марксизм-ленинизмді кемеңгерлік, творчестволық және жан-жақты түрде мұра ретінде қабылдап алып, оны қорғап, одан әрі дамытты. Ол марксизм-ленинизмді жаңа сатыға көтерді. Мау Жедөң ілімі — империализм өзінің толық күйреуіне бет алып, социализм бүкілдүниежүзілік салтанат құрып жатқан заманның марксизм-ленинизмі. Мау Жедөң ілімі — империализмге қарсы күресте қолданатын қуатты идеологиялық қару, әрі ол ревизионизм мен догматизге қарсы күресте қолданатын қуатты идеологиялық қару. Мау Жедөң ілімі — бүкіл партияның, бүкіл армияның, бүкіл елдің бірлесе еңбек етуіндегі басты қағида… Мазмұны. Бұл кітапша 33 бөлімге бөлінген, солардың әрқайсысында Мау Жедөңның шығармалары мен сөздерінен алынған 25 шақты үзінді топтастырылған. Дәйексөздер 40 жыл аралығында айтылған сөздер мен жазылған шығармалардан алынған. Олардың басты тақырыптары — ҚКП, соғыс жүргізу өнері, революциялық тәрбие, тәртіп, өзін-өзі сынау, мәдениет және басқа да тақырыптар. Ол дәйексөздер бір ортақ тақырыппен біріктірілген және ешбір түсініктемелерсіз бір-біріне тізілген. Кітапта келтірілген дйексіздердің ұзын саны 427, тақырып бойынша кітап 33 тарауға бөлінген. Әсері. Басылып шығарылған даналарының саны 900 миллионнан астам. Кітаптың мұншалықты кең тарауының себебі, Мау билігінің соңғы он жылында Қытайдың әрбір азаматы оны иемденіп, оқып, әрқашан өзімен бірге алып жүруге тиіс болатын. Коммунист партиясы күдікті деп санайтын адамдар сол кітапты қалтасынан алып көрсете алмаған кезде оларды қызыл сақшылар дәл сол жерде ұрып-соғып, тіпті бірнеше жылға дейін еңбекпен түзеуге жібере алатын. Мәдени төңкеріс кезінде кітапты мектептерде ғана емес, жұмыс орнында да зерттеу міндетті болып саналған. Өнеркәсіп, сауда, ауыл шаруашылығы, әкімшілік және әскери салаларда барлық қызметшілер жұмыс кезінде жиналып, осы кітапты оқып-зерттеуге уақыт бөлінетін. «Мау төрағаның сөздері» кітабынан алынған үзінділерді барлық шығармалар, тіпті ғылыми шығармалар да келтіруге тиіс болған. 1960-шы жылдары осы кітап бүкіл Қытай Халық Республикасы бойынша өте кең тараған болатын, тіпті Мау төрағаның бейнелерінен де көп тараған. Коммунистік партияның үгіт-насихат құралдарында бейнеленген барлық дерлік кейіпкерлер сол кітапты ұстап, жымиған немесе белді бекем буған күйде бейнеленетін. 1976 жылы мәдени төңкеріс біткен соң және 1978 жылы Дың Шәупін билік басына келген соң Мау төрағаның сөздері кітабының маңызы көп азайып, оны қолдану солшыл бұрмалаушылық және жеке басқа табыну деп қарастырыла бастады. Эйр Астана. Эйр Астана — Қазақстан Үкіметі мен BAE Systems арасындағы біріккен кәсіпорын, оның 51% Үкімет, ал 49% BAE еншісінде. Ұшу қауіпсіздігі және жолаушыларға жоғарғы сапалы қызмет көрсету әуекомпанияның басты қағидалары болып табылады. Эйр Астана — ХӘКА-ның (Халықаралық Әуе Көлігі Ассоциациясы) толық мүшесі, Қазақстандағы ЕАҚА (Еуропалық Авиация Қауіпсіздігі Агенттігі) JAR-145 куәландырған ұшақтарға техникалық қызмет көрсететін жалғыз әуекомпания. Тарихы. Эйр Астана 2001 жылы тіркеліп, 2002 жылдың мамыр айында ұшу қызметін бастады. Содан бері Эйр Астана өзінің әуекемелер паркін 3-тен 21 ұшаққа дейін ұлғайтты, 1800-ден астам жұмыс орындарымен қамтамасыздандырды, 25 ішкі және 18 халықаралық бағыттарға ұшатын әуекөлік жүйесін дамытты. 2005 жылы тамыз айында Airline Business журналында жарияланған рейтинг бойынша Эйр Астана жолаушы санының өсу мөлшеріне және 2004 жылғы жолаушылар ұшып өткен километрлердің жалпы санына байланысты дүниежүзілік алдыңғы қатарлы 200 әуекомпанияларының арасында төртінші орынға ие болды. 2005 жылы Питер Фостер мырза Эйр Астананың президенті болып тағайындалды, сол жылдың аяғында әуекомпанияның он жылға арналған Даму стратегиялық жоспары жасалды. Онда екі негізгі мақсат көзделген: ұшақ паркін және әуежол жүйесін ұлғайту, тұтынушыларға қызмет көрсету деңгейін тоқтаусыз дамыту. Келешекте көптеген өзгерістер өз күшіне енбек. Эйр Астана жаңа ұшақтарды енгізу, ішкі және халықаралық бағыттағы рейстер жиілігін арттыру, жаңа мәзірлерді ұсыну, ұшу кезіндегі ойын-сауық жүйелерін дамыту және жолаушыларға жиі ұшу бонустық бағдарламасын таныстыру (frequent flyer bonus program) сияқты жаңартуларды енгізбек. Ұшу Бағыттары. 2009 жылдың 29 мамырына сәйкес Air Astana 21 халықаралық және 22 ішкі бағыттарға қызмет көрмсетті. Жаңадан ашылған Бішкекке, Бакуға және Новосібірге бағыттар компанияның аймақтағы ұшу торабын дамытты. Сонымен қатар Банкок, Франкфурт, Ыстамбұл және Мәскеу қалаларына ұшу жиілігі көбейді. Бокс. Бокс – "арнайы жұмсақ қолғаппен белгілі бір ереже бойынша жекпе-жек күш сынасатын спорт түрі. Жекпе-жекке шыққан екі ойыншы қарсыласының денесінің белгілі бір жеріне дәл соққы беруді көздейді. Жекпе-жек аумағы 4,9Ч4,9 м немесе 6,1Ч6,1 м, жан-жағы 1,3 м биіктікте арқанмен керілген рингте өтеді." Бокс (ағылшынша box – соққы) ойынының әуесқойлық (3 раунд) және кәсіпқойлық (12 – 15 раунд) ережелері бар. Бокстің алғашқы түрі ежелгі Грекияда ұйымдастырылып (біздің заманымыздан бұрынғы 688 ж.), Олимпиялық ойындар қатарына енген. Ол кезде жекпе-жекке шыққан жігіттер қолдарын жұмсақ терімен немесе дәкемен орап айқасқан. Төбелес екі жігіттің бірі естен танып жығылғанша жалғаса берген. Қазіргі бокс 17 ғасырда Англияда бастау алған. Алғашқы ережесін Джеймс Фигг жазды. 1865 ж. «Маркиз Куинсберри ережесі» дүниеге келді. Осы ереже бойынша рингтің (алаңның) ауданы, раундтардың ұзақтығы, қолғаптың салмағы, т.б. жекпе-жекке қатысты келісімдер қазіргі жүйеге келтірілді. 1904 ж. бокс жаңа Олимпия ойындарының бағдарламасына енді. 1920 ж. Бокс әуесқойлары дүниежүзілік ассоциациясы (AІBA) құрылды. Дүниежүзілік чемпионат 1974 жылдан өткізіледі. Қазақстанда бокстың алғашқы мектебін 20 ғасырдың 30-жылдары Алматыда Шоқыр Бөлтекұлы ашты. Қазақстаннан Олимпия ойындарының, Дүние жүзі, Азия, Еуропа чемпионаттарының, Азия ойындарының 30-ға жуық чемпиондары мен жүлдегерлері шықты. Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпия чемпионы – Василий Жиров (Атланта, АҚШ, 1996), қазақ жігіттері арасынан шыққан дүние жүзінің алғашқы чемпионы – Болат Жұмаділов (Хьюстон, АҚШ, 1999), Олимпия чемпиондары – Бекзат Саттархан, Ермахан Ибрайымов (Сидней, Австралия, 2000), Бақтияр Артаев (Афина, Грекия, 2004), Бақыт Сәрсекбаев (Пекин, Қытай, 2008), Еуропа чемпиондары – Серік Қонақбаев (1979, 1981), Серік Нұрқазов (1983). Бокс тарихы. Бокс ерте Грек елi — Элладамен тығыз байланысты. Аңыздарға сенсек, ол кезеңдегi ең танымал «қолғап иесi» — Тезей болған көрiнедi. Ал Платонның жазуы бойынша, жұдырықтасу өнерiнiң атасы — теңiз құдайы Посейдон мен Мелия есiмдi нимфаның ұлы — Амыкус екен. Ерте Грекияда болған бокстың алғашқы белгiлерiн қыш құмыраларда салынған боксшылардың бейнесi де дәлелдейдi. Ал жақында археолог ғалым бiздiң жыл санауымыздан 3 мың жыл бұрын салынған шiркеудiң қабырғаларынан бокс қолғабының суретiн де тауып отыр. Бiр қызығы, ол кезеңдерде кубок жеңiлген боксшыларға берiлген көрiнедi. Айталық, соғыс өнерi десе, сақалын кесуге бар Рим императоры Калигула сонау Африкадан қайратты құлдарды сатып әкелiп, көз алдында қоразша төбелестiредi екен. Императордың екi сүйiктi спортшысы болса керек. Бұл Глаукос пен Меланкомас аталатын алыптар дәл қазiргi бокста қолданылатын бiршама соққы түрлерiне негiз салып кеткен екен. Алайда, Рим мен Грекияда белгiлi дәрежеде беделдi болған бұл спорт түрi олимпиадалық ойындарға мейлiнше кеш, тек 23-ойында барып қосылған (б.д. дейінгі 688 ж.). Олимпиададағы алғашқы ойындар жалаң қолмен жүргiзiлген, кейiн қос қолға белдiктi орауға көшедi. Одан соң көрермендердiң тiлегiмен бұл белбеулерге темiр сақиналар кигiзiле бастайды. Тұңғыш рет чемпион кубогын гректiң Ономастус есiмдi спортшысы иеленедi. Ал бокс жеңiмпазына арналған алғашқы арнау өлеңiн Пиндар есiмдi ақын жазған екен. Ол олимпиада чемпионы атанған өзiнiң ұлы Диагоросты мадақтап, оған жыр арнайды. Бұл боксшылардың ерлiгi қарсыласының құлағын тiстеген Тайсонның әрекетiндей емес. Мәселен, Эуридиамас есiмдi боксшы ойын үстiнде жағы сынады да, мұны ешкiм көрiп қалмауы үшiн, сынған сүйектi жұтып қойып, төбелестi жалғастыра түседi. Оның ерлiгiн кейiн ақын Элиан мадақтап жазады. Ал ерте Грекияның ең танымал боксшысының есiмi — Тагенес. Тарихшылар оның 1425 рет шаршы алаңнан жеңiмпаз боп қайтқанын айтады. Тагенес рекордының қаймағы бүгiнге шейiн бұзылмаған. Алайда Рим империясының бiздiң дәуірімізге дейiнгi I ғасырда құлағанынан кейiн бокстың қалай дамығаны жайлы деректер де сақталмаған. Мiне, осы деректердiң жоқтығынан да ағылшындар боксты өздерiне телiп жүр. Бокс (boxing) ресми аты да Англияда қалыптасқан. Джеймс Фигг алғаш бокс мектебiн ашып, жастарды былғары қолғап өнерiне баулиды. Бокстың алғашқы ережелерi де Фиггтiң отанында пайда болған екен. Бұл ережелерде рингтiң аумағы, раунд ұзақтығы және қолғап салмағы айтылады. 1908 жылы бокс ресми түрде олимпиада бағдарламасына енгiзiлiп, оған тек ағылшындықтар ғана қатысады. Бiрақ бұдан кейiн тағы да бағдарламадан тыс қалады да, 1920 жылдан берi қайта тұрақты түрде өткiзiлiп келедi. Кәсiби бокс алаңында Мұхаммед Әли, Джо Фрейзер, Джордж Формен, ағайынды Спайкстер, Флой Патерсонның есiмдерi ерекше аталады. Олимпиада тарихында боксшылары ең көп алқа тағынған ел — АҚШ. Бiрақ бүгiнде кубалық спортшылар алғы шепте келедi. 1992 жылғы Барселонада өткен олимпиадада кубалық боксшылар 12 алтын алқаның жетеуiн қанжығаға байлап кеткен. Ал 1996 жылы Атланта Олимпиадасында 4 алтын, 3 күмiс медальды жеңiп алды. Олимпиада тарихында екi боксшы ғана 3 мәртеден жеңiмпаз атанған. Олар — венгриялық Л. Папп пен кубалық Т. Стивенсон. Бүгiнде әлем бойынша кәсiби боксқа аса көңiл бөлiнiп келедi. Қазақстан бойынша жұдырығының өнерiн кәсiп қып жүрген боксшылар санаулы ғана. Олардың алғы шебiнде Василий Жиров, Геннадий Головкин және Марат Мәзiмбаевтар тұр. Бокс ережелері. Жекпе-жек қабырғалары ұзындығы 5-тен 6 метрге дейін болатын және 4 қатар канатпен шектелген алаң — "рингте" өтеді. Жеңіс көп ұпай еншілеген боксшыға; нокаутпен ұтқанға; қарсыласы пәрменсіз болып жекпе-жекті жалғастыра алмағанда, дисквалификацияға ұшырағанда немесе жекпе-жектен бас тартқан жағдайларда беріледі. Бокста белден төмен, желкеден, арқадан ұруға, баспен ұруға және құлап жатқан қарсыласты ұруға тыйым салынады. Жекпе-жекке — ринг ішіндегі бір төреші, сыртындағы 3-5 төреші төрелік жүргізеді. Салмақ дәрежелері. XIX және XX ғасыр басында салмақ дәрежелерді таптарға бөлу негізі қаланды. Негізгі себеп — ауыр боксшы әрқашан жеңілге қарағанда басымырақ болғандығы. Салмақ дәрежелерді таптарға бөлу АҚШ пен Англияда орын алған. Тайсон, Майк. Кәсіпқой боксшы - Темір Тайсон Туған жылы: маусымның 30-ы, 1966 жыл. Туған жерi: АҚШ, Нью-Йорк. Дәрежесi: ең ауыр салмақтағы WBC дәрежесiнiң чемпионы (1986-90, 1996 жылдар); Ең ауыр салмақтағы WBA дәрежесiнiң чемпионы (1986-90, 1996 жылдар); Ең ауыр салмақтағы WBF дәрежесiнiң чемпионы (1987-90 жылдар). өзiн қарсыласынан ұстайтын қашықтығы: 180 см. өткiзген ойындары: 50 жеңiс (44-i нокаутпен), 5 жеңiлiс, 2 ойын дұрыс өткiзiлмеген боп шешiлген. 1978 жыл. 12 жасар Майк Нью-Йорктың Бруклин қаласында қалта ұрлығымен ұсталып, тәртiбi қиын балаларды түзету мектебiне түседi. 1979 жыл. Түзету мектебiндегi спорт мұғалiмi Тайсонды танымал бапкер Каса ДАматоның тәрбиесiне бередi. 1984 жыл. Қос рет Олимпиаданың болашақ чемпионы Генри Триллманнан жеңiлiп, АҚШ-тың құрамасына ене алмайды. 1985 жыл. 6 наурыз күнi кәсiби бокстағы алғашқы қадамын жасап, алғашқы раундта-ақ қарсыласы Гектор Мерседестi нокаутқа түсiредi. Дәл осы жылы боксшының бапкерi К. ДАмато қайтыс болады. 1986 жыл. WBC дәрежесiнiң үздiгi Тревор Бербиктi екiншi раундта кiрпiк қаққызбай сұлатқан Майк бокс тарихындағы ең жас әлем чемпионы атанады. 1987 жыл. Тайсон WBA дәрежесiнiң чемпионы атанады да, бұл атаққа таласқан Пинклон Томасты техникалық нокаутпен ұтып, өз дәрежесiн қорғап қалады. Бұдан кейiн WBF дәрежесiнiң чемпионы Тони Такердi жеңiп, негiзгi үш WBA, WBC, WBF дәрежелерiнiң чемпионы атанады. 1988 жыл. Ларри Холмсқа төртiншi раундта, экс-чемпион Майкл Спинксқа алғашқы раундта-ақ рингтiң еденiн иiскетiп, нокаутқа түсiрсе, көше ортасында тағы бiр танымал боксшы Митч Гриннiң қолын сындырып тынады. 1989 жыл. Британдық Фрэнк Бруноны техникалық нокаутпен жеңiп, ойынды тез-ақ тәмамдайды. 1990 жыл. «Темiр» Тайсон ең iрi жеңiлiске душар боп, жинаған бүкiл дәрежелерiн Джеймс Дугластың мойнына iлiп бередi. 1991 жыл. Донован Раддокты техникалық нокаутпен жеңiп, қарымта кездесуде одан басымдығын тағы бiр дәлелдейдi. Осы жылы кезектi қылмысы үшiн ұсталған Тайсон 30 мың АҚШ долларымен аман құтылады. 1992 жыл. Қуанышы ұзаққа бармаған Тайсон 10 жылға сотталады. 1995 жыл. Уақытынан ерте бостандыққа шыққан Тайсон бұл жылы жаңа рекорд жасап, Лас-Вегаста Питер Маклинидi бар болғаны 89 секундта сұлатып түсiредi. 1996 жыл. Фрэнк Бруноны үшiншi раундта нокаутқа түсiрген «темiр» боксшы WBC дәрежесiн қайтарады. Алайда бұл дәрежеден Леннокс Льюиске қарсы шықпағаны үшiн айырылады да, WBA дәрежесiнде Брюс Селдонды алғашқы раундта нокаутқа түсiрiп, чемпион атанады. Дәл осы жылы Тайсон Эвандер Холифидтен 11-раундта техникалық нокаутпен ұтылады. 1997 жыл. Холифилдпен қайтара кездесуге шығып, үшiншi раундта қарсыласының құлағын қыршып алған Тайсонды Невада штатының атлеттiк комиссиясы боксерлiк лицензиясынан айыруға шешiм шығарады. 1998 жыл. Аталмыш комиссия Тайсонның iсiн қайта қарап, оған лицензиясын қайта алып бередi. 1999 жыл. 3 ай түрмеге жатып шыққан Тайсон Орлин Норриспен рингке шығып, оны раунд аяқталған соң ұрып жығады. Алайда бұл ойынға төрешiлер дұрыс өткiзiлген жоқ деп баға бередi. 2000 жыл. Рингке наша шегiп шыққаны анықталған соң, Тайсонның польшалық боксшы Анджей Голотаны жеңгенi тағы есептелмей қалады. 2002 жыл. Тайсон Леннокс Льюиспен кездесiп, одан сегiзiншi раундта нокаут алып, жеңiлiске ұшырайды. 2003 жыл. Жаңа рекорд - Тайсон Клиффорд Этьендi 49 секундта кiлемге құлатады. 2004 жыл. Тайсон тағы да сот алдында сенделiп жүрiп, британдық Дэнни Вильямстан жеңiледi. 2005 жыл. Ирландық Кевин Макбрайдпен кездесуде жетiншi раундтан соң рингке шығуға қарсы болған Майк өзiнiң кәсiби бокстан бiржола кеткендiгiн мәлiмдейдi. Биоэтанол. Биоэтанол – толығымен ылғалсыздандырылған таза этил спиртi. Ол бензин құрамындағы октан санын көтередi, өз ретiнде мұндай қоспасы бар отын қоршаған ортаға лас қалдықтарды 40-80 пайыз аз шығарады. Бензиндi үнемдi пайдалануға мүмкiндiк беретiн қоспа мұнай химия өндiрiсiнде де кеңiнен қолданылуы мүмкiн. Жалпы автокөлiктер саны жылдан жылға көбейiп келе жатқан мегаполистер үшiн бұл таптырмайтын қоспа. Биоотынды рапс, бидай, қант құрағынан, жүгерiден алуға болады. Қазақстанда осы өсiмдiктердiң денi өсiрiледi десек, шикiзат көзi жағынан еш тапшылық болмайтыны анық. Рапс майынан биодизель өндiруге болады, ал биоэтанол бидайдан және жүгерiден алынады. Экологиялық пайдасы. Жалпы биоэтанол - үлкен қалалар үшiн таптырмайтын отын көзi. Әлемдiк тәжiрибеге сүйенсек, 70-жылдары Бразилияға мұнай эмбаргосы жарияланған соң, бұл ел толығымен қант құрағынан биоэтанол өндiрiп өз автокөлiктерiн осы отынға толықтай көшiрдi. Қазiр әлемде биоотынды ең көп өндiретiн осы Бразилия мен АҚШ екен. Соңғысы мұнай өнiмдерiн импорттауда жылына 1,5 миллиард доллар үнемдейдi. Қазiр мұнай бағасының жылдан жылға шарықтауы әлемнiң барлық елдерiн жаңа отын көзiн iздеуге итермелеуде. Статистикаға сүйенсек, биоотын қолдану көлемi жыл сайын жер шарында 2-3 пайызға артып отыр екен. 2003 жылы Еуропа парламентi биоэтанол өндiретiн кәсiпорындарға салық жеңiлдiгiн қарастырды. Осының арқасында 2007 жылы бұл елдерде тұтынылатын бензиннiң алты пайызын биоэтанол алмастырады деп күтiлуде. Ал ЕуроОдақ айқындаған заң жобасы бойынша 2010 жылы кәрi құрлықта пайдаланылатын бензиннiң барлық түрiне 5 пайыз биоэтанол қосылатын болады. Қазiрдiң өзiнде Швециядағы көлiктердiң 80 пайызы осы отынмен жүредi. Угарит тілі. Угарит тілі 1928 жылы француз археологтары Сириядағы Угарит атты ежелгі қаладан тапқан жазба материалдардың тілі. Ол тілдің берген мәліметтері Көне келісімді зерттеумен айналысатын мамандар үшін өте маңызды болды, себебі сол арқылы көне еврей тіліндегі мәтіндерде қолданылған сөздердің, сөз тіркестерінің және фразеологизмдердің мағынасы нақтыланып-айқындала түсті. Угарит тілінің ашылуы "Мысыр иероглифтерінің және Месопотамия сына жазуының оқылғанынан бері қол жеткізілген ең маңызды жетістік." Угарит қаласында табылған әдеби мәтіндердің ішінде Керет туралы аңыз, Ақһат жыры (яғни Данел туралы аңыз), Бағал-Алиян аңызы және Бағалдың өлімі сияқты шығармалардың мәтіндерін атауға болады. Соңғы аталған шығарма Бағал туралы жиынтық деп аталады, онда ханаан аңыздарының негізгі тақырыптары қамтылған. Угарит тілі — сына тәріздес әріптермен жазылған семит тілі. Сырт көзге бұл тілдің жазбасы Месопотамияның сына тәріздес жазбасына ұқсайды, бірақ екеуінің арасында байланыс жоқ. Угарит тілінің жазуы финики, көне еврей және арамей тілдері қолданатын әліпбилердің жазуларымен бір тектес, тек угарит жазуындағы әріптердің сырт пішіні сына тәрізді де, қалғандарынікі сызық тәрізді. Угариттің «ұзын әліпбиінде» 31 әріп, «қысқа әліпбиінде» 22 әріп бар. Угарит тілі б.з.д. 14-ші -12-ші ғасырларда жазылған жазылған мәтіндер арқылы куәландырылған. Қаланың өзі шамамен б.з.д. 1180/70 жылдары қиратылған. Угарит халқының мәдениеті ханаан мәдениетінің бір бөлігі болған, кейбір мәтіндерде угарит тілінің өзі ханаан тілі деп аталады. Ол ханаан тілдеріне өте жақын. Бірақ лингвистикалық классификация бойынша ол Ханаан тілдеріне жатқызылмайды, себебі угарит тілінде оларға тән ā → ō өзгерісі байқалмайды. Угарит тілі керісінше Ханаан тілдерінің содан дамып шыққан ортақ тіліне жақын, сол тілмен замандас. Угарит тілінің мәліметтері Киелі кітаптағы көне еврей тілін зерттеушілерге таптырмас дерек көзі, себебі бұл ежелгі израильдіктердің өмірі мен діни дүниетанымына үңілуге мүмкіндік береді. Угарит тілінің сөз қоры да көне еврей тілінің сөз қорына таңғалдырарлықтай өте жақын, көптеген угарит сөздері көне еврейшенің сөздерімен әріппе-әріп бірдей болып келеді. Көне келісімді зерттеу ғылымына Угариттің діні де өте үлкен қызығушылық тудырады, себебі Угарит — ежелгі Израильдің ең жақын көршілерінің бірі. Сириядағы қазіргі Рас Шамра ауылы сол ежелгі Угариттің орнында орналасқан. АНЗАК қойнауы. АНЗАК қойнауы (түрікше: 'Anzak Koyu') — Түркиядағы Галлиполи түбегіндегі шағын қойнау. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде 1915 жылғы сәуірдің 25-нде АНЗАК әскери құрамасы (Аустралия мен Жаңа Зеландия армия корпусы) осы қойнауға теңізден басып енген. Қойнаудың ені 600 m, солтүстігінен Ари Бурну, оңтүстігінен Кіші Ари Бурну атты екі түбекпен шектелген. Сегіз айға созылған Галлиполи операциясының кезінде АНЗАК қойнауы аустралиялық және жаңа зеландиялық әскерлердің негізгі бекінісі болды. Жау территориясына басып кірген әскерлердің басты мақсаты — кейін сонда көптеп әскер мен қару-жарақ әкеліп төгуге болатындай теңіз жағасында жаудың шабуылынан қорғалған бір алаңды (плацдармды) бөліп алу. Соғыс шебі АНЗАК қойнауынан ешқашан бір шақырымнан астам қашықтыққа ұзаған емес. Ари Бурну жақта орналасқан тау қойнауды қорғап тұрған болса да, түрік артиллериясы АНЗАК әскерлеріне едәуір қауіп төндіріп тұрды. АНЗАК-тың қолбасшысы Уиллиам Бирдвуд өзінің штабын қойнаудан жоғарырақта орналасқан бір жырада орналастырды. Жаңа Зеландия және Аустралия дивизиясының және 1-ші аустралиялық дивизияның қолбасшылары да солай етті. Сәуірдің 29-ында генерал Бирдвуд екі түбектің арасында орналасқан жағалау «АНЗАК қойнауы» деп, ал бұған дейін ешбір атпен аталмай келген төңірек «АНЗАК» деп аталсын деп ұсынды. Қойнаудың жағажайына орасан зор жабдықтау орталығы және соның екі шетінде екі әскери госпиталь орналастырылды. Әкелініп жатқан соғыс жабдығын түсіріп алу үшін төрт айлақ құрылды. Шілде айында олардың орнына тұрақты айлақ салынды. Келтіріліп жатқан жабдықтар көршілес жатқан жағажайларға жылдам әкетіліп отырды. Флотпен байланыс жасау үшін үш радиостанция салынды. Қойнау түбектен, Чанак бекінісінен және «Тұрғыт Реис» және Дарданелл бұғазында зәкір тастап тұрған «Хайреддин Барбаросса» түрік әскери кемелерінен атқылаудан біршама қорғалған болса да, оның оңтүстіктегі Габа Тепеден және солтүстіктегі Нибрунесі нүктесінен емін-еркін атқылауға болатын. Нибрунесі нүктесін британия әскери кемелері атқылау астына алып отырды, тек Габа Тебедегі жақсы жасырылған түрік батареясы ғана қойнаудағы әскерлерге қауіп төндіріп тұрды. Алайда үзбей зеңбірек атқылауының астында болса да, АНЗАК қойнауы жауынгерлер үшін сүйіп шомылатын жерге айналды. Ауыз судың өзі тапшы болып, жуынуға су мүлдем жоқ еді. Сондықтан әскерлер тек ең жойқын атқылаулардың кезінде ғана шомылуларын тоқтатуға мәжбүр болатын. 1985 жылы түрік үкіметі «АНЗАК қойнауы» атауын қойнауға ресми түрде берді. 2000 жылы «АНЗАК қойнауы» ескерткіші ашылды. Жалпы ішкі өнім. Ішкі Жалпы Өнім, ІЖӨ () — мемлекет территориясындағы экономиканың барлық салаларындағы өндіріс факторларының азаматтыққа байланыссыз қолдануға, экспорттауға және жинақтауға бір жыл ішінде өндірілген барлық ақырғы (яки тікелей пайдалануға арналған) тауарлар мен қызметтердің нарықтық бағасы. Номиналды () ІЖӨ (абсолютті) және нақты ІЖӨ () ІЖӨ (инфляцияға түзетілген). Нақты ІЖӨ-де қандай дәрежеде ІЖӨ өсімі, баға өсімімен емес, нақты өндіріс өсімімен анықталатындығы есепке алынады. ІЖӨ, импортты есептемегенде, пайдалану, инвестиция, мемлекеттік шығыс пен экспорттар көлемдерінің қосындысы болып есептеледі. ІЖӨ әр квартал сайын бір есептеледі. ІЖӨ ұлттық экономиканың негізгі көрсеткіші болып табылады. ІЖӨ орталық банк пен үкіметтің қор индекстеріне және ақша-несиелік саясатына зор ықпал етеді. ІЖӨ көлемі бойынша дүние жүзінде бірінші орынды АҚШ алады, ал жан басына шаққанда алғашқы орынды Лүксембор алады. Тағы қараңыз. Жалпы Ұлттық Өнім Отто Лиман фон Сандерс. Генерал-лейтенант Отто Лиман фон Сандерс (1855 жылғы ақпанның 17-сі, - 1929 жылғы тамыздың 22-сі) — Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Османлы империясына кеңесші және әскери қолбасшы ретінде қызмет еткен неміс генералы және Османлы маршалы («Лиман паша»). Помераниядағы Штольп қаласында туған. Әкесі — яһуди ұлтынан шыққан Пруссия ақсүйегі және помещигі. Ақсүйек отбасыларынан шыққан басқа да көптеген пруссиялықтар сияқты, ол да әскер қызметіне еніп, генерал-лейтенант шеніне дейін өсті. Өзінен бұрын бірнеше пруссиялық генералдар сияқты, (мысалы, фон Мольтке және барон фон дер Гольц сияқты) ол 1913 жылы Османлы империясындағы Германия әскери миссиясының жетекшісі болып тағайындалды. Ол кезде Османлы империясының өз әскерін еуропалық үлгі бойынша қайта құруға тырысып жүргеніне 80 жыл болған еді. Лиман фон Сандерс түріктерге осыны істеуге көмектескен ең соңғы неміс болды. Басында Лиман Османлы әскері және саяси басшылығы туралы қалыптасқан пікірі онша жоғары болмады. 1914 жылдың шілдесінде (соғыстың дәл алдында) Енвер паша оған Германиямен одақтасуды ұсынды. Германияның Истанбулдағы елшісі Һанс фон Вангенһайм Лиман фон Сандерспен кеңескеннен соң Енвер пашаның ұсынысын кері қақты. Олар Османлы әскері әлсіз, үкіметтің жұмсайтын ақшасы аз, ал жасайтын жетекшілігі талапқа сай емес деген қорытындыға келген болатын. Алайда 1914 жылғы тамыздың 1-інде немістер және Османлы үкіметі одақ құру туралы құпия келісімге қол қойды. Сол келісімнің шарттарының бірі бойынша, Германия әскери миссиясы Османлы қару күштерінің әскери операцияларына «айтарлықтай әсер» ете алатын болып келісілді. Басында бұл әсер мүлдем жоқ десе де болатын еді. Бірақ Енвер паша мен Джемаль паша жеңіліске ұшырай бастаған соң, неміс әскери миссиясы Османлы әскерін басқаруды өз қолына ала бастады. Османлы әскері ақыры соғысқа енген соң (оған дейін екі ай бойы Антантаның әскерлерімен ашық қақтығыстан жалтарып келген болатын), Енвер паша Лиманға Карс қаласын қорғап отырған Ресей әскери құрамасын қирату туралы жоспарымен бөліседі. Лиман оған бұны істемеуді сендіріп бағады, бірақ Енвер паша оның кеңесіне құлақ аспай, Османлы әскерін Карсқа қарай бағыттайды. Онда болған шайқас Сарыкамыш шайқасы Османлы әскерінің Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде бастан кешірген ең ауыр жеңілістерінің бірі болды. Джемаль пашаға Суэц каналын шабуылдау туралы бұйрық берілді, оның жеке әскери кеңесшісі неміс Фридрих барон Кресс фон Крессенштайн болды. Суэцке жасалған шабуыл да сәтсіз, бірақ үлкен шығынсыз аяқталады. Сәтсіздікке ұшыраған Енвер паша Истанбулға қайтып оралып, Османлы астанасының айналасының қорғанысын қолға алады. Алайда орасан зор британиялық және француз флоты Дарданелл бұғазының бойындағы Османлы зеңбірек форттарын қиратып тастағаннан кейін (1915 жылғы наурыздың 18-і), Енвер қолбасшылықты Лиман фон Сандерске тапсырады. Османлы астанасын қорғау ісі енді неміс генералының қолына өтеді. Лиманның қорғанысты ұйымдастыруға уақыты аз болды, бірақ оның екі ұтымды жайты болды. Біріншісі, 84 000 жақсы жарақталған жауынгері бар, алты дивизиядан тұратын Османлының 5-ші армиясы қолда бар ең жақсы әскер еді. Екіншісі, Антантаның қолбасшыларының жасаған қателіктері. Өздерінің зор флотымен бұғаздар арқылы өтіп Истанбулға тіке шабуыл жасаудың орнына, британия және француз адмиралдары жаяу әскер алдымен Дарданелл түбегін басып алуы керек, сонда кемелер Мармара теңізіне еш қарсылықсыз өте алатын болады деп шешті. Лиманның дайындалуға тек бір ғана ай уақыты бар еді. Содан соң, 1915 жылғы сәуірдің 15-інде британиялықтар Һеллес мүйісінде үлкен қолмен жағаға келіп түсті. Лиманның осы кезде қабылдаған ең дана шешімдерінің бірі — Мұстафа Кәмәлді (ол кейінірек Ататүрік деген атпен белгілі бола бастайды) 19-шы дивизияның қолбасшысы етіп тағайындауы. Кәмәлдің дивизиясы Османдықтарды толық күйреуден сақтап қалды. Британия әскерлері келіп түскен күні олар аустралиялық және жаңа зеландиялық әскерлер келген жердің айналасындағы жотаны басып алады.Кәмәл олар төндірген қауіпті түсініп, сол жотаны жаудың қолына түсірмеуге өзінің әскерлеріне дем беріп жүрді. Келесі бес ай бойы үзбей шабуыл жасаса да, олар сол жотаны ұстап қалды. 1915 жылдың сәуірінен қарашасына дейін Лиманның бекінген әскерлері көптеген шабуылдарға тойтарыс беруге мәжбүр болды. Британиялықтар Сувла жағасында тағы бір рет әскер әкеліп түсірді, бірақ Османлы әскерлері оларға сонда да тойтарыс берді. Осы операцияның кезіндегі британиялықтардың қол жеткізген жалғыз ғана табысы — олардың өз әскерлерін сол жерден көп шығынсыз әкете алғаны болды. Сонымен бұл шайқас Османлы әскері үшін зор жеңіс болып, сол жеңіске генерал Лиман фон Сандерстің қосқан үлесі де елеусіз қалған жоқ. 1915 жылдың басында Османлы империясындағы Германия әскери миссиясының бұрынғы жетекшісі барон фон дер Гольц Истанбулға билігі шектеулі V-ші Меһмед сұлтанға әскери кеңесші ретінде қызмет етуге келді. Оның Лиман фон Сандерспен қарым-қатынастары жақсы болмады, әрі ол соғыс кезінде Османлы империясын басқарған үш пашаны (Енвер, Джемаль және Талат) да жақтырмады. Барон британиялықтарға қарсы шабуылдар ұйымдастыруды ұсынды, бірақ Антанта мүшелері Османлыларға үш жақтан (Дарданелл, Кавказ фронты, Месопотамия фронты) соққы бергенде ол шабуылдар туралы жоспарлар аяқсыз қалды. Енвер паша 1915 жылдың қазанында оны Месопотамияға әскерді басқаруға жіберді, осылайша Лиман кәрі бароннан құтылды. (Гольц сонда алты айдан кейін қайтыс болды). Соғыстың соңғы жылында, 1918 жылы Лиман фон Сандерс Палестинадағы Османлы әскерінің үстінен қолбасшылықты қабылдап алды. Оның бұрынғы қолбасшысы неміс генералы Ерих фон Фалькенхайн 1917 жылдың соңында британиялық генерал Алленбиден жеңілген болатын. Османлы әскерінің қуатының төмендеуі Лиманның көп жоспарларының жүзеге асырылуына кедергі болды. Оның басшылығындағы әскердің қорғаныс позицияларын алып, британиялықтардың шабуылын күтуден басқа шарасы қалмады. Шабуыл ақыры келді де; генерал Алленби бүкіл әскерін төккенде, Османлы әскері бір апта шайқастың нәтижесінде толығымен күйреді (қараңыз: Мегиддо шайқасы (1918)). Соның кезінде Лиманның өзі британиялықтардың қолынан әзер дегенде сытылып кетті. Соғыс біткен соң ол 1919 жылғы ақпан айында Мальтада тұтқындалды, оған соғыс қылмыстарын жасағаны туралы айып тағылды. Бірақ ол алты айдан кейін босатылды. Ол сол жылы Германия армиясынан отставкаға кетті. Мальтада тұтқында болған кезінде соғыстың алдында және соның кезінде басынан өткізгендері туралы ол кітап жазған болатын. Ол соны 1927 жылы жарыққа шығарды (оның ағылшынша аудармасы да бар). Отто Лиман фон Сандерс екі жылдан кейін Мюнхенде жетпіс төрт жасында қайтыс болды. Шенген келсімі. «Еуропа Одағының бірқатар елдері арасында төлқұжаттық және кедендік бақылауды алып тастау туралы келісімі» (Шенген келісімі деген атпен мәлім) — құжатқа 1985 ж. маусымда Лүксембордың Шенген деген жерде Еуропаның жеті мемлекеті: Белгия, Голландия, Лүксембор, Франция, Алмания, Португалия және Испания қол қойған болатын. Ол 1995 ж. наурызда күшіне енді. Қазіргі уақытта Шенген визасы аумағына Еуроодақтың 13 елі — Аустрия (1995 ж.), Белгия, Алмания, Грекия, Дания (1996 ж.), Испания (1991 ж.), Италия (1990 ж.), Люксембург, Голландия, Португалия, Швеция (1996 ж.), Финландия (1996ж), Франция және Еуроодаққа қосылмаған 3 мемлекет — Швейцария, Исландия (1996 ж.) және Норуегия (1996 ж.) кіреді. Словакия, Словения, Естония, Мажарстан, Латвия, Литуания, Малта, Польша және Чехия 2007 жылғы желтоқсанның 31-інде өздерінің құрлықтағы жолдарын, ал 2008 жылғы наурыздан бастап әуе жолдарын ашады. Осылайша 2007 жыл аяғында Шенген аймағы тағы жаңа 9 елмен кеңімек. Ферманың Ұлы теоремасы. Кез келген бүтін formula_1 үшін formula_2 теңдеуінің натурал formula_3, formula_4 және formula_5 шешуі болмайды. Пьер Ферманың 1637 тұжырымдаған осы теоремасы Диофанттың «Арифметика» атты кітабы беттерінде "мен тапқан алғырлық дәлелдеме осы бетке сыйдыруға өте ұзақ болады" деген сөздермен басылып шығады. Кейін Ферма formula_6 үшін шешуін жариялайды, алдыңғы алғырлық дәлелдеуі туралы осы жолы ол тіс жармағандықтан жалпы түрде дәлелдегені күмәнді. Эйлер 1770 жылы теореманы formula_7 үшін, ал Дирихле мен Лежандр 1825 жылы formula_8 үшін дәлелдейді. Өз үлестерін дәлелдеуге Ламе, Софи Жермен, Куммер және т. б. көптеген алдыңғы қатарлы математиктер қосты. Теореманы дәлелдеуге деген талпыныс қазіргі сандар теориясының көптеген нәтижелерін табуға алып келді. Фальтингстың 1983 жылы дәлелдеген Морделла гипотезасынан formula_9 теңдеуінің formula_10 болғанда тек шектеулі өзара жай шешуі болатындығы шығады. Дәлелдеудің соңғы қадамын тек 1994 жылдың қыркүйегінде Уайлс Эндрю жасады. 130-беттік дәлелдеу «Annals of Mathematics» журналында жарыққа шығады. Хламидиоз. Хламидия — жұқпалы хламидиоз ауруын тудыратын бактерия. Хламидиядың қауіптілігі-ағзада ешбір белгі білдірмейтіндігі жатыр. Індеттің бар-жоғын анықтау үшін арнайы медициналық тексерулерден өту қажет. Егер жұқпалы ауруды уақытылы ауыздықтамасаң оның зиянды салдарына душар боласыз. Сол үшін дер кезінде емделу қажет-ақ. Хламидия жатыр түтікшелерінің қызметін бұзып, оның салдары бедеулік пен жатырдан тыс жүктілікке әкеп соқтырады. Инфекцияның алғы белгісі іштің төмен жағына ауырлық түсіретіндігінде. Ол басқа мүшелердің ауруын қоздырады. Хламидиядан қорлық көріп жүрген еркектердің жұмыртқасына суық тиіп, қуық жолары ісініп, кей жағдайда қызарып, дәрет сындыра алмайтындай жағдайға түседі. Хламидиоздың алғы белгілері. Сұйықтық түсінің өзгеріске ұшырауы, іштің төмен жағының бүріп ауыруы әйелдер ағзасындағы асқынған хламидияның көрсеткіші болып табылады. Еркектерде де сұйықтық мөлшерден көп бөлінеді. Хамидия әрқашан жаныстық қатынас арқылы жұғады. Берекетсіз жыныстық қатынасқа түсетіндерде бұл қауіпті індетке шалдығу мүмкіншілігі зор. Әсіресе 20 мен 30 жас аралығындағы ер азаматтар көп емделеді. Емделу процесі ұзақ инфекциядан сақтанудың бірден бір жолы-сауатты сақтану, әрі медициналық жолмен тексеріліп тұру. Ауруды жұқтырған адам міндетті түрде екі тарап та емделу керек. Бірі емделіп, екіншісі ем қабылдаудан бас тартса уақыттың зая кеткені. Тағы бір ескеретін жайт инфекцияның қайталануына жол бермеу. Әйтпесе, оның ауыртпалы көп болады. Жаһандану. Жаһанданудың (ағылшынша: Globalization) үрдiстерi дегенде, оның үш сипаты: елдердiң арасындағы тауар қозғалысының нығаюы, капиталдың, адамдардың еркiн қозғалысы айқын байқалуда. Жаһанданудың факторы ретiнде халықаралық валюталық операциялардың серпiндi дамуы болып табылатындығын атап көрсеттi. Расында, халықаралық валюта жүйесi үш кезеңдi: реттеудiң алынып тасталуын, интернационалданудың және инновацияны бiр мезгiлде бастан кештi. Жаһандану факторының шешушi идеясы және соның салдарынан туындайтын ақпараттың, зияткерлiк өнiм мен идеялардың еркiн қозғалысы жаһандану заманының бесiншi факторына айналды. Жаһанданудың негiзгi көрсеткiштерi деп әр елдiң әлеуметтiк, саяси және мәдени айырмашылықтың жойылуын айтуға болады. Сонымен жаһандану адамзатқа не әкеледi? Қоғамдағы әлеуметтiк топтардың арасындағы айырмашылық, жiктелу жедел түрде ашыла түседi. Бүкiләлемдiк жаһанданудың мәлiметтерiне қарағанда аса бай жиырма және аса кедей жиырма мемлекеттiң арасындағы жан басына шыққандағы ІЖӨ көрсеткiшiнiң айырмашылығы 1962 жылы 53:1 болса, бұл көрсеткiш 40 жылдан кейiн 2 еседен аса өсiп, 2002 жылы 121:1 болыпты. Бүкiл дүниежүзiлiк банктiң мәлiметтерi бойынша әлемде 800 миллион адам аштық пен ашқұрсақтықтан зардап шегедi. 1 млрд. 300 млн. адам тәулiгiне 1 АҚШ долларынан кем табысқа күн көредi. Теорема. Теоре́ма ( — «түр, сипат, тұжырым») — берілген теорияда дәлелдеуі (немесе қорытындысы) бар тұжырым. Теореманың жекеше түрі болып табылатын аксиомалар еш дәлелдеусіз, тәржімесіз қабылданады. Математикада әдетте өте маңызды тұжырымдамаларды ғана теорема деп атайды. Әдетте керек дәлелдемелер әйтеуір біреу тапқан. Онша маңызы жоқ тұжарамдамаларды лемма, сөйлем деп атайды. Теорема немесе теорема еместігі белгісіз болып табылатын тұжырымдамаларды гипотеза дейді. Кеннинг. Кеннинг — көне норвег әдебиетінде поэзияда қолданылатын метафоралық сөйлемшенің атауы. Кеннингтер көп жағынан епитеттерге және сөздік формулаларға ұқсас болып келеді. Олар көне герман батыр жырларында жиі кездеседі. Құрылымы. Ең қарапайым кеннинг екі ұғымнан тұрады. Олардың бірі (ол «негізгі сөз» деп аталады) екінші бір сөзбен бірге қолданылып, екеуінің сондағы жаңа мағынасы екі бастапқы сөздің мағынасынан мүлде өзгеше болады. Мысалы, көне ағылшынша «теңіз» сөзі "seġl-rād" 'желкеннің соқпағы', "swan-rād" 'аққудың соқпағы', "bæþ-weġ" 'шомылу соқпағы' немесе "hwæl-weġ" 'киттің соқпағы' деген кеннингтермен беріле алады. Қарасөз Еддасы жырының 10-шы жолында теңіз "hronrāde" немесе 'киттің жолы' деп аталған. Кеннигтердің бір көзге түсерлік ерекшелігі — кеннингтерді қатар тізіп қолдана беруге болады. Мысалы, кеннингтермен жақсы таныс адам "сою шығының құртының биі" дегеннің не екенін бірден біле қояды, себебі "сою шығы" дегеніміз — шайқас, "қанның құрты" дегеніміз — семсер, ал "семсердің биі" дегеніміз — шайқас. Тарихы. "Кеннинг" сөзі көне норвег тілінің "kenna við", яғни «бір ұғымды басқа ұғым арқылы білдіру» деген сөзінен шыққан. Кеннингтер көне норвег, англо-саксон әдебиетінде және кельт әдебиетінде кең тараған. Олар көбінесе аллитеративті өлеңдерде қолданылады. Скалдтар кеннингтерді жиі қолданғаны сонша, кеннингтер олардың өлең-жырларының басты белгісіне айналды. Сөзбе-сөз аударғанда онда былай делінген: '«Уа, соғыс пиязының Уллрі! Һааконның көзі тірісінде біз Фүрисвеллирдің тұқымын сұңқарлардың тауларында көтеріп алып жүретін едік, ал енді халықтың дұшпаны Фродидің бейшара құлдарының ұнын алып, әйелдің жауының анасының денесінде жасырып тастады»'. Кеннингтерін түсіндіріп аударса, бұл өлеңде былай делінген: «Уа жауынгер, Һааконның көзі тірісінде біз алтынды қолымызда ұстайтын едік, енді халықтың дұшпаны алтынды жерге тығып тастады». "«Соғыс пиязы»" дегеніміз — семсерді білдіретін кеннинг. "соғыс пиязының Уллрі" дегеніміз — жауынгер, ол Һаралд патша туралы айтылған. Бұл кеннинг — бір құдайдың аты бір еркектік қасиетпен бірге қоса айтылып, мағынасы адам дегенді білдіретін кеннигтердің бір түрі. "«Фүрисвеллирдің тұқымы»" дегеніміз — алтынды білдіреді. Бұл кеннингтің астарында мынадай аңыз жатыр: Һролф патша және оның қасындағы адамдары бір күні өз жауларынан қашып құтылу үшін, олар алтынды жинап аламын деп кідіріп қалулары үшін Фүри өзенінің алқабында («веллир» — алқап) алтынды тұқымдай шашқан. "Сұңқарлардың таулары" дегеніміз — қару-жарақ. "«Фродидің бейшара құлдарының ұны»" дегеніміз — алтын, ол да бір аңызға астарлап меңзейді. "«Алып әйелдің жауының анасының тәні»" дегеніміз — жер, себебі жер (Йорд) — Тордың анасы, ал Тор —алыптардың жауы етіп бейнеленеді. Кеннигтер бір-бірінің ішінде де қолданыла береді. Айталық, ‘‘"семсердің биі"«дегеніміз шайқас та, ‘‘»найзалардың шуылы" дегеніміз де шайқас. Сонда семсерді "найзалардың шуылының бишісі" деп атауға болады. "Кен" (білу) етістігі. «Кен» түбірі Скандинавия тілдерінде ("känna"), неміс тілінде ("kennen"), голланд тілінде ("kennen") және африкаанс тілінде ("ken") әлі де қолданылады, оның мағынасы — білу дегенді білдіреді. Ағылшын тілінде де бұл түбір бар, бірақ ол сирек қолданылады. Қаржы полициясы академиясы. Қаржы полициясы академиясы — Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігінің (қаржы полициясы) мен кеден органдары үшін мамандар даярлайтын, осы органдар қызметкерлерінің алғашқы дайындық, қайта даярлау және біліктілігін арттырумен және экономикалық қылмысқа қарсы күрестің көкейкесті мәселелері бойынша ғылыми-жұмыстарын жүргізетін оқу орны. Батыс өлкелер. Батыс өлкелер немесе Шиүй () дегеніміз — б.з.д. 3-ші ғасыр — 8-ші ғасыр аралығында қытай жылнамаларында Орталық Азияның Үймен гуаннан батыста жатқан бөлігіне қатысты қолданылған атауы. Жібек жолының көп бөлігі Батыс өлкелер арқылы өткендіктен ол аймақ б.з.д. 3-ші ғасырдан бері зор стратегиялық маңызға ие болып келді. Хан әулеті мен сюңнулардың арасындағы текетірес 2-ші ғасырдың ортасына дейін сонда орын алып отырды. Одан кейінгі ғасырларда ол аймақтың маңызы Шығыс Азия, Үндістан субконтиненті, Исләм әлемі және Батыс әлемінің арасындағы мәдени көпір ретінде арта түсті. Батыс өлкелерінің жетістіктерінің бірі — Будданың тәлімі сол аймақтан саудагерлер және тақуа-монахтар арқылы Қытайға жетті. Таң империясында өмір сүрген тақуа-монах Суанзаң Үндістанға оқу іздеуге бара жатып, Батыс өлкелер арқылы өткен болатын. Таң астанасы Чаңанға қайтып келген соң ол Батыс өлкелерінің ұлы Таң сипаттамалары деген атақты еңбегін жазды. 18-ші ғасырда Маншың империясы осы аймақтың бір бөлігін басып алып, онда әскери басқару жүйесін орнатты. 1884 жылы ол аймақ Шынжаң деген жаңа атқа ие болды. Мұхаммед Шайбани. Әбу-л-фатһ Мухаммад, кейінгі ғасырларда Шайбани хан деген атпен белгілі (өмір сүрген жылдары — шамамен 1451 — 1510), өзбектердің ханы (1500-10 жылдары). Ол түрлі өзбек тайпаларының басын біріктіріп, олардың Мауараннахрда үстемдікке қол жеткізулеріне себепші болды. Ол Шыңғыс ханның немересі Шайбаннан өрбіген болатын, сондықтан ол Темір әулетін билікті заңсыз тартып алған әулет деп қарастырды. Өзінің атасы Әбілхайыр ханның саясатын жалғастыра отырып, 1500 жылы Темір әулетін биліктен тайдырып, өздерінің астанасы Самарқандан қуып шығып болған болатын. Ақсақ Темірдің ұрпағы, Моғол империясының негізін қалаушы Бабырға қарсы бірнеше рет жеңімпаз жорық ұйымдастырды. 1505 жылы ол Самарқанды қайта басып алып, 1507 жылы Темір әулетінің оңтүстік астанасы Ғератты да қолға түсірді. Шайбани 1506 жылы Бұқарды да басып алып, Шайбани империясының негізін қалады. 1508-09 жылдары ол солтүстіктегі жерлерге көп рет басып кіріп, Қазақ хандығының жерлерін шапты. Алайда ол 1510 жылы Қасым хан бастаған қазақтардың қалың қолынан ойсырай жеңілді. Парсыстанның Сафауи әулетінен шыққан шахы І-ші Ысмайыл Шайбанидің күшеюінен қауіптеніп, өзбектерге шабуыл жасады. 1510 жылғы Мары шайқасында Мұхаммед Шайбанидің әскері жеңіліп, оның өзі қашпақ болғанда қаза тапты. Ысмайыл Мұхаммедтің денесін бөлшектеп, түрлі жерлерге жөнелтіп жіберді де, оның бассүйегін алтынмен қаптатып, шарап ішетін ыдыс жасатып алды. Шайбанидің қаза тапқан кезінде өзбектер бүкіл Мауараннахрды, яғни Әмудария мен Сырдария өзендерінің аралығын иемденіп отырған еді. Самарқандты Бабырдан тартып алғаннан кейін Шайбани Бабырдың қарындасы Ханзада Бегімге үйленді. Осы некеге келісім бергені үшін Бабурға Самарқандтан кетуге рұқсат берілді. Шайбанидің опат болғанынан кейін І-ші Ысмайыл Ханзада Бегімге және оның ұлына азаттық сыйлап, Бабурдың өтінішімен оларды оның қасына жіберді. Осы себеппен Шайбанидің тағын оның өз ұлы емес, аталас туыстары иемденді. Олардың ұрпақтары Бұқарды 1598 жылға дейін, ал Хорезмді (ол кейінірек Хиуа деп атала бастады) 1687 жылға дейін биледі. Сыртқы сілтемелер. Шайбани, Мұхаммед Шайбани, Мұхаммед Шайбани, Мұхаммед Шайбани, Мұхаммед Теория. Теория ()– әлдебір құбылысты алдын ала болжау қабілеті бар жүйелі білім, сызбанұсқа. Теориялар ғылыми тәсілдерге сәйкес құрылып, тексеріледі. Тексерудің қарапайым түрі – тікелей тәжірибе арқылы тексеру. Бірақ теорияны көп жағдайда тікелей тәжірибемен тексеру мүмкін емес (масалы, Жердегі өмірдің пайда болуы), немесе бұндай тексеру өте қиын, не қымбат (макроэкономикалық және әлеуметтік теориялар), сондықтан теориялар болжаулық қабілетінің барлығын пайдалану арқылы – яғни алдында белгісіз/байқалмаған нәрселерді/оқиғаларды шығарса, ал ұқыптап бақылағанда бұл нәрселер/оқиғалар табылып жатса, онда бұл қабілеттің бар болғаны. Жалпылағанда, ғылым мақсаты – болашақты болжау; бақылау (аналитикалық) мағынасы – біз әсер ете алмайтын оқиғалар желісін сипаттаумен қатар синтетикалық, бізге керек болашақты технология арқылы жасау, мағынасын да қамтиды. Басқаша айтқанда, теория мәні жанама белгілерді бір-бірімен байланыстыру мен өткен шаққа баға беріп, белгілі шарттар орындалғандағы болашақта болатын оқиғаларды көрсетуінде жатыр. Экономика. Экономика (— үй шаруашылығын жүргізу өнері) — материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар. Экономикалық қатынастар өзге қоғамдық қатынастарды айқындайды, олардың негізі болып табылады. Тауар өндірушілердің қызметтерін үйлестіру әдістерінің жиынтығы "экономикалық жүйені" құрайды. Экономикалық жүйе қарастырылып отырған қоғамда қалыптасқан шаруашылық тетіктерін, заңдарды, экономикалық институттарды, меншіктік қатынастарды біріктіреді. Экономикалық жүйе өзінің басты мақсаты ретінде — қандай тауар өндіріп, қызметтің қай түрін көрсету керектігін; қандай технологияны пайдаланып, қалай өндіруді, кім үшін өндіріп, кімге қызмет көрсету қажет деген мәселелерді шешеді. Бұл мәселелерді шешу әдістеріне байланысты экономикалық жүйелер: дәстүрлі, командалық және нарықтық болып жіктеледі. Өндіріс. Өндіріс - өзінің өміріне қажетті маиериалдық жағдайларды жасау мақсатымен адамның табиғатты белсенді жаңғырту үрдісі. Экономика тілінде өндіріс факторлары деп аталатын бұл төрт элемент тиісінше - жер, капитал, еңбек және кәсіпкерлік ұғымдарымен белгіленеді. Тауар. Тауар — айырбас үшін арнайы өндірілетін өнім. Нарықтық экономикада тауар ұғымы орталық ұғым. Нарықтың өзі тауар өндірісінің пайда болуына байланысты өмірге келді. Тауар — өндіруші өзге тауарға айырбастауға арналған өнім. Маркетинг жүйесіндегі басқару обьектісі негізгі 4 элементті біріктіреді: тауар, тұтынушы, өткізу, жарнама. Бұл элементтер бір-бірімен байланысты, яғни элементті бақару жеке дара емес, өзара байланысты өтеді.Бірақ әрбәр элементтің өз мағынасы бар. Біздің білуімізше, тауар сатуға өндірілген еңбек нәтижесі.Тауар –заттың пайдалы қасиетттерінің жиынтығы. Ф.Котлер тауарларды қолданылуы арқылы белгілі қажеттілікті қанағаттандыра алатын құрал деп анықтайды. Тауардың мағынасы –имидж, тұтыну қасиеттері, сапа, ассортимент екенін түсіну маркетингте өте маңызды. Нарық. Нарық — тауар өндірісі мен айналымы заңдары бойынша ұйымдастырылатын айырбасты сипаттайтын тауар қатынастарының жиынтығын білдіреді. Басқаша айтқанда, нарық — нақты тауар сатушылар мен оны сатып алушылардың басын қосатын кез келген институт немесе механизм. Ақша. Әр уақыттарда және дүниенің түрлі бөліктерінде адамдар ақша ретінде әр түрлі тауарларды – астық, мал, қамбат тастар және металдарды пайдаланды. Ұзақ уақыттар бойы ақша есебінде алтын және күміс жүрді. Қымбат металдардың физикалық қасиеттері (біртектілігі, мықтылығы, құндылығы) ақша атқаруға тиісті талаптарды толық ақтады. Сондай-ақ металл ақшалардың маңызды қасиеттерінің бірі – одарды бөлуге болытын еді. Қымбат металдар, көлемі қандай болса да, өзінің пайдалы қасиеттері мен құндылығын жоғалтпайды. Құнды металдың белгілі бір көлемінің сақталуына мемлекеттік кепілдік ететін алтын және күміс теңгелер пайда болды. Соңғы ғасырларда алтын және күміс теңгелердің орнына қағаз ақшалар жүре бастады. Қағаз ақшаның құны алтынмен кепілденді және олар алтынға еркін айырбасталды. Ақша — жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар. Ал барлық тауар өндірушілер, сатушылар, тұтынушылар арасындағы экономикалық байланысты қаматамасыз етеді. Ақша тауар өндірісі мен тауар айырбасының тарихи дамуы нәтижесінде пайда болды. Алғашқы кезде бір еңбек өнімі екінші еңбек өніміне тікелей айырбасталды. Кейінірек айырбас сауда дамуының барысында құнның жай формасының орнына құнның толық және жайылыңқы формасы келді. Одан әрі өндіріс пен айырбастың дамуы нәтижесінде тауарлар арасынан бір тауар бөлініп шығып, басқа тауарлар осы тауарға айырбасталды. Сөйтіп, құнның толық және жайылыңқы формасы құнның жалпылық формасына орын берді. Құнның ең жоғарғы ақша формасындағы жалпыға бірдей балама рөлі бір тауардың еншісіне тиді, яғни ерекше тауар түрі – ақша пайда болды. Осы кезде әр түрлі тайпалар мен халықтар арасында ақша ретінде ішкі және сыртқы сауда-саттықтың басты заттары болып табылатын тауарлар бөлініп шықты. Ақша рөлін кейбір халықтарда (гректер, римдіктер, славяндар, моңғолдар, т.б.) мал, ертедегі Русьте, Скандинавияда – аң терісі, Қытайда – шай, Абиссинияда – тұз атқарды. Қазақстанда ішкі сауда-саттық жүргізу үшін жалпыға бірдей балама ретінде тоқты немесе саулық қой пайдаланылды. Бертін келе тауар өндірісі мен тауар айырбасының дамуы және халықтар арасындағы қарым-қатынастың ұлғаюы нәтижесінде ақша рөлі түрлі металдарға ауыса бастады. Өйткені, металл (әсіресе алтын, күміс) өзінің табиғи қасиетінің арқасында ақша рөлін атқаруға өте қолайлы болды. Алтын мен күмістің жалпыға бірдей балама рөлін атқаруына байланысты құнның жалпылық формасы ақша формасымен айырбасталды. Ол кез келген тауарға айырбасталды. Біздің заманымыздан бұрынғы 3 ғасырдағы хуннулар ақша орнына күміс пышақты пайдаланып келсе, біздің заманымыздың 1 ғасырында салық есебіне алтын, күміс құймаларды алып тұрған. Ақ ғұндар бір бетіне пехлеви, екінші бетіне эфталит (түркі-руни) жазуы бар теңгелер (біздің заманымыздың 5 – 6 ғасырлары) жасап, сауда айналымына кіргізген. Қазақ елі (қазақ халқын құраған негізгі тайпалар) баба түркілер Ұлы Жібек жолына орналасқандықтан ақша жасау, оны айналымға еңгізуді өмір қажеттілігі деп тым ерте қолға алған. 6 – 8 ғасырларда билеуші рулардың таңбасы қашалған, ру рәмізін бейнелеген теңгелер құя бастаған. Сырдарияның орта алабында өмір сүрген тайпалардың қола теңгелері, 6 – 8 ғасырлардың 1-жартысына дейінгі аралықта қолданылған. Бұл теңгелерде Ашиде әулетінің рәмізі болған арыстан бейнеленген. Мұндай теңгелерді Суяб, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда құйған. Сонымен қатар Отырар маңындағы қалаларда да түрлі теңгелер жасалған. Біздің заманымыздың 704 – 766 жылдары Таразда құйылып, айналымға енген теңгелердің бетінде «Түргеш қаған теңгесі» немесе «Түркінің көк ханының теңгесі» деген анықтама жазулар бар. Бұл – тайпалық дәрежедегі теңге емес, бүкіл мемлекет дәулетін, мүлкін, ел ырысын куәландыратын кепілдеме. Осы сияқты 6 – 8 ғасырлар аралығына жататын мыс, қола, күміс теңгелер Суяб, Ақбешім қалаларында да шығарылып тұрған. Испиджаб қаласында арнайы теңге сарайы болған. Бұдан кейінгі кезеңде Қарахан әулеті билік құрған тұста Қазақстан және Орта Азияда сауданың күшті дамуына байланысты ақша шығару, ақша айналымы да кең етек алды. Әсіресе, мыс, күміс ақшалар көптеп шығарылды. Соның ішінде Тараз, Испиджаб теңгелері ел экономикасында; ал 12 ғасырдың 2-жартысы – 13 ғасырдың басында Отырарда шыққан Мухаммед ибн Текештің теңгелері Қазақстан жеріндегі сауда-саттықта ерекше міндет атқарды. Ол дәуірдегі мыс, күміс, алтын ақшалар өзінің салмағы бойынша алтынмен бағаланып, сауда айналымына енді. Монғол жаугершілігінің алғашқы кезінде (1220 – 50) Қазақ жерінде жалпы сауда қатынасы құлдырап кетті. Соның салдарынан ақша қатынасы да тоқтады. Ақыры монғол билеушілерінің бас пайдасы үшін, халықтан купчур салық жинап, хан қазынасын толтыру үшін 1251 жылғы Құрылтай шешімімен алтын динарлар шығарыла бастады. Бұл теңгелердің құрамында алтын 50 – 60% ғана болды. Алтын мөлшерінің көп болмауы оның құнын сол кездегі нақты сауда тауарының құнымен жақындастыру еді. Салмағы мол алтын ақшалармен қымбат тауарларды мол мөлшерде сатып алса, салмағы аз, майда алтын ақшалармен ұсақ тауарларды сатып алатын етіп ақшаны айналымға түсіріп тұрған. Ұсақ саудаға арналған сыртына күміс жалатқан мыс теңгелердің салмағы 6 – 8 г болды. Бетінде «Мөнгү хани» (хан теңгесі) деген жазуы болды. Бұл ақша 13 жыл бойы үзбей шығарылды. Қазақстанның оңтүстік және батыс аудандарына осы Отырар ақшасы мол тарады. Сол заманда Отырар ақшасымен деңгейлес Ақмалықта шығарылған теңгелер де ғалымдардың назарын аударып отыр. 1271 ж. Масудбек реформасы ақша айналымында жаңа кезең ашты. Бұл реформа бойынша алтынды ақша орнына қолдану мүлдем тоқтатылып, салмағы 2 г, тазалығы 78 – 81% күміс ақшалар айналымға кіргізілді. Бұл күміс ақшаларды Қазақстанның Тараз, Кенже қалаларында шыңдау әдісімен әзірлеп, 1271 жылдан 14 ғасырдың басқы кезеңіне дейін айналымда болды. 1321 ж. жүргізген Кебек хан реформасының да үлкен маңызы болды. Ол бүкіл мемлекет атынан «Кебек хан теңгесін» айналымға енгізді. Ақшаның салмағы 8 г. Күмістен шыңдап жасаған. «Кебек хан теңгесі» Қазақстанның Испиджаб, Тараз, Отырар, Сығанақ қалаларында әзірленді. Өзбек хан, Жәнібек хан, Бердібек, Наурызбек, Қызыр хандардың атынан шығарылған Алтын Орда теңгелері Жетісу – Түркістаннан Еділ жағалауына дейін кең тарады. Бұдан кейін 1428 ж. енгізген Ұлықбектің ақша реформасы Орта Азия және Қазақстан жеріндегі халықтар арасында кеңінен белгілі болды. 16 ғасырда Отырардың мыс теңгелері, Ясының (Түркістанның) күміс теңгелері Оңтүстік Қазақстан жерінде сауда айналымында өз міндетін атқарып келді. 16 ғасырдың соңы – 17 ғасырдың басында Қазақ хандарының атымен өндірілген мыс ақшалар болды. Бұл ақшалардың дизайндық шеберлігі жоғары дәрежеде болмағанымен Қазақ хандығында сауда ісін бір жолға қоюда, халықтың басын біріктіруде үлкен міндет атқарды. Еліміз егемендік алғаннан кейін 1993 ж. Қазақстан Республикасының жаңа ақшасы шығарылды. Ақша әр алуан қызмет атқарады: тауарлар мен әр түрлі қызметтердің құнын көрсетеді, айналым құралы, төлем құралы ретінде пайдаланылады, сол сияқты қор жинау және сақтау құралының рөлін атқарады. Ақша өнімді шығаруға кеткен шығынды өлшеуге, еңбекті сан және сапа жағынан бақылауға мүмкіндік береді. Ақша белгісіне алтын, күміс ақшалар орнына айналымда пайдаланылатын, бірақ құны жоқ банкноттар, қағаз ақшалар, құны толықпаған металл теңгелер, т.б. жатады. Ақша – қағаз ақша және құнды қағаз түрінде шығарылады. Ақша шығару ісін орталық банктер жүргізеді. Әр елде ақша шығару жүйесі сол елдің заңына сәйкес қалыптасады, ол банкнот шығару тәртібін, эмиссия мөлшерін, оны қамтамасыз етудің нормасы мен әдістерін анықтайды. Қазақстанда ақша шығару, олардың айналымын ұйымдастыру және оны айналымнан шығару ісін тек Қазақстан Ұлттық банкі жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық банкі банкноттар мен тиындардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың жасалып шығарылуын қамтамасыз етеді, қолдағы ақша қаражатын сақтау, инкассациялау тәртібін белгілейді. Ұлттық банктің ақша шығаратын банкнот фабрикасы бар. Мынаны да қараңыз. Әр уақыттарда және дүниенің түрлі бөліктерінде адамдар ақша ретінде әр түрлі тауарларды – астық, мал, қымбат тастар және металдарды пайдаланды. Ұзақ уақыттар бойы ақша есебінде алтын және күміс жүрді. Қымбат металдардың физикалық қасиеттері (біртектілігі, мықтылығы, құндылығы) ақша атқаруға тиісті талаптарды толық ақтады. Сондай-ақ металл ақшалардың маңызды қасиеттерінің бірі – оларды бөлуге болытын еді. Қымбат металдар, көлемі қандай болса да, өзінің пайдалы қасиеттері мен құндылығын жоғалтпайды. Құнды металдың белгілі бір көлемінің сақталуына мемлекеттік кепілдік ететін алтын және күміс теңгелер пайда болды. Соңғы ғасырларда алтын және күміс теңгелердің орнына қағаз ақшалар жүре бастады. Қағаз ақшаның құны алтынмен кепілденді және олар алтынға еркін айырбасталды. Мемлекет. Мемлекет — қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік жүйесін бірізділікке түсіретін, қоғамды басқаратын және сақтайтын негізгі институт. Мемлекет саяси-құқықтық ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Мемлекет өзінің мыңдаған жылдарға созылған тарихи даму үрдісінде саясатшылар тарапынан түрліше бағаланып келеді. Мемлекеттің анықтамасын да түрлі көзқарастағы саяси қайраткерлер түрліше тұжырымдайды. Мемлекеттің үш элементі болады: "жер аумағы", "халқы" және "мемлекет өкіметі". Жас Алаш (үнжария). «Жас Алаш» — 85 жылдық тарихы бар жалпыұлттық қазақ басылымы. О баста негізінен жастарға бағдарланғанымен, «Жас Алаш» — үлкен-кіші үзбей оқитын дәстүрлі әрі жаңаша басылым. Сонымен бірге ол — Қазақстандағы белгілі де беделді журналистика кадрларын тәрбиелеп шығарған ұстахана іспетті. Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің, журналистикасы мен публицистикасының небір майталмандары жұмыстарын алғаш рет осы қарашаңырақтан бастаған. Бүгін де бұл басылымнан тұрмыс-тіршілігіміздің сан-саласын қамтыған өткір де өзекті дүниелерді оқуға болыды. «Жас Алашта» күнделікті жаңалықтармен қатар, саясат пен экономика, әдебиет пен мәдениет, өндіріс пен экология, қылмыс және заң, қаржы және басқару жүйесі, маркетинг пен менеджмент, білім беру мен денсаулық сақтау, өнер мен өзге де тақырыптарды қамтыған мақалалар тұрақты жарияланады. «Студент», «Ырғақ», «Мыңнан бір мезет», «Отбасы» атты қосымшалары бар. Еліміздің түкпір-түкпірінен келетін оқырман хаттары «Мақатаев-22» бетінде жарияланатын болса, әр саланың қайраткер тұлғалары мен сарапшы мамандардың сұхбаты «Ашық әңгіме», «Екеуара әңгіме» айдарларымен беріліп тұрады. «Жас Алаштың» өзіне тән ең бірінші сипаты — оның өткірлігі мен турашылдығы, жаңашылдығы мен тапқырлығы. Ақпаратты мейлінше объективті беруі және мәселелерге жаңаша көзқараспен келіп, терең сараптауы «Жас Алашты» ақпараттық кеңістіктегі беделді басылымға айналдырып, кәсіби газет деңгейіне көтерді. Ақпарат айдынындағы ілкімділігі өз алдына. «Әлеуметтік технологиялар орталығы» жүргізген маркетингтік зерттеулердің нәтижесіне сүйенсек, «Жас Алаш» — 15 жастағы жасөспірімдерден бастап, алпыстан асқан ақсақалдарға дейінгі аралықтағылардың сұранысына ие, беделді әрі жаңашыл басылым. Басылымның негізгі оқырмандары — жоғары білімді азаматтар, жоғары оқу орындарының студенттері, әр деңгейдегі мемлекеттік басқару органдарының басшылары мен қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері мен қарапайым ауыл тұрғындары. Марапаттары. «Жас Алаш» әртүрлі қоғамдық және халықаралық ұйымдар тарапынан берілетін сый-сияпат, мақтау-марапаттан да кенде емес. 2000 жылғы «Алтын жұлдыз» байқауында «Қазақстандағы ең үздік газет» атанды. 2004 жылы «Жыл таңдауын» жеңіп алды. Үш жыл қатарынан «Жас Алаштың» тілшілері «Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты» атанды. Қызметкерлеріміз әртүрлі халықаралық байқауларда да топ жарып жүр. Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы журналистика және саяси публицистика саласы бойынша берілетін алғашқы сыйлық та «Жас Алашқа» бұйырды. Беделді рейтинг агенттіктері жүргізетін зерттеулер нәтижесінде «Жас Алаш» қазақ және орыс тілдеріндегі басылымдарды қоса есептегенде, объективті ақпарат тарататын беделді басылымдардың алғашқы үштігіне кірді. Газеттің сайты — дербес интернет басылым. Басылым бетінде жарық көрген мақалалар интернетте де жарияланады. Сонымен қатар жедел жаңалықтар мен онлайн қызметі енгізілген. Материалдардың рейтингін анықтауға да мүмкіндік туып отыр. Ауылдық жерлер мен шағын қалаларда «Жас Алашты» қолдан-қолға алып оқу дағдыға айналған. Газеттің бір нөмірін кемінде 150 мың адам оқиды. Ал жарты жылдағы оқырман саны 8 миллионнан асты. Таратылуы. VІP-таратылуы — 3,4 % (Президент әкімшілігі, Үкімет және Парламент, амақтардағы ірі өнеркәсіп орындары, отандық және шетелдік ірі компаниялар, елшіліктер, телерадио және баспа ұйымдары). Газет жазылу және бөлшек сауда жолымен тарайды. «Қазпошта», «Евразия-пресс», «Эврика-пресс», «Kazpress», «Жастар-2005», «Ернур-пресс», «Туран-пресс», «Төле би-пресс» және тағы басқалар. «Жас Алашты» Қазақстандағы барлық газет-журнал дүңгіршектерінен сатып алуға болыды. Басылымның құрылтайшысы — «Жас Алаш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Есепке қойылғандығы жөніндегі куәлікті Қазақстанның ақпарат министрлігі берген, № 4361-г. 31.10.2003 жыл. Газет Алматы қаласында басылады, республиканың түкпір-түкпіріне тарайды. Аптасына екі рет — сейсенбі және бейсенбі күндері шығады. Форматы — А2, көлемі — 6 бет. Апталық таралымы — 140 000. «Жас Алаштың» күні бүгінге дейін 15 мыңнан астам нөмірі жарыққа шықты, яғни басылым осыншама рет оқырманымен жүздесті Сарттар. Сарт — (саудагер - санскрит)Орталық Азияның отырықшы халқының өкіліне қатысты қолданылған атау. Түрлі замандарда оның нақты мағынасы өзгеріп отырған. Көне замандарда «Ақ сарттар» деген атпен белгілі болған сарттар белгілі бір этникалық топқа жатпаған; көбінесе қала тұрғындары болған. «Сарт» сөзі түркі тіліндегі «сары ит» деген сөз тіркесінен келіп шыққаны қәте, оны көшпенділер отырықшы қала тұрғындарын кемсітуге қолданған еді деген жорамал айтылған болатын. Сол себепті кеңес заманында «сарт» ұғымына тыйым да салынды. Бірақ Бартольдтың пікірінше «сарт» сөзі «сары ит» дегеннен шықпаған, оған меңзейтін әдеби немесе филологиялық айғақтар жоқ. Шығу тегі. «Сарт» сөзі көшпенділердің отырықшыланған халықты және қала тұрғындарын сипаттау үшін пайдаланылатын сөзі ретінде пайда болған секілді. Ол сөздің төркіні — үнді тілдеріндегі "сартхаваха", яғни саудагер немесе керуенбасы деген мағынадағы сөз (ол қазіргі һинди тіліндегі "сетх" деген сөзбен түбірлес). Ол сөз көне ұйғыр тіліне соғды тілінен шамамен 8-9-шы ғасырларда енген болса керек. Ол сөздің өзі де «соғды» сөзінің өзгертілген түрі болуы да әбден мүмкін. Ең алғаш рет түркі тілінде бұл сөз 1070 жылы жазылған Құдатқұ білік («Құтты білім») деген кітапта кездеседі, онда ол Қашғарияның отырықшы тұрғындарын білдіреді. Ол сөз Орталық Азияның иран тілдес болсын, түркі тілдес болсын, барлық отырықшы мұсылмандарын да білдірген сияқты. Рашид ад-Дин Жами ат-тауарих деген еңбегінде Шыңғыс ханның мұсылман қарлұқтардың билеушісі Алп-Арсланнға «Сартақтай» деген атақ берілсін деп әмір еткені туралы жазады. Рашид ад-Диннің өзі бұл сөзді «тәжік» деген сөзбен мағыналас сөз деп түсінгені анық. Алайда Рашид ад-Динніңұлты парсы болғандықтан «Сартақтай» деген сөзді дұрыс түсінбей қалған болуы да ықтимал, себебі Шыңғыстың ұлдарының бірінің аты да Сартақтай болған. Басқа мүмкін мағыналары. Моңғол билігінен кейінгі заманда біз Әлішер Науаидың Иран елін «Сарт ұлысы» деп, «сарт тілі» деп парсы тілін атағанын білеміз. Сол сияқты Бабур патша да Марғеланның халқын «сарт» деп, ал Әндіжанның халқын «түрік»деп атағаны белгілі. Яғни ол сарт деп парсы тілділерді атаған. Кабул уәлаятының қалалары мен ауылдарының тұрғындарын да ол «сарт» деп атаған. Түркістанның шұратты аймақтарына Шайбани ханның жетелеуімен өзбектер келгенде жағдай одан әрі күрделілене түсті. Олардың сөйлеу тілі түркі-қыпшақ тілі, ал шұраттарда тұратын халықтың тілі түркі-қарлұқ тілі болды. Осы кезден бастп «сарт» деп тек қана парсы тілділер ғана емес, кейбір түркі тілділер де атала бастайды. Өзбектердің өздері отырықшыланғаннан кейін де өзбек руларына жатпайтын түркілерді «сарт» деп атауын жалғастыра берді. Қазіргі заманғы мағыналары. Бартольдтың дәлелдеуінше, 19-шы ғасырда «сарт» деп аталған ұлттар әбден түркіленуге ұшырады. 19-шы ғасырда Ресей әдебиетінде «сарт» деп кейде Ферғана, Ташкент, Шымкент және оңтүстік Сырдария губерниясының түркі тілді тұрғындары аталды. Олар аздап Бұқара мен Самарқандта да тұратын. Жалпы алғанда «сарт» деп Ресей үкіметі Түркістан аймағының отырықшы орыс емес тұрғындарын атайтын. Ол сөздің нақты мағынасы, оның шығу тегі туралы пікірталастар өте көп болды. Бартольд былай деп жазады: «Қазақтар «сарт» деп отырықшы өмір сүретіндердің түркі тілдес болсын, тәжікше сөйлесін, бәрін атаған». Н.П. Остроумов болса «сарт» дегеніміз бірұлттың емес, кәсіптің атауы деген пікірді алға тартады да, «Жаман қырғыз сарт болар, жаман сарт қырғыз болар» деген бір мақалды дәлел ретінде келтіреді. Бұл түсініспеушілік 1897 жылғы Ресей империясының санағы кезінде шиеленісе түседі: Ферғана губерниясында сарттардың саны өте көп болып шығады да, көршілес Самарқанд губерниясында сарттар өте аз, ал өзбектер өте көпболып шығады. Өзбек пен сарттың арасындағы айырмашылық мүлдем түсініксіз болып кетті. Тарихи жағынан өзбек дегеніміз 16-шы ғасырда Шайбани ханғаеріп келгендер болады да, сарт дегеніміз олар келгенде Мауараннахрдың байырғы тұрғындары. Өзбектер қазақ тіліне жақын қыпшақ диалектінде, Хорезмде тұратын сарттар парсы тілінің қатты ықпалына ұшыраған оғұз диалектінде, ал Ферғанада тұратын сарттар ұйғыр тіліне өте жақын және қазіргі өзбек тілінің бастауына айналған қарлұқ диалектінде сөйлеген. 1924 жылы кеңес үкіметі Орталық Азиядағы отырықшы түркі тілдес жұрттың бәрі «өзбек» деп аталуға тиіс деп шешіп, «сарт» деген атауға патшалық отаршылдық заманның қорлайтын сөзі ретінде тыйым салынды. Бірақ жаңа Өзбек КСР-ының тілі ретінде өзбектердің тілі емес, сарттардың тілі таңдалды. «Сарт» ұғымын нақты бір этникалық немесе тілдік топқа теліп айту қиын. Орталық Азияның түркі тілді және парсы тілді тұрғындарының арасындағы басты айырмашылық олардың ұлты немесе сөйлейтін тілі емес, олардың көшпенді не отырықшы болғаны еді. Қазақтар, қырғыздар және түрікмендер тиісінше дала, тау және шөлде өмір сүрген көшпенділер болды да, отырықшы түркілер мен тәжіктер Хиуа, Бұқара, Самарқанд сияқты үлкен қалаларда немесе қыстақтарда («қышлақтарда») өмір сүргендіктен сарттар деп аталды. Бірақ бәрінің де ортақ атауы — түркістандықтар, немесе мұсылмандар еді. Доңсян тұрғындары. Бір қызығы, солтүстік-батыс Қытайда тұратын моңғол тілді мұсылман доңсяндар өздерін "сарта" немесе "санта" деп атайды. Бұның Орталық Азиядағы сарт атауымен қандай байланысы бары белгісіз. Шағатай тілі. Шағатай тілі ( — "Жағатой";  — "Чағатай"; — "Chigʻatoy") — бір кездері Орталық Азияда кең таралған, қазір өлі тілге айналған түркі тілі. «Шағатай» сөзі Шағатай ұлысының атынан келіп шыққан. Шағатай хандығы Шыңғыс ханның екінші ұлы Шағатай ханның атымен аталған. Осы тілде сөйлеген көптеген Шағатай түріктері мен татарлар өздерін Шағатайдың ұрпақтарына жатқызған. Тарихы. Бастапқы шағатай кезеңінде тілдің морфологиясында көне жалғаулар көп ұшырасады. Класикалық кезеңі Мір Әлішер Науаидың алғашқы диуанының жарыққа шығуымен басталады, әрі шағатай тілінің гүлденуі осы кезеңнің тұсында болады. Үшінші кезеңде шағатай тілінің дамуы екі жолмен жүре бастайды: біріншісі Науаидың классикалық тілін сақтап қалуға тырысу болса, екінші жолы жаңа түркі тілдерінің ықпалын қабылдап даму болды. Шағатай тілінің гүлденуі Ақсақ Темір әулетінің кезінде орын алады. Ақсақ Темірдің өзінің өмірбаяны мен оның ұрпағы, Моғол империясының негізін қалаушы Бабырдың атақты Бабырнамасы шағатай түркі тілінде жазылған. 20-шы ғасырдың басында кеңес үкіметінің Орталық Азияда жүргізген өзгерістеріне дейін шағатай тілі жалпыға бірдей әдеби тілі болып қала берді. Қазіргі түркі тілдерінің ішіндегі шағатай тіліне ең жақындары — өзбек және ұйғыр тілдері. Ал өзбектер тіпті өзбек тілі тікелей шағатай тілінен өрбіген, ал шағатай әдебиеті өзбек әдебиетінің бір бөлігі деп қарастырады. 1921 жылдан бастап Өзбекістанда шағатай тілінің орнына өзбек тілі (сол кезде қыпшақ диалектілерінің негізінде) қолданыла бастаған. Берендек атты ортағасырлық көшпелі халықтың тілі де зерттей келе шағатай тілі болып шықты. тізімінің дерегі бойынша, Ауғаныстанда қолданылатын «шағатай тілі» түрікмен тілінің «теке» тайпасы диалектінің аты болып шықты. Орталық Азияның басқа жерлеріндегідей, Түрікменстанда да шағатай тілі әдеби тіл ретінде 18-ші ғасырдың аяғына дейін қолданылып, түрікмен тіліне ықпал етіп келді. Бірақ екі тіл түркі тілдерінің екі басқа тармақтарына жататындықтан, олардың арасында елеулі айырмашылықтар да бар. Шағатай әдебиеті. Шағатай ақындарының ішіндегі ең атақтысы Әлішер Науаи болып саналады. Сол себепті шағатай тілі «Науаи тілі» деп аталады. Прозалық шығармалардан алғашқы моғол императоры Бабыр жазған Бабырнаманы атауға болады. Шағатай тілі қазірге дейін Түркия университеттерінде зерттеліп, түрік мәдениеті мен тарихының маңызды бөлігі болып саналады. Алматы өңірлік қаржы орталығы. «Алматы өңірлік қаржы орталығы» Акционерлік қоғамы (АӨҚО АҚ) — Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылдың 29-қаңтарындағы № 65 қаулысымен құрылған. Қоғам қызметі "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамыту, қолдауға және инфрақұрылымына әкімшілік етуге бағытталған. «АӨҚО» АҚ қызметінің негізгі мақсаттары халықаралық стандарттарға жауап беретін және қазақ қаржылық секторының халықаралық капитал нарықтарына ойдағыдай кірігуін қамтамасыз ететін бағалы қағаздардың қазақстандық нарығын дамыту, оның капиталдануы мен өтімділігін арттыру, Қазақстан экономикасына инвестицияларды тарту, соның ішінде жеке тұлғаларды инвесторларды ретінде бағалы қағаздардың нарығында жұмысқа тартуға жағдайлар жасау болып табылады. Негізгі міндеттері. Осы міндеттердің аясында «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы» АҚ Арнайы Сауда Алаңының, АӨҚО Рейтингтік агенттігі, Клиринг палатасы, АӨҚО -Медиа Холдингі және «АӨҚО» Академиясының құрылтайшысы болып әрекет етеді. Шаршы метр. Шаршы метр (белгіленуі: m² — халықарылық, м² — орысша) - SI жүйесіндегі қабырғалары бір метрге тең болатын шаршының көлемі. Кіші жүз. Мекені. Сырдың төменгі жағы, Арал теңізінің жағалауы, Каспий ойпатының теріскей жағы. Құрамы. Кіші жүзді үш топтан тұратын алшындар құрайды. Мынаны да қараңыз. Әбілқайыр хан Химия. Химия – заттарды және олардың бір-біріне айналып өзгереүін зерттейтін жаратылыс тану ғылымдарының бірі. Ол химиялық элементтерді (атомдарды), жай заттарды, күрделі қосылыстарды, олардың құрамын, құрылысын, қасиеттерін, химиялық өзгерістерін, оған әсер ететін жағдайларды және өзгерістер кезінде байқалатын құбылыстарды зерттейды. Мысалы, әбден тазарттылған су сұйық, бу, мұз күйінде де – жеке зат, ал өзен, теңіз суында бұдан басқа қоспа түрінде – әр түрлі тұздар болады. Ауа қоспа түрінде су (бу күінде), көмірқышқыл газы, аргон және өте аз мөлшерде т.б. газдар болатын азот пен оттек қоспасын тұрады. Құм басқа заттар араласқан кремний қос тотығынан құралған. Химиялық жеке заттар бір–бірінен химиялық құрамы, яғни қасиеттері жағынан, демек белгілі жағдайда белгілі бір затпен әрекеттесу және белгілі өнімге айналу қабілетіне қарай ажыратылады. Мысалы, су металл натриймен әрекеттесіп сутек пен сілті (күйдіргіш натр), бу күйіндегі су қыздырылған темірмен әрекеттесіп темір тотығы мен сутек түзеді. Әрбір заттың белгілі физикалық қасиеттері – түсі, тығыздығы, балқу, қайнау темперетуралары, жылу, электр өткізгіштігі т.б. (судың тығыздығы 4 °C–та 1 г/см3, мұздың балқу t 0 °C, қайнау t 100 °C т.б.) болады. Заттар құрамына қарай жай және күрделі болуы мүмкін. Күрделі зат әр түрлі әдістермен жай заттарға бөлінеді (электр тоғы әсерінен судың оттек пен сутекке ажырауы). Көптеген химиялық элементтер бірнеше жай зат түрінде болады. Химиялық элементтер өзара қосылысып химиялық косылыстар түзеді. Белгілі химиялық қосылыстардың саны 3 млн.-нан асады, элементтер саны 106, оның ішінде 89 элемент табиғаттан табылған, қалғандары жасанды жолмен алынған. Химиялық элементтер жерде шашырынды түрде таралған, әрбір химиялық элемент – атомдардың, ал химиялық қосылыс молекулалардың белгілі бір түрі. Атом – элементтердің химиялық қасиеттерін сақтайтын ең кіші бөлшегі, молекула – қосылыстардың химиялық қасиеттерін сақтайтын ең кіші бөлшегі. Материя қозғалысының химиялық түрін, яғни химиялық өзгеру процесін химиялық реакциялар деп атайды. Химиялық реакция нәтижесінде атомдар, молекулалар әрекеттесіп не молекулар қарапайымдау бөлшектерге ыдырап жаңа заттар түзеледі. Реакцияға қатысқан атомдардың тек сыртқы қабаттарындағы электрондық қабығының тығыздығы өзгереді, ал ішкі электрондық қабығы мен ядрода еш өзгіріс болмайды. Осы кездегі химия өзара тығыз байланысты бірнеше салаға бөлінеді. Олардың ең бастысы - анорганикалық химия мен органикалық химия. Заттар мен құбылыстарды физикалық әдістер көмігімен зерттеуден физикалық химия қалыптасты. Ол өте тез дамып келе жатқан әл түрлі пәндерге, мысалы, химиялық термодинамика, химиялық кинетика, электрохимия, коллоидты химия, фотохимия, радиациялық химия т.б. бөлінеді. Химия физикадан басқа жаратылыс тану ғылымдарымен де тығыз байланысты. Химия мен биология арасынан шыққан биохимия, молекулярдық биология тірі организмде жүретін процестерді, оған қатысатын заттардың мен геология арасынан шыққан геохимия, космохимия химиялық элементтердің жер қыртысындағы, космостағы күйін зерттейді. Химияның барлық салаларында және химия өнеркәсібінде қолданылатын анализ әдістерінің маңызы зор болғандықтан аналитикалық химия қалыптасты. Химияның тарихы. formula_1 Химияның маңызы. Осы кездегі химия алуан түрлі зерттеу әдістері, аса маңызды өндірістік, өнер-кәсіптік мәні бар ғылымға айналды. Осы кездегі химия алуан түрлі зерттеу әдістері, аса маңызды өндірістік, өнер-кәсіптік мәні бар ғылымға айналды. Атомдар мен молекулалардағы әлектрондарды сипаттайтын кванттық механика заңдарының ашылуы химиялық әрекеттесудің табиғатын анықтады. Заттардың қасиеті және құрылымымен қатар олардың өзгерістері кинетикасының заңдылықтары ашылуда, әсіресе химиялық реакциялардағы аралық өнімдер көбірек зерттелуде. Заттар мен процестерді зерттеуге осы күнгі физикалық әдістер мен құралдар (рентген структуралы анализ, спектроскопия т.б.) қолданылуда. Химияның міндеті. Заттарды қолдану үшін қасиеттерін анықтау, адамдардың сұранысына қажет жаңа химиялық заттар алу, табиғи қорларды орынды пайдаланып, қоршаған ортаны қорғау. Астрономия. Астрономия (грекше астрон - жұлдыз, ал номос – заң), физика сияқты – табиғат туралы көне ғылымдардың бірі Қазіргі астрономияның зерттеу ауқымы кеңейіп, көп салалы ғылымға айналды.Астрономия ғарыш кеңістігіндегі жекелеген денелерде немесе денелер жүйесінде болып жатқан құбылыстарды зерттейді. Аспан денелерінде жұлдыздар (соның бірі – Күн),планеталар (соның бірі – Жер), планеталардың серіктері; мысалы, Жер серігі – Ай, сондай-ақ кометалар, метеориттер жатады. Астрономия — ғарыштық денелердің құрылысы, дамуы, олар құрайтын ғарыштық жүйелер және тұтас Ғалам туралы ғылым. Ол гректің astron – жұлдыз және nуmos – заң деген сөзінен шыққан. Адам баласының өмірлік қажеттілігінің негізінде пайда болған ежелгі ғылымдардың бірі. Шығыс халықтарында біздің заманымыздан бұрынғы 6 ғасырдың өзінде-ақ алғашқы астрономиялық түсініктер пайда болған. Ежелгі Қытай мен Вавилонда негізгі уақыт бірлігінен басқа, экватордың эклиптикаға көлбеулігі, Күн мен Ай тұтылуының қайталану периоды (сарос) белгілі еді. Грекияда Жердің шар тәрізділігі туралы ілім қалыптасты. Қазақстанда Іле өзенінің орта ағысындағы Малайсары адырының батыс тұсын біздің заманымыздан бұрынғы 5 ғасырда жарты сақина түріндегі тастардан қаланған қорған табылды. Батыс және шығыс тұстардағы екі қорған арасындағы тік сызық жазғы күн тоқырауы, солтүстік және шығыс қорғандар арасындағы тік жазық қысқы күн тоқырауы сәтіндегі Күн сәулесіне сәйкес келеді. Орталық Қазақстандағы Толағай тауының маңындағы қорғанның оңтүстік және солтүстік үштағандарының ұшында қосымша үйілген тас қорғандар арқылы жыл мезгілдерінің басталуы, Ай мен жұлдыздардың тоғысулары анықталып отырған. Біздің заманымыздан бұрынғы 4 ғасырда Қытайда тұңғыш жұлдыз каталогы (тізімі) жасалды. Сол ғасырда Ежелгі Грекияда Аристотель дүние құрылысының жалпы жүйесін жасаған, оның орталығы Жер деп есептеген. Біздің заманымыздан бұрынғы 3 ғасырда Александрия ғалымы Эратосфен Жердің мөлшерін анықтаған. Біздің заманымыздан бұрынғы 2 ғасырда Гиппарх Жер дүниенің ортасында қозғалмай тұрады деп есептеп, планеталардың қозғалу теориясын жасаған. Ол 1022 жұлдыздың каталогын ұсынды. Ежелгі қазақ даласын мекендеген халық жұлдыздар мен шоқжұлдыздардың орны бойынша жыл мезгілдері мен жер тараптарын айыра білген. 9 ғасырда Халиф Мамунның нұсқауы бойынша Бағдад маңындағы Жер меридианы доғасының ұзындығы өлшенген. 11 ғасырда Бируни Жердің қозғалуы мүмкін деген идея айтқан. 13 ғасырда ат-Туси Оңтүстік Әзербайжанда обсерватория салдырып, планеталар қозғалысының жаңа кестесін жасады. Осы ғасырда Пекинде де обсерватория салынды. 1428 – 29 ж. Ұлықбек Самарқанда салдырған обсерваториясын үлкен мәрмәр секстантпен жабдықтатып, 1019 жұлдыздың каталогын және планеталар қозғалысының кестесін түзді. 1543 ж. поляк ғалымы Николай Коперник «Аспан сфераларының айналысы туралы» деген еңбегінде Жер қозғалмайды және бүкіл Ғаламның ортасында тұрады деген ілімді жоққа шығарып, Күн жүйесінің құрылысын – дүниенің гелиоцентрлік жүйесін түсіндіріп берген. Осы еңбектің негізінде италия ғалымы Джордано Бруно Ғаламның шексіздігі, ал оны мекендеуші дүниелердің сансыз көптігі туралы тұжырымдама жасады. Галилео Галилей өзі құрастырған телескоптың көмегімен 1609 – 10 ж. алғаш рет астрономиялық бақылаулар жүргізді. 17 ғасырдың басында Иоганн Кеплер планеталар қозғалысындағы үш заңдылықты, ал сол ғасырдың аяғында Исаак Ньютон бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқан. 17 ғасырдың соңы – 18 ғасырдың басында Франция, Англия, т.б. елдерде обсерваториялар салына бастады. 1718 ж. ағылшын астрономы Эдмунд Галлей жұлдыздың меншікті қозғалысын тапқан. 1761 ж. орыс ғалымы Михаил Ломоносов Шолпан планетасының атмосферасын ашты. 1755 ж. Иммануил Кант және 1776 ж. Пьер Лаплас Күн жүйесінің пайда болуы туралы алғашқы гипотезаны ұсынды. 19 ғасырдың ортасынан аспан денелерінің физикалық табиғаты жүйелі түрде зерттеле бастады. Қазіргі заманғы астрономия аспан денелерін зерттеудің тәсіліне қарай бірнеше бөлімге бөлінеді. Астрометрияда аспан объектілерінің орындары мен қозғалысы анықталады, Жердің айналу заңдылықтары зерттеледі, астрономиялық тұрақты шамалардың мәндері анықталады. Сфералық астрономияда аспан нысандарының орны мен қозғалысы математикалық тәсілдермен анықталады. Ал тәжірибелік астрономияда бұрыш өлшейтін аспаптардың жаңа теориялары жасалып, уақытты, географиялық координаттарды (бойлық пен ендікті), белгілі бір бағыттағы азимуттарды анықтау әдістері жүйеленеді. Аспан механикасында бүкіләлемдік тартылыс күшінің әсерінен болатын аспан денелерінің, соның ішінде жасанды денелердің қозғалысы, сондай-ақ аспан денелерінің тепе-теңдік жағдайы зерттеледі. Жұлдыздық астрономияда біздің Галактиканы (Жұлдызаралды) құрайтын жұлдыздар жүйесі, ал галактика сырты астрономиясында басқа галактикалар және олардың жүйелері қарастырылады. Құрамына астрофотометрия, астроспектроскопия, т.б. бөлімдер енетін астрофизика аспан денелерінде, олардың жүйелерінде және ғарыштық кеңістікте болып жататын физикалық құбылыстар мен химиялық процестерді зерттейді. Радиоастрономияда ғарыштан келген радиотолқындардың қасиеттері және олардың кеңістікте таралуы зерттеледі. Жердің жасанды серіктері, ғарыштық кемелер мен ғарыштық телескоптардың (мысалы, америкалық «Хаббл» телескопы) жасалуы астрономиялық зерттеулерді атмосферадан тыс жүргізуге жол ашты. Космогонияда жеке аспан денелерінің, сондай-ақ олардың жүйелерінің, атап айтқанда Күн жүйесінің пайда болу мәселелері, ал космологияда жалпы Ғаламның құрылысы мен заңдылықтары қарастырылады. Республикамызда 1942 ж. Алматыға жақын жердегі теңіз деңгейінен 1500 м биіктікте алғашқы отандық обсерваторияның негізі қаланды. 1950 ж. Астрономия және физикалық институтынан Қазақстан Ғылым академиясының Астрофизика институты бөлініп шықты. 1957 жылдан бастап ғарыштық аппараттардың координаттарын анықтау мақсатында жүйелі бақылаулар жүргізіліп келеді. Тұмандықтардың каталогы (1968) жарияланды. Бұл каталогта галактикадағы 120 нысанның жарқырауы, морфологиясы және олардың ғарышта тарала орналасуы жөнінде жаңа деректер қамтылды. Осы жылы диффузиялық тұмандықтар спектр фотометриялық әдіспен зерттеліп, 100-ге жуық диффузиялық тұмандық спектрлерінің каталогы жасалды. Алынған спектрлерді талдау барысында иондалған сутектің спектрлік сызықтары инфрақызыл және радиодиапазонда ғана емес, спектрдің оптикалық аймағында да болатыны анықталды. 800-ге жуық актив галактикадан тыс объектілердің спектрлері зерттелді, 50-ге жуық Сейферт галактикасы табылды. «Жұлдыздардың жинақталған спектрфотометриялық каталогы» (1978) басылып шығарылды. 1000-нан астам жұлдыздардың абсолюттік спектрлері туралы мәліметтер жарияланды (1985). Алғаш рет Юпитердегі қызыл дақтың газ-тозаңнан құралатыны жөніндегі болжам бақылаулар негізінде расталды және сол планета атмосферасындағы процестердің аксиметриясы байқалды. Соңғы жылдары астрономиялық зерттеулер ҚР Ғылым министрлігі Ғылым академиясының Астрофизика институтының Асы-Түрген обсерваториясында қарқынды түрде дамытылып келеді. Гемоглобин. Гемоглобин (грекше – haima, haimatos – қан және латынша globus -шар) – адамның, омыртқалы және кейбір омыртқасыз жануарлырдың қанының қызыл пигменті. Тыныс мүшелерінен оттекті ұлпаларға, ал көмірқышқыл газын ұлпадан тыныс мүшелеріне тасымалдайды. Табаған кешені. «Табаған» кешені — тау шаңғылауына арналған Бесқайнар кентіне жақын (бұрынғы Горный Садовод) Шыбынсай (Іле Алатауы) шатқалында салынған курорт, спорт және ойын-сауық кешен. Атауы. Кешеннің атауы «Тобогган» () сөзінен шыққан. Солтүстік Америка үндістері тайпаларының тілінде бұл сөз "ағаштан жасалған жалпақ қыстық шаңғы " дегенді білдіреді. Қазіргі ағылшын тілінде «түсу, таудан сырғанау» деген сөзді білдіреді. Сонымен қатар, «табаған» — адамдар төмен қарай арнайы шанамен сырғанайтын науа түріндегі ұзын иілген түсу жолын білдіретін батыстық аквапарктер мен қыстық парктердегі танымал аттракцион. Тарихы. Кешен 2005 ж. салынған. Осындай ірі көлемді жобаның іске асырылуы қазақстандық туризм нарығының, сондай-ақ қыстық спорт түрлерінің тарихында жаңа кезең болды. «Табаған» кешені осындай дәрежелі тау шаңғыларына арналған курорттарға қойылатын қазіргі заманғы әлемдік стандарттарға сәйкес салынды. Кешен Австриядан, Голландиядан және Ресейден әкелінген техникамен жабдықталған. Аспалы жолды құрастыруды және карточкалық кіру жүйесін енгізуді ресей мамандары жүзеге асырды, қалған жұмыстарды жергілікті компаниялар жасады. Кешеннің арқасында ауданның инфрақұрылымы мен экономикалық ахуалы елеулі жақсарып, отандық туризм индустриясын дамыту талаптарына да жауап берді. «Табағанда» жақын жатқан Бесқайнар поселкесінің жүздеген тұрғындары еңбек етуде. Оның ресми тұсаукесері 2006 жылғы қаңтардың аяғында болды. Екі күннен кейін осы жерде Алматы қаласының сноуборд пен экстремалды спорт түрлері Федерациясының (СЭСТФ) Кубогы алғаш рет ойнатылды. 2006 жылғы сәуір айында осы жерде ірі отандық және шетелдік БАҚ өкілдерінің қатысуымен, Дәриға Назарбаеваның басшылығымен Еуразиялық Медиа-форум өтті. Қосымша мәлімет. 2011 жылғы Алматыды болатын Қысқы Азияданың екі ойын түрі — фристайл және сноуборд жарыстары осынды өтпек. Хоккей (Қазақстан). Қазақстандағы хоккей — 20 ғ. 1950 жж. аяғында дами бастады. 1954 жылы Өскеменде, кейінірек Петропавлда, Алматыда, Қарағандыда хоккей командалары құрылады. Қазақ КСР-дегі петропавлдық «Металлист» жеңіп шыққан алғашқы ел біріншілігі 1955-1956 жж өтеді. Келесі маусымнан бастап жарты ғасыр дерлік ел біріншілігінің жеңімпазы өскемендік команда болды. 60 жж ортасына қарай республиканың әр қаласынан (Қарағанды, Теміртау, Ақтөбе, Қостанай, Рудный, Зыряновск, Глубокое мен Первомай ауылдарында (ШҚО), Павлодар, Целиноград (қазіргі Астана), Ермак (Павлодар облысы), Лисаковск, Орал, Жезқазған т.б.) 20-дай команда болды. Бүгінгі күнгі Қазақстан командалары: Ресей жоғарғы лигасында өнер көрсететін үш мықты — «Казцинк-Торпедо» (Өскемен), «Қазақмыс» (Сәтпаев), астаналық «Барыс», сонымен қатар Ресей бірінші лигасында ойнайтын қарағандылық «Сары-Арқа», «Горняк» (Рудный), павлодарлық «Ертіс», Қазақстан біріншілігінде алдыңғылармен бірге ойнайтын алматылық «Еңбек» клубы. 1992 жыл көктемінде Қазақстан ХМХФ- қа (ағылшынша — IIHF) қабылданады Көп-дәнді өңдеуіш. Көп-дәнді өңдеуіш () — жалғыз немесе бірнеше дай (die) деп аталатын интегріленген нобайдың ішіне екі немесе бірнеше дәнді сыйғызатын құрылғы. Атынан көрініп тұрғандай, қос-дәнді өңдеуіш екі дән ұстаса, төрт-дәнді өңдеуіш төрт дән ұстайды. Көп-дәнді өңдеуіш көптік өңдеуді жалғыз физикалық пакет ішінде іске асырайды. Барлық дәндері жалғыз дайда орналасқан өңдеуіш монолитті өңдеуіш деп аталады. Көп-дәнді құрылғының дәндері ең жоғары құрылғы үстіндегі кәш деңгейдегі жалғыз когерентті кәшті бөлісе алады (мысалы Intel Core 2-дағыдай) немесе олардың екі бөлек кәші болады (мысалы, AMD-дің осы күнгі қос-дәнді өңдеуіштері). Бұндай өңдеуіштер және қалған жүйемен бір байланыстырғышты бөліседі. Әр «дән» өз бетімен суперскалярлау, құбырлау және көптік жіптеу сияқты жақсыландыруларды іске асырайды. Н-дәнді жүйенің дәндері Н немесе одан да көп жіппен бірге егізді түрде келген жағдайда ғана тиімді болады. Коммерциялық жағынан ең мағыналы (немесе көзге көрінетін) көп-дәнді өңдеуіштер компьютерлерде (көбінесе Intel мен AMD-дің өңдеуіштері) және ойын консольдерде (мысалы, PS3-тегі Cell өңдеуіші) пайдаланылады. Бұл контексте «көп» деген сөз әдетте дәндердің аз ғана санын білдіреді. Алайда бұл технологияны көптеген басқа технологиялық өрістерде пайдалынады, әсіресе желілік өңдеуіш пен сандық сигнал өңдеуіш сияқты технологияларда және GPU технологиясында. Классикалық латын тілі. Классикалық латын тілі — латын тілінде жазылған, көне римдіктер «классикалық» деп қарастырған әдебиеттің тілі. Бұл тіл б.з.д. 1-ші ғасыр — 1-ші ғасыр аралығында латын әдебиетінің алтын дәуірінде қолданылды. 2-ші ғасырдағы «Күміс дәуір» әдебиеті де осы тілде жазылған деп санауға болады. Қазір «классикалық латын тілі» деп аталатын тіл көне латын тілінің әбден өңделіп, икемдестіріліп, әдеби тілге айналдырылған түрі. Ал көне латын тілінде жазылған әдеби шығармалардың қазіргі кезге дейін жеткендері өте аз. Классикалық латын тілі — көне латын тілін Аттикалық грек тілі бойынша өңдеудің, сол тілге еліктеудің жемісі. Класикалық латын тілі Үлкен Катон, Плаут, біршама дәрежеде Лукреций сияқты жазушылардың азанғы латын әдебиетінің тілінен біраз айырмашылығы бар. Мысалы, көне латын тіліндегі 2-ші септеудің "-om" және (жекеше атау) "-os" жалғаулары "-um" және "-us" түріне ауысты, кейбір сөздердің мағыналары да өзгерді (мысалы, "forte" енді тек "таңғалдырарлық" деп қана емес, "қатты" дегенді де білдіре бастады) Рим империясының қарапайым халқының тілі, әсіресе 2-ші ғасырдан бергі уақытта халықтық латын тілі деп аталады. Халықтық латын тілінің классикалық латыншадан сөз қоры мен грамматикасы жағынан өзгешеліктері болды, уақыт өте айтылуы жағынан да алшақтай бастады. Алтын дәуір латыншасы. Латын әдебиетінің «алтын дәуірі» () деп шамамен б.з.д. 75 — 14 жылдар аралығын қамтиды. Ол Рим республикасының соңғы он жылы мен Август Цезарьдың патшалық құрған заманы. Грек-рим классикасы бойынша мамандардың басым бөлігі осы кезеңді латын әдебиетінің шырқау шыңы, латын тілінде жазғысы келетіндер осы кезеңнің жазушыларына еліктеуге тиіс деп санайды. Поэзия. Алтын дәуірдің ең алғашқы ақыны болып Лукреций саналады. Ол Эпикур ілімін түсіндіретін "Заттардың табиғаты туралы" деген көлемді философиялық жыр жазған. Катулл одан сәл кейінірек жазды. Оның латын тіліне еңгізген жаңалығы — грек поэзиялық қалыптарын латын тіліне бейімдеп еңгізу болды. Катуллустың өлеңдерінде көбінесе өзінің жеке басынан өткен нәрселер суреттеліп, кейде эротикалық, кейде қуақы, жиі-жиі басқаларды мысқылдайтын сипатта болды. Ол тек грек мәнерінде жазатын әсері тамыр жайып, латын поэзиясына қатты ықпал етіп келді. Тек мәсіхшіліктің пайда болуымен және мүлдем басқа үрдістердің пайда болуымен ғана бұл ықпал жойылды. Латын тілінің алтын дәуірінің ең көрнекті көрінісі — Вергилийдің Гомерге еліктеп жазған "Енеида" жыры. Соған ұқсас үрдістерді Горацийдің шығармаларынан байқауға болады: оны одалары мен сатиралары грек үлгілерімен жазылған. Овидий де сол сияқты мифологиялық тақырыптарға көлемді жырлар жазған. Ол "Махаббат өнері" ("Ars Amatoria") деп аталатын жырдың да авторы. Тибулл мен Проперцийлер де грек үлгілеріне негізделген шығармалар жазды. Проза. Прозалық шығармалардың арасында Юлий Цезарьдың Галлия соғысы бойынша жазбалары латын тілінің алтын дәуірінің ең көрнекті мысалы болып саналады. Бұл шығарма өте қысқа, өте нақты, әскери мәнермен жазылған. Сонымен қатар, Рим заңгері әрі саясатшысы Марк Тулий Цицеронның да шығармаларын атауға болады. Оның соттарда сөйлеген сөздері мен саяси жазбалары ғасырлар бойы латын әдебиетінің «үлгісі» болып саналып келеді. Цицеронның жазған көптеген хаттары да біздің заманымызға дейін сақталып келді. Ол хаттардан оның жеке басының көптеген қасиеттерін, өмірінің жағдайларын және саяси оқиғалар туралы мол мәлімет алуға болады. Цицерон стоицизм тақырыбына арнап, философиялық шығармалар да жазған. Классикалық латын әдебиетінің маңызды бір бөлігін "тарихи жазбалар" құрайды. Саллюстийдің жазғандарынан "Катилинаның қастандығы" және "Югуртаға қарсы соғыс" атты тарихи шығармалары сақталып қалған. Тағы бір тарихшы Ливий «Қала салынғаннан бері» деген тарихи шығарма жазған. Онда Рим қаласының негізі қаланғаннан бері өткен тарихи оқиғалар баяндалған. Ливийдің осы шығармасы бастапқыда 142 кітаптан тұрса да, соның тек 35-і ғана қазірге дейін сақталды. «Күміс дәуір» латыншасы. Классикалық латын тілі 1-ші және 2-ші ғасырларда да қолданыла берді. Ол кезең енді латын әдебиетінің "Күміс дәуірі" деп аталады. Бұл кезеңнің әдебиеті «алтын дәуір» әдебиетімен салыстырғанда біршама нашарырақ болып саналады. Оның себебі — «күміс дәуір» жазушылары «алтын дәуір» жазушыларына еліктеумен болып, шығармаларында жаңа ойлар, соны тақырыптар дегендердің азайып кетуі. «Күміс дәуірі» латын әдебиетінде кейде «Август патшадан кейінгі дәуір» деп аталады. «Күміс дәуірден» бізге тек екі роман келіп жеткен: Апулейдің "Алтын есегі" және Петронийдің "Сатириконы". Стильдік өзгерістер. «Күміс дәуірдің» өзін одан әрі екі кезеңге бөлуге болады: 1-ші ғасырдың екінші жартысындағы «тәжірибешілдік» және 2-нші ғасырдағы жаңарған «дәстүршілдік». Нерон мен Домицианның билік құрған кезінде Кіші Сенека, Луканжәне Статиус секілді ақындар кейінгі әдеби сыншыларды біресе тамсандырып, біресе жиіркендіріп, біресе таңғалдырып отырған ерекше стильдің бастаушылары болды. Ол стильде кейінгі Рим білім беру жүйесінде шешендік өнеріне берілген басымдылықтың әсері көрінеді. Осы авторлардың жазу мәнері әрқашан олар сөз сөйлеп тұрғандай әсер қалдырады — көбінесе ділмар, кейде сөзуар. Кейде не туралы әңгіме болып отырғанын түсініксіздеу етсе де, сирек қолданылатын сөздер мен ұтқыр афоризмдер көптеп кездесіп отырады. Тақырып жағынан 1-ші ғасырдың екінші жартысындағы әдебиетте жойқын зорлық, сиқыршылық, ерекше күшті сезімдер туралы көп айтылады. Стоицизмнің әсерімен құдайлардың маңызы төмендеп, сезімдердің «физиологиясына» баса ден қойылады. Ашу, өркөкіректік, көре алмау секілді сезімдерді сипаттау үшін қабыну, ісу, қанның немесе оттің тасуы секілді анатомиялық ұғымдар қолданылады. Музалардың өзіне шабыт беруін Статиус тіпті "calor" ("безгегі ұстау") деген сөзбен суреттейді. Көне заманның да, жаңа заманның да неоклассицистері тақырып пен тілдегі ұшқарылықты айыптаса да, сол ақындар еуропалық Ренессанс заманында өте танымал болды, тіпті одан кейінгі заманда ағылшын модернист ақындарының қызығушылығын туғызды. 1-ші ғасырдың аяғына қарай поэзияның бұндай формасына қарсы жауап ретінде басқалай үрдіс пайда болды. Траянның және Антониндік императорлар тұсындағы Тацит, Куинтиллиандардың шығармаларында байсалдылық, дәстүршілдік басым. Кратон. Кратон (— "мықты") — орогениялық әрекетінің әсерінен шыққан Жер қабығының бір бөлігі. Жер қабығының осындай тұрақтылығы 1000 млн., ал кейбір аймақтарда одан да көп жыл орын алып отыр. Классикалық мысал ретінде Канада қалқаны боп табылады. Жер қабығы. Жер қабығы - Жердің ең тысқы жіңішке қатты қабаты. Жердің 1%-дан кем көлемін құрайды. Қалыңдығы мұхиттердің астында 5 км-ден бастап, тау тізбектерінің астында 60 км-ге жетеді. Жер-іспетті планеталардың беті көбінесе қатты, астындағы жатқан тығыздығы жоғары тау жыныстарына дейін құрамы әртүрлі боп келеді деп, қабық боп саналады. Қабықтағы элементтердің молшылығы, континенттік қабық және мұхит қабығы деген мақалаларды да қараңыз. Бәсіре. Бәсіре ("дәстүр") - Бала туған кезде немесе есі кіріп, оң-солын таныған соң,"сүндет тойына" немесе мектепке барғанда атасы немесе өз әке-шешесі оған тай атайды. Оны "бәсіре" тай дейді. Бала оны ерекше күтімге алады, бағады, үйретеді, және сол арқылы мал бағуға, еңбекке үйренеді. "Бәсіре" атау баланың көңілін өсіреді, өмірге бейімделеді. Өз қатарына "бәсіре тайым бар" деп мақтанып, деп өсіп жүреді. Мұның бәрі баланың көңілін өсіріп, ынтыландырып тәрбиелеудің бір жолы. Қазақстан мұзды хоккей ұлттық құрамасы. Мұзды хоккей Қазақстан ұлттық құрамасы Қазақстан (мұзды) хоккей Федерацисына бағынады. Бүкіл әлем бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы қазіргі кезде 15-ші орында тұр. Алғашқы қатысқан Қысқы Олимпиада Ойындарында (1998) Қазақстан бастапқы іріктеу ойындарынан өтіп, көпшілікті таңырқатып 8-ші орынға кеп тірелді. Қазақстандағы тіркелген хоккейшілер саны - 1,800 (елдің 0.01% құрайды). Бас жаттықтырушы 2009 жыл Наурызына дейiн - Ерлан Сағымбаев, ал Вильнюстегі 1-ші Дивизион Әлем чемпионатына бас жаттықтырушы лауазымын орындаушы Андрей Шаянов чемпионаттағы жеңісінен кейін 20 Сәуірде бас жаттықтырушы болып бекітілді. Накадзима әуе көлік жасап шығарушы компаниясы. Накадзима әуе көлік жасап шығарушы компаниясы (/) — Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ұшу аппараттарын жасап шығарумен айналысқан жапондық компания. Жапонияның ең алғашқы ұшақ жасап шығарушысы, оның негізін 1917 жылы Тикуэй Накадзима қалаған. 1931 жылы аты «Накадзима әуе көліктері компаниясы» болып өзгертілді. Жапония соғыста жеңілгеннен кейін компания қазіргі кезде Фудзи Раббит мотоциклдері мен Субару автокөліктерін шығаратын Фудзи компаниясы болып қайта құрылды. __NOTOC__ Леонардо да Винчи. Леонардо да Винчи (, 1452 ж. ақпанның 15, Флоренсия каласының төңірегінде — 1519 ж. мамырдың 2, Амбуаза, Түрен, Франсия) — ұлы италияндық суретші, әрі ғалым, «Әмбебап адам» () түрі — италияндық Ренессанс мұратының жарқын үлгісі. Өмірбаяны. Пиеро да Винчи деген Флоренсияның бір аймағындағы нотариусы мен Катерина деген диқаншы қызының баласы, Вероккионың сурет өнері саласындағы шәкірті, тез арада ұстазын басып озған Леонардо да Винчи бастапқыда саудагерлік Флоренцияда жұмыс істеп, артынан әр-түрлі княздер сарайларында ірі жоспарлар ұсынып еш түсіністік таппады. Шаршап, көңілі қалған ол, 1516 ж. қаңтарда Франсуа I королінің Франсияға көшіп келу ұсынысын қабылдап, сол жақта ғұмырының соңғы 4 жылын Клу (Түрендегі) қамалында бастаған істерін аяқтаумен өткізеді. Леонардода қазіргі мағыналы тегі болмаған; «да Винчи» «Винчи қалашығынан шыққан» дегенді білдіреді. Оның толық есімі —, яғни «Леонардо, Винчилік Пиеро мырзаның ұлы». Ойлап тапқандары. Оның тірі кезінде ел мойындаған туындысы — пистолетке арналған (кілтпен қосылатын) дөңгелектік құлпы. Бастапқыда сирек кездескен бұл нәрсе XVI ғасыр ортасына қарай дворяндар арасында, әсіресе кавалерияда, кең тараған. Тіпті лат құрылымында да ізін қалдырған, атап айтсақ: максимиоиандық доспехдерді пистолеттермен ату үшін қолғап, жеңімен бірге жасай бастады.Дөңгелектік құлпының жақсы ойластырылып шығарғандығы сонша, ол тіпті XIX ғасырда да кездесе берді. Данышпан адамдардың туындылары ғасырлар өте келе мойындалып жататындай, Леонардоның ойлап тапқандарының көбісі кейін толықтырылып, өзгертіліп бүгінгі күнге дейін қолданылуда. Мысалы, Леонардо да Винчи ауаны сығып, құбырлырмен жүргізетін құрал жасаған. Бұның қолдану аясы өте кең: пештерді жағудан …бөлмелерді желдетуге дейін. Леонардо — адамның су астында көп уақыт болу мүмкіндігі қызықтырған алғашқы ғалым емес. Мысалы, Баттиста Альберти Неми көлі түбінен кейбір Рим кемелерін көтеруді жоспарлаған. Леонардо болса жәй жоспарлап қана қоймай, су өткізбейтін теріден жасалатын сүңгуірлер костюмінің жобасын жасады. Костюмнің омырауында сүңгуірдің көтерілуін жеңілдету үшін ауамен толтырылатын, көлем ұлғайтқыш қалтасы болған. Леонардоның сүңгуірі демалу үшін, оның қалпағын су бетінде жүзетін күмбезмен жалғайтын, икемге келетін түтікпен жабдықталған. Леонардо да Винчидың қазіргі тікұшақтың «атасының» сызбанұсқасын жасағаны да баршаға мәлім. Винтінің ұзындығы сызбаға сәйкес 4,8 м болуы тиіс делінген. Ғалым жоспарына сәйкес ол металл окантовкасы, полотномен жабылу керек. Винт осьтің айналасында жүрген адамдардың рычагды итеруімен айландырылады.Леонардо өз жұмыстарында: «Егер винт механизмі біркелкі жақсы жасалған болса, яғни, еш айырылыс, тесіксіз, және тез айландырылса, онда ол ауада қолдау тауып биіктеп ұшып кетеді», — деп жазған. Адамды жүзіп үйретуге керектің маңыздысы — құтқару дөңгелегі. Леонардоның бұл тапқаны еш өзгеріссіз қалды деуге болады. Жүзу қарқынын үдетуге ғалым өзіндік қалғап ойластырады, бұл біртіндеп бүгінгі ластыға айналады. Сенуге қиын, бірақ Леонардо қазу үшін емес, қазылған заттарды көтеру, тасымалдау үшін …экскаваторларды ойлап табады. Ғалымлардың пайымдауынша, экскаваторлар Арно өзенінің арнасын өзгерту жобасына керек болған. Ені 18 м, ұзындығы 6 м болатын шұңқыр қазу жоспарланған. Аутордың суреттері қазатын машина мен шұңқыр өлшемдері жайлы ақпарат береді. Штангаларының әрқилы ұзындығы бар көтергіш кран бірнеше қарсысалмақпен екі немесе одан көп деңгейлі экскавацияда қолданыла алатынымен қызық.. Кран жебелері 180°-қа бұрылу аясымен арнаны толықтай қамти алды. Экскаватор рельстерге орнатылып, жұмыс орны өзгерген сайын, орталық рельстегі винттік мехинизм көмегімен алдыға жылжып отырған. Леонардоның ең танымал суреті — көне аутомобиль жобасы. Өзін-өзі қозғалтатын арба, энергия шығаратын рөлмен жалғанған, арбалетті механизммен жүретін болған. Артқы дөңгелектері бір-біріне тәуелсіз айналдырыла алған. Рөлмен байланысқан төртінші дөңгелек арқылы арба бұрыла алған. Бастапқыда король ауласының көңіл көтеруіне арналған бұл көлік Қайта Өрлеу дәуірі мен орта ғасыр инженерлер өздігінен жүру көліктер қатарына жатқан. Ғалымның кейбір еңбектерін адамзаттың енді ғана сынақтан өткізуге батылдары баруда: мысалы, Леонардо да Винчидың жобасымен норвегиялық Ас қаласынды 2001 жылы 100-метрлік жаяушылар көпірі жасалды. Бұл оқиға — өз уақытын әлдеқайда басып озған шебер архитектуралық жобасының іске асуының 500 жыл ішінде алғашқысы. Леонардо да Винчи бұл көпірді түрік сұлтанына арнап жобалаған: көпір Ыстамбұлдағы Алтын Мүйіз шығанағы арқылы өтуі тиіс болғын. Егер бұл жобы сол кезде іске асса онда ол өз заманындағы ең ұзын көпір (ұзындығы 346 м) болар еді. Сұлтан Баязет II Леонардоның бұл жобасынан бас тартқандықтан көпір салынбай қалады. 2002 жылы Британияда ұлы Леонардо да Винчидың тағы бір ойы іске асады: Суррей графтігінде дәл соның сызбасы бойынша жасалған қазіргі дельтаплан бастапқы үлгісі сәтті ұшты. Суррей төбелерінде өткен сынақты дельтапланеризмнен екі дүркін әлем чемпионы Джуди Лиден жүргізді. Ол әйелге да Винчи «протодельтапланын» ең биік 10 м көтеріп, 17 секунд ауада ұшқан. Бұл аппараттың істейтіндігіне айқын дәлел болды. Леонардо да Винчи ойынша «егер екі жағы да 12 адам қолындай ұзын, ал биіктігі −12, болатындай тығыз матадан тұратын тент болса, онда адам кез келген кәдімгідей биіктен зақымсыз секіре алады». Бұны өзі сынап үлгермесе де, 2000 жылы британ парашютисті Адриан Николас Оңтүстік Африкада 3 мың метр биіктіктен әуе шарынан Леонардо да Винчи сызбасымен жасалған парашютпен секіреді. Сәтті қонады. Ферманың кіші теоремасы. Егер "p" — жәй сан және "a" "p"-ға бөлінбесе, онда "a" "p — 1" ≡ "1" (mod "p")  (немесе "a p — 1 — 1" "p"-ға бөлінеді). Кез келген жәй "p" мен бүтін "a" үшін "a p — a" "p"-ға бөлінеді. Дәлелдеуі. Кез келген жәй "p" және бүтін теріс емес "a" үшін formula_1 "p"-ға бөлінетіндігін көрсетейік. "a" бойынша индукциямен дәлелдейік. Негізі "a=0" үшін formula_2 "p"-ға бөлінеді. Көшу. Тұжырым "a=k" үшін орындалсын. "a=k+1" үшін дәлелдейік. Бірақ formula_5 "p"-ға индукция жорамалы бойыншы бөлінеді. Басқа қосылғыштарды айтсақ, онда formula_6. formula_7 үшін, осы бөлшектің алымы "p"-ға бөлінеді, ал бөлімі — бөлінбейді, олай болса, formula_8 formula_9-ға бөлінеді. Сондықтан барлық қосылғыштар formula_10 "p"-ға бөлінеді. Теріс "a" және тақ "p" үшін теореманы "b=-a" деп қойып оңай дәлелдейді. Теріс "a" мен "p=2" үшін теореманың растығы formula_11 екендігінен шығады. Дәлелдеу керектігі де осы. Ғұсыл. Араб тілінде дене дәретін алуды, яғни шомылуды ғұсыл деп айтады. Мынандай жағдайларда ғұсыл парыз болады. 1. Ұйқыдан тұрғанда шәһуәт кеткені білінсе; 2. Шәһуәт нәпсінің қозуымен күштеп атылып шықса; 4. Хайыз әйелдердің етеккірі келген жағдайда; 5. Нифас бала тапқаннан кейінгі жағдайда; Осы жағдайларда бой дәрет парыз деп есептеледі. Онсыз намаз оқу, тіләуат сәждесін орындау, тіпті Қасиетті Құран Кәрим аяттарын оқудың өзі харам. Ғұсылдың парыздары. Осы айтылған парыздың бірі орындалмаса, кісі ғұсыл алған болып есептелмейді, әйелдер өрген шаштарын тарқатуы шарт емес. Бірақ шаштың түбіне су тигізуі шарт. Денедегі бір қылдың түбіне су тимей қалса, оның дәреті дәретке есептелмейді. Ғұсылдың сүннеттері. Ескерту: Киім шешілгеннен кейін «Бисмилләһ» деп іштей айтылады. Ғұсыл алу тәртібі. Қыстаған жағдайда алдымен іш дәрет алынады, қыстамаса соңынан алғаны артық. Кейін сүннет бойынша дәрет алынады. Бұл дәретті киімін шешпей тұрып немесе шешінгеннен кейін алса да болады. Егер ғұсылда басып тұрған жерге су жиналатын болса, аяқты шомылып болған соң бір ақ жуады. Дәретте қыблаға бет қарату әдепке жатса, ғұсылда мәкруһ болады. Сол себепті шешінгеннен кейін алды немесе арты қыблаға қаратылмайды. Шешінгеннен кейін «Бисмилләһ» іштей айтылады.Осыдан кейін сүннетке сай дәрет алынған жағдайда, білезікке дейін үш рет жуылып, ғұсылдың парыздары орындалады. Құйынғанда су алдымен басқа, одан кейін оң және сол иыққа, кейін оң және сол аяққа құйылады. Ғұсылда су алынатын ыдысқа мұқият болу қажет, әсіресе беті ашық ыдыстағы су күнге қызса, онан дәрет алу немесе ғұсыл құйыну мәкруһ болады. Ғұсыл үшін біздегі көпшілікке арналған моншаларға тек оранып кіру мүмкін. Себебі, әуретті бекіту мұсылмандарға парыз. Әуретті бөтен кісіге көрсету немесе біреудің әуретіне қарау харам. Ерлердің әуреті кіндіктен тізеге дейін, әйелдердің бет, екі қол білезікке дейін, ал аяқ тобыққа дейін әурет болып есептелмейді. Қалған жердің барлығы әуретке жатады. Дарындылық. Барлық бала дарынды немесе өзiндiк жеке дара ерекше қасиетi бар деген тұжырым педиатрлардың, педагогтардың, спорттық және көркем студиялардың маңызды мәселесiне айналды. Дарынды деп өз қатарларынан әлде қайда дамыған немесе ерекше бiр зейiн бар (музыкалық, көркемдiк, спорттық т.б. қасиеттер бар) балаларды айтады; ғылыми тұрғыдан кәдiмгi сөзде оларды жиi "вундеркиндтер" деп те айтады. Психология көзқарасынан дарындылық екi мағына бередi - жалпы рухани зейiндiлiк және нақты дарындылық. Жалпы зейiндiлiктi ғалымдар - жалпылау икемдiлiгi, кез-келген тақырыпта әңгемелесу, мәселелердi шешу және өз тәжiрибесiнде үйрену деп тұжырымдайды. Белгісі. Дарындылықтың бiрден-бiр белгiсi - тiлдiң ерте шығуы. Әсiресе, егер бала бөлек-бөлек сөздерден қарапайым сөйлемдерге көшсе, бұндай балалардың сөз байлығы да мол, әңгiмесi де мәнерлi болып келедi және олар сөздiң реңi мен нюанстарын iштей сезедi. Сөйлемдерi ұзақ және орынды. Көп балаларда әзiл-оспақ қасиеттерi кездеседi. Олардың есте сақтау қабiлетi жақсы дамыған, ойлау қабiлетi де жан-жақты. Дарынды балалар әдетте 4 жасында хат таниды, оқи алады. Тәжiрибелi психолог-мұндай баланы өткiр көзқарасынан және өзiнiң ерекше iс әрекетiне қарап көпшiлiк iшiнен иез тауып алады.Егер үлкендер мен бала қарым-қатынасында сенiмдiлiк болмаса, ең үлкен дарын да танылмай қалады. Дарындылық, сол сияқты қарапайым зейiндiлiк жылулық сүйiспеншiлiк және қамқорлық ортада ғана ашылады. Бiрақ, баласының жеке дара қасиеттерiн дамыту үшін дарынды ата-ана болу қажет. Дарынның белгiсерiн байқау оңай ерекше қасиеттерiн байқап өзiнiң қалауынша тәрбиелейдi. Осы кезде, мысалы музыкаға зейiнi бар бала әркезде әндетiп, ал математикалық қасиеттер есiп шотқа деген қызығушылығында байқалмайтының ұмытпау керек. Балалық шақтағы дарындылықтың ерте көзге түсуi ата-аналардың, педагогтардың қамқоршылығын талап етедi. Дарынды балалардың мүмкіндіктерін дұрыс пайдалану, дамыту мақсатында арнайы жасалынған бағдармалар арқылы оқыту жүргізіледі (мысалы, арнасы дарынды балаларға арналған арнайы физики-математика мектептері). FIFA. ФИФА ( — 'FIFA") — Футбол Қауымдастықтарының Халықаралық Федерациясы, халықаралық басқару ұйымы. Бас кеңсесі Цюрихте, Ісуішрия, орналасқан бұл ұйымды Йозеф «Зепп» Блаттер (Joseph Blatter) басқаруда. ФИФА ірі халықаралық футбол додаларын, негізінен 1930 ж. бері ұйымдастырылатын FIFA әлем кубогін, басқарып, ұйымдастыруға жауап бередi. ФИФА-ға 208 ассоциация мүшелері кiредi, бұл Біріккен Ұлттар Ұйымы мүшелер санынан 16-ға, ал Халықаралық олимпиадалық комитетi мүшелер санынан 3-ке артық. Тарихы. ХХ ғасырдың басында халықаралық футбол додалары көбейген соң, олардың бәрін ұйымдастырын және басқаратын ұйым құру керектігі сезілді. Басында бұл жұмысты ағылшын футбол федерациясы бақылаған. Содан кейін басқа жеті Еуропа мемлекеті 1904 жылы маусымның 21 Парижде ФИФА ұйымын құрған. Бұл ұйымның бірінші президенті болып Робер Герен сайланды. ФИФА ұйымдастырған бірінші турнир 1906 жылы өтті. Бірақ бұл шаралар онша сәтті болмағандықтан, Геренді ағылшын Дэниел Вулфолл ауыстырды. Келесі футбол турниры 1908 жылғы Лондондағы Олимпиадада өткен. Ондағы бір қиыншылық — Олимпиадаға кәсіпқой футболшылардың қатысуы. Ал 1909 жылдан бастап ФИФА-ға басқа құрлық өкілдері кіре бастады: ОАР — 1909 жылы, Аргентина — 1912 жылы, АҚШ — 1913 жылы. Бірінші Дүниежүзілік Соғыс кезінде көптеген футболшылар соғысқа аттанды, ал қалғандарына турнирлер өткізу өте қиын болды. Соғыстан кейін Вулфолл қайтыс болды, ал оның орның голландиялық Карл Хиршман басты. Бірінші Дүниежүзілік Соғыс нәтижесінде ФИФА-дан британиялық барлық футбол федерациялар шығып кеткен. Екінші Дүниежүзілік Соғыстан кейін өзінің дамуындағы жаңа кезеңіне өтті. ФИФА-да енді барлық құрлықтан өкілдер болған. Ұлыбритания мен КСРО ұйымға қосылды. Футболдың дамуына телетрансляциялар көп ұлес қосқан. Қазір ФИФА жақанды ұйымға айналды. Оның үлкен қаржылық кірістері телетрансляция және түрлі футбол өнімдерін сатудан тұрады. ФИФА Президенттері. ФИФА-ның қазіргі президенті Зепп Блаттер Әлем чемпионаттары. Жюль Римэ 1921 жылы ФИФА-ның үшінші президенті болды. Оның арқасында ФИФА екі Олимпиада кезінде футбол турнирларын өткізді. Бірақ оларға Англия және Шотландия қатыспаған. Содан кейін ФИФА футболдан әлем чемпионатын өткізә мәселесін қарастыра бастады. Бірінші рет ол туралы 1928 жылы айтқан, ал 1930 жылы Уругвайда бірінші Әлем чемпионаты өтті. Оны алаң қожайындары ұтты. Содан кейін осы турнирді төрт жыл сайын өткізіп тұрады. 1940-1948 жылдары бұл турнир соғыс болғандықтан өткізілген жоқ. Соңғысы Алмания жерінде өтіп, оны Италия құрамасы жеңген. Келесі Әлем кубогі ОАР-да өтеді. Басқа турнирлер. ФИФА, Әлем чемпионаты мен Олимпиададағы футбол турнирлерінен басқа, өзге турнирлер өткізеді. Олардың ішінде жасы 17 және 21 дейінгі жастарға арналған Әлем чемпионаттары. Футболдан клубтар арасындағы әлем кубогі Соңғы жылдары тағы бір турнир пайда болды. Оның аты Конфедерациялар Кубогі. Оған әр құрлықтың жеңімпазы, әлем чемпионы және ұйымдастырушы ел қатысады. Бұл турнир келесі Әлем чемпионаты болатын елде өтеді. 1991 жылдан бастап әйелдер арасында Әлем чемпионаттары өткізіліп бастады. Ал 2002 жылдан бастап 21 жасқа дейінгі қыздар арасында әлем чемпионаты өткізілсе, 2008 жылда 17 жасқа дейінгі бойдеткендер де өз әлем кубогына қатысты. Клубтар арасында өтетін жалғыз турнир — футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионаты. Бұл турнир көрермен арасында көп қызығушылық көрсетпей келе жатыр. ФИФА үлкен футбол басқа, жаға-жай футбол және футзалдан турнирлер өткізеді. Ойын шарттары. Футболшының ойыннан тыс қалу жағдайы Ойын шарттарын тек қана ФИФА қоймайды. Бұл мәселемен айналысатын ұйым — Футбол Ассоциацияларының Халықаралық Кеңесі (ағылш. International Football Association Board, IFAB). Кеңес 8 кісіден тұрады. Оның 4 — ФИФА мүшелері, қалған 4 — Британия халқының футболдың пайда болу және дамуына үлкен үлес қосқан үшін — Англия, Шотландия, Уэльс және Солтүстік Ирландия футбол федерацияларынан алынады. Құрылымы. ФИФА 6 конфедерацияға бөлінген. Олар әр құрлық деңгейінде футбол додаларының ұйымдастыруымен шұғылданады. Әр мемлекеттің ұлттық футбол қауымдастығы ФИФА-ның және өз құрлығының конфедерациясының мүшесі болады. Бірнеше елдің қауымдастықтары белгілі себептермен басқа құрлықтың конфедерациясына кірген. Азия мен Еуропа құрлықтарының екеуінде де орналасқан мемлекеттер конфедерациясын өздері таңдаған. Олар ішінде Ресей, Түркия, Қазақстан, Израиль. УЕФА-ға соңғы мемлекет, Черногория, 2007 жылы қосылған. Гайана және Суринам КОНКАКАФ мүшелері болғанымен, олар Онтүстік Америкада орналасқан. Аустралия 2006 жылдан бастап Океаниядан Азия футбол конфедерациясына көшті. Себебі Аустралия құрамасының құрлықтың басқа командаларынан тым мықты болғаны. Қазіргі уақытта ФИФА-ға 208 ұлттық қауымдастық кірген. Ай сайын ерлер және әйелдер ұлттық құрамаларының рейтингі жарияланады. Марапаттары. Пеле ФИФА жыл сайын Әлемнің үздік ойыншысы сыйлығы береді. Ол жыл аяғында берілетін марапат. 2004 жылы ФИФА Франция және Бразилия құрамаларының арасында "Ғасыр ойыны" деген матчты ұйымдастырған. Оған қоса ФИФА-ның ұсынысымен Пеле түрлі уақытта ойнаған ең үздік футболшылар тізімін құрған. Оның аты "ФИФА 100 үздік ойыншысы" болған. Бұл тізімде 50 ойыншысы сол кезде футбол ойнап жүрген (біреуі тіпті әйел адам), және 75 бұрын ойнаған футболшы (Олардың ішінде Пеле және қайтыс болмаған ойыншылар болған. Онда тағы бір әйел болды). Бас кеңсе. Бас кеңсе () — компаниялар, мекемелер, ұйымдардың, концерндердің мекен-орны, негізгі орталық ғимараты. Бас кеңседе ұйымның негізгі функциялары орналасады; басқару т.б. маңызды шешімдер қабылданады. Атауы. Қазақша кейде "штаб-пәтер" деп те аталуға мүмкін. Қашаған кен орны. Атырау қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 80 км жерде орналасқан Қашаған кеніші Қазақстанның бірінші аса ірі кенорны. Қашаған 75 км x 45 км аумақты алып жатыр. Бұл кенішке ХІХ ғасырда Маңғыстау облысында дүниеге келген қазақтың танымал ақынының есімі берілген. Каспийдің солтүстігінде жатқан Қашаған кен орыны «Восток-1» ұңғысымен 2000 жылы ашылды. Бұл әлемде 30 жылдың ішінде ашылған ең ірі кен орындарының бірі. Оның геологиялық қор көлемі бойынша 4,8 млрд тонна мұнай бар. Каспийдің солтүстік жобасы Agip КСО консорциумымен іске асырылып жатыр. Оның құрамына 18,52% үлесі бар ENI (жобаның ортақ операторы), Total, ExxonMobil, Royal Dutch Shell, 9,26% үлесіне ие ConocoPhillips, және 8,33% үлесі бар Inpex и «ҚазМұнайГаз» компаниялары кіреді. Қазақстан үкіметі Қашаған жобасында операторлық қызметін атқарған итальяндық ENI компаниясының жұмысына қанағаттанбады. Бұған кен орнына қатысты жасалған жаңа сметалық құжат себеп болды. Онда шығын көлемі $57 млрд тан $136 млрд дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ, өнім өндіре бастау мерзімі 2008-2010 жылға ауыстырылды. Кейін, Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау ведомствосы Қашаған кен орынын пайдалану рұқсатын тоқтатты. Ресми мәліметтер бойынша, мұндай шешім Agip KCO консорциумының республикалық табиғатты қорғау заңдарын орындамағаны үшін қабылданған. Үш айлық келіссөздердің нәтижесінде 2007 жылдың 3 желтоқсанында «ҚазМұнайГаз» Қашаған консорциумымен өзара түсіністік жөнінде хаттамаға қол қойып, онда жобаны іске асыру уақыты және шығындар көлеміне қатысты мәселенің қайта қаралатыны көрсетілді. Құжат бойынша 20 желтоқсанда барлық компаниялар, өздерінің үлесіндегі бір бөлікті «ҚазМұнайГаз»компаниясына тапсыру және оның операциялық қызметіндегі ролін көтеру жөнінде келіссөздерді аяқтауы тиіс болатын. Сөйтiп, Қашағанға қатысушы компаниялар ENI, Total, Shell және ExxonMobil-дiң үлес салмағы — «ҚазМұнайГазбен» бiрдей 16,8%-ды құрайды. Қазақстан компаниясы шетелдiк компаниялардан акцияны сатып алғаны үшiн 1,78 миллиард доллар төлейтiн болады. Қазатомөнеркәсіп. «Қазатомөнеркәсіп» АҚ (Қазақстанның ұлттық атом компаниясы) — Қазақстанның уран және өзге металдарды экспорттау жөніндегі ұлттық операторы. Компанияның 100% акциясы мемлекетке тиесілі. Мұхтар Жәкiшев басқаратын «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы Қазақстандағы уран сатуға рұқсаты бар жалғыз кәсiпорын. Бiрақ, қазақстандық ураны толығымен дерлiк шет елге шығарылады. Өйткенi, Қазақстанда Маңғыстау облысында тек бiр атом стансасы бар. Сондықтан, елдегi iшкi тұтыну мөлшерi аз, дейдi мамандар. Оның үстiне, бұл атом стансасы қазiр тоқтап тұр. Қазақстандық уранды табу жолы басқа елдермен салыстырғанда оңай, сондықтан, оның өзiндiк құны да айтарлықтай қымбат емес деген пiкiр бар. Ал уран өндiрiсiнiң ұлғайтылуы экологияға кесiрiн тигiзбейдi дейдi мамандар. 2007 жылы жапондық «Тошиба» корпорациясынан «Қазатомөнеркәсіп» АҚШ атомдық реакторларды өндіруші болып табылатын «Вестиңһауз» компаниясының 10 пайызын сатып алды. 2010 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясы табиғи уран өндірісі жөнінде әлемнің № 1 компаниясы атанбақ. Қазақстандағы атомдық өнеркәсіп. Тарихы. Өткен ғасырдың 40-ыншы жылдары Кеңестер Одағында елдің атом саласын құру мен дамыту бағдарламасы жасалды. Соған байланысты КСРО Мемлекеттік Қорғаныс комитеті 1944 жылы Қазақстанда және Одақтың басқа да аймақтарында уран кен орындарын іздеп табуға барлық геологиялық ұйымдарды жұмылдыруды Геология жөніндегі комитетке арнайы тапсырды. Одақта жаппай уран іздеу ісі осы қаулыдан бастау алады. Сөйтіп, Кеңестер кезінде республикада жеткілікті дәрежеде қуатты, дамыған инфрақұрылымы және білікті мамандары бар уран саласының мықты өнеркәсібі қалыптасқан-ды. Уран өндірумен төрт комбинат шұғылданып, олардың өндірістік қуаты КСРО-дағы өнім көлемінің 30% -дан астамын өндіруге мүмкіндік беретін. Қазақстандағы бастапқы геологиялық барлау жұмыстары 1947 жылы құрылған Волков экспедициясы (қазіргі “Волковгеология”) еншісінде. Ал еліміздегі алғашқы уран кен орны - 1951 жылы ашылған Қордай кеніші. Соғыстан кейін, яғни 1947-1965 жылдар аралығында уран іздеудің белсенді әрекеттері одан әрі жалғасты. 60-жылдардың басында “Волковгелогия”, “Краснохолмгеология”, “Степгеология”, “Кольцовгеология” өндірістік-геологиялық бірлестіктері геолог-барлаушыларының күшімен Қазақстан аумағында уранның минералды-шикізат қорын жасаудың бірінші сатысы аяқталды. Бұл өз кезегінде Целинный (кейінірек – “ЦГХК”), Прикаспийск (“Каскор”) және Қара-Балта (“КГРК”) қайта өңдеу комбинаттарының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етті. 60-жылдардың екінші жартысында жерасты ұңғымалық шаймалау әдісімен инфильтрациялық қабатты кен орындарындағы нашар рудалардан уран өндіру мүмкіндігі АҚШ-та дәлелденді. Бұл Қазақстанның шикізат базасындағы жағдайды түбегейлі өзгертіп жіберді. 70-жылдардың соңына таман Ыңғай, Мыңқұдық, Мойынқұм, Қанжуған, Солтүстік және Оңтүстік Қарамұрын сияқты тағы басқа бірегей кен орындары табылды. 1980-1982 жылдары Қазақстанда уран өнімдерін шығару ең жоғары деңгейге жетті. Дерлік 30 кен орнында уран өндірілді. Атом өнеркәсібі кәсіпорындарында еңбек ететін жұмысшы-қызметкерлер саны 70 мыңнан асып жығылды. 1953 жыл мен 1999 жылдар аралығында республика аумағында уран өндіру көлемі 225 миллион фунт U308 жетті. 90-жылдардың басында өндірістің кәдуілгі әдіс-тәсілдері кең қолданылып, ол жалпы өнімнің 70% құрады. Алайда жоғарыдан басқарылатын экономикадан нарықтық қатынастарға ауысу бірыңғай жерасты шаймалау технологиясы қажеттігін көрсетті. Алғаш рет уранға деген мемлекеттік тапсырыстың төмендеуі 1983 жылы тіркелді. Өндіріс 25-30%-ға құлдырап, одан кейінгі жылдарда да сол деңгейде қалып қойды. 80-жылдардың ортасына таман басталған қарусыздану саясаты салдарынан және атышулы Чернобыль оқиғасынан кейін (әсіресе 1988 жылдан бастап) атом энергетикасын дамыту бағдарламасы кейінге ысырылды да, Целинный мен Прикаспийск өндірістік кеніштерінде және қайта өңдеуші комбинаттарда уран өндіру көлемі одан әрі қысқартыла берді. Шахталық және карьерлік өндірудің тиімсіздігінен және әлемдік рыноктағы бағаның төмендігінен Қазақстанда 6 кен басқармасы жабылып, 2 басқармада өнім өндіру мүлде тоқтатылды. Целинный тау-кен өндірістік және қайта өңдеуші комбинаты (Степногорск қ.) 1995 жылы өндірістің нәтижесіздігінен өзінің Грачев және Шығыс кеніштерінде руда өндіруді аяқтады. Уран концентраты біріккен өнім ретінде Ақтаудағы балық сүйектері қазбаларынан фосфор қышқылын шығаратын бұрынғы Прикаспийск тау-кен өндірістік және қайта өңдеуші комбинатында да (АО “КАСКОР”) дайындалатын. Номинальды қуаты жылына 5,2 миллион фунт U308 болған бұл кәсіпорын бәсекеге қабілетсіздігінен 1993 жылы консервацияланды. Республикамыз жерасты шаймалау әдісімен алынатын бай уран қорына ие. МАГАТЭ-нің соңғы Қызыл Кытабына (1999 ж.) сәйкес, барланған және алдын ала бағаланған 433,940 МТ U (1,1 миллиард фунт U308) Қазақстан уранының қоры ең аз шығын талап ететін 1-інші категорияға жатқызылған және ол осы шығындар классификациясындағы әлемдік уран қорының 35% құрайды. Бұл ресурстардың басым бөлігі Оңтүстік Қазақстандағы Шу-Сарысу және Сырдария бассейнінде шоғырланған. Жерасты шаймалау әдісімен өндірілген кезеңдегі өнімнің жалпы көлемі 1990 жылы 4,9 миллион фунт U308 жеткенімен, 1997 жылы 2,5 миллион фунтқа дейін төмендеп кетті. Алайда, 1999 жылы қолданыстағы инфрақұрылымдарды жаңғыртуға қаржы салудың ұлғаюына байланысты 3,6 миллион фунтқа U308 өсті. Жерасты шаймалау әдісімен өнеркәсіптік өндіріс мұнда 70-жылдардың соңына қарай Уанас және Мыңқұдық кеніштерін игеруден басталды. 1990 жылы “Степное”-дағы өнім мөлшері 2,4 миллион фунтты U308 құрады, бұл номинальды жылдық өндірістік қуаттың (2,6 миллион U308) 90%-дан астамы еді. Әйтсе де, өнім өндіру көлемі 90-жылдардың ортасына дейін жыл сайын құлдырап, 1,0 миллион фунтқа U308 жетті. Жерасты ұңғымалы шаймалау әдісімен уран өндіру 1982 жылы уран қоры 50 миллион фунтты U308 (орташа кен құрамы 0,45%) құрайтын Қанжуған кенішінде басталды. Ал номинальды өндірістік қуаты - жылына 2,6 миллион фунт U308. 90-жылдардың ортасына дейін өнім өндіру көлемі орташа есеппен әлеуеттік деңгейдің 50%-да болып, 90-жылдардың соңына қарай жылына 1 миллион фунтқа U308 азайды. Уран өндіру 1985 жылы Солтүстік Қарамұрын (50 миллион фунт U308 орташа құрамы 0,08 % U308) кен орнында басталды. Номинальды өндірістік қуаты жылына 1,6 миллион фунт U308, алайда 1995-1996 жылдары өндіріс көлемі 0,5 миллион фунтқа U308 түсіп кетті. Уранды қайта өңдеу жұмыстары 1955 жылы құрылған Целинный таукен-химия комбинатында және 60-жылдардың басында ашылған Прикаспийск таукен-металлургия комбинатында жүргізілді. Бұл екі кәсіпорынның құрылуы Қазақстанды КСРО-дағы уран өнімдерін өндіретін көшбасшы республикалар қатарына қосқан-ды. Үлбі металлургия зауыты (Өскемен қаласы) 1949 жылы пайдалануға берілген. Зауыт негізінен КСРО әскери-өнеркәсіптік кешеніне қызмет көрсетті, сондықтан да мұнда ең озық технология, жоғары сапалы қондырғылар мен құрал-жабдықтар, сондай-ақ металлургия және атом өнеркәсібі саласындағы білікті мамандар шоғырланды. ҮМЗ басты өнімі - атом стансаларына арналған (КСРО-дағы сұраныстың 85%) отын таблеткалары болды. Зауыт уран өнімдерінен басқа бериллий, тантал, ниобий және балқымалы қышқылдар шығарған. Географиялық орналасуына орай “Степное” және “Централное” кеніштерінде алынған “сары кек”-тің бір бөлігі Қырғызстанның Қара-Балта қаласындағы тау-кен комбинаты басқаруындағы гидрометаллургия зауытына темір жол арқылы жіберіліп отырылды. Сол сияқты, №6 Кен басқармасынан шыққан “сары кек” ШығысСирекМеталл (Ходжент, Тәжікстан) өндірістік қауымдастығы басқаруындағы Чкалов гидрометаллургия зауытына да жіберілген. Атом индустриясын дамыту ісінде тәжірибелік реакторлар маңызды рөл атқарды. 1972 жылы Ақтау қаласында КСРО-да тұңғыш рет БН-350 жылдам нейтронды тәжірибелік-өнеркәсіптік реакторы іске қосылып, ол Маңғыстау энергокомбинатының (МАЭК) құрамдас бөлшегіне айналды. Келесі бір зерттеу реакторы Алатау кентінде (Алматыдан 20 шақырым) қоныс тепкен Қазақ Ғылым Академиясының ядролық физика институ жанынан құрылды. Тағы үш зерттеу реакторы Семей ядролық полигоны аумағындағы “Луч” ғылыми-өндірістік бірлестігінде орналасқан. 1986-1990 жылдар аралығында қолданыстағы атом стансаларының қуаты бесжылдық жоспарда жоспарланғаннан 40% аз болды. Жақын және алыс қашықтықтағы зымырандардан ядролық жауынгерлік қондырғылар шешіп алынды. Атом өнеркәсібі алғаш рет уранды қайта өндіру проблемасымен бетпе-бет келді. Саланың дағдарысы. - бұрын КСРО Орта машина жасау министрлігі құрамында болған кәсіпорындардың бытыраңқылығы; - республикадан сыртқа шығарылатын ядролық материалдарды бақылайтын мемлекеттік органның болмауы экспорттық табыстан айырумен қатар, әлемдік рынокта Қазақстан имиджына да көлеңке түсірді; - Ресей рыногынан айырылу өнім өндіру көлемін төмендетуге әкеп соқтырды; - бұрынғы КСРО мен жас тәуелсіз мемлекеттер достастығы ТМД-ға бағытталған демпингке қарсы әрекет; - уран бағасының арзандауы (1979 және 1986 жылдардағы АҚШ пен КСРО АЭС-ларында болған апаттар атом электр стансалары бойынша бағдарламаларды тоқтатуға себеп болса, қарусыздану саясаты нәтижесінде уранның артық өндірілетіні байқалды); - уран өндірудің өзіндік құны рыноктық бағасынан асып кеткендіктен кеніштерді жабудың анық қаупі төнді; 1991 жылдың соңына таман бұрын КСРО-ның біртұтас ядролық-отын кешені құрамына кірген 8 кәсіпорын ғана жұмыс істеді: «Центральное», «Степное», №6 кен басқармалары, «Волковгеология», Целинный тау-кен-химия комбинаты, «Каскор», Үлбі тау-химия комбинаты, Маңғыстау атом комбинаты. КСРО тұсындағы кооперациялық байланыстардың бұзылуына байланысты сол кездегі Қазақстан экономикасының ауыр халіне қарамастан, уран индустриясы дағдарысты жеңу үшін жеткілікті қорға ие еді. Табиғи уранның барланған арзан қорлары, ядролық-отындық циклдың кей кезеңдері бойынша айтарлықтай ғылыми-өндірістік әлеует, сирек металдар өндірісі бойынша бірегей қуаттардың сақталуы осындай мүмкіндіктер берді. Тәуелсіздік және жаңғыру жолымен. 1992 жылдан бастап Ресей қазақ табиғи уранынан бас тартып, нәтижеде саланың тау-кен өндіруші және өңдеуші кәсіпорындары үшін қиын кезең туындады. Соған байланысты, Қазақстан Республикасының Үкіметі атом энергетикасы мен өнеркәсібі жүйесіне жататын барлық кәсіпорындарды Қазақ мемлекеттік атом энергетикасы мен өнеркәсібі кәсіпорындарының корпорациясына (КАТЭП) біріктіруге ұйғарды. Жаңа ұйымның алдына нақты міндеттер қойылды: бұрынғы орта машина жасау кәсіпорындарын біріктіру; саланы сақтап қалу және одан әрі жаңғырту стратегиясын жасап шығу; әлемдік уран рыногында егеменді елдің және оның кәсіпорындарының мүддесін қорғау; өндірістік және кадрлық әлеуетін ескере отырып кәсіпорындарды конверсиялау мен диверсификациялау жұмыстарын жүргізу. Қазақстан уранын әлемдік рынокқа алып шығу және бұрынғы Одақтас республикалардың барлығының басына түскен тығырықтан жол табу оңай соққан жоқ. 90-жылдардың басында Кеңестер Одағы жаппай қаруланудың тоқтатылуына байланысты «Конкорд-Нуэкско» америкалық сауда фирмасының делдалдығымен АҚШ-қа табиғи уранды экспорттай бастады. Бұл уран бағасының бір фунты 8 долларға дейін төмендеп кетуіне және КСРО-ға бағытталған демпингке қарсы істің қозғалуына әкеп соқтырды. Аталмыш іс 1991 жылғы 29 қарашада басталып, 1992 жылғы 25 наурызда АҚШ-тың Сауда департаменті тергеу амалдарын ТМД-ның басқа да елдеріне қатысты жалғастыру керек деп шешті. Сол тұста шешуші қадамдар жасау қажет болды. Республика Премьер-министрінің өкіміне сәйкес КАТЭП мамандарынан жұмыс тобы жасақталды. Корпорация “Шерман и Стерлинг” заң фирмасын жалға алды, сондай-ақ “Меркейтор” фирмасының мамандары жұмысқа тартылып, АҚШ рыногындағы Қазақстан мүддесін қорғау тұжырымдамасы дайындалды. Ұзаққа созылған келіссөздерден кейін қазақстандық делегацияның тұжырымдамасы қабылданып, 1992 жылғы 16 қазанда “Қазақстан Республикасына қарсы антидемпингтік үдерісті тоқтату туралы Келісімге” қол қойылды. Келісімге қол жеткізілуі (американ рыногында уран саудалаудың квотасы алынды) — жас та тәуелсіз мемлекеттің үлкен жетістігі еді. Бұл Қазақстанға — ТМД елдері ішіндегі жалғыз мемлекетке 1993 жылы АҚШ рыногына 760 тонна тотықтырылған-шала тотықтырылған уран жеткізіп беруге мүмкіндік туғызды. 1993 жылғы 31 тамызда Республика Министрлер Кабинетінің қаулысымен аталмыш корпорация “КАТЭП” Ұлттық акционерлік компаниясы болып қайта құрылды. Бұл қадам кешікпей оң нәтижесін көрсетті – ел аумағынан ядролық материалдарды бақылаусыз экспорттау мүмкіндігін жоққа шығарды. Сол кезден бастап (Франция мен Германиядағыдай) елдің әлемдік уран рыногындағы ұстанымын нығайту үшін Қазақстан уранды өндіру, тасымалдау және экспорттауды жүзеге асыратын біріккен бір заңды тұлғаны ұсынды. Атом энергетикасы жөніндегі ұлттық агенттік құрылып, Қазақстан Атом энергетикасы бойынша халықаралық агенттікке мүше болды. “КАТЭП”-тің бес жылдық жұмыс тәжірибесі көрсеткеніндей, уран өндірісінің саласын стратегиялық және үйлестіруші жоспарлау, кәсіпорындардың өндірісті қызметін басқару, несие және инвестицияны, қаржы және әкімшілік бақылауды қызметін қамтамасыз ететін басқарудың қазіргі ұйымдық құрылымы тұсында тапсырма-міндеттерді жаһандандыру міндеті алда тұрды. Өндірістің спецификасы, уран минералды ресурстарының стратегиялық мән-маңызы, технологияның құпиялылығы, уран рыногының шектеулігі мен өзіне ғана тән ерекшеліктері уран өндірісіндегі монополияны сақтау қажеттігін аңғартты. Мұнай. Мұнай - көміртегілер қоспасы болатын, жанатын майлы сұйықтық; қызыл-қоңыр, кейде қара түске жақын, немесе әлсіз жасыл-сары, тіпті түссіз түрі де кездеседі; өзіндік иісі бар; жерде тұнбалық қабатында орналасады; пайдалы қазбалардың ең маңызды түрі. Мұнайдың элементтік құрамы мен гетероатомдық компоненттері. Көміртектермен қатар мұнай құрамында тағы басқа заттар да бар. Мырышы бар - H2S, меркаптандар, моно- және дисульфидтер, тиофендер мен тиофандар полициклдіктермен бірге т.б. (70-90% қалдық өнімдерде шоғырланады); азотты заттар – негізінен пиридин, хинолин, индол, карбазол, пиррол және порфириндер (үлкен бөлігі ауыр фракциялар мен қалдықтарда шоғырланады) гомологтары; қышқылды заттар – нафтен қышқылы, фенолдар, смолалы-асфальтты т.б. заттар (әдетте жоғары қайнайтын фракциларында кездесетін). Элементтік құрамы (%): С – 82-87, Н – 11-14.5, S – 0.01-6 (сирек – 8-ге дейін), N - 0,001—1,8, O — 0,005—0,35 (сирек – 1.2-ге дейін) және т.б. Барлығы мұнай құрамында 50-ден аса элементтер табылған. Мысалы, жоғарыдағылармен қоса V(10-5 — 10-2%), Ni(10-4-10-3%), Cl (іздерінен бастап 2•10-2%-ға дейін) т.с.с. Әр зат әр кен орнында әр мөлшерде кездесетіндіктен орташа химиялық қасиетттер жайлы тек шартты түрде ған аайтуға болады. Пайдасы. Мұнай дүние жүзілік жанар-жағар май-энергетикалық балансында орасан зор үлеске ие: оның адамзат пайдаланатын қуат көздері ішінде 48% алады. Болашақта бұл көрсеткіш мұнай өндірудің қиындай беруінен, және атом және басқа қуат көздерін пайдалануының өсуінен кеми береді. Химия мен мұнай-химия өнеркәсіптерінің қарқынды дамуына байланысты мұнайға деген сұраныс жанар-жағар майлар үшін ғана емес, синтетикалық каучук, синтетикалық талшықтар, пластмасс, жуу құралдарын, пластификатор, бояғыштар т.б. (әлемдік өндірістің 8%-нан астамы) өндіру шикізат көздері үшін өсуде. Осыларды шығаруға бастапқы заттар ретінде көп қолданылатындар: парафиндік көміртектер – метан, этан, пропан, бутан, пентан, гексан, және жоғарымолекулярлықтар (10-20 атомды молекулалы көміртектер), циклогексан; ароматты көміртектер – этилен, пропилен, бутадиен; ацетилен. Уран (химиялық элемент). Уран - периодты жүйедегі атомдық нөмірі 92 болатын химиялық элемент. Атомдық массасы - 238.029, U (лат. - "Uranium") болып белгіленеді, актиноидқа жатады. Энергия көзі ретінде қолданылуы. Уран - бәсекелестiк қабiлетi анағұрлым жоғары энергия көзi болып табылады. Оның басқа отын көздерiнен басты айырмашылығы - ол жоғары концентрацияланған энергия көзi. Яғни, әрi жеңiл, әрi арзан тасымалданатын энергия көзiнен саналады. Мәселен, 1 кг уран дәл осы мөлшердегi көмiрден бөлiнетiн энергиядан 20 мың есе жоғары электр қуатын бөледi. Жалпы құны жағынан да тиiмдi. 1 кВт сағат өндіруге кететін көмiрдің құны 4 евроцент тұрса, осы мөлшердегi газ 1,3–2,3 евроцентке шамалас. Ал уранның дәл осы көлемi небәрi 0,4 евроцентпен бағаланады. «Ал осындай жеңiлдiктерге ие бола тұра, Қазақстан сонау жылдан берi көз қырын қайда қадап жүрген?» деген сұраққа жауап - Қазақстан әлi Чернобыль электр стансасындағы жарылысты ұмыта қойған жоқ. Уранның радиоактивтiлiгi оны өндiру мен өңдеуде, тасымалдау, өндiрiсте қолдану кезiнде үлкен кедергi келтiрумен бiрге төндiретiн қатерден қауіптенген елiмiз уран кенорындарын зерттеу жұмыстарын жасырын түрде жүргiзiп келдi. Уранның әлемдiк қорының 80 пайызы 9 ел үлесiне тиедi. Олар: Аустралия, Қазақстан, Канада, ОАР, Намибия, Нигерия, Ресей, Бразилия және АҚШ. Атап өтерлiгi, уран өндiрiсiнде алғы шептегi үш мемлекеттiң бiрi - Канада мен Австралиядан кейiн тұрған Қазақстан. Соңғы зерттеу қорытындылары ел аумағында 1 млн. тоннаға жуық табиғи уран қоры бар екенiн айқындап бердi. Уран қоры Қазақстанның оңтүстiк бөлiгiнде шоғырланған. Бүгiнде уран кенiшiнiң төрт торабы бар. Солтүстiк торапта Уанас, Шығыс Мыңқұдық, Ыңғай, Ақдала, оңтүстiк Ыңғай, Батыс Мыңқұдық, орталық Мыңқұдық және Буденовское кенiштерi орналасса, шығысында оңтүстiк Мойынқұм, оңтүстiк Мойынқұм-1, Төртқұдық, Қанжуған, оңтүстiк Мойынқұм-2, батыс торапта солтүстiк Қарамұрын, оңтүстiк Қарамұрын, Қарасан-1, Иiркөл және оңтүстiк торапта iрi «Заречное» кенiштерi бар. Рас, бұлардың кейбiрi уран өндiрумен қазiрдiң өзiнде айналысып жатса, құрылысы бiтпеген келесiлерi алдағы екi-үш жыл iшiнде өз жұмыстарын бастайды деп жоспарланып отыр. Әлем бойынша уран өндіру. 2005—2006 жж елдер бойынша U өндіру (тоннамен). KEGOC. «KEGOC» акционерлік қоғамы ( — "электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы") — «Қазақстан Республикасының электр жүйелерін басқаруды құрылымдық қайта құру жөніндегі кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 28 қыркүйектегі № 1188 қаулысына сәйкес құрылды. «KEGOC» АҚ-ның бастапқы мемлекеттік тіркелу күні 1997 ж. 11.07. «KEGOC» АҚ-ның құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 қаңтардағы № 50 жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 ақпандағы № 1117 қаулысына сәйкес «KEGOC» АҚ-ның мемлекеттік акциялар пакеті «Самұрық» «Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ-ның жайғастырылатын акцияларын төлеуге тапсырылады. «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының электр энергетикасында нарықтық қарым-қатынастарды одан әрі дамыту шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18.02.2004ж. № 190 қаулысына, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 27.08.2004ж. № 198 бұйрығына сәйкес «KEGOC» АҚ Қазақстандағы біртұтас электр энергетикалық жүйенің (бұдан әрі- Қазақстан БЭЖ) Жүйелік операторы болып тағайындалды, негізгі міндеттері мемлекеттік саясат шеңберінде қазіргі техникалық, экономикалық, экологиялық талаптарға тиісті Қазақстан БЭЖ-нің бірқалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету және Ұлттық электр торабын сенімді басқаруды жүзеге асыру болып табылады. ҚазМұнайГаз. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ — ұлттық мұнай-газ саласында қазақ мүддесін қорғаушы, Қазақстан ірі мұнай-газ компаниясы. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ президенті — Ұзақбай Қарабалин. ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы халықаралық қор нарығына шықты. Қарабалин, Ұзақбай Сүлейменұлы. Ұзақбай Сүлейменұлы Қарабалин — «„ҚазМұнайГаз“ Ұлттық компаниясы» АҚ президенті, ғылым қайраткері. 1947 жылы 14 қазанда Қазақстан Республикасы Атырау облысы Ембі ауданы Қосшағыл кентінде туған. 1970 ж. И.М. Губкин атындағы мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтын «Мұнай мен газ кеніштерін игерудің кешенді механизациясы және технологиясы» мамандығы бойынша бітірді. Техника ғылымдарының кандидаты (Уфа мұнай институты,1985 ж.) «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» кафедрасы бойынша академиялық профессор (Атырау мұнай және газ институты, 2001 ж.) ҚазҰТУ-дың құрметті профессоры (Қазақ ұлттық техникалық университеті, 2004 ж.) «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлі академияның академигі (ҚР ҰИА, 2004 ж.) 40-тан астам мақала, кітап, 5 өнертапқыштық жаңалық авторы. Еңбек жолы. 1973 ж. — «Қазмұнайгазбарлау» басқармасы Оңтүстік Ембі мұнай-газ барлау экспедициясының инженер-технологы (Атырау обл.) 1974 ж. — Қазақ ғылыми-зерттеу геологиялық барлау мұнай институтының шайылмалы ерітінділер, бұрғылау технологиясы зертханасының меңгерушісі (Атырау обл.) 1981 ж. — Қазақ ғылыми-зерттеу геологиялық барлау мұнай институтты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары (Атырау обл.) 1988 ж. — «Каспиймаңыгеология» Бас аумақтық басқармасы тереңдей бұрғылау басқармасының бастығы (Орал қ.) 1990 ж. — В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының Гурьев филиалының кафедра меңгерушісі (Атырау қ.) 1991 ж. — ҚР Президенті Аппаратының және ҚР Министрлер кабинетінің өнеркәсіп бөлімінің аға референті (Алматы қ.) 1992 ж. — ҚР Энергетика және отын ресурстары министрлігінің мұнай және газ бас басқармасының бастығы 1994 ж. — ҚР Энергетика және отын ресурстары министрінің, ҚР Мұнай және газ өнеркәсібі министрінің орынбасары 1997 ж. — «Қазақойл» ҰМК бірінші вице-президент (Алматы қ.) 2000 ж. — «ҚазТрансГаз» ЖАҚ президенті (Астана қ.) 2001 ж. — ҚР Энергетика және минаралды ресурстар вице-министрі (Алматы қ.) 2003 жылдан «„ҚазМұнайГаз“ Ұлттық компаниясы» АҚ президенті (Алматы қ.) ҚазТрансГаз. «ҚазТрансГаз» компаниясы — Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 ақпандағы № 173 қаулысына сәйкес құрылды. 2002 жылдың ақпан айынан бастап «ҚазТрансГаз» «ҚазМұнайГаз» ҰК ЖАҚ құрамына кіреді. «ҚазТрансГаз» АҚ (ҚТГ) құрамына жиынтығында компаниялар тобын білдіретін, газ және оны қайта өңдеу өнімдерін өндіретін, тасымалдайтын және сататын, электр және жылу энергиясын генерациялайтын және жеткізетін, сервистік қызметтер көрсететін кәсіпорындар кіреді. ҚТГ қазіргі уақытта магистральды газ тасымалдау жүйесіне, алты облыстағы өңірлік таратушы газ құбырларына, елдің энергетикалық кәсіпорындарының акцияларына ие. Сонымен бір уақытта компания Қазақстан Республикасынан тыс жобаларды іске асыра отырып, газ тасымалдау базасын дамытуда және өткізу рыноктарын кеңейтуде. Қазақстанның газ өнеркәсібі. табиғи газдың көптеген өнеркәсіптік қорының болуы, оны пайдаланудың жоғары тиімділігі мен салыстырма түрдегі төмен капитал сыйымдылығы қысқа мерзімде республиканың отындық баланс құрылымын газға қарай өзгертуге мүмкіндік туғызады. Қазақстанда газ өнеркәсібінің даму болашағы зор… КСРО-да бірегей халық шаруашылығы кешенін құру Қазақстанның аумағында Бұқар-Орал, Орталық Азия-Орталық және Бухара-Ташкент-Фрунзе-Алматы ірі магистралдық газ құбырларын салуға себеп болды, олар бойынша осы уақытқа дейін тұтынушыларға көгілдір отын жеткізілуде. Бірегей газ тасымалдау жүйесі орталықтан басқарылды, республикада негізгі басқаруды Қазбасгаз жүзеге асырды. Түрікмен мекн өзбек газын Қазақстан аумағы бойынша солтүстікке жеткізу керек болды. Магистралды газ құбырлары қазақстандық көмірсутегінің негізгі кен орындары орналасқан Қазақстанның батыс өңірлері бойынша жобаланып, өткізілгендігін атап өткен жөн. Қазақстанның тәуелсіздік алуымен бірге газ тасымалдау жүйесінің магистралдық жүйесін басқарумен «Қазақгаз» отандық мемлекеттік құрылымы айналысты. Алайда тиімді шаруашылық ету жедел жұмыс жасау және желілерді жарамды күйінде ұстау үшін ғана емес, оларды дамыту үшін де күрделі салымдарды талап етті. «Қазақгаз» қалыптасқан жағдайға байланысты осы проблемаларды шеше алмады да үкімет деңгейінде шетелдік инвесторларды тарту туралы шешім қабылданды. 1997 жылдың жазында бельгиялық «Трактебель С.А.» компаниясы мен Қазақстан Республикасы Ішкі және халықаралық газ тасымалдау жүйелері концессиясы шартын жасасты. Шартта бастапқы мерзім — барлық талаптар сақталған жағдайда ұзарту мүмкіндігімен 15 жыл көзделді. Жүйенің айтарлықтай бөлігі — 10 магистралдық газ құбыры, газ қотару қондырғыларымен 21 компрессорлық станциясы мен үш жер астындағы газ қоймасы концессияға түсті. Әлеуетті инвестор әдейі шартқа арнап екі компания құрды — «Интергаз Орталық Азия» (газ құбырларының операторы) және монополист «Алматы Пауэр Консолидейтед». Сонымен бірге, концессионердің пайда болуымен елімізде газдың тұтынылуы күрт төмендеді, өйткені инвестор өздерінің ішкі резервтерінен газ жеткізілімімен емес, оны тасымалдаумен ғана айналысты. Тұтынушылар үшін бұл беріліп отырған газ бен электрэнергиясы бағасының көтерілуін білдірді. Әлеуметтік қорғауға үйренген тұтынушылар жалақысын уақтылы алмағанына байланысты ақы төлемегені үшін, сондай-ақ жеткізушілермен соттық дау-дамайлар үшін жылу және элетржабдықтауды өшіріп тастауға ұшырады. Үш жыл бойына оңтүстік қалалар газ бен жылудың жетіспеуінен айтарлықтай зардап шекті, осыған куә болғандардың айтуы бойынша, суықтан тоңған халық саябақтардағы ағаштарды шаба бастаған. Алматыда наразылық митингілері өтетін болды, әсіресе зейнеткерлердің «Ұрпақ» қозғалысы ерекше көзге түсті. Жағдайының тұрақсыз екенін сезінген «Трактебель» компаниясы бұл салаға қаражат салуға ұмтылмады, 1999 жылы компания басшылығы Қазақстаннан кету туралы ойлана бастады. Газ тасымалдау жүйесін басқару проблемасын шұғыл тәртіпте шешу керек болды, оның үстіне өзбекстандық жеткізушілер жиі-жиі газдың бағасын көтеруге тырысты. 2000 жылдың ақпан айында «ҚазТрансОйл» ұлттық газ тасымалдау компаниясы «ҚазТрансГаз» еншілес құрылымын құрды, ол «Интергаз Орталық Азия» компаниясы акцияларының 100%-іне ие. «ҚазТрансГаз»-ға еліміз бен әлемде мемлекеттің газ рыногының мүдделерін білдіру міндеті артылған. Компания магистралды газ құбырлары бойынша табиғи газды тасымалдауды басқарады, ішкі және сыртқы рыноктарда газды сатумен айналысады, құбырлары мен газ қоймаларын әзірлейді, қаржыландырады, салады және пайдаланады. Еліміздің газ нарығында болған үш жылдың ішінде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді. Вентрис, Майкл. Майкл Джордж Френсис Вентрис (шілденің 12-сы, 1922 – қыркүйектің 6-сы, 1956) — ағылшын архитекторы және классикалық тілдер маманы. Ол Джон Чадвикпен бірге Сызықтық Ә жазбасын алғашқы рет оқыған.. Вентрис Швейцарияда және Стоу скул мектебінде оқыған. (Стоу — 18-ші ғасырда салынған үй.) Вентрис алты еуропалық тілде сөйлей біліп, латын және классикалық грек тілінде оқи алған. Ол 1940 жылы Сәулетшілік ассоциациясының сәулетшілік мектебіне оқуға түсіп, оны 1948 жылы бітіріп шығады. Сол екі арада оқуын Британия әскери әуе күштерінде штурман ретінде қызмет ету үшін үзе тұруға мәжбүр болады. 1951-1953 жылдары Сызықтық Ә жазбасын алғаш рет оқи алғаннан кейін аздаған жыл өткен соң 34 жасында көлік апатында қаза табады. Сызықтық Ә жазбасы. 20-шы ғасырдың басында археолог сэр Артур Ивенс Крит аралында орналасқан ежелгі Кноссос қаласын арши бастайды. Соның кезінде ол белгісіз бір әліпбимен жазба жазылған көптеген қыш тақташаларды тапты. Олардың кейбіреулерінің ертеректе жазылғандығы анықталып, ол Сызықтық А жазбасы деп аталды. Ал қыш тақташалардың көбі одан көп кейін жазылғандығы анықталып, Сызықтық Ә жазбасы деп аталды. Ивенс одан кейінгі бірнеше онжылдықты солардың мағынасын тауып, оқуға тырысумен өткізді, бірақ бұнысынан ештеңе шықпады. Мәселенің бір бөлігі Ивенстің өзінде болатын — оның Крит өркениеті туралы алдын ала қалыптасқан пікірлері бар болатын, әрі Сызықтық Ә жазбаларының тілі — ол өзі «миной тілі» деп ат берген тіл деп ойлады. Оның үстіне оның ғылыми дүниедегі ықпалы зор болып, соның арқасында ол қыш тақташалардың тілінің грекше екендігінің бағытында зерттеу атаулыны болдырмай тастады. Ал ол тілдің грек тіліне жақындығына нұқсайтын кейбір айғақтар бар болатын. Вентрис басында етруск тілі мен «миной» тілінің арқасында байланыстар бар болуы мүмкін деген болжамға негізделді. Кейін бұл болжамның жаңсақтығы анықталса да, ол осы бағытта зерттеулерін 1950-ші жылдардың басына дейін жалғастыра берді. Ивенс қайтыс болғаннан кейін көп уақыт өтпей Алис Кобер Сызықтық Ә жазбаларындағы кейбір сөздердің жалғауларының өзгеріп отыратынын байқады. Ол бұны латын және грек тілдеріндегі сияқты септіктер болатын шығар деп жорамалдады. Вентрис осы жорамалға негізделіп, қыш тақташалардағы таңбалардың дауысты және дауыссыздармен байланыстыратын кесте жасады. Олардың нақты қандайы дауысты және қандайы дауыссыз екендігі белгісіз болып қала берсе де, тақташалар тілінің құрылымы туралыбіраз біліп алған Вентрис оларды біртіндеп анықтай бастады. Сызықтық Ә тақташалардың кейбіреулері Грекияның құрылықтық бөлігінде табылды. Вентрис кейбір қайталанып отыратын таңбалардың тізбектері жалқы есімдер болуы мүмкін деп жорамалдады. Кейбір есімдерді тек Крит аралында табылған тақташалардан ғана кездестіруге болатынын байқап, бұл қалалардың аттары болатын шығар деген жорамал жасады. Бұнысы өте дұрыс жорамал болып шықты. Осы арқылы кейбір таңбалардың мәнін анықтап алған Вентрис мәтіндердің көп бөлігін аударып, сызықтық Ә мәтіндерінің тілінің грек тілі екендігін анықтады. Бұл Ивенстің миной тарихы туралы болжамдарынан түк те қалдырмай, Крит өркениетінің Грекия тарихының Миной дәуіріне жататынын дәлелдеді. Сыртқы еренсілтемелер. Вентрис, Майкл Вентрис, Майкл Вентрис, Майкл Компьютерлік ойын. Компьютерлік ойын — ол ойнағанға арналған компьютерлік бағдарлама. Қайта оларға видео-ойындар мен мобильді ойындар да жатады. Сан. Сан — мөлшерді сипаттайтын, санауда пайдаланылатын абстракт нәрсе. Реті бұлай болады: formula_7 Дағдылы сан. Дағдылы сандар санау үшін пайдаланылуы мүмкін (бір алма, екі алма, үш алма, …). Дағдылы сандар — заттарды табиғи санау кезінде, немесе реттік санау кезінде пайдаланылатын сандар. Теріс, бүтін емес сандар — дағдылы сандарға жатпайды. Дағдылы сандар жиынын formula_1 нышанымен белгілейді. Дағдылы сандар жиыны шексіз — кез келген дағдылы сан берілсе, одан да үлкен дағдылы сан табылады. Пеано аксиомалары. "x" санына осыдан кейінгі келесі санды қоятын "S" функциясын енгізейік. Нұркина, Лия. Лия Нұркина — атыраулық таэквондошы 19 жасында-ақ өзге елдің төрінде еліміздің көк байрағын желбіретіп, әлем чемпионатының жүлдегері атанды. Уақыт оза Дүниежүзілік универсиадада дәл сондай нәтижеге қол жеткізді. Бұл күндері ол Қазақстанның Бейжің Олимпиадасында жүлде алады деген үміткерінің бірі. Бала күнінен доп тебуге әуес әкесі Асылбектің жетегіне еріп, спорттағы жеңіс пен жеңілістің не екенін ойына түйіп өскен Лия мектепте оқып жүргенде жеңіл атлетикамен шұғылданды. Кейіннен таэквондоға аңсары ауды. Көзі оттай жанып, алыса кетуге дайын тұрған Лияға бұл өнердің қыр-сырын С.Әділов үйретеді. Жаттықтырушысының сенімін анық сезінгендіктен болар, Нұркина бір жылдан соң облыс чемпионатында І-орынды қанжығасына байлады. Осылайша тасы өрге домалаған ару 2000 жылдары республикаға танымал жаттықтырушы Мұстахим Қабдырашевтың назарына ілігеді. Дәл сол 2000 жылы Лия 59 келі салмақта Ирландияда өткен әлем чемпионатына қатысады. Өкінішке қарай, бұл қадамы сәтті болмады. 2001 жылы Азия біріншілігіне барып, онда да ұтылып қалады. Айтарлығы, осы сәтсіздіктердің барлығы кеудесінде намысы оттай лаулаған Лияның жігерін жаниды. Оның жеке бапкері Бауыржан Төребаев та шәкіртінің жеңісті күндерінің әлі алда екенін айқын сезінген еді. Жаңа шерік. Жаңа шеріктер (/ yeniçeri — "жаңа әскер, жаңа шерік") — Османлы сұлтанының жеке әскерлерін және оққағарларын құраған топтар. Бұл әскер 14-ші ғасырда пайда болған, 1826 жылы сұлтан ІІ-ші Махмуд тарапынан таратылған. Жаңа шеріктің пайда болуы. Жаңа пайда болған Османлы империясының сұлтаны І-ші Мурад бұл әскери құраманы шамамен 1365 жылы ұйымдастырған. Ол әуел баста зиммилерден (мұсылман еместерден), әсіресе христиан жастарынан және тұтқындарынан тұратын. Олардың жағдайы Мысыр мәмлүктеріне ұқсас болатын. Сұлтан І-ші Мурад үлгі ретінде футууа топтарын алған болуы мүмкін. Жаңа шеріктер сенімділігі және батылдығы кейде күмәнді болып отыратын тайпалық ғазилерді ығыстырып, османлылардың алғашқы тұрақты әскеріне айналды. Жаңа шеріктердің арасына жаяу әскерден басқа әскер түрлері қосыла бастағаннан кейін, османлылардың тұрақты әскер құрамалары "капыкулу" («есіктегі құл») деп атала бастады. Алайда сол «капыкулулардың» бір бөлімі болған «жаңа шерік» атауымен жаңсақ болса да бүкіл Османлы капыкулу әскери топтары аталатын болды. Жаңа шеріктердің маңызы. Жаңа шерік топтары бірнеше жағынан маңызы болды. Олардың арнайы әскери униформалары болды, оларға жалақы қолма-қол ақшамен тұрақты түрде төленді, олар саппен жүргенде қазіргі әскери оркестрге ұқсайтын меһтер деп аталатын ерекше әскери әуеннің екпінімен жүрді. Осы сияқты белгілер жаңа шеріктерді өз заманындағы әскерлердің арасында ерекшелеп тұрды. Османлылар Рим империясы құлағалы бері Еуропадағы ең алғашқы тұрақты армия ұйымдастырды. Жаңа шеріктер Рим әскеріндегі преториялық сақшыларға ұқсас болатын, әрі сол замандағы феодалдық христиан әскерлерінде оларға ұқсас ешбір әскер жоқ еді. Христиан феодал қолбасшылары болса соғысуға қажетті әскерді соғыс басталғанда ғана жинай бастайтын. Жаңа шеріктің әскери құрамасын оның өз отбасысы еді деп айтуға болады. Олар өздерінің барактарында тұрып, бейбітшілік кезінде тәртіп сақшылары және өрт сөндірушілер ретінде қызмет етті. Жаңа шеріктердің тағы бір айырмашылығы — басқа әскерлерге жалақы тек соғыстың кезінде ғана төленсе, оларға қолма қол ақша тұрақты түрде төленіп тұрды. Ақша оларға әр тоқсанда бір рет төленіп, сұлтан оларға жалақыны туралы әмір берген соң, өзі де жаңа шерік киімін киіп, олардың барактарына келіп, Бірінші дивизияның қатардағы жауынгері ретінде өзінің де жалақысын алатын. Оқатар қарумен қаруланған жаяу әскердің қылыш пен найзамен қаруланған атты әскерге қарағанда әлдеқайда қарулы екені анықталғанда, жаңа шерік күштерінің маңызы айқын бола бастады. Жаңа шеріктер оқатар қаруларды өте ертеде, 15-ші ғасырда меңгеріп алған болатын. 16-шы ғасырда мүшкет жаңа шеріктің басты қаруына айналды. Жаңа шеріктер алғашқы болып гранатыларды және қол зеңбіректерді қолданды. Жаңа шерік әскерлерінің тылдық қамтамасыз еті қызметтері де өз заманындағы ерекше құбылыс болатын. Жаңа шеріктер соғысты жақсы ұйымдасқан әскери машинаның бір бөлігі ретінде жүргізді. Османлылардың әскерінде жолды дайындайтын арнайы бөлім, алға шығып шатырларды тігетін арнайы бөлім, нан жабатын арнайы бөлім сияқты бөлімдер бар болатын. «Джебеджілер» бөлімі қару-жарақ пен оқ-дәріні алып жүріп, керек кезінде үлестіріп беретін. Жаңа шеріктер құрамасының өзінің дәрігерлік қызметі де бар болатын. Мұсылман және яһуди оташылары жорықтардың кезінде әскерлермен бірге болып, жаралылар мен ауру-сырқауларды артқы шептегі жылжымалы госпитальдарға шығару жолын ұйымдастыратын. Осы айырмашылықтардың және жаңа шерік әскерлерінің ерекше тиімділігінің себебінен заманында шетелдіктер оларды зерттеумен айналысты. Уақыт өте осы заманғы армиялардың ұйымдастырылуының арқасында жаңа шеріктердің артықшылықтары күшін жоғалтса да, кейңн Османлы империясының өзі де жаңа шерік әскерлерін таратып жіберсе де, олар көптеген адамдар үшін османлы заманын білдіретін белгілердің бірі болып қала беруде. Қазіргі кездері жаңа шерік әскерлері кәсіби соғыс күші ретінде қолданылмаса да, меһтер әуендері мәдени мұра ретінде және туристерді қызықтыру үшін маңызы бар. Әскерге алу, дайындықтан өткізу және әлеуметтік жағдайы. Алғашқы жаңа шерік қосындары соғыста тұтқындалғандар мен құлдардан жарақталды. Ол үшін тұтқындар мен құлдардың бестен бірі ("пенжік" атты ереже бойынша) іріктелді. 1380-ші жылдардан кейін сұлтан І-ші Меһмет олардың қатарларын "девшірме" деп аталатын адамнан салық салудың жаңа түрі арқылы толықтыра бастады. Сұлтанның қызметшілері ол үшін мұсылман емес, әдетте Балқан христиан ұл балаларынан алды. Олар басында жаңа туған нәрестелерден кездейсоқ түрде алынып, кейін қатаң іріктеліп алынатын болды. Олар ислам дінінде тәрбиеленіп, жақсы дайындықтан өтетін. Басында бұған көбінесе гректер, бұлғарлар, армяндар және балқан албандары алынатын. Әр қырық үйден бір ұл бала алынатын. Бірақ әскерлерге деген талапқа қарай бұл өзгеріп отыратын. 14-18 жастағы жасөспірімдер құп көрінетін, бірақ 8-20 жастағылар да жарай беретін. Басында жаңа шеріктердің басым бөлігін гректерден алынғандар құраса, Османлының шекарасы ұлғайған сайын девшірмеге бұлғар, серб сияқты Балқан түбегінің басқа халықтары да және одан тыс Украина, оңтүстік Ресей де кіретін болды. Сұлтан ІІІ-ші Мурадтың кезінде (1546-1595) жаңа шерікке жауынгерлер девшірме жүйесінен тыс алына бастап, 17-шы ғасырда девшірме жүйесі қолданыстан толық шықты. Осы кезеңнен кейін оған тек өз еркімен тілек білдіргендер ғана, көбінесе мұсылман тегінен шыққандар, қабылдана бастады. Жаңа шеріктер қатаң тәртіп орнатылған, ауыр жұмыс атқаратын, іс жүзінде монастыр жағдайларымен бірдей жағдайларда "аджемі оғлан" атты мектептерде (кадет мектептері сияқты мектептер) тәрбиеленді. Оларға сол кезеңде төсек қатынасын жасауға қатаң тыйым салынды. Соғыс өнерін былай қойғанда, жаңа шеріктер каллиграфия, заң ғылымы, теология, әдебиет және тілдер сияқты пәндерді де зерттейтін. Оларға мұсылман дінін қабылдау талабы да қойылып отырды. Мұсылман дінін барлығы қабылдап отырды, себебі Османлы империясында 19-шы ғасырға дейін христиандарға қару ұстауға тыйым салынған болатын. Басқа мұсылмандардан айырмашылығы, жаңа шеріктерге сақал қоюға тыйым салынды (мұсылман дінінде сақал өсіру сүннет болып саналады), тек мұрт қоюға ғана рұқсат болды. Бұл ережелерге жаңа шеріктер 18-ші ғасырға дейін мойынсұнып келді, содан кейін олар басқа кәсіп пен саудалармен айналыса бастады (бұларға да басында тыйым салынған болатын). Іс жүзінде жаңа шеріктер сұлтанның құлдары болып саналып, "капыкулу" ("есіктегі құл") деген атаққа ие болды. Жаңа шеріктерді өз қосыным өзімнің туған үйім, өз отбасым деген ойға баулып өсірген, ал сұлтан олардың асыраушысы әрі әкесі болып саналған. Жаңа шерік атағына 24-25 жасында өзінің сондай атаққа лайықты екендігін көрсете білгендер ғана ие бола алатын. Қайтыс болған жаңа шеріктің мүлкіне оның өз қосыны мұрагер болатын, сол арқылы оларда байлық жинала беретін. Жаңа шеріктер дәруіш әулие қажы Бекташ Уәлидің тәліміне баулып тәрбиеленетін. Қажы Бекташ Уәлидің шәкірттері алғашқы жаңа шерік қосындарына бата берген. Бекташилер олардың арасында әскери капеллан сияқты қызмет атқарған. Осы жағынан, және өздерінің басқалардан бөлектенетін өмірлермен жаңа шеріктер Родостың жохандықтары сияқты христиан әскери ордендеріне ұқсайтын. Адал қызметтері және соғыстағы ерліктері үшін жаңа шеріктерге артықшылықтар жасалатын. Олар қолма-қол ақша түрінде жалақы, соғыс кезінде олжа алатын; олардың тұрмыс деңгейі мен әлеуметтік жағдайлары өте биік болатын. Басында олар әскери барактарда тұрып, қызмет мерзімі бітпейінше үйленбеуге міндетті болатын. Бірақ 18-ші ғасырдың ортасына таман олар басқа да кәсіптермен айналыса бастап, үйленуге рұқсат алып, өз балаларын жаңа шерік қосындарына орналастыра алатын болды. Тек бірен-саран жаңа шеріктер ғана барактарда тұруды жалғастыра берді. Олардың арасынан көптеген ғалымдар және басқарушылар да шықты. Зейнетке шыққан немесе отставкаға кеткен жаңа шеріктер зейнетақы алатын, олардың бала-шағаларына көмек көрсетілетін. Бастапқыда әскери қызмет ретінде ұйымдастырылған осы жүйенің басқа салаларға ойысуы осылайша оның тамырына балта шапты. Жаңа шерік қосыны. a>дің акварельмен қағазға салған суреті - 2003. Жаңа шерік қосынының саны шамамен 100-ден 200000-ға дейін өзгеріп отырды. Давид Никольдің бағалауы бойынша, жаңа шеріктердің саны 14-ші ғасырда 1000-ға жетсе, 1475 жылы 6000 шамасында болған, ал тимариоттардың (уәлаяттардағы әскерлер) саны болса сол кездері 40000 болған. 1699 жылғы жеңілістен кейін олардың саны қысқартылды. Бірақ 18-ші ғасырда жаңа шеріктердің саны қайтадан өсіп, 113400-ге жеткен. Бірақ олардың басым көпшілігі нағыз жауынгер емес, жалақы алып отыру үшін ғана пара беру арқылы әскер қатарына өткен жай адамдар ғана еді. Оған қоса 34 "ортадан" тұратын "ажемилер" (кадеттер) де бар болатын. Басында жаңа шеріктер тек жасының үлкендігі бойынша және тек өзінің "ортасында" ғана басшылық ете алатын. Олар өз қосынын тек басқа қосынды басқару үшін ғана тастап кете алатын. Жаңа шерік жауынгерін жазалау хұқығы оның тек өзінің үстінен қарайтын сардарларда ғана болды. Сардарлардың офицерлік лауазымдарының аттары әскер асханасындағы қызметтердің немесе аңшылардың қызметтерінің аттарымен аталды. Бұл олардың сұлтанның қызметкерлері екендігін көрсету үшін болған шығар. Алғашқы кездері жаңа шеріктер шебер садақшылар болатын. Бірақ 1440 жылдары оқатар қарулар пайда болғанда олар бірден соған көшті. 1529 жылы Венаны қамау кезінде олардың әскери инженерлерінің шеберлігі айқын көрінді. Қоян-қолтық айқастың кезінде олар айбалта және қылыш пайдаланатын. Шекара қызметінде болмаса, бейбітшілік кезінде олар тек қанжар алып жүре алатын. Әскери қызметін бір қалада ұзақ уақыт бойы атқарған жаңа шеріктер «ерлия» (жергілікті) деп аталатын. Османлы империясы жаңа шеріктерді өзінің барлық басты жорықтарында қолданды, соның ішінде 1453 жылғы Константинопольді басып алуда, Мысырдың мәмлүктерін талқандауда және Аустрия мен Венгрияға қарсы соғыстарда. Жаңа шеріктерді шайқасқа әрқашан сұлтанның өзі бастап шығатын және оларға соғыс олжасынан әрқашан үлес тиетін. Жаңа шеріктердің беделі мейлінше жоғарылаған тұста, 1683 жылы сұлтан VI-ші Меһмет "девшірме" жүйесін таратты. Себебі көптеген мұсылман отбасылары өз ұлдарын жаңа шерік қосындарына көптеп бере бастаған болатын. Әрбір уәлаят әкімдеріде өздерініңжеке жаңа шеріктерін ұйымдастырғысы келетін болды. a>дің акварельмен қағазға салған суреті - 2002. Жаңа шеріктердің бас көтерулері. Жаңа шеріктер өздерінің маңызды орын алатындықтарын түсініп, соны өз мақсаттарында қолдануға тырыса бастады. 1449 жылы олар бірінші рет бас көтеріп, жалақыларын өсіруді талап етті. Олардың талаптары орындалды. Одан кейінгі ғасырларда да сондай бас көтерулер болып тұрды. Жаңа шеріктер көбірек байлық пен билікке ие болған сайын олар бұзылған, пайдасыз кастаға айнала берді. Бұл жағынан олар Рим империясындағы преториялық сақшыларға қатты ұқсайтын болды. Ақырында ІІ-ші Маһмуд жаңа шерік қосындарының тағы бір бас көтеруін күшпен жаншып, құраманы толығымен тарқатып жіберді. Жаңа шерік әскери әуендері. Жаңа шеріктердің әскери марштары өзіндік қасиеттерге ие әуен. "Дауылпаз", "зурнай", "наффир" (сырнайдың бір түрі), "қоңыраулар" және "сылдырмақтарды" қолданудың арқасында өте әсерлі, кейде өте ащы әуендер, яғни қан майданда жауынгерлерді рухтандыра алатын әуендер ойналады. Жаңа шеріктердің әуендері түрік мәнерінде музыка құрастырған Вольфганг Амадей Моцарт және Людвиг ван Бетховен сияқты Батыс Еуропаның классикалық композиторларына әсер етті. 1952 жылы Ыстамбұл әскери мұражайы қайтадан жаңа шерік әскери қосыны мен меһтер тобын ұйымдастырды. Олар кейбір ұлттық мейрамдар мен маңызды тарихи оқиғалар болған күндері болатын парадтарда өнер көрсетеді. Келімбетов, Қайрат Нематұлы. Қайрат Нематұлы Келімбетов — «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы. Қысқаша өмірбаяны. 1969 ж. қаңтардың 28 Алматы қаласында туған. Қазақ. 1986 ж. Алматы қаласындағы республикалық физика-математика мектебін үздік белгімен бітірген. 1993 ж. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеудің Мемлекеттік Университетінің қолданбалы математика және кибернетика факультетін бітірген, математик. Ағылшын, француз тілдерін меңгерген. 1993 ж. бастап әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің ассистенті, аспиранты. 1994—96 жж. Қазақтың мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Нарық институтының қаржы және несие факультетінде оқыған. 1995—96 жж. — Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқарудың ұлттық жоғары мектебінің тыңдаушысы. 1999 ж. АҚШ-та Джорджтаун университетінде оқыған. 1996 ж. бастап — Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жоғары экономикалық кеңес хатшылығының аға сарапшысы. 1996—97 жж. — Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің меңгерушісі. 1997—98 жж. — Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Стратегиялық талдау департаменті директорының орынбасары. 1999—2001 жж. — Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау агенттігінің төрағасы. 2001 ж. маусым — 2002 ж. тамыз аралығында ҚР Қаржы министрлігінің бірінші Вице-Министрі болған. 2002 ж. тамыздан бастап — Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі. 2006 жылдың сәуірінен бастап – «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы. 2008 ж. қаңтардың 23 Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды. 2008 ж. қазанның 13 «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып тағайындалды. Отбасы жағдайы. Келімбетов, Қайрат Нематұлы Бахмутова, Елена Леонидовна. Елена Леонидовна Бахмутова — ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын қадағалау мен реттеу агенттігінің төрайымы. Қысқаша өмірбаяны. 1962 жылы 27 ақпанда Ростов-на-Дону қаласында дүниеге келді. Еңбек жолын 1983 жылдан бастады және 1993 жылға дейін экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындарда әртүрлі қызмет атқарды. 1993 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің орталық ап-паратында жұмыс істеді, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет департаментін басқарды. 2001 жылғы сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеу-меттік қорғау вице-министрі болып тағайындалды. 2002 жылғы тамыздан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің Жинақ-таушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу департаментінің директоры болып жұ-мыс істеді. 2002 жылғы қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің Қар-жылық қадағалау департаментінің директоры болып жұмыс істеді. 2004 жылғы қаңтар-дан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 2008 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің төрайымы болып тағайындалды. Марапаттары. 2001 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10-жылдығы қарсаңында еңбек қатынастарындағы жетістіктері және халықтың әлеуметтік қорғауын ұйымдас-тырғаны үшін Қазақстан Республикасы Президентінің алғысы жарияланды. 2005 жылы мемлекеттің конституциялық негіздерінің тұрақталуына және дамуына қомақты үлес қосқаны үшін және Қазақстан Республикасы Конституциясы-ның 10-жылдығын атап өтуіне байланысты «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. 2006 жылы мемлекетке сіңірген еңбегі, белсенді қоғамдық қызметі, Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қомақты үлес қосқаны үшін «Құрмет» орденімен марапатталды. Дунаев, Арман Ғалиасқарұлы. Арман Ғалиасқарұлы Дунаев — «„СамұрықҚазына“ ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары. 1966 жылдың 7 қазанында Талдықорған облысының, Гвардейский ауданының, Қоғалы ауылында дүниеге келді. Қазақ. Жоғары білімді, экономика ғылымдарының кандидаты. Ағылшын тілін жетік меңгерген. 1988 жылы саяси экономия мамандығы бойынша С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің философия-экономика факультетін үздік бітірді. Еңбек жолын 1988 жылы Жамбылдың гидромелиоративті-құрылыс институтының кафедрасында ғылыми қызметкер ретінде бастаған. 1988 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университетінің аспирантурасының күндізгі бөліміне аспирант ретінде қабылданды. 1992 жылы кандидаттық диссертацияны қорғады. 1992 жылдың мамыр айынан 1993 жылдың қараша айына дейін Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімшілігінің сыртқы экономикалық байланыс аппаратының бас маманы, бөлім меңгерушісі. 1993 жылдың қараша айынан 1998 жылдың сәуір айына дейін экономиканың нақты секторы өнеркәсіптерінде басқарушы қызметтерін атқарады. 1998 жылдан 2000 жылдар аралығында екінші деңгейлі банкте инвестициялық және халықаралық бағдарламалар басқармасының бастығы, халықаралық қаржы институттарымен жұмыс істеу басқармасының бастығы. 2000 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің мемлекеттік борыштар Департаментінің Директоры. 2001 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасы Қаржы вице-Министрі болып тағайындалады. 2002 жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің вице-Министрі. 2003 жылдың шілде айынан 2004 жылдың наурыз айына дейін АҚ «Ұлттық инвестициялық қор» басқару кеңесінің Төрағасы. 2004 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы бірінші қаржы вице-Министрі, ал одан кейін Қаржы Министрі болып тағайындалды. 2006 жылдың қантар айында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Төрағасы. 2008 қаңтардың 23 «Қазына» орнықты даму қорының басқарма төрағасы. 2008 қазанның 17 «„СамұрықҚазына“ ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары. Отбасы жағдайы. Дунаев, Арман Ғалиасқарұлы Рау, Альберт Павлович. Альберт Павлович Рау — Ақмола облысының әкімі. Алтынбек Сәрсенбайұлы қоры. «Алтынбек Сәрсенбайұлы қоры» — 2006 жылдың жазында құрылған. Қордың мақсаты — 2006 жылдың ақпан айында қастандықтан қаза болған қоғам және мемлекет қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлының артына қалдырған интеллектуалдық, рухани мұрасын дамыту және жалғастыру. Алтынбек Сәрсенбайұлы қоры — коммерциялық емес, алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибеге сай қызмет ететін тәуелсіз зерттеу ұйымы. Қор Қазақстан қоғамында демократия мен бостандықтың, отаншылдық ойдың тереңдеп еркендеуіне ықпал етеді. Қор Алтынбек Сәрсенбайұлының достары мен пікірлестерінің, шәкірттері мен туған-туыстарының бастамасы мен қаржылық қолдау көрсетуінің арқасында құрылды. Мақсаты мен міндеттері. Қордың қамқорлық кеңесіне Мұрат Әуезов, Диар Қонаев, Ораз Жандосов, Сәкен Сейфуллин және де басқа Қазақстанның қайраткерлері кіреді. Сәрсенбайұлы, Алтынбек. Алтынбек Сәрсенбайұлы (1962—2006) — Қазақстанның қоғам, мемлекет, саяси қайраткері. 1962 жылы 12 қыркүйекте Алматы облысының Нарынқол ауданының Қайнар ауылында дүниеге келді. 1985 жылы журналистика мамандығы бойынша М.С. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тамамдады. Университетті аяқтағаннан кейін Қазақ телеграф агеттігінде, «Арай-Заря» журналының редакторы, «Өркен-Горизонт» газетінің бас редакторы болып қызмет етті. 1992 жылдан А. Сәрсенбайұлы Президент аппаратында, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінде жауапты қызметтер атқарды. 1993 жылдан бастап он жыл бойы баспа, ақпарат және мәдениет саласының мемлекеттік органдарын басқарды. 1993 жылдан Баспа және ақпарат министрі, 1995 жылдан Баспа және ақпарат жөніндегі Ұлттық агенттіктің төрағасы, 1997 жылдан Қоғамдық келісім және ақпарат министрі, 1999 жылдан Қазақстан Республикасы қоғамдық келісім, ақпарат және мәдениет министрі. 1999 жылдың қаңтарынан 2001 жылдың желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы — Қазақстан Республикасы Президентінің Ұлттық Қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі. 2002 жылдың қаңтарынан дипломатиялық қызметте, Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2003 жылдан бастап А.Сәрсенбайұлы өз еркімен Президентке отставкаға шығуға арыз беріп, қоғамдық-саяси қызметпен айналысты. 2003 жылдың қараша айында «Ақ жол» Демократиялық партиясының ІІІ съезінде бірауыздан тең төраға етіп сайланды. 2005 жылдың сәуірінен «Нағыз Ақ Жол» Қазақстан Демократиялық партиясының тең төрағасы. Алтынбек Сәрсенбайұлы — бірнеше кітаптар мен монографиялар авторы, саяси ғылымдар докторы. 2006 жылдың 11 ақпанында Алтынбек Сәрсенбайұлы жанындағы екі көмекшісімен бірге Алматы қаласының сыртында Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы тобы офицерлерінің қатысуымен жасалған қастандықтың нәтижесінде қаза болды UTC+6. UTC+6 — Гринуич орташа уақытынан 6 сағатқа ығысқан уақыт белдеуі. Тимаршы. Тимаршы (яғни "тимар" иесі; түрікше: "timarlu") — Османлы сұлтанына қызмет еткен, сол қызметі үшін "timar" деп аталатын иелік (жер) алған тұрақты емес атты әскер түрі. Тимаршылар соғыс басталған кезде әскерге барып қосылып, бейбітшілік кезінде өздеріне берілген жерді бағып-күтуге міндетті болған. Соғыс кезінде тимаршы өзінің қару-жарағын және өзімен бірге бірнеше қарулы қызметшісін де ертіп келуге тиіс болған. Ол қарулы қызметшілер «жебелі» ("cebelu") деп аталған. Жорық кезінде азық-түлікпен оларды әскер қамтамасыз етіп отырды. Осы арқылы османлылар қысқа уақыттың ішінде үлкен әскер жинай алатын. Соғыс біткен соң жауынгерлер өз жерлеріне қайтып кететін, соның арқасында сұлтанның оларды бейбітшілік кезінде асырау қажеті болмайтын. Тимаршыға берілген жерде тұратын шаруалар оның басыбайлы қызметшілері болды. Тимаршы өз жерінде заңдылық пен тәртіптің сақталуын, салықтардың жиналуын қадағалап, қылмыскерлерді жазалап отыруға міндетті болған. Тимарлар жүйесі І-ші Орханның заманында (1326-1359) енгізілген. Сұлтан өзінің сардарларына еуропалық феодалдық жүйеге ұқсас етіп жер беріп, сол жерде жасайтын шаруаларды оның билігіне бағындырды. Тимаршыларды ұстауға кететін қаржы шамалы болғандықтан, олар османлы әскерінің маңызды бөлігі болды, әрі 17-шы ғасырдың басына дейін өз маңыздарын сақтады. Тимаршылардың атақ-лауазымдары мен жерлері одан көп кейін уақыт бойы сақталды. Жорық кезінде тимаршылар "алай" деп аталатын қосындарға ұйымдастырылатын. Алайды басқаратын сардар "алай бек" немесе "алай бек" деп аталды. Алайдан үлкенірек қосындар "лива" (жалау, байрақ, ту деген мағынада) деп аталды. Оны "санжак бей" басқарды. Ең жоғарыда уәлаят әкімдері болды, олар "бейлербей" деп аталды. 16-шы ғасырда бір уәлаят өзінің шамасына қарай 1000 тимаршы жібере алатын. 1525 жылы тимаршылардың жалпы саны 37818-ге жетті (салық төлейтін тимаршылардың саны бойынша). Олардың қарулы қызметшілерінің саны 50000 шамасында болатын. Бірақ бұл үлкен әскер бүкіл империя бойынша орналасып, барлығы жиналып бір жорыққа қатыса алмайтын. Сыпай. Сыпай (Османлы түрікшесі:; — Османлы империясының қарулы күштеріндегі атты әскерлердің атауы. Он тоғызыншы және жиырмасыншы ғасырларда француз және италиян отаршыл әскерлеріндегі атты әскер де осылай аталған. Бұл сөз парсы тілінен ("сепоһ", «әскер» деген мағынада) шыққан. Сипаттама. Сыпайлар Османлы империясындағы Алты бөлімді атты әскердің құрамындағы таңдаулы әскер — атты әскерге жатады. Сыпайларды ортағасырлық Еуропадағы рыцарьлармен салыстыруға болады. Сыпай көбінесе тимар деп аталатын жер иелігінің иесі болатын. Бұдан османлы сұлтаны тікелей беретін "тимарлы сыпай" деген атақ келіп шыққан. Әскери қызмет атқарғаны үшін сол иеліктің кіргізетін бар табысы сол тимарлы сыпайға тиісті болатын. Иеліктің жерінде тұратын шаруалардың бәрі сол жерден кетуге хұқықтары болмайтын. Сыпайлар әскердің жеке түрі ретінде І-ші Мурадтың кезінде пайда болды. Басында сыпай әскеріне жаңа жауынгерлер, жаңа шеріктер секілді девшірме жүйесі арқылы алынатын, бірақ сұлтан ІІ-ші Меһмедтің заманынан бастап олардың қатарлары империяның ішінде жерді иеленетін түрік ұлтынан толықтырылатын болды. Сыпайлар османлы атты әскерінің ең үлкен бөліміне айналды. Сыпайлардың міндетіне әскери парадтардың кезінде сұлтанның нөкерлері ретінде шеру құрып жүру де кірді. Бейбітшілік кезінде сыпайлар салық жинаумен де айналысты. Алайда сыпайларды тимаршылармен шатастыруға болмайды. Тимаршылар тұрақты емес әскери қосындарға жататын, оларды тек ауызекі тілде ғана "сыпайлар" деп атайтын. Ал іс жүзінде бұл екі қосынның арасында елеулі айырмашылықтар бар еді. Сыпай иелік ететін жердің ең кіші бөлімі "тимар" деп аталатын. Оның кіргізетін жылдық кірісі 10000 акчеден аспайтын. (Салыстыру үшін: бұл сома мұғалімнің жылдық кірісінен 2-4 есе ғана көп болатын.) Одан үлкен жер телімі "зиямет" (زعامت) деп аталатын, оның кіргізетін табысы 100000 акчеге дейін барған. Зияметтерге сардар шеніндегі сыпайлар иелік ететін. Жердің ең үлкен телімі — "ғас" (غاص), ол 100000-нан астам акче табыс келтіретін. Оған әскердің ең жоғары лауазымды қызметкерлері ғана иелік ететін. Тимарлы сыпай әскерге 5 жауынгер, зияметті сыпай 20 жауынгер, ал ғасты сыпай 20-дан астам жауынгер жіберуге міндетті болған. Жаңа шерік қосындарымен бақталастық. Атты әскер болғандықтан, сыпайлар өздерін жаңа шеріктерге қарағанда жоғары дәрежелі әскер қосыны деп санаған. Оның үстіне жаңа шеріктер түрік және девшірме арқылы алынған түрік еместерден тұратын да, сыпайлар толығымен дерлік түрік жер иеленушілерінен тұратын. Екі топтың арасында болып тұрған дүрдараздық Түркияда қазірге дейін қолданылатын "«Atlı er başkaldırmaz»" деген мақалдан көрінеді («Атқа мінген ер бас көтермес»). Яғни жаңа шеріктер жиі-жиі бас көтеріп тұрған болса, сыпайлар олай етпеген. 16-шы ғасырдың ортасына таман жаңа шеріктер әскердің ең маңызды бөлігіне айналып үлгерді, бірақ сыпайлар да империяның экономикасы мен саясатында маңызды роль атқаруларын жалғастыра берді. 17-ші ғасырда сыпайлар, өздерінің бақталастары жаңа шеріктермен бірге сұлтан IV-ші Мурадтың билігінің бастапқы кезеңінде елдің іс жүзіндегі билеушілеріне айналды. 1826 жылы сыпайлар жаңа шерік қосынын таратуға белсенді түрде араласты. Сыпай атты әскерінің көмегімен сұлтан жаңа шеріктерге күш қолданып, оларды таратып жіберді. Алайда екі жыл өткен соң сыпайлардың өздері де сол жағдайға душар болды. ІІ-ші Махмуд оларға берілген артықшылықтардың күшін жойып, заман талаптарына сай келетін әскер ұйымдастыру үшін оларды да таратып жіберді. Сыпайлар жаңа шеріктердей бұған бас көтерген жоқ. Олар тыныш, тәртіпті түрде,ешбір қан төгусіз қызметтерін тоқтатып, жаңа әскери талаптар бойынша құрылған Османлының жаңа атты әскеріне барып қосылды. Қазақстан бенди құрамасы. Мандарин түсті доп додасына Қазақстан құрамасы 1995 жылдан бастап қатыса бастады. 2008 жылды қосқанда 10 рет әлем чемпионатында бақ сынап, екі рет (2003 және 2005 жылдары) қола жүлдеге ие болды. Жеті рет төртінші орынды иемденіп (2008 жылғы әлем чемпионатын есептегенде), 1999 жылы бесінші орынды қанағат тұтты. Қазақстандағы бендидің дамуы. Негізі, допты хоккей біздің елде қарқынды түрде дамымаған. Тек Оралда «Ақжайық» деген командамыз бар. Бұл команда Ресей чемпионатының бірінші лигасында спорттық шеберліктен шыңдап жүр. Ал бір қаланың клубымен жүлделі орындарға сына қағу әсте мүмкін емес. Бірақ бүгінде ҚР құрамасының тізгінін ұстаған азаматтар жүлделі орынға ие болу үшін Ресей ойыншыларына иек артып келеді. Бұл тұрғыда Александр Ионкин мен Александр Осокин Ресей құрамасының сапына ілікпей қалған тәжірибелі ойыншыларды Қазақстан құрамасының сапына тартуда. Сол ойыншылардың арасында әлем чемпионаты кезінде Қазақстан құрамасының жейдесін киіп, ел намысын қорғағандары болмаса, Қазақстанғa үш қайнаса да сорпасы қосылмайтындары жетерлік. Араларында қазақ топырағында тәрбиеленген ойыншылар да баршылық. Тек ондайлар көп емес. Мұның басты себебі - бендидің олимпиадалық ойындар бағдарламасына ене алмай отырғандығынан. Кеңес Үкіметі тұсында Алматының «Динамосы» дүрілдеп тұрған кездің өзінде, осы тәжірибе қолданылған. Сол кездің өзінде әйгілі «Динамоның» сапында Ресейдегі Орал өңірі мен Еділ жағалауының түлектері көп болған. ҚР спортының тарихындағы даңқты бапкер, ұлағатты ұстаз Эдуард Айрихтің дәнін қазақ жеріне әкеп еккен спорты осылай дүрілдеген. 2006 жылғы әлем чемпионаты алдында Норвегия тарапы «Қазақстан қулыққа салып, Ресей ұлттық құрамасының сапына ілікпей қалған орыс хоккейшілерін жинап алып жүр. 1999 жылға дейін өз хоккейшілерімен ойнады да, одан бері құрама сапын Ресей жігіттерімен жасақтап келеді. Олармен кездескен сайын, ылғи 30-дың ішіндегі жаңа хоккейшілерді кездестіреміз», – деп реніш білдірген. Алайда Халықаралық допты хоккей қауымдастығы «Қазақстан жаңа ойыншыларының бәрін да заң жүзінде орайластырып, өз құрамдарына алуда. Осы тұрғыдағы талаптардың бәрін орындап отырғандықтан, ешқандай кінә таға алмаймыз» деген болатын. Осымен сөз біткен. Содан бері қола медаль норвег бендишілерінің түсіне ғана кіреді... Азия ойындары. Былтырдан(??) бері бенди Қазақстанда ауызға жиі алына бастады. Себебі 2011 жылғы Алматы мен Астанада VІІ қысқы Азия ойындары өтеді. Осыған орай, жоғарыда айтылған әйгілі «Динамо» командасының сұр мергені, гол соғудан КСРО рекордшысы Евгений Агуреев «өз жерімізде өтетін Ақ Азиаданың бағдарламасына дүбірлі дода қожайындары ретінде бендиді қосқанымыз дұрыс. Өйткені бұл спорттың түрінен Азияда бізге қайрат көрсете алатын ешкім жоқ. Яғни жалпыкомандалық есепте бір алтын қоржынымызға оңайшылықпен түседі» деп ұсыныс тастаған-ды. Орынды пікір әзірше қолдау тауып отырған сыңайлы. Содан бері бендиді аз да болса, ескере бастадық. Мәскеуде өтетін әлем чемпионатында Азиядан екі команда қатысады. Қазақстан құрамасы «А» тобында бақ сынаса, Моңғолия төменгі топта сынға түседі. Естуімізше, допты хоккейді 2011 жылғы Азия ойындары бағдарламасына енгізсек, құрлықтың шығыс бөлігіндегі кейбір елдер бұл спортты дамытуды қолға алып, команда жасақтамақ. Уақыт. Уақыт — өлшемдер жүйесінің оқиғаларды реттеу, олардың ұзақтығын және араларындағы интервалдарын сипаттауда, және нәрселердің қозғалысын сипаттауда пайдаланатын маңызды мүшесі. Уақыт мифология, философия және ғылымның әр салада пайдалану үшін қарама-қайшылысыз сипаттау, зерттеу нысаны болып, талай-талай ұлы ғалымдарды өмірге әкелген. Физика мен басқа ғылымдарда уақыт іргелі өлшем болып табылады, яғни ол басқа өлшемдер арқылы өрнектелмейді, себебі басқалары — жылдамдық, күш, қуат сияқты өздері іргелі өлшемдермен өрнектеледі (атап айтқанда бұл жағдайда — уақыт, әрі "кеңістік" деп аталатын келесі іргелі өлшемдермен). Ғылымда керектігі, әрі мүмкіндігі — өлшем үшін пайдаланатын және таңдалынып алынған өлшем бірлігі бар уақыт — операциялық анықтамасы қолданылады. Философтар арасында екі түрлі уақытқа деген көзқарас бар. Біріншісіне сәйкес уақыт — ғалам құрылымының іргелі бөлігі, оқиғалардың қатар-қатар жүруінің өлшемі. Бұл сэр Исаак Ньютон жататын реалистік көзқарас, сондықтан бұны Ньютондық уақыт деп те атайды. Бұған қарсы көзқарасқа сәйкес уақыт — адамзат соның көмегімен оқиғаларды реттеп, салыстыратын, интеллектуалды құрылымның (кеңістіктік пен сандармен қатар) іргелі мүшесі. Готфрид Лейбниц пен Иммануел Кант дәстүрі болатын осы екінші көзқарасқа сәйкес уақыт «арқылы өтетін» «ағатын» затқа жатпайды, немесе оқиғаларға ыдыс бола алмайды, және өзі өлшене алмайды. Технологтар мен ғалымдар мезгілдік уақыт өлшеумен айналысқан, және астрономияның негізгі зерттеу нысаны болған. Периодты оқиғалар мен периодты қозғалыстар уақыт өлшем бірлік стандарты ретінде ұзақ уақыт пайдалылып келеді. Мысалы, күннің аспан бойымен қозғалысы, маятник тербелісі, айдың фазалары және жүрек дүрсілі. Уақыттың әлеуметік маңызы да зор (“уақыт – ақша”), ол адамның күнделікті уақыттың шектеулілігін сезінуі мен адам өмірінің шектеулілілігі. Әлемдік уақыт. Бүгінгі қоғамдарда уақытты өлшеудің маңыздылығы сонша, ол халықаралық деңгейде қадағаланады. Ғылыми уақыт негізі ретінде Халықаралық Атомдық Уақыт (TAI) есіміммен белгілі, әлемдік атомдық сағатқа негізделген үзіліссіз секундтар есебі болып табылады. Бұл азаматтық уақыттар негізі - Ғаламдық Уақыт Бақылауды (UTC) қоса барлық басқа уақыт өлшемдердің іргелі нұсқасы болып табылады. Жер әлденеше уақыт аймақтарына бөлінеді. Бұлардың көбісінің бір-бірінен 1 сағат айырмасы бар, және шартты түрде жергілікті уақыттың ҒУБ-дан немесе Гринвич Орта Уақытынан айырмасын көрсетеді. Көп аймақтардың бұл айырмашылықтары жылына екі рет күндізгі уақыт үнемдеуге өтуінен себебінен өзгеріп тұрады. Физики ғылымдарындағы уақыт. Ньютон дәуірінен Эйнштейдікіне дейін уақыт пен кеңістікке байланысты ұғымдар терең қарастырылған, уақыт барлығына бірдей “абсолютті” және “бірқалыпты” (Ньютон сөзі) ағады деп есептелді. Классикалық механика ғылымы Ньютонның осы ойына негізделеді. Бүгінгі физика уақыт түсінігі. XIX ғасыр соңына қарай электризм мен магнетизмге байланысты физиктер классикалық уақыт мағынасынан қиындықтар көре бастады. Эйнштейн бұл мәселені сағаттарды тұрақты шама, белгінің ең үлкен жылдамдығы – жарық жылдамдығын, пайдаланып синхрондау тәсілімен шешеді. Бұл тікелей уақытты, бір-бірімен салыстырғанда қозғалмалы әр-түрлі байқаушылар үшін, әр-түрлі жылдамдықпен жүреді дегенді қорытады. Уақытты пайдалану. Уақытты пайдаланудың адамзаттың мінез-құлқын, білім алуын, саяхатты ұйымдастыруды түсінуде маңызы зор. Уақытты пайдалануды зерттеу – жаңа дамып келе жатқан сала. Сұрақ әр-алуан іс-әрекетке (үйге уақыт бөлу, жұмысқа, саудаға, т.с.с.) қанша уақыт бөлінетіндігін қарастырады. Iс-әрекеттерге кететін уақыт мөлшері технология дамыған сайын (мысалы, теледидар немесе Интернет уақытты басқаша өткізу мүмкіндіктерін ашты) өзгеріп отырады. Уақыт менеджменті дегеніміз - тапсырмалар мен оқиғаларды біріншіден тапсырманың орындалуы қанша уақытты талап етеді, екіншіден, оқиғалар біткенде олардың нәтижелерін тапсырма дер кезінде бітетіндей ыңғайластыруды ұйымдастыру. Календарлар мен күнделіктер осыған мысал бола алады. Уақытша үкімет. Уақытша үкімет - бастапқы (үкімет) режим құлағаннан кейін төтенше жағдай кезінде құрылатын үкімет. Уақытша үкімет құзыры тұрақты үкімет құрылғанға дейін жарамды. Уақытша үкімет көбінше соғыс немесе көтеріліс кезінде құрылады. Тәуелсіздік. Тәуелсіздік – бір ұлттың, мемлекеттің, діннің екінші бір ұлтқа мемлекетке, империяға, дінге бағынышты емес, дербес территориялық, экономикалық, саяси, діни дербестігін алған жаңа құрылған мемлекетке қолданылатын саяси ұғым. Бұл ұғым 1776 жылы 4 маусымда ағылшын отарлары өкілдігінің екінші конгресінде қабылданған АҚШ-тың құрылы-мына байланысты Жарияланған Тәуелсіздік декларациясынан соң халықаралық саяси термин ретінде қалыптасты. Тағы қараңыз. Қазақстан тәуелсіздігі Достық. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиын-шылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Орынбор. Орынбор() - Ресейдегі қала. Орынбор облысы орталығы. Тарихы. Орынбор – іргетасы 1735 жылы қаланған, Жайық өзенінің оң жағалауында орналасқан қала. 1744 жылы Орынбор губерниясы құрылды. 1920-25 жылдары қала Қазақ АКСР-нің астанасы болды. Қазақстан тарихы мен мәдениетінде өзіндік орны бар қала. Ол жерде ірі сауда алаңы ашылып, сауда сарайы болған. Мынаны да қараңыз. Қазақстан астаналары Сауран. Сауран – ХІІ ғасырда ірі сауда орталығы ретінде іргетасы қаланған. Түркістанның солтүстік-батыс жағындағы 30 шақырым жерде орналасқан орта ғасырдағы қалалардың бірі.Биіктігі 6м қабырғамен қоршалған қалашықтың өлшемі солт-шығыстан оңт-батысқа қарай 800м. солт.-батыстын оңт-шығысқа қарай 500м мәдени қабатының биіктігі 2м. Жазба деректерде 10ғ-дан бастап кездеседі. ХІІІ ғасыр-дың орта шенінде Ақ Орданың астанасы болған. ХVІІ ғасырда Әмір-Темір әскери қорғанға айналдырған. Үлкен мешіті болып, ислам дінінің Қазақстанға тарауына ықпал еткен. Сығанақ. Сығанақ – іргетасы ІХ ғасырда қаланған. ХІІІ ғасырдың ІІ жартысы-нан бастап, Қыпшақ конфедерациясының астанасы болған. Қалада инфра-құрылым жақсы дамыған. Кітапханасы, үлкен мешіті болған. Сарыарқа. Сарыарқа – Қазақстанның ірі физикалық-географиялық және табиғи-тарихи аймақтың бірі. Сарыарқа – халықтық атау. Сарыарқаға Қарағанды, Астана облыстарының жері толықтай, Торғай, Семей, Павлодар облысының біраз жері кіреді. Қарағанды облысының территориясы, негізінен, Сарыарқаның орта бөлігінде орналасқан. Сондықтан да жергілікті халық осы өңірді ежелден Сарыарқа, "Арқа" даласы деп атаған. Сарыарқа атауы «жер бетіндегі өсімдіктері күйгендіктен сарғайып жататын кең де үлкен жон, жалпақ үстірт, сансыз адырлы қырқа» ұғымын білдіреді. Сарыарқа – қазақтың байлығының көзі ғана емес, сонымен қатар өнердің, мәдениеттің және тарихтың кеніші. Сарыарқаның асыл тумалары, сонау Абылай заманындағы Бұқар жырау, Қаз дауысты Қазыбек, ақындар Шөже, Шашубай, Доскей, жазушы С.Сейфуллин және ақын Қ.Аманжолов, композиторлар Тәттімбет, Мәди, Ұлы Отан соғысының қаһарманы Н.Әбдіров ғалымдар А.Чижевский және Е.Бөкетов, қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров сияқты атақты адамдар Сарыарқаның атын шығарған. Көмірлі өңірдің халқы Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Назарбаевты да өзінің бел баласы деп есептейді. Өйткені ол жас күнінен бастап Теміртаудағы атақты Қазақстан Магниткасында горновой болып еңбек жолын бастаған. Еліміздің тарихынан орын алған «адамзат ажалының аралындай» КарЛАГ-та жас ғұмырларын «тар жол, тайғақ кешумен» өткізген небір совет және шет елдің жүздеген оқымыстылары, зиялы қауым өкілдері тар қапаста жүрсе де Қарағандыда тұңғыш өнер ошақтарын ашқан «алғашқы қарлығаштар» болып табылады. Бұл өнер қайраткерлерінің артынан ызғарлы, қайғылы сұмдыққа толы жылдары туындаған өнер мұралары қалды. Қазіргі кезде бұл мұралар әлем жұртшылығының қызығушылығын тудырып отыр. Географиясы. Сарыарқа – "«Қазақтың ұсақ шоқысы»" (Орталық Қазақстан ұсақ шоқысы). Батыстан шығысқа дейін ұзындығы 1200 км, оңтүстіктен солтүстікке дейін 950 км. Батыс жағы біршама тегістеу, Ұлытаудың таулы жерлері (1133 м) және Көкшетау үстірті (947 м, Көкше тауы) ерекшеленеді. Шығыс жағы 1403 метрге (Қарқаралы таулары), 1469 метрге (Шыңғыстау жотасы) және 1566 метрге (Ақсораң тауы) биіктеп, шоқылы жер бедерімен айрықшаланады. Геологиясы. Сарыарқа каледон (батыс жағы) және герцин (шығыс жағы) қатпарлы кезеңінде қалыптасты. Неотектоникалық қозғалыстың сонымен бірге желге мүжілу үдерісі салдарынан Сарыарқаның жер бедерінің осы қазіргі бейнесі қалыптасты. Негізінен метаморфтық және магмалық тау жыныстарынан түзілген. Экономикасы. Қарағанды облысының даму тарихына үңілер болсақ, қадау - қадау іргелі істердің куәсі боласың. Аймақтың шапшаң игерілуіне бірден-бір себепкер болған оның мол табиғи байлықтары еді. Сонау жиырмасыншы-отызыншы жылдарда А.А.Гапеев, Н.Г.Кассин, Н.И.Наковник, М.П.Русаков, Қ.И.Сәтбаев тәрізді есімдері бүгінде кеңінен танымал геологтар Орталық Қазақстан аймағының кен байлықтарын зерттеді. Жиырмасыншы жылдардың басында-ақ Қоңырат, Жезқазған, Семізбұғы, Өспен және басқа жерлерде түсті металдардың мол қорының бары анықталған. Соғысқа дейінгі кезең ішінде жаңадан ашылған көмір және түсті металл кен орындарының негізінде Орталық Қазақстанда Қарсақбай, Балқаш мыс қорыту зауыттары салынды. Жезқазған, Қоңырат рудниктері, Қарағанды көмір бассейні игерілді. Еліміздің экономикасындағы Орталық Қазақстанның алатын орны ерекше екендігі сол кезде-ақ белгілі болған. Халқының қоныстануы. Қазіргі уақытта Қарағанды облысы 428 мың шаршы шақырым жерді алып жатыр. Бұл республикадағы ең үлкен аймақ. Әкімшілік-аумақтық құрылым өзгертілгеннен кейін, бұл аумақта 9 селолық аудан мен 11 қала, 39 жұмысшы кенті мен 171 селолық округ болды. Халық саны 1 миллион 700 мыңнан асты, яғни республика халқының 10 пайызын құрайды. Ежелгі заман. Батысы Торғай ойпатына тіреліп, шығысы Қара Ертіске еңкейіп барып тоқтайтын, түстігін Балқаштың көгілдір толқындары шайып жатса, терістігі көк Есілмен көмкерілген ұлан-ғайыр Сарыарқа сан ғасырлардан бері қазақ деген бұла халықтың құтты қонысы болып келеді. Тарихқа жүгінсек, осынау далада адамзат дамуының ұлы көшіне ықпалын тигізген талай оқиғалар мен құбылыстардың өткенінен куә боламыз. Орталық Азияға, соның ішінде Сарыарқа жеріне, адам баласының қоныстана бастағаны шамамен 1,5-1 млн. жылдар бұрын болған. Ең көне ескерткіштер: адамдардың тұрақ қоныстары, тас қару-жарақтары, жартасқа қашап салған суреттері осы межені көрсетеді. Балқаш көлінің солтүстік жағасы, Бетпақ шөлінен бері қарайғы аймақ Қарқаралы, Бұғылы мен Тағылы, Нұра-Сарысудың бойы, одан әрі Баянауылға, тіпті Көкшетауға дейінгі Сарыарқаның тұла бойы тас ғасырының айғақтарына толы. Ортаңғы қола дәуірінің қыш бұйымдары Ежелгі палеолиттің адамдары Орталық Қазақстан өңірінде, байтақ жатқан Сарыарқада шель-ашель дәуірінің соңын ала пайда болды. Оның археологиялық айғақтары Қарағанды облысының Обалысай, Мұзбел, Талдысай, Жаман Айбат, Қосмола Қызылжар деп аталатын жерлерден табылған. Көптеген зерттеушілеріміз бұл айғақтарды осыдан 100-40 мың жыл бұрынғы орталық палеолит немесе мустьер дәуірінің адамдары тұтынған дейді. Ғалым тілінде неандерталь адамы деп аталатын адамдар. Археологиялық ескерткіштер Орталық Қазақстан жерін, соның ішінде Қарағанды аймағын палеолит дәуірінде-ақ адам мекен еткеннін аңғартады. Олар аң, балық аулап, қоректік өсімдіктермен күнелткен. Садақ пен жебені, сондай-ақ найзаны қолданған. Неолит дәуірінде егіншілік негіздері пайда болған. Бұл кезеңнің жұрты Бұқпа өзені бойынан, кейінгі неолит қоныстары. Зеленая Балка (қазіргі Доскей ауылы) тұрағынан табылды. Қола дәуірінде аймақтың ежелгі халқы негізінен мал бағумен айналысқан, егін де салған. Бұл Суықбұлақ (Қарқаралы) қонысы мен ежелгі жер суару жүйесінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарынан көрінеді. Б. э. д. II-ші мыңжылдықтың басында Сарыарқаны қоныстанған тайпалар ішінде металлургиямен айналысатындары шықты. Жер бетіне жақын орналасқан түсті металдың бай қоры – алтын, мыс, қалайы адам қаракетіне жарады. Орталық Қазақстанда қола өндірісі өмірге келді. Қазақстан тарихының б. э. д. II-ші мыңжылдығын қола дәуірі деп атау тікелей осыған байланысты. Ол дәуірдегі адамдардың тіршілік салтын комплексті деп атауға дәл келеді, себебі бір жерде мал шаруашылығы да, егіншілігі де, сонымен бірге кен өндірісі де қатар дамыды. Бегазы (Ақтоғай ауданы), Дәндібай (Топар поселкесінің маңайы) зираттық кешендер атымен аталған, б. з. б. X–VIII ғасырларда осы күнгі облыс жерінде бірегей Бегазы–Дәндібай мәдениеті өркендеген. Малшылықпен қатар бұл өңірде кен қазу және металл қорыту тайпалардың өндіргіш күштерін дамытуда аса маңызды роль атқарды. Жалпы Бегазы – Дәндібай заманындағы тайпалар мәдениетінің басты ерекшілігі ескі қола мәдениетінің түрлері құлпыра өзгеріп, соның негізінде оған ешбір ұқсамайтын мәдениет қалыптасқан. Казақ халқы ертеде көшпелі өмір сүрген. Орта жүз қазақ рулары қыста Сырдарияның арғы жағасында өткізсе, жаз жайлауға Сарыарқа деп, аңсап-сағынып Орталық Қазақстанға асыққан. Бұл шаруашылық-мәдени үрдіс Бегазы-Дәндібай заманында пайда болды. Орталық Қазақстанды мекен еткен алғашқы тайпалар мен тайпалық одақтар жалпылама түрде «сақ» деп аталынды. Тарихи дамудың барысында көне тайпалар мен тайпалық одақтар орнына жаңа тайпалар пайда болып, олардың аттары да өзгеріп отырды. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуы алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауына және феодалдық қатынастардың қалыптасуына жеткізді. Біздің заманымыздың VIII-XI ғасырларында бұл өңірде көне сақтар мен көк түріктердің ізін басып қимақтар мен қыпшақтардың қуатты бірлестігі – Қимақ қағанаты ғұмыр сүрген. Ұлы әкімшіханның ордасы Орта Ертіс өңірінде тігілген. Қағандық құлағаннан кейін, II ғасырдың 1-жартысында оның орнына Дешті Қыпшақ мемлекеті құрылды. Жошы хан мазары (XIII ғ.) Орта ғасырлар. XIII ғасырдың басында Орталық Қазақстан өңірі монғол шапқыншылығына ұшырап, Алтын Орда құрылғаннан бері Қарағанды облысының аумағы Жошы хан ұлысының құрамына енген, одан XIV ғасырда Ақ-Орда (оған солтүстік-шығыс, Орталық және оңтүстік Қазақстан аумағы енген) бөлек кеткен. XIII-XV ғасырлар архитектурасының ескерткіші Қызыл кеніш сарайы осы кезенің ірі археологиялық ескерткіші болып саналады, жұрнағы Қарағандыдан 260 км, Қарқаралы ауданының Қырғызия ауылының Кент тауының шығыс бөлігіндегі Қызылсу өзенінің жағалауында жатыр. Жергілікті тайпалардың экономикалық және саяси жағдайы күрт құлдырап, өндіргіш күштер әлсіреді, мұның өзі қазақ ұлысының қалыптасу процесін тежеді. Елдің аумақтық-саяси тұтастығы бұзылды, түрлі түркі топтары бөлшектеніп, араласып кетті, дегенмен олар өздерінің тілі мен әдет-ғұрпын сақтап қалды. Алтын Орданың мемлекеттік бірлестігінің бытыраңқы сипаты, феодалдық алауыздық, бағынышты, басыбайлы болған халықтардың азаттық күресі XV ғасырдың бас кезінде Алтын Орданың ыдырауына әкеліп соқты. Сол кезде бірқатар мемлекеттік бірлестіктер құрылып, соның біріне енді. XVI ғасырдың басында Орталық Қазақстан өңірі жергілікті экономикалық және этникалық негізде туындаған мемлекеттік құрылым кең байтақ Қазақ хандығының құрамында болды. Қазақ халықтарының құрылуы қазақ ұлысының қалыптасу процесіне жәрдемдесті. XVII ғасырдың бірінші жартысында Орталық Қазақстан жеріне ойрат (жоңғар) тайпалары басып кірді. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі жүз жылдан астам уақытқа созылды. Халық бұқарасының қаһармандық күресі нәтижесінде XVIII ғасырдың орта шенінде Қазақстан жоңғар басқыншыларынан азат етілді. Ресей құрамында. Аймақтың одан кейінгі тарихы Қазақстанның Ресейге қосылуымен тығыз байланысты. 1822 жылы 22 маусымда патша өкіметі өзінің отаршыл саясатын нығайту мақсатымен Указ шығарып, «Сібір қырғыздарының (қазақтарының) уставын бекітті». Осы Указ бойынша қазақ даласындағы хандық өкімет билігі тоқтатылып, патша өкіметі ұсынған жаңа әкімшілік жүйе пайда болды. Осы күнгі Қарағанды облысының жері – Баянауыл, Ақмола және Қарқаралы округтарының құрамына енді. Сөйтіп, осыдан 200 жылдай бұрын Сарыарқада Ресей империясының алғашқы бекіністері – Қарқаралы (1824), Ақтау (1937), Ұлытау (1841), т.б. қазақ-орыс станицалары пайда болды. Карқаралы округі ең ірі округтің бірі болған. Орталығы Қарқаралы шатқалында орналасқан (қазіргі Қарқаралы қаласы). Онда негізінен арғындар көп тарап, солар мекендеді. Округте 18 болыс құрылып, оның 16 болысы арғын руларына тән болса, екеуінде қоңырат пен наймандар ғана болды. Бұл Қарқаралы округіндегі арғындар негізінен 136 ауыл, 15022 түтін, 101251 адамнан тұрған. Бұлардың негізгі кәсібі мал және жер шаруашылығы болды. Олар ен даланы жайлап, қыс қыстауға, жаз жайлауға көшіп-қонып тіршілік етті. Осында қалың арғынның ортасында керей тайпасының 4960 адамы бар 10 ауылдан (1143 шаңырақ) тұратын бір болысы мен 359 адамы бар уақ тайпасының 52 шаңырағы бірге көшіп жүрді. Қарқаралы округінің қазақтары жазда Кіші және Үлкен Нұра, Шідерті, Талды, Өлеңті, Ащысу т. б. өзеңдер төңіректерін, Батағор, Ерейментау бөктерлерін, Баянауыл тауының оңтүстік бөктерлерін жайлады. Олар Қазанғап, Түндік өзендерінің бойындағы қаптаған шатқалдары, Балқаштың солтүстік жағалауларын, Қарқаралы тауларын т. б. қыстады. Көшпелі Қарқаралы округінің шекаралары қазіргі Қарқаралы ауданының шекараларына сай келді. Қазыналы Қарағанды өңірінің Қазан революциясына дейінгі жағдайын сөз еткенде, бұл өлкенің әкімшілік жүйесіне тоқтала кету қажет. Қазақстанның орталық бөлігін алып жатқан осынау байтақ өңірді 1867-1868 жылдары патша өкіметі үш облысқа бөлді. Ол кезде Қазақстандағы облыстар саны алтау-ақ болатын. Жаңағы орталық өңірдің үш облысы Ақмола, Семей және Торғай еді. Әр облыс бірнеше уезден құралып, уездер болыстарға бөлінген. Қарағандының өнеркәсіпті ауданы бұл кезде Ақмола уезіне қарайтын. Ал уезд құрамында 20 болыс болған. XIX ғасырдың 2-ші жартысында «Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлығының далалық аймақтарын басқару жөніндегі уақытша ереже» бойынша Орталық Қазақстан жері Ақмола және Семей облыстарына енді. 1860 жылы крепостнойлық құқықты жойған соң Ресейдің орталық губерниялары мен Украинадан қоныс аудару ісі басталды. XX ғасырда біздің облыстың аумағына шетелдік капитал келе бастады. 1-Дүниежүзілік империалистік соғыс кезінде патша өкіметі еңбекші халықты езуді күшейтті. Бұл 1916 ж. ұлт-азаттық көтерілісін туғызды. Оған Қарағанды, Жезқазған, Спасск кеншілері, Өспен руднигінің жұмысшылары, т.б. қатысты. Патша өкіметінің жазалаушы әскерлері бұл өңірдегі көтерілісті аяусыз басып-жанышты, алайда көтерілісшілердің бір бөлігі Торғай аймағындағы Амангелді Иманов жасағына барып қосылды, ал кейбір топтар Байқоңыр көмір кені ауданында 1917 жылға дейін дербес қимыл жасады. 1917 жылы қазан айында Ұлы Қазан социалистік революциясының жаңғырығы кешікпей-ақ Қарағандыдағы далалық айқаптарына да жетті. Қарағанды далалық айқаптары екі жылдай қырғын және қан төгілген азамат соғысының алаңы болды. Мұнда, Қарағандыда Анненков, Дутов және олардың көмекшілері қаһарланды. Сарыарқа саяхатшылар жазуларында (17-19 ғғ.). Шығысын шөлге беріп, төрт құбылысын желге беріп керіле созылып Сарыарқаның жер асты байлығы Ресей патшасына да, тегін пайда іздеп дүниенің төрт бұрышына бірдей көз тіккен шетел алпауыттарына да, табиғат сырын білуге құмар жиһанкез саяхатшыларға да көп уақыт бойы жұмбақ болып келді. Орталық Қазақстаннің бай археологиялық ескерткіштері ежелден-ақ саяхатшылардың мұқиятын туғызған. Патша өкіметі бұл далаға талай-талай әскери экспедициялар жасақтап жіберіп отырды. Қазақ даласының қойнауында тұнып жатқан байлықтарға орыс елшілері Ф.Скинин мен М.Трошин да кезінде көңіл бөлген. XVII ғасырдың соңында олардың Тобольскіден Түркістанға дейін жүріп өткен жолы картаға түсірілді. Бұдан сөң Сібірді зерттеуші географ-картограф әрі тарихшы С.У.Ремезов та XVII ғасырдағы орыстың географиялық ғылымында жаңалықтар аша түсті. Ол жаңағы картаның белгілерін негізге алып, 1701 жылы «Сібірдің сурет кітабын» жасады. Бұл күрделі еңбегінде ғалым Қазақстан жерінің солтүстік және орталық аудандарын дұрыс көрсетті, әрі табиғат пен кен байлықтарына да баса назар аударды. Қазақстанға аттандырылған алғашқы экспедиция I Петрдің тікелей нұсқауымен ұйымдастырылды. Бұл экспедициялар геологиялық барлауларын Ертіс өзенінің бойымен Зайсан көліне дейін, Тарбағатай және Жоңғар таулы сілемдерін шолып өтіп, көптеген геологиялық материалдар жинады. Ресейдің Ғылым академиясы қазақ даласының батысы мен шығысын, сондай-ақ орта бөлігін зерттеуде бірталай тыңғылықты істер атқарды. Түкпір-түкпірге жөнелтілген экспедицияларға белгілі ғалымдар да қатыстырылды. Солардың бірі – Орынбордың губерниялық канцеляриясында ұзақ қызмет істеген, белгілі саяхатшы П.И.Рычков өз еңбегінде Кіші жүз бен Орта жүздің де мекендерін географиялық жағынан тұңғыш рет таныстырып шықты. Кейін оның баласы әскери топограф, капитан Н.П.Рычков та әкесі жүрген жерлерді шарлап, тіпті кен көздерін тапты. 1771 жылы ол әскери экспедиция құрамына қосылып, Сарыарқа даласына жол шекті. Экспедиция Ұлытау, Жезқазған өңіріне келіп тоқтағанда, көне дәуірдегі кеншілердің іздерін зерттей отырып Н.Рычков «1771 жылы Қырғыз-қайсақ даласына жасаған саяхаттың күнделік жазбалары» деп аталатын еңбегінде: «Ұлытау қойнауынан басталатын әйгілі өзендер: Ұлықарағай, Жыланшық, Кеңгір, Сарыкеңгір, Жездікеңгір бойында ертедегі адамдардың қазған кендерінен алтын мен күмістің белгілері табылды» деп жазды. Н.П.Рычковтан кейін қазақ жерінің кен байлығын зерттеуде Ресей Ғылым академиясы тарапынан ұйымдастырылған арнаулы экспедицияларға белгілі ғалымдар П.К.Паллас, И.Георги, И.П.Фальк жетекшілік етті. Орталық Қазақстанның табиғи байлығын зерттеп, анықтауда 1814 жылғы майор Набоковтың, 1815 жылғы маркшейдер М.Германның, 1816 жылғы маркшейдер И.Шангиннің экспедицияларының маңызы үлкен болды. Жалпы тек XVIII ғ. соңғы ширегі – XIX ғ. басында Қазақстанда онға жуық экспедиция болды. Олардың көпшілігі Жезқазған өңірінің байлығын анықтауда үлкен роль атқарды. Осы кезеңнен бастап мысты өлкені жүйелі жан-жақты зерттеу басталды, ал ол қазақ жеріне алғашқы кәсіпкерлердің сенімімен келуіне негіз болды. Қазақстанның көне қалаларының бірі Қарқаралы – табиғат мол байлық сыйлаған Сарыарқаның шағын ғана бір бөлігі. Тарихи деректердің мәлімдеуінше Қарқаралының ақ қайың мен жасыл терек зерлеген шұрайлы өлкесі ерте кезден-ақ оқымысты - ғалымдардың, саяхатшы – зерттеушілердің көңіліне ұялап, көзін қызықтырған. Бұл өлкені алғаш ашушылар тізімі едәуір. Көгілдір таулар етегімен капитан И.ГАндрееев (1785 ж.), атаман Телятников (1796 ж.), тау-кен чиновниктері М.Поспелов пен Т.Бурнашов (1800 ж.), Сібір корпусының тілмашы Ф.Назаров (1833 ж.) және басқа қызмет адамдары жүріп өткен. Сондай-ақ бұл өңірге Алтай тауы аймағының маркшейдері И.П.Шангин де саяхат жасаған. Ол 1816 жылы Көрпетай және Бесшоқы мекендерінен көне қорғасын, мыс орындарын көптеп тапқан. 1826 жылы К.А.Мейердің жетекшілігімен ғылыми экспедиция келді. Экспедиция Қарқаралы тауларында бірнеше апта болып, өсімдіктерді жинаумен және зерттеумен айналысты. К.А.Мейер ғалым-географтардың жаңа буынын бастады. Оның ізін баса шыққан А.И.Левшин, Г.С.Карелин (1841), А.И.Шренк (1843), А.К.Гейнс (1865) Қарқаралыда болған. Қазақ халқының тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлиханов Қарқаралы округінде екі рет 1855 және 1863 жылдары болды. Қызмет бабындағы сапарын ол халықтың ауызеке аңыз-әңгімелерін, ән-жырларымен танысуға арнады. Ш.Уәлиханов мал шаруашылығы жөнінде бірсыпыра қызықты материалдар жинады. Оның “Қарқаралының сыртқы округтері болыстарының қысқы көші-қоны” деген еңбегі осы тақырыпқа арналады. Орыс саяхатшысы Семенов – Тянь – Шанскийдің жетекшілігемен 1865 жылы жарық көрген “Ресей империясының географиялық – статистикалық сөздігінің” екінші томында Қарқаралының ғажайып табиғаты, алғашқы адамдар мекендеген жұмбақ үңгірлері мен құпиялы қорғандары жайлы кеңінен баяндалып, бұл өлкенің атақ-даңқын әлемге таратады. Соның бірі – атақты “Қалмақ қорғаны” десек, ені мен биіктігі үш метр, ұзындығы бес шақырымға жететін осынау өзгеше бір “Қытай қорғанын” тұрғызуда мыңдаған адам талай жыл бойы тер төгіп, еңбек еткен деседі. Поляк революционері, демократ Адольф Янушкевич Сібірде айдауда жүргенде жиі-жиі әрі ұзақ уақыт қазақ даласында болып халқымыздың өмірін, дәстүрін және мәдениетін зерттеген. Ол 1846 жылы қыркүйегінде Қарқаралы уезінде болған әсерлері туралы “Күнделіктер мен хаттар” немесе “Қазақ даласына жасалған саяхат туралы жазбалар” атты кітабында былай деп жазған: “Ақтау жолына дейін жолымыз әуелі тастақты еді. Одан Жарлы өзеніне шейін жол қойнауымен өтеді, содан соң қарағай орман жапқан таулы-тасты жерлерден асып, Қарқаралының өзеніне жетеді. Бас аяғы – тоқсан шақырым…Қарқаралы тауының көрінісі ғажап. Қарқаралының өзі де айналасы тау, іргесінде өзен ағып жатқан бір әдемі жерге орналасқан.” Бұл өлкеде 1909 жылы болған орыстың танымал жазушысы М.Пришвин “Русские ведомости” газетінің тілшісі ретінде қоныс аударушылардың тұрмасын зерттеу мақсатында Қарқаралы қаласында болып қайтқан. Осы сапарында ол Кент, Қызылтау тауларын аралап жүріп, Қарқаралы уезінің этнографиялық материалдарын, қырғыз (қазақ) аңыздары мен ертегілерінің жазбаларын жинастырды. Жазушы 1909 жылғы Қазақстанға саяхаттың әсері негізінде жазған шығармаларының бәрінде дерлік табиғаттың әртүрлі құбылыстарына тарихи деректер мен түрлі нанымдар негізінде жасалған тұжырымдарға үлкен орын береді. Қазақтың халықтық фольклорын пайдалана отырып, өз кейіпкерлерінің қазақтың ежелгі ертегілерімен өзектес дүниетанымын оқырмандар алдына жайып салады. Ол осында жүріп “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” жырын алғаш тыңдаған. Қарқаралы басына шығып, Шайтанқөлдің көз сұқтандырар сұлулығын өз шығармасына арқау етекен. Қазір М.Пришвиннің Сарыарқа қазақтарының өмірінен бір емес, бірнеше мақалалар мен очерктер жазғаны белгілі болып отыр. Олар “Шайтанкөлде”, “Қара араб”, “Адам және Ева”, “Тұзды көл” және тағы да басқа шығармалар. Ұлы Ш.Уәлихановтың сүйікті досы, белгілі саяхатшы – этнограф Г.Потанин Қарқаралы уезіне, 1913 жылы аңыз-жырлардың алуан нұсқаларын жинап, қазақ фольклорын зерттеуге келеді. Бұл сапарда Г.Потанин баяғыдан танитын Томск университеінің студенті Ә.Ермеков жанында еріп жүрді. Олар Қарқаралы қаласында, Қоянды жәрмеңкесінде, Бүйіртас мекенінде болды. Қарқаралы уезінің халықтың ауыз әдебиетіне бай екендігіне ғалым бұдан бірнеше жыл бұрын білген. 1895 жылы ғалым Ш.Уәлихановтың әкесі Шыңғыстың ауылына барғанда оны Петербург университетінің студенті Сұлтанғазин бастап жүрген. Сұлтанғазин ғалымның өтінішімен көптеген ертегілер жазып алады. Бұл ертегілердің қолжазбалары «Живая старина» редакциясының қоржынында көп жылдар жатып қалады да, тек 1916 жылы Г.Потанинің алғы сөзімен және редакциялауымен жарық көрді. Г.Потанин қазақ халқының мәдениеті, тұрмысы, фольклоры жөнінде материалдар жинап, соның негізінде «Тоқырау өзенінің сағасында» мақаласы 1914 жылы «Сибирьская жизнь» газетінде жарияланды. Қазақтың мың әнін жинаумен тарихта теңдессіз тәлі қалдырған атақты музыка зерттеушісі А.В.Затаевич Қарқаралы өңіріндегі құйма құлақ, зерделі де зерек жыраулар ауызынан 154 ән жазып алған. Ол даңқты француз жазушысы Р.Ролланға жазған хатында Карқаралы табиғатының қайталанбас сұлу келбетін сүйсіне суреттеп, бұл аймақтың әншілерін әлемдік деңгейдегі өнер жұлдыздарымен қатар қояды. Байбақты. Байбақты — қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Байұлынан таратылады. Байжиен, Батақ аталарына бөлінеді. Ертеде Еділ мен Жайық өзендері аралығын қоныстанған. Сондай-ақ, Ресейдің кейбір облыстарында да ұшырасады. Б. руынан атақты Жауғашты, Мәлке, Күшпен, Дәуімшар, Жомарт, Шолан, Сырым, т.б. билер мен батырлар шыққан. Ұраны — Дәуқара, таңбасы — бақан. Біздің ойымызша, Байбақты руының тарихы өте қызықты. Айтар болсақ, Кіші жүз руларының көпшілігі сияқты, бұл рудың да шығу тарихы осы уақытқа дейін айқын болмай қалып өтыр. Байбақты руының шежіресін қарастыра келгенде, тоқсаба оның төртінші ұрпағы болып келетінін көреміз. Осыған байлаиысты XV ғасырдағы орыс деректемелерінде және Бейбарыс () пен Ибн-Халдуңда бар ертедегі қыпшаңтардың тоқсаба руы туралы мағлұмат қызықты, онда тоқсаба руы бірініні болып көрсетіледі. Бұл жайт бізге бүкіл байбақты руы болмаса да, оның әлде бір бөлігі ертедегі қыпшақтардан шыққан деп жорамалдауға мүмкіндік береді, оның үстіне неғұрлым кейінгі кездегі қыпшақтарда тоқсаба руы жоқ. Басқа да көптеген қыпшақ тайпалары сияқты, тоқсабаның кейіннен Кіші жүз құрамына, ал бір бөлігі ішінде қыпшақ руы бар қарақалпақ халқына енгені анық; соңғыларының ұраны Тоқсаба болып табылады. Ал рудың жаңа атауы (байбақты) шынында да жиі жорамал болып келгеніндей, кейіннен пайда болуы мүмкін. Ертедегі деректемелерде Байбақты руы туралы айтылмауын, бәлкім, осымен түсіндіруге болар. Байбақты руының таңба белгілері: және. (Тынышбаев бойынша). И. Мейер де бір ғана белгісін келтіреді. Таңбалардың осы әр алуан түрін мұқият қараған кезде олардың бәрі бірдей ұқсас екені және біреулерінде кішкене сызықшалардың негізгі сызыққа тік бүрышпен, ал басқаларында қиғашталып келуімен ғана ерекшелеттеді. Байбақты руының ұраны «Дәуқара», бізге Н. И. Гродеков пен М. Тынышбаевтың деректері бойынша ғана мәлім. Тыныс белгілері. Тыныс белгілері (не пунктуация) - тіл білімінде жазуға тән шартты белгілер жүйесі. Қасиеттері. Тыныс белгілері айтайын деген ойды нақтылы, дәл түсінікті етіп жеткізу үшін, сондай-ақ баяндалмақшы пікірді ала-құла етпей, айқын білдіру үшін қолданылады. Бұл - тыныс белгілерінің басты қасиеті. Тыныс белгілері сөздер тіркесі мен сөйлемдерді айтқанда, немесе оқығанда тілде байқалатын кідірісті де, дауыста аңғарылатын әркелкі құбылысты да білдіреді. Бұл - тыныс белгілерінің қосымша қасиеті. Жазба тілде болсын, сондай-ақ ауызекі тілде болсын тыныс белгілерін дұрыс қолдана білудің үлкен мәні бар. Тыныс белгілері мүлде қойылмаған, немесе дұрыс қойылмаған мәтінді сөйлемді түсінікті етіп оқу да, мағынасын түсіне білу де қиын. Тыныс белгілері дұрыс қойылмайтын сөйлемдерде ой күңгірттеніп, екі ұшты болып, тіпті сөйлем құрамындағы сөздер синтаксистік қызметі жағынан (бастауыш, баяндауыш, анықтауыш т. б.) өзгеріске түсуі мүмкін. Бұл сөйлемде есімше тұлғалы келген соң сызықша қойылмаса, келген сөзі бастауыш қызметін емес өзге мүше қызметін атқарған болар еді де, нәтижесінде сөйлемде берілетін ойға нұқсан келер еді. Сөйлемнің синтаксистік ерекшелігіне орай. Тыныс белгісінің сөйлемнің құрылысына, түріне, жасалу жолдарына орай қойылуы сөйлемнің синтаксистік ерекшелігіне байаланысты қойылу деп аталады. Құрамына қарай сөйлем, негізінен, екіге бөлінеді: жай сөйлем, құрмалас сөйлем. Бұлардың өзі бірнеше түрге бөлініп, алуан түрлі жолдармен жасалады. Міне, осымен байланысты сөйлемнің ерекшеліктеріне орай, қолдану сипатына қарай әр түрлі тыныс белгілер қойылады. Мәселен, хабарлы сөйлемнен соң нүкте қойылады, сондай-ақ, сұраулы сөйлемнең соң сұрау белгісі, лепті сөйлемнен соң леп белгісі қойылады. Сөйлем құрамында кездесетін оңашаланған мүшелер, оқшау сөздер деп аталатын қаратпа, қыстырма сөздер - бұлар сөйлем құрамындағы өзге мүшелерден тиісті тыныс белгілері арқылы ажыратылады. Сондай-ақ, жалпылауыш сөз сөйлемнің бірыңғай мүшелерінен бұрын келсе, жалпылауыш сөзден соң қос нүкте қойылады да, ал керісінше келетін болса, жалпылауыш сөздің алдынан сызықша қойылады. Сөйлемнің мағынасына орай. Тыныс белгісінің дұрыс қойылуы сөйлемдегі кейбір сөздердің мағынасына, сондай-ақ бүкіл сөйлемнің мағынасына тікелей байланысты. деген сөйлеммен салыстыратын болсақ, мұндағы "байқаймын" сөзі екі түрлі мағынада жұмсалған. Бірінші сөйлемдегі "байқаймын" сөзі аңғарамын, білемін деген мағынада жұмсалып, белгілі бір сөйлем мүшесі болып тұр (баяндауыш), сондқтан да оған сөйлем мүшесіне тән сұрақ қойылады. Ал екінші сөйлемдегі "байқаймын" сөзінде ондай қасиет жоқ. Бұл - "меніңше, байқауымша, тәрісзді" мәнде қолданылып, жұмсалып тұр. Осыған орай қыстырма сөз сөйлем ортасында келгендіктен, оның екі жағынан бірдей үтір қойылады. Сондай-ақ көп нүкте, тыранақша, жақша, сұрау, леп белгілері сөйлемнің мағынасына негізделініп қойылады. Сөйлемнің интонациясына орай. Тыныс белгілерін дұрыс қою интонациямен тікелей байланысты. Мәселен, хабарлай айтылған сөйлемнен соң кідіріс болады да, соған орай нүкте қойылады. Құрмалас сөйлемдерді оқығанда, құрмалас құрамындағы әрбір жай сөйлемдерден соң, сондай-ақ бірыңғай мүшелердің әрбір сұлуларынан соң кідіріс болып, олар үтір белгісімен ажыратылады. Ал сұраулы, лепті сөйлемдерді оқығанда, дауыс көтеріңкі айтылады да, тиісті тыныс белгісі қойылады. Бастауыштан кейін қойылатын сызықшада интонацияның ролі айрықша көрінеді. Бірінші, екінші сөйлемдегі сызықшалар бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен немесе заттанған есімшеден болғандықтан қойылып тұр. Бұл сөйлемнің синтаксистік ерекшелігіне негізделеді. Сонымен қатар сызықша қойылып тұрған жерге кідіріс жасаймыз, әйтепесе сөлемнің синтаксистік қызметі бұзылады. Алайда сөйлемнің немесе сөздер мен сөз тіркестерінің айтылу интонациясы тыныс белгілерімен сәйкес келе бермейді. дегенде, "балықшы" дегеннен соң, сондай-ақ, "балықшыны" деген соң кідіріс жасалады, бірақ соған қарай үтір қойсақ, дұрыс болмас еді, өйткені бұл сауатты жазу ережелеріне сыйыспайды. Нүкте (тыныс белгісі). Нүкте (.) - жазуда пайдалынатын тыныс белгілерінің бірі. Нүкте белгілі бір ойдың аяқталуына байланысты қойылады. Нүкте дұрыс қойылмайтын болса, сөйлем түсініксіз болып шығады, не нүктенің қойылмауынан екінші бір мағына туындауы мүмкін. Көп нүкте. Көп нүкте (...) - жазуда пайдалынатын тыныс белгілерінің бірі. Көп нүкте белгілі бір себептермен ойдың аяқталмай қалғандығын немесе сол ойдың ар жағында айтылмай қалған тағы бір ойдың бар екендігін не болмаса, асығып-аптығып сөйлеуге байланысты айтылмақшы пікірдің толып айтылмағандығын білдіру үшін қойылады. Османлы түрік тілі. Османлы түрікшесі (немесе,) — Османлы империясының әкімшілік және әдеби тілі ретінде қолданылған түрік тілінің бір түрі. Оның құрамында араб және парсы тілдерінен енген кірме сөздердің саны өте қомақты. Соның салдарынан османлы түрікшесі елдің білім деңгейі төменірек азаматтарына онша түсінікті болмады. Алайда біртіндеп түрік сөйлеу тілі османлы түрікшесінің қатты ықпалына шалдықты Құрылымы. Османлы түрікшесіндегі арабшадан енген сөздер оған тікелей арабшадан емес, парсы тілі арқылы енгені сол сөздердің фонологиялық қасиеттерінен көрінеді. Яғни араб сөздерін көптеп сіңірген парсы тілі түркі тайпаларының түркі тіліне олар солтүстік-шығыс Иранда көшіп жүрген кезінде, олардың батысқа, қазіргі Анатолия түбегіне қарай көшуінен бұрынғы кезеңде әсер еткен. Араб тілімен қатынастары азырақ түркі тілдерінде, мысалы татар тіліндегі араб сөздерінде парсы фонетикасының ықпалы байқалатындығы осының тағы бір дәлелі бола алады. Түрік тілін қолданушы осы варианттардың әрқайсысын түрлі мақсаттарда қолданылатын. Мысалы, хатшы болып істейтін адам ресми құжат жазғанда бал деген ұғымды білдіру үшін арабтың "asel" (عسل) сөзін қолданатын да, сол балды базарда сатып алғанда түріктің "bal" сөзін қолданатын. Тарихы. Османлы түрікшесінің тарихын үш кезеңге бөлуге болады Тіл реформасы. Османлы империясы Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін құлағаннан кейін және Түрік республикасы орнағаннан кейін 1928 жылы тіл реформасы жүргізіліп, тілдегі көптеген араб және парсы кірме сөздері түрік баламаларымен алмастырылды. Араб әліпбиінің орнына толықтырылған латын әліпбиі енгізілді. Бұл реформа Мұстафа Кәмәл Ататүрік жүргізген Ататүрік реформаларының бір бөлігі болатын. Бұл өзгерістердің басты мақсаты — әдеби түрік тілінің ауызекі тілге жақынырақ түрін қалыптастырып, Түркияның Османлы империясының орнына пайда болған ұлттық мемлекет ретіндегі сана-сезімін баянды ету болды. Тарихи ықпалы. Тарихи тұрғыдан алғанда, османлы түрікшесін қазіргі түрік тілінің ізашары деп атау дұрыс емес. Керісінше, қазіргі түрік тілін латын әліпбиімен жазылатын, көптеген неологизмдер енгізілген «жаңа османлы түрікшесі» деп атауға болады. Османлы түрікшесі мен қазіргі түрік тіліндегі ең басты айырмашылық — қазіргі тілде араб және парсы тілдерінің ережелері бойынша құрама сөздер жасалмайды. Ондай сөздер тілде әлі де бар, бірақ олардың қолданылу аясы шектеулі; тек ғылыми, философиялық немесе діни контекстерде ғана қолданылады. Мысалы сөзбе-сөз аударғанда «құдайлық тағдыр» дегенді, ал мағынасы «құдайдың жазмышы» дегенді білдіретін "takdîr-i ilâhî" деген изафет құрылымы қазір де қолданылады. Егер осы сөз тіркесін қазіргі түрік тілінің ережелерімен құрастырғанда, ол "ilâhî takdîr" («құдайлық жазмыш») деген түрде болар еді. Әліпби. Османлы түрікшесі негізінен Османлы түрік тілінің әліпбиімен (الفبا "elifbâ") жазылатын. Олд әліпби парсы әліпбиінің ықпалына ұшыраған араб әліпбиінің бір түрі болатын. Бірақ османлы түрікшесінің әрмен жазуымен жазылған кездері де болған: мысалы, Османлы империясында жазылған алғашқы роман "Акаби" романын 1851 жылы Вартан паша әрмен әріптерімен жазған. Сол сияқты, Абдұлмәжид сұлтанның кезінде османлының теңгесін соғумен айналысқан әрмен ұлтынан шыққан Дүзоғлылар әулеті өз жазбаларын османлы түрікшесінде, бірақ әрмен әліпбиімен жүргізген. Басқа жазу жүйелері де қолданылған, мысалы грек әліпбиін, еврей әліпбиінің Раши хатын мұсылман-емес топтар қолданған, себебі араб әліпбиі исләм дінімен байланысты болған. Керісінше жағдайлар да болған. Мысалы, грекше сөйлейтін мұсылмандар османлы түрік әліпбиін қолданып, грек тілінде жаза алатын болған. 1"gef" әрпінің дұрыс түрінде ﻙ-ның "кіші кафы" және گ-ның қосарланған сызығы болуы тиіс. Қазіргі қаріптерде сирек кехздеседі. Османлы түрік тілін үйрену мүмкіндіктері осында тізіп жатуға тым көп. Мұнда солардың ең бастылары келтірілген. Османлы түрік тілін үйрену мүмкіндіктері. Бүгіндері дүние жүзінде Османлы түрік әдебиетінің мыңдаған курстары ұсынылады. Тарихи маңызы зор классикалық тіл ретінде османылы түрікшесін Түркияның жалғыз өзінде отыз мыңнан астам студент зерттеуде. Чомски, Ноам. Аврам Ноам Чомски () (1928 ж. желтоқсанның 7-сінде туған) — америкалық тіл білімі маманы, философы, саяси қайраткері, жазушысы және лекцияшысы. Ол Массачусетс технология институтында институт профессоры және тіл білімінің құрметті профессоры (емеритус профессоры). Чомски 20-шы ғасырда тіл білімі саласында жасалған ең маңызды жетістіктердің бірі болып саналатын тудырушы грамматика теориясын ұсынған. Ол Б. Ф. Скиннердің "Verbal Behavior" атты кітабына рецензия жазу арқылы когнитивті революцияға бастау берді. Рецензиясында ол 1950-ші жылдары кең тараған мінез-құлық пен пен тілге деген бехавиористік көзқарасты сынға алды. Оның тілді зерттеуге деген натуралистік көзқарасы тіл және сана философиясына әсер етті. Ол формалды тілдерді тудырушы күші бойынша сұрыптайтын Чомски иерархиясын да ұсынды. 1992 жылғы Arts and Humanities Citation Index («Өнер және гуманитарлық ғылымдардағы дәйексөздер көрсеткіші») индексінің мәліметі бойынша, 1980-1992 жылдар аралығында көзі тірі ғалымдардың ішіндегі ең көп рет сілтемелер алған — Чомски және оның еңбектері. Ал жалпы сілтеме жасалу саны жағынан Чомски тарихтағы сегізінші ғалым. 1960-шы жылдары Вьетнам соғысын сынай бастауы арқылы ол әсіресе кең танымалдылыққа ие бола бастады. Ол АҚШ саяси қайраткерлерінің солшыл бөлігіндегі ең маңызды зиялы тұлға болып есептеледі. Чомски өзінің саяси белсенділігімен және АҚШ үкіметінің халықаралық саясатын сынауымен кеңінен белгілі. Өмірбаяны. Чомски Пенсильвания штатындағы Филадельфия қаласындағы «Ист Оук Лейн» ауданында туған. Әкесі — көне еврей тілінің маманы Уиллиам Чомски (1896-1977). Ол Украинада туып-өскен. Анасы — Елси Чомски (қыз кезінде — Симонофски). Ол қазіргі Беларустың жерінде туған, бірақ балалық шағын Құрама Штаттарда өткізген, сондықтан «қарапайым Нью-Йорк ағылшыншасын» ана тілі ретінде білген. Екеуінің де ана тілі идиш болатын, бірақ Чомскидің өзінің айтуы бойынша, оны үйде сөйлеуге «тыйым салынған» еді. Оның отбасы өзіндік бір «еврей геттосында» тұратын, ол «гетто» тіл бойынша «идиш жағы» мен «еврей жағы» болып екіге бөлінген еді. Оның ата-анасы соның «еврей жағында» болып, балаларын еврей тілі мен әдебиетінде тәірбиеледі. Чомски 1930-шы жылдардың ортасында балалық шағында ирландиялық католиктер туралы естеліктерін былай суреттейді: «Мен бұны айтуды онша жақтырмаймын, бірақ мен католиктерден өте қатты қорқатын едім. Мен ол қорқыныштың ақылға сыйымсыз екенін түсініп, кейін ол қорқынышты жеңдім». Чомскидің еске алуы бойынша, ол өзінің алғашқы мақаласын он жасында Испания азаматтық соғысы кезінде Барселона франкистердің қолына түскен соң фашизмнің жайылып кету қаупі туралы жазған. Он екі-он үш жасынан ол саяси анархизм бағытын қолдай бастаған. Филадельфияда орта мектепті бітірген соң 1945 жылы Чомски Пенсильвания университетінде философия мен тіл білімін зерттей бастайды. Ол С. Уест Чөрчман және Нелсон Гудман сияқты философтардың және тіл білімі маманы Зелиг Һарристің тәлімін алған. Һаррис берген тәлімнің ішінде оның өзі ашқан тіл құрылымының сызықтық түрлендірулері де бар еді. Чомски кейінірек осыларды контекстен тыс грамматиканы қалыптастыруда қолданды. Һарристың саяси көзқарастары да Чомскидің көзқарастарының қалыптасуына әсер етті. 1949 жылы Чомски тіл маманы Карол Шатцпен отауласты. Олардың екі қызы: Авива (1957 ж.т.) және Дайан (1960 ж.т.) және ұлы: Һарри (1967 ж.т.) бар. Чомски тілі білімінен докторлық дәрежесін Пенсильвания университетінде 1955 жылы алды. Докторлық зерттеулерін ол Һарвард университетінде төрт жыл жүргізген. Диссертациясында ол өзінің негізгі лингвистикалық ойларын дамытып, оларды 1957 жылғы "Syntactic Structures" («Ситаксистік құрылымдар») деген кітабында толықтырып шығарды. Оның тіл білімі бойынша жазған ең маңызды еңбегі де осы кітап. Чомски 1955 жылы Массачусетс технология институтына қызметке тұрды. 1961 жылы Қазіргі заманғы тілдер және тіл білімі бөлімінің (қазіргі Тіл білімі және философия бөлімі) толық профессоры, 1976 жылы институт профессоры болып тағайындалды. 2008 жылы оның МТИ-де тұрақты қызмет еткеніне 53 жыл болды. 1967 жылғы ақпан айында Чомски «Интеллектуалдардың жауапкершілігі» деген мақала жариялап, Вьетнам соғысының басты қарсыластарының біріне айналды. Содан соң 1969 жылы "American Power and the New Mandarins" («Американың құдіреті және жаңа билеушілер») деген мақалалар жинағы шықты. Чомски енді америкалық диссиденттердің ең алғы шебіне шықты. Чомскиге АҚШ сыртқы саясатын сынағаны үшін қоқан-лоққы жасалған кездер болған. Унабомбер деген атпен белгілі Теодор Качинскидің жоспарланған құрбандарының тізімінде болғаны анықталды. Качински жарылғыш заттар салынған пакеттерді жіберумен айналысып жүрген кезеңде, Чомски өзіне келетін барлық хаттарды арнайы тексеруден өткізуге мәжбүр болған. Оның айтуынша, өзі соны құптамаса да, кейде полиция өзін МТИ ғимараттарында қорғап жүруге арнайы қызметкерлер жіберіп отырған. Чомски Массачусетс штатындағы Лексингтон қаласында тұрады. Ол жиі-жиі сапарларға шығып, саяси мәселелер бойынша лекциялар оқиды. Тіл біліміне қосқан үлесі. «Чомскидің лингвистикасы» оның «Синтактикалық құрылымдар» деген еңбегінен бастау алады. Бұл болса оның одан бұрынғы "Logical Structure of Linguistic Theory" («Лингвистикалық теорияның логикалық құрылымы») деген еңбегіне негізделген. Осы екі еңбекте құрылымдық лингвистика сынға алынып, түрлендіруші грамматика алға тартылады. Бұл теория бойынша, айтылымдарға (яғни сөздер тізбектеріне) формалды грамматика бойынша сипатталына алатын синтаксис тән болады. Ол теория бойынша, жас балалардың барлық тілдердің негізгі грамматикалық құрылымы туралы туа біткен білім бар (яғни, адам баласы үйренуге тиісті тілдердің барлығы біртекті болып келеді). Осы туа біткен білім жиі әмбебап грамматика деп аталады. Адам баласы саны шектеулі грамматика ережелерін және саны шектеулі ұғымдарды пайдалана отырып шексіз көп сөйлемдерді, соның ішінде ешқашан естімеген сөйлемдерді де құрастыра алатыны белгілі. Чомскидің теориясы бойынша, бұның себебі — сол әмбебап грамматика. Ол өзінің тудырушы грамматика туралы ойлары үшін Паниниге қарыздар екендігін әрқашан мойындап келеді. Түсініктемелер. * Моцарт, Волфгаң Амадеус. Моцарт 1780 жыл шамасында, Johann Nepomuk della Croce салған Волфгаң Амадей Моцарт (алманша Wolfgang Amadeus Mozart, толық аты "Johannes Chrysostomus Wolfgangus Theophilus Mozart" — Йоханн Хризостом Волфгаң Теофил Моцарт; 1756 жылы 27 қаңтарда, Зальцбург, Қасиетті Рим империясында – 1791 жылы 5 желтоқсан, Қасиетті Рим империясында) – Вена классикалық композициялар мектебінің жарқын өкілі. Асқан шебер скрипкашы, клавесинист, органист, дирижер болған. Замандастарының куәландыруларына қарағанда таңғаларлық әуендік (есту) қабілеті, есте сақтау, импровизациялық қабілеттері болған. Өмірбаяны. Моцарт туылғаннан кейінгі екінші күні әулие Руперт Соборында шоқырдырылған. Шоқындыру кітабында оған берілген аты латынша Johannes Chrysostomus Wolfgangus Theophilus (Gottlieb) Mozart болып жазылады. Осындағы алғашқы екеуі - әулиелер аты, күнделікті өмірде пайдаланылмайды, ал төртінші есімі Моцарттың өмірінің кезінде: лат. Amadeus, алм. Gottlieb, итал. Amadeo. Моцарт өзін Вольганг деп атағанды қалаған. Музыкаға деген қабілеттер үш жасынан ақ көріне бастаған. Әкесі Леопольд алдыңғы қатарлы еуропалық педагогтардың бірі болған. Әкесінің «Versuch einer gründlichen Violinschule» (Скрипкада ойнау негіздері жайлы шығарма) атты кітабы 1756 Моцарт туылған жылы жарыққа шықты. Талай басылымнан өткен бұл кітап талай тілдерге аударылған. Баласы Волфгаңты әкесі клавесин, скрипка мен органда ойнауды үйреткен. 1762 Моцарттың әкесі ұлы мен қызы Аннаны, және әдемі клавесинада ойнаушы әйелмен әртістік саяхатпен Мюнхен мен Венаға, сосын Алманияның басқа қалаларына, Париж, Лондон, Голландия, Швейцарияға барады. Барлық жерде Моцарт халықты өзінің қабілетімен таңырқатады: музыкамен танысы бар, бейтаныс бар адамдар арасындағы қиын жарыстардың жеңімпазы атанады. 1763 жылы Парижде Моцарттың клавесина мен скрипкаға арналған алғашқы сонаттары шығады. 1766-1769 жылдары Моцарт Гендел, Страделла, Кариссими, Дуранте және т.б. мықты шеберлерді оқып зерттейді. Император Иосиф II бұйрығы бойынша Моцарт бірнеше апта ішінде «La Finta semplice» (Қылымсық қарапайым) операсын жазады, бірақ осы 12 жасар композитордың еңбегі қолдарына түскен италияндық труппа мүшелері баланың әуенін орындаудан бас тартады, олардың сұмпайылығы сонша, тіпті оның әкесі операның орындалуын қатаң талап етуге батылы бармады. 1770 —74 жж. Моцарт Италияда өткізеді.. 1771 ж. Миланда, тағы да театрлік импрессариолардың қарсылығымен, Моцарттың «Mitridate, Rе di Ponto» (Митридат, Понтия патшасы) атты операсы әйтеуір қойылып, көрермендер оны үлкен ілтипатпен қабылдайды. Дәл осындай сәттілікпен операның екінші нұсқасы «Lucio Sulla» (Луций Сулла) (1772) өтеді. Зальцбург үшін Моцарт «Il sogno di Scipione» (Жаңа архиепископты сайлауы жайлы Сципион түсі, 1772), Мюнхенге — «La bella finta Giardiniera» операсын, 2 мессаларын, офферторий (1774) жазады. 17 жасынан аса бастағанда, оның шығармалары арасында ұсақ композицияларды айтпағанда төрт опера, бірнеше рухани өлеңдер, 13 симфониялар, 24 сонаттар болған. 1775 — 1780 жж., қаржылық жағынан мүшкілдігіне қарамастан, Мюнхенге, Мангейм и Париж сәтсіз сапарына, шешесінің өліміне қарамастан, Моцарт басқамен қоса 6 клавирлік сонат, флейта мен арфаға арнап концерт, үлкен №31 D-dur, Париждік деп аталып кеткен симфониясын, біргеше рухани хорларын, 12 балеттік туындыларын жазады. 1779 жылы Моцарт Зальцбурте аулалық органист орнын алады. 1781 жылдың 26-шы қаңтарында Мюнхенде «Идоменей» операсы үлкен жетістікпен қойылады. «Идоменеймен» лирика-драматикалық өнерінің реформасы басталады. Бұл операда әлі де көнеитальяндық opera seria (көп мөлшерде колоратурлы арий, кастрат үшін жазылған Идоманта партиясы) көрініс береді, бірақ сөзді жержерлерде, әсіресе хорларда жаңа сарынның иісі сезіледі. Инструменттікте де жаңа ырғақ байқалады. Мюнхенде жүргенде Моцарт мюнхендік капеллаға арнап «Misericordias Domini» офферториін жазады— бұл шіркеулік әуеннің XVIII ғасыр аяғындағы ең мықты үлгілерінің бірі болады. Моцарттың шығармашылық күші мен жаңа тәсілдері оның әр жазған операсымен одан ды айқынырақ байқалды. Иосиф II 1782 жылы тапсыруымен жазылған «Сералдан ұрлау» («Die Entführung aus dem Serail») операсы үлкен энтузиазммен қабылданып, кейінірек Алманияда кеңінен таралды, онда бұны ұлттық бірінші опера деп есептеді. Опера Моцарттың ақыры оның әйелі болған Констансия Уебермен романтикалық қарым-қатынасы кезінде туындаған. Моцарттың өнерлік сәттілгіне қарамастан оның өмірі кедейшілікпен болды. Зальцбургтегі органист орнын тастап және аздаған ғана вендік аула жалақысын пайдаланған Моцартқа жанұясын бағу үшін сабақ беруге, контрданстар, вальстар мен тіпті музыкалы кереге сағаттарына арнап пьесалар құрастыруға, вендік аристократтар кештерінде ойнауға (осыдан оның көптеген фортепианолық концерттері жарық көреді) тура келеді. «L’oca del Cairo» (178З) мен «Lo sposo deluso» (1784) опералары аяқталмай қалады. 1783 — 85 жж. Йозеф Гайднға арнап Моцарт алты атақты пернелік квартеттерді жазады, осы саланың шебері Йозев ұлы құрметпен қабылдайды. Оның «Davide penitente» (Өкінген Давид) ораториясы осы уақытқа жатады. 1786 жылдан бастап Моцарттың оның денсаулығының сыр бере бастау себебі болатын әдеттегіден тыс жемісті, әрі шаршаусыз іскерлік өмірі басталады. Таңғаларлық жылдам құрыстырылған шығарма үлгісі ретінде алты апта ішінде 1786 жылы жазылған «Фигаро үйлену тойы» операсын айтуға болады, тез жазылса да бұл опера өзінің әуендік сипаттамасының кіршіксіздігімен, шексіз сүйсінулігімен ерекшеленеді. Венады «Фигаро үйлену тойы» байқалмай дерлік өткенімен Прагада әдеттен тыс сүйіспеншілікке бөленді. Моцарт авторласы Лоренцо да Понте «Фигаро үйлену тойы» либреттосыен біте алмай жатып композитор талабы бойынша, Моцарт Прагаға арнап жазған, «Дон-Жуан» либреттосынан көшіреді. Бұл музыкалы өнердегі теңдессіз шығарма жарыққа 1787 жылы Прагада шығып «Фигаро үйлену тойынан» да сәтті қабылданады. Бұл операны Моцартқа жалпы басқа әуен орталықтарына қарағанда салқын қарайтын Венада әлдеқайда аз сәттілік күтіп еді. Аулалық композитор дәрежесінің 800 флорин (1787) болатын жалақысы Моцарттың барлық еңбегі үшін тым аз марапат еді. Бәрібір ол Венаға үйреніп қалған еді, 1789 жылы Берлинге барғанында 3 мың талер жалақысы бар Фридрих-Вильгельм II аулалық капелласының басшысы болуға шақырылса да, Венаны тастап кетуге қимайды. «Дон-Жуаннан» кейін Моцарт 1788 жылы бір жарым айда үш ең танымал симфонияларын жазады: № 39 ми-бемоль мажор (KV 543), № 40 соль минор (KV 550) және № 41 до мажор (KV 551). 1789 жылы Моцарт пруссия короліне концерттегіш виолончели партиясы бар пернелік (ре мажор) арнайды. Иосиф II (1790) өлімінен кейін Моцарт таршылық көргені сонша, ол кредиторларының қууынан қашу үшін Венадан кетіп, хал-ахуалын түзеу мақсатымен әртістік саяхатқа шығады. Моцарттың соңғы опералары әдемі әуенін зақымдайтын лиьреттосы бар «Cosi fan tutte» (1790), 18 күн ішінде жазылса да керемет беттері бар «Тит Мейірімділігі» (1791), император Леопольд II-нің таққа отыру салтанатына арналған, және соңғысы, өте табысты, тез кең таралған «Сиқырлы флейта» (1791). Ескі әдебиетте жәй оперетта деп аталған осымен қатар «Сералдан ұрлау» операсымен бірге алмандық жеке ұлттық операсының дамуына негіз болды. Моцарттың кең ауқымды, әралуан іскерлік өмірінде опера маңызды орын алған. Жаратылысы бойынша мистик, ол шіркеуге көп жұмыс істеді, бірақ үлгі тұтарлық ұлы шығармалары бұл салада аз: тек «Misericordias Domini» — «Ave verum corpus» (KV618), (1791) және Моцарт өмірінің соңғы күндері шаршаусыз, ерекше махаббатпен жазған ұлы-қайғылы реквием (KV 626). "Реквиемді" жазған тарихы қызық. Моцарт өлімінен аз уақыт бұрын бейтаныс қара маскадағы адам келіп «Реквиемге» тапсырыс жасайды. Композитордың биографтары анықтағандай ол сатып алғанды өз шығармасы ретінде ұсынған граф Ф. Вальдегг-Штуппах болған екен. Моцарт жұмысқа кірісіп кенткенімен жаман сезім кетпей қояды. Сырлы адам қара маскада, «қара адам» оның көз алдынан кетер емес. Композитор өзіне өзі жоқтау мессасын жазып жатқандай болады... Керемет қайғылы лиризмімен және кіршіксіз қайғылылығымен таңдандыратын бітпеген «Реквиемді» Моцарт шәкірті, алдындағы «Тит Мейірмділігі» атты операны жазуда да қатысқан, Ф. Зюсмайер Зюсмайер бітіреді. Моцарт 1791 жылы 5 желтоқсанда, мүмкін бүйрек инфекциясынан, қайтыс болады (әйтсе де Моцарттың өлімі оны масондардың немесе келесі аустриялық композитор Антонио Сальери уландырған деген таластар тудыруда). Венада, Әулие Марк бейітінде жалпыға арналған жерде жерленген, сондықтан тіпті қай орында жерленгені белгісіз қалды. Естелік ретінде композитор өлімінен тоғыз күннен кейін Прагада жиналған қалың жұрт алдында 120 музыкант Антонио Розеттидің "Реквиемін" орындайды. Көзі тірісінде-ақ аты аңызға айналған Моцарттың өлімі де сан түрлі жорамалдар жасаттырды. Солардың арасындағы ең атақтысы – Моцартты күншілдікпен Сальери у беріп өлтірткен деген аңыз. Ол, әсіресе, А.С.Пушкиннің “Моцарт пен Сальери” атты трагедиясынан кейін тіпті орныға түсті, Сальери есімі, “сальеризм” сөзі бақастықтың, күншіл күйкіліктің бейнелі баламасына айналып кетті. Ал шынтуайтында, Моцарт дертінің диагнозы – бүйрек жетімсіздігіне қосылған стрептококктық уыттану, оған қолқаның қабынуы мен миға қан құйылуы қосылып, композитордың тажал сәтін тездете түскен. Сыртқы сілтемелер. * Шолпан (ғаламшар). Шолпан — Күн жүйесіндегі оған жақын екінші ғаламшар.Көлемі мен массасы жағынан Жерге жуық болғандықтан, ерте кезден-ақ ғалымдардың назарын өзіне аударған. Алайда, оны тұтасқан ақ бұлт қабаты қоршап жатқандықтан, бұл ғаламшардың табиғаты мен қозғалысын оптикалық бақылаулар арқылы анықтау қиындық келтіруде. Дегенмен, радиобақылаулар нәтижесі күтпеген мәліметке қол жеткізді. Шолпан (Уранды есептемегенде) барлық ғаламшарлар айналатын жаққа кері бағытта, яғни өзінің Күнді айнала қозғалатын бағытына өз осі төңірегіндегі қарсы айналатын болып шықты. Ондағы күндік тәулік шамамен Жердегі 118 тәулікке тең. Технология. Технология (грекше “techno” - өнер, шебер, білгір және “logos” – ілім, ғылым) – шеберлік, өнерлілік, білгірлік туралы ғылыми ұғым. Технология - қажет нәтиже шығару мақсатындағы тәсілдер мен құрал-саймандардың жиынтығы; берілгенді қажет нәрсеге айналдыру жолы. Адамзатың іс-әрекетіне қажет технологияның да сан алуан түрі кездеседі. Олар: тамақ әзірлеу, үй мүлкін күту, ақпараттану т.б. технологиялары. Тәулік. Тәулік — шамамен Жердің өз осінен айналу мезгіліне тең болытан уақыт өлшем бірлігі. Бұл SI бірлігі емес, бірақ SI дегенмен бірге (белгілеуі: d) пайдалануға қабыл етілген. Тағайындалған уақыт өлшеу SI бірлігі — секунд. "Күн тәулігі" (24 сағат немесе секунд) мен жұлдыз тәулігі (23 сағат 56 минут 4 секунд) деп екіге ажыратады. Жердің Күнді айналу себебінен Жерде тұрған байқаушы үшін Күн қозғалмайтын жұлдыздарға қарағанда орын ауыстырады, сондықтан бұл екі түрлі тәулік тең емес. Күнделікті өмірде тәулікті жиі "күн" деп те айта береді. Бір тәулікте 24 сағат (1440 минут, 86400 секунд) бар және тәулік "күн", "түн", "таң", "кеш" т.с.с. құралған. Күнтізбені құратын тәуліктер аптаны, айларды құрайды. Радиус-вектор. Ра́диус-ве́ктор (әдетте formula_1 немесе жәй formula_2 деп белгіленеді) — координаттар басы деп аталатын әлдебір берілген тұрақты нүктеге қатысты нүктенің кеңістіктегі орнын анықтау үшін енгізіледі. Кез келген кеңістіктегі нүкте үшін радиус-вектор – координаттар басын сол нүктемен қосатын вектор болып табылады. Нүкте (геометрия). Нүкте — координаттары бар, бірақ өлшемі, массасы, бағыты жоқ, ешқандай геометриялық немесе физикалық қасиеті жоқ кеңістіктегі абстракт нәрсе. Математика мен физикадағы іргелі ұғымдардың бірі. Еуклидтық геометриядағы нүкте. Нүкте - геометрияның іргелі ұғымдарының бірі, сондықтан оның анықтамасы жоқ. Сол секілді геометрияда түзудің (сызықтың) де анықтамасы жоқ. Түрік тілі. Түрік тілі — дүние жүзі бойынша 80-85 миллион адам сөйлейтін тіл, түркі тілдерінің ішіндегі ең көп тарағаны. Түрік тілінде сөйлеушілер негізінен Түркияда шоғырланған, Қыбыр, Бұлғарстан және Шығыс Еуропаның басқа да аймақтарында да тұрады. Батыс Еуропадағы, әсіресе Алманиядағы бірнеше миллион иммигрант қауымы да түрікше сөйлейді. Түрік тілі Орталық Азияда пайда болған, оның алғашқы жазба ескерткіштері шамамен 7-8 ғасырларда жазылған. Батыста бүгінгі түрік тілінің ізашары —Османлы түрікшесі Османлы империясының кеңеюімен бірге тарап отырды. 1928 жылы Ататүрік реформаларының кезінде Османлы әліпбиі латын әліпбиінің фонетикалық вариантымен алмастырылды. Сонымен бірге, жаңадан құрылған Түрік тілі қоғамы тілдегі араб және парсы тілдерінен енген сөздерді түріктің төл сөздерімен немесе түркі түбірлерінен құралған жаңа сөздермен алмастыру науқанын бастады. Түрік тілінің басты ерекшеліктері — үндестік заңы және агглютинация. Түрік тіліндегі негізгі сөз тәртібі: SOV (яғни, бастауыш — толықтауыш — баяндауыш). Түрік тілінде екінші жақ есімдіктерінің анайы және сыпайы түрлері қолданылады (яғни сен-сіз бойынша айырмашылық). Түрік тілінде грамматикалық тектер жоқ. Классификациялануы. Түркі тілдерінің ана тілі ретінде сөйлеушілер саны бойынша жіктелуі Түрік тілі гагауз және әзери тілдерімен бірге Оғыз тілдерінің батыс тобына жатады. Ал оғыз тілдері болса, 30 тірі тілден тұратын және Шығыс Еуропа, Орталық Азия және Сібірде тараған түркі тілдерінің оңтүстік-батыс тобын құрайды. Кейбір тіл ғылымы мамандары түркі тілдерін одан кеңірек алтай тілдеріне жатады деп ойлайды. Түрік тілінде сөйлейтіндер түркі тілдерінде сөйлейтіндердің шамамен 40%-ын құрайды. Түрік тілінің үндестік, жалғаулардың сөз түбіріне тізіліп кете беруі (агглютинация) секілді белгілері басқа да түркі тілдеріне және жалпы алтай тілдеріне тән белгілер. Түрік тілі және әзери, түрікмен, қашқай және гагауз тілдері сияқты басқа оғыз тілдері бір-біріне түсінікті болып келеді. Тарихы. Ең алғашқы түркі жазбалары қазіргі Моңғолияның жерінде орналасқан. Көктүрік хандығының кезінде Соғды әліпбиімен жазылған Бұғыт жазбалары 6-шы ғасырдың екінші жартысына жатқызылған. 732 мен 735 жылдар аралығына жатқызылатын монументалды Орхон жазбалары сол ерте кезеңнің тағы бір маңызды ескерткіші болып табылады. Орыс археологтары Орхон өзені аңғарының төңірегінде осы ескерткіштер мен оларға тиісті тас бағаналарды 1889-1893 жылдар аралығында біртіндеп тапқан соң ондағы жазбалардың Көнетүркі жазуын қолданылып Көне түркі тілінде жазылғаны анықталды. Орхон әліпбиіндегі әріптердің сырт кейпі герман руналарына ұқсағандықтан олар "Түркі руналары" немесе "руна тәріздес" деп аталып кетті. Ерте орта ғасыр дәуірінде болған Түркі жорықтарының кезінде түркі тілдерінде сөйлейтін халықтар бүкіл Орталық Азияны түгел жайлап, Сібірден Еуропаға және Жерорта теңізіне дейінгі аралықты өздеріне қаратты. Оғыз түріктеріне жататын салжұқтар 11-ші ғасырда өздерінің тілі — оғыз түркі тілін Анатолияға алып келді. Уақыт өте дәл осы тілден қазіргі түрік тілі өрбіп шықты. Дәл сол 11-ші ғасырда түркі тілдерінің алғашқы ғылыми зерттеушісі болып саналатын Қашғарлы Махмуд түркі диалектілерінің толық сөздігін және олардың таралуын көрсететін картаны қамтитын «Диуани лұғати-түрк» атты еңбек жариялады. (Османлы түрікшесінде: "Divânü Lügati't-Türk"). Османлы түрікшесі. Османлы империясының ізашарлары болып саналатын Қарахан мемлекеті мен салжұқ түркілері 950-ші жыл шамасында Исләм дінін қабылдаған соң осы мемлекеттердің ресми тілінде араб және парсы тілдерінен енген көптеген кірме сөздер пайда болды. Османлы кезеңіндегі түрік әдебиетіне, әсіресе Османлы диуан поэзиясына парсы әдебиеті қатты әсер етті. Османлы империясы кезіндегі (шамамен 1299-1922 жылдар) әдеби және ресми тіл түрік, араб және парсы тілдерінің қоспасы болып, өзімен замандас сөйлеу тілінен елеулі айырмашылығы болды. Сол себепті ол тіл Османлы түрік тілі деп аталады. Тіл реформасы және қазіргі түрік тілі. Түркия республикасының негізі қаланған соң және жазу реформасы басталған соң 1932 жылы Мұстафа Кәмәл Ататүріктің пәрменімен Түрік тілі қоғамы (TDK) ұйымы құрылды. Оның мақсаты ретінде түрік тілі бойынша зерттеулер жүргізу болып белгіленді. Жаңадан құрылған осы қоғамның қолға алған алғашқы істерінің бірі — араб және парсы тілдерінен кірген кірме сөздерді түрік баламаларымен алмастыру болды. Баспасөзде кірме сөздердің қолданылуына толығымен тыйым салу арқылы қоғам тілден бірнеше жүз сөзді аластатты. Қоғамның түрік тіліне енгізген сөздердің көпшілігі түркі түбірлеріне негізделген жаңа сөздер болса да, жаңадан енгізілген сөздердің кейбіреулері ғасырлар бұрын қолданыстан шығып қалған көне түркі сөздері болатын. Тілдің осы кенет өзгеруінің арқасында Түркиядағы кәрі және жас буындардың сөз қорларының арасында айырмашылық пайда болды. Дүниеге 1940-шы жылдарға дейін аяқ басқан буындар араб және парсы сөздерін көбірек қолданатын болса, одан кейінгі буындар жаңадан енгізілген ұғымдарды пайдаланатын болды. Бір ерекше қызық жайт, Ататүріктің өзі 1927 жылы Түркия парламентінің алдында сөйлеген аса салтанатты сөзін Османлы мәнерінде сөйлеген, бірақ ол сөздің тілі қазіргі ұрпаққа түсініксіз болғаны сонша, оны үш рет: 1963, 1986 және 1995 жылдары қазіргі түрікшеге аудару керек болды. Адамның түрік тіліне деген көзқарасынан оның саяси көзқарасы да көрінеді: консервативті топтар күнделікті тілде ескірген сөздердің көбірек қолданылуын қолдайды. Соңғы бірнеше онжылдықтың ішінде TDK (ТТҚ) жаңа ұғымдарды және жаңа технологияларды білдіретін жаңа сөздерді тілге енгізумен айналысып келеді. Олардың көбі, әсіресе ақпарат технологиясына қатысты ұғымдар тарап кетті. ТТҚ-ның жасанды естілетін сөздерді шығарғаны үшін сынға ұшырап қалатын кездері де болып тұрады. Бұрынырақ ұсынылған жаңа сөздер, мысалы "fırka" (саяси партия) сөзінің орнына ұсынылған "bölem" сөзін жалпы жұртшылық онша жақсы қабылдай қойған жоқ (тіпті "fırka" сөзінің өзі де былай қойылып, франсуз тілінен енген "parti" сөзі қолданылатын болды).Көне түркі тілінен алынған сөздердің кейбіреулері ерекше мағыналарға ие бола бастады; мысалы "betik" сөзі бастапқыда «кітап» деген мағынада қолданылатын, бірақ енді компьютер ғылымындағы «скрипт» (компьюьер бағдарламасының бір түрі) деген мағынаға ие болды. Жағырапиялық таралуы. a>нің еуропалық шетіндегі «Еуропа құрлығына қош келдіңіз!» деген түрікше жазуы бар жол белгісі. (Фото 2006 жылы 28-ші Еуразиялық марафонның кезінде алынған.) Түрік тілі — түрік халқының және шамамен 30 елде тұратын түрік диаспорасының ана тілі. Түрік тілді азшылық топтар бұрын толығымен немесе жарым-жартылай Османлы империясының иелігінде болған Бұлғарстан, Қыбыр, Грекия (әсіресе батыс Тракияда), Македония республикасы, Румыния және Сербия сияқты елдерде бар. Екі миллионнан астам түрік тілділер Алманияда тұрады, Франсия, Недерланд, Аустрия, Белгия, Швейцария және Құрама Патшалықта да үлкен-үлкен түрік тілді қауымдастықтар бар. Мәдени ассимиляцияға ұшыраулары себебінен этникалық түріктердің барлығы бірдей түрік тілінде ана тіліндегідей жатық сөйлей бермейді. Түркиядағы түрік тілін ана тілі ретінде сөйлейтіндердің саны 60-67 миллион шамасында, бұл бүкіл халық санының 90-93%-на тең, дүние жүзі бойынша болса түрік тілі 65-73 миллион адамның ана тілі болып табылады. Түрік тілін ана тілі немесе екінші тіл ретінде Түркияның барлық дерлік азаматтары сөйлей алады, қалған бөлігі күрд тілінде сөйлейтіндердің үлесіне тиеді (1980 жылы шамамен 3 950 000 адам). Алайда Түркиядағы азшылық этникалық топтардың өзі де түрік тілін ана тіліне тең деңгейде біледі. Ресми дәрежесі. Түрік тілі Түркияның ресми тілі және Кипрдің ресми тілдерінің бірі. Ол Косоводағы Призрен аймағында ресми статусқа ие (бірақ басты емес). Македония республикасындағы бірнеше қалалық аумақтарда да түрік тілді жұртшылықтың шоғырлануы бойынша ресми статусқа ие. Материалдық нүкте. Механикада дағдылы анықтамасы материалдық нүктені есептерді шығаруда өлшемі жоқ деп есептеуге болатын нәрсе дейді. Бұл нәрсе деформацияланбайды, айнала алмайды. Материалдық нүктенің механикалық энергиясы тек қана оның (алдыға) қозғалу кинетикалық энергиясы түрінде ғана жинақтала алады, яғни айналу немесе деформациялық энергиясы болмайды. Басқаша айтқанда, материалдың нүкте — ең қарапайым механикалық жүйе; ең аз еркіндік дәрежесі бар механикалық жүйе (үшөлшемді кеңістікте қозғалса және байланыс болмаса – 3 еркіндік дәрежесі), ішкі еркіндік дәрежесіз. Бұл анықтаманың ұқыптылығын мына үлгіден көруге болады: сиректенген газда жоғары температурада әр молекула өлшемі молекулалар орташа арақашықтығымен салыстырғанда өте аз. Оны жоқтың қасы деуге болындай көрінгенімен олай емес: молекулалардың дірілдеуі мен айналуы — молекуланың “ішкі энергиясының” маңызды қоры болып табылады, қордың “ауқымдығы”молекуладардың өлшемімен анықталады. Скаляр. Скаляр (лат. scalaris — баспалдақты) — әр мәні бір ғана (нақты) санмен өрнектеле алатын шама. Скаляр үлгілілері ретінде ұзындық, аудан, уақыт, масса, тығыздық, температураны, т.б. келтіруге болады. Сұрау белгісі. Сұрау белгісі (?) - жазуда пайдалынатын тыныс белгілерінің бірі. Әдетте сұраулы сөйлемнің соңында қойылады. Қойылу жағдайлары. Сұрақ белгісі жауап алу мақсатында қойылады. Леп белгісі. Лепті белгісі (!) - жазуда пайдалынатын тыныс белгілерінің бірі. Әдетте лепті сөйлемнің соңында қойылады. Математикада. көбейінді тақ сандар үшін 1-мен аяқталады, жұптар үшін 2-мен аяқталады. Бар болу белгісі леп белгісімен бірге ( formula_3 ) «бар және жалғыз» деген мәнді білдіреді. Қос нүкте. Қос нүкте (:) - жазуда пайдалынатын тыныс белгілерінің бірі. Көп нүкте сөйлемнің синтаксистік ерекшеліктері мен мағынасына баыланысты қойылады. Қос нүктенің сөйлемдегі басты қызметі - сөйлем мүшелерінің арасындағы түрлі қарым-қатынастарды көрсету. Плеханов, Георгий Валентинович. Георгий Валентинович Плеханов (желтоқсанның 11, 1856 – мамырдың 30, 1918; ескі стиль: қарашаның 29 1856 – мамырдың 17 1918) — Ресей революционері және марксизм теоретигі. Ол Ресейдегі социал-демократиялық қозғалыстың негізін қалап, алғашқы орыс марксисі болған. Плеханов марксизмге философия саласында және өнер мен діннің қоғамдағы рөлі туралы көп үлес қосқан. 1876 жылы Қазан кафедральды шіркеуінің сыртында патша билігін айыптап, Чернышевскийдің идеяларын қорғап сөз сөйлегеннен кейін Плеханов жасырынуға мәжбүр болды. Саяси қызметін ол Волгин деген бүркеме атпен атқарды. Кейбір зерттеушілер осы есім атақты революционер Владимир Ильич Ульяновтың Ленин деген бүркеме атты Плехановтың саясатына қарсы болуының бедгісі ретінде қабылдауына себеп болды беп ойлайды. Бірақ аттардың пайда болу уақыты бойынша бұл пікір негізсіз болып көрінеді. Ленин атын ол Плехановпен келіспеушіліктер пайда болғанға дейін қолдана бастады. "Тарихқа деген монистік көзқарас" деген атақты еңбегін Плеханов Бельтов деген бүркеме атпен жазған. Плеханов басында халықшыл әрі халықшылдардың Жер және бостандық деген ұйымының жетекшісі болатын. 1880 жылы Ресейден шет елге кеткен соң ол батыс Еуропадағы социал-демократтық ұйымдармен байланыс орнатып, Карл Маркс пен Фридрих Энгельстің еңбектерін зерттей бастады. Соның нәтижесінде ол халықшылдықтан бас тартып, марксизмге бет бұрды. 1883 жылы ол Лев Дойчпен және Вера Засуличпен бірге «Еңбекті азат ету тобы» деген орыс революционерлерінің арасында марксизмді насихаттауға арналған топты құрды. Ол топ ыдыраған соң Плеханов Ресей социал-демократтық жұмысшы партиясына (РСДЖП) мүше болып, Ленинмен істес болды. 1903 жылы РСДЖП-ның екінші құрылтайында Плеханов Ленинмен қатынасын үзіп, меньшевиктерді қолдады. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде ол (большевиктердің «пролетарлық интернационализміне» кереғар) «ұлтшыл» бағытты ұстанып, Германияны жеңуге шақырды. Ленин Апрель тезистері деген еңбегінде Плеханов пен өзінің басқа да қарсыластарын Социал-шовинизмді ұстанады деп айыптады. Плехановтың айтуынша, 1915 жылы Циммервальд конференциясынан кейін және 1916 жылы ІІ-ші Интернационал тарқағаннан кейін ІІІ-ші Интернационалдың құрылуын қолдау арқылы Ленин «азамат соғысын» қолдап шықты. Келіспеушіліктеріне қарамастан, Ленин тіпті Плехановтың көзі тірісінде-ақ оның марксист философиясы мен әдебиетіне зор үлес қосқанын мойындаумен болды. Ол Плеханов туралы былай деп жазды: «Оның сіңірген еңбегі орасан зор. 1883 жыл мен 1903 жылдар аралығындағы 20 жыл ішінде ол өте терең, әсіресе оппортунистер, махистер және халықшылдарға қарсы бағытталған мақалалар жазды». Тіпті Қазан революциясынан кейін де Ленин Плехановтың еңбектерін қайта басып шығарып, оны болашақ коммунистерге оқыту керек деп талап етті. Плеханов Ақпан революциясынан кейін Ресейге қайта оралып, Единство ұйымын құрды. Алайда большевиктер ұйымдастырған Қазан революциясына ол қарсы болып, Ресейден шетелге кетті. Ол Финляндияның Терийоки қаласында қайтыс болды (қазір Ресейдегі Зеленогорск қаласы). Ол Волково зиратында Белинский мен Добролюбов қабірлерінің маңында жерленді. Ленинмен алауыздықтарына қарамастан кеңестік коммунистер оның есімін ардақтап, екі жоғары оқу орнын оның атымен атады. Ван көлі. Ван көлі () - шығыс Түркиядa орналасқан Түркияың ең ірі көлі. Аумағы 3574 км² құрайды, орташа тереңдігі 162,2 м, кейбір жерде тереңдігі 451 м. дейін жетеді. Еуразия ұлттық университеті. Еуразия ұлттық университеті - Қазақстан ірі жоғарғы оқу орындарының бірі. Астанада орналасқан. Ректоры - Педагогика ғылымдарының докторы, Математика профессоры - Сәрсенғали A. Әбдіманапов. Қазақстан Президентінің Жарлығымен 1996 ж. мамырда бұрынғы Ақмола ун-тінің негізінде құрылған. Е. у. құрамына Дипломатиялық академия және әр саладан білім берумен шұғылданатын 5 ин-т (жаратылыстанутех., гуманит., құқық, экон., білім беру), сондай-ақ «Еуразия» гуманит. зерттеулер ғыл.-зерт. орт., Жоғары мектеп проблемаларының ғыл.-зерт. орт., Дүниежүз. экон. және конъюнктура ғыл.-зерт. ин-ты, Геотех. ғыл.-зерт. ин-ты, ҚР Ұлттық ядр. орт. ядр. физ. ин-тының бөлімшесі, Ақпараттық-есептеу орт., т.б. енеді. Ресей, Беларусь, Испания, Германия, т.б. елдер оқу орындары ғыл. орт-тарымен тығыз байланыс орнатылған. Күндізгі бөлімде 85 мамандық, ал сырттай бөлімде 25 мамандық бойынша білім алады (2001). Ун-тте 669 білікті маман дәріс береді. Оның ішінде 70 ғыл. докт., проф., 214 ғыл. канд., доцент бар. Канд. және докт. дисс. қорғайтын 9 ғыл. кеңес және 20 мамандық бойынша аспирантура жұмыс істейді. Ун-ттің 5 оқу ғимараты, 12 лингафондық кабинеті, 1.250000 қоры бар кітапханасы мен 500 орындық компьютерлік оқу орт. бар. Тарихы. Еуразия кеңістігіндегі Қазақстан­ның айқын мақсатын, елдік мүддесін баянды ету мақсатында Қазақстан президенті 1996 жылғы 23 мамырда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетін құру туралы Жарлыққа қол қойды. Осы жарлық бойынша Еуразия ұлттық университеті құрылады. Жұрт тығыздығы. Жердегі жұрт тығыздығы (сызықтық шкала, 1994 жыл) Жұрт тығыздығы — бірлік аумақта тұратын жұрт саны. Қазақстандағы жұрт тығыздығы — 5,4 адам/км². Ноу-хау. Ноу-хау (ағылшынның "know how" – қалай екенін білу) – көпшілік әлі біле бермейтін және сауда-саттық тауары бола алатын немесе басқалардың алдында бәсекелі болу үшін пайдаланыла алатын ерекше технологиялар, білімдер, мен қабілеттер. Әдетте ноу-хау деп басқалар үшін коммерциялық сыр болып табылатын коммерциялық құндылығы бар инновацияларды айтады. Жоғарытехнологиялы экономикада ноу-хау ірі компаниялардың активтерінің маңызды бөлігі болып табылады. Халықаралық заңнамаларға сәйкес, мекемелер әлдебір өндіріс тәсілін немесе техникалық шешімді жекедара пайдалану үшін екі жолмен сақнана алады – патент немесе коммерциялық сыр арқылы. Ноу-хау заңды түрде сипатталмағанымен коммерциялық сыр ұғымына кіреді. Патент пен коммерциялық сыр мақсаттары бір – иннофацияларды бәсекелестердің пайдалануына жол бермеу және жекедара пайдасын көру. Бірақ қорғаныс тәсілдері мүлдем басқа: патенттеу - мәліметтерді ашу және (ауторларының төлеген ақшасымен) одан әрі заң бойынша қорғалуы, басқаларға патент иесінсіз осы шешімді пайдалануы сот арқылы қудалануына дейін. Ноу-хау сыр арқылы да сақтану дегенді білдіреді. Алайда, сырлы мағлұмат мәлім болып қалған жағдайда оны пайдалануға тыйым салу мүмкін емес. Ноу-хау құқығы беймәлімділік сақталғанға дейін ғана болады. Институттық инвестор. Институттық инвестор () — заңды тұлға, пайда табу үшін құнды қағаздарға, жылжымайтын мүлікке (жылжымайтын мүлікке хұқысымен қоса) салатын пұлы (пайы, жарна ретінде) бар адам. Институттық инвесторларға инвестициялық қорлар, зейнетақы қорлары, сақтандыру ұйымдары, несиелік ұйымдар (банктер) жатады. Институттық инвесторлар әдетте үлкен акция пакеттерімен сауда жасайтын Нью-Йорк қор биржасындағы саудагерлердің жартысына жуығын құрайды. АҚШта Білікті институттық инвестор (Qualified Institutional Investor) деген де ұғым бар. Хакер. "Хакер" (деген сөзінен) деп, әлемдегі ең ірі әрі күрделі саналатын компьютерлік желілерге кіруге қол жеткізген, өзінің электрондық саладағы білімін жаңа идеялар енгізу арқылы дәлелдейтін және де технологияның даму мәдениетін егжей-тегжейлі білетін адамды айтады. Алайда көпшілік үшін қандай да бір электрондық жүйеге заңсыз шабуыл жасаған адам біздің қоғамда «хакер» деген атқа ие болған. Қазақстан қоғамы кез-келген шетелдік хакерлермен бәсекелесе алатын компьютерлік «бұзақыларымен» ерекшеленіп, олардың алпауыт елдер үшін де үлкен қауіп төндіруге қауқары жетеді десе болады. Қазақстандық құқық қорғаушылар мен қаржы саласындағылар «байланыстың электрондық жүйесі хакерлер үшін ақша табудың таптырмас құралы бола алатындығын» мойындап отыр. Сондықтан да ҰҚК мемлекеттік органдардың ақпараттық арналарына заңсыз енетіндерге қарсы тосқауыл қоюды басты міндеттерінің бірі санайды. Қазіргі кезде аталған комитетте компьютерлік технология саласындағы қылмысқа қарсы күрес бөлімі жұмыс істейді. ҰҚК-нің заңдық базасына осындай қылмыстарға қатысты істерді қарайтын арнайы бап та енгізілген. Хакерлердің негізінен банк жүйесіне «сілекейлері шұбыратыны» айтпаса да түсінікті. Алайда банк саласы олжасын оңай бөліссін бе, қаражатын өз «хакерлерімен» күзетуде. Банк ондай қызметкерлеріне жоғары жалақы төлеп, аса құрметпен қарайды. Басқа да ірі компаниялар құпияларының қауіпсіздігі үшін «хакер» ұстайты. «Өз хакеріміз» деп айтқандары болмаса, мұндай қызметкерлердің ресми атауы – қауіпсіздік қызметі. Олардың міндетіне өзі жұмыс істейтін нысанның барлық технологиялық процестерін бақылап отыру жатады. Аталған қауіпсіздік қызметінің «алтыннан да ардақты» мамандары ешкімге зиянын тигізбесе де қызық үшін өзгенің «ауласына» кіріп, онда не болып жатқанынан хабардар болып отырады-мыс. Құқық қорғаушылардың айтуынша, қазіргі кезде хакерлер тарапынан болып жатқан қылмыстар уақыт озған сайын арта түсуде. Мұны тәуелсіз сарапшылар елдегі компьютерлендіру жағдайының тез қарқын алуымен байланыстырады. Қазақ хакерлері. Қазақстанда туып-өскен нағыз «хакер» Саша Маньякты алайық. Бұл оның лақап аты. Елден осыдан 7 жыл бұрын кеткен оның есімі әлемге әйгілі деседі. Жұрттың айтуына қарағанда, қазір ол Канадада тұрады. Өзінің сүйікті «кәсібін» тоқтатып, бір фирмада ел қатарлы жұмыс істейтін көрінеді. Кезінде «Казкоммерцсекьюритиз» фирмасында жұмыс істеген Олег Зезевтің әрекеті төрткүл дүние жұртшылығының назарын өзіне аудартқан болатын. Кез келген компьютерлік жүйеге енуді шебер меңгерген ол, анау-мынау емес, американдық миллиардер (кейін Нью-Йорк қаласының әкімі болып сайланады) М.Блумбергке «құпия ақпарат сатам» деп, одан 200 мың доллар талап еткен. Нәтижесінде ақшаға малынам деп түрмеден бірақ шықты. Ақтау қаласының тұрғыны көмегімен тағы бір қылмыстың алды алынады. Дәлірек айтсақ, киберқарақшы компьютерлік желіге шабуыл жасау арқылы құнды бағдарламаны сатпақ болған жерінде қолға түскен. Оған сондай-ақ, өзгенің ақпараттар базасына заңсыз енгендігі туралы айып тағылған. Осы оқиғадан кейін Маңғыстау облыстық ішкі істер басқармасы жанынан «К» бөлімі құрылған-ды. Осы тақылеттес оқиға Қостанай облысында да болды. Қостанайлық хакер жүрек жұтқан ба, кеденшілердің компьютерлерінің желісіне жасырын кіріп отырған. Кейін анықталғаны – қылмыскер шабуылға тек түнгі уақытта шыққан. Ал ол кезде кеден қызметкерлері есіктерін мөрмен бекітіп кетеді екен. Сонымен қостанайлық хакер не істеді дейсіз ғой? Интернетті қажетінше пайдаланған ол өзгенің есебі арқылы әлемдік электрондық желімен байланысқа шығудың таңғаларлық жолдарын ойлап табады. Тергеу ісі барысында Кожемяктың интернетпен жұмыс істеген уақыты 450 сағатқа жеткендігі анықталады. Сөйтіп, үкіметке 63 мың теңге шығын келтірген. Ал жуырда орын алған электрондық желі арқылы Қазақстандағы белгілі бір компанияның қоржынынан қомақты қаржы жымқырылуға қатысты оқиға құзырлы саланың міндеттерін еселей түсуге ықпал етеді. Деректерге жүгінсек, бүгінгі күнге дейін компьютерлік желіні заңсыз пайдаланудың 15-ке жуық оқиғасы тіркелген. Бұл ресми мәлімет. Ал жалпы жылына 500-ге жуық оқиға орын алатын көрінеді. Алайда көпшілік құрылымдар бұл жайында жариялағысы келмейді. Олар мұнымен беделіне нұқсан келтіріп, халық сеніміне селкеу түсіріп аламыз деп үрейленсе керек. Сондықтан да «Бас жарылса, бөрік ішінде, қол сынса, жең ішінде» дегеннен аспайды. Бұл мәселе бірнеше елдің білекті күш құрылымдарының бірігуіне негіз болып отыр. Осыдан бірер жыл бұрын ТМД елдерінің құқық қорғау органдары бас қосып, хакерлерден қорғану шараларын заңдастырды. Негізі бұл қазақстандық мамандардың ұсынысы болған екен. Халықаралық деңгейде өткізілген бұл конференцияда біраз мәселе талқыланған болатын. Соның негізгісі – конференцияға қатысушы елдердің заңдарын қайта қарап, тиімділігін арттыру еді. Былайша айтқанда, компьютерлік жүйе байланысы аталған елдер арасында әлдеқашан орнаған. Демек, заң талаптары да бірдей болуы тиіс. Осыны күн тәртібінің бірінші кезегіне қойған конференцияға қатысушылар бір мәмілеге келді. Қызықты мәліметтер. Компьютермен балалар да «ойнай» бастапты. Дәлірек айтсақ, ол компьютер арқылы «қалада жарылғыш зат орнатылған» деп жалған ақпарат таратқан. Ойнаймын деп от басқан баланың кім екендігі дер кезінде анықталып, оның «айыбын» әке-шешесі айыппұл төлеп өтеді. Ал германиялық провайдердің көмегімен балалар порнографиясын таратқан екі адамды анықтай алмапты. Жаза мәселесіне келсек, көпшілік елдердегідей бізде де «үкіметтік құпияны сақтаушы органдардың электрондық жүйесіне заңсыз енген адамдар қатаң жазаланады» деп хабарлаған болатын ҰҚК баспасөз қызметкерлері. Ал көрші Ресейдегі жағдайды сөз етсек, хакерлер олар үшін үлкен проблеманың біріне айналып отыр. Ол елде сөз болып отырғандай қылмысқа қарсы күресті «Р» және «К» басқармалары жүргізеді. Аталған басқармалар 1999 жылы құрылған-ды. Ресейлік хакерлер көбіне-көп компьютер желісі көмегімен қалталы бизнесмендердің жеке өміріне қол сұғу арқылы бар құпияларын қару етіп, бопсалайды. Дәл қазіргі кезде осындай қылмыскерлермен күреске айрықша күш жұмсалуда. Иә, бұрындары компьютерді тек ұсақ-түйек алаяқтық жасап, боқтық сөздер таратып, ермек үшін пайдаланса, қазір онымен қомақты қаржы тауып тіпті лаңкестік әрекеттерге жол беретін болыпты. Мемлекеттік құпия сақталған сайттарға шабуыл жасап, саяси қоқан-лоққы жасайтындар да бой көрсете бастады. Жуырда хакерлер тобы британиялық әскери серікті дәл осы электрондық шабуыл арқылы кепілдікке алған болатын. Айта берсе, мемлекеттік маңызы бар құрылымдарды, яғни қаржы немесе транспорт сияқты инфроқұрылымдарды компьютердің көмегімен кепілге алып, қоғамға үлкен қауіп төндіретін хакер-терроршылар әлемде көп саналады. Аты әйгілі террорист Усама Бен Ладеннің қол астында да кибертеррористер жоқ емес. Ребрендинг. Анықтамасы . «Ребрендинг» сөзі ағылшын тілінен брендті өзгерту деп аударылады. Бірақ та бұл процесті ғимараттың алдына ілінген маңдайшаны және логотипті өзгертумен ғана шектелетін процесс деп қарау қате болар еді. Бұл - ұйымның барлық бөлімшелеріне ықпал ететін ауқымды және көп деңгейлі процесс. Ребрендинг – брендинг (яғни брендті ойлап табу мен шығару) процесін қайталау. Оның деңгейі әр-түрлі болуы мүмкін: компанияның жай ғана логотипін ауыстыруынан тіпті толық концепциясын, миссиясын, ұсталымын және стилін өзгертуіне дейін бара алады. Мысалдар. Мәселен, 2007 жылы Қазақстан банкілерінің ішінен Казком және БТА шетел нарығына шығу үшін ребрендинг өткізді. Тағы бір мысал - Картел операторы K-Mobile сауда белгісін Beeline-ға ауыстыруы, оның себебі - Ресейлік Вымпелкомның (түпкі Beeline-ның иесі) Қазақстандық Картелді толық сатып алуы. 2009 жылы GSM Kazakhstan компаниясы KCell брендін жаңартты. Бренд. Бренд (,) — сауда белгісі, немесе қазіргі кезде біздің "бренд" деп жүргеніміз — таңба ғана емес, сол таңбаның астарында тұрғанның барлығы. Әдемі таңба-рәміздерді және фирмалық мәнерді "бренд" деп атау қате болмады. Бренд — бұл сауда белгісі ғана емес, бұл тұтынушыға берілетін уәде және сол уәдені орындау. Ежелгі заманнан бері адамдар қарым-қатынас жасауды, таңбалар арқылы белгілі бір сезімді немесе ақпаратты беруді қажет етті. Бұл таңбалар бір идеяны жақтаушыларды өздерінің бәсекелестерінен өзгеше етіп көрсетті. таңбалар адамның немесе топтың даралығын көрсетуге, өзінің мақтанышын немесе белгілі бір қасиеттерді иеленетіндігін көрсетуге мүмкіндік береді. Адамдар өз идеалдарын қорғай отырып, белгілі бір тудың астына жиналған. Етеккір. Қыздардың екі аналық безінің әрбірінде мыңдаған аналық жасуша бар. Жыныстық жетілу кезеңі аяқталған соң, ай сайын аналық жасушалардың біреуі пісіп жетіліп, аналық безде өнеді. "Овуляция" деп аталатын осы процесс етеккірге 14 күндей уақыт калғанда болады. Егер аталған аналық жасуша сперматозоидпен “кездеспесе”, ол құрып, жойылады. Ай сайын жүктілікке дайындалған жатырдың ішкі қабаты қалыңдап, жұмсарады. Денеңіз ұрықтанудың болмағанын сезінгенде, аналық жасуша мен жатырдың ішкі қабаты етеккір (менструация) атты қанды сұйықтық түрінде қынап арқылы денеден шығарылады. Әрине, аналы жасушаны, ол өте ұсақ болғандықтан, аспапсыз көзбен көруге болмайды. "Етеккір мерзімі" деп менструацияның бірінші күні мен келесі етеккірдің алдындағы соңғы күннің аралығындағы мерзімді атайды. Етеккір мерзімінің ұзақтылығы үш аптадан бастап, 41 күнге дейін баруы мүмкін. Менструация кезінде тазалық төсемдер мен тампондарды, яғни мата тығындарын қолдануға болады. Етеккір күндерін арнайы күнделікте белгілеп тұрса, ол басталатын уақытты алдын ала біліп тұруға болады. Дегенмен, әр әйелдің етеккір мерзімі өзгеше болғандытан, оның тұрақты болмауы да мүмкін. Гормондық өзгерістер көңіл күйге өз әсерін тигізеді. Кейде, овуляция барысында, өзіңізді жігерлі сезінсеңіз, етеккірдің алдында кейде жыламсырап, қит етсе ашуланып, не ызаланып алуыңыз да мүмкін. Емшегіңіз ісіңкіреп, бетіңізге безеулер шығатын да уақыт болады. Етеккірі келетін әр әйел теориялық тұрғыдан бала көтере алады. Ал әйел елу жасқа жақындағанда, етеккірі тоқтап, "менопауза" деген мерзім басталады. Осы уақыттан бастап, әйел екіқабат бола алмайды. Етеккірге жанға бататын сырқау қабаттасса, немесе сол адамды басқа да мәселелер Негізгі капиталға инвестициялар. Негізгі капиталға инвестициялар – негізгі қорларды сатып алуға, құруға және ұдайы өндіруге бағытталған шығындар жиынтығы. Негізгі капиталға инвестицияларға ғимараттар мен құрылыстарға, машиналар мен құрал-жабдықтарға, малға, көпжылдық көшеттерге, бұрғылау және геологиялық барлау жұмыстарына, бағдарламалық қамтамасыз етулерді сатып алуға, әдеби және көркем туынды түпнұсқаларына салынған қаражаттар кіреді. Негізгі капиталға инвестициялар туралы мәліметтер шағын кәсіпкерлік субъектісінің инвестициялық қызметін есепке алу арқылы, жасырын және заңға сай емес қызметті қоса есептеу арқылы анықталған. Мердігерлік жұмыстар көлемі. Мердігерлік жұмыстар көлемі – бұл тапсырыс берушілермен мердігерлік шарт бойынша орындалған күрделі құрылыс (жаңа құрылыс, қайта құру, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру), ағымдағы және күрделі жөндеу бойынша, халықтың тапсырысы бойынша олардың қаражаттары есебінен тұрғын үйлерді (пәтерлерді) жөндеу жұмыстарын қоса, құрылыс-монтаж жұмыстарының, сондай-ақ стандартты емес қосалқы қазандық құрал-жабдықтарын дайындау бойынша жұмыстар, құрал-жабдықтарды монтаждау алдындағы тексеріс бойынша жұмыстар, жер өңдеу жүйелерін ағымдағы және күрделі жөндеу, суару және құрғату жүйелерін тазарту бойынша жұмыстар, халықтың есебінен орындалатын пәтерлерді газдандыру бойынша жұмыстар, ауыл шаруашылығын сумен жабдықтау объектілерін ағымдағы жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстар құны және т.б. Шағын кәсіпкерлік. Кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын шағын кәсіпорындар – есеп беру жылы жұмыскерлердің (қосымша істеушілерсіз) тізімдік орташа саны 50 адамнан аспайтын,өз қызметтерін коммерциялық негізде жүзеге асыратын, әділет органдарында тіркелген және статистикалық тіркеуге енгізілгензаңды тұлғалар. Құрғақшылық. Құрғақшылық - ыстық күнде, ауаның ылғалдылығы төмен болған кезде жауын-шашынның ұзақ уақыт және елеулі түрде жетіспеушілігі. Қатты ыстық – қоршаған ауаның орташа плюстік температурасының бірнеше күн бойы 10 және одан да астам градусқа артық болуын айтады. Мұның қауіптілігі адамның шамадан тыс ыстықтауы яғни оның денесінің температурасы 37,1°С жоғары болуы немесе дене қызуы бұзылып, 38,8°С жетеді. Ұзақ уақыт және қатты ыстық болуы ыстық өтуіне немесе жүрек қызметінің бұзылуына әкеліп соғады. Ыстық өтудің белгілері: терінің қызаруы, таңдайдың кебуі, қатты шөлдеу. Бұдан ары қарай адам есінен танып, жүрегі немесе тыныс алуы тоқтауы ықтимал. Құрғақшылыққа (қатты ыстыққа) қалай дайындалуға болады. Қосымша ыдыстар жинап, қажет болса оларға алдын ала су толтырып қою. Ыстық күнге лайық киімдер, тұрмыстық электр құралдарын (желдеткіштер, кондиционерлер) әзірлеп қою. Егер селолық жерлерде тұратын болсаңыз - жаппалар, қалқалар, даладағы орындықтар құдықтар, сондай-ақ терезе жапқыштар сайлануы тиіс. Мүмкіндігінше электр құралдарының жұмысын қамтамасыз ету үшін электр қуатының автономиялы көздерін сатып алыңыз. Суды үнемдеп пайдаланыңыз. Өзіңіз ыстық өткенде не істеу керектігін оқып үйреніп, бұған отбасы мүшелерін де үйретіңіз. Құрғақшылық (қатты ыстық) кезінде не істеу керек. Көтеріңкі температураның әсер етуінен сақтаныңыз. Бас киім киіп, ауа өтіп тұратын мақта-матадан тігілген ашық киім киіңіз. Есіңізде болсын, күйген теріден тер шықпайды, ол өзін өзі суытпайды. Асықпай жылжыңыз, мүмкіндігінше көлеңкеде болуға тырысыңыз. Сыра немесе басқа бір алкогольді ішімдіктер іщпеңіз, бұл ағзаның жалпы жағдайын нашарлатады. Ыстық кезінде қосымша тұз пайдалау керек пе жоқ па, ол жағын дәрігермен кеңесіңіз. Ыстық өтсе дереу көлеңкеге, жел соғып тұрған жерге барыңыз немесе душқа түсіңіз, асықпай көп су ішіңіз. Ыстық өтуден сақтану үшін өз денеңізді салқындатуға тырысыңыз. Айналадағы біреу есінен танып қалса жүрегіне массаж жасап, жасанды тыныс алдыртып тіршілікке оралту шараларын жасаңыз. Есіңізде болсын, құрғақшылық кезінде өрт шығу мүмкіндігі арта түседі. Құрғақшылықтан (қатты ыстықтан) кейін не істеу керек. Күтпеген апат және халыққа көрсетіліп жатқан көмек туралы ақпарат алу үшін жергілікті өкімет органдарына хабарласыңыз. Және де құрғақшылықтың қайталануына әзір болыңыз. Формальдегид. Формальдегид (- құмырсқа), халықаралық уағыздалатын аты - "метаналь", ескіше - "құмырсқа алдегиды". Екінші кластағы аса қауіпті түссіз газ. Ол адамның тыныс алу жолдарына, көзге және теріге аса зиян. Және адамның жүйке жүйесін зақымдайды. Егер оның мөлшері ауадағы зиянды заттардың қауіпсіз мөлшерінен неше жүз есеге асып кетсе, барлық тірі жанды құртып жіберуі ғажап емес дейді мамандар. Формальдегид негізінен көлік газдарынан тарайды. (CH2=O) — газсынды өткір иісті түссіз зат, гомологиялық қатардың алифатикалық альдегидтер болатын алғашқы мүшесі. Оралман. 2006 жылдың 1-ші қазанында Шығыс Қазақстан облыс аумағында 4191 оралмандар отбасы (17491 адам) тұрады, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығын алғандарының саны – 8267 (47,8 %). 1997 жылдын 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының “Халықтын көші-қоны туралы” занының 29-4 бабына сәйкес көшіп келу квотасына енгізілген оралмандарға бір жолғы жәрдемақылар, көлік шығындары және үй сатып алу үшін қаражат төленеді. Оралмандар мәртебесі. 1997 жылдың 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының “Халықтың көші-қоны туралы” Заңының 14 бабына сәйкес оралман мәртебесі басқа елдерден көшіп келушілерге беріледі. Оралмандар - Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шетінен тыс жерлерде тұрақты тұрған және Қазақстанға тұрақты тұру мақсатымен келген ұлты қазақ шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар. Адамдардың оралмандар деп тану туралы өтінішін отбасының кәмелетке толған мүшелерінің бірі тікелей өзі немесе уәкілетті өкілі арқылы Қазақстан Республикасының шетелдердегі дипломатиялық өкілдіктеріне, консулдық мекемелеріне немесе уәкілетті органға береді. Оралман мәртебесін беру және отбасын оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу туралы өтінішті қарау, сондай-ақ осы мәселелер бойынша шешімді ол тіркелген күннен бастап екі ай ішінде уәкілетті органның аумақтық қызметтері қабылдайды. Оралмандар деп танылған адамдарға белгіленген үлгідегі куәлік беріледі. Оралманның куәлігі қатаң есепте болатын құжат болып табылады және осы Заңда көзделген жеңілдіктер мен өтінімдерді алу үшін негіз болады. Қазіргі уақытта көші-қон процестерін басқару жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон Комитеті. Уәкілетті органның аумақтық қызметтері - бұл облыстағы және Астана, Алматы қалаларындағы Көші-қон Комитетінің басқармалары. Статистика. Статистика – қоғам өмірінің сандық жақтарында болатын құбылыстарды меңгеретін және көп жылдық тарихы бар ерекше ғылым немесе білім саласы. Оның шығу төркіні әр түрлі қоғамдық тұтынушыларға, мал санына, жер-су көлеміне, дүние-мүлік және басқалар есебіне байланысты. Статистика - әр-алуан белгілі бір статистикалық деректер жиыны ретінде де түсінуге болады (өлім статистикасы, торбетке кіру статистикасы т.б.). Сыбайлас жемқорлық. Сыбайлас жемқорлық - ол қоғам мен мемлекеттің криминализациялану сияқты үлкен және қауіпті ұғымның басым бөлігі. Жоғары деңгейдегі оның қоғамдық қауіптілігі – ол мемлекеттіліктің негізін құлдыратып және белгілі дәрежеге жеткенде ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіреді. Сыбайлас жемқорлық – бүкіләлемдік проблема. Библиограф. Бұл көне гректің "библио" - кітап деген сөзінен шыққан. Яғни, библиограф кітап, журнал, газет ішіндегі материалдарды кез-келген басқа да хабарлама ресурстарын жазады және нақты жауап табуға, әдебиеттер тізімін, оқырман сұранысы бойынша, дәстүрлі емес тасушы хабарламасын табуға көмек теседі. Бұл үшін оның хабарлама қоймасында үлкен анықтама-библиографиялық аппарат бар. Жыныстық жетілу. Ұл балаларға әсер ететін өзгерістер. қатайып, шәуһеттің шашырауы пайда болуы мүмкін Мәңгүрт. Мәңгүрттер - жау қолында тұтқын болып, қорлық-зорлық атаулының бәрін көріп, миына жазылмастай зақым келген, қай елден шыққанын, кімнен туғанын білмейтін, тек кеудесінде жаны бар, ішіп-жеуге, қарадүрсін жұмыстарды атқаруға ғана қабілетті аянышты пенделер екен. Олар – алыс пен жақынды ажырата алмайды, өз анасын дұшпан санап атып та жібере салады. Жадында ешнәрсені сақтай алмайтын мұндайлар миғұла, мәңгүрт деп аталады. IPTV. IPTV ( — "теледидар интернет хаттамасы") — трипл-плэй ( — "үшқырлы орындау") мультисервистік желі шеңберінде толықтай интерактивті қызмет көрсетуге көшкен технология. Технология негіздері. Видео, MPEG-2 не MPEG-4 AVC қысуды пайдаланып, MPEG-TS пішінімен таратылады. Әдетте IPTV-ге арналған ағын 4 MB/s жылдамдығын алады. Артықшылықтары. Сонымен қатар мамандар интернетке де жол бар, алайда сайттарды аралаумен шектелесіз дегенді айтады. Бірақ электронды поштаңызды тексеріп, чаттарға кіруге болады екен. Мұнан басқа жаңа қызмет түрі түрлі ойындар, радиобайланыс, анықтамалық ақпараттар, қала, облыс, елдер, дүниежүзінің картасы, ұшақтар мен пойыздардың жүру кестесі, валюталар бағамы, ауа-райы мәліметі секілді қосымша қызметтер көрсете алады екен. IPTV Қазақстанда. ІР жаңа телеарна қызметінің Қазақстан нарығында пайда болғанына көп болған жоқ. Мамандардың айтуынша, ол дәстүрлі серіктік және кабельді телеарнаның болашақтағы алмастырушысы болмақ. Жаңа қызмет түрінің бағасы 400 теңгеден 2000 теңге аралығында, дегенмен ол арналар санына байланысты. Сондай-ақ, арналар санында шек жоқ, 30 дан 100-ге дейін немесе одан да көп. Әзірше, бұл қызмет түріне Қазақстан тұрғындары аса қызығушылық танытып отырмаса да мамандар бірте-бірте серіктік және кабельді телеарна қызметін басып озатынына сенімді. 2008 ж. маусым айынан бастап Астана қаласында «Қазақтелеком» компаниясы ADSL арқылы IPTV таратуды сынап бастады. Ал, 2009 ж. ақпан айынан Астанада, қараша айынан Алматыда, 2010 ж. басынан облыс орталықтарында да iD TV брэндімен пайдақорлық өткізуін бастады. Негізгі дестесіне 56 арна кіріп 1275 теңге тұрады. Қосымша дестелерімен бірге не барлығы 91 арна. Бейне ағынында MPEG-4 AVC қысылған кодтауы пайдаланылады. Штудент, Курт. Курт Штудент (мамырдың 12, 1890 – шілденің 1-і, 1978) — Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде әскери ұшқыш ретінде, ал Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде алман парашютшыларының қолбасшысы ретінде қызмет еткен алман "Luftwaffe" (Әскери әуе күштері) генералы. Өмірбаяны. Штудент Пруссияның Бранденбург аймағындағы Биркһольц ауылында туған, ол қазіргі Полонияның жерінде орналасқан. Штудент 1910 жылы Империялық Алмания әскеріне қызметке офицер-кандидат ретінде кіріп, 1911 жылғы наурызда лейтенант дәрежесін алды. Басында жеңіл жаяу әскер батальонында қызмет еткен соң ол 1913 жылы ұшқыштық дайындықтан өтті. Бірінші дүниежүзілік соғыстың басынан 1916 жылғы ақпан айына дейін шығыс майданда ұшқыштардың 17-ші бөлімшесінде қызмет етіп, содан соң батыс майданда үшінші алман армиясының әуе бөлімдерінде, соның ішінде «Jasta 9» деп аталатын бөлімде. 1916-14 жылдары ол франсуз ұшақтарын 6 рет жеңді. Версаль келісімі бойынша Алманияға әскери күштерін иеленуге тыйым салынған болса да, екі соғыстың арасындағы кезеңде Штудент алман әскери әуе күштерін артта қалудан сақтап қалуға тырысып бақты. Соғыс аяқтала салысымен-ақ ол әскери зерттеу және дамыту істеріне жіберілді. Әсіресе ол планёрлық зерттеулермен айналыса бастады, себебі бұған Версаль келісімі бойынша тыйым салынбаған болатын. Сонымен бірге Қызыл әскер әуе күштерінің маневрларына қатысып, сонда ол алғаш рет әуе-десант операцияларымен танысты. Адольф Һитлер Алманияда билік басына келген соң "Лүфтваффе" (Әскери әуе күштері) құпия түрде қалпына келтірілді. Штудент әскерден соған айысып, Һерманн Гөринг оны Лүфтваффенің дайындық мектептерінің басшысы етіп тағайындады. 1935 жылы Алмания Версаль келісімін жоққа шығарып, Лүфтваффе ресми ұйымға айналды. 1938 жылғы шілдеде ол десант топтарының қолбасшысы, ал қыркүйекте "7. Flieger-Division", яғни Алманияның алғашқы "Fallschirmjäger" (парашют-десантшылар) дивизиясының басқарушы генералы болып тағайындалды. Бұл дивизия Польшаны басып алуда ешқандай рөл атқармаса да, 1940 жылғы Бельгия, Недерланд, Люксембургтағы «Блицкриг» («Найзағай соғысы») кезінде Ебен-Емаел қамалын басып алуда өздерінің тиімді әскер екендіктерін көрсетті. 1940 жылғы мамыр айында Роттердамның маңында ол өз жағынан басына кездейсоқ жарақат алып, 8 ай бойы емделуге мәжбүр болды. Осы операциялардың кезінде жетекшілігі мен ерлігі үшін Темір айқыштың рыцарьлық айқышымен марапатталды. 1941 жылғы қаңтарда Штудент "XI. Fliegerkorps" әуе қосынының басқарушы генералы болып тағайындалды. Осы лауазымында ол 1941 жылғы мамыр айында Крит шайқасының кезінде Крит аралын басып алу операциясын, «Меркурий» операциясын басқарды. Бұл операция сәтті өтті, бірақ шығындардың көп болғаны сонша, Һитлер болашақта әуе-десант операцияларын өткізуге тыйым салды. 1943 жылы Штудент «Емен» операциясын жоспарлады. Сәтті өткен бұл операцияның кезінде Лүфтваффенің арнайы бөлімі төбенің басына планерлер және қысқа жолақта ұша алатын ұшақтарды қондырып, италияндық диктатор Бенито Муссолиниді азат етті. Әйгілі эсэсшіл Отто Скорцени де осы операцияға қатысқан. Осы операцияда атқарған рөлі үшін Штудент өзінің Темір айқыштың рыцарьлық айқышына емен жапырақтарын алды. Содан соң Штудент Италияға, содан соң Францияға ауыстырылып, сонда ол 1944 жылы Нормандияны қорғауға қатысты. Ол 1-ші парашют армиясының қолбасшысы болып тағайындалып, Арнһемнің маңында ағылшын-американ әскеріне тойтарыс беруге атсалысты. Қысқа уақыттан кейін ол 1945 жылы шығыс фронтқа жіберіліп, Мекленбургтегі әскери қимылдарға араласты. Сол жылдың сәуірінде ол Шлезвин-Һолштейнде британиялық әскерлердің қолына түсті. Британиялықтар оны 1948 жылға дейін соғыс тұтқыны ретінде ұстап, кейін бостандыққа шығарды. Сексеуіл. Сексеуiл — ағаш тұқымдас өсiмдiк. Оның Орталық Азия мен Араб елдерiнде онға жуық түрi бар. Соның үшеуi Қазақстанда өседi: "ақ сексеуiл", "қара сексеуiл" және "Зайсан сексеуiлi". Жалпы бұлар Қазақстандағы орман қорының 48 пайызын алып жатыр. Ерекшеліктері. Ағаш бар жерде, өмiр бар. Адам тiршiлiгiне де қолайлы орта. Осы екеуiне тән ерекшелiктер Зайсан сексеуiлiнде де бар. Жалпы айтқанда үшеуi де тарғылданып, иiр-иiр болып өсетiн және өңдеп құрылыс материалдарын жасауға келмейтiн, тұрмыста тек отыннан басқа қажетке жарамайтын ағаш тұқымдастар. Олардың отқа жанғыштығы және шоғының қызуын бойында ұзақ уақыт сақтағыш қасиетi көмiрден артық болмаса, бiр мысқал да кем емес. Өткен ғасырларда адамдар оны жағып, қоламтасын көмiр ретiнде сатқанын тарихи әдебиет шығармаларынан жақсы бiлемiз. Сексеуiлдер қоршаған ортаның тепе-теңдiгiн сақтап тұруда ерекше роль атқарады. Дүлей соққан желден құм көштерiн тоқтатады. Сексеуiлдердi қорғаныш ететiн жан-жануарлар мен жәндiктер қаншама. Әсiресе түз тағылары киiктерге сексеуiлдер арасы өсiп өнулерiне өте қолайлы. Қазақстанда қолданылуы мен жойылуы. Ана бiр жылдары жұрт сексеуiлдердi отқа тамызық ретiнде пайдаланатын. Нарықтық қатынастың алғашқы жылдары бұл жағдай күрт өзгердi. Көмiрдiң жетiспеушiлiгi мен қымбаттаушылығы елдi мекендерде тұратындарға ауыр тиiп, сексеуiлдi таза отын ретiнде қолдана бастады. Бұрын ауыл iргесiнде өсетiн сексеуiлдердi қазiр елу, алпыс шақырым қашықтықтардан ғана көре аласыз. Қалаларда кәуап (шашлык) орындары көптеп ашылып, сексеуiлге деген сұраныс барынша артқанда, жұрт пайдаға құныққаны соншалық оның дiңгек түбiне сым тростар байлап, тракторлармен түп тамырымен қоса жұлып алатынды шығарды. Соның салдарынан сексеуiл алқаптары бұрынғы көлемдерiнен мүлдем кiшiрейiп кеткен. Тiптен тұқымы құрып кету алдында тұр десек асылық айтқандық болмас. Бұл қоршаған ортаға үлкен зиянын тигiзуде. Жалаңаш қалған өлкелерден құмдар көшiп, аңдары басқа жаққа ауып жатыр. Арғы жылдарды былай қойып, 2007 жылды тiлге тиек етсек, тек Қызылорда облысында 450 заңсыз сексеуiл кесушiлер ұсталған. Мұның өзi табиғатты қорғаушылардың қолға түсiргендерi ғана. Ал тұзаққа түспей жүргендерi қаншама. Қосқұдық орман мекемесi қызметкерлерiнiң айтуына қарағанда Жамбыл облысының Шу қаласына жақын орын тепкен Ақкөл елдi-мекенi арқылы күн сайын 90 жүк автокөлiктерi заңсыз қырқылған сексеуiлдердi алып өтедi екен. Сексеуiл тұқымын қорғап қалу мәселесiне байланысты Республика Үкiметiнiң 2002 жылғы "Қазақстан Республикасындағы алқаптарда сексеуiлдi қорғау шаралары туралы" қаулысы қабылданғанға дейiн сексеуiл кесудiң белгiлi бiр мөлшерде лимитi болған. Сол лимит бойынша сол жылға дейiн 1630 текше метр жердiң сексеуiлдерi кесiп алынды. Өкiнiштiсi сол кесуге тыйым салынған қаулыдан кейiн, сол жылдың өзiнде-ақ облыс көлемiнде сексеуiлдiң санитарлық кесу көлемi 8701 текше метрге өсiп кеттi. Негiзiнен санитарлық кесуге ауырған және отыз жылдан асып шiри бастағандары жатады. Соншалық көлемдегi сексеуiлдердiң ауырып, шiруi мүмкiн емес қой. Негiзiнен Облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы тарапынан сарапшылар тобы құрылып, сексеуiлдi алқаптарды аралап, кесу лимитiн нақты анықтауы қажет едi. Олардың түрлi себептермен (көлiктердiң аздығы, жанар-жағар майдың жетiспеушiлiгi) алқаптарға жиi-жиi барып, қадағалап тұрмауынан осындай келеңсiздiктерге жол берiлген. Қоршаған ортаны қорғау жүйесi қызметкерлерiнiң айтуына қарағанда, бүгiнде кейбiр алыс қашықтықтардағы елдi-мекендерде сексеуiл кесушiлердiң жасырын пункттерi бар көрiнедi. Олардың анықталғандарына салынған айыппұл заңсыз табыстарынан әлдеқайда төмен. Браконьерлiк iске дәндеп алғандар айыппұл төлегенмен көлденең табыстарынан тартынар түрлерi жоқ. Қайта үдете түскен тәрiздi. Сексеуiлдi заңсыз кесушiлерге неге жол берiлiп отыр? Өйткенi сексеуiлдер күнi бүгiнге дейiн "Қызыл кiтапқа" кiрмеген. Сондай-ақ, оларды дайындау лицензияланбаған әрi сертификацияланбаған. Мiне, осыдан барып оларды заңды, заңсыз кесу шамадан тыс көлемге артып отыр. Өткен жылы Республика Үкiметi 2002 жылғы қаулыдан кейiн сексеуiл қорғаушыларының iсiн қанағатсыз деп тауып, қылқанды ағаш түрлерiн он жылға дейiн кесуге тыйым салған болатын. Алайда сауда орындары маңындағы, базарлардағы шашлык сатушылардан сексеуiлдер үзiлер емес. Тiптен базарларға кiре берiс көшелерден белiнен буылған сексеуiлдердi көрiп қайран қаласың. Сонда бұлар қайдан келiп жатыр? Қытайдан емесi анық. Республикада 2005 жылға дейiн сексеуiл өсетiн алқаптардың статусы көтерiлмедi. Сол алқаптарды Үкiмет қорғауға алынған қорық не ұлттық парк деп жариялауына болар едi. Өкiнiшке орай қараусыз қалды. Әсiресе Балқаш көлi маңындағы 1,5 млн. гектар жердiң сексеуiлiн қорғауға алу жөнiнде қаншама ұсыныстар жасалынды. Үлкен қала Алматының iргесiнде болғандықтан да қорғаудың шараларын күшейту керек едi ғой. Ал Бақанас орман және аңдар әлемiн қорғау мекемесiнiң бұл ауқымды шараларды атқаруға шамасы жетпедi. Сол жылдары мұндай жағдай Оңтүстiк Қазақстан және Қызылорда облыстарында орын алды. Өткен жылдың қыркүйек айында Әлемдiк банктiң (Всемирный банк) "Қазақстан Республикасында орманды сақтау және орманды алқаптардың көлемiн ұлғайту" жөнiндегi бағдарламасының таныстыру рәсiмi болды. Бұл жобаның құны 63,8 миллион доллар. Алты жылға есептелiнген. Оның 28,8 миллионы бiздiң республика бюджетiнен алынады. Әлемдiк банктiң қосқан 30 миллион займы кейiн қосымша өсiмiмен қайтарылады. Ал 5 миллионы грант ретiнде қайтарымсыз қаржыландыруға жатқызылған. Бұл жоба үш жыл бойына қаралып, әбден пысықталып осылай тиянақталса керек. Дегенмен бiлiктi жандардың айтуына қарағанда, бұл iстiң әртүрлi салаларына отандық орман мамандары тартылса да, жобаның ең соңғы редакциясына олардың бiрқатар ұсыныс-пiкiрлерi кiрмей қалған. Бiраз тұстары түсiнiксiздiк туғызатын секiлдi. Сексеуiлдi алқап та орманға жатады. Алайда "Казлеспроект" кәсiпорнының директоры Алдаберген Кесiмбаевтың бағдарлама жөнiнде өзiндiк пiкiрi бар. Оны орынсыз деп айту қиын. Ол бағдарлама бойынша Арал теңiзiнiң тартылған табанына көшеттер отырғызуға жұмсалатын қаржының тиiмдiлiгiне күмән келтiредi. Өйткенi жергiлiктi мамандардың сексеуiл көшеттерiн отырғызудағы көпжылдық iс-тәжiрибесi бұл iстiң өте қымбатқа түсетiнiне кәмiл сендiрiп отыр. Олардың зерттеуiнше 1993 жылы 48 мың гектар теңiз табанына отырғызылған сексеуiл көшеттерiнiң 80 пайызы өспей қалған. Қалғандары да жоғалып кету алдында тұр. Ол қайта сол қаражатты қылқанды жапырақты орманды алқаптардың көлемiн ұлғайтуға жұмсауды ұсынады. Ал сексеуiлдi табиғи өсiмiмен көбейтуге болатынын алға тартады. Оған Қызылорда облысының Қазалы ауданынан дәлел келтiрген. Өткен он алты жыл iшiнде қолдан отырғызылған сексеуiлге қарағанда табиғи өскендерiнiң көлемi әлдеқайда ұлғаййыпты. Қолдан отырғызылған сексеуiл алқабы соның үш-ақ пайызын құрайды екен. Оны күтiмге алғанның өзiнде 72 пайыз көшет өспей қалған. Мұндай жағдай Алматы облысының Бақанас орман мекемесi iстерiнен де байқалады. Әлемдiк банк бағдарламасының қалай iске асатынын алдағы уақыт көрсете жатар. Мүмкiн олар шетелдiң бiлiктi мамандарын iске тартып, көшеттердi отырғызып, өсiрудiң тиiмдi тәсiлдерiн табар. Онда құба-құп. Әзiрге қолдағы барды бағалап, сексеуiл алқаптарын браконьерлерден қорғауды күшейтiп, табиғи өсiмiне жағдай жасау қажет-ақ секiлдi. Ең бастысы оны "Қызыл кiтапқа" кiргiзiп, заңды қатайтпай құмды өлкенiң ажары кiре қоймасы анық. Кеңістік. Кеңістік — философия, математика және физика секілді салаларды пайдаланылатын күрделі ұғым. Күнделікті өмірде іс-қимыл алаңы, барлық нәрселерді қамтитын ортақ ыдыс, әлдебір жүйе жай-жапсары сезініп түсініледі. Мысалы ғарышты жиі ғарыштық кеңістік деп атайды. Математика. Математикада «кеңістік» сөзі көптеген күрделі ұғымдарды сиппатуда қолданылады. Дөрекілеп айтса, кеңістік әлдебір "қосымша құрылымы" бар жиын болып табылады. Осы қосымша құрылымға байланысты кеңістік элементі «нүкте», «вектор», «оқиға» т.б. атануы мүмкін. Кеңістік ішжиыны егер кеңістік құрылымы осы ішжиында дәл сондай құрылым шығарса ол «ішкеңістік» деп аталады (дәл анықтамасы кеңістік түріне байланысты). Физика. Физикада кеңістік деп біз субьективті түрде барлық физикалық оқиғалар мен нәрселер “ыдысы” деп түсінетін, солардың іс-әрекеттері орын алатын “алаңды” айтады. Физикада жиі көпөлшемді кеңістік – мысалы, күрделі жүйе қалпы бір нүкте арқылы сипатталатын фазалы кеңістік деген ұғым кездеседі. Осындай кеңістіктер — кәдімгі “біздің өмірлік” үшөлшемді кеңістікте есептерді тұжырымдап шығара алу үшін пайдаланатын жәй ғана абстракцииялар. Салыстырмалы теориясында кеңістік - кеңістік-уақыт бүтін жүйесінің бір көрінісі ғана, ал жеке кеңістік, не уақытқа бөлу берілген санақ жүйесіне байланысты. Физиканың көп салаларында физикалық кеңістік қасиеттерінің өзі (өлшемі, шексіздігі және т.б.) затты нәрселердің бар жоғына байланысты емес. Жалпы салыстырмалы теориясында затты денелер кеңістік қасиеттерін өзгертетін болып шықты, дәлірек айтса кеңістік-уақытты өзгертеді - оны «қисайтады». Фантастика. Фантастикеада (қиял-ғажайып әлемінде) толық сенімді тәржімелері болмайтын «параллель кеңістіктер», «гиперкеңістік», «субкеңістік» ұғымдары кездеседі. Париж. Пари́ж () — Франция елінің астанасы, маңызды экономикалық және мәдени орталығы. Франсия ортаңғы бөлігінің солтүстігінде, Иль-де-Франс аймағында, Сена өзенінің жағасында орналасқан. Ұраны - "Fluctuat nec mergitur" («Оны тербелтеді, бірақ ол батпайды»). Париж климаты қоңыржай, теңіздік. Парижде 13 млн. халық тұрады. Тарихи деректерге сүйенсек қала Филлип Август королінің тұсындағана өркендеп өсе бастаған. Қала жоспары шеңбер үлгісінде құрылған. Архитектуралық ансамбілдері ғасырлар бойы қалыптасты. Готика үлгісіндегі архитектуралық құрылыстардың дені Сита аралына шоғырланған. 13 ғ-да шіркеулер мен монастырьлар салына бастады. Нақ осы тұста атақты НотрДам де қолға алынса керек. В.Гюго оны (Париж құдай аналарының соборы) деген атпен әлемге әйгілі етті. Атақты Лувр 1204 жылы салына бастапты.,сол түста 20 мың шәкірті бар Париж мектептері университет болып бірігеді, алғашқы университет 1629 жылы салыныпты. Парижде әлемге әйгілі Г. Эйфель мұнарасы, Үлкен және Кіші сарайлар, Юнеско ғимараты, Шайо сарайы, Пантеон, СенЖеневьев кітапханасы, т. б. бар. Парижде болған адам көп архитектуралық ескерткіштерге күтпеген жерде кезігіп жатады.Сондай бағзы мұралардың бірі - Сен-Мартен каналы. Каналдың үстіне ұзақ жылдарда көптеген көпірлер тұрғызылып, әрқайсысы өзгеше сәулет туындысына айналды. Түтастай алғанда бір-бірінен, бөліп жарғысыз айшықты өнер ансамбельн құрайды. Қала тұрғындарының айтуы бойынша шаһарды Сен- Мишель бульварынан бастап аралау керек. Бұл жер француз жастарының сүйікті орны.Осы арада қол созыида Люксембург Сарайы бар. Мария Медичидің әмірі мен салыған әсем ғимарат Еуропа сәулет өнерінің ғажайып туындысы ретінде әлемге белгілі. Әрине, Париж туралы әңгімелеген де, Асқақ арка жайлы айтпай тұра алмайсың. Арканың биіктігі – 50 метр, лифт арқылы көтеріледі де Париждің үстінен емін – еркін қарай бер. 1977 жылы Парижде елеулі оқиға болды. Тобур көшесінде Ұлттық театр ашылды, оған Жорж Помпидудың есімі берілді. Театрда сурет галереясы, көрме залдары, аса бай кітапхана, грамзапись жазбалары жинағы бар. Театр үйінің жобасына халықаралық байқау жарияланғанда 681 үлгі келіп түсіпті, солардың ішінен итальян Р.Пьяно мен ағылшын Р.Роджерстің жобалары таңдалып алынған. Енді, міне биіктігі 50, ұзындығы 150 ені 50 метр ғажайып ғимарат Париждің мақтанышына айналып отыр. Сондай-ақ әлемге әйгілі Елисей алаңыда осында. «Суретті кітап көрмесі». Францияның транспорт желісінің барлығы Парижден шығатын магистральдар. Дүние жүзіндегі ең жүрдек экспресс поезд Париж- Бордо 350 км. Жылдамдық пен жүреді. Э. Хемингуэйдің «Ол - мәңгі сенімен бірге мейрам» деген ғой даңқты қаламгер. Осака университеті. , немесе — ең ірі Жапония жоғарғы оқу орындарының бірі. Осака префектурасында орналасқан. 1869 ж. негізделіп, 1931 ж. Осака Императорлық Университеті ретінде ресми түрде университет дәрежесі берілген. Университет Осака префектурасының Тоёнака, Суйта, Мино қалалары мен Осака қаласының Наканосима аймағында — барлығы 4 кампуста жайғасқан. Студенттердің саны бойынша, Жапониядағы мемлекеттік университеттердің ең ірісі болып табылады. Қазақ кеңес энциклопедиясы. Қазақ кеңес энциклопедиясы — алғашқы әрі ең ірі қазақ тіліндегі әмбебап энциклопедия. Қазақ КСР ғылым академиясы құрастырған энциклопедия 1972—1978 жж. 12 томы басылып шығады. Анықтамалық томы да бар. 1985 жылғы қысқа төрттомдық қазақ және орыс тілдеріндегі «Қазақ КСР» энциклопедиясына негіз болады. Бас редакторы — академик М.Қ. Қаратаев. Әйел құқығын қорғау. Әйел құқығын қорғау және тең құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз ету омбудсмен қызметінің басымдық бағыттары болып табылады. Әйел құқығын қорғау саласында негізгі осы заманғы мәселелердің бірі әйелдерді қоғам өмірінде екінші кезектегі орын алатын теңсіз құқықты субьекті ретінде бағалайтын қоғамдық сананың кертартпалығы болып табылады. Тіпті орталық мемлекеттік органдармен жұмыста да біз гендерлік қағиданы түсінбеушілік, халықаралық құқық қорғау стандарттарын білмеушілікпен кездесеміз: әйелдер құқығын қамтамасыз ету саласында жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің бәрі бірдей бүгінде өз қызметінде әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы Конвенция ережелерін, оның үстіне Қазақстанға қатысты тиісті Комитеттің ұсынымдарын басшылыққа алмайды, кейбірі Республиканың халықаралық құқыққорғау міндеттемелерінің басымдық сипатын сезінеді. Сонымен қатар, келіп түскен өтініштер куәландырғандай көп жағдайларда әйелдердің өздері өзіндік құқықтарға ие екендіктерін түсіне бермейді. Әйелдер пайдаланатын дәлелдер (уәж) арасында ерекше құқыққа жүгіну түріндегі өте “әйелдікке” қарағанда жалпықұқықтық дәлелдер жиі кездеседі. Әзірге әйелдер өз өтініштерінде жыныстық белгі бойынша кемсіту дәйектерін сирек көрсетеді. Сөзсіз мұндай жағдай әйелдер құқығының бұзылу жағдайларының жоқтығымен емес, әйелдердің өз құқықтарын сезінудің төмен деңгейімен байланысты. Неғұрлым ақталды деп мемлекет саясатының гендерлік сезімтал қоғамдық сананың дамуына жалпы бағыттылығы саналады. Әйелдер құқығын қорғау және көтермелеу бойынша Уәкіл қызметті іске асыру тетіктерінің бірі болып халықаралық ұйымдармен және қорлармен бірлесе отырып, омбудсмен мекемелерінің жүзеге асыратын жобалары саналады. 2005 жылғы сәуірде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссиясымен, БҰҰ “Гендер және даму” бюросымен және Швецияның “Квинофорум” консалтингілік компаниясымен бірлесе отырып іске асырылатын “Омбудсмен және тең мүмкіндіктер” жобасын бастады. Жоба Швецияның (классикалық үлгі) және Литваның (аталмыш бастаманы транзитті мемлекетте іске асыру үлгісі) тең мүмкіндіктері бойынша омбудсмен институтының жұмыс істеу тәжірибесін неғұрлым терең зерделеуге, Қазақстандағы тең құқықтар мен мүмкіндіктер бойынша Уәкіл мекемесін құру мәселелерін зерттеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жоба қызметтің арнаулы саласы – гендерлік теңдікті қамтамасыз етуде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің қызметкерлерін даярлау деңгейінің жоғарылауына ықпал етеді. Жоба шеңберінде Астана және Алматы қалаларында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл офисінің қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері – Атырау, Петропавл, Өскемен, Алматы және Шымкент қалаларындағы омбудсмен мекемелерінің серіктестері, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері үшін үш күндік тренингтер топтамасы өтті. Оқыту “Көру-Түсіну-Қолдану” әдісінде құрылған, яғни гендер туралы хабардар болу, ерлер мен әйелдер арасындағы теңсіздік және айырмашылық себептерін түсіну, алуан түрлі құрал-саймандарды пайдалану арқылы күнделікті жұмыста осы білімдерді қолдану Тренингте мемлекеттік басқару жүйесінде және еңбек қатынастары саласында тең мүмкіндіктер қағидасын сақтау, тең құқықтар мен мүмкіндіктерді қорғау саласында жауапкершілікті енгізу, “оң кемсітушілікті” қолдану мәселелері өзектілендірілді. “Омбудсмен және тең мүмкіндіктер” жобасы шеңберінде 2005 жылдың 30 қарашасында Уәкілдің жанындағы Консультауиялық кеңес мүшелері және Қазақстанның әр түрлі қалаларының серіктес қоғамдық ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен үйрету семинары өткізілді. Семинарға қатысушылар гендерлік теңдік мәселелерін, тең құқықтар мен мүмкіндіктерді қорғау мен көтермелеудің, халықаралық заңнамаларында көзделген тетіктерін талқылады. Жұмыстың келесі бағыты әйелдер құқығын қорғауға қатысты халықаралық стандарттарды Қазақстанның орындау қажеттігі өзектілеу болып табылады. Уәкіл мекемесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы № 1677 Жарлығымен бекітілген, 2006-2016 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында гендерлік теңдік Стратегиясын өңдеуге белсенді түрде қатысты. 2. Қазақстан Республикасында гендерлік теңдік стратегиясы Қазақстан Республикасында гендерлік теңдік стратегиясы Мемлекет басшысының 2004 жылғы қыркүйекте Астана қаласында Қазақстан әйелдерінің IV Форумында берген тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы отбасы және әйелдер ісі жөніндегі Ұлттық комиссиясымен өңделді. Стратегияны өңдеуге және оны талқылауға барлық мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Стратегия жобасында Уәкілетті мекеменің ескертпелері мен ұсыныстары ескерілді. Стратегия мемлекеттік гендерлік саясатын жүзеге асыруға бағытталған негіз қалаушы құжат, оны мемлекет және азаматтық қоғам тарапынан мониторингті жүзеге және іске асырудың құралы болып табылады. Құжат БҰҰ Әйелдер қорының (ЮНИФЕМ) аймақтық офисімен бірлесе өңдеген, саясатта, экономикада, білім беруде, отбасында, денсаулық қорғау және әйелдер мен балаларға қатысты зорлықтың алдын алу мәселелерінде гендерлік теңдікке жету бойынша индикаторлардан тұрады. Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын ескерту туралы Конвенцияның нормаларын имплементациялау мақсатында елдің еңбек заңнамасына адам құқықтары бойынша Уәкілеттімен есептік кезең ішінде Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүкті әйелдердің еңбек құқықтарын қорғау қаеттігі туралы ұсынымдар жіберілді. Уәкіл келіп түскен өтініштерге сүйене отырып, министрлікке күші мерзімі өтуі бойынша жүкті әйелдермен жеке еңбек келісіміне заңнамалық тұрғыдан тыйымды кіргізу жолымен күші бар заңнамаларға өзгерістер енгізуге бастамашылық етуге ұсыным берді. Жұмыстың тағы бір маңызды бағыты әлеуметтік-маңызды күндерге арналған іс-шараларды ұйымдастыру және өзге ұйымдар өткізетін осындай іс-шараларға қатысу болып табылады. 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу қарсаңында Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті мекемесі “Ақмола-Феникс” АҚ Малиновка селолық округінде ауылдық жердегі әйелдер құқығын өзектілеуге арналған іс-шаралар өткізді. Уәкілетті мекеме өткізген іс-шараның мақсаты қоғам назарын ауыл әйелдерінің құқығына аударту болды. Адам құқықтары бойынша Уәкілетті және Уәкілеттінің мекемесі қызметкерлері № 5 мектепке, отбасылық дәрігерлік амбулаторияға, тұрмыстық үйге барды. Жер шары халқының ширегін (төрттен бірін) азық-түлік өндірісінде, сонымен қатар ауыл, аудандардың дамуы және тұрақтылығында басты рөл атқаратын ауыл әйелдері құрайды. Әлемде 500 млн. ауыл әйелдері кедейлік шегінде өмір сүреді. Олардың қоғамдық өмірге қосатын өмірлік маңызды үлестері көзге көрінбейді. Қазақстанда ауылдық жерде халықтың 43% тұрады. Олардың жартысы әйелдер. Алайда оған қарамастан олардың көбінде жерге өз меншік құқығын қорғауға, несие немесе оқу сияқты өмірлік маңызды қызметке қол жеткізу мүмкіндіктері жоқ. Ауыл әйелдерінің іс жүзінде жағдайын, оларға қатысты таптаурындарын назарға ала отырып, жер реформасы туралы заңдарды жүзеге асыру барысында гендерлік көзқарасты көздеу қажет. Әйелдер стратегиялық жоспарларды, экономикалық бағдарламалар мен реформаларды өңдеу деңгейінде ұсынылуға тиіс. Әйелдердің экономикалық ресурстарға, оның ішінде жерге қол жеткізуін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлу қажет. Әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің қазіргі заманғы кезеңінде қалалық және ауылдық әйелдердің мүмкіндіктері арасындағы айырмашылық маңызды түрде шиеленісіп кетті. Қаладағы және ауылдағы өмір салтын ұйымдастыратын және жүйелі түрде ықпал ететін сыртқы мән-жайлардың обьективті айырмасы, өмір салтымен қалалық әйелдерден ерекшеленетін, олардың құқықтарын қосымша қорғауды талап ететін ауыл әйелдерін жеке топға бөлуге мүмкіндік береді. Еуропада жыл сайын 15 қазанда Ауыл әйелдерінің күнін (World Rural Women,s Day) атап өтеді. Қазақстанда ауылдың еңбекші әйелдерінің ерекше рөлі мен мәртебесінің бекітілмеуі және ресми жалпы мемлекеттік дәстүрде белгіленбеуі ауыл әйелдерінің мәселелері мен қажеттіліктерінің әрдайым ескерілмеуінің дәлелі. Мысалы, ауыл әйелдерінің ақпаратқа қолы жетімсіз, қазіргі жағдайларда оларды талап етусіз қалған кәсіби білімді жүзеге асыру, біліктілігін арттыру мүмкіндіктері шектелген. Статистика көрсетіп отырғандай, жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланатын әйелдер саны мардымсыз. (орташа 25 % және кедей ауыл-аудандарда 0 %). Міне, сол себепті осы жағдай өзгеру үшінкүш салу қажет. 3. Қазақстан Республикасында әйелдер құқығын қорғау ұйымдары Есептік кезеңде Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссиямен ынтымақтастық жемісті болды. Адам құқықтары жөніндегі уәкіле мен оның аппаратының қызметкерлері 2005 жылдың 24-26 тамызы аралығында Алматы қаласында өткен “Қанатты әйел – 2” әйелдер идеялары мен тауарларының ұлттық жәрмеңкесі жұмысына қатысты. Жәрмеңке Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссияның, БҰҰ-ның “Гендер және даму” бюросының және Швецияның “Sprang bradan” консалтингілі компаниясының бірлескен жобасына айналды. Жәрмеңкенің мақсаты шағын және орта бизнеспен, қоғамдық қызметпен табысты шұғылданып жүрген әйелдерді анықтау және насихаттау, әйелдер мәртебесін көтеру, олардың зияткерлік және шығармашылық мүмкіндіктерін ілгерілету, сонымен қатар, тәжірибе алмасу болды. Аталған іс-шарада Қазақстанның барлық аймақтарының, ТМД мемлекеттерінің, сондай-ақ Швеция, АҚШ, Қытайдың өкілдері қатысты. Жәрмеңке барысында 70-тен астам дөңгелек үстел, семинарлар, 25 мыңнан аса адам қатысқан отбасы, әйелдер және балалардың жағдайын жақсарту бойынша тренингтер мен мастер-кластар өткізілді. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен Қазақстанның Іскер әйелдер Қауымдастығы өкілдері, Облыстық отбасы және әйелдер ісі жөніндегі комиссиялардың мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ өкілдері қатысқан “Қазақстанда әйелдер құқығының сақталуы туралы” дөңгелек үстел өткізілді. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссиясы мен Азия даму банкімен (АБР-АДБ) ұйымдастырған “Кедейшілікті төмендету бағдарламасына гендерлік көзқарасты енгізудің өзекті аспектілері” семинарына (14.04.05ж); Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі қалалық комиссия мен “Ана алақаны” үкіметтік емес ұйым ұйымдастырған “Әйелдерді көшбасшылықтың жаңа технологияларына үйрету, олардың заңды құқықтары мен мүдделерін ілгерілету және қорғау” семинар-тренингінде (15.04.05ж); “Отбасы” депутаттық тобы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссия, БҰҰ-ның “Гендер және даму” бюросы, Швецияның “Sprang bradan” консалтингілік компаниясының қолдауымен ұйымдастырылған семинарға; ЕҚЫҰ және Қазақстанның Дағдарыс орталықтарының Одағымен бірлесіп өткізген, Қазақстанның Дағдарыс орталықтарының заңгерлері үшін Республикалық университетінің шеңберіндегі семинарға 2005 жылы 21 қарашада Уәкіл мекемесімен: «Түсікке құқық» тақырыбында әдіснамалық семинар өткізілді. Семинарға Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің қызметкерлері, орталық мұсылман мешітінің және орыс православ шіркеуінің діни қызметшілері; отбасын жоспарлау орталығының медициналық қызметшілері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Қазақстан Республикасының заңдарында кемсітушілік нормалары жоқ, тұтастай ол әйелді дәстүрлі және діни некелерден туындайтын қосымша кемсітуден қорғамайды, сондай-ақ әйелдердің мүліктік құқығы да қорғалмаған. Некеге тұруға бірдей құқықтар, жұбайлардың отбасындағы теңдігі діни және ұлттық дәстүрлердің күшімен некелесуде жиі бұзылады. «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Ресупбликасының Заңында көп әйел алу немесе өзге жағдайларда бейресми некелермен байланысты қатынастарды реттейтін нормалар жоқ. Заң тек ресми түрде тіркелген некеде тұрған жұбайлардың мүліктік құқығын қорғайды. Сондықтан діни немесе ұлттық дәстүр күшімен қиылған некеге жұбайлардың ортақ балалары болса да және ортақ шаруашылық жүргізсе де неке ресми тіркелмегендіктен, әйелдердің құқығы қорғалмаған. Қосымша кемсіту еңбек заңнамаларында да орын алады. Елдің заңнамалары ерлер мен әйелдердің мүмкіндігін теңестіретін тетіктерді әзірге қарастырмайды.жұмыс берушілерге бұрынғыша, әйелдерді жұмысқа алу тиімсіз, өйткені бұл жүктілігі бойынша және бала күтімі бойынша демалысқа шығумен тығыз байланысты. «Еңбек туралы» Қазақстан Республикасының Заңында жүктілік кезеңінде мерзімі өтуі бойынша жеке еңбек демалысына тікелей тыйым жоқ. Әйелдердің көпшілігі ерлермен салыстырғанда шаруа (фермерлік) қожалығын жүргізу үшін және телімін алу құқығын пайдалана алмайды, өйткені Қазақстан Республикасының Жер Кодексі мұндай құқықты арнаулы ауылшаруашылық білімі және біліктілігі бар, сонымен қатар, ауыл шаруашылығында іс жүзінде тәжірибеге ие азаматтарға береді. Қазақстан Республикасы «Шаруа (фермерлік) қожалықтар туралы» Заңның 8-бабына сәйкес шаруа (фермерлік) қожалықты ұйымдастыру үшін жер телімін алуға тілек білдірушілерге ауылшаруашылық өндірісінде қожалық бөлу туралы қолдаухатқа қосымша түрде сәйкес білімі немесе арнаулы даярлықтан өтуі туралы құжат беруі қажет. Яғни тіпті шартты негіз бойынша көптеген ауыл әйелдеріне жер алуға заңды түрде рұқсат жоқ. Сырттай әділ, заң жүзінде жер телімін алу үшін біліктілік талаптарын іс жүзінде бүркеме кемсіту ретінде бағалауға болады. Себебі меншікті иелену, басқару, пайдалану және сақтау, қаржы тәуелсіздігіне ие болуы бойынша әйелдер құқығы үшін орталықты болып табылады. Диуану лұғат-ит-түрк. Диуану лұғат-ит-түрк — Қашғарлы Махмұд 1072-1074 жылдары Бағдат қаласында жазған түркіше-арабша сөздік. Ол түркі тілдері бойынша ең ауқымды және ең маңызды ежелгі тіл жәдігері. Оның қолжазба нұсқасы 638 беттен тұрады, онда 9000-нан астам түркі сөзінің араб тіліндегі егжей-тегжейлі түсіндірме-аудармалары қамтылған. Түркілердің тарихы, жағырапиялық таралуы, тайпалары, диалектілері және дәстүрлеріне бойынша қосымша мәліметтер берілген. Классикалық араб лексикографиясының қағидалары бойынша дайындалған бұл сөздік Қашғарлы Махмұттың түркі тілі туралы білімінің ауқымдылығын ғана емес, араб филологиясы ғылымы бойынша дайындығының да көлемді екендігін айғақтайды. Сөздіктің қазір бізге келіп жеткен жалғыз ғана жазба нұсқасы 1266 Дамаск (Шам) қаласында жаңадан көшіріліп жазылып, оны тек 1915 жылы ғана Әли Емірі ефенді Ыстамбұл қаласында кездейсоқ тауып алады. (Одан бұрынғы ғасырларда Антеплі Айни және Кәтіп Челеби сияқты ғалымдар сондай кітаптың бар екендігі туралы айтқан болатын.) Әли Емірінің көшірмесі 1917 жылы Талат пашаның "(1874-1921)" қолдауымен және Кіліслі Рифат білгенің "(1873-1953)" бақылауымен басылып шығып, бүкіл дүние жүзінің түркологтарының назарын өзіне аударды. 1928 жылы түрколог Карл Брокельманн сөздіктің егжей-тегжейлі түсініктемелермен жабдықталған алман тіліндегі аудармасын жариялады. Бесім Аталайдың қазіргі түрік тіліне аудармасын 1940 жылы Түрік тілі қоғамы басып шығарды. Соңғы жылдары шыққан Данковтың аудармасында соңғы ғылыми деректердің негізінде жасалған жаңа өзгерістер орын алған. Сөздіктің түркі халықтары үшін маңызы. Tanrı devlet güneşini Türk burçlarını yükseltmiş ve onların mülkleri üzerinde felekleri döndürmüştür. Tanrı onlara Türk adını vermiş ve yeryüzüne ilbay kılmış, hakanları onlardan çıkartmıştır. Dünya uluslarının yularların onlar eline vermiş, herkese üstün kılmıştır. Onlarla birlikte çalışanları aziz kılmış ve Türkler onları her dileklerini ulaştırmış, kötülerin şerrinden korumuştur. Onlara hedef olmaktan korunabilmek için, aklı olana düşen şey, onların yolunu tutmak, derdini dinletebilmek gönüllerini alabilmek için dilleriyle konuşmaktır." Kaşgârlı Mahmud'un 11. Yüzyılda Balasagun'u merkez alarak çizdiği Dünya Haritası o dönem Türklerinin yaşadıkları susun lan kocakafalılar bölgeleri ve dağılımlarını göstermesi bakımından dikkate şayandır. Түркі тайпаларының қоныстануын және көршілес басқа халықтардың орналасуын көрсететін сөздіктегі карта. Türklerin bulunduğu bölgeleri göstermek amacıyla çizilmiştir. Daire şeklinde olan haritanın çevresinde Doğu, Batı, Kuzey, Güney yönleri belirtilmiş, bazı deniz ve ırmaklar gösterilmiştir. Batıda işaret edilen yerler İtil boylarına, yani Kıpçakların ve Frenklerin oturdukları bölgelere kadar uzanır. Güney-Batıda Habeşistan'a, Güneyde Hint, Sint, Doğuda Çin ve Japonya'ya işaret edilmiştir. Ortada Yarkent, Kaşgar, Barsgan, Balasagun, Yifruç, İkiöküz, Asbuâli, Kumri, Talas v.s. gibi daha birçok Türk kentleri yer almıştır. Asya'nın batısı, kuzeyi ve güneyi çizilmeden bırakılmış, bir plan olarak bile pekçok hatalarla dolu olmasına karşılık, Doğu bölgelerine ilişkin verdiği bilgiler gerçeğe uymaktadır. Haritasında Çin Seddi'ni göstermiş, bu seddin ayrıca yüksek dağların ve denizin Yecüc ve Mecüc'lerin dillerinin öğrenilmesini engellediğini bildirmiştir. Japonya'ya gelince; onu haritasının Doğusunda bir ada olarak göstermiş ve denizin onların dillerini öğrenilmesine olanak vermediğine işaret etmiştir. Yukarda görüldüğü gibi, ilk Japon haritası bir Japon tarafından 14.yüzyılda çizilmiş, bir Dünya haritasında yer alması ise 15.yüzyılda olmuştur. Bütün bu bilgilerin ışığı altında, bir plan biçiminde olsa, yanlışlarla dolu da olsa ilk Japon haritasının 11.yüzyılda Kaşgârlı Mahmud tarafından çizilmiştir. Құрлық. a> shows land masses with minimal distortion as nearly one continuous continent Құрлық () — (жағалау) жердің өте үлкен бөлігі. Оны "материк" деп те атайды. Құрлықтар аумағы мен жұрты. Comparison of population and area Әлем бұрыштары. Солтүстік Америка мен Оңтүстік Америка құрлықтары Панама мойнағымен қосылған. Сонымен қатар Жердегі құрлықтарды әлем бұрыштарына бөліп айту қалыптасқан. Бұл Жағрапиялық ашылымдар дәуірінде пайда бола бастады, яғни әр жаңа жер, сол кезде айтқандай — әлем бұрышын мұхитсаяхатшылары ашқан сайын. Солтүстік Америка мен Оңтүстік Америка құрлықтық ажыратуға қарағанда бір әлем бұрышы боп есептеледі, ал әлемнің екі бұрышы боп есептелетін Еуропа мен Азия бір құрлықта — Еуразияда орналасқан. Еуропа мен Азия шекарасы Орал таулары, содан Каспий теңізіне дейін Жем өзені бойымен, Құма мен Маныш өзендерімен Дон өзені сағасына дейін, ары қарай Қара теңіз бен Жерорта теңіздері арқылы өтеді. Худжанд. Худжанд (,) — Тәжікстанның ең көне қаларының бірі, көлемі жағынан екінші үлкен қала, шамамен 2500 жыл бұрын, Ескендір Зұлқарнайн заманында негізі қаланған. Қала тарихы. Худжанд, Ленинабад Грек тарихшыларына сүйенек, біздің дәуірімізге дейін 329 жылы, Ескендір Зұлқарнайын Сырдария өзенінің жағасында бекіністі қамал тұрғызып, оны өз атымен атаған. Кейін келе, өзінің тиімді географиялық және стратегиялық орналасуының арқасында, қамалға тұрғындар тола бастады және сол кездегі өлшем бойынша ірі қалаға айналды. Тарихта Шеткі Александрия (Эсхата) деген атпен танымал болды. Осы көне қаланың дәл орналасу орны, бірнеше жүз жылдар бойы, әртүрлі елдердің ғалымдарын толғандырып келді. Тек ХХ ғасырдың ортасында ғана Худжандтың б.д.д. IV ғ. және Шеткі Александрияның (Эсхатаның) б.д.д. 329 жылғы екендігі анықталды. Худжанд, Ленинабад Ферғана алқабында географиялық тұрғыдан тиімді орналаса отырып, Худжанд көптеген жылдар бойы гүлденді, байыді, сарайлар, мешіттер, мызғымас қамалдар тұрғызды. XIII ғасырда Худжандты Шыңғыс хан әскері басып алып, күл-талқан етті. XIV ғасыр соңында — XV ғасыр басында Худжанд, өз облысымен бірге, Темір мемлекетінің құрамында болды. XVIII-XIX ғасырларда Худжанд өте қатты ұлғайып, Орта Азияның ірі қалаларының біріне айналып, территориясы жағынан Қоқан мен Бұхараға дес бермеді. XIX ғ. соңы — XX ғ. басындағы Худжанд кәдімгі ортаазиялық қала ретінде болды: қисық әрі тар көшелер, оларды бойлай, бір-біріне жанаса тұрғызылған бақсадан соғылған үйлер, шулы базарлар мен сан-мыңдаған шағын шеберханалар. Қазіргі Худжанд. Қазіргі таңда қала Тәжікстанның ірі индустриалды және мәдени орталығы болып табылады. Қазіргі Худжанд — жайлы әрі жасыл қала, саябақтары мен скверлері көп, тұрғындары қонақжайлы. Худжандтың қақ ортасынан өтетін Сырдария өзені және оның жайлы жағалаулары — демалыс және шомылу үшін керемет жер. Айтпақшы, Худжанд — ірі өзен бойында орналасқан Тәжікстандағы жалғыз қала. Худжанд, Ленинабад Худжандтың негізгі көрнекті орындарының арасында — танымал Панчшанбе қалалық базары бар. Ол Орта Азиядағы ең ірі жабулы базарлардың бірі. Келушілерді өзінің сан құбылған реңктерімен, ерекше дыбыстар және иістерімен, жеміс-жидектердің сан-түрлігімен және көптігімен тартып тұрады. Панчшанбе тәжік тілінен аударғанда «бейсенбі» деген ұғым береді — баяғы заманда дәл осы күні үлкен сауда жасалатын болған. Бүгінгі Худжанд — Солтүстік Тәжікстанның ең ірі индустриалды-өнеркәсіп орталығы және маңызы жағынан республикадағы екінші қала. Худжандтың географиялық орналасуы мен климаттық шарттары шынымен де берекелі. Сондықтанда, қала орналасқан Ферғана алқабы Орта Азияның інжу-маржаны деп аталады: таулы пейзаж, үнемі ағыс үстіндегі Сырдария сулары, таза ауа, жасыл желек, жүзімнің, жидектің және басқа да жемістің көптігі Худжандты мәңгі жас бақ-қала қылады. Худжанд, Ленинабад Баяғы заманнан бері Худжанд Самарқан, Бұхара, Мерв, Балх және өзге қалалармен бірге, тәжік мәдениетінің қалыптасқан орны болған; ол Орта Азияның ірі экономикалық орталығының бірі болған. Біздің заманымызда да Худжанд өзінің даңқты дәстүрлерін жалғастыруда. SMS. Short Message Service немесе SMS (қысқаша хабар қызметі) бір ұялы телефоннан екінші телефонға мәтінді хабарды жіберуге және қабылдауға мүмкіндік береді. Ұялы телефонның клавиатурасының 160 белгісін латын әліпбиін немесе 70 басқа да, ұлттық мысалы кириллицтер және қытай әліпбиіне 70 белгі қолданылады. Тарихы. Әлемдегі ең алғашқы хатты “Vodafone” компаниясының инженері Нейл Пэпуорс (Neil Papworh) жіберді. Тарихтағы алғашқы SMS-хат 1992 жылдың желтоқсан айында оның ұялы телефоны арқылы әріптестерін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтау ретінде бірінші хат жіберілді. Міне осылай жаңа технология әлемдегі миллиондаған адамдардың өмірінің бөлінбес бөлігіне айналды. Бірақ, ол бірден қабылданбады. Бұған он жылдан аса уақыт қажет болды. Жаңа қызметтің мүмкіншілігін алғашқы болып бағалаған бизнесмендер мен менеджерлер болды, олар жаңа қызметтің арқасында ұялы телефонмен сөйлесу мүмкіндігі жоқ кезде, мысалы жиналыс кезінде ақпараттармен алмаса алды. Бұл қызмет, әсіресе, биржадағы брокерлер арасында кең тарады, биржа алаңындағы айқай-шуға қарамастан маңызды ақпараттарды SMS-хат арқылы ала алады. Кәзіргі кезде бұл қызмет халық арасында кең таралды: студенттер, қызметкерлер, шенеуніктер және бизнесмендер барлығы хат мәтіндерін жазып жібере алады. SMS хаттың бір артықшылығы оның бағасы сөйлесу бағасымен салыстырғанда арзан. SMS хат ұялы телефонның жадында оңай сақталады, сондықтан да оны жылдам оқу міндетті емес. SMS хат адресат иесіне, мейлі, ол ұшақта болсын немесе батереясы отырса да, ұялы телефон қызмет желісі аясына шыққанда хабар міндетті түрде алады. Адресатқа хабар жеткендігі туралы да растайтын хабар келеді. SMS технологиясы негізгі ұялы желідермен (GSM, NMT, D-AMPS, CDMA) қолданылады. SMS-хаттарды телефондарға интернет немесе басқа желілермен (пейджиң, фидонет, x.25 және басқа да) жіберуге болады. Миг-29. Миг-29 әскери ұшағының (Fulcrum НАТО таптауы бойынша) техникалық сипаттамасы: Ресейде жасалған Миг-29 ұшағының қолданысқа енгізілгеніне 2007 жылы табаны 30 жыл болды. Бұл ұшақ негізінен стратегиялық маңызы бар нысандар мен әскери бөлімдерді әуе шабуылынан қорғау мақсатында қолданылады. Әскери ұшақ ауторлары Миг-29 ұшағын үнемі жетілдіріп келеді. Бұл ұшақ шұғыл қимыл жасап, жылдам әрекет етуге өте қолайлы. Миг-29 ұшағы Н-029 үлгісіндегі «Топаз» локаторымен жабдықталған. Бұл құрылғы аспанда және жердегі кеңістікті жіті қадағалап, жедел шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Ұшақтың тағы бір ерекшелігі, ұшақ сағатына 75-1500 шақырым жылдамдықпен ұшып келе жатқанда, мұнда орнатылған К-36 орындығы ұшқыштың тез арада катапультация жасауына мүмкіндік береді. Қазақстан елтаңбасы. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы (жайпақ түрі) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. 1992 ж. маусымның 4-інде қабылданған. Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы» конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (1996 ж. қантардың 24-інде) белгiленген. Суреттемесі. Рәмiздiк тұрғыдан Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбаның негiзi — шаңырақ. Ол — елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Түндік — таза көк аспанын бейнеллейді. Үш-санды айқыш-ұйқыш келген күлдреуіштер қазақтың үш жүздін бірлігі бекемдігін көрсетеді. Шаңырақтан шыққан уықтар күн арайларын еске салады. Бес бұрышты жұлдыз елтаңбаның тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Төменде таспа белдігінде ірі әріппен «ҚАЗАҚСТАН» деген жазуы бар. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасының көшiрме бейнесi, көлемiне қарамастан, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Резиденциясында сақтаулы тұрған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы эталонының түрлi-түстi немесе ақ-қара бейнесiне дәлме-дәл сәйкес келуге тиiс. Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбаның авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шота Уәлиханов. Поппе, Николас. Николас Поппе (Николай Николаевич Поппе) (1897 – 1991) — орыс шығыстанушысы, тілтанушысы, Алтай тілдері, моңғолтану және түркология маманы. 1897 жылғы тамыздың 8-інде Қытайда орыс дипломатиялық қызметшісінің отбасында туған. 1920 жылдан бастап Қазіргі заманғы шығыс тілдері институтында ұстаздық қызметін бастады. 1923 жылдан бастап Ленинград университетінде профессор. КСРО Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі (1932). 1926 жылдан бастап КСРО Ғылым Академиясының моңғолтану комиссиясында жұмыс істеген. Кеңес-фин соғысына қатысты. 1944 жылы Алманияға өтіп кетті, 1949 жылдан бастап АҚШ-қа қоныс аударды. Сиэттл қаласындағы Вашингтон университетінің профессоры болған. Алтай тілдері, моңғол және тұңғыс-маньчжур тілдерінің грамматикасы мен салыстырмалы зерттеулеріне бағышталған 240 ғылыми еңбектің авторы. 1961 жылы қайтыс болған Борис Шнитниковтың аяқталмай қалған қазақша-ағылшынша сөздігін толықтырып, баспаға әзірлеп шығарды, алғысөзін жазды. Аспан. Жер аспанының бұлт үстімен ұшып бара жатқан ұшақтан көрінісі Аспан – Жер үстіндегі кеңістік немесе кез келген астраномиялық нәрсенің беті. Жалпы айтқанда, аспан деп Жер (немесе басқа астрономиялық нәрсе) бетінен ғарышқа қарай қарағандағы көріністі айтады. Аспан, аспан күмбезі – бақылаушыға киіз үйдің төбесі сияқты болып көрінетін күмбез. Күн, Ай, жұлдыздар, т.б. аспан шырақтары бізден өте қашықта болғандықтан, олардың ара қашықтығының айырмашылығы бізге сезілмейді. Сондықтан олар аспан күмбезінде орналасқандай әсер береді. Ашық далада аспан жалпайып көрінеді, яғни күмбездің төбесіне қарағанда, оның іргесі (көкжиек) қашықтағандай болады. Биік үйдің қасында тұрған адамға аспан күмбезі көкжиекке қарағанда биік болып көрінеді. Ауа қабаты көгілдір, көк, күлгін сәулелерді күштірек шашырататындықтан аспан күмбезі көк түсті болып келеді. Аспан аңыздары, астрономиялық аңыздар – аспан денелерінің (жұлдыздар, планеталар, т.б.) кейбір ерекше қасиеттері мен таңғажайып көріністерін бейнелейтін халық аңыздары. Қазақ аңыздарына тән ерекше құнды қасиет – шынайы аспан көріністерін поэзиялық түрде бейнелеу. Бұл аңыздардың басым көпшілігі – діни нанымдарынан аулақ нағыз халық шығармалары. Шөбі шүйгін шырайлы жер іздеп, ен даланы сыпыра көшкен халық, көктегі самсаған шырақтардың ішінен батырларды, мергендерді, қарақшыларды, сұлу бикештерді, сәйгүлік аттарды тауып, қиялмен қиыстырып сюжет ойлап, оларды аңыздарға арқау еткен. Аспанның солтүстік жартысындағы жұлдыздардың тәуліктік көрінерлік қозғалысы Жетіқарақшы аңызына арқау болды. Темірқазық – қозғалмайтын полярлық жұлдыз. Құрамындағы жұлдыздардың кейбіреулері шұбатылған арқан тәрізді, ал екіншілері арқандаулы атқа ұқсас. Олар Темірқазықты үнемі айнала қозғалады. Бұлардың сыртын ала, арқандаулы аттарды торуылдап, Жетіқарақшы айналады. Көкжиектен төмен түспей түні бойы айналып жүретін бұл жеті жұлдыздың қозғалысы, күндіз тасаланып, түнде ұйқтамай, қолайлы сәтті күтетін ұрының әрекетіне ұқсайды. Аңыз желісі бойынша Жетіқарақшы – Қырыққарақшының (сол маңдағы майда жұлдыздар) барлаушысы. Олар Вега мен Капелла жұлдыздарындағы батырлардың аттарын (Ақбозат пен Көкбозат) қолға түсіріп алмақшы. Шынында да Вега мен Капелла – аспанның Солтүстік жарты шарындағы көзге түсетін батырларға лайық жарық жұлдыздар. Жетіқарақшының топ басшысы қыранқарақшы (Мицар) Үркердің қызы Үлпілдекті (Алькор) мінгестіріп алған. Үркер Жетіқарақшыдан үнемі қашып жүреді. Өйткені егер Жетіқарақшы Ақбозат пен Көкбозатты ұстап мінсе, Үркердің Сүлусарысын (Альдебаран) ұрламақшы. Бұл аңыздан көшпелі ел тұрмысының сарыны байқалады. Ежелден белгілі Үшарқар-Таразы шоқжұлдызы жөніндегі бір аңыз Маралбай есімді аңшының тағдырын суреттейді. Ол биік шың басындағы жартаста тұрған үш арқарға оқ атып барып аяғы сәл тайып кетеді. Алтындалған жалпақ белдігі үшкіл тастың біріне оралып қалады. Мерген сол белдіктен ұстап қайта шығады. Белдігін қайта тағып, жоғары қарағанда таудан да биіктей қашып, аспанға шығып кеткен үш арқарды, атылған мылтығынан шыққан көк түтінді көріп санын соғады. Содан бастап ол үш арқар түн мезгілінде көктен шоқжұлдыз болып көрінетін болыпты. Бүркіт шоқжұлдызын да қазақ халқы ерте аңғарған. Бір аңызда аңшы жігіт арқардың киелі құлжасын (қошқарын) атамын деп өзі қапыда терең құзға құлайды. Сол замат томағасы сыпырылған Бүркіт ұшып шығып, қос қанатын жігіттің астына тосады, шама-шарқы келгенше демеп, құз түбіне жете бере тайқып ұшып, қайта көкке көтеріліп кетеді. Жігіт тасқа соғылмай, қатты құламай аман қалады. Бүркіт жігітті елдегілер қашан тауып, шыңыраудан шығарып алғанша қоян, құс әкеліп тастап тұрады. Кейіннен ол Бүркіт әлдекімдердің оғына ұшырайды. Жігіт қатты қайғырады, жоқ Бүркітін көктен іздейді. Дәл соған ұқсаған шоқжұлдызға Бүркіт атын береді. Торпақтағы Сұлусарының өзі жөніндегі аңызда өжет жігіттің өз махаббаты үшін күресіп, патшаны жеңіп, сүйгеніне қосылғаны айтылады. Келесі аңызда Қарақұрт баланы ажалдан құтқарады. Тұманда адасып, қойды тас ығына иіріп, өзі шағын тас інге тығылған баланы жемекке ұмтылған көкжал қасқырдың тұмсығын қарақұрт шағады. Бала да, қой да аман қалады. Ел көктегі бес жұлдызды оның құрметіне Қарақұрт шоқжұлдыз деп атайды. Аққу шоқжұлдызы аңызында Шынболат есімді жігіт өзінің сүйіктісі Айгүл екеуінің махаббатына дәнекер болған Аққуды атқан адамды жазалап, өлген Аққудың ақ бейнесін қиялмен көкке шығарады. Тазылар шоқжұлдызы жайлы аңызда тұманды күні әлдеқандай дыбысқа қарай айтақтап жіберіп, өзі тауда мерт болған аңшы тазыларының көкке шығып кетіп, жұлдыздарға айналғаны жөнінде баяндалады. Күн сияқты жылт етіп көкжиектен шыға келгенде қой үрке жөнелетін Сүмбіле жұлдызы аңшылық аңыз әңгімелерде жиі кездеседі. Ғылым тілінде Арыстан аталатын Қамбар шоқжұлдызының айбарлы арыстан сияқты пішінін елестетеді халық. Ертеректегі қазақ жұлдызшылары Күн жолындағы зодиактік он екі шоқжұлдыздың бірі – Тоқтыға ереше назар аударған. Күн шоқжұлдызға жерде көк шығып, мал жайыла бастағанда келіп жететін болғандықтан Тоқты делінген. Одан екі жарық жұлдыз көзге бірден шалынады. Күндізгі іңірде шайдай ашық аспанға қарағанда бозарған қылаң жолақ – Құс жолын көреміз. Қазақ аңызында бұл ғаламат тамаша ақ жолақ алланың ақ жолы деп айтылады. Бір дана кісіге алла сол жолымен келіп, «Адам қай кезде де адамның ақ жолын кеспей жүрсін деп жұлдыздардан осы жолды салдық» деп тіл қатыпты делінеді. Күн мен Ай аңызда егіз туған ғажайып сұлу қыздар екен. Әсіресе, Ай сұлуырақ болғандықтан Күн қызғанып, оның бетін тырнап алса керек. Ай Күннен шалғайда жүргенде, Күнді ерегістіріп, толық Ай түрінде анық көрінсе, Күнге жақындағанда, тағы тырнап ала ма деп бетін бүркеп жасырады. Шолпан аңызда емші қыз болып айтылады. Әрі мейлінше сұлу. Ол бар ғұмырын ауру-сырқауларды емдеп, жазуға арнамақшы болады. Бірақ оның бұл ойы жүзеге аспай қалады: өзі сұлу, өзі ақылды емші қызға жігіттер бірінен соң бірі сөз айтып, ақыры оның соңы үлкен дау-жанжалға айналады. Ел арасында іріткі туа бастайды. Мұның бәрі өзінің сұлулығы мен ақылдылығына байланысты болғанын сезген қыз елден алысқа кетіп, халыққа нұрын биіктен шашқысы келеді. Сөйтіп, таң қылаң бере ол аспанға ұшып шығып, таң жұлдызына айналады. Халық оны Шолпан жұлдызы деп атап кетеді. Қызыл планета – Марсты қазақ шарт аяздың хабаршысы деп есептеген. Өйткені ол шарықтағанда суық күшейетін болған. Қызыл шұнақ аязбен бірге шығыстан қызыл оттай жұлдыз көтеріледі. Текке көтерілмей өңменнен өтетін аязын әкеледі. Күн жүйеміздегі алып ғаламшар Юпитер аңызда асқақ жұлдыз. Өзін мейлінше асқақ ұстайтын Асқар есімді жігіт тауда оңаша тұрады. Кейіннен далада адасып қалған Гүлдана есімді қызбен танысып, оның әке-шешесінің рұқсатымен жанұя құрады. Сол оңаша патшалықта он алты перзент сүйеді. Бірақ Гүлданадан кезінде айырылып қалған Қожабай есімді бай жігіт ұмыта алмай, бірде үйін тауып барып, ауласында Гүлдананы пышақтап өлтіреді. Асқар онан ақысын алады. Бірақ қайғы шыдатпайды. Он алты перзент шүпірлеп жанында қалады. Елден, жерден бөлек кету үшін ол аллаға күні-түні жалбарынып, көктен орын сұрайды. Өз алдына жеке патшалық құрғысы келеді. Алла ол тілегін қабыл алып, аспанға шығарып, бір бөлек жұлдыз жүйесі етеді. Жігіт алып ғаламшарға, перзенттері он алты серігіне айналады. Құйрықты жұлдыз аңызда белгілі бір мерзімде Күнге жақындап, жеріміздегі күллі тіршілікті бақылап, адамзаттың тілеуін тілеуші, алланың көмекшісі, ақ сақалы тұла бойына шұбатылған қарт болып айтылады. Көктен кенеттен көзге шалынатын Ақпа жұлдыздарды көргенде «Өз жұлдызым жоғары болсын» деп бата жаса дейтін наным оны киелі деп санайтын ырымнан туған. Жер аспаны. Жердегі аспан түрі тәулік уақытына, жыл мезгіліне және ауа-райына байланысты. Аспанда әдетте бұлттар, жұлдыздар мен Жер серігі – Ай көрінеді. Ұшақ ішіндегі аспан көрінісі жер бетідрвыававпатлгнысы аралығында көк түсті болып көрінетін атмосфера қабаты болып табылады. Күннің шығысы немесе батысы кезінде сары, сарғылт және қызыл түстерді аспанда байқауға болады. Түндегі аспанда қара түстің дақтары көрінуі мүмкін. Ай, жұлдыздар және т.б. астрономиялық нәрселер айқын көрінуі мүмкін. Жұлдызды аспан – жарықыраған нәрселерден тұратын аспан. Леонардо да Винчи алғашқы болып аспанның көк түстілігін "Кескіндеме жайлы" атты кітабында: "Жарқырайтын ұсақ бөлшек заттардың себебінен қараңғылық пен Жер арасындағы аспан көгілдір боп көрінеді" деп жазған. ДНҚ. Қос спиралтды ДНК бөлігінің құрылымы Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) - тірі организмдердегі генетикалық ақпараттың ұрпақтан-ұрпаққа берілуін,сақталуын,дамуы мен қызметін қамтамасыз етуіне жауапты нуклеин қышқылының екі түрінің бірі. ДНҚ-ның клеткадағы басты қызметі - ұзақ мерзімге РНҚ мен белокқа қажетті ақпаратты сақтау. ДНҚ-ның ерекшелiгi. Бiр организмнiң барлық клеткаларындағы ДНҚ молекуласының құрамы, құрылымы бiрдей болады да, жасына, ортадағы жағдайына тәуелдi емес. ДНҚ молекуласының нуклеотидтiк құрамы, құрылымы, тiзбегiндегi нуклеотидтердiң реттелiп орналасуы организмнiң ерекше қасиетiн анықтайды. ДНҚ молекуласының полинуклеотид тiзбегiндегi нуклеотидтердiң ретi – ұрпақтан-ұрпаққа берiлетiн генетикалық мәлiмет. Полинуклеотид тiзбегiндегi нуклеотидтердiң реттелiп орналасуы ДНҚ молекуласының бiрiншi реттiк құрылымы деп аталады. ДНҚ молекуласының екiншi реттiк құрылымын 1953 ж. Уотсон мен Крик анықтады. ДНҚ құрылымының анықталуы ХХ ғасырдағы биологияның ең маңызды жаңалығы деп саналады. Уотсон мен Крик теориясы бойынша екi полинуклеотид тiзбегiнен құралған ДНҚ-ның молекуласы кеңiстiкте оң қос қабат спираль болып табылады. Қос қабат спиральдағы екi тiзбектiң жолдамасы – антипараллель, бiр тiзбектегi нуклеотидтер арасындағы байланыс 3'5'-бағыттағы қалдықтардан түзiледi, екiншi тiзбектегi нуклеотидтер арасындағы байланыс 5'3' бағыттағы қалдықтардан түзiледi. Екi полинуклеотидтi тiзбек өзара бұранда сияқты жалғасып, азоттық негiз арқылы байланысады. Гидрофобты азоттық негiздер спиральдiң iшiне орналасқан, ал гидрофильдi пентозды-фосфорлы қалдықтар ДНҚ молекуласының сыртқы жағына қарай бағытталған. Спиральдiң бiр айналымына азоттық негiздiң 10 жұбы келедi. Спиральдiң диаметрi 2 нм болады. Қос қабат спиральдегі азоттық негiздердің қабысуы өте ерекше. Бiр тiзбектегi аденинге – екiншi тiзбектегi тимин, ал гуанинге цитозин қарсы тұрады. Бұл – ДНҚ молекуласының құрылымыныњ өте ерекше маңызды қасиетi. Спиральдағы азоттық негiздердiң осылай орналасуы ДНҚ тiзбегiндегi сєйкестiк-үйлесiмдiлiк (комплементарлық) деп аталады. Қос қабат спиральдi азоттық негiздердiң арасындағы сутектiк байланыс және гидрофобты әрекеттесулер бiрiктiрiп ұстап тұрады. Мұнда аденин мен тиминнiң арасында екi сутектiк байланыс түзiледi, ал гуанин мен цитозиннiң арасында үш сутектiк байланыс түзiледi. Қосақтың әрқайсысында азоттық негiздердiң пентозды-фосфорлы керегесi-мен қосатын гликозидтік байланыстарының арасындаѓы қашықтығы бiрдей – 1,085 нм. Microsoft. Microsoft Corporation — бағдарламалық қамсыздандыру өндірісінің және сервер мен жеке компьютерлер үшін интернет технологияларды құруы мен қызметін көрсететін АҚШ-та тіркелген көпұлтаралық компаниясы. 1975 ж. құрылған. Компания негізін қалаушыларының бастысы — Билл Гейтс. Компания адам мүмкіндіктерінің қазіргі заманғы технологияларды пайдалану арқылы, кез-келген жерде, кез-келген уақытта, кез-келген құрылғыда пайдалану есебінен, іскерлік және жеке қызмет пен пайдаланудың кең көлемді бағдарламалық өнімдер тізімін ұсынады. 2002 ж. соңынан бастап Алматы қаласында "Microsoft" кеңсесі жұмыс жасап келеді. Мақсатары: бағдарламалық қамсыздандыру нарығын дамыту мен Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан аумақтарына жаңа технологияларды енгізу мен тарату. Үрпекқап. Кондом/презерватив қалың каучук резеңкеден жасалады; презервативтердің көпшілігі арнайы маймен майланады. Қолданылуы: жыныстық қатынастың алдында қатайған аталық жыныс мүшесіне кигізіледі. Артықшылықтары. Көпшілік қолды; ілеспелі әсері жоқ, жыныстық қатынастан жұғатын соз ауруларынан, солардың арасында СПИД ауруы да бар, қорғай алады. Кемшіліктері. Контрацептив ретінде толығымен нәтижелі емес, жыныстық қатынасты, үзіп/бөліп жібереді. Гетто. Гетто (мүмкін – Венецияның тарихи ауданы, аты 1516 жылы алғашқы рет кездескен) – ірі қалалардың кіші этникалық топтар өз еркімен немесе күшпен тұратын кедей, инфрақұрылымы шамалы аудандары. Тарихи сөзі еврейлерді күштеп тұрғызатын венециандық геттодан бастау алады. Алғашқы еврейлер геттолары Италия, Алмания, Испания мен Португалия елдерінде XVI ғасырда пайда бола бастады. XX ғасыр басында гетто идеясына жаңа құрылған лимитроф-елдерде орала бастады. Екінші Дүниежүзілік Соғыс кезінде “гетто” сөзімен оккупацияланған жерлердегі алмандар ұлтшылдарымен немесе олардың тәртібін қолдайтын жергілікті ұлтшылдармен күзетілетін, еврейлерді күшпен тұрғызатын елді мекендерді атаған. Әйгілі болғандары – Варшава геттосы, ал КСРО жерінде Минск геттосы. АҚШ-та көпшілік ақтар мен кіші қаралар (негрлер мен латынамерикалықтар секілділер) арасандағы нәсілшілдік және әлеуметтік қарама-қайшылықтар бөлінушілікке алып келді – осы кіші топтарға арналған сандаған геттолар пайда болды. Райымбек батыр. Жастайынан жауға тиіп, күркіреген үнімен дұшпанын күңіренткен Райымбек батыр 1705 жылы дүниеге келген. Алмадай үзді мойынды, – деп зарлайтыны, міне, осы тұс еді. Батырдың бұдан кейінгі жорығы Жіңішкені, Таушілікті, Қарабұлақты, үш Меркіні, Кеңсуді, Қарқараны азат етуге арналды. Райымбек батырдың тағы бір үлкен жорығы ретінде Орта жүз еліне көмекке баруын атаймыз. Қабанбай батырдан оралған шапқыншы Тарбағатай мен Шәуешек арасын жауып, жауды өзара қатынасуға мүмкіндік бермеу туралы ұсынысын әкелгеннен кейін Райымбек батыр бірден атқа мінеді. Сарытау, Үйгентасты азат етуге атсалысып, Ілені бойлаған күйі Қорғаспен бері қайтады. Дәл осы дерек Шыңжаңдағы Зейнолла Сәнік зерттеуінде де бар" дейді тарихшы Мәмбет Қойгелдиев. Албанның Алжан руынан шыққан көкжал Хангелді батырдай атасынан тәлім алған Райымбектің жаужүректігі жастайынан байқалған. Жиендерінің жанарынан от байқаған Жалайыр Орақ батыр ұрпақтарынан бәсіреге жүйріктің тұқымын, қолға ұстарға шымболаттан құйылған қылыш сыйлауы содан болса керек. Әке, баба, нағашы жұрт ортасында бұлаң салған баланың бәйгіде өз атын өзі ұрандағаны жұртқа аян. Осы өр рух кейіннен жоңғарға қарсы алдаспан боп сермелді. 17 –інен Көкойнағын ойнатып, қалмаққа қырғын салған Райымбек Түкеұлы ерліктерінің арасында ерекше аталатыны қазірде Алматы-Нарынқол тасжолының 167 шақырымында тұрған Ойрантөбеде қалың қалмақты кезек жекпе-жекке шақырып, бөрі тиген қойдай дүрліктіруі. Бадам өзені туралы естігендер көп. Бірақ, соның Райымбек батырдан жеңілген қалмақ нояны Бадам-бахадүрдің есімімен байланыстырылатынын көп адам біле бермейді. Кеген деген жер атауы да калмақ тайшысы Гегенге телінеді. Бір деректер Геген діни лауазым дейді. Райымбек батыр 1729 жылы Аңырақайдағы шайқаста Наурызбай, Өтеген, Қабанбай, Бөгенбай сынды қазақ ерлерімен үзеңгі түйістіре отырып, Сары Мыңжаның әскерін талқандаған. Ал, Итембес өзенінің бойында Шона Доба жасағы жер жастанды. Қара су қақ жарылып жол беретін хас батыр атанған Райымбек Түкеұлының есімі бертінге дейін кең паш етілмеді. Мұның себебі беймәлім. Тіпті, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың аяқталмай қалған “Райымбек, Райымбек” атты дастанын жариялағаны үшін “Лениншіл жас” газетінің жетекшісі Сейдахмет Бердіқұлов партиялық сөгіс алған. Алайда, қыран мінез ұлдарының есімін тұмарындай қастерлейтін халықтың Алматының ортасында жатқан батыр зиратына келіп сыйынуын тоқтату мүмкін емес еді. Еш саясат ер рухы мен ел рухының арасын алшақтата алмады. Қытай саясатының ықпалымен соғыс бастап, Шығыс Түркістандағы ұйғыр, одан бертіндегі қырғызды дем арада жаулап алған жоңғар мен қазақ ғасырға жуық арпалысты. Ұлтымыздың екі жасын екі жанарынан сорғалатып, алқасына сілемдей қатырған дұшпан швед офицері Густав Ренаттың көмегімен зеңбірек, тас ататын түрлі қарулар жасап, күйрете соққы беруді үдеткен. Жазушы Жолдасбай Тұрлыбайұлы бір мәліметінде Райымбек батыр ұсталарға сол зеңбіректің бір түрі "Қойшағырды жасатып, жау амалын өзіне қарсы қолданғанын" айтады. Қыстауым Алматының басы”, – деп сүйегін сол тұстағы Алматы қыстағының аумағына қойыңдар деп өзі өсиет еткен орынға жерле­ніп, бұл күнгі тәуелсіз елдің ұрпағы батыр, әулие баба өсиетін қалтқы­сыз орындап, сол сүйегі жатқан орынға зәулім күмбез тұрғызып, ақ атанның ақ мәрмәрдан алып мүсі­нін орнатқаны аса бір сауапты іс болды. Батырдың 300 жылдығына орай ескерткіш қойылды. Бірқатар конференциялар өтті. Ең бастысы қазақ елдігін оятып, ертеңінторлаған қара бұлтты емен сапты найзасының ұшымен сейілткен ер есімі ел есінде қайта жаңғырды. Қытай Халық Республикасы Іле Қазақ облысының орталығы – Құлжа қаласының көрнекті бір ғимаратының алдына қызыл гранит тастан қаланған биік тұғырға Райым­бектің ат үстіндегі мүсіні ор­натылыпты. Оны орнатуға мұрын­дық болған сол Қазақ автономиялы облысының әкімі Қызайжан есімді азамат екен. Райымбек атаның жерленген орны – бұл жерге барып келген адамның жолы болып, жұмыстарында сәттілік болады. Құлан (қала). Құлан өте ежелгі қалалардың бірі. Бұл қаңлы империясының құрамында болған. Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқан, сол үшін сауда орталықтарының бірі болған. Бұл қалаланың негізгі салушы Ерарыс хан болған. Ерарыс ханның ұрпақтары осы қаланы 200 жыл бойы басқарған. Олар қоңырат руының белгілі "жандар" тайпасынан болған. Конго Республикасы. Конго Республикасы (; Конгоша: "Repubilika ya Kongo"; Лингалаша: "Republiki ya Kongó") — Орталық Африкадағы ел. Ол Конго-Браззавиль және Конго деген аттармен де белгілі. Конго елі Ғабон, Кәмерун, Орталық Африка Республикасы, Конго Демократиялық Республикасы, Анголаның Кабинда аймағымен және Гвинея шығанағымен шектеседі. Бұл ел бұрынғы франсуз отары. 1960 жылы тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін Францияның басқаруындағы Орталық Конго аймағы Конго Республикасы болып жарияланды. Ширек ғасыр бойы марксистік бағытты ұстанып, 1992 жылы көп партиялық демократиялық жүйеге көшті. Алайда 1997 жылы болған қысқа азамат соғысынан кейін бұрынғы марксшыл президент Денис Сассу Нгессо қайтадан билік басына келді. Ауа-райы және климаты. Ел экваторда орналасқандықтан, ауа-райы жыл бойы бір қалыпта болады. Орташа температура күндіз, түнде шамасында. Сыртқы сілтемелер. Congo, Republic of the Congo, Republic of the Конго Демократиялық Республикасы. Конго Демократиялық Республикасы () — Африка құрлығындағы жер көлемі жағынан үшінші орындағы мемлекет. Конго Азат мемлекеті (1877 – 1908). Бұл суретте каучук ағашын өсіру үшін Конгодағы Баринга ауылының жермен-жексен етілуі көрсетілген. Аймақтары мен аумақтары. Конго Демократиялық Республикасының жаңа әкімшілік картасы. Географиясы. Конго Демократиялық Республикасының картасы. ОББ анықтамалығынан алынған. Өсімдік және жануарлар әлемі. Конго Демократиялық Республикасы — дүние жүзіндегі боноболар (пигмей шимпанзелер) жабайы табиғатта кездесетін жалғыз жер. Ақбөкен. «Қазақ жеріндегі ақбөкендерге сан жетпейді. Оралдың төменгі ағысына келіп, теңізге құлаған ақбөкендерден өзен суы көрінбей қалды» Киікті қазақ киелі жануар деп есептейді. Ел арасында оларды атқан адам бақытсыздыққа ұшырайды деген сенім бар. Киіктің қаншалықты киелі екендігін кім білсін, бірақ өте ақылды және қандай табиғи ортада болмасын, тез бейімделіп кететін жануар екендігі анық. Ақбөкендердің басына қаншама зобалаң заман туғанмен, миллиондаған жылдар бойы тұқымын сақтап қала алды. Осының өзі ақбөкендердің өмірге өте бейімділігін, өсімталдығын аңғартады. Егер ақбөкендердің басқа түз тағыларынан ерекшеліктері болмаса, ежелгі мамонттармен бірге құрып кетер еді. Ақбөкендердің табындары жүздеген, мыңдаған бастан тұрады. Әдетте табынды текелері емес, ұрғашы киік бастап жүреді. Текелері күйек науқаны біткеннен кейін табынға көп қосыла бермейді, әсіресе киіктер бұзаулайтын кезде олар жеке жиналып, бөлек табынмен жүреді. Ақбөкендер күйекке түсер алдында, қазан, қараша айларына қарай қоң жинап, жұмырланады. Бұл кезде текелердің кеңсірігі дөңестеніп, әукесі салбырап, сақалы төмен түседі. Ұрықтандыруға көп уақыт жұмсалмайды, әрбір теке бір-екі күннің ішінде 40-50 киікке дейін шабады. Соңғы кездерде ақбөкенді мүйізін алу үшін браконьерлер көп қырып жіберді де, текелердің саны күрт азайды. Ұрғашы киіктердің саны текелерден бірнеше есе басым болғандықтан, күйек кезінде кейбір шамасына қарамайтын, тәжірибесіз жас текелер әлсіреп, зорығып өледі немесе түлкі, қарсақ сияқты кішігірім жыртқыштарға жем болады. Күйек біткеннен кейін, ауа райы қатты суытып кетпей, жайылымға қолайлы болып тұрса, қаңтардың аяғы, ақпанның басына қарай қайта қоң жинап, әлденіп алады. Ұрғашы киіктер текелерге қарағанда майды көп жинай алмайды. Күйек кезінде орташа ғана семіреді де, төлдер алдында 4,5 келідей іш май жинайды. Бірақ лақтарын емізген кезде тез арықтайды. Киіктер мамыр айының 10-15 аралығында жаппай төлдей бастайды, осы кезде ауа райы бұзылып, міндетті түрде жауын-шашын болады. Қазақтар оны «құралайдың суығы» деп атаған. Киік әдетте төлді егізден әкеледі. Алдын ала шыбын-шіркей болмайтын, үнемі жел есіп тұратын беткейді таңдап алып, лақтарын түрегеп тұрып туады. Құралайдың енесі басқа жануарлар сияқты лағының шаранасын жалап аршымайды, шарана жауынның суымен шайылып кетеді немесе жел қағып, кеуіп барып түседі. Жаңа туған лақтар жарты сағаттан кейін енесін еміп, екі-үш сағаттан соң аяқтанып кетеді, ал туғанына екі күн болған құралайды машинамен қуып жете алмайсыз. Енесі алғашқы сағаттарда лақтарын емізген соң, біршама қашықтыққа ұзап, алыстан бақылап жүреді. Егер жыртқыштар пайда болып, қауіп төне қалса, лақтарының маңынан аулаққа қашып, ол жерден алып кетуге тырысады. Табиғаттың барлық заңдылықтарын іште жатып үйренген құралайлар енесі қасында жоқ кезде ешқандай тіршілік нышанын сездірмей, жыбырламай жатады. Лақтардың қоңыр бұйра терісі топырақтың түсімен бірдей болып көрінеді, екі-үш метр жерден қарасаңыз, жатқан бір төмпешіктер екен деп қаласыз. Мыңдаған жылдар бойы дала жыртқыштарынан, адамдардан қашып жүріп, жан сақтауға әбден бейімделген киіктердің тағы бір ерекшелігі – ешқашан жетім қалған лақтарын далаға тастамайды. Далада келе жатқан кез келген киік жолынан маңырап шыққан құралайды кездестіре қалса, жанына барып емізіп, өзімен ертіп кетеді. Киіктің лағы екі-үш күннің ішінде отығып кетеді. Алғашында ол көзіне түскен шөпті қармайды, бір аптадан соң ғана шөптің дәмін алып, таңдап жеуге көшеді. Жас туған киіктер лақтарын он-он бес күндей суат басына апармайды, оларды алысқа тастап, тек өздері ғана келеді. Бұл уақытта құралай тек енесінің сүтін ішеді, бір-бір жарым аптадан соң табынмен суатқа келіп, алғаш судың дәмін татады. Көктем шыға, солтүстікке қарай жылжитын қалың табын жылдың бұл мезгілінде суаттарды көп іздей бермейді. Олар жаңа өнген шөптің нәрімен, таңғы түскен шықпен сусындайды. Жауынды күндері апталап су ішпей жүре береді. Киіктер Аралдың, Балқаштың тұзды суларын іше береді. Қыстың қарсыз күндері мұз жалап, шөлін қандырады. Әдетте табынды суат басына ұрғашы киік бастап келеді. Алдымен жан-жағына осқырана қарап, біраз уақыт айналаны бақылайды. Қалғандары «команда» болмай суға беттемейді, алдымен бастап келген киік су ішеді, содан кейін қалғандары азан-қазан маңырап келіп, суға бас қояды. Текелері суатқа ең соңынан келеді. Ақбөкен 1 минутта суды 12 рет жұтады екен және суды ұзақ сораптап ішпейді, 1,5-3 минуттың ішінде шөлін қандырады да, келген даласына қайта зымырайды. Бетпақдаладағы ақбөкендер өсімдіктің 81 түрімен қоректенеді. Олар әр түрлі шөптерді жылдың мезгіліне қарай таңдап жейді. Көктемгі айларда киіктер ақселеу мен құрақты қорек етеді. Жаз айларындағы аптаптарда жапырақты шөптер қурап кетеді де, жануарлар жусан, қырықбуын, шиді оттайды. Қыс кездерінде киіктер қарын жел үрлеп кеткен жоталардың жонынан азық тауып жейді. Ауыл маңайындағы маялап үйілген құрғақ шөпті олар жей алмайды, өйткені танаулары кедергі жасайды. Киіктер шөпті жерден жұлып жеуге ғана дағдыланған, сондықтан елді мекендерге жақындап баратын болса, тек қар астындағы күздік бидайды тебіндеп азықтану үшін барады. Зоолог мамандардың айтуынша, киіктердің басқа жануарларға ұқсамайтын тағы да бір ерекше қасиеті бар екен. Ұрғашы киіктер дүниеге әкелетін лақтарының еркек немесе ұрғашы болып тууын өздері реттейтін көрінеді. Егер араларында текелері азайып, ұрықтандырып үлгермей жатса, сол жылы табында кілең еркек лақтар қоздайды. Киіктер осылайша өз өсімін өздері бақылап отырады екен. Ақбөкендердің табыны жыл сайын лақтармен толықтырылып отырады. Осы кезде туған шібіштер (ұрғашы лақ) алты айдан кейін күйлеп, текеге шыға береді. Енді алты айдан кейін бұл шібіштер табынға қос-қостан лақ әкеледі. Ал еркек лақтардың жөні басқа, олар жетіліп, текелік жасау үшін 19 ай уақыт керек, өзімен бірге туған шібіштер бір рет лақтағаннан кейін, келесі жылдың күйегіне ғана араласады. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған ақбөкендердің қаңқаларына қарағанда, бұлар ертеректе Ұлыбритания аралынан бастап Аляскаға дейінгі кеңістікте өмір сүрген. Қазақстан аумағында Павлодар облысындағы Ямышево мен Подпуск ауылдарында, Семей қаласының түбінен, Нұра өзенінің бойынан, Жамбыл облысындағы Қараүңгір мен Үшбас үңгірлерінен ежелгі және орта антропогеннен қалған киіктердің сүйектері табылған. Тамғалы жартасындағы киіктің суреттері біздің эрамызға дейінгі VІІ-V ғасырларда қашалып салынған екен. ХІV-XVІ ғасырлардан бері ауыздан-ауызға тарап келе жатқан халық эпостарында қазақ жеріндегі сансыз көп ақбөкендер туралы айтылады. Көптеген елді мекендердің «Киік» деп аталуы да бекер болмаса керек. Осындай фактілерге сүйенсек, ертеректе Еуропа мен Азия құрлығын тұтастай мекендеген киіктер қазір тек қазақ даласында ғана қалыпты. Қазіргі сақталған киіктердің үш тобы бар. Олардың ең ірісі және сан жағынан басымы – Бетпақдала-Арыс тобы. Бұл ақбөкендердің мекені – Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл облыстарының елсіз жазықтары. Киіктердің селдіреген табындарын қалмақ даласынан көруге болады. Жайылым жердің аздығынан олардың басы көбейе қойған жоқ. Аздаған ақбөкен моңғол жерін мекендейді. Қазір олардың тұқымы құрып бітті деуге болады. 1978 жылғы Соколовтың жазғандарына қарағанда, сол кезде Шаргиин-Гоби мен Хойсыл-Гоби шөлдерінде 300 ғана бас киік қалған екен. Қалмақтың да, моңғолдың да киіктері Бетпақдаланың ақбөкендерінен аласа, кішірек болып келеді және бұл топтар өзара араласқа түскен емес. XІX ғасырдың аяғында XX ғасырдың басында Қырым, Таврия, Казказ өңіріндегі киіктердің өрісі тарылып, жойыла бастаған. «Қазақстанда 20-жылдардың басында ақбөкендердің саны күрт түсіп кетті. 1917-18-жылғы қыстың жұты түз тағысының жүздеген мың басын шығынға ұшыратты. Сол кездегі жергілікті үкіметтің шешімімен, 1919 жылдан бастап Сарыарқада киік аулауға қатаң тыйым салынды. Бірақ одан көп өзгеріс бола қоймады, 1927-28-жылы болған жұттан кейін ақбөкендерге жер бетінен мүлде жойылып кету қаупі төнді», – деп жазады 1955 жылы зоолог Слудский. 1930-32-жылдардағы жүргізілген ұжымдастыру науқаны, даладағы киіктердің жауы ит-құс, шыбын-шіркей, соналардың азаюы ақбөкендердің өсуіне өте қолайлы жағдай туғызды. Далаларда жайылған халықтың малын ұжымдарға жинап, халық отырықшылық өмірге бейімделген тұста ақбөкендердің өрісі кеңіп, санын көбейтуге мүмкіндік алды. Сол жылдары ауа райы да жылынып, қысы жұмсақ болды. Табындары көбейген ақбөкендер 1941-45-жылғы Ұлы Отан соғысы кезінде еркін өмір сүрді. Бұл Қазақстандағы ақбөкендердің ең көбейген кезі болды. Содан бергі уақытта дала еркесі – ақбөкен адамдардың жауыздығынан бірнеше рет жаппай қырғынға ұшырады. Сарыарқада қазіргі жүрген ақбөкендер саны – 47-48 мың ғана. Ал осыдан жиырма жыл бұрын түзде жосыған киіктердің саны 1 миллион 400 мың болған екен. Үкiмет ақбөкендердi 2006 жылы «Қызыл кiтапқа» ендiрдi. Және сол жылы жан-жануарларды қорғау мақсатында бюджеттен 200 миллион қаржы бөлдi. Ал үстiмiздегi жылы бұл қаржыны 270 миллионға жеткiзiп отыр. Әрине бұл игi шаралар қолға кеш алынып отыр. Дегенмен «Ештен кеш жақсы» деген емес пе? Өсiмтал жануар күтiмi көп, қорғауы жақсы болса, санаулы жылдардан соң саны қайта көбейiп, әлi-ақ даламыздың сәнiн келтiрер. Алтын қатынас. Алтын қатынас (шамамен 1.6180339887) табиғатта жиі кездеседі. a және b екі саны (a+b)/a = a/b өрнегін қанағаттандырса, онда олар алтын қатынасты сақтайтын болады, бұл жағдайда a/b алтын қатынасына тең болады. Бұл шама тікелей Фибоначи сандарына байланысты. Бұл құрылымды Леонардо да Винчи өз өнерінде пайдаланған. Бұл құрылым табиғатта кеңінен кездеседі: гүлдер спиралынан адам денесінің симметриясына дейін. Математикалық қасиеттері. formula_3 — иррационал алгебралық сан, келесі теңдеулерінің кез келгенінің оң шешуі болсын formula_5 дегенді шынжырлы жарнақпен көрсетеді мұндағы сәйкес бөлшектер қатар келе жатқан Фибоначчи сандары қатынасы болып табылады formula_7. Осылайша, formula_8. Дұрыс бесжұлдызда әр сегмент оны қиятан басқа сегменттермен алтын қатынаста бөлінеді (яғни көк кесіндінің жасылға қатынасы, және қызылдың көкке, жасылдың күлгінге қатынасы formula_5 тең). Панама мойнағы. Панама мойнағы – Орталық және Оңтүстік Американы қосатын мойнақ. Солтүстігін Кариб теңізі шайса, оңтүстігін Тынық мұхиты шайады. Пайда болған күні плиоценге барады, үш миллион жыл бұрын. Панама мойнағы Панама мемлекетіне қарайды. Қолайлы жағрафиялық орнына байланысты Атлант пен Тынық мұхиттарын қосатын кемеқатынасын арнап мойнақта Панама арнасы салынды. АҚШ-тың шығыс жағалауы мен батыс жағалауы арасы саяхатын екі еседен де көп қысқартатын бұл арна 1906 мен 1914 жылдар аралығында салынды Хазар тілі. Хазар тілі — ортағасырлық Орталық Азиядан шыққан жартылай көшпелі түркі хазарлар тайпасының тілі. Хазар тілінің түркі тілдерінің қай тармағына жататындығы, тіпті оның түркі тілдеріне жататын-жатпайтындығы даулы мәселе болып келді. Кейбір ғалымдар хазар тілін иран тілдеріне, басқалары Кавказ тілдеріне жатқызып келді. Зерттеу тарихы. Ортағасырлық араб ғалымдары хазарлардың тілін басқа түркілердің тіліне ұқсас, алайда олардан, мысалы оғыз тілдерінен ерекшеленіп тұратын тіл деп сипаттады. Олар Хазарияда хазар тілі де, түркі тілінің кеңірек тараған түрлері де кең қолданыста болғанын еңбектерінде жазып қалдырды. Ғалымдар ұзақ уақыт бойы хазарлардың тілін ғұн және бұлғар тілдерімен бірге түркі тілдерінің оғыр тармағына жатқызып келді. Оған көне түркі және ұйғыр тілдерінің әсері болған шығар деп те ойлады. Алайда соңғы кездегі жаңа деректер бұл жорамалды күмәнға алды. Хазар қағандарының көктүрік нәсілінен шыққандығын ескеала отырып, хазар тарихының бастапқы кезеңінде хазар ақсүйектерінің арасында көктүрік тіліне жақын көне түркі тілі кең тараған шығар деп болжауға болады, алайда бұны дәлелдейтін тікелей айғақтар жоқ. Хазар тілінің ескерткіштері өте аз мөлшерде сақталған, көбінесе бұл тарихи жазбаларда айтылатын жеке есімдер ғана. Тарихи жазбалары көбінесе еврей тілінде жазылған. Хазар тілінде хазар жазбасымен жазылған жалғыз ғана сақталып қалған сөз мынау: HWQWRWM («Мен бұны оқыдым» деген сөйлемше). Ол Киев хатының соңында жазылған. Бұл хазарлар яһуди дінін қабылдағаннан кейін де көне түркі әліпбиінің олардың арасында сақталып отырғандығының айғағы. Алайда хазарлардың түрлі кезеңдерде және түрлі қауымдастықтарда кирил, еврей, латын, грек, араб және гүржі әліпбилерін қолданып отырған болулары әбден мүмкін. Хазар сөздері. Қазіргі түркі тілдерінің ішіндегі хазар тіліне ең жақыны — чуваш тілі. Перғауын. Перғауын – Ежелгі Мысырдағы патшалық лауазымының жалпы аты, сонымен қатар юнан-македон тарихындағы Птолемейлер лауазымы аты болған. Көнемысырлық нанымға сәйкес, перғауын күн (Ра) ұлы, Хор мен Осирис мұрагерінің жердегі бейнесі болып есептелді Мырза Әлі, Қадыр. Қадыр Мырза Әлі - қазақтың халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Қадыр Мырза Әлі 1935 жылы 5 қаңтарда Батыс Қазақстандағы Жымпиты кентінде дүниеге келген. 1958 жылы ҚазМУ-дің филология факультетін, 1960 жылы аспирантурасын бітірген. 1985-62 жылдары "Балдырған" журналында әдеби қызметкер, 1962-65 жылдары "Жұлдыз" журналында бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, 1968-78 жылдары "Жазушы" баспасында поэзия редакциясының меңгерушісі, 1973 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы поэзия секциясының меңгерушісі, 1993 жылдан «Балауса» баспасының директоры қызметтерін атқарған. Алғашқы өлеңі 1954 жылы "Пионер" журналында жарияланғаннан бастап қаламы қолынан түспеген ақынның 1959 жылы тұңғыш өлеңдер жинағы - "Көктем" жарық көреді. Одан кейін оның елуден астам поэзиялық, прозалық, сондай-ақ әдеби-сын кітаптары жарық көрді, өлеңдері мектеп оқулықтарына енді. "Жаңғалақтар", "Данышпан", "Кішкене қожанасыр", "Ноян қоян", "Алуан палуан", "Ой орманы", «Дала дидары», "Бұлбұл бағы", "Ақ отау", 2 томдық "Домбыра","Жерұйық", «Ғибратнәмә», «Жазмыш», «Еңіреп өткен ерлер-ай», «Иірім», «Шырғалаң», «Алмас жерде қалмас», 2 томдық «Афоризмдер жинағы» сынды туындылары оқырман жүрегінен орын алды. Ақын бұнымен қатар 200-ден астам ән сөзінің авторы, көркем аударма саласында да елеулі еңбек етті. Шығармалары ағылшын, француз, неміс, фин тілдеріне аударылған. Артына ең көп еңбек қалдырған ақынның туындыларының жалпы көлемі 32 том. Оның 20 томдығы былтыр ақынның 75 жылдығына орай «Қазығұрт» баспасынан жарық көрген болатын. Мойнақ. Мойнақ — екі жерді қосатын, екі жағынан су шаятын жіңішке жер жолағы. Мойнақ екі ірі суқоймасын қосатын бұғазға қарама-қарсысы болып табылады. Мойнақтан жиі арна салатын қойлайлы орын болып табылады, себебі екі суқойма арасының ең жақын арақашықтығы болып табылады. Бұған танымал теңіз байланыстарын қасқартатын Суэц пен Панама арналары мысал бола алады. Бұрынғы уақытта мойнақтар кемелерді өткізетін өткел ретінде пайдаланылған. Материализм және эмпириокритицизм. Кітаптың алғашқы 1909 жылғы басылымының мұқабасы. Материализм және эмпириокритицизм (орысша: "Материализм и эмпириокритицизм") — Владимир Лениннің маңызды философиялық еңбегі. Ол 1909 жылы орыс тілінде шыққан. Бұл шығарма Кеңес Одағының жоғары оқу орындарында зерттелуге тиісті шығармалардың бірі, диалектикалық материализмнің негізгі еңбегі, «марксистік-ленинистік философия» атты пәннің бір бөлігі болған. Кітаптың толық атауы: «Материализм және эмпириокритицизм. Бір кертартпалық философияға қатысты сыни көзқарастар». Оны Ленин 1908 жылғы ақпан-қазан айларының аралығында Женева және Лондон қалаларында жазып бітірген. 1909 жылдың мамыр айында Москвада Звено баспасы жарыққа шығарған.Түпнұсқа қолжазбасы мен дайындық материалдары сақталмаған. Кітаптың негізгі бөлігін Ленин Женевада жазған, қалған бөлігі ол Британия мұражайына ең жаңа философиялық және ғылыми материалдармен танысу үшін бір ай бойы Лондонда болған кезінде жазды. Библиографиясында кітапты жазу үшін 200-ден астам кітаптың пайдаланылғаны аталып өтіледі. 1908 жылдың желтоқсан айында Ленин Женевадан Парижге қоныс ауыстырып, 1909 жылдың сәуіріне дейін кітабының теріліп бітірілген түрімен танысып, өзгеріс енгізумен болды. Патшалық цензураның өткізуі үшін ол кейбір жерлерін қайта өңдеуден өткізді. Бірақ сонда да кітап Ресейде көп қиындықтармен басылды. Ленин кітаптың барынша тезірек баспадан шығуын талап етіп отырды, себебі оның өзі айтқанындай, «бұған тек әдеби ғана емес, өте маңызды саяси себептер де бар» болатын. Кітап Лениннің партиядағы саяси қарсыласы Александр Богдановтың "«Эмпириомонизм»" (1904-1906) деген үш томды шығармасына жауап және сын ретінде жазылды. 1909 жылғы маусым айында Богданов большевиктердің Парижде өткен конференциясында жеңіліп, партиядан шығарылды. Лениннің осы шығармасында алға тартқан басты ойларының бірі — адамның түйсіктері объективті сыртқы дүниені дұрыс және дәл бейнелейді және сол сыртқы дүниені тексерудің тәуілсіз, бейсубъективті жолы жоқ. "Материализм және эмпириокритицизм" 20-дан астам тілдерде жарияланып, марксшіл-лениншіл философияның негізгі еңбектерінің біріне айналды. Тоғыз-құмалақ. Тоғыз-құмалақ — қазақ ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой ойыны. Тарихы. Соңғы деректерге қарағанда, оның шығу тарихы 4 мың жылдық кезеңді қамтиды. Ал кейбір мамандардың айтуынша, оның пайда болған кезі бұдан да көп уақыт болуы әбден мүмкін. Тоғыз-құмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған ойын болатын. Әлемде. Қазіргі кезде әлемнің көптеген елдерінде тоғыз-құмалақ жақсы насихатталып жатыр. Мәселен, Моңғолияда мектептерде тоғыз-құмалақтан олимпиада өтеді екен. Қытайда, Қарақалпақстанда кітаптар, ғылыми еңбектер шығуда. Сондай-ақ, көршілес Алтайда, Қарашай-Шеркеште, Сахада үйірмелер ашылып, Еуропаның бірнеше елдерінде тоғыз-құмалақ ойналып жатыр деген дерек бар. Қазір әлемде тоғыз-құмалаққа ұқсас мысырлық "калах", Шри-Ланкада "олинда калия", қырғыздарда "тогузкоргоол", африкалықтарда "манкала", "габата", "абапа", "нам-нам", "бао", "тамподуо", "омвесо", "маработ", тұрақты америкалықтарда "аджи-бото", "варри роунд" және "роунд", азиялықтарда "сунгка", "паллангули", "гонгкак" сынды ойындар бар. Мәселен, Африкадағы Уганда елінің "омвесо" деген ұлттық ойыны бар. Оның тоғыз-құмалақтан ерекшелігі отау саны көп (32 отау) те бірақ құмалақ саны аз (64 құмалақ). Осы ойынды угандалықтар әлемдік интеллектуалдық ойындардың қатарына кіргізіп, одан жыл сайын біресе Америкада, біресе Англияда олимпиадалар өткізеді екен. Немесе Шри-Ланканың "манкала" типіндегі жеті отаулық "олинда калия" ойын түрін алайық. Белгілі тоғыз-құмалақ маманы Мақсат Шотаевтың айтуынша, қазір бұл ойын, Интернет арқылы жедел дамып келе жатыр. Қазақстанда. Қазіргі таңда республикада оның жеке қауымдастығы бар, облыс орталықтарында тоғыз-құмалақты үйренемін деушілерге қауымдастықтың бөлімшелері мен үйірмелері ашылған. Бүгінде Қазақстанда осы жұмыстардың ұйытқысы болып отырған танымал бірнеше азаматтар бар. Солардың ішінде тоғыз-құмалақ федерациясының президенті Әлихан Байменов, вице-президенті Сардар Шәріпов пен «Таңғажайып тоғыз-құмалақ» кітабының авторы, тоғызқұмалақтан мемлекеттік жаттықтырушы Мақсат Шотаев деген азаматтардың есімін атау тұрарлық. Қазақстан тәуелсіздік алған жылдан бері тоғыз-құмалақ жылдан-жылға дамып келеді. Бұл жерде жаңа құрылған тоғыз-құмалақ федерациясының ықпалы зор болып отыр. Бүгінгі таңда осы қауымдастықтың арқасында елдің түкпір-түкпірінде үйірмелер ашылып, тоғыз-құмалақтан жарыстар жиі өткізіліп келеді. Тоғызқұмалақ ережесі. Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі. Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды. Кейде бастаушы үшін – ақ жағы, қостаушы үшін қара жағы деген тіркестерді де қолданамыз. Берілген диаграммаларда бастаушының отаулары мен ондағы құмалақтар мөлшері үнемі төменгі жағында орналасады. Жүріс жасау ерекшеліктері. Жүрісті кімнің жасайтыны жеребемен немесе қарсыластардың келісімімен анықталады. қалған құмалақтарды қолға алып, солдан оңға қарай бір-бірлеп таратамыз. Тарату сәтінде құмалақтар өз отауларымыздан асып кететін болса, Егер соңғы құмалақ қарсыластың тақ санды құмалағы бар отауына түсіп, ондағы құмалақтарды жұп қылса (2, 4, 6, 10, 12), сол отаудағы құмалақтар ұтып алынып, өз қазанымызға салынады. Егер соңғы құмалақ қарсыластың жұп санды құмалағы бар отауына түсіп (3 құмалақтан басқа), тақ қылса немесе өз отауымызға түссе, құмалақ ұтып алынбайды. Мәселен, жоғарыдағы тақтадағы алғашқы жағдайда бастаушы №7 отаудағы 9 құмалағын таратса, соңғысы қарсыласының №6 отауына барып түседі және ондағы 9 құмалақ соңғы құмалақпен 10 болып, ұтып алынады және қазанға салынады. Сол кезде тақтада төмендегідей жағдай қалыптасады. Тұздық алу ережесі. Тоғызқұмалақ ойынында құмалақтан басқа ойында бір рет қарсыластың отауын ұтып алуға да болады. Оны ежелде – “тұзды үй”, қазіргі тілде – тұздық деп атайды. Сонда сол отауда қалыптасқан 3 құмалақпен бірге отау да ұтып алынып, ойынның Енді жүріс жасалған сайын тұздық алынған отауға түсетін бір құмалақ, міндетті түрде сіздің қазаныңызға салынып отырады. Тұздық алынған отауға арнайы белгі қойылады. Жазбаша түрде – Х деген шартты таңбамен белгіленеді. Осы жағдайда қостаушы ойыншы №7 отаудағы 10 құмалағын тарату арқылы, соңғы құмалағын бастаушының №7 отауына түсіріп, ондағы 2 құмалақты үшеу етіп, осы құмалақтарды ұтумен қатар, осы отауға тұздық жариялайды. Ендігі кезде бүкіл ойын барысында №7 отау – қостаушының меншігіне айналады. Мысалы, жоғарыдағы диаграммадағы жағдайда қостаушы ойыншы №7 отаудан тұздық алды, енді бастаушы ойыншы ойын барысында бұл отаудан тұздық алуға қақысы жоқ. “Атсырау” ережесі. Ойын аяқталуға жақындаған сайын әр ойыншының отауларындағы құмалақ таусыла бастайды. Әр құмалақ ұтып алынған сайын немесе тұздыққа түскен сайын қарсыластардың жүріс мөлшері кеми береді. Сондықтан ойын соңында қарсыластардың бірінің отауларында жүріс жасай алмайтын жағдай да кездеседі. Осы тақтадағы жағдайда жүріс бастаушыдан. Ол №9 отаудағы 4 құмалағын таратады. Өз кезегінде қостаушы №1 отауға түскен 1 құмалақты жүреді. Бастаушы №9 отаудағы жалғыз құмалақты 1 отауға салады. Қостаушы кез келген отаудағы құмалақпен, мәселен, 1 отаудағы 1 құмалақпен жүріс жасайды. Енді қостаушы отауларындағы 8 құмалақты қазанына салып, ойынның есебін жүргізеді. Сонымен қатар ойыншы ойын барысында 82 құмалақ жинаса да, нәтиженің дәлдігі үшін ойынды соңына дейін ойнауы тиіс. Косово. Косово Республикасы — Югославия ыдырауының соңғы оқиғасында Сырпыстаннан бөлініп шыққан ел. 17 ақпан күні Балқан түбегіндегі бар-жоғы 2 мил­лионға жуық халқы бар Косо­во­ның «үй ішінен үй тігіп», өз тәуел­сіздігін жариялап жіберуі — әлемдік қауымдас­тық­ты әрі-сәрі күйге түсіріп, бітіспес екі-үш жікке бөліп тастады. АҚШ бас­таған Батыс елдері кішкентай Косовоның тілеуін тілеп жатса, Ресей мен Қытай секілді сепаратизмді әрең ауыздықтап отырған алып елдердің ұйқысы қашты. Әліптің артын бағып отырған елдер және бар. Шынында, Косово тәуелсіздігі — халықаралық қауіп­сіздік үшін дабыл қағарлық жағдай болып тұр. Көптің көкейінде «Косово оқиғасы болашақта әлемді қайта бөлуге әкеп соқтырып жүр­мей ме?» деген үрей басым. Өйткені Ко­совоның ар жа­ғын­да бүкіл әлемде 200-ден астам тәуел­сіз­дігі таныл­ма­ған елдердің тағд­ы­ры талқыға түскелі тұр. Тәуелсіздігі тал­қыға түскен Ко­сово әлемді тағы да тығырыққа тіре­гендей. Аумағы — 10 887 шар­шы шақырым Халқы — 2 миллион, соның ішінде албан­дар 90 пайыздан астам Даудың басы — Косово. Әлқисса… Балқан түбегі екі ғасырдан астам уақыт бойы Еуропаның «оқ-дәрі толы бөш­кесі» деп аталып келді. 90-жыл­дарға дейін Балқан түбегін қ­ы­рық құрау халықтан тұратын Югославия мемлекеті тұтастай алып жатты. 1991 жылы сиырдың бүйрегіндей бөлшектеніп бара жатқан Югославиядан Сло­ве­ния «еншісін» алып шыққанда Белград оған танкімен басып кіргенімен, еш қайран қыла алмады. Хорватия мен Бос­ния­ның азаттығы жолындағы кү­рес­те 4 миллион адам опат болды. Югославияның мұрагері сербтер еді. Демократияшыл Батысқа әсіреұлтшыл сербтердің өзге аймақтарға басқыншылық әре­кеттері ұнаған емес. Ана бір жылдары НАТО хатшысы Хавьер Солананың Белградты бомбаның астына алып, серб­тер­ді сабасына түсіргені жұрт­шы­лықтың есінде. 1999 жылы НАТО-ның бітімгершілік әс­ке­рінің күшімен Косово ай­ма­ғынан Слободан Милоше­вич­тің әскері қуылды. Косово сол жылдан бастап БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 1244 қарары бойынша бір мезетте Сербияның құра­мын­дағы өлке және БҰҰ бақы­лауын­дағы өзін-өзі басқаратын ав­то­номиялық провинция болып са­нал­ды. Алайда әлемде 193-мем­лекет ретінде аталған дені мұсылман Косово елінің тәуел­сіз­дігі аз ұлттарды қан қақсатқан империялар үшін қорқыныш, азаттыққа талпынған ұлттар үшін үлгі-өнеге болып тұр. Ко­сово — батыстық құнды­лық­тарға арқа сүйейтін бірден-бір мұ­сыл­ман мемлекеті. Косово — кімнің кӨсеуі? Косово 20 жыл бойғы азат­тық жолындағы күресте мұра­тына жетті. Әрине, АҚШ және Еуроодақтың қолдап-қолпаш­тауы­мен. Осы кезге дейін жүр­гізілген халықаралық кел­і­сім­дерде Сербия еркін автономия, ал Ко­сово тәуелсіздіктің кез келген формасы үшін жан алысып, жан берісіп бақты. Алайда тәуелсіздік 20 жыл бойы төгілген қанның өтеуі ме, әлде дүние бөліске мүдделі алпауыттардың «тартуы ма?» Ол жағын нақты бағамдау қиын. Сарапшыларға сенсек, тәуелсіздіктің сценарийі алдын ала жоспарланған. Мәселен, Косовоның қызыл туын Түр­кияның «Сабах» баспасы дайын­дап­ты. Косово жетекшілерінің түркиялық компанияға 30 мың ту дайындауға тапсырыс бергені мәлім болды. Тәуелсіздік дек­ла­ра­циясы да шынайы демок­ра­тиялық құндылық­тар­мен «тұз­дал­ғанға» ұқсайды. Ресей Дума­сының депутаты Виктор За­вар­зин: «Косовоның тәуел­сіз­дік декларациясы қандай заң­на­малық негіздерге сүйеніп жасалғаны мүлде түсініксіз. Бұл АҚШ мемлекеттік департа­мен­тінің қолымен әзірленген дек­ла­рация», — деген күмәнді ойын білдірді. Түркияның мұсыл­ман­шылықпен қол созғаны түсінікті, ал ислам әлемінің ортақ жауы саналатын АҚШ-тың жаңа мұсылман мемлекетіне бүйрегі бұра қалғаны қалай? Аз-маз ауыл шаруашылығынан басқа байлықтан жұрдай Косоводан АҚШ-қа келіп-кетер пайда да шамалы. Бәлкім, бұл АҚШ-тың сепаратизм «сырқатына шал­дық­қан» алып елдерге көрсеткен қыры шығар. Қалай дегенмен Косово тәуелсіздігі — НАТО мен АҚШ-тың Ахтисаари жос­па­ры­ның жемісі. Әзірше Еуроодақ пен НАТО Косоводағы қауіпсіздікті сақ­тау жауапкершілігін өз мой­нына алып отыр. Тәуелсіз Косово халықаралық құқық және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 1244 қа­ра­рына сай, Еуроодақтың про­тек­тораты болып қала береді. Жақтастар мен қарсылар. АҚШ президенті Джор­дж Буш енді Косовоны тәуелсіз деп ресми түрде танитынын мәлімдеді. АҚШ президенттігіне үміткер Барак Обама да Косово мемлекетін қолдайтынын білдір­ді. АҚШ түшкірсе, жәрек­імал­ласын ұмытпайтын елдердің қарасы мол. Жапония, Белгия, Франсия, Ұлыбритания, Италия, Хорватия, Аустралия, Түркия, Алмания тәрізді елдер Косово тәуелсіздігін мойындады. Аус­трия, Польша, Финляндия, Да­ния, Швеция Косовоның тәуел­сіздігін танитынын мәлімдеді. Чехия, Эстония, тіпті Қырым үшін қырқысып жүрген Украина да Косово тәуелсіздігіне қарсы еместігін байқатты. Ал Еуроодақ ішінде Испания, Румыния, Словакия, Кипр, Гре­кия, Болга­рия Косовоның тәуел­сіз­дігіне қарсылық білдірді. Ко­со­воға әу бастан қарсы Қытай мен Ре­сей­дің қатарына Вьетнам, Ливия және Индонезия қосылды. Сер­бия премьер-министрі Воислав Коштуница «Өлкенің тәуел­сіз­дігін ешқашан таны­май­ды, құ­ра­мына қайта қосып алу үшін жал­ған мемлекетпен күрес жүр­гізе береміз», — деген мәлім­де­ме жасады. Сөйткен Сербия Ко­со­воның тәуелсіздігін таны­ған мемлекеттерден өз елшілерін кері шақырып алды. Сербия пре­зиденті Борис Тадич халық­аралық ұйымдарды халық­ара­лық құқық прин­цип­теріне қайшы келетін актінің күшін тез арада жоюға шақырды. Сербия Косово мемлекеті басшыларын «жалған мемлекет» құрды деп айыптап, қылмыстық іс қозға­ға­нымен, одан ештеңе шықпады. Епископ Артемий: «Косово — Сербияның ажырамас бөлігі. Косовосыз Сербия қол-аяғы мү­ге­дек секілді халге түседі», — деп мәлімдеді. Ресей сыртқы істер министрлігі Косовоның уақыт­ша өзін-өзі басқару орган­да­ры­ның тәуелсіздігін жариялап жіберуін құптамайды. Өйткені Сербияның егемендік құқы бұзылып, БҰҰ жарғысы, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 1244 қара­ры, Хельсинки қорытынды актісі аяқ­асты етілді деп айыптап отыр. Сондықтан Ресей Сербияның тер­риториялық тұтастығын сақтау жөніндегі әділетті талап­тарын барынша қолдайды. Мәс­кеу БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің кезек­тен тыс отырысын шақы­рып, 1244 қарарға сәйкес реттеуді ұсынғанымен, болар іс болып, бояуы сіңген-ді. Ресей Дума­сы­ның спикері Борис Грызлов: «Косово төңірегіндегі ахуал бү­кіл­әлемдік қауымдастықты дүрлі­гіс­­ке алып келері сөзсіз. Косово сепаратизмінің Еуропа мен әлемдегі „отты нүктелерге“ май құятынын елемеу ­- саяси көр­со­қ­ырлық. Косово сепаратизмін қоздырушылар келеңсіздіктерде барлық жауапкершілікті өз мойнына алуы тиіс», — деп мә­лімдеді. БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Косовоға байла­ныс­ты сұрақтарға «Ұлттар ұйы­мы­ның тәуелсіздікті тану немесе танымау туралы өкілеттілігі жоқ. Тәуелсіздік БҰҰ хатшылығы та­ра­пынан емес, мемлекеттер жа­ғынан танылады», — деп жал­тар­ма жауап берді. БҰҰ Қауіп­сіздік кеңесі Косово мәселесінде ортақ келісімге келе алмады. БҰҰ Қауіп­сіздік кеңесінің ашық жиы­нын­да Косово премьер-министрі Хашим Тачи Сербия мен Ресейді тәуелсіздікті тануға шақырды. Оның айтуынша, жалпы Балқан аймағындағы елдер арасында терең мүдделестік пен тамыр­лас­тық бар. «Косо­во­ның барлық азаматтарының құқы бірдей, ешқандай кемсі­ту­шілікке жол берілмейді. Біз барлық ұлт­тар­дың құқын қор­ғаймыз», — деді Хашим Тачи. Жігерлі Хашим Тачи соғыс жыл­д­­арында аса қатаң дала ко­ман­дирлерінің бірі болыпты. Сол үшін сарбаздар оған «Жылан» деген айдар таққан екен. Кеше ғана Косово парламенті өзінің сыртқы істер министрлігін, азаматтық және паспорт жүйесі, полиция, мә­дени ескерткіштерді қорғау, әкім­шілік бөліністі межелеу ту­ралы 10 заңнамалық актілерді қабылдап үлгерді. Халықаралық ұйымдардың ішінен Ислам конференциясы ұйымы суырылып шығып Косово тәуелсіздігіне тілектестігін білдірді. Сөзсіз, бұл ұйымның 57 мүшесінің атынан болмаса да, солардың басым бөлігінің ұстанымын көрсетіп береді. Қазақстан әрқандай бір мемлекеттің аумақтық тұтастығының бұзылуын және біржақты тәртіпте тәуелсіздік жариялауды құптамайтынын жариялады. ТМД елдерінен Тәжікстан мен Қырғызстан да Косово тәуелсіздігін мойындамады. Косово синдромы салдары. Ұлттар құқығы мемлекет­тер­ден маңызды деген желеумен «үй ішінен үй тігетін» Косово синдромы әлемдегі сепаратизм сырқаты бар елдерге «жұғуы» әбден мүмкін. Ертең «бұғаудағы» көптеген халықтар «біз кімнен кембіз?» деп желігіп шыға кел­мек. Саясаттанушы Алек­сан­др Князев: «Егер БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Приштина парламентінің тәуелсіздік туралы деклара­ция­сының күшін жоймайтын болса, әлемдегі 200-ден астам таныл­ма­ған мемлекеттердің тәуелсіздігін тан­уға тура келеді», — деген пікір білдірді. Косово тәуелсіздігі біреуге қуаныш, біреуге қайғы. Шыңжаң мен Тайвань мәселесі­мен әуреленіп жүрген алып Қы­тай­ғ­а да жайсыз тиетіні жасырын емес. Жалпы, Косово мәселесі ТМД елдері ішінде Әзірбайжан, Армения, Грузия, Молдавия, Украина және Ресей үшін қолайлы емес. Қазірдің өзінде Кавказ аймағындағы тәуелсіздігі танылмаған елдердің көсемдеріне жел біте бастапты. Абхазия президенті Сергей Багапш «Ко­со­воға қарағанда біздің тәуел­сіздік алуға құқымыз зор», — деп желкесін күжірейтіп шыға келді. Косовоның артында Тайвань, Солтүстік Кипр түрік республи­ка­сы, Сомалиленд, Приднес­тро­вье, Абхазия мен Оңтүстік Осетия, Таулы Қарабах, Вази­рис­тан, Тамил-Илам сияқты жүз­деген тәуелсіздігі мойын­дал­маған елдердің қалың көші келе жатыр. Енді әлемде тәуелсіздігі та­нылмаған мемлекеттер «ояна» бастаса, онда Косово синдромы жұқты дей беріңіз. Өйткені Косово синдромы біреуге бүлік, біреуге бақыт. Малов, Сергей Ефимович. Сергей Ефимович Малов (1880 ж. қаңтардың 28, Қазан — 1957 ж. қыркүйектің 6, Ленинград) — көне және осы заманғы түркі тілдерінің ескерткіштері, түркі әліпбилерінің таптастыруына және түркі Орхон-Енесай жазбаларының оқылуына маңызды үлес қосқан орыс түркітанушысы. Өмірбаяны. Малов Қазан теологиялық академиясында оқыған. Кейінірек Петербор университетін шығыс тілдері бойынша бітірді. Оқып жүрген кезінде Бодуен де Куртененің тәлімінің ықпалына түсті. Нечаевтың эксперименталды психология бойынша курстарына қатысты. С.Е. Малов араб, парсы және түркі тілдері бойынша маманданды. Ғылыми жұмысының бастапқы кезеңінде Чулым түркілерін зерттеумен айналысты. Оқуын бітірген соң Ресей ғылым академиясының жанындағы антропология және этнография мұражайында кітапханашы болып жұмыс істеді. Сыртқы істер министрлігі үшін атқарған жұмысының бір бөлігі ретінде Малов Қытайда тұратын түркі халықтарының (ұйғырлар, саларлар, сарттар және қырғыздардың) тілдері мен әдет-ғұрыптарын зерттеді. Ол халық ауыз әдебиеті, этнография бойынша бай материалдар жинап, ән-күй үлгілерін қағазға түсіріп, аса құнды көне қолжазбаларды, соның ішінде ортағасырлық ұйғыр буддистік әдебиетінің ең маңызды ескерткіші — «Алтун Яруқ» сутрасының көшірмесін тапты. Ол кейін оны Василий Радловпен бірлесіп жарыққа шығарды. 1917 жылы Малов Қазан университетінің профессоры болып, нумизматикалық жинақтың директоры болып тағайындалды. Сол кезде ол Қазан татарларының этнографиясын және диалектілерін зерттеумен де айналысты. Малова — татар тілінің мишар диалектісінің ең алғашқы зерттеушісі. 1922 жылы Малов Петроградқа қайта оралып, университетте лектор болып тағайындалды. Ол Ленинградтағы университеттер, мұражайлар, КСРО Ғылым Академиясының шығыстану және тілтану институттарында зерттеу жұмыстарымен айналысты. Малов университетте шағатай, өзбек, ойрот тілдері және басқа да тілдер бойынша және көне түркі жазба ескерткіштері бойынша тәлім берді. 1929 жылы Малов көне түркі әліпбиінің үшінші бір түрі — өзі тапқан Талас жазбасы туралы мақала жариялады. 1931 жылы Малов «Араб, парсы және ең бастысы, барлық түркі тілдеріндегі кітаптар, газеттер және қолжазбаларды тіркеп отыру үшін» шығыс бөліміне ауысты. Кітапханадағы жұмысы оған «түркі тілдеріндегі әдебиетпен жұмыс істеуге» ерекше көп мүмкіндіктер берді. 1933 жылы кеңес үкіметі түркі халықтарының жазбасын латын әліпбиіне көшіру науқанын бастаған кезде Малов КСРО Ғылым Академиясының шығыс бөлімінен кетіп қалды. 1939 жылы тіл мен әдебиет бойынша КСРО Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды. Ұлы Отан соғысының кезінде Малов Алматыдағы Қазақ ұлттық университеті және Қазақ педагогтық институтында сабақ берді. С.Е. Малов КСРО және көршілес елдердегі тірі және өлі түркі тілдері бойынша бірегей маман ретінде белгілі. Ол орталық және батыс Қытай, Моңғолия, Орталық Азия және Қазақстан, Сібір және Еділ аймақтарындағы түркі халықтарының тілі, ауыз әдебиеті, тарихы мен этнографиясы бойынша 170 шақты жарияланымдардың авторы. Ол бірнеше түркі тілдерінің ең алғашқы ғылыми сипаттамаларын жасады, көптеген көне түркі жазба ескерткіштерін тауып, зерттеп, жариялаған. Бұрын жазба жүйелері болмаған КСРО халықтарына арнап әліпбилер мен емле ережелерін құрастырған. Малов өзінің салыстырмалы зерттеулерінде шығыс Еуропада табылған Секлер әліпбиін қарастырған ат төбеліндей ғалымдардың тобына жатады. Оның қосқан маңызды үлестерінің тағы біреуі — Енисей руна тәріздес жазбаларында Қырғыз қағанатындағы түрлі этникалық топтар аталады деген тұжырым. 1952 жылғы Енисей жазбаларына бағышталған іргелі еңбегінде С.Е. Малов түрлі-түрлі жерлердегі (Хакасия, Тува, Моңғолия) руна тәріздес әліпбимен жазылған мәтіндерді қамтып, солардың әліпбилерін палеографиялық, тарихи және әлеуметтік-саяси тәсілдерді қолдана отырып зор табыспен классификациялады. Маловтың және Неметтің ғылыми талдауының арқасында А.М. Щербак өзінің «Түркі руна тәріздес жазбасы Орталық Азияда пайда болып, сол жерден екі жаққа: шығысқа және батысқа қарай тараған» деген қорытындысын жасай алды. Сергей Ефимович Маловтың ғылыми өмірбаяны оқиғаларға аса бай. Ол энциклопедиялар, сөздіктер және анықтамалықтар дайындауға өте белсенді қатысқан. Ол орыс түркологиясында ең құрметті орындардың бірін алады. Оның еңбектері жан-жақты білімімен, егжей-тегжейлі мәліметтерімен, ғылыми адалдығымен және ұқыптылығымен әйгілі. Вектор. Бағытталған кесінді formula_1 деп formula_2 — “бас нүктесінен” бастап екінші formula_3 - “соңғы”нүктесіне дейінгі түзу бойындағы нүктелер жиыны. Жәй мағынасына сәйкес вектор деп бағытталғын кесінді деп түсінуге болады, ал басқа жағдайларда әр-түрлі векторлар – белгілі бір эквиваленттік қатынасы бойынша әр-түрлі бағытталған кесінділер эквивалентті класстары болып табылады. Бұл эквиваленттік қатынасы әр-түрлі болуы мүмкін: ол векторлардың түрін анықтайды (“еркін”, “тұрақты” т.б.). Басқаша айтқанда, эквивалентті класс ішінде кез келген екі вектор тең болып есептеледі, яғни кез келген вектор сол класты толықтай бейнелей алады. Еркін векторлар жиыны мен олардың кеңістікті параллель жылжыту жиыны арасындағы изоморфизмды ескерсе, егерде қосу операциясын жылжыту композицияларымен теңестірсе, онда кеңістікті параллель жылжыту жиынын тіпті векторды анықтау үшін де пайдалануғы болады. Кеңістікті шексіз аз трансформацияларын зерттеуде маңызды рөл атқарады. Еркін, сырғанақ және тұрақты векторлар. Кейде, векторлар ретінде “барлық” тең бағытталған кесінділер жиыны орнына осы жиынның әлдебір өзгертілген түрін (факторжиынын) айтады. Осылайша «еркін» (барлық ұзындықтары мен бағыттары бірдей векторларды бір (толықтай бірдей) деп қарастырады), «сырғанақ» (еркін мағынасы байынша тең векторларды егер бас нүктелері мен соңғы нүктелері бір түзудің бойында жатса) және «тұрақты» векторлар (іс жүзінде бағытталған кесінділердің бас нүктелері әр-түрлі болса – векторлар тең емес деген сөз). Анықтама. "Еркін" formula_1 мен formula_8 векторлары, егер төртбұрыш formula_9 мен formula_10 — параллелограмм болатындай formula_11 және formula_12 нүктелері табылса, тең болады. Анықтама. "Еркін" бір түзу бойында жатпайтын formula_1 және formula_8 векторлары, егер төртбұрыш formula_16 — параллелограмм болса, тең болады. Анықтама. "Сырғанақ" formula_1 және formula_8 векторлары, егер * formula_13 нүктелері бір түзу бойында жатпаса, ал * formula_1 мен formula_8 векторлары еркін векторлары ретінде тең болса, онда оларда өзара тең деп аталады. Қарапайым сөзбен айтқанда, сырғанақ векторларға бағыты мен ұзындығын өзгертпей түзуінің бойымен қозғалуына рұқсат етілген. Анықтама.Егер сәйкесінше formula_2 мен formula_23, formula_3 мен formula_25 нүктелері беттессе, онда "тұрақты" formula_1 және formula_8 векторлары тең деп есептеледі. Векторларды қосу. Екі "u", "v" векторлары және олардың қосындысы "Екі векторларды қосуды" параллелограмм ережесімен де, үшбұрыш ережесімен де іске асыруға болады. Үшбұрыш ережесі. Екі formula_28 мен formula_29 векторларын үшбұрыш ережесімен қосу үшін осы екі векторды өздеріне біреуінің бас жағы екіншісінің аяғымен беттесетіндей параллель көшіру керек. Сонда пайда болған үшбұрыштың үшінші қабырғасы бас жағы алғашқы вектордың басымен беттесетін бастапқы екі вектордың қосынды векторы болып табылады. Параллелограмм ережесі. Екі formula_28 мен formula_29 векторларын параллелограмм ережесімен қосу үшін екеуін де бастары беттесетіндей параллель көшіріп параллелограммға болықтырады. Сонда екеуінің қосындысы деп параллелограммның осы екі вектор бас жағынан шығатын диагоналін айтады. "Екі сырғанақ векторларды қосу" тек қана олар жатқан екі түзу қиылысқанда ғана анықталған. Бұл жағдайда әр вектор өз түзуі бойымен қиылысу нүктесіне дейін көшіріліп, содан кейін параллелограмм ережесімен қосылады. "Екі тұрақты векторларды қосу" тек егер олардың ортақ бас нүктесі болғанда ғана анықталған. Бұл жағдайда да олар параллелограмм ережесімен қосылады. Коллинеар сырғанақ векторларды қосу. Егер екі сырғанақ векторлар параллель болса, онда қосындыны табу қиыншылығы қосынды вектор жатқан түзуді табудың қиындығында жатыр. (Қосынды вектор бағыты мен ұзындығын еркін векторларды қосқандағыдау анықтаған абзал болар еді.) механикада статиканы зерттегенде параллель, еркін векторлармен берілетін, күштерді қосу мәселесінде қосымша гипотеза беріледі: берілген векторлар жүйесіне осы векторлар жатқан түзулерді қиып өтетіндей ұзындықтары бірдей, бағыттары қарама-қарсы бір түзу бойында жататындай екі векторды қосуға болады. Мысалы, параллель түзулерде жататын сырғанақ екі formula_32 және formula_33 внкторларын қосу керек болсын. Оларға бір түзу бойындағы formula_34 мен formula_35 векторларын қосайық. formula_32 мен formula_34 векторлары жатқан түзулер қиылысады, сондықтан formula_32 мен formula_35 векторлары да қиылысады. Яғни, келесі векторлар анықталған formula_40 formula_41 мен formula_42 векторлары жатқан түзулер formula_32 мен formula_33 векторлары шамалары бойынша тең бірақ бағыттары қарама-қарсы болғанда ғана қиылыспайды, бұл жағдайда formula_32 мен formula_46 векторлары - векторлар "жұбы" деп аталады. Сонымен қорыта айтса, formula_32 және formula_33 векторларының қосындысы деп formula_41 мен formula_42 векторларының қосындысын түсіну керекі және бұл қосынды formula_32 мен formula_33 векторлары жұп болмаған жағдайдың бәрінде дұрыс анықталған. Векторларды санға көбейту. formula_32 векторы мен formula_54 санының көбейтіндісі леп formula_55 деп (немесе formula_56) беліленетін, модулі formula_57 тең, ал бағыты formula_32 векторының бағытымен бірдей, егер formula_59 болса, және керісінше, қарсы бағытталады, егер formula_60 болса. Егер formula_61, немесе вектор formula_32 нөлдік болса, тек осы жағдайда ғана көбейтінді де formula_55 — нөлдік вектор. Скаляр көбейтінді. formula_32 мен formula_33 векторларының көбейтіндісі деп |formula_32||formula_33|formula_69 тең санды айтады, мұндағы formula_70 —formula_32 мен formula_33 векторлары арасындағы бұрыш. Белгілеулері: formula_73 немесе formula_74. Егер векторлардың біреуі нөлдік болса formula_75 бұрышының беймәлімдігіне қарамастан көбейтінді нөлге тең боп деп есептеледі. Геометриялық түрде алғанда скаляр көбейтінді бір вектордың ұзындығын екінші вектордың біріншісінің бағытына ортогональ проекциясының ұзындығын көбейткенге тең. Кез келген formula_32 векторының бірлік вектормен скаляр көбейтіндісі formula_32 векторының сол бірлік векторға ортогональ проекциясы болып табылады. Векторлық көбейтінді. formula_82 formula_83 Геометриялық мағынасы бойынша formula_84 векторлық көбейтіндісі formula_85 векторларына керілген бағатталған параллелограммның ауданы болып табылады. Аралас көбейтінді. (теңдікте скаляр және векторлық көбейтінділер белгілері пайдаланылған). Кейде аралас көбейтіндіні векторлардың "үштік скаляр көбейтінді" деп те атайды, нәтижесі скаляр болғандықтан болу керек (дәлірек айтқанда - псевдоскаляр болады). Геометриялық түрде formula_87 аралас көбейтіндісі formula_86 векторларына керілген (бағатталған) параллелепипед көлемі болып табылады. Векторлардың перпендикулярлық белгісі. Векторлар сонда, тек сонда, егер олардың скаляр көбейтіндісі нөлге тең болса перпендикуляр болады. Мысал. Екі вектор берілген - formula_94 және formula_95. Бұл екеуі formula_96 теңдігі орындалса ғана өзара перпендикуляр болады. Векторлардың коллинеарлығының белгісі. Егер де бір вектордың абсциссасы екіншісінің абсциссасына қатынасы сәйкес ординаталарының қатынасындай болса бұл векторлар — өзара коллинеар. Мысал. Екі вектор берілген - formula_94 және formula_95. Бұл екеуі formula_99 және formula_100, мұндағы formula_101, теңдіктері орындалса ғана өзара коллинеар болады. Әлімбаев, Мұзафар. Мұзафар Әлімбаев — Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінде соғыс сұрапылын бастан кешіп келген қаламгер шоғырының бірі. Туған жері Маралды атырабында — Павлодар облысы, Шарбақты ауданындағы Маралды ауылы. Әнші-күйшілердің, ақын-жыраулардың думан құрған өнер төрінде, солардың тәтті сазын, татымды сөзін қаршадайынан құлағына құйып өскен. Мұзағаң 5 жасында әріпті әліп деп біліп, кітап оқи бастаған. 6 сыныпта ауыл кітапханасының бір қыста 150-ден аса кітабын тауысып, «Бауырсақтан» бастап», «Батырлар жырын» ортаға ала, А. С. Пушкиннің 4 томдығын тауысады. Әкеден 8 жаста, шешеден 13 жасында айырылып, «туар-тумастан тоналған ұрпақтың өкілі…». Сол тұста жетімектің кім екенін, жетімдіктің зіл мен мұң екенін анық та толық сезді. 1932-33 жылғы алапат аштықты көлденең көзбен көріп емес, өз басынан өткерген. 1937 жылдың сталиндік сойқанында халықтың зиялы ұл-қыздарын зорлық-зомбылықпен оққа байланғанын өз көзімен көріп, үрейі ұшқан ұрпақ. Осы тұста тырнақалды өлеңін жазды. Соғыс басталғанда он сегізге толар-толмаста болған М. Әлімбаевтың педучилищені енді бітірген кезі еді. Соғыс комиссарына арыз берді, бірақ оларды маңайына жолатпады. Сөйтсе, үкімет арнайы ұлттық құрамалар даярлап жатыр екен, сол үшін оларды сәл күттіріпті. Әйтеуір 1941 жылдың желтоқсанында соғысқа шақырылып, Павлодардан Семейге, Семейден Талғарға келіп, бір ай саяси жауынгерлер бригадасының 120 мм миномет дивизионына барды. Үш жарым айдай қатардағы жауынгер, сосын саяси жұмыстар жөніндегі жетекшінің орынбасары болды. (замполитрук) Калинин майданында Ржевтің түбінде 1942 жылдың қарашасынан ұрысқа кірісіпті, 1943-тің шілдесіне дейін соғысты. Сол кезде саяси қызметкерлер институтын жойып, жауынгер командир етіп даярланып, танк батареясының командирі болды. Соғыс біткесін Мұзафар Әлімбаевты Шығыс Германия жерінде әскери қызметке алып қалып, одан елге … 1948 жылы оралады. — деген артиллерист, лейтенант Мұзафар «өскелеңдігін» тек соғыс майданында ғана емес, әдебиет майданында да көрсеткен. М.Әлімбаев комсомолец кезінде ауылдан аттанып, арада жеті жарым жыл өткенде коммунист, жауынгер командир, офицер-танкист атанып, үйге оралды. Уақытты бағалауды, өмірді қадірлеуді, Отанды қастерлеуді үйреніп қайтты. Ақынның «Ту тіккен» дастанында Рейхстагқа алғаш ту қадағандардың бірі Рахымжан Қошқарбаевтың жан-дүниесін, қаһарман ерлігін шабытпен жырлайды. Бұл дастанда Советтік Қазақстанның саңлақ перзентінің сүйкімді бейнесі нанымды мүсінделген. Ал «Жүрек лүпілі» атты кітабында қазақ жерінің, кешегі Отан соғысының отты күндері жырланады. Мұзағаңның соғыстан кейін туған «Қарағанды жырлары», «Менің Қазақстаным», «Естай - Қорлан» секілді туындылары сол кезеңдегі қазақ поэзиясының да шынайы табыстары болып саналады. Мұзафар Әлімбаев ақындық бақыты туралы айтқанда оның қазақ балалар әдебиетіне сіңірген еңбегіне тоқталу шарт. Ұзына тарихы қырық жылға жуықтаған «Балдырған» журналын Мұзафар Әлімбаев қолымен құрып, 25 жыл бас редактор ретінде басқаруы қазақ балалар әдебиеті үшін ырыс-құт болды. «Балдырған» журналы арқылы дүниежүзі балалар әдебиетіндегі бар дәстүрлер мен эксперименттер қазақ топырағына ағытылды. Қазақ топырағында бойындағы бар жұпарын балаларға арнайтын шын мәніндегі балалар қаламгері «Балдырған» арқылы қалыптасты. М. Әлімбаев қазақ балалар әдебиетінің қатардағы қаламгері ғана емес. Ақын, прозашы, аудармашы, сыншы, жинақшы, ұйымдастырушы. Әдебиетте талант бейімі болмай, ештеңе де өнбейді, әдебиет зорлықпен жасалмайды. Мұзағаңның да балалар поэзиясына туа бітті бейімі болғаны анық. М.Әлімбаев қазақ балалар әдебиетін дамытуға көп еңбек сіңірді. «Менің ойыншығым», «Отпен ойнама», «Орақ - олақ», «Шынықсаң - шымыр боларсың» тағы басқа кітаптары қазақ балалар әдебиетіне қосылған елеулі үлес болды. «Аспандағы әпке» жинағы үшін Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы берілген. М.Әлімбаев мақал - мәтелдерді жинау, зерттеу, басқа халықтар мақалдарын қазақ тіліне аудару жұмыстарымен де айналысып келеді. «666 мақал мен мәтел», «Мақал - сөздің мәйегі», «Өрнекті сөз - ортақ қазына», т.б. жинақтар мен зерттеу еңбектері бар. Сын - зерттеу саласында еңбектері жарық көрді. Әлем әдебиетінің кейбір үздік шығармаларын қазақ тіліне аударды. Жазушының өлеңдері 38 тілге аударылған. Маркс, Карл. Карл Һайнрих Маркс (1818 жылғы мамырдың 5-і – 1883 жылғы наурыздың 14-і) — 19-шы ғасыр философы, саяси экономисі және революционері. * * Льюис, Карл. Карл Льюис (Frederick Carlton ("Carl") Lewis) (1961 жылдың 1-ші маусымда туылған) - 10 Олимпиялалық медаль (9-ы - алтын), 10 Әлем чемпионаты медалі (8-і - алтын) иегері, спорт мансабы 1979-дан 1996-шы жылғы соңғы Олимпиададан орын алып зейнетке кеткен АҚШ спортшысы. Дуалы ауыз мамандардан бастап, қатардағы қарапайым жанкүйерлерге дейін Карл Льюисті «Желден жүйірік адам» деп атап кеткен. Сексенінші жылдардың басы мен тоқсаныншы жылдардың бел ортасында оның өнеріне құлшына қол соқпаған адам аз. АҚШ спортшысы 100 және 200 метрлік қашықтыққа жүгіруде, 4х100 эстафеталық жарыста және ұзындыққа секіруде Олимпиаданың сегіз алтын медалін жеңіп алды. Жер бетіндегі ешбір жеңіл атлет осындай көрсеткішімен мақтана алмайды. Карлдың спорттық жолы ұзындыққа секіруден басталды. Оның әкесі – Билл Льюис Алабама университетінде бапкерлік қызмет атқаратын. Кезінде ол атақты Джесси Оуэнспен жақын араласты. Естеріңізге сала кетейік, Оуэнс 1936 жылы Берлинде өткен Олимпиадада төрт алтын медаль жеңіп алған саңлақ. Әкесі мен әйгілі спортшының достығы кішкентай Карлдың осы соқпақты таңдауына себепші болғаны сөзсіз. Ол аз десеңіз, анасы Эвлин де тәуір жүгіріп, түрлі халықаралық жарыстарда жүлде алған. Міне, осындай ортада өскен баланың спортқа бейім болмауы мүмкін емес-ті. Бір қызығы, 1968 жылғы Олимпиада ойындарын теледидар арқылы тамашалаған Карл Льюис Боб Бимонның өнеріне тамсанады. Сол жарыста атақты жеңіл атлет 8,90 метрге секіріп, жаңа рекордты өмірге әкеледі. Бұл – ол кезде адам нанғысыз көрсеткіш еді. 8,90 метрлік қашықтықтың қандай болатынын білгісі келген Карл сол сәтте көшеге жүгіріп шығып, қолындағы сызғышпен жолдың жиегінде тұрған лимузиннің ұзындығын өлшейді. Мәссаған! Лимузиннің бас-аяғы небары алты метр екен. Тек сонда барып қана ол Бимонның қандай ерлік жасағанын ұғынады. Жеті жасынан жеңіл атлетикамен шұғылданған Карлдың бойындағы дара талант бірте-бірте байқала бастайды. 13 жасында ол 5,51 метрге қарғыса, келесі жылы 6,07 метрге секіреді. Сөйтіп, жылдан-жылға көрсеткіші жақсарып, 17 жасында 7,85 метрлік межеге қол жеткізеді. Бұл нәтижелер мамандар назарынан тыс қалмайды. 1979 жылы Льюис АҚШ құрамасына қабылданып, Панамерика ойындарында бас жүлдені жеңіп алады. Сондай-ақ, ол 100 және 200 метрге жүгіруде шашасына шаң жұқтырмайды. 1980 жылғы КСРО астанасында алауы тұтанған Олимпиада Льюистің бағын ашуға тиіс еді. Алайда, капиталистік мемлекеттердің бойкот жариялауына байланысты америкалықтар Мәскеудегі ойындарға қатысудан бас тартады. КСРО-ға келе алмағанымен, Лос-Анджелесте АҚШ атлетінің айды аспанға шығаратынын мамандар алдын ала болжайды. Өйткені 1983 жылы Хельсинкиде өткен әлем чемпионатынан ол үш алтын медальмен оралады. Ал келесі жылы Олимпиада ойындарында 100 метрлік қашықтықты 9,99 секундта, 200 метрді 19,80 секундта жүгіріп өтіп, ұзындыққа секіруде 8,71 метрлік нәтижемен бас жүлдені олжалады. Оған АҚШ құрамасы сапындағы эстафеталық сайысты қосыңыз. Сөйтіп, Карл бір Олимпиадада төрт алтынды иемденіп, әкесінің досы – Джесси Оуэнстің көрсеткішін қайталайды. Ал 1991 жылы Токиода тұсауы кесілген әлем чемпионатында өзінің кумирі Боб Бимонның нәтижесінен бір сантиметрге асып түседі. Сексенінші жылдардың екінші жартысында жанкүйерлер мен мамандар ауыздарымен құс тістеген желаяқтар – Карл Льюис пен Бен Джонсонның өзара бәсекесін тағатсыздана күтетін болды. Иә, бір кездері канадалық спортшы Льюистен басым түсіп жүрді. Әсіресе, 1988 жылы Сеул Олимпиадасында 9,79 секундтық нәтижемен Джонсон мәреге бірінші жетіп, Льюис (9,92) екінші орында қалып қойды. Алайда көп ұзамай канадалық спринтердің допинг қолданғаны анықталып, алтын медаль АҚШ спортшысының кеудесінде жарқырады. Жалпы Карлдың жолы толағай табысқа толы болды. Ал өзінің ең соңғы алтын медаліне 1996 жылы Атлантада өткен Олимпиада ойындарында қол жеткізді. Бірақ желаяқтар жарысына Льюис қатысқан жоқ. Өйткені, АҚШ құрамасының бапкерлерінің таңдауы жас спортшыларға түсті. Есесіне ол ұзындыққа секіруде қарсылас шыдатпады. Сөйтіп, Олимпиадада жеңіп алған бас жүлделерінің санын сегізге жеткізді. 2000 жылы ол «ХХ ғасырдың ең үздік жеңіл атлеті» деп танылды. Кастро, Фидел. Фидел Алехандро Кастро Рус — Куба мемлекетiнiң басшылығына 1959 жылы келiптi. Бiр мемлекеттi аттай 50 жыл (бiрнеше ай ғана жетпейдi) басқарған Ф. Кастро өзiнiң кететiнiн мәлiмдедi. «Егер ел басқарудың жауапкершiлiгiн бұдан әрi де өз мойныма iлсем, онда менiң мұным өз ар-ұятыма, өз абыройыма кiр келтiру болып табылар едi. Өйткенi менiң қазiр денсаулығым жоқ. Қартайдым, ауру-сырқаулымын…» дедi Ф. Кастро. Фидель Кастроның орнына оның інісі Рауль 24 ақпан күнi Парламент отырысында тағайындалды. Наурыз көже. Наурыз мерекесі жақындаған сайын әрбір отбасы Наурыз көже жасауды міндетім деп санайды. Тіпті білмейтін жас жеңгелеріміз үлкен адамдардан ақыл-кеңес сұрап, Наурыз көжеге не қосу керектігін саралап жатады. Наурыз көже жасау. Ол үшін ең алдымен қазан толы сүтіңізді қайнатып, сүт піскеннен кейін оның бетіндегі қаймағын қалқып алып тастайсыз. Сүт әбден пісуге тақаған кезде, қыс бойы сақтаған сүріңізді салып жіберіп, 15 минуттай бетін жауып қоясыз. Аталған уақыт өткеннен кейін жеке ыдысқа пісіріп алған бидай, жүгері, тары, асбұршақ, күріш тәрізді қоректік заттардың жеті түрін сүт пен етке араластырып тағы бір қайнатып аласыз.Асыңыз демді болсын! Есенберлин, Ілияс. Ілияс Есенберлин (1915 жылғы қаңтардың 10-ы, Атбасар, Ресей империясы — 1983 жылғы қазанның 5-і, Алматы) — қазақ жазушысы. Өмірбаяны. 1915 жылы Ақмола облысы Атбасар қаласында дүниеге келді. 1940 жылы Қазақ кен-металлургия институтын бітірді. Әскер қатарына шақырылып, майданда ауыр жарақаттанды, 1942жылы Қазақстанға қайтып оралды. 1947 жылғадейін Қазақстан Компартиясының ОК-нің аппаратында істеді. 1947—1951 жылдары Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры қызметінде болды. Қуғын-сүргін көріп, қамалды, 1953 жылы бостандыққа шықты. Содан соң Қазақ КСР-ның Геология министрлігінде, сосын Берсүгір шахтасының басқарма бастығы болып істеді. 1958—1967 жылдары — Қазақфильм киностудиясының сценарий-редакция коллегиясының редакторы, 1967 жылға дейін — Қазақ мемлекеттік әдебиет баспасының редакторы, 1971 жылға дейін — «Жазушы» баспасының директоры, сосын Қазақстан жазушылар одағының басқарма хатшысы. Шығармашылығы. 1945 жылдан Есенберлин өлеңдер және поэмалар жинақтарын жариялай бастады. Кейінірек драматургияда күшін сынап, «Таудағы тартыс» (1962) пьесасы Республикалық жас көрермен театрының сахнасында қойылды. Қазақ тіліне Константин Дмитриевич Ушинскийдің шығармаларын аударды. Бірнеше романдар да жазды: «Айқас», «Қатерлі өткел», «Ғашықтар», «Алтын құс», «Көлеңкеңмен қорғай жүр», «Манғыстау майданы», «Аманат». 1969 жылы «Қаһар», 1971 жылы «Алмас қылыш», 1973 жылы «Жанталас» романдарын жазды. Романдар 15-ші ғасырдан 19-шы ғасырдың ортасына дейінгі қазақ тарихы суреттелген «Көшпенділер» трилогиясына біріктірілді. Сөз болатын тақырыптар: қазақ халқының қалыптасуы, Қазақ хандығының Жоңғар хандығымен арпалысы, Қытай, Хиуа, Бұхара, Ресей империясы секілді көршілерімен аумалы-төкпелі қарым-қатынастары. Бұл трилогияның негізінде «Көшпенділер» фильмі түсірілді. Кейінірек жазушы «Алтын Орда» трилогиясын жазды (1982, 1983). Жазушының кітаптары көптеген тілдерге аударылған, миллиондаған тиражбен шыққан. Есенберлиннің тарихи романдары Қазақстан мәдениетінде ерекше орын алады. Алтын Орда. Алтын Орда (;;;) — Басында моңғол — кейінірек түркіленген — 1240 жылдары Рус княздіктері жауланып алынғаннан кейін Моңғол империясының батыс бөлігінде орнаған хандық; ол қазіргі Ресей, Украина, Молдова, Қазақстан және Кавказдың жерінде орналасқан. Шарықтау дәуірінде Алтын Орда Шығыс Еуропаның Орал тауларынан Днепр өзенінің оң жақ жағалауына дейінгі жерлерді алып, Сібірге терең бойлап еніп жатты. Оңтүстігінде Орданың жері Қара теңізбен, Кавказ тауларымен және моңғол Ильхандар династиясының қол астындағы Персиямен шектесіп жатты. Атауы. Алтын деген атау төрт шартараптың түсінен келген деген жорамал бар: солтүстіктің түсі — қара, шығыстың түсі — көк, оңтүстіктің түсі — қызыл, батыстың түсі — ақ, ал сары (немесе алтын) түс — орталықтың түсі. Басқа бір болжам бойынша, Алтын Орда атауы орыс тіліндегі "Золотая Орда," яғни Бату ханның Еділ өзенінің жағасында өзінің болашақ астанасының орнын белгілеу үшін алтын түсті үйлерден тіккізген салтанатты қаласының атынан шыққан. Моңғол тілінде «Алтын Орда» деген сөз тіркесі Алтын түсті орданы, немесе патша сарайын білдіреді. Моңғолдың билеуші руы де өздерін «алтын әулет» деп атаған, "«Алтын Орда»" атауы да осыдан келіп шыққан болуы мүмкін. Бұл мемлекетті Алтын Орда деп атайтын бізге келіп жеткен ең алғашқы құжаттар 17-ші ғасырға жатады (Алтын Орда күйрегеннен көп кейін). Одан ертерек құжаттарда ол мемлекет Жошы ұлысы деп аталады. Кейбір ғалымдар оның басқа атауын, Қыпшақ хандығы деген атауды қолданғанды дұрыс көреді (орыстар Жошы ұлысын осылай атаған), себебі ортағасырлық құжаттарда қыпшақ сөзі осы мемлекетке қатысты жиі аталған. Әуелгі тарихы. Қайтыс боларының алдында Шыңғыс хан өз иелігіндегі жерлерді төрт ұлына бөліп берді. Жошының үлкен ұлдары Бату мен Орданың еншісіне моңғол иеліктерінің қиыр батысында жатқан оңтүстік Ресей мен Қазақстанның жерлері тиді. Бату Көк Орданы, Орда Ақ Орданы билей бастады. Моңғол әскерлерінің Суздаль қаласын қолға түсіруі. Ортағасырлық орыс жылнамасындағы сурет. 1235 жылы Бату (тұңғыштық жолымен) қолбасшы Сүбедей баһадурдың көмегімен батысқа қарай жаңа жорық бастап, алдымен башқұрттарды, сосын 1236 жылы Еділ Бұлғариясын жаулап алады. 1237 жылы ол Украинаның оңтүстік даласын жаулап, ондағы құмандарды батысқа қарай ығыстырды. Содан ол солтүстікке қарай бұрылып, Русьқа басып кірді де үш жыл бойы орыс княздықтарын жаулаумен болды, сол кезде Күйік пен Қадан оңтүстікке қарай жылжыды. Құмандардың батысқа қашып, Мажарстан королінің жерін паналап отырғанын желеу етіп, Бату Шайбан, Орда Ежен, Байдар және Мөңке сияқты Шыңғыс әулеті мен өз бауырларымен бірге батысқа жорық жасады. Легница және Мухи маңында неміс-поляк рыцарьларынан жиналған әскермен шайқасып, оларды талқандады. Бірақ сол 1241 жылы Үгедей хан қайтыс болып, Бату енді ғана қоршап-қамай бастаған Венаны тастап, елге қайтып кетті. Моңғол әскерінің ең батыстағы жаулап алуы осы болды. 1242 жылы Мажарстан арқылы қайтып (жолшыбай Пешт қаласын жаулап), Бұлғарстанды бағындырды. Бату астанасын ежелгі Хазар қағанатының астанасының орнында орналасқан, Еділдің төменгі ағысындағы Сарай-Жүк қаласында орнатты. Содан сәл бұрын Бату мен Орданың бауыры Шайбан Орал тауларының шығысында Обь пен Ертістің бойында өз еншісіне ұлыс алып, сонда кетіп қалған болатын. Алтын Орданың шарықтау дәуірі. The people of the Golden Horde were mostly a mixture of Turks and Mongols. The Horde was gradually Turkified and lost its Mongol identity, while the descendants of Batu's original Mongol warriors constituted the upper class of the society. Most of the Horde's population were Kypchaks, Bulgar Tatars, Kyrgyz, Khwarezmians, and other Turkic peoples. They were commonly named "the Tatars" by the Russians and Europeans. Russians preserved this common name for this peoples down to the 20th century, whereas the most of this peoples identified themselves with their ethnic or tribal names, some also considered themselves as simply Muslims. The most of the Muslim population, both agricultural and nomadic, adopted the Kypchak language, developed to the regional languages of Kypchak group after the Horde disintegrated. The descendents of Batu ruled the Golden Horde from Sarai Batu and later Sarai Berke, controlling an area ranging from the Volga river to the Carpathian mountains and the mouth of the Danube, whilst the descendents of Orda ruled the area from the Ural River to Lake Balkhash. Одақтастары мен бағыныштылары. The Horde exacted tribute from its subject peoples - Russians, Armenians, Georgians, Circassians, Alans, Crimean Greeks, Crimean Goths, and others. The territories of Christian subjects were regarded as peripheral areas of little interest as long as they continued to pay tribute. These vassal states were never incorporated into the Horde, and Russian rulers early obtained the privilege of collecting the Tatar tribute themselves. To maintain control over Russia, Tatar warlords carried out regular punitive raids to Russian principalities (most dangerous in 1252, 1293, 1382). There is a point of view, much propagated by Lev Gumilev, that the Horde and Russian polities concluded a defensive alliance against the fanatical Teutonic knights and pagan Lithuanians. Enthusiasts point to the fact that the Mongol court was frequented by Russian princes, notably Yaroslavl's Feodor the Black, who boasted his own ulus near Sarai, and Novgorod's Alexander Nevsky, the sworn brother of Batu's successor Sartaq Khan. Although Novgorod never acknowledged the Horde's ascendancy, a Mongol contingent supported Novgorodians in the Battle of the Ice. Sarai carried on a brisk trade with the Genoese trade emporiums on the Black Sea littoral - Soldaia, Caffa, and Azak. Mamluk Мысыр was the khans' long-standing trade partner and ally in the Mediterranean. Berke, the khan of Kipchak had drawn up an alliance with the Mamluk Sultan Baibars in 1261. Саяси дамуы. After Batu's death in 1255, the prosperity of his empire lasted for a full century, until the assassination of Jani Beg in 1357, though the intrigues of Nogai did invoke a partial civil war in the late 1290's. The Horde's military clout peaked during the reign of Uzbeg (1312-41), whose army exceeded 300,000 warriors. Their Russian policy was one of constantly switching alliances in an attempt to keep Russia weak and divided. In the 14th century the rise of Lithuania in North East Europe posed a challenge to Tatar control over Russia. Thus Uzbeg Khan began backing Moscow as the leading Russian state. Ivan I Kalita was granted the title of grand prince and given the right to collect taxes from other Russian potentates. Бөлшектенуі. Тоқтамыстың 1382 жылғы Ресейге жорығы. The Black Death of the 1340s was a major factor contributing to the Golden Horde's eventual downfall. Following the disastrous rule of Jani Beg and his subsequent assassination, the empire fell into a long civil war, averaging one new Khan per annum for the next few decades (Though Orda's white horde carried on generally free from trouble until the late 1370's). By the 1380s, Khwarezm, Astrakhan, and Muscovy attempted to break free of the Horde's power, while the lower reaches of the Dnieper were annexed by Lithuania and Poland in 1368 (Whilst the eastern principalities were generally annexed with little resistance). Mamai, a Tatar general who did not formally hold the throne, attempted to reassert Tatar authority over Russia. His army was defeated by Dmitri Donskoi at the Battle of Kulikovo in his second consecutive victory over the Tatars. Mamai soon fell from power, and in 1378, Tokhtamysh, a descendant of Orda Khan and ruler of the White Horde, invaded and annexed the territory of the Blue Horde, briefly reestablishing the Golden Horde as a dominant regional power. After Mamai's defeat, Tokhtamysh tried to restore the dominance of the Golden Horde over Russia by attacking Russian lands in 1382. He besieged Moscow on August 23, but Muscovites beat off his storm, using firearms for the first time in Russian history. On August 26, two sons of Tokhtamysh's supporter Dmitry of Suzdal, dukes of Suzdal and Nizhny Novgorod Vasily and Semyon, who were present in Tokhtamysh's forces, persuaded Muscovites to open the city gates, promising that forces would not harm the city in this case. This allowed Tokhtamysh's troops to burst in and destroy Moscow, killing 24,000 people. Алтын Орданың 1389 жылы шамасындағы иеліктері. Қоңыр түсті сызықтар қазіргі саяси шекараларды білдіреді. Тәуелді мемлекет — Мәскеу княздығы ақшыл-сарғыш түске боялған. Ордаға жойқын соққыны Тоқтамыстың әскерін талқандап, астанасын қиратып, Қырым сауда қалаларын тонап, ең шебер қолөнершілерін өзінің астанасы Самарқандқа айдап әкеткен Әмір Темір берді. 15-ші ғасырдың алғашқы бөлігінде Литуанияның патшасы Витаутастың әскерлерін Ворскла өзеніндегі шайқаста талқандаған Едіге билікті қолға түсіріп, Ноғай Ордасын құрды. 1440-шы жылдары Ордада тағы бір азамат соғысы бұрқ ете түсті. Енді ол бірнеше хандықтарға бөлшектеніп кетті: Қасым хандығы, Қазан хандығы, Астархан хандығы, Қазақ хандығы, Өзбек хандығы және Қырым хандығы әрқайсысы өз алдына билік құра бастады. Бұл хандықтардың ешқайсысы да Мәскеу княздығымен күш сынаса алмады; ақыры 1480 жылы «Угра өзенінде болған тұрудан» кейін Мәскеу бағынудан мүлдем шықты. Мәскеу княздығы түбінде сол хандықтардың әрқайсысын (1550 жылдары Қазан мен Астарханнан бастап) басып алды. Ғасырдың соңына қарай Сібір хандығы Ресейдің құрамына кіріп, оның хандарының ұрпақтары орыстың патшасының қызметіне кірді. Қырым хандығы 1475 жылы Османлы империясына бағынышты мемлекетке айналып, 1502 жылға қарай Ордадан қалғанды өздеріне бағындырып болды. 16-шы ғасырда және 17-ші ғасырдың басында Қырым татарлары оңтүстік Ресей, Украина және тіпті Польшаны жиі-жиі шауып отырды, бірақ Ресейді жеңуге немесе Мәскеуді басып алуға күштері жетпеді. Османлылардың көмегінің арқасында Қырым хандығы жалғаса беріп, тек 1783 жылғы сәуірдің 8-інде ғана ІІ-ші Екатеринаны оны тарқатып, жерін қосып алды. Алтын Орда мемлекетінің ең ұзаққа созылған мұрагер мемлекеттерінің бірі осы еді. Орыс тілі. Орыс тілі () — шығыс славян тілдеріне жататын Еуропаның ең ірі, кең тараған тілдерінің бірі, жағрапиялық та, сөйлеушілерінің саны жағынан да (дегенмен, орыс тілділердің ареалының басымы Азияда жатыр). Орыс тілі Қазақстанда. Қазақстанда орыс тіліне ресми, ұлт-аралық тіл деген атақ берілген, бірақ іс жүзінде заң шығару, т.б. мемлекеттік мекемелерде орыс тілі басым келеді, сондықтан орыс тілін мәз біреулер "мемлекеттік" болып кеткен деген сөздің жаны бар. Ескендір Зұлқарнайын. Ескендір Зұлқарнайын — () (356 ЗБ — 323 ЗБ) — 336 ЗБ бастап Македония патшасы. Аргеадтар әулетінен, ұлы қолбасшы, ірі мемлекет құрған дүниежүзілік жасаушысы. Алайда патшалығы оның өлімінен кейін ыдырады. Мұсылман елдерінде "Ескендір Зұлқарнайын" атымен белігілі болса, батыста "Ұлы Александр" деген атымен белгілі. Кайсар, Гайус Юлиус. Гайус Юлиус Кайсар (, көне жазумен:; айтылуы:) — Роман республикасының диктаторы. Галлияны жаулап алғаннан кейін, Юлий Кайсар солтүстік Атлантика жағаларына дейін ірі шекарасын кеңейтті және франктерге замандас рим ықпалын жасауға бағындырды, сонымен қатар Британ аралдарына басып ену бастады. Кайсар қызметі тұрғын бейнемен батыстағы Еуропа өркениетті және саяси кейібі өзгертті, және еуропалықтардың келесі ұрпақтарының өмірінде ұмытылмайтын із қалдырды. Гай Юлий Кайсар әскери стратег жалтыраған тактика қабілеттіліктерімен ие болаған, азаматтық соғыс шайқастарында жеңіп шықты және рим қоғам реформалау және мемлекеттер бастады. Жеке үкімді әмірші болды, оның өлімінен кейін Роман империясі негізін құруына ертіп әкелді. Цезарь республикамен басқарумен қалады. Оның өлтіруі азаматтық соғыстар басталуына, республика батуына және империя тууына ертіп әкелді. Шығыс Рим империясы. Батыс тарихшылары XIX ғ. "Шығыс Рим империясы" атауының орнына Византия империясы деген атау берген. Византия халығы өздерін "ромей" деп атады. Византия елордасы Константинополь қаласы болды, император Юстиниан I заманда ірі қала болды, империяның Византия, Византия империясы – 395 – 1453 жылдар аралығында өмір сүрген мемлекет. Алғашында «Ромейлер империясы» деп аталған. Византия атауын зерттеуші ғалымдар енгізген. «Византий» (грекше Byzantіon) деген Босфор бұғазы жанындағы біздің заманымыздан бұрынғы 680 ж. іргесі қаланған ежелгі грек қаласы. 324 ж. Рим империясының астанасы осы қалаға көшті де, 330 жылдан бастап Константинополь, ал 1453 жылдан бері Стамбул деп аталды. Астана Константинопольге көшкеннен кейін Рим империясы біртіндеп Батыс және Шығыс бөлікке бөліне бастады. Толық бөліну 395 ж. жүзеге асты. Византия құрамына Балқан түбегі, Кіші Азия, Сирия, Палестина, Египет, Киренаика, Месопотамия, Армения, Эгей теңізіндегі аралдар (Кипр, Крит, Родос, т.б.), Қырым түбегі кірді. Халқының этникалық құрамы әр түрлі (гректер, дактар, копттар, фракийліктер, сириялықтар, еврейлер, армяндар, грузиндер, т.б.) болды. 4 – 6 ғасырлар аралығында халқының саны елу миллионнан алпыс бес миллионға дейін жетті. Экономикада, саяси өмір мен мәдениетте гректер үстемдік құрды. Византия тарихы шамамен үш кезеңге бөлінеді. Бірінші кезеңде (4 – 7 ғасырлардың ортасы) өкімет билігі императордың қолында болды. Ол күшті армия мен флот ұстап, өз шекараларын қорғап, тіпті басқыншылық соғыстар жүргізді. Византия Еуропадағы ең дамыған мемлекетке айналып, саудагерлер Батысқа Шығыстың қымбат тауарларын апарып, қатты байыды. Әсіресе, император Юстинианның тұсында (527 – 65) мемлекеттің әскери қуаты артып, төңірегіндегі ұсақ мемлекеттерді өзіне қосып алды. Ол шіркеуге қолдау көрсетіп, сол арқылы Батыс пен Шығыс Рим империяларын қайтадан біріктірмекші болды. Ұлы Жібек жолына үстемдік жасау мақсатында Иранға қарсы Түрік қағанатымен әскери одақ құрылды. Кейбір түркі тайпалары Византия әскеріне қызметке тұрып, Кіші Азияға, Кавказға, Балқан түбегіне қоныстана бастады. Бірақ Юстинианның мұрагерлері билікті ұстап тұра алмады. 7 ғасырдың аяғында Юстиниан тұсындағы ел аумағының үштен бірі ғана қалды. Екінші кезеңде (7 ғасырдың ортасы – 13 ғасырдың басы) Византия бірте-бірте грек-славян мемлекетіне айналды. Жерінің кішірейгеніне қарамастан, ол Жерорта теңізіндегі ең қуатты державалардың бірі болды. Бірақ 1204 ж. крестшілер Константинопольді басып алғаннан кейін, Византия біртұтас мемлекет ретінде өмір сүруін тоқтатты. Үшінші кезеңде (1204 – 1453) Византияның крестшілер жаулап алған бөлігінде Латын империясы (1204 – 61) құрылды. Қалған бөліктерінде Никей империясы (1204 – 61), Трапезунд империясы (1204 – 1461), Эпир мемлекеті деген тәуелсіз мемлекеттер пайда болды. Олар Латын империясына қарсы үздіксіз соғыс жүргізді. Онда Никей империясы шешуші рөл атқарып, 1261 ж. Михаил VІІІ Палеолог Константинопольді басып алып, Византияны қалпына келтірді. Бірақ Трапезунд пен Эпир мемлекеттері оған қосылмай, дербестіктерін сақтап қалды. 14 ғасырдың басында түріктер Византияның Кіші Азиядағы иеліктерін толығымен басып алып, Балқан түбегіне шабуылдаумен болды. Олар 1453 ж. жиырма тоғызыншы мамырда Константинополь қаласын басып алды. 1461 ж. түріктер Трапезунд империясын да басып алғаннан кейін, Византия империясы өзінің өмір сүруін тоқтатады. Оның территориясы толығымен Осман сұлтандығының құрамына енді. Византияның архитектурасы мен бейнелеу өнері адамзат мәдениетінің дамуына зор әсерін тигізді. Мұнда құрылысы жағынан күрделі, еңселі ғимараттар бой көтерді. 9 ғасырдан бастап крест күмбезді ғибадатханалар пайда болды. Бейнелеу өнері бояуларының ғажайып әсерлілігімен, бейненің әрі дәл, әрі мәнділігімен ерекшеленді. Сонымен бірге икона салу өнері (иконопись) және кітап көркемдеу ісі де өркендеді. Мүсін өнері, тас, піл сүйектерін әрлеу де кең қанат жайды. Ақсүйектер арасында орган музыкасын тыңдау дәстүрге айналды. Кейіннен Византия мәдениетінің кейбір элементтері христиан дінімен бірге Шығыс Еуропа елдеріне ауысты. Арабтардың жорығынан кейін қол астында тек Грекия жерлері мен Анадолы түбегі қалды. Азаматтық неке. “Азаматтық неке” деген шарасыздықтан қойылған шартты атауы ғана. Оны Дiн мүлдем неке деп санамайды, Аллаһтың алдында куәлiк келтiрмей, жұртқа жария етiлмей ерлi-зайыптылардың бiр шаңырақтың астында тұруын зинақорлыққа ғана балайды. Аллаһ тағаланың Хақ дiнi–Исламды жеткiзушi Мұхаммед (с.ә.с) Пайғамбарымыз заңды некесiз қосылып, зина жасағандарды:“Пенде зина жасағанда иманы шығып, бас жағында көлеңке сияқты үйiрiлiп тұрады” деп сипаттаған. (Әбу-Һурайрадан) Әлбетте, “азаматтық некемен” тұратын ерлi-зайыптылардың да өздерiнiң санасына сiңiрiп алған пәлсапасы бар. Олардың пiкiрiнше, бiр шаңырақтың астында тұрамыз деп шешкен жандарға неке куәлiгiн алып, әуреленудiң қажетi жоқ. Мөрдiң қойылғаны, қойылмағаны не? Ең бастысы, тату-тәттi болып, жарасып кету, жараспасақ ың-шыңсыз өз жөнiмiзге кете барамыз дейдi. Өздерiне шаң жуытқысы жоқ. Заңды түрде ерлi-зайыпты болып танылмағаннан кейiн “азаматтық некедегi” ерлер мен әйелдер бiр-бiрiнiң алдында жауапкершiлiк алмайды. Тiптi “Азаматтық некеге” үйiрсек келетiндердiң көпшiлiгi қарақан басын күйiттеуден әрi аса алмайды, әрi одақтарының тұрақты болуы да неғайбыл, қашан айырылысып кетемiз деген қауiппен жүредi, сол себептi олар перзент сүйiп, ата-ана борышын өтеуге де құлықсыздау болады. Психологтардың пiкiрiнше, “азаматтық некедегi” нәзiк жандылар көбiнесе күйеуiм бар деп сенедi, ал ер адамдар оларға тек көңiлдесiм деп қана қарайды. Осындай қарым-қатынастағы ер мен әйелдi отбасы деп те атауға қалай ауыз барады? Әрине, “азаматтық неке” жағдайында балалы болып жататын жұптар бар. Бiрақ о баста Заңды менсiнбегендер дәл осы кезде мықтап опық жейтiнi сөзсiз. Бiр жолдасым ағасының бел баласынан қалай айырылып қалғанын айтып бердi. Ағасы бiр әйелмен көңiл қосып, некелерiн заңдастырмастан тұра бередi. Ал сәбилерi дүниеге келiп, оны кiмнiң тегiне жазуымыз керек деген мәселеге келiп тiрелгенде, әйел аяқасты айнып, “әкесi емессiң” деп маңына жуытпайды. Қолдан келер амал жоқ. Өйткенi заң бойынша сәбидiң әкесiнiң кiм екендiгiн тек анасы ғана шеше алады. Кейде оқиға керiсiнше өрбiп жатады. “Азаматтық неке” кезiнде дүниеге келген баланың әкесi екенiн мойындаудан ер адамдардың өздерi бас тартады. Осындай келеңсiз жағдайлардың кесiрiнен қаншама сәбидiң тағдырына “некесiз туылған” деген жаман атақ жамалады, қаншама сәби жарық дүние көрместен жатыр iшiнде тұншығып өледi. Тарихы. Бiрқатар батыс елдерiндегi шiркеу мен мемлекет арасындағы ушыққан дүрдараздық нәтижесiнде халық екiге жарылып, азаматтық некеге тұрушылар пайда болды. Олардың некесiн ендi дiн өкiлi қиған жоқ, мемлекеттiк орган тiркедi” деп жазылған. Ал Ресей жерiндегi православиелiк христиан дiнiн ұстанатын халықтардың арасында азаматтық неке ХХ ғасырдың бас кезiнде пайда болған. 1917 жылғы революциядан кейiн билiк тiзгiнiн ұстаған большевиктер ескiлiкке қарсы көзсiз күрес жүргiзе бастады. Соның iшiнде Дiнге де қарсы атейстiк атой салынды. Православ дiндарларының таратуынша, бұрыннан қалыптасқан заңды бұзып, “бүйректен сирақ шығарып” ең алғаш азаматтық некеге отырған– әйел комиссар Александр Колонтай болған. Рас, жұртты шошытқан сол жолғы неке өте сәтсiз аяқталған көрiнедi. Бiрақ 70 жыл бойғы Коммунистiк партияның үстемдiгi кезiнде күштеп жүргiзiлген атейстiк iлiмнiң пәрменiмен адамдардың көбi ендi некесiн шiркеуде емес, азаматтық хал актiлерiн жазатын мемлекеттiк мекемеде тiркетуге мәжбүр болды. Сөйтiп, бiр кездерi дiн өкiлдерi күнә деп таныған азаматтық неке уақыт өте келе зайырлы қоғамның да заңынан жаттық көрмей, сiңiстi болды. Қазақстан Республикасының “Неке және Отбасы туралы” Заңының 3-шi бөлiмiнiң, 2-шi бабында да “мемлекеттiк АХАЖ мекемелерiнде тiркелген неке–азаматтық неке” болып саналатындығы жазылған. Әрине,120 ұлт пен ұлысты қанатының астына алған зайырлы мемлекетте азаматтардың некесiн тiркеудiң баршаға ортақ, ешқандай ұлттың этикалық ұстанымына қайшы келмейтiндей ең оңтайлы жолы осы болмақ. Ал егер үйленiп жатырған жас-жұбайлар некелерiн дiн өкiлдерiне барып қидырғысы келсе, оған да тиым жоқ. Қазақстандағы жағдай. Қазақстан Мұсылмандары Дiни басқармасының қызметкерi Қайрат Жолдыбайұлының айтуынша “Мемлекеттiк Неке сарайларындағы некенi тiркеу рәсiмiнде де шариғаттың кейбiр талаптары орындалады; куәлары болады, екi жас бiр-бiрiне жар болуға ризашылықтарын бiлдiредi. Бiрақ қосылғалы жатқан жас жұбайлар имандылыққа бет бұрған жандар болса, мешiтке келiп, Аллаһтың алдында куәлiк келтiрiп, шариғат бойынша неке қидырғаны дұрыс” дейдi. Ал Бiз сөз қылып отырған “азаматтық неке” – дiни некенi де мойындамайды, мемлекеттiк органның тiркеуiнен де өтпейдi, әрi Қазақстан Республикасының “Неке және Отбасы туралы” Заңында ол туралы ешқандай түсiнiктеме берiлмеген, сондықтан заң өкiлдерi мұны “бейресми некелесу” деп атайды немесе “азаматтық неке” деген тiркестi тырнақшаның iшiнде жазуды ұсынады. Сiрә, сөз сыңайын ұққан адамға дiннен бөлектенген некенiң екi түрiнiң де әу бастағы сипаты бiр болғанын аңғаруға болады. Тек жiк iшiнен жiк пайда болып, ендi тiптi мемлекеттiк неке куәлiгiн де керек қылмайтын, “еркiн махаббатты ” қолдаушылар қалыптасты. Сiрә, “еркiн махаббат” деген ұғым асу астында қалған жүз жылдықтың бел ортасындағы оқиғалардан хабары бар адамды емiксiте қоюы екi талай. АҚШ пен Батыс Еуропадағы 60- жылдары еркiндiкке бой ұру тым жүгенсiз кетiп, тұтас бiр ұрпақты “сексуальдық төңкерiс” деп аталатын азғындықтың билеп алғаны көзi қарақты адамның есiнде. Бүгiн Қазақстанда кәмелеттiк жасқа толмаған балалардың 22%–некесiз туылғандар. Дағдарыс орталықтары Одағының төрағасы, заңгер Зүлфия Байсакова: “Жыл сайын кем дегенде “азаматтық некеге” тұрып, алданып қалған 10-15 әйел көмек сұрап келедi. Қазiр ер адамдар өздерiнiң заңды балаларына алимент төлеуден қашқақтайды, ал “азаматтық некеде” дүниеге келген балаға алимент төлету мүлде мүмкiн емес. Ер адамды шынымен баланың әкесi екенiн анықтайтын бiр ғана жол бар, ол – ДНК арқылы дәлелдеу. Бiрақ бұл өте қиын, әрi қаржыны қажет етедi. Ал сот көп жағдайда мұндай iстердi қарауға тәуекел етпейдi. Самарқан. Самарқан - Екінші мөлшермен Өзбекістан қаласы, Қала өз орталық жаймен белгілі, Халық 366 тыс. адам,онда,ең алдымен өзбектер, орыс,тәжіктер, еврейлер. Орналасуы:702 метр теңіз деңгейінің үстінде. 2001 қалаға Самарканды дүние жүзілік мұрамен ЮНЕСКО жариланған болатын. Тарихы. Самарқан - көне қалалардың бірі, біздің заманымызға дейін 700 жылдары құрылды. Әмір Темір империясында астанасы болған. 1924 - 1929 жылдары - Өзбек КСР-інің астанасы болған. Қазіргі таңда Самарқан уалаятының орталығы. Арал теңізі. Арал теңізі — Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан сутоған. 20-шы ғасырда ауданы жағынан — 68 мың км² — әлемде төртінші орында болған болатын, бірақ 1960-шы жылдардан бастап теңіздің суы азайып келді. Арал теңізінің тарихы. Арал теңізі, Кайназой дәуірінің орта шетінде, яғни бұдан 21 млн. 1200 жыл бұрын, Арал Каспий теңізіне қосылып жатқан. Өйткені, теңіздің терістік бетіндегі қазіргі Сарышығанақ, Ақеспе тұсынан 80 метр тереңдіктен Олигоцен уақытында өмір сүрген қызыл балықтың, ірі ұлудың, киттің омыртқа сүйектері тасқа айнала бастаған күйінде табылды. Бұл теңіздің кезінде мұхитпен қосылып жатқандығын көрсетеді. Сондай-ақ, Арал маңынан акуланың тісі мен сүйегі табылды. 19 ғасырдың орта кезіндегі Арал-Каспий ойпатының пайда болуы жөніндегі болжамдардан Арал бассейнінің геологиялық ерте кезеңде Жерорта теңізімен тұтасып жатқан су айдыны екенін, оның кейінгі Альпілік қатпарлықта жер қыртысының көтерілуіне байланысты ұсақ су айдындарына бөлінгенін білеміз. Сондай-ақ, Арал теңізінің көлемі жайлы, Арал теңізі жайлы ұғымдар сонау ерте дүние әдебиеттерінде де кездеседі. Ендеше қазіргі кезде әлем елдері назарын өзіне аударып отырған осы су айдынын зерттеу сол ерте заманан бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді деуге болады. Міне, сондықтан да көне зерттеулер мен қазіргі жаңа мәліметтерді салыстыру арқылы Арал теңізі бассейнімен оның жағалауының даму эволюциясын, сондай-ақ ғасырлар бойы өзгеру сипатын анықтау қиын емес. Мысалы, ежелгі заманның өзінде Арал теңізі көп елдерге мәлім болған. Өйткені, сол IХ-X ғасырлардағы араб ғалымдары – Ибн-Хордадбех, Ибн-Рустен, Масуди, Истахри келтірген мәліметтері аса құнды. Демек, бұл еңбектерден сол кездегі Аралдың көлемі мен жағаларының пішіні туралы мағлұмат алуға болады. Ибн-Хордадабех «Китаби-ал-масалик Вал-мамлик» \саяхаттар мен мемлекеттер кітабы\ атты еңбегінде Амударияны Жейхун, Арал теңізін Күрдер көлі деп атайды. Ал, Ибн-Рустеннің Амудария мен Арал теңізі туралы жазғандары неғұрлым нақты, оның мліметтері бойынша, Арал теңізінің көлемі 80 фарсах, яғни бір фарсах-6 шақырым. Теңіздің басты жағалауындағы Жоталары Сиякух \қара таулар\ деп аталады. Ал оң жақ жағалауы батпақты, онда қалың орман өскен. Демек аталмыш Сиякух – үстіртің тік жарлы құздары болуы мүмкін. Өйткені оның бастыс жағалауы қазір де биік келеді, кейбір нүктелердің биіктігі – 190 метрге жетеді. Сол сияқты Араб географы Истахри Арал теңізін «Хорезм көлі» деп аталған және Сырдария жөнінде мәліметтер келтірген. Истахри былай дейді: «Бұл көлдің айналасы 100 фарсах. Суы тұзды, көлге Жейхун, Илаш \Сырдария\ және басқа өзендер құяды». Сондай-ақ Х ғасырда өмір сүрген белгісіз автордың парсы тілінде жазған «Худуд-ал Алам \шығыстан батысқа дейінгі әлем облыстары\» атты қол жазбасында да Арал теңізінің сипаттамасы берілген. Мұнда теңіздің көлемі 300 фарсахқа тең келетіні және жағалауларының құмды екені жазылған. Сондай-ақ жоғарыдағы Арал теңізі жөнінде мәлімет қалдырушылар негізінен теңізді арнайы зерттеген адамдар емес, жолшыбай көргенін жазған саяхатшылар, жалпы дүниежүзілік әдебиетке қатысты шағын дерек жинаған шолушылар. Сондықтан бұл кезде Арал теңізі жайлы нақты ғылыми зерттеулер болған жоқ деуге болады. Дегенмен, бұл кезеңдегі табиғат жағдайларының кейбір ерекшеліктерінің көрсетілуі қазіргі осы өлкенің табиғатының өзгеруі сипатын анықтауға мүмкіндік береді. Негізгі Арал теңізі жайлы нақты деректі мәліметтердің жиналуы яғни, арнайы зерттеулердің басталуы \17-19 ғғ.\ ғасырлардың еншісіне тиеді. Өйткені бүгінгі Арал деген атау сол 17 ғасырдан бергі жерге берілген. Яғни, 1740-1741 жылдары Сырдария мен Арал маңын зерттеуге алғашқылардың бірі болып, Иван Мурауин қатысып, тұңғыш рет Арал теңізінің шығыс жағалауларын өте дәлдікпен арнайы түсірілім жасау нәтижесінде карта жазған. Жалпы, Арал теңізі жайлы соңғы толық зерттеулер 1946-1950 жылдарға жатады. Демек, ол мәліметтер бойынша теңіз көлемі 66 мың шаршы шақырым, ең ұзын бөлігі 424 шақырым, ал ендігі бөлігі 292 шақырым, орташа тереңдігі 16,1 метр, ең терең жері 68 метр болды. Ал, содан нақты бүгінгі қалған теңізде шамамен 15-20 мың шаршы шақырымға жуық қана су айдындары бар көрінеді. Демек, теңіздің осындай құрғауына орай өңірде алғаш рет 2001 жылы Арал теңізінің табаны қала орны болған деген болжам, бұл күндері нақты шындыққа айнала бастады. Өйткені бұрын Арал теңізі өз деңгейін сақтап тұрған жылдары сол жағасынан көне заманға тән ою-өрнектер, адам сүйектері, ұшырасқан кездері болғаны жөнінде кезінде теңізде жүзетін кейбір қарт кеме капитандарының талай өз аузынан естіген кездеріміз де болды. Бірақ та, ол кезде теңіз астында қала барын кім білсін. Ал енді теңіз тартылып, жағасы әр деңгейде ашыла бастағанда қазір де бұл жағдай жиі көріне бастады. Өйткені қазіргі археолог ғалымдардың деректері бойынша кепкен теңіз табанынан табылған әлгі мешіттің ою өрнектері сол 12-15 ғасырлардың еншісіне жатқызады. Сондай-ақ бұған дәлел ретінде Арал тарихынан белгілі сол 1592 жылдарға дейін қазіргі табылған қала орны яғни, «Барсакелмес» аралының батыс беті құрлықпен бірігіп жатқан көрінеді. Кейін теңіз суының көтерілуіне байланысты құрлықтан бөлініп қалған. Сондай-ақ жоғарыда сөз болғандай сол ертедегі араб ғалымдарының деректері бойынша да теңіз көлемі сол әрқили көлемде өзгеріп отырған. Мысалы, 80,100 және 300 фарсах мөлшерінде. Егер де бір фарсах 6 шақырым болса, сонда кезінде теңіздің ең үлкен дген көлемі не бәрі 300 х 6 = 1800 шақырым ғана. Бұл – теңіздің сол 1950 жылғы көлемімен салыстырғанда төмен екенін көрсетеді. Міне осыған орай бір сөэбен айтқанда «Барсакелмес» аралы сол 1592 жылға дейін құрлықпен жалғасып жатыр деген сөз шындыққа жақын. Арал теңізінің экологиялық ахуалы. Арал теңізі – Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белде-міндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі – 1066 км², тереңдігі – 30-60 метр, тұздылығы – 10-12 % болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген. 1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдай Өзбекстан мен Тәжікстанда 1,5, Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы Халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамыды (Шардара). - жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу; - ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау; - суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу; - жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және сіды үнемді пайдаланбау; - табиғат ресурстарын пайдалануға жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады. Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялық дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істелген қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болды. Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын тарылтуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздың мөлшері жылына 13-20 млн. т деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына зардабын тигізуде. Топырақтың тұздануы Өзбекстанда – 60 %, Қазақстанда – 60-70 %-ға артып отыр. Мұның өзі жалпы шаруашылықа зиянын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеруі шөл белдемінің табиғи ландшафтарын бірте-бірте күрделі әрі қайтымсыз антропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда. Арал өңіріндегі антропогендік факторлар ондағы тұрғындардың салт-дәстүріне, экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етуде. Жұмыссыз қалған балықшылар әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалып, басқа аймақтарға еріксіз қоныс аударуда. Қазіргі арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бұл өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, бүйрекке тас байлану, сарысу, өкпе-тыныс өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр. Анимация из спутниковых снимков с 2000 по 2009 года Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы №1241 Жарлығымен мақұлданған ҚР-ның 20004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасында атап көрсеткендей, экологиялық қауіпсіздіктің негізгі міндеттерінің біріне экологиялық апат аймақтарын, әскери-ғарыш полигондары мен сынақ кешендерін оңалту жатады. Міне осы айтылған жәйттердің бәрі біздің өңірден тиісті өз орындарын алады. Мысалы, Арал апат аймағын, «Байқоңыр» ғарыш аймағын және қауіпті «Возрождение» аралын бұған жатқызуға әбден болады. Демек, бұлардың қолайсыз экологиялық зардаптарының өңір халқының денсаулығына айтарлықтай зияндарын тигізіп келеді. Жеке тоқтап айтар болсақ, Арал өңірі экологиялық аймағында (186,3 мың халық бар 178 елді-мекен) тұрады. Сондай-ақ бұл өңір тұрғындарында ішек-қарын аурулары мен қан аздығы, әсересе әйелдер мен балалар арасында балалар өлімі мен туа біткен аурулар және балалардың жүйке аурулары көбею үстінде. Мысалы, облыста 2001-2003 жылдар аралығында 1408 бала алғаш тер мүгедектігіне куәландырылды. Демек, балаларды мүгедектікке шалдықтырып отырған негізгі аурулардың ішінде белді орынды жүйке (нерв жүйесі) аурулары иеленеді. Өткен жылы куәландырылған 355 баланың 104-і (29,9) ал қайта куәландырылған 1186 баланың 364 (30,6%) осындай науқасқа шалдыққан.2002 жылы бұл көрсеткіш 458 баланың 108-і (23,5%), қайта куәландырылған 1293 баланың 433-ін (33,4%) құраған-ды. Сондай-ақ өткен жылы алғаш рет 84 бала ақыл-есі кем балалар санатына жатқызылса, қайта куәландырылғандардан өткен жылы 250 бала (2002 жылы-317) осы дертке шалдыққан. Ал, былтыр 62 бала (2002 жылы – 98) бала туа бітті кемтарлыққа ұшыраған. Олблыс бойынша жалпы мүгедек балалардың 2003 жылы 1541 баланың 468-нің (2002 жылы – 1751 баланың 541) жүйке ауруына шалдыққаны анықталды. Демек осы науқастың түрі балалар арасында жылдан-жылға етек алып еледі. Жалпы, адам үшін бірінші байлық – денсаулық. Сондай-ақ, ертеңін ойлаған әрбір ел алдымен халқының саулығын, ұрпағының салауатты өмр сүруін қадағалайтынын әркез естен шығармағанда абзал. Сонымен бірге өңірде іш сүзегімен ауыратындар саны 7 есеге өскен. Сол сияқты қоршаған ортаның лакстануынан аймақта жүрек-тамыр және онкологиялық (обыр) аурулары әлдеқайда жиі кездеседі. Демек, бұларды ғаламшар тұрғындарын өлім-жітімге душар ететін, осы заманғы бірінші орындағы аурулар десе де болады. Жалпы, планетадағы көлдердің арасында көлемі жағынан төртінші орынды иеленетін Арал теңізі бұл күндері жер бетінен біржолата жоғалу үстінде. Өйткені, бұрынғыдан 66 мың шаршы шақырымға жуық қана су айдыны қалып отырған сияқты. Ғалымдар теңіз 2015 жылдары жер бетіне толық жойылады деп отыр. Ал, Арал өңіріндегі экологиялық апат адам өміріне жыл өткен сайын өте қауіп төндіруде. Өйткені, республика территориясында алғаш теңіз жағалауы 100 шақырымнан артық қашықтап, кіші арал оқшаулана бастаған шақта, сол құрғаған теңіз ұлтанынан тұзды шаң көлемді аймаққа тарала бастаған сәтте Ю.У.Новиковтың деректеріне қарағанда Арал табанынан кезінде жылына 72 млн. Тонна тұз дүние жүзіне шаң болып тарап, ал Арал өңірінде әрбір гектар жерге 700 кг тұз аспаннан жауатынын дәлелдеген. Міне, осыған орай бұл күндері теңіздің 70-80 пайызы жалаңаштанып құрғаған теңіз табанынан жан-жаққа тарап ұшатын әлгі тұз шаңының көлемін есептеп шығу қиынға соқпайды. Демек, бұл күндері әлемнің түкпір-түкпіріне жылына орта есеппен теңіз табанынан 290 млн. Тоннаның үстінде тұз-шаң тарап жататыны белгілі болды. Қазіргі деректер бойынша Арал теңізіндегі тұздың жалпы массасы 10,7-ден 11,4 млрд. тоннаға жетті. Аралдың тұзы таза табиғи тұз емес, құрамында тыңайтқыштар мен гербицидтерінің қалдықтары, гексохлоран сияқты аса қауіпті химикаттар ондаған жылдар бойы Сырдария мен Амудария ағынымен ілесіп, теңізге құйылады. Теңізді құтқарудағы болжамдар. Арал теңізінің болашағы дүние жүзі халықтарын толғандыруда. Оның бір жолата жойылып кетуі Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес көптеген Шығыс елдеріннің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ал әлемдік климаттың өзгеруі, шөлге айналу, атмосферадағы ауытқушылықтар, антропогендік экожүйелердің тұрақтсыздығын тудырады. Арал мәселесі соңғы 10 шақты жылда географ және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікірталастар туғызуда. Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Өркениетті елдер, халықаралық қоғамдастықтар қаржылай көмек көрсетуде. Олар негізінен Орта Азия республикалары, Ресей, АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер. Қазақстан жағы өз тарапынан тым құрыса Кіші Аралды сақтап қалу үшін көптеген жұмыстар атқарды. Екіге бөлінген теңіздің Қазақстандық аймағындағы Кіші Аралдың деңгейі баяу болса да көтереліп келеді. 2. Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту. 3. Арал теңізін жартылай сақтап қалу. 4. Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу. 5. Жер асты суларын пайдалану. 6. Арал теңізінің өздігінен табиғи ретттеулерін немесе толысуын күту. Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны күттірмейді. Бәрі де қаражатқа кірелуі мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат қауымының білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық. Қазіргі кезде аралды құтқаруда бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. «Арал тағдыры – адам тағдыры» болғандықтан, ғажайып су қоймасын оны сақтап қалу қазіргі ұрпақтың болашақ алдындағы борышы. Ахметов, Бақыт. 2001 жылы Қазақстанның ұлттық құрама командасының жейдесін киген Бақыт Ахметов бірден 94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің тізгінін мықтап қолға алды. Шымкентте өткен ел чемпионатында қоссайыстың қорытындысы бойынша ол 275 келіні ырқына оңай көндірді. Айтулы жарыста Ахметов Азия ойындарының жеңімпазы Андрей Макаров пен жастар арасындағы әлем біріншілігінің қола жүлдегері Алексей Чуйковты артта тастады. Содан кейін-ақ шымкенттік жігіттің тасы өрге домалады. 2002 жылы Ахметов өзінің алғашқы қомақты табысына қол жеткізді. Пусанда алауы тұтанған Азия ойындарында шымкенттік жігіт алтыннан алқа тағынды. Бір ғажабы, сол тартыста ол әлем чемпионы Күреш Багериден басым түсті. Иран атлеті 2001 жылғы әлем чемпионатында 407 (жұлқып көтеруде 185, серпіп көтеруде 222) келілік көрсеткішке қол жеткізіп, көрермендерді таң қалдырған болатын. Дәл осындай нәтижемен ол Азия ойындарында да топ жаратын еді. Алайда Ахметовтің де алтыннан дәмесі болды. Сол себепті белді бекем буған жерлесіміз жұлқып көтеруде басты қарсыласынан 10 келі, серпіп көтеруде бес келі артық көтеріп, бас жүлдені жеңіп алды. 2004 жылдың сәуір айында Алматыда өткен Азия чемпионатында, Ахметовтің айшықты өнері сол кезде Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайына жиналған жұрттың есінде. Бірінші жаттығуда-ақ ол 182 келіні тік көтеріп, қарсыласынан 12 келідей озды. Есесіне Иран атлеті серпіп көтеруде мықты екенін аңғартты. Ол 210 келіге келіп тоқтады. Енді Ахметов үшін шегінетін жер қалмады. Бақыт 212 келіге тапсырыс берді. Барлық көрермен тақымын қысып, үн-түнсіз отырды. Маң-маң басып, ортаға келген ауыр атлетіміз зіл батпан темірді аспанға атты да жіберді. Сол сәтте залдың әр бұрышынан атойлаған дауыстар естілді. Ахметов – Азия чемпионы! Афина Олимпиадасында 94 келі салмақта болгариялық Милен Добревтің мерейі үстім болды. Ресейлік Қажымұрат Ақаев пен Эдуард Тюкин жүлдегер атанды. Ал Бақыт Ахметов жетінші орында қалып қойды. 2005 жылы Дохада өткен әлем чемпионатында жерлесіміз қола медаль алған Милен Добревтен небары бір келі кем көтеріп, төртінші орынға табан тіреді. Десек те, жұлқып көтеру жаттығуы бойынша ол «кіші» қола медальді мойнына ілді. Келесі жылғы әлемдік додада сәтсіздікке ұшырады. Сол тұста айтулы ауыр атлеттің «психологиялық даярлығы нашар» деген сипатта әңгімелер айтыла бастады. Көп кешікпей Ахметов 105 келіге дейінгі салмаққа ауысты. Катарда алауы тұтанған Азия ойындарында қола медальді олжалады. Ал 2007 жылы Таиландта өткен әлем чемпионатында жерлесіміз бұл салмақта да бәсекелестікке қабілетті екенін байқатты. Жұлқып көтеруде 190 келілік зілтемірді бағындырып, екінші орын алды. Есесіне серпіп көтеруде қарсыластары қарқынын күшейтті де, Бақытқа барын салуға тура келді. Әуелі 210 және 220 келі салмақты ол аспанға атты. Егер ол соңғы мүмкіндігін пайдалана алғанда жүлдегерлер қатарына қосылатыны сөзсіз еді. Үшінші рет Ахметов 225 келіні басынан асырды. «Күміс медаль уысымызда» деп бөркімізді аспанға атқанымыз сол еді, батпан темір Бақыттың қолынан сусып шығып кетті. Төрешілер бұл нәтижені есепке алмады. Сөйтіп, жерлесіміз жастар арасындағы әлем біріншілігінің жеңімпазы Андрей Арамнов (Беларусь), Олимпиада мен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алан Загаев (Болгария) және әлем чемпионы Дмитрий Клоковтан (Ресей) кейінгі төртінші орынға орналасты. – Спорттық жол ұңғыл-шұңғыл келеді. Ол соқпақтан сүрінбей өту мүмкін емес. Иә, менің де салым суға кеткен сәттер аз емес. Бірақ ондай кездерде қасымнан жанашыр адамдар табылды. Шымкентте Болат Қырықбаев пен Юрий Мельников көп көмек көрсетті. Алматыда білікті мамандар Энвер Түркілери, Бекен Бекмұханбетов, Алексей Нидің қамқорлығын сезінудемін. Бірақ бәрінен бұрын сол кездегі облыстық Олимпиадалық даярлау орталығының директоры Зиядин Исабековтің еңбегін ерекше атап өткім келеді. Шымкентке қоныс аударған күннен бастап ол кісі менің жанашырым болды. Әуелі сол қаладан пәтер әперді, менің болашағыма зор сеніммен қарады. Зиядин аға менің өкіл әкем болса, жұбайы Гүлнар апайды екінші анам десем, артық айтқаным емес. Өкінішке қарай, Зәкең осыдан бірер жыл бұрын қайтыс болды. Енді мен қайткенде де сол кісінің маған артқан сенімін ақтап, Олимпиада тұғырына көтерілуге тиіспін. Міне, менің бар мақсатым – осы. Зиядин ағамның аманатын орындасам, өзімнің алға қойған жоспарымның барлығы жүзеге асты деп есептер едім, – деп тұлғалы жігіт ағынан жарылды. Бақыт Ахметов әлем чемпионаттарында екі мәрте төртінші орынға тұрақтады. Азия ойындары мен Азия чемпионатында топ жарды. Енді көрермендер одан байрақты додалардың медалін күтеді. Тіптен республикалық ауыр атлетика федерациясының президенті Қайрат Тұрлыхановтың өзі алдағы жарыста айтулы азаматқа зор сенім артатынын білдірді. Ал мамандар Ахметовтің атой салатын тұсы Аспантау елі дейді. Соңғы әлем чемпионатында жеңімпаз атанған спортшының көрсеткіші – 423 (195+228) келі. Ал Бақыт болса, жаттығу барысында 430 (200+230) келіні еркін еңсереді. Қосанов, Ғұсман. Ғұсман Қосанов - КСРО құрамында Олимпиадаға қатысқан тұңғыш қазақ желаяқ. 1960 жылы Рим олимпиадасынан күміс медалға ие болды. Ғұсман Қосанов Лос-Анджелес қаласында АҚШ пен КСРО арасында өткен «Гиганттар додасы» атты жарыста басынан кешкен бір өкінішін былай баяндайды. «...Аяқ тірейтін тіреуішімді қапелімде таба алмай қалдым. Бір жігіттің тіреуішін алуға тура келді. Апыл-ғұпыл асығыс қақтым да, жігіттердің қатарына бардым... Пистолеттің жағымсыз үні құлағымның түбінен шықты. Ілкі ілгері ұмтылдым. Сол кезде тіреуіш орнынан босап, кейін кетіп қалды да, жанымдағылардан 3-4 метр қалып қойдым. Соның өзінде жетуге тырыстым. Бірақ 100 метрлік қашықтықта екі-үш метріңіздің өзі жеткізбейтін дүние». Ғұсман марқұм өкінішін осылай жеткізеді... Мынаны да қараңыз. Рамазанқызы, Алданыш Рамазанқызы, Алданыш. 1964 жылғы Токио қаласында өткен олимпиадаға Монғол елінің атынан Алданыш Рамазанқызы деген олимпиадаға қатысқан тұңғыш қазақ қызы. Алданыш Монғолия спорт тарихына тұңғыш рет олимпиадаға қатысқан әйел ретінде аты алтын әріппен жазылған. Әрі монғолиялық қазақ диаспорасынан шыққан тұңғыш спорт шебері. Монғол елінің рекордын бірнеше рет жаңартқан. Он екі дүркін чемпиондық тұғырға көтерілген, шашасына шаң жұқпаған желаяқ. Ол Ұланбатыр қалалық №18 орта мектепте оқып жүргенде-ақ жүгірістен алдына жан салмапты. Мұны байқаған сол кездегі мемлекеттік спорт комитетінің жеңіл атлетика бөлімінің жаттықтырушы Ү.Найдан мен Кеңес елінен келген спорт маманы Иванов 5 сыныптың оқушысын жеңіл атлетика сексиясына қабылдаған. Кешікпей таланты қыз ұлттық құраманың сапынан бірақ шыққан. Осы 1961 жылдан бастап, 1969 жылға дейін ұлттық құрамада өнер көрсетті. 1962 жылы Монғол елінің тарихында алғаш рет бүкілхалықтық спартакиада өткен еді. Осыған 16 жастағы Алданыш «Еңбек» спорт қоғамы атынан қатысып, 200 метр қашықтыққа 26,6 сек, 400 метрге 58,8сек, 800 метрге 2 мин 18,7 сек жүгіріп өтіп, ел рекордын жаңарты. Бұл бұрын соңды болмаған елеулі жетістік еді. Алданыш Рамазанқызының 200 метр қашықтыққа жасаған рекорды үш жылдан кейін жаңарды. Ал 400 және 800 метр қашықтықтағы рекордын 22 жыл бойы ешкім бұза алмады. Бір қызығы осы Алданыштың 800 метр қашықтыққа тоқтатқан рекордын 1984 жылы тағы бір қазақ қызы Монғолия Мемлекеттік универстеттің түлегі Күшай Құлыбекқызы жаңартты. Желаяқ споршы 1961 жылы Мәскеуде өткен «Правда» газеті атындағы және ағайынды Знаменскийлер атындағы жарыстарға қатысып жүлделі орынға ие болды. 1966 жылы Таулы Алтай өлкесінде өткен Монгол – Кеңес елдерінің студент-жастар фестивалына қатысып, жүгірістен алтын медалға қолы жеткені бар.­­­­­­ Республикалық құрамада жүрген жылдары Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен халықаралық турнирден әкелген күміс медалы, Монғолияның жеңіл атлетика спортының тарихында халықаралық жарыстан әкелген тұңғыш медал ретінде спорт тарихына тіркеліпті. Монғолияда басқадай спорт түрлері, соның ішінде жеңіл атлетика дамып, кемелдене қоймаған 1964 жылы Жапонияның астанасы Токиодағы олимпиада да Алданыштың көрсеткен нәтижесі жаман емес еді. Ол әйелдер арасындағы 400 метрлік қашықтыққа қатысқан 68 жүйріктен 20-шы, 800 метрлік қашықтыққа қатысқан 75 спортшыдан 22-ші орынға ие болыпты. Әлемнің 70-80 елінің таңдаулы жүйрік қыз-келіншектері қатысқан мұндай додада алғашқы жиырмалықтан көріну екінің бірінің қолынан келе қоймасы анық. Қазақ тарихында жеңіл атлетикадан шыққан тұңғыш спорт шебері, Монғолияның тұңғыш олимпиадашысы, ширек ғасырға жуық рекорды бұзылмаған спортшы, халықаралық жарыстан тұңғыш медаль әкелген жеңіл атлет, желаяқ жүйрік, озат бапкер-ұстаз Алданыш Рамазанқызы қазір Ұланбатыр қаласында өмір сүріп жатыр. Оның шәкірттерінен көптеген мықты спортшылар туып шығыпты. Төл шәкірті Мемлекеттік педагогикалық университеттің оқытушысы, спорт шебері Ұртнасын деген қыз Алданыштың өзі тоқтатқын 400 метр қашықтықтық рекордын бұзыпты. Аға спортшы, кезінде Монғолия жеңіл атлетикасының «ханшасы» атанған қазақтың қара көз қызы Алданыш "1965" жылы медицина техникумын, 1972 жылы Мемлекеттік физикультура спорт институтын бітірген 1972 жылдан күні бүгінге дейін Ұланбатыр қалалық №22 орта мектепте спорт мұғалімі қызметін атқарып келеді. Мемлекеттік жоғары награда «Алтын жұлдыз» орденінің иегері. «Халыққа білім беру ісінің озат қызметкері», «Монголия спортының үздігі» қатарлы атақтары бар. Рабайсыз сан. Иррационал́ сан — рационал емес нақты сан. Геометриялық тұрғыдан алса иррационал сан бірлік кесіндімен өлшемдес емес кесіндінің ұзындығын өрнектейді. Бұндай өлшемдес емес кесінділердің барын көне математиктерге бұрыннан белгілі болған: мысалы, олар квадраттың қабырғасы мен диагоналдары өлшемдес емес екені мәлім болған, бұл formula_1 санының иррационал дегенмен бірдей. Иррационал сандар жиынын әдетте formula_2 деп белгілейді. Осылайша Қазақстандағы самбо. Ақпарат көздеріне қарағанда жартығасырлық тарихы бар қазақ самбо мектебінің негізін қалаған Мәскеу мемлекеттік дене шынықтыру институтының түлегі Василий Иванұлы Воронкин болған. Ол 1953 жылы республикадағы алғашқы самбо секциясын ашады. Сол жылы Қазақстан біріншілігі де алғашқы рет өтеді. 1960 жылы күрестің бұл түрі Қазақстан X Спартакиадасы бағдарламасына енгізіледі. КСРО құрамына жолды алғашқы болып 1975 жылғы КСРО кубогінің қола жүлдегері жамбылдық Нұрбай Жармұхамедов ашады. Эстафетаны одан әрі қазақтардың алғашқылары болып әлем чемпионы және әлем кубоктораның иегерлері болған КСРО еңбек сіңірген бапкері - Марат Жахитовтың (Жамбыл) шәкірттері жалғастырады. Олар - Қанат Байшұлақов пен Талғат Байшұлақов, солармен қатар КСРО халықтары Спартакиадасының жеңіпазы - Сәлкен Жартыбаев. Жамбыл облысы, және жалпы Қазақстан самбо дамуына қомақты үлес қосқан энтузиастары, қажырлы еңбек еткен азаматтар - Марс Ұрқымбаев, Мақұлбек Байгелдиев және Алтынбек Оразбаев. Жеңіс дәйтүрін жалғастырушы қазақ самбошылары - Арман Ташметов, Бауыржан Садыханов, Асылбек Әлкей, Серік Оразханов, Медет Торғаев т.б. Торсық. Қазақтар жүздеген жылдар көлемiнде қымызды айырықша ыдыста дайындаған. Көшпелi өмiр ыдысты әрi-берi алып жүру үшiн ыңғайлылықты талап еттi. Бұлар торсық және саба деп аталынған. Торсық - 10-30 литрлiк сыйымдылықта терiден өнделiп жасалған қапшық. Терi iшiнен шелмен тiгiледi. Саба. Қазақтар жүздеген жылдар көлемiнде қымызды айырықша ыдыста дайындаған. Көшпелi өмiр ыдысты әрi-берi алып жүру үшiн ыңғайлылықты талап еттi. Бұлар торсық және саба деп аталынған. Саба - 50-100 литрлiк ұзынша мойынды пирамидалық қапшық. Саба iрi әрi жақсы семiздетiлген аттың терiсiнен жасалады. Терiнi жүннен тазартып, арнайы тұзды суда өндеп, сүрлейдi. Сабаның қайыңның, тобылғының түтiнiне сүрленуi қазақтардың ойынша қымыздың дәмiн жақсартады, сусынға ерекше хош иiс бередi. Қымыз. Қымызсыз қазақ асханасын елестету мүмкiн емес. Бұл ғажайып сусын қазақтардың барлық салтанатты думандарымызда бiрiншi кезекте берiледi. Ол туралы өлеңдерде, мақал-мәтелдерде айтылады, әйел адамның қабiлетiн ең алдымен оның қымыз әзiрлеуiне қарап бағалаған. Ыдыс түбiнде iшiлмей қалған қымызды төгiп тастау күнә болған. Қазақтар жүздеген жылдар көлемiнде қымызды айырықша ыдыста - торсық және сабада дайындаған. Қымыздың сапасы ең алдымен "ұйытқыдан" басталады. Қазiргi кезде қымыздың микрофлоры құрғақ түрде жақсы сақталады. Қымыздық ұйытқы ретiнде көктемде, қымыздық мезгiлдiң басында ұйытқы қолданылады. Ұйытқыны күзде дайындау үшiн қымызды бiрнеше тәулiкке қалдырады және ол екiге - жоғарғы мөлдiр және төменгi iрiмшiктiк қабатқа бөледi. Бұл тұнбаны селдiр матада сығып алады да, күнге кептiредi және келесi маусымға (мамыр) дейiн жабық ыдыста, салқын жерде сақтайды. Ұйытқыны тiрiлту үшiн ұнтаққа буландырылған бие сүтiн 3-4 ас қасығына есептей отырып, 5 литр сүтке араластырады және дүркiн-дүркiн араластырып отыру арқылы жылы жерде бiр тәулiк сақтайды. Бiр тәулiктен соң ұйытқыны қымыз дайындау үшiн пайдаланады. Одан әрi қарай қымызды жасап шығару үшiн ендi ұйытқыны емес, кәрi қымызды 1 литр қымызға 6-7 литр бие сүтiн есептей отырып пайдаланады. Қымызды әзiрлеу үшiн булы бие сүтiн ұйытқымен бiрге сабаға құяды да, түнге қалдырады. Келесi күнi әрбiр сауыннан аши бастаған сүтке бiрнеше жаңа бөлiктерiн қосады, жақсылап араластырады да, 10-15 сағат сақтайды. Дегенмен, мұндай әдiспен алынған қымыз әлi әлсiз және аз газдалған, қою, тағы да мұқият араластырады да бiр күн қоя тұрады. Мұндай өндеудiң нәтижесiнде екi күндiк орташа қымыз пайда болады. Дайын қымызды басқа ыдысқа құяды. Айта кету керек, сабадан барлығын емес, оның бөлiгiн (шамамен 1/5) қымызды ғана құйып алып, қалғанын ұйытқыға қалдырады. 10-15 күн өткеннен кейiн саба толығымен босатылады, қосымша сүрленедi және маймен сыланады. Сабаны қымыз дайындау үшiн бiр-ақ маусым пайдаланады. Сабада әзiрленген қымыз жоғары дәмдiк сапамен ерекшеленедi. Қазақтар қазымен үйлес майлы қымызды жақсы көредi. «Ауруға ем, сауға қуат дәрі қымыз»,— деді Жамбыл атамыз. Қымыз қазақ халқының ұлтық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастарқан дәмінің бірі. Ол тек қана бие сүтінен ашытылады. Әдетте сауылатын биелер сақа бие, қулық бие, қысырақ бие деп үшке бөлінеді. С ақ а бие — бірнеше кұлындаған, бұрыннан сауылып келген бие. Қ у л ы қ — құнажын немесе дөнежін жасында алғаш құлындаған бие. Ал, қ ы с ы р а қ бие деп, өткен жылы кейбір себептермен қысыр қалған, құлын орнына тайы (былтырғы құлыны) еміп жүрген биелерді айтады. Биыл құлындамағанмен тайы еміп жүргендіктен ондай биелер сауыла береді. Жыл мезгілдеріне, шөп шығымына, малдың күйіне қарай сауылатын биелерді мал иесі мен жылқышы іріктеп алады. Онда биелердің ауру-сырқаудан амандығы, құлындардың ширақылығы еске алынады. Жадау биелер немесе қарақұлақ болып марқаймаған кұлындар белгілі бір мерзімге дейін байланбайды. Бие байлау деп енелері сауылатын құлындарды ноқталап, желіге байлап ұстауды айтады. Құлыны байланған биелер қашан құлыны ағытылғанға дейін ауыл маңына жайылады. Сондықтан тозған қоныс жиі-жиі ауыстырылып отырылады. Жыл сайын алғаш бие байлаған күн «Бие байлар». «Желі майлар» деген дәстүрмен мереке сияқты өткізілген. Әдетте бұл күні сүр асып, мол табақ тартылады, желінің қазығына, айғырдың жалына май жағылады. Бие байлау ел жазғы жайлауға шығып, шөптің нәрі толған кезде басталған. Дәлірек айтсақ бие байлау мерзімі — көкек (апрель) айының аяғы мен мамырдың (май) басы. Бұл кез кұлындар әбден марқайып жетіледі, 5—6 сағат байлауда ұсталады, сауым сайын емізіп, жетектеп жүріп сергітіледі. Көктемде және шілде айларында биелер жиі сауылады. Биені бие көнекке немесе ағаштан істеп ысталған бие шелекке сауады, әдетте бие саууға бұрыннан үйренген әйелдер ғана шығады. Жаңа сауылған бие сүтін сүзгіден өткізіп, жылы кезінде күбідегі немесе сабадағы саумалдын үстіне құяды. Содан сон оны міндетті түрде 30—40 минут пісіп аузын байлап не тығындап ұстаған. Алғаш рет қымыз ашытарда бие сүті сабаға арнаулы ашытқының немесе қордың үстіне құйылады. Ашытқыны көбінесе сүр жаяның, қазының сынық сүйегін салып сүттен, ол жоқ болғанда сүтке нан ашытқысын езіп әзірлейді. Қор дегеніміз ескі қымыз, ол жақсы ашыған қымыздың саба түбінде қалатын, арнайы сақталған сарқыны. Сары қымыз дертке шипа, денеге күш. Қымыз ерекше дәмді, кұнарлы, жан сарайыңды ашып, адамның зауқын келтіретін хош иісті және өте сіңімді сусын. Оның бұлай болу себебі жылқы жануардың өзіне ғана тән асыл қасиетінен болса керек. Адымы кең, өрісі ұзақ сәйгүлік саңлақтар қазақ даласының кек байтақ жайлауын емін-еркіндеп, дәмдіден-дәмдіні, коректі мен құнарлыны ғана тереді, өсімдіктің шұрайлысын ғана үзеді. Сөйтіп кең даланың сан алуан гүл-бәйшешектері мен мың түрлі дәрі-дәрмектік шөптерінен жылқы жарықтық адамға шипалы, жағымды тамақтық заттар әзірлейтін болса керек. Қымыздың атам заманнан бергі өзіне тән ыдысының бірі — қазақтың қара с а б а с ы тек қана жылқы терісінен тігіледі. Бұл бұдан бірнеше ғасыр бұрын, көшпелі дәуірде игерілген ыдыс болса керек. Сабаға ашытқан қымыз бір жағынан сүйкімді, дәмді болса, екінші жағынан көші-қон жағдайында алып жүруге өте қолайлы. Қымыз саба, торсық, көнектер әзірлеуге көп мінілмеген, тер сіңбеген, ауырмаған, арқасы жауыр болмаған, семіз жылқының терісі таңдап алынады. Ол қыс бойы от жағылатын асхананың (шошаланың) төбесіне кептіріліп, жаз шыға қайтадан жібітіледі де, кұрымға салынады. Құрым дегеніміз — шошаланың төбесіне жиналған қара күйе, ыс. Саба, торсық жасайтын шеберлер қара күйені сыпырып алып қайнатады да, әрі ащы, әрі қышқылы мол, қою шай сияқты сұйық зат әзірлеп, теріні соған батырады. Ол құрымда 20—30 күн ұсталып, жүні, шелі, ет қалдықтары тазартылады. Осыдан кейін тері ширап, шымырланып және коныр-қошқыл түске енеді. Осындай әдіспен иленген тері шуда жіппен көктеліп, ішіне құм толтырып керіледі де, кептіріледі. Кебуі жеткен саба шерткенде сыңғырлап тұрады. Бұл саба жасау әдісінің бірінші сатысы. Ал, екінші сатысында әлгі кептірілген ыдыстар жылқының сүр етінің және қымыздың майымен сіндіре майланады. Майлаудың нәтижесінде сабаның тігістері кірігіп, бекіне түседі. Саба жасау әдісінің үшінші сатысы оны ыстау. Бұл жауапты істі маман, әдетте жұртқа танымал болған, осы іске қабілеті бар адам ғана жүргізген. Өйткені тәжірибесіз, шалағай адамдардың өрт шығарып алуы, сабаны күйдіріп алуы немесе шала-шарпы ыстауы мүмкін. Ысты көбінесе үй іргесінен аулақ, шөп-шаламы жоқ, суы жақын өзен жағасында, құдық басына салады. Мысалы, жарқа-бақтан отын салатын оттық ойып алады да, оның төріне жалғастыра ұзын өңеш 15—20 метр, кеңдігі 50—60 см ор қазып, ішін жалын жетпестей етіп, кірпішпен астарлайды. Осы өңештің екінші басында құдықша етіп қазған ыс-ошағы болады. Оның беті темір тормен жабылып, әр жерінен арнаулы тесік қалдырып сыланады. Осы «ошақтың» үстіне балшықтан шошала қалайды немесе киіз күрке тігеді. Сонда ыс түтіні өңештен ошаққа келіп күркенін ішінде булығып, үнемі бықсып жататын болады. Ысқа жағылатын отын бүрі түспеген жас тобылғы мен қараған. Кейбір ысшылар сабаға, торсықка ерекше иіс беру үшін отынға аздап арша, кекпек, кұрғақ көк пішен қосып жағады. Қымыз ыдыстарынын енді бір негізгі түрі — күбі, ол отырықшылық жағдайға бейімделген. Күбі ауыз жағы тарлау, түп жағы кеңірек етіп еменнен жасалады. 60—70 және 100 литр кымыз сиғандай, әр түрлі мөлшерде болады. Оның іші де апта сайын жуып кептіріліп, сүр еттің майымен, қойдың құйрығымен майланып, тобылғы дүзгін, құлмұрын ағаштарының, қоғажай дейтін шөп түбінің түтінімен ысталып отырады. Күбіні баптай білген үйдің қымызы да дәмді болады. Қымыз еш уақытта темір ыдысқа құйылмайды. Саба, күбі піспегінің басы аршаның қызылынан ойылып, саба да жақсы ағаштан жасалған және сүйек, күміспен өрнектелген. Піспек, бие сауатын шелек, қымыз тегене, шөміштер де жиі-жиі ысталып отырған. Қымыздың бабы пісу мен сапыруға байланысты. Жиі-жиі піскен қымыздың дәмі кіре береді. Ал, пісуі жетпеген қымыз ірімтіктеніп, суы бір бөлек, тұнбасы бір бөлек болып, бұзылып, сапасын жояды. Көбірек пісілсе тіпті күшті деген қымыздың өзі жұмсап, ішуге сүйкімді бола береді. Бал татыған барқыт қымыз осындай баппен дәмді. Емдік қасиеттері. Бие сүті ең алдымен қазақтарды кеңінен жайлаған аурудың бірі болып отырған құрт ауруына бірден-бір ем. Қазіргі кезде қымыз бен шұбаттың көптеген ауруларды, атап айтқанда өкпе ауруларын емдеуде, қан айналу жүйесіндегі қан тамырларының жұмсақтығы мен беріктігін қамтамасыз ететіні, қандағы қызыл қан түйіршіктерімен (эритроцит) гемоглобин синтезіне әсер ететіні, ағзада жүретін зат алмасу процестерін жақсартып, жалпы иммунитетті күшейтетіні анықталған. Шұбат. Түйеден өндiрiлген бұл сусын қазақ аспаздығында кеңiнен қолданылады. Өзiнiң биологиялық құрамы бойынша тек қана нәрлi және дәмдi азық қана емес, сондай-ақ А, В1, В2, С дәрумендерiнiң көзi. Мысалы, В1, В2 дәрумендерi бойынша түйе сүтi сиыр сүтiнен асып түседi. Шұбаттың бiр литрi адам ағсасының С дәруменiне және рибофлавинiне тәулiктiк қажеттiлiгiн қанағаттандыра алады. Шұбат айранға қарғанда май, ақуыз, кейбiр минералды заттарға, дәрумендерге өте бай. Әзiрлеу технологиясы да қымызды әзiрлеу технологиясына ұқсас. Шұбаттың сапасы көбiнесе ұйытқыға байланысты. Шұбаттың ең жақсысы - күштiсi болып табылады. Шұбат та қымыз секiлдi әлсiз - тәулiк iшiнде - жетiле бастаған, орташа - екi тәулiктiк және - үш тәулiктiк болып бөлiнедi. Бұрын қазақтар қою түйе сүтiн шәйға қосып iшкен, оның үстiне түйе сүтiн олар сиыр сүтi ретiнде пайдаланды. Шұбаттан басқа, қазақтар түйе сүтiне басқа да жануарлардың сүтiн қоса отырып түрлi сүт тағамдарын өндiрiп шығарған. Мысалы: сүзбе (қатық), құрт. Айран. Қазақ аспаздығында айран кеңiнен қолданылады. Оған салқындатылған сусын, әрi тағам болып табылатын түрлi сорпалар қосады. Айранды дайындау үшiн сиырдың не ешкiнiң сүтiн қайнатады да, +35, 40 С-қа дейiн салқындатады. Онан соң айран не кефир (1 стақан айранды не кефирдi 5 литр сүтке) құяды. Онан соң ыдысты қақпақпен жауып, сүлгiмен орап, жылы жерге қояды. 4-6 сағаттан кейiн айран дайын. Қаймақ. Қаймақты бiрнеше түрлерге бөледi. Егерде қою сүттi салқын жерге бiрнеше сағатқа қалдырса, онда "шикi қаймақ" алуға болады. Қайнатылған сүттiң көбiгiн қазақтар "пiскен қаймақ" деп атайды. Қою қаймақты "кiлегей" не "маңыз" деп атайды. Қаймақтан өте дәмдi әрi пайдалы тағам - "бал қаймақ" алынады. Ол үшiн жаңа өндiрiлген қою кiлегейге кiшкене ұн (200 г кiлегейге 3 шәй қасық ұн қосу арқылы) қосады да, бiрыңғай масса алынғанша қайнатады. Бал қаймақты дайындау үшiн қант не бал (1 стақан қаймаққа 2 шәй қасық қосу арқылы) қосады. Қаймақ. Бұл тағамның бірнеше түрлері бар: піскен қаймақ, шикі қаймақ, кілегей қаймақ, бал қаймақ, тағы басқалары. Олар май айыру, шайға қату, талқан былғау және әр түрлі тамақтарға қосу үшін, кейде қаймақ күйінде пайдалану немесе басқа тамақтарға (нанға, бидайға, тарыға т. б.) жағып жеу үшін әзірленеді. Піскен қаймақ пісірілген сүттің бетінен алынады, ол көбінесе сүтпен бірге шайға қатылады, бидай мен талқанды былғап жейді. Шикі қаймақ шикідей тұндырып қойған сүттің бетінен немесе сепаратор машинасына тартылған сүттен алынады. Одан сары май алынады. Кілегей қаймақтан да сары май алынып, жүдеу адамдарды оңалтуға пайдаланылады немесе басқа тамақтарға қосып дәмі келтіріледі. Бал қосып қоюландырған тәтті бал қаймақ сырқат адамдарға шипаға, қарттарды силауға жұмсалады. Сірне немесе шырынды қаймақ деп беті бір рет алынған сүтті пісіргенде тұратын жұқа, майы аз қаймақты айтады. Қатықтың қаймағы деп ұйыған айран, қатықтың бетіне тұрған қаймақтарды атаған. Құрт (тағам). Дайындау түрi. Құрт. Сабада жиналып пісілген іркітті майы алынғаннан кейін түбіне май жаққан үлкен қазанға құйып қайната береді. Құрт қайнап жатқан кезде оның түбі күйіп кетпес үшін арнаулы құрт былғауышпен (басында кырғыш темірі болады) әлсін-әлсін қазанның түбін, ернеуін қырып араластырып отырады. Әбден қойылған құртты қапқа құйып керегеге асып қояды, сонда оның қалған суы тағы да ағып, құрғайды. Бұдан кейін қолмен бөлшектеп, тақшаға, шиге, колмен сықпалап өреге жайып кептіреді. Көгермей, кызбай біртегіс кебу үшін өреде жатқан кезде оны бірнеше рет аударыстырады. Осындан әдіспен кайнатып, кептіріп алған құрт жыл бойына, кейде 2—3 жылға дейін сақтала береді. Кұрт күшті ас, ол әр түрлі тамаққа қосылады. Құрттан істелетін немесе кұрт қосылатын тағамдардың кейбір түрлерін айта кету қажет. Ж а с қ ұ р т. Сүзбеде тұрған құртты сары маймен жентектеп бастырма ретінде шаймен бірге дастарқанға қояды. Әсіресе кепкен құртқа, бауырсаққа тісі өтпейтін қарттар үшін өте кенеулі ас саналады. Ертеректе жас құртты мипалауға, құйрық-бауырға қосқан. Құрттың сарысуын сүт қосып қайнатып, ірімшік жасайды, ауырған малға ішкізеді, әйелдер бас жуады, сондай-ақ одан тері илеу үшін малма жасайды. Қ ө б і к. Қайнап жатқан кұрттың қалқып алған беті. Майлы, кенеулі ас ретінде жас балаларға, қарттарға калқып беру салт болған. Бұрын құрт қайнатқан үйден көбік жалаймыз деп, ауыл балалары келіп жиналатын әдет те болған. Ыстық құрт. Қайнап жатқан құртты алып, май қосып сапырып ішетін кенеулі ас. Өкпе ауруына, суық тиіп ауырған сырқаттарға ем саналған. Сықпа құрт. Мұның кайнатқан кұрттан айырмашылығы сол ашыған айран қапқа кұйып сүзіледі де тұздалып, әр түрлі үлгімен бөлшектеліп тақшаға кептіріледі. Сықпа құрт та бастырма ретінде пайдаланылған. Мұндай кұрт жайған әйел ауыл балаларына арнап дөңгелек жасап, жіпке тізіп мойындарына іліп қуанту салты болған. М а л т а. Езілген құрттың таусыншақ түйіршіктері, ол әрі жұмсақ, әрі сүйкімді ас саналады. Ұзақ сапарларда ауызға салып суын жұтқан кезде әрі сусын, әрі қорек болған. Езген құрт. Сорпаға, тұздыққа, көжеге және басқа тағамдарға қосу немесе сұйық күйінде ішу үшін кепкен құрт астауға салып ұнталады, келіге түйіледі немесе қол тиірменге тартылады. Езген құрт — ұлттық тамақтардың ең бір сүйкімдісі және кенеулісі. А қ м а л т а. Езген құрттың ең соңғы шайындысы. Ол өте жұғымды және тез сіңетін тағам болып саналады, оны сол сұйық түрінде ішеді. Ұнтақ құрт. Арнайы түйіп ұсатқан немесе қап түбінен жинап алған үгінді. Оны сүттің піскен қаймағына былғап жейді. К ұ р т - м а й. Сары майға батырып табақ жасайтын кепкен сықпа жалпақ құрт. Оны асығыс кезде дәм таттыру үшін немесе жеңіл-желпі түстік ретінде дастарқанға қояды. Кейде құрт, ірімшік, май тағамдарының қосындылары да кұрт-май деп аталады. Кұрт-көже. Сорпаға, көжеге құрт езіп ішу қазақ арсында көп тараған және ол кенеулі, күшті, қадірлі ас. Iрiмшiк. Iрiмшiктi сиырдың, ешкiнiң сүтiнен жасайды. Қой сүтiнен жасалған iрiмшiк ерекше дәмдi болады. Сары iрiмшiктi дайындау барысында мәйектi - жаңа туған қозының ферментiн пайдаланады. Мәйектi аздап тұздайды және қараңғы жерге қояды. Содан кейiн ғана оны сары iрiмшiк қайнатуға пайдаланады. Қазанның iшкi бөлiгiн маймен сылайды, булы жылы сүт құяды. Мәйектi жылы сумен жуып, сүтке салады. Қазанның қақпағын жабады, сыртынан сүлгiмен орайды да 2-3 сағат ұстайды. Одан әрi мәйектi шығарып алады да, кептiредi. Сүттi суы кеткенше және қою сары масса алынғанша қайнатады. Одан соң массаны салқындатады, қатты емес матаға салып, кептiредi. Кептiрiлген сары iрiмшiк көпке дейiн бұзылмайды. Дәмдi, нәрлi, пайдалы. Сүзбе. Сүзбенi айраннан әзiрлейдi. Ол үшiн айранды кенептi қапшыққа құяды да, одан ағызады. Қалған қою масса сүзбе болып табылады. Одан кейiн сүзбеге кiшкене тұз салады. Қазақтар сүзбеден құрт жасайды. Кейбiреулер мұны "қатық" деп атайды. Сүзбеден қазақтар құрт жасап, оны ет тағамдарына астатым ретiнде қосып пайдаланады, тың түрiнде де қолданады. Уыз. Уыз дегенiмiз - бұл туылған жатырдың 4-8 тәулiктен кейiнгi сүтi. Бұл сүтке қарағанда қою, сары түстi, қышқыл дәмдi. Нәрлiлiк қасиетi бойынша уыз сүттен асып түседi. Дайын уыз - тек балалардың дәмдi тағамы ғана емес, оны үлкендер де сүйсiне жейдi. Уызды пайдалану денсаулыққа өте пайдалы. Уыз. Жаңа төлдеген малдың төлі емгеннен кейінгі алғашқы сүтінен пісіріледі. Өте дәмді ақірімшік болады. Төл емгеннен кейінгі сары уыз бүйенге, ішекке кұйылып, етпен бірге пісіріледі. Бұл уыз қазақ халқының мал төлдейтін айлардағы ең бір сүйсініп жейтін тамағы. Жылқы етi. Қоңыр түстi жылқы етiнiң тiлiгiнде күлгiн түс болады. Жылқы тушасының ерекшелiктерi: шет жақтары дөңгелектенген 18 қабырға, мойынның жоғарығы бөлiгiнде - майлы шөгiндiлерi болады, майдың түсi ақтан сары-қызғылт сарыға барады. Жылқы етiнде 75, 3 пайыз су, 21,7 нәруыз, 2,5 май және 0,5 пайыз көмiрсутегi бар. Жылқы етiнiң майы жеңiл балқитын болғандықтан, ол ағзамен жақсы игерiледi. Еттiң бұлшықтарында гликогеннiң бөлуi (жануар крахмалы) оған өзгеше тәттiлеу дәм бередi. Сиыр етiне ұқсастығына қарай жылқы етiнен пiсiрiлген, қуырылған және бұқтырылған тағамдар жасалады. Жылқы етi талшықтық құрылымы ерекше болғандықтан ұзақ пiсiп жетiледi. Сондықтан оны сiрке суының көмегiмен ептеп жұмсартуға кеңес берiледi. Бұл сондай-ақ еттiң тәттiлеу өзгеше дәмiн аластатуға көмектеседi. Жылқыдан қазақша ет, манпар, дұнған кеспесi, бефстроган, турамыш, ұрылған, бұқтырылған котлеттер, түрлi турамалар, ет тағамдары әзiрленедi. Әсiресе жылқының деликатестiк сүр етi: жалы, қазы, сүр ет, шұжық, қарта ерекше бағаланады. Жалы. Жалы - жылқы мойынының жал үстi бөлiгiнiң сүрленген майы. Әзiрленуi. Сүрлемес бұрын жылқы тушасының мойын бөлiгiнiң жал үстi майын тiлiктеп кеседi, алдын ала тұзбен немесе тұз қоспасымен ысқылайды, араластыра отырып (100 килограмм шикiзатқа 2,5 килограмм тұз, 50 грамм селитра, 150 грамм қант) тұздайды. Ысқыланған тiлiктердi бөшкеге нығыздап салады, бiр тәулiк өткеннен кейiн оларды тұздықтап, 2-3 сөткеге қалдырады. Майдың тұздалған тiлiктерiн 1-2 салқын суға шылап қояды, жылы сумен шаяды, жеңiл-желпi кептiру үшiн оларды iледi, онан соң сүрлеуге көшедi. Қою түтiнмен (50 градустық температурадан жоғары) 12-18 сағат сүрлейдi, одан соң 10-12 градуста 3-4 сағат салқындатады. Сүрлеудiң соңғы кезеңi - 12 - градуста 3 тәулiк бойы кептiру. Мынаны да қараңыз. Жылқы етi Қазы. Қазақтардың ет даярлаудағы ең әйгілі ұлттық ерекшелікке ие тәсілдерінің бірі — қазы аудару. Жылқының ішегін жуып-тазартып, оған бір-бірлеп тілінген, әрі тұздалып, бұрыш сияқты дәмдендіргіштер қосылған жылқы қабырғасын майымен тығып, содан соң ішектің екі ұшын мықтап байлап арысқа асып кептіреді. Шамамен бір айда қазы мейіздей болып кебеді. Басқа іріқараның етінен жасалғаны шұжық деп аталады. Қазы майдың қалыңдығы 5 сантиметрге дейiн шөгiнделуi нәтижесiнде пайда болады. Бұл бөлiк пiсiрiлген түрiнде де, сүрленген түрiнде де өте құнды боп саналады. Қазыны әзiрлеу үшiн көкiрек қуысының әрбiр жартысынан (бұлшық еттерi бойынша) сүйектiң, қабырғаның тұтастығын бұзбай 6-дан бастап, 17-мен аяқтай отырып кеседi. Қабырғаны омыртқадан ажыратады, жұбымен: алтыншыны жетiншiмен, сегiзiншiнi тоғызыншымен және т.б. кеседi. Әрбiр жұптан iшкi жағынан шемiршектерiн алады, қабырғалар арасындағы талшықтарды қабырғалардың омыртқамен қосылған жерiнен бастап олардың шемiршекпен қосылған жерiне дейiн кеседi. Қазының әрбiр қабатына тұздау қоспасын не тұз себедi, 24 сағат сақтайды, тұзсу құяды және 2-3 тәулiк сақтайды. Одан соң қабырғаларды суық суға шылап қояды да, 1-2 сағат жылы сумен шаяды. дайын қабырғаларды жылқы не сиыр iшегiне салып, жiппен байлайды. Iшек қабатындағы қазыны 50-60 С-та қою түтiнге 12-18 қақтайды және 12 С-тық температурада 2-3 сағат салқындатады. Мынаны да қараңыз. Жылқы етi Сүр ет. Сүр ет жауырыннан жасалады. Ол үшiн жылқы етiн сүйектерi мен майларынан, құрғақ сiңiрлерiнен, шемiршектерiнен тазалап, 0,5-1 килограмнан аспайтын массада тiлiктерге бөледi де, құрғақ тұз (100 килограмм шикiзатқа 3 килограмм тұз, 50 грамм селитра, 150 грамм қант) себедi. Еттiң ұздалған тiлiктерiн бөшкеге салып, 3-4 С-та 5-7 тәулiк сақтайды. Еттiң тұздалу мерзiмi жақындағанда, салқын суға малып қояды да, 2 сағат шаяды, жiпке кередi, 50-60 С-та 12-18 сағат салқындатады. Жая. Жая бөксе бөлiгi және артқы аяқтан дайындалады. Туша бөлiгiнiң бұлшық ет талшықтарының жоғарғы қабатын алып, алдын ала араласқан тұзбен не тұз қоспасымен ысқылай отырып тұздайды. Ысталған тiлiктер бөшкеге нығыздалып салынады. Мерзiмi таянғанда бұлшық ет талшықтарымен тiлiктiң майларына тұзсу құйып, 4-6 тәулiк сақтайды. Одан соң 1-2 сағат суға малып қояды да, жылы сумен шаяды, таяқтарға iлiп, аздап кептiредi. Шұжық. Шұжық (;;; Bosnian "sudžuk/cyџyk"; Armenian "երշիկ" "yershig"; Араб тілі سجق "sujuq"; "sootsookee";) - жылқы етiнiң деликатесi. Онша семiз емес салқындатылған жылқы етiнен не салқындатылған немесе мұздатылған майдан әзiрлейдi. Жылқы етiн сүйектерiнен және сiңiрлерiнен, қосатын талшықтарынан ажыратады, 300-400 грамдап тiлiктерге кеседi және 3-4 тәулiк бойы 3-4 С-та құрғақ тұздауда (100 килограмм етке 3,5 килограмм тұз, 50 грамм селитра және 140 грамм қант) сақтайды. Тұздалынған еттi қолмен не еттартқышпен майдалайды. Оның үлкендiгi 12-24 милиметр болуы керек және ол майдалап кесiлген майлармен араластыралады. Шприц көмегiмен не қолмен дайындалған тураманы iшекке кiргiзiп, оны сақина түрiнде айналдыра байлайды. Сақиналарды жақтауларға iледi, 10-12 С-тан жоғары емес температурада 3-4 сағат ұстайды, одан соң 50-60 С-та 12-18 сағат сүрлейдi. Сүрленген түрдегi тағам ретiнде қолдануға арналған шұжықты салқындатып, кептiредi, сүрленген-пiсiрiлген түрде қолдану үшiн буға не суға 60-80 минут пiсiредi. Пiсiрiлген шұжықты 10-12 С-та салқындатады, қайтадан сүрлейдi (мерзiмi бiрiнше сүрленгендегiдей температурада болады), одан кейiн 2-3 тәулiк бойы 12 С-та кептiрiледi. Ауаның ылғалдығы 75 пайыз болуы керек. Туркi Султанат заманында шұжық Балканмен арабка жане арменияага тараган Қарта. Жаңа дайындалған түрде, қазақша еттi дайындағанда және сүрленген-пiсiрiлген салқындатылған дәмтатым ретiнде қолданатын қарта жоғары бағаланады. Қарта аттың қуырылмаған тiк iшегiнен әзiрленедi. Қартаны құрғақ тұздаумен (100 килограмм шикiзатқа 4 килограмм тұз) тұздайды және 2-4 С-та 2-3 тәулiк сақтайды. Одан кейiн еттi суға малып қояды, салқын сумен шаяды, жiппен екi ұшынан байлайды да, кептiру үшiн iледi. Сүрленген-пiсiрiлген түрде қолданылған қарта салқындатылған соң 80-85 С суда 60-70 минут пiсiрiледi. Мынаны да қараңыз. Жылқы етi Түйе етi. Түйе етi сиыр етiне дес бермейдi. Нәрлi құндылығы мен дәмдiлiк сапасы бойынша жақсылап семiздендiрiлген, ерекше жас түйенiң етi жақсы. Ол тез пiсiрiледi, қуырылады, дәмдiлiк сапасы жоғары және пiсiруге, қуыруға, iрi және ұсақ тiлiктерiн бұқтыруға, кесiлген тағамдар әзiрлеуге пайдаланылады. Түйе етiн жануарлар майын қолдану шектелген диетада пiсiрiлген диеталық тағамдарды қолданады, өйткенi, түйе етi iшкi майлардың қабатын құрайды. Түйе етiнiң майларын құрауы шошқа, қой және сиыр етiне қарағанда көбiрек. Өркештi ерiтiп, жоғары сапалы ақ түстi май алуға болады және ол қой мен сиыр майынан асып түседi. Жалпы, түйе етiнде 75-80 пайыз су, 18-21 пайыз нәруыз және 1-2 пайыз май бар. Одан басқа, калий, кальций, магний, фосфор, темiр, тағы басқа бiрқатар витаминдерi қатысады. Түйе етiн пiсiру оны ыстық суға салып, жануардың жасына қарамастан, 3-4 сағат әлсiз отта қайнатады. Сорпадан май мен көбiк дүркiн-дүркiн алынады. Пiсiрiлiп болғанға дейiнгi 30 минут iшiнде лавр жапырағын, бұршақты қара бұрыш, тұз салып, дәмдiлiгi мен дайындығына қарай жеткiзедi. Iрi тiлiктердi қуыру үшiн қиық пен жас малдың жұқа шеттерiн пайдаланды. Ал, ұсақ тiлiктердi қуыру үшiн (қуырмаш, азу, бфестроган, турамыш) еттi алдын ала 3 пайыздық сiрке суында 22-3 сағат маринадтау қажет. Бұл еттi жұмсақ етедi әрi дәмдiлiгiн арттырады. Достастық кубогы. Кеңес Үкiметi ыдырағаннан кейiн олардың арасындағы байланысты ұстап қалудың неше түрлi жолдары қарастырыла бастағаны белгiлi. Футболдан Достастық елдерiнiң арасында бiр турнир болуы керек екенiн ескерген ТМД футбол федерациясы 1992 жылдың шiлдесiнде жыл сайын Достастық елдер чемпиондарының кубогы өткiзiлiп тұрады деп шештi. Ал, негiзi Достастық кубогының «туылған күнi» деп 1993 жылдың 25 қаңтарын айтуға болады. Себебi, дәл сол күнi әзiрбайжандық «Нефтчи» мен латвиялық «Сконто» матчы арқылы бүгiнге дейiн жеткен турнирдiң тұсауы кесiлген болатын. Мiне, сол кезден бастап Достастық кубогы ылғи қыста ұйымдастырылып келедi. Өйткенi, жылдың басқа мезгiлiнде осы елдер арасында турнир ұйымдастыру мүмкiн еместiгi белгiлi. Сондай-ақ, алғашында турнир басқа елдерде де өтiледi делiнгенiмен, осы уақытқа дейiн Ресейдiң шекарасынан ары аса алмай жүр. Осыған дейiн 16 рет өткен турнирдiң он бесiн Мәскеу қабылдаған болса, тек соңғысы ғана Санкт-Петербор қаласында өттi. Алғашында ТМД чемпиондарының кубогы футболдан халықаралық байланысты ұстап тұрған турнир саналса, кейiн келе «дарынды футболшылар көрмесi» деген бейресми атауға ие бола бастады. Себебi, он бес мемлекеттiң ең үздiк ойыншылары өзара күш сынасып, жақсы өнер көрсеткендерi өз клубынан беделдi командаларға шақырту ала бастады. Мәселен, 1993 жылы «Пахтакордың» сапында жасындай жарқылдаған Валерий Кечинов мәскеудiң «Спартагына» ауысып кеткен болса, 2003 жылы тираспольдiк «Шерифтiң» намысын қорғаған Чиди Одиаға «ЦСКА-ның» көзi түстi. Дегенмен, осы мәртебелi турнир туралы сөз қозғағанда Андрей Шевченко, Каха Каладзе, Дмитрий Аленичев сынды футболшылардың есiмдерiн атамай кетуге болмайды. Бұл үшеуi де Чемпиондар лигасын жеңiп алған футболшылар. Яғни, алғашқы екеуi итальяндық «Милан», соңғысы португалдық «Порту» сапында Еуропа чемпионы атанған. Сондай-ақ, Сергей Ребров, Дмитрий Сычев, Шота Арвеладзе секiлдi сайыпқыран футболшылар да спорттық баспалдағын Достастық кубогынан бастаған екен. 2003 жылдан бастап Достастық кубогына ақырындап қызығушылық азая бердi. Оның бiрден бiр себебi ретiнде мамандар сол жылғы Украина чемпионы донецкiлiк «Шахтердiң» турнирге қосалқы құрамын жiберуiмен байланыстырады. Одан кейiн алаңға қосалқы құраммен шығу Ресей мен Украина клубтары арасында сәнге айналып, турнирдiң мәртебесiн тiптен төмендетiп жiбердi. Осыны ойлаған Ресей футбол одағының президентi Виталий Мутко 2007 жылдан бастап он алтыншы команда ретiнде шығыс Еуропа елiнiң чемпионын шақырта бастады. Оның алғашқысы ретiнде биыл да додаға қатысуға келген сербиялық «ОФК-ны» айтуға болады. Қазақстан үлесі. Қазақстанның атынан шыққан Ақтөбе ФК 2 рет қатарынан финалға дейін жетіп чемпион атана алмады. Мамыров, Мәулен. Мәулен МАМЫРОВ - талдықорғандық еркін күрестен шебері, салмақ дәрежесі - 52 кг. 1970 жылы 14 желтоқсанда бұрынғы Талдықорған облысы Қаратал ауданы Ағиық ауылында дүниеге келген. 1996 жылғы Атланта Олимпиадасының қола жүлдегері. Әлем чемпионатының қола жүлдегері (1997 жыл). Екі дүркін Азия чемпионы (1997 және 1999 жж.). Шығыс Азия ойындарының екі дүркін жеңімпазы, (1997 және 2001 жж.). КСРО Кубогының иегері(1990 жыл). Бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы. Байрамуков, Ислам. Ислам БАЙРАМУКОВ - Қазақстан еркін күрес шебері. 1971 жылы 12 маусымда Жамбыл облысы Луговой ауданы Каменка ауылында дүниеге келген. 2000 жылғы Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері. Салмақ дәрежесі - 90-96 кг. Екі дүркін Азия Кубогының иегері (1994 және 1997 жж.). Азия чемпионы (2000 жылб 96 кг). Екі мәрте Шығыс Азия ойындарының чемпионы (1999 және 2001 жж.). Бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы. Каспий теңізі. Каспий теңізі — әлемдегі ең үлкен көл деп есептеліп "теңіз" атағына ие. Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл. Каспий аумағы — km², ең терең орны — 1025 m. Теңіз кескіні S әрпіне тәріздес. Георгафия. КАСПИЙ ТЕҢІЗІ -Еуразия құрлығының орталығында, мұхиттардан алыста, оқшау жатқан тұйық су алабы.Дүние жүзіндегі ең ірі тұйық су айдыны, үлкендігіне қарап теңіз деп атайды.Ауданы 376 000 км2.Меридиан бағытында 1200 км-ге созылған,орташа ені 300 км.Жағалау сызығының ұзындығы 7000 км, оның Қазақстанға тиесілі ұзындығы 2340 км,қалғаны Ресей, Әзербайжан, Түрікменстан және Иран жерімен шектеседі. Беті мұхит деңгейінен 28 м төменде жатыр. Ентерең жері 1025 м, орташа тереңдігі 180 м. Ірі шығанақтары: Маңғыстау,Қазақ,Қара-бүғазкөл,т.б. 50-ге тарта аралдар бар. Ірі түбектері Маңғыстау,Апшерон,Аграхан,Красноводск,Шелекен. Құрлықтық қайранда орналасқан солт. бөлігі тай-ыз (10 — 20 м). Орта тұсын-дағы ойпанда тереңд. 788 м. Оңтүстік бөлігі терең ойпаң (1025 м). Судың беткі қабаты жаз айларында солтүстігінде 24 -26°С, оңт-нде 27 - 28°С-қа дейін жылынады. Қыста солтүстігінің тайыз бөлігі қатады, оңтүстігінде судың температурасы 10°С-қа жуық болады. Каспий теңізіне 130-дай өзен құяды. Ағын су көлемінің 80%-ін Еділ, 5%-ке жуығын Жайык өзендері берсе, Терек, Сулак, Са-мур өзендері 5%-тен астам, Кура өз. 6%-тін береді. Иран жағалауындағы өзен мен Кавказдың кіші өзендері 4%-ке жуығын береді. Жалпы жер беті суының теңізге келіп құятын ең көп жөне ең аз жылдық айырмасы жүз жыл ішінде 260 км3-ді құрады. Теңіз суы бетіне шақканда өзен ағынының мұндай өзгеруі К. т. деңгейін 67 см-ге өзгертеді. Басқаша айтқанда Каспий теңізінің деңгейінің жыларалық өзгеруі құбылысында өзен ағыны ғана жарты метрді құрайды. Теңізге келіп түсетін атмосфералық жауын-шашын мөлшері тым аз. Ол теңіз деңгейін 1 см-ге ғана көтереді. Каспий теңізінде Қарабұғазкөл шығанағының маңызы зор. Әсіресе, оның суының деңгейі мен тұздылығын сақтауға ыкдал етеді. Теңізден келген әрбір км3 су шығанаққа 13 — 15 млн. т әр түрлі минералды тұздар алып келеді. Қарабұғазкөл теңіздің буландырғышы рөлін атқарады. Каспий теңізінің тұздылығы Еділ мен Жайық өзендері сағасына жайдын маңында 0,1 — 0,3%о, оңтүстік -шығыс-та 13%о-ге дейін көтеріледі. Теңізде желдің,өзен суының және жағалау сызығының әсерінен циклондық айналма ағыс пайда болады. Юдахин, Константин Кузьмич. Константин Кузьмич Юдахин (1890 жылғы мамырдың 31-і, Орск — 1975 жылғы ақпанның 22-сі, Фрунзе қаласы) — орыс кеңес тілтанушысы және түркологы, маңызын қазірге дейін жоғалтпаған қырғызша-орысша сөздіктің ауторы. Өмірбаяны. Орск қаласында туған, балалық шағы Әулиеата, қазіргі Тараз қаласында өткен. 1910 жылы Ташкент қаласындағы мұғалімдер семинариясын бітірген соң Шымкент уезінің Манкент және Қарабұлақ өзбек қыстақтарында мұғалім болып жұмыс істеді. 1914-1920 жылдары Шыңжанда (Шығыс Түркістан) тұрып, ұйғыр халқының өмірі, тіршілігі, салт-дәстүрлері және тілімен жақыннан танысты. 1920 жылы Түркістан АКСР-ында жаңа оқулықтар жазумен айналысты. 50-шы жылдардың басында Ташкенттегі Ортаазиялық университеттің шығыс тілдері факультетінде екі мамандық —түркі филологиясы және иран филологиясы бойынша оқыды. 1925 жылдан бастап Ленинград университетінде өзбек, қазақ, қырғыз және ұйғыр тілдерінен сабақ бере бастады. 1932 жылы Мәскеу шығыстану институтына ұйғыр тілі кафедрасының меңгерушісі болып ауысты. 1940 жылы оған профессор атағы берілді. 1944 жылдан өмірінің соңына дейін Қырғызстанда жұмыс істеді. 1949 жылы филология ғылымдары докторының атағына ие болды. 1952 жылдан Өзбек КСР-і Ғылымдар Академиясының корреспондент-мүшесі, 1954 жылдан Қырғыз КСР-і Ғылымдар Академиясының толық мүшесі. 1947-1951 жылдары Қырғыз КСР-інің Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Ғылыми және педагогикалық қызметі. Константин Кузьмич Юдахин бүкіл өмірін Орталық Азияның түркі тілдерін зерттеуге арнаған. Оның ғылыми-педагогикалық қызметінің ең жемісті кезеңі болып Қырғызстандағы кезеңі болып саналады. Сонда ол түрлі жылдары КСРО Ғылымдар Академиясының Қырғыз филиалында тіл секторының меңгерушісі, сонымен қатар Қырғыз мемлекеттік университетінің қырғыз тілі кафедрасында, М.В. Фрунзе атындағы педагогикалық институтта, В.В. Маяковский атындағы қыздар педагогикалық институтында, Ферғана мемлекеттік педагогикалық институтының өзбек тілі кафедрасында профессор-консультант болып қызмет етті. Өзбек, қырғыз және ұйғыр тілдерінің лексикографиясы, лексикологиясы, диалектологиясымен тарихын зерттеген. Ол құрастырған қырғызша-орысша, өзбекше-орысша, ұйғырша-орысша сөздіктері кеңінен танымал болған. Бірнеше орден және медалдармен марапатталған. Орысша-қырғызша сөздігі. Юдахин өзінің сөздігін 1928 жылғы мамырдың 6-сында бастаған. Кейінірек оған Х.К. Карасаев және Дж.Ш. Шукуров келіп қосылған. Алғашқы рет ол сөздік 1940 жылы басылып шықты. Көзі тірісінде ол сөздік бірнеше рет басылып шыққан. Ол сөздік кеңінен танымал болып, орыс бөлігі түрік тіліне аударылып, Түркияда қырғызша-түрікше сөздік болып шықты, ол да бірнеше басылым көрді. Солардың бірі — «Қырғызша-орысша сөздіктің» 1965 жылғы басылымы. Ол Мәскеудегі «Совесткая энциклопедия» баспасында 15 000 данамен басылып шықты, бағасы (мұқабасымен бірге) — 3 сом 21 тиын. Беттер саны — 975, қамтылған қырғыз сөздерінің саны — 40 000. Шымборска, Вислава. Вислава Шымборска () — поляк ақыны, Әдебиеттен Нобел сыйлығының жүлдегері (1996). Оның кітаптары Польшада сатылым жағынан сол жердегі мықты проза жазушыларының кітаптарымен тең түсетін. Сонымен қоса оның олеңдері коптеген Еуропа тілдеріне жане араб, жапон, қытай тілдеріне аударылған. Өмірбаяны. 1931 жылы Шымборсканың отбасы Кракувке көшеді. Осыдан бастап оның өмірі осы қаламен тығыз қатысып жатты: осында оқыды, осында қызмет істеді, осында тұрақты тұрғын болып қалды. 1939 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда ол және де осында астыртын мектепте оқытушылығын жалғастыра берді. 1943 жылдан бастап ол темір жол жұмысшысы болып жұмыс істеді, әрі амалын тауып Алманияға зорлықты еңбекке әкетілуден құтылып қалды, осы кездерден бастап ол әңгімелер жаза бастады, оқта-текте өлең де жазды. 1945 жж. басында Шымборска Поляк тілі мен әдебиеті мамамандығына үйренді, кейіннен Кракувтегі Ягеллон университетінде Қоғамтану мамандығында білім алды. 1945 жылы наурызда оның тұңғыш жыры «Мен сөз іздеп жүремін»' "Dziennik Polski" ("Поляк күнделігі") ұнжариясында жарияланды. Осыдан кейін оның өлеңдері үнжария мен журналдарда арт-артынан жарық көре бастады. 1948 жылы жұбына жеткен кедейлік себебінен ол оқуын жол ортадан тоқтатуға мәжбүр болды. Сол жылы ол ақын Адам Влодекке тұрмысқа шықты, бірақ 1954 жылы онымен ажырасты. Осы мезгіле ол бір ағартушылық жарым айлық гэзетте хатшы эрі қыстырма сурет түсініктемешіші болып жұмыс істеді. 1953 жылы сталинизм Полшада өріс алғанда ол социализм істеріне белсене араласты, Ленинды, Сталинды, социализм жолын мадақтаған өлеңдер жазды. Сондай-ақ Полша бірлеспе жұмысшылар партиясына мүше болды. 1953 жылы ол әдеби шолуды мазмұн ететін "Życie Literackie" ("Әдеби өмір") журналына келді, сонда 1968 жылға дейін тапжылмай жұмыс жасады, сонымен қоса 1968 жылдан бастап жанамалай "Lektury Nadobowiązkowe" ("Мәжбүрисіз оқулық") атымен өзінің кітаптарға шолуын жариялай жүрді де, кейіннен бұл мақлаларды жинақтап кітап етіп шығарды. Шымборска Франсұз әдебиетіндегі Барокко үлгісіндегі өлеңдерді, және д'Обиньенің шығармаларын поляк тіліне аударды. Алманияда Шымборска көбінде оның еңбектерін неміс жұртына таныстырған Карл Дедециуспен байланыстырыла аталады. Өлеңдері. Бройгелдің екі маймылы Біреуі отыр, көзде мысқыл, міз бақпай, Жауап таппай мен қаңғырған сол сәтте — Жерден мәңгі тыныштық алған ол енді, Жазбаса да көп өлеңді не түрлі. Шымборсканың тағдыры үшін бір минөт үнсіз қалғайсың. Жұмаділов, Қабдеш. Қабдеш Жұмаділов — Қазақстанның халық жазушысы, тарихи романдар ауторы. Жұмаділов Қабдеш. «Ақын – жазушы кім десеңіз, ол – бүкіл өмірі символға айналған адам. Егер мен өзім жайында айта бастасам, оның замана туралы, жалпы адамзат туралы хикая болып шығарына сенемін. Қабдеш Жұмаділов 24 сәуірде 1936 жылы ҚХР, Шыңжаң өлкесі, Тарбағатай аймағы, Шәуешек ауданында дүниеге келген. Жазушы, Қазақстанның халық жазушысы (1998). Шәуешек гимназиясын бітіріп, жолдамамен ҚазҰУ-не (1956) түседі. 1958 жылы Қытай үкіметі органдары кері шақырып алады. Кейін 1962 ж. Бақты шекарасын бұзып өткен қазақ жастарымен Қазақстанға біржола оралған соң, ҚАЗҰУ-тін бітірді (1965). «Қазақ әдебиеті» газетінде (1965-1967) «Жазушы» баспасында (1967 –1976). Қазақстанның Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемл. кабинетінде (1976 – 1981) қызмет істеген. 1981 жылдан шығармашылық жұмыста. Алғашқы өлеңдері 1954 жылдан жергілікті баспсөз беттерінде, ал «Жамал» тырнақалды әңгімесі 1956 ж. Үрімжіде шығатын «Шұғыла» журналында жарияланған. 1 өлеңдер жинағы, 8 роман, 5 повесть, ондаған әңгіме, мақалалар жинақтары жарық көрген. Олардың негізгілері «Қаздар қайтып барады» (1967) атты әңгімелер жинағы, «Көкейкесті» (1969), «Соңғы көш» (1974-1981), «Атамекен» (1985), «Тағдыр» (1988) романдары, «Дарабоз» (1-кітап 1994; 2-кітап 1996) дилогиялары Жұмаділовтың соңғы жылдардағы көлемді шығармасы – «Таңғажайып дүние» (1998) ғұмырнамалық «Қылкөпір» (2003) романдары. Жазушының публицистикалық мақалалары «Қалың елім қазағым» (2000) жинағында жарияланды. Шығармалары орыс, украин, белорусь, өзбек, ұйғыр, қырғыз тілдерінде, «Соңғы көш» романы түрік тілінде басылып шыққан. Негізгі еңбектері 2003-2004 ж. Он екі томдық шығармалар жинағына топтастырылған. Медальдармен, Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының, (1983), Қазақстанның Мемлекттік сыйлығының (1990), Тәуелсіз «Тарлан» сыйлықтарының лауреаты,Үржар ауданының «Құрметті азаматы». Үржар аудандық «Уақыт тынысы», «Пульс времени» газетінің журналисі Зоя Асылхановна Буланова Қ. Жұмаділовтың «Дарабоз» дилогиясын орыс тіліне аударды. Үржар ауданының «Құрметті азаматы». Қазақта "пешене” деп аталатын шетсіз-шексіз абстрактылы ұғым бар. "Жазмыштан озмыш жоқ” деп жатамыз. Өткен ғасырдың сол алпысыншы-жетпісінші жылдары әдеби үдеріске имене, жасқаншақтай келген Қабдеш Жұмаділов бүгінде сарабдал қаламгер, салмақты жазушыға айналды. Пешенесіне Қытай мен КСРО сияқты сол тұстағы қос империяның күңгейі мен көлеңкесін көру, көріп қана қоймай, өзі бел ортасында жүрген алапат оқиғаларды жан жүрегімен түйсіну, зардабын шегу, тағдыр атты жазмыштың пендесінің маңдайына жазар азды-көпті теперішін көру – бәрі де оның қаламгер ретінде қалыптасуына алғышарттар жасады. Өзі куә болған, көзбен көріп, бастан кешкен оқиға, құбылыстар Жұмаділовтің адами болмысынан берік орын алды. Ол өз қаһармандарын қиял әлемінен іздеген жоқ, жұмыр жерді шарлап, ғаламат оқиғаларды тізіп, өз туындыларына арқау етуге тырысқан жоқ. Оған өмірдің өзі мектеп болды, мынау пәни жалғандағы адамның іс-әрекеті, пиғылы мен ықыласынан туындайтын небір жайттар оның туындыларының өзегіне айналды. Ақиқат, шындық өмірдегі түрлі салыстырулардан тұрады деген екен Шығыстың бір ғұламасы. Қ.Жұмаділов қос мемлекетте ғұмыр кешті, екеуін ой таразысынан өткізді, өзара салыстырды. Зерттеді, зерделеді, сана елегінен өткізді. Ол әлемдегі алты миллиардтан астам адамдарды, сол адамдар құрайтын халықтың, ұлыстың тыныс-тіршілігін өз ұлтымен салыстырды. Қаламгер ретінде өз ұлтының мәрттігіне, өзгеге ұқсай бермейтін тектілігіне назар аударды. Сол тектілікті, мәрттікті күні бүгінге дейін насихаттаудан, жазудан жалықпай келеді. Алғашқы шағын өлең, әңгімелері Шыңжаң өлкесіндегі "Шыңжаң” газеті мен "Шұғыла” журналында жарияланып, "Жас дәурен” атты тұңғыш өлеңдер жинағы 1967 жылы жарық көрді. Оның қаламынан сол кезеңнен бастап, "Қаздар қайтып барады”, "Сарыжайлау”, "Шарайна”, "Сәйгүліктер”, "Бір түп тораңғы”, "Бір қаланың тұр­ғындары”, "Қарауыл” атты әңгіме-хикаяттарымен бірге, "Соңғы көш” роман-дило­гиясы, "Көкейкесті”, "Бақыт жолында”, "Атамекен”, "Тағдыр” романдары, "Дарабоз” тарихи роман-дилогиясы, "Таңғажайып дүние” атты ғұмырнамалық романы, "Прометей алауы” романы және әр жылдары жазылған танымдық дүниелері, шағын әңгімелері топтастырылған "Қалың елім, қазағым” кітабы туды. Авторлық тұжырым, ұстаным қаламгер дүниетанымымен тығыз байланысты екені баршаға аян. Жазушы Қ.Жұмаділов әдебиеттің ардың ісі екендігін, оның киелі де қасиетті өнер екенін түйсініп, қолына қалам алғаннан бері ар тазалығы үшін, жазушының қоғамдағы алатын орны үшін күресіп келеді десек, қателесе қоймаспыз. Жазушы өз уақытының, өзі ғұмыр кешкен дәуірдің шын мәніндегі жаршысына айналды. Неге екенін қайдам, бізге оның шығармаларының ішінде, өзгелеріне қара­ғанда, еңселілеу, шоқтығы биіктеу көрінетіні – "Соңғы көш” және "Таңғажайып дүние”. "Соңғы көш” – адамзат баласы жылап келіп, жылап кетіп жататын мына жарық дүниедегі қазақ деген халықтың бүкіл болмыс-бітімінің, кескін-келбетінің шежіресі. "Соңғы көш” – ғасырлар бойы аузынан "тәубасы” мен "қанағаты” түспеген, ешкімге ұқсамас төлтума мәдениет жасаған, мына жарық дүниеде барша жұртқа гуманизм мен шынайы демократияның жарқын үлгісін көрсеткен, өмірге адамның қонақ екенін терең түйсінген, "қонып бір өтер сай үшін, арам өлер тай үшін” бет жыртыспауға үндеген, жаны жайсаң, жүрегі мәрт жұрттың шынайы тарихы; "Соңғы көш” – қазіргі таңда жаһандану процесі адамзат қоғамына дендеп еніп, материалдық игіліктер бірінші кезекке шығып, руханият әлемі кейінге ысырылған, рухани азғындау, экспансия элементтері, несін жасырайық, қоғамға ене бастаған сәтке қарағанда, рухы биік, өзін табиғатты бағындырушы емес, керісінше, сол табиғаттың бір бөлшегі ретінде түйсінген ұлы дала тұрғындарының айнасы. "Соңғы көш” – табиғи таза­лығын, кәусар бұлақтай мөлдірлігін сақтап қалған көшпелі жұрттың өмір атты керуен – көштегі соңғы бұлқынысы, алапат арпалысы. "Менің өмірбаянымды қайтесің, өлеңдерімді оқысаң, бәрі де сонда тұр” деген екен бір ақын. Өз туындылары арқылы қаламгер Жұмаділов қара ормандай қалың қазағын биікке көтерді, тағдыр-талайын, адами келбетін өзгеге паш етуге талпынды, яғни жазушы халқын өсірді, халқы жазушысын өсірді. Қазақ тарихында туған жер, тас босаға, тал бесік үшін қу далада тәні, құла түзде көрі, құба белде елі қалғанша жанын пида етіп, басын бәйгеге тіккен, қол бастаған батырлар, сөз бастаған шешендер, құдайға шүкір, болған. Тұлпар тұрпатты, сұңқар қанатты, тұғыры биік, замана желі қай жағынан соқса да иілмеген, сынбаған қазақ жұрты Жұмаділов қаламынан "Дарабозды” туғызды, имандылық пен инабаттылықты келер ұрпақ санасына сіңірейін деп жанталасқан Ақтайлақ би тұлғасын сомдаған "Прометей алауын” дүниеге келтірді. Қашан да дүйім халқының қуанышы мен қайғысын шығармашылығына терең арқау еткендер ғана мәңгілік зердеде қалады. Қ.Жұмаділов – халық азабы мен кегін, қуанышы мен қайғысын тарихи тұрғыдан жырлай отырып, оны тұлға ретінде шабыттың шаңқай биігіне көтерген қаламгер. Ол халық болмысының күллі арналары мен тамырларын сәтті ұштастыра білді. Кезінде Н.Г.Чернышевский: "Математиканы білмей-ақ, латын, грек тілдерін үйренбей-ақ мәдениетті адам болуға болады, бірақ тарихты білмей тұрып, мәдениетті адам болуға болмайды” – деп жазыпты. Ғылымда тарихи тамырластық, тарихи сабақтастық деген ұғымдар бар. Егер "қай дәуір туралы қалам сілтемесін, жазушы – қашанда тарихшы. Әдебиеттің басты парызы – адамзат естелігінің үзік-үзік болмауына күш салу. Шежіре арқауы жалғанбаған жерде, адамзат санасынан ғасырлар ғайып болып, тіпті мыңжылдық жеңістер мен жеңілістер трагедиясы ұмыт қалады. Ал, жазушы адамзат зердесінің бірден-бір жоқтаушысы болғандықтан да тарихтың әлгіндей жыртықтарын романмен, поэмамен жамайды” (О.Сүлейменов) деген пікірге ден қойсақ, Қ.Жұмаділовтің бүкіл романдары тарихи немесе тарихи сипаттағы туындылар деп кесіп-пішіп айтуға болатын сияқты. Жалпы, сүйекті туындыны тарихи немесе тарихи емес роман деп баяғыдан келе жатқан даулы пікірлерге төрелік айтпай-ақ қояйық, олай болудың өзі шартты нәрсе, бірақ Қ.Жұмаділовтің "Дарабозы” – ХVІІІ ғасырдағы қазақтың Отан соғысының "Тағдыр” мен "Прометей алауы” – сәл бертініректегі оқиғалардың, "Соңғы көш” – ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы оқиғалардың тарихи шежіресі екендігіне ешкім де дау айта қоймас. Сонда оқырман алдынан үш дәуірдің, үш кезеңнің алапат оқиғаларының панорамасы ашылады. Үш романның үшеуі де халық тарихының, дәуір шындығының айнасы іспеттес. Қ.Жұмаділов аталмыш туындыларында жеке тұлғаларды даралай білді, егер тарихтың қозғаушы күші – халық екені рас болса, сол халықты бастайтын серкесі бар емес пе? Қаламгерді толғантқан осы жайттар еді, нәтижесінде Қабанбай, сондай-ақ қазақтың ұлы ханы Абылай, батыры Бөгенбайлар тұлғасы оқырманға жол тартты. Бірде ойлантқан, бірде толғантқан, бірде мұңайтқан, бірде қиялыңды шарықтатқан нәрсе – жазушы бойындағы дала табиғатының, сол даланың еркін перзенттерінің қайсар мінезі… Жазушы тағылымы әр жұмыр басты пендені өзін-өзі тануға итермелейді, мынау жалпақ жер бетіндегі Адам деп аталатын тіршілік иесі өзін-өзі таныса, өз іс-әрекетіне есеп беріп отырса, зұлымдық қайдан келеді – деген сауал төңірегінде толғаныс жасауға шақырады. Аға буын өкілі І.Есенберлин, өз замандастары Ә.Кекілбаев, М.Мағауин, С.Жүні­совтер сияқты Қ.Жұмаділов те Әуезовтің шеберлік мектебінен үлгі-өнеге алды, Әуезов тағылымы, Әуезовтің азаматтық, адами нар тұлғасы, кісілік келбеті, ұшан-теңіз білімпаздығы, кең құлашты эпикалық серпіні ол үшін таным мектебі, адастырмас темірқазығына айналды. Әуезов тағылымы қаламгердің қаламынан туындаған Қабанбай, Демежан, Абылай хан, Қанағат би, Нартай, Төле би, Бұқар жырау, Естай, Жолбарыс, Ұзақ, Атаханов, Қылышбаев, Түктібаев, Бибі, Ши-амбы, Матен – амбы, Әмірсана, т.б. кейіпкерлердің дүниеге келуіне, шебер қолмен мүсінделіп, ұлттық әдебиеттегі образдар галереясының толығуына алғышарттар жасады. Адам табиғатын зерттеудегі жазушының көркемдік ізденістер жүйесі, стильдік даралығы философиялық ой-толғаммен шебер ұштасқан. Қаламгердің өз сөзімен айтсақ, "жазушы құдіреттілігі санаңда мықтап орын алған, алайда кешегі уақыт аясында қалған оқиғаны бір сәтке кідірту, қайта тірілту” болса, тарихи оқиға, құбылыстар бар шындығымен, дәйектілігімен оқырман таразысына түседі. Жазушының "Сарыжайлау”, "Сәйгүліктер”, "Бір түп тораңғы”, "Қарауыл”, "Бір қаланың тұрғындары” күні кешегі кеңестік дәуір шындығын бейнелеген туындыларға жатады. Уақыт біреу. Кеңістік те біреу. Бұлар мезгіл мен мекен жағынан ғана емес, ішкі мазмұн, пішін жағынан да сарындас шығармалар. Уақыт та, кеңістік те шексіз. Өмір уақытқа тәуелді. Адам үшін екі түрлі бесік бар: біріншісі – тал бесік, екіншісі – жер бесік. Екеуінің ортасы – кеңістік, жүріп өтуге кететін мерзім – уақыт. Қ.Жұмаділов өз хикаяттары арқылы адам өмірінің уақыт пен кеңістік ауқымындағы мән-маңызына, мазмұнына үңіледі. Дәнеш, Жұмаш, Машанов, Таубай, Айтқұлов, Ағыбай, Ержан, Батырхан, Тәкібаев, Әділгерей образдары – дәуір шындығының бірегей картинасын беріп тұрған бейнелер. Шынайы образ автордың көркемдік, стильдік ізденістерінен туындайды. Қ.Жұмаділовтің қаламгерлік қолтаңбасына, өнерпаздық даралығына оның өмірді жетік білуін, өзі бастан кешкен немесе өзі жетік білетін жайттарды, құбылыстарды көркем туындысының өзегіне айналдыруын, өмір құбылыстарын оқырманына ұсына отырып, әр құбылысқа, оның астарына өзі де, кейіпкері де ойлылықпен үңілуін, әр шығармасының аттарының өзі символ болып келетінін, тақырып алуандылығын, өмір құбылысын суреттегенде тың ой, жаңаша да соны пікірлер айтуға тырысатын жазушы дарынын, ішкі толғаныс пен жүрек тебіренісін, сәулелі сезім мен саналы парасаттылық ұялаған жазушының өз "менін”, сонымен бірге бүкіл шығармаларындағы ішкі-сыртқы үйлесімділіктің тек қана қара­пайымдылық пен табиғилық ұғымдарымен тыныс алатынын, әр туындысында ұлттық болмыстың "менмұндалап” тұратын қасиеттерін жатқызар едік. Оның әр хикаятынан өз шығармалары арқылы табиғаттың ұлы жаратылыс заңына, адам мен адамның, адам мен қоғамның, адам мен табиғаттың арасындағы үйлесімділікті сақтау қағидаларына уақыт пен кеңістік сияқты ұғымдар тұрғысынан үңілгенін байқауға болады. Жазушы өз хикаяттарын бас-аяғы бүтін, біртұтас дүние етіп жазуға, шығаруға тырысқаны сияқты, адамзат баласы өмір деп атайтын мынау жарық дүниені, әлемді, ортаны, қоғамды да біртұтас күйінде қабылдауға құштар. Жазушының табиғи талантын, философиялық көзқарасын бүкіл хикаяттарындағы, оның ішінде "Сәйгүліктердегі” шеберлігі паш етіп тұр. Дала сәнін текті мал – жылқысыз елестету санасына сіңбеген Ағыбай қарияның ауруханада жатқанда өң мен түстің арасында сандырақтап жатып түс көруі, түсінде қып-қызыл алақанды көруі, төскейде жайылып жатқан қалың жылқы, кенеттен ай нұрына шағылысып, жарқ еткен ақ балта жүзінің бітеу, кесек сүйектерге қарш-қарш қадалғанын көруі, сөйтсе, әлгі балтаның жаңқалап жатқаны жылқының сүйегі сияқты еді, бір уақытта қараса, әлгі залымдардың шапқылап, балталап жатқаны жылқы емес, бұның жалғыз ұлы Айдарға айналып кетуі – бәрі-бәрі де бойына жақсылықты да, жамандықты да сыйғызып тұрған, сол екеуінің шарпысуына мыңдаған, миллиондаған жыл бойы куә боп келе жатқан уақыт пен кеңістік туралы автордың тосын шешіміне негізделген. Қарияның жалғыз ұлының қайтыс болған жері, яғни "қайғылы оқиға тас жол бойында, Ағыбай ұрылармен айқасқан тұстан бес шақырымдай беріде болып еді”. Осы бес-ақ шақырым жерде терең ой бар. Философиялық толғам бар. Жалпыадамзаттық көкейкесті проблемалар бар. Бес-ақ шақырым жер жан-жақтан қаумалаған, сөйтіп, небәрі осынша жерді ғана қалдырған қоғамның ызғары, дәуірдің қыспағы сияқты. Расымен-ақ жақсылық атты ұғымға мына жарық дүниеден бұйырғаны бар болғаны бес-ақ шақырым кеңістік болғаны ма? Осыдан жыл бұрын дүние дәл осындай тар емес еді ғой. Шынымен-ақ адамзат баласы ғұмыр кешетін жер атты жұмыр планетада дүние осыншама қусырылғаны ма? Дүниені осыншама тарылтқан кім? Жазушының авторлық толғанысы, яғни адам болмысына үңілуі, сол арқылы барша адамзат баласын ізгілікке, имандылыққа шақыруы, есіңді жи, адамзат баласы, жан-жағыңа қара деп дабыл қағуынан байқалып тұр. Осынау философиялық ой-толғаныс оның барлық хикаяттарына арқау болғанын байқау қиын емес. Бір қарағанда, күнделікті өмірде жиі кездесіп жататын, ұсақ, күйкі тірлікке жататын қарапайым ғана жайттар қаламгер шеберлігі арқасында аса өзекті, жалпы адамзат баласына тән ортақ мәселелерге айналған. Тұғра. Тұғра (;) — Османлы империясында сұлтанның барлық ресми құжаттар мен хаттарына басатын хұснихаттық («каллиграфиялық») мөрі немесе қолтаңбасы. Сұлтанның тұғрасы оның билігінің кезінде соғылған теңгеге де басылатын болған. Тұғра сұлтан билік басына келген кезде жасалып, оны сарай хұснихатшысы () жазба құжаттарға таңбалап салатын болған. Ең алғашқы тұғра Османлы империясының екінші билеушісі І-ші Орханға (1284-1359) тиесілі болған, дами отырып, тұғралар Сүлеймен Қанунидың кезіндегідей (1494-1596) өзінің классикалық кейпіне түсті. Тұғралардың атқаратын қызметін көне Мысырдағы картуштардың қызметіне ұқсас болғандығын айта кету керек. Әр Османлы сұлтанының өзінің жеке тұғрасы болған. Тұғраның құрамдас бөліктері. Тұғраның өзіндік ерекше бір пішіні болған: сол жағында екі имегі, ортасында үш тік сызығы, түбінде ықшамдалған жазуы және оң жағында екі ұзын бөлігі. Осы бөліктердің әрқайсысы өзіндік мағынаға ие болып, барлығы бірге тұғра екендігі оңай танылатын ерекше пішінге ие болды. Сұлтанның есімі тұғраның "«сере»" деп аталатын төменгі бөлігінде жазылатын. Басында ол «Османның ұлы Орхан» деген қарапайым сөйлемнен тұрса, уақыт өте ол күрделіленіп, сұлтанның есіміне қоса оның лауазым-атақтары, сұлтанға шапағат жаууын тілейтін дұғалардан қосылатын болды. Тұғраның сол жағындағы имектер "«бейзе»" (арабша: «жұмыртқа») деп аталды. Тұғраның мағынасын түсіндірушілер имектердің мағынасын сұлтанның билігінде болған екі теңізді білдіреді деген түсіндірме береді: сыртқы үлкенірек имегі Жерорта теңізін, ал кішірек ішкі имегі Қара теңізді білдіреді-мыс. Тұғраның жоғарғы бөлігіндегі тік сызықтар "«тұғ»" (яғни «ту») деп аталады. Үш тұғ (ту) билікті: Азия, Африка және Еуропа құрлықтарының үстінен Османлы империясы жүргізген билікті білдіреді. Туларды кесіп өтетін имек сызықтар "«зүлфе»" деп аталады, оң жаққа қарай желбіреп тұрған тулармен бірге олар шығыстан батысқа қарай соққан желді, яғни османлылардың жылжу бағытын білдіреді. Тұғраның оң жағындағы сызықтар "«hancere»" («қанжар») деп аталады, қанжар мұнда күш-қуат пен құдіреттің бейнесі ретінде қолданылады. Тұғралардың османлы мәдениетінен тыс қолданылуы. Тұғраларды көбінесе османлы сұлтандары қолданса да, олардың Қазан хандығы секілді басқа түркі мемлекеттерінде де қолданылғаны белгілі. Кейінірек Ресей империясындағы татарлар арасында да тұғралар болған. Тұғралардың қазіргі заманда қолданылуы. Хұснихатпен (каллиграфия) айналысатын қазіргі суретшілердің арасында да тұғра деп атауға келетін өнер түрімен айналысатындары бар. Ресей президенті Путиннің, Жапонияның императоры Акихитоның тұғралары соның мысалы бола алады. Галлиполи жұлдызы. Галлиполи жұлдызы — Сұлтан V-ші Меһмед 1915 жылғы наурыздың 1-інде енгізген, шайқас кезінде көрсеткен ерлігі үшін берілетін Османлы империясының әскери марапаты. Галлиполи жұлдызы «Темір айшық» (немісше: "Der Eiserne Halbmond") деп те аталатын. Бұл марапатпен Бірінші Дүниежүзілік соғыс кезінде Османлы империясының және оның одақтастарының әскерлері марапатталды. Бит (өлшем бірлігі). Бит (; сонымен қатар сөздер ойыны: — аздап) - деректер сақталатын орын сыйымдылығының ең кіші өлшем бірлігі. Шеннон бойынша бит — бірдей ықтималды оқиғалардың ықтималдылығының екі негізді логарифмі немесе әр-түрлі ықтималды оқиғалар жағдайында ықтималдықтардың екі негізді логарифмдік ықтималдыққа көбейтінділерігің қосындысы. (Логарифм негізін 2-ден е-ге немесе 10-ға ауыстырса сирек қолданылатын нат пен хартли=дит деген бірліктерге әкеледі.) Екілік кодтың бір разряды (екілік сан) бір-бірімен тете мән қабылдайдыі: йә/жоқ, 1/0, қосылған/өшірілген, және т.б. Ақпарат санының іргелі өлшем бірлігі екі бірдей ықтималды нәтижесі болатын тәжірибе қамтитын ақпарат санына тең. Ал бұл «йә» немесе «жоқ» деген жауабы бар сұрақтағы ақпарат санына тең деген сөз (яғни берілген сұраққа нақты жауап беруге қажет ақпарат мөлшері). Бір екілік разрядта бір бит болады. Есептеу техникасы мен деректер жіберу жүйелерінде әдетте 0 және 1 мәндері әр-түрлі кернеумен немесе тоқпен жіберіледі. Мысалы, микросхемаларда ТТЛ негізінде 0 +0-ден + 3 В кернеу аясымен беріледі, ал 1 - 4,5-нан 5,0 В-ке дейінгі аралықта. Есептеу техникасында, әсіресе іс-қағаздары мен стандарттарда, «бит» сөзі жиі екілік разряд мағынасында кездеседі. Мысалы: 'бірінші бит" — байттың немесе әңгімеленіп отырған сөздің бірінші екілік разряды. Бүгінгі күні бит — есептеу техникада ақпаратты өлшейтін ең кіші өлшем бірлік. Биттің кванттық компьютерлердегі баламасы q-бит болып табылады. Трит – есептеу техникасындағы ақпарат одан да бетер тығыз өлшем бірлігі. Трит өзі биттен үлкен, бірақ бір үштік разрядтың біреуі екілік разрядтың біреуінен кіші. Шағатай хан. Шағатай хан () — Шыңғыс ханның екінші ұлы. Анасы — Бөрте. Әкесі қайтыс болғаннан кейін ол қазіргі Орталық Азияның бес мемлекетінің жерінің басым бөлігін және солтүстік Иранды еншілеп алды. Ол 1241 жылы қайтыс болғанға дейін соларды басқарды. Шыңғыс хан Ұлы жасақ заңын енгізуді де оған тапсырған болатын. Шағатайдың қол астындағы жерлер кейінірек Шағатай ұлысы деп аталып кетті. Шағатай Жошының Ұлы хан болып сайлануына үзілді-кесілді қарсы болды. Оның жеке басының мінезі шәлкес әрі қызба болып саналған. Өз адамдарының арасында Жошы туралы пікірін бүкпей айтып жүрген. Шағатайдың ұлы Мүтіген 1221 жылы Бамиян маңындағы шайқаста қаза тапты. Мемлекеттің іс жүзінде негізін қалаған — Шағатайдың немересі Алгу. Ол қазіргі солтүстік-шығыс Ауғанстан жерін иемденіп алды. Ол ел Иль-хандар иемденіп отырған елге қарағанда ислам дінінің әсеріне әлдеқайда аз түскен болса да, ол елде де мұсылмандар бар болатын және тағы біраз адам мұсылман дініне кірді. Бірақ көшпенді өмір салттарын көпке дейін өзгерткен жоқ. Кейбір тарихшылар сол аймақтағы қалалар мен ауыл шаруашылығының құлдырауының себебін осыдан көреді. Ислам дінін қабылдаған ең алғашқы билеуші Мүбәрак шах болды. Бұл оқиға 1256 жылы орын алды. Бірақ содан 30 жыл өтпей жатып басқа билеушілер исламнан бас тарта бастады. Тармаршырын ислам дінін қабылдап, бүкіл әулетті исламға қайтаруға әрекет етті. Бұған хандықтың шығыс жағындағы көшпенділер наразы болып, 1334 жылы оны өлтірді. Оның қазасынан кейін Шағатай ұлысы бытырап кетті. Ақсақ Темір кейінірек осы әулеттің бір қызына үйленді. 16-шы ғасырдың басына қарай Шағатай әулеті Мәуереннахр жерінде (қазіргі Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Оңтүстік Қазақстан облысы) билікті қолға түсіріп, 15 ғ. көшпенді өзбектердің Шайбан әулеті келгенге дейін билік құрды. High tech. Жоғары техноло́гия () — замануи ең жаңа және прогрессивті технологиялар. Жоғары технологияларды пайдалануға өту ғылыми-техникалық революцияның (ҒТР) қазіргі кезеңдегі маңызды звеносы болып табылады. Жоғары технологиядарға әдетте өндірістің ең ғылыми салаларын жатқызады. Байкөл. Байкөл ( — "бай көл"; кейде Байкал дейді) — Шығыс Сібірдің оңтүстігіндегі әлемдегі ең терең көл және ең ірі тұщы судың табиғи сутоғаны болып табылады. Көл іші мен жағалауы өте бай флора мен фаунасымен ерекшеленеді. Жергілікті тұрғындар тарихи көлді «теңіз» деп атайды. Карпов, Дмитрий. Дмитрий Карпов, 23 маусым, 2007 Дмитрий Карпов - Қазақ жеңіл атлетикасының серкесі, қарағандылық онсайысшы. Осыған дейін құлаштап диск, найза лақтырудан және биіктікке секіруден әлсізді, бірақ бұл жағынан өзін-өзі дамытып жүрген Карпов Қазақстанның 2008-дегі Пекин олимпиaдасындағы негізгі үміттерінің бірі. Апорт. Апорт — алманың ірі, әрі құнды түрі. Салқындау, бірақ ұзақ емес қысы бар, ал жазы жылы немесе ыстық болатын оңтүстіктіктің орта белдеуінде (Солтүстік Кауказ, Іле Алатауы) кең тараған. Апорттың қабығы тығыз, сары немесе жасыл-сары қызыл-қоңыр мөрімен болады; ішкі жағы (еті) сусымалылығымен, нәзік дәмімен ерекшеленеді. Апорт — кеш пісетін түрге жатады, қыркүйек айларында ғана пісіп жетіледі. Кеш піскендіктен қыста жақсы сақталады. Ең танымал апорт бақтары Алматы сыртында орналасқан (мысалы, Бесқайнар ауылдық аймағы). КСРО кезінде Алматы қаласының рәмізіне де айналған. Бүгінгі күні апорт нарықтан жоғалған, себебі апорт өсірілген жерлер жекешендіріліп алма ағаш орнын басқа нысаналар ауыстырған (құрылыс т.б.), сонымен қатар ағаштар ескіріп жаңа алма-ағаш отырғызылмайды, Алматы облысының әлсіз газдандырылғанын еске алсақ, жергілікті тұрғындар да оны кесіп қыстан аман шығатыны сөзсіз. 70-жылдарғы санақ бойынша, Қазақстанда 3851193 түп апорт ағашы болса, оның 80 пайызын құрайтын 3036346 түп Алматыда өсiрiлген екен. Бұдан кейiнгi санақтар көңiлге кiрбiң ұялатады. Мәселен, 1984 жылы Қазақстанда 1965795 түп апорт алма болып, Алматыда оның 1418988-i өсiрiлiптi. Ал бұдан соңғы мәлiметтер тiптi майдаланып кеткен. Орталық Азия. Орталық Азия аймағының үш түрлі ықтимал шекараларын көрсететін карта. Дүниенің аймағы ретінде бөлініп көрсетілген Орталық Азия. Орталық Азия — Азия құрлығының дүниежүзілік мұхитпен шектеспейтін ұлан-ғайыр өлкесі. Оның құрамдас бөліктерінің нақты шекараларын анықтайтын түрлі анықтамалар бар болса да, олардың біреуі де талассыз емес. Сонымен, шекараларын анықтау қиындау болса да, Орталық Азияның бірнеше маңызды ортақ сипаттамалары бар. Мысалы, оның тарихының көшпенділермен және Жібек Жолымен тығыз байланысты болуы. Соның нәтижесінде ол Еуропа, Батыс Азия, Оңтүстік Азия және Шығыс Азияның арасында адамдар, тауарлар және жаңа ойлар мен ілім-тәлімдердің өткізгіші ретінде қызмет атқарды. Оны кейде Орта Азия немесе Ішкі Азия деп атайды, себебі ол ұлан-ғайыр Еуразия құрлығының орталық бөлігінде орналасқан. Орталық Азияның мемлекеттері Азия құрлығының батыс бөлігінде орналасқан, мұхитқа шығысы жоқ аймақ. Оңтүстігінде ол Памир-Гиндукуш тауларымен, шығысында Гоби және Такла-Макан шөлдері және Қытай жазығымен, солтүстігінде Ресей Сібірімен, батысында түркі мемлекеттерінің шекараларымен шектелген. Бұл мемлекеттердің жағырапиялық орналасуы Ресейдің саяси ықпал жүргізуіне қолайлы жағдай туғызады, тарихта солай болып келді де. Жалпы алғанда Орталық Азия және Түркістан бір аумақты алып жатыр әрі Қазақстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Тәжікстан мемлекеттерінен тұрады. Моңғолия да соған жатады. Анықтамалары. Қытайдың ежелгі тарихында Батыс өлкелер деп Қытайдан батыста жатқан елдерді атаған. Орталық Азияның дүниенің ерекше бір бөлігі ретіндегі ойды алғаш рет 1843 жылы неміс географы Александер фон Һумбольдт алға тартқан. Орталық Азияның шекаралары сипаттауға көп рет талпыныс жасалды. Көптеген оқулықтар осы аймақты әлі де Түркістан деген Сталиннің билік құрған заманына дейін қолданылған атаумен атайды. Ең шектеулі анықтама бұрынғы Кеңес Одағында қолданылды, онда Орта Азия тек Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан және Қырғызстаннан тұрады деп белгіленген болатын. Бірақ Қазақстан мен Моңғолия оған кірмейтін. Сол кездері КСРО-дан тыс та осы анықтама қолданыла беретін. Алайда орыс тілінде осы мағынаға ие екі ұғым бар: «Средняя Азия» (бұған Ресейдің Орталық Азиядағы славянтілді емес аймақтары жататын) және «Центральная Азия» (бұған «Средняя Азия» мен Ресейдің қол астында ешқашан болмаған басқа да жерлер жатады). Алайда ағылшын тілінде осы екі ұғымның арасындағы айырмашылық жоқтың қасы, сондықтан «Средняя Азияны» да, «Центральная Азияны» да Central Asia деп аудару халықаралық қолданыста шатасу туғызуы мүмкін. Пост-кеңестік Ресейде «Орта Азияның» жаңа анықтамасына енді Қазақстан да кіргізіліп жүр. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін Кеңес Одағының бес бұрынғы республикасы Ташкентте жиналып, бұрынғы төрт республикамен бірге Қазақстан да Орталық Азияның бөлігі болып саналуы керек деп жариялады. Сол кезден бері Орталық Азияның ең көп қолданылатын анықтамасы сол болып кетті. Орталық Азияның қамтып жатқан құрамдас бөліктерін анықтаудың тағы бір тәсілі — оны мекендейтін этностары, әсіресе шығыс түркі халықтары, шығыс иран халықтары және моңғол халықтары мекендейтін аймақ ретінде анықтау. Бұл аймақтарға Шынжаң, оңтүстік Сібірдің түркі не мұсылман аймақтары, бес республика, Ауғанстан. Тибет те солардың қатарында. Аты аталған халықтар өздері тұрып жатқан аймақтың байырғы тұрғындары болып саналады. Қытайлықтар, иран халықтары және орыстар бұл аймаққа бертінде көшіп келген. Тува республикасы Азия құрлығының жағырапиялық орталығында орналасқан болып саналады, ол орталық Үрімжіден 320 km солтүстікте орналасқан (http://www.confluence.org/confluence.php?visitid=12710). Жағырапиясы. a> шөлдерінің қуаң климаттары картада жақсы көрініп тұр.. Орталық Азия — жағырапиялық жағдайлары көп түрлі болып келетін орасан зор аймақ. Онда өте биікте орналасқан тау асулары мен таулы қыраттар (Тян-Шан), кең шөлдалалар (Қарақұм, Қызылқұм, Такла-Макан), ормансыз шөпті далалар өте көп. Орталық Азияның ұлан-ғайыр дала аймақтары Шығыс Еуропа жазықтығымен бірге Еуро-Азиялық дала деп аталатын біркелкі жағырапиялық аймақтың бөлігі болып табылады. Орталық Азияның жерінің көп бөлігі тым қуаң немесе тым жоғары болғандықтан ауыл шаруашылығына жарамсыз. Гоби шөлі Памир тауларының етегінен (77° шығыс) Үлкен Хинган тауларына дейін (116°–118° шығыс) созылып жатыр. Халқының көпшілігі мал шаруашылығымен айналысады. Өнеркәсіп орталықтары аймақтың қалаларына шоғырланған. Аймақтың басты өзендері мыналар: Әмудария, Сырдария, Гильменд және Ертіс. Басты сутоғандары — Арал теңізі және Балқаш көлі. Бұл екеуі Каспий теңізін де қамтитын Орталық Азияның мұхиттан бөлектенген су алабына жатады. Осы екі сутоғанның соңғы жылдары ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп мұқтаждықтарына суды көп алудан деңгейлері төмендеп кетті. Орталық Азияда су ерекше құнды табиғи байлық болып табылады. Климаты. Since Central Asia is not buffered by a large body of water, temperature fluctuations are more severe. According to the Köppen climate classification system, Central Asia is part of the Palearctic ecozone. The largest biome in Central Asia is the Temperate grasslands, savannas, and shrublands biome. Central Asia also contains the Montane grasslands and shrublands, Deserts and xeric shrublands and Temperate coniferous forests biomes. Тарихы. The history of Central Asia is defined by the area's climate and geography. The aridness of the region made agriculture difficult and its distance from the sea cut it off from much trade. Thus few major cities developed in the region, instead the area was for millennia dominated by the nomadic horse peoples of the steppe. Relations between the steppe nomads and the settled people in and around Central Asia were long marked by conflict. The nomadic lifestyle was well suited to warfare and the steppe horse riders became some of the most militarily potent peoples in the world, only limited by their lack of internal unity. Any internal unity that was achieved, was most probably due to the influence of the Silk Road, which traveled along Central Asia. Periodically great leaders or changing conditions would organize several tribes into to one force, and create an almost unstoppable power. These included the Hun invasion of Europe, the Wu Hu attacks on China and most notably the Mongol conquest of much of Eurasia. The dominance of the nomads ended in the sixteenth century, as firearms allowed settled peoples to gain control of the region. Ресей, China, and other powers expanded into the region and had captured the bulk of Central Asia by the end of the nineteenth century. After the Russian Revolution the Central Asian regions were incorporated into the Soviet Union. Mongolia remained independent but became a Soviet satellite state. The Soviet areas of Central Asia saw much industrialization and construction of infrastructure, but also the suppression of local cultures, hundreds of thousands of deaths from failed collectivization programs, and a lasting legacy of ethnic tensions and environmental problems. With the collapse of the Soviet Union five countries gained independence. In all the new states former Communist Party officials retained power as local strongmen. None of the new republics could be considered functional democracies, although it appears Kyrgyzstan may achieve this. Other parts of Central Asia remain part of China or Russia. Мәдениеті. The Ethnolinguistic patchwork of Central Asia Діндері===. Islam is the religion most common in the Central Asian Republics, Afghanistan, Xinjiang (Uyghurstan/East Turkistan) and the peripheral western regions. Most Central Asian Muslims are Sunni, although Shia comprise the great majority in Azand in Afghanistan and there are sizable Shia and Hindu minorities in Afghanistan and Pakistan. Hinduism is the religion most prevalent in northwest India although there is a considerable presence of Islam. Tibetan Buddhism is most common in Tibet, Mongolia, and the southern Russian regions of Siberia, where Shamanism is also popular. Increasing Han Chinese migration westward since the establishment of the PRC has brought Confucianism and other beliefs into the region. Nestorianism was the form of Christianity most practiced in the region in previous centuries, but now the largest denomination is the Russian Orthodox Church, with many members in Kazakhstan. The Bukharian Jews were once a sizable community in Uzbekistan and Tajikistan, but nearly all have emigrated in recent years. Өнер түрлері. At the crossroads of Asia, shamanist practices live alongside Buddhism. Thus Yama, Lord of Death, was revered in Tibet as a spiritual guardian and judge. Mongolian Buddhism in particular influenced Tibetan Buddhism. The Qianlong Emperor of China in the 18th century was Tibetan Buddhist, and would sometimes travel from Beijing to other cities for personal religious worship. Note the human skulls and severed heads that festoon Yama's crown and necklace, which give some concept of the size that Yama was expected to be when one faced him at one's death. This particular Dharmapala is painted wood, four feet high in total. Central Asia also has an indigenous form of improvisational oral poetry which is over 1000 years old. It is principally practiced in Kyrgyzstan and Kazakhstan by "akyns", lyrical improvisationists. They will engage in lyrical battles, the "aitysh" or the "alym sabak". The tradition arose out of early bardic oral historians. They are usually accompanied by a stringed instrument—in Kyrgyzstan, a three-stringed "komuz" and in Kazakhstan a similar two-stringed instrument. Some also learn to sing the "Manas", Kyrgyzstan's epic poem (those who learn the "Manas" exclusively but do not improvise are called "manaschis"). During Soviet rule, "akyn" performance was co-opted by the authorities and subsequently declined in popularity. With the fall of the Soviet Union it has enjoyed a resurgence, although "akyns" still do use their art to campaign for political candidates. A 2005 Washington Post article proposed a similarity between the improvisational art of akyns and modern freestyle rap performed in the West. Демографиясы. By the most inclusive definition, more than 80 million people live in Central Asia, about 2% of Asia's total population. Of the regions of Asia, only North Asia has fewer people. It has a population density of 9 people per km², vastly less than the 80.5 people per km² of the continent as a whole. Тілдері. "Main Article" The languages of the majority of the inhabitants of the former Soviet Central Asian Republics come from the Түркі тілдері тобынан. Turkmen, closely related to Turkish (they are both members of the Oghuz group of Turkic), is mainly spoken in Turkmenistan and into Afghanistan, Pakistan, Iran and Turkey. Kazakh, Kyrgyz and Tatar are related languages of the Kypchak group of Turkic languages, and are spoken throughout Kazakhstan, Kyrgyzstan and Tajikistan, and into Afghanistan, Xinjiang(Uyghurstan/East Turkistan) and Qinghai. Uzbek and Uyghur are spoken in Uzbekistan, Tajikistan and Xinjiang(Uyghurstan/East Turkistan). Also Tajikistan has it's own language tajik. tajik language has given to persian a big contribution with his famous writers and arts like Saadi Sherozi, AbuAbdulloi Rudaki, Abuali Ibni Sino, Jaloliddini Rumi, Xayom Хайям and others Russian, as well as being spoken by around six million ethnic Russians and Ukrainians of Central Asia, is a lingua franca throughout the former Soviet Central Asian Republics. Mandarin Chinese has an equally dominant presence in Inner Mongolia, Qinghai and Xinjiang(Uyghurstan/East Turkistan). The Turkic languages belong to the much larger Altaic language family, which includes Mongolian. Mongolian is spoken throughout the region of Mongolia and into Qinghai and Xinjiang(Uyghurstan/East Turkistan). Iranian languages were once spoken throughout Central Asia, but the once prominent Sogdian,Chorasmian, Bactrian and Scythian languages are now extinct. However, the Persian language is still spoken in the region, locally known as Dari or Tajik. Pashto is spoken in Afghanistan and Pakistan. Indo-Aryan languages are spoken throughout India and Pakistan, with Hindi/Urdu being the lingua franca of those countries. The Tibetan language is spoken by around six million people across the Tibetan Plateau and into Qinghai and Sichuan. Bukhori is spoken by the Bukharian Jews. Геосаясаттық жағдайы. Central Asia has long been a strategic location merely because of its proximity to several great powers on the Eurasian landmass. The region itself never held a dominant stationary population, nor was able to make use of natural resources. Thus it has rarely throughout history become the seat of power for an empire or influential state. Much like Poland throughout European history, Central Asia has been divided, redivided, conquered out of existence, and fragmented time and time again. Central Asia has served more as the battleground for outside powers, than as a power in its own right. Central Asia had both the advantage and disadvantage of a central location between four historical seats of power. From its central location, it has access to trade routes to and from all the regional powers. On the other hand, it has been continuously vulnerable to attack from all sides throughout its history, resulting in political fragmentation or outright power vacuum, as it is successively dominated. a> showing the Afghan Amir Sher Ali with his "friends" Imperial Russia and the United Kingdom (1878) Террорға қарсы соғыс. In the context of the United States' War on Terror, Central Asia has once again become the center of geostrategic calculations. Pakistan's status has been upgraded by the U.S.-government to Major non-NATO ally because of its central role in serving as a staging point for the invasion of Afghanistan, providing intelligence on Al-Qaeda operations in the region, and leading the hunt on Osama bin Laden, believed to still be in the region. Afghanistan, which had served as a haven and source of support for Al-Qaeda, under the protection of Mullah Omar and the Taliban, was the target of a U.S. invasion in 2001, and ongoing reconstruction and drug-eradication efforts. U.S. military bases have also been established in Uzbekistan and Kyrgyzstan, causing both Russia and the People's Republic of China to voice their concern over a permanent U.S. military presence in the region. It is argued that the Russia, China and former SSRs have taken advantage of the War on Terror to increase oppression of separatist ethnic minorities. Washington, which considers Russia and China as strategic partners in the War on Terror, has largely turned a blind eye to these actions. The ethnically diverse former SSRs, especially Uzbekistan have reclassified ethnic separatist attacks as terrorist attacks and pursued more oppressive policies. Тағы қараңыз. патшалық Ресейдің арасындағы Орталық Азияны қолға түсіру үшін бақталастық) Көшпенді халықтар. Көшпенді халықтар (көшпенділер) — көшіп-қонып тіршілік ететін, негізгі кәсібі – мал-шаруашылығы болып табылатын халықтар. Кейбіреулері аңшылықпен, ал әлдебір оңтүстік-шығыс Азия теңіз көшпенділері балық аулаумен ауналыс-қан/-ады. Бүгінгі күн мәдениеттерінің тамырлары көшпенділік дәстүрден бастау алады, алайда көшпенділік өмір дәстүрі біртіндеп тіпті дамушы елдерде жойылуда. Көптеген қазіргі заман көшпенді халықтары ассимиляция непесе өзіндік ерекшеліктерінен айрылу қаупінде, себебі жерге деген таласта олар отырықша халықтармен бәсекеге түсе алмайды. Бесқайнар. Бесқайнар - КСРО кезінде "Горный Садовод" деген атпен белгілі болған совхоз, қазір - Алматы облысы, Талғар ауданына жататын ауылдық аумақ. Кезінде жеміс-жидек өндіретін, өнімдерін тікелей Мәскеуге жіберетін болған. Мұнда тау-тауда алма-алмұрт ағаштары, құлпынай, таңқурай, қарақат т.б. көптеген жеміс-жидектер өскен. Жұрт саны - 3000-нан астам, жергілікті тұрғындардың дені Алматыға барып келіп жұмыс істейді. Соңғы кездері туризм дамыған сайын, Алматау, Табаған т.б. демалыс орындары есебінен де ауыл экономикасы жақсаруда. Алматыдан арақашықтығы - 25-30 км, теңіз деңгейінен 1500 м биіктікте орналасқан. Есенов, Шаһмардан Есенұлы. Шаһмардан Есенұлы Есенов (1927 жылғы тамыздың 5-і—1994 жылғы тамыздың 24-і) — геолог, ҚазКСР ҒА академигі (1967), геология-минералогия ғылымдарының докторы (1970), Ленин сыйлығының (1966), ҚазКСР мемлекеттік сыйлығының (1972) иегері. Қазақстанның геологиялық ғылымы мен геологиялық қызметінің дамуына зор үлес қосқан ғалым. 1927 жылғы тамыздың 5-інде Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Тартоғай ауылында дүниеге келген. 1949 жылы Қазақ тау-кен және металлургия институтын бітірген. Алдымен Жезқазған кешенді геология-барлау экспедициясында геолог, сосын бас инженер болып істеді. 1960 жылдан ҚазКСР геология министрінің орынбасары, 1961-67 жылдары — геология министрі. 1967 жылы Қазақстан Ғылымдар Академиясының президенті және ҚазКСР ҒА Геологиялық ғылымдар институтының директоры болып сайланды. 1978 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақ политехникалық институтында профессор, кафедра меңгерушісі (1978-1994). Сіңірген еңбегі Кеңес Одағының жоғары марапаттарымен бағаланған. Нарынқол. Нарынқол ауылы – Алматы облысындағы (Алматыдан 351 км) бұрын 15 мыңнан аса тұрғыны болған, ал қазiр 7-8 мың ғана жұрты бар Райымбек ауданына қарасты ауыл (Қостөбе ауылдық округiн және оқудағыларды, әскердегiлердi қосқанда). Қазақстанның Қытайға өте жақын орналасқан стратегиялық маңызды елдімекені болғанымен бірнеше жылдан бері аудан орталығы дәрежесінен айрылғалы ауыл берекесі кетіп халқы қалаға қашуда. Ауыл тұрғындары картоп, егін егу, мал шаруашылығы, көмір өндірумен, қарағай тілумен айналысады. Ағын. АҒЫН – табиғаттағы су айналымы процесінің нәтижесінде судың жер бетімен және оның астымен ағуы. Беткі және жер асты А-ы болып екіге бөлінеді. Беткі А. өз алдына беткейлік және арналық болып ажыратылады. А. мөлшері және режимі жауын-шашын мен булану мөлшеріне, ауа темп-расы, жер бедері, геол. құрылысы, топырақ пен өсімдік сипатына байланысты қалыптасады. А. аймақтың климат жағдайына тәуелді. А-ның жалпы шамасы – су шығымы, ағын модулі, ағын коэффициенті және ағын су қабатының қалыңдығы деп аталатын элементтер арқылы анықталады. Су шығымы – белгілі бір уақыт ішінде арнамен ағып өтетін А. мөлшері (м3/с не л/с-пен өлшенеді). Ағын модулі – су жиналатын алаптың 1 км2 жерінен 1 с-та жиналатын А. көлеміне. Ағын коэффициенті – жалпы жауын-шашынның А-ға айналған бөлігін көрсететін проценттік шама. Ағын су қабатының қалыңдығы – ағын коэффициентінің мм-мен не см-мен өлшенген қалыңдығы. Қазақстанның ішкі, өзіндік А-ының көл. 59 км3. Ақжауын. Ақжауын – айтарлықтай аумақты біркелкі қарқынмен ұзақ уақыт (бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін) жауатын жаңбыр Ақжауын қоңыржай ендіктерде, әдетте, Қазақстанның орманды-дала, шөлейт және биік таулы белдемдерінде жылы циклон өткенде байқалады. Ноосфера. Ноосфера немесе "антропосфера" – ғаламдағы адамзаттың мекендейтін аясы. Адам баласы уақыт пен кеңістікке қытысты биосфера шегінде және ғарышта өмір сүре алады. Бірақ адамзаттың тұрақты мекені – Жер. Алғашқы рет оны франсуз математигі Эдуардом Леруа 1927 жылы енгізген.Ал биология ғылымына 1927 ж П.Телярде енгізген.Ол биосферадағы жаңа тұрғыдағы ұғымы мен сипаты ноосфера туралы болжамдар жасады. Ария. Ария (— ән) – опера, оперетта, оратория немесе кантатаның ішіндегі жеке дауыстағы әнші оркестрдің сүйемелдеуімен орындайтын дербес шығарма. Ария кең тынысты, биік үнге арналған сазды болып келеді. Концертте жеке орындалатын немесе аспаптық пьеса түріндегі Ария да болады. Арияның ариозо, ариетта, каватина, ария-монолог, т.б. түрлері болады. Халықаралық әйелдер күні. Халықаралық әйелдер күні — көп елде наурыздың 8-ші жұлдызында тойланады. 1975 жыл — Халықаралық әйелдер жылы боп аталғаннан кейін, сол жылдан бастап БҰҰ ресми түрде наурыздың 8-ші күнін Халықаралық әйелдер күні етіп бекітті. Қазақстанда демалыс күні боп табылады. Сырдария. Сырдария (;;) — Орталық Азиядағы өзен. Ол кейде көне грек тіліндегі деген аты бойынша Яксарт деп аталады. Өзеннің грекше аты көне парсы тіліндегі Yakhsha Arta («Үлкен маржан») деген сөз тіркесінен бастау алады, бұл өзеннің суының түсінен пайда болған. Ортағасырлық мұсылман жазбаларында өзен жұмақтағы төрт өзеннің бірінің атымен «Сейхун» (سيحون) деп аталған. Амудария өзені болса «Жейхун» деп аталған, бұл жұмақтағы төрт өзеннің тағы бірінің аты. Қазақстанда жергілікті тұрғындар оны күнделікті тілде «Дария» деп атайды. Парсы тілінен келген Сырдария атауы ежелден бері қолданылып келеді. Батыс елдеріндегілер болса 20-шы ғасырға дейін бұл өзенді Яксарт атауымен атап келді. Ескендір Зұлқарнайынның жаулап алған жерлерінің солтүстік шекарасы Сырдария өзені арқылы өтті. Грек тарихшыларының айтуы бойынша, Ескендір б.з.д 329 жылы Александрия Эсхата («Ең алыстағы Александрия») деген қаланың негізін қалаған. Ол қала қазір Худжанд деп аталады. Өзен Қырғызстан мен шығыс Өзбекстандағы Тянь-Шань тауларындағы екі өзеннің: Нарын және Қарадария өзендерінің қосылуынанбастау алады да, 2,212 km қашықтықта орналасқан Арал теңізіне барып құяды. Сырдария өзенінің алабы 800 000 шаршы километрді құрайды, бірақ су іс жүзенде соның тек 200 000-ынан ғана жиналады. Оның біржылдық теңізге құюы — 28 кубокилометр ғана, бұл Амударияның теңізге құятын суының жартысына тең. Сырдария өзенінің суы Орталық Азиядағы ең құнарлы мақта өсіретін аймақтарды суғаруға және оның бойындағы Қоқан, Худжант, Түркістан және Қызылорда қалаларын сумен қамтамасыз етуге қолданылады. Қазақстандағы Байқоңыр ғарыш айлағының орнын көрсететін карта. Алма. Қазақстандағы "Malus sieversii" жабайы алмасы Алма () — раушан гүлділер тұқымдасына жататын, өте кең тараған жеміс ағашы. Табиғи алманың жер шарында 36 түрі белгілі, олардың 10 — 12-сінің шаруашылықтық маңызы бар. Қазақстанда, негізінен, Сиверс алмасы, Недзвецкий, қырғыз алмасы өседі. Алманың жаздық, күздік, қыстық сорттары бар. Алма ағашының өмір сүру ұзақтығы 20—100 жыл, биіктігі 3—10 м болады. 3—12 жылда жеміс береді, әр гектардан шамамен 100—300 ц өнім алынады. Тұқымынан және өсімді (вегетативті) жолмен көбейеді. Тұқымынан көбейту бұлама алуда және селекцияда қолданылады. Алманы көбейту кейде ұластыру арқылы да жүргізіледі. Қазақстанда алманың 40-тан астам сорттары аудандастырылған, оның 20-сын (Салтанат, Іле, Алатау шапағы, Алматы т.б.) қазақ селекционерлері өсіріп шығарған. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды, тағамдық заттарға бай, дәмді келеді, әрі жақсы өңделеді. Алма құрамында 83—88 % су, 7,5—16 % қант, 0,2—0.8 % қышқыл, 9,5—18,5 % құрғақ қалдық, 0,28—1,0 % илік заттар, А, В1, В2, В6, С, РР дәрумендері, көптеген минералды заттар бар. Шырынынан шарап, сусын дайындалады, жемісін емдік дәрі ретінде де, адам ағзасын ауыр металл заттардан тазалауға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданады. Алманың зиянкестері: алма жегіші, алма биті, шие бізтұмсығы, гүл жегіш. Алма аурулары: алма қотыры, ақ ұнтақ, жеміс шірігі, т.б. Поляк тілі. Поляк тілі (— еңзык польски) — батыс славян тілдеріне жататын Еуропаның ең ірі тілдерінің бірі. Черненко, Константин Устинович. Черненко, Константин Устинович (24 қыркүйек 1911, Большая Тесь селосы, Енисей губерниясы — 10 наурыз 1985, Мәскеу) - ЦК КПСС бас хатшысы 13 ақпан КСРО жоғарғы кеңес төралқа 1984, төрағасы 11 сәуір 1984(депутат — 1966). КПСС мүшесі - 1931 жыл, ЦК КПСС — 1971 жыл, ЦК КПСС саяси бюросы 1978 жыл. Кузнецов, Василий Васильевич. Василий Васильевич Кузнецов (; 1901 жылғы қаңтардың 31-і – 1990 жылғы маусымның 5-і) — 1982-1983, 1984 және 1985 жылы үш рет КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының уақытша төрағасы қызметін атқарған Ресей кеңес саяси тұлғасы. Кузнецов Ресей империясының Кострома губерниясындағы Софиловкада туған. 1927 жылдың мамыр айында Кеңес Одағы Коммунистік партиясының мүшесі болды. Инженер мамандығын меңгеріп жүрген кезінде 1931-33 жылдары Құрама Штаттарда болып қайтты. Кузнецов 1940 жылдан бастап түрлі үкіметтік және партиялық қызметтердің басында болды. 1955 жылы сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. 1977 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиуымының төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ол бұл қызметті 1986 жылға дейін атқарды. Брежнев (1982), Андропов (1983) және Черненколар қайтыс болған кездерде Президиумның уақытша төрағасы қызметін, яғни Кеңес мемлекетінің жоғарғы басшысы қызметін атқарып отырды. Ол 1986 жылы зейнетке шығып, 1990 жылғы маусымның 5-інде Мәскеуде қайтыс болды. Ташкент. Ташкент (,) — Өзбекстанның елордасы, Ташкент уалаятының әкімшілік орталығы. 2006 жылы қаланың ресми түрде тіркелген тұрғын саны 2.1 миллион болды, бейресми деректер бойынша 3 миллионға жетті. Орта ғасырлар заманында қала «Чач» деп аталды. Кейінірек ол «Чач қаласы» деген мағына беретін «Чачканд» деп атала бастады. Канд, қанд, кент, кад, кат, куд, осы жалғаулардың бәрі көне парсы тілінен алынған, ол қала дегенді білдіреді. Мысалы, Самарқанд, Жаркент, Пенжикент сияқты қалалардың аттары осылай пайда болған. 16-шы ғасырдан кейін "Чачканд" деген атау «Ташканд» деген түрге өзгерді. Түсініксіз ескі атауына қарағанда жаңа атау («Тас қала») халық этимологиясының арқасында түсініктірек бола бастады. Ташкент деген түрі орыс тілінің әсерінен қалыптасқан. Орналасуы. Ташкент қаласы Тянь-Шань тауларының батыс етектеріне жапсарлас жатқан сулы жазықтықта, Шымкент-Самарқан жолының бойында орналасқан. Ташкенттің маңында Шыршық өзені тағы бірнеше өзендермен қосылады, сондықтан қаланың өзі қалың (15 метрге дейін) аллювийлі шөгінді жыныстардың үстінде жайғасқан. Тектоникалық жағынан Ташкент өте белсенді жерде тұр, сондықтан жердің сілкінулері сирек емес. 1966 жылы болған зілзаланың күші Рихтер кестесі бойынша 7.5-ке жетті. Ташкент уақыты Гринвич уақытынан 5 сағат алда (UTC/GMT +5). Тарихы. Ташкент қаласы Шыршық өзенінің бойындағы, Гүлістан тауларының етегіндегі шұраттағы (оазис) елді мекен ретінде пайда болған. Көне замандарда осы жерде «Бейтиан», Кангюй конфедерациясының жазғы астанасы орналасқан. Чач патшалығының б.з.д. 5-ші-3-ші ғасырларда соғылған басты қаласының қамалының пішіні төртбұрышты болған, ол Сырдария өзенінен 8 километр оңтүстікте орналасқан. Б.з. 7-ші ғасырында Шаш патшалығында шамамен 30 қала мен 50 шақты каналдың желісі болған, соның арқасында ол соғдылықтар мен түркілердің арасындағы сауда орталығына айналды. 8-ші ғасырдыцң алғашқы бөлігінде қала мұсылмандардың билігіне өтті. Суанзаң қаланың атын «Че-ши» деген түрде жазып қалдырды. Қытайдың Суйшу, Бейшу және Таншу деген жылнамаларында 5-ші ғасырдан бері «Ши» немесе «Чеши» атты бір иеліктің болғаны туралы айтылған [Бичурин, 1950. II т.] Самани әулетінің заманында қаланың аты «Бинкат» деген түрге енді. Алайда арабтар Бинкаттың айналасындағы аймақты «Чач» деген ескі атауымен атай берді. Қаланың қазіргі «Ташкент» (Тас қала) деген түркі тіліндегі атауы Қарахандар әулеті билік жүргізген 10-шы ғасырдан бері белгілі. Хорезмдіктер қаланы 1214 жылы тонады, бірақ Шыңғыс ханның әскерлері 1219 жылы оны қайтара тонады. Өзбектер, қазақтар, парсылар, моңғолдар, ойраттар мен қалмақтар қалаға оқтын-оқтын шабуыл жасап тұрса да, Ақсақ Темір әулеті және одан кейінгі Шайбан әулетінің билігінің кезінде қала қайта жанданып, өркендей түсті. 1809 жылы қаланы Қоқан хандығы қосып алды. Ол кезде Ташкенттің халқы 100 000-ға жетіп, ол Орталық Азияның ең бай қаласы болып саналатын. Қала Ресеймен жасалған сауданың арқасында байи берді, бірақ Қоқанның салған салықтары оған ауыр болды. Оның үстіне Ташкенттің дінбасылары Қоқаннан гөрі Бұхараның дінбасыларына оң көзбен қарайтын. Бірақ Бұхараның әмірі бұл жайтты пайдаланып үлгірмеді — орыс әскерлері келіп қалды. 1865 жылдың мамыр айында генерал Черняев қалаға түнгі шабуыл бастады. Қаланың қабырғаларының ұзындығы 25 километр болып, 11 қақпасы, қорғаушыларының саны 30 000 болды. Бұл шабуыл патшаның бұйрығына қарама-қайшы жасалды, оның үстіне Черняевтың әскерлері қаланың қорғап жатқандардікінен 15 есе аз болатын. Кішкене арнайы топ бір жерден шабуыл жасап жатқан кезде басты күш қаланың қамалы арқылы басып кірді, оларды бастаған қолында қресінен басқа түгі жоқ орыс православ священнигі бастап жүрді. Ресей әскері қаланы екі күндік кескілескен ұрыстан кейін қолға түсірді. Орыстың тек 25 жауынгері ғана, қала қорғаушыларынан бірнеше мың адам қаза тапты, солардың арасында — Қоқан хандығының билеушісі Әлімқұл да бар. Қаланың ақсақалдарынан «Ташкент арыстаны» деген лақап алған Черняев жергілікті тұрғындардың сеніміне ие болудың шараларын жүзеге асыра бастады. Ол қала халқын бір жылға алым-салықтардан босатты, қаланы қарусыз аралап, көше мен базарларда жай халықпен тілдесті. Ол өзін «Ташкенттің әскери басқарушысы» етіп тағайындап, ІІ-ші Александрға қаланы Ресейдің қол астындағы тәуелсіз хандық етуге кеңес берді. Патша Черняев пен оның қарамағындағы адамдарға марапат пен сый-сыяпаттарды үйіп-төкті, бірақ Черняевтың тұрақсыз мінезін еске алып, көп ұзамай оны генерал фон Кауфманмен алмастырды. Ташкентке тәуелсіздік берілмек түгілі, ол жаңадан құрылған Ресей Түркістаныны аймағының орталығына айналдырылып, фон Кауфман соның бірінші генерал-губернаторы болып тағайындалды. Ташкенттің жанында орыс поселениесі құрылып, орыс қоныстанушылары мен саудагерлері ағыла бастады. Ресей мен Құрама Патшалықтың арасындағы «Үлкен ойын» атты Орталық Азияның үстінен билік үшін тайталастың кезінде Ташкент тыңшылықтың орталығына айналды. 1889 жылы Каспий темір жолы салынып, оны салған теміржол жұмысшылары Ташкентте қоныстанды. Бұл 1917 жылғы Қазан революциясына алғышарттар дайындады. 20-шы ғасырдағы тарихы. Ақпан төңкерісінен кейін жарияланған Ресей Уақытша Үкіметі Ташкентте өз билігін орнатуға тырысты. Бірақ ол көпке ұзамады, жергілікті мұсылман қарсылығы жойылды. 1918 жылғы сәуірде Ташкент Түркістан Автономиялық Кеңес Социалистік Республикасының (Түркістан АКСР) орталығы болып жарияланды. Бұл жаңа үкімет ақтардың, басмашылардың және ішкі жауларының шабуылдарына ұшырады. Ташкент 1924 жылы жаңадан ұйымдастырылған Өзбек КСР-ның үлесіне тиді, ал 1930 жылы Самарқандтың орнына Өзбекстанның астанасына айналды. 20-шы-30-шы жалдары қаланың өнеркәсібі қарқындап дами бастады, бірақ Ұлы Отан соғысы кезінде батыс аудандардан өнеркәсіп орындарының жаппай КСРО-ның шығыс аудандарына көшірілуінің арқасында ерекше қарқынмен дамыды. Сол арқылы қаланың орыс тілді тұрғындарының саны да қатты өсті, соғыс аймақтарынан шамамен 1 миллион адам көшірілді. Орыстардың саны Ташкент тұрғындарының жартысына жетті (). 1966 жылғы сәуірдің 26-сында Ташкентте жойқын жер сілкіну болды (Рихтер кестесі бойынша 7.5 балл). 300 000-нан астам адам үйсіз қалды. 1991 жылы Кеңес Одағы ыдыраған кезде Ташкент Кеңес Одағындағы тұрғын саны жағынан 4-ші орында тұрған қала, білім беру, ғылым және техниканың ірі орталығы еді. Ташкент сол кезде басқа кеңес қалаларынан айырмашылығы шамалы болды, өзінің 2000 жылдан астам тарихының немесе Ұлы Жібек Жолының бойындағы маңызды қала болғандығын айғақтайтын орындар аз еді. Қазір Ташкент Өзбекстанның ең көп ұлттар тұратын қаласы, орыс тұрғындарының саны әлі де елеулі. Ташкенттің көшелерін жағалай ағаш көп отырғызылған, қалада фонтандар мен саябақтар көптеп кездеседі. 1991 жылдан бері қаланың экономикасы, мәдениеті мен сырт көрінісі зор өзгерістерге ұшырады. Тарихтағы ең биік Ленин ескерткіші Өзбекстанның картадағы бейнесі сызылған глобус ескерткішімен алмастырылды. Кеңес заманында соғылған ғимараттармен бірге жаңа, осы заманғы ғимараттар пайда болды. 2007 жылы тарихи құндылығы бар мешіттер мен басқа діни ғимараттары көптеп кездесетіндіктен Ташкент Ислам дүниесінің мәдени астанасы болып жарияланды. Қаланың көрнекті орындары. 1917 жылғы төңкерістен кейінгі болған өзгерістердің нәтижесінде және әсіресе 1966 жылғы жер сілкінуден кейін Ташкент көптеген дәстүрлі сәулеттік мұраларынан айырылды. Алайда онда мұражайлар және кеңес дәуірінің ескерткіштері көптеп кездеседі. Көкілдаш медресесі. Абдулла ханның билік құрған кезіне (1557-1598) жататын бұл мешітті қазіргі таңда Мауараннахр мұсылмандарының діни басқармасы қалпына келтіріп жатыр. Оны кейін мұражайға айналдыру туралы жоспарлар бар, бірақ қазір ол мешіт ретінде қолданылуда. Чорсу базары. Көкілдаш медресесінің жанында орналасқан бұл базар Ташкенттің ескі қаласының орталығы. Қалаған нәрсеңнің бәрін осы базардан табуға болады. Телашаях мешіті. Құранның сақталып отырған ең ескі көшірмесі Осман құраны осы жерде сақталған. Өлтірілген халиф Османның қаны құйылған бұл 655 жылғы Құранды Самарқандқа Ақсақ Темір алып келген, кейін оны орыстар әскери олжа ретінде алып, Сән-Питерборқа әкеткен. Ол 1989 жылы Өзбекстанға қайтарылды. Жүніс хан мазары. 19-шы ғасырда қалпына келтірілген бірқатар 15-ші ғасыр мазарлары. Солардың ең үлкені — Моғол империясының негізін қалаушысы Бабурдың үлкен атасы Жүніс ханның мазары. Төле би мазары. Төле би Ташкентте жерленген. Оның мазары қазіргі кезде Қарлығаш би мазары деп аталады. Шымыр ата мазары. Сабыр Рақымов ауданы, Фараби көшесі бойында орналасқан мазар, аумағы 4 га. Мұнда Қазақтың Ұлы жүз, Дулат тайпасының бір атасы Шымыр руының негізін салушы абыз ата жерленген. Бұл мазар қазіргі кезде Қазақстан үкіметі мен зиялы қауымының демеушілігімен реставрацияланған. Князь Романовтың сарайы. Романовтар әулетінің бір мүшесі ұлы князь Николай Константинович (1850-1918) бір теріс әрекеттері үшін Ташкентке қуылған. Оның сарайы әлі күнге дейін қаланың ортасында тұр. Бір кезде ол мұражай болған, енді ғимарат сыртқы істер министрлігінің қарамағында. Әлішер Науаи атындағы опера және балет театры. Бұл ғимарат — Мәскеудегі Ленин мавзолейінің авторы сәулетші Алексей Щусевтің жобасы бойынша 1940-1947 жылдары салынған. Оған дейін сол орында Воскресенск базары орналасқан болатын. 1947 жылдың қараша айында Әлішер Науаидың 500-жылдығы аталып жатқан кезде театр салтанатты түрде ашылып, оған ұлы ақынның аты берілді. Тетардың көрермендер залының сыйымдылығы 1400 адам, сахнасының ауданы 540 шаршы метр. Көрермендер залының екі жағында үш қабатта орналасқан алты фойе сол кезде Өзбек КСР-інің құрамында болған алты облысқа бағышталған: Ташкент, Самарқанд, Бұхара, Термез, Хиуа және Ферғана облыстарына. Театр ғимаратының залдарын әрлендіру үшін сәулетші әр облыстан шеберлерді шақырды. Осы театрды жасағандағы сіңірген еңбегі үшін Щусев 1948 жылғы КСРО мемлекеттік сыйлығын алды. 1940 жылы басталған құрылыс жұмыстары соғыстың басталуымен тоқтап, 1943 жылы жалғасты. Соғыстан кейінгі жылдары театр ғимаратының құрылысы негізінен сол кезде Ташкентте болған жапон соғыс тұтқындарының күшімен жүргізілді. Өзбекстанның өнер мұражайы. Бұл мұражайда Өзбекстанның көне заманғы өнерінің көптеген үлгілері сақталған, соның ішінде соғдылық қабырға өрнектері, буддалық мүсіндер және зороастризм өнерінің туындылары. 19-20-шы ғасырлардың өнер туындылары, мысалы сузани деп аталатын тігісті кілемшелер. Ұлы князь Романов Эрмитаждан өзінің Ташкенттегі сарайын әрлеу үшін «уақытша» алған, бірақ сол күйі қайтармай қойған суреттер де көрерменнің қызығушылығын тудыра алады. Мұражайдың артқы жағындағы кішкене саяжайда 1917 жылғы төңкерістің кезінде және 1919 жылғы Осипов бүлігінің кезінде қаза тапқан большевиктердің және Өзбекстанның алғашқы басшысы Юлдаш Ахунбабаевтың қабірлері бар. Қолданбалы өнер мұражайы. Бұл музей патша заманындағы бір бай дипломат үшін салынған үйде орналасқан. 19-шы-20-шы ғасырдың қолданбалы өнер туындыларының жиынтығынан гөрі үйдің өзі көбірек назар тартады. Тарихи мұражай. Қаланың орталық бөлігі. Тарихи мұражайдың ғимараты оң жақта тұр. Ташкенттегі ең үлкен мұражай, бұрынғы Ленин мұражайында орналасқан. Әмір Темір мұражайы. Жалтыраған көк күмбезді, іші ерекше көркем әсемделген бұл бір зәулім ғимарат (оң жақтағы фотода бейнеленген). Ішінде көрерменнің назарын Әмір Темір мен Ислам Каримовтың көрмесі өзіне тартады. Мұражайдың сыртындағы бақта салт атты Ақсақ Темірдің ескерткіші орнатылған. Науаи әдеби музейі. Өзбек халқы өзінің көрнекті әдеби тұлғасы ретінде қастерлейтін Әлішер Науаидың атындағы бұл мұражайда көне қолжазбалар, парсы хұснихат үлгілері және 15-ші ғасыр миниатюралары сақталған. Экономикасы. Қала экономикасының басты саласы — машина жасау: «Ташкент трактор зауыты», «Ташсельмаш», «Узбексельмаш», «Таштекстильмаш», «Узбекхлопкомаш», «Ташкент экскаватор зауыты», "Ташкент электр машина жасау зауыты, Ташкент тепловоз жөндеу зауыты, Чкалов атындағы ұшақ жасау зауыты (ТАПОиЧ) және тағы басқа. Электронды техника жасап шығаратын зауыттар бар: резисторлар, интегралды схемалар және басқа бөлшектерді жасап шығаратын «Фотон», «Спутник», «Миконд» зауыттары, Ташкент радиоэлектронды аппаратура зауыты және Ташкент электронды есептеуіш машиналары зауыты «Алгоритм», автоматтандырылған басқару жүйелері мен байланыс құралдарын жасап шығарушы Ташкент электромеханикалық зауыты. Сонымен бірге жеңіл (мақта-мата, тоқыма, аяқкиім және т.б. шығаратын), құрылыс, химия, мұнай-химия, химия-фармацевтика, тамақ өнеркәсіптері де дамыған. Қала әуе, теміржол және аутокөліктері қатынасының ірі орталығы болып табылады. Білім беру, мәдениет және ғылым салалары. Өзбекстан Ғылымдар Академиясы Ташкентте орналасқан. Ташкентте көптеген ғылыми және конструкторлық мекемелер орналасқан: Өзбекстан ҒА физика-техника институты, Электроника институты, Ұлығбек кентінде орналасқан Ядролық физика институты және тағы көптеген басқалары.. Спорт. Атақшы велосипедші Джамолидин Абдужапаров және футболшы Вассилис Хаципанагис осы қалада туған. Теннисші Денис Истомин осы қалада туып, сонда тұрып жатыр. Винокуров, Александр Николаевич. Александр Николаевич Винокуров (1973 қыркүйектің 16 Бескөл, Солтүстік Қазақстан облысы) — Қазақстанның атақты велошабандозы, «Vino» ("Вино") деген атпен белгілі. Сидней Олимпиадасының вице чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, «Вуэльта» көпкүндігінің (2006 жыл) жеңімпазы. Жетістіктері мен мансабы. 2003 жылы отандасы әрі досы Кивилев қайтыс болғаннан кейін Винокуров Париж-Ницца жарысында алғашқы орын алады, бұл жарысын ол марқұм досына арнайды. Александр 2006 жылғы атақты испандық Вуэльта жарысында бірінші орын алған. Бүгінгі күні Әлемдегі ең мықты клуб Астананың негізін қалаушы. 2007 жылы Астана клубының капитаны Александрды велоспорт әлемінде Тур де Франс жарысынын жеңуге ең ықтимал фаворит ретінде есептейді. Бірақ Винокуров ол жарыста қатты жарақат алады, дегенмен оған қарамастан аяқ қолын дәке орап алып қанын сорғалатқан Александр келесі бір этапында алғашқы орынды жеңіп әлемді таң тамашаға бөлейді. Алайда сөйтіп ықтимал жеңімпаздар қатарын қайта енген Виноны француздар допинг тексерушілері қан ауыстырды деп айыптап команданы түгелдей жарыстан қуып, Виноны екі жылға жарыстардан аластайды. Бірақ еш жасымайтын Александр 2009 жылы үлкен спортқа қайта оралып қыркүйек айында Астана құрамына қайта енеді. 2010 жылы Александр Винокуров «Джиро де Трентино» (Cәуірдің 20-23) веложарысының алғашқы кезеңін жеңіп алып, екінші кезеңінде 2ші болып келіп ақыры жалпы есепте де бірінші болып жеңіске жетеді. Афелий. Афелий (юнанша από – алыста, ‘ήλιος "hēlios" - Күн) – ғаламшарлардың, құйрықты жұлдыздардың және қандай да бір аспан денелерінің Күннен ең алыс орталық нүктесі. Жер өз Афелийінде (шілде айының басында) Күннен 152 млн. км қашықтықта болады. Ақбозат. Ақбозат – Темірқазық төңірегіндегі γ жұлдызы. Қазақ аңызы бойынша Жетіқарақшының Темірқазыққа шылбырмен байланған екі атының бірі. Жарықтығы жағынан Темірқазық (α) пен Көкбозаттан (β) кейінгі үшінші орында. Ақбозат – аспанның солтүстік полюсіндегі жыл бойы батпайтын жұлдыздардың бірі. Қазақ халқы ертеректегі тұрмысында Ақбозатты Темірқазықпен бірге бағыт-бағдар алуға жиі пайдаланған. Аккорд. Аккорд (латынша Accordo – үйлесімдік) биіктігі әр-түрлі бірнеше, үштен кем емес, дыбыстардың бір уақытта қосыла орындалуы. Аккордтың жиі кездесетін түрлерінің арақашықтығы терциялық дыбыстарды құрайды. Олар" үш дыбыстық", "септаккорд", "нонаккорд", т.б. болып бөлінеді. Аккомпанемент. Аккомпанемент (– сүйемелдеу) негізгі вокалдық не аспаптық әуеннің музыкалық сүйемелденуі. Фортепьяно, гитара, баян, домбыра, т.б. аспаптарда орындалады. Сол сияқты аспаптық не ән ансамблімен, хор немесе оркестрмен де орындалады. Сүйемелдеушіні "аккомпаниатор" дейді. Акробатика. Акробатика (– аяқтың ұшымен жүремін, өрмелеймін) – Қазақстан намысын қорғағандар. Акробатиканың спорттық гимнастика түрінен ел намысын хылақаралық Олимпиядаларда Айя София. Айя София — Ыстамбұлдағы мұражай ғимараты. Көне сәулет өнерінің үлгісі. Iргетасы император Константиннің бұйрығы бойынша 325 жылы қаланған. 10 мың жұмыскер 5 жылда салып бітірген. Содан бері түрлі жағдайларда талай рет қирап, талай рет қалпына келтірілген. Қазіргі түрі негізінен 532-37 жылдары (император Юстинианның заманында) Анфимий және Исидор атты екі сәулетшінің қолынан шыққан үлгі-нұсқадағы қалпын сақтаған. Олардың ерекше зәулім етіп салған күмбезі 20 жыл өткен соң құлап қалып 563 жылы Родос аралы топырағынан жасалған жеңіл кірпіштен жаңа күмбез орнатылыпты. Оның биіктігі — 55.6 м, диаметрі — 31.4 м. Күмбездіктің 40 терезесі бар. Негізгі күмбезге жанамалай жалғасқан жартылай күмбездер жүйесі ғимарат бейнесіне көкпен таласқан зәулімдік сипат береді. 1317 жылы император Андроник Палеолог ғимарат ұстындарын нығайту үшін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген. Айя Софья кезінде әлемнің ең үлкен ғибадатханасы болды. Түріктерге дейін Византия империясының, кейін 500 жыл бойы (1935 жылға дейін) түріктердің діни орталығы қызметін атқарды. Ол 1453 жылы мешітке айналдырылған соң, ғимараттың ішкі көрінісі қайта көркемделді. 16-18 ғасырларда мешіт мұнаралары, қосымша құрылыстар салынды. 1935 жылы Ататүрік Айя Софьяны музейге айналдырды. Акт (театр). Акт (- әрекет) драмалық шығарма немесе театр қойылымының аяқталған бір бөлімі. Акт театрда үзілістерге, сондай-ақ бірнеше кішігірім көрініс, сурет эпизодқа бөлінуі ықтимал. Спектаклдің 5 актке тұңғыш бөлінуі Көне Рим театрында болған. Бірқатар Шығыс елдерінің (Жапония, Иран, Қытай, Үндістан) классикалық театрларында пьеса он шақты актке жеткен. Қазақ театрында Мұхтар Әуезовтың “Еңлік – Кебек” пен “Қарагөз” трагедиялары 4, ал “Тас түлек” пьесасы 5 актке бөлінген. Акт (заңнама). Акт (құқық) – заңды мәні бар шешім, іс-әрекет немесе құжат. Мысалы, нормативтік акт, сараптама актісі, азаматтық хал-ахуал актісі. Қабаева, Әлинә. Әлинә Маратқызы Қабаева, (;) — ресейлік, әлемдік көркем гимнастиканың шоқ жұлдызы. Әкесі — Марат жастайынан ала доптың құдіретіне арбалып, Ташкенттің «Пахтакоры» және Павлодардың «Трактор» командалары сапында өнер көрсетті. Анасы Людмила кезінде баскетболмен шұғылданды. Болашақ чемпионның өзі 1983 жылы Ташкентте дүниеге келді. Қызының бойындағы дара талантты ерте байқаған анасы оны Ресейге апарып, әйгілі Ирина Виннерге табыс етуді жөн көрді. Марат зайыбының бұл әрекетін құптамай, «қызымды ешқайда да жібермеймін» деп байбалам салған көрінеді. Ерлі-зайыптылар арасында біраз ұрыс-керіс болып, ақыры анасы Алинаны жетектеп, Мәскеуге аттанса, әкесі Ташкентте қалып қойды. Алина өз қатарластары арасында дара талантымен бірден оқшауланады. 1996 жылы Ресейдің ұлттық құрама командасына қабылданған 13 жасар қыз көп кешікпей әлемдік гимнастиканың жарық жұлдызына айналды. Қабаева екі рет әлемнің (1999 жыл, Осака. 2001 жыл, Мадрид) және төрт рет Еуропаның (2000 жыл, Сарагоса. 2002 жыл, Гранада. 2003 жыл, Лиссабон, 2004, Киев) абсолютті чемпионы атағын жеңіп алды. «Гран-при» додаларында ол алтын тұғырдан түскен жоқ. Жекелеген есепте және командалық сайыста бірнеше мәрте дүние жүзі чемпионы атанды. 2000 жылы Сидней Олимпиадасында Алина алтын медаль алуға тиіс еді. Алайда құрсаумен өнер көрсетіп жатып, оны абайсызда қолынан түсіріп алды. Сол қателіктің салдарынан Ресей спортшысы қола жүлдені қанағат тұтуға мәжбүр болды. 2004 жылы Грекияның астанасында ол өзінің, шын мәнінде, теңдессіз екенін тайға таңба басқандай етіп дәлелдейді. Ресей гимнасшысы жекелеген есепте де, көпсайыста да алдына жан салмады. Сөйтіп, Алина өзі армандаған Олимпиада алтынына қол жеткізді. Ол Бейжің олимпиадасында бақ сынауды аңсады. Тіптен 2006—2008 жылдар аралығында бірқатар халықаралық жарыстарда топ жарып, өзінің мықтылығын мойындатты. Бірақ соңғы мәліметтерге сүйенсек, әйгілі гимнасшының ескі жарақаттары сыр беріп, жаттығу жасамағанына жарты жылға жуықтапты. Марапаттары. Оның есімі спорт шежіресіне алтын әріптермен жазылды. Ресей үкіметі оның еңбегін жоғары бағалап, «Дружба» және «За заслуги перед отечеством» ордендерімен марапаттады. Сондай-ақ Қабаева Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасының депутаты болып сайланды. Османлы империясы байрағы. a> реформаларының бір бөлігі ретінде Османлының алғашқы ресми ұлттық байрағы ретінде қабылданды. Османлы байрағы ұғымы Османлы әулетінің сұлтандары қолданған байрақтардың кез келгенін білдіреді. Османлы империясының тарихында түрлі байрақтар қолданылған, сұлтанның өзі де мемлекеттік саясатқа байланысты түрлі жағдайларда түрлі байрақтарды іліп отырған. Османлы империясының әлеуметтік және саяси құрылымының күрделілігінен оның тарихында шынайы "ұлттық" байрақ тек 1844 жылы ғана қабылданған. Ол жылы 1793-1844 жылдары қолданылған Османлы әскери-теңіз күштерінің байрағы Танзимат реформаларының шараларының бірі ретінде Османлы империясының ұлттық байрағы ретінде қабылданды. Ол байрақ Түркия Республикасында әлі де қолданылады. Оның өлшемдерінің геометриялық арақатаныстары 1936 жылы арнайы заң арқылы бекітілді. Империяның соңғы кезеңінде жұлдызды-айшықты (бұндағы жұлдыз — бес тармақты жұлдыз) байрақтың қолданылғаны фотосуреттер арқылы жақсы айғақталған. Османлы империясының соңғы кезеңінде қабылданған байрақ және одан кейінгі Түркия Республикасының байрағы "Ay Yıldız", яғни «Ай Жұлдыз» деп аталғанын куәландыратын дерек көздері де бар. Ғазиден императорға дейінгі байрақтар (1299-1453). The early years are a time of the Ottomans defining themselves, a process which did not come to a conclusion until they took Constantinople in 1453. Osman I, a ghazi warlord in Söğüt and the founder of the Ottoman Empire was acclaimed the Khan of the Kayihan in 1299 and it was this title that he bore to his death, establishing the backbone upon which the empire was founded. This title he inherited from his father Ertugrul, who inherited it from his father Suleyman Shah, who inherited it from his father Kayaalp this going all the way back to when the Kayihan were a roving tribe of Oghuz nomads who inhabited the area surrounding Mount Khan Tengri. His son Orhan I saw himself differently, he saw the state that he inherited from his father as a successor to the Roman Empire, and even married a Roman princess. The flag that he flew combined the Roman flag with that of the Kayihan khanate, replacing the β's with Kayi tamghas. (солдан оңға қарай) Алжир пираттарының байрағы; Салжұқ сұлтаны ІІ-ші Месудтың І-ші Османға берген байрағы (1289); Османлы теңіз байрағы (16-шы ғ.); Османлы әскери байрағы (16-шы ғ.); Османлы әскери байрағы (17-ші ғ.) Osman's grandson Murad I, who bore the level of Roman legitimacy his father could only dream of, ironically reversed his father's policy and forged a completely new identity for the domains, casting off any claim to Roman legitimacy or tribal affiliations and founding the Ottoman Empire. Why red was the perfect colour to say this with, we shall never know. It has no bearing to traditional tribal colours (which were white and gold) or popular Turkish colours (usually blue, white and gold). It could be because it is a Roman colour, and he wasn't casting off Roman aspirations as totally as we would be led to believe. Red might just have been his favourite colour, like Napoleon and the green stripe on the Italian flag. Жоғарғы Портаның байрақтары (1453-1793). The original flag changed very little, the gold crescent merely makes its appearance for the first time. By the 18th century this began to be flown as a rectangular as opposed to triangular flag, but remained essentially unchanged. The gold is actual gold-woven silk, and in lieu of this white cloth as opposed to yellow-dyed cloth was used, as not everyone can afford such luxury. The crescent was an ancient symbol of Byzantium and Constantinople, and while this alone was an important reason to adopt the symbol as an Ottoman symbol, it was not the only reason. In some Turkish clans and kingdoms, the crescent-shaped symbols were used extensively. The crescent was quite popular in Persia, which was the origin of most of the non-Roman Ottoman culture at that point, and it was remarkably similar to the Kayi clan tamgha from which Osman was descended and the Khanate of which the Ottoman state emerged. The crescent for the Ottoman Empire therefore was a powerful message as well as an appropriate symbol, binding the past to the future. With control of Constantinople and the Bosphorus came new commercial opportunities and new threats from Venice and Genoa, who feared for their interests and colonies in the Aegean and Black Sea. The Ottomans felt the need for a strong navy and merchant marine, and instituted a number of reforms. These included naval identification flags, including flags signifying command ships, and a set of merchant flags based on religion, each of which was treated differently by the legal system. The naval system also had flags for individual ships and commanders, but those could not be considered to be "Ottoman" flags. Jews and Christians of the empire were subjected to additional taxation, however as "Romans", the Orthodox Christians had certain rights and privileges that the Catholics did not, and for religious reasons Jews were the only people who could engage in certain financial activities, so at the time this worked out to an early form of tax brackets. The Catholics had the worst deal, since they were taxed as heavily as the other non-Moslems, without any of the benefits or privileges. This wasn't that much of a source of discontent however, as most of the mercantilist Catholic subjects of the Ottoman Empire lived under their own administration in the Republic of Ragusa. Only a few struggling Albanian merchants from Durrës or (later on) Croatians from Split fell under this category. While this all seems incredibly discriminatory today, it was in fact a much fairer system than that which existed in the rest of the Balkans, and despite these rules the nobility was hard pressed to keep their serfs from fleeing for Ottoman territory. With the conquest of Syria and Egypt, a new Imperial flag was needed. The Sultan was no longer a Roman successor in a mostly Christian land, but the Sultan of Мысыр and Caliph of Islam. So the Byzantine cross was removed, and a disc of the colour green, the colour of Islam, was placed upon the imperial flag. The many-crescents motif was maintained, but was reduced to three upon the disc, and now represented the three titles and three continents that the house of Osman ruled over: Мысыр in Africa, the Caliphate in Asia, and Rûm in Europe. Реформа және құлдырау заманы (1793-1923). The flag of the Ottoman navy was made red as red was to be the flag of secular institutions and green of religious ones, following the New Order reforms. All religious institutions were "spun-off" and while the emperor remained caliph and retained religious roles, the sultanate secularized itself. The navy went through radical modernization reforms, but nothing compared to the army. The army was completely restructured. The janissaries were disbanded and many of them were killed as they resisted modernization. This came of course with a new flag design, without the colour, religious overtones, and excess of the janissaries, and in the style of European armies of the day it was a bicolour flag containing the two, now official, Ottoman colours. Furthering the New Order reforms, the Empire was centralized and all the various sub-sultanates, pashaliks, beyliks and emirates were abolished, including the Ottoman Sultanate. A new flag was designed to replace all these flags with one single national flag. The result was the red and white flag with the crescent moon and star, which is the precursor to the modern Turkish flag. Secularization made the religions equal under law, doing away with the complex hierarchy of religions in relation to taxation and mercantile pursuits, so a plain red flag was made the civil flag for all Ottoman subjects. Түркия Республикасының байрағына байланысы. a> 1844 жылғы соңғы байрағымен толығымен бірдей. Оның өлшемдерінің геометриялық арақатынастары 1936 жылғы мамырдың 29-ында қабылданған арнайы заңмен бекітілді. Subsequent to the fall of the Ottoman Empire after World War I and the foundation of the Republic of Turkey following the Turkish War of Independence, the new Turkish state maintained the last flag of 1844 of the Turkish Empire, but introduced proportional standardizations. The flag of Turkey bears, on a red background, the white crescent moon and a five-pointed star with definite geometrical proportions, established and regulated by the Turkish Flag Law (Turkish: Türk Bayrağı Kanunu) since 1936. Байрақтың шығу тарихы. The star as the life-force or -symbol of the Turks: The still-persistent Turkish/Turkic (and possibly Shamanistic/Sky-God) belief is that each person is partnered in life with a star for the duration of their life; the star "rising" at birth and "falling" on death. In accordance with this belief system, the star, as proclaimed in the national anthem of Turkey, represents the star of the Turkish Nation as a whole, which will "shine until the last Turk disapears" (quote from the the Turkish anthem). This obvious tie between the anthem and flag presents a major challenge to all explanations that treat the star as simply an object of nocturnal attraction or a tradition handed down to Turks from non-Turkish cultures. The crescent-on-red as symbol of conflict (between Good and Evil): Folklore and history also provide the crescent a very "earthly" (pagan-shamanistic) and historical (and thus, non-Islamic) roots. On the historical side, attacking in "crescent" formations was a popular and frequently repeated technique for the mounted forces of the Mongols and other Central Asian (Turkic) tribes/armies; and was used even during naval battles with much success. In fact, the three-crescent representation of forces during battle was the war flag of the Ottomans and other Turkic-origin states, tribes, etc. at some point or another, as the literature and images above clearly indicate. The single-crescent version could have easily been a continuation of the same banner-tradition, made more indellible as a national symbol considering the extremely frequent wars and conflicts the Ottomans found themselves in during their last century or so of existence; in other words, the battle flag became "the flag" as Ottomans found themselves defending their crumbling empire on a regular basis and "Turks" regarded proximity to this symbol (and the armed forces that flew them) as their best chance for security and safety (a crumbling state offers little protection). Accordingly, all other banners and flags could have easily become secondary in practice as well as perception. On the folklore side, there is a paganistic/shamanistic explanation for the crescent: The solar eclipse, which was viewed by sky-god believing shaman Turks as a battle between good (as represented by the Sun) and evil that sought to bring darkness (the Moon as known today). In fact, the solar eclipse is a time in Turkey and other Central Asian societies that is received with exuberant defiance: Drums are played, shots (and arrows) are still fired into the air to assist the Sun (good) in its battle against evil (darkness). It should be noted that the sky often takes on a reddish hue during solar eclipses (especially, partial solar eclipses); therefore, for a sky-god (shaman-pagan) culture, a flag that represent the defiance of evil/harm is more than understandable and ties well with deeply-rooted folklore that persists during these modern times. The red backdrop may also have meant the color of human blood, sacrificed during conflict. However, it is also possible that the Shamanistic traditions and "earthly meanings" may have associated the color red with land -- the object of armed competition and conflict throughout history, stained by blood or simply red in color (as earth can be). Considering how vital wide expanses of territory were to migrating/nomadic tribes that relied heavily on grazing land and distances to buffer against natural and manmade threats, it is not hard to make the connection between life-and-death (bloody) developments and the competition for land. It would probably have been second-nature to combine the life-sign star and the life-blood land with the struggle carried by armies (taking the "crescent" formation) on a flag to summarize this central and vital theme. Therefore, it is quite possible that the crescent-star flag summarizes much of Turkish/Turkic history since the Oguz tribes were pressured out of Central Asia to seek new and wider grazing lands, culminating in the explosion into Asia Minor and the Middle East in the 9th century that produced the Seljuks, Karamanlis, Ottomans, etc. Another theory point to the crescent and star also as a symbol dates back to the times of ancient Sumerians and ancient Egypt. Another possibility regarding the origin of the flag dates it back to the ancient Greek and Roman periods. It is argued that the city of Byzantium was dedicated to the Greek goddess Artemis in 667 BC, whose symbol, the crescent, was used as the symbol of the city and its coins for around 1000 years between 667 BC and 330/381 AD. After the Roman emperor Constantine the Great, who endorsed Christianity, made Byzantium (now known as "Nova Roma", which, after Constantine's death in 337, became Constantinople) the new capital of the Roman Empire in 330 AD, and Theodosius the Great made Christianity the official Roman state religion by a law in 381 AD, the "Star of the Blessed Virgin Mary" was added next to the original "Crescent of Artemis". This star is also commonly found on the icons of the Greek Orthodox Church to this day. Following the conquest of Constantinople (today's Istanbul) by the Ottoman Sultan Mehmed II in 1453, the "crescent-and-star" of Constantinople was adopted as the symbol of the Ottoman Empire, which eventually spread to the other Islamic land with the Turkish conquest of these areas starting from 1516; and eventually became regarded as an Islamic symbol. The star and crescent moon, however, were also symbols (not flags) found relating to the Egyptian goddess Isis and also in Babylon in Mesopotamia. Nevertheless, Byzantium was the first governing city-state to use the crescent moon as its official symbol, even though the Turkic tribes passed through Mesopotamia much before coming to Istanbul during their migration from Central Asia. It has also been put forth that the crescent moon and star were holy symbols of the pre-Islamic Turkish tribes, while red is the cardinal colour for south in ancient Turkish culture. It has been recently found out in 2004 in Bishkek during archaeological excavations that Göktürks used the crescent and star figure on their coins. The 1500-year-old coin includes three crescent moon figures and a star near a person, possibly a leader. Сұлтанның жеке байрағы. The imperial banners displayed the sultan's tughra, often on a pink or bright red background. The religious colour of Islam is green, and many Ottoman flags were dark green (either simple green flags, or bearing the star and crescent in either white or yellow). Many royal banners picture the legendary Zulfikar sword. As of 1862 the flag of the sultan was green with seven thin, red, horizontal lines. Байрақтың саптары. The flagpoles were often decorated by a crescent, a wolf's head, a horsetail or a Qur'an box. In addition, banners were always accompanied by a number of smaller flags, pennants, icons and various other items with symbolic meaning (for example, the Janissaries used to parade with their cauldrons). Сілтемелер. Ottoman Painted Miniatures, Turkish Ministry of Culture Portolan Chart, Albino de Canepa, 1489 Flags of the World, Ottoman Empire Counter-Strike. Counter-Strike (ағылшынша: "counter-strike — айқаспалы атыс") — бірінші жақ шутер жанрында компьютерлік ойын. 1999 жылы Half Life ойынның модификациясы болып пайда болды. Сипаттама. Counter-Strike — бірнеше пайдаланушылармен немесе боттармен (компьютерлік бағдарлама) бірден ойнай алатын компьютерлік ойын. Ойында екі жақ бар: террористтер (terrorists) және контртеррористтер (counter-terrorists). Ойынның мақсаты — тапсырманы орындау немесе тірі қалып қарсы жақты құрту. Ойын раундтарға бөлінеді. Әр раундтың басында ойыншы өз базасында пайда болып өзіне қару-жарақ, оқ-дәрі сатып алады. Әр ойыншының өз ақшасы бар. Ол ақшаны тапсырмаларын орындап, қарсы жақтың ойыншыларын "өлтіріп" табады. Ойын карталар. Ойын карта — ол шектелген ойын территориясы. Counter-Strike-та көптеген әр түрлі ойын карталары бар. Олар қазірге дейін жаңадан шығарылады да оларды ойынға қосуға болады. Қару-жарақ. Қарсы жақтардың қару-жарақ сатып алуға таңдау жинақтығы бөлек, бірақ қару-жарақтардың көбісі бірдей. Мысалы, террористтерге M4A1 және BULLPOP, ал контртеррористтерге CV-47 (АК-47) және KRIEG 552 деген мылтықтарды сатып алуға мүмкіндігі жоқ. Оларды жымқыруға ғана болады. Сыртқы түрлері. Ойыншы әр жақтың төрттен бір түрін таңдай алады. Олар ойын әрекетіне еш әсер етпейді, жалғыз ғана сыртқы түрін айналыста маскировка бойынша қолдануға болады. Киберспорт. Бұл ойын бойынша көптеген турнирлар өткізіледі. Бүкіләлемдік турнирлар да бар. Сондай турнирларда қатысатын командалардың арасында Қазақстанның командалары да бар. Архимедес. Архимед (, б.з.б. 287-212) Ежелгі Грекияның ұлы ғалымы, математигі, механигі. Ол Сицилия аралындағы Сиракуз қаласында, туып сонда өмір сүрген. Архимед астроном Фидийдің баласы деген жорамал бар. Архимед сол замандағы ірі мәдениет орталығы – Мысырды аралап, александриялық ғалымдардан, солардың ішінде Конон мен Эратосфеннен білім алған. Оның математикалық еңбектері өз заманынан озық болған, бұл еңбектері дифференциалдық және интегралдық есептеу ашылғанда (17 ғасыр) дұрыс бағаланған. Архимедтің көптеген математикалық еңбектерінің ішінен қисық сызықтардың ұзындықтарын, әр түрлі фигуралар мен денелердің көлемін және беттердің ауданын есептеу ерекше орын алды. Архимед рычаг заңын, суда өлшеу арқылы қорытпаның құрамын анықтау тәсілін тапқан, өз атымен аталған гидростатика заңын (Архимед заңы) ашқан, жер суаратын механизмдерді, жүк көтеретін рычаг жүйелері мен блоктарды, тас ататын қамал бұзатын соғыс қондырғыларын, т.б. ойлап шығарған. Рычагтың математикалық заңын тапқанда, Архимед “Тіреу нүктесін берсеңдер, Жерді де төңкеріп тастаймын” деп айтқан екен. Архимед шығармаларының көпшілігі сақталмаған, ал оның “Эратосфенге жолдаған” хаты 1906 жылы ғана табылған. 9-11 ғасырларда Архимедтің еңбектері араб тіліне, ал 13 ғасырда олар араб тілінен латын тіліне аударылып, Батыс Еуропа елдеріне тарай бастаған. 1823 жылы Архимедтің “Шар мен цилиндр” және “Дөңгелекті өлшеу және леммалар” атты екі кітабы орыс тіліне аударылған. Ақпарат. Ақпарат ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты. Көп адам бұл жайлы Білім дәуірі немесе білім қоғамы тудырғын "Ақпарат дәуірі" туралы айта бастады; ақпараттық қоғам, ақпараттық технологиялар, тіпті информатика, ақпарат ғылымы және компьютер ғылымы назарға көп түсуде, ал “ақпарат” сөзі білдіре бастаған мағыналары ұқыпсыз пайдаланылуда.. Ақпарат хат ретінде. Ақпарат – қарастылатын жүйе қалпы. Хабар – заттанған ақпарат. Ақпарат жіберушіден қабылдаушыға бағытталған хабардың сапасы болып табылады. Ақпарат әрқашан бірнәрсе (параметр өлшемі, оқиғаның болғаны, т.б.) туралы. Осылай қарастырылған ақпарат мағынасы ұқыпты болуы шарт емес. Ол ақиқат немесе жалған, тіпті сүюдің даусы болуы мүмкін. Тіпті үзілісті шудың байланыс арнасын толтыруы, түсініспеушілік әкелу мүмкіндігі осы мағынасы бойынша ақпарат болып есептеледі. Дегенмен, жалпы айтсақ, ақпарат мөлшері көбейген сайын хабар дәлірек болады. Бұл модель белгілі жіберуші және кем дегенде бір қабылдаушы бар деп есептейді. Осы модельдың көптеген толықтырмаларында жіберуші мен кем дегенде бір қабылдаушының ортақ тілі барын жорамалдайды. Ақпараттың өзгеше маңызды анықтамасы оны қабылдаушы түсінетіндей жіберушіден шыққан хабар деп анықтайды. Бірақ, белгілi жіберуші болуын талап ететін “ақпарат - хат” моделі ақпараттың қоршаған ортадан, байқау, өлшеу, т.б. арқылы, алынатын нәрсе болуы мүмкіндігіне мән бермейді. Ақпарат ұғым ретінде контекстіне байланысты көптеген мағына білдіреді, дегенмен ол әдетте мағына, білім, тапсырма, байланыс, бейнелеу, сезіну дегендермен тығыз байланысты. Қысқа қайырғанда, қабылданған және түснікті хабар. Дерек хақында айтылса, ақпарат деп әлдебір түйін жасауға болатындай ақиқаттар жиынтығын қарастыруға болады. Оқу, тәжірибе немесе тапсырмалар арқылы ақпарат алынатындықтан оның т.б. түсініктемелері болуы мүмкін. Қалай боланда да ақпарат деректерді өңдеу, реттеу және оларды қабылдаушыға жаңа білім болатындай ұйымдастыру нәтижес болып табылады. Байланыс теориясы нәтиженің (шығыстың) анықсыздығының сандық өлшемі болып табылады. Мысалға, “мыңдаған биттерден тұратын ақпарат” деп айта аламыз. Байланыс теориясында жиі Клод Шеннонның есімімен байланысты "ақпарат энтропиясы" деген ұғым пайдаланылады (төменде қара). Ақпараттың келесі бір түрі Фишер (R.A. Fisher) енгізген ұғым – "Фишер ақпараты". Бұл статистиканы бағалау теориясында және жалпы ғылымдарда пайдаланылады. Байқалмайтын параметр (unobserved) жайлы хабардың алып жүретін ақпарат мөлшері Фишер ақпараты болып табылады. Оны жүйені сипаттайтын ықтималдық функциясы ілімінен есептеп шығуға болады. Мысалы, қалыпты (normal) ықтималдық функциясы бойынша Фишер ақпараты заң variance керісі болып табылады. Ықтималдық заңы туралы ілімсіз Фишер ақпараты қалыпты (normal) ықтималдықпен тарайтын деректің екінші моментіне керісінен есептеуге болады. Тіпті ақпарат пен деректер бір-бірімен алмастырылып жиі қолданылатынына қарамастан олар екі түрлі ұғым. "Деректер" байланысы жоқ ақпараттар жинағы болып табылады және сәйкесінше өңделмейінше пайдасыз болап табылады. Өңделу барысында өзара жетерліктей байланыс табылса, және олардың маңызы бар болса ғана ол ақпарат санатына ауысады. Сондықтан жәй деректер түрлі мақсаттарға пайдаланылуы мүмкін. Яғни деректер әлдебір ақпарат қамтымайынша жарамсыз болады. Ақпарат энтропиясын өлшеу. Логарифм негізін таңдау ақпаратты өлшеу өлшем бірлігіне сәйкес келеді. Егер негізі 2 болса нәтижесінде ақпарат бірлiктері бинарлық сандар, немесе қысқаша Тюки (J. W. Tukey) енгізген биттер болар еді. Екі бірқалыпты дәрежесі бар құрылым, мысалы – реле, бір бит ақпарат сақтай алады. Осындай N құрылым N бит сақтай алады…[1] Алгоритмдік байланыс теориясы ақпаратты өлшеудің қосымша жолын береді. Қысқаша қайырғанда, бұл тәсіл ақпарат мазмұнын белгілер тізімінің болжамдығына негіздеп өлшейді, немесе басқаша айтқанда бағдарлама арқылы тізімді есептеу қаншалықты оңай: тізімнің ақпарат мазмұны ең қысқа осы тізімді есептейтін бағдарламаның биттер саны болып табылады. Төмендегі тізімнің алгоритмдік өлшемі өте аз болар еді, өйткені ол - оңай болжауға болатын құрылым, және құрылым ретінде жалғасқанымен өлшемі өзгермейді. Шеннон ақпараты тізімнің әр белгісі үшін, олар статистикалық кездейсоқ болғандықтан, дәл осындай ақпарат өлшемін берер еді, ал әр жаңа белгі өлшемін үлкейтер еді. Адамдық көзқараспен қарағанда дәстүрлі ақпарат теориясы мен алгоритмдік ақпарат теорияларының шектеулері бар. Мысалға, хабар мазмұны дегенде Шеннон “Жиі хабарлардың мәні бар… бұл байланыстың семантикалық жағы инженерлік мәселелерге маңызды емес. Маңызды жағы – нақтылы хабардың ықтимал хабарлар жиынының таңдалып алынған бірі болғандығында” (екпін түпнұсқадан сақталған). Ақпарат теориясында сигналдар процесстердің бөлігі болып табылады, субстансия емес; олар бірнәрсе істейді, олардың арнайы мәні жоқ. Алгоритмдік ақпарат теориясы мен ақпарат теориясын бірге пайдалана отырып ең кездейсоқ сигнал қалай тәржімеленсе де ең ауқымды ақпаратты қамтиды, әрі сығыла да алмайды деген тұжырымға келуге болады. Майкл Редди (Micheal Reddy) "математикалық теория 'сигналдары' 'алмаса алатын құрылымдар' деп байқаған. Сигналда еш хабар жоқ, онда тек мүмкін болатын хабарлар жиынынан бір хабарды таңдау қабілеті бар." Ақпарат теориясында "жүйе әр ықтимал болатын таңдаумен жұмыс істей алатындай жобалану керек, тек таңдалғанмен емес, себебі жобалану кезеңінде ол хабар беймәлім болған ". Холокост. «Холокост» деген сөз грек ті­лі­нен аударғанда оттың көмегімен құр­бандыққа шалу деген ма­ғы­на­ны білдіреді. Негізінде бұл сөз 1933-1945 жылдар арасында Гит­лер­дің билік басына келуімен фа­шис­тердің 6 миллион жебірейдің (Еуропа жебірейлерінің 60 па­йы­зы) көзін жойғанымен байланыс­ты айтылады. Тұңғыш рет «хо­ло­кост» термині АҚШ баспасөзінде 1960 жылдары Освенцим кре­ма­торийіне байланысты қолданыл­ған. Күмән. Иран президенті Махмұд Ах­ма­динежад екінші дүниежүзілік со­ғыста жебірейлердің жаппай қы­рылғанына күмән келтіріп, оны ой­дан шығарылған аңыз деп ата­ды. «Егер жебірей қырғынына еуро­палықтар кінәлі болса, онда не­ге палестиналықтар азап шегуге тиіс, Израиль мемлекетін Палес­ти­надан көшіріп, Америка не Еуропа құрлығынан, Канада не­месе Аляскадан жер бөліп беру ке­рек». Бұл – Иран президентінің уәжі. Мұны кейбір Батыс сарап­шы­лары да қостайды. «Америка­лық­тар вьетнамдық­тар­ды, жа­пон­дар қытайлар мен кәрістерді қы­рып тастаған, ендеше, неге же­бірей­лерді қырған немістерді ғана бө­ліп қараймыз» дейді олар. Бұл сөз­дің де жаны бар. Тіпті Хо­ло­костқа Иран президенті ғана емес, жебірейлердің кейбір бөлігі де қарсы. Олардың айтатыны: «Жебі­рейлердің қасиетті кітабы Тәурат­та жебірейлердің өз мемлекеті бол­мауы тиістігі айтылған, ал Холо­кост Израиль мемлекетін ұстап тұру үшін саяси мақсатта пайда­ла­нылып отыр». Яғни Еуропа мен Америка жебірей проблемасымен бастарын ауыртпас үшін оларды бірге туған бауыры – арабтарға айдап салып, сырттан қызықтап отыр­ған болады. Германия мен Австрияда Холокосты жоққа шы­ғар­ған адамдар қазір де сотталып кетуі мүмкін. Холокосты жоққа шығаратын кейбір сарапшылар газ камерасының күш-қуатын есеп­тей келіп, 6 миллион жебірейді отқа жағу үшін он бес жыл уақыт қа­жеттігін арифметикалық тұр­ғы­да есептеп шыққан. Ал не­міс­тердің жебірейлерді он бес жыл бойы отқа жақпағаны белгілі. Хо­локосты алғаш жоққа шығарған­дар­дың бірі – соғыста лагерь тұтқыны болған француз Поль Рас­синье деген адам. Эрнст Цюн­дел деген канадалық неміс «Алты миллион жебірей шынымен өлді ме?» деген кітап шығарам деп басы айықпас дауға қалып, 1985 жылы сотқа тартылған, он бес жылға сот­талған. Фред Лойхтер деген аме­рикалық профессор Польшаға арнайы барып, індете зерттей келіп, «Освенцимде, Биркенауда, Майданекте газ камералары бол­ма­ған» деген пікірге табан тіреген. Сөй­тіп, Канада сотында Цюнделді жақ­таған. Джеймс Рот деген ғы­лым докторы Освенцим мен Бир­ке­наудағы газ камералары деп есептелген жерлердегі қабырғалар мен едендерден, үй төбесінен және қазандықтардан алынған сына­ма­ларға талдау жасай келіп, Лойх­терді жақтаған. Олардың айтуын­ша, шын мәнінде, Освенцимде 150-160 мың жебірей өлген, бірақ олар газбен тұншықтырылып өл­тіріл­меген. Освенцимдегі пештер Америкадан әкелінген газ ка­мера­лары болуы да мүмкін делінеді. Освенцимдегі газ камерасы бол­ған делінген 65 шаршы метр, Бир­ке­наудағы 210 шаршы мерт жерде мың­даған адамды отқа жағу мүм­кін емес. Не керек, толық талдау ісі осы күнге дейін жүргізілмеген. Құ­жат бойынша анық-қанық дә­лел жоқ, куәлардың өзі газ ка­ме­ра­лары жайында екінші, үшінші адам­нан естігендерін айтқан. Же­бірейлердің майынан сабын жа­сал­ған деген сөз де дәлелсіз. Мұ­ның бәрі нені білдіреді? Кейбір сарап­шыларға сенсек, капита­лизм мен коммунизм және екі дүние­жүзілік соғыс жебірейлердің құпия келісімінің нәтижесі, тіпті Гитлердің өзін қаржыландырған – жебірейлер. Халықаралық жебі­рей қауымдастығы мен Гитлердің арасында арнайы келісім болған деген де сөз бар. Соғыста қырыл­ған жебірейлердің арасында атақ­ты адамдар: ғалымдар, Нобель сый­лығының иегерлері, жазушы­лар, т.б. ақылы асқан, танылған адамдар болмаған деседі. Яғни олардың бәрі де соғыс ошағынан алыс әкетілген. Ал Еуропада қал­ған қарапайым жебірейлердің бәрі болашақта Израиль мемлекеті құрылатын Палестина жеріне сый­майтын болмағандықтан, олар­дың қырылуына әдейі жол берілген деп айтылады. АҚШ-тың, халықаралық жебірей қауымдас­ты­ғының және немістің «өтема­қысынсыз» 1967 жылы араб же­рін­де құрылған Израиль мем­ле­ке­тінің аяғынан тік тұрып кетуі мүмкін емес еді. 1992 жылы ФРГ Израиль мен халықаралық жебі­рей ұйымына ресми статистика бойынша, 85,4 миллиард неміс мар­касын төлеген, ал шын мәнінде, бұл сан одан әлдеқайда көп де­лінеді. Бұған немістің түрлі тауар­ларын тегін жеткізуді қосыңыз. Бүкіләлемдік жебірей конгресінің ұзақ жылдар төрағасы болған Наум Гольдман өзінің «Жебірей парадоксы» деген кітабында: «Жаңа­дан құрылған Израильдің ал­ғаш­қы он жылда неміс өтема­қы­сынсыз өмір сүріп кетуі қиын еді, барлық көлік паркі, барлық кораб­льдер, барлық электрос­тан­са­лар, инфрақұрылымдар, өнер­кәсіптің тең жартысы немістікі болатын» деп жазады. Қазығұрт шыңы. Қазығұрт тауы — Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданының орталығы Қазығұрт елді мекенінің солтүстік-шығысында 20 шақырым қашықтықта орналасқан тау шыңы. Биіктігі 1768 метр. Одан жақын жерде Жаңабазар ауылы орналасқан. Қазақ аңызы бойынша, Нұх пайғамбардың кемесі осы таудың басында тоқтаған. Осы сияқты аңыздар қазақ халқынан басқа көптеген ежелгі халықтардың мифологиясында бар. Амундсен, Роалд. Амундсен Руаль (1872-1928) – норвег саяхатшы. Кеме капитанының отбасында дүниеге келген. 20 жасында Кристияния қаласындағы университеттің медицина факультетін бітіреді. 1894 – 99 жылдары аралығында бірде матрос, бірде штурман болып әр түрлі кемеде жүзген. 1903 жылдан бастап көпшілікке әйгілі болған бірнеше экпедицияға қатысқан. 1903-1906 жылдар аралығында “Йоа” кемесімен Гренландиядан Аляскаға жетті. Норвегиядан (1910) “Фрам” кемесімен Антарктикаға аттанады. 1911 жылы 14 желтоқсанда ағылшын саяхатшысы Р. Скоттан бір ай бұрын Оңтүстік полюске жетеді. 1926 жылы Шпицберген – Солтүстік полюс – Аляска бағыты бойынша “Норвегия” дирижаблімен 1-трансарктикалық ұшуды басқарды. Солтүстік мұзды мұхитта апатқа ұшыраған У. Нобиле экспедициясына көмек көрсетпекші болып “Латам” гидроұшағының экипажымен бірге қаза тапты. Солтүстік Мұзды мұхитта Амундсен есімімен аталатын қазан-шұңқырлар, бұғаздар бар. Африка Бірлігі Ұйымы. Африка Бірлігі Ұйымы – Африканың 50-ден астам елдерін біріктіретін ұйым. 1963 жылы мамыр айында Аддис-Абебада (Эфиопия) құрылған. Ұйымның негізгі мақсаты – жаңартылған отаршылдыққа тойтарыс беру, Африка мемлекеттерінің өзара саяси және экономикалық ынтымағын дамыту, олардың тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығын қорғау, сыртқы саясатта, экономика мен мәдениет салаларында келісілген іс-қимыл жүргізу. Жоғарғы органы – мемлекеттер мен үкімет басшыларының Ассамблеясы (жылына бір рет жиналады), жоғарғы атқарушы органы – сыртқы істер министрлерінің кеңесі (сессиясы жылына екі рет жиналады). Ұйымдастыру-атқару жұмыстары Бас секретариатқа жүктелген. Штаб-пәтері Аддис-Абебада арналасқан. Атом қуаты халықаралық агенттігі. Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі (АҚХА) – ядролық қаруды таратпау тәртібін қолдау, атом қуатын бейбіт мақсатқа қауіпсіз пайдалану жолындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мен кеңейту мәселелерімен айналысатын үкімет-аралық тәуелсіз ұйым. БҰҰ-жүйесіне кіреді, бірақ онымен арнайы келісім негізінде қарым-қатынас жасайды. Агенттік өзінің қызметі туралы БҰҰ бас ассамблеясы мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне жыл сайын мәлімет береді. Қазір оған 125 ел мүше. Ұйым бюджеті 256 млн. АҚШ долларынан астам. Атом қаруы бар мемлекеттерде (Ресей, АҚШ, Франсия, Ұлыбритания, ҚХР) ядролық қондырғылардың бір бөлігі өз еркімен АҚХА бақылауына қойылған. Израилдегі, Үндістандағы, Пәкістандағы бірқатар қондырғылар Агенттіктің бақылауынан тыс қалып отыр. АҚХА-ның маңызды қызмет ету салалары – атом қуатын бейбіт мақсаттарда пайдалану, осы салада тезникалық көмек көрсету, атом электр стансаларының (АЭС) қауіпсіздігін арттыру, радиоактивті қалдықтарды залалсыздандыру, радиоизотоптарды медицинада, т.б. адамзат шаруашылығында пайдалану. АҚХА қамқорлығымен Ресейдің, АҚШ-тың, Жапонияның және Еуропа қоғамдастығының ғылыми күштерін Халықаралық термоядролық сынақ реакторларын (ITER) жасау үшін біріктіру жобасы жүзеге асырылуда. АҚХА-ның бақылау қызметін жетілдіру және кеңейту шеңберінде 1997 жылы мамырда “Кепілдіктер жүйесінің пәрменділігі мен тиімділігін арттыру” бағдарламасы қабылданды. АҚХА ядролық заттардың зиянсыз айналымы жөніндегі ақпараттар мен деректерді жинап, талдап, қорытады. Тек мемлекеттер ғана АҚХА-ға мүше бола алады. Басқарушы органдары: мүше елдердің жыл сайын шақырылатын Бас конференциясы, 35 адамнан тұратын Басқарушылар кеңесі және ағымдағы жұмыстарды іске асырушы екі мыңнан астам қызметкері бар хатшылар тобы, соңғысын бас директор басқарадыіқі. Штаб-пәтері Венада орналасқан. Қазақстан мен АҚХА. Қазақстан Агенттікке 1994 жылы мүше болып кірді. Өзін ядролық қаруы жоқ деп жариялауына және Семей атом сынақ алаңының жұмысын тоқтатуына байланысты Қазақстанның бұл Агенттіктің қызметіне қатысуының маңызы артып отыр. АҚХА 1994 жылдан бері Қазақстанда атом қуатын пайдалану саласындағы аса қажетті мәселелерді шешуге көмек көрсетіп келеді. Бұл салада заңдар мен құжатар жүйесін жасауға көмектесу, ядролық реакторлырға және ядролық-отын циклді кәсіп-орындарға сараптау жүргізу, республиканың әр түрлі ұйымдарына аспаптар мен жабдықтар түріндегі техникалық көмек жақсарды. Семей сынақ алаңында радиациялық жағдайдың қазіргі күйін анықтау мақсатында АҚХА мамандарының үш өкілдігі (миссиясы) жұмыс істеді. 1994 жылы шілдеде Алматыда Қазақстан мен АҚХА арасында ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа байланысты кепілдіктер беруді қолдану туралы келісімге қол қойылды. Бұл келісімді дайындау мен іске асыру барысында Агенттік жағынан Қазақстанға сараптау-әдістемелік және техникалық көмек көрсетілді. Араб жамағаты. Араб елдерінің жамағаты – арабтар мекендеген елдерінің өзара ынтымағын нығайтуды, сыртқы саясатын үйлестіруді, тәуелсіздігі мен мүдделерін қорғауды мақсат еткен ұйым. Моритания, Мағрибия, Жезаир, Либия, Сұдан, Джибута, Эритрея, Сомалия, Ұман, Біріккен Араб Әмірліктері, Қатар, Бахрейн, Куейт, Паластин. Жамағаттың жоғарғы құрымы – Сыртқы істер министрлерінің кеңесі. Кеңес жылына екі рет өтеді. Ұйымның тұрақты органдары – Бас хатшылық, Бас хатшы кеңсесі; арнайы күштерінің (саяси, әскери, заң, қаржы-экономикалық, мәдени, т.б.) штаб-пәтері Мысыр астанасы – әл-Қаһирада орналасқан. Арық. Арық - өзен арнасынан не бөгеннен егінге су жіберуге, егісті суғаруға арналған жасанды арна. Егіс телімдеріне кез-келген жерден су жіберуге мүмкіндік беру үшін арықты, көбінесе, суайрық бойымен беткейлете жүргізеді. Әлем (пәлсапа). Әлем (араб тілінен — жарық дүние; дүние; халық, бұқара, қауым) — тұтастықты бейнелейтін ұғым. Қазақстан дәстүрлі дүниетанымында "әлем" — жер жүзі, жеті қабат жер асты, жеті қат көктен тұрады. Әлем ұғымы сондай-ақ жиынтықты да білдірген: адамзат әлемі, табиғат әлемі, рухани әлем, т.б. Қазіргі ғылыми түсінікте әлем мен ғалам ұғымдарының ара жігі ажыратылған. Ғалам ұғымы кеңістік пен уақыт бойынша шегі де, шеті де жоқ, пішіні сансыз көп өзгеріске түсе алатын және қазіргі заманғы астрономиялық құралдармен зерттеуге болатын ғарыш кеңістігін білдіреді. Кейбір әдебиеттерде бұл екі атау бір-бірінің орнына ауыстырылып қолданылып жүр. Әлемтанудың принциптік бастамасы — оның заттылылығын, объективтілігін, санадан тәуелсіздігін мойындау. Әлемде мәңгі әлемді құрайтын заттар ешқашан жойылмайды, ол үнемі бір түрден екінші түрге ауысып отырады. Нүктелі үтір. Нүктелі үтір (;) - жазуда пайдалынатын тыныс белгілерінің бірі. Негізінен, жай сөйлемдердің арасына қойылады. Бұл белгіні қоюда сөйлемнің құрылысы мен мағынасы негізге алынады. Нүктелі үтірді сөйлемнің құрылысына қарай қойғанда, құрмаласқа енген жай сөйлемдер баяндауыштарының тұлғалық жағынан және жасалу жолдары жағынан сәйкестілігі, бірыңғайлығы, тепе-теңдік тиянақтылығы ескеріледі. Нүктелі үтірді қоюда сөйлемнің мағынасы негізге алынады дегенде, баяндауыштары біркелкі тұлғалы жай сөйлемдердің мағыналары әрі өзара жақын, әрі тәуелсіз болатындығы және оларды жеке-жеке сөйлем еткенде мағынаға нұқсан келмейтіндігі ескеріледі. Мәселен, жоғарыда келтірілген сөйлем құрамынан нүктелі үтірмен бөлінген сөйлемдерді дербес қалпында жеке-жеке қолдануға болады, және одан мағынаға нұқсан келмейді. Қазақстанның дәулетті адамдары. Forbes журналының соңғы (2008) рейтингісі бойынша Қазақстан бай адамдарының (1 млрд АҚШ долларынан кем емес дәулетті адамдары) саны 8-ге жетті. Тырнақша. Тырнақша (" «») - жазуда пайдалынатын тыныс белгілерінің бірі. Тырнақша кідіріске, интонацияға немесе сөйлемнің құрылысына байланысты емес. Тырнақшаның мағынасы да, қызметі де алуан түрлі. Ол бірде тырнақшаға алынған сөздің немесе сөйлемнің өзге біреудікі екендігін білдірсе, енді бірде оның өзі тура мағынасында қолданылмай, басқа бір мағынада қолданылып тұрғандығын, болмаса заттар мен нәрселердің шартты атаулары екендігін білідіреді. Сонымен, тырнақша, негізінен, мағынаға байланысты қойылатын белгі. Жақша. Жақша () - жазуда пайдалынатын тыныс белгілерінің бірі. Жақша, негізінен, мағынаға байланысты қойылатын тыныс белгі. Жақшаға алынатын сөздер мен сөйлемдер жақшаға алынбаған сөздермен грамматикалық байланыспайды. Жақшаға алынған сөздер мен сөз тіркестері баяндалып отырған ойды анықтай түсу үшін, кейде оның жеке мүшелерін түсіндіру үшін, оған ескерту жасау үшін, ойдын қайдан алынғандығын көрсету үшін қолданылады. Демек, жақшаға алынатын сөздер мен сөз тіркестері басы артық нәрселер емес, сөйлем ішіндегі бір ойды немесе жеке бір сөзді дәлірек түсіндіретін, аутордың белгілі бір нәрсе жайында көзқарасын аңғаратын - керекті сөздер. Дерт. Дерт — медицинада адамның қалыпты денсаулығының бұзылуы, ауру. Дерт көпшілік жағдайларда қоршаған ортаның әсерлеріне, сондай-ақ ағзаның ішкі жағдайлары мен тұқым қуалау белгілеріне байланысты болады. Дерттің пайда болу себептерін зерттейтін ілімді "этиология" деп атайды. Дерттің өтуі "алғашқы", "айқындалу" және "аяқталу" кезеңінен тұрады. Аурудың алғашқы кезеңінің жасырын және басталу басталу сатылары болады. Жасырын сатысында аурудың ешқандай белгілері байқалмайды. Кейін қосымша белгілер (әлсіздік, бейжайлық, ұйқы бұзылуы, тәбеттің болмауы, бас ауруы, т.б.) біліне бастайды. Айқындалу кезеңінде аурудың клиникалық белгілері (симптомдары) айқын білінеді. Аурудың аяқталу кезеңінде науқас адам толығынан ауығады немесе жартылай сауығады. Кейде ол созылмалы түрге ауысады немесе қазаға душар етеді. Көптеген аурудан алдын ала сақтануға болады. Ол үшін салауатты өмір салтын сақтаудың маңызы зор. Анархизм. Анархизм (- биліксіздік) – мемлекеттік билікті жеке адамның мойындамауын уағыздайтын әлеуметтік-саяси ағым. Оны жақтаушылар (У. Годвин, П. Прудон, М. Штирнер, М. Бакунин, П. Кропоткин) күштеу арқылы еріксіз көндіретін мемлекеттік органдарды азаматтардың еркін қауымдастықтарымен алмастырғылары келді. Олардың негізгі дәлелі – қандай да болмасын еріксіз көндіру, күштеу, мәжбүр ету – жақсылыққа жатпайды, себебі ол адамның еркіндігін шектейді дейді. Кейін бұл ағымның саяси өмірге әсері әлсіреді. Алтын. Алтын (латынша Aurum), "Au" – элементтердің периодты жүйесінің I-тобындағы химиялық элемент, асыл металдардың бірі. Реттік нөмірі 79, атом массасы 196, 967, балқу температурасы 1063ْ С, қайнау температурасы 2947 С. Таза алтын сары түсті, соғылғыш және созылғыш металл, химиялық инертті элемент. Сыртқы ортаның химиялық әсеріне аса төзімді. Оттек, сутек, азот, және көміртекпен тікелей қосылмайды. Алтынға сілтілер және жеке қышқылдар әсер етпейді. “Патша сұйығында” (1 көлем HNO3, 3 көлем HCl) және кейбір күшті қышқылдар қоспасында ериді. Қосылыстарында алтын бір және үш валентті болып келеді. Табиғатта саф алтын түрінде, тау жыныстарында (5*10-7%), теңіз және мұхит суында (0.01-0.05 мг/т) кездеседі. Кентастардын алтынды ұсақтау, байыту және циянды натрий ерітіндісімен өңдеу арқылы алады. Алтынмен басқа металдырдың бетін жалатады, әшекей бұйымдар жасайды. Тауар өндіруде, сауда-саттықта басқа заттардың бәрінің нарқы алтынмен бағаланады. Алтын табиғатта сап түрде кездесетін металл. Алтынның, ұсақ түйірлері кварц ішінде, немесе кварц құмы арасында шашыраңкы күйде болады. Алтынның табиғаттағы қосылысы алтын теллуриді (калаверит) AuTe2 құрамында және мыстың, қорғасынның сульфид кендерінде болады. Алтын Сібірде, Оралда және Орта Азия мен Қазақстанда да кездеседі. 4Au + 8NaCN + 2H2O + O2 = 4Na[Au(CN)2] +4NaOH 2Na[Au(CN)2] +Zn = Na2 [Zn (CN)4] +2Au Бұл шыққан алтынды мырыштан тазалау үшін сұйық күкірт қышкылымен жуады, мырыш еріп кетеді. Күміс сияқты басқа қоспалардан тазалау үшін концентрленген ыстық күкірт қышқылымен жуады, онда күміс Ag2SO4-кe айналады. Кейде күмістен тазалау үшін электролиздеуді қолданады - анод - тазартылмаған алтын, катод - таза алтын, электролит ретінде Н[АuС14] ертіндісін қолданады сонда күміс анод шламы түрінде қалады. Алтын - жұмсақ сары түсті, соғылғыш, созылғыш, жайылғыш, ауыр, жұмсак. металл. Қалыңдығы, 0,0001 мм фольга жасауға болады. Алтын жұмсақ болғандықтан таза түрде емес, мыс және күміспен араластырылған құйма түрінде колданылады. Түрлі алтын заттарды алтын мен мыстың құймасынан жасайды, ол құймада көбінесе 58,3% алтын болады (алтын заттардың пробасы 583). Алтын активтігі тіпті нашар металл, активтік қатарында ол ақырғы орында тұр. Оттекпен тікелей еш жағдайда да қосылмайды. Сұйық заттардан тек калий немесе натрийцианидының ерітіндісінде, хлор суында және «патша сұйығында» ериді. «Патша сұйығы» үш көлем тұз қышқылымен бір көлем азот қышқылының коспасы Au + 2Cl + NOCI = AuCl3 + NO, 2Au + 6H2SeO4 = Au2(SeO)4 + 3SeO2 + 6H2O Алтын ұсақ ұнтақ түрінде хлормен, 400 - 650° С фосфор буымен реакцияласады. Алтыннан монета (ақша) жасайды (тұтынуға шығарылған қағаз ақшаның қорғауышы ретінде банкта жатады); тіс салады, баска металдардың бетіне жалатады және әсемдікке тұтынатын әшекей бұйымдар жасайды. 3AuCl + KCl = K[AuCl4] +2Au Бір валентті алтыннын комплексті қосылыстары ауриттер тұрактырақ, мысалы K[Au(CN)2]. Алтынның (I) оксиді да қыздырса тотығу-тотықсыздану реакциясына ұшырайды Алтынның үш валентті қосылыстары көбірек. Алтынның (III) оксиді Au2O3 - қара қоңыр, Au2S3 - қара, Au(ОН)3 - күрең түсті барлығы қатты заттар, суда еритіні тек AuСl3. Au(OH)3 + 4HCl = H[AuCl4] +3H2O, Au(OH)3 + 4HNO3 = H[Au(NO3)4] +3H2O Алтынның оңайырақ алынатын қосылысы AuCl3 өзге косылыстары осыдан алынады. Алтынның барлық қосылыстары айырылғанда металдық алтын бөлініп шығады. MP-40 оқшашар тапаншасы. MP40 ("Maschinenpistole 40", сөзбе-сөз аударғанда «40 оқшашар тапаншасы») — Үшінші Рейхте шығарылған және парашютшілер, әскери бөлімше басшылары және Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде басқа да әскери қосындар кеңінен қолданған оқшашар тапанша. MP-40-тың ату жылдамдығы және дүмпуі басқалардікімен салыстырғанда төмен болған, сондықтан ол басқа оқшашар тапаншалармен салыстырғанда қолдануда ыңғайлырақ болған. Тарихы. MP40 — MP36 деген жонғыланған болаттан жасалған, қазіргі кезде тек екі данасы ғана сақталып отырған түпнұсқаның негізінде дамытылған. MP36 түпнұсқасының жобасын герман әскерінің қаржыландыруымен «Ерма» фирмасында Бертольд Гайпель жасаған. Ол үлгі ретінде Һайнрих Фоллмердің VPM 1930 және EMP деген модельдерін алды. Содан соң Фоллмер Бертольд Гайпельдің MP36-сын негізге алды да, 1938 жылы герман қару-жарақ қызметінің тапсырысымен бір жаңа оқшашар тапаншаның түпнұсқасын жасады. Ол түпнұсқа MP38 деп қабылданды. Негізінде, MP38 MP36-ның қарапайымдалған түрі еді, ал кейінірек MP40 MP38-дің қарапайымдалған түрі болды. Бұл қарапайымдатулардың себебі — қарудың бір данасын шығаруға кететін шығындарды азайту болатын. Ол үшін кейінірек бөлшектерді жонғылау арқылы емес қалыптау арқылы жасай бастады. 1939 жылдан бастап қолданысқа енгізілген бірнеше мың MP38-дер 1939 жылғы Польшамен болған соғыста қолданылды. Сондағы тәжірибе жинақталып, өзгерістер енгізіліп, MP38/40, содан кейін MP40 үлгісі дайындалды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде оның барлық үлгілерінің 1 миллионнан астам данасыы жасалды. MP40 оқшашар тапаншасы кейде қару-жарақ жобалаушысы Һуго Шмайссердің атымен "Шмайссер" деп аталады. Бірақ MP40-ты жобалаған Шмайссер емес, ол тек оның оқжатарын (магазинін) жасау жолын патенттеді. Шмайссердің жобалағаны — MP41 атты оқшашар тапанша. Ол герман әскерінің қаруы болып қабылданған жоқ. Құрылысы. MP 40 дүмбісі жазылған күйде MP 40 дүмбісі бүгілген күйде MP38 де, MP40 та бекітпенің кері серпілуінің есебінен әрекет ететін аутоматты қару болып табылады. Екеуінің от ашуы толығымен аутоматты, үздіксіз болатындай етіп қарастырылған. Бірақ ату жиілігі біршама төмен болғандығының арқасында шүріппені ауық-ауық басу арқылы жеке-жеке атуларды да жүзеге асыруға болады. Бекітпеге жалғанған телескоптық серіппе кері дүмпудің әсерін жоққа шығарады. MP38-дердің алғашқы үлгілерінде қайыру тұтқасы бекітпеге бекітіліп жасалатын, бірақ одан кейінгі үлгілері мен MP40-тарда қайыру тұтқасы жеке бөлшек етіп жасалатын болды. Қайыру тұтқаларын сақтағыш ретінде де қолдануға болатын: ол үшін тұтқаның басын арнайы кертпелерге түсірсе, бекітпе не алғы жағдайда, не артқы жағдайда бекітіліп, от ашу мүмкін болмай қалатын. Алғашқы MP38-дерде осындай ерекшеліктің болмауынан қаруды қауіпсіз еті керек болған жағдайда бекітпені бекітетін арнайы қайыс белдіктер қолданылып отырды. Ұңғының қорабы алғашқыда жонғыланған болаттан жасалатын, бірақ оған кететін уақыт көп болып, оны іске асыру қымбат операция болғандықтан, мүмкін болған кездерде жонғылаудың орнына қалыптау және электро-нүктелік дәнекерлеу қолданылып отырды. MP38-дің ұңғысы мен бекітпесінде тіке бағытта бұдырлар ойылып, оқжатардың салынатын жері шеңберлі етіп жасалатын. M38/40 пен MP40-тарда бұндай артықшылықтардан бас тартылды. MP38 және MP40 оқшашар тапаншаларының сырт көзге жақсы байқалатын бір ерекшелігі — ұңғысының төменгі жағында Sdkfz 251 сияқты жартылай шынжыр табанды бронетранспортердің үстінен от ашқанда тірек ретінде керек болатын алюминий немесе пластик тіректер. Оқжатардың салынатын жері мен тапанша тұтқасының арасында бакелитке негізделген синтетикалық материалдан жасалған ұңғы жабуы болатын. Ұңғының өзінде ешбір жылудан сақтау шаралары қарастырылмады, атыстың кезінде абайсызда қолдан шығарып алғанда атқыш қолын күйдіріп алуы мүмкін еді. MP38 және MP40-тың бүгілмелі дүмбісі де бар, бұл оқшашар тапаншалардың ішіндегі ең алғашқы бүгілмелі дүмбі. Дүмбісі бүгілген кезде оның қысқа болатыны ыңғайлы еді, бірақ ондай қару онша төзімді болмай, қоян-қолтық ұрысқа онша дұрыс келмейтін еді. MP38 бен MP40 жалпы алғанда сенімді қару болса да, оның басты осал жері оның 32 оқтықты оқжатары болатын. Томпсон оқшашар тапаншаның қос бағаналы оқжатар қорапшасы болса, MP38 бен MP40-тікі жалғыз бағаналы болды. MP38 бен MP40-тың істен шығуының басты себебі — атқан кезде оқжатардың тұтқа ретінде қолданылуы болды. Тұтқа ретінде ұстағанда оқжатарды ұстап тұратын құрылғы босаңсып, патрон оқжатардан ату механизміне өтпей қалатын. Осыны болдырмау үшін неміс жауынгерлеріне дайындық кезінде оқшашар тапаншаны тек арнайы тұтқасынан ғана үйретілді. MP40-тар жалпы алғанда тек парашютистер мен бөлімше жетекшілеріне берілетін қару болған. Жауынгерлердің көпшілігі Karabiner 98k мылтықтарымен қаруланатын. Бірақ оқшашар тапаншалармен толығымен жабдықталған кеңес әскери бөлімдерінің ұрыс қабілеті өздеріне ұқсас неміс әскери бөлімдерінің ұрыс қабілетінен әлдеқайда жоғары екендігі анық болған соң, соғыстың соңына қарай немістің шабуыл бөлімшелері де оқшашар тапаншалармен жабдықтала бастады. Шикізаттардың және жұмыс күшінің жетіспеушілігінен алман әскері MP40-тармен ғана емес, K 98 мылтықтарымен де ешқашан жете жабдықталған емес. Сол себепті 1943 жылы алман әскері қарудың MP 43/MP 44, StG 44 деген атпен де белгілі жаңа түріне көше бастады. Стен оқшашар тапаншасы MP40-қа қарағанда дәлірек деген пікір қалыптасқан, бірақ іс жүзінде MP40 атысы Стендікінен дәлірек. MP38/40-тың соғыстан кейінгі қолданылуы және соған еліктеп жасалған қарулар. Two MP40's were used by the LAPD SWAT team during the famous May 1974 shootout with members of the terrorist Symbionese Liberation Army. Баркер кубогі. Вал Баркер кубогі (Val Barker Trophy) 1936 жылдан бері әр Олимпиадалық Ойындардың ең мықты әрі әдемi стильді боксшысына берілетін сенім марапаты. Марапат 1920 жылғы АИБАның алғашқы Сыйлы Хатшысы болған Вал Баркер естелігіне арналып құрылған. Пи саны. Егер шеңбер диаметрі бірге тең деп алынса, шеңбер ұзындығы — «пи» санына тең болады. formula_1 саны («пи» деп оқылады) — шеңбер ұзындығының оның диаметріне қатынасын сипаттайтын математикалық тұрақты шама. Юнан әліппесінің алғашқы әрпімен - «пи» белгіленеді. Бұл сан иррационал және трансцендентті болып табылады. Пи санының Сиэтл Өнер Музейі алдындағы металдан жасалған мүсіні Һегел, Георг Вильһельм Фридрих. thumb Георг Вильһельм Фридрих Һегел () (1770 жылғы тамыздың 27-сі (Штутгарт, Алмания) — 1831 жылғы қазанның 14-і) — неміс пәлсапашысы. Йоһанн Готтлиб Фихте және Фридрих Вильһельм Йозеф Шеллингпен бірге неміс идеализмінің негізін қалаушы. Һегелдің ілімі әртүрлі көзқарастарды ұстанатын жазушыларға әсер еткен. Солардың арасында Һегелді қолдайтындар да (Бауер, Маркс Бредли, Сартр, Күнг), оның ілімін сынайтындар да (Шеллинг, Киркегард, Шопенһауер, Ницше, Һайдеггер, Расселл) бар. Һегелді пәлсапашы ретінде қызықтырғаны — табиғат пен азаттықтың арасындағы қатынас, имманенттік, трансценденттік, және осы жұптардың екі бөлігінің біреуін жоймай, немесе біреуін екіншісіне тәуелді етіп жібермей отырып біріктіру. Оның кең танымал және ықпалды ұғымдары: спекулятивті логика, яғни «диалектика», «абсолютті идеализм», «Рух», «Қожайын-құл» диалектикасы, «этикалық өмір» және тарихтың маңыздылығы. Һегелді кейбіреулер нацизмнің пайда болуына ықпал жасағандардың қатарына жатқызады, бірақ басқалар бұнымен келіспейді. Георг Вильгельм Фридрих Гегель - немiс философы, немiс классикалық философиясы мен романтизм философиясы философтарының бiрі. Гегель 1770 жылдың 27 тамызында Штутгарт қаласының, жоғары қызметтегi шенеулiк Георг Людвиг Гегель (1733 -1799) жанұясында дүниеге келдi. Гегельдің арғы ата тегі – контрреформация кезінде XVI ғасырда Австриядан қуылған Каринтиилік лютерандық болған. • 1788 - 1793 Тюбинген теологиялық университетiнің Тюбингеннiң институтында философиялық және теологиялық курстарын тыңдап, магистерлiк диссертациясын қорғады. Өз курстастарынан ішінде Шеллингпен және Гельдерлином тату болды. Олармен бірге Француз төңкерiсiнiң идеясымен шұғылданған студенттiк саяси клубтiң мүшесi болды. 1793 жылы дін ілімі кандидатының толық курсын аяқтау барысында Гегель жақсы қабілетті болғанымен, басқалардан ешқандай айырмашылығы жоқ, сөзде озат емес те, философияның мәлiғұны атала алады деген аттестат алған. • 1793 - 1796 Бернде үй мұғалiмi • 1797 - 1800 Майн Франкфуртте үй мұғалiмi • 1799 – әкесінiң өлiмiнен кейiн алған мұра мен меншiктi жинақтар, оған сабақ беруден бас тартып, академиялық қызметке кiруге мүмкiндiк бердi Кант, Иммануел. Иммануел Кант (1724 жылғы сәуірдің 22-сі – 1804 жылғы ақпанның 12-сі) — 18-ші ғасырда Пруссия патшалығының Көнигсберг қаласында тұрған неміс пәлсапашысы. Ол қазіргі заман Еуропасының және Ағарту дәуірінің ең ықпалды ойшылдарының бірі болып саналады. Жалпы қалыптасқан пікір бойынша, ол пәлсападағы Аристотелден кейінгі ең маңызды тұлға болып табылады. Өмірбаяны. Иммануил Кант 1724 жылы Көнигсберг қаласында бір отбасында он бір баланың төртіншісі болып дүниеге келді (олардың алтауы балалық шағында көз жұмды). Оған шіркеудегі рәсімде «Емануел» деген ат берілген болатын, бірақ Канттың өзі кейінірек еврей тілін үйреніп алғаннан кейін оны «Иммануил» деп өзгертіп алды. Ол бүкіл өмірін өзінің туған қаласын Шығыс Пруссияның елордасында және оның айналысында өткізіп, одан ешқашан 200 шақырым қашықтыққа ұзап көрмеген. Оның әкесі Йоһанн Георг Кант (1682-1746) Пруссияның солтүстік-шығысындағы Мемель қаласында туған, кәсібі қолөнерші, ұлты неміс. Анасы Анна Регина Портер (1697-1737) Нюрнберг қаласында туған, Шотландиядан көшіп келген ер-тұрман жасаушының қызы. Жас шағында Кант тиянақты, бірақ ерекше жетістік көрсете қоймаған студент болатын. Ол шынайы діни сенім, кішіпейілдік және Киелі кітапты көп зерттеуге баса назар аударатын пиетистік көзқарастарды ұстанатын отбасында туып-өсті. Соның арқасында Кант қатаң тәрбие алды, оның алған білімінде математика мен ғылымға қарағанда латын тілі мен діни тәрбие басым болды. Фихте, Йоһанн Готтлиб. Йоһанн Готтлиб Фихте (1762 жылғы мамырдың 19-ы — 1814 жылғы қаңтардың 27-сі) — неміс пәлсапашысы. Ол Иммануел Канттың теориялық және этикалық еңбектерінен бастау алған неміс идеализмі атты пәлсапалық ағымның бастаушыларының бірі болған. Фихтенің пәлсапалық ойлары көбінесе Кант пен Һегелдің пәлсапаларын өзара қосып тұратын көпірмен салыстырылады. Кейінгі кездері Фихте өзіндік сана мен өзіндік сезім туралы тың ойлар айтқан пәлсапашы ретінде өзінің қосқан үлесіүшін де бағалана бастады. Өзінен бұрынғы Декарт пен Кант сияқты, Фихте де субъективтілік пен сана сияқты мәселеге көп көңіл бөлді. Фихте саяси пәлсапа (саясаттану) тақырыбына да бағыштап еңбектер жазды; кейбіреулер оны неміс ұлтшылдығының әкесі деп қарастырады. Өмірі мен еңбегі. Фихте Рамменау қаласында туған. 1780 жылы ол Йена семинариясында оқуынбастады. 1784 жылы оқуын дәреже алмастан аяқтады. Фихте жеке мұғалім ретінде Цүрихте жұмыс істеп, 1790 жылы атақты ақын Клопштоктың немере қызы Йоһанна Ранмен атасты. 1790 жылы Фихте Канттың еңбектерін зерттей бастады, бұл зерттеу оның өмірі мен ізденулерінің жалпы бағытына зор әсер етті. Көнигсбергте Кантпен кездескен соң көп ұзамай Фихте өзінің ең алғашқы «Бар аянның сынына деген талпыныс» деген еңбегін жариялады. Онда ол құдайлық аян мен Канттың сыни пәлсапасының арасындағы байланыстарды табуға тырысады. Бұл кітаптың алғашқы басылымы жарыққа шыққанда, бұл туралы Канттың да, Фихтенің де де еш хабары жоқ еді. Ол кітаптың авторының да кім екені айтылмады. Сондықтан оқырмандар оны Канттың бір жаңа еңбегі екен деп шешті. Барлығы, тіпті әдеби сыншылар да бұл кітаптың авторы Кант болар деп шешті. Канттың өзі мәселенің анық-қанығын айтып, кітапты және оның авторын мақтаған мақала шығарғаннан кейін Фихтенің атағы кең жайылып кетті: «... өте таңғалдырарлық жаңалық... бұл кітапты Канттың өзінен басқа ешкім жаза алмас еді... пәлсапаның аспанында үшінші жарқын тұлға пайда болды...» Фихте елу екі жасында сүзектен қайтыс болды. Оның ұлы Иммануел Һерманн Фихте де пәлсапаға үлес қосты. Фихтенің пәлсапалық жазбалары. Fichte did not endorse Kant's argument for the existence of noumena, of "things in themselves", the supra-sensible reality beyond the categories of human reason. Fichte saw the rigorous and systematic separation of "things in themselves" (noumena) and things "as they appear to us" (phenomena) as an invitation to skepticism. Rather than invite such skepticism, Fichte made the radical suggestion that we should throw out the notion of a noumenal world and instead accept the fact that consciousness does not have a grounding in a so-called "real world". In fact, Fichte achieved fame for originating the argument that consciousness is not grounded in "anything" outside of itself. In his famous work "Foundations of Natural Right" (1796), Fichte argued that self-consciousness was a social phenomenon (normative). A necessary condition of any subjects' self-awareness, he argued, is the existence of other rational subjects. These subjects influence and summons the subject or self into an awareness of itself. This idea is an elaboration and extension of his "Grundlage der gesamten Wissenschaftslehre" (translated into English as "The Science of Knowledge"), where he showed that consciousness of the self depends upon resistance or a check by something that is understood as not part of the self. Fichte's famous self/not-self (also called I/not-I) distinction derives from these points and is developed in the "Science of Knowledge". Fichte also developed a theory of the state based on the idea of self-sufficiency. In his mind, the state should control international relations, the value of money, and remain an autarky. Because of this necessity to have relations with other rational beings in order to achieve consciousness, Fichte writes that there must be a 'relation of right,' in which there is a mutual recognition of rationality by both parties. In other, earlier, works he called Jews a "state within a state" that would "undermine" the German nation. He openly expressed desire to build a national Jewish state in Palestine In regard to Jews getting "civil rights", he wrote that this would only be possible if one managed "to cut off all their heads in one night, and to set new ones on their shoulders, which should contain not a single Jewish idea." Fichte was used by nationalist circles before and during the First World War to enhance national sentiments. Азия. Азия — Жер шарының ең үлкен бөлігі. Еуропамен қосылып Еуразия құрлығын құрайды. Ассириялықтар тілінде Азия – асу, шығыс деген мағынаны білдіреді. Еуропамен арадағы шартты шекарасы Орал тауының шығыс етегі, Ембі өзені, Каспий теңізі, Кума-Маныч ойысы, Азов және Қара теңіздер, Босфор бұғазы, Мәрмәр теңізі, Дарданелл бұғазы арқылы өтеді. Ауданы 43,4 млн. км2 (бүкіл құрлықтың 30%-ы). Оңтүстік-батыста Суец мойнағы Азияны Африкамен жалғастырады; Солтүстік Америкадан Беринг бұғазымен бөлінеді. Оңтүстігінде құрлыққа Малай топаралы кіреді. Таяу аралдардың жалпы ауданы 2 млн. км2-ден асады. Жағалауы аз тілімденген. Құрлықтың орталық бөліктері мұхиттардан 2 – 2,5 мың км қашықтықта орналасқан. Ең ірі түбектері: Таймыр, Чукча, Камчатка, Корей, Үндіқытай, Үндістан, Арабия, Кіші Азия. Құрлықтың шеткі нүктелері: солтүстігінде – Челюскин мүйісі, оңтүстігінде Пиай мүйісі, батысында Баба мүйісі, шығысында Дежнев мүйісі. Азия дүние бөліктерінің ішінде абсолюттік биіктігі жағынан (Эверест шыңының биіктігі 8848 м) 1-орында, орташа биіктігі жағынан Антарктида құрлығынан кейінгі 2-орында (950 м). Жерінің 75%-ы таулар мен тау үстірттері. Олар басты екі белдеуді құрайды. Ендік белдеуі Кіші Азия түбегінен Тынық мұхит жағалауына дейін созылған. Мұндағы ең биік таулар мен тау қыраттары Орталық Азияға шоғырланған. Олар: Памир, Тянь-Шань, Тибет тау қыраты, Гималай, Гиндукуш, Қарақорым. Гималай тауының шыңдары 7 – 8 мың метр және одан да биік болып келеді. Солтүстік шығыс белдеуі Тян-Шань тауынан Чукча түбегіне дейін созылады. Бұған кіретін таулар ендік белдеуге қарағанда көне әрі аласа болып келеді. Солтүстік-шығыс белдеуден батыс және шығыс жаққа қарай орташа, аласа таулар мен тау үстірттері тарайды. Ең ірісі: Орта Сібір таулы үстірті. Құрлықтың шығыс жағында бұл екі белдеуден оқшау солтүстіктен оңтүстікке қарай Коряк таулы қыраты, Камчатка таулары, Сихотэ-Алин, Корей таулары, Наньмин, Аннам тау қыраты тізбектеліп орналасқан. Азияның жалпы аумағының 25%-ы жазықтар. Оның ең ірілеріне Батыс Сібір, Тұран, Ұлы Қытай, Үнді-Ганг, Месопотамия жазықтары жатады. Тас көмірдің ірі кен орындары Сібірде (Кузнец, Минуса, Лена, Кан, Иркут), Қазақстанда (Қарағанды), Қытайда, Үндістанда бар. Азияда мұнайдың дүниежүзілік қорының жартысынан астамы шоғырланған. Негізгі мұнай-газ аудандары: Батыс Сібір, Каспий маңы ойпаты, Кавказ, Маңғыстау, Орта Азия, Парсы шығанағы төңірегі, Малай топаралы, Солтүстік және Батыс Қытай. Темір кені мен түсті металдар Азияның таулы, қыратты аймақтарында кездеседі. Фосфориттің мол қоры Қаратауда (Қазақстан), боксит кені Торғай даласында (Қазақстан), Краснояр өлкесінде, Үндістанда, Мъянмада, Индонезияда, алмаздың ірі кен орны – Саха-Якутияда. Азия Cолтүстік жарты шардың барлық климаттық белдеулерін алып жатыр. Көп жерінде, әсіресе ішкі аудандарда, континенттік климат басым. Оңтүстігі мен шығысында климат муссонды. Батыс, Орта, Орталық Азия жазықтарына шөл және шөлейт климат тән. Биік тау қыраттары мен тау бастарын суық шөл климаты алып жатыр. Малакка түбегі мен Үлкен Зонд аралдарының климаты экваторлық. Қыста ең төмен температура солтүстік-шығыс Сібірде байқалады. Верхоян жотасы мен Оймяконда қаңтар айының орташа температурасы –50ӘС, кейде ең төмен температура –70ӘС-қа дейін жетеді. Экваторлық өңірде қаңтардың орташа температурасы 25ӘС-қа дейін өседі. Жазғы температура ендікке байланысты өзгеріп отырады. Шілденің орташа температурасы тундраның оңтүстік шекарасында 10ӘС, ал 55Ә – 60Ә солтүстік ендіктерде 20ӘС, тропиктік, экваторлық белдеулерде 25 – 28ӘС-қа дейін жетеді. Азияның оңтүстік, оңтүстік-шығыс шеткі аймақтары өте ылғалды келеді. Гималайдың оңтүстік етегіндегі Черрапунджи өңірінде жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 12665 мм (Жер шарындағы ең ылғалды аудан). Экваторлық белдеуде жылына 2000 мм жауын-шашын түседі. Субэкваторлық белдеудегі таудың ық жақ беткейлерінде ылғал мөлшері күрт азайып, 1000 мм-ден аспайды. Ал климаты субтропикті және қоңыржай теңізді аймақтарда 600 – 1000 мм, Сібірдің басым көпшілік жерінде 300 – 500 мм, тундрада 150 – 200 мм, Алдыңғы, Орта және Орталық Азия шөлдерінде 100 – 150 мм, кей жерлерде одан да аз болады. Кавказ, Памир, Тянь-Шань, Гималай, Қарақорым, Гиндукуш, т.б. тауларда мұздықтар таралған (жалпы ауданы 120 мың км2). Мұздықтар өзендердің толығуына аса маңызды орын алады. Құрлықтың ішкі суларының 60%-ы сыртқы, 40%-ы ішкі тұйық алапқа орналасқан. Солтүстік мұзды мұхитқа Объ, Енисей, Лена, Яна, Индигирка, Колыма, Тынық мұхитқа Амур, Хуанхе (Сары өзен), Янцзы (Көгілдір өзен), Меконг, Үнді мұхитына Брахмапутра, Ганг, Инд, Шатт-әл-Араб өзендері құяды. Ішкі тұйық алаптағы өзендердің ең ірілері: Еділ, Кура, Әмудария, Жайық, Сырдария, Іле. Экваторлық белдеудегі өзендердің суы жыл бойы мол болады. Шығыс және Оңтүстік Азия өзендері теңіздік жаңбырға байланысты бүкіл жаз бойы тасиды. Жерортатеңіздік Батыс Азия өзендерінің суы қыста молаяды. Ішкі тұйық алаптың биік тау басындағы қар мен мұздан бастау алатын өзендер жазда қатты тасиды. Құрлықтың ірі өзендері жол қатынасына және жер суаруға ежелгі заманнан бері пайдаланылып келеді. Азияда көл көп. Ең ірілері – Каспий мен Арал теңіздері. Тектоникалық ойыстарда Байкал, Зайсан, Ыстықкөл, Өлі теңіз, Хубсугул, Кукунор, Алтынкөл орналасқан. Биік таулы аймақтарда мұздық әрекетінен пайда болған ұсақ көлдер бар. Жанартау әрекетіне байланысты көлдер Камчаткада және Тынық мұхит жағалауындағы аралдарда, карст көлдері Загрос таулары мен Орталық Азия таулы қыраттарында, термокарст көлдері Сібірде көп. Шөлді белдемдегі көлдер әдетте тұзды болып келеді. Өсімдігі алуан түрлі, құрамында реликтер мен эндемиктер көп. Солтүстік мұзды мұхит жағалауында арктикалық, мүкті-қыналы тундра тараған. Солтүстік Азияда орман өте кең алқапты қамтиды, оның көп жерін тайга (батысында шырша, майқарағай, самырсын, шығысында балқарағай мен қарағай өседі) алып жатыр. Қиыр Шығыстың аралас және жалпақ жапырақты ормандары өсімдік түріне бай. Орман белдемінен оңтүстікке қарай орманды дала белдемдері (Батыс Сібірдің оңтүстігі, Солтүстік Монғолия, Байкал сырты, Солтүстік-шығыс Қытай) өтеді. Орта және Орталық Азияда шөл өсімдігі басым. Тибет пен Памирдегі тау басын суық шөл алып жатады. Субтропиктік шөл, шөлейт және құрғақ дала өсімдігі Иран, Кіші Азия таулы қыраттарында, Месопотамияның солтүстік бөлігінде өседі. Месопотамияның оңтүстігі мен Араб түбегі тропиктік шөлге жатады. Субтропиктік белдеудің батыс жағына қарай, Кіші Азиядағы теңіз жағалауында негізінен маквис және мәңгі жасыл еменнен тұратын жерортатеңіздік өсімдіктер өседі. Тынық мұхит жағалауында қоңыржай белдеудің ормандары субтропиктік орманға ауысады (мәңгі жасыл ағаштар – магнолия, лавр, емен, камфора, тунг ағашы, кипарис, т.б.). Малакка түбегі мен Малай топаралында мәңгі жасыл ылғалды тропиктік қалың орман (гилея) өседі. Оның тауларындағы өсімдіктер биіктік белдеулерін құрайды. Солтүстік Азияда тау тайгасы мен тау тундрасы, Орта және Орталық Азияда тау даласы мен шөлі, Оңтүстік Азияда тропиктік тау орманы басым. Тундрада жануарлардың түрі аз. Орман белдемінде сүтқоректілерден: бұлан, бұлғын, қоңыр аю, сілеусін, тиін, борша тышқан, сасық күзен; құстардан: саңырау құр, тоқылдақ, бұлдырық, шырша торғай, жапалақ, т.б. мекендейді. Құрлықтың шығысы жануарлар түріне өте бай. Мұнда тайганың, жалпақ жапырақты орманның және субтропиктік аймақтың жануарлары өмір сүреді. Дала мен шөл жануарлары Кіші, Алдыңғы, Орта және Орталық Азияда, Солтүстік-батыс Үндістанда тараған. Әсіресе кемірушілердің түрі көп. Батыс жағын жерорта-теңіздік жануарлардан: қабылан, гепард, қорқау қасқыр, жайра, т.б. мекендейді. Өзен бойы тоғайларында жолбарыс, Солтүстік-батыс Үндістанда арыстан сақталған. Құрлықтың субэкваторлық және экваторлық ендіктерінде Үнді-Малай жануарлары (піл, орангутан, гиббон, макака, лемур, тупайя, тапир, мүйізтұмсық, жолбарыс, аю, қабылан, т.б.) басым. Құстардың түрі көп. Жорғалаушылардан алып ешкіемер, қолтырауын, өте улы көзілдірікті жылан, питон (ұзындығы 8 – 10 м) көп тараған. Құрлық аумағының солтүстігін Ресей мемлекеті алып жатыр. Ал батысын Кипр, Түркияның негізгі бөлігі, Иран, Ауғанстан, Сирия, Ливан, Израиль, Иордания, Ирак, Кувейт, Сауд Арабиясы, Бахрейн, Катар, Біріккен Араб Әмірлігі (БАӘ), Оман, Йемен Араб Республикасы (ЙАР), Йемен Халық Демократиялық Республикасы (ЙХДР) сияқты Таяу және Орта Шығыс Азия мемлекеттері құрайды. Оңтүстік Азия мемлекеттеріне Пәкстан, Үндістан, Бангладеш, Шри-Ланка, Бутан, Непал, Мальдив Республикасы; Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттеріне Мъянма, Таиланд, Малайзия, Сингапур, Лаос, Камбоджа, Вьетнам, Филиппин, Индонезия, Бруней, Шығыс Тимор; Орталық Азия мемлекеттеріне Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан, МХР енеді. Шығыс Азияны ҚХР, КХДР, Оңтүстік Корея, Жапония мемлекеттері құрайды. Азия (ассириялықтар тілінде, мағынасы – асу, шығыс) – Жер шарының ең үлкен бөлігі. Еуропамен қосылып, Еуразия құрлығын құрайды. Еуропамен арадағы шартты шекарасы Орал тауының шығыс етегі, Ембі өзені, Каспий теңізі, Кума-Маныч ойысы, Азов теңізі, Қара теңіз, Босфор бұғазы, Мәрмәр теңізі, Дарданелл бұғазы арқылы өтеді. Ауданы 43.4 млн. км2 (бүкіл құрлықтың 30%-ы). Оңтүстік-батыста Суец мойнағы Азияны Африкамен жалғастырады; Солтүстік Америкадан Беринг бұғазымен бөлінеді. Оңтүстігінде құрлыққа Малай топаралы кіреді. Таяу аралдардың жалпы ауданы 2 млн. км2-ден асады. Жағалауы аз тілімделген. Құрлықтың орталық бөліктері мұхиттардан 2-2.5 мың км қашықтықта орналасқан. Ең ірі түбектері: Таймыр, Чукча, Камчатка, Корей, Үндіқытай, Үндістан, Арабия, Кіші Азия. Құрлықтың шеткі нүктелері: солтүстігінде – Челюскин мүйісі (77ْ 43’солтүстік ендік), оңтүстігінде – Пиай мүйісі (1ْ 6’солтүстік ендік), батысында – Баба мүйісі (26ْ 10’ шығыс бойлық), шығысында – Дежнев мүйісі (1ْ69 40’батыс бойлық). Априори. Априори (латынша apriori – алдыңғыдан) – ортағасырлық схоластар енгізген қандай да бір амалға, әрекетке тәуелсіз, олардан бұрын танылатын ұғым, түсінік мәнін білдіретін философиялық термин. Априоридің қарсы мағынасы – апостериори. “Априориялық тұжырым”, “априорлы пайымдау” деген секілді ауызекі тілде айтылатын “Априори” ұғымы жорамал, негізсіз болжам мәнін білдіргенімен, философиялық тұрғыдан мұның жан-жақты талдауды қажет ететін өзіндік ғылыми сыр-сипаттары бар. Апта. Апта – 7 тәулікке тең уақыт аралығы. Ол алғаш рет Шығыста пайдаланылған. Б.з.б. 1 ғасырда Римде қолданылды, кейінірек бүкір Еуропаға таралды. Аптаны пайдалану Сатурн, Күн, Ай, Марс, Юпитер, Шолпан, Меркурий сияқты 7 аспан денесінің сол кезде белгілі болуына байланысты пайда болды. Сонымен қатар кейбір елдерде 5 тәуліктік және 10 тәуліктік апталарда пайдаланылады. Архимед заңы. Архимед заңы – аэростатика мен гидростатиканың сұйыққа (газға) батырылған денеге, көлемі сол дененің көлеміндей сұйықтың салмағына тең әрі онан әрқашан да жоғары қарай бағытталған кері итеруші күш әсер ететіндінін анықтайтын негізгі заңы. Дененің ығыстырып шығарған сұйығының ауырлық центріне (орталығына) түсетін итеруші күшті архимедтік не гидростатикалық көтеруші күш деп атайды. Егер дененің салмағы архимедтік күштен кем болса, онда дене сұйық бетіне қалқып шығады, ал дененің салмағы архимедтік күштен артық болса, онда дене сұйыққа батып кетеді. Дененің салмағы архимедтік күшке тең болса, дене сұйық ішінде жүзіп жүреді. Бұл заңды Архимед б.з.б. 3 ғасырда ашқан. Архимед заңы денелердің сұйықта, не газда жүзуінің теориялық негізі болып саналады. Пешитта. Пешитта (не Пышитта) — мәсіхшілердің Киелі кітабының сүрияни тіліндегі жалпы қабылданған аудармасы. Сүрияни тілінде бұл сөз "қарапайым" немесе "жалпы" деген мағынаны білдіріп, оның қарапайым тілмен жазылғанына немесе жалпы жұртшылық тарапынан қабылданғанына меңзейді. Пешиттаның Көне келісімі көне еврей тілінен шамамен 2 ғ. аударылған. Пешиттаның басында кейбір күмәнді кітаптарды қамтыған Жаңа келісімі 5-ші ғасырдың басында стандартқа айналып, өзінен бұрынғы екі басқа сурияни аудармаларын ығыстырып шығарды. Пешитта сөзі. «Пешитта» сөзі сүрияни тіліндегі ' (ܡܦܩܬܐ ܦܫܝܛܬܐ), дегеннен алынған, сөзбе-сөз бұл «қарапайым аударма» дегенді білдіреді. Бірақ осы сөз тіркесін ' деп, яғни «жалпы тараған» (яғни, халықтың арасында) деп те аударуға болады. Пешиттаның тілі сүрияни тілі деп аталады, ол арами тілінің шығыс тармағының диалектілерінің жиынтығы. Ол сүрияни әліпбиімен жазылады (осында сол жазудың үлгісі келтірілген). Пшыбоже. Пшыбоже (полякша: "Przyborze") - Польшадағы ауыл. Септуагинта. Септуагинта — көне еврей тіліндегі Киелі кітаптың койне грек тіліне аудармасының атауы. Ол кейде қысқартылып «LXX» деп аталады. Бұл аударма бөлім-бөлім болып б.з.д. 3-1-ші ғасырларда Алексндрия қаласында жасалған. Септуагинтаға Еврей Киелі кітабына кірмейтін кейбір басқа да жазбалар кіреді. Септуагинта — Еврей Киелі кітабының еврей тілінен Ескендір Зұлқарнайынның (б.з.д. 356-323 жж.) заманынан бері Жерорта теңізінің шығыс бөлігінің ортақ тіліне айналған грек тіліне жасалған бірнеше аудармаларының ең ежелгісі. «Септуагинта» сөзінің мағынасы «жетпіс» деген сөзді білдіреді, олай аталу себебі, аңыз бойынша, осы еврейшеден грекшеге аударманы ІІ-ші Птолемей Филадельфостың кезінде (б.з.д. 285–246 жж.) жетпіс еврей ғалымы жасаған. Көптеген протестант Киелі кітаптарында яһуди Киелі кітабының үлгісімен Септуагинтадағы қосымша кітаптар шығарылып тасталған. Рим католик Киелі кітаптарында солардың кейбіреулері сақталып қалған, ал Шығыс ортодокс шіркеуі Септуагинтадағы жазбадардың бәрін қабылдайды. Септугинта көне замандарда өте жоғары бағаланған, Филон мен Йосефус Септугинта аударылғанда, оның аудармашыларын Құдайдың өзі жетелеп отырған деген пікір ұстанған. Көне латын аудармасымен бірге Септуагинта Киелі кітаптың көне славян тілі, сүрияни тілі (бірақ Пешиттаның емес), көне армян тілі, көне гүржі тілі және копт тіліндегі аудармалардың негізі болып табылады. Септугинтаның (LXX) мәсіхшілер үшін де маңызы зор, себебі Жаңа келісімде және елшілік әкелердің шығармаларында содан көптеген үзінділер келтіріледі. Яһудилер 2-ші ғасырдан бері Септугинтаны қолдануды мүлдем тоқтатқан болса да, қазіргі кезде ғалымдар тарапынан оған деген қызығушылық біршама жандануда. Өлі теңіз кітаптарының кейбіреулері масореттік мәтіннен басқа мәтінге негізделгенін көрсетеді. Көп жағдайда осы жаңадан табылған еврейше мәтіндер Септуагинтаға көбірек ұқсас болып отырады. LXX-тың сақталып отырған ең көне қолжазбалары (Ватикан және Синай кодекстері) 4-ға жатады. Моңғол империясындағы күнделікті өмір. Тамақтануы. Моңғол империясының заманында тамақ екі түрге бөлінген: «ақ» және «қызыл» болып. «Ақ» дегеніміз сүттен жасалған тағамдарды білдіреді, ақпен жаз кездері тамақтанатын. Жазда моңғолдардың ең көп ішіп-жейтін сүтті тағамы қымыз, яғни биенің ашыған сүті болатын. Ол қазір де моңғолдардың сүйіп ішетін сусыны. Жалпы моңғолдар сүттің өзін ішпеген, одан ірімшік немесе айран сияқты тағамдарды дайындайтын болған. «Қызыл» дегеніміз етті білдіреді, оны көбінесе қыстың кезінде көбірек жейтін. Етті дайындағанда оны көбінесе пісіріп, сарымсақ не пияз салып беретін. Моңғолдардың мал сою дәстүрі де ерекше болатын. Алдымен мал арқасына жатқызылатын. Сосын тамағынан төмен қарай кесіп, көкірегін ашып, қолқа тамырын кесетін. Малды бұлай союының себебі осы арқылы малдың қаны ысырап болмайтын — ішек-қарынның бәрін алып болғаннан кейін қанды жинап, оны шұжық дайындауға пайдаланатын. Моңғолдар тамақ үшін саятшылықпен де айналысқан. Олардың аулаған аңдарына қоян, бұғы, қабан, тіпті тиін мен суыр да жатқан. Қыстыгүні моңғолдар мұзды ойып, балық та аулаған. Моңғолдар жаздыгүні мал соймайтын, өлген малдың етін сақтап қалуға тырысатын. Ол үшін олар малдың етін жұқа етіп кесіп, күнге қақтап кептіретін. Қыстыгүні көбінесе қой сойылатын, ерекше рәсімдер өткізетін кезде жылқы да сойылатын болған. Үлкен жиналыс не той болған кездерде ет жеудің ерекше дәстүрлері болған. Ет майда етіп туралып желінген. Қай қонаққа етті алдыменен тарту керектігін үй иесінің өзі шешуге тиіс болған. Қонақтардың дәрежесі, лауазымы, т.б. бойынша оларға еттің әртүрлі бөліктері тартылып отырған. Жиналғандардың қайсысының жолы үлкен екенін білуге тиісті арнайы «баурчи» деген қызметші де болған. Мас қылатын ішімдіктер де ішілетін. Ең жиі тарағаны — қытайлардың күріштен дайындалған арағы мен Түркістанның жүзім шарабы болған. Жүзім шарабын алғаш рет 1204 жылы Шыңғыс хан татып көріп, оны ұнатпаған деседі. Жиналыстар мен тойлардың кезінде мас болу жиі кездесетін. Қызып алған жиналғандар соң ән салып, би билейтін. Түркістан мен Таяу Шығыс арқылы моңғолдар қамыр кеспемен де танысты. Кардамон сияқты дәмдеуіштер, нұт, тасбеде, бедебас секілді тағамдар да солар арқылы келді. Қаржы жүйесі. Марко Полоның Моңғолияға жасаған сапарының кезінде оған қатты әсер еткені оның қаржы жүйесінің қалай жұмыс атқарғаны болды. Оған ең қатты әсер еткені бүкіл империяның ортақ пұлы ретінде қолданылған күміс ақша емес, не кейбір жерлерде әлі де жергілікті пұлдың қолданыста болғаны да емес, оның ең қатты таңырқатқаны империяның кейбір жерлерінде қолданыста қағаз ақшаның болғаны. Марко Поло үшін қағаз ақша деген дүниенің бір тылсым ғажаптарының бірі болды. Бірақ қағаз ақша империяда барлық жерде қолданылмайтын. Қытайдың күміс құймасы бүкіл империяда төлем ретінде қабылданып, оның батыс бөлігінде жергілікті теңгелер қолданылатын. Қағаз ақша Қытайда оны моңғолдар жаулап алғаннан бұрын болған. Қытайлықтар баспа өнерін жақсы меңгерген болатын, сондықтан оларға банкноттарды басып шығару онша қиын болған жоқ. Қағаз ақша Қытайда 960 жылы Суң династиясының кезінде мыс теңгелерді алмастыру үшін енгізіле бастаған болатын. Моңғолдар Қытайды жаулап алған соң 1227 жылы өздерінің қағаз ақшаларын шығара бастады. Моңғолдардың қағаз ақшаны енгізуге деген осы талпынысы баянды болмады, себебі бүкіл Қытай бойынша қағаз ақша біртекті болмады, әрі бір-екі жылдан кейін олардың жарамдылық мерзімі де бітті. 1260 жылы Құбылай хан бүкіл Қытай бойынша жүретін және жарамдылық мерзімі шексіз қағаз ақша шығара бастады. Қағаз ақша күміс пен алтынмен толығымен қамтамасыз етілді және салықты да онымен төлеуге болатын. Басында қағаз ақшаның жүруі онша кең болмады, бірақ оңтүстік Қытай мен Жапониямен соғыстар қағаз ақшаның таралымын 14 есе көтеріп жіберді. Оңтүстік Қытайдағы Суң патшалығы жеңілгенде олардың қағаз ақшасы айналымнан шығарылып, қолда бар ақшаны 50:1 қатынасы бойынша жаңа ақшаға айырбастап алуға болатын. Бұндай ақша басқа жерлерде беймәлім болғандықтан, шетелдіктер оның мәнісін түсіне алмады, кейбіреулерге ол сиқыршылықтың бір түрі болып көрінді. 1272 жылдан кейін қағаз ақша құнсыздана бастағанына қарамастан ол 1345 жылға дейін төлем құралы болып қала берді. 1345 жыл шамасында басталған төңкерістер, экономикалық дағдарыс және қаржылық саясаттың дұрыс жүргізілмеуі жұртшылықтың қағаз ақшаға деген сенімін жойып жіберді. Қағаз ақшаны қабылдау халық үшін оңай болған жоқ, себебі ол басынан бастап шетелдік бір ұғым болатын, оның үстіне ол алтын не күміс емес, жай бір жапырақ қағаз ғана. Сол үшін үкімет тіпті қағаз ақшаны қабылдаудан бас тартқандарға өлім жазасын енгізуге тиіс болды. Қағаз ақшаны қолдан жасау үшін де өлім жазасы енгізілді. Моңғол империясындағы мал шаруашылығы. Бес түліктің ішіндегі моңғолдар үшін ең маңыздысы жылқы, одан басқа ірі қара, түйе, қой және ешкілер де маңызды болды. Олардың барлығының сүті тамақ, жүні мен терісі киім мен пана болды. Басқа мәдениеттерде ұсқынсыз болып көрінсе де, моңғолдың малы сол жақтың суық ауа-райы мен тамақ пен судың жетіспеушілігіне өте жақсы бейімделген жануарлар болатын. Қазіргі кезде де олар өмір сүретін қатал аймақта басқа жақтың малы шыдай алмайды. Шиллер, Фридрих. Йоһанн Кристоф Фридрих фон Шиллер (1759 жылғы қарашаның 10-ы, Марбах ам Неккар – 1805 жылғы мамырдың 9-ы Ваймар) — неміс халқының ақыны, философы, тарихшысы және драматургы. Өмірінің соңғы жылдары (1788-1805) Шиллер сол кездің өзінде атақты және ықпалды Гөтемен терең достық орнатып, бұл зор шығармашылық нәтижелерге алып келді: олар эстетика тақырыптарын талқыласып, Шиллер Гөтені бұрын бастаған, бірақ кейін аяқтамай кеткен шығармаларын аяқтауына түрткі болды. Осы арқылы қазір Ваймар классицизмі деп аталатын бір ерекше кезең басталды. Сонымен қатар ол екеуі бірге Ксениялар деп аталатын қысқа, бірақ өте уытты сатирикалық өлеңдер жинағын құрастырды. Ксенияларда Шиллер мен Гөте өздерінің эстетикалық көзқарастарына қарсы шыққандарды өткір ажуаның астына алды. Өмірбаяны. a> ш. 1445 жылы жылжымалы шрифтімен кітап басуды ойлап шығарғанына қойылған ескерткіш. Шиллер Алманияның оңтүстік-шығысындағы Швабия аймағында Неккар өзенінің бойында орналасқан Марбах қаласында дүниеге келді. Әкесі — әскери дәрігер Йоһанн Каспар Шиллдер (1733-1796), анасы — Елизабет Доротеа Кодвайс (1732-1802). Отбасында он бір бала болған, солардың жалғыз ұлы — болашақ ақын. 1790 жылғы ақпанның 22-сінде Шиллер Шарлотте фон Ленгефельдке (1766-1826) үйленді. Отбасында 1793 пен 1804 жылдың арасында төрт бала дүниеге келді: ұлдары Карл мен Ернст, қыздары Луизе мен Емили. Емилидің 1947 жылы Баден-Баденде қайтыс болған немересі барон Александер фон Глейхен-Руссвурм Шиллердің соңғы ұрпағы болды. Фридрих туған кезде әкесі жетіжілдық соғыста жүрген еді. Ол әкесі соның әскерінде қызмет етіп жүрген Пруссияның патшасы ІІ-ші Фридрихтың құрметіне Фридрих деп аталды. Бірақ кейін барлығы дерлік оның есімін қысқартып, Фриц деп атап кетті. Әкесі Каспар Шиллер үйге келуге мүмкіндікті сирек табатын, бұл оның анасына көп қиындық туғызатын, бірақ ол анда-санда отбасына келіп тұратын. Кейбір кездері оның әскери қосыны орналасқан жерлерге анасы балаларымен бірге де бара алатын. 1763 жылы соғыс аяқталды. Шиллердің әкесі жаңа жауынгерлерді қабылдайтын қызметке орналасып, Швебиш Гмүнд қаласына жіберілді. Отбасын да ол қасына көшіріп алды, бірақ қалада пәтер жалдап тұру бағасы тым қымбат болғандықтан, олар көршілес Лорх ауылына көшуге мәжбүр болды. Лорхта Шиллердің отбасы бақытты өмір кешсе де, өзінің жұмысына әкесінің көңілі толмады. Ол жас Фридрихті кейде өзімен бірге жұмысқа апарып тұратын. Лорхта Шиллер бастауыш мектепке бара бастады, бірақ мұғалімі жалқау болып, берген білімі де онша болмады. Сондықтан Фридрих жиі сабақтан қалып отырды. Ата-анасы Шиллердің есейгенде пастор болуын армандайтын, сондықтан сол ауылдың пасторы оны латын және грек тілдеріне үйрете бастады. Ол адам жақсы ұстаз болып шықты, сол себепті көп кейін Шиллер «Қарақшылар» пьесасындағы діни қызметкерді оның атымен пастор Мозер деп атады. Шиллердің өзіне де діни қызметкер болу ұнап, кейде үстіне қара шапан жамылып алып, уағыз айтқан болатын. 1766 жылы Шиллерлер отбасы Лорхтан Лүдвигсбург қаласына көшті. Шиллердің әкесіне үш жыл бойы жалақы төленбей, отбасы жинаған қаражаттарына күн көріп жүрген болатын, бірақ енді ол да бітті. Сондықтан Каспар Шиллер Лүдвигсбург гарнизонына ауысуға өтініш жасады. Бақытты балалық шағының көбі сонда өткен Фридрих үшін бұл оңайға соқпады. Фридрих Шиллер бейнеленген 1964 жылғы 10 ГДР маркасы. Көп ұзамай Шиллерді Вүрттемберг герцогы Карл Ойген байқайды. Ол 1773 жылы Карл Ойгеннің өзі ашқан Карлсшуле әскери академиясына түсіп, сонда дәрігерлікті үйрене бастайды. Қысқа өмірінің көп бөлігінде ол басқаларды жазуға тырысып жүрген аурулардан өзі жапа шегіп жүрді. Карлсшуледе оқып жүргенде Шиллер Жан-Жак Руссо мен Йоһанн Волфганг Гөтенің шығармаларын оқып, бірге оқып жүргендермен классицизм идеяларын талқыласты. Оқып жүрген кезінде ол өзінің «Қарақшылар» деген алғашқы пьесасын жазды. Онда ақсүйек отбасына жататын екі ағайынды жігіттің оқиғасы баяндалады: үлкені Карл Мур бір топ қиқар студентті орманға ертіп әкетіп, қарақшылықпен айналыса бастайды да, кішісі Франц Мур әкесінің үлкен дәулетін айла-шарғымен қолына түсіріп алады. Пьесаның әлеуметтік әділетсіздікке бағыттаған сыны мен төңкерісшіл республикалық идеяларды қолдағаны көрермендерді қатты әсер етіп, Шиллердің атағын шығарды. Кейінірек осы пьесасы үшін Шиллерге кейін Франсуз Республикасының құрметті азаматы атағы берілді. 1780 жылы ол Штутгартта полк дәрігері қызметіне орналасты, қызметі оның өзіне ұнаған жоқ. Герһард фон Күгелген салған Фридрих фон Шиллердің портреті. «Қарақшылардың» 1781 жылы Маннһайм қаласында өте сәтті өткен қойылымынан кейін Шиллер тұтқындалып, Карл Ойгеннің өзі оған бұдан былай шығарма жазуға тыйым салды. Шиллер 1783 жылы Штутгарттан қашып, Ляйпциг пен Дрезден арқылы 1787 жылы Ваймарға жетті. 1789 жылы ол Йенада тарих пен пәлсапа профессоры болып тағайындалды. Онда ол тек қана тарихи шығармалар жазды. Ол Ваймарға 1799 жылы қайтып оралып, Гөте оны қайтадан пьеса жаза бастауға қолқа салды. Гөте екеуі ол Ваймар театрының негізін қалап, ол Алманияның жетекші театрына айналды. Шиллер Ваймарда 45 жасында туберкулезден қайтыс болды. Вагнер, Рихард. Вильһельм Рихард Вагнер (1813 жылғы мамырдың 22-сі, Ляйпциг, Алмания - 1883 жылғы ақпанның 13-і, Венеция, Италия) — неміс композиторы, дирижері, музыка теорияшысы және жазушысы. Ол ең алдымен өзінің опералары (кейінірек олары музыкалық драма деп аталып кетті) арқылы белгілі. Вагнердің басқа ұлы опералық композиторлардан айырмашылығы, ол өзінің шығармаларының сценарийлері мен либреттоларын өзін жазған. Вагнердің шығармалары, әсіресе оның шығармашылық еңбегінің соңғы бөлігінде жазылғандары контрапункттік текстурасымен, бай хроматизмімен, гармонияларымен, оркестрлеулерімен және лейтмотивтердің (белгілі бір кейіпкерлер, орындар немесе сюжеттің бұрылуларымен байланыстырылған музыкалық тақырыптар) кең қолдануымен ерекшеленеді. Вагнердің енгізген басқа да көптеген жаңалықтары еуропалық классикалық музыканың дамуына зор әсер етті. Ол музыкалық ойға өзінің «жан-жақты өнер туындысы» атты тәлімі арқылы үлкен үлес қосты. Бұл әсіресе оның төрт операдан тұратын Нибелунгтардың сақинасы (1876) атты циклынан көрінеді. Вагнер тіпті өзінің ойларын толық жүзеге асыра алу үшін Байройт қаласында өзінің жеке операсын да ашты. Әскер. Әскер (араб тіліндеجندي - әскәр, парсыша ләшкәр – сарбаз, жауынгер, жасақ, қол) – мемлекеттің Қарулы Күші, армия немесе оның бөлігі. Қазақ халқында әскердің түріне, құрамына және ерекшелігіне байланысты "атты әскер, жаяу әскер, ондық, жүздік, мыңдық, түмен, жасақ, қосын, қол, лек, аламан, оң қанат, сол қанат, шеру, сап, шеп", т.б. дәстүрлі әскери атаулар қолданылған. Сондай-ақ әскердің сарбаз, жауынгер мағынасындағы "батыр (баhадүр), аламан, сыпай (сипаh), шора, шерік, жасауыл, сарбаз, жауынгер", т.б. жарыспалы атаулары болған. Ал дәстүрлі лауазымдар "онбасы, жүзбасы, жүзбегі, мыңбасы, мыңбегі, түменбасы, аға (аға батыр), тархан, қолбасы, батырбасы, сардар, бек, беглербегі, әмір, әмір-әл-умара", т.б. деп аталады. Енгелс, Фридрих. Фридрих Енгелс (1820 жылғы қарашаның 28-і – 1895 жылғы тамыздың 5-і) — неміс революционері және пәлсапашысы. Ол өзінің көбірек белгілі досы және әріптесі Карл Маркспен бірге коммунизм теориясын дамытып, Коммунистік партияның манифесі атты еңбекті жазды (1848). Соныменбірге Енгелс Маркстың қайтыс болғанынан кейін Капиталдың екінші және үшінші томдарын өңдеп, баспаға әзірледі. Жастық шағы. Фридрих Енгелс Пруссия патшалығының Райн провинциясындағы Бармен қаласында дүниеге келді. Оның әкесі мата өндірісімен шұғылданған кәсіпкер болатын, кейін Енгелстің онымен қарым-қатынастары жиі-жиі күрделі болып отырды. Отбасылық жағдайына байланысты Енгелс мектепті тастап, 1838 жылы Бремендегі сауда үйінде жалақы алмайтын кеңсе қызметкері болып жұмыс істеуге жіберілді. Осы кезде Енгелс неміс пәлсапасына ықпалы зор болып отырған Һегел ілімімен таныса бастады. 1838 жылдың қыркүйек айында ол «Бремишес конверсационсблатт» басылымның 40 санында «Бәдәуи» атты поэмасын жариялады. Ол басқа да әдеби және журналистік шығармалармен шұғылданды. 1841 жылы Енгелс Пруссия әскеріне артиллерия бөліміне әскери қызмет атқаруға енді. Бұның себебінен ол Берлинге жіберіліп, онда ол университет лекцияларын тыңдап, жас һегельшілермен жақын қатынас орнатып, Райнише Цайтунг газетінде мақалалар жариялап жүрді. Өмір бойы Енгелс өзінің рухани дамуы үшін неміс пәлсапасына қарыздар екенін айтып жүрді. Англия. Фридрих Енгелстің Примроуз Хиллдағы үйі 1842 жылы 22 жасар Енгелс әкесі акционерлерінің бірі болып табылатын «Ермен және Енгелс» текстиль фирмасында жұмыс істеу үшін Англиядағы Манчестер қаласына жіберілді. Енгелстің әкесінің сондағы үміті баласының қалыптасып келе жатқан радикал көзқарастарын өзгертпей ме деген болатын. Манчестерге жол жүріп бара жатқан кезде Енгелс Райнише Цайтунг газетінің редакциясына барып, сонда Карл Маркспен бірінші рет кездесті. Манчестерде Енгелс Мери Бернс деген жас әйелмен танысып, Мери Бернс 1862 жылы қайтыс болғанға дейін екеуі өзвара тығыз қарым-қатынас орнатты. Мери Енгелсті Манчестермен таныстырып, ағылшын жұмысшы табы туралы көп мағлұмат берді. Екеуінің қарым-қатынасын өмірлік серіктестік деп атауға болатын, олар ресми түрде неке қиысқан жоқ, себебі Енгелс отбасын табиғатқа қарсы және әділетсіз деп санап, отбасы ұғымына мүлдем қарсы болды. Манчестерде Енгелс ағылшын жұмысшыларының жантүршігерлік жағдайын өз көзімен көріп, жазып алып отырды. Оның бірінші кітабы — "1844 жылы Англиядағы жұмысшы табының жағдайы" деген кітабы негізінен осы жасаған бақылауларына және әкесінің фирмасында жұмыс істеп жүрген кездерінде өз көзімен көргендеріне негізделген. «Жұмысшылардың жағдайын» жазып жүрген кезінде Енгелс радикалды журналистика мен саясатпен айналысуын жалғастыра берді. Ол ағылшынның лейборист және чартист қозғалыстарының кейбір мүшелерімен жақын танысып, «Нортерн Стар», Роберт Оуеннің Ню Морал Уорлд және Демократик Ревью сияқты басылымдарда мақалалар жариялап тұрды. Париж. Англиядағы табысты өткен уақытынан кейін Енгелс 1844 жылы Германияға қайтуды ұйғарады. Жол жүріп бара батып, ол Парижде кідіріп, бұрыннан бері хат жазысып жүрген Карл Маркспен кездеседі. Маркс пен Енгелс 1844 жылғы тамыздың 28-інде «Пляс дю Пале» алаңындағы «Кафе де ла Режонс» кафесінде кездесті. Екеуі сол кезден бастап өмірлерінің соңына дейін жақын досқа айналады. Ақыры Енгелс Марксқа «Киелі отбасы» деген кітап жазуға көмектесу үшін Парижде ұзағырақ уақытқа қалады. Бұл кітапта жас һегелшілдер мен ағайынды Брунолар сынға алынады. Енгелс одан бұрынырақ сол жылы Маркс пен Арнолд Руге бірлесіп шығаратын журналға мақалалар жазды. Брюссел. 1845 пен 1848 жылдардың арасында Енгелс пен Маркс Брюсселде тұрып, қаланың неміс жұмысшыларын ұйымдастырумен айналысты. Сонда келе салысымен олар құпия жұмыс істейтін неміс коммунистік лигасының мүшелігіне кірді. Лига оларға коммунизм идеяларын түсіндіретін бір шығарма жазуды тапсырды. Соның нәтижесінде «Коммунистік партияның манифесі» пайда болды. Ол алғаш рет 1848 жылғы ақпанның 21-інде жарияланды. Пруссияға қайтып оралу. 1848 жылдың ақпан айында Францияда төңкеріс орын алды. Ол кейін басқа да Батыс Еуропа елдеріне тарады. Сол себепті Енгелс пен Маркс өздерінің отаны Пруссияға қайтып оралды. Олар Көльн қаласынпда қоныстанды, сонда олар Нойе Райнише Цайтунг атты жаңа газет шығара бастады. Бірақ 1849 жылдың маусымындағы Пруссияда болған мемлекеттік төңкерістен кейін газет қудалана бастады. Енгелс пен Маркс бір-бірінен көз жазып қалды, Маркс өзінің пруссиялық азаматтығынан айырылып, Парижге, кейін Лондонға қашты. Енгелс Пруссияда қалып, Виллих қаласының еріктілер корпусының адъютанты ретінде оңтүстік Германияда орын алған қарулы көтеріліске қатысты. Көтеріліс басып-жаншылғаннан кейін Енгелс босқын ретінде Швейцарияға қашып, кейін ол да Англияға келді. Герман филологиясы. Герман филологиясы — герман тілдерін өзара салыстыру жағынан немесе тарихи тұрғыдан зерттеумен айналысатын тілтанудың саласы. Герман тілдерінің тарихы туралы зерттеулер тілдің ертеректегі құжаттары табыла бастаған 15-ші — 16-шы ғасырлардан бастап жүргізіле бастады. Бір жағынан бұл сол кездері ұлтшылдықтың пайда болуымен байланысты болса, екінші жағынан жалпы қызығудың латын, грек тілдерінен халықтық тілдерге қарай ауысуы себепті болды. Соның нәтижесінде, мысалы, Адам ата герман тілінде сөйлеген деген жорамалдар пайда болды. 1603 жылы Мельхиор Голдьаст орта жоғарғы неміс тіліндегі өлеңдер және оларды тілтану тұрғысынан түсіндіретін комментарий шығарды. Кейінірек ол көне жоғарғы неміс тілінде жазылған бенедиктин монахтарының ережелер жинағын да сондай кітап етіп шығарды. Англиядағы Коттонның өз жинағындағы қолжазбаларды зерттеуі көне ағылшын тілінің зерттеулерінің бастамасы болды. 17-ші ғасырда жүргізілген тілтанушылық зерттеулердің басты бағыты сөздіктер құрастыру болды (классикалық тілдер болсын, халықтың сөйлейтін тілдері болсын). Герман филологиясы толыққанды академиялық зерттеу бағыты ретінде 19-шы ғасырдың басында қалыптасты. Оның қалыптасуына Якоб Гримм секілді тілтанушылар үлес қосты. 19-шы ғасырда өмір сүрген маңызды ғалымдардың арасынан Һенри Суитті және Маттиас Лексерді атауға болады. Қазіргі университеттердің ұйымдасу ерекшеліктеріне байланысты герман филологиясы бойынша зерттеулер ортағасырлық ағылшын, ортағасырлық неміс тілі мен мәдениетін зерттеулерімен байданысты жүргізіледі. Тек аздаған университеттер ғана салыстырмалы герман тілтануын жеке сала ретінде жүргізе алады. Вандал тілі. Вандал тілі — Гот тіліне жақын болған деп жорамалданатын герман тілі. Вандалдар, һасдингілер және сидингілер тайпалары басқа герман және герман-емес халықтырмен бірге (визиготтар, аландар және суевтер) солтүстік Португалия мен оңтүстік Испанияға басып кіріп, сонда қоныстанып алды. Содан соң 429 жылы әрі қарай солтүстік Африкаға қоныс аударды. Very little is known about the Vandalic language beyond that it was East Germanic, closely related to Gothic. A small number of personal names of Vandalic origin in Spanish are known. Вандал тілі туралы оның гот тіліне жақын шығыс герман тілі екендігі ғана белгілі. Испан тілінде вандал тілінен қалған бірнеше жеке есімдер ғана белгілі. Қожа. Қожа — парсы тілінен енген бұл сөзбен Орталық Азияда атақты Нақшбанди сопы ұстазы Ахмад Касанидің (1461-1542) ұрпақтары аталады. Қожалар Шынжаңдағы ұйғыр әлеуметінің арасында жетекшілік атқарып келген. Махдум-и азам (ұлы ие) деген жанама атпен де белгілі Ахмад Касанидің өзі шығыс Түркістанда ешқашан болмаса да, оның «махдумзадалар» деп аталып, «қожа» атағына ие ұрпақтары 17-ші — 19-шы ғасырларда сол аймақтың саясатында маңызды роль атқарған. Қазақстанда қазақ халқының «асыл текті» болып саналатын бөлігі төрелерден (Шыңғыс ханның ұрпағы) және қожалардан тұрады. Исхақилер («қара тағлықтар»). Ахмад Касанидің екінші ұлы Мұхаммад Исхақ Уәли (? - 1599) Шығыс Түркістанда бірнеше жыл болған. Оның ізбасарлары «қара тағлықтар», яғни қара тауда тұратындар деп аталды. Олардың ықпалы негізінен Ярканд қаласына жүріп тұратын. Афақилер («ақ тағлықтар»). Қожалардың тағы бір тармағы Ахмад Касанның үлкен ұлы Мұхаммад Әминнен бастау алады. Ол тағы «ишон-и калон» деген атпен белгілі. Олардың Шығыс Түркістанға келгендерінің алғашқысы — Мұхаммад Әминнің ұлы Қожа Жүсіп (? - 1652/53). Махдумзадалардың бұл тармағы Қашғарда қоныс теуіп, олар Қожа Һидаятулланың (? - 1693/94) Қожа Афақ деген атымен «афақилер» деп аталып кетті. Олар «ақ тағлықтар», яғни ақ тауда тұратындар деген атпен де белгілі. Grand Theft Auto (топтама). Grand Theft Auto (GTA) (ағылшыннан: "grand theft auto — автокөлікті айдап әкету") — Rockstar North (бұрынғы DMA Design) және Rockstar Leeds шотланд компаниялармен жаратылған, және Rockstar Games компаниямен шығарылған компьютерлік ойын топтамасы. Топтаманың бірінші ойыны 1997 жылы шықты. Қазір оның сегіз ойындары бар. Олар ең белгілі компьютерлік ойындардың бірі. Сипаттама. Топтаманың әр ойыны үлкен қаланың криминалы туралы және олардың негізгі кейіпкерлер (протогонисттер) — криминалдық адамдар. Ойыншы негізгі кейіпкерді басқарып, оны криминалдық дүниеде өсіреді. Басында ол қарусыз, ақшасыз болып елеусіз тапсырмаларды орындайды. Ойын барысында тапсырмалар қиындалады. Ойыннан өту үшін барлық негізгі тапсырмаларды орындау керек. Негізгі тапсырмалардан басқа қосымша тапсырмалар да бар. Олар: таксист, өртсөндіруші, полиция болып істеу, бәйгелерге қатысу және т. б. бар. Әр GTA ойынның өз сюжеті бар. Әдетте ол негізгі кейіпкерді сатып кетуден басталады. Сосын ол қиындықтардан өтіп, соңында шыңына жетеді. Grand Theft Auto ойындар басқалардан еріктігімен ажыратылады. Ойыншы ойын алаңынын әр жеріне өте алады, кез келген көлікті алып айдай алады, кейбір ғимараттарға кіре алады. GTA III ойыннан бастап ойындар дүниелері өте пысықталған. Оларда өз радиостанциялар бар, көп әр-түрлі адамдар, көліктер, ғимараттар және тағы басқа виртуалды дүниені толтыратын көптеген элементтер бар. Тарих. Grand Theft Auto топтаманы бірнеше канондардарға графикалық қозғауыштар бойынша бөлуге болады. Grand Theft Auto 1. Топтаманың ең бірінші ойыны. Бұл 1997 жылы PC мен PlayStation Gameboy Color платформаларына шығарылған. Осы ойыннан бастап ойын индустриясы өзгерістерге ұшырады. Ойынды аса жақсы қабылдамады. Себебі: ойын 2D болды, ойынды сақтауға болмады, машина саны көп болмады. Осындай кемшіліктерден ойынды қабыл алмады. Дегенмен GTA 1 - негізгі ойынның бірі. Ол ойын индустриясының дамуына жол ашты. Бұл ойынға қосымша ретінде GTA London 1969 және GTA London 1961 шықты. Өзгешелік онша байқалмады, бірақ машина саны көбейді. Rockstar Games сайтынан GTA 1-ді тегін болады. Grand Theft Auto 2. Екінші ойын. 1999 PC, PlayStation және Dreamcast-қа шықты. Алдағы ойынмен салыстырғанда жақсартылған жақтар бар: графикалық қозқауыш түзелген, бандыны екшеу мүмкіндігі пайда болды. Ойыншы қай бандыға жұмыс істегісі келсе өз еркінде болды. Бұл ойыннан бастап ойынды сақтауға болатын, бірақ ол 50000 тұрды. Grand Theft Auto Advance. 2004 Game Boy Advance платформасына шыққан. Графикасы GTA 1 мен GTA 2-нің графикасына ұқсас болды.Дегенмен алғашқыда GTA 3 пайда болған жұмыстар (такси, өрт сөндіруші, т.б) ойында болды. Grand Theft Auto III. Ойын 2001 жылда PlayStation-ға және 2002-де PC-ға шықты. Топтамада ол және бұдан кейінгі ойындар 3D-шутер жанрында. Grand Theft Auto IV. 2008 жылы сәуірдің 29-да PlayStation 3 және Xbox 360 платформаларына шығып, желтоқсанның 2-де Америкада жеке компьютерлерге арналып шыққан. Нарыққа шыққан ең бірінші күнінде 310 миллион АҚШ доллар пайда алып, Гиннес Рекордтарының Кітабына кірді. 2009 жылы наурыздың 27-де Nintendo DS, PlayStation Portable, iPhone, iPod Touch және iPad платформаларға шыққан. Алатау. Алатау – 1) Орталық Азия мемлекеттері мен Ресей Федерациясының Сібірдегі тау жоталарының жалпы атауы. Оларға Жетісу Алатауы, Күнгей Алатауы, Қырғыз Алатауы, Талас Алатауы, Іле Алатауы, т.б. жатады. Алыстан қарағанда мұндай таулардың төбесінен етегіне қарай мұздықтар мен көп жылдық қар жапқан ақтаңдақтары тау жоталарына ала түс береді; атауы да соған байланысты. Әдетте, мұндай таулар заңғар биік болып келеді. Тау етектерінде орман, аңғарында таулық шалғын және дала белдемдері алма кезек орналасқан. Жетісу Алатауы, Жоңғар Алатауы – Қазақстандағы ірі әрі құрылымы жағынан күрделі тау жүйелерінің бірі. Ол солтүстігінде Балқаш-Алакөл ойысы, оңтүстігінде Іле аңғары аралығында батыстан шығысқа қарай 450 км-ге созылып жатыр. Жетісу Алатауы Сарқанттау мен Бежінтаудың басталар жерінен шығысқа қарай Солтүстік және Оңтүстік Жетісу Алатауы болып екі жотаға бөлінеді. Жетісу Алатауының ең биік шыңы – Бесбақан орналасқан (4464 м). Жетісу Алатауының жер бедері мен геологиялық құрылысы өте күрделі. Төменгі палеозой қабаттары кристалдық тақтатас, кварцит, гнейс, әктас, мәрмәр жыныстарынан құралған. Биік тау басында және беткейлерінде көп жылдық омбы қар мен мұздықтар жатыр. Бұл өлкенің Жетісу атанып, суы мол өзендердің ағып шығуы осы мұздықтармен байланысты. Жетісу Алатауы кен байлықтарына бай. Мұнда алтын, қорғасын, мырыш, т.б. кентастары өндіріледі. Күнгей Алатауы – Тянь-Шаньдағы тау жотасы. Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы аралығында. Оңтүстігінде Ыстықкөл қазаншұңқырымен шектеседі, солтүстігіндегі Іле Алатауынан оны Шоңкемін және Шілік өзендері бөледі. Орташа биіктігі 3800 – 4200 м. Ең биік жері Шоқтал шыңы (4771 м). Ұзындығы 280 км. Күнгей Алатауы граниттерден, төменгі палеозойдың құмтастарынан және әктастардан түзілген. Шатқалдарында Тянь-Шань шыршасы өседі. Жалпы ауданы 237 км2 болатын мұздықтары бар. Қырғыз Алатауы – Қырғызстандағы таулы жота. Батыс бөлігінің солтүстік беткейі Қазақстан жерінде (Жамбыл облысы). Жалпы ұзындығы 375 км. Жотаның ең биік жері шығысындағы Батыс Аламедиан шыңы (4875 м). Қырғыз Алатауы метаморфты жыныстардан, шөгінділерден және профирит, граниттен түзілген. 2500 – 3000 м-ге дейін биік таулы шалғынды дала белдемі орналасқан. 3700 м-ден жоғарыда көп жылдық қар және мәңгі мұздықтар кездеседі. Мұздықтардың аумағы 223 км2. Талас Алатауы – Тянь-Шаньның батыс сілеміндегі жота. Қазақстан мен Қырғызстан жерінде. Орташа биіктігі 4000 м, ең биік жері Манас шыңы (4484 м). Қазақстандық бөлігінде Талас Алатауы Ешкіөлмес, Алатау, т.б. бірнеше аласа тау сілемдеріне тармақтаналады, ең биік жері Ақсуат тауы (4027 м). Көп жылдық қар жамылған мұздықтары бар. Метаморфтанған тақтатас, құмтас, әктастан түзілген. Етегінде дала өсімдіктері, шырша, т.б. өседі. Жотаның батыс бөлігінде Қазақстандағы алғашқы қорықтардың бірі – Ақсу-Жабағылы орналасқан. Іле Алатауы – Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстігіндегі жота. Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында. Ұзындығы 35 км. Бірқатар шыңдары 4500 – 5000 м биіктікке жетеді (Талғар шыңы, 4973 м). Қазіргі мұздықтар да сонда шоғырланған. Іле Алатауы кембрийге дейінгі дәуірдің және төменгі палеозойдың гранит, конгломерат, әктас, құмтас, тақтатастардан түзілген. Іле Алатауында жалпы ауданы 478 км2 болатын 381 мұздық бар. Тау бастарын мәңгі қар мен мұз басқан. Жотаның солтүстік бөктерінде Алматы қаласы, солтүстік беткейінде Іле Алатауы ұлттық табиғи саябағы орналасқан. Ахтанов, Тахауи. Тахауи Ахтанов — (25. 10. 1923, қазіргі Ақтөбе обл. Шалқар ауд. Шетырғыз а. — 25. 9. 1994, Алматы) — Қазақстанның халық жазушысы. Ұлы Отан соғысына қатысқан. “Жұлдыз” журналының редакторы (1953 — 54). Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы (1954 — 57) қызметтерін атқарды. Алғашқы өлеңдері майдандық газеттерде жарияланды. Өлеңдері соғыстан кейін баспадан шыққан, “Жастар дауысы” атты ұжымдық жинаққа енген. 1956 ж. “Қаһарлы күндер” романы жарық көрді. Бұл роман бірнеше рет қайта жарияланып, орыс, неміс, т.б. халықтар тіліне аударылды. Романда екінші дүниежүзілік соғыс майдандарында қарапайым жауынгердің көрсеткен ерлігі шыншылдықпен бейнеленеді. Жазушының “Махаббат мұңы” (1960), “Дала сыры” (1963) кітаптары, “Боран” (1966), “Шырағың сөнбесін” (1973) романдары, “Таңдамалы шығармалары” (1974), 5 томдық шығармалар жинағы (1985) жарық көрді. “Боран” романы үшін 1966 ж. Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы берілді. Бұл роман орыс, өзбек, қырғыз, тәжік, түрікпен, грузин, армян, әзербайжан, түрік, украин, беларус т.б. тілдерге аударылды. Шығарма сол кезеңде қазақ әдебиетіндегі оқшау туынды ретінде бағаланды. “Шырағың сөнбесін” диалогиясында қайта оралып, соғыс қасіретін қарапайым қазақ әйелінің көзімен бере білді. Ахтановтың көптеген драмалық шығармалары “Сәуле”, “Боран”, “Күтпеген кездесу”, “Махаббат мұңы”, “Әке мен бала”, “Ант”, “Жоғалған дос”, “Күшік күйеу” пьесалары да қазақ театрлары сахналарында бірнеше рет қойылды. Жазушы “Ғабит Мүсірепов” (1956), “Керуен”(1969), “Көкейкесті” (1980) кітаптарында әдеби процесс хақындағы ой-толғаныстарын ортаға салады. Ол А. С. Пушкиннің “Алтын әтеш туралы ертегісін”, А. Толстойдың “Азапты сапарда” трилогиясын, С. Бабаевскийдің “Алтын жұлдызды жігіт” романын, И. С. Тургеневтің, А. М. Горькийдің әңгімелерін қазақ тіліне аударды. Ахтанов 1-және 2-дәрежелі Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар Достығы, “Құрмет Белгісі” ордендерімен, 2 мәрте Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған. Көне фриз тілі. Көне фриз тілі — 4-ші - 5-ші ғасырларда Райнжәне Ельба өзендерінің арасында және Солтүстік теңіздің жағалауында қоныстанған халықтың 8-ші - 16-шы ғасыр аралығында сөйлеген тілі. Олардың бастапқы қонысы қазіргі солтүстік Алмания және Дания жерлерінде орналасқан. Ал сол аймақтың солардан бұрын бұрынғы тұрғындарының, яғни Тацитустың суреттеп жазған фризиялықтардың тілінің көне фриз тіліне қатысы анық емес. Көне фриз тілі даму барысында 16-19-шы ғасырларда қолданылған орта фриз тіліне айналды. Бүкіл Орта ғасырлар кезеңінде Фрисландия қазіргі Белгияның жеріндегі Брюгге қаласынан солтүстік Алманиядағы Везер өзеніне дейін созылып жатты. Ол кездері фриз тілі Солтүстік теңіздің бүкіл оңтүстік жағалауында кең жайылған болатын. Қазіргі кезде ол аймақ Үлкен Фризия деп аталып, оның тұрғындары фриз мәдениетінің қалдықтарын сақтап келеді, бірақ көп жерлерде фриз тілі сақталмаған. Солтүстік Алмания мен Данияның 4-ші ғасырдан бастап Англияда қоныстанған тұрғындары Фрисландияда қоныстанған халыққа мәдениет жағынан өте жақын болып, тілдері бірдей болды. Сондықтан көне фриз тілі мен көне ағылшын тілінің арасындағы ұқсастық ерекше байқалады. Орта ғасырлардың соңғы бөлігінде орын алған фонетикалық өзгерістер фриз және ағылшын тілдеріне әсер етті, бірақ көне саксон тіліне аз әсер етті, ал басқа батыс герман тілдеріне мүлдем әсер етпеді, сондықтан ағылшын және фриз тілдерінің өзара ұқсастығы арта түсті. Фонологиясы және грамматикасы. Сол сияқты, кейбір дауысты дыбыстардың алдында тұрған /k/ дауыссызы /tʃ/-ға айналды. Мысалы, фриз тіліндегі "tsiis" («ірімшік») және "tsjerke" («шіркеу») сөздері дәл сол мағына беретін ағылшын тіліндегі "cheese" және "church" сөздері бір-біріне голланд тіліндегі "kaas" және "kerk" сөздеріне қарағанда әлдеқайда ұқсас. Англия мен Фрисландияда кең тараған мына бір мәтел екі тілдің арасындағы ерекше ұқсастықты одан әрі көрсетеді: «Bread, butter, and green cheese is good English and good Fries» — «Brea, bûter, en griene tsiis is goed Ingelsk en goed Frysk». Көне фриз тілінде (ш.1150-1550 жж.) грамматикалық септіктер болған. Осы кезеңнен сақталып қалған құжаттардың кейбіреулері 12-13-ші ғасырларға жатады, бірақ көбі 14-15-ші ғасырларға жатады. Негізінен алғанда бұл заңгерлік құжаттар. Фриз тіліндегі ең алғашқы құжаттар 9-шы ғасырда жазылған; бірақ сол аймақта одан бұрынғы кезде жазылған руналық жазбалар да бар, олардың тілі де фриз тілі болып шығуы әбден ықтимал, бірақ олар көбінесе бірнеше сөзден тұратын сөйлемдер ғана. Көне фриз мәтіндер жинағы. Латын тілінде жазылған кейбір құжаттарда жазылып алынған көне фриз адам есімдері және кейбір руникалық жазбалар сақталған. Тұтас мәтіндер 13-шы ғасырдан белгілі, әсіресе ресми құжаттар және заңдар. Олардың тілі стандартталғаны көрініп тұр. Шығыс герман тілдері. Шығыс герман тілдері — герман тілдерінің ішіндегі қазір сөйленбейтін («өлі») тілдер шоғыры. Жазба ескерткіштері сақталған жалғыз шығыс герман тілі — гот тілі, басқа тілдердің осы шығыс герман тілдерінің тармағына жататындығы тек жорамал ғана. Ол тілдер: вандал тілі, бургунд тіліжәне қырым гот тілі. Иорданес, Прокопиус, Давел Диакон және басқалардың жазбаларына, тілтанушылық сипаттарына (қ. гот тілі), жер-су аттарына және археологиялық айғақтарға сүйене отырып, шығыс герман тілдерінде сөйлеушілер шамамен б.з.б. 600 – ca б.з.б. 300 жылдары Скандинавия түбегінен Одер және Висла өзендерінің аралығына қоныс аударған. Скандинавиялықтардың Померания мен солтүстік Польшаға ІІІ-ші кезеңнен бастап жасаған әсерінің қомақты болғаны сонша, кейде бұл аймақ Нордик қола дәуірінің мәдениетіне жатқызылады (Dabrowski 1989:73). Археологиялық және жер-су аттарының айғақтары бойынша, бургундтар қазіргі Даниядағы Борнһольм аралынан шыққан (Көне норвег тілінде: "Borgundarholm"). Солтүстік герман тайпаларына туыстас шығыс герман тайпалары (вандалдар, бургундтар, готтар, ругтар және т.б.) Скандинавиядан көшіп шығып, Ельба өзенінің шығыс бөлігіне қоныс аударған. Неміс тілінің тарихы. Неміс тілінің тарихы — орта ғасырлардың бас кезінде орын алған жоғарғы неміс дауыссыздар өзгерісінің нәтижесінде неміс тілінің батыс герман тілдерінен бөлініп шыққан кезінен бастап басталады. Көне жоғарғы неміс тілі, орта жоғарғы неміс тілі және қазіргі неміс тілінің бастамасы, барлығы Қасиетті Рим империясының тарихына тұспа-тұс келеді. 19-20-шы ғасырларда стандарт неміс тілі қалыптасып, диалектілік айырмашылықтардың азаюы орын алды. Көне жоғарғы неміс тілі. Көне жоғарғы неміс тілінің ең алғашқы ескерткіштері — 6-шы ғасырда жазылған руникалық жазбалар. Һильдебранд туралы жыр, "Муспилли", Мерзебург дұғалары секілді мәтіндердің бөліктері сол тілдегі алғашқы жинақы мәтіндердің мысалдарыболып табылады. Орта жоғарғы неміс тілі. Орта жоғарғы неміс тілі (немісше: "Mittelhochdeutsch") — неміс тілінің тарихындағы 1050-1350 жылдар кезеңін белгілеуге арналған атау. Оның алдында орта жоғарғы немісв тілі кезеңі болып, одан кейін ерте жаңа жоғарғы неміс тілі кезеңі басталды. Кейбір ертеректегі зерттеулерде бұл кезеңді 1500 жылға дейін созылған деп көрсетілген. Ерте жаңа жоғарғы неміс тілі. Мартин Лүтер Библияны аударғанда (Жаңа келісім 1522 жылы, Көне келісім 1534 жылы шықты), ол өзінің аудармасын сол кездің өзінде дамып-кемелденген, сол замандағы немістердің арасында кең тараған тілге аударды. Ол тіл шығыс-жоғарғы және шығыс-орталық неміс диалектілеріне негізделіп, орта жоғарғы неміс тілінің грамматикалық ерекшеліктерін сақтап қалған тіл болатын (мысалы, орталық және жоғарғы Алманияның диалектілері сол кездің өзінде ілік септігін және претерит шағын жоғалта бастаған болатын). Лүтердің аудармасы енді ғана шыққанда, оған қосымша ретінде соның әр аймақтың диалектінде белгісіз сөздердің қысқа сөздікшесі берілетін. Рим католиктері алғашында Лүтердің аудармасын қабылдаудан бас тартып, өздерінің католик стандарт тілін ("gemeines Deutsch") жасауға тырысты. Бірақ оның «протестант неміс тілінен» айырмашылығы өте шамалы болып шықты. Жалпыға бірдей ортақ неміс тілі 18-ші ғасырдың орта шенінде қалыптасып болып, ерте жаңа жоғарғы неміс тілі кезеңі аяқталды. Төменгі неміс тілі. Төменгі неміс тілі жоғарғы неміс, ағылшын-фриз және төменгі франкония тілдерінің ортасында орналасқандықтан оның сондай анық тілдік тарихы болған емес. Бұл батыс герман тілдерінің шын мәнінде бір үлкен диалектілік континуум екендігінің айғағы. Ортағасырлардың басында ол ағылшын-фриз тобының, ал Қасиетті Рим империясының заманында жоғарғы неміс тілінің ықпалына ұшырады. 17-ші ғасырда Һанза лигасы ыдыраған соң төменгі неміс тілі тек жергілікті диалектілер деңгейіне түсіп, бұрынғы маңызынан айырылып қалды. Көне саксон. Көне саксон тілі, көне төменгі неміс тілі атымен де белгілі — батыс герман тілдерінің бірі. Оның құжаттары 9-шы ғасырдан 12-ші ғасырға дейінгі аралыққа жатады, ал содан кейін ол дами отырып орта төменгі неміс тіліне айналды. Ол тілде Алманияның солтүстік-шығыс жағалауы мен Данияда өмір сүрген саксон халықтары сөйлеген. Ол көне ағылшын-фриз тіліне (көне фриз, көне ағылшын тілдеріне) мейлінше жақын. Ингвеондық назал спирант заңы жарым-жартылай оған да әсер етті. Орта төменгі неміс тілі. Қазіргі төменгі неміс тілі орта төменгі неміс тілінен бастау алған. Ол 1100-1500 жылдар аралығында қолданыста болып, кейін батыс төменгі неміс тілі мен шығыс төменгі неміс тілі болып екіге бөлінді. Батыс герман тілдеріндегі диалектілік тұтастықтағы оның көршілері батыста орта голланд тілі мен оңтүстікте орта жоғарғы неміс тілі болды. Орта төменгі неміс тілі Һанза лигасының ортақ тілі болып, Солтүстік теңіз бен Балтық теңізінің барлық жағалауларында кең тараған тіл болды. Лүбек қаласының диалектісіне негізделген стандарт жазба тіл дамыды, бірақ толыққанды жазба тілге айналып үлгірмеді. 19-шы ғасыр. Неміс тілі Орта және Шығыс Еуропада орналасқан Һабсбургтер империясының сауда-саттық және ресми тілі тілі болды. 19-шы ғасырдың ортасына дейін бұл тіл бүкіл империяның әсіресе қала тұрғындарының арасында кең тараған тіл болды. Егер біреу неміс тілінде сөйлесе, бұл оның қай этникалық топқа жататынын емес, оның саудагер және қала тұрғыны екенін білдіретін. Кейбір Праһа (немісше: "Праг"), Будапешт (Буданың немісше аты: "Офен") сияқты қалалар Һабсбургтер иелігіне енгізілгеннен кейінгі жылдары немістендірілді, ал Братислава (немісше: "Прессбург") сияқты қалалар әуел бастан неміс тілді қалалар ретінде салынды. Кейбір Милан (немісше: "Майланд") сияқты қалалар негізінен неміс-емес қалалар болып қала берді. Алайда Праһа, Будапешт, Братислава, Загреб (немісше: "Аграм") және Любляна (немісше: "Лайбах") негізінен немістілділер қоныстанған қалалар болды. Шамамен 1800 жылға дейін стандарт неміс тілі тек қана жазба тілі болған деуге болады. Ол кезде солтүстік Алманияның диалектілері стандарт тілден өте өзгеше қалаларының тұрғындары стандарт тілді шет тілін үйренгендей етіп үйреніп, мәтінді дәл жазылғандай етіп оқуға тырысатын. Сол кездегі айтылым ережелері де солтүстік тұрғындарының акцентін ереже етіп қабылдап алды. Бірақ стандарт неміс тілінің айтылымының жер-жерде өзіндік ерекшеліктері де болды. Ақпарат құралдары мен жазба шығармалардың барлығы дерлік стандарт неміс тілінде жазылады (ол немісше "Hochdeutsch" деп аталады) және ол тілді немістілді аймақтардың бәрінде түсінеді. Тек ата-анасымен жергілікті диалектіде ғана сөйлесіп үйреніп, әлі мектепке бармаған балалар ғана оны түсінбеуі мүмкін. 1852-1860 жылдар арасында 16 бөлік болып шыққан ағайынды Гриммдердің алғашқы сөздігі неміс тілінің ең толық сөздігі болып қала беруде. 20-шы ғасыр. Неміс тілінің таралу аймақтары, 20 ғасырдың басы. 1880 жылы Дуден анықтамалығында алғаш рет грамматикалық және орфографиялық ережелер бекітілді. 1901 жылы бұл неміс тілінің стандарт анықтамалығы болып жарияланды. Неміс тілінің орфографиясы 1998 жылға дейін өзгеріссіз қала берді. 1996 жылы Алмания, Аустрия, Лихтенштейн және Швейцарияның ресми өкілдері неміс тілінің орфографиясын реформалау туралы шешім қабылдады. Сегіз жылдық өтпелі кезең жарияланды, оның кезінде реформаланған емле мектептерде үйретіліп, ақпарат құралдарында дәстүрлі және реформаланған емле қатар қолданылатын болып шешілді. Қайың. Ақ қайың, қотыр қайың, сүйелді қайың (Betula Pendula, Betula alba) – қайың тұқымдасына жататын ағаш. Қазақстанда Тобыл, Есіл, Ертіс алабында, Семей, Көкшетау, Ақтөбе облысы өңірлерінде, Алтай, Тарбағатай, Жоңғар, Iле Алатауы, бөктерлерінде кездеседі. Ақ қайың 250 жылдай жасайды, биіктігі 25 метрге, діңінің жуандығы 80 см-ге жетеді. Бұтағы төмен салбырап өседі, жас бұтағы көбіне шайырлы сүйелді болып келеді. Қабығы ақ түсті, тегіс, жылтыр болады. Жапырағы сабаққа кезек орналасып, сағақты жиегі тісшеленіп бітеді. Гүлі сырға тәрізді күрделі гүл шоғырына топтасады. Мамырда гүлдейді, тамыз-қыркүйек айларында жемісі піседі. Жемісі жалпақтау, бір-тұқымды жаңғақ тәріздес. Тұқымы сопақтау, ұзындығы 2.5 мм. Ақ қайыңның көктемгі шырын құрамында 20%-ға жуық қант болады, одан сусын дайындалады. Жас жапырақтары мен бүрінен дәрі-дәрмек, түрлі бояуыш заттар алынады. Сыртқы қабығы ыдыс, қорап, шатыр, жабын дайындауға пайдаланылады. Сүрегінен үй жиhаздары жасалынады. Ақ қайың елді мекендерді көгалдандыру үшін де өсіріледі. Герман тілдері. Герман тілдері — Үндіеуропалық тілдер шоғырының бір тармағын құрайтын өзара туыстас тілдер тобы. Осы тілдердің ортақ «ата-тілі» — б.з.б. 1-ші мыңжылдықтың орта бөлігінде солтүстік Еуропада қолданыста болған протогерман тілі. Протогерман тілі мен одан өрбіп шыққан тілдердің барлығына бірегей тілдік ерекшеліктер тән, солардың ішіндегі ең танымалы — Гримм заңы деген атпен белгілі дауыссыздардың өзгерісі. Солтүстік Еуропаны мекендеген герман тайпалары ІІ-ші ғасырдан бастап римдіктермен шекаралас аймақтарда қоныстана бастаған кезден бері герман тілдерінің ең алғашқы түрлері де тарихқа енді. Ағылшын және неміс тілдері ең көп тараған герман тілдері болып табылады, оларда ана тілі ретінде сөйлейтіндердің саны тиісінше шамамен 400 және 100 миллион адамды құрайды. Бұл топқа басқа да ірі тілдер жатады: сөйлеушілер саны 23 миллион голланд тілі, 16 миллион адам сөйлейтін африкаанс тілі, ал солтүстік герман тілдеріне жататын төрт тіл: норвег, швед, исланд және фарер тілдерінде сөйлеушілердің жалпы саны — 20 миллион адам. SIL ұйымы құрастыратын "Ethnologue" тізімінде 53 түрлі герман тілдері келтірілген. Сипаттамалары. Герман тілдерінің арасындағы айырмашылықтар басқа тіл шоғырларындағы, мысалы роман немесе славян тілдерінің ішіндегі тілдердің арасындағы айырмашылықтардан әлдеқайда көп. Тілдерде жалпы байқалатын аналитизмге деген үрдіс бойынша герман тілдерін де екі топқа бөлуге болады. Неміс, голланд, әсіресе исланд тілдеріндегі аналитизм деңгейі әлсіз, ал ағылшын, швед және африкаанс сияқты тілдерде аналитизм мейлінше күшті дамыған. Жазуы. Тілдер Viking 2. Viking 2 (Викинг-2) — Viking бағдарламасы бойынша ұшырылған, Қызылжұлдызды зерттеуге арналған екі ғарыш аппаратының бірі. Ол орбиталық құрылғы мен қону құрылғысынан тұрады. Бағдарлама бойынша ұшырылған тағы бір аппарат — Viking 1 екеуі бірдей жобаның негізінде жасалған. Viking 2 Қызылжұлдыздың бетінде 1281 жергілікті күн бойы жұмыс істеп, 1980 жылғы сәуірдің 11-інде қуат көзінің жұмысы аяқталар алдында өшірілді. Орбиталық құрылғы 1978 жылғы шілденің 25-іне дейін жұмыс істеп, Қызылжұлдызды 706 рет айналып ұшып, Жерге шамамен 16 000 бейне жіберді. Аппарат жұмысының барысы. Аппарат 1975 жылғы қыркүйектің 9-ында Titan/Centaur зымыранының көмегімен ұшырылды. 333 күндік жол жүргеннен кейін Викинг-2 орбиталық құрылғысы Қызылжұлдыздың айналасындағы орбитаға жатпастан бұрын-ақ Жерге ғаламшардың бейнелерін жібере бастады. 1976 жылғы тамыздың 7-сінде орбиталық құрылғы орбитаға жатты. Тамыздың 9-ында оның орбитасы өзгертілді. Содан соң қону құрылғысына қонуға ыңғайлы орындарды іздестіру жұмыстары жүргізіле бастады. Viking 1 мен Viking 2 түсірген сүреттердің көмегімен дұрыс келеді деген бір жер таңдалды. Содан соң 1976 жылғы қыркүйектің 3-інде құну құрылғысы орбиталық құрылғыдан бөлініп, бүкілдүниежүзілік уақыт бойынша 22 сағат 37 минут 50 секундта Қызылжұлдыздың Utopia Planitia («Утопия жазықтығы») деп аталатын жазықтығына қонды. Қонатын құрылғысы орбиталық құрылғыдан бөлінер сәтте биоқалқан екеуінен де бөлінуге тиіс болатын, бірақ ол орбиталық құрылғыдан бөлінбей қалды. Орбиталық құрылғы. Орбиталық құрылғының басты мақсаты 1976 жылғы қазанның 5-інде аяқталды. Қосымша мақсат сол жылғы желтоқсанның 20-сында басталып, 1977 жылдың қазан айында құрылғыны Деймосқа жақындату маневрлері жүргізілді. Содан соң ол 302 × 33176 km орбитаға көтеріліп, 1978 жылғы шілденің 25-інде өшірілді. Сол аралықта ол Қызылжұлдыздың арасында 700—706 айналым жасап, Жерге 16 000 бейне жіберіп үлгірді. Қонатын құрылғы. Қону құрылғысы мен оны әуе қабығы орбиталық құрылғыдан қыркүйектің 3-інде бүкілдүниежүзілік уақыт бойынша 19 сағат 39 минут 59 секундта ажырады. Ажырау сәтінде қону құрылғысының жылдамдығы 4 км/сек болатын. Ажырағаннан кейін қону құрылғысының қозғалтқыштары іске қосылып, оның жылдамдығы тежеліп, құрылғы ғаламшардың бетіне жақындай бастады. Бірнеше сағаттан соң шамамен 300 шақырым биіктікте қону құрылғысы атмосфераға ену үшін бұрылтылды. Орасан зор жылдамдықпен атмосфераға енгенде үйкелістен пайда болатын орасан зор температура арнайы әуе қабығының көмегімен қауіпсіздендіріліп отырды. Сонымен бірге әуе қабығы құрылғының жылдамдығын да азайтуға үлес қосты. Viking 2 қонатын құрылғысы Utopia Planitia жазықтығында орналасқан Мие кратерінен 200 km батыста қонды. Қону сәтінде әлі де 22 kg жанармай қалып отырған болатын. Құрылғының радарының дұрыс жұмыс істемеуінен қозғалтқыштар тиістісінен 0,4 секунд артық жұмыс істеді, сол себепті қону орнында шаң көтеріліп, топырақтың бетінде жарықтар пайда болды. Құрылғының бір аяғы тасқа тіреліп, бүкіл қону құрылғысы 8,2 ° қисайып орналасты. Камералар қона салысымен іске қосылып, бейнелер түсіре бастады. Құрылғы ғаламшардың бетінде 1281 жергілікті күн бойы жұмыс істеп, 1980 жылғы сәуірдің 11-інде батареяларындағы қуат сарқылар алдында өшірілді. Pioneer 10. Pioneer 10 ("Pioneer-F") — Астероидтер белдеуіне 1972 жылғы шілденің 15-інде еніп, оны кесіп өтіп, одан кейін Есекқырған (Юпитер) ғаламшарының қасынан 1973 жылғы желтоқсанның 3-інде ұшып өтіп, оның алғашқы тікелей фотосуреттерін жасаған алғашқы ғарыш аппараты. Ол 1972 жылғы наурыздың 2-сінде Канаверал мүйісіндегі 36А зымыран ұшыру кешенінен ұшырылған. "Pioneer 10" аппараты қазіргі таңда Сұлусары («Альдебаран») жұлдызына қарай бағыт алып бара жатыр. Кейбір анықтамалар бойынша "Pioneer 10" аппараты Күн жүйесін тастап шыққан алғашқы жасанды зат болып табылады. Күн жүйесінің сыртына қарай бағыт алған ең алғашқы жасанды зат та сол. Бірақ ол әлі де гелиопаузаны немесе Оорт бұлтын әлі кесіп өткен жоқ. Оны мақсаттары мыналарды зерттеу болатын: ғаламшараралық және ғаламшарлық магниттік өрістерді, «Күн желінің» сипаттамаларын, ғарыш сәулелерін, гелиосферадағы өтпелі аймақты, бейтарап сутегі молшылығын, шаң-тозаң бөлшектерінің таралымын, өлшемдерін, салмағын, ағындарын және жылдамдықтарын, Есекқырғанның шұғылаларын, Есекқырғанның радиотолқындарын, атмосферасын және оның кейбір серіктерін, әсіресе Ионы, Есекқырғанды және оның серіктерінің фотосуреттерін жасап, Жерге жіберу. Құрылысы. 1969 жылы бекітілген "Pioneer 10" және оның егізі "Pioneer 11" астероид белдеуі мен Есекқырғанның төңірегіндегі ғарыш кеңістігін алғаш рет зерттеуге арналған аппараттар болатын. Олардың жұмысының сәтті-сәтсіз болуы болашақ осындай экспедицияларды жоспарлап, ұйымдастыруға әсер етуге тиіс болатын. "Pioneer 10" НАСА-ның «Амес зерттеу орталығы» жобалаған Pioneer бағдарламасының құрамдас бөлігі болды. Аппараттың салмағы небары 260 килограмм болатын, соның 30-ы аспаптар, 27-сі зымырандық отын болатын. Вояджер аппараттары сияқты, оның қуат көзі ретінде плутоний-238-дің негізінде жұмыс істейтін SNAP-19 радиоизотопты термоэлектрлі генераторы (РТГ) таңдалған болатын. Ұшырылған кезде оның өндіретін қуаты 155 ватт болатын, Есекқырғанға жақындағанда ол 140 ватт болды. РТГ-ның радиациясы аппараттың аспаптарына кері әсер етпеуі үшін оны бөлектеп, ол ұзын ферманың ұшына орналастырылды. Егер болашақта өзге ғаламшарлық сана иелері аппаратты тауып алған жағдайда Жер өркениеті туралы мәлімет беретін арнайы тақтайша салынды. Атқарған жұмысы. Pioneer 10 Есекқырғанға ұшып барған ең алғашқы ғарыш аппараты болды. Содан соң жұмысының соңы — 1997 жылғы наурыздың 31-іне дейін Жерге Күн жүйесінің сыртқы аймақтары туралы құнды мәліметтерді жіберумен болды. Аппартпен одан кейінгі хабарласу. "Pioneer 10-ның" әлсіз сигналдары 1997 жылдан кейін де қабылданып отырды. Ол сигналдар ғарыштан келген радиосигналдар бағыт-бағдар табу жүйесін дамытуда қолданылды. Аппараттың жұмыс барысы туралы соңғы рет телеметриялық мәлімет 2002 жылғы сәуірдің 27-сінде қабылданды. Одан кейінгі сигналдары өте әлсіз болып, олардың ажыратымдылығы тым төмен болды. Бұның себебі аппараттың істен шығуы емес, оның тым үлкен қашықтыққа ұзауы және РТГ қуат көзінің әлсіреуі болып отыр деген жорамал жасалды. "Pioneer 10" жіберген өте әлсіз сигнал ең соңғы рет 2003 жылғы қаңтардың 23-інде қабылданды. Ол кезде аппарат Жерден 12 миллиард шақырым қашықтықта кетіп бара жатқан болатын. 2003жылғы ақпанның 7-сінде аппаратпен тағы бір рет байланыуға талпыныс жасалды, бірақ ол сәтсіз аяқталды. 2006 жылғы наурыздың 4-інде аппараттың антенналары Жерге қарай бағытталып тұратын соңғы ретті пайдаланып, аппаратты шақыратын арнайы сигнал жіберілді. "Pioneer 10-нан" жауап келмеді. Қазіргі кезде "Pioneer 10" ғарыш аппараты Сұлусары жұлдызына (яғни Торпақ шоқжұлдызындағы Альдебаран жұлдызы) қарай жылына 2 астрономиялық бірлік жылдамдықпен ұшып бара датыр. Егер Сұлусарының өзіндік жылдамдығы болмағанда, "Pioneer 10" оған 2 миллион жылда жетер еді. Уақытнамасы. Pioneer 10-ның Есекқырған ғаламшарымен кездесуі Pioneer және Вояджер ғарыш аппараттарының қазіргі орындары мен бағыттары. Лессинг, Готтһольд Ефраим. Готтһольд Ефраим Лессинг (1729 жылғы қаңтардың 22-сі – 1781 жылғы ақпанның 15-і) —неміс жазушысы, пәлсапашысы, драматургі және өнертанушысы, Ағарту дәуірінің ең көрнекті өкілдерінің бірі. Оның пьесалары мен басқа еңбектері неміс әдебиетінің дамуына қомақты ықпал жасады. Өмірбаяны. Лессинг Саксония аймағындағы Каменц атты кішкене қалашықта дүниеге келді. Оның әкесі діни қызметкер және құдайтанушылық еңбектердің ауторы болған. 1737 жылдан бастап Каменцтегі латын мектебінде, 1741 жылдан бастап Майссендегі «Әулие Афра» мектебінде оқығаннан кейін ол Ляйпциг университетінде құдайтану және дәрігерлікті оқыды (1746-1748). 1748-1760 жылдары ол Ляйпциг пен Берлинде тұрып, Фоссише Цайтунг газетінде және басқа жерлерде шолушы және редактор ретінде қызмет атқарды. 1752жылы ол Виттенберг университетінде магистрлік дәрежесін алды. 1760-1765 жылдары ол генерал фон Тауентциеннің жеке хатшысы болып жұмыс істеді. 1765 жылы ол Берлинге қайтып оралып, екі жылдан кейін, 1767 жылы Һамбургтегі неміс ұлттық театрында драматург және кеңесші болып жұмыс істеу үшін кетіп қалды. Сол жерде ол өзінің болашақ жұбайы Ева Көнигті кездестірді. 1770 жылы Лессинг Вольфенбүттелдегі герцог Аугустың кітапханасында кітапханашы болып орналасты. Оның сондағы жұмысы көптеген саяхат-сапарлармен үзіліп отырды. Мысалы, ол 1775 жылы Леопольд ханзадамен бірге Италияға сапар шекті. 1776 жылы ол жесір болған Ева Көнигке үйленді. Ол 1778 жылы бір ұл босанып, қайтыс болды. Бала да көп ұзамай көз жұмды. 1781 жылғы ақпанның 15-інде Лессинг 52 жасында Брауншвайг қаласындағы шарап саудагері Анготтың үйіне сапар шеккенде қайтыс болды. Кергелен аралдары. Кергелен аралдары немесе Кергелен архипелагы (франсузша: кең тараған түрі — "Îles Kerguelen" яки "Archipel de Kerguelen", бірақ ресми түрде— "Archipel des Kerguelen" яки "Archipel Kerguelen"), сонымен бірге Жалғыздық аралы депте аталады — Үнді мұхитының оңтүстік бөлігінде орналасқан аралдар тобы. Ол Франсияның жері болып табылады. Кергелен аралдары -да орналасқан, және Жер шарының Солтүстік Америка құрлығында Канаданың Альберта және Саскатчеван провинциялары және АҚШ-тің Монтана штаты түйісетін жеріне қарама-қарсы орналасқан нүктесі. Архипелагтың Гран Терр (Grande Terre) деп аталатын ең үлкен аралының ауданы 6 675 шаршы километр, оның айналасында 300-ге тарта кішігірім аралдар мен аралшықтар орналасқан, жалпы алғанда архипелагтың ауданы 7 215 шаршы километрді құрайды. Аралдың ауа райы дымқыл әрі салқын, бірақ суық емес. Ауа райы жыл бойы бір қалпынан айнымай тұра береді. Күшті желдер жиі болып тұрады. Айналасындағы мұхитта жыл бойы мұз қатпайды. Тарихы. Кергелен аралдары «Адели аралы», «Крозе аралдары» және «Амстердам және Әулие Пауыл аралдарымен» бірге «Франсияның оңтүстік және антарктикалық жерлері» атты әкімшілік құрылымның бөлігі болып табылады әрі өз алдына жеке басқарылады. Аралдарды 1772 жылдың ақпанында франсуз жиһангезі Ив-Жозеф де Кергелен де Тремарек ашқан. Аралдар ашылғаннан кейін көп ұзамай оған кит және итбалық аулаушылар (көбінесе британиялық, америкалық және норвегиялықтар) көптеп келе бастады. Олар сол 18-ші ғасырдың өзінде-ақ жергілікті киттер мен итбалықтардың санын аулау арқылы күрт азайтып жіберді. 19-шы ғасырда піл итбалықтарына да солай болды. Бірақ кит пен итбалықтарды аулауға тыйым салынғаннан кейін аралдардағы осыжануарлар түрдерінің көбі өз сандарын қалпына келтірді. Аралдарда өткенде бірнеше экспедициялар болып қайтқан. 1776 жылы капитан Джеймс Кук та болып қайтты. 1940 жылғы желтоқсанда «Атлантис» герман крейсері аралға келді. Аралда біраз уақыт болып, теңізшілер кемені жөндеуден өткізіп, су қорларын толықтырды. Кеменің соғыстағы алғашқы шығыны да осы аралда орын алды: кеменің мұржасын сырлап жатқан бір теңізші құлап, мерт болған еді. Ол сол аралда жерленді, оның қабірі кейде Екінші дүниежүзілік соғыстағы немістердің ең оңтүстікте орналасқан қабірі деп аталады. 1940-шы жылдардың соңынан бері Кергелен аралы бірқатар ғылыми топтардың жұмыс алаңына айналды. Аралдың 50-100 адамнан, көбінесе іссапарға келіп жүретін ғалымдардан тұратын өзіндік халқы пайда болды. Үлкен аралда мысықтар көптеп кездеседі. Олар аралға бұрын келіп-кетіп жүрген кемелерден қашып, жабайыланып кеткен мысықтардың ұрпағы. Олар теңіз құстарына және сырттан әкелінген, жабайыланып көбейген үй қояндарын аулап күн көреді. Аралда тамаққа пайдалануға болатын жергілікті Кергелен капустасы да өседі. Аралда жер серіктерін бақылау бекеті орналасқан. Ив-Жозеф де Кергелен де Тремарек Аралдың негізгі елді мекені, ауданның орталығы Үлкен аралдағы Морбихан шығанағының шығыс бөлігінде орналасқан. Ол Порт-о-Франсе деп аталады. Онда бар, спорт залы, аурухана, кітапхана және "Нотр Дам де Вон" деп аталатын шіркеу бар. Азот. 14N (99.635%), 15N (0.365%). Азотты 1772 жылы ағылшын ғалымы Даниэль Резерфорд ашқан. Жер қыртысындағы азоттың мөлшері 0.03%. Табиғатта азот дербес және қосылыстар күйінде кездеседі және негізгі қоры екі атомнан тұратын молекула түрінде ауа құрамында болады. Азоттың ауадағы салмақ үлесі 75.6%, көлем үлесі 78.1%. Жер қыртысының 1 т массасына 1 кг азоттан келеді, әрі ол бейорганикалық және органикалық қосылыстар күйінде кездеседі. Оның бейорганикалық қосылыстарының негізгілеріне натрий нитраты (чили селитрі), калий нитраты (үнді селитрі) жатады. Органикалық қосылыстар күйіндегі азоттың негізгі қоры барлық тірі ағзалардың ақуыздарында құрамына кіреді. Кезінде жанбайтын қасиетіне байланысты “тіршіліксіз” деп аталып кеткенімен азот тіршілікке өте керек элемент. Қалыпты температурада азот түссіз, иіссіз газ. Қайнау температурасы – 196 °C, қату температурасы – 210 °C. Судың бір өлшем көлемінде (20 °C-та) 0.0154 көлем азот ериді, яғни азоттың суда ерігіштігі оттектің ерігігтігінен төмен. Ауадан аздап жеңіл болады. Азот молекуласының атомдары өзара үш байланыспен тартылатындықтан, оларды бір-бірінен ажыратуға көп энергия керек. Сол себепті азот кәдімгі жағдайда тұрақты болып келеді де, литийден басқа ешқандай жай және күржелі затпен әрекеттеспейді. Химиялық белсенділігінің төмендіг жөнінен азот инертті газдардан кейінгі орынды иемденеді. Азотты қыздырса, көптеген металдармен әрекеттесіп, нитридтер түзеді. Бейметалдармен аса жоғары температурада ғана әрекеттеседі. Мысалы, оның оттекпен әрекеттесуі 3000-4000 °C-та басталады. Өнеркәсіпте азот ауаны сұйылту арқылы алынса, лабораториялық жағдайда аммоний нитритін немесе бихроматын қыздырып алады. Азот негізінен аммиак өндіруге, ал инертті болғандықтан, электр шамдарын толтыруға қолданылады. Аристотель. Аристотель (грекше: "Aristotélēs") (б.з.д. 384 — б.з.д. 322 жылдар) — грек пәлсапашысы, Платонның шәкірті, Ұлы Александрдың ұстазы. Ол түрлі-түрлі тақырыптарға зерттеулер жазған, соның ішінде физика, метафизика, ақындық өнер, театр, музыка, логика, шешендік өнері, саясат, үкімет, этика, биология және зоология. Сократ және Платонмен бірге Аристотель батыс философиясының ең маңызды, оның негізін қалаушы тұлғалары ретінде қарастырылады. Ахлақ, эстетика, логика, ғылым, саясат және метафизика сияқты мәселелерді қамтитын ең алғашқы жан-жақты пәслапалық жүйені құрған — Аристотель. Аристотельдің физикалық көзқарастары ортағасырлық ғылымның қалыптасуына терең әсер етіп, оның ықпалы Ағарту дәуіріне дейін созылды. Бірақ кейін ол қазіргің заманғы физикаға орын беруге мәжбүр болды. Биологиялық ғылымдарда, ол жасаған кейбір бақылаулардың дұрыстығы тек 19-шы ғасырда ғана расталды. Оның еңбектерінде ең алғашқы логикалық зерттеулер жасалған, соның негізінде 19-шы ғасырда қазіргі заманғы формалды логика ғылымы қалыптасты. Аристотельдің метафизикалық ілімі яһуди және мұсылман философияларына зор ықпал жасады. Ал оның мәсіхшілік философияға әсері, әсіресе Шығыс православ шіркеуінің философиясына және Рим католик шіркеуінің пәлсапалық схоластика мектебіне қазір де жалғасып келе жатыр. Аристотельдің философиясының барлық қырлары әлі де терең зерттелуде. Аристотель кезінде көптеген өте көркем шығармалар мен диалогтар (Цицерон оның әдеби стилін «алтын өзен» деп атаған) жазса да, оның жазбаларының көпшілігі бізге дейін жетпеген. Оның кейбір еңбектері біресе табылып, біресе қайта жоғалып отырды. Кейбір пайымдаулар бойынша, оның жазбаларының тек бестен бірі ғана сақталған. Өмірі. Аристотель Халкидика түбегіндегі Стагейра қаласында б.з.д. 384 жылы туған. Оның әкесі Македония патшасы Аминтастың жеке дәрігері болған. Аристотель ақсүйектерге лайықты тәрбие және білім алды. Шамамен он жасында Аристотель Афины қаласына барып, Платон Академиясында білім ала бастады. Ол сонда шамамен жиырма жыл бойы, б.з.д. 347 жылы Платон қайтыс болғанға дейін қала берді. Содан соң ол Ксенократпен бірге Кіші Азиядағы Һермиас патшаның иеліктеріне сапар шекті. Азияда болған кезінде ол Теофрастпен бірге Лесбос аралына сапар шегіп, екеуі аралдың өсімдік және жануар әлемін зерттеді. Аристотель Һермиастың қызы (не қарындасы) Питияға үйленді. Ол туған қызды ол Пития деп атады. Һермиас қайтыс болғаннан кейін Аристотельді Македония патшасы Филипп өзінің ұлы Александрға тәлімгер болуға шақырды. Ол Александрды сабап оқытты деседі. Александрға бірнеше жыл тәлім бергеннен кейін Аристотель Афиныға қайтып оралды. Б.з.д. 335 жылға дейін ол сонда Лүкейон деп аталатын өзінің мектебін ашып алған болатын. Афиныда оның әйелі Пития қайтыс болып, ол Стагейралық Һерпиллида атты бір әйелді кездестіреді. Ол ұл туып, оның атын Аристотель өз әкесінің құрметіне Никомах деп қояды. Аристотель көптеген еңбектерін өмірінің осы кезеңінде жазған болуы мүмкін. Ол тек кейбір бөліктері ғана сақталған диалогтар жазған. Бізге келіп жеткен еңбектерінің көбі «трактат» түрінде өзінің шәкірттеріне арналған оқу құралы ретінде жазылғандықтан көпшілігі жалпы таратуға арналмаған. Оның ең маңызды еңбектері ретінде «Физика», «Метафизика», «Никомахтың этикасы», «Жан туралы» және «Поэтика». Бұл еңбектердің арасында өте маңызды байланыстар мен үндестіктер болса да, олардың стилі мен тақырыптары жағынан әртүрлі болып келеді. Философияан эстетика, этика, басқару ғылымы, метафизика, саясат, психология, шешендік өнері және құдайтану туралы еңбектер жазды. Ол білім беру, шетелдердің әдет-ғұрыптарын, әдебиет және поэзияны зерттеді. Оның шығармаларының толық жинағы ежелгі гректерге белгілі болған білімнің энциклопедиясы деп атауға болады. Өз заманында белгілі болған ғылыми мәліметтердің бәрін білген адамдардың ең соңғысы Аристотель болған деген жорамал жасалған. Александр қайтыс болғаннан кейін Афиныда македондықтарға қарсы теріс көзқарас қалыптасты. Билеуші Еуромедон Аристотельге «құдайларды қастерлемейсің» деген айып тақты. Аристотель «Афинылықтарға пәлсапаға қарсы екінші рет қиянат жасатпаймын» деп анасының Халкидадағы иелігіне бас сауғалап кетті. Бұндағы оның қиянат деп отырғаны афинылықтардың Сократқа шығарған әділетсіз сот үкімі болатын. Бірақ бір жыл өтпей ол Еубеяда ауырып қайтыс болды (б.з.д. 323 жылы). Аристотель соңғы өсиетінде өзін әйелінің жанында жерлеуді сұрады. Сауранбаев, Жанбек. Жанбек САУРАНБАЕВ - волейболдан әлем кубогының иегері, Еуропа және КСРО чемпионы, Еуропа чемпиондары кубогының екі мәрте иегері. Әкесі Нығмет Сауранбаев - қазақ филология саласы бойынша тұңғыш ғылым докторы, академик, кезінде орысша-қазақша сөздікті құрастырып, жарыққа шығарған білікті маман. Кейіннен Қаз ССР Ұлттық ғылыми академиясының вице-президенті болды. Анасы Мария Иосифовна - шет тілдер институтының түлегі. 1963 жылы Одақтың жастар құрамасы қатарына қабылданды. Келесі жылы ерлер командасына шақырылды. КСРО құрамасы сапында көптеген жарыстарда олжаға кенелді. 1965 жылы Түркияда Еуропа чемпионы атанса, 1966 жылы Польшада әлем кубогын иеленді. Финляндия мен Мажарстанда өткен Дүниежүзілік универсиадада топ жарды. Жанбек бес жыл бойы КСРО құрамасының дәнекері (связующий) болды. Және де аталмыш мемлекеттің бас командасына қабылданған Қазақстанның тұңғыш волейболшысы. КСРО-ның ұлтаралық саясаты салдарынан Сауранбаев 1964 және 1968 жылдардағы Олимпиядаға жіберілмеді. 1968 жылы КСРО құрамасынан кеткеннен кейін барлық күш-жігерін «Буревестниктің» өсіп-өрлеуі үшін жұмсады. Сол маусымды Сауранбаев командасы екінші орынмен қорытынды. Ал 1969 жылы Одақ чемпионы атанып, одан кейін қатарынан екі рет Еуропа чемпионы кубогын олжалады. 1988 жылдан бастап, осы күнге дейін Қаныш Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің дене шынықтыру кафедрасының меңгерушісі. Сян Сиңһай. Сян Сиңһай (1905 жылғы маусымның 13-і – 1945 жылғы қазанның 30-ы) (Қытайша: 冼星海; пиніин: Xiǎn Xīnghăi) — Қытай композиторы. Оның ең атақты шығармасы — «Сары өзен кантатасы». Макауда кедей теңізші отбасында дүниеге келген. Отбасының түп-тегі «Панюй» (қытайша: 番禺; пинійн: Pānyú) деген жерден. Музыкамен 1918 жылы айналыса бастаған. 1926 жылы Пекин университетінің жанындағы Ұлттық музыка институтына оқуға түсіп, музыка пәнін зерттей бастады. 1928 жылы Шаңһай ұлттық музыкалық консерваториясына түсіп, иық қобызы және пианино бойынша дайындала бастады. Дәл сол жылы ол өзінің «Ғаламдық музыка» деген шығармасын жариялады. 1929 жылы Сян үкіметтің қолдауымен Парижге барып, 1931 жылы Париж консерваториясына композиторлық өнерді зерттеуге қабылданды. Оқып жүрген кезінде «Жел», «Жиһанкездің өлеңі», «Д-минордағы иық қобызына арналған соната» сияқты шығармаларын жазды. Сян Қытайға 1935 жылы қайтып оралды. Қытай-жапон соғысы (1937-1945) кезінде Сян «Елді құтқару», «Қарсыласпау — біздің жалғыз қорқынышымыз», «Партизандар өлеңі», «Біз жолдарды аштық», «Ұлан-байтақ Сібір», «Отанның ұлдары», «Жауға қарсы майданға аттан!», «Тайһаң тауларында» сияқты халықты жапон басқыншыларына қарсы күреске жігерлендіріп, үндейтін музыкалық шығармалар жазды. 1938 жылы ол Янандағы Лу Сюн атындағы өнер институтында декан болып тағайындалды. Жұмыстан бос уақытында өзінің атақты «Сары өзен кантатасы» деген шығармасын жазды. 1939 жылы Қытай коммунистік партиясының мүшесі болды. Алматыдағы композитордың атымен аталған көшедегі белгі. 1940 жылы Сян «Ян'ан және Сегізінші армия» атты құжатты фильмнің музыкасын жазу үшін Кеңес Одағына сапар шекті. Соның алдында ол Мау Зыдоңмен кездесті. 1941 жылы Кеңес Одағы Үшінші Рейхтің шабуылына ұшырап, Сян бастаған жұмыс аяқсыз қалады. Ол Шынжаң арқылы Қытайға қайтпақ болды, бірақ Шынжаңның коммунистерге қарсы әскери билеушісі Шың Шыцай оның жолын жауып, Сян Қазақстанның сол кездегі елордасы Алматыда тұрақтап қалады. 1942-44 жылдары қазақ композиторы Бақытжан Байқадамовтың қонағы болады. Өмірінің Алматы кезеңінде ол «Ұлттың азат етілуі» және «Қасиетті соғыс» атты симфонияларын, «Аманкелді Иманов» симфониялық поэмасын, «Бүкіл өзен қызыл тартты» және жел мен ішекті аспаптарға арналған «Қытай рапсодиясы» атты сюиталарын жазды. Қазақ әндерін жинап, зерттеумен айналысты. Ол ұзақ уақыт бойы тым көп еңбек еткеннен және жете тамақтанбаудан туберкулез ауруына ұшыраған болатын. Соғыс біткен соң Сян Мәскеуге емделуге барады. Бірақ ауруынан толығымен айыға алмай, 1945 жылдың қазанында Мәскеу Кремлінің ауруханасында 40 жасында қайтыс болды. Сян 300-ден астам шығарма жазды. Оған қоса ол 35 мақала жариялады, соның ішінде «Ние Ер — Қытайдың жаңа музыкасын жаратушы» және «Қытай музыкасының ұлттық стильдері туралы» атты мақалалар. Қытай музыкасына жасаған ықпалы үшін ол Қытай Халық Республикасының Халық композиторы атағына ие болды. Шығыс қызарды. «Шығыс қызарды» () — 1960-шы жылдары Қытай Халық Республикасының бейресми әнұраны болған өлең. Өлеңнің сөзі солтүстік Шанси аймағының тұрғыны Ли Йоюанға телініп жүр, әні жергілікті халық өлеңіне негізделген. Ол осы өлеңді таңертең шығыстың қызарып, күннің көтеріліп бара жатқанын көргенде шабыттанып жазған деген әңгіме бар. Бұл өлең барлық қалалар мен ауылдарда дыбыс зорайтқыштар арқылы таңертеңнен кешке дейін ойнатылған. Теле-радиохабарлар әдетте «Шығыс қызардымен» басталып, «Интернационал» әнұранымен аяқталып отырған. Оқушы-студенттер әр күні алғашқы сабағын осы өлеңді айтып барып бастауға міндетті болған. Мәдени төңкеріс кезінде Қытайдың ресми әнұраны Еріктілер маршының ауторы Тан Һан қуғын-сүргінге ұшырағандықтан, ресми әнұран орындалмайтын. «Шығыс қызарды» деп коммунизмді, әсіресе маоизмді насихаттайтын «ән мен би жыры» да аталады. Ол Қытайда 1960-шы жылдардың басында шығарылып, 1965 жылы операның киноға түсірілген түрі де дайындалды. Онда Мау Зыдоңның жетекшілігіндегі Қытай коммунистік партиясының тарихы баяндалады. Операны қазір де копмакт-дискі мен бейнетаспада табуға болады. 1970-ші жылдардың екінші жартысында Дың Шаопиннің билік басына келуімен байланысты бұл өлеңнің Мәдени төңкеріспен байланысы күшті болғандықтан сирек орындалатын болды. Қазіргі Қытайда ол Маоның жеке басына табынуын еске түсіретін өлең ретінде қарастырылады. Әнұран ретінде онда не коммунистік партия, не Мау төраға туралы сөз қозғалмайтын Еріктілер маршы қайтадан қолданылып жүр. «Дуңфаң һуң» («Шыңыс қызарды» немесе «Қызыл Шығыс» дегеннің қытайшасы) деп Қытайдың жер серіктерінің бір түрі аталған. Қытайдың ғарышқа ұшырған алғашқы жер серігі Dong Fang Hong 1 ұшырылған кезде оның ішіндегі арнайы радиоқұрылғы әуе толқындарына «Шығыс қызарды» әнұранын шығарып отырған. "Өлеңді тыңдаңыз" Бигелдинов, Талғат Жақыпбекұлы. Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов - Авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері. 1922 жылы 5-тамызда Сарыарқаның кең-байтақ даласында, Ақмола облысының өзен-көлі тасыған, емдік суы атқылаған Майбалық ауылында туған. Өмірбаяны. Ұшқыш болсам деген өрекпіген көңілмен Бішкектегі ДОСААФ авиамектебіне түсіп, «У-2» деген ұшақпен ұшуды үйрендім» дейді аты аңызға айналған батыр. Аэроклубта тамаша тәжірибеден өтіп, ұстаздарының оң көзіне түскен талапты жігіт Талғатты 1940 жылы Саратов әскери-авиация мектебіне оқуға жібереді. Ондағы қатаң сұрыптаудан жанарының оты бар жігіт аман-есен өтеді. Саратовтағы ұшқыштар мектебін екі жыл оқып, сержант шенімен бітірген соң, Чкаловтағы бомбалаушы ұшқыштар мектебін аяқтайды. thumbАл қан майданға аттанар алдында Ижевск қаласынан «ИЛ-2» штурмовигімен ұшуды үйреніп шығады. Сол күннен бастап әскерилер арасында «ұшқыш танк» деп аталып кеткен «Илюшаға» басы бүтін бауыр басып, 1942 жылы майданға аттанады. Осы өзі бір көргеннен қатты ұнатқан ұшақпен көк жүзінде 500 сағат болады. 305 рет әскери шабуылға шығып, жау ұясы – Берлинді алуға бірінші болып қатысады. Фашистер өздеріне аяусыз өлім оғын сепкен Талғат мінген ұшақты «Қара ажал» деп атаған. 23 жасында Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын иеленіп, соғыста небір көзсіз ерлік көрсеткен қыран қазақ қан майданнан аман-есен оралған соң, әскери әуе академиясын аяқтайды. Қазақстанның әскери-әуе күштерінде түрлі басқару қызметінде болады. 1956 жылы денсаулығына байланысты демалысқа шығады. КСРО Жоғарғы Кеңесінің үш мәрте депутаты болып сайланады. 1957 жылдан 1970 жылға дейін азаматтық авиацияны басқарып, Алматы, Ақмола, Арқалық, Қызылорда, Қарағанды, Тараз сынды көптеген қалаларда аэропорт салу ісіне өлшеусіз үлес қосады. 1968 жылы Мәскеу инженерлік-құрылыс институтын бітіріп, мемлекеттік құрылыс саласында да қызмет атқарып, әсіресе, Алматыдағы небір тамаша зәулім ғимараттардың бой көтеруіне атсалысады. Бүгінде 86 жасқа аяқ басса да денсаулығы мықты, тың Талғат ағамыз табиғат аясында жиі болғанды ұнатады. Бал арасын, бау-бақша өсірумен айналысады, қоғамдық жұмыстан да қол үзген емес. Сократ. Сократ (грекше: c. 471 BC–399 BC), — ежелгі грек пәлсапашысы. Батыс пәлсапасының негізін қалаушылардың бірі болып есептелетін ол Платонға қатты ықпал жасап, оның әсері Платонның шәкірті болған Аристотельге де етті. Сократтың ілімі қазіргі заман пәлсапасының маңызды бөлігі болып қалып отыр. Ол этика саласына жасаған үлесімен белгілі, Сократтық мысқыл және Сократтық әдіс атты ұғымдар оның атымен аталған. Сократтық әдіс әлі де түрлі пікірталастарда жиі қолданылатын құрал болып отыр, ол құралды мәнісі мынада: түрлі-түрлі сұрақтар тек жауап алу үшін ғана емес, қатысып отырғандарға қарастырылып отырған мәселенің түп-тамырына үңілу үшін де қойылады. Сократ эпистемология және логика салаларына да маңызды үлестер жасап, батыс пәлсапасы мықтап орналасқан негізді қалады. «Сократ мәселесі». Сократтың тарихи дұрыс бейнесін жасап, оның пәлсапалық көзқарастарын сипаттауда белгілі бір қиындықтар бар. Ол қиындықтар «Сократ мәселесі» деп аталады. Сократтың өзі ешқандай пәлсапалық шығармалар жазбаған. Біздің бұл кісі туралы білетініміздің барлығы оның замандастары мен шәкірттерінің жазып қалғандарынан алынған. Олардың ішіндегі ең маңыздысы — Платон, сонымен Ксенофонт, Аристотель және Аристофанның еңбектерінде де көп мәлімет берілген. Сократтың «шынайы» тұлғасын қалпына келтірудің қиындығы — осы шығармалар тарихи шығармалар емес, пәлсапалық немесе көркем шығармалар ретінде жазылған. Оның үстіне ол дерек көздері өздерін тарихи сенімді деп сөз бермейді. Мынаны Сократ жазған деген ешбір шығарма белгілі болмағандықтан, тарихшылардың алдында тұрған қиын міндет — осы шығармаларда айтылғанды бағалай отырып, Сократтың өмірі мен үйреткен ілімін дұрыс сипаттай алу. Жалпы алғанда, Платонның жазбалары Сократтың өмірі мен пәлсапасы туралы сенімді және мәліметті мол беретін дерек көзі ретінде қарастырылады. Басқа шығармалармен салыстыра отырып, Сократты жай ғана Платон ойлап шығарған тұлға деуге келмейді. Ксенофонт пен Аристотельдің куәліктері мен Аристофанның "Бұлттар" комедиясындағы кейбір бөліктер Сократтың шынайы бейнесін қалпына келтіруге көмектеседі. Өмірі. Сократ бейнеленген әшекей тас. Б.з.д. 1-ші ғасыр — б.з. 1-ші ғасыры. Сократ туралы мәліметтер онымен замандас үш дерек көзінен алынған: Платон мен Ксенофонттың (екеуі де Сократтың шәкірті) диалогтары және Аристофанның комедиялары. Аристофанның «Бұлттар» комедиясында Сократ өзінің шәкірттеріне алған қарызды қалай төлемей қлюға болатынын үйрететін алаяқ ретінде бейнеленген. Алайда Аристофанның шығармаларының көбі пародия ретінде жазылған, сондықтан оларда айтылғанды тіке мағынасында түсінуге болмайды. Платонның айтуынша, Сократтың әкесінің аты Софрониск, шешесінің аты Фенарета болған, шешесі әйелдерді босандыратын кіндік шеше болған. Бет-әлпеті ұсқынсыз, бойы тапал адам ретінде сипатталса да, Сократ жасы өзінен көп кіші Ксантиппаға үйленген. Одан ол Лампрокл, Софрониск және Менексен деген үш ұл сүйген. Сократ өлім жазасына кесілгеннен кейін мүмкіндік бола тұра қашудан бас тартқан, сол үшін оның досы Критон сол балаңды неге ойламайсың деп жазғырды. Сократтың нендей кәсіппен айналысып күн көргені белгісіз. Тимонның және кейінгі дерек көздерінің айтуынша Сократ әкесінен тас қалаушылық өнерін үйренген. Сократтың ешқашан ешқандай кәсіппен айналыспағанына меңзейтін деректер бар: Ксенофонттың «Симпозиум» деген шығармасында Сократ өзінің бар уақытын ең маңызды кәсіп немесе өнер деп қарастыратын нәрсеге, яғни пәлсапаны талқылауға бағыштайтынын айтады. Аристофан «Бұлттар» комедиясында Сократты тәлім бергені үшін ақы алады деп суреттесе, Платонның «Апология» және «Симпозиум» атты шығармаларында және Ксенофонттың шығармаларында Сократ өзінің берген тәлімі үшін ақша алғанын жоққа шығарады. «Апологияда» Сократ егер мен ақы алатын ұстаз болсам неге сонша кедеймін деген уәж айтады. Платонның бірнеше диалогтарында Сократтың әскери қызмет атқарғаны туралы айтылады. Сократ өзінің үш жорықтың кезінде: Потидея, Амфиполь және Делий жорықтарында әскерде болғанын айтады. «Симпозиумда» Алкивиад Сократтың Потидея және Делий шайқастарында көрсеткен ерлігін, Потидеяда Сократ өзін өлім аузынан аман алып қалғаны туралы айтады. Сократтың Делийдегі ерекше қызметі «Лахет» диалогында Лахет деген қолбасшы егжей-тегжейлі айтып береді. «Апологияда» Сократ өзінің соттағы көріп отырған қиындықтарын әскери қызметімен салыстырып, менің өлімнен қорқып өз пәлсапамнан бас тартуым жауынгердің өлімнен қорқып, шайқасты тастап қашуымен бірдей болар еді деп салыстырады. Шәуешек. a> «Шәуешектегі театрдың қирандылары» (1869-70) атты суреті. Шәуешек (,; пинйін: Tǎchéng — Тачең) — Қытайдың Шинжәң Ұйғыр аутономиялық районы‎ндағы қала. Шәуешек округы () Іле Қазақ аутономиялық облысына кіреді. Бұрынғы кездері бұл қала мен оның округы Ресейде Тарбағатай (ұйғырша:) деп аталған. Жағрапиясы. Шынжаңның солтүстістік бөлігінде, Тарбағатай жотасының етегінде орналасқан. Қаланың батысында, оны Шығыс Қазақстан облысымен байланыстыратын жолдың бойында, одан 17 шақырым қашықтықта «Бакту» (巴克图) шекаралық бақылау-өткізу бекеті орналасқан. Оның Қазақстан жағы «Бақты» деп аталады. Халқы. Шәуешек қаласының өзінде 1994 жылы бағаланғандай 56 400 адам тұрған. Даурлар мен сібелер Шәуешек округына Қиыр Шығыстан 1764 жылдары Қытайдың батыс шекарасын бекіту мақсатымен көшірілген Шәуешектегі Православ шіркеуі Мәдени төңкеріс кезінде қиратылған болатын, енді жергілікті орыс қауымдастығының серкелері оны қайта тұрғызуға жергілікті билік орындарынан көмек сұрауда. Тарихы. 19-шы ғасырда бұл қала Ресей мен Қытайдың арасындағы маңызды сауда-саттық орталығы болған. 1865 жылы дүңген көтерілісінің кезінде қала қатты қираған. Дос-Мұқасан. Дос-Мұқасан - қазақ эстрадасын қалаған саз топтарының бірі. Ансамбль 1967 ж. Алматы қаласында қазіргі Қазақ Ұлттық Техникалық Университетінің студенттерімен құрылған. Атауы топтың бірінші құрамына кірген Досым Сүлеев, Мұрат Құсаинов, Қамит Санбаев және Александр Литвиновтардың (Саня) есімдерінің бірінші буындарынан құрылады. Тарихы. Топтың бүкіл кеңестік сахынаға шығуы 1971 ж. Ташкентте өткен Бүкіл кеңестік техникалық жоғарғы оқу орын ансамбльдерінің қарауында орын алады. Бұл қарауда Дос-Мұқасан 1-ші орын мен лауреат атағын алады. Күрішбаев, Ақылбек Қажығұлұлы. Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев — Ауыл шаруашылығы министрі 1961 ж. сәуірдің 13 Алматы қаласында туған. 1983 ж. Алматы қаласындағы Қазақ ауыл шаруашылық институтын үздік бітірген. Еңбек жолын 1983 ж. В. Вильямс атындағы қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтында бастады. Аталған мекемеде қатардағы лаборанттан директордың орынбасарына дейінгі лауазымдық қызметтер атқарды. 1997 ж. А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры болып тағайындалды. 2002—2005 жж. Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарды. 2006 ж. ҚР АШМ Ғылым департаменті директоры болып тағайындалды. 2007 ж. бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық вице- министрі. 2008 ж. сәуірдің 8 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі. Мәдениет зор төңкерісі. Мәдениет зор төңкерісі (не Ұлы пролетарлық мәдени төңкеріс) — Қытай Халық Республикасында орын алған, Қытай коммунистік партиясының ішіндегі билік үшін тартыс ретінде басталған, бірақ кейін бүкіл Қытай қоғамын қамтып, әлеуметтік, саяси және экономикалық бүліншілікке алып келген, бүкіл елді азаматтық соғысқа душар ете жаздаған тарихи кезең. Ол 1966 жылғы мамырдың 16-сында Қытай коммунистік партиясының төрағасы Мау Зыдоңның пәрменімен басталды. Ресми түрде ол Қытайды «либералды буржуазиялық» элементтерден тазалау науқаны ретінде жарияланған болатын. Бірақ оның түпкілікті себебін Маудың бастаған үлкен секіріс науқаны сәтсіз аяқталып, оның билігі мен ықпалының төмендеп кетіп, оның бақталастары Лю Шаоци мен Дың Шаопинның күшейіп кетуінен көруге болады. Соның нәтижесінде ұлттық және жергілікті деңгейлерде топтардың арасында билік үшін талас басталды. Маудың өзі мәдени төңкерісті бітті деп 1969 жылы ресми түрде жарияласа да, бұл ұғым 1969 жылдан 1976 жылы «төрт сыбайластың» тұтқынға алынғанға дейінгі кезеңді де қамтып қолданылады. Әлеуметтік жағдайлары. Адамдардың қарсылығын басып-жаншу тәсілдерінің көбі одан ертеректе болған «Ян'ан жұмысты түзеу қозғалысының» кезінде дамытылған болатын. 1949 жылы коммунистер билік басына келгеннен кейін елде түбегейді әлеуметтік өзгерістер орын алды. Бұрынғы билеуші тап пен зиялыларға «оңшылдар», «қара ниетті элементтер» немесе «қара ниетті қарақшы элементтер» деген айдарлар тағыла бастады. Олардың үйлері тәркіленіп, Мау қолдайтын құндылықтарға сай келмейтін бұйымдардың бәрі жойылып отырды. Шығу тегі жағынан бір осалдығы бар ешкім қуғын-сүргіннен аман қалмады. Бастапқы кезеңде «Орталық баспа және хабар тарату бюросы» барлық мектептерде, әскери бөлімшелерде және барлық деңгейдегі қоғамдық ұйымдарда дыбыс зорайтқыштар орнатты. Орталық халық радиостанциясы осы саясатты жүзеге асырудың басты құралына айналды. 1960 жылдардың басына қарай ауылдық жерлерде тұратын 400 миллион тұрғын 70 миллион дыбыс зорайтқышпен қамтылды. Үлкен секіріс. 1957 жылы Қытайдың алғашқы бесжылдығынан кейін Мау Зыдоң Қытайдағы «нағыз социализмді» құрудың жылдамдығын арттыруға шақырды. Осыны жүзеге асыру үшін ол ауылдарда коммуналар орнатып, Үлкен секірісті бастап жіберді. Жалпы бұқараны жұмылдыру ісі де осы кезден басталды. Үлкен секірістің нәтижесінде болат қорытудың және ауыл шаруашылық өнімдерін өндірудің көлемін 1957 жылмен салыстырғанда екі есе көбейту көзделді. Immediate influences. a>) балғамен кресті, Будданы және Қытайдың классикалық мәтіндерін күйретіп жатыр. 1967 жыл Тарих және мәдениет ескерткіштерінің қиратылуы. a>дағы мәдени төңкеріс заманынан қалған қалдықтар. Ақ сұңқар. Ақ сұңқар (Falco rusticolus) сұңқар тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Қазақстанда тұрақты мекендемейді. Көкшетау, Өскемен, Алматы маңайын 12 жыл (1976-1988) ішінде 2 рет қана қыстайды. Қазір Алматы қаласындағы хайуанаттар паркінде үш Ақ сұңқар бар. Өзен бойлары мен тау етектерін мекендейді. Ұябасарының қанатының ұзындығы 38-42 см, салмағы 2 кг, аталығы кішілеу келеді, оның қанатының ұзындығы 34-37 см, салмағы 1 кг-дай болады. Арқасы көкшіл сұр, шұбар, бауыры, ақшыл, сондай-ақ іштерінде, шымқай ақ түстілері де кездеседі. Басқа сұңқар тұқымдасына жататын жыртқыштардан айырмашылығы денесі ірі болады. Ұясын жартастың ернеуіне, ағаш басына салады. Ақ сұңқар — жыл құсы. Жұптасып тіршілік етеді. Қыс айларында сұр шіл, кіші дүркептермен қоректенеді. Қазақстанда тіршілігі зерттелмеген. Құсбегілер саятшылық жасайтын аңшы құс ретінде қолда ұстайды. Ақ сұңқар өте сирек кездесетін құс болғандықтан, қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген (1966). Сирек кездесетін, бізде өнебойы қыстамайтын түр. Солтүстік Америка мен Ев-разияның арктикасында таралған, қыстау үшін оңтүстікке ұшып кетеді. Қазақ-станда қыста Көкшетау, Өскемен, Алматының маңайынан кездестірілген, ондағы ашық қоймалардан кіші дүркептермен қоректенеді. Барлық жерде де жекелеген құс көзге түскен. Санының азаю себептері анықталмаған, қорғау шаралары белгіленбеген. Барлык, қырандарды қорғауды халық арасында кеңінен насихаттап, оларды қолдан өсіруді тездету қажет. Нерчинск келісімі. Нерчинск келісімі (Орысша: Нерчинский договор, қытайша: 尼布楚 條約, Pinyin: Níbùchǔ tiáoyuē) — Ресей мен Чиң империясының арасында жасалған алғашқы келісім. Бұл келісімге 1689 жылғы тамыздың 27-сінде қол қойылды. Бұл келісімніңжасалуының себебі — Приамурье аймағы үшін болған Ресей-Мәнжу шекара қақтығыстары болды. Қол қоюшылар — Чиң императорының атынан Соңғотү, орыс патшалары І-ші Петр және V-ші Иванның атынан — Федор Головин болды. Осы келісім бойынша, Ресей Жапон теңізіне шығу үшін өзіне жер алмайтын болып міндеттелді және Қытайда орнаған Чиң мемлекетімен сауда-саттық қатынастарын орнатты. Орыстың Қытай мен Ресейдің арасындағы даудың себебі болған Албазин бекінісінің тұрғындары шығарылып, бекіністің өзі қиратылуға тиісті болды. Екі елдің арасындағы шекара Становой жотасы мен Аргун өзені бойынша орнатылды. Келіссөздердің басы-қасында болған екі иезуит — Жан-Франсуа Гербильон және Томас Перейра келісімді үш тілге — орыс, мәнжу және латын тілдеріне аударды, бірақ олардың арасында елеулі айырмашылықтар болды. Келісімнің ресми қытайша аудармасы болған жоқ. 1727 жылы Кяхта келісімі деген жаңа келісім жасалды, ол бойынша Кяхта қаласы керуен саудасына ашылып, екі империяның арасындағы шекаралар одан әрі айқындалды. Екі келісімнің шарттары 1858 жылғы Айгун келісімі мен 1860 жылғы Пекин келісімінің шарттары бойынша Ресейдің пайдасына өзгертілді. Ресей-Қытай шекарасы өзінің қазіргі қалпына келді. Сыртқы сілтемелер. Нерчинск келісімі Нерчинск келісімі Ким Ир Сен. Ким Іль-суң (кор. 김일성, Ким Ильсо́н) (1912 жылғы сәуірдің 15-і – 1994 жылғы шілденің 8-і) — Солтүстік Кореяның 1948 жылдың басында негізі қаланғаннан бастап 1994 жылы қайтыс болғанға дейін жетекшісі болған саясатшы және әскери қолбасшы. Ол 1948 жылдан 1972 жылға дейін сол елдің бас министрі, 1972 жылдан 1994 жылы қайтыс болғанына дейін елдің президенті қызметтерін атқарды. Сонымен бірге ол Корея Жұмысшы партиясының Бас хатшысы болып қызмет атқарды. Солтүстік Кореяның жетекшісі ретінде ол елдің бағытын марксизм-ленинизм идеологиясынан өзі дамытып шығарған «Чучхе» бағытына өзгертіп, өзінің жеке басына табынуды орнатты. Солтүстік Кореяда оған ресми түрде «Ұлы Көсем» («Видеһан сурйоң» 위대한 수령) деген атақ берілген, ал елдің конституциясында ол «Республиканың Мәңгі Президенті» деп аталған. Оның туған және қайтыс болған күндері Корея Халық-Демократиялық республикасында жұмыс істемейтін күн болып белгіленген. Балалық және жастық шағы. Ким Ир Сеннің өмірбаяны аңыз бен түсініксіз жайттарға толы. Сондықтан оның шынайы өмірбаянын білу оңай емес. Ким Сон Чжудің айтуынша, Ким Ир Сен 1912 жылы 15 сәуірде Пхеньянға жақын маңдағы "Намни" (қазіргі Мангёндэ) қыстағында дүниеге келген. Әкесі Ким Хён Чжик ауыл мектебінде мұғалім болған. Анасының аты — Кан Бан Сок. Олардың отбасысы зиялы адамдардан тұрғандықтан, сол уақыттың бас қа зиялылары секілді қарапайым, тұрмыстық жағдайы аздап нашарлау болған. 1964 жылы Жапонияда шыққан бір кітапта оны Чхинчжондағы анасының үйінде дүниеге келіп, Мангёндэ ауылында өскен дейді. Еңбектері. Ким Іль-суң көптеген кітап болып басылыпжарыққа шыққан еңбектердің авторы болып табылады. Оның еңбектері Корея Жұмысшы партиясының баспасында жарыққа шығады, солардың арасында «Ким Іль-суңның еңбектерінің толық жинағы» және «Ким Іль-суңның таңдамалы еңбектерінің жинағы» деген екі жинақты атауға болады. Оларға Жаңа жыл қарсаңында және басқа да түрлі жағдайларда сөйлеген сөздері де кіргізілген. Мау Зыдоң. Мау Зыдоң (Жеңілдетьілген қытайша: 毛泽东; Дәстүрлі қытайша: 毛澤東; Пінйін: "Máo Zédōng"); 1893 жылғы желтоқсанның 26-сы — 1976 жылғы қыркүйектің 9-ы — Қытайдың әскери және саяси жетекшісі. Оның бастауымен Қытай Коммунистік партиясы (ҚКП) басшысы Қытай Азамат соғысының кезінде Гоминдаң (国民党) партиясының үстінен жеңіске жетіп, 1949 жылы Қытай Халық Республикасы жариланғаннан 1976 жылы қайтыс болғанға дейін оның жоғарғы жетекшісі болды. Кезінде дүниежүзілік саясаттағы ең маңызды тұлғалардың бірі болып есептелген ол, Мау қазір де, қайтыс болғанынан кейін отыз жылдан астам уақыт өтсе де талас-тартыстар туғызатын тұлға болып табылады. Қытайдың өзінде ол қазірге дейін ұлы төңкерісші, Қытай Азамат соғысында Чияң Кайшиді жеңген дарынды қолбасшы және жүргізген саясаты арқылы Қытайды қуатты мемлекеттер қатарына қосқан кемеңгер саясатшы ретінде құрметтеледі. Сонымен бірге Қытайдың өзіндегі және шетелдегі сыншылар Маудың әлеуметтік-саяси жоспарларының кейбіреулерінің, мысалы Үлкен секіріс және Мәдени төңкеріс сияқтылардың Қытайдың мәдениеті, экономикасы, сыртқы қарым-қатынастарына келтірген зияны үшін және бейбітшілік кездің өзінде миллиондаған адам шығынына алып келгені үшін айыптайды. Мау Зыдоң ақын және хұснихатшы ретінде де белгілі. Балалық және жастық шағы. Мау Зыдоң 1893 жылғы желтоқсанның 26-сында Һунан өлкесінің Сяңтан аймағындағы (湘潭縣) Шаушан ауылында біршама әлді шаруа отбасында дүниеге келген. Оның ата-бабалары Һунанға Миң дәулетінің заманында Жияңси өлкесінен қоныс аударып, сонда шаруалар ретінде тұрақтап қалған болатын. Оның әкесінің аты — Мау Женшең, ол шаруа болатын. Оның анасы — Уен Чимей будда дінін қатты ұстанатын кісі болған. Отбасы ауқатты отбасы болғандықтан, оның әкесі оны мектепке және Чаңшадағы келесі басқыш мектебіне жіберуге жағдайы көтерді. 1911 жылғы төңкерістің кезінде Мау Һунан өлкесінің төңкерісшілердің жағында соғысқан қосынына қатардағы жауынгер болып қабылданды. Циң дәулеті тақтан түсірілгеннен кейін Мау әскерді тастап, оқуын жалғастырды. 1918 жылы Һунанның өлкелік бірінші мектебін бітіргеннен кейін 1919 жылдың 4-ші мамыр қозғалысының кезінде Мау өзінің мектеп ұстазы және болашақ қайын атасы Яң Чаңжимен бірге Бейжиңге сапар шекті. Профессор Яң Бейжің университетінде ұстаздық қызмет атқаратын. Яңның қолдауымен Мау университеттің кітапханасына кітапханашы болып орналасты, онда ол Ли Дажаомен танысып, оның қол астында жұмыс істей бастады. Мау Бейжің университетіне жарым-жартылай уақыт оқитын студент ретінде түсіп, Чен Дусю, Һу Ши, Цян Сюантоң секілді атақты ғалымдардан лекция тыңдап, семинарларына қатысты. Бейжіңде жүрген кезінде ол барынша көп кітап оқуға күш салып, коммунизм ілімімен танысты. Сол кездері ол өзімен бірге оқитын Яң Кайхуейге үйленді, ол профессор Яңның қызы болатын. Маудың өзі бұл некені ешқашан мойындаған емес. 1930 жылғы қазан айында Гоминдаң Яң Кайхуейді ұлымен бірге қолға түсірді. Жасы 8-дегі Анійңді олар туыстарына жіберіп, оның анасы Яң Кайхуейді өлтірді. Бұл кезде Мау Һе Зыжен деген Жияңси өлкесінде туған 17 жасар қызбен бірге тұрып жүрген болатын. Мау Францияға оқуғабару туралы ұсынысты қабылдамады, себебі оның ойынша Қытайдың алдында тұрған қиындықтарды тек Қытайдың ішінде жүріп қана шешуге болатын еді. Өз замандастарынан бір айырмашылығы, Мау тағы Қытайдың басым бөлігін құрайтын шаруа қауымын зерттеуге зор көңіл бөле бастады. 1921 жылғы шілденің 23-інде 27-жасар Мау Шаңһайда өткен Қытай Коммунистік партиясының ұлттық съезінің бірінші отырысына қатысты. Екі жылдан кейін үшінші съездің кезінде партияның Орталық комитетінің бес комиссарының бірі болып сайланды. Сол 1923 жылдың аяқ жағында Мау ҚКП Орталық комитетінің және Гоминдаң Орталық комитетінің тапсыруымен Һунанда Гоминдаң партиясының жергілікті ұйымын ұйымдастыру үшін Һунанға қайта оралды. 1924 жылы ол Гоминдаңның бірінші ұлттық конференциясына делегат болып барып, сонда Орталық комитеттің балама атқарушысы болып сайланды. 1924 жылы ол Гоминдаңның Шаңһай ұйымының атқарушысы және ұйымдастыру бөлімінің хатшысы болып таңайындалды. Біраз уақыт бойы Мау ҚКП төңкеріс үшін маңызды қала деп қарастырған Шаңһайда қала берді. Бірақ ол қалада кәсіподақ ұйымдарын құру жағынан коммунистік партияның алдында қиындықтар пайда болды. Оның үстіне өзінің ұлтшыл одақтасы Гоминдаң партиясымен қарым-қатынастары да оңтайлы болып қалыптаса қоймады. Коммунистік партияның қаржысы да азайып, төңкерістен көңілі қалған Мау Шаошанға қайтып кетті. Бірақ 1925 жылғы Шаңһай мен Гауңжоудағы толқулардан кейін Маудың революцияға деген қызығуы қайтадан жандана бастады. Ол қайтадан саяси күреспен айналыса бастауды ұйғарып, Гоминдаң партиясының негізі болып табылатын Гуаңдоңға барып, Гоминдаңның екінші съезіне дайындық жұмыстарына қатыса бастады. 1925 жылдың қазан айында Мау Гоминдаңның насихат бөлімінің уақытша директоры болып тағайындалды. 1927 жылдың бас кезінде Мау Һунанға қайтып оралып, сонда коммунистік партия ұйымдастырған төтенше жиналысқа қатысып, Солтүстік жорықтың нәтижесінде орын алған шаруа көтерілістері туралы егжей-тегжейлі баяндама жасады. Бұл баяндама Маудың революцияшыл теорияларының іс жүзінде сәтті орындалғанының бірінші көрінісі болды.. Соғыс пен Революция. Мау Зыдоң 1938 жылы « Маудың саяси және тарихи мұрасы. Мау Зыдоңның Тянанмен қақпасындағы суреті. Әдебиетші тұлға. Politics aside, Mao is considered one of modern China's most influential literary figures, and was an avid poet, mainly in the classical "ci" and "shi" forms. His poems are all in the traditional Chinese verse style. As did most Chinese intellectuals of his generation, Mao received rigorous education in Chinese classical literature. His style was deeply influenced by the great Tang Dynasty poets Li Bai and Li He. He is considered to be a romantic poet, in contrast to the realist poets represented by Du Fu. Many of Mao's poems are still popular in China and a few are taught as a mandatory part of the elementary school curriculum. Some of his most well-known poems are: "Changsha" (1925), "The Double Ninth" (1929.10), "Loushan Pass" (1935), "The Long March" (1935), "Snow" (1936.02), "The PLA Captures Nanjing" (1949.04), "Reply to Li Shuyi" (1957.05.11), and "Ode to the Plum Blossom" (1961.12). Анар. Анар — анар тұқымдасына жататын ағаш немесе бұта тәрізді субтропикалық өсімдік. Жабайы анар Кауказда, Орта және Кіші Азияда, Ауғанстан мен Үндістанда кездеседі. Кәдімгі анар (Punica granatum) Орталық Азия жемістерінің ішінде көп өсірілетін дақыл. Оңтүстік Қазақстанда анардың қызғылт Гюлоща, Бала-мюрсаль, Қазеке анар, Қызыл анар, т.б. сорттары өсіріледі. Биіктігі 3—5 м, бұтақтары тікенекті, ашық қызыл түсті келеді. Анар жарықты жақсы көреді, құрғақшылыққа төзімді, суыққа төзімсіз. Бақта қатар аралығы 4 × 2 м немесе 4 × 3 м етіп отырғызылады. Отырғызылғаннан кейін 3—4 жылда жеміс бере бастайды. Анар тұқымынан және өсімді (внгнтативті) тәсілмен, ал қолда отырғызылатын сорттары, көбінесе, сүректелген қалемше немесе ұластыру арқылы көбейеді. Орта есеппен әр ағаштан 25—30 кг өнім алынады. Ағаштары жемісті 30-50 жылға дейін береді. Кейбір анар 300 жылға дейін өседі. Жемісінің салмағы 200-ден 1000 г-ға дейін, дөңгелек (диаметрі — 8—10 см), шырынды, көп тұқымды, сыртында қатты қабығы бар. Жемісінің шырынында 80—90 % су, 8—12 % қант, 0.5—5 % түрлі қышқылдар, 3—4 % көмірсу, С, B дәрумендері болады. Шарапқа және тағамға тұздық ретінде қосылады. Анардың қабағынан таспа құрт түсіретін дәрілік препарат дайындалады, тамырынан бояулық зат алынады, сондай-ақ тұмау, күйік, іш құрылысы ауруларында пайдаланылады. Амфитеатр. Римдегі Арле амфитеатрінң ішкі көрінісі Амфитеатр – түрлі ойындар мен сайыстарды тамашалауға арнап, Көне Рим жұрты салған алып құрылыстар. Мұнда тағы аңдарды қуу, талату, гладиаторлар сайыстары өткізіліп тұрған. Амфитеатрдың ортасында дөңгелек майдан алаңы бар, көрермендердің орындары тұйық шеңберленіп келеді де, сатылай көтеріле береді. Амфитеатрдың бізге жеткен түрлері Римнен (Колизей), Веронадан, Помпейден, Арле мен Нимнен және Рим империясының (қазіргі Италияның), т.б. қалаларынан кездеседі. Қазіргі ұғымда амфитеатр - көрермендер залындағы партерден кейінгі орындар. Амфиболит. Амфиболит – қоңырқай реңді (қоңыр, қара қошқыл, қою жасыл), жік-жапсарлы немесе шомбал нақышты метаморфтық тау жынысы. Минералдық құрамы негізді мүйізталшықтан және орта плагиооклаздардан тұрады; онда аздар гранат, эпидот, биотит, диопсит, т.б. минералдар ұшырасады. Амфиболит орта және негізді құрамды магмалық жыныстардан, кейбір шөгінді жыныстардың метаморфтануы нәтижесінде қалыптасады. Қара түсті амфиболиттер әшекей және қаптама тастар ретінде жиі қолданылады. Амнезия. Амнезия (юнанша ' – ұмытшақтық, есінен айрылу) еске түсіру және есте сақтау қабілетінің жоғалуы нәтижесінде адам жадының нашарлауы немесе жойылуы. Амнезия "үдемелі амнезия", "бекімелі амнезия", "ретроградтық амнезия" және "антероградтық амнезия" болып бөлінеді. Амнезияның соңғы екі түрі көбінесе қабаттаса жүреді. Аметист. Аметист (грек) – минерал, кварцтың күлгін, көгілдір күлгін мөлдір түрі. Қысқа призмалы жеке кристалдар немесе топталып друза түрінде кездеседі. Түсі құрамындағы темір қоспасына және қыздыру температурасына байланысты өзгереді. Төменгі температуралы гидротермальды желілерде түзіледі. Аметистің әсем бояулы ірі кристалдары асыл тасқа жатады, зергерлік істе қолданылады. Жасанды аметист алу өндірісі де жақсы дамыған. Жағрапиясы. Аметист Бразилия, Уругуай, Оңтүстік Корея, Ресей, және Үндістанда өндіріледі. thumb YouTube. YouTube — бұл бейнематериалдар хостингінің қызметтерін ұсынатын қызмет. Мұнда қолданушылар қандай да бір бейнежазбаларды қосуға, қарауға не оларға түсінік беруге мүмкіндігі бар. You Tube қолдануға ыңғайлы және қарапайымдылығының арқасында бейнефайлдарды орналастыруға арналған ең танымал орындардың біріне айналды. Бұл сайтта кәсіби түсірілген фильмдер мен клиптермен қатар әуесқойлық бейнежазбалар, сонымен қатар бейнеблоктар ұсынылады. Компания тарихы. Бұл жобаның негізі 2005 жылдың ақпан айында Калифорния, Сан-Брунодағы Paypal фирмасының бұрынғы үш жұмысшыларымен салынған. Олар берілетін мәліметтердің аз көлеміне қарамастан жазбаның жақсы сапалы болуына мүмкіндік беретін Flash Video (flv) технологиясын қолданды. Бұл жоба жақсы көңіл көтеру құралына айналды және өзінің бірлестігін құра отырып, Alexa аналитикалық компаниясының статистика мәліметтері бойынша танымалдылығы жағынан MySpace әлеуметтік желісін басып озды. a> журналының мұқаба бетінде, 2006 жыл қазан айы 2006 жылдың қараша айында You Tube қызметін Google компаниясы 1,6 миллиард долларға сатып алды. You Tube-ті сатып алуға дейін Google компаниясында осыған ұқсас бағыттағы қызметі – Google Video болған. Google өкілдері бұны жаппай, оны барлық бейнехостингтік сайттар бойынша бейнелерді іздеу орны ретінде қолданбақ. Қазіргі уақытта Google Video іздеуіне You Tube те кіреді. 2008 жылдың ақпан айында Пәкістанның өкімет билеушілері Исламға қарсы мәліметтерді орналастыру себептеріне байланысты бұл сайтқа рұқсатты алып тастады. Контенттің таралуы және қарау. Жойылған деп белгіленген бейненің физикалық түрде жойылуы міндетті емес. Арнайы қосымшалардың көмегімен, атап айтқанда Deleted YouTube Video Viewer секілді, бұл файлдарды көруге болады. Ауторлық құқық. YouTube ережесі бұл сайтқа құрамы бойынша авторлық құқыққа қатысты АҚШ заңымен тыйым салынған бейнелерді ендіруге тыйым салады. Көпшілік жағдайда компания қызметкерлері ұрланған (пиратский) контенттерді өшіріп тастайды. Алайда бұған қарамастан, сервиске авторлық құқықпен қорғалған көптеген бейнелерді ендіру тоқтар емес. Компания қызметкерлері бұған құқық иелерінен не сервис қолданушыларынан шағым түскеннен кейін ғана назар аударады. Бірақ кейбір жағдайда қолданушылардың шағымы заңды бейнетүсірілімдердің қарақшылықпен алыңған деп белгіленуіне де әкеп соғады. 2006 жылдың жазында тележурналист Роберт Тур компанияға қарсы алғаш рет авторлық құқықты бұзғаны туралы және бірнеше жаңа бейнетаспаларды құқық иелерінің рұқсатынсыз еркін жария етуіне қатысты арыз берді. 2006 жыл 5 қазанда JASRAC Жапон ассоциацияның құқық иелерінің наразылықтары қанағаттандырылды, яғни сервистен 29549 бейнетаспалар мен әйгілі жапон әртістерінің қойған қойылымдары өшірілді. 2006 жыл 9 қазанда YouTube-пен CBS және Universal Media Group келісім шартқа қол қойды, ол келісімшартқа сәйкес олар бейнені сервис арқылы тарата алады. Сонымен қатар олар авторлық құқықпен қорғалған контентті іздеу және өшіру үшін жаңа технологияны қолданатындықтарын жария етті. 2006 жыл 12 қазанда YouTube лицензионды бейнетаспалардың немесе басқа да контенттердің төмен сапалы көшірмесін анықтай алатын бағдарламалық құралдарды қолдану мүмкіндігі жөнінде келісімшартты қабылдағанын жариялады. Бұдан кейін сервис автоматты түрде мұндай бенені өшіріп тастай алады. Қызметке қойылған наразылықтар. 2006 жыл 1 маусым кешкі сағат 6:30-дағы мәлімдемеде ITV News британ агенттігі YouTube және соған ұқсас сайттар жасөспірімдердің арасында зорлық – зомбылық және өшпенділікті насихаттайтындығы жөнінде, яғни ұялы телефондардың камерасына әуелі төбелестерді түсіріп, одан кейін ол бенені сервиске жіберетіндігі жөнінде жариялады. YouTube сайтында “шектен тыс қатігез бейнелерді хабарлау” деген функция бар, бірақ қатігез бейнетүсірілімдерді өшіру үшін журналистердің біршама уақыт жұмсауға мәжбүр болды. 2006 жыл 5 қазанда New York Times қызметке ендірілген антиамерикандық бейне туралы хабарлады. YouTube-тің кенеттен шарықтауы америкалық компания Universal Tube and Rollerform Equipment Corp. үшін қиындықтар туғызды, себебі оның http://www.utube.com сайтына кіру қызметтің домендік атын теруде қателесіп кететін қолданушылардың көптігінен жиі қиындықтарға әкеп соғады. 2006 жылдың қараша айының басында YouTube-ке қарсы Universal Tube арыз түсірді. Қызмет-баламалары. “Видеошериң”, “видеоблоггиң” түсініктері пайда болғаннан бастап (шамамен 2003 жылдан бастап) YouTube-тен бұрын да, кейін де айтарлықтай көптеген жобалар туындады. Кейбір жобалар YouTube интерфейсін дәлме-дәл көшіріп алды десе де болады (Revver алғашқы пайда болу кезінде, Clipshack). Осы бағыттағы сайттардың барлығы дерлік бейнені тарату қызметінің бір құрылымын қолданады, олар бір-бірінен тек бизнес-үлгілері (жарнамаларды қолдану, қызметтің тегін не ақылы болуы), кейбір техникалық егжей-тегжейі және айқындамалары бойынша ерекшеленеді. Дөнентаев, Сәбит. Сәбит Дөнентаев (1894—1933) — қазақ ақыны. Өмірбаяны. 1894 жылы Семей облысының Павлодар уезiнiң Ақсу болысында туған. Әкесі Дөнентай кедей еді. Руы Арғын ішінде Бәсентиін. Қасымқажы Ертісбаевтың медресесін бітірген соң өлең жазу бастады. 1916 жылы маусымның 25 патша жарлығымен жасы 19 мен 43 арсындағы қазақ және басқа орыс емес «бұратана» атайтын халықтарының жігіттер майданға алынды. Солардың арасында Сәбит те болған. Екібастұздың көмір қазатын болды, кейін Рига қаласының өңірінде окоп, ор (траншея) қазған. 1917 жылының Ақпан төңкерісінен кейін туған жеріне қайтты. Ақпан төңкерісін қолдап басқа Алаш азаматтарымен ұлт азаттық қозғалысына қосылып, қазақ халқына автономия беруіне, халқының өмір деңгейі көтеруіне, өзгеріс пен дамуына шақырады. Семейде мұғалімдер семинариясында оқиды. Сол кезде Семей қазақтың ұлттық қозғалысының мәдени, саяси, рухани орталығына айналысады, Алаш-қала деп атайды. Семинария ше, зиялы азаматтар оқып бітірген білім ордасына айналысады. Мұнда Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезовтер оқыған, кейін семинариясын Шәкен Айманов да оқып бітіреді. Кеңес үкіметі орындаған соң, Сәбит Дөнентаев жаңа үкіметін қолдайды, ол қазақ халқына басқа халықтарымен тең құқықтарын береді, қарапайым шаруасының өмірін өзгереді, жесір-жетімдерінің қамын ойлайды деп сенеді. Мектептерде мұғалім болып жұмыс істейді, үгіт-насихат жасайды, сауатсыздардың көзін ашады. Оңдай ағартушылар сол кезде керек еді, өз уақытында Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов тағы басқалар мұғалім-ағартушы болып мектептерде сабақ берген. Баянауылда сотта жұмыс істеген, кейін орнына Қаныш Сәтбаев келді. 1923 жылынан бастап, Семейдің «Қазақ тілі» үнжариясында жұмыс істейді. Қазақ әліпбиі латын әрпінен құрастырғаны дұрыс деп ойлаған. Қалың малға тыйым салу үшін күресіп, әйелдердің тең құқыұтары үшін күресіне үлем қосқан. Әйелі — Қорлығайын Қожақызы байдың немересі еді. Сәбиттің әкесі Дөнентай өмір бойы сол Мәннәнбайдың малын баққан. Мәннәнбайдың немересін қалың малсыз алып жұбайы қылған. Баласы Мақсұт 1922 жылы қызылша болып қайтыс болған. Қызы Сәулет 1924 жылы Павлодар облысының Құркөл ауылында туған. Ақын-демократ, қаламгер, мұғалім-ағартушы, қоғам қайраткері Сәбит Дөнентаев 1933 ж. мамырыдың 23 қайтыс болған. Шығармашылығы. Сәбит Дөнентаевтың шығармашылығына Абайдың, Крыловтың, Тоқайдың өлеңдері, мысалдары әсер еттi. 1913 жылы «Айқап» журналында Сәбит Дөнентаевтың «Қиялдарым» өлеңi шығады. Бұл журналда кезінде Сұлтанмахмұт Торайғыров және тағы басқа қазақ ақындарының өлеңдерi шыққан. 1915 жылы Yфi (Уфа) қаласында Сәбит Дөнентаевтың «Уақ-түйек» деген өлеңдер жинағы шығады. Ақын өз халқын қамын ойлап, оның өмірі, тағдыры, халі, тұрмысы туралы өлеңдер жазған, сатира ақыны болып, елін зорлайтын байлар мен патша өкіметіне күледі, әділет туралы ойлайды. Ақынның «Бозторғай», «Көк төбетке», «У жеген қасқырға», «Екі теке» мысалдары бар. Бұл еңбектері Крыловтың шығармашылығының ақынына әсер еткенінен жазылған. «Биік тау», «Заман кімдікі» әділет туралы ойлайтын-толғайтын азаматының мұңдары. «Қазақтан шыққан білгендер» — жастарға үгіт-насихат. «Көркемтай» повесті жетімнің тағдыры туралы. Амстердам. Амстердам - Нидерландтың ең ірі қаласы, әрі астанасы. Қала аты Амстел өзенінің бойында орналасқанына бөгенге қатысты аталған. Қала негізі 12 ғ кішкене балық аулаушылар елді-мекені ретінде пайда болып, бүгінгі таңда 172 ұлттарды қамтитын 743,104 тұрғыны бар Нидерландтың ірі қаласы (қала маңы тұрғындарымен қоса - 1.5 млн). Нидерланд Алтын дәуірі кезінде Әлемнің ірі сауда кемежайы, қаржы және гауһар орталығы болған. Амстердам әуежайы Еуропадағы 4-ші ірі әуежай болып табылады. ABN Amro, Akzo Nobel, Heineken International, ING Group, Ahold, TomTom, Delta Lloyd Group және Philips т.б. сияқты көптеген нидерланд ірі корпорациялары мен банктерінің бас-кеңселері осы қалада орналасқан. Торайғыров, Сұлтанмахмұт. Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893—1920) — 20 ғ. қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы, аса көрнекті ақын. 1893 ж. қазанның 28 Көкшетау облысының Қызылту ауданында туған. Екі жасында шешеден жетім қалған Сұлтанмахмұттың балалык шағы Баянауылда өтеді. Алты жасында хат таныған Сұлтанмахмұт 1908 ж. Баянауылда Әбдірахман молданың медресесінде екі-үш жыл, 1911 ж. жаңаша оқыған Нұрғали деген мұғалімнен бір қыс оқиды. Пән негіздерін үйреніп, білімге деген ынтасы артқан Сұлтанмахмұт одан әрі оқуын жалғастыру арманына жете алмайды. Троицк, Семей, Томск сияқты ірі қалаларда барып оқуын жалғастыруға ниеттенсе де, қамқоршысы мен қаржының жоктығынан, тұрмыстың қиыншылығынан ол мақсаты орындалмайды. Бірақ оптимист Сұлтанмахмұт өз бетімен ізденіп көп оқыды, ғылымның әралуан саласынан хабардар болды, сөйтіп заманының оқымысты жастарының біріне айналды. Сұлтанмахмұт Торайғыров жасында жабысқан дерт кеселінен 27 жасында кайтыс болды. Аз жасағанына қарамай, ол қазақ поэзиясы мен прозасын жаңа сатыға көтеріп кетті. Реалист-ақын 20 ғ. әдебиетінде жаңа жанрлар туғызды, роман жанрының, реалистік поэманың қалыптасуына әсер етті. Оның адам өмірінің мән-мағынасы жайлы «Адасқан өмір» поэмасы, 20 ғ. басындагы қазақтың іріп-шіріген билеуші табының өскен, тәрбие алған ортасы, ескілікке қарсы үн көтерген «Қамар сұлу» шығармасы, жастарды асқақ қиял, зор талапқа бастайтын лирикасы — оны қазақ әдебиетіндегі демократтык әдебиеттің ірі өкілі етті. Шығармашылығы. Аз жасағанына қарамай, ол қазақ поэзиясы мен прозасын жаңа сатыға көтеріп кетті. Реалист-ақын 20 ғ. әдебиетінде жаңа жанрлар туғызды, роман жанрының, реалистік поэманың қалыптасуына әсер етті. Оның адам өмірінің мән-мағынасы жайлы «Адасқан өмір» поэмасы, 20 ғ. басындагы қазақтың іріп-шіріген билеуші табының өскен, тәрбие алған ортасы, ескілікке қарсы үн көтерген,заман туралы үлкен толғанысты эпикалық туындысы - «Қамар сұлу» романы, жастарды асқақ қиял, зор талапқа бастайтын лирикасы — оны қазақ әдебиетіндегі демократтык әдебиеттің ірі өкілі етті. Оның адам өмірінің мән-мағынасы жайлы "Адасқан өмір" поэмасы, XX ғ. басындагы қазақтың іріп-шіріген билеуші табының өскен, тәрбие алған ортасы, ескілікке қарсы үн көтерген "Қамар сұлу" шығармасы, жастарды асқақ қиял, зор талапқа бастайтын лирикасы - оны қазақ әдебиетіндегі демократтык әдебиеттің ірі өкілі етті. Осы кезден ақыңдыққа ден қойып, 1912-1913 жылдар аралығында «Оқып жүрген жастарға», «Тәліптерге» («Шәкірттерге»), «Ендігі беталыс», «Оқудағы мақсат не?», «Анау-мынау», «Мағынасыз мешіт», «Жарлау», «Досыма хат», «Шығамын тірі болсам адам болып», «Түсімде», «Жазғы қайғы», «Қымыз», «Кешегі түс пен бүгінгі іс», т.б. өлеңдерін, «Зарландым» атты ұзақ очеркін жазды. Осы тұста «Қамар сұлу» романын жазуды бастады. 1913 жылдың күзінде Троицкіге қайтқан Торайғыров «Айқап» журналына жауапты хатшы болып жұмысқа орналасып, «Өлең һәм айтушылар», «Ауырмай есімнен жаңылғаным», «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан», «Қазақ ішіңде оқу, оқыту жолы қалай?», т.б. әңгіме, мақалаларын осы журналда жариялайды. Журналда аз ғана уақыт қызмет еткен ақын 1914 жылы жазда туған елі Баянауылға оралады. Ел ішінде мәдени-ағарту жұмысын жүргізетін «Шоң серіктігі» дегенұйым ашпақ болғанымен, ісі жүзеге аспады. Осы жылы орысша оқу іздеп Семейге барған Торайғыров діттеген оқуына түсе алмай, біраз дағдарысқа ұшырайды. Осындай көңіл-күй әсерімен «Ләпет бұлты шатырлап», «Алтыаяқ» сияқты өлеңдер жазады. «Ендігі беталыс», «Тұрмысқа», «Бір адамға», «Туған еліме», «Сымбатты сұлуға», «Қыз сүю», «Гүләйім», «Өмірімнің уәдесі», «Жан қалқам», «Гүл», т.б. өлеңдерін, 1915 жылы «Кім жазықты?» атты өлеңмен жазылған романын дүниеге әкелді. Шығыс Қазақстанда жалданып бала оқытқан ол 1916 жылдың күзіне дейін әуелі Қатонқарағайда, кейін Зайсанда болады, орыс тілін үйренеді. 1916-1917 жылдардың қысында Томскіде орысша оқиды. «Шәкірт ойы» өлеңінде «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды», «Мұздаған елдің жүрегін жылытуды» армандайды. Осы тұста әлем әдебиетінің классикалық үлгілерімен, саяси кітаптармен танысады. 1917 жылғы ақпан айындағы төңкерістен кейін Семейде жаңа құрылған Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің жұмыстарына қатынасып, «Алаш ұранын» жариялайды. Бірақ ауруы асқынып кеткендіктен оқуды да, жұмысты да тастап, 1918 жылы сәуірде еліне біржола оралады. Онда Колчак үстемдігінен кейін қайта жанданған совдеп жұмысына араласып, ел шаруаларының дау-шарларын әділ шешуге қатынасады. Осы тұста саяси-философиялық әдебиетті (Г.Ц. Плеханов, Н.Г. Чернышевский, т.б.) көп оқып, «Шал мен қызға», «А, дүние», «Жас жүрек», «Сарыарқаның жаңбыры», «Адасқан өмір», «Кедей», «Айтыс», т.б. өлеңдерін жазады. 1907-1911 жылдары оның шәкірттік кезеңдегі өлеңдері көркемдік тұрғыдан кемшін түсіп жатқанымен, жас ақынның қоғамдық құбылыстар мәнін түсінуге деген ұмтылысы мен өлең тілімен сурет салуға бағытталған талабын танытады. Ол қоғамдағы әділетсіздік пен әйелдердің ауыр тағдыры, діни оқудың схоластикалық сипаты жайлы жазды. Байлық пен кедейліктің текетіресін бай мен кедей ұлының өмірі арқылы көрсетуге тырысқанымен, бұл талпынысы биік ақындық талант пен саяси көзқарасты таныта алмады. Ақынның 1912 жылдан бастау алатын шығармашылығының жаңа кезеңінде Абай, Ыбырай негізін қалаған ағартушылыққа бет бұрды, жастарды оқу-білімге шақырды. «Туған айдай болып туып, күнді алуға бел буады», тұрмысты жеңуде жігерленіп, ақиқатты табу жолында талмай ізденуді мұрат тұтады. Алғашқы үгіт мәндес өлеңдерінен кейін ақын лириканың өрісін кеңейтіп, лирикалық кейіпкердің жан сырын, іс-әрекетін суреттеуге ұмтылады. Оның жырларынан тағдырға мойынсұнбай, қасарыса алға ұмтылатын, ауыртпалыққа қарсы тұрар өжет мінез көрінеді. Осы кезден бастап ақын шығармаларында ескіні сынау бой көтерді. Ол қазақ арасында көп кезігетін келеңсіз мінездер мен кертартпа әдет-ғұрып салтына қарсы күреседі. Табиғат, махаббат тақырыбына жазған өлеңдерінде ақын адам сезімін қоғамдық көзқараспен, әлеумет өмірімен байланыста қарайды. Ескіге қарсы көзқарас оны қоғамдағы әділетсіздікпен қақтығысқа алып келеді. Ол өмір шындығын көркем бейнелей келе, қазақ өлеңінің мазмұнын кеңейтті, сырға толы лирикалық жырлар туындатты. Көптеген әңгіме, очерктер, әдеби-сын мақалалар жазды, екі роман («Қамар сұлу», «Кім жазықты?»), төрт поэмасын («Таныстыру»), «Адасқан өмір», «Кедей», «Айтыс») жариялады. Торайғыров «Қамар сұлуда» әйел теңсіздігі мәселесін көтере отырып, дәуір шындығын әлеуметтік тұрғыда талдаса, «Кім жазықты?» романында ауыл өмірінің шындығын жан-жақты суреттей келе, қазақ халқының шаруашылық тұрғыдан дамымағанын, талапсыздық пен шаруаға қырсыздықты, жалқаулықты, алауыздықты сынайды. Торайғыров поэма жанрын жаңа арнада дамытты. Ол сюжетсіз поэмаларында өмірдегі сан түрлі мәселелерді кеңінен қамтып, өршіл ой-түйіндерін бүкпестен, өткір де ашық насихаттауға тырысты. Алғашқы поэмасы «Таныстыруда» Алашорда қозғалысы өкілдерін елге таныту мақсатын көздеді. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатовтарды таныстырып, олардың «бірі - күн, бірі - шолпан, бірі – ай» екендігін жазады, алаштықтардың қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы еңбектерін саралайды. Алаш өкілдерімен қоса, қазақтың көрнекті тұлғалары Абай мен Шәкерімді ерекше атап көрсетеді. «Адасқан өмір», «Кедей» поэмаларының негізгі сарыны қоғамдағы әділетсіздік себептерін ашу, теңдікті іздеу болып табылады. Ақын бұл жайларды қазақ ауылы шеңберінен шығып, капиталистік қоғамға тән мәселелер ретінде қозғайды. «Адасқан өмір» - Торайғыров шығармашылығының зор табысы. Мұнда ақын аз ғұмырында көзімен көріп, ойымен түйген, білім-білігімен таныған тұрмыс өткелдерін өзіне ғана тән асқақ үнмен ашына, ақтара жырлайды. Поэманың лирикалық кейіпкері түрлі кәсіппен шұғылданса да, ешбірінен қанағат, теңдік таппай, әділетті қоғамды аңсайды. Шығармада ақын түсінігіндегі болашақ жаңа қоғамның бейнесі жасалады. Шығарманың негізгі идеясы адам өмірді өз тілегіне бағындыра алады және соған ұмтылуға тиіс деген оптимистік қорытындыға саяды. Поэмада күрделі философиялық ой-толғамдар басым. «Кедей» поэмасының бас кейіпкері де өз ортасынан әділдік таппайды, қоғам мен адам арасындағы қайшылықты бітіспес күреске ұластырады. «Айтыс» поэмасы толық аяқталмаған, онда Торайғыров қала ақыны мен дала ақынын айтыстырып, екі ортаның қайшылықты жақтары мен адамға пайдалы тұстарын қатар алып суреттейді. Торайғыров шығармалары – 20 ғасырдың басындағы қазақ қоғамы шындығын, ондағы жаңашыл ой-пікірдің дамуын танытатын үлкен белес. Оның ізденістері «шындықтың ауылын іздеумен» байланысты, оның реализмі бұлтақсыз, жалтақсыз айтылған шындыққа, әлеуметтік Түркеш, Алпарслан. Алпарслан Түркеш (1917 жылғы қарашаның 25-і, Никосия, Кипр – 1997 жылғы сәуірдің 5-і in Анкара, Түркия) — түрік ұлтшыл саясатшысы. Оны қолдаушылары "«Başbuğ»" ("«Жетекші»") деп атаған.. Ол Түркия саясатында әскери ретінде де, кейінірек саясатшы ретінде де көп із қалдырған кісі. Оның аты-жөні басында оның лақап аты болатын, 1934 жылы ол осы есімді өзінің ресми аты-жөні ретінде қабылдап алды. Оның бастапқы аты-жөнінің қандай болғаны нақты белгісіз. Кейбір түрік дереккөздерінде, мысалы "Büyük Larousse Sözlük ve Ansiklopedisi" энциклопедиясында оның туғандағы есімін Али Арслан деп көрсетеді. Оның жақын достары мен таныстары оны «Албай» («полковник») деп атайтын. Ол 1960 жылғы мамырдың 27-сінде болған премьер-министр Аднан Мендерестің үкіметіне қарсы ұйымдастырылған әскери төңкерістің кезінде атқарған ролі үшін танымал бола бастады. Алайда полковник Түркештің өзі сол әскери топтың ішінде болған төңкерістен кейін қуылды. Ол кейінірек «Cumhuriyetçi Köylü Millet Partisi» (CKMP, Республикалық шаруалардың ұлттық партиясына) мүше болып, кейін оның төрағасына айналды. 1969 жылы CKM-нің аты Milliyetçi Hareket Partisi (Ұлтшыл әрекет партиясы, MHP'") болып өзгертілді. MHP-дағы кезінде ол өзінің Ниһал Атсыз секілді ізашарларының көзқарастарын қабылдап алып, оларды зор саяси күшке айналдырды. 1965 жылы Түркеш "Dokuz Işık Doktrini" ("Тоғыз жарық доктринасы") атты саяси еңбек жазды. Онда ол өзінің ұлтшыл идеологиясының негізін құраған негізгі тоғыз қағиданы алға тартты. Ол тоғыз қағида мына: ұлтшылдық, идеализм, ахлақшылдық, қоғамшылдық, ғылымшылдық, тәуелсіздікшілдік, ауылшылдық, прогрессившілдік, популизм, өнеркәсіпшілдік, технологизм. Түркеш оңшыл бағыттағы "Milliyetçi Cephe" (Ұлтшыл Фронт) секілді үкіметтерде вице-премьер болып қызмет еткен. Өмірінің кейінгі кезеңінде ол түрік дәстүрі бойынша қарт саясатшы ретінде құрметке бөленіп, түрлі партиялардағы басқа саясатшыларға жиі-жиі ақыл-кеңес беріп жүрді. 1992 жылы Алпарслан Түркеш президент сайлауының қарсаңында өзін ұлтшыл ретінде сипаттайтын Абульфаз Ельчибейді қолдау үшін Бакуға сапар шекті. Әзірбайжан президенті болып сайланған соң Ельчибей ішкі істер министрі етіп Анатолиядан бастап солтүстік Иран арқылы өтіп, Сібір, Қытай, Үндістанға дейінгі жерді қамтитын Ұлы Түркияны құрғысы келетін «Бозқұрттар» қозғалысының мүшесі Исгандар Хамидовты тағайындады. Хамидов Әрменістанға атом бомбысын тастау керек деген сөзінен кейін 1993 жылы қызметтен кетуге мәжбүр болды. Коммунистер солшыл бағыттағы қозғалыстарға қарсы болғаны үшін және түрік халқының тәуелсіздігін қорғағаны үшін Түркешті фашист және ұлтшыл деп атайды. Түркеш 'Ülkü Ocakları Kültür ve Sanat Vakfı' («Идеалистік мектептердің мәдениет және өнер қоры») қорының көрнекті жетекшісі болған. Ізбасарлары Түркешті түрік ұлтшыл қозғалысының ең жарқын бейнелерінің бірі ретінде қастерлейді. Ағарту дәуірі. Ағарту дәуірі – 18-19 ғасырларда дамыған идеялық ағым. Оның өкілдері ізгілік, әділеттілік идеялары мен ғылыми таным-білім негіздерін тарату жолдары арқылы қоғам кемшіліктерін түзетуге, оның талғам-талаптарын, саясатын, тұрмысын өзгертуге күш салды. Ағартушылар қатарында т.б. болды. Олар өз уағыздарын, қоғамның барлық топтары мен жіктеріне, әсіресе, билік иелеріне бағыштады. Қоғамдағы кертартпа көріністердің бәрі адамдардың надандығынан, олардың өз табиғатын өзі түсінбеуінен деп білді. Ағартушылық шіркеулік идеология ықпалына, діни догматтарға, схоластикалық ой-ағымдарына қарсы болды. Ағартушылар қоғам дамуындағы сананың айқындаушы рөлі туралы түсініктерге ден қойды. Ағартушылық 18 ғасырдағы әлеуметтік көзқарастардың қалыптасуына едәуір ықпал етті. Шығыс елдерінде бұл ағым біршама өзіндік сипатта өркен жайды. Амнистия. Амнистия (грекше αμνηστια – кешіру) адамдардың белгісіз бір тобын мемлекет басшысының немесе өкіметтің жоғары өкілетті органының шешімімен қылмыстық жазадан босату. Амнистия жалпы (қылмыстық кодекстің белгілі бірбаптары бойынша сотталған немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылған барлық адамдар үшін) немесе ішінара (рахымшылық ету) болуы мүмкін. Амнистия актісімен кейде сотталу фактісі алынып тасталады. Қазақстанда айыптау үкімі заңды күшіне енген жеке адамға қатысты рахымшылық ету актісін Қазақстан президенті шығарады. Амнистия актісі аса ауыр қылмыс жасаған адамдарға, кісі өлтіргендер мен жазаны өтеу кезеңінде тәртіп бұзған адамдарға қолданылмайды. Үфі. Үфі - Ресейдегі қала, аутономиялық Башқұртстан Республикасының астанасы. Орыс атауы Уфа, башқұртша Өфө. Тарих. 1574 жылы Қазанның атаманы Михаил Нагой басқаратын казак орыстардың күшімен салынған. Үфі қамалының салынуы - орыстардың Ноғай Ордасымен 1571 жылының келісімді бұзуы еді. Башқұрт тарихшылардың пікірі бойынша Үфінің орнында бұрын заманда ежелгі қала бол-ған. 1708 жылынан бастап Үфі Қазан губерниясының құрамына кіреді. 1728 жылы Үфі провинция орталығына айналды. 1744-1781 жылдары Орынбор губерниясының құрамында. 1781 жылының желтоқсан айында Үфі тағы да провинция орталығы болып кетеді. 1796 жылдары Орынбор губерниясының құрамына кіреді. 1802 жылы губернатор тұратын қаласы болып кетеді. 1865 жылынан бастап Үфі губерниясының орталығына айналады. 1918 жылының қыркүйектің 23-ші жұлдызында Үфі қаласын-да Бүкілресейлік Уақытша Үкіметі ұйымдастырылған. 1919 жылы ол Омбы қаласына көшеді. 1919 жылы Башқұрт Аутоно-миялық Кеңес Социалистік Республикасы құрастырылған. 1922 жылының маусым айында Үфі губерниясы мен Башқұрт АКСР біріктірілген. Үфі қаласы аутономиялық Башқұртстанның астанасы болып кетті. Жағрапиясы. Үфі қаласы Ақеділ өзенінің жағасында, Үфі мен Дем өзендері құйылатын жеінде, Оңтүстік Орал тауларынан батысқа қарай 100 шақырым қашықтығында орналасқан. Қала қоңыржай климат белдеуінің орманды дала аумағында орналасқан. Жазы жылы, қыс суық және ұзақ. Көлемі - 753,7 шаршы шақырым.Ірі көлік торабы, маңызды ғылыми және өнеркәсіби орталығы. Үфі YEKTST) сағат белдеуінде орналасқан. Гринвич сағат белдеуімен салыстырғанда, қысқы кезде +5 сағатты, жазғы кезде +6 сағатты қосу керек. Халық саны. Үфі қаласының халық саны 1 023 000 (2007 жылының мәліметі). Ресейдің үлкен қалаларының арасында Үфі 11 орнын алады. Халықтың 45,5 % еркектер, 54,5 % әйелдер. Қалалықтардың 15,6 % кәмелетке жетпеген балалар, 65,8 % жұмыс істеуге қабілетті ересектер, 18,6 % қарт адамдар. Жұрттың жарымы - орыстар (50,5%), қалғандары - татарлар мен башқұрт- тар. Соңғы жылдарында саны көбейеді. Мұның негізгі себебі татарлар мен башқұрттардың ауыл аумағынан астанасына келуі. Әл-Жәбр уә-л-мұқабала. "әл-Китаб әл-мұхтасар фи хисәб әл-жәбр уә-л-мұқабала" (арабша "«Толықтыру және теңдестіру арқылы есептеу туралы қысқаша кітап»", ол қысқартылған "Хисәб әл-жәбр уа-л-мұқабала", "Китәб әл-жәбр уа-л-мұқабала" және басқа да транслитерацияланған аттармен белгілі) — мұсылман математигі Әл-Хорезми араб тілінде шамамен 820 жылы жазған математикалық шығарма. Тағы бірнеше автор "Китәб әл-жәбр уа-л-муқабала" атты кітап жазған, солардың ішінде Әбу Ханифа ад-Динауари, Әбу Камиль, Әбу Мухаммад әл-Ғадли, Әбу Йусуф әл-Миссыси, Ибн Турк, Сынд ибн Ғали, Саһл ибн Бишр, және Шарафаддин ат-Туси}. Кітап. Бұл кітапта квадрат теңдеулерді және тағы бірқатар есептерді шешуге арналған ережелер жиналып, біраз кеңейтілген. Бұл кітап қазіргі заманның алгебрасына бастама берген шығарма болып саналады. «Алгебра» сөзінің өзі осы кітаптағы теңдеулермен жасалатын амалдардың бірінің атынан («әл-жәбр») келіп шыққан. Кітап латын тіліне "Liber algebrae et almucabala" деген атпен аударылып, қазіргі алгебра сөзі содан бастау алады. Кітаптың өзінде пайдаланылған әдебиеттер көрсетілмегендіктен, әл-Хорезми қандай кітаптарды қолданылғаны белгісіз. Математика тарихшылары кітаптың мәтінін талдау арқылы және сол кездегі бүкіл мұсылман дүниесінде белгілі болған математикалық мәліметтерді анықтау арқылы оның жазылуына әсер еткен шығармаларды анықтауға тырысуда. Ең анығы, кітаптың авторы үнді математиктерінің жетістіктерін пайдаланған. "Әл-жәбр" (араб жазуымен: 'الجبر') («толықтыру») амалы: теріс шаманы теңдеудің бір жағынан екінші жағына жіберіп, оң шама етіп өзгерту. Әл-Хорезмидің мысалында (қазіргі белгілерді қолданса) "x2 = 40x - 4x2" теңдеуі «әл-жәбр» амалын қолдану арқылы мынаған өзгертіледі: "5x2 = 40x" Осы ережені қайталап қолдану арқылы есептеулерді пайда болатын теріс сандардан құтылуға болады. "Әл-мұқабала" (араб жазуымен 'المقابله') («теңдестіру») дегеніміз — теңдеудің екі жағынан да бірдей оң шаманы алып тастау, сонда мына теңдеу: "x"2 + 5 = 40"x" + 4"x"2" мына түрге келеді: "5 = 40"x" + 3"x"2". Осы ережені қайталап қолдану арқылы әр түрлі шамалардың (квадрат, түбір, сан сияқты) теңдеудің бір жағында тек бір рет қана кездесетіндей етіп түрлендіруге болады. Кітаптың келесі бөлігінде жоғарыда айтылған ережелерді іс жүзінде қолданудың практикалық мысалдары келтірілген. Одан кейінгі бөлігінде аудан мен көлемді есептеудің жолдары қарастырылған. Кітаптың соңғы бөлігінде Ислам шариғатында пайда бола алатын енші бөлуге қатысты шытырман жағдайларды шешуде қолданылатын есептеулер қарастырылдады. Бұл бөлімдердеге есептерді шешу үшін квадрат теңдеулерді шеші жолдарын меңгері қажет емес. Бруссел. Бруссел (,)– Белгияның ең ірі қаласы және астанасы, әрі Еуропалық Одақтың әкімшілік орталығы. Бруссел 10 ғасырдағы Чарлмагненің немересі негізін қалаған бекініс қалашығынан миллионнан астам тұрғыны бар ірі қалаға айналды. Текст мәтініне байланысты Бруссел сөзі Бруссел-Астаналық аймағының Бруссел қаласы деп аталатын (140,000 тұрғыны бар) мағынаны, Бруссел-Астаналық Аймақ (2008 жыл 1 ақпанына сәйкес 1,067,162 тұрғыны бар) мағынасын, немесе, Бруссел метрополитен (астаналық) аймағын (2,100,000-ден 2,700,000-ге дейін тұрғыны бар) білдіруі мүмкін. Бруссел іс жүзінде ЕуроОдақ астанасы болып есептеледі. Ресми түрде Бруссел екі тілді болып есептеледі: франсуз және голландық тілді. Юпитер. Есекқырған (кейде Юпитер) — Күн жүйесінің бесінші ғаламшары. Қызылжұлдыз мен Сатурн(Қоңырқай) ғаламшарларының арасында орналасқан. Есекқырған Күннен 773 млн. шақырым қашықтығында орналасқан. Есекқырған Күн жүйесінің ең үлкен ғаламшары. Диаметр бойынша ол 11 есе Жерден үлкен, салмағы бойынша ше 300 есе үлкен. Есеккқырғанның бір жылы Жердегі 11 жылына сәйкес, яки Есекқырған Күнді 11 жылда бір айналады. Бірақ Есенқырғанда Жердегідей жыл мезгілдері жоқ, өйткені ғаламшардың белі оның орбитасының жазықтығына перпендикуляр болып тұр. Есекқырғанның, Жермен сәйкестегенде, жылы ұзақ болса, тәулігі өте қысқа. Есекқырғанның бір тәулігі 9 сағат 50 минутқа сәйкес. Ол бар үлкен ғаламшарлар секілді өте жылдам өз белін айналады. Ғаламшар бетіндегі орта шама температурасы −138 °C. Есекқырғанның табиғи серіктері — Еуропа(серік), Каллипсо, Ио, Ганимед. Атауы. Юпитер көне юнандардың Зевс құдайының мадағына атаған. «Юпитер» бұл Зевс құдайының латын аты. Қазақтың атауы «Есекқырған» ғаламшардың ерте аспанға шыққанынан пайда болған. Есек керуенді басқаратын адамдар оны Шолпан ғаламшарымен шатасып, есектерді ерте оянған. Есектер дұрыс дем алмай, таңертенге шейін шыда алмағаннан өліп қырылған. Соңдықтан ел аузында ғаламшарды Есекқырған деп атау бастаған. Қоңырқай (ғаламшар). Қоңырқай — Күннен санағанда алтыншы, салмағы мен үлкендігі бойынша Күн жүйесіндегі екінші ғаламшар. Қоңырқа Күннен 1429 млн км (9,58 а.б.) қашықтықта орналасқан. Күннен айналу уақыты - 29,46 жыл. Қоңырқайдың шамамен 60 серігі бар және ең күрделі сақиналар құрылысы бар ғаламшар. Жалпы мағлұмат. Қоңырқай газды ғаламшарлардың қатарына жатады: ол газдардан тұрғандықтан қатты беті жоқ. Ғаламшардың экваториалдық радиусы 60300 км тең, полярлық радиусы - 54000 км; Сатурн - Күн жүйесіндегі ең сопақ ғаламшар. Ғаламшардың массасы Жерден 90 есе асады, алайда Сатурнның орташа тығыздығы бар болғаны 0,69 г/см, бұндай шама оны Күн жүйесіндегі ең сирек атмосфералы ғаламшарлардың қатарына жатқызып қоймай, орташа тығыздығы судың тығыздығынан төмен ғаламшарына жатқызады. Өз осінен Сатурн 10 сағат 39 минутта айналып өтеді. Атмосфера. Сатурнның жоғарғы атмосферасының 90%-ы сутегі және 7 пайызы гелийден тұрады. метан, су буының, аммиак және басқа газдардың қоспалары бар. Аммиак бұлттары Юпитерге қарағанда қоюырақ болады. "Вояджердің" мәліметтері бойынша Сатурнда Күн жүйесі ең күштер болады, құрылғылар жел ағымдарының 500 м\с болатынын көрсетті. Жел көбінесе шығыс бағыты бойынша жүреді (осьтік айналымына байланысты). Олардың күштері экватор соқтығысқан кезде азаяды; экватордан алшақтаған сайын батыс атмосферлік ағымдар пайда бола бастайды. Кейбір мәліметтер бойынша, желдер бұлттардың жоғарғы қабатында соғып қана қоймай, ішке 2000 м бойлайды. Және де "Вояджер-2" көрсетуі бойынша, оңтүстік және солтүстік жартышарлардағы желдер экваторға симметриялы түрде бойлайды. Симметриялық ағымдардың көзге көрінетін атмосфераның түбінде бір-біріне байланысты екендігі болжанады. Сатурнның атмосферасында кейде аса күшті құйын түріндегі орнықты түзілулер пайда болады. Ұқсас объекттер Күн жүйесі басқа да ғаламшарларында да байқалады (Юпитердегі Үлкен қызыл дақ, Нептундағы Үлкен қара дақ). Ірі "Үлкен ақ доғал" Сатурнның бетінде шамамен 30 жыл сайын көрінеді, соңғы рет ол Сатурн бетінде 1990 жыл жылы көрінген (одан кішігірім құйындар жиірек көрінеді). Күні бүгінге шейін Сатурнның бетіндегі Ірі гексагон табиғаты белгісіз болып отыр. Бұл орнықты түзіліс ғаламшардың солтүстік полюсінде орналасқан, ұзындығы 25 мың. км, дұрыс алтыбұрыш түрінде. Атмосферада күшті найзағайлар, полярлық жарықтар, сутегінің ультракүлгін шашыратуы байқалады Ішкі құрылысы. Сатурн атмосферасының түбінде қысым мен температура өсе түседі де, сутегі біртене-біртене сұйық түрге айналады. 30 мың. км тереңдікте сутегі метал түріне айналады (қысым 3 миллион атмосфераға жетеді). Металл сутегіндегі электротоктардың айналымы магниттік ортаны түзеді (Юпитерден біршама басым). Ғаламшардың ортасында ауыр заттардан тұратын массивті ядро бар. Сатурнды зерттеу. Сатурн - Күн жүйесіндегі көзге Жерден көрінетін бес ғаламшарлардың бірі. Шарықтау шегінде Сатурнның жарығы бірінші жұлдыздық шама асады. Сатурнды алғаш рет бақылаған Галилео Галилей ғаламшарды біркелкі аспан денесі емес, бір-біріне жанасатын үш дене деп, бұлар Сатурнның екі ірі серіктері деп болжам жасады. Екі жылдан кейін жасаған бақылауында серіктердің орнында болмауы оны таңдандырды. 1659 жылы Гюйгенс өзінің одан қатты телескобымен қарап, серіктердің дене емес - жұқа және жалпақ сақина екенін және ғаламшарға тимей тұрғанын көрді. Және Гюйгенс Сатурнның ең үлкен серігі - Титан ашты. 1675 жылдан бастап ғаламшарды зерттеуді Кассини бастады. Оның байқағаны, сақина аралары ашық екі сақинадан, ал ортасындаға анық көрінетін қуыс, яғни Кассини қуысы тұрады, және тағы бірнеше ірі серіктерді ашады. 1979 жылы "Пионер-11" құрылғысы алғашқы рет Сатурнның қасынан ұшып өтеді, оның артынан 1980 және 1981 жылдары "Вояджер-1" және "Вояджер-2" өтеді. Бұл құрылғылар алғашқы рет Сатурнның магниттік ортасын байқап, оның магнитосферасын зерттеді, Сатурн атмосферасындағы құйындарды байқады, сақиналардың анық (детальды) құрылысын алды және құрамын анықтады. 1990 жылдары Сатурнды, оның серіктерін және сақиналарын Хаббл телескобы зерттеді. Ұзақ бақылаулар "Пионер-11" және "Вояджер" құрылғыларының ғаламшарлардың қасынан бір өтіп кетіп, толық зерттелмей қалған көптеген жаңа мәліметтер әкелді. 1997 жылы Сатурнға Кассини-Гюйгенс құрылғысы ұшып, жеті жылдан кейін 2004 жылдың 1 шілдесінде Сатурн жүйесіне жетіп, ғаламшардың орбитасына енді. Кем дегенде 4 жылға созылатын бұл миссияның негізгі тапсырмалары болып сақиналардың құрылысы мен динамикасын зерттеу және атмосферасы мен магнитосферасының динамикасын зерттеу болып табылады. Одан басқа, арнайы "Гюйгенс" зонды құрылғыдан ажырап, Қоңырқайдың серігі Титанға қонды. Серіктері. 2007 жылдың шілде айына Қоңырқайдың 60 серігі белгілі. Олардың 12-сі Вояджер-1 (1980), Вояджер-2 (1990), Кассини (2004—2007) миссияларының арқасында ашылған. 2006 жылы Гавай университетіндегі Дэвид Джуиттің басшылығындағы ғалымдар тобы Субару атты жапон телескобының көмегімен 9 серік ашқанын хабарлаған. Олардың барлығы иррегулярлы серіктерге жатады, олар созылға эллиптикалық орбитасымен ерекшеленеді, және болжам бойынша ғаламшарлармен қатар түзіліп, кейін олардың тартылыс күшімен тартылған. Джуиттің тобы 2004 жылдан бері барлығы 21 серік тапқан. Серіктердің ең үлкені - Титан. Ғалымдардың болжауы бойынша, бұл серіктегі орта біздің ғаламшарымыздың 4 миллиард жыл бұрынғы түріне, Жерде өмірдің жаңа туған кезіне ұқсас. Сақиналары. Қоңырқай Күн жүйесі ең күрделі сақиналардың жүйесіне ие. Сақиналар жүйесінің шеттері экватордан 67 мың. және 121 мың. км қашықтықта орналасқан. Сақиналар үлкендігі бірнеше микроннан бастап, бірнеше ондаған метрге жететін бөлшектерден тұрады, олардың құрамдарында мұз, тас породалары, темір оксиді бар. Ортасында қуысы бар көптеген сақиналар белгілі, қуыстардың ең ірісі — Кассини қуысы. Қызықты мағлұмат. Қоңырқайдың қатты беті жоқ, оның орташа тығыздығы Күн жүйесіндегі ең төмен шама. Ғаламшар негізінен кеңістіктегі ең көп тараған сутегі және гелий элементтерінен тұрады. Демек, егер Қоңырқайды сидыра алатын гипотетикалық мұхитты елестетіп қарап, оның бетіне Қоңырқайды қойсақ, ол жүзіп жүрер еді! Үшкемпіров, Жақсылық. Үшкемпіров Жақсылық 1951 Байзақ ауданының, Тегістік ауылында туған. Анасы – Күнтөре Әміралиева. Бірінші қазақ спортшысы, олимпиада чемпионы. 1980 жылы ХХІІ Олимпиада ойындарында Мәскеуде жеңіске ие болды. Бірнеше рет греко-рим күресінен КСРО біріншілігінің жеңіспазы, КСРО халықтарының VI жазғы спартакиадасының жеңіспазы, 1982 жылы дүние жүзі кубығының күміс жеңімпазы, 1974-1984 жылдар Қазақ КСР мемлекеттік спорт комитетінде нұсқаушы. 1984 жылы Красноярск қаласында жалауын көтерген КСРО кубогында 33 жастағы Жақсылық Үшкемпіровты үлкен спорттан шығарып салу рәсімі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. 1984-1993 жылдар республикалық кәсіподақ комитетінің спорт мектебінің директоры. 1993 жылдан «Жақсылық» спорт клубының директоры. Үшкемпіров Жақсылық КСРО спорт шебері, Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Спорттағы жетістіктері үшін «Құрмет белгісі» орденімен, бірнеше медальдар – жаттықтырушысы атағы берілді. Байгелді, Өмірбек. Өмірбек Байгелді — Қазақстан Парламенті Сенат торағасының орынбасары. Қысқаша өмірбаяны. 1939 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданында туған. Білімі жоғары, ұлты қазақ. 1962 жылы Алматы зооветеринарлық институтын бітірген. Еңбек жолын 1955 жылы Жамбыл ауданындағы «Қызыл Октябрь» колхозында колхозшылықтан бастаған. Аға, бас маман, Свердлов аудандық экономикалық-жобалау бөлімі бастығының орынбасары, облыстық ауылшаруашылық басқармасының бастығы, облыстық партия комитетінде ауылшаруашылық бөлімінің бастығы, облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы, облыстық халық депутаттары кеңесінің торағасы. Жамбыл облысы әкімшілігінің әкімі болып тағайындалған. 1996 жылдан Қазақстан Республикасы парламент сенатында депутат сенат торағасы болған, қазір сенат парламенті торағасының орынбасары. Марапаттары. «Еңбек Қызыл Ту», «Қызыл Ту», «Халықтар достығы», «Отан», «Құрмет» ордендерімен, медальдармен марапатталған. Ө. Байгелдіге «Жамбыл облысының құрметті азаматы» атағы берілді. Нептун (ғаламшар). Нептун - Күн жүйесінің сегізінші ғаламшары, Күн Жүйесіндегі күннен ең алыс орналасқан ғаламшар. Диаметрі жөнінен ең үлкені, салмағы бойынша үшінші ғаламшар. Нептун Жер 17 есе ауыр, Жерден 15 есе ауыр Уран ғаламшарынан сәл ауыр. Ғаламшар Римдік теңіз құдайының атымен аталған. Астрономиялық белгісі, Нептун құдайының үшұшты найзасы. 1846 жылдың 23 қыркүйегінде ашылған Нептун ғаламшары математикалық есептердің көмегімен ашылған алғашқы ғаламшар болды. Уранның орбитасындағы күтпеген өзгерістер белгісіз ғаламшардың тартылыс күшінің ықпалынан болуы мүмкін деген тұжырым келтірді. Нептун көзделген орындағы бұрыштан табылды. Көп ұзамай Тритон атты серігі ашылды, бірақ, басқа да 12 серіктері XX ғасыр дейін ашылған жоқ. Нептун планетасының қасынан тек бір Вояджер 2 ғарыш кемесі 1989 жылдың 25 тамызында өтті. Нептунның құрылысы Уранның құрылысына ұқсас, екеуі де ірірек келетін Есекқырған және Қоңырқай газ гиганттарының құрылыстарынан өзгеше. Сондықтан, астрономдар бұл ғаламшарларды "мұз гиганттары" қатарына жатқызады. Нептунның атмосферасы Есекқырған мен Қоңырқайдың негізінен сутегі және гелийден тұратын атмосферасына ұқсас болғанымен, су, аммиак және метан тұратын ірі "мұздарға" толы, гидрокарбон және шамасы, оттегі іздері бар. Нептунның бетінде Күн Жүйесінде тіркелген ең қатты желдер болады, олардың жылдамдығы 2100 км/сағат. 1989 жылы Вояджер-2 ғаламшардың қасынан өтіп бара жатқан кезде Есекқырғанның бетінде Ірі Қызыл Дақпен салыстырыла алатындай оңтүстік гемисферада Ірі Қара Дақ тіркеді. Нептун бетіндегі бұлттардың температурасы −218 °C (55.1 K)-ге дейін жетеді, бұл Күн Жүйесіндегі ең салқын температура, Күннен алыстығы бұған себеп болады. Нептунның ортасындағы температура 7,000 °C (7,270 K)-ге дейін көтеріледі, бұл Күннің бетіндегі температураға ұқсас және басқа да белгілі ғаламшарларға тән. Нептунның бұлыңғыр әрі әркелкі орналасқан сақина жүйесі бар, бұл сақина 1960 жылдары байқалғанымен, Вояджер-2-нің зерттеулері сақиналарының бар екендігін дәлелдеді. Ашылуы. Галилео Галилей суреттері оның Нептунды алғашқы болып 1612 жылдың 28 желтоқсан көргенін көрсетеді, 1613 жылдың 27 қаңтар ол тағы да бақылады; екі жағдайда да ол Нептунды жақындап тұрған жұлдызбен шатастырды - бұл түнгі аспандағы Есекқырған болатын. Сондықтан, бұл Нептунның ашылуы болып саналмайды. 1612 жылдың желтоқсанындағы алғашқы бақылауындағы кезде, ғаламшар дәл сол күні теріс қараған болатын, сондықтан бір орында тұрған жұлдыз болып көрінген. Бұл қозғалыс Жердің алыс ғаламшардан өте қашық нүктесінен байқалады. Нептун өзінің жылдық айналымын бастап жатқандықтан, ғаламшардың қозғалысы Галилеоның кішкене телескобынан көрінбеді. 1821 жылы Алексис Бувар Уранның астрономиялық кестесін басып шығарды. Соңғы зерттеулер кестедегі мәліметтердің анық көлбеуін көрсетті, бұл Буварды белгісіз дененің тартылыс күшінің араласуынан ғана болатынын болжамдауға әкелген. 1843 жылы Джон Адамс болжамдалған сегізінші ғаламшардың Уранның қозғалысына әсер ететіндігі арқылы орбитасын есептеді. Еңбектерін Сэр Джордж Эйриге жіберген соң, Эйри оның анықтауын өтінді. Адамс жауап хатын бастағанмен, ешқайда жіберген жоқ, содан Уран проблемасына аса көңіл аударған жоқ. 1845-1846 жылдары, Урбен Леверье Адамстан бөлек өзінің есептерін шығарды, бірақ ол да өзінің жерлестерінен қолдау таппай, қиындықтарға кезікті. Маусым айында Эйри Леверьенің басып шығарған ғаламшардың сипаттамасының есептері Адамстың есептеріне ұқсас екендігін көргеннен соң, ол Кембридж Обсерваториясының бастығы Джеймс Чаллисті ғаламшарды іздеуін өтінді. Чаллис тамыз және қыркүйек айларында аспанды мұқият зерттеді. Дәл осы кезңде Леверье хат арқылы Берлин Обсерваториясының астрономы Йохан Гальдты обсерваторияның рефракторы арқылы іздеуін сұрады. Хейнрих Д'Аррест атты обсерватория студенті Гальға беріде алынған аспандағы Леверьенің болжаған ауданының кестесін соңғы ауданның кестесімен салыстыруын ұсынды. Леверьенің хатын алған күні кешке, 1846 жылдың 23 қыркүйегінде оның 1° дәлдікпен, ал Адамстың 12° дәлдікпен болжаған жерінен жаңа ғаламшар ашылды. Чаллис кейін бұл ғаламшардың екі рет тамыз айында бақылағанын түсінді, ол өзінің жұмысқа қатты берілмегендігімен түсіндірген болатын. Ашылуының бастапқы кезеңінде ғаламшарды ашу құрметі үшін Француздық және Британдық ұлттық қарсыласуы орын алды. Ақырында, Леверье мен Адамс бірдей атақ алды. Мұртаза, Шерхан. 1932 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданындағы Талапты ауылында туған. Ұлты қазақ, білімі жоғары. 1955 жылы Мәскеудегі Ломоносов атындағы мемлекеттік университетті бітірген. 1963 жылы «Жазушы» баспасының редакторы, республикалық «Лениншіл жас» газеті, «Жалын», «Жұлдыз» журналдарында бас редактор болып істеді. 1975-1994 жылдары республикалық «қазақ әдебиеті», «Социалистік Қазақстан» газеттерінің бас редакторы, теледидар және радио мемлекеттік комитеті торағасы. 1994-1995 жылдар Қазақстан Республикасы жоғары кеңесінің депутаты. Қазір Қазақстан Республикасы Парламен Мәжілісіне депутат. Ш. Мұртаза Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, орден, медальдармен марапатталған, «Қазақстан халық жазушысы» атағы берілді. Қоразбаев, Алтынбек. Қоразбаев Алтынбек 1948 жылы Жамбыл облысы, Меркі ауданындағы Қызылсай ауылында туған.Алтынбек үшінші сыныпта оқып жүргенінде Бескемпір ағасы оған сегіз ішекті мандолинді қаладан әкеліп береді. Оның өзі де орыстың әлде бір частушкаларын, әндерін шебер орындайтын. Алтынбектің тағы да бір серігі гармошка болды. Ол он екі жасынан бастап гармошканы қайда барса, сонда алып жүретін әдет шығарды. Осылай Алтынбек қос музыкалық аспапты игеріп ән салу өнеріне алғаш қадам басты. Аағасы Бескемпір Алтынбекті Тараздағы (ол кезде Жамбыл қаласы) мәдени ағарту училищесіне он бес жасында оқуға тапсырады.Училищенің директоры – Қырғызбай Айнағұлов еді. Осында Алтынбек пианиноны ойнауды үйренсе, ұстазы Әбілахат Төлешов домбыраны тартуды үйретті. Енді ол төрт музыкалық аспапты ойнауды игерді. Алтынбек, әсіресе, күй тартуға құмарлана түсті. Әрине Құрманғазының «Сары арқасы», «Адай» күйлері қай қазақтың делебесін қоздырмаған. Сол жылдары Алтынбек баянда ойнауды да игерді. Алтынбектің ұстаздарының кейбіреулері оны Мәскеу немесе Ленинград музыкалық жоғары оқу орындарына баруға үгіттейді. Училищені сол жылдары Шора Теміров басқарды. Шора Теміров Алтынбекті жетелеп әкеліп консерваторияның дирижерлік бөліміне оқуға орналастырады. Мұндағы ұстазы – Алдаберген Мырзабеков. Ұстаз Алтынбекті оқып жүрген кезінде-ақ, Құрманғазы атындағы оркестрге өткізеді. Сонда ол 1973 жылға дейін домбырашы болады. Алтынбек оркестр құрамында Финляндия, Қазақстан мен Ресейдің біраз қалаларына, елді мекендеріне барып өнерін көрсете бастайды. Оның есінде әсіресе Қазақстанның халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевпен бірге Гурьев облысына 1972 жылы баруы өнерінің бір белесі болып танылады. Сол жылдарын ол Кененнің «Бозторғайын» «Базар-Назарын» және «Қайран жастық» әндерін орындаған. 1973 жылдан Жамбыл облыстық «Алатау» эстрадалық ансамблінің көркемдік жетекшісі, сонан соң облыстық филармония директоры болып істеді. Халық сүйіп тыңдайтын «Қара кемпір», «Қара шал», «Шашбаулым», «Сырғалым», «Аяулы Таразым», «Кенен ата», «Сағымды Кенен атамды» әндерінің авторы. Мәдениет саласындағы жоғары жетістіктері үшін А. Қоразбаевқа 1993ж Қазақстан Республикасы, 1994ж Қырғызстан Республикасының халық әртісі атағы берілді. Мельниченко, Юрий. Юрий Мельниченко - 1972 жылы Қырғызстанда дүниеге келген, балуан. Грек-рим күресінен Атланта Олимпиадасының чемпионы, Әлем және Азия чемпионаттарының сондай-ақ, Азия ойындарының бірнеше дүркін жеңімпазы Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері, әрі жаттықтырушы даңқты балуан Юрий Мельниченко. 1996 жылы Атлантада алауын жаққан 26-жазғы олимпиада ойындарына Қазақстан Ұлттық Құрамасы тұңғыш рет Тәуелсіз ел ретінде қатысты. 24 жасар Юрий Мельниченко үшінде аталған Олимпиада оның бұған дейінгі сынға түскен боз кілем бәсекелерінің ішіндегі ең шоқтығы биігі болатын. Сондықтан 57 келіде ел намысын қорғау сеніп тапсырылған жерлесіміз алыстағы Америкаға тас-түйін дайындықпен барған еді. Алғашқы белдесуінде Юрий Мельниченко 2 дүркін әлем чемпионы ресейлік Александр Игнатенкомен кездесті. Қарсыласы осыған дейін екі олимпиадаға қатысып үлгерген тәжірибелі балуан. Бірақ, жерлесіміздің жеңіске деген айрықша жігері мен шындалған шеберлігі өз дегенін істеді. Қарсыласын қапсыра құшақтап доғадай иіле лақтырған жерлесімізге төрешілер ең жоғары баға 5 бал берді. Мұнымен тоқтамаған Юрий белдесуді 10:0 есебімен өз пайдасына шешті. Екінші-үшінші айналымда қазақ балуаны тиісінше Еуропаның экс-чемпионы украиндық Руслан Хакимовпен және әлем біріншілігінің жүлдегері румын Мариан Сандуды айқын жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Ал, ақтық сынға шығу жолында Барселона олимпиадасының күміс жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы тегі түрік, Алмания азаматы Иылдызбен күресті. Әккі қарсыласынан 3:0 есебімен айласын асырып, құрама қоржынына кем дегенде күміс медальді олжалап қойды. Алайда, кеудеде атойлаған алдаспан намыс Юрий Мельниченкоға қол созымда тұрған алтынға шешуші ұмтылыс жасауды бұйырды. Әрине, бұл бұйрықты орындау оңай шаруа емес еді. Өйткені, ақтық айқаста жерлесімізді жергілікті жанкүйерлердің сүйіктісі әлем чемпионы Деннис Хоол күтіп тұрған болатын. Бүкіл Америка жұртшылығы үміт артқан бітіспес бәсекелесін өзге емес дәл Атланта боз кілемінде қапы қалдырып, есесін қайырған Юрий Мельниченко тарихи жеңіске жетеді. Барселона Олимпиадасынан кейін бұрынғы Одақты құраған республикалардың барлығы халықаралық жарыстарға өз алдына тәуелсіз мемлекет ретінде қатыса бастады. Осы бір аумалы-төкпелі қиын кезең мен даңқты қазақ балуаны Дәулет Тұрлыханов Юрий Мельниченконың үлкен спорт пен жеке өміріндегі болашағын Қазақстанмен байланыстыруына үлкен ықпалын тигізді. Барлық қажетті жағдай жасалған «Дәулет» кәсіпкой спорт клубында Дәулет Тұрлыханов пен атақты ресейлік бапкер Геннадий Сапуновтын жіті бақылауымен жаттыға бастаған Юрий Мельниченко енді ересектер бәсекесінде жаңа асуларды бағындыруға білек сыбана кіріседі. Төккен тері ақталып, 1994 жылы Әлем чемпионы және Азия ойындарының жеңімпазы атанады. Плутон (шағын ғаламшар). Плутон - Күн жүйесінің сыртқы жағында айналатын ергежейлі ғаламшар. Күн мен Плутонның арасындағы қашықтық 7 миллиард 307 миллион шақырымға сәйкес. Күннен алыс болғаннан Плутонның бетіндегі температура -270 дәрежеге Цельсий бойынща сәйкес. Плутон Күнді 248 жылда бір рет айналады яки Плутонның жылы ұзақ. Плутон жоғарғы ғаламшарларының тобына кіреді, ал оның физиологиялық ерекшелері бойынша оны Жер тобы ғаламшарларының бірі деуге болады. Плутонның диаметрі небәрі 3000 шақырым. Күшті телескопқа қарап фотосурет түсіргенде, Плутон сол суреттерінде кішкентай жұлдыз сияқты көрінеді. Уранның қозғалысын байқап, ғалымдар жаңа дененің орбитасы мен көрінетін орбитасының айырмашылығын көріп, Нептунның ар жағында тағы бір ғаламшар бар екенің түсінді. 1930 жылының ақпан айының 18 жұлдызында жас астроном Клайд Томбо Американың Ловвелов обсерваториясында зерртеу жасап, Плутонды ашқан. Ғаламшардың атауы көне гректердің "өлім әміршісі" Аидтың атына сәкес, латын тілінде Аидты "Плутон" деп атаған. Миссионерлiк. Миссионерлiк – дiни ұйымдардың iлiмдерiн таратуға арналған дiни және саяси қызмет. Миссионерлiк ұйымдардың шоқындыру саясаты Африка және Азия халықтары арасында қарқындап, мақсатты түрде жүргiзiлiп отыр. Миссионерлiк ұйымдарға бiрқатар елдердiң мемлекеттiк құрылымдары, қайырымдылық қорлары, үкiметтiк емес ұйымдар, қаржылық топтар материалдық және моральдық тұрғыдан көмектесiп, ортақтаса жұмыс жасайды. Миссионерлер баратын ел халқының дiнiн, тарихын, әдет-ғұрпын, дiлi мен психологиясын зерттеп бiлiп барады. Көптеген миссионерлер жергiлiктi халық басым елдi мекендерде тұрып, сол халықтың тiлiн, әдет-ғұрпын, мiнез-құлықтарын өз қызметтерiн табысты атқару үшiн жетерлiктей деңгейде зерттеп, үйренедi. Елiмiзде протестанттық және неопротестанттық шiркеулердiң миссионерлiк қызметтерi халқымыздың дiни бiрлiгi мен ынтымақты өмiрiне керi әсерiн тигiзедi. Жұмыссыздар, өмiрден өз орнын таппағандар, рухани iзденiсте жүргендер, жеке басы және отбасындағы психологиялық қиындықтарға төзе алмағандар, Ислам дiнiн терең бiлмейтiндер, әсiресе жастар миссионерлердiң үгiт-насихатына тез iлiгедi. Транзистор. Транзисторлар (жанындағы сызғыш арқылы олардың өлшемдерін білуге болады.) Транзистор ( — "тасымалдау" және  — "кедергіш") — токты күшейтуге, түрлендіруге арналған үш электродты жартылай өткізгіш құрал. Транзисторға жіберілген аз ток (кернеу) үлкен ток ағынын басқарады. Тарихы. Ең бірінші транзистор алтын фольгасына оралған үшкір пластиктен, аз мөлшерде германийден тұратын. Көпшілік те, ғалымдар да бұл нәрсенің қалай істейтінін түсіндіре алмады, ол құрал арқылы тек радио тыңдады. Алғаш өріс эффектсіне негізделген транзисторге патентті Канадада Julius Edgar Lilienfeld 1925 жылы 22 қазанда тіркеді. Бірақ ол өзінің құрылғысы туралы мәлімет таратпағандықтан, жетістігі ескерілмеді. Кейін, 1934 жылы неміс ғалымы Oskar Heil өріс эффектсіне негізделген басқа тразисторге патент алады. 1947 ж. желтоқсанның 16 Уильям Шокли (William Shockley), Джон Бардин (John Bardeen), Уолтер Брэттэйн (Walter Brattain) істейтін транзистор жасағандығы туралы хабарлады. Бұл кезде олар Bell Labs. -та істейтін еді. Алғашқы жұмыс істейтін транзистордың көшірмесі. Bell Labs. патент алып, нарыққа шығады. Бірақ Bell Labs. барлық қиындықтарды жеңе алмай, 1952 жылы транзисторға патентті сатып жібереді. Сол уақыттан бері транзисторлар барлық жерде таралды. Түрлері. Биөрісті транзистор () — транзисторлардың алғаш шыққан түрі. Екі түрлі заряд тасмалдағышпен істейтіндіктен (би = 2) аталып кеткен. Үш қосылатын электроды: эмиттер, база, коллектор, екі p-n (positive — negative) аймағы: эмиттер-база, коллектор-база бар. Биөрісті транзистор екі түрге бөлінеді: n-p-n, p-n-p. Айырмашылығы негізгі заряд тасымалдауышта: n-p-n -де электрон, p-n-p -де кемтік. База жұқа болып жасалады, соның есесіне базадан өткен ток эмиттер — коллектор тогын басқарады. Қолданылуы. Қазіргі кезде транзисторлар өмірімізде түпкілікті орын алады. Аналогты және сандық құралдар құрамында бола отырып, олар электр құралдарының негізі саналады. Қолданылатын аялары: компьютерлер, күшейткіштер, электр кілттері, т.б. Араб тілі. Араб тілі – тілдердің семит-хамит шоғырындағы семит бұтағынан таралатын тіл. “Құран” осы тілде жазылған. Сөздік құрамы 12,305,400 сөзден асады. Араб тілі семит бұтағының оңтүстік тармағына енеді. Оңтүстік және солтүстік тармақшаларға бөлінеді. Оңтүстік тармақшасын Оңтүстік Арабстандағы ертеде жойылып кеткен сабей тілі, б.з.б. 5 ғасырда қолданылған миней тілі жатады. Қазіргі Йемен аумағынан табылған ежелгі жазба ескерткіштер осы аталған тілдерде жазылған. Миней жазуымен жазылған көне жазба ескерткіштер Солтүстік Арабстаннан да табылды. Солтүстік тармақша тұтас тілдің өзі тәрізді араб тілі деп аталады. Осы тілде жазылған жазба ескерткіштер кейін пайда болған. Олардың ең көнесі – лихйендік жазбалар. Бұл жазбалар Солтүстік Хижазда, Оңтүстік Сирияда Птолемейлер әулеті билік құрған кезеңде (Мысырды б.з.б. 330-30 жылдарда билеген) және б.з. 106 жылы Дамаскінің оңтүстігіндегі Сафа шатқалына да тасқа қашап жазылған. Исламға дейінгі поэзиялық ескерткіштердің сақталып қалғандары, негізінен, б.з. 6-7 ғасырларда пайда болған. Ислам дінінің ықпалымен араб тілі Арабстан аумағында тұтас қолданылатын тілге айналды. Араб халифатында араб тілі мемлекеттік тіл саналды. Басқа жергілікті халықтар тілдеріне әсер етіп, олардың сөздік құрамы араб сөздерімен толықты. Араб тілінің кең таралуы әр-түрлі диалектілердің пайда юлдуына ықпал етті. Араб тілі Қазақстанда. Араб тілі Қазақстан аумағына 7-9 ғасырлардан бастап, негізінен, діни әдебиеттер, діндарлар, мешіт-медреселер ықпалымен кең тарады. Қазан төңкерісіне дейін (1917) Қазақстанда араб тілін еркін меңгерген сауатты адамдар көп болған. Кеңес өкіметі дәуірінде бұл дәстүр әлсіреді. Тек 20 ғасыр соңғы ширегінде Қазақстанда араб тілін оқып үйренуге арналған бірқатар оқулықтар, анықтамалықтар, арабша-қазақша сөздіктер жарық көре бастады. Диафрагма (контрацепция). Диафрагма – екі қабат болмау үшін қолданылатын жұмсақ Қолданылуы. үшін қынапқа жыныстық қатынастың алдында енгізіледі және жыныстық қатынас аяқталғаннан кейін бірнеше сағат бойы Артышылықтары. Iлеспелі әсері жоқ; Әйелді жатыр мойынының рагынан және жыныстық қатынастан жұғатын соз ауруларынан сақтап қала алады; енгізілгеннен кейін жыныстық Кемшіліктері. бұл контрацептив арнайы маймен майлануы тиіс; Қолдануды үйрену керек; диафрагма өлшемін маман дәрігер тексеріп тұруы тиіс; жыныстық қатынас барысында жыртылып қалуы мүмкін; өлшемі әр жыныстық қатынас сайын тексеріліп Азаттық мүсіні. Азаттық мүсіні () — Солтүстік Америкадағы ағылшын иелігіндегі жерлердің азаттық күресіндегі Франсиямен одағымен ескерткіші ретінде Франсияның АҚШ-қа тартқан сыйлығы. Алып мүсінді жасау туралы ойды франсуз мүсіншісі Ф.А. Бартольди ұсынған. 1871 жылы Нью-Йоркке сапарында Бартольди кеме қалаға жақындаған кезде Белдоу аралындағы жұлдыз сипатты бекіністі көріп, болашақ мүсін ескі бекініс үстінде алау көтерген әйел бейнесі болады және ол «Әлемді сәулелендірген Азаттық» деп аталуға тиіс деген ойға келген. Азаттық мүсінінің Нью-Йорк картасында орналасуы Франсуздар мүсінді, ал америкалықтар оның тұғырын жасауға келісті. Мүсінді Бартольди жасады, металл қаңқасын Г. Эйфелт құрастырды, бет-бейнесіне мүсіншінің анасы Шарлотта Бартольди үлгі болды. 1884—1886 жылдарда мүсін дайын болды. Ескерткіш 1886 жылы 28 қазанда Нью-Йорктегі Бедлоу аралында ашылды. Мүсіннің биіктігі 46.5 м, тұғыры 46.94 м, жалпы салмағы 225 т. Әйел мүсінінің басына 7 шабағы бар тәж кигізілген, оң қолына алау көтерген, сол қолында заңдар кітабы бар, ол кітапта АҚШ-тың тәуелсіздік күні жазылған. 1903 жылы мыс табақша жапсырылды, онда Э. Лазарустың дастанынан үзінді берілген. Тәждегі шабақтар 7 теңіз бен 7 құрлыққа жарқырап төгілген сәулені білдіреді. Мүсін әуелде боялмаған еді, кейін мыстың қышқылдануы нәтижесінде ол жасыл түске енді. Мүсін тұғырының ішінде АҚШ-қа иммигранттардың келу тарихы және осы ескерткіштің құрылысы туралы мәліметтер беретін мұражай бар. Мүсін азаттықтың белгісі ретінде ұлттық ескерткішке айналған. Азаттық мүсіні (таяныш жағынан қарағанда) Арғын этнонимінің тарихы. Арғын этнонимінің тарихы – басқа да қазақ тайпаларының этнонимдарының тарихтары сияқты өте ерекше және қызық. Ғылыми жағынан көзге ерекше түсетін жай – арғын тайпасының елдік аты (этнонимі). Ол бізге ежелгі заманда жасаған Ғұн (Ғын) елінің атын еске түсіреді. Сол елдің аты осы Арғын тайпасының атында сақталған деуге болады. Тегінде, ғұн заманында белгілі болған саяси-әлеуметтік атаулар арғын мен қыпшақ тайпаларының арасынан кейде кездесіп отырады. Соның бірі қыпшақ елінің ұраны – «Ойбас» (немесе «Ойырбас»). Ол – Ғұндардың атақты батырының аты. Бұл – көптеген ғалымдардың қыпшақтар Ғұннан тараған деуіне дәлелдің бірі болуға тиіс. Оның үстіне ғұндар түркі тайпаларының түп атасы екені Қытай тарихында ашып айтылған. В.В. Бартольд, А.Н. Бернштам, т.б. ғалымдар да солай дейді. Олар Ғұн мен Оғыз екеуі бір ел деп дәлелдейді. Бұған қарағанда Арғын ежелгі ғұндардан таралып, солардың атын этноним түрінде сақтағаны байқалады. Тарихи мәліметтерде Арғын аты бірнеше түрде кездеседі: Ғын, Ғұн, Ақ Ғұн, Қара Ғұн, Аруғ-Ғұн, Тағ-Ғұн. Мұндағы Ақ-Ғұн, Аруғ-Ғұн – екеуі бір мәнді сөз. Мұндай аттар ежелгі тайпалар арасында жиі кездеседі. Мәселен, аруғ – тұқым, аруғ (тыным) – тыным, Ақ Қаңлы, Қара Қаңлы, Ақ Найман, Қара Найман, т.б. Мұндағы «ақ», «аруғ» (арық) сөздері «таза», «ару» деген ұғымды көрсетеді. Ерте кезде тайпаларды біріктіріп, оған басшы болған оқтарды осылай атайтын болған. Батыс түрік қағанаты кезіндегі Қыпшақ, Арғын, Басымыл, Қарлық, Қайы – көршілес отырған аталас елдер. Махмуд Қашғари оларды солтүстік өлкені мекендейтін тайпалар құрамында (Ертіс бойында) деп көрсетсе, оңтүстік пен солтүстікке түгел тараған, екі жаққа бірдей тайпалар деп анықтайды. Сондықтан арғынтарды және оның құрамына кірген Басымылды (Басым елі) оңтүстік пен солтүстік тайпаларының араласуынан шыққан ел деп бірінші айтқан – француз ғалымы Дюканже... Арғындар – түркі тайпалары жекелей алғанда, қазақтар ішінде саны жағынан көп рулардың бірі. Амур өзеніне құятын Бурятиядағы өзен аты Арғын (Аргун) деп аталады. Алтайда Қотын өзенінің оң саласын құрайтын "Арғұт" өзені бар. Моңғол тілінде сөздің «т» әрпімен біту көпше жалғауды, «н» әрпімен біту жекеше жалғауды білдіреді. Егер сөздің соңындағы «т»-ны «н»-ға өзгертсек, тағы да "«арғұн»" немесе"«арғын»" шығар еді. Аристов V ғасырдағы қытай тарихшыларының "«алунь»" және "«бой-егу»" халықтары туралы дерек қалдырғанын айтады. Қытайлықтардың «р» әрпіне тілі келмейтіні белгілі. Шыңғыс хан кезіндегі Арғын этнонимі. Аристов арғындар Шыңғысханның кезінде батысқа қарай, наймандар мен керейлердің алдын алып жылжыды деп айтады. Шағатай ұлысын, Қарақұл хан өлгеннен кейін, оның әйелі – бір жазуда Ергене қатын, екінші жазуда Оргона немесе Аргуна қатын билегені белгілі. Қазіргі Қапал Лепсі уезінің жерін 1253 ж. қарашасында жүріп өткен Рубрук бұл ел бұрын Оргонум деп аталғанын тұжырымдады. Рубруктың комментаторы проф. Малеин былай деп жазады: «Рубрук елді Оргона патшайымның атымен атап әдеттен тыс қателесті». Бұған дәл сол маңда Арғын ата тауының бар екенін, бұл сол «арғын» және «ата» деген екі сөзден құралғанын қосамыз, яғни «арғынның атасы», мүмкін, «арғын» кісі есімі емес те шығар, оның орнына қазақтарда көбінесе рудың аты пайдаланылады. «Орғана», «орғаным», «арғанаты» деген сөздердің жиі қайталануы, әрине, кездейсоқтық емес. Темірдің жорықтары туралы жазбалардан арғындардың XIV ғ. Алакөл мен Қаратал өзені аралығында мекендегенін білеміз. Шамасы, Рубрук өзінің комментаторына қарағанда көп қателеспеген. Рубруктың құлағына шалынған латын жалғауы бар «орғаным» сөзі – елді мекеннің аты емес, қайта, сол арғын халқының аты. Арғын қатын деген сөз тіркесі – қазақтардың түсінігінде белгілі бір әйелдің арғын руынан шыққандығының белгісі. Сондықтан да бұл билеушінің аты емес. «Ел (бізше – халық) бұрын арғын деп аталған» деген сөзден арғындардың ол жерде Шыңғысханның жорығынан бұрын тұрғаны белгілі болады. Шыңғысхан жорығына байланысты деректерден 1219 жылдың күзінде Қоялық қаласында оған Арслан хан Қарлұқтың қосылғаны белгілі. Егер арғындар бұдан бұрын осы жерлерде тұрса, онда олар Арслан хан Қарлұқтың қол астында болғаны және онымен бірге Шыңғысханның Түркістан мен Персияға жасаған жорығына қатысқаны шындыққа жанасады. Темір жорықтарына арналған деректерге қарағанда, арғындар XIV ғ. аяғында Алакөл көлі мен Қаратал өзенінің арасында тұрған, яғни олар бұрынғы орындарында қалған. Шағатай ұлысының құрамында болған арғындар Темірдің 1376, 1389 және 1390 жылдардағы жойқын шапқыншылықтарына ұшырады, одан кейін XV ғ. басында шығыстан жоңғарлардың шабуылы басталды да, 1456 ж. арғындар батысқа қарай кәдімгідей жылжып, Орыс ханның немересі, әйгілі Жәнібек ханның қарамағында болды. Шамасы, арғындар батысқа қарай 1400-1410 жылдар мәулетінде қозғалса керек. өйткені арғындар (қанжығалы руы) 1420 ж. Жәнібектің әкесі Барақ ханның Ташкент пен Ходжентке қарсы жорығына қатысады. Арғындардың Қазақ хандығының құрылуына қосқан үлесі. Арғындар арасында көшпелі өзбектердің ханы Әбілқайырға жақын жүргендер қатарында қара қыпшақ Қобыланды мен арғын руынан ел Ақжол деп атаған Дайырқожа болған екен деген аңыз бар. Олар іштей жауласып жүреді де, оның ақыры Дайырқожаның Қобыланды қолынан қаза табуымен аяқталады. Арғындар Әбілқайырдан Қобыландыны қысас қылып өлтіруге қолдарына беруді сұрапты, бірақ хан оны орындамауға сескенген жоқ. Сонда арғындар (және керейлер) Жәнібек пен Керей сұлтанға ілесіп, Әбілқайырды тастап кетеді. Бұл аңыз бізге тарихтан белгілі. Жәнібек пен Керейдің Моңғолстанға, Балқаш көлінің оңтүстігіне ығысу себебін де тиянақтай түседі. Шамасы, шейбанидтердің ішінде бірде-бір арғынның қалмауы осы қанды өкпемен түсіндіріледі. Басқа рулар болса, бұл тұста шейбанидтер мен Жәнібек тұқымдарының арасында бөлініп кеткен, ал Мұхамед-Шейбани Түркістанды жаулағанда онымен бірге болған рулардың тізімінде арғындар кездеспейді. Қазақ хандығының құрылуы осы шақтан бастап жүргендіктен, арғындар осы халықтың құрамындағы аға орынды алғаны күмәнсіз. Сұн Зы. Сұн Зы () («Сұн ұстаз») — Сұн Ву ("«Sūn Wǔ»") атты кісіге берілген құрмет тілдіретін атақ (孫武; 544 ЗБ  — 496 ЗБ), "Соғыс өнері" атты кітаптың авторы. Бұл кітап ежелгі Қытайда жазылып, әскери стратегияға ерекше зор ықпал жасаған. Сонымен бірге ол халықаралық қатынастар теориясындағы реализм бағытын алға тартқан ең алғашқылардың бірі. Сұн Вудың жеке есімін білдіретін және «әскери» деген мағынаға ие "wu" таңбасы «ушу», яғни қытайдың жекпе-жек өнерінің атындағы таңбалардың бірі болып табылады. Сұн Вудың сонымен бірге «Чаң Циң» деген (; Cháng Qīng) балама аты да бар. Тарихи тұлға. Сұн Зының өмірі туралы деректің жалғыз көзі — б.з.д. 2-ші ғасырда өмір сүрген тарихшы Сыма Цянның жазбалары. Оның айтуынша, Сұн Зы — б.з.д. 6-шы ғасырда Ву мемлекетінде өмір сүрген әскери қолбасшы болатын. Яғни ол ежелгі Қытайдың ең кемеңгер ойшылдарының бірі — Кұң Фузымен бір уақытта өмір сүрген. Аңыздардаайтылғандай, Сұн Зы "ши" тобының мүшесі болған. Бұндағы «ши» дегеніміз —Көктем және күз жылнамалары кезеңінде болған бірігудің нәтижесінде жерінен айырылған қытайдың жерсіз ақсүйектерінің ұрпағы. Бірақ «шилердің» көбі кезбе ғалымдар ретінде қызмет етсе, Сұн Зы жалдамалы әскери (яғни қазіргі әскери кеңесшіге ұқсас) болып қызмет атқарған. Аңыз бойынша, ол өзінің атақты әскери шығармасын бітіргеннен кейін шамамен б.з.д. 512 жылы Ву патшасы Һелү оны өзінің қызметіне алады. Қазір «Соғыс өнері» деген атпен белгілі шығарма ол кездері Сұн Зы деп аталған болатын — ол замандарда Қытайды (Цин дәулетіне дейін) кітапты оның авторының атымен атау үйреншікті іс болатын. Сыма Цянның айтуынша, Сұн Зы өзінің әскери қолбасшылық өнерін ешбір әскери дайындық көрмеген әйелдерді жинап, олардан соғысқа сақадай сай әскери қосын дайындап шығаруы арқылы көрсетті. Ал ол қосынның қолбасшылары етіп Һелүдің өзінің тоқалдарын тағайындапты. Алайда Сұн Зы оларға бұйрық берген сайын олар қиқылдап күлетін немесе берілген бұйрықты қалай болса солай орындайтын. Екі реттен кейін Сұн Зы сол тоқалдардың екеуін әскери заң бойынша өлім жазасына бұйырғаннан кейін ғана тоқалдар оның берген бұйрығын екі еткізбейтін болыпты. Ол Ву патшасының қызметіне кірген соң жартылай тағы болып саналған Ву патшалығы Көктем және күз кезеңінің ең қуатты патшалықтарының бірі Чу мемлекетін жаулап алуы арқылы өз заманының ең қуатты патшалығына айналды. Һелү патша Чу мемлекетін жаулап алып болғаннан кейін, әрқашан тыныш та бейбіт өмірді аңсаған Сұн Зы аяқ астынан жоқ болып кетеді. Сондықтан оның нақты қай жылы қайтыс болғаны белгісіз. Атақты еңбегі. Қытай тілінде оның еңбегі қазір «Сұнзы биңфа» (孫子兵法) деп аталады. Бұндағы Сұнзы деген — автордың аты-жөні, ал «биңфа» дегенімізді «қарулы күшті қолданудың заңы», «әскери әдіс-тәсіл» немесе «жекпе-жек өнері» деп аударуға болады. Алайда сингапурлық жазушы Уи Чоуһоу өзінің "Sun Zi Binga — Selected Insights and Applications" ("Сұн Зы Биңфа: Кейбір түсіндірмелер және қолданулар) деген кітабында ол атауды тікелей аударудың дұрыс еместігін, себебі онда шайқастарды қолдау туралфы ештеңе айтылмайды, онда айтылатыны тек соғыс кезеңінде қолға алынуға тиісті шаралар туралы айтылады деген ойды айтады. Тарихилығы. Сұн Зының тарихта болған-болмағандығы туралы мәселені Лайонел Гилес «Соғыс өнері» кітабының жаңа аудармасына кіріспеде егжей-тегжейлі қарастырады 1972 жылы Шандуң өлкесіндегі Линіи қаласының маңындағы бір қабірден «Соғыс өнері» кітабының бамбук тақтайларға ойылып жазылған бір нұсқасы табылды. Соның арқасында кітаптың бұрыннан белгілі бөліктері расталып, оның бұрын белгісіз болған бөліктері табылды. Ол нұсқа шамамен б.з.д. 134-118 жылдары жазылғандығы анықталып, оның кейьір бөліктері Сұн Зының заманынан көп кейін жазылған деген болжам жоққа шығарылды. «Соғыс өнері» тарихтағы ең танымал әскери оқулықтардың бірі болған. Ежелгі Қытайда бұл кітап мемлекеттік қызметке кіргенде тапсыратын емтихандардың маңызды бөлігі болған. Ол қытай әдебиетінің маңызды шығармаларының бірі де болып табылады. Соғыс кезінде Мау Зыдоң мен Сталин бұл кітапты оқыған деген деректер бар. Ағаш. Ағаш – сабақтары мен тамырлары сүректеніп біткен, өте жақсы жетілген діңі бар, биіктігі 2 метрден кем болмайтын көп жылдық өсімдіктер. Қазақстанда өсетін ағаштардың ең биігі 50 метрден аспайды (қарағай, шырша, емен, жөкеағаш, т.б.). Дүние жүзінде ең биік ағаш – Аустралия эукалиптісі (биіктігі 140-150 м), ең жуан ағаш – Баобаб (диаметрі 4-12 м). Ағаш палеозой дәуірінің тас көмір, девон кезеңінен бастап (126 млн жыл бұрын), мезозой дәуірінің бор, юра (96 млн жыл бұрын) кезеңіне дейін ағашты өсімдіктер. кейін бірқатары көп жылдық, одан бір жылдық шөптесін өсімдіктерге айналған. Жер бетінде климаттың өзгеруіне байланысты, ағашты өсімдіктердің даму циклы қысқаруда. Осыған байланысты олар шөптесін өсімдіктерге айналуда. Қазіргі кезде ағаштардың осы эволюциялық бағыты жалғасуда. Олар 5 топқа (балғын, жас, толық өсіп жетілмеген, толық өсіп жетілген, көп тұрып қалған ағаштар) бөлінеді. Соңғы екі тобына жататын ағаштар ғана кесіледі. Ағашты кескен кезде сүрегіндегі шеңберлердің санына байланысты жасын анықтайды. Жапырағының ішкі құрылысы мен сыртқы түріне қарап ағаштарды түрге бөледі: қалқан жапырақты (шырша, қарағай); жапырақты ағаш (қайың, терек). Ағаш ішкі құрылымы (талшықтарының ұзындығы, қалыңдығы) мен физико-механикалық қасиеттеріне (көлемдік салмағы – бұл көрсеткіш неғұрлым көп болса, механикалық қасиеттері жоғары болады) байланысты пайдаланылады. Қазақстанда өсетін ағаштардың техникалық қасиеттері жақсы зерттелген. Токио. — Жапонияның астанасы, әкімшілік, қаржылық, мәдени және өндірістік орталығы. Хонсю аралының оңтүстік-шығыс бөлігінде, Канто жазығында, Тынық мұжитындағы Токио шығанағының мүйісінде орналасқан. Жұрт саны 12,544 млн адам, ауданы — 2 187 км², жұрт тығыздығы Жапония префектуралары ішіндегі ең жоғарысы — 5 740 адам/ км². Токио дүние жүзі елордалар арасындағы ең жоғарғы Жалпы ішкі өнім, ЖІӨ шығаратын қала. Қала аты. Бастапқыда Эдо, саға дегенді білдірген, есімімен белгілі болған қала Токио деген есімін ("Tōkyō": "tō" (шығыс) + "kyō" (астана) іс жүзінде империялық астанаға айналған 1868 жылы алды. Ертедегі Мейжи кезінде де қала «Tōkei» (Төкей) деп аталған, немесе дәл солайша қытау әріптерімен «Токио» деп көрсетілген. Кейде әлі де құжаттарда «Төкей» деп кездескенімен бұл аты ескірген. This pronunciation is now obsolete. Тараншылар. Тараншы дегеніміз — бүгінгі Шынжаңдағы Тарим өзенінің алабындағы шұраттарда тұратын, түркі тілдерінің қарлұқ тармағына жататын тілдердің бірінде сөйлейтін және шығу тегі жағынан ежелдегі иран, тохар халықтарының және бертінде көшіп келген түркі-моңғол тайпаларының (қарлұқтар, ұйғырлар, яғмурлар және моңғолдар) ұрпақтары болып табылатын отырықшы халықтың аты. Шағатай тілінде «отырықшы шаруа» дегенді білдіретін осы атаумен Ферғана аңғарында және бүкіл Орталық Азияның шұраттарында тұратын отырықшы, жер өңдеумен айналысатын тұрғындарға қатысты қолдануға болады. Тарим өзенінің алабы (Қашғар, Құмыл, Хотан және Тұрпан шұраттары сияқты шұраттарды қамтитын) жер өңдеуші тараншылардың нағыз отаны болып есептелсе де, олар Қытай тарихының Миң және Циң кезеңдерінде қазіргі Үрімші мен Іле сияқты жерлерді де қоныстаған. Мәнжу империясы жоңғар қалмақтарын басып алған соң ол көптеген тараншыларды отырықшы сібе гарнизондарымен бірге Іле өзенінің аңғарында қоныстануға жіберген. Шынжаңның көпұлтты мұсылман мәдениетінде «тараншы» ұғымы «сарт» ұғымына қарама-қарсы мағынада қолданылады: тараншы деп жер өңдеуші отырықшыларды атаса, сарт деп қалада тұратын саудагер-қолөнершілерді атаған. Әрине, шұраттардағы мұсылман мемлекеттерінің билеуші таптары тараншыларға жатқызылмаған, оларды шығу тегі бойынша көбінесе «моғол» немесе долан деп атаған. Бірақ қазіргі көзқарастан қарағанда, тараншылар, сарттар мен моңғол доландарды үш түрлі этникалық топ деп қарастыруға болмайды, оларды бір шағатай-тимурид мәдени және тілдік бірлестігіндегі үш түрлі топ немесе тап деуге ғана келеді. 20-шы ғасырдың бас кезінде Ресей, Ұлыбритания мен Қытайдың арасында болған, «Үлкен ойын» деген атқа ие болған геополитикалық бәсекелестіктің түпкі нәтижесі ретінде Орталық Азия қазіргі ұлттық мемлекеттердің арасында бөлініске түсті. Шұраттарда тұратын шаруалар 1930-шы жылдардың басына дейін ұйғыр ұлтына қосылып болды. Бір қызығы, шұраттарда немесе Іле өзенінің бойындағы қалаларда тұратын сарттар ұйғыр болып жазылса, байланыстары Шынжаңның батысымен күштірек болған сарттар өзбек болып жазылып кетті. Кейде бұндай бөліну шарттылығы көзге ұрып тұрады, мысалы, қашғарлықтардың әндіжандықтардан айырмашылығы олардың тұрпанлықтардан айырмашылығындай зор. Қазіргі кезде бұл атау қолданылмайды немесе ауызекі тілде ғана қолданылады. Сібе. Сібе ("Sibe";) — негізінен солтүстік-шығыс Қытай мен Шынжаңда тұратын этникалық топ. Олар Қытай Халық Республикасында ресми түрде мойындалатын 56 ұлттың бірі болып табылады. Тарихы. Олардың бастапқы отандары — Манжуриядағы Нен өзені мен Соңһуа өзендерінің алаптары. Нурхацидің 1593 жылы Гуре шайқасында талқандаған тоғыз мемлекеттің бірі осы сібелер. Хорчин моңғолдары мәнжудің Циң әулетіне бағынғаннан кейін де сібелер хорчиндарға бағынышты болып қала берді. Циң дәулеті Ресейге қарсы әскери жорықтар ұйымдастыра бастаған кезде сібелер Циң билеушілерімен қатынас орнатты. Олар Циң әскерлерін керек-жарақпен қамтамасыз етуге атсалысты. 1692 жылы хорчиндер сібе, гувалча мен даурларды күміс үшін Каңси императорға сыйға тартты. Сібелер сегіз тулы әскердің бір бөлігі етіліп, Цицикарда және Мәнжурияның басқа қалаларында гарнизон етіп орналастырылды. Шығыс Түркістанды жаулап алғаннан кейін Цянлуң император 1764 жылы «Жаңа шекараны» қорғасын деп сібелердің бір бөлігін сол жаққа қоныс аударғызды. Олар Іле өзенінің оңтүстігінде Чапчал Сібе автономиялық облысында бірлесіп қоныстанып отыр. Мәдениеті. Сібелердің дәстүрлі киімі мәнжулердің ұлттық киіміне өте ұқсас. Қазіргі кезде сібелер батыстық үлгідегі киім киеді, дәстүрлі сібе киімдерін мейрам кезінде жасы үлкен сібелер киіп шығады. Сібелер «хала» деп аталатын ру сияқты, фамилиясы бірдей адамдардың топтарына бөлінеді. Қазіргі кезге дейін сібелерде бір шаңырақтың астында үш буынның адамдарының бірге тұруы кең орын алған. Сібелердің дәстүрі бойынша, әкесінің көзі тірісінде ұлының жеке отау құруына болмайды. Тілі. Солтүстік-шығыс Қытайда тұратын сібелер толығымен қытай тіліне көшкен. Шынжаңда тұратын сібелер мәнжу тілінің бір ерекше диалекті болып табылатын сібе тілінде сөйлейді. Мәнжу тілінен айырмашылығы, сібе тілінде алты емес, сегіз дауысты дыбыс сақталған, грамматикасында ерекшеліктер бар және үндестік заңының ережелері күрделірек. Сібе тілінің жалпы сөз қоры мен құрылымы қытай тілінің ықпалына айтарлықтай ұшырай қоймаған. Алайда сібе тілінде қытай тілінен енген сөздер де баршылық, олар көбінесе әлеуметтік ұғымдар болып келеді, мысалы «гәмиң» (төңкеріс), «гүңшә» (коммуна). Сібе тілі мәнжу әліпбиінің аздап өзгертілген түрі болып табылатын сібе әліпбиін тұтынады. Қапқалда қазіргі кезде сібе тілінде газет шығып тұрады, ал Үрімшіде сібе тілінде кітаптар басылып шығарылады. Қара металлургия. Қара металлургия - өзінің негізгі өнімдерін екінші рет қайта өңдеудің аяқталған кезеңін қамтамасыз ететін ғаламат сала және, сонымен бірге басқа салалар мен өндірістердің қалдықтарын кәдеге жаратуға қабілетті болып табылады. Қазақстан үшін қара металлургия – екінші дүние жүзілік соғысынан кейінгі жылдары ғана пайда болған ауыр өнеркәсібінің салыстырмалы түрдегі жас сала. Қазақстанда шойын, болат, бұйымдарды илемдеу және ферроқорытпа өндіріледі. Болатты өндіру және тұтыну көлемі әрқашан мемлекеттің экономикалық қуатының негізгі көрсеткіштерінің қатарына кіретін. Сондықтан, Қазақстан Республикасы Үкіметімен елімізде импорттың орнын басатын және экспорттық әлеуетін көтеретін, металлургиялық кешенінде жоғары тауарлық дайындықтағы өнімді шығару өсімін қамтамасыз ететін, ғылымды қажетсінетін бәсекеге қабылеттілігін құруға бағытталған бірқатар Бағдарламалар әзірленді. «Қазақстан Республикасының 1999-2003 жылдарға арналған тау-кен металлургия кешенін дамытудың тұрақты жұмыс істеуін және стратегиялық басымдылығын ғылыми-техникалық қамтамасыз ету» Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық Бағдарламасымен шағын және орта өндірісін құру жолымен ғылыми әзірлемені іске асыру және жоғары тауарлы дайындықтағы бәсекеге қабілетті өнімдерін шығару бойынша технологияны меңгеру мақсаты қойылды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында 2003-2005 жылдарға арналған металургиялық кешеніндегі төртінші және бесінші өзгертіп жасау өндірісін құруды қамтамасыз ететін ғылыми-техникалық Бағдарламасы әзірленген, мұны іске асыру республиканың металлургиялық саласында жаңа технологияны негіздеу мен әзірлеуге жағдай жасайды. Осындай өндірістерді ұйымдастыру импорт бойынша шығынды бірқатар төмендетуге, жұмыс істеп тұрған өндірістік қуаттылық базасында жаңа жұмыс орындарын құруға, осы өнімге ішкі қажеттілігін қамтамасыз етуге жағдай жасайды. Мұндай мақсаттар сервистік-технологиялық экономикасының ұзақ мерзімді жоспарына өту үшін шикізаттық бағытталуынан, жағдайларды дайындауынан бастап өтуіне жағдай жасайтын, экономика саласын әртараптандыру жолымен еліміздің тұрақты дамуына жетуге бағытталған Қазақстан Республикасы Индустриалдық-инновациялы дамудың 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясында да қойылған. Ғаламдық нарық. 2000-2001 жж. тоқыраушылықтан кейін дүние жүзілік экономикасында оң тенденциялары байқалады. Ғаламатты ЖҰӨ-ң өсуі 2002 ж. 3 пайызды, 2003 ж. -3,6 пайызды құрады, ал 2004 ж. 4,2 пайызға өсуі болжанды. Дүние жүзілік экономиканың көтерілуі және металл өнімдеріне сұраныстың өсуі, әсіресе барлық материалды қажетсінетін экономика жағынан, бірінші кезекте Қытайда (2003 ж. оның экономикасының өсуі 9 пайызға, ал болатты тұтыну 34 пайызға өсті), сондай-ақ Индияда және басқа азия елдерінде металл салалары үшін, болат пен шикізатқа дүние жүзілік бағасының елеулі өсуіне әкелді. Мысалға, АҚШ-та ыссы соғылған болаттың тоннасы 2001 ж. 230-249 доллар, 2004ж. қаңтарда оның құны 330 долларды құраса, ал мамырда -550-600 доллар болды. Францияда 2004 жылдың қаңтарынан болаттың бағасы 60 пайызға көтерілді. Тіпті, 2001 жылы шойынның тоннасы дүние жүзілік нарығында 100 доллар болса, ал қазір ол 300 долларға жетті. Металл өнімдері бағасының өсуінің тағы да бір себебі, теңіз тасымалдары тарифінің қарқынды өсуі фонында жетекші дүние жүзілік жеткізушілердің темір рудалық шикізатына босату бағасының көтерілуінен болды. Бағаның өсуі, сонымен қатар шикізаттың маңызды бір түрі – қара металл сынықтарына да қатысты. Қара металл сынықтарының нарығы 2003 жыл ішінде бірнеше рет бағасының өсуін басынан өткізді, және қазір оның бағасы бірқатар өңірлерде тоннасы 300 долларға көтерілді. Бүгінгі таңда темір рудасына жоғары бағасынан басқа қара металлургияда, келешекте қара металл сынықтарының жетіспеушілігіне байланысты, бірқатар проблемалар туындайды. Экологиялық талаптардың және аса тиімділігінің әсерінен дүние жүзілік металлургия үшін шикізаттың осы түрлеріне құндылығы әрқашан өсуде. Батыста соңғы кездері сынықтардан барлық болаттың 70 пайызға жуығы күйдіріледі (Ресейде әзірше тек үштен жуығы). Американ валютасына айырықша әлсіреуі, сонымен бірге металлға құнының көтерілуіне әкелді. Ірі тұтынушылардың бірі болып табылатын американдықтар үшін еуропалық импорттың құны көтерілуде, бұл АҚШ-ң ішкі өндірушілері бағасының көтерілуін ынталандырады, яғни өзінің жағдайын құнының есебінен қалпына келтіруге тырысады. Шойын мен болат халықаралық институттың статистикасы бойынша (IISI) 2004 жылы болаттың ғаламды өндірісі 8,8 пайызға көтерілді және 1,05 млрд. тонна рекордтық деңгейге дейін жетті, оның тұрақты өсу жылдамдығы - 2-3 пайыз. IISI мәліметтеріне сәйкес, болатты шығару Жапонияда 2004 ж. 2 пайыздан 112,7 млн.т., АҚШ – 5,2 пайыздан 98,5 млн. т., Ресей – 2,5 пайыздан 65,3 млн.т., Оңтүстік Корея – 2,6 пайыздан 47,5 млн.т., Германия – 3,6 пайыздан 46,4 млн. т., Украина – 4,9 пайыздан 38,7 млн.т. дейін, Бразилия – 5,7 пайыздан 32,9 млн. т. дейін, Индия – 2,7 пайыздан 32,6 млн.т., Италия - 5,6 пайыздан 28,3 млн. т. көтерілді. Азия елдерінде болатты өндіру 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда 13,2 пайыздан 499,3 млн.т. өсті. Егер Қытайды санамағанда, өсу көрсеткіші 3 пайызды құрады. Ең ірі болатты өндіруші Қытай болып қалуда, ол 2004 ж. 272,5 млн.т. болат өнімдерін (2003 ж. салыстырғанда -23,2 пайызға көтерілген) балқытты. Жалпы дүние жүзілік болатты өндіруде Қытайдың үлесі 2004 жылы 25,8 пайызды құрады. Бұл ұлттық экономиканы салқындату бойынша ел басшылығымен қабылданған шаралар болатқа ішкі сұранымының көлеміне ғана әсер етті. Сонымен қатар, өркендеп келе жатқан қытай өндірісі дүние жүзі нарығындағы бағалық дүрлікпені төмендетуге қабілетті. Қазіргі кездегі жағдай. Ішкі технологиялық байланыстардың түрлері бойынша қара металлургияның ірі кәсіпорындары металлургия-энергохимиялық комбинаттарын ұсынады. Қазіргі кездегі жағдай. Қара металлургияның ірі кәсіпорындары ішкі технологиялық байланысының түрі бойынша металлургия-энергохимиялық комбинаттарын ұсынады. Болатты тоқтаусыз құюуы қазіргі кездегі металлургияның бірден-бір ірі жетістіктері болып табылады. Оны пайдалану өндірістік процессті айырықша жеңілдетеді және құю процессінде толық механизациялау және автоматтандыру үшін жағдай жасайды.. Ірі болатты балқыту зауыттары біртұтас өңірлердің экономикалық әл-ауқатын анықтайтын кәсіпорындар болып табылады. Яғни, бар жоғы үш конверторлық болатты балқыту пешінде жылына 5 млн.т жуық болатты балқытатын «Миттал Стил Теміртау» АҚ (бұрынғы Қарағанды металлургиялық комбинаты) тұрақты жұмысы жоғары білікті он мың мамандарға қызмет көрсететін бірқатар ірі кәсіпорындардың қауыртты және келісілген жұмыстарын талап етеді. Электро энергиялық өндірушілері мен жеткізушілерді, сондай-ақ темір жол және автокөлік жолдарының жүктемесін есепке ала отырып, Қарағанды көмір шахтасының, руда кенін және Қостанай, Қарағанды, Ақмола және Қазақстанның басқа облыстарының флюстық қосындыларының қызметін үйлестіруді талап етеді. Бірақ, «Миттал Стил Теміртау» АҚ-ң барлық өнімдері түржиыны бойынша бір типті - табақты болып табылады. Еліміздің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ету және саланың аз тәуелсіздігімен сұраным конъюнктурасынан осы өнімнің түріне Қазақстанда және болат өнімдерінің сұрыптамасы бойынша аса икемді басқа өндірістерді құру қажет. Біршама көлемде және шектелген түржиынында сұрыптап прокаттауды Павлодар қаласындағы трактор зауытының базасында құрылған «Кастинг» фирмасы жүргізеді. Кәсіпорында өнімнің мынадай түрлерін өндіру меңгерілген: 125х125 және 150х150, ұзындығы 11,7 м болаттан құйылған қима дайындау; диаметрі 40,60 және 11 мм ұсақтайтын шар; диаметрі 100 мм, ұзындығы 4200,5300 м ұсақтайтын стержендер; А-3 класындағы, диаметрі 12,16 және 20 мм арматуралық болат. Ішкі нарықтағы тапшылыққа байланысты, Қазақстанда сұрыптап прокаттау импортының жалпы көлемі соңғы бес жыл ішінде 7-ден аса өсті және 2004 жылы кедендік статистика бойынша 766 мың т. жетті. Болат құбырларын өндіру көлемі республикада сондай-ақ айырықша емес. 1988 жылы Теміртау қ. «Кармет» АҚ-мен РД 20-86 электро балқыту қондырғысының жұмысы іске қосылған болатын, мұнда сумен қамтамасыз ету жүйесі үшін 15-86 мм диаметріндегі құбырлар дайындалады және желінің өнімділігі жылына 20 мың тоннаға дейін. 1991 жылы РГТО заутында («Қарағандыкөмір» АҚ) өнімділігі жылына 15 мың тоннаға дейінгі құбырлық балқыту қондырғысы дайындалған, шығарылған құбырлардың диаметрі – 114, 127, 159 мм. 1999 жылы Алматы қ. «Меридиан» фирмасы өнімділігі жылына 5 мың тоннаға дейінгі құбырлық балқыту қондырғысы шығарылды, шығарылған құбырлардың диаметрі 114 мм. Осы өндірістің қуаттылығы құбырларды шетелге экспорттау туралы айтпағанда, Қазақстанның ішкі нарығының қажеттілігін қамтамасыз ету жағдайы жоқ. Қазақстанда болат құбырларын импорттау көлемі соңғы 4 жылда 200 мың т. көтерілді және 459 мың т. жетті, сонымен бірге 2002-2004 жылы мұнай газ түржиыны құбырларын импорттау 260 мы т. деңгейіне тұрақтанды. Осылай көмірсутекті жеткізуге қатыссыз, салаларда болат құбырларына сұранымының өсуін құрастыру айқын көрінеді. Қазақстанның жер қойнауында болат өнімдерін кең ассортиментте және жоғары сапада өндіру үшін барлық қажетті шикізат материалдары бар. Республикадағы қайта жаңғырған тау-металлургиялық және энергетикалық кешені және сақталған ғылыми-техникалық әлеуеті қазіргі уақытта болатты балқытып өзгертудің қазіргі кездегі технологиясын меңгеруге қабілетті. Келешекте болат балқыту кешенінің шикізат базасы еріндік темірді – доғалық пештерде болатты балқыту кезінде шойын мен металдың орнын басатын жоғары сапалы шикізатты алуымен, Қазақстанда руда мен концентраттардан темірді тікелей қалпына келтіру технологиясын меңгеруімен айырықша кеңейуі мүмкін. Қара металлургияда қазіргі кездегі материалдарды алудың жаңа технологиясын құру көмірсутекті төмен легірленген, легірленген, таттанбайтын және болаттың басқа маркаларынан жоғары төзімді және икемді сұрыптап қақтауды алудың технологиясын әзірлеуге жағдай жасайды. Мұндай өнімдерді шығару сұрыптап қақтау импортының көлемін қысқартуға жағдай жасайды және болашақта оны экспорттау, инновациялық дамуды қамтамасыз ету үшін негіз болуы мүмкін. «Қазақстанның Инвестициялық қоры» АҚ болатты қақтауды – тік жікті құбырларды, орта сортты қақтау, металды конструкциялау, метиздер, жабынды бұйымдар, машина жасау мен құрылыс үшін жартылай өнімдер, сондай-ақ жоғары дейгей дайындығындағы өнімнің басқа түрлерін шығару және қайта өндіру кластерлерін дамыту бойынша жобаларды қолдайды. София. София — Еуропаның қалаларының бірі, Бұлғарстанның елордасы. Мемлекеттің оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Атауы. Атауы грек (юнан) тілінде «даналық» деген мағынасын білдіреді. Жағрапиясы. Софияның Көлемі - 1349 km² (520,9 sq mi) Қала 550 метр (1804 ft) теңіз деңгейінен жоғарылауында орналасқан. — Жазғы уақыт (DST) EEST (UTC+3) Әкімшілік бөлінісуі. Софияның қазіргі әкімі - Бойко Борисов. Банкя • Витоша • Връбница • Възраждане • Изгрев • Илинден • Искър • Красна поляна • Красно село • Кремиковци • Лозенец • Люлин • Младост • Надежда • Нови Искър • Оборище • Овча купел • Панчарево • Подуяне • Сердика • Слатина • Средец • Студентски • Триадица Жұрты. Софияның халық саны 1 900 000 адам шасасында (2008). 2001 жылының мәліметтері бойынша София облысында1 177 577 жан бар. Олардың ішінде 559 229 ерлер (47,5 %), 618 348 әйелдер (52,5 %), немесе 1000 ерлерге 1106 әйел адам бар. София қаласында 1 094 410 жан бар, оның 518 149 ерлер, 576 261 әйелдер. Халықтың көбі Люлин аудунында тұрады (120 117 адам), қалғандары Младост (110 877 адам), Подуяне (75 312 адам), Красно село (72 773 адам) және басқа аудандарда тұрады. 18-64 жас арасындағы 790 180 жан бар. 18 жасына дейін балалардын саны 201 202 жан. 65-жастан астам 183 04 жан бар. Болжау бойынша 2011 жылына дейін Софияның халық саны 3 миллионға өседі. Тарихы. Неолит кезіндегі мекеннің орнында біздің заманымыздан бұрын 8 ғасырында Фракиялық қала пайда болған. Оның атауы Сердика еді, бұл Фракиялық тайпаларының бірінің атауына сәйкес еді. Қоршаған жерін ежелгі карталарында Сардика атаса, қаланы Сердика деп атаған. Кейінгі рим дәуірінде, Клавдий импреатор кезінде қала Фракия провинциясының әкімшілік облыстарының бірінің орталығына айналса, біздің заманымыздың 3 ғасырында жаңа құрылған Dacia Mediterranea провинциясының астанасына айналған. Император Марк Улпий Траян кезінде рим қалаларының бірі дәрежесін алып, Улпиа Сердика деп аталған. 305 жылының Диоклетиан императорының қайтыс болған соң және діни өзгерістерінен кейін, Сердика діни орталығына айналып, епископтың тұрған жері болып кетеді. 5-6 ғасырындағы «халықтардың ұлы көшуінің» кезінде ғұндар мен гот тайпаларынан азап шеккен қала, кейін Византияның маңызды әкіңмшілік және діни орталығы болып саналады. 9 ғасырында Бұлғар дәулетінің қаласы болып, Средец деп атаған. Кейін оны Триадица деп атаған. 12 ғасырында митрополит тұратын жері болып, Бұлғар дәулетінің діни орталығы болып кеткен. 13-14 ғасырында христиандардың әулие Софияның мадағына София деп атаған. 19 ғасырына дейін Осман империясының құрамында болған. Бірақ Осман империясының ресми құжаттарында қала «Средец» атаса, тұрғындары средечане деп атаған. 1878 жылы Орыс-түрік соғысынан кейін, Бұлғарстан тәуелсіз мемлекет болды. Оның астанасы София болып кетті. 1878 жылының қаңтар айының 4 жұлдызында Иосиф Йосиф Гурко басқаратын орыс әскерлері Софияға кіріп, бұлғарларға осман түріктерден азат берген. Сол кезде қалада 11 649 тұрғын болған. Олардың ішінде 56 % бұлғарлар, 30 % түріктер, 6 % румындар. 1879 жылының сәуір айының 4 жұлдызында азат болған Болгарияның астанасы София деп жарияланды. 1925 жылының сәуір айында «Свята Неделя» шіркеуінде лаңкестік акт болған. Бұны істеген Кеңес барлаушы агенттері. 1944 жылының қаңтардың 10 мен наурыздың 30 арасында одақтас (АҚШ пен Ұлыбритания) әскери-әуе күштері Софияға әуеден бомбалар лақтырып, тарихи орталығын қиратып, 2000 жанды өлтірді. 1944 жылының қыркүйегінде одақтас оккупанттнар Софияға келген. Кейін Болгар Социалистік Республикасы жарияланған, София оның астанасы болып кеткен. Джинс шалбары. Джинс шалбары — қазіргі заманда жұрт ішінде пайдаланатын шалбарларының бір түрі. Мақтадан жасаған мықты деним матасынан тігеді, тігудің алдында деним матасы индиго өсімдікпен көк түсіне бояулайды. Джинс шалбарын дүние жүзінде кәрі-жас ер адамдар да, әйелдер де киеді. Тек мұсылман мемлекеттерінде әйелдер және дәстүрлерін берік ұстап өз халқын дәстүрлі киімін киетін халықтар (мысалы, папуастар) джинс шалбарын кимейді. Тарихы. Джинс шалбарларының ойлап шығарған Лейб Страус 1829 жылы жебірей отбасында дүниеге келді. Кейін отбасыменен Америкаға көшеді. 1853 жылдың наурызында Калифорния штаты, Сан-Францискода алғашқы брезенттен шалбарды тігеді. Брезенті бітіп, Франциядан «деним» матасына тапсырыс береді. Сөйтіп, ең алғашқы «деним» матасынан тігілген көк түсті джинс пайда болды. Деним матасының пайда болған ел — Франция. Француз тілінен denime — «Ним қаласынан астарлық мата» деп аударылатын. Мықты болғандығынан бұл матадан кемелер желкендерін жасайтын. Ал Лейб Страус арқасында деним матасынан шалбар тігуі басталды. Джинстың ресми туған күні — 1873 жылының мамырдың 20 болып саналады, өйткені осы күні Лейб Страустың «Levi’s Straus and Company» фирмасы патент алады да, өзінің жапсырмасын шығарады. Бұндай шалбарларды 19 ғ. американдық коубойлары мен алтын іздеушілердің қара жұмыстарына арналған киімі еді. Кейін, 20 ғ. Батыс мемлекеттерінде жастар киетін шалбарына айналды. Кеңес Одағы. Кеңес Одағындағы жастардың бедел, абырой мен молшылықтың нышанына айналды, өйткені Кеңес Одағында джинс шалбарын тікпей, оны «лағынат басқан буржуазияның нышаны» санаған, ал шетелде тігілген джинс шалбарыны сатып алуға қиын еді. Соңдықтан джинс шалбарын іздеп табылған, сатып ала алған адам бай, абыройлы, «байланыстары» бар адам деп санаған. Джинс шалбары әр Кеңес Одағының азаматының арманы болып, жоғары бағалаған. Батыс елдері. 1960 жж. джинс шалбары хиппидың нышаны болды. 1970—1980 жж. джинс шалбары рок-әншілердің, былғары куртка, электр гитара мен мотоцикл сияқты, рәмізінің бірі болып айналды. Кейін балағы кең ұзын джинс шалбарлары рэп, хип-хоп, R&B тағы басқа «қара саздың» жыршыларының белгісі болып кетті. 1990 жж. соңында рэп пен хип-хоп тек қана афро-американдықтардың сазы емес, бар ұлттар сүйетін сазына айналды. Джинс шалбары да өз ұлттық және идеологиялық мағынасын жоғалтып, ең киінетін шалбарының түріне айналды. Әбілқожин, Жұлдызбек Бекмұхамедұлы. Жұлдызбек Бекмұхамедұлы Әбілқожин — Қазақстан тарихшысы. Профессор. Қазақ педагогикалық институтының тарих факультетін бітіргеннен соң институттарында тарих пәнінен сабақ берген. ҚБТУ, ХБУ (UIB), ҚМЭБИ институттарында жұмыс істейді. Қоңыров, Марат Сейітұлы. Марат Сейітұлы Қоңыров — қазіргі заман қазақ жазушысы. Жастайынан әкесіз қалып, он жасынан бастап қатал «көшенің әдеттері» бойынша өмір сүрген. Ақырында кәмелет жасына жетпеген балаларға арналған арнайы абақтысына түскен. Бостандық алғаннан кейін жала кінәланып тағы да темір тордың ар жағына түскен. 1995 ж. Қоңыровтың орыс тілінде «Нести свой крест» кітабі Ресейде шыққан. Бұл жазушының алғашқы повесті. Кейін ол ағылшын тіліне аударылып АҚШ-та басылып шыққан. 1966 жылынан 1998 жылына дейін Қоңыров «Каждый взойдет на Голгофу» деген романды жазады. Роман Көкшетау, Семей, Будапешт қалаларында жазып, Алматыда жазып бітірген. 2000 жылы «Каждый взойдет на Голгофу» романы Алматының «Қазақстан» баспаханасында кітап болып шыққан. «Каждый взойдет на Голгофу» кітабі Қазақстанның абақтыларының айнасындай көрсететін портреті. Кітапта адамдардың мұңдары суреттенген. Автор адамдардың қатал, қатыгез қылықтары, ақша, мал-мүлік үшін өлтіруі, өмір мен ар-намысын сақтау үшін қанды жекпе-жектері туралы жазады. 1998—2001 жж. арасында, Қоңыров «Потерянный рай» философиялық-психологиялық романын жазады. Романның жазуы Семей өңіріңдегі Жидебай шатқалында (ұлы Абай, Шәкәрім, Әуезовтің туған жерінде) басталып, Солтүстік Қазақстан облысының Теңіз темір жол станциясында аяқталған. Едіге. Едіге (1352-1419) — Ноғай ордасының негізін қалаған әмірші, қолбасшы. Шығу тегі. 1352 ж. Ақ Ордада, Құмкент деген жерде туған. Сол кезде Ақ Орда Алтын Орда хандарының билігінен саяси еркіндігін алып, тәуелсіз хандық болып кеткен болатын. Едіге маңғыт руынан шыққан, жоғары мәртебелі мырзалардың ұрпағы еді. Тоқтамыспен одағы. 1376 ж. жанжалдан кейін Ақ Орданың әміршісі Орыс ханның қуғынынан Әмір Темірдің тұсында Мауераннаһрге қашып кеткен. Самарқандта Едіге Тоқтамыспен кездесіп, оның Орыс ханға қарсы күресіне көмектеседі. Әмір Темір Тоқтамысты да, Едігені де мейман қылып, оларға Орыс ханға қарсы әрекеттерін қолдайды. Бірақ Тоқтамыс Ақ Орданың, кейін Алтын Орданың тағын қолына алып алғаннан кейін, Әмір Темірді сатып кетеді. Темірдің Тоқтамысты жазалағысы келеді. Едіге Темірді Тоқтамысқа қарсы соғысында қолдайды. 1391 ж. Тоқтамыс жеңілгеннен кейін, Едіге өз әскерімен Темірден айырылып, Еділмен Жайықтың арасында жерлерін басқара бастайды. Хандық билікке қол жеткізуі. Едігені әмірші деп санаған жұрт Алтын Ордада тұрып, өзін ноғайлы деп атағаннан кейін, Едіге би өз құрастырған мемлекетін Ноғай Ордасы деп атаған. 1397 ж. Едіге би Алтын Орданың әскерінің қолбасшысы болып, 1399 ж. Литуаның князі Витовт пен Литуаға қашқан Тоқтамыстың әскерлерін құртып, оларды жеңген. Әмір Темір тағына отырғызған Алтын Орданың ханы Темір Құтлық өлгеннен соң, Едіге тағына Шәдібек ханды отырғызады. Шыңғысханның ұрпағы болмағандықтан, Едігенің атағы «хан» емес, «би» еді (Ұлы Темірдің де атағы сол себептен «хан» емес, «әмір» еді). Бірақ, Едігенің билігі ханның билігінен кем емес еді. Шәдібек Едігеден тәуелді еді. 1409 ж. Едіге Батыс Сібірде жасырынған Тоқтамысты тауып, өлтіреді. 1407 ж. өзін «Бұлғария әмірі» атап кеткен Жәлеледдінге қарсы шабуыл жасайды. 1408-1409 жж. Ресейге қарсы соғыс жүргізеді. Серпухов, Дмитров, Ростов, Переяславль, Төменгі Новгородты алып, өртеп тастайды. Мәскеуге дейін басыпбарады, бірақ қаланы ала алмайды. Соғыстың себебі Едігенің Ресей оған салық төлесін деген қалауы және Алтын Орданың бұрынғы ахуалын қайтару еді. 1410-1412 жж. Ноғай Ордасында жанжалдар басталғаннан соң, Едіге билігінен айырылады. 1419 ж., 67 жастағы Едіге би Ноғай Ордасының астанасы – Сарайшық қаласының маңында Тоқтамыстың ұлы – Қадырбердінің қолынан қаза табады. Бақшасарай. Бақшасарай - Қырым хандығының елордасы болған қала, Қырым түбегінде орналасқан. 14 ғасырында әсем қаласына айналған. Сол кезде Бақшасарайда ханның сарайы, әйгілі фонтан (шашырытқыш, хауыз), көптеген мешіт, медреселер, Чуфут-қала деген қамалы салынған еді. Қалада 2000 үйіндей болған. 1736 жылының маусымында орыс әскерлерінің шабуылынан қаланың бір бөлігі өрттеніп қалды. Саламат Гирей ІІ кезінде қалаға даңқы қайтарылды, Бақшасарайда кітапхана ашылды. Қырымның Ресейге кіргеннен соң Бақшасарай әскери гарнизонның мекені болып кетті. Қаланың көркі Пушкинның «Бахчисарайский фонтан» поэмасында бейнеленген. Қазіргі уақытта Бақшасарай ауданының орталығы, Украинаның субъекті болған Қырым Аутономиялық Республикасының қалаларының бірі. Сейіт-Әлімхан әмірші. Сейіт-Әлімхан әмірші (толық аты — Сейіт Мір-Мұхаммед Әлімхан) — Бұқар әміршілігінің соңғы әміршісі (1911-1920). 1881 ж. (һижра бойынша 1298 ж. мұхаррам айының 5-інде) Керминеде туған, әмірші Абдулахадханның баласы. Сауаты ашылып, бастауыш білімін алғаннан соң, жасы 12-ден 13-ке кеткенде 1893 ж. сол кезде Ресей империясының елордасы болған Санкт-Петерборға кетіп әскери білім беретін оқу орнына түсті. Оны 1896 ж. бітіріп шықты. Екі жылдан кейін Қаршы уалаятының әкімі болып тағайындалды. 1910 ж. туған жері Керминеге әкім болып кетті. 1911 ж. әкесі қайтыс болған соң, әмірші болып таққа отырды. Большевиктермен күресіп, ақырында 1920 ж. биліктен айрылып, 1921 ж. Ауғанстанға көшуге мәжбүр болды. Өмірдің соңғы 23 жылын Ауғанстанда тұрып, 1944 ж. қайтыс болды. Күрттер. Күрттер — Таяу Шығыстың ежелгі халықтарының бірі. Негізінде ата-бабалардың жерінде немесе Түркия, Иран, Ирак, Сирия территориясында өмір сүреді. Осы мемлекеттерімен шектелес Ауғанстанда, Арменияда, Грузияда, Әзірбайжанда да тұрады. Дүние жүзінде жалпы саны — 40 миллион шамасында. Өзіні курд деп атайды, бірақ бұрын Бұл халықтың тайпаларын гутеи, кутеи, куртии, карди, кардуһи деп атаған. Күрт тілі тек Ирақ мемлекеттік тілдерімен қатарында қолданылады. Діні — негізінде Исләм, арасында Сүнни мұсылмандар да, Шиға мұсылмандар да бар. Кейбіреулер христиан дінің немесе бабалардың езид дінің ұстайды. Бірнеше бөліктеріне бөлінеді. Мысалы, курманджи, сорани, арасында езид күрттар да бар. Туған тілі - күрт тілі, үнді-еуропалық тілдерінің тобының батыс ирани тармағына жатады, парсы тіліне жақын. Күрттер парсы, араб, түрік, гүржін, орыс, қазақ тілдерін де қолданады (бұл тұратын жеріне байланысты). Күрттердің ұлттық тағамдары - негізінде сүт пен еттен құрастырған. Күрттер көршілес халықтары сияқты Наурыз мейрамын ежелгі заманнан бастап тойлайды. Күрттерден мұсылман ұлы қолбасшысы Саладдин шықты. Ирактың қазіргі Елбасы - Джалал Талабани да күрт. Пәкістанның премьер-министрі Беназир Бхуттоның анасы - Нусрет Бегунам Бхутто, Түркияның Елбасы Тұрғыт Озалдың Қазақстанда 45,4 мың курд тұрады. Негізінде Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында тұрады. Күрттердің Қазақстанда "Барбанг" деген ұлттық мәдени орталығы бар. Жетекшісі - академик Нәдір Кәрімұлы Нәдіров. Қазақстандағы күрттерден академик Нәдір Нәдіров, дәрігер-нейрохирург Бари Нәдіров, жазушы Князь Мирзоев шыққан. Бұқар әміршілігі. Бұқар әміршілігі () — негізінде қазіргі Өзбекістанның жерінде орналасқан, ішіне қазіргі Түрікменстанның мен Тәжікстанның кей өңірлері кірген. Бұқар әміршілігі (құрылыған кезінде Бұқар хандығы) Амударияның шығыс жағасынан, Памирдан Хиуаның даласына дейін созылған. Сырдария өзенімен Қоқан хандығымен шектескен, оңтүстікте Ауғанстанмен шектескен. Елдің жер көлемі km² сәйкес еді, яғни Италия көлемімен тең. Бұқар халқы негізінде өзбектерден, арасында тәжік, түрікмен, қарақалпақ, қырғыз, қазақ, лүлі (сыған), жебірей және де араб болған. Қашқадария, Сұрхандария, Зараушан, Кәпірниган төңірегінде жұрт диханшылықпен айналысқан. BMW. Bayerische Motoren Werke'", BMW ("бауарлық мотор зауыты") — Алманияның мотор және аутомобил жасап шығарататын компания. Тарихы. 1913 жылы Мюнхеннің солтүстік төңірегінде Карл Рапп және Густо Отто, двигательдің ішкі жануын ойлап тапқан Николаус Августа Оттаның ұлы, екі шағын авиамотор фирмасын жарыққа шығарады. Бірінші бүкіл әлемдік соғысының басталуы бірден көптеген самолеттің двигательдарына тапсырыс береді. Рапп пен Отто бір авиамоторлық заводта бірге жұмыс істеуін шешеді. Сөйтіп Мюнхенде авиациалық двигательдер заводы ашылады, 1917 жылдың шілде айында Bayerische Motoren Werke («Баварлық мотор заводы») — BMW деген атпен тіркеледі. Осы күн BMW -ның жарыққа шыққан күні деп есептеледі, ал Карла Раппа мен Густава Отто оның иелері болды. 1917 жылы ең бірінші қабылданған танымбелгіде айналып тұрған пропеллердің суреті бейнеленген. Бірақ танымбелгі өте қиын және ұсақ болды, сондықтан 1920 жылы пропеллер көп өзгерістерге ұшырады. Пропеллердің шеңберін төрт бөлікке бөлді, ақ және көгілдір секторлар қара дөңгелектің ішінде кезектесіп орналасты. Бірінші дүниежүзілік соғысында, Алмания жеңілген. Версаль келісімі бойынша, Алманияға әскери ұшақтарын өңдеуге тыйым салынған.БМВ ұшақтардың пропеллерлерін өңдеуді тастап, темір жолға арналған саймандарды өңдеуге басталды. 1923 жылында БМВ-нің алғашқы мотоциклі өндіріліп шығарылған. 1928 жылынан бастап, БМВ автокөліктерді өңдеуге басталды. Алғашқы моделі DIXI еді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, Алмания екіге бөлінді, Батыс Алманиясының экономикасы қарқындап дамуға басталды. БМВ - "алман экономикалық ғажабының" нышандарының бірі еді. 1965 жылы шығарылған седанді Алманияның канцлері Конрад Аденауер өзі қатты ұнатқан. Бұйымдары. Алғашқы бұйымы - DIXI 1929 жылы шығарылған. Қуат пен эстетика 5 сериялы седанда іске асырылды. Осы автокөлікті жасаудың негізі — «Рульдегі рахат» BMW концепсиясын терең меңгеру. Ал қуатты двигательдермен инновациялық седанның жеңіл салмақ жүру бөлігі демалудың жаңа бір бөлігін ашады. BMW 5 сериясының әр элементі жолдағы автокөлікке деген сенімділік. BMW-ның 7 сериясы ең қарқынды сондай-ақ премиум классының сәнді автокөлігі. BMW-ның жаңа 7 сериясының сыртқы кескіні таңқаларлық әдемі, ол басқа көліктерден жылдам әрі жеңіл. Бұл көліктің түрі — шексіз қуат көзі. Ол сәнді әрі өзіндік стилімен ерекшеленеді. BMW-ның 7 сериясы 1990-ларда, әсіресе, бұрыңғы Кеңес одағының республикаларында - Ресей мен ТМД мемлекеттерінде, оның ішінде Қазақстанда да, жаңа байытып кеткен жас кәсіпкерлердің, рэкетирлердің қатты ұнататын автокөлік еді. Жұрт ішінде оны "бумер" деп атаған. BMW X5 моделі бұл таулы тасты жерлерді оңайшылықпен өтетін және спортты автокөліктердің қатарына кіретін автокөлік. Бұл көлікте: қуат, жайлылық, жылдамдық, сапа және беделі жоғары автокөлік. BMW X5 белсенді демалысқа арналған спорттық автокөлік. Жаңа 6 сериялы BMW купесі аңызға айналған GT қатарындағы автокөліктерінің салтын жалғастырушы спорттық және жеңіл айдалатын автокөліктердің бірі. HAMANN MOTORSPORT тюнинг-ательесінің мамандары 6 серияны жетілдіріп, таңқалдыратын HAMANN 645Ci HM 5.2 спорттық купесін дүниеге әкелді. Ноғайлар. Ноғайлар — түркі тілдес, Еуразияның халықтарынын бірі. Ноғай тілі түркі тілдері тобының, қыпшақ-ноғай тармағына жатады. Халық саны — 180 мың адам, соның 90 мыңы Ресейде тұр. Ноғайлар Сүнни мұсылмандар. Ноғайлар негізінде Ресейдің Солтүстік Кавказ далаларында, Дағыстанда, Қарашай-Шеркеш Республикасында, Шешен Республикасында, Стаурополь өлкесінде және Астархан облысында тұрады. Бір бөліктері Украинаның Қырым Республикасының солтүстігінде, Румыния теңіз жағалауында және Түркияда тұрады. Дағыстанда Ноғай ауданы бар. Бірақ оның аутономиялық деңгейі жоқ. Жақында Қарашай-Шеркеш республикасында да Ноғай ауданы құрылған. Бұл субъект 2005 жылының жазда қабылданған шешімі мен 2006 жылының қазан айының 8 жұлдызында өткен референдумдан кейін пайда болған. Ноғай бөліктері. Ашықұлақ, құм ноғайлар бар Ставрополь өлкесінде тұрады, Астрахан ноғайлары бар. Қазаққа кірген ноғай-қазақ деген ру бар, атақоныс жері - Еділ менен Жайықтың арасы. Сенімдік белбеуі. Сенімдік белбеуі — жыныс актті жіне мастурбацияны (уқалауды) жасауға бермейтін құрал. Аңыз бойынша рыцарьлар соғысқа (крест жорығына) кеткенде, әйелдеріне сенімдік белбеуін киген. Бірақ бұл жай ойлап шығарылған аңыз ба, шын ба, әлі дәлелделінбеген. Сенімдік белбеу туралы алғашқы мәліметтер 12 ғ. бастап аңыз-әңгімелерде, өлеңдерде кездеседі. Ал 15 ғ. бастап бұл құрал құжаттарда кездеседі. «Bellifortis» кітабында (бұл кітапті 1405 ж. тамыздың 28 Konrad Kyeser von Eichstätt "Конрад Кайзер фон Эйштат" жазып бітірді) Флоренция қаласының әйелдері киетін сенімдік белбеуінің суреті бар. Ал 16 ғасырынан бастап сенімдік белбеулерінің көпшілік өңдеуі басталды. Біздің дәуірімізге қалған ең ескі сенімдік белбеудері сол уақытта жасалған еді. Ал Ұлыбритания ханшайымы Виктория кезінде, 19 ғасырында, сенімдік белбеуін мастурбацияға қарсы құралы ретінде қолданған. Сол кезде мастурбациясын қатерлі дерттердің және өлімінің себебі санап, онымен күресті. Қазір сенімдік белбеуін тек қана Индонезияның қытай әйелдері қолданылады, өйткені Индонезияда жергілікті жұрт пен қытайлықтар арасында қақтығыстар тоқтамайды, және қытай әйелдерінің зорлау жиі кездеседі. Сенімдік белбеуін киіп, қытай нәсілді әйелдер өзіні зорлаудан қорға алады. Садисттер мен мазохисттер де сенімдік белбеуін есалаң "ойындарында" қолдайды. Бұрын темірден жасалған сенімдік белбеуі әйелдің денсаулығына қауіпті нәрсе еді, өйткені темірді қақ басқаннан соң, әйелдің жыныс мүшелері жараланған соң, әйел өлуі да мүмкін еді. 20 ғасырында қақ баспайтын болатты өңдіріп шығара бастады, бірақ қазіргі заманда сенімдік белбеуінің орта ғасырлардағыдай кең пайдаланбайды. Бұл тарихи құралға айналып кетті. Ампутация. Ампутация ( — "кесемін") — хирургиялық операция; әр түрлі ауруға шалыққан адам мүшелерін (аяқ-қол) немесе органдарын (жатыр, сүт безі, тік ішек, т.б.) бүтіндей не бір бөлігін кесіп алып тастау. Ампутация өте ерте заманнан белгілі. Ол туралы мәліметтерді Гипократтың (4 ғ. ЗБ), Галеннің (2 ғ. ЗБ) еңбектерінен кездестіруге болады. Ампутация әр түрлі аурулардың зардабынан тіршілік белгілері әбден жоғалған немесе зақымданған аяқ-қолдың белгілі бір бөлігінің шіруі, іріңдеуі, т.б. адам өміріне қауіп туғызған кезде жасалады. Егер аяқ-қол буыннан кесілсе, оны экзартикуляция, ал түгелдей алынып тасталса, экстирпация деп аталады. 16 ғасырда франсуз хирургі А. Паре операция кезінде кесілген тамырлады байлауды әдісін ұсынған. Ампутация кезінде аяқтың немесе немесе қолдың қалған бөлігіне протез (жасанды мүше) кигізіледі. Абдулахад әмірші. Абдулахад әмірші — Бұқар әміршілігінің Маңғыттардан шыққан алтыншы әмірі. 1859 жылы туған. Мұзаффар әмішінің баласы Сейіт-Әлімхан әміршінің әкесі. Керминенің әкімі болған. 1885 жылы әкесі әмір Мұзаффар әмірші қайтыс болған соң таққа отырды. Одан бұрын 1883 жылы Ресей патшасы император Александр Үшінші таққа отыру салтанатына құрметті мейман ретінде барып, өзіні Ресей мойындайтын Бұқар әміршілігінің келесі заңды билеушісі, Мұзаффардың мұрагері болғанын растады. Әмір Абдулахад мектеп-медресе жайында мәселесін шешті. Ресеймен үкіметімен жақындап, Бұқар әміршілігінің тәуелсіздігін сақта алған. Бірақ екінші жағынан өте қатал әмірші еді. Таққа отырған соң, бар інілерін және олардың балаларын абақтыға отырғызды. Бұл әмірдің кезінде Бұқар әміршілігінің қарапайым жұртынан жыл сайын алынатын салықтардың түрлерін саны көбейді. 1911 жылы әмір Абдулахад қайтыс болып, билігін баласына, Сейіт-Әлімхан әміршіге берді. Атолл. Бір-бірінен бөлінген Тынық мұхитындағы атоллдар. Атолл — теңіздердегі таяз қолтықты қоршап жатқан сақина тәріздес маржан аралдарының бір түрі. Атоллдың негізін су астындағы жанартаулар төбесі құрайды, ал оның беткі қабатын маржан жәндіктерінің әктасты құрылымдары көмкереді. Атолл аралдарының жалпы диаметрі 200 м-ден 50 км-ге жетеді, маржаннан түзілген сақинасының ені 100—200 м болады. Сыртқы беткейі тік жар (45۫), ішкі жағы көлбеу болады. Ортасындағы қолтықтың тереңдігі 40—100 м. Атолл Тынық және Үнді мұхиттарының тропиктік белдемдерінде жиі кездеседі. a> маржан атолының динамикалық құрылу процесін сипаттайды. Маржандар (күлгін және қоңыр түспен берілген) мұхиттық арал төңірегінде жиналып өсе береді, ал ішкі арал қысқара береді. Соңында арал толықтай суға батып, өспелі маржан сақинасын, ортасында лагууны бар, қалдырады. Бұр құрылу процесі 30,000,000 жылдарға дейін созылуы мүмкін. Башқұрттар. Башқұрттар — түркі тілдес, Еуразияның халықтарының бірі. Тілі — башқұртша, татар тіліне ұқсас, түркі тілдер тобына, қыпшақ тармағына жатады. Негізінде Ресейде — Башқұртстанда және онымен шектесетін Перм өлкесінде, Орынбор, Свердловск облыстарында, Ұдмұртстанда тұрады. Татарстанда, Шелеби, Қорған облысында да башқұрттар бар. Олардың ата-бабалары басқа түркі халықтарымен бірдей — көне түріктер, көк түріктер. Еділ бойы мен Орал тауларында тұрған фин-оңғар тайпалары, кейін ғұн, бұлғар, түрік тайпаларымен, олардың негізінде қыпшақтармен араласып, башқұрт халқының негізін қалаған. Шыңғысханның жорықтарынан кейін, Алтын Орда құрылған еді. Башқұрттардың ата-бабалары Алтын Орданың жұрты еді, кейін Ноғай Ордасына қараған. 1557 жылы башқұрт халқы Ресей мемлекетіне кірді. Қазақстанда «Идел» деген татар-башқұрт мәдени орталығы бар. Уран (ғаламшар). Уран - Күн жүйесінің жетінші ғаламшары. 1781 жылы наурыздың 13-інде Уильям Гершельмен ашылған еді. Грек (юнан) уақыттың құдайы Кроностың мадағына аталған. Уран - бұл Кроностың латын атауы. Күнді 84 жылында бір рет айналады. Түсініктемелер. * Кәрбозов, Қозы-Көрпеш Жапарханұлы. Қозы-Көрпеш Жапарханұлы Кәрбозов — ҚР Кедендік бақылау комитетінің төрағасы, заң ғылымдарының докторы, генерал-майор. Қысқаша өмірбаяны. 1959 ж. қаңтардың 20 Жамбыл облысы, Шу қаласында туған. 1976—1981 жж. — Қазақ мемлекеттік университеті заң факультетінің студенті. 1981—1982 жж. — Жамбыл облысы Шу ауданы Атқарушы комитеті әкімшілік істер бойынша жауапты хатшы. 1982—1988 жж. — Жамбыл облысы прокуратурасы Тергеу басқармасының прокуроры, Майынқұм ауданы прокурорының көмекшісі. 1988—1989 жж. — Қазақстан Республикасы прокуратурасы Тергеу басқармасының прокуроры. 1989—1994 жж. — Қызылорда облысы прокурорының орынбасары, прокуратура тергеу бөлімінің бастығы. 1994 ж. мамырдың 13 — 1994 ж. желтоқсанның 5 — Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы сот актілеріні заңдылығын қадағалау жөніндегі басқарма бастығы. 1994 ж. желтоқсанның 5 — 1995 ж. қарашаның 3 — Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы жанындағы мемлекеттік биліктің жоғары эшелондарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі арнайы прокурор. 1995—1997 — Ішкі істер министрлігі органдарында, Мемлекеттік тергеу комитеті мен анықтаудың жедел қызметтерін қадағалау жөніндегі басқарма, салық қызметі, Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасы Кеден комитеті, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік тергеу комитеті Бас басқармасының бастығы. 1997—1998 жж. — Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік тергеу комитеті Департаментінің бастығы. 1998—2003 жж. — Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің, Құқық қорғау органдарындағы жасырын барлаумен қамтамасыз ету департаментінің және Тергеу департаментінің бастығы. 2003—2007 жж. — Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары. 2007 маусым айынан — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы. Шығармалары. 63 ғылыми еңбегі бар, Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлықты тергеудің ерекшелігі, Қазақстанда терроризмді ашудың және тергеудің теориялық-әдістемелік аспектілеріне арналған 17 кітаптың, оқу құралдарының авторы. Марапаттары. басқа да Қазақстан Республикасының және шетел мемлекеттерінің медальдарымен марапатталды Отбасылық жағдайы. Үйленген, үш баласы, екі немересі бар. Мұзаффар әмірші. Мұзаффар әмірші — Бұқар әміршілігінің әміршісі. Әмір Мұзаффар әмір Насырұлланың баласы, Бұқар әміршілігінің маңғыттардан шыққан бесінші билеушісі. Әмір лауазымы бар тұңғыш билеуші. 1859 жылы әкесі өлген соң, таққа отырды. Билегеннің басында өзіні әділ, адал, дана әмірші ретінде көрсетті. Бірақ кейін, билігінді берік ұстағаннан соң, жұрттың мүлкіне, өміріне және ар-намысына озбырланып кетті. Жұрт әмірдің шексіз билігін шыдамай, оған қарсы көтерілістерді бастады. Солардың бірі Шахрисабзтің кенегестерінің көтерілісі еді. Мұзаффар бұл көтерілісті басып-жаншыды, Яққабаққа шабуыл жасап, жұртты өлтіріп, тонып кетті. Мұзаффардың діни қайраткерлерімен қарым-қатынастары өзгеше еді. Бір жағынан әмір мүфти-молдалар оның билігін шектеп, мемлекеттік істеріне кіретіні қорыққан. Олардан тәуелді болғысы келмеді. Екінші жағынан діни қайраткерлер Мұзаффардың билігінің таянышы еді. Мұзаффар оларды қолдап мәртебесін көтерді, молдалар ше оған қалағанын істеуге мүмкіндік берді. Шариғатқа жатпайтын нәрселәрін жаса да, молдалар әмірді әрқашан қолдаған. Мысалы, заң бойынша әмірге жүзден астам әйел алуға рұқсат еді. Әмірдің рұқсатысыз астана жұрт үйлене алмайтын болған. Елдің ең сұлу қыздары әмірдің гареміне әкелінетін болатын. Мұзаффардың гаремінде әйелдерімен аралас жас ұл балалар да еді. Мұзаффардың арманы — Ферғана алқабының әміршісі болуы еді. Сол үшін әмір Қоқан хандығында Құдияр хан мен Малля хан арасында тартысын қолдап, оларды әдейі бір-бірімен ерегістіртті. Түркістанды орыс әскерлерінен қорғанысына үлес қосқан Қанағат шаһты өлтіріп,Құдияр ханды қолдаған. Малля ханды қолдаған қырғыз Әлімқұлға қарсы соғысқан. Малля ханды өлтірген. Ақырында Қоқан қаласын алып, жұртты тонап кетті. Құдияр ханды тұтқынға алды. Кейін Қоқанды Әлімқұл алып, Қоқанның тағына Сейітті отырғызды. 1865 жылы орыстар Ташкентті қамалағанда, ташкенттіктер әмір Мұзаффардан көмек сұрағанда, Мұзаффар оларды алдап, өзі Қоқанға қарсы шабуыл жасады. Қоқандықтарды қаштырып, сөйтіп орыс әскерлеріне Ферғана алқабына жол ашты. Ақырында Қоқан хандығы Ресей империясына кірді. Бұқар әміршілігі Ресейдің көршілес мемлекетіне айналды. Соңда молдалардың қысымынан әмір Мұзаффар орыс әскерлеріне ғазауат жарияланып, соғыс ашады. Бірақ Ұратөбе және Ғишткөпрікте бұқарлық пен орыстар арасында болған шайқастарда жеңіліп, Жизақ пен Самарқанды орыстарға беріп, Ресеймен бітім жасады. 1881 жылы Абдулахад әмірші деген баласын Ресейге жіберді. Бұл қылықтың сылтауы баласының заңды мұрагері екенін орыс патшасы мойындасын еді. Әмір Мұзаффар 1885 жылы қайтыс болып, Бұқар қаласының кесенелерінің бірінде жерленген. Палау Республикасы. Палау Республикасы (палауша: "Beluu er a Belau",) — құрғақ шекарасы жоқ арал мемлекеті, Тынық мұхиттың Филиппин теңізінде орналасқан. Елордасы — Мелекеок қаласы (1998 жылға дейін елордасы Корора қаласы еді). Жағрапиясы. Филиппиннен 500 шақырым шығысқа қарай орналасқан. Жалпы көлемі 458 шаршы шақырым, 200 шамасында аралдарынан құрастырылған. Палау архипелагы (шоқ аралдары) Мариан аралдарының бір бөлігі. Аралдардағы орташа температура — Цельсий бойынша 24-28 градус. Жұрты. 1998 жылы халық саны 18,1 мың адам шамасында еді (2007 жылы — 20,8 мың адамға өсті). Негізгі дін — мәсіхшілік (католиктер мен протестанттар). 10% халық шамасында жергілікті діндерді ұстанады. Тарихы. 16 ғасырдан бері Испаниядан тәуелді еді. Испан-американ соғысынан кейін Испания Филиппинсіз қалды және Палау аралдарын Алманияға сатты. 1914 жылы Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Жапония осы аралдарды жаулап алып, 1920 жылы Ұлттар Лигасынан Палау аралдарын бағуға рұқсат беретін мандат алады. 1947 жылы Палау Американың бақылауына түсіп, Микронезияның құрамына кірді. 1993 жылдың қараша айында Палаудың «АҚШ-пен еркін біріктірілген мемлекет» деңгейі қабылданды. 1994 жылының қазанның 1-інде Палау Республикасының тәуелсіздігі жарияланды. АҚШ-пен еркін біріктірілу туралы келісімнің мерзімі 2009 жылы аяқталады, бірақ оның ұзатылуының мүмкіндігі бар. Саясат жайғасы. Мемлекет 16 штаттан тұрады. Үкімет басшысы — президент, парламент екі палатадан құрастырылған (сенат пен делегаттар палатасы). Қазіргі Елбасы — президент Томас Эсанг Ременгесау. Экономикасы. Палау экономикасының негізі — саяхат (туризм), балық аулау, мал бағу, қолөнерлер. ВВП деңгейі — 124,5 млн. долл. (2004 ж.), негізінде АҚШ субсидияларынан құрастырылған. 2004 жылы импорт көлемі (107,3 млн. долл.) экспортті (5,8 млн. долл.) 20 есе асқан. Ачипсе. Ачипсе — Ресейдегі өзен. Ресейдің Краснодар өлкесінің Сочи деген жерінде ағып жатыр. Сочи ұлттық саябағында ағады, Мзымта өзеніне құйылады. Атауы адыгэ тілінен "ешкінің суы" мағынасын білдіреді. Ачипсе Ачишхо жотасының теріскей жағынан бастап, Ачишхоны солтүстік, кейін шығыс жағынан өтеді. Өзенге тау бұлақтар және Лаура өзені құйылады. Ачипсе — Мзымта өзеніне құйылады. Ачипсе — тау өзені. Өзенде сарқырама суаттар көп. Мзымтаға құйылатын жерінде "Ачипсе қамалының" ежелгі қирағандары бар. Ачипсе бойында Сланцевый Рудник елді мекені орналасқан. Қасында Қысқы олимпиада өткізу үшін арналған тау-туристік орталық орналасқан. Жиенболанова, Лада. Лада Жиенболанова – бүгінгі таңдағы Қазақстан спортының үкілеген үздіктерінің бірі, бессайысшы. Жетістіктері. 2002 жылғы Азия ойындарында Лада бастаған қыздарымыз қазіргі бессайыстан сарапқа салынған үш медаль жиынтығының екеуінен алтын, біреуінен қола жүлде еншілеген-ді. Жеке сайыста Лада Жиенболановаға тең келер ешкім болмай, командалық сайыста Қазақстан құрамасының төрт қызы үстемдік танытты. Тек эстафеталық бәсекеде спорттық сәттілік «жон арқасын беріп», сайысқа түскен үш қызымыз қола жүлдені қанағат тұтуға мәжбүр болды. (Дохада өтетін ХV жазғы Азия ойындары қарсаңында Қатардан суыт хабар жетіп, бессайысшылар арасындағы жарыстардың өтпеді.) 2007 жылы әлем кубогының кезеңдік сайыстарында бірнеше рет жүлделі орындарға ие болып, жыл соңында бессайысшы қыздар арасындағы әлемдік рейтингте көш бастады. Әу бастан бергі көңіл түбінде ұялап жатқан арманы – Олимпиада чемпионы болу, жүлдегері атану. Үйленген, қызы Аринадан кейін туған ұлдарын Тимур деп атады. Жасы 38-де. Лаура (өзен). Лаура - Ресейдегі өзен. Ресейдің Краснодар өлкесінде ағады. Лаура Дзитаку тауының оңтүстік бөктерінде басталады. Кавказского қорығының территориясында ағады. Ачипсемен біріктіріп, Мзымтаға құйылады. Жартастардың арасында ағып, асау тау өзені деп саналады. Сарқырама суаттар көп. Алқабын өтуге қиын. Оң жағынан Петрарка, сол жағынан Водопадный ручей менен Бзерпь өзендері құйылады. Өзенде алабұға балық көп. Лаураның жағасында 2014 жылдағы Қысқы олимпиадасына арналған тау-туристік орталығы орналасқан. Бұл тау-туристік орталығының аты өзенімен бірдей - "Лаура", Газпром құрылып салған объект болып саналады. Малқарлар. Малқарлар () — Солтүстік Кавказда тұратын түркі тілдес халқы, қарашайларға жақын. Тілі — қарашай-малқар. Атауы. Малқарлардың атауы ежелгі бұлғарлардың атауына сәйкес. Алғашқыда малқарлар армян деректерінде кездеседі. 10 ғасырында араб ғалымы Ибн Русхэ таулы астар туралы жазып отыр. Бұл таулы астар малқарларға сәйкес, өйткені малқарлар өздері өзін таулу(қазақша таулы деген мағынасында) деп атайды, астар ше бұлғарлардың да, малқарлардың да ата-бабалары. Осетиндер мен суандар малқарларды "ас" атаса, қабарда шеркештері балкар дейді. Қарашайларды ше алан деп атайды. Қарашайлар мен малқарлар бір-бірін алан деп атайды. Осылайша, малқарлар — астардың (ежелгі таулы бұлғарлардың) және аландардың ұрпақтары делінеді. Қарашай мен малқар негізінде бір халық еді, бірақ 11 — 15 ғасырларында бір-бірінен алыстап кетті. 1395—1396 жылдарында малқарлар мен қарашайлар Әмір Темірдің әскерімен қанды соғысын жүргізеді. Әмір Темірдің әскерлері өз жауларын астар деп атаған. 1404 жылында архиепископ Иоан Галонифонтибус және 1643 жылында Арканджелло Ламберти малқарларды қарашеркеш деп атаған. Осылайша, малқарларды — "ас", "ас-алан", "таулу ас", "қарашеркеш", "балкар" деп атаған. Олар өздерін ше "таулу" немесе "малкъар" деп атаған. Жұрттануы. Ресейде — 108 мың адам тұрады (2002), олардың 105 мың жан Қабарда-Малқарстанда тұрады. Қазақстанда 3 мыңдай, Қырғызстанда 2 мыңдай малқар тұрады. Түркі тілдес халықтарының арасында ең жоғарыда тұратын халық. Орталық Кавказдың қапшағайларында, Қобан, Зеленчук, Малқар, Бақсан, Шегем, Шерек өзендерінің басында тұрады. Малқарстанның территориясында Минги-тау, Дых-тау, Коштан-тау, Гюльча, тағы басқа биіктігі 5 000 метрден астам заңғар шындар орналасқан. Осында Азау, Терскол, Иткол, Чегет тағы басқа мұздықтар бар. Айдаудан (депортациядан) кейін малқарлардың аз-кемі (5 мыңдай) Қазақстан менен Қырғызстанда тұрады. Айдау (депортация). 1944 жылының наурыздың 8-ші жұлдызында малқарларға жала жабып, оларды «Отанды сатқандар» атап, бар халқын Орта Азия мен Қазақстанға айдап тастаған. 1957 жылынан кейін малқарлардың көбі туған жеріне қайтқан, аз кемі Қазақстан менен Қырғызстанда қалған. Қазір Қазақстанда қарашай-малқар ұлттық мәдени орталығы бар. Бұл Қазақстандағы 3 мың малқарлар менен 2 мың қарашайлардың бірлестігі. Мәдениеті. Мәдени мұрасы Кавказ халықтарының және түркі халықтарының мәдениетін қосып дамытты. Киімі басқа Кавказ халықтардағыдай — шепкен, оның үстіне жамшы киінетін. Басына қойдың қаракөл жүнінен жасаған бөрік киінетін. 18 ғасырынан бері, Ислам қабылданғанымен малқарлар арап әліпбисін де қолдануға бастады. Кейін әліпбиі латын негізіне көшірілген, қазір кирил әліпбиі пайдаланады. Тағамдары негізінде еттен, сүттен жасалатын еді, аскөк, көкөніс кең пайдаланған. Нанды негізінде жүгері ұннан пісірілген (этмек гырджин). Хычин деген шелпектерді пісірілген. Кәуаптардың бірнеше түрі бар. Ешкі немесе қой сүтінен ірімшік жасаған. Арпадан сыра пісірілген. Діні. Қазіргі заманда сүнни Исләм масхабына жатады. Бұрыңғы заманда малқарлар Тәңірі, Ұмайға сыйынған, олардың бүкіл Кавказда қастерлейтін Ғоллу менен Апсаты құдайлар болған. Кейін христиан дінін де қабылдаған. Бертіңді ғасырларда мұсылман болып, қазір де Сүнни исламын сақтайды. Стамбұл. Станбұ́л () — Түркияның ең ірі қаласы, маңызды теңіз порты, ірі сауда-өндірістік және мәдени орталығы (жұрты 10 млн адам — 2006 ж.). Босфор шығанағы жағалауында орналасқан, халықаралық тарихи мәдени маңызы зор қала. 1930 жылға дейін Константиния (,) деп, ал 450 жылға дейін Жаңа Рома немесе Екінші Рома (,), 330 жылға дейін Византион () деп аталған. 1923 жылы Түрік республикасының құрылуымен елорда Константиниядан (Станбұлдан) Анқараға ауыстырылды. 1930 жылдың 28 наурызында түрік басшылары қала атын Станбұл деп өзгертеді. Рома империясының, сосын Шығыс Ұрым империясының елордалары болған. __NOTOC__ Рубик текшесі. Рубик текшесінің бір шегі бұрылуы Рубик текшесі ( — "сиқыр текше") — логикалық басқатырғыш ойын құралы ретінде пайдаланады. Рубик текшесінің алты жағында тоғыз кішкентай текшелер орналасқан. Әр кішкентай текше алты түстерінің біріне бояуланған. Ойын мақсаты — Рубик текшесінің әр жағы өзара бір түсті қалпына келтіру. Сол үшін Рубик текшесінің жылжи алатын бөлшектерін бұрып, әр түрлі түзбелерді жасау керек. Рубик текшесінде түзбелерін құрастыру мүмкін. Басқатырғыш текшесін мажардың сәулетшісі Ернө Рубик () 1974 ж. ойлап шығарған. Бірақ Мажарстаннан тыс жерінде (дүние жүзінде) жұрт Рубик текшесі туралы алты жыл кейін, 1980 ж. біліп кеткен. Бұл кезден соң оның белгілігі басылмайды. Бұны миллиондаған сатулары ғана емес, текшені құрастыруы бойынша әлем чемпионатының пайда болуы анық көрсетеді. Бұл салада қазіргі чемпион — Недерландия азаматы Эрик Аккерсдейк. Ол 2007 ж. қазан айында Рубик текшесіні 9,77 с ішінде құрастыра алып, чемпион атағын алды. Ташкент метросы. Ташкент метросы - Өзбекстанның астанасы Ташкенттің қоғамдық көліктерінің бірі, көліктің жер астындағы жүретін түрі. Бұтақтары мен бекеттері. Ташкент метросы үш бұтақтан құрастырылған. Олар - Шіланзар, Өзбекістан және Жүнісабад бұтақтары. Тарихы. 1977 жылының қарашаның 7-нші жұлдызында Қазан төңкерісінің 60 жылдық мерейтойына ашылған. Бұл Орта Азияның тарихында алғашқы метро. Жер сілкініс болуы қауіпі бар аумағында құрылған. Құрылыста Мәскеуметроқұрылыс демеу жасаған. 1966 жылының Ташкентте болған жер сілкінісіден кейін, 1973 жылында метроның құрылысы басталды.Алғашқы - Шіланзар бұтағының бірінші кезегі ("Сабыр Рахимов" бекетінен "Қазан төңкерісі" бекетіне дейін (қазір бұл бекет "Әмір Темірдің" саябағы деп аталады) 9 бекетінен, электродепосынан және Байланыс үйімен 1977 жылының. қарашаның 6-сында ашылған еді. Оның ұзындығы 12,2 шақырым еді. Шіланзар бұтағының екінші кезегі ("Қазан төңкерісі", қазіргі "Әмір Темір саябағы" бекетінен "Максим Горький", қазіргі "Ұлы Жібек Жолы"("Буюк Ипак Юли") бекетіне дейін) 3 бекеттен құрастырған еді. Оны 1980 жылының тамыздың 18-інде ашты. Кезектің ұзындығы 4,6 шақырым еді. 1980 жылында Шіланзар бұтағы 12 бекеттен құрастырып, оның ұзындығы 16,8 шақырым еді. 1980 году жылында екінші бұтағының бірінші кезегінің салуы басталды. Бұл бұтақ Өзбекістан бұтағы еді. Кезек "Науаи" бекетінен "Ташкент" бекетіне шеін созылған еді, 5 бекеттерден құрасылған еді. Кезек 1984 жылының желтоқсан айында ашылды. Кезектің ұзындығы - 5,6 шақырым еді. Екінші кезек 1987 жылында ашылды, 3,2 шақырым ұзындығымен 2 бекеттен ("Ташауылмаш" ("Машинасозлар") және "Чкалов") құрастырылған. 1989 жылының қараша айынан бастап, Өзбекістан бұтағының үшінші кезегі жұмыс істеу бастады. Кезек "Ғафур Гүләм" мен "Шорсу" бекетінен құрастырып, оның ұзыңдығы 2,2 шақырым еді., Соңында, 1990 жылының сәуірдің 30-ында Өзбекістан бұтағының төртінші кезегі ашылды (ұзындығы 3,ә шақырым, 2 бекет "Тинчлиқ" пен "Бируни") Бұтақтың жалпыұзындығы - 31 шақырым, 23 бекет бар. 1988 жылының қыркүйек айында Жүнісабад бұтағының құрылысы басталды. Жүнісабад бұтағы 2001 жылының қыркүйек айының 1 жұлдызында ашылды, оны Өзбекстанның тәуелсіздігінің 10 жылдық мерейтойына ашты. Бұтақта 6 бекет бар, ұзындығы 7,61 км және метрокөпір ("Бадамзар" мен "Хабиб Абдуллаев" бекеттр арасында). Метрокөпір Бозсу тоғаны арқылы телемұнараның жанында өтеді. Жоспарлар. Жүнісабад бұтағының тағы бір кезегінің және төртінші - Сіргелі бұтағының құрылысы жоспарланады. Қалталы арыстан. Қалталы арыстан (лат. "Thylacoleo carnifex") - жоғалған жануардың түрі. Сүтқоректілер таптың, қалталылардың тұқымдастарға кіретін еді. Аустралияның Налларбор үңгірлерінде тұрған. Қалталы арыстан Аустралияның ең ірі мен ең қауіпті жыртқыштарының бірі еді. Аустралияның кең жазираларында екі миллион жылдан астам "жануарлардың патшасы" еді. Дене құрылысы басқа жануарларды өлтіру үшін жарамды еді. 50 мың жыл шамасында жоқ болып кетті. Қысым. Физикада қысым деп қалыпты күштің сол күштің түсірілген бетінің ауданына қатынасын айтады. Математикалық түрде: P = F/S. Шіркеу славян тілі. Шіркеу славян тілі (;;; сербше: црквенословенски језик / crkvenoslovenski jezik; чехше: "církevní slovanština"; словакша: "cirkevnoslovanský jazyk"; полякша: "cerkiewnosłowiański"; хорватша "crkvenoslavenski";) — болгар, македон, орыс, серб және басқа да славян тілді православ шіркеулерінің тілі. Тарихи тұрғыдан алғанда бұл тіл көне шіркеу славян тілінен келіп шыққан, даму барысында тірі славян тілдерінің ықпалына ұшырап отырған (мысалы, көнерген немесе түсініксіз сөздерді алмастыру, фонетикасын тірі славян тілдеріне бейімдеу, т.б.). 18-ші ғасырға дейін шіркеу славян тілі Ресейдің әдеби тілі ретінде қолданылып келді. Шіркеу қызметтерінен тыс бұл тілде ешкім сөйлеспесе де, шіркеу қызметкерлері, ақындар және білімді адамдар сөйлеген сөздерінде шіркеу славян сөздері мен сөз тіркестерін кеңінен қолданып отырған. 17-18-ші ғасырларда бұл тілді біртіндеп орыс тілі ығыстырып шығарып, ол тек шіркеу қызметтерінде ғана қолданылатын болды. Тіпті бертінде 1760-шы жылдары Ломоносов шіркеу славян тілін орыс тілінің жоғарғы стильді түрі болып табылады деген көзқарасты қорғаса да, 19-шы ғасырда бұл көзқарастың жақтастары қалмады. Бұл стильдің қалдықтары староверлердің («ескі сенімдегілер») тілінде ең ұзақ сақталды. Шіркеу славян тілінің түрлері Беларус, Украина, Румыния, Сербия, Болгария және Македония сияқты басқа да православ елдерде шіркеу қызметі және әдеби тіл ретінде қолданылды. Кейін оларда да ол халықтық тілдермен алмастырылды, бірақ шіркеу қызметінде әлі де қолданылады. Шіркеу славян тілінен орыс тіліне ауысқан сөздер көптеп кездеседі. Екі тіл де славян тілдері тобына жатса да, кейбір фонетикалық құбылыстар екі тілде әртүрліше дамыды. Сондықтан орыс тіліне енген шіркеу славян тілінің сөздері орыс тіліндегі түбірлес сөздерге ұқсайды, бірақ аздап айырмашылықтары да бар: золото / злато («алтын»), город / град («қала»), горячий / горящий («ыстық»), рожать / рождать («туу»). Бұндағы қос сөздердің біріншісі орыс, екіншісі шіркеу славян сөзі. Орыстың Гоголь, Чехов, Толстой және Достоевский секілді ұлы ақын-жазушыларының шығармаларының әсерімен осы сияқты қос сөздердің арасындағы мағыналар байланысы дәстүрге айналды. Бұл сөздердің қолданылу аясы да қалыптасты: шіркеу славян тілінен келген сөздер жоғары стильдік, кітаби немесе поэзиялық сөздер ретінде, ал орыс сөздері қарапайым сөздер ретінде қолданылды. Бұл жағдайды Батыс Еуропа тілдеріндегі латын тілі мен жергілікті тілдің арасындағы қарым-қатынаспен салыстыруға болады: ғылым, пәлсапа, діннің ұғымдары латын тілінен алынатын да, күнделікті тұрмыста қолданылатын сөздер халықтың тілінен алынатын. Айтылуы. Көбінесе шіркеу славян сөздерінің айтылуы адамның ана тілі қай славян тілі екендігі бойынша анықталады: егер оның ана тілі болгар тілі болса, болгар тіліне ұқсас етіліп, егер оның ана тілі орыс тілі болса, орыс тіліне ұқсас етіліп айтылады. Сондықтан айтылуы әр түрлі бола алады. Сербияда шіркеу славян тілі жалпы алғанда серб тіліне емес, орыс тіліне ұқсас етіп дыбысталады. Орыс тілімен айырмашылықтар серб тілінің фонетикасының ерекшеліктерімен байланысты: серб тілінде «ы» және «щ» әріптеріне сәйкес келетін дыбыстар жоқ, кейбір дауыссыздарды жіңішкерту мүмкін емес (сондықтан «ть» жай «т» болып дыбысталады). Грамматикасы мен стилі. Шіркеу славян тілінің түрлі елдерде кейбір айырмашылықтары болса да, олардың барлығында да Көне шіркеу славян тілін жергілікті славян тіліне жақындатуға тырысады. Барлық жалғаулар аздап қарапайымдатылған түрінде негізінен ежелгі үлгілер бойынша қолданылады. Етістіктің алты шағы, зат есімнің жеті септігі мен сан есімнің үш түрі (жекеше, көпше және екіше) дәстүрлі мәтіндерде толығымен қолданылады. Ал жаңадан жазылған мәтіндерде қазіргі орыс тілінің синтаксисі кең қолданылады, сондықтан бұл мәтіндерді ең жақсы түсінетін — орыстілділер. Соңғы «ер» әріптерінің түсіп қалуы шіркеу славян тілінде толық көрініс тапқан, бірақ сөз аяғындағы «ъ» әрпі әлі де жазылады. «Юс» әріптері көбінесе 16-17-ші ғасырлардағы орыс тілінің үлгісі бойынша алмастырылады. «Ять» әрпі сөздің келіп шығуы бойынша керек жерлерде әрқашан жазылады. «Кси», «пси», «омега», «от» және «ижица» әріптері, сандардың әріптермен белгілену тәсілі, екпін белгілері және «киелі есімдер» үшін қысқартулар және «титлолар» әлі де қолданылады. Киелі жазбалар, шіркеу қызметі немесе шіркеу құжаттары түсініктірек болсын деп олардың сөз қоры мен синтаксисі аздап замандастырылған. Мысалы, кейбір ежелгі есімдіктер түсінікті басқа есімдіктермен алмастырылған (мысалы «етеръ» «біреу, қайдағы біреу» деген сөз → деген сөзбен алмастырылған) Басқа бейімдеулер мен өзгертулер де оқтын-оқтын жасалып отырады. Мысалы, Жоханның інжіліндегі алғашқы сөздерді Кирил мен Методий («Әуел баста сөз болған») деп аударған болатын. Иван Федоров 1580-81 жылы басып шығарған кітапта және 1751 жылғы Елизавета Библиясында деген түрге келтірілген. Клингон тілі. Клингон тілі (Клингонша: "tlhIngan Hol") — Star Trek («Жұлдызды жол») телевизиялық тізбегіндегі жатғаламшарлықтар клингондардың тілі. Бұл тілді тілтанушы Марк Окранд нағыз «жатғаламшарлық» тіл болсын деп әдейі құрастырған. Сондықтан бұл тілдің көптеген өзіндік ерекшеліктері бар, мысалы сөйлемнің «толықтауыш – баяндауыш - бастауыш» ретімен құрылуы. Бірінші рет клингон тілі «Star Trek: The Motion Picture» фильмінде қолданылды, ал оған дейін клингондар ағылшын тілінде сөйлеп келді. Содан кейінгі уақытта Марк Окранд клингон тілін өз сөздігі, нормативті грамматикасы бар толыққанды тілге айналдырды. «Star Trek» тізбегінің кейбір әуесқойлары немесе тілдерді үйренуді ұнататындардың кейбіреулері клингон тілінде сөйлесе алады. Бұл тілдің сөз қорында ғарыш кемелеріне немесе клингон нәсілінің қару-жарағына қатысты сөздер көп те, жерліктер күнделікті қолданыста пайдаланатын заттарды білдіретін сөз жоқ. Мысалы, «көлікті иондайтын қондырғы» ("jolvoy"), немесе «ғарыш кемесінің басқару мінбесі» ("meH") дегенді білдіретін сөздер бар да, «көпір» деген мағынадағы сөз жоқ. Соған қарамастан осы тілді білетіндер күнделікті тақырыптар туралы да әңгіме жүргізе алады. Қарашайлар. Қарашайлар () — түркі тілдес Кавказ халықтарының бірі, малқарларға өте жақын. Тілі қарашай-малқар. Атауы. Қарашайлар өздерін карачайлы деп те атайды. "Алан" да деп атады. Кейбір қарашайлар өзін тұрған жеріне қарай, "бақсанлықтар", "шегемліктер", "холамлықтар", бызынгилықтар деп атайды. Көршілес халықтар оларды "алан" деп атайды, орыстар "карачаевцы" деп атайды. Аңыз бойынша, халықтың атауы батыр Карчаның атынан шыққан. Карча қарашайлардың басшыларының түп атасы делінеді. Алан деген атауы сарматтардың тайпаларының бірі, ежелгі аландардың атымен сәйкес. Жұрттануы. Қарашайлар негізінде Ресейдің Солтүстік Кавказында, Қарашай-Шеркеш республикасында тұрады. Жалпы саны — 180 мың, Ресейде 150 мыңнан астам қарашайлар бар, солардың 130-ы Қарашай-Шеркеш республикасында тұрады. Қалғандары негізінде Ставрополь өлкесінде тұрады. Қарашайлар Қазақстанда, Қырғызстанда, Түркияда, Сүрияда, АҚШ-та, тағы басқа мемлекеттерде тұрады. Қазақстанда 2 мыңнан астам қарашайлар тұрады. Тарихы. Қарашайлар тұрған жерінде қола дәуірінен бастап қобандар тұрған. Олардың жоғары дамыған мәдениеті болған. Кейін қобандармен сарматтардың тайпаларының бірі — аландар араласқан. Аландар қарашай халқының негізін құрастырады. Аландар малқар халқының ата-бабалары. Бірақ малқарлардың ел болуына астардың (көне бұлғарлардың) тайпалары әсер еткен. Қарашайларға ел болуына да бұлғарлар әсер еткен, бірақ бұлғарлардан көрі аландар әсер еткен. Кейін қарашайлардың ел болуына қыпшақтардың тайпалары әсер еткен. 13—14 ғғ. біртұтас қарашай-малқар халқы пайда болған. 1395 жылы олар Әмір Темірмен соғысқан. Кейін қарашайлар мен малқарлар бір-бірінен алыстанды. Бірақ олар әлі де бір халықтай болып жүр, екі ел арасында байланыстары үзілбеген. Тілі де, діні де, мәдениеті де бір. «Жабайы дивизия». Кавказ соғысында қарашайлар басқа Кавказ халықтары сияқты Ресеймен соғысқан. Кейін Ресей империясының билігін танып, Ресейдің азаматтары болып кетті. Бірінші дүниежүзілік соғыс болған кезде қарашайлар Ресейдің жағында соғысқан, Ресейге көп жеңіс әкелген. Қарашайлар өздерін ержүрек әскерлер ретінде көрсетті, ажалдан қорықпай, ұрыста жеңілмейтін еді. Сондықтан Кавказда құрастырылған дивизия «жабайы дивизия» деп атаған. Айдау. 1943 жылының қарашаның 2-інде қарашайларды туған Кавказбен айыртып, Орта Азия, Сібір және Қазақстанға айдаған. Қарашайларды «Отанды сатқан ұлт» деп жала жапқан. Шынында қарашайлар басқа Кеңес Одағының ұлттары ретінде Отанды қорғап, майданда мерт болған, туған Кавказда жеңіс үшін еңбек еткен. 1957 жылы үкімет қарашайларға тағылған айыптар жала болып шықты деп, оларға туған еліне оралуына рұқсат берді. Жұрттың көбі туған еліне оралса, аз-кемі айдаған жерінде қалған. Қазақстанда да айдаған қарашайлар мен олардың ұрпақтары тұрады. Елімізде «Минги-тау» деген қарашай-малқар ұлттық мәдени орталығы бар. Әлеуметтік бөлінуі. Қарашайлардың басшылары аңыз бойынша Карчаның ұрпақтары еді. Оларды тауби деп атаған. Таубилердің үш тұқым — Дудовтар, Қырымшамхаловтар менен Қарабашевтар. Құрметті, қадірлі, еркін халқын "үзден" деп атаған. Қоғам "чанк", "үзден", "чағары", "теркеме", "шамхалдар" деген әлеуметтік таптарына бөлінген. Бір атаның ұрпақтары "тұқым" деп атаған. Әр тұқымның өз таңбасы болған. Бұл таңбаны қарашайлар малға, үйдің қабырғасына, мүлкіне салған. Мәдениеті. Қарашайлардың мәдениеті малқар мәдениетімен бірдей. Бірнеше түрлі билер бар. Олар — "түзтебсеу", "аслан би", "ғоллу", "дүбет", "саңдырақ", "исламмей", "жаңғызға бару", "абзех". Басқа Кавказ халықтарындай нарттар туралы дастандар қалған. "Индыр", "долалай", "инай", "ачемез", "ер йырси" деген әндердің түрлері бар. «Бекболат», «Гапалау», «Аузунда тау», «Ачемез», «Бинечер», «Апсаты» деген жырлар қалған. Қарашайлардың киімі "шепкен", "жамшы", "қабдал", "шалбар" менен "бөріктен" (орыстар оны «папаха» деп атайды) құрастырылған. Бөрікті қаракөл қойының жүнінен жасаған. Бөріктің түрі, түсі, сапасы әлеуметтік табынан тәуелді еді. Қарашайлардың тағамдары ет, сүт және көкөністерден құрастырылған. "Баста" деген тары ботқа негізгі тағамдарының бірі еді. "Айран", "қаймақ", "ірімшік" кең жайылған. "Хычин" деген шелпектерін пісіреді. Шұжықтар, орамаларды жасайды. Сүт, май, тұз бен бұрыш қосылған шай ішеді. Нанды жиі өздері пісіреді. Діні. Қарашайлардың ата-бабалары табиғаттың күштеріне сыйынған. Қарашайлардың Тәңірге, аналықтың құдайы Ұмайға, жабайы аңдардың құдайы және жұртқа айран жасаудың сиқырын ашқан "Апсаты" құдайға, бөрілердің пірі Аштутурға сенгені туралы деректер бар. Бөрі қасиетті жануар болып саналанған. Жұрт түрлі әулие ағаштарға, тастарға, бұлақтарға сыйынған. Мысалы, "Жаңғыз Терек" ағашына және "Әсет Байрам" тасына сыйынған. Кейін жұрттың арасында мәсіхшілік діні кең жайылған. 18 ғ. бері қарашайлар Сүнни Исләм дінін ұстайды. Қарашайлар Кавказ соғысы кезінде, Кеңес үкіметі билеген 70 жылдан астам кезеңде, айдауда да мұсылман дінін берік сақтаған. Иса пайғамбардың анасын Мәриямді, христиан апостолдарын да қастерленген. Бірақ қазір бұл қарашайлардың тарихы мен мәдениетінің бір бөлшегі болып қалды. Қарашайлардың діні ше жалғыз Құдайға, Аллаһқа табынып, Мұхаммед пайғамбардың хадистерін сыйынып тұру. Хычин. Хычин — қарашайлар мен малқарлардың ұннан жасалған ұлттық тағамы. Бидай, жүгері немесе тары ұннан жасалған жұқа, жұмсақ шелпектер. Қарашайлардың хычиндары малқар хычиндарынан өзгешеленеді және Бақсан, Холам, Малқар, Шегем қапшағайларында хычиндардың әр қапшағайда өзара бірнеше түрлері бар. Хычинның ішіне негізінде ірімшік, кейде ет, кәртоп, аскөк салады. Хычиндарды табада пісіреді. Үстіне бір кесек сары май қояды, хычиндар пісіргенде май еріп, олаға сінеді. Хычиндар майлы, жұмсақ әрі дәмді болып кетеді. Хычиндардың дәмдісі ең жұқа хычиндар. Қарашай-Шеркеш мен Қабарда-Малқар республикаларының қалалар мен ауылдарында хычиндар жұрт ұнататын тағамына айналып, оны әр үйде, әр асханада, әр дәмхана пісіреді. Хычиндарды жиі айранға илеп жейді. Бертін кезде, Қазақстанда да қарашай мен малқарлар тұрғандықтан хычиндар кең жайылған, жұрт оны өз ұлтына қарамастан қатты ұнатып жейді. Дөнер кәуап. Дөнер кәуап - тағамдардың түрі. Түрік халқының ұлттық тағамы, түрікше "döner kebab" деп аталады, қазақша мағынасы "айналатын кәуап". Бұл кәуаптің немесе еттен жасалған тағамдарының бір түрі. Дөнер кәуап Түркияда пайда болған, бірақ кейде бұл тағам араб елінде пайда болып "шаурма" деп атаған, кейін араб елдері Осман империясының бір бөлшегі болған кезде, түріктерге келді дейді. Керісінше, дөнер кәуаптың шаурмамен ұқсастығы болса да, бұл мүлдем басқа тағам, деген пікір де бар. Сол пікір бойынша, дөнер кәуап шашлык (кәуап), люля кәуап, адана кәуап, тағы басқа осман, әзірбайжан, Кавказ түркі халықтарының еттен қуырылып жасалған тағамдарға ұқсас, кәуаптің бір түрі, түрік халқының, тіпті түркі халықтарының тағамы. Қалай болса да, дөнер кәуаптің ең кең жайылған жер Түркия, жер жүзіндегі жұрт бұл тағамды түрік ұлттық тағамы деп санайды. Соңғы жылдарда, дөнер кәуап Еуропа, Америка, ТМД мемлекеттерінде кең жайылған. Қазақстан тәуелсіздігін алып, бауырлас Түркиямен қарым-қатынастары дамытқан соң, бұл түрік тағамы Қазақстанда кең жайылып, жұрт сүйетін тағамдарының біріне айналған. Дөнер кәуаптің негізі - сапыға салынған тұлғаның қасында айналатын ет (кәуап). Сол кәуапті пышақпен турап, нанның, шелпектің бір түріне (лавашқа, түрікше "ekmek", мағынасы "нан") салады, қуырылған картоп, помидор (қызынақ), қияр, пияз, сәбіз қосады, кетчуп, майонез құяды да орайды. Дөнер кәуапті ораған соң, тағамды "дөнер дүрім" ("döner dürüm"), немесе "айналатын орама" деп атайды. Дөнер кәуапті лаваш шелпекке(екмекке) емес, екі тілім жай нан арасында салса, оны дөнер сэндвич деп атайды. Табаққа салса, Ыстанбұл кебаб, Ескендір кебаб деп атайды, бұл аймақ пенен рецепттен байланысты. Шелпек. Шелпек, - ұннан жасаған тағам, нанның бір түрі. Шелпектің пішіні - шеңбер. Ол табада немесе тандырда пісіріледі немесе майда қуырылады, қабатты (қатпарлы) қамырдан, май мен сүтке иленген қамырдан, тұзданған немесе тұщы қамырдан жасалады. Шелпектің бірнеше түрі бар, тіпті, нанның сипаты жалпақ және дөңгелек болса, әсіресе қамыры жұқа болса, оны шелпек деп отыр. Шелпектің әр халықта бірнеше өзгеше түрлері бар. Мысалы, лаваш шелпек, хычин, лакум, қыстыбый, тортилья, лепешка, қаптама, патыр, чаппати, кадзюри, момы, шөрек. Шелпектің ұнның алуан түрлерінен дайындайды. Мысалы, бұлғар мен румындар шелпекті картоптан, картоп ұнынан да пісіре алады. Мексикандықтар тортилья шелпектерін жүгері ұнынан пісіреді. Орыс, қазақ, қырғыз, өзбек, түрік, араб, үндіс, армян, тәжік, түрікмен халықтары негізінде бидай ұнынан жасайды. Кей кезде тары, арпа ұнынан шелпектерін жасаған. Қытайлықтар, корейліктер, жапондықтар күріш ұнынан пісіріп жасайды. Кей кезде шелпектің ішіне бірденені салады. Мысалы, қарашай мен малқарлар хычиндарға картоп, ірімшік, ет салса, өзбектер пиезли нонға пияз салады. Өзбектердің патыр деген шелпектері қойдың құйрық майында қуырылып, қатпарлы болады. Қазақтарда да қатпарлы қаптама деген шелпектің түрі бар. Үндістердің чаппати шелпегі табада емес, тандырда пісіріледі. Корейліктердің кадзюри шелпегі тәтті болса, қытайлықтардың момы желімтек, жабысқақ болады. Бірақ шелпек тек нанның дөңгелек, жұқа түрін жалпы атауы ғана емес, қазақтың арнайы бір тағамның атауы. Қазақтарда қатпарлы қаптама ғана шелпек емес, майда қуырылатын жұқа шелпектер деген тағам бар. Бұны қазақтар негізінде адам қайтыс болған кезде, өлгендерге ас бергенде, бата оқығанда, жұма күнде, діни мерекелерде жасалады. Шелпекті мұсылман мерекелерінде пісірсе де, шелпектің исламға еш қатысы жоқ. Дүние жүзінде шелпек ежелгі заманда Күннің нышашы болып еді. Сол кезде жұрт Күнге табынған. Зороастр дінінде де Күнге сыйыну салты болып, Күнге арнап шелпектерді пісірілген. Ислам діні келгенімен, қазақтарда дәстүрлі шелпектерді пісірілуі тоқтамады. Қазір де қазақтар арасындағы кейбір мұсылмандар, ислам дініне жат салтты тоқтату керек, шелпекті пісіруін ислам дінімен шатаспау керек дейді. Бірақ қазір шелпек пісіру халқымыз үшін діни құбылыс емес, мәдениеттің бір бөлшегі, ұлттық тағамның бір түрі болып саналайды. Нәдіров, Нәдір. Нәдіров, Нәдір Кәрімұлы (1932 ж.) - Қазақстандағы күрттердің жетекшісі. 1932 жылы Әзірбайжанда күрттердің отбасында дүниеге келді. 1937 жылы ата-анасымен Қазақстанға "Отанды сатқан Кеңес үкіметіне қауіпті халықтың" өкілі ретінде айдалған еді. Бес жастан бастап өзін қазақстандық деп санайды. Химия ғылымдарының докторы, профессор, академик, еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығының иегері, КСРО-ның еңбек сіңірген мұнайшысы, бірнеше мемлекеттік марапаттарының иегері. 1999 жылдың қаңтардың 22-інде Қазақстандағы күрттердің "Барбанг" ассоциациясы ашылған соң, соның ұйымдастырушыларының бірі болып, ассоциациясының президенті, яғни еліміздегі күрттердің жетекшісі болып тағайындалды. Бһутто, Бенәзир. Бһутто, Бенәзир (;,) (1953—2007) — Пәкістанның премьер-министрі, Пәкістан Халық Партиясының жетекшісі. Тек қана Пәкістанда ғана емес, мұсылман елдері арасында премьер-министрдің деңгейіне жеткен тұңғыш әйел. 1953 жылы Карачи қаласында дүниеге келді. Әкесі — саясатшы, мемлекеттік қайраткер, кейін Пәкістан Халық Партиясының ұйымдастырушы әрі тұңғыш жетекшісі, Пәкістанның премьер-министрі және президенті Зүлфікар-Әли Бһутто еді, анасы Иранда туған, Пәкістанға көшкен күрт еді, оның аты Нусрат Бегум еді, кейін күйеуінің Бһутто тегін, өзінің тегі ретінде алды. Бенәзир деген есім араб тілінен аударғанда «аяусыз» деп аударылады. Шынында да, марқұм Бенәзир Бһутто адал, әділет жолынан бұрылмай, мақсатынан бас тартпай, құндылықтарды өзгермеуші еді. Жекеменшік мектепте оқып, кейін батыс жоғары білімін алып, сауатты, оқымысты адам еді. Әкесін жолын қуып саясатпен айналысты. 1977 жылы Зүлфікар-Әли Бһуттоны билігін құлатып, өлтіргеннен кейін, Бенәзир абақтыға түседі, бірнеше жыл үйінде қамаған еді. 1984 жылы елінен көшіп кетеді. Бірақ, 1988 жылы Пәкістан жетекшісі Зия-үл-Хақ әуе апатында қаза тапқаннан кейін, Пәкістанға оралып, сайлауға қатысады. Бһуттоның партиясы жеңіп, Бенәзир премьер-министр болып кетеді. 1990 жылы Бенәзир Бһутто биліктен кетеді, бірақ 1993 жылы премьер-министрдің орнына оралады. Бенәзир Бһуттоның билігін Пәкістан Мұсылман Лигасының Наваз Шарифтің фракциясы құлатады, билікке Наваз Шариф келеді. 1999 жылы Пәкістанның жетекшісі Первез Мұшарраф болған соң, Бенәзир елінен тағы да көшіп кетеді. Сегіз жылдан кейін, Бһутто өміріне қаупіне қарамастан Пәкістанға қайтып, сайлауға қатысқы келеді. Бірақ сайлау үрдісі өткен кезде, 2007 жылының желтоқсанның 27-інде Равальпинди қаласында Бһутто лаңкестік актінің құрбаны болып, қаза табады. Бенәзир Бһутто Пәкістанның демократизация үрдісіне, халықтың өмір деңгейін көтеруіне, сауатын ашуына үлкен үлес қосты. Пасха. Па́сха (;  — "песах" — мағынасы «өтіп кету»), мәсіхшілік діні бойынша Христостың қайта тірілуінің нұрлы мейрамы () — христиан дінінің ежелгі әрі ең маңызды мейрамы, Христостың өліп, қайта тірілуінің құрметіне тойланады. Христиан діні бойынша, Иса Мәсіх пайғамбардың «Христос» деген лауазымы бар, ол Құтқарушы және Құдайдың Ұлы. Ислам дінінің Пасхаға деген көзқарасы. Ислам діні бойынша, Иса Мәсіх пайғамбар Адам пайғамбарға тең, өйткені ол да Адам сияқты әкесіз жаратылды. Бірақ Адам пайғамбардың (бар адамдардың түп атасы) атасы да анасы болмаса, пайғамбар Иса Мәсіх әкесіз, жалғыз анасы Мәриям арқылы дүниеге пайда болған. Ислам діні бойынша, Алланың серіктері жоқ, соңдықтан пайғамбар Иса Мәсіх әулие, ерекше адам болса да, ол бағынуға лайық, бірақ оған Құдайдай табынуға болмайды. Екіншіден, Ислам діні бойынша пайғамбар Иса Мәсіх өлмеген, Алла оны өзіне алған, ал Иса Мәсіхтің тірілуі Пасха жексенбісінде болмаған, ол Ақыр заманда, Қиямет күнінде қайтып дүниеге келеді, өйткені ол тек пайғамбар емес, ол Мәсіх, оның ерекше миссиясы бар. Соңдықтан мұсылмандар Пасха күнін тойламайды. Бірақ христиандарды «Кітаптің адамдары» деп, олардың діни көзқарастарын құрметтейді және христиандар үшін Пасха мейрамының маңызын түсінеді. Мейрамның пайда болуы. Христиандардың Исаның Нағыз Шіркеуі де Пасханы тойламайды. Кейбір протестанттар Пасханы тойласа, Пасхалық дәстүрлеріне қарсы шығады. Бұрын яһудилер Мысырдан Мұса пайғамбармен қашып құтылуын тойлаған. Бұл мейрамды Песах деп атаған. Бұны жексенбі күні тойлаған. Христиан діні бойынша, пайғамбар Иса Мәсіх дәл осы күні тірілген. Соңдықтан, христиандар Песах мейрамына жаңа мәні беріп, «Песах» деген яһуди сөзін алып, оны юнанша (грекше) Пасха деп атай бастады. Ағылшындар Пасханы өз тілінде «Easter» деп атаса, орыстар юнан сөзін пайдаланады. Алдыменен яһудилер мен христиандар Пасханы бір күні тойлаған, бірақ оған түрлі мән берген. Кейін, христиандар мейрамын бір аптаға кейін ауыстырды. Тарихы. 2 ғасырдан бастап, Пасха христиандардың ресми діни мейрамына айналған. Бірақ әр шіркеу оны өзінше тойлаған, әр мазхаб оны өз күнінде, өз дәстүрімен атап өткен. Соңдықтан, Ұрым, Александрия мен Кіші Азия шіркеулері арасында «Пасхалық дау» пайда болған. Ақырында бұл дау, епископтардың Никей синодында шешілген. Осылайша, 325 жылдан бастап Пасханы көктемгі күн мен түннің теңелуі күнінен (бұл құбылыс Наурызға сәйкес, наурыздың 21-інде болады) кейін бірінші толған айдан кейін келесі жексенбіде тойлайды. Осылайша, Пасханың уақыты әр жылы әр күнге түсіп отырады, бірақ сәуір айында немесе мамыр айының басында болады. Бұл мейрамның тойлайтын күні ай күнтізбесі және күнтізбесінің екеуі бойынша есептеледі. 1583 жылы папа Григорий 13-інші жаңа күн күнтізбесін енгізген. Бұл қазір біз пайдаланатын григориан күнтізбесі. Бұл күнтізбе бойынша Пасха мейрамы бұрынғы тойлайтын күннен екі аптаға кейін ауыстырды. Орыс православ шіркеуі қазірге дейін григориан күнтізбесіне әлі де көшпей, юлиан күнтізбесін қолданып отыр. 16 ғасырда католик шіркеуінен жаңа протестант шіркеуі бөлініп шықты. Бірақ олар да григориан күнтізбесін пайдаланады. Соңдықтан католиктер мен протестанттардың Пасханы тойлайтын күні православ христиандардың тойлайтын күнінен бөлек. Бірақ айырмашылығы Рождество мейрамының, басқа діни мейрамдар сияқты, әр жылда екі апта емес, өйткені Пасхадан басқа әр мейрамның тойлайтын күні әр жылда өзгермейді, Пасханың тойлайтын күні болса әр жылда өзгереді. Кей жылдарда христиан дінінің әр мазхабы Пасханы бір күнде тойлайды. 1997 жылы Сирияның Алеппо қаласындағы саммитінде, Шіркеулердің Дүниежүзілік Кеңесі Пасханы әр жылда бір күнде тойлап, дүние жүзінде католик, протестант пен православ христиандардың арасында Пасханы тойлау рәсімінің айырмашылығын жойғысы келді. Бірақ бұл бастаманы еш шіркеу қолдамады. Сондықтан бұл мәселе әлі де шешілмеген. Пасханың дәстүрінің бірі әл-Құдыста түсетін киелі отты алып, оны дүниенің бар ірі шіркеулеріне жеткізу. Қазір, ұшақтар бар кезде бұл мүмкін болып отыр. Бұрын киелі от тек қана әл-Құдыста түскен, әлем бойынша әр шіркеудің жанында алау жағылған. Мейрамды өткізудің дәстүрлері. Христиандар Пасха күнінде жұмыртқаларын түрлі түске бояйды, ал Ресей мен Балкан елдерінде сол түрлі-түсті жұмыртқаларын бір-бірімен қақтығыстырады. Бұрын орыс селоларында жұмыртқаларды төбенің басынан домалатып жарыс ұйымдастыру дәстүрі болған. Балкан елдерінде Пасха мейрамында мұсылмандар Құрбан айттағыдай қой сойып, салтанатты тағамдарын дайындайды. Бұлғарстанда бір мейрамында бір қойын түгелдей қуырылып дастарқанға қояды. Бір қойды таба алмаса, қой санынан дөнер кәуап сияқты «бедро» деген тағам жасайды немесе шашлык кәуапты ғана қуырып жасайды. Еуропада католиктер мен протестанттар Пасхалық қояндарын жасайды. Оны ойыншық немесе қоянның сипаты бар шоколад түрінде жасайды. Германияда түрлі-түсті жұмыртқаларымен фонтандарды, хауыздарды және бұлақ көздерін әшекейлейді. Православ христиандар бір-бірін бетінен сүйеді, Пасха мейрамымен құттықтайды, бір-біріне «Христос тірілді!» дейді, оған «Шынымен тірілді!» деп жауап береді. Иегованың куәгерлері Пасханың дәстүрлеріне қарсы шығып, тек Христостың тірілуіне сеніп, бұл күнде бір-бірін құттықтап, мейрамын Құдайға арналған дұғаларында өткізеді. Шахзода. Шахзода (шын аты Мұсаева Зилола Баходирқызы;) — қазіргі замандағы өзбек поп әншісі, Өзбекфильм түсіретін кино әртісі. 1980 жылында шілде айының 28-іде КСРО-ның астанасы Мәскеу қаласында дүниеге келген. 1980 мен 1987 жылдар арасында Зилоланың отбасы іс бойынша Мәскеуде тұрған. 1987 жылы Ташкентке көшіп келді. Жеті жастан бастап Зилола Өзбекстанның астанасында тұрады. Ташкенттің нөмір 80-інші мектебінде бесінші сыныпқа дейін оқыған. Кейін нөмір 307-інші гимназияға ауыстырды. 1997 жылында жоғары бағалармен гимназияны бітірді. 1999 жылы Украинаның астанасында Kиев Мемлекет Университетіне түсті, бірақ музыка үстін алып, Зилола оқуын тастап, музыкамен тығыз айналысуға кетті. Сол кезде арнжировщик пен композитор (сазгер) Вагиф Закиров арқасында Зилола мен оның мектептен досы болған Нателла «Жоним» (жаным) деген тобын құрастырады. Екі айдан кейін «O‘tib ketadi» деген альбомы шығады. «Qarama qo‘zlarimga» деген клип түсіріледі 2001 жылынан бастап, Шахзода атымен жеке өзі сахнада ән айтады. «Тарона Рекордс» компаниясымен жұмыс істейді. 4 альбомдарын шығарды. Олар «Бор экан», «Бахт булади», «Керагимсан», «Бахтлиман». Көп таралыммен шыққан. Қазір бесінші альбомның шығаруда. Шахзода негізінде өзбек және орыс тілдердінде ән айтады. Тәжік тілінде қазіргі таңда екі ән бар - "Ману таңхо" және "Нағз мебинам". Қазақ тілінде де бір ән бар, бұл "Арманым" әні. Павел Недвед. Недвед, Павел (1972), - футболшы. Павел Недвед 1972 жылы тамыздың 30-ында Чехияның Хебта туған. Бойы 1 метр 77 сантиметр, салмағы 70 килограмм. "Алтын топтың" миегері, 2003 жылының Еуропаның ең үздік футболшысы. World Soccer версиясы бойынша әлемнің 2003 жылының ең үздік футболшысы. Еуропаның 1996 жылының вице-чемпионы. 1999 жылының кубогын иегері, 1998 жылының УЕФА кубогының финалисті. 1993 жылының Чехия мен Словакияның чемпионы. 1994 - 1995 жылдарының Чехияның чемпионы. 1996 жылының Чехия кубогының иегері. 2002 - 2003 жылдарының Италияның чемпионы. 1998 - 2003 жылдарының Италияның Суперкубогының жүлдегері. 2000 жылынан бастап Чехияның құрамы командасын капитаны. Чехия футболының тарихының ең қымбатты ойыншысы. "Ювентус" клубы оны 40 млн. доллар үшін сатып алған. Қазірде "Ювентус" клубының шабуыл жасайтын жартылай қортушысы. Фархадбек Ирисметов. Ирисметов, Фархадбек (1981) - Қазақстан футболшысы. Фархадбек Ирисметов 1981 жылының тамыз айының 10-ында дүниеге келген. Қорғаушы. Бойы 1 метр 76 сантиметр. Салмағы 69 килограмм. Қазірде "Қайрат - Алматы ҚТЖ" командасында қорғаушы болып ойнайды. Қазақстан құрама командасының ойнаушысы. Қазақстан құрама командасында алғашқы ойыны 28 сәуір 2004 жылында Әзірбайжан құрама командасымен матчі еді. Нұрбол Жұмасқалиев. Жұмасқалиев, Нұрбол Жәрдемұлы (1981), - Қазақстан футболшысы. Нұрбол Жұмасқалиев 1981 жылы мамырдың 11 жұлдызында Орал қаласында дүниеге келген. Бойы 1 метр 76 сантиметр. Салмағы 68 килограмм. Жартылай қорғаушы. Қазірде Қостанайдың "Тобыл" футбол клубында жартылай қорғаушы болып ойнайды. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы ойыншысы. Қазақстан құрама командасында алғашқы ойын Эстониямен матч болғанда 2001 жылының 14 қарашада өткізді. «Нарын». Нұрбол Жұмасқалиев Қазақстанның батысында дүниеге келді. 6 жасынан бастап футбол ойнай бастады. Оның бірінші жаттықтырушысы Болат Шалаев болған. 11 жасында Қазақстанның барлық жерінен жас өрендерді жинап жүрген «Намыс» (Алматы) клубына ауысқан. 16 жасында Нарынға шақырту алған. Нұрболдың клубы Қазақстан Суперлигасында өнер көрсеткен. Алғашқы матчын Теміртаудың Болат ФК клубына қарсы өткізген. Бүткіл маусым бойы Нарын бірде бір ойында жеңіске жете алмады. Сөйтіп Нарын бірінші лигаға түсіп қалды. «Жетісу». Берік Арғымбаевтың шақыртуымен Талдықорғанның Жетісуына ауысып келді. Жұмасқалиев негізгі құрамда ойнады. Жаттықтырушысы оны шабуылдаушы жартылай қорғаушы рөлінде ойнатты. Клуб маусымды 15 орынмен аяқтады. Жұмасқалиев Суперлигада 30 кездесудің 24 інде алаңға шықты. «Тобыл». 2000 жылы Нұрбол Жұмасқалиев өзінің клубтасы Абай Аманбаевпен бірге Қостанайдың Тобылынан келген ұсынысты қабылдайды. Бірінші маусымда-ақ Нұрбол маусымның ең үздіктерінің бірі атанады. Артынан ол команданың көшбасшысы және капитаны болды. Тобылға ауысқаннан кейін ол Қазақстан құрамасына шақырту алды. 2008 жылы Нұрбол Ақтөбеге қарсы «алтын матчта» ойнады. Пенальти сериясында ол шешуші допты соға алмады. Бүл маусым оған күйреу маусымы болды. Екі рет Интертото Кубогы, бір рет УЕФА кубогында өнер көрсетті. 2003 жылы Нұрбол «Тобылдың» сапында 2 кезеңде жеңіске жетті. 2006 жылғы УЕФА кубогында Базелдің қақпасына доп соқты. (Екі ойынның қорытындысы бойынша «Базель» 3-1 есебімен жеңіске жетті). 2007 жылы шетелдік 3 клубты жеңіп,«Тобыл» Интертото кубогын жеңіп алған командалардың бірі болды. «Галатасараймен» 1-1 болған ойында есеп ашты. Европа Лигасында «Зриньски» қақпасына доп соғады. Ұлттық құрама сапында. Футболдан Қазақстан Ұлттық құрама сапында 2001 жылы қазанның 16 жұлдызында Эстония құрамасына қарсы алғашқы кездесуін өткізді. Алғашқы добын Армения құрамасына соқты. Жеке өмірі. Үйленген. Жолдасының есімі - Әсел. 2001 жылы 4 ақпан күні Нұрбол қызды болды. Рұслан Балтиев. Балтиев, Рұслан (1978), - Қазақстан футболшысы. Рұслан Балтиев 1978 жылы қыркүйек айның 16-сында дүниеге келген. Қазақстан құрама командасының ойнаушысы. Жартылай қорғаушы. Қазақстан құрамы командасында алғашқы ойыны 1997 жылы қыркүйектің 2-сінде Қытаймен матчында өтті. Қазірде Ресейдегі "Жемчужина-Сочи" футбол клубында жартылай қорғаушы болып ойнайды. Самат Смақов. Смақов, Самат (1978), Қазақстанның футболшысы. Самат Смақов 1978 жылы желтоқсан айының 8-інде Семей қаласында дүниеге келген. Бойы 1 метр 81 сантиметр. Салмағы 66 килограмм. Қорғаушы. "Актөбе" клубында ойнайды. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы. Құрама команда сапындағы алғашқы ойыны 2000 жылы наурыздың 31-інде Ұрдония командасымен матчында өтті. Қазақстанның ең үздік футболшыларының бірі. Ұлттық құрама. Үйленген. Жұбайының есімі - Ұма. Балалары - Самира және Аламгир. Мақсат Байжанов. Мақсат Байжанов (06.08.1984 ж.), - Қазақстанның футболшысы. Мақсат Байжанов 1984 жылы тамыз айының 6-сында дүниеге келген. Бойы 1 метр 78 сантиметр. Салмағы 69 килограмм. Жартылай қорғаушы. Футболшылық карьерасын Қызылорданың Қайсар ФК-ында бастаған. Бүгінгі күні Павлодардағы "Ертіс" клубында ойнайды. Қазақстанның құрама командасының ойыншысы. Құрама команда сапындағы алғашқы ойыны 2005 жылы қаңтардың 29-ында Жапония командасына қарсы болған матчта өтті. Дәнияр Мұқанов. Мұқанов, Дәнияр Жексенұлы Қазақстан футболшысы. Дәнияр Мұқанов 1976 жылы қыркүйек айының 26-сында дүниеге келген. Бойы 1 метр 80 сантиметр. Салмағы 76 килограмм. Қорғаушы. Қостанайдағы "Тобыл ФК" клубында ойнайды. Қазақстанның құрамы командасының ойнаушысы. Құрамы командасында алғашқы ойыны 2002 жылы сәуірдің 17-інде Латвия командасымен матчында өтті. Ұлттық құрама сапында. Ұлттық құрама сапында Дәнияр 12 кездесу өткізіп 1 доп соқты Давид Лория. Лория, Давид(1981), Қазақстанның футболшысы. Давид Лория 1981 жылы қазан айының 31-інде дүниеге келген. Ұлты гүржін. Бойы 1 метр 79 сантиметр. Салмағы 70 килограмм. Қақпашы. Елордамыз Астанадағы "Жеңіс" клубында (қазір бұл клуб "Астана" деп атайды) көп жыл ойнады. Кейін Қарағандының "Шахтер" клубына ауыстырды. Қазақстанның құрамы командасының ойнаушысы. Құрамы командасында алғашқы ойыны 2000 жылы мамырдың 26-сында Сирия командасымен матчында өтті. Александр Крохмаль. Крохмаль, Александр(1981), - Қазақстанның футболшысы. Александр Крохмаль 1981 жылы қараша айының 22-сінде дүниеге келген. Бойы 1 метр 80 сантиметр. Салмағы 80 килограмм. Шабуылшы. Шымкенттегі "Ордабасы" клубында ойнайды. Қазақстанның құрамы командасының ойнаушысы. Құрамы командасында алғашқы ойыны 2005 жылы маусымның 4-інде Украина командасымен матчында өтті. Денис Родионов. Родионов, Денис (1985),- Қазақстанның футболшысы. Денис Родионов 1985 жылы шілде айының 26-сында дүниеге келген. Бойы 1 метр 77 сантиметр. Салмағы 72 килограмм. Шабуылшы. "Атырау" клубында ойнайды. Қазақстанның құрамы командасының ойнаушысы. Құрамы командасында алғашқы ойыны 2004 жылы қыркүйектің 8-інде Украина командасымен матчында өтті. Александр Кучма. Кучма, Александр (1980), Қазақстанның футболшысы. Александр Кучма 1980 жылы желтоқсан айының 9-ында дүниеге келген. Бойы 1 метр 77 сантиметр. Салмағы 73 килограмм. Қорғаушы. Польшаның "Рух" клубында ойнайды. Қазақстанның құрамы командасының ойнаушысы. Құрамы командасында алғашқы ойыны 2005 жылы тамыздың 17-сінде Гүржістан (Грузия) командасымен матчында өтті. Олег Литвиненко. Литвиненко, Олег (1973), Қазақстанның футболшысы. Олег Литвиненко 1973 жылы қараша айының 22-сінде дүниеге келген. Бойы 1 метр 77 сантиметр. Салмағы 73 килограмм. Шабуылшы. Алматыдағы "Алма-Ата" клубында ойнайды. Қазақстанның құрамы командасының ойнаушысы. Құрамы командасында алғашқы ойыны 1996 жылы маусымның 14-інде Катар командасымен матчында өтті. Андрей Карпович. Карпович, Андрей(1981), - Қазақстанның футболшысы. Андрей Карпович 1981 жылы қаңтар айының 18-інде дүниеге келген. Бойы 1 метр 76сантиметр. Салмағы 73 килограмм. Жартылай қорғаушы. "Қайрат-Алматы ҚТЖ" клубында ойнайды. Қазақстанның құрамы командасының ойнаушысы. Құрамы командасында алғашқы ойыны 2000 жылы желтоқсанның 10-ында Біріккен Араб Әмірліктері командасымен матчында өтті. Дәнияр Кенжеханов. Кенжеханов, Дәнияр(1983), - Қазақстанның футболшысы. Дәнияр Кенжеханов 1983 жылы қаңтар айының 20-сында дүниеге келген. Бойы 1 метр 78 сантиметр. Салмағы 70 килограмм. Шабуылшы. Өскемендегі "Шығыс" клубында ойнайды. Қазақстанның құрамы командасының ойнаушысы. Құрамы командасында алғашқы ойыны 2005 жылы тамыздың 17-сінде Гүржістан құрамасына қарсы өтті. Дания футбол одағы. Данияның Футбол Одағы - Данияның футбол ұйымы, құрама командасы. 1899 жылы мамырдың 18-шы жұлдызында ұйымдастырылған. 1904 жылынан бастап ФИФА (Халықаралық Футбол Ассоциацияларының Федерациясының) мүшесі. Президенті - Алан Хансен. Ұлттық құрама командасының бас тренері - Мортен Ольсен. Ұлттық стадионы - "Паркен", Копенгаген қаласында орналасқан. Бұл стадионда 42 мың 075 адам сияды. Құрама командасының түстері - қызыл/ақ/қызыл, Данияның жалауына сәйкес. Құрама команданың алғашқы матчі - Франция құрама командасымен 1908 жылы қазан айының 19-ыншы жұлдызында өтті. Бұл ойында Дания Францияны 9:0 есебімен жеңді. Жалпы 704 (+326=134-244, 1342-1020) ойын өткізді. Данияның құрама командасы 1332 жылындағы Еуропаның чемпионы, Конфедерация Кубогының 1995 жылындағы жеңіскері. 1908, 1912, 1960 жылындағы Олимпиялық ойындарының чемпионы. 1984 жылындағы Еуропаның чемпионатының қола жүлдегері. 1988, 1996, 2000 және 2004 жылдарының Еуропа чемпионаттарында қатысты. 1386, 1998, 2002, 2006 жылдарындағы Әлем чемпионаттарында қатысты. 1948 жылындағы Олимпиаданың қола жүлдегері. Қажыбек, Ерден Задаұлы. Ерден Задаұлы Қажыбек — Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитетінің төрағасы. Филология ғылымдарының кандидаты (1981), филология ғылымдарының докторы (1989). Голландық Шығыстанушылар Қоғамының (Утрехт), Қазақстанның Әлеуметтік ғылымдар академиясының, «Türk Dil Kurumu» Түрік Лингвистикалық Академиясының (Анқара), Қытай Билингвистикалық Білім беру Ғылыми-зерттеу Академиясының (Бейжін) толық мүшесі, Халықаралық Ресей Түркологтары Комитетінің (Мәскеу), Қыбыр Америка университеті басқармасының (Қыбыр) мүшесі, «Түркология» халықаралық ғылыми-теориялық журналы редакция алқасының (Бақы), «Türk Yurdu» халықаралық ғылыми-теориялық журналы редакция алқасының (Анқара) мүшесі, Қазақстан-Ливия Достық және мәдени байланыс қоғамы басқармасының президенті. Қысқаша өмірбаяны. 1955 жылы туған, ұлты қазақ. 1972—77 жылдары академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде. 1977—80 жж. — ҚазКСР Ғылым академиясы Тіл білімі институтының «Түркология» мамандығы бойынша аспирантурасында. 1986—88 жж. — КСРО Ғылым академиясының докторантурасында білім алған. 1981—99 жж. — ҚазКСР ҒА Тіл білімі институтының кіші ғылыми қызметкері, ғылыми хатшы, Түркология және қазақ тілінің тарихы бөлімінің меңгерушісі, ҚР ҰҒА Шығыстану институтының директоры, «Қазақстан» Ақпараттық-талдау орталығының директоры қызметтерін атқарды. 2002 ж. Солтүстік Қыбырдағы Түркия Республикасының Құрметті Консулы. 2003 ж. Қыбырдағы Америка Университетінің Қорғаншылық Кеңесінің мүшесі, Америка Ағарту Консорциумының Орталық Азиядағы өкілі, Еуропа қыпшақтары қоғамының тең төрағасы (Будапешт, Мажарстан). 2005 ж. Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ профессоры, ҚР БҒМ А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, «Қазақ тілінің этимологиялық сөздігі» және «Қазақ тілінің морфонологиясы» ғылыми жобаларының жетекшісі. 2006 ж. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің төрағасы. Насырұлла әмірші. Насырұлла — Бұқар әміршісі. 1826 жылынан бастап 1860 жылына дейін Бұқар әміршілігінің билеушісі еді, лауазымы хан еді. Әмірші Хайдар ханның баласы. Әкесінің өлтіруінен соң, таққа отырды. Таққа отырған соң, Насырұлла бар аға-інілерін өлтірді. Бұл кезде Орта Азия солтүстік жақтан Ресейден және оңтүстік жақтан Ұлыбританиядан қысымын сезді. Екі империя бұл аумаққа әсер еткісі келді, оны өзінен тәуелді еткісі келді. Ресей мен Ұлыбритания әсер ету тынық күресін бастады. 1842 жылы Ұлыбритания Бұқар әміршілігіне барлаушы елшілерін Чарльз Стоддарт мен Артур Коннолиді жіберді. Насырұлла оларды Обхана жер астындағы абақтысына отырғызып, өлтірді. Кейін Ұлыбритания жоғалып кеткен өз азаматтарын қалпын білу үшін 1843 жылы Джозеф Вольфті жібереді. Әмірші оны да Обханаға отырғызды, бірақ кейін оған азат берді. Вольф Ұлыбританияға қайтып, барлаушылардың ажалы туралы хабарланды. Батыс мемлекеттерде Әмірші Насырұлла ханды бұл оқиғаның арқасында біледі. Қазақстан тарихында Насырұлла хан Кенесары ханымен ерекше қатынастарының арқасында қалды. Бұқар әміршілігі көршілес елдерін жаулап алғысы келген. Алдыменен Хиуа менен Қоқан хандығын жаулап алып, оларды өзіне қараған бектіктеріне айналдырғысы келді. Ал Қоқан менен Хиуа хандықтары сол кезде қазақтардың кейбір жерін жаулап алып, қазақтарға зорлық көрсетті. Сол кезде Кенесарының отарлау саясатына қарсы көтерілісі басталды. Кенесары Қоқан хандығымен соғыс ашты. Дәл сол кезде Бұқар әміршілігі мен Қоқан хандығы арасында да соғыс басталды. Осылайша, Кенесары Бұқар әміршісі Насырұлла ханның одақтасы болып шықты. Қоқанмен соғыс ашуының алдында Насырұлла Қоқанның ханы Мәделіге елші жіберіп, оған Бұқардың әміршісіне бағынуға бұйрық береді. Екінші, Мәделі ханға өз әйелімен ажырасуға бұйрық берді. Мәделі хан өзінің Хан Паджа Айым деген жас сұлу өгей шешесіне үйленді, бұл қылық ше шариғатқа қарсы. Бұқар әміршісі Насырұлла, Мәделі хан шариғат жолынан бет бұрды деп, оны әйелімен ажыратып, Хан Паджа Айымға өзі үйленгісі келді. Мәделі хан Бұқар әміршісінің елшілерін өлтірді. Насырұлла соғыс ашты. 1840 жылы Насырұлла өз әскерін Ұра — Төбеге жіберіп, Ұра — Төбені алып, Қоқанға жолын ашты. Қоқан сарбаздары шайқас майданынан қашты. Мәделі хан бір кезеңде екі жаумен күресті. Осындай қалыпта, Кенесары төрт мың әскерімен Ташкентті қамалады, Жаңақорған, Созақ, Жөлек, Ақ-Мешітті алды. Қазақтарды Қоқан билігінен азаттанып, өзіне бағындырды. Сөйтіп, Бұқар әміршісіне Мәделі ханмен жәрдем етті. 1842 жылы сәуір айында Насырұлла Қоқанды алып, Мәделі ханды өлтірді. Жәрдем көрсеткені үшін, Насырұлла Кенесарыға алғысын білдіріп, шапан менен қылышын сыйлады. 1842 жылы Бұқар әміршілігі мен Хиуа әміршілігі арасында қанды жанжал бастады. Соғыс төрт жылдан кейін, 1846 жылы аяқталды. Ел ішінде, Насырұллаға оның қаталдығы үшін «ет союшы» деп лақап берді. Өз астана жұрты үшін, Насырұлла «елдің қан ішетін» билеуші ретінде тарихында қалды. Насырұлланың кезінде Бұқар әміршілігінде қыпшақтар көтеріліс көтерді. Әсіресе, кенегестер, Насырұллаға бағынғысы келмей неше сан көтерілістеді көтерген. Насырұлла 20 жылдың ішінде кенегестер тұратын Шахрисябз атырабына 32 рет шабуыл жасаған. Жанәбіл, Жігер. Жігер Жанәбіл (1956) — Қазақстан тарихшысы. Қытайдың Шинжәң Ұйғыр аутономиялық районында Алтай аймағы жерінде дүниеге келген. Руы керей. Қытай елордасы Бейжіңде оқыған, кейін жоғары білімді АҚШ-та алған. Тарих ғылымдарының докторы (PhD). Қазір ҚМЭБИ-де дәріс береді. Шаһмұрат әмірші. Шаһмұрат әмірші — Бұқар әміршілігінің Маңғыт әулетіне шыққан үшінші билеушісі. Әмір Шаһмұрат 1785 жылынан бастап 1800 жылына шейін билеген. Қолбасшы болғаны үшін және ислам дінің күшейткені үшін оған Ғазы деген атағын берген. Түрікмендердің жерлеріне бірнеше шабуыл жасаған. Түрікмендер оған бетінің түсі сары болғандықтан Сарык деген лақап берді. Иранның шаһына қарсы соғысқан. Батдыев, Мұстафа. Батдыев, Мұстафа Әзірет-Әлиұлы (1950), - Қарашай - Шеркеш Республикасының Президенті. Ұлты - қарашай. 1950 жылы Қазақстанда шаруа отбасында дүниеге келген. 1956 жылы Батдыевтың отбасы туған ауылы Эльтаркачқа, Усть-Джегута ауданына, Қарашай - Шеркешстанға қайтып оралды. 5-ші - 10-шы сыныптарда Черкесск қаласында ұлттық мектеп-интернатта оқыған. 1970 - 1972 жылдарында Кеңес Әскерінің қатарларында қызмет етті. 1978 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінің экономикалық факультетін тамамдаса, 1981 жылында - сол университеттін аспирантурасын бітірді. Мәскеу ашық әлеуметтік университетінің профессорі, ардақты докторы, Қарашай-Шеркеш мемлекеттік Технологиялық институтының профессоры. Мәскеуде оқу бітіріп, Қарашай-Шеркешстанға оралды. 1981 - 1986 жылдары Прикубан(Қобан маңы) аудандағы "Родина" колхозында бас экономист болып жұмыс істеген. 1986 жылынан бастап партияның облыс комитетінің инструкторы, меңгерушінің орынбасары, әлеуметтік-экономикалық бөлімінің меңгерушісі. Ауылшаруашылық-өндіріс кешенінің өзін-өзі қаржыландыруға және өзін өзі өтеушілігіне көшірді. Нәтижесінде, Қарашай-Шеркешстанның ауылшаруашылық өндірістің көлемі бір жарым есе көбейді. 1992 жылынан бастап - Қарашай-Шеркешстанның Мемлекеттік коммуналдық мүліг төрағасы, республиканың үкіметінің төрағасының орынбасары. 1992 жылында қарашай халқының реабилитация бойынша комиссиясын басқарған. 1994 жылынан бастап - экономика саласы бойынша Қарашай-Шеркеш Республикасының үкіметінің төрағасының орынбасары. 1997 жылынан бастап 2003 жылының тамыз айының 31-ші жұлдызына Қарашай - Шеркеш Республикасының Ұлттық Банкінің төрағасы. Сол кезде республиканың банк жүйесі Ресейде үздіктерінің бірі болып қалды. 2000 жылы Владимир Путинді Ресей Федерациясының Президентіне сайлау бойынша республикалық штабын басқарды. 2003 жылының тамыз айының 31-ші жұлдызында Қарашай-Шеркеш республикасының Президенті болып сайланды. Үйленген. Екі бала, төрт немере бар. Балақаев, Мәулен Балақайұлы. Мәулен Балақайұлы Балақаев (1907 жылғы қазанның 7-сінде Түркістанның маңындағы Шаға ауылы — 1995 жылғы қарашаның 15-і, Түркістан қаласы) — қазақ тілтанушысы, көрнекті ғалым. Өмірбаяны. 1929 жылы Шымкенттегі педагогтық техникумды бітірді. Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында аудандық білім беру бөлімінде инспектор, кейін соның жетекшісі болып қызмет атқарды. 1931 жылы Алматыдағы Қазақ педагогтық институтына түсті. Студент кезінде-ақ сол институтта қазақ тілінен сабақ беріп, жаңа термин сөздерді жасап шығаруға, қазақ мектептеріне арналған оқулықтар және оқу құралдарын жазуға атсалысып жүрді. 1934 жылдан бастап алдымен Лениград мемлекеттік тарих, пәлсапа, әдебиет және тілтану мемлекет институтының, сосын Ленинград мемлекеттік университетінің аспирантурасында оқи бастады. Ленинград Шығыс институтының редакторлар мен аудармашылар курстарында қазақ тілінен сонымен қатар сабақ беріп жүрді. Аспирантураны тәмамдаған соң Қазақстанның жоғары оқу орындары мен зерттеу институттарында жұмыс істеді; Коммунистік журналистика институтында кафедра меңгерушісі, Алматы шет тілдері институтының директоры қызметтерін атқарды. 1942 жылы «Қазақ тіліндегі көмекші сөздер» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 1942-1943 жылдары Қызыл Әскердің қатарында қызмет атқарды. ҚазКСР Министрлер кеңесінің аппаратында референт және кеңесші болып жұмыс істеді, С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінде сабақ берді. 1945 жылдан бастап ҚазКСР Ғылымдар Академиясында тұрақты еңбек ете бастады, қазіргі қазақ тілі бөлімін, 1959 жылдан ҚазКСР Тіл білімі институтының тіл мәдениеті бөлімін басқарды. 1950 жылы «Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлем синтаксисінің негізгі мәселелері» тақырыбы бойынша докторлық диссертация қорғады. 1951 жылы оған филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді, 1952 жылдан бастап профессор. 1958 жылы Қазақ КСР Ғылымдар Академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды. Ғылыми еңбегі. Өз еңбектерінде Балақаев қазақ тілінің синтаксисі, стилистикасы мәселелерімен айналысқан. Қазақ тіліндегі негізгі сөз тіркестері және қазақ әдеби тілінің тарихымен де шұғылданған. Алғашқылардың бірі болып қазақ көркем әдебиетінің тілін зерттеумен айналыса бастаған. Жоғары оқу орындарына арналған «Қазіргі қазақ тілі (Синтаксис)» оқулығының, «Қазақ әдеби тілінің тарихы» оқу құралының авторларының бірі болып табылады. Орта мектептерге арналған оқулықтарымен ол ерекше белгілі. Қазақ лексикографиясына да оның сіңірген еңбегі қомақты, ол 2 томдық Орыс-қазақ сөздігінің, «Орфографиялық сөздіктің» авторлары мен редакторларының бірі. Қасыми, Ехметжан. Ехметжан Қасыми (кейде Ехметжан Қасым;) (1914 ж. сәуірдің 15-і — 1949 ж. тамыздың 27-сі) — 1944 жылғы қарашаның 12-сінен 1949 жылғы қазанның 20-сына дейін болған екінші Шығыс Түркістан Республикасының саяси жетекшісі, ұйғыр саясатшысы. Бұл мемлекет 1949 жылғы қазанның 1-інде Бейжіңде Қытай Халық Республикасы жарияланғаннан кейін 19 күннен кейін таратылды. Ехметжан Қасыми 1914 жылы Құлжада дүниеге келген. 1936 жылы Мәскеудегі Шығыс еңбекшілерінің коммунистік университетінде оқыған. Өлімі. 1949 жылғы тамыздың 24-інде Ехметжан Қасыми, Абдұлкерім Аббас, Ысқақ Мүниев, Дәлелхан Сүгірбаев, Луо Жы және Шығыс Түркістан республикасының тағы басқа ресми өкілдері, барлығы 11 адам Қазақ КСР-інің орталығы Алматы қаласында ұшаққа мініп, Бейжіңге қарай бет алды. Оларды Қытай Халық Республикасын жариялайын деп отырған Халық өкілдерінің бүкілқытайлық жиналысына қатысуға Мау Зыдоң шақырған болатын. Бірақ ұшақ Мәскеуде қонды. Қыркүйектің 3-нде Кеңес Одағы Қытай үкіметіне ұшақ Байкал көлінің маңында апатқа ұшырады, ұшақтағылардың бәрі де қаза тапты деп хабарлады. 1991 жылы Кеңес Одағы құлағаннан кейін КГБ-ның бұрынғы жетекшілері Шығыс Түркістан республикасының жетекшілері 1949 жылғы тамыздың аяғында Сталиннің бұйрығы бойынша өлтірілгенін жариялады. Қаза боларынан сәл бұрын Ехметжан Қасыми былай деген болатын: «Шынжәң міндетті түрде Ұйғырстанға айналуға тиіс. Бұны тек ұйғырлар ғана емес, Шығыс Түркістанда тұратын басқа барлық ұлттар мен тұрғындар қалайды». Қуық түбі безінің қабынуы. Қуық түбі безінің қабынуы екі түрлі болады: оны жедел характерлі және созылмалы деп бөлеміз. Жедел түрлі. Жедел харектерлі: тұтқиыл ұстайды, ұстағанда жанға қатты батады, ауру белгісі көп, азабы күшті болады. Бұл ауруға көп жағдайда бактериялардың, айталық, жуан ішек таяқшасының қуық түбі безіне қонуы себеп болады. Созылмалы түрі. Мұнан басқа, кей науқастардың қызуы көтеріледі, шабы тепшиді немесе шылқылдап терлейді, ұлжарағы өзгереді т.б. Жабығу. Жабығу ауруы () — сезімдік рухани аурудың (бұқпа деп те аталады) бір түрі. Жан дүниедегі дерт — бұл аурудың көрнекті белгісі боп есептеледі. Бұнда ауырған адамның әлі құриды, ұйқысы қашады, одан бара-бара тамаққа зауқы соқпайды, қарадай қайғырады, әрқандай бір іске көңілі тартпайды, үмітсізденеді, тіпті дұниеден торығады. Бұл сырқаттың ерекше белгісі: ауырған адамның ойламы азаяды, әрқандай бір істің талабынан шыға алмайды. Кейбір науқастар өзіндегі ауру белгілерінен уайымдап, шошынады да осы ауруға кіріптар болады. Кейбір адамдар бұғып жата береді, сөзі азайып мелшиіп отыра береді, көзіне елес қаптап, құлағы жаңғырып, елеңдейді. Адамдардан аластай түседі. Ми соққы. Ми соққы (мидың шайқалуы деп те аталады) - бас соққыға ұшырап жараланғаннан кейін, ми қызметінің уақыттық әлсіреуі. Бұл сырқат өз алдына дербес, я болмаса бастың басқалай жарақаттануы, сондай ақ ми қанды ісігімен қосанжарласа пайда болады. Соз. Соз () — ең зянды жұқпалы жыныс ауруларының бірі, жіңішке деп те атайды. Соз ауырған адам арқылы тарайды. Әдетте ол жыныстық қатынас үстінде гөнөкөк микробы () арқылы жұғады. Адам организмінен тысқары жерде тез өлгенмен, ылғалды, күн сәулесі түспейтін ортада гөнөкөк көпке дейін сақтала береді. Сондықтан, оның науқас адам пайдаланған орамалдан, ваннада, моншада қолданылатын жөкеден, іш киімнен жұғуы да мүмкін. Соз ауруы үш те жеті күнге шейін білінбейді. Аурудың тағы бір ерекшелігі: ол әйел мен ер адамда әр түрлі байқалады. Ерлерде әуелі жыныс мүшесінің үрпі қызарып, іседі, одан аздап ірің ағады, қышиды, кіші дәрет кезінде несеп жолы ашиды. Осы кезде емделсе, ауру әдетте тез жазылып кетеді. Ал емделмесе немесе әр кім өзінше ем жасаса, ауру асқынып, кіші дәретке отыру жиілейді. Біраз күннен кейін ауру саябырсып, тіптен жазылып кеткендей болады да, кесел созылмалы түрге ауысады. Адамның күйі пәлендей өзгермейді. Бірақ, ауру бара-бара адамның жыныс мүшесінің жұмысын нашарлатады, асқынса, белсіздікке апарады. a>мен жылдам емделеді деген көше жарнамасы, 1944. Әйелдің соз ауруы жатырдың мойнын, несеп жолын зақымдайды, жатыр мойны қызарып, іседі. Одан көп ірің су ағады, кіші дәрет кезінде несеп жолы ашиды, бұл ірің нәжіс жолын қабындыруы да мүмкін. Соз ауруы әйелдерде көбінесе созылмалы түрде кездеседі. Сондықтан, олар өздерін сау санап, жыныс қатынасын тоқтатпайды да, ауруын басқаларға жұқтырады. Соз ауруы әйелді ана болу қабылетінен айырып, бедеулікке ұшыратуы ықтимал. Тән тазалығына немқұрайды қарайтын үйлерде созбен ауырған әйел күнделікті тұрмыста қолданылатын заттар арқылы ауруды балаларына жұқтыруы да мүмкін. Бұл жағдайда қыздың жыныс мүшесіның сырт жағы қызарып іседі, одан ірің ағады, ұйқысы бұзылып, асқа тәбеті төмендейді, ауру жазылмай, созылып кетеді. Науқас жазылған күннің өзінде организм кеселге қарсы қабілет әзірлей алмайды, сондықтан, бұл аурумен адам қайтадан сырқаттануы да мүмкін. Соз тұқым қуаламайды, алайда, босанатын әйел соз ауруы болса, оны өз баласына жұқтыруы мүмкін. Соз жұққанын білген бойда шипагерге көрініп, емделу қажет. Кейбіреулер ауруын білмей, енді біреулер біле тұра напсықұмарлыққа салынып, артынан опық жеп, орны толмас өкінішке қалады. Сондықтан, сәл күдік пайда бола қалғанның өзінде дереу шипагерге көрінген абзал. Мерез. Мерез (;) — жұқпалы созылмалы ауру. Ол тек адамда ғана болады. Көбінесе жыныстық жақындасу арқылы жұғады. Кейде осы аурумен ауырып жүрген адаммен сүйіскенде, сол адам пайдаланған орамал, қасық, шанышқы, қылдырық (тіс шұқығыш), ерін бояуы, темекі арқылы да жұғуы мүмкін. Мерез қан берген адамның қаны, ананың емшек сүті арқылы да жұға береді. Мерез ауруы үш кезеңге бөлінеді. Алғашқы жасырын кезеңде сырқаттың белгісі үш-төрт аптадан кейін ғана біліне бастайды. Бұл кезде оның диагнозын дөп басып тану қиын. Бозғылт спирохета () қан арқылы адам организміне толық тарайды. Бұл кезең үш-төрт аптаға, кейде үш айға дейін созылады. Бұл кезеңде адам өзінің ауырғанын білмейді, сондықтан, тиісті ем-дом жасалмай, ауру асқына береді де, басқаларға жұғады. Аурудың көзге көрінетін алғашқы белгісі — қатты шанкр. Бұл бозғылт спирохетаның адам организміне түскен жерінде пайда болатын, қатып қалған, ауырмайтын түймедей жалақ немесе сызат жара. Әдетте, мерезбен ауырған адамның жыныс мүшелерінде, ернінде, тілінде т.б жерлерінде кездеседі. Мерезбен ауырдым-ау деген күдігі бар адам мұндай жараны йод, көк дәрі арқылы емдемей, тезірек шипагерге қаралуы қажет. Ауру белгісі пайда болғаннан кейінгі бір апта ішінде жара маңайындағы бездер үлкейіп ісе бастайды. Бірақ, ол жанға батып ауырмайтындықтан, сырқаттың оған көңіл аудармауы да мүмкін. Ауру жұққаннан кейін бір жарым-екі айдың ішінде де сырқаттың жалпы көңіл-күйі пәлендей өзгере қоймайды, бірақ, аздаған әлсіздік, буындардың сырқырауы, дене қызуының ептеп көтерілуі байқалады. Ауру жұққаннан кейін екі-үш ай өткесін мерездің екінші кезеңі басталады. Бұл кезеңде теріге бөртпе қаптап кетеді, бірақ, ол теріні түсірмейді жане науқасқа да айтарлықтай әсер етпейді. Еріннің, ауыздың ішкі сілекей қабына ақ таңдақтар түседі. Кейде дауыс қарлығуы да мүмкін, сонымен қатар, теріде қызғылт түйіршіктер пайда болады. Жыныс мүшелеріне шыққан майда түйіндер бара-бара үлкейе түседі. Кейде біріне-бірі қосылып, үлкен жараға айналады. Осы жарадан аққан іріңде бозғылт спирохета көбейіп, дене қызуы көтеріледі. Бұл кездегі ауру адамның басқаларға мерез ауруын тарату мүмкіндігі ерекше күшті болады. Біраз уақыттан кейін алгі белгілер өзінен-өзі жоғалып кетеді. Ауру өзін жазылдым деп санайды. Оны бездерден, қаннан ғана табуға болады. Егер ауру адам емделмесе мерездің екінші кезеңі үш-төрт жылға созылады және әлсін-әлсін жоғарыда айтылған белгілер қайталап отырады. Осыдан соң мерез үшінші кезеңге өтеді. Бұл кезеңде сырқат организмы мүлде әлсіреп, ми мен жұлын жүйелерінің жұмысы бұзылады, адам сал болып қалады, көзі көрмейді, жүкті әйелдер бала тастайды, жүрек, өкпе, бауыр қызметтеры нашарлайды. Мұрын кеңсірігі опырылып, адам пұшық болып қалады. Мерез ауруы араққұмар, адамгершілік қағидаларына құлақ аспайтын жүгенсіз, бұзық адамдар арасында жиі кездеседі. Сондықтан, мерезді түбегейлі жою үшін ең алдымен жастарға берілетін тәрбиеге мән беру керек. Мерез жазылмайтын ауру емес, одан айығудың кепілі — шипагерлерге уағында көрініп, жазылғанша үзбей емделу. Трихомониаз. Трихомониаз () — жұқпалы жыныс ауруларының бірі. Бұл кеселге ерлерге қарағанда әйелдер көбірек шалдығады. Жыныс мүшелері қабынған әйелдерде трихомониаз ауруы жиі кездеседі. Оны қоздыратын трихомонада ("Trichomonas vaginalis") микробы тек жыныс мүшелерінде ғана өмір сүре алады, басқа ортада ол тез өледі. Бұл ауруды негізінен сырқат адам таратады. Ол басқаларға өзінің пайдаланған заттары арқылы да трихомониаз ауруын жұқтыруы мүмкін. Бұл аурудың белгілері соз белгілеріне өте ұқсас, сол себепті науқасқа диагноз ауру қоздырғыш микроптарды табу арқылы ғана қойылады. Трихомониазбен ауырған әйелдің жыныс мүшесінен ақшыл жалқаяқ ағады. Күнделікті күймең тіршіліктің ыңғайына қарай жалқаяқ бірде азайып, бірде көбейіп отырады. Ол жыныс мүшесінің айналасын, шап жағындағы теріні түршіктіреді. Терінің түсі қызарып, іседі, қышиды. Емделмеген жағдайда ол жазылмайтын жараға айналады. Дер кезінде емделсе, трихомониаз ауруынан құлантаза айығуға болады. Сондықтан, секем алған жағдайда, дереу шипагерге көрінген жөн. Қазақстан Республикасының Ұлттық Қызыл жарты ай қоғамы. Қазақстан Республикасының Ұлттық Қызыл жарты ай қоғамы — Халықаралық Қызыл крест және Қызыл Жарты ай қозғалысының гуманизм, бауырмалдық және ақысыз көмек идеялары мен принциптерін Қазақстан қоғамында орнықтыруға күш салады. 2002-жылы құрылды. Алғаш рет 1937-жылы құрылған Қызыл крест және Қызыл Жарты ай Қазақ Қоғамының (ҚКҚЖҚҚ) құқықтық мұрагері болып табылады. 2000-жылғы қарашада Қазақстан Қызыл крест және Қызыл Жарты ай Қоғамын Халықаралық Қызыл крест Комитеті тарапынан мойындау туралы өтініш беріліп, ХҚКҚЖҚФ мүшелігіне өтуге сұраныс жасалды. Алайда, Қоғам қосарланған атауды және қос таңбаны пайдаланғандықтан сұраныс қанағаттандырылмады. Осыған орай 2002-жылғы 29-наурызда ҚКҚЖҚҚ XVI съезінде ол Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты ай Ұлттық Қоғамы болып қайта құрылды, сондай-ақ Қоғамның жаңа таңбасы — Қызыл жарты ай қабылданды. 2003-жылғы қарашада ҚР ҚЖҚ басшысы ХҚКҚ-на және ХҚКҚЖҚФ-на Қоғамды мойындау туралы және оны Халықаралық Федерацияның толыққанды мүшелігіне қабылдау туралы екінші қайтара өтініш жасады. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 2003 ж. қарашада Швейцария СІМ-не нота жолдап, онда ақ түстегі қызыл жарты ай геральдикалық таңбасы бұдан былай ҚР Қарулы күштері медициналық қызметінің ерекшелік таңбасы болып пайдаланатынын хабарлады. Нотада, сондай-ақ, ҚР ҚЖҚ-ның эмблемасы да қызыл жарты ай эмблемасына ауыстырылғаны, ал 2003 жылғы 17 ақпанда ҚР ҚЖҚ ҚҚКҚЖҚ-ның заңды мұрагері ретінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелгендігі хабарланды. Сонымен Қызыл крест және Қызыл Жарты ай Халықаралық Комитеті тарапынан ҚР ҚЖҚ-ын мойындауының және Қызыл крест және Қызыл Жарты ай Қоғамдары Халықаралық Федерациясының мүшелігіне өтуге байланысты құқықтық кедергілер алынғаны айтылып, ҚР СІМ ҚР ҚЖҚ президентінің тиісті өтінішін қарастыруды сұрады. 2003 ж. 20-қарашада ХҚКК өз Ассамблеясында Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты ай Қоғамының өкілеттігін танып, 28-қарашада ҚР ҚКҰҚ Халықаралық Федерацияға 180-ші қатысушы ретінде қабылданды. Чаңжәң. Чаңжәң () — Қытай еліндегі ең ұзын дария. Дүниедегі үшінші, сондай-ақ Азиядағы ең ұзын өзен. Жалпы ұзындығы 6300 километр. Атауы. Яңзыжәң — есілген Чаңжяңның Шаңхай бөлегіне жататын төменгі ағары, батыстың дін таратушылары Шаңхайға келгенде Яңзыжәңді көреді де жалпы Чаңжәңді Яңзыжәң (Яңзы) деп атап кеткен. Халықаралық пұл қоры. Халықаралық пұл қоры (Іnternatіonal Monetary Fund (ІMF) — әлемдік қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатысты туындайтын түйткілдерді зерттейтін және қажет болған жағдайда мүше елдерге қаржылық және техникалық қолдау ұсынатын халықаралық ұйым. Оның штаб-пәтері АҚШ астанасы Уошиңтонда орналасқан. Құрамына 184 мемлекет кіреді. Қазақстан Ұлттық банкі. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі — Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді. Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде басқа елдердің орталық банктерімен және банктерімен қарым-қатынастарда, халықаралық банктерде және өзге қаржы-несиелік ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді. Ұлттық Банк өзінің міндеттерін орындау кезінде пайда алу мақсатын басшылыққа алмауы тиіс. Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Президентіне бағынышты, бірақ өз қызметін жүзеге асыруда оған заңнамада берілген өкілеттіктер шегінде тәуелсіз. Ұлттық Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіреді, өзінің қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескеріп отырады және егер өзінің негізгі функцияларын орындауға және ақша-несие саясатын жүзеге асыруға қайшы келмейтін болса, оны іске асыруға жәрдемдеседі. Ұлттық Банк сатылап бағыну схемасы бар біртұтас орталықтандырылған құрылымнан тұрады. Ұлттық Банктің жоғары органы Басқарма, ал жедел басқару органы Директорлар кеңесі болып табылады. Ұлттық Банк «„ГНПФ“ жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы акционерлерінің бірі болып табылады Ли Бай. Ли Бай (немесе Елдібай, Ілебай;) (701—762) — Қытайдың ұлы ақыны. Ол өз өмірінде тоғыз мың шумақ өлең жазған, «жыр періштесі» деген атаққа ие болған. Ли Байдың туған жері туралы талас коп, бірақ Қытайдың деректері бойынша Сұяб қаласында туған, Сұябты қытайлар Шу өзені бойында болғаны үшін Шуйе деп атаған. 5 жасынан әкесіне ілесіп Қытайға келген Ли Бай ақындық өмірін Қытайда өткізді, тірісінде ат мініп, ел аралап, шарап ішуді ұнатар еді. Ақыры Яңзыжәң өзенінде қайықта мас болып, судағы айдың сәулесін құшамын деп суға ғарық болып өледі. Ницше, Фридрих. Фридрих Уилһелм Ницше (,) (1844 қазаннаң 15 — 1900 тамыздың 25) — 19 ғ. неміс пәлсапашысы жане филологы. Ол неміс тілінің айрықша өткір түрімен сол дәуірдегі қоғамдық сенім, өнеге, мәдениет, пәлсапа және ғылымды сын тезіне алады. Ницшенің көзқарастары кейінгі пәлсапаға әсіресе бар болушылық ағымы мен постмодернизмге терең ықпал етті. Оның құндық көзқарасы және шындық туралы қойған сұраулары мен түсініктемелері еуропалық және түсініктемелік пәлсапаның негізін қалады. Ницше пәлсапаға кірісуден бұрын жұмысын филологиядан бастаған. 24 жасында Базел университетінің классикалық филология бөліміне басшы болып орналасады, бұл сол кезге дейін осы орынға отырған ең жас профессор еді. Бірақ, 1889 ж. ол жүйке ауруына ұшырап, денсаулық жағдайымен орнынан шегінеді, осыдан кейінгі өмірінде ол бастан ақыр ауырумен алыса жүріп өткізді. 1889 ж. ауыр науқас болғаннан бастап, шешесі мен қарындасының жанына келіп 1900 ж. көз жұмғанға дейін солардың күтімінде болды. Нысанбайұлы, Ратбек қажы. Нысанбайұлы, Ратбек қажы (1940), - діни қайраткер, тәуелсіз Қазақстанның алғашқы мүфтиі. Ратбек қажы Нысанбайұлы 1940 жылының қараша айының 7-ші жұлдызында Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақстан педагогикалық институтының тарих факультетін бітірген. Өзбекстанның Бұқар қаласындағы Орта Азияда ең ірі (ал Кеңес үкіметі кезінде КСРО-дағы жалғыз болған) Мір-Араб медресесінде оқып, бұл діни оқу орнын бітірген. Кейін Ливия университетіндегі шариғат пен құқық факультетінде жоғары діни білімін алған. Ратбек қажы Нысанбайұлы шет елде жоғары діни білімін алған алғашқы қазақ. 1979 жылында Ратбек қажы Нысанбайұлы Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының қазы болып кетті. 1990 жылында тәуелсіз Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы ұйымдастырылды. Оны Ратбек қажы басқарып, Қазақстан мұсылмандарының діни басшысы яғни егемен мемлекеттің алғашқы мүфтиі болып кетті. Ратбек қажы кезінде республикадағы мешіттердің саны 600-ге жетіп, жұма мешіттердің саны 4 мыңға деін көбейтті. Алматыда Ислам университетін негізі салынды, Меркіде медресе ашылды. Қазақстанның жастары Мысырға, Түркияға барып, онда діни білімін алуына мүмкіндік алды. Ратбек қажы қазақ тіліне Құран аударып, басып шығарды. Оның үлесімен қазақ тілінде намаз кітаптар, діни күнтізбелер шығарылған еді. Қазақстанның алғашқы мүфтиі Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.) туралы кітап жазған. "Иман" газетін шығарған. "Бөбек" балалар қорыменен бірігіп, Ратбек қажы Нысанбайұлы басқарған Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы жетім балалардың қамын ойлаған. Мүфти болған кезінде, Ратбек қажы Ғылымдар Академиясының аспирантурасында оқыған. Мамандығы - "Тарих" еді. Ратбек қажының арманы - Алматыда Орталық мешітінің салынуы еді. Бұл кезде, Қазақстан жаңа ғана тәуелсіздігін алып, қиын кездерін кешкен. Бірақ мешіттің құрылысы ұзақ созылса да, 1999 жылында ашылды. 2000 жылында Ратбек қажы Нысанбайұлының орнына Әбсаттар қажы Дербісәлі мүфти болып келді. Барлас. Барлас — түркі тілдес тайпаларынан жататын ежелгі ру. Барлас руының қазіргі ұрпақтары өзбек халқының ішіне кіреді. Барластар Шыңғыс ханның жаулануы кезінде, 13 ғ. қазіргі Моңғолия жерлерінен Орта Азияға көшкен. Сол рудан Әмір Темір, Ұлықбек, Әлішер Науаи дегендер шыққан. Кейбіреулер, Барластың тегін көне түркілерінен шыққан есептесе, басқалар олардың моңғол тегін анықтап, бірақ кейін түркі тілдес болып кетіп, түркілермен аралысып, түркі тайпа болып кеткендігін айтады. Зерттеушілердің деректері бойынша, Барластар Шыңғыс хан шыққан Қияттарға жақын тайпа. Моңғолдардың құпия шежіресіне сүйінсек, Барластар Бодончар қолбасшының ұрпақтары делінеді, ал Бодончар Шыңғыстың туысқаны еді.[6] Қазіргі заман ағылшын, американ тарихшылары да Барласты Түркі - Моңғол тайпасы деп атайды. Атом. Атом (- бөлінбейтін) заттарды құрайтын элементтердің өзіне тән химиялық қасиеттерін сақтайтын ең кіші бөлшегі. Атом – бүтіндей алғанда зарядсыз, бейтарап бөлшек. Ол ортасында өзінен радиусы 104 -105 есе кіші көлемді алып жатқан оң зарядты ядродан және оны айнала қозғадып жүрген теріс зарядты электрондардан тұрады. Атом өзінің сыртқы бір немесе бірнеше электрондарын жоғалтқанда оң, ал сырттан электрон қосып алғанда теріс ионға айналады. Атомның сызықтық өлшемдері ~ 10-8 см, көлденең қимасының ауданы ~10-16 см2, көлемі ~10-24 см3. Борлың атом теориясында ең қарапайым атом – сутегі атомы. Оның радиусының дәл белгілі бір мәні бар және ол мүмкін болатын ең кіші айналу орбитасының радиусы шамасына тең: "a"=0.53 * 10-8 см (дәлірек, 0.52917*10-8 см). Атомның массасы, негізінен оның ядросының массасына тең және ол массалық санға ("А"), яғни протондар мен нейтрондардың жалпы санына (нуклондардың жалпы санына) пропорционал болып ұлғаяды. Өйткені атомдағы электронның массасы (0.91*10-20 г) бір протонның немесе нейтронның массасынан (1.67*10-24 г) 1.840 есе аз. Сондықтан атомның ауырлық центрі ядроға дәлдей келеді. Атом массасы ядро массасымен ондағы электрондар массаларының дәл қосындысына тең емес. Олардың арасындағы айырым атомның байланыс энергиясын анықтайды. Атомның ішкі энергиясының тек дискретті (үздікті) мәндері болады. Оның ең төменгі деңгейі атомның негізгі күйі "E"1 (ол ең тұрақты, шексіз ұзақ өмір сүретін күйі), ал жоғарғы энергия деңгейлері қозған күйлер "Е'і" ("і"=2, 3, …) деп аталады, (ол аз өмір сүреді). Қозған күйден ~10-8 сек. ішінде атом негізгі күйге ауысып отырады. Осындай ауысу кезінде атомға осы екі деңгейінің айырымына тең ("hν"="E'ν"-"E"1, мұндағы "h" – Планк тұрақтысы, "ν" – ұшып шыққан сәуле квантының жиілігі) сырттан энергия берілуі не шығарылуы шарт. Атом энергиясының дискретті квантталуы оның құрамындағы бөлшектердің толқындық қасиетінің болуынан. Атомның осындай қасиеттерін кванттық теория ғана толық түсіндіре алады. Бұл теория бойынша атомдағы электронның күйі 4 кванттық санмен анықталады. Олар: электрон энергиясын анықтайтын бас кванттық сан ("n"), атомның осындай импульс моментін анықтайтын орбиталық кванттық сан ("l"), ал ("l")-дың берілген оське түсірілген проекциясын анықтайтын магниттік кванттық сан ("m") және электронның ішкі спинін анықтайтын кванттық сан (ms). Осы 4 кванттық сан мен Паули принципі атомдағы электрондардың барлық күйлерін сипаттайды. Сонымен бірге кванттық теорияда микробөлшектердің сол 4 кванттық сан анықтайтын күйлерін толқындық функциямен ("φ") өрнектейді. Ол функцияның квадраты (|"φ"|2) бөлшектердің кеңістік нүктелерінде болу ықтималдығын білдіреді. Кеңістіктегі электрон бұлтының тығыздығы осы ықтималдыққа пропорционал. Кванттық сандардың мәндеріне сәйкес атомдардағы қабықшалар мен қабаттар рет-ретімен толтырылып отырады. Осылайша элементтердің Менделеев кестесіндегі орны анықталады. Алдымен ең кіші n=1 қабат толтырып, онда болғаны 2 электрон ғана орналасады. Онан кейін "n"=2 қабат толтырылғанда ядроның заряды өсуіне сәйкес қабаттар ядроға жақындай түседі. 1-қабат 1s қабықшадан, 2-қабат 2"s", 2"p" қабықшалардан, 3-қабат 3"s", 3"p", 3"d" қабықшалардан, т.с.с. тұрады. Әр қабат элементтің периодын анықтайды. Осы период элементтердің химиялық, оптикалық, электрлік, және магниттік қасиеттерінің қайталану периоды болып табылады. Осы периодтылық атомның ең сыртқы электрон қабықшаларының қасиетімен анықталады. Мұндай периодтылық иондар қасиетінде де сақталады. Атомның орбиталарында 2 не одан да көп электрондар қозғалып жүрсе, онда мұндай күрделі атомдардағы электрондардың өзара әсерлесуін де еске алу керек. Ол әсерлесулер тек электр статикалық ғана емес, орбиталық магниттік моменттер мен бөлшектердің өзінің ішкі магниттік моменттері де өзара әсерлесуі мүмкін. Мысалы, гелий атомындағы 2 электронның негізгі күйдегі әсерлесу энергиясы 78.98 эВ. Көп электронды атомдар құрылысын зерттегенде бұларды есепке алып отырады. Сонымен бірге әр электронның орбита бойымен қозғалысында туатын электр магниттік өрісі мен электронның ішкі магниттік моменттерінің әсерлесуі де қосымша байланыс энергиясын тудырады. Осының нәтижесінде атом спектрлерінде нәзік түзілісті, ал электрон мен ядроның магниттік моменттерінің өзара әсерлесуінен аса нәзік түзілісті көреміз. Қазіргі замандағы кванттық электр динамикасында атом электрондарының вакуум құрамындағы виртуалды бөлшектермен әсерлесуін де есептеп атом құрылысының мұнан да күрделі екеніне көз жеткізуге болады. Арктика. Кейде Арктика аймағының шекарасын белгілеуде пайдаланылатын қызыл сызық Шілдедегі 10°C-ты көрсетедi Арктика аймағының қолдан жасалынып боялған топографиялық картасы Арктика – (— солтүстік) Еуразия және Солтүстік Америка құрлықтарының солтүстік шетін, Солтүстік Мұзды мұхитты аралдарымен қоса түгел қамтитын жер шарының солтүстік полюс аймағы. Ол сондай-ақ Атлант мұхиты мен Тынық мұхиттың іргелес бөліктерін де қамтиды. Ауданы 27 млн. км2, оның 15 млн. км2-і мұхит суы. Арктиканың құрамына Ресей Федерациясының Мурманск, Архангельск, Төмен облыстары, Красноярск өлкесі, Саха Республикасы, Магадан облысының солтүстік аудандары, Канаданың Юкон, Солтүстік-батыс Квебек, Ньюфаундленд аумақтары, АҚШ-тың Аляска түбегінің солтүстігі, Данияның Гренландия аралы, Норвегияның Шпицберген аралдары бөліктері енеді. Аралдардың солтүстігін Арктикалық шөлдер, оңтүстігі мен құрлық жағалауларын тундра белдемі алып жатыр. Арктикада тұрғын халық сирек орналасқан. Геологиялық құрылымы. Арктика, негізінен, ежелгі кристалды қалқандар мен платформалардан, қатпарлы құрылымдардан (палеозойлық, мезозойлық, альпілік) тұрады. Плиоцен дәуірінде жүрген төмен түсу процестері нәтижесінде Солтүстік Мұзды мұхиттың басты қазан шұңқырлары қалыптасқан. Төрттік кезеңде жанартаулық және мұздану процестері жүрген. Жер бедері. Арктиканың еуразиялық бөлігінде ойпатты жазықтар көп ұшырасады. Таулы бөліктері Бырранга, Орал тауының солтүстігінен тұрады. Америкалық бөлігінде аласа төбелі таулы үстірттер (200-400 м) мол. Арктикадағы барлық аралдар құрлықтық типке жатады және олардағы жер бедері таулы болып келеді. Арктиканың биік бөлігі – Гренландия аралының шығысындағы Гуньберн тауы (3700 м), судағы ең терең жері 5220 м, ең ірі су асты жотасы – Канада – Сібір және Гренландия – Еуропа қазаншұңқырлары аралығындағы Ломоносов жотасы. Кен байлықтарынан тас және қоңыр көмір, лигнит, ас тұзы, түсті және сирек металдар, сонымен қатар оптикалық шикізат кездеседі. Климаты. Климатының негізгі ерекшелігі – жыл бойы төмен температураның басым болуы. Қаңтар айының температурасы Атлант маңы секторының оңтүстігінде -3˚С, орталық бөлігінде -40˚С, шілдеде оңтүстігінде 10˚С, орталығында 0˚С. Жаз бен күзде циклондық әрекет байқалады. Оңтүстігінде күшті желдер (жылдамдығы 15 м/с) жиі соғады. Ауаның ылғалдылығы төмен, жауын-шашые төменгі ендіктерден келетін ауа массасының ықпалынан жауады: жылына оның ортаңғы бөліктерінде 75-100 мм, оңтүстігінде 300-400 мм шамасында қар күйінде ылғал түседі. Күндерін көбіне тұман басып, бұлт торлап тұрады. Табиғаты. Құрлықтық бөлігін көптеген өзендер кесіп өтеді. Олар 8-10 ай бойы қатып жатады.Iрі өзендері: Лена, Индигирка, Макензи. Тундра белдемінде көлдер көп. Iрісі – Таймыр көлі. Қатаң климат әсерінен мұхит суларының температурасы төмен болып келеді. Жоғарғы қабаттың (100-250 м дейін) температурасы жыл бойы -1˚С. Суының тұздылығы 30%. Арктиканың сулы бөлігінің көпшілігін жыл бойы қалқыма мұздықтар жапқан. Өсімдіктер аз. Солтүстігінде қына, оңтүстігінде ярусты өсімдіктер өседі. Планктонның түрлері күшті дамыған. Жануарлардан: ірі сүтқоректілер (ақ аю, морж, итбалық), құстар (мамыққаз, үйректер) мекендейді. Балықтарының (майшабақ, пикша, табан) кәсіптік маңызы зор. Арктиканы игеруде Солтүстік теңіз жолы үлкен рөл атқарады. Ампер-сағат. Ампер-сағат – шамасы 3600 Кл-ға тең электр мөлшерінің жүйеден тыс өлшеу бірлігі. Ол А*сағ таңбасымен белгіленеді. Әдетте, аккумулятордың заряды да А*сағ-пен өрнектеледі. Аркоз. Аркоз, аркоз құмтасы – гранит, кварцты монцанит, гнейс тау жыныстарының үгіліп, ұсатылуы нәтижесінде түзілетін шөгінді тау жынысы. Аркоз құмтастарында минералды түйіршіктер (кварц, дала шпаты, слюда, т.б.) мөлшері 60-90% болады, қалған 10-40%-і әр түрлі құрамды цементтен тұрады. Құрылымы псаммитті (түйіршектер өлшемі – 0.1-1 мм). Пішіні параллель, қисық, линза тәріздес және үзік-үзік қабат болып келеді. Түсі – қызғылт, сарғыш, сұр. Аркоз құмтастары терригенді құралымда жеке беткейлер мен қабаттар түзеді. Қабаттасқан жіктер және көлденең сызаттар арқылы бөлінген аркоз құмтастарының текшелері құрылыста пайдаланылады. Мұзды мұхит. Мұзды мұхит (кейде Солтүстік Мұзды мұхит, не Арктика мұхиты) — солтүстік жарты шарындағы полюсқа жақын су өңірі, бес мұхиттың ең кішісі. Постмодернизм. Постмодернизм () — әуелде сәулетте шыққан атау, хатжүзіндік мағынасы — модерннен кейінгі, яғни осы заманнан кейінгі. Бұл сөздің қазақша баламасы тұрақтанбаған, кейбіреулер соңғы осы заманшылдық деп те атап жүр. Сәулетте бұл ағым модернизмнен де көркем делінеді, көптүрлі өзге ағымдардың ерекшелігін өз бойына сіңірген, бір бойына барлық ерекшелікті қамтыған бес аспап ағым делінеді. Кейіннен бұл ағым модернизімге қарсылық ретінде сызбашылық, саз, пәлсапа ғылымдарында да істетіле бастады. Постмодернизм түптеп келгенде модернизмге қарсылықтан туындаған. 2-ші дүниежүзілік соғысынан кейінгі Батыс Еуропалық ұлы қиялдың быт-шыт болуы осы өз бойында тұрақтылық, заңдылық, ереже атаулы белгілерден жұрдай жаңа ағымның пайда болуына түрткі болды. Постмодернизм бойындағы әжуаға толы әрі қасіретке толы көрініс бейне сотқар баланың өз ішегін сүйретіп ойнағаны іспетті. Тарихы. Атау тұңғыш рет 1914 ж. Хиберт Журналында (маусымдық Пәлсапалық талқы журналы) Ж.М. Томсон жағынан қолданылған. Бұл мақалада постмодернизм атауы замандық Христан қоғамындағы нанымдар мен көзқарастардың өзгерісін көрсету үшін қойылған. Кейіннен атау көркем өнер, саз, әдебиет қатарлы салаларда қолданыла бастады. Ұлы Отан соғысы. Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы (1941—1945) — Кеңес Одағының нацистік Алманияға және оның еуропалық одақтастарына (Мажарстан, Италия, Румыния, Финландия, Словакия, Хорватия) қарсы жүргізген соғысы; Екінші Дүниежүзілік соғыстың ең маңызды және шешуші бөлігі. «Ұлы Отан соғысы» ұғымы. «Ұлы Отан соғысы» ұғымы 1941 жылғы шілденің 3-інде Сталиннің радио арқылы сөйлеген сөзінен кейін пайда болды. Сталин өз сөзінде «ұлы» және «отан» деген сөздерді бөлек-бөлек, бір-бірімен байланыстырмай қолданды. «Ұлы Отан соғысы» сөз тіркесі көптеген басқа тілдерде де қолданылады (,), кейбір авторлар «Екінші Дүниежүзілік соғыстың шығыс майданы» деген сөз тіркесін қолданады (бұл Германия қолданған «шығыс майдан» деген ұғымға жақын). Соғыстың алғышарттары: Германия. 1929 жылы басталған бүкілдүниежүзілік экономикалық дағдарыстың салдарынан 1933 жылы Германияда билік басына NSDAP («Ұлтшыл-социалистік неміс жұмысшы партиясы») келді. Германияда Бірінші Дүниежүзілік соғыста жіберіп алған есесін қайтаруға дайындыққа кірісіп кетті. Бірінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жеткен елдер (АҚШ, Ұлыбритания, Франция) жүргізген араласпау саясатының арқасында Германия өзіне Версаль келісімінде қойылған талаптарды орындауды мүлдем тоқтатты. Оның үстіне АҚШ-тың компаниялары Германияның қарулануына қолайлы жағдай жасаған қаржы және материалдарды жіберіп отырды. 1926-33 жылдары Кеңес Одағын Липецк және Қазан қалаларындағы полигондарда герман қарулы күштерінің офицерлерін дайындауға атсалысты. 1936 жылы Германия Версаль келісімінің бір бабын бұзып, Рейн аймағына әскерлерін кіргізді. Сол жылы ол Испаниядағы азамат соғысына араласып, бүлік шығарған Франконың әскерлеріне әскери қолдау көрсете бастады. 1933 жылы билік басына ұлтшыл-социалистер келгеннен кейін Германияда антикоммунистік және антикеңестік көзқарастар күшейе бастады. 30-шы жылдардың ортасынан бастап герман үкіметі міндетті түрде жақын арада КСРО-мен соғыс болатыны туралы жариялай бастады. Германияның әскери доктринасы Кеңестер Одағын ықтимал қарсылас ретінде қарастыра бастады. 1938 жылы герман армиясында ЖШҚӘ-нің («Жұмысшы және шаруалардың Қызыл Әскері») әскери техникасы, әскери қызметкерлерініңайырым белгілері және тактикасы зерттеле бастады. 1938 жылдың наурыз айында Австрияда референдум өткізіліп, Германия оны өзіне қосып алды (қараңыз: Аншлюс). 1938 жылы Германия, Италия, Англия мен Франция арасында жасалған Мюнхен келісімі бойынша Германияға Чехословакияның Судет аймағында тұратын немістерді қорғау мақсатымен сол аймақты өзіне қосып алуға рұқсат берді. Кейін Германия Чехословакияның қалған бөлігін де оккупациялады (Польшаның қатысуымен). 1939 жылдың қысында Германия Польшаға «Данциг мәселесін» шешуді ұсынды. Польша бас тартты. Һитлер осы мәселені Польшаға қарсы соғысу үшін қолданды. 1939 жылғы тамыз айында Германия мен Кеңестер Одағының арасында шабуыл жасаспау туралы келісім жасалды. Келісімнің құпия қосымшасы бойынша Германия мен КСРО Еуропаны өзара ықпалдар аймағына бөлісіп алды. 1939 жылғы қыркүйектің 1-інде Германия Польшаға қарсы соғыс бастады. Бұдан кейін Ұлыбритания мен Франция Германияға соғыс жариялап Польшаға қолдау көрсетті. Екінші дүниежүзілік соғыс басталып кетті. Герман әскерлері 2 аптаның ішінде поляк қарулы күштерін талқандап, поляктар қоныстанған шығыс шекарасы Керзон сызығына дейін жетті. 1940 жылы Германия Дания мен Норвегияны (Дания-Норвегия операциясы), сосын Бельгия, Недерланд, Люксембургті және Францияның жартысын жаулап алды. Франция тізе бүгуге мәжбүр болды (Франция жорығы). Францияның тізе бүгуінен кейін Ұлыбритания Германияның жалғыз қарсыласы болып қалды. Германия оған бітім жасасуға ұсынды, бірақ Ұлыбритания бұл ұсынысты қабылдамай тастады. 1940 жылғы шілденің 16-сында Һитлер Ұлыбританияның жеріне басып кіруді ұйымдастыру туралы директиваға қол қойды («Теңіз арыстаны операциясы»). Бірақ герман Әскери теңіз күштерінің басшылығы британиялық теңіз күштерінің қуатының зор екендігіне және вермахтта десанттық операциялар тәжірибесінің жоқтығын тілге тиек етіп, Әскери әуе күштерінің әуеде басымдылыққа ие болуын талап етеді. Ұлыбританияның әскери-экономикалық әлеуетін әлсірету үшін, халқының сағын сындыру үшін, басып кіруге дайындық үшін және британиялықтардың қарсыласуға деген еркін жою үшін 1940 жылдың тамызынан бастап немістер британиялық қалаларды әуеден бомбылау науқанын бастайды (Британия шайқасы). Ағылшындар бомбылаудың нәтижесінде бейбіт тұрғындардың арасында көп адам шығынын бастан кешіруге мәжбүр болса да, олар неміс әскери әуе күштерін көп шығынға ұшыратып, «Британия шайқасынан» жеңімпаз болып шықты. 1940 жылдың желтоқсан айынан бастап ауа райының күрт нашарлауынан герман ӘӘК (Лүфтваффенің) шабуылдарының қарқыны қатты бәсеңсіді. Немістер өздерінің басты мақсаттары — Ұлыбританияны бітімге келуге мәжбүр етуге қол жеткізе алмады. 1940 жылғы шілденің 31-нде жоғарғы әскери басшылықпен өткізген кеңесінде Һитлер Ресейді 1941 жылдың көктемінде талқандау керек, себебі егер Ресей талқандалса, онда Ұлыбританияның соңғы үміті өшеді, сөйтіп ол да тізе бүгуге мәжбүр болады деп жариялады. 1940 жылдың шілде-желтоқсан айларында КСРО-мен соғыстың бірнеше жоспары қарастырыла бастады, соның ішінде ОКҺ-ның (әскердің бас штабы), генерал Э. Маркстың, Зоденштерннің жоспарлары және тағы басқа жоспарлар қарастырыла бастады. Көп талқылаудың, әскери-штабтық ойындардың және Һитлердің өз кеңсесінде, құрлық әскерінің штабында және басқа да штабтарда өткізілген талқыласулардың нәтижесінде 1940 жылғы желтоқсанның 5-інде генерал-полковник Ф. Гальдер ұсынған жоспардың («Отто жоспары») түбегейлі жобасы мақұлданды. 1940 жылғы қыркүйектің 27-сінде Германия, Италия мен Жапония «Үштік пакт» деп аталатын келісімге қол қойды. Ол келісім бойынша осы елдер ықпал жүргізу аймақтарын бөлісіп алып, өзара әскери көмек көрсетуге келісті. 1940 жылдың қараша айында өткізілген кеңес-герман келіссөздерінде неміс дипломаттары осы пактқа қосылуды Кеңестер Одағына да ұсынды. Кеңе үкіметі егер Германия Кеңестер Одағының өз әскерлерін Румыния, Болгария, Финляндия және Түркияға енгізуге келіссе, онда қосылуға дайынбыз деп жауап берді. Немістер бұл шартқа келіспеді. Осыдан кейін Һитлер КСРО-ға шабуылдың жоспарын бекітті. 1940 жылғы желтоқсанның 18-нде қарулы күштердің (ОКВ-ның) бас қолбасшылығы Һитлердің өзі қол қойған, КСРО-мен болайын деп жатқан соғыстың негізгі мағынасы және стратегиялық бағыт-бағдары баяндалған № 21 директиваны жіберді («Барбаросса» жоспары). КСРО-мен соғыстың жоспары 1941 жылғы қаңтардың 31-інде шығарылған «Әскерлерді стратегиялық топтау мен орналастыру туралы директива» деген директивада егжей-тегжейлі баяндалды. Оған қол қойған құрлық әскерінің бас қолбасшысы В.Браухич болды. 1940 жылдың аяғында неміс әскерлерін басып алынған Польшаның жеріне жылжыту басталды. Сонымен бірге осы әскерді жылжыту Ұлыбританияға басып кіруді бүркемелеуге арналған операция ғана деп Кеңес үкіметін алдап-арбауға бағытталған дезинформация науқаны басталды. Қарашаның 20-сында Үштік одаққа Венгрия, қарашаның 23інде — Румыния, қарашаның 24-інде — Словакия, 1941 жылы — Болгария, Финляндия және Испания қосылды. 1941 жылғы наурыздың 25-інде одаққа Югославия да қосылған болатын, бірақ наурыздың 27-сінде британиялық жансыздардың түрткісімен Белградта әскери төңкеріс орын алып, билік басына Симовичтың үкіметі келді. Ол үкімет жас ІІ-ші Пётрді патша деп жариялап, Югославияның бейтараптығын жариялады. сәуірдің 5-інде Югославия КСРО-мен достық және шабуыл жасаспау туралы келісімге қол қояды. Германия соны болдырмау үшін Югославияда әскери жорық өткізіп, Грекияда жеңіліске ұшырап жатқан Италия әскерлеріне көмектесуді шешеді. Сол себепті КСРО-ға шабуыл кейінге ысырылды. 1941 жылғы сәуірдің 6-сында ірі қалаларды, темір жол желілерін және аэродромдарды жойқын бомбылағаннан кейін Германия мен Венгрия Югославияға басып кірді. Осы кезде италиян әскерлері немістердің қолдауымен Грекияда шабуылға көшті. Югослав әскері сәуірдің 17-сінде тізе бүкті. Югославияны талқандағаннан кейін немістер мен италияндықтар бар күштерін Грекияға тастады. Афины қаласы сәуірдің 27-сінде жау қолына түсті. 1941 жылғы мамырдың 1-інде Һитлер КСРО-ға шабуыл маусымның 22-сінде бастауды түбегейлі шешті. Негізі, бар орыс әскері біздің шекараларымызда шоғырланып тұр. Ауа райы жылыған кезден бері көп жерлерде қорғаныс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Егер жағдайлардың қысымымен мен неміс авиациясын Англияға қарсы жібере қалатындай болсам, онда Ресей оңтүстік пен солтүстіктен бізге қысым жасай бастайды деген қауіп бар. Солай бола қалған жағдайда әуеде басымдық бізде жоқ болғандықтан мен тек үндемей шегіне беруге ғана мәжбүр боламын. Авиацияның жеткілікті қолдауынсыз мен Шығыстағы дивизиялардың көмегімен орыстардың қорғаныс бекіністеріне шабуылды жасай алмас едім. Осы қауіпке назар аудармаса, онда біз бүкіл 1941 жылды жоғалтып алуымыз ықтимал, соның өзінде де жағдай жақсыға қарай өзгермес еді. Керісінше, Англия өзінің орыс серіктесіне сеніп, бітімге келуге одан бетер қарсыласатын болады. Оның үстіне олардың осы үміттері орыс қарулы күштерінің дайындығы артқан сайын күшей беретін болады. Ал 1942 жылдан бастап америкалықтардың соғыс материалдарын жаппай жөнелтуі басталатынын алыңыз… Ақыр соңында мен сізге тағы бірдеңені айтқым келіп еді… Мен осы шешімге келгелі бері өзімді іштей азат сезініп отырмын. Мен осы шиеленісті шешуге қаншалықты талпынсам да, Кеңестер Одағымен ынтымақтас болу менің өзімді зәрде қылатын еді. Себебі бұл менің бүкіл өткен өміріме, менің дүниетанымыма, өзімнің бұрынғы барлық борыштарыма қарама-қайшы келетін. Осы ауыр жүктен енді құтылғаныма бақыттымын. Германияның экономикасы мен бар тіршілігінің милитаризациясы, жаулап алған елдерінің өнеркісібі мен стратегиялық қорларының немістердің қолына түсуі, жаулап алынған және одақтас елдердің арзан жұмыс күшін қолдану Германияның әскери-экономикалық қуатының елеулі түрде артуына әкелді. Ұлы Отан соғысының қарсаңында Германияның өзінде және жаулап алынған елдер мен одақтас елдерде жылына 439 млн тонна көмір, 31.8 млн тонна болат өндіріліп, 11 мың зеңбірек пен миномет, 11 мың ұшақ шығарылатын, ал 1941 жылдың 1-ші жартысында 1 621 танк пен өздігінен қозғалатын артиллерия қондырғысы шығарылды. Бұл деректерден Германияның өнеркәсіп қуаты жағынан КСРО-ның үстінен басымдылыққа ие болғандығы анық көрінеді. Бірақ қару-жарақ шығару жағынан Германия дәл сондай басымдылыққа ие болған жоқ. КСРО-ның жалпы жағдайы. КСРО болашақта болатын жойқын соғысқа 30-шы жылдардың басынан бастап дайындала бастаған болатын. Тек ауыр өнеркәсіп қана емес, өмірдің түрлі-түрлі жақтары, идеология, бұқаралық ақпарат құралдары, тіпті орта білім беру салалары да милитаризацияланды. Жеделтелген индустриализацияның арқасында 30-шы жылдары КСРО-да қуатты ауыр өнеркәсіп пайда болды. Ол жедел түрде қару-жарақ өндірісіне ауыса алатындай етіп ұйымдастырылды. Бірақ соған қарамастан болат, шойын қорыту, көмір, электр энергиясын, химиялық өндіріс сияқты салаларда Кеңес Одағы Германиядан артта қалып отыр еді. Үшінші Рейхтың қолына бүкіл Батыс және Орталық Еуропаның өнеркәсібі түскен соң бұл артта қалу тереңдей түсті. Кейбір техникалық бағыттарда да Кеңес Одағы Германиядан артта қалған еді. Әсіресе байланыс құралдарын және автомобиль көліктерін жасап шығару жағынан. Кеңес халқының басым көпшілігі (66 пайызы) білім деңгейі төмен дәрежедегі шаруалар болатын, ал Германия әлдеқайда урбанизацияланған, индустриализацияланған ел еді. Көптеген өнім түрлерін жасап шығарудан Кеңес Одағы Германияны артта қалдырған болатын (танкілер, ұшақтар, артиллериялық қару-жарақ, минометтер, оқ атар қару сияқтылар). Кеңес Одағының осал жағы — әскердің байланыс және басқару құралдарымен жарақтануы төмен деңгейде болды. Бұл жағынан Германиядан артта қалу елеулі болатын. Бір айта кетерлігі — КСРО-да негізгі өндірістік қорлары мемлекеттік меншікте болғаны себебінен және КСРО экономикасы мемлекеттің қатаң қадағалауында болғандықтан өнеркәсіптің милитаризация деңгейі мен соғыс жағдайында жұмыс атқаруға қабілеті Германия экономикасына қарағанда әлдеқайда жоғары болатын. Ал Германияның экономикасы жұмылу деңгейі жағынан 1944 жылы «тотал соғыс» жарияланғаннан кейін ғана кеңес экономикасына жақындай алды. Сондықтан соғыстың басында КСРО экономикасының тиімділігі жоғарырақ деңгейде болды. КСРО-ның партиялық жетекшілігінің Азаматтық соғыс кезінде қалыптасып, төтенше жағдайларда шаруашылық және әскери басқарудың мол тәжірибесіне ие болғанын да естен шығармау керек. Экономикасы қатаң орталықтандырылған, жетекшілігі «төтенше» шаралар арқылы іске асырылатын, жеке меншік атымен жоқ КСРО соғысқа Германияға қарағанда әлдеқайда ұтымды жағдайда болды. Осы себептер КСРО-ның сол соғыста жеңіске жеткенінің себептерінің бірі болды. Соған қарамастан ЖШҚӘ өзінің жерінде ірі қорғаныс соғысын жүргізуге дайын еместігін көрсетіп алды. Кейінірек кеңестік тарихнамада бұл «әскери құрылыста, соғыстың басталу уақытын анықтауда жіберілген қателік, әскерді мемлекеттік шекараның маңында орналастыруды кешеуілдету» деп аталды. 1937-1938 жылдары орын алған жаппай қуғын-сүргіннің нәтижесінде ЖШҚӘ-нің басқару буыны ауыр шығынға ұщыраған болатын. 5 маршалдың 3-еуі, 15 армия генералының 13-і, 9адмиралдың 8-і, 57 комкордың 50-і, 186 комдивтің 154-і, 16 әскер комиссарының 16-сы, 28 корпус комиссарының 25-і атылу жазасына кесілді. Әскери округтар мен әскери құрамалардың басына жас, тәжірибесіз басқарушылар тағайындалды. Мысалы, соғыс басталған кезде 17 әскери округ басшыларының 7-еуі, 17 округ штаб басшыларының 4-еуі өз қызметтеріне тағайындалғандарына жарты жыл толмаған еді. 20 армия қолбасшыларынан 13-інің тағайындалғандарына жарты жыл толмай, тек 2-еуі ғана жылдан астам уақыт бұрын тағайындалды. Командирлердің 70%-ының (полк командирінен жоғары) және сол деңгейдегі саяси жұмысшылардың 75%-ының жұмыс стажы (өтілі) жылға жетпеген еді. Зерттеушілердің пікірінше, қуғын-сүргін әскердің қорғаныс қабілетіне кері әсерін тигізді. Олардың пікірінше кадр «тазалаулары» әскердің моралдық жағдайына кері әсер етіп, кейбір азаматтардың Ұлы Отан соғысы кезінде жау жағына өтулерін қуғын-сүргінмен жуып-шаюларын мүмкін етті. 30-шы жылдардың жаппай қуғындарына тікелей қатысқан Молотовтың пікірінше, егер 30-шы жылдардың оқиғалары орын алмағанда соғыстың кезінде сатқындар мен коллаборационистердің саны әлдеқайда көп болар еді. 30-шы жылдардың аяғында өткізілген ЖШҚӘ-нің инспекторлық тексерістерінің нәтижесінде ондағы әскери тәртіп пен әскери дайындықтың өте төмен деңгейде болғаны анықталды. ЖШҚӘ-нің басқарушы буынының білім деңгейі де төмен болғандығы анық болды. Кеңес өнеркәсібі қамтамасыз еткен қуатты әскери техниканың көптігі де осы кемшіліктердің орнын толтыра алмады. Қару-жарақтың, әсіресе танк және ұшақ соққы қосындарындағы қару-жарақ мөлшері бойынша КСРО 30-шы жылдардың ортасында-ақ барлық басқа елдердің әскерлерінен де көп еді. Бірақ соғыстың басында ЖШҚӘ-нің әскери дайындығы оның қару-жарағының молдығына сай келмеді. КСРО-ның 1939-1940 жылдардағы кеңеюі. Германия мен Кеңестер Одағының арасындағы өзара шабуыл жасаспау туралы келісім бойынша Орталық Еуропаның бөлінуі. Сол жағында — 23 тамыздағы протоколдар бойынша болжалғаны, оң жағында — іс жүзінде болған бөлініс. Сарғыш түспен КСРО-ға кететін жерлер, көк түспен Германияның үлесіне тиген жерлер, күлгін түспен Германия басып алған жерлер боялған (Варшава генерал-губернаторлығы мен Богемия және Моравия протектораты) 17 қыркүйекке қараған түні КСРО Германия мен Кеңес Одағының арасындағы өзара шабуыл жасаспау туралы келісімнің құпия протоколдары бойынша Кеңес Одағының ықпалы жүретін аймағыболып белгіленген Польшаның құрамындағы Батыс Украина мен Батыс Белоруссияға басып кірді. 1939 жылғы қыркүйектің 28-інде КСРО Германиямен Достық және шекара туралы келісім жасасты. Ол келісім бойынша екі елдің арасындағы шекара «бұрынғы поляк мемлекетінің жеріндегі екі жақтың мемлекеттік мүдделері түйісетін» сызық, яғни бұрынғы Керзон сызығы бойынша белгіленді. 1939 жылдың қазан айында Батыс Украина мен Батыс Белоруссия ресми түрде Кеңестер Одағының құрамына қабылданды. 1939 жылдың қыркүйегінің аяғы — қазанның басында Германия мен Кеңес Одағының арасындағы шабуыл жасаспау туралы келісімнің құпия протоколы бойынша КСРО-ның ықпал аймағына жатқызылған Эстония, Латвия және Литва елдерімен келісімдер жасалып, сол келісімдердің негізінде олардың жерлеріне кеңес әскерлері орналастырылды. 1939 жылғы қазанның 5-інде сол қосымша құпия протокол бойынша Кеңестер Одағының ықпалы жүретін айиаққа жатқызылған Финляндияға КСРО өзара көмек туралы келісім жасасу туралы ұсыныс жасады. Келіссөздер қазанның 11-інде басталды, бірақ Финляндия өзара КСРО-ның көмек туралы ұсынысын да, жер алмасу және арендаға беру туралы ұсынысын қабылдамай тастады. 1939 жылғы қарашаның 30-ында КСРО Финляндияға қарсы соғыс бастады. Бұл соғыс 1940 жылғы наурыздың 12-сінде Мәскеу бітіміне қол қоюмен аяқталды. Ол бітімде Финляндия бірқатар аймақтарын Кеңестер Одағына беруге келісті. Алайда Кеңестер Одағы өзінің бастапқы мақсаты — Финляндияның толық бағындыру мақсатына қол жеткізе алмады. Басында Финляндия әскері тез уақытта және аз шығынмен талқандалады деп жоспарланса да, кеңес әскерінің іс жүзіндегі шығыны орасан зор болды. Қызыл Әскердің қуатына басқа елдер күмәнмен қарай бастады. КСРО-дағы сияқты, басқа елдерде де фин армиясын төмен бағалап, қарсыласуға дәрмені жетпейді деп қарастыратын. Сондықтан Қызыл Әскердің фин әскерін соншама ұзақ уақыт жеңе алмауы оның әлсіздігі және соғысқа дайындығының төмен деңгейін көрсетеді деп қарастырыла бастады. 1940 жылғы маусымның 14-інде кеңес үкіметі Литваға, ал маусымның 16-сында Латвия мен Эстонияға ультиматум жариялады. Олардың басты талаптары — бұл мемлекеттер КСРО-ға дос үкіметтерді билік басына келтіріп, өз жерлеріне кеңес әскерлерінің қосымша қосындарын кіргізуге тиістігі болды. Бұл талаптар қабылданды. Маусымның 15-інде кеңес әскерлері Литваға, 17-сінде Латвия мен Эстонияға кіргізілді. Жаңа үкіметтер коммунистік партиялардың жұмысына салынған тыйымдарды алып тастап, кезектен тыс парламенттік сайлаулар өткізді. Үш мемлекеттегі сайлауларда сайлау тізімдеріне енгізілген жалғыз партиялар — коммунистік Жұмысшы халық блоктары (одақтары) жеңіске жетті.Жаңадан сайланған парламенттер маусымның 21-22-лерінде Эстон КСР, Латвия КСР және Литван КСР жариялап, КСРО-ның құрамына ену туралы декларациялар қабылдады. (Тағы қараңыз: Балтық бойы елдерінің КСРО құрамына кіруі (1939-1940)). 1941 жылдың жазында герман шабуылы басталған соң Балтық бойы елдерінің тұрғындары кеңес әскерлеріне қарулы шабуылдар ұйымдастырды. Бұл неміс әскерлерінің Ленинградқа жылжуын тездетті. 1940 жылғы маусымның 26-сында КСРО Румыниядан Бессарабия мен Солтүстік Буковинаны өзіне беруді талап етті. Румыния бұл талапқа келісіп, 1940 жылғы маусымның 28-інде Бессарабия мен Солтүстік Буковинаның жеріне кеңес әскерлері енгізілді. 1940 жылғы тамыздың 2-сінде КСРО Жоғарғы Кеңесінің VII-ші сессиясында Молдаван Кеңестік Социалистік Республикасының құрылуы туралы заң қабылданды. Молдаван КСР-сының құрамына мына аумақтар енгізілді: Кишинев қаласы, Бессарабияның 9 уезінің 6-ы (Бельцы, Бендеры, Кагул, Кишинев, Оргеев, Сорок) және Тирасполь қаласы. Бұрыңғы Молдаван Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының 14 ауданының 6-ы да Молдаван КСР-ының құрамына кірді. МАКСР-дің қалған аудандары және Бессарабияның Аккерман, Измаил және Хотин уездері Украин КСР-ының құрамына кірді. Украин КСР-ының құрамына Солтүстік Буковина да кірді. КСРО-дан кейін Германияның одақтастары Венгрия мен Болгария да Румыниядан жер талап ете бастады. 1940 жылғы тамыз айында Румыния Трансильванияның жартысын дерлік Венгрияға, ал қыркүйек айында Добруджаның оңтүстік бөлігін Болгарияға берді. Кеңес барлау мекемелерінің ескертулері. 1941жылдың бірінші бөлігінде кеңес барлауы немістердің шабуыл дайындап жатқаны туралы хабарлаумен болды. Хабарларда қарама-қайшылықтар кездесіп отырды. Мысалы, шабуыл басталатын күн (мамырдың 1-і, 15-і, маусымның басы, 22-ші маусым), соққылардың бағыттары, соғыс жоспарлары туралы хабарлар әртүрлі болды. Осының бәрі Германияның шынайы ақпаратты жалған ақпаратпен араластырып, түрлі буындар арқылы таратқанының салдары болды. Кеңес жетекшілері барлаушыларға әрқашан сене берген жоқ, себебі кейде олардың берген ақпараттары (мысалы, Рихард Зорге жіберген мәліметтер) расталмай отырды. Кейбір дерек көздері бойынша, Германияның соғыс бастайтыны туралы ескертулер қарама-қайшы (ал қазіргі зерттеулер көрсетіп отырғандай, кейде тіпті жалған) мәліметтер қамтып отырды. Ақпарат шынайы болған күннің өзінде одан жаңсақ қорытындылар жасалып отырды (мысалы, әскери барлаудың жетекшісі Голиковтың қате қорытындылары). Германиямен жасаспау туралы келісім, неміс әскерилерінің Британия аралдарына дайындалып жатқан шабуыл туралы әңгімелері 1941 жылы соғыс болмайтын шығар деген үміт тудырып отырды. Германия басқа шабуылдарының қарсаңындағыдай, ешқандай саяси талаптар жасамады. Сталин Германияның шабуыл жасауы мүмкін екендігі туралы барлау мәліметтеріне сенбеді. Кеңес Одағының соғысқа дайындық ретінде жасаған шаралары. 1941 жылдың мамыр айында әскерлер ішкі округтардан Днепрдің батысына, шекараға жақынырақ жерге жылжытыла бастады. Шекаралық дивизияларды толықтыру үшін запастан 800 000 адам әскерге шақырылды, маусымның 16-18-дерінде шекаралық округтардың резерв дивизияларын алға жылжыту басталды. Оларға шекараның маңында бекіну туралы бұйрық берілді. Бұл шаралар тым кеш жасалғандығы Германияның шабуылы басталғаннан кейін анық болды. Әскерлер неміс шабуылын жүздеген шақырымға созылған, ұйымдаспаған күйде қарсы алуға мәжбүр болды. 1941 жылғы маусымның 18-інде КСРО-ның әскери теңіз флоты мен шекара әскерлері ұрысқа әзірлік жағдайына келтірілді. ЖШҚӘ-ге бұндай бұйрық тек маусымның 21-інде ғанаберілді. а) Германияны оңтүстік одақтастарынан ажырату үшін Оңтүстік-Батыс майданның күштерімен басты соққыны Краков, Катовице бағытында жасау керек; ә) Варшава әскер тобын байлап, Оңтүстік-Батыс майданға көмек көрсету үшін қосымша соққыны Батыс майданның солтүстік қанаты Седлец, Демблин бағытында жасауы керек». «Германияның шабуылының алдын алу туралы ой Тимошенко екеуімізде Сталиннің 1941 жылғы мамырдың 5-інде әскери академияларды бітірушілердің алдында біз енді шабуыл жасайтын болуымыз керек деп сөз сөйлегеннен кейін пайда болды. Қарсылас біздің шекараларымыздың маңында өз әскерін шоғырландырып жатқанда Сталинның осылай сөз сөйлегені бізді алдын ала соққы беру туралы директива дайындау керектігіне сендірді. Құжатты дайындау жұмысы А. М. Василевскийге тапсырылды. Мамырдың 15-інде ол директиваның дайын жобасын қорғаныстың халық комиссарына және маған тапсырды. Бірақ біз бұл құжатқа қол қоймадық, алдымен оны Сталинге көрсетуді ұйғардық. Неміс әскерлеріне алдын ала соққы беру туралы ести салысымен ол бұлқан-талқан болып ашуланды. «Сендер немене, немістерді арандатқыларың келе ме?» - деп қорс ете қалды. Біз КСРО-ның шекарасында қалыптасып отырған жағдай туралы, оның мамырдың 5-індегі сөйлеген сөзінде айтылған ойларға негізделгенімізді айттық… «Мен бұны сондағыларды жігерлендіру үшін ғана, олар бүкіл дүние жүзінің газеттері айтатын неміс әскерінің еш жеңілмейтіндігі туралы емес, жеңіс туралы ойласын деп қана айттым!» - деп Сталин барқ етті. Осылай алдын ала соққы беру туралы жоспар аяқсыз қалды…» Жуков дәл осындай оқиғаны әскери тарихшы Н. А. Светлишинге де айтты. Елде орнаған осы жаңа жағдай партия ұйымдарынан Қызыл Әскерді және бүкіл кеңес халқын жалынды патриотизм, революциялық батылдық және дұшпанға қарсы жойқын шабуыл бастауға әрқашан дайын болу рухында тәрбиелеу үшін партиялық-саяси жұмысында түбегейлі бетбұрысты талап етеді». (документ № 512) К. Рокоссовский былай деп жазған: «Біздің авиацияның алғы шептегі аэродромдарда шоғырландырылуына және орталық маңызы бар қоймаларды майдан маңындағы аумақта орналастырылуы алға секіріс жасауға жүргізілген дайындық сияқты болып көрінді де, әскердің орналасуы мен әскерде жүргізілген шаралар соған сәйкес болмады». Б. Шапталов бұл жайттарды былай түсіндіреді: Сталин 1941 жылдың шілде-тамыз айларында неміс әскері Ұлыбританияға десант операциясын жасап, басып кіреді деп күткен болатын. Осындай операция жасала салысымен Сталин Польшадағы неміс әскерлеріне соққы беруді көздеді. Әскер шабуыл қимылдарына дайындалып келгендіктен және ауқымды әскерлер мен қоймалар шекараның маңында орналастырылғандықтан, бірақ артиллерия әлі де полигондарда болып, авиация дала аэродромдарында сиретіліп орналастырылмағандықтан, 1941 жылғы маусымның 22-сінде шекара маңындағы әскери округтардың әскерлері тиімді қорғаныс ұйымдастыруға мүмкіндіктері болмай, шекара маңындағы ұрыстарда тез талқандалды. Алдын алу соғысына дайындық туралы болжам. «Соғыстың басында бізге насихатталған басты ой мынау болды: «Ресей келісімді бұзып, Германияға шабуыл жасайын деп жатыр. Біз тек жылдамырақ әрекет еттік». Сол кезде бұған көп адамдар сеніп, Сталиннің шабуылының алдын алғынымызды мақтан тұтатынбыз. Арнайы майдан газеттерінде бұл туралы көп айтылды. Біз соларды оқып, офицерлерді тыңдап, сенетінбіз» — Һелмут Клаусманн, 111-ші жаяу әскер дивизиясы. Александр Невский. Александр Невский, - орыс князі, орыс мемлекеті бірнеше княздіктер деген бөліктеріне бөлінген кезде Новгород княздігінде туған. Әкесі Ярослав осы солтүстік княздігінде билеген. 1236 жылынан бастап орыс жерлеріне Шыңғыс ханның немересі Бату хан басқарған моңғолдар шабуыл жасап, орыс жерлерін жаулап басып кетті. Новгород княздігі өз тәуелсіздігін сақта алған. Мұның себебі - Бату ханның жорықтарының тоқтатылуы. Шыңғысханның ұлы Үгедей хан өлген соң Шыңғыс ханның ұрпақтары арасында тартыс басталған да Бату хан да еншісіз қалмау үшін орыс жерлерінен қайтып, Қарақорымға асығып кетті. Батыс жақтан шведтер және немістер Новгород княздігіне қарсы болып, орыстарды католик дініне аударып, өзіне қаратып билеткісі келді. 1240 жылында жас Александр Нева өзенінің жағасында шведтердің әскерлерін жойып және Неваға кірген бірнеше қайық-кемелерден (ладьялардан) құрастырған флотын құртып, сөйтіп шведтерді жеңді. Бұл шайқас Неваға Ижора өзені құйылатын жерде болған. Шайқастан кейін Александрға "Невский" деген лақабы берілген. Енді Бату хан құрастырған Алтын Ордамен мәселелерін шешу керек еді. Александр Ордамен соғыспай, оны одақтасы болып кетті. Мұның себебі - екі жаудың арасында шведтер мен немістер моңғолдардан жаман және қауіпті еді. 1242 жылы Бату ханның жорығы тоқтаған соң, Новгород немістермен жаңа соғысына дайындалуға басталды. Псков және суздаль жерлерінен жігіттерін алып, новгородтықтарды басқарған Александр Чудь көліндегі "мұз шайқасында" православ орыстарға қарсы крест жорығын жүргізген Тевтон орденының әскерлерін жеңді. Һитлер, Адолф. Адолф Гитлер ((1889 ж. сәуірдің 20 — 1945 ж. сәуірдің 30) — Аустрияда туған Алмания саясаткері. Ұлттық Социалист Неміс Жұмысшылары Партиясын басқарған, Алмания канцлері (1933—1934) және Алмания Фюрері (1934—1945). Адольф Гитлер 1889 жылдың 20-сәуірінде Қазіргі Австрия елінің Браунау ам Инн жерінде дүниеге келген. Әкесі -- кеден қызметкері Алойс Гитлер (Alois Hitler) анасы -- Клара Пөлцель (Clara Pölzel). 1903 жылы әкесі, 1907 жылы анасы дүниеден өтеді. 1905 жылы мектепті аяқтамай тастап кетеді. Кейін Гитлер Австрияның астанасы, Вена қаласына қоныс аударады. 1913 жылы Германияның Мюньхен қаласына көшеді. Адольф Австриядан шыққан неміс саясаткері әрі диктаторы болды. Ол 1933 – 1945 жылдар аралығында канцлер болып билік етеді. Сондай-ақ, 1921 жылдан бастап НСДАП партиясының басшысы және нацистік Германияның көсемі болып та саналады. Канцлер болып тұрған шағында өзін неміс Райхының ең жоғарғы қолбасшысы, лидері деп санады. Гитлердің билігі тұсында елдегі ұлттық социалистер (Nationalsozialisten) III Неміс Райхының диктатурасын орнатты. Ұлттық социалистер билікке келгеннен бастап басқа партияларға шектеу қойылып, қысым жасалды. Кейбірін өздігінен жойылып кетуге дейінгі халге жеткізді. Гитлердің саясатына қарсы келгендерді қудалап, Концлагерлерге жер аударып жіберді. Тіпті, жазалаудың шектен шыққаны сонша, адамдарды өлтіруге дейін барды. Еуропалық Иудейлерді қырғынға ұшыратқан осы Гитлердің нацистік, фашистік саясаты мен оның жақтаушылары еді. Холакауст кезінде жазықсыз иудейлер өлтірілді. Олар үшін басқа этникалық топтар мен басқа діннің өкілдерінің көк тиындық құны болмады. Ақырында Екінші Дүниежүзілік Соғыстың отын тұтатты. Соның салдарынан Германияның көп білігі мен Еуропаның біраз бөлігі қирады, бүлінді. Екінші Дүниежүзілік Соғыста өлген 55 миллион адамның 6 миллионы еуропалық Иудейлер, 30 миллионы Славиян халқының өкілдері болды. Гитлердің жиырма бес жасына дейін атқарған немесе атап айтарлықтай іс-әрекеті болмаған. 25 жылдық өмірінде мамандыққа қатысты білімі болмаған, әлеуметтік және қоғамдық өмірде де белсенді болмаған. Алайда, аздаған жылдар арасында немістердің еліне барып елбілігін қолына алып, диктатор болады. Сасатқа келген кезіндегі ол жайлы мәліметтер құпия болатын. Ол өзінің қарсыластарына айтқан сөзінде: "Сіздер менің қайдан келгенімді және қандай отбасынан шыққанымды білуге тиісті емессіздер" -- деп айтқан екен. Майн Кампф (Mein Kampf) еңбегінде бұрынғы өмірінің нацистік түсінікте қалыптасқан мықты тұлға болуға өзін-өзі тәрбиелегенін айтады. Адольф Гитлер өмірінің соңына дейін христиан дінінің католиктік бағытын ұстанған. Оныңең сенімді адамдарының бірі Альберт Шпеер Гитлердің шіркеулерге деген көзқарасының оң болмағанын айтады. Әр түрлі ортада әр түрлі ой білдірген. Шіркеулерді халықты ұстап отыратын күшті элемент деп те қарастырған. Гитлер 1930 жылдан бастап вегетариан болған. Ол жайлы оның өмірін зерттеген адамдар да бірауыздан келіседі. 1933 жылдан бастап Гитлер өзінің қалауы бойынша көшелер мен орталық алаңдарды өзінің атымен атай бастайды. Кез-келген елдімекендер мен қалаларда Гитлердің атымен аталатын көше және алаңдар болды. Ол әсіресе, өзіне ұнамайтын адамдардың атына ие көшелер мен алаңдарды өзгертті. Біраздан соң НСДАП партиясы елдегі жаңа көше мен алаңдарға Гитлердің саясатын қолдаған тұлғалардың есімін беру туралы заң шығарды. Партияның жастар қанатын "Гитлер жастары" деп өзгертті. Сондай-ақ, стадиондар, мектептер, қалашықтар Гилердің атымен немесе Гитлердің қарамағында екендігін білдіретін атаулармен аталды. Адольф Гитлердің "Wolf"(қасқыр) деген лақап аты болған. Өзі басшылық еткен майдандар мен әскери орталықтарды осы Қасқыр атауына қатысты атаулармен атаған. Гитлердің жақын бір қызметтесінің кішкене баласы "Onkel Wolf" (Қасқыр көке (аға)) деп атаған. Атының өзі көне неміс тіліндегі "adal" және "wolf" деген екі сөздің туындысы екен. 1945 жылы 30 сәуірде Берлин қаласындағы бункерінде өзіне-өзі қол жұмсап мерт болады. Гитлер паркионсон ауруымен ауыратын. Гитлер талантты суретші болған. Қыпшақ даласы. Қыпшақ даласы («Дешті Қыпшақ») — Алтай тауларынан Дунай өзеніне дейін, Балқаш көлінен Қара теңіздің батыс жағасына дейін кең жайылған, бір жағынан славяндармен, бір жағынан қытайлықтармен, бір жағынан сібір тайпаларымен, бір жағынан Кавказ халықтарымен, бір жағынан тілдес оғыз менен қарлұқ мемлекеттерімен шектесетін дала аумағындағы жерлерін атауы. Бұл қазіргі Қазақстанның территориясына (негізінде Сарыарқа даласына), Еділ мен Донның арасындағы, Солтүстік Кавказдағы, оңтүстік Ресейдегі территоиясына, Украинаның далаларына, Каспий менен Қара теңіз маңындағы жерлеріне, славяндармен шектесетін Днепр, Днестр, Дунай өзендерінің төменгі ағымдағы жағалауына, тіпті Венгрия (Мажарстан) даласына сәйкес жерлер. Сол даласында тек қыпшақтар ғана тұрмаған, қыпшақтарға жақын басқа түркі тайпалары тұрған (негізінде көшпенділер болған, бірақ аз-кем отырақты мәдениеті, өркениеті де дамыған еді), бірақ қыпшақтар ең күшті және ең үлкен тайпасы болғандықтан сол далаларын «Қыпшақ даласы» деп атаған. Парсы жазбаларында «Қыпшақ даласын» — «Дешті Қыпшақ» деп атаған, Ресей және Қазақстан тарихшылары бұл терминді әлі де пайдаланады. Көне орыс жазбаларында «Қыпшақ даласын» — «Половецкое поле» деп атаған, ал қыпшақтарды да оларға жақын тайпаларын да «половцы» деп атаған. Тағы бір тайпасын «печенеги» деп атаған. Печенегтер де Қыпшақ даласында тұрған, оғыздардың бір тармағы еді. Муссолини, Бенито. Бенито Амилкаре Андреа Муссолини () (1883 ж. шілденің 29 — 1945 ж. сәуірдің 28) — Италия саясаткері. Ұлттық Фашист Партиясын басқарған, фашизм ілімінің басты шығырмашысы. 1922 ж. Италия премьер-министрі лауазымына орнады, 1925 ж. бері "Ил Дуче" bатағын алды. 1943 ж. дейін Муссолини осы рөлімен қызметін атқарды; өліміне ше дейін қысқа мерзімде Италия Социалды Республикасының (Сало Республикасы) саяси жетекшісі болды. Жуков, Георгий Константинович. Георгий Константинович Жуков — Кеңес Одағының маршалы, Ұлы Отан соғысы кезіндегі қолбасшы, төрт мәрте Кеңес Одағының Ері. 1896 жылы Калуга облысында кедей шаруа отбасында дүниеге келген. Он бір жастан терімен айналысатын шеберінің қолында болып, жұмыс істеген. 1915 жылы Жуков әскерге алынған. Бірінші дүниежүзілік соғысында қатысқан. Атты әскер — кавалерист болып, унтер-офицер шенініе дейін әскер қатарында қызмет еткен. Соғыс аяқталған соң, Жуков әскерде қалып, қызмет етті. 1939 жылы Халхин-Гол өзеніндегі жапондықтарға әскери операциясын басқарған. Сол кезден бастап, ол жұрт арасында әйгілі болып кетті. Ал Ұлы Отан соғысынан кейін, оның аты дүниежүзілік тарихында қалды. Ұлы Отан соғысы басталғанда, Жуков генерал еді. Соғыс кезінде, ол өзіні сенімді қолбасшы, әскери стратег, ержүрек адам ретінде көрсетті. Жуков Бас штабының басшысы, Жоғары қолбасшысы (Сталинның) орынбасары еді. Жуков басқарған Мәскеу маңындағы шайқасы, Ленинград блокадасының жоққа шығарылуы, Курск шайқасы, Днепр арқылы өтуі, Беларусьта, Берлин маңында болған қақтығыстар Кеңес Одағына үшін сәтті өтті. 1944 жылы Жуков 1-ші Беларус майданының қолбасшысы болып тағайындалды. Берлин алуының ізеті оған берілген. Оң жағынан Жуков басқарған майданын Рокоссовский, Константин Константинович басқарған 2-ші Беларус майданы қорғаған. 1945 жылының мамыр айының 8-ші жұлдызында Жуков фашист Алманияның шартсыз капитулияциясы актына Кеңес одағы жағынан қол қойды. 1945 жылының маусым айының 24-ші жұлдызында Мәскеу қаласының Қызыл алаңында Жеңіс шеруін қабылданған. Берияны үкіметтен шығарып, қамытып, Хрущевқа билікке келуіне көмектескен. 1955 - 1957 жылдары КСРО-ның қорғаныс министрі болған. Жеңіс маршалы Жуков 1956 жылындағы Мысырдағы Суэц кризисінде де өзіні дарынды қолбасшы ретінде көрсетті. Хрущевтың билігі күшейткен соң, ол Жуковты зейнеткер қылып, демалысқа жіберді. Сол кезде Жуков «Воспоминания и размышления» деген кітапты жазған. Қазақ тіліне бұл кітап әлі де аударылмаған. 1974 жылы Жуков Георгий Константинович қайтыс болған. 1994 жылы Жуковтың даңқына Ресейде Жуков ордені пайда болды. Рокоссовский, Константин Константинович. Рокоссо́вский Константи́н Константи́нович (Рокоссо́вский Константи́н Ксаве́рьевич,  — "Констанцы Рокоссовски") (1896 — 1968) — Кеңес Одағының Маршалы (1944), Польшаның Маршалы (1949), екі мәрте Кеңес Одағының Батыры (1944, 1945). Балалық шағы. Польшаның Великие Луки қаласында туған. Әкесі — поляк Ксаверий Юзефұлы Рокоссовский еді, ол Варшава теиір жолының инспекторы (тексерушісі)болды. Шешесі — орыс Антонина Овсянникова еді, ол мұғалім болды. Осылайша, Рокоссовскийдің әкесінің аты Ксаверий еді, бірақ құжаттарда және тарихта Рокоссовский Константинұлы болып қалды. Константин кішкентай болғанда отбасымен Варшаваға көшті. 1905 жылы Рокоссовскийдің әкесі өледі, отбасы қаражатсыз қалады.Төрт сынып бітіріп, Константин байпақ тігетін фабрикасында жұмыс істеуге бастады. 1911 жылы шешесі өледі, 14-жасар Константин қарындасымен жетім болып қалады. Бірінші дүниежүзілік және Азаматтық соғыстары. Бірінші дүниежүзілік соғысы басталғанда, 18-жасар Константин Каргополь драгун полкына түсті. Полктың бітікшісі, Рокоссовскийдың жеке мәліметтерін жазғанда, оның әкесінің атын «Константинович» деп жазған. Әскери қызметіндегі бірінші күндерінде-ақ оған 4-ші дәрежелі Георгий крестін берген. Қызметтің үш жыл ішінде Константин унтер-офицер шеніне дейін қызмет етті, үш Георгий медалінін иегері болды. 1917 жылының қазан айынан бастап Қызыл Ұланда (Гвардиясында), кейін Қызыл Әскерде қызмет еткен. 1919 жылы большевиктер партиясының мүшесі болып кеткен. Азаматтық соғысында эскадрон командиры (басшысы), ерекше дивизион басшысы, ерекше кавалеристтер (атты әскерлер) полкының командиры (басшысы). Жас командир аса ержүрек, батыл, адам және кішіпейіл еді. Бірақ оған қарамастан, Рокоссовскийдың қызметтегі аспандатуы жаман жүрген. Мұның себебі, Рокоссовскийдың поляк заты (түбі, ататегі). Бейбіт кезең. 1923 жылы Юлия Петрқызы Барминаға үйленді (орыс). 1925 жылы Ариадна қызын тапты. Азаматтық соғысынан кейін Байкал көлінің ар жақтағы жерлерінде қызмет етті. 1926 — 1928 жылдары Моңғолияда моңғол әскерінде инструктор болып жұмыс істеді. 1931—1936 жылдары Қиыр Шығыста ерекше әскер бөліктерінде КВЖД-ны (Қиыр Шығыстағы маңызды темір жолын) жапондықтардан қорғап қызмет етті. 1936 жылында К. К. Рокоссовский кавалерист(ат әскерлері) корпусының басшысы болып тағайындалады. Абақтыға қаматуы. 1937 жылы әділсіз, өтірік «поляк мен жапон барлау органдарымен еңбектестігі» үшін жала кінәлануы бойынша саяси қуғынға түсіп, жазаға тартқан.Үш жыл әйгілі петербургтағы «Кресты» абақтысында қамаған еді. 1940 жылы өзінің бұрыңғы командиры С. К. Тимошенконың арқасында босатылды. К. К. Рокоссовский Қызыл Әскеріне қайтады. Сол жылда оған «генерал-майор» шенін береді. Ат әскерінен механизацияланған әскеріне аударылады. Мәскеу маңындағы шайқас. КСРО-ға фашист Алманияның шабуылынан кейін 9-шы механизацияланған корпусының басшысы еді. Танктар мен көліктің аз-кем санына қарамастан, 9-шы механизацияланған корпусының әскерлері 1941 жылының маусым-шілде айында серпінді қорғаныспен жаудың мазасын апып, оларды әлсіз қылған, отступая тек бұйрық бойынша шегінген. 1941 жылы тамыз айының ең қиын күндерінде К. К. Рокоссовский оперативтік тобының басшысы болып тағайындалды. Топ Батыс майданының 20-шы және 16-шы әскерінің торабында соғысқан. Рокоссовский бір топ офицер, радиостанция және екі автокөлік берген. Ал әскерлерін ол өзі іздеген, Мәскеуден Ярцевоға дейін жүрген әскерлерін тоқтатып, өзіне қаратқан. Кейін Рокоссовскийдың тобы 16-шы әскерімен қосылып, Рокоссовский сол әскерінің басшысы болып кетті. 16-шы әскерінің мақсаты — Мәскеуге баратын Волоколам бағытын қорғау еді. РКФСР-дың Жоғары Кеңесі атындағы әскери училищесінің негізінде құрастырған қосынды курсант полкы, генерал И. В. Панфилов басқарған 316 атшы дивизиясы, генерал Л. М. Доватордың 3-ші кавалерия корпусы К. К. Рокоссовскийдың басшылығына қараған еді. Мәскеу маңындағы шайқасында К. К. Рокоссовский қолбасшылық абыройын алған. Мәскеу маңындағы шайқас үшін, К. К. Рокоссовский Ленин орденымен марапатталған еді. Сталинград шайқасы. 1942 жылы наурыздың 8-ші жұлдызында Рокоссовский снарядтың сынығымен жараланған еді. Жарақаттануы қиын еді — сынық өкпесіне мен бауырына тиді. Рокоссовский жоғары командирлерге арналған мәскеудегі ауруханасына жеткізілді. Осында ол 1942 жылының мамыр айының 23-ші жұлдызына дейін емделген. Мамырдың 26-шы жұлдызында Сухиничи қаласына келіп, жаңадан 16-ші әскерінің басшысы болып кетті. 1942 ж. қыркүйектің 30-ында генерал-лейтенант К. К. Рокоссовский Сталинградским майданының басшысы болып кетті. Оның арқасында «Уран» операциясының жоспары жетілдірген. Бұл жоспар бойынша Сталинградты жаулап алған жауларды қоршап алып, жоюға мүмкіндік туғызған. Бірнеше майданлардың күшімен 1942 ж. қарашаның 19-ында операцияның өткізілуі басталған. Қарашаның 23-інде генерал Ф. Паулюстың 6-шы әскері қоршап алынған, фашист әскерлер қоршауының ортасында қалған. Рокоссовский жаулардың тобын жою операциясының басшысы болып кетті, бұл Рокоссовскийға құрмет белгісі еді. 1943 ж. қаңтардың 31-інде К. К. Рокоссовский фельдмаршала Ф. фон Паулюсті, 24 генералын, 2500 неміс офицерлерін, 90 мың әскерлерін тұтқынға алды. Қаңтардың 28-інде ол жаңа пайда болған Суворова орденымен марапатталды. Курск шайқасы. В феврале 1943 г. К. К. Рокоссовский был назначен командующим Центральным фронтом, которому предназначалась решающая роль в летней кампании 1943 г. у Курска. Из донесений разведки было ясно, что летом немцы планируют большое наступление в районе Курска. Командующие некоторых фронтов предлагали развивать успехи Сталинграда и провести широкомасштабное наступление летом 1943 г. К. К. Рокоссовский был другого мнения. Он считал, что для наступления нужно двойное, тройное превосходство сил, чего у советских войск на этом направлении не было. Чтобы остановить немецкое наступление летом 1943 г. под Курском, необходимо перейти к обороне. Необходимо буквально укрыть в земле личный состав, боевую технику. К.К Рокоссовский проявил себя блестящим стратегом и аналитиком — на основании данных разведки он сумел в точности определить участок, на котором немцы нанесли главный удар, создать на этом участке глубокоэшелонированную оборону и сосредоточить там около половины своей пехоты, 60 % артиллерии и 70% танков. Поистине новаторским решением была также артиллерийская контрподготовка, проведенная за 3 часа до начала немецкого наступления. Оборона Рокоссовского оказалась настолько прочной и стабильной, что он смог передать значительную часть своих резервов Ватутину, когда у того на южном фасе Курской дуги возникла угроза прорыва. После Курской битвы К. К. Рокоссовский стал генерал-полковником, спустя три месяца — генералом армии. Его слава уже гремела по всем фронтам, он стал широко известным на Западе, как один из самых талантливых советских военачальников. Очень популярен был Рокоссовский и среди солдат. «Багратион» жобасы. 1944 жылының жазында Беларусты азат ету «Багратион» операциясы басталды. Операцияның жобасыны Рокоссовский менен А. М. Василевский және Г. К. Жуков жоспарланды. Негізігі мақсаты - жауға екі тарабынан шабуыл жасап, оны өзінің тылында терең жерде қоршап алу. 1944 ж.маусымдың 22-інде кеңес әскерлері «Багратион» операциясын бастады, бұл тарихта ең ірі операция еді.Бірінші күнде-ақ 25 неміс дивизиялар жоққа шығарылды. Операцияның екінші күнінде И. В. Сталин К. К. Рокоссовскийдің жоспары дарынды қолбасшының жоспары болғандығын түсінді. 1944 ж.маусымдың 29-інде әскер генералы К. К. Рокоссовскийға Кеңес Одағының Маршалының гауһар жұлдызы берілді, ал шілденің 30-ында — Кеңес Одағының Батырының атағы берілді. Кейін 1-ші Беларус майданының әскерлері Польшаның азат етуін бастады. Соғыс аяқтауы. 1944 жылының қараша айында 1-ші Беларус майданының басшысы болып Г. К. Жуков тағайындалды және Жуковқа Берлин алуының ізеті берілген. К. К. Рокоссовскийды 2-ші Беларус майданына аударды, оның мақсаты Г. К. Жуковтың оң жағын қорғап, қамтамаасыз ету еді. 2-ші Беларус майданының басшысы болып, К.К. Рокоссовский бірнеше операцияларын жүргізді, оларда өзіні маневр шебері ретінде көрсетті. Екі рет әскерлерін практически на 180 градусов, умело концентрируя свои немногочисленные танковые и механизированные соединения. Нәтижесінде немістердің померан тобы жойылды. 1945 жылының маусым айының 24-ші жұлдызында И. В. Сталинның шешімі бойынша К. К. Рокоссовский Мәскеудегі Қызыл алаңында Жеңіс шеруінді басқарды (Жеңіс шеруінді Г. К. Жуков қабылдады). 1945—1949 жж. ол — Польшаның территориясында әскерлердің Солтүстік тобын ұйымдастырылып, олардың қолбасшысы болған. Полшадағы қызметі. 1949 жылы Польшаның президенті Болеслав Беруттың Сталинға жолдаған өтініші бойынша, К. К. Рокоссовский Польшаның қорғаныс министрі болып тағайындалды. 1949—1956 жж. ол Польша әскерін жаңадан құрылуы бойынша үлкен жұмысын істеп, оны қорғанысқа қабілетті, соғысқа дайын қылып, әскердің қазіргі заманға сай деңгейінежауынгерлік әзірлігін көтерді. Біржолы Рокоссовский Польшаның Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары және Польшаның біріккен жұмысшылар партиясының Орталық Комитетінің Политбюросының мүшесі еді. И. В. Сталин менен президент Болеслав Беруттың өлгені соң, Польшаның үкіметі оны мансабынан босатты. КСРО-ға қайтуы. 1956 жылының қараша айынан бастап 1957 жылының маусым айына дейін — КСРО-ның қорғаныс министрінің орынбасары, 1957 жылының қазанына дейін — біржолы КСРО-ның қорғаныс министрлігінің бас инспекторы (тексерушісі) болып істеді. 1957 жылының қазан айынан бастап 1958 жылының маусым айына дейін — Кавказ аржақтағы әскери округының әскердіктерінің басшысы еді. 1958 жылының қаңтар айынан 1962 жылының сәуір айына дейін тағы да — КСРО-ның қорғаныс министрінің орынбасары—КСРО-ның қорғаныс министрлігінің бас инспекторы (тексерушісі) болып істеді. 1956 жылы Таяу Шығыстағы жағдайы асқынуынан Кавказ аржақтағы әскери округының әскердіктерінің басшысының міндеттерін атқарушы болып істеді. 1962 жылы маршал Н. С. Хрущевтың талабы бойынша И. В. Сталин туралы Сталинға қарсы жамандайтын мақаласын жазуынан бет бұрғанда, келесі күнде орнынан алынды. 1962 жылының сәуір айынан бастап 1968 жылының тамыз айына дейін — генеральный инспектор Группы генеральных инспекторов Министерства обороны СССР. Қоғамдық қызметі. 1919 жылының наурыз айынан бастап Коммунисттер партиясының мүшесі еді. 1936 жылында Бүкілодақ Орталық Атқару Комитетінің мүшесі еді. Кеңес Одағының Коммунистік Партиясының Орталық Комитетінің (ЦК КПСС-тың) мүшелігіне кандидаты(үміткері). 1961 жылынан бастап 2,5-7 шақыруларының КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Алексий (Кутепов). Митрополит Алексий (шын аты — Андрей Николаевич Кутепов) — Орыс Православие Шіркеуінің Тула мен Белёв митрополиты. 1953 жылы мамырдың 10-шы жұлдызында Мәскеу қаласында дүниеге келген. Мәскеу мемлекеттік педагогикалық институтын тамамдаған. Мәскеу діни семинариясын, діни академиясын бітірген. Дін ілімінің кандидаты. Үркіт (Иркутск) қаласындағы орталық шіркеуінің (кафедралдық соборының), Владимир қаласындағы Успен кафедралдық соборының шырақшысы еді. Троице-Сергий лаврасының орынбасары еді. 1990 жылынан бастап Қазақстандағы орыс православ шіркеуінің діни басшысы яғни Алматы мен Семей архиепископы болып қалды. Біржолы «Светоч» православ қайрымдылық дамыту және мәдениет қорының президенті еді. Елордамызды Алматыдан Астанаға аударғаннан соң Алматы мен Астананың архиепископы болып кетті. Қазір өз орнын архиепископ Мефодийға берді. 1995 жылы Елбасының бейбітшілік және рухани ауызбірлігін сыйлығының иегері болды. Кекілбаев, Әбіш. Кекілбаев, Әбіш (1939), — Қазақстан жазушысы, мемлекеттік және қоғам қайраткері. 1939 жылы желтоқсанның 6-шы жұлдызында Маңғыстау облысында Оңды ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген соң, қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі болып жұмыс істеген. Өмірбаяны. 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрыңғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған. Арғы атасы Жаңайұлы Қожаназар қазақтар көшін Маңғыстауға бастап келген топтан. Белгілі білікті, беделді, дәулетті адам. Ата шаңырағын ұстап қалған ұрпағы Жаманқұл немересі Кекілбайды үйлендірген соң, 1924 жылы Оңдыда қайтыс болған. 1928-31 жылдары асыра сілтеу, тәркілеу кезінде Кекілбай ата мекеннен баз кешіп Түркменстанның Красноводск портында жүкші, Бекдаш химия кәсіпорнында біраз жыл жұмысшы болып істеп, елге 1937жылы Баку мен Макачкала арқылы оралған соң Оңдыдағы колхозда колхозшы, Таушық кенішінде шахтер болды. 1942 жылы соғысқа алынып, майданда 3 рет жараланып, Сталинград маңында қайтыс болады. Әбіш Кекілбайұлының анасы Айсәуле Жұмабайқызы дәулетті, ел ішінде аты шыққан бидің отбасында дүниеге келіп, тәрбиеленген. 1936 жылы әуелі Оңдыда колхозшы, Таушықта 1942-45 жылдар аралығында стахановшы шахтер, 1945-62 жылдары «Екпінді» колхозында жұмыс істеді. Әбіш Кекілбайұлы 1957 жылы Таушықтағы мектептің 1 сыныбына барып, 1948-1954 жылдары Оңды орталау, ал 1956-57 жылдары Үштағандағы орта мектепте оқиды. Әдебиетке құмарлығы мектеп қабырғасында басталады. 1957 жылы 5 мамыр «Лениншіл Жастың» белсенді ауылдық тілшісі ретінде Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің мақтау қағазымен марапатталады. 1957 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне түседі. Университетте әдебиет бірлестігін басқарып, жас талаптар шоғырын жарыққа шығарады. Соңғы курста оқып жүріп, «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет атқарады. Мұнда ол сыншылық қабілетімен көзге түседі. «Қазақ әдебиетінен» кейін 1962-65 жылдар аралығында «Лениншіл Жас» газетінде бөлім меңгерушісі болып істеді. Әбіш Кекілбайұлының алғашқы өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» 1962 жылы, «Бір шөкім бұлт» 1965 жылы жарық көрді. Ауыл өмірінен жазылған повесть, әңгімелер жинағы «Дала балладалары» - Әбіш Кекілбайұлының кең тынысты эпик, суреткерлік болашағын танытады. 1974 жылы «Дәуірмен бетпе-бет» сын мақалалар жинағы, «Бір уыс топырақ», 1979 жылы «Тырау тырау тырналар», Маңғыстау түбегінің өткені, бүгіні, болашағы туралы «Ұйқыдағы арудың оянуы» тарихи танымдық баян, 1982 жылы «Шыңырау» повестер жинағы, 1992-93 жылдары Таңдамалы екі томдық, 1995 жылы «Заманмен сұхбат» 1998 жылы «Азаттықтың ақ таңы», публицистикалық мақалалары, толғамдары, 1999 жылы 12 томдық шығармалар жинағы жарыққа шықты. Әбіш Кекілбайұлының «Үркер» (1981), «Елең-алаң» (1984) романдары қазақ әдебиетінің үлкен табысы ретінде бағаланып, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығын алды. 2001 жылы шыққан «Талайғы Тараз», 2002 жылы шыққан «Шандоз» тарихи тақырыпты ғылыми дәйекпен, дерекпен түсінікті ұғымды етіп жеткізудің жаңа бағыт-бағдарын белгілеп берді. 2009 жылы «Сыр десте» деп аталатын автордың көп жылдық ой-толғаулары, эссе, естелік, сөйлеген сөздерінің 5 томдық жинағы жарыққа шықты. Әбіш Кекілбайұлының көптеген шығармалары ТМД халықтары мен шетел тілдеріне аударылған. Ол ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының 1986, Қазақстан Республикасы Президентінің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының 1995, «Отан» орденімен 1999, Түркі елдері қауымдастығының шешімімен «Түркі дүниесіне сіңірген еңбегі үшін сыйлығын» алады. 2003 жылы «Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапатталды. Internet Explorer. Internet Explorer (қысқаша ІЕ не MSIE) — Microsoft компаниясы 1995 ж. бастап Microsoft Windows амалдық жүйесі құрамындағы ретінде жасаған графиктік ғаламтор шолғыш өнімі. Бұл бағдарлама 1999 ж. бастап дүние жүзі бойынша қолданымы ең көлемді бағдарлама болып, 2002-2003 жж. аралығындағы ІЕ5 пен ІЕ6-ның жарық корген мезгілі бұл қолданымдық көрсеткіш шырқау шегіне жетті де, сонан бері қарай тұрақты төмендеу күйінде болды. Интернет шолғышы алғашта Windows 95-ке қосымша қалташық ретінде бірге шықты да, онан кейінгі жаңа ұрпақтық нұсқалары дербес қалташық ретінде жеке дара түсіруге болатын етіп жасалды. Қазіргі ең жаңа 7-ші ұрпақ шолғышы Windows ХР Service Pack 2, Windows 2003 Service Pack 1, Windows Vista жане Windows Server 2008 дегендердің жаңалау бума ретінде түсіріп орнату мүмкіншілігін жасады. Және бір түрдегі Windows CE (ІЕ CЕ) ге бағытталған ОЕМ-дік жасалымды да WinCE немесе ІЕ6-лық негіздегі текшелерінен еркін түсіріп алуға болады. Есте боларлық және бір жайт, тағы бір түрдегі Windows Mobile-ға (қойындық кіші тұрпатты компьютерлерге арналған жүйе) сәйкестіріліп жасалған Mobile Internet Explorer (ұтқыр) дербес компьтерлерге (РС) арналған түрлерімен шатастырып алмау керек. 8-ші ұрпақ ғаламтор шолғышының 2-реттік сынақ нұсқасы 2008 ж. басында жария етілді. Тарихы. Internet Explorer жобасы 1994-жылдың жазында Spyglass Mosaic шолғышының беліглеме қайнары негізі үстінен Томас Рердон мен Бенджамин Сливка жағынан қолға алына бастады. 1994 ж. ақырында Microsoft компаниясы қомақты ақша және бажылық үстеме беру жолымен Spyglass Mosaic дегенді өзіне икемдеді. Осыдан кейін Windows жүйесінде Mosaic үлгідегі шолғыш кең көлемде қолдануға бастады. Бастапқыда тың тыныс байқатқан Macintosh жүйесінің ғаламтор шолғышы мен UNIX түрлі шолғыштары бірте-бірте майданнан шығып қалды, кейін келе тіпті Microsoft қайнарларынан оларды табу мүмкін болмады. 1-ші нұсқа. Internet Explorer 1-ші нұсқасы 1995 ж. тамыз айында жария болды. Бұл әуелгі Spyglass Mosaic тың кемелдендірілген түрі еді. Бұл нұсқа Windows 95 ке қосымша ретінде Интернет шолғыш жабдығы болып орнатылатын. 2-ші нұсқа. 2.0-нұсқа шолғышы 1995-жылдың қараша айында Windows 95, Windows NT3.5, NT4.0 жүйелеріне арналылп шықты. Бұл нұсқаның басты артықшылығы SSL, cookies, VRML, RSA, Internet Newsgroup қатарлыларды қолдай алатын. 2-нұсқа және де Windows 3.1,Macintosh System 7.0.1 жүйелеріне да арналылп жасалған. Осыдан соң 1996-жылы Mac-ке арналған 2.1-нұсқасы да жарық көрді. Осы желілеске тәуелді 2.0і нұсқасы тұңғыш рет қосбуындық (Жапон, Қытай жазуының бiр әрібі екі буынға тең) хат жүйесін де тану мұмкіндігін алды. 3-ші нұсқа. Шын мәніндегі кеңқолданымдық әрі қауіпсіз шолғышы делінген 3-нұсқа Internet Expolrer 1996-жылы 13-тамызда жария етілді. Бұл нұсқа тұңғыш рет Spyglass-тың белгілеме қайнарынан құлантаза нұсқа болды, бірақ, әлі де Spyglass-тың «техникасын» істетіп отырғаны үшін, құжат қалтада Spyglass-тың ауторлық құқығы ескертілді. Бұл нұсқа және де тұңғыш рет CSS техникасын, AxtiveX реттегішін, Java атқару ортасын, сондай-ақ, өздіктік бірліктеу дерекке арналған PISS жүйесін қолдау мүмкіндігін алды. 3-нұсқа құрамында қосымша құрал ретінде Internet Mail пошта тапсырыскерімен, NetMeeting, Мекен-жайлық кітап (Windows) қатарлы бумалар қамтылды. 4-ші нұсқа. Шолғыш пен артқы шептік амалдық жүйені біріктірген 4-нұсқа 1997-жылы қыркүйекте жария болды. Windows95 пен WindowsNT жүйелеріне бұл нұсқаны орнатқан соң, енді үстел бетінде-ақ бұрынғы нұсқаларды 4-нұсқаға дейін көтеруге болатын болды. 4-нұсқа шолғыш жұмыс тобы жағдайда істетілу барысында қажеттілік үшін істетушілерге шолғыштың кейбір қасиеттерін жауып тастау, өзгерту мүмкіндігін жасады. Көне нұсқадағы Internet Mail орнын Outlook Express басты. Microsoft Chat пен кемелдендірілген NetMeeting де 4-нұсқа шолғыштың құрамында бума түрінде қосымшаланды. 5-ші нұсқа. 1998 ж. наурызда жарияланды, кейіннен Windows98 бен Windows2000-ның құрамында қосымша ретінде бумаланып шықты. Бұл нұсқа және қос бағытты жазуды тану (мысалы араб жазуы), ескертпелік шекелік кіші жазуды тану, XML, XCL-ды тану қасиеттерін, және тор бетін MHTML пішінінде сақтап алу мұмкіншіліктерін қосты. 5-ші нұсқада және де Outlook Express5 қамтылды. 2000 жылы шілдеде жарияланған Explorer5.5-те құжаттарды бастырып шығарудан алдын-ала қарап шығу қабілеті болды, сондай-ақ, бұрынғы CSS, HTML өлшемдерін кемелдендірді. Бұл нұсқа Windows Me-де бума ретінде қамтылды. 6-шы нұсқа. WindowsXP ресми жарияланғаннан бірнеше апта бұрын, 2001 ж. шілденің 27-күні жарияланды. Бұл нұсқада кемелдендірілген DHTML-дік үлгі, бет ішіндік беттің (inline frame) мазмұнын шектеу қабілеті қамтылды. Бұл нұсқа және де мәлім мөлшерде CSS level1, DOM level1 және SMIL 2.0-лерді қолдау мүмкіндігін алды. MSXML белгілеу құралы 3.0 ға жоғарлатылды. Бұл нұсқаның өзге артықшылықтары: құрамында ІЕАК-тың жаңа нұсқасы, Media bar, Windows messenger, қателік жинақтау, сурет көлемін өздіктік өзгерту, P3P қасиеттері және WindowsХР-дың Luna бетіне өлшемдестірілген шыт жаңа сыртқы көрінісі қатарлылар болды. WindowsXP-де істетілгенде 6.0 бұрынғыдан да қауіпсіз болды. 2002 жылы Gopher шектемеге ұшырағаннан кейін, 7-нұсқа да Gopher-ды қолдау ерекшелігін жойды. 7-ші нұсқа. 7-ші нұсқа шолғыштың сынақ нұсқасы 2005 ж. шілденің 27 жaрияланды, бұл нұсқаны тек WindowsХР немесе Windows server 2003 SP1 мен Windows Vista қатарлы системаларда істетуге болады. Бұл нұсқада пайдаланушы АctiveХ-ты еркінше реттей алады, әрі АctiveХ ендігәрі Internet Explorer-мен бірге айналмай-ақ өз алдына бөлектеп дербес жүргізгелі болады, сондықтан бұл нұсқаның қауіпсіздігі бұрынғы нұсқаларда болып көрмеген дәрежеде жоғарылады. Бұлардан сырт, бұл нұсқа кейбір амалдық жүйелердегі қателіктерді түзетті, HTML4.01 және CSS2-лерді қолдау қасиеттерін кемелдендірді. 2008 жылдың бас шенінде Microsoft серіктігі қауіпсіздікті қамтамасыдандыру деген атпен барлық Windows жүйелеріндегі шолғыш нұсқаларын мәжбүрлі түрде 7-ші нұсқаға алмастырды. 8-ші нұсқа. Internet Explorer-дың ең жаңа нұсқасы есептелетін 8-нұсқа шолғыш қазірге дейін үздіксіз жаңалану үстінде. 2008-ж. наурыздың 5-інде алғашқы бета нұсқасы жарияланды. Бұл нұсқа WindowsXP SP2, Windows server 2003 SP2, Windows Vista және Windows server 2008-ның 32 байттық және 16 байттық жүйелеріне арналған. Қауіпсіздік, қолайлылық және RSS, CSS, Ajax-ке арналған қолдау жүйесінің кемелділігі 8-ші нұсқаның басты қасиеттері. Бұл қасиеттер Internet Explorer8-ді тіпті де қатаң ғаламтор қауіпсіздік өлшемдеріне үйлестірді. Қасиеттері. Internet Explorer ең кең көлемді ғаламтор шолғыш есептеледі, ол жэне амалдық жүйе ішіндегі мэлім қасиеттерды алды, мысалы: Microsoft Update. Аты шулы шолғыншы ұрысында Internet Explorer өзінің деркезінде жаңалау ерекшелігіне сүйеніп Netscapе-тың орнын басты. Өлшемдестірілген қолдаушылық. Internet Explorer Trident тізуші моторын қолданып, HTML 4.01, CSS Level 1, XML 1.0 жэне DOM Leveл 1 қатарлыларды негізінен дерліктей(аздаған жұмыстық қателіктерді есепке алмағанда) қолдай алады. Ол жэне де CSS Level 2 мен DOM Level 2 амалдарын (бұл барыста жұмыстық қателік пен бір ыңғайлық мэселелері біршама ауыр болса да) жартылат қолдайды. Бірыңғайлық мэселесі болашақ Internet Explorer8-дің келесі нұсқаларында шешілуі жоспарланып отыр. Шаханов, Мұхтар. Шаханов, Мұхтар (1942 ж.), - Қазақстанның ақыны, жазушысы, қоғам қайраткері. 1942 жылының шілде айының 2-ші жұлдызында Оңтүстік Қазақстан облысының Леңгір ауданының Қасқасу ауылында дүниеге келген. Шымкент педагогикалық институтын бітірген. 16 жасынан колхоздың тракторшы болып істеген, цемент зауытының бетоншы болып жұмыс істеген. 1961 - 1964 жылдары "Оңтүстік Қазақстан" газетінің әдеби қызметкері еді. 1965 - 1970 жылдары "Лениншіл жас" газетінің собкоры еді. 1970 - 71 жылдары Шымкент облыстық комсомол комитетінің бөлімінің меңгерушісі еді. 1971 - 1974 жылдары Қазақ радиосында жұмыс істеген. 1984 - 1993 жылдарында "Жалын" журналының бас редакторы еді. 1993 жылынан бастып Қазақстан Республикасының Қырғызстандағы елшісі еді. Кейін орнына Өзбеков, Өмірзақ келді. КСРО - ның халық депутаты еді (1989 - 1991 жж.). Қазақстанның Жоғарғы Кеңесінің 12-ші шақыруының депутаты еді. Қазақстанның Парламентының Мәжілісінің 3-ші шақыруының депутаты еді (2004 - 2007 жж.). "Бақыт", "Балладалар" жинақтарының авторы. Шыңғыс Айтматовпен бірге "Аңшының зары" деген кітапты жазған. Өзбеков, Өмірзақ. Өзбеков, Өмірзақ (1947), - Қазақстанның саясатшысы, дипломаты. 1947 жылының қараша айының 10-шы жұлдызында Алматы облысының Балқаш ауданының Бақанас ауылында туған. Алматы мал дәрігерлік институтын бітіріп, Қорам темексовхозында, "Авангерд" совхозында мал дәрігері болып жұмыс істеген. 1971 - 1985 жылдары "Таусүгір" совхозының компартиясының комитетінің хатшысы еді. 1985 - 1990 жж. Т. Қабылов атындағы совхозының директоры еді. 1990 - 1991 жж. Шелек ауданының атқару комитетінің төрағасы еді. 1991 - 1992 жж. Алматы облысының ауыл шаруашылық басқармасының төрағасының орынбасары еді. 1992 - 1994 жылдары Алматы облысының әкімінің орынбасары, 1994 - 1996 жж. Алматы облысының әкімі еді. 1996 - 1997 жж. Талдықорған облысының соңғы әкімі. 1997 жылында Талдықорған облысы Алматы облысына қосқаннан соң, Өмірзақ Өзбеков Қазақстан Республикасының Өзбекістандағы елшісі болып тағайындалды. Қазіргі таңда, ол Қазақстан Республикасының Қырғызстандағы елшісі. Қазақстан халық бірлігі мейрамы. Қазақстан халық бірлігі мейрамы — мамырдың 1 Қазақстанда 1996 жылдан бастап елбасы жарлығымен аталып келеді. Қазақстан үшін айту­лы мереке мүлде жаңа­ша мән-маңызға ие. Тарихта еңбекшілерді біріктірген айтулы ме­реке Қазақстандағы барлық ұлт өкілдерін де жұмылған жұды­рықтай тұтастыруы тиіс. Бұл мейрам бүгінде Қазақстан халқының бірлігі күні деген мазмұнда жалғасын та­уып, көпэтносты елдің тыныштығы мен татулығының нышанына айналды. 1 Ма­мыр — мамыражай татулық һәм бірліктің мерекесі. Көпэтносты Қазақстан халқы үшін 1 Мамыр мейрамының тарихи миссиясы мен саяси-идеологиялық мән-маңызы да осында жатса керек. Баяғы таптық мей­рам — көптің ұлттық мерекесі Конев, Иван Степанович. Ко́нев Ива́н Степа́нович (1897 желтоқсанның 28-і — 1973 мамырдың 21-і) — Ұлы Отан соғысы кезіндегі қолбасшы, Кеңес Одағының Маршалы (1944), екі мәрте Кеңес Одағының Батыры (1944, 1945). Соғысқа дейінгі өмірбаяны. Конев Иван Степанович қазіргі Киров облысының Подосинов ауданындағы Лодейное ауылында (бұрынғы Вятка губерниясы) шаруа отбасында дүниеге келген. 1912 жылы Пушма ауылындағы училищені бітірген. Еңбек жолын 12 жасынан өзен бойы ағаш тасып бастаған. Бірінші Дүниежүзілік соғысына қатысқан. Әскерге 1916 жылы көктемде әскерге аттанды. Оңтүстік майданда унтер-офицер болып қызмет атқарды. 1918 жылы соғыстан қайтып әскер қатарынан шықты. 1918 жылы большевиктер партиясының мүшесі болып, Вологда губерниясындағы Никольск қаласында уез хатшысы (ояз) болып істеген. Кейін Қызыл әскерге аттанып, азамат соғысына қатысқан, бронепоездың, атты әскер бригадасының, дивизиясының, Қиыр Шығыс республикасының Халық төңкеріс әскерінің штабының әскери комиссар болды. Азамат соғысынан кейін Кеңес Одағының түрлі жерлерінде әскери қызмет атқарды. Мысалы, 1922—1932 жылдары 17-ші Нижний Новгородтағы атты әскер дивизиясының басшысы болды. Байқал сыртында, сосын Кавказда әскери командир болған. Ұлы Отан соғысы. Ұлы Отан соғысында генерал-лейтенант И. С. Конев 19-шы армияның қолбасшысы болды. Батыс майданының әскерлерін басқарған (1941 ж. қыркүйек-қазан айларында), Вязьма маңында әскерлері талқандалып, әскери трибуналдан және ату жазасынан Жуковтың арқасында ғана аман қалды. Мәскеу маңында жауға қарсы шабуыл жасағанда, Калинин майданының басшысы болды, бұл қызметте ол ерлік пен әскери өнердің жоғары деңгейін көрсете білді. Курск шайқасында Коневтың Дала майданының әскерлері Белгород пен Харьковты азат етті. 1944 жылы Корсунь-Шевченко операциясына басшылық етіп, жау тобын қоршап жойғаны үшін Коневқа Кеңес Одағының Маршалы әскери жауынгерлік атағы берілді (1944.02.20). 1944 жылғы наурыздың 26-сында 1-ші Украина майданының әскерлері бірінші болып КСРО мемлекеттік шекарасына шықты. Шілде-тамыз айларында олар фельдмаршал Эрих фон Манштейн басқарған «Солтүстік Украина» әскер тобын талқандады. Львов-Сандомир операциясында Сандомир плацдармын алып, Қызыл Әскерге фашистік Алманияға жол ашты. Иван Степанович Конев 1944 жылғы шілденің 29-ында ерлігі, батылдығы және дарынды қолбасшылығы үшін Кеңес Одағының Батыры атағымен, Ленин орденімен және «Алтын жұлдыз» медалімен марапатталды. 1945 жылдың қаңтар айында Конев басқарған 1-ші Украина майданы немістердің Силезияның өндіріс орындарын құртуына жол бермеді, осылай одақтас Польшаның ерекше маңызды экономикалық аймағын жойылудан сақтап қалды. Коневтың әскерлері Праганы азат етуге және Берлинді алуға қатысқан. 1945 жылы маусымның 1-інде Конев екінші «Алтын жұлдыз» медалімен марапатталды. Соғыстан кейінгі кезең. 1946—1950 жылдары Конев Құрғақтағы әскердіктерін басшысы және КСРО-ның Қарулы күштерін министрінің орынбасары, 1950—1951 жылдарында бас инспекторы (тексерушісі) Кеңес әскерінің— Қорғаныс министрінің орынбасары еді. 1953 жылында Л. П. Берияны соттаған Арнайы соттың төрағасы, Жуков сияқты, Конев та Берияны үкіметтен шығарып, соттап, атып, Хрущевтың билігін күшейтуіне көмектесті. 1956 жылынан бастап Шығыс Еуропада қызмет еткен. 1956—1960 жылдарында Варшава келісімі ұйымының әскерлерінің басшысының орынбасары еді (1956 жылында Мажарстандағы коммунисттерге қарсы көтерілісін тоқтатты). 1961—1962 жылында Алманиядағы кеңес әскерлерін тобының басшысы еді. 1962 жылынан 1973 мамырдың 21-інде Мәскеуде қайтыс болған. Креміл қорғанының жанында Қызыл алаңында жерленген. Туған елінде қола мүсіні бар. Алматыдағы жоғары жалпыәскердік басшы училищесі, Ресей әскери флотының бір кеме Коневтың атында. Мәскеуде, Донецкте, Славянскта, Киевте, Харьковта, Черкасста, Кировоградта, Белгородт, Вологдада, Омбыда, Үркітте, Прагада Конев атындағы көшелер бар, Кировта Конев атыңдағы бір алаң бар. Нижний Новгородтағы Большая Покровская көшесінің бір ғимаратында Коневтың даңқына естелік тақтасы бар. Отбасы. Бірінші әйелі — Анна Волошина, одан екі бала сүйген. Екіншісі — санитар Антонина Василийқызы, одан — Наталья деген бір қыз бар. Қиыр Шығыс республикасы. Қиыр Шығыс республикасы, () — уақытша ұйымдастырылған жасанды мемлекет. Байкөл маңындағы, Үркіт облысындағы және Ресейге қараған Қиыр Шығысындағы жерлерінде орналасқан еді. Бұл Кеңес Ресей мен оған жау болған Жапонияның арасында «аралық мемлекеті» ретінде қиын әскери-саяси жағдайда құрылған еді. ДВР-дың ұйымдастырылуы РКФСР мен Жапония арасындағы қақтығыстарды тоқтатып, Қиыр Шығыста коммунисттерге қарсы соғысқан ақ әскерлерін жойып, азаматтық соғысында «қызыл» большевиктердің жеңісінде үлкен рөл ойнаған. 1920 жылының сәуірдің 6-сында жарияланған еді. Астанасы — Верхнеудинск еді, қазір бұл Улан-Удэ қаласы, ал 1920 жылының қазан айынан бастап — астанасы Чита болып кетті. Қиыр Шығыс республикасының құрамында Байкөлдан арғы, Амур, Приморье, Камчатка облыстары мен Солтүстік Сахалин еді, бірақ шынында ДВР үкіметіне тек қана Байкал маңындағы жерлері қараған. 1922 жылының қарашаның 15-інде жойылған еді, РКФСР-ға қайтадан қосылған еді. Бұқар Халық Кеңес Республикасы. Бұқар Халық Кеңес Республикасы — уақытша ұйымдастырылған "қуыршақ" мемлекет, Буқарға Қызыл Әскері шабуыл жасап, Буқар әміршілігінің жойылғаннан соң құрылған еді. 1920 жылының қыркүйектің 2-сінде қүйымдастырылған еді. 1920 жылының қыркүйектің 14-інде республика болып жарияланды. Бұқар Халық Кеңес Республикасы көлемі 182 193 шаршы шақырым (км²) еді, халық саны 2,2 миллион адамға жуық еді, ұлттық құрамы — тәжіктер, өзбектер және түрікмендер еді. Бұқар Халық Кеңес Республикасы Түркістан АКСР-мен, Хорезм Халық Кеңес Республикасымен және Ауғанстанмен шектеседі. Астанасы — Көне Бұқар еді. Кеңес Ресейдің үкіметі заң бойынша Бұқардың тәуелсіздігін мойындаған, әмір Кеңес Ресейдің үкіметімен достық байланыстарын үзілмей, Ферғана жазығы мен Түркістанның басқа бөліктерінде пайда болған баспашылықты қолдамаған. Во время переговоров 30 марта 1920 в Бухаре, проведённых официальной советской делегацией во главе с Михаилом Фрунзе, эмиру был предъявлен ультиматум, согласно которому он должен был ввести российские деньги, содействовать размещению войск Красной Армии на территории Бухары и поддерживать в работоспособном состоянии железную дорогу Каган — Термез через территорию эмирата, разрезающего коммуникации России. После того, как эмир отказался выполнить требования, была подготовлена военная операция, и осуществлена «революция», заключавщаяся в занятии Красной Армией Бухары 2 сентября. Государство возглавил 24-летний Файзулла Ходжа-оглы (Ходжаев, Файзулла Губайдуллаевич). Председателем ЦИК стал Усманходжа Пулатходжаев. Правительство БНСР обладало достаточно ограниченной властью. Многие решения диктовались российскими представителями и Красной Армией, которая в чрезвычайных условиях вела борьбу с армией эмира и с басмачеством, а в глубине страны господствовали басмачи. Среди правительства были большие разногласия по поводу отношений с Россией и с басмаческим движением - от требований вывода российских войск из независимой Бухары до необходимости вступить в революцию. 4 марта 1921 между Россией и БНСР были заключены союзный договор о дружбе и взаимопомощи. В сентябре 1921 была утверждена конституция БНСР. 1920—1923 жылдары Бұқар Халық Кеңес Республикасының территориясында большевиктерге қарсы күрес (баспашылық), Қызыл Әскері стала преследовать Эмира, постепенно утверждая Советскую Власть в Гиссаре, Душанбе, Кулябе и Гарме. Эмир под давлением Красной Армии бежал через Куляб в Афганистан. В 1921 было принято решение о проведении земельной реформы и радикальных революционноых преобразований. В 1921—1924 эмирские и бекские земли были конфискованы. В октябре 1921 в Бухару прибыл Энвер-паша, бывший военный министр Турции, получивший в Москве поручения и полномочия от правительства России для реформ в Бухаре. За короткое время Энвер-паша разочаровался в советской власти, и выдвинул идею единого тюркского среднеазиатского мусульманского государства. Вместо того, чтобы склонить, как ему было поручено, басмачей на сторону Красной Армии, он объединил разрозненные отряды басмачей по всей стране в единую армию и выступил против Советской Власти. В 1921 целый ряд высших руководителей Бухарской республики перешли на сторону басмачей - председатель ЦИК Усманходжа. Пулатходжаев, военный министр А. Арифов, командующий первой бухарской армией М. Кулмухамедов и др. Весной 1922 армия Энвер-Паши захватила значительную часть территории Бухарской Республики и осадила Бухару. В марте 1923 по решению 1-й экономической конференции Туркестана произошло экономическое объединение Туркестанской, Бухарской и Хорезмской республик и образован единый экономический центр — Среднеазиатский экономический совет (САЭС). 5-й Всебухарский курултай Советов 19 сентября 1924 принял решение о переименовании БНСР в Бухарскую Советскую Социалистическую Республику, которая в результате национально-государственного размежевания советских республик Средней Азии 27 октября 1924 была ликвидирована; её территория вошла в состав вновь образованных Узбекской ССР, Туркменской ССР и Таджикской АССР (с 1929 — Таджикской ССР). Ауғанстан әнұраны. Ауғанстан әнұраны (паштоша: Milli Tharana) — 2002 жылы жаңа Ауғанстан Ислам Мемлекеті жарияланғаннан соң 2006 жылында қабылданды. Ақаев, Асқар. Асқар Ақаев (1944) — Қырғызстанның тұңғыш президенті. Ақаев Асқар — ғалым-физик, техникалық ғылымдарының докторы (1981), профессор (1983), Қырғыз Республикасының Ғылымдар академиясының академигі (1987). 1944 жылы Шу облысының Кемин ауданында, Қызылбайрақ ауылында дүниеге келді. Әкесі — Ақай қырғыздың сарыбағыш тайпасынан шыққан, анасы — Әсел қазақтың шапырашты тайпасынан шыққан еді. 1968 жылы Ленинград институтын бітірген. 1972-1973 жылдары Фрунзеде Политехникалық университетінде істеген. 1990 жылының қараша айында Қырғызстанның басшысы болып Жоғарғы Кеңеспен сайланды. 1991 жылының тамыздың 31-інде Қырғызстанның тәуелсіздігі жарияланды. 1991 жылы қазанның 12-сінде егемен Қырғызстанның бірінші президенті болып сайланған. Асқар Ақаев бүкілхалық сайлауында екі рет — 1995 жылында және 2000 жылында президент болып сайланды. «Алға, Қырғызстан» партиясының жетекшісі еді. Бірақ кейін оның саясатына жұрт наразы болып, 2005 жылы наурыздың 24-інде Ақаевтың билігін құлатты. Ақаев Қырғызстаннан қашып, Ресейге көшті. Қазір Мәскеу Мемлекеттік университетінде дәріс береді. 80-нен асқан ғылыми істері, 43-тен асқан мақаласы, 7 ойлап табысы, 38 тезис-доклады және 5 монографиясы бар. Ал 20 кандидат жана 3 доктор даярлаған. Алматы хайуанханасы. Алматы хайуанханасы — Қазақстандағы Алматы қаласындағы мемлекеттік хайуанаттар паркі. Қазақстан Республикасының ең алғашқы зоологиялық парктерінің бірі. Шу облысы. Шу облысы (,) — Қырғыз Республикасының облыстарының бірі, Қырғызстанның солтүстігінде орналасқан. Ыстықкөл, Талас, Нарын, Жалалабат облыстарымен және Қазақстан Республикасының Жамбыл облысымен шектеседі. Орталығы — Тоқмақ қаласы. Облыста 4 қала, 5 елді мекен, 105 ауыл кеңесі, 327 ауыл бар. Кырғыздар 338 мың 43,8 % (1999) Облыста тағы бірнеше ұлттардың өкілдері, негізінде лезгиндер мен даргиндар тұрады. Бәкиев, Құрманбек. Құрманбек Сәлиұлы Бәкиев (,) (1949) — Қырғызстанның екінші президенті. 1949 жылы тамыздың 1-інші жұлдызында қазіргі Жалалабат облысы Масадан ауылында дүниеге келген. Куйбышев (қазір — Самара) қаласындағы политехникалық институтын бітірген, мамандығы бойынша инженер-электроник. 1976—1979 жылдары Куйбышевтағы (Самарадағы) Масленников атындағы зауытында мамандығы бойынша жұмыс істеді. 1979—1985 жылдары Жалалабат зауыттарының бірінде бас инженеры болып істейді. 1985—1990 жылдары Көк-Жаңғақ қаласындағы «Профиль» зауытының бастығы еді. 1992—1994 жылдары Тогуз-Тороуыз аудан әкімшілігінің басшысы еді. 1994—1997 жылдары Жалалабат облысының әкімшілігінің басшысы еді. 1997—2000 жылдары Шу облысының губернаторы еді. 2000 жылы желтоқсанның 21-інен 2002 жылы мамырдың 22-сіне дейін Қырғызстанның премьер-министрі еді. Ақсы ауылындағы оқиғаларынан кейін орнынан өз еркімен кетті де, халық мүддесін қорғап, Ақаевқа қарсы оппозициясына кетті. Оппозиция көшбасшысы болып, «қызғалдақ төңкерісі»нен кейін ел басшысы болып кеткен. 2005 жылынан бастап — Қырғыз Республикасының президентінің міндеттерін атқарады. 2005 жылында Қырғызстанның елі Ақаевтың саясатына наразылық білдіріп, наурыздың 24-інде «қызғалдақ төңкерісін» жасаған. Осындай қиын саяси жағдайында, билігіне Құрманбек Бакиев келген. Біржолы ел басшысы және үкімет басшысы (премьер-министр) міндеттерін атқарып, кезексіз президенттік сайлауында өз кандидатурасын тапсырған. 2005 жылының шілде айының 10-ында өткен президенттік сайлауында ресми деректер бойынша сайлаушылардың 88 % алып, сайлауда жеңген. 2005 жылының тамыздың 15-інде Бәкиевтің президент инаугурациясы өткен. Хорезм Халық Кеңес Республикасы. Хорезм Халық Кеңес Республикасы — Орта Азияда азаматтық соғыс кезінде уақытша ұйымдастырылған «қуыршақ» мемлекет, азаматтық соғысында РКФСР-дің одақтасы еді, ал шынында РКФСР-дан тәуелді болған. 1920 жылы сәуір айының 27—30 жұлдыздарында Хиуада бірінші Бүкілхорезм халық өкілдерінің құрылтайы өтті. Оның шешімі бойынша Хиуа хандығы жойылып, оның территориясында Хорезм Халық Кеңес Республикасы жарияланды. Осылай, Хиуаның орнына өлкенің тарихи атауын — Хорезмді қайтарған. Сол жылдың қыркүйек айында Хорезм Халық Кеңес Республикасы мен РКФСР арасында әскери, саяси және экономикалық ынтымақтастығы туралы келісіміне қол қойылған. Хорезм Халық Кеңес Республикасының жариялануы алдында, Джунаид ханды таққан құлатқаннан соң, 1920 жылы наурыз айында Хиуаға Куйбышев басқарған РКФСР Халық Комиссарларының Кеңесінің және Бүкілресей Орталық Атқару Комитетінің Түркістан комиссиясының өкілдері келеді. Олардың мақсаты — Хиуаны кеңес үкіметіне қарату. Сәуірдің 4-інде олардың ықыласымен Хорезм коммунисттерінің комитетін ұйымдастырды. Оның мүшелері біржолы Халық Нәзірлерінің Кеңесіне кірген еді. Халық Нәзірлерінің Кеңесі Хорезм Халық Кеңес Республикасында Халық Комиссарларының Кеңесінің рөлін атқарды. Сол хиуалық коммунисттердің талабымен Хорезм Халық Кеңес Республикасы ұйымдастырылды. Шынында бұл мемлекеттің құруы Мәскеуге пайдалы еді. Мамыр айының басында Бірінші Бүкілхорезм коммунисттердің құрылтайы өтті. Осылай Хорезм коммунисттік партиясы және оның орталық комитеті ұйымдастырылған еді. Партияның жетекшісі Ташкенттен келген Әлімжан Ақчурин болып кетті. Бұл оқиғадан кейін Хорезм Халық Кеңес Республикасы бұрын хандыққа қарсы шығып, большевиктерді қолдағандар үш топқа бөлініп, сол үш топ арасында билік үшін бәсекелік басталды. Бұл топтар — нағыз большевик коммунисттер, бұрын оларды қолдаған «жас хиуалықтар» (демократиялық өзгерістер және түркі тілдес халықтарының бірігіп дамуы идеясын қолдаған Хиуаның зиялылары, большевиктерше «буржуазиялық ұлтшылдар») және түрікмен тайпаларының жетекшілері. Хорезм компартиясы менен Халық Нәзірлерінің Кеңесінің шешімі бойынша, түрікмен тайпаларының басшылары және оларды қолдайтын адамдары Хиуадан қуылып, түрікмендер мекендейтін туған еліне қайтарылған еді. 1920 жылы қыркүйек айында Халық Нәзірлерінің Кеңесінің басшысы Палваннияз Юсупов пен оның орынбасары Жұманияз Сұлтанмұратов қанды қақтығыс бастады. Оның нәтижесінде бір кезде Халық Нәзірлерінің Кеңесінің басшысының орынбасары болған түрікмендердің Гочмамед хан деген сардар өлтірілген еді, жүзден астам түрікмен жетекшілер атылған еді. Осындай қақтығыстан кейін түрікмендердің көбі Хорезм Халық Кеңес Республикасының үкіметіне наразы болып, бұрыңғы жауларының — хандықты қолдайтындардың жағына кетті, неше түрлі баспашы, жанкешті діндарлардың, кәдімгі тоңаушылардың топтарына, бандыларына, әскерлеріне аттанып, коммунисттерге қарсы күрес бастады. 1920—1921 жылының қыс айларында Қызыл әскерінің күшімен көтеріліс басылған еді. Юсупов та, Сұлтанмұратов та «жас хиуалықтар» еді, соңдықтан большевик коммунисттер қақтығысының кінәсі «жас хиуалықтарында» деп, 1921 жылы наурыздың 4—5 жұлдыздарында жұртты көшелерге шығарып, заңды митинг орналастырып, «жас хиуалықтардың» үкіметің құлатты. Осылайша, большевиктер «жас хиуалықтардың» қолымен түрікмен басшыларын жойып, кейін өздерін биліктен шығартқан еді. 1921 жылы «жас хиуалықтардың» қуғын-сүргіні басталды. Келесі екі жылда, Хорезм Халық Кеңес Республикасында төңкерістен кейінгі өзгерістері басталды. Бірінші жағынан байлардың жерлері шаруаларға берілген еді. Жұрт оны қолдаған. Екінші жағынан халық дәстүрлеріне, діни құндықтарына күрес басталды. Жұрт оған өз наразылығын білдіріп, үкіметке қарсы шыққан. Осындай жағдайда жұрт төңкерісшілермен күресетін баспашылардың топтарына көмек жасаған. 1923 жылы қазан айында Бүкілхорезм Кеңестердің съезінің шешімі бойынша Хорезм Халық Кеңес Республикасының атауы Хорезм Халық Социалистік Республикасына өзгертілген еді. Ал 1924—1925 жылында Хорезм Халық Социалистік Республикасы жойылып, оның территориясы Өзбек пен Түрікмен КСР-лардың және сол кезде Қазақ АКСР-іне қараған Қарақақалпақ аутономиялық облысының құрамына кірген. Аштархан әулеті. Аштархан әулеті — Орта Азияның тарихындағы әміршілердің әулеті, Бұқар әміршілігін билеген. Негізін қалаған — Бәкі-Мұхаммад хан. Шайбани әулетінен шыққан соңғы Бұқардың ханы Абдаллах II 1598 жылында өлген соң, Бұқар дәулетінің тағына жаңа әулеттің өкілдері отырды. Бұл әулет те Шайбани әулетіне құсап Шыңғыс ханның тікелей ұрпақтары еді. Шыңғыс ханның Жошы хан деген үлкен баласының Тоқай Темір деген бір баласы еді. Тоқай Темірдің ұрпақтары Астархан хандығында билеушілер еді. 16 ғ. ортасында Астархан хандығы Ресейге қосылды. Хан әулетінің өкілі — Жани-Мұхаммад сұлтан Бұқарға қашып, Шайбанилардың тұсында жүрген еді. Шайбани Ескендір ханның қызына, Абдаллах II-нің қарындасына үйленді, одан Бәкі-Мұхаммад деген ұлын тапты. Бәкі-Мұхаммадтың нағашы ағасы өлген соң, ол дәулетін өзіне қаратты. Осылайша жаңа әулетінің негізін қалаушысы болып қалды. Кейін Аштархан әулетінің өкілдері өзіні хан атамай, әмір деп аталауға басталды. Бұл Аштархан әулетінің әлсіз болып кетуінің белгісі еді. 1785 жылы Аштархан әулетінің орнына жаңа — Маңғыт әулеті билігіне келді. Жалалабат облысы. Жалалабат облысы (,) — Қырғызстанның областарының бірі, мемлекеттің оңтүстік-батыста орналасқан. Орталығы — Жалалабат қаласы. Халық саны — 1 миллионға жуық адам. Ош пенен Бәткен облыстарымен бірге Оңтүстік Қырғызстан деп аталады — бұл басқа өлкелерімен салыстырғанда таулы — тасты жер, ауыл шаруашылығы кең таратылған, бірақ өнеркәсібі аз дамыған. Ош, Талас, Шу, Нарын облыстарымен және Өзбекстанменен шектеседі. Халықтың көбі қырғыздар, кейін жұрт саны бойынша өзбектер көп, орыстар мен орыс тіліңде сөйлейтіндердің саны басқа облыстарымен салыстырғанда азырақ. 1999 жылының деректері бойынша, қырғыздар жұрттың 69,9 % құрастырып — 606 мың адам еді, өзбектер 24,4 % — 212 мың адам еді, орыстар 2,1 % — 18 мың адам еді, татарлар 0,8 % — 7 мың адам еді. Басқа ұлт өкілдері — 25 мың адам, негізінде тәжіктер, түріктер және күрттер. Қырғызстандағы қазақтардың 2,5 % Жалалабат облысында тұрады. Шымкент хайуанханасы. Шымкент хайуанханасы — Қазақстандағы Шымкент қаласындағы мемлекеттік хайуанаттар паркі. Қазақстан Республикасының ең алғашқы зоологиялық парктерінің бірі. Ғаспыралы, Ысмайыл. Ысмайыл Ғаспыралы (,) (1851 ж. наурыздың 21 — 1914 ж. қыркүйектің 24) — Қырымдың зиялы азаматы, саясатшысы, ағартушысы, қаламгер, газет редакторы, баспахананың құрушы менен бастығы, Ресейдің бүкіл мұсылмандарының және дүниежүзілік түркі тілдес халықтары арасында қадірменді адам ретінде тірі кезінде де еді, қайтыс болғаннан соң да түркі әлемінің ерекше азаматы ретінде тарихта қалды. Түркі тілдес халықтарының бірлігі және дамуы үшін, демократиялық өзгерістер үшін, халықтың сауатын ашылуы үшін шыққан, халықтың қамын ойлаған азамат, жәдитшілік қозғалысының қайраткері. Өмірбаяны. Қазіргі Украинаның Қырым аутономиялық облысының Бақшасарай ауданында Ауджикөй ауылында дүниеге келген. Әкесі бай емес, бірақ ақсүйектерден шыққан, Ресей әскері Мұстафа Гаспыралы еді. Мұстафа Ғаспыралы Қара теңіздің жағасындағы Ғаспыра деген ауылында туған, соңдықтан өз тегін "Гаспринский" () деп жазып жүрді. Анасы — Фатилис Сұлтан-ханым еді. Бақшасарай медресесінде бастауыш білімін алды. 1861 жылы Ақмешіттің () орыс мектебіне түскен. Кейінгі үш жыл ішінде, 1867 жылына дейін Воронежтағы әскери училищесінде және Мәскеудегі 2-ші әскери гимназиясында. Гимназияда оқыған кезде Михаил Катковтың үйінде тұрған. 1868—1871 жылдарында Бақшасарайдағы Зінжірлі медресесінде және Ялтадағы Дерекөй медресесінде дәріс берген. Балаларды оқытқан кезде білім берудің жаңа тәсілін жетілдірді. Бұл оқиға жадидизм қоғамдық-саяси қозғалысының бастауы еді. 1871—1873 жылдары Парижде тұрған, үнжария-журнал жарнама агенттігінде жұмыс істеген. Орыс жазушысы Иван Тургеневтың жеке хатшысы еді. Орыс газеттері үшін мақалаларын жазуын бастады. 1873—1875 жылдары Ыстамбұлда тұрған. 1878 жылы наурыз айында Бақшасарай қалалық думасының басшысы болып сайланады, ал қараша айында — қала әкімшілігінің басшысының орынбасары болып тағайындалады. 1879—1884 жылдарында Бақшасарай қаласының басшысы болып істейді. Қарапайым халық үшін ауруханасын ашқан, қалада көшедегі электр шамын орнатты. 1905 жылы Ресей Мемлекеттік Думасының бірінші шақыруының депутаты болып сайланды, Думада мұсылмандардың "Иттифак-и-муслимин" деген депутат тобын ұйымдастырған. Армяндар менен әзірбайжанлар арасында қақтығыстар басталғанда, екі жақты қанды ұрысты тоқтату үгітін жасаған. 1914 жылы Бақшасарайда қайтыс болған. Журналист және қоғам қайраткері. 1883 жылынан бастап Бақшасарайда «Тәржіман» газетін шығарды. Бұл газет көптеген адамдарын санасын оятты, татар, қазақ, өзбек тағы басқа халықтарының зиялы қауымының ойларына әсер еткен еді. Онан (Абайдан) соңғы ұстазым «Тәржіман» газетінің иесі Ысмайыл Гаспринский десем, бек дұрыс, сол кісінің газетін оқып, бек көп айдаландым. Алла екі дүниеде мақсатыма жеткізсін, әмин. «Тәржіман» газеті арқылы Ысмайыл Ғаспыралы екі біріктірген идеяларын насихаттанды. Тарихшылар Ысмайыл Ғаспыралыны жәдитшілік және түркі тілдес халықтарының біріктіру идеяларының негізін қалаушыларының бірі деп санайды. Ысмайыл Ғаспыралы, біріншіден, мұсылман білім беру жүйесінің өзгерткісі келді. Кейін, тіпті мұсылман әлемінде кейбір өзгерістерін өткізіп, тұрмысын жаңа заманға сай келтіргісі еді. Екіншіден, бүкіл түркі тілдес халықтарын біріктіріп, түркі әлемі өркениетін дамытқысы келді. Ысмайыл Ғаспыралының: «Тілде, пікірде, істе бірлік» деген сөздері сол идеяларын қолдайтын қозғалысының ұраны болып қалды. Ғаспыралының идеяларының бір бөлігі — еркектер мен әйелдердің құқықтарының теңдігі үшін күрес еді. Соңдықтан, Ғаспыралы әйелдерге арналған «Алем-и нисван» («Әйелдер әлемі») журналын шығарды. Балаларға да арналған «Алем-и субьян» («Балалар әлемі») журналы шығарды. Бұл журналдың мақсаты — балаларды жаңа тәсілімен оқыту, олардың жастайынан санасын ашу, ұлтсүйер сезімдерін ояту еді. Арада, Ғаспыралы «Миллет» («Ұлт») әр апта сайын шығатын газетін, «Ха-Ха» сатирикалық журналын, діни күнтізбелерін шығарған. Өз кітаптарын да жеке баспаханада басып шығарған. Жәдитшілік. Жәдитшілік ( — «жаңа») — 19 ғ. екінші бөлігінде пайда болған, 20 ғ. басында кең тараған қоғамдық-саяси және діни қозғалыс. Мұсылман әлемінде, әсіресе Ресей түркі тілдес мұсылман зиялы қауымының озық бөлігінің өкілдері арасында кең тараған. Ресей империясының түркі халықтарының ағарту үдерісіне және жалпы халықтарының дамуына үлкен тарихи рөлін ойнаған. Жәдиттердің халықты ағарту, өзгерістер мен дамыту үшін еңбек ету, демократиялық құқықтар үшін күрес, бір жағынан исламды сақтау, екінші жағынан Еуропаның жақсы жақтарын алу — түркі тілдес мұсылман халықтарының дамытуында үлкен үлес еді. Жәдиттердің еңбегі бекер емес еді. Атауы. Жәдитшілікті қолдайтындарды «жәдиттер» деп атаған. Жәдиттер өздерін жиі «тараққипаруарлар», немесе «озатын өзгерістердің қамқорлары» немесе «жас», «жаңа» Халық ағарту. Ысмайыл Ғаспыралының жаңа оқу тәсілінің насихаттандыру толқынында пайда болып, әр қарай дамып кеткен. Жәдиттердің негізгі ұстанымдарының бірі — мұсылман мектептерінде балаларды жаңа бағдарлама бойынша оқыту. Мысалы, араб әліпбиін үйреткенде, дыбыс тәсілімен (әр әріпті белгіленетін дыбысына сай) оқыту, бұрыңғыдай әріп құрастырушылық тәсілімен оқытпау. Жәдиттердің пікірі бойынша, жаңа тәсілін пайдаланып, әліпбиді үйрену жеңілірек, демек жұрттың көбірек адамы сауатты бола алады. Білім беру кейбір өзгерістерінің арасында мектептерде сәкі орындықтарын, тақталарын, карталарын пайдалану, кейін әл-Каһирада, Қазанда немесе Ыстамбұлда басып шығарылған жаңа оқулық кітаптарын пайдалану, балаларды сыныптарға бөлу, ал оқу уақытын сабақтарына бөлу еді. Оқу бағдарламасына кейбір зайырлы ғылымдары, мысалы, тарих, жағрапия енгізілген еді. Шынында да, бұрын тәсілі бойынша сауатын ашу үшін үш жыл керек болса, жаңа тәсілі бойынша соған бір жыл-ақ жеткен еді. Осындай оқу тәсілін «төте оқу» деп атаған еді. Жәдиттер мектеп жүйесін түбегейлі өзгерткісі келді, бірақ білім беру сипаты діни көзқарастарының негізінде қалдырғысы келді. Осылайша, жәдиттер дінді білім беруінен бөлмеген, бірақ білім беру саласында да, кейін басқа тұрмыс салаларында өзгерістер үшін болған. Бұл жәдиттердің көзқарастары керітартпа қағидаларымен қайшылықта еді. Саяси көзқарастары. Жәдиттер ерлердің мен әйелдердің құқықтарын теңдігі үшін күрескен. Мұсылман қоғамында жеке адамның билігі емес, мәжілістің билігі жөн деп ойлаған. Осылайша, жәдиттер Ресейде парламентаризм үшін күресуге басталды, ақырында Ресей патшаның, Османлы империясының сұлтанының, Бұқар әміршісінің езгісіне қарсы болып кетті, тіпті монархияны жойып, республиканы орнатуы жөн деп ойлаған. Осылайша, жәдиттер қозғалысы саяси қозғалысына айналып кетті. Жәдиттердің пікірі бойынша феодалдық тұрмысын өзгеріп, ұлттық буржуазиясын қарқынды дамытуы басталады. Осылайша, большевиктермен көзқарасынан, жәдиттер — «буржуаздық-демократиялық ұлтшылдар» деп саналады. Шынында, жәдидтер ұлттық буржуазиясын қамын ойлаған, феодалдық тұрмысын жойып, буржуазия билеген Еуропадан түркі тілдес халықтары кем еместігін көрсеткісі келген. Шынында да, олар демократтар еді, өйткені, демократия өзгерістері дамыту үрдісіне үлес қосады деп ойлаған еді. Жұрттың қамын ойлады. Шынында да, өз ұлттың сүйіп, оны көтергісі келді. Исламнан да бет бұрмаған, исламды хақ діні ретінде ұстаған. Бірақ та Еуропадағы тұрмыстың жақсы жақтарын өз елінде енгізгісі келген еді. Жәдиттердің арқасында империяда «бұратана халықтар» есептелетін түркі тілдес халықтарының газеттері, журналдары пайда болған. Кітаптарды басып шығаруының мүмкіндігі туғызылған. Арабша оқуға үйрену жаңа тәсілінің арқасында көбірек адамдардың сауаты ашылды. Ұлттық рухы көтерілді. Кейін, жәдиттер саясатқа үлкен үлес қосуын бастады. Мысалы, «Алаш Орданың» азаматтары, Қоқан аутономиясында, Бұқар Халық Кеңес Республикасында, Хорезм Халық Кеңес Республикасында, Әзірбайжан Демократиялық Республикасында билігінде тұрған зиялылар не өздері жәдиттер еді, не жәдитшілік әсеріне түсіп, «төте оқудың» арқасында оқып шыққан, білімді адамдар болып кеткен. Жәдитшілік тұраншылық идеясының серігі болып кетті. Кейбір жәдиттер, мысалы, Айни, кейін большевик болып кеткен. Басқалары, керісінше, керітартпа мұсылмандармен қосылып — панисламист, діни экстремист, баспашы болып кетті. Қайраткерлері. Жәдитшілік ең жарық тұлғасы Ысмайыл Ғаспыралы еді. Еділдегі татарлардың арасында жәдидизмні Мұса Бигиев, Әбдінәсір Құршауи таратты. Кейін, жәдитшілік идеялары қазақ даласына және Түркістанға, Орта Азияға келген. Мұстафа Оразай, Әлихан Бөкейханов, Халел Досмұхамедұлы, Мағжан Жұмабайұлы, Шәкәрім, Міржақып Дұлатұлы жәдитшілік толқыны арқасында өз потенциалын көрсете алған. Өзбек халқы арасында М. Бехбуди, А. Авлони, И. Рахматуллаев, М. Расули, Комил Хорезми, Ы. Абиди, З. Фахриддин-заде деген жәдиттердің аттары қалған. М. Акмулла, М. Уметбаев, Р. Фахретдинов, З. Расулев та жәдитшілік «жарық жұлдыздары» болып саналанады. Жәдитшілік өзбек коммунисті Ходжаевқа да, Әзірбайжан Демократиялық республикасының мемлекеттік қайраткері Мамед Эмин Расул-задэге де әсер етті. Жәдитшілік «Алаш», «Мұсават» тағы басқа ұлттық партияларының идеологиясына әсер етті. Ал жәдидтердің өз партиясы да еді, бұл «Иттифок-и муслимин» еді. Бұқаралық ақпарат ақпарат құралдары. Жәдиттер түрлі үнжарияларын шығарған. Жәдитшілік насихаттайтын үнжария «Тәржіман» санаса, «Дала уалаяты газеті», «Түркістан уалаяты», «Казан минбере», «Ўрта Осиенинг умр гузорлиги», «Хуршид», «Шухрат», «Азия», «Тиджар», «Турон», «Садои Туркистон», «Кояш», «Ульфат», «Серке», «Қазақ» тағы басқалар да жәдитдтердің үнжариялары еді. Қырымда «Ха-Ха» сатирикалық журналы шықса, Әзірбайжанда «Молла Насреддин», Түркістанда «Ойна», «Ал-Ислох», қазақша «Айқап» журналдары шыққан еді. Катков, Михаил Никифорович. Катко́в Михаи́л Ники́форович (1817 жылы ақпанның 6 (18), Мәскеу — 1887 жылы шілденің 20 (тамыздың1) — Мәскеу губерниясы Подольск уезінің Знамен ауылы) — орыс қаламгеры, баспахананың ұйымдастырушы, әдеби сыншы. Әкесі — мемлекеттік қайраткері, қызметі үшін ақсүйек болып кеткен; анасы — гүржін ақсүйек нәсілінен шыққан, Никифор Катковқа тұрмысқа шыққаннан дейін тегі —Тулаева еді. 1838 жылында Мәскеу университетінің пәлсапа факультетін озық оқушы болып бітірді. 1837 жылы Н. В. Станкевичтың тобына кірді. 1838 жылынан бастап баспасөзде мақала жазады. «Московский наблюдатель» ("Мәскеу бақылаушысы") журналында Г. Т. Рётшердың «Көркем шығарманың пәлсапалық сыны туралы» мақаласының өзі жазған алғы сөзбен аудармасын және У. Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» трагедиясының кейбір көріністердің өлең аудармасын шығарады. 1839 жылы Санкт-Петерборға көшіп кетті. «Отечественные записки»("Атамекен жазбалары") журналында істейді. 1840 жылынан бастап Катковтың көзқарастары В. Г. Белинскийдің көзқарастарына қайшы болады. Катков М. А. Бакунинмен ұрысады. Нәтижесінде, онымен Берлинде тапаншалы жекпе жекке (дуэльге) қатысуға шешім қабылданады, бірақ П. В. Анненков арқасында дау шешілген еді. Бельгия мен Франсияны аралап қайтты. Берлин университетінде дәрістерін тыңдаған. Ф. Шеллингтың пәлсапасына құмарланып, оның үйінде қонақ болып қабылданған еді. Ресейге 1843 жылы қайтты. Славяношылдармен жақын болып кетті. 1845 жылы славян — орыс тілінен магистр диссертациясын қорғаған. Мәскеу университетінің пәлсапа кафедрасында адъюнкт болып істеген. Сол кезде жаңа ережелер шыққан еді. Бұл ережелер бойынша, пәлсапаны тек діни ілімдерінің профессорлары оқыта алған еді. Соңдықтан Катков 1849 жылында университеттен кетеді. 1851 жылы университеттік «Московские ведомости» ("Мәскеу ақпараттары") газетінің редакторы болып кетті. Біржолы оған Халық ағарту Министерлігінде шен берді. Издал «Юнан (грек) пәлсапаның көне кезеңі туралы очерктер»-ін басылып шығарды (1851 және 1853 жылында). 1856 жылы Катков «Московские ведомости» газетінен кетіп, «Русский вестник» ("Орыс жаршысы") журналының редакторы болып кетті. 1859 жылы Ұлыбританияға барып қайтқан, оңда А. И. Герценмен кездескен. 1860 жылдарында аса маңызды қаламгер мен саясатшы болып кетті. Ағарту саласындағы өзгерістері үшін болған, Генрих Гейне, И. В. Гёте, Ф. Рюккерт, Ф. Купердың аудармасын «Отечественные записки» газетінде шығарған, газетте жаңа — библиографиялық санатын құрылған. Кейін, Берлиннен алман әдебиеті менен Шеллингтың пәлсападан дәрістері туралы мақалаларын жолдайды. Т. Н. Грановский менен С. М. Соловьёвті «Московские ведомости» газетінде мақала жазуға шақырды және бұл газетте өз мақалаларын шығарған. Катков басқарған «Русский вестник» журналы Катковтың Пушкин туралы және орыс ауыл жамағаты туралы мақалалардың үлкен мәні болған еді. Журналда М. Е. Салтыкова-Щедринның, П. И. Мельников-Печерскийдың, Марко Вовчоктың, С. Т. Аксаковтың, И. А. Гончаровтың,В. С. Курочкинның, А. Н. Майковтың, М. Л. Михайловтың, А. Н. Плещеевтың, А. А. Феттың, Ф. И. Тютчевтың шығармалары, Ф. И. Буслаевтың, Я. К. Гроттың, И. Е. Забелинның, И. К. Бабсттың, М. Н. Лонгиновтың, С. М. Соловьёвтың зерттеулері басып шығарылды. Атлант мұхиты. Атлант мұхиты – Жер шарындағы аумағы жөнінен Тынық мұхиттан кейінгі екінші мұхит. Оны ежелгі гректер Африканың солтүстік-батысындағы Атлас (Атлант) тауына байланысты атаған. Жалпы мәлімет. Шығысында Еуропа мен Африканың, батысында Солтүстік және Оңтүстік Американың, оңтүстігінде Антарктиданың аралығында орналасқан. Солтүстігінде Дейвис, Дат бұғаздарымен және Солтүстік Мұзды мұхитпен, оңтүстік-шығысында Африка мен Антарктида аралығында Υнді мұхитымен, оңтүстік-батысында Дрейк бұғазы арқылы Тынық мұхитпен жалғасады. Мұхит солтүстіктен оңтүстікке қарай 15 мың км шамасында екі жарты шарға созыла орналасқан. Ені басқа бөліктеріне қарағанда экватор маңында 2830 км-ге дейін тарылады. Мұхиттың теңіздермен қоса есептегендегі жалпы аумағы 91.6 млн. км2, орташа тереңдігі 3597 м, суының көлемі 329.7 млн. км3. Солтүстік жарты шардағы жағалауы қатты тілімделген. Теңіздері (Балтық, Солтүстік, Жерорта, Кариб, т.б.) мен ірі шығанақтары (Бискай, Гвинея, т.б.) түгелдей дерлік осы бөлікте. Оңтүстік жарты шардағы жағалауы аз тілімделген (Антарктида маңындағы Уэдделл т.). Атлант мұхитында басқа мұхиттармен салыстырғанда аралдар аз. Iрі аралдары (Ұлыбритания, Ирландия, Ньюфаундленд, Υлкен Антиль, Кіші Антиль, Канар, Жасыл Мүйіс, Фолкленд аралдары) мұхиттың жағалауларына таяу орналасқан. Орталық бөлігіндегі аралдар (Азор, Әулие Елена, Тристан-да-Кунья, т.б.) ұсақ және олар жанартау әрекетінен пайда болған. Мұхиттың түбі Орта Атлант су асты жотасымен бөлінген. Оның жекелеген шыңдары (Буве, Тристан-да-Кунья, Көкке ұшу, Сан-Паулу, Азор) жанартау аралдары түрінде су бетіне шығып тұр. Мұхиттың шығысында Батыс Еуропа, Канар, Жасыл Мүйіс, Гвинея, Ангола, Кап, Агульяс, батысында Солтүстік Америка, Гвиана, Бразилия, Аргентина, оңтүстігінде Африка-Антарктида қазан-шұңқырлары бар. Олардың тереңдігі 3000 метрден 7300 метрге жетеді. Терең шұңғымалар арал доғаларын жиектей орналасқан (ең тереңі Пуэрто-Рико шұңғымасы, 8742 м) және олар бір-бірінен су астындағы үстірттермен, қыраттармен, жоталармен бөлінген. Мұхиттың шеттері құрлықтық беткеймен көмкерілген. Мұхит түбінің үштен екі бөлігін әктастан тұратын органикалық шөгінділер жауып жатыр. Терең қазаншұңқырларының түбі қызыл саздан, ал жанартау аралдарының төңірегі жанартаулық шөгінділерден түзілген. Арктика мен Антарктида аймақтарын қоспағандағы Атлант мұхиты. Климаты. Атлант мұхиты барлық климат белдеулерінде орналасқан. Сондықтан оның жеке бөліктерінде климат жағдайының бір-бірінен өте үлкен өзгешелігі бар. Мұхиттың үстінде Исландия және Антарктика минимумдары мен Солтүстік Атлант және Оңтүстік Атлант максимумдары қалыптасады. Оларды бір-бірінен экватор маңындағы қысымы төмен белдем бөлім тұр. Бұл климаттық белдеулер көршілес құрлықтартардың үстіндегі қысым орталықтарымен әрекеттесе отырып, екі жарты шардың қоңыржай, субтропиктік және тропиктік ендіктерінде солтүстік-шығыс желдердің (пассаттардың) басым болуына әсер етеді. Жазда (Солтүстік жарты шарда тамыз, Оңтүстік жарты шарда ақпан айында) экватор маңындағы ауа температурасы 26-28۫С. 60۫ солтүстік ендікте – 8-12۫С, ал 60۫ оңтүстік ендікте 0-12۫С. Қыста (Солтүстік жарты шарда ақпан, Оңтүстік жарты шарда тамыз айында) экваторда 25۫С, 60۫ солтүстік ендікте 8-12۫С-қа, ал 60۫ оңтүстік ендікте – 8-10۫С-қа дейін өзгеріп отырады. Ең қиыр солтүстік-батысында және оңтүстікте температура -25۫С-қа дейін төмендейді. Жылдық орташа жауын-шашын экваторда 2000мм-ден асады, қоңыржай ендіктерде 1000-1500 мм, ал мұхиттың шығыс субтропиктік бөліктерінде және Антарктика маңында 100 мм-ден аспайды. Гидрологиялық тәртібі. Атмосфера айналымы ықпалымен мұхиттың солтүстік және оңтүстік бөліктерінде теңіз ағысының негізгі екі жүйесі қалыптасқан. Бұл ағыстар пассат желдерінің әсерінен пайда болады. Солтүстік Пассат, Голфстрим, Солтүстік Атлант жылы ағыстары мен Канар суық ағысы солтүстік теңіз ағысының айналым жүйесін құрайды. Оңтүстік Пассат пен Бразилия жылы ағыстары және Батыс Желдер мен Бенгал суық ағыстары оңтүстік теңіз ағысының айналым жүйесіне кіреді. Бұлардан басқа Солтүстік Американың шығыс жағалауын бойлап Лабрадор, ал Оңтүстік Американың шығыс жағалауымен Фолкленд суық ағыстары ағады. Бұл ағыстар мұхит суының температурасы мен тұздылығына (орташа тұздылығы 35.4%) әсерін тигізеді. Мұхит суының деңгейі Айдың тартылу әсерінен жарты тәулік сайын өзгеріп отырады. Ашық мұхитта судың көтерілу биіктігі 1 метрге дейін, ал Солтүстік Америкадағы Фанди шығанағы жағалауында 18 метрге дейін жетеді. Мұхиттың солтүстік қоңыржай ендіктеріндегі ішкі теңіздер де ғана мұз қатады. Мұхитқа солтүстіктен теңіз мұзы мен мұзтаулар (айсберг), негізінен, Солтүстік Мұзды мұхиттан келсе, оңтүстік бөлігінде Антарктида және Уэдделл т-нде түзіледі. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі. Мұхит түбінде, негізінен, жасыл және қызыл қоңыр балдырлар өседі. Фито-планктон бір жасушалы ұсақ балдырлардан тұрады. Зоо-планктонды, көбінесе, шаян тәрізділер құрайды. Олардың ішінде киттің негізгі қорегі – криль Антарктида жағалауында өте көп. Суық және қоңыржай белдеуінде сүт қоректілерден – кит пен жарғақаяқтылар, балықтардан – майшабақ, нәлім және қамбала кездеседі. Тропиктік белдеуде кашалот, теңіз тасбақасы, акула, ұшқыш балықтар, краб, медуза, радиолярийлер тараған. Құстардан фрегат, альбатрос, пингвин, т.б. мекендейді. Атқосшы. Атқосшы - дәулетті адамның жанына алған ат күтушісі, жәрдемшісі. Ол құрметті адам жолға шыққанда қасына еріп қызметінде болады. Аялдаған жерінде атты күтеді. Ерттеп даярлап тұрады, мәртебелі кісінің өзге де тапсырмаларын орындайды. Ат күші. Ат күші — қуаттың ескірген, жүйеден тыс өлшеу бірлігі. Келесі белгіленулері бар:,. Алғашқы рет бұл шаманы Джеймс Уатт өзінің бу қозғалтқышы қуатын өлшеуге пайдаланған. Ғылымда өзінің дәл шама еместігінен көп қолданбайды, дегенмен аутоиндустриясында кеңінен пайдаланылады. Қашқаргүл. Қашқаргүл (кейде "астра") — күрделі гүлділер тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Олар бау-бақшаларда, гүлзарларда, саябақтарда өсіріледі. Қазақстанда Алтай қашқаргүлі, альпі қашқаргүлі, Америка қашқаргүлі, кермек-жапырақты қашқаргүлі, попов қашқаргүлі, шөл дала қашқаргүлі, бурыл қашқаргүл, таролман қашқаргүлі деген түрлері бар. Ең көп кездесетіні — Алтай қашқаргүлі. Оның биіктігі 10-60 см-дей. Тік бұтақты сабағының сыртын түк басқан. Отырмалы жапырағы ұзынша келеді. Гүлі ақшыл көк түсті, ол көп гүлді себет гүл шоғырына топталған. Қашқаргүлдердің жылдық түрлері тұқымынан, ал көп жылдық түрлері өсімді (вегетативті) жолмен көбейеді. Шілде — тамыз айларында гүлдеп, тамыз-қыркүйекте жеміс юереді. Тұқымының ұзындығы 2-3 мм, сырты түкті болады. Қашқаргүлдің бір ерекшелігі — қара күзге дейін гүлдей береді, суыққа төзімді. Қашқаргүлдердің гүлдері түрлі түсті әсем болғандықтан, олар қолдан көптеп өсіріледі. Емдік ролы. Ыстықты басып, зэр қайтарады. Іріңді тазалап, ісікті қайтарады. Астрономиялық бірлік. Астрономиялық бірлік (а.б.) – Жер мен Күннің орташа ара қашықтығына тең астрономиялық ұзындық бірлігі. 1а.б.=~ 149.6 млн. км. Арсенал. Арсенал (арабшадан – дар ас-синаа – шеберхана) - әскерге қажетті соғыс жабдықтары мен қару-жарақтар дайындауға, оны қайта қабылдауға, жөндеуге, сақтауға және есепке алуға арналған әскери мекеме. Франсия мен АҚШ-та кейбір кеме жасау зауыттарын да Арсенал деп атайды. Ампер заңы. Электрлік ток магнит өрісін тудырады. Ампер заңы – бір-бірінен белгілі бір қашықтықта орналасқан өткізгіштердің шағыш кесіндісі бойымен өтетін екі токтың өзара механикалық әсерлесу заңы. 1820 жылы франсуз физигі А.М. Ампер (1775-1836) ашқан. Ампер заңынан параллель екі өткізгіш бойымен ток бір бағытта жүрсе, олардың бір-біріне тартылатындығы, қарама-қарсы бағытта жүрсе, бір-бірінен тебілетіндігі шығады. Ампер заңы бойынша тогы бар өткізгіштің шағын кесіндісіне (Δl) магнит өрісі тарапынан әсер етуші механикалық күштің (F) шамасы мына өрнек арқылы табылады: "F=kIΔlBsinα", мұндағы "α" – "Δl" мен "B" (магнит индукциясының векторы) бағытының арасындағы бұрыш, "k" – пропорционалдық коэффициент (Гаусс жүйесінде "k=1/c", Бірліктердің халықаралық жүйесінде "k=1"), "I" - өткізгіштегі ток күші. Антеклиза. Антеклиза (юнанша anti – қарсы, klisis – еңіс) – платформа ауқымындағы ірі (ауданы 100 км2-ден астам) тектоникалық көтерілме құрылым. Жазықтықтағы пішіні дөңгелек не сопақша болып келеді. Антеклизаны платформалық тыс деп аталатын шөгінді немесе жанартаутекті-шөгінді тау жыныстарының қатпарланбаған, бірақ аздап еңістенген (әдетте 1۫-қа дейін) қат-қабаттары құрайды. Ол ұзақ геологиялық мерзімде, бір немесе бірнеше тектоникалық айналым барысында түзеледі. Антеклиза аумағында кішігірім күмбездер, ойыстар сияқты ұсағырақ құрылымдар жиі ұшырасады. Анатексис. Анатексис (юнан тілінде –балқу) – тау жыныстары жарым-жартылай балқып, магмаға айналатын ультраметаморфтану процесі. Бұл процесс кезінде метаморфталған жыныстан құрамы 1/3 бөлігі кварцтан, 2/3 бөлігі дала шпаттарынан тұратын төмен температуралы сұйықтық (гранит эвтектикалы балқыма) бөлініп, балқып шығады. Тәжірибе нәтижелері бойынша гнейстен 95%-ке дейін, граувактан 70%-ке дейін граниттік балқыма шығады. Олардың пайда болу температурасы шамамен 700-800۫С. Анион. Анион (юнанша – жоғары қозғалғыш) – бір немесе бірнеше атомнан тұратын теріс зарядты бөлшектер (иондар). Аниондар химиялық реакцияларда катализатор рөлін атқарады, электр өрісінде электр тогын оң электродқа (анодқа) қарай тасымалдайды. Соңғы құбылыс ерітінділердің электролизі кезінде де байқалады. Аниондар (катиондармен бірге) геохимияда, технология және тірі организмде болатын процестерде үлкен маңыз атқарады. Андыз. Андыз – күрделі гүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстандағы шалғынды алқаптарда, өзен, көл жағасында, жазық және таулы жерлердегі ормандарда 12 түрі өседі. Олардың ішінде ең көп тарағандары – биік андыз (I. helenium) және үлкен андыз (I.grandis). Бұлардың биіктігі 10-70 см-ден 2.5 м-ге дейін жетеді. Тік сабағына бүтін жиекті жапырағы кезектесе орналасады. Ашық сары түсті гүлі қалқанша тәрізденіп, бір-бірден не топтанып біткен себет гүл шоғырына жиналады. Маусым-шілде айларында гүлдеп, тамызда жеміс береді. Жемісі цилиндр тәрізді тұқымша. Өсімдіктің тамырында жүрекке әсер ететін, қатыну процесін басатын, құрттар мен микробтарды өлтіретін қантты зат – эфир майы, инулин бар. Сондықтан андыз бағалы дәрі-дәрмек алатын өсімдік ретінде пайдаланылады, сондай-ақ тағам өндірісінде және бояу алу үшін қолданылады. Емдік ролы. Өт пен асқазанды қуаттандырады, у қайтарып сарай ашады. ауыруды басып, төрелмені тыныштандырады. Жинау. Араласпадан арылтып, тазалап жуып, тураған соң кептіріп алады. Жеңіс күні. Жеңіс күні — Қазақстанда мамырдың 9 Жеңіс күні мемлекеттік мереке болып табылады. «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» Заң нормаларында ұлттық мереке күндері демалыс болып саналады, ал демалыс күндері мен мереке күндері сәйкес келген жағдайда мейрам күнінен кейінгі жұмыс күндері демалыс күндері болып саналады. 1941—1945-жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысына 35 млн адам, соның ішінде 1,5 млн қазақстандық қатысты. Бұл республика халқының 18 бен 50 жас аралығындағы ересектердің 70 пайызы. Ұрыстардың алғы шебінде Қазақстаннан жіберілген 23 бірлестік, 50 шақты полктар мен батальондар шайқасты. Қазақстандықтар Мәскеу мен Ленинградты жанын қия қорғап, Украина мен Беларусьті, Прибалтика мен Молдованы азат етуге атсалысты, Берлин шабуылына қатысты. Ондаған мың қазақстандық ерен еңбегі мен ерліктері үшін марапатталса, бес жүзден астам адам Кеңес Одағының Батыры атанды, төрт адам бұл атаққа екі мәрте ие болды, 142 адам Даңқ орденінің толық жинағының иегері атанды. Отан қорғаушы күні (Қазақстан). 1992 жылғы 7 мамырда Қазақстан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылды. 7 мамыр — Отан қорғаушы күні. Мемлекеттік демалыс күні болып аталмайды. Қазақстанда халық көбінесе әдеттегідей КСРО кезіндегідей бір-бірін 23-ақпанда құттықтаумен келеді. Шар (қала). Шар —Қазақстандағы Шығыс Қазақстан облысында орналасқан қала. Ертіске құйылатын Шар өзенінің бойында орналасқан. Түрксіб темір жолының Семей - Аягөз теміржол торабының бойында орналасқан темір жол бекет (станса). Түрксібтің құрылысы кезінде алдыменене Шар темір жол бекеті (стансасы) пайда болған, кейін кішкентай қалаға айналып кеткен. 1963 жылында қала деңгейін алды, одан бұрын Шар елді мекені еді. 1997 жылына дейін Семей облысының Шар ауданының орталығы еді. 1997 жылындағы әкімшілік өзгерістерден кейін, Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданына қарайтын қала болып қалды. Тургенев, Иван Сергеевич. Тургенев Иван Сергеевич (1818-1883) - орыс жазушысы. Ресей империясының Орел губерниясында, байлар отбасында дүниеге келген. 1837 жылы Санкт - Петербордағы університетін бітірген. Шет елде, әсіресе Алмания менен Франсияда көп тұрған. Еуропады, әсіресе Парижте батыс әдебиетшілерімен байланыстар болған. Парижде жүргенде, Тургеневтың хатшысы Ысмайыл Ғаспыралы еді. Алманиядағы Баден-Баден арасан суы бар елді мекенінде демалыс алған. Алманияда жүргеннің әсерінен "Ася" повестін жазған. Тургеневтың әдеби орыс тілінде жазылған проза шығармалары - орыс классикалық әдебиетінің үлгі болып саналады. Осы шығармаларына алдыменен "Әкелер мен балалар", "Аңшының жазбалары", "Дворян ұясы" романдары, "Ася", "Му-Му" повестері жатады. "Отцы и дети" ("Әкелер мен балалар") романында бір жағынан Ресейдің түрлі әлеуметтік таптан шыққан зиялы қауымының өкілдерінің өркендеуі, екінші жағынан "нигилизмнің" өсуін көрсетті.. Тургенев орыс халқына жақын украин мәдениетін жоғары бағалаған, Т.Шевченкомен танысып дос еді, Шевченко Қазақстандағы айдауынан қайтқанда онымен жиі кездескен еді, Шевченко туралы естелігін («Воспоминание о Шевченко») жазған. Марко Вовчоктың досы еді. Адыраспан. Адыраспан ("Harmal" немесе "Peganum harmala") — түйетабандар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы, терең тамырлы өсімдік. Сабы мен гүлінде уы болады. Ерекше күшті сасық иісті, дәрілік өсімдік. Биіктігі 30-80 см аралығында, бірақ көбінде 30 см төңірегінде өседі. Тау беткейлерінде, жол бойында, жазық далаларда көктейді. Жаз-күз мезгілдерінде жемістейді. Қазақстанда оның үш түрі бар. Оңт. Еуропа, Батыс және Орт. Азия, Солт. Африка мен Мексикада 6 түрі кездеседі. Қазақстанның шөл-шөлейтті, сортаңды жерлерінде, әсіресе Шу, Іле, Сырдария, Сарысу өзендері бойындағы тақырланған жайылымдарда бір түрі – кәдімгі А. (P. harmala) өседі. Сабағы бұтақты, салалы тамыры 10 м тереңдікке дейін кетеді. Гүлі ақ, сары түсті және ол 1 – 3-тен топталып сабақ басында орналасады. Мамыр – шілдеде гүлдейді. Жемісі – көп тұқымды қауашақ. Тұқымы ұсақ бозғылт не қара түсті болады. Емдік рөлі. Адыраспан. Дәрілік шикізат ретінде шілде айында бұтақшаларын, жапырағы мен гүлін жинап алады. Ол – улы өсімдік. Халық емшілері адыраспанды адамның құяңын, сегізкөздің жүйке ауруын емдеуге пайдаланған. Мал-дә-рігерлік тәжірибеде оның тұнбасымен малдың қышыма қотырын, түрлі тері ауруларын емдейді. Оның құрамында алкалоидтар бар. Халық медицинасында А-ды буын ауруын емдеуге пайдаланады, қайнатылған суын безгекпен ауырған адамға ішкізеді. Сондай-ақ малдың қотырын да жазады. А-нан жүн мен жіптерді бояу үшін күрең қызыл бояу алынады. Тұқымы мен көк шөбінен алынған тұнбаны а. ш-лық зиянкестеріне қарсы күреске пайдаланады. А. – улы өсімдік (құрамында бірнеше алкалоидтар бар), дәмі ащы, мал жемейді. Жинау. Жаз, күз мезгілінде тұтас денесін, күз мезгілінде жемісін жинап, кептіріп сақтайды. Медведев, Дмитрий Анатольевич. Дмитрий Анатольевич Медведев (;) - Ресейдің үшінші президенті. 2008 жылдың 2 наурызында өткен президент сайлауында Д.Медведев халықтың 70,28 пайыз даусына ие болып, жеңіс тұғырына көтерілді. 42 жасқа аяқ басқан Дмитрий Медведев Ресейдің соңғы 100 жылғы тарихындағы ең жас басшы болып отыр. Бергенев, Әділғазы Сәдуақасұлы. Әділғазы Сәдуақасұлы Бергенев — Шығыс Қазақстан облысы әкімі. Родился 15 мая 1958 года в с.Шелехово, Бородулихинского района Семипалатинской области. Образование: высшее. В 1976 году окончил Семипалатинский финансово-экономический техникум, в 1987 году — Семипалатинский зоотехническо-ветеринарный институт. Трудовую деятельность начал в налоговой инспекции Бородулихинского района Семипалатинской области, откуда и был призван в ряды Советской Армии. 1978-1981 годы — инструктор организационного отдела Бородулихинского райисполкома Семипалатиснкой области. 1981-1983 годы — председатель исполкома Орловского сельского Совета народных депутатов Бородулихинского района Семипалатинской области. 1983-1984 годы — заведующий организационным отделом Бородулихиснкого райисполкома Семипалатинской области. 1984-1986 годы — инструктор отдела сельского хозяйства Бородулихинского райкома Компартии Казахстана Семипалатинской области. 1986-1990 годы — секретарь партийной организации колхоза имени Пушкина Бородулихинского района Семипалатиснкой области. 1990-1991 годы — главный налоговый инспектор налоговой инспекции по Бородулихинскому району Семипалатинской области. 1991-1994 годы — начальник налоговой инспекции по Бородулихинскому району Семипалатинской области. 1994-1995 годы — первый заместитель начальника налоговой инспекции по Семипалатинской области. 1995-1997 годы — начальник областного управления налоговой полиции по Семипалатинской области. 04.1997-05.1997 годы — первый заместитель акима Семипалатинской области, и.о. акима Семипалатинской области. 1997-1998 годы — первый заместитель акима Восточно-Казахстанской области. 06.1998 — 10.1998 года — аким города Семипалатинска Восточно-Казахстанской области. 1998-1999 годы — государственный инспектор организационно-контрольного отдела Администрации Президента Республики Казахстан. 1999-2003 годы — заместитель акима Восточно-Казахстанской области. 2003-2007 годы — государственный инспектор отдела государственного контроля и организационной работы Администрации Президента Республики Казахстан. С февраля 2007 года — первый заместитель акима Восточно-Казахстанской области. Боян Кркич. Кркич, Боян, - Испанияда ойнайтын серп нәсілі футболист, шабуылшы. Боян Кркич 1990 жылы тамыздың 28-інде Испанияда дүниеге келген. Оның әкесінің аты да Боян Кркич. Ол кісі Сербияда туған, өз елінде асқан футболшы еді, Белградтың "Црвена Звезда" футбол клубы үшін ойнаған. Кейін Испанияға көшкен, Мария Льюисе Переске үйленген. Ол испандық еді. Мамандығы бойынша - медбике. Бұл Боян Кркичтың анасы. Боян Кркич тоғыз жасынан бастап маман футболшы ретінде ойнайды. 1999 жылынан бастап, "Барселона" клубының балалар және жасөспірімдер командалары үшін ойнаған. Жалпында 961 гол соғып, клубтың рекордын алды. 2007/2008 жылының ойын маусымының басында ол клубтың ересектер командасының бірінші құрамында ойнайды. Клубтың ең жас және үздік ойнаушы болып, ылғи ойындарда алаңға шығады. 2008 жылы ақпанның 6-сында өткен Испанияның Франсиямен ойынында, Испания құрама командасын бас бапкері - Луис Арагонес Боян Кркичты "Барселона" клубынан шақырып, ойнауға алаңға жіберді. Сөйтіп, 17 жасар Кркич Испанияның құрама командасында алғашқы рет ойнады. Қазір ол Испания футбол тарихында ұлттық құрама командасында ойнаған ең жас ойнаушы болып саналады. Одан бұрын Испанияның ең жас ойнаушы 1936 жылында ұлттық құрама командасында ойнауға бастаған Анхель Субьета еді. Қызғалдақ төңкерісі. Қызғалдақ төңкерісі —Қырғызстанда 2005 жылының көктемінде болған саяси оқиға. Қызғалдақ төңкерісінің арқасында Қырғызстанның бірінші президенті Асқар Ақаевтың режимы құлаған еді. Қызғалдақ төңкерісінің болуына жақында Гүржістан мен Украинада болған төңкерістері әсер еткен. Қызғалдақ төңкерісінің себебі — Қырғызстан халқының ахуалы нашарлағаннан, экономикалық және саяси тұрақтығы болмағандықтан, көп жұрттың кедей болып кеткенінен болған. Қызғалдақ төңкерісі Қырғызстанда парламент сайлауынан кейін басталды. Жұрт өткен сайлаудың нәтижелерімен наразы болды, өйткені үкімет әкімшілік ресурсын қолданып, сайлаудың әділсіз нәтижелерін жарияланып, парламентқа үкіметке қарсы күштерінің өкілдерін жібермей, өз жақтанушыларын жіберді. Сөйтіп, сайлаушыларын алдады. Төңкеріс Қырғызстанның оңтүстігінде наурыз айында басталған. Наурыздың 19-ында төңкеріс Жалалабат облысында бастап, келесі күн Ошқа таратылды. Наурыз мейрамынан кейін, төңкерісшілер Ош пен Жалалабат облыстарында билігін өзіне қаратты. Наурыздың 24-інде төңкеріс Қырғызстанның астанасы — Бішкек қаласында бастады. Нәтижесінде, наразы болған жұрт Ақ үйін алып, үкіметті құлатты. Ақаев мемлекеттен қашып, президенттік билігінен бас тартты. Наурыздың 24-інің кешінде, таңға дейін қалада тәртіпсіздік тоқтамады. Көптеген дүкендер, мейрамханалар өрттенді, қалада тоңау басталды. Келесі күнде де тәртіпсіздік баспаған. Президенттің міндеттерін уақытша Ишенбай Қыдырбеков атқарды, үкімет басшысы Құрманбек Бәкиев боп тағайындалды. Абақтыдан оппозицияның жетекшісі Феликс Құлов босатып, қолына бар қарулы күштерін, тәртіп орнату күштерін, милицияны және қауіпсіздік органдарын алды. Қалада тәртіпті орнатты. Бір күннен кейін, Қыдырбеков орнынан кетіп, мемлекетте жоғарғы билігі Құрманбек Бәкиевтың қолына түсті. Құлов ішкі істер министрі болып тағайындалды. Жаңа министрлердің кабинеті үкіметін құрды. Сөйтіп, қызғалдақ төңкерісі аяқтады. Төңкерісті жетекшілері Қырғызстанның Халық Қозғалысы, «Ар-Намыс» партиясы, «Атамекен» партиясы, жастардың «Кел-Кел» қозғалысы еді. Төңкерісті ұйымдастырған және оны қолдаған адамдар сары және қызғылт түсті жалаулары астында шыққаны үшін және оқиға көктемде болғаны үшін оны басқа бейбіт төңкерістері сияқты «қызғалдақ төңкерісі» деп атаған. Нарын облысы. Нарын облысы,- Қырғызстандағы облыс. Орталығы — Нарын қаласы. Шу, Ыстықкөл, Жалалабат, Ош облыстарымен және Қытайдың Шинжәң Ұйғыр аутономиялық ауданымен шектеседі. Көлемі бойынша бұл Қырғызстандағы ең үлкен облыс болып тпбылады. Облыстың жер көлемі — 45,2 миң км² Халық саны — 260,6 мың адам Облыста 1 қала, 2 елді мекен, 56 ауыл кеңесі, 132 ауыл бар. Тянь-шань арқары. Тянь-шань арқары - сирек, таралу аймағы тарылып, саны қысқаруда. Тянь-Шань, Шу-Іле таулары мен Жоңғар Алатауында таралған, таудың жатық келген жазықты учаскелерін мекендейді. Қазақстандағы жалпы саны -1,6 мың бас; санының қысқаруының негізгі себептері - қасақылық пен олардың мекендейтін жерлерінде малды (әсіресе қойды) шектен тыс жаю. Ақсу-Жабағылы қорығында, Алтынемел ұлттық паркінде және төрт қорықшада қорғалады. Жоңғар қорығын ұйымдастыру, қазірде олар мекендейтін жерлерде қорғау жұмыстарын жақсарту қажет. Арқар. - кездеседі. Дене тұрқы 160-168 см, шоқтығының биіктігі 105-112 см, салмағы 200 кг-ға жетеді. Құлжасының мүйізі ірі, бұралып иілген, айшықты, аналығынікі нәзік, өте қысқа, бозғылт қоңыр түсті болады. Мүйізіндегі сақинаға қарап жасын анықтайды. Көбіне, көгалды шоқылардың арасындағы далалы өңірде жайылады. Қыста салқын түссе, таудың етегіне, көктем мен жазда таудың субальпілік белдеуіне қарай қарай аударады. Бұл мезгілде олар 10-15-тен топтанып жүреді. Негізінен, көде, бидайық, қоңырбас, бетеге, қияқ, күйреуік, жусанмен қоректенеді. Жайылуға жазда таңертеңгілік пен кешкілікте, қыста күндіз шығады. Арқар 2.5 жаста жыныстық жағынан жетіледі. Қазан-қарашада күйлеп, 6 айдан соң аналығы, көбіне, жалқы қозықа табады. Арқар табиғи жағдайда 12-14 жыл тіршілік етеді. Арқар - биік тауларда тіршілік етуге бейім, аязға өте төзімді жануар. Осы ерекшелігі ескеріліп, Қазақстанда арқар мен меринос қойды будандастыру арқылы қойдың ет пен жүнді мол беретін жаңа тұқымы – қазақы арқар-меринос қойы өсіріліп шығарылды. Республикада қойдың жаңа тұқымдарын одан әрі жақсарту үшін будандастыру жұмысына үлкен мән берілген. Арқар бағалы кәсіптік аң болғандықтан, оны аулауға тыйым салынған Данатин құрбақасы. Қазақстанда Зайсан ойпатында, Іленің ортаңғы және төменғі ағыстарында, Алакөл су алқабында тіршілік етеді. Соңғы зерттеулердің нәтижесінде оның тауда да, тегісте де мекендейтіні анықталды. Көк және донатин құрбақаларының таралу аймақтары аралас. Қолдан өсірілмеген, оны қорғау шаралары қолданылмаған. Бұл құрбақаның таралуын және симпотриалық түр — көк қүрбақамен қарым-қатынастарын зерттеу керек. Қызыл аяқбақа. Қызыл аяқбақа - бақа тұқымдасы түрі, 1898 жылы Бедриага ашқан. Таралу аймағы тарылып, саны азайып келе жатқан түр. Негізгі таралу аймағы - Балқаш көлі. Қырғызстанмен шекарадағы «Черная речка» елді мекенінің маңайынан табылыу ерекше жағдай. Іле, Алматы, Қаскелең өзендерінде, Алматы қаласы мен оның төңірегінде кездесуі бұрын уйреншікті болатын, кәзір бұл жерлерде кездеспейді. Оны кәдімгі көлбақа ығыстырған деген болжам бар. Қолдан өсірілмеген. Қорғау үшін Шарын өзенінің жайылымындағы Шетен бағынан ерекше қорғалатын жер бөлінсе орынды болар еді Қытай жібек тауығы. Қытай жібек тауығы — тауықтың бір түрі. Қытайда, негізінде Тибетте кездеседі. Жылына 90 жұмыртқаға дейін салады. Жұмыртқаның орта салмағы 35 грамм. Дала брамасы. Дала брамасы — тауықтың декоративті ет тұқымы. Алманияда шығарылған. Жылына 110—120 жұмыртқа салады. Күміс қырғауыл. thumb Күміс қырғауыл ("Lophura nycthemera") — қырғауылдың бір түрі. Оңтүстік Қытайда, Солтүстік Виетнамда кездеседі. Ұяда 8—12 жұмыртқа салады. Қорегі — дәндер, өсімдіктер, жәндіктер. Алтын қырғауыл. thumb Алтын қырғауыл ("Chrysolophus pictus") — қырғауылдың бір түрі. Патша қырғауылы. thumb Патша қырғауылы ("Syrmaticus reevesi") — қырғауылдың бір түрі. Солтүстік және Орталық Қытайда кездеседі. Таулы ормандарда мен бұталы жыныстарда кездеседі. 7—15 жұмыртқа салады. Қорегі — жасыл өскендер, жәндіктер. Қаңға. Қаңға (Үй цесаркасы) — қаңғалардың сақталған жалғыз түрі. Жылына 5—10 жұмыртқа салады, жұмыртқаның қауызы мықты әрі қалың болады. Тоты. Мекені — Үндістан және Шри-Ланка (Цейлон аралы). Қорегі — дән, шөп, тұқым, шөп өсімдіктер. Еуропа кербұғысы. Еуропа кербұғысы — кербұғының Еуропада кездесетін бір түрі. Аналығы бір кезде 2 бұлан туады. Қорегі — бұталар, шөптер, дәндер, жемістер, саңырауқұлақтар. Ғиссар қойы. Ғиссар қойы — қойдың бір тұқымы. Майлы — етті тұқымы құйрықты қойдың түрі. Тәжікстанда, Ғиссар деген жерінде шығарылған. Асен әулеті. Асен әулеті () - 1187 мен 1280 жылдары арасында Бұлғарстан тағын биледі (Екінші Бұлғар патшалығы). Көнетүркілер Ашина тайпасынан шыққан деген болжам бар. Румын (влах) нәсіліден шыққан деген болжам да бар. Асен әулетінің әміршілері. Иван I Ашинаның лақап аты Білгін еді, бұл түрікше "білгір, білімді" мағынасын білдіреді. Бұлғарстанда да, Ресейде де қазір бұл әулеті "Асень", "Асеневци" деп атайды, ағылшын тілінде "Asen" деп атаса да, тегін Ashina тайпасқнан шыққан дейді да, кей кезде Ашина тайпасқн да Asen деп атайды. Шаһмұрат Қуанғанұлының мәліметтерінде Асеневци мен Ашина сөздерінің теңдігі көрсетеді. Бисембин, Мұрат. Бисембин, Мұрат (1973) — Қазақстандық киноартист Қызылорда мемлекеттік университетінің түлегі. Мамандығы — инженер-электрик. 2001 жылдан киноға түсіп келеді. Ең таңдаулы кейіпкерлері ресейлік ["Параграф78] фильмі мен режиссер Ақан Сатаевтың "Рэкетир" және "Ағайынды" фильмдерінде сомдалған. Бисембинге танымалдық алып келген "Рэкетир" фильмінен кейін көрермендер актерді әлі де аталмыш туындыдағы Руслан образымен байланыстырады. Актерліктен бөлек Мұрат бокспен, ауыр атлетикамен, бодибилдинг және пауэрлифтингпен айналысады. Кинодағы жұмысынан бөлек Қазақстандағы "Хабар" арнасындағы "Арена" спорттық бағдарламасы жүргізушілерінің бірі. Мұрат Бисембин жастайынан бокспен, кейін ауыр атлетикамен айналысты. Қазір бодибилдинг пен пауэрлифтингпен айналысады. Қолтырауын. Қолтырауын (- малта тастай құрт) - жорғалаушылардың түрі. Қолтырауын – бауырымен жорғалаушылардың архозаврлар класы тармағының отряды. Дене пішіні кесірткелерге ұқсас. Қ-дардың қазіргі кезде 23 түрі мен түр тармақтары бар. Қ. 3 тұқымдасқа (аллигаторлар, гавиалдар және нағыз Қ-дар) жіктеледі. Олар Африкада, Оңт.-Шығыс Азияда, Солт. Австралияда және Жаңа Гвинея аралдарының өзен сағалары мен теңіз жағалауына жақын жерлерде, көпшілігі тропиктік және субтропиктік ендіктердегі тұщы су айдындарында (өзен, көл) тіршілік етеді. Тәуліктің көп мезгілін суда өткізеді. Денесінің ұз. 2 – 7 м. Басы жалпақ, тұмсығы ұзынша. Миының дамуы бойынша Қ. басқа бауырымен жорғалаушылардан жоғары сатыда тұр. Көру және есту органдары жақсы жетілген. Көздері мен танау тесіктері бас сүйегінен едәуір жоғары қарай шығыңқы. Ауыз қуысында екінші реттік таңдай пайда болған. Артқы аяқтарындағы саусақтарының арасында терілі жарғағы бар. Терісі тығыз, ірі мүйізше қалқандармен қапталған, оның астында сүйекті тақташалар (остеодермалар) орналасқан. Қ-ның басқа бауырымен жорғалаушылардан ерекшелігі – жүрегі 4 камералы (қуысты). Өкпесі үлкен әрі күрделі құрылысты. Қуығы жоқ. Қ-дар жыныстық жағынан 8 – 12 жылда жетіледі. Аналықтары 20 – 100-дей жұмыртқасын су жағалауындағы құмның немесе батпақтың шіріген жапырақтары мол жерлерге көмеді. Кейбір түрлерінің (Миссисипи аллигаторының) жұмыртқасынан 63 күнде, ал Ніл Қ-ының жұмыртқасынан 3 – 4 айда ұрпақтары шығады. 50 – 85 жылдай тіршілік етеді. Балықтармен, судағы омыртқасыз жануарлармен, кейде құстармен, сүтқоректілермен де қоректенеді. Ніл Қ-дары, жалды Қ-дар адам үшін қауіпті. Қ-ның барлық түрі Халықар. табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген. Қазіргі кезде біраз елдерде (АҚШ, Куба, Жапония, Мьянма, Кения, т.б.) Қ. арнайы фермаларда қолда өсіреді. Ертеде Мысырда Қ-дарды киелі санап, оған табынған, әрі арнайы мумиялап, фараонның мүрдесімен бірге жерлеп, пирамидаларда сақтаған. 1903 ж. Шығ. Африкада ұз. 7,6 м, Мадагаскар аралынан ұз. 10 м Қ. ұсталған. Қ-ның ең ірісі Индонезияда, Австралияда және Жаңа Гвинея аралдарында таралған жалды Қ. Олардың ересектерінің денесінің орташа ұз. 4,2 – 4,8 м, ал салм. 408 – 520 кг. 1957 ж. ұсталған жалды Қ-ның ұз. 8,63 м, салм. 1 т-дан астам тартқан. Кәді. Кәді ("Solanum melongena") — алқа тұқымдас көкөніс. Керік. Керік ("Giraffa camelopardalis") - ашатұяқтылар сүтқоректі. Кейде "дала керігі" деп аталады. Керік – жұп тұяқты күйіс қайтаратын жануардың бір тұқымдасы. Орталық, Шығыс Африканың оңтүстік аймағындағы бұталы, сирек орманды,жазық далалы жерлерін мекендейді. Жираф денесінің ұзындығы 2 м-ден асады,шоқтығына дейінгі биіктігі 3 м-дей,жерден басының төбесіне дейін 5-6 м-дей. Салмағы 500 – 1000 кг-дай.Басы онша үлкен емес, мойны өте ұзын, бірақ омыртқасының саны - жетеу. Бір не екі жұп түкті мүйіздері болады. Тұлғасы қысқа, әрі мығым, әрі сидам, алдыңғы аяқтары артқы аяқтарынан ұзын әрі мықты, жақсы жүгіреді. Жалпы түсі ашық сары қара қошқыл дақтары болады.10-12 –ден топтанып, күндіз жайылады. Негізінен акацияның бұтақтарымен, жапырақтарымен қоректенеді. Шілде –тамызда күйекке түседі.Буаздық мерзімі 14-15 ай. Жалқы төл туады.Оны 6 айдай емізеді. Еті тағам, терісі түрлі бұйым жасауға пайдаланады. Қазіргі кезде Жирафтар,негізінен, ұлттық саябақтарда кездеседі. Қызанақ. Қызанақ ("Solanum lycopersicum") - алқа тұқымдас көкөніс. Іле. Іле — Қытайдағы Іле Қазақ аутономиялық облысы мен Алматы облысы өңірлерінде ағатын өзен. Қайнары Қытайда Тянь-шань тауларында, сағасы Балқашта. Ұзындығы — 1439 km, 815 km Қазақстанда ағады. Жетісу өзендерінің бірі болып саналанады. Іле өзенінде Қапшағай су қоймасы орналасқан. Талас облысы. Талас облысы () — Қырғызстанның кішкентай облыстарының бірі, Қырғызстанның солтүстік — батыс бөлігінде орналасқан. Талас алқабында және Қырғыз Алатауының бөктерінде орын алады. Солтүстік және батыс жағынан Қазақстанның Жамбыл облысыменен, оңтүстікте Жалалабат облысымен, шығыста Шу облысымен шектеседі. Кеңес үкіметінің кезінде Талас облысы Шу облысының құрамына кірген. 1997 жылы облыс болып құрылды. Жер көлемі — 11,4 мың км². Халық саны — 208,5 мың адам Халық тығыздығы — 19 адам/бір шаршы шақырымға Әкімшілік бөлінісі — 1 қала, 1 қала сияқты елді мекен, 35 ауыл кеңесі, 90 ауыл. Ош облысы. Ош облысы () — Қырғызстанның облыстарының бірі. Жалалабат, Баткен, Нарын облыстарымен, Өзбекстанменен, Тәжікстанменен және Қытайдың Шиңжән Ұйғыр аутономиялық ауданымен шектеседі. Жұрттың негізі — қырғыздар менен өзбектер. Өзбектердің саны өте көп. Өзбек тілі кең пайдаланады. Жер көлемі — 29,2 мың шаршы шақырым (км²) Халық саны — 1 247,9 мың адам Әкімшілік бөліінісі — 3 қала, 2 қала сияқты елді мекен, 79 ауыл кеңесі, 467 ауыл. Z3 компьютері. Конрад Цузенің Z3 компьютері — ең алғашқы бағдарламалы, толығымен аутоматикалы есептеу машинасы. Осы есептеу машинасының қасиеттері (шартты тармақтау қасиетімен бірге) компьютердің нақты не екенін анықтау мақсатына қолданылған. Z3 есептеу машинасында 2000 реле болған, тактілік жиілігі ~5–10 һерцке, ал сөз ұзындығы 22 битке тең болған. Есептеулер екілік жылжымалы үтірдің қолданылуымен жүргізілген. Есептеу машинасы 1941 жылы бітірілді. 1941 жылғы мамырдың 12-сінде ол DVL (Deutsche Versuchsanstalt für Luftfahrt, яғни Алмания авиациялық тәжірибе институты) ғалымдардының алдында көрсетілді. Бұл есептеу машинасы 1944 жылы Берлиннің бомбылауы кезінде қирады. Сақталған жобалар бойынша 1960 жылдары Zuse KG компаниясы жұмыс істейтін сондай екінші машина жасап шығарды, ол қазір Неміс мұражайында сақтаулы тұр. 1998 жылы Z3-тің Түринг талаптарына сай келетіні дәлелденді. Z3-ті Үшінші Рейхте Алмания авиациялық тәжірибе институты аэродинамикалық есептеулер жүргізу үшін қолданды.. Z3-тің басқа ерте компьютерлермен салыстырылуы. Цузенің Z3-інің тиімді есептеуіш құрылғы болып шығуының себебі көбінесе онда екілік жүйенің қолданылуымен түсіндіріледі. Сандардың екілік жүйесін содан шамамен 3 ғасыр бұрын Лейбниц ойлап шығарған болатын. Ағылшын математигі Буль кейінірек оны өзінің алгебрасын дамыту үшін қолданды. 1937 жылы Массачусетс технологиялық институтында жұмыс істейтін Клод Шаннон Буль алгебрасын электронды релелермен байланыстыру туралы тың мақала жазды. Соған қарамастан Цузе (ол Шаннонның еңбегі туралы бідмеген болатын) осы ойларды бірге құрастырып, бағдарламамен жұмыс істейтін Z3 есептеу машинасын құрастырды. «Бағдарламалы» компьютердің алғашқы түрі 1830-шы жылдары Бәббидж ұсынған «аналитикалық машина» болатын. ENIAC компьютері АҚШ-та Z3-тен 5 жылдан кейін жасалды. ENIAC-та релелердің орнына электронды лампылар қолданылды. Z3-те релелер қолданылды, ал электронды лампылар қолдану туралы ұсынысқа қаржы бөлінбеді. ENIAC-та ондық санақ жүйесі, ал Z3-те екілік санақ жүйесі қолданылды. 1948 жылға дейін ENIAC-ты бағдарламалау үшін оның ішкі құрылымын өзгертіп отыру керек болатын. Ал Z3 бағдарламаларды таспадан оқыды (іс жүзінде — тесіктер жасалған целлулоид таспадан). Бүгінгі компьютерлер электронды лампы немесе релелерге емес, транзисторларға негізделген. Z3 бағдарламаны сақтау үшін сыртқы таспаға мұқтаж болған. Қазіргі компьютерлердегідей ішкі компьютерлдік жады 1948-1949 жылдары ғана пайда болды. Ал Конрад Цузе сонау 1936 жылы ішкі жадыны патенттемек болған еді, бірақ оның патент талабы қабылданбады. КТ819Г. КТ819Г — Өткізгіштігі NPN түріне жататын биөрісті транзистор, қасиеттері бойынша АҚШ-та қолданылатын 2N6110 транзисторына сәйкес келеді. Жоғары жиілікті, жоғары қуатты транзисторларға жатады. Көбінесе радио-телеқабылдағыштардың дыбыс күшейткіштерінің соңғы каскадтарында өзінің NPN-өткізгішті серіктесі КТ816Г-мен бірге қолданылған. Жоғары техникалық қасиеттерінің арқасында КСРО радиоөнеркәсібінде кең тараған. Релелік қорғаныс. Релелік қорғаныс — электр автоматикасының негізгі түрі болып табылады. Онсыз қазіргі энергетикалық жүйелердің сенімді жұмысы мүмкін емес. Ол энергожүйенің бүкіл бөліктерінің күй-жағдайын және жұмыс жүргісін тынымсыз тексереді және, пайда болған ақаулық пен қалыпсыз жұмысқа орай әрекет етеді. Бұзылған жер болса қорғаныс мұны табады да жүйеден ажыратады. Бос жүріс пайда болғанда қорғаныс оны анықтайды да, бұзылудың сипаттамасына байланысты, бос жүрісті қалпына келтіру үшін қажетті іс-әрекет жасайды немесе кезекші қызметкерлерге белгі береді. Мақсаттары. Қазіргі электр жүйелердегі релелік қорғаныс электрлік автоматикамен тығыз байланыста. Бұл автоматика жүргіні қалпына келтіру мен тұтынушыларды қоректендіру үшін арналған. 220 кВ-ті желілер қорғанысы. ЭҚЕ-дегі релелік қорғаныс бөлімі, яғни 3.4.115-ші параграф бойынша — «үзындығы 120 км және кернеуі 220 кВ екі жақтан қоректенетін параллель желілердегі фаза аралық қысқа тұйықталуға және жермен қысқа тұйықталуға қарсы негізгі қорғаныс ретінде ДФҚ-ты пайдаланған жөн». ЭҚЕ-дегі 3.4.115-ші бөлім бойынша — «үзындығы 120 км және кернеуі 220 кВ екі жақтан қоректенетін параллель желілердегі фаза аралық қысқа тұйықталуға қарсы, қосалқы қорғаныс ретінде үш сатылы қорғаныс қойылуы тиіс және жермен қысқа тұйықталуға қарсы нөлдік тізбекті сатылы токтық қорғаныс қойған жөн». Үзындығы 120 км және кернеуі 220 кВ екі жақтан қоректенетін желілер қорғанысының тізімі. Дамуы. Энергетика саласындағы бағдарлама ЖЭЖ-нің болашақта әрі қарай дамуын алдын ала ескереді. Жоғары және өте жоғары кернеулі электр энергияны тарату желілерінің, жоғары қуатты электр станцияларының пайдаланылуы, негізгі және үлестіру тораптарының қарқынды дамуы басқару мәселесін қиындатты. Осыған байланысты релелік қорғаныс техникасы тоқтаусыз даму мен жетілдіруде. Үлкен қашықтықты ЭТЖ-не, ірі генераторларға, трансформаторлар мен энергоблоктарға жаңа қорғаныстар жасалынып, пайдалануға беріліп жатыр. Пайдалану сенімділігі артық та оңайлау — жартылай өткізгішті дифференциалды-фазалық қорғаныстың жаңа түрлері құрастырылуда. Детекторлы қабылдағыш. a>ы мен BF1 құлаққабынан тұратын төменгі жиіліктер сүзгіден және құлаққаптың өзінен тұрады. Детекторлы қабылдағыш — радиоқабылдағыштың ең қарапайым түрі. Ол антенна және жерқосқышқа жалғанған тербелмелі контурдан, амплитуда арқылы модуляцияланған сигналды демодуляциялайтын диодты детектордан тұрады. 1920—30 жж. дейін диодты детекторлардың орнына жартылай өткізгіш кристалды детекторлар қолданылған. Дыбыс жиілігіндегі электр сигналын кедергісі бірнеше мың омды құрайтын құлаққап арқылы тыңдауға болады. Тіпті қуатты деген радиобекеттердің хабарларын қабылдау үшін детекторлы қабылдағышқа ұзындығы бірнеше метрден кем болмайтын антенна және сапалы жерқосқыш қажет. Бұндай радиоқабылдағыштың жалғыз маңызды артықшылығы —оның жұмыс істеуі үшін қуат көзі керек емес және оны дайындау оңай. Шаһада. Шаһада () — Исләмда иман келтіру. Бұл Исләмның бес парыздарының бірі болып, ал шаһаданы мойындайтын адам мұсылман болып саналады. Шаһада өрнегі: «Ла иллаһа ил аллаһ, Мұхаммад расұлұллаһ», () немесе «Аллаһтан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед — оның елшісі». Мұсылмандар Құдайдың бар екеніне сеніп, оның жалғыздығын мойындайды. Құдайдан басқа құдай жоқ және оның серіктері жоқ деп мойындайды. Мұхаммед пайғамбар — оның соңғы пайғамбары деп санайды. Ораза. Ораза ( — "саум") — бес парыздың бірі. Атауы. Ораза атауы түркі тілдес халықтарында пайдаланады, () сөзінен келген. Оны Иранда, Ауғанстанда, Пәкістанда "rozah", Түркияда "oruç", татарларда "ураза", қырғыздарда "орозо" деп атайды. Үндінезия, Малайзия менен Сингапурда "puasa" сөзді пайдаланады. Ұстау тәсілі. Оразаны мұсылман ай күнтізбесі бойынша тоғызыншы, Рамазан айында ұстау — парыз. Оразаны ұстау үшін шын жүрекпен ниет ету керек, таңертеннен күн батуына дейін ас ішуден, су ішуден, жыныс қарым-қатынастан және шаттанудан бас тарту керек. Оразаның үш шарты бар: оны ұстайтын шариғат бойынша кәмелетке жетуін керек, есі сау болуы керек, ораза ұстаудың мүмкіндіктері болуы керек. Ораза ұстаған кезінде ауыз ашуыны (ифтарды) уақтында орындап, кейінге қалдырмайды. Күн батқаннан кейін-ақ аузын ашады. Ауызды сумен немесе құрымаменен ашады. Құраманың саны тақ болуы керек. Ішкен суының жұтымдардың саны тақ болуы керек. Аузын ашқанда, Құдайға дұға жасайды. Сәресі уақтында, түннің екінші бөлігінде тамақ ішкеннен кейін, оразаны ұстауға ниет ету керек. Күндіз сабыр етіп, жанжалдарда қатыспау, ешкімге зұлымдық жасамау керек, тек қана аузын бекітіп тәнді тазартып жүрмей, жүрегін тазарту да керек. Намаз оқып, Құдайға ғибадат жасау керек. Оразаны ұстау кез тек қана Рамазан айы емес. Рамазандағы оразаны ұстау әр мұсылманның парызы болса, Арафа күнінде ораза ұстау — сүннет болып есептеледі. Оразаны Шәуәл айында алты күн, Мұхаррам айының оныншы және он бірінші күнінде, дүйсенбі мен бейсенбі күндерінде ұстау да сүннет болып саналанады. Ал ораза айт пенен құрбан айтта, Шабан айының отызыншы жұлдызында, Зұл-Хижжа айының он бірінші, он екінші және он үшінші жұлдыздарында оразаны ұстауға болмайды. Тек қана жұма күнінде, тек қана сенбі күнінде және жыл бойы ораза ұстауға да тыйым салынған. Электр энергетикасы. Швециядағы Лунд қаласының маңындағы қуат желілері Электр энергетикасы — энергетиканың басты құрастырушысы, оның басты міндеті — электр энергиясының тұтынушыларын электрлік энергиямен жабдықтау үшін электр энергиясын тиімді жолмен өндіру, тарату және үлестіру. Бұл сала кез келген елдің әлеуметтік және эконономикалық дамуының маңызды бөлігі, себебі электр энергиясының энергияның басқа тасымалдаушыларынан көрі бірқатар ерекшеліктері бар: үлкен қашықтыққа таратудың, тұтынушылар арасында үлестірудің және энергияның басқа түрлеріне (механикалық, жылулық, химиялық, жарықтық және басқа да…) түрлендірудің салыстырмалы жеңілдігі. Электрлік энергияның мағызды өзгешілігі — оны бір уақытта өндіріп, сол уақытта тұтынуға болаты. Электр энергиясының негізгі өндірушілері. Электр тарату желілері (ЭТЖ) арқылы бір-бірімен және тұтынушылармен біріктірілген электрлік стансалар электрлік жүйелерді құрайды. Желілік бейімдеуіш. Желілік бейімдеуіш () — компьютерді желіге қосатын құрылғы. Бұл құрылғы сондай-ақ "желілік тақта" немесе "желілік тілдесу тақтасы" (NIC) деп те аталады. Компьютерге орнатылған желілік тақта желіге қосылым орнатуға мүмкіндік береді. Басқа желілік тақталардың көмегімен басқа компьютерлермен арада бөлек, тұрақты жұмыс істейтін қосылым қамтамасыз етіледі. Желілік тақталардың көпшілігі желінің белгілі бір тұрпатына арналған, бірақ олардың кейбіреулері бірнеше желіге қызмет көрсете алады. Желінің ең кең тараған тұрпаты – Ethernet; бұл компьютерлердің өзара әрекеттесуінің желілік стандарты, онда коаксиалды сым немесе өрілген қос сым пайдаланылады. Килобайт. Килобайт (КБ) () — дерек көлемін өлшеу бірлігі, 1024 байтқа тең. Гигабайт. Гигабайт (ГБ) () — дерек көлемін өлшеу бірлігі, 1024 мегабайтқа тең. Мегабайт. Мегабайт (МБ) () — дерек көлемін өлшеу бірлігі, байтқа тең. Намаз. Намаз (,) — намаз оқу, яки Құдайға мінәжат ету — Исләмның бес парыздарының бірі. Атауы. Құдайға ғибадат, мінәжат еткенін қазақша намаз деп аталады. Оның нағыз атауы арабша "саләт". Ал «намаз» деген сөз түркі тілдеріне, солардың ішінде қазақ тіліне де парсы тілінен келген. Намаз оқу тәсілі. Бес уақыт намаз оқу — әр мұсылманның парызы, одан артық намаз оқу сүннет болып табылады. Намаздың ерекше түрлері де бар, мысала адам қайтыс болған кезінде оқыған жаназа намаз. 4 сүннет, 4 парыз, 2 сүннет 4 парыз, 2 сүннет, 3 үтір Байт. Байт (Б) () — дерек көлемін өлшеу бірлігі. Сегіз биттен тұратын топ. Басып шығарғыш. Басып шығарғыш () — мәтін мен кескіндерді қағазға немесе басқа да басып шығарылатын арқауларға шығаруға арналған құрылғы. Һершел, Уиллиам. Уиллиам Һершел (,) (1738 ж. қарашаның 15, Һанновер — 1822 ж. тамыздың 25, Лондон маңындағы Слау деген елді мекен) — 18 ғ. британ астрономы (жұлдызшысы) және сазгері. 1783 ж. наурыздың 13-інде Уран ғаламшарын телескоппенен тауып ашты. 1789 ж. қыркүйектің Қоңырқайдың Мимас деген серігін, Уранның Титания менен Оберон серіктерін ашты. Каролина Һершелдің ағасы, Джон Һершелдің әкесі. Кедей сазгердың баласы. Әскери оркестріне гобойшы болып қызметке түсті. 1755 ж. полктың құрамында Һанноверден сол кеpде одақтас болған Ұлыбританияға жіберілді. 1757 ж. әскери қызметінен кетіп, тек ән-күймен айналысуға басталды. Органшы болып істеген, Галифакстағы мектепте ән-күйден дәріс берген, кейін Бат деген ірі қалаға көшкен, оңда қоғамдық концерттерін жүргізген. Ән-күй теориясын зерттеп, математиканы оқуға басталды, ал математиканы оқып, өзіне оптика менен астрономиямен айналысуға жол ашты. Нәтижесінде жұлдызшы болып кетті. 1773 ж. үлкен телескопты сатып алуға қаражаты болмағандықтан, көбейтетін айналарын өзі жасап, телескоптарды қолдан жасауға бастайды. Оларды өзі пайдаланып, сатып жүруші еді де. 1783 ж. Уранды ашқаннан кейін, ғаламшарға Георг III-нің атын берген, бірақ ғаламшардың бұл атауы кең таратылмай, атауы Уран болып кеткен. Астрономияны сүйіп, ганноверлықтарға қамқор болушы да Ұлыбританияның патшасы Һершелге Патша Жұлдызшысы шенін беріп, оған бөлек зертханасын салуына қаржы берген. 1782 ж. бастап сіңлісі Каролинамен бірге телескоптарын жақсартып, жұлдыздарды зерттеген еді. Телескоптарын жақсартып, айналарын диаметрін көбейтіп Һершел 1789 ж. өз кезіне сай ең үлкен телескопты жасай алды (негізгі фокустық қашықтығы 12 метр еді). Сол телескоппен жұмыс істеп, ьір ай ішінде-ақ, Һершел Қоңырқайдың Мимас пенен Энцелад деген серіктерін ашты. Кейін Һершел Уранның Титания менен Оберон деген серіктерін ашты. Зерттеулерінде, Һершел ғаламшарлардың серіктерін «аққан жұлдыздар» атап, «астероид» сөзін ғылымда алғаш рет пайдаланған еді. Жұлдыздардың жүйелерін тауып ашқан да Һершел еді. Ал физикаға Һершелдің қосқан үлесі — инфрақызыл сәулесін ашылуы. Һершелдің есімінде Айдағы, Қызылжұлдыздағы және Мимастағы кратерлер (шұңқырлар) атаған. Мәуереннахр. Мәуереннахр ( — "Ma Wara' un-Nahr", дәлме-дәл — «өзен әр жағы»), тағы да Трансоксиана () және Фараруд ( — "Farārud") — тарихи-жағрапиялық ұғым. Осылай Орта ғасырларда Сырдария менен Әмудария өзендерінің арасында орналасқан жерлерін атаған. Қазір бұл жерлер Өзбекстан (соның ішінде Қарақалпақстан да), Қазақстан, Түрікменстан және Тәжікстанның жерлерінің бөліктеріне сәйкес. Бһутто, Зүлфікар-Әли. Бһутто, Зүлфікар-Әли(05.01.1928 - 04.04.1978), - Пәкістанның саясатшысы, премьер-министрі және президенті болған. 1928 жылы қантардың 5-ші жұлдызынды Ларнакада (сол кезде Ұлыбританияға қараған Үндістан еді, қазір - Пәкістанның жері) бай мұсылман отбасында туған. в богатой мусульманской семье в Ларкане (Индия, ныне Пакистан). Үндістанда, АҚШ-та менен Ұлыбританияда білім алған, Калифорниядағы менен Оксфордтағы университеттерін тамамдаған. 1957 жылында БҰҰ-дағы Пәкістанның өкілдігінде істеді, 1963 жылында Пәкістанның сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Осы орында Кашмир жөнінде үнді-пәкістандық дауын шешкісі келді, бірақ бұл ісі сәтсіз өтті. Президент Айюб-ханды 1965 жылында Ташкент декларациясына қол қойғаны үшін сынады. 1966 жылы сыртқы істер министрі орнынан кетіп, 1967 жылында оппозициялық Пәкістан халық партиясын құрды. Бһуттоның ұраны: «Ислам — дініміз, демократия — биліктің қалпымыз, социализм — экономикалық жүйеміз». Бһутто батыл өзгерістерінің жақтанушысы еді, демократияны қалпына келтіріп, ислам социализмді орнатқысы келді. 1968–1969 жылдары абақтыға қамалаған еді. 1970 жылы Пәкістан халық партиясы мемлекеттің батыс бөлігінде дауыстарының көпшілігін алды, бірақ шығыс бөлігінде Авами лиг партиясы дауыстарын көпшілігін алып, жалпы мемлекетте сайлауын жеңді. Авами лиг Шығыс Пәкістанның аутономиясы үшін күрескен. Нәтижесінде сол кездегі Пәкістанның президенті Аға Мұхаммад Яхья-хан сайлауларын ақиқат еместігін жарияланды. Бұл себептен азаматтық соғыс басталды. Ақырында Шығыс Пәкістанда тәуелсіз Бангладеш мемлекеті ұйымдастырылды. Яхья-хан орнынан кетті. 1971 жылы желтоқсанның 21-інде Бһутто президент болып кетті. Яхья-ханмен күресінде көмегі үшін генерал Зия үл-Хақ құрғақ әскерлерін штабының басшысының орнын алады. Британ Достастығының Бангладештың тәуелсіздігін мойындады. Бһутто Пәкістанның Достастығынан шыққаны туралы жарияланды. 1972 жылының шілде айында Бһутто Индира Гандименен келісті. Келісім бойынша, Үндістан өз әскерлерін шекарадан бұрып жіберетін болды. 1973 жылында Пәкістанның Атазаңы өзгертілді. Өзгерістен кейін, мемлекетте жоғарғы билігі премьер-министрдың қолына түсетін болды. 1973 - 1977 жылдары Бһутто премьер-министр болып істеді. Осы орында Бһутто әлеуметтік өзгерістерін жүргізіп, байлар мен кедейлердің арасындағы айырмашылығын кішейтуін тырысқан, мемлекетте демократиялық тәртібін орнатқан еді. 1977 жылының төңкерісінен кейін, орнынан кетіп, абақтыға түсті. Билікке Зия-үл-Хақ келді. Бһуттоны соттап, 1979 жылы сәуірдің 4-інде өлтіріп жазаланды. Бһуттоның жазалануына қарсы дүниежүзілік қоғам шықты, мысалы АҚШ-тың басшысы Джимми Картер, КСРО-ның басшылары, БҰҰ, тағы басқа мемлекеттер менен ұйымдар Пәкістанның жаңа орнатылған үкіметін Бһуттоны өлтіріп жазаламауға өтінген еді. Бірақ өтініштері сәтсіз қалды. Адыр қазқанаты. Адыр қазқанаты (,) — көп жылдық шөп тамырлы өсімдік. Құнарлы топырақ пен күн нұры жеткілікті болғанда ғана қаулап өседі. Сондықтан көбіндe күнгей беттерде болады, сабақ биіктігі 20—35 см, гүлі сабақтың екі жағына алмакезек орналасады да, тізіліп ұшқан қаздың қанатындай көрінеді. Бұл өсімдікті дүниежүзілік өсімдік деуге болады, негізінен адырлы жердің бәрінде болады. Мамыр, маусым айларында қызыл немесе қызыл күлгін реңді гүл ашады, шілде, тамыз айларында жемістенеді. Емдік ролы. Cуықты айдайды, құрт өлтіреді. Ревматизімге, несеп жолына тас байлануға, несеп қысылғанға пайдалы. Шиқанға сырттай да істетіледі. Антициклон. Антициклон (грекше anti – қарсы, cyclon - айналым) – біркелкі қысым сызықтарымен тұйықталған, атмосфералық қысымы жоғары аймақ, яғни жоғарғы қысым жүйесі. Кейде антициклон деп кез келген қысым жоғары және біркелкі қысым сызықтарымен тұйықталмаған “қысым жотвсын” да айта береді. Анициклонда ауа қысымы ортасынан шетіне қарай төмендейді. Солтүстік жарты шарда антициклон ауасы сағат тілінің айналу бағытымен орталықтан сыртқа қарай ағады. Оңтүстік жарты шарда ауа сағат тіліне қарсы бағытта, сыртқа қарай ағады. Антициклон ортасында ауа жоғарыдан төмен бағытталғандықтан, онда атмосфера шептері болмайды. Ауа массасы төмен түскен сайын адиабатты түрде жылиды да температура инверсиясы пайда болады. Қазақстанға, көбіне, қыста шығыстан Сібір анициклоны тараса, жазда батыстан Азор антициклоны әсерін тигізеді. Құрлық үстіндегі антициклонның орталығында селдір бұлтты ауа райы орнығады және оның солтүстігінде жылы ауа массасы қалыптасып, жазда будақ бұлттар, қыста қатпарлы бұлттар бақалады. Антифриз. Антифриз (– қарсы, – қату) – кейбір заттардың (этиленгликоль, глицерин, анорганикалық тұздар, т.б.) төменгі температурада қатпайтын судағы ерітіндісі. Ол іштен жану қозғалтқыштарының суыту жүйелерінде (айналадағы температура - 75˚С-тан 0˚С-қа дейін) қолданылады. Аплит. Аплит (грекше – қарапайым, жай) лейкократты (ашық түсті) шомбал, ұсақ түйірлі дайкалық жыныс. Түсі қызғылттан аққа дейін болады. Аплиттер, негізінен, сиалдық минералдардан (калишпаттан, плагиоклаздан, кварцтан, нефилиннен) тұрады. Олар құрамына қарай габбо-аплит, диорит-аплит, гранит-аплит, сиенит-аплит болып ажыратылады. Олардың ішінде ең кең тарағаны – гранит-аплит аплит ұшпалы құраушыларынан айырылған қалдық магмалардың кристалдануынан түзіледі. Ол керамика өндірісінде қолданылады. Жетісу аяқтыбалығы. Жетісу аяқтыбалығы - қос мекенділердің бір түрі. Кесслер (Kessler) 1866 ашқан. Таралу аймағы шағын, сирек кездесетін түр. Жоңғар Алатауының эндемигі. Таралу аймағының көпшілік бөлігі Қазақстанда, бірақ Қытайда да кездеседі. Су деңгейінің тұрақты болмауы, тау жоталарында малдың жайылуы және сулардың ластануы - оның санының азайып кетуінің негізгі себептері. Оны қорғаудың нақты жолы - Жоғарғы Көксу мерзімді қорығынан қандайда бір болмасын адам әрекетінен тысқары жерді бөліп, оны айрықша қорғау. Қолдан өсірудің белгілі тәсілдерін тәжрибе жүзінде іске асыру керек. Адамдардың іс-әрекетінің ықпалына сәйкес популяцияның өзгеруін қадағалауды онан әрі жалғастыру керек. Қуандықов, Болатбек Баянұлы. Болатбек Баянұлы Қуандықов — Қызылорда облысының әкімі, Қазаққстан Республикасы президентінің «Байқоңыр» кешенінде арнаулы өкілі. 1969 ж. Ақпанның 14 Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Кашкансуск ауылында дүниеге келген. Окончил Казахскую государственную академию управления (1992 г.), экономист. Трудовую деятельность начал в 1986 г. плотником СМУ; после окончания КазГАУ работал бухгалтером-экономистом кооперативного объединения "Лидер", АО "Адам-Ата" (1992-93 гг.); экономист, ведущий экономист, начальник отдела, начальник управления Нацбанка РК (1993-96 гг.); начальник Кызылординского областного управления Нацбанка РК (1996-99 гг.); заместитель, первый заместитель акима Кызылординской обл. (Наурыз 1999 г. - ақпан 2004 г.); директор департамента планирования расходов отраслевых органов Министерства экономики и бюджетного планирования РК (ақпан - ноябрь 2004 г.); с ноября 2004 г. - вице-министр по чрезвычайным ситуациям РК. До нового назначения работал государственным инспектором отдела госконтроля и организационно-кадрового отдела Администрации Президента РК. Тікелей күшейту радиоқабылдағышы. Тікелей күшейту радиоқабылдағышы — радиоқабылдағыштардың ең қарапайым түрлерінің бірі. Құрылысы. Тікелей күшейту радиоқабылдағышының блок сұлбасы Тікелей күшейту радиоқабылдағышы тербелмелі контурдан, бірнеше жоғары жиілікті күшейту каскадынан, диод детекторынан және бірнеше төменгі жиілікті күшейту каскадынан тұрады. Тербелмелі контур қажетті радиобекеттің сигналдарын басқа радиотолқындардан бөліп алу қызметін атқарады. Көбінесе тербелмелі контурдың баптауы сыйымдылығы өзгертілмелі конденсатордың көмегімен өзгертіледі. Тербелмелі контурға антенна, кейде жерқосқыш қосылады. Тербелмелі контур бөліп алған сигнал содан соң жоғарғы жиілік күшейткішіне беріледі. Жоғарғы жиілік күшейткішті (ЖЖК) әдетте бірнеше каскадтан тұратын транзисторлық күшейткіштен құрастырады. ЖЖК-дан күшейтілген сигнал диодты детекторға жіберіліп, детектор оны дыбыс жиілігіндегі сигналға айналдырады. Дыбыс жиілігіндегі сигнал тағы бірнеше каскад төменгі жиілік күшейткішімен (ТЖК) күшейтіліп, одан әрі дыбыс зорайтқышқа немесе құлаққапқа беріледі, сонда радиохабарды тыңдауға болады. Арнайы әдебиетте тікелей күшейту радиоқабылдағыштарын кейде жоғарғы және төменгі жиілікті күшейту каскадтарының саны бойынша белгілейді. Мысалы 2-V-3 деген белгі сол радиоқабылдағыш 2 жоғары жиілікті күшейту каскадынан, диодты детектордан (V белгісі) және 3 төменгі жиілікті күшейту каскадынан тұрады дегенді білдіреді. Детекторлы қабылдағышты тікелей күшейту радиоқабылдағышының бір түрі ретінде қарастырып, оны 0-V-0 деп белгілеуге болады (яғни онда сигнал күшейтілмейді деген сөз). Артықшылықтары және кемшіліктері. Тікелей күшейту радиоқабылдағышының басты артықшылығы — оның құрылымының қарапайымдылығы, оны тіпті бастаушы радиоәуесқой да құрастыра алады. КСРО-да арнайы радиоконструкторлар, яғни транзисторлық тікелей күшейту қабылдағышын жасауға арналған арнайы бөлшектер жиынтығы сатылатын, кейбір елдерде ондай нәрсе қазір де бар. Оның тағы бір артықшылығы — супергетеродинді радиоқабылдағыш сияқты тікелей күшейту радиоқабылдағышы жанама толқындар таратпайды, бұл қабылдағыштың құпиялылығын сақтау керек болса өте маңызды. Тікелей күшейту қабылдағышының басты кемшілігі — оның талғампаздығының төмендігі, яғни ол керек радиобекеттің толқынымен қоса жиілігі оныкіне жақын басқа радиобекеттердің де сигналдарын қабылдайтыны (айта кететіні, регенеративті радиоқабылдағыштар да тікелей күшейту қабылдағыштарына жатса да, олардың бұндай кемшілігі жоқ). Сондықтан бұндай қабылдағыштарды тек ұзын немесе орта толқындарда жұмыс істейтін қуатты радиобекеттердің хабарларын қабылдауға ғана тиімді (орта және ұзын толқындар ерекшелігі — олар онша алысқа тарамайды, сондықтан радиоқабылдағыш жергілікті радиобекеттерді ғана қабылдай алады). Осы кемшілігінің себебінен тікелей күшейту радиоқабылдағыштарын өнеркәсіп шығармайды және негізінен радиоәуесқойлар тарапынан пайдаланылады. Үш бағдарламалы қабылдағыштар да тікелей күшейту радиоқабылдағыштарына жатады. Алғашқы кеңес теледидары КВН-49 да тікелей күшейту әдісімен жұмыс істеген. Оның себебі, ол метрлік ұзындықты толқындар диапазонында тек 3 бағдарлама ғана қабылдауға жасалған болатын, ал метрлік диапазонда тікелей күшейту арқылы да жақсы талғампаздыққа қол жеткізуге болады. Зия-үл-Хақ, Мұхаммед. Зия-үл-Хақ, Мұхаммед (1924 - 1988), - Пәкістанның әскери және саяси қайраткері, Пәкістанның президенті болған, генерал. 1924 жылы тамыздың 12-ісінде Джаланджар қаласында туған (қазір бұл қала Үндістанға қарайды). 1955 жылы Кветтадағы штаб колледжін бітірген. 1964 жылы подполковник атағына жетіп, Кветтаға штаб инструкторы болып тағайындалып жіберіледі. Шығыс Пәкістанның бөлініп, Бангладеш тәуелсіз мемлекеті құрылғаннан кейін, президент Яхья-хан орнынан кетеді. Оның билігін құлатуында Зия-үл-Хақ та қатысады. Зүлфікар-Әли Бһутто премьер-министр болған кезінде, Зия-үл-Хақ құрғақ әскерлерін штабының басшысы еді. 1977 жылы шілденің 5-інде Зүлфікар-Әли Бһуттоны билігінен құлатты. Қазанның 1-інде генерал қазанның 18-інде өтетін парламентқа сайлауын болдырмады. Зия-уль-Хақтың айтуынша оның төңкерістің мақсаты - "еркін және әділ сайлауын өткізу еді", ал шынында генерал Пәкістанның Атазаңының күшін жойды. Зия-уль-Хақ исләмшіл саясатшы болып, мемлекеттің қылмыс құқығын шариғат жолына аудару тырысты. Салық алыну және банк ісі салаларында исләм тәртіптерін орнатты. Қиын ішкі және сыртқы саяси жағдайына түсіп, Зия-уль-Хақ жергілікті сүнни мұсылмандарының қолдауына сүйінді. 1977 - 1979 жылдары "шариғаттандыру" үдерісі басталды. Шиға мұсылмандар президенттің саясатына қарсы шыққан. Осындай жағдайда Зия-уль-Хақ басқарған үкімет шиға мұсылмандарға қарсы қысым бастады. Шиғаларды "мұсылмандар емес" деп, олардың құқтарын бұзуы басталды. Енді оппозицияда жүрген шиғаларды Иранның үкіметі қолдай бастады. 1984 жылының желтоқсан айында Зия-уль-Хақ мемлекетті исләм республикасына айналдыру жөнінде референдум өткізді. 1985 жылының желтоқсанның 30-ында Зия-уль-Хақ әскери жағдайын болдырмап, кейбір түзетулермен 1973 жылындағы Атазаңын қайтарды. Түзетулер президенттің билігін кеңейткен. Оппозиция Зия-уль-Хаққа күрес ашты. Оппозицияны Зүлфікар-Әли Бһутто ұйымдастырған Пәкістан халық партиясы жетелеген. Ал бұл партияның жетекшісі Зүлфікар-Әлидің қызы - Бенәзир Бһутто еді. Келесі екі жылдың ішінде Зия-уль-Хақ пен премьер-министр Жүнежо арасында қайшылықтар туды. 1988 жылы мамырдың 29-ында Зия-уль-Хақ парламент пен министрлер кабинетін тарқатты, Жүнежоны орнынан алып тастады. 1988 жылы тамыздың17-сінде Зия-уль-Хак Тейпур Тамевали полигонына ұшты. Полигонда американдық М-1 «Абрамс» танкінің сынауы өткен. Сынаудан кейін президент С - 130 - "Геркулес" ұшағымен Исламабадқа ұшып қайтты. Ұшағының артында пәкістандық генерал Аслам Бегтың ұшағы ұшты. Жолда ұшақ апатқа ұшырап, жерге құлады. "Геркулес"-тың бортында болған бар 37 адам, соның ішінде Зия-уль-Хақ та қаза тапты. Он күндік азалау жарияланды. Сенат басшысы Гүләм Ысқақ Хан уақытша президент болып кетті. Ол Зия-уль-Хақты өлтіргендерді тауып, жазалануы туралы айтты. Сол үшін арнайы комиссия ұйымдастырылды. Комиссияның басшысы Аббас Мирза болып кетті. Бірақ Зия-уль-Хақтың өлімі апат па еді, лаңкестік акт па еді, саяси өлтіруі ма еді әлі анық емес. Зия-уль-Хақты біреу өлтірген болса, олар әлі де табыла алмаған. Жүнежо, Мұхаммед Хан. Жүнежо, Мұхаммед Хан (урду/синдше:محمد خان جونیجو) (1932, тамыздың 18-і–1993, наурыздың 16-сы) - Пәкістанның саясатшысы, Пәкістанның он бірінші премьер-министрі. Синд провинциясының Тарпаркар, Синдри деген жерінде туған. Карачидағы Saint Patrick's жоғарғы мектебін бітіріп, Ұлыбританияда Кембриджде ауыл шаруашылығы бойынша дипломын алды. 1953 жылы жасы жиырма бірден бастап, саяси қайраткері болып істеген. 1962 жылында, Сандгхардың өкілі ретінде Батыс Пәкістан Провинциялар Ассамбдеясының мүшесі болып сайланады. 1963 жылының шілде айында Батыс Пәкістанның Денсаулық, Байланыс, Теміржол салаларының бақылаушы министр ретінде тағайындалады. 1985 жылында генерал Зия-үл-Хақтың бұйрығымен премьер-министр болып тағайындалды. Премьер-министр ретінде, Жүнежо Ауғанстанның Кеңес оккупациясын бітіру жөнінде Женева келісіміне қол қойған. Өзінің Судзуки мәшинесін өзі айдаған еді және өзі басқарған министрлерді шетелде өңдейтін Мерседестерден Пәкістанда жиналатын Судзукиларға отырғызды. 1988 жылының сәуір айында Жүнежоның Зия-үл-Хақпен арасында қайшылықтар туылып, мамырдың 29-ында Жүнежо орнынан алынған еді. 1990 жылы Жүнежо Ұлттық Ассамблеясының мүшесі болып тағайындалды. Бірақ үш жылдан кейін қатты ауырып, қайтыс болды. 1993 жылында қайтыс болған Мұхаммед Хан Жүнежоны Хан Сахаб Дін Мұхаммад деген жерде жерленген, бұл Синдриге жақын жер. Гүләм Ысқақ Хан. (1915 қаңтардың 20-сы — 2006 қазанның 27-сі) — 1988 жылы тамыздың 17-інен бастап 1993 жылы шілденің 18-іне дейін Пәкістанның президенті болған. Гүләм Ысқақ Хан 1915 жылы қаңтардың 20-сы Ысмайыл Һел деген жерінде Банну ауданында Солтүстік-Батыс провинциясында туған. Ұлты — пұштун. Пәкістанның тәуелсіздігіне дейін суару жобаларында жұмыс істеген, кейін Батыс Пәкістанның қаржы министрлігінде жұмыс істеп, қаржы министрі болып кетті. 1985 жылында Пәкістанның Сенатының төрағасы болып тағайындалды. Зия-үл-Хақтың өлімінен кейін президент болып кетті, ал 1988 жылының желтоқсан айында президент болып ресми сайланған. 1993 жылына дейін Пәкістанның мемлекет басшысы еді. Гүләм Ысқақ Хан президент болған кезінде, Пәкістанның үкіметін Бенәзир Бһутто және Наваз Шариф басқарған еді. Екеуінің де басқарған министрлер кабинеті Гүләм Ысқақ Ханмен тарқатып кетті. 1993 жылында президенттік сайлауында Фарух Легариге жеңілді. Демалысқа кеткеннен кейін, Гүләм Ысқақ Хан саясаттан бет бұрды және Гүләм Ысқақ Ханның БАҚ-пен қатынастары болмаған. 2006 қазанның 27-сінде өкпенің қабынуынан қайтыс болды. Яхья-хан, Аға Мұхаммед. Яхья-хан, Аға Мұхаммед(1917, қаңтардың 4-і – 1980, тамыздың 10-ы) - Пәкістанның үшінші президенті. Президент Аюб-ханнан кейін, 1969 мен 1971 жылдары арасында Пәкістанның президенті болып істеген. Әли Яхья деген бір ұлы және Ясмин Хан деген бір қызы бар. 1917 жылы Чакуа деген жерінде Шиға мұсылмандар отбасында дүниеге келген. Ұлты - қызылбаш, ата-бабалары Иранның Нәдір шаһ кезіндегі әскери басшылары еді, Нәдір шаһтың жақын туыстары еді. Нәдір шаһ өлтірілгеннен кейін, оның отбасы мүшелері әр тарапқа қашқан. Солардың арасында Яхья-ханның ата-бабалары да еді. Мүмкін, Яхья-хан Нәдір шаһтың тікелей ұрпағы деген болжам бар. Яхья-хан Пенджаб универститетін бітірген. Кейін, британ әскеріне аттанып, ң-ші дивизиясында Үндістанда, Ирақта, Италияда, Солтүстік Африкада қызмет етті. 1951-52 жылдары Кашмирде қызмет етті. 1954-57 жылдарында Пәкістан әскерін жақсарту жұмысын жүргізеді. 1958 - 1962жылдары Әскердің Бас Штабының башысының қызметкері атқарды, 1962 - 1965 жылдары дивизияның басшысы еді. 1965 жылы үнді-пәкістан соғысына қолбасшы ретінде қатысқан. Әйгілі болып, әскердің де, жұрттың қолдауымен президент болып сайланды. 1969 жылының наурыз айның 26-сында, президент Аюб-хан кетіп, орнына Яхья-хан келді. Бірақ Шығыс Пәкістанның мәселесін шеше алмай, бенгалдар арасында Пәкістан үкіметіне наразыны туғызды. Нәтижесінде, 1971 жылы Үндістанмен соғысында жеңіліп, Пәкістан бенгалдармен де қақтығыстарда жеңілді. Шығыс Пәкістанда Бангладеш деген мемлекет пайда болды. Сол себептен Яхья-хан орнынан кетті. 1980 жылының тамыздың 10-ында шаһтың тұқымы Яхья-хан дүние салды. Пәкістан халық партиясы. Пәкістан халық партиясы (урду پاکستان پیپلز پارٹی; ағылшын Pakistan Peoples Party) — Пәкістанның саяси партияларының бірі. Тарихы мен мақсаты. Пәкістан халық партиясыны 1967 жылында Зүлфікар-Әли Бһутто ұйымдастырды. Партияның үраны: «Ислам — дініміз, демократия — биліктің қалпымыз, социализм — экономикалық жүйеміз». Мақсаты - Пәкістанда демократиялық және әлеуметтік өзгерістерін жүргізу, байлар менен кедейлердің арасында айырмашылығын кішейту, исләмнан бет бұрмай оны дін ретінде сақтау, бірақ мемлекетті зайырлы жолымен жүргізіп, Батыстан да, КСРО-дан да елге пайдалы болатын кейбір тәртіптерін орнату, Пәкістанды дамытып, қарапайым халқын қамын ойлайтын экономикалық саясатын жүргізу. Пәкістан халық партиясы әлеуметтік әділетінде негізденген тапсыз қоғамын орнатқысы келді. Сыртқы саясатында партия бейтарап саясатын таңдап, негізінде діндес мұсылман елдерімен тығыз байланыстары үшін шыққан. 1970 жылындағы сайлауында Пәкістан халық партиясы жеңеді, ал 1971 жылында билікке келеді. 1977 жылындағы әскери төңкерісінен кейін, оппозициялық партиясы болып, Зия-үл-Хаққа қарсы шыққаны үшін Пәкістанда нақты заңсыз болып табылады. 1988 жылында Пәкістан халық партиясы қайтадан билігіне келеді. Екі жылдан кейін Пәкістан халық партиясы құрастырған министрлер кабинеті Гүләм Ысқақ Ханмен тарқайды. 1996 жылындағы сайлауында тағы жеңіп, жаңадан билікке келеді. Қазір Пәкістан халық партиясы демократиялық оппозициялық саяси күш болып табылады, Первез Мұшаррафқа оппозициясында тұр. Жетекшілері. Зүлфікар-Әли Бһутто - Пәкістанның президенті, премьер-министрі болған. 1977 жылында тұтқынға алынып, 1979 жылында өлтіріп жазаланған еді. Бенәзир Бһутто - екі рет премьер-министр болған. 2007 жылы желтоқсанның 27-інде саяси өлтіруінің - лаңкестік актінің құрбаны болған. Авами лиг партиясы. Баңладеш Авами лиг ( — "Баңладеш Халық партиясы";) — Баңладештің саяси партияларының бірі, Бас пәтері — Баңладештің елордасы Дакка қаласында, Бонгобонду даңғылында (Bongobondhu Avenue) орналасқан. Авами лиг партиясының қазіргі жетекшісі — Муджибур Рахманның қызы, Хасина Шайһ Уазед. Идеологиясы — орташыл, сол саяси күштеріне жақын, либерал партиясы, секуляристтер (дінді мемлекеттен айыртып, діншілдіктен қашықтанып, зайырлы мемлекет үшін шығады). Ресми түсі — жасыл. Тарихы. 1949 ж. маусымның 23-інде "All Pakistan Awami Muslim League" деген атымен ұйымдастырылған. Бангладештің тәуелсіздігі жариялағаннан дейін Пәкістанның Шығыс Пәкістанда бөліну үшін күрес өткізетін қозғалыс, кейін партия еді. Партияның негізін қалаған — шайһ Муджибур Рахман, кейін ол Баңладеш Халық Республикасының бірінші президенті болып кетеді. Партия баңла халқының азаты үшін шығып, Баңладештің Пәкістаннан тәуелсіздігі үшін күрескен, Пәкістанда күшті болып саналайтын исләм діншілдерден бас тартып, ұлттық тәуелсіз зайырлы мемлекетті құру. Негізгі мақсаттары. Авами лигтің тағы бір мақсаты — елде социализмге жақын ұстанымдарының негізінде әлеуметтік әділ қоғамын орнату еді. Әрине, 1949 жылынан бастап, партияның кейбір мақсаттары заманға қарай өзгерген, бірақ негізгі ұстанымдары әлі күнге сақтаған. Одан қарамастан, қазір Авами лиг партиясы, сол күштерге жақын болса да, социализмге жақын ұстанымдарына емес, либерализмге жақын ұстанымдарына сүйінеді. Қалай болса да, партия Баңладеште демократиялық өзгерістер үшін шығады және өзіні халықтың қамын ойлайтын саяси күш ретінде саналайды. Ана тілінің халықаралық күні. Ана тілінің халықаралық күні (;;) — әр алуан тіл мен мәдениетті сақтау үшін ақпанның 21 өткізіледі. UNESCO Бас ассамблеясінің 30-шы сессиясінің шешімімен 1999 ж. қараша айында ұйымдастырылған. Ақпанның 21 Баңладеште "Тіл қозғалысы күні" не "Тіл құрбандары күні" деп өткізіледі. Бұл күнде 1952 ж. Шығыс Пәкістанда баңла тілін ресми деңгейге көтеруді жақтаушылар мен пәкістан полициясы арасындағы арпалыс қантөгіліске ұшырады. Муджибур Рахман. Муджибур Рахман(1920 - 1975), - Баңладештің бірінші президенті мен премьер-министрі. 1920 жылының наурыздың 17-сінде мұсылман отбасында Тонгипара деген бенгал ауылында туған. Жас кезінен Пәкістанның тәуелсіздігі үшін күрескен. 1947 жылында Дакканың университетіне түсіп, құқықты оқыған. 1949 жылында "Авами лиг" партиясының ұйымдастыруына үлес қосты. 1953 жылында провинциялық заң қабылдайтын маслихатының мүшесі болып сайланған. 1958 жылы Пәкістанда билікке Аюб-хан келді, сол кезінде Муджибур Рахман абақтыға екі рет түскен еді. Алпысыншы жылдарында Муджибур Рахман Баңладештің тәуелсіздігі үшін күресінің жетекшісі болып кетті. 1970 жылындағы парламентқа сайлауында Шығыс Пәкістанда "Авами лиг" жеңеді, ал жалпы Пәкістан бойынша Бһуттоның Пәкістан халық партиясы жеңсе де, "Авами лиг" сайлаушылардың дауыстарының көпшілігін алды. Бірақ президент Яхья хан өткен сайлаудың нәтижелерін болдырмап, парламент сессиясын ашылуына жол бермеді. Осындай жағдайда, Пәкістанда азаматтық соғысы басталды. Муджибур Рахман тұтқынға алынып, туған Баңладештен (сол кезде Шығыс Пәкістаннан) Батыс Пәкістанға айдалған еді. Бірақ Баңладештің тәуелсіздігі жарияланып, Яхья-ханның орнынынан кеткеннен кейін, Муджибур Рахманды босатады, ол Баңладешке оралып, Баңладештің премьер-министрі болып қалады. 1972 жылының ақпан айында Баңладештің президенті болып сайланады. 1972 жылының сәуір айында КСРО-ға барған. Хасина Шайһ Уазед. Хасина Шайһ Уазед(1947ж.), — Баңладештің премьер-министрі (1996 - 2001 жж.), "Авами лиг" партиясының жетекшісі. Гопалгонж деген жерде дүниеге келген. Баңладештің бірінші президенті, "ұлттың атасы" саналанатын Шайһ Муджибур Рахманның қызы. 1969 жылында Даккада болған студенттердің наразы білдіретін көтерілісте қатысқан. Баңладештің тәуелсіздігі үшін соғыс кезінде1971 жылында Пәкістан оккупациялық әскерімен тұтқынға алынған еді. 1975 жылында әкесі Муджибур Рахманды және оның 20 туысқандарын өлтірген кезінде, Хасина Алманияда жүрген еді. 1981 жылында "Авами лиг" партиясының жетекшісі болып кетті. Баңладешке оралып, сол кезде мемлекетті билеген Эршадқа оппозициясында болды. 1991 жылы Эршадтың кеткеннен кейін өткен сайлауда Халеда Зия Бегумның партиясына жеңілді. 1996 жылында сайлауын "Авами лиг" партиясы жеңді, Хасина Шайһ Уазед Баңладештің премьер-министрі болып кетті. Хасина Шайһ Уазед премьер-министр болған кезде Үндістанмен қарым-қатынастарын жақсартып, Ганг суларын бөліну мәселесін шешілген. Бірақ экономикалық дамытуының темпі төмендеп кеткен. 2001 жылында өткен сайлауда жеңіліп, орнынан кетті. Халеда Зия Бегум. Халеда Зия Бегум(бенгалша খালেদা জিয়া; 1945 ж. тамыздың 15-інде), - Пәкістанның премьер-министрі (1991 - 1996; 2001 - 2006 жж.), ұлтшылдар партиясының жетекшісі. Баңладештің солтүстік-батыс бөлігінде Динаджпур деген жерінде кәсіпкердің отбасында дүниеге келген. 1960 жылы генерал Зияур Рахманға тұрмысқа шықты. Кейін Зияур Рахман Баңладештің президенті болып кетті және Баңладеш Ұлтшыл партиясын ұйымдастырды. Зияур Рахманды 1981 жылында өлтірді. 1983 жылы Халеда Зия Бегум күйеуі негізін қалаған партиясын жетекшісі болып кетті. "Авами лиг" партиясымен бірге, Эршадқа қарсы күрескен. 1991 жылында сайлауында жеңіп, Баңладештің премьер-министрі болып кетті. Үндістанмен қарым-қатынастарын бұзып, Ганг суының бөліну мәселесін туғызды. Керісінше, Пәкістанмен қарым-қатынастарын жақсартты. Білім беру саласына көбірек қаржыны беріп, міндетті бастауыш білім алу туралы заң қабылданып, қыздарға арналған 10-сынып мектептерін ашылуына үлес қосты. Эршадтың диктатурасынан кейін демократиялық өзгерістерін өткізді. 1996 жылында "Авами лиг" партиясына жеңіліп, орнынан кетті. 1999 жылында "Авами лиг" құрастырған үкіметіне қарсы саяси ереуілін ұйымдастырды. 2001 жылы өткен сайлауында жеңіп, қайтадын премьер-министр болып кетті. Зияур Рахман. Зияур Рахман(бенгалша জিয়াউর রহমান) (1931 қаңтардың 19-ы - 1981 мамырдың 30-ы) - Баңладеш президенті (1977 - 1981 жж.). Генерал-майор. 1931 жылы қаңтардың 19-ында Богра қаласында дүниеге келген. 1953 - 1971 жылдарында Пәкістан әскерінде қызмет етті. Тәуелсіздік үшін күресіне қатысқан. 1977 жылының сәуірінде президент Сайемның кеткеннен кейін Зияур Рахман Бангладештің президенті болып кетті, біржолы Қарулы күштердің штабының бас басшысы, құрғақ әскерінің штабының басшысы және қаржы мен ішкі істер министрі болып кетті. 1978 жылында президент болып сайланып, үкімет басшысы болып кетті. Генерал Мансұрды орнынан алып, төменірек орнына ауыстырды. 1981 жылының мамырдың 29-ында Зияур Рахман Читтагонг қаласына барған еді. Мамырдың 30-ына қарағанда, түнде Мансұр өзіне қарайтын күштерін көтеріп, президент қонған резиденциясына шабуыл жасап, Зияур Рахманды өлтірді. Әбу Садат Мұхаммед Сайем. Әбу Садат Мұхаммед Сайем, - (1916 наурыздың 29-і – 1997 шілденің 8-і) - Баңладештің бірінші әділет министрі және бесінші президенті (1975 қарашаның 6-сы - 1977 сәуірдің 21-і) Әбу Садат Мұхаммед Сайем Рангпур деген жерінде туған. Рангпурдағы Зилла мектебінде, кейін Carmichaelin колледжінде оқыған. Калькуттаның Presidency колледжінде және заң университетінде оқыған. Калькуттада заңгер, кейін сотшы болып істеген. 1947 жылы Пәкістанның тәуелсіздігі жариялағаннан кейін, Даккаға кетті. Шығыс Пәкістанда Жоғарғы Сотында істеген. 1962 жылының шілде айының 3-інде жоғары соттың басшысы болып тпғайындалды. 1970 жылында сайлау комиссисында істеген. 1972 жылының желтоқсанның 12-сінде Баңладештің бірінші әділет министрі болып тағайындалды. 1975 жылының қараша айының 6-ншы жұлдызында болған әскери төңкерістен кейін президент болып кетті. 1977 жылы орнынан кетіп, билігін Зияур Рахманға берді. 1997 шілденің 8-інде Даккада қайтыс болған. Скорцени, Отто. Отто Скорцени (Отто Шкорзень) (1908 жылғы маусымның 12-сі — 1975 жылғы шілденің 6-сы) — Екінші Дүниежүзілік соғыс кезеңінде Алманияның Ваффен-СС-інде штандартенфүрер шенінде қызмет еткен әскери. Шығыс майданда әскери қызмет атқарған соң ол арнайы күштерде қызмет етті. Тұтқынға алынған италиялық диктатор Бенито Муссолиниді азат ету операциясын жүргізді. Ол Гриф операциясына да маңызды үлес қосты, сол операциясы үшін ол соғыстан кейін сотталды да. Бұл арнайы операцияда дұшпанды шатастыру үшін оның әскери киімін киіп, оның қатарына ену тактикасы қолданылды. Сонымен бірге ол Вервольф атты нацистік астыртын ұйым ұйымдастырып, соғыс біткеннен кейін де одақтастарға қарсы партизандық күресті жалғастыра бермек болды. Ол нацистік қылмыскерлерді Испанияға және басқа да елдерге (әсіресе Оңтүстік Америкаға) қашып барып бас сауғалауға көмектесетін "ODESSA" атты астыртын ұйым да құрды. 1970 жылы Паладин тобын құрды. Ол 1975 жылғы шілденің 6-сында испан диктаторы Франкодан бірнеше ай бұрын қайтыс болды. Соғыстан бұрынғы өмірі. Отто Скорцени Венада көптеген өкілдері әскери қызмет атқарған аустриялық орта класс отбасында дүниеге келді. Неміс тілін ана тілі ретінде біліп, франсуз және ағылшын тілдерін жетік меңгерген. Бірінші Дүнипежүзілік соғыстан кейінгі Аустрия зор экономикалық қиындықтарға ұшырап, Скорценидің отбасы да жоқшылықта өмір сүрді. Жасөспірім Скорцени бір күні әкесіне өзінің ешқашан нағыз сары май жемегенін айтып шағымданыпты. Сонда әкесі: «Бұдан сен ешқандай зиян шеккен жоқсың. Керісінше, үлде мен бүлдеге оранған өмірге жаман үйренбеу саған пайдалы болады» — деп жауап берді. Яғни оның балалық шағында көрген жоқтығы оны шыңдап, оның кейінгі өміріне қатты әсер етті деген сөз. Ол Венада 1920 жылдары студент болып жүрген кезінде сайысқа қатты әуестенген. Ол өзі 13 рет жекпе-жекке шыққан, соның 10-шысынан оның сол жақ бетінде терең тыртық қалған. 1931 жылы нацистік партияға мүше болып қабылданып, көп ұзамай нацистердің шабуыл отрядтарына қосылды. Адамдарды тез баурап алатын өте ықпалды тұлға болып, 1938 жылғы наурыздың 12-сіндегі Аустрияның Алманияға қосылуын («Аншлүсс») жүзеге асыруға қатысты. Соның кезінде ол Аустрия президенті Микласты бұзақы нацистерден аман алып қалды. Шығыс майдан. 1939 жылғы Польшаны жаулап алудан кейін сол кездері құрылысшы инженер болып істеп жүрген Скорцени өз еркімен Алманияның Әскери Әуе күштеріне қызметке кіруге тілек білдірді, бірақ жасы 30-дан асып кеткендіктен қабылданбады. Содан соң ол «Ваффен-СС» құрамасына өтініш жасады. 1940 жылғы ақпанның 21-інде ол «Лейбштандарте СС Адолф Һитлер» танк құрамасына қабылданып, 1941-42 жылдары Шығыс майданда соғысып, көзге түсті. 1942 жылғы желтоқсанда жараланып, Алманияға қайтып оралды. Атқылаудың астында көрсеткен ерлігі үшін Темір айқышпен марапатталды. Эршад, Хуссейн Мұхаммед. Эршад, Хуссейн Мұхаммед(бенгалша: হুসেইন মুহাম্মাদ এরশাদ) (1930ж. ақпанның 1-і) - Баңладештің әскери басшысы (1978-82) және президенті (1982-90). Jatiya Партиясын ұйымдастырып, оның басшысы еді. Хуссейн Мұхаммед Эршад Рангпурда 1930 жылында туған. 195? жылы Дакка Университетін бітіріп, 1952 жылы Пәкістан әскеріне аттанған. 1960 - 1962 жылдардың арасында Читтагонгта Шығыс Бенгал полкының депосының адъютанты еді. 1966 жылы Кветтада (Пәкістан) Басшылар және Қызметкерлер Колледжының курстарын бітірді. 1969 жылы 3-ші Бенгал полкының, ал 1971 жылы 7-ші Бенгал полкының басшысы еді. Тәуелсіздік үшін соғыс басталғанда, Батыс Пәкістанда тұрып, Пәкістан әскерінде қалып, тәуелсіздік үшін күреспеген және жаңа құрылған Баңладеш әскеріне кетпеген. Бірақ, 1973 жылы Баңладештің тәуелсіздігін мойындап, Баңладешке келді. Осында, Эршад Баңладеш Әскерінің Адъютант Генералы болып тағайындалады. Муджибур Рахманның өлтірілуінен кейін, Зияур Рахманға бір кезде сенімді еді, оны қолдап, Зияур Рахманға қарсы болған наразы білдіруін басқан. Зияур Рахманның өлтірілуінен кейін, Эршад Зияурды өлтірген Абул Мансурды, содаң кейін Зияур Рахманның орнына келген Абдус Саттарды қолдаған, сөйтіп әскер басшысы болып қалған. 1982 жылының наурыздың 24-інде Эршад Абдус Саттарды құлатып, өзі билікке келді. Эршад кезінде исләм Баңладештің ресми діні болып жарияланған. 1987 жылында жерді бөлу жөнінде өзгерістер өткізілген. Эршадқа қарсы "Авами лиг" және ұлтшылдар партиялары шыққан. Кейін басқа саяси күштер де Эршадпен күресіне қосқан. 1990 жылының желтоқсанның 6-сында студенттердің наразы көрсетуі басталды. Бұл оқиға - оппозицияның күресінің жеңісі ретінде саналады. 1990 жылы желтоқсанның 6-сында Эршад орнынан кетті және абақтыға отырғызылды. Эршад абақтыда отырып 1991 және 1996 жылдарында өткен сайлауларын әділетсіз өтті деп санаған. 1997 жылының қаңтар айының 10-ында Эршад абақтыдан босатылды. Эршадтың Jatiya партиясы үш фракцияға бөлініп кетті. Бірінің басшысы Эршад болып қалды. 2000 жылғы маусымның 30-ында Эршад өзі басқарған фракцияның басшылығынан кетіп, саясатпен айналысуын доғарды. Саттар, Абдус. Абдус Саттар (1906 — 1985 қазанның 5-і) - Баңладештің заңгері және саясаткері, Зияур Рахманды өлтірілуінен кейін президент болып істеген. Зияурдың президент болған кезінде, Абдус Саттар вице-президент болып жүрген. Ұлтшылдардың партиясының ұйымдастырушыларының бірі еді. 1906 жылы Бирбум аумағының Дарака ауылында туған (қазір бұл Үндістанға қарайтын жер).Калькутта университетінде саяси ғылымдар және заң бойынша білім алған еді.Фазлул Хұқ басқарған Krishak Praja Партиясының мүшесі еді. 1941 жылында КАлькуттаның сотында істеген. Пәкістанның тәуелсіздігі үшін күресіп, Пәкістан Мұсылман Лигасына мүше болып кірді. 1950 жылында Даккаға келіп, «Авами лиг» партиясына кірді. 1970 жылында парламент сайлауы өтті. Зия-үл-Хақ, Пәкістан Халық Партиясы (жетекшісі — Бһутто) және «Авами лиг» арасында жанжал басталады. Соғыс ашылады. 1971 жылының мамыр айында, Абдус Саттар Исламабадқа шақырылып, үйінде тұтқынылады. 1973 жылы Саттар Ауғанстан арқылы Баңладешке қашады. Муджибур Рахман кезінде үкіметте жұмыс істейді, Сайем кезінде президенттің кеңесшісі, Зияур Рахман кезінде вице-президент болып істейді. Зия Зияур Рахман қаза тапқаннан соң, Абдус Саттар ұлтшылдар партиясының жетекшісі және Баңладештің президенті болып істейді. 1982 жылында оны Эршад құлатады. Абдус Саттар абақтыға түседі, бірақ бірнеше айынан кейін босатылады. Партияның жетекшісі — Зияур Рахманның әйелі, Халеда Зия Бегум болып кетеді, президент — Хуссейн Мұхаммед Эршад болып кетеді. Саясатпен айналысуға тоқтаған Саттар 1985 жылының қазанның 5-інде Даккада қайтыс болады. Сычуань жер сілкінісі (2008). 2008 жылғы Сычуань жер сілкінісі — мамырдың 12-ші күні таңғы сағат 7-де Қытайдың Сычуань өлкесінде болған жер сілкінісі кезінде он мыңнан астам адам қаза болды, деп хабарлаған болатын Қытай Халық Республикасының азаматтық әкімшілік министрлігінен. Келесі күні «Синьхуа» агенттігі, жергілікті уақыт бойынша 15:10-да 6,1 ұпайлық жер сілкінісі осы өлкеде тағы да қайталанғанын хабарлады. Эпиорталығы. Зілзаланың эпиорталығы Алматы қаласының оңтүстік-шығысына қарай 3 мың км қашықтықта, 104° шығыс бойлық пен 30° солтүстік ендікте болған. Алматы қаласындағы Орталық сейсмикалық обсерваторияның кезекші операторы жер асты дүмпуінің күштілігі Рихтер бағанасы бойынша 8.0 балды көрсеткен. Салдары. Сілкініс зардабынан құрбан және жарақатталған ресми түрде расталған. Жер сілкінісі жұрт енді ұйқыдан оянып, жұмысқа жиналып жатқан уақытта болған. Зілзаладан Сычуань тұрғындары ғана емес, Гансу, Шенси, Юннан, Шанси, Гуйчжоу, Хубейдің өлкелері да қатты зардап шеккен. «Чайна дейли» үнжариясының хабарына қарағанда, құтқару жұмыстарына ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Вын Зәбау басшылық жасап отыр. Құрбан болғандар туралы нақты деректер жоқ, өйткені жер сілкінісінің эпиорталығына жақын орналасқан елді мекендерге баратын жолдарды үйінді басып қалған, өту мүмкін емес көрінеді. Электр желілерінің, байланыс құралдарының істен шығуына байланысты бұл аудандармен байланыс жасау мүмкін емес. «Чайна дейлидің» мәліметіне қарағанда, құтқарушылардан және медицина қызметкерлерінен құрылған жедел жәрдем топтары зардап шегушілерге көмек көрсету үшін кейбір аудандарға парашютпен түсірілмек. Құтқару жұмыстарына әскери тікұшақтар да жұмылдырылған. Қытайдағы ең күшті жер сілкінісі 1976 жылы Таңшан қаласында болды. Ол кезде 240 мың адам қаза тапқан екен. Адам өлімі жағынан одан кейінгі орынды Сычуань өлкесіндегі зілзала алады. Қазақстанда. Сычуань өлкесінде болған осы жолғы жер асты дүмпулері Қазақстан жерінде сезілген жоқ. Алакөз сүңгуір. Алакөз сүңгуір - Aythya nyroca саны күрт кеміп кеткен сирек кездесетін құстар түрі. 1770 жылы Гулденштад(Guldenstadt) ашқан. Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс аудандарында ұялайды. Мезгілдік құстар - қысқа қарай оңтүстікке және солтүстік Африкаға қарай ұшады. Бұл құстың шамалысы республикамыздың оңтүстік, оңтүстік-шығыс, оңтүстік-батысындағы суларда қыстайды. Саны туралы нақтылы деректер жоқ, санының кемуіне әсер ететін факторлар зерттелмеген. Яджуддин Ахмед. Яджуддин Ахмед(бенгалша: ইয়াজউদ্দিন আহম্মেদ)(1931 ж. ақпанның 1-і) - 2002 жылынан бастап Баңладеш президенті. Мушигандж аумағында 1931 жылында туған. Мулви Ибраһимның баласы. 1952 жылы Дакка университетінің бакалавриатын, ал 1954 жылы магистратурасын бітірді.Кейін Висконсин-Мэдисон университетінде (АҚШ) M.S. және Ph.D. (доктор) деңгейлеріне ие болды. Дакка университетінде Биологиялық Ғылымдарының Факультетінде дәріс берген. 1984 жылында Корнэлл университетінде (АҚШ), Техникалық Университетінде(Алмания) және Готтинген Университетінде жұмыс істеген (Алмания). Яджуддин Ахмедтың екі әйелден үш баласы бар. Бірінші әйелден - Сьюзен деген қыз және Адам деген ұл бар. Қазіргі әйелден, Әнуара Бегумнан бір Имтаз деген ұл бар. 1991 жылында Яджуддин Ахмед үкіметте кеңесші болып істеген. 90-ыншы жылдарында саясатпен айналысады. 2002 жылында Баңладештің президенті болып кетті. 2006 жылының мамыр айында Сингапурда Яджуддин Ахмедтің жүрегіне операция жасалынған еді. Фарух Легари. Фарух Легари(Сардар Фарук Ахмед Хан Легари, урду: سردار فاروق احمد خان لغاری) (1940 ж. мамырдың 29-ы), - Пәкістанның президенті (1993 - 1997). Пенджабтың Дера Гази Хан аумағының Чот Зарин ауылында дүниеге келген. Саясаткерлердің отбасынан шыққан. Әкесі Сардар Мұхаммед Хан Легари және атасы Науаб Сир Мұхаммед Жамал Хан Легари министрлер еді. Лахордағы Aitchison College мектебін және Forman Christian College бітіріп Оксфорд университетіне түседі. Пәкістанға оралғаннан кейін Шығыс Пәкістанда (қазір Баңладеш) қызмет етеді. Әкесі өлгеннен кейін, тайпасының сардары болып кетті. Зия-үл-Хақтың кезінде бірнеше рет үйінде тұтқындалған еді. 1993 жылының қараша айның 14-інде Пәкістанның президенті болып кетті. 1997 жылының желтоқсан айының 2-сінде орнынан кетті. 70-ыншы жылдардан бастап, Пәкістан халық партиясының мүшесі еді. 2004 жылынан бастап Пәкістан Мұсылман Лигасына көшті. Оның басшысы болып кетті, ұлы - Ауаис оның орынбасары болып кетті. Оның үлкен баласы Жамал Легари Сенатқа сайланған еді. Оның қызы - Фарьял Легари Дубайда Шығанақ Болжау Орталығында зерттеуші болым істейді. Бисуас, Абдур Рахман. Абдур Рахман Бисуас () — Баңладештің 13-ші президенті. 1926 жылының қыркүйектің 1-інде дүниеге келген. 1991 жылының қазанның 10-ында президент болып кетті. Ұлтшылдар партиясының мүшесі. Сол кезде үкіметті Ұлтшылдар партиясы құрастырып, мемлекеттің премьер-министрі — партия жетекшісі Халеда Зия Бегум еді. 1996 жылының сайлауында партия парламенттік сайлауында жеңіліп, билікке Авами лиг партиясы келді. 1996 жылының қазанның 9-ында орнынан кетті. Аюб-хан, Мұхаммед. (1907 мамырдың 14-і — 1974 сәуірдің 19-ы) — фельдмаршал, Пәкістанның президенті. 1907 жылы Рианна ауылында Харипур аумағында үнді тілінде сөйлейтін отбасында дүниеге келген. Мир Дад Ханның екінші әйелінен туған баласы еді. Әкесі Үндістандағы Патшаның атшы әскерінде майор еді. Ауылынан 4 миль қашықтығында орналасқан Сарай Салех мектебін бітірді, содаң кейін Харипур мектебінде оқыған. 1922 жылы Алигарх университетіне түсті, бірақ оны бітірмей-ақ Сандхурст Патшалық Әскери Академиясына түсті. Оны бітіріп британ офицері болып кетті. 14-ші Пенджаб полкының 1-ші батальонында қызмет етті. Екінші дүниежүзілік соғысында Бирма майданында қызмет етті. Кейін Пәкістанның тәуелсіздігі үшін соғысып, әскер басшысы болып кетті. 1951 жылынан бастап Пәкістанның бас әскербасшысы болып істейді. Кейін Қорғаныс министрі болып кетеді. 1958 — 1969 жылдарында Пәкістанның президенті болып істейді. 1965 жылында Үндістанмен Ташкент келісіміне қол қойған. Осы оқиғадан кейін Бһутто Аюб-ханға оппозициясына кетті. 1969 жылы орнынан кетеді, орнына Яхья-хан келеді. 1971 жылы соғыс бастағанда, Аюб-хан бұл оқиға жөнінде ешқандай пікірін білдірмеді. Баласы — Гоһар Аюб-хан Наваз Шарифтың үкіметінде Сыртқы істер министрі болып жүрді, немересі — Омар Аюб-хан қазіргі қаржы министрі болып жүр. Пәкістан президенттері. = Пәкістан президенттерінің тізімі(1956 жылынан бастап қазіргі уақытқа дейін) =. ! !! Аты !! бастауы !! аяқталуы Гиробус. Гиробус, немесе "жиробус" (юнан (грек) "γυρος" — айналым сөзінен және латын omnibus — омнибус сөздерінен құрастырған) — автобустың ерекше түрі, сермердің (маховиктың) айналатын үдерісінде пайда болатын кинетикалық қуатынан қозғалады. Қазіргі таңда гиробустар пайдаланбайды, бірақ гиробустың концепті ғылыми-техникалық іздестіруінің объекті ретінде табылады. Сермермен (маховикпен) қозғалатын автобустың жобасы, швейцарской Эрликон (Oerlikon) фирмасымен қырықыншы жылдарында ойлап табылған еді. Гиробус аккумулятор автобусовтарға және троллейбустарға балама ретінде ойлап табылған еді. Осындай көлікті троллейбусты жіберу үшін электр жүйені жүргізу пайдасыз көрінетін маршруттарда пайдалану жоспарланған еді. Гиробустың демонстрациялық жүруі 1950 жылында басталған. 1953 жылының қазан айынан бастап 1960 жылына дейін гиробустар Швейцарияда пайдаланған еді. Гиробустың маршруты Ивердон-ле-Бан мен Грандсон коммуналары арасында жүрген. Қазір швейцарида пайдаланатын гиробустардың бір данасы да сақталмаған. 1955 - 1959 жылдары гиробустар Конгода пайдаланған еді, бірақ тез тозғаннан гиробустарды пайдалануы тоқтатылды. Энтеровирус-71. "Энтеровирус-71 () — жұқпалы вирус, әсіресе, балаларды баудай түсіріп, күн сайын өршіп бара жатыр. Enterovіrus-71 (EV71) инфекциясы Қытайдың орталық Аньхуэй провинциясындағы Фуян қаласынан басталған екен. Тіркелген бес мыңға жуық науқастың көп ұзамай 22-сі көз жұмған. Қауіпті ауру 1998 жылы Гонконг аумағында тіркелген болатын. Ол кезде 129106 бала ауырып, оның 78-і қайтыс болған. Белгілері мен қасиеттері. Энтеровирустар табиғатта кеңінен таралған, сондықтан одан бойды аулақ ұстау мүмкін емес. Инфекцияға қарсы вакцина жоқ. Вирус бірнеше жылдан кейін, адамдардың иммунитеті жойыла бастаған кезде қайталап соғып отырады. кездегі анықталған адам денсаулығы үшін патогендік болып саналатын стеретиптердің түрлері 80-нен астам, алдағы уақыттарда бұдан да көп болуы мүмкін. Enterovіrus-71 оңайлықпен залалсыздандырылмайды. Полиовирустар көкөністерде, сүт өнімдерінде 37 градус жылылықта 3-4 айға дейін сақталады. Энтеровирус инфекциясын тағамдар арқылы, үй мүліктері арқылы вирусты жұқтырған ауру адамдар таратады. Қан арқылы энеровирустар адамды сал ауруына, энцефалиттік және асептикалық менингитке шалдықтыруы мүмкін. Сондай-ақ плевралгиялық, экзантема, перикардит, миокардит, безгек ауруларын қоздырады. Вирусты жұқтырған адамның алдымен екі бетінде, еріндерінде, тілінде, тамағында ақшыл-қоңыр теңбілдер пайда болады. Екі-үш күн өткеннен кейін теңбіл адамның аяқ-қолдарына, алақанына жайылады. Әдетте дене ыстығы көтеріледі. Инфекция, әсіресе, 6-7 жасқа дейінгі балаларға тез жұғады. Таралуы. EV71 инфекциясымен ауырғандардың саны қазір 25 мыңға, ал қайтыс болғандардың саны 34-ке жеткен. Жұқпалы вирус, әсіресе, балаларды баудай түсіріп, күн сайын өршіп бара жатыр. Моңғолияның Денсаулық сақтау министрлігі 100 адамның энтеровирустық инфекцияны жұқтырғанын мәлімдеді Бһутто Зардари, Билауал. Билауал Бһутто Зардари(урду: بلاول بھٹو زرداری) (1988 қыркүйектің 21) — Пәкістан халық партиясының жетекшісі, премьерминистр болған Бенәзир Бһутто және саясаткер Әсіф Әлі Зардариның баласы, премьер-министр және президент болған Зүлфікар-Әли Бһуттоның немересі. Карачидағы ортатәлім мектебінде, кейін Исламабадтағы Froebels Халықаралық Мектебінде оқыған. Дубайдағы ұл балаларға арналған Рашид Мектебін бітірген. Қазір Оксфорд университетінде оқиды. Билауалдың таэквондодан қара белбеуі бар. 2007 жылы желтоқсанның 30-ында Пәкістан халық партиясының жетекшісі болып кетті. Қазір Оксфорд университетін бітіріп, толықымен партияның істерімен айналысуға үміттенеді. Томас Ременгесау (кішісі). Томас Ременгесау (кішісі) (1956 ж. ақпанның 28, Корор, Палау) - Палаудың президенті. Әкесі - Томас Ременгесау (үлкені) екі рет Палаудың президенті еді (1985), (1988-1989 жж.). Корорда (Палау) туып, Мичигандағы (АҚШ) Грэнд-Вэлли университетін бітірді. 1984 жылында жасы 28-де Палау Ұлттық Конгрессіне депутат болып сайланды, осылайша Палау тарихында ең жас депутат болып кетті. 1992 жылында вице-президент болып, осы орында екі мерзім істеген. 2000 жылы президент болып сайланып, 2001 жылының қаңтардың 1-інде президент ретінде жұмысыңды бастады. Сайлауда ол Петер Сигуяма деген үміткерді жеңді. 2004 жылында екінші мерзімге президент болып сайланған (бұл кезде Поликарп Базилиус деген үміткерді жеңді). Таэквондо. Таэквондо корейше 태권도, 跆拳道 - [тхэгвондо]), спорттың бір түрі, шығыс күрестеріне жатады, кәріс халқының ұлттық спорттың, күрестің түрі саналанады. 2000 жылдан бастап Олимпиядалық спорттың түрі саналанады. Таэквондо бір жағынан ежелгі спорттың түрі, бір жағынан жаңа замандық жүйе болып табылады. Таэквондо ежелгі кәріс принциптеріне, ежелгі күрес түрлеріне сүйінеді. Бірақ қазіргі таңда таралған таэквондоның қалпы 20-ыншы ғасыр шамасында пайда болған. Тарихы. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін азат етілген Кореяда күрестерге қойылған тыйымдар күшін жойды. 1945 жылдан бастап корей шеберлері Сеулге оралып, квон жүйесі бойынша жеке дара жаттығуларын жалғастыра бастады. Әрқайсысының жеке дара стилі болды. Квонды жақсы меңгергендер- Чан Му Квон, Чи До Квон, Кан Ду Квон, Сон Му Квон, Му Ду Квон. 1958 жылы генерал Чой Хон Хиге Оңтүстік Кореяның Вьетнамға баратын әскери делегациясын басқару туралы нұсқау берілген. Содан ол әскерлерге спорттың осы түрінен сабақ беріпті. Тэквондо-аяқ пен қолды шебер қимылдатудың ерекше формасы. Бұндай анықтаманы ол Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Ри Синманаға берген. Осылайша 1859 жылы таэквондо Оңтүстік Кореяның әскери базасына алғаш рет ресми таныстырылды. Кейіннен әскери қызметкер, генерал Чой назвал Ох До Квон бұл үрдісті шебер жалғастыра білді. 1960 жылы сәуір айында Ри Синмана басқаратын үкімет құрамы өзгеріске ұшырайды. Бұл кезеңде елде Дж. М. Чан басқаратын азаматтық үкімет құрылған. Төңкеріс 1963 жылға дейін жалғасты. Билік өзгергеннен кейін жаңа әскери жасақтың бастығы генерал Парк Чул Хи кез-келген күрес ойындарын дереу тоқтатты. Дегенмен 1961 жылы өткізілген конференцияда бұған спорт шеберлері қарсылық танытты. Наразылықтың арқасында Тусудо қауымдастығы құрылды. Бұның құрамына Кореяның атлеттер одағына кірді. Алайда, әскери күрес сынды спорт түрлері үкіметтің қатаң бақылауында болды. Қауымдастық тэквондо және суот консудо и тансудо деген спорт түрлеріне қолдау көрсетті. 1965 жылы Корейскую таэквондо ассоциясы жеке дара құрылды. Спорт шеберлері мен әскери қызметкерлер үкімет басшысы қолдау берген генерал Чойдың қалыптасқан әдістерді жаңартып ойлап тапқан жаңа формасына қарсылық білдіргендер болды Кейіннен Чой таэквондодан халықаралық қауымдастық құрды. (ITF). Чойдың орнына келген Парк Чул Хи саяси баспананы Канадан іздеуге тырысты. Солтүстік Кореяны аралаған ол таэквонданы Кореяның артықшылықтарының бірі деп насихаттады. Кореяның таэквондо қауымдастығының дамуы елдің әскери құрылымының қалыптасуына да көп көрім септігін тигізді. 1972 жылдың желтоқсан айында Кореяның таэквондо қауымдастығы палгуэ атты жаңа форманы бағдарламаға енгізді. 1972 жылы Сеулде Куккивоннан академиялық мектеп ашылды. 1973 жылдың мамыр айында таэквондодан алғашқы әлем чемпионаты тұсауын кесті. Ал, 1976 жылдан бері спорттан халықаралық атқару комитеті таэквондоны Оңтүстік Кореяда ресми спорт деп мойындады. Кейіннен WTF Монреалда (Канада) халықаралық спорт федерациясының басты қауымдастығында тізімге тіркелді. 1960 жылы Халықаралық олимпиадалық комитет таэквондоны спорттың «А» класының қатарына қосты. 1980 жылы 17 шілдеде Мәскеуде өткен халықаралық олимпиада комитеттің 83-сессиясында таэквондо спорттың бір түрі деген мәртебе алып, 1988 жылғы олимпиада бағдарламасына енгізілді. Содан бері таэквонда әлем чемпионатында елеулі орын алып келеді. Мынаны да қараңыз. Мұстафа Өзтүрiк Күш. Күш, механикада – берілген материалдық денеге басқа денелердің мезаникалық әсерінің мөлшері болып табылатын шама. Бұл әсер тікелей жанасу кезінде (бір-біріне тақалған денелердің қысымы, үйкеліс) немесе өзара әрекеттесетін денелер тудыратын өрістер арқылы (тартылыс өрісі, электр-магниттік өріс) іске асырылуы мүмкін және ол дене нүктесінің жылдамдығын өзгертеді не оларды деформацияға ұшыратады. Күш – векторлық шама және ол әрбір уақыт мезетінде сандық мәнімен, кеңістіктегі бағытымен және түсу нүктесімен сипатталады. Күштерді қосу параллелограмм ережесі бойынша орындалады. Бойымен күш бағытталған түзу күштің әсер ету сызығы деп аталады. Егер денені деформациянланбайтын деп қарастыруға болатын болса (абсолют қатты дене), онда күшті оның әсер ету сызығы бойында кез келген нүктеге түсірілген деп қарастыруға болады. Күшті статикалық немесе динамикалық әдіспен өлшейді. Мынаны да қараңыз. Ньютонның екінші заңы Апельсин. Апельсин – руталар тұқымдасының цитрус туысына жататын жеміс ағашы. Шыққан жері – Оңтүстік Қытай және Υндістан. Апельсиннің тәтті және ащы түрі бар. Мұңайтпасұлы, Қажымұқан. right Қажы Мұқан Мұңайтпасұлы — Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген Қажы Мұқан бабамыз. Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 28 мемлекетте күреске түсіп, 56 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты ХХ ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды. Ресейдің балуандар тобында Қажымұқаннан күші асқан ешкім болмағанын да айтуға тиіспіз. Дүние жүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Георг Гаккеншмидт, Поль Понс, Вейланд Шульц сынды жампоздармен қатар жүру, боз кілемдегі айқастарда осы балуандарды шетінен жығып, бәйге алу — сол заманда нағыз ерлік еді. Ол кезде империяның буына семірген Ресей күресінің қожайындары қазақты шын мәнінде менсінбеуші еді. Қажымұқан сондай ортада намысын жатқа берген жоқ. Кеудесін ешкімге бастырмады. Күрес қожайындарының, төрешілердің сан мәрте әділетсіздігіне белі бүгілмеді, еңсесі түспеді. Өмірі. Тарихи деректерге сүйенсек ол 1871 жылғы 7 сәуірде Ақмола уезі, Сарытерек болысына қарасты Жәдік деген жерде дүниеге келген. Кейбір зерттеулерде, оның 1883 жылы туғандығы айтылады. Қажымұқан кедей шаруаның баласы болғандықтан, орыс байларына және дәулетті адамдарға жалданған. Сөйте жүріп, күреске түсіп, той томалақтарда елге көрініп, бала балуан деген атқа ие болған. Сонда сол циркте жеңген палуан, ең соңында жеңген палуан мен Қажымұқан күреске түседі. Оны жыға алмайды, дегенменен халық арасына танылады. Злобин деген цирктің қожасына ұнайды да, бұл жаңағы барлық зерттеулерде жазады ол «Ваня ағай» деген атақты алғашқы кәсіби Сән-Питербордағы мектепті ашқан атақты Лебедевке хат жазып жібереді. Сол арқылы ол сол жаққа барады. Сол жақта үш жылдай дәріс алады. Содан кейінгі өмірі Қажымұқанның үлкен өрісте болады, биіктей түседі жылдан жылға. Талас аға жалғайды. Сонда ол орыстың көптеген палуандарымен танымсып, дос болады. Олардың ішінде Иван Поддубный, Иван Шемякин сияқты мықты мықты дүние жузіне белгілі жауырыны жерге тимеген, Иван Зайкин тәрізді балуандар бар, Шульц деген палуан осылармен тек қана күресіп қана қойған жоқ, рухани жағынан жақындасып, ұзақ жылдар дос болды. Қажымұқанның тұңғыш рет әлемдік деңгейде көрінген шағы — 1906 жыл. Алманияда өткен дүниежүзілік сайыста ол әлем чемпионы атанады. Бірақ орыс әкімшілігіне бұратана халықтың атын шығарған палуан онша ұнай қоймайды. Сол үшін де Қажымұқан орыс палуандарының атымен күресуге мәжбүр болды. Қажымұқанға неше түрлі лақап аттар беріледі. Сол кездегі саясат бойынша, бізде тек орыстар ғана емес, жапондықтар да күреседі деген жарнамалар жасалып, Қажымұқанды «Ямагата Мухунури» деген лақап атпен күрестіреді. Сонымен қатар, Мухан, «Иван Чёрный» сияқты лақап есімдері болған. 1909 жылғы халықаралық палуандар жарысына ол «Қара Мұстафа» деген атпен шыққан. Сөйтіп бүкіл дүние жүзіне Мұқанның неше түрлі лақап аттары тарай бастайды. 1910 жылы Мұқан тұңғыш рет Оңтүстік Америка құрлығына табан тірейді. Аргентинаның астанасы Буэнос-Айрес қаласында өткен еркін күрестен болған біріншілікте ол Америка чемпионы атанады. 1911 жылы Мұқан Мұңайтпасов Ыстамбулға барады. Сол кезеңде әлемде түрік палуандарынан мықты палуандар жоқ сияқты көрінетіндігі соншалық, ол жаққа орыс палуандары аяқ баспайтын-ды. Осы ретте намысқой Қажымұқан өзі түркі халқының өкілі ретінде Түркияға баруға бел буады. Ол поляк қызымен отау құрған. Омбыда мешітке апарып, оған Бәтима деген ат беріп, мұсылман дініне кіргізген. Патша үкіметі құлаған соң, балуанның отбасы азамат соғысы мен аштықтың салдарынан біраз сергелдеңге тап болады. 1937 жылы Қажымұқанның ізіне ІІХҚ қызметкерлері түсіп: «Бұл патшаның адамы, оның қолынан медаль алған, сыйлық алған сыбайласы» — деп қудалауға ұшыратады. Сол себепті Қажы Мұқан отбасын тастап, Түркістан мен Өзбекстанда бас сауғалайды. Өмірінің соңғы кезеңі Түркістан жерінде өтеді. Ұлы Отан соғысы басталған кезде Қажымұқан ҚКСР Жоғарғы кеңестің төрағасы Қазақбаевқа жолығып, оған «Ел аралап, цирк өнерін көрсетсем, сол арқылы ақша тауып, майданға көмектессем» — деген ұсыныс айтады. Бұл ұсынысты үкімет қолдап, екі жылға жуық жүріп цирк өнерін көрсетіп, 100 мың сомдай ақша табады. Егер ол өз заманында тәуелсіз елдің азаматы болса, оның Мұқан Мұңайтпасұлы деген шын есімі әлемдік спорт тарихында алтын әріптермен жазылар еді. Өмірінің 55 жылын күрес пен цирк өнеріне арнап, 50 шақты медальдің иесі болып, жеңіс тұғырынан түспеген дара тұлға — қазақтың нағыз хас батыры. Ол 1948 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданы, Ленин туы колхозында қайтыс болды. Темірлан деген ауылда, қабырының басына ескерткіш орнатылған. Оның төрт әйелінен тараған ұрпақ Түркістан мен Ақмола өңірінде өмір сүруде. Қосымша Ол ағамыз ең алғашқы лақап аты Муханура, Лебедев мырзада дәріс алып күрес өнерін дамытқан еркін күрестен әлемнің бірнеше дүркін жеңінпазы француз күресінен өзімен бірдей дәрежеде күресетіндер еркін күрестен бәрі бастарын идірген. Жетістіктері. Ең алғаш рет ірі табысқа Қажымұқан Харбин қаласында өткізілген Халықаралық турнирде қол жеткізеді. Мұнда ол бірінші орынға ие болып, өңіріне алтын медаль тақты. Кейбір деректерде бұл турнир 1905 жылы өтті делінеді. Белгілі басты оқиға — Қажымұқан «Жиу-Житсу» бойынша күресіп, турнирде бірде-бір рет жеңілмегені, үлкен алтын медаль жеңіп алғаны. Харбин сапары Қажымұқанның даңқын аспанға көтереді. Енді оны «Маньчжурия» чемпионы деп атап кетеді, әрі «Мухинура» деген лақап ат беріледі. Қажымұқанның мұнан басқа да бірнеше лақап аттары болған. Солардың ішінде Октябрь революциясына дейін осы «Мухинура» деген лақап аты сақталып келді. Революцияға дейін ол қатысқан чемпионаттарды ұйымдастырушылар, сол замандағы жағымпаз баспасөз өкілдері, біресе «жапон» деп, біресе «маньчжур» деп, мүмкіндігінше «қазақ» екенін айтпауға тырысты. Мәселен, 1909 жылы Қажымұқан атақты эстон балуаны, әлем чемпионы Георг Лурихтың тобында күресіп жүреді. Лурих өз тобының жетекші балуандары жөнінде айта келіп, Қажымұқан туралы: «Шығыс ұлы жапон „Мухинура“ ол сирек кездесетін мықты балуан, күресте қайтпайтын бірбеттігі, далаға тән қайсарлығымен және ызақорлығымен ерекшеленеді» — деп жазған. 1910 жылы Америкаға, Еуропаға орыс балуандарының үлкен бір тобы аттанады. Сөз арасында айта кететін бір жайт, — бұл сапарда Қажымұқанға еріп, әйелі Надежда Николаевна Чепковская да бармақ болған. Бірақ аяғы ауыр болуына байланысты Португалия порты Лиссабонда кемеге көтерілуіне рұқсат етілмейді. Жергілікті тәртіп бойынша, екіқабат әйелдерді мұхит кемелеріне мінгізбейді екен. Қажымұқанның өзі Бәтима деп атап кеткен Чепковская цирк актрисасы болған, әрі ерінің кәсіби күрестегі талай тамаша жеңістерін өз көзімен көрген. Осы сапарда Америкаға барған балуандар бірнеше шағын топтарға бөлініп, әр жерде күреседі. Оңтүстік Американың ірі-ірі қалаларында күш сынасады. Олардың әсіресе Аргентина астанасы Буэнос-Айреске барған сапары сәтті болады. Қажымұқан бұл сапардан үлкен алтын медальмен оралады. Бірақ Қажымұқанның Америкада күрестің қай түрінен өнер көрсеткенін анықтаудың әзірше сәті түскен жоқ. Оның Американың еркін күрес түрі бойынша сайысқа түсу әбден ықтимал деген пікір бар. Себебі олай деуге негіз бар. Қажымұқан өзін әрқашан да еркін күрестен мықты сезінген де, франсузша күрестің техникасына шорқақтау болыпты. Қажымұқан Оңтүстік Америкадан 1910 жылдың аяғына таман оралған сияқты. Олай дейтін себебіміз: ол 1910 жылдың желтоқсанында, 1911 жылдың қаңтарында Мәскеуде өткен Халықаралық чем¬пионатқа қатысады. Бұл жолы Қажымұқан Разумовтың, Шнейдердің, Иогансанның, Винтердің, Апполинның жауырындарын қысқа уақытта кілемге тигізген. Осы чемпионатта сол заманда аты дүрілдеп тұрған Циклоппен ұзақ алысады. Айқас 20 минутқа созылып, тең аяқталған. Чемпионаттың жетінші күні Қажымұқан Әлем чемпионы Лурихпен кездеседі. 20 минутқа созылған бұл қиын белдесу еш нәтиже бермей, тең аяқталады. Ертеңіне Лурих қазақ балуанын тағы да кілемге шақырады. Белгіленген уақытта Лурих тағы да жеңіске жете алмайды. Әккі Лурих қулыққа көшеді, ақыры ақшаға сатылған төрешілер Лурих жеңді деп хабарлайды. Күресті тамашалауға жиналған көпшілік бұл шешімге келіспейтіндіктерін білдіріп, үлкен шу шығарады. Жарысты ұйымдастырушылар кілемді тастай қашады. Төрешілердің Қажымұқанға қарсы ойлап тапқаны — ол «жарыс ережесін бұзды» деген сылтау. Бұл есте қаларлықтай аты шулы жарыс болды. Қажымұқан бұл жарыста Әлем чемпионы, атақты неміс балуаны Поль Абс, әлем және Ресей чемпионы Иван Яго, неміс балуаны Шульц сияқты шебер балуандармен белдесті. Алтын медальды бұл жолы ойламаған жерден неміс Шульц ұтып алды. Қажымұқан кеудесіне кіші алтын медальды тақты, күміс медальға Лубие ие болып, атақты Поль Абс қола медальды қанағат тұтты. Жарты жылдан соң Варшава біріншілігіне қатысу үшін біз Польша астанасына қайта оралдық. Сол кезде ұлымыз Халиолла кішкентай, жаңа ғана қаз-қаз басып жүрген кезі еді. Біз Халиоллаға бас-көз болсын деп, көршінің 16 жасар қызы — Жәмиланы ала келгенбіз. Қажымұқан бұл жолы да жүлделі орыннан көрінді. Одан жоғары орындарға чех Поспешил мен атақты Лурих ие болды. Осы жарысқа қатысқан Қытай алыбы Ли Хун Синг пен Лаубе Қажымұқаннан кейінгі орындарға ие болды. Чемпионат аяқталған соң, бәріміз ауылға, Омбыға оралдық. Ұмытпасам, осы жолы, не 1912 жылы, әйтеуір осы екі жылдың бірінде біз Қызылжар қаласына тоқтадық. Қазақ балуанының дәрежесі көтеріліп, Ресейдегі, шет елдердегі чемпионаттарда жақсы күрес көрсетіп жүргенін естіген қала тұрғындары, соның ішінде Қажымұқан жас кезінде жалшылықта болған көпес Григорий Масляков кісі жіберіп, үйіне шақырып, қонақ етті. Батыр балуанның болған жерлеріндегі күрес әңгімелерін қызыға тыңдап, көптеген сұрақтар қойды. Дастарханын жайып, сыйлы қонақтарын шақырып, Қажымұқанға, қасындағы біздерге үлкен сый-құрмет көрсетті. Мұның өзі байлығымен ғана масаттанып жүрген көпестен кедей шаруаның баласы, кешегі жалшысы, бойына біткен алып күшін, сарқылмас өнердің иесі, қазақ халқының мақтанышы Қажымұқанның Григорий Масляковтан биік тұрғанын халықтың алдында бір көрсетіп тастады. Қажымұқанның астына ат мінгізіп, маған 5 метр көк мақпал таза күмістен әшекейлеп жасаған редикюльді сыйға тартты. Біз қанша бас тартсақ та, көнбей қойды. «Бұл Қызылжарда болған кездеріңіздің естелігі болсын» деп бәйек болды. Біз Қызылжардан осылай аттандық. Сол жолы Қажымұқан үш айға жуық ел аралап, тойдумандарда болып, халқының арасында сайран салып жүрген. Ақын жазушылар Мұқан туралы. Қара сөздің қадірін білетін қазақ «күш атасы» деп басқаны емес, Қажымұ­қанды атаған. Қажымұқан туралы қалам тербеген алаш қаламгерлерін түгендеп шығу да оңай емес. Сәкен Сейфуллин, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Кенен Әзірбаев, Нартай Бекежанов, Асқар Тоқмағанбетов, Әбділда Тәжібаев, Дихан Әбілев, Сапарғали Бегалин, Сәбит Мұқанов, Әуелбек Қо­ңы­ра­тбаев, Сырбай Мәуленов, Төлеген Айбергенов, Қадыр Мырза­лиев, Ғафу Қайырбеков, Қалмақан Әбдіқадыров, Сәуірбек Бақ­бер­ге­нов, Жайық Бектұров, Әди Шәріпов, Зейтін Ақышев, Берқайыр Аманшин, Әлімқұл Бүркітбаев, Қапан Қамбаров, Төлеген Тоқбер­генов, Мұхтар Шаханов, Жарасқан Әбдірашев, Бекен Әбдіразақов, Сабырхан Асанов, Аян Нысаналин, Құлбек Ергөбеков, Мамытбек Қалдыбаев, Захардин Қыстаубайұлы, Серік Байхонов, Жанболат Аупбаев, Әділғазы Қайырбеков, Әсия Беркенова, Есенқұл Жа­қып­беков… Орыстың көрнекті ақыны Дмитрий Мартынов, белді жазу­шы Николай Анов… Аттары аталған бір-бір бәйтеректей ақын-жазушыларға спорт журналистерін қоссақ, Қажымұқан туралы қалам тербеген адамдардың шеті-шегі жоқ екенін бағамдар едіңіз. Джиро ди Италия. Giro d'Italia (Италия туры), сонымен қатар жай Giro (Джиро) есімімен белгілі, Италия өңірінде үш апта бойы Мамырда немесе Маусым басында өтетін ұзын қашықтықтағы кәсіпқой велошабадоздар жарысы. Ол Тур де Франстан кейінгі әлемдегі ең маңызды кезеңдік жарыстардың бірі. Соңғы Джиро жеңімпазы (2007) – Данило Ди Лука (Danilo Di Luca). 2008 жылғы нұсқасы Мамырдың 10-да басталып Маусымның 1-де аяқталады. Тарихы. Джиро Тур де Франсқа қарап шабыттанып, франсуз жарысы L'Auto-ның кең тарауына ат салысса, Емилио Самилло Костамагна (Emilio Camillo Costamagna), La Gazzetta dello Sport newspaper редакторы, өз басылымының атағын шығарғысы келген. Алғашқы Джиро 1909 жылы 13 Мамырда Миланда басталып барлығы 2,448 километрлiк 8 кезеңнен тұрды (1,521 миль). Луиджи Ганна бірінші жеңімпазы болды. Тур де Франс пен Велоспорттан Әлем Чемпионатымен бірге Джиро ди Италия Велоспорт Υштік Тәжін құрады. Тур де Франс пен Вуелтамен (Vuelta a España) қатар үш Гранд Турлардың бірі. Жейделері. Жалпы есептегі Тур де Франс жеңімпазы Сары жейде киіп марапатталса (бастапқыдан L'Auto –ның Сары парақтарына сәйкес болу үшін), 1931 жылдан бастап Джироның жалпы жеңімпазы maglia rosa (күлгін), La Gazzetta dello Sport –тың үнжариясымен түстес, жейдемен марапатталады. "Таулар патшасы" maglia verde (жасыл жейде) киеді. Ұпайлар классификациясының көшбасшысы maglia ciclamino (mauve жейдесін) кисе, ең мықты жас велоспортшы maglia bianca (ақ жейде) киеді. Италияндық Феличе Жимонди ең көп подиум жеңімпазы ретінде: жалпы 9 рет, 3 жеңіс, 2 екiшшi орын, және 4 үшінші орын алып рекорд ұстап тұр.. Жалпы есеп (maglia rosa). Maglia rosa, немесе күлгін жейде, бүкіл жарыс бойы әр кезең алдында сол мезетке дейін ең аз уақыты болған шабандоздар киген. Жейде иелері күннен күнге өзгеріп отырады, бірақ жейде киген адам үшін абырой мен назар көп берілетіндігінен әр команда жейлені өз иелігінен бермеуге тырысып бағады. Соңғы кезең аяғында жалпы уақыты ең аз велоспортшы Джиро жеңімпазы болып танылады. Бұл Тур де Франстағы Maillot Jaune қолданатын Сары жейдедегі жағдаймен де ұқсас. Таулар патшасы (maglia verde). Бүкіл Джиро бойынша әр таулы деген кезеңдердің ең биік төбесіне немесе алдын ала белгіленген орынға алғаш келген адамға ұпайлар беріледі. Берілетін ұпайлар саны әр кезеңнің дөңдігігіне, ұзындығына байланысты. Жасыл жейде әр кезең басында ең көп жоғары өрлеу ұпайы көп шабандозға беріледі. Джиро соңында ең көп өрлеу ұпайы бар спортшы өрлеу жарысының жеңімпазы танылады. Бұл Тур де Франстағы Polka dot jersey дегенмен бірдей.. 2007 жылы Леонардо Пиполи (Leonardo Piepoli) ұтқан. Ұпай жарысы (maglia ciclamino). Ұпайлар әр кезеңді бірінші аяқтаған немесе белгіленген жерге бірiншi жеткен шабандозға беріледi. Берілетiн ұпайлар мөлшері сол кезеңнің дөң сандарымен, дөңестіктерімен, ұзындықтарымен анықталатын қиындығына байланысты. Алғашқы келе жатқаннан кейінгі велошабандоздарға да ұпай берілед, ұпай саны әрқалай. Жейде әр кезең басындағы ең көп ұпайы бар адамға кигізіледі. Джиро соңында ең көп ұпай жинаған адам ұпай жарысының жеңімпазы саналады. Бұл жарысты көбінесе жалпы жарысты жеңу мүмкіндіктері аз маманды спринтерлер жеңедi. Бұл Тур де Франстағы жасыл, maillot vert, жейдедегімен бірдей. 2007 жеңімпазы Алессандро Петакки. Жастар жарысы (maglia bianca). Жастары 25-тен төмен жалпы есепте ең жоғары нәтиже көрсеткен спортшыға ақ жейде кигізіледі. 2007-де Энди Шлек жеңген. Апан. Апан – ұра, ор, жыра, құдық. Көбіне, жауын-шашыннан, табиғат құбылыстарынан пайда болады. Жыртқыш аңдарды алдап түсіру үшін аңшылар қолдан қазған беті бүркелген апан да болады. Табиғи апанды аңшылар аю, қасқыр тәрізді түз тағыларын қамап ұстауға пайдаланған. Алматы шиқылдағы. Алматы шиқылдағы (Juno almaatensis) – құртқашаш тұқымдасының шиқылдақ туысына жататын көп жылдық жуашықты өсімдік. Iле Алатауының Ұзынағаш, Шамалған маңындағы тау етегінде өте сирек кездеседі. Биіктігі 10-15 см болады, жуашығы жұмыртқа тәрізді келеді. Қысқа сабағын 4-8 орақ сияқты қайырылып келген ұзын жапырақтары жауып тұрады. Сары жасыл түсті 1-3 гүлі бар. Наурыз-сәуір айларында гүлдейді, мамыр-маусымда жеміс береді. Тұқымынан, жуашықтарынан көбйеді. Алматы шиқылдағы -сәндік, әрі сирек кездесетін өсімдік. Сондықтан қорғауға алынып, Қазақстан “Қызыл кітабына” енгізілген. Қазан (қала). Қазан (,) - қаласы - Татарстанның елордасы. Ресей Федерациясының ең ірі экономикалық, саяси, ғылыми және мәдени орталықтарының бірі. Исиналиев, Михаил Иванұлы. Михаил Иванұлы Исиналиев (1928—1999) — Қазақстан дипломаты, саясаткері. Өкілетті және Төтенше Елші дәрежесі, пәлсапа ғылымдарының кандидаты. 1928 ж. қыркүйектің 15 Питерка ауылында (Сарытау облысы Питерка ауданы) жылқышы отбасында туған. Сарытау заңгерлік мектебінде сырттай оқып тәмәмданған. 26 жасына дейін Ресейде сот қызметкері болып, 1950 ж. комсомол жұмысына өткен. 1951 ж. Мәскеудегі Орталық комсомол мектебінде оқи бастайды. Бітіргеннен соң — Қазақстанда комсомол жұмысында. 1961—64 жж. — Қоғам ғылымдарының академиясы аспирантурасында оқыды. Пәлсападан кандидаттық диссертацияны қорғады. 1964—81 жж. — партиялық жұмыста. 1981 ж. шілдеден — КСР Сырқы істер министрі. 1989 ж. қызметінен зейнетке кетті. 1992 ж. Қазақстан Республикасы Сырқы істер министрлігіне шақырылып, арнаулы тапсырыстар жөніндегі елшісі. Бес мәрте ҚКСР Жоғарғы кеңесінің депутаты. Коммунистік партияның манифесі. "Коммунистік партияның манифесі" () — алғаш рет 1848 жылғы ақпанның 21-інде жарияланған, дүниежүзілік тарихтағы ең ықпалды саяси жарияланымдардың бірі. Коммунистік лиганың тапсыруымен коммунистік ойшылдар Карл Маркс пен Фридрих Енгелстер тарапынан жазылған бұл шығарма Лиганың мақсаты мен бағдарламасына айналды. «Манифест» буржуазиялық әлеуметтік жүйені құлатып, жеке меншікті құртып, біртіндеп тапсыз және мемлекетсіз қоғамды орнататын, жұмысшы табы жүзеге асыруға тиіс төңкеріс жасауды ұсынды. Ауторлары. Кітаптың ауторлары ретінде Карл Маркс пен Фридрих Енгелстің екеуінің де есімдері келтірілсе де, Енгелстің өзі «Манифестің» 1883 жылғы неміс басылымының кіріспесінде оны «негізінен Маркстің еңбегі» екенін және «басты ойлары Маркстан бастау алады» деп атап өтеді. «Манифестің» өзінде болса оның мәтінін түрлі елдерден Лондонда жиналған коммунистер құрастырған делінген. Мәтіндік тарихы. "«Коммунистік партияны манифесінің»" 1848 жылғы алғашқы басылымы Лондонда неміс тілінде шыққан. Ағылшын тіліне 1850 жылы Һелен Мак-Фарлейн аударған. 1872-1890 жылдар аралығында Манифест бірнеше басылым болып шықты. 1872 жылғы неміс, 1882 жылғы орыс, 1883 жылғы неміс, 1888 жылғы ағылшын басылымдарына Марксм пен Енгелс жаңадан тың кіріспелер жазған. 1888 жылғы ағылшын аудармасын Сәмүел Мур Енгелстің көмегімен дайындаған, сол кезден бері «Манифестің» ағылшын тілінде ең көп қолданылатын басылымы осы. Мазмұны. «Манифест» кіріспеден, үш бөліктен және қорытындыдан тұрады. Кіріспе. Кіріспе коммунизмді елеспен теңейтін салыстырумен басталады. Бүкіл Еуропа бойынша ол елесті жек көреді, бірақ ешкім түсінбейді, сондықтан коммунистер осы «Манифест» арқылы өз көзқарастарын білдіруге тиіс делінеді. Бейне бейімдеуіш. Бейне бейімдеуіш () — дербес компьютерде орнатылатын және бейнелеу қызметін қамтамасыз ететін тақта. Компьютердің бейнелеу жүйесінің мүмкіндіктері бейне бейімдеуіш пен монитор мүмкіндіктеріне тәуелді болады. Сервер. Сервер () — файлдар, қалталар және компьютерлердің деректері сияқты деректерге ортақ қатынасуды, сондай-ақ желі пайдаланушыларына электрондық пошта қызметтерін қамтамасыз ететін компьютер. Модем. Модем () — сандық сигналдарды аналогтық сигналдарға айналдыратын және керісінше амал жасайтын электрондық құрылғы. Деректерді әр түрлі арқаулар арқылы, мысалы телефон сымы арқылы немесе радиосигналдар түрінде беруге болады. Телефон сымы арқылы аналогтық сигналдар деп аталатын импульстарды беруге болады. Аналогтық сигналдар шуыл немесе электрлік-магнитті импульстар түріндегі кедергілердің әсеріне ұшырауы мүмкін. Дыбыстық сигналдар дерек берудің едәуір жаңа әдісі болып табылады, онда дерек беру және қабылдау үшін екілікті пішім қолданылады (нөлдер мен бірліктер тізбегімен жұмыс істейтін кодтау/кодты ағыту жүйесі). Дерек беру мен қабылдау үшін компьютерлерде дәл осы пішім қолданылады. Алайда сандық сигналдарды телефон желісі арқылы беру мүмкін емес. Сондықтан телефон сымы арқылы дыбыстық сигналдарды берер алдында оларды аналогтық сигналдарға айналдыру керек. Және тиісінше деректі қабылдаушы жақ алынған деректі сандық сигналдарға айналдыруға тиіс. Модем осындай айналдыруды жүзеге асырады – сандық пішімнен аналогтық пішімге және керісінше. Басқа компьютерге хабар жіберу кезінде модем шығару құрылғысы рөлін атқарады. Ал сіздің компьютеріңізге хабар келген кезде, модем енгізу құрылғысы ретінде жұмыс істейді. модем сыртқы немесе жүйелік блокқа кірістірілген болуы мүмкін. Сыртқы модемдер – бұл сым арқылы жүйелік блокқа қосылатын модемдер. Модемдер сондай-ақ компьютердің жүйелік блогына кіріктірілген болуы мүмкін. Мұндай модемдер Ішкі модемдер деп аталады Тарихы. AT&T Dataphone Modems компаниясы Америка Құрама Штаттарында SAGE (яғни әеуге қарыс қорғаныс) бір бөлігі болды. Ол әртүрлі әуе базаларында, радарларда және бақылау орталықтарындағы терминалдарды АҚШ пен Канада бойынша шашыраған SAGE орталықтарымен байланыстарды. SAGE бөлінген байланыс желілерін пайдаланды, бірақ осы желілердің әр соңында болған құрылғылар қазіргі заманауи модемдер секілді болды. Дербес компьютерлер үшін алғашқы модем Hayes Microcomputer Products компаниясының құрылғысы болды, ол 1979 жылы Apple II дербес компьютері үшін Micromodem II өнімін шығарды. Модем 380 доллар тұрды, және 110/300 б/сек жылдамдықпен істеді. 1981 жылы Hayes фирмасы Smartmodem 300 б/сек модемін шығарды, командалар жүйесі стандарт де-факто болды. Модем типтері. • Сыртқы – COM, USB порттары немесе желілік картадағы RJ-45 тіркеуіші бойынша қосылады, олардың көбінесе сыртқы қоректеу блогы болады; • Ішкі – компьютердің ішіне ISA, PCI, PCI-E, PCMCIA, AMR, CNR слоттары арқылы қосылады; • Кірістірілген – кез келген құрылғының, мысалы ноутбуктың немесе док-станцияның ішкі бөлігі болып табылады. • Аппараттық – сигналды айналдырудың барлық операциялары, алмасудың физикалық протоколдарын қолдау модемге кірістірілген есептеуішпен жасалады (мысалы DSP, контроллер қолдану арқылы). Сонымен бірге, аппараттық модемде тұрақты есте сақтау құрылғысы бар, оның ішіне модемді басқаратын микропрограмма жазылған. • Софт-модем, винмодемдер (ағыл. Host based soft-modem) – аппараттық модемде, алайда микропрограммасы бар тұрақты есте сақтау құрылғысы болмайды. Мұндай типті модемнің микропрограммасы компьютер жадысында сақталады, оған модем жалғанған болады. Сонымен бірге модемде аналогтық сұлба мен түрлендіргіштер болады: АСТ (аналогты-санды түрлендіргіш), САТ (санды-аналогты түрлендіргіш), интерфейс контроллері(мысалы USB). Драйверлер болған жағдайда ғана жұмыс істеуге қабілетті, олар сигналдарды кодтау бойынша, қателерге тексеру және протоколдарды басқару барлық операцияларды өңдейді, сәйкесінше программалы түрде жүзеге асырылады және компьютердің орталық процессорымен өңделеді. • Жартылай программалы (Controller based soft-modem) – модем функцияларының бір бөлігін модем қосылған компьютер орындайтын модемдер. • Коммутацияланатын телефондық желілер үшін модемдер – модемдердің ең тарағын түрі. • ISDN – сандық коммутацияланытын телефондық желілер үшін модемдер • DSL – бөлінген (коммутацияланбайтын) желілерді қарапайым телефон желісі көмегімен ұйымдасытыру үшін пайдаланылады. Коммутацияланатын модемдерден айырмашылығы – басқа жиілік диапазонын қолданады, және де телефон желелері бойынша сигнал тек АТС-ке дейін ғана беріледі. Көбінесе бір уақытта мәліметтермен алмасуды және телефон желісін пайдалануды қамтамасыз ете алады. • Кабельдік – арнайы кабельдер бойынша ғана мәліметтермен алмасу үшін қолданылады – мысалы, DOCSIS протоколы бойынша ұжымдық телекөрсетілім кабелі бойынша. • Ұялы – тек қана ұялы байланыс протоколдары – GPRS, 3G, 4G және т.с.с бойынша ғана жұмыс істейді. Жиі USB-салпыншақ(брелок) түрінде келеді. Мұндай модемдер ретінде көбінесе ұялы байланыс терминалдары қолданылады. • PLC – тұрмыстық электр желісі сымдары бойынша мәліметтерді беру технологиясын пайдаланады. 1. Енгізу-шығару порттары – телефон желісі мен модем арасында мәліметтерді алмасуға арналған сұлбалар бір жағынан, және модем мен компьютер арасында мәліметтерді алмасуға арналған сұлбалар екінші жағынан. Аналогты телефон желісімен өзара әрекет жасау үшін көбінесе трансформатор пайдаланылады. 2. Сигналды процессор (Digital Signal Processor, DSP) – көбінесе сандық деңгейде қолданылып жатқан мәліметтерді алмасу протоколға сәйкес шығыс сигналдарды модульдейді және кіріс сигналдарын демодульдейді. • ROM – энерготәуелді жад, оның ішінде модемді басқару микропрограммасы сақталады – мұнда модемді басқаратын барлық командалар мен деректер, барлық қолданылатын коммуникациялық протоколдар мен компьютермен интерфейс болады. • NVRAM – энерготәуелді электрлі қайтапрограммаланатын жад, оның ішінде модем түзетпелері сақталады. Қолданушы түзетпелерді өзгерте алады, мысалы AT-командаларды пайдалана отырып. • RAM – модемнің жедел жадысы, ол қабылданатын және жіберілетін мәліметтердің буферизациясын жасауға, қысу алгоритмі мен басқаға арналған Факс-модем – компьютерге факсимильді бейнелерді басқа факс-модемге немесе факс-машинаға қабылдауға және жіберуге мүмкіндік береді. • Дауыстық хабарламаларды шыңайы уақыт жағдайында басқа дауыстық модемге жіберу мен одан хабарламаларды алу, және оларды ішкі динамик арқылы дыбыстап шығару. • Мұндай модемді автожауапқайтарғыш ретінде пайдаоану және дауыстық поштаны ұйымдастыру. Қызыл кітап. Қызыл кітап - сирек кездесетін түрлердің санының қазіргі жай - күйін көрсететін құжат. Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердік 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген. Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері б.ғ.к. Ю.А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды. Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды. Ғылыми- техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер. Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады. Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінші бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы - орны қайта толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе- теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады. БК(б)П тарихының қысқаша курсы. «Бүкілодақтық Коммунистік (большевиктер) партиясының тарихы. Қысқаша курс» (орысша: «ИСТОРИЯ ВСЕСОЮЗНОЙ КОММУНИСТИЧЕСКОЙ ПАРТИИ (большевиков).КРАТКИЙ КУРС») («БК(б)П тарихының қысқаша курсы» деген атпен де белгілі) — БК(б)П комиссиясы құрастырған және БК(б)П Орталық Комитеті мақұлдаған большевизмнің ресми тарихы, коммунистік партияның идеологиялық қаруы, сталиндік марксизм-ленинизм саласындағы негізгі білімнің энциклопедиясы, сталинизмді тұжырымдайтын негізгі жазбалардың бірі. Тарихы. Кітап жарыққа 1938 жылдың қараша айында шықты. Сол жылдың қарашаның 14-інде БК(б)П Орталық Комитеті «БК(б)П тарихының қысқаша курсының» шығуына орай партиялық насихатты жолға қою туралы» деген қаулы шығарды. Бұл қаулыда барлық коммунистердің және партиядан тыс интеллигенцияның марксизм-ленинизмді тереңдете зерттеуге тиіс екендіктері айтылды. Алғашқы басылымының тиражы 6 миллион дананы құрады. Ауторлары. Ауторларының бірі — Сталин. Ол «Диалектикалық және тарихи материализм туралы» бөлімін жазған. Сипаттамасы. «БК(б)П тарихының қысқаша курсы» кітабында Ресей коммунистерінің жұмысшы табының барлық қарсыластарына қарсы жүргізген күресінің, царизм мен капитализмді тақтан тайдырудың, пролетариат диктатурасын орнатудың, социализм үшін жүргізген күресінің орасан зор тәжірибесі жинақталған. «Қысқаша курс» — творчестволық марксизмнің жемісі. «Қысқаша курстың» жарыққа шығуымен коммунистік партияның тарихын баяндауда бұрынырақ оқулықтарда қылаң беріп тұрған өзімбілермендік пен шатасудың, көзқарастардың көп түрлілігінің, коммунистік партияның тарихын зерттеуде негізсіз ойлардың тамырына балта шабылды. Онда Маркс пен Ленин ілімдерінің ажыратылмас бірлігі мен біртұтастығы, империализм мен пролетарлық төңкерістер кезеңінде Ленин мен оның шәкірттерінің маркстік теорияға енгізген жаңалықтары көрсетілген. Кеңес Одағынның Коммунистік Партиясының тарихын тарихи тұлғалардың төңірегінде баяндаған ескі оқулықтарға қарағанда, «БК(б)П тарихының қысқаша курсы» партиялық кадрларды ең алдымен марксизм-ленинизмге партияның тарихымен байланыстырып оқытады. «БК(б)П тарихының қысқаша курсы» марксистік әдебиетті жеке тұлғаның тарихтағы ролі, КСРО-дағы социализмнің жеңісі, қазіргі замандағы соғыстардың сипаты, социалистік мемлекеттің ролі мен маңызы сияқты ауқымды мәселелерде қарапайымдау мен қарабайырлаудан азат етті. «Қысқаша курс» жұмысшы табының капитализмге қарсы күресінде қолданылатын марксистік-лениндік теорияның қуатын көрсетеді. Онда БК(б)П бастан өткізген басты тарихи кезеңдерге негізделе отырып, оның тарихының ғылыми кезеңдендірілуі берілген. Кітаптың IV тарауының екінші бөлімінде — «Диалектикалық және тарихи материализм туралы» бөлімінде И.В.Сталин марксистік пәлсапада жасалғанның теориялық қорытындысын береді. «Қысқаша курс» жаңа типтегі марксистік партияның негізін қалаушысы В.И.Лениннің ең маңызды шығармаларының мазмұны және тарихы маңызының сипаттамаларын да қамтиды. Ықпалы. Бұл кітаптың шығуы КСРО және коммунистік партия өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі болды. «БК(б)П тарихының қысқаша курсы» миллиондаған коммунистер мен кеңес адамдарының қолынан түсірмей оқитын шығармаға айналды. 1940 жж. екінші жартысында Шығыс Еуропаның халықтық демократия жүйесі орнаған елдерінде бұл кітап сталинистік жүйені орнатудың құралдарының біріне айналды. Қытай қазы. Қытай қазы - жойылып кету қаупы бар түр, бұл қытай үй қаздарының арғы ата-тегі. Кәзіргі уақытта бүкіл Сібірде Торей көлдерінде ғана ұялайды. Бір кездері Қазақстанда Зайсан көлі мен Ертіс өзені жағасында ұялаған, ол үшып өту кезеңінде Сырдарияда байқалатын. Қалың қамыс-қоғалы, әсіресе таудағы, көлдерде мекендеген. Саны ондаған есе кеміп кетті, Қазақстанда соңғы 30 жылда екі-ақ рет - 1967 және 1978 жылдары кездескен. Түрді Линнеус (Linnaeus) 1758 жылы ашқан. Қолға үйретілген Қытай қазысын тұмсығындағы нүктесі мен жуан келген құйрық жағымен тануға болады. Кіші аққу. Кіші аққу - Cygnus bewickii негізінен солтүстік жарты шарда (Үндістанды, Оңтүстік-шығыс Азияны алмағанда) мекендейтін кішкене аққу. Қаз тәрізділерге жатады. Ұялайтын жерлері - тундра мен орманды тундрада саны бұрынғы қалпына келе бастаған түр. Қазақстанның батыс бөлігінен көктем мен күзде 1 мыңдайы ұшып өтеді. Бізде ұяламайды. Санының азаюының негізгі себебі - заңсыз аулау. 1830 жылы Жаррел (Jarrel) ашқан. Синодтық аударма. Синодтық аударма (орысша: Синода́льный перево́д) — Орыс тіліндегі Библияның 19 ғасырда жасалған, Орыс Православ шіркеуінің Киелі Басқарушы синоды тарапынан мақұлданған аудармасының жалпы көпшіліктің арасында қалыптасқан атауы; Орыс Православ шіркеуі танитын жалғыз аударма. Көне келісім кітаптарының аудармасы көне еврей тіліндегі масорет мәтінінен жасалған, аударма кезінде көне шіркеу славян тіліндегі аударма да есепке алынған. Жаңа келісімнің мәтіні болса — грек тілінен аударылған. Бұл аударма тек православ Шіркеуінде ғана емес, орыс тілінде уағыздайтын басқа да мәсіхшілік ағымдарда: баптистер, евангелистер, елушілдер, адвентистер және орыс рим католиктері тарапынан да қолданылады. Аударманың тарихы. Библияның орыс аудармасының тарихы Ресей императоры ІІ-ші Александрдің пәрменімен ашылған Ресей киелі кітап қоғамының ашылуымен басталады. Сол қоғамның ішінде аударма жұмыстары шамамен 1816 жылы басталып кетті. Оның алғашқы аудармашысы архимандрит Филарет болатын. Уақыт өте Ресей империясындағы ішкі саяси жағдайдың өзгеруімен бірге аударма жұмысы да тоқтатылды. 1818 жылы Қоғам төрт інжілдің, ал 1822 жылы бүкіл Жаңа келісімнің және Забур кітабының орыс аудармасын жарыққа шығарды. 1824 жылы Таураттың орыс аудармасы дайын болды. Бірақ 1826 жылы Ресей киелі кітап қоғамы жабылып, аударма жұмысы отыз жылға тоқтап қалды. 1845 жылы митрополит Филарет Синодқа (Орыс православ шіркеуінің басқарушы органы) «Грек жетпіс аудармашысының және славян аудармасының догматикалық дәрежесі және сақтау қолданылуы туралы» атты хат жібереді. Аударма жұмысы І-ші Николайдың қайтыс болғанынан кейін жалғасын табады. 1858 жылғы наурыздың 20-сында Синод мынадай қаулы қабылдады: "«Киелі Жазбаның, алдымен Жаңа келісімнің, содан соң біртіндеп Киелі Жазбаның басқа да бөліктерінің орыс тіліне аудармасы керек және пайдалы, бірақ ол шіркеулерде қолданылуға арналмаған; шіркеулерде славян мәтіні қолданыла беруге тиіс, ал аударма Киелі Жазбаны түсінуге арналған тек құрал ретінде ғана қолданылуға тиіс. Аударманы жүзеге асыруға бар мұқияттылықпен кірісіп, еврей және грек тілдеріндегі білімдері сыналған, Киелі Синод таңдап, бекіткен адамдарды араластыру керек»." 1858 жылғы мамырдың 5-інде император ІІ-ші Александрдың рұқсатымен Орыс Православ шіркеуінің Киелі Синоды төрт рухани академияға: Петерборг, Мәскеу, Киев және Қазан рухани академияларына жаңа орыс аудармасын дайындауды тапсырды. Бұл аударманың негізі ретінде Ресей киелі кітап қоғамы бұрынырақ қабылдамай тастаған аударма қабылданды, оның кейбір бөліктері тіпті өзгеріссіз қалдырылды. Аударманың түбегейлі нұсқасын Киелі Синод пен Мәскеу митрополитінің өзі Филарет (Дроздов) (1867 жылы қайтыс болғанға дейін) бекітіп отырды. 1860 жылы Төрт інжілдің, ал 1862 жылы Жаңа келісімнің басқа да кітаптарының аудармалары жарыққа шығарылды. 1860 жылы Көне келісімді аудару комитеті сайланды, ол үш профессордан тұрды: Моисея Александрович Голубевтен (қайтыс болғанынан кейін оның орнын Павел Иванович Савваитов басты), Даниил Авраамович Хвольсоннан және Евграф Иванович Ловягиннен. «Мұсаның Таураты» 1868 жылы жарыққа шықты. Содан соң 1875 жылға дейін Библияның қалған кітаптары жеке басылым болып шығып отырды. Жарыққа шыққан бөлімдердің барлығы 1876 жылы орыс тіліндегі толық Библия болып жинақталып басылды. Содан бері осы «Синодтық аударма» деп аталып кеткен аударма барлық орыс тілді христиан-мәсіхшілер оқитын Библияға айналды. Көпешов, Берік. Берік Көпешов - Астана велоклубының шабандозы. 1987 жылы қаңтардың 30 Қызылордада дүниеге келген. Жетістіктері. 2005 жылы Қазақстан жасөспірімдер құрама­сы­ның мүшесі Берік Көпешов Сеулде көрігі қызған “Корея туры” атты көп күндік ала­манды жеңіп алып, артынша Азияның трек жарысында жеңімпаз атанды. Базаев, Асан. Асан Базаев - Қазақ велоспортшысы, «Астана» кәсіпқой клубының мүшесі. Астаналық, 22 ақпанда 1981 жылы туылған. Сұңқылдақ аққу. Сұңқылдақ аққу - Қазақстанда кең тараған болатын, кәзір республиканың Солтүстік, Орталық және Оңтүстік-Шығыс аудандарының 5-6 жерінде көлемді ұяларын жасыруға болатын қалың қамыс - қоғалы ірі көлдерді мекендейді. Кіші аққудан ірірек келеді: ұзындығы 140-160 см, қанатжайымы - 205-235 см, ал салмағы 8-15 кг болады. Каспий маңында қыстауға қалған бұл аққудың ең көбі 1983 жылы 400 -дей болған, одан бері саны едәуір кеміді. Оның себебі: ұялауға қолайлы орынды жиі ауыстыруға мәжбүр болуы. Аққудың бұл түрін Линнеус (Linnaeus) 1758 жылы ашты. Саны кеміп бара жатқан түр. Адам қызметінің әсеріне шыдай алмайды. Қазақстанда кең тараған болатын, кәзір республиканың Солтүстік, Орталық және Оңтүстік-Шығыс аудандарының 5-6 жерінде көлемді ұяларын жасыруға болатын қалың қамыс - қоғалы ірі көлдерді мекендейді. Каспий маңында қыстауға қалған бұл аққудың ең көбі 1983 жылы 400 -дей болған, одан бері саны едәуір кеміді. Оның себебі: ұялауға қолайлы орынды жиі ауыстыруға мәжбүр болуы. Аққу. Аққудың алты түрі бар, оның бесеуі Солтүстік жартышарды мекендесе, біреуі ит арқасы қияннан да әрі экватордың арғы бетін қоныс етеді. Қазақстанда қыстайтын екеуі – сыбырлақ және сұң­қылдақ аққулар. Соң­ғы кезде бұларға Тундрада жүретін қаздан үлкен, аққудан кішірек ақ құсты да қосып жүр. Осыдан қазақ халқы "Аққуды атуға болмайды", "Махаббаттарың айдында жүзген қос аққудай болсын" -деген дана сөздер қалдырған. Аққу үш-төрт жасқа дейін аққа емес, сұр қу (егер осылай айту мүмкін болса) боп өседі. Түсі көктен, көгілдірден гөрі күлге не шаңға аунатып алғандай сұрғылттанып тұрады. “Бесік баласы бес тү­лейді” деген мақалға сай ол да үш-төрт түлеп барып, шын аққуға айналады. Наурыздың басы мен сәуірдің аяғында оралып, қазан айларында ұшып кетеді. Қазақстанда дыбыс шығару ерекшелігіне байланысты сұңқылдақ, сыбырлақ деген екі түрі кездеседі. Тұмсығының жиегінде үлкенді- кішілі тісшелері болғандықтан тұмсығы жалпақ әрі сүзгі қызметін атқарады. Негізінен, су өсімдігінің жапырағымен, тамырымен, кейде ұсақ жәндіктермен де қоректенеді. Аққу ұясын жұптасып қамысы нулы, суы таза, тұщы көл жағасында салады. 3-7 жұмыртқаны 35-40 күн басып шығарады. Балапандары ширақ келеді. Ал аталығы ұясын, балапандарын қорғайды. Бір ерекшелігі жұптарын өлгенше жазбайды. Халқымыз жас жұбайларды қос аққуға осы себептен теңеген. Аққу — "қаз тәрізділер отряды, үйрек тұқымдасының жеке туысына жататын өте сымбатты құс." Қазақстанда аққудың (Cugnus) үш түрі: сұңқылдақ аққу, сыбырлақ аққу, кіші аққу кездеседі. Мойны мен денесінің ұзындығы тең әрі иіліп келген. Денесі созылыңқы, басы онша үлкен емес, тұмсығы тік әрі жалпақтау келеді. Қысқа сирағы денесінің арт жағында орналасқан. Қауырсыны тығыз әрі үлпілдек мамықты шымқай ақ түсті (тек Австралия мен Тасманияда кездесетін бір түрі ғана шымқай қара). Салмағы 5 – 10 кг, ең ірісі 13 кг-ға жетеді. Қанатының ұзындығы 150 – 180 см. Тіршілігінің көп уақытын суда өткізеді, жақсы жүзеді, бірақ сүңги алмайды, құрлыққа сирек шығады. Аққу – жұп құрып тіршілік етеді. Ұясына (су жағалауындағы өсімдіктердің арасындағы) 3 – 7-ге дейін жұмыртқа салады, оны көбіне аналығы басады. 29 – 40 күнде ширақ балапандар шығады, оларға жұптасып қамқорлық жасайды. Жылына бір рет түлейді. Ересектері су өсімдіктерімен, кейде судағы омыртқасыз жәндіктермен, ал балапандары су жәндіктерімен қоректенеді. Аққу – жыл құсы. Қыс жылы кезде аққудың біраз тобы Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауында – Ақтау қаласының маңында қыстап шығады. Аққуды қазақ халқы ежелден қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп есептейді әрі киелі құс төресі санап, оған ешуақытта оқ атпайды. Аққудың аталығын «сапар», балапанын «көгілдір», мойнын «сұңғақ» деп дәріптейді. Сәкен Сейфуллиннің «Аққудың айырылысуы», Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда», Қорқыт бабаның, Қожеке Назарұлының, Тоқа Шоңмаңұлының, Ықылас Дүкенұлының, Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйлері, Болат Аюхановтың «Аққу биі» халқымыздың аққуға деген сүйіспеншілігінің белгісі болып есептелінеді. Аспан әлеміндегі шоқжұлдыздың бірі «Аққу жұлдызы» деп аталады. Халқымыздың ауыз әдебиетінде аққуға байланысты даналық ұғымдар, аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер, теңеулер жиі кездеседі: «Аққу – құстың төресі, жалғыз жатып оттамас», «Сүйріктей аққу мойын», «Аққудай ару», т.б. Аққудың қауырсыны әсемдік үшін пайдаланылады. Алтай таулары. Алтай, Алтай тау жүйесі - Азия құлығының орта тұсындағы таулы өлке. Ұзындығы батыстан шығысқа қарай 2000 км-ге созылып жатыр. Алтай солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай Батыс Сібір ойпатынан Гоби жазығына дейін жан-жаққа таралған. Оңтүстіктегі табиғи шекарасы Қара Ертіс өзені мен Зайсан көлі, ал батыс бөлігі Сарыарқадан Қалба жотасы арқылы бөлінеді. Солтүстік-шығыста Шығыс Алтайдың Шапшалы жотасы Батыс Саянмен жалғасады. Жер бедері. Алтайдың өзіне тән орографиялық ерекшеліктері бар. Оның жоталары мен қыраттарының биіктігі, сон-дай-ақ олардың бағыттары жер бедеріне ерекше сипат береді. Алтайдың ең биік және қатты тілімденген жоталары Қатын, Оңтүстік және Солтүстік Шуй, Оңтүстік Алтай, Сарымсақты, Сайлүгім, Чихачев, т.б. Олардың орташа биіктігі 3000 м-ден асады. Мұнда альпі типтес жер бедері басым, Тау беткейлері өте тік, құзды, шыңды, шатқалды, жартасты келеді. Тау жүйесінің ең биік шыңы -Ақтау (Мұзтау) (4056 м). Осы тұстан бастап таулар жан-жаққа қарай біртіндеп аласарады. Орташа биіктігі 1500-2000 м таулардың үсті жадағай, тегіс, тек кей жерлері ғана дөңес, ал беткейлері тік келеді [мыс., Шабанбай таулары, Қоржынтау (Холзун), Тегерек (Тигарец), Үлбі жотасы, Ануй жотасы, т.б.]. Орталық және Оңтүстік Алтайдың басты жоталары мен тау тізбектері, негізінен, ендік бағытта, ал Батыс және Солтүстік тау жоталары оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай, кейбірі бойлық бағытта созылған. Алтай тауларына үзын, кейде кең дала деп аталатын тектоник. тауаралық ойыстар (Шуй, Құрай, Ойман, Абай даласы, Нарын даласы) мен үстіртті жазықтар тән (Үкөк, Ұлаған, Чулышман, Жайдақ, т.б.). Олар ел қоныстанып, мал жаюға өте қолайлы. Геологиялық құрылысы мен кен байлықтары. Алтай тауларының қазақстандық бөлігі геол. тұрғыдан 4 ауданға бөлінеді: Кенді Алтай, Таулы Алтай, Оңтүстік Алтай және Қалба жотасы. Олар Орал - Монғол геосинклинальдық белдеміндегі қайта көтерілген тауларға жатады. Оның оңтүстік бөлігін Сібір платформасы құрайды. Таулы өлкенің іргетасы, негізінен, палеозой дәуірінде пайда болған терригенді, карбонатты және жанартау текті метаморфтанған тау жыныстарынан түзілген. Кейбір тұсында интрузивті жыныстар жер бетіне шығып жатыр. Алтайдан дан палеозой құрылымының іргетасы болып саналатын жоғарғы протерозойдың тақтатастары, кварциттері кейбір антиклинорийлер мен горсттер (Қатын, Теректі жоталары) кұрамынан табылды. Жоғарғы палеозой, юра, палеоген, неоген, антропоген кезеңдерінде пайда болған, құрамында қазба көмірі бар континенттік жыныстар бірен-саран тауаралық ойыстар мен грабендер де (Шыңғыстай, Голубовка а-дары маңында, Құрай даласы, Көкпекті, Кіші Бөкен, Үлбі өзендерінің бойында) кездеседі. Ең көне, ерте каледондық құрылымдар Алтайдың шығысын алып жатыр. Бүл құрылымдық процесс орталық Алтайда ордовик пен силурде, ал оңтүстік-батыс Алтайда төменгі тас көмір кезеңінде аяқталды. Осы кезде (негізінен, блоктық өте қуатты тектоник. козғалыстар нәтижесінде) интрузив жыныстары пайда болған. Онда қорғасын, мырыш, мыс, темір, алтын, күміс, вольфрам, молибден, қалайы, тантал, ниобий, сынап, т.б. металдык кентастар, тас көмір, қоңыр көмір, жанғыш тақтатастар, асыл және әшекей тастар, құрылыс материалдары мол. Бұлардың ішінде аса маңыздысы Шығыс Қазақстанның түсті металлургия базасын құрайтын полиметалл кентастары. Климаты. Алтайдың климаты тым континентті. Қысы суық әрі ұзақ. Қаңтар айының орташа температурасы тауаралык ойыстарда 27—30°С, тау етектері мен жазық жерлерінде - 13-16°С. Ең суық орташа температура Марқакөл к-нін маңында (-27,6°С). Алтайдың ең жылы шілде айының орташа температурасы 18-20°С, ал 1000-1500 м биіктікте ол 14—16°С-тан аспайды. Ең жоғары температура Зайсан қазаншұңқырында (40°С-қа дейін). Жер биіктігі артқан сайын, темп-ра инверсиясының нәтижесінде, қысқы температура төмендеп отырады. Сондықтан тауда қыста жылы, жазда салқын, далалар мен жазықтарда қыста суық, жазда ыстық болып келеді. Ылғалды, желге ашық жатқан Батыс және Солтүстік-шығыс Алтайда жауын-шашын мөлш. 1200 мм-ге жетеді (кей жерлерде 2000 мм). А-дың шығысы мен оңтүстігінде жауын-шашын мөлш. 200-300 мм (Шуй даласында 100 мм), ал Зайсан қазаншұңқырында 150 мм шамасында. Жауын-шашын, көбінесе, көктем мен күз айларында жауады. Өзен бойы мен тауаралық ойыстарды қуалай соғатын тұрақты жел жазда сирек байқалады. Қыста батыстан суық әрі қарлы-боранды "құбыла желі", оңтүстіктен жылы "Алтай желі" соғады. Ауа райы А-да "құбыла желінен" кейін ашық, аязды болып келсе, "Алтай желінен" кейін онда бүлтты әрі жылы болып, қар жауады. Өзендері мен көлдері. Алтай тауларының өзендері тығыз орналасқан. Таулардың өте катты тілімделген жоталары Обь, Енисей, Ертіс өзендерінің су-айрығы болып табылады. Басты өзендері Ертіс салала-ры: Қаба, Қалжыр, Күршім... Мынаны да қараңыз. Алтай метал-логения аймағы Доспанова, Хиуаз Қайырқызы. Хиуаз Қайырқызы Доспанова (1922—2008) — Халық Қаһарманы. 1922 ж. мамырдың 15 Бөкей гөбернесі Ганюшкино селосында (қазір Атырау облысы) дүниеге келген. Әкесi — Қайыр балықшы, анасы — Меруерт мұғалiм болып еңбек еткен. Ұшқыштық өмір жолын Оралдың аэроклубында бастап, кейін әйгілі ұшқыш Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық полкінің құрамында 300-ден астам әуе шайқастарына қатысқан Хиуаз Доспанова сол кездің өзінде теңдессіз ерлігі үшін «қанатты қыз» атанған еді. Соғыстан кейін лауазымды қызметтер атқарған Х. Доспановаға Елбасының Жарлығымен Халық қаһарманы атағы берілген болатын. 2008 ж. мамырдың 21 Алматы қаласында 86 жасында дүниеден озды. Тағы қараңыз. Ұшқыштық өмір жолын Оралдың аэроклубында бастап, кейін әйгілі ұшқыш Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық полкінің құрамында 300-ден астам әуе шайқастарына қатысқан Хиуаз Доспанова сол кездің өзінде теңдессіз ерлігі үшін «қанатты қыз» атанған еді. Әлия, Мәншүк, Хиуаз... Сұрапыл соғыс жылдары етік киген ер азаматтарға бергісіз ерлікке барған осындай қаракөз қазақ қыздарының батылдығын, батырлығын әсірелеп, әспеттеудің қажеті де жоқ шығар... Олардың есімдерін тек Қазақстан ғана емес, кезіндегі КСРО халықтары да жақсы біледі. Хиуаз Астраханьдағы балық кәсіпшілігімен айналысқан жұмысшы отбасынан шыққан. Ол кісінің кезінде Мәншүк Мәметовамен бір көшеде тұрып, көрші болғанының өзі өмірінің естен кетпес бір сәті іспеттес. Есімдері тарихта мәңгі қалатын бір көшенің батыр қыздарының мінездерінде де ұқсастық бар ма деп қалдық. Алғырлық, қайсарлық, адалдық. Міне, екеуіне ортақ қасиет. Мектеп қабырғасын үздік бағамен тәмамдаған талдырмаш жас қыз ұшқыш болуды армандайды. Алға қойған мақсатын қайтсе де орындауға дағдыланған ол, соғыс басталған жылдары Москвадағы Жуковский атындағы әскери-әуе Академиясына қабылданбай қалса да, медицина институтынан алған білімімен тылда еңбек етіп, кейін ұшқыштар дайындайтын училищеге түседі. Өрімдей жас қыздың қайсарлығына тәнті болған атақты ұшқыш әйел Марина Раскова сол кезде-ақ оған зор үміт артқан екен. Есімдері кең тараған ұшқыш әйелдер Гризобудова, Осипенко, Расковаларға еліктеген Хиуаз Доспанова үмітті ақтайды. «Арада ширек ғасырдан астам уақыт өтсе де, алғашқы әскери операцияға барғаным көз алдымда кеше ғана болғандай сайрап тұр» дейді Хиуаз апай. ...Даланы түн қараңғылығы жайлаған кез. Алдымен жарық бергіш бомба тастапты. Себебі жау әскері мен техникасының қай жерде орналасқанын анықтап алу қажет болған. Сол сәт төңірек жап-жарық болып кетеді. Звено командирі Е.Пескова мен Х.Доспанова бұйрық түсісімен жаудың атыс ұясын бомбалай бастайды. Қашанда сақ отыратын жау әскері естерін жинап та үлгермепті. Неше мәрте бомбалап, даланың астаң-кестеңі шығып жатқанда ұшқыш қыздар аққан жұлдыздай көзден ғайып болады. Алғашқы әскери тапсырманы осылай сәтті орындаған қос қыз жан-жақтан қаумалап алған майдандастарының қошеметіне емес, өздерінің осындай маңызды іске дайын екендіктерін сезініп, қуанған-ды. Жасыратыны жоқ, Хиуаз апай соғыс жылдары тірі қалғанына қайран қалатынға ұқсайды. Ол кісінің олай дейтін жөні бар. Оғы тек жерде ғана емес, көкте де күні-түні атқылаған жаумен аспандағы шайқаста 300 рет болып қайтқан Хиуаз апай ұшақтан 14 рет құлапты. Төрт мәрте ауыр жарақат алып, есін жиысымен ұрыс даласына қайта оралып отырған. Айта берсе, ол кісінің майдандағы ерлігі бір мақалаға сыймайды да. Бір білетініміз, ол жаумен шайқаста асқан ерлік көрсете білді. Қазақтың жас қызы Ұлы Отан соғысы жылдары Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық түнгі бомбалаушы – ұшқыштар полкінде штурман қызметін атқарған. Майдандағы ерлігі үшін ол «Қызыл жұлдыз», ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған. Ал төсіндегі «Еңбек Қызыл Ту» ордені соғыстан кейінгі жылдардағы елеулі еңбегінің жемісі. Бейбіт өмірде көрсеткен еңбегіне де қысқаша тоқтала кетсек, артық етпес. Хиуаз Доспанова «Абай» операсы мен «Шоқан Уәлиханов» драмасын сахналауға, «Медеу» спорт кешенін салуға және көптеген тарихи маңызы бар еңселі ғимараттардың құрылысына ер азаматтармен иық тірестіре жүріп араласып, көптеген игі жұмыстардың ортасынан табылды. Мұның бәрі апамыздың өзі айтқандай «әрекетсіз отыра алмайтындығының» белгісі. Соғыстан кейін лауазымды қызметтер атқарған Х. Доспановаға Елбасының Жарлығымен Халық қаһарманы атағы берілген болатын. Бала сүйіп, сүйікті әже атанып отырған Хиуаз апай Соғысты Берлин түбінде аяқтаған ол Жеңіс күнін Москваның Қызыл Алаңында тойлағанды армандаған екен. Ол арманына да жетеді. Енді міне, арада 63 жыл өтті. Белгілісі бар, белгісізі бар, Ұлы Отан соғысының кез келген қаһарманының ерлігі мен бейнесі тарих беттерінде мәңгі сақталып, ұрпақ алдында қашанда асқақ көрінетініне кәміл сенуге болады. 2008 ж. мамырдың 21 Алматы қаласында 86 жасында дүниеден озды. ТІРІ ҚАЛҒАНЫМА ТАҢҒАЛАМЫН» ДЕЙДІ АСПАННАН 14 РЕТ ҚҰЛАҒАН «ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ» ХИУАЗ АПА Беетховн, Лудвиг ван. a> жылғы Жозеф Карл Штилер салған портрет Лудвиг ван Беетховн (, 17 желтоқсан, 1770 жыл, Бонн, Алмания — 26 Наурыз, 1827 жыл, Вена, Аустрия) — ұлы алман сазгері, дирижёр және пианист. Өгетай. Өгетай (,) (1186 қазан — 1241 желтоқсанның 11-і) — Шыңғыс ханның үшінші ұлы, Моңғол Ұлысының екінші ұлы ханы (1229—1241), әкесінің мұрагері. Шыңғысханның көршілес елдерін жаулап алу саясатын жалғастырған. Батыс Қытайға және Орталық Азия жорықтарына қатынасқан. Шағатай. Шағатай — Шыңғыс ханның Бөрте есімді бәйбішесінен туған екінші ұлы. Қазіргі Оңтүстік Қазақстан және Орталық Азия жерлерінде Шағатай ұлысының негізін салушысы. Шыңғыс ханның жорықтарына қатысқан. Бөрте. Бөрте Ұжын — Шыңғыс ханның бәйбішесі. Қоңырат тайпасынан шыққан. Тай-шешеннің қызы. Жошы, Шағатай, Өгетай және Төле деген Шыңғыс ханның ұлдарының анасы. Қазтамақ. орман қазтамағы, шалған қазтамағы, Роберт қазтамағы және сібір қазтамағы - дәрілік өсімдіктер. Қазтамақтың тамырынан немесе кепкен шөбінен байланған тасты ерітуге, ревматизм мен радикулитті емдеуге, сондай-ақ, баспамен ауырғанда тамақ шаюға, сүйек сынғанда ванна жасауға, түсе бастаса шашты жууға пайдаланады. Кейбір түрлері әсемдік үшін де өсіріледі. Қызықты дерек. Ең жағымды гүлдердің бірі қазтамақ деп есептелінеді. Қазтамақ тұрған бөлмеде ұрыс-керіс те болмайды, ал бола қалған жағдайда өсімдік адамның жүйке жүйесіне әсер ететін зат бөле бастайды. Содан ұрысып қалғандар тез татуласып кетеді екен. Сондықтан болар, бұл гүлді бұрындары әр үй өсірген. Қазтамақ тұқымдасы. Қазтамақ тұқымдасы — қос жарнақты өсімдіктердің бір тұқымдасы. Көпшілігі көп жылдық шөптесін өсімдіктер, ішінара бұта немесе шала бұта түрінде де кездеседі, Қазтамақ тұқымдасының негізінде қоңыржай аймақта таралған 10 туысқа жататын 800-дей түрі белгілі, ал Қазақстанда қазтамақ, құтаншөп және биберштейния (қоқтын) туыстарына бірігетін 21 түрі бар. Қазтамақ тұқымдасының сабағы қалың түкті, жиегі тілімденген жапырақтары кезектесіп немесе қарама-қарсы орналасады. Гүлдері қос-жынысты көпшілігінде оларды қос қабатты гүлсерігі қоршап жатады. Тостағаншасы 4-5 түбі біріккен тостағанша жапырақшасынан тұрады. Күлтесі қызыл, көкшіл, күлгін түсті. Аталығы әдетте 10, кейде 5, аналығы біреу. Жемісі - бес тұқымды. Қазтамақ тұқымдасының кейбір түрі парфюмерияда және медицинада қолданылады, араларында арам шөп түрінде өсетіндері де кездеседі, әсемдік үшін де өсіріледі. Қаз тәрізділер. ҚАЗ ТӘРІЗДІЛЕР, жалпақ тұмсықтылар - су құстары отряды. Жер шарында кең тараған (Антарктидада ғана кездеспейді), әсіресе, Оңтүстік Америкада, Африкада, тропиктік аймақтарда және Аустралияда жиі кездеседі. Қазақстанда 16 туысы, 40 түрі бар. Басқа құстардан айырмашылығы: мойны ұзын, құйрығы қысқа, аяғы 4 башайлы, алдыңғы үшеуі жарғақты келеді. Тұмсығы жалпақ, шеті жұқа, ұшында мүйізді түбіртік "тырнақшасы" болады. Кейбір түрлерінде (мыс., бейнарықта) жақ жиегін мүйізді тісшелер көмкереді. Қауырсындары қалың, тығыз, денесінің бауыр жағында мамық көп болады. Құйымшақ безі жақсы дамыған. Көбі суда жақсы жүзеді. Қ. т. сүңгуір құстар, көптеген түрі 40 м тереңдікке дейін сүңги алады, тағы бір ерекшелігі - суыққа (температура - 110˚С-қа дейін) төзімді (қаз бен үйрек). Салқын және қоңыр-жай аймақта кездесетін көп-теген түрі - жыл құсы. Ұя басу үшін наурыз - сәуір айларында ұшып келіп, қазан — қарашада жылы жаққа ұшып кетеді. Каспий теңізінен Жерорта теңізіне дейінгі шалғай аймақтарда қыстайды. Ұясын үй маңындағы жерлерге, таяз су бетіне, ағашқа, інге, кеуекке, жартасқа салады. Ұясына мамық, шөп төсейді. 5 — 20 жұмыртқа салып, оларды 20 — 40 күндей басады. Жыныстық жағынан 2 — 4 жасында жетіледі. Құрақ өркенімен, өсімдік тамырымен, ұсақ балықтармен және омыртқасыз су жәндіктерімен қоректенеді. Қ. т-дің 9 түрі (қызылжем-саулы қарашақаз, қутұмсық, сұңқылдақ аққу, кіші аққу, мәрмәр шүрегей, алакөз сүң-гуір, дөңтұмсық тұрпан, қара тұрпан, ақбас үйрек) қорғауға алынып, Қазақстанның "Қы-зыл кітабына" енгізілген. Қазтабан. Қазтабан - раушангүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Бір-екі жылдығы өте сирек кездеседі. Қазақстанның биік таулы аймақтарында орман-тоғай шетінде, далалы жерлер мен шалғындықта, су жағасында өсетін (тек шөлді жерде өспейді) 48 түрі бар. Олардың биікт. 3-70 см. Тамыры жуан, тамырсабағы түйнек тәрізді болады. Сабақтары тік, кейбір түрлерінде төселмелі келеді. Жапырақтары үшқұлақты, саусақ салалы, қауырсын тәрізді күрделі. Ақ, сары, қызыл гүлдері қалқанша - сыпыртқы гүлшоғырын құрайды, кей түрлерінде жеке орналасады. Гүліндегі тостағанша жапырақшалары 5 немесе 4-тен сыртқы және ішкі шеңбер құрып орналасады. Күлте жапырақшаларының саны 5, кейбір түрінде — 4. Аталық саны 10-нан 30-ға дейін, басым көпшілігінде 20. Аталық жіпшелері біз тәрізді жіңішке. Гул табаны дөңес, ойыс келеді. Көктемнен қоңыр күзге дейін гүлдейді. Жемісі - құрғақ келген, көп жаңғақша. Қның шөбінде, әсіресе түйнек тәрізді тамырсабағында илік заттар мол, балауыз, крахмал, қына қышқылы бар. Қ. — дәрілік өсімдік, оның суда дайындалған тұнбасын тырыспаға, ішек түйілгенде және асқазан ауруларына қарсы қолданады. Сондай-ақ, сіңір тартылғанда, тері ауруларына қарсы ванна немесе компресс жасауға болады. Жапырақтары мен жас өркендерін үй құстарына жем ретінде береді. Апартеид. Апартеид (африкаансша: "apartheid" — бөлек өмір сүру) — нәсілдік белгілеріне бола байырғы тұрғындарды арнаулы қамаушада, оқшауландырып ұстау арқылы саяси, әлеуметтік-экономикалық және азаматтық құқыларынан айыратын нәсілдік кемсітушіліктің шектен шыққан түрі. Апартеид саясаты Оңтүстік Африка Республикасында (ОАР) байырғы Африка халықтарына, сондай-ақ елеулі дәрежеде Үндістанның және т.б. елдердің түсті нәсіл өкілдеріне 1980 жылдардың аяғына дейін қолданылып келді. Байырғы халықтардың жүріп-тұру бостандығы шектелді. Бұл тәртіпті бұзу қылмыстық іс ретінде қаралды. Барлық африкандықтардың тең жартысына жуығы өмір сүретін 10 бантустан (резервация) құрылды. Апартеид саясаты өзге ұлттарды сайлау құқынан айыру, ең төменгі еңбекақы төлеу, жүріп-тұру еркіндігінен айыру, т.с.с. шектеулер қою арқылы көрініс тапты. Бұл саясаттың негізінде адамды нәсіліне, ұлтына қарай жеккөру, кемсіту теориясы жатыр. БҰҰ апартеидті адамзатқа қарсы бағытталған қылмыс, халықаралық құқық принциптерін бұзушылық деп жариялады. Апартеидке жол бермеу және ол үшін жазалау туралы халықаралық конвенция (1973 жылы) қабылданды. ОАР-дың жаңа өкіметі апартеид саясатынан түбегейлі бас тартты. Апатит. Апатит (- алдаймын, басқа минералдармен жиі шатастырыла берген соң осылай аталып кеткен) - фос-фаттар класына жататын минерал. Химиялық формуласы: Са5[РO4]3(F, Cl, ОН). Гексагонал сингонияда кристалданып, ұзынша, алты қырлы призма тәрізді кристалдар немесе то-пырақ не конкреция түріндегі ұсақ түйіршік масса құрайды. Түсі ақ, жасыл, көк, қоңыр, күлгін, кейде түссіз келеді, жылтырлығы шыны не май тәрізді болады. Қатт. 5, морт сынғыш, жымдастығы нашар, менш. салм. 3,2 г/см3. Апатит сілті және қышқыл құрамды магмалық жыныстарда (нефелинді сиениттерде), карбонатиттерде, кристалдық тақтатастарда, әр түрлі шөгінді және гидротермал жыныстарда кездеседі. Апатиттің шөгінді жыныстардағы кара сұр, тасберіш (конкреция) пішіндес түрі фосфорит деп аталады. Апатиттің ірі кендері Кола түбегінде, Байкалда, фосфорит кендері Қаратауда, Ақтөбе обл-нда орналасқан. Апатит фосфор тыңайтқыштарын өндіруде, фосфор қышқылы мен оның тұздарын алуда, қара және түсті металдар және шыны өндірісінде Амазон өзені. Серіктен түсірілген Амазон аузының оңтүстікке қараған суреті Амазон - Оңтүстік Америка құрлығында орналасқан, дүние жүзіндегі ең ірі өзен. Өзеннің сағасын 1500 ж. испан теңізшісі В.Я. Пинсон ашқан. Өзен арнасымен 1541 ж. алғаш рет испан конкистадоры Ф. де Орельяк саяхат жасаған. Жергілікті тұрғындар оны Парана-Тинга (Ақ өзен) және Парана-Туасу (Ұлы өзен) деп атайды. Алабының ауданы 7,2 млн. м2, ұзындығы Укаяли бастауынан есептегенде 7000 км-ден асады. Амазонның негізгі ағысы экватор мен 5˚ оңт. ендік аралығында, яғни біркелкі әрі аса ылғалданған аймақта (жауын-шашынның жылдық мөлш. 1500 - 3000 мм) жатыр. Анд тауынан өткен соң, өзен Амазон ойпатына шығып, оң жақтан келген Укаяли өз-мен қосылып Ұлы А. өз. басталады. Ол батпақтанған жазықпен, ылғалды экваторлы ормандардың арасымен ағады. Мұхиттан 350 км қашықтықта әлемдегі ең үлкен атырау түзеді (аум. шамамен 100 000 км2). Өзенге көптеген салалар құяды, олардың 20-ға жуығының ұз. 1500 — 3500 км болады. Укаяли мен Мараньон өз-дері қосылған соң, оның арнасының ені 2 км. орта ағысында 5 км, құйылысында 80-150 км-ге жетеді; суының тереңд. орта ағысын-да 70 м, Обидус қ. тұсында 135 м-ге, ал құйылысында 15-45 м-ге дейін барады. Амазонның салалары бір-бірінен тек мөлш. мен сулылығы жөнінен ғана емес, суларының түсімен де ерекшеленеді. Өзеннің гидрологиялық тәртібі өте күрделі әрі ерекше келеді. Алаптары екі жарты шарда орналасқандықтан, жылдың түрлі мезгілдерінде жауын-шашынның аз не көп жаууына байланысты әр түрлі тасқындар болып тұрады. Оңт. салалары сулылығының молдығымен ерекшеленеді, сондықтан мамыр, шілде айларында А-ның ең жоғары деңгейі байқалады. Орташа су шығыны 175 000 м3/с, ал орташа жылдық ағындысының көлемі 5520 км шама-сында. Әлемдегі өзендердің жалпы жылдық ағындысының 15 — 17%-і осы өзеннің үлесі-не тиеді. Амазонның өсімдік және жануарлар әлемі өте бай. Балықтардың 2000-ға жуық түрі бар (жер шарының жалпы тұщы су фаунасының 1/3 бөлігі). Өзеннің басты арнасы құйылысынан 4300 км-ге дейін (Понго де Мансериче шатқалына дейін) жүзетін болса, құйылысынан 1690 км қашықтыққа (Манаус қ-на) дейін үлкен мұхит кемелері жүзе алады. Амазонның энергет. мүмкіндігі өте мол (қуаты 280 млн. кВт шамасында бағаланады), бірақ ол пайдаланылмайды. Мақаш әкім. Мақаш әкім (нақты есімі — Мұхамбетжан Шолтырұлы Бекмұхамбетов) (1830, Бөкей ордасы — 1904, сонда) — қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым. Өмірбаяны. 12 ата Байұлының шеркеш руынан шыққан. Алғаш Жәңгір мектебінде сауат ашқан соң, 1844—51 ж. Орынбордағы Неплюев кадет корпусында оқып, кіші унтер-офицер атағын (зауряд-жүзбасы шені) алып шығады. 1852 жылдың басында 4 айдай шекара комиссиясында қызмет атқарады. Одан соң Бөкей ордасын басқаратын Уақытша кеңестің Нарын құмындағы ордасында тілмаш. 1852—92 жж. Каспий жағалауы 1-ші және 2-ші аймақтарына әкімдікке тағайындалды. Осы қызметті ұзақ жыл атқарып, ел басқарған ол 1892— 97 жж. Уақытша Кеңестің кеңесшілігіне ауысады, есауыл шенімен зейнетке шығады. 1881 ж. шілдеде Ішкі орда өкілдерімен барған 4 казақтың бірі болып, патшаға жолыққан. Кейін де бірнеше рет өкілдер арасында Петерборға барған. 1896 ж. ол жергілікті әкім Өтешқали Атаниязов екеуі патшаға алтыннан жасалған киіз үй пішімін сыйға тартып, Ресей өкімшілігінің қазақ халқын шоқындырып, орыстандыру әрекетін тоқтатуды өтінеді. Қоғамдық қарекеті. Мақаш әкім баспасөзде түрлі тақырыпта мақалалар жариялап тұрды. Этнографиялық мақалалары орыс зиялылары тарапынан жоғары бағаланып, Астархан жағрапиялық қоғамына мүшелікке сайланады. 1810 ж. Астарханнан шыққан «Астархан гөбернесіндегі көшпелі қазақтар мен қалмақтар» атты кітапқа ел аузынан жинағын ауыз әдебиеті үлгілері енді. Ауыз әдебиетінің нұсқаларын — нақыш-ғақлиялар, мақал-мәтел, т.б. жинап, әдет-ғұрып, жол-жоралғыларына ғылыми-танымдық түсініктемелер жазьш, қазақтардың өзіндік мәдени дәстүрі бар, рухани өлемі бай халық екенін танытуға үлкен үлес қосады. Бұндай қолжазба мұралары Санкт-Петербордағы Салтыков-Щедрин атындағы көпшілік кітапханада, Ресей ҒА Шығыстану институтының профессор И.Н. Березин қорында сақтаулы тұр. Доспамбет, Жиембет жыраудың, Есет бидің нақыл сөздерін ел аузынан жинақтап, 1908 ж. «Жақсы үгіт» деген кітап шығарды. Өзі басқарған аймақта халықты сауаттандыру мақсатымен жеке қаражатына мектеп салдырып, бала оқытты. Мақаш әкімнен «Мақаштың Байжұмасы», «Көк жорға», т.б. күйлер қалды. Кларк, сэр Артур Чарлз. Сэр Артур Чарлз Кларк (1917 желтоқсанның 16, Майнһед, Сомерсет, Құрама Патшалық — 2008 наурыздың 19, Коломбо, Шри-Ланка) — ағылшын рыцарлық нышанына ие ағылшын өнертапқышы және ғылыми фантастика жазушысы. Ол жазған ғылыми фантастикалық романымен және қоюшы-директор Стенли Кубрикпен бірге жасаған осы аттас фильмімен атақты. Кларк, Роберт Һайнлайн және Айзик Азимовпен бірге ғылыми фантастиканың «үш ұлы жазушысының» бірі болып саналады. Өмірі. Кларк, Англияның Сомерсет уәлаятының Майнһед жағалау қалашығында туған. Бала кезінен аспан әлемін бақылағаннан және ескі американ ғылыми фантастика журналдарын оқығаннан ұлы әсер алған Кларк, лицейді бітіргеннен соң, Ричард Һуиш университетінде оқи бастады, бірақ материалдық мәселелер себебінен (университет оқуын шығынын қиындық көргендіктен) сол оқу орнында тексеруші болудан жұмыс істей бастады. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде, корольдық әскери әуе күштері құрылымында радар технигі болып қызмет атқарды. Британия шайқасы кезінде корольдық әскери әуе күштері дамытқан "ерте радар дабыл жүйесі" бағдарламасында қызмет етіп, соғыстың бітісімен әскерден лейтенант атағымен отставкаға шықты. Соғыстың соңынан түскен "King's College" оқу орнының математика және физика бөлімін үздік бітірді. Соғыстан кейінгі жылдарда Кларк, Ағылшын Ғаламшараралық қоғамына мүше болып, және бірнеше жыл осы ұйымның жетекшілігін атқарды. Ғаламшарды қоршап тұрған телекоммуникация серігі торын ұйымдастырылуы үшін керекті геостационарлық серік ойын ұсынды. Балалық шағында шалдыққан ауру себебінен шамамен 30 жыл бойы дөңгелекті орындық қолданған Кларк, 50 жыл бойы өмір сүрген Шри Ланкада, қайтыс боларынан 4 күн бұрын ауруханаға жатқызылды; бірақ 19 наурыз 2008 күні, тыныс алу жеткіліксіздігі себебінен көз жұмды. Қаңлы (ауыл). Қаңлы ауылы Сұркөл өзені Құма өзеніне құйылатын жерінде, Қылыш (Кинжал) тауының аясында орналасқан. Ауылда ортатәлім мектеп(), жұма мешіт, ағайынды Шалтумаевтар салынған мешіт бар. Ноғай әншісі, сазгері Расул Сейітов Қаңлы ауылына бір әнді бағыштаған. Қоясыл. Қоясұлы ("ноғайша" Коясул, "орысша" Каясула) - Ресей федерациясының Стауропол өлкесіндегі Нефтеқұм ауданында орналасқан ауыл. Халық саны — 5 мыңға жуық. Ауылда негізінде ноғайлар, аз-кем орыстар да тұрады. Ноғай даласының ("ноғайша" Ногай шоьли) батыс бөлігінде орналасқан. Тереклі Мектеп. Тереклі Мектеп("ноғайша", "орысша" Терекли-Мектеб), - ауыл, Ресей федерациясының Дағыстан республикасының Ноғай ауданының орталығы. Халық саны — 7,3 мың адам (2002 жыл), негізінде ноғайлар (қараноғайлар). Ауыл Дағыстанның солтүстік-батыс бөлігінде, Ноғай даласының (ноғайша Ногай шоьли) ортасында орналасқан. Тереклі Мектеп пен Кизляр арасында аутомобил жол бар (Кизлярға дейін 75 шақырым). 1793 жылы Қараноғай приставствоның пайда болуымен, ауыл да құрылды. Бұл ауылдың 3 шақырым қашықтығында ескі ноғай Тереклі деген елді мекен орналасқан еді. Бұл жерде ағаштар (теректер) көп болғандықтан, жерін Тереклі деп атаған. Аңыз бойынша бір мұсылман ноғай ақсақал Меккеге кезекті қажылыққа баруының орнына, қаржысына мектеп ашқан еді. Тереклі Мектепте патша әкімшіліктің ресми өкілі - приставтың ордасы орналасқан еді. Пристав Ф.О. Капельгородский кезінде артезиан су құдығы қазылған еді, жеміс бағы отырғызған еді. Ел ішінде Тереклі Мектепті – Орыс Үйі (Орыс Уьий) деп атаған. Ауылда ноғайдың калемерден, шежеуіт, қыпшақ, шәужейлі, тоғыншы, найман, шүрші, ас, қостамғалы, мойнапа руларының өкілдері тұрады. Еркін Шаһар. Еркін Шаһар(ноғайша Эркин-Шахар, орысша Эркен-Шахар, қарашайша Эркин-Шахар, қабарда-шеркешше Эркин-Щыхъэр), - елді мекен, Ресей федерациясының Қарашай-Шеркеш республикасының Ноғай ауданының орталығы. Халық саны — 4,1 мың адам (2002), жұрттың көбі - ноғайлар. Қобан өзенінің сол жағасында, Үлкен Зеленчук құйылатын жерінде, Стауропол өлкесімен шектесетін жерінде, Шеркеш және Невинномысск қалаларының арасында орналасқан (Еркін Шаһардан Шеркешке дейін 13 шақырым, Невинномысскқа дейін солтүстікке қарай 25 шақырым). Невинномысск — Усть-Джегута темір жол торабында Еркін Шаһар деген темір жол бекеті бар. Еркін Шаһарда қант өңдейтін зауыт бар. Жел электрлік стансысы. Жел электрлік стансысы (Жел ЭС) - жел ағынының басқарылмайтын кинетикалық энергиясын электрлік энергияға айналдырады. Жел ЭС екіге бөлінеді: тұрақты және айнымалы кернеу жел электрлік стансылары. Тұрақты кернеу жел электрлік стансысының шығысындағы кернеу, генератор өндіретін кернеу тегіне қарамастан, тұрақты болады. Керісінше жағдайда, айнымалы кернеу жел электрлік стансысы деп аталады. Жел ЭС-ның негізгі арналуы — ұлттық энергетикалық тораптардан алыс орналасқан тұтынушыларды және ауыл шаруашылығы нысаналарын электрлік энергиясы мен сумен жабдықтау. Басты артықшылығы — қоршаған ортаны ластамайды, қуат көзі (жел) ешқашан сарқылмайды. Phoenix (қону бөлігі). Phoenix роботты қолымен Қызылжұлдыздың мұзды полюс топырағын қазуы-графикалық бейне Phoenix, Mars Scout бағдарламасы құрамындағы бір ғарыш зерттеуінде қызмет ететін роботты ғарыш аппараты Ғалымдар микробиология көзқарасынан Қызылжұлдыздағы тіршілік жағдайларының сәйкес келетін-келмейтінін және ондағы судың өткенін зерттеу үшін "Phoenix" ғарыш аппараты құрамындағы аспаптары қолданылмақ. Көп серіктестер атсалысқан бағдарлама NASAның бақылауы астында Аризона университетіндегі Ай және ғаламшарлар зертханасы жетекшілігімен жүзеге асырылуда. Бағдарлама АҚШ, Канада, Швейцария, Дания, Алмания және Англиядан түрлі университеттер, Канада ғарыш агенттігі және ғарыш өнеркәсібі тарапынан қолдау көріп отыр. Феникс құсы, 4 тамыз 2007 күні жерден ұшырылып және 26 мамыр 2008 күні сағат 02:55-те Қызылжұлдыздың су-мұз жағынан бай солтүстік полюс бөлігіндегі Vastitas Borealisқа мына координаттармен табысты бір қону жүзеге асырды. Енді робот қолы полюс топырағын қазу үшін қолданады. ғарыш аппаратының табысты қонуымен алғашқы хабар АҚШ-тың EDT Аризонаның сағат белдеуі) бойынша сағат 19:53-те келді сағаты бойынша 26 мамыр таңғы 5:53) Жобаның мақсаттары. Phoenix, "2001 Mars Odyssey" аппаратының қамтамасыз еткен мәліметтері бойынша топырақ бетінің 2 - 5 cm. тереңдігінде мұз қабатының орналасқан бір бөлігіне қонды. Бұл мәліметтер бойынша сөз болып отырған бөліктің бетінің 80%-ы мұздан тұрады. Бет зерттеулерінде, 50 cm. тереңдікке дейін қаза алатын робот қолы пайдаланылатын. Phoenix көмегімен жасалатын өлшеулер екі басты мақсат көздейді: Ең алдымен ғаламшардағы судың пайда болуы зерттеледі; бір кездерде ыстық және дымқыл бір ғаламшар болған Қызылжұлдыздың бүгінгі суық және мұзбен қапталған күйіне өту үрдісі тексерілетін болады. Phoenix-тің тағы бір мақсаты, мұз қабатында орналасқан тіршілік іздерін зерттеу болмақ. Технологиялық ерекшеліктері. Ұшырған кездегі ауырлығы 670 kg Phoenix, бір бөлігі Қызылжұлдызға сапарының кезінде "тасталатын" түрлі-түрлі бөліктерден тұрды. Бұлардан "Cruise Stage" деп аталған бөлік қана Қызылжұлдызға сапарының кезінде пайдаланылады; осы бірлік көмекші қуат және Жермен байланысты қамтамасыз етумен болды. "Cruise Stage" бірлігі, Қызылжұлдыз атмосферасына кірерден 5 минут бұрын аппараттың денесінен ажыратылды. Қызылжұлдыз бетіне 125 km. биіктікте орындалатын осы операция, аппараттың жылдамдығын азайтты. Phoenix, "Cruise Stage"-ден тәуелсіз, алғы ("Aeroshell") және артқы ("Backshell") ыстық қалқандарымен қоршалған, 350 kg ауырлықты бірлік. Қызылжұлдыз атмосферасына кіргеннен аз уақыт кейін, 13 km биіктікте, жылдамдығын 55 m•s-1 (≈200 km•h-1) дейін түсіретін парашют ашылды. Беттен шамамен 900 m биіктікте парашют те Phoenix-тен ажыратылады. Бұл кезде тежегіш режимі басталады. Бұндағы мақсат, аппараттың құлау жылдамдығын тағы да азайта түсу емес, тежеу құрылғысы қону жасалатын аумақтың толығымен белгісіз бедерін анықтау және аппараттың аяқтары жер бетінде тік түрде орналасуын жеңілдету. Аппарат, энергиясын, қонғаннан шамамен 25 минуттан кейін ашылатын күн энергиясы панелдерінен алатын болады. Аппарат жермен байланысын Қызылжұлдыз серіктерінің аралық бекеттері болып қолданылатын УҚТ антеннасы арқылы жүзеге асыратын болады. Редһаус, сэр Джеймс. Өмірі. Джеймс Редһаус (30 желтоқсан 1811) тілтанушы, аудармашы, сөздік құрастырушысы. Лондонда туған. Балалық шағында ана және әкеден айырылған Редһаус, 1819 жылы Christ's Hospital атты жәрдем және тәрбие ұйымына орналастырылды. Онда теңізшілік, карта жасау, техника сурет, тригонометрия сияқты пәндерден тәлім алды. 1826 дылы тәртіпсіздік себебінен оқудан шығарылған соң, Ақтеңізде ашылатын бір кемемен бірге Ыстанбұлға келді. Ыстанбұлда «Mühendishane-i Berri-i Hümayun» атты ұйымда техника сызбашысы болып жұмыс істеді. Ыстанбұлда болған 8 жыл мерзімде түрікше, арабша, парсыша және французша үйренді. Ол — түрік тілін ең жақсы білген шетелдік. 1826 жылы Ыстанбұлда Bahriye'de ағылшын тілі оқытушысы болды. 1838 жылы садразамның (бірінші уәзір) аудармашысы болды. 1840тан кейін сыртқы істер назариятында аудармашы болып бүкіл сыртқы байланыстардың аудармаларын орындады. 1853 жылы Англияға қайтты, сыртқы істер министрлігінде шығыс тілдері аудармашылығын жасады. "Royal Asiatic Society" қоғамының мүшелігіне сайланды, "«сэр»" атағын алды. Сөздіктері басылып шықты. 1892 жылы қайтыс болды. "Redhouse Sözlüğü". Ол османлы түрік тілінен ағылшын тіліне жасалған алғашқы және ауқымды сөздікті құрастырды, ол сөздік 1890 жылы жарыққа шықты. Редһаустың қолжазбасы 12 томнан тұрады және Британия мұражайында сақтаулы. Араб әліпбиі нің тәртібімен жасалған осы сөздікте сөздердің арабша, парсыша, түрікше төркіндері көрсетіліп, латын әріптерімен оқылудары берілген, түрі анықталған, сөздің түрлі мағыналары сандармен нөмірленіп берілген және сөз тіркестері ағылшынша түсіндірілген. Бүгінгі түрі «Sev Yayıncılık» баспасы тарапынан түрлі басылымдарда және қысқартылған түрлерде басылып шығарылуда. 1950 және 1972 Редһаус баспасы негізге алып әзірлеген сөздіктерге жаңа сөздер және сөз тіркестері қосылды. Енвер паша. Енвер Паша (22 қараша 1881, Ыстанбұл - 4 тамыз 1922, Тәжікстан), Османлы империясының соңғы жылдарында түрік әскер және саясат адамы. Бірлік және азаттық қоғамының негізін қалаушысы және öның жетекшілерінің бірі, 1913 жылы Babıali Baskını деп аталған төңкеріс қоғамының билік басына келтірмеді, 1914 жылы өз бастамасымен Алманиямен әскери одаққа бастамашы болып Османлы дәулетінің Бірінші Дүниежүзілік соғысына кіруіне себепші болды, соғыс жылдарында "«Соғыс министрі және бас қолбасшының өкілі»" лауазымында әскери саясатты жүзеге асырды. Дүниежүзілік соғысының жеңіліспен аяқталуы себебінен 1918 жылы шетелге қашқаннан кейін, Алмания және Ресейде толық сипаты бүгінге дейін белгісіз болып отырған кейбір күрестерге қатысып, кеңес үкіметінің қолдауынан айырылған соң Азия түріктерін бас көтеруге түрткі салу мақсатымен кеткен Түркістанда бір шайқас кезінде қаза тапты. 1914 жылы падиша Ғабдүлмәжиттің немересі (шахзада Сүлейманның қызы) Нажие Сұлтанға үйленіп Османлы әулетіне күйеу болды. Бұл некеден Түркән Маятепек және Мапейкер Үргіп атты қыздары және Әли Енвер Ақоғлу (1921-1971) атты бір ұлы бар. Өмірі. Соғұқчешме әскери рүштиесінде (орта мектебінде) білім алған. Әскери училищені 1899 жылы жаяу әскер лейтенанты болып бітіргеннен соң, 1902 жылы штаб капитаны болып Әскери Академияны бітірді. Селаниктегі үшінші армияның басшысы болып тағайындалды. 1906 жылы майор болды. Бірлік және азаттық қоғамы кадрлері арасында кірді. Падиша ІІ-ші. Ғабдүлхамитке Бірлік және азаттық қоғамы туралы баяндамалар ұйымдастырып жібергені деген желеумен үлкен апасының күйеуі болған Селаник Орталық басшысын 1908 жылы тапаншамен атып өлтірді. Екінші. конституциялық басқарудың жариялануында маңызды роль атқарды. Македония жалпы инспекциялығы және Берлин әскери атташелігі сияқты қызметтер атқарды. 31 наурыз оқиғасында Қозғалыс әскеріне қосылды. Ишкодра mutasarrıfı және майдан басшысы болып италиян шабуылына табысты қарсы қимыл жүргізген Енвер паша, 1912 жылы подполковник болды. 23 қаңтар 1913 жылы Бірлік және азаттық тарапынан ұйымдастырылған Babıali Baskını ұйымына қосылды. Садразам Камил паша қоғамының қорғаушыларымен бірге лауазымында тапаншамен қоқан-лоққы жасап отставкаға кетуге мәжбүр етті. Осылайша Бірлік және азаттық қоғамының қару күшімен билікті қолға алғанынан кейін, Едірненің құтқарылуында маңызды роль атқарды. Бұл табысынан кейін полковник соңынан да бригада генералы болып көтерілген Енвер паша, Нажие Сұлтанға үйленген соң 1914 жылы 33 жасында Саит Һалим паша үкіметінде соғыс министрі болды. Әскерде кейбір өзгерістер жасаған Енвер паша, франсыз үлгісінің орнына алман үлгісін енгізді. Османлының Бірінші Дүниежүзілік соғысында алмандардың жағында соғысуына ең белсенді роль ойнаған кісі еді. Едірненің кері алынбауын қамтамасыз ететін, күтпеген түрде ani және күтпеген шабуылға тәуелді әскери стратегия anlayışıdır. Ресейдің Кавказға шабуылы себебінен Сарыкамыш операциясын ұйымдастырды. Сарыкамыш майдан қолбасшысы Хасан Ізеттин пашаның қыс жағдайларында шабуылға шығу туралы бұйрығына қарсы шығуы себебінен Енвер паша, оның өзін қызметтен босатып орнына полковник Хафиз Исмаил Һаккиді тағайындады. Ауыр қыс жағдайларында басталған шабуыл, 60,000 әскердің шығынымен аяқталды. Соғыстың Османлы империясының жеңілісімен аяқталған соң Бірлік және азаттық партия мүшелері жолдастарымен бірге бір алман сүңгуір қайығымен шетелге қашты, алдымен Одессаға, ол жерден де Берлинге кетті; содан соң Ресейге өтті. Анадолыдағы ұлттық күрес қозғалысына қосылу тілегі де қабылданбады. 1920 қыркүйегінде Бакуде шығыс ұлттары жиналысына қатысты және Батумиде Түркия кеңестері партиясын құрып Түркістанды азат ету қозғалысын бастады. Тұран қағандығын құру үшін ұлы күрестерден табылды. 4 тамыз 1922 жылы Тәжікістанда, Белчиван маңында бір қақтығыста пулемет оғына ұшып қаза тапты және Чеген ауылында жерленді. Елге қайта жерленуі. 1996 жылы Енвер пашаның сүйегі Тәжікістаннан Түркияға жеткізіліп, қаза тапқан күні болған 4 тамыз 1996 күні "«Şişli Abide-i Hürriyet»" төбесіне жерленді. Енвер пашаны қайта жерлеген комиссияны профессор доктор. Исмаил Ака басшылық етті. Рәсімге dönemin президент Сүлеймен Демирел, кейбір министрлер және Енвер пашаның немерелері де қатысты. Жас тұлпар. Жас тұлпар —1960 жылдары Мәскеуде оқып жүрген бірқатар қазақ студенттері тарапынан құрылған ұлтшыл-дәстүршіл бағыттағы сұхбат-талқылау клубы. Тарихы. Бұл Ұлы істің Ұлы мемлекеттің астанасы Мəскеуде, онда оқып жүрген қазақ жастарының ұйымдастыруымен өмірге келуі заңды құбылыс деуге болады. Өйткені бұл қалада өмір сүретін адамдарға (соның ішінде студенттерге де) алыстағы, жақындағы тіршіліктің қарекеттері аңығырақ көрінетін сияқты. Біздерге – Қазақ жерінің əр түпкірінен келген жастарға КСРО-ның орталығынан туған елдің ішкі жағдайларын басқа елдермен салыстырудa ой өрісіміздің кеңеюіне мүмкіндік бергендей еді. Маған, студенттік өмірге ересек жаста (25 жас) келгендіктен болар Қазақ жастарының арасында өзіме тиісті рөлді атқаруға тура келді. Ойымды (ересектік жөнінде) аңығырақ түсірдірейін. Осы жасымның он жылдық мектепті бітіргеннен кейінгі 3 жылы Гурьевтің Мұнай техникумын бітіруге, 3 жылы Совет Армиясында қызмет етуге кеткен еді. Сонымен, 1963 жылдың Қазан айында Мəскеу энергетика институтының 2-курс студенті едім. Осы институтта оқитын Қазақстан жастарының көбі Алматы қаласынан келген қазақтар жəне олардың бірқатары өзінің ана тілін білмейтін еді. Мұндайды (қазақтардың қазақ тілін білмеуін) мен бұрын – соңды кездестірмеп едім. Осындай өзімнің ішкі өкінішті ойымды бірде (1963 жылдың Қазан айында) Алтайдың (Қадыржанов) бөлмесінде (энергетика институтының жатақханасында) кездескенде Мұратқа (Əуезов) қынжыла айттым. Мұрат бұл уақытта Мəскеу мемлекеттік университетінің 4-курс студенті екен, оның өзі де қазақ тілінде өте шорқақ сөйлейтін. Сол кездесуде мен бөлмеде отырғандарға (Мұрат, Алтай, Жеңіске) өзімнің Армияда бастан өткізген бір жағдайымды айтқанымда Мұраттың таңданысында шек болмағанды. 1959 жылдың Қараша айында Армиядағы қызметтің бірінші жылында Барнаул қаласындағы авиацияның кіші техникалық мамандарын дайындайтын училищесін бітіргендердің алаңда өтетін салтанатты жиынында училище басшыларының алдынан əн айтып өтетін рəсімінде біздің ротаның (120 адам) солдаттары қазақтың “Бейбітшілік туы берік қолда” (əні Е.Брусиловскийдікі, өлеңі Н.Баймұхамедовдікі) əнін қазақ тілінде айтып өткенімізді, осындай өнеріміз үшін училище бастығы полковник Сергаев рота командиріне (майор Денисов), рота старшинасына (старшина Шадымов) осындай интернационалдық тəрбие жұмыстарын жоғары бағалап алғыс жариялағанын айтып бергенмін. Қазақстандық солдаттардың Алтай өлкесінің астанасының орталық алаңында қазақша əн шырқағанын естіп Мұрат Мұхтарұлы өте қатты тебіренгендей болды.Осы сəтте мен осы энергетика институтында қазақ тілін (ана тілін) білмейтін Қазақстандық студенттерге қазақ тілінен “тіл сындыру” курсын ұйымдастыру керектігін айттым. Əңгіме одан əрі Қазақстандық студенттердің оқуы, тұрмыстық жағдайлары жөнінде болды. Сонда біздің Энергетика институтының студенттері осы алдағы Октябрь революциясы мерекесінің қарсаңында (6 қарашада) өздерінің кешін ұйымдастырмақшы болып жатқандығы туралы айтылды жəне сол кеште Мəскеуде оқитын студенттердің бір ұйымын құру керектігін айтқан едік. Сол кешке Мұрат Мұхтарұлының келуін сұрадық. Ол келетін болды. Сонымен, 1963 жылдың 6 қарашасында Энергетика институтының қазақстандық студенттерінің кеші өтті. Онда көрші Байланыс институтының да студенттері болды. Сол кешке құрметті қонақтар ретінде Мəскеу университетінің студенттері Мұрат Əуезов, Қорлан Рахымбекова, Клара Ашықбаевалар қатысты. Осы кеште студенттердің “Жас тұлпар” атты ұйымы құрылды. Кейіннен ұйымдастыру жиналысында оның басшылығына Мұрат Мұхтарұлы Əуезов жəне бірнеше адамнан (9 əлде 11 адам) құрылған президиумы сайланды. - Мəскеуде (кейіннен басқа қалаларда) оқитын жастардың оқуына көмек көрсету; - Қазақстандағы қазақ тілінің тағдыры жəне оның рөлін көтеру; - Қазақстаннан тыс жердегі қазақтардың (КСРО территориясындағы) тұрмыс-тіршілігімен танысу, оларға Қазақстан туралы көбірек мəліметтер (мəдени, əдеби жəне экономика, саясат, тағы басқа мəселелер) жеткізу. - Губкин атындағы мұнай, газ институты. Осы ұйымның өтініші бойынша Қазақстан Үкіметі КСРО-ның оқу министрлігінен алдағы уақытта Қазақстан студенттерінің кезекті сессияларда бір немесе бірнеше пəннен тапсыра алмаған (мүмкіндік болмаған) жағдайда ол студенттің тағдырын Қазақстанның Мəскеудегі өкілеттігімен бірлесе отырып шешу керектігі жөнінде келіскендігі бірден-бір маңызды мəселе еді. Бұндай күрделі мəселенің оң шешімін табуға сол кезде Қазақстанның Мəскеудегі тұрақты өкілдігінде “Білім жəне мəдениет” бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарған аяулы ағамыз Ғалым Сүлейменовтың атқараған ісін айрықша айту керек. Ғ.Сүлейменов өзі бір жаны да ішкі сезім дүниесі де “Қазақ” деп тұратын абзал азамат еді. Өзі орыс əйелді бола тұрып орыс тілін “без акцента” сөйлей алмаушы еді. Ол жағынан маған сүйкімді ағай еді. Олай дейтінім, кейіннен түрлі қызметтер атқарып жүрген кездерімде бір жиналыстарда менің орысша жасаған баяндамаларымнан кейін сол жиналыста сөз сөйлеген əріптестерім сөз арасында “Коммунист Таужанов əлге дейін орысша акцентпен сөйлейді” деп сынап өтетін. Абзал азамат – Сүлейменов айтушы еді: “Жолдастар, тым қатты кетпеңдер, жайлап жүрсеңдер (сөйлесеңдер) карманым да хорошо, желудогым да хорошо”. Бұл тек студенттердің сөздерінен кейінгі сөздер емес, бұл сол кездерде əртүрлі жоғарғы оқу орындарында оқып жүрген аспиранттар мен докторанттардың “Жас тұлпардың” кезекті жиындарында сөйлеген сөздерінен кейін айтылған басқару орны өкілінің сөздері болатын. “Жас тұлпардың” жиындарында Мəскеулік студенттер мен бірге Ресейдің, басқа республикалардың жоғарғы оқу орындарында оқитын қазақстандық студенттер, аспиранттар, докторанттар қатысып ой бөлісетінді. Олар тек күнделікті оқу, тұрмыс жайлы айтып қоймай, Қазақстан Республикасының ішіндегі қоғамдық, экономикалық, тіпті саяси жайларға да тоқталатынды. Сондай сөз сөйлеушілердің бірі, Ауыл шаруашылық академиясының аспиранты (өкінішке орай, атын ұмыттым):“Біздің республикамыздан жылма жыл миллиардтаған пұт астық өсіру (өндіру) талап етіледі де, оған сəйкес минералды тыңайтқыштар бөлінбейді”, ия “Біздің Республикамызда бір жазылмаған заңдылық бар, ол – бір мекемеде, егерде бірінші бастықтың ұлты қазақ болса, онда оның орынбасары орыс ұлтынан болуы керек, немесе керісінше болуы керек”, ия “Қазақ мектептерінің саны азайып барады”, ия “Қазақстанның Ресейдегі студенттеріне (соның ішінде ұлттық мектепті бітіргендерге) шетелдік студенттерге берілетін жеңілдік берілмейді, оларға сол Ресей студенттерімен бірдей талаптар қойылады, бұл дұрыс емес ”сияқты тағы басқа да еркін пікірдегі көзқарас-тарын айтатын еді. Тақ осындайда Ғалекең (Ғалым Сүлейменов) жоғарыда келтірілген атышулы сөздерін айтып қоятын... Жохан аяны. Жохан аяны (не Апокалипсис  — аян) — Жаңа келісімнің (Інжілдің) бір кітабы. Мәсіхшілік ұғым бойынша 95 ж. жазылып, жаңа келісімдік діни ережелерге енген бұл дүние Иса Мәсіх бен оның шәкірттері туралы қасиетті жазбалар ауторы апостол Жохан Діниесіне телінеді. Аян ақырзаман туралы, Иса Мәсіх пайғамбар мен «күпірлер» арасындағы күрес, о дүниеде болатын сот, қиямет қайым хақында пайғамбарлық уағыздар болып табылады. Аян — Жаңа келісімге негіз болған ең алғашқы дүние. Көне грек тілінде жазылған бүл діни уағыздарға Бабыл, Көне Мысыр, парсы аңыздары енген. Ондағы оқиғалар әр елдің өнер шеберлерін, әсіресе, суретшілері мен ақындарын қызықтырып, Шығыста да, Еуропада да көптеген көркем туындыларға арқау болған. Apollo (ғарыш кемесі). Аполло (;  — жарық құдайы) — адамның басқаруымен Жер төңірегінде және Айға «Apollo» бағдарламасы бойынша сапар жасауға арналған Американың топтамалы үш кісілік ғарыш кемелерінің аты. Жалпы сипаттамасы. «Аполло» негізгі бөлік пен Ай кабинасынан тұрады. Біріншісі үш астронавты Айдың селеноцентрлік орбитасына және Жерге, екіншісі олардың екеуін селенцентрлік орбитадан Ай бетіне, одан қайта сол биіктікке жеткізуге арналған. Негізгі бөлік экипаж бөлімі мен қозғалтқыш бөлімінен тұрады, экипаж бөлімі суға қонуға лайықталған, ал кездейсоқ қажет жағдайда құрғақ далаға табан тірейтін тіректері бар. «Аполлоның» ең салмақтысы 47 т. Ай кабинасы 14,7 т. Кеменің тұтас ұз. 17,68 м, Ай кабинасыныкі 6,98 м, екеуінің де диам. 4,29 м. Кемедегі 20 жүйе пультпен байланыстырылған орталық есептеу машинасымен басқарылады. Негізгі бөліктің байланыс құрылымы сантиметрлік, метрлік және қысқа толқындарда жұмыс жасайтын жүйелерден тұрады, ол радиолокациялық қабылдауыш және таратқышпен жабдықталған. Астронаутар тіршілігін қамтамасыз ететін жүйеде 16 тәулікке жететін ауа, су мен тамақ болады. Жалпы массасы 460 кг келетін ол ортада 21—27 °C тұрақты температура сақталып тұрады. Ғарышқа ұшып шыққаннан кейін кабинадағы оттегі көбейтіледі (98 % оттеті, 2 % азот), ауаның қысымы 0,035 — 0,039 мПа, ылғалдығы 40—70 %-ке реттеледі. Арнайы амортизаторларға ілінген орындықтары әр түрлі қалыпта бекітілетін креслоларға астронавтар (сол жақ шетте кеме басшысы, ортада бірінші үшқыш, онан кейін екінші ұшқыш) жайғасады. Ай кабинасы қонатын және ұшатын сатылардан тұрады. Қонатын саты, экипаж кері аттанғанда, ұшып шығатын алаңша қызметін атқарып, Ай бетінде қалады. Ай кабинасына екі астронавт орналасады. Онда бірі жоғары, екіншісі алға қараған екі люк бар. Жоғарғысы астронавтардың экипаж бөлімінен Ай кабинасына, онан кейін қарай өтуге, алдыңғысы қонғаннан соң Ай бетіне түсіп, қайта мінуге арналған. Ай кабинасының барлық жүйесі пультпен байланыстырылған орталық есептеу машинасымен басқарылады. Соңғы ұшқан үш «Apollo» кемелерінде Ай бетінде астронавтар зерттеулер жүргізетін екі кісілік көлік болды. «Apollo» ғарыш кемелерін ұшыру «Saturn-IB» («A.-i» — "A.-3 ", «А.-5», «А.-7») және «Skylab» пен ЭПАС бағдарламалары бойынша, «Saturn-5» («А.-4», «А.-6», «А.-8» — «A.- 17») зымыран тасығыштарымен жүзеге асырылды. Айға қону бөлігі (АҚБ). Айға қону бөлігі — «Apollo» ғарыш кемесінің Айға қонып, Айдың айналасындағы орбитаға қайтып оралған бөлігі. Ол екі басты бөлікке: қону бөлігі мен ұшу бөлігіне бөлінген. Ол арнайы ғарышта ұшуға бейімделіп жасалған. Оның құрамында екі астронауттың 4-5 күн өмір сүруіне мүмкіндік беретін тіршілік сақтау жүйесі орнатылған. Айға қону бөлігін дамытып, жасап шығарған — «Grumman Aircraft Company» компаниясы. Айға қону бөлігі мыналардан тұрады: қону тіректері, қону радар антеннасы, тежегіш зымыран қозғалтқышы, Айдың бетіне қонуға арналған отын қоры. Оның денесіне бірнеше жүк қораптары бекітілген, соның ішінде Айдың бетінде қолданылатын аспаптар жиынтығы, жылжымалы аспаптар арбасы («Rover» өздігінен жылжитын арбасы), беттік телевизия камерасы, беттік аспаптар және Ай топырағын жинайтын қораптар. Айдан ұшу бөлігі экипаж орналасатын кабина, аспаптар панелі, ғарыш кемесімен түйісу құрылғысы, алдыңғы есік, оптикалық және электрондық бағыттау жүйелері, реактивті басқару жүйесі, радар және байланыс антенналары, ұшыру зымыран қозғалтқышы және Айдың орбитасына оралып, Apollo Басқару және қызмет бөліктерімен қайта табысуға арналған отын қоры. Апория. Апория (— тығырық, шарасыздық) — көне юнан пәлсапасында шешімі қиын немесе шешілмейтін мәселелерге байланысты қолданылған ұғым. Ол, негізінен бақылау және тәжірибе жасау аркылы алынған қорытындылар мен сол қорытындыларды ойша талдап көрудің арасында туатын қайшылықтарлы білдіреді. "Апория" көбіне, грек философы Зенонның (5 ғ. ЗБ) тұжырымдарымен байланыстырылады, бірақ оның өзі бұл терминді қолданбаған. Зенон белгілі бір нәрсенің немесе заттың мөлшері мен өлшемі туралы ұғымдар кайшылықты деп пайымдайды. Өз пікірін дәлелдеу үшін Зенон бірнеше дәлелдер ұсынады. Оның пікірінше, Мөлшер мен өлшем ұғымының қайшылықтылығына байланысты бір заттың көп болуы мүмкін емес: өйткені бір затты екіге бөлу үшін үшінші нәрсе керек. Егер бір нәрсені көп деп түсінсек, оны шексіз мөлшерде көп деп тануға тура келеді. Себебі ол қаншаға бөлсең де, бөліне береді. «Дихотомия» (екіге бөлу) апориясында қозғалушы дене белгілі бір қашықтықты жүріп өту үшін әуелі оның жартысын, ал осы жартыны өту үшін оның жарты бөлігін, сонан соң оның жартысын жүріп өту керек. Осылайша шексіздікке дейін жалғаса береді, яғни қозғалушы дене қозғалысты бастамауы да мүмкін (апорияның екінші бір түрі бойынша: қозғалыс өзінің қозғалыс мәнінде тұрғанда тоқтауы, кідіруі мүмкін емес). «Ахилл» апориясы: желаяқ Ахилл тасбақаны қуып жете алмайды, себебі ол тасбаға дейінгі қашықтықты жүгіріп өткенше, тасбақа өзінің ол орнын ауыстырып, белгілі бір қашықтыққа жылжып кетеді. Ахилл осы қашықтықты игергенше тасбақа тағы да алға жылжиды, осылайша жалғаса береді. Зенонның осы аталған және тағы басқа апориялары қозғалысты матемематикалық өрнектеудің және бұл процесте қолданылатын ұғымдардың қайшылықты екенін көрсетті. Ол қайшылықтар бірлігін түсіне алмағанымен, қозғалыстың қайшылықты екенін дұрыс байқады. Зенон апориялары антикалық математиканың, логиканың және диалектиканың дамуына жол ашты. Ол кеңістік, жеке мен жалпы, бүтін мен бөлшек, қозғалыс пен тыныштық ұғымдарындағы қайшылықтарды көрсетіп, олардың шешімін іздеуге негіз салды. Аспирант. Аспирант (— талпынамын, жақындауға тырысамын) — жоғары оқу орындары мен ғылыми-зертеу институттарында ғылыми және окытушылық жұмысқа даярланушы, кандидат ғылыми дәрежесі диссертациясын қорғау талапкері. Аспирантура. Аспирантура (латынша "aspiranse" - бір нәрсеге ұмтылушы, орыс тілінде "тура" - сөз тудырушы жұрнақ) — жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарындағы ғалым-педагог, т.б. ғылыми мамандар даярлау бөлімі. Оларда өндірістен қол үзіп (3 жыл) және өндірістен қол үзбей (4 жыл) оқиды. Аспирантураға ғылыми-зерттеу жұмысына қабілеттілігін көрсеткен, жоғары білімді, оқу орнын бітіргеннен кейін сол мамандығы бойынша 2 жыл жұмыс істеген, оқуға түсу емтихандарын ойдағыдай тапсырған, өндірістен қол үзіп оқуға 35 жасқа дейінгі, өндірістен қол үзбей оқуға 45 жасқа дейінгі адамдар қабылданады. Сырттан оқитын аспиранттар арнаулы жоспарын орындап отырса, қызмет орнынан жыл сайын қосымша демалыс алады (30 күн), жалақысы сақталады. Аспирантураны бітірушілер, әдетте, ғыл. канд. атағын алу үшін диссертация қорғайды. Қазақстанда А. бөлімдері арқылы ғылымның 19 саласы бойынша ғыл. және ғыл.-пед. кадрлар даярланады (1997). Шетелдердің көпшілігінде А. университеттер жанындағы арнаулы орталықтар түрінде болады. Қазақстанда ұлттық ғылыми кадрлар даярлау ісі КСРО Ғылым Академиясымың Қазақстандық базасы құрылған сәттен, яғни 1932 жылдан басталды. 1997 ж. республика-ның жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының А-ларында 1000-ға жуық аспирант қабылданып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Аңызақ. Аңызақ - ауа ылғалының тапшылығынан қалыптасатын ыстық (20 - 25С) әрі құрғақ жел. Жылдамдығы 5 м-ден 15 - 20 м/с-ке дейін өзгеріп отырады, ылғалдылығы 30%-тен төмен болады. Көбінесе, Қазақстанның оңт. аудандарында, әсіресе, Қызылқұм, Мойынқұм, Бетпақдала, Каспий маңы ойпаты, Маңғыстау, Үстірт өңірлерінде жиі әрі ұзақ болып тұрады. Жылына ыстық желдің ұзақт. 60 — 80 күнге дейін жетеді. Солт. Қазақстанның дала және шөлейтті өңірлерінде біршама азаяды (5 -10 күн). Аңызақ жел - ауыл шаруашылығына өте қолайсыз құбылыс. Оның әсерінен өсімдіктердің физиол. процестері (фотосинтез, көміртегі және ақуыз алмасу) бұзылады. Нәтижесінде өсімдіктердің өнімд. төмендейді. Аңызаққа қарсы күрес шараларының ең тиімдісі қар тоқтату және қолдан орманды алқаптар өсіру. Субтропиктік және тропиктік елдерде аңызақты "самум", "сирокко" немесе "хамзин" деп атайды. Ассимиляция (әлеуметтану). Ассимиляция ( — ұқсасу, сіңісу, сіңу, т.б.) саны аз, саяси-әлеуметтік ахуалы төмен халықтың өзінен саны да, қуаты да көп халықтың басыңқы ықпалы нәтижесінде сол халық құрамына біртіндеп сіңіп, жұтылып кету құбылысы. Ассимиляция барысында бір халық өзінен үлкен екінші доминант халыққа сіңіп кетіп, ана тілін, әдет-ғұрпын, дінін, мәдениетін, өзіндік сана-сезімін, т.б. ұлттық ерекшеліктерін жоғалтады. Ассимиляция екі жолмен жүреді: күштеу арқылы немесе табиғи жолмен. Көптеген елдерде ұлттық езгі және діни қысым жағдайында күштеп А. жасау орын алады. Дәл осындай процесс Аустрия империясында, кейін Аустро-Мажарстанда, патшалық Ресейде жүрді. Ол қазір де кейбір елдерде жалғасып отыр. Мыс., Испания, Грекия т.б. Бұрынғы КСРО мен кейбір социалистік елдерде де мұндай процесс орын алды. Қарамағында ұсақ ұлттар бар бірқатар елдерде Ассимиляция табиғи жолмен жүзеге асты. Алдияр. Алдияр (парсы тілінде - Аллаңыз жар болсын) - қаратпа сөз. Ұлық адамдарға, ханға, сұлтанға, т. б. құрметпен тіл қатудың көне түрі. Алдияр сөзі қазақ арасында ислам діні ықпалымен қалыптасқан. Қазақша мағынасында Алдияр бағыныштылықты, жалыныштылықты, кішілікті, әдептілікті білдіреді. Ұлықтарға бұлайша тіл қату басқа халықтарда да бар. Діни қаттамдар болмаса, қаратпа сөздің бұл түрі бүгінде қолданудан қала бастады. Алқа (зергерлік бұйым). Алқа — қыз-келіншектердің мойын-омырауына сәндікке тағатын әшекейі. Алтын, күміс, меруерт, маржан, үзбелі моншақтар тізбегінен жасалады. Соңғы кездері алқаны ерлер де таға бастады. Алтын алқамен және Күміс алқаменн көп бала туып тәрбиелеп өсірген аналар марапатталады Алқа. Алқа  — әкімшілік немесе кеңесші органдарға мүше адамдар тобы. Ертедегі қазақтар ұғымында "алқа" атауы белгілі бір мәселені «алқа-қотан отырып», мәжіліс құрып, кеңесіп отырып шешу мағынасын білдірген. Азия даму банкі. Азия Даму Банкі - Халықаралық қаржы мекемесі. БҰҰ-ның экон. және әлеум. комиссиясының шешімімен Азия және Тынық мұхит елдері үшін 1966 ж. желтоқсанда құрылды. Ол өз қызметін 1968 ж. бастады. Қазір оған 56 мемл. мүше, оның 39-ы Азия — Тынық мұхит аймағының (АТА) өкілі, ал қалған 16-сы бұл аймақтан тысқары елдер. Банкінің саясатын айқындай-тын жоғары органы — Басқарушылар кеңесі. Банк операцияларының бағыттарына 12 директордан құрылған Директорлар кеңесі жауап береді. Әр директордьщ орынбасары бар. Директорлардың 8-і АТА елдерінің өкіддері (1998). Банк президентін Басқарушы-лар кеңесі 5 жылға сайлайды. Ол Директорлар кеңесінің төрағасы болып есептеледі және банк қызметін басқарады. А. д. б. президенті Жапония өкілінен сайланады. Штаб-пәтері Манилада (Филиппин) орналасқан. Банк Бангладеште, Үндінезияда, Үндістанда, Непалда, Пәкістанда, АҚШ-та өзінің тұрақты өкілдерін ұстайды. Банк қызметінің басты бағыттары. Дамушы елдердің экон. даму бағдарламаларын қаржыландыру, олардың сыртқы сау-дасына жәрдем беру, қаржылай, техн. және экон. көмек көрсету. Банк бұл елдердің қажетін өтеу мақсатында жеңілдікпен берілетін несиелік операциялар жүргізу ісіне Азия, Еуропа, Таяу Шығыс және Солтүстік Америка мемл. ресурстарын жұмылдыруда маңызды рөл атқарады. Банкінің негізгі қызметі — АТА елдеріне экон. өсу мен ынтымақ-тастық қарым-қатынасты же-делдету мақсатына көмек беру. Банк қарыз берудің екі түрін қолданады: бүкіл несие қоры-ның 68,8 проценті әдеттегі қарыз, ал қалғаны Азия даму қорынан дамушы кедей елдерге үлкен жеңілдікпен беріледі. Қазақстан банкке мүшелікке 1994 ж. 19 қаңтарда қабылданды. Қазақстандағы зейнеткерлік реформаны қолдауға және ауыл шаруышылығын дамытуға қомақты несие бөлінді (1998) Оспан батыр. Оспан батыр (Оспан Исламұлы) (1899—1951) — 20 ғ. алғашқы жартысында Шығыс Түркістанның тәуелсіздігі үшін күрескен Қарсыласу қозғалысының бұйдагері. Алтай қазағы. Өмірбаяны. 1899 жылы Алтай аймағының Көктоғай өңірінде туған. 12 жасында қазақ серкелерінің бірі Бөке батырдың қасына келді. 1951 ж. сәуірдің 29 Үрімжіде қытайлар тарапынан өлім жазасына кесілді. Күресі. 1911 жылы Бөке батырдың жағында қытайлар және орыстарға қарсы күрес бастаған Оспан батыр бүкіл Алтай жерін және Шығыс Түркістанның қытайлар және орыстардан азат етілуін мақсат етіп қойды. Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарында Шығыс Түркістан жеріндегі түркі халықтары қарсы қысымның күшейгені пен бірге жауап әрекеттері де күшейе түсіп және Оспан батырдың көтерілуіне негіз дайындады. Алтайды қытайлардан тазалай бастаған Оспан батыр, 1943 жылы мақсатына жеткендей болып көрінді. 1943 жылы шілденің 22 Бұлғында жасалған жиында Оспан батыр Алтай қазақтарының ханы болып жарияланды. 1945 жылы келгенінде Шығыс Түркістанда бірнеше қала сыртында бақылау көтерілісшілердің қолына түсті. Жағдай қытайлар үшін бұдан артық төзгісіз болып және одан да қауіпті жағдай қалыптаспайынша Қытай әскерлері өлкеде қатаң және жойқын операциялар өткізді. Тарбағатай және Алтайдан шығарылған Оспан батыр күрес отыз мың кісімен бастаса да 1950 жж. басында осы сан шамамен төрт мың ғана болды. Бұл санға әйелдер және бала-шаға да кіреді. 1951 жылы Қанамбалда қоршалған Оспан батыр тұтқын болды, Үрімжіге жөнелтілді. Оспан батыр, халық арасында жүргізіліп көрсетілді және 1951 ж. сәуірдің 29-шы күні үкім бойынша өлімге кесілді. Қарақалпақ тілі. Qaraqalpaq tili — Qaraqalpaqstan Respublikasında jasawshı qaraqalpaq xalqının' ana tili. Qaraqalpaq tili — Qaraqalpaqstan Respublikasının' qorg'awında bolıp, bul haqqında arnawlı nızam shıg'arılg'an. Nızamda qaraqalpaq tili Qaraqalpaqstan Respublikasının' pu'tkil aymag'ında ma'mleketlik til sıpatında qollanılıwına huqıq tiykarları belgilengen. Qaraqalpaq tiline ma'mleketlik til biyliginin' beriliwi respublikanın' aymag'ında jasawshı milletlerdin' ha'm xalıqlardın' o'z ana tilin qollanıwda olardın' konstitutsiyalıq huqıqların sheklemeydi. Bul nızam jeke adamlardın arasındag'ı qarım-qatnasıqlardın', a'skeriy bo'limlerde, diniy ha'm da'stu'riy u'rp-a'detlerdi belgilewde tillerdin' qollanılıwın qatan' bir ta'rtipke salıp taslamaydı. 1989-jılı 1-dekabrde Qaraqalpaqstan Respublikası Joqarg'ı Ken'esinin' sessiyasında qaraqalpaq tiline ma'mleketlik til biyligi berildi. Qaraqalpaqstan Respublikasının' ma'mleketlik til haqqındag'ı Nızamının' 1-statyasında: «Qaraqalpaq tili Qaraqalpaqstan Respublikasının' ma'mleketlik tili bolip tabıladi. Qaraqalpaqstan Respublikası o'zinin' aymag'ında tilge baylanıslı barlıq ma'selelerdi sheshiw huqıqına iye»,- dep ko'rsetilgen. Bul jag'day til erkinligin, tillerdin' aldag'ı waqıtları ken' rawajlanıwın ta'miyinleydi. Qaraqalpaq tili shıg'ısı boyınsha altay tilleri semyasının' turkiy tiller toparına kiredi. Qaraqalpaq milletinin' payda bolıwı menen onın' tilide qa'liplesti. Qaraqalpaq milleti yamasa qaraqalpaq ataması XIV-XVI a'sirlerde Nog'aylı Ordasının' tarqawı menen payda boldı. Qaraqalpaq milliy tilinin' payda bolıwı menen a'debiy tilinin' jazba turi de qa'liplesti. A'debiy tildin' jazba tu'rinin' qa'liplesiwi onın' ulıwma xalıqlıq awızeki so'ylew tu'rine tiykarlanadi. Qaraqalpaq tilinin' ulıwma awızeki so'ylew tili arqa ha'm qubla dialekt (jergilikli o'zgeshelik) bolıp ekige bo'linedi. Arqa dialektlik o'zgesheliklerdi respublikamızdın' arqa rayonları, al qubla dialektlik o'zgeshelikerdi To'rtku'l, Ellikqala, Beruniy rayonlarının' aymaqların qamtıydı. Qaraqalpaq a'debiy tili usı eki o'zgesheliktin' tiykarında, ko'birek arqa dialektlik o'zgesheliklerdi qamtıw arqalı qa'liplesti. Qaraqalpaq jazba tili XX a'sirdin' basında-aq Orta Aziya xalıqları ushın ortaq shag'atay jazıwı tiykarında payda boldı. Biraq bul jazba a'debiy til jergilikli xalıqtın' basım ko'psiliginin' sawatsız bolıwına ha'm qaraqalpaq xalqının' ulıwma xalıqlıq soylew tilinin barlıq jergilikli o'zgesheliklerin o'z ishine qamtıy alıwına baylanıslı turaqlı a'debiy til retinde qa'liplesken. Qaraqalpaq xalqının' bul eski jazba tili qaraqalpaq a'debiy tilinin' eski jaziwi retinde uyreniledi. Jazba a'debiy til dep ha'r qanday a'debiyatlardın', ko'rkem shıg'arma, ja'miyetlik-siyasiy, ilimiy-texnikalıq, publitsistikalıq, oqıw qurallarının' ha'm t.b. jazıw arqali iske asatugin a'debiyatlardın' tiline aytiladi. Jazba a'debiy til tildin' fonetikaliq ha'm grammatikalıq normaların qatan' saqlagan onın en' joqarı tu'ri bolıp esaplanadı. A'debiy tildin' jazba ha'm awızeki soylew tu'rleri ha'zirgi waqıtta radio ha'm teleko'rsetiwlerdin', gazeta-jurnallardın', ma'mleketlik mekemelerdin', ma'deniy orınlardın' a'hmiyetli qatnas qurali retinde xızmet etedi. A'sirese bul jag'day «Qaraqalpaqstan Respublikasının' ma'mleketlik tili haqqındag'ı» Nızam qabıllang'annan keyin jedel iske asırılmaqta. Sonlıqtan ha'r bir sawatlı ha'm ma'deniyatlı insan a'debiy tildin' qa'dirine jetip, onın qag'ıydaların jazıw ha'm soylewde duris ha'm tilge bolg'an hu'rmetti arttıradı, so'ylew ma'deniyatlılıg'ın ta'miyinleydi. Дүние жүзі. Дүние жүзі — адам көзқарасынан алынған адамзат қоныстаған Жер ғаламшарының атауы. Халал. Халал (,  — рұқсат етілген) — Исләмде рұксат етілген заттар мен әрекеттер. Харам. Харам (, — тиым салынған) — Исләм дініндегі тиым салынған заттар мен әрекеттер. Харам ас — шошқаның еті, майы, мас қылатын ішімдіктер, қан, жыртқыш аңдардың еттерің қамтитын тағамдар, Алланың атымен сойылған еттен басқасы. Харам деп тағы да үлкен күнәларды да атайды: зина, риба, және т.б. HTTP. HTTP ( — "еренмәтін апарғызу хаттамасы") — Интернетте HTML беттерін алмасу үшін арналған хаттама. FTP. FTP ( — "файл апарғызу хаттамасы") — компьютерлік желі арқылы файл алмасуға арналған хаттама. HTTPS. HTTPS ( — "қауіпсіз ұя үстімен еренмәтін апарғызу хаттамасы") — Интернетте HTML беттерін қауіпсіз алмасу үшін арналған хаттама. Фонетика. Фонетика (грекше: phonetikos – дыбыстық) – дыбыс туралы iлiм, тiлдiң дыбыс жүйесiн зерттейтiн тiл бiлiмiнiң бiр саласы. Фонетика – зерттейтiн объектiсi жағынан қарастыратын мәселесi жағынан да тiл бiлiмiнiң басқа бөлiмдерiнен ерекшеленiп тұрады. Бiз дыбыс дегенде әрбiр қазақ тiлiндегi дыбыстарды күрделi тұлға ретiнде қарастырамыз. Сондықтан да фонетика тiлдегi дыбыстарды фонемалық қасиетiне қарай сұрыптайды. Фонеманың басты объектiсi фонема теориясы болып табылады. Фонема – күрделi дыбыс деген сөз. Күн. Күн — тәуліктің жарық мезгілі. Кейде бұл сөзді тәулік санын көрсету үшін пайдаланады. Күн сөзі Күн жұлдызы атынан шыққан. Азаматтық. Азаматтық – адамның нақты бір мемлекетке саяси және құқықтық қатысы. Мемлекеттің және оның билігіне оның билігіне бағынатын адамның арасындағы өзара қарым-қатынасты білдіреді: мемлекет өз азаматының заңды құқылары мен мүдделерін қамтамасыз етуге, қорғауға және оған шетелде қамқорлық жасауға кепілдік береді; ал азамат мемлекеттің заңдарын және т.б. өкімдерін бұлжытпай сақтауға және оның белгіленген міндеттерін орындауға міндетті. Мұндай құқылар мен міндеттердің жиынтығы азаматтың саяси-құқықтық дәрежесін айқындап, оны шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардан ерекшелейді. ҚР-ның Конституциясында: "Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады, ол қандай негізде алынғанына қарамастан бірыңғай және тең болып табылады. Республиканың азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзінің азамат-тығын өзгерту құқынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды. Республика азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды" делінген (10-бап). Әлемдік тәжірибеде дүниеге келген нәрестеге азаматтық құқы екі негізге: қандық және түп-тамыр құқыларына сүйенеді. Қандық құқы бойынша азаматтық алу туған мекен-жайына емес, ата-анасының азаматтығына байланысты (Аустралия, Норвегия, Италия. Финляндия. т.б.), ал түп-тамыр құқы бойынша нәрестенің қай мемл. терр-сында туғаны түп негізге алынады да, ата-анасының азаматтығының бұған қатысы болмайды (Бразилия, Аргентина, т.б.) ҚР-ның 1991 ж. 20 желтоқсанда қабылданған (1993 ж. 3 казанда түзетулер мен толық-тырулар енгізілген) "Азаматтық туралы заңы" бойынша Қазақстанда қандық құқы негізге алынады. Акула. Акула (Selachioidei, көне норвегше: "һассаl" — балық) —тақтажелбезектілер класы тармағына жататын балықтар. Қазіргі Акуланың 350-дей түрі бар: олар 6 отрядқа, 20 тұқымдасқа бөлінеді. Акула барлық әлем теңіздерінде мен мұхиттарда кең тараған, тұщы суларда да (Амазонка, Ганга) кездеседі. Денесінің ұзындығы 15 см-ден 20 м-ге дейін болады, салм. 14 т-ға дейін тартады. Дене пішіні сүйірлеу, тұмсығы ұзын, аузы алқымға таяу орналасқан. Құйрық қанатының үстіңгі қалақшасы астыңғысынан үлкен болып келеді. Қаңқасы шеміршекті, тістері өткір, торсылдағы және желбезек қақпағы болмайды, басының екі жағында 5 — 7 жұп желбезек саңылаулары бар. Акуланың көру қабілеті жақсы жетілмеген, ал иіс сезу қабілеті өте жақсы жетілген және судың майда дірілін бүйір сызығы арқылы сезе алады. Жемін аулауы осы екі қасиетіне негізделген, Олардың көпшішілігі ірі жануарларды аулайды. Ең ірілері — кит Акуласы (15 м-ге дейін) мен алып А. (20 м-ге дейін) планктонмен қоректенетіндер тобына жатады. Акула іштей ұрықтанады, көпшілігі ірі мүйіздік қабығы бар жұмыртқа салады, кейбіреуі ұрпағын тірі туады. Акуланың 50-дей түрі қатерлі жыртқыш болып саналады. Олар көп жағдайда, адамдар көп шомылатын тропикалық суларда күндіз жағаға жақын жерлерге келіп, шабуыл жасайды. Кейбір түрлерінің кәсіптік маңызы бар. Акуланың көпшілігі тропикалық сулардан ауланады, бауырынан май алынады, етінен тағам, қаңқасынан желім жасалынады, терісі де пайдаланылады. Қазақстанда Акуланың қазба қалдықтары бор кезеңінен бастап кездеседі, кең тараған уақыты — палеоген кезеңі. Акустика. Акустика (грек тіліде άχούω, akustikos — естілетін, тыңдалатын) — физиканың ең төменгі жиіліктен (шартты түрде 0 Гц) ең жоғарғы жиілікке (1011-1013 Гц) дейінгі аралығын қамтитын серпімді тербелістер мен толқындардарды және олардың затпен өзара әсерлесуі мен түрліше қолданылуын зерттейтін саласы. Акустика — өте ерте заманнан белгілі. Ол алғаш адам құлағы ести алатын дыбыс туралы ілім ретінде дамыды. Ертеде Пифагор (б.з.б. 6 ғ. естілетін дыбыс тонының биіктігі мен перненің не кернейдің (трубаның) арасындағы байланысты тапты. Аристотель (б.з.б. 4 ғ.) дыбыс шығаратын дененің ауаны қысатындығын, оны сирететіндігін, ал жаңғырық дыбыстың кедергіден кері қарай шағылу құбылысы екендігін түсіндіріп берді. Леонардо да Винчи (15-16 ғ.) дыбыстың шағылуын зерттеді, дыбыс толқындарының таралуы дыбыс көздеріне тәуелсіз болатындығын (тәуелсіздік принципі) тұжырымдады. 17 ғ-дың аяғы мен 18 ғ-дың басында Г. Галилей дыбыс шығаратын денеде тербеліс пайда болатындығын және дыбыстың биіктігі оның жиілігіне, ал қарқыны дыбыс амплитудасына тәуелді екендігін тапты. Ауадағы дыбыс жылдамдыдығын алғаш рет франсуз физигі М. Мерсенн анықтаған. 17 ғ.-дың аяғынан 20 ғ-дың басына дейін Акустика механиканың бір бөлімі ретінде дамыды. Механикалық тербелістердің жалпы теориясы, дыбыс толқындарының (сер-пімді) белгілі бір ортада таралу және пайда болу заңдылықтары, дыбыстың негізгі сипаттамаларын (дыбыс қысымы, импульсі, энергиясы, дыбыстың таралу жылдамдығы, т.б.) өлшеу әдістері Ньютон механикасына, Гуктің серпімділік теориясының негізгі заңына, Гюйгенстің толқындық қозғағалыс приципіне негізделіп жасалды. Сөйтіп дыбыс толқындарының диапазоны кеңейіп, Акустика инфрадыбыс (16 Гц-ке дейін) пен ультрадыбыс (20 кГц-тен жоғары) аймақтарын қамтыды. Ағылшын ғалымы Т. Юнг пен франсуз ғалымы О. Френель толқын интерференциясы мен диф-ракциясы теориясын, аустриялық ғалым X. Доплер дыбыс көзінің бақылаушымен салыстырғандағы қозғалуы кезіндегі толқын жиілігінің өзгеру заңын тұжырымдады. Күрделі тербеліс процесін қарапайым құраушыларға жіктеу әдісінің (Фурье әдісі) жасалуы дыбыс анализін және гармониялық құраушылардан күрделі дыбыс синтезін алудың негізі болды. А-ның жоғарыда баяндалған даму сатыларын Дж. У. Рэлей (Дж. Стретт) «Дыбыс теория-сы» (І877-78) деген еңбегінде қорытындылап берді. 20 ғ. 20 ж. радиотехника мен радиохабар таратудың дамуына байланысты Акустиканың жаңа даму сатысы басталды. Дыбыс сигналдарын электр-магниттік сигналдарға және керісінше түрлендірудің қажеттігі туды. Тех. сұранысқа байланысты акустиканың қолданылатын жаңа бағыттары — әуедегі ұшақтың дыбыс локациясы, гидролокация және Акустикалық навигация, жарылыстың түрін, орнын және уақытын анықтау, авиацияда, өнеркәсіпте, көлікте болатын шуды азайту мәселелері, т.б. пайда болды. Осы мәселелерді шешу үшін дыбыстың пайда болу және жұтылу механизмін, күрделі жағдайларда дыбыс (мыс., ультрадыбыс) толқындарының таралуын жете зерттеу керек болды. Әсіресе, қарқыны күшті дыбыс толқындарының (мыс., жарылыс толқындары) таралуы туралы мәселеге ерекше көңіл бөлінді. Бұл сызықтық емес Акустиканың дамуына әсер етті. 20 ғ-дың ортасынан бастап ультрадыбысты (УД) зерттеудің маңызы зор болды. Дыбыстың көпатомды газдарда, кейіннен сұйықтарда қатты жұтылатындығы және дисперсиясы анықталған-нан кейін Акустиканың жаңа бағы-ты — зат құрылымын УД-пен зерттеу (молекулалық А.) әдісі пайда болды. Қуатты УД тек зерттеу құралы ғана емес, сондай-ақ затқа әсер ету құралына айналды. Бұл УД-тық технологияның дамуына негіз болды. 60-70 жылдары гипердыбысты (1 ГГц-тен жоғары) зерттеу нәтижесінде Акустикалық электроника және акустикалық оптика салалары, сондай-ақ психофизиологиялық акустика жедел дамыды. Қазіргі акустиканың ауқымы кең және ол ғылымның көптеген салаларымен астасып жатады. Оның статистикалық Акустика, қозғалатын орта Акустикасы, кристалдар Акустикасы. физ. Акустика, атмосф. Акустика, геоакустика, гидроакустика, электрлік Акустика. архит. Акустика, құрылыс Акустикасы. УД техникасы, биолог. Акустика, т.б. сияқты салалары бар. Мынаны да қараңыз. Доплер эффектісі Қара теңіз. Қара теңіз, Қара дениз (грек. Роntos Euxenos — мейірбан теңіз) — Атлант мұхиты алабына жататын теңіз. Кіші Азия мен Еуропа аралығында жатыр. Жағалауында Түркия, Болгария, Румыния, Украина, Ресей, Грузия елдері орналасқан. Батысында Боспор бұғазы арқылы Мәрмәр теңізімен, одан әрі Дарданелл бұғазы арқылы Эгей және Жерорта т-дерімен, солт-нде Керчь бұғазы арқылы Азов (Азау) т-мен жалғасады. Ауд. 420,3 мың км2. Ұз. 1148 км, ені 615 км, ең терең жері 2211 м. Жағасының ұз. 4074 км және аз тілімделген. Батысы мен солт. батысында жағасы жайпақ, кей жерінде жыралы. Шығысы мен солт. бөлігіндегі Қырым түбегінің жағасыны таулы болып келеді. Ірі шығанақтары: Каркинит, Каламат, Днепр-Буг, Днестр. Аралдары (ірілері — Березань, Змеиный) аз. Теңізге Дунай, Днепр, Оңт. Буг, Рионн, Чорох, т.б. өзендер құяды. Қ. т. палеогеннің аяғынан неоген мен антропогенге дейінгі аралықта қалыптасты. Қалыптасуының алғашқы сатысында Каспий теңізімен біртұтас су айдыны болып, төмен плиоценнің аяғында Кауказ жотасының көтерілуінен екіге бөлінген. Қара теңіз құрлық ортасында жатқандықтан климаты континенттік. Ауаның қаңтардағы орташа температурасы: солтүстік-батысында -2.6- 3˚С, оңтүстігінде 6-9˚С, батысында -1.4˚С және солтүстігінде -25 -30˚С-қа жетеді. Жауын-шашынның орташа мөлш. 300 — 2500 мм. Тұзд. ашық бөлі-гінде 17,5 — 18,5%о, өзен-дер сағасы маңында 9 — 2%о, дейін азаяды. Суының шалқып-шегінуінен деңгейінің ауытқуы солт.-батысында 2 м-ге жетеді, Қырым жаға-сында 40 — 60 см. Өсімдік пен жануарлар дүниесі жылы әрі құрамында оттек мол судың беткі қабатында шоғырланған. Теңіз түбіндегі өсімдіктердің құрамында балдырлардың 258 түрі, 125 м тереңдіктегі қабатта фитопланктонның 284 түрі бар. Қ. теңізде жануарлардың 1500-дей түрі тіршілік етеді, соның ішінде балықтың 180 түрі (қортпа, бекіре, шоқыр, хомса, тюлька, кефаль, камбала, устрица, скумбрия, т.б.), акула бар. Қ. т. жағалауындағы елдерді бір-біріме байланыстарын үлкен су жолының бірі. Ірі порттары. Трабзон, Сино, Самсун (Түркия), Бургас, Варна (Болгария), Констанца (Румыния), Одесса, Ильичевск, Николаев, Севастополь, Керчь (Украина), Новороссийск, Туапсе (Ресей), Поти, Батиму (Грузия). Теңіз жағалауы рекрециялық моқсатқа пайдаланылады. Iрі курорттары. Варна, Одесса, Еупатория, Ялта, Сочи, Гагра, Сухуми, Батуми, т.б. Буддизм. Буддизм — адамдарға өзін-өзі тануды, сол арқылы қасіреттерден арылуды дәріптейді. Мұны біреулер дін деп таныса, енді біреулер пәлсапа ретінде қарайды. Шындықты табу өнері деп түсіндірушілер де бар. Бүдда — біздің заманымыздан бұрынғы 563 және 483 жж. Будда яғни Шакьямунидің(Сакиамонидың) бақытты өмір өткізу туралы толғаныстарына орай туындаған. Шакьямуни аты санскриттен аударғанда "Сақ руынан данышпан" деп аударылады. Әлі ғалымдардың арасында "сақ" деген сөздің мағынасы туралы жанжалдар тоқталмайды. Негізінен "Шакья" деген кшатрийлер(жауынгерлер) руы Темір дәуірінде қазіргі Непалда өз патшалығын құрды. Кейбір түрколог ғалымдар осы халықты қазіргі Қазақстан жерінде I мыңжылдықта көшіп-қонып жүрген сақтармен байланыстырса, басқалар осы халықты далалық тайпалардан мүлдем тыс халық деп атайды. Шакьямунидің бұл ілімі әуелде Үндістанда туылып, ол қайтыс болғаннан соң тез арада Орталық Азияға, Тибетке, Шри-Ланкаға, Оңтүстік-Шығыс Азияға. Одан кейін ол Қытай мен Жапонияға тарады, бірақ бұл елдерде кең таралмаған. Қазіргі кезде буддизмнің өте көп ағымдар бар, бірақ олардың ең негізгілері - Тхеравада(Оңтүстік-Шығыс Азияда), Махаяна(ең жаңа және ең көп тараған), Ваджраяна(Моңғолияда, Тибетте, Бурятия мен Калмыкияда). Қара түс. Қара түс — денелердің жарықты көрінетін спектрдің кез-келген нүктесінен түсірмейтін немесе тойтармайтын түстің аты; бұл түс жарықтың барлық түрлерін жұтып алады. Кейде қара түсті «ахроматты түс» деп атайды, бірақ, ол «қара мысық» немесе «қара сыр» сияқты түсініктерде кездескендіктен түс деп белгіленуге келеді. Қара түс көзге көрінетін бағытта жарықтың болмауы. Жарықты тойтарғаннан жұтуы көбірек реңктерді «түсі қара» деп атайды. Және де қара реңк бірнеше жарықты жұтатын реңктердің қосындысынан пайда болады. Егер үш түрлі реңктерді белгілі бір мөлшерде араластырса, одан шыққан нәтиже қара түс болады. Әлем мәдениетінде. Қара түс беделдің және байыптылықтың түсі болып саналады. Жапон мәдениетінде "kuro" (қара) ақсүйектіліктің, егделіктің және тәжірибеліктің белгісі болып саналады, ал "shiro" (ақ) қарасүйектіліктің, жастықтың және аңғырттықтың белгісі. Шығыстың төбелес өнерлерінде, мысалға Шотокан каратэде, қара түсті белбеу жетістіктің, үлкендіктің белгісі болса, ақ белбеу одан төмендеу дәрежені көрсетеді. Бұл дәрежелер дан деп аталады. Қара түс арабтардың Аббасид халифтері түсі болды, Араб мемлекеттерінің туларында қара түстің жиі қайталануының себебі осында жатыр. Баск елінің автономдық полициясының жауынгерлері униформаларының түстері үшін "beltzak" («қара түстілер») деп аталады. Британ Әскерінде "Black Watch" (Қара Сағат) жоғарғы марапат болып саналады. Қазақ халқының мәдениетінде. Қара түс халықтың ауыз және жазба әдебиетінде кездеседі. Мысалға, қара деп халықты айтса, қарақұрым деп жиналған қауымды айтады. Қара сөзін адамның есімі қылып жалғайды, мысалға Қарабай. Күнбағыс. Күнбағыс (- күрделі гүлділер тұқымдасына жататын бір жылдық мәдени өсімдік. Шыққан жері - Солтүстік Америка. Қазақстанды 2 түрі бар: жер алмұрты және бір жылдық К. (Н. annuus). Күнбағыстың биікт. 2 м-дей, сабағы тік, жуан өзегі қуыс, сырты қалың түкті, кіндік тамыры тармақты, 2 - 3 м тереңдікке бойлайды. Үлкен жалпақ жапырағы сабақта кезектесіп орналасады. Гүл шоғыры көп гүлді себет. Оның сыртын бір немесе бірнеше қатарға орналасқан гүл жапырақтары қоршаған. Бұлар өсімдік гүлін сыртқы қолайсыз жағдайдан сақтайды. Себеттерінің диам. 10 - 60 см-ге дейін жетеді. Себеті күн көзі бойымен бұрылып отырады. Жемісі — тұқымша, онда 22 — 27% май болады. Дәнінен сұйық күнбағыс майы алынады. Өсімдік майының 90%-ы осы өсімдіктің дәнінен алынады, сыққаннан кейінгі дәніне қант қосып, сығымдап, тамаққа қолданылатын тәтті тағам жасалынады. Сары желегін медицинада пайдаланады. Күлінен сахар алады, онда 30 — 36% калий тотығы бар. Күнбағыс күнжарасында — құнарлы мал азығы, онда 38%-дан астам ақуыздық зат, 20 — 22% көмірсу және 6%-дай май бар. Күнбағысты бұршақ өсімдіктерге қосып сүрлемдік дақыл ретінде өсіреді. 100 кг көктей орылған Күнбағыс құрамында 18 азық өлшемі, 1,4 кг сіңімді протеин бар. Көктей шабылған Күнбағыс га-нан 400 — 500 ц балауса азық алынады. Қазақстанның солт., шығыс аудандарында ерте және тез пісетін саратовтық 10; 169, шортандылық — 41, қостанайлық — 91, т.б. сорттары аудандастырылған. Осы сорттардың 1 га-нан 10 — 12 ц күнбағыс майы алынады. К-тың негізгі зиянкестері: сым-құрт, күнбағыс қан көбелегі, т.б.; аурулары: боз шірік, сұңғыла, т.б. Тарихы. Еуропалықтар тұңғыш рет күнбағысты Американы ашқан кезде Мексиканың кең байтақ жазықтарынан көрген. Олар күнбағысты Еуропаға бұдан төрт жүз жыл бұрын алып келді. Оны «күн гүлі» деп атады. Қазір күнбағыс – біздегі ең кең тараған майлы дақыл. Әрине, ол өзінің жабайы арғы тегіне аздап қана ұқсайды. Мәдени күнбағыстың себеті ірі. Онда 7 мыңға тарта дән болады. Сонымен бірге мәдени күнбағыстың сабағы 4 метрге дейін жетіп, оның жуандығы білектей болып өседі. Үй тұрмысында ол дәнін шағып жейтін шекілдеуік болып қалып отыр. Бірақ күнбағыстың беретін басты нәрсесі – оның жақсы майы. Күнбағыс дәнінен май сығып алғаннан кейін одан күнжара қалады. Күнжараны жылқы, сиыр, қойлар жейді. Сабағын турап, булап шошқаға береді. Себетін кептіреді де ұнтақтайды, ол да – жақсы мал азығы. Күнбағыстың кейбір сорттарын сүрлем үшін егеді. Бұл жағдайда оны дәні піспей тұрып көктей орады. Қашқаргүл тәрізділер. Қашқаргүл тәрізділер (), немесе ескі атауы Күрделі гүлділер () — қос жарнақты өсімдіктердің бір тұқымдасы. Таралуы. Дүние жүзінде кең тараған, 1300 туысқа бірігетін 25 мыңнан астам түрі бар. Қазақстанда 140 туысы, 700-дей түрі кез-деседі. Қоңыржай аймақта — шөптесін өсімдік, шала бұта түрінде, тропикте — шырмауық, бұта, кейбір түрлері ағаш түрінде өсетін бір, екі не көп жылдық өсімдік. Сипаттамасы. Жапырақтары әдетте кезектесіп, кейде қарама-қарсы орналасқан, пішіні әр түрлі. Ұсақ гүлдері себет гүл шоғына топтанған. Бірнеше гүлі бір гүл тәрізді жұмырлана топтанған түрі де кездеседі. Гүлі қос не дара жынысты, жыныссыз түрі де болады. Тостағаншасы жойылып кеткен немесе айдарша тәрізді. Күлтесі біріккен, осыған орай гүлі түтік тәрізді, қос ерінді. Аталығы 5, аналығы 1, жемісі тұқымша, эндоспермсіз. Шаруашылық маңызы. К. г-дің шаруашылық маңызы зор. Бұлардың арасында каучуктылары (мыс., көксағыз, гвайюла, жерсағыз, т.б.), көкөніс түрінде пайдаланылатын (мыс., ассүттіген, бөрікгүл, шашыратқы, т.б.), мал азықтық (мыс., жер алмұрты), май алынатын (күнбағыс, мақсары, т.б.), әсемдік үшін өсірілетін (қошқаргүл, нарғызгүл, хризантема, қырмызыгүл,барқыт шөп, әсел, т. б.), дәрілік маңызы бар (түймедагы, арника, дермене, андыз, итошаған, т.б.) түрлері кездеседі. К. г-дің арам шөп (шоңайна, қалуен, түйетікен, у кекіре, гүл кекіре, тікенқурай, ошаған, бақ-бақ, түйме-шетен, ақбас жусан, жусан, лаңса, т. б.) түрлері де бар. Қарлығаш (құс). Қарлығаш (Hirrundinidae) — торғай тәрізділер отряды, әнші торғайлар тобының тұқымдасы. Арктика мен Антарктидадан басқа аймақтарда кеңінен таралған, 20 туысқа бірігетін 79 түрі бар. Қазақстанда 5 түрі (жар қарлығашы, құз Қарлығашы, қосреңді Қарлығаш, секпілтөс Қарлығаш, кент Қарлығашы) кездеседі. Қарлығаштың тұмсығы қысқа, тұмсығының түбі кең, езулерінің арасы алшақ. Қанаттары жіңішке әрі ұзын. Дене бітімі ерекше сымбатты. Саусақтары қысқа, әрі әлсіз, жерде жүруі ебедейсіз. Қ-тың қауырсыны тығыз, жотасы қара түсті жылтыр. Сыртқы түрінен еркегі мен ұрғашысының айырмашылығы байқалмайды. Дене тұрқы 9—23 см, салм. 10—60 г. Қарлығаш өте жақсы ұшады, тіршілігінің көп уақытын ауада ұшып жүріп өткізеді. Су үстінен ұшып бара жатып-ақ су іше береді. Ұшып жүріп қорегін ұстап жейді. Дауысы онша қатты емес. Қарлығаш ұясын саз балшықтан сілекейімен араластырып бекем етіп жартас қуыстарына, жағалаудағы жарға, үй ішіне, кейде ағаш басына да салады. Ұясы жарты ай немесе түбі кең, аузы тар құмыра пішінді. Ұясының түбіне қауырсыннан, т.б. заттардан жұмсақ төсеніш жасайды. Ашық ұядағы жұмыртқа қара теңбілді шұбар, жабық ұядағы жұмыртқа ақ түсті болады. Жылына 1, кейде 2 рет 3—7 жұмыртқа салып, балапан басып шығарады. Балапандары қызылшақа болып туады. Қорегі көбіне ұсақ жәндіктер. Ашық күндері биіктеп ұшады да, ауа райы жауын-шашынды болар алдында жер бауырлап ұшады. Сондықтан да қарлығаштың ұшу ерекшелігіне қарап ауа райының өзгерісін алдын-ала болжауға болады. Сұр қарлығаш сағатына 170 км жылдамдықта ұшады екен Қарлығаш (би). «Қарлығаш» — А. Жұбановтың «Қарлығаш» әнінің желісімен орындалатын қазақ биі. Биді 1944 жылы балетмейстер Ю.П. Ковалев «Абай» операсында алғаш қойды. Муз. өлшемі 2/4. Ырғағы баяу, лирикалық сазды. Би сюжетінде сүйген жігітін күткен қыздың жабырқаған кө-ңілін құрбылары жұбатып, оны ақыр соңында жігітімен табыстырады. Бұл биді эстрада бишілері мен әуесқой ансамбльдер жиі орындайды. Қарлығу. Қарлығу, дисфония (грек. dys және рһоnе — дыбыс, дауыс) — дауыстың бұзылуы, бәсеңдеуі. Бұл — көмекейдің өткір, созылмалы аурулары салдарынан дыбыс жалғамаларының зақымдалуымен аяқталатын әр түрлі кеселдер. Мыс., қабыну, көмекей обыры, т.б. Қарлығу кезінде көмекейден дыбыс шығу қиындап, дыбыстың ырғағы бұзылады, дауыс бәсеңдеп, дірілдеп, сыбырлау дәрежесіне дейін жетуі мүмкін. Қарлығу ларингит сияқты көмекейдің қабыну кеселінде, дыбыс жалғамаларының ісініп, қалыңдауында, сол сияқты дыбыс жалғамалардың сөйлеу барысында толық ашылып жабылмауына байланысты болады. Дыбыс жалғамалары ісінуіне, домбығуына, зақымдалуына дәрі-дәрмектердің әсерінен туатын аллергиялық реакциялар да себеп болады. Науқасқа мезгілінде сапалы ем қолданылса, Қарлығу тоқтап дыбыс та, дауыс та орнына келеді. Дыбыс жалғамаларын операциядан кейін тыртық басса немесе туберкулез, мерез, т.б. жұқпалы аурулармен ауырса, адам дауысында Қарлығу сақталып қалады. Зардұштшылық. a> - Зардұштшылық дінінің негізгі рәмізі Зардұштшылық - отқа табыну дінінің есімі оны бастаушысы Зардұшт атына байланысты қойылған. Бұл дін Зардұшта пайғамбардың насихаттық кітабі Авестада айтылған Ахұра Мазда ұғымын өзек етіп өрбиді. Кейде бұл дінді "Маздалық дін" деп те атайды. Зардұштшылық діні әлде бір жаратушы бар екенін, от оның бейнесі екенін айтады, сол үшін де олар маздаған отқа табынады. Авестадағы басты ұғым "Мазда" қазақ тіліндегі "маздаған" отпен байланысты дейді, қазақ этимологтары. Ол ғана емес, батыс тіл танушылары үшін түсініксіз болып келген Авеста сөздері қазақ тілінде, түп түркілік тілнде өзінің әуелгі мағынасын шығарып сарнап кетеді. Сондықтан да Авеста зерттеуші қазақ ғалымдары қазақ аңыздарында айтылатын Бабай түкті шашты әзіз бабаны осы Зардұшт пайғамбармен бір адам деген ойды алға қояды. Сөлжа-қала. Сөлжа-қала (,) — Ресей Федерациясы құрамындағы Шешен Республикасының елордасы. 1998—2000 жж. Ичкерия Шешен Республикасының тұңғыш президенті Джохар Дудаев (1996 ж. Ресей әскерлері өлтірген) мәртебесіне Джохар-қала () деп аталды. Wikimedia Ортаққоры. Wikimedia Ортаққоры () - суреттер, бейнелер, дыбыс жазбалар және тағы басқа таспалар мен файлдар орталықтандырылған жалпы арқауы. Түрік қарулы күштері. Түрік қарулы күштері (ТҚК) (немесе TSK) — Түрік республикасының Түрік армиясынан, Түрік әскери теңіз күштерінен (оған теңіз авиациясы мен теңіз жаяу әскері кіреді) және Түрік әскери әуе күштерінен тұрады. Түрік жандармериясы және Түрік жағалау қарауылы бейбітшілік кезеңде ішкі қауіпсіздікті сақтау міндетін атқарып, түрік ішкі істер министріне бағынады. Соғыс кезінде болса олар армия мен флотқа бағынады. Екеуінің де заңдылықты қорғау және әскери міндеттері бар. 2006 жылғы тамыздың 28-нен бері Түрік қарулы күштері Бас штабының басшысы болып генерал Яшар Бүйүканыт қызмет атқарып келеді. 1952 жылғы ақпанның 18-інде НАТО әскери одағының мүшелігіне қабылданғалы бері Түркия Республикасы өзінің қарулы күштерін жаппай модернизациялау бағдарламасын бастады. 1980-ші жылдардың аяғында екінші қайта құру үрдісі басталды. Әскери қызметшілерінің жалпы саны 1 054 750 адамға жететін ТҚК саны жағынан НАТО-да екінші орында (Құрама Штаттардан кейін) Қазіргі кезде Кипрдың солтүстігінде 36 700 әскер орналастырылған. Еуропалық Одақ ресмилерінің айтуынша, Түрік қарулы күштерінің Еуроодақтың әскери құрылымдарына қосылуы Еуроодақтың нағыз ғаламдық күш және супердержаваға айналуына септігін тигізеді. NATO officials also state that the modern day Turkish Armed Forces are "very experienced and well-trained". Түркия республикасының негізі қалануы. Түрік әскері Бірінші Дүниежүзілік соғыстан кейін құлаған Османлы империясының әскери күштерінің қалдықтарынан бастау алады. Мұстафа Кемаль Ататүріктің бастауымен пайда болған түрік ұлтшылдығының ықпалымен Түрік тәуелсіздік соғысында жеңіске жетіп, Түркия республикасы жарияланып, Түрік әскері ұйымдастырылды. Екінші Дүниежүзілік соғыс. Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде Түркия бейтараптылықты ұстанып, соғысып жатқан екі жақтан да бірдей дәрежеде алшақ болуға тырысты. 1943 жылы өткен Екінші Қаһира конференциясында Франклин Рузевельт, Уинстон Черчилль және Ісмет Інөнү Түркияның одақтастарға қосатын үлесі туралы келіссөз жүргізіп, Түркия өзінің бейтараптылығын сақтай беруге, осы арқылы Германия және оның одақтастарының Таяу Шығыстағы мұнай қорларына қол жеткізулеріне кедергі болуға тиіс деп келісті. Түркия Германия және оның одақтастарымен әскери қақтығысқа еш түспесе де, соғыс бойы түрік қарулы күштері тойтарыс беруге дайындық жағдайында болып өтті. Суық соғыс кезеңі. In 1950 Turkey participated in the Korean War as a member state of the United Nations and suffered 731 deaths in combat. 1950 жылдардың басында Түркия Корей соғысына Біріккен Ұлттар Ұйымының мүше елі ретінде қатысты. 731 адам шығынына ұшырады. Түркия 1952 жылғы ақпанның 18-інде НАТО мүшесі болып, өзінің қарулы күштерін модернизациялай бастады. 1974 жылы шілде айында Түрік қарулы күштері Кипрде EOKA-B ұйымдастырған және Никос Сампсон жетелеген, демократиялық жолмен сайланған президент Макариосты орнынан қуған және Грекия мен Кипрдың арасында саяси бірлік орнатуды мақса етіп қойған әскери путчты басуға қатысты. Ол путч Афиныдағы билік басындағы әскери хунтаның қолдауымен жүзеге асырылған болатын. Кипрдегі текетірес 1974 жылдың тамызына дейін жалғасып, аралдың іс жүзінде екі бөлікке: солтүстігіндегі түрік және оңтүстігіндегі грек бөліктеріне бөлінуімен аяқталды. Түркия әлі де Кипрде өз әскерлерін сақтап келеді, себебі бұл мәселенің саяси шешілуінің әлі де ауылы алыс, ал түрік кипр халқының көптеген мүшелері 1963-1974 жылдар арасында болған грек киприоттармен болған қақтығыстардың қайталануынан қауіптенеді. 2004 жылы ұсынылған Кипрді біріктіруді мақсат етіп қоятын Аннан жоспарын түріктер қабылдады, бірақ гректер арал халқының 1/5-ін ғана құрайтын түріктерге тым көп жеңілдіктер береді деген уәжбен қабылдамай тастады. Модернизация. 1980-ші жылдардың соңына қарай Түрік қарулы күштерінде қайта құру және модернизация үрдісі басталды, ол әлі де жалғасуда. Түркияның бұндағы мақсаты — әскери құрал-жабдықтарды өзі шығара алатындай болып, әскери технологияларды барынша көп тәуелсіздікке қол жеткізу. Қызметтері және қорғаныс доктринасы. Түркия өте маңызды және қақтығыстары мол, түрлі-түрлі саяси режимдері, экономикалық жүйелері және әскери қуатты мемлекеттер орналасқан аймақта орналасқан. Түркияның Қара, Эгей және Жерорта теңіздерімен, Балқан түбегі, Кавказ, және Таяу Шығыс секілді аймақтармен шектесетін стратегиялық маңызы жоғары жерде, Еуропа, Азия және Африка құрлықтарының халықаралық геостратегиялық сызықтары және жолдары тоғысатын жерде орналасқан. Түрік бұғаздарын өз бақылауында ұстап тұрған Түркияның Суец каналын да өз бақылауына алуға, яғни бүкіл аймақтағы теңіз қатынасына әсер етуге қауқары жетеді. Еуропадан Таяу Шығыстың орасан зор энергия қорларына апаратын жол Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Анатолия арқылы өтеді. Түркиямен көршілес аймақтарда көптеген түбегейлі өзгерістер болып жатыр, сол өзгерістермен бірге жаңа қауіп-қатерлер де келуі мүмкін. Түркияның байсалды саясаты мен қуатты әскери күші бүкіл аймақтың тұрақтылығына оң әсерін тигізуде. Осы белгісіздіктің жағдайында Түркияның қауіпсіздігіне тек қана түрлі режимдер мен әскери күштер ғана емес, саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақсыздықтар, шекара даулары, билікке талас және лаңкестік те қатер төндіреді деп саналады. Аймақтық дағдарыстарға тойтарыс берумен бірге Түрік қарулы күштері саяси билік орындарының шешімімен жаһандық бейбітшілікке төнген қауіпкеде тойтарыс беруге дайын болуға тиіс. Ататүрік жариялаған "«Елде тыныштық, жаһанда тыныштық»" қағидасын қатаң ұстанатын Түрік Республикасының Қарулы күштері басқыншылық әрекеттерден үзілді-кесілді бас тартады, бірақ түрік мемлекетінің тәуелсіздігі мен қауіпсіздігіне, түрік ұлтының ар-намысына қатер төнген жағдайларда әрекет етуге дайын. Түркия қатысатын мемлекеттік ұйымдармен бірге де солай етуге дайын. НАТО одағының мүшесі ретінде Түркия республикасы өзінің одақтастарына әскери көмек беруге және ғаламдық бейбітшілікті қорғауға дайын. Түркия НАТО елдерімен бірге қорғаныс саласында ынтымақтастық жасасып, қарусыздану және қаруды бақылау астына алу бастамаларын қолдайды. Түркия ешқандай елдің қауіпсіздігіне нұқсан келмеуі үшін ғаламдық қарусызданудың тиімді бақылау тетіктерін ұйымдастыруды қолдайды. Көптеген дау-жанжалдарға толы аймақта орналасқан Түркия НАТО-ның қорғаныс тізбегінің бір ұшы ретінде қуатты ұлттық қорғаныс қабілетіне және кез келген қатерге тойтарыс бере алатын қуатты әскерге ие болуы өте маңызды. Түркия республикасының Қарулы күштері әскер, әскери теңіз флоты және әскери әуе күштерінен тұрады. Жандармерияның бас басшылығы және Жағалау қорғанысының басшылығы бейбітшілік кезінде ішкі қауіпсіздік қызметтерінің бөлігі ретінде қызмет етеді, ал соғыс кезінде тиісінше құрлық және теңіз күштерінің басшылығына бағынады. Бас штабтың басшысы әскери күштердің қолбасшысы болып табылады. Соғыс кезінде ол Президенттің атынан Бас қолбасшы қызметін атқарады. Қарулы күштерді басқару, әскерді жабдықтау, дайындау, ұйымдастыру, операциялар, барлау жұмыстарын өткізу — Бас штабтың құзырында. Сонымен бірге түрік Бас штабы Түрік қарулы күштерінің НАТО мүшелерімен және басқа да достас елдермен байланыстар жүргізеді. Әскер. Түрік құрлық әскері дүние жүзіндегі ең үлкен әскерлердің бірі және НАТО мүшелерінің арасында екінші орында. Түрік әскері қысқа мерзімнің ішінде 50 000 адамдық әскери құраманы бірлескен операция өткізуге жібере алады. Әскер күн-түні бірден алты батальоннан жібере отырып әуе арқылы шабуыл операцияларын жүргізе алады. Әскери әуе күштері. Түрік әскери әуе күштері дүниедегі ең алғашқы ұйымдастырылған әскери әуе күштерінің бірі. Оның әуе флоты НАТО әскерлерінің ішіндегі ең үлкендерінің бірі. Оның тарихында көптеген әуе шеберлері Түрік әскери әуе күштерінде қызмет еткен, соның дүниедегі ең алғашқы жойғыш ұшақтың ұшқышы Сабиха Гөкчен. Әуеде жанармай толтыру ұшақтарымен жабдықталған ТүӘӘК кез келген құрлықта операциялар мен жаттығуларға қатысып, базаларына қайтып келе алады. Әскери теңіз флоты. Түрік әскери теңіз флоты ғасырлар бойы Жерорта теңізіндегі ең қуатты теңіз күштерінің бірі болып келді. Қосымша кемелерінің көмегімен Түрік әскери теңіз флоты дүниенің кез келген мұхиты немесе теңізінде операциялар немесе жаттығулар өткізе алады. Сүңгуір қайықтары 15 000 теңіз милясы қашықтығына сапар шегіп, өз тұрақты базаларына қайтып келе алады. Жандармерия. Түрік жандармериясы жай полиция күштерінің құзырынан тыс аймақтарда заңдылық пен тәртіп сақтаумен айналысады. Жағалау қорғанысы. Түрік жағалау қорғанысы түрік территориялық суларында заңдылық пен тәртіп сақтаумен айналысады. Қарулы күштердің Түркия саясатында атқаратын ролі. Мұстафа Кәмәл Ататүрік 1923 жылы қазіргі зайырлы Түрік Республикасының негізін қалағалы бері Түрік қарулы күштері өзін ресми идеологияның, кемализмнің сақтаушысы ретінде қарастырып келді. ТҚК қазіргі таңда да түрік саясатына және түрік ұлттық қауіпсіздігіне қатысты мәселелерде зор ықпалға ие. Қарулы күштер бірнеше рет саясатқа араласқан. Тіпті 20-шы ғасырдың екінші жартысында бірнеше рет билікті өз қолына алып отырған. Ол 1960, 1971 және 1980 жылдары мемлекеттік төңкерістер ұйымдастырды. 1997 жылы исламшыл бас министр Нежмеддин Ербаканның билік басынан кетуге мәжбүр етті. 2007 жылғы сәуірдің 27-сінде, 2007 жылы қарашаның 4-інде болуға тиіс президент сайлауының қарсаңында әскер өзінің көзқарасын білдіретін мәлімдеме жасады. Ол мәлімдемеде әскер өзінің зайырлы мемлекетті қолдайтынын, исламшылдықтың Түркия Республикасының зайырлы жүйесіне және Мұстафа Кәмәл Ататүріктің берген бағытына қарсы деп санайтынын білдірді. Әскердің мәлімдемесінің соңында Түрік Атазаңының зайырлы бағыты өзгертілер жағдайда араласуға дайын екені туралы ескерту және "«Түрік қарулы күштері Түркия Республикасының бағыт-бағдарын қорғайтын заңдардың негізінде өздерінің міндеттерін орындаудан жалтармайды»" - деп айтылды. Гуманитарлық көмек. Түрік қарулы күштері табиғи апат орын алғанда көмек жұмыстарын жүргізе алады. 1999 жылы Түркияның Мармара аймағындағы Ізміт зілзаласынан кейін көптеген жұмыстарды атқарды. Түрік әскери әуе күштері дүниенің кез келген нүктесінде төрт батальондық құрама жіберіп көмектесе алады. Арал. Арал — су қоршаған жер, атау. Су тасқыны кезінде де судан жоғары болып тұрады. Арал — түгелдей сумен қоршалған құрлықтың бір бөлігі. Құрлыққа қарағанда аралдың ауданы шағын келеді. Жаратылысына қарай құрлықтық және дербес, ал тұрған ортасына қарай мұхиттық, теңіздік және өзендік болып бөлінеді. Жер шарындағы аралдардың жалпы аумағы 9,9 млн. км2-ге тең немесе Еуропа құрлығының ауданымен шамалас келеді. Дүние жүзіндегі ең үлкен арал – Гренландия (2,18 млн. км2). Қазақстандағы ең үлкен арал – Арал теңізіндегі Барсакелмес аралы болған еді. Меһметшік. Меһметшік — түрік әскерлеріне халықтың берген лақап аты. Кең тараған түсіндірме бойынша, "Меһмет" есімі түріктердің арасында кең тарағандықтан және Түркия Атазаңы бойынша жасы 20-ға жеткен әрбір түрік азаматы (еркек жынысты) әскери қызмет атқаруға тиісті болғандықтан олар «жас Меһмет» немесе «Меһметшік» («кішкене Меһмет») деп атала бастаған. АНЗАК қойнауында қойылған ескерткіште Ататүріктің сөздері келтірілген. Сонда оның «мына Джоннилер мен Меһметтер» деген сөзі сақталған. Меһмет есімі Мұхаммед есімінен келіп шыққан. Күн батареясы. Күн батареясы, фото-электрлік генератор — Күн сәулесінің энергиясын электр энергиясына айналдыратын шала өткізгішті фотоэлектрлік түрлендіргіштен (ФЭТ) тұратын ток көзі. Көптеген тізбектей-параллель қосылған ФЭТ-тер Күн батареясын қажетті кернеу және ток күшімен қамтамасыз етеді. Жеке ФЭТ-тің электр қозғаушы күші 0.5 — 0.55 В және ол оның ауданына тәуелді емес; 1 см2 ауданға келетін қысқа түйықталу тогының шамасы 35 — 40 мА. Күн батареясындағы ток шамасы оның жарықтану жағдайына байланысты, күн сәулелері Күн батареясы бетіне перпендикуляр түскенде ол ең үлкен мәніне (максимумына) жетеді. Қазіргі Күн батареясының п. ә. коэфф. 8-10%, олай болса 1 м2 ауданға (ғарыш аппаратының Күннен қашықтығы 150 млн. болған кезде) келетін қуат ~130 Вт-қа тең. Температура жоғарылаған сайын (25oС-ден жоғары) ФЭТ-тегі кернеудің төмендеуіне байланысты Күн батареясының п. ә. коэфф. кемиді. К. б-ның жиынтық қуаты ондаған тіпті жүздеген кВт-қа жетеді. Күн батареясы ғарыш кемелері мен аппараттарында энергиямен жабдықтау жүйесіндегі негізгі электр энергиясының көзі ретінде қолданылады. Күн батареясы сондай-ақ, тұрмыс пен техникада қолданылатын көптеген бұйымдарды (калькулятор, қол сағаты, т.б.) токпен қоректендіру көзі болып табылады. Күрделі зат. Күрделі зат - молекулалары әр түрлі элементтердің атомдарынан құралған заттар. Мыс., су Н2О молекуласы сутектің екі атомынан және оттектің бір атомынан; күкірт қышқылы Н25О4 молекуласы сутектің екі, күкірттің бір және оттектің төрт атомдарынан құралған. Жай заттан кұрамы арқылы ажыратылады. К. з-ты "химиялық қосылыстар" деп те атайды. Кирил таңбалары (Юникод). __TOC__ Юникодта кирил әріптері екпін таңбасыз, дегенмен екпінді дауыстылардың соңына codice_10 («combining acute accent») деген таңба үстелінеді (мыс.,). Тағы да Ресей аз санды халықтарына керек кейбір дәйектелінген әріптер жоқ, сонда да бұларды қоспа етіп қолдануға болады (мыс.,). Айтматов, Шыңғыс. Шың­ғыс Айтматов (,; 1928 ж. желтоқсанның 12 Шекер, Қыр­ғыз АКСР — 2008 ж. маусымның 10, Нүрнберг, Алмания) — ойшыл гума­нист, данагөй, қазақ-қыр­ғызға ортақ халық жазушысы, Социа­листік Еңбек Ері, КСРО мемлекеттік сыйлығының үш мәрте иегері және Лениндік сыйлықтың лауреаты. Шыңғыс Айтматовтың бүкіл шығармашы­лы­ғы мен өмірі бастан-аяқ қазақ хал­қымен тығыз байланысты болды. Сонау «Жәми­ла­дан» бастап, әлемге та­ны­мал «Қош бол, Гүлсары», «Ақ кеме», «Ғасыр­дан да ұзақ күн», «Жанпида» сияқты бар­лық шығар­маларындағы көркем образдарының рухы мен мінезі қыр­ғыздан гөрі қазаққа өте-мөте жақын еді. Жазушының өзі де қазақ ауылымен іргелес, қоныстас жерде туып-өскен. Әкесі Төреқұлды Тұрар Рыс­құлов қо­лы­нан жетектеп жүріп, Ташкент­ке оқуға түсірген. Кейін қырғыздың көр­некті қоғам қайраткері болған, 1938 жы­лы «халық жауы» ретінде атылып кет­кен Төреқұл Айтматов Т. Рысқұлов­тың тіке­лей тәрбиесін көрген шәкірті болған. Мұхтар Әуезовті өмір бойы пір тұтып өткен жазушы жазып жатқан жаңа шығармасын Жуалы топырағынан баста­мақ болған еді. Қазақстандағы БТА банк­тің құр­метті президенті болып та­ғайындалған. Жазу­шының кандида­турасын жақында түр­кітілді елдердің мәдениет министр­лерінің кеңесі (TÜRKSOY) түрік әлемі­нің атынан Нобель сыйлығына ұсынған-ды. Және Ш. Айтматов түркі әлемінің дамуына қосқан ерекше үлесі үшін TÜRKSOY тағайындаған халықаралық көрнекті сыйлықтың тұңғыш лауреаты атанған. 2008 жыл Қырғызстанда Айтматов жылы болып жарияланғаны белгілі. Осы жылдың желтоқсан айының 12-де 80 жасқа толатын жазушының мерей­тойы халықтық мереке ретінде тойлан­бақ еді. Жоғарыда айтқан TÜRKSOY сыйлығы осы 80 жылдық мерейтойына орай тапсырылмақ еді. Тағдыр оны ке­мең­гер жазушыға тірі көруді жазбапты. 2008 жылы маусымның 10 күні «Адамзат­тың Айтматовы» атанған Айтматов 79 жасын­да Алмания­ның Нүрнберг қаласын­дағы аурухана­да бүйрек ауруынан қайтыс болды. Жазушының мүрдесі маусымның 14 Бішкек 10 км маңындағы Чон-Таш (Шын-тас) ауылындағы «Ата-Бейіт» ме­мориалды-мұражай кешеніне қойы­л­ды. Сол күн Қырғызстанда ұлттық қайғылқ деп жарияланды. Латын таңбалары (Юникод). «Кеңейтім» ауқымдарда көбінесе алдын-ала терілген дәйектер бар, бұлар жалғамалы дәйектер арқылы баламалы кодтану мүмкін. Тағы да бұнда әртүрлі африкан тілдері (соның ішінде Latin Extended-B ауқымындағы шертпек нышандар) және виетнам тілі (Latin Extended Additional) емлелеріндегі кейбір лигатуралар бар. Latin Extended-C ауқымында ұйғыр кеңейтімдері және Клаудий әріптері бар. Latin Extended-D ауқымында орта ғасырлар зерттеушілерге арналған таңбалар бар. Сыртқы сілтемелер. Unicode Колон, Кристобал. Кристобал Колон (;) (1451 ж. қазанның 29 — 1506 ж. мамырдың 20, Вальядолид, Испания) — әйгілі жиһанкез және саудагер. Генуяда туылған. 1476 - 84 жж Лиссабонда, португалиялық Мадейра және Порту - Санту аралдарында өмір сүрген. Солтүстік Атлант мұхитына жүзуге қатысқан. Oл бір уақытта Америкаларды ашқан бірінші еурoпалық деп есептелген, бірақ қазіргі уақытта Америкаларды oннан бұрын викингтер ашқаны белгілі. Кристобал Колон Жер шар фoрмасында екендігін біледі, бірақ oның қаншадай үлкендігі бар туралы хабары бoлмайды. Маркo Пoлoның Қытайдың шығысынан теңіз тапқанын есіткен еді, және бұл теңіз Еуропаның батысында жайласқан теңіздің өзі деп есептеген еді. Тынық мұхит және Америкалар туралы ешқандай мағлұматқа ие емес еді, және де Атлант мұхиты тура Қытайға алып бармайтынын білмейтін еді. Арагон мен Кастилия патшасы Фернандо ІІ Арагoн және патшайымы Изабелла І Кастилия бұйырығымен оларға дәмдеуіштер және алтын алып келуді қалады. Үндістан мен Қытайға қысқа жoл табу үмітімен Атлант мұхитын кемемен жүзіп шығады. Саяхатының ақырында Кристобал Колон бірнеше аралдарды кездестіреді де және Шығыс Үндістанға жетіп келдік деп oйлайды. Сoл үшıн жаңа ашылған жердегі жергілікті халықты «үнділер» деп атаған. Не барлығы Кристобал Колон Америкаларға төрт мәрте саяхат қылған. Колумб Испаниядағы 7 жыл соғыс болған жердегі банкирлер мен саудагерлерге сүйеніп, дүние жүзіндегі мұхиттарға экспедиция жасайтын арнайы топтың жетекшісі болады. Ең алғашқы экспедиция 1492 - 93 жылдар аралығында 90 адам, 3 кемемен (Санта - Мария, Пинта, Нинья) 3 тамыз 1492 ж. Палос аймағынан Атлант мұхитын іздеуге шықты. 15 наурыз 1493 ж Колумб Испанияға қайта оралды. Ал 2-ші экспедиция 1493-96 жж 1500 адаммен Кадистан жолға шығады. 3 қараша 1493 ж Доминика, Гваделупа, Антигуа мен Виргин аралдарын, 19 қарашада Пуэрто Рико, 5 мамырда Ямайка елдерін ашқан. 1496 ж 31 шілдеде Ипанияға оралады. Ал 3-ші экспедицияда олар 1498 - 1500 жж 300 адаммен мамыр айының соңында Тринидад, 1 тамызда Оңтүстік Америка жағалауын, 15 тамызда Маргарита аралдарын ашқан. 4-ші экспедиция барысында 1502 - 1504 жж Америка материгін ашқан. 7 қараша 1506 ж. Христофор Колумб өмірден өтті. Зерттеулері бүгінгі күнге дейін қолданылып келе жатыр. Екі Американың көп жерінде аты қалған: Колумбус қаласы (АҚШ), Британ Колумбиясы (Канада) т.б. Кoлумбия мемлекеті де oның мәртебесіне аталған. Кристобал Колон туған жері. Кристобал Колон келіп шығу туралы көп тартыстар бар. Көпшіліктің oйлауы бoйынша oл Италияның Дженоуа(Генуя) қаласында туған. Сарапшылар Кристобал Колон туған жері туралы көп мағлұматтар зерттеген, бірақ осы уақытқа шейін ақырғы шешімге келмеген. Сүлейменов, Олжас. Олжас Омарұлы Сүлейменов (1936) — орыс тілді қазақ ақыны, тілтанушы, саясаткер, ядролық қару-жарақтарды жаппай қолдануға қарсы тұрушы, Төтенше және Өкілетті Елші. Соңғы кездері қазақ тілінің қарқынды дамуына қарсы көзқарасымен қалың қазақ арасында сенімін жоғалтқан. Өміpбаяны. 1936 ж. Мамырдың 18 Алматыда дүниеге келген. 1959 ж. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Геология факультетін, кейін А.М. Горький атындағы Әдебиет институтын бітіреді. 1962—71 жж. Казахстанская Правда ұнжариясының әдеби қызметкері, Қазақфилм киностудиясы сценарлық-редакцялық алқасының бас редакторы, Просторжурналының бөлім меңгерушісы болып жұмыстар атқарады. 1971—81 жж. Қазақстан жазушылар одағы басқармасының хатшысы, сонымен бірге 1972 ж. Азия-Африка елдері жазушыларымен байланыс жөніндегі Қазақстандық көмитеттің төрағасы болды. 1981—83 жылдары Қазақ КСР кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы. 1983—91 жылдары Қазақстан жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы болды. 1989 ж. ақпанында халқаралық Невада-Cемей ядролық қаруға қарсы қозғалысының президенті болды. 1991 ж. қазанынан Қазақстан Халық конгрессі партиясының төрағасы, құрметті төрағасы болды. 1994 ж. сәуірде шақырылған ҚР Жоғарғы кеңесі төрағалығына ұсынылады, мәжілісте өз үміткерлігін талаппен алып тастайды. 1994—95 жж. ҚР Жоғарғы кеңесінің Қоршаған орта және табиғатты пайдалану комитетінің мүшесі. 1995 ж. тамызынан бастап ҚР Италия республикасындағы, 1996 ж. сәуірінен Грекия республикасындағы, сондай-ақ Мальта республикасындағы төтенше және өкілетті елші міндетін атқарды. Зерттеулері. Олжас тілтанушы ретінде көбінекей көне түркі тілін зерттеді, әсіресе шумерлер және шумер тілі туралы зерттеулері батыс ғалымдарының көне тіл үнді-еуропа тілдерінен бастау алады дейтін қасаң теориясына пәрменді соққы берді. Ақындығы. "«Біз жаңаша өлең жазуды Олжастан үйрендік»" дейді — Сергей Марков, бұл болса Олжас өлеңдерінің тынысы өзгешелігін әйгілегендей. 1961 жылғы тырнақ алды жинағы «Арғымақтар» кітабінан бері ол жиырма шақты жыр жинағына аутор болды. "«Халықтың тарихы айналып келгенде ақынның үлесіне тиеді»" - дейді А.С. Пушкин, оқып отырсаңыз Олжастың өлеңдері қазақ халқының талай ғасырлық мұңы мен қуанышын, сыры мен сипатын айтады, енді сіз бір ақынның жырын ғана емес бір ұлттың сан ғасырлық сәлихалы тарихын аралағандай боласыз. Олжас өлеңдері қазақ пен орыс арасында ғана емес, Еуропа елдері, Кіші Азия, Қытай, Америка елдері арасында өзінің асқақ қазақы үнін аспандата саңқылдатады. Алабота. Алабота () — біржылдық шөп текті өсімдік. Биіктігі 20—80 см, кезек жапыратқты, шөлге шыдамды өсімдік. Денесінде ұсақ тозаңы болады. Орталық Азияға, Қытайдың батыс бөлегіне (), және өзге бір түрі Сібірге көп тараған. Жемісін күзде жиып алып дәріге пайдаланады. Өзге ролдері. Сабын жасайды, жер тыңайтады, маңызды мал шаруашылық қоректік шөбі. Зинедин Зидан. Зинедин Язид Зидан (1972 жылы 23 маусымда Марселде туылған), танымал лақап аты – Зизу, бұрынғы кәсіпқой франсуз жартылайқорғаушы футболшысы. 1998 жылы ФИФА Әлем Кубогын және Еуро 2000 Франсуз құрамасының мүшесі болған, капитан болып 2006 жылғы Әлем Кубогы, мансабының соңғы ойынында италиялық қорғаушы Марко Матерацциді қарама-қайшылыққа толы баспен соққанымен белгілі болған, финалына жеткізгені үшін Алтын доппен мараппатталған. Зидан Еуропаның төрт клубында өнер көрсеткен, матчты жеңетіндей соңғы гол соғып Реал Мадридті УЕФА Чемпиондар Лигасы 2002 жеіңімпазы атандырады. Үш дүркін ФИФА Жылдық Әлем ойыншысы атанған екі футболшының бірі (екіншісі – Роналдо), сонымен қатар Зидан үздік үштікке үш рет ілінген, 1998 жылғы Еуропаның Жылдық Футболшысы атанды. 2004 дылы жанкүйерлер оны УЕФА-ның 15-жылдығына байланысты Алтын Мерейтой Сауалнамасында үздік деп таныды, сонымен қатар ол Пеленің 125 ең мықты әлі өмір сүретін футболшылар тізіміне кірген. Зидан кәсіпқой футболмен ФИФА Әлем Кубогы 2006-дан кейін қоштасады. Черняев, Михаил Григорьевич. Михаи́л Григо́рьевич Черня́ев (1828—1898) — орыс генералы, Түркістан генерал-губернаторы. Өірінің алғашқы кезеңі. Могилев губерниясының Тубышки деревнясында 1828 жылғы қарашаның 3-інде орташа дәулетті ақсүйектер отбасында дүниеге келген. 1840 жылдан бастап «Дворян полкында» әскери дайындық қабылдаған. 1847 жылы «Лейб-гвардиялық Павлов полкында» қызметін бастады. Содан соң бас штаб академиясының курсын аяқтап, Дунай армиясына жолдама алды. Кіші Валах отрядының құрамында Мажарстандағы 1848-49 жылғы көтерілісті басуға қатысты. 1854 жылдың күзінде 4-ші корпустың құрамында Қырымға княз Меншиковқа көмекке жіберілді. Севастопольдің түбінде ол гарнизон жүргізген ұрыстардың барлығына қатысты, соның ішінде 1854 жылғы қазанның 24-інде болған Инкерман түбіндегі шайқасқа да қатысты. Сол шайқастағы көрсеткен үздік жетістігі үшін 4-ші дәрежелі Әулие Владимир орденімен марапатталды. 1855 жылғы тамыздың 27-сінде Севастополь қорғанысының кезінде көрсеткен ерлігі үшін «Ерлігі үшін» деген жазу басылған алтын қарумен марапатталып, подполковник шені берілді. Түркістандағы әскери қызметі. Қырым соғысы біткен соң 3-ші жаяу әскер дивизиясының штаб бастығы болып тағайындалды, сосын Орынбор генерал-губернаторы Катениннің қарамағына жіберілді. 1858 жылы Бутаковтың Арал теңізіне экспедициясына қатысты, Хиуа ханына қарсы бас көтерген Қоңыраттың тұрғындарына көмекке жіберілді. 1859 жылы Кавказға граф Евдокимовтың қарамағына жіберілді, Кавказда тыныштық орнатылған соң қайтадан Орынбор аймағында жіберіліп, генерале Безактың қарамағында штаб бастығы болып қызмет етті. 1864 жылы Безакпен башқұрттарды басқару мәселесі бойынша келіспеушіліктен соң Санкт-Петербургқа қайтты. Сол кезде Орталық Азияда екі дала губерниясының Орынбор және Сібір губерниясының арасында бекінген шеп орнату мәселесі пайда болды, ол үшін екі арадағы бірнеше бекітілген елді мекенді қолға түсіру қажет болды. Бұл мақсатты жүзеге асыру полковник Черняевқа жүзеге тапсырылды, ол ерекше батыс сібір құрамасының жетекшісі болып тағайындалды. 1864 жылы сол құрама жиналып жатқан Верный қаласына жіберілді. Черняев өзіне жүктелген тапсырманы орындауға өте шектеулі қаражатпен кірісті. Ол жорық Батыс сібір округының қаражатының қалдықтарымен қаржыландырды. Черняевтың шағын құрамасы Әулиеата бекінісін қолға түсіріп, 1864 жылдың шілдесінде алынбас болып есептелген Шымкент бекінісін шабуылмен алды. Әскер қалаға су құбыры арқылы, қабырғадағы күмбез пішінді жарық арқылы енді. Қаланы қорғайтын әскер Черняевтың әскерлерінің қала ішінде кенеттен пайда болғанынан қарсылық көрсете алмады. 1865 жылдың сәуірінде Черняев Ташкентке қарай жылжыды, бірақ оның бірден қолға түсіре алмай, кері шегінуге мәжбүр болды. Сол себепті оған ерекше бұйрық берілмейінше ешқандай қадам жасамауға бұйырылды. Бірақ жергілікті қарулы күштердің барған сайын күшеюінен қауіптенген ол өз жауапкершілігіне әрекет етуді шешіп, 1865 жылғы маусым айының 14-нен 15-іне қараған түні Ташкентті шабуыл жасап қолға түсірді. Орыс әскерінің саны 2000-нан аспайтын, 12 зеңбірегі болатын. Ташкенттің халқы 100 000 шамасы, қаланы 63 зеңбірекпен жабдықталған 30 000-дық әскер қорғауға дайын тұрды. Қалада оқ-дәрі мен қару-жарақтың қоры да мол болатын. Содан сәл бұрын жаңадан құрылған Түркістан облысының әскери губернаторы болып тағайындалған Черняев Бұқар әмірінің Ташкентті қолға түсіруге бағытталған әрекетіне қарсы шара қолдануға мәжбүр болды. Орталық Азия ірі дүрбелең алдында тұр еді, бұл Ресей мен Британияның арасындағы кейін «Үлкен ойын» деп аталған саяси бәсекелестіктің бір көрінісі болды. 1866 жылдың шілдесінде Черняев кері шақырылып, орнына генерал Романовский жіберілді. Өмірінің кейінгі кезеңі. 1873 жылы «Русский Мир» газетін шығара бастады. 1875 жылы Герцеговина аймағында көтеріліс басталғанда өз еркімен сонда кетті. Орыс-түрік соғысы басталғанда оған қатыспақ болып тілек білдірді, бірақ бір маңызсыз қызмет атқаруға тағайындалды, әскери қимылдарға қатыстырылмады. «Русский Мир» газеті де үлкен табысқа қол жеткізбеді, 1878 жылы ол газетті басқа біреулерге тапсырды. 1882 жылы Черняев қайтадан Түркістан генерал-губернаторы болып тағайындалды, бірақ тек екі жылдай ғана қызмет етті. Өзінің қызметіне нұқсан келтірген бірқатар қате шешімдер қабылдады. 1884 жылы әскери кеңестің мүшесі болып тағайындалды. 1886 жылы әскери министрдің жоспарларына қарсылық білдіргені үшін отставкаға кетуге мәжбүр болды. 1890 жылы қайтадан әскери кеңестің мүшесі болып тағайындалды. 1898 жылғы тамыздың 4-інде өзінің мұралық иелігі Тубышкиде қайтыс болды. Кака. Кака (Рикардо Изексон дос Сантос Лейте; 22 Сәуірде, 1982 жылы Бразилиада туылды) - жартылайқорғаушы бразилиялық Милан клубының ойыншысы. 2007 жылы Кака әлем үздігі марапаты арнайы сыйлығын өзінің жерлесі аты аңызға айналған спортшы Пеле тапсырды. Каканың шын аты – Рикарду Изексон душ Сантуш Лейти. Алайда оның туған інісі бала кезінде ағасының толық атын дұрыс айта алмай қысқаша Кака деп атаған екен. Кака 2007 жылғы Милан құрамында Чемпиондар Лигасының жеңімпазы. Сонымен қатар сол жылы Милан Жапонияда әлемнің клубтық чемпион атағын жеңіп алды. Сондай ақ Кака ФИФА-ның кәсіподақ ұйымы ФИПРОның 2007 осы жылғы лауреаты. Және де беделді Франс Футбол басылымы Какаға Еуропаның ең үздік ойыншы деп Алтын допты салтанатты түрде тапсырған болатын. Мишел Платини. Мишель Платини (21 Маусымда, 1955 жылы туған) - атақты футболшы, ФИФА мен УЕФА атқарушы комитеттерінің мүшесі болған, УЕФА президенті. Франсуз футболшысы Мишель Платини «Нанси», «Сент-Этьен», «Ювентус» командаларында ойнаған. Еуропаның үздік ойыншысы ретінде 1983, 1984, 1985 жылдары «Алтын допты» иеленген. Барлығы 649 ресми ойын өткізген ол, қарсыластарының қақпасына 384 доп соққан. Ал 1988 жыл мен 1992 жылдар аралығында Франсия құрамасын жаттықтырған. Диего Армандо Марадона. Диего Армандо Марадона (30 қазан 1960) — архентина футболының тарихындағы қайталанбас ең зор футболшы болып табылады. Футболдан әлем чемпионатының 4-іне қатысқан. 1986 жылғы Әлем Чемпионы және 1990 жылыдарында Аргентина құрамында вице-чемпион атанды. 1979 және 1980 жылдары Оңтүстік Американың Жыл Футболшы атaғын алды. Марадонаның сүйікті «Бока Хуниорс» клубында осы жылдары чемпион болды. Кейін Наполи клубында екі дүркін Италия чемпиондығын алып берді десем артық болмас. Ойнау стилі: жылдамдықтың атасы, тамаша дриблингке, техникаға және қимылын баптау икеміне ие. Марадонна ойнаған команда өздерін биік сезінетін. Ол сол кездегі күш-қуатымен қазіргі заманның футболына әкелсе де, басқаларға дес бермейтін еді. Марадона өзінің керемет дриблингімен, сондай аласа бойымен өзін алаңда еркін сезінетін, қарсыластары қанша құлатқысы келседе өзінің шыныққан денесімен басып өтіп кететін. Марадона аса өткен бомбардир емес, бірақ оның әр салған голы маңызды және ойынды шешіп отырған. Томпсон, Флоренс Оуенс. Флоренс Оуенс Томпсон (1903 жылғы қыркүйектің 1-і - 1983 жылғы қыркүйектің 16-сы), туған кездегі аты Флоренс Леона Кристи — Доротеа Ләңның (Dorothea Lange) «Көшпенді ана» (1936) атты Ұлы дағдарыстың бейнесі болған атақты фотосуретінің басты кейіпкері. Өмірбаяны. Флорненс Оклахомада дүниеге келген, ата-тегі бойынша — Чероки, 1921 жылы фермер Клео Оуенспен тұрмыс құрды. 1922 жылы Флоренс пен Клео Калифорниядағы Шафтер қаласына көшіп барды. 1924 жылы олар Шафтерден 80 шақырым солтүстікте орналасқан Портервилл қаласына көшті, сонда Клео бауырларымен бірге тақтай тілетін кәсіпорында жұмыс тапты. Бірақ 1927 жылы кәсіпорын өртеніп, олар тағы 125 шақырым солтүстіктегі Мерсед Фоллс қаласына көшіп кетті. 1929 жылғы қыркүйекте Флоренс бесінші нәрестесін босанды (барлығы оның жеті баласы болды). Сол жылы Уолл-Стрит қор биржасы банкроттыққа ұшырап, Ұлы дағдарыс басталды. Клео тақтай тілетін кәсіпорындағы жұмысынан 1931 жылы айырылып, отбасы Калифорниядағы Оровилл қаласына көшті. Сонда Клео аға-інілерімен бірге шабдалы жинаумен айналысты. Көп ұзамай Клео безгектен қайтыс болып, Оровиллде жерленді. Сол кезде Флоренстың аяғы ауыр еді. Содан кейінгі екі жыл бойы Клеоның туыстары бүкіл штат бойынша жеміс жинаумен айналысып, қыста Оровиллге қайтып келетін. Флоренс Оровиллде тұрды. 1933 жылы Флоренс қайтадан бала көтерді. Егер ол анасының үйіне қайтып келетін болса, әкесінің ықпалды отбасы баланы алып қоя ма жеп қауіптеніп, Флоренс балаларымен бірге Оклахомадағы Акман фермасына кетті. Флоренс 1934 жылы нәресте Чарлиді ата-әжесіне тастап, Мерсед Фоллсқа қайтып оралды. Қаланың отбасылары бірінен кейін бірі қаланы тастап кете бастағанда Флоренс өз балаларымен бірге бір қаладан екінші қалаға, бір тұрақтан екінші тұраққа көшіп-қонып жүрді. Флоренс сол кезді былай еске алады: «Стейнбек «Ашудың шоғырларында» Бейкерсфилдтегі көпірдің астында тұрып жатқан адамдар туралы жазғанда, сол кезде сол көпірдің астында біз де тұрып жатқан едік. Менің басымнан өткені де дәл солай болды. Менің тұратын тіпті шатырым да болған жоқ, тек ескі жыртық көрпе ғана». Атақты фотосурет. Фотосуретте бейнеленген әйелдің Флоренс екендігі тек 70-шәі жылдардың аяғында ғана белгілі болды. Флоренс былай деді: «Мен сол суретке түскеніме өкінемін. Мен одан бір тиын да пайда көрген жоқпын. Ол (яғни Ләң) менің атымды сұраған жоқ. Ол осы суреттерді сатпаймын деген еді. Ол маған суреттердің көшірмесін жіберем деген еді. Жіберген жоқ». Ләң суреттерді федералды үкімет үшін түсіргендіктен, суреттер әуел бастан қоғамдық қазына болды, сондықтан ол сол суреттер үшін ешқандай тікелей ақы алған емес. Бірақ сол суреттер және оларға деген кең қызығушылық Ләңның атын өте танымал етіп жіберді. Флоренс 1983 жылдың қыркүйегінде Калифорниядағы Скоттс Вәлли қаласында рактан қайтыс болды. Ол Емпайр қаласында жерленді. Оның қабір тасында былай деп жазылған: «Көшпенді ана — америкалық аналардың қуатының аңызы» Қалған бес сурет. Ләң сол күні алты сурет түсірген болатын, солардың ең соңғысы атақты «Көшпенді ана» болды. Төменде қалған бес суреттің қосындысы келтірілген. Сілез тілі. Сілез тілі ("ślůnsko godka", "шлөнско готка") - батыс славян тілдеріне жататын тілдердің бірі. Барлық сөйлеушілер саны: - 1,25 миллион. Сілездердің ана тілі. Сілез әліпбиі. ! Смирнов, Владимир. Владимир Смирнов (1964 жылы, 7 Наурызда Щучинск қаласы, Көкшетау облысы)- Қазақстанның биатлон федерациясының президенті, шаңғы спортынан 1994 жылғы Олимпиада чемпионы, төрт дүркін Әлем чемпионы, төрт дүркін Олимпиада күміс жүлдегері, екі дүркін қола медаль иегері. Қысқы Олимпиадаларда Қазақстанға егемендік алғалы жалғыз алтын медаль әкелген осы - Смирнов. Марапаттары. thumb Храпатый, Анатолий Михайлович. Қазақстандық ауыр атлетші Храпатый Анатолий Михайлович 1963 жылдың 20 қазанында Целиноград облысының Атбасар қаласында туылған. Қазақтың дене шынықтыру институтын бітірген, жаттықтырушы. “Спорт клубының” директоры. Сеулде (1988) алтын медальді ауыр атлетші Анатолий Храпатый ауыр салмақ санатында жеңіп алды. Сол жылдары оған теңесер ешкім болмады. Ол бірінің артынан бірі өз рекордын жаңартып отырды. Сеул алаңында жұлқып көтеруден ол 187,5 килограммды, ал итеріп көтеруден өзінің бәсекелесі Наиль Мухамедьяровты 10 килограммен асып түсіп, 225 килограммды көрсетті. Храпатый осы алуларымен тоқтап қалмады. Сол жылы жұлқып көтеруден 228 килограмм салмақты алып, жаңа рекорд жасады. Сегіз жылдан кейін тәуелсіз Қазақстан құрамасының құрамында жүре отырып, Атланта Олимпиадасының күміс медалін жеңіп алды. Храпатый А.М. әлемнің бес дүркін чемпионы, 1988 ж. Олимпиада чемпионы, 1996 ж. Атланта Олимпиадасының күміс жүлдегері, Азия ойындарының көп дүркін чемпионы, ауыр атлетикадан Еуропа және әлем чемпионаттарының, халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы. 2008 жылғы тамыздың 11-інде Анатолий Михайлович Храпатый жол апатына ұшырап қайтыс болды. Шишигина, Ольга Васильевна. Шишигина Ольга Васильевна - спринтерлі орғу бойынша әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарында жеңіске жеткен жалғыз қазақ жеңіл атлеті. Спорттық мансабы. Шишигина Ольга Васильевна 1968 жылдың 23 желтоқсанында Алматы қаласында туылған. Жеңіл атлетикамен (Кедергілерден 100 метрлік спринтерлі орғу) 1978 жылдан бері шұғылданады. 1985 жылы КСРО құрама командасы сапына кірген. 1986 жылдан Кеңестер Одағының көптеген чемпионаттарына қатысқан және одан бірнеше дүркін жүлделерге ие болған. 1992 жылы ТМД елдерінің "Жастар ойыны" жарысының таңдаулы төрттігіне енген (Донецк қаласы). 1994 жылы Санкт-Петербург қаласында өткізілген ойында Халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындаған. 1994 жылғы Жапонияның Хиросима қаласында өткен Азия ойындарында жеңімпаз болған, осыдан кейін оған "Қазақстан Республикасының спортқа еңбек сіңірген шебері" атағы берілген. 1995 жылдардағы жазғы (Гетеборг, Швеция) және қысқы (Барселона) әлем чемпионаттарының күміс медаль иегері. Одан кейін 1999 жылғы жабық жайда өткен (Маэбаши, Жапония) әлем чемпионатында алтын жүлде мен 2000 жылғы Сидней олимпиадасындағы жеңісі. 2007 жылы Канаданың Эдмонтон қаласында өткен әлем чемпионатында күміс жүлдені иеленді. Содан кейін спортшы жарақат алуына орай үлкен спортпен қоштасты. 2002 жылы Қазақтың мемлекеттік туризм және спорт Академиясын бітірген. Қазақтың мемлекеттік туризм және спорт Академиясының жеңіл атлетика кафедрасының меңгерушісі. Марапаттары. І дәрежелі “Барыс”, “Құрмет”, “Дарын” ордендерімен марапатталды. Пайперс, Арно. Арно Пайперс (1959 жыл, 21 сәуір) - Қазақстан ұлттық құрамасын бас бапкері, голландиялық маман. Мансабы. 25 жасқа дейін футбол ойнап, жасыл алаңдағы карьерасын тым ерте аяқтаған жөн. Сол кезде «Фейеноорд» командасында ойнаған Пайперс бапкерлік өмірін де Роттердам қаласында бастаған. Одан кейін Голландия жастар құрамасының сапында жаттықтырушы болады. Өзі Дик Адвокат, Ринус Михельс, Луис ван Галь сондай-ақ Франк Райкаард сынды әйгілі бапкерлермен бірге жұмыс жасағанын мақтан тұтады. Бұдан кейін төрт жыл Эстонияда жұмыс істеп, осы елдің ұлттық құрамасы мен «Флора» командасының бас бапкері болған. Негізі, ол Эстонияда жаман жұмыс жасаған жоқ. Оның басшылығымен Балтық елі құрамасы бірнеше тамаша ойындар өткізді. Мысалы, 2002 жылы Ресей құрамасымен болған жолдастық кездесуде 2:1 есебімен жеңіске жетті. Ал 2004 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу ойындарында Хорватия және Болгария құрамаларымен тең түсті. Рас, былтыр Эстония футбол одағы онымен келісім-шартты ұзартпағанда, ол әжептәуір ренжіп қалған. Бірақ Эстония құрамасы 2006 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу ойындарында Пайперстің тұсындағыдан да жоғары жетістікке қол жеткізді (Еуропаның үшінші іріктеу тобында 12 ойыннан 17 ұпай еншілеп, төртінші орынға ие болды...) Кейінгі жылы А.Пайперс өз отанында «Утрехт» клубының техникалық қызметкері болды. Жеті жылдық соғыс. Жеті жылдық соғыс (1756–1763) — сол кездегі барлық маңызды еуропалық мемлекеттер қатысқан, 900 000-нан 1 400 000-ға дейін адам шығынына алып келген соғыс. Соғыс 1756 жылдан 1763 жылға дейін еуропалық және отарлық соғыс театрларында өрбіді. 1754 – 1763 жылдар арасында орын алған Помераниялық соғыс пен Француз және үнді соғысы соның бөлігі болып саналады. Пруссия, Һановер курфюрсттығы және Ұлыбритания патшалығы (Солтүстік Америкадағы отарлары, британиялық Шығыс Үнді компаниясы және Ирландия патшалығымен бірге) одақ құрып, Аустрия, Франция (Солтүстік Америкалық Жаңа Франция отары және франциялық Шығыс Үнді компаниясымен бірге), Ресей империясы, Швеция және Саксония курфюрсттығына қарсы соғысты. Кейінірек текетіреске Португалия (Ұлыбританияның жағында) және Испания (Францияның жағында) да кірісті. Бейтарап Нидерланды республикасының қарулы күштері Үндістанда шабуылға ұшырады. Соғыстың нәтижесінде Франция Америкалардағы басты отарлаушы мемлекет ретіндегі ролін (онда ол Француз Гвианасы, Гваделупа, Мартиника, Сен-Доминг және Сент-Пьер және Микелон сияқты иеліктерін ғана сақтап қалды) және Ұлы француз революциясына дейін Еуропадағы ең басты мемлекет ролін жоғалтып алды. Ұлыбритания болса дүниедегі басты отарлаушы мемлекетке айналды. Францияның әскери теңіз флоты бытырап кетті. Дүниенің басқа бір шеті, Үндістанда британиялық Шығыс Үнді компаниясы орнығып, соның арқасында Үндістан «Империялық тәждің асыл тасына» айналды. Уинстон Черчилль бұл соғысты бірінші дүниежүзілік соғыс деп атады, себебі ол адамзат тарихындағы бүкіл жер шары бойынша жүргізілген соғыс болды (соғысушы жақтардың көбі еуропалық мемлекеттер болса да). Өздерінің империяларын үлкейтумен айналысып жатқан Англия мен Франция арасындағы әскери жанжал болғандықтан, кейде оны екінші Жүз жылдық соғыс деп те атайды. Бұл соғыс Пруссия патшасы Ұлы Фридрихтың Саксонияға шабуылымен басталды. Аттары. Канада мен Құрама Патшалықта «Жеті жылдық соғыс» ұғымы Солтүстік Америкада да, Еуропа мен Азияда да жүргізілген әскери қимылдарды атау үшін қолданылады. Француз Канадасында болса "«Жаулап алу соғысы»" деген ұғым қолданылады. Үндістанда "Үшінші Карнатик соғысы" деп аталады. Ал Германияда кейде қолданылатын балама атауы — Үшінші Силезия соғысы. Себептері. Көбінесе бұл соғыс нәтижесінде Фридрих патша бай Силезия аймағын қолына түсірген Аустрия мұрагерлігі үшін соғыстың жалғасы ретінде қарастырылады. Аустрия императрицасы Мария Тереза 1748 жылғы Аахен келісіміне тек өзінің қарулы күштерін қалпына келтіріп, жаңа әскери одақтар құруға уақыт ұту үшін ғана қол қойған болатын. Ол өзінің осы жоспарын асқан ептілікпен жүзеге асырды. Бірнеше жылдың ішінде ғана Еуропаның саяси картасы қайта сызылды. 1756 жылғы Дипломатиялық революцияның кезінде ежелден бір-біріне жау Франция, Аустрия мен Ресей Пруссияға қарсы әскери одақ құрды. Пруссияны тек Ұлыбритания ғана қолдайтын (себебі Ұлыбритания патшасы ІІ-ші Георгтың әкесі Һановер курфюрсттығының билеушісі еді). Осы екі мемлекеттің одағы бір-бірін жақсы толықтырып тұрды: Ұлыбританияның зор әскери теңіз флоты болды, ал Пруссияның құрлық әскері Еуропадағы ең қуатты әскер болды. Осылайша Ұлыбритания өзінің әскерін отарларын қорғауға қолдана алды. Аустрия армиясы пруссиялықтардың үлгісі бойынша қайта құрылған болатын. Әскери мәселелер туралы білімі өзінің көптеген генералдарынікінен асып түсетін Мария Тереза әскери реформаны өзінің қатаң бақылауына алды. Оның өз жауынгерлерінің игілігін ойлағаны үшін ол әскердің зор қолдауына ие болды. Соғыстың тағы бір себебі — Британия империясы мен Франция империясының арасындағы отарлар үшін аяусыз талас болды. Осы екі империя кеңіген сайын бір-бірімен екі құрлықта текетіреске түсіп қалып отырды. Жалпы стратегиясы. Он сегізінші ғасырдың көп бөлігінде Франция соғыстарын бірдей тәсілмен жүргізіп отырды: соғыс болған кезде ол отарларын бәрібір ұстап қала алмайтынын сезіп, оларды өз бетінше қалдырып, онда азғантай немесе тәжірибесіз әскер жіберіп отырды. Ол өзінің әскерінің басты бөлігін елге жақынырақ әскердің жеңіске жетуі ықтималдырақ деп Еуропа құрлығында ұстап отыратын. Содан соң соғыстың кезінде көбірек жерді басып алуға тырысып, бітім туралы келіссөздер жүргізгенде сол басып алған жерді өзінің теңіздің арғы жағында айырылып қалған жерін қайтарып алуға қолданатын. Бұндай стратегия осы соғыста Франция үшін аса тиімді бола қойған жоқ, себебі теңіздің ар жағындағы отарлардан ол шынында да айырылып қалды, бірақ Еуропада ол онша көп жер басып ала алған жоқ. Ал британиялықтардың соғыс жүргізу тәсілі басқаша болды: олар өздерінің аса басым теңіз қуатын пайдаланып, елді теңізден қоршап, порттарын атқылай алатын және өз әскерлерін теңіз арқылы кез келген жерге жеткізе алатын. Олар жаудың теңіз қатынас кемелеріне шабуыл жасап, жақын жердегі британиялық отарлардан адам жинап, жаудың отарларына шабуыл жасайтын. Өздерінің құрлықтағы әлсіздігінің орнын британиялықтар өздерінің жауларының қарсыластарымен одақтасып толтыратын. Жеті жылдық соғыста британиялықтар өз заманының ең ұлы әскери стратегі Ұлы Фридрихпен одақтасты, ал оның мемлекеті Пруссия орталық Еуропаның көтеріліп келе жатқан әскери қуатты мемлекеті болды. Олар Фридрихқа соғыстарын қаржыландыру үшін көп қаржы беріп отырды. Соғыстың басталуы. Соғыс қимылдары Еуропада әлі басталмай тұрып Солтүстік Америкада басталып кетті. Оның себебі — 1740 жылдары, 1750 жылдардың басында шығыс жағалауда тізбектеле орналасқан британиялық отарлардың батысқа қарай кеңеюінің салдарынан Францияның «Жаңа Франция» атты отарымен шектесіп қалған еді. Сол себепті Франция Вирджиния және Пеннсильвания отарларының батысқа әрі қарай кеңеюінің алдын алу үшін 1750-ші жылдардың орта шенінде қазіргі батыс Пеннсильванияда бекіністер тізбегін салған болатын. Британиялықтардың сол бекіністерді басып алуға бағытталған әрекеттері Француз және үндіс соғысының басталуына алып келді. Ал Солтүстік Америкада жеті жылдық соғыс осылай аталады. Еуропадағы әскери қимылдар Фридрихтың Аустриямен одақтасқан кіші неміс мемлекеттерінің бірі — Саксонияға басып кіруімен басталды. Саксония және Аустрия әскерлері шабуылға дайын болмаған болатын, сондықтан Фридрих Лобозиц шайқасында Саксония әскеріне Аустрия әскерінің көмекке келтіргізбеді. Алайда Саксония Фридрихтың қимылдарына кедергі болып оны кешеуілдетіп тастады. Жерорта теңізінде француздар Миноркаға шабуыл жасап, британиялықтарға қарсы соғыс бастады. Британиялықтардың жауап соққысы Минорка шайқасында сәтсіз аяқталып, олар аралдан айырылып қалды. Жеңіліске жол бергені үшін британиялық адмирал Джон Бингтың ісі әскери сотта қаралып, өлім жазасына кесілді. 1757 жылдың көктемінде Фридрих қайтадан бірінші болып шабуылдап, Прагаға қарай жылжыды. Қанқұйлы Прага шайқасынан кейін пруссиялықтар қаланы қоршап алған болатын, бірақ Колин шайқасында Фридрихтың алғашқы жеңілісінен кейін қаладан кетуге мәжбүр болды. Жазда орыстар шығыс Пруссияға басып кіріп, Гросс-Егерсдорф шайқасында пруссиялықтардың шағынырақ әскери қосынын жеңді. Аустриялықтар бір жақтан, француздар батыстан Пруссияға қарсы әскер жылжыта бастағанда жағдай пруссиялықтар үшін қиындай түсті. Бірақ Фридрих бір күтпеген ерекше қимыл жасады. Ол бір айдың ішінде бір-бірлеп француздарды Россбах шайқасында, ал аустриялықтарды Лойтен шайқасында талқандады. Осы керемет жеңістердің арқасында Фридрих өзін Еуропаның ең ұлы қолбасшысы, ал өз әскерін Еуропаның ең құдіретті әскері ретінде атағын шығарды. Фридрихты қатты құрметтеген ІІІ Петр патша таққа отырған соң Фридрихтың қуатты бір одақтасы пайда болды. Бұл одақ Бірінші Дүниежүзілік соғысқа дейін, 150 жылдан астам күшінде болды. Кунерсдорф шайқасы. Кунерсдорф шайқасы — Ұлы Фридрихтың ең ауыр жеңілісі. 1759 жылғы тамыздың 12-сінде Одердегі Франкфурттың шығысындағы Кунерсдорф ауылының маңында (қазір Польшадағы Куновице) 50 900 пруссиялық 41 000 орыстың және 18 500 аустриялықтың құрама қосынынан жеңілді. Орыс әскерін Петр Семенович Салтыков, аустриялықтарды Ернст фон Лаудон басқарды. Бастапқыда болған 50 900 әскерден тек 3 000 ғана шайқастан соң Берлинге қайта оралды. Көптеген мың пруссиялық әскерлер бытырап қашып кетті. Шайқастың барысы. 1759 жылғы тамыздың 12-сінде Пруссия артиллериясы сол қапталды атқылай бастады. Бір сағаттан кейін оған Ресей артиллериясы жауап бере бастады. Шамамен сағат 12-де Пруссия әскері басым күшпен орыс әскерінің сол қапталына шабуыл бастады. Кескілескен шайқас болды. Бұл шабуыл сәтті өтті. Егер Фридрих (өзінің кеңесшісі әрі бауыры талап еткендей) осымен ғана шектелгенде Кунерсдорф шайқасы пруссиялықтардың жеңісімен аяқталар еді. Бірақ Фридрих өзінің табысын тереңдете түскісі келіп, шайқасты жалғастыра беруді шешті. Пруссиялықтардың шабуылы әлсіреп кеткенде соған дейін қосымша күш ретінде сақталып келген аустриялықтардың атты әскері соққы берді. Алайда Фридрих өз әскерлерін қайта топтастырып, одақтастарға қысымын жалғастыра берді. Шайқас кешке қарай барон фон Зейдлиц бастаған атты әскердің орыстардың орталығы мен артиллерия құрамаларына шабуылымен үдей түсті. Пруссиялықтардың атты әскері көп шығынға ұшырап, бейберекет түрде артқа шегіне бастады. Фон Зейдлицтің өзі ауыр жарақаттанды. Орыстардың ауыр атты әскерді, хорваттар мен қалмақтарды қамтитын атты әскері қарсы шабуыл жасап, Пруссия әскерінің қалдықтарын шашыратып тастады. Фридрих патшаның өзі әрең дегенде тұтқындалудан аман қалды. Ол жерге өзінің қылышын қадап қойып, жалғыз өзі болса да бүкіл жау әскеріне қарсы тұруды немесе қаза табуды шешіп дайын тұрды. Атты әскер капитаны Приттвитц 200 адамдық эскадронмен оған көмекке келіп, әрең дегенде Фридрихты шегінуге көндірді. Орыстар мен аустриялықтардың шығыны 15 000-нан кем болды (соның ішінде шамамен 5 000 қаза тапқан). 172 зеңбіректен айырылып, 6 000 адамы қаза тауып, 13 000 адамы жараланып, 26 000 адамы қашып кеткен пруссиялықтар үшін бұл шайқас ауыр жеңіліспен аяқталды. Шайқастан 4 күн өткен соң осы 26 000 адам қайтып келіп, Фридрихтың әскері 32 000 адам мен 50 зеңбірекке дейін қалпына келді. Кунерсдорф шайқасы атты артиллерия қолданылған алғашқы әскер болды. Ол дегеніміз атты әскер мен артиллерияның «буданы» іспетті болды: зеңбірекшілер шайқасқа атқа мініп қатысатын. Ол топ жақында ғана ұйымдастырылған болатын, ол пруссиялықтардың жағында соғысты. Шайқастың кезінде толығымен жойылса да, ол қосын сол жылы қайта ұйымдастырылып, Максен шайқасына қатысты. Фридрихтың Кунерсдорфтан жазған хаты. "Бүгін таңғы сағат 11-де мен дұшпанды шабуылдадым... Менің әскерімнің барлығы кереметтей соғысты, бірақ сол үшін зор шығындармен төледі. Біздің адамдарымыздың арасында шатасу басталды. Мен оларды үш рет жинадым. Соңында мен өзім қолға түсуден әреңаман қалып шегінуге мәжбүр болдым. Менің шапаным тиген оқтардан шұрқ-шұрқ тесік, астымдағы екі ат оққа ұшып өлді. Менің бақытсыздығым — менің әлі де тірі екендігім. Біздің жеңілісіміз өте қомақты: 48 000 әскерден менде қалғаны тек 3 000 ғана. Мен осыны жазып отырған сәтте бәрі де жүгіріп жүр, мен өз әскерімнің басшысы болудан қалғанмын. Берлиндегілердің қауіпсіздігі туралы ойлау дұрыс іс... Мен осы қатал сәтсіздіктен тірі шықпаспын. Шайқастың салдарлары шайқастың өзінен сорақы болады. Менің енді ешбір қорларым қалмады, шынын айтқанда мен бәрінен де айырылдым деп ойлаймын. Мен өз отанымның жеңілісінен кейін тірі қалмаспын. Қош болыңдар!" Альфа-ыдырау. Альфа-ыдырау деп берiлген ядроның өз еркiмен альфа-бөлшекке және ядро-қалдыққа мына түрдегi түрленуiн айтады formula_1 Альфа-ыдырау кезiнде ыдырайтын (аналық) ядроның заряды екiге, ал массалық саны төртке кемидi. Тәжiрибе Zi82 болатын барлық ядролардың альфа-радиоактивтi екенiн көрсетедi. Мұның бiр мысалы 23892U ядросы. Бұл ядроның альфа ыдырауының нәтижесiнде альфа бөлшектi және торий ядросының изотопын аламыз formula_2 Бұл ыдыраудың нәтижесiнде альфа-бөлшектiң кинетикалық энергиясы 4,18 МэВ, ал сәйкес торий изотопының кинетикалық энергиясы 0,07 МэВ болады. Альфа-ыдыраудың механизмiн классикалық физика түсiндiре алмайды. Классикалық көзқарас тұрғысынан альфа-бөлшек ядродан бөлiнiп шығу үшiн ядролық тартылыс күшiне қарсы жұмыс жасауы қажет. Ал бiрақ шындығында мұндай жұмыс жасалынбайды. Бұлай болуының себебi кванттық механикадағы бөлшектiң толқындық қасиетiмен байланысқан туннельдiк құбылыс арқылы түсiндiрiледi. Бета-ыдырау. formula_1, мұндағы formula_2 - электрондық антинейтрино. Ядроның байланыс энергиясының болуынан ядро құрамындағы протондар мен нейтрондардың массасы бұл бөлшектiң бос күйiндегi массасынан негiзiнен аз екенi шығады. Осы себептен де ядро құрамындағы барлық нейтрондар бiрдей бета-ыдырауға түсiп кетпейдi. Тек энергиясы жоғары кейбiр ядроларда ғана мұндай түрлену энергетикалық тұрғыдан мүмкiн болады. Мұндай ядроларды бета-радиоактивтi ядролар деп атайды. Бета-ыдырау кезiнде ядродағы нуклондардың саны өзгермей қалатын болғандықтан ядроның массалық саны өзгерiссiз қалады. formula_3. Самбо. Самбоның тарихы Кеңестер Одағы тұсында 1938 жылы 16 қарашадан басталады делінеді. Сол жылы денешынықтыру саласының бүкіл одақтық комитеті самбоны бірауыздан спорттың бір түрі деп тіркеді. Самбо сөзі үш сөз тіркесінен тұрады. Талдап айтсақ, алғашқы тіркестен «"сам(ооборона)", "б(ез) о(ружия)" деген сөз шығады (орыс тілінде). Бұл бір емес, жиырма елдің ұлттық спорт түрлерінің жиынтығы деген пікір бар. Бүгінде ойын шартында қорғану мен шабуыл жасаудың мыңдаған әдісі бар. Мысалға, әзірбайжандық "гюлеше", армяндық "кохе", қазақша "күрес", молдаваша "трынте", тәжіктің "гуштингири", түркменнің "гореше", грузинше "чидаоба" және өзбекше "күреш" деген түрлері жиі қолданысқа ие. Барлығына ортақ талап киім үлгісі мен белдегі белбеу. Ойынның ортақ ережелерін қалыстастырған маман - Василий Сергеевич Ощепков. Ол Токио қаласындағы дзюдо орталығынан білім алған. Жиырмасыншы жылдың орта шенінде В. Ощепков Қиыр Шығыста, кейіннен Новосібір қаласында қорғану түрлеріне баулитын арнайы секция ашқан. Мәскеудегі денешынықтыру институтында сабақ беріп жүрген В. Ощепков жинақтаған тәжірибесінің арқасында И.В. Васильев, Н.М. Галковский, Р.А. Школьников, А.А. Харлампиев, Б.А. Сагателян деген атақты спортшыларды дайындады. Самбо дәстүрін ары қалай жалғастырғандардың бірі- В.А. Спиридонов. Ол "Динамо" спорт кешенінде жұмыс істеп жүріп, алғаш рет 1928 жылы "Самозащита без оружия" деген кітап жазып шықты. 1966 жылдан бері самбо халықаралық дәрежеге қол жеткізіп, Халықаралық әуесқойлар спортшылар федерациясының (ФИЛА) тізіміне ілікті. 1972 жылы Еуропа чемпионатының тұңғыш ашық біріншілігі басталды. Сегіз салмақ категориялары бойынша алғашқы додада Кеңес Одағының спортшылары шыңды бағындырса, Жапонияның намысын қорғаған екі спортшы жақсы өнер көрсете білді. В. Кюлленен, А Хош, К. Герасимов, В. Невзоров, А. Федоров, Ч. Езерскас, Н. Нисинаки, Н. Сато, С. Новиков, В. Кузнецов Еуропаның алғашқы Еуропа чемпиондары атанды. 1973 жылы Иранның Тегеран қаласында I әлем чемпионаты өтті. КСРО құрамасы онда 9 алтын мен 1 күміс жүлдені қанжығаларына байлады. Онда Г. Георгадзе, А. Шор, М. Юнак, Ш. Чанрав (Монғолия), Д. Рудман, А. Федоров, Ч. Езерскас, Л. Тедиашвили, Н. Данилов, В. Кливоденко чемпион атанды. 1985 жылы Испанияның Бильбао қаласында өткен конгресте самбодан халықаралық әуесқойлар федерациясы (ФИАС) ресми түрде тіркелді. Бүгінде ФИАС-қа әлемнің 40 мемлекеті мүше. Америкалық, еуропалық және азиялық федерациялар да құрылған. Жыл сайын самбодан әйелдер мен ерлер арасында, командалар арасында әр түрлі салмақта әлем чемпионаты мен әлем біріншіліктері өткізіліп тұрады. Атап айтсақ, командалық әлем кубогы, Еуропа және Азия чемпионаты мен біріншілігі, студенттер арасында әлем чемпионаты тағы басқалары. Бүгінгі таңда Халықаралық Олимпиадалық комитет самбоны Олимпиада ойындары бағдарламасына бекіту туралы мәселені қарастыруда. Жеңіл атлетика. Жеңіл атлетиканың тарихы ежелгі дүние дәуіріндегі халықтардың іс әрекетінен басталады. Табиғи қозғалыстар, яғни, жүру, тұру, секіру адам бұлшық еттерінің қозғалысы адамзат пайда болған дәуірден бастау алады. Мәліметтерге сүйенсек, жеңіл атлетикадан жарыс біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Бұл туралы Ежелгі Грек олимпиада ойындары туралы жазбаларда анық жазылған. Сол замандарда жарыс тек ұзын-сонар алаңда жүгіру жарысымен шектелген. Ерлер мен әйелдар арасындағы бәсеке жеке-жеке өткізіліпті. Гректер жұдырық түйістіретін спорт түрі мен күресті ауыр атлетикаға жатқызған. Бұрынғы атлеттердің жетістігі жүгіру шапшаңдығымен өлшенген. Бізге алғашқы олимпиадалық чемпиондардың Ежелгі Грекиядан шыққаны белгілі. Бұл шара біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Онда атлеттер тек жүгіру спорт түрінен бақ сынаған. Додаға 192 метрді бағындырған жалғыз атлет жеңімпаз аталған екен. Жеңіс тұғырынан көрінген азамат Элида қаласында жай ғана даяшы болған. Ал, жеңіл атлетика алғаш рет Англияда ұйымдастырылған. 1837 жылдары жарысқа түскендер 2 метр қашықтықта жүгірген. Оған қатысушылар Регби қаласындағы колледжде білім алып жатқан жастар болған. Итон, Оксфорд, Кембридж, Лондондағы оқу орындарында да спорттық жарыстан жиі өтіп тұрған. Кейіннен бағдарламаға қысқа қашықтықта жүгіру, ұзындықта және биіктіктен секіру сынды шарттар енгізіді. 1865 жылы Лондон атлетика клубы құрылды. Бұның негізінде тұңғыш рет жеңіл атлетикадан ел чемпионаты өтті 1880 жылы Англияда Британ империясының шеңберінде әуесқойлар атлет қауымдастығы негізін қалады. Ал, АҚШ-та 1868 жылы Нью-Йорк қаласында алғашқы атлет клубы ашылды. Сол жылдары Америкада атлетиканың дамуына үлес қосқандардың басым дені университет ошақтары болды. 1880-90 жылы жеңіл атлетика жеке дара спорт түрі ретінде күллі Еуропаға кең таралды. 1896 жылы өткен олимпиада ойындары жеңіл атлетиканың дамуына орсан жол ашты. Сол жылы Афинада өткен І олимпиада ойындарына жеңіл атлетиканың 12 түрі енгізілді. Додада америкалық жеңіл атлеттер барлық жүлдені қанжығаларына байлады. Алайда, олардың қуанышы ұзаққа бармады. Өйткені, 1952 жылдан бастап олимпиада ойындарына қатыса бастаған КСРО атлеттері олардың бірден-бір қарсылары болды. 1996 жылы Атлантада өткен олимпиада ойындарында өнер көрсеткен атлеттердің саны 2000-ға жетті. Әйелдер арасындағы жарыс 1928 жылдан бастау алады. Нәзік жандар 1999 жылы жаздық әлем чемпионатында және 2000 жылы Сидней олимпиадасында жақсы нәтиежеге қол жеткізе білді. 1968 жылы Мехикода өткен жарыста американлық спортшы Боб Бимон— 8 м 90 см ұзындықтан секіруден әлем рекортын жаңартқан. Бұны күллі әлем «21 ғасырдың ең биік көрсеткіші» деп бағалады. Араға 20 жыл салып Сеулде өткен олимпиадада 100 және 200 м қашықтықтан жүгіруден америкалық желаяқ Флоренс Гриф фит- Джойнер рекорттық көрсеткішті бағындырды. Оның бұл жетістігі 14 жыл қатарынан сақталып тұрды. * Сауысқан. Сауысқан торғай тэрізділер отрядына, қарға тұқымдасына жататын, кіші денелі, түзу эрі қысқа тұмсықты құс. Денесінің көп бөлімі қара, тек кеудесі ақ болады. Қанатының кей жеріне ақ араласқандықтан оны Қазақта кейде алақанат сауысқан деп те айтады. Жемі. Құрт - құмырысқа жейді, етқоректі, аздап шөп қоректі. Мэдениеттегі орны. Сауысқан Қазақ мэдениетінде сақтығымен, сергектігімен эйгілі. Ертостік жырында Ерназардың келіндерін "сауысқандай сақтығы, жұмыртқадай ақтығы" деп суреттесе, енді бірде ұрылардың ең жоғары шегін "екі сауысқанның құйрығын білдірмей бір-біріне ауыстырады" дейді. Сауысқан шықылықтап үй маңынан шықпай қойуын Қазақтар жаманат хабар келеді деп жорыса, енді бірде жолаушының маңынан шықылықтап ұзап кетей қойған сауысқанды жақсылықтың жаршысы дейді. Волейбол. Волейбол ((, volley — «қалқып ұру», ball — «доп»)) - ойын спорты. Уильям Дж. Морган бұл ойынды «МИНТОНЕТ» деп атаған екен. Негізінен волейболдың тарихы он тоғызыншы ғасырдан бастау алады. Кейбір ақпараттарға сүйенсек, Еуропа, Орталық және Оңтүстік Америка халықтары осы тектес ойынды мыңдаған жыл бұрын ермекке айналдырған көрінеді. Ежелгі Рим жылнамаларында да б.э. д III ғасырда волейбол сынды фаустбол ойын түрі ұйымдастырылып тұрған. Олар әр командада 3-6 ойыншыдан бөлініп, допты аласа қабырғадан лақтыруға тырысқан. Фаустбол ойыны әсіресе, Еуропа халықтарына кеңінен танылған. Ойын 15 минуттан 2 таимға созылған. Десе де, волейболдың ресми күні 1895 жыл деп белгіленді. Оны алғаш ойлап тапқан- У. Дж. Морган. Арада бір жыл өткен соң, яғни 1896 жылы "минтонет" ойыны Спрингфилде (АҚШ, Массачусетс штаты) Христиан Жастар Одағының конференциясында назарға ұсынылды. Аталмыш одақ волейболдың бастамашылары бола білді. Кейіннен тас қамалдан емес, арнайы тордан допты лақтыру мүмкіндігі пайда болған кезде профессор Альфред Хальстед "минтонетті" "волейбол" атауымен алмастыру қажет деп мәлімдеме жасады. 1897 жылы Христиан жастары қауымдастығы волейболдың ресми шарттарын айқындап, арнайы анықтама ретінде шағын кітапша басып шығарды. 1900 жылы волейбол танымалдығы жағынан АҚШ-тың шеңберінен шығып, әлемнің өзге елдеріне таныла бастады. Ойынға алғашында Канада, кейін Үндістан және Азия елдерін қызығушылық танытқан. 1905 жылы Куба, 1906 жылы Қытай, 1908 жылы Жапонияда волейбол құрамалары құрылды. 1909 жылдан бастап Пуэрто-Рикода бұқаралық ақпарат құралдырында волейбол матчынан репортаждар беріледі бастады. Мысалы, 1910 жылы Перу мен Филиппинде, 1912 жылы Уругуайда, 1914 жылы Англияда, 1917 жылы Мексика мен Францияда, 1918 жылы Италияда, 1919 жылы Чехословакияда, 1923 жылы Африка құрлығындағы Мысыр, Тунис, Марокко, ал 1924 жылы Испания мен Огославияда, 1925 жылы Голландияда Жастар Христиан Қауымдастығының бастамасымен арнайы командалар пайда болды. 1900 жылы Американың «Spalding» фирмасы алғашқы волейболдық доп жасап шығарды. Бүгінде ресми жарыстарда допты дайындауды жапондық "Mikasa" корпорациясы мен ағылшындық "Molten" "Wilson" фирмасы жауапкершілікке алып отыр. 1900 жылы ойынның алғашқы ресми 12 ережесі қарастырылған. Оның ресми регламенті 20 жылдары қолданысқа енді. Сол кезде биресми халықаралық турнирлер өтіп тұрған болатын. 1913 жылы 16 ерлер командасымен Азия ойындары өтті. Оған Қытай мен Филиппин қатысты. 1913 жылы Манилда Қиыр Шығыс елдерінің ойын бағдарламаларына волейбол енгізілді. І-дүниежүзілік соғысқа дейін американдық әскерилер волейболды уақытты тиімді өткізудің бір әдісі ретінде ойнаған. 1921 жылы Қиыр Шығыста өткен чемпионат Азия мен Жапонияда ерлер командалары арасында өткен алғашқы жоғары дәрежеде көрсетілді. Ал, 1922 жылы Канада мен АҚШ-та Христиан Жастар Қауымдастығы жетекшілерінің қолдауымен волейболдан алғашқы ойын өткізілді. Осы жылы Чехословакияда ерлер құрамасы арасында ұлттық чемпионат ұйымдастырылды. 1929 жылы Орталық Америкадағы олимпиадалық ұлттық комитет ерлер волейбол құрамасын Кубада өтетін олимпиадалық аймақтық ойындар тізіміне қосты. Осы жылы АҚШ пен Польшада алғашқы ұлттық чемпионат өтті. Сонымен қатар біріншілік ойындары Еуропада, нақтырақ айтсақ, Англия, АҚШ, Франция мен Польша командалары өзара бәсекелесті. Бірте-бірте волейбол халықаралық дәрежеге жетті. 1922 жылы АҚШ-та волейболды олимпиада ойындарына қосу туралы ұсыныс жасалды. 1932 жылы әйелдерден құралған волейбол командасы Сальвадорда өткен аймақтық олимпиада жарысында өнер көрсетті. Ал, 1936 жылы Стокгольмда гандболдан халықаралық федерация мен Польша өкілдігі волейболды гандболдың бір түрі ретінде санау керектігі туралы бастама көтерген. Сол кезде Еуропадан 13, Америка елдерінен 5 және Азия мемлекеттерінен 4 елден арнайы комиссия құрылды. 1936 жылы волейболдан халықаралық федерацияның қолдауымен жарыстар өткізіліп тұрды. Алайда, Берлинде өтуі тиіс олимпидалық ойын екінші дүниежүзілік соғыс салдарынан үзіліс жасады. Әскери іс-қимыл аяқталған кезде, 1944 пен 1946 жылдары волейболдан әлем чемпионаты Бразилияда өткізілді. 1947 жылдың 18 мен 20 сәуір аралығында Парижде 14 елдің қатысуымен (Белгия, Бразилия, Мажарстан, Голландия, Мысыр, Италия, Польша, Португалия, Румыния, АҚШ, Уругуай, Франция, Чехословакия және Югославия) Federation Internationale de Volleyball (FIVB - ФИВБ) Халықаралық волейбол федерациясы құрылды. Бұл волейболдың халықаралық деңгейде беделін арттыруға көп септігін тигізді. 80 жылдары ФИВБ-ға мүше болған елдер қатарын 156-ға өсті. 1984 жылы жаттықтыру курсының 100 жылдық мерейтойы. Қазақстандағы волейбол. Қазақстанда алғашқы жарыс 1926 ж. Қызылордада ұйымдастырылды. Қазақстан волейболы 20 ғасырдың 60-жылдары жақсы дамыды. Ол спорт шебері, КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Октябрь Жарылғаповтың есіміне тікелей байланысты. Оның құрған «Буревестник» ерлер командасы 1969 ж. КСРО-ның, 1970 – 71 ж. Еуропа чемпиондарының кубогін жеңіп алды. Қазақстанда тәрбиеленген Валерий Кравченко, Олег Антропов, Надежда Смолеева 1968 ж. Мексикада өткен 19-Олимпиялық ойындардың, 1969 ж. Жәнібек Саурамбаев Еуропаның чемпионы атанды. Мұндай табысқа 1988 ж. Сеулдегі 26-Олимпиялық ойындарда Ольга Кривошеева, Елена Чебукина, Татьяна Меньшовалар жетті. Алматының АДК әйелдер волейбол командасы 1984 ж. КСРО-ның чемпионы атанды. Волейболшылардың халықаралық одағы 1924 ж. құрылған; 1992 жылдан осы одаққа Қазақстан Республикасының Волейбол федерациясы мүше. Халықаралық Балалар күні. Бүкіл әлемде 1 - ші маусым Балаларды қорғау күні ретінде аталып өтіп, ескі халықаралық мейрамдардың бірінен саналады. Оны өткізу жөнінде шешім 1949 жылдың қараша айында Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданды. Алғашқы халықаралық балаларды қорғау күні 1950 жылы өткізілді БҰҰ аталған бастаманы дер кезінде қолдап, балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғауды өз қызметінің басты бағыттарының біріне айналдырды. Балаларды қорғау күні олардың өмірін соғыстан қорғау, денсаулығын сақтау, болашақ ұрпаққа демократиялық негізде білім мен тәрбие беру жөніндегі барша әлемдегі озық пікірлердің тоғысқан арнасы десек, артық айтқандық емес. Дәл осы күні болашақта адамгершілікке, әділдікке, баянды өмірге толы қоғам құру үшін оның негізі - балаларға барлық жағдай жасау керектігі тағы да паш етіледі. БҰҰ-ның жүргізген сауалнамасына жүгінсек, бүгінгі таңда әлемде әрбір оныншы бала үлкендер тарапынан жасалатын зорлық пен зомбылыққа ұшырайды екен. Әлемде өмірі қатерге толы балалар да баршылық. Аш-жалаңаштық, соғыс өрті, терактілер балалар ғана емес, үлкендердің де психикасына кері әсерін тигізеді. Бұл- қорғансыз балалардың басына түскен үлкен ауыртпалық екендігі шындық. Жасөспірімдер арасында нашақорлар саны өсуде, олардың жартысынан астамы ішімдік ішуден де кет әрі емес. Осылайша, Балаларды қорғау күні мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Адамзаттың алдында тұрған зор міндет - болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру. Бозторғай. Бозторғай торғай тәрізділер сабына жататын сайрауық құс. Түсі сұрғылт, тұрқы кішкене, көде мен жусан тектес өсімдіктердің түбін паналайды. Көктем мен жаз айьларында жұмыртқалайды,2 ден 6 ға дейін жұмыртқа салады. ұясын бұта түбі, шөп арасы қатарлы аласа жерге салады. Жаз мезгілінде, әсіресе, шағылысу мезгілі көктем мезгілінде аспанға әуелей ұшып ұзақ сайрайды. Бозторғай дүниенің әржерінен кездеседі, түрі өте көп. Қазақстанда көп кездесетіні төбесінде айдары бар түрі, оны ғылымда Моңғол бозторғайы дейді. Мәдениеттегі орны. Бозторғай сайрауық болғандықтан Қазақ даласында көбінде ән-күймен тамырласып жатады, мысалы Қазақ әнінде "шырылдайсың бозторғай жерге түспей, мен жүрмін күні кешке тамақ ішпей" деген жолдар бар, табиғатпен тумысынан етене туған Қазақ халқы, осынау сайын даланың сары құсын өзіне жақын серік етпесіне кім кепіл... Бозторғай тынышрықты төтенше сүйетін құс, ұясына озгелер жолп кетсе кейде құт ұясын да, бауыр ет балапанын да тастап өзге жаққа мәңгілік маңып береді, осының айғағы ретінде Қазақ тілінде мамыражай жақсы заманды "қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман" деп атасады. Баскетбол. Баскетбол (, "basket" - торқалта, "ball" - доп)- командалық спорт ойыны. Ережелері. Командадағы ойыншылар допты сақиналы торқалта себетке дөп түсіруі қажет. Қақпа жерден кем дегенде 3 метр биіктікте орнатылады. Тор қалтаны жақын жерден дәлдесе 2 ұпай беріледі. Ал, егер доп 6,25 метрден сәтті лақтырылса онда ұпай саны бірден 3-ке көбейеді. Бір матч 20 минуттық үш кезеңнен тұрады. Осы аралықта ойында есеп тең болып тұрса, төреші тарапынан қосымша уақыт қосылады. Кәсіби терминде мұны «Овертайм» деп атайды. Тарихы. Баскетболдың отаны Америка Құрама Штаттары болып есептелінеді. Алғашқы ойын 1891 жылы Массачусетс штатының Спрингфилд қаласында құрылған Христиан жастар қауымдастығының оқу жаттығу орталығында ұйымдастырылған. Сол кезде Канададан қоныс тепкен жас мұғалім, доктор Дисеймс Нейсмит гимнастика түрін ары қарай жетілдіру мақсатында жаңа ойын түрін ойлап тауыпты деседі. Баскетболдың этимологиясы (basket – себет, boll -доп) деп жіктеледі. Алғашында ойынды футбол добымен өткізген. Арада бір жыл өткен соң Дисеймс Нейсмит арнайы доппен қоса, баскетболдың алғашқы 13 ережесін ойлап тапқан. 1893 жылы баскетболға қызығушылар саны бірден көбейген. Ал, 1894 жылы жаңа ойынға қызығып, әуестенушілер айтарлықтай артқан. Сол кездері АҚШ–та алғаш рет ресми ережелер тіркелімге алынды. АҚШ-тан бастау алған баскетбол ойыны бірте-бірте Шығыс елдеріне таралды. Атап айтар болсақ, Жапония, Қытай, Филиппин, солай-солай Еуропа елдеріне, Оңтүстік Америкаға бет алды. Араға он жыл салып АҚШ-тың Сент-Луис аумағында американдықтардың қолдауымен бірнеше қаладан құралған командааралық турнир өтті. Сондай-ақ баскетбол 1924, 1928 жылдары олимпиада бағдарламасынан орын алды. Жиырмасыншы жылдары алғашқы халықаралық кездесулер ұйымдастыра бастаған ұлттық баскетбол федерациялары жұмыс жасады. Осылайша, 1919 жылы АҚШ, Италия мен Францияның әскери командалары арасында турнир өткізілді. 1923 жылы Францияда әйелдер арасындағы халықаралық кездесу тұсауын кесті. Оған Англия, Италия, АҚШ-тың командалары қатысқан. 1932 жылы Халықаралық баскетбол федерациясы (FIBA) құрылды. ФИБА-ның алғашқы құрамына 8 мемлекет енді. Атап айтса, Аргентина, Грекия, Италия, Латвия, Португалия, Румыния, Швеция, Чехословакия. 1935 жылы халықаралық Олимпиадалық комитет баскетболды олимпиада ойындары қатарына қосу жөнінде шешім шығарды. 1936 жылы Берлинде өткен олимпиада ойындары аясында баскетболдың бағдарламасы дайындалды. Онда аталмыш ойын түрін ойлап тапқан азамат Д. Нейсм доданың құрметті қонағы болды. Теннис алаңында өткен матчқа 21 ел қатысты. Олимпиада өтіп жатқан кезде ФИБА-ң алғашқы конгресі өтті. Онда халықаралық ойынның ортақ ережелері айқындалды. Ал, Ресейде баскетбол 1906 жылы қалыптасты. Сол жылдары Петербор қаласында "Маяк" қауымдастығы жұмыс істеген. Қауымдастықтың гимнаст шеберлері алғаш рет баскетбол командасын құрып, кейіннен "Богатырь" қоғамына айналған. Алайда, 1917 жылы орнаған Қазан төңкерісіне дейін баскетбол ойыны тек сол кездегі Ресей астанасы - Петерборда ғана танылған. Ал, 20 жылдары бұл ойын қарқынды дамыды. Бастапқыда әскери мектептерде жаттықтырылған еді. Көп ұзамай Мәскеу институты баскетболды денешынықтыру факультетінің бағдарламасына енгізілді. Бұл оқу ошағының түлектері кәсіби баскетболшы атанды. Ресей құрамасы алғаш рет 1923 жылы Бүкілодақтық денешынықтыру мерекесіне орай кездесу өткізді. Сәл осы кезде КСРО құрыла бастаған еді. КСРО–ның екінші біріншілігі 1924 жылы өткізілді. Ал, 1934 жылдан бастап КСРО-да баскетбол спартакиадасы өткізіліп тұрады. 1946 жылы ФИБА шеңберінде жалпы одақтық баскетбол секциясы қабылданып, бір жыл өткен соң ерлер командасы Еуропа біріншілігінде бақ сынап, чемпион атанды. Ал, баскетболдан әйелдер құрамасынан олимпиадалық ойын 1976 жылы сарапқа салынды. Олимпиадалық ойынның чемпиондары төмендегідей: 1976 ж. - КСРО, 1980 ж. - КСРО, 1984 ж. - АҚШ, 1988 ж. - АҚШ, 1992 ж.-Тәуелсіз достастық мемлекеттерінің құрама командасы, 1996 ж. - АҚШ. Әлем бойынша АҚШ-ң спортшылары мықты баскетболшылар деп саналады. Олар 1936 жылдан бері өткізіліп келе жатқан барлық олимпиада ойындарында жеңімпаз атанған. Ал, соңғы жылдары ұтылыс тапқан тұстары саусақпен санаралықтай. Мәселен, 1987, 1988, 1990 және 1991, 1992 жылдары американ ойыншылары сәтсіз ойын көрсетіп, ұтылыс тапқан. 1992 жылы олимпида ойындарына тек білікті спортшылардан жасақталған ұлттық баскетбол қауымдастығы шеңберінде алғаш рет ұжымдық құрама құрылды. Бұл Америкада Dream Team", «ұжымдық арман» деп аталған. Оның құрамында Барселон ойындарында 40 ұпайдан жинап, жеңімпаз атанған Майкл Джордан, Мэджик Джонсон, Чарльз Баркли және Ларри Берд алынды. Олар 1994 жылы әлем чемпионатында, 1996 жылы Атланта олимпиадасында тұғырдан көрінді. Ал, АҚШ-тың әйелдерден құралған баскетбол командасы 1992 жылғы сәтсіздіктен кейін, олимпиадалық чемпион атағын 1996 жылы қайтарып алды. Теннис. Теннис - бірне бір (жалғыздық ойын), немесе екіге екі ойналатын (жұптық ойын) спорттың бір түрі. Тарихы. 13-14 ғасырда Италия, Франция мен Англия тұрғындары себет арқылы допты алақандарымен лақтырып теннис ойнаған. 16 ғасырдың бас кезінен бастап ракетка қолданысқа енгізілген. Ал, қазіргі қолданыстағы теннистың тарихы 1873 жылдан Ұлыбританияда басталады. 1874 жылы британ әскери бөлімінің офицері Уолтер Уингфилд теннистің жүйесін жинақтап, ойынның шарттарын жарыққа шығарды. Ағылшындық Уингфилд ойлап тапқан әлгі ойынға «сферистик» деген ұғым берді. 1875 жылы аталмыш ережелер «лаун-теннис» деп аталды. Кішкентай ғана допты сетка арқылы лақтыру ойыны антикалық кезеңде алғаш рет Ежелгі Грекия, Ежелгі Мысыр елінде дамыған. Ғасырдың орта шенінде Еуропа халқы тенниске ұқсас ойынды санаға сіңірді. Ойын "филд-теннис", "корт-теннис", сондай-ақ "лонг-пом" және "курт-пом" деген атпен Франция, Испания мен Италияға аса қарқынды дами берді. Бүгінде әлемде теннисті танымайтын ел жоқ. Ірі халықаралық турнирлерге халық жаппай жиналады. Халықаралық ірі турнир біріншілігі Аустралия, Франция, Англия мен АҚШ та үнемі өтіп тұрады. 1877 жылдан бастап Уимблдонда теннистің алғашқы турнирі өтті. ХІХ-ХХ әлемнің әр түкпіріне етене танылды. 1913 жылы құрылған Халықаралық теннис федерациясы ITF (International Tennis Federation) 1977 жылға дейін «Лаун-теннис халықаралық федерациясы» ILTF (International Lawn-Tennis Federation) деген дәрежені иеленді. Бұл 1998 жылы өз қанатына 190 ұлттық федерацияны топтастырды. Теннис Олимпиада ойындары бағдарламасына 1896 жылы енгізілді. 1896 жылы ерлер арасында біріншілік ұйымдастырылса, 1900 жылдан бері әйелдер арасында жарыс үздіксіз өткізілуде. Алайда, 1928 жылы теннис спорт ретінде Халықаралық Олимпиада Комитеті бағдарламасынан аластатылып, тек олимпиада ойындары қатарына қосылды. Тек 1968 жылы ғана Мехикода өткен XIX олимпиада ойындарына теннис турнирі көрсеткішке ілікті. 1977 жылы халықаралық олимпиада комитеті Прагада өткен 79-сессиясында ITF халықаралық теннис федерациясын Олимпиада хартиясының талаптарына сай келетін жетекші спорт түрі деп мойындады. Алайда, бұл жеткіліксіз деп есептелінді. 1980 жылы Мәскеуде ұйымдастырылған XXII олимпиадасында теннис жарысы тізімге ілікпеді. 1984 жылы Лос-Анжелестегі XXIII олимпиада ойындарында теннис бәсекесі көрсетілді. Теннис ойыны тек қана 1988 жылы XXIV олимпиадасында олимпиада ойындарының ресми бағдарламасынан 64 жылдық үзілістен кейін қайта орын алды. Олимпиада турниріне ресми команда құрамында өз елінің намысын Дэвис пен Федерация Кубогында өнер көрсетіп, шебер спортшылар ғана жіберіледі. Сілез тілінің Нимодлин диалекті. Сiлез тілінің Нимодлин диалекті (сілезше: djalykt ńymodliński ślůnskij godki,) — сiлез тілінің Нимодлин қаласындағы бір бөлім тұрғындар сөйлейтін диалект. Ол өлшемді сiлез тілімен бірнеше әріптердің дыбыстылу өзгешелігі арқылы парықталады. Дыбысталудағы бұл өзгешелік құбылысты олар "mazuřyńy" деп атасады, мұнда "č š ž dž" белгілері ісжүзінде "c, s, z, dz" () болып оқылады. Нимодлин диалектіндегі фонетикада кейде мұрын дауыстылық "y" (деп оқылады) кездеседі, бұл дыбыстың Прудник диалектімен тығыз қатысы бар. Хоккей. Тарихы. Әлі күнге дейін хоккейдің тарихы мына елден шыққан деп дөп басып айту қиынға соғады. Алайда, алғаш рет хоккейді шайбомен ойнауды канадалықтар дәстүрге айналдырса, Ресей - оны кәдімгі доппен алмастырған. Алғашқы ресми матч 1875 жылы 3 наурызда Монреал қаласындағы «Виктория» мұз айдынында өткізілді. Ол кездегі хоккейді бүгінгі күнгі ойынның ережелерімен салыстыруға мүлдем келмейді. Ол кезде әр командада 9 ойыншыдан топтастырылған еді. Ал, бүгін де әр құрамаға кем дегенде 18 ойыншыдан келеді. Футболдың тарихы сынды хоккейдің себет-торы да бірте-бірте пайда болды. Алғаш рет хоккей арнайы сеткамен 1900 жылы ұйымдастырылды. Кейіннен қақпа темірден тұрғызылды. XYI-XYII ғасырларда хоккей голландиялықтар үшін таптырмас ойын болып есептелінді. XIX ғасырдың 70 жылдары Канадада хоккей қысқы олимпиада ойындары бағдарламаларына енгізілді. Оның алғашқы шарттарын Монреалдағы университеттердің бірінде білім алып жүрген студенттер қауымы жасады. 1899 жылы Монреалда жасанды мұз айдынында ірі хоккей жарысы болып өтті. Додаға 10.000 жанкүйер қатысты. Оны Канаданың әуесқойлар хоккей лигасы ұйымдастырды. 1914 жылы хоккейде кәсіби клубтар Ұлттық Хоккей Лигасына топтастырылған. Ал, 1908 жылы Ұлыбритания, Богемия, Швейцария, Франция және Белгия Халықаралық Хоккей Федерациясын құрды. Ойын талаптары жиі жаңаланып тұрды. 1900 жылы хоккей алаңы (61х30 м) болады деген ортақ шешім шығарылды. Ойын үш кезеңнен тұрады, әр кезең 20 минуттан деп есептелінді. Қақпашылар 1929 жылға дейін арнайы қорғанбаған еді. Сол жылы Канаданың клубы «Монреаль Канадиенстің» намысын қорғаған Клинт Бенедикт алғаш болып мұз айдынына маскамен шықты. Осы уақытқа дейін барлық матчтар ашық далада өткізілген. 1870 пен 90 жылдары жабық мұз айдыны жасақталды. Әлемде қолдан жасалған мұз айдыны 1903 жылы Лондонда жасалды. Хоккейдің дамуына Ұлыбритания едәуір үлес қосқан. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталысымен хоккей қайта қолға алынды. Жаңа хоккей державалары қалыптаса бастады. ХХ ғасырдың екінші жартысына дейін КСРО, Чехословакия мен Канада құрамалары үздік танылды. Ал, ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында жаңа алпауыт құрамалар бой көтерді. Бұлардың қатарына Финляндия, АҚШ және Швеция қосылды. Шахмат. Шахмат — ақыл-ой спорт түрі. 1969 ж. дейін қазақ тілінде дәстүрлі шатыраш (→ пракріттер: "chatur anja" — "төрт бұрыш" → арабша: "шатрандж") делініп келді. Тарихы. Ежелден қалған аңыздар бойынша, шахматты ең алғаш болып біздің эрамызға дейінгі 1000 жыл бұрын үндістандық математик ойлап тауыпты. Ал, кейбір деректер бойынша, шахмат біздің дәуірімізге дейін 2-3 ғасырда Мысыр, Ирак және Үндістанда пайда болған. Алайда, бұл ойыны туралы дәлелді нақты ақпарат болмағандықтан, көптеген тарихшылар шахматтың тарихын біздің дәуірімізден кейінгі 570 жылдан басталады деген тоқтамға келіп жүр. Шахмат туралы парсы дастандарында осы дәуірдің 600 жылдарында Үндістанда пайда болған деп жазылған. Ғасырлар бойы елге аса танымал болған шахматтан ресми әлем чемпионаты 1886 жылы өтті. Одан бері 14 шахматшы ғана жоғары дәрежелі атақты иеленді. Даңқты чемпиондар деген бірінші болып ауызға Стейниц мен Ласкер, Капабланк, Алехин, әлем чемпионы Ботвинник ілінді. Ғасырлар көшіне ілесіп, өркениетті басып озып келе жатқан шахматтың тарихы әркімді-ақ қызықтырары даусыз. Археологиялық жәдігерлерге қарап біздің эрамызға дейінгі III-IV ғасырда Ассирия, Месопотамия және Мысырда халықтардың тақтайға тас қойып ойнағаны білеміз. Кейіннен бұл ойын әскери сипатқа ие болған. Әскери шендегі ойыншылар ұтысқа адам қанын садақа еткен. Мысалы, Ежелгі Мысырда (б.з.д 1270 жылы) «тау» ойыны, Грекияда (б.э.д. V) «петтеия», ал Римде (б.э.д. I-II) «латрункули» деген құмарлық ойыны болған. Тарихшылардың дін көпшілігі шахматтың ережесі Үндістанда шыққан дегенмен келіскенімен, кейбірі оның тарихын Қытай мен Месопотамиямен байланыстырып жүр. Арабтардың Парсыны жаулап алуы ислам әлемінің осы ойынды жете игеруіне жол ашты. Алайда, арабтар аталмыш ойынды «шатрандж» деп атады. VIII-IX ғасырларда Араб Халифатында «шатрандж» кеңінен таралды. Алайда, ислам тақтай бетіндегі таста адам мен жан-жануарлар мүсінінің салынуына тыйым салынған. Діни қақтығысқа жол бермей үшін сәулетшілер шахмат фигураларын белгісіз бейнелермен алмастырды. Бұл фигуралар қарапайым халықтың қалтасына ауыр тимеді. Батыс Еуропада шахмат XI ғасырдан басталады делінгенмен ол бұдан екі ғасыр бұрын белгілі болды. XI-XII ғасырларда феодалдар арасында танылды. Ақшалай ұтысты Батыс Еуропа шарықтатып жіберген. Рим котолик шіреуі ойынға қанша тыйым салғанымен еш нәтиже бермеді. Кейіннен 1400 жылы тыйым мүлдем алынып тасталды. Кастилия мен Леонның королі Альфонс X Данагөй бұйрығымен Испанияда 1283 жылы «Ойын кітабы» атты 1 томдық қолжазба жарық көрді. Онда шахматтың 103 тапсырмасы көресетілген. Шахмат фигурасын қалыптастырушылардың бірі Цессолес өз заманында: «Шахмат тақтайшасындағы әрбір тастың өмірдегі атқаратын құқығымен қатар, міндеттері бар»,- деген екен. 1947 жылы Испанияда Францеска Висентаның «1495 100 тапсырма» және Луиса Рамиреса Лусенының «Шахмат өнерінің құпиялары» атты кітаптары алғаш рет баспаханадан шығарылды. Тіпті, XVI ғасырда Еуропада Марк Иероним «Шахматтың түрлер» атты дастан жазып қалдырған. 1575 жылы Мадридте король Филипп II-нің хансарайында испандық Рюи Лопеса және Альфонс Серонаның италяндық Джованни Леонардо мен Паоло Бои арасындағы өткен шешуші ойын тарихта алғашқы халықаралық турнир болып саналады. Онда испандық шахматшылар жеңіске жеткен. 1836 жылы Лабурдоннеде әлем бойынша шахмат туралы «Паламед» деген журнал шығарылды. Кейіннен 1837жылы Ұлыбританияда және 1846 жылы Алманияда осы тектес журнал жарыққа шықты. 1851 жылы Лондонда тұңғыш рет халықаралық турнир өткізілді. Онда Андерсен деген шахматшының жұлдызы оңынан туып, жеңімпаз атанды. Тіпті, ол екінші халықаралық турнирді де бағындырған. 1867 жылы Парижде өткен үшін додада Колиш жеңімпаз атанды. Матчта алға шыққан Стейниц алғашқы әлем чемпионаты атанды. Мұса Жәлел. Студент Мұса Жәлил, Мәскеу, 1929 Мұса Жәлил (; Араб тілі: موسا ﺟﮫليل; Жаңәліп: Musa Çəlil; кирилше: Муса Җәлил; толық аты: Musa Mostafa ulı Cälilev'", Cyrillic: Муса Мостафа улы Җәлилев; орысша: Муса Джалиль, Муса Мустафович Залялов; 1906 жылғы ақпанның 15 – 1944 жылғы тамыздың 25) — кеңес татар ақыны және қарсыласу күрескері. Ол кеңес үкіметінің екі ең жоғарғы марапатын: Кеңес Одағы Батыры атағын (жеке басының ерлігі үшін) және Ленин сыйлығын ("Моабит дәптерлері" шығармасы үшін) (екеуімен де қайтыс болғанынан кейін марапатталды). Өмірінің бастапқы кезеңі. Мұса Жәлил Орынбор губерниясындағы Мустафино ауылында ескі заттарды сатумен айналысатын кәсіпшінің отбасында дүниеге келді. Ол Орынбордағы Хұсайния медресесін бітірген. Алғашқы өлеңдері революция тақырыбына арналды. Жәлилдің ең алғашқы еңбектерінен түркі ақындық өнеріне тән «аруз» дәстүрінің әсерін байқауға болады. 1919 жылы ол сол кездері ақтардың билігінде болған Орынбордың астыртын комсомол ұйымына мүше болды. Содан соң Жәлил азамат соғысына қатысты, бірақ жасы келмегендіктен майданда әскери қимылдарға қатысқан жоқ, ақтарды жақтайтын қарулы топтармен күресуге атсалысты. 1920 жылы Жәлил өзінің туған ауылына қайтып оралып, онда «Қызыл гүл» атты жас коммунист ұйымын ашты. Ол Мустафинода комсомол белсендісі болды. Губерниялық комсомол конференциясында өз ауылынан делегат болып барды. Әдеби шығармашылығы. In 1920 the Tatar ASSR was proclaimed and Kazan was established as its capital. In 1922 Musa as many other Tatar poets moved to Kazan. This early period of Cälil's life is co-called "Red period", mostly due to his favorite epithet: his most prominent verses of that period are "The Red Host", "The Red Holyday", "The Red Hero", "The Red Way", "The Red Force" and "The Red Banner". In Kazan Cälil worked as copyist in "Qızıl Tatarstan" newspaper and studied at rabfak of the Oriental Pedagogical Institute. He became acquainted with prominent Tatar poets Qawi Näcmi, Hadi Taqtaş, Ğädel Qutuy and others. Since 1924 he is a member of "October" literary society, backing Proletkult. He is published in numerous magazines and newspapers of Kazan. Since 1924 his poetry departed from Ghisyanism and aruz, and, probably influenced by Taqtaş, turns to the Tatar folk verse, closer to the European than to the Oriental tradition. His first collection of verses, "Barabız" ("We are going") was published in 1925. The most of those poems are about pre-revolutionary life. In 1925-26 Cälil became an instructor of Orsk uyezd Komsomol cell, where he visited Tatar and Kazakh auls, agitating for Komsomol there. In 1926 he became the member of Orenburg governorate Komsomol committee. In 1927 Musa moved to Moscow, where he combine his study in the Moscow State University and job in Tatar-Bashkir section of the Central Committee of Komsomol. In 1929 Cälil joined Communist Party of the Soviet Union. The same year his second collection, "İptäşkä" (i.e. "To the Comrade"; Jaŋalif: "Iptəşkə") was published. There were verses, full of optimism and admiration with the future trends. Living in Moscow, Cälil met Russian poets Zharov, Bezymensky, Svetlov, attend Vladimir Mayakovsky's performances. He entered Moscow Association of Proletarian Writers (МАПП - MAPP), and became its third secretary and a leader of its Tatar section. Now his hero is a village fellow, striving to the new life, admiring with the "voice of machines". Cälil tried to find "new poetic language", full or "proletarian colours". However, in the end of 1920s lyricism appeared in Cälil's poetry. In 1931 Cälil graduated Literature Faculty of Moscow University. Until 1932 he was a chief editor of "Keckenə iptəşlər", later renamed to "Oktəbr Balasь" ("Little Octobrist"), the Tatar magazine for children. Then he headed the section of literature and art in the central Tatar newspaper "Kommunist". In 1934 Musa Cälil published two collections. The first of them, "The Millions, Decorated with Orders" was devoted mostly to youth and Komsomol, whereas in the second, "Verses and Poems", the best of his writing were collected. The mainstream lyric was full of optimism and spirits. However, many of his lyrical poems weren't published, as being in dissonance with Stalinism. Musa Cälil lived in the various places of the USSR, combining several jobs. In 1935, the first Russian translations of his poems were published. His verses, set to music, became popular Tatar songs. In 1930s Cälil also translated to the Tatar language writngs of poets of the USSR peoples, such as Shota Rustaveli, Taras Shevchenko, Pushkin, Nekrasov, Mayakovsky and Lebedev-Kumach. In the late 1930s he tended to write epic poems, such as "The Director and the Sun" (1935), "Cihan" (1935-1938), "The Postman" (1938). A a playwright of Tatar State Opera he wrote four librettos for Tatar operas, and the most prominent of them is "Altınçäç" ("Golden Hair Maiden") of Näcip Cihanov. In 1939-1940, he became the chairman of the Tatar ASSR Union of Writers. To this day Musa Cälil is regarded as one of the most significant authors in the Tatar language. During World War II. After Nazi Germany's invasion of the Soviet Union in June 1941, Cälil volunteered to the Red Army. Briefly graduating political officer courses, he arrived to the Volkhov Front and became war correspondent in "Otvaga" newspaper. Cälil also wrote verse, patriotic but later turns to the "front lyricism", i.e. about feelings of war people. In June 1942, Cälil's unit was encircled, when they tried to run a blockade he was seriously wounded, shell-shocked and captured. After months in concentration camps for Soviet prisoners-of-war, including Stalag-340 in Latvia and Spandau, Cälil was transferred to Dęblin, a fortified stronghold in Poland. There Musa met his fellow countrymen, for the Nazis were assembling prisoners of Idel-Ural and Eastern nationalities in the camp. He sought out people he could trust in and together they subsequently formed a resistance group. In late 1942, the Nazis started forming what they called "national legions". Among others, the Idel-Ural legion was formed in Jedlina, Poland, of prisoners-of-war belonging to the nations of the Volga basin. Since the majority were Volga Tatars, the Germans usually called it the Volga-Tatar legion. The Nazis brainwashed the prisoners in a rabidly chauvinistic and anti-Soviet spirit, to prepare the legionnaires for action against the Soviet Army. He joined the Wehrmacht propaganda unit for the legion under the false name Gumeroff. Cälil's group set out to wreck the Nazi plans, to convince the men to use the weapons they would be supplied with against the Nazis themselves. The members of the resistance group infiltrated the editorial board of the "Idel-Ural" newspaper the German command produced, and printed and circulated anti-fascist leaflets among the legionnaires into esoteric action groups consisting of 5 men each. The very first battalion of the Volga-Tatar legion that was sent to the Eastern front mutinied, shot all the German officers, and defected to the Soviet partisans in Belarus. In August 1943, Nazi spies managed to track down the resistance group. Musa Cälil and most of his militant comrades were seized. There followed nightmare days and nights of interrogations, torture, and more torture. The Gestapo broke his left arm and injured his kidneys. His body was covered with welts from the beatings he got with an electric cord and rubber hose. His crushed fingers were swollen and would not bend. But the poet did not give up. Behind bars he continued his fight against Nazism. He had only his poetry for a weapon. On August 10, 1943, he was arrested with his comrades and sent to Moabit Prison in Berlin. He sit in cell with Belgian patriot and resistance fighter André Timmermans, and also with one Polish prisoner. Cälil studied German in prison to communicate with the cellmates. As the regime was not so harsh, he managed to compile at least hundred of all his verses, composed in the prison, to the small self-made notebooks. He and his group of 12 were sentenced to death on Ақпанның12, 1944 and guillotined at Plötzensee Prison, Berlin, on August 25. Legacy. A view "Moabit Notebook"s titleA view of another "Moabit Notebook"s titlea>, opened in 1983. On April 23, 1945, the 79th Infantry Corps of the Soviet Army that was advancing on the Reichstag took up positions along the Berlin streers of Ratenowerstraße and Turnstraße. A soldier who paused there before the next attack noticed several lines in Russian on one of the clean pages of a book that was lying about: "I am the Tatar poet Musa Cälil, held in Moabit prison as a prisoner-of-war against whom political charges have been preferred, and will most likely be shot soon. If some Russian finds this note, convey my regards to my writer-friends in Moscow and break the news to my family". The soldiers sent the page to Moscow, to the Union of Writers. That was the first his country heard of the heroic fate of Musa Cälil. Cälil's first notebook was preserved by the Tatars Ğabbas Şäripov and then Niğmät Teregulov (both late dead in Stalin's camps). Şäripov also was imprisoned in Moabit and received Cälil's and Abdulla Äliş's writings when the prison guards hide of bombing. To preserve the writings, Cälil's group fenced him off. The second one was preserved by the Belgian cellmate André Timmermans. Those notebooks were passed to the Tatar ASSR Union of Writers in 1946 and 1947 correspondingly. They were published as two books under the title "Moabit Däftäre" ("The Moabit Notebook"). Cälil's widow Äminä Zalyalova gave the originals to the National Museum of Tatarstan for safekeeping. It is known that one notebook was brought to the Soviet embassy in Rome by the ethnically Tatar Turkish citizen Kazim Mirşan in 1946. However, this notebook was lost in the archives of SMERSH, and the pursuits since 1979 give no results. Rehabilitation and recognition. All Soviet POVs were considered parricides by the USSR authorities. In 1946 MGB brought an action against Musa Cälil, accusing him of parricide and aiding to the enemy. In April 1947 his name was included to the list of dangerous special criminals. Tatar writers and Tatarstan department of state security managed to prove Cälil's underground work against the Nazis and his death. In 1953 "The Moabit Notebooks" were published in Kazan and the Russian translation also was published in "Literaturnaya Gazeta" owing to its editor Konstantin Simonov. Musa Cälil was awarded to the star of the Hero of the Soviet Union in 1956 and Literature Lenin Prize in 1957 for "The Moabit Notebooks". After that Musa Cälil gained recognition as the most heroic Tatar participant of the World War II, despite of being in Nazi prison and his formal participating in the collaborationist legion. The monument to Musa Cälil is placed near the Kazan Kremlin, the museum in his flat was opened in Kazan in 1983.. His poetry was popularized all over the Soviet Union and the Warsaw Pact countries. As Azerbaijani poet Səməd Vurğun wrote, A minor planet 3082 Dzhalil discovered by Soviet astronomer Tamara Mikhailovna Smirnova in 1972 is named after him. Бор постулаттары. formula_1 Мұндағы En және Em осы стационар күйлердiң энергиясы, ал formula_2 – Планк тұрақтысы. Атомдардың энергетикалық күйлерiн энергия деңгейлерi арқылы белгiлеп, сәуле шығару және жұту үрдiстерiн көрнектi түрде көрсету ыңғайлы. Жер атмосферасы. Атмосфера (— бу және — шар) - Жерді қоршаған газ қабықшасы. Атмосфера 78% азоттан, 21% оттегіден және болымсыз мөлшердегі басқа газдардан тұрады. Атмосфераның төменгі қабаты тропосфера деп аталады, ол 10-12 км биіктікке дейін (орта ендіктерде) созылып жатады. Одан биіктеген сайын температура төмендейді. Онан жоғары стратосферада температура тұрақты дерлік болып қалады (-40С маңында). Ал шамамен 25 км-дей биіктіктен бастап бұл қабат Күннің ультракүлгін сәулелерін жұтатындығынан температура баяу артып отырады. Жер атмосферасының жоғарғы қабаттарында күн сәулелері күшті иондану туғызады. Атмосфераның ионданған қабаты ионосфера деп аталады. Атмосфера ғарыш кеңістігінен Жерге келетін сәулелерден басым бөлігін шағылдырады немесе жұтады. Мысалы, ол Күннің рентген сәулелерін жібермей, ұстап қалады. Атмосфера бізді микрометеориттердің үздіксіз атқылауынан және ғарыш сәулелерінің – жедел қозғалатын бөлшектердің ағынының бүлдіру әрекетінен де сақтайды. Атмосфера Жердің жылу балансында ерен маңызды роль атқарады. Көрінетін Күн сәулелері атмосфера арқылы ешбір бәсеңсімей өте алады. Оларды Жер беті жұтады, осыдан келіп ол жылынады да, инфрақызыл сәулелер шығарады. Осы күнгі көзқарастар бойынша гидросфераның және атмосфераның болуы арқасында ғана жерде тіршілік пайда болған. Міне, сондықтан да экология мәселесі, біздің бірегей ғаламшарымыздың табиғатын қорғау ерекше маңыз алуда. Жоңғар-қазақ соғысы (1723—1730). Отан соғысы (1723—1730) — қалмақ шапқыншылығына қарсы қазақ халқының ұлт-азатттық күресі. Бұл кездегі ең күрделі кезең ел ішінде «Ақтабан шұбырынды» атауымен белгілі. Бүкіл әлемдік тартылыс заңы. мұндағы, G - гравитациялық тұрақты деп аталатын пропорционалдық коэффициент. Бұл күш бір-біріне әсер ететін денелер арқылы өтетін түзудің бойымен бағытталған. Формула шамасы бойынша бір-біріне тең F12 және F21 күштердің сандық мәнін береді. Cуреттегі өзара әсерлесетін денелер біртекті шарлар болса, m1 және m2 – шар массалары, r - олардың центрінің ара қашықтығы. Сонымен, шарлар материялық нүктелер ретінде өзара әсерлеседі, ал олардың массалары шар массаларына тең және олардың центрлерінде орналасқан. Гравитациялық тұрақтының сандық мәні, массалары белгілі денелердің бір-біріне тартылатын күшін өлшеу жолымен анықталған. Осындай өлшеу кезінде көп қиыншылықтар кездеседі, өйткені массалары тікелей өлшенетін денелер үшін тартылыс күштері өте-мөте аз болып шығады. Мысалы, әрқайсысының массасы 100 кг, бір-бірінен қашықтығы 1 метр болатын екі дене бір-біріне шамамен 10-6 Н, яғни 10-4 Г күшпен өзара әсер етеді. Гравитациялық тұрақты. G - тұрақтысының мәнін анықтау үшін ең алғаш ойдағыдай өлшеу жүргізген ағылшын ғалымы Генри Кавендиш (1798ж.) болды. Кавендиш тәжірибесі. Бүкіл әлемдік тартылыс заңындағы гравитациялық тұрақтыны анықтау мақсатында 1797 – 1798 жж аралығында Генри Кавендиш жасаған тәжірибе. Гравитация тұрақтысының мәнін анықтау үшін ең алғаш ойдағыдай өлшеу жүргізген ағылшын ғалымы Генри Кавендиш болды. Ол күшті өлшеу үшін өте сезгіш иірілмелі таразы әдісін қолданды. Жеңіл стерженнің ұштарына бекітілген екі қорғасын шар m (әрқайсысының массасы 729 г) симметриялы орналастырылған М шарларының (әрқайсысының массасы 158 кг) жанына қойылған. Стержень серпімді жіпке асып қойылған, шарлардың бір-біріне тартылу күшін осы жіптің бұралуы арқылы өлшеуге болады. Жіптің жоғарғы ұшы орнату бүркеншігіне бекітілген, ал осы бүркеншікті бұру арқылы m және М шарларының ара қашықтығын өзгертуге болады. Кавендиштің (СИ жүйесіне аударғаннан кейін) тапқаны "G" = 6.74 × 10−11 m3 kg−1 sec−2 - қабылданған мәннен 1% ғана беттеспедi. Аймалашы мені.... «Аймалашы мені...» фильмі – қазіргі заман айнасы. Ағайынды екі жігіттің арасындағы көзқарастың алшақтығы; Өнерлі жастың өз талантын шыңдауға іздейтін жолдары; Әлсіздерге қоқан-лоққы жасауды өмірдегі тек бірден-бір пайда табу деп білетін жандардың іс әрекеті; Аз ғана уақыт ішінде тағдыр салған талай сыннан адасып жүріп жол тауып, алдыға қойған мақсатына табандылықпен жете білуге баулитын көркем фильм ешкімді бей-жай қалдыра қоймайды; Басты рөлдерде: Шапағат Орынбаев, Марат Достаев, Айбек Байназаров Қызғалдақ (фильм). «Қызғалдақ» фильмінің 70 пайызы қазақ тілінде түсірілді. Онда қазақ өмірі, қарапайым ауыл тұрмысы суреттеледі. Фильмді Францияның халқы ерекше қабылдап, жоғары бағалады. Ал, Қазақ көрермендер оны биылғы жылдың күз айларында тамашалай алады», дейді С.Дворцев. Режиссердің айтуынша, фильмнің түсіріліміне Қазақстанмен қатар Ресей, Швейцария және Алмания елдері қатысқан. Түсірілімге кеткен қаржының жалпы бағасы екі миллион еуроны құраған. Мараппаттары. Қазақ режиссері Сергей Дворцевтің «Қызғалдақ» фильмі Канн фестивалінің «Ерекше көзқарас» сыйлығына ие болды. Ауылым-әнім. «Ауылым-әнім» - Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильмнің» базасында 2008 жылы ақпанда түсіріп біткен толықметражды көркем туынды. Жаңа фильмнің режиссерлері – Қанымбек Қасымбеков пен Сәбит Құрманбеков. Продюсері Әубәкір Сүлеев. Түсірілімге бюджеттен 60 млн теңге бөлінген. Режиссер Қанымбек Қасымбековтің есімі көрермендерге «Шоқ пен Шер» фильмі арқылы көпшілікке танымал. Бұл фильм 1972 жылы Монте-Карлода өткен халықаралық кинофестивальде «Күміс нимфа» сыйлығына ие болған. Сәбит Құрманбеков те көркем фильмдерімен көрермендерге белгілі. Ол бұдан екі жыл бұрын қысқаметражды «Трасс» бейнефильмін экранға шығарған болатын. Қос режиссердің жаңа картинасы белгілі жазушы Нұрғали Ораздың әңгімелері бойынша жасалған. Сценарийін жазғандар – Зауреш Ерғалиева мен Қанымбек Қасымбеков және Нұрғали Ораз. Фильмдегі оқиға. Фильмдегі оқиғаға ауыл өміріндегі комедиялық көріністер арқау болған. Ауылда әкім сайлауы өтіп, онда жас әйел жеңіске жетеді. Билік басы өзгеріп, бұрынғы әкім кітапханашы, ал механик Гиннестің рекордтар кітабына кіруге әрекет жасайды. Фильмнің түсірілімі Алматы облысы Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылында өткен. Туындының премьерасы көктем айында болмақ. Розуэлл. Розуэлл - 1994 жылы түсірілген (АҚШ) Фантастикалық фильм. Фильмдегі оқиға. Әскери барлау қызметіндегі офицер 1948 жылы өзге планетадан келген әуе кемесінің қираған қалдықтарын тауып, зерттейді. Бірақ оның бұл ісін елдің бәрі күлкіге айналдырады. Тіпті оны «бұл-ғарыш кемесінің қалдықтары емес екен, мен оны метезонпен шатыстырыппын» деген сөзді айтуға зорлап көндіреді. Бірақ ол алған бетінен қайтпай, бүкіл ғұмырын осыны зерттеуге арнайды. Он үшінші жауынгер. "Он үшінші жауынгер" - 1999 жылы түсірілген (АҚШ) Шытырман оқиғалы фильм. Әртістер. Антонио Бандерас, Дайэн Венора, Омар Шариф Фильмдегі оқиға. Ахмед Ибн Фахдлан тумысынан ақсүйек және ақын. Ол-махаббаты үшін жаза тартып, өркениетті Шығыстан жабайы Сібірге, викингтер мекендейтін өлкеге қоныс аударады. Ал бұл өлкенің ержүрек жауынгерлері елді мекендерді қынадай қырып, соңында тау-тау өліктер қалдырумен келе жатқан жұмбақ тайпаға қарсы соғысқа дайындалып жатыр екен. Ежелгі сенім бойынша аң тәріздес дұшпанды жеңу үшін оған он үш жауынгер қарсы тұруы керек екен де, ал оның біреуі міндетті түрде жатжерлік болуы тиіс екен. Император вальсі. Император вальсі - 1948 жылы түсірілген (АҚШ) мелодрама. Бинг Кросби, Джоан Фонтейн, Люсиль Уотсон Фильмдегі оқиға. Европаны аралап жүріп, фонограф сатушы американдық Вирджил Смит өзінің Блич деп атайтын күлкілі итімен бірге Аустриядан бір-ақ шығады. Жарнама жасау және өзінің саудасын дамыту мақсатымен ол өзінің фонографын Франц Джозефке - Австрияның императорына ұсынады. Есік алдындағы қарауылдар оның қолындағы аспапты бомба деп ойлап қалады да, оны тұтқындайды. Бірақ олар кейін түсініседі де, бәрі орын-орнына келеді. Смит графиня Джоанна Августамен танысыды. Ол графиняны ұнатып қалады. Бизнесмен графиняның көңілін табуға тырысады, ал оның төбеті Блич корольдің пуделінің ойынан шығуға тырысады. Ал, императордың ойынша, қарапайым америка азаматы мен графиняның арасында сүйіспеншілік қарым-қатынас болуы мүмкін емес, ал американдық азамат бұлай ойламайды... Тосын тәжірибе. Тосын тәжірибе - 1999 жылы түсірілген (Польша) фильм, комедия. Эва Гаврилюк, Олаф Любашенко, Станислава Целинска Фильмдегі оқиға. Жас поляк ғалымы бір адамның басындағы ойды екінші адамның басына ауыстырумен айналысады. Бұл сияқты тосын тәжірибені ол-ең алдымен ешкіге жасауды ойлайды. Сөйтіп, әлгі ешкінің басына иттің санасын береді, сол кезде ешкі ит болып үре бастайды. Тәжірибенің ең қызған кезінде зертханаға балерина келіп кіреді... Осындай тәжірибелердің нәтижесінде ғалымның өзі әйел болып шыға келеді де, ал оның көмекші қызы белдемше киген еркекке айналады... Қазақстан елордалары. Қазақтар жиырмасыншы ғасырда астанасын төрт мәрте ауыстырды, дәлірек айтқанда, алдыңғы үш астананы Мәскеу ауыстыртты. Көне астаналар керуені. «Байтақ» – «пойтәхт» парсы тілінен аударғанда «астана», «тақ табалдырығы» деген мағынаны білдіреді екен. Қазақтың арғы-бергі тарихында байтақ болған қалалар легі өз алдына керуен секілді. Б.д.д. ІІІ ғасырдан бастап Қазақстан жеріндегі мемлекеттердің саяси орталығы болған қалаларды атап өтпеуге болмайды. Мәселен, үйсіндердің астанасы Чигу-чинь немесе Қызыл аңғар қаласы. Оның орны қазіргі Алматы облысының Кеген ауданына қарасты Саты деген ауылдың маңында. Көне Қаңлы мемлекетінің астанасы Битянь қаласы, қазіргі Тараз қаласының орнында жатыр. Түрік қағанатының аты белгісіз астанасы Орхон-Керулен өзендерінің бойында екенін археологтар іздеп тауып, қазір зерттеулер жүргізіп жатыр. Батыс Түрік қағанатының және одан кейінгі Түргеш мемлекетінің орталығы Шу бойындағы Суяб қаласы болды. Қарлұқ мемлекеті – Қойлықты, Қарахан елі – Баласағұнды астана етті. Орта ғасырларда Отырар, Испиджаб (Сайрам) әкімшілік, сауда-саттықтың ірі орталықтары болды. ІХ-ХІ ғасырда Сырдың төменгі бойында Оғыз мемлекетінің астанасы Янгикент қаласы еді. Бір кездері гүлденген шаһар – Янгикенттің жылан ордасына айналып кетуіне байланысты аңыздар көп. ІХ ғасырда Қимақ мемлекетінің астанасы Ертіс бойындағы Имек қаласы болған. ХІ-ХІІІ ғасырда Дешті-Қыпшақ даласының гаваны аталған Сығанақ шаһары бірнеше мемлекетке астана болды. Тарихшы Берекет Кәрібаевтің айтуынша, аса ірі саяси-әкімшілік орталық саналған Сығанақ қаласы – Қыпшақ мемлекетінің, Ақ Орда ұлысының, Әбілқайыр мемлекеті (Көшпелі өзбектер мемлекеті) және Қазақ хандығының алғашқы астанасы болған. Көшпелі өзбектер мемлекетін билеген Әбілқайыр хан осы Сығанақ түбіндегі Көк кесене деген жерге жерленген. Алтын Орда заманында Сарайшықтың дәурені өтті. Онда қазақтың әйгілі ханы – Қасым хан жерленген. Қазақ ордасының астанасы қазақтың 200-дей хан-сұлтаны, батыр-билері, жақсы-жайсаңдары жерленген қасиетті Түркістан ұзақ жылдар саяси-рухани байтақ қала болды. Әзірет сұлтан Қожа Ахмет Яссауи жатқан Түркістан кесенесі аман болса, қазақты жау алмайды. Ер түріктің бесігі болған қасиетті Түркістан – қазақтың мәңгілік рухани астанасы болып қала бермек. Ташкент бір заманда қазақ жұртына байтақ болған екен. Қазақтың ежелгі астаналары Ұлы Жібек жолының бойына және өзен-суы мол өңірлерге қоныс тепкен. Ресей империясының Қазақ жерін жаулап алуына байланысты біртұтас орталық болған жоқ. Қазақ даласы үш генерал-губернаторлыққа бөлініп, Сырдария және Жетісу облыстарының орталығы Ташкенттен, Орал мен Торғай облыстары Орынбордан, Ақмола мен Семей облыстары Омбыдан басқарылды. 1917 жылы Алашорда үкіметі құрылып, саяси-әкімшілік орталық ретінде «Алаш» қаласы аталған Семейді таңдаған. Алайда бұл қағаз жүзінде бекітілгенімен, аумалы-төкпелі заманда Алаш астанасы – Алаш арманы жүзеге аспады. Кеңестік дәуірдегі ресми астаналар. 1920 жылы Қазақстан Ресейдің құрамындағы автономиялы республика болып құрылған соң Орынбор бас қала болып жарияланды. Орынбор өлкесі ол кезде қазақ жерінің құрамдас бір бөлігі саналатын. Орынборда А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин, Б.Қаратаев, М.Дулатов, М.Шоқай, Х.Досмұхамедов, ағайынды Сейдалиндер қазақ халқына шамшырақ болды. Алғашқы «Қазақ» газеті және «Айқап» журналы Орынборда басылды. 1924 жылдан бастап астана Орынбордан Ақмешітке көшірілді. Себебі, сол кезде Түркістан республикасы таратылып, Жетісу мен Сырдария облыстары ҚазАКСР-не қосылды. Соның нәтижесінде халық саны 35 пайызға артып, қазақ жері бұрынғы қалпына келтірілді. Сол кезде Ресей Орынборды өздеріне қосып алып, астаналарыңды өздерің таңдаңдар деген мәселе қояды. Қазақ зиялылары Ташкент немесе Түркістан қаласын таңдамақ болады. Алайда қазақ астанасының Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне көшуінен қауіптенген біреулер Түркістанды астана етуге кедергі жасап баққан екен. Сөйтіп, Орынбордан кейін астана ретінде сол кездегі уезд орталығы ғана болған Ақмешіт қаласына таңдау түседі. Астананы Орынбордан көшірудің басы-қасында жүрген Сұлтанбек Қожанов әлдебіреулердің өз туған жері Түркістанға бүйрегі бұрды деген әңгіме өрбімес үшін Ақмешіт қаласына тоқтаған деседі. Қазақстанның Астаналары» (Сен білесің бе?) деп аталатын кітапшаның авторы, тарихшы Ахмет Тоқтабаевтың айтуынша, қазақ интеллигенциясы Ташкентті астана қылмақ боп көшіп бара жатқанда Сталиннен «тоқтатылсын» деген бұйрық жетіп, жол бойындағы Ақмешіт қазақтың астанасы болып қалады. Ташкент үшін қазақ пен өзбек оқығандарының арасында үлкен айтыс жүрген. Сол Ташкентті өзбектерге алып беруге қып-қызыл коммунистер Фрунзе мен Куйбышев көп еңбек сіңірді дейді білетіндер. Сөйтіп, 1925 жылы наурыз айында Қазақстанның астанасы Орынбордан Қызылордаға көшті. Ол кезде Сыр бойының табиғаты өте бай еді, Сыр жағалаған ел ешуақытта қыстан жұтамай шығатын. Басқа елдер мен халықтарға Сыр десе, тоқшылық пен молшылық елестейтін. Қазаққа төрт жыл астана болған Қызылордада тұңғыш музыка театры ашылды. Онда Қалибек Қуанышбаев, Серке Қожамқұлов, Шара Жиенқұлова және тағы басқа өнер тарландары өзінің талантымен танылды. Атақты Түрксіб теміржолының салынуы астананы Алматыға көшіруге түрткі болды. Заң жүзінде 1927 жылы 3 сәуірде көшіру басталғанымен, 1929 жылы іске асырылды. Әуелгі кезде Алматыдан 120 шақырым жерде Іле өзенінің бойынан астана тұрғызылмақ болып, тіпті құрылысы басталған. Алайда инфрақұрылымнан жұрдай, жол торабынан алыс айдалаға астана салудың қисыны келмейтіні мәлім. Сөйтіп, 1929 жылы Қазақстан астанасы Қызылордадан Алматыға көшіп келді. Басын қар басқан Алатаудың етегіне орналасқан табиғатының сұлулығы жағынан сирек кездесетін Алматы қаласы сейсмикалық қауіптілігіне қарамастан Қазақстанның орталығы болуға лайық еді. Кеңес жылдарында сәулет өнерінің тамаша ескерткіштері болып табылатын опера және балет театрының үйі, Қазақстан қонақ үйі, Республика Сарайы, Әуезов атындағы академиялық театр, Орталық мұражай, Ғылым Академиясының бас ғимараты сияқты алып құрылыстар салынды. Алматыны бүкіл дүниежүзіне белгілі Медеу мұз айдынынсыз елестету қиын. Александр. Нева шайқасы. Александр. Нева шайқасы (орысша «Александр. Невская битва») - 2008 жылы көктемде шыққан фильм (Ресей-Қазақстан). Продюссерлері – Борис Чердабаев (Қазақстан), Игорь Каленов, Рустам Ибрагимбеков (Ресей). Фильмде ресейлік актер Антон Пампушный (басты роль Александр Невскийді), қазақстандық актер Тұнғышбай Жаманқұлов (монғолдар елшісінің ролі) сомдайды. Фильмдегі оқиға. 1237 жыл. Шығыстан славян қалаларын күлге айналдырып өлімнің жаршылары сияқты монғол шабармандары келеді. Батыстағы көршілер орыс жерлерінің бөлігін өздеріне алу үшін өз сағатын күтуде. Батыс пен Шығыстың арасындағы шекарада Псковтан Ақ және Балтық теңізіне дейін өзінің иелігімен Ұлы Новгород орналасқан. Новгородта 17-жасар Александр княздік етеді. Ол үш жылдан кейін өзінің бірінші шайқасын жеңіп алады және Невский деген даңқ алады. Әңгіме 1983 жылы түсірілген Эйзенштейннің классикалық совет туындысында емес, ал жаңа кино туралы. Бұл америкалық, француздің қалыпты формасы сияқты емес, бұл мүлде қазіргі заманғы фильм. Сценариі жақсы, жеңілістер, шайқастар, тыңшылар, сатқындар, достар, нәзік дипломатия және қатаң шешімдер. Көңіл жібітетін махаббат жолы. Нағыз еркектер достығының елұраны. Еуропалық түсіру деңгейінің жұмысы, ғасырды шынайы бейнелеу, шайқастарды түсіру, қару-жарақты ұршықша иіру. Алаңда кәсіби реконструкторлар – түсіру тобының сөзсіз сәттілігі. Негізгі кілт. Негізгі кілті қатысты дерекқорларда әр жол үшін ерекше анықтауышты қамтамасыз ететін кестедегі өріс немесе өрістер жинағы. Office Access 2007 сияқты қатысты дерекқорда, мәліметті бөлек, тақырып негізіндегі кестелерге бөлесіз. Кесте байланыстары мен негізгі кілттерді мәліметті қайта бірге топтау жөнінде Access бағдарламасына жеткізесіз. Access негізгі кілт өрістерін бірнеше кестелердегі деректермен жылдам байланыс орнату үшін қолданады және сол деректерді мәнді түрде біріктіреді. Негізгі кілттің жақсы талапкері бірнеше сипаттамаларға ие болады. Біріншіден, ол әр жолды ерекше анықтайды. Екіншіден, ол ешқашан бос немесе нөл болмайды — ол әрдайым мәнді қамтиды. Үшіншіден, ол өте сирек (негізінде, ешқашан) өзгереді. Access негізгі кілт өрістерін бірнеше кестелердегі деректерді бір жерге жылдам тоғыстыру үшін қолданады. Дұрыс таңдалмаған негізгі кілттің мысалы ретінде атау немесе мекенжайды атауға болады. Екеуі де уақыт өте өзгеруі мүмкін мәліметті қамтиды. Кестенің негізгі кілтін әрдайым көрсетуіңіз қажет. Access сұраулар мен басқа амалдарды жылдамдатуға көмектесетін негізгі кілттің индексін өзіндік түрде жасайды. Access, сондай-ақ, әр жазбаның негізгі кілт өрісінде мәнге ие болуын және әрдайым ерекше болуын қадағалайды. Отбасылық психотерапия. Отбасылық психотерапия - отбасын зерттеп білуге және алдын алу мақсатында оған ықпал жасауды, сонымен қатар кейінгі әлеуметтік-еңбек құқығын қалпына келтіруді қамтитын психотерапия саласы боп табылады. Отбасылық психотерапияның әдісі бәрінен бұрын маскүнемдік, нашақорлық, психопатия, психоздық және психосоматикалық аурулар кезіндегі психотикалық емес психогендік бұзылу кезінде (жүйкенің тозуы, аса қызбалық және өзіне өзі қол жұмсаушылық реакциялар, мінез-құлықтың патологиялық бұзылушылық жағдайы) қолданылады. Отбасылық психотерапияға психотерапияның басқа салаларымен қарастырылмайтын қосымша аспектілердің тобы кіреді - бұл дегеніміз отбасылық мөлшерде қызмет ету, отбасылық бұзылушылық түрлері, оларды алдын алу, отбасы мүшелерінің психикалық және соматикалық денсаулығына әсер ету, отбасы тіршілігінің бұзылу диагностикасы. Отбасылық психотерапиямен бір мезгілде дәрігер және медициналық психолог қызметі ретінде педагогикалық, заңгерлік, экономикалық ықпал етеді. Олардың айырмашылықтары бәрінен бұрын өз мақсаттарымен анықталынады. Педагогикалық ықпал ету отбасының тәрбиелік және білім беру мәселелерін шешуге бағытталған. Отбасылық қарым-қатынас мөлшерінде ерлі-зайыптыларға көмек көрсететін психологиялық консультацияны және медициналық мақсатты алдына қоймайды. Отбасына және оған ықпал етуге арналған ғылыми әдебиеттерде кейде отбасылық психотерапияны алдына медициналық мақсат қоймайтын отбасымен психологиялық жұмыс жасау сияқты атайтынын көрсету қажет. 20 ғ. 70-80 жж. отбасына көмек көрсетудің барлық мүмкіндіктегі түрлерінің маңызды саны қалыптасты. Бұл отбасылық консультациялар, танысу қызметтері, отбасылық жаңару және білім берудің әртүрлі түрлері (отбасылық университеттер, дәріс оқытушылар және т.б.), сексологиялық, педиатриялық, педагогикалық кабинеттер болып табылады. Іздеу процесі барлық осы үлгілер арасындағы өзара байланыс және өзара қарым-қатынас жолдарында іске асады. Отбасы. Отбасы - бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Отбасының маңызды сипаты - оның қызметі, құрылымы және динамикасы болып табылады. Отбасы құрылымы. Отбасы құрылымы отбасының құрамы мен санынан, сонымен қатар оның мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынастарының жиынтығынан тұрады. Отбасы құрылымын талдау отбасы қызметінің қандай жағдайда жүзеге асуы жөніндегі сұрақтарына жауап беруге мүмкіндік туғызады: отбасында кім басшылық етеді және кім – орындаушы, отбасы мүшелерінің арасындағы құқықтары мен міндеттері қалай бөлінген деген сияқты. Отбасы құрылымының бұзылуы – бұл оның қызметінің отбасымен орындалуына қиындық тудыратын және кедергі келтіретін құрылымдарының ерекшеліктері болып табылады. Мысалы, ері мен зайыбының арасындағы шаруашылық-тұрмыстық міндеттерінің тең бөлінбеуі өзара қарым-қатынас құрылымының бұзылу негізінде ілгері басады, яғни маңызды міндеткерлікті алған сол ерлі-зайыптылардың қажеттілік қатарының қанағаттануына кедергі жасайды: жеке күшті бұрынғы қалпына келтіру, рухани қажеттілікпен қанағаттандыру. Осы себептен, отбасындағы қарым-қатынас құрылымының бұзылуы оның түрлі қызметінің отбасымен орындалуына кедергі келтіретін отбасылық қақтығыстар екенін мойындау керек. Отбасының тәрбиелік қызметі. Отбасының тәрбиелік қызметі ана және әке болуда, балалармен қатым-қатынаста, оларды тәрбиелеуде, балалардың өз бетімен өсуі кезіндегі жеке қажеттіліктің қанағаттанарлығынан тұрады. Отбасы қоғаммен байланысы бойынша өсіп келе жатқан ұрпақтардың әлеуметтенуін, қоғамның жаңа мүшелерін дайындауды қамтамасыз етеді. Отбасының шаруашылық-тұрмыстық қызметі. Отбасының шаруашылық-тұрмыстық қызметі - отбасы мүшелерінің материалды қажеттіліктерінің (азық-түлік, қан және т.б.), олардың денсаулығының сақталуына әсер етуінің қанағаттанарлығынан тұрады. Отбасының осы қызметінің орындалу барысында еңбек ету кезінде жұмсалған жеке күшті бұрынғы қалпына келтіру қамтамасыз етіледі. Отбасының эмоциональдық қызметі. Отбасының эмоциональдық қызметі – оның мүшелерін ұнатушылық, сыйлаушылық, мойындаушылық, эмоционалды қолдаушылық, психологиялық қорғаушылық қажеттіліктерімен қанағаттандыру. Осы қызмет қоғам мүшелерінің эмоционалды тұрақтануын, олардың психикалық денсаулығының сақталуына әсер етуді қамтамасыз етеді. Рухани қарым-қатынас қызметі. Рухани қарым-қатынас қызметі – бос уақытты бірлесе өткізу, екі жақты рухани байыту қажеттіліктерімен қанағаттандыру. Бастапқы әлеуметтік бақылау қызметі. Бастапқы әлеуметтік бақылау қызметі – отбасы мүшелерінің әлеуметтік мөлшерінің орындалуын, оның ерекшелігі, егер кімнің түрлі жағдайда күші бар (жасы, науқастану және т.б.) болып, әлеуметтік мөлшермен толық сәйкес өзінің мінез-құлқұн өз бетімен тәрбиелей алатын қабілетін жеткілікті деңгейінде меңгере алмаған жағдайда қамтамасыз етеді. Сексуалды-эротикалық қызметі. Сексуалды-эротикалық қызметі – отбасы мүшелерінің сексуалды-эротикалық қажеттілігін қанағаттандыру. Қоғамның көзқарасымен қарағанда маңызды болып, отбасы, сонымен қатар, отбасы мүшелерінің сексуалды-эротикалық мінез-құлығын реттеуді қоғамның биологиялық ұдайы өсуін қамтумен іске асырады. Отбасы қызметінің бұзылуы – бұл қиындық туғызатын немесе оның қызметін отбасымен бірге орындауға кедергі келтіретін тіршілік қарекетінің осындай ерекшелігі болып табылады. Өте кең шеңбердегі факторлар бұзылушылыққа мүмкіндік туғызады: оның мүшелерінің жеке ерекшеліктері, олардың арасындағы өзара қарым-қатынас, отбасы тіршілігінің анықталған жағдайы. Мысалы, отбасының тәрбиелік қызметінің бұзылу себебінен, оның ілгері басуы және ата-аналарының сәйкес білімі мен дағдысының болмауы, олармен қарым-қатынастың бұзылуы мүмкін (тәрбиелеу жөніндегі қақтығыстар, отбасының басқа мүшелері мен басқалар жағынан кедергі келтіруі). Ройбұш. Ройбұш (— "қызыл бұта";) — шай сияқты тұнба жасап пайдаланылатын бұршақты дақылдардың түрі. Ройбұш дақылы тек Оңтүстік Африка Республикасындағы Седерберг (— "самырсынды тау") өңіріндегі шағын жерінде өседі. Қиыр Шығыс Қазақстан. Қиыр Шығыс Қазақстан — Қазақстанның шығысында орналасқан шет елдердің аумақтарында көпшілік болып қоңыстанған қазақтар жері. Бұл — Ресей Федерациясындағы Алтай Республикасының Қосағаш ұлысы (ауданы), Моңғолия Республикасының Баян-Өлгей аймағы, Қытай Халық Республикасының Шинжияң Ұйғыр Автономиялы Өлкесінің Алтай Автономиялы аймағы. Кәрістер. XX ғасырдың басында біркелкі халық болып біріккен Кәріс түбегінің негізгі халқы. Кәрістердің өзіндік атауы: ҚХДР-да чосон сарам () және Оңтүстік Кореяда хангугин (). Антропологиялық түрі монголоидтік нәсілдің шығыс-азия бұтағына жатады. Кәріс тілінде сөйлейді. Кәрістердің этногенезі жөніндегі көптеген сұрақтар әлі анық емес. Олардың қалыптасуына әр түрлі нәсілдік топтардың үлесі тигені айқын, және ең маңызды үлес ежелгі (прото-) алтай тілдік халықтарда болған. Негізгі діндері — Құңзы ілімі, буддизм, христиандық, шаманизм. Бұрынырақта елде буддизм басым болғанымен, XIV ғасырда ол ресми дін атынан айрылды. Халқының көбі атеистік көзқараста. Келбеті. Кәрістерде моңғол нәсілінің кейбір нышандары бар, бірақ, олар жапондықтардан, тіпті қытайлықтардан ұзын; терісінің түстері қараторы, шаштары қара, тіке, бастары кең, беттері жалпақ, жақ сүйектері сәл шығыңқы, көздері қысықтау. Тұрғын үйлері. Дәстүрлі үйлері таспен қапталып саз жаққан ағаштан жасалған керегелі, төбесі сабанды мазанкалар. Іші тар; терезелері аулаға шығады және шөлмек терезенің орны ақ қағазбен жабылған. Сыртқа тек пештің түтіні шығатын кішкене тесіктері бар, олар (пештер) көбіне үйдің ішінде орналасқан, бай және қазыналық ғимараттарда сыртында орналасқан, сондықтан үйлердің сырты әшейінде түтеген және көшелер пештерді өртегенде түтеп кетеді. Кореяның қазіргі үйлерінде жылытатын еден орнатылады. Тағамдары. Кәріс тағамдары біршама өткір дәмді, қоспалары көп және қызыл бұрыштың көп қосылуымен ерекшеленеді. Кәріс тағамдары бұрышты көп қосатындықтан қызыл-сары түске ие. Бұрыштан жасалған тағамдардың көп кездесетіндігінің себебі — Кореяның оңтүстікте орналасқан мемлекет болуымен қатар, оның жылы әрі ылғал климатында, кәріс тағамдары әр уақытта соншалықты ащы болған емес, дегенмен бұрыш тағамды ұзақ сақтау үшін пайдаланылады. Кәрістер бұрышты XVI ғасырда Оңтүстік Америкада португалдықтар әкелген кезден бастап пайдаланады. Сол кездері кәріс тағамын дайындау әдісі қалыптасты. Ащы тағамдар жоғары бағаланды. Бір қызығы, қазіргі кәріс тілінде «тәтті» және «ащы» түсініктері синоним болды. Айта кетерлігі, кәріс тағамдарын дайындау әдісі ұқсас: көбіне тамаққа қосып дайындайтыны бәрімізге таныс "сарымсақ" және "бұрыш", бірақ кәріс дайындаушылары оларды әр түрлі пропорцияда және ұйқастармен пайдаланғандықтан дәмдері әр түрлі болып келеді. Кеңес одағындағы кәрістердің бізге әсіресе бірден танылатын өз иісімен және дәмімен ерекшеленеді. Киімдері. Кәрістердің дәстүрлі киімдерінде қытайлықтар мен жапондықтарға қарағанда ақ түс басым. Ер адамдардың киімдері көйлектен, кең шалбарда, шұлықтан және жіптен немесе қамыстан жасалған аяқ киімнен тұрды. Әйелдер бірнеше астыңғы көйлек киген. Шаш қою әдістері қытай әйелдерінің үлгісіне ұқсас. Есімдері. Тектері көбіне бір буыннан, есімдері екі буыннан құралады. Аты да, тегі де ханччаның (қытай жазуының) көмегімен жазылады. Еуропа тілдерін пайдаланғанда дәстүрлі жазу түрін қолданады, кейбірі батыс үлгісіне келтіреді. Тұрмыс құрған әйел адам өзінің тегін қалдырады. Кореяда бар болғаны шамамен 250 тек бар. Ең көп тарағандары Ким, Ли және Пак. Бірақ, көптеген біртектестер ағайын емес. Кәріс тектерінің пайда болуы кәріс тарихымен және орналасуымен байланысты. Көптеген рулар бар, әрбіреуі әр жерде көптеп шоғырланған, мысалға Кимхэдегі Кимдер. Көптеген жағдайда рулар өзінің тарауын әкелерінен санайды. Кәріс тарихында есім әр түрлі даму сатысынан өткен. Кәріс тіліне негізделген есімдер Үш Хандық заманында кездескен, қытай жазуы енгізілген сайын есімдер қытай емілесіне бейімделе бастап, қытай жазуымен жазыла бастады. Моңғолдар мен маньчжурлар билеген замандарда есімдер моңғол және маньчжур есімдерімен толықтырылған. Онымен қатар, ХХ ғасырда жапондықтардың басқыншылық жасаған кезеңінде кәрістерге жапон есімдері күштеп тағылған. Кеңес Одағындағы, Қазақстандағы, ТМД-дағы кәрістер. Ресей оңтүстік Уссурия аймағын қосып алғалы, кәрістер оның ішіне көшіп бара бастады. Кәрістердің Қиыр Шығысқа көптеп көшуі 1864 жылы орын алды. 1917 жылға қарай Ресейде 100 мың кәріс тұрды, Приморье аймағында олар жергілікті халықтың үштен бірін құраған болатын (кейбір аудандарда - 90%). Кәрістердің көбі Ресейге ұзаққа көшіп келген-ді. Көшкіндер орыс подданствосын алуға тырысты. 1937 жылы кәрістер Өзбек және Қазақ КСР-на күштеп жер айдалды. 1959 жылдың санағы бойынша Өзбекстанда кеңес кәрістерінің 44,1% тұрған, ал 23,6% Қазақстанда тұрған. Бүгінде Қазақстан және Өзбекстан жерлерінде көптеген кәріс диаспоралары тұрады. Алматыда «Корë ильбо» газеті жарыққа шығады. 1945 жылы Кеңес Одағының кәрістерінің саны КСРО-ға Оңтүстік Сахалинді қосып алғандықтан күрт көбейді. ТМД елдеріндегі кәрістерінің диалектісі болып кәріс тілінің хамген диалектісі болып табылады. Саумал. Түйенің жаңадан сауылған сүті, қазақ тар мұны сусындықтан гөрі дәрілік орнына көп пайдаланады, үйткені саумал шұбатқа қарағанда ұзақ уақыт сақтауға қолайсыз. Меңдуана. Бір жылдық не екі жылдық шөп тамырлы өсімдік, быйктігі 30-70 см айналасында, өн бойында жұмсақ түгі болады. Маусым, Мамыр айларында гүлдеп, Тамыз, Қыркүйек айларында жемістенеді. Жемісі қоңырау тәрізді,ішінде ұсақ домалақ ұрығы болады. улы келеді. Улылығы. Меңдуана төмен улы өсімдік, тауық қатарлы үй құстары жеп жойса ұзақ уақыт сенделіп, аузынан су ағып өледі. Адам жесе басын бұлғаңдата береді, албаті сөйлейді, көзі шұбартады да өзін рахат сезінеді. Емдік ролы. Өзге дәріліктермен аздап қосып пайдаланады, безгектік секілдеуге, тыныштандыруға істетеді. Махатхир бин Мохамад. Тун Док. Махатхир бин Мохамад () Малайзияның төртінші премьер-министрі болды. Ол бұл лауазымда 1981-ден 2003 жылға дейін, яғни 22 жыл болып Малайзияның ең ұзақ басқарған премьер-министрі, Азияның тақта ең ұзақ отырған көшбасшыларының бірі болған адам.[1] Билікте отырып ол Малайзияны лезде модернизациялануын, индивидуализмге қарсы “Азиялық құндылықтарды” үндеуін іске асырды.[3] Тун Махатхир өзінің батыс пен дамыған елдерге деген сын көзқарасымен белгілі болған,[4] Өмірбаяны. Махатхир 1925 жылы 20 желтоқсанда дүниеге Алор Стар, солтүстіктегі Кедах штатында келеді. Үнділік тамыры бар мектеп мұғалімі болған әкесі Керала штатынан көшіп келген, әйелі малай ұлтынан. Махатхир өзін малайлық деп есептейді.[5] II Дүние жүзілік соғысы кезінде жапон оккупациясы тұсында ұсақ-түйек сатып жанұясына қолғабыс жасаған. Махатхир Алор Стардағы Сұлтан Абдул Хамид Колледжінде оқымай тұрып Малай vernacular мектебiнде оқыған. Махатхир Сингапурдағы Эдуард VII Королi Медицина колледжiнде де оқиды, онда ол медициналық студенттік The Cauldron деген журнал режакторы боолады; срнымен қатар ол анонимді түрде The Straits Times газетiнің де іcіне де "Че Дет" деген лақап атпен ат салысады. Махатхир колледждегі Мұсылмандар қоғамының Президенті болады. Оқуын 1953 жылы бітірісімен ол Малай үкіметтік қызметке медик-офицер ретінде орналасады. Махатхир құрбы доктор, әрі колледждегі сыныптасы Сити Хасма Мохд Алиге 1956 жылдың 5 тамызында үйленеді, мемлекеттік қызметтен 1957 жылы кетіп, Алор Старда өз медициналық қызметін бастайды. Махатхирдың кәсібі сәтті болуы оның 1959 жылы Pontiac Catalina аутомобилін иемденіп, этникалық қытайлықты жүргіші ретінде (ол кезде Малайзиядағы барлық жүргізушілердің дені, қытайларлың экономикалық басымдылығынан, малайлықтар еді) жалдауына мүмкіндік берді. Кейбір сыншылар бұл Махатхирдың болашақта ұстанатын саясатының, “осындай биліктің нышанын дәріптеу”, нышаны болған десті. Жұбайы Сити Хасма екеуiнде 5 бала бар.Екі ұлы Мұхриз мен Мохзани кәсіпкерлер әрі аздап саясатпен де айналысады, ал ең үлкен қызы Марина Махатхир ірі жазушы әрі AIDS-ке қарсы күрес белсендісti. Саяси мансабы. 1945 жылдан бастап саяси белсенді, Анти-Малайлық Одаққа қатысуынан бастап, Махатхир 1946 жылы құрылып жатқан Біріккен Малай Ұлттық Ұйымына (UMNO) мүше болады. Мемлекеттiк партия жетекшiсі, әрі Саяси Комитет басшысы ретінде ол өзінің 1959 жылғы жалпы сайлауға қатысушылар белгілі бір біліктілік ірiктеуiне негiзделу керек деген ұсынысымен көпшілiктің наразылығына душар болды. Тек қана өзінің жақтастарын ғана үміткерлер қатарына қоспақшы деп айыпталған Махатхир сол жылғы ұлттық сайлауға қатысудан бас тартады. 1964 жылы жалпы сайлауда Махатхир Пан-Малайзиялық Ислам Партиясын (ПАС) 60.2% дауыспен жеңіп Кота Сетар Селатан атынан Парламент Мүшесі боп сайланады. Келесі жалпы сайлауда жеңу үшін қытайлардың даусы керек емес деп кескен Махатхир 1969 жылы 989 дауысқа ие болған ПАС мүшесі Хаджи Юсуф Рауаға ұтылып өз орнынан айрылады. 1969 жылғы мамырдың 13-дегі ұлтаралық шиеленістен кейін сол кездегі премьер-министр тунку Абдул Рахманға жазған хатын халыққа жария еткені үшін БМҰҰ Жоғары Кеңесінен қуалады. Ол хатта Махатхир Тунку Абдул Рахмандың елдi басқару әдісі қытай жағдайының жақсаруына бағытталған деп сынайды. Махатхир 26 қыркүйекте партия мүшелігінен айрылады. Cаяси жабайылық жағдайда Махатхир “Малайлар дилеммасы“ ("The Malay Dilemma")[13] атты кiтап жазады. Онда ол Мамырдың 13-індегi Куала-Лумпурдағы оқыс жағдайдың және жалпы малай халғының өз Отанындағы экономикалық әлсіз халінің себеп-салдарын саралайды. Содан кейін ол “конструктивті қорғаныс” түріндегі, ұқыпты түрде мұрагерлік және қоршаған орта факторларының малай нәсіліне әсерлерін зерттей келе, саяси-экономикалық шешімін ұсынады. 1970 жылы басылып шыққан бұл кітабы бірден Тунку Абдул Рахман үкіметімен қудалауына душар болады. Дегенмен де, кітаптағы Махатхирдың кейбір ұсыныстарын Тунку Абдул Рахманның ізбасары Тун Абдул Разак өзінің “Жаңа Экономикалық Саясат” атты Малайлар мен Малай-еместер арасындағы экономикалық теңсіздікті жоюға бағытталған бағдарламасында пайдаланады. Кітапқа Махатхир премьер-министр болысымен 1981 жылы ресми рұқсат етіледі. Махатхир 1972 жылы 7 Наурызда БМҰҰ-ға қайта қосылып, 1973 жылы сенатор болып бекітіледі. Жалпы саулауға қатысу үшін 1974 жылы ол сенаторлық орнын тастайды, сөйтіп еш қарсылықсыз қайта орылып Білім министрі болып тағайындалады[13] 1975 жылы 47 дауыспен жеңіп БМҰҰ-ның үш вице-президенттерінің біреуі болып сайланады. Тун Хуссуйн Онн Махатхирді 1978 жылы 15 қыркүйекте премьер-министр орынбасары етіп, ал сосын кабинет өзгерістерінде оны Сауда және Индустрия министрі етіп тағайындайды. Махатхир 1981 жылы 10 Шілдеде Тун Хусейн Онн денсаулығына байланысты орнын босатқаннан кейін Малайзия Премьер Министрі болып сайланады. Тақта 22 жыл отырып 2003-тің 31 қазанында ғана отставкаға кетеді, сөйтіп Азияның ұзық отырған саяси басшыларының біріне айналады. Кетер алдында Малайзияның ең жоғарғы марапаты "Тун"-мен марапатталады. Көшбасшылығы. In 1983 and 1991, he took on the federal and state monarchies, removing the royal veto and royal immunity from prosecution.[8] Prior to this amendment of the law, royal assent was required in order for any bill to pass into law. With effect of this amendment, approval by parliament could be legally considered as royal assent after a period of 30 days, notwithstanding the views of the monarchs. However, this only applied to secular laws and the various sultans continued to enjoy the right to make Islamic law in their own jurisdictions. In 1988 when the future of the ruling party UMNO was about to be decided in the Supreme Court (it had just been deregistered as an illegal society in the High Court), he was believed to have engineered the dismissal of the Lord President of the Supreme Court, Salleh Abas, and three other supreme court justices who tried to block the misconduct hearings. The series of incidents in 1988 has been widely viewed as the end of the Malaysian judiciary's independence from the executive. Экономиялық саясаты. Махатхир Мохамад басқаруынан бастап Малайзияның экономикалық саясаттары көбісі Сингапурдікіне өте ұқсас болған. Махатхир орта-кезеңдік мақсаттар қоятын “Малайзия жоспарлары” атпен белгілі корпоротивті ұлтшылдыққа негізделген экономикалық саясаттарымен Малайзияны аймақтық өндіріс, қаржы және телекоммуникация ошағына (хабына) айналдырады. Бұл орасан зор Кейнсиандық экономикасы ықпалы бар саясаты Махатхирдың тақта отырған уақыты біткенге дейін орын алды. Оның сүйікті жобалары - Оңүстік Корея мен Жапонияны қауталауға құлшыныс болатындай Перуажа болаты, Протон компаниясы, Астро, серіктік телевизия қызметін қамтыды. Махатхир басқарған Малайзияның экономикасы таңғажайып қарқынмен дамып, қазір Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің ең ірі экономикасы болып табылады. 1988 мен 1997 жылдар аралығындағы орташа өсім он пайыздан астам, ал өмір сүру деңгейі жиырма есе өскен, кедейшілік жоқтың қасы болуға айналды, ал халық сауаттылық деңгейі мен адам өлу сияқты әлеуметтік көрсеткіштері дамыған елдердікіндей болды. Тақта отыру кезеңінде Махатхир Солтүстік-Оңтүстік экспрессжолы, Мултимедиа Супер Корридор, Путражайа астана қаласы, Johor's Port of Tanjung Pelepas, Куала Лумпур Халықаралық Әуежайы (KLIA), the Bakun Dam in Sarawak, және Петронас Егіз Мұнаралары сияқты ауқымды ұлттық жобалаларды іске асырады. Бұл жобалардың пайдалары болғынымен олардың қымбаттығы кейбір малайзиялықтардың оларға кеткен қаржыны басқа да маңыздырақ салаларға жұмсауға болар еді дегендей наразылықтарын туғызды. Алайда Махатхир бұл ірі жобалардың тікелей экономикалық қайтарылымы барын, ұлттық мақтанышқа айналарын, сонымен қатар көптеген жұмыс орындары ашылып мултикпликативті әсері боларын айтумен болды. Кейбір жобаларының сәтсіздіктері үшін де Махатхир қатты сынға алынып отырды. The Bakun Dam project was to be managed by a local construction firm, Ekran Berhad. It issued a 1-for-1 on time rights issue which was 63% undersubscribed (the first time in Malaysia for an event of this magnitude). Ekran's chairman, Ting Pek King, had to purchase all unsubscribed shares at a cost of $500 million ringgit due to his agreement with the underwriters. Subsequently the dam project was taken back by the government which was obliged to pay Ekran for the work already completed. Махатхирдың көптеген экономикалық саясаттары Сингапурдың көп жыл бұрынғы саясаттарына өте ұқсас, өзгешелігі малай ұлтының хұқын қорғауға ерекше көңіл бөлгендігінде. Iске асқан, Малайзияны жоғары сатыға көтерген көп экономикалық идеяларды Махатхир өзімдікі дегенімен талайы алдыңғы басшылардікі болған, мысалы - Tun Daim Zainuddin. Шетелдік және отандық экономика және қаржы кеңесшілері болғанына (солардың көпшілігін Малайзия қоғамы байқамады да) қарамастан 1997/1998 жылдардағы Азия қаржы дағдарысынан Малайзия экономикасының оңалуына Махатхирдың экономикалық шаралары себепкер болды деп есептеледі. [verification needed] 1997 жылғы Азия қаржы дағдарысы. 1997 жылғы Азия қаржы дағдарысы кезінде ХВҚ Малайзия экономикасын қайта оңалтуға өз кеңесін ұсынады, халықаралық қысымға қарамастан Махатхир одан бас тартады. Малайзияның ішіндегі Махатхир сыншылары да “Махатхир аяғына бекем тұратын экономика тұрғыза алмады” деп осы уақытты пайдаланып Махатхирге шабуылдады. Дағдарыстан шығып экономика қайта жандана бастағанда Махатхир басқа Азия елдеріне қарағанда Малайзия қайта оңалуы тех және сапалырақ болды деп бақты. Қаржы дағдарысынан кейін ХВҚ және Әлем Банкі Махатхирдың шараларының сәтті болғандығын мойындады.[15] Қаржылы сауда-саттық. During Mahathir's administration, there are a few speculation activities made by the administration which caused losses for Malaysia. Between 1981 and 1982, Malaysian businesses became involved in the international tin venture. The activity caused the price of the commodity to skyrocket, resulting in the collapse of the the export market for tin. This venture cost Malaysia USD 80 million or MYR 209 million in losses.[16] In 1990, Bank Negara Malaysia became involved in the Pound Sterling speculation. The speculation activity failed and costs the central bank USD 4 billion.[17] In 1994, the bank continued to pursue the speculation activity and further lost USD 2.2 billion. Finally, in 1994, the central bank technically become insolvent and was bailed out by the Ministry of Finance.[18][19] Әнуар Ибрахимның қуылуы. In 1998, the government brought charges of sexual misconduct and abuse of power charges against the former finance minister and deputy prime minister, Anwar Ibrahim. Anwar claimed that he was being set up because he had tried to turn corruption and nepotism into major political issues, with Mahathir and his associates as the targets. Mahathir's supporters believe that it was Anwar's attempt to replace Mahathir as the Prime Minister, upon seeing the downfall of Indonesia's Suharto, that has led him to be removed from politics altogether. The government included the statements of the purported victims of Anwar's sexual assaults, evidence that was alleged by some to be tainted.[20][21] Furthermore, the prosecution was unable to accurately decide on a date that the alleged acts of anal sex had occurred - the government originally alleged that a sodomy had occurred inside a building that had not been constructed at the time of the alleged event. When the anomaly was pointed out, the prosecution amended the date of the alleged acts to a date after the building was built. Mahathir himself went as far as to go on television to declare Anwar guilty of sodomy and homosexual acts, even as the trial still was underway. There was widespread condemnation of the trial from human rights groups and the Malaysia bar association, who expressed serious doubts about its fairness. Mahathir then ordered a crackdown on the media and opposition parties who protested the trial. Anwar Ibrahim was sentenced to six years in prison for corruption and nine years prison for sodomy, to be served consecutively.[22][23] The Anwar crisis sparked protests by some Malaysians, of all ethnic groups, and some of Anwar's supporters from UMNO regrouped around the intellectual-Muslim "Parti Keadilan Nasional" (National Justice Party). It garnered widespread support from Malaysians, however it managed win only five parliamentary seats in the 1999 elections as Mahathir frequently used his authority and intimidation to stifle its organization.[citation needed] In the subsequent 2004 elections, with Anwar's release and conviction overturned, the party was nearly wiped out, with Wan Azizah, the wife of Anwar, winning one seat by a narrow margin. Білім жүйесі. 1974 жылы Махатхир Білім Минитсрi болып тағайындалады. Ол әрқашан “жалпыға білім” керек, әсіресе математика мен басқа іргелі ғылымдар Махатхирдың дамыған Малайзия арманына жету үшін қажет деп түсінді.. Ол премьер-министр кезінде де жоғары білімнің саны-мен-сапасы деген ойын одан әрі іске асырады. Сол кездері ағылшын, қытай және тамил-орта мектептері толықтай жеке меншікте, немесе миссионерлік ұйымдар қолында болған. Оған дейін елде білім алу таңдаулылардың ғана еншісіне бұйыратын. Оны тек дегдарлар өкілдерінің отбасыларынан шыққан балалар ғана ала алатын. ЖЭС-ті жүзеге асыру барысында негізінен қара­пайым малайлықтардың, әсіресе шаруалардың білім алуға қол жеткізулеріне көңіл бөлінді. 1974-1981 жылдары білім министрі лауазымында болған кезде-ақ Махатхир Мохамад осы бағытқа барынша күш-жігер жұмсаған болатын. Жоғары білім жүйесін да­мытуға да үлкен маңыз берілді. Қысқа мерзім ішінде колледждер мен университеттердің бүтіндей бір желісі ашылды. Бұл ретте Махатхир жоғары оқу орын­дары бағдарламасының таза академиялық болмауын, өмірден алшақтап қалмауын әрдайым жақтады. Үкіметтің мақсатты іс-әрекетінің ар­қа­сын­да айтарлықтай білімді малайлық мамандар, ең алдымен бизнесті басқару саласындағы мамандар пайда болды. Олардың қатарына Гарвард және Уор­тон бизнес-мектептерін, тек қана басқару кадрларын дайындаған Утара Малайзия университетін қоса алғанда, Малайзияның технологиялық институттары мен университеттерінің түлектерін жатқызу жөн. Сыртқы қарым-қатынасы. Махатхир кезінде жалпы алғанда, оның Батысқа деген ашық сын көзқарасына қарамастан, жақсы деуге болады. [4] Оның биліктегі алғашқы кезеңіндегі Біріккен Патшалықпен университтер төлемі жайлы кішкене түсініспеушілігі “Британдықты ең соңынан сатып ал” деп аталған барлық британдық тауарларға бойкотқа алып келді. Бұл дамудың азиялық, атап айтқанда - жапондық, үлгісін іздеуге де негіз болды. Бұл оның танымал "Шығысқа қара" саясатының басы еді. Әңгіменің шешуін Премьер Министр Маргарет Тэтчер тапқанымен, Махатхир Азия даму үлгілерін ұстануын жалғастырды. АҚШ. Махатхир ешуақытта АҚШ-қа сын көзбен қарайтынын жасырмаған, әйтсе де АҚШ Малайзияның ең ірі шетел инвесторларының бірі болып табылады, сонымен қатар ол Махатхир кезіндегі Малайзияның ең ірі әріптесі болды. Оның үстіне, малайзиялық офицерлер АҚШ-тағы Халықаралық Әскери Білім және Жаттығы бағдарламасы аясында оқуларын жалғастырды. Анатомия. Анатомия(грекше ἀνατομία anatomia, ἀνατέμνειν ana: ажырату, айыру; және temnein: кесу, сою) - биология ғылымының тірі нәрселердің құрылымын зерттейтін тармағы. Анатомия адам анатомиясы, жануарлар анатомиясы(зоология) және өсімдіктер анатомиясына(фитотомия) айтылатын жалпы түсінік. Анатомия ішінара макроскопиялық және микроскопиялық болып бөлінеді. Макроскопиялық анатомия көзге ешқандай да арнайы жабдық қолданбай-ақ көруге болатын анатомиялық құрылымдарды қарастырады.Ал микроскопиялық анатомия болса, құрамына гистология(ұлпаларды зерттейтін ілім) мен цитология(жасуша биологиясы) кіретін, анатомиялық құрылымдарды зерттеуде микроскоптарға жүгінетін сала. Анатомия жануарлар анатомиясы (зоотомия) және өсімдіктер анатомиясы (фитотомия) болып ажыратылады. Жануарлар Анотомиясынан адам анатомиясы (антропотомия) өз алдына бөлінеді. Сондай-ақ жануарлар анатомиясының салыстырмалы анатомия деп аталатын жеке саласы да бар. Ол жануарлардың дене құрылысының ұқсастығы мен айырмашылығын зерттейді. Соның нәтижесінде жануарлардың бір-біріне туыстық жақындықтарын және эволиялық даму кезіндегі шығу тегін анықтайды. Анатомия – өте ертеден келе жатқан ғылым. Анатомия туралы алғашқы мәліметтер Қытай деректерінде (б.з.б. 11 ғ.), Аристотель (б.з.б. 384–322) және К.Гален (шамамен 130–200) еңбектерінде кездеседі. Анатомия туралы алғашқы ғылыми түсінікті 1543 ж. А. Везалий берген. Қазақ жерінде Анатомия мәселелері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (15 ғ.), Х.Досмұхамедұлының және А.Рақышевтың еңбектерінде жан-жақты баяндалған. Амфотерлік. Сr(ОН)3 = Сr3+ + ЗОН−(негіздік қасиет) Сr(ОН)3 = H+ + CrO2− + Н2О(қышқылдық қасиет). Амфигендер – амфотерлық қосылыс түзетін элементтер. Конысковола. ("Końskowola", МФА: [kɔɲskɔ'vɔla]) — оңтүстік-шығыс Польшадағы ауыл, Пулавы және Курув қалаларының арасында Курувка өзенінің жағасында орналасқан. Ол Люблин воеводтығындағы гминаның, яғни бір ауданның орталығы, тұрғындары 2,188 (2004 жыл). Сардар (фильм). thumb Әртістер: - С. Шандыбаева, К. Қыстықбаев, Н. Ықтымбаев. Режиссер - Болат Қалымбетов. Өндіріс - "Қазақфильм", 2003 ж. Жанр - тарихи драма. Фильмдегі оқиға. Бұл – қазақ пен қытайдың аңыздарына құрылған дүние. Сценарийін жазған Адильша Огишев деген мәскеулік кинодраматургтың бір таныс қытайы бар екен. Содан естігендері бар, өзінің білетіні бар, сол негізде жазып шықты. Негізінде, басты кейіпкер қытай қызы болуы керек болған. Әуелде Қытаймен бірігіп түсіреді деп жоспарланған. Енді «бастаймыз» деген кезде Қытай киностудиясының басшылығы ауысты да келісім жайына қалды. Мұнда жалпы, қақтығыс сценасының өзі үшеу. Біріншісі – қалмақтар өкшелеп келе жатқан қазақтардың құзға келіп тірелген кезі. Әрі қарай жол жоқ. Сонда Құлжа «соғысамыз» дейді. Екіншісі – қалмақтардың кішкентай Бөлекті ат құйрығына байлап сүйреткен кезіндегі тұтқындағы қазақтардың ереуілі. Үшіншісі – Құлжаның қалмақтардың басшысы Шонаймен жекпе-жекке шығып, оны өлтіретін тұсы. Рас, қалмақтар – қалың қол. Қай көріністе де қазақтарды қырып жіберуіне болатын еді. Бірақ Шонай айтады ғой: «Біз де ата-бабаларымыздың салтын құрметтейміз» деп. Сөйтіп, өзі жекпе-жекке шығады. Мысалы, неміс екен деп немісті де жамандай беруге болмайды ғой. Сол сияқты, бұл да ірілігін көрсетіп тұр. Шындығында, Шонай – үлкен сарбаз. Құлжа бала болса да оны айлакерлігімен «алып» тұр. Оның «Сен нағыз сарбазсың. Бірақ маған құдай көмектесті» деп айтатыны да содан. Мараппаттары. Және кинематографиялық туындыларға арналған «Бәйтерек – 2004» байқауында «Сардар» фильмі «үздік операторлық жұмыс», «үздік суретші» номинациялары бойынша және режиссер Болат Қалымбетовтың өзі әділқазылар алқасының арнайы жүлдесімен марапатталды. Полицей хикаялары-3. Jessica Yang and Ka-Kui in the gun battle at the jungle drug lab. Джеки Чан, Мэгги Чун, Мишель Йео Фильмдегі оқиға. Гонконг пен Қытайдың полициялары Интерполмен бірлесе отырып, есірткі саудасымен айналысатын әр алуан ұлт өкілдерінен құрылған қылмыскерлерді ауыздықтау үшін ауқымды операцияға дайындалады. Операцияның басты мақсаты-қытай түрмелерінің бірінен есірткі бизнесін ұйымдастырушылардың бірін шығарып алып, сол арқылы қылмыстық пирамиданың түп-тамырына балта шабу. Ал бұл сияқты қайсарлық пен тәуекелді талап етер операцияны Кевин Чинг сияқты ержүрек полицейге тапсырмағанда кімге тапсырады? Альфред пен Агата. Пьер Ришар, Анни Дюперей, Жан Карме Фильмдегі оқиға. Альфред Дюментейдің туғаннан бері жолы болған емес. Аттаған сайын сәтсіздік алдын орайды. Кейде өзін-өзі қол жұмсағысы келген кездері де болады. Ол өзін-өзі өлтірмек болып ниеттенген жерде Агата Бодар есімді қыз да өзіне- өзі қол жұмсамаққа бел байлаған еді. Бірақ ол ойлағандары болмай қалды. Осы кезде полицейлер келіп жетеді. Агата Альфредті өзінің үйінде тұруға шақырады. Аңқау қыз өмірде ешқашан жолым болмайды деп ойлап жүруші еді... Дөңтұмсық тұрпан. Дөңтұмсық тұрпан - Қаз тәрізділерге жататын, өте сирек кездесетін және сирек ұялайтын түр. Шығыс Сібір мен Солтүстік Америкада таралған. Бонопарт (Bonoparte) 1850 жылы ашқан. Қазақстанда бұл тұрпанның ұялары өткен ғасырдың басында Алтайдың Ресеймен шектес аудандарынан табылған еді. Терең, жағалауы қалың бұталы көлдерді мекендеген. Қазіргі уақытта ол тек көктем мен күзде, онда да жыл сайын емес, ұшып өту кезінде ғана кездеседі. Егер Рахманов бұлақтарында сақталған болса, онда оны қорғау шараларын үйымдастыру қажет. Өте сирек кездесетін және сирек ұялайтын түр. Шығыс Сібір мен Солтүстік Америкада таралған. Қазақстанда бұл тұрпанның ұялары үстіміздегі ғасырдың басында Алтайдың Ресеймен шектес аудандарынан табылған еді. Терең, жағалауы қалың бұталы көлдерді мекендеген. Қазіргі уақытта ол тек көктем мен күзде, онда да жыл сайын емес, ұшып өту кезінде ғана кездеседі. Егер Рахманов бұлақтарында сақталған болса, онда оны қорғау шараларын үйымдастыру қажет. Биология. Биология тіршіліктің сан-алуан қисынын зерттейді "(сағаттың тілімен жоғарыдан төмен қарай)" "E. coli", папоротник, газель, Голиаф қоңызы Биология(грекше βιολογία - βίος, bios, "өмір"; және λόγος, logos, "ғылым") - жаратылыстану ғылымдарының бір саласы. Тірі организмдерді және олардың қоршаған ортамен арақатынасын зерттейтін ғылым. Биология жанды нәрселерде тіршіліктің барлық көріністерімен айналысады. Биология ғылымы тірі организмдердің құрылысын, функциясын, өсіп-жетілуін, шығу-тегін, эволюциясы мен Жер бетінде таралуын қарастырады. Бұл ғылым организмдердің классификациясын жасап оларды суреттейді, олардың функцияларына үңіледі, түрлердің қалай пайда болатынын сипаттаумен қатар организмдердің бір-бірімен қатынасын және табиғи ортасымен арақатынасын зерттейді. Қазіргі биологияның негізін, оның барлық тармақтарын біріктіретін төрт принцип құрайды: жасуша теориясы, эволюция, генетика және гомеостаз. ХІХ ғасырда ғалымдар барлық тірі организмдерге ортақ негізгі қасиеттердің бар екенін анықтайды. Міне дәл осы кезеңнен бастап биологияының өз алдына дербес ғылым ретінде дамуы басталады. Қазіргі таңда әлемдегі мектептер мен ЖОО-ларда биология міндетті пәнге айналды және жыл сайын биология мен медицина журналдарында миллиондаған мақалалар жарық көруде. Көптеген биологиялық ғылымдар өздеріне тән ерекшеліктері бар арнайы ілімдер. Әдеттегідей олар зерттелетін тірі организмдерге байланысты ботаника - өсімдіктер ғылымы, зоология - жануарлар ғылымы және микробиология - микроорганизмдер ғылымы болып жіктеледі. Биология салалары одан әрі қарай организмдердің зерттелу ауқымдылығы мен зерттеу әдістеріне қарай бөлінеді. Олар - биохимия - тіршіліктің химиялық негізі ілімі; молекуляр биология - биологиялық молекулалар жүйелерінің бір-бірімен күрделі арақатынастарын зерттейді; жасуша биологиясы - барлық жанды нәрселердің құрушы бөлігі - жасушаны зерттейді;физиология - организмнің ұлпалары мен мүшелерінің химиялық және физикалық функциясын қарастырады; және экология - әртүрлі организмдердің қоршаған орталарымен байланысын саралайтын ілім. Жасуша теориясы. Жасуша тіршіліктің негізгі бірлігі. Жасуша теориясы бойынша барлық тірі организмдер бір немесе одан да көп жасушалардан құралады немесе олардың түзген заттарынан құралады. Мысалы, бақалшық, сүйек және тері. Жаңа жасуша алдыңғысынан жасуша бөлінуі арқылы пайда болады және көпжасушалы организмдердің денесіндегі әрбір жасуша ұрықтанған аналық жасушадан, яғни жалғыз бір жасушадан шығады. Бұған қоса жасуша организмдегі адам санасы жетпес зор процесстердің негізгі бөлігі саналады. Эволюция. Биологиядағы маңызды түсініктердің бірі тіршіліктің эволюция арқылы өзгеріп дамитындығы және қазіргі тіршіліктің барша түрінің ортақ тегінің болуында. Бұл алдыңғы секцияларда көрсетілген бірліктер мен процесстердің таңқаларлық ұқсастығына алып келді. 1809 жылы Жан-Баптист де Ламарк ғылыми лексиконға таныстырған эволюцияның негізін жарты ғасырдан соң Чарльз Дарвин қалады. Ч.Дарвин эволюцияның қозғаушы күші ретінде табиғи сұрыпталу процессін атап көрсетті. Альфред Уоллес те бұл теорияны жасаушылардың бірі ретін де танылады, себебі, ол зерттеу жұмыстары мен тәжірибелерде көмек көрсеткен екен. Дарвин түрлер табиғи сұрыпталу және жасанды сұрыпталу немесе селектив бридинг нәтижесінде дамиды деп тұжырым жасады. Қазіргі теорияның жасалуында эволюциялық дамудың қосымша механизмі ретінде генетикалық дрифт қабылданды. Дамып шыққан сан алуан түрлерінің қасиеттерін сипаттайтын түрлердің эволюциялық тарихы мен белгілі бір түрдің басқа әр түрге генеалогиялық туыстығы оның филогениясы деп аталады. Биологиядағы бір-біріне ұқсамайтын әдістемелер филогения туралы мәліметтер үшін таптырмас қайнар көз болып табылады. Олардың қатарына молекуляр биология я болмаса геномикада жасалатын ДНҚ тізбектерін салыстыру және палеонтологиядағы фосилдерді немесе көне организмдердің басқа да іздерін салыстыру бар. Биологтар эволюциялық қатынастарды филогенетика, фенетика және кладистика сияқты әдістерді қолдана отырып қалыптастырады және анализ жасайды. Тіршілік эволюциясындағы негізгі оқиғалардың қысқаша баяндамасы үшін эволюциялық уақытнаманы қараңыз. ХІХ ғасырға дейін тіршілік формалары белгілі шарттар аясында спонтанды түрде пайда бола алуы мүмкін деген түсінік болды. Бұған Уильям Гарвей келіспеді және ол бұған "бар өмір жұмыртқадан" (латыншадан "Omne vivum ex ovo") деген кәламмен қарсы шықты. Бұл қағида қазіргі биологияның түпкі негізі. Ол қарапайым ғана тілмен тіршіліктің үзілмейтін жалғастығын баяндаса керек. Ген теориясы. Биологиялық форма мен функция мирастың негізгі бірлігі болып табылатын гендерден бастау алады және келесі ұрпаққа да осы гендер арқылы өтеді. Организмнің ішкі ортасына деген физиологиялық бейімділік оның гендерінде код түрінде жазулы болуы және оның ұрпағына тұқым қуалауы мүмкін емес. Сан алуан организмдер - бактериялар, өсімдіктер, жануарлар және саңырауқұлақтарда ДНҚ-ның көшірілу мен протеиндерге аударылу механизмдерінің бір-бірінен аумайтыны таңдай қақтырады. Мысалы, адам ДНҚ-сы салынған бактерия сәйкес протеиндерді түзеді. Организмдегі немесе жасушадағы гендердің жиынтығы оның геномы болмақ. Ол бір я болмаса одан да көп хромосомаларда сақталады. Хромосома - организмге байланысты мыңдаған гендер код түрінде жазулы болатын жалғыз,ұзын ДНҚ шүйкесі. Ген белсендік танытқан жағдайда ДНҚ кодтары транскрипция арқылы геннің РНҚ көшірмесіне өтеді. Кейіннен рибосома РНҚ трансляциясын жасап құрамдас(структурал) протеин немесе каталитик протеин түзіп шығарады. Казахстания. Казахстания (не Қазақстан блогы) — ерте палеозойда құрылған кіші құрылықтық өңір. Бұл Арал теңізі солтүстігінде мен шығысында, Сиберия кратонының оңтүстігінде және Алтай мен Балқаштың батысында орналасқан. Көбінесе жанартаулы аралдар доғалардың және террейндердің жиынтығы болған. Бұлар бір-біріне ордовик кезеңінде қосылды. Сол кезде бұл оңаша құрылық болды. Бор кезеңі мен карбонда Казахстаниямен Сиберия кратоны түйісіп Алтай тауларын құрды, сосын Балтика құрылығы Орал таустанымен қақтығысып қазіргі күндегі Еуразияны құрды. Швед тілі. Швед тілі () — Солтүстік герман тілдеріне жататын, Швецияда және Финляндияның кейбір бөліктерінде, мысалы жағалау мен Аланд аралдарында таралған, шамамен 10 миллион адам сөйлейтін тіл. Швед тілі норвег тілі және азырақ дәрежеде дан тілімен өзара түсінікті тіл. Басқа солтүстік герман тілдерімен бірге ол викинг заманында Скандинавияда тұрған герман халықтарының тілі болған көне норвег тілінен өрбіп шыққан тіл болып табылады. Әдеби швед тілі орталық Швеция диалектілерінен 19-шы ғасырда өрбіп шыққан, 20-шы ғасырдың басында толығымен орныққан тіл. Ауылдық жерлерде тараған диалектілермен айырмашылығы әлі де сақталып отырса да, ауызекі және жазба тіл біркелкі және стандарттанған. Кейбір диалектілердің әдеби тілден грамматикасы және сөз қоры жағынан елеулі айырмашылықтары бар, кейбір кездері олар бір-біріне түсініксіз де. Бұл диалектілерде сөйлейтіндер көбінесе ауылдық жерлерде тұрып, бар өмірлерін сол өңірлерде өткізеді. Бұл диалектілерге жоғалып кету қаупі төнбесе де, олардың қолданылуы соңғы бір ғасырдың ішінде азайып отырды. Сөйлемдегі сөз тәртібі көбінесе бастауыш-баяндауыш-толықтауыш түрінде болып келеді, бірақ кейде кейбір сөздер не фразаларға баса назар беру үшін сөз тәртібі өзгеріп отырады. Швед тілінің морфологиясы ағылшын тілінікіне ұқсас, яғни сөздердің жалғаулары онша көп емес. Швед тілінде екі грамматикалық род категориясы бар, септіктер жоқ (алайда бұрынғы талдау бойынша атау және ілік септіктері болған), зат есімдер жекеше және көпше түрде бола алады. Сын есімдер ағылшын тіліндегідей қолданылады, олар сонымен бірге род, сан және нақтылық бойынша септеледі. Есімнің нақтылығы сөздің соңына нақты және нақсыз артикль-жалғаулардың жалғануы арқылы білдіріледі. Сөз ырғағы онда екпіннің және диалектілердің басым көпшілігінде тонның болуымен ерекшеленеді. Тілде дауысты дыбыстардың түрлері басқаларға қарағанда көп. * Гот Киелі кітабы. Гот Киелі кітабы немесе Вульфиланың аудармасы — Вульфиланың мәсіхшілердің Киелі кітабын шығыс германдық гот тайпалары сөйлеген гот тіліне жасаған аудармасы. Қолжазбалары. Вульфиланың аудармасы Жаңа келісімнің басым бөлігін және Көне келісімнің кейбір бөліктерін қамтитын, көбінесе 6-8 ғасырлар арасында Италияда жасалған қолжазбаларда сақталған. Қалған қолжазбалар мыналар: Уппсалада сақтаулы Codex Argenteus (яғни «Күміс кодекс»), "«Codex Ambrosianus A»"-дан "«Codex Ambrosianus E»"-ге дейін Skeireins («Скейрейнс») хаттары, "«Codex Carolinus»"-те Римдіктерге арналған хат, "«Codex Vaticanus Latinus 5750»"-те Skeireins, "«Codex Gissensis»"-те Лұқа жазған Ізгі хабардың бөліктері және қалыңдығы 1 мм металл тақташада Жохан жазған Ізгі хабардың кейбір аяттары. Пайда болуының тарихи жағдайы. Үшінші ғасырда готтар Рим империясының солтүстік-шығыс шекарасында қазіргі заманғы Украина, Болгария және Румыния жерлерінде тұрып жатқан болатын. Төртінші ғасырда негізінен епископ Вульфиланың әрекеттерінің арқасында готтар жаппай мәсіхшілікке өтті. Вульфила гот әліпбиін жасап шығарып, Киелі кітапты гот тіліне аударды. Сол аударманың кейбір бөілктері біздің заманымызға дейін сақталып, қазір гот тілі бойынша басты дерек көзіне айналып отыр. Гот мәсішілігі католик тәлімінен Иса Мәсіхтің құдайлық болмысына деген көзқарасына қатысты айырмашылықтары болды. Гот мәсіхшілері Исаны Құдайдан төмен дәрежеге ие деп қарастырды. Готтар Үшбірлікті де қабылдамады. Бесінші ғасыр кезінде готтар Батыс Рим империясын жаулап, Испания, оңтүстік Франция және солтүстік Африкаға дейін жетті. Католик шіркеуі қайтаорнығып, кейін ислам діні таралғанға дейін гот мәсіхшілігі осы аймақтарда бірнеше ғасыр бойы салтанат құрды. Қазіргі замандағы маңызы. Вульфиланың аудармасы көне шығыс герман тілінде жазылған, қазір сақталып отырған жалғыз ғана құжат. Оның осы тілдерді зерттеудегі маңызы орасан зор. Олимпиялық ойындар. a> 1913 жылы құрастырылды, 1914 жылы бекiтiледi,ал 1920 жылы Жазғы Олимпиада Ойындарында қолданылады Олимпиада ойындарын ежелгі адамзат баласының алыс өткен тарихының дамуымен байланыстырады. Осы күнге дейін ойынның пайда болу мерзімі нақты айтылмаған. Олимпиада ойынының пайда болу себебі нақты болмаса да, Олимпиада ойындарының пайда болуы жайында эллиндерде бірнеше қызықты аңыздар бар. Ол өзінің өлеңдерінде Олимпиада ойындарын Пиндарда жеңгендердің құрметіне арнағаны туралы ең көпшілікке танымал ежелгі аңызды айтуға болады. Осы аңыз бойынша Геракл ойындардың негізін өзінің алтыншы ерлігі – Элида патшасы Авгийдің мал қорасын тазартудан кейін қалаған.Сөйтіп Геракл Элида патшасынан кек алады. Көптеген жауынгерлерімен ол Элидаға басып кіріп, Авгийді садақпен өлтіреді. Геракл бұл жеңісінен кейін, жауынгерлерін жинап, Олимпия құдайларына қайыр садақа беріп, Олимпиада ойындарын өткізу тура шешімді бекітті. Сонан соң әр төрт жылда қасиетті ойын Паллададағы Афина ҚҰДАЙЫНА АРНАЛҒАН, ГЕРАКЛ ОЛИВТІҢ өзінің бастауымен өтіп отырған. Бірақ, бұл тек қана әдемі аңыз ғана Шындыққа жүгінсек, нақты Олимпиада ойындарының пайда болуы біздің дәуірімізе дейінгі 9-шы ғасырға тап келеді. Сол жылдары қиын соғыстар грек мемлекетін дағдрысқа әкеп соқты. ИФИТ- Олимпия тұрған аймақтың, кішігірім грек мемлекеті Элиданың патшасы - өзінің халқын тонау мен соғыстан қалай сақтап қалу үшін Оракулмен ақылдасуға Дельфыға жүріп кетеді. Дельфийлік Оракул алдын ала айтқан болжамдары мен кеңесін дұрыс деп есептеп, Ифитке: «Құдайдың көңілінен шығатын ойындардың негізін қалауың керек!», - де п кеңес берді. Ифит өте тамаша дипломат болатын – ол барлық грек патшалары Элиданы бейтарап мемлекет деп тануға қол жеткізді. Өзінің бейбітшілікті сүйетініне тырысуы және құдайларға ризашылығын дәлелдеп көрсету үшін, «әр төрт жылда Олимпияда өтіп тұратын атлетикалық ойындарды» бекітеді. Осыдан барып Олимпиялық ойындар атауы келіп шыққан. Бұл біздің эрамызға дейінгі 884 жылы болған. Осылай Нрецияда осындлай салт-дәстүр орнатылды, сөйтіп жылына төрт рет өзара соғысты тоқтатып, барлығы да қаруларын былай қоя тұрып, құдайлардың даңқы мен дамыған атлаеттердің өнерін үйлестіру үшін, әрі ойынды тамашалау үшін Олимпияға жүріп кететін болды. Олимпиялық ойындар бүкіл Грекияны біріктіретін, жалпы ұлттық оқиғаға айналды. Біраз уақыттан кейін гректерге Олимпиялық ойындардың бірыңғай күнтізбесін бекіту идеясы келді. Ойынды әр төрт жылда «астық пен жүзім жинау арасында» үнемі өткізіп тұру туралы шешім шығарды. Алғашында ойын өтуі бір күнге созылса, кейінірек ойынның ұзықтығы бір айға дейін жетті. Олимпиялық ойындарға деген қызығушылық 19-ғасырдың ортасында қайтадан туындады. 1994 жылы 24 маусымда сол Сорбоннеде олипизмді жақтаушылардың Құрылтай жиналысы болды. Әлемнің он екі елінен келген екі мың делегат Олимпиялық ойындарды қайтадан жаңарту мен Халықаралық Олимпиялық комитетті құруды бірауыздан шешті. Қазіргі заманғы Олимпиялық ойынның бірінші орыны болып Афина таңдалып алынды. Жаңа Олимпиялық ойындардың туған жылы 1896 жыл болды. Қазіргі заманғы және эллин – екі өркениетті байланыстыратын жіпті жалғастыру үшін, қазіргі заманғы 1-ші Олимпиялық ойындарды өткізетін орын болып Афина таңдап алынды. 1896 жыл алғашқы Олимпиада жылы болып тарихта қалды. Олимпия алтарының уақыты тынысымен жағылған, олимпия алауы содан бері әр төрт жыл сайын планета бойынша жүгіріп өтеді. Бұл алау шекарадан шекараға өтеді. Адамдар оны бірінен біріне береді. Сөйтіп олимпия алауы әр түрлі ұлт өкілдерін біріктіреді, нәтижесінде біз барлығымыз – бір Жер планетасының балалары екенімізді анық көрсететді Қоңыр кептер. 1856 жылы Бонапарт (Bonaparte) ашқан құс. Соңғы жылдары саны күрт кеміп баро жатқан оңтүстікте ғана аздап кездесетін түр. Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның шөлді жазықтары мен тік жарлары немесе ағаштары бар тау бөктерлерін (ұяларын індер мен ағаш қуыстарына салады) мекендейді. Саны анықталмаған, бірақ жылма-жыл қонысын аударатын құстарға бақылау жасау, оның санының кеміп бара жатқанын көрсетеді. Қазақстанда бұл түрдің ұялайтын жерлерінде қорғалатын территориялар жоқ. Ең алдымен тіршілік ететін ортасы әлі де болса сақталған Іле өзенінің бойынан қорғалатын территориялар құру қажет. Қара тұрпан. Қара тұрпан - қаз тәрізділердің бір түрі. Сирек кездесетін түр. Қазақстанның Солтүстік Қазақстан және Көкшетау облыстарының кейбір орманды және орманды даласындағы қалың қамысты терең көлдерінде ұялайды. Қазақстандағы саны өте аз. Санының кемуіне әсер ететін факторлар анықталмаған, оны қорғау шаралары белгіленбеген. Сирек кездесетін түр. Қазақстанның Солтүстік Қазақстан және Көкшетау облыстарының кейбір орманды және орманды даласындағы қалың қамысты терең көлдерінде ұялайды. Қазақстандағы саны өте аз. Санының кемуіне әсер ететін факторлар анықталмаған, оны қорғау шаралары белгіленбеген. Жалпы санын анықтап, биологиясын, тіршілік ортасын зерттеу қажет. Жазғы Олимпиадалық Ойындар 2008. Қытай астанасы Бейжің қаласында өтетін XXIX жазғы олимпиада ойындары 2008-ші жылғы тамыздың 8-і мен 24-і аралығында өтеді. Онда 41 спорт түрінен 302 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Бұл олимпиада ойындарына әлемнің 203 елінен 10500-ден астам спортшы қатысады деп жоспарлануда. * Бейжің Олимпиадасының ашылу салтанатына 100-ге жуық елдің басшылары қатысады деп күтілуде. Бейжің Олимпиадасының бағдарламасына 9 жаңа жарыс түрі енгізілген. Олар – әйелдердің 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруі, үстел теннисінен командалық бәсекелер, ерлер және әйелдер арасында 10 шақырымдық жүгіру марафоны және тағы басқалары. Мынаны да қараңыз. Қазақстан Бейжің 2008 Олимпиадасында Қазақстан Бейжің 2008 Олимпиадасында. XXIX жазғы олимпиада ойындарындағы Қазақстан ұлттық құрамасы — Қытай елордасы Бейжің қаласында өтетін Ойындарға қатысу үшін бүгінгі күні спорттың 22 түрінен 132 лицензияны жеңіп алды. Қазақстан үкіметі алтын медаль алғандарға - 250 мың, күміске - 150, қолаға - 75 мың АҚШ долларын уәде етуде (алдыңғы олимпиада ойындарында сәйкесінше - 100, 50 және 30 мың АҚШ доллары болды). Қазақстан нәтижесі. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан 29-орынға ие болды. Медаль саны бойынша 13 жүлдемен 19-орынды иемденді. Бұған қоса, 2 спортшы төртінші орын алып, 8 саңлағы бесінші орынды иемденді. Сонымен қатар, осынау дүбірлі додаға үкілеп қосқан тарландары 3 мәрте алтыншы орыннан көріне білді. Алтын. Бақыт Сәрсекбаев (бокс, 69 келі), Илья Ильин (ауыр атлетика, 94 келі); Күміс. Ирина Некрасова (ауыр атлетика, 63 келі), Асхат Жіткеев (дзюдо, 100 келі), Алла Важенина (ауыр атлетика, 75 келі), Таймураз Тигиев (еркін күрес, 96 келі); Қола. Нұрбахыт Теңізбаев (грек-рим күресі, 60 келі), Әсет Мәмбетов (грек-рим күресі, 96 келі), Мария Грабовецкая (ауыр атлетика, +75 келі), Елена Шалыгина (еркін күрес, 63 келі), Марид Муталимов (еркін күрес, 120 келі), Еркебұлан Шыналиев (бокс, 81 келі), Арман Шылманов (таэквондо, +80 келі). Артаев, Бақтияр. Бақтияр Кәрипуллаұлы Артаев (1983 жыл, 14-Наурыз, Жамбыл облысы) – Қазақстан боксшысы. 2004 жылғы Грекияның Афины қаласында өткен Олимпиадада бокстан 69 келі салмақ арасындағы жарыс чемпионы, ересектер арасында бокстан Дүние жүзі чемпионатының қола жүлдегері (2005 жыл қараша Мианьян қаласы, Қытай). 7 дүркін Қазақстан чемпионы. Бақтияр Артаев Грекияда өткен 28-Олимпиялық Ойындардың бокс турнирінде Баркер кубогі иегері атанды. 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасында 1/8 финалында Ресейден келген сол кездегі Әлемнің екі дүркін Чемпионы Матвей Коробовты жеңді. Бірақ өкінішке орай келесі сатыда Ұлыбританиялық Джеймс Ди Гейлден ұтылып қалды. Қазіргі уақытта өзінің туған өлкесінде әкімшілік саласында қызмет етуде. Құқықтану, менеджмент, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі мамандықтары бойынша М.Қ.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, Қазақ спорт және туризм академиясын тамамдаған. Еңбек жолын «Тараз газ шаруашылығы басқармасы» ЖШС-ның менеджері болып бастаған. ҚР ІІМ ішкі әскері спорт командасының аға нұсқаушысы, маман, бөлім бастығының орынбасары, «Тараз газ шаруашылығы басқармасы» ЖШС-ның инженері, Жамбыл облысының Жамбыл ауданы Айша Бибі ауылдық округінің әкімі болып қызмет істеген. 2009 жылдан бері Жамбыл облысы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарып келген. 2011 жылдың қаңтарынан бастап Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Жамбыл обылысы әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары қызметіне ауысты. Сәпиев, Серік. Серік Сәпиев (16 Қараша, 1983 жыл)- қазақ әуесқой боксшысы. Балалық шағы. Болашақ әлем чемпионы бокспен 11 жасынан айналысып келеді. Өзі туып-өскен Қара­ған­дының іргесіндегі Абай қаласын­да ол Александр Стрельниковтың тәрбиесін көрді. Жас талапкер білікті бапкерге бірден ұнады. Өйткені боксқа деген бейімділік оның қанында бар. Серіктің неме­ре ағасы Бақтай да кезінде елі­міздің қабырғалы боксшыла­рының бірі болған. Көзі қарақты көрермендер жетпісінші жылда­ры шаршы алаңда атой салған ол азаматты әлі ұмыта қойған жоқ. Бақтай Сәпиев кезінде жастар ара­сында КСРО чемпионы, ере­сектер арасында КСРО чемпио­натының екі дүркін жүлдегері, социалистік елдер арасында өтетін «Достық» ойындарының жеңімпазы атанды. 1972-1976 жыл­дар аралығында Одақ құра­масының сапында болып, тоғыз бірдей халықаралық турнирде топ жарды. – Серік менің алдыма кел­генде 11 жаста еді. Өзі нәзіктеу, тұйық болатын. Бірақ көзіне қарап-ақ тегін бала еместігін аңғардым. Жанарында бір ұш­қын бар. Уақыт оза байқасам, өнері аздап ағасына келіңкірейді. Бақтай да техникалық арсеналы өте бай, жылдам боксшы бола­тын. Сондай қасиеттер Серіктің де бойынан табылды. Сол кезде мен бұл жігіттің шабысы ширақ болатынын байқадым, – дейді бапкері Александр Стрельников. Алғашқы жеңістер. 2004 жылы қарағандылық боксшы әскерилер арасында әлем чемпионы атанып, өзінің алғашқы ірі жеңісіне қол жеткіз­ді. Сол маусымда ол 60 келі сал­мақ дәрежесі бойынша Қазақ­стан чемпионы атанды. Осы та­быстар талантты боксшыны қа­наттандырып жіберсе ке­рек, енді ол қарсыластарын қуып жүріп сабайтындай деңгейге жетті. 2005 жылы Серік Сәпиевтің жұлдызы жарқырай жанды. Ол 64 келі салмаққа ауысып, Қы­тай­дың Миньян қаласында өт­кен әлем чемпионатында ел на­мысын қорғады. Серік Алматыда өткен оқу-жаттығу жиынында сол қо­лынан жарақат алған бола­тын. Бірақ бұл жарақаты жа­йында бапкерінен басқа ешкімге тіс жарған жоқ. Өйткені бақта­ластары немесе дәрігерлер біліп қойса, жарысқа қатыспай қой­ды­­руы да мүмкін ғой. Ал әлем чемпионатында қазақтың намы­сын қорғау Серіктің байырғы арман еді. Жарақаты жанына бат­са да қандасымыз намысқа тырысты. Айтулы жарыста сло­вак Тибор Главацкиді (37:13), америкалық Карл Даганды (37:26), украиналық Николай Семенягуды (27:15), әзірбайжан Эмиль Магеррамовты (41:23) және өзбек Ділшот Махмутовты (40:21) жеңіп, бас жүлдені ол­жалады. Сол жылы Сәпиев әлем ку­богы бәсекесінде де теңдессіз өнерімен тамсандырды. Мәс­кеуде өткен додада Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте үшінші орын алғанымен, Серік бірде-бір жекпе-жегінде жеңілістің дәмін татқан жоқ. Бірінші кездесуінде ол 10 се­кундтың ішінде Африка бокс­шысын нокаутқа түсірсе, жар­ты­лай финалда кубалық Йор­данис Эрнандесті 46:35 есебімен еңсерді. Міне, содан бергі екі жылдан астам уақыт аралығында Серік рес­ми жарыстарда тек жеңіске жетуде. Әлем чемпионаты. 2009 жылғы Әлем чемпионатында Серік мінсіз өнер көрсетті. Тыр­нақалды кездесуде Милан Пи­пес­­киді 26:6 есебімен ұтты. Одан кейінгі үш айқасты мерзімінен бұрын аяқтады. Никарагуалық Мен­доза Мендес, канадалық Кевин Бизер, ирандық Мұртаз Сепахванд, жапондық Масатусид Каваши қандасымызға еш қарсы­лық көрсете алған жоқ. Серік оларды арбап та, алдап та ұрып, жігерлерін құм етті. Ал финалда Геннадий Ковалевты 20:5 есебі­мен еркін еңсерді. Әдетте өзге мемлекеттердің өрендеріне мұ­рындарын шүйіріп қарайтын ресейлік мамандар бұл жолы қазақ боксшысының атына көп­те­ген жылы пікірлер айтты. Ал олардың: «Бұл бәсекеде Геннадий өзінің талассыз жеңілгенін мо­йындауға тиіс. Ол қазақ жігітінің тау қопарарлық қарқынына қарсы еш тосқауыл қоя алмады. Серік Сәпиев Олимпиадаға дәл осындай бабында келсе, бас жүл­деден басты үміткер болатыны даусыз», – деген пікірі көп нәр­сені аңғартса керек. Сөйтіп, алыс­тағы АҚШ елінде алтын медальді жеңіп алған Серіктің есімі спорт­тық шежіресінде екі мәрте әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ­стандық боксшы ретінде тіркелді. Жетістіктері. --212.154.166.65 20:43, 2009 ж. қарашаның 22 (ALMT)--212.154.166.65 20:43, 2009 ж. қарашаның 22 (ALMT)--212.154.166.65 20:43, 2009 ж. қарашаның 22 (ALMT)--212.154.166.65 20:43, 2009 ж. қарашаның 22 (ALMT)formula_1formula_2 Жафаров, Галиб. Галиб Жафаров (9 Мамыр, 1978 жыл, Ақтөбе облысының Қандыағаш ауданы) - қазақ әуесқой боксшысы. Боксқа келуі. 11 жасында бокс қолғабын киген жас өрен уақыт оза ұлттық құраманың белді мүшесіне айналды. 2003 жылы ол әлем чемпионы атағын олжалап, екінің бірі қолы жетпеген белеске иек артты. Енді Галиб Бейжіңге аттанғалы жатыр. Олимпиада ойындарында «медаль алады-ау» деген спортшының бірі болғандықтан, біз Жафаровты газет бетіне «Үкілеген үміткер» деген айдармен беріп отырмыз. Галибтің әкесі – әзірбайжан ұлтынан, шешесі – қазақтың қызы. Өзі 1978 жылы Ақтөбе облысының Қандыағаш ауданында туып-өсті. Оны боксқа үйреткен де, қазір баптап жүрген де Әлімбек Балмағамбетов. Жафаров жастайынан дара талантымен оқшауланды десек, өтірік айтқан болар едік. Бүгінгі деңгейге жету үшін оған жалықпай жаттығуға тура келді. 1997 жылы Галиб Қазақстан құрамасына қабылданғанымен, ол бірер жыл көзге түспеді. Бұл жағдайды бапкері: «1997 жылы шәкіртім 57 келі салмақ дәрежесіне ауысты. Алайда бұл салмақта Галибтің бірден бағы жана қоймады. Өйткені бәсекелестік тым күшті болды. Алдымен Бақтияр Тілегеновтің қарымы қатты еді. Содан кейін Бекзат Саттарханов жарқ етіп шықты. Жалпы, Бекзат марқұм жайында айтатын болсақ, Құдай оның бойына талантты үйіп-төгіп берген. Ол – нағыз дарабоз еді. Сол саңлақпен қолғап түйістіре жүріп, Галибтің де шеберлігі өсті», – деп түсіндірді. Жафаровтың жарқ етіп көрінген тұсы 2001 жыл болды. Белфаста өткен әлем чемпионатында ақтөбелік өрен ақтық сынға алқынбай жетті. Шешуші тұста танымал түрік боксшысы Рамази Палианиден ұтылып, елге күміс медальмен оралды. Міне, сол кезден бастап, Галибтің тасы өрге домалады. 2002 жылы Астанада өткен әлем кубогы жолындағы бәсекеде барлық қарсыласынан басым түсті. Тіптен кубалық боксшының өзін сабап тастады. Алайда жарыс командалық болғандықтан, Жафаровтың кеудесінде күміс медаль жарқырады. Дәл сондай көрсеткішке ол Пусанда өткен Азия ойындарында да қол жеткізді. Ал 2003 жылы Бангкокта жерлесіміз әлем чемпионы атанды. Оның сыртында көптеген халықаралық турнирлердегі жеңістері тағы бар. Жафаровтың жеңісіне көзіміз үйреніп қалғаны соншалық, Афины Олимпиадасының ширек финалда ол жеңіліс тапқанда, жанкүйерлердің жанарына жас тығылды. Ең өкініштісі, отандасымыз есімі беймәлім боксшыдан ұтылды. Иә, сол кезде Алексей Тищенконы ешкім білмейтін. Тіптен ресейліктердің өздері Тищенкодан пәлендей нәтиже күткен жоқ еді. Ал сол шикі сары орыс жігіті Афинада бәрінің аузын ұрып кетті де, Олимпиада чемпионы деген мәңгі тозбас атаққа қол жеткізді. Олимпиададағы сәтсіздіктің салдары ма, әлде бабы кеміді ме, әйтеуір одан кейінгі жылдары Галибтің өнері ала-құла болды. Тіптен ол елішілік жарыстарда жеңілетін «әдет» тапты. Сондай-ақ халықаралық аренадағы аяқалысы да көпшіліктің көңілінен шыққан жоқ. 2005 және 2007 жылғы әлем чемпионаттарына Жафаров барған жоқ. Бапкерлердің таңдауы басқа боксшыларға түсті. 2006 жылғы Азия ойындарында Галиб жартылай финалда моңғолдан ұтылып, үшінші орында қалып қойды. Міне, осылайша жерлесіміз бірер жыл еңсе көтере алмай жүрді. Дәл сол тұста айтулы боксшының болашағына күмәнмен қарағандар қатары қалыңдады. Оңай ма, Галибтің жасы ол кезде 30-ға келіп қалған еді... Алайда адал еңбек пен шын пейіл адамды алға жетелейді деген рас екен. Ең бастысы, бапкері де, боксшысы да өздерінің «айтар сөздері» әлі де таусылмағанына имандай сенді. Сол тұста Әлімбек ағамыз: «Боксшының жасына емес, қарымына қарау керек. Жасы 30-ға таяса да, Жафаров өзінің мықтылығын дәлелдеп жүр. Және де бокс тарихына үңілсек, дәл осындай жаста топ жарып жүрген саңлақтар аз емес. Жалпы, біріміз – ұстаз, біріміз – шәкірт атанғанымызға тура 17 жыл болыпты. Мен Галибтің мінезін жақсы білемін. Жафаров үшін бұл салада құпия жоқ. Ол бокстағы барлық белесті бағындырды. Енді біздерге жетпей тұрғаны тек – Олимпиада медалі. Біз міндетті түрде Бейжіңге барып, сол олқылықтың орнын толтырамыз», – деп ақтарыла сөйлеген болатын. Азия құрлығы боксшыларына 2008 жылғы Олимпиадаға қатысу үшін үш мүмкіндік туындады десек, оның біріншісіне Галиб барған жоқ. Бас бапкер тараздық Мақсат Оспановқа сенім артты. Чикагода Мақсат жеңіліп қалды. Бангкокта өткен екінші лицензиялық турнирдің шешуші бәсекесінде Жафаров қарсыласын сабап жатқан-ды. Бірақ қырсық шалып, қабағы жарылып кетті. АИБА-ның ережесі бойынша боксшы үш рет дәрігердің көмегіне жүгінгеннен соң барып қана бәсеке тоқталуы тиіс. Ал бұл жолы төреші әділдіктен аттап, жерлесімізді жарыс жолынан шығарып тастады. Енді соңғы сынақ қалды. «Кімдер ел намысын қорғауға тиіс?» деген мәселе төңірегінде тағы да әңгіме туындады. Бұл ретте Галиб Жафаров өзінің мықтылығын мойындатып, 57 келі салмақта өнер көрсетуге лайық екенін паш етті. Астана рингінде жерлесіміз өз мүмкіндігін қалт жібермей, алтыннан алқа тағынды. Енді Галиб Бейжіңдегі ойындарға қызу даярлық үстінде. Оның арманы біреу ғана – Олимпиада тұғырына табан тіреу. Сол мақсатқа жету үшін ол қарсыласының қолында өлуге даяр. Өйткені осы өнерді серік еткен 17 жыл ішінде Жафаров Олимпиададан басқа жарыстардың барлығын ұтты. Енді сол олқылықтың орнын толтыру керек. Жүсіпова, Әлия. Әлия Жүсіпова(1984 жыл, Оңтүстік Қазақстан облысы) - Көркем гимнастика спорт шебері. Осы спорттан Олимпиадаға Қазақстаннан жалғыз жолдаманың иегері. 2001 жылдан Әлия Жүсіпова Мәскеуде олимпиадашылар дайындайтын атақты Ирина Винердің тәлімінде жаттығады. Ильин, Илья. Илья Ильин (1988 жыл, 24 мамыр, Қызылорда) - атақты жас қазақ штангашысы. Ауыр атлетпен айналысып жүрген ағасы Алексейдiң жанынан бiр елi қалмайтын кiшкентай Ильяның дарынын байқаған Вилори Викторович Пак оны бiрден өзiне тартқан көрiнедi. Сөйтiп, тоғыз жасында Қазақстан чемпионы атанған Ильин осы уақытқа дейiн сегiз рет шет елге шығып, ешқайсысында жеңiлiстiң кермек дәмiн татып көрмептi. Жарақатына байланысты бiр жыл спорттан тыс жүрген Ильяның өзiнiң айтуынша, 99 пайызға бұрынғы қалпына келген тәрiздi. Жетiстiктерi. Ол жастар мен ересектер арасында екі рет әлем чемпионы атанды. Дәл осындай балғын шағында дүние-жүзінің теңдессіз атлеті атанған азаматтар жер бетінде жоқ. Оның асқан шеберлігіне, мінсіз техникасына, жеңіске деген құштарлығына таңданбау мүмкін емес. Ауыр атлетика саласындағы ең жас әлем чемпионы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген. Литва тілі. Литван тілі ("lietuvių kalba") — Литваның ресми тілі, Еуропалық Одақтың ресми тілдерінің бірі. Литвада ана тілі ретінде сөйлеушілерінің саны 2.96 миллион, шетелдерде шамамен 170,000. Литван тілі өзімен туыстас Латыш тілімен бірге Балтық тілдеріне жатады, алайда екеуі өзара түсінікті емес. Литван тілі латын әліпбиін қолданады. Тарихы. Литван тіліндегі сақталып отырған ең көне қолжазба (шамамен 1503 жыл), 15-ші ғасырда жазылған еңбектің көшірмесі. a>a>ның алғашқы аяты литван тілінде берілген Литван тілінде үндіеуропалық тілдер өрбіп шыққан көне тілдерде болған есім морфологиясының көптеген бастапқы қасиеттері сақталған. Сол себепті литван тілі үндіеуропалық тілдердің салыстырмалы филологиясында маңызды роль атқарады. Салыстырмалы филологияның зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғандай, литван тілі қазіргі үндіеуропалық тілдердің ішіндегі ең аз өзгерген тіл. Протоүндіеуропалық тілдің бөлшектенгенінен кейін Балтық-славян тілдерінің тобы пайда болғаны, содан соң ұзақ уақыт ортақ даму кезеңінен кейін славян және балтық тілдеріне бөлінгені туралы болжам бар (Szemerényi, 1957). Алайда Мейе, Климас, Зинкевичюс сияқты кейбір басқа тілтанушылар ондай ортақ прототілдің болғанына қарсы дәлелдер келтіріп, олардың арасындағы ұқсастықтарды ұзақ уақыт бойы бір-бірінің ықпалына түсіп отырғандарымен түсіндіреді. Балтық тілдерінде көптеген көне белгілердің бар екендігі даусыз болғанымен, олардың протоүндіеуропалық тілден дәл қалай өрбіп шыққаны әлі де анық емес. Кейбір глоттохронологиялық пайымдаулар бойынша, шығыс балтық тілдері батыс балтық тілдерінен біздің заманымыздың 400-600 жылдары ажырап шыққан. Литван тілі мен латыш тілдерінің арасында елеулі айырмашылықтар 800 жылдан кейін пайдан бола бастаған, бірақ сонда да ұзақ уақытқа дейін оларды бір тілдің диалектілері ретінде қарастыруға болатын. Өтпелі диалектілер кем дегенде 14-15-ші ғасырларға дейін сақталып келді, 17-ші ғасырға дейін сақталған болуы да ықтимал. Екі тілдің алшақтай түсуіне қазіргі Латвияның жерін 13-14 ғасырларда неміс рыцарьлық ордендерінің жаулап алғаны қатты ықпал жасады. Литван тілінің сақталып отырған ең көне ескерткіштеріне шамамен 1503-1525 жылдары жазып алынған Исаның мінажаты, Сәлем, Мәриям және Никея кредосы жатады. Ол ескерткіштер оңтүстік аукштайт диалектісінде жазылған. Кітаптар 1547 жылдан кейін басылып шығарыла бастаған, бірақ литвандардың арасындағы сауаттылық деңгейі 18-ші ғасырдың аяғына дейін төмен дәрежеде болып келді. 1864 жылы Қаңтар көтерілісінен кейін Литваның генерал-губернаторы Михаил Муравьёв тілдің білім беру саласында және кітап басуда қолданылуына толық тыйым салды, бірақ литван тіліндегі кітаптар шетелде — Шығыс Пруссияда және Құрама Штаттарда кедергісіз басыла берді. Ол кітаптарды Литваға қатаң түрме жазасына қарамастан әкелумен «книгнешяй» деп аталып кеткен адамдар айналысты, сол кітаптардың арқасында литван халқының ұлттық сана-сезімі өсіп, ақыры тыйым 1904 жылы алынып тасталды. Йонас Яблонскис (1860-1930) литван әдеби тілінің қалыптасуына маңызды үлес қосты. 19-шы ғасырда жазба литван тілінің ережелері онсыз да өзгере бастаған болатын, бірақ Яблонскистің "Lietuviškos kalbos gramatika" («Литван тілінің грамматикасы») атты кітабына кіріспеде тілдің одан кейінгі дамуына зор әсер еткен маңызды қағидаларды қорытындылап-тұжырымдады. Ол ұсынған жалпыға бірдей литван тілі оның өзінің батыс аукштайт диалектісіне негізделіп, шығыстағы пруссия литвандарының диалектісінің кейбір жақтары енгізілді. Бұл диалектілерде көршілес көне прус тілінің әсерінің арқасында ежелгі айтылым сақталып қалып, басқа диалектілерде болса түрлі фонетикалық өзгерістер орын алып отырды. 1918 жылдан бастап литван тілі Литваның ресми тілі дәрежесіне ие болды. Литва Кеңес Одағының құрамында болған кезде литван тілі орыс тілімен қатар ресми қолданылып келді. Классификациясы. Литван тілі балтық тілдеріне жататын екі тірі тілдің біреуі болып табылады, екіншісі — латыш тілі. Балтық тілдеріне жатқан тағы бір тіл — көне прус тілі 19-шы ғасырға жетпей өлі тілге айналды. Балтық тілдеріне жатқан басқа тілдер — курон тілі мен судов тілі одан да бұрын жоғалған болатын. Балтық тілдері үндіеуропалық тілдердің жеке бір тармағын құрайды. Географиялық таралуы. Литван тілі негізінен Литвада таралған; сонымен бірге Беларусь, Латвия, Польша және Ресейдің Калининград облысында тұрып жатқан литван ұлтының өкілдерінің арасында да таралған. Аргентина, Австралия, Бразилия, Канада, Дания, Эстония, Франция, Исландия, Ирландия, Норвегия, Ресейдің қалған аймақтарында, Швеция, Құрама Патшалық, Құрама Штаттар және Уругвай елдерінде литвандардың ірі топтары тұрады. Литвадағы 2 955 200 адам (3 460 липка татарларын қосқанда), яғни 1998 жылғы бүкіл халықтың 80%-ы литван тілін ана тілі ретінде біледі. Басқа ұлт өкілдері де түрлі дәрежеде литван тілін меңгерген. Дүние жүзі бойынша литван тілінде сөйлейтіндердің саны 4 000 000 шамасында (1993 UBS). Ресми дәрежесі. Литван тілі Литваның мемлекеттік тілі және Еуропа Одағының ресми тілдерінің бірі болып табылады. Диалектілері. Литван тілінің екі диалектісі бар: аукштайт диалектісі және жемайт диалектісі. Мына картаға қараңыз:. Әдеби литван тілі мен жемайт диалектісінің арасында айырмашылықтар өте үлкен. Қазіргі аукштайт диалектісі 13-16 ғасырларда курон тілінің әсерімен қалыптасқан. Литван тілінің диалектілері Литваның этнографиялық аймақтарымен байланысқан. Диалектілердің өздері кіші диалектілерге бөлінген. Екі диалектінің екеуі де үш кіші диалектіге бөлінген. Әдеби тіл батыс аукштайт диалектілеріне негізделген. Дауысты дыбыстары. Литван тілінде 12 жазба дауысты дыбыс бар. Латын әліпбиінің негізгі әріптеріне қоса «огонек» (яғни құйрықша) ұзын дауыстыларды белгілеу үшін қолданылады. Бұл осы дауыстылардың назализацияланған кезінен қалған тарихи белгі. Дәл сондай огонек құйрықшалары поляк тілінде де бар, онда ол мұрын жолымен айтылатын дыбыстарды белгілеуге қолданылады. Дауыссыз дыбыстары. Lithuanian uses 20 consonant characters, drawn from the Roman alphabet. In addition, the digraph "Ch" represents a voiceless velar fricative (IPA [x]); the pronunciation of other digraphs can be deduced from their component elements. Дауыссыздары. Each consonant (except) has two forms: palatalized and non-palatalized (-, -, - and so on). The consonants and their palatalized versions are only found in loanwords. The consonants preceding vowels [i] and [e] are always moderately palatalized, a feature common to East Slavic languages and not present in the Latvian language. Unreleased stops are common in the Lithuanian language over released plosives. Дауыстылары. However, at least one researcher suggests that a tense vs. lax distinction may be the actual distinguishing feature, or may be at least equally important as vowel length. Such a hypothesis yields the chart below, where 'long' and 'short' have been preserved to parallel the terminology used above. Грамматикасы. The Lithuanian language is a highly inflected language in which the relationships between parts of speech and their roles in a sentence are expressed by numerous flexions. There are two grammatical genders in Lithuanian - feminine and masculine. There is no neuter gender per se, but there are some forms which are derived from the historical neuter gender, notably attributive adjectives. Lithuanian has a free, mobile stress, and is also characterized by pitch accent. It has five noun and three adjective declensions and three verbal conjugations. All verbs have present, past, past iterative and future tenses of the indicative mood, subjunctive (or conditional) and imperative moods (both without distinction of tenses) and infinitive. These forms, except the infinitive, are conjugative, having two singular, two plural persons and the third person form common both for plural and singular. Lithuanian has the richest participle system of all Indo-European languages, having participles derived from all tenses with distinct active and passive forms, and several gerund forms. Nouns and other declinable words are declined in seven cases: nominative, genitive, dative, accusative, instrumental, locative, and vocative. In older Lithuanian texts three additional varieties of the locative case are found: illative, adessive and allative. The most common are the illative, which still is used, mostly in spoken language, and the allative, which survives in the standard language in some idiomatic usages. The adessive is nearly extinct. In practical terms, these declensions render word order less important than in more isolating languages such as English. A Lithuanian speaker may word the English phrase "a car is coming" as either "atvažiuoja automobilis" or "automobilis atvažiuoja". The first prescriptive grammar book of Lithuanian was commissioned by the Duke of Prussia, Frederick William, for use in the Lithuanian-speaking parishes of East-Prussia. It was written in Latin and German by Daniel Klein and published in Königsberg in 1653/1654. The first scientific "Compendium of Lithuanian language" was published in German in 1856/57 by August Schleicher, a professor at Prague University. In it he describes Prussian-Lithuanian which later is to become the "skeleton" (Buga) of modern Lithuanian. Today there are two definitive books on Lithuanian grammar: one in English, the "Introduction to Modern Lithuanian" (called "Beginner's Lithuanian" in its newer editions) by Leonardas Dambriūnas, Antanas Klimas and William R. Schmalstieg, and another in Russian, Vytautas Ambrazas' "Грамматика Литовского языка" ("The Grammar of the Lithuanian Language"). Another recent book on Lithuanian grammar is the second edition of "Review of Modern Lithuanian Grammar" by Edmund Remys, published by Lithuanian Research and Studies Center, Chicago, 2003. Сөздік қоры. Литван тілінің ең үлкен сөздігі 20 томнан тұрады, онда жарты миллионнан астам сөзтізімдік мақала бар Үндіеуропалық сөздік қоры. Lithuanian is considered one of the more conservative modern Indo-European languages, and certain Lithuanian words are very similar to their Sanskrit counterparts. The Lithuanian and Sanskrit words "sūnus" (son) and "avis" (sheep) are exactly the same, and many other word pairs differ only slightly, such as "dūmas" for smoke ("dhumas" in Sanskrit), "antras" for second ("antaras" in Sanskrit), and "vilkas" for wolf ("vrkas" in Sanskrit). However, Lithuanian verbal morphology shows many innovations. Lithuanian has many vocabulary items descended from Proto-Indo-European which are also found in Latin. Examples include the following words (the first word is Latin, the second is the Lithuanian cognate): "rota — ratas" (wheel), "senex — senis" (an old man), "vir — vyras" (a man), "anguis — angis" (a snake in Latin, a species of snakes in Lithuanian), "linum — linas" (flax, compare with English 'linen'), "aro — ariu" (I plow), "iungo — jungiu" (I join), "duo — du" (two), "tres — trys" (three), "septem — septyni" (seven), "gentes — gentys" (tribes), "mensis — mėnesis" (month), "dentes — dantys" (teeth), "noctes — naktys" (nights), "sedemus — sėdime" (we sit) and so on. This even extends to grammar, where for example Latin noun declensions ending in "-um" often correspond to Lithuanian "-ų". Many of the words from this list share similarities with other Indo-European languages, including English. However, despite frequent similarities in vocabulary, it should be remembered that Lithuanian is not descended from Latin, Sanskrit or any other attested Indo-European language, but rather they are all descended from Proto-Indo-European. On the other hand, the numerous lexical and grammatical similarities between Baltic and Slavic languages suggest an affinity between these two language groups. However, there exist a number of Baltic (particularly Lithuanian) words, notably those that are similar to Sanskrit or Latin, which lack counterparts in Slavic languages. This fact was puzzling to many linguists prior to the middle of the 19th century, but was later influential in the re-creation of the Proto Indo-European language. In any event, the history of the earlier relations between Baltic and Slavic languages and a more exact genesis of the affinity between the two groups remains in dispute. Кірме сөздер. In a 1934 book entitled "Die Germanismen des Litauischen. Teil I: Die deutschen Lehnwörter im Litauischen", K. Alminauskis found 2,770 loan words, of which about 130 were of uncertain origin. The majority of the loan words were found to have been derived from the Polish, Belarussian, and German languages, with some evidence that these languages all acquired the words from contacts and trade with Prussia during the era of the Grand Duchy of Lithuania. Loan words comprised about 20% of the vocabulary used in the first book printed in the Lithuanian language in 1547, Martynas Mažvydas's "Catechism". The majority of loan words in the 20th century arrived from the Russian language. Towards the end of the 20th century a number of Ағылшын тілі words and expressions entered the spoken vernacular of city dwellers, especially the younger ones. The Lithuanian government has an established language policy, which encourages the development of equivalent vocabulary to replace loan words. Жазу жүйесі. Like many of the Indo-European languages, Lithuanian employs a modified Roman script. It is composed of 32 letters. The collation order presents one surprise: "Y" is moved to occur between "Į" (I nosinė) and "J" because "Y" actually represents a prolonged. Acute, grave, tilde and macron accents can be used to mark stress and vowel length. However, these are generally not written, except in dictionaries, grammars, and where needed for clarity. In addition, the following digraphs are used, but are treated as sequences of two letters for collation purposes. It should be noted that the "Ch" digraph represents a velar fricative, while the others are straightforward combinations of their component letters. Dz dz [dz](dzė), Dž dž [dʒ](džė), Ch ch [x](cha). Мұхаммад Жүніс. Мұхаммад Жүніс – микроқаржышы, Бангладеш қоғам қайраткері. 30-жылдан астам бұрын Жүніс туған елінде барлығы 27 доллар ақшаны ондаған кедей құрастырушы, жаңа нәрсе ойлап тапқандарға қарыз ақша берген. Бұл оның микроқаржыландыру арқылы кедейлікпен күреске арналған өмірінің басы еді. Осы еңбегі үшін 2006 жылы Нобель сыйлығының иеігері атанады. Осы уақытқа дейін оның әлемнің 100-ден астам елдерінде істейтін Грамиин Банкі $7 миллиардтай қаржыны 7 миллионнан астам адамдарға, 97 пайызы әйелдер, берген. Бұл соманың 98 пайызы кері қайтарылған. 2008 жылы ForeignPolicy.com торбетінің сауалнамасына сәйкес ол Әлемнің ең танымал 20 оқымыстылары тізіміне кірген. Тариқ Рамадан. Тариқ Рамадан – Швейцариялық философ, Ислам ағартушысы. Мұсылмандар арасында кеңінен тамынал, қарама-қайшылы ағартушы ғалымдардың бірі Рамадан мәдени және діни текетіресте “көпір” болуға тырысады. Оның ізбасарлары оны Еуропадағы Мұсылмандар бірлігін қорғаушы деп біледі. Рамаданның сыншылары оны антисемитизммен айыптап, тіпті ланкестікке қатысы бар деп айыптайды. 2004 жылы АҚШ Мемлекеттік Департаментінің оны Хамасқа қатысы бар ислами қорларға демеуші болған деген айыптан кейін Рамаданға Нотр Дамға дәріс беруге АҚШ-қа баруына виза беруден бас тартылды. 2008 жылы ForeignPolicy.com торбетінің сауалнамасына сәйкес ол Әлемнің ең танымал 20 оқымыстылары тізіміне кірген. Қола дәуірі. Қола дәуірі - адамзат дамуында еңбек құралдарын және қару-жарақ жасауда қола іргелі материалға айналған тарихи-мәдени кезең. Бұл дәуір біздің заманымызға дейінгі 4-1 мыңжылдықтарды қамтиды. Археологияда бұл кезенді "Андронов мәдениетінің" өркендеу дәуірі дейді. "Андронов мәдениеті" біздің заманымыздан бұрынғы 2-ші мыңжылдықтың соңғы жартысы мен 1-ші мыңжылдықтың басында Батыс Сібір, Орал маңы және Қазақстан мен Орта Азияның кең алқабын мекендеген тайпалардың тұрмысың бейнелейтін кезең. Бұл аймақты тарихи тағдыры ортақ, тегі тамырлас, мәдениеті туыстас тайпалар мекендеген "Андронов мәдениеті" деп аталуының сыры 1914 жылы археологиялық зерттеулер кезінде бұл кезеңнің көптеген жөдігерлері Сібірдің Ачинск қаласыңың маңындағы Андроново деревнясынан табылуында. Біздің дәуірімізге дейінгі 2-ші мыңжылдықта Солтүстік Қазақстан аумағын мекендеген тұрғындардың тұрмыс бейімі осы мәдениеттің сипатына сай болған. Андроновтықтардың негізгі тіршілік бейімі мал шаруашылығымен, балық аулаумен және терімшілікпен сипатталған. Мал шаруашылығы тіршіліктің негізгі көзі болғандықтан адамдардың тұрмысында жүн бұйымдар көптеп пайдаланылған. Осыған орай Есіл өңірінде мал түліктерінің барлық негізгі түрлері кездескен Мал терілерінен тоқылған тігілген киімдер қола дәуірі адамдарының тұрмысында жақсы қолданысқа ие болған Сондай-ақ, өзінің атауына сай, бұл дәуірде біздің өңірдің ертедегі адамдары қоланы негізгі тіршілік көзі ретінде қолданған. Еңбек құралдары, қару-жарақтар және әшекей бұйымдар осы материалдан жасалған. Қола дәуірінің айшықты үлгілері біздің облыстық тарихи-өлкетану мұражайында сақтаулы. Ғалымдардың кейбір пікірінше сол дәуір-де адамдар қола кенін қорытуды да білген. Бір қызығы, осы қола дәуірінде адамдардың отырықшылық тұрмысқа бейімделгені айқын айғақталады. Олардың қоныстары жер үйінділерімен қоршалып, ортасында тастан, ағаштан, шымнаң саз балшықтан соғылған жаппалар, жеркепелер, тамдар орналастырылған Мұндай қоныстар көп ретте өзен-сулардың маңына жақын болған. Қола дәуірінің соңы әлі де көшпелі тұрмыс салтының белең алуымен айғақталады. Өйткені, бұл кезеңдегі адамдардың негізгі тіршілік көзі мал шаруашылығы болған. Кең даланың өне бойында мал түліктері жайылымнан жайылымға ауы-сып, адамдар соған орай көшіп-қонуға бейімделген. Бұл уақытта егіншілікке аса маңыз берілмеген. Бұдан кейінгі кезеңдерде Қазақстанның аумағында темірді пайдалануға бейімдік байқалған. Археологтардың көптеген дәйектері осыны айғақтайды. Бұл кезеңді сондықтан ерте темір дәуірі деп атайды. Кувейт. Кувейт - Шығыс Орта елдерінің бірі. Ресми атауы: Кувейт Мемлекеті. Астанасы - Кувейт қаласы (тұрғын саны 60.000). Басты қалалары: Хауалли (т.с. 190.000), Салимия (т.с.200.000), Фәруания, Джәхра және Әл -Ахмадия. Жер көлемі: 17.818 кв. км. Халқы. Жалпы саны: 450 000. Халқының басым көпшілігі қалалық жерде қоныстанған. Орташа жас мөлшері 73 жас. Халықтың 37% жастан төменгілер. Халықтың қоныстану тығыздығы: бір шаршы метрге 81.3 кісі. Халықтың өсу қарқыны: жылдық 4% көлемінде. Ұлттық құрамы: Халықтың 84% арабтар құрайды. Олардың жартысынан көбі кувейттік, ал қалғандары басқа араб елдерінен келген арабтар. Қалған 15% Азия елдерінен келгендер, 0,1% африкалықтар, 0,8% европалықтар, ал 0,1% американдықтар. Соның ішінде азиялықтардың көпшілігі Үндістан мен Ираннан келгендер. Тілі. Ресми тілі - арабша. Халық негізінде осы араб тілінде сөйлейді. Діні. Ресми діні Ислам. Халықтың 98% мұсылман, аз бір бөлігі христиан, ал қалғандары шығыс діндері өкілдері. Мұсылмандардың басым бөлігі сунниттер. Географиялық жағдайы. Басра бұғазының жағалауында орналасқан Кувейттің солтүстігінде Ирак, шығысында Басра бұғазы, оңтүстігінде Сауд Арабиясы шектесіп жатыр. Басра бұғазындағы жағалауының ұзындығы 290 км. Бұғазда Кувейтке қарасты 9 арал бар. Халық қоныстанған жерлерден басқа топырағының 9% егістік алаңы, қалғаны шөлді және құмды аймақ. Елдің солтүстік бөлігі төбешіктерден тұрады, ал оңтүстігі – жазық дала. Кувейт қаласындағы жылдық орташа ыстық дәрежесі 29 С, жылдық орташа жаңбыр мөлшері 94 мм. Басқару жүйесі. Елді кең өкілеттікке ие әмір басқарады. 1962 ж. 16 қарашада заңды түрде күшіне енген Конституция бойынша Кувейтте демократиялық, халық еркін басшылыққа алатын басқару жүйесі белгіленген. Заң шығару билігі елдің әмірі мен сайлау арқылы белгіленетін 60 мүшелік Ұлттық Мәжілістің қарамағында. Парламент мүшелерін сайлауға 21 жасқа толған ер азаматтар ғана дауыс беруге құқылы. Премьер-министр әмір тарапынан тағайындалады. Премьер-министрлікке әдетте ханзадаларды тағайындау үрдіске айналған. Қазіргі ханзада Садул-Абдуллах Әс-Сабах премьер-министр қызметін атқаруда. Үкіметті премьер-министр қадағалайды. Үкіметтің кем дегенде 7 мүшесі әмір әулетінен болуы шарт. Конституция бойынша шариғат басты қайнар көз ретінде көрсетілген. Кувейт БҰҰ, ИКҰ (Ислам Конференциясы Ұйымы), Араб Елдері Бірлігі, ОРЕС, IМҒ (Халықаралық Ақша Қоры), Ислам Даму Банкі сияқты халықаралық ұйымдарға мүше. Әкімшілік бөлінісі. 4 облыстан тұрады: Кувейт, Хауалли, Әл- Ахмәди және Әл-Джәхра. Тарихы. Кувейт жақын тарихқа дейін өте аз халық мекендеген жер болатын. XVIII ғасырдың соңына қарай Кувейт қаласында жаз айлары 3 мың, ал қыста 10 мың кісі тұрған. Кувейт топырағын 634 жылы Халид бин Уәлид (р.а.) қолбасшылық еткен Ислам әскері Ислам мемлекетінің қарамағына қосады. Ол кездері бұл жерде адам аз қоныстанған, айтарлықтай маңызы жоқ аймақ болатын. XVI ғасырда португалдықтар Кувейт жағалауларына шыққан еді. Тарихи деректерге қарағанда Кувейт қаласы XVIII ғасырдың бастарында құрылған. Кейінірек кейбір араб тайпаларының қаланың айналасына шоғырлануына байланысты, қала бірте-бірте сауда орталығына айналады. 1756 ж. Утуб тайпасынан шыққан Сабах әулеті Кувейт қаласына келіп орналасады да, мұнда жергілікті басшылық құрайды. Бүгінгі Кувейт шейхтары осы әулеттен шыққан. 1766 ж. Басраны ирандықтар басып алуына байланысты Кувейттің сауда-саттық орталығы дамып, халық саны да көбейе түседі. 1805 ж. елге ағылшындар аяқ басқанымен, Кувейт шейхы Осман мемлекетімен тығыз байланыста болғандықтан олар ұзақ тұрақтай алмайды. Сөйтіп Кувейт 1853 ж. толығымен Осман Империясының қарамағына кіреді де, 1914 ж. қайта бөлініп шығып, ағылшындардың қол астына өтеді. Кувейт өзінің толық тәуелсіздігіне 1961ж. 19 маусымда қол жеткізді. Экономикасы. Кувейт экономикасы ең алдымен мұнай өндірісіне сүйенеді. 1992 ж. жалпы 312 баррель мұнай өндірілген. OPEC елдері арасында 1993ж. жасалған келісім бойынша Кувейттің кунделікті мұнай өндірісі 2 млн. баррель деп белгіленген. 1993 ж. болжам бойынша Кувейттің мұнай қоры 92 млрд. 430 млн. баррелге жуық деп бағаланған. Елде табиғи газдың да мол қоры бар. 1992 ж. 2 млрд. 650 млн. М3. табиғи газ өндірілген. 1993ж. болжам бойынша табиғи газ қоры 1 млрд. 350 млн. м.кубты құрайды. Мұнай мен газдың жалпы ішкі өнімдегі үлесі 41% көлемінде. Сонымен бірге соңғы уақыттарда егін шаруашылығында заманауи әдістер кең қолданылып, елеулі өзгерістерге қол жеткізілген. Егін мен мал шаруашылығынан түскен табыстың ұлттық табыстағы үлесі 1%. Халық пайдаланатын ауыз су теңіз суын тазарту арқылы алынады. Адам басына шаққандағы ұлттық табысы: 16.200 $ Сыртқы сауда. Импортталатын заттардың басында мұнай мен табиғи газ келеді (бұл екеуінің импорттағы үлесі 91%). Басты экспорт заттарына: қорғаныс құралдары, электрлі және электронды заттар, көлік құралдары мен оның бөлшектері, станоктар, азықтүлік заттары, химиялық өнімдер, текстиль өнімдері және түрлі өндіріс шикізаттары жатады. Сыртқы сауда Жапония, Тайвань, АҚШ және түрлі Еуропа елдерімен жасалуда. Өндірісі. Кувейт өндірісінің басында мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін шығару өнеркәсіптері бар. Бұдан басқа темір болат өнімдері, металл сым, май, пластикалық заттар, цемент, оттегі, күкірт, қағаз, азықтүлік заттары, сусындар, киім тігу, жиһаз жасау, кеңсе заттары, құрылыс жабдықтары, электр құралдары мен жабдықтарын өндіретін өнеркәсіптер де бар. Өндіріс орнын ашатындар мемлекет тарапынан ұзақ мерзімді кредиттер және өндіріс орнын салатын жермен қамтамасыз етіледі. Өндіріс орындарынан түсетін табыстың жалпы ішкі өнімдегі үлесі 14%. Жұмысшы күшінің 9.5%ы өнеркәсіп саласында жұмыс істейтіндер. Білім беру саласы. Кувейтте білім беру ақысыз. 8 жылдық орта білім алу міндетті. Бұдан кейін әркім қалауына байланысты немесе лицейде қалған 4 жыл оқуын жалғастыруына да болады. 205 бастауыш мектеп, 315 жалпы орта білім беру мекемелері, 35 кәсіптік білім беру орындары бар. Бастауыш және орта мектеп жасындағы балалардың 90%-ы мектепке барады. Сонымен қатар мешіттерде және ислами қайырымдылық мекемелері тарапынан ашылған арнайы білім беру мекемелерінде діни білім беріледі. Универрситет жасындағы жастардың университетке түскендерінің үлесі 17%. 25 жастан асқандар арасында жоғары білім алғандар үлесі 11.2%. Денсаулық саласы. Кувейтте 25 аурухана бар, 2950 дәрігер, 390 тіс дәрігері, 10 медбике қызмет етеді. 492 кісіге бір дәрігерден келеді. Денсаулыққа қатысты қызметтер жоғары деңгейде ұйымдастырылған және заманауи жиһаздармен жабдықталған. Шерлок Холмс. Шерлок Холмс — атақты әдеби кейіпкер, 19-шы ғасырдың аяғы, 20-шы ғасырдың басында өмір сүрген деп бейнеленген детектив. Ол туралы алғашқы басылым 1887 жылы жарыққа шыққан. Оның авторы — Шотландияда туып-өскен жазушы және дәрігер Артур Конан Дойль. Шерлок Холмс Лондонда тұратын жеке детектив, ол "дедуктивті пайымдау" және "абдуктивті пайымдау" атты тәсілдерді және мұқият бақылауды қолдана отырып қиын қылмыстық істерді шешумен айналысады. Конан Дойль Холмс туралы төрт повесть және алпыс алты әңгіме жазған. Әңгімелердің төртеуінен басқасының бәрі Холмстың досы және өмірбаяншысы доктор Ватсонның атынан жазылған, екеуін баяндайтын Шерлок Холмстың өзі, және тағы екеуі үшінші жақтан баяндалады. Шерлок Холмс туралы ең алғашқы екі әңгіме "Beeton's Christmas Annual" («Битонның рождестволық жылнамасы») 1887 жылғы басылымында және 1890 жылы "Lippincott's Monthly Magazine" («Липпинкоттың айлық журналы») басылымында жарық көрген. 1891 жылы «Странд» журналында ол туралы әңгімелер басыла бастағаннан соң Шерлок Холмс кең танымал бола бастады. Конан Дойль 1930 жылы қайтыс болғанға дейін жаңа әңгімелер шығып отырды. Оларда Холмс өмірінің 1878 -1903 жылдар аралығы суреттеледі, соңғы ісін ол 1914 жылы шешті. Жеке басы және әдеттері. Холмс өзін богеманың өкілі, ал өз өмір салтын «богемалық» деп сипаттайды. Оның жеке басының әдеттерін Ватсон "«Масгрейв рәсімінің хикаясында»" өте тәртіпсіз етіп көрсетеді: ол өздері тұратын бөлмелердің ішінде бұрынғы істері туралы жазбалардан бастап химиялық тәжірибелердің қалдықтарына дейін бейберекет қалдырып тастап, темекісін өзінің персиялық үй шәркейінің ішінде қалдырып кетеді. "Шұбар таспа хикаясында" доктор Ватсон Холмс жалпы алғанда таңертең өте кеш тұрады деп жазады. Алайда «Қырмызы түсті этюд» әңгімесінде Ватсон Холмсты өзі таңертең оянғанға дейін тамағын ішіп, жұмыстарымен кетіп қалатын деп жазған. Есірткі қолдануы және жеке басының басқа ерекшеліктері. Холмс әсіресе қызықты қылмыстық істер болмаған кездерде морфин және кокаин қолданады. Сол кездері бұл заңға қайшы емес болатын. Ватсон оның бұнысын құптамайтын және оның «жалғыз кемшілігі» деп сипаттайтын. Кейінірек ол есірткінің зиянды қасиеттерін айтып Холмсты оны тастауға «көндіргенін» айтады. Тіпті соның өзінде Ватсон Холмстың есірткі қолдануды толығымен тастамағанын мойындайды. Есірткі қолданумен қатар ерекше қиын істермен айналысқан кездерде тамақ ішуді де доғаратын. "«Норвуд құрылысшысының хикаясында»" Ватсон былай деп жазады: "«Менің досым өзіне таңғы тамақ алдырмады, себебі бір іске шындап кірісіп кеткен кездерінде ол тамақтан мүлдем бас тартатын. Оның әлсіреуден құлап қалғанша ол өз бойындағы зор қуатына сенім артып істерімен айналысатын»." Сонымен бірге Ватсон Холмстың темекі шегуге (әдетте трубка) деген ерекше зор әуестігін, керек болған кездері шындықты бұрмалап, заңды бұзудан (мысалы, полицияға жалған мәлімет беру, айғақтарды жасыру, біреудің үйіне бұзып кіру сияқтылардан) да тайынбайтынын теріс жағынан сипаттаған емес. Холмс пен Ватсон бұндай істерді әйел адамның мүддесін немесе жазықсыз отбасының ар-намысын қорғау сияқты адал мақсаттарда істеуге болады деп сенді (бұл туралы "Чарлз Аугустус Милвертонның хикаясы" деген әңгімеден оқуға болады). «Қырмызы түсті этюд» деген Холмс туралы алғашқы әңгімеде Холмстың қолдарында қышқылдан дақтар қалғаны туралы, кейбір химиялық тәжірибелер үшін, мысалы қылмыстан кейін бірнеше ай өтсе де қанның құрғап қалған дақтарын анықтау тәсілін табу үшін өзінің саусақтарынан қан алатыны туралы жазады. Осы әңгімеде Холмстың бір аурухананың жанындағы «химиялық зертханада» жұмыс істейтіні, ал оның жеке «қылмыстық іздестіру бойынша кеңесші» болып жарты уақыт қана жұмыс істейтіні туралы айтылады. Кейінгі әңгімелерде Холмс химиялық тәжірибелерін Бейкер-стрит көшесі, 221б-да өткізеді делінеді. Іздестіру әдіс-тәсілдері. Холмстың мінезі көбінесе өте салқын қанды әрі ұстамды болып келеді. Бірақ бір шытырман іске шындап кірісіп кеткенде оның мінезі күрт өзгеріп ұстамдыдан өте қызу қанды болып кете алады. Ол басқаларға әсер етіп, таңғалдырғанды ұнатады. Ватсонды немесе Скотланд-Ярдтың қызметкерлерін таңырқату үшін ол қылмыскерді қолға түсіруді ерекше әсерлі бір көрініске айналдыруға ұмтылады (мысал ретінде «Норвуд құрылысшысы» әңгімесінің соңында инспектор Лестрейдті таңғалдырғанын немесе "Төртеудің белгісі" әңгімесінде Джонатан Смоллды қалай қолға түсіргенін келтіруге болады). Сол сияқты ол іздестірудің кезінде өзінің не істеп жатқанын түсіндірмейді немесе түсіндіргені басқаларға түсініксіздеу болып шығады. Тек соңында ғана ол өзінің әрекеттерінің бәрін ашып береді. Ол дедуктивті пайымдау әдісін қолдана отырып өзіне мүлдем бейтаныс адамның бұрын айналысқан немесе қазір айналысып жүрген ісін анықтай алады, мысалы отставкаға шыққан әскери теңіз сержанты ("Қырмызы түсті этюд"); қазір ломбардта жұмыс істеп жүрген, бұрынғы кеме ағаш ұстасы («Жиреншаштылардың одағы»); биллиард белгілеушісі және отставкадағы артиллерия кіші офицері («Грек аудармашысының хикаясы»); демікпесі бар адвокат («Норвуд құрылысшысының хикаясы»); бала тәрбиешісі және музыка мұғалімі («Жалғыз велосипедшінің хикаясы»). Оның нағыз артистік дарыны бар. Басынан кешірген оқиғаларының бірнешеуінде ол өзінің ісін жеңілдету үшін немесе айналадағы адамдарды әшкерелеу үшін жараланған немесе қатты науқастанып қалған адамды айнытпай салады мысалы Өлейін деп жатқан детективтің хикаясы деген әңгімеде. «Рейгейт шонжарының хикаясында» Холмс Каннинхемдердің бір парақ қағаздың маңызына көз жеткізе алмаулары үшін немесе қағаздың бір жыртық шеті қаза болған адамның уысында қалғанын біліп қоймаулары үшін ол өзінік артистік дарынын пайдаланады. Холмстың ойынша, егер Каннинхемдер осы бір парақ қағаздың маңызын біліп қойса, олар қағазды бірдер жойып жіберер еді, ал оның жыртық шетін табу бүкіл істі табысты аяқтау үшін өте маңызды болды. Ирен Адлер туралы істе Холмс суреттің қай жерде екенін білдіріп алуы үшін алдымен атыс, содан соң өрт ұйымдастырады. Басында бұл тиімді болып шығады, бірақ ол қайтып кеткеннен кейін Ирен Адлер не болғанын түсініп қойып, шетелге кетіп қалады, бірақ одан бұрын жасырын жерде басқа бір суретті және өзінің істеген әрекеттерін сипаттайтын Холмсқа арналған хатты қалдырып кетеді. Кейінірек ол Холмстан айласын асырған жалғыз әйел адам ретінде сипатталады. Бейкер-стрит 221б-ны санамағанда Холмстың бүкіл Лондонда кем дегенде тағы бес пәтері бар. Холмс өзінің британиялық азамат екендігін мақтан тұтатын адам. Оның отаншылдығы тапаншасымен атып өз бөлмесінің қабырғасына «VR», яғни Victoria Regina, демек Виктория патшайым деген белгі салғанынан көрінеді. Ол бірнеше рет өз елінің үкіметіне қарсы барлау жұмыстарын жүргізуге де көмектескен, мысалы «Оның соңғы сәлемі» әңгімесінде. Көбінесе оның көмегі ұрланған мемлекеттік құжаттарды қайтару немесе шетелдік барлаушылардың әрекеттеріне тосқауыл қою түрінде жасалатын. Холмстың жеке басынан кейде өркөкіректік сияқты жағымсыз қасиеттерді байқауға болады. Бірақ оның өзі туралы ерекше жоғары пікірі негізсіз де емес. Ол полицияны өзінің ерекше керемет дедукцияларымен таңғалдырғанды ұнататын сияқты болып көрінеді. Бірақ жиі-жиі ол қылмысты ашып, ол үшін марапаттарды полицияның алуына да қарсы болмай отырады. Бұндай жағдайларда мәселенің іс жүзінде қалай болғанын білетін Ватсон ғана («Теңіз келісімі хикаясында» ол өзі ашқан 53 қылмыстық істің 49-ы үшін атақ-даңқтың полицияға кеткенін айтады). Алайда Холмс өзінің жеке достарынан және оның қызметіне мұқият назар аударатындардан мақтау алудан да кет әрі емес. * Компьютерлік терминдердің қысқаша сөздігі. Компьютерлік терминдердің қысқаша сөздігі — ағылшын, қазақ, орыс тілдері ретімен сұрыпталып беріледі. «Microsoft» корпорациясы 2005 ж. Windows XP амалдық жүйесінің мен Office 2003 кеңселік бағдарламалар дестесінің қазақша тілдесу үшін дайындаған сөздік негізінде. Сөздік. Ескертпе: Бұл мақаланың көлемі өте үлкен болғандықтан тіл бойынша өздіктік сұрыпталуы (құмсағат тәрізді белгішеменен) 1 минөттен асуы мүмкін Басы. Жалғасын Компьютерлік терминдердің қысқаша сөздігі 2 деген беттен қараңыз. Электролиттер және бейэлектролиттер. Электролиттер және бейэлектролиттер — кейбір заттардың ерітіндіде тоқ өткізетіні ал, кейбір заттардың сол жағдайларда тоқ өткізбейтіні бәріне белгілі. Оны анықтайтын көптеген эксперименттер бізге мәлім. Электролиттерге негіздер, қышқылдар және тұздардың көбі, ал, бейэлектролиттерге көптеген органиқалық заттар жатады. Ерітіндіде электролиттер иондарға ыдырайды осының арқасында олар тоқ өткізеді. Ерітіндіде неғұрлым ион көп болса соғұрлым тоқ жақсырақ өтеді. Электролиттердің ерітіндіде иондарға ыдырауы электролиттік диссоциация деп аталады. Мысалы, NaCl ерітіндіде түгелдей Na+ және Cl- иондарына ыдырайды. Айқұлақ таңбасы. «Айқұлақ» таңбасы () — типографикалық @ әрпі, тілдердің көбінде "маңында, арқылы, қасында, жанында" деген мағынаны бейнелеу үшін қолданылады. Бұл ақша есебі мен сауда саласында пайдаланылатын "at the rate of" деген ағылшынша сөйлемдің қысқартпасы (мыс.,“7 widgets @ $2 ea. = $14” —«бұйымның әр данасын 2 доллардан алғанда, 7 данасы 14 долларға тең»). Қазіргі танда таңбаның пайдалануы жаппай құбылыс, бұның себебі электронды пошта мекенжайларында кең таралуында. Айқұлақ басқа тілдерде. In most languages other than English, @ was less common before e-mail became widespread in the mid-1990s, although most typewriters included the symbol. Consequently, it is often perceived in those languages as denoting "The Internet", computerization, or modernization in general. Мүшел. Мүшел — 12 жылдық айналым (цикл). Жыл басы қазақша көктемде күн мен түн теңелуінен саналады (наурыздың 22). Айналым Тышқан жылынан басталады. Бұл айналымның жүйесі қытай мәдениетінен алынып тибет, моңғол, ұйғыр, қазақ халықтарына тараған. Мұхаммед Фетхуллаһ Гүлен. Фетхулаһ Гүлен – түрік халқының көрнекті ақыл-парасат иесі, жазушы әрі ақын, ол сонымен қатар соңғы кезде бүкіл әлемге танымал ислам ғалымы, көптеген құрылымды идеялардың авторы. Ғалымның діни төзімділікке, кешірімділікке, білім беру жүйесін түбегейлі жетілдіруге бағытталған ұстанымдарының ауқымы аса кең. Оның бұл аса ірі қайырымдылық іске негізделген игі мүддесі қазіргі уақытта тек түрік қоғамын ғана емес, әлемнің көптеген аймақтарын қамтып отыр. Оның өмірлік басты ұстанымының негізінде – ислам дінінің мәңгілік құндылықтары, ізгі қоғам құрудағы нақты іс-әрекеттері, дінаралық және мәдениетаралық диалогты арттыру, қазіргі білім беру әдістемесінің бірегейлігі, сонымен қатар халыққа қалтқысыз қызмет көрсету арқылы Жаратушының мейіріміне бөлену ықыласы жатыр. Ол – сүйіспеншілікке, мейірімділікке, кеңпейілдікке, төзімділікке, жанашырлыққа, еңбек пен өзге де ізгі амалдарға баулуда, рухани құндылықтарға тәрбиелеуде шынайы ақиқат діннің бірден-бір сара жол екенін дәлелдеуге бүкіл ғұмырын арнаған жан. Аль Гор. Аль Гор – америкалық, климат өзгерісіне қарсы активист, саясаткер, бұрынғы журналист, АҚШ-тың 45-ші вице-президенті болған адам. 2000 жылғы АҚШ президентіне сайлаудағы ұтылысынан бері саяси қорғаныс пен ренесансты айшықтаған тұлға. Гор қоғам назарын климат өзгерісіне аударумен үлкен еңбек етуде. Осы істерi үшіне ол ірі марапаттарға ие болды, бұл тізімде - Оскар марапаты, Нобель Бейбітшілік сыйлығы. Гор қазіргі кездегі ең әсерлі жаhандық табиғат қорғау белсендісі болып табылады. Гарри Каспаров. Гарри Каспаров – шахматшы гросмейстер, демократшы активист. Ресейлік Каспаров - әр кездегі ең мықты шахмат ойыншысы, бүгіндері Ресей оппозициясындағы танымал тұлға, ол президент Владимир Путиннің, кейіннен Путин ізбасары Дмитрий Медведевтің саясасаттарына наразы. Каспаров бастаған “Басқа Ресей” атты саяси коалиция “полицей мемлекеттік” тәптіпке қарсы үгіт-насихат, протесттер жүргізіп тұрады. Жақында Каспаров бүкіл Ресей оппозициясын бірігуге шақыратын “Басқа Парламент” атты ұсынысын жасады. 2008 жылы ForeignPolicy.com торбетінің сауалнамасына сәйкес ол Әлемнің ең танымал 20 оқымыстылары тізіміне кірген. Бес ғылымдағы парадокс. Қарапайым сау ақылға салып қарағанда, ғылымның дамуы адамның табиғатты игерудегі және өзі мен жаратылысты танудағы мүмкіндігін арттыруға алып келетіні баршаға аян. Мысалы, ғылымдар патшасы - математика ғылымын алайық. Математика ғылымының дамуы барлық басқа ғылымдардың күрт дамуына, олардың өрістерінің кеңейуіне септігін тигізуде. Техникалық прогрестің үдемелі дамуы тікелей физика ғылымының дамуына байланысты. Физика ғылымының арқасында адамзат бір жағынан атом, ядро, элементар бөлшектердің табиғатын ашып, микро дүниеге тереңдей түссе, екінші жағынан аспан денелері, галактика, метагалактика сырларына үңіліп, шексіз космосты игеруге қадам жасауда. Осы сияқты химия, биология, география, информатика т.б. ғылым нәтижелерін шексіз тізе беруге болады. Ал енді келесі бес ғылымның дамуын сараптайтын болсақ, бір қызығы, керағар нәтижеге келеміз. Ол ғылымдар – педагогика, психология, медицина, юриспруденция және философия. Педагогика ғылымының мақсаты – білім беру мен тәрбиелеудің тиімді, ұтымды жолдарын тауып, оқушы-жастардың білімі мен біліктіліктерін арттыру болып саналады. Статистикаға сүйенсек, бұл ғылым елімізде өте үлкен қарқынмен дамып келеді. Қорғалып жатқан ғылыми диссертациялар мен шығарылып жатқан ғылыми әдістемелік нұсқаулардың санына жетудің өзі қиын. Оқыту мен тәрбие берудің жаңа инновациялық технологияларының өзі бір үлкен төбе. Ғылымның дамығаны жақсы, себебі ғылым дамыған сайын оның беретін нәтижесі де көп болмақ. Бірақ өкінішке орай педагогика ғылымының дамуына сәйкес оқушы-жастардың біліктілігі мен тәрбиелілігі артудың орнына күн санап кері кетіп барады. 20-30 жыл бұрынғы мектеп түлектері мен 5-6 жыл бұрынғы түлектердің біліктіліктері мен адамгершілік қасиеттерінің айырмашылығы жер мен көктей, ал олардың деңгейі мен бүгінгі оқушы-жастардың дүниетанымдары, тіпті салыстыруға келмейді. Қаншама көп ғылыми-әдістемелік жаңалықтар мұғалімдерге таптырмас көмекші құрал болудың орнына, оқу-тәрбие процесін дұрыс ұйымдастыруға кедергі туғызатын күрделі проблемалар алып келуде. Бір жағынан бәрін жоққа шығара беруге де болмайды, білім саласында елеулі жетістіктер де жоқ емес. Бірақ ол жетістіктер комплексті емес және шынайылықтан көрі жасандылық тұстары көбірек. Педагогика ғылымының дамуы мен оның түпкі нәтижесінің арасындағы логикалық пропорционалды байланыс, немесе тікелей сабақтастық жоқ, керісінше кері байланыс орын алуда. Оны кез-келген қарапайым көзі ашық адам айқын байқай алады. Осы жағдай психология ғылымының да кебіні болып отыр. Психология ғылымының мақсаты - адамның жан дүниесі, мінез-құлқы мен рухани кеселдерінің табиғатын зерттеп, адамның жан дүниесін сауықтыру мен байыту екендігі түсінікті. Бірақ бүгінгі қоғамда «психология ғылымының қол жеткен жетістігі мынау», деп мақтанышпен көрсететін нәтижені көру өте қиын. Керісінше, адам психологиясының күннен-күнге шиеленісіп, адамзаттың рухани кеселдері кең етек жайып барады. Психология ғылымының дамуы мен оның қоғамға келтіріп отырған пайдасынан көрі зияны әлдеқайда көбірек. Себебі қандай да бір халықтың санасын арнайы идеологиямен улау мақсатында жасалынатын іс-әрекеттер, немесе бүкіл ақпарат көздеріндегі толып жатқан адам санасына кері әсер ететін жарнамалар мен телесериалдардың барлығы да осы психология жетістіктерін тиімді қолданысының нәтижесі. Психология ғылымының жетістіктері бизнес пен лас саясаттың иеологиялық құралына айналып отыр. Медицина ғылымымының дамуындағы парадокс, тіпті таң қалдырады. Фармоцефтиканың дамуымен дүниеге неше түрлі қымбат, әсер қуаты күшті дәрі-дәрмектер келуде. Күрделі электронды технологиялардың көмегімен адам ағзасындағы әрбір клеткаға шейін үңіліп көруге болатын мүмкіндіктер туып отыр. Медициналық жоғарғы оқу орындарын бітіріп жатқан студенттердің саны да жыл сайын артпаса кеміп жатқан жоқ. Қарапайым ақылға салып қарайтын болсақ, логика бойынша елімізде ауруға шалдыққан адамдардың саны күн сайын азайып, дәрігерлер науқас адамдарды іздеп жүріп емдейтін жағдай болуы керек. Ал енді еліміздің медицина саласындағы орын алып отырған жағдайларға қарап, ақ халатты абзал жандардан түңілгеннің үстіне түңіле түсесің. Юриспруденция ғылымының даму нәтижесі медицина ғылымынан асып түспесе, кем қалып отырған жоқ. Қабылданып жатқан заңдардың сапалық жағы былай тұрсын, оның орындалу ықтималдығы өте төмен. Себебі балыққа салынған жыртық ау сияқты оны айналып өтудің жолдары көп, тіпті кейбіреулер үшін заңды белінен басып кете берудің мүмкіндіктері орасан. «Құдай дәрігер мен полицияның қолына түсіре көрмесін» деп қатты кейумен айтатын қазақ зарының астарындағы үлкен зілге салмақ түсіріп отырған осы юриспруденция ғылымының дамуы екендігін істі болған кез- келген адам жақсы біледі. Қазіргі кезде заң саласындағы істердің бәрі сатулы, бәрінің де өз «ставкасы» бар. «Істемегенді - істеді», «істегенді - істемеді» қылу қиын шаруа емес. Көкең болса құтыласың, ақшаң болмаса тұтыласың. Түрмелер негізінен көкесі мен ақшасы жоқ жандарға топырлап толып жатыр. Қарапайым логикаға салып қарағанда юриспруденция ғылымы дамуының нәтижесінде қылмыс атаулы азайып, адамдардың заңға деген құрметі артуы тиіс. Түрмелер жабылып, қоғамда әділдік үстемдік орнатуы қажет. Бірақ, өкінішке орай, қоғамдағы картинаның бағыты басқа жаққа қарай кетіп бара жатқан сияқты. Философия-пәлсапа ғылымы туралы, тіпті сөз қозғамай-ақ қоюға болады. Коммунистік идеология күйрегеннен кейін босап қалған қоғамдық санадағы бос кеңістікті дұрыс идеологиямен толтыра алмаған пәлсападан не үміт, не қайыр? Бүгінгі елімізде өріп жүрген неше түрлі радикалды діндер мен адасушы ағымдардың арам шөп сияқты қаулап шығып кетуі осы пәлсапа ғылымының дәрменсіздігінен. Бұған қарап пәлсапа ғылымы жоқ және дамымай отыр деуге тағы да болмайды. Себебі статистикаға жүгінсек елімізде пәлсападан қорғалып жатқан ғылыми диссертациялар мен жарық көріп жатқан әдебиеттер баршылық. Еліміздің ертеңіне сендіре алатын пәлсапаның ғылыми потенциалы тым төмен. Олай болатын болса, «Қалайша Қазақстан ТМД елдерінің арасында көшбасшы болып келеді?» деген заңды сұрақ туады. Оның жауабы - қарапайым. Біріншіден, бұл кемеңгер президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған дана саясатының арқасы. Екіншіден, еліміздегі табиғи ресурстардың молдығы болса, үшіншіден, ұмытылып бара жатса да қанымызға сіңген ата-бабаларымыздан келе жатқан киелі салт-дәстүр мен әдет-ғұрып ықпалының әсері. Қазақстанның қазіргі кездегі үдеу алып келе жатқан дамуының соңы қайда алып баратыны күманды. Себебі жылдамдық үдеген сайын кедергі күш жылдамдықтың квадратына пропорционал артатыны заңдылық. Ал қозғалыс дамыған сайын екі есе үдейтін кедергіге төтеп беру үшін қоғамның қорғанушы иммунитеті күшті болуы тиіс. Бірінші кездескен тосын кедергіге соғылғанда бағытынан ауытқымай, немесе бытырап кетпей қалай тастасаң да төрт тағандап түсетін мысық құсап аяғын нық басуы үшін пәлсапа ғылымының қауқары асқар Ала таудай болуы қажет. Бұл айтылған парадокстарға «ғалымдар» әртүрлі уәж айытып, себеп-салдарлар да келтірер. Бірақ онымен парадокс жоғалмайды, қоғам оңалмайды, проблема шешілмейді. Сондықтан да қылкөпірден өткелі келе жатқан мемлекетіміздің болашағы баянды болуы үшін бес ғылымдағы парадокстардың түйінін қазірден бастап шешуді қолға алуымыз қажет. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған ел экономикасын көтеру үшін шикізат өндіруден бастап өңдеп, тұтынатын тауар деңгейіне дейін жеткізетін аймақтық экономикалық кластерлер құру әдісі – белгілі бір мақсатқа жетудің тамаша үлгісі. Ал бұл жобаларды іске асыруда жоғарғы өндіруші технологияларды қолдану үшін ғылымды дамыту жұмыстарын тікелей өзі қолға алып отырғаны оның алысқа көз салған өте іскерлігінің белгісі. Мақсат – айқын, мақсатқа жетудің жолы - ақылға қонымды, нәтижесі - бірнеше жылдан кейін жемісін береді. Білім, денсаулық сақтау және құқық қорғау салаларында да жұмысты осылай нақты жоспароау қажет. Бірақ дамуы қоғамға теріс ықпал ететін ғылымдырды дамыту еліміздің елділігіне қауіп туғызары анық. Бес ғылымдағы парадокстың шешімін қайдан, қалай іздейміз?! «Ғылымы» дамыған шет елден іздейміз бе? Шет елден іздеу қауіпті, себебі бұл ғылымдар негізінен қоғамдық болғандықтан олардың қоғамы мен біздің қоғамымыздың арасында аспан мен жердей айырмашылық бар. Олардың озық ғылыми жетістеіктерін алуымыз үшін біз олардың дүниетанымын қабылдауымыз қажет. Онсыз да дүниежүзін жалмап келе жатқан «жаһандану аждаһасының» алдында тұрған біз бозторғай үшін, олардың дүниетанымын қабылдау аждаһаның аузына өзіміз барып түскенмен бірдей. «Жаһандану аждаһасының» аузына түспей, керісінше оны ауыздықтау үшін біз «Ер Төстіктегі самұрық құс» болуымыз қажет, яғни породокстың шешімін өзіміздің дүниетанымымыздан іздеуіміз қажет. Дүниетанымның діңгегі діннен бастау алатынына ешкімнің дауы жоқ шығар. Дінсіз өмір сүрген совет өкіметінің дүниетанымы саналған коммунизм идеясының құр иллюзия екенін тарих дәлелдеп берді. Өкінішке орай, еліміздегі көпшілік мойындайтын мұсылман діні сол көпшіліктің рухани қажеттілігін қанағаттандыра алмай отыр. Ғылыми атағы былай тұрсын сауаты жоқ пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) жаһилет, надандық заманында пайғамбарлық келгеннен кейінгі он үшінші жылда намаз парыз болып, барша мұсылмандарға намаз оқытты. Ал біздің көзі ашық, «ғылымы» дамыған еш кедергісі жоқ он бес жылдық еркін заманда құдайын іздеген мыңдаған қарындас-бауырларымызға мұсылман дінінің ақиқаттығын түсіндірмек түгілі, оларды өзге діндердің жетегіне жіберіп қойып отырмыз. Қазіргі діннің дәрменсіздігінен мұсылман діні дұрыс емес деген пікір туындамауы тиіс. «Алланың өзі де рас, сөзі де рас,»-деп Абай атамыз айтпақшы мәселе мұсылман дінінде емес, оның рухани негізін дұрыс түсініп, насихат жұмысын дұрыс жүргізбегенде болып отыр. Мұсылман дінінің рухани негізін дұрыс түсіну үшін оған ғылыми тұрғыда қарау керек. Ғылым болғанда да жоғарыда сөз болған ғылым емес, Құдайдың құзырындағы ғылым тұрғысынан. Ол үшін «ғылымның шын мағынасы не және ғалым дегеніміз кім?» деген үлкен проблемалық сауалдардың басын ашып алуымыз қажет. Бұл мақалада біз ол проблемаларға жауап беруді мақсат тұтқан жоқпыз. Бірақ сонда да болса, ғалым мен ғылымның «Кім» және «Не» екенінің жауабына жол сілтейтін бірнеше критерийлерді келтіріп кеткіміз келеді. «Құлдарының ішіндегі құдайдан шын қорқатындар – ғалымдар», делінеді Құрани Кәрімде. [1;35-28] Хасаннан рауайат болған Пайғамбар хадисінде «Ғылым екі түрлі болады, оның бірі тілдегі, екіншісі жүректегі, олардың пайдалысы жүректегі ғылым» делінеді.[2] Түркілердің дүниетаным Темірқазығына айналған, әулиелердің әулиесі Қожа Ахмет Йассауи бабамыз хикметтерінде тілдегі ғылымды «Қал» ілімі, ал жүректегі ғылымды «Хал» ілімі деп келтіріп, былай дейді: «Қал ілімін оқы, хал іліміне жет». [3] Діннің тілінде «Қал» ілімін «Ғақли» (ақылмен табылатын), немесе «Захири» (көзге көрінетін) ғылым дейді, ал «Хал» ілімін «Ладуни» (жүрекпен табылатын), немесе «Батини» (көзге көрінбейтін) ғылым деп атайды. «Зерек те таза ділді болғандықтан көптеген ілімдерді үйренбей-ақ біліп алар. Бұл сипаттағы ілімдерді іліми Ладуный дейді, яғни Аллалық ілім дейді».[4;35] Шынайы мұсылман дінінің, немесе рухани ұғымдағы ғылымның мағынасын Абайдың 38-ші қара сөзінен келтірейік: «Ғылым – Алланың бір сипаты, ол - хақиқат, оған ғашықтық өзі де хақлық һәм адамдық дүр. Болмаса мал таппақ, мақтан таппақ, ғиззат құрмет таппақ секілді нәрселердің махаббатымен ғылым-білімнің хақиқаты табылмайды». [5;125] Ғылымның шын мәнісінде дұрыс дамуы мұсылман дінінің дүниеге келуімен шығыстан басталып, бүкіл дүниеге тарағаны тарихтан белгілі. Ол ғылымға сіңірген түркі ата-бабаларымыздың еңбегі де ұшан теңіз болатын. Қазақ даласына жеткен дұрыс дамып келе жатқан ғылым бабаларымыздың дүниетанымымен тоғысуының арқасында бір-бірін нәрлендіріп, байытып, рухани түлеп, жаңа сатыға көтерілді, адамның өмір сүру мәндік формасына ие болып, адамзаттың асыл қазынасы салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптар түрінде қанымызға сіңді, тілімізге енді, өміріміздің рухани мәніне айналды. Ал батысқа барған ғылым өзінің шынайы мәнісін жоғалтты. Себебі ол батысқа барып рухани жұтап материалданды, шындыққа жетелейтін жол емес, табыс көзінің құралына, адамзатқа апат алып келетін тажалға айналды. Осы тажал қазір бүкіл дүние жүзіне зәрін шашумен адамзатты түбегейлі адамдығынан ажыратып, саналы хайуанға айналдыруының аз-ақ алдында тұр. Бұл тажалды құрықтайтын, адамзатқа адамдық нәр беретін ғылымды қазір бүкіл дүние жүзі ғалымдыры іздеуде, оған бүкіл ақылы бар адам баласы мұқтаж. Өкінішке орай, ол ғалымдар ол ғылымды ол жақтан таба алмайды. Себебі біріншіден батыста ол ғылымың жұрнағы да қалған жоқ және оны түсініп игере алатын ғалым атымен жоқ. Біздің бағымызға орай адамзатқа адамдық нәр беретін ғылым қазақ тропырағында әлі өмір сүріп келеді және оны игерген ғалымдар да жоқ емес. Сол үшін де біз бақытты халықпыз деуге болады. Бірақ үлкен өкінішке орай, «қолда бар алтынның қадірі жоқ» демекші, адам баласы үшін алтыннан да қымбат қазақ тілінде жазылған «Ар түзейтін» ғылым қазағымыздың өзіне қадірсіз болып отыр. Егер осы «Ар түзейтін» ғылым мен оны игерген ғалымдардың қадірін білмей, бақ құсымызды басымыздан ұшырып алсақ, бізден өткен бақытсыз халық болмайды. Жоғарыда сөз болған бес ғылымдағы парадокстың да шешімі осы «Ар түзейтін» ғылымнан табылады. Педагогика ғылымының барлық проблемаларының түйінін бұл ғылымның бір-ақ шумағы түбегейлі шешіп бере алады. Басқа-басқа, «Ар түзейтін» ғылымның негізгі мақсатының бірі өзінің аты да айтып тұрғанындай адам психологиясын зерттеу, оның мінез-құлықындағы кемшіліктер мен кеселдерді түзету және рухани кемелдендіру болып табылады. Қазіргі психология ғылымының прктикасында адамның мінез-құлықын түбегейлі түзету, жан кеселдерінен айықтыру және рухани кемелдендіру деген проблемалар шешімін тапқан емес. Ол тек «Ар түзейтін» ғылымның қолынан келетін шаруа. Ол түгіл өмірге де айла табар, Өлмей жетер бірталай жасқа да адам. «Жаным жоқ», - деп болады масқара адам, Жалам емес жазыпты пән деп мұны, Не демес ойы жетпей сасқан адам. Қазіргі медицинаның статистикасы бойынша барлық аурулардың шамамен жетпіс пайызына жуығы жүйке жүйесі жұмысының қалыпты нормадан ауытқуынан туындайды. Ал жүйке жүйесі жұмысының қалыпты нормадан ауытқуының түбінде айналып келгенде адам психологиясының проблемалары жатыр. Юриспруденция ғылымын дамытып, заң шығаратын адам, оны орындайтын да адам. Заңды бұзатын да адамның өзі, оны жазалайтын да адамның өзі. Айналып келгенде заң ғылымының төңірегіндегі мәселенің барлығы да адамның өзіне келіп тіреледі. Егер адам дұрыс дұрыс адам болатын болса, оған ешқандай да тыйым салатын, жазалайтын да заңдардың қажеті жоқ. Дұрыс адам заң ғылымынсыз да ешқандай ала жіпті аттамайды. Ол адамға Құдайдың заңы жеткілікті. Ал Құдайдың заңынан аттаған адамға заңды қанша күшейтсең де ала жіпті аттауын қоймайды. Адамдары ала жіпті аттайтын қоғамда ешуақытта әділдік орнамайды. Оларды жазалау «боқты боқпен» жуғанмен бірдей. Айла, күш - айуандықтың ең жаманы, Ғылымдардың атасы саналатын пәлсапа ғылымы өзінің даму жолында қаншама сатылардан өтті. Түнгі жолдың жиегіндегі бағаналардың басындағы жарық шамдыр сияқты қаншама философтар өз пәлсапаларын дүниеге алып келді, өз заманында айналысына шын жарық шашатын шырақтар еді. Олар кеткеннен кейін жарық шашып жол көрсететін шамдар да сөнді, айналаны қараңғылық басты. Бұрынғы дана философтардың еңбектерін жүрегіне емес, басына жинап алған кейінгі буын философтар олар сияқты айналасына жарық шаша алмай адасқан қоғамды одан ары адастыруда. Қоғамды қараңғылықтан шығару былай тұрсын, өзін-өзі дұрыс тани алмағаннан кейін көп оқып, көп білгеннің пайдасынан зияны көп. Ондай ғалымдарға Қожа Ахмет Йассауи бабамыз өз заманында-ақ «үстіне кітап артқан есек» деп баға беріп кеткен. Бұл заман ғылымның барлығын басына жинағандықтан шындықтан адасып, қайғырудың орнына кобра жылан сияқты қайқайған заман болып тұр. Дін де, пән де қатты адасты, Ендігі үміт тек бір ғана «Ар түзейтін» ғылымда, осы ғылымның жолына түскен ілімді жүрегіне жинайтын ғалымдарда болып тұр. Қараңғы түнектен бір қазақ жарқ етіп жанып шықса, жарықты кім көрмейді? Сол жарықтың шарапатынан барлық қазақ, қала берді барша дамзат баласы тура жолды көрмей ме?! 3 «Диуани хикмет», Қожа Ахмет Йассауи. 4 Имам Ғазали, «Бақытқа жетудің әліппесі», Алматы, «Қасиет», 5 Абай Құнанбайұлы, І, ІІ томдар жинағы, «Жазушы», 2004 жыл. 6 Шәкәрім Құдайбердіұлы, «Иманым», «Арыс», Алматы 2000 жыл. Отыз алты айла-шарғы. Отыз алты айла-шарғы () — әуел баста саясатта, соғыста, сонымен бірге адамдардың жеке қарым-қатынастарында, көп жағдайда алдамшы немесе қалыптан тыс әдістерге сүйене отырып бірқатар айла-шарғыларды қолдану туралы қытай тілінде жазылған шығарма. Оны Батыс әлеміне алғаш рет таныстырған швейцариялық Һарро фон Зенгер болатын. Ол Тайбэй университетінде жұмыс істеп жүрген кезінде «Түк шықпаса, онда қашып құтыл» деген қытай мақалымен танысады. «Айла-шарғы» ұғымы туралы. «Айла-шарғы» ұғымы жағымсыз мағынаға ие. Сондықтан Батыс тілдерінде «стратагема» деген сөз қолданылады. Ол сөзді «стратегия» сөзімен шатастырмау керек. «Айла-шарғы» ұғымы әдетте «алдау», «біреуге зиян келтіру» ұғымдарымен байланыстырылып қолданылады. Осында «айла-шарғы» екінші мағынада, яғни өз мақсатыңа шын ниетіңді бүркемелеп, басқалар күптеген қадамдар жасау арқылы қол жеткізу деген мағынада қолданылған. Шығыса және Батыс елдерінде алатын орны. Зенгер айла-шарғылар туралы білім мектеп жасынан бастап үйретілуі керектігі туралы бір Қытай газетінің мақаласын келтіреді. Оның ойынша, мақалада оны үйрету керектігі немесе керек еместігі туралы емес, оны қай жастан бастап үйретуге тиіс екендігі туралы соғыс болады. («Die Kunst der List», 2001). Алайда бұл көзқарас толық емес. Мысалы, сақталып отырған Рим және Византия оқулықтарында айла-шарғының бірнеше түрі сипатталады, олардың кейбіреулері төменде келтірілген. Никколо Маккиавелли секілді саяси ойшылдар айла-шарғыны саясат пен соғыста қолдануға толығымен болады деп пікір білдіреді. Ал Клаузевиц болса, айла-шарғыны басқа амал қалмағанда қолдану керек, бірақ оның пайдасы онша жоғары емес, себебі оны басқа жақ түсініп қоюы мүмкін, оның үстіне керек күш пен материалдарды ысырап етеді дейді. Мидуэй шайқасы кезінде жапондықтармен дәл солай болды да. Отыз алты айла-шарғының ішіндегі көбі Батыста да қолданылып келген. Айла-шарғылар және этика. Айла-шарғыны шебер қолдану маңызды, ал басқалардың адамның өзіне қарсы бағытталған айла-шарғыларын ашу үшін оны өте шебер қолдана білу керек. Тарих саласының терминдері. Қазақстан Республикасы Өкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминологиялық комиссияның мәжілісінде бекітілген терминдер. 2005 жылғы 21 желтоқсандағы мәжiлiсiнде бекiтiлген сөздер мен сөз тiркестерi Медицина саласының терминдері. Қазақстан Республикасы Өкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминологиялық комиссияның мәжілісінде бекітілген терминдер. 2005 жылғы 6 қыркүйектегi мәжiлiсiнде бекiтiлген сөздер мен сөз тiркестерi, 2005 жылғы 21 желтоқсандағы мәжiлiсiнде бекiтiлген сөздер мен сөз тiркестерi және 2006 жылы 27 қазанда бекітілген сөздер. Аляска саудасы. Алясканың саудасы (Сюардтың ақымақтығы немесе Сюардтың мұздатқышы деген аттармен де белгілі) — АҚШ мемлекеттік хатшысы Уиллиам Сюардтың ұсынысымен Америка Құрама Штаттарының Аляска аймағын 1867 жылы Ресей империясынан сатып алу оқиғасы. Сатып алынған аймақтың ауданы 1 518 800 км² тең болып, қазіргі Аляска штатының жерін құрайды. Алғы тарихы. Ресей сол кезде қаржы жағынан қиын жағдайда болатын, оның үстіне осы шалғайда орналасқан, қорғауы қиын Аляска аймағын болашақта жоғалтып алудан қауіптенді. Мысалға, оны сол кездері Ресеймен қарым-қатынастары өте жаман болған Құрама Патшалық Канада жақтан шабуылдап оп-оңай қолға түсіре алатын. Сол себепті Ресей императоры ІІ-ші Александр аймақты Құрама Штаттарға сатуды шешіп, 1867 жылдың наурыз айының басында Ресейдің АҚШ-тағы министрі Эдуард де Стекльге осы туралы Сюардпен келіссөз бастауды тапсырды. Келіссөздер түні бойы созылған кездесумен аяқталып, наурыздың 30-да таңғы сағат 4-те келісімге қол қойылумен аяқталды. Аймақты сатып алу бағасы 7,2 миллион доллар етіп белгіленді. Америкалық қоғамдық пікір жалпы алғанда оны оң көзқараспен қарсы алды. Кейбір журналистер мен редакторлар оған теріс көзқарас танытты. С-75. С-75 (НАТО-да қабылданған атауы: SA-2 "Guideline") — Кеңес Одағында жасалып келген, жоғары биіктікті, командалар арқылы басқарылатын жер-әуе зымыран (ЖӘЗ) жүйесі. Оны дамытып шығарған — Лавочкин БКБ-сы. 1957 жылдан қолданыла бастаған бұл зымыран жүйесі тарихтағы ең көп тараған және ең көп қолданылған әуе қорғанысы зымыранына айналды. Бұл зымыран жүйесі 1960 жылы Кеңес Одағының әуе кеңістігіне енген АҚШ әскери әуе күштерінің У-2 барлау ұшағын атып түсіргеннен кейін танымалдылыққа ие болды. Кейінірек Вьетнам соғысының кезінде солтүстік Вьетнам оларды Ханой мен Хайфон қалаларын әуе шабуылдарынан қорғауға кең қолданды. С-75 Қытай Халық Республикасында да HQ-1 және HQ-2 деген жергілікті аттармен шығарылды. Басқа да елдер С-75-тің өздерінің жергілікті түрлерін шығарумен айналысты. Ислам, Қанат. Қанат Ислам (,) — 69 кг салмағымен боксшы, 2008 жылғы жазғы олимпиялық ойындардағы Қытай тобының мүшесі. 2007 жылғы Әлем чемпионатында, 2006 жылғы Азия ойындарында және 2008 жылғы Бейжiң Олимпиадасының қола жүлдегерi. 1984 жылы қыркүйектің 13, Шыңжиянда қазақ әулетінде туған. Іле Қазақ аутономиялық облысында тұрған. Қанат Ислам атамекенiне 2010 жылы оралды. Болашақта Алаш жұртының атынан 2012 жылы Лондон Олимпиадасына қатысатын ойы бар. Codex Cumanicus. Codex Cumanicus — Орта ғасырлардағы құмандарға (батыс қыпшақтарға) жіберілген католик миссонерлеріне арналған тілтану анықтамалық қолжазба. Осы күнде бұл Венециядағы Сан Марко кітапхансында сақталады. Түп-тегі және мазмұны. The Codex likely developed over time. Mercantile, political and religious leaders, particularly in Hungary, sought effective communication with the Cumans from the time of their ascendency in the mid-11th century. As Italian city-states such as Genoa began to establish trade posts and colonies along the Black Sea coastline, the need for tools to learn the Kipchak language sharply increased. The earliest parts of the Codex are believed to have originated in the 1100s or 1200s. It was likely added to substantially over time. The copy preserved in Venice is believed to date from the early 1300s. The Codex consists of a number of independent works which were ultimately combined under one cover. The first is a practical handbook of the Kipchak tongue, containing glossaries of words in vulgar Italo-Latin and translations into Persian and Kipchak. This section has been styled the "Italian Part" or the "Interpreter's Book" of the Codex. Whether the Persian parts came through Kipchak intermediaries or whether Persian was a lingua franca for Mediterranean trade well-known in Western Europe is a matter hotly debated by scholars. The second part is a collection of various religious texts (including a translation of the Lord's Prayer) and riddles in Kipchak, translated into Latin and Eastern Middle High German. This part of the Codex is referred to as the "German" or "Missionary's Book" and is believed to have been compiled by German Franciscans. Дәлдігі. "Atamız kim köktesiñ. Alğışlı bolsun seniñ atıñ, kelsin seniñ xanlığıñ, bolsun seniñ tilemekiñ – neçikkim kökte, alay [da] yerde. Kündeki ötmegimizni bizge bugün bergil. Dağı yazuqlarımıznı bizge boşatqıl – neçik biz boşatırbiz bizge yaman etkenlerge. Dağı yekniñ sınamaqına bizni quurmağıl. Basa barça yamandan bizni qutxarğıl. Amen!" "Atamız ki göktesin. Alkışlı olsun senin adın, gelsin senin hanlığın, olsun senin dilemeğin – nice ki gökte, ve yerde. Gündeki ekmeğimizi bize bugün ver. Dahi, yazıklarımızı(suçlarımızı) bize boşat – nice biz boşatırız bize yaman(kötülük) edenleri. Dahi, şeytanın sınamağına bizi koyurma. Tüm yamandan(kötülükten) bizi kurtar. Amin!" "Көктегі сен Атамыз, алғысты болсын сенің атың, келсін сенің Хандығың, болсын сенің тілемегің - Көкте болғандай, Жерде де солай. Күнделікті жемегімізді бізге бүгін бере гөр. Тағы жазықтарымызды бізге босата гөр - қалай біз босаттырамыз бізге жаман еткендерге. Тағы Жектің сынамағына бізді қуырмай гөр. Баса-баса барша жаманнан бізді құтқара гөр. Аумин!" Баяғы мәтін "Мажарстан Құманиясындағы" құжатта: "bezen attamaz kenze kikte, szenleszen szenadon, dsn szenkklon, nicziegen gerde ali kekte, bezen akomazne oknemezne ber bezge pitbtr kngon..." Pater Noster ғибадатының Мажарстан Құманиясындағы толық аудармасы былай оқылады: "Bezen attamaz kenze kikte szen lészen szen adon dösön szen küklön nitziengen gerde ali kikte bezen akomezne oknemezne bergezge pitbütör küngön ill bezen menemezne neszen bezde jermez berge utrogergene illme bezne algyamanna kutkor bezne algyamanna szen börsön boka csalli batson igye tengria. Ámen." Жұмбақтар. The "Cuman Riddles" (CC, 119-120; 143-148) are a crucial source for the study of early Turkic folklore. Andreas Tietze referred to them as "the earliest variants of riddle types that constitute a common heritage of the Turkic-speaking nations." Формула-1. Формула-1 (ағылш. Formula One) – болидтермен жарысатын айналмалы автожарыс бойынша әлем чемпионаты. Формула-1 немесе “Корольдық формула” автожарыстардың ең танымал, қымбат және жоғары технологиялық түрі болып табылады. Формула-1 әлемдік чемпионаты жыл сайын өткізіледі және жеке Гран-при немесе сатылардан тұрады. Формула-1 – ге жеке пилоттармен қатар командалар да қатыса алады. Пилоттар әлем жеңімпазы лауазымы, ал командалар конструкторлар Кубогы үшін жарысады. Формула-1 жарысына қатысатын командалар Гран-приде өздері шығарған болидтерді қолданады. Осылайша, команданың мақсаты тек жылдам және тәжірибелі пилотты жалдап, және машинаны сауатты бабына келтіруді және жұмыс істеуін қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар болидті “нөлден бастап” жобалау және құрастыру болып табылады. Командалар болидтерді өз технологиялары бойынша құрастыратын болғандықтан және командалардың арасында жоғары бәсекелестік болу нәтижесінде, Формула-1-де әрдайым өзіндік техникалық шешімдер туындап отырады, бұл жарыстық болидтермен қатар жол автомобильдерінің де қарқынды дамуына әкеледі. Сонымен қатар, уақыт өте келе Формула-1-дің автомобильдік өнеркәсіптің қарқынды дамуының қозғалтқышы ретіндегі ролі жаймендеп төмендейді: бір жағынан кейбір техникалық шешімдерді күрделі өзгеріссіз сериялы машиналар қатарына қосуға болатындықтан, екінші жағынан серияларды ұйымдастырушылардың командалардың шығынын азайтуға жалпы ұмтылыстарынан болады. Формула-1 әлем чемпионатына алғаш ұсынылған сериялық технологияның ең белгілі мысалына антипробуксовалық (АПС) жүйесін жатқызуға болады. Алғаш рет бұл жүйе 1990 жылы Ferrari командасымен ұсынылды. Одан кейін, 1994 жылдың маусымында АПС-ке тыйым салынғаннан кейін, бұл технология жаймендеп автоөндірушілермен сериялы автомобильдерге енгізіле бастады. Антипробуксовалық жүйе Формула-1-де аздаған уақыт көрініп жүрді, бірақ ұзаққа созылмай қайта тыйым салынды, оған себеп болған мұндай болидтің өте күрделі электронды “начинкасы” пилоттардың көптеген қателерін нивелирует. Жарысқа қатысушылардың болидтері Формула-1-дің техникалық регламенттеріне сәйкес келуі керек және соққыға беріктілік тестінен өтуі қажет. Регламент және бүкіл жарыс сериясы автоспорттың Халықаралық Федерациясының қарамағына қарайды. Гран-при. Гран-придің жүргізілу тәртібі, командлар мен пилоттардың міндеттері спорттық регламентпен анықталады. Оның қағидалары Формула-1 әлем чемпионатыфна қатысушыларымен мүлтіксіз сақталуы керек. Гран-приде жарыс және квалификацияға бір командадан екі пилоттан қатысуларына болады. Сонымен қатар жұмада өтетін емін-еркін жарыста команда үшінші пилотты қолдануына болады, бірақ жарысқа тек екі машина қатыса алады. Ауырған не орынды басқа себеп болған жағдайда үшінші пилот квалификация және жарыста команданың басты пилотының бірінің орнына шыға алады. Запастағы пилоттың жарыста жинаған ұпайы оның өзінің әлем чемпионатындағы есепшотына қосылады; конструкторлар Кубогы үшін жарыста бұл ұпайлар команданың, ол үшін басты пилот қатысқандай, есепшотына қосылады. Маусым кезінде бір команда үшін өзіне және командасына ұпай жинай отырып, 4 пилотқа дейін қатыса алады. Гран-приге қатысу үшін пилот Халықаралық автоспорт федерациясының суперлицензиясын алуға міндетті. Квалификация. Формула-1-дің көп жылғы тарихы бойынша квалификация бірнеше рет өзгерді. Формула-1 –де қолданылған барлық форматтарды “Формула-1 квалификациясы” мақаласынан көруге болады. Квалификация сенбі күні өткізіледі және 15 минуттық үш сессиядан тұрады. Пилот әр сессия уақытында қалағанынша және үлгергенінше шеңберді бірнеше рет айналып өтуіне болады. Ең аз уақыт ішінде жүріп өтілген шеңбер есепке алынады. 1. Бірінші сессияға барлық пилоттар қатысады. Олар 14:00-ден 14:15-ке дейін бірнеше рет шеңберді айналып өтеді. Әр пилот үшін шеңберді ең аз уақытта жүріп өткен уақыты таңдалады, қалған 6 пилот старт алу позициясына таласқа түспейді, олар 17-ден 22-ге дейінгі орындарды иемденеді. 2. Екінші сессияға қалған 16 пилот қатысады, олар тағы да бірнеше рет шеңберді 14:20-ден 14:35-ке дейінгі уақытта айналып өтеді. Бұл сессияның нәтижесі бойынша нашар уақыт бірлігін көрсеткен 6 пилот тағы шығып қалады. Олар 11-ден 16-ға дейінгі орындарды иемденеді. 3. Үшінші сессияға екінші сессияда жақсы уақыт бірлігін көрсеткен 10 пилот қатысады. Олар өзара алдындағы тәртіп бойынша сайысқа түседі. Тағы да шеңберді жүріп өткен уақыттарын салыстыра отырып, бастапқы 10 орын анықталады. Бұл тәртіп 22 машина жарысқа түскенде қолданылады, егер 24 машина қатысса, онда бірінші және екінші сессиядан кейін 7 қатысушыдан шығып отырады. Бірінші және екінші сессияда пилоттар квалификациялық шеңберлерді кез- келген мөлшердегі отынмен жүріп өтулеріне болады. Алғашқы екі сессияның нәтижесі бойынша шығып қалған болидтер жанармаймен толықтырылады да, жарысқа түсуге дайындалады. Үшінші сессияда шығатын пилоттар шеңберлерді айналып жүріп өтпес бұрын жанармаймен толықтырулары керек. Кваливикация аяқталғаннан кейін болидтер жабық паркке апарылады, яғни жарыс басталғанға дейін оны жанармаймен толықтыруға, баптауларын өзгертуге немесе “жаңа аяқ киім кигізуге” басқа дөңгелекпен жабдықтауға болмайды. Әлемдік жарыс және конструкторлар Кубогы. Формула-1-дің әрбір маусымы пилоттар үшін әлем жеңімпазы болу үшін жарыс, ал командалар үшін конструкторлар Кубогы үшін жарыс болып табылады. Маусым бойынша пилоттардың Гран-приде жинаған ұпайлары олардың есебінде бар ұпайларға қосылады. Команда әр жарыс үшін екі пилотының жинаған ұпайларының бүкіл қосынды ұпайларын алады. Маусымның аяғында ұпайлардың қайта есебі жүріп екі номинация бойынша жеңімпаздар анықталады. Болидтердің негізгі сипаттамалары. Болидтердің сипаттамасы техникалық регламентпен анықталады, оның сәйкестігін Халықаралық автоспорт федерациясының стюардтары бақылап отырады. Шасси. Формула-1 болидтері көміртекпластикалық монокок корпустан сыртқары орналасқан төрт дөңгелектен тұрады, оның артқы екеуі – жүргізуші, алдыңғы екеуі – жетекші болып табылады. Пилот болидтің алдыңғы бөлігіндегі тар кабинканың ішіне орналасады және оны рульдің және тежегіш педалі мен газдың көмегімен басқарады. Формула-1-дің болидтерінің жылдамдығы 300 км/сағ жиі асатындығына қарамастан, Формула-1 ең жылдам автожарыс түрі болып табылмайды. Формула-1-дің негізгі жетістігі – бұл өте тиімді тежегіштік және аэродинамикалық жүйесі. Тежегіш күшейткіштері және антиблок-тық тежегіш жүйелеріне тыйым салынған. Мотор. Формула-1-де 2,4 литрден артық көлемді үрлемейтін төрт-тактілі сегіз-цилиндрлі қозғалтқыштар қолданылады. Алайда сегіз-цилиндрлі қозғалтқышқа көшу кенеттен болғндықтан және көп шығынмен ұштасқандықтан, 2006 жылы аз қаржылы командаларға он-цилиндрлі, көлемі 3 литрге дейін баратын, айналымы және ауажұтқыш өлшемі шектеулі моторларды қолдануға рұқсат берілді. Ауаны алдын ала суыту жүйелеріне тыйым салынған. Сонымен қатар қозғалштқышқа ауа мен отыннан басқа нәрсені беруге де рұқсат жоқ. Қауіпсіздік. Формула-1-де пилоттардың қауіпсіздігіне үлкен көңіл бөлінеді. Болидтердің бірде- біреуі қажетті тексерулерден өтпестен, сонымен қатар крэш-тесттен өтпей жарысқа шыға алмайды. Әсіресе бұл мәселеге 1994 жылы Айртон Сен мен Роланд Ратценбергтің бір демалыста қатарынан қайғылы қаза болғандарынан кейін айрықша көіңл бөлінетін болды. Болидтердің құрылыстарына енгізілген өзгерістер жарысушылардың қауіпсіздігін анағұрлым арттырды, әсіресе жанымен және алдымен (лобовое) соқтығысқан жағдайларды. Болид төңкерілген жағдайда пилотты сақтандыру үшін кокпиттің артында қауіпсіздік доғалары орналасқан. Және кез-келген жағдайларда пилот болидтен 5 минуттың ішінде шығып үлгеруі тиіс, ол үшін тек ременьді ағытуы және рульді босатуы жеткілікті. Формула-1 жарысушылары Sparco фирмасының арнайы комбинезондарын киеді, ол 14 секундтай от жалынына төтеп береді. Бұдан басқа жарысушылар жанбайтын материалдан жасалған іш киім, шлемішілік, аяқ киім және қолғап киюге міндетті. Алайда, қауіпсіздік аймағына енгізілген барлық өзгерістерді пилоттар құптап қарсы алған жоқ. Мысалы, пилоттардың басы мен мойындарын сақтауға арналған қорғау жүйесі HANS (Head And Neck Safety) жарысушылардың көптеген наразылықтарын туғызуда. Бұл жүйенің қолайсыздығы оның осыған ұқсас жүйенің, американдық CART және IndyCar жарыстарында қолданылатын, көшірмесі ретінде жасалғаны жатады. Бұл серияларды сопақша тректерде қолданған ыңғалы, себебі онда жарысушылар тек алдына және солға қарап отырады. Ал F1-де жарысушы басын анағұрлым қарқынды қозғауына тура келеді, бұған HANS жүйесі көп кедергі келтіреді. Электроника. Жоғары технологияның кез-келген өнімі сияқты, Формула-1-дің машиналары да, оның жарыста жақсы нәтиже көрсетуіне көмектесетін, электроникамен қамтамасыздандырылған. Болидтің бүкіл электронды негізі FIA-мен маусым алдында тексеріліп және сол жыл бойына өзгертілмейді. Болидтің кейбір түйіндері электронды құраушылардан тұрғанменен, болидтерді тікелей басқаруға көмектесетін (мысалы стартты басқару жүйесі) жүйелерге тыйым салынған. Сонымен қатар, барлық командалар қозғалтқышты басқаратын бірыңғай блогын (ECU) қолдануға міндетті. Соңғы уақытта болидтерде электроника саны азайғандығы байқалады, бұл жарысушының машинаны басқарудағы ролін арттырады. Формула-1 болидінен үздіксіз машинаның жүрісі және күйі жайында ақпарат беріп отыратын телеметрия беріліп отырады. Телеметрияны команда мүшесі бақылап отырады. Кері байланыс жүргізуге болмайды, яғни болидті бокстен басқаруға болмайды. Шина. Формула-1-де шинаның маңызы өте зор. Трассаға, ауа-райына, болидке жақсы сәйкес келетін неғұрлым дұрыс құрамын таңдау күрделі мәселе болып табылады. Командалар бұл үшін уақытының көп бөлігін сынақтар мен еркін жарыстарға жібереді. Формула-1 шиналарының жай жол автомобильдерінен ерекшелігі – бұлар ұзақ уақытқа шыдайтындайетіп жасалмайды (бір комплект 200 км-ден артыққа шыдамайды), негізгі қасиеттеріне беріктік, аз салмақ және трассамен ұстасуы жатады. Шинаның негізгі құраушыларына резина, нейлон, полиэстер жатады. Резинаның қаттылығын өзгерту үшін оның құрамына қосылатын көміртегі, күкірт, мұнай мөлшерлері реттеледі. Неғұрлым резина жұмсақ болса, соғұрлым оның асфальтпен ұстасуы жоғары, бірақ ол соғұрлым тез желінеді. Шинаның үш түрі қолданылады: құрғақ трасса үшін псевдоселика, аздап дымқыл трасса үшін микст (“аралық резина”) және сулы трасса үшін жаңбырлық. Формула-1 үшін жаңбыр бола қоймайды, сондықтан көбінесе құрғақ трассаға арналған шиналар қолданылады. Псевдоселика төрт бойлық ойығы бар шина болып табылады. Олар трассамен ұстасуды азайту жолымен жылдамдықты азайту мақсатында 1998 жылы Формула-1-ге сликтердің орнына енгізілді. Шиналардағы газдың көлеміне ешқандай шектеу қойылмаған. Мұнда командалар кез-келген газды кез-келген мөлшерде таңдауға ықтиярлы. Әдетте шиналар құрғатушы сүзгіден өткен жай ауамен толтырылады деп есептеледі. Алайда, шпиондық жанжал кезінде шиналардың хладонмен толтырылуы мүмкін екендігі туралы ақпарат шықты. Тарихы. Формула-1-дің негізі Еуропада 1920 және 1930 өткен Гран-при жарысының чемпионатынан басталады. Гран-приге қатысатын ұйымдар Екінші дүние жүзілік соғыстың алдында әлемдік чемпионатты жүргізудің алғашқы регламентін қалыптастырды және оны 1941 жылы іске қосуды жоспарлады, бірақ 1946 жылға дейін бұл ережелер аяғына дейін қалыптаспады. 1946 жылы жақында құрылған ФИА Формула-1-дің ережелерін ұсынды, ол 1947 жылдан бастап іске қосылды. Сонымен қатар, сол жылы үш Гран придің ұйымдастырушылары “Формула-1” регламенті бойынша жарыс өткізді. 1948 жылы “Формула-1” -ге тагы “Формула-2” класы қосылды. 1950 жылы одан да кіші класс “Формула-3” енгізілді. Алғашқы жоспар бойынша “Формула-1” класы тек әлем біріншілігінде, “Формула-2” – континент біріншілігін жүргізу үшін, “Формула-3” ұлттық чемпионаттар және т.б. өткізу үшін деп ойластырылған. 1950 жылы ФИА “Формула-1” класындағы жеке жарыстардың нәтижелерін әлем чемпионатының протоколына тіркеуді қабылдады. Алғашқы осындай Гран-при ағылшын жерінде Сильверстоун автодромында өткізілді. 1958 жылға дейін әлем чемпионаты тек жеке болды, одан кейін ұпайлар болидтердің конструкторларына да берілетін болды (Конструкторлар кубогы деп аталады). Алайда “Формула-1” класы мен ФИА әлем чемпионатын толығымен теңестіруге болмайды. Жарысшылардың аз ғана бөлігі тек қана әлем чемпионатына қатысуды көздеді: олар әртүрлі жарыстарға қатысты, және де ашық дөңгелекті машина жарысы болуы міндетті емес болды. Бұл жағдай 1980-жылдары “FISA-FOCA соғысынан” кейін Келісім шарты қабылданған соң түбегейлі өзгерді. Осы мезеттен бастап “Формула-1” класы тек әлем чемпионаты шеңберінде өтетін болды. Нақтылап алғанда “Формула-1” класы түсінігі жойылды, оның орнына “Формула-1” жарыс сериясы пайда болды, оның коммерциялық құқы ФИА- қарамағына жататын спорттық құқынан бөлек болды. “Формула-1” – дің пайда болуы. “Формула-1”- дің алғашқы әлем чемпионаты 1950 жылы өтті, оны Альфа Ромеода италияндық Джузеппе Фарина жеңіп алды. Фарина өзінің командасы бойынша қарсыласы аргентиналық Хуан Мануэл Фанхионы аз ғана уақытқа басып озды. Хуан Мануэл Фанхион келесі жеті жылдың ішінде бес рет әлем чемпионы болған. Фанхион Формула-1- дің әйгілі жарысшыларының бірі болып есте қалды және чемпиондық лауазымның саны бойынша ұзақ уақыт бойына рекордшы болып қалды. Формула-1-дің алғашқы технологиялық жаңалығының бірі болып Купер компаниясы шығарған артқы моторлы болидтері табылады. Бұған дейін 1934-1939 жылдары өткен Гран при жарыстарында Auto Union командасы Фердинанда Порше құрастырған артқы моторлы болидтерді шығарған болатын, алайда бұл болидтер трассада өте ауыр жүрісімен ерекшеленді, ал Купердің Т43/T51 өте жақсы басқаруға ыңғайлылығымен, бірақ әлсіз моторымен көзге түсті. Джек Брэбэм (“Купер” командасынан) 1950, 1960 жылдары чемпиондық лауазымды жеңіп алды, ал 1961 жылы жарыстың барлық қатысушылары артқы моторлы автомобильдерге көшті. 1958 жылдан бастап Формула-1-де ағылшын тілінде сөйлейтін жарысшылар дәуірі басталды: 1969 жылға дейін британдық Майк Хоторн, Грэм Хил, Джимми Кларк, Джон Сертис және Джеки Стюарт, австралиялық Джек Брэбэм, жаңа зеландиялық Дэнни Хьюм және американдық Фил Хилл жеңімпаз болып отырды. 1962 жылы Лотус командасы (60-ы және 70-і жылдардағы Формула-1-дің жетекші командаларының бірі) алғаш рет автомобильдердің құрылысына монококты пайдаланды, мұндай конструкцияны авиациялық өнеркәсіптен үлгі етіп алды. 1968 жылы Лотус тағы бір жаңалық енгізді, олар өздерінің болидтерін Империал Тобакко компаниясының жапсырмаларымен қаптады. Бұл Формула-1-де спонсорлықтың бастамасы болды. Жылдамдықтың ұлғаюына сәйкес басу күшінің мәні де артты, бұл командалардың машина конструкциясында антиқанаттық және басқа да аэродинамикалық элементтермен тәжірибе жасауларына душар етті. 1970- жылдардың аяғына қарай Лотус алғаш рет граун-эффектін (ағылш. ground effect) қолданды, бұл басу күшінің болидтің түбіндегі сұйытылған ауа есебінен едәуір артуына әкеледі. Бұл пилоттардың бұрылыстардан әлдеқайда жылдам өтулеріне көмектесті. Көп кешікпей барлық команда бұны қолдануға көшті. 1983 жылы граун-эффектін қолдануға жылдамдықтың өсуіне қарсы күрес ретінде FIA тыйым салды. Алтын ғасыр (1980-2000). 1981 жыл алғашқы - Формула-1 мен FIA арасындағы келісім шарт құжатына қол қою жылы болып белгіленді. Бұл Келісімшартқа сәйкес Формула-1 жарысы туралы телевизиондық хабар тарату құқығы жаңадан құрылған “ Формула-1 басқару және дамуы” компаниясына берілді, оның директоры Берни Экклстоун болды. Трансляциядан түскен пайданы да осы компания үлестіріп отырды. Содан бері Экклстоунды “Формула-1 бастығы ” бекер атамайды. 1980-ы жылдар турбомотор эрасы болды. Алғашқы турбоүрленгішті двигательді 1977 жылы Рено командасы қолданды. 1987 жылға қарай мотордың қуаты 1000 л.с. артты, бұл қазіргі күнге дейін ашық дөңгелекті машиналар үшін рекордты көрсеткіш болып табылады. Жылдамдықты азайту мақсатымен 1987 жылы FIA жанармай багінің көлеміне шектеу қойды. 1988 жылы наддува қысымының рұқсат етілген қысымына шектеу қойылды, 1989 жылы турбодвигательдерге тіпті тыйым салынды. 1990 жылдың басында командалар болидтердің құрылысына электрониканы кеңінен енгізе бастады. Бұл, ең алдымен, рульмен басқаруды күшейту үшін, яғни тяг басқару жүйесі, жартылай автоматты коробка передачи, активті подвеска жүйесі. Электрониканың жақсы өркендеу нәтижесінде болидті басқару функциялардың көпшілігін компьютер атқаратын болды, осыған орай пилоттың қажеттілігі азая бастады. 1994 жылы FIA көптеген электроникалық жаңадан енгізулерге тыйым салды. 1992 және 1997 жылдарда екінші және үшінші Келісім шарттар қабылданды. Соңғысының аяқталу мерзімі 2007 жыл. 1980 жылдары чемпионатта топ-команд деп аталатын топ пайда болды: McLaren, Williams, Ferrari, Бенеттон (қазіргі уақытта Рено деп аталады). 1984 жылдан бастап әлем чемпионатының барлығы осы командалармен жеңіп алынды, ал маусымдардың біршамасында Конструкторлар кубогының алғашқы 4 орнын осы 4 команда жеңіп алды. 1980 жылдың аяғы 1990 жылдың басы Айртон Сенна мен Ален Просттың арасында болған әйгілі шайқаспен танымал. Нақ осыған байланысты 1988 жыл әлем чемпионгаты тарихында ең жақсы маусым болып есептеледі: McLaren командасында бірге қатысқан Прост-Сенна жұбы өткізілген 16 Гран-приде 15 жеңіске ие болды (16-ы жеңіс Герхард Бергерге тиесілі болды, ол Ferrari үшін алғашқы Гран-придің жеңімпазы болды). Бұл бақталастыққа 1994 жылы нүкте қойылды, өйткені Ален Прост өзінің карьерасын аяқтады, ал Сенна 1994 жылы Сан Маринода ауыр апатқа ұшырады. Ең әйгілі жарысшылардың бірінің қаза болуы бүкіл әлемді сілкіндірді және қауіпсіздік шараларға қатты әсер етті. Сеннаның қазасынан кейін Формула-1 трассасында бір де бір пилот қаза тапқан жоқ. Технологияның қарқынды дамуы және Формула-1-ге ірі авто өндіруші компаниялардың келуі шығынның артуына әкеп соқты. XXI ғасырдың басында Формула-1 командаларының көбісінің қаржысы жылына бірнеше жүздеген миллион долларды құрады. Бұл 1990 жылдан бастап Формула-1-ді чемпионат жеңімпаздарымен сайысқа түсуге қаржыларының жетіспеушілігінен 28 команда тастап кетті. Жиырма бірінші ғасыр (2000-2008). XXI ғасырдың басы Формула-1 үшін Феррари командасының мүлтіксіз үстемдігін арттырды: 2000 жылдан 2004 жылға дейін Феррари пилоты Михаэль Шумахер барлық жеңімпаздық лауазымды жеңіп алды, ал команданың өзі Конструкторлар Кубогын жеңіп алды. Қазіргі уақытта Шумахер жеті еселі семикратный жеңімпаз болып табылады (ол тағы екі лауазымды 1994 және 1995 жылдары Benetton командасы үшін жарысқа түсіп жеңіп алды). Басқа да Формула-1-дің көптеген рекордтары оған тиесілі болды. 2001, 2002 және 2004 жылдарда Феррари болидтерінің артықшылығы үстем болғаны сонша, итальяндық команда басқаларға ешқандай мүмкіндік қалдырмады. Бір команданың басқа командалардан мұнша үстемдігі спорттық регламенттегі көптеген өзгерістердің болу себебінің бірі еді. XXI ғасырдың алғашқы жылдарында FIA регламентке елеулі өзгерістер енгізіп отырды. Жекелеп айтқанда, 2002 жылы квалификация форматы төрт рет өзгерді. Ең үлкен өзгерістер 2005 жыл маусымының алдында болды: болидтердің моторлары екі Гран-приді өткізуге жеткілікті ресурсы болу керек болды (емін-еркін жарыстарды қоса есептегенде), жарыс барысында резиналарды ауыстыруға тыйым салынды, квалификация жарыстың бірінші бөлігінде толтырылған бактерімен өтуге тиіс болды. Бұл өзгерістердің барлығы жылдамдықты азайту үшін жасалған (қауіпсіздіктіә арттыру максатында), екінші жағынан жарыс барысында басып озу санын арттыру үшін (жанкүйерлер қызығушылығын арттыру үшін). Қолданған тәсілдердің барлығы дерлік қойылған талаптарды жүзеге асырмады, жекелеп алғанда, жарыс барысында резинаны ауыстыруға рұқсат берілмегендіктен, ол мәреге жеткенше тозатындығы соншалық, болидті басқаруда қауіп туғызатын болды. Формула–1 –дің жаңа дәуірі жанжалдармен басталды. 2002 жылы Австрияда өткен Гран-приде жетекші болып жүрген Рубенс Баррикелло командасы Ферраридің бұйрығы бойынша өзінің қарсыласы Михаэл Шумахерді чемпиондық лауазымға күресте ол көп ұпай жинауы үшін алдыға жіберді. Бұл көрермендер арасында түсініспеушілікті туғызды, содан бері Формула–1–де командалық тактикаға тыйым салынды, яғни команданың басшысы жарысушыға тікелей бұйрық беруіне болмайтын болды. 2005 жылда АҚШ – та өткен Гран-приде “шиналық жанжал” деп аталып кеткен жанжал өтті: ауыр апатқа әкеп соғуы мүмкін болған Michelin шинасынан табылған ақаудың нәтижесінде, осы өндірушінің дөңгелегін қолданатын командалардың барлығы жарысқа қатысудан бас тартты. Бұл жағдайды келісіммен шешуге жасалған тәсілдер нәтижелі болмады, сондықтан АҚШ-тағы Гран-приде не бары 6 болид қана қатысты. Бұл жағдайлардың барлығы, Формула-1 Гран-придің өтуінен түскен кірістерді таратуда командалардың риза болмауы, регламенттің әрдайым өзгеріп отыруы – осының барлығы командалар мен FIA арасындағы қатынастығ қатты шиеленісуіне алып келді. Кейбір автоөндірушілер альтернативті чемпионаттар ұйымдастыруға кірісті, оған олардың командалары келісім болмаған жағдайда қатыса алатын болды. 2006 жыл маусымынан бастап ережелердің ішіндегі ең мәндісінің бірі іске қосылды: көлемі 3 литр онцилиндрлі мотордан (бұлар Формула-1-де бірнеше он жыл бойына қолданып келе жатқан) бас тартып, орнына көлемі 2,4 литр сегізцилиндрлі моторды қолдану. Көбісі бұл Формула-1-ді түбегейлі өзгертеді деғп ойлады, жекелеп алғанда, пилоттар жаңа пилоттарды басқару үшін қажетті жүргізудегі өзгерістерді байқайды. “Отступниктер” – командалар 2006 жылы чемпионат басталғаннан кейін жақын арада өз көзқарастарын өзгерте бастады, бұл бір жағынан серияға коммерциялық құқы бар жаңа басшылар кірісті таратуды қайта қарастыруға уәде бергеннен кейін, екінші жағынан ФИА 2008 жылғы чемпионатқа қатысуға қатаң тәртіп қойды: қатысу үшін жазылған өтініштер 2006 жылдың 1 сәуіріне дейінгі бір аптаның ішінде өткізіліп болуы керек болды. 2006 жылы қатысуға тиісті болған он бір команданың барлығы бұны уақытылы тапсырды, бұдан кейін командалар 12-і команда үшін сайысқа түсті (2008 жылғы спорттық регламентке байланысты чемпионатта 12 командадан артық қатысуға болмайды). Екі апта ішінде бұл орын Prodrive командасынан Дэвид Ричардқа берілетін болды. 2007 жыл жаңа күтпеген жағдайлар алып келді. 58- і маусым тарихта екі үлкен жағдайға байланысты есте қалды: Льюис Хэмилтонның Vodafon McLaren Mersedes командасы үшін феномоналды дебюті және осы McLaren Mersedes пен Ferrari арасындағы шпиондық жанжалы. Сонымен қатар, бірнеше жылдың ішінде алғаш рет лауазым үшін күресте екі командадан төрт пилот Чемпионаттың соңғы ширегіне дейін қатысатын болды, ал олардың үшеуі – соңғы жарыстың соңғы айналымына шейін қатысатын болды. Алайда, Чемпионатқа қатысушы-командалардың құрамы да өзгеріссіз қалған жоқ. Біріншіден, Jordan-Midland-Spyker қайтадан сатылып, енді Force India деген атау алды. Екіншіден, Prodrive командасының дебюті, клиенттік шассиге рұқсат беретін жаңа Келісімшартқа қол қойылмағандықтан, белгісіз уақытқа дейін шегіндірілді. “Автоспорт ханымы”. Формула-1- ді көбісі “автоспорт ханымы”, “автоспорт шыңы”, “хандық формула” деп атайды. Формула-1-ге қатысу жарысушылар арасында ең мәртебелі болып табылады, және олардың көпшілігі үшін бүкіл өмірінің мақсаты болып табылады. Мұндай көзқарастың болуы бір жағынан жарыс сериясының әйгілігімен байланысты болса, екінші жағынан Формула-1- дің жоғары техникалық жетістіктеріне байланысты, ол оның болидтерін техникалық регламентпен қойылған шектеуде ең жылдам жарыс машиналары екендігін көрсетеді. Формула-1- де жылдамдық автожарыстар ішінде ең жоғары болмағанына қарамастан, тіпті, мысалға алып қарағанда, NASCAR (рус., eng.) сериясынан әлдеқайда артта болғанымен, командалар арасындағы бәсекелестік басқа бағыттар бойынша техникалық деңгейлерінің өсуіне әкеледі, мысалы тежегіштік және аэродинамикалық жүйенің одан сайын жетілдіре түсуі. Жұмсалған миллиардтаған доллар ақша және жетекші техникалық мамандардың жұмысы іс жүзіндегі регламенттің шектеулеріне сәйкес өте тиімді машиналарды шығаруына көмектесті. Қатаң бәсекелестікті жеңе отырып, жарысушылар бүкіл өмір бойына дерлік автоспорт шыңына ұмтылады, бірақ кейбіреулері ғана қойылған мақсаттарына қол жеткізе алады. Барлық пилоттар жарыстық карьерасын өте балғын жасында картрингтен бастайды. Карттар қымбат емес, өлшемдері шағын және қауіпсіз, сондықтан бұл машиналар он жастағы балаларды үйретуге бірден-бір тиімді кандидат болып табылады. Содан соң спортшылар ұлттық чемпионаттың “кіші Формуласына” көшеді, олардың ішінде дәстүр бойынша Ұлыбритания чемпионаты жоғары бағаланады. Одан кейін еуропалық чемпионаттар жатады. Және де, автожарыс түрі неғұрлым оған қатысатын болидтер қуаттырақ болса, соғұрлым жоғарырақ болады. Автожарыстардың көпшілігінде жарысушылар бірдей машиналармен шығады, сондықтан бірінші орынды пилот жеке шеберлігімен жеңін алады. Болидті басқару мен кузовты машинаны басқарудың айырмашылығы жер мен көктей болғандықтан, пилоттар өздерінің карьерасын кузовтық чемпионаттарда бастауы кем де кем. Алайда көптеген пилоттар, әсіресе американдықтар, карьераларын Champ Car (,), IndyCar (,) және басқа да американдық жарыстық серияларда бастайды. Бірақ олардың көбісі Формула-1- ге түсуге тырыспай, осы жерде жиі қалады. Бұл Формула-1- дің АҚШ пен Канадада Еуропаға қарағанда танымалдығы төмен екендігін көрсетеді. Формула-1- ге бір түскеннен кейін пилоттар басқа жарыстық серияларға қол қойылған келісімшарттың шектеуінен қатыса алмайды. Бұл жерде командалардың демеушілерінің талаптарына да байланысты, олар өйткені жарысушылардың басқа командалар (басқа демеушілер болуы да мүмкін) үшін сайысқа түскенін қаламайды, және де басқа жарыстарға қатысудың әсерінен травма алғанын қаламайды, және жай сөзбен айтқанда уақыттың тапшы болғанына қарсы болады. Қазіргі Формула-1- де пилоттар жарысқа қатысып болған бойда дүйсенбіде тексерілуге бара алады. Жарысушы, сонымен қатар, жалпы физикалық дайындыққа уақыт бөлуі қажет, трассамен танысуы керек, тіпті пресса және демеушілер үшін әртүрлі жиындарда әрдайым көрініп тұрулары керек. Формула-1- дің қазіргі жарысшылары әрдайым қатысып отыратын екі жарыс бар: бұл “Жеңімпаздар жарысы” және “Берси” париждік спорт сарайындағы картингтік жарыс (ELF Masters Karting). Сонымен қатар жарысқа тікелей қатыспайтын (команда тестерлері) пилоттар Формула-1- дің маусымдарының арасындағы үзілістерде демалуларына болады. FIA жарысушылардың басқа серияға қатысуға қойған жалғыз шектеуі 1958 жылы қабылданды. Ол жарысушыға 24 сағат ішінде бір жарыстан артық жарысқа қатысуына артық тыйым салды. Бұдан бұрын мұндай шектеулер Формула-1 класының әлем чемпионатының этаптарында қолданылған болатын және ол 1952 жылы Фанхионың Италиядағы Гран-приде алған апатынан кейін пайда болды. Мануэль жарыс басталуына бір күн бұрын Солтүстік Ирландиядағы жарысқа қатысып келді, одан кейін поезда өткен бір түннен кейін, Монцадағы жарысқа бір сағат уақыт қалғанда келді. Қатты шаршаған күйінен Фанхио жарыстың екінші айналымында машинаны басқара алмай қалды. Басқа да фактілер. Өткізілуіне 3 күн емес 4 күн кететін жалғыз Гран-при – Монако гран-приі. Онда емін-еркін жарыстар дәстүрлі түрде жұмада емес, бейсенбі күні өткізіледі (ол күн бос қалғандықтан, команда оны әртүрлі кештер мен танымал адамдар үшін экскурсияға арнайды). Ескертулер. 1. Келісім шартқа сәйкес телетрансляциядан түскен түсімнің 47%-і командаларға, 30%-і FIA-ға, 23%-і Формула-1-ді басқару және дамыту компаниясына (яғни Экклстоунның өзіне). 2. Бакта жанармай қаншалықты аз болғанына қарай, қозғалтқыш соншалықты аз қуатпен жұмыс жасайды. Осылайша егер команда алдыңғы жылдамдығы мен қуатын сақтап қалғысы келсе, оларға артық пит-тоқтаулар жасауларына тура келеді. 3. ↑ http://www.f1news.ru/memuar/budget2004.shtml - Autosport журналының мәліметтері бойынша 2004 жылғы командалар бюджеті. 4. Мысалға Jaguar командасының техникалық директоры Гюнтер Штайнердің F1 Racing журналына берген сұхбатындағы сөздерін қараңыз. Криптография. Криптография(— жасырын және — жазамын) - деректер мен хабарлардың әлдеқайда қауіпсіз сақталуы мен таратылуы үшін оларға код тағайындауға арналған стандарттар мен хаттамалар жиынтығы. Таралым ортасы (мысалы, Интернет) сенімсіз болса, сіз өз сезімтал файлдарыңызды шифрлау үшін криптографияны қолдана аласыз — басқа адамның оны түсінуі мүмкіндігі азаяды және деректердің біріктірілуі олардың құпиялығын сақтау сияқты қамтамасыз етіледі. Сіз сандық қолтаңбалар мен куәліктерді пайдалана отырып, шифрланған деректер мен хабарлардың түпнұсқасын тексере аласыз. Криптографиялық әдісті қолдану кезінде криптографиялық кілттер құпия түрінде сақталуы тиіс. Дегенмен, алгоритмдер, негізгі өлшемдер және файл пішіндері қауіпсіздікке нұқсан келтірмей, ортақтастырылады. Криптографияның екі іргелі әрекеті шифрлау және шифрды анықтау болып табылады. Шифрлау түпнұсқа ақпаратты шығара алмайтындай етіп деректі кодтау болып табылады. Ал шифрды анықтауда кодталған дерек криптографиялық кілттерді пайдалана отырып түпнұсқаға қайта оралады. Шифрлау және шифрды анықтау үшін сізге шифр алгоритмі және кілт керек. Көптеген шифрлау алгоритмдері бар, соның ішінде Деректі шифрлау стандарты(DES), Rivest/Sharmir/Adleman (RSA) шифрлары, RC2 және RC5. Осы параметрлердің әрқайсысында кілт жай мәтінді (оқуға болатын) шрифтелген мәтінге (кодталған және оқуға мүмкін емес) түрлендіру үшін алгоритммен сәйкес қолданылады. DES, RC2, және RC5 симметриялық кілт технологиясы немесе құпия кілт криптографиясы ретінде белгілі, себебі деректі шифрлауға қолданылған кілт оның шифрын анықтауға да бірдей қолданылады. Сол себепті, кілт деректі шифрлайтын топ пен оның шифрлауын анықтайтын топ арасында құпия түрде ортақ болуы керек. RSA ортақ кілт криптографисы немесе ассиметриялы криптография ретінде танымал, себебі ол екі кілт түрін қолданады: ортақ және жеке кілт. Кілттер өзара математикалық қатысты, бірақ олардың бірін білмесеңіз, екіншісін шығара алмайсыз. Жеке кілт құпия сақталады — тек қана криптографиялық жұпты жасағандар ғана оған кіре алады. Ортақ кілт Интернет сияқты қауіпсіз емес орталарда пайдаланылады. Ортақ кілт жүйелерін қолдану кезінде екі тарап арасында ортақтастырылған құпия болмайды. Егер ортақ кілт деректі шифрлау үшін пайдаланылса, онда оның шифрын тек жеке кілт қана шеше алады. Сол сияқты егер жеке кілт деректі шифрлау үшін пайдаланылса, онда оның шифрын тек ортақ кілт қана шеше алады. Сандық қолтаңба. Сандық қолтаңба - Хабар деректеріне қолданылатын алгоритм; алушыға хабардың жіберушіден (бөтен адамнан емес) келгенін және хабардың өзгертілмегенін дәлелдейді. Оған жіберушінің куәлігі (ашық кілтпен) кіреді. Шифр. Шифрлау - Рұқсат етілмеген қол жеткізуді болдырмау үшін деректерді кодтау процесі. Шифрланған хабар ашық кілті бар алушыдан басқа кісілер үшін оқылмайтын түрде болады. Ашық кілт шифрды шешеді, себебі ол жіберуші хабарды шифрлау үшін пайдаланған құпия кілтке сәйкес келеді. Химия саласының терминдері. Қазақстан Республикасы Өкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминологиялық комиссияның мәжілісінде бекітілген терминдер. 2007 жылғы 12 сәуір күні болған 1 отырыста бекітілді Көңіл (психология). Көңіл — айналадағы ортаға, жаһанға, ғаламға, ақиқатқа, дүниеге назар салумен байланысты, олармен өзара үйлесім табуы нәтижесінде орын алатын қилы құбылысты сіңіріп-қорытатын адам жанының сырлы әлемі. К. жеке адамның аксиол. тұрғыдағы табиғатымен тікелей байланыста бола тұра, адамның құндылықтық пайымдарын қайталай парықтап, пайді. К. абстрактілі ұғым, сондықтан да К-дің сан алуан күйін және тұрпатын айқындай түсетін ұғымдар бейнелі ойлаумен ұштас меңзеу тіркестермен беріледі. К-дiң әсершілдік және танымдық мүмкіндігі шексіз. Ғалам ғажайыбынан, сазды әуезден, сөз өнерінің құдіретінен эстет. ләззат алып, олардың "көңілге түрлі ой салар" әсерімен ғибраттанып, хақтықтың шапағатын иеленетін де осы К. "Көңіл көзі, "көңіл айнасы", "көңіл құсы", "көңіл пырағы" сөздері К-дің танымдық мүмкіндігінің түрлі қырларын ашып, әлемнің құпиясына бойлар сырларын бейнелейді. "Көңіл қалу", "көңіл көтеру", "көңіл аулау", "көңіл қобалжуы", "көңіл ағаруы", "көңіл тазаруы", "көңіл шалқуы", "көңілдің шарқ ұруы", т.б. ұғымдар адам К-нің түрлі күйінен хабар берумен қатар, адамның бейсаналық психик. халін де танытады. К. жүрек, діл ұғымдарымен ұштас, со-нымен катар, өзіндік ерекшеліктерімен де айшықталады. Абайдың: "Алла деген сөз жеңіл, Аллаға ауыз қол емес, Ынталы жүрек, шын көңіл, Өзгесі хаққа жол емес" — деген сөзінде жүректің әуел бастан иман ұясы екендігін нұсқап тұр. Сондықтан да жүректің хаққа ынтығуымен ұштас, оның ықыласының көрсеткіші ретінде риясыз К бой көрсетеді. Яғни К-ді жүрек қалауы десе де болады. Адам ешқашан К-дің ықпа-лынан тыс 6ола алмайды. Қашан, қандай күйде болмасын адам баласы К-лін әйтеуір бір күйінде болмақ. Әйтсе де "Кісі көңілі — түпсіз теңізбен тең" (Ж.Баласағғұни). К. қалауы, К. көтеру, К. қалудың барлығы өзгермелі дүние-нің үздіксіз алмасып тұратын сәттерінің, яғни К. күйінің көріністері. К. қалауының ерекше қалпының бірі — хаққа ғашықтық. К-дің ақиқатты қалауы өмірінің мәні-не айналғанда, адамның рухы кемелденіп, оның көз-қарасы айқындала бастайды. Хақ дидарына ғашықтық ғұлама сопыларда “Дидар талап” ұғымымен берілген. “Хаққа ғашықтық” адамның ақылмен өлшенбейтін, болмысты білгісі келген ынтызарлықтан туған беймазалығы; Өмірдің жалғандығынан өткіншілігінен К. қалуы — дүние кірінен, надандықтан арылу үшін адамның нәпсі құмарлығын жеңіп, дүние қызығын тәрк етіп, тақуалық жолға түсуіне ұласқан. "Жақсы сөзді жарым ырысқа" балау адамның К. көтеруге ниеттес, тілектес адамдар тарапынан демеуге, қоштауға мұқтаж екенін білдіреді. Нәпсі құмарлығын күйттесе К. көтеру адамды жаман-лыққа, азғындыққа итермелейді. Құмарлыққа салынып К. көтеру саяз ойлы, надан адамға тән. Бұл туралы Абай "Надандардың сүймегі — көп пен дүрмек" дейді. Қазақ фольклорында К-дің шынайы сырын аңғартатын көңіл айтудың тамаша үлгілері сақталған. Дәстүрлі қазақ ұғымында, жыраулар мұрасы мен Абай, Шәкәрім, Шал ақын, Махамбет шығармашылықтарында мынадай түсініктер кездеседі: К. қалу, К. қайту, К. айту, К. қалауы, К. көтеру, К. санасы, К. кірі, К. кешуі, К. жүгі, К. ашу, К. сергіту, К-ге алу, К. тыншуы, К. көзі, К. рахаты, К. бөлу, К. жұмбағы, К-ді тыю, К-сіз құлақ, қара К., ақ К. қам К., тоқ К., жай К., суынған К. құс К., қайғылы К., есер К., мазасыз К., талапты К., жаралы К., т.б. Адамгершілік. Адамгершілік - адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы. "Кісілік", иізгілік", "имандылық" тәрізді ұғымдармен мәндес. Халықтық дүниетанымда мінез-кұлықтың әр түрлі жағымды жақтары осы ұғымнан таратылады. Мінез-құлық пен іс-әрекеттерде көзге түсетін төмендегідей А. белгілерін атап өтуге болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рахымдылық, ізеттілік пен кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылдық, т.б. А. принциптері әлеум.-мәдени дамудың жемісі. Адам тумысында жақсылыққа да, зұлымдыққа да үйір емес. А. белгілерінің қалыптасуына ерекше әсер еткен мынадай факторлар бар: жыныстыққа қа-тынастарды реттеу, қандастарын өлтіруге тыйым салу, әлсіздерге қамқорлық ету, ең-бектің қоғамдық жолмен бөлінуі және адамдар арасындағы ынтымақтастықтың қалыптасуы. А. құндылықтар-дың қалыптасуы үшін жүйелік (қоғамдық, мемл.) және тұлғалық мүшелердің ара салмағын дұрыс айқындаудың маңызы зор. Жеке адамды әлеум. қатынастардың жемісі деп қарастыру адамды бағаламауға әкеп соғады (соц. идея). Тота-литарлық қоғамдағы "Ортақ мүдде жеке адам мүддесінен жоғары" деген ұран А. қағидаттарыныңнұқсан келтірді. А. қағидаттарыңың сақталуы өтпелі қоғам жағдайында ерекше маңызды мәнге ие болады. Бұл кезеңде ұлттық дәстүрлі дүниетаным мен әдепке жат маскүнемдік пен нашақорлық, рэкет пен жезөкшелік, қатыгездік сияқты теріс мінез-құлықтар өріс жаюы мүмкін. Өркениеттілікке апаратын жол халықты адамгершілікке, мандылық пен ізгілікке, салауатты өмір салтына баулу. Ең жарық жұлдызым (фильм). Әртістер. Джеки Чан, Само Хунг, Бяо Юэн Фильмдегі оқиға. Жапониядағы қауіпті операция кезінде жапон якудзаларының қолына қытайлық полиция қызметкері түседі. Өздерінің адам басына келмес әрекеттерімен жапон бандысының қатарын абыржытып тастар деп сенген билік оны құтқаруға қуаяқ бес досын жібереді. Тіл білімі саласының терминдері. Қазақстан Республикасы Өкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминологиялық комиссияның мәжілісінде бекітілген терминдер. 2003 жылғы 2 шiлдедегi және комиссияның 2003 жылғы 24 желтоқсандағы мәжiлiсiнде бекiтiлген терминдер Мемлекет пен құқық салаларының терминдері. Қазақстан Республикасы Өкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминологиялық комиссияның мәжілісінде бекітілген терминдер. 2000 жылғы 25 қаңтардағы, 2002 жылғы 19 наурыздағы, 2002 жылғы 20 мамырдағы, 2002 жылғы 17 қазандағы, 2002 жылғы 11 желтоқсандағы, 2003 жылғы 4 наурыздағы, 2005 жылғы 20 сәуiрдегi, 2005 жылғы 14 шiлдедегi, 2007 жылғы 12 сәуір мәжiлiсiнде бекiтiлген терминдер. Телекоммуникация саласының терминдері. Қазақстан Республикасы Өкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминологиялық комиссияның мәжілісінде бекітілген терминдер. 2004 жылғы 31 наурыздағы мәжiлiсiнде бекiтiлген терминдер. Әдебиеттану саласының терминдері. Қазақстан Республикасы Өкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминологиялық комиссияның мәжілісінде бекітілген терминдер. 2003 жылғы 2 шiлдедегi және комиссияның 2003 жылғы 24 желтоқсандағы мәжiлiсiнде бекiтiлген терминдер. География саласының терминдері. Қазақстан Республикасы Өкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминологиялық комиссияның мәжілісінде бекітілген терминдер. 2000 жылғы 25 қаңтардағы, 2005 жылғы 20 сәуiрдегi және 2005 жылғы 14 шiлдедегi мәжiлiсiнде бекiтiлген сөздер мен сөз тiркестерi. Темір жол саласының терминдері. Қазақстан Республикасы Өкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминологиялық комиссияның мәжілісінде бекітілген терминдер. «„Қазақстан темiр жолы“ ұлттық компаниясы» акционерлiк қоғамы ұсынған терминдер 2005 жылғы 6 қыркүйектегi мәжiлiсiнде бекiтiлген. Көлік саласының терминдері. Қазақстан Республикасы Өкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминологиялық комиссияның мәжілісінде бекітілген терминдер. 2004 жылғы 07 желтоқсанда бекітілген. Ақпараттық технологиялар саласының терминдері. Қазақстан Республикасы Өкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминологиялық комиссияның мәжілісінде бекітілген терминдер. 2004 жылғы 25 желтоқсандағы және «Microsoft» корпорациясы дайындаған 2006 жылғы 31 наурызындағы отырысында бекітілген. Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау салаларының терминдері. Қазақстан Республикасы Өкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминологиялық комиссияның мәжілісінде бекітілген терминдер. 2005 жылғы 14 шiлдедегнi мәжiлiсiнде бекiтiлген сөздер мен сөз тiркестерi. Ұлттық қауіпсіздік саласының терминдері. Қазақстан Республикасы Өкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминологиялық комиссияның мәжілісінде бекітілген терминдер. 2004 жылғы 07 желтоқсанда және 2006 жылғы 31 наурызындағы бекітілген. Қайта бекітілген терминдер. Қазақстан Республикасы Өкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминологиялық комиссияның мәжілісінде бекітілген терминдер. Ханибұш. Ханибұш (африкаансша: "Heuningbos", ағылшынша: "Honeybush", ғылыми атауы "Cyclopia spp."; Тегі: Fabaceae) - шай тәрізі қолданатын өсімдік. Бұл Оңтүстік Африканың тек солтүстік-батыстағы Батыс Кейп деген жеріндегі Лаңклоф деген шағын аймағында өседі де ройбұш сипаттарымен біраз үйлесімді. "Ханибұш" атауы (ағылшынша: "honey" - бал, "bush" - "бұта") шешектері бал тәрізді хош иісті болғаннан туылды. Табиғатта шамамен 23 түрі табылады, бірақ шаруашылықта негізінде 4 түрі пайдаланылады. Бұнда "Cyclopia intermedia" (африкаансша: "berg tee" - тау шайы), "C. subternata" (африкаансша: "vlei tee" - шалшық шайы), "C. genistoides" (африкаансша: "kus tee" - жағалық шай) және "C. sessiliflora" (африкаансша: "Heidelberg tee" - Һайделберг шайы, Оңтүстік Африкадағы таулы жердегі бір қаланың атындағы) деген түрлері бар. Мате. Мате (-; "Ilex paraguariensis") - Оңтүстік Америкада өсетін (Аргентина, шығыс Парагуай, батыс Уругуай және оңтүстік Бразел) өсімдік. "Mate" сөзі кечуа тілндегі "mati" - асқабақтан жасалған ыдыс не ыдыс жасайтын асқабақ түрі. Матеден шай сияқты тұңдырып ішімдік жасайды. Тышқан жылы. Тышқан жылы - мүшелдің бірінші жылы. кейбір елдерде "атшалман жылы" дейді. Ағымдық 2008 ж. - "Тышқан жылы". a>дағы Мүшел бұрқағындағы жыл бейнелейтін Тышқан Нобель сыйлығы. Нобель сыйлықтары (швед тілінде Nobelpriset, ағылшын тілінде Nobel Prize) — жыл сайын әйгілі ғылыми зерттеу, революциялық жаңалықтар немесе мәдениет не қоғам дамуына зор үлес қосатын жұмыстар үшін берілетін халықаралық сыйлықтардың ішіндегі ең танымалдарының бірі. Қазіргі уақытта Нобель сыйлығының шамасы 10 млн (шамамен 1,05 млн евро немесе 1,5 млн $) швед кронын құрайды. Тарихы. 1900 жылы Нобель қоры жасалды – бастапқы капиталы 31 млн швед кронынан тұратын дербес, тәуелсіз, мемлекеттік емес ұйым. 1969 жылдан бастап Швед банкінің ынтасымен экономика бойынша да сыйлық сыйланатын болды. Одан кейін Нобель қоры номинация санын арттырмауды шешті. Физика – 1901 жылдан бастап, Швеция Химия – 1901 жылдан бастап, Швеция Медицина және физиология – 1901 жылдан бастап, Швеция Экономика – 1969 жылдан бастап, Швеция Әдебиет – 1901 жылдан бастап, Швеция Әлемді қорғау – 1901 жылдан бастап, Норвегия Нобель сыйлығының баламалары. Ғылымның көптеген салалары нобель сыйлығымен “қамтылмай” қалды. Нобель сыйлығының беделді және танымалдығына сәйкес, басқа салаларда ең беделді марапаттауды бейресми түрде Нобельдік деп атайды. Математика және информатика. Алғашында Нобель математиканы сыйлық берілетін ғылым салаларының тізіміне қосты да, кейінірек оны әлем сыйлығымен алмастырып, сызып тастады. Анық себебі белгісіз; көбінесе оны швед математигінің атымен байланыстырады, сол уақыттағы швед математикасының озаты Миттаг-Леффлер, оны Нобель Стокгольм Университеті үшін қайырымдылықты мазасыз сұрағандықтан жақтырмай қалған болатын. Екінші болжам бойынша Нобель Софья Ковалевскаяны жақсы көрген, ал ол Миттаг-Леффлерді таңдады. Сонымен қатар мынадай болжам да бар, Нобель сыйлықты тек адамзатқа нақты және көрнекті пайдасын тигізетін жетістіктерге бермек болған, ал математика жетістіктері, әлеметтің көзқарасы бойынша, мұндайға жатпайды. Математика бойынша нобель сыйлығының “баламалары” болып Филдстық сыйлық және Абелевтық сыйлық жатады, информатика саласында – Тьюринг сыйлығы жатады. Экономика. Бейресми түрде бұлай Альфред Нобельдің құрметіне Швеция Банкінің экономикалық ғылымдағы сыйлықтарын атайды. Экономика саласы бойынша ең беделді сыйлық болып табылады. Нобель сыйлығымен марапаттау салтанаттарында берілетін басқа сыйлықтардан ерекшелігі, бұл сыйлыққа қаржы Альфред Нобельдің мұрасынан бөлінбейді, оның өсиетнамасында экономика аталған жоқ. Сондықтан, бұл сыйлықты “шынайы нобельдік” деп санау дискуссиялық сұрақ болып табылады. Бұл сыйлық 1969 жылы Швед Банкімен оның 300-жылдығына орай қабылданды. Экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты 12 қазанда жарияланады; барлық сыйлықты беру салтанаты Стокгольмде жыл сайын 10 желтоқсанда өтеді. Сыйлыққа сынау. Нобель өсиетнамасы бойынша сыйлық берілетін жылы болған жаңалықтар, жетістіктер үшін сыйлық берілуі керек болған. Бұл іс жүзінде сақталмайды. Табиғи-ғылымдық сыйлықтар. Көптеген ғалымдар олардың жаңалықтары мен ашылымдарына сыйлық берілу үшін “ уақыт сынағынан” өткенше, қайтыс болды. Сонымен қатар сыйлықтардың бір ғылыми мектептердің өкілдеріне берілетіні байқалды. Қоғамдық сыйлықтар. XX ғасырдың басынан-ақ сыйлық лауреаттарының ресми сынақтарға сәйкестігі жөнінде сұрақ қарастырылды. Жекелеп алғанда, әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаттарының арасында бүкіләлемге танымал авторлармен қатар танымалдықты олардың қоғамдық және саяси іс-әрекеттерінің арқасында алған жазушылар да кездеседі. Әлемнің нобель сыйлығында да осындай жағдай бар, кейбір тұлғаларға (атап айтқанда Кофи Аннан, Ясир Арафат) берілуі халықтың түсініспеушілігін тудырды. Әдебиет бойынша номинациялар да сондай бір құпиялықпен қапталған, өйткені номинаттардың өздері қандай өзгеріс жасағандарын білмейді. Осылайша әлемдік МАҚ Ресейден Константин Кедров және Белла Ахмадуллина ақындарының номинациясы туралы ақпаратты жіберіп алды, бірақ ешкім ақындардың өздерінен номинацияға рұқсаттарын сұраған жоқ. Физиология. Физиология (грекше φυσις, "physis", "табиғат,тек-тамыр"; және λόγος, "logos", "ғылым") тірі организмнің механикалық, физикалық және биохимиялық функциясының ілімі. Әдетте физиология өсімдік физиологиясы және адам мен жануар физиологиясы деп бөлінеді. Дегенмен қандай да болмасын организм қарастырылу үстінде болса да, физиологияның принциптері жалпыға ортақ. Мысалы, ашытқы жасушасын зерттегенде алынған физиология мәліметтері адам жасушасына да қатысты болуы мүмкін. Тарихы. Физиологияның тарихы екі миллениумдық тұңғиыққа кетеді. Оскар марапаты. «О́скар» (англ. Oscar) – Америка киноөнері академиясының әржылдық жүлдесі. Бұл АҚШ-тың еңтанымал киноматографиялық марапаты. «Оскарды» тапсыру салтанаты әлемнің ондаған елдерінде тікелей эфирде көрсетіледі. Тіпті «Оскарға» кандай да бір табынушылық бар деп айтуға болады. Басқа кинофстивальдерден ерекшелігі «Оскар» әділқазылар алқасының шешімімен емес, Академия мүшелерінің жалпы дауыс беруінің нәтижесі бойынша табысталады. «Оскар» жүлдесінің тарихы. «Оскар» жүлдесі алғаш рет 1929 жылы тапсырылды. 1976 жылға дейін салтанаттың тікелей көрсетілімі «NBC» арнасы арқылы жүргізілді, содан бері бұл құқық «ABC» арнасына тиесілі. Қазіргі уақыттағы соңғы, мүсіндерді тапсырудың есеп бойынша 80-салтанаты 2008 жылдың 24 ақпанында, жексенбіде голливудтық «Kodak Theatre»-де өткізілді. 2007 жылдың басындағы мәліметтер бойынша Америкалық Киноакадемия 16 салаға бөлінген 5830 дауыс беруге құқылы мүшелерден тұрады. Актерлық сала ең басым болып табылады(1251 дауыс беретін қатысушысы бар). Әр сала өз категориясы бойынша дауыс береді(актерлар ең жаксы актерды, ең жақсы актрисаны және т.б. таңдайды). «Ең жақсы деректі фильм», «ен жақсы шет тіліндегі фильм», «ең жақсы грим», «ең жақсы кысқаметражды фильмдер», «ең жақсы дыбыс монтажы» және «ең жақсы арнайы әсерлер» категориялары бойынша жеңімпаздарды анықтау үшін киноакадемиядан тыс арнайы топтар құрылады. Киноакадемияның барлық мүшелері тек бір ғана категория – «ең жақсы сурет» үшін дауыс береді. Негізгі номинациялар. Үздік жыл фильмі – 1928 жылдан бері Үздік ер ролі – 1928 жылдан бері Үздік әйел ролі – 1928 жылдан бері Екінші жоспарлы үздік ер ролі – 1936 жылдан бері Екінші жоспарлы үздік әйел ролі – 1936 жылдан бері Үздік толықметражды анимациялық фильм – 2001 жылдан бері Үздік суретші-қоюшының жұмысы – 1928 жылдан бері Үздік операторлық жұмыс – 1928 жылдан бері Үздік костюмдер дизайны – 1948 жылдан бері Үздік режиссура – 1928 жылдан бері Үздік монтаж – 1935 жылдан бері Үздік шет тіліндегі фильм – 1947 жылдан бері Үздік грим – 1981 жылдан бері Үздік музыка – 1934 жылдан бері Үздік ән – 1934 жылдан бері Үздік қысқаметражды анимациялық фильм – 1931 жылдан бері Үздік дыбыс -1930 жылдан бері (3-ден 41-салтанатқа дейін 1930-1968 жылдар аралығында студиялар марапатталды, 1969 жылдан бастап дыбыс жазушы адамдарға берілетін болды) Үздік дыбыстық монтаж – 1963 жылдан бері Үздік визуалдық әсер – 1939 жылдан бері Үздік сценарий-бейiмделу – 1928 жылдан бері Үздік бiртума сценарий – 1940 жылдан бері Ескірген номинациялар. Режиссердің үздік комекшісі – 1933 жылдан 1937 жылға дейін Үздік хореография - 1935 жылдан 1937 жылға дейін Үздік техникалық әсерлер – 1928 жылы Үздік музыка – адаптация или аранжировка Үздік қысқаметражды түрлі-түсті фильм – 1936-1937 жылдар аралығы Үздік қысқаметражды екi бобинаға түсірілген фильм – 1936 жылдан 1956 жылға дейін Үздік қысқаметражды жаңашылдық фильм – 1932 жылдан 1935 жылға дейін Үздік бiртума әдеби негiз – 1928 жылдан 1956 жылға дейін Орындаудың үздік бiрегей және көркемдiк сапасы – 1928 жылы Акедемияның жастарға арналған жүлдесі – 1934 жылдан 1960 жылға дейін Қызықты мәліметтер. Биіктігі 34 см, салмағы 3.85 кг Оскарлық мүсін алтынмен қапталған британийден құйылған жане қара мрамордан жасалған постаментте жатыр. Ол ленталық бобинада тұрған қылышты батырды бейнелейді. Аңыз бойынша, «Оскардың» бейнесін ойлап тапқан Седрик Гиббонс іш пыстыратын бір жиналыста оның эскизін қойын кітапшасына түсіріпті. Академияның құрамына 6000 нан аса адам кіреді. Қызыл кілемнің ұзындығы – 150 метрдей, ені – 10м. Ол әрқайсысы 135 кг-нан тұратын бірнеше орамадан тұрады, ал оның жалпы салмағы – 5 тонна. Кинотеатрға кілем салтанатқа 4 күн қалғанда екі үлкен жүк машинасымен жеткізіледі. Кілемнің бүкіл бөліктерін біріктіріп, қиылысқан жерлерін жауып, түзетіп төсеуге 2 күн және 21 адам қажет. Салтанат басы біткен соң кілемді жинай бастайды. Оған 4 сағат кетеді. Кілемдерді жиектей орналастырылатын биіктіктері 2,5-тен 8 м-ге дейін жететін, салмақтары 550 кг болатын үлкен «Оскар» мүсіндерін әйнекталшықтарынан жасайды. Содан соң жұқа алюминий қабықшаларын жапсырады да сары бояумен бояйды. Оларды үнемдеу үшін алтынмен боямайды емес: арнайы сары бояу софит жарығында алтыннан да жақсы көрінеді. Жұлдыздар оындарынан жаңылыспауы үшін орындықтарға олардың суреті мен есімі жазылған тақташалар қойылады. Фильмде бірге түскен актерлар қатар отырғызылады, мұнымен қатар олардың жанұялық жағдайы ескеріледі: жұбайлары немесе сүйіктілері де жандарында болады. Жұлдыздарды да қатаң тексереді. Алдымен полиция жұлдыздар келген лимузиндарды тексереді, содан соң қызыл кілемге кіре берісте шақыру қағаздарын көрсетіп, металліздеушіден өтеді. Қазіргі уақытта номинанттарға берілген дауыстарды санау үрдісін «Pricewaterhouse» аудиторлық компаниясының мамандары жүргізеді. Косово шайқасы. Косово шайқасы сербше: "Kosovski boj", немесе "Boj na Kosovu"; түрікше: "Kosova Meydan Muharebesi" — ортағасырлық Сербия мен Османлы империясының арасында 1389 жылдың маусымның 15-сінде (жаңа стиль бойынша: маусымның 28-інде) арасында болған дала шайқасы. Косово шайқасы серб халқының тарихы, мәдениеті және ұлттық сана-сезімінде ерекше маңылды орын алады. Шайқас туралы сенімді тарихи дерек көздері аз. Алайда шамамен сол кездері орын алған басқа шайқастармен (мысалы, Ангора немесе Никополис шайқастарымен) салыстыра отырып оның негізгі жақтарын қалпына келтіруге болады. Әскердің жылжуы. Сербтер Османлыларды Билеца шайқасында және Плоцник шайқасында жеңген соң, Османлының сұлтаны І-ші Мурад өз әскерін 1389 жылдың көктемінде Филиппопольде (қазіргі Пловдив) жинап, үш күндік марштан кейін Ихтиманға жетіп келді. Ол жерден әскер Велбьуждь (Кюстендил) және Кратово деген жерлерге жетті. София қаласы және Нишава аңғары арқылы өтетін жол қысқарақ және князь Лазарьдың жеріне тікелей алып баратын жол болса да, сұлтанның таңдап алған жолы оны Балқан түбегіндегі маңызды жол тораптарының бірі Косовоға алып келді. Косоводан Мурад пен оның әскерлері Лазарьдың немесе Вук Бранковичтің жерлеріне шабуыл жасай алатын немесе әрі қарай Италияға қарай жылжи алатын. Косовода біраз уақыт тұрақтап, Мурад әскерін Куманово, Прешево және Гниляне арқылы Приштинаға маусымның 14-інде келіп жетті. Лазарьдың шайқасқа қалай дайындалғаны туралы деректер аздау, бірақ ол өз әскерлерін Ниш қаласының маңында, Южна Мораваның оң жақ жағалауында жинады деп болжамдауға болады. Мурад қалың қолымен Вельбуждқа қарай аяқ басқанын білген соң ол да Прокуплье арқылы Косовоға жылжыған болуы мүмкін. Сол Косовода Лазарьдың және Мурадтың әскерлері бетпе-бет келеді. Лазарь бұл орынды таңдап алғаны ақылды қадам болды, себебі ол Мурадтың қай жақтан келетінін жақсы бақылай алатын. Әскердің құрамы. It is not certain how large the armies were, especially as later sources tended to exaggerate their size, even into the hundreds of thousands. Murad's army may have numbered 27,000-40,000. If we take the estimate of 40,000, it probably included 2,000-5,000 Janissaries, 2,500 of Murad's cavalry guard, 6,000 sipahis, 20,000 azaps and akincis and 8,000 of his vassals. Lazar's army might have been 12,000-30,000. If we take the estimate of 25,000, some 15,000 were under Lazar's command, with 5,000 under Serbian nobleman from Kosovo Vuk Brankovic, and as many under Serbian vojvoda from Bosnia Vlatko Vukovic. Of these, several thousand were cavalry, but perhaps only a few hundred were clad in full plate armour. Both armies included some foreign troops: for example, the Serbian force included a small number of troops from the Croatian ban Ivan Paližna, probably as part of the Bosnian contingent, while the Turkish army was helped by the Serbian noble Konstantin Dejanovic. This has led some analysts to describe the armies as coalitions. Шайқастың барысы. Косово даласында екі жақ қосындарының орналасуы (болжам) Қосындардың орналасуы. The armies met at Kosovo Field. The Ottoman army was headed by Murad, with his son Bayezid on his right, and his son Yakub on his left. Around 1,000 archers were in the front line in the wings, backed up by azap and akinci; in the front centre were janissary, behind whom was Murad, surrounded by his cavalry guard; finally, the supply train at the rear was guarded by a small number of troops. The Serbian army had prince Lazar at its center, Vuk on the right and Vlatko on the left. At the front of the Serbian army was placed the heavy cavalry and archer cavalry on the flanks, with the infantry to the rear. While parallel, the dispositions of the armies were not symmetric, as the Serbian center overlapped the Ottoman center. Басталуы. The battle commenced with Ottoman archers firing at Serbian cavalry, who then made for the attack. After positioning in a "V" shaped formation, the Serbian cavalry managed to break through the Ottoman left wing, but were not as successful against the center and the right wing. Түріктердің қарсы шабуылы. "Косово шайқасы" Петар Радичевичтің суреті (1987) The Serbs had the initial advantage after their first charge, which significantly damaged the Turkish wing commanded by Yakub Celebi. When the knights' charge was finished, light Ottoman cavalry and light infantry counter-attacked and the Serbian heavy armour became a disadvantage. In the center, Serbian fighters managed to push back Ottoman forces with only Bayezid's wing holding off the forces commanded by Vlatko Vukovic. The Ottomans, in a counter-attack, pushed the Serbian forces back and then prevailed later in the day. Bayezid I, who would become the Ottoman sultan after the battle, gained his nickname "the thunderbolt" here, after leading the decisive counter-attack.a> (1999) Мурадтың қаза табуы. Based on Turkish historical records, it is believed that Sultan Murad I was killed by Milos Obilic who, pretending to be dead, killed Murad while he walked on the battlefield after the fighting had finished. In contrast, Serbian sources allege that he was assassinated by Obilic, who went into the Turkish camp on the pretext of being a deserter and, just prior to kneeling before the Sultan, stabbed him in the stomach and killed him. Obilic was immediately "slashed to pieces" by the Sultan's bodyguards. Murad was the only Ottoman sultan who died in battle. Murad's son, Bayezid, was immediately informed of the Sultan's death and, while the battle was still raging, called his brother Yakub and informed him that their father had some new orders for them. When Yakub arrived he was strangled to death, his demise leaving Bayezid as the sole heir to the throne. The Sultan's tomb remains to this day, in a corner of the battlefield. While it is not in good condition, it has not been vandalized or destroyed - this despite centuries of hostilities between Turks and Serbs. Нәтижесі. The battle of Kosovo was a decisive victory for the Ottomans. While losses were substantial on both sides, heavy losses suffered by Serbia resulted in its reduction to a virtual vassal state with Serbian nobles paying tribute and supplying soldiers to the Ottomans. Furthermore, in response to Turkish pressure, some Serbian noblemen wed their daughters, including the daughter of Prince Lazar, to Bayezid. In the wake of these marriages, Stefan Lazarevic became a loyal ally of Bayezid, going on to contribute significant forces to many of Bayezid's future military engagements including the Battle of Nicopolis which marked the last large scale Crusade in the Middle Ages The Battle of Kosovo came to be seen as a symbol of Serbian patriotism and desire for independence in the 19th century rise of nationalism under Ottoman rule. The Battle of Kosovo, and its meaning in the Serbian national perspective, continues to be relevant, as evidenced during the Kosovo War. Корнилов, Лавр Георгиевич. Лавр Георгиевич Корнилов (Лауыр Жәгөрұлы Корнилов,) (1870 ж. тамыздың 18 (30), Өскемен — 1918 ж. сәуірдің 13, Екатеринодар) — Ресей әскербасы, инфантерия генералы (Жаяу әскер генералы). Жиһанкез-зерттеуші, әскери барлаушы, мәмілегер. Ресей-Жапония және І Дүниежүзілік соғыстарының қас батыры. Ақпан төңкерісі оқиғаларының белсенді қатысушысы, Ресей әскерінің Жоғарғы бас қолбасшысы (1917). Азамат соғысының қайраткері, Ақ қозғалыстың ұйымдастырушысы мен көшбасшысы. Әулие Жәгөр орденінің 3-ші мен 4-ші дәрежелерінің иегері, Жәгөр қаруының иеленушісі. Бала шағы. 1870 ж. тамыздың 18 Өскемен қаласында, Сібір қазақ-орыс жасағынның қорыншысы () Жәгөр (Георгий) Корнилов отбасында туған. Анасы — Мәриям (Мария) Ивановна, шоқындырылған Ертіс бойында өскен қазақ қызы. Үштік кезең. Үштік кезең — бұдан шамамен 65 миллион жыл бұрын басталып, шамамен 1,8 миллион жыл бұрын аяқталған, яғни динозаврлардың жаппай қырылу оқиғасынан басталып, ең соңғы мұз дәуірінің басында аяқталған геологиялық кезең. Осы кезеңнің басында жер бетін билеуші омыртқалылар ретінде сүт қоректілер бауырымен жорғалаушылардың орнын басты. Бұл кезеңде сүт қоректілердің дамуында аса ірі өзгерістер орын алды. Адамдардың ең алғашқы гоминид туыстары "Proconsul" және "австралопитек" осы кезеңде пайда болды. Құстардың, бауырымен жорғалаушылардың, қосмекенділердің, балықтардың және омыртқасыздардың қазіргі түрлері осы кезеңнің басында бар болатын немесе оның бас кезінде пайда болды. Жабық тұқымды (гүлді) өсімдіктердің қазіргі заманғы тұқымдастықтары өрбіді. Теңіз омыртқасыздарының және сүт қоректілерге жатпайтын теңіз омыртқалыларының эволюциялық өзгерістері онша көп болмады. Тектоникалық үрдістер жалғаса беріп, Гондвана түбегейлі екіге бөлініп, Үндістан Еуразия плитасымен соқтығысты. Үштік кезеңнің соңына қарай Оңтүстік Америка Солтүстік Америкамен түйісті. Бұрынырақ бөлініп кеткен Антарктида өзінің оңтүстік полюстағы қазіргі орнына келді. Вулкандардың белсенділігі жоғары деңгейде болды. Үштік кезеңнің барысында ауа райы біртіндеп суып отырды. Палеоценнің басында дүниежүзілік ауа райы тропикалық-қоңыржай болып келсе, кезеңнің соңында ауқымды мұз басу басталды. Ұғымның пайда болу тарихы. Үштік («Tertiary») деген ұғымды алғаш рет 1759 жылы Джованни Ардуино қолданған. Ол солтүстік Италияда жасаған бақылауларына негізделіп геологиялық кезеңдерді: бастапқы (бірінші), екінші және үшінші деп үш кезеңге бөлген. Кейінірек төртінші кезең, төрттік кезең қосылды. 1828 жылы Чарлз Лайель үштік кезеңді өзінің әлдеқайда егжей-тегжейлі таптастыру жүйесіне кіріктірді. Ол үштік кезеңді шөгінді қабаттарда кездесетін, қазіргі түрлерге ұқсас қазба моллюскілердің процентіне қарай төрт дәуірге бөлді. Сол төрт дәуірді ол грекше эоцен, миоцен, алдыңғы плиоцен және кейінгі плиоцен деп атады. Бірақ бұл жүйе бақылаулар алғаш рет жүргізілген Альпы таулары мен Италия жазықтықтарына сай келсе де, оны басқа жерлерге қатысты қолданудың мүмкін еместігі анықталды. Сол себепті моллюскілерді қолдану тоқтатылып, дәуірлердің аттары өзгертіліп, басқаша уақытқа жатқызыла бастады. Қазіргі ұғым бойынша үштік кезең деп палеоценнің басында басталып, плиоценнің соңында аяқталған кезеңді айтады. Пінин. Пінин (Pinyin, Hanyu Pinyin) - қытай тілінде пайдаланылатын латындандырылған дыбыстаңба жүйесі. Пінин кестесі. Тік жақшаларда пінин қазақ жазуымен бейнеленеді. Неопротерозой. Неопротерозой заманы — 1000—542 ± 0,3 мллион жыл бұрын болған геолгиялық сатының бірлігі. Бұл заман 3 кезеңге бөлінеді: Тоний, Криоген және Эдиакарий. Ең елеулі мұздану Криогенде болған, сол кезде мұздықтар экваторға дейін жеткен де жорамалды Жентекқарды Жер қалыптасқан. Эдиакарийде көпжасушалы тірліктің (соның ішінде алғашқы хайуанаттар да) ең ерте қазбалы қалдықтары табылған. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат. АБСОЛЮТТІ ЖӘНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ АҚИҚАТ — танымның даму процесін бейнелейтін категория. Ол бұған дейін танылған және алда танылатын нәрселердің, сондай-ақ келешекте бізді таным-түсінігімізде өзгеріске ұшырауы мүмкін және ешбір өзгеріссіз қалатын ақиқаттардың ара-қатынасын айқындайды. Болмыс пен ойлау заңдылықтарының өзара сәйкестілігін көрсетеді. А.ж.с.а. объективті шындықты адам танымы біртұтас қалпында айқын аңғарта ала ма, әлде тек шамамен, салыстырмалы түрде ғана білдіре ме деген сұраққа жауап береді. Біздің таным-түсініктеріміз адамзат ойының (философияның, ғылымның, техниканың, өндірістің) қол жеткізген деңгейлерімен тікелей сабақтас. Соған қарай адамның тіршілік, болмыс туралы ұғымдары да тереңдеп, нақтыланып, жетіле түседі. Демек, аиқаттың өзі де дамуға байланысты өзгеріп, түрленетін салыстырмалы категория болып табылады. Сонымен қатар с а л ы с т ы р м а л ы а қ и қ а т а б с о л ю т т і а қ и қ а т т ы танудың құрамдас бөлігі де. Егер салыстырмалы ақиқат ғылыми сипатта болса, оның құрамында ақиқаттың белгілері де болмақ. Яғни, абс. ақиқат салыст. ақиқаттың жиынтық көрінісі де. Салыстырмалы ақиқат болмыстың шартты, өзгермелі, уақытша, қайсыбір жағдайда тәуелді кезеңдік қырларын бейнелейтін болса да, ол әрбір құбылыстың мазмұн-мағынасын, құндылық қасиетін, сипаты мен қолданылу аясын ой елегінен өткізу, зерделеу, саралау барысында қалыптасып, қабылданады. Салыстырмалы ақиқат таным-білімді болмыс шындығына жақындатып, тарихи жағдайларға үйлесімділікті арттырады, жалпыға ортақ идеяларды, абс. мұраларды іздестіруге ұмтылдырады. Салыстырмалы ақиқаттың мағынасы шектеулі болғанмен оның даму мүмкіндігінде шек жоқ. Ол өзгермелі дүниенің егжей-тегжейін саралай, іріктей, өмірге бейімдей отырып, абс. мәннің құрамдас бөліктерін жасақтайды. Тіршілік құбылыстарының сәйкестігі де, қарама-қайшылығы да А.ж.с.а. арқылы түсіндіріледі. Ертедегі грек философиясы абс. ақиқатты “табиғи”, “таза күйінде”, “өздігінен” қалыптасқан ұғымдарға балап, оны мүлтіксіз нәрсе ретінде түсіндірді. Ал ғұлама діндарлар пікірі бойынша абс. ақиқат табиғаттан тыс абс. күш, абс. рух. Жаңа дәуір философиясы абс-тілік пен салыстырмалылықты бір-біріне қарсы қоймай, бір-бірінен бөле-жара қарамай, олардың ара-қатынасын ғылыми ұғымдармен айқындады: А.ж.с.а. тіршілік көріністерінің қарама-қарсы жақтарымен қатар, олардың сәйкесті бірлігін де қамтиды. Екеуі де объективті мазмұнды бейнелейді, нақты білімді толықтырады. Салыстырмалы ақиқат объектіні біртұтас толық күйінде емес, белгілі бір жағдай, қатынас шеңберінде бейнелейді де, осы салыстырмалы кезеңдерден абс. ақиқат құралады және көрініс табады. Абс. ақиқат ойды тұтас, шындыққа неғұрлым жақын сипаттайды. А.ж.с.а. ғылыми таным-түсініктерді бұлжымайтын қағидаға айналдырудан сақтандырады, білімнің даму сабақтастығына жол ашады, зерде-зейінді әлемдік өзара байланыстарды тануға шоғырландырады. Би. Би — дәстүрлі қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік жүйесіндегі демократиялық биліктің иесі. Зерттеуші ғалымдардың, әсіресе, В.В. Бартольдтың пікірінше, “би” сөзі шамамен 14 — 15 ғ-ларда ежелгі түркі тіліндегі “бек” атауының бір нұсқасы ретінде пайда болып, басқарушы, ел билеуші мағынасын білдірген. Кейіннен бастапқы семантикалық-тілдік реңкінен ажырап, көбінесе, дау-жанжалды шешіп, кесімді төрелік айтушы, әділ үкім шығарушы адамды бейнелеу үшін қолданылған. 17 ғ-да өмір сүрген Махмұд ибн Уәлидің “Бахр әл-асрар фи манақиб әл-ахйар” атты еңбегінде “жоғарғы мәртебелі әмірлер мен елге сыйлы, пендәуи тірліктен азат адамдардың” барлығы Б. аталғанын жазады. Ал қазақ халқының дәстүрлі түсінігінде бұл атау төрт түрлі мағынада: 1) ел билеушісі, иелік етуші; 2) сот, төреші; 3) батагөй, шешен; 4) бітістіруші дипломат, елші ретінде ұғынылған. Бидің қоғамдағы рөлін жан-жақты түсіну үшін қазақ халқының тарихи-әлеум. даму кезеңдерінің ерекшелігін жете ескеру шарт. Өйткені, ежелгі дәуірлерден 19 ғ-дың басына дейін қазақ қоғамы саяси потестарлы билік жүйесінің негізінде дамығаны белгілі. Ең төменгі (бұқаралық) билікті ауыл-аймаққа, ру-тайпа ішіне сыйлы, өмірлік тәжірибесі мол ақсақалдар атқарса, орта буындағы, яки, потестарлы билік тізгінін ру-тайпа басылары — Билер уысына ұстады. Ал мемлекет және мемлекетаралық деңгейдегі мәселелерді қамтитын жоғары билікті төре тұқымы — хандар мен сұлтандар иеленген. Міне, күллі қазақ қоғамының елдік тұтастығы осы соңғы екі билік жүйесінің өзара тепе-теңдігі мен бір-біріне қарама-қарсылығы принциптеріне негізделді. Әлеуметтік құрылымға арқау болған рулық-тайпалық жүйенің өзі айқын қандас туыстардың ұйымы емес, саяси-әскери және шаруашылық қауымдастық қызметін ғана атқарды. Сондықтан қоғам болмысындағы рулық негіз мемлекет ин-ттардың нығайып, жеке-дара үстемдік құруына қай кезде де мүдделі болған емес. Халықтың қалың бұқарасына жақын әрі оның тікелей қолдауына арқа сүйеген потестарлы билік иелері, яки ру-тайпа басылары — Билер мен батырлар хан-сұлтандардың билігін белгілі бір дәрежеде шектеп отырды. Сол арқылы олар өздерінің әлеум.-саяси статусын нығайтып, абырой-беделге кенелді. Әйтсе де, ерекше әлеум. жік ретінде Билерді тарих сахнасына шығарған рулық құрылым өзіне субэтникалық-әлеуметтік топтарды тарта отырып, қоғамды ұйымдастырушылық, мемлекеттілік нышандарын нығайтушылық қызметін атқарды. Мұрагерлік салтымен дала жұртын ғасырлар бойы билеген Шыңғыс хан ұрпақтары — төрелер тұқымы хандық биліктің бұлжымауы үшін Б-лердің әкімш., әлеум.-саяси және мәдени рөлімен санасуға тиіс болды. Мыс., ортағасырлық жәдігер — “Нұсратнаменің” авторы: “Әбілхайыр хан өлгеннен соң оның ұлы Шейх Хайдар хан болды. Оның заманында ұлы бек-билердің абыройы мен атағын һәм олардың мархабалы ру-ұлыстарын құрметтеу тәмамдалды да, содан ханның құдіреті күн санап кеми берді” деп жазады. Хандық билік жүйесінде Бидің ерекше беделді тұлға болғандығын айғақтайтын жазба деректер де, ауыз әдебиетінің нұсқалары да жетерлік. Қазақтың алғашқы заңгерлерінің бірі Д. Сұлтанғазин “Бұрынғы замандағы қазақтардың билік қылуы” атты мақаласында: “... бағзы билер болыпты, бек білімді, атақты һәм ақылды, әділетті, көпті көрген және іс бітіргенде әдет рәсімдерін тегіс біліп, әр жұмысты қара қылды қақ жарып орнына келтіреді екен..., һәм солардың бітірген жұмыстарын ұлы хандары да әрқашан бұзбайды екен... Сондай билер турасында қазақтың мақалы да бар. Батыр мен биді салыстырғанда, биді қатты артық көретінін білдіретін сол мақалы мынау: “Батыр деген бір барақ ит, екі қатынның бірі табатын, би деген бір ақсарағат, бүтін елден біреуі ғана табатын” дейді (“Дала уәлаятының газеті”, 1888, ғ51). Билердің батыр, бай, т.б. әлеум. жіктерден ерекше құрметтелуінің бірнеше тарихи себептері бар. Біріншіден, Билік мемлекет басқару жүйесінде кейбір айрықша құқылар иеленді: “Жеті Жарғы” қағидаларына сай ол өзіне бағынышты ру-тайпа шегінде сот және әкімш. билік (ханмен қатар) жүргізді. Сот төрелігін жүзеге асыратын болғандықтан, Би халықтың әдет-ғұрпын, салт-рәсімін, жол-жосығын жатқа білуге, дауласқанға әділдікпен жөн сілтеп, адасқанға даналықпен жол көрсетуге, әсіресе, “тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ” деген құқықтық-гуманистік принциптен айнымауға тиіс еді. Сонымен қатар Би ру-тайпаның басшысы ретінде әкімш. қызметті де қоса атқарып, өз қауымының тұрмыс-тіршілігін қадағалап, тәртіп-талабына жауапты болды. Осылайша олар билеуші хандардың халық арасындағы сенімді тіректеріне айналып, саяси бедел иеленді, сұлтандармен тең құқылы дәрежеде мемл. мәселелерді талқылауға қатысты. Ел ішіне биліктілігімен, қара қылды қақ жаратын әділдігімен, тура жолдан таймайтын адалдығымен даңқы тараған Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, айыр тілді Әйтеке би, т.б. саңлақтар хан жанындағы билер кеңесінің құрамына енді. Олар нақты тарихи-әлеуметтік ахуалға қатысты жол-жоба белгілеп, заңи жосындар қабылдады, мәні ескіріп, маңызы кеміген қағидаларды елдік мүдде тұрғысынан қайта қарап, жаңасын қолданысқа енгізіп отырды. Тіпті, ханның ішкі және сыртқы саясатына, әскери доктринасына тікелей ықпал етіп, өзгерістер енгізе алған. Мәселен, 1695 ж. Қазақ Ордасында болған орыс елшілері Ф. Скибин мен М. Трошин “... Тәуке хан Қазақ Ордасының таңдаулы адамдарын (яки билерін — ред.) өзіне шақырып алды да, біздің — Федка мен Матюшкенің — көзімізше, әлгілерден мына біздерді ұстап қала ма, әлде жібере ме, Русь қалалары мен слободкаларына соғыс ашып бара ма, әлде бейбіт тұра бере ме, соны сұрап алды” деп жазады. Үшіншіден, ел тағдыры сынға түскен жаугершілік замандарда Билер батыр-баһадүрлермен қатар атқа қонып, қарамағындағы тайпаластарынан жасақ құрып, мемлекет тұтастығын, ұрпақтар азаттығын қорғауға ұйытқы болған, қолбасшылық қызмет атқарған. Төртіншіден, Би — дипломат, елші. Ел бірлігіне, ұлт тұтастығына нұқсан келтірер ағайын араздығын басып, руаралық дау-жанжалдарды бітістірумен шектелмей, қазақ ұлысының көрші мемлекеттермен қарым-қатынас жасап, әр түрлі байланыс орнату ісінде де ханға көмекші әрі кеңесші қызмет атқарғаны белгілі. Мыс., Абылай хан 1743 ж. жоңғар басқыншыларының қолына түскен кезде Қаз дауысты Қазыбек би Ресей үкіметі жолдаған секунд-майор Миллер экспедициясының құрамында елшілікке барған. Қалдан Серен қазақ еліне қадірі асқан бидің “біз, қазақ, мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз, басымыздан құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз, достықты сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз” деп тақпақтай сөйлеп, тайсалмай талап қойғанына разы болып, хан басына азаттық берген. Бесіншіден, Би атағы мұрагерлік заңымен берілетін лауазым емес. Көшпелілер мәдениетінің ерекше қыры — шешендік өнерді меңгермейінше, тек әдет жосындарын жетік біліп, әділет принципін ұстану арқылы ғана Би атану, ел сенімін иелену мүмкін болмаған. Халық арасында бір ауыз сөзбен құн кешіп, жалғыз уәжбен дау шешкен ділмарлардың аты ардақталып, төрелік істері үлгі-өнеге тұтылған. Әйтсе де, қазақ тарихында атадан балаға билік тізгінін жалғап, бірнеше ұрпағы ел ішінде Би атанған әулеттер өткен. Мұндай айрықша қасиет дарып, абырой қонған әулет билігін халық шынжырқатар деп атаған. Билердің әлеуметтік-саяси статусы қазақ ұлысының тарихындағы әр қилы өтпелі кезеңдерге, алмағайып уақиғаларға байланысты өзгеріп отырған. Әсіресе, орталықтандырылған хандық биліктің пәрменін нығайтуды талап ететін әскери-жорық жылдарында плебисцитарлық, яки халықтық демократияның классикалық үлгісі ретіндегі Би билігі — төрелік ету, әкімшілік басқару рөлі төмендей түскен. Мысалы, Шыңғыс ханның, сондай-ақ, хандық билікті қалпына келтіру үшін күрескен Кенесарының тұсында Билер өкілеттілігін шектеп, сұлтандар мен қол бастаған батырларға басым билік берілген. Әсіресе, патшалық Ресейдің отаршылдық пиғылмен жүргізген құқықтық-әкімшілік реформалары қазақ даласындағы дәстүрлі саяси құрылымды түбірінен өзгертті. 1822 жылғы реформадан кейін хандық билік жүйесі күйреді. Ал билер институты 19 ғ-дың аяғына дейін формальді түрде өмір сүрді. 1854 жылдан бастап Би атағын сұлтандар мен ауыл ақсақалдары қоғамдық сайлау арқылы, округ басшыларының бекітуімен алды. 1868 ж. 21 қазандағы “Далалық облыстарды басқару туралы ереже” бойынша, Би атағы уақытша, тек қызметтік лауазымды атқару барысында ғана берілетін болды. Ресей патшалығының қазақ даласын отарлау саясатын түбегейлі жүзеге асырған құжат — 1891 ж. 25 наурыздағы “Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы ереже” дәстүрлі потестарлы билік жүйесін толық істен шығарып, Би лауазымын жойды. Тәуелсіздік алып, дербес даму жолына түскен Қазақстан жұртшылығы замана талабына сай мемл. жүйе мен саяси құрылым қалыптастыру үшін дәстүрлі құқықтық мәдениеттің демокр.-гуманистік принциптерге құрылған Билер төрелігі тәрізді жекелеген институттарын қайта жаңғырту қажеттігін жақтады. Елдің сот жүйесінде билер институты қалпына келтіріп, оған жергілікті заң бұзушылық көріністеріне, неке дауы, отбасы, ағайын-туыс араздығы тәрізді келеңсіздіктерге төрелік ету функциясын беру туралы ұсыныстар жасалды (1999). Жүргенов, Темірбек Қараұлы. ЖҮРГЕНОВ Темірбек Қараұлы (1898, Қызылорда обл., Жалағаш ауд., Жаңаталап а. — (25.2.[1938]), [Алматы]) — мемлекет қайраткері. Тұрмағамбет Ізтілеуов ұстаздық еткен ауыл мектебінде сауат ашып, кейін Аламесектегі орыс-қазақ мектебінде, Перовскідегі (қазіргі Қызылорда) Суханский атынд. училищеде бастауыш білім алған. 1917 ж. Уфа жер шаруашылығы училищесіне оқуға түседі. Осында оқып жүріп қоғамдық өмірге белсене араласады, студент жастардың әлеум. қозғалыстарына қатысады. 1918 ж. “Қазақ мұңы” газеті редакциялық алқасының құрамына енді, Торғайдағы кеңестер съезін шақыру бюросының мүшесі болды. 1919 ж. Ырғыз уезі Кенжеғара болысы рев. к-тінің төрағасы қызметіне тағайындалған. 1920 ж. БК(б)П қатарына өтіп, Ырғыз уездік рев. к-тінің, уездік жұмысшы, солдат және шаруа депутаттары атқару к-тінің төрағасы болып сайланды, 1921 — 23 ж. Орынборда жұмысшы ф-тінде оқиды. 1923 ж. Ташкенттегі Орта Азия мемл. ун-тінің құқық ф-тіне оқуға жіберіледі. Осында оқып жүріп, ол Қазақ АКСР-інің Түркістан Республикасындағы толық өкілетті өкілі болып тағайындалады, Қазақ АКСР-і мен Түркістан Республикасының ОАК-теріне мүше болып сайланады, өлкелік және респ. партия ұйымдарының конференциялары мен пленумдарына қатысады. Орталық Азияда құрылған республикалар аумағының ұлттық-территориялық межеленуіне ат салысады. Бұл мәселе төңірегінде “Еңбекші қазақ”, “Советская степь” газеттеріне мақалалар жариялады. 1926 ж. Ташкенттегі Қазақ пед. ин-тының директоры болып тағайындалады. Институтқа акад. В.В. Бартольд, проф. С.Е. Малов секілді ғалымдарды шақыртып, институт жұмысын жандандыруға күш салды. Жоғары оқу орындарына арналған саяси экономия және құқықтану пәндері бойынша оқу құралдарын қазақ тіліне аударды. Қазақ термелерінің жинағын құрастыруға ат салысты. 1929 ж. Тәжікстан үкіметінің қаржы комиссары, 1930 — 33 ж. Өзбекстан үкіметінің халық ағарту комиссары, 1933 — 37 ж. Қазақстан үкіметінің халық ағарту комиссары қызметтерін атқарды. Ол Қазақстанның Халық ағарту комиссариаты жұмысына С.Аспандияров, Қ.Жұбанов, Ғ.Мүсірепов сияқты қайраткерлерді тартты. Жүргеновтің тікелей ат салысуымен “Қазақстанда мектеп жүйесін реттеу және қазақ орта мектептерін көбейту туралы” қаулы қабылданып, қазақ орта мектептерінің саны артуына негіз қаланды. Жүргенов Халық ағарту комиссариатын ұлттық мәдениетті өркендету штабына айналдырды. Ол 1934 ж. Алматыда өткен Бүкілқазақстандық халық өнерпаздарының 1-слетін, 1936 ж. Мәскеудегі Қазақстан өнері мен әдебиетінің онкүндігін негізгі ұйымдастырушылардың бірі болды. Онкүндік кезінде республикамыздың өзге де мәдениет қайраткерлерімен бірге Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Жүргенов — ұлттық мәдениет пен өнер саласы мамандарын даярлауға көп көңіл бөліп, қазақ жастарының КСРО-ның орт. қалаларындағы оқу орындарында білім алуына көмек көрсетіп отырды. М.Әуезов, Ж.Шанин, Ә.Қастеев, т.б. қайраткерлердің шығармашылық жұмыспен айналысуына жағдай жасады. Жүргенов Қазақстанда алғашқы музыка театрын (қазіргі Қазақ опера және балет театры) ұйымдастыруға үлкен үлес қосты. Қазақ әндері туралы А.В. Затаевичке көптеген мәліметтер берді. 1937 ж. КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. Осы жылы 3 тамызда “халық жауы” деген жалған айыппен ұсталып, РКФСР Қылмыстық кодексінің 58-бабының 10-, 11-тармақтары бойынша ату жазасына кесілді. КСРО Жоғарғы сотының әскери коллегиясының 1957 ж. 18 сәуірдегі шешімімен кінәсіз жазаланғаны анықталып, ақталған. 1993 ж. Алматыдағы Қазақ ұлттық өнер академиясына Жүргенов есімі берілді. Алматы, Қызылорда қ-ларында, Ақтөбе обл. Ырғыз ауд. мен Қызылорда обл. Жалағаш ауд-нда Ж. есімімен аталатын мектептер мен көшелер бар. 1998 ж. Жүргеновтің 100 жылдығы республика көлемінде аталып өтті. Туған жері Жалағаш кентінде ескерткіш орнатылды. Мезопротерозой. Мезопротерозой заманы - 1600-1000 миллион жыл бұрын арасында болған геологиялық заман. Бұл заманның басты оқиғалары: Родиния астам құрлығының қалыптасуы, Колумбия астам құрлығының ыдырауы және жынысты өрбу эволюциясының дамуы. Палеопротерозой. Палеопротерозой заманы - Протерозой эоны 3 бөлігінің (заманының) 2500-1600 миллион жыл бұрын болған алғашқысы. Бұл кезде құрлықтар тұнғыш рет орнықты болған. Орта жүз. Орта жуз — орталық және солтүстік шығыс Қазақстанды мекендеген қазақ тайпаларының одағы болған. Дербес компьютер. Дербес компьютер (қысқаша ДК) — компьютердің қазіргі уақытта ең кең тараған түрі болып табылады. Дербес компьютер бір мезгілде бір адамның пайдалануына арналған. Дербес компьютерлердің негізгі екі санаты бар: стационарлық және тасымалы компьютерлер. Стационарлық компьютерлер үстел басында отырып жұмыс істеуге арналған. Тасымалы компьютерлерге қолкомпьютерлер, қалта компьютерлері және планшетті ДК жатады. Үстел компьютерлері. Үстел компьютерлерін әдетте үстел үстіне орналастырады, олардың атауы да осыдан. Әдетте бұлар барлық ДК ішіндегі ең үлкен компьютерлер. Үстел компьютерінің әр құраласы әдетте ауыстыруға болатын жеке модуль түрінде жасалады. Әдетте үстел компьютеріне қосымша перифериялық құрылғыларды жалғауға болады. Лаптоптар. Бұл салмағы небары бірнеше килограмм болатын шағын тасымалы компьютерлер. Қазіргі заманғы тасымалы компьютерлердің көлемі шағын болуына байланысты көбінесе ноутбуктар («ДК-блокноттар») деп аталады. Ноутбуктың қалыңдығы әдетте 10 см-ден аспайды. Тасымалы компьютерлер мен ноутбук шығаратын ең әйгілі компаниялар IBM, Apple, Compaq, Dell, Toshiba және Hewlett-Packard болып табылады. Тасымалы ДК-лер сұйық кристалды бейнебетпен жабдықталады және батареялармен жұмыс істей алады, бұл пайдаланушы үшін шапшаңдықты қамтамасыз етеді. Мұндай компьютерде жабдықтың барлық негізгі құраластары бір модульге біріктірілген. Тасымалы ДК құрылымына алмалы дискілерге арналған дискіенгізгі, ықшам дискілерге арналған дискіенгізгі, DVD-дискілерге арналған дискіенгізгі кіруі мүмкін; бұл дискіенгізгілер компьютердің салмағы мейлінше аз болу үшін сондай-ақ перифериялық құрылғылар ретінде жалғануы мүмкін. Қалта компьютерлері. Бұл қалтаға немесе сөмкеге сыйып кететін шағын тасымалы компьютерлер. Мұндай компьютерлердің қуаты әдетте үстелдік немесе тасымалы компьютерлерге қарағанда азырақ болады, бірақ олар белгілі бір тапсырмаларды орындау үшін өте ыңғайлы. Қалта компьютерлері, мысалы күнтізбені немесе мекен-жайлық кітапты қолдануды қажет ететін күнделікті жұмыста пайдалы. Олардың көмегімен ескерімдер мен ағымдағы істер тізімдерін жасауға, алдағы басқосуларды жоспарлауға болады. Қалта компьютерлерін электрондық пошта және күнтізбе бағдарламаларымен қадамдастыруға болады. Олармен жұмыс істеу үшін әдетте электрондық қаламұш пайдаланылады.Ха-Ха Планшетті компьютерлер. Бұл тасымалы компьютердің бір түрі болып табылады. Пайдаланушы арнайы қаламұштың көмегімен осындай компьютердің бейнебетінде ескерімдер жазып, сурет сала алады. Енгізілген деректерді өңдеуге және одан кейін электрондық пошта арқылы басқа пайдаланушыларға жіберуге болады. Микропроцессор. Микропроцессор — жүйелік тақтаның ең маңызды құраласы, ол деректерді тікелей өңдейді, атап айтқанда, бөлектелген деректермен арифметикалық және логикалық амалдарды орындайды. Микропроцессор бір мезгілде қатарынан 8, 16 немесе 32 биттік деректерді өңдей алады. 8 биттік процессор бір мезгілде небары бір бит дерекпен ғана жұмыс істей алады. 16 биттік процессор бір мезгілде 2 байт, ал 32 биттік процессор — 4 байт өңдейді. Жалпы алғанда 16 биттік компьютер 8 биттік жүйеден жылдамдырақ жұмыс істейді, ал 32 биттік компьютер 8 және 16 биттік үлгілерден жылдамырақ. Микропроцессор, жады және периферия құрылғылардың арасында дерек беру үрдісі шина арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі заманғы процессорлардың көпшілігінде 32 биттік шина қолданылады, яғни бір мезетте 32 биттік дерек беруге болады. 64 биттік шиналы компьютер де болады, бірақ олар әлі кең тарай қойған жоқ. Құрсым. Құрсым — жабдықтың микропроцессор, ЖЖҚ және перифериялық құрылғылардың арасында дерек беруді жүзеге асыратын құраласы. Электронды пошта. Электронды пошта () – технология және оның қайта сілтеу бойынша ұсынылған қызметтері және компьютерлік желінің үлестірілуі бойынша алынған электрондық хабарламалар (соның ішінде ғаламдық). Хабарлама жіберудің басқа жүйелерден айырмашылығы (мысалы, әбсәтте келетін хабарламалар қызметі) болып, кейінге қалдырылған жеткізулер мүмкіндігі және дамыған жүйемен тәуелсіз пошталық сервер арасындағы қарым-қатынастар табылады. Атаулар. Егер Еуропада, Америкада және басқа аймақтарда «e-mail» жазылуы іс жүзінде бірнұсқалы болса, ал орыс тілінде недәуір нұсқалық қатысады. email кирилликалық мәтіндерінде неғұрлым жиі қолданылады, яғни латынша жазылуы транслитерациясыз (басқа формдардың визуалды түйсіктері жаманырақ). Бірақ басқа жазуларды да кездестіруге болады. Сөздікте дұрыс жазылуы әлі бекітілген жоқ. Грамота.ру анықтамалық бюросында Е.Ваулина «мой компьютер» сөздігінде е-майл және е-мэйл деп жазылу ұсынылған, бірақ мұндай жазылу әдеби нормаға сәйкес келмейді делінген, сонымен қатар, басқа жауапта - e-mail жазылуы ұсынылған. Тарихы. Электронды поштаның пайда болуын 1965ж жатқызуа болады. Осы жылы Массачусетк – технологиялық институтының (MIT) қызметкерлері Ноэль Моррис және То Ван Влек, CTSS (Compatible time-sharing system) операциялық жүйесіне арналған MAIL бағдарламасын жазды. Ал бұл бағдарлама IBM 7090/7094 компьютерінде орнатылды. Mail бағдарламасының мәтіндік интерфейсі. Электронды поштаның жалпы дамуы көпқолданушылық жүйелердегі қолданушылардың локальді ара-қатынысының дамуы арқылы жүрді. Қолданушылар mail бағдарламасын қолдану арқылы бір мейнфрейм (үлкен компьютер) шегінде бір-біріне хабарлама жібере алады. Келесі қадам басқа машинадағы қолданушыға хабарлама жіберу мүкіндігі болды – ол үшін машина атының көрсеткіші және машинадағы қолданушы аты қолданылады. Мекен-жай(адрес) foo!joe түрінде жазылады. Электронды поштаның үшінші қадамы үшінші компьютер арқылы хаттарды жіберудің құрылуы кезінде шықты. UUCP-адрес қолданған жағдайда қолданушы бірнеше аралықтағы машиналардан кейінгі қолданушыға дейін өзіне бағдар қосады (мысалы, gate1! Gate2! Foo!joe - арналған хат, gate1! Gate2! машиналары арқылы foo машинасына). Мұндай адресаттың кемшілігі болып, қолданушыға машина адресатының нақ жолын білуі керектігі табылады. DNS атты үлестірмелі ғаламдық жүйені пайда болуынан кейін, адресті көрсету үшін - user£example.com домендік аттары қолданыла бастады (example.com машинасындағы user қолданушысы). Мұнымен қатар бір мезгілде «машинада» ұғымының қайта қарастырылуы болды: пошта үшін бөлініп шығарылған серверлер қолданыла бастады, оған қарапайым қолданушылардың мүмкіндігі болған жоқ (тек әкішілік), ал қолданушылар өздерінің машиналарында жұмыс жасайтын, мұнымен бірге пошта қолданушылардың жұмыс машиналарына емес, пошталық серверге келетін. Сол жақтан қолданушы әртүрлі желілік хаттамалар арқылы өздерінің пошталарын алатын (қазіргі уақытта үлестірімдердің арасында POP3, Imap, Mapi, веб-интерфейстер). DNS-ң пайда болуымен қатар бір мезгілдері поштаны жеткізіп тастау бағдарламаларының резервті жүйесі ойлап табылды, ал пошталық адрестегі домендік ат нақты компьютер аты болудан қалды және пошталық адрестің қарапайым фрагменті болып саналады. Доменнің қызмет көрсетуіне көптеген серверлер жауап бере алады ал бір доменнің қолданушыларының арасында ортақ ештене болмауы қажет. Сонымен қатар, басқа да электронды пошта жүйелері бар: Netmail - Фидонет желісінде, X.400-X.25 желісінде. Оларға интернеттен және пошталық шлюз арқылы қайта жүзеге асырылуы мүмкіндігі беріледі. Поштаның маршрутизациясы үшін X.25 желісіндегі DNS-де арнайы ресурсты жазу қарастырылған. Пошта қайта сілтеулерінің қарапайым жағдайлары. SMTP(ағылш. Simple mail transfer protocol - поштаны жіберудің қарапайым хаттамасы) дүниежүзіндегі жалпы қабылданған электронды поштаның алмасу хаттамасы болып табылады. Жалпы қабылданған реализацияда ол пошта қайта сілтеулерінің ережелерін анықтау үшін DNS -ті қолданады. Әртүрлі домендерде өздерінің, бір-бірлерінен тәуелсіз, пошталық жүйелері икемденген. Пошта қайта сілтеу бағдарламаларының қолдануымен түйіншектер арасында жіберіледі(ағылш. Mail Transfer Agent;мысалы, sendmail, exim4, pastfix, Microsoft Exchange Server, Lotus Domino т.б.). Бір-бірлерімен ара-қатынас кезінде жүйелердің тәртібі қатал түрде стандартизацияланған, ол үшін SMTP хаттамасы қолданылады. Пошталық жүйе және қолданушылардың қарым-қатынасы жалпы жағдайда, ешқалай тәртіптелмейді және озбырлы болуы мүмкін, бірақ қалай ашық болса, солай жабық хаттамалар болады. Пошталық жүйеде жұмыс жасайтын және қолданушыларға қызмет көрсететін бағдарлама, MDA деп аталады (ағылш. mail delivery agent, поштаны жеткізу агенті). Басқа пошталы жүйелерде MDA және MTA бір бағдарламаға бірігуі мүмкін, басқа жүйелерде әртүрлі бағдарлама ретінде таратылып берілуі мүмкін. Қолданушы оның көмегімен қатынауды жүзеге асыратын бағдарлама, MUA(ағылш. mail user agent) деп аталады. Кей жағдайда, мыс, веб-интерфейсте болмауы мүмкін. Пошта маршрутизациясы. Пошталық сервер, поштаны алған соң (локальді негізден немесе басқа серверден) поштаны өңдеу үшін спецификалық ережелер барма екенін тексереді, егер спецификалық ережелер болмаған жағдайда, серверге пошталық домен локальді болып келеме екені тексеріледі. Егер келсе, онда хат өңдеуге кіріседі. Егер хат домені локальді болмаса, онда пошта маршрутизациясының процедурасы қолданылады. Маршрутизация кезінде алушының адресінің тек доменді бөлімі ғана қолданылады. (яғни @ символынан кейін тұрған бөлім). Алушы домені үшін бүкіл МХ-жазулар ізделінеді. Олар приоритеттің кемуі ретінде сұрыпталады. Егер пошта серверінің адресі МХ-жазуларда көрсетілген түйіршектердің біреуімен сәйкес келсе, онда МХ-жазудағы түйіршік приоритеттеріндегі кіші приоритетті барлық жазулар алынып тасталынады, ал жеткізілуі бірінше жауап беру түйіршегінде жүзеге асырылады. Егер МХ-жазу домен үшін табылмаса, онда кейбір серверлер поштаны А-жазу арқылы жеткізуге тырысуы мүмкін. Егер де домен туралы жазу болмаса, онда отлуп(жеткізудің мүмкінсіздігі жөнінде хабарлама) қалыптасады. Бұл хабарлама жіберушінің бос өрісімен қалыптасады. «кімге» өрісінде бастапқы хаттың жіберушісі көрсетіледі. Бос «кімге» өрісі пошталық серверді үзіліссіз келетін қате туралы хабарламадан қорғайды – егер сервер бос қайта адреспен хатты жеткізе алмайтынын анықтаса, онда ол оны жояды. Егер желіде әртүрлі DNS -серверлер болса, (мысалы, сыртқы-интернетте және локальді өз шекарасында), онда келесі жағдай болады, «ішкі» DNS -серверлер приоритетті алушы ретінде мүмкіндіксіз Интернет серверге көрсетеді және поштаны релеядан қайта бағыттайды(Интернет үшін түйіршік – алушы ретінде көрсетіледі). Осындай бөлімдер серверлер арасында жалпы ережелер бойынша пошта маршрутизациясын жүзеге асыруа мүмкіндік береді(интерентке шығуға). Серверлерге қатынау хаттамасы. Пошта соңғы серверге түскеннен кейін, ол қабылданан поштаның уақытша немесе тұрақты сақталуын жүзеге асырады. Поштамен жұмыс істеудің 2әртүрлі модельдері болады: пошталық жәшік концепциясы және пошта сақталатын орын. Пошталық жәшік концепциясында пошта серверде шектелген көлемде уақытша сақталады, ал қолданушы бұл мезгілде жәшікке (ықылас танытып) көңіл аударып, хаттарды «алады» (яғни пошталық клиент хаттардың көшірмесін өзіне жүктейді және пошталық жәшіктегі хаттың түпнұсқасын жояды). Бұл концепцияның негізінде POP3 хаттамасы әрекет етеді. Тұрақты сақтау концепциясы, пошталық жәшікпен байланысқан бүкіл корреспонденция (хат хабар) серверде сақталынады, ал қолданушы хат хабарды қарау және жаңа хаттардың жазылуы үшін сақтау орнына көңіл аударады. Бұл көзқараста IMAP хаттамасы әрекет етеді және веб-интерфейстердің тегін пошталық қызмет көрсетулердің көбісі. Пошталық жазысудың ұқсас сақталуы пошталық серверден бірқатар үлкен қуатты талап етеді. Нәтижесінде, көп жағдайда поштаны қайта жіберетін пошталық серверлер мен хаттарды сақтау серверлерінің арасында бөлулер болады. Анықталған шарттарда хаттарды сақтау сервері клиентке келетін тәртіпке келтірілуі мүмкін: мұндай сервер POP3 хаттамасы бойынша пошталық серверге көңіл аударады және поштаны өзіне алады. Осыған ұқсас шешімдер әдетте кіші ұйымдарда қолданылады, оларда пошталық серверлерді толық жандандыру үшін инфроқұрылымы жоқ; Мұндай жағдайда поштаны сақтау және POP3 бойынша поштаны қабылдау қызметтерін ұсынатын провайдердің пошталық сервері үшін локальді сервер қолданылады. (мысалы, fetchmail көмегімен). Ұқсас шешімдердің негізгі кемшілігі болып, жеткізілудегі кідіріс табылады – мысалы, Windows SBB құрамына Exchange 2003-дан POP3 connector интерфейс арқылы 15мин кем интервалға конфигурациялауды қоюға рұқсат етпейді. Жаңалықтар тобы — желі арқылы талқылау форумы, онда пайдаланушы өзінің хабарламаларын орналастырады және басқа қатысушылардың хабарламаларын қарап шығады. Е-пошта жіберу үшін алдымен осы қызметке тіркелу керек. Е-поштасы қолдануға оңай әрі көп жағдайда тегін. Е-пошта мекенжайы "пайдаланушы_атауыңыз@провайдер_мекенжайы.егелік" (мыс.: "example@mysite.com") пішімінде болады. Ақпараттық технология. Ақпараттық технология (немесе көпшілікке IT атымен танымал ұғым) – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны. Жаңалықтар тобы. Жаңалықтар тобы — желі арқылы талқылау форумы, онда пайдаланушы өзінің хабарламаларын орналастырады және басқа қатысушылардың хабарламаларын қарап шыға алады. Дыбыстауыш тақта. Дыбыстауыш тақта – бұл жүйелік блоктағы құрылғы, оның көмегімен компьютер дыбысты қабылдайды, өңдейді және жаңғыртады. Жүйелік блок. Жүйелік блок – енгізуді шығаруға айналдыру үшін қажет болатын өңдеуші құралдар орналасатын компьютердің негізгі бөлігі. Осы өңдеуші құрылғыларға жүйелік тақта, ішкі дискіенгізгілер және әр түрлі жүйелік жабдық, соның ішінде бейне тақта мен дыбыстауыш тақталар кіреді. Үндеткіш. Cut-away view of a dynamic loudspeaker Үндеткіш – сазды шығармаларды, сондай-ақ сөйлеген сөздерді және компьютердің бағдарламалары шығаратын дыбыстық пәрмендерді тыңдауға болатын құрылғы. Үндеткіштер жүйенің ішіне кіріктірілген немесе сыртынан қосылатын болуы мүмкін. Үндеткіштердің көмегімен сазды шығармаларды, сондай-ақ сөйлеген сөздерді және компьютердің бағдарламалары шығаратын дыбыстық пәрмендерді тыңдауға болады. Айталық, сіз көру қабілеті нашар зардап шегетін адамдар тобы үшін мультимедиа пішімінде сабақ жүргізбексіз. Осындай адамдар ақпаратты жақсырақ қабылдай алуы үшін сабақты дыбыстық құраластың көмегімен жүргізуге болады. Әдеттегі бейнебеттік кескіндермен шектелмей, дыбысты пайдалануға да болады, бұл адамдардың материалды неғұрлым жақсы меңгеруіне көмектеседі. Жүйелік тақта. Жүйелік тақта – жүйелік блоктың ішіндегі үлкен тақта, онда бірқатар кішкенек электрондық сұлбалар мен басқа да құраластар орналасқан. Ол компьютердің бірнеше аса маңызды құраласын қамтиды. Микрофон. Микрофон – бұл дыбыс жазуға арналған құрылғы. Микрофондар дыбыстық толқындарды дыбыстық сигналдарға айналдырады. Монитор. Монитор – компьютерде ақпарат көрсету үшін пайдаланылатын құрылғы. Монитор теледидар бейнебетіне ұқсайды, бірақ оның ажыратылымдығы әлдеқайда жоғары және соған орай көрсету сапасы да жақсырақ. Бұл мәтін мен сызбаларды көрсетеді. Әдетте, оның дербес қорек батырмасы бар, ол қосу және ажырату үшін қолданылады. Арқау. Many different consumer electronic devices can store data. Edison cylinder phonograph ca. 1899. The Phonograph cylinder is a storage medium. The phonograph may or may not be considered a storage device. Арқау — дерек сақтауға жарайтын кез келген тұрғылықты немесе алмалы құрылғы. Мысалы, тұрғылық дискілер, алмалы дискілер, магнитті таспалар, ықшам дискілер. Белгіше. Белгіше () - бейнебетте көрінетін және пайдаланушы қандай да бір әрекеттерді жасай алатын нысанды көрсететін кішкене сурет. Белгішелер әмірлерді еске сақтамастан немесе оларды пернетақтадан терместен компьютердің белгілі бір әрекеттерін басқаруға мүмкіндік береді. Оларды компьютерде сақталған файлдар мен бағдарламаларға есік ашатын порталдар ретінде қарастыруға болады. Белгішелер бағдарламаларды, файлдарды, қалталарды, дискілерді, веб-беттер мен басып шығарғыштарды ашуға мүмкіндік береді. Белгішелер тиісті файлдар мен құрылғылардың белгішелері болып табылады, сондықтан оларды үстеу немесе жою бағдарламалар мен файлдардың өздеріне ешқандай әсер етпейді Белсенді элементтер. Белсенді элементтер (Active elements) - көрсетілетін деректері жаңартылып отыратын ақпарат, мысалы, биржалық мәліметтер, ауа райы кестесі немесе жаңалықтар. Белсенді элеметтер әдетте Интернет арқылы жаңартылып отырады. Вирусқа қарсы бағдарламалық жасақтама. Вирусқа қарсы бағдарламалық жасақтама (Antivirus software) - вирусқарсы бағдарламалар электрондық поштада және компьютердегі басқа файлдарда вирустар, «құрттар», «трояндық аттар» бар-жоғын тексереді. Вирус, «құрт» немесе «трояндық ат» табылған жағдайда, вирусқарсы бағдарлама вирус компьютерге және файлдарға зиянын тигізбей тұрғанда, оны карантинге қояды немесе түгелдей жояды. Интернетте қызықты жерлер мен пайдалы дерек көп, алайда қауіп-қатері де жетерлік. Компьютер электрондық пошта арқылы немесе веб-тораптан қотарылған бағдарламамен бірге келген компьютерлік вирустан зақымдалуы мүмкін. Вирусқарсы бағдарламалардың болмауы вирустардың басқа компьютерлерге таралуына мүмкіндік жасайды. Көптеген вирусқарсы бағдарламалар өздіктік түрде жаңартылу жетесімен жабдықталған. Вирусқарсы бағдарламалық жасақтама жаңартылған кезде жаңа вирустар туралы мәлімет вирустарды тексеру тізіміне үстеледі де, бұл компьютердің жаңа шабуылдан қорғалуын қамтамасыз етеді. Егер вирусқарсы бағдарлама өздіктік түрде жаңартылмайтын болса, жаңа вирустар күн сайын пайда болып отыратындықтан, жаңартуды үнемі қолдан жасап отыруға кеңес беріледі. Егер Сіз қолданатын вирусқарсы бағдарлама жазылуды қажет етсе, жаңартуларды жүйелі түрде алып тұру үшін жазылымды белсенді күйде үзбей сақтауға кеңес беріледі. Егер вирустар тізімі ескірген болса, компьютер жаңа қатерге осал болады. Егер компьютерде вирусқарсы бағдарламалық жасақтама орнатылған-орнатылмағаны анық белгілі болмаса, төмендегі қадамдарды жасау арқылы мұны анықтап алуға болады. Көптеген ірі компьютер өндірушілер компьютерлерді вирусқарсы бағдарламалық жасақтаманың ең болмағанда сынақтама нұсқасымен жабдықтайды. Алайда, вирусқарсы бағдарламалық жасақтаманың компьютерде болуы оны белсенді екеніне және жүйелі түрде жаңартылып отыратынына кепіл болмайды. Желі. Желі (Network) - компьютерлер мен басқа да құрылғылар, мысалы, басып шығарғыштар мен мәтіналғылар тобы, олар барлық құрылғылардың бір бірімен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін байланыс желілері арқылы қосылған. Желілер шағын немесе үлкен, тұрақты (кабельдердің көмегімен) немесе уақытша (телефон желілері немесе сымсыз арналар арқылы) жалғанған болуы мүмкін. Ең үлкен желі — әлемдік желілер тобы болып табылатын Интернет. Желіаралық қалқан. Желіаралық қалқан (- "отжар") - әдетте ішкі желіге немесе Интранетке сырттан рұқсатсыз қатынауға кедергі жасау үшін қауіпсіздік жүйесін қамтамасыз ететін, аппараттық жабдық пен бағдарламалық жасақтаманың қосындысы. Желіаралық қалқан желіден тысқары аралық сервер арқылы байланыс жолын жоспарлау арқылы желі мен сыртқы компьютерлер арасындағы тура байланысты болдырмайды. Аралық сервер файлы желі арқылы жіберу қауіпсіз болатын-болмайтынын айқындайды. Желіаралық қалқан сондай-ақ қауіпсіз жиекті шлюз деп те аталады. Интражелі. Интражелі (Интранет) (Intranet) - Интернет технологиялары мен тілқатысу тәсілдерін пайдаланатын, бірақ тек компанияның қызметкерлері сияқты белгілі бір адамдар ғана пайдалана алатын, ұйым ішілік желі. Интранет сондай-ақ жеке желі деп те аталады. URL. URL (Uniform Resource Locator) - Интернеттегі қор көзін бірегей түрде айқындайтын мекенжай. Веб-торапқа арналған URL мекенжайы http:// префиксінен басталады, мысалы, http://www.example.org. Пернетақта. a> әрпі әдетте орыс жаймасына көшіп теріледі) Пернетақта – компьютерге енгізілетін мәтінді теруге арналған жабдық. Компьютердің пернетақтасы жазу машинкасының пернетақтасына ұқсас, бірақ оның қосымша пернелері бар. Ең көп тарағаны – 104 пернесі бар пернетақталар. "Қызметтік пернелер" – бұл белгілі бір тапсырмалар орындауға арналған арнайы пернелер. Олар былайша белгіленеді: F1, F2, F3 және F12 пернесіне дейін. Бұл пернелердің мақсаты бағдарламаға байланысты болады. Мысалы, F5 пернесі әдетте бейнебетте көрсетілетін деректерді жаңарту қызметін атқарады. Мәтіналғы. Мәтіналғы – суреттің немесе фотосуреттің компьютерде сақтауға болатын дәл электрондық көшірмесін жасау үшін қолданылатын құрылғы. Лаптоп. Лаптоп — салмағы бірнеше килограмм болатын шағын тасымалы компьютер. Қазіргі заманғы тасымалы компьютерлерді көбінесе ноутбук деп атайды. Сұйық кристалды бейнебет. Сұйық кристалды бейнебет (СК-бейнебет) — тасымалы компьютерлерде, сондай-ақ сандық сағаттарда пайдаланылатын бейнебет түрі. Қалта компьютері. Қалта компьютері — қалтаға сиятын шағын тасымалы компьютер. Әдетте олар үстелдік немесе тасымалы компьютерлер сияқты онша қуатты емес. Үстелдік компьютер. Үстелдік компьютер — әдетте үстел үстіне қойылатын компьютер. Дискіенгізгі. Дискіенгізгі — белгілі тұрпаттағы дискінің құрамын оқу мен жазу үшін пайдаланылатын жадтау құрылғысы. ТЖҚ. Тұрақты Жадтау Құрылғысы (Read-Only Memory, ROM) — компьютерді жегу үшін қажетті нұсқауларды орналастыру үшін пайдаланылатын сақтау аймағы. Компьютерді жасап шығару кезінде оған орнатылған бағдарламалық нұсқаулары мен деректері бар жады. ТЖҚ-дағы нұсқауларды тек оқуға болады, өзгертуге болмайды. CD-ROM. CD-ROM не Ықшам дискілерге арналған дискіенгізгі — бұл сыртқы жадтау құрылғысы, ол CD-ROM ықшам дискілерін оқуға арналған. Ықшам дискілердің көпшілігінің сыйымдылығы шамамен 650-700 МБ болады, сондықтан үлкен бағдарламалар әдетте оларды орнатуға арналған ықшам дискілермен бірге сатылады. CD-ROM ықшам дискісінің артықшылығы, онда сақтаулы тұрған деректерді зақымдау едәуір қиын: оның ішіндегісін өзгерту мүмкін емес. Нүкте (ақпараттану). This example shows an image with a portion greatly enlarged, in which the individual pixels are rendered as little squares and can easily be seen. Нүкте (Pixel - PICture'S ELement) - Бағдарламалық жасақтама, бейнебет немесе басып шығарғыш әріптерді, сандар мен суреттерді жасау үшін пайдалана алатын ең кіші элемент. Компьютер бейнебетте немесе басып шығарғыш қағазда жасап шығаратын кескінді құрайтын мыңдаған нүктелердің қарапайым бөлігі болып табылатын төрт бұрышты тордың болжалды сызықтары қиылысқан жердегі аумақ. Қойынды. Қойынды () — тілқатысу терезесінің бір бөлігі, жазу кітапшасындағы бетбелгіге ұқсайды және тілқатысу терезесінің әр түрлі параметрлер жиындарының арасында жылжуды қамтамасыз етеді. Құрылғы. Құрылғы (Device) - жергілікті желіге немесе компьютерге жалғауға болатын кез келген жабдық, мысалы, компьютер, басып шығарғыш, тәрте, бейімдеуіш, модем немесе басқа перифериялық құрылғы. Құрылғылар Windows жүйесімен жұмыс істеуі үшін әдетте драйвер қажет болады. Драйвер. Драйвер (driver) - модем, желілік бейімдеуіш немесе басып шығарғыш сияқты нақты құрылғының амалдық жүйемен өзара әрекеттесуге мүмкіндік беретін бағдарлама. Тіпті құрылғы жүйеде орнатылған болса да, тиісті драйвер орнатылып, бапталғанша Windows жүйесі құрылғыны танымауы мүмкін. Орнатылған және бапталған құрылғы драйверлері компьютердің жұмысын бастау барысында өздіктік түрде іске қосылады да, пайдаланушы үшін байқаусыз жегіледі. Әдетте драйверлерді жабдықты өндірушінің веб-торабынан қотарып алуға болады. Қатарлас порт. a> parallel printer port, as on IBM-PC style, and a few other types of computers. Micro ribbon 36 pin female, such as on printers and on some (particularly industrial and early- and pre-1980s personal) computers. Қатарлас порт (Parallel port) - қатарлас тілдесуі бар құрылғыларды жалғауға арналған кіріс-шығыс ағытпасы. Ертеде басып шығарғыштың көпшілігі қатарлас портқа жалғанды. Тізбекті порт. Тізбекті порт (Serial port) - бұл ағытпа әдетте компьютердің артқы тақтасында орналасады. Ертеде көбінесе тінтуірді жалғау үшін пайдаланылды. Жылдамдығы жоғары қосылым. Жылдамдығы жоғары қосылым (Broadband Internet access) - Интернетке жоғары жылдамдықпен қосылу, мысалы, DSL арқылы немесе кәбілдік модемнің көмегімен қосылу. Қашықтан қатынасу қосылымы. Қашықтан қатынасу қосылымы (Remote access connection) -телефон желісін пайдаланатын құрылғының көмегімен жергілікті желіге қосылу. Тілқатысу терезесі. Тілқатысу терезесі (Dialog window, Dialog box) -бағдарлама көрсетіп тұратын, белгілі бір әмірлерді немесе тапсырмаларды орындауға арналған батырмалар мен басқа да элементтер орналасқан арнайы терезе. Тінтуір төсемі. Mousetray screenshot from Engelbart's video Тінтуір төсемі (Mouse pad) - тінтуірдің астына төселетін төсем, әдетте бұл – матамен қапталған төрт бұрышты резеңке (үстелдің ағаш немесе шыны бетіне қарағанда тінтуір табанының жақсырақ ұстасуын қамтамасыз етеді). Сәрсекбай, Бақыт. Бақыт Сәрсекбай (1981 ж., Солт. Қазақстан қарашаның 29 туған) - 69 килограмм салмақтағы бокстан 29-шы жазғы олимпиялық ойындардың чемпионы. 2004 жылғы Олимпиада ойындарынан кейiн Өзбекстаннан атақонысына көшiп келген Бақыт Қазақстанда 69 килограмм салмақта өзiне тең келер боксшы жоқ екенiн дәлелдеп бердi. Бақыт Сәрсекбай Қазақстанға келмес бұрын Өзбекстанның 69 килограмм салмақтағы нөмiрi бiрiншi боксшысы болған. Бiрақ, өзбек ағайындарымыздың дәл Афины Олимпиадасы қарсаңында қазақ Бақыт Сәрсекбайдан гөрi өзбек Дильшод Махмудовқа көбiрек бүйректерi бұрып кеткенi жөнiнде баспасөз беттерiнде жазылды да. Бақыт Олимпиада ойындарын өте жоғары деңгейде өткiздi. Алғашқы жекпе-жекте Канада боксшысын тас-талқан етiп ұтқан Бақытқа молдовалық боксшы да қарсы келе алмады. Ширек финалда Бақыт Сәрсекбай өзiнiң ежелгi қарсыласы Дильшод Махмудовты жеңдi. Жартылай финалда кездескен кәрiс боксшысы да Бақыттың мықтылығын мойындады. Ақтық айқаста бүкiл Куба халқының үмiт артқан боксшысы Карлос Сураестi ойнап жүрiп ұтты. Бақыттың бұған дейiн де талай жарыста бағы жанғанын жанкүйерлер жақсы бiледi. Азия құрлығында екi дүркiн чемпион атанған Бақыт былтыр Чикагода өткен әлем бiрiншiлiгiнде бесiншi орынға табан тiреген-дi. 2006 жылы Дохада жалауы көтерiлген Азия ойындарында боксшыларымыздың жеңiп алғаны жалғыз алтын медаль болса, сол жалғыз алтынның иесi де осы Бақыт Сәрсекбай болды. Пернетақта жаймасы. Пернетақта жаймасы (Keyboard layout) — түрлі әліпбилердің белгілер мен таңбаларының пернетақта пернелеріне сәйкес келуі. Бейнебетте пайда болатын белгінің қандай болуы тек басылған пернеге ғана емес, сонымен қатар қолданыстағы пернетақта жаймасына да байланысты. * Сүйреп апарып тастау. Drag image and drop onto browser in Windows Сүйреп апарып тастау (Drag and drop) — тінтуірдің көмегімен бейнебеттегі элементтерді сүйреп апару жолымен әрекеттер жасау. Мысалы, құжатты жою үшін оны себеттің белгішесіне сүйреп апарып, тінтуір батырмасын босатса жеткілікті. Құжатты себеттің белгішесінің үстіне қойыңыз, белгіше бөлектелгенше күтіңіз, содан соң тінтуір батырмасын босатыңыз. Компьютерлік жабдықтама. Компьютерлік жабдықтама - бұл санатқа компьютерге жалғанған және оның процессоры арқылы басқарылатын барлық құрылғылар жатады. Құрылғыларды компьютерге түрлі тәсілмен жалғауға болады. Кейбір құрылғылар, мысалы, желілік бейімдеуіштер мен дыбыстауыш тақталар компьютердің ішіндегі кеңейтім ұяларына жалғанады. Басқа құрылғылар, мысалы, басып шығарғыштар мен мәтіналғылар компьютердің сыртқы порттарына жалғанады. Құрылғы Windows жүйесінде дұрыс жұмыс істеу үшін компьютерде құрылғы драйвері деп аталатын бағдарламалық жасақтама орнатылуға тиіс. Әр құрылғының жұмысы әдетте құрылғы өндіруші жеткізетін бір немесе бірнеше драйвер арқылы қамтамасыз етіледі. Кейбір драйверлер Windows жинағына кіреді. Бұл – Windows жүйесі құрылғылардың қажетті драйверлерін өздіктік түрде анықтап, орнатады деген сөз. Егер құрылғы өздіктік түрде орнатылмаса, жаңа жабдық орнату шебері іске қосылады да, құрылғының жеткізілім жинағына кіретін ықшам дискіні немесе алмалы дискіні дискіенгізгіге кірістіруді ұсынады. Егер драйверлерді таба алмасаңыз, құрылғы өндірушіге хабарласыңыз. Планшетті компьютер. Планшетті компьютер — тасымалы компьютердің бір түрі, пайдаланушы оның бейнебетінде арнайы қаламұштың көмегімен жазу жаза алады. Шығару құрылғысы. Шығару құрылғысы - компьютердегі деректерді мәтін, кескін, дыбыстық сигналдар және т.с.с. түрінде береді. Көрсеткі. Көрсеткі – тінтуірді жайпақ бетте қозғаған кезде бейнебетте онымен қадамдаса жылжитын меңзер. Алмалы дискі. Алмалы дискі (- иілгіш дискі) — бұл деректердің шағын көлемі сиятын тасымалы дискі. Диаметрі 3,5 дюймді алмалы дискінің сыйымдылығы әдетте 1,44 МБ құрайды. Алмалы дискінің бір кемшілігі, оны зақымдау оңай: бұл жылудың, шаң-тозаңның немесе электр магнитті толқындардың әсерінен болуы мүмкін. Мысалы, қарапайым қағаз бекіткіш магниттелсе, ол алмалы дискідегі барлық деректерді жоюы мүмкін. Сондықтан маңызды жазбаларды және басқа да елеулі деректерді бірнеше алмалы дискіде немесе басқа тұрпатты дискіде, айталық, ықшам дискіде сақтаған жөн. Алмалы дискілер сондай-ақ "дискеттер" деп те аталады. Ықшам дискі. Ықшам дискі - ақпарат сақтау үшін арналған және лазермен оқылатын ортасында тесігі бар дискі оптикалық арқау. Енгізу құрылғысы. Енгізу құрылғысы – компьютерге деректер мен нұсқаулар беру үшін қолданылатын құрылғы. Енгізу-шығару құрылғысы. Енгізу-шығару құрылғысы – енгізу құрылғысының қызметін және шығару құрылғысының қызметін қатар атқаратын құрылғы. Клиент (ақпараттану). Клиент (- тұтынғыш, тұтыншы) - сервер деп аталатын басқа компьютердегі ортақ желілік ресурстарды пайдаланатын компьютер. Саакашвили, Михаил. Михаил Саакашвили (- "Михеил Ник'олоз-дзе Саак'ашвили") (1967 ж., 21 желтоқсан), - тәуелсіз Гүржістанның (Грузияның) үшінші президенті. Әкесі Николоз Саакашвили дәрігер, әйелімен Михаилдың кішкентай кезінде ажырасқан. Михаил Саакашвили анасының және нағашы ағасы Тимур Аласанияның қолында өсті. 1984 жылы Тбилиси қаласындағы орта мектепті алтын медальмен бітірді. Кейін Киевтегі мемлекеттік халықаралық қарым-қатынастар институтын бітірді, Колумбия университетін және Страссбург университетін тамамдады. 1994 жылы Михаил Саакашвили құқық саласында магистр дәрежесін алды. Тоғай бей. Тоғай бей (?—1651 ж. маусым) — Қырым хандығының атақты қолбасшысы әрі саяси қайраткері. Тоғай бей Қырым хандығының төрт ірі және күшті тайпаларының бірінен - арғындар тайпасынан шыққан. Перекоп санжағының (аймағының) басшысы болып, "бей" атағын алды. Осындай деңгейге 1642 немесе 1644 жылында жетті (ІV Мұхаммет Герай ханның кезінде). Тоғай бейдің міндеті мемлекетінің оңтүстік тарабының қауіпсіздігін сақтау еді. Жеке жалауын және 3 мың жауынгерлерден құрастырған нөкерлері бар хандығындағы жалғыз бей еді. Тоғай бей 15 мың әскердің басшысы еді. Богдан Хмельницкийдің тамыры еді. 1648 жылының сәуір айында III Исләм Герай ханның бұйрығы бойынша қолын басқарып Хмельницкийдің жігіттеріне көмекке келді. Жовтые Воды шайқасы мен Корсунь шайқастарына қатысты. Изетбегович, Алия. Изетбегович, Алия (1925 ж., 8 тамыз - 2003 ж., 19 қазан) - тәуелсіз Босния - Герцеговинаның алғашқы президенті. 1980-ші жылдары "Ислам декларациясын" жазды. Ислам дінін зерттеп, жақсы білген, жазушы, ойшыл (философ) еді, пәлсапасы ислам дінінің негізінде еді. 1990 жылы Боснияның жетекшісі болып кетті. 1991 жылы қараша айында Боснияның егемен болғысы келетін жөнінде мәселе көтерген. 1992 жылының басында референдум өткізіп, Боснияның тәуелсіздігін жариялануы үшін еңбек еткен. Боснияда 1992 - 1995 жылдарында соғыс болған кезінде мемлекет басшысының міндетін атқарды.Боснияның бөлінбеуін (унитар мемлекеті ретінде болғанын) қолдады, бірақ 1995 жылының Дейтон келісімі бойынша Босния - Герцеговина мұсылман мен хорваттар құрастыратын федерация және серб республикасынан құрастыратын мемлекет болып кетті. Изетбегович үш ұлтты, үш діні бар елінің президенті болып кетті. 2003 жылы жүрек ауруынан қайтыс болды. Халықаралық Гаага трибуналы Изетбеговичті әскери қылмыскер ретінде сотқысы келгені туралы мәселе көтерген болатын, бірақ Изетбегович қайтыс болғандықтан оған қарсы ешқандай айып тағылмады. Изетбегович Сараево қаласындағы Ковачи зиратында жерленген. Караджич, Радован. Радован Караджич (сербше Радован Караџић; 1945 ж. 19 маусым) — Босниядағы сербтердің жеткешісі, серб саясаткері, 1990-шы жылдарында соғыс болған кезде Босниядағы сербтердің республикасының президенті еді, ақын, дәрігер - психиатр, Гаагадағы Халықаралық трибунал оған әскери қылмыскер деп айып тағайындалады. Радован Караджич 1945 жылы Черногорияның (Монтенегроның) Петница деген жерінде туған. Әкесі Вук Караджич серб ұлтшылдарының әскерінде қызмет етіп, Екінші дүниежүзілік соғысында фашисттермен және коммунисттермен соғысқан. 1960 жылы Караджичтың отбасы Боснияның бас қаласы - Сараевоға көшіп кетеді. Соңда Радован Караджич медицина саласынан жоғары оқуын бітіреді. Бірнеше жыл "Сараево" футбол клубының психиатры болып жұмыс істеген. 1980-шы жылдарынан бастап саясатпен айналысуға басталады, Боснияның парламенті - Скупщинаға депутат болып сайланады. 1990-жылдарының басында Боснияның Югославиядан шыққанына және тәуелсіз мемлекет болғанына қарсы шығады. 1991 жылының қараша айының 15-інде Караджич пен Изетбегович бір-бірімен Скупщинада бұл мәселе жөнінде таласады. 1992 жылы ақпанның аяғында Босния тәуелсіздігін жарияланғаннан кейін, Караджич жергілікті сербтердің басшысы болып, 1992 жылының сәуір айының 7-інде Сараевоның маңында орналасқан Пале деген қаласында өз-өзіні Боснияның үкіметінен тәуелсіз деп жарияланған Сербска Республиканың президенті болып кетеді. Югославияның қалған әскерінен Боснияның сербтердің қарулы күшін құрастырып, соғысқа қатысады. 1995 жылы Дейтон келісімінен кейін, Босния - Герцеговина тәуелсіз мұсылман-хорват федерациясы және Сербска Республикасынан бір одаққа бірігіп құрастырған мемлекет болып кетті. 1996 жылының шілденің 17-ісінде Караджич президент орнынан кетті. Радован Караджичты Боснияның мұсылмандарының қырып, әскери қылмыскер деп, соттау үшін 12 жылдай іздеген. Ақырында 2008 жылының шілде айында Белградтың маңында ұстап кетті. Сербияның үкіметі Караджичты халықаралық трибуналына беріп, Гаагаға жіберді. Младич, Радко. Радко Младич (1943 ж.) - Югославияның, кейін Босниядағы сербтерінің әскери қызметкері, генерал, Гаагадағы халықаралық трибуналы оған Босниядағы болған соғысында әскери қылмыстары жасады деп айып тағайындалады. Радко Младич 1943 жылы Босниядағы Божиновичи деген жерінде серб отбасында дүниеге келген. Сол кезде Боснияның жері неміс фашисттерінің көмегімен ұйымдастырылған Тәуелсіз хорват мемлекетінің құрамына кірген еді. Радко Младичтың дүниеге келуінің алдында оның ата-анасы сүзекпен ауырды, өзі Радко Младич та әлсіз ауру бала болып туды. Әкесі 1945 жылы хорват усташтарымен (ұлтшыл әскерлерімен) соғысып қаза тапты. 1991 жылында Хорватия өз тәуелсіздігін жарияланып, Югославиядан шыққанннан кейін сербтер мен хорваттар арасында соғыс басталды. Радко Младич бұл соғысқа қатысады. 1992 жылы Босния өз тәуелсіздігін жарияланып, Югославиядан шығады, Боснияның жері қанды шайқастарының майданына айналысады. Хорваттар, сербтер, боснияның мұсылмандары (бошняктар) бір-бірімен соғысып, бір-бірін қырған. 1992 жылы мамырдың 2-ісінде Радко Младич Белградта (Югославияның, кейін Сербияның астанасында) отыратын Милошевичтың үкіметінің бұйрығы бойынша Боснияның астанасы - Сараево қаласыны қоршап алады, қала тұрғындарын сусыз және электр шамсыз қалдырады. Сараевоның қоршап алуы үш жарым жылға созылды. Сараевоның 10 000 тұрғындары генерал Младич басқарған серб мергендерінің қолынан қаза тапты. 1995 жылының шілде айында Младич басқарған әскерлері Сребреница қаласын алды да, көп мұсылман тұрғындарын өлтірді. Бұл оқиға үшін Гаагадағы халықаралық трибуналы Младичты әскери қылмыскер деп айып тағайындалады. Генерал Радко Младич әлі ұсталмаған, оның іздеуі жүргізіледі. 2002 жылына дейін Младич тіпті жасырынбаған да - Сербияда еркін жүріп жиі футбол ойындарын көруге стадионға барған. 2002 жылынан бастап жасырынп, халықаралық трибуналдан қашып жатыр. Терминатор (астрономия). Терминаторы көрсетілген дүние картасы (сәуір айында) Терминатор —ғаламшардың күндізгі және түнгі жақтарының арасындағы шекараны көрсететін дерексіз сызық. Оны «сұр сызық» және «ымырт сызығы» деп те атауға болады. Жер ғаламшарында терминатор — Жердің өзінің диаметріне шамамен тең келетін шеңбер сызық. Полюстік аймақтарды санамағанда, терминатор жер бетіндегі әрбір нүкте арқылы күн шыққанда және күн батқанда күніне екі рет өтеді. Терминаторға Күн сәулелері ғаламшардың бетін жанама сызықпен жанап өтетін нүктелердің жиынтығы деп анықтама беруге болады. Осы нүктелер жиынтығы ғаламшардың күндізгі және түнгі бөліктерін бөліп тұрады. Кез келген уақытты алғанда Жердің бір жартысы Күн сәулелеріне бөленіп тұратындықтан және Жер өз осінен айналатындықтан терминатор сызығы жылжып отырады. Жыл маусымдары терминатор сызығының орналасуына өте қатты әсер етеді. Өз осінен айналатын ғаламшардың санақ жүйесінен қарағанда, терминатор бүкіл ғаламшардың беті арқылы өтіп, бір жағында күннің шығысы, екінші жағында күннің батысы орын алып отырады. Солтүстік және оңтүстік жарты шарларға қарағандағы терминатордың жайы жылдың маусымына байланысты. Көктемде және күзде күн мен түн теңелетін күндерде Жердің осі Күнге қарағанда тік орналасқан, сондықтан терминатор сызығы георгафиялық бойлықтарға параллель болады. The terminator on Қаңтардың 3-індегі терминатор сызығы. Солтүстік жарты шарға Күн жарығының азырақ, ал оңтүстік жарты шарға көбірек түсіп тұрғанына назар аударыңыз. a> құрлықтары арқылы өтуін көрсететін құрама карта. Жер бетінде терминатор сызығын бойлай орналасқан бақылаушылар күннің батуын көреді. Терминатордың қасиеттері бойынша ғаламшар туралы кейбір қорытындыдар жасауға болады, мысалы терминатордың бұлыңғыр болуы ғаламшарда атмосфераның барлығына меңзейді. Радиоәуесқойлар терминаторды (олар оны «сұр сызық» деп атайды) ұзақ қашықтықтарға байланыс жасауға қолданады. Қолайлы жағдай қалыптасқанда радио толқындары ғаламшардың қарама-қарсы орналасқан нүктесіне дейін жете алады. Қысқы және жазғы күн тоқырауы кезінде (желтоқсанның және маусымның 21-лерінде) терминатор сызығы мен Жердің осінің арасындағы бұрыш ең үлкен шамаға ие: 23,5°. a>-дан қарағандағы бір бөлігі. Терминатор сызығы бұлыңғыр, біртіндеп қоюланып бара жатқан аймақтарда ымырт түсіп жатыр. Полюстарға жақын аймақтарды есепке алмағанда, Жердің басқа аудандарында тек Конкорд және Ту-144 ұшақтарының көмегімен ғана терминатор сызығын қуып жетуге болады. Лондон немесе Париж қалаларынан батысқа қарай ұшқанда кейбір кездері түнде ұшып шығып, күннің батуын қуып жетуге болады. Сондай кездері ұшақтағы адамға күн батыстан шыққандай болып көрінеді. АЛЖИР (азап орталығы). А.Л.Ж.И.Р. (- "Отан сатқындары әйелдерінің Ақмола лагері") - cонау 1937-ші жылы ІІХК-ның арнайы бұйрығымен салынған Ақмола халық жаулары әйелдерінің лагері, кейін баршаның аузында АЛЖИР аталып кеткен азап орталығында 20 мыңға дейін нәзік жандар қамауда болған. Қарағанды лагерінің 17-ші бөлімшесінің артынан 26-шы нүкте болып құрылған осынау тозақ орталығында небір ел жайсаңдарының зайыптары, қыздары мен қарындастары жазықсыздан-жазықсыз жапа шекті. Ең сұмдығы – мұнда бойына нәресте біткен аналарға да мейірімділік жасалмады. Нәтижесінде темір тордың ар жағында 1 мың 507 нәресте дүниеге келіп, олардың басым көпшілігі аштық пен суықтың құрбаны болды. 2007 жылы Ақмола облысына қарасты Целиноград ауданының орталығы Ақмол ауылында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей атсалысуымен ашылған «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандары мұражай-мемориалдық кешені. Бүгінде айтулы мемориалдық кешен «Қайғы қақпасы» монументі, «Күрес пен үміт» және «Ашыну мен дәрменсіздік» секілді екі мүсіндік композициядан, сондай-ақ «Еске алу қабырғасынан» құралған. Мұражайдың экспозициялары өзінің материалдық құжаттарымен саяси қуғын тарихын, жазалау институттарының әрекет ету тетіктерін көрсетеді. Қазіргі уақытта мұражайға келушілер назарына 1905-1916 жылдары қазақ зиялыларының саяси іс-әрекеттері, кеңес өкіметін орнату кезеңі, ұжымдастыру және шаруашылықтың қасіреті, қазақ жеріндегі аштық, 1937-1938 жылдардағы «үлкен террор», Қазақстан аумағындағы ГУЛАГ-тың бөлімшелері, халықтарды Қазақстанға қоныс аудару, 1940-1950 жылдары Қазақстандағы саяси және идеологиялық қуғындар, 1986-шы жылғы желтоқсан оқиғалары жеке-жеке бөлім болып ұсынылып отыр. Бүгінде осы бөлімдерде төрт мыңға тарта жәдігер топтастырылған. Жертөле қабатындағы экспозицияның ортасындағы «Еске алу» азапты күнде де мейірімділікті еске түсіргендей. Үш қабатты мұражайда барлық экспонаттар шеңберлік көрініс бойынша орналастырылып, келушілердің сол бір сұрапыл жылдар тарихынан мол мағлұмат алуына мүмкіндік береді. Экспозицияның жеке бір бөлігі «АЛЖИР» тұтқындарының балаларына арналып отырғаны тегіннен тегін емес. Сол жылдардағы тергеушінің кабинеті өзінің сұрқымен адам денесін тітіркендіреді. Шағын жертөлелердегі тұрмыс көрінісі, тұтқынға алынғандардың жеке нәрселері, қуғын-сүргін құрбандары балаларының хаттары көрнекі жерден орын алған. Жалпы қуғын-сүргін жылдарының алғашқы ескерткіші осыдан жиырма жыл бұрын Малиновка, қазіргі Ақмол ауылындағы құс фабрикасының қарапайым қызметкері Любовь Егоровна Дроботаның тікелей араласуымен жасалған «Қақ айырылған жұлдыз» кешенінен бастау алады. Чавес, Уго. Уго Рафаел Чавес Фриас (1954 жылғы шілденің 28-інде туған) — Венесуэланың қазіргі президенті. Боливар революциясының жетекшісі ретінде Чавес демократиялық социализм және Латын Америкасының интеграциясы саясаттарын жүргізеді. Ол сонымен бірге неолиберализм, ғаламдану және АҚШ сыртқы саясатын қатты сынға алатын сыншы. Кәсіби әскери офицер болып табылатын Чавес 1992 жылы бұрынғы президент Карлос Андрес Переске қарсы бағытталған сәтсіз аяқталған мемлекеттік төңкерістен кейін солшыл «Бесінші республика қозғалысы» атты ұйымның негізін қалады. 1998 жылы Чавес Венесуэла халқының кедей көпшілігіне экономикалық жәрдем беру уәдесімен Президент сайлауында жеңіске жетті. 2000 және 2006 жылдары президент болып қайта сайланды. Ішкі саясатында Чавес бүкіл ел бойынша ауру-сырқау, сауатсыздық, жете тамақтанбау, кедейлік және тағы басқа әлеуметтік кемшіліктермен күрес жүргізетін «Боливар миссиялары» атты науқандарды жүргізуге үлкен назар аударады. Сыртқы саясатында Чавес империализм, қанау секілді құбылыстармен күресіп, дүниенің кедей елдерінің арасында, әсіресе Латын Америкасы елдерінің арасында тығыз ынтымақтастық саясатын жүргізеді. Чавестің саясатына деген көзқарас Венесуэланың өзінде де, шет елдерде де біркелкі емес. Оның саясатын жойқын сынға алатындар да, қатты мақтап, қолдайтындар да бар. АҚШ-тың федерал үкіметі оның саясатын Латын Америкасындағы демократияға қауіп төндіреді деп санаса, басқалар оның идеологиясына қолдау білдіреді немесе оның өзара сауда және екі жақты ынтымақтастық келісімдерін қуаттайды. 2005 және 2006 жылдары «Тайм» журналы оны «ең ықпалды 100 тұлғаның» тізіміне кіргізді. Өмірінің бастапқы кезеңі (1954–1992 жылдар). Чавес 1954 жылғы шілденің 28-інде Венесуэланың Баринас штатындағы Сабанетада туған. Ата-анасы Уго де лос Рейес Чавес және Элена Фриас де Чавес екеуі мұғалім болып қызмет еткен, Уго олардың екінші ұлдары. Чавестің әулеті америкалық үндістер, африкалықтар және испандықтардан тұрады. Чавес Сабанетаның маңында балшықпен сыланған үйде туған. Кедейлікте өмір сүрген Уго ағасы Аданмен бірге Сабанетаға әжесі Роса Инес Чавестің қолына жіберілді. Сонда ол Хулиан Пино мектебінде оқып жүргенде сурет салу, өлең айту және бейсболмен әуестенді. Кейінірек ол Даниель Флоренсио О'Лири мектебінде білімін жалғастыру үшін Баринас қаласына жіберілді. Он жеті жасында, 1971 жылы Чавес Венесуэланың әскери ғылымдар академиясына оқуға қабылданды. Оны 1975 жылы суб-лейтенант шенін алып бітірген соң ол бірнеше ай әскери қызмет атқарды. Содан соң ол Каракас қаласындағы Симон Боливар университетінде саясаттануды зерттеді, бірақ оқуын ғылыми атақсыз аяқтады. Оқу жылдарында Чавес бірге оқитын серіктес студенттерімен бірге солшыл ұлтшыл, өздері «боливаршылдық» деп ат қойған идеологияны тұжырымдап шығарды. Боливаршылдыққа 19-шы ғасырдың революционері Симон Боливардың, Перудің бұрынғы президенті Хуан Веласко Альварадоның, сонымен бірге Карл Маркс, Владимир Ленин және Лев Троцкий сияқты социалистік және коммунистік ойшалдар мен қайраткерлердің ілімдері қатты әсер еткен. Чавес осы жылдары спорт сайыстарына және мәдени шараларға да кеңінен атсалысты. Ол "Criollitos de Venezuela" тобының құрамында бейсбол мен софтбол ойнап, 1969 жылы тіпті Венесуэла ұлттық бейсбол чемпионаттарына қатысты. Чавес өлең, әңгіме жазумен және театрлық қойылымдар қоюмен де шұғылданды. Оқуын бітірген соң Чавес қоғамдық қызметін Баринаста орналастырылған партизандарға қарсы күрес батальонының мүшесі ретінде бастады. Уго Чавестің әскери қызметі 17 жыл бойы жалғасып, соның кезінде ол түрлі командалық және штабтық қызметтерді атқарды. Оның әскери шені подполковникке дейін өсті. Таныстарының арасында өзінің лекция оқудың ерекше мәнерімен және Венесуэла үкіметі мен қоғамының сынымен көзге түскен Чавес Венесуэла әскери академиясында түрлі ұстаздық және басқарушылық лауазымдарға қол жеткізді. 1983 жылы Чавес «Революциялық Боливар қозғалысы-200» атты қозғалыс ұйымдастырды. Содан кейінгі уақытта ол Каракаста бірнеше жоғары лауазымды қызметтерді атқарып, бірнеше рет марапатталды. Мәзір жолағы. Мәзір жолағы — бағдарлама терезесінің үстіңгі жағындағы тік бұрышты тақта, онда қолданыстағы мәзірлердің атаулары орналасқан. Егер тінтуірдің немесе пернетақтаның көмегімен мәзірлердің бірін бөлектесе, ондағы пәрмендердің (әмірлердің) тізімі бейнебетте көрініс береді. Құралдар тақтасы. Құралдар тақтасы — бағдарламаның сызбалық тілдесуіндегі бейнебеттік түймешіктердің немесе белгішелердің қатары, бағаны немесе блогы. Осы түймешіктерді баса отырып немесе белгішелердің үстінен нұқи отырып, пайдаланушы бағдарламаның белгілі бір жетелерін белсендіреді. Мысалы, Microsoft Word құралдар тақтасында (басқаларымен қатар) мәтінді қиғаш немесе жуан етіп өзгертуге арналған түймешіктер, сондай-ақ құжаттарды сақтау мен ашу батырмалары бар. Әдетте пайдаланушының құралдар тақтасын теңшеуге және оларды бейнебет бойымен жылжытуға мүмкіндігі болады. Қанатша көзі. Қанатша көзі — параметрлер жиынындағы жекелеген мүмкіндіктерді немесе параметрлерді іске қосу немесе ажырату үшін қолданылады. Егер параметр таңдалса, оның тұсында × белгісі немесе қанатша пайда болады. Мәтін жолағы. Мәтін жолағы — бейнебеттегі тік төрт бұрышты өріс, онда пәрмендерді (әмірлерді) орындау үшін қажетті деректер теріледі. Терезе (ақпараттану). Терезе — бейнебеттің бір бөлігі, онда бағдарламалар мен әрекеттер іске асырылады. Мысалы, бір терезеде электрондық пошта бағдарламасын ашуға, ал екінші терезеде Интернеттен қажетті деректерді іздеуге болады. Терезелерді жабуға, мөлшерін өзгертуге, құралдар үстеліндегі батырмалар түрінде барынша кішірейтуге немесе бүкіл бейнебетке барынша үлкейтуге болады. Мәзір (ақпараттану). Мәзір — белгілі бір әрекеттерді орындау үшін, мысалы, құжаттың бөлектелген бөлігін пішімдеу үшін пайдаланушы пәрмендерді (әмірлерді) таңдайтын тізім. Ашылмалы мәзір — мәзір жолының үстінен нұқығанда ашылатын мәзір. Мәзір ашық тұрады, алайда пайдаланушы тінтуір батырмасын тағы бір рет баспайынша немесе мәзір тармағын таңдамайынша басқа әрекет жасалмайды. Жүйелік әкімші. Жүйелік әкімші () — ақпараттық технологиялардағы жұмыс басқаратын адам. Windows. Windows XP Professional жүйесінде — егелік (үйшік) контроллерлерін немесе жергілікті компьютерлерді, олардың пайдаланушы есеп жазбалары (тіркелгілері) мен топтық тіркелгілерін орнату мен басқару, құпия сөздер мен рұқсаттар беру және пайдаланушыларға желіде жұмыс істеу мәселелерін шешуде көмек көрсету үшін жауап беретін адам. Әкімшілер "Әкімшілер тобының" мүшелері болып табылады және егелікті (үйшікті) немесе компьютерді толық басқарады. Windows XP Home Edition жүйесінде — компьютердегі бүкіл жүйеге өзгеріс енгізіп, бағдарламалар орната алатын және компьютердегі барлық файлдарға қатынай алатын адам. Компьютер әкімшісінің есеп жазбаласын (тіркелгісін) иеленетін адам компьютердегі барлық басқа пайдаланушы тіркелгілеріне түгел қатынай алады. * Windows Update. Windows Update — Windows жүйесінің қауіпсіздік мүмкіндігі. Бұл қауіпсіздік жаңартуларды, маңызды жаңартуларды және жаңарту бумаларын пайдаланушы белгілеген кесте бойынша өздіктік түрде қотарып алуға және орнатуға арналған. Сонымен қатар осы мүмкіндіктің көмегімен маңызды жаңартулардың пайда болғаны туралы құлақтандырулар алуға болады. Жылжыту жолағы. Жылжыту жолағы — терезенің жиегін бойлай орналасады. Егер файлдың құрамы терезеге сыймайтын болса, бұл оны толық қарап шығуға бөгет болмайды. Терезеде басқа бір бетті көрсету үшін жылжыту жолағындағы жүгіргінің үстінен басқан да, тінтуір түймешігін басып ұстап тұрып, жүгіргіні жылжытылады. Ен (ақпараттану). right Ен () — компьютерде немесе желіде орналасқан кез келген элементке сілтеме (мысалы, бағдарлама, файл, қалта, дискіенгізгі, веб-бет, басып шығарғыш немесе басқа компьютер болуы мүмкін). Ендерді түрлі аймақтарда, мысалы, жұмыс үстелінде, Бастау мәзірінде немесе қалталарда орналастыруға болады. Шен (ақпараттану). Шен () — пішімде мәтін бейнеелейтін тілдесу элементі. Бұл әншейінде тұрғылықты басқару элементі. Шенді жалпы алғанда қасындағы мәтін жолағын немесе басқа тілдесу элементін айқындау үшін қолданады. Шендерге әншейінде кезелім өтпейді. Жұмыс үстелі метафорасы. Жұмыс үстелі — бұл бейнебеттегі нағыз жұмыс үстелі сияқты ұйымдастырылған аймақ. Мұнда белгішелер, мәзірлер мен терезелер сияқты сан алуан элементтер орналасқан; олардың көмегімен бағдарламаларды іске қосуға және әр түрлі тапсырмаларды орындауға болады. Windows жұмыс үстелінде осы нысандарды кәдімгі жұмыс үстеліндегі сияқты жылжытуға және қайта реттеп қоюға, сондай-ақ жұмысты бастауға және аяқтауға болады. Фрагментациялау. Фрагментациялау — файлды тұрғылықты дискінің әр жерінде сақталатын бірнеше бөлікке бөлу. Фрагментация дискідегі файлдар жойылған және жаңа файлдар үстелген кезде орын алады. Соның нәтижесінде дискіге қатынау жылдамдығы баяулайды да, соның салдарынан дискілік операцияларды орындаудың жалпы жылдамдығы төмендейді. Бұл қиындықты шешу үшін «Дискіні дефрагментациялау» бағдарламасы әзірленген. Дискі жинақтауыш. Дискі жинақтауыш — компьютерге тіркелетін, дерек сақтау құрылғысы, мысалы, алмалы дискі немесе тұрғылықты дискі (компьютердің тұрақты ішкі құрамдасы). Компьютер порты (жабдықтама). Порт — компьютерден және компьютерге дерек беретін құрылғыларды жалғауға арналған ағытпа. Мысалы, басып шығарғыштар әдетте қатарлас порттарға (LPT), ал модемдер тізбекті порттарға (COM) жалғанады. Сонымен қатар тізбекті портты (негізінен дерек беруге арналған), сондай-ақ перифериялық құрылғылар үшін пайдаланылатын USB портын да айта кету керек. USB порты әдетте компьютердің алдыңғы немесе артқы жағында, тізбекті немесе қатарлас порттың жанында орналасады. Кемежай. Кемежай - теңіздің, ірі көлдің, өзеннің жағасында орналасқан кемелердiң қауiпсiз кiруiне арналған құрылғылары бар және кемелердiң қауiпсiз тоқтап тұруына, оларға жүк тиеуге, жүк түсiруге және қызмет көрсетуге, сондай-ақ жолаушыларды кемеге отырғызуға және кемеден түсiруге арналған гидротехникалық құрылыстардың кешені. Бұл орында арнаулы ғимараттар мен жабдықтар болады: жағысжайлар, кемеқазықтары, шығырандар, қоймалар, терминалдар, косымша көлік т.б. Жағысжай. Жағысжай - жолаушыларға, көліктер мен кемелерге, жүктерге қызмет көрсететін ғимараттар мен жабдықтама кешені. Айлақ. Айлақ - кемелер мен құрылымдар жүгiнiң өңделуiн немесе сапарға жөнелтудi күтiп тұратын, сондай-ақ қажеттi амалдар орындалатын кемежайға және рейдтер құрылғысына кемелердiң келуi мен онда тұруы үшiн қызмет ететiн су бетiнiң шектеулi телімі. Молдажанова, Гүлжан Талапқызы. Гүлжан Талапқызы Молдажанова — «Базэл» (Базовый Элемент) корпорациясының бас директоры. 1966 жылы маусымның 11 Алматы қаласында туған. 1989 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің физика факультетінде оқып бітірген. 1998 жылы Ресей Федерациясы Үкіметің жанындағы Қаржы академиясын бітірген. 2001 жылы Антверпен университеті мен Халық шаруашылығы академиясы жанындағы Бизнес және іскери әкімгерлік институтының (Мәскеу) бірлескен бағдарлама бойынша MBA дипломын алған. 1994—1995 жж. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде ғылыми қызметте. 1995 ж. Олега Дерипаска иеленген холдингіде «Росалюминпродукт» бас директорының хатшысы лауазымына ($200 жалақысымен) келді. Арада көп өтпей-ақ қаржы директорының көмекшісі болды, соңынан «Сибал» (Сибирский алюминий) компаниясының коммерциялық директоры болды. 2000 жылы «Русал» (Русский алюминий) компаниясының сауда мен маркетинг жөніндегі директоры болды. 2002 жылы «Русал» компаниясының стратегия мен корпоративтік даму жөніндегі директоры болды. 2004—2005 жж. «Базэл» (Базовый Элемент) корпорациясының алюминий бизнесінің басқарушы директоры. 2005 жылдан бастап «Базэл» корпорациясының бас директоры. Оның бүкіл қызметі курстасы, бизнес олигархы Олег Дерипаскамен (бастапқыда оның хатшысы болған) байланысты. «Базэл» корпорациясының активінде алюминий, авиация, энергетика, автомобиль және қаржы бизнесі бар. Жалпы 14 млрд долларды басқарады. Түсім айналысы (2007 жылы) 26,8 млрд доллар. 2008 жылы «Forbes» жұрналының әлемнің ең беделді 100 әйел тізімінде 37-ші орын алды. Стеһликова, Жәмилә Алмасқызы. Жәмилә Алмасқызы Стеһликова () — Чехия республикасы Адам құқықтары және шағын ұлттар мәселесi жөнiндегi министрі. Чехия Жасылшыл партиясының белсенді қайраткері. Медицина ғылмдарының докторы. Өмірбаяны. 1962 ж. ақпанның 6 Алматыда дүниеге келген. Әкесі Алмас Ордабаев сәулетші, мәдениет­тану­шы, этно­граф. «Қазақтың ою-өрнектері» атты кітап авторларының бірі. Алматыда тұрады. Ол жөнінде «Страна и Мир» апталы­ғында мақала жарияланған. Ал анасы Рауза Хамит­қызы Сембаева химия саласының ғалы­мы. Мәскеуде тұрады. Нағашы атасы Әбдіхамит Сембаев кезінде Қазақстанда Білім министрі болған адам. …Мен үшiн Қазақстандағы Қарақұрым деген шағын ауылдың маңызы өте ерекше. Қарақұрымда менiң атам, яғни әкемнiң әкесi тұрған. Сондықтан, алдымен, атамекен дегенде менiң есiме әрқашан жиi түсетiн жер өзiм туып-өскен әсем де сүйiктi қала Алматы емес, алдымен, Қарақұрым ауылы көз алдыма елестейдi. Мiне, сол ауылда өз құрбы-достарыммен қырларға шығып, өзенге шомылып, атқа мiнiп сайрандап жүрген кездерiмдi аңсаймын. Менiң қазiргi тiршiлiк-өмiрлiк жолым мiне, сол Қарақұрымнан бастау алады. 1986 жылы Мәскеудегі Бірінші медициналық инстититутының 1-ші емдеу факультетінде білім алып бітірді. 1985—87 жж. сол институттың психиатрия кафедрасында ғылыми қызметкері және сабақ беруші міндеттерін атқарды. 1987 ж. Праға қаласында аспирантурада. 1989 ақпан — 1992 тамыз Хомутов қаласында белді дәрігер-психиатр болып істеді. 1992—97 жж. Праға халық денсаулық сақтандыру орталдығында және Мемлекеттік денсаулық институтында ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді. 1998—2006 жж. Хомутов қаласында психиатрия саласында жекеше дәргерлік әрекетпен айналысуда. Университетте сабақ беру, ғылыми жұмыс. Саяси қарекеті. Саяси мансабын доктор Стеһликова 1998 жылы Хомутов қаласы Уәкілдігінің (маслихат) мүшесі болып бастады. Соңғы екі сайлауда Хомутов қалалық ратушасының (әкімдік) мүшесі болды, 2006 жылғы жергілікті уәкілдіктер сайлаудан бері Хомутов уәкілдігінің Шағын ұлттар жөніндегі комиссиясын басқарды. 2006 жылғы Сенат сайлауындағы 5-ші сайлау аймақта (Хомутов) жеңіліп қалды (7-ші орын, 3,67 % дауыс). Жасылшылдар партиясының қалалық төрайымы, өлкелік ұйымының төрайымы және партияның бүкілреспубликалық кеңес мүшесі жетелерін атқарды. 2001 жылы «Relikty» деген қоғамдық ұйымның құрылтайшысы болып «Paměti Krušnohoří» деген жоба бастады. Бұл Солтүстік-Батыс Чехия өңіріндегі чех пен неміс ұлттары ішіндегіескі тұрғындарды картада белгіледі. 2007 ж. қаңтардың 9 Чехия республикасы Үкіметі премьер-министрі Мирек Тополанектің (Mirek Topolánek) 2-ші кабинетінде Адам құқықтары және шағын ұлттар мәселесi жөнiндегi министрі болып тағайындалды. Отбасы. 1988 жылғыы қаңтарында Милослав Стеһлик (Miloslav Stehlík) деген чех жігітімен үйленіп, сол кездегі Чехословакияда көмір кеңі бар Хомутов қаласында тұрақты қоныста қалды. 1992 ж. ақпанның 17 Чехословакия азаматтығын қабылдады. 1997 жылы Стеһликпен ажырасады. Екі баласы бар: қызы Камила (1989), ұлы Асан (1995). Компьютерлік терминдердің қысқаша сөздігі 2. Компьютерлік терминдердің қысқаша сөздігі — ағылшын, қазақ, орыс тілдері ретімен сұрыпталып беріледі. «Microsoft» корпорациясы 2007 ж. Windows Vista амалдық жүйесінің мен Office 2007 кеңселік бағдарламалар дестесінің қазақша тілдесу үшін дайындаған сөздік негізінде. Сөздік. Ескертпе: Бұл мақаланың көлемі өте үлкен болғандықтан тіл бойынша өздіктік сұрыпталуы (құмсағат тәрізді белгішеменен) 1 минөттен асуы мүмкін Жалғасы. Басын Компьютерлік терминдердің қысқаша сөздігі деген беттен қараңыз. Forbes. 5-ші даңғылдағы Forbes ғимараты, Нью-Йорк Forbes - АҚШ-тың баспасөз, әрі медиа компаниясы. Оның маңдай-алды баспасы болып екі аптада бір шығатын Forbes magazine (Форбес журналы) болып табылады. Форбестың бизнес саласындағы негізгі бәсекестері - Fortune, Business Week деген журналдар. Журнал негізінен тізімдері арқылы, соның ішінде ең бай америкалықтар тізімі (the Forbes 400) және миллиардерлер тiзiмi, кеңінен танылды. Форбес журналының ұраны - "Капиталист құралы" ("The Capitalist Tool"). Компания негізін Чарлз Форбес 1917 жылы қалап, 1954 жылы қайтыс болғанға дейін бас редактор болып істеген. Чичак. Чичак (қазарша: "Чичак" — шешек, ромейше: "Tzitzak"; шоқындырудан соң — "Eirēnē") (? — 752) — қазар ханзадасы, қазар қағанының қызы (Феофан Тәубешінің деректері бойынша) немесе сіңлісі (Никифор деректеріне қарағанда). 732 жылы Ромей империясының императоры Леон III Исаур өз ұлы Константинды (келешекте Константин V императоры) бұған үйлендірді. Екі әулетті қосқан себебі Араб халифаларына қарсы бірлескен қазар-ромей күресі. Ханзаданың алыс сапары Константинополиске (қазіргі Истанбұл қаласы) әкелді, келісімен шоқындырылып Киелі бітікті оқып білді. Үйлену тойында кіиген кіим үлгісі ромей императорының нөкерлер арасында жоғары әлей алды, сол кезден бері рәсімдік ер кіимі "цицакион" деп атала бастады. 749 жылы Леон деп аталған ұлын тапты (Леон IV Қазар императоры, тақта 775—780), ол ататегі бойынша Қазар деген лақап атымен белгілі. Шилманов, Арман. Арман Шилманов — 84 кг салмақты текуондодан 2008 жылғы Олимпиялық ойындардың кола медалі иегері. 1984 ж. сәуірдің 20 туған. Атырау қаласындпа тұрады. Жедел Жадтау Құрылғысы. Жедел Жадтау Құрылғысы (Random Access Memory, RAM) — сақтау аймағы, ол өңделуге тиіс бағдарламалар мен деректерді уақытша орналастыру үшін пайдаланылады. ЖЖҚ-ны компьютер бағдарламалық жасақтамаларды іске қосатын есептеу үрдістерін орындау үшін пайдаланады. Сонымен қатар ЖЖҚ-да бейнебетте көрінетін деректер уақытша сақталады. ЖЖҚ көлемінің артуы компьютерде күрделі бағдарламаларды іске қосуға және үлкен файлдарды өңдеуге мүмкіндік бермейді. Компьютер сөндірілген кезде ЖЖҚ-да сақталған деректер жойылып кетеді. Бильярд. Бильярд (не биллиард) (— "шар") — арнайы үстелде шарлармен ойналатын ойын. Тарихы. Бильярдтың отаны Үндістан не Қытай саналады. Еуропада 16 ғ., Ресейде Петр І-нің тұсында пайда болған. Ережелері. Үстел шұғамен қапталған, бүйір жақтауларында шар түсетін 6 тор дорбасы болады. Ойын үш, бес не он алты шармен ойналады. Нөмірленген шарларды ұяға киймен (ұзындығы 1,5 м таяқша) ұрып түсіреді. Бильярд ойынының «Американка» (торға бірінші болып 8 шар түсірген ойыншы жеңеді), «Пирамида» (70 ұпай жинаған ойыншы жеңеді), т.б. түрлері кең тараған. Дүниежүзілік және құрлықтық чемпионаттар 19 ғ. соңынан бері өткізіліп келеді. Байрон, Джордж Ноэл Гордон. Байрон, Джордж Ноэл Гордон (1788 ж. қаңтардың 22, Лондон — 1824 ж. сәуірдің 19, Мессолоңғи, Грекия,) — ағылшын ақыны, романтизм бағытының көрнекті өкілі, 6-шы барон Байрон, лорд. Өмірбаяны. Байрон ақсүйек отбасында туған. Балалық шағы Шотландиядағы Абердин қаласында өтеді. Байрон Харроу қаласында ақсүйектер мектебінде (1801), кейін Кембридж университетінде (1805) оқыды. Шығармашылығы. 1805 жылдан өлең жаза бастайды, сол жылы алғашқы «Демалыс сағаттары» деген өлеңдер жинағы шығады. 1813—15 ж. Киелі кітап әуенімен «Еврей саздары» циклын жазады. 1815—16 ж. Англияны тастап, Швейцарияға кетеді. Онда ақынның «Гәвур» (1813), «Абидос қалыңдығы» (1813), «Корсар», «Лара» (1814), «Шильон тұтқыны» (1816), т.б. поэмалары жарық көрді. 1816 ж. Манфред бейнесі арқылы адам тағдырын толғайтын «Манфред» атты философиялық поэмасын жазды. «Дантенің көрегендігі» (1819), «Қиямет елес» (1822), «Қола ғасыр» (1823) поэмаларында, аяқталмаған «Дон Жуан» романында (1818—24) сол кездегі қоғамды сынға алды. 19 ғ. Байронның дүние жүзі әдебиетіне әсер еткендігі соншалық, басқа ұлттық әдебиеттерде «байроншылдық» қозғалысы пайда болды. Байрон көркем әдіс ретінде романтизмнің жаңа қырларын ашты, әдебиетке жаңа тұлғалар бейнесін әкелді, поэтикалық формаларды жетілдірді, саяси сатираның жаңа түрін жасады. Байрон шығармаларын қазақ тіліне Абай, Қ. Аманжолов, Қ. Сатыбалдин, Ғ. Қайырбеков, т.б. ақындар аударды. Үлкен адрондар соқтығыстырушысы. Үлкен адрондар соқтығыстырушысы (ҮАС) — дүниедегі қазір бар ең үлкен және ең жоғарғы энергиялы бөлшектер үдеткіші кешені. Ол шамамен 7 тераэлектрон-вольт мөлшерінде энергиямен үдетілген, бір-біріне қарама-қарсы бағытта ұшып бара жатқан протондар шоғын бір-бірімен соқтығыстыруға арналған ғылыми аспап. Оның басты мақсаты — қазіргі таңда бөлшектер физикасының жалпы қабылданып отырған теориялық негізі — «Стандартты модельдің» негіздерін және осал жақтарын анықтау. Соқтығыстырушы Хиггс бозондарын жасап шығарып, соларды бақылау «Стандартты модельдің» алдын ала жасаған болжамдарын растайды немесе жоққа шығарады және элементар бөлшектер масса сияқты қасиеттерге қалай ие болатыны анық болады деп күтіледі. ҮАС-ты салған — ЕЯЗҰ (Еуропалық ядролық зерттеулер орталығы) (CERN) ұйымы. Ол Франция мен Швейцарияның шекарасында, Женева қаласының маңында орналасқан. Оның құрылысын қаржыландыруға және оны құруға 85 елдің сегіз мыңнан астам физик-мамандары, жүздеген университеттер мен зертханалар қатысқан. ҮАС іске қосылып, соқтығыстырулар жасауға дайындық үстінде. Соқтығыстырушыда алғашқы шоқтар 2008 жылғы қыркүйектің 10-ында үдетіліп, алғашқы жоғарғы энергиялы соқтығысулар 2008 жылғы қазанның 21-іне жоспарланған. Бірқатар мамандар ҮАС-те өткізілетін тәжірибелердің қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдірсе де, ғалымдардың арасында ҮАС-те өткізілетін бөлшектер соқтығыстырулары елеулі қауіп туғызбайды деген пікір кең тараған. Лувр. Лувр ("Musée du Louvre") - Әлемнің ең ірі көркем музейлерінің бірі (адып жатқан орны бойынша дүние жүзінде 3-ші: 58 470-ін экспозициялар алып жатқан 160 106 шаршы метрден тұрады). Музей Париждің орталығында, Сенаның оң жағында, Риволи көшесінде, астананың 1-ші округінде орналасқан. "Mona Lisa", "The Virgin and Child with St. Anne", "Venus de Milo", "Code of Hammurabi", "Winged Victory of Samothrace" Прага. Прага (() - Еуропаның кіндігі, жүрегі деп саналатын Чехия елінің астанасы. Прага – көнеден сыр шертетін шаһар. Берлиннен, Венадан, Мадрид, Цюрихтан және Еуропаның көптеген қалаларынан ересек көрінеді. Ғасырдан ғасырға сырғып келе жатқан бағзы үйлердің кейпін жергілікті тұрғындар өзгертуге құмар емес, өйткені оның әрбір тасы тұнып тұрған, шежіре. Прагада не көп, аңыз көп. Көне Праганың көшелері өте тар. Ол тоғызыншы ғасырда пайда болған. Көне қаланың бәрі қорғаннан басталады, оның ірге тасын Чех князь Борживой қалаған. Бүкіл қала жұртын алақанына ұстайтын жер Прага Кремль, немесе Әулие Виттің соборы және Байырғы патша сарайы мен Әулие Георгийдің костелі. Бұлар ЮНЕСКОның қамқорлығына алынған. Көне Праганың ауыз толтырып айтатын жері көп. Бірақ соның ішінде ойыншықтар мұражайы ойып тұрып орын алады. Бұл мұражай әлемдегі ең үлкен мұражайлардың бірі Бурграф сарайында орналасқан. Осы мәдени ошақтың ішінде әр дәуірден сақталған ойыншықтар бар. Прага дегенде Чехияның сырасы қатар жүреді «У Флеку» деп аталатын сыра зауытының 500 жылдық тарихы бар. Прагалықтардың мақтанышы Карл көпірі Еуропадағы жаяу жүргіншілер жүретін ең әдемі әрі ең мықты көпір. a>нен.Ол 1357 жылы 9 шілде де 5 сағат 31 мин. салыныпты. Орта ғасырдың алхимиктері мен астрологтары құрылысты бастаудың дәлме дәл уақытын тапты деседі. Нанбасаңыз қайталайық 13579531. Тақ сандар – бір деңіз, екіншіден сандық көрсеткіш әуелі ұлғайып барып, шегіне жетеді де, кейін қайтады. Неге тақ сандар ды қалаған екен оны ешкім білмейді. Ал көпірдің қирамай түрғанына 600 жыл, астралогиялық болжам бойынша әлі де 400 жыл ақаусыз сол қалпында тұра береді екен. Прага өз мемлекетінің кіндігі өйткені, астаналық Прага өз қалаларының ортасында орналасқан. Кез келген қаласына санаулы сағатта-ақ жетуге болады. Ең қашығы Острава – 340 км. Қала көліктерінің іщінде метро, трамвай, автобустан өзге фуникулер дейтін де көлік жүреді. Финукерлер ылғидан дөңге, яғни қыр-қыраттарға сыммен тартылған бункер арқылы қатынайды. Прага қаласы өзінің сұлулығымен туристердің назарын аударады Әл-Қаһира. Каир () қаласы - Мысыр астанасы. Каир халқының саны жағынан әлемдегі Мехикодан кейінгі екінші орын алады. Қаланың кейбір аудандарында тұрғындардың тығыздылығы соншалық, бір мың шаршы км. 120.000 адам келеді. Мысыр 6 мың жыл бойы біртұтас мемлекет ретінде сақталып келе жатқан жалғыз ел. Бүкіл халқы Нілдің екі жағына орналасқан 9 миллион 849 адам тұрады. Бір Каирдің өзінде 500–ден астам мешіт бар. Ең кереметтері – Ибн-Тулун мен Султан Хасанның мешіттері, оның ұзындығы 140 метр, ені 75 метр, мұналарының биіктігі 86 метрге жетеді. Көлемі жағынан екінші мешіт – Бейбарыс бабамыздың мешіті. Түбі күрдтен шыққан бірінші сұлтан Салах Әд-Диннің мешітінің зәулім күмбездері мен мұнаралары Каирдің мақтанышына айналған. Мешіттің атшаптырым алаңында атақты Жүсіп құдығы қазылған. Оның тереңдігі – 88 метр Шыңырауға қанша қарасаңда түбіндегі суды көре алмайсың. Сондықтан да бұл ЮНЕСКО-ның мәдени мұраларының тізіміне алынған. Әл-Азхар (гүлге оранған) мешіті Каир мен құрдас. Бірнеше ғасырдан бері осында мұсылман университеті ұйымдастырылған. Мұсылман әлемінің барлық түкпірінен 9000 мың студент дәріс алады екен. Бүгінде бұл дәріс сақталған, профессорлар,белгілі ұстаздар Х ғасырдағыдай дін сабағын береді. Каирға барған туристке міндетті түрде көрсететін жердің бірі Цитадель. Ол Мұхамед Әлидің ұясы деп те аталады. Ірге тасы 1176 жылы қаланған. Мәмлүк сұлтандарының үш ғасыр бойғы резиденциясы осы. Бейбарыс бабамыздың Мысыр елін он жеті жыл билеген тұсындағы сарайы да осы Цитадель. Бәрінен де таң қалдыратыны – Каирдің «Өлі қаласы». Бүл әлемдегі ең үлкен некрополь. Онда 15 ғасырда жерленген бейіттер бар. Үй алуға ақшасы жоқтар талай заманан бері мазарларды мекен етіп келеді. Кәдімгі мазардың төбесін жабады да, ішін бөліп үй жасап алады. Қазірдің өзінде, онда миллионнан астам адам тұрады. Әлемдегі жеті кереметтің мына заманға аман жеткені жалғыз ғана Мысыр пирамидалары. Хеопис б.д.д. 50 жылы тұрғызылып біткен. Міне бес мың жылдан бері ашық аспан аясында, күннің астында, желдің өтінде тұрған бұл құдірет, шынында да, қайран қалдырады, таңдантады, тебірентеді. Әлемге белгілі Әл Халил базары да осында. Ол «Алтын базар» деген атпен белгілі. Бұдан 700 жыл бұрын салынған сауда орнынан адамның жанынан басқаның бәрі табылады. Жүздеген метрге созылатын 12 үлкен бөлектен тұрады. Каир қаласы ең жас ислам дінінің орталығы. Мінәжат етуге шақырылған дауыс радиодан естілгенде осынау тыным таппастай көрінетін қаланың өмірі аз уақытқа тоқтап қалады. Жүргізушілер, шаштараздар, даяшылар, сатушылар бәрі де жұмысын жиып қойып,жайнасазын төсейдіде намазға осылай күніге бес рет жығылады. Венеция. Венеция (Italian: "Venezia", Venetian: "Venesia" or "Venexia") - Италияның солтүстігіндегі қала. Венециядай соңғы бес ғасырдан бері өзгермеген күйінде тұрған екінші шаһар жоқ. Расында мұнда бәрі дерлік бәз-баяғы қалпында сақталған. Мұнда ешнәрсе өзгере-де қоюы қиын. Мұнда бірнеше ғасырдан бері, қалада жаңа ғимарат салынбайды, салам десеңіз де рұхсат етілмейді, құрылыс жүргізетін алақандай жер жоқ. Венеция – аралдарға салынған қала. Аралдардың ұзын саны –118. Осының өзі ерекшелік әрине. Бірақ Венецияның басты ерекшелігі де бұл емес. Ең таңқаларлығы – сол аралдардың көбінің қолдан жасалғандығында. Тереңдігі небәрі біржарым-екі метрлік қайраңнан тереңдігі бес метрге жететін каналдар қазып, сонан шыққан топырақтан аралдар жасаған. Адамдар құрлықтан мың–мыңдап ағаш тасып, кесілген ұзын ағаштың ұшын үшкірлеп алып су астындағы қопсыма топыраққа қада ретінде қаға берген. Венецияның барша ғимараты түгелдей дерлік қада ірге тасқа салынған дегенге сенесіз бе? Сену қиын. Сенбеске амалың жоқ. Мысалы бір ғана Санта-Мария Делла Салюта шіркеуінің ірге тасына 1500 қада қағылған екен. Қазір Венецияны құрлық пен шағын бұғаздың үстінен тартылған 4 км жіңішке жол жалғастырып жатыр. Қала шетіне жетісімен автомобилден түсіп әрі қарай тек қайықпен жүзесің.,бұл қаладағы көліктің жалғыз түрі. «Көше деген, көк өзен» Венецияның көшесі –каналдары. Қалада 175 канал бар. Ең басты су жолы – үлкен арна. Бұл каналдың бойымен үлкенді кішілі автобустай катерлер белгіленген маршруттар бойынша жүзіп, аялдамаларға тоқтап, жолаушыларды тасымалдап жатады. Өздері оны су трамвайы дейді екен. Басқа каналдар мен тек қайықтар ғана жүзе алады. Венецияның ең ерекше экзотикасы да осы. Үлкен каналды бойлап келе жатқанда керемет бір музейдің залдарында қалқып жүргендей күй кешесіз. Каналдың екі жағында сұлу ғимараттар бірінен соң бірі жылжып қала береді. Олар Әулие Марияның шіркеуі, неміс сарайы, Калерджи сарайы, Грасси сарайы (жалпы қалада 400 астам сарай бар). Венецияның басты кереметі, әрине Әулие Марк соборы, осы жерде Дождар сарайы да бар. Қала өміріндегі салтанаттың бәрі осы маңайда өтеді. Венецияда 318 мың адам тұрады. Қалада халықаралық аэропорт, білім және мәдениет орталығы, өнер академиясы, университет, әйнектен жасалған заттар музейі бар. Берлин. Берлин – Алмания астанасы. Берлин қаласы Шпре өзенінің сол жағалауында орналасқан. Арада бес ғасыр өткенде сол Берлин немістің Бранденбург мемлекетінің маңызды сауда орталығына айналды. 1486 жылы Гогенцоллердің резиденциясына айналған. 1871 жылы ол Герман империясының астанасына айналды. Бірінші дүниежүзілік соғыстан соң Берлин керемет көркейіп, көріктене түсті. Ал дүниежүзілік екінші соғыстан кейін ол қирап қалды. 1961 жылы коммунистердің айтуымен Берлин қабырғасы тұрғызылып, екі Алмания екі түрлі лагердің сойылын соқты. Ал 1889 жылы Бундестагтың шешімімен Берлин Германия Федеративтік Республикасының астанасына айналды. Қалада 3,4 млн. халық тұрады. Олардың төрт жүз мыңнан астамы 182 елден келген шетелдік азаматтар. Берлин Мәскеу мен Париждің екі аралығындағы ең үлкен қала. Ол 892 кв. Км. Аймақты алып жатыр. Екінші дүниежүзілік соғыста қирап қалған қала адам танымастай өзгерді. Берлинде газет жорнал басатын жаңа техналогиямен жабдықталған 10 баспахана және ақша айналымы жөнінен дүниежүзіндегі ең улкен базар бар. Берлин керегесінің құлауы, 1989 жыл Қаладағы төрт университетте жүз мыңнан астам студент оқиды. Сондай-ақ әр-түрлі мамандар дайындайтын он институт, 50–ден астам ғылыми-зерттеу институттары бар, онда 50 мың адам жұмыс істейді. Жалпы Алмания мәдениетке ерекше көңіл бөледі. Қалада 200-ден астам жекеменшік сурет галереясы, 150 театр бар. Онға жуық филармониялық оркестр бар. Жылдың 365 күнінде Берлин бір сәт демалуды білмейді. Күн сайын әр-түрлі шаралар өтіп жатады. Мысалы, ақпан айында халықаралық кинофестиваль, мамырда театр фестивалін өткізу ежелгі дәстүр. Ал маусым айында халықаралық әдеби фестивалдің оты жанады. Берлиндегі қонақ үйлері мен мейрамханаларда есеп жоқ. Қазіргі кезде ол Еуропадағы ең көрікті қала болып саналады. Беташар. Беташар(дәстүр). «Уә әлеумет! Енді беташар тыңдайық!». Жаңа түскен келінді «беташар» дәстүрі жасалмай ешкім көре алмайды. Оны көру үшін әдейі «беташар» жасалады. Оған тойға жиналған туыс туғандар тегіс қатынасады. Жас келіннің екі жағында екі көргенді келіндері тұрады. Мұнда «Беташар» жыры айтыла отырып, келінге оның атасы, енесі, оның басқа туыстары таныстырылып, келін оларға сәлем жасайды. Сәлем жасаған адамдар «көрімдік» береді. Бет ашатын жігіт ән жырды желдірте, көңілді көтере жыр төгуі керек. деп бастаған әнші жігіт жас келіннің аталған жақындарына лайық әзіл қалжыңдарын араластыра «көрімдік» сұрап, жұртты көңілді күлкіге қарқ қылады. «Беташар» тойдың басы әрі сәні, жас келіннің жаңа өмірге бет алғанын білдіретін қызықты, салтанатты, ажарлы дәстүрлердің бірі. Осы заманғы үлгісі деп Қазақстан Республикасының халық ақыны Қонысбай Әбілевтің Торғай жерінде Жасұлан мен Ұлбосынның үйлену тойындағы беташарын беріп отырмыз. Қыз көші. Қыз көші (салт). Құда аттандырар кәдесі жасалғаннан кейін ұзатылған қыз шешесі, жеңгесі, жас іні, сіңлілермен бірге көлікке отырып жолға шығады. Қыз артта қалғандарға қарамауы керек. Құдалар алға түседі. Одан кейін шаңырақ түйе (қыз көші) жүреді. Тойшы жігіттер көш соңынан әсем киініп ән-күймен ереді. Былайша айтқанда көште ерекше салтанатты жарасымдылық болады. Қыз ауылынан бір көш жер шыққанша мұны «қыз көші» деп атайды. Одан әрі асқаннан кейін «келіншек көші» дейді. Келіншек көшінің келе жатқанын білетін жолдағы ауыл қыз-келіншектері, жастары «келіншек көшін» тоқтатып «түйемұрындық» алып, батасын беріп, «жол болсын» айтып шығарып салады. Рома. Рома немесе Рим (pronounced;, pronounced;) - Италия астанасы. Батыс өркениетінің бесігі – мәңгі қала атанған - Рим, ірге тасы қаланғанына үш мың жылға жуық. Жиырма сегіз ғасырдан бері адамзаттың аузынан түспей тұрған, әлі де түспейтін ұлы қала жөнінде айту қиын. Рим жәдігерліктерінің ұзын санын ешкім де анық айта алмас. Осы ғажайып шаһардағы Әулие Петр Соборы, Венеция сарайы, Сикст капелласы, Капитолий Консерваторлар сарайы, Рим форумы, Апий жолы, Треви субұрқағы, Әулие Каллиста Катакомбасы, Испания алаңы, Пантеон, Әулие періште қамалы сияқты ғимараттардың әрқайсысын жеке алып айтса да болар еді, әттең құлаш жетпейтінді құшақтау мүмкін емес сондықтан да,негізгі назарды бүкіл адамзат білетін үш нысанаға – Колизей мен Пантеонға, Әулие Петр соборына аудармақпыз,қаланың даңқын дүйім дүниеге жайғандар да осы ғимараттар. Енді Колизейге тоқтайық,ол расында да қалай асқақтатып айтса да, соған түратындай ғажайып ғимарат. Колизей атауы латынның «колоссеум» («алапат ауқамды») деген сөзінен шыққан. Бұл амфитеатрдың ұзындығы 188 метр, ені 156 метр, сыртқы қабырғасының биіктігі – 48 метр бұл дегеніңіз кәдімгі 12 қабат үй мен тең,ірге тасының тереңдігі 13 метр, амфитеатрдың мыңдаған жыл қозғалмай тұрғанының да себебі сонда. Колизейге бір мезгілде 50 мың көрермен сиятын болған. Мұндай ауқымдағы стадионға 100 000 мың адам да сиып кететіні белгілі, бұл арадағы айырмашылық ерте замандағы көрермендердің қазіргідей сығылыспай еркін отырғандығында. Сексен жерден кіріп шығатын есіктерден енген адамдар айналасы он минуттың ішінде толық жайғасып үлгереді екен. Сол заманда бүгінгідей трибунасы, секторлары отыратын орны көрсетілген, билеттер болған, сондай-ақ Колизей гладиаторлар айқасын қызықтайтын жер болған. Мәңгі қаладағы тағы бір құдірет – Пантеон Таң қаларлық басты қасиеті- архитектуралық шешімнің қарапайымдылығы. Пантеонның кереметі оның 9 метірлік шаңырағы.Онда жалғыз есік пен жалғыз тесік бар. Нөсерлеген жаңбыр жауса да оған бір тамшы су тамбайды. Оған кіргенен-ақ бір жерден түсетін күн сәулесі тек қана сіздің жүзіңізге түскендей тылысым бір күй кешесіз. Оның себебін түсіндіру қиын. Әйтеуір, мына жалғанның жанталасынан аз уақытқа болса да жеңілгендей сезінесің міне Пантеонның құдіретіде осы болар. Римге барған адам Ватикан мемлекетіне соқпай кетпейтіні белгілі Католик әлемінің ең қасиетті ғибадатханасы Әулие Петр соборы осында. Адамзаттың ұлы суреткерлері Микеланджело мен Рафаэльдің таңғажайып талантының арқасында Капитолий қырқасында тұрғызылған бұл ғимарат дүние дидарындағы шын кереметтердің бірі. Шанхай. Шанхай () қытайша - теңіз жағасындағы қала, экономикалық орталықтарының бірі, жол торабы. Халықтың саны 24 млн. болып саналады. Машина жасау, қара металлургия,химия, жеңіл және тамақ өнеркәсіп орындары шоғырланған. Қытай ҒА-ның филиалы, жоғарғы оқу орындары, көптеген музейлер, театрлар бар. Елдегі ең ежелгі қалалардың бірі. Ол ескі мен жаңаның,ол көне мен су жаңаның, шығыс пен батыстың, Еуропа мен Азияның аралас-құралас кейпіне енген ерекше қала. Оны әлемнің сегізінші кереметіне теңейтіндер, Шығыстың Нью- Йоркі немесе Шығыстың Парижі, Азияның Венециясы, Қытайдың Чикагосы деп атайтындар жетерлік. Күшала. Күшала ("Eminium") - шаянот тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда Мойынқұм мен Қызылқұм шөлінде, Қаратауда және Тянь-Шаньнің ба-тысында өсетін 2 түрі бар: ит К-сы (Леманн К-сы) (Е.lеһmаnnі) мен Регел К-сі (Е.rе-gеlіі). Бұлардың көп тарағаны — ит К-сы. Оның биікт. 15 — 40 см, түйнекті өсімдік, жапырақ тақтасы үшбұрышты, қандауыр пішінді, ұзын сағақты, (ұз. 7 — 12 см, ені 1,5 — 3 см) болады. Гүл шығатын сабағының түп жа-ғында мөлдір жарғақты қы-набы болады. Қара-күлгін түсті, ұз. 4 — 8 см собық гүл-шоғыры сабағының ұшынан дамиды. Собығының сыр-тындағы жамылғысының ұз. 12 см, ені 3 см. Жамылғы-сының ішкі беті мақпалдай жұмсақ, қара күлгін түсті. Тұқымынан көбейеді. Сәуір — мамыр айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі — ақжидек. Түйнегінде алкалоидтар болатындықтан улы. Ит К-сы — өте сирек кездесетін түр болғандықтан Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізіліп, ерекше қорғауға алынған. Ақеділ. Ақеділ (;;) — Шолман өзенінің сол жақтағы саласы. Бұл сала Иір-емел тауының шығыс жағындағы орналасқан батпақтарынан басталып 1,430 km дейін созылады. Ижау. Ижау — (;;) — Ұдмұрт Республикасының елордасы. Жұрты 623,4 мың адам (2005). Қала аумағы — 31 560 ha. Сарытау (қала). Сарытау (;) — Ресейдің еуропалық бөлігіндегі оңтүстік-шығысындағы ірі қалаларының бірі, Сарытау облысының әкімшілік орталығы. Еділ өзенінің оң жағында орналасып, Сарысу (Волгоград) мен Самар қалалары аралығының қақ ортасында тұр. Алтын орда кезінде сауда қаласы болған. 1590 жылдан бері орыс шекарасындағы бекініс. 18 ғ. екінші сатында балық пен тұз саудасының ірі орталығы, 19 ғ. бастап астық саудасы. 1780 ж. бастап гөбернелік орталық. 1909 ж. университет құрылды. Істерлі-Тамақ. Істерлі-Тамақ (;) — қала (1781), Башқұртстан Республикасының Республикасының Істерлі-Тамақ ауданының әкімшілік орталығы. 1952—53 жж. Істерлі-Тамақ облысының орталығы. Ақеділ өзенінің (Шолман саласы) оң жағында орналасқан, Үфі қаласынан 130 km. Жұрты 270,0 мың адам (2006). Істерлі-Тамақта химия өнеркәсібі мен машина жасау ірі кәсіпорындары бар. Сімбір. Сімбір (;;;) — Ресейдегі қала Ульяновск облысының орталығы. "Сімбір" (не "Сінбір") — бұл жерде тұрған еділ бұлғарлары бегінің есімі. Шистай. Шистай (;;) — қала (1781), Татарстан Республикасы Шистай ауданының әкімшілік орталығы. Зөя. Зөя (;;) - Еділ өзенінің оң жағындағы сала. Ағыны Татарстан мен Ульяновск облысында өтеді, Ұзындығы 375 km. Бүгілме. Бүгілме (;) - қала (1781) Татарстан Республикасы Бүгілме ауданының әкімшілік орталығы. 1953 жылы Бүгілме облысының орталығы болды. Қазан қаласынан 333 km алыста, Зөя өзенінің жағасында орналасқан. Зеңгір-көл. Зеңгір-көл (;) — Сарытау облысындағы көл. Еділ өзенінің сол жағында, Шумейка кентінің қасында. Көлемі 500 x 250 м. Якутск. Якутск (;) - Саха Республикасының елордасы. Шығыс Сібірдегі ең ірі қала. Мирней. Мирней (;) - қала, Саха Республикасы Мирней ұлысының (ауданының) әкімшілік орталы. Джоқусқай қаласынан 1207 km аралығында орналасқан. Жұрты 39,4 мың адам (2005). Өлөне. Өлөне (;) — Солтүстік-Шығыс Сібірдің ең ірі өзені. Көбінесе Саха Республикасы өңірінде ағады, Лаптевтердің теңізіне құйылады. Өзен ұзындығы 4400 km (әлемде 10-шы орын). Ленскей. Ленскей (;) — қала (1963), Саха Республикасы Ленскей ұлысының әкімшілік орталығы. Жұрты 24,6 мың адам (2005). 1940 жж. бұрын Мұқтуя () деп аталған. Бүлу. Бүлу (;) — Саха Республикасы өңірімен ағатын өзен, Өлөне өзенінің сол жақтағы ең ірі саласы. Ұзындығы — 2650 km (Өлөне өзенінің ең ұзын саласы). Сұлтанов, Тұрсын Икрамович. Сұлтанов, Тұрсын Икрамович - Қазақстан тарихшысы, тарих ғылымдарының докторы, Сән-Питербортағы шығыстану институтының ғылыми қызметкері, 1996 жылы ақпан айынан бастап Сән-Питербор мемлекет университетінің Шығыс факультетінің Орталық Азия және Кавказ кафедрасының меңгерушісі. Тұрсын Икрамович Сұлтанов Алматы облысында туған. 1967 жылы Ленинград мемлекеттік университетінің Шығыс факультетінің Таяу Шығыс тарихы кафедрасын бітірген. 1970 жылы КСРО Ғылымдар Академиясының Шығыстану институтының Ленинград бөлімшесінің аспирантурасын бітіріп, диссертацияны қорғаған. Түрік, пасрсы, шағатай және ағылшын тілдерін біледі. Тұрсын Сұлтановтың мамандығы - Қазақстан және Орта Азияның орта дәуірінің тарихын зерттеп, сол кездің еліміздің тарихы туралы қайнарын табу. 100 ғылыми еңбектерінің авторы, солардың арасында бірнеше монографиялар бар. Шолман. Шолман (;) — Еділдің сол жағындағы және ең ірі саласы. Бұл сала Еділге қосылуынан жоғарыда Еділдің өзінен ірі. Шолман Ұдмұртиядағы Кулиги қаласы төңірегінде аға басталып 1805 km дейін созылады. Нұқрат. Нұқрат (,,) — Шолман өзенінің оң жақтағы ең ірі саласы. Ұзындығы 1314 km. Күнтізбе. Күнтізбе, календарь (— қарыз кітабы) — ұзақ уақыт мезгілін есептеудің аспан денелерінің көрінерлік қозғалысының ауық-ауық қайталану ерек-шелігіне негізделген жүйесі, анықтамалық басылым. Ежелгі Римде әрбір айдың 1-күні к а л е н д ы деп аталған. Сол күні қарыз алғандар несиеқорларға өсім төлеп отырған. Осыған байланысты календылары көрсетілген "қарыз кітаптары" болған. К-нің негізгі ұғымдары -тәулік, ай және жыл. К. жасау үшін күннің, айдың, жылдың ұзақтықтарын есептеп, олардың арақатынастарын анықтау керек. Тағылық дәуірден өтіп, азды-көпті мәдениетке қол жеткен халықтардың бәрінде де К. болған, өйткені К-сіз шаруашылықты ұйымдастыруға болмайды. Мекеніне, шаруашылығына және даму дәрежесіне қарай халықтардың К-лері әр түрлі болған. Ерте замандағы халықтар қардың кетуі, өзендердің- тасуы, т.б. құбылыстарға негізделген табиғи К-лерді пайдаланған. Қазақстан жерінің ежелгі халықтары жыл есебін құстардың көктемде келіп, күзде қайтуы бойынша жүргізіп отырған. Жыл құстары атауы сол ертедегі К. негізінде қалыптасқан. күн К-лері, ай К-лері және аралас К-лер. Эвергет К-сіне ұқсас, бірақ Эвергет К-сінде жыл басы 1 тот, Юлий К-сінде — 1 януарист (қазіргі қаңтар, ақпан, т.с.с. ай аттары — рим айларының орыс тілінде қалыптасқан аттары). Юлий К-сі ескі санат (стиль) деп те аталады. Юлий К-сіндегі жылдың тропиктік жылдан 11 мин 14 с артықтығы бар. Бұдан 128 жылда 1 күн, 384 жылда 3 күн жиналады. Сондықтан 325 ж. 21 наурызда күн мен түннің жазғытұрымғы теңелуі 16 ғ-да 11 наурызға сәйкес келген. Теңелу күнін әрдайым 21 наурызға келетін етіп тұрақтандыру үшін Рим папасы Григорий XIII 1582 ж. уақыт есебін 10 күнге ілгері жылжытып, 5-қазанды 15-қазан деп есеп-теу және әрбір 400 жылда 3 кібісе жылды жай жыл есебінде алу туралы жарлық шығарды. Уақыт есебінің бұл жүйесі Григорий күнтізбесі немесе жаңа санат деп аталады. Осы күні көптеген елдерде Григорий К-сі қолданылады. Григорий К-сіндегі жыл тропиктік жылдан 26 с ұзақ. Бұдан 3280 жылда 1 күн жиналады. Григорий К-сі Ресейде Қазан төңкерісінен кейін ғана қолданыла бастады. 1918 ж. 24 қаңтарда (6 ақпанда) РКФСР Халком-кеңесі "Ресей республикасында батысеуропалық күнтізбені қолдану туралы" декрет қабылдады. Декрет бойынша К. 13 күнге жылжытылып. 31 қаңтардан кейінгі күн 14 ақпан болып есептелді. Қазақ халқы орта ғасырларда тақтайшаға, жез қаңылтырға жазылған, тоқыма бұйымдарға кестеленген, т.б. К қарапайым К-лерді, Омар һайям (қ. Дарихи Жәлели күн-тізбесі) мен М.Т. Ұлықбек К-лерінің көшірмелерін қол- с данған, ал 18 — 19 ғ-ларда ғ-ларда түрік ғалымы М.Дәурендәуидің "Рузнамасын" пайда-ланған. 1870 - 75 ж. татар тілінде "Гәреліктер", 1877 жылдан бастап Қайым Насыридың "К." Кітапшалары (Қазанда басылған) таралған. 1889 жылдан бастаи Санкт-Петербургте шағатай тілінде Ш. Тадивидің "Мұсылман күнтізбесі шығып тұрған. 1897 ж. Орынборда жекелеген әріптері қазақ дыбыста-рына ыңғайланып реформа-ланған орыс әліпбиімен, қазақ тілінде, қазақтарға арналған "Календарь для кирги-зов на 1897 год. 1897 жылға қазақ үшін шығарған кален-дарь" атты 91 беттік кітап ба-сылды. Қазақ тіліндегі тұң-ғыш К. кітабы сол болатын, одан кейін алғаш рет араб әрпімен (төте жазумен) жа-рық көрген қазақша К. — 1922 ж. Орынборда басылып шыққан "1923 жылдың қазақ календары". 1929 — 31 ж Б.Майлин мен І.Жансүгіров 'Шаруа календарын" шығаРЫП тұрды. Қазақ тілінде жыртпа К. тұңғаш рет 1960 ж. шықты. Исаак Ньютон. Исаак Ньютон, Корольдік қоғамның мүшесі (; 1643 жылғы қаңтардың 4-і — 1727 наурыздың 31-і (жаңа стиль бойынша) — ағылшын физигі, математигі, астрономы, табиғи философы, алхимигі және теологы. Оның 1687 жылы жарық көрген "Табиғи философияның математикалық бастамалары" (латынша: «Philosophiæ Naturalis Principia Mathematica») деген кітабы ғылым тарихындағы ең ықпалды шығарма болып саналады. Осы еңбегінде Ньютон бүкіләлемдік тартылыс заңын және қозғалыс заңдарын тұжырымдап, содан кейінгі үш ғасырда үстемдік еткен және қазіргі заманғы инженерлік ғылымның негізі болып табылатын классикалық механиканың негізін қалады. Ньютон өзінің тартылыс заңы мен Кеплердің ғаламшарлар қозғалысының заңдарының арасындағы сәйкестікті дәлелдеп, жер бетіндегі заттардың қозғалысы мен аспан денелерінің қозғалысы бірдей заңдарға бағынатынын көрсетті. Осылайша ол гелиоцентризм туралы соңғы күмәнды сейілтіп, ғылыми революцияның басын бастап берді. Механикада Ньютон импульстың және бұрыштық импульстың сақталу заңдарын алға тартты. Оптикаға қосқан үлесі: ол рефлекторлы телескоп жасап шығарып, үшбұрышты призманың жарықты көзге көрінетін жеті түске бөлетінін ашты. Ол Ньютонның суу заңын тұжырымдап, дыбыстың жылдамдығын зерттеді. Математикада Ньютон Готтфрид Лейбницпен қатар дифференциалдық және интегралдық санақты ойлап шығарды. Сонымен қатар ол биномдық теореманы көрсетіп, функцияның нөлін шамалауға қолданылатын Ньютон әдісін тапты. Дәрежелік қатарларды зерттеуге де үлес қосты. Ньютонның дінге деген қызығушылығы да зор болды, оның діни еңбектері көлемі жағынан ғылымға қосқан үлесінен үлкен. 2005 жылы өткізілген сауалнамаға сұралғандардың көпшілігі Ньютонның ғылым тарихына жасаған ықпалы Альберт Эйнштейндікінен әлдеқайда күшті болған деп ойлайтындарын айтқан. Кикабидзе, Вахтанг. Кикабидзе, Вахтанг Константинұлы ("гүржінше" ვახტანგ კიკაბიძე, "орысша" Кикабидзе, Вахтанг Константинович) (1938, 19 шілде) - гүржі және кеңес әртісі, киноактер, кинорежиссер, эстрада әншісі және бірнеше әндерінің авторы. Кеңес кинематографының әйгілі филмдерінің бірінде - Георгий Данелия түсірген "Мимино" филмінде бас кейіпкердің - гүржін текті Кеңес одағының азаматы Валентин Константинович Мизандари есімді ұшқыштың рөлін ойнаған. Вахтанг Кикабидзе 1938 жылы шілденің 19-ында Тбилиси қаласында дүниеге келген. Гүржістанның халық әртісі. Орысша және гүржі тілінде бірнеше әндерінің авторы әрі орындаушысы, солардың арасында "Мои года". Кикабидзенің режиссерлік жұмыстары - "Будь здоров, дорогой" (1981 ж.) және "Мужчины и все остальные" (1985 ж.). Данелия, Георгий. Данелия, Георгий Николайұлы("гүржінше" გიორგი დანელია, орысша Гео́ргий Никола́евич Дане́лия), (25 тамыз 1930 ж.) — гүржін текті кеңес кинорежиссёрі және сценарий жазушысы. КСРО Халық әртісі (1989). «Золотой Овен» (Алтын Торпақ) марапатының иегері (1994). "Я шагаю по Москве", "Настя", "33", "Мимино", "Кин-дза-дза", тағы басқа кеңес кинематографының әйгілі филмдерінің режиссері еді. Зардари, Әсіф Әлі. (22 шілде 1955 ж.) - Пәкістан саясаткері, Пәкістанның 10-шы президенті (2008 жылының қыркүйектің 9-ынан бастап), Пәкістан халық партиясының төралқасының мүшесі. Синд провинциясында бай отбасында дүниеге келген. 2007 жылында лаңкестік акті болғанынан қаза тапқан Пәкістан саясаткері - Бенәзир Бһуттоның күйеуі. Трошев, Геннадий. Трошев, Геннадий ("орысша" Генна́дий Никола́евич Тро́шев (14 наурыз 1947 ж., Берлин, Алмания — 14 қыркүйек 2008 ж., Перм, Ресей) — Ресей әскери қызметкері, Ресей Федерациясының Батыры, генерал-полковник. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Алманияның кеңес аумағына кіретін Берлин қаласында кеңес әскери қызметкерінің отбасында туған. Балалық кезін Шешен-Ингуш АКСР-дың бас қаласы - Грозныйда өткізді. 1990-2000-шы жылдарында Солтүстік Кавказтағы соғыстарында қатысты. Қазнет. Қазне́т — Интернет желісінің қазақ және орыс тілдеріндегі қазақстандық бөлігі. Қазіргі заманда Казнеттің негізгі тілі – орыс тілі екенін мойындамауға болмайды, осы себептен Қазнет Рунеттің бір бөлігі боп табылады деген пікірлер де білдіріледі. Сонымен қатар Қазнеттегі қазақ тілінің қолданылу аумағы өсіп келетінін де байқай аламыз. Алматы қ.. (727) 254 96 98, (727) 254 96 81 РМК Қазақ онкология және радиология институты «Алматытелеком» ҚТО Жібек-жолы-Панфилов көшелерінің тұйығын қамту аймағы; Корпоративтік қызмет көрсету орталығының абоненттік қызмет көрсету залы Самал-2 ықш,ауд., 91/А үй 11 пәтер Астана қ.. 310-шы Гвардиялық дивизия алаңы, 3 үй (7172) 35 38 11, (7172) 35 39 11 (7172) 35 38 11, (7172) 35 39 12 (7172) 35 38 11, (7172) 35 39 13 (7172) 35 38 11, (7172) 35 39 14 (7172) 35 38 11, (7172) 35 39 11 (7172) 35 38 11, (7172) 35 39 11 (7172) 35 38 11, (7172) 35 39 11 (7172) 59 18 18, (7172) 59 19 19 (7172) 32 15 57, (7172) 32 17 51 (7172) 32 62 28, (7172) 32 73 43 (7172) 29 27 60, (7172) 29 27 61 (7172) 21 16 30, (7172) 21 40 63 (7172) 24 01 05, (7172) 24 15 17 Абай к. 27 үй мекенжайындағы тұрғын үй Кулиш, Пантелеймон. Кулиш, Пантелеймон("украинша" Пантелеймо́н Олекса́ндрович Кулі́ш) (*7 тамыз 1819 — †14 ақпан 1897) — украин жазушысы, ақын, этнограф, аударушы, критик, редактор. Бұрыңғы Чернигов губерниясының Воронеж деген жерінде туған - қазір бұл жер Украинаның Сумы облысының Шостков ауданына қарайды. Әкесі - Александр Андреевич казак атамандарының ұрпағы еді, егін егетін бай адам еді, шешесі Катерина - казак жүзбасы Иван Гладкойдың қызы еді. Кулиштің "рухани кіндік шешесі" 1841 жылына дейін Кулиш бірнеше жыл Киев университетінде дәрістеріне баратын болады. Кулиштің ата-бабалары казак атамандары болса да, оған қарамастан оның ресми дворян әулетінен шыққанын көрсететін құжаттары болмаған еді, соңдықтан Кулиш университетте оқуға құқығы болмағандықтан оқи алмайды. Мектептердің бақылаушысы - М.Юзефскийдің арқасында Кулиш Луцк қаласындағы дворян училищесінде жұмыс істеуге бастайды. 1845 жылында "Современник" журналы Кулиштің "Чорна рада" ("Қара одақ") романын басып жарияланды. 1847 жылы қаңтардың 22-сінде Пантелеймон Кулиш 18-жасар Александра Михайловна Белозерскаяға үйленеді, тойында Кулиштің досы - атақты ақын Тарас Шевченко куә ретінде болды. 1847 жылы Петербург Академиясы Кулишті Батыс Еуропаға жолдайды, соған Кулиш әйелімен баратын болады. Пантелеймон Кулиш украин әліппесінің нұсқаларының бірінің авторы. Іздеу жүйесі. Іздеу жүйесі — мәліметті Интернеттен іздеу мүмкіндігін ұсынатын веб-торап. Іздеу жүйесінің басым бөлігі мағлұматты Әлемдік өрмек сайттарынан іздейді, алайда файлдарды ftp-серверлерден, тауарларды интернет-дүкендерінен, сондай-ақ мәліметті Usenet жаңалықтар тобынан іздей алатын жүйелер де бар. Соңғы уақытта түрлі XML-деректер ішінде RSS технологиясына негізделген іздеудің жаңа түрі пайда болды. Іздеу жүйесінің функционалдығын қамтамасыз ететін программалар кешені іздеу қозғалтқышы немесе іздеу машинасы деп аталады. Іздеу машинасының жұмыс сапасының негізгі белгісі релеванттық (сұрату мен табылған деректің сәйкестік деңгейі, яғни нәтиженің қисындылығы), базаның толықтығы, тіл морфологиясын есепке алуы болып табылады. Мәлімет индексациясы арнайы іздеу роботтары арқылы жүзеге асырылады. Іздеу жүйесі жұмысын жақсарту — бүгінгі Интернеттің ең негізгі міндеттерінің бірі. Net Applications компаниясының деректеріне сүйенсек, 2007 ж. желтоқсан айында Google-дың нарықтық үлесі дүние жүзі бойынша 77.04 %, Yahoo — 12.46 %, MSN — 3.33 %, Microsoft Live Search — 2.57 %, AOL — 2.12 %, Ask — 1.38 %, AltaVista — 0.13 %, Excite — 0.07 %, Lycos — 0.02 %, All the Web — 0.02 % [1] пайызды құрайды. СomScore компаниясының аналитикалық деректері бойынша 2007 жылдың желтоқсан айында барлық іздеу сайттары 66 млрд 221 млн іздеу сұратуларын өңдеген екен. Яндекс осы статистикаға кірген және ол 9-ыншы орында тұр. Іздеу (және әлеуметтік граф). Іздеу құралдарына жеңіл қосылатын функцияны әлеуметтік граф деп атайды. Вебсайттар, блогтар және т.б. профильдер сияқты белгіленген кезде, іздеу құралдары оларды метаберілгендерді алу мақсатында қарастыра алады. (Мысалы достарға байланысты және т.б.). Іздеу құралдары желіні индексациялау үшін өте жақсы, өйткені, әлеуметтік ақпарат пен адамдарды көлбеу іздеудің қосылуы қиын мақсат болып саналмайды. Іздеу құралдарына әлеуметтік іздеу, адамдарды іздеу мүмкіндіктері міндетті түрде қосылады. Бұл міндет Google-дікі деп ойластырылады, ал менің ойымша бұл аймақта AOL және Yahoo кездейсоқ жеңіске қол жеткізе алар еді, өйткені бұл компаниялардың екеуінің де мақсаты адамдар мен қоғамдастықтарының үлкендігіне қол жеткізеді. Жаңартулар. Достар мәртебесін қадағалау мүмкіндігінің ыңғайлылығы Facebook жетістік себептерінің бірі. Бұл мүмкіндік ашық желіге тасымалдана алады. RSS және iCall стандартты форматтары арқылы кез келген қолданушы жаңартулар мен оқиғалар енгізе алады. Достарының жаңартуларын қадағалап отырғысы келетін әр бір тұтынушы бұл іс әрекетті санау құрылғысы немесе сұрау жасау арқылы жүзеге асыра алады. Бұл стандартты тәжірибе болып қалыптаса бастады. Өйткені, бағдарламалық қамсыздандыруды жасаушылардың жаңа және бұдан да артық осы ақпаратты қадағалап көрсетудің әдістерін құрудың үлкен және көп мүмкіндіктері болады. Әлеуметтік желілер теориясы туралы. Әлеуметтік желілер қазіргі теориясының басын 1954 жылы Рэй Соломонофф пен Анатолий Рапопорт салды. Ал 1959 – 1958 жылы венгер математиктері Пол Эрдос және Альфред Реньи әлеуметтік желілердің пайда болу принциптерін сипаттайтын мақала жазды. Дункан Уоттс және Стивен Строгаг әлеуметтік желі теориясын дамытып, кластеризация коэффициенті түсінігін, көптеген басқа да ұлы ашулардың қатарына енгізді. Мұндағы кластеризация коэффициенті – бірыңғай емес топтар арасында жақындық дәрежесі. 1959 жылы әлеуметтік желілер термині “Адамдар қарым қатынастары” атты жиынтыққа кірген, Манчестер мектебінің әлеуметтанушысы Джеймс Барнстың “Норвеждік аралдар кірістерінің класстары мен жиынтықтары” атты жұмысында енгізілген. Ол 30-шы жылдары ойлап табылған визуалды диаграммалар (бөлек жақтар - нүкте түрінде, ал олардың арасындағы байланыс - сызықтар түрінде ұсынылды) көмегімен адамдар арасындағы өзара байланысу социаграммалар көмегімен жүзеге асыру зерттеулеріне қосымшалар енгізіп оларды толықтырды. Мехмандаров, Сәмедбек. Мехмандаров, Сәмедбек Садықбекұлы ("әзірбайжанша" Səməd bəy Sadıx bəy oğlu Mehmandarov) (1855—1931) — ресей патша әскерінің артиллериясының (зеңбірек әскердігінің) генералы, Әзірбайжан Демократикалық Республикасының және кеңес мемлекетінің әскери қызметкері. Сәмедбек Мехмандаров Қарабахтағы ақсүйектер, бектер тегінен шыққан. 1855 жылы қазанның 16-сында Ленкоранда туған. Бастауыш білімін Баку қаласындағы гимназия мектебінде алған. Әскери қызметін 1873 жылы қыркүйектің 1-інде Санкт-Петербургта 2-ші Константин әскери училищесінде юнкер болып басталған. Осы училищесін бітірген соң 1875 жылында прапорщик болып 1-ші Түркістан артиллериялық (зеңбірек) бригадасына жолдаған еді, соңда 3-ші батареясының тауда соғысатын взводтың басшысы еді. Ресей империясының азамат соғысы. Ресей Империясының Азамат Соғысы (1917-1923) - кейнгі Ресей Империясының жерде болған соғысы. 1917 ж. 25 қазаннан Ресей империясының астанасы – Сән-Питерборда революцияшыл жұмысшылар солдаттар мен матростар отрядтары Қысқы сарайды тіке шабуылмен алып, Уақытша үкіметті құлатты. Сол күні жұмысшылар мен шаруалар республикасы дүниеге келді. Бірінші КСРОдың республикасы РСФСР деп аталған. Алайда Қазаның революциясы төңкерісіне ұшыраған патша генералдары мен чиновниктері Ресейдың бұрынғы тәртіпі қайта орнатпақ болды. Олар өздерінің ақ әскерлерін жасақтап, жұмысшылар мен шаруалардан кұрылған Қызыл Армияға қарсы шықты. Азамат соғысының өрті тұтанды. Сібір және Орал майданы. Ұлыбритания, Франсия, АҚШ, Жапония және басқа елдердің үкіметтері Ресейға өз әскерлерін жіберіп, ақ генералдарға көмек көрсетті. Шетел соғыс интервенция бысталды. Совет республикасы жаудың темір кұрсауында қалды. Жапондар мен американдар Қиыр Шығысқа әскер бөлемдерін түсірді. Ресейдың солтүстігіне, Орта Азия мен Закавказьеге ағылшын әскерлері басып кірді, неміс басқыншылары Украина, Беларус мен Прибалтиканы басып алды. Одесса мен Севастопольде француз кемелері тұрды. Орал өзені бойында, Еділдің орта шені мен Кама жағалауында ақтар армиялары топтасты. Олар Мәскеуге қауіп төндірді. Көп елдер Ресей Империясынан шығып өз тәуелсіз жариялды. Олар: Еуропада – Финляндия, Латвия, Литва, Эстония, Польша, Украина, Беларус, Кубань Халық Республикасы және РСФСР; Орта Азияда – Алаш аутономиясы, Хива және Бұқара; кавказда – Армения, Гүржістан, Азербайджан және т.б. Сібір мен Оралды басып алған бұрынғы патша адмирал Колчак, ол Сібірде Приморск Республикасы деп жариялды. Оған шет мемлекеттер қол ұшын берген еді. Колчак Еділге дейін тұмсық тіреп келіп қалған-ды. Осы кезде Большевиктердың партиясы «Колчакқа қарсы күреске шығындар!» деген ұран тастады. Қызыл әскерлер Шығыс майданға аттанды, оларды қолбасшы Фрунзе бастады. Колчакқа қарсы соғыста Чапаев дивизиясы даңққа бөленді. Совет өкіметінің жауларына қарсы Қостанай облысының Маринск аулында көтеріліс болды. Тарбағатайда «Қызыл тау қырындары» тобы құрылып, Қазақстанның шығысын жаулан азат ету жолында ерілікпен шайқасты. Қазақстан жеріндегі ұлт-азаттық көтерілісінің қолбасшыларың бірі Амангелді Иманов осынау ел басына қауіп төнген жылдары қызыл партизандар отрядын ұйымдастырып Совет өкіметін қорғау және нығайту барысында ерлік күрес жүргізді. 1919 жылғы қазанда Қызыл Армия бөлімдері Колчактың елордасы Омбі қаласы – алды. 1920 жылдың басында Колчак армиясы талқандалды. Қиыр Шығыста жапон интервенттері партизан отрядтарымен күрес жүргізді. 1922 ж. Қызыл Армия бөлімдері партизан отрядымен бірлесе отырып Владивостокты алды. Батыс майданы. Сібірде шайқастар әлі жүріп жатса да, Ресейның оңтүстігінде, Солтүстік Кавказда және Украинада – бұрынғы патша генералы Деникин армиясы бас көтерді. Ағылшын және француз үкіметтері оны танк бригадысымен және винтовкалармен жабдықтады. 1919 ж. қарашада Деникин Орел қаласы басып алды. Оның Мәскеуға жетуіне 300 км жол қалған еді. Азамат соғысы басталысымен С. М. Буденный атты әскер отрядын құрды. 1919 ж. қарашада Бірінші атты әчкер армиясы ұйымдыстырылды. Оны даңкты басшы Буденный, Ворошилов, Шайденко басқарды. 1919 ж. 20 қазанда Қызыл Армия әскерлері Орел қаласы алды, ал үш күннен кейні Буденныйдың атты әскерлері генерал Шкуроның таңдаулы атты әскер бөлемдерін Воронежден куып шықты. Қызыл Армия Деникин талқандады. Петроград тубінде Юденичтің армиясы талқандалды. Ақтардың әскерлері тек Қиыр Шығыста, Орта Азия мен Қырымда ғана қалғанды. Бірақ 1920 жылдың көктемінде Польшаның сарбазтар өз тауелсіз жариялып Батыс Украинаға басып кірді. Осы кезде Қырымда генерал Врангель армиясы құрылып, күш жинап келе жатты. Қызыл Армияның бірнеше құрамалары Врангельге қарсы күреске аттанды. Қырым түбегі жіңішке Перекоп мойнағы арқылы құрлықпен жалғасады. Ақ гвардияшылар бұл араны мықтап бекініске айналдырды. Қылтадан өте алмайтын биік қорған салынып, алдынан терең ор қазылды. 8 қарашада Қызыл Армия бөлімдері Перекопқа тіке шабуылға шықты. Бір тәулектен кейін Перекоп алынды. Қырымды жаудан босату кезеңі басталды. Махатма Ганди. Мохандас Карамчанд ГАНДИ (Gujarati: મોહનદાસ કરમચંદ ગાંધી,) (02.10.1869-30.01.1948 ж.ж.) - Үндістан ұлт-азаттық қозғалысының қайраткері. Өмірбаяны. М.Ганди Оңтүстік Африкада жүргенде бейбіт жолмен қарсыласудың теориясы мен тактикасын белгілеп, оны сатьяграха (Шындық үшін тайсалма) деп атады. 1899-1902 және 1906 жылғы ағылшын-зулус соғыстары кезінде М.Ганди сол жақта тұрып жатқан үнділерден ағылшындарға көмек көрсететін санитарлық жасақтар құрады. Бурлар мен зулустардың күресін әділ күрес деп есептегенімен, ол үнділердің ағылшындарға жәрдемі Үндістанға өзін өзі басқару құқығын беруге септігін тигізеді деп үміттенді. М.Ганди осы тәсілдің арқасында өз халқын ағылшындық отаршылдық езгіден аман сақтап қаламын деп те ойлады. Ол заманда үнді халқын аман сақтап қалудың бірден бір жолы осы тәсіл екені де даусыз еді. 1915 жылы қаңтарда Үндістанға қайтып оралғаннан кейін М.Ганди Үндістан ұлт-азаттық Конгресі партиясымен жақындасып, 1916 жылы оған мүше болып кіреді. 1917-1918 жылдардан бастап ол ұлт-азаттық қозғалысында неғұрлым көрнекті қызметтер атқарады. Бұл тұста елде ағылшындарға қарсы бұқаралық қозғалыс кеңінен етек алған болатын. Сол жылдары М.Ганди өзі редакторы болған "Жас Үндістан" газеті мен жетісіне бір рет шығатын "Навадживан" журналы арқылы өз идеясын насихаттап отырды. Алайда М.Ганди күресті қару күшімен емес, бейбіт жолмен жүргізуге тырысты, ұлы мақсат жолында қандай да бір күш қолдануға жан-тәнімен қарсы болды. Кейбір солшыл топтар оның бұл көзқарасын қолдамағанымен, тұтастай Үндістан халқы Махатма жағында еді. 1919-1948 жылдары Махатма Ганди Үндістан ұлт-азаттық Конгресі партиясының идеялық жетекшісі және беделді саяси басшысы, үл көсемі бола білді. М.Гандидей ұлы тұлғаның арқасында Ұлттық халық Конгресі партиясы Үндістан халқының зор қолдауына ие болды. Үндістанның кемеңгер ақыны Рабиндранат Тагор қойған Махатма (Ұлы адам) деген құрметті атақ - М.Гандидің елі сүйген есімі. Ағылшын отаршыларына қарсы күресте М.Ганди талай рет айдалып (1922-1924, 1930-1931, 1942-1944 ж.ж.), неше қайтара сотталып, абақтыларға отырғызылды. Отаршылардың бұл әрекеті күрескер азаматты жасыта алмады, қайта шыңдай түсті. Ағылшындарға "Үндістаннан тайып тұрыңдар!" деп алғаш ұран тастаған да М.Ганди болатын. Бір қызығы ұлы тұлға 1946 жылғы үнді моряктарының көтерілісін айыптады. Себебі, М.Гандидің ойынша Үнді халқы тәуелсіздікке тек бейбіт жолмен ғана жете алатынынына имандай сенуінде еді және өзі осы жолды мықтап ұстанды. Шын мәніндегі ұлт көсемі дәрежесіне көтерілген ол ұлы мұрат жолында титтей де солқылдақтық танытпады, таңдап алған жолына адал болды. Ағылшындардың құйтырқы саясатының нәтижесінде 1947 жылы Үндістан-Пәкістан болып екі мемлекетке бөлінген тұста да ол үнділер мен мұсылмандарды бірлікке шақырды. 1948 жылы 30 қаңтарда Махатма Ганди Үнді реакцияшыл ұйымдарының мұшесі Натхурам Годзе дегеннің қолынан салтанатты митингі кезінде қастандықпен өлтіріледі. Махатма Ганди ұстанған бағыт және оның өмірлік мызғымас көзқарасы. Ол қапияда қас дұшпанның қолынан көз жұмғанымен М.Гандидің соңында - ГАНДИЗМ атты діни-философиялық саяси ілім қалды. Және М.Гандидің өзі осы ілімнің негізін қалады. Ол ілімнің философиялық түпкі негізі - Құдайдың яғыни бір Жаратушының қақтығын мойындау, оны ақиқатпен қатар қою. "Мен үшін Ақиқат - ең басты принцип. Ол Ақиқат - Құдай" дейді М. Ганди өзінің "Менің өмірім" атты кітабында ("Жалын" баспасы, аударған Мейрам Асылғазин, 1989 жыл). М.Гандидің ойынша Ақиқат гносеологиядан гөрі діни адамгершілік категориясына жатады. Оған қол жеткізу - тек адамның өз бетімен жетілуі, ізденуі және Ақиқатты өзінің күнделікті қам-қаракетінде жүзеге асыра білуі арқылы мүмкін болмақ. Ақиқатты жақын білу - Құдайды танып-білу дей келіп, ол: "Құдайдың алуан түрлі анықтамасы бар, себебі оның көрінуінің өзі алуан түрлі... Мен тек Ақиқат түріндегі Құдайға бас иемін" дейді (бұл да сол кітапта). Ганди Ақиқатты - абсолютті және относителді деп екіге бөледі. Біріншісі мәңгілік принцип Құдай болса, екіншісі адам санасында болады. Ізденудің мақсаты - абсолюттік Ақиқатты, Құдайдың мәнін білу. Ол мистикалық ішкі ой арқылы аян береді деп біледі М. Ганди. М.Гандидің этикалық қағидасы джайнизмнен (біздің жыл санауымызға дейінгі соңғы мың жылдықтың орта шенінде Үндістанда пайда болған, брахмандардың әдет-ғұрпына қас діни ілім. Өзінің жолын қуғандарға аса қатаң адамгершілік-тақуалық талаптар қояды, кез келген күш көрсетуге, оның ішінде тірі жан атаулыны жоюға тыйым салады) алынған: "тірі жанды зәбірлеуге болмайды" дейтін ахимса идеясына негізделген. Ганди ұсынған ұлт бостандығы үшін күрестің негізгі тактикасы "Сатьяграха" - негізінен зәбірлемеу принципіне құрылған. Ахимса мен Сатьяграха өзара үндес, сабақтас ілім. Үндістанның ағылшын үстемдігінен құтылатын, азаттық алатын бірден-бір жолы: "свардж (өзін-өзі басқару) тек ешкімді де зәбірлемейтін шаралар арқылы ғана іске асырылуы керек" деп үйретеді. Гандидің өзі оны адам өміріндегі күнделікті мәселелерді шешудің еңбір оңтайлы, ұтымды әдісі санайды. Сатьяграханы іске асырудың басты шарттарының бірі - Үндістан құрамындағы барлық халықтардың, барлық діндегілердің, көзқарастағылардың өзара түсіністік және өзара кешірімшілдік бірлігінде деп білді М.Ганди. Ол - Қамқорлық теориясын жақтады. Махатма Ганди үнділер мен мұсылмандардың бірлігі үшін табанды күрес жүргізіп, ұлт бостандығы күресіне үнділермен қатар мұсылмандардың да қатысуын қамтамасыз етті. Ол "дүниені қозғаушы күш және оны қозғалысқа келтіретін Құдайдың өзі белгілеген Заң" деп білді. М.Гандидің этикалық көзқарасы: "кедейлікке, жоқшылыққа мейірімділікпен қарау, жапа шегу, тақуалық принциптері мен қоғамдағы дамуы - адамның өсімпаз мұқтажын қамтамасыз ету арқылы емес, оны саналы түрде тежеу арқылы іске асырылуы керек" деген көзқарасты мықтап ұстанды. Осы айтылған қағидалардың барлығын өзінің күнделікті қам-қаракетінде, ісінде қолдана білген, бұл жолдағы қандай қиындыққа да төзе білген, өз тәжірибесін ізін қуғандарға да кеңінен қолданған Махатма Ганди адамгершіліктің шырқау шыңына көтеріле білген бірден бір әлемдік, ғарыштық ірі тұлға. М.Гандидің негізгі принциптері: Ахимса, Брахмачария, Сатьяграха деген не? Махатма Гандидің өмір жолы туралы сөз еткенде: Ахимса, Брахмачария, Сатьяграха және тағы басқа осыларға үндес, сабақтас қасиетті атауларды ауызға алмай және олардың мән-мағынасына зерделей түсінбей, ұлы тұлға туралы бірдеңе деп айтудың өзі әбестік болар еді. Біз тілге тиек етіп отырған бұл үш атау Махатма Гандидің онсыз да сом тұлғасын биіктете түсетін биік тұғырлар екені даусыз. Алда әңгімемізге арқау болатын оқиғалар шоғырының қазақ оқырмандарына түсінікті болуы үшін ең алдымен осы сөздердің біздің тілімізде қандай мағыналарға ие болатыны туралы түсіндірме сөздік түрінде қысқаша болса да түсінік бере кеткенді жөн көрдік. Сатьяграха. "Сатьяграха" деп аталатын принцип термин ойлап табылмастан бұрын пайда болған... Бұл принципті гуджарати тілінде сипаттау үшін біз бастапқыда "бәсең қарсылық" деген ағылшын сөзін пайдаландық... Маганлал Ганди "сатаграха" (ста - шындық, аграха - кәміл) деген сөз ойлап тапты... Мен оны "сатьяграха" деп өзгерттім". Махатма Ганди өзі құрған Сатьяграха қозғалысының арқасында еш қандай қарсылықсыз, қантөгіссіз, күш көрсетусіз, асқан төзімділікпен Үндістан халқын тәуелсіздікке жеткізуге шындап бел буады. Ол бүкіл Үндістанды жаяу аралап, будда, христиан, мұсылман дін орындарында болып, ешкімді ұлтына, дініне, әдет-ғұрпына алаламай ортақ күреске шақырады. Бірақ күрестің басты шарты - ешқандай күш көрсетпеу болып есептеледі. Бұл қозғалыс М.Ганди Оңтүстік Африкада жүргенде дүниеге келіп, Үндістан халқы толық тәуелсіздік алғанға дейін жалғасын тапты. Мәңгілік тарихта қалды. "Мен ойымда, сөзімде және іс-әрекетімде Брахмачария ұстауды да, сатьяграха қозғалысына бар уақытымды арнауды да бірдей аңсадым. Бұған мен тек қана өзімді өзім тазарту жолымен жете алатын едім. Сондықтан өміріме одан әрі де өзгерістер енгізе бастадым және тамақтануға байланысты қатаңдау шек қойдым. Ораза ұстау және тамақтан тартыну өмірімде анағұрлым елеулі роль атқара бастады. ...Денемді жетілдіргім әрі тәртіптегім келген, бірақ ендігі басты мақсат тежеле білу және талғамымды көндіктіру болғандықтан, мен алдымен бір тамақты, одан кейін екіншісін тандап ішіп, бірте-бірте оның азықтық құрамын кеміте бердім. Алайда тамақтануды жаным сүйе беретін болды. Өзіме ұнаған бір тамақтан бас тартып, басқасын ішсем, онда бұл соңғы тамақ мені жаңадан әрі анағұрлым артық тұшынтатын болды". Тамақ ішуді шексіз шектеген М.Ганди аптаның екі-үш күнін ораза ұстап, қалған уақытында бірнеше тал таза жеміс-жидек жеп, таза су ғана ішіп, ауырғанда топырақпен емделіп, үй-ішінің барлық адамдарын осы әдіске көндіреді. Ата-бабасынан келе жатқан үйіндегі барлық асыл заттарды, тіпті әйелі Кастурбайдың қанша жылап қарсыласқанына қарамай, үстіндегі асыл заттарды сыпырып алып, банкіге өткізіп, оның өсімін жетім-жесірлер мен қозғалыс мүддесіне жұмсап отыруы да былай қараған адамға ақылға сыймайтын әрекет. М.Ганди Үндістан халық Конгресіне белсене араласып жүрген тұста, әр шеттен келген делегация мүшелерінің өздері тұрып жатқан жердегі тазалыққа мән бермейтініне назар аударады, тіпті аналар еш нәтиже шығармағанда, өзі қолына су мен шүберек алып зәр мен нәжісті еш қиналмастан тазалай бастайтын тұсы бар. Ол бұл әдісті Калькуттадағы бай адамдар тұратын махалладағы тазалықты тексергенде, аналардың қанша алтын мен күміске малынып отырса да адам баласы төзгісіз тазалықтарын көріп, оларды тазалауды өз мойнына алып, еш жиіркенбестен шешініп тастап, жұмысқа кірісіп кетуінен де байқайсыз. Оңтүстік Африкада жұмыс істеп жүрген кезінде Махатма Ганди үйінде жатып жүрген қозғалыстың белсенді бір мүшесінің күнде астына жіберіп қоятынына қарамастан асқан төзімділік танытып, тіпті әйелі Кастурбайға сол бейтаныс еркектің астын тазалататыны, жарының қарсылық көрсеткенінен ештеңе өнбейтіні де адамды ойға салады. "Көп ұзамай мен бірыңғай жеміс диетасымен күнелтейін әрі тамаққа мүмкіндігінше ең арзан жемістерді пайдаланайын деп ұйғардым. Тақыр кедей адамдар қалай өмір сүрсе, біздің де солай өмір сүргіміз келеді. Жеміс диетасы аса қолайлы болып шықты. Тамақ дайындауды қойдық. Күнделікті дастархан мәзіріміз - шикі күйіндегі жер жаңғағы, банан, құрма, лимон және зәйтүн майы. Мен дегенмен Брахмачария болуға тырысатын адамдарды сақтандыруға тиістімін. Диета мен Брахмачария арасындағы тығыз байланысты көре білгеніммен, сөз жоқ, негізгі нәрсе - ақыл-парасат. Рухтың толайым пасық пиғылдарын оразамен тазартуға болмайды. ...Дегенмен рух пен тән арасындағы тығыз байланыс бар және дененің жаны ылғи дәмді мен тоқтықты аңсайды. Диетаға шек қою мен ораза осыларға бейімделіп кетуден кұтылу үшін қажет. Сезімдерді қадағалап отырудың орнына, дененің жаны сол сезімдердің құлы болып кетеді, сондықтан да тән әрдайым да таза, қоздырмайтын тамақ пен мезгіл-мезгіл ораза ұстауды қажет етіп отырады". Адам миы жете бермейтін қадамдарға бару - М.Ганди үшін үйреншікті әдет. Адамның құлқынның құлы болмауы - Брахмачария мен Сатьяграханың басты шарты. Бүгіндері қоғамда орын алып отырған жаппай жемқорлық, ашкөздік, ешқандай тойымның болмауы, "алам берсем, жей берсем" деген көзқарас әсіресе билік тұтқасында отырғандардың арасында кеңінен белең алуы - біз қазақстандықтарды бір сәтке де ойлантуы тиіс. Махатма Гандидің біз тілге тиек етіп отырған батыл қадамдары - әне, сондайларды бір сәтке болса да ойлантар ма екен деген ойдан да өз басым аулақ емеспін. Бұл - қазіргі жағдайдағы мен үшін алыстағы суық жұлдыздай бір арман ғана. Үндістанның тәуелсіздігі жолында күрескен және осы мақсатта жауларының қолынан қаза тапқан Махатма Гандидің өмір жолы - тәуелсіздігін алғанына көп бола қоймаған Қазақстан сияқты жас мемлекеттің тізгінін ұстап отырғандарға үлгі болса - нұр үстіне нұр дер едім. Сан миллиондаған халқы бар Үндістанды ешқандай қан төгіссіз, күш көрсетпеусіз азаттыққа алып барған Махатма Гандидің Сатьяграха қозғалысының тындырған ісі ұшан-теңіз. Махатма Гандидің басшылығымен Сатьяграха қозғалысының мүшелері - ағылшындар тарапынан көрсетіліп жатқан барлық әділетсіздікке үн-түнсіз, күш-көрсетусіз қарсылық көрсету, ұрып жатса да, өлтіріп жатса да, абақтыларға қамап жатса да - тіс жармау, отырып алу сияқты әдістерді кеңінен қолданады. Үндістанға сырттан басқыншылыр тарапынан әкелінген барлық тауарларды тұтынбау, керексіз ету, тек қана үндінің тауарларын тұтыну, үнді тілінде сөйлеу, т.б. Махатма Гандидің Сатьяграха қозғалысы қойған талаптар ағылшын отарлаушыларын тығырыққа тірегені анық. Ол отарлаушылардың сырттан әкелген тауарлары - мұндағыларға мүлдем керексіз болып, Англиядағы ірі алпауыттардың өзі шашетек шығынға батып, өз үкіметіне еріксіз наразылықтар көрсете бастайды. Билік пен халық арасындағы ұзаққа созылған текетірес - ағылшын отарлаушыларын отар елдерін тастап, еріксіз бассауғалауларына себеп болады. Міне қантөгіссіз, күш көрсетусіз бостандыққа жету деп осыны айтса керек. Бұл - сөзсіз Махатма Ганди бастаған Сатьяграха қозғалысының басты Жеңісі. "Сатяграха-ашрамның негізі 1915 жылдың 25 мамырында салынған" (бұл да сонда) деп Махатма Гандидің өзі айтқандай бұл қозғалыстың тарихы бай еді. Қозғалыс түпкі нәтижеге қол жеткізді. "Жан-жақтылы жүргізген тәжірибем Ақиқаттан өзге құдайдың жоқтығына көзімді жеткізді. Және егер бұл кітаптың әр беті оқырманға Ақиқатты түсінудің бірден-бір жолы ахимса екендігін көрсете алмаса, онда кітап жазған еңбегім зая кетті деп ойлаймын. Және тіпті төгілген маңдай терім еш болып шықса да, оқырман біле жүрсін, бұған ұлы принцип емес, таңдап алған жолым кінәлі. Өйткені ахимсаға, сатьяграхаға, брахмачанға деген талпыныстарым неше жерден шынайы болғанымен, олар әлі де жетілмеген, жеткіліксіз. Сондықтан көзім шалып қалған Ақиқаттың жылт еткен болмашы сәулелері күн сайын көріп жүрген күн шапағынан миллион есе күшті, айтып жеткізгісіз Ақиқат шұғыласын ашатын ойды білдіре алар ма екен. Менің көріп, білгенім бар болғаны осы бір орасан зор жұлдыздың көмескі жыпылықтағаны ғана. Бірақ кәміл сеніммен айта аламын, бұл да менің ізденістерімнің жемісі, тек ахимсаны толық танығанда ғана Ақиқатты әбден анық көруге болады" деп ұлы ойшыл, ғұлама, данышпан, ұлы тұлға, Үндістан тәуелсіздігінің жарық жұлдызы Махатма Ганди "Менің өмірім" атты кітабының соңғы тарауында өзі айтқандай Ақиқаттың ақ жолын тапқан адам. Үндістан тәуелсіздік алғаннан кейін билік басына кім келуі сөз болғанда - Махатма Ганди биік лауазымнан өзі бас тартады, орнына Үндістанның тағы бір ұлы перзенті Джавхарлар Неруді тағайындауды өтінеді. Өйткені бұл екі азамат та Үндістанның тәуелсіздігі жолында кристалдай таза адамдар еді. Джавахарлал Неру да - Махатма Гандиді жанындай сүйген, оның принциптеріне адал берілген, өмірінің ақырына дейін оған адал болған асыл азамат. Үндістанның осы бір қос перзенті - барша үнді халқы үшін аяулы бейнелер. Екеуін бөліп қарау мүмкін емес сияқты. Бірақ Махатма Гандидің орны ерекше! Ағылшын отарлаушылары Үндістанға амалсыз бостандық берсе де, Кашмирді, Пәкстанды екіге бөліп, будда мен исламның ортасына от жағып кетті. Бұл от бүгінге дейін басылатын емес. Сол бір қауіпті жылдары Махатма Ганди екі діннің ортасына арашашы ретін жатып алып, аштық жариялап, екі жақ амалсыз келісімге келетін болған соң ғана аштығын тоқтатқаны белгілі. Бірақ үндістанның будда дініндегі бір жауыздың үндінің ұлы перзентін қастандықпен өлтіруі - ешбір ақтауға жатпайтын қастандық екені даусыз. Лактоферрин. Лактоферрин - жан-жануарлардың гендiк жүйесiн бiртiндеп жетiлдiру арқылы адамның өсiп-қалыптасуына аса қажеттi материал. Табиғатта лактоферрин ананың сүтiнде ғана кездеседi екен. Ол – дүниеге жаңа келген сәбилердiң ағзасындағы қорғаныстық қабiлетiн қалыптастыратын шешушi элемент екендiгi белгiлi. Лактоферрин адам баласы дүниеге келген сәттен бастап ағзаның бактериялар мен түрлi вирустардан, терiнiң қышымасынан, ауа райының өзгерiстерiнен, түрлi жараның өршуiнен сақтандырады. Жалпы, алғашқы кезеңдегi адам ағзасының қорғаныс қабiлетiн қалыптастыра отырып, жан мен дененi түрлi табиғат құбылыстарына, қоршаған ортаның ауытқуларына қарсы тұруға әзiрлейдi. Бұған қоса, лактоферрин адамның ағзасындағы iсiк клеткаларын да жойып жiберетiндей керемет қабiлетке ие. Лактоферриннiң 1 грамы дүниежүзiлiк дәрi-дәрмек рыногында 3 мың АҚШ доллларына бағаланады. Жалпы, жылына дүниежүзiнде лактоферринге деген сұранымды қанағаттандыру үшiн 6 миллиард АҚШ доллары қажет екендiгiн ғылымдар есептеп те қойды. Қазiргi кезеңде балаларды бiрыңғай ана сүтiмен қоректендiру мүмкiн еместiгi байқалды. Оның себебi көп. Ең қорқыныштысы кейбiр елдерде ана сүтiмен бiрге балаларға ВИЧ, «В» гепатитiнiң вирустарының жұғатыны байқалуда. Не iстеу керек? Ананың сүтiн айырбастайтын табиғи лактоферриндi көбiрек өндiру қажет. Ол әрi дәрi, әрi тамақ ретiнде жас ағзаның өсiп-жетiлуiне көмектеседi. Осы жерде үй жануарлары сиыр мен ешкi өзара «жарысқа» түсетiн секiлдi. Ғалымдар әуелгiде лактоферриндi сиырдан алу үшiн оған гендiк жүйемен «түзетулер» енгiзiп көрген. Бiрақ, сиырдың сүтiндегi белок барлық сәбилерге бiрдей жарамды еместiгi анықталынған. Бұдан кейiн, адамның генiн ешкiге енгiзу жөнiндегi батыл идеялар жүзеге асырылады. Мiне, осылайша ешкi сүтiнде аса бағалы әрi адамға өте пайдалы белок пайда болды. Жалпы, қай халық болмасын, ешкi сүтiнiң маңызды, пайдалы екендiгiн ертеден пайымдаған. Ендi мiне, гендiк жүйесi өзгертiлiнген ешкiнiң сүтiнен лактоферрин шығарылуда. Бұл үшiн адамның ДНК (тұқым қуалау кодының ұзақ мерзiмдiк молекуласы) жүйесiнiң бiр жапырағы бөлiнiп алынады. Ресей Ғылым академиясының биология институтының ғалымдары одан лактоферриннiң генiн бөлектеп, оны ешкiнiң генiне орналастырған. Қазiргi уақытта ресейлiк ғалымдар осындай 8 бағыт бойынша генетикалық құрылымдар жасаудың жолдарын қарастыруда. Бұл жерде шешек-ата тұқымының өсiмталдығы, сиырға қарағанда икемдiлiгi мен төзiмдiлiгi, тез өсiп-өнетiнi жетекшi орын алады. Оған қоса, ешкiлер жылына екi рет лақтайды. Әр маусымда бiр ешкi шамамен мың литр сүт бередi. Сиырларға аусыл, буруцуллез, туберкулез, құтырма секiлдi аурулар үйiрсек келедi. Бұл жағынан алғанда ешкi малы мұндай ауруларға қарсы тұратын мықты иммунитеттi бойларына қалыптастырған. Олар сиыр секiлдi мәпелеп бағуды, күндiз-түнi қарап, күтiм жасауды талап етпейдi. Сауранбаев, Нығмет. Сауранбаев, Нығмет Тінәліұлы (1910 - 1958) - қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі, түркітанушы, филология ғылымының докторы, профессор. "Қазақ әдеби тілінің дамуындағы Абайдың рөлі" (1954) "Қазақ әдеби тілінің тарихын зерттеу туралы" (1960) Эбзеев, Борис. Эбзеев, Борис Cафарович, (1950 ж. ақпанның 25-і) - Қарашай-Шеркеш Республикасының президенті. Қырғызстандағы Джанги - жер деген жерінде дүниеге келген. Ұлты - қарашай. 1972 жылы Саратов қаласындағы заң университетін бітірген. Заңгер. 1991 - 2008 жылдарында Ресей Конституцилық сотында жұмыс істеген. 2008 жылынан бастап Қарашай-Шеркеш республикасының президенті болып істейді. Асқар. Асқар ("башқұртша" Асқар, "орысша" Аскарово) - Ресей Федерациясында, Башқұртстанда орналасқан елді мекен. Әбзәліл ауданының орталығы. Тұтқырлық. Тұтқырлық - сұйықтар мен газдардың негізгі қасиеттерінің бірі. Мысалы, машиналарды майлау үшін жанармайды алдын ала тұтқырлығына қарап таңдап алады. Сұйық тұтқырлығының температураға байланыстылығын өте күшті болады. Себебі сұйықтың температурасы жоғарылап кризистік температураға жеткенде (мысалы, суды алсақ ол 1000с-та қайнап буға айналады) басқа фазаға өтеді. Әсіресе майлар тұтқырлығының тәуелділігі күшті, мысалы, температурасы 180 С-тан 400 С-қа дейін көтерілгенде кастор майының тұтқырлығы төрт еседей кемиді. Барлық нақты сұйықтардың бір қабаты екінші қабатымен салыстырғанда орын ауыстырса, онда азды-көпті үйкеліс күші пайда болады. Шапшаңырақ қозғалатын қабат тарапынан жай қозғалатын қабатқа үдетуші күш әсер етеді. Керісінше, жай қозғалатын қабат тарапынан шапшаң қозғалатын қабатқа бөгеуші күш әсер етеді. Бұл күштер ішкі үйкеліс күштері деп аталады, олар қабаттардың бетіне жүргізілген жанама бойымен бағытталады. Ішкі үйкеліс күшінің шамасы сұйық ағысының v жылдамдығы бір қабаттан екінші қабатқа көшкенде қаншалықты шапшаң өзгеретіндігіне тәуелді және қарастырылып отырған сұйық қабаты бетінің S ауданы неғұрлым үлкен болса, соғұрлым зор болады. Мысалы, бірінен-бірі Δh қашықтықтағы сұйықтың екі қабаты v1 және v2 жылдамдықпен ақсын (v1- v2=Δv) делік. Қабаттардың Δh арақашықтығын өлшегенде бағыт сол қабаттардың ағыс жылдамдығына перпендикуляр болсын. Сонда Δv/Δh шамасы бір қабаттан екінші қабатқа көшкенде жылдамдықтың қаншалықты шапшаң өзгеретіндігін көрсетеді, оны жылдамдық градиенті деп атайды. Ньютон алғаш рет сұйықтың екі қабатының арасындағы үйкеліс күші жылдамдықтар айырымы мен жанасып тұрған сұйық қабаттары бетінің ауданына тура пропорционал және сол қабаттардың ара қашықтығына кері пропорционал екендігін дәлелдеді. мұндағы η-пропорционал коэффициент, яғни сұйықтың тұтқырлық коэффициенті деп аталады. thumbТұтқырлық коэффициенті неғұрлым үлкен болған сайын сұйықтың идеал сұйықтан айырмашылығы мен үйкеліс күші соғұрлым үлкен болады. Егер екі сұйық қабаты шексіз жақын болса, онда Тұтқырлық динамикалық коэффициенті formula_5 -пен өлшенеді, яғни жылдамдық градиенті - 1formula_5. Бетінің ауданы 1 м2 сұйық қабаттарының әсерлесу кезіндегі тұтқырлық күші 1 Н болады. Әдетте η коэффициентін тұтқырлықтың абсолюттік коэффициенті деп атайды. Ал осы коэффициенттің берілген сұйықтың тығыздығына (ρ) қатынасы тұтқырлықтың кинетикалық коэффициенті делінеді, ол Бұл тұтқырлық коэффициентіне кері шама, яғни 1/η - аққыштық коэффициенті деп аталады. 1 пуаз = 1 дин*с/см2 =0,1 Н*с/м2 = 0,1 Па*с. Пуазейль заңы. Пуазейль заңы бойынша сұйық стационар аққанда құбырдан ағып өтетін сұйық көлемі оның тұтқырлығы неғұрлым аз, радиусы көп болса соғұрлым көп болады және қысым градиентіне пропорционал. Газдардың ағысын сұйықтың ағысы деп қарастыруға болады, бірақ газдардың тұтқырлық коэффициенті едәуір аз және олардың сығылғыштығы есепке алынуға тиіс. Температура жоғарылағанда, сұйықтардағыдай газдардың тұтқырлығы кемімейді, керісінше аздап артады. Мысалы, су буы үшін температура 00 С-тан 1500 С-қа көтерілгенде тұтқырлық коэффициенті 86*10-6 пуаздан 89*10-6 пуазға дейін кемиді. Қорытылуы. Енді горизонталь орналасқан құбырдан 1секунд. Ағып өтетеін сұйық көлемінің V неге тәуелді екенін табайық. Ол үшін сұйық ішінен радиусы r қалыңдығы dr цилиндр формалы қабатты ойша бөліп алайық. Бұл қабаттың қима ауданы ds= 2prdr. Қабат жұқа болғандықтан оның барлық бөліктері бірдей жылдамдықпен қозғалады. 1секунд ішінде бұл қабаттағы сұйық көлемі (өзімен бірге ағып шығатын су) dV=vds= v2prdr өрнекті соңына қойсақ: thumb Дүниежүзілік жүрек күні. 24 Қыркүйек - Бұл атаулы күн 2001 жылдан бастап Дүниежүзілік жүрек федерациясының бастамасымен Жүрек ауруларының қауіптілігін насихаттау мақсатында атап өтіледі. Лэнс Армстроң. Лэнс Армстронг (Lance Armstrong)(18 қыркүйек, 1971 ж.) — америкалық кәсіпқой велошабандоз. Әлемдегі ең танымал көпкүндік Le Tour de France жарысының жеті дүркін жеңімпазы (1999, 2000, 2001, 2002, 2003 және 2004 жылдары Us Postal командасында, ал 2005 жылы Discovery Channel сапында жеңген). 2008 жылдың 9-шы қыркүйегінде Армстроң үлген спортқа қайта келгісі келетінін мәлімдеді, оның қайта оралуы Калифорния турынан басталмақшы. 2009 жылғы маусымнан бастап ол қазақ Астана велоклубы намысын қорғайды. Спортттық мансабы. 1971 жылы Техас штатының Плано қаласында туған Лэнс 18 жасында АҚШ-тың ұлттық құрама командасына қабылданды. Барселона Олимпиадасында 14-орын алғаннан кейін оған кәсіпқой велоклуб басшыларының назары ауды. 1992 жылы Армстронг әйгілі «Моторола» клубымен келісімшарт жасасты. Кейіннен «Кофидиске» ауысты. Ол бір жылдың ішінде тоғыз бірдей жарыста топ жарып, күллі әлем назарын өзіне аударды. Көз тиді ме екен, әлде күтімі кем болды ма, әйтеуір, нағыз атой салар шағында Армстронг қатерлі ісік дертіне шалдықты. Көпшілік оның спорттық карьерасы аяқталды деп есептеді. Лэнс бірер жыл ауруханалардың табалдырығын тоздырып, ем-дом алды. Біраз уақыт спорттан қол үзуіне тура келді. Дәл сол тұста «Кофидистің» басшылары Армстронгпен келісімшартты үзіп, спортшыға тиесілі 2 миллион долларды жымқырып қалды. Алайда бұл жағдайлардың ешқайсысы қайсар жігіттің сағын сындыра алмады. Керісінше, ол қайраттана, жігерлене түсті. Дертінен айыққаннан кейін Армстронг велосипедін қайта тізгіндеп, жарыс жолына шықты. Сол кезден бері ол «Гран-при Атланта», әлем чемпионаты, «Сан-Себастьян Классика», «Флеш Валлон», «Тур де Люксембург», «Гран-при Эдди Меркс», «Гран-при де Насьон», «Швейцария Туры», «Дофине Либре», «Гран-при Миди Либре» сынды көптеген халықаралық жарыстарда топ жарды. Ал Лэнстің ең ірі жеңісі – 1999 және 2005 жылдар аралығында «Тур де Франс» көпкүндігінде қатарынан жеті мәрте жеңімпаз атануы. Дәл осындай табысқа бұрын-соңды адам баласы қол жеткізіп көрмеген-ді. Білетіндер атақ-даңқ Лэнсті еш өзгертпеген деседі. Ол «жұлдызбын!» деп ешуақытта кеуде қаққан емес. Керісінше, қарапайым қалпынан айнымай, күні түскен адамға қамқор қолын созудан бас тартпады. Бір ғана мысал: Жыл сайын жер бетінде 6 миллион адам қатерлі ісік ауруынан қаза табады екен. Ажал тырнағынан аман қалғандары тым сирек. Міне, соларға арнап, Армстронг арнайы қор құрды. Әйгілі велошабандоз – сол қордың басқарма мүшесі, басты демеушілерінің бірі. Осыдан бірер жыл бұрын спорттан қол үзген Лэнс Армстронг қайта оралды. Көп ойлана, толғана келе, ол өзгенің емес, әлемдегі ең белді клубтың бірі – «Астананы» таңдап алды. Ұлан. Адам есімі ретінде де жиі кездеседі ("Ұлан", "Жасұлан", т.б.). Бұл сөз моңғолдарда да кездесіп тұрады (мысалы Моңғолия астанасы - Ұлан батыр қаласы). Ұлан (үнжария). Ұлан - ҚҰРЫЛТАЙШЫсы “ЖАС ӨРКЕН” жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi болып табылатын Республикалық балалар мен жасөспірімдерге арналған үнжария. 1930 жылдан бастап шығады. «Ұлан» – балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық газеті. Құрылтайшысы – "Жас өркен" ЖШС. • Газет 1930 жылы 14 наурызда «Жас Алаш» газетінің 5-6 беттерінде газет ішіндегі газет болып алғаш жарық көрді. Алғашқы атауы «Пионер» болды. • 1930 жылы 5 қарашада «Пионер» газеті Алматы қаласының Гоголь көшесіндегі №9 үйге өз алдына дербес басылым болып бөлініп шықты. • 1937 жылдың наурыз айынан газет «Октябрь балалары» деген атаумен шыға бастады. • 1941 жылғы 28 маусымдағы санынан кейін соғыс жағдайына байланысты уақытша жабылды. • 1946 жылы 9 мамырда «Қазақстан пионері» деген атаумен қайта жарыққа шықты. • 1980 жылы 14 наурызда шыға бастағанына 50 жыл толуына орай және жас ұрпаққа саналы тәрбие беру жолындағы еңбегі ескеріліп, «Қазақстан пионері» газеті «Құрмет» орденімен марапатталды. • 1990 жылдан бастап «Қазақстан пионері» газетінің атауы «Ұлан» болып өзгерді. • «Ұлан» газеті 2002 жылы Қазақстан Республикасы Журналистика академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлығын «Балалар басылымы» номинациясы бойынша иеленді. • Газетті әр жылдары Ә.Исмайылов, Ә.Ыдырысов, С.Бердіқұлов, Ф.Оңғарсынова, У.Қалижан, Б.Қойшыбаев, Ғ.Доскен, Б.Сүлейменов, С.Қалиұлы сияқты қазақтың қабырғалы қаламгерлері басқарды. • «Ұлан» газетін тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарынан 2008 жылдың қараша айына дейін белгілі балалар жазушысы Сұлтан Қалиұлы басқарды. Қазіргі бас редакторы – «Ұланның» бұрынғы жас тілшісі, ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің 1998 жылғы түлегі Есей Жеңісұлы. • «Ұлан» газетінде тәжірибелі журналист, Қазақстанның Мәдениет қайраткері Алма Үмбеттегі 36 жылдан бері еңбек етіп келеді. Редакция алқасы құрамында Бағдат Мәжитов (бас редактордың орынбасары), Қуаныш Нұрданбекұлы, Гүлфарида Зейнуллина сияқты тәжірибелі журналистер бар. • Әр жылдары Смағұл Елубаев, Жақау Дәуренбеков, Жаңабек Шағатай сияқты белгілі қаламгерлер, Мадина Омарова, т.б. сияқты кейінгі буын өкілдері «Ұланның» жас тілшісі болды Қадір түні. Бұл түні () тек бір Аллаға мадақ айтылып, Жаратушы иеден тілек тіленеді. Таң атқанша айтылған тілек-ниеттің барлығы періштелер арқылы Алла тағалаға жеткізіледі. Сол үшін де барша мұсылман қауымы бұл түнді асыға күтеді. Қадір түні ұлық пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) Аллаһтан уаһи келіп, Құранның алғашқы сүрелері түсе бастаған. Бұл түні мұсылман жамағат мешітке жиналады, таңды ұйқысыз қарсы алып, Аллаһқа мінәжат етеді. Осы түні оқылған аяттың сауабы мың айға, яғни, 83 жылға тең деп саналады. Ахметова, Күләш. АХМЕТОВА Күләш (25.4.1946 ж.т., Қырғызстан, Талас ауд. Киров а.) — ақын. Жамбыл медициналық училищесін, Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1973). “Қазақстан пионері” газетінде, “Жалын” баспасында бөлім меңгерушісі, редактор болып қызмет істеді. Алғашқы өлеңдері училищеде оқып жүрген кезінде жариялана бастады. “Ақ гүлім менің” (1975), “Сен менің бақытымсың” (1977), Қазақстан Ленин комсомолы сыйл., (1978), “Жапырақ жаздың жүрегі” (1979), “Мейірім” (1981), “Бұлақтағы жұлдыздар” (1982), “Жасыл жағалау” (1984), “Ләйлектер қайтып келгенде” (1985), “Арғымақтар даласы” (1987), “Сен жанымда жүрсең” (1987), “Наурыз нұры” (1991), “Күн шыққанда күліп оян” (1996) т.б. жыр-жинақтары жарық көрген. Ахметованың өлеңдері орыс, украин, белорус, өзбек, башқұрт, қырғыз, т.б. тілдерге аударылған. А.Ахматова, А.Межиров, Н.Ислам, Э.Межелайтис өлеңдерін қазақ тіліне тәржімалады. Азаматтық үнінің айқындығымен, нәзік сыршылдығымен ерекшеленетін Ахметова шығармалары туған елді сүю, адалдық, достық, махаббат сезімдерін арқау етеді. Замандастың көңіл-күйі, жан әлеміндегі құбылыстар, әйел тағдыры — ақынның лирик. толғаныстарының арқауын құрайды. Айша бибі кесенесі. Айша бибі кесенесі - ХІ ғасырдағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Сырты керамикалық плиталармен қаланып, ойып жасалған өрнектің сән-салтанаты мен сан түрлілігі жағынан Қазақстандағы басқа мемориалдық-дәстүрлік ескерткіштер ішінде оған тең келетіні жоқ. Ескерткішті қалаған кірпіштердің әртүрлілігінің өзі таң қалдырады. Оның алғашқы қалпы біздің уақытымызға дейін тек батыс қабырғасында сақталған. Тараз қаласынан 18 км қашықтықта басқа да діни ескерткіш орналасқан. (XI- XIIғғ.) Қазіргі кезде ол кесене ЮНЕСКО қатарына алынған. Мазар сырты ерекше қапталған, оны тек Бұхарадағы Исмаил Самани мазарымен ғана салыстыруға болады. Айша –бибі кесенесі Орталық Азиядағы плита түрінде қапталған оюға толы толығымен кесілген терракотамен безендірілген. Кесене безендіруінде бай және әр түрлі геометриялық фигураларымен апталған. Тізбектер терракотамен қапталған жіңішке суреттермен қазақ оюлармен безендірілген. Айша-бибі кесенесі көне орталық-азия түріктер халқының ою-өрнектерінің бай мұражай-сақтаулылардың байлығы болып келеді. Қазіргі кезде бұл ескерткіштерден батыс қабырғасы, ал қалған қабырғалардан – аз ғана суреттер қалған. Мазардың бұрыштарының бірінде көне жазба тақпағы сақталып қалған: «Күз...Қара бұлт.Әлем керемет...» Біздің күнге кесененің тек батыс бөлшегі сақталған. Қазір кесене толығымен жаңартылған. Аумақ жақсы орналастырылған. Қараханидтер сәулет ескерткіштері ішінен бұл ескерткіш кереметі болып саналады. 60 түрлі ою-өрнектері бар эпиграфикалық белдеумен жасалған. Ескерткіш туристтерді тек қана ерекше сәулетімен ғана емес, сонымен қатар сұлу Айша-бибі мен батыр Қарахан арасындағы шексіз махаббаты туралы аңыз да қызықтырады. Айша әйгілі шығыс ақылшысы Зеңгі бабаның қызы болып келеді. Аңыз бойынша Айша өзінің ғашығы Қараханға бара жатқан жолында жыланның шаққанынан қайтыс болған. Ауд. 7,6×7,6 м, кесене ортасына құлпытас (3×1,4 м) қойылған. Іргетасынан бастап 3,4 м биіктікте бағаналар Айша-бибі кесенесі – бұл жер бала көтере алмайтын және мықты жанұя сұрайтын әйел адамдар аса киелі тұтатын жер болып саналады. Қайта қалпына келтіру жұмыстары 2001-2004 жылдар аралығында жүргізілді. Кесене кейіпін келтіру үшін Түркістан филиалының қайта жасаушы шеберлері үш жыл бойы ескі технологиялы пештерді қолдану арқылы 72 түрлі белгі салынған плиткалар дайындады. Сондай-ақ кесене фундаментін қатайту қабырғаларын көтеріп алғашқы кейпіне келтіру күмбездің ішкі және сыртқы желкендерін жөндеу секілді қиын жұмыстар атқарылды. Сондай-ақ электр жарығын тартып кесене аймағы қоршалды, яғни осылайша кесене қайта қалпына келтірілді. Британ монархиясы. Монарх. Теоретикалық жағынан Ұлыбританияда монарх мемлекеттік биліктің негізгі бастауы болып табылады. Ол – мемлекет басшысы. Оған сонымен қоса теоретикалық жағынан атқарушы билік те тән. Монарх парламенттің құрамдас бөлігі болып табылады. Бірақ іс жүзінде монарх заң шығару процесіне араласпайды, яғни оның вето қою құқығы жоқ. Сонымен қатар атқарушы билік ісіне де араласпайды. Мемлекетті министрлер кабинеті басқарады. Бұл жерде басты фигура премьер-министр болып табылады. Ал теориялық жағынан мемлекетті «Оның әміріндегі мемлекет» деп атайды. Үкіметті екі палаталы жүйе сәйкестендірілген парламент кейбір жерлерде басқарып отырады. Ұлыбритания мемлекетінің басшысы АҚШ пен салыстырғанда сайланбалы емес. Ол мұрагарлік арқылы беріледі. Бұл жерде мұрагерліктің кастильдік жүйесі қолданылады, яғни бұл жүйе бойынша билік Виндзорлар әулетіненде әкесінен үлкен баласына беріледі, егер ұлы болмаса үлкен қызына беріледі. Сонымен қатар монарх мұрагерді өзі сайлай алады. Кей кездері монарх билікті өз туысқанына берген. Бұл ХХ ғ. Бір рет кездеседі. Ұлыбританиядағы монарх бұл ұлттардың бірлігінің символы болып табылады. Оны әлеуметтік қоғамның тұрақтылығының негізгі белгісі болып табылады. Ұлыбритания тарихында монархтық республикаға қарсы тарихи қозғалыстар мен көтерілістер болмаған. Монарх- көптеген артықшылықтарға ие. Оны қылмыстық, азаматтық, әкімшілік жазаға тартуға болмайды. Бірақ та тарихтан ағылшын төңкерісі кезіндегі Карл І жазаға ұшырап, өлтірілгені бәрімізге белгілі. Монарх политикалық тұрғыдан нейтрал болып табылады. Ол белгілі бір партия мүшесі болмайды, мемлекетті басқару кезінде белгілі бір саяси жауапкершілікті өз мойнына алмайды. Монарх үшін оның министрлері жауап береді. Діни тұрғыдан монарх протестант болуы керек және католикпен бірге тұрмыста болмауы керек.Елизавета ІІ Құқықтық жағынан британдық монарх көптеген артықшылықтарға ие. Оны корольдік прерогатива деп атайды. Бұл ерекше құқықтар орнықтырылған дәстүрлерде, конституциялық салтта белгіленген. Кей кезде бұл ережелер соттық предецедентте бекітіледі. Бұлар заң болып табылмайды және парламентке байланысты емес. Парламентпен қатынас кезінде бұл құқықтар үкімет басшысының бұйрығымен орындалады.Бұл премьер-министр болып табылады. Премьер-министр барлық заңдарды қадағалайды.Ол абсолютты вето құқығына ие. Бірақ іс жүзінде Ұлыбритания премьер-министрі вето қою құқығын 1757 жылдан бастап қолданбады. Монарх парламеттің құрамдас бөлігі болып табылады, бірақ парламенттің, яғни Өкілдер палатасының жиылысына тек арнайы шақырту арқылы қатыса алады. Ол парламенттің жыл сайынғы сессиясының ашылуында трондық сөз сөйлеу сөйлейді. Трондық сөз лорттар палатысында оқылады. Бұл жерге өкілдер палатысының мүшелері шақыртылады. Өкілдер палатасының мүшелері бұл сөзді орындарынан тұрып тыңдаса лордтар палатасының өкілдері орындарында отырып тыңдайды. Трондық сөз кейін әр палатада айтылып талқыланады. Бұл сөзден министрлер кабинетінің келе жатқан жылдың программасы құрастырылады. Бұл сөзді премьер-министр дайындайды. Монарх бұл тексттен бірде-бір сөзді өзгертуге қақысы жоқ. Тіпті, бір сөздеріне арнайы интонация қоюына да болмайды. Монарх өкілдер палатасын таратып, сайлаудың жаңа мерзімін бекітеді. Бұны ол тек үкіметтің келісімімен соның ішінде премьер-министрдің қолдауымен атқарылады. Теория жүзінде монарх үкімет басшысын орнына тағайындайды делінген. Бірақ іс жүзінде үкімет басшысын өкілдер палатасында көпшілік дауысқа ие болған сайлана алады. Бұны сенім вотумы деп атайды. Бұған әрине жеңген партияның өкілі сайланады. Кей кездері жеңген партия бір адамды кандидат етіп бекіте алмағанда, монарх өз даусын берген. Бұндай оқиғалар 1957, 1963, 1974 жылдары болған.Үкімет монарх атынан актілер шығарады. Ол «кеңес туралы бұйрық» деп аталады. Кейін бұны құпия кеңесте қарайды. Оның ішіне тек үкімет мүшелері ғана қатыспайды. Ал бұндағы болған жағдайларды премьер-министр монархқа баяндауға міндетті.Едвард ІІ Монарх сыртқы саясатқа араласуға құқығы бар. Ол Британдық Достастықтың басшысы болып табылады. Ал кейбір елдерде ол генерал-губернатор ретінде танылған. Бұл тәуелсіздік алған елдердің конституциясында көрсетіліп бекітілген. Ол құқықтық тұрғыдан әскери күштің қолбасшысы болып табылады. Монарх жоғарғы әскери басшыларды сайлайды, оларға шен, атақ береді. Сонымен қатар монархтың өзі де шенге ие. Мысалы қазіргі Елизавета ІІ полковник болып табылады. Корольдің құзіретіне соғыс пен бейбітшілік туралы мәселелер, амнистия, ақтау деген мәселелер кіреді. Монархтың өзіне қатысты жеке артықшылықтары бар. Корольдік регалилерге тақ, тәжі, мантия, держава, скипетр, титул, монархқа міндетті түрде «Сіздің әміріңізбен» деп сөйлеу. Сонымен бірге корольдік сарай монарх артықшылығының бірі болып табылады. Сарай корольдің өзіне және оның жанұясына қызмет ететін қызметшілерден тұрады. Ал король туыстарының барлығының өздерінің белгілі бір титулдары бар. Ал негізгі корольдің артықшылығы парламентпен бекітілетін цивильдік қағаз,яғни бұл корольдің жеке шығындары мен оның сарайын қамтамасызь ету үшін қажет. Қазіргі кезде монархтың жеке шығындары үшін 8 млн. фунт стерлинг немесе 5 млн АҚШ долларын құрайды. Монарх салық төлеумеуге құқылы, бірақ қазіргі королева Елизавета ІІ ондай артықшылықтан өз еркімен бас тартты. Монарх, тақ мұрагері және оның кейбір туыстары өздерінің жеке жылжымайтын мүліктеріне ие. Соған қоса тақтық меншік болып табылатын сарайлар, жерлерге ие болады. Бұндай меншік оларға пайда әкелуі мүмкін, бірақ оның бұл тақтық меншікті олардың сатуға құқығы жоқ. Олар сонымен қатар бағалы қағаздардың иелері, жеке меншікке иелік етуге олардың құқықтары бар. Және жеке меншіктеріне өз қалауларынша әмірлік жүргізе алады. Барлық жазылғандардан қорытынды монарх құқық тұрғысынан көптеген артықшылықтарға ие болғанмен практика жүзінде айтылған артықшылықтар жүзеге аспайды. Бұны біз «өлі артықшылықтар» деп атауымызға болады. Монарх шығарған барлық актілер контрасигнацияға ұшырайды, яғни міндетті түрде актінің астына премьер- министрдің қолының қойылуын қажет етеді.Ол болмаса акті заңды болып танылмайды. Монарх қарамағында Құпия кеңес болады. Бұл оның құрамында ешқандай құпиялық жоқ. Кеңес құрамына екі палатадан өкілдер, корольдің жанұясының мүшелері, епископтар, министрлер(олардың саны әр кезде әр қалай 300-400-ге дейін). Кеңес арнайы бір үлкен мейрамдарда, оқиға болған кезде жиналады. Бірақ көбіне кеңеске тек бірнеше адамдар жиналады. Және кеңес атынан монарх «кеңес туралы бұйрық» шығарады. Бұл бұйрықтармен министрлер кабинетінің шешімдері толтырылады. Кейбір сұрақтар парламентте жарияланбай тұрып, Құпия кеңесте айтылуы керек. Оған мысалы парламентті тарату, соғыс жариялау, тақтан бас тарту, күшін жойған зағдар туралы, бұрынғы колонияларға конституция сыйлау және т.б. жатады. Ұлыбритания министрлер кабинеті. Британ үкіметі. Ұлыбританияның конституциялық құқығында министрлер кабинеті деген ұғым мүлде жоқ десек те болады. Оның орнына көбіне үкімет деген термин қолданылатын бұл мемлекетте негізінен премьер-министр басқаратын министрлер кабинетінен тұрады десек те болады. Премьер-министр жария түрде қазынаның бірінші лорды болып табылады. Үкіметтің құрамыны көптеген мүшелерден тұрады. Олардың саны заңды жүзде 95. Ал негізінен үкімет 75-80 министрлерден, мемлекеттік министрлерден, портфельсіз министрлерден, дәстүрлі қызметтің иелерінен оларға лорд- мөрді сақтаушы және т.б., кіші министрлерден, секретарьлардан тұрады. Министрлер рангіне бс прокурор да ие болады. Ол үкіметтің құқықтық кеңесшісі, сотта үкіметтің негізгі өкілі болып табылады. Мемлекеттік секретарь титулы маңызды министрлерге беріледі, соның ішінде ішкі және сыртқы істер министрлері және т.б. Үкіметтің құрамына сонымен қатар тек парламент мүшелері кіреді. Қазіргі кезде лордттар палатасы күнделікті қолданылады. Үкімет коллегиалды орган ретінде ешқашан отырыстарда жиналмайды және шешімдер шығармайды. Оның құрамынан қысқартылған кабинет шақыртылады. Кабинет негізгі министрлерден тұрады. Оның құрамында сыртқы қорғаныс пен сыртқы істерімен айналасушы мемлекеттік секретарьлар, қазына канцлерлері және т.б. болады. Кабинет жиындарға шақыртылады және шешімдер шығарады. Кабинеттің отырыстары көбіне Лондонда Даунинг-Стрит,10- да орналасқан премьер-министр резиденциясында өткізіледі. Көбіне премьер-министрдің үйінде жиналатын жиынға «ішкі кабинет» жиналады. Бұндай жиындар аптасына бір рет болып тұрады. Ал «ішкі кабинетке» премьер-министрдің сеніміне ие министрлер кіреді. «Ішкі кабинет» шешімдерді кабинет атынан шығара береді. Кабинеттің жұмысы жабық түрде жүреді. Ондағы протоколдармен танысуға заң бойынша тек 30 жылдан кеін ғана рұқсат етілген. Кабинет министрлерінің шешімі дауысқа салынбай қабылданады. Мемлекетті басқаруда негізгі тұлға премьер-министр болып табылады. Ол үкіметті жасақтайды, монархтың актілеріне жазбаша қол қоюды (кейде бұны ауызша түрдеде істей алады), монархқа кез келген уақытта парламенттің төменгі палатасын тарату туралы ұсыныс жасай алады сонымен қатар қайта сайлауды өткізу туралы шешім шығарады және т.б. Премьер-министр ұсынысын монарх әрқашан орындайды. Премьер-министрдің шешімімен келіспеген министрлер отставкаға кетуге міндетті. Премьер-министр мен министрлер құрамында көптеген құрамдас органдар – кабинеттер, комиссиялар, секретариаттар, қызметтер бар. Негізгі маңызға парламенттік қызметтер ие.Парламенттік қызметтер парламентте болған дебаттарды қадағалайды, парламентте көтерілген мәселелерді тиісті министрге хабарлайды, оның парламент депутаттары берген сұрақтарын жауап дайындайды. Құқықтық тұрғыдан мемлекет кеңесшісі бас атторн болып табылады, ал оның көмекшісі бас солиситор. Парламенттің қабылдаған заңдарын орындау үшін үкімет арнайы нормативтік актілер қабылдайды. Ал бұл актілер үкімет не кабинет атынан қабылданбайды, жекелеген министрлер атынан шығарылады. Мұндай актілерге парламент қатаң тәртіп орнатқан. Барлық актілер парламентке берілуі керек, яғни «парламент үстеліне қойылуы керек». Ал іс жүзінде барлығы парламент библиотекасына және бағынышты заңдар туралы парламент комитетіне тапсырылады. 2001 ж. қабылданған реттеу реформасы бойынша министр өзінің бұйрығымен кейбір заңдарға және заңдық актілерге өзгеріс енгізе алады. Бұл өзгертулер парламентте 60 күн ішінде қаралып мақұлданады немесе алынып тасталынады. Қабылданғанына екі жылдан төмен актілерге өзгеріс енгізуге болмайды. Өзгерістер тек белгілі бір жеке тұлғаларға қатысты немесе Шотландия заңдарына рұқсат етілген. Бұл кейбір жеке және заңды тұлғаларды мемлекеттік салықтар мен өтемдерден босату болып табылады. Ұлыбританияда премьер-министрге қатысты импечмент қолданылады. Бұл соңғы рет 1805 жылы қолданылды. Министрліктердің жергілікті жерлерде өз өкілдіктері бар. Өкілдіктер арқылы жергілікті өзін-өзі басқару органдары кейбір миниципалдық шенеуніктерді тағайындау туралы мәселелер қарайды. Мысалы бұған өрт сөндіру, миниципалдық милиция және т.б. органдар жатады. Қазақстандағы жемқорлық. Қазақстан әлі сыбайласқан жемқорлық деңгейі өте жоғары елдер қатарында. Бұл әлем елдеріндегі сыбайласқан жемқорлық деңгейін анықтайтын Transparency Іnternatіonal ұйымының 2008 жылғы қорытынды есебінде көрсетілген. Қазақстан 2008 жылғы рейтинг бойынша 151-орыннан 145-орынға шықты (Бұрынғы кеңес елдері арасынан парақорлықтан тазалығы жағынан Грузия (67-орын), Армения (108) мен Украина (134) ғана Қазақстанның алдында тұр). thumb Қазақстанда зерттеулер 1999 жылдан бастап жүргізіле бастады. Егер сол кездегі елдегі сыбайласқан жемқорлық деңгейін (кестені қараңыз) алсаңыз, 2008 жылғы көрсеткіштен айырмашылығы аз. Қазақстанда сәл ілгерілеу болғанымен, индекс (2,2-2,8 балл) әлі төмен. Сыбайласқан жемқорлықтан арылған мемлекетте индекс 10 балды көрсетеді. Сол себептен, Қазақстан ең құрығанда 5 балл алуға ұмтылуы керек. Ал индексі 3 балға дейінгі кез келген елде сыбайласқан жемқорлық деңгейі өте жоғары болып есептеледі. Қайырбеков, Ғафу. Ғафу Қайырбеков - Қазақстан республикасының халық жазушысы, ақын (1928 жыл). 1943 жылы Торғай аудандық «Социалистік ауыл» газетінде ақының тұңғыш өлеңі жарық көреді. Содан бастап оның туындылары облыстық, республикалық басылымдарда жиі жарық көрді. 1954 жылы «Құрдас» атты алғашқы жинағы шыққаннан кейін ақын республикаға кең таныла бастады», дейді Қазақстанның халық жазушысы Тұманбай Молдағалиев. Бауырым (фильм). «БАУЫРЫМ» — қазақ тіліндегі фильм (2008жыл). Сюжет. Таглайн: «Кейбіреулер өз жолдарын өздері таңдайды, ал кейбіреулерді жол өзі таңдайды» Мүмкіндігінше қолда бар техника мен жақын жора-жолдастарының көмегін пайдаланып, әсерлі де мазмұнды фильмдер түсіруге барын салуда. Жақында «Бауырым» фильмінің тұсауы кесілген еді. Енді санаулы күндерде тағы бір фильм түсіріліп бітеді. Онда ағайынды жігіттердің өмірінен сыр шертіледі. Бір ескерерлігі, жас режиссерлердің фильмдерінің мазмұны қылмыс әлемі оқиғаларына жақын келеді. Әлде оған көрермен тарапынан сұраныс жоғары ма, бәлкім, өмір тым қатал болып бара ма?! Қалайда әуесқой жастар кино түсірумен шындап айналыса бастаған сыңайлы. Таяуда 19 жасар Қайсар Қайырғалидың жетекшілік етуімен түсірілген «Бауырым» фильмінің тұсауы кесілді. Жарнамасы да мықты болған соң, алғашқы көрсетілімге жұрт, әсіресе жастар жағы, ағылып келді. Бюджеті 10 мың АҚШ долларына пара-пар туынды қазақ тілінде түсірілген. Орыс тіліне аударылып субтитрі қоса беріледі. Көкшетау. Көкшетау- Қазақстандағы қала, Ақмола облысынын орталығы (1999 жылдан; 1944 – 97 ж. Көкшетау обл-ның орталығы болған). Қопа көлінін жағалауында орналасқан. Астана қ-нан солт.-батысқа қарай 276 км жерде, Көкшетау қыратының солт-нде, Қопа к-нің оңт. жағалауындағы көрікті жерде орналасқан. Тұрғыны 133,1 мың адам (2003). Қаланың аум. 420,0 км2. Көкшетау қаласының климаты айқын континенттік, жазы жылы, қысы ұзақ және аязды. Жылдық орташа темп-ра 0С шамасында. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлш. 300 – 350 мм. Жауын-шашын негізінен жаз айларында жауады. Көкшетау – Қазақстанның тарихы бай қалаларының бірі. Қазіргі қала орналасқан аумаққа жергілікті халық ежелгі замандарда-ақ қоныс салып, қорғандар тұрғызған; қ. Бурабай кеніші, Бурабай қонысы. 1824 ж. 30 сәуірде Бұқпаның бөктері, Шағалалының сол қапталындағы Шат шатқалының ішінен (қазіргі Көкшетау-Қостанай тас жолымен қаладан шыға берістегі Шағалалы өз. үстінен өтетін көпірдің тұсы) Ресей империясының шығыстағы шекаралық әскери бекінісінің құрылысы басталды. 1824 ж. 17 қыркүйекте (жаңа күн санауы бойынша 30 қыркүйекте) Ресей империясы Сенатының шешімімен К. бекінісі ресми тізімге енгізілді. 1839 ж. К-ға әскери гарнизоны әкелініп, казактар станицасы құрылды. 1868 ж. К. бекінісі әскери маңызын жойып, қатардағы елді мекендердің бірі болып қалды. 1882 ж. жарық көрген “Сібірдегі қалалар мен кенттердің экономикалық жағдайы” деген басылымда мынадай мәліметтер жазылған: “Көкшетау үлкен станица мен соған жалғасқан кенттен тұрады. Станицадағы тұрғындар саны қаладағыдан төрт есе көп. Сондай-ақ, онда шіркеу, көпшілік орындар, уч-ще, жәрмеңкелер мен базар бар. Станицада 300-ге жуық үй, 1800-ден астам адам тұрады. Қалада не бары 60 – 70 үй және 450 мещан мекен етеді. Қалада екі көше ғана болса, станицада жетеу...”. 1887 ж. К. тұрғыны 5 мың адамға жетті. Екі кірпіш з-тында тұрақты 5 – 10 жұмысшы, маусымдық 15 – 20 жұмысшы болды. Шағын арақ-спирт з-ты, шойын құю шеберханасы, 1 бу диірмені мен 20 жел диірмені жұмыс істеді. 1898 ж. жарық көрген “Ресейдегі болыстар мен елді мекендер” деген басылымда К. уездік қала делініп, “онда 2 мешіт, 1 шіркеу, пошта-телеграф кеңсесі, бастауыш мектеп, 15 орындық аурухана, дәріхана, 2 дәрігер бар” деп жазылған. Үйлердің барлығы да ағаштан қиылып салынатын болған. Соған байланысты К-ды кезінде “ағаш қала” деп те атаған. 1910 ж. шойын құю шеберханасының механигі Захаров қала тұрғындарына тұңғыш рет өз киноаппаратымен дыбыссыз кино көрсетті. 1913 ж. қаңтарда қала санағы өткізілді. 1916 ж. К-да алғаш рет қуаты 8 кВт/сағ электр ст. жұмыс істей бастады. 19 ғ-дың 60 жылдарынан К. қаласының ортасындағы Покров (қазақтар оны Боқырау жәрмеңкесі деп атаған) базарында жәрмеңке өтіп тұрды. Жәрмеңке 1918 жылға дейін жұмыс істеді. 1918 жылдың наурызынан Жұмысшы, солдат және шаруа депутаттарының Көкшетау уездік кеңесі Бурабай консерві з-тын, Харламовтың сіріңке ф-касын, Көкшетау бу диірменін, Айдабол спирт з-тын, Бурабайдағы санаторий мен саяжайларды мемлекет меншігіне айналдырып, К-дың бүкіл кәсіпорындарын өз қарауына алды. 1921 ж. 21 ақпанда К. уезінде Кеңес үкіметіне қарсы қарулы көтеріліс болды. “Есіл бүліншілігі” деп аталған бұл бас көтеруді Қызыл армия бөлімшелері күшпен жаныштады. 1922 ж. Көкшетау – Қызылжар (Петропавловск) т. ж. (ұз. 200 км-ге жуық) іске қосылды. 1928 ж. элеватор салынды, ағаш өңдейтін және тігін бұйымдары артельдері жұмыс істей бастады. 2-дүниежүз. соғыс жылдары қалаға КСРО-ның батыс аумағынан бірнеше з-ттар мен өнеркәсіп орындары көшірілді. Кейін олар қаланың өнеркәсіп кешенінің одан әрі дамуына ықпал етті. Көкшетау прибор жасау зауыты (1917 жылға дейін Шойын құю цехы деп аталған) 1942 ж. Подольскіден (Ресей) көшіріліп әкелінген тігін машиналары з-ты қосылғаннан кейін Көкшетау мех. з-ты болып аталды. 1944 жылдың 16 наурызында Қазақ КСР Жоғ. Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Көкшетау обл. құрылып, оның орт. К. қаласы болды. 1954 ж. 31 шілдеде “Көкшетау қаласын салу және оны көріктендіру туралы” Бас жоспар қабылданды. Әуежай ғимараты, т. ж. және автовокзалдар салынды. 1989 ж. К. қаласы АҚШ-тың Уокешо қ-мен бауырлас қала атанды. 1997 ж. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Көкшетау обл. таратылып, оның аумағы Ақмола және Солт. Қазақстан облыстарына қосылды. 1999 жылдың 8 сәуірінен бастап К. қаласы Ақмола обл-ның әкімш. орталығы болды. Көкшетау қаласында тамақ және жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, металл өңдеу, химия өндірісі, металл емес бұйымдар өндіру, картон мен қағаз өндіру кәсіпорындары, жылу, электр энергиясын, газ және су тарату мекемелері бар. К. қаласындағы ірі өнеркәсіп кәсіпорындары: алтын өндіретін “Васильков алтын” бірлескен кәсіпорны, оттектік тыныс алу аппараты, салмақ өлшеу техникасы, су шығынын есептеуіш аспабы, авиация техникасы агрегаттары мен тораптарын жасайтын “Тыныс” акцион. қоғамы, әуе-ғарыш техникасындағы тіршілікті қамтамасыз ету жүйесіне арналған агрегаттарды өндіретін “Наука-Восток” акцион. қоғамы. Қалада а. ш. шикізаттарын өңдейтін кәсіпорындар желісі жақсы дамыған. Мыс., ет комб., май өнімдерін шығару з-ты, астық қабылдау пункті, сусындар шығаратын, жеңіл өнеркәсіп (тігін және тоқыма өнімдері) кәсіпорындары және фарфор бұйымдарын шығаратын з-т жұмыс істейді. Қалада 4,5 мың шағын кәсіпорын бар. Шағын бизнес 19,5 мың адамды жұмыспен қамтыған (2001). К. қаласындағы автомоб. жолдарының ұз. 267 км. Жүк тасымалының басым бөлігін автомоб. көлігі атқарады. Қала маңында ұшып-қону жолдары бар әуежай кешені орналасқан. Т. ж. магистралі К-ды Қазақстанның барлық қалаларымен байланыстырады. К-дың телекоммуникациялық жүйесінің негізін жалпы сыйымд. 30 мың нөмірлі АТС-тер құрайды. Қаладағы денсаулық сақтау мекемелерінің жалпы саны 34. 17 емдеу-сауықтыру мекемесі, 13 отбасылық-дәрігерлік амбулатория, жедел көмек ст. жұмыс істейді. Мемл. емес денсаулық сақтау секторында 1 емхана, 1 аурухана, 48 дәріхана бар. Білім жүйесі саласында Көкшетау мемл. ун-ті, Көкшетау тех. ун-ті, Көкшетау экономика және менеджмент ин-ты, 13 арнайы орта оқу орындарының бесеуі мемл. колледж, жалпы білім беретін 23 мектеп бар. “Көкшетау” хореогр. ансамблі, 2 театр, филармония, қалалық кітапханалар жүйесі, 4 мұражай, көрме залы, 6 клубтық мекемелер қалалықтар мен қонақтарға мәдени қызмет көрсетеді. Қалада дене шынықтыру және спорт жақсы дамыған. 3 стадион, 3 жүзу бассейні, 1 шаңғы базасы, 6 спорт мектебі бар. Қала тарихы. Төрткүл дүниеде көркі көзді де, баурайтын небір ғажайып өңірлер бар ғой! Солардың бірі-біздің Көкше. Жаратылысы жайсаң Кокшетау жері! Еріксіз таңдаңдырады. Таңдай қақтырып, танырқатады! Бір көрген жан ешкашан ұмыта алмас көркемдік! Бұл аңыздар мен ертегілерге бай өлке. Қарағайлардың мәңгілік ұлылығы, үн қатпай жатқан таулары, шипалы ауасы, көгілдір айна бетті көлдері мен алтын құмды жағажайлары ешкімді көңілсіз қалдырмайды. Таң атқандағы арайлы шуақтары мен күн бату көрінісі бір көргеннен-ақ жүрегіңізді баурап алады. Бұл өлкені жырламаған ақын болды ма; олардың ішінде Ақан сері, Біржан сал, Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин де бар. Ғасырлар бойы қазақ жері үшін қан төгістер мен дау-жанжалдар жалғасып жүретін. Тек 15 ғасырда ғана Атбасар маңында өткен ұрыста Әбілқайыр хан Мұстафа әскерлерін талқандап, болашақ мемлекеттің негіздерін қалады. Кейін оның тұқымдары –қазақ хандары Ақмола жеріне ерекше құрмет көрсететін. Көкшетау қаласының тарихы Қазақстанның Ресей қоластына кіру дәуірімен тығыз байланысты. Жонғарлармен күресінде Әбілмансұр, қазақ халқының болашақ ұлы ханы Абылай ерекше көзге түсті. Дәл Абылай ханның билігі кезінде Көкшетау жерінің аты жайыла бастады. Ұлы Отан соғысы кезінде Көкшетау қаласына эвакуацияланған зауаттар көшіріліп, кейін олар қала өндірісіне елеулі әсер қалдырған болатын. Осы жылдары академик В.И. Вернадский бастаған бір топ көшірілген ғылымдармен Бурабай өлкесінде атқарылатын жұмыстарға бастау салды. 1989 жылдан бастап Көкшетау қаласы Американың Уокешо қаласымен тығыз қарым қатынас орната бастайды, ал 1993 жылы ұлтық топонимиканы жаңғырту мақсатында Кокчетав – Кокшетау атына өзгертілген болатын. Дублин. Дублин (анғл. Dublin; [dʌblɪn]; ирл. Baile Átha Cliath; [bˠalʲə a:ha klʲiəh] немесе [bˠɫaː cliə(ɸ)]) — Ирландия Республикасынын астанасы. Лиффи өзені Ирланд теңізіндегі Дублин бұғазына құятын жерінде орналасқан.Ирландия аралында және Ирландия республикасындағы ең үлкен қала, аумағы 115 км². Ирландиянын Ирланд тенізіндегі бас порты.Мемлекеттін саяси, экономикалық және мәдениеттік орталығы. 505 739 (2006) тұрғыны бар, қала аймағымен қосқанда — 1,2 млн-дай. Аудан. Қазақстан аудандары. Аудандар 1923—1929 ж.ж. Рессей империясындағы ояздар мен болыстардың орнына жасалды. Басқа елдер. Аудан тағы Әзербайжан, Белоруссия, Грузия, Латвия, Литва, Молдавия және Украинада да жергілікті бірлік болып танылады. Ауданның шетелдердегі аналогы АҚШта аймақ графтық Польшада повяттар, Испанияда провинциялар және Грецияның номдар. В Рессей Империясында және Кенес үкіметінің бірінші жылдары (1927 жылға дейін) аудандардың орнында ояздар болды. Дели. Дели (;;) - Үндістан астанасы, Мумбайдан кейінгі екінші мегаполис. Делиде халық өте тығыз. Ауылдық жерлерден келген жұмыс қолдарын есептемегенде, ресми түрде 15 миллион адам өмір сүріп жатыр. Аумағы 1484 шаршы шақырым болатын Үндістанның астанасы Дели қаласы Инд пен Ганг өзендері суарып жатқан алып алқапқа орналасқан. Бұл жерде қаншама қала тұрғызылып, қаншасы жермен-жексен жоқ болды дейсің. Ел аузындағы аңыз бойынша, қазіргі Дели бұрынғы жеті қаланың орнын алып жатыр. Солардың бірі біздің дәуірімізге дейінгі ХІІ ғасырда салынған Махабхарата үнді эпопеясында баяндалады. 1192 жылы ауған легионы басып алып, осы өңірде сұлтанат құрған. Сұлтанатты 1398 жылы Ақсақ Темір келіп шапты. Оның Бабыр сұлтан бастаған ұрпақтары бірнеше ғасыр бойы үстемдік жүргізді. Сөйтіп, Ганг өзенінің саласы Жамуна өзенінің жағалауына салынған Агра бекінісіне ту тігіп, 1526 жылы Ұлы Моғолстан мемлекеті құрылды. Әндіжаннан шыққан Бабырдың ұрпақтары – Ғумайын, Әкбар, Жаһангер, Жақан осы өңірге биліктерін жүргізді. Әлемдегі жеті кереметтің бірі – Тәж Махалды салдырған Жақан шах 1638 жылы ескі Делидің іргетасын қалатып, үлкен шаһарға айналдырды. Бүгінгі күнге дейін сол күйінде сақталған ескі Делидің қорғандары әлемдік тарихи мұраға жатады. XVІІ-XІX ғасырлардағы ескі Дели Үндістандағы мұсылман орталығы болған. 1911 жылы сол кезде әмірін жүргізіп тұрған ағылшын үкіметі Үндістан астанасын Калькуттадан Делиге көшіреді. Сол кезде ағылшын мәнеріндегі Жаңа Дели бой көтер­ген. Қызыл құмнан жасалған күйдірілген кірпіштен салынған сол кездегі үйлер қазірге дейін қаланың көркін кіргізіп тұр. Транспорт. 15 миллионнан астам тұрғыны бар Делидің көшелеріндегі автокөліктер 5 миллионнан асады. Үш аяқты авторикшалар негізінен адам тасымалдауға арналған. Газбен жүретін болған соң ба, жолақысы арзан, егер міне қалсаңыз, есеп таблосына қарап төлейсіз, әдетте 50 рупийден артық болмауы тиіс. Велорикша, ат арба, есек арба, өгіз, түйе жеккен арбалар жүк машиналарымен араласып, онсыз да тар жолды одан сайын тарылтады. Тротуар көп жерлерде жоқ, сондықтан кей кездерде қоқыс төгілген жерлермен жүруге де тура келеді. Үндістанның заңы бойынша жол қозғалысы бізге керісінше, көліктер жолдың сол жағымен жүреді. Сондықтан көшелерден жаяу өткенде алдымен оң жағыңызға қарап алыңыз, содан кейін солды байқайсыз. Тiл. Дели халқының 90 пайызы хинди және урду тілінде сөйлейді, ал шетелдіктермен түсінісу үшін көзі ашықтары ағылшын тілін қолданады. Соңғы жылдарда бұл өңірге, әсіресе Агра қаласындағы Тәж Махал мазарына бұрынғы Кеңес Одағынан орыс тілді туристер көптеп келетін болғандықтан, саудамен айналысатындар оларға тауарларын өткізу үшін орыс тілін шала-шарпы үйренген. Тауардың бағасын орысша айтуға шамалары бар. Тәж Махал. Үндістандағы ең әйгілі ғимарат, Делиден 204 шақырым жердегі Тәж Махал (немесе; Hindi: ताज महल; парсыша/Urdu: تاج محل) мазарына барады. Тәж Махал кесенесін Ақсақ Темірдің ұрпағы Жақан шах 13 бала туып, 14-інші баладан қайтыс болған тоқалы Мұмтаз Махалға арнап салдырған. Кейіннен құсадан қайтыс болған шахтың өзі де сүйікті тоқалының қасына жерленген. 1630 жылы басталған кесененің құрылысы 22 жылға созылған. «Өлмес махаббат» символы болып саналатын Тәж Махал – әлемдегі жеті кереметтің бірі. Төрт құбыласында төрт минареті, биіктігі 74 метр бес күмбезі бар ақ мәрмәрдан салынған мазар­дың құрылысына Орта Азия, Парсы, Таяу Шығыс елдерінен 20 мың зергер-ұсталар жұмылдырылған. Тәж Махалдың құбыласында қызыл құмнан салынған мешіт, шығысында қызметкерлер жата­тын тура соның көшірмесі салынған. Мазарға симметриямен салынған екі үлкен қақпа арқылы кіреді. Әдемі бассейндермен көмкерілген Тәж Махал ансамблі – архитектураның шыңы. Мазар тұтастай ақ мәрмәрдан тұрғызылған. Қабырғаларындағы кесек мәрмәрдағы ұсақ, аса шеберлікпен кескінделген ортаазиялық ою-өрнектер қолдан қашалып жасалған. Таң шапағымен қызғылт түске, күндіз ақ шаңқан, түнгі ай сәулесімен күміс түске боялатын мөлдір ақ мәрмәрді Аградан 300 шақырым жерден алдыртқан екен. Ең кереметі кіре берістегі Құран сүрелері қара ақықтан, ал қабырғалардағы әшекейлер мен гүлдер қызғылт ақық, малахит, жақұт, нифриттен жасалып, мәрмәр тастың ішіне ойып салынған. Әлемдегі ең кесек алмас тас (бриллиант) «Кох-и-Нұр» осы мазарда тұрған, кейіннен ағылшындар елдеріне алып кеткен. Қазір ол Лондонда сақтаулы. Тәж Махалдың іргесін жуып жатқан Жамуна өзенінің арғы бетінде қара мәрмәрдан жасалған іргетас жатыр. Жақан шахтың жоспары бойынша оның өзі сол жерден қара мәрмәрдан салынатын тұп-тура Тәж Махалдың көшірмесіне жерленуі тиіс болатын. Жамуна өзенінің екі жағасында жатқан қос мазарды жалғастыратын көпір салынуы тиіс еді. Алайда сырттан келетін шапқыншылықтан қажыған мемлекеттің қазынасы тағы бір қымбат ғимараттың құрылысын көтере алмайтын болды. 1658 жылы Жақан шахты ұлы Аурангзеб орнынан алып, Қызыл бекініске қамап қойды. Тоғыз жыл қамауда отырған Жақан шахты қайтыс болғаннан кейін тоқалының жанына апарып жерледі. Шотландия кландары. Шотландия Кландары — родовые общины с внутренним патриархальным устройством, имеющие общего предка. Отличительным признаком принадлежности к тому или иному клану у шотландцев является килт с характерным для каждого клана рисунком (т.н. тартаном). Этимология. «Клан» сөзі () — гэль тілінде «отау» немесе «балалар» деген мағнаны беред. Ссылки. * Арыстан баб кесенесі. Бұл кесене XXI ғасырда өмір сүрген діни көріпкел Арыстан баб мазарының үстіне салынған. Кесененің бірінші құрылысы XIV-XV ғасырға жатады. Сол құрылыстан кесілген айван тізбектері қалған. XVIII ғасырда көне мазардың орнында жер сілкінісінен кейін екі кесілген ағаш тізбекке тірелген айванмен салынған екі күмбезді құрылыс орнатылды. XVIII ғасырда құрылыс қиратылып, фриз жазбалары бойынша 1909 жылы қайта салынды. 1971 жылы жоғары деңгейдегі грунт сулары салдарынан мешіт құлатылып, қайта орнатылды. Құрылыс алебастр ерітіндісінде күйдірілген кірпіштен қабырғаның сырт жағына салынды. Қазіргі кезде бұл кесене Орталық Азиядағы қажылық міндетті өтейтін мұсылман киелі жерлерінің бірі болып саналады. Аңыз бойынша Арыстан баб Мұхаммед пайғамбардың елшісі болған. Бір күні Мұхаммед пайғамбар өзінің шәкірттерімен құрма жеп отырған еді. Бір құрма қайта-қайта ыдыстан құлай беріп, пайғамбар ішкі дауысты естіді: «Бұл құрма Сізден кейін 400 жыл алдағы уақытта туылатын мұсылман бала Ахметке арналған» Сонда пайғамбар шәкірттері ішінен бұл құрманы кім иесіне жеткізетінін сұрайды. Ешкім сұранған жоқ. Пайғамбар сұрақты қайта қойғаннан кейін, Арыстан баб былай деді: «Егер Сіз Алла Тағаладан 400 жыл сұрап берсеңіз мен бұл құрманы иесіне жеткіземін» Халық аңыздарынан және жазба деректеріне қарағанда («Рисолаи Сарем-Исфижоб» және Куприлозада кітабы) Арыстан баб Ахмет Яссауидің ұстазы болып құрманы жеткізеді. Қазіргі кезде Арыстан баб мазары үстінде 30*13 метр аумағы бар кесене тұр. Тарихи деректер бойынша XII-XVIII ғасырларда кесене бірнеше рет қайта салынып, қайта жаңартылды. Қожа Ахмет Яссауи ұлы әулие мен діни көріпкел 1103 жылы туылып 1166 жылы қайтыс болған. Мұсылмандар ішінде Қожа Ахмет Яссауи Мұхаммед пайғамбардан соң екінші болып саналады. (Түркістан) Арыстан баб кесенесі – Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы жерленген орны болып келеді. Аңыз бойынша, о дүниеге кетер алдында Мұхаммед пайғамбар Арыстан бабқа аманат тасбиғын берді, ал ол 11 жастағы бала Қожа Ахмет Яссауиге ұсынды. Арыстан баб кесенесі жанында емдеу қасиеттері бар өте тұзды сулы құдық бар. (Сайрам ауылы) - Ибрагим-ата мазары - Қожа Ахмет Яссауидің әкесі (Сайрам) - Қарашаш-ана мазары - Қожа Ахмет Яссауидің анасы (Сайрам) - Гаухар-ана мазары - Қожа Ахмет Яссауидің қызы (Түркістан) - Али Қажы мазары - Қожа Ахмет Яссауидің күйеу баласы (Түркістан) - Баб-Араб мешіті – мұсылмандар Түркістан қаласын екінші Мекке деп, ал сол қасетті жерлерге бару Кіші қажылық деп санайды. - Домалақ-ана – Анар-ана – бұл қасиетті екі тас арасынан тек сенімі бар адам ғана өте алады. - Ғайып берген құдығы – тереңдігі 40 метр. Бұл суды тек жаны таза адам ғана толтырып ала алады. Көбіне бұл қолдан келмейтін іс, өйткені шелек не сынады, не су жан-жаққа шашырайды. Бұл екі сынақты жолаушылар Түркістанның киелі жерлерін аралап шыққан соң барады. Бұл сынақ адам қаншалықты жанын тазартқанын және Алла қаншалықты оның сыйынуын естігенін тексеріледі. Өтеген батыр Өтеғұлұлы. Өтеген батыр Өтеғұлұлы (Мүйізді Өтеген) (1699-1773) – XVIII ғасырдың І жартысында жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен батыр.thumb Ұлы жүздің дулат тайпасынан шыққан. Бабасы Сырымбет 1635 жылы Ойрат ханы Батырдың 50 мың әскеріне қарсы соққы берген Салқам Жәңгірдің сапында ұрысқа қатысқан. Өтеген батыр 15 жасынан жоңғарларға қарсы соғысқа қатысып, қазақ елінің түстігін, Жетісу мен Шығыс Қазақстан өңірін жаудан азат етуге зор еңбек сіңірді. Түркістан, Ташкент маңындағы кескілескен ұрыстарға, Аңырақай шайқасына қатысты. Осы ұрыстарда қалмақтың Бөтхишар, Сабан Тайшық секілді аты шулы батырларын жекпе-жекте жеңіп, қазақ әскерінің даңқты қолбасшыларының біріне айналды. Төле бидің, Абылай ханның серігі болды. Батырдың ерлігі аңызға айналып, Күсен, Майкөт, Сүйінбай, Жамбыл, Тілеміс секілді ақындардың жыр-дастандарына арқау болды. Бұлардың ішінде бізге жеткені – Жамбылдың «Өтеген батыр» дастаны. Өтеген батыр туралы дерек-аңыздарды әдебиетшілер Е.Ысмайылов, Қ.Тұрғанбаев, Н.Смирнова, С.Бегалин зерттеді. Кейбір зерттеушілердің мәліметтеріне қарағанда, батыр Бұқара, Самарқанд, Кабул, Исфахан, Тегеран, Ыстамбұл сияқты қалаларда болып, білім алған. Өтеген батырдың соңында атағы ғана емес, Қосағал, Қосдәулет, Асау, Ылау, Бердіс, Тарпақ, Базарбай, Аюса, Жақұлы, Төке, Тоқтарбай есімді балаларынан тараған үрім-бұтағы да қалды. Атақты Байсерке күйші, Тілеміс шешен Өтеген батырдың ұрпағы. Батыр әуелі Іле өзенінің бойына (қазіргі Қапшағай су қоймасының табаны) жерленген. Кейін оның сүйегін ұрпақтары Қордай ауданына апарып, қайта жерлеген. Жерленген жері Өтеген ауылы деп аталады. Алматы облысындағы бірсыпыра жер батыр есімімен аталады. 1999 жылы Өтеген батырдың 300 жылдығы кең көлемде аталып өтті. Соған орай қабірінің басына кесене тұрғызылып, Жамбыл облысы Қордай ауданының орталығында ескерткіш орнатылды. Батыр туралы екі телефильм түсіріліп, екі кітап жарық көрді. Алматы қаласының бір көшесіне, Іле ауданының орталығы Энергетический кентіне Өтеген батыр есімі берілді. Көк Орда. "Көк Орда́" — Алтын Орданың шығыс бөлігі, қазіргі Қазақстан жерінде орналасқан. Орда Еженнен бастап тәуелсіз болған. 1380 ж. Көк орда ханы Тоқтамыс Бату ханның ұрпағы қалмағасын Алтын орда тағына отырды. Черчилль, Уинстон. Уинстон Леонард Спенсер-Черчилль (1874 жылғы қарашаның 30-ы – 1965 жылғы қаңтардың 24-і) — көрнекті британиялық саясатшы. Ол негізінен екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Құрама Патшалыққа жүргізген жетекшілігі арқылы белгілі. Ол 1940-1945 және 1951-1955 жылдары Құрама Патшалықтың премьер-министрі қызметін атқарған. Сонымен бірге ол көрнекті мемлекеттік қайраткер, шешен, әскери офицер, тарихшы, Нобель сыйлығына ие болған жазушы және әуесқой суретші ретінде де белгілі. Әскери қызметін атқару барысында ол Британия Үндістаны, Судан және екінші бур соғыстарында әскери қимылдарға қатысқан. Ол соғыс тілшісі ретінде және сол соғыстар туралы жазған кітаптары туралы кең танымалдылыққа ие болды. Ол қысқа уақыт бірінші дүниежүзілік соғыстың батыс майданында қызмет етіп, корольдық шотланд мылтықшыларының 6-шы батальонын да басқарған. Саясатпен алпыс жыл дерлік айналысқан ол көптеген саяси және үкіметтік лауазымдарға ие болған. Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін ол 1905-1915 жылдары сауда комитетінің төрағасы, ішкі істер министрі, Адмиралтействоның (әскери-теңіз министрлігі) бірінші лорды қызметтерін атқарды. Соғыс кезінде сол бірінші лорд қызметін зор жеңіліс және сәтсіздікпен біткен Галлиполи операциясына дейін атқарды. Үкіметтен сол үшін кетуге мәжбүр болған ол кейінірек қайтып келіп, әскери жабдықтар министрі, әскери министр, әскери әуе күштері министрі қызметтерімен айналысты. Екі дүниежүзілік соғыстың арасында ол консервативті үкіметтің құрамында қазынашылық канцлері болған. Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуымен Черчилль қайтадан адмиралтействоның бірінші лорды болып тағайындалды. 1940 жылғы мамырдың 10-ында Невилл Чемберленнің отставкаға кетуімен ол премьер-министр болып тағайындалды. Оның жетекшілігіндегі Ұлыбритания соғыста Германия мен оның одақтастарын жеңе білді. Әрқашан өзінің шешендік өнерімен белгілі болған Черчилль сөйлеген сөздері арқылы британия халқына және одақтастар әскерлеріне зор рух беріп отырды. 1945 жылы болған сайлауда партиясы жеңілген Черчилль оппозиция жетекшісіне айналды. 1951 жылы ол қайтадан премьер-министр болып сайланып, 1955 жылы түбегейлі отставкаға кетті. Ол 1965 жылы қайтыс болып, мемлекеттік жерлеу рәсімімен жерленді. Оған көптеген елдерден мемлекеттік қайраткерлер келіп қатысып, Черчилльді соңғы сапарына шығарып салысты. Шығу тегі және балалық шағы. Уинстон Черчилльдің әкесі — Рандольф Генри Спенсер Черчилль Джун Ри. Джун Ри алғашқы ұстаздық жолын 1962 жылы Вашиңтонда бастаған. Оның шеберлігі мен үздік оқыту әдістемесінің арқасында Америкада бұл спорт түрі кеңінен танымал болды. 1976 жылы АҚШ өз тәуелсіздігінің 200 жылдығын тойлаған кезде, Джун Риге шығыс жекпе-жегінен «ғасыр адамы» атағын береді. Ол көп жылдар бойы АҚШ–да білім беру жөніндегі Президент Кеңесінің құрамында қызмет атқарды. Қар. Қар - атмосферадан түсетін әр түрлі пішінді ұлпа мұз кристалдары түріндегі жау-ын-шашын. Су буының суб-лимациясы нәтижесінде өте шағын (0,1 — 0,2 мм) крис-талдар үлкейіп Қ. жұлдызшаларына айналады. Атмосфе-радағы турбуленттік қозғалы-стың салдарынан ауадағы Қ-дың жеке жұлдызшалары бір-бірімен ұйыса бірігеді, яғни жерге жапалақ Қ. (диам. 8 -10 мм) жауады. Ауа темп-расы 0°С-тан төмендегенде бұлттардан жауады. Қоңыр-жай ендіктерден бастап солт-тің және оңт-тің жоғары ендіктерінс қарай жайласқан аймақтарда Қ-дың көп түсуі нен Жердің қар жамыл ғысы пайда болады. Қазақстан аймағында Қ., қазан-қараша айларынан бастап (қиыр оңт-ндегі жазық өңірлерін қоспағанда) түседі; Қ. жамылғысының қалынд. солт. облыстарда 25-30 см, оңт-ндегі жазық жерлерінде 10 см-дей; Жетісу (Жоңғар) Алата-уында және Алтайдың батыс беткейінде 60 см-ге жетеді. Өскемен, Петропавл, Қостанай қалаларының төңірегінде Қ. 150-165 күндей (республикадағы ең ұзақ мерзім), Қызылорда, Шымкент атыраптарында 49-61 күндей (ең қысқа мерзімі) жатады. Союз-А (ғарыш кемесі). Союз-А ғарыш кемесі — Кеңес Одағының Ай бағдарламасының жобаланған бастапқы қадамдарының бірі. Сергей Королевтың жобасы бойынша, экипажы екі адамнан тұратын Союз A-B-C Ай кешені Жер төңірегіндегі орбитада құрастырылып, содан кейін Айға қарай сапар шегуге тиіс болатын. Құрамдас бөліктерді Жер орбитасына жеткізуге өзінің тиімділігін көрсете алған Р-7 зымыранын қолдану көзделді. Союз-A 7K ғарыштық кемесімен бірге кешеннің құрамында Союз-B 9K үдеткіші және Союз-С 11К жанармай сақтағышы болуға тиіс болды. 7К бөлімі Айдың жанынан оның бетінен 1000-20000 шақырым қашықтықта ұшып өткен кезде оны зерттеу үшін камералар мен датчиктермен жабдықталуға тиіс болды. Жалпы ұшу уақыты 7-8 күн болуға тиіс болды. Бұл ғарыш кемесі тек жоба күйінде ғана қалды. Айға ұшырылған жоқ. Әл-Хорезми. Әл-Хорезми () (толық есімі - Әбу Абдулла (немесе Әбу Жафар) Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми) - Орта ғасырлық Ұлы ғалым - математик, астроном (жұлдызшы), тарихшы, жағрапияшы. Бұл ғалымның өмірі туралы мәліметтер өте аз сақталған. Әл-Хорезми есімі оның туған елін көрсетеді – ортаазиялық Хорезм мемлекеті, ал ғалымның тағы бір лақап аты - әл-Маджуси – оның ата-тегінде зороастриялық абыз-жәдігөйлер (арабша «маджус») бар екендігін көрсетеді. Әл-Мамұн (813—833) халифінің кезеңінде Әл-Хорезми Бағдаттағы Академия іспеттес «Даналық үйі» кітапханасын басқарды. Әл-Васике (842—847) тұсында Әл-Хорезми хазарларға экспедицияны басқарды. Әл-Хорезми жайында сақталған соңғы мәлімет 847 жылға сәйкес келеді. Оларға арифметика бойынша ең алғаш позициялық қағидаларға негізделген нұсқау жазылды. Сонымен қатар, оның алгебра және күнтізбе жайында трактаттары сақталды. Мұхаммед әйгілі «әл-жебр уәл-мұқабала кітабы» — «Қалпына келтіру және қарсы қою туралы кітап» кітабын (сызықты және квадратты теңдеулерді шешуге арналған) жазды, оның атынан “алгебра ” атауы шықты. Оның алгебра бойынша трактатында геометрия, тригонометриялық кестелер және қалалардың ені мен ұзындығы жайында тараулар бар. Әл-Хорезми нұсқауы арифметиканың дамуына өте маңызды рөл атқарды. Автордың есімі латындалған түрінде Algorismus және Algorithmus ортағасырлық Еуропада бүкіл ондық арифметика жүйесін білдіретін болды. 1983 жылы Әлем жұртшылығы Ұлы Ұстаздың туғанына 1200 толғанын халықаралық деңгейде атап өтті. Крит. Крит () — Жерорта теңізінің шығыс бөлігіндегі арал, Грекияға қарайды. Ұз. 260 км, ені 12 — 55 км, ауд. 8,3 мың км2. Солт. жағалауы жиі тілімделген, оңт. жағасы тік жарлы. Жері таулы келеді. Батысында Лефка (биікт. 2452 м), орталығында Ида (2456 м), шығысында Дикти (2148 м) массивтері жатыр. Бұлар көбіне әктастан, тақ-татастан түзілген; карст құбы-лысы байқалады. Жер сілкі-нулер жиі болып тұрады. Климаты жерортатеңіздік. Қаңтардың орташа температурасы 12°С, шілдеде 26°С. Жылдық жауын-шашын 600 — 700 мм, жағалауда 1000 — 1600 мм. Емен, қарағай, ки-парис, шалғын өседі. Аралда темір кентасы мен қоңыр көмір кен орындары бар. Бас-ты қалалары мен порттары: Ираклион, Ханья. Адамдар К. аралын б.з.б. 6 — 3 мың-жылдықтарда мекендей бас-таған. К. Еуропа мәдениеті-нің ең көне ошағы. Қашыр. Қашыр, мул (Mulus) -бие мен әңгінің буданы. Қ. Оңт. Еуропа, Солт. және Оңт. Америка, Африка және Орта Азияда өсіріледі. Қ. есек пен жылқыға қарағанда ұзақ (40 — 60 ж.) өмір сүреді, шаруа-шылыққа 30 — 40 ж. пайда-лануға болады. Қ. күтім талғамайды, инфекц. анемия, пироплазмоз, т.б. есек пен жылқы ауруларына көп шалдықпайды. Қ-дың биесі мен әңгіден ұрпақ болмайды. Жүк Қ-ының шоқтығына дейінгі биікт. 118 — 140 см, ол жұмыс көліктерінің бәрінен де күшті. Жүк артатын Қ-дың салм. 300 — 400, ал жегілетін Қ. 400 — 600 кг-дай тартады. Мініс Қ-ы жүк жылқысының биесі мен хамандан және пуастусс есегінің әңгісінен алынады, биік таулы аймақтарда салт мінуге төзімді. Ағаш төсек. Ағаш төсек - жатып тынығуға арналған жайлы жиһаз. Ел арасында "төсек ағаш", " төсағаш", "кереует", ал кейбір көркемдік ерекшеліктеріне қарай "сырлытөсек", "күмістелген төсек", "сүйектелген төсек", "оюлы төсек" деп аталады. Бетіне салынған ою-өрнек әр түрлі болғанымен, бәрінің сыртқы пішіні ұқсас. Қайқылау келген екі басы жатуға ыңғайлы жалпақ арқалығымен бірге бөлек дайындалып, төрт аяғы сүйек, күміс, әр түрлі тастар, көксауыр былғары, қызғылт, күрең, сары, жасыл, қоңыр бояулармен өте әсем көркемделетін екі бетімен тұтасады. Қақ ағаштың түзу тақтайларынан құрастырылады. А.т. пішіні ұсталардың шеберлігіне, көркемдік талғамына, қолданылатын құрама материалдарына қарай, әрі Қазақстан аймақтарындағы ағаш шабу өнерінің жергілікті дәстүрлеріне сай түрліше жасалуы мүмкін. А.т. кейде cәндеп көрпе-төсек те жиналады. Қаяз. Қаяз (Barbus) - балық, тұқы тұқымдасының бір туысы. Қазақстанда 2 түрі: Арал қаязы жөне болат-май Қ. (шырман) (Barbus capito) бар. Болат-май Қ-ы екі түр тармағына бөлінеді: біреуі оңт. Каспийде (Қазақстан бөлігінде кездеспейді); екіншісі түркістан қаязы. Арал қаязынан ерекшелігі - ұзаққа өрістемейді, жергілікті (тұрғын) балық. Қабыршағы ірілеу, арқа қанаты кейін орналасқан және аумақтылау. Қазақстанда Сырдария су алабында, Шардара су қоймасынан өзеннің сағасына дейін, Қаратаудың оңт.-батысындағы өзендер мен Шу өз-нің жазық бөліктерінде кездеседі. Шуда, Кордай маңында, Қ-дың қара балықпен буданы бары белгілі. Оның түсі сарғышқа жақын – алтын сияқты. Әдетте Қ-дың арқасы бауырына қарағанда қоңырлау.Шабақтарында қоңыр дақ болады. Ұз. 70 см-ге, салм. 5,3 кг-ға дейін. Жыныстық жетілуі мекен ететін су айдынына байланысты 2-7 жас, көбіне 4-6. Уылдырығын (11.3-195 мың) судың температурасы 23°С болғанда өзендерде және су қоймаларындағы құмды, майда тасты жерлерге ша шады. Қорегі әр түрлі; барлық су өсімдіктері, көпшілік омыртқасыздардың дернәсілдері, ауада ұшатын ұсақ жәндіктер, моллюскілер, т.б. Яғни, олардың қорегі судағы қоректік қордың түрлік құрамына байланысты. Джордж Сорос. Джордж Сорос (, мажар тілінде) 1930 жылы Будапешт қаласында дүниеге келген. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде неміс әскерлері Венгрияға баса көктеп кіргенде, ол 14 жаста еді. Соростар отбасы тірі қалған аздаған еврей жанұяларының бірі болды. 1947 жылы Сорос Ұлыбританияға эмиграцияға кетіп, онда бес жылдан кейін Лондон экономика мектебін (LSE) бітірді. Студент болып жүрген жылдарында ол Карл Поппердің ғылыми философиялық еңбектерімен танысып, бұл ғалымның жұмыстары Соростың дүниеге көзқарасына, сондай ақ болашақ кәсіби және қайырымдылық қызметіне зор әсерін тигізді. 1956 жылы Сорос Америка Құрама Штаттарына көшіп кетіп, онда қаржы нарықтары тарихындағы ең табысты, кеңінен танымал "Квантум групп" (Quantum Group) халықаралық инвестициялық қорының негізін қалап, көп дәулет жинайды. Қазіргі уақытта ол "Quantum Group of Funds" халықаралық инвестициялық қорлар желісінің бас кеңесшісі болып табылатын "Soros Fund Management LLC" - жеке инвестициялық компаниясының президенті әрі басқарма төрағасы. Қаржы саласында феномен деуге тұрарлық табысқа жеткен Сорос енді ашық қоғам құруға бағытталған өзгеше инвестициялармен айналысуға бет бұрды. Өзінің айтуы бойынша, өзіне қанша жұмсаса да таусылмайтын мол ақша тапқан Сорос қайырымдылық қорларын құра бастады. Олардың міндеті - ашық қоғам институттарын нығайтуға және дамытуға септесу. Осындай алғашқы ашық қоғам қоры ("Open Society Fund") 1979 жылы Нью-Йоркте ашылды. 1984 жылы Будапешт қаласында алғашқы Шығыс Еуропалық қор өз жұмысын бастады. "Өзім қашып құтылған жабық Қоғамның және менің өмір сүргім келген ашық Қоғамның арасындағы айырмашылықтар мен үшін өте қызық болатын, - деп жазады Сорос. - Байлығымның арқасында мен өзіме маңызды болып көрінетін істерді жасауға, дүниені барынша жақсы құру туралы арманымды іс жүзіне асыруға мүмкіндік алдым". Бұл арманды іске асыру Сорос үшін біраз қымбатқа түсіп отыр. 1994 жылы ол өзінің қайырымдылық қорларына 300 млн. доллар салды, ал он жылдан кейін, 2004 жылы бұл цифрлар 474 млн. долларға тең болды. Джордж Сорос қаржыгер және филантроп ретінде ғана емес, әлеуметтік ойшыл, бірқатар кітаптардың авторы ретінде де танымал, оның еңбектерінің ішінде: "Американдық артықшылықтың "сабын көбігі" (2004), сондай ақ ертеректе шыққан "Джордж Сорос жаhандану туралы" (2002), "Қаржы алхимиясы" (1987), "Кеңестік жүйені аша отырып " (1990), " Сорос туралы Сорос" (1995), "Әлемдік капитализмнің дағдарысы" (1998), "Жаhандық капитализмнің дағдарысы: проблемаға қайтып оралу" (2000). Оның саяси, экономикалық және әлеуметтік тақырыптағы мақалалары бүкіл дүние жүзінің аса ірі журналдары мен газеттерінде тұрақты түрде жарияланып тұрады. Өзі қызмет етіп жүрген уақыттың ішінде Джордж Сорос бірнеше дүркін әр түрлі халықаралық марапаттар мен атақтарға ие болды. Олардың ішінде Нью-Йорктегі Жаңа әлеуметтік зерттеулер мектебінің, Оксфорд университетінің, Йель университетінің, Будапешттегі Экономика университетінің, Болонья университетінің, Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының құрметті докторы дипломдары, К.Д. Ушинский медалі, Гуманитарлық ғылымдар институты (Австрия) мен Кербер Қоры (Германия) құрған Ханна Арендт сыйлығы, Пушкиннің мерейтойлық алтын медалі. "Ашық қоғам" деген ұғымды алғаш рет француз философы Анри Бергсон 1932 жылы ғылыми қолданысқа енгізіп, кейін ол Австрия философы Карл Поппердің жұмыстарында, ең біріншіден, екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында жазылған әйгілі кітабы "Ашық қоғам және оның жаулары" деген еңбегінде одан әрі дами түсті. Венгриядағы нацистік және содан соң коммунистік режимнің барлық ауыртпалығын көрген Сорос 40-шы жылдардың соңында Карл Поппердің кітабын оқып, оның ойларын сіңіріп, адал ізбасары болды (Бұл кітап 1992 жылы орыс тіліне аударылды). Уәли хан. Уәли сұлтан(1741 - 1821) - Абылай ханның үлкен ұлы. Анасы Абылай ханның екінші әйелі Сайман ханым. Орта жүздің ханы болған. Оның 14 баласы болған.Үлкен әйелінен 5 бала, кіші әйелінен, Айғанымнан, 9 бала болған. Китиң, Ронан. Ронан Китиң (, 1977 наурыздың 3, Дублин, Ирландия) — ирландиялық поп әнші. Өмірбаян. Ронан Патрик Джон Китиң 1977 наурыздың 3 туып Дублин қаласының түбіндегі Бейсайд деген шағын елді мекенде өскен. Ронан Эдинбургтың онтүстігіндегі Сэм Александр Кёртис деген жергілікті диск-жокейдің жамағайыны. Оның шешесі Мэри 1998 ақпанның 2 кеуденің қатерлі ісігінен қайтқан; Ронан және оның жанұясы сол кезден қатерлі ісікке шипаның табуына көмек ету үшін «Мэри Китиң қайырымдылық қорыны» құрған. Ронан 1998 сәуірдің 30 Невис аралында Ивонн Коннолли (1974 ж.) деген ирландиялық модельмен үйленген. Олардың үш баласы бар - Джек (1999, наурыздың 15), Мисси ретінде танымал Мэри (2001, ақпанның 18) және Эли (2005, қыркүйектің 7). Твейн, Шэнайя. Шэнайя Твейн (;, Канада ордені, шын аты-жөні Eilleen Regina Edwards, 1965 тамыздың 28, Виндзор, Онтарио провинциясы, Канада) — канадалық поп әнші. Гәутама Бұддһа. Гәутама Буддһа () — индияның аңызға әйгілі діни ағартушысы, б. з. д. 563 дан б. з. д. 483 жылдарға дейін өмірсурген. Көненің жеті буддһасының бірі. Туғанда ата-анасы Сиддхаттха Готама (пали); Сиддхартха Гаутама (санскрит) — Готамы ұрпвғы деген ат берген, (успешный в достижении целей), кейіннен Буддһа («Оянған, Жеткен») деген есіммен белгілі. Оны Сакьямуни депте атайды, немесе Шакьямуни — «Сакья әулетінің ғұламасы» (Сакья тибет буддһа ағымымен шатастырмаңыз) немесе Татха́гата (, «Барыпкелген»). Гәутама Махавираның қурдасы. Орта ғасырларда Буддһа кейіңгі үнді Пураналарында (мысалға Бхагавата-пурана) Балараманың, орнына Вишну құдайының аватары. Ссылки. * Магеллан, Фернан. Магеллан, Фернан (порт. Fernão de Magalhães, исп. Fernando (Hernando) de Magallanes; 1480 жылы,Португалия, Траз-уж-Монтиш аймағында туған, — 1521 жылы сәуірдің 27-інде, Филиппин, Мактан аралында қайтыс болған) — португал және испан жиһанкезі. Тарихта оның аты тұңғыш рет жер шарын айнала жүзуін жасаған адам ретінде қалды. 1509 - 1512 жылдарында Франсишку Алмейда басқарған португал экспедициясымен Үнді мұхитқа барған еді. 1509 және 1511 жылдарында екі рет Малаккаға дейін жетті (қазір бұл Индонезияның территориясы. Моллук аралдарына дейін жетудің жобасын құрастырды, бірақ португал патшасы сол жобаны қабылдамай тастады, өйткені басқа бір жиһанкез - Васко де Гама сол бағытта жақынырақ жолын бұрын ашты. Осыдан кейін Магеллан Португалиядан кетіп, Испанияға көшті, испан патшасының қызметінде болды. 1517 жылы испан патшасы Магелланның жобасын қабылдады. 1519 жылы қыркүйектің 20-сында бес кемеден құрастырған флотилия Санлукар-де-Баррамеда деген портынан шықты. Магеллан басқарған экспедицияның құрамында 265 адам болды. Магелланның флотилиясында «Тринидад», «Сан-Антонио», «Консепсьон», «Виктория» және «Сантьяго» деген кемелер болды. Екі айдан кейін флотилия Бразилияның жағасына жетті. Жол бойында «Сантьяго» кемесі батып кетті. 1520 жылы қазан айының соңында флотилия бір бұғазына жетті. Қазір бұл бұғаздың аты - Магеллан бұғазы. Бұғазынан өтіп, флотилия бір мұхитқа шықты. «Сан-Антонио» кемесі өз еркімен Испанияға оралды. Үш айдың ішінде экспедиция бір дауылды кездеспеген. Соңдықтан мұхитқа - Тынық мұхиты деген атын берілген еді. 1521 жылы Магелланның экспедициясы Филиппин аралдарына жеткен. Магеллан жергілікті тұрғындарын испан үкіметін мойындауына зорлатқысы келді. 1521жылы сәуірдің 27-ісінде Себу аралында Магеллан қаза тапты. Экспедиция басшысыз қалды. «Консепсьон» кемесін теңізшілер өртеп жіберді. Моллук аралдарына жетіп, хош иіс және дәм беретін шөптерін сатып алып, екіге бөлінді. «Тринидад» кемесі шығысқа қарай қайтуға бағыттанды, бірақ қиыншылықтарын шыдамай, Моллук аралдарына оралды. Соңда теңізшілер португалдықтарының тұтқынына түсті (өйткені португал патшасы Магелланды қашқын деп, кемелерін тұтқынға алу керек деп бұйрық шығарды). Тұтқынға алынған теңізшілердің көбі Үндістанда ауыр жұмыстарын шыдамай қайтыс болды. «Виктория» ше Үнді мұхиты арқылы, Африкадан өтіп, Васко де Гама ашылған жолымен Испанияға аман жетті. Сөйтіп, «Виктория» кемесінің теңізшілері арқасында Магелланның экспедициясы тұңғыш рет жер шарын айнала саяхаты деп саналанады. Хазар қағандығы. Хаза́р қағандығы (650—969) — хазарлар құраған, орта ғасырлық мемлекет. Батыс-түрік қағандығынан бөлініп шыққан. Солтүстік Кавказ, Ортанғы және төменгі Жайық ағысын, қазіргі Қазақстанның солтүстік-батыс бөлігін, Азов маңын, Қырымның шығыс бөлігін, және Шығыс Еуропаның Днепрге дейінгі даласы мен орманды-даласын мекендеді. Васко да Гама. Васко де Гама (порт. Vasco da Gama; 1469—1524) — португал жиһанкезі, Үндістанға теңіз арқылы саяхат жасаған тұңғыш еуропалық ретінде тарихта қалды. Васко да Гама 1469 жылы Синеш қаласында орденның магистрі Сантьяго Эштеван де Гаманың (1430—-1497) отбасында дүниеге келген. Анасы — Изабела Содре. Португал патшасы Мануэл I Эштеван де Гамаға Үндістанға экспедициясын жасау тапсырды, бірақ ол қайтыс болғандықтан, оның ісін баласы — Васко де Гама жалғастырды. 1497 жылы шілденің 8-інде Лиссабоннан шығып, Васко де Гама басқарған экспедиция Африканы оңтүстік жағынан айналып, Мейірімді үміт мүйісіне жетті. 1498 жылы мамырдың 20-сында Васко де Гаманың экспедициясы Үндістанның оңтүстік - батыс жағасына жетті.. 1499 жылы қыркүйек айында Португалияға қайтқанда, Васко да Гаманы құрметпен кездесіп, үлкен ақшамен марапаттап, оған «Үнді Мұхитының Адмиралы» деген атағын, Дон лауазымын беріп, Синеш және Вила-Нова-де-Милфонтеш қалаларын өз меншігі ретінде сыйлаған. 1519 жылы Васко де Гама Видигейр графы лауазымына жетті. Осы саяхаттан кейін тағы екі рет Үндістанға барған. 1524 жылы желтоқсанның 24-інде Кочинде (Үндістан) қайтыс болып, Португалияның Алентежу деген жерде кішкентай Quinta do Carmo деген шіркеуінде жерлеген. 1880 жылы қалғаны Лиссабондағы Иеронимиттер Монастырына жерленген. Васко да Гама әйелі — Катарина де Атаиде. Балалары: Франсишко, Эштеван (1505—1576, Үндістанның губернаторы), Пауло, Криштован, Педро. Васко да Гама 1460 жылы Португалияның Синиш қаласында дүниеге келген. Васко да Гаманың әкесінің есімі Иштеван да Гама, ал анасының есімі Изабелла Содре. Васко да Гама балалығынан теңіз саяхатшысы болуды армандаған. 1492 жылы француз консары португалиялық каравелланы басып алады. Бұл кезде Васко да Гама 23 жаста еді. Осы кездерде Португалияның корольі Мануэль 1 оған француздар алған каравелланы қайтарсын деген бұйрық береді. Ол бұл бұйрықты орындайды: француздар дың жағалауына келіп, олардың бүкіл кемесін тартып алған соң, француз корльі олардың каравелласын қайтарып береді. Содан кейін Васко да Гама еліне қайта оралады. Ол еліне келген кезде әкесінің қайтыс болғанын естиді. Содан кейін ол Катерина да Атаида деген қызға үйленеді. Ал үйленген соң олардың 5 ұлы болады: Франсишку, Эштеван, Паулу, Криштован және Педру. 1946 жылы Мануэль 1 Васко да Гамаға Португалиядан Үндістанға де- йін кемемен жүзуді ұсынады. 1947 жылдың 8 шілде күні Васко да Гама және 170 адам, 3 кеме Лиссабонеден жүзуге шығады. 20 мамыр 1498 жылы олар кемемен Каликутқа келеді. Бұл жолы Васко да Гама өз елімен және сол жердің үндістерімен саудагерлік қатынасты жақсартады. Васко да Гама 1524 жылы қайтыс болады. Диаш, Бартоломеу. Бартоломеу Диаш ди Новаиш (порт. Bartolomeu Dias de Novaes; 1450 — 1500 жылы мамырдың 29-ы) — португал жиһанкезі. Үндістанға теңіз арқылы жолын іздеп, Мейірімді үміт мүйісіне жеткен тұңғыш еуропалық еді. Африканы оңтүстігінен айналып, Үнді мұхитқа шыққан. 1500 жылы мамырдың 29-ы хабарсыз жоғалып кеткен. Арғын. Арғын - Орта жүз елі. Тарихы. Арғын тайпасының рулары бүкіл Қазақстанда қопыстапды, бірақ олардың мейлінше көп табан тіреген жерлері мыналар: Орталық Қазақстанда Есіл, Құпапөтпес, Терісаққан, Қума өзендеріиің аңғары, Қорғалжын, Теңіз колдеріпің төңірегі, Нұра өзені мен оның көптеген салаларьшың бөйы; ІІІығыс Қазақстанда ұ Шыңғыстау, Шұбартау даласы, Төқырау, Бақанас өзендерінің бойы, Солтүстік Балқаш өңірі, Қарқаралы таулары және оның көптеген өзендері бар төңірегі, Ащысу. Нұра өзендерінің бас жағы, Қарасөр, Қатынкөл, Саумалкөл көлдерінің төңірегі, Баянауыл маңы мен Ертіс бөйы; Солтүстік Қазақстанда Кішіқарой және Ебейті көлдерінен бастап, одан әрі Есіл мен оның салалары бойымен батысқа қарай, Зеренді, Алабота, Жалбыркөл, Сәулекөл, Ақпан-бөрлі, Тайсары, Жабай, Жыланды өзендерінің т. б. бөйы. Арғындар Кіші жүз жеріпде де мекен еткеп, ол жерлер: Қарақамыс, Шошқалы, Сарыкөл, Қөйбағар көлдерінің тоңірегі, көптеген шағын өзендердің бойы мен осы көлдер маңыидағы алқаитар, Торғайға құятын Үлкептамды, Мойылды, Сарыторғай деген шағын өзендердің бойы, сондай-ақ Торғай өзенінің бас жағы және Сарыкөл тоңірегі. Жалпы алғанда, Арғын тайпасының қоныстанған жерлері осы. Рулардың орналасуы туралы деректерді архив құжаттарыиан, әсіресе сыртқы округтер бойынша мәліметтер келтірілетін құжаттардан аламыз. Оларда мейлінше төлық көріністер беріледі. Арғын тайпасы руларының орналасуын Шығыс Қазақстаннан бастап, содан әрі жылжимыз. Топонимика елеулі өзгерістерге ұшырағанын көруге бөлады. Кейде қазіргі карталардап рулардың XIX ғасыр мен XX ғасырлардағы орналасқан жерлеріи анықтау қиын, ойткені өлкенің отарлапуына байланысты төңкеріске дейінгі әр түрлі деректемелерде көрсетілгеп атаулардың орнына, кейін орысша атаулар берілгеи. Бұл мәліметтерді неғұрлым кейінгі мәліметтермен салыстыруға тырысамыз және оқырмандарға түсінікті болуы үшіи тым болмағанда оқырмаидар біле бермейтін жерлердің шамамен алынған географиялық коордипаттарын немесе өриаласқан жерлеріи белгілі пупкттерге, озепдерге, колдерге, тауларға т. б. байлапыстыра көрсетеміз. Жоңғарлар қуып шығарылғашіан кейін қазақ руларының шығыстағы қоныстарына қайтып оралуы үш бағытта: Орта Азия жағынан Шу өңірі арқылы Сарыарқа даласы, Түркістаниан Ерейментау жәие Оңтүстік Сібірден (Ертіс, Ом өзендерінеп) Ертіс алқабы бағытында жүрді. Аңыздарға қарағаида, Сарыарқа даласына (Есіл, Нұра, Түндік озендері бойыиа) алғаш келгендердің бірі Қанжығалы руының қауымдары болған. Осы рудың билері Абыз беп Шомақ бос қоныстарға өз тайпаластарын шақыра бастайды. Жоцғар шапқыишылығы жылдарында көшіп кеткен Қаракесек руы Ташкент маңында тұрып, олардың биі Бертіс (қараңыз: 2кесте Бошаішаи тарағап төртіпші ұрпақ М. М.) осы қалада белгілі бір қызмет атқарған. Қапжыгалылардың ұсыныс жасауы уақыт жағынан Бертіс бидің шөбересі Қазыбек бидің (қараңыз: 2кесте) заманыиа тұстас келеді. Қазыбек би көшіп бару мүмкіндігін білу үшіи Қу және Едірей таулары төңірегін мекендеген Қанжыгалы руының билеріне өз адамдарын жібереді. Окілдері жақсы хабар әкелгеннен кейін Қазыбек би Қаракесек руының өзі билейтін Бошан атасымен жәпе Қуандық руының Алтай атасымен (қараңыз: 2кесте) бірге көтеріле көшіп Сарыарқаға, қанжығалылардың қопыстарыпа беттейді. Аңыздарда былай делінеді: Темеш (алтай) руыиан Найман тайпасы 40 биепі ұрлап, сойып алған. Наймаидар ол етті ерулік дәстүрімен қонақасыға берген. Сосын жайылымды жаңадан көшіп келгендерге тастап, өздері көшіп кеткен. Хальтқ пен мал санының көбеюіне байланысты жердің таршылығы байқалып, қаракесектер қанжығалыларды Баянауыл тауына, ал Қуандық руының Алтай атасын Ақмола даласындағы Семізқыз тауыиа ығыстырған. Қаракесек руының қауымдары Кейт, Боқты, Қу, Едірей, Абыралы таулары мен соларға шектес жерлерді қоныстанды. XIX ғасырдың бас кезінде Ақмола даласынап және солтүстіктен (Ом өзенінен) Қарқаралы тауларына Тарақты руы көшіп келді. XIX ғасырдыц 40жылдарында күші мығым Қамбар руы тарақтыларды Көкшетаудан ығыстырып шығарды. XIX ғасырдың 40жылдарыида Абылай ханның кенже ұлы Шама сұлтан Солтүстік Балқаш өңірінің шөл даласыпан көшіп келген ДаданТобықты руын Шыңғыстаудаи қуып шықты. Осылайша көшіп келіп, бір руларды екіишілерінің ығыстырып шығаруы аз болмаған. Сонымен, солтүстік ендіктің 50 градусы мен шығыс бөйлығының 40 градусыпан шығыс ендіктің 48 градусы және одан оңтүстікке қарай солтүстік Балқаш өңірінде арғындар көшіп жүрген және басқалардан гөрі олардың арасында Қаракесек руы өте көп болған. Осы көшпеиді қауымдар негізінде 1824 жылы Қарқаралы округі құрылды, ал кейініректе олардың к,ысқы және жазғы қөныстары құрылды, томенде ол жерлер келтіріліп те отыр. Жоғарыда келтірілген болыстар бойынша ауылдар, шаңырақтар, халық сапы туралы да мәліметтер бар. 4 және 5кестелерді салыстыра отырып, XIX ғасырдың бірінші жартысыида болған таксоиимиялық жіктердің (туыстықтың басталуын), сөндайақ бір облыстағы рулардың бөлшектеиуін немесе эр түрлі рулардың бірігуін анықтауға болады. XIX ғасырда болыстар ру атымен аталған және солар Пойынша арғыидардың рулыққұрамындағы орнын анықтауға бөлады. Мысалы, Қарауыл, Шақша қ, Тобықты рулары арғындардың екінші тармағы Момындарға жатады (қараңыз: 2кесте). Округтегі ең көп Қаракесек руы бірінші топқа Мейрамсөпыға жатады. Бұл жерде де туыстық ру басынан емес, Қаракесектен тарайтын жаңа патрилиндждерден басталады: Кошім Қаракесектің үшінші ұрпағы Көшім атасының (қараңыз: 2кесте). ҚамбарҚаракесектің асырап алған баласының; БайбөріҚаракесек немересінің; Айбике және Нұрбике-Шаншар-Қаракесектің Шаншар әйелдері (Айбике мен Нұрбике) қөсылғагі Қаракесектің төртінші ұрпағыиың; ҚарсенҚарпық Қаракесектің төртінші ұрпағы болатын Қарсен атасы мен Қуандық руы Қарпық атасының; ӘлтекеСарым осы аттас аталарыпың ҚояпшыТоғай Қаракесектеи төртінші ұриақ болатын Қояишы жәие Тоғай аталарының атымен аталады. Сондайақ, арғыи тайпасында дербес болыс құрғаи Тарақты руын да атап өткен жөн. Егер XIX ғасырдың 30жылдарыида болыстар (5кестеиі қараңыз), мысалы, Қарауыл, ӘлтекеСарым сияқты біртектес болса, 40жылдарда болыстардың бөлшектепуі немесе түрлі рулардың бір болысқа бірігуі де біртектес болды. Мысалы, Тобықты болысы, Дадан, Мәмбет, КүшікТөбықты (Дадан Тобықты, сопдайақ Тобықтыдаи тарайтын бесіиші ұрпақ Мәмбет пен Күшік (қараңыз: 2кесте) болып боліигеи. Ал ҚарауылҚамбар болысы екі, қарауыл қазақтарының бір болысқа біріккспіі/ көрсетеді. Алуаи түрлі қауымдардың мұндай бірлестіктері жайылымдарды және жалпы алғанда өз мүдделерін бірлесіп ңорғау қажеттігінен туды. Шынына келгенде, 30жылдарда Қарауыл атасы 4 ауылдан, ал Қамбар атасы 10 ауылдан тұрған (қараңыз: 5кесте). Өстіп үлкен бір болысқа біріккеыде ғана олар басқаларына қарсы тұра алатын еді. Бірақ болыстардың бөлшектенуі бұдан әрі де жиі кездесті, оған жайылымдардың жеткіліксіздігі мен жаңа қоныстар іздестіру себеп болды. Мәселен, 30жылдары Тобықты болысында басқалардың бәрінен де көп көрсеткіш 50 ауыл болған (қараңыз: 5кесте). 40жылдардың басында олар МәмбетТобықты, КүшікТобықты болыстарына бөлінді (қараңыз: 4кесте). 1850 жылғы 18қаңтарда МәмбетТобықты болысының старшындары мен билері Қарқаралы округтік приказына бұл болысты (16 старшындық; 1723 шаңырақ) екіге бөлуді, одан 8 старшындықты (825 шаңырақ) бөліп шығаруды өтіне келіп, олар был аи деген: «...басқа 8 старшындық пен болыс басқармасыиан мүлде басқа жақта әрі алые қашықтықта (200 шақырымнан астам) болғандықтаи, заңда корсетілгеи міндеттерді атқаруда да, тығыз орналасқан қоныста малды азықтандыруда да қиыншылықтарға ұшырап келдік, қазір де ұшырап отырмыз». Сібір қазақтары шекаралық басқармасының ұсьшысы бойыпша, бұл болыс кейін: МәмбетТобықты және ЖүзМәмбетТобықты деген екі бөлысқа бөлінді. Одан бұрып, 1843 жылы, Байбөрі болысы екіге бөлінген бөлатын. Егер 30жылдары 279 ауылдағы 16532 шаңырақта барлыгы 115240 жан болса (қарацыз: 5кесте), 1841 жылғы деректер бойынша Қарқаралы округіндегі 136 ауылдағы 15022 шаңырақта 101 251 адам болған. Ауылдардың, шаңырақтардың, халықтың бұлайша кемуіне, сөз жоқ, кейбір ауылдардың солтүстікке (Баянауыл таулары мен Ертіс жағына) және батысқа (Ақмола даласына) көшіп кетуі себеп болған. Облыстық басқару формасына көшкен кезде Қарқаралы арғындары дербес әкімшілік олшем Қарқаралы уезі болып келген еді, ол уезд Шыңғыстаудың батыс сілемдеріггеп Мойынты озені мен Ақадыр шептеріііе дейін, Балқаш көліпен Баянауыл таулары аймағына дейіп созылып ж а та тын. 1897 жылғы деректер бойынша, уезде барлығы 104569 қазақ болған. Онда 181 старшындық болып, олардағы шаруашылықтар саны 30 528ге жеткен. Алғашқы он жыл ішінде уезд халқы көбейіп, 38 616 шаруашылыққа жетті, олардың ішінде арғындар 32 515 шаруапіылық еді. Қалған шаруашылықтар басқа тайпаларға жатады. (Олар жайында тиісті бөлімдерде айтылады). Қазақстанда облыстық басқаруды енгізе отырып, орыс үкіметі жаңа әкімшілік өлшемдер енгізуге, оларға рульщ атау бермей, топономикасын қоса өзгертіп, рулық негізді түптамырымен жоюға ұмтылды (мысалы, Тоқырауын Тоқырауын өзені, Шұбартау ІПұбар таулары т. б.). Уезде барлығы 19 болыс болды. Мұндай саясат Ресейдің озіндегі капитализм дамуына байланысты түбегейлі өзгерістерге сай келген еді. Жергілікті феодалдардың билігіне балта шабу арқылы патша өкіметі олардың қолынан экопомикалық, саяси күштерді тартып алып, Қазақстанды жалпыресейлік қажеттерге байлап матады. Олар бұл арқылы ең бастысы Қазақстанды өзінің өнеркәсіп тауарлары үшін шикізат базасы мен рыногына айналдыруды мақсат етті. Тарақты руы Шыңғыстаудың солтүстікбатысындағы Босаға, Шағаи өзендеріиің бойын мекендеген. Оның 104 шаруашылығы Қу бөлысы болды. Бұл болыста сол рудың Жантоқа және Тоқтауыл деген екі атасы жайлады. Уездің шығыс бөлігінде солармен қатар түрлі болыстарға бөлшектеліп кірген Қамбар руы тұрған. Айт және Олжас аталары (462 шаруашылық) Темірші, ал Толы бай, Шана, Сарман, Тілеу аталары (240 шаруашылық) Абыралы болысы болғаи. Кейт тауларып Қарауыл руы мекендеген. Оның Байтуған, Құттықадам аталары (400 шаруашылық) Кент болысының құрамыиа еиген. Қуандық руы Нұра өзені мен соған құятын Шиелі өзенінің бойыида, Батпаққара көлі төңірегінде көшіп жүрді. Бұл жерлерде Алтай тармағына кіретін жәие Ақсары болысын құрайтын Итболды, Байболды аталарының 250 шаруашылығы көшіп жүрген. Балқаш көлінің сәл солтүстігінен бастап, даладағы Сарыбұлақ жәие Жәмші жылгаларына дейін, Мойыиты өзенінің бойында Шұбыртпалы руьшың Көкала, Күйелі аталары мекеп еткен. Бұл аталардың 500 шаруашылығы Мойынты болысының құрамына енген. Қаракесек руынан кейінгі саиы ең көп Төбықты руы Шыңгыстау мен оның төңірегіне, әсіресе Ащысу мен Шаған өзендерінің арасына, соиымеи қатар Ащысуға құятын Шынбай өзенінің бойына қоныстанды. Аңыздарда Тобықты руынан шыққан Тоқтамыс XVIII ғасырдың 80жылдарыиың аягыпда Көкшетаудан Шың~ ғыстауға Абылай ханның кіші ұлы Шама сұлтанды әкеліп, ол көп ұзамай жуаитаяқ атасы қазақтарының билеушісі деп жариялапғап деліпеді (қараңыз: 2кесте). XIX ғасырдың 40жылдарыида Шама батыр Дадан атасьш Солтүстік Балқаш өңірі меи Қотанбұлақ алқабына қуып жіберген. Көп кешікпей Шама батыр жоғарыда аталғаи алқапқа көшкен. Шыңғыстауды жуантаяқ атасыиан басқа Мұсабай, Көкше аталары (қараңыз: 2кесте) мекендеген. Шыңғыстауды және оның солтүстігі мен шығысында жатқан кең даланы мекеи еткен тобықтылар XIX ғасырдың екіыші жартысында Семей облысының құрамына еніп, ПІаған (10 ауыл, 1167 шаңырақ), Бөрлі (10 ауыл, 1451 шаңырақ), Шыңғыс (11 ауыл, 1155 шаңырақ), Мүқыр (2 ауыл, 1586 шаңырақ) болыстарымен қоса Қызылмола болысының бір бөлігін иеленген. Семей облысыпдағы 2606 шаруашылықтап тобықтылар дың үлесіне (Бесқарағай болысындағы азынаулақ Тарақты руын 8 ауыл, 1239 шаңырақты қосқанда) 11284 шаруашылық тиген, ал барлық арғындар 12525 шаруашылық болған. Тобықты руынан қуып жіберіліп, Балқаш өңіріне кеткен Дадаи атасы (қараңыз: 2кесте) Қарқаралы уезіпің 1252 іпаруашылығы бар Батые Балқаш болысы болды. Уезд жерінің қалған басым көпшілігі Қаракесек руыиың, оиың Бошаи, Майқы, Танас, Жылықбас, Сарым деген т. б. аталарыпың (қараңыз: 2кесте) қонысына айналды. Олар Тоқырауып, Қусақ, Ашаңбел, Мұқыр өзендерінің бойын, Қарқаралы, Кепт, Қу, Едірей, Қарпытай, Қызыларай, Қоңыр тауларып, осы оңірдегі көптегеп алқаптарды мекендеді. Оларда 28036 шаруашылық бөлды. Қазақстаниың шығысындағы жайылымдарға қазақтардың Орталық Қазақстан даласынан Ерейментау арқылы және одан әрі шығысқа қарай Баянауыл тауы мен көлдеріне, Ертіс өңіріне қайтып оралғаны жоғарыда айтылды. Баянауыл тауына бірінші болып Сүйіидік руы келген. Олардың келуі Сүйіпдік руының коптеген тармақтарын бастап келген Айдаболдың немересі Олжабай батырдың есімімен байланыстырылады (қараңыз: 2кесте). Айдаболдың өзі Ташкент маңыида өлген. Олжабай батыр Абылай сұлтан әскерінде қызмет етіп, қалмақтарға қарсы күреске белсене қатысқан. 1730 жылы ол Айдабол руыиың жеті ұрпағымеи Баянауыл тоңірегінде қалмақтарды оңтүстікке қарай қуып, жері құйқалы, көлі тұнық, орманы киіздей Баянауыл тауы мен оның төңірегін өзіне қаратып алған. Айдаболдар өз иеліктерін одан әрі Далба, Қызылтау тауларына дейін ксңейткен. Айдабол руының жазғы жайлауы Көкшетау округіпің солтүстігінде, Айдабол руының белгілі биінің есімімен аталған Торайғыр көлі аймағыида болғаи. Жоғарыда айтылғанындай, қаракесектер Қарқаралы тауынан ығыстырып шығарған Қанжығалы руы Ерейментауға, бір бөлігі Ертіс өзенінің бойына, Песчаный поселкесінің тұсына көшіп барған. Сол жылдары Қызылтау мен Далба тауына Сүйіндіктің асырап алған баласы Қаржастың ұрпақтары көшіп келген. Мұса Шормановтың (белгілі би, қоғам қайраткері әрі олкетанушы) бабасы Саты Түркістаннан келіп, Қылтауға қоныс тепкен. Оиың қыстағаи жері Сатытас деп аталып кеткеи. Жаздыгүиі Саты өзінің Қаржас руымен, сопдайақ Құлболды, Жаиболды жәие Орманшы руларымен (халық арасыида олар тортұл төрт туыстың ұрпағы деп аталып кеткен) бірге батысқа қарай алыстап, Итемгеп, Мамай көлдеріне кетіп қалған, ал ол колдер сол жерлерде жерленген тортұл билеріыің есімдерімен аталған. Айдаболдың Қаржас тармағымен қоса бұл жерлерге Бегендік руының Қозған, ТәңІрберді және Сарық аталары коитіп келіп, Қызылтауға ірге тепкеи. Осы жерге Жолболды руыиың Ормаишы атасы көшіп келді, бірақ олар, арғындардың басқа аталары сияқты, Орталық Қазақстаннан емес, қайта Ліу өзенінің оңтүстігінен келген еді. Ертістің сол жағалауын Бәсеитиін руының көптеген аталары мекендеді. Сәмек, Бәйімбет, Күшік аталары (қараңыз: 2кесте) Ертіс бөйына 1800 жылы келген. Орыс үкіметі оларға Ямышев, Подстепной поселкелері арасылдағы жерді берді. Бәсентиін руының қауымдары жаз кезіпде алыстағы Обь өзеніне дейіп еміперкіп көшіп барып, Алтай таулы округінің жерінде еркіп жайлап жүрді. Бірақ Сібірді отарлаудың күшеюіие байлаиысты (ХІХ ғасырдың 70жылдары) Бәсентиін руының қазақтары қайтадаи сол жағалауға көше бастады (қараңыз: 2кесте). Бәсентиін руының Апай атасы кейіипен Павлодардың негізі қаланған жер маңында көшіп жүрген. Көлденең және Сатыбалды аталарының (қараңыз: 2кесте) қонысы тортұлдар келгенге дейін де Баянауыл тауларының шығыс беткейінде болатыи. Төртұлдар келген соң, олар ығыстырылып шығарылып, өздерінің Апай атасындағы туыстарына көшіп барды. 1833 жылдың жазында жаңадаи екі округ: Ямышев бекінісі тұсынан, Баянауыл және Омбы бекінісінің оңтүстікбатыс жағынан Үшбұлақ округі құрылды. Басқаларымен бірге бұл округтер де Арғын тайпасы рулары мен аталарының көпіпенді қауымдарыпа қараған. Егер Арғындардың рулық құрылымына назар аударатын болсақ, аталған болыстарға көбінесе өздері эр түрлі патрилиндждер мен таксономиялық жіктерден бастау алатын қауымдардың біріккенін көреміз. Мысалы, 1 5болыстар сүйіндік руына, ал оларға енетін қауымдар эралуан жіктер мен аталық жіктерге жатады. Айтар болсақ, бірінші болыс үш негізден таралған: Ақбура мен Тұлпар ағайынды, ал І^аржас оларға иемере болады (қараңыз: 3кесте). 5болысқа Қаржас ұрпақтарынан: оның (Қаржастың) ұлы Алтын (Алтынторы) меи немересі Сатылганнаи (қараңыз: 2кесте) тарайтыи ұрпаітар жиналғаи. Мұндай нәрсе Сүйіндік руыиың басқа болыстарынан да байқалады. Бұған оқырман Арғын руының құрылымына назар аударып көз жеткізе алады. Қозған болысы Бегендік руына жатады (қараңыз: 2кесте), ал қалғаи болыстардың қайсысына жататынын атауларынан аңғаруға болады. Баянауыл округі құрамында 122 ауыл болып, оларда Арғыи тайпасыиың эр түрлі руларына жататын 6955 шаңырақ бар деп есептелген. 1835 жылғы деректер бойынша, округте 65 465 адам болғап. Баяиауыл округіие жатқызылған бірнеше болыс Томск губерниясында: 19 ауылдан тұратын (1001 шаңырақ) СәмекеБәсентиіп болысы Бийск округінде Подстепной станицасы мен Босаға алқабына жақын жерде, 4 ауылдан тұратын (60 шаңырақ) Күшік болысы (Күшік Қаракесектің төртінші ұрпағы (қараңыз: 2кесте) Барнаул округінде Қарағай және Ақсеңгір алқабында көшіп жүргеи. Сібір мекемелерінің бұратаналарды басқару туралы «Заңдар жинағының» 188бабы негізінде бұл қазақтар іпікі шеп жерінен сыртқы округтер аймағына қуып жіберілуге тиіс болатын. Алайда сыртқы округтерде бос жайылымдардың болмауы себепті бұл шаруашылықтар Томск губерниясында уақытша қалдырылған еді. СанктІІетербургтегі М. Е. СалтыковЩедрин атындағы Мемлекеттік көпшілік кітапханасының қолжазба бөлімінде (ңосымша тізбе, № 64) Жеке Сібір корпусы Бас штабы жаныыда жасалған «Сібір бастықтарына қарасты Қырғыз даласының картасы» сақтаулы, онда қазақ рулары қоныстарының шамамен алынған жерлері көрсетілген. Архив деректері мен әлгі картаның көрсетулеріие сәйкес, Үшбұлақ округінің шекарасы батысында Үшбұлақ мекеиі (Көкшетаудың оңтүстікшығысында) ауданынан басталып, солтүстікшығысында Ертіске дейін созылып жатқан; солтүстігінде ҮлкенҚарой, Теке көлдерін, оңтүстігінде СілетіТеңіз көліп қамтыган. Бұл аумақ Үшарал округі таратылғаниан кейін Көкшетау округінің оңтүстік бөлігіне айналды, бірақ біз барлық мәліметтерді бастапқы округ бойынша келтіреміз, өйткені Сібір ведомствосының архив істеріиде ол жөніндегі мәліметтер тым аз. 1835 жылғы мәліметтер бөйынша округте 54344 адам болған. Сонымен, округ аумағыи Арғын тайпасының: қапжығалы жәтте қарауыл руларының аталары мекенде ген. Олардың қөныстары көбінесе Ерейментаудан шыгысқа қарай болған да, оның батыс жағына қарай көшкен (қараңыз: 2кесте). Әжібай тармағы Қанжығалы руының 8 атасын біріктірген. Жоңғарларға қарсы күресте ерекше көзге түскен Бөгепбай батыр Қаижығалы Бөгенбай деп те аталады (қараңыз: 2кесте, сегізіпші ұрпақ). Ішкі жақта, яғни Ертістің оң жағалауында тұрған қазақтарға да арнайы тоқтала кеткен жөн. Бұл жерлер Семей ішкі округінің бір бөлігі болатын және эр түрлі ведомстволарға бағындырылған еді. Жер пайдалану ережелеріие сәйкес, қазақтар Кабипеттік жерлерде барлығы 787 шаруашылыққа (39,4%) учаскелерді жалға алып, Белағаш дал асы дейтін жерде; «еркін дала» аймағында 657 шаруашылық (33%); Сібір казак әскерінен жалдап алынған жерде 168 шаруашылық (8,4%) тұрды. 112 шаруашылық (6%) Семейде түрақты мекеп етія, олардың Белағаш даласында егістігі болды. Округке есептелген 266 іиаруашылық (13%) округ шегінеп тыс жерлерде көшіп жүрді. Белағаш даласы дегеиіміз Семейден солтүстікке қарай жатқан кеңбайтақ жер, ал «еркін дала» Жалқарағай, яғни Шульба тоғайы. XVIII ғасырдың аяғында Жалқарағай бос жатқан жер еді, оғаи қазақтар қыстыгүні сол жағалаудан өздерінің табындарын айдап апаратып. Бұл жерге бірінші болып Уақ тайпасының қауымдары көшіп барды да, Семей окру гін ұйымдастырған кезде болыстың аты солардың атымен (Байуақ) аталды. Мұнда біртіндеп түрлі тайпалардың басқа рулары да көшіп келе бастады, сөйтіп көп ұзамай Белағаш және «еркін дала» бір Белағаш болысына айналды. Бұл болыстың 1444 шаруашылығыиан Тобықты руының қауымдары551 шаруашылық (38,2%), Қаракесек170 шаруашылық (11,79%), Тарақты 79 шаруашылық (5,49%) болды, ал бүкіл Арғын тайпасының шаруашылықтар саны 700 е ді (55,59%). XIX ғасырдың екінші жартысында Баяиауыл және Үшбұлақ сыртқы округтерінің, Семей ішкі өкругінің қа зақтары Семей облысындағы Семей және Павлодар уез дерінің құрамына енді (1868, 1881 жж. реформалар). Семей уезіидегі 26 062 шаруашылықтан арғындардікі 12 525 шаруашылық болды. Саны ең көп Тобықты руы еді, олар уездің оңтүстікбатыс бөлігін ІПыңғыстау жазығын мекендеді. Тарақты руьшың көпшілігі солтүстік жағында, Черный поселкесі ауданында көшіп жүрді. 1893 жылғы санаққа қарағанда Павлодар уезінде 21 877 шаруашылықты біріктіргеи 144 старшын бөлғатт. XX ғасырдың бас кезінде уездегі шаруашылықтар сапы 13,5 мыңыан астамшаруашылыққа көбейді. Мұншама көи шаруашылық қайдан келген және оны туғызған не? 1891 жылы дала облыстарын басқару туралы заң енгізіл генпетт кейін орыс әкімшілігі қазақ шаруашыльщтарының эр об лыс, уезге қарайтынын түпкілікті анықтауды талап етті. Павлодар уезі Томск және Тобыл губерыияларымеи шектесіп жатты да, оның коптеген шаруашылықтары осы губерпиялардың жерлерінде, әсіресе Құлынды даласында көшіп жүретіи, ал Құлындьт даласында көшіп жүруге Министрлер Кабипетіттің 1880 жылғы 22қарашада бекіт кен ережесіые сәйкес рұқсат етілген еді. Тегінде, Павло дар уезінде шаруашылықтардың бұлайша күрт көбеюін халықтың табиғи осуімен ғана емес, сонымен қатар бұрын Томск және Тобыл губерния л арының жерлерінде көшіп жүрген қазақ шаруашылықтарының далаға қайта қуылып тығылуымен де түсіндіруге болады. Уезде Орта жүз қазақтарыиың 35 396 шаруашылығы көшіп жүрген, өлардың ішінде арғындардікі 27327 шаруашылық. Аумақтың негізгі бөлігін Суйіндік руының Қаржас, Ңұлболды, Ормаишы, Жапболды аталары алып жатты. Осы аталар «тортул» деген бір этнонимге бірікті (қараңыз: 2кесте). Құлболды мен Айдабол аталары Баяпауыл, Далба, Қызылт ау тауларын қыстап, жаздыгүні Есіл даласындағы Торыайгыр коліне қарай солтүстікшығысқа қашықтап кетіп отырган. Бәсентиін руы (Сәмек, Бәйімбет, Күпіік, Анай, Көлдепең, Сатыпалды аталары қараңыз: 2кесте) Ертістің сол жағалауыттда Ямышев бекінісінің тұсынан Песчаный поселкесі не дейін көшіп жүрген. Қанжығалы руы (Әжібай тобы) Жасанақ коліне құятын Шідерті өзенінің бас жағын, Жалаулы, Шолақ көлдерінің маңыи мекендеген. Бегендік руының қауымдары Ертістің оң жағалауында Белағаш даласының солтүстік бөлігінде көшіп жүрген. Арғындардың Шығыс Қазақстандағы орналасуын қарастыра келгенде, олардың батысқа аргындар ұйыса мекендеген Орталық және Солтүстік Қазақстан даласына ойысқанын көреміз: оңтүстігіиде солтүстікбатыс Балқаш оңіріи бойлай Сарысу, Сарыкеңгір және Қаракеңгір озеидеріпің бас жағымен, одаи әрі солтүстікке қарай оңтүстіксібір жағына дейін жетеді. Осы кең өңірде барлық Орта жүз тайпаларыыың көптеген рулары мекен еткен, бірақ көбіпесе арғындар басым болып отырган. Су көздері мен жайылымдары мол осы аймақты да кезінде жоңғар басқыпшылары басып алып, қазақтар оларды кейін қуып шыққан. XIX ғасырдың аяғында жазылған аңыздар бойынша, арғындардың ірі атасының негізін салушы XVI ғасырдың орта шенінде өмір сүрген Мейрам Ертістен Есілге, одан әрі Сарысуға дейін, яғии осы аймақтар шегінде көшіп жүрген. Бұл л^ерлерге жоңғарлар XVII ғасырдың 20жылдарында келді де, қазақтар негізінен батысқа және Сырдария бойына, ал кейбіреулері Нұра өзепінің орта ағысына ауа көшкен. XVII ғасырдың екінші жартысында Нұра орта ағысы мен бас жағында Қуандьгқ, Қар пық, ал Ереймеитау даласында Қанжығалы рулары көшіп жүрді. Қазақтардың жаппай көнііп келуі жоңғарлар қуып шығарылғаинан кейін басталды. Қанжығалылар Ерейментауға, одан әрі Ертіске және Ом өзеніне қарай қоныс аударды. Қарауыл, Атығай рулары Зеренді, Жалтыркөл, Саумалкөл т. б. көлдер айналасына, Мезгіл ормаидарына, Көкшетауға, Есіл даласыиың солтүстік аудапдарына көшіп барды. Бірақ негізгі көшіп қоныстанушылар Қуандық руының шаруашылықтары болды. Олар Есіл өзепінің орта ағысыида Нұраның төменгі ағысын бойлай жатқан көлдер төңірегінде, Ііұраның орта және жоғарғы ағысы бойында, Құлаиөтпес өзені аңғарында, Қосағаш, Наршөккен, Семізқыз, Бұғылы, Сарытау, Нілді, Жамантогалы, Ортау тауларында орын тепті. Терісаққан өзенінің Есіл өзеніне құяр жеріне дейінгі далаға Қуандық руыиың қауымдарымен шектесіп, Сүйіндік руы қоныстанды. Осы кең далада көшіп жүрген Орта жүз руларының қазақтары негізінде, жоғарыда айтылғанындай, үш округ: Ақмола, Көкшетау, Құсмұрыи және кейіннері Атбасар өкругтері құрылды. Солардың алғашқысыида басқалардан горі арғындар мейлінше көп болды. Ақмола округтік приказының деректері бойынша, Ақмола қонысының төңірегінде біржола орныққан, мал шаруашылығымен бірге диқаншылықпен де айиалысатын 3 ауыл (215 шаңырақ) болған. Жоғарыда келтірілген кестеде болыстардың атаулары рубасылардың есімдерімеи емес, қайта олардан тараған патронимиялар және таксономиялық жіктер арқылы берілген. Мұның өзі рулардың өсіпөніп, бөлініп, жаңа эпонимдер мен патрилинидждер пайда болатынын, уақыт өте келе жаңа рулардың, өзінің рульщ тегін жаңадан есептей бастаудың пайда болуыиа әкеп соғатынын көрсетеді. ЕнемТүығатар болысыиа бір кезде Қарауыл, ал XIX ғасырда тек оның немересі Түнғатар рубасы болған (қараңыз: 2кесте) қауымдар бірікті. Бұл болыс атауының бірінші бөлігінің (Енем) тегі рудың неғұрлым ұсақ атасы немесе болыстың, ауыл ақсақалының аты болса керек. № 2, 3, 6, 9болыстар Алтайдан (Қуандықтың ұлы) басталады. Осы болыстарға енген қауымдардың негізіие эр түрлі эпонимдер: Қареке, Мойыи, Алысай, Байдалы (қараңыз: 2кесте) алынған. № 4, 5болыстар да Қуандықтан (екінші баласының немересінен (ҚарпықТінәлі; қараңыз: 2кесте), ал № 8 шІ болыс үшінші баласының немересінен (ӨмірТемеш; қараңыз: 2кесте) тараған. Соңғы ҚырғызТөртұл болысына эр түрлі этнос біріккен. Бұл жөнінде сәл таратып айтқан жөн. Көшпеиді қырғыз қауымдары Ақмола даласына сонау жоңғарларды қуып шыққан кезде келген еді. Кейіннен оларға Көкшетау төңірегінен келген қырғыздар қосылды. Соңғылары, тегінде, Кенесары сұлтаиның Қырғызстанға жорығы кезінде соның жағында соғысқан қырғыздар болса керек. Кепесары жеңіліске ұшырағаннан кейін бұл қырғыздар қазақтармен бірге кеткеи де, оларға Балуан көлі мен Сасықкөл маңынан жер берілген. Уезд атауының екінші бөлігіне келетін болсақ, аңыздарға қарағанда, Төртұл ру басы Сүйіндіктің төртінші ұрпағы болған Малай мен Жәдігердің (қараңыз: 2кесте) ұрпақтарын біріктірген. 1837 жылғы статистикалық дерек тер бойыпша Ақмола сыртқы округінде 67091 адам болған. Солтүстік ендіктің 52градусыыан Қазақстанның солтүстік шекараларына дейін орналасқан қазақ қауымдары (Сібір казак әскерлерінің Петропавл бекінісінен Пресногорьков бекінісіне дейінгі жерін қоспағанда) Көкшетау сыртқы округіне біріктірілді. Осы кеңбайтақ аумақта Орта жүздің басқа тайпаларымен гаектес тұрғап Қарауыл, Атығай, Қанжығалы рул ары мекеидеген. Мұнда тек арғындарға ғана төқталайық. Көкшетау округіндегі 13 810 шаңырақтан (09 050 адам) арғындардың үлесіне 5370 шаңырақ тиген, оларда, өз есептеуіміз бойыиша, 26 850 адам болгаіі. XIX ғасырдың 40жылдарына қарай, яғни Көкшетау округі құрылған уақыттап 16 жыл өткеныен кейіи шаңырақтар мен болыстар саны көбейген, ал төмеиде келтіріліп отырған кестеден бұған коз жеткізіп қана қоймай, сонымен бірге арғындардың кошіп жүрген жерлеріи де білуге болады. 1824 жылғы ведомоста бар Қаижығалы болысының көрсетілмегеніне қарамастан, 16 жыл ішінде шаңырақ саны 3313 шаңыраққа артқан. Тегінде, ол болыс руластары Ерейментауда көшіп жүретін Баяиауыл округіне берілсе керек. Көкшетау арғыидарының тоғыз болысының алтауы Атығай руы да, үшеуі Қарауыл руы. 1824 жылмен салыстырғанда, 1840 жылға қарай табиғи өсімнің жәие басқа жерлерден туыстарының көшіп келіп қосылуына байланысты болыстар ұсақ бөлшектерге бөлінген. Көкшетау округі қазақтарында да жаңа патрилиндждердің құрылып, жаңа туыстық (таксономиялық жік) басталғанын көруге болады. Атығай руының өкілдері мынадай болыстарда бар, 1болысқа ағайынды екі адамның ұрпақтары Майлы мен Балта біріккен, олар Атығайдан тарайтын төртіиші ұрпаққа жатады (қараңыз: 2кесте). Төмендегі халық аңызыыа қарағанда, Майлы деген лақап ат. Бір ашаршылық жылы бір топ қазақ көршілерінен 90 түйені ұрлап сөйып алады да, сонымен тіршілік етеді. Коршілері бұған кешірім жасайды (аштықтан аман қалу да олжа ғой!), бірақ ұрыларды «майлы», яғни «семіз ет жегендер» деп атап кеткеи. 2болысқа немере туыстар Бабасан мен Багыс біріккен (қараңыз: 2кесте). 3болыстағы Ақкиік, Қойлы мен Құлансу да сондай (қараңыз: 2кесте). 4болыста ағайынды екеудің ұрпақтары ~~ Баба мен Бағыс біріккеи (қараңыз: 2кесте). 7болысқа біріккепдер Бәйімбет пен оның пемересі Андағұлдың ұрпақтары (қараңыз: 2кесте). Қалғаи үш болыс Қарауыл руының ұрпақтарына жатады. 6болыс Есенбайдың (Қарауылдан төртінші ұрпақ) ізбасарлары Қараша мен Ноғай, оның ұрпақтары халық арасында «алты ата ноғайқарауыл» деп те аталады (қараңыз: 2кесте). Арғын рулары Омбы мен Петропавл ішкі округтеріиің жерінде де көшіп жүрген. Өкінішке қарай, біздің қолымызда көшіп жүрген шаруашылықтардың саны туралы мәліметтер жоқ. Н. Е. Бекмаханованың есептеулеріне қарағанда, Омбы ішкі округінде 11285, Петропавл округінде 23949 қазақ болған. Біздің ел арасыпан жинап жасаған жазбаларымыз бойынша, аталған ішкі округтерде арғындардың екі руы: Атығай мен Қанжығалы қоныстанған. Атығайлар ҮлпанҚарой, Бейті көлдеріие, одап әрі батысқа қарай Кіші Қарой, Алабота, Жамантұз, Төраңғыл көлдеріне шектесіп жатқан Есіл озепіне дейіигі жайылымдарды мекепдсген, сондайақ олардың осы өзенпің оң жағалауында да бірнеше ауылдары бол гаи. Молімет берушілеріміздің айтуына қарағаітда, атығайлар Солтүстік.Қазақстатіға XVIII ғасырдың аяғыида өздеріттің кокшетаулық руластарынап кошіп келген. Атығайлар арасында Қарауыл руының да бірнеше ауыл Брандо, Марлон. Марлон Брандо (; 1924 жылдын 3 сәуірінде, Небраска штатының Омаха қаласында дүниеге келді, — 2004 жылдың 1 маусымында, Лос-Анджелес қаласында дүниеден кетті) — американдық актёр. «Оскар» сыилығының екі мәрте лауреаты. Greenpeace. Гри́нпис (Greenpeace — «жасыл әлем») — 1971 жылы Канадада негізі қаланған халықаралық қоғамдық табиғатты қорғайтын ұйым. (Басты) Негізгі мақсаты – жаhандық (әлемдік) экологиялық проблемаларды (мәселерді) шешу, соның ішінде билік пен қоғам назарын аудару арқылы. Гринпис тек қана өз жақтастарының ғана берген қаржылық көмегімен өмір сүруде, ал мемлекеттік құрылымдар, саяси партиялар және бизнестен қаржылай көмекті үзілді-кесілді қабылдамайды. Гринпис БАҚ назарын экологиялық мәселелерге аударуға бағытталған ірі акцияларымен белгілі Аймақтық кеңселері. Орталық және шығыс Еуропа (Аустрия, Мажарстан, Словакия) Жерортатеңіз аймағы (Израиль, Ливан, Мальта, Түркия) Аустралия мен Океания (Аустралия, Папуа - Жаңа Гвинея, Соломон Аралдары, Фиджи) Ұлттық кеңселері. Еуропа: Белгия, Ұлыбритания, Алмания, Грекия, Испания, Италия, Люксембург, Нидерланды, Португалия, Ресей, Франция, Чехия, Швейцария Қуандық. ' ' 'Қуандық' ' ' — Арғын тайпасының тармағы. Шежіресі. Бұл шежіренің тек қана бір нұсқасы, авторы Ібірахым (Жақан) Ісләмұлы Көмірсулар. Көмірсулар - химиялық құрамы Сm(H2O)n яғни көмірсутек+су, аты осыдан шыққын) формуласымен өрнектелетін табиғи органикалық қосылыстар класы. К. — хим. құрамына қарай үлкен екі топқа бөлінеді: мономерлік К. немесе моносахаридтер және полимерлік К. — молекуладағы моносахаридтік қалдық санына байланысты олигосахаридтер мен полисахаридтерге бөлінетін Моносахаридтердің конденсация өнімдері. Ашық түрдегі моносахаридтердің типтік формалары: альдоза үшін СН2ОН(СНОН)nСНО; кетоза үшін СН2ОН(СНОН)nСОСН2ОН, мұндағы n>1. Моносахарид-тердің көп бөлігінде тармақталмаған көміртектік тізбекпен біральдегидтік (альдозалық) немесе кетондық (кетозалық) топ болады. Тізбектеп көміртек атомының санына орай моносахаридтер тетрозаға (С4), пентозаға (С5), гек-созаға (С6), т.б. бөлінеді. Кейде кетоза атауына "ул" жұрнағы жалғанады (мыс., пентулоза, гептулоза, нонулоза, т.б.). Моносахаридтерде көміртектің асимметриялық атомдары болады және оптик. белсенді стереоизомерлер түзіледі. К. табиғи көзден алынады. Барлық тірі организмнің құрамында болады. К. тамақ (глюкоза, крахмал, пектиндік заттар), тоқыма және қағаз (целлюлоза) өнеркәсіптерінде, микробиологияда (К-ды ашы-ту арқылы спирт қышқылдар, т.б. алу) қолданылады, медицинада дәрі-дәрмек жасау үшін пайдаланылады. Фото-синтез нәтижесінде атмосферадағы су мен көмір қышқыл газынан түзілетін К. табиғи айналымда болады. Вашингтон. Капитол - АҚШ конгрессі, заң шығарушы органы Вашингтон – АҚШ-ның елордасы. Вашингтон 1790 ж. 16 шілдесінде орнатылған. АҚШ-нда бұдан басқа Вашингтон атаулы штат та бар болғасын, екі мекенді шатастырмау үшін, елорданы кейде Вашингтон Колумбия Аймағы деп толық атымен атайды. Вашингтонда көп компаниялардың бас кеңселері жайғасқан. Сатыбалды Кербабаев. Сатыбалды Багратионұлы Кербабаев ("сатыпалды", "satibaldi") 1982 жылдың 1 қаңдатырнда Дәруішөлгеннің қасиетсіз перзентханасында дүниеге келген. 1989 жылы мектеп табалдырығын аттаған. 1996-1998 жылы Дәруішөлген кәсіптік-техникалық училищесінде Карбюраторлы автотракторлық двигательдер мамандығы бойынша мопед жүргізушісі мамандығын алып шығады. 1998-2006 жылдар аралығында Ақтөбедегі мед.академияда проктолог мамандығын игереді, қазір осы мамандық бойынша жұмыс істеуде. Қоғамдық жұмыстары. 2008 жылдан бастап жүргізген блогы блогын жауып қазір Дәруішөлген ресми сайтының админі ретінде халыққа қызмет етуде. Сілтемелер. Қазақ тілінде дәруішөлгендік бейресми интернет диалектісінің негізін қалаушы. Нормативке сай, және сай емес сөздік қорын мейілінше пайдаланып сын-сықақ фельетондар, пародиялар жазады. Ертіс ФК. Ертіс ФК — Қазақстан Премьер Лигасында, ойнайтын, Қазақстан футбол клубы. Павлодар қаласының Орталық стадионы клубтың базасы болып табылады. КСРО чемпионаты. Команда 26 КСРО чемпионатына қатысты (1965—1971, 1973—1991). Осы уақыт ішінде клуб 952 матч өткізді: +454=206-292. Өз және қарсыластардың қақпаларына соғылған доптардың қатынасы — 1319:928. Команда 1969, 1973, 1978, 1980, 1988, 1989 жылдарда аймақтық турнирлардың жеңімпазы болып табылады (2 Лига). Турнирдағы ең төмен орын — 24 (1981). 1979—1981 жылдарда команда КСРО-ның Бірінші лигасында ойнады. Ең үлкен жеңісі — 7:1 («Металлург», Ермак, 1970) және 6:0 (7 рет). Ең үлкен жеңілісі — 0:6 («Луч», Владивосток, 1975; «Колос», Никополь, 1981) КСРО кубогы. 11 КСРО Кубогында: 37 ойын, 14 жеңіс, 5 тең есеппен біткен ойын, 18 жеңіліс, доптардың қатынасы 38 — 51. Ең үлкен жетістігі — финалдың 1/8 Ең үлкен жеңісі - 3:1 Локомотив Мәскеу 1989. Ең үлкен жеңілісі - 0:5 Днепр Днепропетровск 1989. Тәуелсіз Қазақстан. Мемлекетің тәуелсіз болғанынан клубтың ең үлкен жетістіктері – бұл 1993 (сол кезде клубтың атауы «Ансат» болды), 1993, 1997, 1999, 2002 және 2003 жылдардағы Қазақстан Премьер Лигасындағы жеңістері. Премьер Лига құрылғаннан бастап, клуб бірде-бір рет төменгі дивизионда өнер көрсетпеді.. Сонымен бірге клуб АФК Чемпиондар лигасында өнер көрсетті. Азиялық Чемпиондар Лигасы — Азияның ең басты әр жылдық клубтық футбол турниры, осы жарысқа ең үздік 14 азиялық чемпионаттардың жеңімпаздары қатысады (Қазақстанның УЕФА-ға кіруіне дейін). Осы беделді турнирда Ертіс ФК 2001 жылы жартылай финалға дейін жетті. Сонымен қатар команда УЕФА Чемпиондар Лигасының квалификациялық ойындарына қатысты, сол ойындарда клуб кипрлік «Омония» клубынан жеңілді.. Жетістіктері мен жеңілістері. Клубтың бүкіл тарихы бойында жеткен жеңістері мен жеңілістері Ресми фанклуб. Клубтың фанаттық қозғалысы көп уақыт өмір сүрсе де, ресми түрде тек қана 2003 жылы құрылды. Оның атауы «Павлодарлық Фронт». Қазіргі шақта клубтың әкімшілігі клуб фанаттарына үйдегі матчтар кезінде стадионға ақысыз кіруді және көршілес қалалардағы матчтарға ақысыз көлікті қамтамасыз етеді. Ссылки. Қазақстанның футбол клубтары Ұлан-Батыр. Ұлаанбаатар () қаласы Моңғолияның астанасы және де ең үлкен қаласы. 2008 жылғы дерек бойынша қала тұрғындарының саны 1,1 миллионнан астам. Ұлаанбаатар Моңғолияның орталық бөлігінде Туул өзенінің бойында, теңіз деңгейінен 1310 м биіктікте орналасқан. Ел басқару орталығынан басқа экономика, мәдениет, білім, денсаулық орталығы болып келеді. Ұлаанбаатар транспорт жолдарының орталығы Моңғолияның барлық қалаларымен байланысады, темір жол арқылы Ресейдің Транс-Сибир және Қытай темір жол торабына қосыла алады. Ұлаанбаатар қаласы алғаш 1639 жылы Буддизм орталығы болып орнаған, 1921 жылғы революциядан кейін ел астанасы болған. Моңғолша. Ұлаанбаатар қаласының тарихта көптеген атулары болған. 1639-1706 жылдары Өргөө, 1706-1911 жылдары Их Хүрээ, Да Хүрээ немес жай Хүрээ деп аталған. 1911 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін Нийслэл Хүрээ деп аталған. 1924 жылы Моңғол Халық Республикасының () астанасы болып, Ұлаанбаатар (Моңғол жазуы бойынша: 17px) болып өзгерген. Ұлаанбаатар аталуына сол жылдары Моңғолияда Коминтери ұйымының басшысы болға Тұрар Рысқұловтын ықпалы болған деп айтылады. Ұлаанбаатар сөзінің қазақша мағанасы Қызыл батыр. Басқа тілдерде. 1924 жылға дейін Европа және солтүстік Америкада Ұлаанбаатарды көбінесе "Урга, "Urga" немесе Күрэн, "Kuren" деп аталып келген. Бұдан кейін Орыс тілінен Улан-Батор, немесе Улаанбаатар атты болған. Ұлаанбаатар қаласы 1911 жылға дейін Манжурияның бір бөлігі болған Манжурия тілінде Күлүн (қытайша: 庫倫; оңайлатылған қытайша: 库伦) аталған. 1949 жылдан кейін Моңғол Халық Республикасының астанасы Ұлаанбаатарды қытайша жаңадан Вүлүнбатуо (Wūlánbātuō, 乌兰巴托) деп аталуда. Географиясы. Ұлаанбаатар қаласы Туул өзенінің бойында, Богд хан, Баянзүрх, Сонгино хайрхан, Чингэлтэй хайрхан деген төрт таудың ортасында теңіз деңгейінен 1351 м биіктікте орналасқан. Ауарайы. Ұлаанбаатар қаласы теңіз деңгейінен биік және теңізден бірнеше жүз км алыс орналасқандықтан дүние жүзінің астаналарының ішіндегі ең суықғы болып саналады. Жылдық орташа температурасы -1.3 °C. Қысқа әрі жылы жазды, қатты суық, ұзаққа созылытын қысты. Жылдық орташа жауын шашын мөлшері 242.7 мм, ылғалдылығы 69% Әкімшілік құрылысы. Ұлаанбаатар қаласы Моңғолияның астанасы Баянзүрх, Баянгол, Сонгинохайрхан, Чингэлтэй, Сүхбаатар, Хан-Уул, Налайх, Багануур, Багахангай деген 9 районға () бөлінеді. Райондар кварталы-микрорайондардан () тұрады. Қала әкімін төрт жыл сайын сайланып тұратын Қалалық мәслиқат басшысы елдің пример министеріне атын ұсынады. Пример министер өз тарапынан ұсынылған кандидаты қала әкімі ретінде төрт жылға сайлайды. Қала халқы. 2008 жылғы Маусым айы боынша қала тұрғындарының саны 1,044,500 тығыздығы квадрат километрге 222 адамнан. Барлық тұрғындардың 67%-сі 35-тен төмен жастағы жастар оыың 30% 16-дан төмен жастағы балалар. Халықаралық. Ұлаанбаатар қаласының оңтүстік шығыс бөлігінде, қаладан 18 км жерде Чингис хаан атындағы халықаралық әуежай орналасқан. Әуежайдан Токио, Сеул, Берлин, Москва, Иркутск, Пекин қалаларына тұрақты ұшақ қатынайды. Ұлаанбаатардағы Моңғолия темір жолы торабы Транс-Сибирь темір жолы, Қытай темір жол торабы қосылған. Ішкі. Ұлаанбаатар қаласы Моңғолияның барлық қалаларымен жолмен байланысады. Бұл жолдардың көбісі асфалть емес топырақ жолдар болып келеді. Білім және Ғылым. Ұлаанбаатар қаласын елдің білім және ғылымы орталығы болып келеді. Мұнда Моңғолия Ғылым акедемиясы, Университеттер, Ғылыми зерттер инистуттар жұмыс ітеуде. Мәдениеті. Улаанбаатар хотод соёл урлагийн шинэ хандлагууд үндэсний уламжлалын нөлөөгөөр Европын соёл урлагтай өвөрмөцөөр хослон хөгжиж байна. Дуу хөгжим, драм, балетийн олон арван жилийн өвөрмөц хосолсон хөгжил ба үндэсний гар урлалын олон зуун жилийн ур ухааны баялаг өв сан энэ хотод төвлөрдөг. Одоогоор Улаанбаатар хотод 70 гаруй соёл урлагийн байгууллага олон нийтэд үйлчилж байна. Экономика. Қаланың бір ерекшелігі мұнда елдегі кәсіпорындардың ең көп бөлігі орналасқандығында. Қаладығы бес мыңғы жуық кәсіп орын Моңғолия елінің жалы ішкі өнімнің 40% өндіруде. Қаладағы Ұлаанбаатар ЖЭО 1, Ұлаанбаатар ЖЭО 2, Ұлаанбаатар ЖЭО-3, Ұлаанбаатар ЖЭО-4 елдің жалпы электроэнергиясының 85 % шығарады. Туризм. Ұлаанбаатар қаласында қымбат тарихи жәдігерлер сақталған музейнлер, Будда мәдениет орталығы, Сүхбаатар алаңы және қала төңірегінде әсем табиғаты бар жерлер көп. Қала басшылары туристерді тарту үшін көптеген жұмыстар іс шараларды өткізуде. Барыс (хоккей клубы). Ақпанның 26-да Барыс ҚХЛ 1-ші кезеңінің соңғы шешуші ойынында Астана алаңында Чехов қаласының Витязь клубын жеңіп Плэй-офф кезеңіне 15-ші орыннан жолдама алады. Гагарин кубогынің 1/8 финалында Қазанның Ақ Барсымен кездесіп, серияда 3-0 есебімен есе жіберіп осы маусымды аяқтады. Чандраян. Чандраян-1 (санскр. चंद्रयान-1) — автоматикалық ғарыштағы станция, Айдың жасанды серігі. Үндістан ғарыш зерттеуі ұйымының (ISRO) жобасы. Аппарат орбиталық модулі және соққы сүңгінен (зондынан) құрады. Орбитаға Polar Satellite Launch Vehicle PSLV-C11 деген үнді зымыранының көмегімен шығарылады. Зымыран 2008 жылы қазанның 22-ісінде Шрихарикота мәре алаңынан ғарышқа жіберіледі. Станцияның құйылған жанармаймен салмағы 1304 кг. Аппарат тікше пішінді, тікшенің жағының ұзыңдығы 1,5 метр. Станцияда 12 аспап бар, солардың 6 - үнді, а л қалғандары ЕКА, НАСА және Болгар әуе - ғарыш агенттігінің меншігі. Чандраян-1 жіберілуінің мақсаттарының арасында - Айдың поляр аумақтарында пайдал қазбаларын және мұздың қорын іздеу және Айдың шалағайлығын үш өлшемді картасын жасау. Чандраян-1-нің бағдарламасына соққы сүңгінін (зондынын) (moon impact probe) жіберілуі. Соққы сүңгінің үш аспабы бар: масс-спектрометр, альтиметр және бейнекамера. Ол Ай орбитасынан жіберіліп 18 секунд ішінде Айдың шалағайлығына жеткізіледі. Калифорния. Калифорния - Амeрика Құрама Штаттарының батыста орналасқан штат. Лос Анжелес. Лос-А́нджелес (Лос-Анжелос, Лос-Анжелес, Лос-Анхелес) (ағыл. Los Angeles, исп. Los Ángeles, және де L.A. және City of Angels — Періштелер қаласы) — АҚШ-тағы қала, Калифорния штатының оңтүстігінде Тынық мұхиты жағасында орналасқан. Штаттың ең үлкен қаласы. Американ фильмдері түгелдей дерлік Лос-Анджелес қаласының жанындағы Голливудта шығады. Сақтардың аңдық стилі. Өнерi. Қазақстан жерiнде кезiгетiн бейнелеу өнерiнiң алғашқы нұсқалары палеолит дәуiрiне жатады. Олар Қаратау мен Хантау тауларында тасқа қашалған жан-жануарлар тұрпаты түрiнде кездеседi. Неолит және қола дәуiрiнде тасқа бедерленген Баянауыл үңгiрiндегi (Павлодар обл.), Таңбалы аңғарындағы (Алматы обл.) бейнелер (бұғы, арыстан, садақты аңшы, арбаға жегiлген бұқа, сиыр, т.б.) мен Балқаш к-нiң солт. жағасындағы жақпар тастардағы суреттер (келiншектiң қасындағы екi ер кiсiнiң жекпе-жек қылыштасуы, т.б.) қазақ жерiн мекендеген тайпалардың негiзгi кәсiбiн, әдет-ғұрпын баяндайды. Көптеген шекiме суреттердiң сюжетi жыртқыш аңдардың аша тұяқтыларға шабуылына, дiни нанымға құрылған. Суреттер нобайына iшiнара қына түстi бояу жағылған. Андрон мәдениетi мұрасына саналатын геом. өрнектi қыш ыдыстар, қалыптау арқылы жасалған бұйымдар, күн шапағы бейнеленген қола құрал-жабдықтар Орт., Солт. және Бат. Қазақстан аумағында жүргiзiлген қазба жұмыстары кезiнде ашылды. “Таңбалы тастағы” (Алматы обл.) б.з.б. 2 ғ-дағы тасқа бедерленген Будда бейнелерi (көп қолды Чон-Рай-Сик, Мун-Сақ Будда, Манла Будда) шекiме суреттердiң озық үлгiлерiнiң бiрiнен саналады. Осы жартастарда 16 — 17 ғ-ларда салынған суреттер де бар. Дiни нанымдағы суреттер Алтай мен Тарбағатай аймағында да ұшырасады. Қола мәдениетiнiң соңғы кезеңiне саналатын Беғазы-Дәндiбай мәдениетi тұсында (б.з.б. 9 — 8 ғ-лар) көне өнер түрлерi жаңа үлгiлермен толыға түскен. Б.з.б. 7 ғ-да көшпелiлер одағының нығайып, әлеум. құрылысы мен шаруашылықтың дамуына байланысты б.з.б. 4 ғ-да байырғы сақ, ғұн, үйсiн өнерi гүлдендi. Қол өнерi мен сән өнерiнiң ағаш ұқсату, зергерлiк өнерi, кесте және кiлем тоқу салалары дамыды. Ертiс, Шiдертi, Өлеңтi, Сiлетi, Есiк, Түрген, Iле өзендерi және Орт. Қазақстан мен Сыр бойындағы, Баянауыл, Сауыр тауларының етегiндегi обалар мен қорымдардан табылған көне заман бұйымдары, жиһаздық заттар көшпелi тайпалар өнерiнiң даму кезеңiн көрсетедi. Скифтердiң аңдарды бейнелеу нақышы Қара т. үстiртiне қарағанда қазақ жерiнде бұрын дамығанын дәлелдейдi. 1970 ж. Алматы обл. Есiк қ. маңынан табылған алтын бұйымдар (“Алтын адам”, бұғы, арқар, жолбарыс, жылқы, барыс бейнелерi) да — б.з.б. 6 — 5 ғ-ларда қазақ жерiн мекендеген тайпалардың өнер үлгiлерi. Ежелгi зергерлiк өнерi бұйымдарын асыл таспен әшекейлеу алғаш ғұн, үйсiндерде, кейiннен оғыз, қыпшақтарда қолданылған. Сақ дәуiрiнде бұл әдiс көп тарамаған. Үйсiн зергерлiк өнерiнде көркем оймыш, бедерлеу және инкрустация тәсiлдерi басым пайдаланылды. 6 — 8 ғ-ларда байырғы сақ, ғұн, үйсiн өнерi негiзiнде байырғы түрiк өнерi дамыды. Бейнелеу өнерiнiң кейбiр салаларының аттары қалыптасты. Қолөнерiне маманданған шеберлер (зергер, бәдiзшi, сәулетшi, т.б.) шықты. Суреттер сюжеттiк жағынан байи түстi. Жұмырлап жасалған тас мүсiндер, тастан қашалған құс пен балық бейнелерi, барельефтер, ағаш, сүйек, ою, асыл тас жұмырлау өркендедi. Байырғы түрiк өнерi кезеңiнен бастап қазақ жерiнде мүсiн өнерi кең етек алды. Мүсiндер Торғай өз. мен Ұлытау төңiрегiнен бастап, Сарыарқадан күншығысқа қарай созылып, Алтай, Тарбағатай тауларына дейiн, Оңт. Қазақстанда Қаратаудың екi жақ етегiнде, Бурылтау, Талас тауларының, Алатаудың жазық алаңқайларында ұшырасады. Мүсiндер Түрiк қағандығы (6 — 8 ғ-лар), қыпшақ заманы (7 — 13 ғ-лар) кезiндегi мүсiн тастар болып екi топқа бөлiнедi. Көпшiлiгi адам бейнесiнiң нобайын ғана көрсететiн дөрекiлеу түрде жасалғанымен, iшiнара бет әлпетi мен тұлғасы айқын суреттелген жұмыр мүсiндер де кездеседi. 16 — 18 ғ-ларда тас мүсiн қашау жойылып, оның орнына ою-өрнек және араб жазуларымен әсемделген құлпытастар көптеп жасала бастады. Байырғы сақ, ғұн, үйсiн өнерiнде кiлемдер мазмұнға құрылған суреттермен әсемделсе, 5 — 7 ғ-ларда көп тараған қазiргi қазақ кiлемiнiң үлгiлерi қалыптасты. Ясы, Отырар, Сығанақ, Тараз, Сайрам, Құлан, Мерке, Баласағұн, т.б. қ-ларда 8 — 12 ғ-ларда өнердiң көптеген салалары (көзешiлiк, бедерлеу, көздеу) өркендедi. Осы заманның киiз үй түрiндегi қыш ыдыстары; бедерлеу, кесу, жапсыру арқылы жасалып, түрлi түстi бояумен (қара, қоңыр, сары, қызыл) жылтыратылған қабырға өрнектер мен су құбырлары; ромб не шеңбер түрiндегi үлкен әрi анық ұлттық ою-өрнектермен әсемделген терiден, металдан жасалған бұйымдар — өркендеген өнердiң дәлелi. Архит. құрылыстардың сыртқы қабырғалары, iшкi еңселерi мен күмбездерi ғимарат құрылымымен үндес тартымды ою-өрнектермен әсемделiп отырды. Азия мен Еуропадағы күмбездi архит. құрылыстар секiлдi қазақтың киiз үйi ежелгi замандардан қазiрге дейiн халық қол өнерiнiң үздiк үлгiлерiн жинақтаған қазына iспеттi. Киiз үйдiң iшi мен сырты, бау-басқұры секiлдi жиһаздық заттары тартымды әрi биязы ою-өрнекпен әсемделдi. Сәндiк, тұтыну заттарынан басқа да басқұр, алаша, тықыр кiлем, кебеже, т.б. қолөнерi бұйымдары киiз үй iшiн безендiруде басты орын алады. Алтын зер және жiбек жiптермен кесте тоқу, ағаш ұқсату өнерi, ағаш пен сүйектi жымдастыру арқылы көркемдеу, терi ұқсату, зергерлiк өнерi де күштi дамыған (қ. Қазақ қол өнерi). 19 ғ-да Қазақстанда болған орыс суретшiлерiнiң (В.В. Верещагин, т.б.) қазақ халқының өмiрi мен тұрмысын бейнелеген картиналары өмiрге келдi. 1847 — 57 ж. қазақ жерiне жер аударылған Т.Г. Шевченко дала өмiрiнiң көрiнiстерiне құрылған сериялы суреттерiнде жергiлiктi халық тұрмысын шыншылдықпен бейнеледi. Ағартушы ғалым, әрi қазақтың тұңғыш суретшiсi Ш.Ш. Уәлихановтың сулы бояу және қаламмен салған портреттерi мен суреттерi (“Үлкен Орданың қазақтары”, т.б.) 19 ғ-дың ортасында салынды. Қазақ халқының ұлт болып қалыптасу кезеңiнде өзiне тән музыкалық дәстүрi дүниеге келдi; соның нәтижесiнде бай муз. мәдениетi қалыптасты. Бесiк жыры, үйлену тойлары мен жерлеудегi салт-жоралар әнмен айтылды. Ақындар айтысы халықтың көп жиналып, ұйып тыңдайтын өнер сайысына айналды. Халық муз. шығарм. негiзiнен пентатоник. белгiлерi басым жетi тонды диатоник. мажор мен минорлық ырғақтарға негiзделдi. Эпостық жырлар речитативтi әуенде жырланды. Қазақ халқының тарихи қалыптасу ерекшелiктерiне қарай муз. шығармалардың әуендiк сипаты түрлiше әрi әншiлiк, күйшiлiк, орындаушылық дәстүрiнде де айырмашылықтары болды. Орындаушылық дәстүрдiң түрлерi: домбыра немесе қобыздың сүйемелiмен ән салу, муз. аспаптарда күй тарту, т.б. “жар-жар”, “сыңсу” сияқты тойларда айтылатын әндердiң қайырмалары көп дауыспен орындалды. Шығармалар тақырыбы мен муз. айшығына орай: космол. (жұлдыз, Ай, Күн және басқа планеталар жайлы), демонол. (жалмауыз кемпiр, жын-шайтан, перi, т.б.), бақсылардың емдiк әндерi, эпик. әндер, ертектер, мысалдар, еңбек әндерi, тұрмыс-салт әндерi, лирик. әндер, тарихи әндер, т.б. болып жiктеледi. Аспаптық муз. үзiндiлерiнде соғыс көрiнiстерi, батырлар сайысы, бәйге, қыран құстың самғауы, қасқырдың ұлуы муз. тiлiмен бейнелендi. Халық музыкасы мазмұнына қарай әр түрлi қызмет атқарды. Әсiресе бөбектер ойынын бейнелейтiн музыка өзiнiң ықшам, қысқа, бiр ырғақты, шағын көлемдi, диапазоны мен формасының қарапайымдылығымен үй iшiнде орындауға ыңғайлы болса, лирик. және әлеум., тарихи тақырыптағы әндер мен күйлердiң әуендiк диапазонының кеңдiгi, мәнерiнiң әртүрлiлiгi, ырғақтық құрылысының күрделi болуы орындаушыдан үлкен шеберлiктi талап еттi. Қазақ музыкасының тарихи даму жолында ұлттық өнердiң өшпейтiн классик. шығармаларын тудырған дарынды күйшi-композиторлар шықты. Аты аңызға айналған Қорқыт (8 — 9 ғ-лар), муз. нота жазуының алғашқы үлгiлерiн ойлап тапқан Әбу Наср әл-Фараби (870 — 950), 15 ғ-да өмiр сүрген Қазтуған мен Асан қайғы — қазақтың өткендегi дамыған муз. мәдениетiнiң дүлдүл өкiлдерi; Қазақ халқының би мәдениетi ежелден-ақ белгiлi болған. Би — ұлттық өнердiң басқа да түрi сияқты халық тұрмысына берiк енiп, олардың әдет-ғұрып ерекшелiгi мен iс-әрекетiн бейнелейтiн өнерге айналды. Бұрыннан сақталып келген еңбек қимылын көрсететiн халық биi “Өрмек би”, аңшылар өмiрiн бейнелейтiн “Қоян би”, әзiл-сықақ пен күлкiге құрылған “Аю биi”, “Насыбайшы”, “Ортеке”, “Қаражорға”, “Тепеңкөк” билерi — ежелгi би мәдениетiнiң куәсi. Би қазақ халқының тұрмыстың болмысын, өнер сүйгiштiгiн жан-жақты аша түседi. Муз. фольклорда сахнада өлең айту, би билеу, билеп жүрiп ән айту, т.б. сақталған. Халық арасында еңбек жылын қорытындылауға байланысты мереке өткiзу, салтанат құру кең етек алды. Той-думандарда өнерпаздар би арқылы өнер жарысына түсiп, көрермендерге өздерiнiң бишiлiк шеберлiгiн көрсететiн болған. Қазақтарда өзбек, тәжiк және басқа мұсылман дiнiн ұстаған шығыс халықтарында сирек ұшырасатын қыз бен жiгiттiң қосылып билейтiн жұп билерi (“Қоян-бүркiт”) кездеседi. Бишiлiк өнер ұрпақтан ұрпаққа жалғасты, әр тайпаның өз өнер шеберлерi болды. Олар сарайда және көпшiлiк алдында өнер көрсететiн сайқымазақ-қуақы ретiнде танылды. Қазақтың халық билерiнiң канондық түрi болған жоқ. Би өнерi импровизациялық тұрғыда орындалды. Би сайыстарында эмоциялық жарқын сипат хореогр. көрiнiстермен ұштастырылды. Бұл ерекшелiктер “Ұтыс” және “Сылқыма” билерiнен көрiнедi. Ат үстiнде билеу өнерiнiң де өзiндiк ерекшелiктерi болды. Ерттеулi аттың үстiнде тұрып билеу, атты өзiнiң ырғақ сазына бағындыратын нағыз кәсiби бишiнiң ғана қолынан келетiн; қ. Қазақ биi. Ұлттық театр өнерiнiң белгiлерi халықтың ежелден келе жатқан әдет-ғұрпы мен тұрмыс-салтына (беташар, бәдiк, жар-жар, жоқтау, қоштасу, қыз кәде, шiлдехана), ойын-сауығы (алтыбақан, кiмдi қалайсың, қыз ойнақ, қынаменде, ортеке, судыр-судыр) мен халық қуақыларының өнерiне, ақындар айтысы мен шешендiк өнерге саяды. Қазақ театр өнерiнiң тууына Орал, Орынбор, Омбыда орыстың кәсiби театрларының ашылуы ықпал жасады; Қазақ киносы Қазан төңкерiсiнен кейiн пайда болды. 20 ғасырдың басында Қазақстанда барлығы 13 жекеменшiк кино залы жұмыс iстедi. Олар негiзiнен iрi қалаларға (Семей, Павлодар, Өскемен, Ақмола (Астана), Қостанай, Ақтөбе, т.б.) орналасты. Верный (Алматы) қ-нда бiрiншi киносеанстар 1910 жылдан көрсетiле бастады. Киноның алғашқы белсендi насихатшыларының бiрi — Ә.Жангелдин болды. Ол 1913 ж. Еуропа мен Азия елдерiнде саяхатта болып, Испания, Үндiстан, Қытай, т.б. елдердiң өмiрiнен түсiрiлген этногр., тұрмыстық мазмұндағы 40-қа жуық лента мен жылжымалы кинопроектор алып келдi. 1925 ж. Қызылордада өткен Қазақстан Кеңестерiнiң 5-съезiн Мәскеу киношежiрешiлерiнiң пленкаға түсiруi Қазақстандағы бiрiншi кино түсiру қадамы болып саналады. Сол жылы орт. “Культкино” студиясы жасаған “ҚАССР-нiң 1 жылдық мерекесi” атты тұңғыш деректi фильм шықты (қ. Кино). Киноның негiзгi түрлерi: көркем фильм, ғылыми-көпшiлiк кино, деректi кино және мультипликациялық кино, әдеби шығармашылықтың бiр саласы, фильмнiң әдеби, көркемдiк негiзi болып табылатын — кинодраматургия, кино өнерiнiң жанры, бейнелеу құралдарының бiрi — киномузыка және тұтастай кино өнерi мен оның ерекшелiктерiн, түрлерiн және жанрларын зерттейтiн ғылым саласы — кинотану ғылымы дамыды. Қазақстан тәуелсiздiк алғаннан кейiн де қазақ киносы өзiнен бұрынғы дәстүрдi лайықты жалғастыра отырып, әлемдiк кино өнерi туындыларының байқауларында жүлделi орындарға ие болды. Қазақ цирк өнерi көшпендi тiршiлiктiң ыңғайымен бiте қайнаса дүниеге келдi. Ат құлағында ойнап өнер көрсету, айтар ойды ыммен бiлдiрiп, түрлi дене қимылдарымен жұртты күлдiру, салдық құрып, ел аралау, қуақы, әзiл-ажуа сөздермен көпшiлiктiң көңiлiн көтеру, бақсылық құру, т.б. жораларда цирк өнерiнiң алғашқы нышандары көрiнiс бердi. Қаз.энциклоп. 5 том Тирана. Тирана (албанша: Tiranë немесе Tirana) Албания-ның елордасы және ең ірі қаласы. 1614 ж. Сулейман Пашамен орнатылған, ал, 1920 ж. бастап елордасы болды. Облыс. Облыс — кейбір мемлекеттердің әкімшілік бірлігі. --Arystan 18:39, 2008 ж. қазанның 23 (ALMT) Қазақстан әкімшілік бірліктері. Қазақстан Республикасы 14 облысқа және 3 республикалық бағыныштағы қалаға бөлінеді. Ресей империясы. Бөкей ордасы Астрахан губерниясының құрамында болды. Постсоветский период. Современное административное деление Қазақстан Будапешт. Мажарстан елордасы Будапешт – дүние жүзіндегі ең көрікті қалалардың бірі. Дунай қаланы екіге бөліп өтеді: Буда – таулы жағалауға орналасқан, ал Пешт – көкжиектен де әрі созылып жатқан кең жазықта. Астанадағы ең үлкен ғимарат – парламент үйі; халық өкілдері мұнда мемлекеттік істерді талқылауға жиналады. Республика күні (Қазақстан). 25 Қазан - Қазақстанда Республика күні, мемлекеттік мереке. Тарихы. 1990 жылы қазан айының 25-і күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қаз ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Сол сәттен бастап-ақ егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Қабылданған декларация Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасы саналды. Бұл декларацияның қабылдануымен егемендігін мәлім ететін жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздерімі бекітілді. Қазақстанның егемендігі және территориясының тұтастығы саяси, құқықтық және экономикалық тұрғыдан дәйектелді. Осы кезден бастап демократиялық қоғам құру мақсатында ел ішіндегі қоғамдық-саяси құрылымға біраз өзгерістер енгізіле бастады. Бұл акт арқылы әлем картасындағы жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасының негізі қаланды. Қазір бұл күн мемлекеттік масштабта атап өтіліп, мереке ретінде тойланады. 2001 жылы 13 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» №267 заң бойынша бұл күн мемлекеттік мерекелер қатарына қосылды. Республика күні (Қытай). Қытай Халық Республикасында бұл күн ең басты мереке болып саналады. Қытайлар Республика күнін 1 қазанда тойлайды. 1949 жылы дәл осы күні халықаралық аренада қытайлардың атынан сөйлейтін бір ға­на заңды өкіл болуы керек деген шешім қабылданып, сол шешімнің негізінде Қытай Халық Республикасы жарияланған болатын. Елдің Қытай Халық Республикасы болып құрылуын бар халықаралық қоғамдастық мақұлдады. ҚХР жариялануының келесі күнінде олармен дипломаттық қатынастарға түсуге ең бірінші болып Кеңес өкіметінің өкілдері келген болатын. Дәл сол мақсатты қолдаушылар саны бара-бара көбейе түсіп, Қытайдың территориясындағы әрбір құм мен тас та тек ҚХР-дікі болып саналады дегенді мойындаушы мемлекеттер саны бүгінде 161-ге жетті. Сол елуінші жылдардан бастап қытайларда Республика күніне арнап ел астанасы Бейжіңнің орталық алаңы – Тяньаньменьде әскери шеру ұйымдастыратын дағды қалыптасқан болатын. Кейіннен 1959 жылы қа­былданған шешім бойынша, шерулер тек қана мерейтойлық даталарда ғана ұйымдастырылып, одан кейін мәдени революциялар басталысымен, мұндай шерулер мүлдем тоқтатылған еді. Тек 1984 жылы ҚХР-дің 35 жылдығына орай әскери шеру қайтадан өткізілді. Бүгінде астананың орталық алаңдары мен бас көшелері ауқымды гүлдес­телермен безендіріледі. Мұндай гүлдестелердің біразы Тяньаньмень алаңында орналасады. Әсіресе, 1987 жылғы тойлау халықтың есінде ерекше сақталды. Миллиондаған астаналықтар осы алаңға жиналып, ба­ссейндер мен фонтандарды, гүлдестеден жасалған Ұлы қытай қорғаны, ҚКП бірінші съезі өткен кеме, неше түрлі айдаһарлар, павлин, піл бейнелерін тамашалаған. Сол кезде алаңның көрнекті жерлеріне пролета­риат көсемдері Маркс, Энгельс, Сталин, Лениннің алып портреттері соң­ғы рет ілінген болатын. Жалпы, мереке жеті күн бойы тойланады. Бұл апта қытайлар ішінде «Алтын апта» аталып кеткен үш аптаның біреуі болып саналады. «Алтын апта» аталуының себебі қытайлар басқа қандай мереке болса да той­лауын тойлайды, бірақ ешкім жұмыстан не оқудан босатылмайды. Елдің халқы осы Республика күні, қытайлардың Жаңа жылы болып саналатын «Чуньджие (көктем фестивалі)» мерекесінде және 1 мамыр мейрамда­рында ғана демалады. Қалаларда кешкісін фейерверк атылады. Ал жалпы халыққа келсек, әркім өз қалауынша тойлайды. Өйткені бұл ұлттық емес, мемлекеттік мереке болғандықтан, өзіне тән тойлау дәстүрі жоқ. Механикалық жұмыс. Біз қоршаған ортада қандай да бір күшпен (тартылыс, серпімділік, тебіліс т.б.) біріне-бірі әсер етуші денелерді кездестіреміз. Сонда денелер тек күштердің әсерінен орын ауыстырады. Олай болса, күштердің денелердің орын ауыстыруымен байланысты әсеріне сипаттама беру қажет болады. Механикада мұндай сипаттамаға физикалық шама алынады және күштің орын ауыстыру бойымен бағытталған құраушысы неғұрлым көп, әрі күш түскен нүкте алысырақ жылжыса, онда ол шама соғұрлым үлкен болады. Бұл шама физикада жұмыс деп аталады. Түзу сызықты қозғалыс кезінде күш тұрақты және орын ауыстыру бойымен бағытталған жағдайда (9-сурет) жұмыс күші мен оның түскен нүктесінің орын ауыстыруының көбейтіндісіне пропорционал болады, яғни A=k Fss Мұндағы k - пропорционалдық коэффициент, бұдан Fs=F cosa және k=1 десек, онда Сонымен жұмыс шамасы сан жағынан F күшінің, күш түскен нүктенің s орын ауыстыруының және күш бағыты мен орын ауыстыру арасындағы α бұрышы косинусының көбейтіндісіне тең болады. Жұмыс күш пен орын ауыстыру векторларының скалярлық көбейтіндісіне тең болғандықтан скаляр шама болып табылады. Егер де күш бағыты мен дененің орын ауыстыруының арасындағы бұрыш сүйір [α 0, егер күш бағыты мен дененің орын ауыстыруының арасындағы бұрыш доғал [900< α <1800) болса, онда күштің жасаған жұмысы теріс болады, яғни А<0. Бұл кезде күш теріс жұмыс жасамайды, керісінше жұмыс түсірілген күшке қарсы, істелінеді дейді. Егер күш пен орын ауыстырудың арасындағы бұрыш α =900 болса, онда cos α=0 де жұмыс жасалмайды. Енді жұмыстың өлшем бірліктерін қарастырайық. Бірліктердің халықаралық жүйесінде жұмыс өлшеміне 1 Джоуль алынады, яғни күш бағыты мен орын ауыстырудың бағыты сәйкес келетін болса, онда 1Дж = 1Н /1м болады. Жұмыстың графигі Fs (s) 10-суреттегі фигураның ауданымен сипатталады. Қазақстан тарихы. Б. з. б. 2 млн 500 жылдан Б. з. б. 3 мың жылдыққа деін — Тас дәуірі Б. з. б. 2 млн 500 жылдан 45-35 мың жылға дейін — палеолит. Б. з. б. 2,6 млн жылдан — 100,000 жылға дейін — Төменгі палеолит дәуірі. Б. з. б. 300 — 30 мың жыл бұрын — Орта палеолит дәуірі. Б. з. б. 50 — 10 мың жыл бұрын Кейіңгі палеолит дәуірі. Б. з. б. 10-15 мың жыл бұрын — Мезолит дәуірі. Б. з. б. 15-3 мың жыл бұрын — Неолит дәуірі. Б. з. б. 3-2 мыңжылдықтар — Мыстас дәуірі. Б. з. б. 35/33 — 13/11ғасырлар — Қола дәуірі. Б. з. б. XV-XIII ғасырлар — Андронов мәдениетінің кезі. Б. з. б. VIII ғ. — Темір дәуірінің басы. Ирландия әкімшілік бірліктері. Ирландия 4 (тарихи) провинциядан тұрады, және провинциялары 32 (тарихи) графтыққа бөлінеді. Оның тоғызы - Ольстер графтығына, ал алтауы - Солт үстік Ирландияға, яғни Ұлыбритания Құрама Патшалығы мен Солтүстік Ирландияға жатады. Провинциялары. Ирландия Республикасында провинциялар мемлекет басқаруында ешқандай рөл атқармайды, тек спорттағана. Ольстердың регби Лигасы провинцияның ирландиялық және британиялық бөлшектерін қамтиды. Графтық. Графтық () — Ирландияның ең маңызды әкімшілік бірлігі — бұл Ирландия Республикасы мен Солтүстік Ирландияға да қатысты. Қазір Ирландияда 32 графтық бар, 26-сы - Ирландия Республикасында, 6-ы — Солтүстік Ирландияда. Тарихы. Графтықтар 12 ғ., ағылшын-норман билігінің тұсында қалыптасқан. Лация. Лация — Италиядағы Тибр өзені мен Вольтурно өзенінің арасындағы жер. Карлоу (графтық). Ка́рлоу (;) — Ирландия графтығы. Ленстер провинциясының құрамына кіреді. Астанасы және ең ірі қаласы — Карлоу. 46 мың тұрғыны бар (графтықтар арасында 30-шы орында; 2002 жылғы ақпарат). Магомаев, Мүслім. Мүслім Магомаев (әзірбайжанша Müslüm Maqomayev, орысша Муслим Магомет оглы (Магометович) Магомаев) (17 тамыз 1942, Баку — 25 қазан 2008, Мәскеу) — Кеңес Одағының, Әзірбайжанның және Ресейдің опера және эстрада әншісі(баритон), КСРО Халық әртісі (1973) Мүслім Магомаев 1942 жылы тамыздың 17-сінде Әзірбайжанның астанасы - Баку қаласында дүниеге келген. Әкесі Магомет Мүслімұлы Магомаев театрда суретші болып жұмыс істеген, Ұлы отан соғысының қатысушысы, 1945 жылы мамыр айында, Жеңіс күніне 2 күн қалғанда қаза тапқан. Анасы - Айшет Магомаева (тұрмысқа шыққаннан дейін — Кинжалова), драматикалық театрының әртісі. Атасы— Мүслім Магомаев, атақты әзірбайжанский сазгер, Әзірбайжан филармониясы оның атында. Әжесі Байдигуль — татар еді. Баку консерваторияның музыкалық мектебінде оқыған. 1968 жылында Әзірбайжан консерваториясын бітірген. 1962 жылы Кремлдегі Съезд сарайында әзірбайжан өнер фестивалінің соңғы күнінде концертке қатысып, бүкіл Кеңес одағына әйгілі болып кетті. 1963 жылы қарашаның 10-ында Чайковский атындағы концерт залында Мүслім Магомаевтың алғашқы концерты өтті. Әзірбайжан опера және балет театрының опера әншісі болып істеді. Соңымен қатар бүкіл Кеңес одағын аралып эстрадада ән айтқушы еді. 1969 жылы Сопотадағы фестивалінде I-ші жүлдесін алады, ал Канныда — «Алтын күйтабағын» алады. 1973 жылы КСРО халық әртісі деген атағының иесі болып кетті. «Низами», «Поёт Муслим Магомаев» және «Москва в нотах» деген филмдерінде түсті. 20-дан астам әндерін авторы, филмдерге музыкасын жазған.. Әйелі — Тамара Ильинична Синявская, әнші, КСРО халық әртісі. Бірінші әйелінен — Марина деген қызы бар. 1997 жылы оның есіміне (4980 Magomaev) деп Күн жүйесінің астероидтарының бірі аталған еді, бұл астероид 1974 SP1 коды ретінде белгілі. Соңғы жылдары Мәскеуде өмір сүрді. 2008 жылы қазанның 25-інде дүниеден қайтты. Балқаш. Балқаш –" Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тұйық көл. Аумағы жөнінен Каспий, Арал теңіздерінен кейінгі үшінші орында. Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының шегінде, Балқаш-Алакөл ойысында, теңіз деңгейінен 340 м биіктікте жатыр." Ауданы құбылмалы: 17 – 22 мың км2, ұзындығы 600 км-ден астам, ені шығыс бөлігінде 9 – 19 км, батыс бөлігінде 74 км-ге жетеді. Суының көлемі шамамен 100 – 110 км3. Су жиналатын алабы 500 мың км2-ге жуық. Орташа тереңдігі 6 м, ең терең жері 26 м. Балқаштың батыс бөлігіне Іле (жер бетімен келетін судың 78,2%-ын береді), шығыс бөлігіне Қаратал (15,1%), Лепсі (5,4%), Ақсу (0,43%) өзендері құяды. Солтүстіктен ағатын Аягөз, Бақанас, Тоқырауын, Жәмші, Мойынты, т.б. өзендер әдетте көлге жетпей сарқылады. Көлдің солтүстік жағалауы Сарыарқаның ұсақ шоқылы тау сілемдерімен ұштасып жатқандықтан, биік жарқабақ болып келеді және көптеген жыра-жылғамен тілімденген, ал оңтүстік жағалауы – суы біртіндеп тартылған кезде жиналған шөгінділерден пайда болған құмды ойпат. Көлдің көптеген шығанақ, қойнаулары бар, аралдары аз, үлкендері: Басарал, Тасарал. Балқаш туралы алғашқы жазба деректер 13 ғасырдан белгілі. Көлді тиянақты зерттеу 17 ғасырда басталды. Орыс картографы және тарихшысы Семен Ремезов 1695 ж. «Бүкіл Сібір жері мен қалаларының сызбалары» («Чертежи всех сибирских городов и земель») атты атласында Балқашты «Теңіз» деген атаумен көрсеткен. 18 ғасырдың басында көлде геодезиялық өлшеу жұмыстары жүргізілді. Балқаш 19 ғасырда Клапроттың (1836) және швед картографы Иоганн Ренаттың (Жоңғарияның картасын жасаған) карталарында бейнеленді. Пауль Рихтгофен (1877) мен Александр Гумбольдтың (1844) еңбектерінде Балқаш туралы деректер бар. Балқашты зерттеуге Ресей ғалымдары да (Иван Мушкетов, Лев Берг, т.б.) ат салысты. Қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов та Балқаш алабын зерттеп, сипаттаған. 1920 жылдан бастап Балқаш көлін кешенді зерттеу басталды, көптеген экспедициялар ұйымдастырылды. Көлдің экологиялық жағдайын, суының химиялық құрамын, өсімдік, жануарлар дүниесін, алабының физикалық-географиялық сипатын зерттеумен 1970 – 90 ж. Қазақстан Ғылым академиясының институттары, Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Қазақ гидрометеорология ғылыми-зерттеу институты, бірнеше жобалау институттары, т.б. айналысты. Бұл жұмыстардың нәтижесінде көлдің табиғи орнықтылығын сақтап қалуға бағытталған нақты шаралар белгіленді, олардың біразы жүзеге асырылып, көл деңгейінің құлдырауы тоқтады. Көл шөл және шөлейт климаттық белдеуде орналасқан. Қаңтардағы орташа температура –15 – 17ӘС, шілденің орташа температурасы 24ӘС. Жауын-шашынның көп жылдық орташа мөлшері 120 мм. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 55 – 66%, желдің жылдық орташа жылдамдығы 4,5 – 4,8 м/с. Жел көлдің батыс бөлігінде көбінесе, солтүстіктен, шығысында – солтүстік-шығыстан соғады. Осы себепті көлде үнемі күшті толқын болады. Жаздағы булану ауа райына байланысты 950 мм-ден 1200 мм-ге дейін ауытқиды. Көл беті көбіне қарашаның аяғында қатып, сәуірдің ортасында мұзы ериді. Мұздың қалыңдығы кей жылдары 150 см-ге жетеді. Таудағы мұздықтар еріген кезде (маусым – шілде) су деңгейі біраз көтеріледі. Көп жылдық су деңгейі тербелісінің мөлшері үш метрден асады. 20 ғасырда Балқаш көлінің деңгейі 1908 және 1961 ж. көтеріліп, 1946 және 1987 ж. төмендегені байқалды. 1970 жылдан бері Іле өзені бойында Қапшағай бөгенінің салынуына байланысты көлдің табиғи гидрологиялық режимі көп өзгеріске ұшырады. Балқаш – жартылай тұщы көл. Суының химиялық құрамы көл алабының гидрографиялық ерекшеліктеріне байланысты. Көлге сұғына еніп жатқан Сарыесік түбегі Балқашты екіге бөледі, гидрологиялық және гидрохимиялық жағынан бір-бірінен өзгеше батыс және шығыс бөліктері ені 3,5 км Ұзынарал бұғазымен жалғасады. Судың минералдылығы мен тұздылығы бұл екі бөлікте екі түрлі. Көлге ағып келетін судың негізін Іле өзені құрайтындықтан, батыс бөлігінің суы тұщы (0,5 – 1 г/л), түсі сарғылт-сары, лайлы. Шығыс бөлігінің суы тұздылау (5 – 6 г/л), түсі көгілдір, ашық көк. Балқаш фаунаға бай. Көл түбінде моллюскілер, судағы ұсақ жәндіктердің дернәсілдері, шаян тәрізділер тіршілік етеді. Батыс бөлігі планктонға бай. Көлде балықтың 20-дан астам түрі бар, мұның 6 түрі ежелден көлдің өзінде өскен балықтар (Іле, Балқаш көкбасы, Балқаш алабұғасы, т.б.), қалғандары басқа жақтан әкелінген (карп, аққайран, шип, көксерке, Арал қаязы). Ауланатын балық (жылына 9 – 10 мың т) – сазан, көксерке, Балқаш алабұғасы, маринка, аққайран. Көл суы жағалауындағы өнеркәсіп орындары (Балқаш кен-металлургия комбинаты, т.б.) мен елді мекендер қажетіне пайдаланылады. Жылы мезгілде Балқашта су көлігі қатынайды. Басты айлақтары: Балқаш, Бурылбайтал, Бөрлітөбе. Балқаш – Қарағанды облысындағы қала, Мойынты – Ақтоғай темір жол бойындағы станса, Балқаш көліндегі пристань. Сарыарқаның оңтүстігінде, Балқаш көлінің солтүстігіндегі Бертіс шығанағының жағасында, Қарағандының оңтүстік-шығысында 487 км жерде орналасқан. Халқы 73,5 мың адам (2006). Қала 1932 ж. Балқаш көлінің солтүстігінде 20 км жердегі Қоңырат мыс кені мен Қарағанды көмірінің негізінде жұмыс істейтін ірі мыс қорыту зауытының құрылысына байланысты салына бастады. Байыту комбинаты, ірі жылу электр орталығы, жөндеу, механика мыс қорыту зауыты, т.б. өндіріс ошақтары дүниеге келді. Қысқа мерзім ішінде салынған оннан аса жұмысшы қалашықтарының бірігуінің нәтижесінде 1937 ж. Балқаш қаласы пайда болды. Балқаш еліміздегі түсті металлургияның ең маңызды орталықтарының бірі. Мұнда құрамында мыс және түсті прокат зауыттары, өндіріс газдарынан күкіртті натрий мен күкірт қышқылын алатын химия өнеркәсібі бар «Балқашмыс» акционерлік қоғамы жұмыс істейді. Оның өнімдері шет елдерге шығарылады. Жылдық өнім көлемі жүз мың тонна. Қалада тарихи-өлкетану мұражайы, екі спорт кешені, жүзу бассейні, Қазақ балық шаруашылық ғылыми-зерттеу институты, тау-кен-металлургия техникумы, педагогикалық, медициналық училищелері, Қарағанды политехникалық университетінің жалпы техникалық факультеті, музыка мектебі, жиырма шақты орта және сегіз жылдық мектеп, екі халық театры, бейнестудия, т.б. мәдениет, денсаулық сақтау мекемелері бар. Балқаш – ірі жол торабы. Әуе, темір және автожолдар қаланы Астана, Алматы, Қарағанды, Тараз, Шымкент қалаларымен, Мәскеу және Орталық Азия республикаларымен байланыстырады. Садира (жұлдыз). Садира (Эридан Эпсилоны, ε Eri / ε Eridani) () — K2 спектр табы бас тізбегіне жататын Эридан шоқжұлдызындағы жұлдыз. Күнді есепке алмағанда, телескопсыз көрінетін жұлдыздар тізімінде 3-ші орын алады. Нафта. Солтүстік Американдық Еркін Сауда жөніндегі Келісім (НАФТА, NAFTA, North American Free Trade Agreement) − Канада, АҚШ және Мексика арасындағы Еуропалық Одақ модельдеріне негізделген еркін сауда жөніндегі келісім. НАФТА келісімі 1994 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді. САЕСА - ның құрылуының алғышарттары. Алғашқы қадамы болып, 1947 жылғы АҚШ инвестициясын алдыңғы қатарлы канадалық экономика салаларына бағыттау мақсатында құрылған «Эббот Жоспары» есептеледі. 1959 жылы АҚШ және Канада арасында канадалық әскери техника өнеркәсібіне американдық стандарттарды енгізу мақсатындағы біріккен өнеркәсіп жөніндегі келісім жасалады. Келесі қадам болып, 1965 жылғы басқа да салалардың интеграциясын қамтыған автомобиль жасау өнімдерін сатудағы либерализация жөніндегі келісім есептеледі. АҚШ, Канада және Мексика арасындағы сауда-саяси бірігу идеясы 1990 жж. іске асырыла бастайды. Алғашқы кезеңде мәселе энергетикалық одақты ресімдеуге байланысты болады. Осындай идея 1980 жж. Р. Рейган мен Дж. Буш тарапынан қолдау табады. 1988 жылдың қыркүйегінде қиындық туғызған үшжылдық келіссөздерден кейін американдық-канадалық еркін сауда жөніндегі келісімге (CUSFTA) қол қойылып, бұл бойынша АҚШ пен Канада 10 жыл мерзімінде еркін сауда аумағын қалыптастыруы шарт еді. 1980 жж-ғы Еуропа және Азиядағы етек алған интеграциялық үдерістерге байланысты, НАФТА-ның құрылуы жөніндегі мәселе өзектілікке ие болады. Себебі, Еуропаның бірігуіне жауап ретінде Американың, әсіресе, Солтүстік Америкалық бөлігінің бірігуі қажеттілігі айқындалады. Алайда бастапқы кезеңдерден-ақ Мексика, Канада және АҚШ НАФТА-ның рөлі мен ықпалын әржақты позициялардан қарастырады. 1988 жылғы АҚШ пен Канада арасындағы еркін сауда жөніндегі келісімді (CUSFTA) сақтай және сәйкестіре отырып, Солтүстік Американдық Еркін Сауда Ассоциациясын (NAFTA) құру туралы келісім 1994 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді. Бұл келісімді Латын Америкасы нарығына одан әрі қарай ену мақсатында қолданып келе жатқан АҚШ, ұйымда жетекші орынды иеленеді. САЕСА - ның мақсаттары. НАФТА-ның негізгі мақсаты − келісімге қатысушы мемлекеттер арасындағы тауар саудасы тосқауылын алып тастау болды. Тосқауылдық шектеулердің жартысы бірден алып тасталынса, қалғандары бірітіндеп 14 жыл ішінде жойылды. Бұл келісім 1989 жылғы Канада және АҚШ арасындағы сауда келісімінің тереңдетілген нұсқасы болды. Еуропалық Одақпен салыстырғанда, НАФТА мемлекетаралық әкімшілік органдарды құру немесе заң жүйесін қалыптастыру мәселелерін өзінің мақсаты ретінде санамайды. НАФТА тек қана халықаралық құқық аясындағы халықаралық сауда келісімі болып табылады. 2004 жыл. Қайнар көзі: CIA World Factbook (2005), World Economic Outlook Database (IMF). Балқаш (қала). Балқаш қаласы - Балқаш жағалауында орналасқан қала. Халқы 74,5 мың адам. 1931 ж. қаланған. Қала дәрежесі 1937 ж. берілген. Балқаш көлінің солтүстігінде 12 км жердегі Қоңырат мыс кені мен Қарағанды көмірінің негізінде жұмыс істейтін ірі мыс қорыту зауытының құрылысына байланысты салына бастады.Балқаш қаласы Қала аумағы 5,9 мың шаршы километрге тең. Қала халқының саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 73,7 мың адамды құрады. Есептілік деректер бойынша 2007 жылдың басына қалада тұратын халық санының Қалада 01.01.07ж. 414 шаруашылық жүргізуші субъекті тіркелген, оның ішінде 4 ірі, 45 орта, 365 шағын субъектілері. «ЗОЦМ» АҚ, Балқаш қаласы әкімінің жанындағы «Су Жылу Транс» КМК 2006 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің айтарлықтай бөлігін өсімдік шаруашылығы құрады. 2006 жылғы 1 шілдеге ауыл шаруашылығы өндірушілерінің нақты бары: 1 ауыл шаруашылық кәсіпорыны, 1 іс-әрекеттегі шаруа қожалығы, 3,6 мың халықтың жеке қосалқы шаруашылығы. Аймақта ауыл шаруашылық өнім өндіруге 0,3 мың гектар ауыл шаруашылық жерлері пайдаланылады, оның ішінде 0,1 мың га – егістік алқаптар.* 2006 жылғы астыққа 0,3 мың га ауыл шаруашылық дақылдары егілетін егістік жерлер пайдаланылды, оның ішінде 0,06 мың тонна ет (тірі салмақта), ірі қара мал саны 2,3 мың бас; қой мен ешкі – 3,1 мың бас; • 21 күндізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, онда 12456 оқушы оқиды, • 4 колледжде – 2736 оқушы, • 2 кәсіби-техникалық оқу орнында – 1195 оқушы, • 1 жоғары оқу орнында - 2595 оқушы оқиды. 2006 жылғы қаланың ірі және орта кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік саны 20877 адамды құрады, орташа атаулы еңбекақы - 31683 теңге. 2006 жылғы өндірістік өнім көлемі (үй шаруашылық есебінсіз) 216083,4 млн. теңгені құрады. Жылдық деректер бойынша 2006 жылы негізгі капиталға инвестициялар 5005,3 млн. теңге сомасында игерілді, бұл 2005 жылғы көлемге 117,7%-ды құрайды. Кәсіпорындардың өз күштерімен орындалған мердігерлік жұмыстар көлемі 2006 жылы 1978,6 млн. теңгені немесе 2005 жылғы көлемінің 134,0%-ын құрады. 2006 жылғы бөлшек тауар айналым көлемі (қоғамдық тамақтандыру қызметің есепке алмағанда) 3829,2 млн. теңге шамасында құралды, ақылы қызмет көрсету көлемі (мемлекеттік басқару қызметінсіз)– 887,8 млн. теңге. Балқаш-Қарағанды облысындағы қала. Мойынты-Ақтоғай темір жол. бойындағы станция, Балқаш көліндегі пристань.Сарыарқаның оңтүстігінде, Балқаш көлінің солтүстігіндегі Бертіс шығанағының жағасында, Қарағандының оңтүстік-шығысында 487 км. жерде орналасқан. Қала 1932 жылы Балқаш көлінің солтүстігінде 20 км. Жердегі Қоңырат мыс кені мен Қарағанды көмірінің негізінде жұмыс істейтін ірі мыс мыс қорыту зауытының құрылысына байланысты салына бастады. Байыту комбинаты, ірі жылу электр орталығы, жөндеу,механика мыс қорыту зауыты, т.б. өндіріс ошақтары дүниеге келді. Қысқа мерзім ішінде салынған 10-нан аса жұмысшы қалашықтарының бірігуінің нәтижесінде 1937 жылы Балқаш қаласы пайда болды. Балқаш еліміздегі түсті металлургияның ең маңызды орталықтарының бірі.Мұнда құрамында мыс және түсті прокат зауыттары, өндіріс газдарынан күкіртті натрий мен күкірт қышқылын алатын химия өнеркәсібі бар «Балқашмыс» акционерлік қоғамы жұмыс істейді.Оның өнімдері бірнеше шет елдерге шығарылады. Лондондағы халықаралық көрмеде Балқаш мысы ең таза мыс ретінде дүниежүзілік эталон деген атаққа ие болды (1967). Балқаш мыс қорыту комбинатын 1997 жылдың ақпанында Оңтүстік Кореяның «Самсунг» фирмасы алып, өндірісті 6 ай ішінде жобадағы қуатына жеткізді. Бір айда 11, 5 мың тонна рафинатталған мыс өндірген. Жылдық өнім көлемі 100 мың тонна. Қалада тарихи өлке тану мұражайы, 2 спорт кешені, жүзу бассейіні, қазақ балық шаруашылық ғылыми-зерттеу институты, тау-кен металлургия техникумы, педагогика, медицина училищелері, Қарағанды полтехникалық университетінің жалпы техникалық факультеті, музыка мектебі, 20 шақты орта және 8 жылдық мектеп, 2 халық театры, бейнестудия, т.б.мәдениет, денсаулық сақтау мекемелері бар. Балқаш – ірі жол торабы. Әуе, темір және автожолдар қаланы Астана, Алматы, Қарағанды, Тараз, Шымкент қалаларымен, Мәскеу және Орталық Азия елдерімен байланыстырады. Бүгінгі таңда Балқашта 363 кәсіпорын бар, оның 286 –ы нақты жұмыс жүргізуде. Қалада 65,5 мың адам тұрады. Мұның 70 пайызға жуығы қазақтар Карлоу (қала). Карлоу (;) Ирландия Республикасының онтүстік-шығысындағы Карлоу графтығының астанасы. Бароу өзенінің жағасында орналасқан. Қала туралы мағлұматтар 7 ғасырдан басталады. Қалада 3 000 дай студент оқиды. Тұрғындарының саны 2006 жылдың санағы бойынша 13 623 г. Дублин (графтық). Ду́блин графтығы, немесе Ду́блин ауданы (, немесе Dublin Region, Réigiúin Átha Cliath) — Ирландия шығысындағы дәстүрлік графтық. 1994 жылдың 1 қантарына дейін Дублин қаласы мен бірге Ленстер провинциясының құрамында болған, қазір таратылып орнына үш жаңа графтық құрылды Дан-Лири — Ратдаун мен Фингал, Оңтүстік Дублин. Астанасы және ең ірі қаласы — Дублин. Жұртының саны 1,123 млн адам (2002). Графтық (феодалдық иелік). Графтық (нем. Grafschaft; лат. comitatus; ағл. shire мен county) — алғашқыда Франк мемлекеті мен Англияның аудандық бөлімдері. Тарихы. Меровинг патшалары, Римнің Галлия провинциясының қалалық аудандарының пішімін қоолданып, жаңа әкімшілік бірліктер жасайды. Байырғы неміс жерлерінде де осындай аудандар құрылады. Бірте-бірте бұл аудандар мемлекеттің әкімшілік-соттық, қаржылық және әскери бөлімдері болды. Әрбірінің басында граф тұрады. Янгон. Янгон - Мьянманың кейінгі елордасы. Ол Иравади өзенінің атырауында орналасқан. Бұл — ірі өнеркәсіпті қала әрі порт. Қаланың атауы - Янгон, екі сөзден құрылады (yan - "дұшпан", koun - "қашып кетеді") Либерия әкімшілік құрлымы. Либерия 15 графтыққа ("округов",), ал олар 53 ауданға бөлінеді. Көне Рим. Рим және оның қарамағындағы жерлер Көне Рим () — ерте заманның бас өркениеттеоенің бірі, өз атауын Ромулдың атымен аталған астанасының есімінен алды. Рима орталығы Капитоли мен Палатин, Квиринал қоршаған батпақты жазықтықта құрылды. Рим өркениетіне этрусктер мен көне гректердің мәдениеті үлкен ықпал етті. Көне римнің күштілігінің шыңы,б. з. II ғасырына келді. Сонда оның қаоластындағы жерлер солтүстігінде кәзіргі Шотландиядан оң түстігінде Эфиопияға дейін шығысында Армениядан батыста Португалияға дейін созылды. Тарихы. Бұл бағытта жұмысістеген КСРО зертеушілері С. Л. Утченко) Римді өзгеден бөлек ерекше өркениет құрды деп есептейді. Арал (қала). Арал ауданы 1929 жылы құрылған. Алғашқы кезде оның құрамына Қамыстыбас және Арал болыстары кірді. 1938 жылғы 29 наурыздан бастап жұмысшы поселкесі қалаға айналды, яғни Арал поселкасы Арал қаласы болып аталды. Ауданның орталығы Арал қаласы. Ауданда 2008 жылғы 1 қаңтарға 72145 адам тұрады. Оның 30622-сі Арал қаласының тұрғындары. Территориясы 52,2 км2. 1921 жылы қазан төңкерісінің көсемі В. И. Ленин (В. Ульянов) Поволжье мен Ресейдің орталық аудандарындағы құрғақшылыққа байланысты аштықтан зардап шеккен халыққа көмек көрсету жөнінде Арал балықшыларына әйгілі үндеу-хатын жолдап, көмек беруді сұраған. Аралдықтар бұл Үндеуге жауап ретінде Ресейге 14 вагон балық жіберген. Болшевиктер партиясының көсемі В. И. Ленин аралдықтардың бұл игі ісін зор бағалап, токарлық станок Арал балықшыларына сыйға тартқан. 1930 жылдары ауданда 17 балық колхозы, 5 балық заводы, 20-дан астам мал колхозы ұйымдасқан. Аудан халқы Ұлы Отан соғысы уақытында де өшпес ерлік, асқақ рухтың үлгісін көрсетті. Ауданнан соғысқа 11 мыңнан астам адам кетіп, оның 6038 елге оралмай, майдан даласында қалды. 2005 жылы Арал боздақтарының рухына арналып аудан орталығының орталық алаңында Тағзым алаңы орнатылды. Арал теңізі 1963 жылдардан бастап тартыла бастады. Арал теңізінің проблемасы жөнінде Алматы, Ташкент, Нөкіс, Қызылорда және Арал қалаларында мемлекетаралық деңгейде кеңестер өткізілді. Осының нәтижесінде құны 84,0 млн. АҚШ долларын құрайтын «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасы іске асып, жобаның І фазасы 2007 жылы аяқталды. Қазіргі таңда жобаның ІІ фазасының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленуде. Бүгінгі таңда ауданда 51 мектеп, 1 аудандық, 1 қалалық мәдениет үйлері, 4 ауылдық мәдениет үйі, 25 ауылдық клуб, 2 демалыс кешені, 6 халықтық ұжымдар, 32 көпшілік кітапхана, 1 аудандық, 1 жүйке аурулар, 1 өкпе аурулар аруханалары мен 1 перзентхана, 1 медициналық жедел жәрдем стансасы, 8 жанұялық дәрігерлік емхана, 5 ауылдық аурухана және 28 басқа да емдеу мекемелері халыққа қызмет жасайды. Ауданнан екі Кеңес Одағының батыры, 16 Социалистік Еңбек Ері шыққан. Сонымен қатар, Арал ауданында мемлекеттік қайраткер Шапақ Артықбаев, халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов, жазушы-ақын Зейнолла Шүкіров, Қазақстан Республикасының тұңғыш Үкімет басшысы Ұзақбай Қараманов, ғалым-профессор Нажмадин Күнқожаев секілді бүкіл әлемге белгілі қайраткерлер дүниеге келген. Арал теңізі – құмды, құрғақ климатты үстірт қыратқа орналасқан. Ол – ертедегі Сармат теңізінің бір бөлігі. Теңіздің 96 процентін су, 4 процентін жер құрайды. Арал жер шарының 60 градустық ендігінде орналасқан. Теңіз суы сағат тілі іспетті, оңнан солға қарай оралып ағады. Кайназой дәуірінің орта шенінде, яғни бұдан 21 млн 1200 жыл бұрын, Арал каспий теңізіне қосылып жатқан. Бұл байланыс 1573 жылға дейін созылған. Осы дәәуірдің 950 жылы Ибн-Рустемнің замандасы Масуди «Балық өзені келіп құятын Джейнухом (Амудария) Тармидь, Испиран сияқты бірнеше салаға бөлініп, бір тарауы Хорасанмен көп қамалға айырылатын Ховарезм (Қият) қаласының төменгі жағымен Джоуджания (көне Үргеніш) жиегінде тұрған көлге құяды» деп жазған. Ғалымның көл деп отырғаны қазіргі Арал теңізі. Бұдан 1800 жылдай бұрын өмір сүрген атақты грек оқымыстысы Кландин Птоломей өзінің «Алмагест» (Ұлы құрылыс) деген шығармасында жер шарының 27 бөліктен тұратын картасын жасаған. Оның 22-картасында Арал теңізі мен Каспий теңізі бейнеленген. Мұнда Зарафшан, Амудария (Оксус) өзендерінің Каспийге құйып жатқандығы көрсетілген. Бұдан 62 мың жыл бұрын Амудария Ферғананың сайы арқылы Тянь-Шань тауынан басталған. Осы кезде жиһанкез Марко Поло да бұған «Ион» деп ат берген. Ал, Сырдария (Яксарт) мен қазіргі Бұхара облысындағы Кулдик тауының шығысындағы сайдың ізімен аққан. Арал теңізінің терістік бетіндегі Саршығанақ, Ақеспе тұсынан 80м тереңдіктен Олигоцен уақытында өмір сүрген қызыл балықтың, ірі ұлудың, киттің омыртқа сүйектері тасқа айнала бастаған күйінде табылды. Бұл кезінде мұхитпен қосылып жатқандығын көрсетеді. Мезозой дәуірінде мұхит түбінде өмір сүрген фораменифер деген жәндіктің сыртқы қабыршағынан пайда болатын бор Арал теңізінің терістік жағындағы Ақкісіден табылып отыр. Б.з.б 138 жылы Қытай үкіметінің елшісі Чжан-Цянь өзінің жазбаларында «Кан-гюй мемлекеті жарлы, жиексіз үлкен теңіздің жағасында жатыр. Бұл терістік теңізі» деп жазған. Арал теңізі осы атауды иеленгенге дейін түрліше аталған. Оны саяхатшылардың еңбектерінен жиі кездестіреміз. Мысалы; 865 жылы Ибн-Хордарбек «Күрдер» көлі десе, 943 жылғы Масуди «Күрджани», 961 жылы Истахди «Казбин», 1339 жылы Хафизи «Абдуда», ХІІІ ғасырда Бекрон «Джент» көлі деп жазған. Бүгінгі Арал теңізі деген атау негізінен ХVІІ ғасырдан бергі жерде берілген. Сырдарияға дейін құятын өзендер жайлы бірінші толық мағлұматты 1664-1665 жылдары голландиялық Николай витсе жазған. Ол 1692 жылы жарыққа шыққан «Терістік және Түстік Татария» деген еңбегінде Валин (каспий) теңізінен Көк(Арал) теңізіне дейін 250км. Көк теңізге оңтүстіктен буен (Шу) өзені құйып жатады» деп жазған. Арал теңізін саяхатшылар әр ғасырда картаға түсірумен болған. Атап айтсақ, 1658 жылы ағылшын Дженкинсон, 1664 жылы голландиялық Николай витсен, 1723 жылы Далилия, 1734 жылы Крылов, 1741 жылы Муравин, 1834 жылы Левшин. Теңіз табиғатын зерттеуде капитан Бутаков пен ұлы кобзарь Шевченко да көп еңбек сіңірген. Бутаков бастаған экспедиция 1 ай бойы Райым қорғанында 2 кеме жасаған. Алғашқы кеменің капитаны Қаратеңіз морягі Мертового болды, екіншісінің құрамындағы 27 кісінің бірі – Тарас Шевченко. 1853 жылы Арал теңізінде тұңғыш рет пароход жүрді. Ол 1850 жылғы қазан айындағы патшалық Ресейдің заказы бойынша Швецияның Мотол қаласында 49 347 сомға жасалған. 1886 жылы Аралдың оңтүстік бетінде А.Никольскийдің, ал солтүстік жағындаакадемик Бергтің басқаруымен эксредиция ұйымдастырылып, балық байлығы жете зерттелді. Патшалық Ресей осы мол олжаны игеру мақсатында 1905 жылы темір жол құрылысын салды. Осыдан кейін Астраханьнан, Доннан, Қаратеңіз маңынан, Орталық ресейден жеке балық аулаушылар келе бастады. Лапшин, Риткин, Красильников, Макеев секілді саудагерлер ірі-ірі балық кәсіпшіліктерін ашып, «Хиуа» атты акционерлік қоғам құрды. 1913 жылы арал поселка атанған. Онда 1026 адам тұрған. Поволжье халқының басына ауыр күн туғанда В.И.Ленин 1921 жылы 7 қазанда: Арал балықшыларына хат жолдап, ашыққандарға көмек көрсетуін өтінген. Бөгендіктер телеграмманы алысымен 24 сағаттың ішінде 14 вагон балық жөнелтті Арал балық зерттеу станциясы 1920 жылдан жұмыс істей бастады 1925 жылы қазіргі Арал ауданында «Серіктестік» деген балық аулайтын ұйым құрылды. Ұйымның алтауы Арал жерінде, төртеуі Мойнақ маңында болды. 1928 жылы Арал теңізінің балықшыларының басын біріктіріп «Балықшылар одағы құрылды. Басқарма председателі болып патша заманында жер ауып келген Дон казагі Дубовик (1897-1945) сайланды. 1928 жылы Арал аудан орталығы болды. Сол жылы кеме жасау заводы салынды. 1930 жылы Қазақ ССС Жоғарғы Кеңесінің арнайы қаулысымен Арал қала аталды. 1930 жылдан бастап профессор М.И.Ильиннің басқаруымен Мойнақ пен Арал қаласында консерві заводы салына бастады. Ол жылына 6 миллионнан астам консерві шығарды. 1932 жылы Арал ауданында 173 тұз өндіретін трест ұйымдастырылды. Ол жыл сайын орта есеппен 262 мың тонна тұз өндірді. Аралда 1920 жылдан бері сульфат өндіріліп келді. 1940 жылы профессор Г.В.Никольский Арал теңізіндегі балықтардың түрі мен олардың қандай тереңдікте жүретіндігі жөнінде арнайы карта жасалды. Сол жоба бойынша бекіре, жайын, ақбалық, шортан, сазан, тісті, шабақ, алабұға, қаяз, табан, торта, айнакөз, шомая ауланды. Соғыс жалдарында Арал балықшылары 23 430 тонна сапалы балықты Отан қорғаушылар мен туысқан республикаларға жөнелтті. 1946 жылы Арал қаласында шыны заводы салынды. Кезінде Арал портының пароходствосы арқылы Түркіменстанға баратын жүктің 25 проценті, Өзбекстанға жеткізілетін заттың 70 проценті тасылған. 1946 жылғы мәлімет бойынша Арал қаласында қазақ, орыс, азербайжан, неміс, латыш, поляк, молдаван, қалмақ, чуваш секілді 33 ұлттың өкілі тұрған. 1960 жылға дейін Арал қаласынан Нүкіс, Мойнақ, Шаржауға жолаушылар таситын кемелер жүріп тұрған. 1970 жылға дейін Арал теңізінде балықтың 34 түрі есепке алынған. Молдағалиев, Тұманбай. Тұманбай Молдағалиев (20.03.1935 жылы туған, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, "Жарсу" совхозы) - қазақ ақыны. Қазақтың Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді (1956). "Пионер" журналында (1959-70) жұмыс істеді. "Балдырған" журналының жауапты хатшысы (1970-1973) болды. 1973 жылдан "Жазушы" баспасы жанындағы Балалар және жастар әдебиетінің бас редакциясы мен "Жалын" альманағының бас редакторы Т.Молдағалиевтін тұңғыш өлеңі "Украина қызына" 1954 жылы жарияланды. Алғашқы өлеңдер жинағы "Студент дәптері" 1957 жылы жарық көрді. Т.Молдағалиев нәзік сырлы, ойлы да отты жырлармен танылды. "Кәмила" (1960). "Көктем таңы" (1961), "Алатау қызы" (1963), "Ферюза туралы жыр" (1964), "Зулайды күндер" (1965), "Жүрегім менің сапарда" (1966) т. б. жинақтары шықты. 1967 жылы жарық көрген "Жаңа дәптер" атты кітабы үшін Қазақстан комсомолы сыйлығының лауреаты атанды (1968). "Ескерткіш" (1969), "Шақырады жаз мені" (1970), "Жүрек ояу қашанда" (1972) атты кітаптары да оқушылардың ілтипатына бөленді. Оның "Қош, көктем" атты таңдамалы өлеңдер кітабы (1971), "Хаттар" атты поэмалар жинағы (1974) жарық көрді. Т.Молдағалиевтің орыс тілінде "Я - сын Семиречья" (1962), "Первая встреча" (1968), "Новая тетрадь" (1969) атты өлеңдер жинақтары шықты. Т.Молдағалиев көптеген ән мәтіндерін жазды. Оның "Құстар қайтып барады" (музыкасы Н.Тілендиевтікі), "Бақыт құшағында", "Әнім сен едің" (музыкасы Ш. Қалдаяковтікі), "Ертіс вальсі" (музыкасы Жамақаевтікі), "Шақырады көктем" (муз. Ә.Бейсеуовтікі) атты әнге жазылған өлеңдері халық арасына кең тараған. Ол байрон, М.Ю.Лермонтов, Т.Г.Шевченко, Туманян, С.Канутикян, Ғ.Ғұлам, Х.Ғұлам, Р.Ғамзатов, Ұйғын, Зулфия, Д.Жалсараев және т.б. ақындардың шығармаларын қазақ тіліне аударды. Қаржы саясаты. КАРЖЫ САЯСАТЫ - мем¬лекеттің өз қызметтері мен міндеттерін жүзеге асыруы үшін қаржыны ұйымдастыру және пайдалану жөніндегі шараларының жиынтығы. Қаржы қорларын жұмылды¬ру нысандары мен әдістері жүйесінде, оларды халықтың әлеум. топтары, қызмет сала¬лары арасында бөлуде, қаржы зандарында, шығыс пен кіріс құрылымында көрініс табады. Қаржы саясатына мемл. бюд¬жет қызмет көрсетеді және ол экон. саясаттың құрамдас бө¬лігі болып табылады, сондық¬тан ел экономикасы өркен¬деуінің басым бағыттарына байланысты түрде де, өнер¬кәсіптегі, энергетикадағы, құрылыстағы және құрылым құрайтын мәні бар басқа да салалардағы, сондай-ақ, ауыл шаруашылғындағы¬ мемл. сектордың да¬муын айқындайтын жалпы ұлттық мүдделерді басшы¬лыққa ала отырып та қалыптастырады. Қаржы саясаты іргелі ғылымды, білім беру мен өнерді, денсаулық сақтау ісін, спортты дамыту¬ға, ұлттық қорғанысты қол¬дау мен дамытуға, мемл. бо¬рышқа, халықаралық қызметке, сондай -ақ, құқық қорғау қыз¬метіне қызмет көрсетуге, мемлекеттің ішкі қауіпсізді¬гін қамтамасыз етуге бағыт-талған. Қаржы саясатының аясында елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға ықпал ететін әлеум. саясат¬тағы басым бағыттар қарас¬тырылады. Қаржы саясатының нысана¬лы мақсатқа бағытталуы мемл. бюджеттің құралу көз¬дерін айқындайды. Тікелей және жанама салықтар, кеден баждары, бюджеттен тыс мемл. қорларға жарналар сияқты дәстүрлі көздермен қатар, салыққа жатпайтын түсімдер - мемл. меншіктен, экономикадағы ішкі және сыртқы саудадағы мемл. сек¬тордан түсетін табыстар пай¬даланылады. Мемл. бюджет¬тің шығысы кірісінен асып түскен жағдайда қаржы саясаты тапшы-лықты реттеу тәсілдерін қа¬растырады. Нарықтық эконо¬микада мемл. борышты қар¬жыландыру үшін қаржы саясат шен¬берінде сырттан қарыз алу-мен қатар отандық және шет¬елдік кәсіпкерлердің, халық¬тың капиталын тарту кұра¬лы ретінде мемл. бағалы қа¬ғаздар шығаруды көздейді. Экономиканың маңызды са¬лаларын мемл. каржыланды¬румен қатар қаржы саясаты шеңберінде отандық және шетелдік жеке адамдардың капиталдарын, сондай-ақ, халықаралық валюта¬-несие және қаржы ұйымдары¬ның несиелерін тарту шара¬лары межеленеді. Қаржы саясаты несие¬-ақша саясатымен өзара тығыз байланыста және тәуекелдік (қатер) пен табыстылық ден¬гейі бойынша сараланған ұлт¬тық қаржы рыногінің дамуы¬на, әлемдік қаржы рынокта¬рымен байланыс орнатуына жәрдемдесетін тиімділігі жо¬ғары қаржы құралдарын әзір¬леп, пайдалануды көздейді. ҚАРЖЫ МЕХАНИЗМІ, қаржы тетігі -шаруа¬шылық тетігінің құрамдас бөлігі, қаржы қатынастарын ұйымдастыру түрлері мен нысандарының, қаржы қорла¬рын қалыптастыруда, ақша¬лай қорлардың құралуы мен нысаналы мақсатқа пайдала¬нылуында қолданылатын есептеу шарттары мен әдіс¬терінің жиынтығы. Қаржы механизмі мемлекеттің, аймақтардың, жергілікті құрылымдардың, шаруашылық жүргізуші су¬бъектілердің экономика мен әлеум. аяға ықпал етуі, бір¬ыңғай қаржы саясатын жүр¬гізуі үшін пайдаланылады. Қаржы механизмінің экономикаға және әлеум. аяға ықпалы, бір жа¬ғынан, қаржы механизм құрылымының және оның түрлі бөліктері¬нің нақты міңдеттерді шешу¬ге және нақты нәтижеге қол жеткізуге бағытталуы арқы¬лы, екінші жағынан, шаруа¬шылық жүргізуші субъекті¬лер мен мемлекеттің қарама¬ғында құралатын және қо¬ғамның (мемлекеттің, оның аумақтық құрылымдарының, шаруашылық жүргізуші су¬бъектілердің, азаматтардың) қажеттерін қанағаттаңдыруға жұмсалатын қаржы қорлары арқылы жүзеге асырылады. Қаржы қатынастарын ұйым¬дастыру түрлері мен нысан¬дарының алуан түрлілігіне байланысты қаржы механизмінің құры-лымы өте күрделі болып ке¬леді. Ол қаржының экон. мазмұнын көрсететін үш топ¬қа бөлінеді, бұл топтарға мемл. және жергілікті (муни¬ципалдық) қаржы тетігі, кә¬сіпорынның қаржы тетігі, сақтандыру тетігі жатады. Бұл топтардың одан әрі бөлінуі жалпы ішкі өнімнің құнын және ұлттық табыстың бір бөлігін бөлу мен қайта бөлу әдістерінің ерекшеліктеріне байланысты. Мұның өзі ақ-шалай қорлану нысандарына, бюджетке төленетін төлемнін түрлеріне, бюджеттен қаржы¬ландырудың бағыты мен ны¬сандарына, қаржы сақтық қорларының құралуына, т.б. ықпал етеді. Осы ерекшелік¬терді ескере отырып, мемл. қаржы механизмінің түрлі бөліктерінін қоғамдық өндіріс пен оның нақты салаларына ықпалын күшейтеді не бәсеңдетеді. Сонымен қатар қаржы механизмінің құ¬рылымында атқарымдық бу¬ындар да болады, олар: қаржы қорларын жұмылдыру, қаржыландыру, ынталанды¬ру, т.б. Қаржы механизмін ұйымдық-басқарушылық топтарға бөлу де қолданылады, оларға қар¬жыны жоспарлау мен топ¬шылау, оңтайлы басқару, қаржы бақылауы жатады. Қаржы механизмінің жұмыс істеуі нақты мақ¬саттарға арналып бөлінетін қаржы қорларының сомасына, қаржы қорларының құралу тәсілдеріне, сондай-ак, ақша¬лай қаражат қаңдай нысаңдар¬да және қаңдай арналармен қозғалатынына, қандай шарт¬тармен бөлініп, пайдаланыла-тынына байланысты. Қаржы механизмі қаржы саясатына және қаржы заңдарында көрініс тапқан қар¬жы құқығының нормативтеріне сәйкес құрылады. Алматыкітап баспасы. «Алматыкітап» баспасы - жауапкершігі шектеулі серіктестік. 1999 ж. қаланған. Баспалық өнімдерді басу және таратумен айналысады. Өнімдері. Баспада жоғары оқу орындары мен мектептегілерге арналған оқулықтар және оқу құралдары, көркем әдебиеттер, сөздіктер, анықтамалықтар мен мектепке дейінгілер үшін әдебиеттер шығарылады. 2005 ж. баспа «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша орыс тілінде әйгілі «Республика Казахстан» энциклопедиялық сөздігін шығара бастады. Соған қоса, «Қазақстан. Қысқаша энциклопедиялық сөздігі» - Қазақстан Республикасының қазіргі жай-күйін, оның саяси-экономикалық, әкімшілік-территориялық және физикалық-географиялық жағдайын, өткен тарихи оқиғалары мен негізгі кезеңдерін қысқаша баяндайтын анықтамалық басылымын да шығарып отыр. Бұл басылымда егемен Қазақстанның, мұндағы ғылым мен техниканың және мәдениеттің сан алуан салаларының дамуына айтарлықтай үлес қосқан қазіргі қайраткерлеріміз бен тарихи тұлғаларымызға бас назар аударылған. Килдэйр (графтық). Килдэ́р (; ирландша: Cill Dara) — Ирландияның шығысындығы графтық. Ленстер провинциясының құрамында. Астанасы мен ең ірі қаласы — Нейс. 164 мың тұрғыны бар (графтықтар арасында 8-ші орында; 2002 ж. мәліметтер). Жағрапиясы. Площадь территории 1693 км² (24-е место). Рим құқығы. Рим құқығы — Көне Римде пайдаболған құқық жүйесі. Византия империясының құлауына дейін дамыған жүйе. * Килкенни (графтық). Килкенни (ирландша:Cill Chainnigh) — Ирландия шығысындағы Ленстер провинциясының құрамындағы графтық. Бас қаласы және ең ірі қаласы — Килкенни. Жұрты 80 мың (графтықтардын расында 21-ші орында; 2002 жылдың мағлұматтары бойынша). Жағрапиясы. Ауданы 2061 км² (графтықтар арасында 16-шы орын). Килкенни (қала). Килкенни (Kilkenny) — Ирландия қаласы, Килкенни графтығының орталығы. Жұрты 8625, аймақтарымен — 23967. Ирландияның ең кішкентай қаласы, ауданымен де, жұртымен де. Жылда Smithwicks Cat Laughs Comedy деген әзілшілір фестивалі өтеді Килкенни (сыра). Килкенни — сыра, қоп-қою қызыл түсімен белгілі. 1710 жылы монахтармен салынған Килкенни графтығындағы Ирландияның ең көне сыра қайнату зауыты Гиннесс компаниясының меншігіндегі — әулие Франциск Аббаттығында шағарылады. Насыреддин ат-Туси. Nasir al-Din al-Tusi(1201~1274) Толық аты: Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн ал-Хасан ат-Туси. оның аты тарихта бірнеше атпен сақталған, мысалға Хожа уи Туси, не Хожа Насир. Ол 1201 жылғы 18 ақпанда қазіргі Иранның Хорасан аймағына қарайтын Тус қаласында дүниеге келген. Ол туған кез Монғол империясының шарықтап дамып, бір елден кейін екінші елді жаулап ала бастаған кезіне тура келді. Ақыр түбінде моңғолдардың билігіне Қытайдан бастап шығыс Европаға дейінгі елдердің бәрі қарап болған кез еді. Монғол империясы қол астына кірген жердегі мәдени ошақтар мен ғылым ордаларының біразын қиратты, әсіресе, сол кездегі ислам әлемінің ғылым ордалары көп шығынға батқан кез еді. Ал Тусидың әкесі сол жердегі он екінші медресенің заң жөніндегі кеңесшісі болған. Он екінші медресе сол кездегі шиит мұсылмандарының діни оқуы мен уағыздарын жүргізетін маңызды орын болған. (al-tusi_nasir_4.jpg) Туси осы жерде діни сауатын ашып, өзінің нағашы ағасынан жаратылыстану бойынша көптеген дәрестер алады. Бұлардың ішінде логика, физика, метафизика және математикалар да болды, бірақ ерекше ден қойып үйренгені алгебра мен геометрия еді. 1214 жылы Шыңғысхан жаулап алуының бағытын Қытайдан шығыс Европаға қарай бұрды да, сол кезде ислам әлемінде біраз кеңшілік болды, осыны жақсы пайдаланған Туси 13 жасқа келген шағында Тус қаласынан 75 км қашықтықтағы Нишапурге кетеді. Нишапур білім қуған жасқа шөлін басар бұлақ іспетті болды, қалада көптеген оқымыстылармен қатар көптеген материалдар, математикалық трактаттар молынан табылатын, осы жерден ол медицина, философия және математиканы беріле оқиды. Шығыстың атақты ғұламалары Әл-Фараби, Әл-Бируни, Әл-Хорезми, Омар Хайямның және басқа да даналардың шығармаларнан сусындайды. Оған математиканы Камал ал-Дин ибн Жүніс (атақты математик Шараф ал-Дин ал-Тусидің оқушысы) өтеді. Кейіннен 1256 жылдары ол Аламут қаласына келіп сол жерде ғылыммен және орда жұмысымен айналысады. Ол біраз шығарма жазған, бірақ, өмірінің көп бөлігін көшіп-қонумен өткізген ғұламаның бізге жеткен шығармасы аз, ең алғашқы трактаты 1232 жылы жазылған «Ахлақ-и насри» (Akhlaq-i nasiri), бұл трактатта математика, философия, логика мәселерімен қатар астрономия мәселелері де қаралған. Ғұлама 1274 жылы 26 маусымда Бағдатка жақын жердегі Кадимайн деген жерде қайтыс болды. Барак Обама. Барак Обама (ағылшынша "Barack Hussein Obama II") (1961 ж. тамыздың 4-і) - Америка Құрама Штаттарының 44-інші сайланған президенті, Иллинойс штатынан сенатор. Обама Американың президенті болған тұңғыш афро-американ нәсілді адам. Барак Хуссейн Обама 1961 жылы тамыздың 4-інде Гавайи аралында Гонолулу қаласында дүниеге келген. Обама Колумбия университетін және Гарвардтағы Заң мектебін бітірген. Колумбия университетінде халықаралық істер фа­культетін тамамдап, алдымен шіркеу жанындағы топпен бірге кедей аудандардың тұрғындарына көмек көрсету бойынша қайырымдылық жұмыстарымен айналысады. ВВС деректеріне қарағанда, Обама әкесі мен өгей әкесі мұсылман болғанына қарамастан, христиан дінін ұстанады... Гарвард университетінің заң мектебін бітіріп, заң ғылымдарының докторы атағын алғаннан кейін де ол кемсітушілікке ұшырағандардың құқығын қорғауға құлшына кіріседі. Азаматтық құқық саласында жұмыс істеді. 1997 мен 2004 жылдары арасында Илиинойс штатының сенатында үш мерзім қызмет етті. 1992 мен 2004 жылдары арасында Чикаго Заң мектебінде конституциялық құқық бойынша дәріс оқыған. 2004 жылы қарашаның айында 70 пайыз дауысымен ол Сенатқа сайланды. Обаманың жұлдызды сәті. Дегенмен жас саясаткер ел назарын алғаш төрт жыл бұрын ғана Демократиялық партияның жиынында Ирактағы соғысты қатты сынға алған кезде аударған. Обаманың шешендігі көпшілікті тамсандырып, саясаткердің тасы бірден өрге домалайды. Ол бір-ақ сәтте ұлттық дең­гейдегі тұлғаға айналып, рейтингісі күрт көтеріледі. Ал бар-жоғы төрт ай­дан кейін ол өзінің республикашыл қарсыласы Алан Кейсті бұрын-соңды болмаған жетістікпен, яғни 70 пайыз басымдылықпен жеңіп, Америка та­рихында Конгрестегі 5-ші қара нәсілді сенатор атанады. Дегенмен алға жылдам жүйткіген Обама мұнымен де тынбайды. Тағы 39 ай өткенде ол өз партиясы атынан президент додасына қатысу үшін тіс- қаққан саясаткер Хиллари Клинтонмен бәсекеге түседі. Кінәмшілдер сол кезде жас, тәжірибесіз Обаманың мүмкіндігіне күмәнмен қараған. Алайда азғана уақытта Голливуд жұлдыздарынан бастап журналистердің де сүйіктісіне айналып үлгер­ ген Обама бұрынғы бірінші ханымды маусым айында шаң қаптырады. 2008 жылы қарашаның 4-інде өткен президенттік сайлауында жеңіп, президент болып сайланды. 2009 жылы Нобель бейбітшілік сыйлығын алды Обаманың саясаты. Обаманың сайлау алды тұғырнамасы «америкалық арманды» жүзеге асыруға негізделген. Оның түсінігінде, америкалықтардың арманы – баспаналы болу, медициналық көмек алу және балаларына білім беру. Ол тіпті 1995 жылы «Әкемнен қалған армандар» деген кітабын да жариялаған. Айта кету керек, ол билікке келген жағдайда Ирактан америкалық АҚШ әскерін 2009 жылдың наурыз айына дейін шығарып, АҚШ-қа әлемнің көшбасшысы мәртебесін қайтаруды мақсат тұтқан. Алайда оның бұл мәселедегі кейбір пікірлері саясаткердің қызуқандылығынан хабар бер­ген. Мысалы, ол Дж.Бушты сынай отырып, Ирактағы америкалық жауынгерлердің өмірі зая кетті деп ашық мәлімдеген. Осыдан кейін оның бұл мәселе бойынша бірнеше мәрте кешірім сұрауына тура келген... Обама кейбір посткеңестік елдермен АҚШ-тың болашақ саясатына қатысты да пікірін білдірген. Айталық, ол «Ресей АҚШ-тың жауы да, жақын одақтасы да емес» дей отырып, «Америка Ресейден кө­бірек демократия пен ашықтықты талап етуден де бас тартпауы тиіс» дегенді алға тартқан. Қалай болғанда, Батыс басылымдары Обаманың айрықша харизмасының арқасында ақша мен адам жинаудан алдына жан салмайтынын баяндайды. Мысалы, сайлау науқаны кезінде Обама интер­неттен шағын көлемдегі ақшалар мен корпоративті донорлардан қомақты қаржы тартудан рекордтық көрсеткішке жеткен. Оған қоса ВВС Обаманың 100 мыңнан астам адамды оңай жинап, оларды шеруге шы­ғаруға қабілетті екендігін тамсана жазады. Журналист. Журналист - қоғамдық ақпараттық саланың қызмектері болып есептеледі. Ол жаңалықты халыққа таратушы болып табылады. Журналист - газет-журнал немесе радио мен теледидар жұмысын атқарып, шығармашылық қызмет жасайды. Ол редакция жұмысында бірінші - ұйымдастырушылық, екінші - әдеби өңдеу, үшінші - шығармашылықпен айналысады. Бұл үшін оған білім мен қабілет керек. Қандай оқиғаны болсын тапқырлықпен, сенімді түрде, көз жеткізіліп жазатын болуы керек. Қандай оқиғаны болсын тапқырлықпен, сенімді түрде, көз жеткізіп жазатын болуы керек. Жұртқа өмір жайлы толғап айта білу де үлкен өнер. Ол үшін тіл, сөз байлығын қолдану қажет. Тағы бір айтарлық жайт, журналист қоғамдық қайраткер бола алса, тіпті жақсы. Ол заман, уақыт ағымын жақсы түсіну тиіс. Әсіресе, идеяға толы материалдар жазып, жұрттың назарын аудара білген жөн. Журналистің тағы бір қасиеті - оның саяси - әлеуметтік қызметіне, дүниеге деген көзқарасына, позициясына байланысты. Бұл - жан - жақты білімділік пен саяси - азаматтық тұрғыдан өсу, кемшіліктерге төзбеу, уақытпен санаспау керектігін білдіреді. Журналист өз ісіне адал берілген мамн болуы тиіс. Соңдай - ақ, журналист көпшіл болуы, жұртпен тез ортақ тіл тапқыш болса, тіпті жақсы. Ол қашанда жинақы, қиын жағдайдың өзінде жұмыс істей алатын, аңғарымпаз және сезгіш болуы керек. Азаматтық журналистика. 1) аудиторияның қатысуы (мысалы,интернеттегі мақалаға қосылған оқырманның пікірі, вебкүнделіктер, ұялы телефондардағы камераға түсірілген бейне, аудио файлдар, жергілікті тұрғындардың жаңалықтары); 2) тәуелсіз жаңалықтар мен ақпараттық сайттар; 3) жаңалық жариялайтын сайттардың әлемтор (интернет) пайдаланушыларды ақпарат жинауға қатыстыру; Осылайша біз сайтта, әлеуметтік жүйенің жеке бетінде немесе блогта бейне, аудио, мәтін өнімдерді орнатып, басқалардың осыны жүктеп алуға немесе өзіндікін қосуға мүмкіндігі жасалынатынын көреміз. Дэн Гиллмор "Азаматтық журналистика - бұл адамзат үшін адамдармен жасалынған журналистика" деп жазады. Нью - Йорктағы Университеттің журналистикадан оқытушы маман Джэй Роузеннің айтуынша: "Азаматтық журналисттер - бұл біз бұрын аудитория деп атаған адамдар". Бұл сөздер бүгінгі блогтарға баға беруі ретінде есептелу де болады, себебі блогты жазатындар өзі қызықтайтын немесе зерттейтін салада материал жариялайды. Интернеттегі жаңалықтар теледидар және радиодан да жедел ақпарат жариялайтын болды. Бұқаралық ақпарат құралдары. БАҚ - бұқаралық ақпарат құралдары. Оларға теледидар арналары, радио, баспасөз (газет-журналдар), Интернеттегі (әлемтордағы) сандық (электрондық) құралдары, тағы басқа ақпарат таратын қоғамдық саласындағы құралдар жатады. Бұқаралық ақпарат құралдары өміріндегі тын әрі өткір мәселелерді көтеріп, халықтың ойларын, ұсыныстарын ортаға салатын, әртүрлі көзқарастардың көрініс табатын, нағыз плюрализм мінберіне айналатын болса, масс-медиа жүйесі өз тұтынушылары үшін жаңа мүмкіндік жасау тиіс. Оқырман, тыңдарман, көрермен қауымды БАҚпен тығыз байланыста ұстап, оларды медиа ісіне тарту, шығармашылыққа, ақпарат жинауға қарапайым тұрғындардың араласуын және күнделікті тіршілік түйіткілдерінң, әлеуметтік мәселелердің басты тақырыпқа айналуы азаматтық журналистика құбылысын туындатады. Бенеттон. Бенеттон(Benetton) - штаб-пәтері Италияда орналасқан киім тігетін жекеменшік компания, негізін салушылары және басқарушылары - Бенеттон отбасы. Бенеттон отбасының тарихы. 2-ші Дүниежүзілік Соғысынан бұрын Бенеттон отбасы Италияның кедей отбасыларының бірі еді. Үш ағайынды Бенеттондар және үлкен ағасының қарындасы ал екі інісінің әпкесі жалғыз шешесінің қолында өсті. Әкесі ерте қайтыс болды. Қазір “Бенеттон” компаниясының киімдерін бүкіл әлем кисе, Бенеттондардың балалық кезінде киімдері бар балаларына жетпеген. Қайтыс болған әкесінің ескі заттарын Лучиано кисе, Лучианоның кішкентай болып кеткен киімдерін оның інілері тоздырған. 14-жасар Лучиано мектепте оқуын тастап, жұмыс істеу бастады. Алдыменен Тревизо қаласының темір жол бекетінде газет сатып жүрген, кейін әмбебап дүкенінде істеп жүрген, содаң соң Делласьег киім сататын дүкеніне орналастырып, сатып алушыларды байқап, оларға киімнің қандай түрлері, түстері, қандай матасынан жасалғаны ұнайтыны көріп, киімнің сәнін және адамдардың сұранысын түсінуге басталды. Сол кездерде Италиядағы өмір деңгейі әлі төмен еді, бірақ жылдан-жылға елдің экономикасы көтеріп, халықтың ахуалы да жақсыға қарай өзгеруші еді. Сонымен бірге сұраныстың да көтеруі басталды. Ал ұсыныс әлі төмен еді. Сатып алушылар бір жағынан өзіне ұнайтын, екінші жағынан бағасы төмен заттарын таба алмай, дүкеннен кетуші еді. Джулиана Бенеттон Лучианодан екі жас кіші қарындасы еді. Бір күні Джулиана ағасына сыйлық ретінде бір қарапайым свитерін тігіп жасады. Свитер қарапайым болса да, оның түсі жарық еді, пішіні керемет еді. Сол кездегі киім-кешектері бір-біріне ұқсас, қара не сұр еді. Ал Лучианоның қарындасының қолымен жасалған свитері дүкендегі киімдерінен кем емес, артық еді. Осылай Лучиано мен Джулиананың саналарында бір ой пайда болды – киім тігіп, оны сату, сөйтіп күн көру. Лучиано інісінің белсебетін сатып, ақшасына қарындасына бір жақсы тігін мәшинесін сатып алды. Кешкі уақытта түнге дейін, Джулиана киім тіксе, таңертең қалған жұмысын шешесі бітіруші еді. Сөйтіп, бар отбасымен бірігіп жұмыс істеуші еді. Алғашқы свитерін Бенеттондардың көршісі сатып алды, оның түсі көгілдір еді. 1956 жылы Бенеттондар тағы екі тігін мәшинесін алса, 1957 жылында бес тігіншілерін жалдады. Кішкентай фабрикасы үшін отбасы үйдің жанындағы бір үйін алды. Алғашқыда бір аптада 20 свитерлерді сатып соған риза болса, кейін Тревизо қаласының бар дүкендеріне өнімін сатып, Венецияның нарығына шықты. Компанияның пайда болуы. 1965 жылында қазіргі бүкіл әлемге әйгілі “Бенеттон Групп” компаниясы ашылды. Тревизо қаласының жанында орналасқан киім тігетін фабрика жұмыс істеу басталды. Лучиано маркетинг және сату мәселелерін шешсе, Джулиана өнімнің шығаруымен айналысты. Джильберто қаржы мәселелерін шешті, Карло болса қызметкерлерін жұмысқа алуымен, фабриканың басқаруымен және Джулианаға көмектесуімен айналысқан. Сөйтіп, тату, біріккен отбасы бір кәсіппен айналысып, өз компаниясын дамытып жүрген. “Бенеттон”-ның ұраны: “Жастармен жаратылатын, жастарға арналған киім” еді. Бенеттонның үнемдеуінің бір қызықты мысал бар – шотланд носки тігіетін фабрикасында тігін мәшинелерін алып, Бенеттондар оларды пулловерлерді шығару үшін мәшинелеріне айналдырды. Сөйтіп, екі есе арзан бағасына мәшинелерін алып, олар екі есе өндіруін көтерді. Штаб - пәтері. 1969 жылы “Бенеттон” Венециядан 30 шақырым қашықтығында Понзано деген жерде орналасқан 16-шы ғасырында салынған ғимараттардың кешенін сатып алып оның орнында өз компаниясының штаб-пәтерін орналастырды. Бұл ғимараттардың кешені Villa Minelli ретінде әйгілі. Оның қалпына келтіруі үшін 15 жыл керек еді. Афра және Тобиа Скарпа архитекторлардың арқасында Villa Minelli қалпына келтірілді. Компанияның өсуі. 1969 жылы Бенеттон Парижде алғашқы дүкенің ашты. 1972 жылынан бастап Бенеттон балаларға арналған киімін тігу бастады. 80-шы жылдараныда компанияның дүкендері 14 елдерде болды. Бенеттон шатырларын, күннен қорғайтын көзілдіріктерін, шарфтарын шығаруға бастады. Жарнама стратегиясы. Бенеттонның Италиядағы әйгілі фотографы Оливьеро Тосканимен ынтымақтастығы компанияға игілік келтірді. Ол бұрын Valentine, Esprit, Fiorucci, Jesus Jeans компанияларын көтерді. Оның суреттері ELLE, Vogue, Harper's Bazaar журналдарында кездесті. Бенеттонның жаңа ұраны: “All The Colors of the World” (Әлемнің бар түстері), ал кейін: “United Colors of Benetton”(Бенеттоның біріккен түстері) болып кетті. Бірнеше фотокөрмелер компаниясын әлемге атақты фирмасына айналдырды. Солардың арасында адамдарды олардың терісінің түсіне қарамастан теңдігіне арналған фотокөрме. Компанияның өнімдері. 1988 жылы “Бенеттон” екі жастан кіші бөбектерге киімін тігу бастады. Zerodondo сауда белгісі тіркелді. 90-шы жылдарында Prince, Rolleriade, Nordica, Killer Loop, Asolo, Kastle, Ekieton компаниялар “Бенеттон” компаниясына кірді. “Бенеттон” сноубордтарды, ракеткаларды, рөлік конькилерін өндіруге бастады. Қазір “Бенеттон” сағаттарын, иіс майларын шығарады. Бірақ ең негізігі тарабы – жастарға арналған киім, бірінші орында дәстүрлі болып кеткен свитерлер. Бенеттон Қазақстанда. “Бенеттонның” дүкендері жаңа елдерде ашылды, солардың арасында Қазақстанда. Ал Нұрия Түгелбаева “Бенеттонның” “беттерінің” бірі болып кетті. Джилберто және Карло Бенеттондар. Джилберто Бенеттон 1941 жылы шілденің 19-ында дүниеге келген. Компания пайда болғанда ол қаржы мәселелерін шешкен. Қазір Джильберто «Edizione Holding», «Autogrill» және “Бенеттон Групп” компанияларының президенті, «Olimpia» БАҚ компаниясының вице-президенті. Ол жылжымайтын мүлікке және автожолдарға көп қаржысын бөліп кәсіп етеді. “Форбс” журналы бойынша Джилберто Бенеттонның 2,8 миллиард доллар бар. Ол әлемде 232-ші бай адам. Джилберто Бенеттонның Сабрина және Барбара деген қыздары бар. Карло Бенеттон 1943 жылы желтоқсанның 26-сында туған. Қазір ол “Edizione Holding” және “Бенеттон Групп” компанияларының басшысының орынбасары. Компанияның штабы, фабрикалар және шетелдегі офистарының арасында байланыстары Карлоның жауапкершілігінде. “Форбс” журналы бойынша Карло Бенеттоның 2,9 миллиард доллар бар. Карлоның Максиме, Андреа, Христиан және Леон деген балалары бар. Джулиано Бенеттонның айтқан нақыл сөздері. “Жұмысымның бар күндері – қуаныш күндері” “Мен үшін табыстың ерекше маңызы ешқашан болмаған еді” “Мен дем алу үшін өмір сүрмеймін, таңертенгі сағат 8-де тұрып, кешкі сағат 8-іне дейін жұмыс істеймін, бірақ автомобил аудау, яхтамен қыдыру, балық аулау жақсы көремін” “Мен"made in Italy“ сөздері жұмыс істейді екеніне сенемін” “Елдер аралап, қалай халықтар тұратынды көруге жақсы көремін. Жұмыс бойынша жиі елдер араламын, бұл маған ұнайды. Екі апта саяхатсыз тұра алмаймын” “Мен өзім сөйлегенше, басқалардың сөйлегеніне тыңдауға жақсы көремін” Укко. Укко - финн мифологиясында - аспанның құдайы. Миф бойынша ол Юмала деген құдайдың орнында ежелгі замандағы финндардың жоғарғы құдайы болып саналанған. Юмала. Юмала - финн мифологиясы бойынша әлемді жаратқан аспанның құдіретшісі, ілгері ежелгі заманда тұратын финндардың жоғарғы құдайы болған, кейін орнын Укко деген құдай алған. Ильматер. Ильматер - финн мифологиясындағы әйел құдай. Мифтарының бірінің бойынша, ол әлемді жаратқан еді. Ильматер мұхиттың толқындарында 700 жыл жүзіп жүрген. Кеін оған жақындап, үлкен бір қыран құс келді. Қыран Ильматерға жеті жұмыртқа әкелген, солардан жер мен аспан жаралған еді. Бірақ пайда болған жер Ильматерға қызық емес көрініп, Ильматер тау-тастарын, далаларын, аралдарын, өзендерін жаратқан еді. Лезу. Лезу - Орталық Африкада тұратын көп халықтарының мифологиясы бойынша жоғарғы құдай. Лезу кәрі шал ретінде суреттеледі. Оның көзі кәріліктен жасқа толғанда - аспаннан жаңбыр жауады. Тонга халықтың бір ертегі бойынша, Лезуның шешімі бойынша бір әйелдің бар отбасы өлуі керек еді. Соңда бейшара әйел аспанға барып, Лезудың көз алдына келіп, оған неге соңшама азап түсіргенін себебін сұрағысы келді. Сол үшін әйел баспалдақты жасап, аспанға көтеруге басталды. Бірақ баспалдақ сынып қалды. Енді, әйел аспанға апаратын жолын іздеуге басталды, бірақ таба алмады. Адамдар ше оны жұбатып, оған Лезуның орнына сұрақтарына жауап беруші еді. Олардың айтқаны бойынша, адамзаттың бәрі азаптан құтыла алмайды, олардың ішінде сол әйел де құтыла алмайтын болды. Уэстмит (графтық). Батыс Мит (; ирландша: An Iarmhí) — Ленстер провинциясының құрамындағы, Ирландияның орталығындағы графтық. Бас қаласы — Маллингар, ірі қаласы — Атлоун. 72 мың тұрғны бар (графтықтар арасында 22-ші орын; 2002 жылдың мағлұматтары). Мит (графтық). Мит (; ирландша: An Mhí) — Ленстер провинциясының құрамындағы, Ирландияның шығысындағы графтық. Бас қаласы — Наван, ірі қаласы — Трим. 134 мың тұрғны бар (графтықтар арасында 12-ші орын; 2002 жылдың мағлұматтары). Исламдық банкинг. Исламдық банкинг - шариғатқа негізделген банк жүйесі. Жоғарыда айтылғандай, бұл - адалға негізделген ислам қаржы жүйесі. Арамнан жиған ас болмайтынын ескерсек, ғасырларды артқа тастаған және үнемі жетілдіріліп келеді деген қазіргі әлемдік қаржы жүйесінің неліктен сан рет дағдарысқа түскені де, ал алғаш рет 1960-1970 жылдары банктік жүйе ретінде негізі қаланған, түп бастауын Құраннан алатын исламдық банктердің бүгінге дейін бірде-бір рет дефолтқа ұшырамауы да түсінікті сияқты. Банктік өнімдер. Исламдық банктің негізгі өнімдері сауда-қаржыландыру (мурабаха), үлестік бірлескен қаржыландыру (мушарака), жал (иджара), ақшаны сенімді басқару (мудараба), исламдық банк қызметінің ауқымында агенттік қызмет көрсету (вакала), сыйақысыз банктік қарыз операцияларын жүзеге асыру(кард әл-хасан). Мұның бәрінде Исламның басты қағидасы қатаң сақталады, яғни үстеме пайызбен өсім ақысын алу жоқ. Исламдық банк не қайтару мерзімін кейінге шегеру арқылы тікелей тауарды алуға, не нақты бір жобаны бірлесіп қаржыландыруға атсалысады. Мұнда ислам банктың пайдасы сол жобаның қызметінен түскен пайданы бөлісуден тұрады. Сол секілді ақшаны сенімді басқару да клиент пен банктің арасындағы жауапкершілігімен ерекшеленеді. Бұл жерде исламдық банк салымдарының екі түрі бар, оның біріншісі – өсімсіз салымдар. Аты айтып тұрғандай, мұндай салымдарға өсім төленбейді. Екіншісі – инвестициялық салым (депозит). Мұнда банк клиенттің ақшасын белгілі бір мерзімге сенімді басқаруға алады да, оны инвестициялық жобаларға немесе активтерге салады. Сол жобалардың табысына қарай клиентке тиесілі табысын беріп отырады. Бірақ банк клиент ақшасының номиналдық көлемінің қайтарылатындығына кепілдік бермейді. Егер инвестициялық жоба табыссыз болса, клиент шығынға ұшырайды, ал банк жобадан сыйақы алу құқығынан айырылады. Ал егер инвестициялық жоба банктің кінәсінен шығынға ұшыраса, онда исламдық банк сол үшін жауапты болады. Кейінгі кездері жиі айтылып жүрген қаржы нарығындағы тәуекелді тең бөлісудің ашық та, айқын жолы – осы. Сол секілді «сукук» – исламдық бағалы қағаздар да исламның басты қағидаларын бұзбай, инвестициялық табыс табуға мүмкіндік береді. Кордоба Халифат. Кордоба Халифат - 756 – 1031 жж. болған мемлекет. Кордоба, Халифатың елордасы өз уақыта Еуропаның ең үлкен және байлық қаласы болды. 7 ғасырда араблар солтүстік Африкадан Испанияға келіп, Кордоба Халифат орнатылған. Осы уақыта солтүстік Испания, және Португалияда Христиан патшалықтар: Арагон, Кастилиа, Наварра және Астуриа болды, олар араблармен жаугершілік күресу - «Reconquista» (ұрып өзіне қарату) басталды. «Reconquista» 722 ж. Ковадонга шайқасымен басталды, христанлар жеңіс алып, Астуриа патшалығы жасады. Сондықтан араблар пиреней тауларға кеттіп, фрасиамен соғысу бастады. 1469 ж. Кастилиа мен Арагон патшалықтар бірлесті, және бір мемлекет – Испания істеді.1492 ж. христианлар ең соңғы мусулман мемлекет – Гранада Патшалық басып алды. Кордоба. Тарихы. Көне Рим дәуірінде Кордоба «Hispania» провинциясының елордасы болды. Осы қалада Римның көрнекті пәлсапашысы Сенека, және ақын Лукан өмір сүрді. 716 ж. Испанияға арабтар келді, олар осы жерде Кордоба Халифатын құрды. 10-ыншы ғасырда Кордоба бүкіл Еуропаның ең ірі қаласы болды (жұрты 500,000). Арабтар осы қалаға «قرطبة» (Qurţuba) атауын берді. 1236 ж. қаланы Кастилия патшалығы басып алды. 1469 ж. Кастилия және Арагон патшалықтары бірлесіп, жаңа бір мемлекет – Испания патшалығын құрды. 13-15 ғғ. Кордоба Испаниядағы ең ірі қала болып саналды. Мадрид. Мадрид () - Испанияның елордасы, және ең ірі қаласы. Жұрты - 3,228,359. Ол Еуропада үшінші ең үлкен қала. Шет ауданы. Аудан 1928 жылы құрылды. Аудан аумағы 65,7 мың шаршы километрге тең. Аудан орталығы Ақсу-Аюлы ауылында орналасқан. Аудан халқының саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 46,5 мың адамды құрады. Ауданда 18 ауылдық әкімшілік, 59 ауылдық елді мекен, 9 кент бар. Ұлттық құрамы. Есептілік деректер бойынша 2007 жылдың басында ауданда тұратын халық санының Ауданда 01.01.07 жылға 248 шаруашылық жүргізуші субъектілер тіркелген, оның ішінде 2 ірі, 22 орта, 224 шағын субъектілер. Ауыл шаруашылығы өндірісі. 2006 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің айтарлықтай бөлігін мал шаруашылығы құрайды. 2006 жылғы 1 шілдеге ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің нақты бар болуы: 20 ауыл шаруашылық кәсіпорындар, 1169 шаруа қожалық және 11,6 мың халықтың жеке қосалқы шаруашылықтары. Ауданда ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге 1698,1 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлер пайдаланылады, оның ішінде 59,6 мың га егістік алқаптар.* 2006 жылғы астыққа 52,3 мың га ауыл шаруашылық дақылдары егілетін егістік жерлер пайдаланылды, оның ішінде 22,2 мың га дәнді дақылдар, картоп – 0,3 мың га, көкөніс – 0,07 мың га. 13,3 мың тонна ет (тірі салмақта); ірі қара мал саны 56,7 мың бас; қой мен ешкі – 118,3 мың бас; құс – 44,5 мың басты құрады.* Өнеркәсіп. нан және нан өнімдерін, ұн, өсімдік майы, металл кендерін шығару. 2006 жылғы өндірістік өнім көлемі (үй шаруашылық есебінсіз) 8869,2 млн. теңгені құрады. Білім беру. • 58 күндізгі жалпы білім беретін мектептер жұмыс істейді, онда 9565 оқушы оқиды, • 1 кәсіби-техникалық оқу орнында - 101 оқушы, • 1 колледжде – 155 оқушы оқиды. 2006 жылғы ауданның ірі және орта кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік саны 4762 адамды құрады, орташа атаулы еңбекақы 34126 теңге. Жылдық деректер бойынша 2006 жылы негізгі капиталға инвестициялар 5659,5 млн. теңге сомасында игерілді немесе 2005 жылғы көлемінен 47,2% құрады. Кәсіпорындардың өз күштерімен орындаған мердігерлік жұмыстар көлемі 2006 жылы 3156,5 млн. теңгені немесе 2005 жылғы көлемінен 109,8%-ын құрады. 2006 жылғы бөлшек тауар айналым көлемі (қоғамдық тамақтандыру қызметің есепке алмағанда) 408,5 млн. теңге шамасында құралды, қызмет көрсету көлемі (мемлекеттік басқару қызметінсіз) – 52,4 млн. теңге. Тарихы. Шет ауданы – 1928 жылы 17 қаңтарда Қарқаралы округінің Қу, Қызылтау және Шет болыстарының негізінде құрылды. 1930 жылы 17 желтоқсанда өз алдына жеке аудан болып шықты. Кейінірек аудан құрамына іргедегі Ақадыр ауданы қосылып, аудан аумағы бұрынғыдан да ұлғая түсті. Ең алғаш аудан орталығының өзі іргедегі «Қызыл еспе» деген жерде орналасқан екен. Кейін қайта бұзылып осы шұрайлы да шаттықты мекен – Ақсу-Аюлыға орын теуіпті. Шет ауданының негізін қалаған Биата елінде 1824 жылы - 8019 ер, 10591 әйел, барлығы - 18711 адам болған. Бүгінде Шет ауданы облыс көлеміндегі ең іргелі, ірі аудандар санатында. Қазір аудан 48 елді мекенді біріктіретін, 25 әкімдік аумақтық бірліктен тұрады. Жалпы саны 48 мыңдай халық орналасқан ауылшаруашылығы дамыған аудан. Ауданның жалпы жер көлемі 6,5 млн. га немесе облыс аумағының 15 пайыз құрайды. Ауданда 1164 шаруа құрамдары бар, 475 кіші кәсіпкерлік жұмыс істейді. 59 мектеп, 3 мәдениет үйі, 24 клуб, 2 емхана, 12 отбасылық дәрігерлік амбулатория денсаулық сақтау ісінде мүлтіксіз қызмет атқарып келеді. Спорт саласында 1 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 40 спорт шебері және 99 спорт шеберлігіне үміткерлер бар. Байлығына көз тіккен жат жұрттан елі мен жерін қорғай білген бабалар ерлігі ұрпаққа ұран. Талды өзені бойында Бұхар жыраудың жырына іліккен Сеңкібай батыр мазары тұр. Нұра өзені бойында Абылайханның ту ұстаған батыры Жидебай батыр жатыр. Жасыл тулы Жарылғап батыр, ат көтере алмас Сазанбай, Дерібсалы батырлар туралы заманында туған жырлар ел есінде сақталған. Кенесары ханның қолбасшысы Ағыбай батыр ел мақтанышы. Ресей империясына қарсы алғаш қару көтерген Кенесары ханның ағасы Саржан осы Бұғылы бойында жыл жарымнан аса уақыт орда тігіп, елді күреске дайындаған. Кенесарының қамалы да, Кенеханның өзі ғана су ішкен құдық та, Манақа бойында Кенехан бойын сергіткен Қарасуда, атасы Абылайхан демалған орын да осы өңірде. Қазақ әдебиеті тарихындағы зор тұлға Шортанбай жырау осы Ақсу-Аюлынікі. Ақтентек сері серілігімен ел аузына іліккен Біржан сал арнайы іздеп келіп амандасқан, дарын иесі. Атақты Қақпан ақын, Әбіш, Дия қажы, Бабас, Оқа, Түсетай, Ғаббас, Күмісбек моллалар сөз өнерінің биік шыңы іспеттес. Дия қажы артында «Шаһарбану» дастаны қалды. Оқа шежіреде «Абылайхан» деген дастан жазған. 1943 жылы алғашқы республикалық ақындар айтысында бірінші орын алған Маясар ақын туралы сол кезде ұлы Мұхтар Әуезұлы деректі фильм түсірткен. Кешегі Кенесары ханмен үзеңгілес болған Жанғұтты шешен, Бәйсейіт би, Дүйсенбай, Қара билер туралы аңыз мол. Арқадағы шертпе күй өнерін аса биікке көтерген, шертпе күйдің бір мектебін қалыптастырған Қыздарбек күйші, оның шәкірттері Әбди, Сембек, Ақмолда, Кәрібек, Мақаштардан қалған күйлерге бүгінде қазақ елі тамсанады. Жуасбай өткір тілді айтыскер ақын. Артында «Ерназар - Бекет» шығармасы қалды. Сәрінжіп ақын жұртқа кеңінен танымал. Айтыскер ақындар арасында Исабектің шоқтығы биік тұрған. Шаяхмет ақын қазақ жастарының гимнің жазды. Жәкен Байтуов – «Көкжайдақ», «Бөрі батыр» поэмаларын жазған. Тәшен ақын артында «Мың ғазел» атты қолжазба кітабы қалған. Өңіріміз көне заман сүреті мен сызбалары сөйлеп тұрған тарихи ескерткіштердің тілсіз мұрасына аса бай. Тас бейне қашалғанына 3 мың жылдан асқан таңбалы тастан сүреттер көне заман тарихынан мол мәлімет беріп тұрғандай. Егіз қойтастағы үш қабат үйдің биіктігіндей жартас басына қолмен қашалып салынған 72 ұялы дойбының тақтасы әлем тарихында дойбы – шахмат ойынының шығуына жаңа көзқарас тудырары хақ. Аудан аймағында республикалық дәрежедегі 25, облыстық дәрежеде қорғауға жататын 30, аудандық дәрежедегі 35 ескерткіштер бар. Шет ауданы – Қарағанды облысының оңтүстігіндегі әкімшілік бөлік, 1928 жылы құрылған. 1997 жылы Ақадыр ауданымен біріктірілді. Жер аумағы 6569,4 га. Тұрғыны 49,0 мың адам (2006). Аудандағы 68 елді мекен, 8 кент, 17 ауылдық округке біріктірілген, орталығы Ақсу-Аюлы селосы, Аюлы тауының етегінде, Нұра өзенінің бастауында орналасқан. Шет ауданы Сарыарқаның оңтүстік, оңтүстік батыс аумағының дала белдемінен орын алған. Жері негізінен ұсақ шоқылы, төбелі, белесті, аласа таулы, қырлы келеді. Оңтүстігінде Балқаш көлі, шығысында Қарқаралы тауларының сілемдері, онтүстік шығысында Қызыларай таулары мен Тоқырауын өзені, Нұра өзенінің бастауы жатыр. Басты өзендері: Шерубай-Нұра, Жақсы, Сарысу, Есен, Талды, Байқасқа, Манақа. Ауданның батысын Бетпақ дала, Қызылтау, Ақтау, Ортау таулары тізбесі алып жатыр. Ауданның орта бөлігінде Бұғылы, Тағылы, Қотыр, Қызылтау таулары орналасып, Тектұрмас шоқыларымен аяқталады. Солтүстік Шерубай – Нұра өзені кесіп өтіп, Шерубай-Нұра су қоймасына құяды, жері ұсақ қырқалы, шоқылы, жазық. Солтүстік шығысынан Талды өзені басталып, Наршоккен, Ақбастау шоқыларымен шектеледі. Жер қойнауында қорғасын, мырыш, молибден, вольфрам, темір, алтын, кварцит, мыс, құрылыс материалдары (гранит, қиыршық тас, құм, саз) барланған. Өңірдің кең орындарында облыс көлеміндегі алтынның 1,7 пайызы, молибденнің 27,3 пайызы, воллпстаниттын 70 пайызы, цинктін 20 пайызы, қорғасының 17 пайызы, марганецтін 10 пайызы бар. Жер жүзіндегі бар вольфрамның 30 пайызы Шет ауданының қойнауында қазына болып жатыр. Климаты айқын континенттік, қысы ұзақ, суық, боранды, қары аз (30-40 см), қаңтардың орташа температурасы -170 С, шілдеде +20 - +230С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 220-260 мм шамасында. Жерінде қара, қызыл, қоңыр, ашық қызыл, қоңыр, сортаң топырақ тараған. Жазық жерлерінде көде, селеу, жусан, кермек, көкпек, тобылғы, қараған, өзен бойында тал, шілік өседі. Тау аралық аңғарлары мен сайларында, өзен аңғарларында әр түрлі шөпті шалғын, тал, шілік басым. Гранитті тауларында арша, тасжарған, қараған, таңқұрай, қарақат, бөріқарақат олардың бөктерінде қайың, көктерек өседі. Аңдардан: арқар, елік, қасқыр, түлкі, қарсақ, борсық, суыр, сасық күзен, қоян, қосаяқ, сарышұнақ, бозсуыр, байбақ суыр. Құстардан: бүркіт, қаршыға, лашын, құр, шіл, бөдене, қоныр қаз, үйрек, дуадақ т.б.су орман құстары мекендейді. Ауданның негізгі халқы қазақтар (85 пайыз), олардан басқа орыстар (4,6 пайыз), т.б. ұлт өкілдері (10,4 пайыз) (2006). Халық сирек қоныстанған. Орташа тығыздығы 1 км2 –ге шаққанда 0,7 адамнан келеді (2006). Ірі елді мекендері: Ақадыр кенті (11,2 адам); Ақсу-Аюлы селосы (5,6 адам); Жарық кенті (4,6); Ақжал кенті (3800 адам); Мойынты кенті (3200 адам); Бұрма ауылы (1500 адам); Өспен ауылы (2200 адам), Жұмыскер ауылы (1328 адам), Талды ауылы (1260 адам); Нұраталды ауылы (2030 адам), Кеншоқы ауылы (1310 ауылы), Босаға ауылы (1150 адам). Красная поляна ауылы (1500 адам), Ақшоқы ауылы (860 адам). Ауданда өнеркәсіп орындарынан қорғасын-мырыш қоспасын өндіруші (Жаңа-Мырыш ЖШС-і), темір-марганец өндіру кәсіпрорыны (МеталлТерминалСервис ЖШС --і), вольфрам өндіру кәсіпорыны (Қараоба ЖШС-і), кварцит өндірумен «Крамдс-Кварцит» ЖШСірі автокөлік кәсіпорыны, («Ақадыр АТП» АҚ-ы), «Достық» ЖШС-і, автожолдар жөндеуші, («Бірлік» ЖШС-і), теміржолдарды жөндеу бойынша (Компания «Жол жөндеуші» ЖШС), Локомотивтарды, вагондардың донғалақ жұптарын жөндейтін («Ырыс-2030» ЖШС), («Таға» ЖШС-і), халыққа қызмет көрсету саласында «Ақадыр-жылу» ЖШС-і, «Ақадыр-энерго» ЖШС-і, «Шет-энерго» ЖШС-і кәсіпорындары бар. Жол бойы бизнесі дамуда. Ауыл шаруашылық құрылымдарының саны 1160. Оның ішінде 14 ЖШС, 1146 шаруа қожалықтары бар. Аудан бойынша барлық ауыл шаруашылығына жарамды жер 1815 мың га (жалпы жер көлемінің 27,6 пайызы. Орташа есеппен ауданның әр-бір тұрғынына 40 га ауылшаруашылық жерінен келеді. Оның егістікке жарамды жері 78,1 мың га, 30,1 мың га – сы шабындық, 1646,2 мың га-сы жайылым (2006). Егін шаруашылығының басты саласы – астық дақылдары мен жем-шөп, аздап картоп пен көкөніс егіледі. Егістікке жарамды жердің 43,0 мың га –сына астық, 0,250 мың га-сына картоп, көкөніс егілді (2006). Аудан аумағында дүниежүзілік даму банкі тарапынан инвестиция тартылып 2003 жылдан «Қуаң жерлерді игеру» бағдарламасы бойынша 11,6 мың га жерге көпжылдық шөп егілді (2006). 2006 жылдың басында ауданда 52,8 мың ірі қара, 105,6 мың қой, ешкі, 19,8 мың жылқы, 3,0 мың шошқа, 44,1 мың құс, 250 түйе болды. Аудан аумағында «Шолақ еспе» шаруа қожалығы жылқының «Мұғалжар» асыл тұқымын, «Ақжол» шаруа қожалығыу қойлың «Сарыарқа» тұқымын, «Ернұр» шаруа қожалығы ірі қараның «қазақтың ақбас» асыл тұқымдарын өсірумен шұғылданады. Оқу-ағарту, денсаулық сақтау және мәдениет салалары бойынша 2 бала – бақша, 59 мектеп, 1 оқу өңдірістік комбинаты, 1 кәсіптік мектеп, 2 балалар мен жасөспірімдердін спорт мектебі, 4 аурухана, 2 емхана, 18 дәрігерлік амбулатория, 4 ФАП, 8 ФП, 28 медициналық пункттер, 21 кітапхана, 1 музей, 22 мәдениет үйлері мен ауыл клубтары бар (2006). 1938 жылдан аудандық «Заман» газеті шығарылады. Ауданмен қоса жасасып келе жатқан газет 1938 – 1961 ж.ж. аралығында «Социалистік табыс», 1961-1992 ж.ж. аралығында «Ильич туы», болып 1992 жылдан бастап «Заман» деген атпен шығарылуда. Аудан аумағындағы Бұғылы мен Тағылы, Нұра, Сарысу өзендерінің бойы тас ғасырынан бері қарайғы дәуірлер айғақтарына толы. Палеолит дәуіріндегі адамдар тұрағы Өғыз тау, Үлкен ақмая (1984ж) деген жерлерден табылған. Ол тұрақтардан әр түрлі тас қарулар, оның ішінде тастан жасалған балта, қырғыш, тас қарулар бар. Тайатқан, Шұнақ тауларында шоқпар тастардың бетіне қашалып салынған әр түрлі сүреттер табылған. Шет өңірінен, аудан тарихынан мол мағлұмат беретін кітаптар: Шет өңірінің тарихы (Ж.О.Артықбаев, М.С.Жакин, Қарағанды, 1998) Шет өңірі ақындарының анотациясы. Шет өңірінің тарихи – мәдени ескерткіштері фотошежіре (жауапты ред. Ж.С.Ақылбаев); мәтін авт, құрастр. М.С.Жакин – Қарағанды, ҚарМУ, 2004). Шет ауданының жері арқылы Алматы – Астана, Қарағанды – Жезқазған, Алматы – Астана, Қарағанды – Жезқазған, Қарағанды – Ақтоғай автомобиль жолдары өтеді. Әкімшілік бөлінісі. 1.Ақымбеков Сағынған Дәуренбекұлы - «Нұраталды» ауылының әкімі 2.Мұқашев Әбдірашит Қанафиянұлы - «Босаға» ауылының әкімі 3.Қауымбаев Әбілсейіт Жарылғапұлы - «Мойынты» кентінің әкімі 4.Серіков Бауыржан Қуандықұлы - «Сәкен» кентінің әкімі 5.Омартегі Қазгелді Жұмашұлы - «Төменгі Қайрақты» кентінің әкімі 6.Имендинова Майраш Қаражанқызы - «Көктіңкөлі» ауылының әкімі 7. Тілегенова Гүлбаршын Маратқызы - «Ақшоқы» ауылының әкімі 8.Төлеуов Боранбай - «Талды» ауылының әкімі 9.Манашев Советхан Қуанышұлы - «Үңірек» ауылының әкімі 10.Рақымжанов Мәжит Өміртайұлы - «Батық» ауылының әкімі 11. Әлиев Егінбай - «Өспен» ауылының әкімі 12.Райым Бекарыс - «Дария» кентінің әкімі 13. Мақажанов Сағит Бақиұлы - «Красная поляна» ауылының әкімі 14. Алтынбеков Мұхтар - «Ақсу-Аюлы» ауылының әкімі 15. Шәріпов Талғат Аманкелдіұлы - «Ақшатау» кентінің әкімі 16. Мағзиев Жұмағали Диярұлы - «Ақадыр» кентінің әкімі 17. Смағұл Елдос Жарылғапұлы - «Ақжал» кентінің әкімі 18. Кұсайнов Ғалымжан Алтыбайұлы - «Бұрма» ауылының әкімі 19. Шәйке Марат Әбікейұлы - «Ақой» ауылының әкімі 20. Мұсин Қайырберлі - «Кеншоқы» ауылының әкімі 21. Ысқақов Өмірәлі Рысмағанбетұлы - «Ортау» ауылының әкімі 22.Беркімбаев Темірхан - «Киікті» ауылының әкімі 23.Қонакбаева Гүлжан Әбілдақызы - «Жамбыл» кентінің әкімі 24.Көпенов Әбсамат - «Қызылтау» ауылының әкімі 25.Игенов Балтабай Игенұлы - «Тағылы» ауылының әкімі Әкімшілік территориялық бөлінісі. Ауданда 8 кенттік, 17 ауылдық округ және оларда 74 елді мекен. Сілтеме. Шет ауданы Шлюмберже. Шлюмберже Лимитед () (;) - әлемнің 80-ге жуық елдерінде істейтін, 140 түрлі ұлттан тұратын 84 мыңға жуық жұмыскерлері бар дүниежүзілік ірі мұнай саласындағы қызмет көрсету корпорациясы. Шлюмберже сейсмикалық ақпарат пен формацияның дамуы процесі, ұңғы тесті мен тура бұрғылау, ұңғы цементтеу мен қоздыру (stimulation), жасанды көтеру (artificial lift), ұңғыны аяқтау (compleation) және консалтинг, бағдарламалар мен ақпаратты басқару сияқты кең ауқымды өнімдер мен қызметтер ұсынады. Iскерлік табысы 2007 жылы $23.28 миллиард, ал нарықтық капитализациясы, 2008 жыл 17 қазанға сәйкес $59.3 миллиард болып табылады. Тарихы. Компания негізін 1926 жылы қалаған ағайынды француздар Алсатьян Шлюмбержелер атымен аталған. 2005 жыл аяғында, Schlumberger корпоративтік офисін Нью-Йорктен Хьюстонға көшіреді. 2006 жылы Schlumberger WesternGeco-ның қалған 30% Baker Hughesтан $2.4 миллиард сатып алады. Сол 2006 жылы Риджефилд Schlumberger-Doll Зерттеу орталығын Кэмбридждегі жаңадан салынған ғимаратқа көшірді. Көшу 2006 жылы аяқталды. Жаңа ғимарат компанияның Кэмбридж, Англия; Мәскеу, Ресей; Ставангер, Норвегия; және Даһран, Сауд Арабиясындағы зерттеу орталықтары қатарына қосылды. 2010 жылы Smith International компаниясын жалпы құны $11.3 миллиардқа сатып алғанын Шлюмберже мәлімдеді. The sale price is 45.84-a-share price was 37.5 percent higher than Smith closing price on 18 February 2010. The deal is the biggest acquisition in Schlumberger history. The merger was completed on August 27, 2010. In 2010, Schlumberger also announced plans to acquire Geoservices, a French-based company specializing in energy services, in a deal valued at $1.1 billion, including debt. Испан азамат соғысы. Испанияның азамат соғысы – 1936-1939 жж. болған әскери тартыс. Бір жақта испан социалистер болған, арғы жақта испан әскери фашистер. Азамат соғысы 17 шілде 1936 ж. басталды, және 1 сәурде 1939 ж. аяқталды. Социалистерға КСРО мен Мексика көмектесті, ал фашистерға – Үшінші Рейх және Италия. Соғыстың басталуы. 1931 ж. испанлар өз елде Испан Республикасы жариялды. Ең бірінші үкіметке консеварторлар және ұлтшылық партиялар келді. Бірақ сосын сайлауда көп социалисттік және коммунистік партиясылар женіс алып, өз заңдар қабылдады. Мысалы, 1932 ж. Аграрлық Заң, осы заң шаруаларға мен диқанларға жері берілді. Осы бәрі консеварторлаға ұнамау болды. 1933 жылы Испанияда сайлауда Коммунист және Социалситтік (Socialist Workers Party of Spain, PSOE) партиясылар жеңіс алып, биік басына келді. Олар өз адам Мануэл Азанио президент істеді. Осы жылда Алманияда билік басына NSDAP («Ұлтшыл-социалистік неміс жұмысшы партиясы») келді. Германлар Еуропалық фашистерға көмектесу бастады. Содықтан испан фашистер және консеварторлар төңкеріс жасау етті. Испанияның азамат соғысы басталды. Азамат соғысы басталғанда әлемдін социалисттер Испанияға көмектесу келді. Олар интернационал бригадасылар ұйымдастырған. Тағыда Мексика Испанияға өзінін әскерлер және техника берілді. КСРО испан социалистерға қарулармен және ақшамен көмектесті. Көп КСРОның мамандық әскерлер және адамдар Испанияға көмектесу келді. Ал Ұлтшылық испанияға Италия және Алмания көмектесті. Бенито Муссолини италияның диктаторы испанияға 50000 адам жіберді. Алманияда Адолф Һитлер 15 мын адам жіберіп, испан фашистерға көп ақша берді. Соғыс барысы. Испан фашистер өз партиясы «Фаланга» жариялды. Оларға испан әскери қолбасшылар, консеваторлар және монархистер қосылды. Фашистердың басшы Санджуро 20 шілде 1936 ж. өлді және жаңа партияның басшы Франсиско Франко болды. Бірінші күндерде фашистерттер 50 мын адам өлтірді (социалистер және анти-фашистер). 21 шілде фашистер Феррол қаласы басып алды. 7 қыркүйектте олар Баск елге кіріп, Билбао қаласы алды, және Мадрид алу бастады. Бірақ Мадридтте олар ұтылып шегінді. 1937 ж. фашистер Испан Морокко алып қайтадан Мадрид шабуылды, бірақ одан да ұтылды. 1938 ж. Теруел шайқаста республикалық әскерлер женіс алды. Бірақ Алманидан келген фашистер испан Фалангамен одақтасып Теруел тойтартты. 1939 ж. 14 қантарда испан фашистер Террагона қаласы басып алды, ал 26 қантарда Барселона. 28 наурызда Франко әскерлер Мадрид басып алды. Азамат соғысы аяқталды. Ақыр. Фашисттер билік алғанда репрессиялар істеу бастады. 30-70 мын адам қамау немесе өлтірген болған. Екінші Дүниежүзілік соғысы басталғанда испан фашистер Алманияға көмектесті, олар «Когілдір дивизия»сы ұйымдастырды. Франко Испанияда диктаторы болды. 1975 ж. ол қаза тапты, және испанлар демократия жолына қайтып бүгінгі Испания құрылысты. Құрбан айт. Құрбан айт (Араб тілі: عيد الأضحى "‘Īd ul-’Aḍḥā", Urdu: بقرعید) – мұсылмандардың ең қасиетті мерекесі. Ол «ораза айттан» кейін 70 күннен соң басталып, 3 күнге созылады. Бұл күндер Ұлы Меккеге қажылықпен аяқталады. Айт күндері әрбір мұсылман ата-бабаларының басына барып құран оқиды, аруағына құрбандық шалады, мал сояды (жылқыдан басқа). Бұл мұсылмандардың негізгі міндеттерінің бірі. Әрбір мұсылман ата-баба аруағына арнап құрбан шалады, мал сояды (жылқы малынан басқасын). Алланың бұйыруы бойынша бірінші құрбандық Ибрагим Пайғамбардың сүйікті баласы – Исмаил болуы керек болды. Не әкесі, не баласы қарсы болған жоқ. Алла әкесі мен баласының өзіне берілгендігіне көз жеткізіп, оларды құрбандыққа шалған жұмақтан аспан түстес көк қошқарды түсіріп, оларға мейірім түсірді. Содан бері дәстүр жалғасын табуда. Оны орындау – әрбір мұсылманның міндеті. Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр және түйе малын шалады. Басқа жануарлар қолданылмайды. Ауру, соқыр мал құрбандыққа шалынбайды. Мұсылмандар үшін Құрбан айттың бірінші күні маңызды болып саналады. Бұл күні мешіттерде айт намазы оқылады. Айттың осы бірінші күнінде адамдар бір-бірін құттықтап, бір-бірінің үйінен дастарқаннан дәм татады, бұл күні әр мұсылманның үйінде дастарқан жайылады. Құрбан айтта бауырсақ, шелпек пісіру, дастарқан мәзірін дайындау үшін жұмыстан сұрану керек еді. Құрбан айт күні ертерек тұрып, ғұсыл алып, таза киім киіп, хош иісті әтір сеуіп, көшеде жолыққан адамға ашық жүзбен қарау, құрбандық етімен ауыз ашу үшін намаздан алдын ештеңе жемей, намазға бара жатқанда тәкбір айту – хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың сүннеті. Алла Тағала әмірі мен пайғамбарлар сүннетін орындау Жаратушы Иеміздің ризашылығына жақындатып, ақиретте сый-сияпатына кенелтеді. Сондықтан да айтқа ниеттеніп, дайындалушы немесе ынта-ықыласымен құрбандық шалушының Тәңірі мейіріміне бөленіп, о дүниеде жүзі жарық, мол сауапқа ие болары сөзсіз. Қажылыққа барған тәуап етушілер мен оған себепті жағдаймен бара алмағандарға айт күндері ортақ ғибадат – құрбандық шалу. Бұл – айтулы мерекенің ең маңызды амалы. Құрбандық деп құрбан айт күндерінде ғибадат ниетімен шалынатын малды айтады. Сондықтан бұл құрбандық шалу мерекесі, яғни Құрбан айт деп аталады. Қасиетті Құран Кәрім және Ислам тарихы бойынша бұл мереке мен оның шежіресі сонау адамзаттың атасы Адам (ғ.с.) ата және дәстүрлі діндердің түп атасы Ибраһим (ғ.с.) мен оның ұлы Исмайыл (ғ.с.) пайғамбарлармен тығыз байланысты. Құрбан айт күндері шариғат бойынша нисап мөлшеріндегі, яғни 85 грамм алтынға тең ақшасы бар, бас бостандықтағы, ақыл-есі бүтін, жолсапарда емес мұсылманға кем-кетіксіз бір жастағы қойды немесе ешкіні немесе бір адамнан жеті адамға дейін ниеттерін біріктіріп, екі жастағы сиыр немесе бес жастағы түйені құрбандыққа шалу уәжіп. Құрбандықтың уәжіпті қасиетті Құранда: «Раббың үшін (айт намазын) оқы, құрбандық шал», – деп бұйырылған. Ал әз Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде-кім мүмкіндігі бола тұра құрбандық шалмаса, біздің намаз оқитын жерімізге жақындамасын!» Қазақстанда Құрбан айттың бірінші күні демалыс болып табылады. Испан Республикасы. Испан Республикасы – 1931-1939 жж. болған мемлекет. 1931 ж. испанлар өз елде Испан Республикасы жариялды. Ең бірінші үкіметке консеварторлар және ұлтшылық партиялар келді. Бірақ сосын сайлауда көп социалисттік және коммунистік партиясылар женіс алды. 9 желтоқсанда Испанлар жаңа конституциясы қабылдады. Осы конституция шаруаларға көп ерекшелер жеңілдіктерді. Одан әрі, социалисттік партиясылар өз заңдар қабылдады. Мысалы, 1932 ж. Аграрлық Заң, осы заң диқанларға жері берілді. Осы бәрі консеварторлаға ұнамау болды. 1933 ж. Испанияда сайлауда Коммунист және Социалситтік (Socialist Workers Party of Spain, PSOE) партиясылар жеңіс алып, биік басына келді. Бірақ 1934 ж. сайлауда христиан консерваторлар жеңіс алды. 1934 ж. 1 қазанда коммунистертер Астуриа қаласыда сайлаумен келіспей демонстрациясы істеді. 1936 ж. 7 қантарда, социалисттер сайлауда қайтадан жеңіс алды. Олар өз адам Мануэл Азанио президент істеді. Содықтан испан фашистер және консеварторлар төңкеріс жасау етті. Испан азамат соғысы басталды. Махамбет ауданы (Атырау облысы). Махамбет ауданы - Атырау облысының орталық бөлігінде орналасқан аудан. Орталығы-Махамбет селосы. Облыс орталығынан 70 шақырым жерде «Атырау-Орал» күре жолының бойында орналасқан. Ауданға 11 селолық округ, 24 елді мекен қарайды. Тарихы. Қазақ халқының тарихындағы ең елеулі оқиға- Қазақ Автономды Республикасын құру туралы Декреті жариялануы. 1919 жылдың 10 шілдесінде В.И.Ленин «Қырғыз өлкесін басқару жөніндегі Революциялық Комитетін құру туралы» РКФСР-ның Халық Комиссарлары Советінің Декретіне қол қойды. Осы Декрет бойынша ревкомның басқаруындағы аумақтар құрамына Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстары мен Астрахань губерниясы кірген болатын. Осыдан бір жылдан соң, яғни 1920 жылдың 21 шілде сінде Орал революциялық Комитеті Президиумының шешімімен Гурьев уезі болыстарының тізімі бекітілді. Осы бекітілген шешімдегі 20 болыстың бірі болып Жаманқала болысы да Гурьев уезі құрамына енгізілді. 1920 жылдың 4 қаңтарында Жаманқалада Кеңес өкіметі орнады. Сол жылы Гурьев уезінде 23 болыс қараған. 1923 жылы 28 маусымда болыстарды ірілендіру жүргізіліп, Гурьев уезінде 11 болыс қалды. Жаманқала болысы Зеленый болысымен бірге Қызылқоға болысына қосылады. Бұл 1923 жылғы 5 шілдеде Қазақ АКСР Орталық Атқару комитетінің шешімімен бекітіледі. Сарайшық болыстық комитетінің төрағасы Кирилл Ермаков Редут, Тополи, Кандаур селоларындағы және осы Жаманқалаға қарасты басқа да ауылдардағы қазақтар өз қатарын көбейтті. Гурьев уездік милициясының бастығы Сарайшықта тұратын 29 жасар Василий Яшков өзінің қол астындағы кеңес өкіметіне қарсылық көңіл күйдегі қызметкерлерді біріктіріп, бүлікшілікке даярлады. 1920 жылдың 5-6 қаңтар күндері Сарайшық, Новобогат селоларында, сол қаңтар айында Редут, Сорочинко, Кандаур, №8, №13 сияқты ауылдарда селолық кеңестер құрылды. Гурьев уезі бойынша 23 болыстық кеңестер құрылған болса, оның үшеуі Есбол, Самар, Редут қазіргі Махамбет ауданы көлемінде болды. Редут болыстық Кеңесі әуелі 1920 жылдың 30 қаңтар күні 4-армияның өкілі Черечиннің қатысуымен сайланып, орталығы Сарайшық болып белгіленіпті. Есбол болыстық Кеңесі Жайықтың сол жақ бетіндегі жоғарыдан бастап №13 ауылға дейінгі елді қамту негізінде құрылған. Самар болыстық Кеңесінде Бесарал, Таңқы, Сарайшық, Жалғансай, Бақсай, Жаманқала кеңестері қарайды. Сол жылғы 17 қыркүйекте Редут, Сарайшық, Жалғансай, Жаманқала т.б жерлерден балықшылардың шағын артельдері ашылған. 1927 жылы Жайықтың оң жағындағы орыс селолары Горыдан (қазіргі Аққала) Кандаурға (қазіргі Алмалы) дейінгі 13 село бір орталыққа бағынып, станицалық атқару комитетінің төрағалығына 34 жастағы коммунист Ф.Котов сайланады. 1925 жылғы мына мәліметтерге көз жүгіртер болсақ, сол жылдарда Тополинск болыстық атқару комитетіне төмендегідей Советтер қараған. № Селолық Кеңестер атауы Селолық Кеңестер орналасқан жер атауы Аула саны Халық саны Қазақ атқару комитетінің 1928 жылғы 17 қаңтардағы VІ шақырылған 11-ші сессиясының қаулысымен Гурьев округі құрылып, оның құрамына алты аудан- Жаманқала, Есбол, Доссор, Жилкоса, Қызылқоға, Теңіз аудандары енгізілді. Сонымен Жаманқала ауданы Тополи болысының Харкин, Краснояр Советінсіз Редут болысының Сорочинко, Сарайшық, Редут, Кандаур селолық Советтерінен, Қарасамар болысының 7-ші ауылдық Кеңесінен құрылды. Мінеки Махамбет ауданының тарихы осыдан басталады. Орталығы болып Яманка селосы белгіленген. Аудан құрылған жылы 2 пошта-телефон бөлімшесі, 3 клуб, 4 медпункт, 14 бірінші басқышты мектеп, 1 жеті жылдық мектеп болған. Бүкілодақтық Орталық Комитеті1930 жылы 23 шілдесіндегі қаулысымен округтерді жойып, аудандарды ірілендіру жүргізілді, нашар дамыған аудандар жойылды. Есбол, Новобогат және Жаманқала аудандары бірігіп, Гурьев ауданын құрады. Ауыл шаруашылығындағы социалистік реформаны жедел жүргізуге 1928-31 жылдардағы әкімшілік-аумақтық бөлінулер өз ықпалын тигізеді деген мақсат қойылған еді. 1930 жылдың 17 желтоқсаны мен 1933 жылдың 1 шілдесі аралығында Гурьев ауданы Батыс Қазақстан облысына қараса, 1933 жылдың 1 шілдесінен құрамында 4 ауданы бар Гурьев округі қайта құрылды. Қазақстан Орталық Атқару Комитеті алқасының 1938 жылғы 4 ақпандағы қаулысымен Гурьев округі жойылып, Гурьев облысы құрылды.Оның әкімшілік жер аумағы Гурьев облысының атқару комитетінің шешімімен бекітілді. Сонымен 1938 жылдың 15 қаңтарында құрылған Гурьев облысының құрамында Бақсай, Есбол, Жилкоса, Мақат, Маңғыстау, Теңіз аудандары енгізілді. Екінші рет құрылған Бақсай ауданы бұл жолы Жайық өзенінің екі бетіндегі ауылдарды қамтитын болды. Яғни ауданға Гурьев ауданынан Жаманқала, Жалғансай, Редут, Сарайшық, Сорочинко, Қызыл Жұлдыз, Алға, Тегісшіл, Еңбекшіл, Жаңа шаруа, Жаңа тұрмыс, Бақсай, Манаш, Жанбай, Таңдай селолық және ауылдық Кеңестері, Есбол ауданынан Топайлы, Зеленый, Карманов, Қазбек, Құмшығанақ, Қарашығанақ, Қызылүй, Жаңа күш, Есбол, Дуаберген, Кетешағыл ауылдық және селолық Кеңестерінің жері қарайтын болды. Аудан орталығы болып Яманка поселкесі белгіленген. 1938 жылғы 28 қаңтарда өткізілген Гурьев округтік атқару комитеті Бақсай ауданын құру жөніндегі ұйымдастыру бюросының мүшелерін бекіткен болатын. Онда бюро төрағасы болып Т.Шырдабаев, оның орынбасары болып Филиппов, мүшелері болып Х.Тастайбеков, Спиридонов, Айсин бекітілген. Бақсай аудандық партия конференциясы 1938 жылдың 5-6 мамырында өткізілді. Яғни 5 мамыр күні 17 сағаттан кешкі 22-ге дейін бір кезеңі өткізілсе, келесі күнге екінші кезеңі жалғастырылған. Конференцияда Бақсай аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып Тастайбеков Хайрош, екінші хатшы болып Харченко Федор Федорович, үшінші хатшысы болып Аманиязов Құлымжан сайланған. Жеті адамнан тұратын аупартком бюросының құрамына Х.Тастайбеков, Ф.Харченко, Қ.Аманиязов, Л.Спиридонов, Т.Шырдабаев, А.Адресов, Баевтар сайланады. Ауданның алғашқы атқару комитетінің төрағасы Тымықбай Шырдабаев болды. Төрағаның орынбасары әрі жоспарлау бөлімінің бастығы болып Филиппов, қаржы бөлімінің меңгерушісі болып Е.Айсин, аудандық денсаулық бөлімінің меңгерушісі болып К.Байғожина, ауаткомның жауапты хатшысы болып К.Дощанов, жер бөлімінің бастығы болып Д. Бисенов, халық шаруашылығы есебінің инспекторы болып Нұрғалиевтер сайланған. Аудандық комсомол комитетінің хатшысы болып ілкіде С.Есқалиев, кейіннен Х.Мырзағалиев сайланған.1939 жылы Новобогат ауданының құрылуына байланысты Бақсай ауданынан Бегайдар, Жамбыл, Жамбай, Кетешағыл, Манаш, Новобогат ауылдық Кеңестері бөлініп шықты. 1963 жылдың 2 қаңтарында Қазақ КСР-ның Жоғарғы Кеңесі Президиумның Жарлығымен Есбол және Бақсай аудандары біріктіріліп, олардың негізінде Махамбет ауданы құрылды. Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Президиумының 15 маусым 1963 жылғы Жарлығымен бұрынғы Яманка поселкесі Махамбет болып өзгертілді. 1963 жылғы 3 қарашада Гурьев облысының атқару және партия комитеттері бюросының қаулысымен Балықшы өнеркәсіптік ауданының таратуына байланысты ол аудандағы ауылдық және селолық Кеңестер Махамбет ауданына берілді. 1957 жылы Новобогат ауданы таратылып Бақсай ауданына қаратылған еді, араға 20 жыл салып, 1977 жылғы ақпанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының қаулысымен қайтадан Новобогат ауданы құрылды. Мұндай таратылу мен қосылымдар 1988 жылдың шілдесінде де болды. Алдымен Балықшы, Новобогат ауданы таратылып, Махамбет ауданына берілді. 1991 жылы ол екі аудан бұрынғы өз шекараларында қалдырылды. Брюссел. Брюссел () дұрыс атты – Брюссел астаналық-аймағы, Белгияның ең ірі қаласы және de facto Еуропа Одағының елордасы. Оның ішінде «Брюссел-қаласы» (Белгияның елордасы) бар. Қаланың тарихы 10 ғ. басталады. Бүгінгі Брюссел Батыс Еуропаның экономикалық және саяси орталығы. Mozilla Firefox. Mozilla Firefox () — еркін таратылатын веб браузер. Қолданылуы бойынша дүние жүзінде екінші орынды, ал еркін БҚ ішінде бірінші орын алады. Mozilla Firefox ашық стандарттарды қолдайтын еркін таратылатын Gecko қозғалтқышының негізінде жасалған. Файрфокс құрамында орфографияны тексеру, мәтін терілген кезде-ақ оны іздеуді бастау, RSS-ағымдарының интеграциясы, жүктеулер менеджері, "атып шығатын" терезелерді болдырмау, шолғышқа орнатылған кеңейтулерді автоматты түрде жаңарту қасиеттері бар. 2 000-нан астам кеңейтулерді қолдану арқылы Файрфокс мүмкіндіктерін шексіз арттыруға болады. Мысыр пирамидалары. Египет Пирамидалары – Мысыр жерде орналасқан ежелгі пирамидалары. Осынау орасан зор тас құрылыстар – Ежелгі Египет перғауындарының сағанасы. Сағана осыдан 5 мың жалдан уақыт бұрын салынған. Ең үлкен пирамида Хеопс перғауынның әмірімен тұрғызылған. Оның биікті – 147 м. Ежелгі грек тарихшы Геродот әңгімесі бойынша пирамиданы 100 мың адам 20 жыл салған. Аптапты Египет аспаны астында мыңдаған құлдар тас қарумен дәу тастарды бөліп алып, оны құрылыс орнына арқанмен сүйретіп апарған. Пирамида биіктерген сайын тас блоктар қолмен жоғары көтерген. Бұл пирамидалар осы күнге дейін көрушісін қайран қалдырады. Осы пирамидалар бір заманда Әлемнең жеті кереметенің бірі саналуыға кірді. Adidas. Адидас - жоғарғы имиджді брэнд. Адольф Дасслер - атақты брэндтың түп нұсқасында тұрған адам. Ол Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Германияда жастайынан өз отбасына көмектесіп яғни жарамсыз лақтырылған солдат сумкаларынан үй аяқ-киімін тіге бастады. Бірақ, оның басты ермегі спорт болатын, әсіресе футбол. Кейін 1920 жылдары ол спорттық аяқ-киім шығару жұмыстарына кіріседі. Ыңғайлылық пен тұрақтылықты ұстану үшін ол алдымен көптеген доктор және жаттықтырушылармен пікір алмасады. Басында ол тек қана спорттық аяқ-киімдердің футболға және спорттық жарыстарға киетін түрін ғана шығарса, кейін жүгіру және теннис сияқты спорт түрлерінде киетін аяқ-киім шығаруға көңіл бөлді. Мұндай ғылыми және практикалық жол кейін оның халықаралық беделін жоғарылатты. Сонымен қатар Армии Хэри осы брэнд тауарларымен бірінші рет 100 метрлік спринтті 10 секундта өтіп, бірінші атлет әл чемпион атағын алды. Десслер өзінің тауарларына яғни, тауарларының дизайнына жақсартулар және жаңа инновациялар енгізді.Ол енгізулер спорттың әр саласын қанағаттандырып отырды. Мысалға, жай стандартты кроссовкилер футболисттер қажеттіліктерін қанағаттандырмайды, себебі ойын аланы кейде жаңбырдан соң дымқыл болады. Сондықтан ол аяқ-киімдерге шегетәріздес штифттер орнықтыруды жөн көрді. Ол ойыншыларға сенімділік пен тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Нәтижесінде 1954 жылы өткен әлем Кубогында Adidas брэндінің кроссовкилері еліне жеңіс әкелді. Аяқ-киім модернизациясына қарай футбол ойындарына киетін кроссовкилерінің дизайнына өзгерістер енгізіліп, жүгіруге арналған кроссовкилер шығара бастады. Жиырмасыншы жылдары Адольф Десслер «спорттық экипировка шығару бойынша әлемде басты менеджер» атағын алды. Adidas аяқ-киімдері бірінші 1928 жылы өткен олимпиадалық ойындарына дейін қолданыла бастады. Атлеттер оны сүйсіне пайдаланатын болды. Бұл брендтың пайда болуы спорттық аяқ-киімдердің сапасының артуына үлес қосты. 1936 жылы Берлинде өткен олимпиадалық ойындарда 4 алтын медальдарды иемденген чемпион Джесс Оуэн Adidas тауарлық маркасы бар кроссовкилерін киген Десслер ойын кезінде спортшыға беріктілік қасиетті арттыру үшін өз аяқ киімдерінің табанының ішкі жағына шипы қосты. Сонымен қатар Десслерді жеңіл спорт түрлеріне қажетті аяқ киім шығару қызықтырды. Ол өзінің аяқ - киімдерінде берік материалдар қолдану үшін көптеген тест жұмыстарын жүргізді, оның ішінде акула, кенгурудың терілерін қолданды. Ең соңында оның аяқ- киімдерінің тиімді материалы болып синтетикалық волокно - нейлон болып табылды. Десслерге жаңа ойлар еңгізумен қоймай сонымен қатар ол маркетинг сұрақтарын да жақсы меңгерді. Ол Adidas-тың ары қарай спорттық аяқ - киімін шығаратынын жақсы түсінді, сонымен қатар ол өзінің брендінде өнімдерді танытатын жалғыз саудалық белгінің керектігін түсінді. 1949 жылы ол өзінің аяқ - киімдерінің саудалық белгісі ретінде үш түрлі түсті жолақ ойлап шығарды. Бірақ бұл ой 1996 жылы іске аспады. Нәтижесінде Adidas өнімдерінің тауарлық белгісі үш жолақ болып қалыптасты. Ол аяқ - киімнің бір жақ қырында орналасты. Бүгінгі таңда Десслердің қалдырған брэнді әрі қарай гүлденіп және жанданып келеді. Adidas бұрынғыдай спорттық өнімдеріншығаруда, сонымен қатар ол өзінің құрамына спорттық киімдерді шығаруды қосты. Осылайша Adidas тек қана брэнд емес, сонымен қатар сәнді тауарлық марка. Осы брэндтің ықпал ету ортасын әр түрлі субмәдениеттің танымал ағымында кең таралды, әсіресе хип - хопты қолдайтындардың ортасында, 1986 жылы Ди Эм Си поп жұлдызының "My Adidas" атты әнінде қолданылып, әлемдік танымал хит болды. Бұл дисктің сәттілігі брэнд имиджының құрылуына әсерін тигізді. Қазіргі таңда брэндтің басты мақсаты оның өнімдері тек қана мамандарға ғана емес, қарапайым тұтынушылардың сұранысына ие. Тұтынушылардың қажеттіліктеріне сай сұранысты қанағаттандыру үшін Adidas компаниясы 3 стратегияны шығарды: бірінші - спорттық бағыттарда өнімдердің құрамы мен қасиеттерін сақтау эстетикалық прагматикалық қажеттіліктерге сай инновациялық разработки еңгізу, екінші - өнімнің бұрынғы тарихи қасиеттері мен қазіргі кезге сай біріктіру, үшінші - тұтынушылардың талғамына сай, заманауй сән үлгілеріне сай ету.(сондықтан бұл брэнд атақты дизайнер Йоши Ямамото қатысуымен жасалады). Инновация. Кәсіби футбол үшін арналған аяқ киімдердегі шеге тәрізді штифтер, жүгіруге арналған крассовкилердегі шипылар; нейлоннан жасалған аяқ киім табандары – үш иновацияны Гвоздеобразные штифты в обуви для профессионального футбола, шипы в подошвах кроссовок для бега, подошвы из нейлона — Adidas үшін үш инновацияның қалыптасып, әйгілі брэнд негіздеуіне себеп болды. Өнімнің техникалық сипаттамасын жетілдіру. Десслер өзі жеңіл атлетикамен айналысқандықтан, ол аяқ киімдердің кімге бағытталғандығына қарамастан, оның техникалық сипаттамаларын күшейтуге тырысты. Ол осы сипаттамаларды жетілдіру жолында жаңа тәсілдерді іздеп, Adidas өнімінің ерекше, әрі құндылығын арттырды. Бәсеке. Спорттық киімдер спорттың өзі сияқты, жалпылық негіздегі құбылыс болып саналады. Сондықтанда, нарықта жалғыз брэндпен өмір сүру мүмкін емес. Нарықта өзінің өте қатаң ережесін орната отырып, Adidas басқа Nike және Reebok сияқты брэнд-бәсекелестермен өткір күреске түсе алуда. Тарихы. Adidas басқа брэндтерге қарағанда, өзінің тарихи құрылымына ерекше мән береді. Сондықтан да, компания өзінің қызмет етуінің жаңа кезеңдерін игерседе, хип-хоптың жанкүйерлерінің арасында сыйлылыққа сай болуда. Брэндтің тұтынушыларға ықпалы. Сатып алушылар санын ұлғайту үшін, менеджерлер тұтынушылық рейтингті жоғарлату үшін Ран Ди Эм Си, Мисси Элиот и Дэвид Бекхэм сияқты жұлдыздарды өздерінің макетингтік іс-шараларына тартуда. Компания туралы ақпарат. 1. Компанияның жыл сайынғы саудалық айналымы жобамен алғанда жаңа 60 дизайнерлік әзірлемелерді құрайды. 2. Маркетингтік саясатты жүргізу шығындары — барлық сату көлемінен 13% құрайды. 3. Adidas — спорт өндірісі индустриясындағы шамасы жағынан екінші компания McDonalds. McDonalds: өз тұтынушыларына арналған үлкен спектрлі қызмет Көпшілік адамдардың ойынша, McDonalds ірі бренд болып қалады. McDonalds сияқты саудалық маркалар адамдардан тез танылмайды. McDonalds логотипінің алтынмен әріптері әгілі символ бола бастайды. Бұл қызығушылықты туғызады. Қазіргі танда әлем бойынша бұл компанияның 80000 астам дәмханалары бар. Компания имиджіне үлкен әсерін шенеуніктер, антиглоболистер, заңгерлер, жас ересектердің семіріп кетуін ойлайтын ата-аналар, осы себептен бренд банкротқа ұшырауы мүмкін екені құпия емес. Осының бәрі салдар. Осыны білу үшін McDonalds-тің бүгінгі тандағы жетістіктеріне қалай жеткенін анықтау керек. 1948 ж. ағайынды, Дик және Морис МакДональд Сан-Бернардиода (Калифорния) жаңа пісірілген гамбургерлерді сататын дәмхана ашты. Ағайындар өздерінің клиенттерінің тез әрі жеңіл тағамды керек ететінін жақсы білген. Гамбургерлер, солодтан жасалған сусындар және қуырылған тағамдар басты ұсыныста болды. Алтын әріптерден жазылған саудалық маркасы дәмханалардың жақында орналасқын МакДональд отбасы ойластырған, брендтің имиджіне үлкен роль атқарар еді. Уақыт өте олардың бизнесі үлкейді және де ағайындылар Калифорнияда да 7 дәмхана аты. 1954 ж. McDonalds шағын дәмханалар жүйесі Рэй Крокты қызықтыра бастады. Крок сүт өнімдерін сататын теңізші болған. Оның McDonalds-ті сатып алуға ақшасы жеткілікті болды. McDonalds-тің қандай жолмен аса өріге айналғанын түсіну үшін, Рэй Кроктың қандай адам екенін түсіну керек. Крок ақшаны және оны жұмсауды ұнататын адам болған. Кейде оның пресс конференцияларда өзін соңғы иемденген заттарын, яғни, қайық, араб желісін және де фермерлердің мүйізді ірі қараларын мқтағысы келетін. Қысқасы, ол өз бәсекелестеріне өте агрессивті болды. Бірде ол-«Егерде мен бәсекелестің батып бара жатқанын көрсем, онда мен оның тамағына тірі ызаланған атты салар едім»-деп мойындады. Крок, әрине, бизнесте қабілеттілікті иемденді. Әр ыңғайлы кезде ол Фордтың өнеркәсібіне сүйенді. Крок сәттіліктің бір ғана формуласына сүйімді болды, ол «Сапа-клиентке ұсынылатын қызтеттің тазалығында» деп есептеген. 1967 жылдан бастап Крок әлем бойынша халықаралық дәмханалар жүйесін ашты. Сөйтіп өзінің жергілікті бәсекелестерін озды. 1990 ж. McDonalds көптеген мемлекеттерде үйреншіті көрініске айналды. McDonalds бренді тіпті Мәскеуде де бар, адамдар бұл компанияның дәмханасында тамақтану үшін үлкен кезекте тұрады. Әлем бойынша кеңейтілгеннен соң Крок және оның көмекшілері өздерінің өндірісінің төмендеуін байқады. Әрі қарай не істеукеректігін ойластырды. 1990 ж. бренд үшін сынақтан өту жылы болды. Компанияның географиялық кенеюі енді мүмкін болмағандықтан, басшылық менюіндегі ассортиментті кеңейтуді шешті. Алғашында компания менюінде 11 тағам кіретін. 1990 ж. ол тағам саны 70 дейін өсті және де клиентке қалаған тағамын таңдау үшін 20 минут берілді. Келесі бір ауыртпашылық-ол АҚШ-та жергілікті семіздіктің дамуы байқалды. Сол уақытта менюдің әр түрлілігіне байланысты McDonalds-ке келушілер саны жоғарлады. Фирмалық жүйеге дәмді тағамдану үшін келген клиенттер, енді сот арқылы компанияға салмақтарының жоғарылауы жөнінде компанияға шағыт түсіре бастады. Қазіргі таңда семіздік халықаралық кризиске айналды. Халықаралық денсаулық сақтау ұйымдары айтуы бойынша, семіздік планета бойынша жас ұрпақтың ең басты мәселесі және олардың денсаулығының төмендеуіне әкеледі, ол батыс елдері бұл тізімде ең бірінші тұр. McDonalds семіздік жөніндегі дебат талқылады. Компанияның тағамдарын жеміс майында дайындауын тоқтағанын сынады. Кейін компанияны балаларға жарнамалауды және оның жарнамалық белгісін мектеп тауары қосуы жөнінде айыптады. Алайда ең бастысы McDonalds компаниясын оның сатылымдағы тағамдарының үлкен көлемі үшін айыптады. Тағамның бұндай көлемі жөніндегі ой компанияның басшыларының бірі Дэвид Валлерштайнға бастапқысынан жатқызылды. Грег Кристер өзінің «Толық адамдар әлемі» кітабында тағамдардың ауқымды көлемінің себебін түсіндіреді. 1970 ж. ортасынан бастап McDonalds (компаниясында жұмыс істей бастап, Валлерштайн үлкен мәселемен қақтығысты: клиенттер өз қалтасының қарқысын жиі есептей бастап, дәмханаларға анда-санда келе бастады. Ең сарақысы, дәмханаға келген кезде клиент кішігірім соса-cola сусыны мен гамбургер, немесе кейде тек гамбургер сатып алатын. Соның салдарынан ешқандай таза табыс болмайтын. Қандай жолмен клиенттерге қымбат тағамдарды алғызуға болатын. Тағамдарды үлкен көлемді пакеттегі жартылай фабрикаттарды алғашында болды. Ф. Лованың «McDonalds қақпасының арғы жақ өмірі» кітабында екі ойдың түсініспеушілік жолында жазды. Крок бұл ойдын мәнін мүлдем түсінбеді. «Егерде, адамдар үлкен көлемде тағамдарды жегісі келсе, олар 2 пакет сатып алуы блады» деді. Валлерштайн бұл сұраққа «Рэй, ол 2 пакет жегісі келмейді, себебі олар жалмазар болып көрінісі келмейді» деп жауап берді. Алайда Кроктың бұл ойға деген күмәні тоқтаған жоқ. Валлеоштайн өз ұсынысы бойынша тұтынушы-мінез құлқына зерттеу жүргізгенде ғана. Крок бұл стратегияның тиімдігіне көзі жетіп, компания кірісі қайта жоғарылай бастады. Біржағынан компанияның суперкөлемді тағамдары жақсы табыс екінші жағынан McDonalds тағамдары пайдалы емес, тек ақша табу үшін жұмыс ұстейтін компанияға айналды. Крок американдықтардың көпшілігі cиыр етін жақсы көретініне сенімді болды. Мүмкін алайда АҚШ-та және де әлем бойынша вегетариандық тағамның пайдасы жөнінде ой қалыптсаты. Гарвардтың бизнес-мектептің профессоры Дэвид Аптон ВВС-дің Money Programme-ге: «Компанияның өзінің көлемі шегіне жетті. Әрі қарай жаңа жаңалықтар ашуы мүмкін емес.» деген ұсыныс берді. Interbrand-ң басшысы Рита Клифтон: «Егерде ең күшті гамбургерді өндіруде жаңа өзгеріс енгізбесе, компания құлдырауға ұшырайды» деп есептейді. Гамбургерді дайындаудан тыс шығу оңай емес. McDonalds крмпаниясы инновацияларды ендірумен ешқашан айналыспаған. Вегеториандық пайдалы тағамды дайындау мүмкіндігі компанияға ешқандай нәтиже әкелмеді. Компанияның жағымсыз істерінің бірі қоршаған ортаның брендті теріс қабылдаумен болды. Бұл іс-әрекет McLidel Trial компаниясымен антиглоболистер қатысуымен өршікті. Сонымен қатар бәсекелестін мәселесі қарастырылады. Көптеген жылдар бойы McDonalds-тің ең басты бәсекелесі болып Burger King компаниясы болып табылады. Қазіргі танда компания үшін бәсеке проблемасы басқаша көрініс табады. Профессор Дэвид Аптонның айтуы бойынша «McDonalds компаниясы модернизацияны жүогізгенге дейін басқа адамдар тез орындайды». Профессордың басқа адамдар ойымен Subway брендін мысал етті. Ол кезде бұл бренд әрі пайдалы тағамды дайындау үшін үлкен имиджде болатын. Көптеген эксперттің ойынша сэндвичті дайындау жүйелері McDonalds басты қауіпі болып табылады. Бұған қарамастан McDonalds-та Еуропадағы өзінің бәсекелестерін озу үшін жаңа тактика ойластырды. Мысалы: компания 2000-нан астам дәмханаларын ашуға тырысады. Компания өзінің бәсекелестерін қарастыра отырып, қазіргі танда компанияның болашағын алдын-ала болжау қиын. Егер, мысалы компания өзінің менюін өзгертпей өздерінін клиенттерін олардың тағамдарының пайдалы екендігі жөнінде акция жүргізсе, онда болашақта олар халыққа сапасыз тағамдарды таратуын имиджіне ие болады. Мұндай жолмен темекі өнімін өндіретін ірі Philip Morris компаниясы жұмыс істей бастады. XXI ғасырда өмір сүру үшін компанияларға әртүрлі жаңартуларды еңгізу керектілігін көпшілік қолдайды. Басқада сияқты McDonalds өзінің сәтті өсуінің арқасында құрбаны болды. Бірде Кроктың байқауы бойынша: «Дамып келе жатқан кезде сіз өсесіз, піскіп-жетілгеннен кейін, шірисіз». Бұл байқау McDonalds үшін анық болып отырады. Фамильярдық. Фамильярдық талқылау туғызады, бірақ-ол да ыңғайлылыққа айналуы мүмкін. McDonalds табысқа қол жетуі адамдар, компаниядан не күтуі керектігін анық білетін: сервис пен дәмханалар тазалығы. Мақтаныш. Крок өз компаниясымен де, оны қалай құрылысынан да мақтан тұтатын.Ол жайлы: «Гамбургерлерге деген әдемілікті байқау үшін адамның ақыл-ойы, қабілеті жоғары болу керек». Көздегенінен қайтпаушылық. Крок ешқашан амбициясын жоғалтқан емес. Өзі айтқанынан қайтпаушылық пен белгілі бір мәселелерді қабылдай білу қабілетті Крокты әрқашан да күштілік қасиетке әкеледі. McDonalds-әлемдегі алдыңғы қатарлы бөлшектеп сатудағы кәсіпорынның бірі. Компанияның әлемнің 119 мемлекеттерінде 30000 астам дәмханалар бар. Күніне McDonalds 47 миллионнан астам адамдарға қызмет көрсетеді. Nokia. Nokia: бренд, мультимедиялық өнімді шығаруға келген. Бүгінгі танда Nokia-тұтынушыларды негізін қалаушы Фредрик Идестам Оңтүстік Финляндияда тұрған, өзінің телекоммуникационды және бейне технологиямен к65 жылы компания ең алғаш қағаз шығаруда жұмыс істей бастады.(Nokia-ң тобына ол 1965 жылы қосылды.) Оның өндірісін арнайы құралған мельницада орналастырды. Өзінің ұзақ тарихында компания өз қызметін әртүрлі өндірістік салаларда және сол сияқты қағаз, резиналарды, химиялық заттарды, электроника өндірумен және де телекоммуникациялық құралдарды компания 1960 жылы бастады. Ол жұмысын ол жартылай өткізім технологияларды шығарудан бастады. 1980 жылдың соңында Европада информациялық технология жағында ірі провандер және телевизиондық өндіруші жағынан 3-ші орынды алады. Бренд әртүрлі нарықтық категориядағы тауарларды өркендегендіктен, тұтынушы оны әртүрлілігіне байланысты танымай алмады. 1990 жылы экономикалық құлдыраудың әсерінен Nokia компаниясына күрделі мәселе болып есептелді. 1992 жылы компанияға жаңа президент Йорма Олилла келді. Ол нарықтық категория тауардың бір түрінің шығаруында тоқталды. Осылай телекоммуникация нарығы жаңа қадаммен жұмысын бастады. Бұл шешім тәуекелді болды. Бірақ, компанияның бұл шешімі ақталып, мультимедиялық өнімді өндіруде бүкіл әлемге әгілі етті. Қазіргі таңда Nokia ұялы құрылысы бойынша әлемдік нарықтың үштен бір бөлігін менгеріп, европалық нарығының 50 пайызын иемденіп отыр. Компания мультимедиялық құрылыстар мен келесі ұрпақтың телефондарын зерттеуде жетекші болып санала бастады. Сонымен қоса Nokia ұялы телефондарды шығару көлемі жағынан жоғарғы көрсеткіштер көрсетуде. Бұл компанияның осы нарық түрінде алда келе жатқандығының белгісі. Көлемі. 1990 жылы Nokia өз өндіруін бастағанда, ол сол кезде үлкен көлемге қол жеткізген. Ұялы өнімдерді шығарушылар бағалық бәсекеде қатысқандықтан, Nokia өнімі үлкен артықшылықта болды. Концентрация. Nokia басшылығы тауар нарығында көп жылдар бойы әр түрлі нарықта өнім шығаруды тоқтатып, бір ғана нарық категориясына көшу, үлкен ерлік қадам болды. Осының арқасында Nokia алдыңғы әлемдік брендтардың бірі. 2002 жылы Nokia халықаралық ең алдағы жүз лидерлердің брендіне кірді. Соның арқасында ол АҚШ-та жасалған глобальді марка болып танылды. Абу-Даби (әмірлік). Абу-Даби — Біріккен Араб Әмірліктерінің ең ірі әмірлігі. Бас қаласы — Абу-Даби. Ауданы 67340 км². Жұрты 1800 мың адам (2007). Әмірлік батысы мен оңтүстігінде Сауыд Арабиясыме, оңтүстікөшығысында Оманмен шығысында Дубаймен шекараласады. Абу-Даби мемлекеттің 70% ВВП страны. Абу-Даби (қала). Абу́-Да́би (, «гәзел әкесі») — Біріккен Араб Әмірліктері мен Абу-Даби әмірлігінің Ел ордасы. Жұрты — 1 463 491 адам (2007). Жетпісбаев, Арман Шәріпбайұлы. Жетпісба́ев Арма́н Шәріпба́йұлы () — Шымкент қаласының әкімі. Өмірбаяны. Арман Жетпісбаев 1971 жылы 24 сәуірде Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Куйбышев селосында туылған. 1993 жылы Қазақ-химия технология институтын «өнеркәсіп және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша «инженер-құрылысшы» біліктілігін. 2002 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономика институтын «қаржы және несие» мамандығы бойынша «экономист» біліктілігін игерген. 1992 жылдан бастап 1999 жылғы шілдеге дейін түрлі коммерциялық құрылымдарда жұмыс атқарған. 1999 жылдың шілдесінен 2000 жылдың сәуірі аралығы "Казкоммерцбанк" АҚ-ның Шымкент қаласының филиалы директорының орынбасары. 2002-2003 жылдары «Казкоммерцбанк» АҚ-ның Қызылорда қаласы филиалының директоры, «Қазкоммерцбанк» АҚ басқармасы төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. 2003-2005 жылдары «Корпорация ARNA» ААҚ-ның атқарушы директоры, кейін «Корпорация ARNA» ААҚ басқармасының төрағасы болып сайланды. 2005-2006 жылдары «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақ (АЭА) дирекциясы мемлекеттік мекемесінің директоры. 2006-2008 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2008 жылдың ақпан айынан бастап Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалды. Нұра ауданы (Қарағанды облысы). Нұра ауданы - Қарағанды облысының солтүстік-батысындағы әкімшілік бөлік. 1928 жылы қыркүйек айында Қаз ССР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен құрылған. 1923-1928 жылдары Ақмола уезінің Нұра болысы болып аталған. Жер аумағы 46,3 мың шаршы метр. Тұрғыны 32,6 мың адам. Нұра ауданында 2 кент, 25 ауылдық округ, 198 ауылдық елді мекен бар. Орталығы Киевка кенті. Нұра ауданы Сарыарқаның батыс бөлігінде, қуаң дала және шөлейт белдемдерінде орналасқан. Жерінің орташа биіктігі 300-6000 метрден аспайтын бел-белесті, төбелі ұсақ, шоқылы болыпкеледі. Солтүстігіндегі Теңіз-Қорғалжын ойысына қарай бірте-бірте аласара береді. Жер қойнауында тас көмір, темір, марганец, мыс, қорғасын, мырыш, алтын, күміс, вермикулит, висмут, құрылыс материалдары кездеседі. Климаты континенттік, қысы ұзақ, суық, қары аз (20 см). Қаңтар айының орташа температурасы-16-17 С. Жазы қоңыржай ыстық, қуаң. Шілденің орташа температурасы-22 С. Жылдық жауын-шашынның мөлшері 250-350 мм. Аудан жерімен Нұра, Құланөтпес, Қыпшақ, Керей, Көң өзендері және олардың көптеген салалары ағады. Үлкен көлдері: Қыпшақ (Әжібек соры), Керей, Шошқакөл, Тассуат, Саумалкөл, Ащысор, Жалпақсор, Жалтыркөл, Изенді, Қырауқамыс, Қаратай, т.б. Солүстік бөлігінің топырағы сортаң және карбонатты қызғылт қоныр, қоныр болып келеді. Оңтүстік бөлігінде нашар дамыған қиыршықтасты сортаңды бозғылт қоныр топырақ қалыптасқан. Нұра өзенінің аңғарында шалғындық топырақ кездеседі. Солтүстігінде итмұрын, қараған, тобылғы, қылқанбоз және тарақ селеу, бетеге, сұлыбас, жусан және қуаң дала белдеміне тән шөптер өседі; оңтүстік бөлігінде қара жусан, көкпек, бұйырғын және шөлейтбелдемге бейімделген өсімдіктер басым. Өзен аңғарында, көл жағаларында әр түрлі шөптер мен астық тұқымдас өсімдіктер, қамыс, қоға өседі. Жабайы жануарлардан ақ бөкен, арқар, елік, қасқыр, түлкі, қарсақ, борсық, ақ қоян, суыр, ақкіс, сасық күзен, атжалман, сарышұнақ, шақылдақ тышқан кездеседі. Өзен, көл маңында жабайы шошқа, ондатр, құстардан құр, тырна, дуадақ, үйрек, қаз, т.б. су құстары мекендейді. Көлдерінде мөңке, оңғақ, лақа, торта, шортан, алабұға, аққайран т.б. балықтар бар. Ауданда негізінен қазақтар (67,4%), орыстар (14,6%), украиндар (6,4%), белорустер (1,9%), немістер (5,7%), т.б. ұлт өкілдері (3,9%) тұрады. Облыс құрамына алғашқылардың бірі болып енгендіктен, Нұра ауданы оның үлкен отауы саналады. Сол кез 3450 жеке шаруашылық 32 колхозға біріктіріліп, ашаршылықтан күйзелген жұрттың жағдайын түзетуге бет алынған шақ еді. Осы орайда аудан орталығына айналған Кертінді ауылының Казгородок аталуының да тарихи себебі бар деуге болады. Бұрын Есен, Құланөтпес, Нұра; Құндызды өзендері аралықтарындағы байтақ өлкеде бөлек- бөлек отырған ауылдар бір жерге қондырылып, киіз үйлерден құралған қалашық жасалыпты. «Казгородок» аталуы да соған байланысты болған. Қазір байырғы жер атымен аталады. Ал кейіннен аудан орталығы Киевка селосына көшіріліп, содан бері сол мәртебесін сақтап келеді. Астананың түбіндегі Ахмет ауылынан басталып, Жаңаарқа, Ұлытау, Қорғалжынмен шектесіп жатқан аймақтың атақ-даңқы алысқа аян екенін айтуға болады. Бұл ретте «Ел ұлсыз болмас, жер гүлсіз болмас» дегендей, ең алдымен Қайып Айнабеков, Абдолла Асылбеков, Сәйділ Талжанов, Бүркіт Ысқақов, Кәрім Мыңбаев, Сауық Тәкежанов, Мүтәш Сүлейменов сынды қазақ халқының ардақты азаматтары қатарындағылар есімдері мақтаныш тұтылады. Нұра жерінде жас Сәкен Сейфуллиннің оқытушылық қызметі басталғаны, аяулы жары Гүлбәһрамды осы елден қалағаны өлке тарихының жарқын бір беті. деп жырлағанындай, топырағы құнарлы, суы мол, жазық далалы болып келетін аймақ ертеде түлік түрлерін мыңғыртуға қолайлы болса, бертінде егін шаруашылығын қалыптастырып дамыту бағытына бұрылды. Бүгінде 206 мың гектар жерге дән себілетін, содан миллиондаған пұт өнім өндірілетін облыстағы, қала берді елдегі астықты аудандардың бірі қатарында. Нұра ауданы Қарағанды облысының батысында орналасқан, қойнауы пайдалы қазбаларға өте бай. Іргесін 1903 жылы Украинадан қоныс аударған шаруалар қалаған. Нұра ауданы, яғни өзімнің туған өлкемнің топырағы, өсімдігі мен жануарлар дүниесі, табиғат жағдайы мен сарқылмас қорының шаруашылықтағы бағасымен мәнімен танысып, тиімді түрде пайдаланудың және өз жерінің табиғи байлығын қорғаудың маңызы зор. Атақты орыс жазушысы Михаил Пришвиннің сөзімен айтқанда: «Балыққа су, құсқа ауа, жан-жануарға орман, дала, тау керек. Ал адамға Отан қажет». Аудан ауыл шаруашылық бағытты. Осы күнгі саяси-әлеуметтік және экономикалық қауырт даму жергілікті жердің табиғат байлықтарына сүйенеді. Сондықтан оны үтымды пайдалану мен қорғау ісін қатар жүргізу қажет. Түпкі мақсат-табиғаты қатаң Қарағанды облысында түратын халықтың әл-ауқатын, материалдық және рухани талабын қанағаттандыру. Ертеден тарихи қалыптасқан экологиялық үйлесімді шаруашылық салаларын дамыту керек. Бүл шаралар ауданның табиғатын тану мен зерттеуді талап етеді. Ауаның, судың сапасы зиянды заттардың қосылуынан нашарлап, адамдардың денсаулығына зиян тигізуде. Сондықтан бүгінгі таңда адам экологиясы барлық экологиялық мәселелер ішіндегі ең өзектісі болып отыр. Осындай табиғи ортадағы сан алуан қүбылыстар мен өзгерістерді білгіміз келсе, жергілікті жер, туған өлкеміздің физикалық және экономикалық географиясы егжей-тегжейлі оқып-үйренуіміз керек. Дипломдық жүмысым III бөлімнен түрады. I Бөлімде Нүра ауданының физикалық-географиялық жағдайына, оның ішінде геологиясына, жер бедеріне, пайдалы қазбаларына, су қорларына, топырақ жамылғысына, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне сипаттама беріледі. II Бөлімде ауданның қүрылу, қалыптасу тарихына тоқтаймын. III Бөлімде экологиялық жағдайына, оның ішінде атмосфераның, судың, жер ресурстарының ластануы жағдайлары сипатталынады. Адамның шаруашылық әрекетінен өзгеріске үшыраған табиғат пен келеңсіз қүбылыстарға тоқталып, оның алдын-алу жолдарын қарастырдым. Жұмыстың мақсаты: Нұра ауданының табиғатын тану, зерттеу. Жұмыстың міндеті: Зерттеу жүргізу, пайдалы қазындылар іздеу, өзен, көл, өсімдік, топырақ микроклиматтарды ауыл шаруашылығында пайдалану мақсатында оқып, үйрену, карталар жасау, материалдар мен әдебиеттерді қолдана отырып, алға қойған мақсатыма жету. I Бөлім. Нүра ауданына физикалық-географиялық сипаттама. Географиялық орны. Нұра ауданы Қарағанды қаласының солтүстік-батысында 160 км. Үлкен Құндызды өзені сағасының оң жағына орналасқан. Нүра ауданы Сарыарқаның орта түсында, қүрғақ дала зонасында орналасқан. Орталығы Киевка қалалық типті поселкесі. Солтүстік-батысында Мүзбел (503 м), оңтүстігінде Найза (633 м) таулары бар. Ауданның барлық жасыл желегі адам қолымен отырғызылған. Ауданды жоспарлы түрде көгалдандыру жүмысы әлі де жүргізілуде. Аймақ ғалымдары табиғатты қорғауды жақсартудың нақты шаралары мен қатар жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерінің толық тізімін жасап, олардың мекен ететін ортасы көрсетілген карталар қүрастырылуда, өсімдік, жануарлар түрлерінің санын анықтап, «Қызыл кітапқа» енгізілген объектілерінің жай-жағдайын бақылау жүргізуде. Аудан халқы көп үлтты, қазақтардан басқа мүнда - орыстар, украиндар, немістер, татарлар, белорустар, корейлер, поляктар, мордвалар, башқүрттар тағы басқа үлттың өкілдері бар. Неғүрлым көбірек таралған тіл қазақ және орыс тілдері. Қазіргі кезде халық саны үдайы өсіп келеді, көп балалы отбасылар саны артып келеді. Геологиялық және геомормологиялык кұрылымы. Нүра ауданының геологиялық қүрылысына оның үзақ даму тарихы әсер етеді. Алуан түрлі бедер пішІндерін әр түрлі жастағы тау жыныстары қүрайды. Ең ежелгі кембрийге дейінгі (архей, лротерезой) тау жыныстары: гнейс, кристалды тақтатастар, кварц, мрамор және гранитоидтар - шөгІнді кабатпен жабылмаған, деңес жерлерде кездеседі. Полеозой жыныстары барлык жерінде кездеседі: олар күрамына карай төгілмелі (интрузивтік), жанартаулық шөгінді (эффузивтік) және теңіздік болып бөлінеді. Ерте және кейінгі полеозоидың төгілмелі тау жыныстары Арқа жеріндегі аласа таулар мен биік шоқыларда жалаңаштанып, жер бетіне шығып жатыр. Мезозой жыныстары өте сирек ксздеседі. Мезозой жыныстарына қарағанда кайнозой заманының шөгінділері жиі кездеседі. Олар жасына қарай палеогендік, неогендік және төрттік шөгінділер деп бөлІнеді. Төрттік антропогендік шөгінділер көбінесе бедердің теріс, ойыс жерлерінде, өзен аңғарлары мен көлдердің қазан шұңқырларында жиналған (Қосымша №1). Нұра ауданы территориясы коледон және герцин қүрылымдарын қамтитын полеозойдының ортаңғы бөлігінде орналасқан. Бүл қүрылымдар түрлі күрамды күмтас, әктас, кварцит, жаңғыш тақтатас, вулканиттерден түзілген. әр түрлі бағыттағы жарылыстары мен опырылыстары бар интрузиялар жыныстарды қатпарлыққа жаншып, қиып өткен. Геологиялық қүрылымдар ішІнде егжей-тегжейлі зерттелғені ендік бағытка жақын созылып жатқан Қарағанды синклинорлы. Жер бедері, пайдалы қазбалары, қоры, орналасуы. Нұра ауданының жерінің орташа биіктігі 400-600 метрден аспайтын белесті,төбелі, ұсақ, шоқылы жазық. Шығыс бөлігі көтеріңкі, батыс жағы Теңіз-Қорғалжын ойысына қарай бірте-бірте аласара береді. Солтүстік бөлігінің жері сортаң және корбонатты қаракоңыр, қоңыр және сортаң (Қүланөтпес өңірінің бойында), Нұра өңірінің аңғарында шалғындық топырақ кездеседі. Аудан жерлерінде тас көмір, күрылыс материалдары кездеседі. Қосымша №6. Ауданының территорисы орография бойынша шартты түрде Аккүдық шоқы Нұра ауданының орталық бөлігінде, Кенжарық селосынан солтүстік-батысқа қарай 20 км, Сасықкөлден шығысқа қарай 7 км жерде. Биіктігі 404 м, ұзындығы 1-1,5 км, еңі 0,5-10 км. Беткейлері жайпақ. Ақтасты шоқы. Нұра ауданының оңтүстігінде, Құланөтпес өзенінің сол жағалауында, Шошқакөлден шығысқа қарай 40 км жерде. Ең биік жері 573 м. Беткейлері жайпақ. Солтүстік батыстан оңтүстік шығысқа қарай созылады., ені 2-3 км. Амантау, тау солтүстікте - Жартас тауы, биіктігі 572 м, шығыста Найза тауы - биіктігі 633 м. Нұра ауданының оңтүстігінде, Шошқакөл көлінің солтүстігінен 10-15 км жерде орналасқан. Солтүстік батыстан оңтүстік шығысқа қарай 30 км қашықтыққа доға тәрізденіп созылып жатыр, ендірек бөлігі 7-8 км. Беткейлер тау аралық өзен аңғарларымен күшті тілімделген. Солтүстік беткейінен - Ақтасты өзені, оңтүстік беткейінен - Саналы өзені ағып жатыр және оның көптеген салалары бастау алады. Карбон жыныстарынан және девон гранитоидтерінен түзілген. Қызыл, қоңыр, бөз топырағында тал-шілік аралас дала өсімдіктері тау-жусан өседі. Табиғи климатгық жағдайы және жер қоры. Климат жер бедерінің калыптасуына, топырактың түзілуіне, ішкі судың таралуы мен ағысының реттелуіне (режиміне), өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігіне үлкен ықпал жасайды. Жергілікті жер ауа райы ауыл шаруашылығының дамуына, өнеркәсіп пен жол қатынас жүйелерін салғанда да ескеріледі. Климаты тым континенттік. 0 Қаңтар айының орташа температурасы 16-17 С, 0 шілдені 20-21 С, Жылдық жауын-шашын мөлшері 250-300 мм, 350 мм. Вегетациялық кезең 160-170 күн. Климаттың қалыптасуына климат түзуші факторлар ыкпал етеді. Күн сәулесінің жер бетіне түсіретін жарығы, одан бөлінетін жылу мөлшері климатты қалыптастырудағы негізгі фактор болып саналады. Жылу мен жарық - ауа мен су қабатында өсімдіктер мен жануарлардьщ тіршілігінде болып жататын барлык процестердің басты себепкері. Агроклиматтық жағдайы ерте себілетін жаздық дәнді дақылдар, қарақұмық, капуста, картоп, қияр өсіруге қолайлы. Ауданның көртеген шаруашыльқтары мал шаруашылығы және егіншілікпен шүғылданады. Қоңыржай жылы, үсақ шоқылы - қуаң аудан Сарыарқаның неғүрлым аласа бөлігін қамтиды. Су қорлары және ішкі сулары. Аудан жерімен Нұра, Құланөтпес, Үлкен Құндызды т.б. өзендері ағады. Ауданда 564 көл бар (олардың жалпы ауданы 206 км. Үлкен көлдері суы ащы Шошқакөл, Тассуат, Құлтансор, Құмкөл, Қаратай, Өстемір сияқты көлдер бар. Суы тұщы кішігірім көлдер де үшырайды. «Нұра» атауы жөнінде де тиянақты пікір жоқтың қасы. Монғол тілінде: «Нураа» тұлғалы сөз - құлау, бұзылу, ал қалмақша: «Нұрх - опырылып құлап түсу» мағыналарында көрінсе, тунгус- маньчжур тілдерінің бірІнде -«Нура» - «тік жар, құлама жар» деген ұғым береді. Өздеріңіз байқап отырғандай, «Нұра» сөзі көбіне өзенмен, оның тасыған кезде арна жағасын қүлатуы, бұзылуы, осы әрекеттер нәтижесінде пайда болатын өзен жағалауындағы жармен байланысты екен. Осы деректерді ойымызға арқау ете отырып, Нұра өзенінің тұңғыш мағынасы - «жарлы өзен» болуға тиіс деген жорамал жасаймыз. Нұра өзені - Қарағанды, Ақмола облыстарьшың л<ері арқылы ағатын езен. Ұзындығы 978 км., су жиналатын арқабы 55100 км2. Өзен Сарыаркадағы Қарқаралы тауының бат. сілемдеріндегі бұлақтардан басталып, Теңіз көліне құяды. Аңғары жоғары, орта ағыстарында 1,0-1,5 км, сағасына жақындағанда 10 км-ға кеңейеді. Қорғалжын с-нан төмен жайылмасы 100-200 м-ге дейін тарылады. Жағасы тік жарлы 4-8 м, кей жерінде биіктік 11-12 м- ге жетеді. Жылдық орташа су шығыны Астана қаласы тұсында 14,2 м3/сек. Жер асты, жауын- шашын суымен қоректенеді. Басты салалары - Ащысу, Шерубайнүрсі, Үлкен - құндызды. Қарағанды облысында өзен бойынан Самарқан және Самар бөгендері салынған. Біріншісі Қарағанды, Теміртау қалаларындағы өнеркәсіп орындарын сумен қамтамасыз етедІ. Ақмола облысының жерінде шабындықты келдетіп суару үшін Щалқар, Кеңбидайық, Ленин жолы, Қожа мола, Қорғалжын бөгеттері жасалған. Нүра облыстағы ірі өзен Теңіз көлінің алабына жатады және осы көлге қүяды. Басын Ханқашты тауының оңтүстік - батыс сілемінен алады. Нүра алабында үзындығы 10 км - ден асатын 200 - дей өзен, оның ішінде (км. Есебімен): Шерубайнүра 268, Үлкен Қүндызды 113, Байкожа 99, Ащысу 90, Есен 85, Ақбастау 82, Матақ 53, Түзды - 50, Шилі 50 сияқты ірі салалар бар. Өнеркәсіп орталыктарын сумен қамтамасыз ету үшін өзенге 7 бөгет пен бөген салынған, оның елеулісі Самарқан бөгені, Нүра өзенінің үстімен 10 көпір салынған. Нүра ағатын жер беті аласа шоқылардан жазық өңірге үласады, кей түсы батпақты келеді. Нүраның су жайылмасында шалғын шөп өседі, елді мекендерге таяу бау-бақша дақылдары егілген; жағаны бойлай тал, итмүрын өседі. Орташа су шығыны 19,3 м3/с. Нүрасуының деңгейі мен шығыны күрт ауытқып отырады. Жоғары және орта ағысында су сәуірдің орта шенінде, төмендегі ағысында мамырда тасып, 1,5 айдан 3,5 айға созылады, бүл кезеңдеғі судың тереңдігі 3,1 м (Ульянов ауданының Пролетар селосы түсында). Қарашада мүз қатып, сәуірде сең жүреді, шілдеде тайыздайды. Шортан, алабүға, табан, лақа, қарабалық, шабақ т. б. балықтар бар. Нүра суы Қарағанды және Теміртау маңында қүйылатын өнеркәсіп қалдықтарынан комплексті тазартуды қажет етеді. Топырақ жамылғысы, өсімдіктер және жануарлар дүниесі. Нұра ауданының солтүстік бөлігінің жері сортан және карбонатты қарақоңыр, қоңыр болып келеді. Оңтүстік бөлігінде ашык қоңыр және сортаң; Нұра өзенінің аңғарында шалғындық топырак кездеседі. Ауданның топырақ жамылғысының өзіндік ерекшеліктері бар. Жұқа қабатты, қарашірігі аз, қиыршық тасты, қүрамында суға тез еритін түздары көп болғандықтан, сортаңды келеді. Топырақ қиыршық тасты болғандықтан, бойында ылғалды үзақ үстап түра алмайды. Ол жер астына сіңеді, не тез буланып кетеді. Сондықтан қарашірік жасайтын шіру процесінің жүргізуіне қажетті ылғал жетіспейді. Булану көп болғандықтан, түз топырақтың жоғары қабатында (горизонтына) көтеріледі де, сорға айналады. Өсімдіктер дүниесінің өсімдік аймақтық ерекшеліктері бар: өсімдіктер жамылғысы сирек, қүрғақшылыққа төзімді. Ылғалдың аз болуына байланысты өсімдіктер ылғалды «үнемдеп жүмсауға» бейімделеді. Өсімдіктердің тамыры жетілген, буландыратын жапырақтары жалпақ емес, таспатәрізді жіңішке не тікенекті болып келеді. Дүние жүзіндегі қүрғақ аймақтарда өсімдік түрлері жазықпен салыстырғанда тауларда бай болады. Өсімдік жамылғысының ендік бағытындағы географиялық таралуы шөптесінді өсімдіктерден көрінеді. Астық түқымдастарынан селеу, боз, кәдімгібетеге, жуашақты қоңырбас, қылтықсыз қызылот, сабалақ, төскей т.б. өседі. Солтүстігінде негізінен бетеге, қылқан селеу, сүлыбас, жусан, оңтүстік бөлігінде итмүрын, тобылғы, караған, қамыс, бетеге, селеу, жусан т.б. өсімдІктер өседі. ¥сақ шоқылар беткейлеріндегі жусанды-бетегелі өсімдіктер обыи бетеге және жусанның түрлері (шренк жусаны, майқара, тамыр жусан) қүрайды. Шоқылар арасындағы ойпаңдар баурайында қараған, тобылғы аралас әседі. Маусымдық өзгеріс айқын білінеді. Ерте көктемде (топырақта ылғал барда) өсімдік каулап өседі. Жазға қарай қурайды. Күзде ыстық басылып, жаңбыр қайта жауғанда, біраз өсімдіктер көгеріп, қайта көтеріледі. Көп - жылдық түрлерден: тырсық, бетеге, боз, тарақ бидайығы, жусандардан - сирек бас, сүр жусан, соранды жерлерде - соран, қара жусан, сортаңды бүйырғын, көкпек, итсиген басым. Өзен аңғарларында шалғынды - сортаңды топырақта акмамық түрлері, им мен су оты өседі. Құмды шөлдер өсімдік түрлеріне бай. Бүл жерлерде шөптесінді өсімдіктер, бүталар мен ағаштар еседі. Мысалы, ақ сексеуіл, қүм қарағаны, жүзгендердің бірнеше түрлері, жыңғылдар, қылша, көпжылдық өсімдіктерден қияқ, өлең, еркекшөп, т.б. өседі. Қүмды төбелер арасындағы ойпаң жерлерге ылғал сүйгіш жиде тал, қүрақ өседі. Қүмды жерде өсімдІктердің көп өсуі, онын ылғалды тез сіңіріп алып, оны бойында үстап түру және аз буландыру кабілетіне байланысты. Сазды шелдерде сүр және қара жусандар басым. Сортаңға- бүйырғын, көкпек, сарсазан, ақсораңдар, бүзаубас сораңдар тән. Тасты шөлде есімдік жамылғысы өте сирек жусандар мен сорандардан (көкпек, сүр жусан, ағаш тәрізді сораңдар) түрады. Бүталардан жиі өсетіні - қараған, тобылғы долана, итмұрындар өзен суының тартылуына байланысты аңғарлар күрғап, ағаш- бүталар жағдайлары нашарлап кетті. Ауданның табиғи жағдайлары біркелкі болмағандықтан, жануарлары да әр түрлі жергілікті жердің табиғатына әбден бейімделген жануарлар тіршілік етеді. Жабайы аңдар мен қүстар сусың қүрғақ жазға, сирек әрі аласа шөптесінге әбден жерсінген. ДенелерінІң сары, қызғылт, сүр түстері күнге күйген шөл даладан ешбір ерекшеленбейді. Көпшілік аңдары, тіпті күстары да ін казып тіршілік етеді. Күннің аптап ыстығынан індеріне тығылып жан сақтайды. Кешке қарай салқын түскенде және түнде ғана белсенді кимыл-әрекет тіршілікке көшеді. Жабайы жануарлардан бөкен, түлкі, қасқыр, байбақсуыр, сұрсуыр, қүстардан қүр, тырна, дуадақ, су қүстары, көл жағаларында камыстарда жабайы шошқа, ондатра мекендейді. Өзендерінде мөңке, шортан, алабұға, аққайран, табан, лақа, қарабалық, шабаңтағы басқа балықтар бар. Аудан жануарлар дүниесінің ішІнде түрІ мен саны жағынан көп кездесетін кеміргіштер отрядының өкілдері: даланың шақылдақ тышқаны, үлкен кІші қосаяқтар, кәдімгі аламан, көртышқан тағы басқалар мекендейді. Саршүнақтардың үш түрі тараған. Бауырымен жорғалаушылардың (кесірткелер, жыландар, тасбақалар, т.б.) түрлері өте жиІ кездеседі. Аудан жерлерІнде орныккан кеміргіштер, қояндар, тиін тәрізділер және түяқтылар отрядының өкілдері осындағы жыртқыштардың негізгі корегі. Жыртқыш аңдардан тіршілік ететін түрлері: қасқыр, түлкі, қарсақ, күзендер (сасық күзен, жіңішке ақтамақ күзен). Жылдың жылы маусымында көлдер мен сирек батпақты аймақтарда үйректер мен қаздардың көп түрлері мекендейді. Аудан жерінің өзендерін бойлап, Қазақстандағы үш ірі қүстардың келу - қайту жолының бірі - Орталық Қазақстандық жолы өтеді. Аң - қүстар ішінде кәсіптік маңызы бар түрлерімен қатар, ауыл шаруашылығының зиянкес түрлері де бар. Адамдар мен үй жануарларының ауруларын қоздыратын не туғызатьш паразиттер мен оларды тасымалдайтын жәндіктер де баршылық. Қосымша №2, №3. Ауданның құрылуы және қалыптасу тарихы. Нұра ауданы облыстағы ең байырғы әкімшілік-аумақтық бөліністердің бірі болып саналады. 1923-28 жылдары Ақмола уезіне қарасты Нұра болысы 1928 жылы аудан болып құрылды. Орталығы - қала үлгісіндегі Киевка кенті, іргетасы қаланғаны -1896 жыл. Ауданнын көлемі- 4641790 га. Халык саны-38,6 мың. Ауданның көлемінде 37 ұлт өкілі: орыстар, украиндар, белорустар, немістер, татарлар тағы басқа ұлттың өкілдері түрады. Елді мекендер саны- 60. XIX ғасырдың аяғында XX ғасырдың басында Ресей өкІметі Қазақстанға орыс шаруаларын көшіре бастады. Шаруаларға жер берілдІ де, сол жерлерде тұрғылықты түрғындар болып қала берді. 1897 жылы Украинадан 40 отбасы Петропавл қаласына қарай жылжыды. Оларға мал, үйге керекті жабдықтар сатып алу үшін 150 теңге бөлінді. Ақмола қаласына көшІп келді. Ақмола уезІне келушілер адам түрмаған кең байтақ далаларда үй салып түра бастады. Көшіп келушілерге бірінші жылдары өте қиын болды. Қүрылыс материалдары болған жоқ, олар тар, суық жер үйлерде тұрды. Қүндызды өзеніне бірінші болып көшіп келгендер: Василий Мамонт, Макаренко Игнат, Черных Михайло, Толстоплет Матвей, Охинько Ефим, Генверг Иван, Михайлюк Иван, Стыцко Панас, Кирсик Лаврентий, Бычок Иван, Капуста Николай, Казаченко Афанасий, Гринь Иосиф, Коваленко Григорий, Грабович Трофим, Лысак Трофим, Козодой Галина, Пуставит Абрам, Крушинский Никифор, Череднюк Алексей және т.б. Селоны салу жоспары басталды. Бірінші көше Құндызды өзенінен солтүстікке қарай салына бастады. Бірінші болып Самойлов Антон үй салды, екінші - Фалькевич, үшінші- Штундер Кантон. Бір көшеге қатар-қатар 24 отбасы көшіп келді. Бүл көше Полтавская көшесі деп аталды. Кейіннен 250 үй болды. Көше аттары әртүрлі болды. Полтавка, Харьковка, Киевка, Забегаловка. 1936 жылы көшелерге басқа ерекше аттар берілді. 12,466 км2 жері бар кең байтақ Нұра ауданының түрақты қазак халқы және орыс ұлтты көшіп келушілер оқымаған, сауатсыз еді. Бүл жерлерде заңсыздық орын алған еді. Кимбай және Төлебай атты байлардың қарамағында көп жерлер болды, олар саудамен айналысты, кедейлерді алдап, қанаушылық өріс алды. Киевка селосында, оны қоршап тұрған айналасында шөптер, әр түрлі гүлдер өсіп жатты. Құндызды, Нұра езендерінде балыктар көп болды. Бұрыннан қазақ халқы аңшылықпен айналысқан. Далаларда жабайы аңдар көп: қояндар, түлкі, қасқырлар. Сондай- ақ алуан түрлі қүстар да көп. Көшіп келушілер жер, бау-бақша, мал шаруашылығымен айналысты. Әр түрлі дақылдар екті: қарбыз, капуста, қызылша т. б. өсірді. Жер қүнарлы болғандықтан, жақсы өнім алып отырған. Үйге керекті заттарын өз колдарымен жасады. Терең ой қазып, шөппен күмды араластырып, үйлер салды. Сол кездегі үйлермен казіргі үйлерді салыстыруға да болмайды. Қазіргі Киевка кенті өте әдемі. Нүра ауданьның іргесін 1903 жылы Украинадан қоныс аударған шаруалар қалаған. 1890 жылы Ақмола аймағына көшіп келушілер 17 мың еді. Шаруалар айлар бойы далада түрды, тоңып, кебісінің жағдайы ауыр болды, аштықты көрді. 1896 жылы Киевка селосында болашақ түрғындарға жер бөлінді де, 1097 жылы көктемде шарулар көшіп келе бастады. 1898 жылы селода 370 ер адам түрды. Кейін Черниговка, Ивановка, Майоровка, Ново-Карповка, Скобелевка, Ефремовка, Пушкино, Захаровка, Горное, Батуринка, Собачий хутор, Завьяловка, Плаховка, Бородинское т.б. селолар салынды. Сөйтіп, Киевка селосы 1897 жылы қүрылды. БірІнші түрғындары Украинадан қоныс аударған 40 отбасы еді. Бірінші көше Полтавка деп аталды (қазіргі Советская). 1928 жылы қүрылған Нүра ауданының орталығы Қараул- Төбе болды. 1932 жылы Нұра ауданы Қарағанды облысы кұрамына кірді де, орталығы Казгородок селосы болды. 1934 жылы тамызда аудан орталығы Киевка селосы болды. 1930-31 жылдары ауданда телефон байланыстарын жандандыра бастады. 1930 жылы ауданда 16 мектеп, сауатсыздықты жою мақсатында құрылған 103 бөлімше болды. Мектептерде 26 ұстаз жұмыс істеді, окушылар саны 947 адам. 1932 жылы 1 аурухана және 7 дәрігерлік бөлімшелер жұмыс істеді. 16 селолық және ауылдық советтер жұмыс атқарды: Батуринский, Боронский, Богучарский, Горный, Ефремовский, Захаровский, Киевский, Савельевский, Черниговский, Балактинский, Бурмашский, Жумускерскиіі, Каройский, Кызыл-Агашский, Корганжарский, Султанский, ПлаховскиЙ. 1932 жылы 32 орталыктандырылған шаруашылықтар болды, колхоздарда 3450 шаруашылықтар бар еді. Шаруашылық жері - 27 мың гектар. 1934 жылы Киевкада аурухана ашылды. Фельдшерлік бөлімшелер Казгородок, Плаховка, Черниговкада орналасты. 5 пошта, телеграф жұмыс істеді. Аудан халқы 14992 адам, оның 9843-і -казақтар, ал 1938 жылы ауданда 25507 адам тұрды, оның -18467-і қазақтар. Шаруашылықтар саны- 5883. 1941-45 жылдары 3 мыңнан артық нұралықтар соғысқа аттанды, әрбір екіншісі қаза тапты, 2487 адам марапатталды. 1954-57 жылдары 7 совхоз құрылды: «Энтузиаст», «Пржевальский», «Шахтер», «Киевский», «Индустриальный», «Донской», «Щербаковский». Нұра ауданы Еңбек Ерлері Н.А. Кузнецов, Н.Айтуғанов, И.Смагулов, ғалым және ағартушылардың А.Асылбеков, К.Айнабеков, К. Мукушев, С. Талжанов, К. Мынбаевтың жері, отаны. Нұра ауданы жерлерінде керемет, ғажайып адамдар тұрған және әлі де тұрып жатыр. Ауданның қазіргі шаруашылық әкімшілік территориялық құрылымы және даму географиясы. 3.«Ауыл» бағдарламасы бойынша ауылды көтеру және қолдау; 4.Шағын бизнес пен нақты секторды дамыту 5.Мәдениет, медициналық қызмет, білім беруді дамыту; б.Тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты дамыту; Өнеркәсіп кәсіпорындарында иннавациондық жүйені қалыптастыру және жана технологиялар қолдану үшін шаралар қолдануда. «Шүбаркөл-көмір» ААҚ-ы ИСО 9000 бағдарламасы бойынша жүмыс істеуге, ал «Халықаралык көмір технологиялары» ЖАҚ-ы осы жүйеге көшуге дайындык жүргізуде. Біздің аудан ауыл шаруашылық бағытты. Ауылды дамыту бүгінгі күннің басты басымдылығы. Ауыл шаруашылық өнімдері көлемі-5 млрд. теңгені күрады. 256 мын гектар егістіктен 173,7 тонна астық алынды. Бұл жермен жұмыстың және ірі шаруашыльщтарды сақтаудың нәтижесі. Мал шаруашылығында мал басының өсуі, мал төлдету және мал өнімін өндіру жақсаруда. Аудан шаруашылықтары биылғы жылы Астана қаласында 182 млн. теңгенің өнімін жөнелтті, атап айтқанда 150 тонна сүт, 225 тонна ет, 3000 тонна астық, 100 тонна картоп. Жылдан жылға біздІң шаруашылыктардың «Астық- қоры», «Қарағанды-Нан», ААҚ «Ақнар», ЖШ, «Азық-түлік корпарациясы» ЖАҚ сияқты тұрақты серіктестермен байланысы нығая түсуде. Нарықтық қатынастар әр шаруашылық субьектіге, езіне лайық серіктестік таңдап алуға мүмкіндік туғызып отыр, мүның өзі ауыл шаруашылык қүрылымдарының өсуін көрсетеді. Ел бойынша ауыл шаруашылық өнімдерінің 22%-ды күрады, бүл әрине ауыл түрғындарының өмір сүруге деңгейіне оң ықпалын тигізді. Өткен жылда аграрлар мемлекеттен 51,5 млрд. теңгенің қолдауын алды, биылғы жылы 70 млн. теңге бөліндІ. Ауылды қолдаудың нақты шарасы деп осыны айтпаймыз ба? Өткен жылы «Ауылды қолдау» бағдарламасына сәйкес 717,4 млн. теңге игерілді, бюджеттік қаржыландыру есебінен 268,8 млн. тенге, бюджеттен тыс қаржыландырудан 430,6 млн. теңге. Түрғын үй қүрылысының 2005-2007 жылдарға арналған аймақтың бағдарламасы әзірленген. Осы аралықта ауданда жалпы аумағы 1230 шаршы метр 8 үй салынып, пайдалануға берілді. Биылғы және одан арғы жылдары түрғын үй қүрылысы жалғаса береді, себебі тұрғын үй мәселесІ бүгінгІ таңда ең негІзгі міндеттердің бірі. Елді-мекендерді санитарлық тазалау, көркейту, көгалдандыру, көшелерді жарықтандыру жүмыстары жүргізілуде. Сондай- ақ жергілікті маңызды жолдарды жөндеу жүмыстары жүргізілуде. Кедейлікті төмендету бағдарламасы ауданның әуелметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселесі болып табылды. Бүл бағдарламасы жүзеге асыру мақсатында азаматтарды жүмыспен қамту, қоғамдық бау-бақша, өз ісін ашу, үй шаруашылығын кеңейту, үйге жүмыс істеу т.б. шаралар қолданылуда. Жүмысқа орналастырылғандар саны күннен күнге көбеюде. 384 жаңа жүмыс орны ашылды. Жұмыспен қамту орталығына өтініш әкелген 425 жастың 422-сі жұмысқа орналастырылды, немесе 99,3%- Туған өлкеге оралып жатқан әр ұлтты жерлестеріміздің Қазақстанда орналасуына жағдай жасалуды. Тек соңғы үш жылда ауданьшызға алыс, жақын шетелден 36 отбасы қайтып келді. Бұған еліміздің ішкі саясат және сыртқы саясатындағы он өзгерістер, әсіресе экономикалық өсу, халықтың тұрмыс деңгейінің жақсаруы себеп болып отыр. Ауданда мейірімділік үйі жүмыс істейді. Онда 26 жалғызілікті түрады. Мейірімділік үйі жаньшда Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, мүгедектерге, аз қамтылғандарға қызмет көрсететін аумақтық орталык бар. Мектептерде аз қамтылғандар отбасының 803 баласы тамақтанатын 23 пункт жүмыс істейді. Жазғы каникул кезінде сауықтырумен, жүмыспен қамтумен 6556 оқушы қамтылды, бүл барлық оқушылардың 97%. «Жазғы маусымда балалар мен жасөспірімдерді уақытша жүмысқа орналастыру» бағдарламасы бойынша 282 жасөспірім жүмысқа орналастырылды. Материалдық техникалық базаны нығайту 47,2 млн. теңге бөлінді. Ол қаржыға жиһаз, лингафон кабинеттері, физика, химия, медицина, биология кабинеттері, кітапхана, спорт зал, асхана жабдықтары, автобус, жаңа бағдарлама бойынша оқулықтар алынды. Мектептердің бәрі компьютерлендірілген. Жаңа оқу жылында 261 жаңа компьютер алынды, орта есеппен алғанда 26 окушыға 3 компьютер, «Интернет» жүйесіне 21 мектеп қосылған, 222 мың теңге модем сатып алынған. Клуб мекемелерін күрделі жөндеуден өткізу басталды. Аудан экономикасының өсуі клубтарды мәдениет бөлімінің балансына беруге мүмкіндік туғызады. Былтырғы жылы 4 клуб берілді. Аудандық мәдениет бөлімінің материалдық-техникалық базасы нығайтылды, стеллаж, компьютер, жиһаздарымен 4 модельді кІтапхана сатьш алынды. «Ауыл» бағдарламасы шеңбсрінде аудандық ауруханада 63 млн.теңгеге күрделі жұмыстары жүргізілді. Аудандық медицина бірлестігінің материалды- техникалық базасы жақсартылды. (орталыктандырылған сатып алулар арқылы, 950 мың теңгеге санитарлық УАЗ автокөлігі, 12,5 млн. теңгеге жылжымалы флюрографиялық қондырғы, және басқа да медициналық құрал жабдыктар алынды). Кейінгі кезде педагогикалық, медициналық кадрларды селоға тарту мәселесінде оң өзгерістер бар. Оларға ауылда табысты еңбек ету үшін барлық жағдайлар жасалуда. Соның нәтижесінде қазір аудан білімді мүғалімдермен 100%-ға, дәрігерлермен 94%- ға қамтылған. Полицияның учаскелік пунктерінің материалдық-техникалық базасын нығайту едәуір шаралар жүзеге асырылды. Аудан аумағында 26 участкелік пункттің бәрі жөндеуден өтіп, қазіргі уақытта жиһазбен қамтылуда. Атқарылған іс шараларға қарамастан әлі де бәрі ойдағыдай емес. Индустриалды - инновациялық іс шараларды жүргізуде кемшіліктер орын алған, кәсіпорындарда ИСО 9000 сапа стандарттарын енгізуге дайындық қажет деңгейде емес. Даму инстуттарымен жүмыстар жүргізу, ақпараттық іс шараларды жүзеге асыру қажет. Бұл бағытта әлі атқарар іс көп. Шаруашылықтардың да кейбіреуі тиімді жүмыс істемей отыр. Жер тиімді жүмыс істемей отыр. Жер тиімді пайдаланбайды халық жер үлестерін берді, ал нәтиже жоқ. Жалақы төленбейді. Енді жаңа Жер кодексіне сәйкес үлестер жарғылық қорға енді. Жер оларды асырауға тиіс. Жер үлесі бар әр түлға оған өзі қожа. Шаруашылық күрылым басшыларының кейбіреулері өз пайшыларының алдында есеп бермейді, кездесулер өткізбейді, ауылдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге көңіл бөлмей отыр. 24 ауыл шаруашылық қүрылым, 484 шаруа қожалығының күшімен биылғы жылы 245 мың гектар жерге егін егілсе, 71 га жерге картоп, 2 га - овощ себілмек. 60485 гектар пар өңдеу, 46900 га жер жырту жоспарлануда. Белгіленген мерзімді техниканы жөндеуден өткізіп, 30400 тонна түқым дайындау қажет. Бүгінгі таңда ен басты мақсат, көктемгі егіске дайындықты үйымдасқан түрде жүргізу. 2005 жылы шешетІн мәселелер көп. Бұл жыл Ауылды көтеруге және дамытуға арналды. Ауыл инфрақұрылымын дамыту басымдығы, ауылдағы мәселелерді шешу-мемлекеттік саясаттың стратегиялық басымдылығының заңдылығы екендігін көрсетеді. Биылғы жылдың ерекшелігі - 2005 жыл облыс әкімімен қала типтес кенттер проблемасын шешу жылы болып жарияланды. Осыған байланыст-л Киевкаға, Шұбаркөл кенттерінің әлеуметтік экономикалык даму бағдарламалары әзІрленедІ. Қосымша №4, №5. Ауданның көлік кешені, өнеркәсібі. Көлік кешені дегеніміз - көлік тараптарында өзара байланысқан көлік түрлерінің жиынтығы. Көлік халық шаруашылығының мамандануына, сондай-ақ кешенді дамуына үлкен әсер етеді, кәсіпорындар арасындағы байланыстар көлік арқылы жүзеге асырылады. Әсіресе автомобиль жолдары калыптасқан. Автомобиль жолдарын шартты түрде үш топқа: ауданаралық, аудандағы және жеке шаруашылықтар ішіндегі деп бөлуге болады. Ауданда «Киевское АТП» деп аталатын жалғыз ғана мемлекеттік мекеме жүмыс істейді, жүктерді тасумен айналысады. Ауданда ауылдық шаруашылықтардан басқа негізгі өнеркәсіп орындары: сүт зауыты, автостанция бар. Сүт зауыты көптеген сүттен жасалынатын тағамдар шығарады. «Жақсыбай» атты мекеме аудан бойынша, қалаларға, ауылдарға жолаушыларды тасымалдаумен айналысады. 1) Ауылшаруашылңк өнімдерін өңдейтін, шығаратын өндіріс орындарын 2) Шағын кәсіпорындар жүйесін кеңейту. Бүл ауылдағы еңбек қорын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Халықтың қалаға қоныс аударуын 3) Аудан шаруашылығында қол еңбегін кысқарту. Ауыл шаруашылығында, қүрылыста, өнеркәсіпте әлі де қол еңбегімен атқарылатын жүмыстар баршылық. Ғылым мен техника жетістіктерін өндіріске жедел енгізу, 4) Халықтың әлеуметтік жағдайын көтеретін шаруашылық салаларын дамыту. Халық түтынатын тауарлар мен шығаратын өнім түрлерін арггыру. Халықты түрғын үйлермен қамтамасыз ету, дәрігерлік жәрдем деңгейін көтеру. Халықтың демалысын үйымдастыратын сауықтандыру орьшдарын салу. Шипалық, емдік қасиеті бар жерлерді есепке алып, халық игілігіне жарату. Осы аталған шаралар жүзеге асырылса, аудан шаруашылығының экономикалық тиімдІлІгі артып, халықтың материалдық және рухани сүранысы канағаттандырылады. Ауыл шаруашылығының негізгІ өндіргіш күші - жер. Ауылшаруашылық жерлерінің басым көпшілігі табиғи жайылымдар. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін мал шаруашылығы мен егіншілік шаруашылықтары. Мал шаруашылығы халықтың ертеден маманданған саласы. Ірі кара, қой, ешкі, жылқы өсіріледі. Егіншілік шаруашылығының басты мақсаты бидай өсіру, мал шаруашылығын жемшөп қорымен қамтамасыз ету. Нұра ауданы жерін шаруашылық игерудегі экологиялық мәселелердің туындауы. Қоғам мен табиғат бір- бірімен тығыз байланысты болғандықтан, айналадағы орта мен адамның жекедара тіршілік етуі мүмкін емес. Табиғат байлықтарын тиімді пайдалану, табиғатқа сүйіспеншілікпен карау қоғамның да алға қарай дамуына негіз болады. Айналадағы ортаның қолайлы болуы адамның дұрыс білім алып, еңбек етуіне, материалдық жағынан қамтамасыз етілуіне ықпал етеді. Сондықтан әрбір адам табиғатты аялап сақтауға өз үлесін қосуы тиіс. Әрбір отырғызылған ағаш, тазаланған бұлақ сол табиғаттын бір бөлшегі екенін үмытпаған жөн. ӨзІміз тұрған жердің табағатьш сақтауға тиістіміз. Табиғатқа аялы көзқарасты қалыптастыру үшін туған өлке туристІк саяхат жасаудың, оның табиғат ерекшеліктерімен, экологиялық жағдайымен танысудың маңызы зор. Ауданның шаруашылық әрекеті- табиғаттың дамуына әсер ететін ерекше фактор. Адам еңбек пен ақыл-ойдың арқасында айналадағы ортаға бейімделумен қатар, оны өзгертеді де. Табиғаттағы қүрамдас бөліктердің бір-бірімен тығыз байланыста екенін ескерсек, олардың біреуі өзгерсе басқаларынын да өзгеретіні түсінікті. Сондықтан табиғатты өзгерту барысында адамзат оның кейінгі зардаптарын да ескеруі қажет. Адам әрекетінен туған жерімізді тез шешуді қажет ететін проблемалар бар. Солардың бірі- Нүра өзен алабының ластануы. Табиғаттьщ болашақта өзгеру сипаты, адамның шаруашылық әрекетінің табиғатқа әсері, адамзаттың тағдыры сияқты мәселелер көптеген зерттеушілерді ойландырады. Айналадағы орта адамның денсаулығына әсерін тигізеді. Ауаның тазалығы, басқа қүрам бөліктеріндегі тепе-теңдіктің сақталуы адамның жүмыс қабілетіне, ұзақ өмір сүруіне н<ағдай жасады. Тамаша табиғат көріністері адамның күш- қуатының қалпына келіп, тынығуына көмектеседі. Қазіргі кезеңде ғылым мен техниканың өркендеуі нәтижесінде адамның айналадағы ортаға ықпалы артты. Бұл ықпалдың зиянды жақтарының бірі- адам денсаулығына әсері. Ластанған өзеп суын пайдалану қауіпті. Өзендерде әр түрлІ ауру туғызатын бактериялар көбейіп, әр түрлі ауру-дертке шалдықтырады. Адам денсаулығына кері әсерін тигізедІ. «Адам - табиғат» қарым- катынасы өте күрделі. Бір жағынан адам табиғат ресурстарын түтынушы болса, екінші жағынан, өзі өзгерткен ортада өмір сүріп, ондағы кері өзгерістердің зардабын тартушы ретінде көрінеді. Бүдан адам қоғамының табиғаттан тыс өмір сүре алмайтыны белгілі болады. Нүра өзен алабына әсер ететін жел бағыттарын анықтау үшін метеостанциялардың тізімін жасап, сызба-нүсқасын түзу; - осы метеостанциялардың мәліметтері негізінде Нұра өзен алабына әсер ететін желдерді жүйелеп, айлық және жылдық сипатын беру; - метеостанциялардың бақылау нәтижелеріне сүйеніп, жыл мезгілдеріке сәйкес және жылдық орташа жел бағыттарын анықтап, мерзімдік - жоғарыдағы мәліметтерді сипаттау қорытындысына байланысты Нүра өзен алабының жел арқылы ластану процесін анықтау. Нұра өзен алабында орналасқан метеостанцияларға тоқталатын болсақ, ең бірінші өзен бастау алатын шығыс бөлігінен қарастыруға болады. Қарқаралы метеостанциясы бұл өзеннен 45 шақырым қашықтықта орналасқан, одан кейінгі өзеннің бастауы болатын Байқожа мен Ақбастау салаларының аралығында Бесоба бар. Ал Ақтау метеостанциясы Самарқан су қоймасының солтүстік белігінде, 12 шақырым қашықтықта орналасқан, ал осы су қойманың оңтүстігІнде Қарағанды қаласы бар. Самарка метеостанциясы Нүра өзеніне Шерубай-Нүра саласы қүйғаннан кейін 51 шақырымнан кейін өзен бойында орналасқан. Черниговка осы алынған метеостанциялардың ішіндегі ең батысындағы, Нүра өзенінің оң жақ бөлігінде жайғасқан. Жалпы жел қай күрылықта, қай гегографияльщ нысанда болмасын горизонтальды бағытта ауа тасымалы, атмосфералык қысьшға байланысты әр түрлІ бағыттарға қозғалып, жылдамдықтары да өзгермелі болады. Мәселен, жылдамдықтарына байланысты Бофорт шкаласын қолданып баллмен есептелінеді де келесідей жіктеледі; 0 балл-0 м/с- штиль; 4 балл-5-7 м/с-қоңыржай жел; 7 балл-12-15 м/с-күшті жел; 9 балл-18-24 м/с-дауылды жел; 12 балл-29 м/с-дауыл. Осыларға сәйкес біз қарастырып отырған Орталық Нүра өзенінің бойындағы орналасқан Самаркада жел бағыттары кысқа оңтүстік шығыстан солтүстік батысқа қарай ауысады, ал жазда салыстырмалы түрде барлық бағыттарда бірдей болып келеді. Черниговка мәліметтерІ бойынша қаңтарда жел 43 пайызға дейін оңтүстіктен соғады, ал жаз айында керісінше солтүстік және солтүстік батыстан оңтүстік шығысқа қарай ауысады. Метеостанциялар I II III IV V VI VII VIII IX XI XII жыл Қарқаралы 74 73 74 65 57 59 60 61 67 73 75 77 66 Бесоба 76 76 76 67 57 55 57 58 58 69 76 77 67 Қарағанды 78 77 80 66 53 51 54 54 56 69 78 79 66 Кестеде көрсетілгендей ең аз ылғалды мезгілдер мамыр айынан бастап қыркүйек айына дейін (53-56%), ал қыс айларында керісінше күбылыс байкалады (79-81%). Жаз айларында атмосфераның аз ылғалды болуының себебі, түскен жауын-шашын ағьш әсерінен кетуі, күн сәулесінің түсу бүрышы, т.б. Сонымен Нүра өзен алабының ластану жел бағыттарының, оның жылдамдығының, атмосфераның ылғалдығының әсеріне тікелей байланысты екенін көреміз. Осы мәліметтерге сүйеніп, Нүра өзен бойындағы лас қалдықтарды ескеріп (мыс, мырыш, мүнай өнімдері, азот амоний, фенол, сульфат) өндірістерден жел әсерінен тасымалданып, жыл мезгілдеріне байланысты әр кезде (көктем, жаз, кыс) әр түрлі болып, әр түрлі мөлшерде өзен алабына түседі. Мәселен жаз айларында түскен қалдықтар тікелей биогенді компененттермен жанасып әсер етеді, оларда аккумуляцияланьш, қалдықтары шіріген кезде, топырақтың кұрамына еыеді, ал топырақтың өзіне сіңген ластандырушы элементтер биогенді бөгеттердің әсерінен эрозиялық және эолдық процестерге ұшырамай, көпшілігі сол орнында қалуға тиіс деп болжауға болады. Ал қыс айларында олар тікелей өзен суына түсуі мүмкін емес. Себебі, Нүра өзені жылына 125-180 күн мұзбен қапталып жатады. Бүл кезде желдің жылдамдығы артып, күшейіп, ластандырушыларды солтүстік бағытқа алып кетеді. Көктем келе кар мен мұздың бойындағылары топыраққа сіңІп, қалғаны су эрозиясы арқылы ойлы, ойпаң жерлерге барып, біразы Нұра өзен ағынына ілеседі. Осы аймақтағы урбоөнеркәсіпті Қарағанды қаласы мен мемлекетіміздегі ең ластандыру қалаларының бірі Теміртауда атмосфераға шығарылатын ШРК мөлшерінен жоғары қосынды қалдықтардың орташа және максималды концентрацияларымен қоса атмосфераның ластану интеграциясы да көрсетілген. Зиянды заттектер үшін биосфераның әр компенентіне арнайы белгіленген ШРК-ның шамалары бар. Оның ішінде атмосфералық ауадағы ШРК жұмыс аймағына, максималды бір жолдық концентрациясы және орташа тәуліктік болып жіктеледІ. Осыған сәйкес ластанғыш заттектердің класын осы көрсеткішке сүйеніп анықтайды. Адамға қауІпті класы ШРК мағынасына қарай 4 топка бөлінеді: 1 класс (ШРК ІОмг/мЗ)- болымсыз кауіпті. Осыған жіктеу негізін 4-кестеден мәліметтермен салыстырсак Қарағанды, Теміртау қалаларының атмосфералық ауасында шаң, көміртегі оксиді және т. б. қосындылардың максималды концентрациясы бойынша арнайы белгіленген ЩРК-нын шамаларынан бірнеше есе артық болып отыр. Метеостанциялардың мәліметтері бойынша бағыты мен жылдамдығын ескере отырып ауа бассейніндегі қосынды қалдықтардың қайда барып түсетінін белгілеуге болатын мүмкіндік туындайды. Қала АЛИ* ШРК** Мөлшерінен жоғары қосындылардыц аты Орташа концентрация Қарағанды 4,6 Шаң көміртегі оксиді азот диоксиді фенол вормальдегид 0,1 1 0,03 0,002 0,006 - 1,1 1,1 0,39 0,055 0,048 2,2 2,2 4,6 5,5 1,4 Теміртау 6,9 Шаң Азот диоксиді Күкірт сутегі Фенол Аммиак 0,2 0,02 0,002 0,008 0,08 1,2 2,7 2,0 1,1 0,40 0,037 0,047 0,46 2,2 4,7 4,6 4,7 2,3 1.Нұра өзен алабын әсер ететін жел бағыттарын анықтау үшін Қарқаралы, Бесоба, Қарағанды, Ақтау, Самарқа, Черниговка метеостанциялардың мәліметтерін пайдаландық. 2.Осы метеостанциялардың мәліметтері негізінде Нүра өзен алабына әсер ететін желдерді жүйелеп, айлық және жылдық сипаттары анықталды. Қыс айларында жел бағыты солтүстікке соқса, жаз айларында оңтүстік бағытқа ауысады. Осыған сәйкес жылдық жел бағыттарының басым бөлігі оңтүстік және оңтүстік шығыс аймағынан соғады. З.Жаз айларында түскен қалдықтар тікелей биогенді компененттермен жанасып әсер етеді, оларда аккумуляцияланып, қалдыктары шіріген кезде, топырақтың қүрамына енеді, ал топырақтың өзіне сіңген ластандырушы әлементтер биогенді бөгеттердің әсерінен эрозиялық және эолдық процестерге үшырамай, көпшілігі сол орнында қалуға тиІс деп болжауға болады. 4.Қыс айларында олар тікелей өзен суына түсуіне мүмкін емес. Себебі Нұра өзені жылына 125-180 күн мүзбен қапталып жатады. Бүл кезде желдің жылдамдығы артып, күшейіп, ластандырушыларды солтүстік бағытқа алып кетеді. Көктем келе қар мен мүздың бойында қалғандары топыраққа сіңіп, қалғаны су эрозиясы арқылы, біразы ойлы, ойпаң жерлерге барып, қалғаны Нүра өзен ағынына ілеседі. 5.Нұра өзен алабының жел арқылы ластану процесіне Қарағанды-Теміртау атмосферасына шығарылатын ШРК мөлшерінен жоғары қосынды қалдықтары болып табылатындар: шан, көмІртегі оксиді, азот оксиді және т.б. Қарағанды облысы, Қазақстанның басты өнеркәсіптік аймақтарының бірі ретінде, қазіргі кезеңде экологиялық жағдайының нашарлауымен нақты ажыратылады. Бүл қоршаған ортаның сапасын географиялық негізде басқарудың қажеттілігін анықтайды. Себебі, географиялық негізде табиғи, әлеуметтік процестер және қоғам мен табиғаттың, адам экологиясының өзара қарым-қатынасының күрделі мәселесін шешудің қолданбалы элементтерін түтастай қарастырады. Аймақтағы табиғат ортасының экологиялық деградациясының дәрежесін аныктау үшін ауадағы, су ортасындағы және топырақ - өсімдІк жамылғысындағы әртүрлі заттардың шектеуге мүмкін концентрациясының (ШМК) қалыпты көрсеткіштер қолданылады. ШМК - ның көрсеткіші табиғат ортасының деграциясының шынайы мөлшерін ғана емес, сонымен коса олардың антропогендік әрекетке төзу дәрежесін анықтайды. Әрбір ландшафт табиғи қалпында өзі қалпына келетін жүйені қүрайды және нақты қүрылымымен анықталады. Антропогендік әрекет арқылы қалыптасатын өзгерістер географиялық жүйенің қүрыльшын өзгертеді де, не бүл өзгерістерді жоюға, не ландпіафт қүрылымын кайта күруға бағытталған реакция тудырады. Осылардың салдарынан ландшафттардьщ антропогендік модификациясы қалыптасады. Антропогендік әрекеттердің интеисивтілігі мен үзақтылығына, сонымен қатар, географиялық жүйенің таксономиялық рангы мен қүрылымының қалыптасуы тереңдІгіне байланысты ландшафттардьщ антропогендік модификациясында қайтымды өзгерістер болуы мүмкін. Антропогендік әрекеттердін қазіргі экологиялық өндіріске сәйкес барлық спектрі Нүра өзені бассейнінің ландшафттарында байқалады. Нүра өзенінің бассейні ландшафттык экологиялық деградациясы төмен, қалыпты және жоғары дәрежедегі аудандарға бөлінген. Деградациясы төменгі дәрежедегі ауданға табиғи жағдайға жақын ландшафттар жаткызылады. Олар заказниктерде, аласа тауларда және орташа тауларда сақталған; ластану көздерінен бірнеше ғана кашықтықта жатыр (мысалы, Теңіз - Қорғалжың және Қарқаралы- Кент қүрғақ дала аудандары). Теңіз - Қорғалжың ауданы ластаушы көзіне Теңіз көліне қүятын Нүра өзені жатады. Теңіз-Қорғшіжың көлдер қазіргі жағдайы Нүра өзені бассейнінің ландшарттарына антропогендік әрекет көп ықпал етуімен анықталады. Климатын, ғасырлық тербелуіне байланысты аймақта қүрғақшылық табиғи процестердің ұлғаюы жоне Теңіз-Қорғалжың казан шүңкыры мен Нүра өзенінің ландшафтын шаруашылықта басым игеру, көлдердің су басуына оның түпкірімен өзгеруіне әкеліп соғуда. Бүл жерде мүнай өнімдері, нитраттардық МШК-дан асатын техногендік ластанудың түрлері кездеседі. Сонымен қоса түптік шөгінділерде рендік концентрацимясы 5 есе ұлғайтатын сынаптың бар екендігі тіркеледі. Деградациясы қалыпты дәрежедегі аудандарға негІзінен қазіргі уақытта техногендік процестерге ұшырамаған территориялар жаткызылады. Бүл-орман массивтері мен орташа, биік таулы қыраттардыц ландшафттары. Мүнда радиациондық реңнің әжептәуір жоғарылағаны байқалады (Шығыс Қазақстан облысының шекарасында). Көмір өнеркәсІбі, қара және түсті металлургия және т. б. кәсіпорындардың әсеріне үшыраған территориялар деграциясының, жоғары дәрежесіне жатқызылады. Экологиялық жағдайының анализі аса коп ластанғандарға Қарағанды-Теміртау өнеркәсіптік торабы мен Жезқазған өнеркәсіп ауданы жататынын көрсетеді. Қарағанды-ТемІртау өнеркәсіптік торабының ауасында ылғи да 100-ден астам токсикалық қоспалар бар, оның бесеуі атмосфера ластануынын геохимиялық индексін анықтауға алынған шаң-тозаң, азоттың қос тотығы, фенол, бензолиден, формальдегид болып табылады. Қарағанды-Теміртау торабының территориясында шаң-тозаң таралуы әркелкі. Оның саны жеклеген өнеркәсіп торабының учаскелерінде тәулігіне 20-30 кг/км -нан 15000-25000 кғ/км-ға дейінгі аралықта өзгеріп отырады. Шаң-тозаңның түсуіне реңдік саны тәулігіпе б0 кг/км - ды қүрайды. Атмосфералық ауанын қүрамының өзгеруі антропогендік факторларға байланысты және оп ландшафттың жергілікті климатының қалыптасуына әкеліп соғады. Яғни, Қарағанды, Абай және Сарань сияқты өнеркәсіп орталықтарындағы техникалық жылу мөлшері, қоршаған ландшафттарға қарағанда, қаладағы ауа температурасын 2-3 С- қа көтереді. Нүра өзенінде мүнай өнімдерінің (5 ШМК- дан - 0,26 мг/дм3), аммоний азотының (2 ШМК-дан - 0,78 мг/дм3), органикалық заттардың (2 ШМК-дан- 6 мг/дм3), нитраттардың (7 ШМК- дан - 0,56 мг/ дм3) жоғары түрде бар болуы белгіленген. Ең, ластаушылардың бірі сынап болып табылады. Қазіргі уақытта Нұра өзенінІң арнасы сынап пен органикалық ластаушы заттарға бай, срекше түптік шөгінділерден (техногендік түнба-лайлар) қалыптасқан. Ағынды және өзен сулар араласатын зоналарда техногендік түнба-лайлардағы сынаптық орташа деңгейІ 560 мг/кг- ға тән. Мысалы, Черниговка селосының маңында түптік шогінділерінде сынаптық қүрамы аздап азайғанымен, ол реңдік концентрацияны 5 есеге жоғарылатады. Сьшаппен ластану Нүра өзені жағалауларында, оған таяу маңда орналасқан аудандардағы жер беті және асты суларында, ауыл шаруашылық дәнді-дақылдарда, балықтарда, малдарда, топырақ пен ауада таралған. Нүра өзені ландшафттарының дамуында көмір өнеркәсібІ кәсіпорындары үлкен ықпальш тигізеді. Көмірді өндіруде бос жыныстардың көп көлемі араласады да, шахта суларына лақтырылып, сумен қайта айдалып шығарылады. Соңында атмосфераға металл, көмір және жыныстық шаң-тозаңдардың көп көлемі түседі. «Центрказнедр» аймақгық басқармасыпың 1991 жылдан 1996 жылға дейінгі жүргізілген зерттеулері Қарағанды көмір бассейнінің 24 шахтасын, 5 разрезді, 7 кен- байыту фабрикасын камтыды. Яғни, тау жыныстарының үйінділерІнің кейбір жерлерінде зиянды заттардың концентрациясы кейінгі 2- 3 жылда 3 есеге үлғайған екен. Жезқазған өнеркәсіптік аудаиыпда мұнай өнімдерінің (20 ШМК-ға дейін), мыс пен мырыштың (4 ШМК-ға дсйін) жоғары мөлшерімен ерекшеленетін Қаракеңгір өзенінің ағынды сулары негізгі ластаушы көз болып табылады. Кеңгір су қоймасынан төменге қарай өзен қалыпты ағындыға айналады. Бүл қалыпты ағынды су қоймасынан жіберілген сулардан, шаруашылық, фекальдық судьщ түсуінен, өнеркәсіптік ағындылардың өзен арнасына тазартылып, қүйылғаннан кейін қалыптасады. Ластанудың негізгі көздеріне сонымен қоса «Қазақмыс» акционер қоғамы, «АБС» Балқаш маңы кен - байыту фабрикасы да жатады. Ағынды суларды бүл жерде Балқаш көлі қабылдайды. Зерттеулердің көрсетуінше, Балқаш көлі мыспен мырыштың және органикалық заттардың жоғары мөлшерінің түсушен сипатгалады. Көп жылдар бойы аталған өнеркәсіп орындары экологиялық ескертулерді ескермей жұмыс істесе, қазіргі кезде облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармалары мен ведомстволық лаборатория мекемелердің ұйымдастыруымен жер бетІ суларын ұтымды пайдалануға ерекше қатаң бақылау жүргізілуде. Бұл бақылаулар лақтырылатын судың сапалы қүрамын қатаң қадағалап отырады. Сонымен қоса, топырақтың құнарлы қабатын сақтау мен алу барысында жерді қайта өндеуге ерекше көңіл болу нәтижесінде, қайта өқдеудің техникалық кезеңдері мына шахталарда (кеніш орындарында) - Ақтас, Ленин атындағы, Шахтинск, Байжанов атындағы, Абай және Қазақстан жүргізіліп, қайта өндеудің ауданы 24,6 га- ды қүрады. «Қарағандыликвидшахт» тау - кен кәсіпорны облыстағы көптеген шахталардың жабылуына байланысты жерді қайта өндеуді әрқашанда қатаң бақылауға алып отыр. Техногендік кезеңдегі жерді қайта өндеу жүмыстары 50 га- дан астам аудандарда, мысалы Степная шахтасында - 28 га, Дубровская шахтасында- 3 га жерлерде жүргізіледі. Сонымен бірге Северная шахтасының, Майқүдық шахтасының және Пархоменко атындағы завод маңындағы жерлер қалпына келтірілді. Атмосфералық ауаны тазартуда да ортүрлі жүмыстар жүргІзілуде. Мысалы, Облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының хабарлауына қарағанда, «Испат-Кармет» АТАҚ-ында тұз кышқылының ағып кету дәрежесі агрегаттардың реконструкциясы откізілді; мартен цехында үсақ материал трактың аспирациондық жүйесін орналастыру аякталуының нәтижесінде, атмосфераңа шаң-тозаңньш көп мөлшерде түсуіне азайтылған. Сонымен, антрогендік әрекеттердің географиялық жүйеге зиянды әсер етуі қоғам мен табиғат арасындағы нақты да дүрыс қатынастарды іздестіруге мүмкіндік береді. Өйткені антропогендік өзгерістер географиялық жүйенің экологиялық жағдайына кері әсер етіп, оны өзгертеді. Зерттеліп отырған аймақтың техногендік ластануларына жүргізілген анализ осы территориялардыц жалпы зкологиялық жағдайының қалпын көрсетеді. Техногендік ластану ерекшеліктерін анықтап қана қоймай, Қарағанды-Теміртау өнеркәсіп ауданының табиғи-техникалық жүйелерінін басты әрекет ету көздерін айқындап ашуға мүмкіндік берді. Бүкіл Орталық Қазақстан аймағын кесіп өтіп, Теңіз көліне барып қүятын, осы аймақтын өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз етіп отырған Қара Нүра өзені. Оның ластануы Теміртауда осыдан елу жылдан астам бүрын синтетикалық каучук заводын салудан бастау алады. Кейіннен «Карбид» өндірістік бірлестіч аталған бүл кәсіпорын көбіне ацетальдегид шығарумен айналысты. Ал онын ең басты катализаторы сынап болды. Содан осы өндірісте пайдаланылған сынап қалдығы Нүра өзеніне ағын сумен және жер астымен барып қүйылып, Халықаралық Қорғалжың қорығына дейінгі өне бойына түгел тарап, түбіне түнып қалды. Мүнымен қоса, Қарметкомбинат (қазіргі «Испат-Кармет» ААҚ) пен КарГРЭС-1 кәсіпорындары да бүл өзендІ аз ластандырып жатқан жоқ. Кейінгі кездерде Қара Ертіске Қытай жағының қол салып, суын кейін бүрып әкету қаупі байқалғаны жиі айтылып жүр. Егер ол шын жүзеге асса, онда Астана мен Қарағанды халқы бірінші болып су тапшылығын көреді. Астаға халқы таяу жылдар ішінде 500 мыңнан асады деп болжануда. Осыған байланысты Нұраның суын сынаптап тазартып, ауыз суға жарату ниеті де пайда болып отыр. Сондықтан, Дүниежүзілік даму және реконструкция банкі осы мақсат үшін АҚШ-тың 50 миллион доллары көлемінде грант берді. ЕндІ осы қаражатты қалай игеру қажеттігі жайлы мәселе көтерілуде. - Нүра өзенінің түбінде миллиондаған доза боларлық қатерлі сынап жатыр. Бірақ одан қорқуға болмайды. Өйткені, сынап дегеніміз ерекше металл. Бір кезде патшалы Ресейдің емшілері оны ем үшін пайдаланып, адамға бір-екі түйірін жүтқызып жітерген де кездері болған. Ең зиянды нәрсе - оның буы. Ол ашық қалған кезде буланады. Сол кезде маңайындағыларға өте қауіптІ. Одан кәптеген жануарлар мен адамдар зиян шегуі мүмкІн. Осы Нүра өзеннІң ластануымен айналысқан адамдар бар. Бүрын біреулер зерттеген. Көбіне оларды Мәскеуден келген оқымыстылар, КСРО Геология министрлігінің адамдары сол кездегі үкімет тапсырмасымен 1986 -1988 жылдары жүргізді. Қазір онымен Әл-Фараби атындағы ¥лттык мемлекеттік университеттің ғалымдары айналысуда. Сонымен қоса бүл іске ¥лыбританияның Гентан университеті сияқты бірталай елдің ғылыми- зерттеу институттары зер салуда. Келешекте Нүра өзенінің суын ауыз суға пайдалану қажеттігі туып қалуы ғажап емес. Қазірдің өзінде бүл өзеннің бойында 1,5 миллионға жуық адам тұрады. Олар өзен суын тікелей өздері ішпегенімен оның суын малы ішедІ, бау-бақшаларын суарады. Ауыз суға пайдаланған кезде оның қүрамынан сынап шығып жатса несі жақсы? Сондықтан да қазір тазалап қоймаса, кейін кеш болып кетуі мүмкін. Қалай тазалау қажеттігін Бүрын мүндай іспен айналысқан швед және француз фирмалары қолға алмақ. Ал жақсы географиялық ақпаратты жүйе жасау үшін қалыпты географиялық және топографиялық негіз қажет. Сонда ғана мамандар кешенді зерттеу жүргізе алады. Қалдық сынапты жинақтау үшін Жауыр батпағы уақытша колданылған. Қазір ондағы жағдай қандай екенін де білмейді. Ол осыдан елу жыл Бұрын қолдан жасалған қарапайым ойпат. Егер шынын айтатын болсақ, барлық ақпарат Мәскеуде сақтаулы. Біздін қарапайым есебіміз бойынша осы елу жыл ішінде 4 миллион тоннаға жуьтқ ацетальдегид өндірілген. Яғни, бүл 4 мың тоннаға жуық сынап пайдаланылды деген сөз. Мүның ішінде қаншасы дайын өнім болып шықты, қаншасы шикізат болып қалды, қаншасы топырақ сіңіп кетті, қаншасы шығын болды, 1976 жылдан бері қаншама калдықты Украинаға көмуге әкетті деген сүрақтар жауапты тек арнайы күжаттардан ғана табамыз. Ол қүжаттар Бүрынғы Орталықта қалып қойды. Сондықтан да біздің үкімет басшылығы елшіліктер арқылы Ресей мен Украинадан осындай ақпараттар сүратуы қажет. Ал мүндай ақпараттар болмай түрып, зерттеу үшін және оны тазалаймын деп Нұраның кез-келген жерін қаза бастау ақымақтық болады. Ол дегеніңіз Дүниежүзілік даму және реконструкция банкі берген 50 миллион долларды желге үшырғанмен бірдей... Иә, Александр Александровичтің сөзінің жаны бар. Соған орай бүкіл Орталық Қазақстан өңірінің күре тамырындай болып отырған Қара Нүра өзенін кез-келген жерден қаза бастамай, ғылыми тұрғыдан негІздей отырып, зерттеу жүмысын жүргізген дүрыс. Әрі бүл жүмысты көпсе соза беруге болмайды. Бүл жобаның маңызы өте зор. Егер ол жүзеге асырылатын болса, ауқымды экологиялық шара іске асырылып, халықтың денсаулығын жақсарту жолындағы айтулы оқиға болар еді. Бүған қоса Нүра өзенінің бойындағы қалалар арзан әрі таза сумен қамтамасыз етілер еді. «Тентек» ЖЭО мен Қарағанды №1 ЖЭО күлін тазартатын қосымша қондырғы салу мәселесі әлі шешілмей келеді. Сол сиякты Нүра өзенінің түбінде «Карбид» АҚ-нан шөккен сынаптан тазарту жүмысы да қолға алынған жоқ. Кейбір зерттеулерге қарағанда Нүра өзенінің түбінде 150 тонна сынап жатыр. Соның әсерінен Нүра өзені қүятын ТеңІз көлі жанындағы Қорғалжын қорығы суларында да сынап деңгейі белгілі дәрежеден көбейіп кеткен. Бүл жүмыстарды жүзеғе асыруға бөгет болып отырған жайлар көп. Бірішіден-қаржының тапшылығы болса, екіншіден - берекесіздік бел алған. Кейбір басшылар экологиялық сауықтыру мәселесін қосалқы жүмыс деп есептейді. Олар қаржы тапшылығын сылтау етіп, халык денсаулығын ойға да алмайды. Тек өткен бір жыл ішінде ғана 913 басшыға бір миллион теңгедей айып салынуы соның дәлелі. Тіпті кейбір кәсіпорындардың жүмысы тоқтатылды да. Ортаны ластандырылатын кейбір жеткізіп беруші кәсіпорындардың ісі табиғат қорғау прокуратурасына беріліп, тергеу де жүргізіледі. Бірақ одан экологиямыздың жақсарып кеткені шамалы. Дегенмен де қазір экологоиялық ахуал өткен жылдармен салыстырғанда біршама жөнделді. Оған бірталай кәсіпорындардың әртүрлі себептермен тоқтап қалуы «игі әсерін» тигізіп отыр. Президентіміздің халыққа Жолдауында Қазақстан 2030 жылы ауасы таза, мөлдІр сулы, жасыл желекті елге айналуы тиіс екендігін атап көрсетті. Бізде мұндай мүмкіндік бар. Егер ПрезиденттІ бүкіл халық қолдаса, экологиялық сауықтыру шарасын бүкіл ел болып жүзеге асырса, оған таң қалатын ештеңе жоқ. Алдағы уақытта кәсіпорындардың барлығы тек өнім шығарумен ғана емес, айналадағы ортаны, табиғатты қорғау ісімен де түбегейлі айналысуы қажет. Қоршаған орта тазалығы өз қолымызда. Оны ластандырмай, ауасын, табиғаттын бүлдірмей үстауға болады. Ол үшін мүны әркім өзінің төл міндетім деп түсінуі керек. Негізі ПрезидентімІздің бүл Жолдауы үзақ мерзіміе арналған, ауқымды шараларды қамтыған қүнды құжат деп білемін. Сондықтан да оның жүзеге асатынына кәміл сенІмдімін. Қоршаған ортаға антропогендік факторлардың әсерІ және экологиялық сауықтандырудың табиғи факторлары. Табиғи комплекстерге антропогендік факторлардың тигізер әсері кеңІстік пен уақыт аралығында бірдей емес екеыдігі белгілі. Нұра өзені алабында қазіргі өндіріс саласының экономикалык ерекшелігіне сәйкес келетін антропогендік факторлардың барлық түрі дамыған (ауыл шаруашылық, өнеркәсіптік, яғни техногендік түрлердің барлығы). Сондықтан да олардың әсеріне дұрыс талдау жасап тиімді пайдалану, қорғау шараларына ғылыми дұрыс баға берудің маңызы зор. ҚазІргІ табиғи комплекстердің дамуына, эволюциялык ерекшелігіне антропогендІк факторлардың тигізер әсеріне ерте кезде-ақ назар аударылған. Ал соңғы уақыттағы ғыльтми- техникалық революция жетістіктеріне байланысты оның әсері кейде тіпті табиғи үрдістердің әсерінен де артық. Сондықтан олар геожүйелердің табиғи әлеуетін анықтауға негізгі фактор болып есептеледі. Қазіргі геожүйелер шеңберіндегі табиги үрдістерді жан-жақты білу, картаға түсІру жүмыстарын оларға антропогендік үрдістердің тигізер әсері сияқты мәліметтермен толықтырып, есепке алған дүрыс. Өйткені қазіргі ландшафтардың шығу тегі мен болашақтағы даму бағытын аныктауда тек табиғи факторларды есепке алу жеткіліксіз. Антропогендік үрдістерғе динамикалык орнықтылығы нашар табиғи ландшафтар Нүра өзені алабында да кездеседІ. Қазіргі кезде, мүпда табиғи комплекстердің қуаңшылыкқа үшырауының әр түрлі деңгейде болу себебі табиғи факторлармен қатар антропогендік факторлардың әсерінен деп түсІну қажет. Табиғи ландшафтар функционалдық ерекшелігі бойынша ауыл шаруашылықтық мақсатта кеңінен қолданылатынықтан техногендік ластанумен қатар геоэкологиялык жағдайыыың нашарлауына әсер етуші фактор - агроценоздардьщ салдарынан дефляциялық және эрозиялық үрдістердің үдеуі. Сонымен қатар мал шаруашылығының дамуына қажетті жайылымдардың ауданы жыл өткен сайын кеміп бара жатқаның және олардын биологиялық өнімділігінін нашарлауын да айта кеткеп жөн. Халык шаруашылығының жекелеген салаларында пайдалану нәтижесінде ландшафтаралық және оның жекелеген компененттерінің арасындағы байланыс өзгеріске үшырайды, нашарлайды. Экологиялық жағдайының осылай нашарлау себебІ Нүра арнасындағы су деңгейінін, қүбылмалылығынан, табиғи компененттердің әлеуетінің нашарлауы, атап айтқанда: аквальды және субаквальды комплекстердің орын ауыстыруы, жер асты сулардың деңгейінін төмендеуі (2-Зм кейде 5-7м), жер беті және жер асты суларының химиялык қүрамының өзгеруі, түздану үрдісінің үдеуі, т. б. Осының нәтижесінде эрозиялық және дефляциялық үрдістер тек төрткүлді аймақтарда ғана емес, егістік жерлерде де кеңінен өріс алуда. Нүра өзені алабында экологиялық ахуалы әр түрлі табиғи комплекстер кездеседі. Табиғи компоненттер байланысы аумактың геологиялық-геоморфологиялық ерекшелігімен тығыз байланысты болғандықтан компонентаралық байланыс нашар, әлсіз. Шөлдену, түздану, т.б. үрдістердің нақты көрсеткіші-ең алдымен, топырақ және өсімдік жамылғыларының азғынуы, егіс өнімділігінің кемуі. ТіптІ ну тоғайлардың мүлдем жойылып кету мүмкіншілігІнің байқалуы. Нәтижесінде зерттеліп отырған аймақта ауыл шаруашылығы айналымынан шығып қалған жерлердің көлемі арта түсуде және айналымындағы жерлердің биологиялық өнІмділігі төмендеуде. Өзен аңғарында ежелден халық тығыз қоныстанған. 1998 жылғы санақ бойынша мүнда 1416,8 мың адам, сопың ішінде 1206,0 халық қалалы жерлерде, 2 10,3 мың ауылды аймақтарда түрған. Халықтың аумақ бойынша таралуы бірдей емес, тек Қарағанды-Теміртау урба-өнеркәсіпті комплексінде бүкіл халықтың 97 % шоғырланған. Онда егін және мал шаруашылығы жақсы дамыған. Дегенмен, бүгінгі таңда табиғи және антропогендік факторлардың ықпалынан экологиялық ахуалы нашарлап, табиғат апатына үшыраған аймаққа айналып отыр. Жоғарыда атап өткендей адам баласының табиғи орта комплекстерін пайдалануы кейде оның қүрамдас бөліктерінде тіпті қайтымсыз өзгерістер тудырады. Нүра өзені аңғарындағы осындай өзгерістердің даму деңгейі кеңістікте таралуы мен бағыт-бағдары әр алуан. Сондықтан табиғи антропогендік факторларға талдау жасау мен осыған байланысты табиғи комплекстерді жақсарту жолдарын үсынған дұрыс, әрі қолайлы. Аридті территориялардьщ өзен алаптарының геожүйелерін аныктау мен оны картаға түсіру негіздерін зерттеген Г.М. Жаналиеваның (1993) ғылыми тұжырымдарына сүйене отырып Ыүра өзені алабы біртұтас макрогеожүйе болды. Оның қүрамдас бөліктері - өзен тармактарынан түратын ірі субгеожүйелер. Субгеожүйелерді бөлу рельефтің қүлау бүрышымен, оньщ литологиялық қүрамымен анықталатын зат пен энергия айналымының әр алуандағы. Нүра өзенінің жоғары алабында шығу тегі жағынан біртекті, функционалдық біртұтас Нүра-Ақбастау, Байқожа, Матақ, Ащысу, Шилі салаларының табиғи антропогендік комплекстері калыптаскан. Басым табиғи комплекстері аласа таулар мен қырқалы -күмбез тәріздес үсақ шоқылар. Толық дамып үлгермеген қара қоңыр топырақ жамылғысында қараған, ксероморфты өсімдіктер. Уранзитті белдемдегі геожүйелер күмбезді-қырқалы жерлердің табиғи комплекстерімен қатар орналасып, күрделі қүрылым қүрайды. Ландшафтар жайылымдылық және шалғынды жерлер ретінде пайдаланылады. Өзен аңғарында дамыған геожүйелердің өнІмділігі жоғары-әр гектардан 20 центнерге дейін өнім алынады. Ащысу, Әділсу өзендерінің жайылымдылық террасаларында шалғынды егістер дамыған. Өзен-көлдерінің төмендегі ағысында жасанды бөгеттер салынған, биологиялық өнімділік орташа. Жоғарғы Нүра өзен алабьшың геожүйелерінің тілімденген рельеф формаларында қалыптасқан негізгі амтропогендік өзгеріс- жайылымдарының нашарлауы. Олардың таралуында беткей аралық та айырмашылық едәуір. Дефляцияльщ және су эрозиясы үрдістер қырқалар мен үсақ шоқылардың оңтүстік беткейлерінде айтарлықтай қарқынды. Қатты аналық жыныстарда қалыптасқан топырақ жамылғысының қалыңдығы аз болғандықтан, көктемде мал жайылымы үшін пайдаланылатындықтан беткейлік топырақтың шайылуы қарқынды. Сондықтан да беткейлерде кіші-гірім ысырындылар дамыған. Өте қарқынды дамыған ысырындыларда антропогендік бос жерлер таралған. Нұра өзенінің орта ағысы алабының геожүйесі Нүра, Ашағанды, Жайылмы, Үлкен Қүндызды өзендерінің салаларының оң жақ жағалау мен Есен, Шерубай-Нұра өзендерінің оң жақ жағалауында орналасқан геожүйелердің аумағын қамтиды. ӨзендердІң оң жақ жағалауларындағы геожүйелер қыркалы- жонды үсақ шоқылар мен денудациялық- қырқалы жазықтарда дамыған. Топырақ пен өсімдік топтары құрғақ дала белдеміне сәйкес. Сол жақ жағалауындағы геожүйелер Қалпақсор мен Тассуат көлді-аллювиальды жазықтарына сәйкес тендіктен құрғақтау дала биотасымен ерекшеленеді. Нүра өзенінің орта ағысы алабының геожүйелерінің табиғи комплекстері жайылымдылық және жайылымдылық террасалық парагенетикалық комплектер тобынан түрады. Өзен аралық комплекстердің жоғары бөлігі механикалық қүрамы әр түрлі қүмайттармен төселген аллювиальды- күмды тау жыныстарынан түзілген, жылғалар және сайлармен тілімденген. Олар жайымдылық үш терраса шекарасында орналасқан. Басым кездесетін шалғынды-қоңыр топырақ жамылғысында шалғынды - дала өсімдік топтары кездеседі. Самарқант, Ынтымақ, Самар су бөгендері мен Ертіс-Қарағанды каналы әсер ететін аймаққа жақын ориаласқандықтан техногенез әсері басым, сондықтан табиғи комплекстердің өздігінен дамуында өзгеріс байқалады. Әсіресе Теміртау тау-кен комбинаты маңында орналасқан геожүйелердің табиғи дамуындағы өзгерістер. Өзеи суларындағы ластандырушы элементтердің ШМШ мөлшерінен нормадан ауытқуы (әр түрлі ингредиенттердің орташа мөлшері): сынап пен мыс-4 ШМШ, мүнай қалдықтары-10 ШМШ, фенол-9 ШМШ, аммоний азоты-15 ШМШ, нитраттар-16 ШМШ. Аквальды геожүйелерде де сынаптың, кадмий және т.б. элементтердің пайыздық мөлшері жоғары. Техногендік лайдың қалыңдығы 2-3,5м. Олардағы сынаптың мелшері фондық шамадан (0,08 мг/кг орнында) өте жоғары больш 560 мг/кг құрайды. Ең қауіптісі сынаптың көп мөлшері белсенді формада, сондықтан биота бойында жинауға қолайлы. Жер беті суларында сынаптын мөлшерІнІң көбеюі оның су тасқындары кездерінде бөген, кәріз жүйелері аркылы қосымша элементтердің жиналуы. Ал сынап жер беті суларының сіңуі арқылы жер асты суларын да ластайды. Шерубай-Нұра алабының комплекстері өте тез өзгермелі және күрделі. Нұра өзенінің жылдық ағындысында Шерубай- Нұра саласының үлесі 26%. Су қоры рельефі күрделі, гипсометрлік биіктігі әр түрлі сала Қызылтас аласа таулы, ұсақ шоқылы аймақтан жиналады, аласа таулы аумактан бастау алады. Өзеннін төмендегі ағысында Шерубай-Нүра Жартас бөгендері орналасқан Ертіс-Қарағанды каналы Қарағанды өнеркәсіптік комплексінен, Саран химиялық тау-кен байыту комбииатыыан, Абай энергетикалық тау-кен шахталық өнеркәсіп торабынан келіп түсетін әр түрлі ластаушы ингредиенттерді таратушы орталық болып табылады. Су көздері мен атмосфера арқылы металдар әр түрлі қашықтықта тарайды. Осының нәтижесінде антропогендік ландшарфттардың өнеркәсіптік, қоныстық, транспорттық модификациялары дамыған. Әсіресе әр түрлі заттар қалдықтары шоғырланатын геожүйелердің эволюциялык дамуында айтарлықтай өзгеріс байқалады. Сондықтан осындай аймактарда барлық антропогендік ландшафтар модификациясы кездесетін ірі табиғи техникалық жүйе дамыған. Табиғи комплекстердің дамуына техногенез факторларының әсері зор, табиғи компоненттерде (су, топырақ жамылғысы, биота) түрақты ауыр металл тұздарының шоғырлануы жоғары (корғасын, темір, кадмий, марганец) ШМШ мөлшерінен 5-40 ссе көп. Тиісті шаң- тозаңның мөлшері тәулігіне 60 кг/ км болса, онда оныц шамасы мұнда тәулігіне 678 кг/км, яғни фондық нормадан оңдаған есе көп. Сондықтан Нұра өзені орта аі-ъісы алабының геожуйесінің техногенез факторлары нәтижесінде өзгеру деңгейІ жоғары, табиғи әлеуетІ нашар. Комплекстердің өздігінен қалпына келуі нашарлаған, шөлдену үрдісі айқын байқалады. Сондықтан тау- кен өнеркәсібінің жекелеген аумақтарында фитомелиорация, рекультивация жұмыстарын жүргізу қажет. Нұра өзені төмендегі ағыс алабының геожүйесі Нұра өзеніне Үлкен Кұндызды саласы құятын жердің төмендегі бөлігін қамтитын Теніз-Қорғалжың ойпатында орналасқан. Литогендік негізІнде неоген-төрттік дәуірлерінің тау жыныстарымен жабылып жатқан жоғары девонньщ метаморфтық тау жыныстары басым. Өзен-көлді қазан-шүңқырлар, ащы сулы көлдер мен батпақтар қалыптасқан. Гидрогеологиялық ерекшелігІ, режимі мен өзен салаларындағы су мөлшеріне байланысты геожүйелердің дамуы түрақсыз. Өйткені жер асты суларынын деңгейінің төмендеуіне, өзен, көл суларының шығынының азаюы мен минералдану мөлшеріне байланысты табиғи комплекстер тез өзгермелі. Ландшафтардың даму ерекшелігі жер асты және жер беті суларының мөлшерімен, химиялық қүрамымен байланысты. Көлді - жайылымды террасада ылғалдылық жоғары және асты сулары жақын орналасқандықтан табиғи қалыптасқан комплекстер дамиды. Дамуы жер асты сулар мен өзеннің ағын суларына байланысты болғандықтан дамуы түрақсыз. Жағалауға жақын дамыған қүмды жондардың дефляцияға үшырауы байқалады. Тек екінші және үшінші жайылымдылық террасалар уақыт пен кеңістік аралығында түрақты, өздігінен қалпына келу механизмІ жоғары. Мүнда 1968 жылы қүрылған дүние жүзілік маңызы бар Қорғалжың қорығы орналасқан. Аумақтың қалған жерлері ауыл шаруашылығында - егістікте, мал жайылымы ретінде колданыладн. Сонымен қатар жасанды шабындықтар да тараған. Олардан мәдени жем - шөп бағытындағы дақылдарды өсіру ыәтижесінде өнімділІгі жоғары - әр гектардан 20-40 ц өнім алынады. Қүланөтпес - Қон жүйесі аталған өзендер алабында орналасқан, түзды ағынсыз алаптарда биотаның ауысуы айкьш. Жалпы алғанда Теңіз - Нүра макрогеожүйелері флора мен фаунапың сандық күрамы, әр алуандағы бойынша өте қызықты табиғи нысан болып табылады. Теңіз - Нүра макрогеожүйесіндегі техногендік ластану орталықтары аумақ бойынша және жекелеген компоненттерде бірдей емес. Урбандалғән өнеркәсіпті аймақтардың (Шерубай- Иүра, Орта-Нүра т.б.) ландшафтарының геохимиялық ерекшелегін көрсететін негізгі топырақ жамылғысы. Өйткені ол әр түрлі химиялық элементтердің шоғырлану орталығы болып табылады (атмосферадан, өнеркәсіп, тұрмыстық сулар мен жер беті ағын суларынан). Қарағанды табиғи-техникалық системасы орналасқан аймақта (400 км2 ауданды алып жатыр) топырақ жамылғысындағы қорғасынмен ластану аумақтың 70% қамтиды. Сынап-60%, мыс пен мырыш- 40%, хром-30 %, марганец-80%, ал никель-10 %. Өте қарқынды ластану орталықтары солтүстік- шығыс өнеркәсіп белдемі-Майқұдық, сотүстік-батыс- Жанақала мен Михайловка. Сонымен урбандалған Қарағанды табиғи-техникалдык жүйесіндегі техногендік калдықтар төмендегідей: Си 2п Мо 10, 10, т.с.с, ШМШ деңгейінің ортаса көрсеткіштен көп болуы. Абай энергетикалық таулы- шахталы табиғи-техникалық жүйелерінде- РЬ Аз 2п Ауыл шаруашылықтың ландшафтарыньщ техногендік ластану көзі-қоныстық, өнеркәсіптік, транспорттық антропогендІк ландшафтар. Ол атмосфералық миграцияға қатысатын химиялық элементтердің, егістік суландыруда ластанған судың пайдаланылуы, т.б. Шерубай-Нүра, Ашағанды, Әділсу және Орта-Нүра аймақтарында техногенез қалдықтары мен ауыл шаруашылық ландшафтары қатты ластанған. Ауыл шаруашылык ландшафтарының топырағы мен алынған өнімдегІ кейбір ауыр маталдардың мөлшері ШМШ деңгейінен 5-40 есе көп екені анықталған. Ауыл шаруашылықтың ландшафтарды ластандырушы негізгі орталық: Теміртау химиялық-металлургиялық кешені. Жалпы алғанда Нүра макрогеожүйесі төңірегінде 25-ке жуык бөгендер бар. 1973 жылдан бастап Ертіс-Қарағанды каналы Нүра өзенінің су режиміне елеулі әсер етуде. Өзен алабындағы судың жалпы мөлшерінің 15% ауыз су мен түрмыстық кажеттілікке, 35 % өнеркәсіп пен энергетикаға, ал 50% егістікке суару үшін пайдаланылады. Нүра өзенніне түсетІн ақаба судың мөлшері 250млн.м3 оның тек 45%-ға жуығы ғана биологиялык жолмен тазартылады, калған су мөлшері тазартқыш қондырғылардың жетіспеушілігінен сол күйінде ағызылады. Ынтымақ бөгеніне дейін (Самарка селосы) өзен суы күшті ластанған. Өзен арасындағы лайлы топырақта сынаптың шоғырлануыиа байланысты әлсін-әлсін сынаптын мөлшері ШМШ деңгейінен артуы мүмкін, бірақ жалпы ерекшелік Ынтымак бөгенінен төмен судың техногендік қалдықтарымен ластануы азаяды. Ол судың өздігінен тазару мүмкіншілігіне байланысты болуы мүмкін. Бүгінгі таңда Нүра өзені алабында әр түрлі химиялық әлементтермен әсіресе сынаппен және органикалық қалдыкты заттармен ластанған техногендік лай қалыптасқан. Ортаңғы Нұра алабында шоғырланған сынаптың мөлшері шамамен 140-150 тонна. Өнеркәсіп сулары өзен суына қосылатын аймақтағы техногендік лайда оның мөлшері 560 мг/ кг, ал жалпы фондық мөлшері 0,08 мг/кг. Техногендік лайдың күрамындағы сынап геохимиялык белсенді, сондьщтан биотаның өз бойына жинауы жоғары. Сонымен Нүра өзені алабындағы сынаптың өсімдік жамылғысының өз бойына жинауы қарқынды. Ауыл шаруашылық саласында жайылымдылық жерлердің үлес салмағы аз болғанымен басқа табиғи ресурстармен салыстырғанда антропогендік әсерге түрақсыз. Табиғи жайылымдылық жерлердің экономикалық тиімділігін арттыру тек оларға дұрыс шараларды пайдалана білуге ғана емес, сонымен қатар ірі массивті қүмдарға көп жылдық өсімдіктер отырғызу. Бүкіл вегетациялық кезеңде жануарлар нәрлі өсімдікпен қоректенеді. Бірақ мүндай көрсеткіштер жыл сайын бола бермейді. Ылғалы мол жылдар мен жайылымды алқаптарда дұрыс пайдалағанда ғана осындай нәтижеге жетуге болады. Ал қүрғақ жылдары өсімдік жаздың ортасында күйіп кетеді. Сонымен қатар малды қалыптан тыс жаю, өсімдіктердің өнімділігі мен биологиялық ерекшеліктерін есепке алмау жайылымдылық жерлердің нашарлауының бірден бір себебі болып табылады. Сондықтан шабындык өсімдіктерінің нәрлік күны төмендейді, мал жемейтін өсімдіктер өсіп, механикалық құрамы топырақта эрозиялық үрдіс дамиды. Көп жылдык ауа райы көрсеткіштері мен мезгілдік ерекшеліктерге сүйене отырьш жем-шөптің қорын тиімді пайдалану жолдарын шешуге мүмкіндік туады. Ғылыми мақалаларға сүйене отырып қүрғақ жылдары азық өнімінің 1,5-2 есе түсІп кететіні анықталды. Сондықтан жайылымдылық жерлерді пайдалану өсімдІк түрлерінің биоэкологоялық ерекшелігін, өнімділігін, мезгілдік дамуын есепке алуды талап еседі. Осыған байланысты табиғи жайылымдарды тиімді пайдалану мен жақсарту шаралары ғылыми түрғыда көп жылдық биоэкологиялық мәліметтерді пайдалануды талап етеді. Елімізде шалғынды, шабындықты жерлердің жақсартуда елеулі жеңістерге қол жетіп отырғанымен әлі күнге дейін шешімін таппаған күрделі мәселелер жеткілікті. Табиғи жайылымды жақсарту жолында жасанды азық-түлік базасын қүру, суландыру жүмыстарын ғылыми, тиімді жүргізу қажет. Климаттық жағдайдың аномальды көрсеткіштері вегетациялық кезеңнің ғана емес жалпы өсімдік жамылғысының динамикасына, өнімділігіне әсер етеді. Сондықтан стационарлық іздсністер жүргізу арқылы азық-түлік картасын түсірген жөн. Өйткені өсімдік өнімділігі кең аумақта өзгеріп отырады, яғни кеңістікке таралу ерекшелігі бірдей емес. Шалғынды жерлерді тиімді пайдалану-көптеген көрсеткіштерге негізделедлі: өсімдік түрлерІ, биодогиялық ерекшелігі, тамырының таралуы және жер беті мен жер асты органдарының қарым-қатынасының салыстырмалы көрсеткіші. Жайылымдық жерлерді тиімдІ найдалану жүмыстары жаЙылымға дүрыс баға беру, оның ылғалмен қамтамасыз етілу деңгейін анықтау, өнімділікті болжау мәліметтерін дүрыс пайдалану керек және оған езгерістер енгізу сияқты мағмүлаттар негізделеді. Ауыспалы жайылым схемасын өнімділікті болжау мәліметтерін есепке алмай пайдалану жағымсыз нәтиже беру мүмкін. Мысалы, жайылымда биыл 1-2 рет мал жаю жоспарланып отыр дейік ал болжау бойынша өнімділік нашар, сондықтан екі рет жаю кеп, 1-еу де жеткілікті. Өйткені эрозиялық және эолдық үрдістер үдеуі мүмкін. Сондықтан ауыспалы егістік схемасына болжау мәліметтерін пайдалана отырып өзгеріс енгізіп отырса жайылымның экономикалық тиімділігі артады. Соңғы уақытқа дейін ғылыми мэліметгерге негізделген ауыспалы лсайылым схемаларынан көп көңіл аударылмай келді. Сонымен әр түрлі деңгейдегі табиғи комплекстердің өзгеру қарқындылығы, кеңістік пен уақыт аралығында таралуы әрқалай. Антропогендік әсер, жалпы алғанда, табиғи ландшафтар шеңберінде дамитындықтан негізгі өзгерістер биогендік және гидроклиматогендік компокенттерді қамтиды. Нұра өзені алабының антропогендік ландшафтар модификациясын қүрастыру табиғи ландшафтар шеңберінде, шекарасында жүргізіледі. Қорыта келсе, Нүра өзені бассейнінде антропогендік факторлардың нәтижесінде кеңінен өріс алып отырған үрдістер топырақ эрозиясы мен дефляция. Осының нәтижесінде экзогендік үрдістердің дамуы 4-5 есе артады. Тың және тыңайған жерді игеру жұмыстары басталған кезден-ақ егістікті жерлерден гектарынан 8 ц дейін өнім алу көзделген еді. БІрақ қазіргі таңда әр түрлі агротехникалық шараларды, химиялық тыңайтқыштарды пайдалану нәтижесінде өнімділік 20 ц жетіп отыр. Дегенмен апатты үрдістердің қалыптасуы карқынды дамуда. Сопымен қатар су көздері техногендік қалдықты заттарымен ластану деңгейІнің үдеуіне байланысты эколгоиялық жағдай жылдан-жылға нашарлауда. Сондықтан ауыл шаруашылығының жекелеген салаларында пайдалапьыатын агрожүйелер табиғи комплекстердің динамикалық ерекшелігіне байланысты уақыт пен кеңістікте бірдей болу мүмкІн емес. Антропогендік факторлардыд кеңістік бойынша таралуы тек ластандыру орталықтарының шоғырлану КӘЗІІІС іаиа сонымен қатар жақсарту, тиімді пайдалану шараларына да байланысты болмақ. Табиғатқа қастандық- қылмыс. Халқымыз жерді аса күрмет түтып, оған бас иген. Тоқымдай жер үшін қасық қаны қалғанша күресіп оны сырт жаудан қорғап отырған. Сондай ата-баба жерінің бүгінгі жауы - эртүрлі экологиялық жағдайлар болып отыр. Облысымыздағы су ресурстарьшың қоры Қарағанды каналын қоса есептегенде жылына 3,4 миллиард текше метр. Оның жыл сайын 2-2,3 миллиард текше метрі пайдаланылады. Негізгі су көздері Нұра өзені, оның Шерубай-Нұра және Соқыр қоймалары, Ертіс-Қарағанды каналы, Қаракеңгір және Жезді өзендері, Балқаш көлі болып табылады. Нұра, Шерубай - Нұра, Соқыр өзендері мұнай өнімдері, аммони азоты, нитраттар, органикалық заттары көп суларға жатады. Облыс суларының сапалық жағынан жақсаруына кері әсерін тигізіп отырған кэсіпорьшдар «Испат-Кармет», ААҚ, «Карбид», АҚ «Қазақмыс», АҚ «Балқаш», АҚ «Облсуканал» су канал шарушылыгы басқармасы, «Қарағандарезинотехника»-АҚ, энергетика, көмір өнеркәсібі меы ауыл шаруашылығы кәсіпорындары. Сол сияқты суармалы алқаптарда тыңайтқыштар мен улы химикаттарды пайдалану, мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін орналастыру да қолайсыздықтар бар. Облысымыздың ағын суларына 90 тазалау қондырғысы қойылатын болса, оның 7-і тиімді жұмыс істемейді. Су - жердің нәрі. Ол болмаса барлық тіршілік атаулы жойылар еді. Таза сулы таулы аймақтарда өсімдіктің мәңгі жасыл болып тұратындығы сондыктан Суды таза сақтау -өмір нәрін таза сақтау, яғни бұл денсаулык кепілі деген сөз. Қазақстан Республикасының «Айналадағы ортаны қорғау туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында 1993 жылғы облыс әкімі өкім шығарған болатын. Кезінде бұл өкім облыс экологиясын сәл де болса жақсартуға үлес қосты. Жылыту энергетикасында 16 қазандықка тиімділігі жоғары «эмульгатор» текті күл мен газды тұтып қалатын қондырғы орнатылды. «Испат-Кармет» ААҚ - дағы сорпы прокат өндірісінде қайталама сумен қамтамасыз ету циклі іске қосылды. Жалпы алғанда қиыншылықтар көп. Соған қарамастан аудан әкімшілігі қол кусырып отырған жоқ, көп жұмыстар атқарып жатыр. Табиғатты, орман, суды сақтауға бүкіл халық болып ат салысқанымыз жөн. Көлді, қоршаған ортаны сақтау, қорғау жөнІнде күзет болғаны жөн. Келешекте адамдардың таза экологиялық аймақта өмір сүруіне жағдай жасауымыз қажет. Қаржы мәселесі де заңды жолмен шешілуге тиіс. ӨйткенІ көлді қүтқарудың, сақтаудың өзі қаржы арқылы шешілітіні белгілі. Көл тағдыры-біздің келешегіміздің тағдыры. БІздің еліміздің табиғат байлықтары орасан зор, олар халық кажетін қанағаттандыру әрі шаруашылықты дамыту үшін қажеттің бәрін береді. Дегенмен, бұл байлық қаншалықты мол болғанымен, оны сақтай біліп, дұрыс пайдаланбаса, уақыт өткен сайын ол да сарқылады. Сондыктан табиғат байлықтарын корғаудың аса зор мацызы бар. Табиғатты корғау ісіне барлық азаматтар ат салысуы тиіс. Нұра ауданы жылдан-жылға көркейіп келеді. Ауылды көтеруге тек ғана аудан әкімшілігі ғана емес, қарапайым тұрғылықты халықта ат салысуда. Облыс әкімімен бірге қала типтес кенттер проблемалары шешілуде. Нұра жерін игеру әлі де жүріп жатыр. Қазақ, орыс, украин тағы басқа халықтары өкілдерінің бірлесе еңбек етіп, өзара қарым-қатынас орнатуы арқасында этномәдени байланыстар қалыптасты. Ауданда көп балалы отбасылардың жағдайы қарастырылған. Оларға көмек көрсетіліп отырады. Ауданның экологиялық жағдайы да біршама жақсартылды. Нұра ауданының экологиялық мәселелерін зерттеуге болашақта көңіл аудару қажет. Ауданда тұратын барлық халықтардың мәдениетін көтеруге әрқашан ықпал етілмек. Білім беру саласын стандарттық деңгейге жеткізу, қазақстандыктардьщ кәсІби деңгейін көтерудің сапасын қамтамасыз ету қажет. Ауданда шағын кәсіпкерлікті дамытуға ерекше көңіл бөлінген. Өз бетімен табыс таба алмайтын, халықтың корғаусыз бөлігіне ерекше көңіл бөлу, аналар мен балаларды қолдау, қорғауды күшейту. Ауданның экологиялық сауықтыру шараларын күшейту қажет. Парадокс (математика). Бұл парадокстер, әсіресе Расселдің парадоксы, сол кездегі математика әлемі мен логикада үлкен сілкініс әкелді. Математика тарихындағы үшінші реткі дағдарысты тударған еді. 1908 ж. Б.А.У. Расселдің типтер теориясы мен Е.Ф.Ф.Зермелоның(1871~1953) аксиомалық жиындар теориясы осы парадокстерді шешу үшін жасалған еді. Абель Нильс Хенрик. Абель Нильс Хенрик (Niels Henrik Abel, 1802-1829) - Норвегияның атақты математигі, осы заман алгебрасының дамуындағы көшбасшысы. 1802 ж. 5-тамыз күні Финнейде шала сопы-пастор сурен Георт Абелдің семьясында дүниеге келген, 1829 ж. 6-сәуір күні Фолуланда қайтыс болған. Өмірбаяны. 13 жасында Ослода діни мектепке түскен, математика мүғалімі Бернт Микель Хольмобое оның талантын байқап, оған жетекшілік еткен. Жас шағынан бастап Абель кейбір математикалық мәселелерге ой жүгірте бастайды. 1821 жылы бірнеше профессордың көмегімен Осло университетіне түседі. Ол университетте өздігінен оқыған, сонымен бірге көп уақытын зерттеуге жұмсаған. 1824 жылы, Абель 5-дәрежелі алгебралық теңдеудің шешуін әдеттегі түбір табу жолымен табуға болмайтынын дәлелдеу барысында, топтарға(Абел тобына) алмастыруға болады деген тұжырымды енгізеді. Мақаласы түсінікті болу үшін француз тілінде жарялайды және оны С.Ф.Гауссқа жіберіп береді. Бірақ шет ел математиктері ешқандай көмек көрсетпейді. 1825 жылы ол Берлинге барып, сол жерде А.Л.Креллемен (August Leopold Crelle 1780-1855) танысып дос болады. Ол Крелленің атақты «Таза жане қолданбалы математика» журналының шығаруына көмектеседі. 1-томында (1826) Абелдің 7 мақаласы жарық көреді, оның ішінде 5-дәрежелі алгебралық теңдеудің шешуі әдеттегі түбір табу жолымен табуға болмайтындығының дәлелдеуі бар еді. Кейінгі сандарында да Абельдің көп мақаласы жаряланып тұрды. 1826 жылы Абель Парижге барып, А.-М.Лежаңдр (Legendre, A.-M, 1752-833) және А.Л.Коши (Augustin-Louis Cauchy) сынды ұлы математиктерге жолығады. Абель элиппстық интеграл туралы бір зерттеу мақаласын жазып оны Франция ғылым акедемиясына табыстайды. Алайда оған ешкім мән бермеген соң, ол амалсыздан Берлинге қайтып оралады. 1827 жылы ауырып Берлиннен Норвегияға қайтып барып, жеке мұғалім болып күн көреді. Қайтыс боларының алдында ғана басқалар оның зерттеулеріне назар аудара бастайды. 1828 жылы Франция ғылым акедемиясының 4 акедемигі Норвегия патшасына хат жолдап, Абельдің ғылыммен айналысуына шарт-жағдай жасауын өтінеді. А.-М.Лержандр ғылым акедемиясының жиналысында Абельдың идеяларын қолдайды. Келесі жылы 6-сәуір күні, 27 жасында Абель қайтыс болады. Берлин университетінің оны оқытушылыққа алғаны туралы хаты қайтыс болған күнінің ертесі жетеді. Көзі тірісінде еленбеген еңбектері қайтыс болғаннан кейін, барлық ғалымдардың назарын тартып, оның атақ-даңқы бүкіл Еуропаға тарай бастайды. Абельдің математикадағы зерттеулері көп жақты болған. 5-дәрежелі алгебралық теңдеуден басқа, одан да жоғары алгебралық теңдеулерін, топтар теориясын, сонымен бірге шексіз қатарларды, олардың қосындысын табудағы кейбір теоремаларды табады. Абелдің қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырында жасаған еңбегі орасан мол болған, ол туралы С.Хермит (C.Hermite 1822~1901) былай деген еді: “Абель қалдырып кеткен еңбек математиктер үшін 150 жыл жұмыс істеуге жетеді ”. Соғды. Соғды — Қазіргі Тәжікстан (Памирді қоспағанда), Өзбекстанның оңтүстігі (Самарқан мен Бұқараны қосқанда) және Ауғанстанның оңтүстігі ежелгі Соғды елінің құрамында болған. Түрік елінің батысы. Түрік бітіктерінде Соғды, Бұқарақ деген атаулар кездеседі. Атап айтқанда, Күл-тегінді жоқтауға "Соғыды Берчекер Бұқарақ ұлыс бүтіннен (халықтан) Інек Сеңүн, Оғұл Тархан келді" делінген. Ел Етміш Білге қаған (Мойын чұр) "Соғдық Табғач-қытай Селеңгеде Байбалық жасауды (бұйрықты) бердім" деген де дерек бар. Жаңақорған. Жаңақорған — кент, Қызылорда обл-ндағы Жаңақорған ауданының орталығы (1928 жылдан), т. ж. ст. Облыс орт. — Қызылорда қ-нан оңт.-шығысқа қарай 178 км жерде, Сырдария өз-нің оң жағасының бұта аралас боз, бетеге, қау, т.б. әр түрлі шөптесін өскен құмайтты, сортаң, бозғылт қоңыр, шалғынды топырақ қалыптасқан шөлдік белдемде орналасқан. Тұрғыны 20,7 мың адам (1999). Алғашқыда Шепқорған, ал 11 ғ-дан Жаңақорған болып аталды. 1997 жылға дейінгі кәсіпорындар (қиыршық тас, май з-ты, құрылыс, көлік, т.б.) акцион. қоғам, серіктестіктер мен шаруа қожалықтары болып қайта құрылды. Жаңақорғанда 6 орта, 2 орталау мектеп, 4 кітапхана, мешіт, 2 мәдениет үйі, клуб, стадион, 2 спортзал, ауд. аурухана, емхана, 2 дәрігерлік пункт бар. Кентте 26,4 км су құбыры тартылған. Жаңақорған арқылы Қызылорда — Шымкент автомобиль және темір жолдары өтеді. Қоңырат. Қоңырат - Қоңыр + "ат"(көптік жалғау). Орта жүзге кіретін ру. Тарихи деректерде "Қоңғырат", "Оңғырат", "Қоңғила" деген атаулар кездеседі. Тарихи мекені Моңғолия жерінде болуы керек. Қазір қоңыраттар көбінесе Қазақстанның оңтүстігі, Қарақалпақыстан, Өзбекістан жерінде тұрады. "Шыңғысханның құпия шежіресі" кітабында Шыңғысханның бәйбішесі Бөрте (Жошының шешесі) Қоңырат руынан екені айтылады. Орта және ұлы жүздер қазақтарының рулықтайпалық құрамының 1748 жылы А. Тевкелев жазған суреттемесінде қоңыраттардың «күшті ру» екені, «Орта ордаға жататыны», көбінде «Үлкен ордамен бірге көшіп жүретіні» айтылған. Ш. Ш. Уәлиханов қоңыраттардың Орта ордадан Уәли хан тұсында (XIX ғасырдың бірінші жартысы) бөлініп, «Бұхарада, Қоқанда, Ташкептте, бәрінен бұрын Қаратауда және Талас өзені боііыыда өзбек руларымен (көршілес) көшіп жүретінін» жазған. Хабарлар арасындағы айырмашылық 80 жылға жуық, бірақ олардың (қоңыраттардың), Орта Азия мен ұлы (Үлкен) жүз қоныстарына кетіп қалғаны жайында XVIII ғасырдың ортасында да, XIX ғасырдың біріпніі жартысыпда да айтылады. Ал олардың бұлайша кетіп қалуына не себеп болғапын авторлар айтпайды. Осыны аиықтауға тырысайық, дегенмеы, басқа тайпалар тарихында байқала бермейтін тайпапың бұлайша жаппай көшіп кету корінісі айқын болу үшін бұл тайпапың тарихына қысқаша тоқталып өту керек. Нақ сол Уәли хаи кезінде айрыла көшудің болғаны рас, сол хан тарапыііан корсетілген қысымшылыққа наразылық ретінде 1797 жылы 15000 шаңырақ арғындардың Ертістің оң жағалауына көшіп кеткенін айтсақ та бола ды. Бірақ ол арғындар (атығайлар) қалай қоныс аударса да Орта жүз жері ішіиде қалған, ал қоңыраттар бұрынғы мекенінен мүлде шығандап. оңтүстік өңіріне тым тереңдеп кеткенін көреміз. Мұның қысқаша тарихы мынадай. XVIII ғасырда қоңыраттар көшпенді өзбектердің мемлекеті кезінде болған бүрынғы құдіретінен айрылды, ал ол кезде қоңыраттар оныңжауынгерлік сол қанатына енген еді. Шайбаии хан ДештіҚыпшақтан Мауараннахрға бет бұрған кезде көптеген қоңыраттар сол жаулап алушы ханға еріп кетті. Шайбани хан қаза тапқаннан кейін Мауараныахрда өзара қырқыс күшейіп, XVI ғасырдың аяғы XVII ғасырдың басында ол дербес екі хандыққа: маңғыттар басқарған Бұхара және қоңыраттар басқарған Хиуа хандықтарына болінді. Мауараннахрға кеткен қоңыраттар қарақалпақ халқы комионенттерінің біріне айналды. ДештіҚыпшақ даласында қалып, қазақ халқының құрамына еиген қоңыраттар Орта Азия халықтары тағдырыиа жасаған бұрынғы зор ықпалынан енді айрылып қалды. Бүл арада, әрине, халық тарихында тұтастай бір тайпаны қалайда томендету иемесе дәріптеу бар деуге болмайды. Феодалдық дәуірде жеке бір адам мен оның тайпасының билік етуі, оның басқа адамдарға немесе басқа тайпаларға үстемдік жүргізуін көрсеткен. XVIII ғасырда қоңыраттардың қазақ қоғамындағы жағдайы (маңызы) қаыдай болған? Белгілі бір тайпаның, рудың салмағы ұлысты, старшындықты (ресми қүжаттарда алынғаи термиидер) басқарған жеке адаммен (ханмен, сұлтанмен, батырмен, бимен) байланыстырылған. Бұл жеке адам мен оның төңірегіндегілер, негізінен оның жақын туыстары өз руластарының, өз тайпаластарының мүдделерін қорғау арқылы өзі де жоғарылап, жайылымдарды иелену мен қоғам өмірінде өз беделін көтеру үшін қажетті күшке ие болған. Наймандардың 40 000 шаңырағын билеген Барақ сұлтан, осы тайпаның 10 000 шаңырағын басқарған Күшік хан, Атығай руын бір қолында ұстаған Абылай сұлтан, Қыпшақ ұлысын соңынан ерткен Төле батыр т. б. осындай тұлғалар болған. Темірқазықтай жеке тұлғалары болмайыиша, өз мүдделерін қорғау өте қиын екенін көшпенділер де түсініп, олар көбінесе Шыңғыс ұрпақтарын таңдап алған. Мысалы, Тобықты руынан шыққан Тоқтамыс Көкшетаудан Шыңғыстауға Абылай хаиның кіші ұлы тоғыз жасар Шаманы әкеліп, ол коп ұзамай Тобықты руының сұлтаиына айпалғаи. Шама сұлтан тобықтылардың мүдделеріи қорғағап, сондықтан XIX ғасырдың 40жылдарында Дадан тобықтыларды Балқаш көліпе дейін апарып, олар бүрыттгы жайылымдықтаръттт не л енген. Мұндай (жеке адам мен ру, тайпа қатыиастарыиан) мысалдар аз емес. Міне, осы арада мыиадай сұрақ туады: қоңыраттарда өз мүдделерш оздері қорғай алатындай күш болды ма, олардың арасында Абылай хан, Барақ сұлтан, Қазыбек би сияқты тұлғалар кездесті ме? Тілмәш М. Арапов айғақтарының жазбасында (1749) Найман руларымен және Аргын тайпасының қаракесек руымен қатар Барақ сұлтан әскерінің негізін қоңыраттар құрағаны, сол қоңыраттардың Барақ сұлтан ұлысымен қатар болғаны айтылған. 1749 жылы 10000 шаңырақ қоңырат Ресей бодандығын алып, олардың атыиан қоңыраттар оз жетекшісі етіп сайлаған пайман ұлысының билеушісі Барақ сұлтан ант берген. Г. Волкоискийдің мәліметтерінде: 15000дай отбасынан тұратын 12 атасы бар, жаздыгүпі Көксу, Қаратал озендері маңайыпда, Ақтуартауда көшіп жүріп, қыстыгүиі Түркістан мен Ташкеытке қарай кететін «найманқоңырат руы» туралы айтылады. Сонымен, XVIII ғасырда қоңыраттар қайсыбір ұлыстың бөлігі болып, «озін билеуге» сырттан жеке адам шақырып алып отырған. Бұл сірә, көшпенділік рудың, тайпаның маусымдық жайылымдарды пайдалапуын біршама аиықталуын қажет еткенімен, оларды өзге ру топтарыиың басып алуы сирек кездеспейтін құбылыс болғанын, сондықтаи жайылымдарды басып алуға қарсы тұруға және оз мүдделерш қорғауға қабілетті күш керек еткенін көрсетеді. Қоңыраттар адам саны неғұрлым көп тайпалардың (мысалы, наймандардың немесе арғындардың) күінңуатына төтеп бере алмаған да, соның «өзін билеуіне» мойынсұнуға омірдің өзі итермелеген. Тегінде, қоңыраттардың біресе арғындармен (Қаракесек руымеи), біресе наймаидармеп бірігуіне осы себеп болса керек. Қөңыраттар өздеріиің көшінқону кездеріиің бәрінде оңтүстікке, Түркістан мен Ташкентке ойыса беретіп себебі халық зердесіпде өзбектер, қарақалпақтар мен қырғыздар құрамына енгеп Орта Азия қоңыраттарымен генетика лық байланыстың сақталып қалғапдығы ма дейміз, опың үстіпе ол қоңыраттар әлгі халықтардың этногенезі мен этникалық процесіпде елеулі орын алған. Қиссаның басқа бір жерінде Байбөрінің ауылы Байсыннан екі күншілік жерде болғаны айтылады. Байсынтау Ғиссар жотасыиың оңтүстікшығыс сілемі, Бұхарадан Ғиссарға жәие одан әрі Әмударияға баратын ежелгі керуен жолы сол арқылы өткен. Жиделі Байсыи осы таудың Сұрхан озепше қарай жатқан беткейінде. Ә. Диваевтың XX ғасырдың бас кезіиде қазақтардан жазып алған мәліметтеріне қарағанда: «ЖиделіБайсын екі бектіктің: Куляб және Ғиссар бектіктеріпің шегінде. Онда Байсын деп аталатын үлкен кол бар. Онда Кіші орданың қырғыздары (қазақтары М. М.) тұрады. Орта ордаиың қоңыраттары мен арғындары да бар». Қоңыраттардың оңтүстікке, атабабаларының жеріне, басқа халықтардың құрамына енген туыс тайпаларға қарай кәшуіне түрткі болған себептердің бірі атамекен туралы түсінікпен тығыз байланысты этиикалық санасезім екепіне күмән жоқ. 1824 жылдан бастап, қазақ даласында сыртқы округтер құрылған кезде, Орта жүздің барлық тайпаларына округ шегінен көшіпқонатын жер берілді және қоңыраттар солардың біреуінде ғаиа 1824 жылы Қарқаралы округі ашылған кезде ол құралған 14 болыстың 11сі ҚоңыратАрғын болысы деп аталған. Коріп отырғанымыздай, мұнда да қоңыраттар дербес болыс болмағак. Орта жүз тайпасының Тобыл және Томск губернияларыида, казак полктерінің жерінде көшіп жүргеи қазақ руларының дегенмен де белгілі бір сыртқы округке жатқызылғанына назар аудару керек. Ал қоңыраттар, Қарқаралыны қоспағанда, барлық бес округтің бірдебір ведомосында жоқ. Тегінде, өлар XIX ғасырдың алғашқы отыз жылдығында «Бұхария мен Ташкент жағына» кеткенінеп қайтып оралмай, сол арқылы Орта жүзден бөлініп кеткен секілді. Қоңыраттар Сырдарииның солтүстік жағына XIX ғасырдың 30жылдарында келген. Нақ сол жылдарда Ташкенттің беклербегінің қоңыраттардан, қыпшақтар мен тамалардан құралғаи 12 мың әскері Сырдарияның арғы бетінеті қазақ даласына басып кіріп, Наймап тайпасының бағаналылықтарыи қуып шығып, Сарысу өзеніне ірге тепкетт. XIX ғасырдың ортасындағы деректер бойынша, қоңыраттардың қоныстары Балқаш өзеніиің солтүстікбатысындағы Ащысу, Сарысу өзеидерінің аралығында, Ортаудыңсолтүстік жәие шығыс бөктерлерінде, Ащысу, Сарысу өзендерінің аралығында ағып жатқан Көкпекті, Талдыманақ, Қараеспе, Құрманақ өзендерінің бойыида болған. Одан кейінгі жылдарда қоңыраттардың Орта Азиядан сөлтүстіктегі Қазақстан аймағына көшуі орын алды, бірақ ол 1858 жылы жаппай сипатқа ие бөлды. Қоқаи иеліктерінен көшіп келген қазақтар туралы бір құжатта былай делінген: Шу өзенінен өтіп келгеи және кобінесе Қоңырат руына жататын мұндай келушілер саны әрқайсысыида160, кейде өдан да көп ауыл бар 15 болысқа дейіп жетеді. Егер 1 әкімшілік ауыл 60 шаңырақтан тұрғаи деп есептер болсақ, қоңыраттардың кошіп келген 15 болысының әрқайсысында 1000ға тарта шаңырақ болады, мүның өзі Қазақстанда болыстар мен округтер құрған кездегі нормаға сәйкес келеді. Демек, Шу өзенінің арғы бетінен кошіп келген қоңыраттар саны 15 000 шаңырақ болған. Сібір қазақтары облысы әскери губернаторының өкіміне сәйкес, Шу өзенінің арғы жағынан жаңа көшіп келгендерге Шу жәие Сарысу өзендерінің бойында көшіп жүруге рұқсат беріліп, бұл орайда ол жерлерде көшіп жүрген қазақ руларына таршылық жасамау шарт етіліп қойылды. Қөңыраттар Қаратау жотасының оңтүстікбатыс беткейіне, Бөген, ПІаян, Арыстанды, Арыс өзендерінің бойында, Сырдария өзеніне дейін қоныстанып, оның сол жағалауын алып жатты. Олардың қыстаулары Жаңақорған, Балдыр, Шалдырөзек тауларынан ағып шығатын көптеген шағын өзендердің төменгі және орта ағыстарында, Сырдария жағалауында орналасқан. Жайлау үшін Қаратаудан ағып шығатын өзендердің бас жағына, ал малы көптері одан әрі солтүстікке, Атбасар, Ақмола жағынакеткен. Қоңыраттардың түрлі аталары былайша қоныстанған: Көтеишіден тараған рулары (8кесте) Түркістан, Жаңақорған шегіиде, Шаян, Бөген өзендерінің бойыида және Сырдария жағалауыида; Көктіңұлыиан тараған рул ар (8кесте) Арыс өзенінен өңтүстікке қарай Монтайтас, Қабылсай, Шеңгелді, Сарыағаш, Шардара деген жерлерде, Ташкентке дейін. Қоңыраттың кейбір рулары (мысалы, Жетімдер) жартылай отырықшылық өмір сүріп, Сырдариядаи тартылған арналарды бойлай қоныстапған. Аңызға қарағанда, Көтеншінің үш әйеліиеи туған балалар үш арна бойын мекендеп, егіпшілікпен айналысқан, тары, бидай, бақша дақылдарыи еккен. Малды құмга айдап апарған. Сырдария тасыған кезде су арықтарға құйылып, егістік солармен суарылған. Сондайақ ойпаң жерлер мен жыраларға жиналған су да пайдаланылган. «Қақтың суыи ішкеп қоңырат» деген сөз содан шыққан. Шу өзеніиің бойын Арғын болысы мекендеген, оның құрамында арғындардан басқа (700 шаңырақ) қоңыраттардың да 127 қожалығы болған. Мойынқұмның солтүстік шетіиде қоңыраттардың 130 қожалығы мекендеген. Орта жүз қазақтарының саны орыс әкімшілігінің түрлі ведомосы бойынша жасалып, төмепде келтіріліп отырғап кестелерден көрінеді: Соңғы үш округ Семей облысына қараған. ұлы жүз қазақтары тұратын, сондықтан да біз алға тартпай отырған Қапал округі де нақ сол округке кірген. Семей облысы әскери губернаторының 1866 жылғы есебінде: «облыстағы қазақтар саны 32275 шаңырақ, мұнда ерлер мен әйелдерді қоса есептегенде шамамен 150 000нан астам адам» екені айтылған. Біздің есептеулеріміз бойынша, сыртқы бес округте 295 208 адам, ал Семей облысының үш округінде 152801 адам болған. Кіші жүздің, яғни Орынбор облысының жерінде көшіп жүрген Орта жүз қазақтарын да ұмытпаған жөн. Егер 19, 21, 22 және 26дистанциялар арасында мекендеген Орта жүз тайпалары туралы 1851 жылғы мәліметтерді жинақтайтын болсақ, ол былай болып шығады: қыпшақтар 2928 шаңырақ, керейлер 1361, арғындар 364, уақтар 14, Орта жүз қазақтарының барлығы 4667 шаңырақ. Ақсақалдардың ақылойын басшылыққа ала отырып көшпелі қауымдардағы 1 шаңырақта 3 адам болады деп санасақ, Орынбор ведомствосының жерінде 14001 адам мекендеген. Егер сыртқы бес округтің, сондайақ Семей облысындағы үш округ пен Орынбор өңірінің халқын жинақтай ой түйсек, өздерін Орта жүз руларына жатқызған қазақтар саны 462010 адам дер едік. Сол кездің мәліметтері мен біздің есептеулерімізге сәйкес, XIX ғасырдың ортасында Орта жүз қазақтарының саны 1835 жылмен салыстырғанда 64.359 адамға кеміп кеткен. Бұл, әриие, халық санының табиғи кемуін көрсетпейді. Керісінше, Н. Е. Бекмахаиованың есептеуінше, XIX XX ғасырдың басында Қазақстанда халықтың біршама табиғи өсуі байқалған. Сонда Орта жүз қазақтары санының кеміп кетуін немен түсіндіруге болады? Мұныңбірнеше себебі бар. Біріншіден, халық бұқарасының патша өкіметіпің отаршылдық саясатына қарсы бой көрсетуі. Мысалы, 18241836 жылдары Саржан сұлтан басқарғаи Қарқаралы және Көкшетау округтерінің стихиялы түрде көтерілген бүқарасы патша отаршыларыиа және оларды жақтаған аға сұлтандарға қарсы күрес жүргізді. Күрес тең болмады, оқ ататын қарулары мен зеңбіректері бар тұрақты әскерлерге Саржан сұлтанның қылышнайзалы сарбаздарының төтеп беруі қиын болды, сондықтан қазақ бұқарасының Алатаудан әрі асып, Ташкент күшбегінің жеріне көшіп кетуіне тура келді. Ағасы Саржан мен басқа да туыстары қаза тапқан соң ілешала атқа қонған Кенесары Қасымов бастаған 1837 жылғы Орта жүздегі котеріліс одан да ауқымды болды. Ақмола, Қарқаралы, Аманқарағай, Баянауыл округтері мен өзге де округтердің кошпелі бұқарасы Кеиесарыға қосылды. Мұндағы жеңістер де, жеңілістер де қазақтардың жаппай қоныс аударуына әкеп соқты. Орта жүз, әсіресе Арғын тайпаларының көптеген көшпелілері Кіші жүз жеріндегі Торғай өзеніне көшіп кетті. Одан кейінгі жылдарда да Орта жүз тайпаларыныңқауымдары өз жеріне бірде қайтын келіп, бірде патша әскерлерінің қуғынынан қашып, Кенесары Қасымовпен бірге тағы да сахараның о жаң, бұ жағына кезек ауып жүрді. Мұның бәрі Орта жүз халқыпың саньша әсер етпей қойған жоқ біреулері қаза тапты, епді біреулері атамекенмен асыға қоштасты. Орта жүз аумағынан тыс жерлерге жайылым іздеп көшіп кетудің де көрінісі аз болған жоқ: Сібірге, одан әрі Монғолияға, Қытайға, ұлы жүз бен Кіші жүз жеріне қоныс аударды. Орта жүздегі халық санының кемуін тек осындай жағдаяттармен ғана түсіндіруге болады. XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда облыстар бойынша әкімшілікаумақтық бөлініс енгізілді (1866, 1891 жылдардағы реформалар). Орта жүз қазақтары Семой және Ақмола облыстарының құрамына еиді, олар Жетісу облысының Лепсі уезінде, Торғай облысының Қостанай, Торғай уездерінде халықтың едәуір көпшілігі болды. Орта жүз тайпаларының өкілдері азынаулақ топтар болып Торғай, Сырдария облыстарының кейбір уездеріне де қоныстанды. Сонымен, пегізінен Орта жүз қазақтары енген екі облыста 130 болыс, 1048 старшын, 183668 шаңырақ болған. 1889 жылғы санақ бойынша, Семей облысында 519 887 қазақ, Ақмола облысында 466 364 адам болған, ал бір кезде Орта жүз тайпаларының иелігі болған аумақта барлығы 985 251 қазақ тұрған. 1897 жылғы санақ бойынша, халық саны көбейіп, Ақмола облысында 682608, Семей облысында 684590, барлығы 1267198 қазақ тұрған. Ресейден келген қоныстанушыларды да айтпай кетуге болмайды, олардың жартысынан көбі (52,2%) Ақмола облысына, 10 проценті Семей облысыпа келді. Түрлі жылдардағы қазақтар мен келімсектер үлес салмағының өсуі мен санының өсу қарқыпын білгісі келгендерге Н. Е. Бекмаханованың зерттеулеріне жүгінуді ұсынамыз. Алайда, қарастырылып отырған облыстарда келімсектер санының өсуіне байланысты жергілікті халыңтың үлес салмағы төмендегеннің өзінде қазақтар саны 1897 жылғы деңгейінен сәл кем болып қалды. Ақмола облысында 1917 жылы 524,5 мың қазақ тұрды, ал олардың үлес салмағы облыстың бүкіл халқына шаққанда, 33,03% болды. Семей облысында бұл тиісінгде 630,3 мың, 67,39%. Сонымен, XIX ғасырдың екінші жартысы XX ғасырдың басында қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымында түбірлі бетбұрыс болған дейміз. Қазақтардың рулықтайпалық бөлінісі ескіріп, олар қоғамның экономикалық және рухани өмірінде айқындаушы рөл атқарудан қалды. Руы, тайпасы, жүзі ендігі жерде XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың бірінші жартысындағыдай үлкен мәнге ие бола алмайды. Жыл өткен сайын оның орнына көршілестік қауым орныға түсіп, белгілі бір жер учаскесін (жайылымды, егістікті) пайдалану құқығы нығайған. Кэшу жолы қысқарып, маусымдық жайылымның кейбір түрлері жойылады, ең жақсы дегенде қыстаудан оған жақын орналасқан жайлауға ғана кошетін болған. Мұпдай өмір салтын жартылай отырықшылық деп атауға болады, өйткені мал шаруашылығы ерекшеліктерінің өзіақ көшпеліпі өз малый жайылымға айдауға мәжбүр етті. Бірақ жыл откен сайын халықшөп шабуға икемделе түсті, өйткені қыста малды онсыз жемшөппен қамтамасыз ету мүмкін еместі; егістік пен егіншілер үлесі көбейе берді, өйткені мал өнімдерінің өсімдік шаруашылығы өпімдеріне алмастырылуы кеми бастаған (олардың оздеріне де жетіспейді ғой), сөйтіп қазақтар өздерінің омір сүруі үшін қосымша өнім ретіпде қолөнерімен де айнальтсатыи болды. Осының бәрі кошпелілердің XVIIIXIX ғасырдың басына тон болған жаппай кошуінің ғана емес, шағын топтары көшуінің де тоқтауыпда зор рол атқарды. XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басыида қазақ рулары мен тайпаларының орналасуын корсеткеп кезде мұқият ескерілуге тиіс басты айырмашылық осында. Қазақ қоғамының әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріндегі өзгерістерді назарға алмайынша, қазақ тайпалары орналасуының толық көрінісін беру мүмкін емес және бұл өзгерістер түрлі дәуірлер үшін нақтылай түсуді қажет етеді. Импорт. Импорт – тауарларды немесе қызметті шетелден ішкі нарыққа тарту. Бағалылық. Бағалылық – адамның қажеттілігін қамтамасыздандыратын немесе айырбастауға болатын белгілі зат. Салым куәлігі. Салым куәлігі – жеке немесе заңды тұлғалардың қаржы мекемесіне ақша салғаны үшін берілетін заңды айғақ. Ерекше экономикалық аймақ. Ерекше экономикалық аймақ – ерекше заңды дәрежесі бар, шетелдік кәсіпкерлерге жеңілдік берілген шектелген аумақ. Мекеме. Мекеме – «организация» ішкі келісімдермен заңдардың көмегімен қоғамның мемлекеттердің белгілі мақсатта жету үшін біріккен адамдар жиынтығы. Қазақстан экономикасының тарихы. Кеңес дәуіріне дейін. Қазақстан экономикасы көне заманнан бастап Қазан төңкерiсiне дейiнгi кезеңде көшпелi мал ш-на негiзделдi. Мал жыл бойы өрiсте бағылады. Жер көшпелi қауымның ортақ меншiгi болып саналып, қазақ шаруалары оны қауымдасып пайдаланды. Мал жеке меншiкте болды. Шын мәнiнде малдың иесi жайылымға да иелiк еттi. Қазақстан Ресейге қосылған, одан мемлекеттiлiгi жойылған кезеңнен бастап, әсiресе, 1891 ж. Дала ережесi өмiрге енгiзiлгеннен кейiн, көшпелi ш-тың сипаты өзгердi. Тауар-ақша қатынастарының дамуы көшпелiлердiң едәуiр бөлiгiн жерсiз қалдырды, ал шұрайлы жайылымдық алқаптар ауқаттылардың қолына шоғырланды. Көшу ұзақтығы едәуiр қысқарып, табынның құрылымы және малды бағып-күту жағдайлары өзгердi. Тұрақты тұрғын үйлер мен мал қоралары пайда болды. Болыстар мен ауылдарға бөлiнген жерлердiң шекарасы айқындала бастады. 9 ғ. аяғы мен 20 ғ-дың басында көшпелi ш-ты дағдарыс шарпыды. Бұқараның кедей топтары қайыршылыққа ұшырап, мал басы кемiп кеттi. Көшпелiлердiң кедейленген бөлiгi отырықшыға айналды. Дағдарыстың тереңдей түсуiне патша өкiметiнiң ең шұрайлы жерлердi тартып алып, қоныс аударушыларға берген отаршылдық саясаты қатты әсерiн тигiздi. Шын мәнiнде бұл байырғы халықты ата мекендерiнен күшпен ығыстырып, құнарсыз жерлерге қуу болды. 1917 жылға дейiн патша үкiметi қазақтардан 45 млн. гектардан астам жердi тартып алып, iшкi Ресейден келген жаңа қоныс тебушiлерге алып бердi. Патша үкiметiнiң қоныс аудару саясаты жергiлiктi халықтың экон. мүдделерiне нұқсан келтiрдi. Ол қазақтардың ата-бабаларының құнарлы қоныстарын қоныс аудару қорына күшпен алып қосу арқылы жартылай отырықшы мал ш-на және егiншiлiкке бейiмделмеген қазақ көшпелiлерiнiң табиғи дамуын тежедi. Көшпелi ш. дағдарысы құнары аз аймақтарға ығысқан жұрттан мал ш-н анағұрлым тиiмдi жүргiзудi, сондай-ақ, егiншiлiк пен отырықшылыққа көшу мәселесiн шұғыл күн тәртiбiне шығарды. Қазақ халқының жерге қоныстану, оны пайдалану жолындағы күресi, атап айтқанда, жердi әдiл бөлу, орталықтан көшiрiп келген шаруаларға кепiлдi жер телiмдерiн қазақтардан тартып алып берудi доғартуға ұмтылу аса маңызды мәселелердiң бiрiне айналды. Қазақтардың Мемл. Думаға, басқа да мекемелерге жазған көптеген арыздарында жер иелену құқықтарының нақты еместiгi салдарынан көшпелi ш-тар жағдайының тиянақсыз болып отырғандығы атап көрсетiлдi. Мұның өзi олардың еңсесiн түсiрдi, ертеден орныққан үй-жай, қора-қопсыларынан айрылып, шөл және шөлейт, басқа да қолайсыз аймаққа қайта орнығуға, шаруашылықты жетiлдiруге деген ықыласын кемiттi. Отырықшылыққа көшу қазақ шаруалары үшiн қиын үдерiс болды. Жер иелену құқығымен қоса бұған белгiлi бiр мөлшерде қаржы-қаражат та қажет едi. Ал патша үкiметi қандай да бiр көмек көрсетуден бас тартты. Осындай себептерге байланысты қазақ жерiнде отырықшылыққа көшу кең таралмады. Бұл үдерiс егiншiлiктi дамытуға анағұрлым қолайлы жағдайлары бар солт.-шығыс облыстарда, қоныс аударған орыс шаруаларымен тығыз араласқан жерлерде өрiс алды. Сөйтiп, Қазақстанда әрқилы табиғи-геогр. және тарихи жағдайларға байланысты шаруашылықтың көшпелi, жартылай көшпелi және отырықшы сияқты үш түрi қалыптасты. Соңғы екеуiнде шөп шабу мен егiншiлiктi дамыту нәтижесiнде а. ш. машиналары пайдаланыла бастады. Қазақ ауылдарында бұл машиналарды алдымен бiрлесiп, кейiнiрек жекелеген адамдар несиеге сатып алды. 1908 ж. тек Ақмола обл-ның қазақтарында 6160 шөп шабатын машина болды. Тауар-ақша қатынастары қазақ ауылына дендеп енiп, бiр жағынан, шаруалардың шаруашылық қызметiнiң ауқымын кеңейттi, екiншi жағынан, өсiмқорлық сауда-саттықтың дамуына жол ашты. Дәулеттiлер бүкiл малды, қауымдық жерлердi өз қолдарына шоғырландырып, барлық су көздерiн, қыстақтар мен жайлауларды иемденiп алды. Қазақ қоғамының көпшiлiгi iс жүзiнде өндiрiс құрал-жабдығы жоқ кедейлер едi. Сауда-саттықты кәсiп етушiлер мен өз шаруашылығында жалдама еңбектi пайдаланушылардың қатары молайып, саудагерлiк-кәсiпкерлiк өрiс алды. Сөйтiп, қазақ жерiндегi нарықтық қатынастардың алғашқы нышандарының шаруашылыққа, шаруаның жеке тұтыну қажетiне ықпалы күшейдi. Тауар-ақша қатынастарының дамуына, қазақ ауылының экономикасындағы басқа да өзгерiстерге байланысты, жер жекелеген адамдардың жеке меншiгiне айнала бастады. 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басында Қазақстан экономикасында әр түрлi экон. ұстындардың астасуы байқалды. Столыпиннiң аграрлық реформасы Қазақстанға қоныс аударушылардың шаруашылығында жеке меншiктi қалыптастыруға негiзделдi. Қоныс аударушылар жаңа қоныстарда жердi қауымдасып пайдаланды, көптеген жұмыстарды бiрлесiп атқарды. Орыс кулактары хуторлық шаруашылық жүргiздi. Шұрайлы жерлердi кесiп алып, тағылықпен пайдаланды. Қоныс аударғандардың анағұрлым жетiлген еңбек құралдары және егiншiлiк мәдениетiнде жинақтаған едәуiр тәжiрибесi болды. Халықтан жиналатын түрлi алым-салықтар жылдан-жылға өсе түсiп, еңбекшiлерге ауыртпалық әкелдi. Сол кезеңдегi елге салынған негiзгi салық түрлерi: мемл. төлемдер (түндiк басы алымы, земство жарнасы), болыстық жарналар (шығын, қарашығын, т.б.), натуралды мiндеткерлiктер. Түндiк басы алымы (түтiн салық) мемл. жердi пайдаланғаны үшiн төленетiн салық-рента болатын. Ресми түрде ол халықтың әл-ауқатына қарай салынуға тиiс болса, iс жүзiнде билеп-төстеушiлер оны түндiк иелерiнiң бәрiнен бiрдей мөлшерде алып отырды. Шығын салығы болыстың және болыс кеңсесiнiң мұқтаждарына жарату үшiн жиналды. Оның көлемiн алдын ала бiлу мүмкiн емес едi, өйткенi оны кез келген сылтаумен, тiптi сылтаусыз да жинай беретiн. Ақшасы жоқтығынан кедейлер өсiмқорларға жүгiнуге мәжбүр болды, мұның өзi алым-салық ауыртпалығын бұрынғыдан әрi күшейттi. Қазақстанда қолөнерi кәсiбi ғасырлар бойы көшпелi ш-пен байланысты дамыды. Өздерi тұтынатын қажеттi өнiмнiң көбiсiн әр отбасы өзi немесе ағайын-туыс, көршi-қолаң көмегiмен өндiрдi. 19 ғ-дың 2-жартысында қолөнердi (киiз үй, ер-тұрман, зергерлiк бұйымдар, т.б. жасау) негiзгi кәсiбi еткен шеберлер мен iсмерлер пайда бола бастады. Олар ауыл-ауылды аралап жүрiп жұмыс iстедi. 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басында өндiрушiлер тауарды тұтынушылардың тапсырысы бойынша ғана емес, базарға сату үшiн де өндiретiн майдагерлiк дами бастады. Қазақ елiне орыс капиталының енуi өлкеде өнеркәсiптiң дамуына түрткi болды. Қарағанды көмiр кенiшi, Успен мыс өндiрiсi, Спасск мыс қорыту з-ты, Қалба алтын кен орындары, т.б. iрге көтердi. Кәсiпкерлер өлкенiң аса бай табиғи қорларын рәсуа етiп, бей-берекет пайдаланды. А.ш. өнiмдерiн өңдейтiн: терi илеу, былғары жасау, май шайқау, май айыру, сабын қайнату, т.б. өнеркәсiп орындары дами бастады. Әдетте, мұндай кәсiпорындар қарапайым ғана техникасы және 3 — 5 жұмысшысы бар жартылай қолөнерлiк шағын майдагерлiк сипатта болды. Бұл кезеңде а. ш. шикiзатын өңдейтiн қарапайым қолөнер шеберханалары мен ұстаханалары сипатындағы алғашқы ұлттық өнеркәсiп орындары қалыптасты. 1900 ж. Қазақстанда 2668 өнеркәсiп болса, 1913 ж. олардың саны 6000-ға жеттi. Орыс капиталынан кейiн iле-шала Қазақстанға (әсiресе 19 ғ-дың аяғында), негiзiнен кен өнеркәсiбiне, шет ел капиталы да ене бастады. Орыс және шет ел монополияларының Қазақстандағы акцион. капиталы 71 млн. сомға жеттi. Ол негiзiнен кен және мұнай өнеркәсiптерiн қамтыды. Зауыттарды, кенiштер мен бай кен орындарын иемденiп алған шетелдiктер Қазақтанда өндiрiс салаларын дамытуды мақсат етпедi. Олар мүмкiндiгiнше мол пайдаға кенелудi ғана көздедi. Осы кезеңде Қазақстанның едәуiр жерiнде темiр жол тартылды (қ. Темiр жол көлiгi), Сiбiр және Орынбор – Ташкент темiр жолы салынды. 1917 ж. оның жалпы ұз. 2793 км-ге жеттi. Мұның өзi Қазақстанның түрлi аудандарының арасындағы экон. байланыстарды күшейтуге мүмкiндiк ашты. Солт. аймақтарда саудалық егiншiлiк аудандары және бүкiл Қазақстан аумағы бойынша тауарлы мал ш. аудандары пайда болып, Қазақстан а. ш-ның тауар-ақша қатынастарына тартылуы күшейе түстi. Т. ж. ст-лары мен аймақтардан iшкi аудандарға жүк таситын және жүк алып қайтатын жергiлiктi көлiк, пошта байланысы кәсiпкерлiк қызмет аясына айнала бастады. Кәсiпқой жүк тасушылар пайда болды, ал қазақ кәсiпкерлерi ұстап отырған пошта бекеттерiнде 8 — 10 ат айдаушыға дейiн жұмыс iстедi. Алайда, өнеркәсiп пен көлiктiң дамуы өте төмен деңгейде қалды. Өлкенiң жалпы ұлттық табысындағы өнеркәсiп өнiмiнiң өзiндiк үлес салм. 10%-дан аспады. Капитал, маман жұмыс күшi, байланыс және көлiк құралдары жетiспедi. Оның үстiне патша өкiметi қазақ өлкесiн өзiнiң шикiзат көзi, тауар өткiзетiн рыногi, отарлық шылауы ретiнде ұстауына мүдделi болды. Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда байланыстары әуелгi кезде тек орыс бекiнiстерi мен қалаларындағы айырбас орындарында ауыс-түйiс жасау жолымен ғана жүзеге асырылды және мұнда тауарлардың құнын көрсететiн балам ретiнде тек қой ғана пайдаланылды. Тауар-ақша қатынастарының дамуына орай жергiлiктi сауда жедел өркендеп, Қазақстан бүкiлресейлiк, сонан соң дүниежүз. рынокқа қосылды. Көлiктiң нашар дамуына, халықтың басым көпшiлiгiнiң көшпелi тұрмыс кешуiне байланысты сауда-саттық көбiне-көп жәрмеңкелер арқылы жүргiзiлдi. Жәрмеңке көшпелiлер көбiрек шоғырланған аймақтарда, әдетте, жылына екi рет – көктемде және күзде өткiзiлiп отырды. Олардың ең iрiлерi – Қоянды, Троицк, Шар, Қарқара, т.б. жәрмеңкелерi. Қалалардың рөлi күшейiп, тұрақты сауда орталықтарына айнала бастады. Қазақ саудагерлерi бiрнеше санатқа бөлiндi. Алып-сатарлар орыс көпестерiнiң тауарларын сатып алып, ел iшiнде қымбатқа өткiзумен шұғылданды. Сондай-ақ, мал ш. шикiзатын – терi, жүн, т.б., кейде қолөнер бұйымдарын да сатып алу-сатумен шұғылданатын қазақ саудагерлерi де пайда бола бастады. Қазақстанда сауданың өсiмқорлық қарыз түрi етек алды. Мұның өзi несие-банк жүйесiнiң пайда болуына жол ашты. Қазақстанның несие жүйесi Ресей империясының бiр бөлшегi ретiнде Мемл. банк бөлiмшелерiнен, акцион. сауда банкiсiнiң бөлiмшелерiнен, несие беретiн қоғамдар мен қалалық қоғамдық банктерден, сондай-ақ, несие корпорациялары мен басқа да ұсақ несие мекемелерiнен құралды. 1871 ж. Петропавлда қ-лық қоғамдық банк ашылды. Қазақстан аумағында Мемлекеттiк банктiң бөлiмшелерi құрыла бастады. Олар алдымен өлкенiң iрi сауда-өнеркәсiптiк орталықтарында – Орал (1876), Верный (1912) қ-ларында ашылды. Мал және мал ш. шикiзатын сату көлемiнiң елеулi түрде ұлғая түсуiне байланысты 1894 жылдан бастап жыл сайын несие операцияларын қамтамасыз ету үшiн ең iрi жәрмеңкелердiң бiрi – Қоянды қыстағында (Семей обл.) мемл. банктiң уақытша бөлiмшесi жұмыс iстедi. Бұл кезеңдерде жергiлiктi халықтың несиеге тек қарыз кассалары мен ұсақ несие қоғамдары арқылы ғана қолы жеттi. Қазақстанда т. ж-дың салынып, пайдаланылуы, өнеркәсiптiң дамуы жұмысшылар қауымының қалыптасуына ықпал еттi. Олар негiзiнен жұмыс iздеген қазақ кедейлерi есебiнен толықты. Жұмысшылардың, әсiресе, қазақ жұмысшыларының жағдайы өте ауыр болды. Шектен тыс ұзақ жұмыс күнi (12 — 16 сағ), аз жалақы, отаршылдық қанау тәсiлдерi (мардымсыз ақы, айып төлеу, саудагерлерге кiрiптарлық) оларды әбден титықтатты. 1918 — 40 жж.. Кеңес өкiметi орнағаннан кейiн қоғамдық-саяси және экон.-әлеум. қатынастарда түбiрлi өзгерiстер жүзеге асырылды. Барлық жердi мемлекет меншiгiне алу, помещиктер жерлерiн тәркiлеу, жердi шаруаларға тегiн беру туралы декрет жарияланды. Кеңестiк дәуiрдiң алғашқы кезеңдерiнде өндiрiс құрал-жабдықтарын мемл. меншiгiне айналдыру, қоғамдастыру iсiне басшылық жасау мақсатымен соц. мемл. органдар, оның iшiнде халық ш. органдары құрылды. Банктер, iрi өнеркәсiп орындары, көлiк, т.б. шаруашылықтың шешушi салалары мемлекет меншiгiне көштi. Сөйтiп, өндiрiс құрал-жабдығына соц. меншiктi орнату, халық ш-н жоспарлы дамыту, аймақтардың экономикасын КСРО халық ш. кешенiнiң бiр бөлiгi ретiнде өркендету, т.б. негiздерiнде соц. экон. жүйесi қалыптаса бастады. Қазақ өлкесiнде өндiрiс құрал-жабдықтарын мемлекет меншiгiне алу, жердi тәркiлеу үдерiсi саяси, экон., әлеум. өзiндiк ерекшелiктерге байланысты 20-жылдардың бас кезiне дейiн созылды. Бұл кезеңде өлкеде халық ш-ның барлық салалары бойынша мемлекет меншiгiне алынған кәсiпорындар саны 1 мыңға жуықтады. Олардың iшiнде iрiлерi: Қазақ (қырғыз) кен өнеркәсiбi акцион. қоғамы, Кендi Алтай кәсiпорындары, Екiбастұз көмiр кендерi, Спасск мыс қорыту з-ты, Атбасар мыс кенiнiң з-ттары мен кенiштерi, Қарағанды мен Байқоңыр кендерi, Орал — Жем өңiрiнiң мұнай кәсiпшiлiктерi. Қазақ халқы Азамат соғысына (1918 — 20) жаппай қатыспағанымен, ерiксiз араласуға мәжбүр болды. Қазақ жерi ақтар мен қызылдардың майдан шебiне айналды. Бұған қоса қазақтарға қарсы азық түлiк майданы, “Азық-түлiк армиясының” және “Соғыс коммунизм саясатының” шабуылы салдарынан халық үркiншiлiк кезеңдi бастан кешiрдi. Шаруашылығы күйреп, шаңырағы шайқалған қазақтар 20-жылдардың басында ашаршылыққа ұшырады. Азамат соғысынан кейiнгi кезеңде Қазақстанда күйзелген халық ш-н Жаңа экономикалық саясат (НЭП) негiзiнде шаруашылықтарды қалпына келтiру жұмыстары өрiстетiлдi. Ең алдымен, өнеркәсiп пен ауыл ш. өнiмдерiнiң маңызды түрлерiн өндiрудi Қазан төңкерiсiне дейiнгi деңгейге жеткiзу көзделдi. Жер-су, т.б. реформалар жүргiзiлдi. Орта Азия республикалары мен Қазақстанның мемл.-аумақтық жiгi межелендi. Қазақстанның аум. 2,7 млн. км2 болып белгiлендi, халқы 5,4 млн. адамға жеттi. 1926 — 28 ж. қазақ а-дарында 1370 мың га шабындық, 1250 га егiндiк жер қайта бөлiндi. 1927 — 28 ж. республикада халық ш-н қалпына келтiру аяқталып, өнеркәсiптi индустрияландыру, ауыл ш-н ұжымдастыру кезеңiне аяқ басты. Экономиканың аграрлы бөлiмi Кеңес мемлекетiнiң экон. дамуындағы ең басты мақсат – индустрияландырудың жылдамдатылуын демеуге тиiс болды. 20-жылдардың аяғында басталған ұжымдастыру шаруаларды өнеркәсiптен мүлдем алшақтатты (қ. Ұжымдық шаруашылық). Iрi соц. егiн ш-н құруға ұмтылу “тәрбиелiк маңызға” ие болды. Қазақстанда ұжымдастыру 1932 жылдың көктемiнде аяқталады деп ұйғарылды. Жосықсыз жылдамдатылған үдерiс 1925 — 32 ж. ел басқарған Ф.И. Голощекиннiң арандатушылық тәжiрибесiне айналды. Ұжымдастырудың ең ауыр зардаптарының бiрi байларды тәркiлеу болды. “Аша тұяқ қалмасын, асыра сiлтеу болмасын” деген ұранмен басталған ұжымдастыру кезiнде қазақтардың малы тiгерге тұяқ қалдырылмай сыпырып алынды. 1930 жылғы 15 наурызға дейiн Қазақстанда 3113 адам сотталып, қамауға алынды, 2450 шаруа қоныс аударды. Қазақстан аумағы Кеңес мемлекетiнiң басқа аймақтарындағы “кулактардың жер аударылатын” мекенiне айналды. Шаруалардың басына түскен жазалаудың алдында астық дайындау науқаны жүргiзiлiп, астық қоры, тұқымдық қоры тәркiлендi. Мұның арты күнкөрiстiк iшiп-жемiнен айрылған қазақ халқын жоңғар шапқыншылығы кезiндегi “ақтабан шұбырындымен” салыстыруға болатын алапат ашаршылыққа соқтырды. Ашаршылық пен оның ауыр зардабы құрбандарының саны 1 млн. 750 мың адамға, яки бүкiл қазақ халқының 40%-на жеттi. 1 010 мың қазақ тарихи отанын тастап үдере көшуге мәжбүр болды. Үкiметтiң солақай белсендiлiкпен малды қырғынға ұшыратуы салдарынан қазақ қоғамының негiзгi азық-түлiк қоры болып табылатын дәстүрлi мал ш. қатты күйзелiске ұшырады. Малшы көшпендiлердi сәтсiз отырықшыландыру ұжымшарларға соққы болып тидi. 1-бесжылдық (1929 — 32) тұсында Қазақстанда 40 өнеркәсiп iске қосылды, өнеркәсiп өнiмiнiң жалпы көл. 3,2 есе артты. Оның жеке салалары: түстi металлургия өнiмi 6,1 есе, құрылыс материалдары — 6,9, химия — 5,3, металл өңдеу — 4, отын — 3,1 есе өстi. 2-бесжылдық (1933 — 37) кезiнде Қазақстанның табиғи қорларын қарқынды игеру iсi жалғастырылды. Шымкент қорғасын з-ты, Балқаш мыс қорыту, Ащысай полиметалл, Ақтөбе химия комб-тары, Қарағанды көмiр алабының шахталары, Ембi мұнай кәсiпшiлiктерi, т.б. барлығы 120 өнеркәсiп пайдалануға берiлдi. Олардың арасында алдымен ұз. 1500 км Түркiстан — Сiбiр темiр жолы (Түрксiб) өлке экономикасының өсуiне зор ықпал еттi. Республикада тамақ өнеркәсiбi де даму жолына түстi. Семейде ет-консервi, Гурьев (қазiргi Атырау) пен Арал қ-ларында балық, Алматыда жемiс-жидек, Петропавл, Ақтөбе, Шымкент, Қарағандыда ет комб-тары салынды. Жеңiл және жергiлiктi өнеркәсiп салаларында да ондаған кәсiпорындар бой көтердi. 1938 — 40 ж. 700 кәсiпорын iске қосылды. 1940 ж. Қарағанды көмiр алабының өндiрiсi 1913 жылмен салыстырғанда 77,5 есе көбейiп, 6460 мың т-ға жеттi. Ембi мұнай кәсiпшiлiктерiнiң өндiрiстiк қорлары жаңартылды. 1940 ж. республикада 700 мың т мұнай өндiрiлдi. Қарағанды, Алматы, Балқаш, Шымкент электр ст-лары, Үлбi су электр ст. пайдалануға берiлдi. Өскемен электр ст., бiрнеше жылу-электр ст-лары салына бастады. 1940 ж. 632,4 млн. кВт сағ, яғни 1928 жылғы деңгейден 85 есе артық электр қуаты өндiрiлдi. Жалпы алғанда республиканың өнеркәсiп өнiмi Қазан төңкерiсiне дейiнгi деңгейден 13 есе, ал ауыр өнеркәсiп бойынша 20 есеге жуық артты. Халық ш-ның жалпы өнiмiнде өнеркәсiптiң үлес салм. 60% болды (1940). 1941 — 45 жж.. 2-дүниежүз. соғыс жылдары (1941—45) республика алдына айрықша қиын, кезек күттiрмейтiн және бiр-бiрiмен байланысты мiндеттер қойылды. Бұл КСРО-ның батыс аудандарынан көшiрiлген өнеркәсiп орындарын қабылдау, оларды тиiстi жерлерге тездетiп орналастыру, өнiм өндiрудi кiдiрiссiз жолға қою болатын. Экономиканы түгелдей соғыс жағдайына бейiмдеу, өндiрiс қуаттарын үнемi арттыру, майданды барлық керектi заттармен қамтамасыз ету қажет болды. Республика бұл мәселелердi ойдағыдай шештi. 1941 жылдың 4-тоқсанында және 1942 жылдың басында Орта Азия мен Қазақстанға көшiрiлген 250 кәсiпорынның жартысынан астамы (142) Қазақстанға орналастырылды. Көшiрiлген және жаңадан салынған з-ттар мен ф-каларды iске қосу нәтижесiнде жұмыс iстеп тұрған негiзгi қорлардың өндiрiстiк қуаты бiршама артты. Жаңа өнеркәсiп салалары пайда болды, олар: қара металлургия, мұнай өндiру, а.ш машиналарын жасау, станок жасау, кен және шахта жабдықтарын өндiру, сығымдағыш-автомат шығару, шағын литражды моторлар, прокат, құбырлар, сымдар, жасанды талшық жасау, т.б. Мата, жүн иiру, тоқыма заттар, шұлық, метиз-фурнитура, айна, кондитер, жемiс-консервi, темекi және шай өлшейтiн өндiрiстер жұмыс iстедi. Соғыс жылдарында Ақтөбе ферроқорытпа з-ты, Қазақ металлургия з-ты, Текелi полиметалл комб., Қарағанды көмiр шахталары, Ембi мұнай кәсiпшiлiктерi, Гурьев (қазiргi Атырау) мұнай айыру з-ты, кен байыту ф-калары, кенiштер, Қаратау кен-химия комб., электр ст-лары, жеңiл және тамақ өнеркәсiбi орындары, жүздеген км т. ж. желiлерi iске қосылды. Түстi металлургия өнiмдерiнiң маңызы артты, мыс өнiмдерiн өндiру 1,5 есе өстi. Қазақстан ел қорғанысына аса қажеттi қорғасын беретiн негiзгi базаға айналды. Қысқа мерзiм iшiнде мыс пен қорғасын қақтамаларын өндiру игерiлдi. Балқаш жұмысшылары мыс өндiрудi 10 есе, молибдендi 20 есе, түстi металл қақтамасын 2 есе арттырды. Ақтөбе ферроқорытпа з-ты мен Жездi марганец кенiшi ел қара металлургиясының қажеттерiн едәуiр дәрежеде қанағаттандырып отырды. Қазақ металлургия з-ты 1944 ж. желтоқсанда тұңғыш рет болат бердi. Республика майдан мен тылды көмiрмен, мұнаймен, түстi және қара металдармен жабдықтау жөнiндегi жетекшi базалардың бiрiне айналды. Елдi көмiрмен жабдықтайтын кен орнының бiрi ретiнде Қарағанды көмiр алабын дамытуға баса назар аударылды. Соғыс кезiнде Қарағанды кеншiлерi 34 млн. т-дан астам көмiр өндiрдi, Оңт. Оралға берiлетiн кокстелетiн көмiр көл. 90% өстi. Қазақстанның мұнай өндiрiсi бүкiл соғыс жылдары майданды мұнай өнiмдерiмен қамтамасыз еттi. Гурьев мұнай айыру з-ты iске қосылуына байланысты әскери техника жоғары октанды бензинмен және сапалы жағар маймен қамтамасыз етiле бастады. Қазақстанның отын және металлургия өнеркәсiптерi жоғары қарқынмен дамыды. Соғыс жылдарында Қаратау кен-химия з-ты (1944), Қарағанды синтет. каучук з-ты (1943), Қостанай жасанды талшық з-ты, Гурьев (Атырау) мұнай айыру з-ты (1945) салынды. Алматы ауыр машина жасау з-ты, Шымкент пресс-автоматтар з-ты, Целиноград (Астана) “Қазақ ауыл шаруашылық машинасы”, Орал арматура з-ттары жалпы одақтық маңызға ие болды. Армияны киiм-кешекпен және соғыс жабдықтарымен, ал халықты күнделiктi тұтыну заттарымен жабдықтаған жеңiл және тамақ өнеркәсiбiнiң маңызы ерекше. Маман жұмысшылар мен қызметкерлердiң соғысқа кетуiне байланысты кәсiпорындарды жұмыс күшiмен қамтамасыз ету қиындай түстi. Әйелдердi, жас жеткiншектердi, қарт кiсiлердi жұмысқа тартуға тура келдi. Қазақстанда соғыс жылдары 102 мың жас жұмысшы тәрбиелендi. 1945 ж. өнеркәсiп өндiрiсiнде iстейтiндердiң саны 255,4 мың адамға жеттi. Соғыстың алғашқы жылында қорғаныс қорына республика халқынан түскен ақша мөлш. 700 млн. сомнан асты. Соғыс кезiндегi қиындықтарға қарамастан 1945 ж. мұнай өндiру 1940 жылмен салыстырғанда 1,3 есе, көмiр — 1,7, электр энергиясын өндiру 1,8 есе артты. Соғыс жылдарында республикада а. ш. салалары тез дамыды. 1942—43 ж. а. ш. дақылдарының егiс көл. 1 млн. га-дан астам ұлғайды. Қазақстан ауылдары мен деревнялары зор жiгермен еңбек еттi. Республика шаруашылықтары мемлекетке 5839 мың т астық, оның iшiнде 3568 мың т бидай, 241 мың т картоп, 174 мың т көкөнiс, 1389 мың т қант қызылшасы, 323 мың т мақта, 738 мың т мал мен құс етiн, 1146 мың т сүт, 64 мың т жүн өткiздi. 1946 — 59 жж.. Көлiк пен байланыс жүйесiн дамыту жөнiнде қыруар жұмыстар жүргiзiлдi. Республика аумағында т. ж-дың пайдалану ұз. 1631 км-ге, жүк тасымалы 5,7 млн. т-ға жеттi. Уралды көмiрмен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарған Қарталы — Ақмола (Астана) т. ж. желiсi қатарға қосылды. Гурьев (Атырау) — Қандағаш, Жамбыл (Тараз) — Шолақтау т. ж. желiлерi пайдалануға берiлдi. Күрделi құрылыс көлемi ұлғайды. 2-бесжылдықта барлық салалар бойынша 721 млн. сом күрделi қаржы игерiлсе, 4 жарым жыл iшiнде (1941 — 46) 981 млн. сом игерiлдi. Соғыстан кейiнгi бесжылдықтарда (1946 — 60) Қазақстан экономикасы бейбiт жағдайға көшiрiлiп, қандай да болсын халық ш. мәселелерiн шеше алатын, одақтың негiзгi а. ш. базаларының бiрiне айналды. Жаудың басып алуынан (оккупациядан) зардап шеккен және өнеркәсiптiң соғысқа дейiнгi дәрежесiне 1949 жылдың аяғында ғана жеткен аудандардан Қазақстан халық ш-ның өзгешелiгi сонда, ол қалпына келтiру кезеңiне соқпай, бұрынғысынша ұдайы өндiрiс негiзiнде дамыды. Қазақстан бұл аудандарға металл, отын, шикiзат қорларын, құрылыс материалдарын, жабдық, азық-түлiк, асыл тұқымды мал, т.б. жөнелтiп тұрды. 4-бесжылдықта (1946 — 50) өнеркәсiптiң “А” тобы салаларын және а. ш-н өркендету үшiн республикада барлық күрделi қаржының тиiсiнше 40,2%-ы және 14,2%-ы пайдаланылды. Одақтық өнеркәсiптiң жалпы өнiмiнiң 1940 — 50 ж. өсу қарқыны 173% болса, Қазақстан өнеркәсiбiнiң өсу қарқыны 232%-ға жеттi. Кәсiпорындардың саны 4 мыңға жеттi. Осы жылдары Қазақ металлургия, Балқаш мыс қорыту, Балқаш кен-металлургия з-ттары, Лениногор (Риддер) қорғасын комб., Шымкент қорғасын, Өскемен қорғасын-мырыш, Ақтөбе ферроқорытпа з-ттары мен Ақтөбе химия комб., Жамбыл (Тараз) суперфосфат з-ты, мұнай өндiретiн Қаратон және Мұнайлы кәсiпшiлiктерi, т.б. кәсiпорындар салынып, өндiрiстiк қуаттары кеңейтiлдi. Машина жасау және метал өңдеу өнеркәсiбi негiзiнен қайта құрылды. Т. ж-дың пайдаланылатын бөлiгiнiң ұзындығы Қазақстан аумағында 1940 ж. 6,6 мың км болса, 1945 ж. 8,2 мың км-ге, 1950 ж. 8,4 мың км-ге, 1960 ж. 11,5 мың км-ге жеттi. Өзен және автомоб. көлiгi жедел дамыды. Жүк тасымалы 1950 ж. 1945 жылмен салыстырғанда 1,9 есе артты. Республиканың 21 қаласында автомоб. қатынасы орнады. 1950 ж. мемл. және кооп. бөлшек сауда тауар айналымы 1940 ж. деңгейiнен 48% өстi. Тұрғын үй құрылысының қарқыны жеделдетiлдi. Қала мен жұмысшы қыстақтарының тұрғын үй қоры 5 млн. м2-ден астам өстi, ауылдық жерлерде 100 мың м2 үй салынды. 1946 ж. оқу-ағарту, денсаулық сақтау, әлеум. қамсыздандыруға бөлiнген қаржы 1013,2 млн. сом болса, 1950 ж. 1734,9 млн. сомға жеттi, яки 70%-дай көбейдi. А. ш-ның материалдық-тех. базасы нығайды. Мыс., кеңшарлар саны 1940 жылғы 194-тiң орнына, 1950 ж. 269-ға жеттi. Ұжымшарлардағы а. ш. жұмыстарын тех. жағынан жарақтандыру 70%-ға (1940 ж. 57,2%) жеттi. Кеңшарлардағы трактор парктерiнiң қуаты 2 есе, комбайндар — 2,7 есе, негiзгi қорлар 3,9 есе өстi. Осының негiзiнде кеңшарлардың егiс көлемiн ұлғайтуға мүмкiндiк туды (1945 ж. — 630,0 га, 1950 ж. — 1150,6 мың га). 1950 ж. ұжымшарларды iрiлендiру негiзiнде а. ш-н шоғырландыру басталды. Әр ұжымшарға келетiн егiс көл. 2 есе ұлғайып, 2000 га-ға жеттi. Орта есеппен бiр ұжымшарға келетiн мал саны 3 есе өстi. 1946 — 60 ж. iрi қара саны 26,6%, қой мен ешкi — 75,9% өстi. Дәндi дақылдардың жалпы түсiмi 1950 ж. 4,8 млн. ц, астық шығымдылығы әр га-да 4,3-тен, 7,9 ц-ге артты. Мемлекетке астық сату 2 есе, iрi қара саны 1,3, қой мен ешкi саны 2,2 есе көбейдi. 1954 жылдың көктемiнен бастап тың және тыңайған жерлердi игеру жұмыстары басталды. 1954 — 55 ж. 34 астық кеңшары құрылды. Тыңды игеру үшiн (1954 — 56) республикаға сырттан барлығы 640 мыңнан астам адам келдi. 1954 — 58 ж. а. ш-н механикаландыруға, өндiрiстiк үйлер мен құрылыстар салуға 9,7 млрд. сом қаржы бөлiндi, бұл өткен бесжылдықтарға қарағанда 2,5 есе артық. 1960 жылдың аяғына қарай Қазақстанда 25 млн. га тың және тыңайған жерлер игерiлдi. Сол жылдың басында Қазақстанда 333 кеңшар болды. Қазақстанда а. ш-ның жалпы өнiмi 1950 жылғы деңгейден 2,8 есе, оның iшiнде егiншiлiкте 3,3 есе, мал ш-нда 1,9 есе артты. Дәндi дақылдардың егiс көл. 1950 ж. 6,0 млн. га-дан 1960 ж. 21,9 млн. га-ға жеттi. Мемлекетке астық сату 1960 ж. 10,5 млн. т-дан асты (1950 ж. 2,1 млн. т). Алайда тың игерудiң пайдалы жақтарымен қатар экол., экон. және әлеум. салдарлары да болды. Тың көтеру әлеум. тұрғыдан бiрқатар керi әсерлерге ұшыратты. Тың және тыңайған жерлердi игеру одақтың басқа аймақтарындағы еңбек қорларын тарту арқылы атқарылғандықтан iс жүзiнде бақылаусыз көшi-қон қозғалысы туды. Тың игерген аймақтың жергiлiктi тұрғындарына балалары оқитын мектептердiң, өздерi iстейтiн ұжымшарлардың жабылып қалуына байланысты туған жерлерiн тастап кетуге мәжбүр болды. Соның салдарынан республиканың жергiлiктi тұрғындарының үлес салм. 30%-ға дейiн азайды. Қазақ тiлiнiң дамуы мен қазақ этносының әлеум.-мәдени ин-ттарына қатер туды. 5-бесжылдықта республикада 200-ге жуық iрi кәсiпорын қатарға қосылды. Қарағанды металлургия з-ты, Соколов-Сарыбай кен байыту комб. салына бастады. Жаңа көмiрлi аудандар (Саран, Шерубай — Нұра, Шахан) игерiлдi. Екiбастұз кенiнде алғашқы iрi көмiр қимасы пайдалануға берiлдi. Өскемен су электр ст. iске қосылды, Бұқтырма СЭС-нiң құрылысы басталды. Мұнай және газ өнеркәсiптерi жоғары қарқынмен дамыды. Химия өнеркәсiбi Қазақстанның а. ш-н және Орта Азия республикаларын фосфор тыңайтқыштарымен қамтамасыз етуге негiзделдi. Қарағанды синтет. каучук з-ты ауыр өнеркәсiптi органик. синтез өнiмдерiмен, құрылыс индустриясын кальций карбидiмен қамтамасыз еттi. Республикада құрылыс жұмыстары кең өрiс алды. 1960 жылдың қаңтарына қарай Қазақстанда 398 кiрпiш, 119 әк з-ттары, 221 қабырға блоктарын өндiретiн кәсiпорындар, 895 бейруда құрылыс материалдарын өндiретiн өңдеушi кәсiпорындар жұмыс iстедi. 1958 ж. Алматы, Өскемен, Қарағанды қ-ларында алғашқы телеқондырғылардан бейнехабар берiле бастады. 1960 — 85 жж.. Жалпы КСРО-да халық ш-н бiртұтас кешенге айналдыру бағдарламасы жасалып, одақтас республикалардың экономикасын жалпы одақтық көлемде орталықтандырылған басқарумен ұштастыру, республикалар арасындағы еңбек бөлiнiсiн тереңдету көзделдi. Осыған орай республикада өнеркәсiптiк өндiрiстi аумақтық жағынан ұйымдастырып, аймақтардағы өндiргiш күштердi кешендi түрде дамытуға ден қойылды. Сан алуан табиғи байлықтарды қарқынды түрде халық ш. айналымына қосу, өндiрiс құрал-жабдықтары өндiрiсiн басымырақ дамыту, республиканың жергiлiктi жағдайлары мен ерекшелiктерiн ескере отырып жалпы одақтық және аймақтық мүдделерге сай келетiн өнiмдер өндiруге мамандандыру мiндетi алға қойылды. 1985 ж. республиканың қоғамдық, жалпы өнiмi 1960 жылмен салыстырғанда 3,9 есе артты. Материалдық өндiрiстiң басқа салаларының да даму деңгейi жоғары болды. Өнiм өндiрудiң жалпы көлемi өнеркәсiпте 5 есе, а. ш-нда 1,7 есе, материалдық-тех. жабдықтауда — 2,9, құрылыста — 3,4, көлiк пен байланыста — 4,6, сауда мен қоғамдық тамақтандыруда — 4,5, өнiм дайындауда — 2,4 есе өстi. Аса бай табиғат қорлары негiзiнде өнеркәсiп халық ш. кешенiнде жетекшi орынға ие болды. Iрi кәсiпорындар, жаңа шахталар пайда болды. Мұнай, болат, минералды тыңайтқыштар, көмiр, т.б. табиғат қорларын ашудың көлемi көбейдi. Халық ш-ның мамандандырылған салалары (түстi және қара металлургия, отын-энергет. кешенi, т.б.) басымырақ дамыды. Павлодар, Екiбастұз, Қаратау, Жамбыл, Маңғышлақ аумақтық-өндiрiстiк кешендерi (АӨК) қалыптасты, Қарағанды — Темiртау, Шығ. Қазақстан, Торғай және Шымкент — Кентау аумақтық өндiрiстiк кешен дамытылды. 70-жылдардан бастап өндiрiс жоспарлы түрде шоғырландырылып, негiзгi өнiм түрлерiн неғұрлым iрi кәсiпорындар мен өндiрiстiк бiрлестiктер өндiрдi. 1986 жылдың басына қарай республикада 610 кәсiпорынды бiрiктiрген, бүкiл өнеркәсiп өнiмiнiң жартысынан астамын шығаратын 162 бiрлестiк болды. 1984 жылдың аяғында республикада 2139 кеңшар, 412 ұжымшар, 203 шаруашылықаралық кәсiпорындар мен ұйымдар, 40 өндiрiстiк а.ш. бiрлестiгi жұмыс iстедi. Тамақ өнеркәсiбi 30 сала мен өндiрiстi қамтыды. Халықтың жан басына шаққанда ұлттық табыс 1960 жылмен салыстырғанда 1985 ж. 2 есе, нақты табыс 2,2 есе, төлемдер мен жеңiлдiктер 3,9 есе өстi. Бейөндiрiстiк аяның барлық салаларының негiзгi қорлары 1975 жылмен салыстырғанда 1985 ж. 3,1 есе өстi, оның iшiнде денсаулық сақтау, дене шынықтыру, әлеум. қамсыздандыру салаларының қорлары 5,7 есе, ағарту iсiнде 5,8, мәдениет пен өнерде 4,8 есе өстi. Республика қара және түстi металлургия, химия өнеркәсiбiнiң iрi орталығына айналды. Одақтағы мыс, қорғасын, қалайы секiлдi металдарды өндiрудiң 30%-дан 70%-ға дейiнгiсi Қазақстан үлесiне тидi. Қазақстан бiрден-бiр а. ш. аймағына айналды. Мемлекет қорына Қазақстаннан жүннiң әрбiр төртiншi тоннасы, еттiң әрбiр он екiншi тоннасы, астықтың әрбiр бесiншi тоннасы түсiп отырды. Өкiнiшке қарай осындай аса зор халық ш. әлуетi, басқару жүйесiнiң қолайсыздығынан, Қазақстан халқының жағдайын түпкiлiктi жақсарта алмады. 20 ғ-дың 70-жылдары және 80-жылдарының бiрiншi жартысында Қазақстан экономикасы экстенсивтi негiзде, экон. ынталандыруға мән берiлмей, жаңа технол. үрдiстердi елеместен, бұрынғы сарынмен дами бердi. Бұл кезең елде тоқырау жылдары деп есептелгенiмен, жалпы Қазақстанда экон. қуат бiршама өстi. Бұл жылдары қара металлургияның одан әрi дамуымен бiрге Соколов-Сарыбай және Лисаков кен байыту комб-тары iске қосылды. Одақтағы ақ қаңылтыр шығаратын ең күштi цехы бар Қарағанды металлургия комб-ның құрылысы аяқталды. Ермак (қазiргi Ақсу) және Ақтөбе ферроқорытпа з-ттары жұмыс iстей бастады. Ақтөбеде хром кенiн шығару арта түстi. Целиноградтың (Астананың) а. ш. машина-құрылыс з-ты, т.б. кәсiпорындар өздерiнiң өнiмдерiн шығара бастады. Қарағанды және Екiбастұз көмiр алаптарында көмiр шығару үлкен қарқынмен жүрдi. Ауыл шаруашылығы 1979 ж. жоғары көрсеткiшке жеттi. Тың жерлердi игерген 25 жыл iшiндегi ең мол астық өнiмi алынды. Республика мемлекетке 1 млрд. 262 млн. пұт, яки 20 млн. т астық бердi. Өнеркәсiптiң шикiзатқа бағдарланған бiр жақты құрылымы, 20 ғ-дың 60 — 70-жылдары орт. мин-тер мен мекемелердiң өктемдiгiмен орнықты. Қазақстандағы кен қазу салаларының өнiмi 80-жылдардың басында Одақтағы орташа деңгейден 1,7 есе артық болды. Республиканың экон. қуатының жартысынан көбi одақ мин-терiнiң бақылауында едi. Республиканың шикiзат қорларын сорудан қыруар кiрiс тапқанымен одақтық мекемелер республика бюджетiне ешқандай қаражат түсiрмедi. Табиғи ортаны қорғау мен адам денсаулығы және әлеум. инфрақұрылымдардың дамуы жөнiнде де ешқандай қамқорлық көрсетiлмедi. Көп жылдар бойы шикiзат салаларының үлкен кәсiпорындар түрiнде дамуы өнеркәсiптiң ғыл. жолмен дамымауына, өндiрушi және қайта өңдеу өнеркәсiбi деңгейiнiң төмен болуына, халық тұтынатын тауарлардың өте баяу шығарылуына әкелiп соқтырды. Азық-түлiктен өзге тұтынылатын тауарлардың 60%-ына жуығы сырттан әкелiндi. Бүкiл халық ш-на тән тежелудiң бәрi де республика экономикасында көрiнiс тапты. Сөйтiп, өнеркәсiп өнiмдерi өсуiнiң орташа шапшаңдығы 9-бесжылдықтағы 8,4%-дан 11-бесжылдықта 3,8%-ға дейiн қысқарды, ұлттық табыс 4,4%-дан 1,4%-ға төмендедi. 9-бесжылдық жоспары 12,6%, 10-бесжылдық 2,5%, 11-бесжылдықтiкi 3,6% кем орындалды. Қазақстанның а.ш-нда қайта өңдеу, сақтау, iске асыру ең артта қалған салалар болды. Бұл кезеңдегi экон. дағдарыс әлеум. саланы да қамтыды. 1970 — 85 ж. республика тұрғындарының көпшiлiгiнiң тұрмыс деңгейi, жалпы алғанда, көтерiлгендiгi байқалады. Отбасының көбiнде теледидар, тоңазытқыш, кiр жуу машиналары пайда болды, азаматтардың жеке меншiк автокөлiктерi мен ұзақ мерзiмдi сұраныс тауарларының саны көбейдi. Алайда әлеум. салада, жалпы алғанда, жағымсыз процестер тез шешiлудiң орнына үдей түстi. Қаржыландырудағы қалдықтық қағиданың салдарынан мед. қызмет көрсету, бiлiм беру, мектепке дейiнгi тәрбие беру iстерi артта қалды. Ауылдар мен селолардың жартысынан көбiнде денсаулық сақтау мекемелерi болмады. Үй, мәдени-тұрмыс нысандарының құрылысы, қызмет ету түрлерiнiң дамуы тұрғындардың қажеттiлiгiнен көп төмендедi. Бұл жылдары iрi өнеркәсiптiк және энергет. кешендердi салатын мекемелердiң үлкен ауқымды индустриялы экспансиясы өрiстедi. Мұның бәрi қоршаған орта мен адамдардың денсаулығына үлкен зиян келтiредi. 90-жылдардың басында экономиканың тежелуi экон. дағдарыстың ушығуы, соның салдарынан тұрмыс деңгейiнiң төмендеп кетуi одақтас республикаларды тәуелсiздiк жолындағы белсендi қимылға бастады. Саяси саланы демократияландыру күшейген сайын экон. жағдай күрделiлене түстi. Қоғамды демократияландыру соц. теңгермешiлiкпен жарасым таба алмады. Экономиканы түбiрiмен реформалау — мемл. меншiкке негiзделген соц. жоспарлы экономикадан нарықтық көп меншiктi экономикаға көшу қажеттiгi туды. Мұның өзi бiр сәттiк iс емес және қиындықсыз болмайтын үдерiс едi. Одақтас республикалардың егемендiгiн кеңейтуге байланысты бiрнеше экон. маңызды заңдар қабылданды. “Қазақ КСР-iндегi меншiк туралы” Заң соц. экономикадан нарықтық экономикаға көшудiң негiзiн салды. Осы заңға сәйкес өндiрiс құрал-жабдықтарын меншiктенудiң мемл. меншiктен басқа түрлерiнiң де болуына рұқсат етiлдi. Сөйтiп, әлемдiк экон. кеңiстiктiң 1/3-iне жарты ғасырдан артық уақыт бойы үстемдiк еткен соц. өндiрiс тәсiлi бiржола күйредi. 1986 — 91 жж.. Қазақстан экономикасында, басқа одақтас республикалардағы сияқты, нарықтық қатынастар орнай бастады, әр түрлi кооперативтер, жеке меншiк фирмалар мен шағын кәсiпорындар пайда болды. 80-жылдардың аяғына қарай орталықтың республиканы бақылауының әлсiреуi салдарынан, шет елдермен тiкелей экономика және сауда байланыстарын орнатуға мүмкiндiк туды. Қазақстан бұрын да өз өнiмдерiн шетке шығарып отырған, оның 97%-ы шикiзаттар, материалдар мен жартылай шикiзаттар болатын. Экономикаға түбiрлi реформа жасау және меншiктiң көп түрлiлiгi негiзiнде нарықтық қатынастар орнату үшiн бiрқатар заңдар қабылдау керек болды. Орталыққа бағынған кезiнде Қазақстанда “Қазақ КСР-iндегi еркiн экономикалық аймақтар туралы”, “Қазақ КСР-iндегi шет ел инвестициялары туралы”, т.б. заңдар қабылданды. Республикада Сыртқы экономика мин. құрылды, Сыртқы экономика банкi ашылды. Әр түрлi экон. қауымдастықтардың, корпорациялардың дүниеге келуi өзара әрiптестiк сауданың дамуына жағдай туғызды, оның көл. 1990 ж. 1,5 есе өстi. Жаңа құрылымдардың пайда болуымен бiрге адамдардың iскерлiк белсендiлiгi артты. Бiрлескен кәсiпорындар мен банктер ашыла бастады. 1990 ж. қарашада Сауд Арабиясымен бiрiккен “Әл-Барака банк Қазақстан” банкi құрылды, Оңт. Кореяның “Самсунг” корпорациясымен iскерлiк байланыс орнатылды. Сеулдiк кәсiпкерлер Алматыдан мейрамхана ашты. Қазақстан — Қытай әуе жолы мен Жаркент — Құлжа (Инин) автожолы жұмыс iстедi. 1991 ж. Қазақстанда әлемнiң 25 елiнiң қатысуымен құрылған 35 бiрiккен кәсiпорын ресми түрде тiркелдi. Республикадағы тоқыраған экономиканы шет мемлекеттердiң экон. және технол. көмегiнсiз қалпына келтiру қиын едi. Шет ел капиталын тарту үшiн республика жаңа заңдар қабылдап, инвесторларды 5 жыл бойы табыс салығын төлеуден босатты. Қайта құру идеяларын өмiрге енгiзу жеңiл болған жоқ. Басқарудың орталықтанған жүйесiнен бас тартпай, әкiмшiл-әмiршiл пиғылдан арылмай, түбегейлi құрылымдық өзгерiстер жасамай тұрып, реформаны одан әрi дамыту мүмкiн болмады. Қоғамды демократияландыру iсi орт. пен республикалар арасындағы, одақтас республикалардың өз арасындағы қалыптасқан экон. қарым-қатынасты, сондай-ақ, бұл қарым-қатынастың мемл.-құқықтық негiздерiн қайта қарауды қажет еттi. Қазақстанда Президенттiк басқарудың енгiзiлуi мемл. билiк әлсiреп, экономикадағы дағдарыс тереңдей түскен жағдайда елдегi экон. және саяси ахуалды тұрақтандыруға бағытталған заңды құбылыс едi. Қазақстанның мемл. егемендiгi туралы Декларацияның қабылдануы (25.10.1990) нәтижесiнде материалдық-тех., сыртқы экон. қатынастар, қаржы салаларында жаңа мүмкiндiктер туды. Орт. органдарды жанай өтiп, бұрынғы кеңiстiктегi республикалармен тiкелей экон. байланыстар орнай бастады. Шет мемлекеттермен байланыстарды жолға қоюға мүмкiндiк туды. ҚР Президентi одақтық бағыныстағы мемл. кәсiпорындарды Қазақстан Үкiметiнiң құзырына алу, Қазақ КСР-iнiң алтын және күмiс қорын жасау туралы жарлықтар, сыртқы экон. қызмет пен мекемелердiң тәуелсiздiгiн қамтамасыз ететiн басқа да жарлықтар шығарды. Ендi бұрынғы одақтас республикалар өзара тiкелей дипломатиялық және экон. қарым-қатынас орната бастады. Қазақстан да 1990 — 91 ж. Беларусьпен, Әзербайжанмен, Қырғызиямен, Өзбекстанмен, Ресей Федерациясымен және Украинамен экон. шарт жасасып, достық пен ынтымақтастық туралы әр түрлi келiсiмдерге қол қойды. Қазақстан мен Ресей Федерациясының арасында да бiрсыпыра келiсiмдер жасалып, өзара мiндеттемелер қабылданды. Қазақстанның тәуелсiз мемлекет болып жариялануы (16.12.1991) нәтижесiнде осы уақытқа дейiн шикiзат аймағы және арзан жұмыс күшiнiң көзi саналып келген республика экономикаға меншiктiң көп түрлiлiгiне негiзделген нарықтық қатынастарды енгiзе отырып, дербес экон. өрлеу жолына түстi. 1991 — 85 жж.. Тәуелсiздiк алғаннан кейiн (1991) Қазақстанда экономиканы реформалаудың бiрнеше тәсiлi қолданылды. Мемл. экон. саясаттың базалық бағыттары мыналар болды: 1) соц. экономикадан кейiнгi қайта құру; 2) дағдарысқа қарсы бағдарлама; 3) макроэкон. тұрақтандыру; 4) дүниежүз. экон. дағдарысты еңсеру; 5) экон. өрлеудi қамтамасыз ету. Реформалар: бiрiншi кезең (1991— 92). Бiрiншi кезең Қазақстанда соц. экономикадан кейiнгi экон. жағдайдың шиеленiсiп, құлдырауымен сипатталады. Бұл 70-жылдардың аяғында КСРО экономикасы нақты секторының жаппай үдере қожырауы салдарынан туған едi, оның үстiне өзгерiске ұшыраған сыртқы және iшкi әлеум.-экон., қоғамдық-саяси бағытта жүргiзiлген экон. саясат өрiстеп кете алмады. 90-жылдардың басында ҚР-ның экон. саясаты соц. экон. жүйенi өзгертуге және ұлттық нарықтық экономиканы құруға бағытталды. Негiзгi бағыттар мыналар болды: экономиканы ырықтандыру: сыртқы реттеуiштердi енгiзу, әлеум.-экон. аяға мемлекеттiң қатысуын шектеп, қамқорлығын азайту, сыртқы экон. қызмет нысандарын кеңейту, сырттан инвестициялар тарту, валюталық тәртiптi тұрақтандыру; көп ұстынды экономиканың негiздерiн қалыптастыру: экономикада жекеше сектордың жұмыс iстеуi үшiн жағдай жасау, шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге нарықтық нышандар үлгiлерiн енгiзу, кәсiпкерлiктi, шағын және орташа бизнестi дамыту, толымды нарықтық бәсекенi өрiстету үшiн жағдай жасау. Республиканың жалпы iшкi өнiмi 1991 ж. ағымдағы бағамен — 85863,1 млн. сом., 1992 ж. — 1217689,2 сом болды. Бағаны ырықтандыру салдарынан үдей түскен инфляцияға байланысты жалпы iшкi өнiм ағымдағы бағамен 15 есе көбейдi. Тұтыну бағасының индексi 1992 ж. 3060,8%-ды құрады, мұның өзi 1991 жылмен салыстырғанда 12,4 есе (247,1%) көп. Нақты бағамен жалпы iшкi өнiм деңгейi 5,3%-ға төмендедi. 1991 жылмен салыстырғанда 1992 ж. экономиканың барлық саласы бойынша өндiрiс көлемi күрт азайды. Өнеркәсiптiк өнiмнiң құлдырау қарқыны құрылыста 40,5%-ды, саудада 17,4%-ды, көлiкте 19,4%-ды құрады. Өндiрiстiң өсуi тек а.ш-нда ғана тiркелдi. Сатып алу қабiлетiнiң тепе-теңдiгi бойынша орта есеппен жан басына шаққандағы жалпы iшкi өнiм 1991 ж. 5756 АҚШ дол., 1992 ж. 5561 АҚШ дол. болды. 1992 ж. Қазақстанның стратегиялық дамуының алғашқы бағдарламасы — “Қазақстанның егемендi және тәуелсiз мемлекет ретiнде дамуының қалыптасу стратегиясы” қабылданды, мұнда мемлекет дамуының басым бағыттары айқындалды және экономика аясында стратегиялық мақсаттар белгiлендi, олар: бәсекеге негiзделген, экон. және әлеум. өзара байланыстардың жалпы жүйесiнде әрқайсысы өз мiндеттерiн орындайтын негiзгi меншiк нысандары (жекеше және мемл.) ұштасатын және өзара байланыста болатын әлеум. нарықтық экономика құру; адамның экон. өзiн-өзi билеуi қағидатын iске асыру үшiн құқықтық және басқа жағдай жасау. Реформалар: екiншi кезең (1993 — 94). Екiншi кезең экон. дағдарыстың түйiндi кезеңiне айналды, бұл дағдарыс мыналардан көрiндi: Ресей Федерациясымен шаруашылық байланыстардың үзiлуi және осының салдары ретiндегi төлем төленбеу дағдарысы: кәсiпорындардың өзара борыштары 1993 — 94 ж. және 1995 жылдың басында 634913 млн. теңге болды; инфляция (гиперинфляция) өрши түстi: 1993 ж. тұтыну бағасының индексi 2265% деңгейiне жеттi (Ресей Федерациясының жаңа рублiнiң инфляциясы); өнеркәсiптiң шегiне жете құлдырауы: өндiрiлген ұлттық табыс 1991 — 93 ж. 1976 жылғы деңгейге дейiн төмендеп, жалпы құлдырау 38,2% болды. 90 жылдардың басындағы жалпы экон. дағдарыс халық тұрмысының күрт нашарлауына әсерiн тигiздi: 1990 жылдан 1994 жылға дейiн тұтыну қабiлетiнiң тепе-теңдiгi бойынша жан басына шаққанда орта есеппен жалпы iшкi өнiм 20%-ға азайып, 4711 АҚШ долл. болды. Бұл кезеңде халықтың жаппай көшi-қоны басталды, ол 1994 ж. терiс сальдоға жеттi (–410387 адам). Жалғастырылған реформалардың мақсаты мына шараларды көздедi: меншiк қатынастарын қайта құру жеке меншiктi заңдастыру жағына ойысты; “рубль аймағынан” шығу және ұлттық валюта — теңгенi енгiзу (1993 ж. қараша); валюта-қаржы және банк жүйесiн өзгерту; инфляция мен бюджет тапшылығын кемiтуге қатысты қатаң шектеу шараларын жүзеге асыру; алтын-валюта сақтық қорларын еселей түсу. Бұл кезеңде үкiмет дағдарысқа қарсы шаралар бағдарламасын қабылдады, ол инфляция деңгейiн азайтуға және өндiрiстiң құлдырауын шектеуге бағытталды. Қаржы секторы беретiн қарыздардың көлемiн шектеуге қосымша несиенiң “бағасын ұтымды ету” талабы, яғни жоғары пайыздық мөлшерлеме белгiлеу қарастырылды. Бұл шара жекеше жинақ ақшаның өсуiне септiгiн тигiзетiн, қарыз қорларына жұмсалатын шығынның өсуi себептi банк секторының қарыздарына жалпы сұранымды қысқартуға жәрдемдесетiн барынша тиiмдi шаралардың бiрi ретiнде қарастырылды. Мұндай жағдайда ҚР-ның Үкiметi басшылық нұсқамасымен “директивалық” несиелер беру есебiнен кәсiпорындарға талғамалы қолдау көрсетуге тырысты: 1994 ж. оның көл. 14063,7 млн. теңге болды. Тұрақтандыру бағдарламасы шеңберiнде қолданылып жатқан шараларға қарамастан мемлекеттiң нысаналы несиелерi көбiнесе қайтарылмайтын несиелерге айналды. 1994 жылдың аяғына қарай шамамен 2300 млн. теңге (яғни бөлiнген несиенiң алтыдан бiр бөлiгi) қайтарылды. Бұл кезеңде жалпы iшкi өнiмнiң серпiнi өндiрiстiң шапшаң құлдырауымен сипатталды, ал 1995 жылдың басына қарай жалпы iшкi өнiмнiң көлемi 1990 жылғымен салыстырғанда 61,4% болды. Дағдарысқа қарсы бағдарламаның нәтижесiнде таза жинақ қаражат — өндiрiстi тұрақтандыратын әлеуеттi инвестициялар өсуге тиiс едi. Алайда, жинақ қаражат күткендегiдей өсе қоймады: халықтың салымы небәрi 606,9 млн. теңгеден (1.1. 1994) 1673,5 млн. теңгеге дейiн (1.7.1994) ғана көбейдi, ал банкiлердегi ағымдағы, есеп айырысу және депозиттiк шоттардың қалдықтары тиiсiнше 4154,1 млн. теңгеден 12472,0 млн. теңгеге көбейдi. Сөйтiп, экономиканың нақты секторында болған тұрақсыздану өндiрiстiң құлдырауын ушықтыра түстi. Тек 1994 ж. ғана Қазақстан өз өнеркәсiбiнiң ширегiнен астамынан айрылды. Дағдарысты шектеу қатаң экон. саясат жүргiзудi талап еттi, соның салдарынан әлеум.-экон. ахуал одан әрi нашарлады. Қазақстанның экон. саясатына түзету енгiзудiң нәтижесiнде экономика дәрменсiздiктен серпiлiп, макроэкономика тұрақтану үшiн жағдай жасауға мүмкiндiк туды. Бұл кезеңде Қазақстан Халықар. валюта қорына кiрдi, ол елге дағдарысты еңсеру үшiн нысаналы несие бөлдi. Реформалар: үшiншi кезеңде (1995 — 97). Үшiншi кезеңде Макроэкономиканы тұрақтандыру бағдарламасы қабылданды, ол қатаң шектеу арқылы инфляцияны төмендетудi көздедi. Тұрақтандыру бағдарламасы мынадай мақсаттарды алға қойды: нарықтық экон. ин-ттары мен инфрақұрылымды дамыту; халықар. стандарттарға сәйкес екi деңгейлi банк жүйесiн жаңғырту, инвестициялық және сақтандыру компанияларын, биржалар мен аудиторлық фирмалар құру; қатаң ақша-несие және нысапты бюджет-салық саясатын жүргiзу; ұлттық валюта бағамының тұрақтылығына қол жеткiзу; атаулы жалақыны шектеу; берiлетiн несиелердi шектеу және ақша массасының қатаң көлемiн (11722 млн. теңгеден аспайтын) белгiлеу. Бұл кезеңде шет ел капиталы кеңiнен тартылды, рыноктер мен нарықтық құрылымдарды дамыту үшiн жағдай жасалды. Қолданылған шаралардың нәтижесiнде 1996 жылдың қарсаңында теңгенiң валюталық бағамы тұрақтанды (1994 ж. — 1 долл. үшiн 35,76 теңге, 1995 ж. — 60,93 теңге, 1996 ж. — 67,29 теңге), бюджет тапшылығы азайды, өнеркәсiптiң сыртқа шығаруға бағдарланған бiрқатар салаларында өндiрiс жанданды. Әлеум. аядағы қаржы-экон. қайта құрулар қаржы жүгiн респ. бюджеттен жергiлiктi бюджетке беру, көрсетiлетiн әлеум. қызметтердiң сапасын арттыру, әлеум. сала мекемелерiнiң қызметiне жаңа экон. бәсекелестiк қатынастарды енгiзiп, дамыту, қаржыландырудың бюджеттен тыс көздерi мен көлемдерiн ұлғайту бағытында жүзеге асырылды. Қаржы қорларын шектеу жағдайында негiзгi қаржы-экон. өзгертулер аралас қаржыландырудың жаңа үлгiсiне көшу негiзiнде қаржыландыру жүйесiн өзгертумен ұштастырыла жүргiзiлдi, мұнда бюджеттен қаржыландыру, сақтандыру жарналары мен жекеше инвестициялар негiзгi көздерге айналды. Жан басына шаққандағы жалпы iшкi өнiм 1994 жылмен салыстырғанда 1997 ж. 14,1 млрд. теңге деңгейiне дейiн көбейдi. 1997 жылдың бас кезiндегi экономиканың жай-күйiн мынадай факторлармен сипаттауға болады: iс жүзiнде барлық тауарлар мен қызметтердiң бағасы босатылды немесе ырықтандырылды, негiзгi заңдық актiлер өзгертiлдi, олар реформаларды жүргiзуге мүмкiндiк туғызды, сыртқы экон. қызмет ырықтандырылды, нарық талаптарына сай келетiн жаңа салық базасы жасалды, меншiктi қаржы рыногi құрылды, банк жүйесi жаңғыртылды, оның инфрақұрылымы дамытылды; мемл. бағалы қағаздар рыногi құрылды, мемл. меншiктi жекешелендiру қарымды қарқынмен жүргiзiлдi. Алайда, қатаң ақша-несие, бюджет-салық саясатының экон. тұрғыдан тиiмдi нәтижелерiне қарамастан бұл кезеңде халықтың әлеум.-демогр. ахуалы күрт нашарлады: халықтың өсiп-өну деңгейi кемiдi; өмiрдiң ұзақтығы қысқарды; бiлiм деңгейi төмендедi; материалдық әл-ауқат құлдырап кеттi: қазақстандықтардың 31%-ға жуығы тұтыну қоржынының ең төмен деңгейiнде өздерiнiң күн-көрiс қажеттерiн қанағаттандыра алмады, жұмыссыздық деңгейi екi есеге жуық көбейдi. Бұл кезеңде бұрынғы әлеум. саясат қағидаларын өзгерту қажеттiгi туды: халықты әлеум. қорғаудан әлеум. көмек пен қолдауға көшу, сондай-ақ, әлеум. саладағы мемл. қамқорлықты қысқарту қажет болды. Бұл нарықтық реформалар кезеңiнiң басты жетiстiктерi: елде тұрақты әлеум.-экон. жағдай сақталды; ұлттық ақша бiрлiгi енгiзiлдi және дербес ұлттық ақша саясатын жүргiзу мүмкiндiгi туды; Қазақстан рыногi тұтыну тауарларымен молая түстi; респбликаның тәуелсiздiгi мәртебесiн дүниежүз. қоғамдастығы мойындады және ол халықар. қаржы ин-ттарына кiрдi. Әлеум.-экон. шаралардың iске асырылуы Қазақстанда жекеше зейнетақы, сақтандыру және мед. қорларын құруға жол ашты. Реформалар: төртiншi кезеңде (1998 — 99). Төртiншi кезеңде Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясы қабылданды. “Қазақстан — 2030”: Барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының жақсаруы: ел Президентiнiң “Қазақстан халқына жолдауы” (1997 ж. күз) бағдарламасы — ҚР-ның ұзақ мерзiмдiк стратег. дамуының тұжырымдамалық негiзi — даму бағыттары және елдiң дамыған елдер тобына шығу жолдары айқындалды. Стратегияның мiндеттерiне сәйкес Қазақстан 2030 жылға қарай дамыған мемлекеттердiң деңгейiне жетiп, әлемнiң ең дамыған 20 елiнiң қатарына қосылуға тиiс (қ. Қазақстан — 2030 даму стратегиясы). 1997 жылдың аяғында басталған дүниежүз. қаржы дағдарысы Қазақстанның экспорттық салаларына айтарлықтай ықпал жасады. Ұзақ мерзiмдi стратегияның алдын-ала белгiленген кезеңiн iске асыру мақсатында Президенттiң 1998 ж. 28 қаңтардағы Жарлығымен ҚР дамуының 1998 — 2000 жылдарға арналған стратег. жоспары бекiтiлдi, ол дүниежүз. қаржы дағдарысының зардаптарын еңсеруге, экономиканың нақты секторын сауықтыру жолымен экон. өрлеудi қамтамасыз етуге, бюджеттiк аяны реформалауға, белсендi әлеум. саясат жүргiзу жағдайында ел экономикасына жұмсалатын инвестицияларды көбейтуге бағытталды. Бұл кезеңде теңгенiң өзгермелi бағамы енгiзiлдi (1 АҚШ долл. 1998 ж. — 78,29 теңгеге, 1999 ж. — 119,64 теңгеге тең болды), мұның өзi 1996 жылмен салыстырғанда 12%-ға азайған (1998) өнiм экспортын ынталандыруға мүмкiндiк бердi. 1999 ж. экспорт көл. 5592,2 млн. АҚШ долл-на жеттi; Бұл кезеңде тұтыну қабiлетiнiң тепе-теңдiгi бойынша жалпы iшкi өнiм 74891,6 млн. АҚШ долл-нан (1998) 77976,8 млн. АҚШ долл-на (1999) көбейдi. Жалпы iшкi өнiмнiң нақты көл. 2,7%-ға артты. Бұл кезеңде зейнетақы реформасы (ынтымақты зейнетақы жүйесiнен жинақтаушы зейнетақы жүйесiне көшу) жүргiзiлдi, ол iшкi қорлануды одан әрi ұлғайтып, iшкi инвесторлардың қалыптасуына жағдай жасады. 1998 жылдың соңында зейнетақының қоры 23542 млн. теңгеге жеттi, бiр жылдан кейiн ол 2,7 есе көбейдi (64504 млн. теңге). Реформалар: бесiншi кезең (2000 ж. ~). Бесiншi кезеңде Қазақстан экон. өрлеу жолына түстi. ҚР дамуының 1998 — 2000 жылдарға арналған стратег. жоспарын iске асырудың оң тәжiрибесi бюджеттiк-қаржылық өзара iс-қимыл мен реттеудiң жаңа қағидаларына негiз қалады, оның серпiнi мына мақсаттармен айқындалды: 2000 — 02 ж. орт. және жергiлiктi атқарушы органдар арасында қаржы-экон. мiндеттердi бөлiсу; 2001 жылдан бастап елдiң экон. дамуын жоспарлауға көшу. Бұл кезеңде жалпы iшкi өнiм жыл сайын өсiп отырды: тұтыну қабiлетiнiң тепе-теңдiгi бойынша 2000 ж. — 87607,5 млн. АҚШ долл-ы, 2001 ж. — 101674,1 млн. АҚШ долл-ы. 2002 ж. жалпы iшкi өнiм көлемi бұрынғыдан 9,5%-ға көбейдi. 1999 — 2000 ж. бейқаржылық активтер негiзiнен шетелдiк инвестициялардан құралса (тиiсiнше 57% және 51%), 2001 ж. iшкi инвестициялар тұңғыш рет салымның 60%-ынан астамын құрады. Инвестициялардың жалпы сомасы 1158,1 млрд. теңгеге жеттi. 2000 — 02 ж. елдiң экон. дамуы үшiн инвестициялық мүмкiндiктер жасауға баса назар аударылды. Өз қызметiн экономиканың басым секторларында жүзеге асырушы инвесторлармен 119 келiсiмшарт жасалды, негiзгi капиталға 165 млрд. теңгеден астам сомада (1,2 млрд. АҚШ долл-ы) инвестициялық мiндеттеме қабылданды. 2001 ж. негiзгi капиталға жұмсалған инвестициялардың көл. 775,7 млрд. теңгенi құрады, бұл бұрынғы жылдағыдан 21%-ға көп. 2001 ж. 4 желтоқсанда Президенттiң Жарлығымен “Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейiнгi стратег. жоспары” бекiтiлдi. Қазiргi кезде 2010 стратегиясы (2001), Үкiметтiң 2002 — 04 ж. арналған iс-қимылдар жоспары (2002) және соның негiзiнде әзiрленген 2003 — 05 жылдарға арналған респ. бюджеттiң болжамдық көрсеткiштерi (2002) экономика үшiн негiз ретiнде басшылыққа алынып отыр. Негiзгi мақсат — бәсекелестiк қабiлетi күштi экономика құру, жалпы iшкi өнiмдi 2002 жылмен салыстырғанда 2 есе көбейту. Мұндай iлгерiлеуге стратегиялық салаларды — мұнай-газ секторын, энергетика мен агр.-өнеркәсiптiк секторды оңтайлы реттеу жолымен қол жеткiзiледi. ҚР-ның 2003 — 2005 жылдарға арналған мемл. агр. азық-түлiк бағдарламасының қабылдануы осыны қуаттайды. Бұл бағдарламада негiзгi басым бағыттар көрсетiлдi, олар: елдiң азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; агр. бизнестiң белсендi жүйесiн қалыптастыру; iшкi және сыртқы рыноктарда а. ш. өнiмiн және оның ұқсатылған өнiмдерiн сату көлемiн ұлғайту; а. ш. өндiрiсiн мемл. қолдау шараларын ұтымды ету. Соңғы екi жылдағы экон. өрлеу Қазақстандағы әлеум. ахуалға дұрыс ықпалын тигiздi: жұмыссыздық қысқарып, халықтың кедей топтарының үлесi азая түстi. Тәуелсiздiк алғаннан кейiнгi 12 жылдың iшiнде Қазақстанда әлеум., зейнетақы жүйесi, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық реформалары жүргiзiлдi, қызмет көрсету аясы 100% жекешелендiрiлдi, жер реформасын жүргiзу үшiн жағдай жасалды. Қазақстанда iрi өнеркәсiп орталықтары, оның iшiнде отын-энергет., металлургия, химия, машина жасау, құрылыс өнеркәсiбi жұмыс iстейдi. Республика кәсiпорындары шойын, кокс, болат, қорғасын, мыс, мырыш, титан, магний, қарашiрiк, синтет. каучук, шайыр, пластмасса, хим. талшықтар, автомоб. шиналарын, минералдық тыңайтқыштар, цемент, металл жонғыш станоктар, ұсталық-сығымдағыш жабдықтар, қақтау стандарын, күш трансформаторларын, рентген аппараттарын, а.ш. машиналарын, тракторлар, экскаваторлар, т.б. өндiредi. Әлемдiк экономика ауқымында Қазақстан — тауар рыногiне мұнай, газ, қара, түстi, сирек кездесетiн металдар, уран өнiмiн шығарушы ел. Кен қазу өнеркәсiбi Қазақстан экономикасының жетекшi секторы болып табылады. 2001 ж. өнеркәсiп өндiрiсiнiң 44,3%-ы осы өнеркәсiптiң үлесiне тидi. Қазақстанда көмiр-сутектi шикiзаттың бiрегей қоры бар. Барланған қор бойынша елiмiз әлемде 13-орында. 250-ден астам мұнай-газ кенiштерi ашылды, олардың көбi республиканың батыс бөлiгiнде, негiзiнен Атырау обл-нда. Олардың iшiнде 1 млрд. т-дан астам мұнай қоры бар Теңiз кенiшi; газ қоры 1,3 трлн. м3 және конденсат қоры 700 млн. т-ға жуық Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кенiшi; сондай-ақ, Кенбай, Жаңажол, Жетiбай, Қаламқас, Қаражанбас, Өзен, Құмкөл кенiштерi бар. 2000 ж. Қазақстанда Солт. Каспий қайраңында iрi мұнай кенiшi (Қашаған) ашылды. Бағалаудың алғашқы кезеңiнде кенiштiң жалпы геол. қоры 38,4 млрд. баррель, ал өндiрiп алынатын қоры — 13 млрд. баррельге жуық. Атырау обл-ндағы аса iрi кенiштер: жалпы қоры 800 млн. т-дан астам, Теңiз кенiшi (оның бастапқы өндiрiп алынатын қоры 700 млн. т), Королев кенiшi (бастапқы өндiрiп алынатын қоры 30,5 млн. т), Кенбай кенiшi (30,8 млн. т). Маңғыстау обл-ндағы аса iрi мұнай кенiштерi: Өзен, Жетiбай, Қаламқас, Қаражанбас. Бат. Қазақстан мен Ақтөбе облыстарындағы Қарашығанақ пен Жаңажолдың мұнай мен газ өндiрiсiндегi келешегi зор. Республикада мұнай-газ саласын 2002 ж. “Қазақойл” ұлттық мұнай компаниясы мен “Мұнай және газ тасымалы” ұлттық компаниясының бiрiгуi жолымен құрылған “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы басқарады. Қазақстанда мұнай мен газ өндiру iсi шет ел инвесторларының қатысуымен жүзеге асырылуда (“Теңiзшевройл” бiрлескен кәсiпорны, “Қазақойл-Ембi” АҚ, “Атырау мұнай компаниясы”, “Қазақстанкаспийшельф”, “Каспиймұнайгаз”, “Қазгермұнай” ЖАҚ-дары, т.б.). Мұнай-газ секторының өнiмi Еуразия құрлығының ондаған елдерiне экспортқа шығарылады (аса iрi импортшылар: Ресей Федерациясы, Ұлыбритания, Украина, Швейцария, Италия). Экспорт құрылымында мұнай мен газ конденсатының үлесi 2001 ж. 49,3% болды. Қазақстанда өнеркәсiп өнiмiнiң жалпы көлемiнде түстi металлургияның үлесi 11%. Өндiрiс деңгейi бойынша Қазақстан әлемде тазартылған мысты iрi көлемде өндiрушiлер мен экспортқа шығарушылар қатарына жатады. Республиканың әлем бойынша мыс өндiрудегi үлесi 2,3%. Қазақстан мысының негiзгi импортшылары: Италия (50%) мен Германия (35%). Экспорт құрылымында мыс пен мыс қорытпалары 7%. Тазартылған мыстың 90%-ын “Қазақмыс” корпорациясы өндiредi, ол Қазақстанның түрлi аймақтарында бiрнеше зауыттарды, кенiштердi және энергия нысандарын бiрiктiрiп отыр. Қазақстан темiр кентасының қоры жөнiнен әлемде 8-орында. Оның әлемдiк қордағы үлесi 6%. Елде өндiрiлетiн темiр кентасының 70%-дан астамы экспортқа шығарылады. Қазақстанның қара металлургиясы өнеркәсiп өнiмi көлемiнiң 7%-ға жуығын өндiредi. Мұндағы аса iрi кәсiпорын – Қарағандыдағы “ИспатКармет” металлургия комбинаты, ол шойын мен дайын қара металдар қақтамасының 100%-ын және болаттың 90%-дан астамын өндiредi. Бұл комб. өнiмi ТМД елдерi мен алыс шет елдерге экспортқа шығарылады. Сондай-ақ, “Жәйрем кен-байыту комбинаты” АҚ тотыққан марганец және темiр-марганец кентастарынан жоғары сапалы марганец концентраттарын өндiредi. Қазақстанда хромды кентастардың мол қоры бар, ферроқорытпа з-ттары жұмыс iстейдi. 1994 жылдан кен-металлургия кешенi кәсiпорындарының көбi шетелдiк және отандық компаниялардың басқаруына берiлдi. 1996 — 97 ж. кен байыту және металлургия кәсiпорындарын бiрыңғай технол. тiзбекпен байланыстырған iрi бiрлестiктер құрылды, олар: “Қазмырыш”, “Қазақмыс” корпорациясы, “Қазақстан алюминийi”, “Испат-Қармет” ААҚ-дары, “Қазхром” Ұлттық акцион. компаниясы. Лондондағы Уран ин-тының есебiне қарағанда, әлемде барланған уран қорының 25%-ы Қазақстанда. Полиметалл кенiштерi негiзiнде Өскемен қорғасын-мырыш, Лениногор полиметалл, Зырян қорғасын, Шығ. Қазақстан мыс-химия, Ертiс полиметалл, Жезкент кен-байыту комб-тары жұмыс iстейдi. Кәсiпорындардың басқа бiр тобы — Өскемен титан-магний, Белогор кен-байыту комб-тары, Үлбi металлургия, Ертiс химия-металлургия з-ттары сирек металдармен олардың қосылыстарын, т.б. шығаруға мамандандырылуда. Республикада 3 мұнай айыру з-ты, сары фосфор алынатын фосфориттi кентастарды өңдейтiн iрi кешен “Қазфосфат” ЖШС жұмыс iстейдi. Ол “Қаратау” кен-химия комб., Жаңа Жамбыл фосфор з-ты, Минералдық тыңайтқыштар з-ты сияқты аса iрi кәсiпорындарды бiрiктiрiп отыр. Республиканың машина жасау кешенiнiң өнiмi өнеркәсiп өнiмiнiң жалпы көлемiнде 3%-ға жуық. Оңт. аймақта Станок жасау з-ты, Алматыда Ауыр машина жасау з-ты жұмыс iстейдi, олар түрлi станоктар шығарады. Солт. аймақта “Шағын литражды двигательдер зауыты”, “Дизель”, “Ротор” ЖШС-терi, “ЗИКСТО”, “Мұнаймаш”, “С.М. Киров атынд. зауыт”, Петропавл “Ауыр машина жасау зауыты” АҚ-дары сияқты iрi машина жасау кәсiпорындары жұмыс iстейдi. Олар а. ш. машиналары үшiн босалқы бөлшектер, жабдықтар, двигательдер, көшпелi электр ст-ларын, тамақ өнеркәсiбi үшiн жабдықтар, газ бен электр энергиясының шығынын есептейтiн есептеуiштер шығарады. Қазақстанда құрылыс индустриясының дамуына ел ордасының Астана қ-на көшiрiлуi жаңа серпiн бердi. Құрылыс материалдары өнеркәсiбi өнiмiнiң көлемi республика өнеркәсiп өнiмiнiң жалпы көлемiнде 4%-ға жуық. Қазақстан Еуроазия құрлығының ортасында орналасқандықтан транзиттiк тасымал саласында айтарлықтай орын алды. Республиканың жер бетiндегi көлiк магистралiнiң ұз. 106 мың км. Оның iшiнде 13,5 мың км — т. ж., 87,4 мың км — автомоб. жолы, 4 мың км — өзен жолдары. Қазақстан мен Қытай арасында Достық — Алашанькоу шекаралық т. ж. өткелi, Түрiкменстан мен Иран арасында Серакс – Мешхед т.ж. өткелi салынған соң Ұлы жiбек жолы бойында жаңа транзиттiк дәлiздер ашылды: Қытайдың Тынық мұқиттағы Ляньюнган, Циньдао, Тяньцзин порттарынан Қазақстан, Қырғызия, Өзбекстан, Түрiкменстан, Иран, Түркия, Жерорта т. мен Парсы шығанағының порттарына қатынау мүмкiндiгi туды. Бұл жолмен жүк тасымалдануда. Автомоб. жолдарының торабы Ресей Федерациясына, бұрынғы одақтық республикаларға, сондай-ақ, Қытайға, Түркияға, Иранға, Қара т. бен Жерорта т-нiң, Үндi мұхитының порттарына шығуға мүмкiндiк бередi. Теңiз кеме қатынасы Каспий т-нде Ақтау порты арқылы өтедi, ол Ресей Федерациясының өзен жолдарымен Қара т. бен Балтық т-не шығады. “Эйр Қазақстан” ұлттық әуе компаниясы, басқа да жетекшi компаниялары жолаушылар тасымалын жүзеге асыруда. Майкл Фэлпс. Майкл Фэлпс (Michael Fred Phelps, 30 маусым, 1985 жыл) - атақты АҚШ жүзушісі. 15 жасында АҚШ-тың олимпиадалық құрамына қабылданған ол, көп ұзамай команданың лидеріне айналды. Дәл сол кезде кәнігі мамандар “Спитцтің ізбасары өсіп келе жатыр” деп жер жаһанға жар салды. Құлақтары қашан да түрік жүретін журналистер мақтаулы жүзушінің қарым-қабілеті қаншалықты екенін байқау үшін оның әр қадамын жіті қадағалай бастайды. Майкл өзінің мықтылығын тұңғыш рет 2003 жылы әлем чемпионатында паш етті. Барселонада 18 жастағы спортшы үш мәрте алтын медальды иеленіп, әлемдік рекордты бес рет жаңартты. Ал Афины Олимпиадасының алауы тұтануына тура бір жыл қалған. Спитцті тақтан тайдырып, өзінің шын мәнінде “су патшасы” екенін Майкл Фелпс ежелгі Эллада елінде дәлелдеуге тиіс еді. Олимпиаданың алғашқы күнінде 400 метрге кешенді жүзуде АҚШ спортшысы әлемдік рекордты жаңартты. Жанкүйерлер “бір” деп бас бармақтарын бүкті. Бірақ келесі күні еркін тәсіл бойынша 4X100 эстафеталық бәсекеде кілең жұлдыздардан жасақталған америкалықтан мәре сызығын небәрі үшінші болып қиып өтті. Енді Спитцтің рекордын бұзу мүмкін еместей көрінді. Фелпс бұл сәтсіздікке аса қайғыра қойған жоқ. БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында: “Мен Спитцтің рекордын жаңартуды мақсат тұтқан емеспін. Ондай әңгімені таратып жүрген журналистер. Афиныда мен жалғыз алтын алсам да, соны місе тұтар едім”, – деді. Көп сөйлеп көпіргеннен гөрі, көп іс тындырғанды жөн көретін жүзуші көп кешікпей жеңіп алған алтындарының санын беске жеткізді. Енді небары екі рет жеңіс тұғырына көтерілсе, атақты Спитцпен теңесетін еді. Миллиондаған жанкүйер сол тарихи сәтті көруге құлшынды. Өзге біреу болса, тарихта қалуға тырысып, жанын салар еді-ау, бірақ Фелпс ойда-жоқта өз орнын әріптесі Иан Крокерге босатты. Жанкүйер біткеннің барлығы аң-таң, мамандар оның бұл әрекетін түсіне алмай әлек. Ал Майкл болса: “Өкінішке қарай, Крокердің еншісінде бірде-бір алтын жоқ. Ал мен бас бәйгенің бесеуін алып үлгердім. Сон­дықтан да досыма өз орнымды ұсынып, жоғарыдағы олқылықтың орнын толтыруға мүмкіндік бердім. Қанша дегенмен, біз бәріміз бір командамыз ғой”, – деп мәрттік танытты. Келесі күні 19 жастағы Майкл Фелпс алтыншы мәрте алтын медаль жеңіп алды. Осылайша Марк Спитцтің рекорды бұзылған жоқ. Алайда жас жүзушінің бұл мәрттігі жайында жанкүйерлер әлі талай жылдар бойы әңгімелеп жүрері анық. Алайда рекордтық көрсеткіш көп күттірген жоқ. Биыл Бейжіңде 23 жасар Майкл Фелпс Олимпиада ойындарында тағы сегіз алтын медаль жеңіп алып, 14 дүркін Олимпиада чемпионы атанды. Бұл – теңдессіз нәтиже! Енді оның рекордын бұзу мүмкін еместей көрінеді бізге. Ал егер АҚШ жүзушісі 2012 жылы Лондонда алауы тұтанатын Олимпиадаға қатысатын болса, онда Фелпс өз көрсеткішін жақсарта түсетіні айдан анық. Сөйтіп, Американың бағына туған ұл әйгілі Пааво Науми, Лариса Латынина, Марк Спитц және Карл Льюисті басып озып, жаңа рекордты өмірге әкелді. Осы оқиғаға байланысты сол кездегі АҚШ Президенті Джордж Буш Фелпстің ұялы телефонына қоңырау шалып, құттықтап, өзінің шексіз ризашылығын білдірді. Оффали (графтық). Оффали (англ. Offaly; ирл. Uíbh Fhailí) — орталық Ирландиядағы графтық. Ирландия республикасының Ленстер провинциясының құрамына кіріді. Бас қаласы мен ірі қаласы — Талламор. Жұрты 64 мың адам (графтықтар арасында 23-ші орын; 2002 ж. мәләмет). Тәжібаев, Әбділда. Әбділда Тәжібаев-туған әдебиетіміздің ірі тұлғаларының бірі. Ол 1909 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Атақты ақын Нартай келіп, Әбділданың анасы Айманкүлмен айтысқа түскен. "Сыр елі-жыр елі" атанған Сырда туып-өскен Әбділдаға іргелі ақындардың жыр додасы да өзіндік әсерін тигізсе керек. Әбділда Тәжібаев "Күй атасы","Ақын", "Портреттер" аталатын дастандар жазумен бірге, лирикалық поэмалардың қазақ әдебиетінде озық үлгілерін қалыптастыруға да үлкен үлес қосты. Әдебиетті зерттеумен де айналысты. Балалар тақырыбына да қалам тартты. Әбділда Тәжібаев – осы заманғы қазақ поэзиясының аса көрнекті шебері, ірі драматург және белгілі әдебиет зерттеушісі. Әдебиеттегі алғашқы қадамын өткен ғасырдың 20-жылдарының соңына ала өлең жазудан бастаған ол қазақ сөз өнерінің озық дәстүрлерімен дүниежүзілік әдебиеттің үздік жетістіктерінен үйрене отырып, 30-жылдардың орта шенінде-ақ айтулы ақын, республикада әдебиет ісін ұйымдастырушы қайраткерге айналды. Ә.Тәжібаев – поэзияда лирика мен поэма жанрын қатар алып жүрген ақын. Оның қаламынан туған 30-дан астам поэма мен өте көп сандағы өлеңдері сыршылдық, ойшылдығымен, шыншылдық, оттылығымен ерекшеленеді. Ә.Тәжібаев поэзиясын басқа бірде-бір ақынның туындыларымен шатастыру мүмкін емес. Оның поэзиясы – тың ізденістің, жоғары мәдениеттің, кәнігі шебердің поэзиясы. Ә.Тәжібаев атақты драматург те. Драмалық шығармалар жазуды 30-жылдардың соңына ала бастап, әдебиеттің бұл күрделі жанрында айтулы туындылар берді. Әдебиеттану саласында да жемісті еңбек етіп, Ә.Тәжібаев талантты ғалым екенін танытты. Оның, әсіресе, поэзия мен драматургия саласындағы зерттеулері терең ғылымилығымен, талдауларының нәзіктігімен тәнті етеді. Ә.Тәжібаев ұзақ шығармашылық ғұмырында тынымсыз ізденіп, үздіксіз еңбектеніп, тұтас бір дәуір шындығын жан-жақты, жоғары көркемдікпен бейнелеген өте мол мұра қалдырды. Өмірбаяны. Әбділда Тәжібаев 1909 жылы Ақмешітте (казіргі Қызылорда қаласында) дүниеге келеді. Әкесі Тәжібай 1915 жылы қайтыс болады да, шешесі Айманкүл күнкөріс жағдайына байланысты алты жасар Әбділданы қала сыртындағы Қараөзек деген жерде тұратын төркініне алып кетеді. Содан болашақ ақын он үш жасына дейін шешесі Айманкүл мен нағашы атасы Далдабайдың тәрбиесінде өседі. Жас Әбділданың өлеңге, әдебиетке деген құштарлығын оятқан да өз анасы мен нағашы атасы болады. Айманкүл араб, парсы тілдерін жақсы білетін сауатты, көзі ашық, көңілі сара кісі екен, Әбділдаға өзі хат танытып, әдебиет үлгілерін оқытып үйретеді. Кейін белгілі халық ақыны болып, өлеңдер жинағы да жарық көрген Айманкүл, ол кезде әкесі Далдабай қарттың өтінішімен ауыл адамдарына Шығыстың қиссалары мен қазақтың неше алуан жыр-дастандарын оқып беріп отырған. Соларды қыбыр етпей, құмарта, үнсіз тыңдаушыларының бірі – Әбділда болған. Кейінірек үйлеріне келген қонақтары мен ауыл адамдарына, кішігірім жиын-топта әлгі қисса, дастандарды атасының айтуымен Әбділда оқып беретін болған. Оның үстіне бұл ауылға, әсіресе осы нағашы атасының үйіне Сыр елінің атақты ақын-жыршылары жиі келіп тұрған. Бір жолы Әбділда ауылдарына келген атақты ақын әрі әнші Нартай Бегежановпен Айманкүлдің ұзақ айтысын тыңдап, шешесінің айтқыштық, ақындығына қуанып, тапқыр сөздерін есінде ұстап қалған. Анасы жастай дүниеден қайтқан күйеуін байырғы қазақ салтымен жыл бойы жоқтағаны, шешесінің өзі шығарған ұзақ жоқтау поэмасын дауыстап жатқа айтқанын төсекте жатып тыңдап, мұңды-шерлі әуеніне іштей үн қосатын болған. деген, ол кезде мағынасын өзі жете түсінбеген жолдарын да есінде сақтап қалған. деп еске алады. Ол таңғажайып шығыс поэзиясынан да, туған халқының бай да көркем ауыз әдебиеті мұраларынан да таусылмас әсер, ләззат алып өседі. Жалпы, тумысынан дарынды, зерек те сергек Әбділданың ауылда алған әсері бай да құнарлы болған. Оны ақын шығармашылығынан байқау қиын емес. дейді. Бұл Әбділданың өзі туралы айтылған сөз еді. ПІынында да, ол 1922 жылы Қызылорда қаласында жаңадан ашылған жетім балаларға арналған интернатқа қабылданып, сауаттылығының арқасында бірден интернат жанындағы бастауыш мектептің 3-сыныбынан бастап оқып кетеді. Әбділданың алғашқы өлеңдері осы интернаттың қабырға газетінде жарияланады. Одан кейін Шымкенттегі жеті жылдық мектепте, 1929-1932 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогика институтында оқиды, 1953-1956 жылдары Мәскеудегі жоғары әдебиет курсын бітіреді Еңбек жолын "Еңбекші қазақ" (қазіргі "Егемен Қазақстан") газетінде алдымен пошта тасушы (1926), содан кейін корректор болып істеген (1927-1928) ол небары 4-5 жылда "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас алаш") газеті редакторының орынбасары (1932-1934) дәрежесіне дейін көтеріледі. Әбділданың "Жұмысшының гудогі" өлеңі 1926 жылы "Жұмысшы" газетінде басылады. Бұл – оның баспа бетін көрген тұңғыш туындысы. Әрі қарай өлеңдері "Жұмысшы" және "Еңбекші қазақ" газеттерінде шығып тұрады. Жиырма бес жастағы Әбділда 1934 жылы Қазақстан Жазушылар Одағының хатшылығына, ал 1939 жылы оның төрағалығына сайланады. 30-жылдары ақын көп оқу, тынымсыз іздену үстінде өндіре де жазады, шығармаларының көркемдік сапасы жағынан да айтарлықтай биікке көтеріледі. "Жаңа ұрпақ" (1935), "Лирикалар" (1936) деп аталған жинақтары бірінен соң бірі жарық көреді. Белгілі "Оркестр", "Абыл", "Толағай" сынды романтикалық поэмалары мен М.Әуезовпен бірігіп жазған "Ақ қайың" деп аталатын тұңғыш пьесасы да сол жылдардың жемісі. Қазақ әдебиетінің сол кездегі маңдай алды таланттарының біріне айналған Әбділданы дарын сырын танығыш көреген М.Әуезов: "Қазақ поэзиясына әсерлі, сапалы көркем бір ағым кіргізіп келе жатқан ақын" деп (1939) бағалайды. Ә.Тәжібаев 1945-1948 жылдары Қазақ ҚСР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының Жамбыл бөлімін басқарады. "Қазақ әдебиеіті" газетінің бас редакторы болады. 1963 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты және Қазақ ҚСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшесі болын сайланады. Филология ғылымының докторы Ә.Тәжібаев жазушылығына қоса біраз жылдар М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылданып, өмірінің соңғы жылдарын бірыңғай шығармашылыққа арнайды. Қарт ақын Ахмет Байтұрсынұлы бастаған арыстарымыздың ақталғанын көріп, тоталитарлық жүйенің сеңі бұзылғанын сезініп, 1998 жылы 90-ға қараған шағында дүние салды. Кодекс куманикус. Қазақ әдебиетінің жүздеген ғасырлар бойғы дамуының әр тарихи дәуірлерін бажайлағанда әр кезеңді бір-бірінен даралап тұратын өзіне тән белгілері мен қасиеттерін, жанрлық, көркемдік ерекшеліктерін анықтап алу қажет. "Ежелгі дәуір және орта ғасырлардағы әдебиет" ұжымдық монографиясында қазақ әдебиетінің көне заманнан ХІ ғасырға дейінгі аралықты қамтыған кезеңі көне дәуір, ал ХІІ ғасырдан бастап, Қазақ хандығы құрылған XV ғасырға дейінгі кезең орта ғасыр кезеңі деп аталады. Көне дәуірдегі түркі жазба әдеби ескерткіштеріне сақ-ғұн дәуіріндегі әдебиет туындылары, түркі және қытай халықтарына ортақ мәдени мұралар, Иран мен Тұран әлеміне ортақ әдеби шығармалар, түркі-моңғол бірлігі заманындағы әдеби мұралар, көне түркі әдебиетіне жататын Орхон-Енисей руна жазба ескерткіштері, оғыз-қыпшақ дәуіріндегі әдебиет мұралары - "Қорқыт ата кітабы", құмандардың "Кодекс Куманикус" жазба туындысы, "Оғызнама" дастаны, Қарахандықтар тұсындағы әдебиеттің көрнекті өкілдері Жүсіп Баласағұнның "Құтты білік" ("Құт әкелетін білім") еңбегі, Махмұд Қашқаридің "Диуани луғат-ит-түрік" ("Түркі сөздерінің жинағы") кітабындағы аңыздар мен әпсаналар, әдеби-поэтикалық үзінділер енеді. Бұл шығармалардың барлығын дерлік түркі халықтарының ортақ рухани байлығы деп бағалаған жөн. ХІ-ХІІ ғасырлар түркі халықтарының жазба әдебиетінің туып, қалыптасуымен байланысты болса, әрі бұл аралық кезең қазақ халқының қалыптасуы алдындағы дайындық кезең болғандығын да ескеру керек. Ең елеулі әдеби шығармаларды негізінен сарай төңірегіндегі талантты ақындар жазған, олар әдетте мемлекеттік қызметте немесе билеушілер жанында болып, өз туындыларын көбінесе билеушілерге арнаған не оларға сыйға тартып отырған. Алтын Орда дәуірінде (ХІІІ-ХҮ ғғ.) Қыпшақ даласындағы түркі халықтарының әдебиеті мүлдем жаңа сапалық деңгейге көтерілді. Сол кезеңде жасалған туындылар арасында "Кодекс Куманикус" сияқты авторы беймәлім ескерткіштерді, сондай-ақ Хорезмидің "Мұхаббат-наме", Құтбтың "Хұсрау-Шырын", Сәйф Сарайдың "Гүлистан би-т-түрки", Дүрбектің "Жүсіп-Зылиха", Рабғузидің "Қиссас-ул әнбия" атты шығармаларын және т.б. ерекше атап көрсетуге болады. "Кодекс Куманикус" (XІV ғ.) - Жоңғар қақпасынан Дунайға дейінгі ұлан-байтақ жерді қамтыған қыпшақтар үстемдігі кезіңде туған еңбек. Оған көркем әдебиеттің үлгілері де енгізілген. Мазмұны мен құрылымы жағынан бұл еңбек - Ордаға түрлі мақсаттармен келген және латынша білетін европалықтарға, сондай-ақ, латынша білгісі келген қыпшақтарға (парсыларға да) арналған арнайы сөздік және қыпшақ тілінің оқулығы іспетті. Сөздік екі бөлімнен тұрады. Түркітанушылардың пайымдауынша, оларды түрлі мақсаттар көздеген бірнеше автор жазған. Итальяндықтар жазған болуы мүмкін деген бірінші бөлім жақсы ойластырылған үш тілді латын-парсы-қыпшақ (құман) сөздігі болып табылады. Бұл бөлім қолжазбаның 110 бетін қамтиды. Одан әрі бірнеше бетте "аudіo" ("есіту") сөзінің бірнеше түрі берілген. Мұның өзі сөздікті лексикография принциптерін жақсы білген және Дешті Қыпшаққа келіп, тіл жөнінен қиналған адамдарға көмек көрсету мақсатын ғана көздеген адам құрастырғанын байқатады. Ғалымдардың пікірінше, бірінші бөлімді құрастырушы латыншаны өте жақсы білген, ал құман-қыпшақ тілі жөнінде бұлай деп айтуға болмайды. "Кодекс Куманикустың" екінші бөлімін негізінен алғанда фольклорлық материалдар құрайды. Олар: жергілікті ертегілер, аңыздар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар және христиан уағыздары мен Мария ананың, Христос пен оның апостолдарының өмірі туралы аңыздар. Бөлім қолжазбаның 161 бетін қамтиды, оны тегінде миссионерлік мақсатпен немістер құрастырған болса керек. Бұл бөлімде көптеген сөздер құман-неміс тілінде, ал өзге лексикалық ұғымдар құман-латын тілінде берілген. Мысал ретінде келтірілген мәтіндер, сондай-ақ сөздер сол кездің тілін ғана емес, сонымен қатар Дешті Қыпшақтың көркемдік мәдениетін де сипаттайды. Сөздер мен сөз тіркестерін айтпағанның өзінде, көптеген жұмбақтар, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер мен қанатты сөздер қазіргі қазақ тілі мен фольклорында сақталған. Африкалық Бірлік Ұйымы. Африкалық Бірлік Ұйымы – Африка елдерінің ұйымы. 2001 жылы Африкалық кеңес деп атала бастайды. 1963 жылы тәуелсіздік алған мемлекеттер басшылары Конференциясында құрылады. Мақсаттары: Африка елдері арасындағы ынтымақтастықты, территориялық шиеленістерді және олардың арасындағы таластар мен келіспеушіліктерді реттеу, өмірдің саяси және әлеуметтік - экономикалық салаларындағы ынтымақтастық. 1994 жылы ұйымға ОАР енеді. Ұйымға мүше елдер. Алжир, Ангола, Бенин, Ботсуана, Буркина-Фасо, Ғамбия, Гиния, Джибути, Екуатор Гиния, Еритрея, Ефиопия, Замбия, Зимбабуе, Кабо-Верде, Кәмерун, Кения, Конго Демократиялық Республикасы, Кот-д' Ивуар, Қамарлар, Лесуту, Либерия, Либия, Моритания, Морис, Мадағасқар, Малауи, Мали, Мозамбик, Мысыр, Намибия, Нижер, Найджирия, ОАР, Орталық Африка Республикасы, Руанда, Сан-Томе және Принсипи, Суазиланд, Сейшел аралдары, Сомалия, Сұдан, Сиерра-Леоне, Танзания, Того, Тунис, Ұғанда, Чад. Ауыл шаруашылық техникасы. Ауыл шаруашылық техникасы — ауыл шаруашылығында қолданылатын қондырғылар, машиналар мен құралдардың жиынтық атауы. Қазақстанда мақта, қызылша, картоп, көкөніс, бақ, мал ш-тары, сондай-ақ топыраққа тыңайтқыш себу процестері жақсы механикаландырылған. А. ш. т. қолданылу мақсаттарына байланысты бірнеше топқа бөлінеді. Энергетика, көлік және тиеуіш машиналарына түрлі тракторлар, тіркемелер, тиеуіштер, майқұйғыштар, жүккөтергіштер, жылу және электр моторлары жатады. Тракторлар тарту күшіне қарай түрлі кластарға бөлінеді. Олар жалпы және арнайы жұмыстарға арналған дөңғалақты және жыланбауырлы болып келеді. Павлодар трактор зауытында ДТ-75Т “Қазақстан” (класы 30 кН) тракторы шығарылады. Оған түрлі аспалы және жартылай аспалы құралдар жегіледі. Мұндай трактор көмегімен жер жырту, тырмалау, қопсыту, тұқым себу, қар тоқтату, суландыру жұмыстары атқарылады. Петропавлда шығарылатын қуаты 1 кВт агрегат шағын электр стансасы ретінде мал қораға, шопан үйіне, мал шаруашылығы мен егін ш-ның түрлі қызметтеріне жарық беру үшін қолданылады. Топырақ өңдеу, тыңайтқыш себу, егістік зиянкестерін жою мақсатында қолданылатын машиналар да топырақ өңдейтін аспалы және жартылай аспалы соқалар, қопсытқыштар, тісті, инетісті және делегейлі тырмалар, тығыздағыштар, тыңайтқыш сепкіштер, көң, сұйық тыңайтқыш шашқыштар; сұйық және түйіршікті улы қоспаларды бүріккіштер және тозаңдатқыштар, дән улағыштар, фумигаторлар, аэрозоль шашқыштар; қар тоқтатқыштар жатады. Қазақстанның а.ш. машина жасау кәсіпорындарында (Астана, Қарағанды, Тараз, Қызылорда, Қостанай, Ақтау, Атбасар, Өскемен т.б. қ-ларда осы топқа жататын 57 түрлі күрделі және қарапайым А. ш. т. шығарылады. Дәнді дақылдарды себуге, өсіруге, жинауға, өнімдерін баптауға арналған машиналар тобына: сепкіштер, қатар аралығын өңдейтін культиваторлар, астық орғыштар, астық комбайндары, сабан жинағыштар, дән тазартқыштар, кептіргіштер, астық тиегіштер жатады. Республикада бұл топқа жататын 17 түрлі машина, құралдар шығарылады. Мал азығын дайындайтын машиналарға шөп орғыштар, жемшөп жинайтын комбайндар, шөп орғыш-ұсақтағыштар, шөп орғыш-жаныштауыштар, шөп тырмалары, ысырмалар, дестелегіштер, жинағыш-престер, жинағыш-шөмелегіштер, мая салғыштар, мая тасығыштар, сүрлем комбайндары, үйінді шөпті кептіргіштер жатады. Қазақстанда бұлардың 12 түрі шығарылады. Техникалық дақылдар өсіруге, жинауға арналған машиналарға арнайы жұмысқа бейімделген сепкіштер, отырғызғыштар, қарық жасағыштар, қатар аралық культиваторлар, мақта, картоп, томат жинайтын комбайндар, көкөніс жинағыштар жатады. Республика з-тарында олардың 7 түрі шығарылады. Бау-бақшада, жүзімдікте қолданылатын машиналарға соқалар, жинағыштар, жүзім жинағыштар, темекі жапырағын жинағыш сілкуіштер жатады. Мал шаруашылығына арналған машиналарға мал фермаларында, жеке шаруашылықтарда қолданылатын сүт, ет, жүн т.б. өнімдер өңдеуді механикаландыратын машиналар мен жабдықтар, атап айтқанда мал азығын араластыратын, тиейтін, үлестіретін машиналар, азық шанақтары, мал суғаратын жабдықтар, сауын қондырғылары, сүт тоңазытатын аппарат, сүт сепараторы, қой қырқу, жүн өңдеу агрегаттары, қаракөл елтірісін өңдейтін жабдықтар, инкубаторлар, жылумен, сумен қамтамасыз ететін жабдықтар (сорғы, құдық қазатын және су тартатын қондырғылар, жылу генераторы мен жылытқыш аспаптар) жатады. Суландыру машиналары канал қазуға, егіс суғаруға, ашық және жабық дренаж жасауға, жаңа жер игеруге арналған. Олардың қатарына экскаватор, бульдозер, скрепер, грейдер сияқты машиналар, механизмдер, сондай-ақ арық қазатын, тазалайтын, қарықша жасайтын, жер тегістейтін, тас жинайтын және ұсақтайтын, егін суғаратын қондырғылар мен жабдықтар, жаңбырлатқыштар жатады. Суландыру машиналарының кейбір түрлері Кентауда (экскаватор), Қызылордада (грейдер т.б.), Түркістанда (сорғы ст-сы) шығарылады. Орман шаруашылығында қолданылатын машиналарға орман соқалары плугтар мен фрезалар, орман культиваторлары, ор қазатын, алаң жасайтын, ағаш және бұта тамырларын қопаратын, кесетін, ағаш отырғызатын, ағаш тұқымдарын себетін, топырақтың беткі қабатын сыдыратын, өрт сөндіретін (мотопомпа т.б.) қондырғылар мен жабдықтар жатады. Ауыл шаруашылық экологиясы. Ауыл шаруашылық экологиясы, агроэкология (грек. agros — дала, oіkos — үй, тұрақжай және logos — ілім) — қолданбалы экологияның бір бөлімі. Ол қоршаған ортаның биотикалық, абиотикалық факторларының және агробиоценоздардың өсімдік дақылдарының өсіп-өнуіне әсерін, сонымен қатар а. ш. танаптарында тіршілік ететін организмдер бірлестігінің құрылымы мен өзгеруін зерттейді. А. ш. э-ның теориялық және практикалық негіздерін және зерттеу бағытын Италия ғалымы Дж. Ацци (1956) мен неміс ғалымы В.Тишлер (1965) анықтаған. А. ш. э-ның қалыптасуына Н.И. Вавиловтың, Г.Я. Бей-Биенконың, М.С. Гиляровтың, К.Фридерикстың, Т.Вермидің еңбектері, әсіресе олар ашқан табиғи және агробиоценоздардың құрылымдық ерекшеліктері мен елеулі айырмашылықтары, адам игерген жерлердегі жан-жануарлар дүниесінің өзгеру заңдылықтары үлкен ықпал етті. А. ш. э. бойынша зерттеулер: түрдің жеке мүшелерінің экологиясы (аутэкология); жеке түрлердің экологиясы (популяциялық экология); организм топтарының (биоценоздардың) экологиясы (биоценология) болып 3 бағытқа жіктеледі. Осы зерттеулердің нәтижесінде агробиоценоздарды игеру барысында туындайтын өзгерістердің жағымсыз зардаптарын болдырмау немесе әлсірету тәсілдерін табуға, сондай-ақ а. ш. өнімділігін арттыру мәселесін шешуге болады. Қазақстандағы А. ш. э. және қоршаған ортаны қорғау тәсілдерін жетілдіру саласындағы зерттеулер — Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығында, Қазақ мемл. ұлттық ун-тінде, Қазақ мемл. аграрлық ун-тінде, ҒМ ҒА-ның ғыл.-зерттеу мекемелерінде жүргізіледі. А. ш. э-ның дамуы Р.О. Оразалиев, Ғ.Т. Мейірманов, С.Әбдіраимов, А.Б. Биғалиев т.б. белгілі ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. Жаңақорған ауданы. Жаңақорған ауданы — Қызылорда облысының оңт.-шығысындағы әкімшілік бөліктік 1928 ж. құрылған. Жерінің аум. 15,4 мың км2. Тұрғыны 67,5 мың адам (1999). Аудандағы 39 елді мекен 1 қалалық, 1 кенттік және 12 ауылдық әкімш. округтерге біріктірілген. Орталығы — Жаңақорған кенті. Аудан жерінің солтүстік-шығыс бөлігін Қаратау жотасының солт.-батыс сілемдері алып жатыр. Ең биік жері 1419 м (Бесарық өз-нің бастауында). Орталық бөлігін Сыр бойы жазығы, оңт-н, оңт.-батысын Қызылқұм шөлі алып жатыр. Ауданның жер қойнауы кен байлықтарына бай. Қаратаудың Өгізмүйіз тауы етегінде Шалқия кеніші орналасқан. Кен орнынан мырыш, қорғасын, күміс, кадмий, т.б. сирек кездесетін металл кентастары кездеседі. Сондай-ақ, ауданда құрылысқа жарамды тас, қиыршықтас, құм, саз (бентонит), т.б. кен қорлары бар. Климаты континенттік. Қысы біршама жұмсақ, жылымық күндер жиі болып тұрады. Жазы ыстық, аңызақ. Қаңтар айындағы ауаның орташа темп-расы ¬–6 — 7С, шілдеде 27 — 28С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 150 — 200 мм. ҙзен жүйесін Сырдария өз. және оның оң салалары (Бесарық, Ақұйық, Жиделі, т.б.) құрайды. Борықтыкөл, Нарсоққан, Бозкөл, Қандыарал, Шұқырой, т.б. көлдері бар. Топырағы аллювийлі-шалғынды, шалғынды-батпақты, сор, сортаң, оңт-ке қарай құмды келеді. Қаратау етегінде жусан, селеу, шеңгел, тобылғы, жиде, итмұрын, шөлде баялыш, көкпек, сораңшөп, сексеуіл, жыңғыл, су бойында қамыс-құрақ өседі. Қасқыр, түлкі, қарсақ, борсық, жабайы шошқа, ақбөкен, қырғауыл, шіл, т.б. мекендейді. Халықтың орташа тығызд. 1 км2-ге 4,5 адамнан келеді. Жаңақорған мен Шалқия кенттеріндегі қала халқы 33,6%. Ірі ауылдық елді мекендері: Бірлік, Бесарық, Келінтөбе, Төменарық. Өнеркәсіп орындарынан Шалқия кен өндіру кешені, Тас ұнтақтау з-ты, т.б. шағын кәсіпорындар (май, нан з-ттары) бар. Жаңақорған ауданындағы бұрынғы күріш, қаракөл қойын, етті-сүтті ірі қара, бау-бақша, жеміс жидек өсіруге маманданған 14 кеңшар, 1 мал бордақылау бірлестігі 1997 жылдан бері акцион. қоғамдар, серіктестіктер, өндірістік кооперативтер және шаруа қожалықтары болып қайта құрылған. Одан басқа құрылыс, көлік, телекоммуникация, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары бар. А. ш. жарамды жері 1,4 млн. га, оның ішінде: жыртылған жері 16,2 мың га, шабындығы 30,8 мың га, жайылымы 1,3 млн. га. Негізінен, күріш өсіріледі. 2000 жылдың басында ауданда 22,6 мың ірі қара (оның ішінде 7,0 мың сиыр), 131,1 мың қой мен ешкі, 5,7 мың жылқы, 0,6 мың түйе болды. Ж. а-нда жалпы білім беретін 40 мектеп, 2 музей, 20 мешіт, 32 кітапхана, 29 мәдениет үйлері мен клубтар, қонақ үйі, 2 спорт сарайы, 9 спорт кешені, стадиондар мен спортзалдар бар. 5 аурухана, 1 емхана, 22 фельдш.-акушерлік және 6 дәрігерлік пункттер жұмыс істейді. Аудандағы елді мекендерге 78,6 км су құбыры тартылған. Ж. а-нда Қарасопы, Хорасан ата, Құрбан ата, Сунақ ата кесенелері, Ақтас мешіті сияқты тарихи-мәдени ескерткіштер бар. Ақ Орданың астанасы — Сығанақ қалашығының орны сақталған. Құм астында қалған Сауран, Өзгент, Аққорған, Ордакент сияқты ежелгі қалалардың орны бар. Аудан жерімен Қызылорда — Шымкент автомоб. және темір жолдары өтеді. “Жаңақорған”. “Жаңақорған” — балшықпен емдейтін бальнеологиялық курорт. Батыс Қазақстан темір жолының Жаңақорған стансасынан 2 км, Қызылорда қаласынан оңт.-шығысқа қарай 170 км жерде, Сырдария аңғарының сортаң топырақты шөлді өңірінде, Теріскен кентінің жағалауында орналасқан. Шипалы балшығы мен тұзды суы өте ертеден белгілі. Курорт салу 1918 ж. жергілікті дәрігер Ф.С. Мартюковтың ұсынысымен басталған. 1920 ж. балшықпен емдеу ғимараты, 1926 — 28 ж. 200 орындық демалыс ғимараты салынған. Қазақстандағы балшықпен емдейтін тұңғыш санаторий. Бір мезгілде 350 адам емделеді. Жыл бойы жұмыс істейді. Ауаның орташа температурасы: қаңтарда –7С, шілдеде +24С; +26С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. — 150 — 200 мм. Мұнда жүйке жүйесі, буын, омыртқа жотасының аурулары, сондай-ақ, гинекологиялық және урологиялық аурулар емделеді. Ем ретінде Теріскен к-нің сульфид (күкіртқышқылды тұз) аралас балшығы, сульфат-хлоридті магний-натрийлі рапасы (суда езіп, ванна ретінде) пайдаланылады. Физиотерапия, емдік дене шынықтыру, массаж, диагностикалық, стоматологиялық кабинеттері, т.б. бар. Қасым сұлтан. Қасым сұлтан (1740?-1820?), Абылай ханның ұлы, Кенесары ханның әкесі. Абылай хан өлер алдында халықты жыйып, өзінен кейінгі ханды таңдасын дегенде, халық үлкен ұлы Уәлиді хан ғылып Ақ Киізге отырғызады. Сонда Абылай хан халықтың Қасымды таңдамағанына қатты өкінген, себебі Қасым өте табанды және әділетті, ұлтына берік хан болатынына сенімді еді. Қасым сұлтан бүкіл өмірін Ресей империясына қарсы күресте өткізді. Оған жәрдемдескен екі ұлы, Саржан сұлтан мен Кене хан оның басты қолбасшылары болды. Екінші Дүниежүзілік соғыс. Екінші Дүниежүзілік соғысының Еуропада жүргізілуі Екінші Дүниежүзілік соғыс (қыркүйектің 1, 1939 — қыркүйектің 2, 1945) — дүние жүзіне үстемдік жасау үшін Германия, Италия, Жапония тарапынан басталған соғыс. 1933 ж. фашистік диктатура орнағаннан кейін Германия дүние жүзіне үстемдік жүргізу жоспарын жүзеге асыруға кірісті. Оны Италия және Жапония үкіметтері қолдады. Соғыс алдындағы келіссөздер мен пактілер. 1933 ж. фашистік диктатура орнағаннан кейін Нацистік Германия дүние жүзіне үстемдік жүргізу жоспарын жүзеге асыруға кірісті. Оны Италия және Жапония үкіметтері қолдады. 1936 ж. Германия мен Жапония «антикоминтерндік пактіге» қол қойды, 1937 ж. оған Италия қосылды. Жапония 1931 ж. Қытайда, Италия 1935-36 ж. Эфиопияда, Германия мен Италия 1936 — 39 ж. Испанияда басқыншылық соғыстар жүргізді. 1938 ж. Германия Австрияны, Мюнхен келісіміне (1938 ж. 29 қыркүйекте Мюнхен қаласында Германия, Ұлыбритания, Франция, Италия үкімет басшылары кездесіп, Чехословакияның Судет облысын немістерге беру, Германия көршілерінен баска жер талап етпеуге келісім жасасты) сәйкес Чехословакияның Судет обл-н, 1939 ж. наурызда Чехословакияны, Литваның Мемель облысын, сәуір айында Италия Албанияны басып алды. Еуропада өз мүдделерін қорғау үшін Ұлыбритания мен Франция үкіметтері Польша, Румыния, Грекия, Түркия елдерін қорғауға міндеттеме алды, сондай-ақ, КСРО-мен үжымдық қауіпсіздік жөнінде келіссөз жүргізді. Кеңес үкіметі олардың кейбір талаптарымен келіспей, келіссөзді тоқтатты да, керісінше, Германиямен өзара шабуыл жасаспау пактісіне (1939 ж. 23 тамыз) қол қойды. Осы Молотов-Риббентроп келісімі (В.Молотов КСРО-ның, М.Ребентроп Германияның атынан келісімге қол қойған) бойынша екі мемлекет жасырын түрде Шығ. Еуропадағы өздерінің ықпал ету аймақтарын бөлісіп алды. Финляндия, Латвия, Литва, Эстония, Бессарабия және Польшаның шығыс бөлігі (Нарва, Висла, Сен өзендерінің шығыс жағы) Кеңес Одағына, ал қалған бөліктер түгелімен Германияға тиесілі болды. Соғыстың 1-кезеңі. Соғыстың 1-кезеңі (1939 ж. 1 қыркүйек — 1941 ж. 21 маусым). КСРО-мен келісімге келгеннен кейін 1 қыркүйекте Германия Польшаға шабуыл жасады, ал 3 қыркүйекте Ұлы-британия мен Франция Германияға соғыс жариялады. Поляк армиясы 8-28 қыркүйекте Варшаваны ерлікпен қорғағанымен еріксіз берілді. 17 қыркүйекте Қызыл Армия Молотов — Риббентроп келісімі бойынша, Польшаның шекарасынан өтіп, Бат. Украина мен Бат. Белоруссияны өзіне қосып алды, ал қыркүйек — казан айларында Эстония, Латвия, Литва үкіметтерімен өзара көмек шарттарын жасасып, әскер кіргізді. Осыдан кейін Кеңес үкіметі Финляндиядан Ленинград (казіргі Сән-Питербор) қаласының қауіпсіздігі үшін шекараны ел ішіне қарай жылжытуды талап етті. Осы талапты күшпен орындатқызу мақсатымен 1939 жылдың аяғы мен 1940 жылдың бас кезінде кеңес-финн соғысы болып, шекара солтүстік-батысқа қарай жылжытылды. Финляндиямен үш айға созылған соғыс кеңес армиясының әлсіз екенін көрсетті және КСРО-ның беделіне үлкен нүксан келтірді. 1940 ж. 28 маусымда Румыния Бессарабия мен Солт. Буковинаны Кеңес Одағына беруге мәжбүр болды. Ұлыбритания мен Франция үкіметтері Германияға соғыс жариялағандарымен, 9 ай бойы ешқандай ұрыс кимылдарын жүргізген жоқ. Осыны пайдаланған Германия Ұлыбритания теңіз флотына соқкы берді де, Бат. Еуропаны жаулап алуға кірісті. 1940 ж. сәуір — мамыр айларында Норвегия мен Дания жаулап алынып, 10 мамырда Бельгия, Нидерланд, Люксембургке, әрі қарай Францияға басып кірді. Петен бастаған француз үкіметі қарсыласудан бас тартып, 22 маусым күні берілді. Оңт. Францияда Петеннің «қуыршақ үкіметі» құрылып, елдің қалған бөлігінде герман билігі орнады. Шарль де Голль бастаған француз патриоттары Ұлы-британияға кетіп, күресті жалғастырды. Маусым айында (1940) Италия үкіметі де Франция мен Ұлыбританияға соғыс жариялады. Енді гитлершілер ағылшын қалаларын аяусыз бомбалауға кірісті. Бірақ Гитлер Ұлыбританияға басып кіруден бас тартып, Кеңес Одағымен соғыска мұқият дайындала бастады. Жапониямен, Италиямен достык нығайтылды. Балкан компаниясы (1941) нәтижесінде Грекия жаулап алынып, Югославияда фашистік Сербия, Хорватия «мемлекеттері» күрылды. Румыния, Венгрия, Болгария, Финляндия фашистік одақка қосылды. Басып алынған жерлерді қырып жою, еріксіз жүмысқа пайдалану саясаты жүргізіліп, нәтижесінде фашистерге қарсы карсыласу козғалысы дүниеге келді. АҚШ үкіметі бейтараптык саясатынан бас тартып, Ұлыбритания мен баска да Еуропадағы соғысушы елдерге несиеге немесе жалға соғыс материалдарын (лендлиз) беру туралы заң қабылдады (1941 ж. 11 наурыз). Соғыстың екінші кезеңі (1941 жыл 22 маусым – 1942 жыл 18 қараша). 1941 жыл 22 маусым күні Германия КСРО- ға басып кірді. Германияға Венгрия, Румыния, Финляндия, Италия мемлекеттері қосылды. Соғыс қиянкескі сипат алып, Германия өзінің Қарулы Күштерінің 77 % - ын осы майданда ұстады (қ. Ұлы Отан соғысы). Мәскеу шайқасында (1942, шілде – қараша) кеңес армиясы өз отанын қорғап қалды. 1941 жылы шілдеде КСРО үкіметі Ұлыбритания және эмигоациядағы Польша, Чехославакия үкіметтерімен келісімге келді. Қыркүйектің аяғы – қазан айының бас кезінде (1941) Мәскеуде АҚШ, Ұлыбритания үкіметтері КСРО- ға қару – жарақпен көмек беру жөнінде келісімге қол қойды. Гитлаерге қарсы одақтың негізі қаланды. 1941 жылы 7 желтоқсанда Жапония Тынық мұхиттағы АҚШ- тың Перл – Харбор базасына басып кірді. 8 желтоқсанда АҚШ, Ұлыбритания мемлекеттері Жапонияға соғыс жариялады. 1942 жылы 1 қаңтар күні Вашингтонда 26 мемлекетүндеу қабылдап, фашистік одаққа қарсы күш біріктіруге шешім қбылдады. 1941 жылы 22.12 – 1942 жылы 14.01 Черчилль мен Рузвельт біріккен ағылшын – американ штабын және Тынық мұхитта ағылшын – американ – голланд – австралия бірыңғай одағын құруға шешім қабылдады. 1942 жылы Жапония АҚШ- тың Тынық мұхиттағы негізгі соғыс базаларына соққы берді, Тайланд, Сянган (Гонконг), Бирма, Малайя, Филиппин, Индонезияның басты аралдарын басып алды да, Австралияға қауіп төндірді. АҚШ Атлант теңізіндегі флотының бір бөлігін Тынық мұхитына көшірді де, 1942 жылдың 1 жартысында жапон флотына біршеше соққы беріп, қорғанысқа көшуге мәжбүр етті. Басып алынған жерлерде жапондарға қарсы азаттық қозғалыс күшеді. Америка және Ағылшын флоттары Германияның сүңгуір қайықтарына тойтарыс беріп, 1942 жылы жазда оларды Атлант мұхитынан ығыстыра бастады. Соғыстың үшінші кезеңі (1942 жыл 19 қараша – 1943 жыл желтоқсан). Гитлерге одақ тізгінді өз қолына алып, жаппай шабуылға көшті. Германия Қарулы Күштерінің 71 % - і кеңес – герман майданында болды. Қызыл Армияның Сталинград тубінде жеңіске жетуі партизан қозғалысы мен Польша, Югославия, Чехославакия, Грекия, Франция, Бельгия, Нидерланд, Норвегия, т.б елдерде қарсыласу қозғалысының күшеюіне алып келді. 1942 жыл 29 қазанда Солтүстік Африкада генерал Б. Монтгомери басқарған ағылшын армиясы шабуылға шығып, Триполитания, Киренайка, Тоубурк, Бенгазиді азат етті. 8 қарашада ағылшын – америкалық экспедициялық корпусы (генерал Д. Эйзенхауер) франциялық Солтүстік Африка саяси - әкімшілік бірлестігіне (Алжир, Оран, Касабланка, т.б) келіп түсті. Бірақ шaбуылға шыққан неміс армиясы одақтастарды Тунистен ығыстырып, бұрынғы француз иеліктерін тоығымен басып алды. Дегенмен одақтастар 1943 жылы мамырда Солтүстік Африканы толығымен азат етті. 1943 жылы жазда өткен әйгілі Курск шайқасында жеңіске жеткен Қызыл Армия бөлімдері жаппай шабуылға шығып, Украина мен Беларусьті азат етуге кірісті (қ. Курск шайқасы). Германияның негізгі күші шығыс майданда болғанын пайдаланған одақтастар 1943 жылы жазда Сицилияны басып алып, Апеннин түбегіне беттеді. Одақтастардың шабуылы мен антифашистік қозғалыстың күшеюі нәтижесінде шілденің аяғында Италияда Муссолини үкіметі құлап, П. Бадольо бастаған жаңа үкімет 3 қыркүйекте АҚШ- пен, Ұлыбританиямен уақытша бітім жасасты. Алайда гитлершілер қосымша күш жіберіп, Италия армиясын қарусыздандырып, елді толығымен басып алды. 1943 жылы өткен Каир және Тегеран конференцияларында ағылшын – американ үкіметтері 1944 жылы мамыр айында Еуропада екінші майдан ашуға келісті, ал Кеңес Одағы Германиямен соғыс аяқталғаннан кейін Жапониямен соғысуға міндеттенді. Соғыстың төртінші кезеңі (1944 жыл 1 қаңтар – 1945 жыл мамыр). Одақтастар барлық майданда жаппай шабуылға шықты. 1944 жылы қысқы және көктемгі шабуыл нәтижесіде Қызыл Армия Румыния жеріне өтті. Жазғы және күзгі щабуылдардан кейін 19 қыркүйекте Финляндия Мәскеуде уақытша бітім жасаты. Кеңес армиясы Польша және Шығыс Пруссияға келіп кірді. Оларға поляк армиясы көмектесті. АҚШ, Ұлыбритания үкіметтері 1944 жылы 6 маусымда солтүстік – батыс Францияда екінші майдан ашты. Одақтастар армиясы француз партизандарының көмегімен герман әскерлерін Франциядан ығыстырып шығарды. 1944 жылы шілде –қараша айларында Қызыл рмия Балтық бойын, Румынияны азат етіп, Болгария шекарасына келіп жетті. Жаңадан құрылған румын және болгар укіметтері Германияға соғыс жариялады. 20 қыркүйекте чехославак әскери бөлімдері Кеңес армиясының көмегімен Чехославакияны азат ете бастады. Қызыл Армия бөлімдері Югославия халық – азаттық армиясының және болгар әскерларінің көмегімен Югославияны, қазан айынан бастап, Венгрияны азат етуге кірісті. 1944 жылдың аяғына дейін одақатстар Францияны, Бельгияны, Нидерландты, Оңтүстік Италия мен Германияның батыс аудандарын азат етті. Бірақ герман әскерлері 1944 жылы желтоқсанда Арденна түбінде шабуылға шығып, америкалықтарға соққы берді. 1945 жылы 12 -14 қаңтарда Қызыл Армияның Балтықтан Карпатқа дейінгі аралықта жаппай шабуылы немістерді Арденна түбіндегі шабуылды тоқтатуға мәжбүр етті. Висла – Одер операциясы нәтижесінде Қызыл Армия Польшаның солтүстігі мен шығыс Пруссияныбасып алып, солтүстікте Венгрияны толық азат етіп, Австрияға басып кірді. Ағылшын, америка, француз әскерлері 23 наурызда Рейннен өтіп, мамырдың бас кезінде Чехословакия мен Батыс Австрияға келіп кірді, 25 сәір күні кеңес – американ әскерлері Торгау қаласы түбінде бір – брімен алғаш рет кездесті. Кеңес армиясының Берлин операциясы (16 сәуір – 2 мамыр) нәтижесінде Берлин алынды. 8 мамыр күні Берлин түбіндегі Карлсхорстта КСРО, АҚШ, Ұлыбритания, Франция өкілдері алдында Германия өзінің жеңілгендігі жөнінде актіге қол қойды. 1944 – 1945 жылдары маусым аралығында одақтастар жапондықтардан Үндістанды, Бирманы, Индонезияны, Үндіқытай түбегінің бір бөлігін азат етіп, Жапонияға әуе шабуылын күшейтті. Соғыстың бесінші кезеңі (1945 жыл 9 мамыр – 2 қыркүйек) == ==. Постдам конференциясы (945 жыл 17 маусым – 2 тамыз) Германияны қарусыздандыру туралы шешім қабылдап, Жапониядан тізе бүгуді талап етті. Жапония үкіметі бұл талапты қабылдамады. 6 және 9 тамызда АҚШ әуе күштері Жапонияның екі қаласы Хиросима мен Нагасакиге атом бомбасын тастады. 9 тамызда Қызыл Армия Моңғолия Қарулы Күштерімен бірге Жапонияға қарсы соғысқа араласты. Кеңес армиясы Солтүстік шығыс Қытайды, Солтүстік Кореяны, Сахалин және Курил аралдарын азат етті. Оңтүстік-Шығыс Азияда ұлт азаттық соғыстың басталып, 17 тамызда Индонезия Республикасы, 2 қыркүйекте Вьетнам Демократиялық Республикасы құрылды. 1945 жылы 2 қыркүйекте жапон үкіметі тізе бүгетіндігі жөнінде актіге қол қойды. Атлант үшін шайқас. АҚШ Атлант төңірегіндегі флотының бір бөлігін Тынық мұхитқа көшірді де, 1942 жылдың 1-жартысында жапон флотына бірнеше соққы беріп, корғанысқа көшуге мәжбүр етті. Басып алынған жерлерде жапондарға қарсы азаттық қозғалыс күшейді. Америка және ағылшын флоттары Германияның сүңгуір қайықтарына тойтарыс берін, 1942 ж. жазда оларды Атлант мүхитынан ығыстыра бастады. Соғыстың 3-кезеңі (1942 ж. 19 қараша — 1943 ж. желтоқсан). Гитлерге қарсы одақ тізгінді өз қолына алып, жаппай шабуылға көшті. Германия Қарулы Күштерінің 71%-ы кеңес-герман майданында болды. Қызыл Армияның Сталинград түбінде жеңіске жетуі партизан қозгалысы мен Польша, Югославия, Чехословакия, Грекия, Франция, Бельгия, Нидерланд, Норвегия, т.б. елдерде Қарсыласу қозғалысының күшеюіне алып келді. 1942 ж. 23 қазанда Солт. Африкада ген. Б. Монтгомери басқарған ағылшын армиясы шабуылға шығып, Триполитания, Киренаика, Тобрук, Бенгазиді азат етті. 8 қарашада ағылшын — америкалық экспедициялық корпусы (ген. Д.Эйзенхауэр) франциялық Солт. Африка саяси-әкімш. бірлестігіне (Алжир, Оран, Касабланка, т.б.) келіп түсті. Бірақ шабуылға шыққан неміс армиясы одақтастарды Тунистен ығыстырып, бұрынғы француз иеліктерін толығымен басып алды. Дегенмен одақтастар 1943 ж. мамырда Солт. Африканы толығымен азат етті. Курск шайқасы. 1943 ж. жазда өткен әйгілі Курск шайқасында жеңіске жеткен Қызыл Армия бөлімдері жаппай шабуылға шығып, Украина мен Белорусьті азат етуге кірісті (к. Курск шайқасы). Германияның негізгі күші шығыс майданда болғанын пайдаланған одақтастар 1943 ж. жазда Сицилияны басып алып, Апенин түбегіне беттеді. Одақтастардың шабуылы мен антифашистік қозғалыстың күшеюі нәтижесінде шілденің аяғында Италияда Муссолини үкіметі қүлап, П.Бадальо бастаған жаңа үкімет 3 кыркүйекте АҚШ-пен, Ұлыбританиямен уақытша бітім жасасты. Алайда гитлершілер қосымша күш жіберіп, Италия армиясын қарусыздандырып, елді толығымен басып алды. 1943 ж. өткен Каир және Тегеран конференцияларында ағылшын-американ үкіметтері 1944 ж. мамыр айында Бат. Еуропада екінші майдан ашуға келісті, ал Кеңес Одагы Германиямен соғыс аяқталғаннан кейін Жапониямен соғысуға міндеттенді. Соғыстың 4-кезеңі (1944 ж. 1 қаңтар — 1945 ж. 8 мамыр). Одақтастар барлық майданда жаппай шабуылға шықты. 1944 ж. қысқы және көктемгі шабуыл нәтижесінде Қызыл Армия Румыния жеріне өтті. Жазғы және күзгі шабуылдардан кейін 19 қыркүйекте Финляндия Мәскеуде уақытша бітім жасасты. Кеңес армиясы Польша және Шығ. Пруссияға келіп кірді. Оларға поляк армиясы көмектесті. АҚШ, Ұлыбритания үкіметтері 1944 ж. 6 маусымда солт.-батыс Францияда екінші майдан ашты. Одақтастар армиясы француз партизандарының көмегімен герман әскерлерін Франциядан ығыстырып шығарды. 1944 ж. шілде — караша айларында Қызыл армия Балтык бойын, Румынияны азат етіп, Болгария шекарасына келіп жетті. Жаңадан қүрылған румын және болгар үкіметтері Германияға соғыс жариялады. 20 қыркүйекте чехословак әскери бөлімдері кеңес армиясының көмегімен Чехословакияны азат ете бастады. Қызыл Армия бөлімдері Югославия халық-азаттық армиясының және болгар әскерлерінің көмегімен Югославияны, казан айынан бастап, Венгрияны азат етуге кірісті. Арденна шабуылдары мен Висла-Одер операциялары. 1944 жылдың аяғына дейін одақтастар Францияны, Бельгияны, Нидерландты, Орт. Италия мен Германияның батыс аудандарын азат етті. Бірақ герман әскерлері 1944 ж. желтоқсанда Арденна түбінде шабуылға шығып, америкалықтарға соқкы берді. 1945 ж. 12-14 қаңтарда Қызыл Армияның Балтықтан Карпатка дейінгі аралықта жаппай шабуылы немістерді Арденна түбіндегі шабуылды тоқтатуға мәжбүр етті. Висла — Одер операциясы нәтижесінде Қызыл Армия Польшаның солт. мен Шығ. Пруссияны басып алып, солтүстікте Венгрияны толық азат етіп, Австрияға басып кірді. Ағылшын, америка, француз әскерлері 24 наурызда Рейннен өтіп, мамырдың бас кезінде Чехословакия мен Бат. Австрияға келіп кірді. 25 сәуір күні кеңес — американ әскерлері Торгау қ. түбінде бір-бірімен алғаш рет кездесті. Кеңес армиясының Берлин операциясы (16 сәуір — 2 мамыр) нәтижесінде Берлин алынды. 8 мамыр күні Берлин түбіндегі Карлсхоростта КСРО, АҚШ, Ұлыбритания, Франция өкілдері алдында Германия өзінің жеңілгендігі жөнінде актіге қол қойды. Одақтар арасындағы соғыстар. 1944 — 45 ж. маусым аралығында одақтастар жапондардан Үндістанды, Бирманы, Индонезияны, Үндікытай түбегінің бір бөлігін азат етіп, Жапонияға әуе шабуылын күшейтті. Соғыстың 5-кезеңі (1945 ж. 9 мамыр — 2 кыркүйек). Потсдам конференциясы (1945 ж. 17 маусым — 2 тамыз) Германияны қарусыздандыру туралы шешім кабылдап, Жапониядан тізе бүгуді талап етті. Жапония үкіметі бұл талапты кабылдамады. 6 және 9 тамызда АҚШ әуе күштері Жапонияның екі қаласы Хиросима мен Нагасакиге атом бомбасын тастады. 9 тамызда Қызыл Армия Моңғолия Қарулы Күштерімен бірге Жапонияға қарсы соғысқа араласты. Кеңес армиясы Солт.- шығыс Қытайды, Солт. Кореяны, Сахалин және Куриль аралдарын азат етті. Оңт.-Шығыс Азияда ұлтазаттық қозғалысы басталып, 17 тамызда Индонезия Республикасы, 2 қыркүйекте Вьетнам Демократиялық Республикасы құрылды. 1945 ж. 2 кыркүйекте жапон үкіметі тізе бүгетіні жөнінде актіге кол койды. Екінші Дүниежүзілік соғыс салдары. Соғысқа 61 мемлекет, дүние жүзі халқының 80%-ы қатысты. Соғыс қимылдары 40 мемлекет жерінде жүріп, 110 млн адам әскерге алынды. 50 — 55 млн адам қазаға үшырап, 4 триллион долл. көлемінде шығын шықты. Соғыстың аяғында фашизм толық күйреп, Батыс Еуропа елдерінде демократияның орнауына жол ашылды. Фашизмді талқандауда шешуші рөлді КСРО қүрамындағы халықтар атқарды. Ұлытау өңіріндегі ескерткіштер. Алаша хан мазары . Қаракеңгір өзенінің оң жағасында ХІІІ-ХІV ғасырлардағы сахаралық сәулет өнерінің үлгісінде салынған. Халық аңызына қарағанда, Алаша ханның атына лайықты, оның күмбезін алаша кілемнің түрімен нақыштап шығарған. Ел аузындағы аңызда Алаша хан ордасы Ұлытау төңірегінде болған.Ұлытаудан ағатын Жаңғабыл өзенінің бойында үлкен сарайдың орны әлі бар. Жергілікті халық оны Алаша хан ордасы деп атайды. Алаша ханның енді бір сарайы сол маңдағы Қаракеңгір өзенінің бойында. Шежіре деректерінде Алаша хан әңгімесі маңғол дәуірінен бұрын шыққанын көрсетеді. Жошы хан мазары. Жошы хан (1187-1227ж.ж.) - Шыңғыс ханның үлкен баласы. Дешті қыпшақтағы феодалдық мемлекет Жошы ұлысының негізін қалаушы.Маңғолдардың аса ірі әскери басшысы. Жошы мазары Қаракеңгір өзенінің сол жағасында тұрғызылған. Жезқазған қаласынан 55 км. Орналасқан. Мазар өз дәуіріндегі сәулет өнерінің тамаша бір үлгісі. Өрнек таңбаларына қарағанда, оны салуға Жошыға бағынған тайпалардың бәрі қатысқан. Жошы хан мазары 1228 жылы тұрғызылды деген болжам бар. Салыну тарихы 1227-122ұ жж.. Жошы хан мазары туралы ең алғашқы жазба естеліктер Хафиз Тыныштың 1589 ж. «Шараф-намеий шахи» деген еңбегінде берілген. Ғимараттың бұрыштары мен кіре беріс ойығы азғана бұзылған. Сыртқы күмбезі де бұзылуға ұшыраған. 1946ж. Архитектор Г. Г. Герасимовтың басқаруымен ғимаратқа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл бір камералы, төртбұрышты, портальді-күмбезді мавзолей. Екі қабатты күмбезден тұрада. Сыртқы күмбезі 17 бүйірлі жұлдызшалы барабан үстіне орналасқан. Бұл екеуіде көгілдір плитамен өрілген. Ішкі жартылай сфералық күмбез түрінде салынған. Қабырғалары тегіс, едені төртбұрышты кірпіштен салынған. Мавзолейдің ішінде төртбұрышты кірпіш тәрізді плита сақталған. Онда арап әріптерімен «Жошы» деп жазылған. Тас салмағы 20-30 кг. Кірпіштің көлемі 30х30х6 см.;30х15х15 см.;25х25х5 см. Мазаркөлемі 9,5х7,0 м. Ішкі көлемі 5,25х5,25 м. Биіктігі 8 м. Алтыншоқы. 1391 жылы Әмір-Темір (Ақсақ-Темір) Алтын Орданың ханы Тоқтамысқа 200 мың әскерімен шығып, Ұлытауға келіп ат басын тіреген. Ақсақ-Темір биік шоқы басына шығып, кең жазира далаға қарап тұрып: «Мынау бір құтты жер екен, бұл жерге қандай белгі қалдырсам екен», - дейді. Әрі-бері ойланып тұрып, керуенмен алып келе жатқан Меторид тасын алдырып, 200 мың әскерге бір-бір тастан тастатып биік тау тұрғызып, басына тас қорытатын пеш салдырып, жанындағы өзеннен тал қидырып, көмір жасап меторид тасын балқытып, мынадай мағынада жазып қалдырады: «Мен Тұранның бегі Темір-бек хиржаның 769 қой жылы Ара айының 21 күні Алтын Орда ханы Тоқтамысқа қарсы жорыққа шығып, ұрпаққа белгі қалдырдым. Алла ісімізге жар болсын!» Бұл тасты 1935 жылы Қаныш Сәтпаев тауып Эрмитажға жіберген. Қазір сол Эрмитажда тұр. Плита бұрын үлкен шұңқыр үстінде орналасқан. Осы жерде қыш күйдіретін пеш болған. Шұңқырдың диаметрі 22 м.,биіктігі 3 м. Дүзен мазары. Дүзен Сандыбай батырдың үлкен ұлы. Ауылда болыс болған. Әкесі Дүзенге баласы там салдырған, мазары қызыл кірпіштен Алаша хан мазары үлгісінде салдырған. Реставрациялық жөндеуден өтпеген, тіреулермен тірелген қалпында сақталған. Домбауыл кесенесі. Ұлытау ауданы. Жезқазған қаласынан солтүстік-шығыста 50 км. жерде орналасқан. Ел аузындағы аңыздарға қарағанда Дешті Қыпшақ батыры делінеді. Домбауыл кесенесі туралы ең алғаш түсініктеме Шоқан Уәлихановтың «Қырғыз-қайсақ тайпалары туралы» деген еңбегінде берілген. Ғимараттың бұрыштары және кіре беріс қақпасы бұзылған.1974 жылы рестоврациялық жұмыстары жүргізіліп, бұзылған жерлері жөнделген. Кесене қызыл-қоңыр текше тастардан қаланған. Құрылыс тасы Кеңгір өзенінің бойынан алынған. Конус тәрізді, кіре берісі шығысқа бағытталған, сыртқы түрі киіз үйге ұқсайды. Ол ұқсастық төбесінен түндік сияқты асты төртбұрышты, үсті дөңгелектене күмбезге айналған. Қабырғаларының қалыңдығы 2,5 м., биіктігі 6 м. Сыртқы көлемі 8,5х7,5 м. Солтүстік және оңтүстік жағында терезе ойықтары бар. Қызғылт-қоңыр граниттен салынған. Тастар бие сүтімен араластырылған саз-балшықпен біріктірілген. Батыр Сандыбайұлы Ерден мазары. Ерден Сандыбайұлы 1808 жылы қазіргі Ұлытау ауданы, Қаракеңгір өзені бойында дүниеге келген. Қазір осы өзеннің жағасында Ерден күмбезі тұр. Ерденнің атасы Төлек батыр, әкесі Сандыбай батыр. Ерден өзі батыр, ақылды, ел қамын ойлаған ұлағатты жан екен. Ол 35 жасында аға сұлтан болыпты. 1843 жылы болыстықты, ел басқаруды қолына алған. Қаракеңгірге келіп қоныс тіккен. Ұлытау маңындағы арғын аталарын Арғанатына көшіріп, орналастырған. 1862 жылы Атбасар ауданына аға сұлтандыққа сайланған. 55 жасында қайтыс болған. Ерден кесенесі 1999 жылы қыркүйек айында Ұлытау ауданының және Жезқазған, Сәтпаев қалаларының халқының күшімен қалпына келтірілді. Әбдікәрім мазары. 1917 ж. Сарыкеңгір ауылынан 109 км солтүстікте орналасқан. 1989 жылы "Казпроектрестоврация" институтының архитекторлары өлшеу жұмыстарын жүргізді. Рестоврациялық жұмыстар жүргізілген жоқ. қабырғалары шикі кірпіштен өрілген. Цоколі бар, көлемі 7,9х7,9 м болатын мазар. Күмбезге дейінгі биіктігі 6,2 м. Аумағы 309 м. куб. Теңбай кесенесі. 19 ғ. Ұлытау ауданы. Сарыкеңгір ауылынан солтүстік-шығыста 26 км жерде орналасқан. 1989 ж. "Казпроектрестоврация" институтының архитекторлары өлшеу жұмыстарын жүргізді. рестоврациялық жұмыстар жүргізілген жоқ. Ылғал мен жел әсерінен сыртқы беті, қабырға, күмбезі бұзылуға ұшыраған. Кесене екі мазар мен жартылай бұзылған бір сағанатамнан тұрады. Сағанатам табиғи текше тастардан салынған. Бірінші мазар портальді-күмбезді, күйдірілген кірпіштен салынған, төрт бұрышты. Екінші мазар шикі кірпіштен қаланған. Территория аумағы 0,1 га. Малшыбай мавзолейі. 19 ғ. Қарағанды облысы. Ұлытау ауданы. Сарыкеңгір ауылы. 1989 жылы "Казпроектрестоврация" институтының архитекторлары өлшеу жұмыстарын жүргізді. Рестоврациялық жұмыстар жүргізілген жоқ. Порталы, күмбезі толық бұзылған. Бір камералы, күмбезді ғимарат. басты фасады күйдірілген және шикі кірпіштен салынған. Қабырғалары 3 қабатты. Фундамент жоқ. Көлемі 6,5Х6,7м. Биіктігі 4м. Аумағы 174 м. куб Кіре беріс қақпасы оңтүстікке бағытталған. Жақсылық мавзолейі. Ұлытау ауданы. Жезқазған қаласынан солтүстік-батыс бағытта 62 км. жерде орналасқан. Жақсылық мазары - бір камералы, тік бұрышты, күмбезді болып келген. Мазардың қабырғасы үш қабаттан тұрады. Сыртқы қабаты күйдірілген кірпіштен өрілген, ішкі қабаты шикі кірпіштен қаланып, фундаменті текше тастардан қаланған. Басқы беті порталь тәрізді салынып, оңтүстік-батысқа бағытталған. Кіре берісі баған тәрізді салынған. Мазардың көлемі 7,0х7,5 м. Биіктігі 6,0 м. Аумағы 315 м. куб. Шотқара мазары. Ұлытау ауданы. Жезқазған қаласынан 47 км. солтүстік-шығыста орналасқан. 1977 ж. Қазақ ССР Мәдениет министрлігінің экспедициясы зерттеу жұмыстарын жүргізген. Күмбездің жоғары бөлігі қираған. Рестоврациялық жұмыстар жүргізілмеген. Бұл портальді - күмбезді ғимарат. Бүйір және артқы фасадтары әшекейлі кірпіштен қаланған. Басты фасад П. - тәрізді белдеулікпен өрнектелген. Күмбезі барабансыз салынған. Кіре беріс ойығы мен арқасы жартылай шеңберлі. Ғимарат шикі кірпіштен салынып, күйдірілген кірпішпен өрілген. Кірпіштердің көлемі 25х12х5см., 25х25х6 см. Ғимараттың ішкі көлемі 3,91х3,94м. Сыртқы көлемі 5,60х6,25м. Биіктігі 4,67. Елубай кесенесі. Малшыбай ауылынан 37 км. солтүстікте қарай орналасқан. 1982 ж. Жезқазған тарихи-өлке тану музей қызметкерлер зерттеген. Мазар біраз бұзылуға ұшыраған. Кесененің ең сақталған ғимараттары Елубай мазары мен Шикі мазар. Бұлардан басқа бұзылған тас сағанатамдар, мола үйінділер, шикі мазар қалдықтары бар. Кесене биік жерде орналасқан. Аумағы 1450 квадрат метр. Асанай-Борсанай кесенесі. Ұлытау ауданы. Сарыкеңгір ауылынан 12 км. солтүстік-шығыста орналасқан. 1989 жылы "Казпроектрестоврация" институтының архитекторлары өлшеу жұмыстарын жүргізді. Рестоврациялық жұмыстар жүргізілмеген. Атмосфералық ылғал мен жел эрозиясының әсерінен күмбезі мен қабырғасының бұрыштары бұзылған. Шикі кірпіштен салынған, күмбезді, төртбұрышты мазар. Фундаменті жоқ. Кіре бері қақпасы бел ағаштарынан салынған. Фасадтары "тоқылған ши" әдісімен айшықталған. Көлемі 7,8х8,0 м. Биіктігі 3,5 м. Қабырға қалыңдығы 1,02м. Аумағы 218 м. куб. Бекқожа мазары. Сарыкеңгір өзенінің сол жағалауында 14 км. жерде орналасқан. 1975 жылы Қазақ ССР Мәдениет Министрлігінің экспедициясы зерттеген. Портальді-күмбезді ғимарат. Барлық фасадтары қос-қостан сүйір қуыстармен өрнектелген. Мазарды екі жолақтан тұратын фризбойы орап тұр. Фриздің доғары жолағындағы өрнек табиғи өсімдік бояумен сыртынан күйдірілген. Мазар шикі кірпіштен салынған. Осы жолақта "1895жыл" деп қашап жазылған да сыртынан күйдірілген. Мазар шикі кірпіштен салынып, күйдірілген кірпішпен өрілген. 6,1х6,34м. 5,0х5,0 биіктігі 5,74. Қазақтың салт-дәстүрлері. Қуанышты хабар жеткізуші адам «сүйінші-сүйінші» деп келеді. Мұндайда қуанышты үй иесі «қалағаныңды ал» дейді. Немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл қуанудың, ризалықтың белгісі. Сүйінші сұраудың да, оның сүйіншісін алудың да ешқандай сөкеттігі жоқ. Сәлемдеме (дәстүр) – адамдардың бір-біріне деген сыйластығының, құрмет тұтуының айқын белгісі. Олар көптен көрмей сағынысқан адамдардың бір-біріне жіберген қымбат бұйымы, асыл заты немесе жеңсік тамағы, қысқы сыбағасы. Оның қымбат бағалы болуы шарт емес. Сәлемдеме келген адам жіберген адамға ақ батасын, шын ризалығын білдіріп, қатты қуанады. Жаңа туған балаға, жас келінге, ботаға тағы басқа алғаш көрген сәтте көрімдік сұрау халықтың ежелгі және лайықты дәстүрі. Мұның маңызы алып,беруде ғана емес жақын-жуықтың адамгершілігін, ниетін, ашыққолдығын да танытудың белгісі ретінде қаралады. Байғазы мен көрімдік екеуі екі басқа ұғым. Көрімдік адамға, жандыға, байғазы көбінесе жансыз дүниелерге қатысты айтылады. Алыс сапарға саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдар жерлестеріне, көрші-көлемдеріне, сыйлас адамдарына, жас балаларға ірілі-ұсақты сыйлықтар әкеледі. Оны «базарлық» деп атайды. Бұл жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі және ескерткіш ретінде қабылданады. Жеті атасын білмеген – жетесіз (мәтел). Әр адам жеті атаға дейін жақын туыс саналады. Қазақ халқы жеті атаға дейін қыз алыспаған. Бұрынғы адамдар бір-бірімен танысқанда, жүздескенде руын, тегін сұрауы осыдан шыққан. Жеті ата әкеден төмен емес, жоғары таратылады. Олай болса жеті ата: 1. Бала. 2. Әке. 3.Ата. 4. Арғы ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата. (Ата-тек деген сөз осыдан шыққан). Жеті атаны тарату осылай жіктеледі. Тыйым«Қызға қырық үйден тыю, ұлға отыз үйден тыю» (мақал). Халқымыздың тәрбиелік құралдарының күнделікті қолданылатын үлгі, өнеге түрлерінің бірі – тыйым. Бұл балалар мен жастарды жаман әдеттерден сақтандырып, жақсылыққа бейімдеуден шыққан педагогикалық ұғым. Осы арқылы олар әркімді теріс мінез, орынсыз қимылдардан сақтандырып отырған. Халық ұғымында тізені құшақтау – жалғыз қалудың, үлкеннің жолын кесу - әдепсіздіктің, қолды төбеге қою – ел-жұрттан безінудің, асты төгу – ысыраптың белгісі деп таныған және ондай істерге қатаң тыйым салған. Ел ішінде тыйым түрлеріне байланысты сөздер көптеп саналады. Екі адам жанжалдасқанда немесе төбелескенде оның жанындағы адамдар «араша, араша!» деп басу айтуға тиіс. «Араша» деген сөзді естіген адамдар араша беруге яғни жанжалды дереу доғаруы керек. Араша бермей жанжалдасу қазақ әдетінде жоқ. Ондай адамға айып бар. Бала туған, келін түсірген т.б. сол сияқты қуанышқа «қайырлы болсын» айту ата салтымыз. Ол сол адамдарға деген ыстық ықыластың, қуанышқа ортақ екендігінің белгісі. Жас адам жолға шыққанда жасалатын дәстүрлі бас қосу. Арнаулы мал сойылып сыйлы мүшелер салынып ет асылып, кең дастархан жасалады, ойын-сауық, өлең, жыр айтылады. Бұл – сапарға шыққан жігіттің тоқымы жерде қалмасын, ат-көлігі аман келсін деген жақсы тілек білдірудің белгісі. Халық әдебімен тізе бүгудің бірнеше түрі, жолы, шарттары бар. Мұның бәрі де негізінен әдептілік, тәртіп заңдарына негізделген. 1. Жұмысы болып бір үйге келген адам шаруасын отырып айтады. Егер тым асығыс болса, ол жайын айтып бір тізесін бүгуі керек. Бұл – шаңыраққа көрсетілген құрметтің белгісі.2. Бұрынғы дәстүрде біреуден бата тілегенде ол адам бір тізесін бүгіп, екі қолын жаяды. Бұл әдет бүгінге дейін сақталған.3. Ұрыста, жекпе-жекте немесе айтыс-тартыста жеңілген жақ немесе кешірім сұраған айыпкер тізесін бүгіп, басын иіп, айыбын төлейді. Шашу – қуаныш айғағы ретінде жасалатын өте сұлу да салтанатты дәстүр. Келін түскенде, жақсылық күндерде, алыс сапардан жолаушы келгенде, құда келгенде тағы басқа зор қуанышты күндерде әйелдер құрт, кәмпиттен, күміс теңгеден шашу шашады. Шашылған шашудан тойға қатысушылар теріп алып, ырым қылып балаларына апарып береді. Шашуды әйелдер ғана шашады. Диуани хикмет. Диуани хикмет. Ахмет Яссауи сопылық-философиялық дүниетанымдарын өзінің "Диуани хикмет" ("Даналық кітабы") еңбегінде баян етеді. Бұл өлеңдер жинағы түркі тілді халықтардың 12 ғ. сақталған әдеби ескерткіштерінің бірі саналады, сонымен бірге ол қазақ әдебиетінің де орта ғасырлық нұсқасы болып табылады. Өйткені, "Диуани хикмет" – оғыз-қыпшақ тілінде өмірге келген әдеби туынды. Кезінде ол өлеңдер өте қарапайым, көпшілікке түсінікті тілмен жазылған, бірақ бертін келе жинақты көшірушілер оған өз тарапынан көптеген араб-парсы сөздерін қосып жіберген деген болжам бар. Қожа Ахмет Яссауи 63 жасқа келгенде қылует (қылует – арабша оңашалану деген сөз, жарық дүниеден қол үзіп, жер астында жеке дара өмір сүру арқылы бұл дүниенің күнәларынан бойын аулақ ұстау, тазалану, сөйтіп, Хаққа жақын болудың бір түрі ретінде Яссауидің өзі енгізген амалы болып табылады) жасап, жер астынан жай тұрғызып, жарық дүниемен тек шәкірттері арқылы байланысып, сол жер астында осы кітабын жазған. Яссауи бұл қолжазбаны 63-73 жас аралығында жазғаны, сөйтіп, өзінің өмір бойы жинап, жазып жүрген ойларын өлең түрінде бір жүйеге түсіргені туралы пікір ақиқатқа жақын. Барлығы 149 хикмет-жыр, ғалымдар оның 70-тен астамын ақынның өзінікі, басқасын шәкірттері кейін қосқан дейді. деуі содан. Мұндағы тәліптер деп отырғаны – шәкірттер деген сөз. Мұндағы амал деп отырғаны – сопылықтың шарттарын орындау әрекеттері. Жинақта хақ жолынан тайдыруға итермелеуші шайтан, нәпсіхауа образдары махаббатқа қарсы қойылады. Адам өмірінің мәні өз бойын, өз рухын сол шайтан мен нәпсіхауаға алдырмауда дейді. Ғашықтықтың шын азабын тартқандай "өлмек бұрын жан бермектің дертін тарттым" деп, бар өмірін Алла жолын таза күйінде ұстау үшін күреске арнауды насихат етеді. Қожа Ахмет Яссауи философиялық мазмұнға құрылған хикметтерінде көбіне ойшылдығын танытса, өз ортасын суреттеуде әр құбылыстың мәнін көре білетін реалист суреткер ретінде көрінеді. Әр оқиғаға өзінің бағасын ашық айта білетін, әркімге тиесілі анықтамасын бере алатын шыншылдығын, сыншылдығын байқаймыз. "Диуани хикмет" – сыншылдық дәстүрдің басы. Өз заманының дағдарыстарына дауа іздеуде Яссауи өз көзқарасы тұрғысынан мынадай тұжырымдар айтады. Алла сыйлаған жарқын өмірдің қасіретке толып, азып-тозып азғындауына адамдардың өздері кінәлі. Адамның ниеті, пиғылы, құлқы, жүріс-тұрысы, мақсат-мүддесі заман қайшылықтарын туғызады деп табады. деп, Яссауи заманның азуына әділетсіз патшадан бастап, тағдырына қанағатшылық етпеген пиғылы нашар пақырлардың бәрін кінәлі етіп айыптайды. Ақын өз шығармаларында, әсіресе, ислам дінін таратушы, уағыздаушы, шариғат сөзін сөйлеуші, сақтаушы болуға міндетті ишан, молда, мүпти, сопы, дәруіш сияқты дінбасыларды қоғамдық сана-сезімнің алдыңғы өкілі ретінде қарастырып, олардың іс-әрекетінің, мінез-құлқының, адамгершілік қасиеттерінің рухани биіктікте көрінуін талап етеді. Сондықтан да қоғам қаймағы, рухани жалауы болған сол топтың азғындыққа түсуі – заман азғындауының себепшісі екенін айтады. Мұндай заманда әділеттікті, Хақ істі жақтаушылар қуғындалып, ал мансап үшін пара беріп, дүние үшін арсыздыққа барғандар қоғам басшылары болып, билік құратынын әшкерелейді. Яссауи өз заманынан сонда да күдер үзбей, адамгершілікке шақырады, жақсыны үлгі тұтып, ізгілік нышанына қуанады. Ол өз уақытының бейнесін жасап кеткен ақын әрі сол қоғамның белсенді қайраткері де болды. Яссауи сопылық әдебиетті тудыра отырып, қазақ әдебиетінде адам бейнесін, оның қоғамдағы қызметін, өмір мұратын жоғары дәрежеге қойып жасауға жол салды. Яссауи хикметтері қоғам өміріне, адам тіршілігіне жоғары талап қойған сыншылдық дәстүр әкелді. Оның бұл сыншылдық дәстүрі Дулат, Сүйінбай, Шортанбай, Мұрат, т.б. жырларында, тіпті күні бүгіндері де жалғасын тауып жатыр. Мәзһаб. Исламдағы мазхаб[1] туралы білгісі келетін әрбір мұсылманға шейх Мухаммад-Султан әл-Ма’сумидің бұл еңбегі өте пайдалы, әрі осы тақырыпқа байланысты дұрыс танымдық түсінік қалыптастыруға септігін тигізеді. Шейхтің позициясын дұрыс түсіну үшін кітапты өте мұқият оқып шығу қажет. Себебі, тақлид[2] жақтаушылары шейх Мә’сумиді «Исламдағы мазхабты жоққа шығарады деген пікірді ұстанады» деп адамдарды алдап адастырады. Шынтуайтына келгенде, Сүннет ұстанушылардың қатарындағы бізге дейінгі барлық имамдар секілді шейх Мә’суми де мазхабты жоққа шығармайды. Алайда, оған дейінгі имамдар да, шейх Мә’суми де шариғат әмірлеріне қарама-қарсы келетін баз біреудің пікіріне соқыр ілесуді тыйым салып, «мазхаб – Исламның негізі» деген сыңайлы жалған пікірлерді және барлық имамдарға қарамастан тек бір ғана имамның пікіріне сүйеніп, шектелуге тиісті деген көзқарастарды түбегейлі жоққа шығарады. Осы туралы шейх Джәмәлюддин әл-Қасими керемет сөздер айтты: “Ақиқат тек бір ғана ғалымның сөзімен және белгілі бір мазхабтың жағдайымен шектелмейді. Аллаһ Тағала мұсылман үмметіне көптеген ғалым-муджтаһидтер беру арқылы мейірім көрсетті”. Ол тағы былай деді: “Тақлид – бұл адамдардың арасында шапшаң таралып, оларды тез бөліп жіберетін алапес ауру. Мұнымен қоса, бұл – әрекетсіздік пен жалқаулыққа душар ететін жалпы сал (паралич), толықтай естен айыратын, тамырын кеңге жайған ауру”. Қараңыз: “әл-Исти’нәс” 44. Шейх әл-Мә’суми, Аллаһ оны Өз мейіріміне алсын, өзінің еңбегінде мазхабтың түпкі мағынасы мен танымал имамдардың пікірін дұрыс түсінуге шақырады. Ғалымдардың зор еңбегі сол, олар адамдарды соқыр ілесудің нысаны қылу үшін емес, керісінше адамдар Құран мен Сүннетпен өмір сүруі үшін оның дұрыс түсінігін жеткізеді. Осы кітапта шейх әл-Мә’суми өзінің ұлы сөздерін айтқан болатын: “Фәқиһтердің сөздері мен олардың пайымдауларын қолдану – бұл тек су жоқ кезде ғана қолдануға болатын таяммум секілді. Егер белгілі бір мәселеде Құран, Сүннет және сахабалардың сөздері тура бір мағыналы мәтінде келсе, онда бұл мәтіндермен қолдану міндетті (уәджиб) болып табылады және белгілі бір ғалымның сөзіне бола олардан бас тартуға рұқсат етілмейді!” Шейх әл-Мә’сумиден бұрын мұндай сөздерді имам әш-Шәфи’и “әр-Рисалә” 599-600 кітабында айтқан болатын. Имам әш-Шәтыби шындық айтты: “Егер шариғат үкімдерін тану барысында ғалымдарды құрал ретінде алудың орнына мақсат ретінде алсақ, онда біз адасамыз”. Қараңыз: “әл-И‘тисам” 2/872. Шейхул-Ислам Ибн Тәймия былай дейді: “Әй адам баласы, пайғамбардан (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) келген ең болмаса бір нәрсені қабылдамаудан сақ бол, тағы да сақ бол! Оны өзіңнің көңіл-қалауыңа еріп немесе белгілі бір мазхабты ұстанғаның себепті, не болмаса өзіңнің шейхыңның немесе дүнияуи арбауларға қызығушылығың себепті қабылдамаудан сақ бол! Шынында, Аллаһ Тағала ешкімді Өзінің елшісінен (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсы) басқа біреуге еруге міндеттеген жоқ. Пайғамбардан (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) келген нәрсенің барлығын қабылдау керек, тіпті егер құл бүткіл жаратылысқа қарсы келсе де. Ал егер осындай жағдайда адам елшіге (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) еретін болса, онда Аллаһ Тағала құлдан кімге қарсы келгені туралы сұрамайды! Расында, кімде-кім басқа біреуге бағынар болса, онда пайғамбардың (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) бұйрықтарына сәйкес келген кезде ғана бағынуы тиіс. Осыны біл, тыңда және осыған ер, әрі дінге жаңалық енгізбе!” Қараңыз: “Мәджму’ул-фәтәуә” 16/528. Аллаһ Тағаладан осы кішкентай еңбекті әрбір ақиқатқа ұмтылған мұсылманға пайдалы етуін сұраймыз. Оны дәріптеп, әрі Одан жәрдем мен кешірім сұрап жалбарынатын Аллаһқа барлық мақтау мен мадақтар болсын. Жанымыздың жамандықтары мен жаман іс-амалдарымыздан Аллаһқа сиынып, Одан пана тілейміз. Кімде-кімді Аллаһ тура жолға бастаса, онда оны ешкім де адастыра алмайды. Ал кімде-кімді адастырса, онда оны тура жолға салар ешкім жоқ. Біз Аллаһтан өзге құлшылыққа лайық ешкім жоқ екеніне, Оның серігі жоқ, әрі Жалғыз екеніне куәлік етеміз, сондай-ақ Мұхаммед Оның құлы әрі елшісі екеніне куәлік етеміз. «Әй мүміндер! Аллаһтан шынайы қорқумен қорқыңдар да, мұсылман болған күйде ғана өліңдер!» (әл-‘Имран сүресі, 102 аят). «Әй адам баласы! Сендерді бір кісіден (Адам атадан) жаратқан және одан оның жұбайын (Хауа ананы) жаратып, ол екеуінен көптеген ер, әйелді таратқан Раббыларыңнан қорқыңдар! Сол арқылы өзара сұрасқан Аллаһтан және туыстардан (безуден) сақтаныңдар! Шәксіз Аллаһ сендерді Бақылаушы» (ән-Ниса сүресі, 1 аят). «Әй Мүміндер! Аллаһтан қорқыңдар да, дұрыс сөз сөйлеңдер! Аллаһ істеріңді оңалтып, күнәларыңды кешіреді. Сондай-ақ кім Аллаһқа, Елшісіне бой ұсынса, әрине ол ұлы табысқа ие болады» (әл-Ахзаб сүресі, 70-71 аяттар). Әртүрлі мазхабтың ізбасарларының арасындағы көптеген таластарға бірінен-бірін алаламай тура қараған адам, міндетті түрде мұның барлығы – шынымен бүлік, әрі мұсылмандардың артқа қалуының басты себептерінің бірі екендігін түсінеді. Мазхабшылар соқыр еліктеуге сондай терең бойлады, тіпті басқа біреудің ақылымен ойланып-толғанатын дәрежеге жетті. Дей тұрғанмен, мұсылмандардың алғашқы буын өкілдері мұндай емес еді, әрі алдыңғы өткен имамдарымыз ешкімді белгілі бір адамның сөзіне фанатик болып, сөзсіз еруге мәжбүрлеген жоқ. Ал мазхабшылар болса, араларында туындаған келіспеушілікті күн өткен сайын үрлеп, одан әрі тұтатты, ал шайтан болса, олардың араларына іріткі салып, қатал күрес туғызды. Осы ащы шындықты ертеде-ақ көптеген ғалымдар ұғынып, ғасырлар бойы біресе бір ғалым, біресе бірнеше ғалымдар мұндай фанатизм мен мазхабтардың бөлінуіне және түрлі топтарға жіктелуіне қатты қарсы шықты. Бұл тақырыпқа байланысты көптеген керемет еңбектер бар, ал шейх әл-Мә’сумидің, Аллаһ оны Өз мейіріміне алсын, «Султанның Жапония мұсылмандарына сыйлығы» деген кітабы – мазхаб тақырыбында таптырмас ерекше құнды кітап. Бұл кітаптың көлемі кішкентай болғанына қарамастан, автор Құран, Сүннеттен дәлелдер және алғашқы мұсылмандардың ұлы имамдары мен әр ғасырдағы танымал ғалымдардың сөздерін өте кең көлемде келтірген. Сайып келгенде, аталмыш кітап мазхаб мәселесінің айналысында «оралып қалған» бүліктерге қарсы салмақты дәлелге айналды. 1. Барлық аяттар мен хадистерге жалпыға ортақ нөмірлеумен сілтеме жасап, хадистердің сенімділік дәрежесін – сенімді, жақсы, әлсіз екендігін алдыңғы өткен үлкен ғалымдардың пайымдауларымен, әсіресе – біздің шейхымыз әл-Әлбәнидің сөздеріне салыстыра отырып, айқындадым. 2. Автор қолданған цитаталарды (тақпақ) түпдерекпен салыстырдым, ал егер келтірілген цитаталардың сөздерінде сәйкессіздік болса, мен шейхтің кітабындағыны емес, керісінше түпдеректегі сөзді жаздым. 3. Кітаптағы кейбір жерлер қосымша түсіндіруге мұқтаж болса, мен өзімнің сөздерім мен ескертпелерімді қостым (сілтемеде). Ал мәтіндегі кейбір созылыңқы жерлерді автордың көздеген мақсаты мен кітаптың мән-мағынасын өзгертпестен, оқырмандарды жалықтыратын кейбір керексіз жерлерін қысқарту қажет деп ұйғардым. Дұрыс айтқан жерлерім болса, онда «табысты болуым, Аллаһқа ғана байланысты, Оған тәуекел еттім, әрі Оған бой ұсынамын» (Һуд сүресі, 88 аят). Ал егер бір жерлерде қателессем, онда «нәпсімді ақтамаймын. Расында нәпсі жамандыққа бұйырады» (Юсуф сүресі, 53 аят). Шаңырақ. Шаңырақ - киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі. Оның пішіні күмбез тәріздес, шаңырақ уықтардың ұштарын біріктіріп ұстап тұрады. Жаңа Жыл. Қазақтар үшін Жаңа жыл мерекесін" наурыздың 22-сінде, күн мен түн теңелген қасиетті мезгілде басталған. Түрлі тарихи басылымдарда Жаңа жылды әшекейлі шыршамен қарсы алу дәстүрін Ресейде 1700 жылы қаңтардың 1-інде I Петрдің енгізгені, дәл осы жылы Ресейде жаңаша жыл санау басталғаны, I Петрдің өзі басқарған Мәскеудегі мейрамның таңға дейін созылғаны жазылып жүргенімен, бірқатар этнограф-тарихшылар қыпшақтардың шырша мерекесі болғанын, Жаңа жылдың – көшпелілердің де байырғы мейрамы екенін жазады. Мұрат Әджінің «Қыпшақтар» атты кітабында «Шыршалар мерекесі» деген тарау бар. Оның жазуынша, мереке ең басында құдайлар мен аруақтар мекені – жер шарының тура кіндігінде тіршілік еткен Жер – Судың (Иерсу) құрметіне арналыпты. Жер – Судың жанында ақ сақалды Үлкен (Ульген) есімді шал жүрсе керек. Түркілер оны үнемі әдемі қызыл шекпен киіп жүрген қалпында көріпті. Мұрат Әд-жінің дәлелдеуінше, ежел-гі алтайлықтар шыршалар мерекесін 25 желтоқсан-да, Күннің Түнді «жеңген» кезінен бастап, түркілер Күннің қайта оралғанына қуанып, Үлкенге (Ульген) алғыстарын жаудырыпты, оған тәу етіпті. Дұғаларымыз Тәңірінің құлағына шалынса деген үміт-арманмен Үлкеннің сүйікті ағашы – шыршаны үйлеріне әкеліпті. Бұтақтарына неше түрлі әсем шүберектер байлапты. Сонан соң дөңгелене қол ұстасқан қалпы шыршаны айналып: «Түн кетіп, Күн келсін», деп ән салған. Осылайша Мұрат Әджі бауырымыз Жаңа жыл түніндегі «үлде мен бүлдеге» бөленген шырша мерекесінің І Петр патшадан да әріде болғанын баяндап, ол түркілер дәуірінде сол халықта тойланған деп дәлелдейді. Белгілі этнограф – тарихшы Ақселеу Сейдімбек Жаңа жылдың көшпелілер мейрамы екендігі туралы былай дейді: «Өмір – тіршілікте шарттылықтар өте көп. Сол шарттылықтардың ең ғажабы, адам баласының уақытты межелеуіне қатысты. Мәселен, осы күндері бү-кілхалықтық қуаныш ретінде тойланып жатқан Жаңа жыл мейрамын алайықшы. Қалыптасқан ұғым бойынша, Жаңа жыл, яғни1-қаңтар, Иса пайғамбардың туған күні. Бүкіл христиан әлемі осылай деп түсінеді, осындай деп тойлайды. Ол тойына «Рождество Христова» деп ат берген. Орыстар православ сенімінде болғандықтан, бұрынғы Юлиан күнтізбесінің межесі бойынша, желтоқсан-ның 25-і Исаның туған күні деп тойлайды. Мен, бір қызықты пікір айтайын. Осы Жаңа жыл тойы арысы Еуразияның ежелгі көшпелі скиф-сақтарының, бергісі бүгінгі түркі халықтарының, оның ішінде, қазақтардың да байырғы мейрамы деп есептеймін. Тарихи дерек бойынша, 532 жылға дейін бүкіл Еуропа Диоклитан календарын тұтынған. Ол христиан дініне қарсы адам. Сол кезде христиан дінін басқарушы кординалдардың бір бас-қосуында жыл басын Исустың туған күнімен бастау жөнінде қарар қабыл-данады. Бір қызығы, сол басқосуға қатыс қандардың ішінде Исустың туған күнін ешкім білмейтін болып шығады. Сонда босаға жақта отырған скифтен шық-қан есепші-жұлдызшы кішкене Диониси деген кісі: «Жарықтық, Иса пайғам-бардың туған күнін мен білуші едім. Ол осыдан аттай 532 жыл бұрын дүниеге келген», - дейді. Оған ешкім де дау айта алмайды. Өйткені, Иса пайғамбардың туған жылын айғақтайтын ешқандай тарихи дерек болмайтын. Ал кішкене Дионисидің аузынан шыққан 532 деген сан көшпелілер үшін киелі сан болатын. Яғни, көшпелілер табынатын аспан денелері – Ай 19 жылда бір рет дөңгелегін жаңғыртып отырады. Осы Айдың дөңгелегінің саны 19 бен Күннің дөңгелегінің саны 28-дің көбейтіндісі – 532. Демек, Жаңа жылды тойлағанда бұл мерекенің де көшпелілер пайымымен байланысты екендігін ескерген жөн. Өкінішке орай, бұл деректер бүкіл халықтың жадының игілігі бола алмай келе жатыр. Дегенмен, В.В.Цибульскийдің «Луно-солнечный календарь стран Восточный Азий», М.Ысқақовтың «Халық календары», Х. Әбішевтің «Аспан сыры» атты кітаптарында осы деректер қызықты баяндалады. Қысқасы, сол деректерге ден қойғанда, Жаңа жыл таза көшпелілердің мейрамы екенін мойындауға тура келеді. Бірақ Еуропаға бұл мейрам жерсінді. Бұған Аяз ата, шырша, шырақ жағу деген сияқты Еуропа елдері өздерінің этнографиялық реңктерін беріп, байытты. Содан бүгінгі күні мүлдем танымастай өзгеріп, Еуропалық мейрам болып шыға келді. Діни күнтізбе бойынша, Исаның туған күні қаңтардың 1-і емес, одан 6 күн бұрын аталып өтеді». Өкінішіке орай, Жаңа жылды Қазақстанда Христостың туған күні, Рождество мейрамы ретінде тойлау, бүкіл ұран, құттықтаулардың соған арналуы байқалады. Бұл ащы да болса, айтар шындық. Негізінен, Жаңа жылға терең діни мән-мағына бермей, оны алдағы уақыт көшінен қуаныш, жақсылық, жаңалық күтетін, өткен өмір жолымызға есеп беретін, келешек бағыт-бағдарымыз бен мақсат, міндеттерімізді белгілейтін. Үміт, Сенім мерекесі ретінде тойлағанымыз, ескі жылды ризашылық сезіммен шығарып салып, Жаңа жылды тәтті тілек, ақ батамен қарсы алғанын абзал. Құрама Штаттардың Тәуелсіздік Декларациясы. Құрама Штаттардың Тәуелсіздік Декларациясы - Континентальді Конгресс тарапынан 1776 жылдың 4 шілдесінде қабылданған және сол тұста Ұлыбританиямен соғыс халінде болған он үш Америкалық отардың бұдан былай Британ Империясының бөлігі емес екендігін жариялаған мәлімдеме. Джордж Уошингтон. thumb Джордж Уошингтон (22 Ақпан 1732 - 14 Желтоқсан 1799) - Америка Революциялық Соғысында Континентальді Армияның Ұлыбританияны жеңуіне жетекшілік еткен және Америка Құрама Штаттарының тұңғыш Президенті ретінде қызмет атқарған тарихи тұлға. Асан Қайғы (XV-ғасыр). Асан Қайғы атанып кеткен Хасан Сәбитұлы 1361-1370 жылдар аралығында Еділ бойында туса керек. Тарихи аңыздар Асанның әкесі саятшы екен дейді. Революциядан бұрын жасаған қазақ тарихшыларының еңбектеріне қарағанда, Асан Алтын Орда ханы Ұлұғ-Мұхамедтің ықпалды билерінің бірі болады. XV - ғасырдың 20-шы жылдарында Ұлұғ-Мұхамед Ордадан қуылғанда Асан өз әміршісімен бірге кетеді. Көп ұзамай Қазанда билік құрған Ұлұғ-Мұхамедтің ақыдгөйлері қатарында болған ақын, хан өлген соң Дәшті–Қыпшаққа қайтып оралады. 450-ші жылдарда Әбілқайыр ұлысындағы тартыс кезінде Керей, Жәнібек сұлтандарды жақтайды. 1456 жылы Шу алқабында Қазақ Ордасы құрылған кезде Асан жаңа мемілекеттің ұраншысына айналады. Сірә, Асан қазақтардың бұрынғы Көк Орда жеріндегі үкімі артып, қәзіргі Қазақстанның орталық және солтүстік-батыс алқабын қайтадан иеленген уақыты – 1465 жылы әлі тірі болса керек. Аңыздың айтуынша, ақын Сарыарқада – Ұлытауда дүние салыпты. Аджман (әмірлік). Аджман — БАӘ құрамындағы ең кішкентай әмірлік. Бас қаласы — Аджман. Халық саны 235 мың адам (2003). Ауданы 259 км² (мемлекеттін 0,3%). БАӘ құрамына 1971 жылдың 2 желтоқсанында кірді. Тұрғындардың көпшілігі әмірліктін бас қаласында тұрады. Аджман әмірлігіне екі анклав кіреді: Масфут (оңтүстік-шығыста 110 км) пен Манама (шығысында 60 км). Кеме қурастыру, маржан теру және қурма өсірумен айналысады. Университет, медициналық инстиут. Туризм. Нежіп Фазыл Кысакүрек. Нежіп Фазыл Кысакүрек (1904, Ыстамбұл - 1983, Ыстамбұл) - түрік ақыны, жазушысы. Қатпар белдігі. Қатпар белдігі - қыспалы тектоника, оның ішінде қатпарлау, сияқты геологиялық оқиғалармен сипатталатын сызықты немесе доғалы аймақ. Кейбір зерттеушілер Жер қабығының қысқаруындағы қаусырудың маңызын көрсету үшін "қатпар-қаусар белдігі" деп жазады. Ороген. Ороген - бір немесе бірнеше орогенезге қатысқан магматикалық дене. Көптеген зерттеушілер бұл терминді орогендік белдіктің синонимы ретінде қолданады. Орогендік белдік. Орогендік белдік (қозғалмалы белдік) - аймақтық шәкілдегі қыспалы тектоника әсерін көрген сызықты немесе доғалы аумақ. Көптеген орогендік белдіктің тарихтары мұхит литосферасының субдукциясы (мысалы, Анды орогендік белдігі), ірі континенттік массалардың қақтығысы (мысалы, Гималай орогендік белдігі) немесе өңірлердің аккрециясы (мысалы, батыс АҚШ және Канададағы Кордильера таулары) сияқты оқиғалармен сипатталатын плиталық тектоника моделі арқылы түсіндіріледі. Бұрын орогендік белдіктер орогендік айналымның кезеңдерін көрсетеді деп есептелген, бірақта қазір орогендік белдікті плиталық тектоника моделін пайдаланып түсіндіру үшін зерттеушілер Уилсон айналымының кезеңдерін көруге тырысады. Манас дастаны. "Манас дастаны" - қырғыз халқының дәстүрлі эпосы. Ауыз әдебиетінің тамаша үлгісі, бұл дастан ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жырланып, халық есінде сақталуда. Дастанның жазбаша үлгілерінің бірі жарты миллионға жуық жолдан тұрады да, көлемі жағынан Гомердің Одиссеясы мен Илиядасын қосқандағы көлемнен жиырма есе, ал Махабхарата көлемінен екі есе асып түседі. Жыр-дастан Манастың, оның ұрпақтарының және ісін жалғастырушыларының хикаяларын баяндайды. Эпос үлкен үш бөлімнен тұрады: Манас жыры, Манастың ұлы Сәметейдің жыры және Манастың немересі Сейтектің жыры. Дастанның өзекті тақырыбын қытай мен қалмақ дұшпандарына қарсы шайқастар сипаттайды. XV ғасыррдан бастап дастанның аты деректерде атала бастағанмен, оның жазбаша нұсқасы 1885 жылға дейін жасалмаған болатын. Әр түрлі көзқарастар негізінде дастанның пайда болу уақытын: VII-X ғасырлар, XI-XII ғасырлар немесе XV-XVIII ғасырлар аралығы деп мөлшерлейді. Манас эпосы қырғыз әдебиетінің классикалық туындысы ретінде түрлі жиын-шараларда дастанды зерттеуші, орындаушы мамандар, манасшылармен жырланады. Екінің бірі манасшы бола алмайды. Манасты жырлау өнері әдетте жыршыға түс көргенде несіп етіледі. Ол түсте Манастың өзі, немесе дастанның өзге кейіпкері жыршыға манасшы болуды бұйырады екен. Бұйрықты орындамаған жағдайда, түс көрген кісі ауыр дертке шалдығып немесе мүгедек болып қалуы мүмкін деген наным бар. Манасшылар дастанды арнайы әуенке салып, музыкалық аспаптардың көмегінсіз әндетіп жырлайды. Қырғызстанда көптеген манасшылар бар. Дастанның үш бөлігін де жатқа білген манасшылар «Ұлы Манасшы» атағына ие бола алады. ХХ ғасырдың ұлы манасшыларына Сағымбай Оразбақов, Саяқбай Қаралаев, Шаабай Азизов (мақала суретінде бейнеленген), Қаба Атабеков, Сейден Молдоқова және Жүсіп Мамай кіреді. Рысбек Жұмабаев, мәртебелі манасшы жақында Ұлыбританияға барып келген.Бішкек Филармониясының манасшысы, Ұрқаш Мәмбеталиев те Еуропа елдеріне сапарлар жасап тұрады. Жасы кішілеу манасшы, Талантаалы Бакчиев манасшы кәсібін «Манас» дастаның ғылыми түрде зерттеумен толықтырады. Дастанның әр түрлі бөлімдерінің 65-тен астам жазбаша нұсқалары белгілі. Ұлы ағартушы ғалымымыз Шоқан Уәлиханов дастан бөлімдерін қағазға түсіріп, «Көкетай ханның асы» деген көлемді үзіндісін орысшаға аударған. Манас батыр Алатау тауларының Талас ауданында Қырғыстанның солтүстігінде жерленген деген болжамдар бар. Талас қаласынан 40 км-дей жерде орналасқан кесенеде батырдың мәйіті жерленген деседі. Бұл кесене саяхатшылардың үнемі барып тұратын жері. 1995 жылдан бастап бұл жерде қырғыз халқының дәстүрлі атүсті ойындары өткізіледі. Алайда мазардың үстіндегі жазуда «Әйелдердің әйгілісі Кенізек-ханым, Абықа әмірінің қызы», - деген арнау бар. Дастан мазмұнында бұл жағдай былай түсіндіріледі: Кәнікей, Манастың жесірі бұл арнауды дұшпандарды алдап, кесенені бұзылудан сақтау мақсатында әдейі жазғызыпты. Сондай-ақ «Манастың күмбезі» деген атпен белгілі ғимарат шамамен 1334 жылы салынған болуы керек. Қирап қалған бұл құрылыстың орнында Манас батыр мен дастанға арналған мұражай орналасқан. 1979 жылы совет астрономы Николай Степанович Черных ашқан шағын ғаламшар Манас дастанының құрметіне 3349 Манас деп аталған. Қырғыстанда Манастың құрметіне бірнеше жер аталған, солардың бірі - Бішкектегі Манас халықаралық әуежайы. Әсет Найманбайұлы. 1867 жылы қазіргі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, "Қызыл-арай" ауылында туған. Ол қазақтың суырыпсалма ақыны, әнші-композиторы. Әсеттің әке-шешешесі кедей, шаруа адамдар болған. Кейін ер жетіп, есейіп, айтысқа түскен кезінде де кейбір ақындар оның кедейлігін бетіне басады. Алайда нағыз байлық өнер мен білімде деп түсінген Әсет ешкімге қара сөзден дес бермеген. Әсет ескіше оқыған, көзі ашық адам болған. Оның дүниетанымы, ой тереңдігі әсіресе айтыс жанрында кеңірек танылды. Мысалы, әйгілі ақын-қыз Ырысжанмен айтысқанда Әсет он сегізде ғана екен, соған қарамастан қыздың айтқан небір қиын жұмбақтарын қиналмай, қолма-қол шешіп береді. Бұдан ақынның білімді, зерделі екендігі айқын аңғарылады. Сөйтіп, Әсет пен Ырысжанның айтысы–көркемдігі, сөз қолдану шеберлігі жөнінен Біржан мен Сара айтысынан кейінгі озық туынды болып табылады. Әсет – негізінен айтыс ақыны. Ол Ырысжаннан басқа Әріп, Бақтыбай, Кәрібай, Қали, Сәмет ақындарымен және Мәлике қызбен айтысқан. Әсеттің "Салиха-Сәмен", "Ағаш ат", "Перизат", "Үш жетім қыз", "Нұрғыман-Нағым", "Мәлік-Дарай", "Жұмсап", "Кешубай" атты қисса дастандары бар. Ол А.С.Пушкинның "Евгений Онегин" романын аударып (еркін аударған) оны өзі қисса етіп жырлаған. Әсет мұраларының ішінде халыққа кеңірек тарағаны оның әндері. Ол Біржан сал, Ақан серіден дәуірлеген Арқа әнінің дәстүрін жалғастырып, дамыта түсті. Жас кезіндегі әндерінде ("Кіші Ардақ", "Үлкен Ардақ", "Қаракөз", "Мақпал") психологиялық тереңдікпен адамның жан дүниесін қозғайтын нәзік лирикалы Ақан әндерінің әсері байқалады. Бұл оның қалыптасу, өзіне тән тармақтарының музыкалық-синтаксистік ерекшеліктері Әсет әндеріне де тән. "Інжу-Маржан" әні (кейде "Әсеттің әні" деп те аталады) өз стилін айқындай түскен туынды. Сондай-ақ "Ырғақты", "Аққарагер", "Қаракөз", "Майда қоңыр", "Жалған-ай", "Сырмақ үйкер" т.б әндерінің авторы. 1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс кезінде жазалаушы отрядттардан дүрліге қашқан елмен бірге Әсет Қытайға өтіп кетеді. Октябрь революциясы жөніндегі хабарды ол қуана қарсы алады, жат жерде жүріп Отанын аңсайды. Әсет 1923 жылы Құлжа қаласында қайтыс болды. Қарағанды қаласындағы ақындар айтысы. Ақындар айтысының жаппай етек алып жандана түскен кезі 1943 жыл болды. Ақпан айының соңында Қазақстан жазушылар одағының III пленумы шақырлып, оған көрнекті халық ақындарының бір тобы қатысты. Кенен Әзірбаев пленумда сөйлеген сөзінде халық ақындарының еңбекшілерді жеңіске жігерлендірудегі патриоттық істерін айтады. Пленумнан кейін, 2 наурыз күні халық ақындары республика басшыларымен кездесіп, жер-жерде ақындар айтысын өткізуге ұсыныс жасады. Ұсыныс қабылданып, аудандар мен облыстарда айтыс өткізу ұйғарылды. Жазушылар одағына, облыс басшыларында нақты тапсырма берілді. Айтыстың тәрбиелік мәнінің үлкендігі сонда, оның жоғары деңгейде өтуіне облыстық партия комитеті ғана емес, Орталық Комитеттің өзі де баса көңіл бөлген. Әуелбаста "Советтік Қарағанды" (қазіргі "Орталық Қазақстан") газет ұжымынан шыққан осы бастаманың ел басына ауыр күн туған шақтағы елге тигізер оң ықпалын жете ұғынды. Айтысты ұйымдастырып, өткізуге қазақ әдебиетінің ірі өкілі, сөз зергері Ғабит Мүсірепов бөлінді. Осы ақындар айтысы туралы газеттің сол кездегі редакторы Ә.Қарағұлов өзінің "Баспасөз және уақыт тынысы" кітабында былай дейді: "… Қарағандыда Доскей Әлімбаев дейтін көпті көрген көне, белгілі халық ақыны бар-ды. Редакцияға жиі келіп тұратын. Бірде ол майдандағы армияның ерлігіне арналған өлеңін әкеліп, өзінің жас кезінде бір ақынмен айтысқаны жөнінде әңгіме айтты. Жұртшылықтың делебесін қоздыратын, кәріні де, жасты да тебірентетін осы айтыс өнерінің соңғы жылдары ұмыт болып бара жатқанына қынжылатындығын сездірді. Бұл біздің журналистерге ой салды. Жергілікті ақын-жазушыларды редакцияға жинап, пікір алыстық. Әуелі екі шахтаның атынан екі халық ақынын айтыстырып көрмек болып ұйғарылды. Екі апта бойы дайындық жұмысы жүргізілді". Міне, осыдан соң Қарағанды қалалық партия комитеті мен "Советтік Қарағанды" газетінің редакциясы 1943 жылдың 13 маусымында бассейнде ақын-жазушылар мен кеншілердің кездесуін өткізген. Кездесу "Ұлы Отан соғысы және Қарағанды кеншілерінің міндеттері" деген тақырыппен өткен. Бұл шын мәнісіндегі кеншілер қаласындағы айрықша бас қосу еді. Жиынның ресми бөлігі аяқталған соң ортаға екі ақын шықты. Бұлар №18 және №20 шахталар атынан айтысқа шыққан ақындар Қайып Айнабеков пен Ілияс Манкин болатын. Осы екі ақынның айтысын Ғ.Мүсірепов қорытады. Обком бюросы еңбекшілер арасында үгіт-бұқаралық жұмыстың пәрменділігін күшейту құралы ретінде өзін толық ақтаған жарыстың дәстүрлі халықтық формасы болып табылатын ақындар айтысына үлкен саяси маңыз бере келіп, 14 тамызда Қарағанды мен Балқаш қалалары халық ақындарының айтысын өткізу жөнінде редакцияның қалалық партия комитетімен бірлесіп жасаған ұсынысын мақұлдады, деп еске алады өз естелігінде Әбдуәли Қарағұлов. Соның нәтижесінде 14 тамызда Қарағанды мен Балқаш қалалары халық ақындарының айтысы өтіп, Қарағандының намысын Көшен Елеуов қорғаса, балқаштықтар атынан Шашубай Қошқарбаев шығады. "Советтік Қарағанды" газеті редакциясы ұжымының шағын бөлмесінде туындаған осы идея үлкен халықтық дүбірлі сайысқа ұласты. Елдің ақындар айтысына деген құмарлығы соншалық, ақындар айтысы өткен ғимаратта ине шаншар орын болмады. Балқаш пен Қарағанды ақындарының осы айтысы туралы Ә.Қарағұлов былай әңгімелейді: "Балқаш мысшыларының белгілі тілмар ақыны Шашубай Қошқарбаев пен Қарағанды кеншілерінің жезтаңдай жүйрігі Көшен Елеуовтің бұл айтысы екі жақтың да делебесін қоздырды. Дуылдаған көпшілік түні бойы тыңдаса да құлақ құрышы қанар емес. Ақындардың да аяқ алысы күшті. Бірінен бірі асып түседі. Сөз маржаны жарқ-жұрқ етіп ақтарылып жатыр…" Мұндай айтыстар Нұра, Шет, Қарқаралы жерлерінде де өтеді. Жалпақ жұртқа кеңінен таныла бастаған жыр сайыстары бұдан кейін өрісін ұзартып, облысаралық ақындар айтысына ұласады. Семей-Қарағанды қалаларының ақындарының айтыстары "Советтік Қарағанды" газетінде "Асыл сөз, тасқынды жыр жеңіс үшін" деген ортақ тақырыппен толық нұсқасында жарық көреді. Бұл айтыстың кейбіреулері Қазақ ССР Ғылым Академиясының М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты дайындап, 1966 жылы "Жазушы" баспасынан шығарғын. "Айтыс" атты кітаптың үшінші томына кіргізілген. Ондағы Шашубай мен Көшеннің, Маясар мен Нұрлыбектің. Қайып пен Ілиястың, Шашубай мен Болманның, Болман мен Нұртазаның, Ғабидман мен Жолдыкейдің, Иманжан мен Әбілқасеннің, Нияз бен Болманның айтыстары соғыс кезіндегі және одан кейінгі соғыстан күйреген шаруашылықтарды қалпына келтіру тұсындағы қала мен дала тарихының жанды суреттері тәрізді ел шежіресінің алтын парақтары болып қала берері сөзсіз. Газеттің 1943 жылғы 27 тамыздағы санында Ғабит Мүсірепов "… Сонымен Қарағанды облысында қайта туған айтыс қазір бүкіл республикалық көлемге қанат жайып кетті", деп жазды. Бұдан бұрын да жер-жерде сиректеу болса да өткізіліп жүрген айтыс өнері дәл осы жолғыдан кейін қанатын кеңге жайып-ақ кетті. Соғыс жылдары қазақтың ежелгі өнері – ақындар айтысына облыстық партия, совет ұйымдары айтарлықтай көңіл бөліп отырды. Мұның өзі байырғы өнердің жаңарып, жасарып, дами түсуіне жағдай жасады. Мәселен, облыстық Совет атқару комитеті өзінің мәжілістерінде ақындар айтысының жайы, халық ақындарының жұмысы, тұрмыстық жайы туралы мәселелерге ұдайы айналып соғып, арнайы шешімдер қабылдап отырды. Осы 1943 жылдың (14 тамыз) өткізілген ақындардың республикалық айтысында Қарағанды облысының ақындары алдына жан салмады десе де болғандай. Оған Қазақ ССР Халық Комиссарлары Советінің 6 қаңтарда жарық көрген, Қарағанды облыстық архивінде сақтаулы "Республикалық ақындар айтысындағы жүлделі орын алған жеңімпаздарға сыйлықтар беруді шешетін Үкімет жюриінің шешімдерін бектіту туралы" қаулысы куә бола алады. Бұл қаулыда осы жарыстарда бірінші жүлдені дау-дамайсыз жеңіп алған Қарағанды облысы командасының, бүкіл облыстық "жалын ақындар айтысын ойдағыдай ұйымдастырып отырған үлгілі жұмысы ерекше атап" көрсетілген. Қайып Айнабекұлы. Қайып Айнабекков халық ортасынан шыққан, көрнекті талант иесі, ақын. Қ.Айнабеков 1885 жылы Нұра өзенінің жағалауындағы Кеңқия аулында (қазіргі Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Көгілдір селосы) кедей шаруаның отбасында туды. Әкесі Айнабек Қайыптың қаршадайында қайтыс болған. Ержетіңкіреп еңбекке жарағанға дейін Қайып нағашылырының қолында тәрбиеленеді. Кейін олардан бөлініп шығып, өз бетінше еңбек етіп, күн көрген. Қазақ даласындағы қалың кедейдің сол кездегі шеккен азабын, тұрмыстың ауыр жүгін Қайып та бірге арқаласып, басынан бірге өткізеді. Тек Ұлы Октябрь социалистік революциясының арқасында ғана ақын азат өмір құшағына еніп, еркін еңбекке беріледі. Кейін ол әр түрлі әлеуметтік қызметтерге қатынасады. Орталық Қазақстанда Совет өкіметін орнату жолындағы күреске белсене араласа отырып, Қайып 1920 жылы Коммунистік партияның мүшелігіне кіреді. Саяси шаруашылық мекемелерінде жұмыс істейді. Ауылда мектеп ашып, жас ұрпақтарға білім беру ісіне жіті ат салысады. Қайып ұзақ уақыт бойы Қарағанды қаласында тұрған. Қоғамдық тіршілік пен әдебиет ісіне белсенді қатысқаны үшін халық Қайып Айнабековты Қарағанды қалалық, облыстық Советтеріне көп жылдар депутат етіп сайлап, зор құрмет көрсеткен. Еңбекшілердің білдірген бұл сенімін Қайып қалтқысыз зор абыроймен ақтап отырған. Ақынның "1941–1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысы тұсындағы еңбектегі ерлігі үшін" медалімен және Қазақ ССР Жоғарғы Советінің грамотасымен марапатталуы, 1943 жылы Қазақстан совет жазушылар одағының мүшесі болып алынуы сол елеулі еңбектің нәтижесі еді. Жас кезінде-ақ Қайып өлең, әңгіме-ертегі, жырға әуес болады. Жастық, достық жайында өлең шығарып дағдыланған ақын бірте-бірте ширап, жетіле береді. Сөйтіп, өлең Қайып өмірінің өрнекті өзегіне айналады. Қ.Айнабеков ақындық жолға ерте түскенімен өлең жазуға машықтанып, өлеңді шын мәнінде өнер деп тануы 1907 жылдардың тұсы. Сол кезде шығарылған "Сұлу қызға жазған хат", "Сұлудан жауап" сияқты лирикалық қысқа өлеңдерінің біздің дәуірімізге жетуі мұның айқын дәлелі. Қайып "Жастардың жазғы ойынға бару түрі", "Ойынның ішкі көрінісі" секілді ойын-сауықты тамашалайтын өлеңдерін 1914 жылдары шығарған. Ақын творчестволық жолын осылай көңіл-күйі, махаббат лирикаларын жазудан бастағанымен, бірте-бірте әлеуметтік мәні бар мәселелерге ауысады. Қайып ендігі жерде жоқшылықтың зарын, тұрмыстың тауқыметін, таршылығын тартқан қазақ еңбекшілерін жырына қосады. Үстем тап өкілдерінің елді жегідей жеген әр түрлі зұлымдық ниет, арам пиғылдарын, келіссіз іс-әрекеттерін ащы масқылмен ашына түйрейді. Қ.Айнабеков Октябрьдің жеңісін, Қазақстанда совет өкіметі орнауын өз көзімен көріп, оны жыр өзегі еткен ақындардың бірі. Ол ескіні ертеден есінде сақтаған, жаңаның жалынды жаршысы болған ақын. Жиырмасыншы жылдары Қайып қазақ кедейлеріне бостандық әперіп, әйелдерді еркін теңдікке жеткізген Совет өкіметі туралы толып жатқан өлең, жырлар шығарады. "Өмірді ұқсату", "Тану", "Жұмсау", "Азат құс", "Үндеу", "Кедейлерге", "Әйелдерге", "Тілеу ниетім", "Қазақстанның мүшелеріне" секілді т.б. ақын туындылары осы кезеңнің үлесіне жатады. Қайып қашанда болса халықпен, қалың бұқарамен тығыз байланыста болды. Осы тұрғыдан алғанда еңбек тақырыбы – Қайып творчествосындағы сүбелі тақырыптардың бірі. Ақынның "Лавада", "Шахтерміз", "Қарағанды сәлемі", "Қарағанды", "Көмір", "Шахтерлер серті", "Шахтер сөзі" т.б. көптеген өлең, жырлары осы тақырыпқа арналған. Қайып Айнабековтың ақындық үгітшілік өнері Ұлы Отан соғысы жылдарында да ерекше көзге түсті. Еліміздің ұл, қыздарын әділет жолында қолына қару алып қанды соғысқа аттанған кезде Қайып та өзін партияның қарт солдатымын деп санап, жауға қарсы құлшына үн көтерген халық талантарының алдыңғы сапында болды. Оның осы отты жылдарында, қаһарлы күндерінде, қиын-қыстау, сын сағатта айтқан өлеңдері, дарынды да жалынды жырлары "Жауынгерлерге", "Майданға хат", "Қызыл флот" т.б. жауға мір оғындай болып қадалады Жау тізесін тез бүктіру үшін тыл еңбекшілерін ерлік еңбекке шақырады. Қ.Айнабеков сонымен бірге айтыс ақыны. Ол Ұлы Отан соғысы жылдарында көптеген игілікті істерге белсене араласқан. Қарағанды ақындарының 1943 жылғы алғашқы айтысын бастаған осы Қайып болатын. Ақынның осындай еңбегін академик-жазушымыз Ғ. Мүсірепов дер кезінде жоғары бағалады: "Айтыс–ақындар қатарын молайта түсуге де, екшеуге де жол ашып отыр. Бұл күнге дейін қалтарыста қалған Қ.Айнабеков сияқты ақындарымыз Қарағанды айтыстарының үстінде өздерін жұртқа көрсете алды, өсіп те қалды. Басқа реттерде көптің бірі сияқты болып жүрген ақындардың ішінде шаршы топқа түскенде құлаштай алатындары барлығы да сол айтыстарда көрінеді. Шашубайға төтеп бере алған Көшен, іргелі ақын Сәби мен Ілиясты жеңген Қайып бұл айтыстарға дейін көріне алмай, елеусіз жүріп еді",–деп жазған. Бұл айтыс дәстүрі кейінгі жылдарда да жалғаса берген. Қайып 1947 жылы екінші рет Көшен Елеуовпен, Ілияс Манкинмен айтысқа түсіп тағы да жеңіп шыққан. Қ.Айнабеков сонымен бірге қазақтың ерте кездегі ауыз әдебиет нұсқаларын, мақал-мәтелдерін, аңыз-әңгімелерін, шешендік сөздерін жадында көп сақтаған жыршы, әңгімеші де. Қайып–халық таныған қарт ақындарымыздың бірі. Оның артында сонша бай болмағанмен біраз әдеби мұра қалды. Сол үшін де ақын есімі халық жадында ұзақ сақталмақ. Ғаббас Айтбаев. Ғаббас Айтбаев 1882 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы (бұрынғы Егіндібұлақ ауданы) К.Маркс атындағы колхозында дүниеге келген. Ол қазақ халық ақыны, композитор. 1920 жылдан КОКП мүшесі. 1922 жылы Қарқаралыда өткен халық ақындарының айтысында бірінші орынды жеңіп алған. Әкесі Айтбай–Арқаның белгілі әнші-композиторларының бәрі. Айтбаевтың әншілігіне испанның гитаршысы Андрея Сеговия тәнті болып, оның орындаушылық өнерін жоғары бағалаған. Ол 1927 жылы Москвада Советтердің төртінші съезі делегаттарына ұйымдастырылған концерттерде жұртшылық назарына ілігеді. Сол жылы өлкен театрда этнографиялық концертке қатысып, зор абыройға ие болады. Александр Затаевич Айтбаевтан он екі ән жазып алған. "Ғаббастың "Ардағының" өзі поэзия. Ол қиялыңды шарқытатын жазғы кештегі ай сәулесінің, Сахараның тылсым тыныштығының ғажайып көрінісі–суреті", - деп жазған А.В.Затаевич. Айтбаев қазақ ауылын советтендіруге белсене ат салысып, өзінің туған жерінде өмірінің соңына дейін ауыл совет председателі болып қызмет етті. Ғ.Айтбаев Қазыбек би селосында жерленген. Доскей Әлімбайұлы. Топжарғын ақын, айыр-көмей шешен, жезтаңдай әнші, дарынды композитор, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері, орденді халық ақыны Доскей Әлімбайұлы 1850 жылы "Сораң" деген жерде дүниеге келген. Жасынан жетім қалып, байларда жалшылықта жүрген. Жас шағынан өнер мәдениетін - әйгілі Ақан сері, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, Біржан салдардан үйреніпті. Доскей Орынбай, Кемпірбай сынды өнерпаздармен кездеседі, Үкілі Ыбырай және Ақан серімен айтысады. "Көмейің кең, тілің мірдің оғындай өткір екен…" - дейді Біржан, Доскейге домбрасын сыйлап. Доскей әу бастан аңыз - әңгімелерге, ертегі - жырларға, ән-күйге құлағын түріп, зейініне тоқып, халықтың ақ жамбыдай асыл дүниелерін жадына ұстап жүреді. Жасынан жетім қалған, байлардың жалшысы болған ол 16 жасынан өзінің ақындығын таныта бастайды. Революцияға дейін Доскей патша үкіметі мен бай, билердің айуандық қылықтарын өзінің өткір жырларымен өлтіре шенеді. Халық ішінен шыққан ақын Доскей қанша қудаланып, қиындыққа кездессе де, үстем тап өкілдерінің алдына бас имеген. Кеңес заманы орнағаннан кейін Доскей көмірлі Қарағандыда өмір сүрген. Сондықтан шығармаларының негізгі тақырыбы Қарағанды кеншілерінің өмірі мен еңбегі болды. "Қарағанды", "Екі сайлау", "Жүрегім" деген өлеңдері ақынның таңдаулы шығармалары болып есептеледі. Жасы жүзге аяқ басқан Доскей Әлімбайұлының ақындық дауысы майдан жылдарында ерекше екпінмен естіледі. Отан қорғау жолындағы әрбір жеңісті, әрбір жаңалықты, әр жауынгердің егжей-тегжейлі анықтап, сұңқарша саңқылдады. Алпыс дұшпанның көзін құртқан қазақтың батыры Досмағамбетовтың, Жұмалиевтың асқан ерлігін баяндады. 1943 жылы Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллин Қарағанды қаласында болғанда, оны Доскей Әлімбайұлы өлеңмен құттықтайды. Доскей қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін, шешендік, тапқырлық сөздерді, тарихи адамдардың өмірі мен өнерін өте көп білген. Ақынның айтуында, Ақдәме қыз бен Асан ханның айтысы бар. Сондай-ақ Доскей - "Қажымұқан", "Бақыт іздеуші тазша", "Қара сиыр" дастандарының авторы. 1939 жылы Д.Әлімбаевқа Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының Указы бойынша "Қазақ халқының ауызша халық творчествосын өркендету ісіне озат еңбек сіңіргені үшін", "Қазақ ССР өнеріне еңбек сіңірген қайраткері" атағы, 1940 жылы "Құрмет белгісі" ордені берілді. 1940 жылы мамырда Доскей Әлімбайұлының жасының тоқсанға, ақындық қызметінің 75 жылға толуына орай республикалық көлемде мерейлі мерекесі аталып өтті. Бұл тойға Н.Байғанин, Н.Бекежанов, Н.Баймұратов, С.Мұқанов, Ш.Қошқарбаев, Қ.Әбдіқадыров, А.Тоқмағамбетов қатысты. Нүрпейіс, Шашубай, Нартай, Нұрлыбек сынды халық ақындары той иесіне жырмен шашу шашты. Сезімі өткір, қиялы ұшқыр, ақын Доскей жасы жүзге таяп қалған күннің өзінде ел өміріндегі елеулі оқиғаларды, ұлан - асыр той мерекені қанатты шабытпен жырға қосатын. Ол өмірінің соңғы көп жылдарын өзі тұстас, өзінен кіші де ақындармен айтыспен өткізді. Мұнда көбіне Орталық Қазақстанның, көмірлі Қарағандының еңбек өрендерін, ақын - жыршыларды, ел қорғаған батыр-ерлерді, ана мен бөбектерді, халықтар достығын жырлады. Ол өзінің домбра күйімен, қарт үнімен Ұлы Отан соғысының ерлерін мадақтап, зұлым жауды жеңіп шығуымызға ізгі ниет -тілегін білдіріп отырды. Ән мен сөздің шебері - Д.Әлімбайұлының өмірі мен творчествосын зерттеп, халық арасына насихаттауда Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облысы бойынша сол кездегі өкілдері Рахымбай Құлбаев, Айтбай Хангелдин, Әуезхан Көшімов, Қалижан Бекхожин, Аллажар Теміржанов, Жаппар Өмірбеков, Бүркіт Ысқақов. Жасы жүзге таянғанда, 1946 жылғы 2 - қазанда Доскей Қарағандыда қайтыс болды. Ақынды арқа жұртшылығы, оның ішінде Қарағандылықтар көзі тірісінде де, қайтыс болған соң да қадір тұтып, оған зор құрмет көрсетті. Д.Әлімбаев есімімен Қарағандыда көше, жатқан жерінде - Бұқар жырау ауданында елді мекен аталды. Ахметбек Байсалбайұлы. Біздің өлкеміз өткенде де, қазір де өзінің тамаша адамдарымен белгілі. Солардың бірі бүкіл Қазақстанға белгілі болған ақын Ахметбек Байсалбайұлы. Ол 1878 жылы қазіргі Бұқар жырау (бұрынғы Тельман) ауданы Қызылқайың /Березняки/ ауылында дүниеге келген. Жастайынан өлең шығарумен әуестенген, өз шығармаларында халықты отаршылыққа, егіншілікке үгіттеген. өзінің қонысына ағаш еккен, бұл шоқ тоғайлы жер Ахметбектің қызыл қайыңы деп аталады. Жастарды өнерге, білімге баулыған, кітапхана ашқан. Совет өкіметінің алғашқы жылдарында сол өңірдегі Байдәулет болысының төрағасы болады. Ахметбек халық ауызынан көп құнды әдеби мұра жинаған. "Қанды жорық" дастанында отызыншы жылдардың басында ел ішіне ылаң салып, ашаршылыққа душар еткен асыра сілтеушілерді өлтіре сынайды. Сол үшін жазықсыз айыпталады. 1966 жылы толық ақталады. Қарағанды облысында Ахметбек есімімен әк тас кен орны аталады. Кемпірбай Бөгембайұлы. Кемпірбай Бөгембайұлы — қазақтың суырып салма ақыны, әншісі. Ол 1834 жылы қазіргі Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Тәттімбет атындағы ауылында дүниеге келген, 1895 жылы қайтыс болған. Атақты ақынның әйгілі жыр жампоздары Шөже, Тезекбай, Әсет, Жәмшібай ақындармен айтыстары халық арасына кең тараған. Кемпірбайдың Шөжемен айтысының аяғы жұмбақ айтысқа айналады. Ал Кемпірбайдың Жәмшібаймен сөз қағысы ру айтысының дәстүрінде өтеді. Әсет ақынның Кемпірбай ауырып жатқанда көңілін сұрай келіп айтқан өлеңі, оған Кемпірбайдың қайтарған жауабы көркемдік жағынан қазақ фольклорының тамаша үлгілерінің бірі. Кемпірбай өлеңді кәсіп еткен ақын. Үйде де, түзде де домбырасын қолынан тастамаған. Ақындарды іздеп жүріп айтысқан. Халықтың көңілін өлең жырмен көтеруден жалықпаған. Кемпірбайдың Шөже мен айтысы өзіндік ерекшелігімен, оқиғасы соншама шиеленіске құрылуымен бағалы дүние. Екі ақын да тапқыр. Екеуінің өлеңінде де ой "пәле-ай", "өркенің өссін" деген ризашылығын жиі естіген. Екі ақынның айтысы 1910 жылы қазанда "Қазақтың айтыс өлеңдері" деген атпен жарық көрді. Бұдан кейін 1931 жылы С.Сейфуллиннің құрастыруымен "Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары" атты кітабында жарияланды. Кемпірбайдың көп шығармасы біздің дәуірімізге жетпеді. Әйтсе де оның осы мұрасының өзі, әсіресе, "Әсетпен арыздасуы" атты туындысы ақынның қазақ әдебиеті тарихынан өзіне лайық орын алуына мол жетіп жатыр. Өйткені бұл өлең туған ел, туған жермен қоштасу ғана емес, оны дәріптеуге құрылған. Токипона. Токипона (toki pona) — Канада азаматы Соня Элен Киса өзі ойдан шығарып құрастырған тіл. Жасанды тілдердің арасында ең оңайы ретінде деп сенеді сол тілдің әуесқойлары. Токипона туралы алғашқы хабар Интернет желіснде 2001 жылы пайда болды. Toki Pona «жақсы тіл» деп аударылады (қараңыз: - сөйлесу, - жақсы). Киса бұл тілді құрастырған кезде даосизм мен дзён-буддизм діндеріне қызығып жүрген болатын, сондықтан тілді барынша қарапайым етіп шығарған. Франклин Делано Рузвельт. thumb Франклин Делано Рузвельт (30.01.1982, Хайд-Парк, Нью-Йорк штаты – 12.04.1945 Уорм-Спрингс, Джорджия штаты) – АҚШ-тың мемлекет қайраткері, 32-президенті. 1904 ж. Гарвард университетін бітіріп, 1907 ж. Колумбия университетін бітіріп, заңгер мамандығын алған. 1910 ж. Демократиялық партиядан Нью-Йорк штатының сенатына сайланды. 1912 ж. қайта сайланды. 1913-20 ж. АҚШ теңіз істері министрінің орынбасары. 1928 ж. Нью-Йорк штатының губернаторы болып сайланды. 1930 ж. қайта сайланды, дағдарыс кезінде күйзелген халыққа мемлекеттік көмек беру жүйесін құрды. 1932 ж. бастап президенттік сайлау қатарынан төрт мәрте жеңіске жетті. Демократтар мен Рузвельттің елді дағдарыстан шығару бағдарламасы «жаңа бағыт» деп атанды. Бұл бағдарлама мемлекеттік қаржы экономика-әлеуметтік саланы жан-жақты қамтыған. Терең жүйелі реформа болды. Рузвельт әкімшілігінің реформалары әлеуметтік экономикалық мәселелерді шешуде мемлекеттің рөлін көтерді, елдің сыртқы саясаттық бағдарларына да өзгерістер енгізді. 1933 ж. қарашасында АҚШ пен КСРО арасында дипломаттық қатынас орнады, келіссөздер жасалды, АҚШ-тың Гитлерге қарсы одаққа қатысуы Рузвельт есімімен тығыз байланысты. Рузвельт АҚШ-тың Латын Америка елдеріне көз қарасын өзгертіп, 1933 ж. «Тату көрші» саясаты жарияланды. Гаитиден АҚШ әскерлерін қайтарып алды. 30 жж. фашистік мемлекеттердің басқыншылық саясат жүргізуі және соғыс қаупінің күшеюіне байланысты Еуропаға қатысты саясатқа Рузвельт пен оның пікірлестері Батыс Еуропаның демократиялық мемлекеттерімен, оның ішінде Англиямен, жақындасу қажет деген ойда болды. Алайда АҚШ бейтарап саясат ұстануға ұмтылды. 1935 ж. конгресс бейтараптылық туралы заң қабылдады. Америкалықтар өз тарихында тұңғыш және соңғы рет 1940 ж. Рузвельтті үшінші рет президент етіп сайлады. 2 –ші дүние жүзілік соғыс басталған соң Рузвельт әкімшілігінің конгресстен бейтараптылық туралы заңды жоюға және Англия мен Францияға әскери жабдықтар беруге мүмкіншілік алды. 1941 ж. 11 наурызда ленд-лиз туралы заң қабылдады. Бұл заң фашистік басқыншылыққа қарсы күрес жүргізіп жатқан елдерге құрал жабдықтарды жалға беруге рұқсат етті. 1943 ж. қаңтарда Касабланкада өткен конфиренцияда Рузвельт Германияға, Италия және Жапонияға «сөзсіз тізе бүкенге» дейін соғысатынын мәлімдеді. Үш ұлы держава КСРО, АҚШ және Ұлыбритания басшыларының Тегеранда (1943 ж. 28 қарашада) және Қырымда (1945 ж ақпан) өткен конфиренциялар шешімдеріне қол қойды. 1944 ж. соғыс болып жатқанына байланысты 4-ші рет президент болып сайланған кезде Рузвельт соғыстан кейін Ұлы державалардың ынтымағын нығайту жөнінде пікір ұсынды. Рузвельт мемлекет қайраткері және дипломат ретінде АҚШ саясатының соғыстан кейінгі қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосып, 20-шы саясатшы ретінде тарихта қалды. Алматы метросы. Алматы метрополитені — Алматы қаласында салынып жатқан метрополитен жүйесі. Алғашқы бөлігінің ашылуы 2011 ж. Кейбір басылымдар бойынша 16 желтоқсан 2011 жылдан ерте емес. Алматы метрополитені Қазақстандағы алғашқы, Орталық Азияда екінші (Ташкент метрополитенінен кейін) және ТМД-дағы 16-шы немесе 17-ші метрополитен болмақшы. Жүйесі. Метрополитеннің үш бағытының ұзындығы 45 км. болады. Ұзындығы 8,56 км. құрайтын алғашқы бағыт 7 бекеттен тұратын болады (оның ішінде төртеуі терең, қалғандары таяз орналасқан). Бағыт Райымбек даңғылынан оңтүстікке қарай Фурманов көшесінің астымен Абай даңғылына, одан әрі батысқа қарай Гагарин даңғылына және Жароков көшесіне дейін тартылмақшы. Алғашқыда 7 4-вагонды пойыздар жүреді. Жүру кезегі 5 минуттан 2 минутқа шейін. Пойыздардың орташа жылдамдығы 40 км/сағ болады. Қызылқоға ауданы (Атырау облысы). Қызылқоға ауданы () — Қазақстан Республикасына қарасты Атырау облысының ауданы. Әкімшілік орталығы — Миялы селосы. Жағрапиясы. Ауданның территориясы 24,9 мың шаршы км. Жер рельефі — тегіс. Қызылқоға жерін Ойыл және Сағыз өзендері қиып өтеді. Радлов, Василий Васильевич. Радлов, Василий Васильевич (шын аты -- "Вильгельм Фридрих") (1837-1918) -- неміс шығыс зерттеушісі, этнографы, тюркологы, археологы. Сутегі. Сутегі (латынша Hydrogenium), "H" – элементтердің периодтық жүйесінің VII тобындағы химиялық элемент, атомдық номері 1, атомдық молекуласы 1,00797. Ашылу тарихы. Сутекті алғаш Г.Кавендиш зерттеп, оны «жанғыш ауа» деп атаған (1766). А.Лавуазье сутектің қасиеттерін зерттеп, химиялық элементтер тізіміне қосыпты (1787). «Сутек» терминін орыс химигі М.Ф.Соловьев ұсынды (өз тілінде, 1824). Кездесуі. Табиғатта тұрақты екі изотопы 1Н (протий) және 3Н (тритий) кездеседі, жасанды жолмен радиоактивті изотопы 3Н мен өте тұрақсыз 4Н алынған. Сутек - әлемде көп тараған элемент. Массасы бойынша атмосферадағы сутектің мөлшері 3,5 *10 -6% литосфера мен гидросферада – 1%, суда – 11,9%. Қасиеттері. Сутек иіссіз, ең жеңіл газ, суда ерімейді, палладий, платина, никель, т.б. металдарда жақсы сіңіреді; балқу t - 259,1 °C, қайнау t – 252,6 °C. Сутектің молекуласы екі атомнан тұрады (Н2), диссоциациялану дәрежесі 35000С-та 20%, ал 50000С-та 96%-ға тең. Тотығу дәрежелері +1,-1. Асыл (инертті) газдар мен асыл металдардан басқа элементтердің көпшілігімен хим. қосылыстар түзеді. Күшті тотықсыздандырғыш болғандықан F2 –мен (қараңғыда - 2520С-та), Cl2-мен (жарықта), O2-мен (550 °C –тан жоғары) әрекеттесіп тікелей қосылыстар (HF, HCl, H2O) түзеді. Сутекті көптеген металдардың (Cu, Fe, W, Re, т.б.) окситтерімен тотықсыздандырады. Мысалы: Cu O +H2 =Cu + H2O және Fe3O4+4H2=3Fe+ + 4H2O, т.б. Сутек азотпен әрекеттесіп, аммиак (N2+3H2=2NH3), күкіртпен күкіртсутек (Н2+S=H2O), көміртекпен жоғары температурада метан (C+2H2=CH4) түзеді. Сілтілік және сілтілік жер металдармен әрекеттесіп гидридтер (LiH, NaH, CaH2, BaH2,т.б.) түзеді. Сутектің аса маңызды реакциясына CO-мен әрекеттесіп, температура, қысым, катализатор әсеріне байланысына әр түрлі органикалық қосылыстар (HCHO, CH3OH т.б.) түзу жатады. Қолданылуы. Өнеркәсіпте сутек метанда конвергенциялау (CH4+H2O=3H2 + CO) несмесе суды электролиздеу (2H2O =2H2 +O2) арқылы ашылады. Мұнай және химия өнеркәсібінде қосымша өнім ретінде сутек бөлінеді. Лабараторияда сутекті сұйытылған тұз (HCl) немесе күкірт (H2SО4) қышқылдарына мырышпен әсер етіп алады. Дүние жүзінде жылына шамамен 350*109 тонна сутек өндіріледі. Сутек, аммиак, тұз қышқылы, жасанды сұйық отын алуда, майларды гидрогенезациялауда, металдарды сутек-оттек жалынында кесуде, мұнай фракцияларын гидротазалау мен гидрокрекингісінде, тағыда басқа қолданылады. Атом энергетикасында изотоптары маңызды орын алады. Сутекті экологиялық таза орын ретінде қолданудын болашағы зор (2H2+O2=2H2O). Брусиловский, Евгений. Брусиловский Евгений Григорьевич (1905-1982)- композитор, қазақ музыкалық мәдениетінің негізін қалаушыларының бірі, ҚазССР-нің халық артисі, профессор ССРО және ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Ленинград консерваториясын профессор М.О. Штейнбергтің композиция класы бойынша бітірген. Брусиловский өзінің шығармашылық қызметін қазақтың музыкалық фольклорын зерттеуге арнады. Ол - Н.Бөкейханов, Л.Мұхитов, М.Бөкейханов, И.Байзақов сияқты көрнекті музыканттардың әндері мен күйлерін жазып алған. Брусиловский алғашқы қазақ операларын, симфонияларын, ірі хорлық және кантата - ораториялық шығармаларды алғаш көрерменге танытқан музыкант. Ол - “Қыз Жібек”,“Жалбыр”, “Ер Тарғын” операларының, “Сары-арқа”, “Целинная”, “Құрманғазы” симфонияларының, кантаталардың, сюиталардың 50 - ден аса әндер мен романстардың авторы. Е.Г. Брусиловскийдің музыкалық шығармаларына ашық, бейнелі әуендік сипаттамалар тән. Қазақ әуенін өз бояуымен қабылдап, оны көрермен құлағына жеткізуде Е.Г.Брусиловскийдің еңбегі зор. Мона Лиза. Мо́на Ли́за — бұл шамамен 1503 жылдары итальяндық суретші Леонардо да Винчидің салған суреті. Бұл сурет әлемдегі ең танымалы көркем суреттердің бірі болып табылады. Қайта өркендеу заманына жатады. Луврда (Франция, Париж) қойылған. Суреттің толық атауы итал. Ritratto di Monna Lisa del Giocondo —Лиза Джокондо ханымның суреті. Тарихы. Басқа ешбір суреттерде Леонардо тұманды және тереңдікті («сфумато») “Моно Лизадағыдай” соншалықты дәл бейнелемеген. Бұл орындалуы бойынша ең озық шығарманың бірі болып есептелетін секілді. «Мона Лизаның» бүкіл әлемдік атаққа ие болуы көркем қызығушылар мен мамандарды сүйсіндіретін Леонарданың сапалы жұмысына ғана байланысты емес. Сурет тарихшылар зерттеуінен өтті және суретшілермен көшірмесі жасалды. Бірақ ол ұзақ уақыт бойына тек өнер білгірлеріне ғана танымал болды (знаток), егер оның ерекше тарихы болмағанда. 1911 жылы «Мона Лиза» ұрланып, үш жылдан кейін кездейсоқ жағдайлардың әсерінен музейге қайта оралды. Осы уақыт аралығында «Мона Лиза» бүкіл әлемдегі газет пен журналдардың бірінші бетінен түспеді. Сондықтан басқа суреттерден қарағанда «Мона Лизаның» көшірмесінің көп болуы таң қаларлық жағдай емес. Сурет әлемдік классиканың шедеврі ретіндегі объектке айналды. Үлгінің ұқсастығының проблемалары. 1517 жылы кардинал Луи Арагонский Леонардоға оның Франциядағы ательесіне келді. Бұл кездесудің сипаттамасын кардиналдың көмекшісі Антонио де Беатис қалдырды: “1517 жылдың 10 қазанында монсиньормен бірге Амбуаздың бөлек бір алшақтанған жерінен флорентиялық, бурыл сақалды қария, жасы 70-тен асқан – біздің заманымыздың ең үздік суретшісі мессир Леонардо да Винчидімен кездесуге бардық. Ол өзінің үш суретінің кереметтілігін көрсетті: бірі Лоренцо Великолепныйдың ағасы Джулиано Медичидің өтінішімен салынған флорентиялық әйелдің бейнесі, екіншісі - Иоанн Крестительдің жас шағы және үшіншісі – Қасиетті Анна Мариямен және нәресе Христоспен; барлығы жоғары дәрежеде керемет болды. Іскер өзінен сол уақытта оның оң қолы жасамайтындықтан жаңа жақсы жұмыстар күту мүмкін емес еді”. Зерттеушілердің пікірі бойынша, «флорентиялық әйел» деп «Мона Лизаны» айтқан болулары керек. Бірақ, бұл суреттің не көшірмесі, не куәгерлері қалмаған мүлде басқа сурет болуы мүмкін, бұның салдарынан Джулиано Медичи «Мона Лизаға» ешқандай қатысы жоқ болып шығуы мүмкін. Итальяндық суретшілердің өмірбаяндарының авторы Джорджио Вазаридің (1511—1574) жазбалары бойынша Мона Лиза (мадонна Лизаның қысқартылуы бойынша) Франческо дель Джокондоның (итал. Francesco del Giocondo) әйелі болған, оның портретіне Леонардо төрт жыл уақыт жұмсаған, сонда да жұмысы аяқсыз қалған. Вазари бұл портреттің сапасы жөнінде өте жақсы мақтаулар айтады: “Өнердің табиғатты қалай дәл сипаттайтындығын көргісі келген әрбір адам, бұны баc мүсінінің кескініне қарап-ақ байқауына болады, өйткені Леонардо бұл жерді өте дәл бейнелеген. Көзінде тірі жандікіндей ұшқын мен ылғал бар... Нәзік мұрыны шын сияқты. Аузының алқызыл реңі бет әлпетімен әдемі үйлеседі... Оның мойнына назар салып қараған адамның бәрі тамыр соғысын байқағандай болады...” Ол сонымен қатар сәл күлімсіреген бейнесін былай деп түсіндіреді: “Леонардо әдейі әншілер мен сайқымазақтарды шақырып, ұзақ уақыт қозғалыссыз отырған әйелді көңілдендірмек болған сияқты ”. Мүмкін бұл мағлұмат шындыққа жанасатын да шығар, бірақ Вазари бұны Леонардоның өмірбаянына оқырмандарды қызықтыру үшін қосқан секілді. Вазари түсініктемесінде суретте бейнеленбеген оның қасына да тоқтала кеткен. Бұл сәйкессіздік егер автор ойынан немесе біреулердің айтуы бойынша жазғандығынан болуы мүмкін. Леонардо суретті алып 1516 жылы Италиядан Францияға кетіп қалғанына қарамастан, бұл сурет өнерге қызығушылардың арасына өте танымал болған. Италияндық деректерге сәйкес сурет содан бері фрацуз каролі Франциска I жинағында болған, алайда қашан және қалай оларда пайда болғаны және Леонардо неліктен оны тапсырысшыға қайтармағаны түсініксіз болып қалды. 1511 жылы туылған Вазари Джаконданы өз көзімен көруі еш мүмкін емес еді, сондықтан ол тек Леонарданың бірінші өмірбаянын жазған белгісіз автордың берген ақпаратына сүйенуге мәжбүр болған. Үшінші әйелі Лизаның суретін салуға тапсырыс берген жібек сататын лауазымы төмен саудагер Франческо Джокондо туралы да сол жазған болатын. Бұл белгісіз автордың сөздеріне қарамастан көптеген зерттеушілер «Мона Лизаның» Флоренцияда (1500—1505) салынғанына сенімсіздік білдіреді. Дамыған техника картинаның одан беріректе салынғанын көрсетеді. Сонымен қатар, ол уақытта Леонардо «Ангиар шайқасы» атты туындысымен айналысып жатқандықтан тіпті бекзада Изабелле д’Эстэнің тапсырысынан да бас тартқан болатын. Сонда қарапайым саудагер атақты суретшіні өзінің әйелінің суретін салуға үгіттей алды ма екен? Мына факт те қызықты, өзінің сипаттауында Вазари Леонардоның үлгі мен сурет арасындағы ұқсастықты емес, физикалық феномендерді дәл келтіретіндігін мақтаған. Қандай да бір “физикалық” ерекшеліктер суретші ательесіне келушілердің ойларына терең із қалдырып, Вазариге елу жыл өткеннен кейин жеткен деген, әрине, ақылға сыймайды. Композицияны талдаудың нәтижесі Леонардо жеке тұлғаның портретін салуға талпынбағанын көрсетеді. «Мона Лиза» суретшінің ойының іске асуы болып табылады, ол туралы жазбасы туралы трактатында айтылған. Леонардо жұмыстарына әрдайым ғылыми тұрғыдан қарады. Сондықтан оның бірнеше жыл жұмсаған жұмысы «Мона Лиза» әдемі, сонымен қатар қолжетпес және сезімсіз бейнеге айналды. Ол біруақытта жағымды да суық болып көрінеді. Джаконданың назары бізге бағытталғанына қарамастан, біз бен оның арасында визуалды кедергі - өткел секілді әсер ететін столдың тұтқасы бар. Осыған ұқсас концепция сұхбаттасу мүмкіндігін жоққа шығарады. Мысалы, Рафаэлдің он жылдан кейін жазған Балтазар Кастильон портреті (Лувр, Парижде қойылған) секілді. Соған қарамастан, біздің назарымыз оның ашық бетіне, түссіз фатаның астында жатқан қара шашына, мойнындағы көлеңкеге және артқы жағындағы қараңғы түтінделген пейзажға еріксіз түседі. Алыстағы таулардың фонында фигура монументалды болып көрінеді, алайда картинаның форматы үлкен емес (77х53 см). Бұл монументалдылық, жоғары күш иесіне ғана тән, қарапайым біз сияқты ажалды халықты қолжетпеске ұмтылуға мәжбүр етеді. Леонардо үлгіні ХV ғасырдағы италияндық суреттерегі құдай-анаға ұқсас етіп бекер таңдамаған. Қосымша алшақтық мінсіз сфумато-эффекттің (қанық түстерден бас тартып, “қалқымалы”сезім тудыру) әсерінен пайда болады. Леонардо іс жүзінде портреттің ұқсастығынан толық босатылып, жазықтық, бояу және қылқаламың көмегімен атмосфера мен жаны бар тіршілік иесін бейнелеуді таңдады. Біз үшін Джаконда мәңгілік Леонардоның шедеврі болып қалады. Джакондоның жүзінің мәнерлілігінің құпиясы - сурет өнеріндегі көпқабатты "лессировкалау" техникасына байланысты – кепкен бояу қабаттарының үстінен жұқа бояу қабаттарын түсіру. Бұл неге әкеледі? Сәуленің бояулардың түссіз қабаттарынан кенепке дейін өту кезінде ол шағылысып кенепке қатысты көру бұрышының түсуіне байланысты не Күн қозғалысы кезінде сәуленің түсу бұрышына байланысты мүлдем әртүрлі тарайды. Сондықтан оның бет-әлпеті әрдайым өзгеріп отырады, ол шынымен тірі жан іспеттес. Бірақ бұл – күшті әсердің бастамасы ғана, көзқарасты сәл өзгертудің нәтижесінде оның жүзі кенеттен анық бас сүйегіне айналады, самай ойықтары тереңдеп, көздері де шүңірейе бастайды... Біздің алдымызда күлімсіреген әйел емес, қандай да бір ажалдың мазағы секілді, бұл түпнұсқадан өте анық байқалады, ал көшірмелеріне бұл ғажап берілмеген. Өте күшті психологиялық әсер пайда болады, қайшылық әсері, бір бейнеге екі мүлдем өзгеше бейнелердің бірігуі. Қайшылық неғұрлым жоғары болған сайын, соғұрлым әсер күштірек, бірақ өлім мен өмірден артық қайшылық мүмкін емес... Бұнда адам болмысының нанғысыз бейнелері біріктірілген, Леонардоның кереметтілігі де осында. Ең шешілмес жұмбақ, оның әдемі әйел бейнесінің артынан ажалдың, бас сүйекті бейнелеуі, бұл деген тіпті мүмкін емес жағдай ғой, бірақ бұл – ұлы суретші және философтың рухы мен ойлау деңгейі. “Моно Лизаның” деректі тарихы. Мона Лиза ұзақ уақытқа дейін тек сурет өнерінің білгірлеріне ғана танымал болушы еді, егер оны әлемге танытқан ерекше тарихы болмағанда. XVI жүз жылдықтың басынан сурет Леонардо өмірден өткеннен кейін Франциск I дің патшалық жинағында болды. 1793 жылдан бастап Луврдегі Орталық өнер музейіне ауыстырылды. Луврдағы Мона Лиза әрқашан ұлттық жинақтың бір байлығы болып қалады. 1911 жылдың 11 тамызында суретті Луврда жумыс істейтін айналар бойынша іскер Винченцо Перуджей (итал. Vincenzo Peruggia) ұрлап кетті. Бұл ұрлықтың мақсаты әлі түсініксіз. Мүмкін, Перуджей «Джоконданы» тарихи отанына қайтармақшы болған шығар. Сурет екі жыл өткеннен кейін ғана Италиядан табылды. Оған кінәлі ұрлықшының өзі болды, ол газеттегі хабарландыруға жауап жазып «Джоконданы» сататындығын айтқан. Ол көшірмелерін жсап түпнұсқа ретінде сатпақшы болған деп пайымдалады. Ақырында, 1914 жылы 1 қаңтарда сурет Францияға оралды. Жиырмасыншы жүзжылдықта сурет Луврдан кеткен жоқ, 1963 жылы АҚШ-та және 1974 жылы Жапонияда болып келді. Жапониядан Францияға қайтар жолында сурет Мәскеудегі А. С. Пушкин атындағы музейге қойылды. Бұл сапарлар суреттің жетістігі мен даңқын нығайта түсті. Эчер. Эчер - бұл Мажарстанда, Будапешттан жақында Пешт ауданда орналасқан ауыл. Тарихы. Сөз ‘Эчер’ мажар тілден ‘ағаш’ белгілейді. Ауылдын тарихы 896 ж. бастайды, бірақ бірінші жазған атау тек қана 1315 жылда болды. Алаша. Алаша — Кіші Жүздегі Байұлы тайпаcының құрамына кіретін ру аты. Алаша көп ел, екі салаға таралып отырған. Бір тобы Жайықтың орта шенінің шығыс жығын беттеп Шыңғырлау, Қайынды, Қалдығайты, Жақсыбай, Шилі, Бұлдырты, Тамды, Жымпиты өзендерінің бойын Тұздыкөл, Қоскөл, Итмұрын көлдерінің төңірегін мекендейді, содан Ойыл, Қиыл өзендеріне дейін барады. Жайық бойында Байұлы, Байбақты рулармен аралас отырады. Пилска Окраглак Депосы. Parowozownia Pilska Okrąglak - Бұл Депоның құрылған уақыты 1870-1874 жылдар аралығын қамтиды, сонымен қатар ол сол жердің темір жолының дамуына да себепші болды. Депо өзінің ерекше құрылыс стиліне байланысты, Еуропа елдеріндегі біршама осындай құрылыстардың пайда болуына себебін тигізді. Біраз жылдар пайдалана келе ХХ-ғасырдың 90-шы жылдарында объект пайдаланудан шықты, соның есебінен оны халық ұмыта бастады. Қазір Депоның қандай қалыпта екенін көріп жүрген Пила қаласының біраз ондық тұрғындары бұл тарихи ескерткішті құтқарып қалу амалын табуға бел буды. Қасым Аманжолов. Қасым Аманжолов — қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, халқымыздың дарынды ақыны, атақ-даңқы кең жайылған Қасым Аманжолов (1911-1955) ұлттық әдебиетіміздің заңғар аспанындағы жарық жұлдызы, мәңгі сөнбес шамшырағы еді. Өмірден ерте кеткенмен, ол болашақ ұрпаққа мол мұра қалдырды. Бейбіт өмірді, қан майданды, туған жер мен ата-ананы, достық пен махаббатты, көңіл күйі мен табиғатты биік парасаттылықпен, шынайы сезіммен, зор тебіреніспен жырлады. Алюминий. Алюминий (латынша Aluminium), " Al" - деген ат ашудастардың латын тілінде "alumen" деген аталуынан шыққан. Жер қыртысындағы салмағының 8,8% -ы – алюминий. Ол күміс түсті ақ металл, жылуды және электр тогын жақсы өткізеді, соғуға, жаюға, созуға икемді. Алюминий таза металл түрінде электротехникада ток өткізгіш сымдар, химиялық аппаратура, сондай-ақ күнделікті тұрмыста шаруашылық қажетті бұйымдарды дайындау үшін, басқа металдарды ауа коррозиясынан қорғау үшін қолданылады. Алюминий маңызды стратегиялық металл. Ол жеңіл, жақсы жылу өткізгіш, механикалық жағынан өте берік әрі коррозияға төзімді болғандықтан, өнеркәсіптің әртүрлі салаларында қолданылады. Алюминий, әсіресе, авияцияда, автомобиль, электротехника, тамақ және металл өңдеу өнеркәсібінде, басқа бірсыпыра салаларда маңызды рөл атқарады. Алюминий рудалары минералдық құрамына қарай, екі топқа бөлінеді. Негізгі алюминий рудасына боксит, екіншісіне алюминий силикаттары мен сульфаттар жатады. Алюминий кендері бар нефелинге бай жыныстар Краснояр өлкесі мен Сібірдің көп жерінде, Қола түбегінде, Есіл-Ұлытау аймағында, Ақмола облысында орналасқан. Алунитті жыныстар Әзірбайжаннан Оңтүстік Жоңғардан, Оңтүстік Қазақстан облысынан табылды. Мыс. Мыс (латынша Cuprum), "Cu" – элементтердің периодты жүйесінің I-тобындағы химиялық элемент, асыл металдардың бірі. Реттік нөмірі 29, атом массасы 63,546. Мыстың қорытпалары жез, қола ерте заманның өзінде әр түрлі құрал саймандар жасау үшін қолданылған. Табиғатта ол бос күйінде сирек, негізінен қосылыстар, көбіне күкірітті қосылыстар түрінде кездеседі. Жер қыртысындағы мөлшері 0.003% мыс кендерінің маңыздылары: мыс жылтыры Cu2S, мыс колчеданы CuFeS2, малахит CuCO Cu (OH)2 т.б. Қазақстанда мыс Жезқазған, Қоңырат, Бозшакөл т.б жерлерде өндіріледі. Мыс- қызғылт сары түсті,созылғыш, жұмсақ, металл жылуды және электр тогын жақсы өткізеді. Мыс сульфидін өртеп, тотыққа айналдырып, тотықты көмірмен тотықсыздандыру арқылы мыс алынады. Осы әдіспен алынған мыс тазартылып электр техникада қолдануға жарамды таза мысқа айналдырылады. Мыс- шаруашылықтың түрлі саласында кең қолданылатын металл. Ол әр түрлі қорытпалардың (қола), жез т.б. құрамына кіреді. Сондай-ақ электр сымдарын, кабель зауыт аппараттары, машиналар жасауға жұмсалады. Ванадий. Ванадий - элементтердің периодтық жүйесінің 5 топ элементі. 1801 жылы алғаш рет Мексика минерологы А.М. дель Рио ашқан, 1830 жылы швед химигі Н.Г.Сефстрем темір рудаларынан жаңа элемент алып, оны скандинавия мифологиясындағы сұлулық құдайы Ванадистің құрметіне ванадий деп атаған. 1869 жылы ағылшын химигі Г.Роско хлорлы ванадиді (VCL2) сутекпен әрекеттестіріп, таза 95%- дық ванадий бөліп алады. Ванадий – ашық сұр түсті металл. Қалыпты жағдайда химиялық активтігі өте нашар, ал жоғары температурада ұнтақ күйіндегі ванадий оттек, азот, хлор, күкірт т.б. элементтер мен оңай әрекеттеседі, болатқа қосқанда оның мықтылығы артады. Ол көбіне автомашиналар өндірісінде мотор, цилиндр, білік т.б. жасауға жұмсалады. Ванадийдің темірмен қоспасы – феррованадий түрінде өндіріледі. Өндірісте Ванадий қосылыстарының маңыздысы Ванадий ангидриті V2O5 –қызғылт түсті, суда, сілтілерде жақсы еритін қатты зат. Бұл күкірт қышқылын понтан әдісімен өндіргенде катализатор ретінде кең түрде пайдананылады. Ванадий Қазақстанда Тараз қаласының маңындағы Қаратауда бар. Ванадийдің басқа қосылыстары мұнайдан бензин алуда, спиртті тотықтырып, сірке қышқылын және резина, шыны, керамика бояу, сурет материалдарын өндіруде, медицинада қолданылады. Вольфрам. Вольфрам, "W – элементтердің периодтық жүйесінің VІ тобындағы химиялық элемент; атомдық нөмірі 74, атомдық массасы 183,85." Вольфрам (латынша Wolframіum) табиғатта аз тараған, жер қыртысының 1Ч10-4 %-ын құрайды. Бос күйінде кездеспейді, оның минералдары – вольфраматтар, аздап оксидтер және сульфидтер күйінде кездеседі. Вольфрамды 1781 ж. швед химигі Карл Шееле тапқан, 1783 ж. ағайынды д’Элуяр вольфрам ангидридін көміртекпен тотықсыздандыру арқылы алғаш рет металл вольфрам алған. Вольфрам ашық сұр түсті, баяу балқитын металл. Оның ең көп тараған минералдары – вольфрамит (Fe, Mn) [WО4] және шеелит CaWО4. Вольфрамның балқу температурасы 3410 Ғ 20ӘC қайнау температурасы 5900ӘС. Вольфрам араласқан құймалардың механикалық қасиеті молибденге жақын. Қалыпты жағдайда ол химиялық тұрақты, ауада қыздырғанда тотығып, вольфрам ангидридіне айналады. Вольфрам және оның қосылыстарын алу үшін вольфрамиттер мен шеелиттерді (олардағы WО3 2%-дан аспайды) байытып, концентраттарын пайдаланады. Концентраттардан химиялық жолмен таза вольфрам қышқылдары мен оның тұздары алынады. Оларды тотықсыздандырғанда ұнтақ металл бөлінеді. Вольфрам электр шамының қылы, электр пештерінде қыздырғыштар, рентген түтіктерде, катодтар, т.б. электрлік құралдарда электродтар ретінде қолданылады. Тағы қараңыз. Вольфрам кентастары Қорғасын. Қорғасын (латынша Plumbum), "Pb" – элементтердің периодты жүйесінің IV-тобындағы химиялық элемент, асыл металдардың бірі. Реттік нөмірі 82, атом массасы 207, 2. Қорғасын өте ерте заманнан белгілі, одан жасалған тиын ақша, медальондар ертедегі Египет қазбаларынан көп табылған. Жер қыртысындағы мөлшері 1.6 07 %, ол жеке күйінде кездеседі. Ең маңызды кені-галенит- қорғасын жылтыры PbS; Қазақстандағы кендері Оңтүстік және Шығыс Қазақстанда және Қарағанды облысында. Қорғасын бос күйінде көкшіл-сұр түсті жұмсақ және ауыр металл, оңай балқиды. Қорғасынды өндіру үшін, оның рудасын алдымен байытады, одан шыққан концентратта 40-78% қорғасын болады. Концентраттағы қорғасын көбіне полиметаллургия әдісімен алынады. Қорғасын-өнеркәсіп пен техникада кең пайдаланылатын түсті металл. Ол атмосферада коррозия және қышқылдар әсеріне төзімді болғандықтан, химиялык аппапатуралар (әсіресе, күкірт қышқылы өндірісінде) және кабель, оқ, бытыра дайындауда, радиоактив сәулелерінен қорғануда, медицинада кең қолданады. Қазақстан тәуелсіздігі. 1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси тәуелсіздігі туралы конституциялық заң қабылданды. Заңда: "Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде күллі аумақта бүкіл үкімет билігіне ие болады, өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес анықтап, оны жүзеге асырады. Дербес мемлекет ретінде ҚР халықаралық деңгейге шығады, өзінің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасын халықаралық құқық нормалары негізінде құрады", - деп жазылған. Тәуелсіздік жарияланғаннан соң, бұрынғы Қазақ Республикасының аумағы тәуелсіз жаңа мемлекеттің аумағы деп танылды. Бұл аумақ бөлінбейді және оған ешкім қол сұға алмайды. Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттың азаматтары біртұтас Қазақстан халқы болып табылады. Барлық азаматтар ұлтына, шыққан тегіне, қызметіне, мекеніне қарамастан тең құқықтар мен бостандықтарға ие болды. 1993 ж. 28 ақпанда тәуелсіз ҚР Конституциясы қабылданды. 1995 ж. 30 тамызда Конституция уақыт талабына сай қайта қаралып, оның жаңа нұсқасы қабылданды. Конституцияның бірінші бабында: "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары",- деп жазылған. Мемлекеттік ту. 1996 ж. 24 қаңтарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары (рәміздері) туралы Президенттің Конституциялық Заң күші бар Жарлығы күшіне енді. Осы заңға сәйкес Қазақстаң Республикасының мемлекеттік нышандары: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы, елтаңбасы және әнұраны болып табылады. Заңда Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Қазақстан аумағында жүрген адамдар ҚР мемлекеттік туын, елтаңбасын, әнұранын құрметтеуге міндетті деп көрсетілген. Сонымен қатар занда мемлекеттік рәміздерді қорлағандардың ҚР заңдарына сәйкес жауапқа тартылатындығы да айтылған. Қазақстан Республикасы мемлекеттік туының түсі — ашық аспан түстес зеңгір көк. Түрлі рәміздерде қолданылатын түстердің өзіндік мән-мағынасы болатыны белгілі. Осы тұрғыда алғашқы геральдистердің бірі Ансельм жасаған кестеге (ХVІІ ғ.) жүгінетін болсақ, көк түс адалдықтың, тазалықтың белгісі екен. Қазақстанның туы - бірыңғай көк. Ол мемлекеттік тұтастық идеясын білдіреді. Туда бейнеленген шуақты күн — байлық пен берекенің, қыран — еркіндіктің белгісі. Ал, туда салынған ұлттық ою-өрнек қазақ халқының өнерін, көркемдік танымын білдіреді. -Мемлекеттік ту мемлекеттік мекемелерде, шетелдегі елшіліктерде, консулдықтарда, әскери теңіз кемелерінде, әуе кемелерінде және т.б. жерлерде тігіледі немесе орнатылады. Мемлекеттік тудың барлық белгілері салынған жалаушалар келіссөз үстелдеріне қойылады. Ресми қонақтарды қарсы алғанда, оларды шығарып салғанда машиналарға қадалады. Елтаңба. Қазақстан Республикасының елтаңбасы шеңбер ішінде бейнеленген. Шеңбер тіршілік, шексіз өмір деген мағынаны білдіреді. Елтаңбадағы ең негізгі белгі — шаңырақ. Шаңырақ - киіз үйдің төбесіндегі күмбез тәрізді бөлігі. Оған уықтар шаншылады. Елтаңбада бейнеленген уықтар күн сәулесіндей айналаға тарап түр. Қазақ халқында "Отан отбасынан басталады" деген мақал бар. Демек, шаңырақ отбасы, үй деген ұғымды білдіреді. Әлемдік геральдика тарихында шаңырақ - тұңғыш рет қолданылған бейне. Шаңырағы бар елтаңба бұрын тарихта болған емес. Елтаңба композициясында - аймүйізді, алтын қанатты қос пырақ бар. Қос пырақтың қанаттары бір қарағанда, бауланған бидайға ұқсайды. Қазақ — малсақ халық. Ат, жылқы, тұлпар — қазақ халқының тұрмысының негізі болған. Біле білсек, жылқы өз кезегінде адамзат өркениетінің дамуына ықпал еткен қой. Пырақтың мүйізі жеті буыннан тұрады. Жеті буың қазақтың "Жеті ата" ұғымын біддіреді. Жалпы қазақ халқы мүйізді ерекше қастерлейді. Елтаңбада шаңырақ пен қос пырақтан басқа бес бұрышты жұддыз бейнеленген. Елдің аты алтын түсті әріппен жазылған. Теміртау. Теміртау - қала, Орталық Қазақстанның, Қарағанды облысында Нұра өзенінің бойында орналасқан. Ол бүкіл Қазақстанға, ТМД елдеріне өзінің жер қойнауының байлығымен әйгілі, өйткені Теміртау – республикамыздың ірі индустриялды орталығы, еңбеккер даңққа бөленген қала. Теміртаудағы «Миттал Стил» зауыты шойын, болат, агломерат және т. б. өндіреді. Бұл өнімдер Қазақстандағы бүкіл өндірістерді, өнеркәсіптерді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, өзінің өнімдерін 60-тан астам елдерге экспортқа шығарады. Теміртауда еліміздің елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еңбек етті, өндіріске мол үлесін қосты, Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің қабырғасында білім алды. Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров та осы қаладан шыққан. Теміртауда ҚМИУ, ТПК және т. б. оқу орындары бар. Мұнда нарықтық экономикаға, осы заманға сай, өндірісте қажетті болатын 40-тан астам мамандық түрі бар. Универститет түлектері республикамыздың ірі өндірістерінде мекемелерінде тәжірибе жинап, еңбек сіңіреді. Олар еліміздің экономикасының өркендеуіне, дамуына мол үлесін қосуда. Теміртау 60 жылға толды. Осы ұзақ мерзім аралығында қалада көптеген өзгерістер болды. 90-шы жылдары егемендігін алған Қазақстан экономикасын көтерген қаланың бірі – Теміртау болды. Қазір Теміртауда жаңа зәулім үйлер, арнайы спорт кешендері, діни мекемелер салынуда. Теміртау ендігі жылдары көркейеді, өркендейді деп сенемін. Бүкіл теміртаулықтар сүйікті қаласын биік белестерден көруді армандайды.Теміртау қаласы Қала 1945 жылы құрылды. Қала аумағы 0,3 мың шаршы километрге тең. Қала халқының саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 171,9 мың адамды құрады. Қалалық әкімшілікте 1 кенттік округ бар. Есептілік деректер бойынша 2007 жылдың басына қалада тұратын халық санының Қалада 01.01.07 жылға 1566 шаруашылық жүргізуші субъекті тіркелген, оның ішінде 25 ірі, 98 орта, 1443 шағын субъектілері. өзге де бейметалл минералдық өнім өндіру; «Миттал Стил Теміртау» АҚ, «Central Asia Cement» АҚ, «Оқжетпес» ЖШС. шойын, болат, темір мен болаттан жасалған илек, ақ қаңылтыр, мырыш жалатылған илек; 2006 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің айтарлықтай бөлігін өсімдік шаруашылығы құрады. 2006 жылғы 1 шілдеге ауыл шаруашылығы өндірушілерінің нақты бары: 7,0 мың халықтың жеке қосалқы шаруашылығы. Аймақта ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге 1,3 мың гектар ауыл шаруашылық жерлері пайдаланылады, оның ішінде 1,0 мың га - егістік алқаптар.* 2006 жылғы астыққа 1,2 мың га ауыл шаруашылық дақылдары егілетін егістік жерлер пайдаланылды, 0,8 мың га картоп, 0,4 мың га көкөніс. 0,3 мың тонна ет (тірі салмақта); ірі қара мал саны 2,3 мың бас; қой мен ешкі – 1,2 мың бас; құс – 3,2 мың басты құрады.* • 36 күндізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, онда 21129 оқушы оқиды, • 3 колледжде - 4063 оқушы, • 4 кәсіби-техникалық оқу орнында – 2126 оқушы, • 1 жоғары оқу орнында 4002 оқушы оқиды. • кино көрсету қызметін жүзеге асыратын 2 ұйым, 2006 жылғы қаланың ірі және орта кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік саны 67849 адамды құрады, орташа атаулы еңбекақы - 43821 теңге. 2006 жылғы өндірістік өнім көлемі (үй шаруашылық есебінсіз) 159720,3 млн. теңгені құрады. Жылдық деректер бойынша 2006 жылы негізгі капиталға инвестициялар 20990,5 млн. теңге сомасында игерілді, бұл 2005 жылғы көлемге 51,4%-ды құрайды. Кәсіпорындардың өз күштерімен орындаған мердігерлік жұмыстар көлемі 2006 жылы 6547,1 млн. теңгені немесе 2005 жылғы көлемнің 87,3%-ын құрады. 2006 жылғы бөлшек тауар айналым көлемі (қоғамдық тамақтандыру қызметің есепке алмағанда) 12628,7 млн. теңге шамасында құралды, қызмет көрсету көлемі (мемлекеттік басқару қызметінсіз) – 1634,1 млн. теңге. Теміртау, қала Нұраның сол жағасында, Қарағандының солтүстік-батысында 35 шақырым жерде орналасқан. Теміртау облыс орталығы Қарағандының серіктес қаласы, құрамына Ақтау поселкасы кіреді. Орталық Қазақстанның адырлы-төбелі далалық жазығында орналасқан.Ауа райы күрт континенталды. Саратов губерниясынан көшіп келген қоныс аударушылар 1905 жылы Жауыр өткел (оның қасындағы шыңның атымен) поселканың іргесін қалады. 1909 жылы поселканың аты Самарқан деп өзгертілді. 1945 жылы қазанның 1-де Теміртау қаласы құрылды. Мұнда толық металлургиялық циклдағы кәсіпорын салу идеясын 30 жылдары М. И. Русаков, Қ.И.Сәтбаев, А.Н.Сперанский көтерді. 1942 жылы 25 қаңтарда СССР Халық Комиссарлар Советі мен Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті жергілікті металл сынықтары негізінде Қарағанды облысында металуртиялық қорыту зауытын салу туралы шешім қабылдады. Құрылыс орны ретінде Самарқан поселкасындағы Қарағандының ГРЭС-1 алаңы таңдап алынды. 1960 жылдың ақпанында Қазақстанда тұңғыш кокс алынды. Комбинатпен қатар дамыған «Карбид», «Қарағандыцемент» т.б. кәсіпорындардың өнімі әлемнің отызға жуық еліне жіберілді. 1995 жылыды 17 қарашасында Қазақстан Республикасындағы ең ірі жекелендіру келісім-шартына қол қойылды. Қарағанды металлургия комбинатының бүкіл акциясы, 64 гектар жер аумағымен қоса британдық инвесторлардың иелігіне өтті. Сөйтіп бұрынғы кәсіпорындардың мұрагері болып «ИспатКармет» ашық акционерлік қоғамы дүниеге келді. Жекелендірудің алғашқы бес жылында «Испат Кармет» ААҚ тауар өндіру көлемін 70 пайызға көтеріпті. Қазір оның өнімін әлемнің 70-тен астам елі тұтынады Оның ішінде Еуропа мен Американың өнеркәсібі дамыған мемлекеттері де бар. Тұрғындар саны 200 мыңнан асқан қалада 96 балабақша, осының жартысына жуық мектеп, жеті арнаулы оқу орны, зауыт-жоғарғы техникалық оқу орны, Ғылым Академиясына қарасты химия-металлургия институтының лабораториясы, мәдениет сарайы, төрт мәдениет үйі, бес кинотеатр, тарихи-өлкетану мұражайы, спорт сарайы мен жасанды мұз айдыны бар. Металлургтер даңғылының төрінен Болатшылар монументі ашылды. Бригада. "Бригада" — полк сияқты негізгі тактикалық әскери қосындардың бірі. Бригада үлкендігі жағынан полк пен дивизияның арасында орын алады. Екі немесе одан көп бригада бірігіп дивизияны құрайды. Бригаданың құрылымы полктікіндей, бірақ бригадада батальондар мен басқа да бөлімдердің саны әлдеқайда көп. Мысалы, мотоатқыштар бригадасында мотоатқыш және танк батальондары полктағыға қарағанда бір жарым-екі есе көп болады. Бригада екі полктан, батальондардан және қосымша құрамалардан да тұра алады. Орта есеппен алғанда бригадада 2000-8000 адам болады. НАТО әскери ұйымында бригада 4000-5000 адамнан тұрады. Шыейцария мен Австрияда бригада 11000 адамға дейін жете алады. Ресей армиясында полк сияқты, бригаданы да полковник шеніндегі әскери басқарады. Басқа армияларда бригаданы бригада генералы басқарады. Тарихы. Алғаш рет тактикалық бірлік ретінде бригаданы швед патшасы Густав Адольф Отыз жылдық соғыстың кезінде қолдана бастаған. Қазақстан Республикасы мен Монғолия арасындағы қатынастар. 1992 жылдың 22 қаңтарынан бастап дипломатиялық қатынастар орнатылды. 1997 жылдың мамыр айында Ұлан-Батырда Қазақстан Республикасының Дипломатиялық миссиясы ашылды. 2007 жылдың қаңтарында Дипломатиялық миссия Елшілік болып ауысты. Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі – О.Нурбаев. 1992 жылдың қыркүйек айында Алматы қаласында Моңғолияның Елшілігі ашылды. Моңғолияның Қазақстандағы Елшісі – Р.Хатанбаатар. Саяси қатынастар. Қазақстан мен Моңғолияның саяси қатынастары 1993 жылдың қазандағы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Ұлан-Батырға ресми сапарынан басталды. Бұл сапар барысында екі жақты сауда-экономикалық қарым-қатынастағы шарт-құқықтық негіз қаланды. Моңғолияның Президенті Н.Багабандидің 1998 жылы Қазақстанға сапары және ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 1999 жылы Моңғолияға сапары екі-жақты қарым-қатынасқа тың серпіліс берді. 1991 жылдан қазіргі уақытқа дейін ҚР мен Моңғолия арасында 40-тан астам келісім-шарттарға қол қойылды. Сонымен қатар, екіжақты қатынастар халықаралық алаңда да белсенді түрде дамуда. Ұлан-Батыр Астананың аймақтық қауіпсіздікті нығайту және ядролық қаруды таратпау сияқты ұстанымдарына қолдау көрсетіп отыр.Моңғолия АӨСШК-тің толық мүшесі. 2002 жылдың 4-6 маусым айында Алматыда өткен АӨСШК-тің саммитіне Моңғолияның Президенті Н.Багабанди қатысқан болатын. 2006 жылдың 17 маусымында Алматыда өткен АӨСШК-тің Екінші саммитіне Моңғолияның Вице Премьер-Министрі М.Энхсайхан бастаған делегация қатысты. 2007 жылдың 14-15 тамызында Моңғолия Президенті Н.Энхбаярдың Қазақстанға мемлекеттік сапары болды. Сапар барысында екі ел Президенттері Бірлескен мәлімдемеге қол қойды. 2008 жылдың 6-7 тамызында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев Моңғолияда мемлекеттік сапармен болды. Сапар барысында екі Президенттерінің Бірлескен мәлімдемесі қабылданды. Сауда-экономикалық қатынастар. Қазіргі таңда Моңғолия-Қазақстан Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия өз жұмысын жемісті атқарып жатыр. 2006 жылғы 24 сәуірде Астана қаласында комиссия өзінің кезекті 5-ші отырысын өткізді. Комиссия жұмысының қорытындылары бойынша тараптар Хаттамаға қол қойды. Сауда-экономикалық ынтымақтастық бағытындағы басымдылық бағытты ҚР Шығыс Қазақстан облысы мен Моңғолияның батыс аймағы арасындағы екі жақты қатынас болып отыр. Экономикалық ынтымақтастықты нығайту үшін 2006 жылдың 16-17 мамыр айында ҚР Шығыс Қазақстан облысының Әкімі В.Храпунов бастаған делегация Моңғолияның астанасы Ұлан-Батыр мен Баян-Өлгей аймағына іссапары болды. Іссапардың нәтижесі ретінде екіжақты хаттамаға қол қойылды. Ресей Федерациясы Алтай аймағы Қос-ағаш ауданы арқылы малды айдап өткізетін трассаны қалпына келтіру үшін және тірі малды Қазақстанға айдап өткізу мақсатында Моңғолия Ресей Федерация Алтай аймағының өкілдерімен келіссөздер жүргізіп жатыр. 2007 жылы екі ел арасындағы сауда айналымы көлемі 28,6 млн. долл. құрап, 2006 жылмен салыстырғанда 44,49% пайызға төмендеді. Сауда айналымы көлемінің төмендеуі Казақстаннан бидай, ұн және мұнай өнімдерінің экспорт көлемінің кемуіне байланысты. Мәдени-гуманитарлық қатынастар. Мәдени-гуманитарлы салада ҚР мен Моңғолия арасында 8 келісім-шартқа қол қойылды. Үкіметаралық келісім негізінде жыл сайын екі мемлекет студенттермен алмасып отырады. Моңғолияның жоғары оқу орындарында қазіргі таңда Қазақстанның 12 студенті оқиды. ҚР мен Моңғолияның Білім министрліктерінің қабылдаған шешімі негізінде Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында Шығыс Қазақстанның мемлекеттік университетінің филиалы ашылып, өз жұмысын 2001-2002 оқу жылынан бастаған болатын. Моңғолияның Баян-Өлгей аймағының Әкімі К. Мейрамның Қазақстандағы сапары барысында ҚР Үкіметі аймаққа Қазақстанның “Қазақстан-1”, “Хабар” және т.б. телеканалдарын көрсету үшін цифрлы телеаппаратураны сыйлады. 2001 жылдан бастап Налайх ауылында қазақ тілін оқыту басталды. Моңғолиядағы қазақ диаспорасының балаларына 2003 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі 9600 дана оқу-әдістемелік құралдар мен оқулықтарды берген болатын. Моңғолияда білімді, әр алуанды мәдениетті, көп тілділікті әрі қарай дамыту үшін ЮНЕСКО-ның халықаралық кластерлі жобаның шеңберінде Баян-Өлгей аймағының орталық кітапханасына ҚР Ұлттық кітапханасы 2006 жылдың наурызында гуманитарлы акция ретінде кітаптар тапсырған болатын. Моңғолия аумағындағы көне түрік ескерткіштерін зерттеу және тарихи-этнологиялық жұмыстарды іске асыру үшін ҚР Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнолигия институты жыл сайын этноархеологиялық экспедицияларды ұйымдастырып келеді. Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы қатынастар. Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 28 қаңтарда орнатылды. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Корея Республикасында 1995 және 2003 жылдары екі рет сапармен болды. 2004 жылы Президент Но Му Хён Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. 2006 жылғы қыркүйекте Оңтүстік Корея Премьер-Министрі Хан Мён Сук Қазақстанға ресми сапар шекті. Оның қорытындысы бойынша 6 құжатқа қол қойылып, мұнайхимиясы және ақпараттық технологиялар саласында екі жұмыс тобы құрылды. 2008 жылғы 13-15 мамырда Корея Республикасының Премьер-Министрі Хан Сын Судың Қазақстанға ресми сапары өтті. Сапар барысында тараптар бірнеше құжаттарға, оның ішінде «Жамбыл» кенорнын бірлесіп өңдеу бойынша құжаттарға қол қойды, Экономикалық саладағы ынымақтастық жөніндегі Іс-қимылдар жобасын әзірлеу туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Сонымен қатар, сапар кезінде «Қазақстан-Корея: ынтымақтастықтың жаңа келешегі» атты қазақстан-корей бизнес-форумы ұйымдастырылды. Парламентаралық ынтымақтастықты қосқандағы жоғары деңгейде делегациялар алмасуы белсенді өтуде. ҚР Парламенті палаталарының төрағалары мен Ұлттық Ассамблея спикерлері ұдайы сапар алмасуда. Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесінің мүше-мемлекеттері басшыларының екінші саммиті барысында Сеул аталған форумның тоыққанды мүшесі мәртебесіне ие болды. 2007 жылы екі жақты сауда айналымы – 843,3 млн. долл., экспорт – 217,4 млн. долл., импорт 625,9 млн. долл. құраған. 2008 жылдың қаңтар-мамыр аралығында бұл көрсеткіш 287,5 млн. долларына жетті (экспорт – 113,8 млн. долл., импорт – 173,7 млн. долл.). Қазақстанның импорт құрамында электроника, машина жасау саласы өнімдері мен құрал-жабдықтар басым. 2007 жылы Оңтүстік Корея Қазақстан экономикасына 780,7 млн. доллар инвестиция салған. Жалпы инвестициялардың көлемі - 2,5 млрд. долл. өз кезегінде, Қазақстан Кореяға салған капиталдың сомасы 66,7 млн. долл. құрады. Қазақстанда корей капиталының қатысуымен 300-ден астам компания тіркелген. Экономикалық өзара қарым-қатынастың дамуында сауда-экономикалық жэне ғылыми-техникалық ынтымақтастық бойынша үкіметаралық комиссиясы маңызды рөл атқаруда. Оның соңғы отырысы 2007 жылғы 4-ші мамырда Астанада өтті. 2005 жылы Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі бойынша екі жақты келіссөздер сәтті аяқталды. Қазақстан мен Корея арасындағы энергетика жэне минералды ресурстар саласындағы ынтымақтастық қарқынды дамуда. ҚР-дағы кен орындарын зерттеу бойынша корей Консорциумының құрамына 6 компания кіреді. 2005 жылғы желтоқсанда Каннам университетінде Қазақтың Мемлекеттік Ұлттық Әл-Фараби атындағы университетімен Қызылорда Мемлекеттік Қорқыт Ата атындағы университетінің қолғабысымен «Қазақстантану» бөлімі ашылды. Корея Республикасында Қазақстанның 2 мыңнан астам азаматы уақытша тұруда. Олардың көбісі шағын және орта кәсіпорындарда жұмыс істейді. Кореяда қазақстандық 90-ға жуық студент дәріс алуда. Қазақстанның Сеулдегі Елшілігі 1996 жылы ашылды. Осы жылдың маусымынан бастап Қазақстанның Кореядағы Елшісі Д.Бердәлиев болып табылады. Оңтүстік Кореяның Алматыдағы Елшілігі 1993 жылы ашылды. Елші Ким Иль Су ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевқа Сенім грамоталарын 2005 жылғы қыркүйекте тапсырды. Квадрат теңдеу. түріндегі көпмүшелі теңдеуді айтамыз. Мұндағы "a"≠0 (Егер "a" = 0 болса, теңдеу). Квадрат теңдеудің графигі - парабола (яғни квадрат функция) "a", "b", және "c" әріптері - коэффиценттер деп аталады: "a" квадраттық коэффиценті - "x"2-тың коэффиценті, "b" коэффиценті - "x"-тің коэффиценті, ал "c" - тұрақты коэффицент немесе тұрақты мүше Соқпақбаев, Бердібек. 'Бердібек Соқпақбаев' — қазақ балалар жазушысы. Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы Алматы облысы Нарынқол ауданы Қостөбе ауылында дүниеге келді. Ата-анасынан ерте айрылған ол кісілердің қолында жүрген. Балалық шағындағы басынан өткен қиындықтар мен жоқшылық жайлы «Балалық шаққа саяхат» кітабында бейнеленген. 1950 жылы «Бұлақ» атты тұңғыш жинағы шықты. Балаларға арнап «Менің атым Қожа», «Аяжан», «Гауһар» т.б. повестер, «Кездесу», «Бозтөбе» поэмаларын жазған. «Қазақфильм» студиясында «Менің атым Қожа» повесі бойынша фильм түсірілді. Абай атындағы Қазақ педагогтық институтының филология факультетін бітірген. Бірнеше жыл ауылда мұғалім болып еңбек етті. «Қазақфильм» киностудиясында редактор болып, «Қазақ әдебиеті», «Балдырған» басылымдарында қызмет етті. Кейін Қазақстан жазушылар одағында балалар әдебиеті бойынша әдеби консультант қызметін атқарды. Оның сценариі бойынша 1967 жылы қойылған «Менің атым Қожа» фильмі Канн халықаралық кинофестивалінің жүлдесіне ие болды. Абайділданов, Әділбек. Әділбек Байзолданұлы Абайділданов— қазақ ақыны. 1932 жылы Талдықорған облысы Сарқанд ауданы Бақалы селосында дүниеге келген. 1950 жылы Лепсі педагогтық училищесін, 1956 жылы — Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Көптеген жылдар бойы облыстық және республикалық газеттердің редакцияларында жұмыс істеген. Ең алғаш рет өлеңдері 1959 жылы жарық көрген. Содан бері оннан астам өлең жинақтары шыққан. Әділбек Абайділданов дүниежүзілік әдебиет классиктерін қазақ тіліне аударумен де айналысқан. Әбдіқалықов, Маршал. Маршал Әбдіқалықов — қазақ жазушысы. 1936 жылы Гурьев (қазіргі Маңғыстау) облысының Шевченко (қазіргі Ақтау) қаласында дүниеге келген. 1959 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген, содан соң мектепте мұғалім, аудандық газетте қызметкер, Т. Г. Шевченконың әдеби-мемориалдық мұражайында директор болып істеген. Кейінгі жылдары «Жұлдыз» журналында аға әдеби қызметкер болған. Маршал Әбдіқалықовтың алғашқы әңгімесі 1955 жылы «Жұлдыз» журналында жарық көрді. 1965 жылы очерктер кітабы шықты. 1975 және 1978 жылдары «Жазушы» баспасында оның екі романы шықты. Жазушының шығармашылығының басты тақырыбы — Маңғышлақ мұнайшыларының өмірі мен еңбегі. Осы тақырыпқа ол пьесалар да жазған. Әбдіков, Төлен. Төлен Әбдіков — қазақ жазушысы. 1942 жылы Торғай облысы Жангелдин ауданы Еңбек ауылында дүниеге келген. 1965 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. «Жалын» әдеби альманахының бөлім меңгерішісі, бас редакторының орынбасары, «Қазақфильм» киностудиясының бас редакторы қызметтерін атқарған. Шығармалары. «Жазушы» баспасынан повестер мен әңгімелері шыққан.Т.Әбдіков көркем туындылары бар кобінесе халқымыздың салт дәстүрін ардақтаған. Ол "Әке" повесін жазған. Әл-Фараби атындағы Қаз мем-к университетті бітірген. Т. Әбдіков көркем туындыларында адамгершілік, ізгілік мәселелерін көтерген. Әбдірашев, Жарасқан. Жарасқан Әбдірашев — қазақ ақыны. 1948 жылы Қызылорда облысы, Арал ауданы Аманөткел ауылсоветінде дүниеге келген. 1969 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. «Лениншіл жас» газетінің әдебиет пен өнер бөлімінде, «Жалын» альманахының поэзия және сын бөлімінде редактор, «Жұлдыз» журналының сын бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарған. «Тамаша» ойын-сауық отауында редактор болған. Әбдіразақов, Бекен. Бекен Әбдіразақов 1936 жылы Шымкент облысы Арыс қаласында дүниеге келген. Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетінің журналистика бөлімін бітірген. «Лениншіл жас» және «Жетісу» газеттерінде жұмыс істеген, «Жұлдыз» журналында жауапты хатшы, «Жазушы» баспасының редакторы қызметтерін атқарған. Бірнеше жыр жинақтарының авторы. Аударма және сын салаларында да еңбек сіңірген. Әбдірахманов, Төкен. Төкен Әбдірахманов 1917 жылы Семей облысы Ақсуат ауданы Қызылтас ауылында дүниеге келген. 1941 жылы Абай атындағы Қазақ педагогтық институтының филология факультетін бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитетінің аппаратында қызмет еткен. «Пионер» журналының редакторы болған. 1952 жылы Абай атындағы Қазақ педагогтық институтының қазақ әдебиеті кафедрасына ұстаздық қызметке ауысты. Филология ғылымдарының кандидаты. Әбдірахманова, Тұрсынхан. Тұрсынхан Әбдірахманова — белгілі қазақ ақыны, филология ғылымдарының докторы (1981), Қазақстанның халық жазушысы (1984). Тұрсынхан Әбдірахманова 1921 жылы Семей облысы, Жарма ауданы, Бөке кеніш поселкесінде дүниеге келген. Аягөз педучилищесінде оқыған, Қазақстан КП ОК жанындағы партия мектебін және 1959 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Мұғалім, мектеп директоры болып істеген, партия және комсомол қызметтерінде, «Қазақстан әйелдері» журналында бөлім меңгерушісі болған. 1969-86 жылдары Қазақстан Ғылымдар академиясының М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болып еңбек еткен. Шығармаларының жинақтары. 1992 жылы екі томдық таңдамалы шығармаларының жинағы жарық көрді. Салах ад-Дин. Салах ад-Дин Юсуф ибн Аюб alā ad-Dīn Yūsuf ibn Ayyūb (Күрдше: سه لاحه دین ئه یوبی "Selah'edînê Eyubî";; c. 1138 - 4 Наурыз, 1193) – Мысыр мен Сирия Сұлтаны болған күрд мұсылманы. Үшінші крест жорығына қарсы мұсылмандарды басқарған. Билігінің шарықтау кезінде өзі негізін қалаған Аюбид династиясы Мысыр, Сирия, Ирак, Хиджаз және Йеменді билеген. Ол крест ұстаушыларға мұсылмандар қарсылығын бастап, ақырында Иерусалим крест ұстаушылар патшалығы құрсауынан Палестина бөлігін босатады. Сол себеп тен де, ол Араб әлемінде, Мұсылмандар, Күрдтер үшін де танымал ірі тұлға. Салах ад-Дин қатаң түрде Суни Исламды ұстанған. Ол ешқашан жеңілген жауларын жәбірлеп, өлтіріп немесе қинаған емес,[1][2] Хаттин соғысынан кейінгі кейбір оқиғаларды ескермегенде. Оның жалпы батырлық, сонымен қатар мейірбандық (chivalrous) қасиеттері Християндық тарихшылар да, әсіресе Моабтағы Керакты қоршауға алғанда, атап көрсетеді. a> қолжазба бетінен; сол қолында Еуропалық билік белгісі. Батыс түрік қағанаты. Батыс түрік қағанаты - "Көшпенділер империясы". Алғашқы кезде қағанатты Тардуш қаған басқарған. Батыс Түрік қағанатының саяси билігінің күшейген кезі Шегу (610-618ж.) мен Тон (618-630ж.) қағандарының билік құрған мерзімі болды. Шегу қаған Қағанаттың шығысындағы шекарасын Алтайға дейін, ал батыстағы шекарасын Тарым өзені мен Памир тауына дейін жеткізді. 630 жылдардан басталып билік үшін талас-тартыс басталды. 634 жылы нушеби тайпасының қолдауымен Ешбар Елтеріс қаған билікті өз қолына алады. Ол «он-оқ бұдун» жүйесін енгізеді. Іле, Шу өзендерінің аймағындағы он тайпа нушебилер мен дулулар деп аталды. Олар арасында 640 – 657 жылдардағы ұзақ уақытқа созылған тартыс хандықты әлсіретеді. Мұны көріп, біліп отырған Қытай мемлекеті 659 жылы Жетісуға басып кіреді. Ешбар қаған қолға түсіп қаза болып, хандық тәуелсіздігінен айырылады. VII ғасырдың аяғы мен VIII ғасырдың басында тургеш тайпасының қағаны Ушліктің Тан империясына қарсы соғыстары нәтижелі бола бастайды. 704 жылы Үшлік қытайлармен куресте жеңіске жетеді. Қарлұқ қағанаты. Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.). Қарлұқ тайпаларынын мекені - Алтай манында орналысқан. 8 ғ. бастап қарлұқтар Жетісуға қоныс аударады. Қарлұқтардың арқасында 751 ж. арабтар Талас бойында түріктермен болған шайқасты жеңеді. Осы кезден бастап қарлұқ тайпалары күшейіп, олардың патшасы өз билігін Алтайда орнатады. 755 ж. қарлұқтар Жетісуда түргештерді женеді. Түргештердің жартысы қарлұқтарға бағынады, ал қалғаны шығысқа таман көшуге мәжбүр болды. Қарлұқтар туралы деректер 5 ғасырға жатады. Ол "бұлақ" деген атпен белгілі. Түркі руна ескерткіштерінде "үш қарлұқ" атын алтай тауы мен Балқаш көлінің шығыс жағалауы арасын қоныс еткен көшпелі тайпалар бірлестігіне айтады. 7 ғ. ортасында қарлұқ бірлестігі құрамына бұлақ, шігіл мен ташлық кірген. Көсемдері Елтабар деп аталған. 766 жылы түргеш қағандарының қос ордасы Тараз бен Суябты қоса, бүкіл Жетісу қарлұқ жабғысының қоластына көшеді. Олар ерте феодалдық мемлекет құрады. Араф географы Әл-Марвази (12 ғ.) қарлұқтар құрамында 9 тайпа болғанын айтады. Қарлұқ конфедерациясына Жетісу мен оңтүстік Қазақстанның тухси, шігілдер, әзкіштер, халаджылар, чаруктер, барысхандар, т.б. түркі тілдес тайпалар кірген. 8-10 ғғ. Қарлұқ тайпалары Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап, Сырдың орта ағысына дейінгі көсіліп жатқан территорияны қоныс етеді. Балқаш пен Ыстықкөл арасы, Шу, Іле, Талас өзендері бойында, Отырарға дейін көшіп жүреді. Олардың билеушісі джабғу, 840 жылдан бастап каған атағын алды. Көшпелі тайпалардың билеуші ақсүйек топтарының қолында жайылымдар мен құнарлы жер ғана емес, қала орталықтары да болды. Қарлұқтар елінде 25 қала мен қыстақ болған. Олардың ішінде Тараз, Құлан, Мерке, Атлалық, Тұзын, Балық, Барысқан және т.б. Қарлұқ қалалары Ұлы Жібек жолы бойында орналасты. Қарлұқ қағанаты ішкі қырқыс, өкіметті алу жолындағы, қоныс-өрісті иемдену жолындағы талас-тартыс мемлекетті ыдыратты. 940 (942) ж. қарлұқ мемлекетінің астанасын - Баласағұнды - Шығыс түркістандағы түріктер - Тянь-Шянь жағынан қоныс аударған чығыл және ягма тайпалары - жаулап алады. Осыдан кейін Жетісуда билік қараханидтерге тап болады. Сонымен, 940 жылы қарлұқ мемлекеті өмір сүруін тоқтатты. 6-13 ғғ. көшпелі және отырықшы мәдениет. Ұлы Жібек жолы Қазақстан жерінде. Б.з.д. 1-мыңжылдықтың орта кезінде Қара теңіз өңірінен Дон бойына, содан Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтарға, Ертіске, одан әрі созылып Алтайға, жоғарғы Етіс пен Зайсан көлі алқабын мекендеген аргиппейлер еліне кететін Дала жолы жұмыс істей бастапан. Осы жолмен жібек, терілер, иран кілемдері, асыл металдан жасалған бұйымдар сауда арқылы таратылып жататын. Б.з.д. 2 ғ. орта шенінде Жібек жолы елшіліктің және сауда-саттықтың тұрақты желісі ретінде қызмет атқара бастайды. Б.з. 2-5 ғғ. Егер Шығыстан жүре бастасақ, Жібек жолы Қытайдың ежелгі астанасы Чаньаннан шығып, Ланчжов маңындағы хуанхэ өткеліне баратын да, одан әрі Наь-Шанның солтүстік сілемдерімен жүріп отырып, Ұлы Қытай қамалының батыс шетінен, Яшма қақпасының шебінен барып шығады. Осы арадан сара жол екіге айрылып, Такла-Макан шөлін солтүстік және оңтүстік жағынан айналып өтетін. Терістік жолы хами, Тұрфан, Бесбалық, Шихо көгал аймақтары арқылы Іле алқабына жететін; ортадағы жол Чаочаннан Қарашарға, Ақсуға сосын Бедел асуы арқылы Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауынан шығып, Дунхуан, хотан, Яркенд, Бактрияларды басып өтіп, Үндістан мен Орта теңіз аймағына қарай кететін; бұл оңтүстік жол деп аталды. Ал солтүстік жолы Қашғардан Ферғанаға, одан әрі Самарқанд, Бұқара, Мерв арқылы хамаданға, Сирияға баратын. 11-12 ғғ. Қытайдан шығып Жетісу мен оңтүстік Қазақстан арқылы батысқа қарай өтетін жол жанданып кетеді. Жолдың бұлай ауытқуын бірнеше себептермен түсіндіруге болады. Біріншіден, Жетісуда Орта Азиямен жүретін сауда жолдарын бақылайтын Түрік қағандарының ордалары болатын. Екіншіден, Ферғана арқылы жүретін жол 7 ғ. ішкі қырқыс салдарынан қауіпті болып қалды; үшіншіден аса бай түрік қағандары олардың айналасы теңіздің арғы бетінен келген тауарларды көптеп тұтынды. 7-14 ғғ. Елшілік және сауда керуендерінің дені Жібек жолымен жүретін. Сан ғасырлар бойы жол тынымсыз өзгеріп отырған. Жібек жолы Орта Азия арқылы оңтүстік Қазақстан мен Жетісуға келетін сауда жолы 14 ғ. дейін, қашан ішкі қырқыстар мен соғыстар қала мәдениетін аздырып,тоздырғанға дейін, Қытайға баратын теңіз жолы игеріліп, бұрынғы көне жолдың жұолдызы сөнгенге дейін жұмыс істеді. Әлкей Марғұлан. Марғұлан Әлкей Хақанұлы (27.4.(10.5).1904 жыл, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, - 14 қаңтар 1985 жыл, Алматы) – КСРО ғалымы, Қазақстан археологтар мектебінің негізін қалаушы. Бүкілодақтық география қоғамының толық мүшесі (1933), философия ғылымының докторы (1946), ҚазССР Ғылымдар Академиясының корр. мүшесі (1946), академигі (1958); профессор (1960), ҚазССР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961), ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының (1982) және ҚазССР Ғылымдар Академиясының Н.Уәлиханов атындағы сыйлығының (1967) лауреаты. Ә. Марғұлан 1925 – 1931 ж. Ленинградтың Шығыстану институтын бітірді (1934), Ленинград мемлекеттік университетінің Қоғамдық ғылымдар факультетінің Шығыс бөлімшесінде оқыды. 1926 – 1930 ж. СССР Ғылымдар Академиясының Қазақстан экспедициясы құрамында қазақтардың әдет-ғұрып, тұрмысы мен өнерін зерттеді. 1930 ж. ҚазССР Оқу Халық Комиссариатының жанындағы Жаңа алфавит комитетінде ғылыми қызметкер. 1931 – 1935 ж. Материалдық мәдениет тарихы жөніндегі Мемлекеттік академиясының (ГАИМК) аспиранты, сонымен қатар Шығыстану институтында оқытушы. 1936 – 1938 ж. СССР Ғылымдар Академиясының Материалдық мәдениет тарихы институтында ғылыми қызметкер. 1938 жылдан өмірінің соңына дейін ҚазССР Ғылымдар Академиясында (1946 жылға дейін СССР ҒА-ның Қазақ филиалы): аға ғылыми қызметкер, Тарих, археология, этнография институтында сектор, бөлім меңгерушісі. Сырдария, Талас, Шу өзендері бойындағы ежелгі қалалардың орнына алғаш рет археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп, Тараз, Отырар, Сайрам, Сауран, Сығанақ мәдениетін зерттеді. Оның басшылығымен Ш.Уәлихановтың таңдамалы (1958) және 5 томдық шығармалар жинағы (1961 – 1972) жарық көрді. Ленин орденімен және медальдармен наградталған. Өмірі. Бастапқы білімді ауыл мектебінен алады. 1915 жылдан бастап 3 жылдық орыс мектебінде оқиды. 1920 жылы Павлодар қаласындағы мұғалімдер курсын бітіреді де, туған ауылында мұғалім болады. Семей техникумында оқып жүрген жылдарында «Таң» жорналы мен «Қазақ тілі» газетінде қызмет істейді. Осы жерде ол М.Әуезовпен танысып. Соның кеңесімен 1925 жылы Ленинградтағы Шығыстану институтының лекцияларын тыңдайды. Осы жылдары Ә.Марғұлан қазақ халқының тарихына қатысты әдеби архивтік материалдар жинақтауымен айналасады. Бірқатар орыс және шетел жазушыларының шығырмалары қазақ оқырмандарына Ә.Марғұлан аудармасы арқылы жетеді. 1926-1927 жылдары одақтас және автономиялық республикаларды зерттеу жөніндегі Ерекше комитетінің Қазақстан, Алтай экспедицияларына қатысады. 1920 жылы Шығыс институтын бітіреді. 1930-1938 жылдары Марғұлан – Қаз КСР Халық ағарту комиссариаты жанындағы жаңа алфавит Комитетінің ғылыми жетекшісі, КСРО ҒА жанындағы мемлекеттік академиясының аспиранты. 1938 жылы Қаз КСР Халық Комиссар Кеңесінің шақыруымен КСРО ҒА Қазақ филиалына қызметке ауыстырылады. 1943 жылы қыпшақ этномәдени бірлігі жазба ескерткіштерінен докторлық диссертация қорғайды. 1941-1946 жылдары – тарих бөлімінің меңгерушісі, 1946-1951 жылдары – археология, палсплит бөлімінің, 1958-1976 жылдары – Ш.Уәлиханов атындағы ҚазКСР ҒА Тарих, археология, этнография институтының этнография бөлімінің меңгерушісі. 1945 жылы «Қазақ халқының эпикалық аңыздары» тақырыбында қорғаған докторлық диссертация қазақ халқының мәдениеті, тарихы саласындағы зерттеулерінің нәтижесі болып табылады. Ауызша эпикалық шығармашылық жанры, қазақтардың материалдық және рухани мәдениетінің тарихы ғұлама ғалым зерттеулерінде жан-жақты талдау тапқан. Соның арқасында халықтық эпикалық шығармаларының тарихи-әлеуметтік тамырлары ашылып, уақыттары негізделді. Бұдан басқа, ол ежелгі архитектуралық ескерткіштерді де зерттеді. Соның арқасында қола мен ерте темір дәуіріндегі археология ескерткіштер сыры ашылды. Орталық Қазақстан аумағындағы археологиялық зерттеулер нәтижесі «Орталық Қазақстанның ежелгі мәдениеті» (Марғұланның басшылығымен және оның тікелей қатысуымен жазылды. Бұл еңбек 1967 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлыққа ие болды.) атты монографиялық еңбекте көрініс тапты. Марғұлан басты авторларының бірі болып жазылған 5 томдық «Қазақстан тарихы» мен «Орталық Қазақстанның Биғазы-Дендібай мәдениеті» 1982 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын алды. Марғұлан зерттеулері музыка, жер шаруашылығы, металлургия және т.б. салаларды қамтыды. 50-жылдардың ортасында Марғұланның басшылық етуімен қазақтың көрнекті ғалымы Ш.Уәлиханов жайында материалдар жинағы жарық көрді.Ә.Марғұлан – Ш.Уәлиханов шығармалары жинағының құрастырушысы әрі редакторы, ол жайында көптеген монографиялардың авторы. Үлкен ғылыми ағартушылық қызметін Марғұлан ұйымдастырушылық қызметімен де үйлестіре білді. Көп жылдар бойы қазақ халқының этногені жөніндегі үйлестіру кеңесін, Қазақ КСР ҒА Тарих, археология, этнография институтының ғылыми кеңесің, докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғау жөніндегі мамандырылған кеңесті басқарды. 300-дең аса ғылыми-көпшілік мақалалар жазған. Жемісті еңбегі үшін КСРО ордендерімен, медальдарымен марапатталды. Мұхтар Мағауин. Мұхтар Мұқанұлы Мағауин (1940ж.) — 1940 ж 2 ақпанда Семей облысының Шұбартау ауданында ауыл мұғалімінің отбасында дүниеге келген. 1957 жылы осы ауданның Баршатас селосындағы қазақ орта мектебін бітіріп, С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне оқуға түседі. Университеттің филология факультетін 1962 жылы, ал қазақ әдебиеті кафедрасының аспирантурасын 1965 жылы бітірген. М.Мағауиннің еңбек жолы 1965 жылдан басталады. Әуелде "Қазақ әдебиеті" газетінде бөлім меңгерушісі, 1967-1971 жылдары "Жазушы" баспасында бас редактордың орынбасары болып істеген. Бұдан соң Қазақ ССР Ғылым академиясының Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтында доцент және аға ғылыми қызметкер болып істеді, сонымен қатар Москвадағы М.Горький атындағы Әдебиет институтында қазақ фольклоры мен қазақ әдебиеті тарихы бойынша арнайы лекциялық курстар жүргізеді. 1983-1984 жылдарда еркін творчестволық қызметте болады. 1984-1986 жылдары "Жазушы" баспасының Бас редакторы болды. Баспасөз бетінде алғаш рет 1959 жылы көрінді. 60-жылдар ішінде негізінен әдебиет зерттеушісі ретінде танылды ("Қобыз сарыны" монографиясы). Бұдан соңғы кезеңде көркем прозаға көбірек ден қойды. Негізгі шығармалары да осы жанырда. Мұхтар Мағауин көптеген әңгімелердің, "Тазының өлімі" (1969), "Бір атаның балалары" (1973), "Көкбалақ" (1978), "Жүйріктің тағдыры" (1979), "Шақан-Шері" (1984) т.б повестерінің, "Көк мұнар" романы (1971) мен "Аласапыран" роман-диологиясының (1980-1982) авторы. Жазушының негізгі шығармалары орыс тіліне аударылған; СССР халықтары мен шет ел тілдерінде басылған. 1984 жылы М.Мағауинге "Аласапыран" тарихи роман-диологиясы үшін Қазақ ССР-ының Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы берілді. М.Мағауин филология ғылымының кандидаты (1967). Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі, Жазушылар одағы прозасы советінің председателі. В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толу құрметіне "Еңбектегі ерлігі үшін" медалімен наградталған. Иә, Мұхтар Мағауин тек айтулы ғалым ғана емес, аса талантты жазушы. бір туар тұлға. Жуандықов, Болат Жүсіпұлы. Өмірбаян (сотталған): Болат Жүсіпұлы Жуандықов 1965 жылы 27 шілдеде Семей облысы, Жарма ауданына қарасты Жалғызтөбе ауылында дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін бірден әскер қатарына алынады. Әскерден кейін Алматыға келіп, ет комбинатында жұмыс істейді. 1986 жылы Желтоқсан көтерілісіне қатысып, 5 жылға бас бостандығынан айырылған. Ол ішкі Ресейдің атышулы түрмелерінде болып, көптеген қиыншылықтарды бастан өткереді. Кейіннен ақталып, елге оралған. Түрмеде нақақтан-нақақ 2 жыл 5 ай отыруға мәжбүр болған. Бұл күнде Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданында тұрады. 1986 жылы мен Алматы ет комбинатында жұмыс істеп жүрген едім. Содан жұмысқа кетіп бара жатып «алаңға халық жиналып жатыр» дегенді естіп барған бетім. Алаң адамға толып қалыпты. Жан-жағын милициялар қоршап алған. Олармен тіресіп жүріп ішке өтіп кеттім. Дәл сол уақытта бізді алаңға келе қойыңдар деп ешкім шақырмағаны анық. Зорлық та жасамады. Бәрі өз еркімен келді. Жалпы, ат шаптырым алаңға бір сәтте мыңдаған адамның жиналуын кездейсоқ оқиға деп қабылдау да қателік шығар. Жалпы, тарихқа көз жүгіртсек, қазақ жерінде отаршылдарға қарсы көтерілістер жиі болып тұрған ғой. Желтоқсан көтерілісі соның ең бір ірі жалғасы деп ойлаймын. Осы бір тәмсілді еске алсақ, Желтоқсан көтерілісінің іштей, ұзақ уақыт стихиялық жағдайда пісіп-жетілгенін байқауға болады. Жастардың талап-тілегі орынды екенін білген соң, жұмысқа бармай төрт-бес күн қатарынан алаңда жүрдім. Алғашқы күні басшылар сөйлеп тұрған микрофонының сымын үзіп, милицияның көзіне ілігіп қалыппын. Алғаш қолға түскенде, байқаусызда машина қағып кеткені бар. Олар біздерді машинаға тиеп, Қапшағайға апарып тастады. Жеткенше қасымдағы жігіттерді ұрып-соқты, машина қағып кеткендіктен, мені өздерінше аяп тиіскен жоқ. Қапшағайға келген соң ес жинадық та қайтадан алаңға тарттық. Содан 21-желтоқсанға дейін алаңда болып, ондағы қанды қырғынды өз көзіммен көрдім. Көтерілістің алғашқы күні алаңнан ет комбинатында бірге істейтін орыс жігіттерді де байқадым. Олар да әділетсіз шешімге өздерінің наразылықтарын білдірген болатын. Кейіннен өкімет басындағылар қазақ пен орыстың арасына от тастап, мәселені ушықтырып жіберді. Сөйтіп, 22 желтоқсан күні таңғы сағат 7-лерде Қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері жатақханада жатқан жерімнен ұстап алды. Сол кезде маған жанашыр жігіттер «шашыңды қиып таста, ауылыңа кетіп қал» деп кеңес берген болатын. Жағдай бұлайша ушығады деп ойламағандықтан, шашымды да қимай, ауылға да кетпей жүре бергем. Мені ұстаушылар КГБ-ге адамдары еді. Олар мені бірден Ленин аудандық ІІБ-ге алып барды. Мұнда келген соң олар ет комбинатында істейтін жігіттердің фотосуреттерін алдыма жайып салып: «Мыналардың ішінен кімді танисың?» – деді. Суреттегі барлық жігіттерді танушы едім. Егер танитындығымды айтсам, сатқындық болатынын білген соң, күліп, ешқайсын білмейтіндігімді айттым. Содан кейін-ақ тепкілеу басталды. КГБ қызметкерлерінің айтуынша, менің алаңда түскен суретім ФРГ-ның бір газетіне басылып шығыпты. Сол газеттің қиындысы арқылы олар мені тауып алған. Мені сол кездегі Совет аудандық РОВД-ға әкелгенде, фотодағы суретпен салыстыру үшін маған ұқсайтын тағы екі жігітті алып келді. Олардың шаш қойысы фотодағы менің суретіме ұқсамады. Ол кезде қасымдағы жолдастарым маған сатқындық жасаған жоқ. Тергеушілердің дайындаған куәгерлері болды. Алғашқы сотта өзім тұратын Совет ауданының учаскелік инспекторы Серега деген (нақты аты-жөні есімде қалмапты) жігітті де қатыстырды. Біз екеуміз күнделікті ертеңгісін жүгіріп, жаттығу жасап тұратынбыз. Сот барысында Серегамыз жалған куәгерлердің айтқанын теріске шығарып, түсініктеме берді. Бұдан кейін сот орындаушылар оны бірден сот залынан шығарып жібергені есімде. Міне, осындай қызық жағдайлар болды. Маған бес жыл берді. Үкім шыққан кезде Қауіпсіздік комитетінің адамдары «сенімен әлі есеп айырысқан жоқпыз, саған бес жыл аз» деді. Олардың бұл ойларының өзіндік себебі бар. Әскерде арнайы бөлімде болып, құпия қызметпен байланыста болған едім. Сондықтан олар маған айрықша көңіл бөлді. Тіпті «бүкіл комбинатты сен бастап шықтың» деп те айып таққан кездері болды. Алғаш Алматының түрмесіне түскенде қатты тепкінің астына алғандықтан, орнымнан тұра алмай қалдым. Бір айдан кейін өз-өзіме келген соң этаппен Қызылордаға жөнелтті. Онда есімді енді жия бастағанда Ресейге, нақтырақ айтқанда, Рязаньға ала жөнелді. Ресей түрмелерінде желтоқсандықтарды «Бунтарь» деп жаман көзқараспен қарады. Орыстар 65-інші бапты қарындашпен сызып, орнына «Халық жауы» деген 79-ыншы бапты бадырайтып жазып берді. Бұдан кейін маған тисушілердің қарасы көбеймесе, азайған жоқ. О баста олардың ұрып-соққанына шыдамай, асылмақ боп әрекеттенгенімде, түрме қызметкерлері көріп қалып, өзімді мерт етуге жол бермеді. Армансыз ұрып алғаннан кейін олар қолға кісен салып, темір торға қолымнан көтеріп асып тастайтын. Бұдан кейін мені Орелға апарды. Онда 7 ай отырған соң Солтүстіктегі Вологой деген түрмеге апарып жапқаны есімде. Ол жерде кілең орыстар болғандықтан мені зонаға кіргізген жоқ. Түрмедегілер мені көргенде «Ты, покойник!» деп, айғай салған еді. Егер олардың арасына апарып қосса, мені орыстардың өлтіретіні белгілі. Оның үстіне ол жерде біраз мұсылман дініндегі татарлар бар екен. Орыстар мені өлтірген жағдайда олар көтеріліп, түрмеде үлкен айқай-шу болатыны белгілі. Сондықтан мені мұнда да тұрақтатпай, Онегаға әкетті. Өз басым Ресейдің атақты деген небір түрмелерінің дәмін таттым. Соңғы рет Солтүстік теңіздегі аралдың ортасындағы түрмеге отырғызды. Ол жерге адам баласының аяғы жете бермейді. 23 шақырым батпақты жермен жаяу жүріп баруың керек. Мұннан қашқан адам арып-ашып, ит-құсқа жем болады екен. Азық-түлік пен керек-жарақ тікұшақпен жеткізіледі. Янгарь деп аталатын бұл түрме «особыйларға» арнап салынған. Кеңес қоғамына жат, айрықша қылмыскерлерді осында әкеліп, құсадан өлтіріп тастайтынын кейін білдім. Онда бес ай бойы жалғыз өзімді жеке камерада ұстады. Монша, сыртқа шығып бой жазу дегенді мүлдем ұмыттық. Ыстық тамақ аптасына екі-ақ рет берілді. Анда-санда келіп үстіңнен суық су құйып кетеді. Бір күні түрменің иесі келіп: «Саған еш қарсылығым жоқ. Сені қинауға комитеттегілер итермелеп отыр» – деп, шынын айтты. Осылай азапты күндерді бастан өткеріп жатқанда артымнан ақталғаным туралы қағаз келіп, денсаулықтан жұрдай болып, балдақ таянып елге оралдым. Түрмеде болған 2 жыл 5 айда мен 25 жылға қартайып кеттім десем, артық айтқандық болмас. Қазір өне-бойымның ауырмайтын жері жоқ. Келгенде медициналық тексеруден өттік. Орысша айтсақ, тоғыз түрлі хранический ауру жамап келдім. Сол кезде дәрігерлер «бәленінші топтағы мүгедек» деген қағазын да қимады. Ондай қағаз алуым үшін біраз уақыт емханаға жатуым керек екен. Дәл қазір менің ауруханада жататын уақытым да, қаражатым да жоқ. Ал қазір осының бәрі көрген түс секілді. Мұндай қайғы-қасірет енді қайталанбаса екен деймін. Тақиялы періште. Режиссері: Шәкен Айманов Актерлер: Әмина Өмірзақова, А.Райнбеков, В.Лунева, Әли Исмаилов, Ермек Серкебаев, Ш.Алтайбаева, Б.Төлегенова, Юрий Саранцев, З.Көшербаева, Е.Диордиев, Р.Шанина, М.Ахмадиев, Л.Ашрапова, Д.Алтайбаева, К.Ахтаев, Л.Маратова «Тақиялы періште» - фильмнің басты кейіпкері география пәнінің мұғалімі Тайлақты дәл осылайша еркелете атайды. Тайлақ – бұл алпамса денелі және періштелі мінезі бар кең пейілді жан. Ол өз анасынан артық шеше жер бетінде жоқ деп санайды. Сонымен қатар, Тайлақ тіпті дастархан басында өзінің сүйікті тақиясын басынан тастамайды. Ұялшақ «періштенің» бойдақ өміріне балта шапқысы келген анасы Тана ұлына қосақ іздеп Алматыға келеді. «Еркекке жалғыз өмір сүруге болмайды, оның қаснда анасы, жоқ дегенде әйелі болуы қажет» - деп пайымдайды Тана. Келін іздеу барысында ол, оған өз көңілін білдіре бастаған Нияздың отбасымен танысады.Осы кездерде Тайлақ көрікті Айшамен танысады. «Періштенің» анасы ұлының таңдауын бірден қабыл алмайды. Айшаның, кезінде Тананың жігіті болып, өз сөзінде тұрмаған Таирдың қызы екені белгілі болады. Мұндай жәйтті ұмыту қиын.«Періштеге» тұрмысқа шығуды сыра сатушы Алтыншаш та аңсайды. Сатушының артынан түсуден құтылған Тайлақ Айшаға үйленуді ұсынады. Нияз болса, Тананың оған әйел болуын қалайды. Осы бір көңілді оқиға қос тоймен аяқталады. Альпылық өсімдіктер. Альпылық өсімдіктер — биік таулы аймақтарда ұшырайтын өсімдіктер. Таудың орман белдеуінен көтеріле келе альпылық өсімдік географиялык ендікке, жергілікті рельеф пен климатқа т. б. жағдайларға байланысты өзгеріп отырады. Альпылық өсімдікке: көп жылдық шөптер мен бұталар жатады, олар ауа райына икемделгіш, жермен жексен болып, тырбиып өседі. Мысалы, Жоңғар, Іле, Күнгей және Теріскей Алатауларында кездесетін альпылық өсімдік мал шаруашылығына қолайлы. Абиотикалық факторлар. Абиотикалық факторлар — өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіне және олардың таралуына әсер ететін сыртқы орта факторлары. Бұған температура, ылғалдылық, жел, жарық, химизм (мыс.: тұздылық) судың тығыздығы мен қысымы т. б. жатады. Абиссаль аймақ. Абиссаль аймақ — теңіз-мұхиттардағы өте терең аймақ. Мұндай аймақ 2000 м-ден астам тереңдікте болады. Оның түп табаны ірі қазаншұңқыр, су асты жоталары мен жеке-жеке үстірттер түрінде болып келеді. Абиссальда өсімдіктер мен жануарлар тек бактериялардан және сапрофит балдырдан тұрады. Мұндағы жан-жануардың көбінде көз болмайды, ал кейбіреуінің көзі өте үлкен болып келеді. Көптеген организмдер жарқырауық қасиетті. Абиссаль шөгінділер. Абиссаль шөгінділер — мұхиттың абиссаль аймағында 2—4 км астам тереңдікте жиналатын теңіз шөгіндісі. Ол Тынық, Атлант және Үнді мұхиттарының түбінің 40 проценттейін алып жатады. Абиссаль шөгінді теңіздегі ұсақ организмдердің ізбес жөне кремний қаңқаларынан пайда болады. Абиссаль шөгіндінің ішінде органогендік тұнбалар мен минералдық шөгінділер көбірек ұшырасады. Азор антициклоны. Азор антициклоны — субтропиктік және тропиктік ендіктердегі атмосфералық әрекеттің тұрақты климат орталығы, жоғары қысымның тұрақты аймагы. Бұл қыста Сахараға, жазда Жерорта теңізіне және Оңтүстік Европаға, оның ішінде Украинаға дейін әсерін тигізеді. Көп жылдық орташа қысымы өзінің орталығында қаңтар айында 1022 мб-ден жоғары, июльде 1025 мб-ден жоғары болып келеді. Айсберг. Айсбергтер (мұзтаулар) — мұхиттар мен теңіздерде қалқып жүретін, немесе олардың тайыз жерінде шөгіп жататын кесек мұз сынықтары. Айсбергтердің биіктігі 100 м дейін, ұзындығы 2 км, кейде одан да үлкен болып келеді. Айсбергтер әсіресе Солтүстік жарты шардағы — Гренландия, Шпицберген, Франц Иосиф жағаларында, Оңтүстікте — Антарктида жағасында пайда болады. Гренландия айсбергтері Шыгыс Гренландия және Лабрадор агыстары арқылы 40—50° с. е. дейін, ал кейбір жағдайларда олар Оңтүстікке де жылжып барады; Антарктида айсбергтері 30—40° о. е. дейін жетеді. Альпылық таулар. Альпылық таулар — Альпы типтес таулар, яғни Альпы немесе Альпыға ұқсас басқа биік таулар рельефі. Бұл үнемі қар мен мұздықтар басып жататын биік шыңды таулар, олар өзінің географиялық құрылысы жағынан тастақ болып келеді және альпы қатпарлығы дәуірінде пайда болған таулардың қатарына жатады. Мысалы, Альпы, Апеннин, Қарпат, Қырым, Кавказ, Копет-Даг, Памир, Гималай т. б. таулар. Антипассаттар. Антипассаттар — ауаны экватордан субтропикке өткізетін пассаттық циркуляцияның жоғарғы тармағы. Антипассаттар Солтүстік жарты шарда негізінен оңтүстік батыстан солтүстік шығысқа, Оңтүстік жарты шарда — солтүстік батыстан оңтүстік шығысқа қарай бағытталады. Антипассат қабатының төменгі шекарасы 4 шақырымдай биіктікте орналасады, ол субтропиктен экваторға және қыстан жазға қарай жоғарылайды. Атлант мұхиты үстінде оның биіктігі 10°.с. е. жазда — 15 км, қыста 6 км шамасындай, 30° с. е. жазда — 5 км, ал қыста — 2 км. Триангуляция. Триангуляция — топографиялық съемка жүргізу мен карта жасау үшін жер бетіндегі түйінді нүктенің орынын табу әдісі. Жер бетінде үш бұрыштар жүйесін құру, нүктелердің ара қашықтықтарын өлшеу, берілген үш бұрыштың тек бір қабырғасы (базисі) мен оған таяу бұрыштарды өлшеу арқылы жүргізіледі. Триангуляция жүргізу үшін базисті өлшеуге ыңғайлы мөлшері 5—15 км-лік тегіс жер таңдап алынады да, өте дәлдікпен өлшенеді. Базистен таяудағы биіктіктен (төбеден, қоңырау мұнарасынан, жасанды мұнарадан) көрініп тұратын үш бұрыштар жүйесі тарайды. Олардың бұрыштары мен қабырғалары унивөрсалды аспаптың көмегімен, секундтың дәлдікпен, тыңғылыңты бірізділікпен өлшекеді. Бірінші рет (1792—1808 жж.) метрлік мөлшерді анықтауға кемекші болған Браселон (Испания) мен Дюнкер (Франция) қалаларының арасындағы триангуляция жер жүзіне мәлім. 1816— 1856 жылдары триангуляция Дунайдан Лапландияға дейін жүргізілді. Жер бетіндегі нүктелердің ара қашықтықтарының шын мөлшерін, олардың географиялың орнын білгеннен кейін, бір градустың мөлшерін және жердің мөлшері мен формасын есептеп шығарады. Трог. Трог — көлденең қимасында формасы астау тәріздес болып келетін тік беткейлі, ойыс түпті аңғар. Оның беткейлері қаншама тік болғанымен етек жағында едөуір көлбеуленеді де, аңғар түбіне қалтңысыз ауысады. Беткейлердің көлбеуленген тұсында трог иығы деп аталатын бүгіс байқалады. Трогті формалар ең алғаш эрозиялың, ал кейінде ертедегі және қазіргі мұздану басңан бұрынғы тау аңғарларында пайда болады; мұндай аңғарлар мұздықтың аңғар түбі мен беткейлерінде жүргізген эрозиялық әрекеттерінің салдарынан түзіледі. Бірақ беткейлер мұздықтардың өңдеу әрекеттеріне, мұздық бүйірлерінің көтерілген биіктіктерінде ұшырайды. Антиклиналь. Антиклиналь, антиклинальдық қатпар — тау жынысы қабаттарының жоғары қарай доғалана қатпарлануы. Антиклинальдің орта шенінде ескі, ал қанаттарында кейінгі жас қабаттар орналасады. Ашылу. Тау жыныстарының ашылуы — тау жыныстарының жер бетіне шығып тақырланып жатуы. Ашылу табиғи немесе жасанды болуы мүмкін. Бұл төрттік борпылдақ тосқындардың ашылуы мен байырғы (төрттікке дейінгі) жыныстардың ашылуы болып екіге бөлінеді. Океанография. Океанография — мұхиттар мен теңіздерді зерттейтін географиялык ғылым. Океанографияның зерттейтін пәні: Дүние жүзілік мұхит, мұхит бассейндерінің формасы, мөлшері және тереңдігі, түбінің рельефі мен құрылысы, жауын-шашынның пайда болуы мен таралуы, теңіз суының химиялық және физикалық қасиеттері (сыбағалы салмағы, қатуы, мұздардың пайда болуы мен таралуы, түсі және мөлдірлігі), судың қозғалуы, толқу, көтерілу мен қайту, ағыстар, температура мен тұздылықтың тереңдікте таралуы, сондай-ақ ортамен байланысты теңіз өмірі. Тау жұрнағы. Тау жүрнағы — денудация мен эрозия әсеріне ұшырамаған, жеке дара қыраттар, бір кездегі биік таулы елдің аумақтары. Тау жұрнағының сақталып қалу себебі тау жыныстарының өте беріктігінен, эрозия базисінің қашықтығынан болуы мүмкін. Бастапқы жер бетінің сақталып қалған аумақтары, тау жұрнақтары куәлік таулар деп те аталады. Синклиналь. Синклиналь — мульда, иілген бөлігі төмен қарап тұрған жер қабығы қабаттарының астау тәріздес қатпарлануы. Сирокко. Сирокко — Жерорта теңізінде, Сицилия аралы мен Апеннин түбегінің оңтүстігінде бірнеше сағат, кейде бірнеше төулік бойы үздіксіз соғып тұратын ыстық, құрғақ, күшті жел. Ол Солтүстік Африка шолдерінен ауған құрғақ, ыстык ауаның әсерінен пайда болады. Сицилия аралында сирокко жоғары температуралы, құрғақ болып келеді де, таулардың ықтасын беткейлерінің жағында фёнге айналып, бұрынғыдан да құрғай түседі. Одан әрі теңіз үстімен өтуіне байланысты бұл жел солтүстік Италияға ылғалданған ауа әкеледі. Сирокко әсерінен Сицилия мен Оңтүстік Апеннинде ауа кенет құрғап, шаңқыған ыстық түседі де, өсімдіктер қурап, адамдар көп азап шегеді. Карст. Карст, карстық құбылыстар — суда еритін және су өткізгіш тау жыныстарынан — ізбестастардан, доломиттерден, гипстен, тау тұзынан құрылған жерлерге тән рельефтің өзгеше формалары мен гидрологиялық режимі. Осындай жерлерде ағын және жер асты суларының тау жыныстарын ерітуінің салдарынан жер бетінде орлар, шұңқырлар, үлкен дөңгелек қазан шұңқырлар, ал жер астында үлкен бос кеңістіктер, үңгірлер пайда болады. Мұндай жерлерде өзендер жер жарығына, шұңқырға құйылып, жер астында, сонан кейін қайта жер бетіне шығып ағады. Жұмсақ және борпылдақ жыныстарға су әсер ететін болса, шөлдік климат жағдайларында суга ерігіш жыныстарда (сазды мергельде) «жалған карст» немесе саздық карст пайда болады. Бұл жағдайда рельеф өте қатты бедерлі болып келеді. Карстық құбылыстар Қырымда, Кавказда, Орта Азияда, Оралда, Сибирьдің кейбір аудандары мен европалық бөліктегі Горький, Тула, Архангельск, Калинин облыстарында кең тараған. Сағым. Сағым — атмосфера қабаттарының өр түрлі тығыздығының болуы салдарынан жарың сәулесінің кейбір ауа қабатынан шағылуы, оған байланысты болатын сэуленің сынуы. Жер бетінен ауаның қызған қабаты кетерілгенде бұл жиі байқалады. Жер бетіндегі бір заттан шыққан жарық сәулесі түгелімен шағылысқа ұшырауы мүмкін. Сондықтан нәрсенің кескіні ауада ілініп тұрған секілді болып керінеді. Сағымның арқасында жайшылықта горизонттың тасасында жатып көрінбейтін заттардың көрінуі мүмкін. Мистраль. Мистраль — Франциядағы Севеннен Рона аңғарына қарай соғатын, бора секілді, қатты және суық солтүстік-батыс жел. Сиырағаш. Сиырағаштар (лат. Brosimum utile) Оңтүстік Америкада өседі. Олардың қабығын тіліп жіберсе сүтке ұқсас, бірақ химиялық құрамы өзгешелеу, аппақ сұйық бөлінеді. Қайнатқан кезде көп өзгеріске ұшырамайды. Майға шыжғырылған еттің иісі шығады. Сүт белогі – казеиннің орнына қан белогіне ұқсас, ал сары су орнына қантты сұйық зат бар. Сиырағаш жер таңдамайды. Биіктігі 25 метрге жетеді, тамыры тереңге кетеді. Нан ағашы. Нан ағашы (лат. "Artocarpus altilis") Үндістан мен Малая аралында өседі. Оның асқабақ тәрізді же­містері болады. Кей­бірінің салмағы 25 келіге дейін жетеді. Ағаштың же­місінің крахмалы көп, дәмі бидайдың наны сияқты. Жергілікті тұрғындар осы нан ағашының же­місін бөлшектеп турап, қуырып ас етеді. Сондай-ақ әлгі жемістерді салқын шұңқырға салып, құрамындағы крахмалды ашыту арқылы қамырға ұқсас қоспа алып, одан дәмді тоқаш пісіреді. Ал, нан ағаш гүлдеп біткен кезде, оның тұқымын жинап шикідей де, қуырып та жейді. 21 жастағы бір нан ағашының жемісі 3-4 адамды бір жыл асырап шыға алады. Қатпарлық. Қатпарлық — жер қабығының әрбір бөлегіндегі қатпарлар жиынтығы. Қатпарлық деп қатпар құрылу процесін де атайды. Формалары жағынан оны сызықты, үзілмелі және аралық деп үш типке бөледі. Сызықты қатпарлық түгелімен геосинклиналды аймақтарға тән болып келеді де, тұтасып жатады; үзілмелі қатпардың платформалы аудандарға тән де, күмбез тәріздес болып шашыранды түрінде кездеседі; ал аралық қатпарлық қырқа тәрізді болады. Әрбір геологиялық дәуірлердегі қатпарлар жасына қарай кембрийге дейінгі, каледондық, герциндік, яньшандық, альпылық қатпарлық болып бөлінеді. Бірақ сыртқы күштердің әсерінен қатпарлар бұзылып және тегістеліп кетеді де, алғашқы формасы тек кейбір қатты жыныстардан тұратын бөліктерінде ғана сақталып қалады. Қазіргі таулардың, оның ішінде қатпарлы және қатпарлыжақпарлы таулардың пішіндері қатпар құрылудан емес, кейінгі уақыттағы алапты көтерілу мен жақпарлы көтерілуден пайда болды. Қатпарлар. Қатпарлар — бүйірлік (тангенциальдық) күштер мен вертикальдық қозғалыстардың әсерінен пайда болған Жер қабығы қабаттарының ыдырамай толқынданып иілуі. Қатпарлар пайда болған жағдайда қабаттардың бір бөлігінің имесі жоғары қарап (антиклинальды қатпар), ал екінші бөлігінің имесі төмен қарап (синклинальды қатпар) орналасуы мүмкін. қатпар тік, колбеу, жатпа және төңкерілме болып түзіледі. Друмлиндер. Друмлиндер — әдетте ішкі ядросы флювиогляциялық құмдардан, сыртқы беті мореналық шөгінділерден немесе байырғы жыныстардан құралған ұзынша төбелер. Биіктігі 20 м, ұзындыгы бірнеше жүз метрге дейін барады. Друмлиндер ескі мұздықтардың дамыған облыстарында, көбінесе жазықтарда, тау етектеріндегі аудандарда кездеседі. Эрозия. Эрозия — ағын су әсерінен топырақ, тау жыныстарының тасымалдануы. Түзілген рельеф формалары бойынша эрозия — беткейлік, сызықтық немесе арналық деп бөлінеді; бағыты бойынша — тереңдік, бүйірлік және шегінбе деп, пайда болуы бойынша — табиғи және адам әсерінен болған деп бөлінеді. Табиғи эрозия бүкіл геологиялық кезеңдер бойы болып тұрады да, біртіндеп қоңыржай өңірде аса көп тараған тілімделген таулы рельеф типін немесе төбелі эрозиялық рельефтер түзеді. Олар адамның ауыл шаруашылық әрекетімен — жол салу, арық қазу тағы басқалармен үдей отырып топырақтардың шайылуына, сайлардың пайда болуына, өзен жайылмалары мен арналарының шөгінді астында қалуына әкеп соғады. Эрозияның үдеуін шаруашылықтарды дұрыс орналастыру, ауыл шаруашылығының ерекше түрін, орман белдеулерін, бөгеттер, тағы басқалар. комплексті шаралар жүргізу жолымен тоқтатуға болады. Кейбір авторлар эрозияға жел мен мұздықтардың әсерімен тау жыныстарының қирауы мен тасымалдану процестерін де жатқызады. Бұл дұрыс емес. Саванналар. Саванналар — Жердің Солтүстік және Оңтүстік жарты шарларының тропик өңіріндегі ландшафтық зоналар (5°—22° с. е. және 5°—30° о. е. аралықтарында). Мұнда тек екі жыл мезгілі ғана (қыс пен жаз) болады. Саванналар қысы — құрғақ та жылы, жазы — ыстық та жаңбырлы болып келеді, өйткені олар жазда дымқыл экваторлық, ал қыста құрғақ тропиктік ауаның басым болып келетін экваторлық муссондық климат зонасында орналасқан. Саванналарда жауын-шашынның мөлшері төменгі ендіктен жоғарғы ендікке қарай азая түседі (1200 мм-ден 300 мм-ге дейін), сондықтан құрғақ мезгіл де осы бағытта ұзара түседі (екі айдан он айға дейін), ал айдың орта температурасы сол бағытта 26°— 28°-тан, 12°—25°-қа дейін төмендейді. Саванналардағы өзендер қыста тартылып, жазда мол сулы болады. Топырағы төменгі ендіктерде қызылбурыл болып келеді де, жоғарғы ендіктерде қоңыр және қызғыл болады, ал Үндістанда — қара топыраққа айналады. Өсімдік құрамы бойынша саванналарды тропиктік ормандыдала деуге болады. Өйткені онда биік қатқыл шөпті өсімдіктер (биіктігі 2—3 м) мен бірге жеке ағаштар (акация, баобаб, нан ағашы, пальма) немесе топтаса өскен ағаштар мен бұталар кездеседі. Саванналар жануарлар дүниесіне түр жағынан да, екілдер жағынан да, әсіресе ірі жануарлар өкілдеріне (піл, бегомот, жираф, бөкен, зебра, арыстан тағы басқалар.) өте бай. Олар Африка (материктің 40% жуығы) мен Оңтүстік Америкада кең тараған. Ориноко ойпатында саванналар льяностар деп, Бразилия қыратында кампостар деп аталады. Солтүстік Америкада, Оңтүстік Азияда және Австралияның солтүстігінде саванналар аз тараған. Самум. Самум (құм бораны) — шаңтозаңдарды аспанға көтеріп, күнді мұнарландырып бірнеше сағат соғатын (бірақ құйын есебінде соғуы бірнеше минутқа ғана созылатын) Аравия мен Солтүстік Африканың тропиктік шөлдерінде соғатын өте ыстық, құрғаң жел. Самұм соққанда температура кенет жоғарылайды да, салыстырмалы ылғалдық кенет томендейді. Бұл Сахара шөліне өтемөте тән жел. Орта және Орталық Азия шөлдерінде бұл жел сиректеу соғады. Күміс түсті бұлттар. Сайма көлінің үстіндегі күміс түсті бұлттар Күміс түсті бүлттар — жұлдыздарды көруге бөгеті жоқ, 80— 85 км биіктікте орналасқан шығыстан батысқа қарай 40—80 м/сек жылдамдықпен көшетін, түнде жарық шашып тұратын стратосфералық бұлттар. Бірінші рет олар 1885 жылы Кракатау вулканы атқылағаннан кейін байқалды. Сондықтан күміс түсті бұлттарды вулкан күлдерінің жиынтығы деп те санайды. Шынында олар ұлпа мұз кристалдарынан тұратын бұлттар болып табылады. Синеклиза. Синеклиза — антиклизаға қарама-қарсы орналасатын платформаның кең көлемді ойысы. Алабында белдердің, күмбездердің, кіші мульдалардың пайда болуына байланысты бұл күрделі де болып кетуі мүмкін. Мысалы, Орыс платформасындағы Москва синеклазасы мен Сибирь платформасындағы Тунгус синеклизасы осыған жатады. Шөгінді тау жыныстары. Шөгінді тау жыныстары — құрлықта немесе су бассейндерінде шөгетін материалдан пайда болатын тау жыныстары. Материалдың бөлшегі, салмағы, үлкендігі оның сортталу дәрежесімен сипатталады және қабатты болады, жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтары кездеседі. Шығу жағынан химиялық (гипс, тас тұзы, оолитті ізбестас және басқалары), органогендік (қараңыз), жануарлар мен өсімдіктердің өмір сүруінің салдарынан пайда болады (маржандық және қабыршақтық ізбестас, шымтезек, тас көмір) және кесек шөгінді тау жыныстарына бөлнеді. Жер асты сулары. Жер асты сулары — Жер бетінің төменгі қабаттарындағы тау жыныстарының арасында қатты, сұйық және газ күйінде тараған сулар. Бұл су өткізгіш тау жыныстарында кездесетін түйіршік және кесек шөгінділер қуыстары, қатты жыныстардың жарықшақтары, утас пен доломиттердің қарсты куыстары бойынша жылжып отырады. Жер асты сулары қысымсыз грунт сулары мен қысымды артезиан суларына бөлінеді, ал минералдығы бойынша — ащы су, минералды су және тұщы су болып үшке бөлінеді. Соңғы екі судың практикалық маңызы халық шаруашылығында аса зор. Күлгін топырақтар. Күлгін топырақтар — жылдық ауа температурасы төмен, жауын-шашыны мол және булануы аз қоңыржай суық белдеулік топырақ. Ол магний мен кальций сияқты көмір қышқылды тұздары аз мұздың тұнбалардан, құмдардан, балшыктан, ұлпа балшықтан және тағы басқа аналық жыныстардан тұрады. Күлгін топырақ қара шіріндіге бай, үстіңгі қабаты едәуір, кейде күшті сілтіленген болады да, ал күлгін қабаты кремнийге бай келеді; одан теменгі қабаттарда темір қышқылы мен алюминий жиналады. Кулгін топырақ орман зонасында таралған. Кұнарлылығы аз, бірақ тыңайтқыштармен өңдегенде және дұрыс агротехникалық жұмыстарды жүргізгенде, оның құнарлылығы көп артады. Пайдалы қазбалар. Пайдалы қазбалар — техниканың қазіргі жағдайында халық шаруашылығына табиғи күйінде немесе байытқаннан кейін пайдаланғанда жеткілікті экономикалық нэтиже бере алатын жер қойнында кездесетін табиғи минералдық заттар. Өзінің физикалық қасиеті бойынша пайдалы қазындылар қатты, сұйық және газ тәріздес болып үшке бөлінеді. Пайдаланылуына байланысты олар мынадай топтарға белінеді: жанғыш — көмір, мұнай, жанғыш газдар мен тақтатастар; құрылыстық — гранит, мрамор, утас, құм тағы басқалар.; химиялық шикізат — күкірт, калий тұзы, апатит, графит тағы басқалар.; отқа төзгіш шикізат — қара, түсті және сирек металл кендері тағы басқалар. Орналасу жагдайы бойынша бұл қабаттың, желілік тағы басқалар. болып бөлінеді. Түбек. Түбек — теңізге немесе көлге сұғына орналасқан құрлықтың бөлігі. Түбектер өзінің пайда болуы жөніндө материктік, аралдық болып екі турге бөлінеді: 1) материктік түбектерге — Апеннин, Пиреней тағы басқалар. түбектер жатады. Себебі олар Еуропа материгімен бірдей уаңытта пайда болды; 2) аралдық түбектерге — Үндістан түбегі жатады. Себебі ол Азия материгі құрылғанда, оның оңтүстігінде орналасқан бөлек құрлық — арал болды; кейінгі геологиялық дәуірлерде ғана ол материкпен жалғасты. Шөлейт. Шөлейт — қоңыржай белдеудің дала, шөл зоналарының аралығындағы өтпелі ландшафтың кіші зонасы. Кейде шөлейт деп тропиктік шөлдер мен саванналардың аралығындағы өтпелі кіші зоналарды атайды. Шоңғалдар. Шоңғалдар — өзеннің арна жасаған жеріндегі тау жыныстарының біркелкі шайылмауының салдарынан, немесе жуырдағы тектоникалық жылжулардың әсерінен пайда болған езен арнасының түбінде кездесетін тасты бұдырлар. Олар көбінесе таулық, жазық таулық езендерде кездеседі. Шоңғал ауданында шоғырланған өзен тасқынының қуатынан су электростанциясын салу арқылы электр қуатын өндіруге болады. Шоңғалдан төмен салынған тас бөгет арна суының деңгейін жоғары көтеріп, өзеннің жолқатынастық жағдайын жақсартады (мыс.: Днепр шоңғалынан төмен салынған Днепрогэс). Альпылық биіктік белдеу. Альпылық биіктік белдеу — субальпы зонасы мен нивальдық зоналардың аралығына орналасқан табиғи биік белдеу. Альпылық биіктік белдеу тропиктік, субтропиктік және қоңыржай белдеулерде кездеседі. Қоңыржай белдеулердің суық бөлігінде альпылық биіктік белдеу таулы тундралық ландшафтыға айналады, ал экватор белдеулерінде ландшафтының типі — парамос. Альпылың биіктік белдеудің биіктік орны негізінен географиялың ендіктерге, беткейлерге, климат континентальдығына байланысты. Мысалы, Альпыда, Кавказдың батыс бөлімінде ол 2200 ж — 3000 м. Іле Алатауы мен Жетісу Алатауында 2800 – 3500 м, Алтайда 2500 – 3000, Гималайдың оңтүстік беткейлерінде — 3600 — 4000 — 5000 м дейінгі биіктікті алып жатады. Амфибореальдық таралу. Амфибореальдық таралу — Солтүстік Атлант жэне Тынық мұхиттардың қоңыржай және суық белдеулерінде кездесетін, бірақ Солтүстік Азия мен кейде Солтүстік Европаны қоршап жатқан теңіздерде ұшырамайтын кейбір жануарлар түрінің (туысының) бөлектене таралуы. Анемометр. Анемометр — желдің жылдамдығын, кейде бағытын өлшеу үшін қолданылатын аспап. Анемометрдің ең қарапайым түрі — флюгер. Анероид. Анероид — ауа қысымын сұйықтықтың көмегінсіз өлшейтін аспап. Антарктида. 230px a> in the background. The image was taken in Қаңтардың 1999. MS "Explorer" sank on 23 November 2007, after hitting an iceberg in Antarctica. Антарктида (( — Арктикаға керісі)) — Оңтүстік поляр аймағының орталығындағы материк. Көлемі 14 млн шаршы км шамасындай. Антарктида Атлант, Үнді және Тының мұхиттарымен қоршалган. Антарктиданы 1820 ж. орыстың саяхатшылары Беллинсгаузен мен Лазарев бірінші рет ашңан. Антарктиданы түгелге жуық қалың мұз басып жатады. Оның орташа қалыңдығы 1500 м шамасындай, ал ең калыңы 4000 м. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі теңізге таяу маңда ұшырасады. Антарктида — Жер шарының оңтүстік полюсі саналатын құрлық. Жерінің аумағы 12,3 млн. км2, ал қайраңдық мұздықтар мен аралдарды қосқанда 14,0 млн. км2-ге жетеді. Жерінің 99%-ын қалың мұз басып жатыр. Оның жалпы көлемі 26 млн. км3. Антарктида – дүние жүзіндегі ең биік құрлық. Оның мұз жамылғысымен қоса есептегендегі орташа биіктігі 2040 м, яғни барлық құрлықтардың орташа биіктігінен (870 м) 3 есе артық. Құрлықтың жағалық сызығы онша тілімденбеген, оның құрамына бір ғана үлкен түбек – Антарктида түбегі мен бірнеше іргелес аралдар – Александр І жері, Оңтүстік Шетланд, Георгия және Оркней, Беллени кіреді. Құрлықтың жағалауын Оңтүстік мұхит сулары мен Уэдделл, Беллинсгаузен, Амундсен, Росс, Ғарышкерлер, т.б. теңіздері шайып жатыр. Антарктида құрылығының негізін абсолюттік жасы 1,6 млрд. жыл болатын гондваналық платформа түзеді, басым бөлігі архей эрасындағы гнейс, кристалды жақпар тас, граниттерден құралған. Жыныстардың ірге тастарының қалыңдығы 20 км-ге жетеді. Антарктида платформасы өзінің геологиялық құрылымы мен жыныстарының құрамы жағынан Бразилия, Австралия, Экваторлық және Оңтүстік Африка, Үндістан платформаларына өте ұқсас. Ол төменгі және жоғарғы палеозойлық құрылымдары есебінен көлемі ұлғайып, батыстағы Антарктида түбегін алып жатқан мезо-кайнозойлық Анд қатпарлы жүйесінің жалғасы болып табылатын жас қатпарлы құрылымдарға ұласады. Олардың іргетасының өте күшті өзгеріске ұшыраған құрлықтық шөгінді жыныстардан құралғандығы осы аймақта жер қыртысының құрлықтық типінің дамығандығына дәлел болады. Ондағы жер қыртысының орташа қалыңдығы 40 км. Антарктиданың қазіргі жер бедерінің қалыптасуы жаңа жанартаулық атқылаулар нәтижесінде жүруде. Жанартаулық тауларға Эребус (3794 м), Террор (3262 м) жатады. Жер бедері ерекшелігіне байланысты Батыс Антарктида және Шығыс Антарктида болып екіге бөледі. Оларды жан-жағынан жағалаулық және ішкі құрлықтық белдеу қоршай орналасқан. Жағалаулық тау белдеуі бірнеше ірі тау жоталарынан тұрады. Оларға Голицин, Принц-Чарльз, Эндерби тау сілемдері, Королева Мод жері мен Трансантарктида таулары, Пенсакол, Шеклтон таулары жатады. Таулардың орташа биіктігі 1200 – 2500 м, абсолюттік биіктігі 3500 – 4000 м-ге жетеді. Ішкі құрлықтық тау белдеуіне Гамбурцев тауы (абсолюттік биіктігі 3550 м) жатады. Шығыс Антарктиданың теңіз деңгейінен жоғары орналасқан бөлігінің орташа биіктігі 690 м, ал оның теңіз деңгейінен төмен жатқан бөлігінің орташа ойыстығы 460 м. Батыс Антарктида жерінің 80%-дан астамы мұз айдынында өте қатты ойысқан ойпаңдар. Оның орташа тереңдігі – 700 м. Қалған 20%-ына дөңес таулы жер бедері тән. Яғни Батыс Антарктиданың жер бедері шығыспен салыстырғанда өте қатты тілімденген. Құрлықтың ең биік нүктесі Элсуорт тауындағы Винсон тау сілемі (5140 м), теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жер – Бентли ойысы. Алқапты кең жазықтардағы құрлықтың қайраңдық мұздықтары Антарктида жерінің 12%-дай жерін алып жатыр. Көршілес аралдардағы мұздықтармен қосып есептегендегі олардың жалпы ауданы 1,65 млн. км2. Қайраңдық мұздықтардың 83%-ы Батыс Антарктидада, олардың ең ірілері – Росс және Ронне-Фильхнер мұздықтары. Мұздықтардың шеткі бөлігі көп жағдайда үзіліп түсіп, мұзтауларға айналып, мұхит суында оншақты жылдар бойы қалқып жүреді. Антарктида таулары мен жағалаулық бөліктерінде жылжымалы мұздық түрі кездеседі, оның ең ірісі – Ламберт мұздығы (ұзындығы 700 км, ені 30 – 40 км). Антарктида – жер шарындағы мұздық пішіндердің барлық түрінің шоғырланған аймағы, мұнда тек жер асты мұздануы мен мәңгі тоңның үлес салмағы аз. Жер шарының басқа құрлықтарындағы тұщы су қоры 2 млн. км3 болса, Антарктидадағы тұщы су қоры 26 млн. км3. Құрлықтың мұз баспаған жерлерінің, яғни шұраттың (оазис) жалпы ауданы 2500 км2. Олар көбіне жағалаулық бөліктерде теңіз деңгейінен 100 м биіктікте орналасқан, ең ірілері – Бангер, Вестфолль, Грирсон, Ширмахер. Сонымен қатар Виктория жері (4000 км2) мен Александр І жері (400 км2) сияқты биік таулық шұраттар да кездеседі. Антарктиданың климаты – полярлық континенттік. Климаттық ерекшелігіне байланысты Антарктида – суықтық полюсі. Ол сондай-ақ, жер шарының ең күшті желдер мен жазғы жиынтық радиацияның да полюсі болып табылады. Оңтүстік полюс аймағы Арктикамен салыстырғанда Антарктида Жердің Күнге ең жақын нүктесінде (перигелий) орналасқандықтан Күн жылуын 7%-дай артық алады. Ауаның мөлдір әрі құрғақ болуы, яғни антициклондық ауа райы күн радиациясының жерге кедергісіз жетуіне мүмкіндік береді. Антарктида жазында, яғни желтоқсан мен қаңтар айларында, Орталық Антарктидада орташа айлық радиация жиынтығы Жер шарындағы ең жоғары көрсеткішке (30 ккал/см2) жетеді. Бірақ, келетін жылудың 90%-ға жуығы мұз жамылғысымен шағылысып, әлем кеңістігіне қайта кететіндіктен, құрлықтың жылыну мүмкіншілігі өте төмен. Континенттің орталығында қысқы орташа температура –60 – 72Ә С-қа дейін, жаз айларында –30Ә – 50Ә С-қа дейін, ал жағалауларда қыста –18Ә С, жазда –20ӘС-қа дейін өзгереді. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 30 – 50 мм, жағалауларда 700 мм-ге дейін жетеді, негізінен қар күйінде түседі. Суық ауа Антарктиданың ішкі аудандарынан шеткі бөліктеріне қарай қозғалып, ағынды желдерді туғызады (орташа жылдық жылдамдығы 12 м/с), ол циклондық ауа ағынымен қосылған кезде теңіз дауылына айналады (жылдамдығы 50 – 60 м/с., кейде 90 м/с-қа жетеді). Басым бөлігінде жылдың 340 күні қарлы борандар соғып тұрады. Антарктидадағы тіршілік дүниесі өте жұтаң. Онда теңіз құстарының 13 түрі, антарктикалық суларда итбалықтардың – теңіз пілі, теңіз мысығы, Уэдделл итбалығы, шаян жегіш итбалық және теңіз қабыланы деп аталатын 5 түрі мекендейді. Құрлықтың нағыз жағалаулық бөлігінде пингвиндердің император және Адели атты түрлері тіршілік етеді. Өсімдіктері негізінен мүктер (75 түрі), қыналар (300-ге жуық түрі) және балдырлардан (қызыл, жасыл, көк-жасыл, сары балдырлар) құралған. Антарктида түбегінде аласа гүлді өсімдіктердің 10 шақты түрі кездеседі, олар шұраттарда шағын шалғынды алаңдар түзеді. Құрлықты және оның жағалау бөлігін ғылыми түрде зерттеуді Роберт Скотт экспедициясы бастаған. Жүйелі халықаралық геофизикалық зерттеу жұмыстары 1957 ж. басталды. 11 ел құрлық пен оның жағалауындағы аралдарда 57 база құрып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Әр ел ғалымдарының басшылығымен ұйымдастырылған экспедициялар құрлықты бірнеше рет кесіп өтіп, Оңтүстік полюс, геомагниттік және «жетуге қиын» полюстерге жорықтар жасалды, тұрақты зерттеулер мен байқаулар жүргізді. Соңғы жылдары Антарктидада жүзден астам ғылыми-зерттеу стансалары бүкіл жыл бойы және маусымдық жұмыс жүргізеді. Онда 16 мемлекеттің зерттеушілері өзара байланыста жұмыс жасайды. Антарктида қойнауында мол кен байлықтарының (тас көмір, темір, слюда, графит, алтын, уран, молибден, мыс, никель, қорғасын, мырыш, күміс, титан, т.б.) қоры бар екендігі анықталды және олардың кейбіреулері өндіріле бастады. Антарктида табиғатын зерттеп білу планетамыздағы тіршілік дамуының өткені мен болашағы арасындағы байланысты анықтауға мүмкіндік береді. Әсіресе ол құрлық – мұхит – атмосфера – мұздану процестері арасындағы байланысты анықтауда негізгі буын болып табылады. Антарктика – Жер шарының оңтүстік поляр аймағы. Антарктиканың (грекше antі – қарсы, arktіos – солтүстік) табиғи шекарасы өте айқын байқалады. Ол дүниежүзілік мұхиттың беткі суларының біршама жылы және керісінше мейлінше салқын бөліктерінің араласатын аймағы – антарктикалық конвергендену белдемі арқылы өтеді. Бұл шекара негізінен 48 – 60Ә оңтүстік ендік аралығында орналасқан. Поляр аймағын алып жатқан Антарктиканың аумағы шамамен 52 млн. км2. Оның құрамына бетін қалың мұз жамылғысы жауып жатқан Антарктида құрлығы мен оған жалғас жатқан Александр І жері, Оңтүстік Шетланд, Оңтүстік Оркней, Оңтүстік Сандвичевтер, Оңтүстік Георгия, Баллени аралдары мен арал топтары және құрлық жағалауын шайып жатқан, шартты түрде Оңтүстік мұхит деп аталатын – Тынық, Атлант, Үнді мұхиттарының антарктикалық бөлігі енеді. Құрлық жағалауындағы қайраңдарда Росс, Уэделл, Беллинсгаузен, Ынтымақ, Ғарышкерлер теңіздері бар. Уэделл және Росс теңіздерінің елеулі бөлігін қайраңды мұздықтар басқан. Қыс кезінде мұхиттағы қалқыма мұздықтар шекарасы солтүстікте ашық мұхит айдынында 50Ә оңтүстік ендіктерге дейін жетіп, аумағы 20 млн. км2 болады. Бір жылдық мұздың қалыңдығы 1,5 – 2 м-ге жетеді, көп жылдық мұздар мұзтау түрінде кездеседі. Антарктика Арктикамен салыстырғанда табиғатының қаталдығымен ерекшеленеді. Онда жер шарының ең суық полюсі орналасқан (89,2ӘС). Антропикалық фактор. Антропикалық фактор — өсімдік пен жануарлар дүниесі құрамына, түрлердің территория бойынша немесе су қоймаларына таралуына және олардың саны мен сапа жағына адамның әр түрлі әрекетөсер етуі. Адамның өсімдік пен жануардың өсуінен сондайақ өшуіне де әсер ету өрекеті екі түрлі болады: 1) тікелей әсер — жануарларды қыру, жою, су қоймаларын улау немесе оларды қоргау тағы басқалар.; 2) жанама әсер — ағаштарды кесіп алу, даланы жырту, батпаңтарды құрғату тағы басқалар. Соңғы өсерге байланысты жануарлар мен өсімдіктердің бір турі жойылып, екінші бір пайдалы түрі дамиды. Антропогендік рельеф. Антропогендік рельеф — адам әрекетінен пайда болған немесе өзгерген рельеф. Бірінші антропогендік рельефтің формасы аңшы тайпалардың аңды ор қазып ұстау арқасында шыға бастады. Ал оның көбірек таралуы жер кәсібінің дамуына байланысты. Антропогендік рельефтің стихиялық және саналы түрде жасалатындары да болады. Ол орман шаруашылығын, кен өндіруді, құрылысты, жол салу жұмысын дұрыс жү'ргізбеу нәтижесінде пайда болады. Рельвф формасының осылай дамуы бірнеше елдердегі жерлердің кейпін әбден өзгертті, су режимдерін нашарлатты, жыртатын орындардың көлемі мен құнарлығын төмендетті. Рельефті саналы жолмен қайта құру, мелиорациялау, канал қазу тағы басқа істер арқылы жүргізіледі. Антропогеография. Антропогеография — экономиялық географияда (әсіресе халық географиясында) географиялық детерминизм қагидаларына сүйенетін буржуазнялық бағыт. Антропогеография — географиялық ортаның ерекшеліктеріне қарай халықтың орналасуы мен ауысуына универсалды заңдар табуга тырысты, шаруашылықтың теменгі формадан жоғары дамуында халықтың тыгыздыгы басты фактор деп үқты. Бұл агым Ш. Монтескье, И. Гердер және Бокльдің тұрпайы материалистік концепцияларынан туды. XIX ғ. бұл ағымды неміс географы және социологы Ф. Ратцель қолдады. Астрахань газоконденсат кеніші. Астрахань газоконденсат кеніші —Каспий маңы ойысының оңтүстік-батыс бөлігінде, Астрахань қаласының солтүстік жағында 70 шақырым қашықтықта орналасқан. Доссор мұнай кеніші. Доссор мұнай кеніші — Атырау облысының Мақат ауданында, Атырау қаласынан шығысқа қарай 80 шақырым жерде орналасқан. Кеніштегі мұнай қоры 1907 жылы ашылған, мұнай 1911 жылдан өндіріледі. Мұнайдың тығызд. 0,84 – 0,88 г/см3, құрамындағы күкірті (0,2 – 0,22%), шайыры (7%), парафині (0,2 – 2,07%) аз. Ілеспе газ, негізінен, метаннан (77,1 – 93,8%), этаннан (7,17%) және пропаннан Жаңажол мұнайгазконденсат кеніші. Жаңажол мұнайгазконденсат кеніші — Ақтөбе облысының Темір ауданында, Каспий маңы ойпатының шығыс бөлігінде, Ақтөбе қаласынан 240 шақырым қашықтықта орналасқан. 1978 жылы ашылған. Жетібай газконденсатмұнай кеніші. Жетібай газконденсатмұнай кеніші — Маңғыстау облысында, Ақтау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 80 шақырым қашықтықта орналасқан. Кеніш брахиантиклинальдық қатпарда жинақталған. Иманқара мұнайтаушайырланған жыныстар кеніші. Иманқара мұнайтаушайырланған жыныстар кеніші — Атырау облысы Жылыой ауданында, аудан орталығы Құлсары поселкесінен солтүстік-шығысқа қарай 56 шақырым қашықтықта орналасқан. Алынған деректер бойынша кеніштегі пайдалы қазбаның мөлшері 1 миллион тонна шамасында. Қаражанбас газмұнай кеніші. Қаражанбас газмұнай кеніші — Маңғыстау облысы Ақтау қаласының солтүстік-шығысында 140 шақырым қашықтықта орналасқан. Кеніш 1974 жылы ашылған. Алынған деректер бойынша кеніштегі пайдалы қазбаның мөлшері 1 миллион тонна шамасында. Қарамұрат мұнайтаушайырланған жыныстар кеніші. Қарамұрат мұнайтаушайырланған жыныстар кеніші — Атырау облысының Жылыой ауданында, Иманқара тауынан солтүстік-шығысқа қарай 20 шақырым қашықтықта орналасқан кеніш. 1927-1981 жылдары зерттеу жұмыстары жүргізілген, бірақ құрылымы әлі толық анықталып біткен жоқ. Кеніштегі таушайырланған жыныстардың жалпы көлемі 1,2 миллион тоннаны құрайды. Қарашүңгіл мұнай кеніші. Қарашүңгіл мұнай кеніші — Атырау қаласының оңтүстік-шығысында 310 шақырым қашықтықта орналасқан. Жылыой ауданының орталығы Құлсарыдан 70 шақырым жерде. Алғашқы геологиялық зерттеулер 1860 жылдары жүргізілген. Қазақстан мұнай өнеркәсібінің тарихы осы Қарашүңгілден бастау алады. Қарашығанақ мұнайгазконденсат кеніші. Қарашығанақ мұнайгазконденсат кеніші — дүниежүзіндегі ең үлкен мұнайгазконденсат кеніштерінің бірі. Газконденсат бөлігінің биіктігі 1420 метр, мұнай қабатының қалыңдығы 200 метр. Кенбай газмұнай кеніші. Кенбай газмұнай кеніші — Атырау облысының Қызылқоға ауданында, Доссор теміржол бекетінен шығысқа қарай 90 шақырым қашықтықта орналасқан. Кенбай кеніші "Солтүстік Қотыртас" және "Шығыс Молдабек" деген екі кеніштен тұрады. Кен орнының құрылымы 1981 ж. сейсмик. барлау және құрылымдық бұрғылау нәтижесінде анықталған. Мұнайға қаныққан қабаттардың қалыңд. 1,2 – 16,6 м, газды қабат 1,2 – 11,0 м. Мұнайдың тығызд. 0,807 – 0,973 г/см3, құрамындағы күкір. Құмкөл газмұнай кеніші. Құмкөл газмұнай кеніші — Қызылорда қаласының солтүстік-шығыс жағынан 150 шақырым, Павлодар-Шымкент мұнай құбырынан батысқа қарай 230 шақырым жерде орналасқан. Мартыши газмұнай кеніші. Мартыши газмұнай кеніші — Атырау облысының Исатай ауданында, Атырау қаласынан батыста 76 шақырым қашықтықта орналасқан. Газмұнай кеніші тұзкүмбез құрылымында жинақталған. Мартыши газмұнай кеніші 1962 жылы ашылып, 1968 жылы «Жайықмұнай» мұнай-газ өндіру басқармасына пайдалануға берілді. Теңіз мұнай кеніші. Теңіз мұнай кеніші — Әлемдегі алып мұнай кен орындарының бірі. Атырау облысының Жылыой ауданында, Атырау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 160 шақырым қашықтықта, Каспий маңы ойпатының оңтүстік-шығысында орналасқан. Теңіз мұнай кеніші 1979 жылғы 18 желтоқсанда ашылып, 1991 жылы сәуір айында пайдалануға берілді. Кеніш төбесі жайпақ антиклинальдан тұрады. Мұнайы күкіртті. Геологиялық құрылымы әлі толығымен зерттеліп біткен жоқ. Өзен газмұнай кеніші. Өзен газмұнай кеніші — Маңғыстау облысы Ерәлиев ауданында орналасқан кеніш. Кеніш 1961 жылы Өзен-Жетібай тектоникалық сатысының арқа бет бөлігінде ашылған. Ол ірі брахиантиклинальдық қатпармен ұштасқан. Мұнайындағы күкірт құрамы жоғары (0,2%) Орталық және Шығыс Прорва мұнайгазконденсат кеніші. Орталық және Шығыс Прорва мұнайгазконденсат кеніші — Атырау облысы Жылыой ауданында, Атырау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 170 шақырым қашықтықта Батыс Прорва кенішінің қасында орналасқан. Кеніш 1961 жылы Өзен-Жетібай тектоникалық сатысының арқа бет бөлігінде ашылған. Ол ірі брахиантиклинальдық қатпармен ұштасқан. Мұнайындағы күкірт құрамы жоғары (~1%) Пролювий. Пролювий — байырғы тау жыныстары үгіндісінің сел әсерінен тау етегінде жиналып шөгуі. Қазақстандағы Алматы қаласы осы пролювийдің үстінде орналасқан. Пролювийдің тау жағына ең ірі кесек тастар жиналады да, ал етек жағында — жазығында ұлпа жыныстары, дәлірек айтқанда лёсс сияқты ұлпа топырақ жиналады. Псаммофиттер. Псаммофиттер — құмдарда, өзеннің құмды жағасында, құмды шөлдерде өсетін құм өсімдіктері. Олар азырақ булануға (әсіресе ыстық шөлдерде), құмдардың жылжуымен күресуге бейімделген. Бұл өсімдіктердің құмды біріктіріп ұстап тұратын топырақ астындағы ылғалды терең горизонтқа жететін төселме ұзын тамырлары болады. Сонымен бірге кейбір псаммофиттердің жапырақтары мен бұтақтары құммен жабылып қалған жағдайда да жылжып жоғары орналаса алады. Псаммофиттердің көпшілігінде ұрық пен жемістері болады, олар жел арқылы таралып кетеді. Мысалы, құмдық қалампыр, құм таспа, сексеуіл және басқалар осыған жатады. Шөл тотығы. Шөл тотығы — шөлдердегі тұмсық тастардың, қой тастардың, қиыршық тастардың үстін түгелдей жауып тұратын жылтырауық қара және қошқыл түсті жұқа қабық. Ол өзінің астындағы жыныстарды үгілуден сақтайды. Шөл тотығы темір, марганец және алюминий мен кремнийдің қышқылдарынан тұрады да, шөл климатында ылғалдану мен кебудің кезектесуі жағдайында болатын химиялық процестер нәтижесінде пайда болады. Шөл. Шөл — жылдық жауын-шашыны аз (100—250 мм не одан да кем), жазғы температурасы жоғары, булануы күшті, ауа, әсіресе топырақ температурасының тәуліктік және жылдық ауытқуы өте мол болып келетін физико-географиялық зоналардың бірі. Шөл қоңыржай және тропик өңірлерінде орналасады. Өзінің субстраты бойынша шөлтастақты, саздақты (балшықты), сорлы және құмды болып төртке бөлінеді. Тастақты, саздақты және сорлы шөлдерде өсімдіктер жоқтың қасы, ал құмды шөлдер өсімдікке байырақ. Онда құм өлең шөбі, жусандар, жүзіген, құм қарағаны, сексеуіл өседі. Көктем басындағы, жазғы және күзгі жаңбырлардан кейін құмды шөл көктеп, мал жайылымы есебінде пайдалануға мүмкіндік береді. Құмды шөлге Қазақстандағы Қызылқұм, Мойынқұм, Сарыесік Атырау және тағы басқалар жатады. Шөл өсімдіктері сирек болғанмен ауаның ұдайы құрғақтығына жақсы бейімделген. Бұған вегетативтік уақыты қысқа, өсімдіктер (эфемерлер) тән келеді; олардың басым көпшілігінің тамыр жүйелері терең орналасады, ал жапырақтары кішкене болғандықтан шөл өсімдіктері бойына ылғал қорын жинайды. Шөлде мекендейтін жануарлардың өздеріне тән ерекшеліктері бар. Табиғи ықтасындардың жоқтығына байланысты жазғы ыстықтарда жануарлардың көпшілігі құмға кіріп (кесірткелер, жыландар, кенелер, шаяндар, көптеген насекомдар), немесе ін қазып (тараққұйрықтар, қосаяқтар, тағы басқалар) мекендеуге бейімделген; кейбір жануарлар (кемірушілер мен бауырымен жорғалаушылардың көпшілігі) жазғы ұйқыға кіріседі. Өсімдіктердің сирек, судың аз болуына байланысты жануарлардың біразы шапшаң жүгіруге бейімделген (мыс.: қарақұйрық, ақбөкен). Кейбір жануарлардың (мыс.: түйе) организмдерінде суға төзімділік ерекшеліктері бар. Шөл жануарларының көпшілігіне жүнінің сұр құм түсті болып келуі тән. Географиялық таралуына байланысты шөлдер тропиктік өңір, қоңыржай өңір шөлдері болып бөлінеді. Үлкен шөлдерге Қызылқұм, Қарақұм; Сахара, Араб, Иран, Орталық Азия (Такла-Макан); Солтүстік Американың батыс белімі (Үлкен бассейн), Австралияның батыс белімі (Үлкен құмды шел), Ұлы Виктория шөлі жатады. Жазық. Жазық — беті тегіс немесе сәл толқынды болып келетін жердің үлкен алапты алып жатқан рельеф формасы. Мұнда көршілес орналасқан нүктелердің биіктік айырмасы өте аз болады. Жазық ойпатты да, үстіртті де болуы мүмкін және оның көпшілігі бір жағына қарай сәл еңістеу келеді. Кемпірқосақ. Кемпірқосақ — су тамшыларындағы сәуленің сынуының, шағылысуының, дифракциялануының нәтижесінде пайда болатын құбылыс. Бұл бұлттың Күнге қарама-қарсы жағында пайда болатын әр түсті бояулы доға, кейде ол екі немесе бірнеше қосақталған доғалардан тұрады. Кемпірқосақтың сыртқы иіні қызыл түске, ішкі иіні күлгін түске боялған, ал олардың аралығында спектрдің басқа түсті бояулары орналасады. Жағаның дамуы. Жағаның дамуы — теңіз суының абразиялық және аккумуляциялық әрекетінен жаға сызықтарының өзгеріске ұшырауы. Жаға сызығы өзінің дамуында мынадай дәуірлерді басынан өткізді: 1) теңіз суының басынан жаңа ғана пайда болған жас жаға сызығы мүйістерден, шығанақтардан тұрады да, өте-мөте қисық болады. Мұндай жағаларда қойнаулар көп болады; 2) одан кейін соңпа толқындар мүйістерді шайып, шығанақтарды толықтырады да, жағалық террасалар жасайды, бұл оның жетілген дәуірі; 3) егер жағалық террасалар едәуір жалпақ болып, кертпештер одан әрі бұзылмайтындай болса, онда жаға өзінің ескірген дәуірінде болады, яғни бұл жағдайда жаға жайпақ болып, оның сызығы бір қалыпты болады. Бұл процесс тек жер қабығының төмен түсуі болып, ал жоғары көтерілуі болмаған күнде ғана қалыптасады. Жайылма. Жайылма — өзен суының деңгейі көтерілген уақытта аңғардың су басатын жайпаң түбі. Жайылма арналық, орталық және қабақтық болып үшке бөлінеді. Арналық жайылма — ең биік және бөлшектенген бөлік, ол өзен суы деңгейінен бірнеше метр биік және арнаға жақын орналасады; орталық жайылма — арналықтан едәуір төмен орналасады да, ортасы жазық болып келеді; қабақтың жайылмасы ең аласа бөлік, ол аңғар беткейінің етегінде немесе көп жағдайларда екінші қабақтың бұлтығының етегінде батпақты сай тәріздес болып орналасады. Морена. Морена — мұздықтар әкеліп қалдырып кететін тау жыныстары сынықтарының жиындысы. Басқа жолмен пайда болған борпылдақ тосқындардан (өзендік, эолдық) морена өзінің қабатсыздығымен, материалының сортталмағандығымен, сынықтарының қырлылығымен, қой тастарда таңбалардың, сызаттардың, тегістелудің болуымен көзге түседі. Мореналар жиынтығы мұздықтардың тұрғылықты жағдайында немесе қайтқан кезінде оның аяғында (шеткі морена), немесе бүйірлерінде (жағалық морена) пайда болады. Орын ауыстыратын мореналар мұздықтың бетінде (бүйірлік және орталық), мұздың ішінде (ішкі), мұз астында (табан немесе негізгі) орналасады. Мульда. Мульда — синклинальдық қатпардың синонимі. Көбінесе мульда деп әр түрлі жолмен пайда болған қазан шұңқырлар мен ойыстарды атайды. Муссондар. Муссондар — (араб тіліндегі "маусым" деген сөзден шыққан) жыл мезгілдерінің ауысуына байланысты өзінің бағытын үнемі езгертіп тұратын желдер. Муссондар құрлық пен теңіздің әр түрлі қызуының салдарынан туатын ауа қысымының айырмашылығынан пайда болады. Қыста қысым материктердің үстінде, ал жазда теңіздің үстінде жоғары болады. Сондықтан қыста муссондар материктерден мұхиттарға қарай, жазда керісінше, Жердің өз осінде айналуының салдарынан олар езінің алғашқы бағытынан бұрылып, Солтүстік жарты шарда оңға, ал Оңтүстік шарты шарда солға қарай соғады. Муссондар климатқа әсерін күшті тигізіп тұрады. Олар тропиктік белдеуде, одан тысқары да кездеседі. Таулы қырат. Таулы қырат — мегарельефтің формасы; биікте жоталар мен таулы үстірттер аралас кездесетін, таулы аймақтың бір түрі. Мысалы, Памир, Тянь-Шань, Алдыңғы — Азиялық (Кіші Азия, Армян, Иран), Орталық Азия (Тибет, Цайдам) таулы қыраттары. Кейде таулы қырат деп тек осындай мегаформалардың ішкі тегістелген бөлегін, яғни таулы үстіртті айтады. Стратосфера. Стратосфера — тропосфераның үстінен 80 км-ге дейінгі биіктікте орналасқан атмосфера қабаты. Бұл қабат бүкіл атмосфера салмағының 20%-ын құрайды. Мұнда күннің ультрафиолетті сәулеленуін күшті сіңіретін озон қабатының болуына байланысты жоғарыдан келетін температураның төмендеуі тоқталады. 30 км биіктік шамасына дейін температура өзгермей 50° шамасында сақталып тұрады, ал одан әрі қарай биіктікте біртіндеп жоғарылай отырып, 60 км биіктікке барғанда тіпті 75°-қа дейін артады. Статосферада су буы және бұлт атаулы мүлдем дерлік болмайды. 1951 жылы халықаралық келісім бойынша стратосфера деп тек 40 км биіктікке дейінгі қабатты атап, ал 40-тан 80 км-ге дейінгі қабатты мезосфера (орта қабат) деп атау керектігі келісілді. Құлпырма бұлттар. Құлпырма бұлттар — кемпірқосақ немесе меруерт түстес, сирек байқалатын бұлттардың бірі. Олар 22 —30 км биіктікте орналасады. Шығу тегі түгелдей толық анықталған жоқ. Бояуына, түсіне қарағанда құлпырма бұлттарды су тамшылары мен мұз түйіршіктерінен тұрады деуге болады. Үңгір. Үңгір — жер асты суларының әрекеті нәтижесінде утас, доломит, тас тұзы, гипс сияқты тез еритін шөгінді жыныстардың тараған ауданында пайда болатын көлемі әр түрлі жер асты қуыстары: гипс пен әсіресе тас тұздары кездесетін жерлерде пайда болған үңгірлер көбінесе кішкене болып келеді де, мәңгілік сақталып тұрмайды, себебі төбесі әлсіз болып құлап қалады. Ең ірі үңгірлер утастар мен доломиттер тараған жерлерде пайда болады. Олардың қатарына, мысалы, АҚШ-тың Кентукки штатындағы жер жүзіндегі ең ірі Мамонт үңгірі жатады; ол бірнеше сталактитті залдар мен коридорлардан тұрады. Оның жалпы жүруге болатын бөлігінің ұзындығы 200 км-ге жетеді. Үңгірлердің дамуы өсу және толу кезеңіне бөлінеді. Өсу кезеңінде ол пайда болған жыныстардың еру процесі ұлғайып, үңгірдің көлемі үлкейеді, ал толу кезеңінде үңгір төбесіндегі жыныстың еруі мен тамшылауы нәтижесінде сталактиттер мен сталагмиттер қарама-қарсы өсіп, түйіседі де, үңгір іші бағаналармен толып бітеліп қалады. Бұл жағдай көбінесе утасты үңгірлер де кездеседі. Кейбірінде қысты күні қырау мен мұздақ пайда болады. Ондай мұзды үңгір Қырым мен Оралда кездеседі. Олардың ішіндегі көптеген ірілі-ұсақты тарамдары да бар. Мысалы, Оралдағы Сальва өзені жағасындағы Күңгір қаласынан 5 км қашықтықтағы Күңгір үңгірі. Қазіргі уақытта үңгірлерді зерттеу ісімен спелеология ғылымы айналысады. Полигоналды грунттар. Полигоналды грунттар — мәңгі тоң таралған облыстарда — поляр маңы және биік таулы (альпалық) зоналарда кездесетін полигональды «топырақтар». Полигональды грунттар ұсақ көп бұрыштарға (көлденеңі бірнеше метрге дейін ғана) бөлініп жатады. Олар әр түрлі мөлшерлі тас кесектерінің жиынтықтарынан тұратын бордюрлармен немесе жақтаулармен қоршалып тұрған сияқты болып көрінеді. Өйткені олардың сәл ойыс келген ортасы ұсақ топырақтардан (балшық пен құм аралас топырақтан немесе қара шірінділі топырақтан) тұрады. Полигональды грунттардың пайда болуы әлі анық дәлелденген жоқ. Ғалымдардың басым көпшілігі оларды мәңгі тоңды жауып жатқан үстіңгі қабатты құрайтын материалдардың жібуі мен қатуының алмасып отыруы әсерінен біртіндеп сортталуынан түзіледі деп қарайды. Бұл жағдайда топырақ арасында пайда болған мұз кристалдары ірі тастарды көтеруімең бірге біртіндеп шетке қарай ысыра отырып, полигонның ортасын олардан босатуы мүмкін. Топырақ. Топырақ — өсімдіктердің, жануарлардың (әсіресе микроорганизмдердің), климат жағдайларының және адамдардың әсерімен өзгерген жер бетінің үстіңгі борпылдақ қабаты. Топырақ бойында құнарлылық қасиеті, яғни өсімдіктерді сумен, басқа да қоректік элементтермен қамтамасыз ететін қабілеті болады. Механикалық құрамы (топырақ түйіршіктерінің мөлшері) бойынша топырақ құмды, құмдақ сазды және саз топырақ болып бөлінеді. Жасы мен генезисі бойынша — қыртысты күлгін топырақ, батпақты топырақ, ормандық сұр топырақ, қара топырақ, қоңыр топырақ, күрең топырақ, тағы басқалар болып бөлінеді. Топырақтың жер бетінде таралуы зоналық (горизонтальды және вертикальды) заңдылыққа байланысты. Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы — материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Тарихы. Қазақ жерінде б.з.б. 2-мыңжылдықтан бастап адамдар қолда мал өсіре бастады. Оларды көбейту үшін жайылымдар іздеп, көшіп қонатын болды. Олар көбінесе жылқы, түйе, қой және ешкі өсірді. Малдарының жағдайына байланысты көшіп жүретіндіктен сиырды өте аз ұстады. Сол кезден бастап адамдар егін салумен де айналысқан. Оған дәлел — қыш құмыраларда сақталған арпаның, бидайдың, тарының дәндері. Егін егу мал өсіруге қарағандла баяу дамыды. Себебі тастан, ағаштан жасалған құралдар қатты жерлерді өңдеуге жарамады. Олармен тек өзен, көл жағасындағы жерледі өңдеді. 16-17 ғ-дан бастап Қазақстан жерінде егіншілік дами бастады. 1694 ж. Тәуке ханның Түркістан сарайында болған Ресей елшісі В.Кобяков жергілікті тұрғындардың бидайды, арпаны, тарыны өте көп мөлшерде егетін және бидайдың жаздық, күздік түрлерін өсіретінін жазған. Шығыс Қазақстан және Жетісу тұрғындары егін шаруашылығын мал шаруашылығымен және балық аулау кәсібімен қатар жүргізді. Бұл жерлерде егін суару үшін қолдан арық қазылды. Шу, Талас өзендерінің бойына бау-бақша егілді. Орт. Қазақстанда егіншілікке жақсы жетілген суару жүйесін пайдаланды. Негізгі салалары — егіншілік пен мал шаруашылығы. Олардың құрамына а.ш. дақылдарының, малдың түрі, топтары т.б. бойынша бөлінетін қосалқы салалар енеді. Қазақстанда А. ш., оның ішінде мал шаруашылығы ежелден негізгі өндіріс саласы болып келді. Ол халықты азық-түлікпен (сүт, май, ет, тоңмай т.б.), жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен қамтамасыз етеді. Күш көлігі де (ат, өгіз, түйе т.б.) егіске керекті тыңайтқыш та (көң, қорда т.б.) осы мал шаруашылығынан алынады. 20 ғ-дың 90-жылдарына дейін Қазақстан А. ш. құрылымының негізін Кеңестік шаруашылықтар (кеңшар) мен ұжымдық шаруашылықтар (ұжымшар) құрады. 1990 жылдан бастап республиканың агроөнеркәсіп кешенінде кең ауқымды әлеуметтік-экон. өзгерістер болды. Ауыл шаруашылығының Қазақстан экономикасында алатын орны. Қазір Қазақстанда а.ш. мақсатына арналған жеке меншік иелері мен жер иеленушілердің қарамағындағы 149,1 млн. га жер бар. Оның 25,7 млн. га-сы егістік, 3,6 млн. га-сы шабындық, 103,5 млн. га-сы жайылым (1998). Мемлекеттік А. ш. кәсіпорындарын жекешелендіру және ұжымшарлар жүйесін қайта жаңғырту оң нәтиже берді. Жерге байланысты құқықтық қарым-қатынас жүйесі өзгерді, баға, несие, қаржы саясаты реформаланды, басқару механизмі жеңілдетілді. 1997 ж. Қазақстанда жалпы саны 72335 А.ш. құрылымдары жұмыс істеді. Оның 1847-сі шаруашылық серіктестіктері, 601-і акционерлік қоғамдар, 3714-і өндірістік кооперативтер, 65 мыңнан астамы шаруа қожалықтары, 192-сі мемлекеттік кәсіпорындар. А.ш. кәсіпорындарын жекешелендіру меншік нысанын ғана өзгеріске ұшыратып қойған жоқ, сонымен бірге оларды жедел дамытуға, өндірісті қайта құруға, тауарлы өнім өндіруді арттыруға мүмкіндіктер тудырды. А. ш. салалары бойынша жалпы өнім құны 305, 4 млрд. теңгеге жетті (1997). Оның 41,5%-і мал шаруашылығы үлесіне тиеді. Негізгі а. ш. дақылдарының егіс көлемі 1997 жылы 21843,7 мың га, оның ішінде дәнді дақылдар 15651,5 мың га болды. Бидай 11512,2 мың га, күріш 85, 2 мың га, жүгері 69 мың га, қант қызылшасы 13,6 мың га, мақта 103,6 мың га, күнбағыс 223,9 мың га, картоп 176,3 мың га, көкөніс 87,1 мың га, мал-азық дақылдары 5445,6 мың га жерге егілді. Дәнді дақылдарының жалпы түсімі — 12,4 млн. т құрады. Оның ішінде бидай 8955 мың т, күріш 255,0 мың т, жүгері ұны 111,2 мың т, қант қызылшасы 139 мың т, мақта 198 мың т, күнбағыс 66 мың т, картоп 1472 мың т, көкөніс 880 мың т. болды. А.ш. дақылдарының әр га-дан түсетін өнімділігі: дәнді дақылдардан 8,7 ц, күріштен 30,8 ц, қант қызылшасынан 126,5 ц, мақтадан 19,3 ц, күнбағыстан 3,5 ц, картоптан 84,1 ц, көкөністен 100,6 ц болды. 1997 жылдың аяғында ірі қара малдың саны 4405,7 мың (оның ішінде сиыр 2181,8 мың), қой мен ешкі 10896,6 мың, шошқа 881,5 мың, жылқы 1101,1 мың, құс 15858,2 мың болды. Ет 1302,1 мың т., сиыр сүті 3220,4 мың т, жүн 32,4 мың т мөлшерінде өндірілді. Шумер тілі. Шумер тілі (Шумерше) шамамен б.з.б 4- милиондықта Оңтүстік Мезопотамия үстіртінде жасаған Шумерлер қолданған тіл. Кейінде шамамен б.з.б 2- ғасырларда бұл тілдің орнын Аккадиян (Сұрия-Бабилондық) тілі басса да, жаңа заманның 1- мыңжылдығына дейін Шумер тілі жалғасты діндік қимылдарда, әдебиет пен ғылымда қолданыла берді. 19- ғасырда Ассириологтер сына жазуларды аудармалағанға дейін бұл тіл мүлдем ұмыт қалды. Қазақ тұрколгтері қаншама құлшыныстар жасап Шумер тілін көне тұркі тіліне, тіпті Қазақ тіліне жанқындатқысы келсе де, бұл тіл ғылымда жеке тіл ретінде қаралып келеді. Қабатты жазық. Қабатты жазық — беріктігі әр түрлі шөгінді жыныстармен алмасып келген горизонтальды қабаттардан тұратын жазық. Шеткі бөлімдерінің денудацияға ұшырауы салдарынан үстіңгі қабаттары төменгі қабаттарымен салыстырғанда күштірек бұзылып отырады да, құлама қабырғалы кертпештері бар жазыққа айналады. Бұл жазықтың кейбір қабаттарының үгілуге тез ұшырауына байланысты кертпештер біртіндеп мүжіліп отырады. қазақстанда қабатты жазық типіне Торғайдың қалдық жазық даласы жатады. Қабаттық сулар. Қабаттық сулар — су өткізгіш тау жыныстарының арасында орналасқан жер асты сулары. Өзінің химиялық құрамы жағынан ол тұщы, сортаң, ащы, болып кездесуі мүмкін. Өйткені, жер қыртысының әр қабаттарында тұздардың құрамы өр түрлі болып келеді. Платформа. Платформа — кристалды тақтатастардан, гнейстерден, эффузивті жыныстардан және тағы басқалар. күшті метаморфозданған архейлік жыныстардан құралған жер қабығының көлемді берік алабы. Ол тек эпейрогендік қозғалысқа ғана ұшырап, не жоғары көтеріліп, не төмен түсуі мүмкін. Төмен түскен жағдайда платформаның үстін горизонтальды теңіз шөгінділері жабады. Сонымен, метаморфозды жыныстар не жер бетінде, не ертеде шөгінді жыныстармен жабылған тереңдіктерде кездеседі. Сондықтан платформаға өзінің фундаменті мен оны жауып жатқан шөгінді жыныстар құрамдарының бір-біріне түгелдей ұқсамауы және шөгінді жыныстардың бұзылмай қабатталып жатуы тән. Мысалға Орыс платформасы мен Батыс Сибирь ойпатын алуға болады. Қазақстанда оған Торғай даласы мен Ертіс бойы жатуы мүмкін. Су асты вулканизмі. Су асты вулканизмі — су астында вулкандық әрекеттің пайда болуы. Мұндай вулкан атқылағанда, вулкандық аралдар пайда болады. Бірақ бұл аралдар су асты вулканының төбесі ғана болып табылады. Жаңа вулкандық аралдар тез жоғалады, немесе өзінің формасын өзгертеді (мысалға Куриль қырқасындағы Иоан Богослав аралын алуға болады), бірақ көп сақталатындары да аз емес (Эгей теңізіндегі Санторин аралы). Су асты вулканы атқылағанда, теңіз суының температурасы жоғарылайды, теңіз жануарлары орасан қырғынға ұшырайды және қалың қара бу, күл мен пемза араласқан су бағандары атылып, қатты шу шығады. Польдерлер. Польдерлер — Нидерланды (Голландия) мен Германияда теңіз деңгейінен төмен жатқан және су басудан сақтау үшін дамбалармен қоршалған аса құнарлы құрғатылған егістік жерлер. Олар қазылған каналдармен тілімделіп жатады да, егін, гүл шаруашылығына пайдаланылады. Тау алды кертпештері. Тау алды кертпештер — тау жүйесінің негізгі биік бөліктерін сатылана қоршап тұратын тік беткейлі, еңіс бетті, көп ярусты құрылым. Олар көтерілу жағдайындағы таулы алаптың шеттерінде педиплен түзілуінің нәтижееінде пайда болады. Таулы алаптың көтерілуіне байланысты тау алды жазығының жаңа бөліктері бірінен кейін бірі көтерілуге ұшырайды. Тау алды кертпештер тектоникалық айрылудың қатысынсыз тек таулы алқаптың үздіксіз, шапшаң көтерілу жағдайында пайда болады дейді В. Пенк. Ең жаңа ғылми деректер: тау алды кертпештер таулы алаптың ауықауың көтерілуі жағдайында, яғни тектоникалың айырылудың қатысуы мен созылуының нәтижесінде пайда болады деген ұғымға тоқталады. Депрессия. Депрессия — 1) депрессия деп кең мағынада жер бетіндегі кез-келген ойпат жерлерді айтады, ал тар мағынада теңіз деңгейінен төмен жатқан ойыс, қазан шұңқыр сияқты рельефтің теріс формасын айтады. Мәселен, соңғысына Турфан, Сарықамыш құрғақ ойыстары немесе суға толған Каспий, Өлі теңіз ойыстары жатады; 2) тектоникалық депрессия деп жер қабығының ойыстана келіп, түгелдей немесе жартылай шөгінді толған түрін айтады. Мысалы, Тәжік депрессиясы. Ықпа ағыс. Ықпа ағыс — теңіз немесе мұхит суының сыртқы қабатында жел үйкелісінен лайда болатын ықпа ағыс. Ықпа ағыстың теориясын 1906 ж. сапа жағынан өңдеген Ф. Нансен, математикалық жағынан дәлелдеген В. Экман болды. Жердің айналу әсерінен ықпа ағыс теңіз бетінде Солтүстік жарты шарда 45° бұрыш бойынша оңға, Оқтүстік жарты шарда — солға ауытқиды. Сары топырақтар. Сары топырақтар — ылғалды субтропик ормандарда пайда болатын топырақ. Реакциясы қышқыл, гумусы шамалы болып келеді. Сары топырақ Қытайдың (Янцзы бассейні), АҚШ-тың, Австралияның, Жаңа Зеландияның едәуір келемін алып жатады. Ол бұрынғы СССР-да батыс Закавказ бен Ленкоранда таралған. Сары топырақты көп жылдық субтропиктік (цитрустік шай тағы басқалар) дақылдар мен овощь, дәнді дақылдар тағы басқалар өсіруге пайдаланады. Оларда қоректік заттар аз, сондықтан тыңайтуды көп керек етеді. Горст. thumb Горст — екі жиегі ой, ортасы дөң болып келген жер қабығының параллель участогы. Мұндай жерлер көбіне тау жотасы немесе қырат болып есептелінеді. Грабен. thumb Грабен — опырық, опырмалы ойыс — жер қабығының төмен түскен участогы. Опырықтың көлемі өр түрлі болып келеді. СССРда өте ірі опырық — Байқал көлі (ойысы) болып табылады, шет елде — Рейн өзенінің аңгары, Өлі теңіз ойысы тағы басқалар. Гренландия максимумы. Гренландиялық максимум — Гренландия үстіндегі жоғарғы қысым аймағы. Сазды вулкандар. Сазды вулкандар — дүркін-дүркін немесе сирек атқылап, өзінен сұйық балшық және әр түрлі газ бөліп шығаратын вулкандар. Бұлар мұнайлы және вулканды аймақтарда, сол сияқты өзен атырауларында кездеседі. Бұрынғы СССР-да Апшерон, Тамань, Керчь тубектерінде, Шығыс Грузияда, шетелдерде — Италияда, Исландияда, Жаңа Зеландияда, Орталық Америкада кездеседі. Жағаның далмациялық түрі. Жағаyың далмациялық типі (түрі) — теңіз жағаларының бір түрі, оның қойнаулары жағалық сызыққа және тау тізбегінің етегінен қатарласа созылып жатады. Ал қойнаулары жоталарды көлденең кесе, бұғаздар арқылы ашық теңізге барып қосылады. Далмациялық жағалар құрлықтағы төмен түсіңкі жағаны су басу нәтижесінде пайда болады. Олар Адриатика теңізінің шығыс жағасында Далмацияда дамыған. Далмациялық жаға деп аталуы да осыдан. Дислокация. Дислокация — эндогендік (ішкі) күштің әрекетінен тау жыныстары формаларының алғашқы жатқан түрінен бұзылуы. Алғашқы кезде орналасқан шөгінді тау жыныстарының қатпарлары горизонталды немесе соған жақын болып келеді. Ал дислокация әсерінен қатпарлар бүгіліп дөңестену немесе ойыстану түріне айналады, кейде жарылады. Дислокацияның өэі қатпарлық (пликативтік), жарылғыштық (дизъюнктивтік) болып екіге бөлінеді. Пликативтік дислокация нәтижесіңде жыныс қабаттарының жазық жатуы бұзылып қатпарлар түзіледі. Қатпар деп қабаттардың толқын тәрізді иілуін айтады. Қатпарлар алдымен иініне сай 4 түрге жіктеледі. Антиклинал деп иіні төмен қарай қараған, сондықтан қанаттары керағар жақтарға еңкіш қатпарды атайды (грекше «анти» — қарсы, «клин»— бұрыш, көлбеу). Синклинал деп иіні төмен қараған, сол себептен қанаттары бір-біріне қарай еңкіш қатпарларды айтады (грекше «синклио» —еңкейемін). Сонда антиклиналдардың өзегінде ең кәрі жыныстар, синклинал ортасында ең жас кабаттар орналасады. Жоғары ығысу. Жоғары ығысу — бүйірлік қысымның әсерінен тау жыныстарының бір бөлегі басқа екінші бөлектің үстіне жазықтық бағытта горизонтқа келбеу көтеріліп ығысатын жағдайдағы жер қабығының орын ауыстыруы; осындай кезде өте ертедегі қабаттар жас қабаттардың үстіне шығып кетеді. Сапропель. Сапропель (синонимі — шірік тұнба) — көбіне анаэробты жағдайларда ағынсыз су алқаптарының түбінде жиналып тығыздалған тұнба. Сапропель планктондық организмдердің — өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарының шіруінен пайда болады. Одан әрі қарайғы биожәне геохимиялық процестердің әсерінен ол сапропельді көмірге айналады. Химиялық жолмен айдағанда, одан сұйық отын алынады. Сапропельді ауыл шаруашылық малдарына үстемелі минеральды қорек есебінде пайдалануға да болады. Сарма. Сарма — көбінесе күз айларында Байкал көлінің батысындағы Ольхон аралының тұсында солтүстік, солтүстік-батыс бағытта соғатын қатты жел. Ол көлді қоршап тұрған тау жоталары арқылы циклондардың суық фронты өткен уақытта байқалады да кенет пайда болып, тез басылады. Кейде оның ұзақтығы 2—4 күн бойына созылып, жылдамдығы 40 м/сек-ке дейін барады. Сарос. Сарос — ұзақтығы 18 жыл 11,1/3 тәулікке тең Күн мен Айдың бірдей түтылып тұратын уақыттарының арасындағы кезең. Бір саростың ішінде Күн орта есеппен 41 рет, Ай 27—29 рет тұтылады. Бұл кезең тіпті Ертедегі Греция мен Египетте белгілі. болып, Күн мен Айдың тұтылуларын алдын ала болжап айтуға мүмкіндік берген. Опырық. Опырықтар — жер қабаттарының жарылуы әсерінен тау жыныстарының алғашқы жатыстарының бұзылуы. Опырықтар жер қабығын вертикальды және көлбеу жарықтармен бөлшектеп, орқаштарды осы жарықтарға бірінен кейін бірін әкеп орналастырады. Параллельді жарықтарда орқаштар бірінен кейін бірі төмен саты құрап жатады, сондықтан мұндай опырықтарды сатылы деп атайды. Күмбезді көтерілу. Күмбезді көтерілу — үлкен алапты жер қабығының вертикальды бағытта дөңестеліп көтерілуі. Мұндай жағдайда қабаттар бұрыштарының құламалылығы аз болады. Күмбезді көтерілу бір уақытта, немесе қатпарлар түзілу процестерінен кейін пайда болуы мүмкін. Қазірде көптеген тау жүйелері туралы, мысалы, Альпы таулары туралы, осы көзқарас дұрыс деп саналуда. Ұзынша күмбезді көтерілуді мегаантиклиналь («үлкен антнклиналь» деп) атайды. Маусым (жыл мезгілі). Маусым, мезгіл — әр түрлі сипаты бар жыл бөліктері. Астрономиялық маусымдар көктем, жаз, күз және қыс болып бөлінеді. Климатология мен синоптикада олар атмосфералық процестер комплекстерінің ауысуы бойынша бөлінеді. Мұндай бөліну өрбір ендіктер мен физикогеографиялың жағдайларда әр түрлі болады. Муссонды ыетың облыстар екі маусымға ғана болінеді: құрғақ және ылғалды. Фенологияда Европаның орта ендігі сегіз маусымға бөлінеді: 1) аласапыран (өсімдіктің жандана бастауы); 2) ерте көктем (жапырақтардың пайда болуы, жемісті ағаштар мен шиебұталарының гүлденуіне дейін); 3) жазғытұрым (малина мен күздік қара бидайдың гүлденуіне дейін); 4) жаз басы (шалғындардың гүлденуі, алғашқы шиелердің пісе бастаған кезі); 5) жаз ортасы — шілде (алғашқы жемістердің пісуі мен егін жинау кезеңі — жапырақтардың сарғая бастаған уақыты); 6) қоңыр күз (кеш пісетін жемістер ніскен, жапырақтарға күзгі түс еніп, жапыраңтардың алғашқы түсе бастайтын кезі); 7) суық күз (ағаш жапырақтарының түгелдей түсе бастаған, шөпті әсімдіктердің өсуі тоқтағанға дейінгі уақыт); 8) қыс — өсімдіктердің өсуі тоқтайтын кез. Әр жыл сайын фенологиялық мезгілдің календарлы мерзімі өзгеріп отырады. Мұздық шөгінділері. Мұздық шөгінділері — тау мұздықтарының немесе материктік мұздық жамылғыларының әрекетінен пайда болган шөгінділер. Мұздық шөгінділердің ең бастысы — мореналар. Олар мұздықтың денесінен бөлініп шығады да, тікелей мұздық арнасының түбі мен шетіне шөгеді (аңғарлық мұздықтарда). Мореналар рельефтің аккумуляциялың әр түрлі формаларын жасайды: аяққымореналық жалдар, жағалық мореналар, төбелімореналық рельеф тағы басқалар. Мореналардан басқа мұздық шөгінділеріне: іріктелген малта тастар, құмдар, саздақтар, саздар жатады. Олар мұздықтың алдында немесе мұздықтың ішінде — мұз астындағы қолаттарда, мұз ішіндегі туннелдерде, оның бетіндегі ойыстарда еріген мұздықтар суларының әрекетінен пайда болған (флювиогляциал) шөгінділер. Флювиогляциал шөгінділері зандрлар, террасалар, друминалар, камалар тағы басқалар. рельеф формаларын жасайды. Мұздық дәуірлер. Мұздық дәуірлер (ғасырлар), мұздылықтар, гляциалдар — жердің геологиялық тарихындағы климаттың аса сууымен, көлемі үлкен қалың материктік мұз жамылғыларының таралуымен сипатталатын ұзақтығы әр түрлі уақыт мөлшері. Мұздық кезең. Мұздық кезең — геологиялық кезеңдерде орын алған мұздық дәуірлерінің жиынтығы. Мұздық кезең кембрийге дейінгіде, палеозойда (пермь-карбон) және кайнозойда анықталған. Төрттік дәуірдің мұздық кезеңі толығырақ зерттелген. Мұздық тілі. Мұздық тілі — қар шегінен төмен жатқан, аңғарлық мұздықтың бөлегі. Аңғар арқылы төмен түсіп жататын мұз тасқыны. Осы жерде еру, булану арқылы мұз массасы кішірейіп тұрады. Мұз жамылғы. Мұз жамылғы — мұхиттардың, теңіздердің, өзендердің, көлдердің бетінде қатудан пайда болған, сондай-ақ осы бассейндерге көрші аудандардан әкелінген мұздар. Мұндай жамылғыларды құрайтын мұздар шығуы жағынан теңіздік және тұщы болып бөлінеді. Тұщы мұздар өзендермен қалқып келеді және осы өзендер арқылы тұщыланған ағыстарда (арктикалық теңіздерде) пайда болады. Мұздықтардан (материктік) пайда болған — айсбергтер де тұщы мұздар болып саналады. Теңізде пайда болған мұз жамылғысы қату басталғаннан кейін, бірнеше сатылардан өтеді: ине мұз, қаймақ мұз, нилас мұз (қалыңдығы 1ден 10 сжге дейін), жас мұз (қалыңдығы 10 сиден 100 слгге дейін). Полярлық облыстарда мұз жамылғысының бұдан кейінгі сатылары байқалады: бір жылдық (1—2 м), екі жылдық (2,0—«2,5 м) және көп жылдық (пактық, 2,5 м-ден қалың). Бетінің түрі жағынан мұз жамылғысы тегіс және үйінді мұз болып бөлінеді. Динамикалық жағынан қозғалмайтын (жағаға қатқан) және ықпа болып екіге бөлінеді. Профиль. Профиль — география мен геология ғылымдарында кездесетін вертикалды (тік) қималар немесе кейбір рельеф формаларының (аңғардың, таудың, теңіздің), геологиялық қабаттардың көлденең қимасы. Бұл вертикалды жазықтықта рельеф формаларьшың, жер қабығы құрылысымен құрамының өзгеруін зерттеуде картаны толықтыру үшін жасалады. Өсімдік, топырақ тағы басқалар. комплексті профиль ландшафт құрайтын әрбір табиғат элементтерінің байланыстарын түсіндіру үшін сызылады. Көтерілу су электр станциясы. Көтерілу су электр станциясы — теңіз деңгейі көтерілгендегі су энергиясын электр энергиясына айналдыру мақсатында жасалған құрылыстар комплексі. Тас бөгеттер мен су қоймалары көтерілу уақытында су энергиясын қорландырып, суды электр генераторын айналдыратын гидравликалық турбинаға береді, одан кейін электр генераторы электр энергиясын өндіреді. Тайга. Тайга (түркі сөзі) — қылқан жапырақты Сібір орманының аты. Тайга термині бүкіл Еуразия мен Солтүстік Америка бойынша созылып жатқан қылқан жапырақты орман аймағының өсімдігі мен қоңыржай белдеудің ландшафтық орман зонасын да атауға қолданылады. Европалың тайга көбінесе шырша мен қарағайдан тұрады. Оралға жақындағанда Батыс Сібір тайгасында Сібір балқарағайы, қарасамырсын, Сібір самырсыны кездесе бастайды. Енисейден шығысқа қарай Сибирь бал қарағайы басым, бірақ ол даур бал қарағайымен араласады да, ал таулар мен таулы үстірттердің бас жақтарында теселме самырсындар жыңғылдары пайда бола бастайды. қиыр Шығыс тайгасында аян шыршасы мен қарасамырсынның ерекше түрі тараған. Жапырақты ағаштардан орманның кесілген және өртелген жерлерінде өсетін қайың мен көк терек, ал олардың етектерінде қарақат, шетен және тал кездеседі. Тектоникалық таулар. Тектоникалык таулар — жер қабығының радиальды, вертикальды және горизонтальды қозғалуынан пайда болған жер бетінің биік белектері. Тектоникалық таулар бес түрге бөлінеді: 1) қатпарлы дислокациялары басым қатпарлы таулар (мыс.: Юра); 2) жагпа жазықтар мен шарьяждардың қатысуы арңылы түзілген жамылғы таулар; 3) қатпарлыжаңпарларды бірбірінен бөлшектеп тұратын жарыңтары басым ыдырамақатпарлы таулар; 4) тек ыдыраулардан түзілген жақпарлы таулар; 5) бұрынғы қатпарлардың немесе ыдырай қатпарланған құрылымның тау бұзылғаннан кейін қайтадан әрбір жақпарларға бөлінуінен түзілген қатпарлыжақпарлы таулар (мыс.: Алтай). Теодолит. Теодолит — жер өлшеу жұмыстарында, жерді тексеріп шолуда және ірі масштабты съемка жасауда көп пайдаланылатын бұрыш елшейтін геодезиялық аспап. Оның ең маңызды бөліктеріне: қарау түтігі, градусталған екі — вертикальды (тік) және горизонтальды (жазық) — шеңбері жатады. Сондықтан теодолитпен горизонтальды, вертикальды бұрыштарды бірдей анықтауға болады. Мұхит және теңіз ағыстары. Мұхит және теңіз ағыстары — мұхиттар мен теңіздер суының ұдайы, мезгіл-мезгіл, қысқа мерзім бойы жылжып тұруы. Ағыстар жылы да, суық та болады. Егер ағыс суының температурасы қоршап тұрған су температурасынан жоғары болса, оны жылы ағыс деп, ал кері жағдайда суық ағыс деп атайды. Ағыс судың беті мен тереңдігінде де үлкендікішілі қабаттарды қамтиды. Сондықтан оны беттік, су астылық немесе тереңдік түптік ағыс деп бөледі. Шығу тегі бойынша ағыстар ықпа (желдің су бетін сүйкей соғуы әсерінен), ағындық (мұхиттың бір жағына жиналған көп судың лықсуы әсерінен), компенсациялықтолықтырма (мұхиттың бір жағындағы су олқылығын толтырып тұратын ағыстар) болып бөлінеді. Жердің тәуліктік айналуының әсерінен ағыстың алғашқы бағыты Солтүстік жарты шарда оңға қарай, ал Оңтүстік жарты шарда солға қарай ауытңып тұрады. Ағыс атмосфера мен желдің қысымынан су тығыздыктарының әр түрлі болып келуінен және бір бассейндегі су олқылығын екінші бассейннен лықсыған судың толықтыруынан пайда болады. Материктер ағыстың жылжу бағытын бұруға әсер етеді. Жалпы атмосфера циркуляциясының барлық жүйесінің мезгілдік орын ауыстыруымен бірге мұхит және теңіз ағыс жүйесі де жоғарғы ендікке қарай мезгілдік орын ауыстыруда болады. Кейбір ағыстар ауыспалы болып тұрады (жылдың бір бөлігінде суық, екінші бөлігінде жылы). Ағыс материктердің таяу бөліктерін ысытып немесе суытып олардың климатына үлкен әсер етеді. Қоңыр топырақтар. Қоңыр топырақтар — Қазақстанның құрғақ далалар зонасын алып жататын, қара топырақты жерлердің оңтүстігінде орналасқан, түрі піскен талшын (каштан) сияқты, саздақ және құмдақ қоңыр топырақтар. Онда өсетін өсімдіктердің құнарсыздығына байланысты шірінді заттар аз болады (3%) және тереңдеген сайын кеми береді, азот пен фосфор да аз болады, астыңғы қабаттарында ерігіш тұздар болады. Көбінесе құрамында көмір қышқыл ізбесі болғандықтан қышқыл тисе көпіріп қайнайды. Қоңыр топырақтар құрамындағы құнарлы заттардың мөлшерімен де, құрылымымен де ауыл шаруашылық дақылдарға өте қолайлы жене олардың гумусы көбейген сайын сапалылығы арта түседі. Коллювий. Коллювий — негізінен салмақ күшінің әсерінен таудың жоғарғы жағында орналасқан участоктардан төмен қарай құлап, тау беткейлері мен етектерінде жиналатын кесектер, тау жыныстарының сынықтары (құлау, қорым материалы). Топырақтар комплексі. Топырақтар комплексі — үздіксіз қайталанып, бірнеше метрден (сирек жағдайда ондаған метрден) кейін бірімен бірі алма-кезек ауысып жататын әр түрлі топырақтардың ұсақ аумақтарының (дақтарының) алмасуы. Топырақтардың мұндай алмасуы көбінесе микрорельефке байяанысты, бірақ бұл барлық жағдайда міндетті емес, микрорельефке байланыссыз да комплекстер кездеседі. Топырақ комплексі топырақ құралу процестерінің өте айқын айырмашылықтарымен қатар оларды құрайтын топырақ компоненттерінің генетикалық тығыз өзара байланыстығығымен сипатталады. Әр түрлі топырақ дақтарының арасындағы шекара әр уақытта өте айңын керініп тұрады, Топырақ комплексінің шаруашылың маңызы бүкіл комплекстің қасиетімен анықталады. Олар ылғалдану мелшерінің азғана да болса көбеюі — топырақ пен есімдіктің даму жағдайларын соншалыңты өзгертіп отыратын, қоңыр жене құба шөлейттік топырақтар зонасында кең таралған. Жергілікті террасалар. Жергілікті террасалар — өзен айналмаларының (меандрлардың) аңғар ішінде бірте-бірте төмендеп, орын ауыстырып отыруынан аңғарларда пайда болады. Бұл бір эрозия базисының өзінде әр түрлі биіктігі бар жаңа террасалардың бір уақытта өмір сүруіне әкеп соғады. Жергілікті террасалар өзен террасаларындағы ірі масштабты зерттеулерді өте қиындатады. Кейде жергілікті терраса деп өзен аңғарындағы суы ағызылып жіберілген көлдің орнындағы өзен террасаларын да атайды. Льянос. Льянос — Оңтүстік Американың солтүстік-шығысьшдағы, Ориноко өзенінің сол жақ жағасындағы өзіне тән өсімдік жамылғысы бар жазықтар. Бұл теңіз бетінен 400 м жоғары орналасқан. Льянос нағыз саванна типіне жатады. Мұнда шөпті өсімдіктер бар, олар жаңбырлы жылдары керемет қалың болып өседі де, қуаңшылық кезде қурап қалады. Льяноста жеке де, шоқ ағаш та (көбі пальма) кездеседі, ал ормандар тек өзен аңғарларында дамыған. Аллювий топырақ. Аллювий топырақ — өзен жайылымы мен атырауларында пайда болатын топырақ. Аллювий топырақ көбінесе өте құнарлы келеді, сондықтан оны ауыл шаруашылығына, әсіресе көкөніс, күріш өсіруге жиі пайдаланады. Усов, Михаил Антонович. Михаи́л Анто́нович У́сов (8 (ақпанның 20-сы) 1883, Каинск — шілденің 26-сы 1939, Белокуриха, Алтай өлкесі) — орыс геологы, ССРО Ғылымдар академиясының академигі (1939, сібірліктердің арасынан шыққан ең алғашқы академик). Михаил Усов — Владимира Обручевтың шәкірті, оның 1906 және 1909 жылдары өткізген Жоңғария экспедициясына қатысқан. Усов Франца Левинсона-Лессинтен де тәлім алған. 1908 жылы Томск технологииялық институтын бітірген, 1913 жылы диссертация қорғап, ТТИ профессоры, 1920 жылы геология кафедрасының меңгерушісі болды. Сонымен бірге ол 1921 — 1930 жылдары Геология комитетінің Сібір бөлімін басқарды. 1938-1939 жылдары Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу геологиялық институтын (ВСЕГЕИ) басқарды. Осы кездері қазақтың болашақ көрнекті ғалымы Қаныш Сатпаев оның қолынан тәлім алды. Усов Сібірдің және Қытай мен Моңғолияның онымен жапсарлас жатқан аудандарының геологиялық құрылысын зерттеді, Кузнецк Алатауы мен Забайкальенің алтынды аймақтарының экспертизасын өткізді. Усов эндогенді кен түзілудің жер қыртысындағы плутондық және вулкандық үрдістермен байланыстарын анықтады. Михаил Усовтың Кузбасстың көмірлі аймақтарының геологиялық құрылымы туралы еңбектерінің Ресей үшін маңызы өте зор. Солардың арқасында Кузбасстағы көмір қорларының көлемі және оны өнеркәсіптік өндірумен болатындығы анықталды. Усовтың атымен Томскіде көше аталған, ТПУ-дың геологиялық корпусының алдында оның бюсті орнатылған. Еңбектері. 1960 жылы Алматыдағы «Ғылым» баспасынан «Основные идеи М.А. Усова в геологии» атты жинақ жарыққа шықты. Дедюшко, Александр Викторович. Александр яки Ескендір Викторович Дедюшко (Мамырдың 20 1962, Волковыск, БССР — Қарашаның 3 2007, Владимир облысы). Дедюшко, Дмитрий Александрович. Дмитрий Александрович яки Ескендірович Дедюшко (Қыркүйектің 21 1999, Мәскеу, Ресей — Қарашаның 3 2007, Владимир облысы, Ресей). 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі. 1986 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан компартиясы ОК Пленумы өтті, ОК Бірінші хатшысы Д.А.Қонаев қызметінен босап, орнына осыған дейін Ульяновск облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Г.В.Колбин қойылды. Қазақстанды басқару тағы да бұрынғы әдіс бойынша шешілген еді. Бірақ бұл жолы жергілікті халық оған көнген жоқ. Қарсылықты қазақ жастары бастады. Желтоқсанның 17 ертеңгісін партияның ОК орналасқан алаңға жастар жиналды. Демонстрацияны үкімет қарулы күшпен таратты. Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді. Осы күнге дейін мемлекет желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын түсіруге зор үлес қосып келеді. Көтерілісінің құпиялары толығымен ашылған жоқ. Батолит. Батолит — қатты тау жыныстарынан (әсіресе граниттер тобынан) құралған және жер ядросында өте тереңде болатын массив. Батолит кейде ұзындығы 2000 км, ені 100 км-ге жетеді немесе одан да көлемді келеді. Батолит жыныстары вулкандық атқылаудан пайда болады. Гранитті батолитте қалайы және вольфрам, алтын т. б. металдар кездеседі. Бедленд. Бедленд (шөл адырлар) — эрозияның эрекеті нәтижесінде құрғақ климат жағдайында пайда болған аласа таулы рельефтің күрделі түрі. Бедленд егіншілікке қолайсыз. СССР-да ол Орта Азияның шөлді тау етегінде, Казақстанда, Волга өзенінің оң жағасында тағы басқалар. жерлерде кездеседі. Жер сілкіну ошағы. Жер сілкіну ошағы "(гипоцентрі)" — жанжаққа сейсмикалық толқындар тарайтын жер қабығының қалыңындағы орын. Терең фокустық жер сілкіну оілағы 50 км-ден 700 км болады. Жер сілкіну ошағы формасы, көлемі жағынан әр түрлі болуы мүмкін. Жер сілкіну ошағының үстінде орналасқан ауытңу өте күшті болатын жер бетіндегі нүкте — жер сілкіну эпицентрі деп аталады. Поляр пагы. Пак, поляр пагы — мұхиттың поляр жағындағы жылжып жүретін көп жылдың мұз қабатының жиынтығы. Жазда пакты құрайтын мұздың қалыңдығы еруге байланысты жұқарады да, ал қыста жаңадан жауған қар мен судың қатуына байланысты ұлғаяды. Егер пак төменгі ендікке келіп еріп отырмаса, онда Солтүстік мұз мұхитын түгелімен мұз басқан болар еді. Оңтүстік жарты шарда пак мұхитпен тура шектесіп тұрғандықтан, мұхит ағысымен жылжып, төменгі ендікке барып ериді. Солтүстік жарты шарда пак Сибирь жағасынан Гренландия мен Шпицбергеннің арасындағы бұғаз арқылы жоғарғы ендікке дейін көтеріліп, одан әрі Оңтүстіккө қарай ығады. Жазда Солтүстік мұз мұхитында пак шетінде мұз алқаптары бірбірінен айрылып тұрады да; олардың аралығы теңіз кемелерінің солтүстікке қарай жылжуына мүмкіндік береді. Палеогеографиялық карталар. Палеогеографиялық карталар — ертедегі геологиялық дөуірлердегі географиялық жағдайларды көрсететін карталар; олар құрлық пен теңіздердің орналасуын, құрлық рельефі мен теңіздердің тереңдіктерін, климаттық зоналардың таралуын және басқа да физикогеографиялың жағдайлардың ерекшеліктерін бейнелейді. Палеогеография. Палеогеография — өткен геологиялык замандардағы жер бетінің пішінін бейнелеу туралы ғылым, географияның бір саласы. Ол ертедегі құрлық пен теңіздің таралуын, материктер мен теңіз бассейндері түптерінің рельефін, климат жағдайларын, физикогеографиялық ерекшеліктерін анықтап, олардың өзгеруін зерттейді де, осы өзгерістердің заңдылықтары мен себептерін ашады. Пампа. Пампа — Оңтүстік Американың қоңыржай белдеуінде Аргентинаның территориясын түгелімен дерлік алып жатқан кең байтақ жазық дала. Ол солтүстігінде — тропик ормандарымен, Гран-Чако саванналарымен, шығысында — Атлант мұхитымен, оңтүстілігінде — Патогония шөлейтімен, ал батысында — Анд тауларымен шектеседі. Пампа бұрын мал шаруашылығына кең пайдаланылып келді, соңғы уақытта көптеп егін шаруашылығына да игерілді. Оның шығыс жағында Оңтүстік Американың ең ірі бидай өндіру ауданына айналған құнарлы қара топырақты алқап орналасқан. Памперо. Памперо — пампа далаларында соғатын оңтүстік румбалық суық дауыл жел. Бұл жел соқңан уақытта күн күркіреп, нөсер жаңбырлар жауады да, температура тез суынады. Парамос. Парамос — экваторлық зонада (Солтүстік Анд таулары, Орталық Африканың аса биік тау бастары) кездесетін абсолюттік биіктіктері 3000— 4800 метрлік биік таулы ландшафт типі. Жыл бойы температураның төмен және тұрақты (12°, +10°) болуына сәйкес мұнда жыл мезгілдері аның білінбейді. Буланудың күшті болуының нәтижесінде 500— 800 лглглік жылдық жауын-шашын тек құрғаққа төзімді (ксерофитті) өсімдік топтарының өсуіне ғана жетеді. Парамосқа жайылым есебінде пайдаланылатын боздар мен қатңыл сабақты бозшалғындардан тұратын құрғақ таулы далалар жатады. Пассаттық ағыстар. Пассаттық ағыстар — мұхиттың ықпа ағыстары; көбінесе пассат желдерінің су бетін сипай есуінің әсерінен пайда болады. Бұған ені 10° дерлік белдеу құрып, Африканың батыс жағалауларынан басталатын Атлант мұхитындағы Оңтүстік экватор ағысы (оңтүстікшығыс пассаттың ықпа ағысы) жатады. Ол 91—101 км жылдамдықпен жылжып отырып, өз бағытын біртіндеп батыстан солтүстікке қарай өзгертеді де, Оңтүстік Американың жағасына жеткенде 6°—7° с. е. дейін көтеріледі. Атлант мұхитының солтүстікшығысындағы пассаттық солтүстікэкваторлық ағыс Зеленый Мыс маңында басталады да, 37 км жылдамдықпен жылжып отырып, оз бағытын біртіндеп батыстан солтүстік-батысқа қарай өзгертеді. Бұл бірінші ағыстан әлсіз де, тұрақсыз да болып келеді. Үнді мұхитында экваторлық ағыс тек Оңтүстік жарты шарда ғана бар. Ол басқа мұхиттардағымен салыстырғанда оңтүстікке таман, яғни Австралиядан Мадагаскарға дейін болып тұрады. Оның орташа тәуліктік жылдамдығы 65 км шамасында. Тынық мұхиттың су бетінің аса көлемділігіне қарамастан ондағы ағыстардың жылдамдығы оте баяу болады. Солтүстікэкваторлык ағыстың (Калифорниядан Филиппиндерге дейін 10° пен 20— 22° с. е. арасында ағатын) тәуліктік жылдамдығы 22—44 км ғана. Галапагос аралдарынан басталып Австралия мен Жаңа Гвинеяға жететін оңтүстік-экваторлық ағыс солтүстік ағыстан күштілеу де, тұрақтылау да болып келеді. Пассаттар. Пассаттар — Солтүстік пен Оңтүстік жарты шарларда субтропиктік жоғарғы қысымды облыстардан экваторға қарай соғып тұратын тұрақты желдер. Жердің өз білігінде айналып тұруына байланысты пассаттар Солтустік жарты шарда солтүстікшығыс, ал Оңтүстік жарты шарда оңтүстікшығыс бағытта соғып тұрады. Мұхиттарда пассаттар бағыттарын өзгертпей тура соғады. Педиплен. Педиплен — таулы алаптың көтерілу жағдайында эрозия мен денудацияның тау етегі шеттерін қазып отыруы арқылы пайда болған тау алды жазықтық. Ағылшын геоморфологы Кинг педипленді пенепленге қарсы қояды, өйткені пенеплендену (тегістелу) жер бетінің бір уақытта жоғары жақтан тозуынан болады да, ал педиплен беткейлердің «параллельді шегінуі» жағдайында өсіп отырады. Пенеплен. Пенеплен — «жазықсымақ» — бұдырсыз жазық, эрозия базисінің тұрақты орналасу жағдайында ағын су мен атмосфера агенттерінің әсерінен таулы алқаптың ұзақ уақыт бойында бұзылуынан пайда болған жер бетінің формасы, Аңғарлар біртіндеп тереңдеп, ұзара отырып, оның беткейлері астынан да, үстінен де жуыыпшайылып отырады. Аңғар аралығындағы қыраттар да азаздап бұзылып, аласарып отырады, сөйтіп ең ақырында бұрынғы таулы аймақ (оның кейбір аңғар бастарының аралығындағы сақталған тебелері болмаса) жазыққа айналады. Бастапқы аңғарлар. Бастапқы аңғарлар (Байырғы аңғарлар) — ағысты мұздық суы мен өзендердің ежелгі аңғарлары болып табылатын бұрынғы мұздану алқабындағы мұздың аңғарлар мен кең жылғалар. Бастапқы аңғарлардың кейбірі сусыз болып келеді де, кейбірі қазіргі бар өзендердің арнасына айналған. Олар Солтүстік Германияда, бұрынғы СССР-дың Европалық бөлігінде — Жоғарғы Еділде, Окада, Оңтүстік Бук өзендерінде, Қазақстанда (Торғайдың жазық даласында) кездеседі. Пергрессия. Пергрессия — теңіздің құрлықты басқанда еселей жылжуы; мұндай жағдайда теңіз суы теңіз жағасын қуалай орналасқан қатпарлы тау зонасын баса отырып, оюың сырт жағында жатқан басқа құрылымды облыстарға өтеді. Пергрессия Кіші Антиль аралдарының бір кездерде Венесуэла Кордильерімен жалғасып тұрған Оңтүстік Американың Кариб теңізіне шектес жағаларында байқалады. Құм қайраң. Құм қайраң — теңіздің таяз жағасы. Ол тасқынды ағындардың құмды шая отырып, иірім жасайтын тұсында, сол ағындардың үдемелі қозғалысы мен қайтуының түйіскен жерінде пайда болады. Құмды шөлдер. Құмды шөлдер — құрғақ климат жағдайында қатты тау жыныстарының үгінді қалдықтары мен ертедегі аллювиаллы шөгінділер құмдарының жел әсерінен кең алапта жиналуынан пайда болады. Құмды шөлдердің алып жатқан ауданы өте үлкен болады. Жалғыз Сахара шөлінде, шамамен алғанда, құмдардың алып жатқан ауданы 900 мың км2 жуық, Орталық Азияда — 1,5 млн км2, ал Орта Азияда — 150 мың км2 шамасындай. Бұлардан басқа құмды шөлдер Аравияда, Сирияда, Белуджистанда, Индияда, Иранда кездеседі. Потамология. Потамология — өзендер туралы ілім. Жекелеп айтқанда бұл арнаның даму процестерін, өзендердің географиялық ерекшеліктерін, су деңгейін елшеудің тәсілдерін, судың мөлшерін, ағыстың жылдамдығын, еңістігін және тасқындағы тосқынның шамасын (қ. гидрометрия), өзендердің гидрологиялық құбылыстарын болжау әдістерін (өзендердің еруі мен қатуы, өзен тасуының уақыты мен деңгейінің көтерілуі тағы басқалар), өзендер суының химиялық құрамын, биологиясын зерттеумен шұғылданады. Прериялар. Прериялар — Кордильер таулары мен Миссисипи өзенінің арасында орналасқан солтүстік-батыстан оңтүстік-шығыс бағытта созыла жатқан Солтүстік Американың кең даласы. Ол батыстан шығысқа қарай кертпештене төмендейтін теңіз бетінен 1000—1500 м биіктіктегі үстіртті алып жатыр. Кордильер тауларының етегіндегі шыршалы дала шығысында орманды далаға ауысады. Прериялар климаты континентальды боп келеді де, өсімдігі қысқы жауын кезінде өсіп, одан кейін қуаңшылыңқа ұшырайды. Сүректі өсімдіктер тек езен жагаларында ғана еседі. Қазірде оның көп жері жыртылған, кей жерінде мал жайылады. Дегенмен сол жерді дұрыс пайдаланбағандықтан топырақта. эрозиялық процестер өте күшті дамуда. Соқпа толқын. Соқпа толқын — қатты жел соққан кезде теңіздің немесе келдің тік жағаларына ұрылатын толқын. Судың жағаға қарай таяздалуына байланысты толқын биіктеп және тікейе түседі. Сонымен қатар толқынның теменгі белімі мен су түбінің арасында үйкеліс туып, қозғалыс баяулайды да, оның үстіңгі белімі теңкеріле құлап, толқын қырқасында шашырай кепіршіген жал пайда болады. қайраң жағалар тұсында судың таяз болуы себепті толқын өршімелі болады да, ал тік жағалар тұсында судың жағаға екпіндей соғылуына байланысты шашыранды толқын түзіліп, кейін келе жатқан толқынға қарсы соғылатын қайтпа толқын пайда болады. Жиектік шөгінділер. Жиектік шөгінділер — материктік қайраң шөгінді. Олар теңіздің жағалық тау жыныстарын шаюы мен өзенмен ағып келген тасымалдардың қайта шөгуі арқылы пайда болады. Жиектік шөгінділер мына түрде кезектесіп орналасады: жаға жиегінде малта тас, одан кейін құм, одан әрі тұнба (өлі балшық). Тұңғиық сулар. Тұңғиық сулар" — мұхиттардың 1000 м-ден арғы тереңдіктерінде жатқан температурасы бірдей немесе сәл ғана айырма жасайтын сулар. Поляр бассейніндегіден басқа температурасы төмен мұхиттардың түбінде су температурасының айырмасы 2° шамасында ғана болады (0° пен 2° аралығында). Көтерілу толқыны. Көтерілу толқыны — мұхит деңгейінің көтерілуіне байланысты су бөлшектерінің горизонтальды бағытта араласуы. Өзен сағалары мен тар шығанақтарда мұхиттан келетін бұл толқын шапшаң жылжиды. Өзен суының азаюы мен көбеюі арасындағы уақытта кетерілу толқыны өзен арнасы арңылы ағысқа қарсы жоғары жылжиды. Өзен сағасында мұхит суы өзен суының ағысын еңсергенше арнаның түбімен жылжып, одан әрі бетінешығып өрлейді. Көтерілу толқыны өзеннің көп жеріне дейінжылжиды: Амозонка өзені бойынша ол 900 км-ге, Әулие Лаврентий өзені бойынша 560 км-ге дейін. Кей жағдайларда көтерілу толқындары алғы бетінде биік қабақ құрап жылжуына байланысты өзенде қатты шу шығаратын кесе-келденең үлкен белеске айналады. Көтерілу ағысы. Көтерілу ағысы — мұхит деңгейінің кетерілуі немесе қайтуы кезінде пайда болатын мұхит ағыстары. Ашық мұхитта олар тэулігіне екі рет қарңынды жылдамдықпен жылжып отырады, соған байланысты мұхиттағы су белшектері ешкашанда тыныштықта тұрмайды. Тар бұғаздарда, шығанаққа және езен сағасына кіре берісте кетерілу ағысы қайтқан уақытта көтерілу уақытындағыдан басқа бағытқа ауысып кетеді де, одан кейін біраз уақыт тыныштық пайда болады. Ашық мұхитта олар жердің айналуы әсерінен бағытын өзгертіп тұрады. Көтерілу ағысының жылдамдығы кей жерлерде сағатына 10—15 км-ге дейін барады. Көтерілулер мен қайтулар. Көтерілулер мен қайтулар — Ай мен Күннің тарту күштерінің әсерінен пайда болатын мұхит сулары деңгейінің биіктеуі және төмендеуі. Көтерілу мен қайту кезіндегі мұхит (теңіз) деңгейінің ауытқуы әр жерде әр турлі болып келеді: ашық мұхит деңгейі 0,9 м шамасында, жағаға жақын жерде одан да биік көтеріледі, деңтейдің орташа көтерілуі 2 м шамасында болады. Өзен сағалары мен тар шығанақтарда су деңгейі көп көтеріледі, Лондон орналасңан тұста Темза өзенінің деңгейі 5 жге дейін, Фанди шығанағында (Солт. Америка) 16 жге дейін, СССРдағы Ақ теңізге кіре берісте 8,5 лгге дейін, Пенжин кірмесінде 11 жге дейін. Көтерілу ішкі теңіздерде аз кездеседі. Бұл үлкен г;өлдерде де байңалады (Мичиган көлінде). Көтерілу өзеы сағалары арқылы ағысқа қарсы да жылжиды. Опырылма көлдер. Опырылма көлдер — суға ерігіш тау жыныстарының шөгуі нәтижесінде пайда болған карстың көлдер. Олар көбінесе ізбес тасты облыстарда тарайды. Опырылма көлдердің мөлшері кішкене болып келеді. Бұл Қырымдағы Яйляда, Горький облысында және тағы басқалар. жерлерде кездеседі. Олардың үлкендері — ойпаң аймақтарда тараған. Опырылма көлдер терең және кепшілігінің түбі бұдырлы болып келеді. Тау өткелдері. Тау өткелдері — тау тізбектері мен жоталарының асып етуге ең қолайлы тұстары. Тау еткелдеріне асулармен бірге қима аңғарлар және кезең тәріздес тау алабының аласа бөліктері жатады. Көп жағдайда тау өткелдері деп таулы аймақты көлденең кесіп өтетін, өзінен аңғарлар тарайтын асуды (немесе бірнеше асуларды) қамтитын алқапты да атайды. Мысалы, Дунайдың Темір қақпасы, Таврдың Киликий қақпасы, Копет-Дагтың Гаудан тау өткелдері. Тепе-теңдік профилі. Тепе-теңдік профилі — арнаның ұзына бойы профилі. Ол ағын судың арнаны ұзақ уақыт шаюы мен тасымалдарды қайта шөктіру әсерінен пайда болады. Тепе-теңдік профилінің әрбір нүктесінде судың шаю күші арнаны түзген жыныстардың шайылуға беріктігімен бірдейге болады. Төменгі агысында шығыны көбейіп отыратын өзендер мен тасқындардағы тепе-теңдік профилі ойысы төмен қараған көлбеуі қисық болып көрінеді. Аңғардың бас жағында бұл көлбеу түйе тайлы болып келеді де, ал таулы облыстарда вертикальды жағдайға дейін барады; саға маңында ол горизонтальға жақындайды. Булану, сіңу әсерінен төменгі ағысында шығыны азаятын езендердің профилі дөңес болады. Іс жүзінде тепетеңдік профиліне өзендердің кейбіреуі ғана әрбір аумағында жете алады, себебі тектоникалық қозғалыс пен басқа да жер қабығындағы процестер оны бұзып түрады. Психрометр. Психрометр — ауаның абсолюттік және салыстырмалы ылғалдылығы мен ылғалдықтың жетіспеуін анықтайтын аспап. Бұл екі термометрден тұрады: оның бірін құрғақ қалпында сақтайды да, екіншісінің шарын дымқыл жағдайда ұстайды (суға малған мәрлімен орап қояды). Ауа неғұрлым құрғақ болса, дымқыл термометр (судың булануы салдарынан) солғұрлым жылылықты тез жоғалтады, сондыңтан құрғақ термометрмен салыстырғанда төмен температураны көрсетеді. Екі термометрдің температурасын білгеннен кейін арнаулы кесте арқылы ауаның ылғалдығы анықталады. Пульсациялық жорамал. Пульсациялық жорымал — совет ғалымы Усов пен Америка ғалымы Бечердің пікірі бойынша, жер қабығы суынғанда ондағы ұсақ бөлшектер тығыздалады да, бірін-бірі тартады; ұсақ бөлшектердің тығыздалуы олардың тез жылжуын туғызып, температурасының жоғарылауына, ысуына, сөйтіп болшектердің кеңеюіне және олардың бірінбірі тебуіне әкеп соғады. Басқа сөзбен айтқанда, жер қабығында қарама-қарсы екі күштің — тарту күші мен тебу күшінің тұрақты күрестері болып тұрады. Тығыздалу мен кеңею бір уақытта емес бірінен кейін бірі серіппелі түрде тамыр соғуы тәріздес (пульсациялы) болып тұрады. Соның нәтижесінде жер бетінде таулар тәрізді биік жерлер мен құрлықтың көтерілген аумақтары тағы басқалар пайда болады. Рельеф. Рельеф (, — көтеремін) — жер бетінің горизонтальды және вертикальды тілімделген формаларының, яғни дөңестер мен ойпаңдардың, таулар мен ойпаттардын жиынтығы. Ол эндогендік және экзогендік процестердің әрекеттерімен түзіліп, езгеріп отырады. Эндогендік процестер рельефте ірі бұдырлар жасайды да, «Жер пішінінің» негізгі түрін құрайды, экзогендік процестер рельефтің әр формаларын жасап тегістейді. Әрбір аймақтың рельеф формасы оның геологиялық құрылысына, экзоген мен эндогендік процестердің біреуінің басым болуына, оның ұзақ уақыт әсер етуімен байланысты болады. Рельефтің бұдырлығы әр түрлі мөлшерде болуы мүмкін, сондықтан ол макрорельеф, мезорельеф, микрорельеф болып бөлінеді. Рельефті географияның ерекше тармағы геоморфология ғылымы зерттейді. Реометр. Реометр — бұл өзен суы ағысының жылдамдығын зерттеу үшін пайдаланылатын аспап, оны «зырылдауық» деп те атайды. Өзен суы ағысының жылдамдығы реометрдің айналмалы қалағының айналу саны арқылы өлшенеді. Рефракция. Рефракция — ауа орталығында жарық сәулелерінің сынуы (үзілуі); соның салдарынан бағдарлаған заттың кәдімгі биіктігі бұрынғысынан биіктеу сияқты болып көрінеді. Түзетуді алғанда рефракция жерлік (егер сэуле жердегі заттардан келетін болса) және атмосфералық (егер сәуле жұлдыздармен Күннен' келетін болса) болып екіге бөлінеді. Үгілу қабығы. Үгілу қабығы — ауаның, судың және организмдердің бірігіп әсер етуі салдарынан, жер бетінде тау жыныстарының өзгеруінен пайда болатын борпылдақ қабат. Ыстық және ылғалды климатта үгілу қабығының қалыңдығы 100—200 м не одан да көп болуы мүмкін.. Геоантиклиналь. Геоантиклиналь — геосинклиналь облысында ұзақ уақыт баяу қабыршақталып көтерілген жер қабығының учаскесі. Геоантиклиналь шайылуға душар болған ұзынша, жіңішке келген құрлықтың қырат учаскесі. Олар бірнеше геологиялық дәуірде дамиды. Геоботаника. Геоботаника — жер бетіндегі өсімдік жамылғысын ортаға байланыстыра зерттейтін ғылым. Геоботаникалық карталар. Геоботаникалық карталар — топографиялық картаның негізінде, немесе геоботаника маманы мен топограф қосылып, белгілі орынга съемка жасау арңылы есімдіктердің жер бетінде таралуын бейнелейтін карталар. География. География — физикалық және экономикалық географияның басып құрайтын, бір-бірімен тығыз байланысты гылымдар комплексі. Физикалық география жалпы физикалық және аудандық (регионалдық) фиэикалық география болып екіге белінеді. Мұның геоморфология, климатология, океанология, гидрология, гопырақ географиясы, геоботаника, зоогеография, гляңиология, геокриология тәрізді үлкен салалары бар. Экономикалық география қоғамдық ещдірістің орналасуын, оның әр ел мен аудандарда орналасу ерекшеліктері мен даму жағдайларын зөрттейді. Экокоыикалық география өндіріс географиясы, ауыл шаруашьтлығы географиясы, транспорт тағы басқалар. болып түртүрге бөлінеді. Геодезиялық аспаптар. Геодезиялық аспаптар — тиянақты геодезиялық тораптарды құру жұмыстарында, инженерлік құрылыс және эр түрлі съемкалық жұмыстар жүргізгенде қолданылатын аспаптар. Геодезия. Геодезия — Жердің формасы мен көлемін анықтау әдісі. Жер бетін қарта мен планға түсіру, сол сияқты белгілі бір ауданды ғылми ж:те инженерлік құрылыс мақсатында зерггеу әдісі жайлы ғылым. Жердің фигуралары мен көлемін, сол тәрізді жер бетінің геодезиялық негізін зерттеу мәселесімен жоғарғы геодезия шұғылданады. Негізгі геодезиялық пункттерді анықтау триангуляция, полигонометрия әдістерімен жүргізіледі. Бұл пункттердің биіктігі нивелирлеу арқылы анықталады. Жер бетін план мен картаға түсіру ісімен топография шұғылданады. Геоид. Геоид — толқын мен ағынның жоң кезінде мұхиттардағы судың орта деңгейі мен материктегі мұхитпен жалғасқан шартты түрде алынатын тар каналдардағы су деңгейінің фнгурасы. Салмақ күші деңгей бетінің потенциялы болып табылатын геоид жер фигурасы деп есептелінеді. Геоизотерма. Геоизотерма — жер астындағы біркелкі температуралы орындарды қосатын сызық. Геологиялық құрылым. Геологиялық құрылым — белгілі орындағы жыныстардың жатысы мен өз ара қарым-қатынас жағдайын көрсететін геологиялық құрылым. Геологиялық карталар. Геологиялық карталар — белгілі бір ауданның геологиялық құрылымын бейнелейтін карталар. Олар далалық геология съемколарын жүргізу негізінде жасалады. Геология. Геология —жердің тарихи дамуын және жер қабығының өзгешелігін, оның құрамы мен құрылысын зерттейтін ғылым, немесе бірбірімен тығыз байланысты гыльшдар жүйесі. Геоморфологиялық карталар. Геоморфологиялық карталар — жер бетіндегі рельефтіқ формаларына, көлеміне, тегіне және жас шамасына сипаттама беретін карталар. Геоморфология. Геоморфология — жер бетінің рельефі (оның сыртқы белгісі, пайда болуы, дамуы және орналасуы) жайындағы ғылым. Геосинклиналь. Геосинклиналь — 1) геосинклинальдық аймақ; 2) жер қабығындағы геосинклиналь аймағының үлкен көлемде майысуы (бүгілуі); оның бірінші кезеңінде сол аймақ төмен түсіп кетеді де, қалыңдығы 10—15 км-ге дейін баратын шөкпе жыныстар жиналады; олардың көпшілігі теңіз тегіне жатады. Геосинклинальдық майысу вулкан әрекеті нәтижесінде туфтар мен лава шөгінділерінен тұратын қалың қабат жасайды. Екінші кезеңде жер қабығы жаппай көтеріледі де, соның салдарынан қатпарлық және таулар пайда болады. Геосинклинальдық аймақ. Геосинклинальдық аймақ (геосинклинальдық зона) — геосинклиналь-платформаға қарама-қарсы қойылатын жер қабығының тектоникалық қозғалмалы аймағы. Геосинклинальдық аймақ ішінде ойыс немесе геосинклиналь майысулары, оларды бөлетін геоантиклиналь жүйелері дамиды. Геосинклиналь аймагында қатпарлар бұзылып, қирап, терең магманың атқылауын туғызады да, жер қабығының күшті қозғалысы болып отырады. Геосинклинальдық аймақ ондаған, жүздеген миллион жыл бойы дами келе, ақырында қатпарлы аймаққа айналып, тектоникалық қозгалмалығын әлсіретеді, тіпті жоғалтады және платформа қасиетіне айналады. Геосинклинальдық аймақтың бастапқы дамуы кезінде майысу процестері мен қалық вулкандық, шөкпе жыныстардың жиналу проц.ееікүшті болады, ал соңгы кезеңінде — қысу құбылысы, қатпар жасалуы, граниттік интрузиясының қосылуы басым болып отырады. Геосинклиналь аймағы қатпарлы аймаққа айнала келе, биік тау өлкелерін жасайды. Геотектоника. Геотектоника — жердің құрылымы туралы ғылым. Геотектоника жалпы жердің құрылысы мен оның сыртқы қабығының (ягни литосфераның) даму процесін, ор түрлі геологиялық құрыльшдарын, олардың өз ара байланыстылығын зерттейді, бұған сәйкес геотектоника жыныстардың тек жатыс формаларын ғана зерттеп қоймай, оған себепкер болган процестерді де қарастырады. Геотермиялық градиент. Геотермиялық градиент — жердің тереңіне әр 100 м-ге өткендегі температураның көтерілуі. Геометриялық градиент жер бетінің формаларыиа, тау жыныстарының жылу өткізгіштігіне, жер астындагы сулардың циркуляциясына (айналуына), вулкандық ошақтардың жаңындығына, өр түрлі химиялық реакцияларға байланысты бір орыннан екінші орынға өзгеріп отырады. Геотермия. Геотермия — жердің температурасы туралы ілім. Жер астындағы температура күн сәулесінің түсуі және жердің ішкі ядросының жылуы арңасында пайда болады. Күннің жылуы жерге 20—25 м тереңдікке дейін өтеді. Геофизика. Геофизика — Жер шарын тұтасымен және жердің қатты, сұйық, немесе газ тәрізді қабыгын зерттейтін ғылымдар жүйесі. Мұнда жер күрделі және езгеріп отыратын дене ретінде қаралады. Жердің құрамына кіретін литосфера, гидросфера және атмосфера бірбірімен тығыз қарымқатынаста болады, сыртқы космостық факторлардың әсеріне ұшырайды. Геофизика жер физикасы, гидрофизика жене атмосфера физикасы болып үшке белінеді. Геохимия. Геохимия — жер қабығының және оның химиялық элементтерінің тарихын зерттейтін, ондағы химиялық элементтердің таралуы мен ауысуы (миграция) заңдарын және табиғи топқа бөліну заңдарын, немесе элементтердің асеоциациясын және олардың белгілі жыныстармен байланысын зерттейтін ғыяым. Гидрогеология. Гидрогеология — жер астындағы сулардын тегін, ағысын, физикахимиялық қасиеттерін және олардың жер бетіне шығуын зерттейтін геология ғылымының бір саласы. Гидрология. Гидрология — су туралы ілім. Гидросфераның қасиетін, динамикасын және жердің географиялық қабығындағы басқа элементтермен өз ара байланыстылыгын зерттейтін ғылым. Зерттейтін объектілері бойынша ол құрлық гидрологиясы және мұхиттар мен теңіздер (океанология) гидрологиясы болып екіге бөлінеді. Сумен қамтамасыз ету, электр қуатын алу, егін суару, көпірлер салу тағы басқалар. мәселелерді шешу жөнінде гидрологияның маңызы өте зор. Гольфстрим. Гольфстрим — Атлант мұхитынық солтүстік бәлігіндегі жылы ағыс. Гольфстрим дүние жүзіндегі ең күшті жылы агыс болып табылады; ол Мексика қойнауынан шығып, Еуропа жағалауына дейін ағады; барлық ұзындыгы 10 мың км дейін барады. Делювий. Делювий (делювиальдық шөгінді) — жауын-шашынның немесе еріген сулардың әсерінен тау беткейлерінде, етегінде үгінді жыныстардың жиналуы. Шым топырақтар. Шым топырақтар — көбінесе тайга ормандарында, сай-салаларда, суалма шалғындарда қалық шеп өсімдіктерінің нәтижесінде пайда болатын топырақтар. Жер сілкіну. Жер сілкіну (1963 - 1998) Жер сілкіну (араб тілден ескірген сөзі зілзала) — жер қабығының табиғи себептерге байланысты тербелуі. Жер еілкінудіқ тербелісі пайда болатын орынды — жер сілкінудің ошағы немесе гипоцентрі деп атайды. Жер сілкіну ошақтары әр түрлі тереңдікте болады, бірақ негізінен 0—60 км тереңдікте ұшырайды. 500 — 600 км тереңдікте кездесетін ошаңтар өте сирек. Жер сілкіну жер шарының тектоникалық қозғалыстары болатын участоктарында: Европаның Альпылық белдеуінде, Гималай, Тянь-Шань, Кордильер тауларында, Тынық мұхитында тағы басқалар. жерлерде байқалады. Жер сілкінуді сейсмограф аспабымен жабдыңталган сейсмикалық станциясының көмегі арқылы зерттейді. Қазіргі уақытта бұрынғы СССР-да 90 аса сейсмикалық станция бар. Жыл сайын жер шарында бодатын бірнеше мың рет кішігірім жәке бірнеше ондаған рет қатты жер сілкінулсрі тіркеліп отырады. Литосфера. Литосфера — жер қабығы (— тас және σφαίρα — шар, сфера)) — жердің сыртқы қатты қабаты жоғарғы гидросфера және атмосферамен шектеседі. Жер қабығының жоғарғы бөлімі — шөгінді қабық; ол шегінді тау жыныстарынан тұрады, кейде бұған эффузивтер жамылғысын да енгізеді. Жер қабығының тербеліс тарихы қозғалысына байланысты, оның калыңдығы әр орында әр түрлі болып келеді. Швгінді қабықтың астында граниттік қабат орналасады; бұл қабат мұхит ойыстарында ұшырамайды. Граниттік қабаттың астында аралық немесе «базальттық» аса тығыз жыныстар қабаты жатады. Орография. Орография — жер бетінің формаларын, олардың өз ара орналасуын негізінен топографиялық карталардың көмегімен сипаттап жазатын, бірақ олардың шығу тегін анықтаумен шұғылданбайтын геоморфологияның бөлегі. Атмосфералық жауын-шашын. Атмосфералық жауын-шашын — ауа райы мен климат элементтерінің бірі; жер (немесе су) бетіне бұлттан жауатын не оның бетіне су буының қойылуы салдарынан тікелей ауадан белініп шығатын қатты немесе сұйық күйіндегі су. Бұлттардан жауатын атмосфералық жауын-шашынның ішінде мыналарды айырады: қарлы жаңбыр, соқта қар, жаңбыр, түйіршік қар, қиыршың қар, қиыршық мұз, бұршаң тағы басқалар. Жер беті мен нәрселерге ауадан бөлініп түсетін атмосфералық жауын-шашынның мынадай түрлері болады: шың, қырау, қылау, көкмұз (ожеледь). Бұлттардан бөлініп шыгатын атмосфералық жауын-шашын негізгі үш топқа бөлінеді: аң жауын, нөсер, сірікпе. Нөсер күйінде жауатын атмосфералық жауын-шашынның алдында нажағай ойнайды. Атмосфералық жауын-шашынның мөлшері жауған су қабатының қалыңдығын көрсететін миллиметрмен өлшенеді. Атмосфералық жауын-шашын жер бетіне біркелкі жаумайды. Ол атмосфераның жалпы циркуляциясының жүйесінде белгілі бір жердің алатын географиялық орнына, теңіздің жақындығына немесе қашықтығына, рельефке (таулар өздерінің жел жақ беткейлерінде ылғалды көбірек ұстап қалады) байланысты. Жер шарында жауын-шашын ең көп жауатын жер Үндістандағы Черрапунджи деген жер; мұнда 12 600 лшге дейін жаңбыр жауады, Сахара тағы басқалар. шөлдерде бірнеше жыл ішінде жаңбыр тіпті жаумайтын да кездер болады. Геологиялық бөлім. Геологиялық бөлім — стратиграфиядағы жүйенің бөлімі, дәуір (эпоха) ішінде пайда болатын тау жыныстарының қалыңы. Бөлімдер ярустерге бөлінеді. Өзен шөгінділері. Өзен шөгінділері — ағынмен келіп арнада (арналық ірі шогінділер), өзен жайылмасында (жайылмалық ұсақ шөгінділер) немесе ескі арналарда (ескі арналық ұсақ, сазды тығыз шөгінділер) шөгіп қалатын қатты түйіршіктер жиынтығы. Морфография. Морфография — геоморфологияның сипаттап жазатын бөлегі, жер бетінің формаларын олардың сыртқы белгілеріне қарап жүйелеп және сипаттап жазу. Тундра. Тундра — ландшафт типі, орман зонасы шекарасынан солтүстікке қарайғы (Оңтүстік жарты шарда оңтүстікке қарайғы) ормансыз кеңістікті алып жатқан ландшафтың зона. Азияның, Европаның және Солтүстік Американың солтүстігінде, арктика маңы аралдарда тараған. Ағаштар өспейтін суайрық кеңістіктерінде бұталышөпті, балдырлықыналы жамылғылар басым болып келеді. Тундра климаты жағдайларының ерекшелігіне: қысының ұзаң, ызғарлы болуы, орта температурасы 10—12°тан аспайтын жазының қысқа болуы, жылдық жауын-шашынның (200— 300 мм) аздығы мен бұлтты күндердің көптігі, ауаның салыстырмалы ылғалдығының жоғары болуы мен желдердің өте қаттылығы тән. Оның тағы бір ерекшелігіне: тек жазда ғана беткі жағы ептеп еритін тоц топырақтардың таралуы жатады. Топырағы торфтыглейлі болып келеді, топырақ температурасының төмен жағдайында өсімдікке келетін су азаяды, сондықтан да өсімдіктері ксерофиттер сияқты болып тұрады. Узбойлар. Узбойлар — түбінде тізбектелген сорлар кездесетін вади типтес Орта Азия шөлдеріндегі аңғарлар, не қазіргіден гөрі ылғалдау климатты дэуірден, не узбой сияқты транзитті өзендер ағысынан түзілген ертедегі эрозиялық формалар. Оларға Арал мен Каспий теңіздері арасындағы Амударияның ескі арнасы Узбой жатады. Узбой нөсер жаңбырлар тасқындарының арнасы есебінде дамиды. Эольдық процестердің әсерінен едәуір өзгерген, болып келеді. Неотектоника. Неотектоника — біздің дәуірге жақын геологиялық кезеңдердің (негізінен неоген мен төрттік кезеңде) тектоникалық құрылымдар мен оларды жасаған қозғалыстар туралы ілім. Нериттік шөгінділер. Нериттік шөгінділер — материктік қайырдағы шөгінділер, ірі және ұсақ құмдар, ізбестастар, ұсақ тұнба материалдар. Нивелир. Нивелир — жер бетін нивелирлеуге арналған геодезиялық аспап. Нивелирлеу. Нивелирлеу — жер бетіндегі екі немесе бірнеше нүктелердің биіктігінің айырмасын анықтау. Нүктенің биіктігі мұхит деңгейінен (абсолюттік биіктік), немесе кез келген шартты деңгейден, мысалы, тау етегінен (салыстырмалы биіктік) анықталады. Нивелирлеу мыналармен жүргізіледі: 1) нивелирмен — топографиялық немесе геометриялық нивелирлеу; 2) бұрыш өлшеуіш аспаппен — геодезиялық немеее тригонометриялық нивелирлеу; 3) барометрдің көмегімен — барометрлік нивелирлеу. Кесек тау жыныстары. Кесек тау жыныстары — тау жыныстарының үгілу продуктыларының жиналуынан және олардың ағын сулардың немесе басқа агенттердің әсерінен өзге жерге барып, қайтадан шөгуінің салдарынан пайда болады. Жыныстар ірі кесек (қиыршық тас, конгломерат), орта кесек (құмдар) және ұсақ кесек (саздар) болып үшке бөлінеді. Мұхит шұңғымалары. Мұхит шұңғымалары — 6000 м-ден тереңіректе жататын мұхит ойпаттары, мұхит түбіндегі қолаттар облысы. Барлық қолаттар Дүние жүзілік мұхит бетінің 3%-тейін алып жатады. Тереңдігі 7 км-ден асатын шұңғымалардың саны Тынық мұхитында — 12 және Атлант мұхитында — 3. Үгілу. Үгілу — температураның ауытқуына байланысты болатын атмосфера, су және организмдердің осерінен жер бетіндегі тау жыныстарының химиялық өзгерісі және үгілу процесі. Керімсал. Керімсал (тәжікше — гармсел) — Копет-Даг тауы етегінде және Тянь-Шанның батысында жаздыкүні таудан соғатын құрғақ, ыстық жел. Өсімдікке аңызақ жел тәрізді әсер етеді. Лакколит. Лакколит (грек. "lakkos" — шұңқыр, және "lithos" — тас)— жер бетіне тақау пайда болатын және шөгінді қабаттардың арасында жататын жапырылған төмпешік немесе линза тәрізді магмалық дене. Абляция. Абляция — еру, булану, сыну арқылы мұздықтың кішіреюі. Ысырынды конусы. Ысырынды конусы — тасқындар мен кішігірім өзендердің тау ішінен кеңірек аңғарларға, қазан шұңкырларға немесе тау етегіндегі жазықтарға шығатын жерлеріндегі кесек сынық материалдардың жиналуынан пайда болған дөңестеу жарты конус төрізді рельефтің формасы. Байырғы тау жынысы. Байырғы тау жынысы — бастапқы пайда болган орнында қалған, аз өзгерген немесе мүлдем өзгермеген тау жынысы. Осы жағынан алып қарағанда, байырғы тау жынысы әр түрлі тосқындардан, яғни екінші рет пайда болған жыныстардан бөлекше болады. Байырғы кен орны. Байырғы кен орны — бастапқы пайда болған орнында шөгіп жататын пайдалы қазбалардың кен орны. Абразия террасассы. Абразия террасассы — абразия әрекеті арқасында пайда болған теңіз түбінің жағаға таяу беті. Абразия. Абразия — ірі су қоймасының, теңіздің, көл жағасының толқынының күшінен бұзылып шайылуы. Абразияның қарқыны толқынның екпініне, яғни судың ағысына, соғу күшіне байланысты. Аустралия минимумы. Австралия минимумы — Австралия аймағындағы төменгі қысым облысы. Автохтон шөгінділер. Автохтон шөгінділер — бастапқы пайда болған орнында қалған жыныстар. Мұндай шөгінділерге батпақтағы өсімдіктердің іріп-шіруі нәтижесінде көмірге айналған бөлігі тағы басқалар жатады. Чернышкова, Светлана Михайловна. Светлана Михайловна Чернышкова (Желтоқсанның 27 1976, Чита, СССР — Қарашаның 3 2007, Владимир облысы, Ресей). Үрлеме мұз. Үрлеме мұздар — жел әкеліп, қалдырып кететін қармен молығатын мұздықтар. Климаттық қар шегінен төмен, жел соқпайтын ықтасындарда, тік беткейлер мен жағалық жарлардың етегінде орналасады. Поляр аудандарына тән. Мұздық штрихтары. Мұздық штрихтары — төмен жылжыған мұздықтар ала келген мореналық материалдың әсерінен тау жыныстарының бетінде жасалған штрихтар, сызаттар, бороздалар. Штрихтардың бағыты мұздықтың қозғалу бағытымен сөйкес келеді. Мұздық дислокациялары. Мұздық дислокациялары (гляциодислокациялар) — мұздықтың қысымынан тау жыныстарының жатысының бұзылуы. Криология. Криология — мұзды тау жынысы ретінде қарастырып, оның петрографиялық ерекшеліктерін зерттейтін ғылым. Кристалды тау жыныстары. Кристалды тау жыныстары — шығу тегіне қарамастан, айқын кристалды бөлшектерден тұратын тау жыныстары. Жердегі зат айналымы. Жердегі зат айналымы — географиялық қабық пен жоғары және төмен жатқан геосфераларда болып тұратын процестерде бір зат бірнеше рет қатысқанда болатын құбылыс; бұл — жерге тән геохимиялық ерекшеліктердің бірі. Жердегі заттардың тұйық айналымының негізгі энергия көзі — күн радиациясы. Жердегі зат айналымының масштабы, ұзақтығы жағынан көптеген түрі бар. Мысалы: құрлық пен мұхит арасындағы су айналымы, ландшафтағы химиялық элементтердің биологиялық айналымы, микроорганизмдердің зат айналымы, жер қыртысындағы тау жыныстарының арасындағы болатын айналым тағы басқалар. Зат айналымы тұйық цикл емес. Оның символы спираль немесе циклоида. Әрбір зат айналымы нәтижесінде жер қабығы мен ландшафт бұрынғы қалпына қайта оралмайды, ал кейбір жаңа қасиет пайда болады. Табиғаттағы су айналымы. Табиғаттағы су айналымы — жер шарындағы судың күн қуаты мен салмақ күшінің әсерінен үздіксіз тұйық айналу процесі. Су жер шарындағы мүхиттар мен құрлықтардың бетінен буланады, су булары ауа ағындары мен жоғары көтеріледі де, қоюланып тамшыға айналады және атмосфералық жауын-шашын түрінде мұхитқа немесе құрлыққа қайта оралады, ал құрлықтан мұның біразы өзендер арқылы мұхиттарға қайтадан ағып барады (судың үлкен тұйық айналымы). Бұдан басқа жергілікті немесе құрлық ішіндегі су айналымы болады. Лимнология. Лимнология — көлдерді зерттейтін гидрологияның бір саласы. Петрография. Петрография — Тау жыныстарын олардың минералогиялық және химиялық құрамы, текстурасы, структурасы және жатыс жағдайларының тұрғысынан зерттейтін ғылым. Тау жыныстарын олардың пайда болу тұрғысынан петрология ғылымы зерттейді. Шөгінді тау жыныстарын зерттеумен өз алдына ерекше ғылым — литология айналысады. "Эксперименталды петрография" тау жыныстарын зертханада жасанды түрде түзу арқылы зерттейді. Кейбір жағдайларда даулы мәселелерді тек эксперимент өткізу арқылы ғана шешуге болады. Мысалы, плагиоклаздар құрамы бойынша бұрын ойланғандай, альбит пен анортиттің қосындысы емес (қосындылары болса, олигоклаз, андезин, лабрадор сияқты минералдар болар еді), осы екі бөліктің қатты күйдегі үздіксіз ерітіндісі екендігі осы эксперимент арқылы дәлелденді. "Техникалық петрография" металлургиялық, керамикалық, т.б. өндірістерде жасалатын жасанды тастардың қасиеттерін зерттеп, оның жаңа түрлерін жобалаумен айналысады. "Петрохимия" саласының негізін қалаған — Магмалық тау жыныстарының химиялық құрамының негізгі заңдылықтарын және солардың метаморфизм барысында өзгеруін зерттейді. Петрохимияның негізін қалаған — академик А. Н. Заварицкий. Тау жыныстары бір немесе бірнеше минералдан құралып, жер қыртысының үлкен аймақтарын алып жатады. Оларға химиялық құрамының және минералогиялық структурасы мен текстурасының тұрақтылығы тән. Тау жыныстарының жатыс жағдайлары да жүйелі болып келеді. Осылайша петрография барлық геологиялық ғылымдармен, соның ішінде минералогиямен тығыз байланысты. Зерттеу нысаны қорытпалар, яғни ерітінділер болғандықтан петрография физикалық химиямен де ұштасады. Эфемерлер. Эфемерлер — ылғалды қысқа мерзім ішінде (жазғытұрым) шығып та, түгелдей пісіп-жетілумен бірге құрып та бітетін субтропиктік шөлдерге тән бір жылдық табиғи гүлді өсімдіктер. Жер сілкіну эпицентрі. Жер сілкіну эпицентрі (орталығы) — жер бетіндегі (жер сілкінудің ошағының) проекциясы. Гипоцентрдің формасына байланысты эпицентрдің формасы да әр түрлі болып келеді (нүктелік, сызықты, аудандық). Элювий. Элювий — алғашқы пайда болған тау жыныстарының өз орнында үгіліп шөгуі. Олардың жиынтығы басқа шөгінділерден өзінің қабатсыз болуымен, екшелмегендігімен және сынықтарының ауырлығымен айырма жасайды. Эндогендік күштер. Эндогендік күштер — энергияның радиоактивті бұзылуының әсерінен түзілетін жердің ішкі күштері. Бұл вулкандар атқылауын, жер сілкінуін, жер қабығының тектоникалық ауысып, жылжуын туғыза отырып, жер беті құрылысының негізгі формасына үлкен өсер етеді, сейтіп экзогендік проңестердің де жалпы қалпына әсер етеді. Экология. Эколо́гия (грек тілінен ауд. οικος — үй, баспана, шаруа, тіршілік ортасы, отан және λόγος — түсінік, ғылым) — тірі және өлі табиғат арасындағы өзара қарым қатынас пен әсерді зерттейтін ғылым. Терминді алғаш рет 1866 жылы «Ағзалардың жалпы морфологиясы» («Generale Morphologie der Organismen») еңбегінде неміс биологы Эрнст Геккель ұсынды. Биогеографияның бөлімі. Бофорт шкаласы. Бофорт шкаласы — желдің жылдамдығын балдар арқылы көрсетуге көмек беретін шартты шкалалар. Шкаладағы нуль — желсіз тымырсық уақытты, 9 балл теңіз дауылын, ал 12 балл — апатты дауылды көрсетеді. 1 мен 9 балдың арасындағы әрбір балл желдің м/секпен өлшенетін жылдамдығының шамамен екі еселенгеніне тең болады. Хинтерланд. Хинтерланд — сыртқы аймақ, форланд жағы тік болып келетін қатпарлы таулардың сырты, яғни: 1) форландқа қарсы мағынадағы термин, мысалы, Түрікмен-Хорасан тауларындағы Қарақұмдар форланд болады да, ал Деште-Кевир шөлі хинтерланд болып табылады; 2) теңіз жағаларындағы қалаларға, порттарға құрлық жақтан таяу орналасқан территория, мысалы, Қаратеңіз маңындағы курорттарға Закавказьенің Қаратеңіз маңы таулары хитерланд болып табылады; бұған экономикалық ортталыңңа таяу орналасңан аудандарда жатады. Хамсин. Хамсин — Мысырда соғатын самум сияқты аңызақ жел. Бора. Бора — теңіздің дәл жағасындағы аласа тау жотасынан қатты күшпен төмен соғатын суық жел. Бора көбіне қысты күні соғады. Бора Адриатикалық теңіздің жағасында, Новороссийск ауданында, Байқалда, Жаңа жерде, Прованста, Техаста тағы басқа жерлерде жиі байқалады. Бореалдық трансгрессия. Бореалдық трансгрессия — төрттік дәуірде Еуропа мен Азияның солтүстік бөлігін Солтүстік мұзды мұхит суының басуы. Оның шөгінділерінің абсолют биіктігі 100—120 м дейін барады, ал Үлкен жер тундрасында 200 м артық та болады. Бриз. Бриз — теңіздің, үлкен көлдің және кейбір ірі өзеннің жагасында болатын тұрақты жел. Бриз желі құрлықтың күндіз тез қызып, түнге қарай тез сууы арқасында пайда болады; тым қызған жеңіл ауа құрлықтан жоғары көтеріледі, ал оның орнын теңізден келетін суық ауа басады. Түнде теңіз үстінде ауа жылы, соңдыктан ол жоғары көтеріледі де, оның орнына жағадан тығыз да салқын ауа массалары жылжиды. Бриз желдер осылай пайда болады. Ювенильді су. Ювенильді су — литосферада магмадан бөлінген су буларының қорлануынан пайда болған су. Соңғы уақытта таза ювенильді су болмайды, ол тек жылы минеральды бұлақтарда аздап қоспа түрінде ғана кездеседі деген көзқарастар басым. Қанығу ядролары. Қанығу ядролары — бұлттар мен тұмандар түзілуіне қажетті ауада (тропосферада) қалқып жүретін қатты сұйың және газ тәрізді күйінде тараған ұлпа бөлшектер. Ылғалды ауада қанығу ядролары бар кезінде оған тамшы немесе ұлпа мұздақ күйінде қаныққан ылғал пайда болады. Егер ылғалды ауада қанығу ядролары жоң болса, тіпті ылғалдығы аса жоғары ауаның өзшде де қанығу болмайды. Экзогендік күштер. Экзогендік күштер — жер қабығында болып тұратын өзгерістерді туғызатын сыртқы күштер. Оларға су тасқыны, жел, әсіресе күн энергиясы жатады. Төрттік шөгінділер. Төрттік шөгінділер — төрттік жүйенің шөгінділері. Бұл бұрынғы СССР-да мұздық мореналар (түптік және шеткі), флювиогляциальды шөгінділер басқан белдеуде кездеседі, ал мұздық белдеу сыртында ол суайрықтарды жауып жатқан балшық, лёсс, лёсті саз балшық түрінде кездеседі. Мұздану дәуірлері арасында болған теңіз трансгрессиясынан теңіздік төрттік шөгінділер қалыптасты; өзендер мен көлдерден пайда болған ескі аллювиальды шөгінділер мен төрттік көл шөгінділері қазіргі адам өмірінде өте маңызды: олардан топырақ пайда болады да, құрылыс материалын береді және жер асты сулары жиналып тұрады. Валдай мұз басуы. Валдай мұз басуы — Орыс жазығын соңғы төрттік дәуірде, бұдан 70-11 мың жыл бұрын болған мұз басуы. Ол уақытта мұздықтар Валдай қыратының солтүстігіне дейін жетті. Тосқындар. Тосқындар — байырғы жыныстарды жауып жататын тау жыныстарының ұнтақталуынан пайда болған жаңа төрттік кезең шөгінділері. Тосқындар өзен аккумуляциясының салдарынан, жаңбыр суының, желдің (мыс.: құм төбелер, барқандар), мұздықтың қозғалуының (мореналар) тағы басқалар әсерінен пайда болады. Аллювий. Аллювий (Аллювий шөгінді) — өзен мен жылғалардағы ұдайы немесе уақытша тасқынның нөтижесінде пайда болатын әр түрлі қиыршық тастардың, құм мен балшықтың шөгіндісі. Аллювий, аллювийлік шөгінділер – тау жыныстары үгінділерінің өзен аңғарларында жиналуынан пайда болатын борпылдақ шөгінділер. Аллювий латынша alluvіo, яғни шайма, тосқын дегенді білдіреді. Ол дөңбек тас, малта тас, қиыршық тас, құм, құмайт, саз, саздақтан құралады. Аллювий қабаттары аққан судың күші мен бағытына байланысты және шөгетін бөлшектердің ірі-ұсақтығына қарай жіктеліп орналасады. Аллювий құрамында тұщы су жәндіктерінің, жануарлар сүйектерінің және өсімдіктердің қалдықтары мол ұшырасады. Кесек жыныстардан тұратын арналық аллювий өзендердің бойында көптеп кездеседі. Жазықтағы өзендердегі ұсақ түйіршікті шөгінділерден құралатын жайылмалық аллювий ондағы су деңгейінің маусымдық өзгеруіне байланысты қалыптасады. Өзеннің қазіргі арнасынан бір кезде бөлініп қалған бөлігінде ескі арналық аллювий түзіледі. Ал жайылма сыртында аллювийлік-делювийлік шөгінділер жиналады. Аллювий құрамында құнды таза элементтердің көптеген (алтын, алмас, платина, т.б.) кенқайраңдары ұшырасады. Аллювийлі шөгінділер жиналған тұстарда сапалы жер асты суы және бағалы құрылыс материалдары (құм, қиыршық тас) алынады. Аллювий суы — өзен аңғарларының аллювий шөгінділері қабатындағы жер асты суы. Су тұтқыш қабаттың қалыңдығы аллювий шөгінділерінің қалыңдығына байланысты жазықтағы ірі өзендерде 15 м-ге, кей жерлерінде 30 – 50 м-ге жетеді. Аллювий суы жер бетіндегі сулардан, атмосфералық ылғалдан, кейде тектоникалық жарылымдар бойымен тереңде жатқан су қабаттарынан толысады. Жер бетіне жақын жатқандықтан және минералдылығы төмен (1 – 3 г/л-ге дейін) болғандықтан аллювий суы елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. Тұщы аллювий суының мол қорлары Оңтүстік, Орталық Қазақстанның және Шығыс Қазақстанның өзен аңғарларында кездеседі. Соңғы кездері жер беті суларының ластануы аллювий суына да кері әсерін тигізуде. Антиклинальдық аңғарлар. Антиклинальдық аңғарлар — мүжіліп төмендеген антиклиналь қатпарларын өзен суының терең етіп қазуы әсерінен пайда болған аңғарлар. Антиклинорий. Антиклинорий — жер қабығындагы жыныс қатпарларының ірі және күрделі антиклинальдық бүгілісі. Архей заманы. Архей заманы (Архей эрасы) — жердің геологиялық тарихында ұзақтығы 1 млрд жылдай болған тым ескі заман. Ол көбінесе кристалды сланңылардан, гнейстерден, гранит гнейстерден және вулканның атқылауынан пайда болған жыныстардан құралады; мұнда шөгінді жыныстар сирек, бірақ құрамында өктас, графит тағы басқалар. жыныстар да кездесіп отырады. Атлант шоңғалы. Атлант шоңғалы — Гренландия, Исландия, Фарер және Шотланд аралдарының аралығындагы Атлант мұхиты түбінің көтерілуі. Атлант шоңғалының үстінде судың тереңдігі — 600 м. Атлант шоңғалы Атлант мұхиты мен Солтүстік мұзды мұхиттың тереңде жатқан суларының ауысуына кедергі жасайды. Батиаль шөгінді. Батиаль шөгінді — батиаль зонадағы 200 м-ден 2000 м-ге дейінгі тереңдікте болатын теңіз шөгіндісі. Бентос. Бентос — су қоймаларының түбіндегі организмдер жиынтығы. Өсімдіктер бентосы (фитобентос) тайыз жағалау зонада орналасады; жануарлар бентосы (зообентос) барлық тереңдікте болады. Бентос — көптеген балықтардың жемі. Биолиттер. Биолиттер — организмдерінің тіршілік әрекетінен пайда болатын минералдар мен тау жыныстары. Биоценоз. Биоценоз — тіршілік жағдайлары азды-көпті біркелкі мекенде өмір сүретін өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің қауымы. Биоценоздың өзі фитоценоз (өсімдіктер жиынтығы), зооценоз (жануарлар жиынтығы) болып екіге бөлінеді. Вадоз су. Вадоз су — атмосфералық жауын-шашыннан пайда болатын жер астындағы су. Олар атмосфералық жауын-шашынның сарқылу нәтижесінде негізінен жер қабығының жоғарғы қабатында пайда болады. Вегенер гипотезасы. Вегенер гипотезасы (жорамалы) — континенттердің пайда болуы жөніндегі гипотеза. Вегенер бойынша жер қабығының басталу тарихында материктер бір тұтас болып, олар жеңіл жыныстардан құралған. Жердің геологиялық тарихының барысында, жердің айналу күшінің әсерінен жер қыртысында ажырау туғызатын күш пайда болады; міне мезозой дәуірінен бастап бірінші материк жарылып, одан Солтүстік және Оңтүстік Америка бөлініп шыгады; сол сияқты алгашқы материктен Африка, Үндістан, Антарктида, Австралия бөлінеді. Ыза су. Ыза су — жауыннан немесе қар суынан пайда болатын жер асты суы. Бұл су грунт суларынан жоғары жатады, құрғақшылық жылдары жоғалып кетеді де, қыста қатып қалады. Мұны сусыз аудандарда және грунт сулары терең жатқан елдерде ауыз су есебінде пайдаланады, Сулы горизонт. Сулы горизонт (сулы қабат) — тау жынысының бір немесе бірнеше қабатына, ойықтарына, жарықтарына су толу. Егер су жер бетіне жақын қабатта жатса, оны грунт суы деп атайды, ал су одан әріректе жатса, оны қабат аралық су деп атайды. Соңғысы табиғи түрде сыртқа шықса, оны бұлақ, қайнар, көз, бастау деп атайды. Су өткізбейтін жыныстар. Су өткізбейтін жыныстар — өзінен су өткізбейтін тау жыныстары. Мұндай су өткізбейтін жынысқа балшық, жарықшақсыз тығыз жыныстар мен қатпа жыныстар жатады. Артезиан суы. Артезиан суы — су өткізбейтін қабаттардың, немесе жарықтардың және қатты жыныстардың қуысындагы жер асты суы. Ол жер астындағы қысымда тұрады. Бұл — сапасы жағынан да жақсы су. Сондықтан сол айічақтагы елді сумен қамтамасыз етудің ең қолайлы көзі болып саналады Артезиан суы — су өткізбейтін қабаттар арасында кездесетін арыны күшті жер асты суы. Латынша Artesіum; Францияның Артуа провинциясында мұндай су 12 ғасырдан бастап шыңырау құдық арқылы алынуына байланысты осылай аталған артезиан суы антропогенге дейінгі шөгінділерде жиналып, платформалар мен ойпаттардың, таулы өлкелердің синклинальді құрылымдарында артезиан алабын немесе беткейін құрайды. Мыңдаған метр тереңдікте жатуы мүмкін. Ұңғыма бұрғыланғанда, артезиан суы сулы қабаттың деңгейінен едәуір жоғары көтеріліп, жер бетіне төгіледі, кейде фонтанша атқылайды. Грунт суымен салыстырғанда артезиан суының режимі тұрақты, минералдылығы әркелкі, сапасы көбінесе жоғары болады. Тау бөктерінде артезиан алаптарының шет жақтарында артезиан суы тұщы келеді, су минералдылығы 1 г/л-ден аспайды, ал оның орталық бөлігінде, әсіресе тұзды шөгінділер арасында судың минералдығы 260 – 320 г/л-ге жетеді. Ал температурасы 20ӘС-тан 100ӘС-қа дейін болады, кейде одан да асады. Қазақстанның көптеген аудандарында Артезиан суының мол қоры бар. Ол су көздері елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етуге, мал жайылымдарын суландыруға, егін суаруға кеңінен пайдаланылады. Артезиан құдығы – жер астынан артезиан суын алу үшін бұрғыланған ұңғыма немесе қазылған құдық. Артезиан құдығы біздің заманымыздан бұрынғы Мысырда, Қытайда пайдаланылған. Қазақстанда артезиан құдығы 19 ғасырдан бастап қазылды. Қазіргі кезде арнаулы қондырғылармен бұрғыланады және оның тереңдігі жүздеген метрге жетеді. Су арыны әлсіз болып, өздігінен шықпаса, артезиан құдығына сорғы орнатылады. Жер асты қабаттары берік тау жыныстарынан тұратын болса, артезиан құдығының қабырғасы шегенделмейді. Борпылдақ, сусымалы жыныстардағы (қиыршық тас, құм, малта тас, т.б.) артезиан құдығының қабырғалары темір, темір-бетон құбырлармен немесе ағашпен шегенделеді. Суды механикалық қоспалардан (лай, саз, т.б.) тазарту үшін артезиан құдығының түбіне түрлі сүзгілер қойылады. Олар тоттанбайтын материалдардан жасалады. Континенттік шөгінділер. Континенттік шөгінділер — теңіздік шөгінділерге қарама-қарсы өзендік, көлдік, батпақтық, мұздық, эолдық шөтінділер; тау тасқындарының ысырындысы тағы басқалар. Күн сағаты. Күн сағаттары — Күн көзі арқылы уақыт анықтауға қолданылатын аспап. Ол ортасында дүние осіне параллель бағытта қозғалмайтын етіп бекітілген стержені мен пластинкасы бар тең бөліктерге бөлінген қиферблаттан тұрады. Стерженьнің қиферблатқа түскен көлеңкесі өзінің әр уақыттағы тұрған қалпымен күннің тура уақытын көрсетіп тұрады. Әдетте күн сағаттарының дәлдігі бірнеше минуттан аспайды. Сортаң. Сортаңдар — шөлейтте, шөл және дала зоналарында тараған, құрамында әр түрлі тұздар кездесетін топырақтың түрлері. Сорлармен салыстырғанда олардың үстіңгі горизонттарында тұздар өте аз кездеседі де, ең терең горизонттарда мол болады. Сортаңның екі қара шірінді горизонты (үстіңгісі — элювиалды және астыңғысы — иллиювиальды) бар. Иллювиалды горизонтқа бүкіл үстіңгі шайылған қара шіріндіге қосыла тотықтар мен тұнбалар жиналып, горизонттың кепкеннен кейінгі тығыздалуына және призмалық жақпарларға жарылуына әсер етеді. Иллювиалды горизонттан әрі қарай тұзға қанықңан горизонт жатады. Сортаң топырақты шаруашылыққа пайдалану үшін мелиорациялық шаралар жүргізу қажет. Сор. Сор (кебір) — геоморфологиялық ілім бойынша өз алдына рельеф типін құрайтын өсімдіксіз тақыр, немесе сораңдардан тұратын өсімдіктері өте сирек тұзды шөлдердегі ойпаңдар. Нөсер жаңбырлар кезінде түбіне су жиналып көлшік пайда болады. Бірақ ыстық температура жағдайында тез құрғап қалады да, көп бұрышты жарықтар пайда болады. Сордың барлық горизонттарында оңай еритін тұздар көп кездеседі, онымен бірге жер асты сулары жер бетіне жақын орналасады. Тұзды күмбездер. Тұзды күмбездер — жер қойнында іркілген тұздардың жер бетіне есіп шығу немесе сығымдалу процесінен пайда болған тектоникалық құрылымдар, яғни кұмбез тәріздес немесе брахиантиклиналды (бірқанатты) қатпарлар. Бұрынғы СССР-да тұзды күмбездер Каспий маңы ойпатында көп тараған. Кей жерлерде олар жер бетіне шығып жатады да, тұзды карстар ландшафтары мен тұзды «глетчерлер» құрайды. Мұндай жағдайда тұзды күмбездер аймақтарында топырақ пен жер беті және жер асты сулары тұзға күшті қанығады да, шаруашылыққа пайдалануға жарамсыз болады. Тұзды күмбездер тараған аудандарда тас тұз бен мұнай сияқты пайдалы қазындылар өндіріледі. Спелеология. Спелеология — үңгірлерді, жер асты галереяларын, яғни жер асты карстарының формаларын зерттейтін ғылым. Оның міндеті' мен маңсаты жер астындағы: карсты құбылыстарды геологиялық құрылысы мен гидрологиясы, үңгірлердің даму проңесгерй мен олардағы органикалык дүниенің өмір сүруі жағынан жанжақты зерттеу болып табылады. Үңгірлерде мекен еткен ертедеп адамдар мен жануарлар қалдықтарын тауып зерттеу жұмысында спелеология антропологтар мен археологтар үшін өте пайдалы ғылым саласы. і Ауаның абсолют ылғалдығы. Ауаның абсолют ылғалдығы — ауадағы су буының мөлшері. Мұндай ылғалдық су буының қысымымен немеее миллиметрленген сынап түтікшесімен, не бір кубометр ауадағы су буының грамм салмағымен белгіленеді. СССР-да ауаның абсолют ылғалдығы сынап түтікшесінің миллиметрлік бу қысымьшен анықталады, Орталық мореналар. Орталық мореналар — мұздықтың үстінде оның осін бойлай немесе сол оське параллель жатқан мореналар. Олар екі мұздық аңғар арқылы жылжыған мұз тасқындарының бір-біріне жанасуы нәтижесінде пайда болады. Орта биіктікті таулар. Орта биіктікті таулар — абсолютті немесе салыстырмалы биіктігі 500 м-ден 1500—2000 м-ге дейінгі аралықта болатын таулар. Орта биіктікті тауларға (Орта Герман және Карпат типтес таулар жатады. Кейде бұларға биік таулардың кей бөліктерін де жатңызады. Мұндай жағдайда орта биіктікті таулар биік таулы үстірттің үстінде орналасады. Мысалы, Шығыс Памир жоталарында орта биіктікті таулардың абсолютті биіктіктері 5000 м-ден асады, бірақ таулы үстірттен есептегенде олардың салыстырмалы биіктігі 1000 м-дей ғана. Орта уақыт. Орта уақыт — Жердің Күнді біркелкі айналмауы мен эклиптиканың экваторға көлбеу болуы салдарынан тәулік (яғни Күннің бір ізді екі кульминацияларының аралығы) не қысқа, не ұзақ болады. Сондықтан уақытты есептеуде күннің әлем экваторын біркелкі айналуы туралы ойша алынған орта уақыт қолданылып жүр. Орта тәулік деп, күннің бір ізді екі кульминацияларының аралығындағы уақытты атайды. қазіргі тұрмыста қолданылып жүрген сағат орта уақыт бойынша жүреді. Ескі арна. Ескі арна — меандрлы өзендер арнасында кездесетін орақ төріздес, кейде батпақты болып келетін көлдер. Ескі арна өзен арналарының айналма жасаған жерінде меандр мойнағы бұзылып арна түзуленгеннен кейін пайда болады. Төрткүл таулар. Төрткүл таулар — үсті жазық та, шеттері тік жар болып келетін таулар. Төрткүл таулар төрткүлді өлкелер мен лава жамылғылары тараған аймақтарда (қ. меза) тектоникалық проңестердің немесе эрозияның әсерінен пайда болады. Төрткүл тауларының нағыз ландшафтысы Оңтүстік Африкада дамыған. Төрткүлді аймақтар. Төрткүлді аймақтар — үстіңгі қабаттардың жартысы горизонталды болып келген жер бетінің бөлігі. Бірақ үстіңгі қабаттары кейде жылжулар немесе эрозиялар нәтижесінде әр түрлі бөліктерге бөлінген болуы мүмкін. Стратиграфия. Стратиграфия — геологияның бөлімі, тарихи геологияның негізі. Стратиграфия тау жыныстарының жатыс формаларын, олардың бір-біріне қатынасы мен горизонтальды және вертикальды бағыттарда ауысуларын зерттеп, жастарын анықтайды. Өзен кен орнында терең барлау бұрғылаумен қалыңдығы шамамен 3600 м шөгінді мезозойлық жыныстардың қабаты ашылған, оның құрлымында триас, юра, бор, палеоген, неоген және төрттік шөгінділері орын алады. Олардың былай белгіленуі скважина үлгітастарын зерттегенде алынған палеонтологиялық мәліметтерге және Маңғыстаудың басқа аудандарының ұқсас шөгінділерімен салыстыруға негізделген. Бөлімдер, ярустар және подярустар арасындағы шекаралар шартты, негізінен электрокаротаж бойынша жүргізілген. Соңғы кезде микрофауна мен т. б. зерттеулер арқасында қолда бар стратиграфиялық үлгілерді өзгертуге және анықтауға мүмкіндік туып отыр. Өзен кен орнының мұнайгаздылығы юра және кейде бор шөгінділері байланысты. Кен орнының геологиялық қимасында бор және юра шөгінділеріне қарасты 26 құмды горизонттары анықталған. І-ХІІ горизонттар (жоғарыдан төмен қарай) жасы бор-газды, XIII-XVIII горизонттар - жоғарғы және орта юра - кен орнының негізгі мұнай - газды қабаты, жеке күмбездерде төменгі юраның XIX - XXIV горизонттары мұнайгазды. Пермь - триас (РТ) шөгінділері Өзен кен орнының ең көне жыныстары болып табылады. Жоғарғы пермь терең метаморфизм іздері бар күңгірт полимикті құмтастармен және қара сланецтермен көрінеді. Төменгі триас (Т) шөгінділері қоңыр аргиллиттермен және орта түйіршікті құмтастармен орын алады. Бұл шөгінділердің оңтүстік Маңғыстаудағы қалындығы 440 метрге жетеді, жабынында шайылудың ізі бар. Оленек және орта триас жыныстары құмтастар мен қышқылды туфтар қабатшалары бар қара және қарасұр аргиллиттер, әктастар, алевролиттердің біртұтас, едәуір біртекті тобын құрайды. Бұл шөгінділерің жалпы қалыңдығы 1500 – 1600 м болатын біртұтас оңтүстік Маңғыстау Юра жүйесі шөгінділерінде барлық үш бөлім де кездеседі: төменгі, орта және жоғарғы, жалпы қалыңдығы 1300 м. Қиманың төменгі юра бөлігі құмтастар, алевролиттер мен саздың араласуынан тұрады. Құмтастар сұр және ақшыл сұр, көбіне ұсақ және орта түйіршікті. Ірі түйіршікті түрлері қиыршық тас түйіршіктері қоспасымен бірге сирек те болса кездеседі. Кейде құмтастар ақшыл сұр алевролиттерге немесе сазды құмтастарға ауысады. Құмтастар мен алевролиттер цементі сазды немесе сазды - кремнийлі. Саздардың түсі сұр және күңгірт, кейде қоңыр. Олар әдетте аргиллитке ұқсас және көмір тектес затпен байытылған. Құмтастар, алевролиттер мен саздардың алмасуы негізінен қиғаш қабатталады. Төменгі юраның жабынында сазды бүйрек тәрізді құрлымы дамыған, оның қалыңдығы шайылу нәтижесінде күрт өзгерістерге ұшыраған. Төменгі юра шөгінділерінің қалыңдығы 120 - 130 м. Төменгі юра қимасында XXIV-XXV екі өнімді горизонт айқындалған. Оңтүстік Маңғыстаудың орта юра шөгінділері мұнайгаздылығы жағынан ең ірісі. Сондықтан орта юраны бөлшектеп стратиграфиялық мүшелеу өнімді горизонттарда олардың корреляциясын айқындаумен тығыз байланысты. Орта юрада жалпы қалыңдылығы 700 м аален, байос және бат яру стары айқындалады. Аален ярусы негізінен мортсынғыш, құмды - галькалы жыныстардан құралған және орта юра қимасының базальді қабаты ретінде қарастырылуы мүмкін. Ярустың қимасында сұр және коңыр әртүрлі түйіршікті құмтастар басым, олардың арасында орта және ірі түйіршіктілері кең жайылған. Кейде соңғылары гравелиттермен алмасады. Аален құмтастары мен гравелиттерінің цементі негізінен сазды, кейде карбонатты және байланысқыш түрлі болады. Біршама көп жұқа қабаттар түрінде құмтастар мен гравелиттер арасында ұсақ галькалы конгломераттар да кездеседі. Саздар әдетте, сұр, қарасұр, кейде қоңыр түсті, тығыз, аргиллитке ұқсас. Ярустың жалпы қалыңдығы 330 м. Аален мен байос ярустары арасындағы шекара XXII горизонттың табанымен өтеді. Байос шөгінділері ең көп және барлық жерде тараған. Байос ярусының шөгінділері негізінен арасында көмір қабатшалары бар алевролиттер мен саздардан құралған континентальды фациялармен белгіленді. Байос ярусы қимасының төменгі бөлігінде сазды және алевролитті жыныстар жоғарғы бөлігінде құмтасты жыныстар басым. Олардың қалыңдығы 500 - ден 520 м-ге дейін өзгереді. Зерттеулер кешені бойынша байос ярусының шөгінділері екі подярусқа бөлінеді. Бұл подярустың шөгінділерінің жалпы қалыңдығы 470 м, және саздар, құмтастар мен алевролиттердің, көмір тектес заттың қабатшалары алмасуымен көрінеді. Жыныстар негізінен жұқа қабаттармен қатталады. Құмтастар мен алевролиттердің түсі негізінен сұр және ақшыл сұр, кейде қоңыр және сары да болады. Сирек қарасұр түсті құмтас-алевролит жыныстар да кездеседі. Саздар көбіне қарасұр, Өзен кен орнының төменгі байос шөгінділерінде XXII, XXI, XX, XIX, XVIII және XVII горизонттар орналасқан. Жоғарғы байос және бат ярустары (J2 b2+bt) Олардың шөгінділері арасында саз қабатшалары бар біршама қалың құмтастар мен алевролиттер қабаттарынан тұрады. Құмтастар сұр, қоңыр-сұр, нашар және орташа цементтелген. Алевролиттер сазды, құмтасты, ірі түйіршікті және құрамы айқын емес. Саздар қара қоңыр-сұр. Байос және бат шөгінділерінің арасындағы шекара шартты түрде XV горизонттың табанымен өтеді. Жоғарғы байос-бат шөгінділерінің қалыңдығы 100м - 150м. Жоғарғы юра бөлімінде негізінен теңіз шөгінділері мен жануарлар қалдықтары түрінде кездесетін келловей, оксфод және кембридж ярустары ерекшеленеді. Құмтастар, алевролиттер мен кейде әктастар қабатшалары араласқан сазды қалың қабаттар түрінде кездеседі. Келловей ярусының саздары сұр, карасұр, күлдей сұр, кейде жасыл және қоңыр түсті.Құмтастар мен алевролиттердің түсі сұр, жасыл-сұр, кейде қарсұр және қоңыр. Құмтастар арасында ұсақ түйіршіктілері көп. Келловей ярусында XIV горизонттың жоғарғы бөлігі мен XIII горизонт орналасқан. Оның қалыңдығы 50-135 м. Юра шөгінділерінің мұнайгаздылығын бағалағанда оксфорд-кембридж шөгінділері аален-келловей кешені мұнайлы қабатының үстін жапқан сазды-карбонатты жабын ретінде. Ол саз-мергель жыныстарының біршама қалың қабатынан құралған, ара-арасында құмтастар, алевролиттер мен әктастар жұқа қабатшалар түрінде кездеседі. Оксфорд-Кембридж шөгінділерінің қалыңдығы төменгі будақ үшін 50м - 55м, жоғарғысы үшін 30м - 97м. Бор жүйесінің шөгінділері жоғарғы юра шөгінділерінің шайылған бетінде орналасады және төменгі, жоғарғы бөлімдері мен барлық ярустарымен орын алған. Литологиялық және генетикалық белгілері бойынша бор шөгінділері үш бөлікке бөлінеді: төменгі терриген-карбонаттық, ортаңғы терриген (альб, сеноман) және жоғарғы карбонат (турондат) ярусттары. Төменгі бөлікке XII горизонт, ал ортаңғы және жоғарғы бөліктерге I, II, ІІІ, ІV, V, VI, VII, VIII, IX, X және XI газды горизонттар жатады. Бор шөгінділерінің қалыңдығы 1100м шамасында. Бор шөгінділерінің өнімді қалыңдығы алевролит және саз қабаттары мен будақтарының біртекті астарласуы ретінде көрінеді. Кайназой тобында палеоген және неоген жыныстары орын алған. Палеоген шөгінділеріне мергель-әктас жыныстары мен саздардың бірқалыпты қабаты жатады. Палеоген шөгінділерінің қалыңдығы 150-170 м. Неоген жүйесі тортон және сармат ярустарымен көрінеді. Тортон ярусының қалыңдығы 19-25 м, сармат ярусы – 80м - 90м. Палеоген шөгінділеріне эоцен және олигоцен бөлімдері жатады. Эоцен бөлімі саз қабатшалары араласқан мергель және әктастар түрінде. Олигоцен бөлімі сұр және ақшыл сұр түстес саздардың бірқалыпты қабаты түрінде. Палеогеннің қалыңдығы 150-170 м. Неоген шөгінділері тортон және сармат ярустарының шөгінділері түрінде кездеседі. Тортон ярусына саздар, мергелдер, құмтастар мен әктастар қабатшалары кіреді. Сармат ярусы әктастар, мергелдер мен саздардың астарласуынан тұрады. Неоген жүйесінің жалпы қалыңдығы Төрттік жүйе эмовиаль-демовиаль текті құмдар, саздар, суглиноктармен көрінеді. Шөгінділер қалыңдыгы 5-7 м. Стратовулкандар. Стратовулкандар — конусы лава тасқындарының, яғни вулкан қиыршықтары мен күлдері қабаттарының кезектесіп орналасуынан құралған вулкандар, басқаша оларды аралас конустар деп атайды. Олар көбінесе биік болып келеді. Стратостат. Стратостат — стратосфераға ұшыру үшін жабдықталған ауа шары. XX ғасырдың 30-шы жылдарында біраз елдерде стратосфераны зерттеу мақсатында стратостат ұшырылуы іске асырылды. 1934 жылы ұшырылған СССР-дың «Осоавиахим-1» стратостаты 22 км биіктікке дейін көтеріліп, дүниежүзілік рекорд жасады. Құрылымдық терраса. Құрылымдық террасалар — өзен бойында байырғы берік жыныстардан құралған террасалар. Кейде террасалардың жазық беті аңғар түбінің қалдық беті болып келуі, ал кейде үстіңгі бостау жынысты су шаюының салдарынан аңғар беткейінің үстінде де пайда болуы мүмкін. Құрылымды террасалар денудациялық деп те аталады. Суккулент. Суккуленттер — сабақтары жуан да етті және жапырағында мол су қоры бар әр түрлі тұқымдас өсімдіктер тобы. Жапырақта жиналған су қорын Өсімдік қуаңшылық кезеңде пайдаланады. Суккуленттер шөлдер мен шөлейттерде тараған. Мысалы, кактустар, сүттігендер тағы басқалар. Суффозия. Суффозия — жер асты суларының ерімейтін борпылдақ жыныстарды шаю арқылы сырт пішіні карстарға ұқсайтын ойықтар мен ойпаңдар жасап кетуі. Тегіс жер бетінде эрозияның дамуына жол ашатын көлбеу ойпаңдар мен қолаттар осы суффозия процестерінен пайда болады. Негізгі тау жыныстары. Негізгі тау жыныстары — қышқыл жыныстарға қарамаңарсы құрамында 52%-тен 40%-ке дейін кремний қышқылы бар магмалық тау жыныстары. Ағу жұрнағы. Ағу жұрнағы — бүгілме аузының яғни өзен бүгілмелерінің арасындағы тар жерлердің бұзылуынан пайда болған, өзен жайылмасының ортасындағы қырат. Су ағып тұратын арна мен ескі (қалған) арнаның арасында орналасады. Көбінесе жағаның байырғы жынысынан тұрады. Қорымдар. Қорымдар — таулардың етегі мен беткейлерінде тау жыныстарының үгілуінен және бұзылуынан пайда болатын кесек тастар жиынтығы. Беткейлердің төменгі, кейде орта бөлектерін жауып жатады. Көлемі жағынан нашар сортталған, қырлы материалдан тұрады. Бөлектік. Бөлектік — тау жыныстарының сынғандағы немесе ұсақтанғандағы бөлектерінің формасы. Қайту. Қайту — теңіз деңгейінің оқтын-оқтын ең төменгі деңгейіне дейін төмендеуі, осыдан кейін көтерілуі басталады. Қайраң жағалар. Қайраң жағалар — кемерлері теңізге қарай бірте-бірте батып бара жатқан саяз жағалар. Қайраң жағалар ойпатта, биікте, жақпар тасты да болады. Қайраң. Қайраң — теңіз немесе көлдің саяз бөлегі, өзен арнасындағы тосқындар жиынтығы. Карст циклі. Карст циклі — карсты аудандарға тән бірін-бірі заңды түрде ауыстырып тұратын рельеф формасының жиынтығы. Карст циклінің дамуы кәдімгі эрозиялық циклдің дамуынан мүлдем басқаша. Карст пайда болу үшін: көлемі үлкен жерде құрамында саз жоң қалық қабатты ізбестас болуы керек; бұл ауданның беті тегіс, бірақ онық азғана көлбеуі болуы қажет және жер асты суларының ағуына керекті тиісті көлбеу болу үшін — бұл аудан қоршап тұрған айналадағы жерден жоғары орналасуы керек. Карст жасалу процесі ең алдымен жер бетіндегі эрозиялық аңғарларды, сонан кейін олардың арасындағы жоғарыраң орналасқан кеқістікті қамтиды. Карстың жетілген сатысында шұңқырлар кеңейеді, олардың түбі жалпақтанады, уңгірлерде тамшының салдарынан әр түрлі формалар (сталактиттер мен сталагмиттер) пайда болады, жер асты суларының деңгейі жер бетіне жақындайды. Карстың тозған сатысында сулар горизонталь бағытта аға бастайды, жер беті жер асты суларының деңгейіне дейін төмендейді. Карсты ландшафт. Карст формалары өзінің көлемі жоне процесінің қарқындылыгы жагынан күшті өзгеріп тұрады. Жалпы карстардың мынандай категориялары болады: каррлар, немесе шраттар, құдықтар, шахталар, шұңқырлар, апандар тағы басқалар. осылардың бәрі қосылып долиндер, полья, үңгірлер, карсты өзендер деп аталатын формалар сериясын құрайды. Карст құдығы. Карст құдығы — жер бетінен сіңген суларға тау жыныстарының (ізбестастардың, гипстердің) еруінен пайда болған көлбеу не өте тік қабырғалары бар, тар, терең шұңқырлар. Карст құдығының тереңдігі әр түрлі болады. Олардың түбінде жер астындағы бос кеңістіктер мен үңгірлерге қосылатын тесіктер немесе жарықтар болады, ал кейде олардың түбін қабырғаларынан құлаған тау жыныстарының сынықтары басып жатады. Мұндай құдықтар Қырымда, Оралда, Кавказда және басқа аудандарда кездеседі. Карст суы. Карст суы — карстық жарықшалар, үңгірлер және каналдар арқылы ағатын жер асты сулары. Кар көлдері. Кар көлдері — карлардың ойыстарын толтырып тұратын биік таулық көлдер. Кар көлдері жағалық сызығы нашар тілімделген формасы көбінесе дөңгелек немесе сопақша болып келеді. Олар қазіргі қар шегі мен бұрынгы дәуірде басқан мұздың төменгі шегінің арасындағы белгілі бір биіктік зонасын алып жатады. Карбонаттық қабат. Карбонаттық қабат — топырақ жасалу процесі кезінде карбонаттар (көбінесе кальңийдің) жиналатын топырақ қабаты. Ылғал жетімсіз болган жағдайда пайда болатын топырақтарда (қара, қарақоңыр) жиналады. Қалыңдығы ондаған см-ге жетеді. Ол тығыз болады да, өсімдіктердің өсуіне қолайсыз болады. Бұлақтарды шегендеу. Бұлақтарды шегендеу — жер астындағы ішімдік сулар мен минеральды суларды пайдалану үшін оларды бір жерге жинап пайдалануға арналған шахта сияқты құдық немесе скважина түрінде шегендеп жасалған құрылыс. Бұлақтарды шегендеу судың текке ағуына жол бермейді, емдік минеральды сулардың құрамын өрі тазалыгын сақтайды. Бұл сумен қамтамасыз ету, жерді суландыру, минеральдық бұлақтарды пайдалану мұктаждықтарына қолданылады. Капиллярлық су. Капиллярлық су — жыныстар мен топырақтар бөлшектерінің арасындағы қыл түтік (капиллярлік) қуыстарды толтырып тұратын су. Кеуекті жыныстарда су оны белгілі бір деңгейге дейін толтырып қана қоймайды. түтікшелер (капиллярлар) арқылы біраз биіктікке шейін де көтеріледі. Канада максимумы. Канада максимумы — қыста Канаданың үстінде болатын жоғары қысым облысы. Тасты топырақтар. Тасты топырақтар" — құрамында тау жыныстарының көлемі әр түрлі сынықтары бар топырақтар. Тасты топырақтар түрлі генетикалық типке жатуы мүмкін. Жыртуға бөгет болатын тасты топырақтарды өңдеу үшін оларды тастардан тазартады. Тау жыныстарының үгіндісі көбінесе топыраққа құнар беретін калий, фосфор тағы басқалар. пайдалы элементтердің көзі болады. Кальдера. Кальдера — вулканмен салыстырғанда шамадан тыс үлкен, вулканның төбесіндегі сопақ, дөңгелек қазан тәріздес шұңқыр. Ені 10—20 км-ге, тереңдігі бірнеше жүз метрге кетеді. Кальдера әр түрлі жолмен пайда болуы мүмкін: 1) жарылыс кальдерасы — газ жарылысының өсерінен кеңіген, вулкан көмейінің жоғарғы ернеуі (Япониядагы БандайСана кальдерасы); 2) көбінесе лавалық вулкандарға тән құлау кальдералары (Гавай аралдарындағы МаунаЛоа кальдерасы); 3) жер бетіндегі агын сулардың эрозиясынан пайда болатын, бірақ өте сирек кездесетін, эрозиялық кальдералар (Пальма аралының кальдерасы). Тозған топырақтар. Тозған топырақтар — агротехниканы, ауыспалы егістің ережелерін дұрыс қолданбаудың нәтижесінде құнарлылығы азайған топырақтар. Исландия циклоны. Исландия циклоны — Атлант мұхитының қоңыржай және полярлық ендіктеріндегі Исландия аралының маңында орналасқан атмосфера өрекетінің тұраңты климаттың орталыгы. Исландия циклоны тұрақты циклондың құрылыс емес, ол циклондар басым болатын аудан. Январьдағы Исландия циклонының ортасындағы орташа көп жылдық қысымы 997 мб-дан, июльде — 1009 мб-дан төмен. Циклонның көпшілігі өтетін қысымдық астау қыста Баренц және Кара теңіздеріне, жазда Скандинавия түбегіне бағытталған. Материктік жарты шар. Материктік жарты шар — құрлықтың үлкен бөлегі орналасқан Жердің жарты шары. Бірінші жарты шарлд Еуропа, Азия, Африка, Солтүстік Америка және Оңтүстік Американың бір бөлегі, сондайақ екінші жарты шарда (мұхиттық) құрлықтың азғана бөлегі қалатындай етіп Жерді үлкен шеңбермен (яғни Жердің ортасын кесіп өтетін шеңбермен) бөлгенде шығады. Материктік жарты шардың полюсі — Луараның сағасында, Мұхиттық жарты шардың полюсі — Жаңа Зеландияның шығысында. Материктік жарты шарда құрлық оның 47%, мұхиттық жарты шарда — 9% алып жатады. Магма. thumb thumb Магма — қата келе атпа тау жыныстарын беретін, Жердің мантиясында немесе қабығында пайда болатын, силикаттық құрамы бар, ішінде су, көмір қышқылы, фтор, бор, тағы басқа ұшпалы қосындылар кездесетін, еріген масса. Магма жер қабығының терең қабаттарында суынып не қатып, тереңдік (интрузивтік, желілік) тау жыныстарын, ал жер бетіне лава күйінде көтеріліп эффузивтік вулкандық жыныстарын құрайды. Циклондар окклюзиясы. Циклондар окклюзиясы — циклондардың тоқталу кезеңі; солтүстіктен келген тығыз және суық ауа массаларының жайылуының салдарынан жылы ауа секторының тарылуы; осының салдарынан жылы сектор үзіліп қалады да, циклон өзін қоректендіріп тұратын жылы аймақтан бөлінеді; ауаның суық массаларының жылы ауаны біртебірте жоғары. қарай ығыстыруынан циклон тоқтайды. Мұз басу. Мұз басу — 1) белгілі бір территориядағы барлық мұздықтардың жиынтығы, мысалы, Іле Алатауының кәзіргі мұз басуы; 2) климаттың өзгеруінен (суыну, жауын-шашын мөлшерінің көбеюі, таулардың тектоникадан котерілуі) мұздықтар алып жатқан ауданның әжептәуір кеңу процесі. Шарьяж. Шарьяж — көлбеу жазық бойынша төңкеріле орналасқан ірі қатпар. Қара топырақ. Қара топырақ — екі жарты шардың дала және ормандыдала зоналарында тараған топырақ түрі; физикалық құрылымы жақсы, қара шіріндіге бай болуының нәтижесінде ол өте құнарлы келеді. Қара топырақ көп ғасырлар бойы жылы да құрғақ климат жағдайында саздақ, құмдақ және лёсс топырақтарда өскегі өсімдіктердің өлуінен түзілген, қара шіріндінің қорлануынан пайда болады. Далалық аймақта қара топырақ жер қыртысын түгелдей дерлік алып жатады да, ормандыдала аймаңта күлгінделген топырақтармен алмаг сып келеді. Оңтүстікке қарай климат құрғаңтығының артуы мен шөптің сиреуіне сәйкес қара топырақтың құнарлылығы азая береді де, қара шіріктің түсі бозғылдана отырып, қара шірінді горизонты 1—2 м-ден 60—70 см-ге дейін жұқарады, Сондықтан қара топырақ ендік бағытымен оңтүстікке қарай шау қара топырақ, кәдімгі қара топырақ, оңтүстік немесе жұқа қара топырақ деп бөлінеді. Фумаролдар. Фумаролдар — вулкандар беткейлерінің жарықтарынан шығатын температурасы жүздеген градусқа тең газдар. Олардың құрамында хлорлы сутегі, күкірт газы, азот, аздап кемір қышңыл газы, су булары болады. Уақыт өткен сайын фумарольдар температурасы төмендеп, газдар құрамы өзгереді де, олар сольфаторларға жақындайды. Аса ыстық фумарольдар атңылау орталығына жақын орналасады да, ал орталықтан алыстаған сайын сольфаторларға ұқсастығы арта береді. Жауқияқ. Жауқияқ (немесе қарақияқ) (Elymus) — дәнді дақылдар тұқымдасына жататын көпжылдық шөп өсімдіктерінің бір туысы. СССР жерінде 25 түрі өседі. Олардың ішіндегі ең негізгілері: дәу жауқияқ (Еlymus giganteus) масағы арпанікі тәрізді болады, көбінесе құмды жерде өседі, сондықтан да кейде мұны құм сұлысы деп атайды. Сабағының ұзындығы 50— 170 см, масағының ұзындығы 15— 20 см, жалпақтығы 2—4 см келетін ірі өсімдік болғандықтан да алып жауқияқ деп ат берілген. Алып жаауқияқтың сабағы мен жапырағын өзі бастартқанға дейін, ал, масағын балауыз кезінде малдың қай түрі болса да жақсы жейді. Гүлденген соң қатайып кетеді, сондықтан шөбін гүлденуге дейін шабу керек. Тұқымы малға өте жұғымды жем: құрамында 10,9 процент белок бар. Г. ж. көшпелі құмды тоқтатуға зор мәні бар өсімдік. Сары жауқияқ, Сибирь жауқияғы (Еlymus sibiricus) — селдір сабақты өсімдік. Биіктігі 45—95 см. Көбінесе Сибирь мен Қиыр Шығыстың шөлейт далаларында және таулы аудандарында өседі. Аздап Өзбекстанның, Тәжікстанның және Шығыс Қазақстанның тауларында да кездеседі. Тұқымын қолдан сепкен кезде сары жауқияқтың 1 гектарынан 25— 30 ц шөп, 5,3 ц тұқым алуға болады. Кейбір жерде ол 2 рет шабуға да келеді. Малдың қай түлігі болса да жейді. Тарлан қияқ (S. junceus) — тамыр сабағы қысқа, биіктігі 20—80 см болып өсетін өсімдік. Көбінесе сортаң жерге өседі. Гүлденер кезде шабылған шөбі малға өте жұғымды болады. Дәнді дақылдардың бидай және арпа сыяқты түрлерімен будандастыруға Т. қ. өте құнды өсімдік. Пайдаланылған әдебиеттер. Т. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ БИОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК І-том ҚАЗАҚМЕМЛЕКЕТБАСПАСЫ, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев Зонасыз өсімдік. Зонасыз өсімдік — ешбір жерде және ешқандай жағдайда өз алдына зона бола алмайтын өсімдіктер. Бұлар зоналық өсімдіктер ішінде де және барлық зоналарда да кездесуі мүмкін. Мысалы, жайылым шалғыны, құм өсімдіктері осыған жатады. Материктік беткей. Материктік беткей" — материктік қайраңнан мұхиттың түбіне ауысатын мұхит түбінің бөлегі. 130—140 м-ден 2400 м-ге дейінгі тереңдікте орналасады. Ол материктің бүйірлік беті болып саналады. Материктік беткейдің бедері тілім-тілім болып келеді де оның еңістігі онша үлкен болмайды, бірақ кейбір аумақтарында 40°-қа, яғни тау беткейлерінің еңістігіне тақайды. Аналық жыныс. Аналық жыныс — биологиялық, биохимиялық процестердің әсерімен, сондай-ақ адам әрекетінің ықпалымен топырақ құрылатын тау жыныстарының жоғарғы қабаты. Меандрлану. Меандрлану, иректелу — өзендердің өз арналарын 8 — сияқты ирек-ирек форма жасап, оны қайтадан бұзуы. Иректелу соңғы сатысында тұзақ жасайды да сол тұзақтың қыл мойыны қосылып, өзен арнасы қайтадан түзеліп ағады. Осыдан кейін бұл цикл жаңадан басталады. Меандрлар. Меандрлар — өзендердің ирек арна жасап ағуы. Су тасқындары өзен жағаларының бір жерін жуып-шайып, бұзып, екінші жеріне апарып, қалдырып кетіп отыруының салдарьшан пайда болады. Меандралар терең тілімделген (аңғарлық) және еркін (арналық) болып екіге бөлінеді. Терең тілімделген меандралар ұлы мұз басу дәуіріндегі мұздардың еруінен кейінгі су тасқынының әсерінен пайда болған, бұл жағдайда өзенмен қатар оның аңғары да меандра жасайды. Еркін меандралар осы күнгі су тасқындарының әсерінен пайда болады. Мұнда тек өзен арнасы ғана өзінің аңғарының жайпақ түбінде меандр жасайды. Тау аралық майысу. Тау аралық майысу — тектоникалық жолмен пайда болған, яғни көрші жатңан тау жоталары көтерілген кезде жер қабығының майысуынан пайда болған тау жоталарының арасындағы депрессия. Өзінің геологиялық құрылысы жағынан тау аралық майысу шеттік майысуларға ұқсас. Халықаралық геофизикалық жыл. Халықаралық геофизикалық жыл (ХГЖ) — барлық Жер шары бойынша әр түрлі елдердің арасындағы белгіленген уақыт бойынша келісімді программа және бір әдіспен геофизикалық бақылау, зерттеулер жүргізілетін кезеңнің шартты аты. Халықаралық полярлық жыл. Халықаралық полярлық жыл (ХПЖ) — бірқатар елдердің күшімен жалпы жоспар және бір әдіспен Арктикада — бір мезгілде геофизикалық байқаулар жүргізу кезеңі. Материкаралық теңіздер. Материкаралық теңіздер — материктер арасында орналасқан жерорталық теңіздер. Аса қарңынды тектоникалық қозгалыстарға байланысты пайда болгандықтан, өте терең болады (4—5 мың жге дейін). Материк аралық теңіздер небәрі ушеу ғана: Жерорта, Қызыл теңіздері және Мексика шығанағы. Мезофиттер. Мезофиттер — ылғал сүйгіштігі жағынан гидрофиттер мен ксерофиттердің арасында орын алатын өсімдіктер. Ұсақ шоқылық. Ұсақ шоңылық — негізгі жыныстардағы ретсіз шашылып жатқан, формасы әр түрлі (салыстырмалы биіктігі 50—100 м) төбелерден және төбелер тобынан тұратын, үлкен-дікішілі жайпақ қазан шұңқырлармен (кейде көлдер алып жататын), аңғарлармен бөлініп тұратын рельефтің түрі. Ұсаң шоқылық таулы елдің (тау жыныстарының алақұла литологиялық құрамы бар) континентальдың климат жағдайында ұзақ денудацияланудан пайда болады. Ұсақ шоқылыққа өте айқын мысал — Сарыарқа. Тоңтану. Тоңтану (геокриология) — тоң грунттар туралы, оларда болатын процестер, олардың таралуы және даму тарихы туралы ғылым. Тоң танудың зерттейтін негізгі объектісі — мәңгі тоң. Жергілікті желдер. Жергілікті желдер — шағын алқаптың жергілікті географиялық жағдайлары әсерінен пайда болатын желдер. Тағы қараңыз. бриз, фён, бора, мистраль, сарма, сирокко, торнадо, сайкан, эбе тағы басқалар. Кен. Кен — жер қабығындағы бір минералдан немесе минералдар агрегатынан тұратын, пайдалы қазындылардың ерекше жекеленген табиғи жиынтығы. Ерекше бір территорияда орналасқан және жалпы геологиялық құрылысы жағынан байланысты кендер тобы бассейн немесе аудан деп аталады (мыс.: Қарағанды көмір бассейні, Атасу темір кені ауданы, тағы басқалар). Тау жыныстарының метаморфизмі. Тау жыныстарының метаморфизмі — жоғарғы температураның, қысымның және химиялық әрекеттердің әсерінен жер қабығының терең қабатында тау жыныстарының құрылымының, минералогиялық кейде химиялық құрамының өзгеру процесі. Метеорологиялық элементтер. Метеорологиялық элементтер — жиынтығы ауа райының жағдайын көрсететін, атмосфера жағдайының тікелей байқалатын сипаттамалары. Метеорологиялық элементтердің көпшілігі (ауаның және топырақтың температурасы, ауаның ылғалдылығы, желдің жылдамдығы және бағыты, атмосфералық қысым, жауған жауын-шашынның мөлшері, қар жамылғысының тығыздығы мен қалындыгы тағы басқалар.) аспаптардың көмегімен өлшенеді, қалғандары (бұлттардың мөлшері мен формасы, жауын-шашынның түрі, ерекше құбылыстар — нажағай, тұман, бұрқасын тағы басқалар.) бір схема бойынша көзбен өлшенеді. Гидрологиялық ұқсастық әдісі. Гидрологиялық ұқсастық әдісі — зерттелмеген су объектілерінің гидрологиялық режимінің басты сипаттамаларын анықтау үшін, физико-географиялық жағдайлары осы зерттелмеген объектінің жағдайларындай, бұрын зерттелген ұқсас — объект алып, соның негізінде шамамен болжау әдісі. Минералды сулар. Минералды сулар, арасан сулар — тұщы сулардан жекелеген химиялық компоненттердің немесе жалпы минералданудың көптігімен, температурасымен, газдың барлығымен ажыратылады. Олар емдеу үшін пайдаланылады. Арасан, шипалы су – емдеуге қолданылатын жылы жер асты су көздері. Ол суының температурасына қарай: жылы немесе субтермальді Арасан (20 – 37ӘС), термальді Арасан (37 – 42ӘС), ыстық немесе гипертермальді Арасан (42ӘС-тан жоғары) болып бөлінеді. Су жер қыртысының тереңіндегі жоғары температуралы тау жыныстарының арасынан өткен кезде ысып, тектоникалық жарықтар арқылы жер бетіне шығады. Арасан сулары негізінен жанартаулы жерлерде, артезиан алаптарында және тектоникалық қозғалмалы аймақтарда пайда болады. Арасан сулары химиялық құрамына және шипалы қасиеттеріне қарай: көмір қышқыл газды, күкірт сутекті, құрамында темір, мышьяк, марганец, мыс, алюминий, органикалық заттар болатын сулар, бромды, иодты, радонды және кремнийлі сулар болып бірнеше топқа бөлінеді. Құрамында тұздар ерітіндісі аздау болатын арасан сулары асқазан ауруларын емдеуге, ішуге (Сарыағаш, Аяққалқан, Құрам, т.б. минералды сулар), ал тұз ерітіндісі көп сулар сүйек, буын, жүйке жүйесі мен қан тамырлары сырқаттарын (Алмаарасан, Арасанқапал, Жаркентарасан, т.б. минералды сулары) емдеуге пайдаланылады. Қазақстанның арасан сулары емдік қасиеттері бойынша дүние жүзіндегі атақты шипалы сулардан (Нарзан, Боржоми, Ессентуки, т.б.) кем түспейді. «Арасан» (монғолша аршан – бұлақ) термині Кавказдан Қиыр Шығысқа, Сібірден Тибетке дейінгі халықтар тілінде жиі кездеседі. Шипалы суға байланысты жер-су, елді мекен, емдеу орындарының атауларын білдіретін бұл термин түрлі өзгерістерге ұшыраған: аршан, арашан, арасан, нарзан, назрань, арзни, т.б. Минералды бұлақтар. Минералды бұлақтар — суында әжептеуір мөлшерде еріген тұздар, немесе газдар (кемір қышқыл, күкіртті сутегі), немесе аз молшерде сирек газ — радий эманациясы (радиоактивтік су) бар бұлақтар. Моноклиналдық құрылым. Моноклиналдық құрылым — шөгінді жыныстар қабаттарының бір жаққа қарай бір беткей құлауы. Теңіз сілкінуі. Теңіз сілкінуі — ашық теңіз суларының кенеттен буырқанып толқуы. Көбінесе жаға маңындағы сұрапыл көтерілу — қайту толқындарымен белгілі. Орталығы теңіз түбінде немесе теңізге таяу орналасқан құрлықта болатын жер сілкінудің салдарынан болады. Аяздық үгілу. Аяздық үгілу — су қату нүктесінің маңында температураның жиі ауытқуынан тау жыныстарының механикалық үгілуі, бұзылуы. ЯСыныстардың жарықшақтары мен кебірлеріндегі су мұзға айналып. жынысты жа • рады да, одан кесектерді беліп түсіреді. Аяздық үгілу негізінен тауларда қар сызығына таяу жерде және одан биікте орын алады, сондайақ полярлық және субполярлық облыстарда байқалады. Аяздық үгілу мұздьіқтың шеткі жарықтарында ете екпінді болады. Осының салдарынан карлар, үшкір альпылық қырлар мен карлингтер пайда болады. Теңіз шөгінділері. Теңіз шөгінділері — мұхиттар мен теңіздердің түбіне шөккен минералдық немесе органикалық тұнбалар. Бұл үш топқа бөлінеді: 1) жағалың, немесе литоралдың теңіз шөгінділері, 200 м тереңдікке дейін; 2) жартылай теңіздік, гемипелагиялық шөгінділер, 200—400 м тереңдікке дейін; 3) терең сулық шөгінділер. Кернеулі сулар. Кернеулі сулар — жер астындағы су өткізбейтін жыныстардың арасындағы үлкен қысымда тұрған сулар. Кернеулі суларға қабат аралық немесе артезиан сулары мен жарық сулары жатады. Бұл сулардың қысымы күшті болғандықтан, өзін жауып жатқан жыныстардың деңгейінен жоғары көтеріле алады. Тау жыныстарының шәлкес жатысы. Тау жыныстарының шәйкес жатысы — қатпарланудың немесе опырылудың, жоғары ығысудың тағы басқалардың салдарынан тау жыныстарының алғашқы шөккен қалпын өзгертіп, басқаша шөгуі. Қатпарлы қатқылдар. Қатпарлы қатқылдар — әуелі ағып, содан соң қатудан пайда болған формалар. Су ерітінділерінен әр түрлі минералдың заттардың қатты түрінде бөлінген кезінде пайда болады. Мысалы, тұщы сулық ізбестасты туфтар, сталактиттер мен сталагмиттер, жыныстардың жарығы мен қуыстарындағы минералдық шөгінділер. Эллипсоид. Эллипсоид — эллипсті өзінің кіші осінде айналдырудан шығатын геометриялық дене. Оны айналу осінің бағыты бойымен сығылып, сопайған шар деуге болады. Бұл сығылушылық үлкен ось пен кіші ось айырмасының үлкен оске қатынасы болып табылады. Эллипсоид аз сығылған уақытта шардан ептеп қана айырма жасайды, сондықтан оны сфероид деп те атайды. Эллипсоидпен салыстырғанда геоидтың беті аса күрделі болып келеді, сондықтан геодезия мен картографияда жер денесін геоид емес, эллипсоид деп санайды. Оның үстіне соңғының кіші осі жердің айналу осіне. сөйкес келеді де, ал үлкен осі экватор жазығында жатады. Мұндай жер эллипсоидының (немесе сфероидтың) көлемі градустық өлшеу арқылы анықталады. Эльстер мұздануы. Эльстер мұздануы — Солтүстік Германиядағы ескі мұзданулардың бастапқысы. Ол Орыс жазығындағы лихвин мұздануы мен Альпыдағы миндель мұздануына ұқсас келеді. Эолдық көп қырлы денелер. Эолдық көп қырлы денелер" — желмен айдалған құмның тас жақпарларына соғылып, оларды қажаудан пайда болған қырлы тас формалары. Бұлардың кепшілігі анық түзілген қырларына байланысты пирамидаларға ұқсап тұрады. Эолдық үйінді жазықтар. Эолдық үйінді жазықтар — желдің үруінен жиналған үйінділерден пайда болған жазықтар. Бірақ кейбір пікірлер бойынша мұндай жазықтар тура эолдық үйінділерден ғана түзілмеуі мүмкін: алдымен олардың негіздері сулық шөгінділерден құрылады, одан кейін бұл шөгінділердің желмен үрленуі нәтижесінде жазық бетінде үйінділер таралып, эолдық жазықтың шын пішіні жасалады. Эолдық шөгінділер. Эолдық шөгінділер — желдің тау жыныстарын ұшыруы мен жинауынан пайда болады. Эоцен. Эоцен — үштік жүйенің екінші бөлімшесі. Эоцен теңізі Орыс платформаларынын оңтүстігінде кең тараған. Эпейрогендік қозғалыстар. Эпейрогендік қозғалыстар — теңіз фацияларының өзгеруін туғызумен бірге, өзен жүйелерінің дамуына әсерін тигізетін жер қабағының ақырындап вертикалды бағытпен ғасырлар бойы көтерілуі және төмен түсуі. Эпигенетикалық аңғарлар. Эпигенетикалық аңғарлар — төменде орналасқан тау жыныстарындағы тектоникалық сызықтардың бағытына сәйкес келмейтін қондырма аңғарлар Олар алғашқы пайда болған және дислюкацияға ұшыраған қатты тау жыныстарының үстіне соңғы кезде жиналған қабатсыз, көлбеу қабатты шөгінді жыныстардың орналасуы жағдайында түзіледі. Сөйтіп жер бетінде өзен торабы құрылады да, олардың аңғарлары біртіндеп тереңдей отырып, төменгі жыныстар деңгейіне дейін барады. Онымен бірге бұл аңғарлар өзінің алғашқы бағытын сақтай отырып, үстіңгі қабаттарды жуыпшаяды, төменгі қатты жыныстарды кеміте бастайды. Ақырында төменгі қырқалы қатты қабаттарды тілгілеп, терең аңғарлар жасайды. Эрг. Эрг — Солтүстік Африкада құм жалдарынан тұратын шөлдерді атауға қолданылатын термин. Орта Азия мен Қазақстанда — эрг құм деген сөзге сәйкес келеді. Ол көбінесе ойпаң рельефті жерлерде тараған. Оларда еткел есебінде пайдаланылатын құмдардың жұқа жерлері кездеседі. Бұрын ондай жерлер керуен жолы есебінде пайдаланылды, қазір де автомобиль жолы есебінде пайдаланылады. Эрратикалық қойтастар. Эрратикалық қойтастар — өзінің тараған жеріндегі байырғы жыныстармен байланысы жоқ және өзен ағынының қатысынсыз пайда болған тау жыныстарынан тұратын кесек тастар жиынтығы. Олар мұздық ағындарымен келіп, мұздық ерігеннен кейін сол келген жерінде шөгіп қалған тастар болып табылады. Эхолот. Эхолот — кеме жүзіп келе жатқанда теңіз суының тереңдігін өлшеу үшін қолданылатын электрлі аспап. Кемеден берілген дыбыстың сигнал теңіз түбіне жеткеннен кейін микрофонмен ұсталады. Ол тереңдік сигналдың жіберілуі мен ұсталуына кеткен уақыт бойынша анықталады. Фотосфера. Фотосфера — телескоп (немесе фотография) арңылы қарағанда ұсаң және аса жарық «түйіршіктерден» тұратын Күннің жарық беретін беті. Фотосферада даңтар, ал даңтар төңірегінде «жалындар» байқалады. Күннің толық тұтылған уақытында байқалатын ең сыртңы сұйьің, жарықты нашарлау беретін қабаты хромосфера мен өте сирек газдардан, тозаңдардан тұратын Күн тажын құрайды. Егеуқұйрық бүргесі. Егеуқұйрық бүргесі (Xenopsylla cheopis) — кеміргіштердің денесінен қанын сорып тіршілік ететін бүргенің бір түрі. Мұның ішек-қарнында чума бактериялары тіршілік етеді және көбейеді. Осы бактериялар бүргенің саңғырығымен араласа сыртқа шығып, адамға тарайды; бүрге шаққан жерді қасыған кезде бактериялар қанға кіріп, сонымен чума ауруы шығады. Сондықтан бұл бүрге өте қауіпті мақұлықтардын бірі. Курск магнит аномалиясы. Курск магнит аномалиясы — жер шарындағы ең күшті магниттік аномалия; тараған жері — Курск облысы мен оның таяу аудандары. Курскінің магниттік аномалиясының кейбір жерінде компастың магниттік тілі багдарсыз кез келген азимутта тоқтап қалады. Магниттік аномалияның болу себебі осы аранық жер қойнауында темір кенінің (магниттік теміртас) керемет үлкен қоры жатуына байланысты. Тектоникалық күмбез. Тектоникалық күмбез — ұзындығы мен көлденеңі бірдей брахиантиклиналдық қатпар. Тектоникалық күмбез платформаларда, қатпарлы облыстардың шеттерінде кең тараған. Көп жағдайда тұздың, мұнайдың, газдың кен орындары тектоникалық күмбезбен байланысты. Ксерофиттер. Ксерофиттер — ұзақ құрғақшылыққа шыдайтын құрғақ жерлердің (шөлдің, шөлейттің) өсімдіктері. Қызыл түсті шөгінділер. Қызыл түсті шөгінділер — қызыл немесе қызғылт қоңыр түсті шөкпелі тау жыныстарының қабаты (конгломераттар, құмтастар, балшықтар, мергельдер). Тропиктік және субтропикгік климат жагдайларында пайда болады. Өлкетану. Өлкетану — елдің (облыстың, ауданның) белгілі бір бөлегін, жекелеген табиғат объектілерін, қаланы немесе басқадай елді мекенді жергілікті халықтың күшімен жан-жақты зерттеу. Космополиттер. Космополиттер (биогеографиядағы) — барлық құрлықтарда немесе мұхиттарда өмір сүретін өсімдіктер мен жануарлардың түрі. Космополит өсімдіктерге жататындар, мысалы, көптеген төменгі сатыдагы организмдер (бактериялар, саңырауқұлақтар) және бірқатар су өсімдіктері (шалаңдар, қамыстар тағы басқалар.). Космополит жануарларга жататындар — теңіз жануарлары (мидин ұлуы), сондайақ жер бетіндеғі жануарлар, мысалы, жағалық қарлығаштар т. б. Құм қайыр. Құм қайыр — теңіз, көл, өзен жағалауын бойлай созылып, бір жағы жағаға тіреліп жататын енсіз, аласа таспа тәрізді өңір. Ол құмнан, малта тастан, ұсақ қабыршақтардан тұрады. Толқындар мен ағындардың алып келген тосқындарының жиналуының салдарынан жаға бойында пайда болады. Көбінесе қара, Азов, Балтың теңіздерінің ойпатты жағаларында пайда болады да, ұзындығы ондаған, тіпті жүэдеген километрге жетеді. Корразия. Корразия — желдің, судың, мұздың ықпалынан қозғалатын кесек материал массаларының тау жыныстарына механикалық әсер етуі. Корразия арқылы шөлдегі тау жыныстарының ашық жерлері, теңіз жағасындағы жартастар, өзен арналары, мұздық түбі қажалып өңделеді. Беткейлерде корразия кесек материал массаларының гравитациялық орын ауыстыруының салдарынан болады. Маржан рифтері. Маржан рифтері — көбіне мекенді маржандардың ізбесті қаңқақабыршақтарынан түзілген теңіздегі құрылыстар. Маржандық құрылыстардың нёгізгі үш түрі болады: жағалық рифтер, тосқауыл рифтер және атолдар. Маржан рифтерінің қалыпты дамуына керек жагдайлар: 1) теңіз суының температурасы жоғары болуы (20°тан төмен болмауы); 2) түбі онша терең болмауы (орташа 40—50 м-ге дейін); 3) теңіз суы әдеттегідей (35‰-дей) тұзды және таза болуы; 4) теңіздің түбі жартасты болуы керек. Маржандардың өсуінің жогарғы шегі теңіздің қайтуына сәйкес келетін теңіз суының деңгейі болып саналады. Маржан рифтерінің қалыңдыгы ондаған, кейде жүздеген метрге дейін барады. Теңіз бетінен 1500 мм-ге дейін көтерілген маржан рифтері бар (Зонд архипелагы), сондай-ақ табаны 1200 м-ге дейін тереңдікте жататын маржандар құрылысы да белгілі (Маршалл аралдарының маңы). Маржан рифтерінің пайда болуын бірінші рет түсіндіруге әрекет жасаған орыстың теңіз саяхатшысы Ф. Ф. Беллинсгаузен (еру гипотезасы). Осы гипотезаны кейінірек ағылшын океаиографы Дж. Моррей ұсынды. Осылардың ішінде көбірек тарағаны тосқауыл рифтер мен атолдардың пайда болуык алғашқыда жағалык рифпен қоршалған мұхит аралдарыиың батуымен байланыстыратын Ч. Дарвиннің теориясы. Географиялық координаттар. Географиялық координаттар, ендік пен бойлық — Жер шарындағы белгілі бір нүктенің алып жатқан орнын нөрсететін шамалар. Географиялық ендік экватордан (0°) басталып, оңтүстік (оңтүстік ендік) және солтүстік (солтүстік ендік) полюстарға қарай есептеледі (90=қа дейін). Бойлық бастапқы меридианнан батысқа (батыс бойлык) және шығысқа (шығыс бойлык) қарай саналады (0° тан 180=ка дейін). Халық аралық келісім бойынша бастапқы меридиан есебінде Лондондағы Гринвич обсерваториясын басып өтетін меридиан алынады. Конфлюэнттік саты. Конфлюэнттік саты — мұздық аңғарының түбіндегі бұрынғы екі мұздық қосылып, мұздықтың қалыңдығы мен оның эрозиялық қабілеті күрт өсетін жердегі келденеқ кертпеш. Контракциялық теория. Контракциялық теория — жер шарының суынуына байланысты оның біртіндеп сығылысуы туралы теория. Кант-Лаплас гипотезасы бойынша, жердің орталық ядросының жоғары температурасы бар. Орталық ядроның сәуле таратып тұруы арқылы үздіксіз суынуы оның көлемінің кішіреюіне әкеп соғады. Осының салдарынан жердің қабығы үздіксіз кішіреюі керек, Жер бетінің үздіксіз кішіреюі қатпарлану, жоталар жасалу, жоғары ығысу, жабылу, қайтадан басылып қалу тағы басқалар. осындай құбылыстар тудыратын жер қабығындагы тангенңиальдық (бүйірлік) күштерді тудырады. Жер беті қатпарлар пайда болганда қысқарады; кейбір ғалымдардың есептеуі бойынша, Жер радиусі Альпы пайда болганда — 9 %-ке, Орал пайда болғанда — 12%-ке қысқарған. Қазіргі кезде тау жасалу процесі геосинклиналь теориясымен түсіндіріледі. Континенттік климат. Континенттік климат — құрлықтың үлкен кеңістігінің атмосфераға тигізетін әсері басымырақ болатын, мұхит пен теңізден қашық орналасқан аймақтардың климаты. Бұл мына ерекшеліктермен аныңталады: температураның тәуліктік, жылдық ауытқуының көп алшақтығымен, температураның бір күннен екінші күнге, жылдан жылға мезгілсіз өте күрт ауысуымен, берілген ендіктің жауын-шашын мөлшерінің азаюымен, жылданжылға олардың күрт ауысуымен, желдің орташа жылдамдығының теңіэдік климаты бар облыстардан баяулығымен; тының күндордің жиі байқалуымен ерекшеленеді. Күн инсоляңиясы мен оның түндегі сәуле таратуы күшті болады, жазда тун салқын және ашың болады, күндіз ыстық болып, түске таман жел, түстен кейін нажағай сійнап қатты жаңбыр жауатын орасан зор қара будақ бұлттар пайда болады; қыста, керісінше, ашың күндер, немесе барлық аспанды бұлттар жауып тұратын күндер басым болады. Континенттік климаг теңіздік климатқа қарама-қарсы. Консеквенттік аңғарлар. Консеквенттік аңғарлар — бағыты тектоника жасаған жер бетінің көлбеуімен толық сәйкес болатын, жер қабаттарының еңісін қуалай орналасатын өзен аңғарлары. Конденсациялық теория. Конденсациялық теория — бұл теория бойынша барлық жер асты сулары, олардың белгілі бөлігі будың суға айналуынан пайда болады. Бұл тау жыныстары бөлшектерінің арасындағы жарықшалар мен бос орындарды ауаның толтыруына және қысымдар айырмашылығының әсерінен әр бағытта қозғалатын су буының қоюлануына байланысты. Конгломерат. Конгломерат — құрамында үлкендігі әр қилы және түрлі жолмен пайда болған құм, жұмырланған қиыршық тас, қой тас сияқты қоспалары бар цементтелген малта тас түрінде кездесетін кесек тау жынысы. Антарктикалық аймақ. Антарктикалық аймақ — 1) құрлықтың зоогеографиялық аймағы. Оған мұхиттың оңтүстік шеткі бөліктеріндегі аралдар мен Антарктида материгінің жағалары жатады. Жануарлар онда мүлде аз кездеседі. Омыртқалылардан тек тюлень (ит балық), құстардан пингвин мен дауылпаз кездеседі; 2) құрлықтың флоралық аймағы. Ол Оңтүстік Американың Оңтүстік Батысын, Отты жер, Фолкленд, Оңтүстік Георгий, Кергелен, Окленд тағы басқа аралдарды қамтиды. Альтипланация. Альтипланация — тау жоталарындағы шыңды рельефтің тегістелуі; альтипланация әсіресе қоңыржай, суық климаттық белдеулерде аяз әсерінен үгілудің тағы басқалардың нәтижесінде пайда болады. Аллювий суы. Аллювий суы — осы кездегі және ескі өзен арналарындагы аллювий шөгіндісінде болатын жер асты суы. Аллювий суы — өзен аңғарларының аллювий шөгінділері қабатындағы жер асты суы. Су тұтқыш қабаттың қалыңдығы аллювий шөгінділерінің қалыңдығына байланысты жазықтағы ірі өзендерде 15 м-ге, кей жерлерінде 30 – 50 м-ге жетеді. Аллювий суы жер бетіндегі сулардан, атмосфералық ылғалдан, кейде тектоникалық жарылымдар бойымен тереңде жатқан су қабаттарынан толысады. Жер бетіне жақын жатқандықтан және минералдылығы төмен (1 – 3 г/л-ге дейін) болғандықтан аллювий суы елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. Тұщы аллювий суының мол қорлары Оңтүстік, Орталық Қазақстанның және Шығыс Қазақстанның өзен аңғарларында кездеседі. Соңғы кездері жер беті суларының ластануы аллювий суына да кері әсерін тигізуде. Аллохтон. Аллохтон (грекше — басқа орыннан) — тау жыныстарының, өсімдіктердің, жануарлардың және қазындылардың бастапқы пайда болған орнынан басқа жаққа ығып орналасуы. Аккумуляция. Аккумуляция — әр түрлі бос жатқан минерал шөгінділері мен органикалық тұнбалардың бір жерге жиналуын, үйілуін аккумуляңия дейді. Бұдан диагенез арқылы шөкпе тау жыныстары жасалады. Аккумуляция әдетте су мен желдің, мұздықтың, тағы басқалардың әсерінен пайда болады. Азия антициклоны. Азия антициклоны, Сибирь максимумы — Азия материгінің орта шенінде ноябрьден март айына дейін болатын атмосфера әсерінің қысқы климаттық орталығы, жоғарғы қысымның тұрақты аймағы. Азия антициклоны, Орталық Азия антициклоны, моңғолиялық антициклон, сібірлік антициклон – қыс айларының көп жылдық орта карталарындағы Азия үстінде болатын атмосф. қысымы жоғары аймақ, маусымдық атмосфера әрекеті орталықтарының бірі. А. а-ның ортасында қаңтардың орта қысымы 1030 мбар (0,103 Мн/м2). А. а. қыста өте суыған Азия құрлығының үстінде жиі пайда болып тұратын антициклонның үдей түсуі салдарынан болады. Мұндай жекеленген антициклондарда атмосф. қысым 1050 мбарға (0,105 Мн/м2) жетеді. А. а-ның режиміне байланысты Азияның ішкі аудандарындағы қысқы ауа райы (жер бетіне таяу қабатта) өте суық, тынық, бұлтсыз және қары аз болады. Жазда А. а. азиялық депрессияға ауысады. Қазақстан аумағына қыс айларының климатын қалыптастырады. Агроорман мелиорациясы. Агроорман мелиорациясы — егістік жерлердің, бау-бақшалардың, табиғи жайылымдардың кемістіктерін жойып, өнімділігін арттыру үшін, сол сияқты ауыл шаруашылық дақылдарын табигаттың кеселді жағдайларынан (мыс: қуаңшылық топырақты эрозиядан, су шайьш немесе жел ұшырып кетуден тағы басқалар.) сақтау үшін қолданылатын мелиорация шараларының бір саласы. Материктік қайраң. Материктік қайраң, шельф — теңіздер мен мұхиттардың жағаларын жиектеп жататын, су астындағы саяз жазың. Ені — бірнеше километрден 1300 км-ге жетеді, ауданы — Дүние жүзілік мұхит түбінің жалпы ауданының 8 %-індей. Бұл 130—140 м (орташа есеппен) тереңдікте материктік беткейге айналады. Шерменгүл. Шерменгүл — өзі аттас өсімдіктер тұқымдасының ішіндегі ең ірі туысының бірі, мүның 500-дей түрлері бар. Бұлардың көк немесе кегілдір түсті воронка тәрізденген әдемі гүлі бар. биік таулы жерде өсетін шөптесін өсімдік. Жер-жердің барлығында (Африкадан басқа) өседі. Кавказ бен Орта Азия, Қазақстан тауларының, Альпі аймақтарында 60-тай түрі өседі. Шерменгүлдің негізгі түрлері: сары шерменгүл (G. lutea) — шөптесін есімдік. Мұның тамыры мен тамырсабағын ұнтақтап немесе кайнатып дәрі жасауға пайдалана-ды, ол адамның асқа тәбетін шап-тырып, оның жақсы сіңуіне мүм-кіндік туғызады; көкшіл шерменгүл (G. pneumonanthe) — шабындыкта, орман шетінде, бұталардың арасында өсетін шөптесін есімдік; сірге-жапырақ шерменгүл (G. сruciata) — шөптесін есімдік. Желайдар. Желайдар (Anemone) — лютиктер тұқымдасына жататын көпжылдық шөп өсімдіктерінің бір туысы. Желайдардың бұрынғы КСРО аумағында 46 түрі өседі, олардың көпшілігі улы келеді. Негізгілері: Емен Ж. (А. nemorosa) гүлі ақ немесе қызғыл түсті болады. Бұрынғы КСРО-ның Еуропалық бөлімінің көлеңкелі ормандарында өседі. Орман Ж. (А. silvestris) — өте улы өсімдік. Ақ күлтелі, ірі гүлі болады. Көбінесе селдір тоғайдың және бұталардың арасында өседі, кейде шабындықта да кездеседі. Сарғалдақ желайдар (А. ranunculoides) гүлінің көлемі ұсақ, түсі сары болады. Сирек тоғайдың ішінде өседі. Гәкку әні. Құс салып айдын көлде дабыл қақтым. Синклинорий. Синклинорий — ұсақ қатпарлармен күрделіленген ірі синклиналдық құрылым. Синодтық ай. Синодтық ай — 29½ тәулікке тең Айдың бірдей екі фазаларының аралығындағы уақыт. Синоптикалық метеорология. Синоптикалық метеорология (немесе синоптика) — ірі атмосфералық процестер мен ауа райын болжау туралы ілім. Бұл циклондар мен антициклондарды, ауа массалары мен олардың фронттарын, осы процестердің пайда болуларын, орын ауыстыруларын, біртіндеп дамуларын зерттейді. Оларды зерттеп білу синоптикалық карталарға талдау жүргізу нәтижесінде іске асады. Синоптикалық карталар. Синоптикалық карталар (немесе ауа райының карталары) — мұндай карталарды жасауға метеорологиялық станциялар торларының тәулігіне төрт рет жүргізген бақылаулары бойынша алынған мәліметтер пайдаланылады. Радиотелеграф арқылы әр станңиядан алынған ауа массасының қысымы, температурасы мен салыстырмалы ылғалдығы, бұлт формалары, жауын-шашын келемі, желдердің бағыты мен күші және тағы басқалар. ауа құбылыстары туралы мәліметтер синоптикалық карталарға түсіріліп, берілген ауаның немесе үлкен алаптың ауа райын алдын ала хабарлауға болады. Скарндар. Скарндар — ыстық ерітінділердің әсері бойынша магма мен ізбестастардың қабысқан жерлерінде пайда болған ізбестісиликатты жыныстар. Мұнымен көптеген бағалы рудалардың орындары байланысты келеді. Қазаңстандағы Қостанай облысының магнитті темір рудалары осы скарндарда пайда болған. Өтпелі аңғар. Өтпелі аңғар — тау жоталарын немесе қыратты алаптарды кесе көлденең қиып өтетін аңғар. Ол өзен торабының көнелігін көрсетеді, өйткені аңғары бар алаптарда тау құрылу процестері кешірек болады. Өтпелі аңғар қарсты үңгірлер төбелерінің құлауы мен ағыссыз суы мол көлдердің өзінің табиғи бөгетін бұзу әсерінен жасалады. Қатпарлы-жақпарлы таулар. Қатпарлы-жақпарлы таулар — қатпарлы бөліктерімен бірге орқашты бөліктері де көп кездесетін тау жүйелері. Мұндай таулардың жоталары мен массивтері (алабы) горстар түрінде, ал ойыстары опырықтар түрінде кездеседі: мысалы, Балқан түбегіндегі таулардың кепшілігі, Орта Германия таулары, Алтай және тағы басқалар. таулар. Қатпарлы таулар. Қатпарлы таулар — орқашты бөліктерінен қатпарлы бөліктері басым таулар. Бұған Франңиядағы Юра таулары мен Ирандағы Загрос тауларының кейбір бөліктері жатады. Беткей. Беткей — жер қабығының көлбеу бөлігі, рельефтің аса көп тараған элементі. Беткей ойыс, доғал, тік және сатылы болып төртке бөлінеді. Беткейлік эрозия. Беткейлік эрозия — беткейлік егістік жерлерде көп тараған жазықтық денудация мен сызықтың эрозия арасындағы эрозиялық процесс. Оның бірінші фазасьша беткей бетін түгелдей қамтыған жазықтық шаю жатады. Бұл жағдайда топырақ ағын сулармен бірге ағып кетеді де, беткейдегі топырақтың бір бөлігі немесе оның бүкіл қара шірінді қабаты шайылып, топырақ құнарлығын жоғалтады. Беткейлік эрозия күшейген жағдайда өзінің екінші фазасы — шайылуға өтіп, егістік жерлерді өңдеуді қиындататын кішігірім қолаттар жасайды. Процестің одан өрі өрістеуі нәтижесінде жырмалар арқылы ақпа шаңылулар пайда болып, ол эрозияның сызықтық формасына — жырмалар мен сайларға — ауысады. Беткейлік эрозия агротехнйкалық шаралардың дұрыс жүргізілмеуінен — беткейді қуалай жырту мен өте тік беткейлерді (5—6 үлкен) егістікке пайдалану салдарынан пайда болады. Онымен күрес жүргізу үшін, егістік жерді дұрыс бөліп, беткейді көлденең жырту қажет, осы бағытта орман алқаптарын отырғызу, су шайған егістік аумақты тыңайтуға қалдыру немесе мал азықтық егістер егу керек. Рельефтің скульптуралы формалары. Рельефтің скульптуралы формалары — әдеміленіп мүжілген рельеф формалары. Бұл экзогендік күштердің жер қабығының бөліктерін үзіп Және сыдырып алып кетуінен пайда болады. Скульптуралы формаларға өзен аңғарлары, абразиялық террасалар, карсты үңгірлер, қоймаңдайлар, тау жұрнақтары және тағы басқалар. жатады. Өзен ағысының жылдамдығы. Өзен ағысының жылдамдығы — өзен тасқыны арқылы белгілі бір уақытта өтетін су бөлшектерінің жылдамдығы. Өзен ағысының жылдамдығы оның табанының еңістігіне тәуелді болып, су массасына тура қатынаста, арна еніне кері қатынаста болады. Ол тасқынның ортасынан жаға мен түбіне қарай азайып, бетінен кейбір тереңдіктерге қарай күшейеді. Өзен бойында әрбір көлденең қималарда кездесетін ең қатты жылдамдықты қосатын сызыңты өзеннің динамикалық осі дейді. Көбінесе өзен ағысының жылдамдығын орта есеппен шығарады. Қатпарлар түйіні. Қатпарлар түйіні — қатпарлар қатарының тоғысуы, немесе бірнеше тау жоталарының бір жерде түйісуі. Бұған Памир мен Армян таулы қыратын жатқызуға болады. Мысалы, Памирға бңтүстікбатыстан Гиндукуш, Оңтүстік-шығыстан Қарақұрым мен Куньлунь, ал солтүстігінен Тянь-Шань таулары келіп түйіседі де, оны жалпы түйінге айналдырады. Тұйық аңғарлар. Тұйық аңғарлар — карсты облыстарда ақыры шұңқырларға келіп тірелетін аңғарлар. Секірмелі қабат. Секірмелі қабат — көлдің едәуір тереңдігінде кездесетін су қабаты. Одан әрі қарайғы тереңдікте су температурасы жедел төмендеп кетеді. Бұл қабат көл суының үстіңгі қабаттарында жылылықтың тәуліктік алмасу процесінің әсерінен пайда болады; жазда күндіз жылыған судың үстіңгі қабаты түнде суынады да, одан кейін өзімен тығыздығы бірдей төменгі су қабатына дейін төмен түседі. Төмен түскен бұл суық су қабатының орынын көл түбінен көтерілгең жылы су қабаты басады. Ол көктемде және жазда пайда болып, күзді күні көлдің ысуы әлсіреген уақытта төмендеп жоғалады. Ашық ауа райы секірмелі қабаттың тереңдеуін туғызады, өйткені бұл уақытта көлдің суынуы әдеттегіден қарқындылау болады. Қазақстан қорықтарының тізімі. Мемлекеттiк табиғи қорық — табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ, оның қызметiнiң мақсаты өзiнiң аумағындағы табиғи процестер мен құбылыстардың табиғи барысын, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi объектiлерiн, өсiмдiктер мен жануарлардың жекелеген түрлерi мен қауымдастықтарын, әдеттегi және бiрегей экологиялық жүйелердi сақтау мен зерделеу және оларды қалпына келтiру болып табылады. Қазақстанда қазіргі уақытта 10 қорық ұйымдастырылған. Қорықтар тізімі. Кестеде қорықтар құрылған уақытына сәйкес келтірілген. Қазақстан ұлттық парктерінің тізімі. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парк — ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бiрегей табиғи кешендерi мен объектiлерiнiң биологиялық және ландшафтық саналуандығын сақтауға, оларды табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристiк және рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Қазақстанда қазіргі уақытта 10 ұлттық парк ұйымдастырылған. Ұлттық парктер тізімі. Кестеде ұлттық парктер құрылған уақытына сәйкес келтірілген. Ешкісабақ. Ешкісабақ (Amygdalus nana) — роза тұқымдасына жататын, ұзындығы 1 метрдей бұта. Жаңа сорттар шығаруда И. Мичурин бұл бұтаны көп пайдаланған. Бұршақтылар. Бұршақтылар (Leguminosae) — даракүлтелі, қосжарнақты өсімдіктер тұқымдастарының бірі. Мұның 500-ге жуық туысы, 12 000-нан астам түрі бар, бұлардың СССР жерінде есетіндері — 1 800. Бұршақтыларға жататын өсімдіктер: ағаш, бұта, шалабұта, лиана, көпжылдық және біржылдық шөп өсімдігі. Бұршақтылар үш түрлі тұқымдас тармағына бөлінеді. 1) мимозалықтар (қара), 2) цезальпиниеліктер, 3) бұршақ гүлдестер. Бұршақтылар азот тұздары кем топырақтарда да өсе береді. Өйткені бұршақтар азотобактерлермен селбесіп тіршілік етуінің арқасында, ауадағы бос азоттан тұз жасайды. Соның арқасында құнарсыз топырақ біртіндеп азотты тұзға байиды. Сондықтан да бұршақты өсімдіктер көп танапты егіс системасында кең түрде қолданылады. Бұл әдіс топырақты құнарландырып, егіннің түсімін арттырады. Бұршақ тұқымдастарына жататын өсімдіктер еліміздегі азық-түлік, жемшөп дақылдарының негізгі түрінің бірі болып есептеледі. Бұлар (бұршақ, сыйырбүршақ, бобтар, соя, жасымық) кей кездерде жануарлар организмінен алынатын белоктардың орнын толықтырып отырады. Гемпшир қойы. Гемпшир қойы — қысқа жүнді, тез жетілгіш қойдың бір тұқымы. Гемпшир қойы XIX ғасырдың орта шенінде Англияның Гемпшир деген жерінде өсіріліп шығарылған; саулығының тірілей салмағы 65—80 кг, қошқардың салмағы — 95—100 кг. Гемпшир қойының 100 саулығы 115—120 қозы туады. Гемпшир қойы СССР-дің Европалық бөлегінің орталық және батыс аудандарында өсіріліп, қылшық жүнді қойлармен будандастырылады. Галловей сиыры. Галловей сиыры — XIX ғасырдың ішінде есіріліп шығарылған Англияның етті сиырының тұқымы. Сиырдың тірілей салмағы — 500—600 кг, бұқасы 1000 килограмдай тартады. Сүмбіл. Сүмбіл (Hyacinthus) —лалагүлдер тұқымдасына жататын әдемі өсімдіктерінің бір туысы. Мұның жабайы түрлері Индияда, Сирияда, Кіші Азияда, Месопотамияда өседі. С.дің воронка тәрізді, хошиісті гүлінен кейде эфир майы алынады. С. декабрьянварь айларында гүлдейді. Мұның бағбандар өсіріп шығарған бірнеше сорттары бар, олар: "шығыс сүмбіл", "көрмелік сүмбіл", "нәзік сүмбіл". Сүмбіл бұршақ. Сүмбіл бұршақ — бұршақтылар тұқымдасына жататын шөп өсімдіктерінің бір туысы. Мұның 30дан астам түрі бар. С. б.тың түрлері біржылдық, екіжылдық және көпжйлдық болып өседі. Бұлар көбінесе "гропикалық және субтропикалық жақтарда болады. Мұның СССР-да екпе 2 түрі өсіріледі, олар: қосгүлді С. б., лобия. Адвекция. Адвекция — ауаның горизонталь ығысуы; жер бетіндегі әр түрлі аймақтарда жылудың, ылғалдың өз ара алмасуы; ауа райының өзгеруі негізінен осыган байланысты. Адвентив өсімдіктер. Адвентив өсімдіктер — белгілі аймаққа адамның әдейілеп алып келуіне немесе басқа бір кездейсоқ жағдайға байланысты әкелінген өсімдік. Жетектеме қазындылар. Жетектеме қазындылар — геологиялық кесінділердің вертикалды бағытында аз, ал горизонтальды бағытында кең тараған қазынды организмдердің қалдықтары. Бірінші территорияның жер қабатында кездескен жетектеме қазындылар екінші территорияның жер қабатында кездесуіне сәйкес олардың бір заманға жататынын білуге болады. Жетектеме қазындылардың қазіргі уақытта вертнкаль бойынша аз кездесуі, олардың бұрынғы замандарда аз тарағанының себебі болып табылады. Бұл жағдай организмдердің әр түрінің белгілі бір уақытта пайда болды және соған ғана тән деп қарауға мүмкіндік береді. Борпылдақ шөгінділер. Борпылдақ шөгінділер — тосқын шөгінділер; байырғы жыныстармен салыстырғанда шөгінді жыныстар бірікпеген, шала біріккен, ал кейде бірігу қасиетін жоғалтқан бөлшектерден тұрады. Өзінің шығу тегі бойынша борпылдақ шөгінділер мынадай түрге бөлінеді: элювий, аллювий, делювий, пролювий, атыраулық, көлдік, лагуналық (таяз шығанақтық), жағалық (көлдің немесе теңіздердің), флювиогляциальдық және мореналық. Пайдалы қазындылары бар борпылдақ шөгінділер минералогияда қорымдар деп аталады. Тұз байланатын көлдер. Тұз байланатын көлдер — судың құрамында кездесетін әр түрлі тұздары қатты күйінде бөлініп шығатын көлдер. Бұрынғы СССР-да олар Каспий маңы ойпатында (Эльтон, Басқұншақ), Батыс Сибирьдің оңтүстігінде (оның ішінде қазақстанның солтүстік облыстарында), қырымда және тағы басқалар. жерлерде тараған. Кейбір көлдерде тұз құрамының көптігі сондай (280‰), тіпті 30° аяздарда оның суы қатпайды. Опырылма аңғар. Опырылма аңғар — опырық бағытында орналасқан аңғар. Соған байланысты опырық бойындағы бөлшектенген жыныстар тез жуылып кетеді. Опырылма ойыстар. Опырылма ойыстар — опырық сызықтарының жүйелермен шектелген ояң рельеф формасы. Солтүстік-батыс өткел. Солтүстік-батыс өткел — Солтүстік Америка материгінің солтүстік жағасын бойлап Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа өтетін теңіз жолы. Онымен бірінші рет (1903 — 1906 жж.) Амундсен өтті. Кезең. Кезең — тау жотасы қырқаларының биік бөліктері мен кейбір төбелердің аралығында орналасқая ояң бөліктер. Олардың едәуір белігі тау жоталарының бір жағынан екінші жағына өтуге мүмкіндік туғызады. Сейсмикалық толқындар. Сейсмикалық толқындар — жер сілкінудің немесе жарылулардың, желдің, теңіз соқпа толқындарының және кез келген машина мен транспорттың әсерлерінің нәтижесінде таралатын жер қабығындағы серпімді толқындар. Басқа да серпімді толқындар сияқты сейсмикалық толңындарды да бойлама (жылдамдығы 7-ден 14 км/сек), көлденең (4-тен 10 км/сек) және беткі деп үш түрге бөлуге болады. Бұл толқын пайдалы қазындыларды геофизикалық әдіепен (сейсмикалық әдіс) іздегенде пайдаланылады. Сейсмограф. Сейсмограф — жер қабығының тербелуін жазатын аспап. Сейсмограф өзінің өте сезімталдығының нәтижесінде бірнеше мың километр қашықтықта болған жер сілкінуін жазып алады. Бұрынғы СССР-да Голицин мен Никифоров сейсмографтары тараған. Онда ілулі заттың тербелуі электрлік тербелуге айналып, жазуды алыстан түсіруге мүмкіндік береді. Сейсмология. Сейсмология — жер сілкінуді зерттейтін геофизикалық ғылымның бір саласы. Бұл жер сілкінудің пайда болуының себептері мен жағдайларын, олардың географиялық таралуын, жер сілкіну әсерінен пайда болған сейсмикалық (серпімділік) толқындарды және сол толқындардың жердің ішкі қабаттарында таралуын зерттейді. Жасанды жер сілкінуге негізделген экепериментті сейсмологияның әдістері пайдалы қазындыларды іздеу мен инженерлік-геологиялық зерттеуяерде қолданылады. Сейштер. Сейштер (тұрақты толқындар) — көлдердің және теңіздердің оқшауланған бір бөлігінде атмосфера қысымының кілт өзгеруінің өрекетінен (тау жақтан кенет соққан желдердің, дауылдардың және тағы басқалардың әсерінен) су деңгейінің көтерілуі. Бұл құбылыстың ұдайы қайталанылып тұруы салдарынан су деңгейінің тербелме қозғалыстары пайда болады. Секстант. Секстант — теңіздік және авиациялық астрономияда қолданылатын астрономиялық бұрыштарды өлшейтін құрал. Мұның көмегімен аспан шырақтарының биіктігін және жердегі нүктелердің арасындағы бұрыштарды өлшейді. Бақылау уақытында секстантты ешқайда бекітпей қолда ұстайды. Селдер. Селдер — таулы аудандарда жиі болып тұратын лайлы немесе тасты-лайлы тасқындар. Олар жазғы күшті жаңбырлардан түзілген ағын судың тік тау беткейлерінен тастопырақтарды өзен арнасына ағызып әкеп, одан әрі арна арқылы тасқын құрауынан пайда болады. Селдерде кесек тастардың үлесі 75%-ке дейін барады. Селдер орасан күшпен және жылдамдықпен ағады да көбінесе жолындағы елді мекендерді, көпірлерді, жолдарды бұзып, егістіктер мен бау-бақшаларды басып, аса зор апатқа ұшыратады (Мыс.: 1963 жылғы 7 июльдегі Есік көлінде болған сел). Селді тасқындармсн күресу үшін олардың ағатын жолдарындағы қалтарыстардан дамбалар, бөгеулер жасап, өзен бассейнінде ағаштар отырғызылады. қазақстанда сел Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауынан ағатын өзендерде жиі кездеседі. Сельвастар. Сельвастар — Оңтүстік Америкада, көбінесе Батыс Амазон ойпатында және ылгалды тау беткейлерінде өсетін тропиктік мәңгі жасыл ормандар. Олар ылғалды (жылдық жауын-шашын көлемі 2—4 мың мм-ге дейінгі) және ыстық климат жағдайында дамиды, климаты құрғақ саванналарда тек өзен бойларында ғана кездеседі. Сельвастар өте қалың, көп ярусты және түрге бай келеді; құрамында пальма, каучукті ағаш (оның ішінде гевея), какао, ал тауларда хина және тағы басқалар. Сол сияқты көптеген бағалы ағаштар болады. Плутониялық теория. Плутониялық теория (Тау құрылудың плутониялық теориясы)— тау құрылу процестері балқыған жер қойнауындағы массалардың әсерінен деп қарайтын теория. Бұл теория бойынша, әлгі массалар жоғары көтеріле отырып, жер қабығына радиус бағыты бойынша қысым жасайды да, горизонталь жаткан жыныстарды көтереді. Тау құрылудың плутониялық теориясы лакколиттердің пайда болуына қолдануға жарайтын болса да, кейін оның жер бетінің құрылысын түсіндіру үшін қолдануға жарамайтындығы дәлелденді. Теңіз суының тығыздығы. Теңіз суының тығыздығы — теңіз суының сыбағалы салмағы, басқаша айтқанда бұл судың белгілі салмағының температурасы бірдей (4°С) сондай көлемді суға қатынасы. Теңіз суының тығыздығы теңіз бетінде 1,0275-тен 1,0220-ға дейін өзгереді. Оның ең аз тығыздығы тропиктерде де, ал ең күшті тығыздығы — поляр маңы аймақтарында. Бастапқы жыныстар. Бастапқы жыныстар (протогенді жыныстар) — басқа жыныстардың сынықтарынан пайда болған тау жыныстары. Оларға гипс, ас тұзы, гранит тағы басқа тау жыныстары жатады. Бастапқы жазықтар. Бастапқы жазықтар — бұрын теңіз түбі болған уақытта теңіз шөгінділерімен тегістелген, бірақ кейінгі кезде теңіз тартылуынан жалаңаштанған үстірттер мен жазыңтар. Бұған Қазақстандағы Каспий маңы ойпаты жатады. Қайраңдар. Қайраңдар — жазық өзендердің таяз сулы бөліктері. Олар — өзендердің бұрылыс араларында, арналардың кеңейген тұсында және оның салалары сағасына жақын жерлерде пайда болады. Өйткені қайраңды жерлерде өзен ағысы бұрынғы жылдамдығын баяулатып, тасымал тосқындардың шөгуіне жағдай туғызады. Қайраңдар өзеннің иірім (қарасу) деп аталатын терең сулы бөліктерімен кезектесіп отырады. Қоржын мұздық. Қоржын мұздық — тау бастарындағы мұзданудың бір түрі, яғни асуда орналасқан фирндық алаптан тау жотасының екі жағына асыла біткен мұздық. Жағалық шөгінділердің алмасуы. Жағалық шөгінділердің алмасуы — ұсақ тас материалдардың (қойтас, қиыршық тастардың, құмдардың) су алабы жағасының бойымен жылжуы. Олардың орын ауыстыруы судың желмен пайда болған ағыстарының әсерінен, сол ағыстардың бағыты мен күшінен, толқын әрекетінен, жағаның еңістігі мен пішінінен болып тұрады. Шарбы бұлттар. Шарбы бұлттар (қазбауыр бұлттар) — құрылымы талшық немесе қауырсын тәріздес болып келген мөлдір ақ түсті, жауын жаудырмайтын бұлттар. Олар ұлпа мұз түйіршіктерінен тұрады. Басқа бұлттармен салыстырғанда, шарбы бұлттар өте биікте орналасады (шамамен 6 және 10 км-лік биіктіктер арасында). Таулы үстірт. Таулы үстірт — рельеф типі немесе макрорельеф формасы. Таулы үстірттердің кепшілігі таулы қыраттардың ішкі беліктері болып табылады. Мысалы, Кіші Азия таулы қыратындағы Анатолий таулы үстірті, Памир таулы қыратындағы ШығысПамир таулы үстірті тағы басқалар. Оларды соңғы уақыттардағы қозғалыстардың әсерінен жоғары деңгейге кетерілген таудың жазың беліктері деуге болады. Таулы үстірттердің жиі сақталып қалуы, оның бетінде бұзылуға тезімді берік қабаттар мен лавалық жамылғылардың барлығына байланысты. Бұл жағдайда ол беті жазық үстіртке ұқсас келеді. Мысалы, Орта Сибирь таулы үстірті осыған жатады. Бөгет. Бөгет — өзеннің жоғарғы ағысы жағындағы су деңгейін көтеру және соның нәтижесінде суды шаруашылыққа кең пайдалану (суэлектр станцияларын салу арқылы электр энергиясын өндіру, өзен көлігі қатынасын жақсарту, жер суару, тағы басқалар) мақсатында өзен арнасы мен аңғарларында кесе көлденең жасалған су бөгегіш құрылыс. Кішігірім өзен арналық бөгеттер мен плотиналар бегеме немесе жасанды шоңғалдар деп аталады. Совет үкіметі жылдарында жасалған Днепр, Волга, Цимлян, Өскемен, Бұқтарма, Новосибирь тағы басқа кептеген бегеттер су ағысын тәртіптеп, оларды жоғарғы айтылған мақсаттарға пайдалануға мүмкіндік беруде. Бөгеттер өзен ағысының режимін басқаруға, суды халық шаруашылығының талабына сай таратып, пайдалануға мүмкіндік береді. Жасуша ішінде ас қорыту. Жасуша ішінде ас қорыту — жасушаның вакуоля деп аталатын қуысындағы ас қорыту процесі. Бұл процесс бір жасушалы жабайы организмдерде, ішекқуыстыларда, кірпікшелі құрттарда, кейбір моллюскаларда болады. Сүтқоректі хайуандар мен адамның да қанының және дәнекер ұлпасынын кейбір жасушалары асты өз ішінде қорытады. Торта. Торта (қаракөз) — сазандар тұқымдасына жататын балықтардың бірі. Көбінесе Каспий теңізінде болады. Уылдырық шашарда Еділ, Жайық, Терек, Жем өзендерінде де кездеседі. Ұзындығы 17—50 см, салмағы 150—1500 г. Каспийден аулайтын балықтардын 30—40 проценті каракөз. Қамза. Қамза (Engraulis encrasicholus)—ұзындығы 15 см-ге дейін жететін, теңіздерде тіршілік ететін сельді тәріздес кішкене сарбас балық. Мұны кейде хамса деп те атайды. СССР-де Азов және Қара теңіздерде тіршілік етеді. Лақа. Лақа балық (Aspredo laevis) — ерекше тәсілмен көбейетін балықтың бір түрі. Уылдырығы ұрықтанар кезде аналығының бауыр жағындағьг терісі қалындай келіп жұмсарады. Осы кезде ұрықтанған уылдырығының үстіне өз денесінің салмағын түсіре жатады. Жұмсарған теріге денесінің салмағынан уылдырықтары батып, ұя тәрізденеді, осында жатып уылдырықтары балыққа айналады. Шегірбалық. Шегірбалық (Abramis sapa) — сазандар тұқымдасындағы табан балыққа ұқсас балықтың бір түрі. Ұзындығы 15—18 см, кейде — 33 сантиметрге дейін болады. Қара теңізге, Каспий және Арал теңіздеріне құятын өзендерде тіршілік етеді. Камшат. Камшат (Lutra lutra) — жыртқыштар отрядының күзендер тұқымдасына жататын, терісі өте құнды аң. Камшат Австралиядан басқа материктің бәрінде кездеседі. Суда жақсы жүзеді, шомылады. Камшаттың негізгі қорегі — балық пен бақа. Камшатты кейде қазақша құндыз немесе қама деп те атайды. Мұның бірнеше түрлері бар, олардан жиі кездесетіндері: камшат құндызы, өзен камшаты. Құртпа балық. Құртпа балық (латыншаHuso huso) — бекірелер тұқымдасына жататын ақ балықтың бір түрі, ұзындығы 424 сантиметрге, салмағы 1 тоннаға дейін болады. Каспий, Азов, Адриат, Қара теңізде және оларға құятын өзендерде болады. Балық өнеркәсібінде мұның маңызы өте зор. Жақсүйексіз балықтар. Жақсүйексіз (кемиек) балықтар (Agnatha) — иектері жоқ, танауы сыңар, төменгі сатыдағы омыртқалы жануар. Бұлар кебінесе силур және девон дәуірлерінде тіршілік еткен. Осы күні сақталып қалған түрлері — дөңгелек ауызды балықтар тобындағы жылан балықтар мен миксин балықтар. Қарақаптал балық. Қарақаптал балық (Caspialosa kessleri) — сельдь тұқымдастарына жататын балықтың бір түрі. Бұл ұзындығы 50 сантиметрге дейін баратын ірі балық. Құтырма қияр. Құтырма қияр (Ecballiura elaterium) — асқабақ тұқымдастарына жататын, көпжылдық шөп өсімдігі. Піскен кезде бір нәрсе аздап тиіп кетсе, жемісі жұлынып түседі де, жеміс сағағындағы тесіктен оның ішіндегі тұқымдары ащы шырынына араласып сыртқа қарай шашылады. Сондықтан ел оны құтырма қияр деп атап кеткен. Ел арасында құтырма қияр іш жүргізуге қолданылады. Қарауылшы балық. Қарауылшы балық (Betta splendes) — лабиринттіктер тұқымдасына жататын ұеақ балықтардың бір түрі. Еркегі судың бетіне ұя жасайды да, ұрғашысынын уылдырықтарын тұмсығымен итеріп апарып соған салады, сөйтіп оларды айналасынан қарауылдап қорғап жүреді. Сондықтан ояы қарауылшы балық дейді. Бүйір сызығы. Бүйір сызығы — балықтардың, қосмекенділердің барлық личинкаларының және кейбір ересек түрлерінің басы мен денесінің бүйірінде ұзынынан бойлап жіп тәрізді тартылып жатқан мүшелердің жиынтығы. Салпыауыз. Салпыауыз, немесе бірқазан балық (Saccopharynx ampullaceus) — Атлантика мұхитының түбінде кездеседі, ірі балықтарды тірілей жұтады, денесі өте икемсіз дөрекі, балықтың бір. түрі. Денесі сапты шөміш тәрізді болады, ұзындығы 2 метрге дейін барады. Бұзаубалық. Бұзаубалық — алабұға тәрізділер отрядына жататын балықтардың бірі. Мұның 600-ден астам түрі бар. Денесі қабыршақсыз келеді, тістері уақ болады. Көбінесе солтүстік теңіздердің жағалауынан кездеседі. Майбауыр. Майбауыр, немесе білеубалық (Hemiculter 1еucisculus) — тұқы балықтар тұқымдасына жататын балықтардың бір түрі. Тамағынан бастап денесінің артқы тесігіне дейін білеуленіп созылған қыры болады, сондықтан да бұл білеу балық делінеді. Майбауыр Амур бассейндерінде, Қытайдың өзен суларында болады, ұзындығы — 8—18 см. Еті дәмді. Сақбалық. Сақбалық (Rutilus frisii) — сазандар тұқымдасына жататын балық. Ұзындығы 75 см, салмағы 6 килограмға дейін келеді. Азов теңізі мен Қара теңізде және соларға құятын өзендерде болады. Өткір тісімен раковинасын уатып тастап, су түбіндегі ұлулармен қоректенеді. Өте сақ, сондықтан да сақ балық атанған болу керек. Шырмабалықтар. Шырмабалықтар (Misgumus) — сазан тәрізділер отрядына жататын балықтардың бір туысы. Ш. Прибалтикада, Днепрде, Донда, Волгада және сонымен қатар Дунайдың сағасында болады. Денесінің ұзындығы — 60 см, қабыршақтары өте ұсақ, тұмсығында 10 тал мұрты бар. Еті дәмді. Шұбарбалық. Шұбарбалық (Blicca bjoerkna) — тұқыбалықтар тұқымдасының бір түрі. Денесінің ұзындығы 16—19 см, салмағы 100 г, Балтық, Қара, Азов, Каспий теңіздерінде тіршілік етеді. Қазоты. Қазоты (Grypsis aculeata) — дәнді дақылдарға жататын біржылдық шөптесін өсімдіктердің түрі. Мұны малдың барлық түлігі, әсіресе қой мен жылқы сүйсініп жейді. Сонымен қатар қаз бен үйрек те жақсы жейді. Қазақстанда өседі. Африка тарысы. Африка тарысы (Pennisetum glaucum) — биіктігі 3 метрге дейін жететін біржылдық дәнді дақылдың бірі. Сабағы жуан, масағы қоғабас болып келеді. Қуаңшылыққа өте төзімді. Шөлейт жерлерде де жақсы өседі. Малға — жемшөп, адамға — азықтық мәні бар, тұқымы майлы келеді. Бамбук. Бамбук (Bambusa) — ағаш сабақты дәнді дақылдар тұқымдасына жататын өсімдік. Мұның 47 туысы, 200-ден астам түрлері бар. Сабағының сырт түрі қамыстікі тәрізді, іші қуыс, ұзындығы — 40 м, жуандығы —130 сантиметрге дейін барады. СССР-да Кауказда және Кырымның оңтүстік жағалауында өседі. Бамбук 30-120 жыл тіршілік ете алады. Бамбуктардың шөптекті және сүректі түрлері болады. Шөптектілері өзге астық тұқымдастар тәрізді жылма-жыл, ал жуан діңді бамбуктар тіршілігінің соңында бір-ақ рет гүлдейді.Бамбуктардың дәнегі өзге астық тұқымдастардың жемісінен ерекше-жидекке немесе жаңғаққа ұқсас болады. Ақшұнақ бетеге. Ақшұнақ бетеге, аққылтаң (Nardus stricta) — дәнді дақылдар тұқымдасына жататын, тамырсабақты көпжылдық шөп өсімдігі, бұл малдың қай түрі болса да сүйсініп жейтін құнарлы шөптің бірі. Қытай тарысы. Қытай тарысы (Sorghura chinense) — дәнді дақылдар тұкымдасына жататын шөп өсімдігі. Бұл маньчжур тарысы деп те аталады. Қытай тарысының сабағының ұзындығы 4 метрге дейін болады. Бұл азық-түліктік, жемшөптік маңызы зор дақылдың бірі. Қытай тарысының вегетациялық мерзімі — 100 күн шамасы, күннің тым жылы болуын онша керек етпейді. 1 гектар жерге 16—25 кг тұқым себіледі де, одан 25—50 ц дән түседі. Мұның бірнеше сорты бар. Вермишель. Вермишель — И. Мичуриннің будандастыру арқылы өсіріп шығарған асқабағының бір түрі. Мұны И. Мичурин 1924 жылдың жазында қиярға теліп, оларды өзара вегетативтік жолмен жақындастырып өсірген. Бөденешөп. Бөденешөп (Veronica longifolia)— далада, шабындықтарда өсетін өсімдік. Құрамында — 250—260 мг‰ витамин С, 8— 10 мг‰ провитамин А (каротин) бар. Мал мұны көк күйінде жемейді, кепкен шөбін жей береді. Лимозалар. Лимозалар (Limosa) — тауқұдіреттер тұқымдастарына жататын ірі құстардың бір туысы. Түсі сарғыш, аяғы мен тұмсығы ұзын, қоразынан мекиені ірі. Жер шарының солтүстік жартысында тіршілік етеді. Жер жүзіндегі белгілі түрлері — 4, оның екеуі — СССР жерінде. Тентек. Тентек, немесе миқұрт — жас қойлардың ауруы, тентек болған қой тура жүре алмайды, орнында айнала береді. Қой миына паразит құрттың ұялауынан тентек болады. Дүпілдек. Дүпілдек (Lynx torquilla) — тоқылдақтар отрядына жататын құстардың бірі. Түсі сұр-шұбар, тұмсығы үскі тәрізді, құйрық қауырсынының мамығы ұяң, аяқтарының екі саусағы алдына, екеуі — артына қарай біткен. Д. насекомдармен және олардың личинкасымен, жұмыртқаларымен қоректенеді. Дүпілдек Европаның, Азияның және солтүстік-батыс Африканың тоғайларында тіршілік етеді. Боз шағала. thumb Боз шағала (Larus саnus) — шағалалар тұқымдасына жататын құстардың бір түрі. Көбінесе Солтүстікте болады. Арқа жағы көгілдір келіп, денесінің қалған жерлері мен құйрығы ақ болады. Аален ярусы. Аален ярусы, Аален — юра жүйесінің ортаңғы бөлімінің төменнен санағанда бірінші ярусы. 1864 жылы Майер-Эймар бөліп шығарған. Кейбір зерттеушілер оны байос ярусының шағын ярусы ретінде қарастырады. Германиядағы Вюртемберг аймағындағы Аален қаласының атымен аталған Абазин свитасы. Абазин свитасы — Кавказдың солтүстігінде кең тараған, қалыңдығы 100 м-ге дейін баратын жоғарғы палеоцен жұмсақ шақпақты жыныстар мен тығыз опокалардан құралған қабат. Абазин ұлтының атымен аталған. Абаксиальдық бет. Абаксиальдық бет — өсімдік өркенінің бүйіріне шыққан гүлінің жабын жапырағына қараған беті, ал оның екінші жақ бетін — өркен сабағына қараған бетін — адаксиальдық бет дейді. Асай-мұса. Асай-мұса (асай-мүсей) — сабағы тобылғынікі тәрізді түзу, тік өсетін, ағаш тектес қатты өсімдік, одан қамшысап, сабау, таяқ жасауға болады. Уластыру. Уластыру — өсімдікті қолдан көбейткенде қолданылатын телу тәсілінің бірі. Уластыру қолданылғанда қатар өсірілген екі өсімдіктің беттесер жағындағы қабықтарын сылып тастап, екеуін біріне-бірін жабыстыра өсіреді. Өрік. Өрік (Armeniaca) — жеміс ағаштардың бір туысы. Мұның бұрынғы СССР-да 4 түрі бар: Сибирь өрігі, монғол өрігі, қара өрік және кәдімгі өрік. Өріктердің кептірілген жемістері (өрік, құрағы, шапталы) және консервісі тамаққа жұмсалады. Өріктің негізгі сорттары: «Қызылбет», «Амброзия», «Луиза», «Шалах», «Хосровшам», «Хурмаи», «Бұхара», «Товарищ», «Ансу» және т. б. Абсинтин. Абсинтин — кейбір өсімдіктердің құрамында болатын кермек дәмі бар химиялық зат. Жылқышы (құс). Жылқышы (Burinus oedicnemus) — балшықшылар отрядына жататын құстың бірі. Насекомдарды, бақаны, кесерткіні, тышқанды қорек етеді, түнде ұшады. Зәмбіл ағаш. Зәмбіл ағаш (Vitex agnus castus) — вербеналықтар тұқымдастарына жатады, ұзындығы 1—4 м бұта. Бұдан себет тоқылады. Бұзартүзер. Бұзартүзер (Gratiola officinalis) — шабындықтарда, су жағаларында өсетін өте улы өсімдік. Шөбі кепсе де уы қайтпайды. Бұзартүзер жеген малдың іші өтіп, әлсірейді, кейде өліп қалады. Ел арасында бұл дәрі-дәрмекке — іш айдатуға, ішек құрттарын, глистерді түсіруге, шеменге, бауыр ауруына ем ретінде қолданылады. Аюқұлақ. Аюқұлақ (Primula auricula) — Батыс Европаның тауларында өсстін, хош иісті, ірі гүлді қызғалдақтың бір түрі. Австралопитек. Австралопитек (лат. «"australis"» — оңтүстік, грек, «"pitekos"» — маймыл) — адамның арғы тегі. Австралопитекдің қаңқалары алғаш 1924 ж. Оңтүстік Африкадағы Калахари шөлінде, Таунгс маңынан табылған. Кейін Шығыс және Ортлық Африканың басқа да жерлерінен бас сүйек қалдықтары табылды. Австралопитектерді ағылшын ғалымдары Р. Дарт (1924 ж.), М. Лики, Л. Лики (1959—1962 ж.), американ антропологтары Д. Джохансон, М. Иди (1959—1962 ж.) зерттеген. Австралопитекдың бойлары аласа, бас сүйегі мен миы шағындау (500—600 см³), жақ сүйектері үлкен, көздерінің айналасы шұңқыр, мандайы кең, саусақтары үстауға икемді болған. Адам тәрізді маймылдарға Қарағанда Австралопитектердің аяқтары қолдарынан үзын, тік жүруге бейімделген. Ашық алқаптарды мекендеген, негізінде өсімдіктермен қоректенген. Өздеріне қажетті қарапайым еңбек құралдарын жасауға қабілеттері жеткен. Таяктарды, жануарлар сүйектерін ұштап, өткірлеп, кару ретінде қолданған. Австралопитектер: Олдувайлық бойстық (зинд-жантроп), африкалық (Оңтүстік Африка), Шамбал (парантроп), «адам тектес» (Homo habilis) деген түрлерге бөлінеді. Бұлар «тік жүретін адамдардың» (Homo erectus) арғы тегі болуы мүмкін. Қазақстанда Австралопитектердің қонысмекендері, құралдары, сүйек қалдықтары Қаратау, Жетісу, Сарыарқа, Балқаш, Маңғыстау, Мұғалжар өңірлерінен табылды. Австралопитектер қоныстарын 1958—1959 ж. X. Алпысбаев, 1993 ж. Ж. Таймағамбетов зерттеді. Жиналған материалдар Австралопитекдің бұдан 2,5—4 млн жыл бұрын өмір сүргенін көрсетеді. Агнаттар. Агнаттар — төменгі сатыдағы омыртқалы жәндіктер тобы. Мұны жақсүйексіз жәндіктер деп атауға болады. Оларға миногалар және миксиндер жатады. Суоты. Суоты (Agrostis) — жабайы өсетін дәнді дақылдардың бірі, шөптесін өсімдік. Агрохимия. АГРОХИМИЯ, агрономиялық химия – топырақ пен өсімдікте өтетін хим. процестер, өсімдік қорегінің құрамы, сондай-ақ өсімдіктің қоректенуі үшін тыңайтқыш қолдану туралы ғылым; егіншілікті химияландырудың ғыл. негізі. Диқаншылықтың өркендеуіне байланысты пайда болды. А-ның негізін салушылардың бірі – француз ғалымы Ж.Буссенго (1836). Ол өсімдіктерге тікелей тәжірибе жасау арқылы табиғатта азот айналымы болатынын болжап білді. Бірақ бұл процестің ғыл. мәні ағылшын ғалымы Г.Гельригел (1886) және орыс ғалымы С.Н. Виноградский (1893) нитрофикаттану (түйнек бактерияларының ауадағы молекула күйіндегі азотты басқа организмдер сіңіре алатындай органик. қосылыстарға дейін айналдыруы) процесін ашқаннан кейін түсіндірілді. Кейін неміс ғалымы Ю.Либих топыраққа тыңайтқыш шашудың маңыздылығын дәлелдеді (1840), ал Дж. Лооз Англияда дүние жүзіндегі ең алғаш суперфосфат шығаратын зауыт салды (1843). Қазақстанда А. Қазақ егіншілік ғыл.-зерт. ин-ты құрылғаннан кейін (1934) қалыптасып, дами бастады. Оның негізін салушы ғалымдар И.И. Синягин мен К.Иманғазиев болды. Олар топырақ құрамындағы фосфордың органик., минералдық қосылыстарын анықтап, шалғындағы сұр топырақ пен қызғылт қоңыр топыраққа тыңайтқыш шашу тәжірибелерін жүргізді. Тыңайтқыш қолданудың аймақтық жүйесін жасады. Сондай-ақ Д.Мәденовтың жетекшілігімен Қызылорда обл-нда көңнің, карбамиформның, Қаратау фосфоритінен өндірілген аммофос, метафосфат, полифосфат тыңайтқыштарының тиімділігі зерттелді. Б.Бәсібеков тыңайтқыштардың а. ш. дақылдарының өнімінің сапасына әсерін, С.Рамазанова күріш егісінің өнімділігін арттыруға азот тыңайтқышының тигізетін әсерін зерттеді. Р.Елешевтің ғыл. жұмыстары топырақтағы жылжымалы Р2О5, фосфат потенциалы, кальций фосфаттарының әр түрлі негізді қосылыстарына арналды. А-ның міндеті өсімдіктің қоректенуін, өсімдік пен топырақта өтетін хим. процестерді, тыңайтқыштар мен хим. заттардың тиімділігін зерттеу арқылы а. ш. дақылдарының шығымдылығын арттыру, олардың өнім сапасын жақсарту, топырақ құнарын сақтау және молайту екендігі анықталды. А. топырақ пен тыңайтқыштар арасындағы қатынасты, олардың өсімдікке тигізетін әсерін, әр аймақта а. ш. дақылдарына тыңайтқыштың қандай түрін, мөлшерін, қандай әдіспен қолдануға болатынын зерттейді. Топырақтың, өсімдіктің, тыңайтқыштың, а. ш. дақылдарының зиянкестері мен ауруларына қарсы қолданылатын у-химикаттардың хим. құрамына талдау жасайды. Осының негізінде топырақтағы қоректік заттардың түрі мен мөлшерін көрсететін агрохим. картограммалар жасалады. Нәтижесінде тыңайтқыштар, гербицидтер, у-химикаттар қолданудың тиімді әдістері ұсынылады, мол өнім алудың жолдары іздестіріледі. Қазақстанда А-лық зерттеулерді Қазақ ұлттық агр. ун-ті мен Егіншілік ғыл.-зерт. ин-ты үйлестіріп отыр. Жанаргүл. Жанаргүл, угүлжапырақ (Adonis) — сарғалдақтар тұқымдастарына жататын бір және көпжылдық шөптердің бір туысы. Азот жиғыш бактериялар. Азот жиғыш бактериялар — топырақты мекендеп, ауадағы молекульді азотты өзіне сіңіріп, оны тұзға айналдыратын бактериялар. Азот жиғыш бактерияға жататындар: топырақтағы азотобактер, түйнек бактериясы, топырақтағы анаэробты майқышқыл бактериясы. Азотбактериялар – атмосферадағы азотты биологиялық жолмен топыраққа қайта сіңдіретін микроорганизмдердің бір тобы. Бұларды алғаш рет француз ғалымдары 1882 ж. М.Жоден, 1885 ж. М.Бертло анықтаған. 1893 ж. орыс ғалымы С.Н. Виноградский азот сіңіруші микроорганизмді таза күйінде бөліп алған, ал 1901 ж. Голландия ғалымы М.Бейеринк аэробты бактерияларды тапқан. А. 2 үлкен топқа бөлінеді: жоғ. сатыдағы өсімдіктердің тамырында түйнек түзетіндер (қ. Симбиоз); топырақта бос күйінде кездесетіндер. Қазіргі кезде соңғысының 30-дан астам түрі белгілі. А-дың пішіні таяқша тәрізді, ұз. 2 – 3 мкм, диам. 4 – 6 мкм. Сырты қабықшамен қоршалған. Кейде бұлардың сыртында қатты қалың қабығы (циста) болады. А-дың көпшілігі аэробты, яғни ауа бар жерде тіршілік етеді. Аммоний тұздарын, нитриттерді, нитраттарды, амин қышқылдарын қорек етеді. Ауадағы азотты бойына сіңіріп, оны өсімдік тамырларына қажет қосылыстарға айналдырады да, әр түрлі витаминдер, ауксиндер бөліп шығарып, өсімдіктің өсуін жақсартады. А-дың арасында спора түзетін бактериялар, яғни анаэробты бактериялар да кездеседі. Олардың ұз. 1,5 – 8 мкм. Бұлардың белсенділігі аэробты бактериялармен салыстырғанда төмендеу болады. Ауадағы молек. азоттың басқа хим. элементтермен әрекеттесуі А-дың клеткаларында ғана жүреді. Өсімдіктердің азотқа тапшылығын табиғи жолмен қамтамасыз ету үшін А-дан түрлі тыңайтқыштар алынады. Осы тыңайтқыштармен өсімдіктер тұқымын, ағаш қалемшелерін дәрілейді. Соның нәтижесінде өсімдіктер тез өсіп, өнімділігі артады. Шалшық андызы. Шалшық андызы (Acorus calamus) — ароидтықтар тұқымдастарына жатады. Шалшықты жерде, көлшікте өсетін көпжылдық шөптесін өсімдік. Мұның тамырсабағы даруға жұмсалады. Құтаншөп. Құтаншөп (Erodium) — қазтамақтар тұқымдастарына жататын шөптесін өсімдіктердің бір туысы. Мұның 60-қа жуық түрлері бар, олардың СССР-де өсетіндері — 20, Қазақстанда да өседі. Айва. Айва, беже (Cydonia oblonga, Сydonia vulgaris) — розалықтар тұқымдастарына, алмалықтар туысына жататын жеміс ағашы, ұзындығы—1,5—5 м. Жемісі алма мен алмұртқа ұқсайды, бірақ ішінде тұқымы көп болады. Жемісін пісіріп жейді. Бірнеше сорты бар. Ацетилхолин. Ацетилхолин — холинның сіркеқышкыл эфирі, бұл түссіз кристалл. Адамның және басқа да омыртқалы, омыртқасыз жәндіктердің тканьдарында кездеседі. Валериана. thumb Валериана (Valeriana) — валериандықтар тұқымдасына жататын көпжылдық өсімдіктердің бір туысы. Көпшілігінің тамырлары жуан, сабағының буындары — түйнектелген шөл 'өсімдігі. Эфир майы бар. Дәрі шығады. Түрінің саны — 200. Мұның СССР-да 30 дайы өседі. Бұған жататындар: дала валерианасы, Тарбағатай валерианасы, Қазығұрт валерианасы, Орыс валерианасы, Түркстан валерианасы. В. Австралиядан басқа жердің бәрінде өседі. Вентиляциялық тамырлар. Вентиляциялық тамырлар — шалшықты немесе оттегі аз болатын топырақтарда өсетін кейбір өсімдіктердің тамырынан немесе тамыр сабағынан шығып, ұшы топырақтан жоғары кетеріліп тұратын тамырлар. Вентиляциялық тамырлар арқылы өсімдік тыныс алады. Мұндай тамырлар мангро ағашы мен Американың шалшық кипарысында болады. Су қарамығы. Су қарамығы (Polygonum amphibium) — қарамықтар тұқымдасына жататын көпжылдык шөп өсімдігі. СССР-дің Қырымнан басқа жерлеріндегі жылып ағатын өзендерде, тұмаларда, көл суларының жиегінде өседі. Су қарамығының тамыры мен сабағынан тері илейтін және бояйтын зат шығады. Аарон. Аарон (Aaron) — қарлыған тұқымына жататын миуаның бір түрі. Арид климаты. Арид климаты — шөл және шөлейт жерлер климаты. Арид климаты әсіресе тропик және субтропиктерде (Сахарада, Аравия шөлінде, Оңтүстік Иранда, Австралияда) болады. Бұл қоңыржай белдеуде де ұшырасады (Орталық Азияда). Арктика белдеуі. Арктика белдеуі — Арктиканың солтүстік үлкен бөлегін қамтып жатқан жердің солтүстік географиялық белдеуі. Арктикалық белдеудің шекарасы одетте Арктиканың материктік құрлығы мен аралдарындағы арктикалық шел және тундра зоналары шекарасымен сәйкес келетін ең жылы айдың —5° изотермасы бойынша белгіленеді. Арктикалық шөл зонасы. Арктикалық шөл зонасы — жер шарындағы табиғи зоналардың ішіндегі солтүстікке ең таяу жатқаны. Мұздықтың молдығына қарай оны мұз зонасы деп жиі атайды және Бұл Арктиканың жоғарғы ендігіндегі құрлық кеңістігін қамтиды. Оны ұдайы немесе жылдың көбінде қар басып жатады; ал мұнда өсімдік пен жануарлар өте сирек кездеседі. Аңғарлар асимметриясы. Аңғарлар асимметриясы — жазық жердегі үлкен қашықтыққа созылатын аңғарлар беткейінің бірдей болмауы. Қоймаңдай тас. Қоймаңдай тас — мұздық әсерінен тегістелген, жұмырланған негізгі жыныстардың жар тас түрінде одырайып тұруы. Әдетте мұз жылжып келетін жағы жатық, жылтырап тегістелген, ал қарамаңарсы жағы мұз болып келеді. Ұзындыгы жүздеген метрге, биіктігі 50 мге жетуі мүмкін. Қоймаңдай тастардың жиі кездесетін ұсақ түрлерін «бұйра жартастар» деп те атайды. Қоймаңдай тастар Бұрынғы СССР-да Карелияда және Кола түбегінде жиі кездеседі. Барисфера. Барисфера — жердің қатты ядросы. Ол литосферадан немесе жер қабығынан ерекше тыгыз болып келеді, құрамы жагынан мынадай өте ауыр металдардан тұрады: темір, никель, уран және тағы басқалар. Барисфера 1200 м тереңдіктен басталады. Мұнда температура шамамен алғанда — 2000—4000° немесе — 5000°қа баруы ықтимал. Батиаль. Батиаль, батиаль зона — мұхиттар мен теңіздердің 200—2000 м арасындағы терең шені. Батиаль зонаға күндізгі жарық түспейді, сондықтан ол үиемі қараңғы болып тұрады және өсімдік мұнда сирек өседі. Жануарлардың тек тереңдікте өмір сүруге бейімдері гана кездеседі. Жағалық сызық. Жағалық сызық — су мен құрлық аралығындагы жиек сызық. Жағалық сызық ұдайы өзгеріп отырады. Жағалық морена. Жағалық морена — мұздықтың шегіну нәтижесінде, аңғардың беткейінде жал-жал боп шөккен бүйірлік морена. Жағалық дамба. Жағалық дамба (көтерме) — өзен арнасындағы жайылманың қалыңдай-қалыңдай келіп, белеске айналуы. Мұндай дамба ірі өзендердің (Италиядағы По, Америкадағы Миссисипи Кавказдагы Кура, Аракс, Терек тағы басқалар) төменгі ағысында көп кездеседі. Осы өзендердегі белестердің биіктігі басқа жайылмапың бетінен (деңгейінен) өлшегенде 5—6 м дейін жетеді, Бұл өзен суының көтеріліп, жайылманы басу арқылы пайда болатын шөгінді. Ағынсыз көлдер. Ағынсыз көлдер — ешқайда ақпайтын көлдер. құрғаң климатты жердегі ағынсыз көлдердің көпшілігі тұзды немесе ащы болады. Мысалы, тұзды көлдерге — Эльтон, Басқұншақ, ал ащы көлдерге — Ыссықкөл, Балқаш көлі, Арал мен Каспий теңіздері жатады. Биогеография. Биогеография — жер шарындағы өсімдіктер организмінің таралуы мен олардың өр жердегі топтануын, табиғи жағдайы мен геологиялық тарихына байланыстыра зерттейтін гылым. Биогеография (био... және география)- жер шарындағы әр түрлі биоценоздың, сондай- ақ жануарлар мен өсімдіктердің, микроорганизмдердің таралуы мен орналасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы. Биогеография екі салаға бөлінеді: организмдер географиясы (микроорганизмдер, жануарлар және өсімдіктер географиясы) және жануарлар мен өсімдіктердің дүниесінің жалпы географиясы (микробоценоз, фитоценоз және зооценоз географиясы). Биогеография биология және география ғылымдарымен байланысты Биогеографияның түрлері. Биогеография - өсімдік және жануарлар географиясына бөлінеді. Өсімдік географиясы. Өсімдіктердің таралуы ареалын зерттейтін бөлімі. Өсімдік географияның өсімдіктің түрін, туысын тағы басқа таксономиялық котегорияларының табиғатта таралу аймағын- ареалын зерттейтін саласын фитохорология дейді. Өсімдік географияның флористикасы бір аймақта таралған өсімдік түрлерін, флорасын, ал өсімдік географияның экологиясы өсімдіктің тіршілік ортасына бейімделуін зерттейді. Өсімдітің таралуы туралы мағлұматтарды ертедегі дүние ғалымдары (Теофраст) еңбектерінен де көруге болады. Ал нақты мағлұматтар 18 ғасыр натуралистері француз ботанигі Ж.П.де Турнефор, швед ғалымы К.Линней, орыс академигі П.С.Паллас тағы басқа еңбектерінде өсімдік география жөнінде көптеген наөты мәліметтер келтірген, 18-19 ғасырда өсімдік география ғылымның жее саласы болып қалыптасуына неміс натуралистері К.Вильденов, А.Гумбольд көп еңбек сіңірді. Ч.Дарвин организмнің географиялық таралуын эволюциялық дамудың дәлелі ретінде қарады. Ч.Дарвиннің идеяларын ағылшын ғалымы Дж.Д.Гукер, американ ботанигі А.Грей ботаника- география еңбектерінде қолданды. Жер шарындағы өсімдік ареалы мен флорасының байланыстырып ерттеген неміс ботанигі А.Энглер өсімдік географияның тарихи- генетикалық әдісінің дамуына үлкен әсер етті. Өсімдіктер таралуының географиялық аңдылықтарын білу өсімідк дүниесінің эволюциялық заңдылықтарын ашуда үлкен орын алды. Өсімдік географияның зерттеудің өсімідіктің адамға пайдалы түрлерін шығаруда, жаңа түрлерді жерсіндіруде маңызы зор. Өсімдік ареалын зерттегенде сыртқы ортаның өсімідіктің таралуына тигізетін әсері және өсімідң флорасының қалыптасуы мен жеке түрдің таралу тарихи анықталады. Жер бетінің өсімдік флорасын зерттеу үшін жоғары сатыдағы өсімдіктің (тұқымды өсімідк пен папоротник тәрізділердің) барлық түрін есепке алу керек. Белгілі бір жерде (құрлық, арал, ботанико- географиялық аймақ т.б.) таралған өсімідк түрінің жер көлеміне қатынасын анықтау арқылы, сол жер флорасында өскен сімдіктің мөлшері анықталады. Көптеген ботаниктерфолораны саыстыру үшін белгілі бір ботаника- географиялық аймақта өсетін өсімідк түрлерін салыстырады (мны нақты флора дейді). Арктика аймағының нақты флорасында өсімдіктің 20-100 түрі кездессе, тайгада 450-700, жалпақ жапырақты орманда 1000, Жерорта теңіз жағадауында, Кавказ сыртында 1300-1500 түрі өседі. Тропик өңірінде өсімдіктің2000 түрі өссе, Браилияның кейбір аудандарында 3000 түрі кездеседі. Аралда, таулы жерлерде өсімдік түрі аз болады. Өсімдік географияның өсімдік флорасына ботаника- географиялық талдау жасалады. Жануарлар географиясы. Зоогеография- жер шарындағы жануарлардың белгілі бір аймақта таралуын, олардың тіршілік жағдайларын, тұр құрамын, дамуын зерттейтін биогеографиялық ғылымының бір саласы. Жануарлар географияның ерте кезде тіршілік еткен жануарлардың таралуын зерттейтін бөлімін палеозоогеография деп атайды. Жануарлар географиясы- биологиялық ғылым, бірақ жануарлар тіршілік мекендері (ареал, стация), тараған жерлеріне (өзен- көлде, теңіде, құрлықта) байланысты ерттелетіндіктен география ғылымымен байлансты. Жануарлардың жер жүзіде таралуы туралы деректер ертеден белгілі болғанымен, зоогеография алғашқы еңбектер 18 ғасырда пайда болып, 19 ғасырдың ортасынан бастап ғылыми тұрғыдан дамып келеді. Бұл ғылымның дамуына Ч.Дарвиннің «Табиғи сұрыптау жолымен түрлердің шығу тегі» еңбегінің және орыс ғалымдары К.Ф.Рулье, Г.С.Карелин, М.Н.Богданов тағы басқа еңбектерінің үлкен әсері болды, жануарлар географиясы жер шарын және оның әр түрлі бөліктерін жауарлар құрмы мен таралу ерекшелігіне байланысты бірнеше зоогеографиялық аймаққа бөледі. Олар- палеарктика (Еуропа, Орталық және Солтүстік Азия, Африканың солтүстік бөлігі), Неарктика (Солтүстік Америка, Грендландия), Неотропика (Орталық және Оңтүстік Америка, Вест- Индия), Эфиопия (Орта және Оңтүстік Африка, Мадагаскар), Үнді- Малайя (Үнді, Үнді- Қытай және Малайя архпелагы, аралдар), Австралия (Австралия, Тасмания, Жаңа Зеландия, Жаңа Гвинея), Антарктида (Антарктида құрылығы және Оңтүстік Американың ең оңтүстік бөлігі) биогеографиялық аймақтары. Мұнымен қатар мұхиттарда тіршілік ететін жануарлар судың тереңдігіне қарай жиектік (литораль), ашық деңгейлік, терендік деп үшке бөлінеді. Жиектік бөлігі Үнді- Полинезия, Тропикалық – Атлантика, Арктика, Бореал, Атибореал және Антарктика аймақтарына бөлінеді. Ашық деңгейлік бөлігі Арктика, Атлант, Үнді- Тынық мұхит және Антарктика аймағына, ал тереңдік бөлігі Үнді- Пацифи, Атлант және және Арктика аймақтарына бөлінеді. Қазақстанда таралған сүт қоректілер олардың фауна құрамына, кездесетін жеріне (шөл, дала, тау, оран) байланысты шағын 22 зоогеографиялық аймаққа бөлінеді. Бұлар – орман дала, орталық, шығыс дала аймақтары, батыс аралас аймағы, Ұлытау, Сарыарқа, Зайсан, Арал- Каспийдің солтүстігіндегі шөл, Бетпақдала, Алакөл, Үстірт, Қызылқұм, Мойынқұм, Қаратай аймақтары. Жануарлар географиясының кәсіптік маңызы бар әр түрлі жануарларды халық шаруашылығына тиімді пайдалануда, орман, арам шөп зиянкестерін зерттеп, табиғатты қорғауда, бағал жануарларды жерсіндіру, пайдалы жануарлардың санын көбейту үшін маңызы зор. Жануарлар географиясы жануарлар систематикасы, экология, палеонтология, фитогеография, климатология, океанология тағы басқа ғылымдарымен тығыз байланысты. Брекчия. thumb Брекчия — бірігіп цементтелген ұсақ тастардан тұратын тау жыныстары. Оның көлемі бірнеше сантиметрден 1—2 м дейін барады, ал кейде одан да үлкенірек. Қойтасты балшықтар. Қойтасты балшықтар — қойтастар арасында қалай болса солай орналасқан құмдақ балшықтар. Әдетте бұлар мұздықтар қозғалған кезде пайда болады. Кейде олар сел тасқындарынан және солифлюкция нәтижесінде жасалады. Қойтастар. Қойтастар — жақсы тегістеле келген, мұздықтардың жәнө тасқын су әрекеті әсерінен жұмырланған тау жынысы. Қой тас Европада әсіресе оның солтүстік және орталық бөліктерінде көп ұшырайды. Бұл жерде оның жиі кездесуі, бір кезде Европаның солтүстігін түгелінен в материктік мұэдың басуына байланысты. Велд. Велд — Оңтүстік Африкадағы климаты құрғақ келетін, үстірт үшін қолданылатын жалпылама атау. Ішкі теңіздер. Ішкі теңіздер — мұхитқа бір шеті ғана, немесе жартылай шектесіп жататын теңіз. Мысалы, Жерорта, Қызыл, Балтық теңіздөрі. Ішкі теңіздердің өзі материк аралық (Жерорта теңізі) және материктік ішкі (Балтық теңізі) теңіздер болып бөлінеді. Материктік ішкі теңіздер. Материк ішіндегі теңіздер — бір материктің ішіне терең кіріп жатқан теңіздер. Бұған Азов теңізі, Балтық теңізі, Ақ теңіз, Гудзон қолтыгы тағы басқалар. жатады. Мұндай теңіз көбінесе тайыз болып келеді. Тау жыныстарының су өткізгіштігі. Тау жыныстарының су өткізгіштігі — тау жыныстарының су өткізу қасиеті. Олардың су өткізгіштігі қуыс ерекшелігіне, кеуек мөлшеріне байланысты болады. Су өткізгіштік дәрежесіне қарай барлық тау жыныстары мына төмендегі үш топқа бөлінеді: 1) су өткізгіш; 2) жартылай су өткізгіш; 3) су еткізбейтін. Біріншісіне — малта тастар, қиыршық тастар, құм және жарықшақты тығыз жыныстар; екіншісіне — құмайт лёс, балшықты құм, нашар жарықшақты тасты жыныстар, үшіншісіне — су өткізбейтін балшық, тұтас тас жыныстар жатады. Су айрық. Су айрық — екі өзен немесе екі теңіз бен екі мұхит бассейндерінің айырым сызығы. Мысалы, Орта Орыс қыраты су айрығының, Днепр, Дон бассейндеріне бөлушілігі; Америкадағы Кордильер тауы Атлант және Тынық мұхит аралығындағы су айрық болып табылады. Қырат. Қырат — айналадағы кеңістікпен салыстырғанда, жер бетінің көтеріңкі аймағы. Шартты түрде алганда, тегіс жерден 200 м-ден аса биіктікпен анықталады. Мысалы, Валдай, Орта Орыс, Приволжья қыраттары. Талғаусыздар. Талғаусыздар — қорек боларлықтай заттардың барлығын талғамастан ішіп-жей беретін жан-жануарлар (қарға, тауық, шошқа сияқтылар). Қақырағыш жемістер. Қақырағыш жемістер — құрғақ жемістердің бір түрі. Жеміс серігі ағаштанып, қауызданып, кейде кебектеніп кететін, ішінде көптеген тұқымы бар жемістер. Үйір. Үйір — құстың немесе сүтқоректі жануарлардың балалары мен ата-аналарының уақытша бірігіп жүрген үйірі. Бұл үйірдің саны жануардың ұрпақтылығына байланысты; мысалы, кеміргіштер мен шошқаның мегежіні 10-20 торай, кекілік — 10-20 балапан, қоян — 4 көжек, тазқара—1 балапан тауып, алғашында олар өзара бір үйір болып бас қосып жүреді де, кейіннен ажырасып кетеді. Жұмыртқа басу. Жұмыртқа басу — құстардың мекиенінің, кейде қоразының өз денелерінің қызуымен жұмыртқаларын басып балапан шығаруы. Жұмыртқа басу үшін көптеген құстардың бауырындағы мамық түгі тусіп, оның орны тақырланады, бул басу дағы делінеді. Жұпар тышқан. Жұпар тышқан (Desmana moschata) — насекомдармен коректенетіндердің отрядына жататын, терісі құнды аң. Көбінесе суда тіршілік етеді, Волга, Жайық, Днепр, Белая суларында кездеседі. Денесінің ұзындығы 20 см, салмағы 400 г, 45—50 күн көтеріп түксіз, көзі ашылмаған 3—5 бала туады. Жұпар - Сирек, таралу аймағы тарылып, саны кемуде. Жайық өзенінің жайылмасында, Еділдің атырауы мен Үй, Тобыл, Обаған және Тоғызақ өзендерінің жайылмаларында кездеседі, су өсімдіктеріне бай жайылма көлдер, ескі арналар, өзектер мен жылғаларда мекендейді. Қазақстанда жалпы саны - 2,5-3,0 мыңдай; санының азаюының негізгі сөбептері - жайылма жерлерді құрғатү, үлкен тасқындар, қасақылық (браконьерлік). Жойық өзенінің жайылмасындағы екі қорықшада қорғалады. Жайық өзенінің жайылмасында қорық және Қостонай облысында Тобыл-Үй қорықшасын ұйымдастыру қажет. Шегіршін. Шегіршін (Ulmus) — шегіршіндер тұқымдасына жататын, жапырақтары маусым сайын жаңарып тұратын сүректі өсімдіктердің бір туысы. Шегіршіннің 30 шақты түрі бар, олардың СССР жерінде 12 түрі өседі. Бұлардың ішіндегі көрнектілері: шөл шегіршін (U. pinnatoramosa) — мұның қасиеті — шөлге төзімді; бал шегіршін (U. effusa) — ірі ағаш, жапырақтары шықпастан бұрын — апрель және май айларында гүлдейді, ерте бастан нектарын, гүл тозаңын және желімін беретін өсімдік болғандықтан бал шегіршін баларасы омартасының айналасына көбірек егіледі. Мүның ұзындығы 20—30 метрден асатын үлкен ағаш, 400 жылға дейін өеіп тұрады. Құм шегіршін. Қоян беде. Қоян беде (Coronilla) — бұршақтар тұқымдасына жататын өсімдіктердің бір туысы. Қоян беде біржылдық және көпжылдық шөп болып та, сонымен қатар бұта түрінде де өседі. Жапырақтары — парсыз қауырсынкүрделі. Мұның белгілі түрлері — 20 шақты, онан СССР жерінде өсетіндері — 9. Бұлардың ішінен біздегі көп кездесетін ала қоян беде (С. varia) — ақ күлгін түсті гүлі бар, улы өсімдік. Көк күйінде оны мал жемейді. Басқа өсімдікке араласқан шөбінің жылқыдан басқа малға зарары жоқ. Шегіршіндер. Шегіршіндер — Urticales ретіне жататын өсімдіктердін бір тұқымдасы. Мұның негізгі туысы — шегіршін. Сұржыландар. Сұржыландар (Viperidae) — қуыстістілерге жататын улы жыландардың бір тұқымдасы. Бұлар негізінен алғанда Европаның, Азияның және Африканың (Мадагаскардан басқа) жерлерінде ғана болады. Олар ұсақ сүтқоректілермен, кейбіреулері насекомдармен қоректенеді. Сұржыландардың тұқымдасына 50-ден астам түрден құралған 10 туысы бар. Олардан кездесетіндері: әбжыландар (Vipera) — мұның 12 түрі бар, олардан СССР жерінде кездесетіндері 6; әбжыланға жататын негізгі түрлер: кәдімгі әбжылан (V. berus) — ұзындығы 75 см, түсі сұр, кейде қоңырлау, арқасында иректелген жолағы болады. Түсі көбінесе қарасұр болып келетін ұрғашысы күзде 5—18 баланы тірі туады. Бұлардың үлкендері ұсақ кеміргіштермен, бақалармен, кесірткілермен, балалары насекомдармен қоректенеді. Дала әбжыланы (V. ursini) — тұрқы қысқа болады, көбінесе Европаның далаларында, Қазақстанның шөлейт жерлері мен Кавказдың және Тян-Шаньнің тауларында болады. Дала әбжыланы кебінесе шегірткелермен, аздап кесірткілермен және тышқандармен қоректенеді. Кавказ әбжыланы (V. kaznakowi) — сарғылт тұсті келген арқасында иректеліп біткен ұзынынан ұзақ орналасқан қара жолағы болады. Бұл Кавказдың батыс жағында болады. Мүйізді әбжылан (V. ammodytes) — денесінің сыртындағы қабыршақтары кен тәрізденіп бітеді, тұмсығының ұшында мүйізденіп біткен өскіншесі болады. Бұл көбінесе Балқан жарты аралында, Кіші Азияда, Сирияда және Закавказьеде болады. Радде әбжыланы (V. raddei) — ұзындығы 1 м-дей, арқасының ұзына бойын бойлап біткен қызыл күрең дақтары болады, түсі қара сұр. Радде әбжыланы көбінесе Арменияның және оған шектесіп жатқан Түркия мен Иранның жерлерінде болады. Гюрза (V. lebetina) — әбжыландардың ішіндегі ең ірісі және өте улысы. Денесінің ұзындығы 1,5 м дей, жуан, құйрығы қысқа, басы қабысыңқы келеді. Бұл кебінесе Солтүстік Африкада, Кіші Азияда, Иракта, Аравияда, Иранда, Афганистанда, Пакистанда, СолтүстікБатыс Индияда, Закавказьеде (Абхазиядан басқа), Орта Азиядағы республикалардың оңтүстігіндегі аудандардың жерлерінде болады. Гюрза ұсақ аңдармен, құстармен, кесірткілермен қоректенеді. Гюрза шақса адамды да, жан-жануарларды да өлтіреді. Дабойа (V. russelli) — ұзындығы 120—150 см, бұл кебінесе Индия мен Цейлонның жерінде болатын аса қауыпты әбжыландардың бір түрі. Сұржыландардың екінші туысы африка сұржыланы (Bitis) — мұның 8 түрі бар, бұлар жуан, өте улы келеді, бірақ анда-санда болмаса көп шақпайды. Сұржыланның эфа деген туысы Африканың, Азияның оңтүстік-батысындағы және оңтүстігіндегі шөлейт далаларда кездеседі, мұның 2 түрі бар, олардың бірі Түрікменстанның, Өзбекстанның оңтүстігіндегі және Тәжікстанның жерлерінде болады. Бақа випер (Causus) — сұржыландардың бұл туысы Сахараның оңтүстігінде, Африкада болады, 4 түрі бар. Бұлардың ұзындығы 50 см дей болады; өте улы жыландардың қатарына қосылмайды; көбінесе көлбақа және құрбақалармен қоректенеді. Ін сұржыланы (Atractaspis) — көбінесе Африканың жерінде тіршілік етеді. Iн сұржыланының бірнеше түрлері бар, олардың тұмсығы ін қазып алуға икемделген. Денесінің ұзындығы 1 м-ден асады, түсі қара, көздері кішкентай. Жоғарыда көрсетілген Сұржыландардың шаққандағы уы қанның қызыл түйіршіктерін бүлдіріп, адамның және жануарлардың нерв жүйелеріне әсерін тигізеді; сөйітіп сұржыландар шаққан адам мен хайуандар өліп те кетеді. Сондықтан олар мал шаруашылығына зиянды болып есептеледі. Жыңғылбас. Жыңғылбас (Cynosurus) — біржылдық және көпжылдық астық тұқымдас өсімдіктердің бір туысы. Жыңғылбастың бес түрі бар, олардың СССР-де өсетіндері: елеген (С. еlеgans) —1 біржылдық шөптесін өсімдік; бұл таулы жердегі аршалардың арасында өседі; кәдімгі жыңғылбас (С. cristatus) — көпжылдық шөптесін өсімдік, мұны малдың кай-қайсылары болса да сүйсініп жейді, гектарынан 20 ц шөп, 2—3 ц тұқым алынады; тікенді жыңғылбас (С. есһіnatus) — біржылдық шөптесін өсімдік, бұл Қырым мен Кавказда өседі. Жалдас құмайлар. Жалдас құмайлар (Sarcorhamphus) — американ құмайларының тұқымдасына жататын күндізгі жыртқыш құстардың бір тобы. Жалдас құмайдың денесі ұзын, бүйірі қысыңқы, тұмсығы имек, аяғы мен саусақтары салалы, құйрығы мен қанаттары да ұзын; басы мен мойны тықыр болады. Бұл топқа жататын құмайлардың өкілі — кондор. Сылдырмақты жыландар. Сылдырмақты жыландар (Crotalidae) — қуыстісті жыландардың бір тұқымдасы. Ұзындығы 4 м-гe дейін баратын улы жылан. Бұлар көбінесе түнде жүреді. Күндіз тастың астына, жарыққа, қуыстарға кіріп жасырынып жатады. Көптеген түрлері тропикалық ормандарда, шөлейттерде, кейбір түрлері биік тауларда болады. Сылдырмақты жыландардың 6 туысы, 70 түрі бар. Нағыз құмайлар. Нағыз құмайлар (Vulturidae) — күндізгі жыртқыш құстар отрядының ішіндегі бір туысы. Тіссіз тұмсығы мен басының ұзындығы бірдей келеді. Тұяқтары моқал. Қанаты әрі ұзын, әрі жалпақ. Өлексемен қоректенеді. Көбінесе Европаның, Азияның және Африканың жерінде болады. Мұның түрлері: тазқара, құмай, жұртшы, рахам, қозықұмай. Бұйда кендір. Бұйда кендір (Abutilon theophrasti) — құлқайырлар тұқымдасына жататын біржылдық шөптесін өсімдіктердің бір түрі. Сабағының қабық бөлімінде шоқтанып біткен тін талшыктары (12-27%) болады, бұдан арқан, бұйда, жіп және қапшық жасалады. Тінінен ажыратылған сабағынан қағаз істеледі. Тұқымынан техникалық мәні бар май алынады (18-20%). Ерінгүлділер. Ерінгүлділер (Labiatae) — сабағы төртқырлы келген шалабұта және шөптесін өсімдіктердің ішіндегі қосжарнақтылардың бір тұқымдасы. Мұның түрі өте көп (3 400), Қазақстанның өзінде ғана 175 түрі кездеседі. Ерекшелігі — иісті, эфир майлы, көпшілігінің құрамында бояулы заты болады. Кейбіреулерінің дәрілік мәні бар. Кейбірін тағамға қосады. Қайсыбірі — зиянды, улы арамшөп болады. Бұған: лаванда, жыланбас, жалбыз, емен жалбыз, шатыраш жалбыз, траутфеттер жалбызы, жиек жалбыз, жапон жалбызы, австрия жалбызы, пикульниктер, лаллеманция, шандра, райхан, мелисса, сайсағыз, көкбас, киікоты, тасшөп және басқалары жатады. Сарбас. Сарбас (Sisymbrium) — крестгүлділер тұқымдасына жататын шөптесін өсімдіктердің бір туысы. Муның түрлері біржылдық та, екіжылдық та, көпжылдық та болып кездеседі. Сарбастың 50 түрі бар. Олардың ішіндегі 24 түрі бұрынғы СССР-да өседі. Бұлардың кейбіреулерін түйе жақсы жейді, басқа мал онша жемейді; кейбір түрлері көбінесе тыңайған аңыздарда арамшөп болып өседі, олар сүрлеуге келеді. Сарбастың көбінің тұқымында 30%-ке дейін майы болады. Мұның көбірек кездесетін турлері: волга сарбасы (S. volgense) — көпжылдық өсімдік; волга сарбасы бізде көбінесе арамшөп түрінде өседі. Мұны ірі қара балғын кезінде сүйсініп жейді. Сарбас қурай (S. altissimum, S. pannonicum)] — бұл біржылдық та, екіжылдық та болып өседі; сабағының ұзындығы 20—110 см. Кейде ебелек тәрізді деңгеленіп те (түптеніп) өседі. Аңызаққа тезімді. Мұны малға сүрлеп береді. Қостелімді сарбас (S. bilobum) — бір және екіжылдық болып өсетін өсімдік; бұл көбінесе Кавказ бен Орта Азияның жерлерінде өседі; мал жейді. Өзгергіш сарбас (S. polymorphum, S. junceum, S. angustifolium) — көпжылдық өсімдік. Бұтақтанған сабағының үзындығы 20—27 см, СССР-дың Қиыр Шығысынан басқа жерінің барлығында өседі. Мұны мал жейді. Сарбас ирио (S. irio) — екіжылдық өсімдік. Кавказ бен Орта Азияның жерінде арамшөп түрінде өседі. Мал жейді. Гумус. Гумус, немесе қарашірік — өсімдіктер мен жан-жануарлардың жердегі қалдықтары шіріп, ыдыраған кезде микробиологиялық процестердің нәтижесінде пайда болған топырақтың органикалык заттары. Мұның жердің құнарлылығын қалпына келтіріп, оны тыңайтуда үлкен маңызы бар. Қазжуа. Қазжуа (Gagea) — лалагүлдер тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдіктердің бір туысы. Жіңішке таспа тәрізді жапырағы, сары немесе сарғыш жасыл гүлдері болады, көктемнің басында өсіп, көп ұзамай қурап қалады. Көктемде мұны мал сүйсініп жейді (көбінесе қой мен сиыр). Қазжуаның 100 шақты түрі бар. Негізгі түрлері: ауған қазжуасы (G. afghanica) — бойы 10—30 см, бұл көбінесе Түркменстанның құмдауыт жерінде өседі. Мал мұны, әсіресе, көктемнің аяғында өте сүйсініп жейді. Сары қазжуа (G. lutea) — сабағының ұзындығы 10—30 см; бұл Ресейдің европалық бөлігінің, Кавказдың, Сибирьдің, Орта Азияның орманды, шілік бұталы жерлерінде өседі; мұны қой мен ешкі ғана жемейді. Пиязшық қазжуа (G. bulbifera) — мұның бойы 5—20 см, сабағы жіңішке; шар немесе жұмыртқа тәрізденген пиязшығы бар өсімдік. Малдың қай түлігі болса да жақсы жейді. Кіші қазжуа (G. minima) — сабағының ұзындығы 8—18 см шөптесін өсімдік. Бұталардыц арасында, өзектерде, көлеңкелеу теріскей беткейлерде өседі. Мұны әсіресе көктем кезінде қой, ешкі, сиыр жақсы жейді, түйе жемейді. Аласа қазжуа (G. pustilla) — бойы 5—12 см болатын майда өсімдік, түйеден басқа малдың барлығы да мұны көктемде жақсы жейді. Әсіресе асыранды қаздың сүйкімді жемі. Тор қазжуа (G. reticulata) — көбінесе Кавказ бен Қырымның даласында өседі; қой мен ешкі жейді. Гюрза. Гюрза (Vipera lebetina) — сұржыландар туысына жататын, өте ірі улы жыландардың бір түрі, ұзындығы 1,5 м дей, түсі сұр. Солтүстік Африкада, Кіші Азияда, Иракта, Иранда, Аравияда, Ауғанстанда, Пакистанда, Индияда, Закавказьеде, Орта Азияның оңтүстігінде болады. Ұсақ аңдармен, құстармен, кесірткілермен қоректенеді. Шаққан жануарын өлтіретін қауыпты жылан. Абакан свитасы. Абакан свитасы — Минусинск алабында тараған, қызыл түсті құмтастар мен конгломераттардың және оларға тәуелді мергельдер, ізбестастар мен туфтардың қабатшаларынан тұратын қабат. Живет ярусына жатады. 1925 жылы Эдельштейн бөліп шығарған. Свитаның аты Абаканский селосының атымен аталған. Аба свитасы. Аба свитасы — Балахон свитасының жоғарғы өнімді бөлігі. 1930 жылы Кузбасстағы Прокопьевск селосының маңындағы Аба өзенінің бойындағы қима бойынша Залесский бөліп шығарған. Кәдімгі өрік. Кәдімгі өрік —Биіктігі 3-10 метрге жететін ағаш. Діңгегінің диаметрі 25-30 см-ге жетеді. Жиі бұтақталған, бұтақтары жалаңаш. Жапырақтарының ұзындығы 6-9 см, жалаңаш, кең жұмыртқа және эллипс пішіндес, жиектері майда тісті, сағақтары қою қызыл түсті. Жапырақ жаймай тұрып гүлдейді. Гүлдерінің саны көп, ақ немесе қызғылт түсті. Жемістерінің түстері сарыдан қызылға дейін болады. Таралуы. Жабайы түрде Орта Азияда, Солтүстік – Шығыс Қытайда, Дағыстанда кездеседі. Таулардың құрғақ, тастақ етектерінде тоғайланып өседі. Қазақстанның таулы аудандарын теңіз деңгейінен 800-1900м биіктікте өседі. Іле Алатауы, Кіші Алматы өзенінің жағасында, Талғар, Түрен аймақтарында жиі кездеседі. И. В. Мичурин бұл өріктің 8 жаңа сортын шығарған, олар КСРО-ның еуропалық бөлігінде, Қазақстан мен Орта Азияда өсіріледі. Дайындалуы. Шайырлар өріктің діңгегінде, бұтақтарында ағып жиналды. Орта Азияда кейбір ағаштардан 0,5 кг-дан 1,5 кг-ға дейін жинап алуға болады. Қағаз бетіне жайып қойып, жақсы желдетілетін бөлмелерде кептіреді Химиялық құрамы. Өрік шайырының құрамына 16% глюкурон қышқылы, 44%-ға дейін галактоза, 41%-ға дейін арабиноза кіреді, белоктық заттар 0,6%-дан аспайды. Шикізаттың сапалық көрсеткіштері. Өрік шайырының кесектерінің үлкендігі әртүрлі болады, сыртқы формалары да әртүрлі: майдалары тамшы және сүңгі тәріздес, ірілері шар және жентек тәріздес болады. Жаңа жиналып алған шайыр ақшыл-сары түсті, мөлдір болады, ескі кесектері Сары – қоңыр түсті болады, мөлдір болмайды. Қолданылуы. Эмульгатор ретінде эмульсиялардың өндірісінде қолданылады. Солтүстік өрігі. Солтүстік өрігі — И. В. Мичурин мұны 1901 жылы Козлов қаласындағы өзінің питомнигінде Воронеж өрігі сортынан өсірген, 1906 жылы одан алғаш жеміс алынған. Аязға төзімді болғандықтан И. В. Мичурин мұны Солтүстік өрігі деп атаған. Сібір өрігі. Сібір өрігі (Armeniaca sibirica) — жемістері кебіңкі келіп, жеуге жарамайтын өріктің бір түрі. Қара өрік. Қара өрік (Armeniaca dasycarpa) — жемісінің түсі қара-көк немесе қара-күрең, дәмі қышқылдау болады. Абутилон. Абутилон (Abutilon) — құлқайыр тұқымдас өсімдіктердің бір туысы. Жер жүзінде мұның 335-ке жуық түрі бар. Қазақстанда оның бір түрі — бұйда кендір — өседі. Август Гетш. Август Гетш — жүзімнің бір сорты. Жеміс шоғының ұзындығы — 20 см, көлденеңі — 15 см, түсімді келеді, ерте піседі. Август Гетш деген кісі бұны Қырым жүзімінің тұқымынан өсірген, 1912 жылғы сентябрьде Козлов қаласында болған ауылшаруашылық көрмесінде бұл үшін ол бәйге алған. Мичурин бұл сортты А. Гетштың есімімен атаған. Агами. Агами (Psophia crepitans) — тырналар отрядына жататын құс. Солтүстік Америкада болады. Ұша алмайды, бірақ жүйрік келеді. Сыртқы пішіні түйеқұс (страус) тәріздес болады, биіктігі 50 сантиметрдей. Қараған. Қараған (Асасіа) — бұршақ тұқымдас өсімдіктерге жатады, мимоза мен бұршақгүлділер тұқымдастары тармағына жататын түрліше ағаштар мен бұталардың жалпы аты. Қарағанның 700 түрі бар. Олар: сенегал қарағаны, жібек қараған, ақ қарағаны, сары қарағаны, шарқараған, сөлбір қараған; бозқараған. Уқорғасындар. Уқорғасындар (Aconitum) — сарғалдақтар тұқымдастарына жататын биік бойлап өсетін көпжылдық шөп өсімдіктерінің бір туысы. Бұған жататын түрлер 80-ге жуық. Мұның көпшілігі улы келеді. Олар: бәрпе, уқорғасын, күшала. Шауқарға. Шауқарға (Pyrrhocorax graculus) — қарға отрядына жататын, тұмсығы қызыл, көбінесе таулы жерде тіршілік ететін құс. Күзде егіске зиянын тигізеді. Амебалар. Амебалар (Amoebina) — тамыраяқтылар класына жататын қарапайым мақұлықтар отрядының бірі. Амебалардың көптеген түрлері — ауру тудыратын паразит. Амеба көбінесе суда тіршілік етеді. Саумалдық. Саумалдық (Amphilophis odorata) — хош иісті бар, дәнді дақылдарға жататын шөп өсімдігі. Бөкендер. Бөкендер — қуыс мүйізділер тұқымдастарының ішіндегі, күйіс қайыратын сүтқоректілердің көптеген жабайы түрлері. Бұлар койға да, ешкіге де, сиырға да, жылқыға да үксамайды, үлкендігі кояннан бастап жылқысиырдың, ірілігіндей болады. Негізгі топтары: нағыз бөкен, ақ бөкен, сиыр бөкен, ат бөкен, секіргіш бөкен, айдарлы бөкен, төрт мүйізді бөкен, орман бекені, тау бөкен. Шегіргүл. Шегіргүл (Viola tricolor) — фиалка туысына жататын шөп өсімдіктерінің бір түрі. Мұны кейде: «үштүсті гүл», «ағайынды гүл», «бақ фиалкасы» деп те түрліше атайды. Қолқа. Қолқа (; грекше ἀορτή - aortē, ἀείρω - aeirō "көтеремін") – 1) омыртқалылардың қан айналыс жүйесіндегі ең ірі артерия қан тамыры; жүректің сол қарыншасынан басталады, дененің барлық тіндері мен органдарын қанмен қоректендіреді. Қ. қабырғаларының серпімділігі артерия қан тамырлары бойымен қанның үздіксіз ағып тұруын қамтамасыз етеді. Қ-ның жүректен бадана тәрізді кеңейіп басталған бөлігі – Қ. баданасының қабырғасы мен Қ-ның айшықты қақпақшалары бірігіп, Қ. қойнауын (синусын) түзеді. Сүтқоректілерде Қ. жүректің сол қарыншасынан шыққаннан соң, жоғары көтеріліп, омыртқа бағанасына және артқа (адамда – артқа және төмен) қарай бұрылып, Қ. доғасын құрайды. Қ-ның көк еттегі тесігіне дейінгі бөлігін – көкірек Қ-сы, ал оның көк еттен кейін орналасқан құрсақ қуысындағы бөлігін – құрсақ Қ-сы деп атайды. Құрсақ Қ-сынан кезегімен жалпы сыртқы және ішкі мықын артериялары таралған соң, орт. құйымшақ (адамда – орт. сегізкөз) артериясына айналады. Жүректен Қ-ға қан 120 – 130 мм сынап бағанасы қысымымен, 0,5 – 1,3 м/с жылдамдықпен ағады. Қ-ның қабырғасы: интима (ішкі қабығы), медиа (ортаңғы) және адвентиция (сыртқы) қабықтарынан тұрады. Олардың орташа ұз. 500 мкм, ені 150 мкм. Құстарда Қ. доғасы омыртқа бағанасының оң жағында орналасады. Бауырымен жорғалаушыларда Қ-ның екі доғасы болады. Қосмекенділер жүрегінің қарыншасынан артериялық конус басталып, екі доғаға бөлінеді де, бір-бірімен бірігіп, арқа Қ-сын құрайды. Балықтар мен дөңгелекауыздыларда жүрек қарыншасынан құрсақ Қ-сы басталады. Ал омыртқасыздарда (моллюскілер, буынаяқтылар) Қ. – жүректен шығатын ірі қан тамыры. 2) Қолқа, қолқа салу – дос, туыс, сыйлас адамдардың бір-біріне тілек білдіруі, бір затты қалауы. Атқонақ. Атқонақ (Phleum) — қарабас шалғын деп аталатын дәнді шөптердің бір туысы. Сеңгірлек. Сеңгірлек, түлкімасақ, астрагал (Astragalus) — бұршақ тұқымдастарына жататын өсімдіктердін бір туысы. Бұл біржылдық шөп, шала бұта, бұташық болып өседі. Сеңгірлектің 1600-ден астам түрі бар, солардан СССР-де өсетіндері 849. Бұдан малдың жеуіне жарайтындары — 70 шамалы. Соның ішіндегі бастылары: ақбас жоңышқа, қоңырау, тарбақ, ақтаспа, арам жоңышқа, сиыр жоңышка, түлкімасақ, ақшатай, сортаспа, кендірмасақ, таутаспа, сұлы масақ, қасқыр масақ, тарбақай, леман, жіп таспа, тарбақ, сабын таспа, ақ тікен, ала таспа, май таспа және тағы басқалар. Сеңгірлектің түрлері көбінесе таудың күңгейінде, шөлейт далада өседі. Ерекше бір тобы — трагакант астрагалы, бұл өте құнды «гуммидрапш» дейтін зат береді. «Гуммидрагин» полиграфия, тері, сіріңке, фармацевтика сыяқты кәсіпорындарында бояу заттарын қойылтуға жұмсалады. Әулиеата сиыры. Әулиеата сиыры — қазақтың жергілікті сиырын голланд бұқасымен шағылыстырудан алынған төлдердің күтімін жақсартып бағу арқасында өсіріліп шығарылған тұқым. Әулиеата сиыры жылына 3 000 — 7 000 кг сүт береді. Көбелектер. Көбелектер (Lepidoptera) — насекомдар класының бір отряды. Көбелекке тән белгілер: төрт қанаты болуы, ауыз аппаратының соруға икемделуі,ұрықтары құрт тәрізді болуы. Көбелектердің барлық түрі 90.000-нан артық. Содан СССР жерінде 11—12 мыңнан астамы табылады. Көбелектердің мынадай сериялары мен отряд тармақтары бар: күндізгі көбелектер, түн көбелектері, теңқанатты көбелектер, түрлі қанатты кебелектер, түрлі мұртты кебелектер. Қазанақ. Қазанақ (Ledum) — верескі тұқымдастарына жататын, жатаған келген мәңгі жасыл бұталардың бір туысы. 8 шамалы түрі бар, Қазақстанда көп тараған түрі — саз қазанағы. Шағыр. Шағыр (Bergenia) — тасжарғандар тұқымдасына жататын өсімдіктердің бір туысы. Мұның 10 түрі бар. Шағырдың жапырағы мен тамырсабағында аморфтық таннид деп аталатын зат болады. Бұл тері илеуге жұмсалады. Тамырсыз жерсабағы — күзде, жапырағы — жазда жиналып көлеңкелі жерде кептіріледі. Қозыгүл. Қозыгүл (Primula) — примула туысына жататын, көктемнің бас кезінде гүлдейтін шөп өсімдігінің (бәйшешектің) бір түрі. Сарағаштықтар. Сарағаштықтар (Berberidaceae) — дарагүлтелі қосжарнақты өсімдіктердің бір түкымдасы. Шөп тәрізді де, бута тәрізді де болып өседі. Мұның 250-дей түрі бар, барлығынан берберин (қара) алкалоид шығады. Сабыншөп. Сабыншөп (Lychnis chalcedoniса) — қалампыр тұқымдастарына жататын көпжылдық шөп өсімдігі. Тамырында сапонины болғандықтан бұрын одан сабын жасалынған. Борсық. Борсық () — сусар тұқымдастарына жататын жыртқыш айуан. Көбінесе шөпті және оның тамыры мен тұқымын, майда жәндіктерді жеп қоректенеді. Көктемде құстарды, олардың балапандарын жейді, кейде қозының да құйрығын сорады. Борсық ін қазады, ұр ғашыеы қыстың аяғында 2—6 күшік табады. Терісінен ішік, қылшығынан щетка жасауға болады; халық арасында оның майын көксау ауруға даруға береді, оны басқа да қажеттерге жұмсайды. Етін де жеуге болады. Шағыл мысығы. Шағыл мысығы [Felis (Eremaelurus margarita] — жыртқыштар отрядына, мысық түқымдастарына жататын сүткоректі жануар. Сахарада, Қарақұм мен Қызылқұм шағылдарында тіршілік етеді, денесінің ұзындығы — 60 см, құйрығы — 35 сантиметрге дейін болатын жабайы мысықтың бір түрі. Сирек, саны аз. Маңғыстау түбегінде, Үстіртте және Қызылқұмда таралған, құмды шөлдерді, әсіресе қыратты, белесті, негізінен бекітілген құмдарды мекендейді. Қазақстанда сан мөлшері белгісіз, санының кемуінің негізгі себептері - қатал әрі қалың қарлы қыс пен қоректің жетіспеуі. Үстірт қорығы мен Ақтау-Бозащы қорықшасында қорғалады. Қызылқұм қорығын ұйымдастыру қажет. Түлкіқұйрық. Түлкіқұйрық (Alopecurus) — дәнді дақылдар тұқымдастарының бір туысы. Бұрынғы СССР-де мұның 30 түрі өседі, барлығы да көпжылдық шөп өсімдігі, шалғын тәріздес келеді, бірақ мұның гүлшоғыры тығыз, масақ сияқты болады. Батун. Батун — пияздың көпжылдық түрі, аязға өте төзімді. Садақталған жапырақтары топтанып шығады, бұл жапырақтарын бір жазда 3—4 рет күзеп алуға болады, 1 гектар жерге 6 кг тұқым себіледі. Жалпақтөс құстар. Жалпақтөс құстар (Ratitae) — яки ұша алмайтын, жүрдек құстар. Бұған жататын құс отрядтары страус, нанду, казуар, кивалар. Ботақұлақ. Ботақұлақ (Begonia) — бегониялықтар тұқымдасына жататын біржылдық және көпжылдық өсімдіктөрі мен бұта не шала бұта түрінде өсетін өсімдіктердің бір туысы. Ботақұлақ жапырағы косымша бүршіктер шығарып, көбеюге кабілетті келеді. Сондықтан да ол көбінесе вегетативтік жолмен көбейеді. Тұқымы егіледі. Жүрдек балшықшылар. Жүрдек балшықшылар (Curso) — құстардың бір туысы. Мұның 5 түрі бар, Африка мен онтүстік-батыс Азияның сахараларында тіршілік етеді. Мұның Закаспий жүрдегі деген түрі Түркменстанның оңтүстігінде кездеседі. Балбырауын. Балбырауын (Pimpinella) — шатыргүлділер тұқымдасына жататын көпжылдық шөп өсімдіктердің бір туысы. Гүлшоғыры — күрделі шатырша. Жер жүзінде 200-дей түрі бар. Тамырсабағынан эфир майы және пимпинеллин, шайыр, қант шығады. Балбырауын ерте көктеп, күздің аяғына дейін балбырап жасыл күйінде тұратындықтан олар малдың жемшөбінің құнарлы бір түрі болып саналады. Балбырауынның анис сияқты кейбір түрлерінің тұқымы түрліше тағамдарға қосылады. Желексіз өсімдіктер. Желексіз өсімдіктер (Apetalae) — тостағаншаға және күлтеге белінбестен, гүлсеріктері жәй ғана құрылған немесе гүлсеріктері мүлде болмайтын қосжарнақты өсімдіктердің бірнеше тұқымдастарының ескі аты (мысалы: алаботалар, қарамықтар, талдар және т. б.) Осы күні бұлар біржабынды өсімдіктер немесе алғашқыжабынды өсімдіктер деп аталады. Тауешкі. Тауешкі, безер ешкі (Сарrа аеgagrus) — ашатұяқтылар отрядының қуысмүйізділер тұқымдасына жататын жабайы ешкінің бірі. Текесінің мүйізі зор: ұзындығы — 130 см, жуандығы — 25 см. Етін — жеу, терісін — киім-кешек жасау үшін аулайды. Қылтықсыз бидай. Қылтықсыз бидай — мұның өсімдік түрлеріне тән қылтығы болмайды, қылтықсыз бидай кейде ақтоқал бидай деп те аталады. Тауқұдіреттер. Тауқұдіреттер (Capella) — балшықшылар отрядына жататын ұзын тұмсық құстардың бір туысы. Мұның 13 турі бар. Бұрынғы СССР жерінде мұның бес түрі кездеседі. Олар: байырғы Т., азия Т., байырғы дүпілдек, орман үйрегі, тауқұдірет. Су бидайық. Су бидайық (Beckmannіа) — дәнді дақылдар тұқымдасына жататын көпжылдык шөп өсімдіктерінің бір туысы. Түрлері — 2, олардың бірі байырғы су бидайық, екіншісі — шығыс су бидайық, бұлар бидайық тәрізді өседі. Сондықтан да оны су бидайығы дейді. Жұғымды мал азығының бірі. Ақ кекілік. Ақ кекілік (Lagopus lagopus) — тауықтар отрядына, бұлдырық тұқымдастарына жататын құстың бірі. Көбінесе тундрада тіршілік етеді. Өсімдікпен қоректенеді. Мекиені 5—20 жұмыртқа табады да, оларды 18—20 күнде басып, балапандарын шығарады. Ақ жапалақ. Ақ жапалақ (Nyctea scandiaca) — түнгі жыртқыштар отрядына жататын, өне бойы Арктикада тіршілік ететін жапалақтың бір түрі, 3—11 жұмыртқа табады. Қара меңдуана. Қара меңдуана (Нyoscyamus niger) — денесінің барлығын ұяң түк басқан екіжылдық шөп өсімдігі. Жемісі үстіңгі жағына бітеді, оның ішіндегі тұқымы көп, ұсақ болады. Үйдің айналасында, бау-бақшада өсегін улы арамшөп. Қара меңдуананың сыртқы мүшелердің ауруын басуға қолданылатын — гиосциамин дейтін алкалоид алынады. Итжидек. Итжидек (Atropa belladonna) — алқалықтар тұқымдасына жататын көпжылдық шөп өсімдігі. Сабағының биіктігі 1,5 метрге дейін барады. Жемісі — шырынды, көптұқымды, барлық мүшесі улы, медицинадағы ең бағалы — атропин дейтін дәрі осыдан алынады. Жабайы түрі — кавказ итжидегі — Қырым мен Кавказда өседі. Жарық (геология). Жарық (жарылу) — тектоникалық қозғалыстардың әсерінен пайда болған жер қабығының жарылып бұзылуы. Жарықтың екі түрі болады. Бірінші түрі — жарықтар мен бөлінген жер қабығы бөлшектерінің орын ауыстырмай (жылжымай), бұрынғы орындарында қалуы жағдайында жасалады да, ал екінші түрі, керісінше олардың жылжып орын ауыстыруы жағдайында түзіледі. Жарың жазығы бойымен өдетте брекчиялы бөлшектену зонасы пайда болады. Жарық арқылы күшті минералданған судың циркуляциясы желілік пайдалы қазындылар орындарын жасайды. Вулкан атқылайтын аудандарда жарықтар атқылау жолдары арқылы жер бетіне жиі шығып жатады. Тереңдік жарық (геология). Тереңдік жарық — жер қойнында бірнеше жүз (700-ге дейін) км-ге дейін баратын және бірнеше қатпарлану дәуірлері бойы тектоникалық қозғалыс жағдайында бір орында пайда болған жарықтар. Олар көбінесе тереңдік фокусті жер сілкіну жазықтарына (мыс.: Азияның шығыс аймақтарының бойына) тән. Гелофиттер. Гелофиттер — суға қанық топырақтағы немесе төменгі бөлігі суга батып тұратын көп жылдық өсімдіктер. Геокриология. Геокриология — криосфераның бөлімі болып табылатын қатқан топырақ зоналарының тау жыныстары туралы жаңа ғылым. Тау тарамдары. Тау тарамдары — басты тау тізбектерінен немесе бүйірлік жоталардан тараған тау жоталары немесе бұйраттары. Лава тасқыны. Лава тасқыны" — вулкандық атқылау кезінде лаваның төгілу тасқыны. Лава тасқыны кратердің бір осал жерінен бұзып шығып, кейде қатты күшпен сырттағы беткейге шашырай атқылайды, жолдағы нәрсенің бәрін қиратады, кейде елді мекендерге дейін жетеді. Лава тасқынының жылдамдығы әр түрлі, ол лаваның құрамына байланысты. Мысалы, қышқыл лава тұтқыр келеді де, аз күшпен атқылайды. Везувий лавасы кейде сағатына 8 км жылдамдықпен қозғалады, кейбір жерлерде лава тасқыны 30—50 км-ге дейін жетеді. Лагуналар. Лагуналар — 1) теңіз бен тар бұғаз (немесе бұғаздар) арқылы қосылып тұратын немесе теңіз тосқынынан пайда болған құрлық өңірімен бөлініп тұратын саяз табиғи су бассейні, шығанағы; 2) маржан рифтері мен материк немесе арал жағасының аралығындағы, сондай-ақ атолдардың ішіндегі теңіз аумағы. Батпақты шалғын. Батпақты шалғын — СССР-дың солтүстігіндегі теңіздердің ойпатты жағалауларындагы биік (сизигийлік) көтерілулер басып тұратын теңіздік батпақты шалғындар. Вейн шөпті есімдіктер басып жатады, Бұлардың жалпақтығы бірнеше километрге жетеді. Мензула. Мензула — геодезияда жердің планын немесе картасын жасағанда қолданылатын аспап, далалық чертеж үстелі. Пелагилық облыс. Пелагилық облыс — терригендік шөгінділері шөге алмайтын тереңдігі де, материктер мен аралдардан қашықтығы да 3000— 5000 м шамасындағы мұхит алабы. Пелагилық облыста терең сулық (вулкандық) және органогендік шөгінділер шөгеді. Мұның шөгінділері кремнеземге бай утастан немесе май балшықтан пайда болады. Органогендік шөгінділер жүзіп жүретін организмдердің қабыршақтары мен қаңңаларынан, балдырлардан тұрады. Олар барлық шөгінді системаларында қазба түрінде де кездеседі. Шаңды дауыл. Шаңды дауыл — ауа райы құрғақ кезде топырағы жеңіл ұшатын үлкен алапта соғатын қатты желдер. Олар көп жыртылған жерлерде, құмды шелдерде тағы басқалар. жерлерде болып тұрады. Жыртуға жарамды аудандарда шаңды дауылдар топырақтың ұлпаларын ұшырып, өсімдік тамырларьш ашып тастайды да, ауыл шаруашылығына көп зиян келтіреді. Тахеометрия. Тахеометрия — нүктелердің жер беті биіктігі бойынша және пландағы орналасуларын олардың горизонтальды және вертикалды бұрыштары мен ара қашықтығын бір уақытта өлшеу арқылы анықтайтын әдіс. Тахеометрияда айналма тахеометр немеее тахеометр-автомат деп аталатын аспап қолданылады. Олардың көмегімен іздеген шаманы есептемей-ақ табуға болады Рельефті кескіндеу. Рельефті кескіндеу — карта бетіне рельеф әр түрлі жолдармен кескінделеді: 1) горизонтальдармен, немесе изогипсалармен кескінделеді (қ. изогипсы). Бұл әдіс өте көп тараған әдістердің бірі және ол картаны оқи білуді, нагыз рельефті көзге елестете білуді керек етеді; 2) штрихтармен кескінделеді. Бұл өдіс бойынша рельеф карта бетінде жуандыгы және ұзындығы әр түрлі штрихтармен кескінделеді де, рельефтің беткейі тікейген сайын штрихтар жуандап қысқара түседі. Бұл үшін рельеф еңістігімен штрих жуандығы арасындағы байланысты көрсететін арнаулы шкала қолданылады. Рельефті бұлайша кескіндеу сызушы мен граверден өте үлкен шеберлікті талап етеді және өзінің көрнектілігімен көзге түседі. Бірақ басқа әдістерге қарағанда рельеф дэл кескінделмейді; 3) құрама (горизонтальдар мен штрихтардың кемегімен) эдіспен кескінделеді; 4) бояуды жуу және жұқалап бояу арқылы. Бұл әдіс бойынша карта бетінде кескінделінетін рельефтің көлбеу беткейлерінің бояуы жуылып, жұқалап боялынады да, рельеф көлбейлеген сайын оның бояуы сұйыла береді. Рельефтің беткейлері тікейген сайын керісінше оның бояуы қоюлана бастайды; 5) бір бүйірден жарық түсіру арқылы. Бұл өдіс бойынша жарық ылғи солтүстік-батыстан 45° бұрышпен түседі деп алынады. Кейде бұл 4ші әдістгеи аралас алынады. Горизонтальдар көбінесе биіктік сатыларының бояуларымен қосылады. Астрахань сиыры. Астрахань сиыры — Россияның оңтүстік-шығыс аудандарында және Қазақстанның батысында XVII ғасырдан бері өсірілетін сиыр тұқымының бірі. Етті көп береді, күш көлігі болып саналады, тірілей салмағы: сиыры — 400—670 кг, бұқасы 700—1050 кг. Сүттілігі — сауу маусымында 1 000—1 600 кг, кейбіреулері 3 600 кг сүт береді. Сүтінің майлылығы 4,2—5,5 процент. Афотикалық аймақ. Афотикалық аймақ — теңіздер мен тұщы тұнбалардың түбіндегі жарық түспейтін аймак, оның жоғарғысын дисфотикалық аймақ дейді, мұндағы жарық әлсіз, ал ең үстін — эвфотикалык аймақ дейді, бұл аймақтағы жарық жеткілікті, сондықтан да ондағы сәуле фотосинтез процесін қамтамасыз етеді. Су құзғындары. Су құзғындары (Phalacrocoracidae) — ескекаяктылар отрядына жататын құстардың бір тұқымдасы. Бұл тұқымдасты сужүзгіштер деп те атайды. Бұлардың ұсағы да, орташасы да болады, 28 түрі бар. Тұмсықтары жұмыр, ұш жағы имек. Бірқазан сияқты балықпен қоректенеді. Ителгі. Ителгі (Falco cherrug) — жыртқыш құстар отрядының сұңқар тұқымдастарына жататын құстың бірі. Ителгіні қолға үйретіп басқа құстарға, қоянға, өте қырағыларын түлкіге, қарақұйрыққа да салады. Қазақстанда бұл түрдің кейінгі 3-4 жылда саны күрт кеміп кеткендіктен жойылып кету қаупы бар. Оның басты себебі: араб елдеріне сатү үшін ересектерін аулау және ұядағы балапандарын алу. Заңсыз аулаудың осындай түрі соңғы жылдары кең тарап отыр. Бұл түрді Ақсу-Жабағлы, Наурзым және Үстірт қорықтарында ғана қорғаудың жеткіліксіздігі байқалып отыр. Жаңа қорықтар ұйымдастырудан да бұрын оларды аулауға толық тыйым салу керек. Ақ шірік. Ақ шірік — күнбағыс, соя, үрме бұршақ, зығыр және тағы басқа өсімдіктерде, сонымен қатар қоймадағы көкөністерде саңырауқұлақ салдарынан болатын өте хауіпті ауру. Ақ шірік өсімдікті істен шығарады. Күресу жолы: ақ шірік жұққан тұтас өсімдікті немесе оның бөлімін отап құрту, тұқымын тазалау, екінші дақыл егу, овощтар сақталатын қойманың температурасын 1—3 градуста ұстау және оны желдетіп тұру. Аққабақ. Аққабақ (Turdus musicus) — торғайлар отрядына, шымшықтар тұқымдастарына жататын құстардың бірі. Аққабақтар. Аққабақтар (Zosteropidae) — торғай отрядына жататын ұсақ құстар тұқымдасы, бұта, шілік ішінде тіршілік етеді. Аққабақтардың көзінің айналасында шеңберленген жылтырақ ақ мамығы бар. Сондықтан оларды «акқабақтар» дейді. Аққанат шөп. Аққанат шөп (Calla palustris)— ароид тұқымдастарына жататын, шалшық суда есетін, көпжылдық шөп өсімдігі, улы өсімдік. Ақбалық. Ақбалық (Stenodus leucichthus) — денесінің ұзындығы — 120 сантиметрге, салмағы — 14 килограмға дейін баратын ірі балық. Көбінесе Каспий теңізінде кездеседі. Қарағаш. Қарағаш (Ulmus foliacea) — қарағаштар тұқымдасына жататын, биіктігі 10—20 м ағаш. Қуаң жерде де өсе береді, сондықтан құм тоқтату үшін пайдалануға келетін өсімдіктердің бірі болып есептеледі. Ағашы қатты болады, одан түрлі зат жасалады, қабығын томар бояу ретінде пайдаланады. Боз жыңғыл. Боз жыңғыл (Tamarix elongata) — құмды сортаң жерлерде өсетін жыңғыл тұқымдастардың бір туысы. Ұзындығы 2 м-дей бұта. Жас күйінде де лаулап жақсы жанады, қабығында бояуыш және илік заты бар. Мал жемейді. Апрель—май айларында гүлдейді. Әсемдік үшін егуге болады. Пайдаланылған әдебиеттер. Бұдан бөлек қара жыңғыл, қызыл жыңғыл, қатын жыңғыл деген түрлері бар. Отынға, қора-қопсы саларда құрылыс материалы есебінде пайдаланады. Кезеген нерв. Кезеген нерв (nervus vagus) — мидан шыққан нервтің 10-шы пары. Бұл мидан шыққан соң бүкіл денеге таралып, тілім-тілім болып таралып кеткендіктен, кезеген нерв деп аталады. Кезеген нерв өзінің тармақтарымен асқазан мүшелерін, тыныс аппаратын және жүректі қамтамасыз етеді. Қазақстан ерекше қорғалатын табиғи аумақтары. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ — ерекше қорғау режимi белгiленген мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерi бар жер, су объектiлерi және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгiнiң учаскелерi Үйшікті құстар. Үйшікті құстар (Ptilonorhynchidae) — торғайлар отрядына жататын құстардың бір тұқымдасы. Бұл тұқымдастағы құстар түрлі түсті заттардан әсемдеп, безеп өздеріне үйшік жасап алады. Көбінесе тропикалық және субтропикалық жақтарда тіршілік етеді. Бұған жататындар: күлгін құс, жағалы құстар, айдарлы құстар. Мақсатсыз іріктеу. Мақсатсыз іріктеу — бұл атауды Чарлз Дарвин XIX ғасырдың орта кезінде қолданған. Дарвинше мақсатсыз іріктеу деген хайуандар мен өсімдіктердің сапаларын сақтап қалып, адамның оларды мақсатсыз түрде езгертулері. Шынында мақсатсыз іріктеу өз мағынасына сәйкеспейді. Өйткені, адам баласы өзінің алдына қойған міндетіне сай келетін өсімдік пен жануарларды қай заманда болса да белгілі мақсатпен іріктеп, оны талғап ала білген. Құрылымсыз топырақ. Құрылымсыз топырақ — өте ұсақталып, майдаланып кеткен топырақ. Мұндай топырақтың капиллярлығы артып кеткендіктен, өзінің бойындағы суды тез буландырып жібереді де, ондағы өсімдік тез шөлдейді, судан тарығады, жөнді өнім бермейді. Сойдақ тістер. Сойдақ тістер — кейбір сүтқоректі хайуандардың өте жетілген сойдақ тістері немесе иттістері болады. Пілдің бұл тістерінің үзындығы 2—2,5 м, салмағы 30—90 кг. Мұндай тістер: мамонтта, бегемотта, қабанда, нарвалда және басқа жануарларда болады. Бигарадия. Бигарадия, немесе қышқыл апельсин (Citrus aurantium) — цитрус тұқымдастарына жатады. Жемісінің қабығы қатты, дәмі ащы, тұқымы көп болады, жемісінің жұмсағы да ащылау келетін өсімдік. Бұйырғын. Бұйырғын (Anabasis salsa) — анабазистың (итсигектің) бір түрі; алабота тұқымдасына жататын ұзындығы 5—25 см шала бұта. Мұны түйе жақсы жейді. Бүргелер. Бүргелер (Aphaniptera) — жылықандылардың — құстар мен сүткоректі жануардың — қанын соратын ұсақ паразит насекомдардың бір отряды. Аузы шағуға, соруға икемделген, көзі екеу, кейбіреуі соқыр, қанатсыз, денесі түкті, жұмыртқа күйінде—12, личинка түрінде — 8—100, ал қуыршақ қалыбында — 6—220 күндей болып, 965 күнге дейін тіршілік етеді. Хайуандардың, адамның қанын сорады. Оба таратқыш өте қауіпті мақұлық. Бұған жататындар: адам бүргесі мен егеуқұйрық бүргесі. Сұркөбелек. Сұркөбелек — түсі сұрғылт-күлгін кішкене көбелек, оның жұлдызқұрты оңтүстік аудандарда бұршақ өсімдіктеріне зиян келтіреді. Бір көбелек өсімдік жапырағына 600-ге жуық жұмыртқа салады. Жұлдызқұрты қыста жатып, жаздың бірінші жартысында ұшып шығады. Құндыз. Құндыз (Castor fiber) — құндыздар тұқымдастарына жататын кеміргіштердің бір түрі. Суға да, құрғаққа да икемделген жануар. Денесінің ұзыңдығы—128 см, салмағы 33 килограмдай, терісі өте құнды болады. Құндыздар. Құндыздар (Castoridae) — кеміргіштердің бір тұқымдасы. Көлемі ірі, сулы жерде тіршілік етуге икемделген. Бұған жататындар: камчат кұндызы, өзен құндызы, Канада құндызы: бұлардың терісі өте құнды болады. Атбас бұршақ. Атбасбұршақ (Faba vulgaris) — бұршақ тұқымдастарына, бұршақгүлдестер тұқымдас тармағына жататын біржылдық екпе өсімдік. Бұл атбұршақ деп те аталады. Жебір шөп. Жебір шөп — ерінгүлділер тұқымдасына жатады. Негізгі сабағы жерге теселіп, бұтақтары тік есетін шала бұта. Жатаған (5—30 см) өсімдік; құмайт беткейлерде, шыршалы орманда бұталардың арасында өседі. Жас өсімдігінен медицина мен косметикада қолданылатын эфир майы алынады, бал береді. Қалуен. Қалуен, немесе ақбас, немесе тікен қурай (Cirsium) — күрделігүлділер тұқымдасына жататын шөп өсімдіктерінің бір туысы. Кепшілігі — көпжылдық, кейде екіжылдық түрі де кездеседі. Мұның 150-дей түрі бар. Убалдырған. Убалдырған (Conium maculatum) — шатыргүлділер тұқымдасына жататын екіжылдык шөп өсімдігі. Өте улы келеді. жапырағы мен гүлінде — кониин дейтін алкалоид, жемісінде — эфир майы, өсімдігінің шырынында — іизат, жапырағында — витамин С болады. Ел арасында убалдырған даруға жұмсалады. Қара уқорғасын. Қара уқорғасын — тау етегінде өсетін улы шөп өсімдік, түйінінде 1 процентке дейін аконитин бар, ел арасында мұның түйінін етке орап қасқыр мен түлкіге тастайды. Мұны жеген жыртқыш аң уланып өледі. Тау уқорғасыны. Тау уқорғасыны, немесе шатқал уқорғасыны (Aconitum nemorum) — көбінесе Алматы облыеының таудағы шабындық жерлері мен субальпі белдеуінде өсетін шөп тектес өсімдік. Сабағы мен жапырақтары—улы, түйіні усыз болады. Теңге уқорғасын. Теңге уқорғасын (А. rotundifolium) — шабындықта өсетін биік шөп өсімдігі. Түйіні ел арасында безгекке, бас ауруға, ревматизмге қарсы қолданылады. Бәрпі. thumb Бәрпі (Aconitum excelsum; синонимдері A. lycoctonum және A. septentrionale) — бұл ормандардың, шіліктердің арасында, тау сағасында өсетін өте улы шөп өсімдігі, мал (әсіресе қой мен ешкі) жесе бірнеше сағаттан сон уланып өледі. Тұқымында 31—32 процент майы болады. Талас уқорғасыны. Талас уқорғасыны (Aconitum talassicum) — Талас Алатауының шабындығында өсетін улы өсімдік. Ел арасында мұның тамырын жаншып даруға пайдаланады. Сүйелді қабандар. Сүйелді қабандар (Phacochoerus) — шошқа тұқымдастарына жататын жабайы шошқалардың бір туысы. Басының екі жағында үшүштен сүйел тәрізді түймелері болады. Сүйелді қабандар Африкада жасайды, еті мен терісі үшін ауланады. Қозықұмай. Қозықұмай, сақалтай (Gypaetus barbatus) — жыртқыш құстар отрядына жататын тазқараның бір түрі. Тауда жасайды, өлімтік жейді, тұмсығының астында қыл тәріздес сақалы бар, сондықтан оны кейде «сақалтай» деп атайды, Бозшалғын. thumb Бозшалғын (Andropogon) — тамырсабақты көпжылдық шөп өсімдігі. Тамыры өте жіңішке (0,2—0,5 мм.), аласа (13—15 см.), шашақтанып өседі, сыртынан қарағанда шоқша сақал тәрізді болады. Кейбір жерде оның тамырынан щетка жасалады. Мұны мал жақсы жейді. Бозшалғынның 100 шақты түрі бар. Аюбалдырған. Аюбалдырған (Heracleum) — формасы шатырша келетін гүлшоғырының диаметрі 25 сантиметрге дейін жететін көпжылдық және екіжылдық балдырған сияқты өсімдік. Ерекше иісі бар, жемісінен эфир майы мен сұйық май шығады. Күйлеу. Күйлеу, үйірге түсу, ұлығу, қаю кезі — жануарлардың үйірге түсіп, олардың шағылысатын уақыты. Ыстық жақтың жануарлары үшін шағылыстың белгілі мерзімі болмайды. Ал жылдың төрт маусымына шек қойылған жерлердегі жануарлардың шағылысулары үшін белгілі мерзім болады. Мысалы, жабайы кой-ешкілер — ноябрь-декабрьде; қасқыр — февральда, борсық — март-апрельде, аю — май-июньде шағылысады. Итбүлдірген. Итбүлдірген (Vaccinium vitisidaea) — бүл верескалар түқымдасына жатады. Биіктігі 10—30 см келетін мәңгі жасыл бүта. Миуасы алғашында ақ, сонынан алқызыл болады. Жабайы түрі тоғайлы жерде өседі. Миуасынан варенье, экстракт жасалады, онда А, С витаминдері болады. Шажырқай. Шажырқай (mesenterium) — ішек-қарынды бір бірімен біріктіріп тұратын дәнекер ұлпа. Семірген жануарлардың бұл ұлпасына май жиналады. Ұлулар. Ұлулар (Gastropoda) — жұмсақ тәнді жәндіктердің — моллюскалардың бір класы. Бұл ұлулардың 3 класс тармағы бар: алғыжелбезекті, артқыжелбезекті және өкпелі. Бұлардың 90000-дай түрі бар. Теңіздің 4 800 метр терең түбінде және 5 000 метр биік тауларда да тіршілік етеді. Мысық жалбыз. Мысық жалбыз, немесе будра (Glechoma) — ерінгүлдіктер тұқымдасына жататын өсімдіктердің бір туысы. Мұның 5 түрі бар, оның бірі — барқыт жалбыз, оның сабағы көлбеу өседі, буындарынан қосымша тамырлар өсіп шығады. Ырғай. Ырғай (Sambucus) — ұшқат тұқымдастарына жататын ағаш өсімдіктерінің бір туысы, 20-ға жуық түрі бар, лабораторияларда және техникада қолданылады. Қоңыр аю. Қоңыр аю (Ursus arctos) — салмағы 300 килограмнан асады. Терісі тулақ жасауға, еті жеуге жарайды, дәнді дақылдардан көбінесе сұлыға зиянын тигізеді, кейде малға да шабады. Ел арасында өті, майы емге жұмсалады. Түйіншөп. Түйіншөп, дәрілік валериана (Valeriana officinalis) — мұның тамыры мен тамыр сабағының құрамында эфир майы, валериана, сірке және құмырсқа қышқылдары; бұлардан басқа: валерин, хатинин дейтін алкалоидтері де бар. Түйіншөптің жабайы түрі де, екпе түрі де болады. Түйіншөп жетілген кезде жерді плугпен жыртып, тамырын қазып алады да, оны суық сумен жуып, 40° жылы жерге кептіріп, жинап алады. Мұның медицинада зор мәні бар. Түйіншөптің қолданылатын жері: ауырған жерге, кояншыққа (эпилепсия), ұйқысыздыққа шалдыққанда, жүректің соғуына және т.б. Оның спиртке немесе эфирге ерітіп алынған препараты ауруға қарай 15—30 тамшыдан суға тамызып, күніне 2—3 реттен колданады. Кекіре. Кекіре, немесе гүл кекіре (Centaurea) — бұл күрделігүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің бір туысы, бұлар бір жылдық та, екіжылдық та, көпжылдық та болып өседі. Кекіренің негізгі түрлері: көк кекіре, қауырсын кекіре, шабындық кекіре, күлтелі кекіре июль-августа гүлдейді. Кекіренің кейбір түрлері әсемдік үшін өсіріледі. Әсемдікке өсірілетін кекіренің негізгі түрлері: көгілдір кекіре, ащы кекіре (немесе кермек кекіре), шабындық кекіресі — ұзындығы 1 м-ге дейін баратын көпжылдық шөптесін өсімдік. Егінжайдың арасында бос қалған жерлерге, аңыздарға, бұта арасына өседі. Көктемнің басынан күзге дейін гүлдеп тұрады. Балды көп беретін өсімдік. Қауырсын кекіре мен егістік кекіре де көпжылдық шөп өсімдігі. Бұлар жаздан бастап, күздің аяғына дейін гүлдеп тұрады. Күлтелі кекіре — екіжылдық шөп өсімдігі, көбінесе шабындықта өседі. Мүйізді кекіре мен көк кекіре — біржылдық шөп өсімдігі. Бұлардың к8здік және жаздық түрі болады. Астықтың және зығырдың ішінде арамшөп ретінде өседі. Маралоты. Маралоты (Thalictrum) — сарғалдақтар тұқымдасына жататын көпжылдық шөп өсімдігі. Сабағы бұтақтанып тік өседі, гүлі сарғыш түсті. Ормандарда, шіліктерде және тау теріскейлерінде өседі. Оның барлық түрі 80 шақты. Кейбір түрлері әсемдік үшін өсіріледі. Маралотының кейбір түрлерінің шаруашылық мәні бар, мысалы, сары маралоты — ылғалды шабындық жерде өседі, оның тамырынан шығатын сары бояумен жүннен және қылдан жасалатын ұлпаларды бояйды. Кіші маралоты — құрғақ төбелерде, далаларда, шабындыктарда, орман жағаларында өседі. Кіші маралотының мүшелерінен де бояу шығады, онымен түрліше заттарды бояуға болады. Түйешырмауық. Түйешырмауық (Asclepias) — көпжылдық шөп өсімдігі. Биіктігі 1 метрге дейін барады. Гүлінің иісі әдемі, жапырақтары ірі, сүт шырыны бар, гүлдері зәмбілше келеді. Сабағынан қағаз жасауға болады. Тұқымынан техникада қолданылатын май шығады. Жапырақтарының жасушаларында 4—8 процент каучук бар. 1 гектар жерге егілген өсімдігінің жапырақтарынан 100— 150 кг таза каучук алуға болады. Түйешырмауықтың умизам деген түрі бақтың ішінде өсетін арамшөп, сүтінің шырынында — улы зат және каучук болады, сабағынан өте сапалы қағаз жасалынады. Тәжілі тырна. Тәжілі тырна, қарқара (Ваlearica pavonina) —тырна отрядына жататын құстың бірі. Кебінесе Африкада болады. Үлкендігі тырнадай. Басында ұшы қара сары түсті айдары бар. Аяғы мен тұмсығы, кара, қалған денесі сұр. Балапандарын сентябрь-ноябрьде бастырады, олар ақпан -мартта ұша бастайды. Ұлу, насекомдармен, құрттармен және т. б. жәндіктермен және өсімдіктің тұқымдарымен қоректенеді. Қызыл тал. Қызыл тал (Salix fragilis) — ұзындығы 15—20 м үлкен ағаш. Көшелерде әсемдік үшін де отырғызылады. Ерте гүлдейді, бал береді. Қабығы тері илеуге, шыбығы корзина тоқуға жарайды. Бұл кейде балғын тал деп те аталады. Қазақстанның көп жерінде өседі. Сырғын. Сырғын (Verbascum) — декорация үшін өсірілетін екіжылдық шөп өсімдігі. Сабағының сыртын түк басқан, тік өседі. Гүлшоғырлары масақ тәрізді немесе сыпырғы сияқты болып өседі. Жантақ. Жантақ (Аіһаgi) — бұршақтылар тұқымдасына жатады. Жапырағының етек жағы тікенді бұталау өсімдік. Мұны осы қалпында түйе ғана жейді. Таушымшықтар. Таушымшықтар (Fringillidae) — торғайлар отрядына жататын құстардын бір тұқымдасы. Таушымшықтардың көлемі ұсақты-ірілі келеді. Мұның Австралиядан басқа жерлерде тіршілік ететін 160-қа тарта түрі бар. Олар көбінесе өсімдіктердің тұқымымен, дәнімен, жидегімен қоректенеді, әсіресе күзде ауылшаруашылық өсімдіктерін зиянға ұшыратады. Ешкібұршақ. Ешкібұршақ (Galega) — бұршақтұқымдас өсімдіктердің бір туысы. Мұның 3 түрі бар, солардың ішінде: шығыс ешкібұршағы (G. orientalis) — бұл көпжылдық шөп өсімдігі. Мұның негізгі белгілері: гүлінің түсі көк, бұршағы салбырап тұрады. Шығыс ешкібұршағы көбінесе Кавказда 15—30 майдың арасында қаулап тез есетін құнарлы мал азығы; дәрілік ешкібұршақ (G. officinalis) — көпжылдық шөп өсімдігі. Мұның гүлі көгілдір. Дәрілік ешкібұршақ кебінесе Кавказда, Молдавияда, Белорусияда, Оңтүстік Украинада өседі. Дәрілік ешкібұршақ шығыс ешкібұршағынан өнімді келеді, мұның кейбіреуі улы. Дәрілік ешкібұршақты бұрын ел арасында адамды терлету үшін және қуық тұтылуына қарсы дәрілікке жұмсайтын. Домалатпа. Домалатпа, немесе түйнекшеп (Halimocnemis) — алабота тұқымдасына жататын, мал жеуге жарайтын шөп өсімдігінің бір туысы. Домалатпаның белгілі 12 түрі бар. Мұның ішіндегі негізгілері: Карелин түйнекшөбі, үрпекбас түйнекшөп. Домалатпа көбінесе Орта Азия жеріндегі құмайттар мен сортаңдарда өседі. Ұзаққарға. Ұзаққарға (Corvus monedula) — торғайлар отрядына, қарғалықтар тұқымдасына жататын қустардың бір түрі. Бұл жылына бір рет 8—9 жұмыртқасын 16 күндей басып балапан етіп шығарады. Ұзаққарға топтанып ұшып жүретін құс. Ауылшаруашылық егістіктеріне зиян келтіретін шегіртке сияқты насекомдармен қоректеніп, оларды құртып отырады. Кейде егістерді жапырып, ауыл шаруашылығына өзі де зиянын тигізеді. Шәуқарға. Шәуқарға (Pyrrhocorax alpinus) — тау шәуқарғасының туысына жататын құстардың бір түрі. Шәуқарғаның тұмсығы қыска, түсі қызғылт-сары болады. «Қызыл тұмсық шәуқарға, Сенен басқа жау бар ма» — деп халық босқа айтпаған, өйткені шәуқарға шегіртке сияқты зиянды насекомдарды жеп құртуымен қатар, егістерге, өзі де көп зиянын тигізеді. Шәуқарға көбінесе құз таулардың мұз басқан шыңында тіршілік етеді. Адамға тез үйір болып, айналасында да жүре береді. Арқалық қаласы. Арқалық қаласы — Орталық Қазақстандағы қала. Ол бұрынырақ Торғай облысының орталығы болған. Қазіргі кезде ол Қостанай облысы Арқалық ауданының орталығы. Қаланың негізі 1956 жылы салынды, қала статусына 1965 жылы ие болды. Арқалық қаласынан облыс орталығы Қостанай қаласына дейінгі қашықтық — 480 км, Астана қаласына дейінгі қашықтық — 670 км. Тұрғындарының саны 2006 жылы 42 мың адамға жетті (соның ішінде — қаланың өзініде тұратын 26 мың адам, қалалық аймаққа кіретін 14 ауыл және 3 ауылдықтардың төңірегіндегі 16 мың адам). Қала облыс орталығымен теміржол арқылы байланысқан (Державинск - Арқалық темір жолының Есіл бұтағының ақырғы станциясы). Қостанай қаласынан Арқалық қаласына апаратын автожол асфальтталған, бірақ қазіргі кезде жолдың күйі мәз емес, күрделі жөндеуді қажет етеді. Жезқазған бағытындағы автожол — өтуі қиын жер астылық Арқалық қаласы, дымқыл ауа райына күшті әбден су болады және тұрады жүк таситын көліктің артынан тіпті. Тарих. Арқалық геологтерді 1956 қалай поселкеге және құрылысшылар негізделген. Ол өз тууімен (алюминиды өндіріске арналған шикізат) бокситтердің шоғырларының соғыстан кейін жылдарында ашуға бүл жерде міндетті. 17 мамыр 1956 СОКП және жеке жолға орналастырған ССРОның министрлардың кеңесінің ОКы бірлескен қаулымен қабылданды: «Бокситтердің Амангелді туған жерлерін базасында Торғай боксит кеніштері пайдалануға құрыстырып енгізу». Арқалық қаласы 1960 бүкіл одақтық екпінді комсомол құрылыспен жариялап, жинағы ССРОдан жастар мұнда ағып кете бастады. 1965 Арқалыққа қаланың мәртебесін алды, 1971 Торғай обласының қайта жасалынғаны орталық болды. Қала 1980 өз құлпыра гүлдеуіне жетті: радиобөлшектердің, ет комбинаты, сүт зауыт, элеватор, керамика фабрикасы, тігін фабрикасы, зауыттары бұл жерде жұмыс істеді. Авиамотор зауытының құрылысы, (ТБРУ) Торғай боксит руда басқармасы басталған ССРОға 20% боксит кеніне дейін тапты. Бірақ, оның экономикасы Қазақстанның басқа өлкелері, өйткені өнеркәсіптік өндірістің жетістіктері, мешеуленнің Торғай обласының экономикасы неткенмендер аграрлық бағыт 90%ке болды. Облыс республикалық бюджетте дотациялары үнемі талап етті, сондықтан 1988 ол маусымда жойылып, оның аумағы Қостанай және Ақмола облыстарының арасындағы бөлген. Мысалы, областық орталық болуға басылған қалалардан областық радиостанцияның инфрақұрылымының бөлігі апарып, перспективалы өнеркәсіптік объекттердің қатары қатырылды. Арқалықтың 1989 белсенді тұрғындарына Торғай облысы 1990 жылдың тамызындағы республиканың басқаруына арқасында үндеуіне қайта құрастырылған Торғай обласының қалпына келтіруі бойынша оргкомитет құрастырылып,Арқалық жаңадан облыстық орталық болған болды. Оқулықтар қала мекемесі. 2000 жылға орта мектептер №7,9,11 жабық болатын. Бұлттар. Бұлттар — ауаның жоғарғы қабаттарындағы өте ұсақ су тамшылары немесе мұз кристалдарының жиынтығы. Бұлттарды құрайтын өте ұсақ тамшылар ылғалды ауа суынғанда бөлініп шығады. Жауын-шашын негізінен ауа массалары төменнен жоғары қарай көтерілген кезінде (будақ және нажағай бұлттар) және жел кезінде жылы ылғалды ауа мен суық ауаның араласуы кезінде (қатпарлы жаңбыр бұлттары) бөлініп шығады. Обсеквенттік аңғар. Обсеквенттік аңғар — аңғар түбінің еңістігіне қарама-қарсы еңкейген тау жыныстарының қабаттарын кесіп өтетін аңғар. Жыра. Жыра — жауын және қар суларының бұзу әрекетінен пайда болған рельефтің ойық формасы. Ұзындығы бірнеше километрге жетеді, тереңдігі 10— 15 м және одан да тереңірек болады. Жыралар әсіресе борпылдақ жыныстарда тез пайда болады. Жыралардың өсу жылдамдығы жылына 3—5 м-ге, тіпті 25 м-ге де жетеді. Орталық жүйке жүйесі. Адам ағзасы физиологиялық белсенділік және тыныштық қалыпты жағдайда болады. Физиологиялық белсенділік жағдайда адам ағзасы түгел, немесе мүшелер жүйесі, немесе жеке мүшесі қызмет атқарып тұрады. Физиологиялық тыныштық жағдайда тыныш, ештеңені ойламай, тыңдамай, денесін босатып, демалып, ояу бірақ көзін жұмып жатады. Адам ағзасының сыртқы және ішкі ортаның түрлі әсеріне жауап беру қабілеті тітіркену деп атайды. Сыртқы және ішкі ортаның әсерін тітіркендіргіш деп атап, тегі бойынша төртке бөледі: физикалық (механикалық соққы, қысым, электрлік әсерлер), химиялық (дәрі-дәрмек, улы заттар, сілті-қышқылдар, тұз-ерітінділер, тамақтың органикалық-бейорганикалық құрамдық бөліктері), физико-химиялық (ерітіндідегі иондар мен заттардың осмостық, парциалдық қысымы, концентрациясы), биологиялық (тірі ағзалардың әсері). Тітіркендіргіштің әсерінен тітіркенуге қабілетті ұлпаны тітіркенгіш ұлпа деп атайды (жүйке, бұлшықет, без ұлпалары). Тітіркенгіштің тітіркендіргіштің әсеріне электрлік және биохимиялық қасиеттерін өзгертіп, қызметін күшейтіп жауап беруін қозу деп, қозудың бәсеңдеуін немесе тоқтауын тежелу деп атайды. Орталық тежелу құбыысын 1862 жылы орыс ғалымы И.М.Сеченов ашқан. Тірі жүйенің электрлік қасиетін биоэлектрлік құбылыс дейді. Жасушаның мембранасының сыртқы және ішкі потенциал айырмашылығын физиологиялық жағдайына сай тыныштық немесе әрекет потенциалы дейді. Нерв талшығы бойымен қозудың таралуы оның анатомиялық және физиологиялық біртұтастығыны байланысты. Егер нервті байласа, салқындатса, фармакологиялық, наркоикалық заттармен әсер етсе олардың физиолгиялық біртұтастығы мен өткізгіштік қасиеті бұзылады. Нервтің өткізгіштік қасиетін реттеуде олардың анатомиялық және физиологиялық құрылысымен таныс болу қажет және сонда ондағы өткізгіштік процестерді фармакологиялық жолмен реттеуге болады. Мысалы, новокаин миелінсіз нерв талшықтарында ауру сезгіштік қозулардың таралуын бөгейді, өйткені ол изоляцияланбаған мембранаммен әректтесе отырып аксоплазмадан анатомиясы, калий иондарының көптеп шығуын туғызады. Нәтижесінде нерв талшығының сырты гиперполяризацияланады. Мұның өзі мембраналық потенциалдың өсуі мен ұлпалар қозғыштығының төмендеуіне әкеп соғады. Тамақтану асты табу қозғалыстарына (бағдарлау, асты ұстау, шайнау, жұтыну т.б.) негізделеді. Жоғарғы жүйке әрекеті күшіне қарай күшті (күшінің қатынасына сай) және әлсіз болып бөлінеді. Күшті тип байсалды (қозғалғыштығына, ширақтылығына сай) және тынышсыз (жеңілтек) болып бөлінеді. Байсалды – қозғалғыш, ширақ тип және селқос, жігерсіз тип болып екіге бөлінеді. Ес – көрген-білгенді, естігенді, сезгенді, өтіп кеткен құбылыстарды нақтылы бір жағдайда, қасиеттерімен бірге жинақтап, тәжірибе ретінде адамның пайдалануы. Есте сақтау – адамның өмірден алған тәжірибесін өзгертпестен қайта жаңғырту. Оқушылардың жұмыс қабілеті тұрақты болмайды. Ол күні бойы, апта, жыл, өмір бойы кейде жоғары, кейде төмен болып өзгеріп отырады. Жұмыс қабілетінің өзгеруіне әр түрлі факторлар әсер етеді. Ми қыртысының қозғыштығы таң ертең жақсы болып, түске дейін сақталады. Содан кейін біраз уақыт тежелу үстем болып 16-17 сағатта қозғыштық қайтадан жоғарылайды, бірақ ұзаққа созылмайды. Балалардың жұмыс қабілетінің өзгеруі динамикасы таң ертеңгі сағат 8-ден кешкі 8-ге дейін екі рет жоғарылап, төмен түседі. Жұмыс қабілетінің өзгеруіне физиологиялық, физикалық және психикалық факторлар әсер етеді. Жетіқара. Жетіқара — Қазақстан Республикасының Қостанай облысындағы қала. Шортанды өзенінде орналасқан. Астана-Қарталы теміржол бұтағының теміржол бекеті (109 км). Тарихы. Жетіқараның негізі 1915 жылы салынған, 1939 жылдан бері қала дәрежесіне ие. Қалада таскендір шығаратын бір ірі кәсіпорын істейді. Халық ұлыс немістердің департацисы жарым-жарты түзелді. Замандас Қазақстанда мынау халық бас қайтқан миграцияны. Қаланы айнала Строитель, Мичуринец, Ветерок, т.б. сияқты саяжай поселкелері орналасқан. Бардо, Брижит. Брижи́т Анн-Мари́ Бардо́ (, 1934 жылдың 28 қыркүйегі) — француз киноактөрі и фотомодель, хайуандарды қорғаушы. В 1950-ші жылдары Еуропа секс-символы. Өмірбаян. Брижит Бардо 1934 жылдың 28 қыркүйегінде Париж қаласында? Луи Бардо () мен Анны-Мари Мюсель () отбасында дүниеге келді. Под влиянием матери Бардо вместе с младшей сестрой Мари-Жанной (Мижану) () с детства занималась танцами. Мижану проявила большую склонность к точным наукам и вскоре оставила танцы, в то время как Брижит, которая не была способной ученицей в школе, но обладала природной пластикой и грацией, решила сосредоточиться на балетной карьере. В 1947 г. Бардо сдала вступительный экзамен в Национальную Академию танца и, несмотря на жёсткий отбор и ограниченное число мест, оказалась в числе восьми зачисленных на обучение. В течение трёх лет она посещала класс русского хореографа Бориса Князева. В 1949 г. Бардо участвовала в показе мод по приглашению знакомого матери; в этом же году снялась для журнала «"Jardin des Modes"» («"Сад Моды"»). В 1950 г. появилась на обложке журнала «ELLE» («"Она"») № 232 и была замечена начинающим режиссёром Роже Вадимом. Он показал фотографии девушки своему другу, режиссёру и сценаристу Марку Аллегре, который затем пригласил Бардо на кинопробы. Кинопробы для Бардо прошли удачно и она получила роль, но съёмки фильма были отменены. Тем не менее, знакомство с Вадимом, который присутствовал на пробах, повлияло на её дальнейшую жизнь и карьеру. В 1952 г. впервые снялась в фильме (картина "Le Trou Normand"). В том же году, в 18 лет вышла замуж за Роже Вадима. С 1952 по 1956 гг. снялась в семнадцати фильмах, в основном, лирических комедиях и мелодрамах, играла в театре в постановке пьесы «Приглашение в замок» Жана Ануя. В 1953 посетила Каннский кинофестиваль и начала набирать популярность. Однако всемирной известности Бардо способствовала картина «И Бог создал женщину» (1956), режиссёрский дебют Роже Вадима. Бардо сыграла главную героиню, необузданную восемнадцатилетнюю Жюльет Арди, мечущуюся между несколькими мужчинами. В Европе фильм шокировал зрителей, получил массу негативных откликов и был осуждён католической церковью из-за вызывающего поведения героини Брижит и сцен, в которых актриса появляется обнажённой и танцует на столе. В сравнительно консервативной Америке фильм стал сенсацией, так как прежде столь откровенные сцены не были свойственны голливудским фильмам. Огромная популярность фильма в Штатах способствовала его повторному выпуску в Европе. Историки считают картину предвестником сексуальной революции 1960-х. С тех пор Бардо работала с такими известными режиссёрами как Луи Маль, Жан-Люк Годар, Кристиан Жак. Другие известные фильмы с её участием: «"Бабетта идёт на войну"» (позднее появится причёска «бабетта», созданная по образцу героини Бардо в фильме), «"Истина"», «"Презрение"», «"Вива Мария"!», «"Ромовый бульвар"». В 1960-е гг. Бардо продолжала исполнять свойственные ей роли инженю и женщин-вамп. В 1966 г. впервые работала в Голливуде, снявшись в фильме «Милая Брижит» с Джимми Стюартом в главной роли. За всю свою карьеру в кино Бардо снялась в более чем пятидесяти кинокартинах. Среди её партнёров по фильмам — Ален Делон («"Знаменитые любовные истории"», «"Три шага в бреду"»), Жан Габен («"В случае несчастья"»), Шон Коннери («"Шалако"»), Жан Марэ («"Будущие звёзды"», «"Любовь в Версале"»), Клаудия Кардинале («"Нефтедобытчицы"»), Анни Жирардо («"Послушницы"»), Марчелло Мастроянни («"Частная жизнь"»), Джейн Биркин («"Дон Жуан 73"»), Жанна Моро («"Вива Мария"!», Лино Вентура («"Ромовый бульвар"»). В 1973 г., незадолго до своего сорокалетия Бардо объявила о завершении кинематографической карьеры и в дальнейшем посвятила свою жизнь деятельности за благосостояние животных. С конца пятидесятых годов проживает в вилле «Мадраг» в Сен-Тропезе на юге Франции. Личная жизнь. Брижит Бардо в 2002 году. Разведясь с Роже Вадимом в 1957 г., Бардо больше года жила со своим партнёром по фильму «И Бог создал женщину» Жаном-Луи Трентиньяном. В 1959 г. вышла замуж за актёра Жака Шарье, от которого в 1960 г. родила сына Николя. После их развода ребёнок был отдан на воспитание в семью Шарье. Встречалась с французскими музыкантами Сашей Дистелем, Бобом Загури и Сержем Гейнсбуром (с которым записала несколько известных хитов, включая скандально известную «Я тебя люблю… я тоже нет» ("Je t’aime… moi non plus"), в последствии исполненную Гейнсбуром в дуэте с Джейн Биркин). Была замужем за немецким миллионером Гюнтером Саксом (1966—1969). В 1992 г. Бардо вышла замуж за Бернара д’Ормаля. Брак продолжается по сей день. Активизм. В 1986 она открыла Фонд Брижит Бардо для благополучия и защиты животных (). Она стала вегетарианкой и заработала 3 миллиона франков, продавая на аукционе драгоценности и личные вещи, чтобы поддержать фонд. Сейчас она — защитница животных и противник потребления конины. Находясь в Канаде, она осуждала охоту на тюленей и пыталась обсудить это со Стивеном Харпером, хотя ей отказали во встрече. Однажды она кастрировала соседского осла, когда, присматривая за ним, увидела, что он «пристает» к ее ослу и кобыле, из-за чего владелец осла подал на неё в суд в 1989 году. В 1999 Бардо написала письмо китайскому президенту Цзян Цзэминю, опубликованное во французском журнале «VSD», в котором она обвиняла китайцев в «издевательствах над медведями и убийстве последних в мире тигров и носорогов для создания афродизиаков». Она пожертвовала больше 140000 долларов за два года для массовой стерилизации и усыновления Бухарестских бездомных собак, которых насчитывалось около 300000. Она собирается приютить многих этих собак в новом животном спасательном центре, который она построила на своей частной территории. Политика. Бардо поддерживала президента Шарля де Голля в 1960-х. Её муж Бернар д’Ормаль — бывший советник националистической партии «Национальный Фронт». Бардо осуждали 5 раз за «разжигание расовой неприязни». В 1997 году её оштрафовали за комментарии, выпущенные в газете «Le Figaro». В 1998 её осудили за заявление о растущем количестве мечетей во Франции. В книге «Площадь Плутона» (), которую она написала в 1999 году, она критиковала мусульманский фестиваль ид аль-адха, так как на нём закалывают овец. За это в июне 2000 года французский суд оштрафовал её на 30000 франков. В 2001 году в статье «Открытое письмо моей потерянной Франции» () она написала: «…моя страна, Франция, моя родина, моя земля снова заполнена толпой чужеземцев, особенно мусульман» В книге «Крик в тишине» (), написанной в 2003 году, она предупреждала об «исламизации Франции» и сказала о переселении мусульман: «За последние двадцать лет мы уступили подпольному, опасному и неуправляемому проникновению, которое не только противоречит нашим законам и устоям, но и попытается спустя годы навязать свои». В это книге она рассказывает о друзьях-гомосексуалах и о сегодняшних геях говорит: «трясут задницами, поднимают маленькие пальчики и голосами кастратов стонут о том, как отвратительные гетеро заставляют их страдать». Она говорит, что французские политики это «флюгера, показывающие влево или вправо, пока фантазия управляет ими… даже французские проститутки не такие, как они». Она говорит, что современное искусство это «говно, как буквально, так и образно». В мае 2003 года Движение против расизма и за дружбу между людьми () объявило, что подаст в суд на Бардо. Против Бардо также выступила Лига по правам человека (). Бардо написала письмо во французский гей-журнал в свою защиту, где говорила: «Отдельно от мужа, — который, возможно, передумает так же, как и я, — я совершенно окружена гомосексуалами. Все годы они были моей поддержкой, моими друзьями, моими усыновленными детьми, моими наперсниками». 10 июня 2004 года французский суд в четвёртый раз осудил Бардо за «разжигание расовой неприязни» и оштрафовал на 5000 евро, где ссылалось на фразы, как «исламизация Франции» и «подпольное и опасное проникновение ислама». В книге Бардо также обратили внимание на фразы «смешение генов» и предыдущие поколения «отдали жизнь, чтобы вытеснить захватчиков». Бардо отрицала обвинение в «расовой неприязни» и извинилась в суде: «Я никогда не хотела кого-то задеть. Это не в моей натуре». В 2008 году, её осудили за «разжигание расовой/религиозной неприязни» из-за письма, копию которого она отправила Николя Саркози, когда тот был Министром внутренних дел Франции. В письме она возражала против ритуального перерезания горла баранов на мусульманском празднике без оглушения. Она также порицала быстрорастущее мусульманское сообщество, пытающееся захватить власть и распространять их культуру, ценности, образ жизни. Суд закончился 3 июня 2008 года с самым крупным штрафом в её жизни — 15000 евро. Прокурор заявил, что устал предъявлять обвинения Бардо из-за расовой неприязни. Қалампыр. Қалампыр (Dianthus) — қалампырлықтар тұқымдастарына жататын біржылдық және көпжылдық өсімдіктерінің бір туысы. Қалампырдың Азияда, Африкада, Еуропада шөп және бұта болып есетін 300-дей түрі бар. Солардан бұрынғы КСРО жерінде өсетіндері — 80. Қалампыр топтанып өседі. Гүлінен эфир майы алынады. Қалампырдың бірнеше түрі декорация ретінде теплицаларда, құмыраларда өсіріледі. Армерия қалампыры. (Dianthus armeria) — бір немесе екіжылдық шөп өсімдігі. Биіктігі 10—45 см-дей, бірнеше тал сабақтары тік өседі. Армерия қалампыры бұрынғы КСРО-ның еуропалық бөлігінің, Кавказдың ормандарының ашық жерлерінде, топтанып біткен ағаштардың араларында өседі. Бұл қалампырды қой да, ешкі де, сиыр да, жылқы да жей беретін бұрынғы КСРО-дағы жем-шөптік өсімдіктердің ішіндегі маңызды бір түрі болып табылады. Арамжоңышқа, борбас қалампыр. (Dianthus Borbasii) — көпжылдық шөп өсімдігі. Сабағының ұзындығы 40 см-дей, тік өседі. Арамжоңышқа бұрынғы КСРО-ның еуропалық белігіндегі, Кавказдағы, Батыс Сібірдегі және Орта Азиядағы қарағай ормандарының, шабындық жерлердің, құмдауыт аңғарлардың өсімдіктерімен бірге өседі. Мұны мал жемейді. Тамырынын құрамында сапонин көп болады. Сақалды қалампыр. (Dianthus barbatus) — Орта және Оңтүстік Еуропаның жерінде өсетін шөп өсімдігі. Сақалды қалампыр көбінесе кесінділеп өсіріледі. Шоқпарбас қалампыр. (Dianthus capitalus) — көпжылдық шөп өсімдігі. Мұның сабағының ұзындығы 30—70 см. Шоқпарбас қалампыр Донның, Қырымның, Кавказдың орманды алқаптарынын тастақ беткейлері мен қырат аймақтарында өседі. Мұны мал аздап болмаса, көп жемейді. Шоқпарбас қалампырдың тамыры мен гүлінде аздаған сапонин болады. Бұл қалампырды ел арасында тіс ауруына, безгекке қарсы қолданады. Гранаталық қалампыр. — ашық жерге еккенде ауа райының әсерлеріне тезімді, аязға шыдамды келетін қалампырдың бір сорты. Бұған гренадин және сақалды қалампыр жатады. Өзгергіш қалампыр. (Dianthus polimorphus) — көпжылдық шөп өсімдігі. Сабағының ұзындығы 35—50 см. бұрынғы КСРО-ның еуропалық бөлігі мен Кавказда кездеседі, сонымен қатар Ақтөбе облысының жерінде де өседі; 1934 жылы Родионованың зерттеуі бойынша мұны қой жемейтін болып шыққан. Тамырында аздаған сапонин бар. Қытай қалампыры. (Dianthus chinensis) — Шығыс Қытайдан таралған қалампыр. Бұл жылыны онша сүймейді. Гүл шаруашылығында Қытай қалампыры біржылдық өсімдік ретінде әсемдік үшін өсіріледі. Тарғақ қалампыр. (Dianthus squarrosus) — көпжылдық өсімдік. Мұның сабағының ұзындығы 15—25 см. Бұрынғы КСРО-ның қыратты құмдарында өседі. Қауырсынды қалампыр. (Dianthus plumarius) — Батыс Альпіден таралған қалампырдың бір турі. Қауырсынды қалампырды кесінділеп көбейтіп, декорация үшін өсіреді. Шұбар қалампыр. (Dianthus discolor) — сабағының ұзындығы 20— 40 см көпжылдық қалампырдың бір түрі. Кавказдың альпілік және субальпілік шабындықтарында, жайылымдарында, орманды тауларында өседі. Мұны мал жемейді. Шұбар қалампырдың дәрілік мәні бар: қуық тұтылуға қарсы, іштен құрт түсіру үшін қолданады. Әбзел қалампыр. "Қалампырлы насыбай, Насыбайды атпасам, — Ауырар менің басым-ай." Құм қалампыр. (Dianthus arenarius) — қалампырлардың ішіндегі көпжылдық шөп өсімдіктерінің бір түрі. Мұның негізгі белгісі: сабақтары жер бетіне шығысымен қою жапырақтары жайылып, бұтақтанып кетеді. Құм қалампыр бұрынғы КСРО-ның еуропалық бөлігінің, Кавказдың қарағайлы ормандары мен құмайттарында кездеседі. Мұны малдың қай түрі болса да жей береді. Тамыры мен гүлінде сапонин бар. Құлпырған қалампыр. (Dianthus supbus) — көпжылдық шөп өсімдігі. Мұның жіп тәрізденген тамырсабағы жерде төселіп жатады. Құлпырған қалампыр бұрынғы КСРО-нің Еуропалық белігінің, Сібірдің, Орта Азияның және Қиыр Шығыстың орманды аймақтарында, шабындық жерлерінде, сирек өскен қайыңның арасында, топтанып өскен ағаштардың айналасындағы ашықтарда кездеседі. Таулы жерлердің альпі аймақтарында өсе береді. Хакас автономиялы облысы мен Шығыс Сібірдің жерінде мұны қой өте сүйсініп жейді де, жылкы жөнді жемейді. Жазық қалампыры. (Dianthus campestris) — көпжылдық өсімдік. Сабағының ұзындығы 10—40 см. Көбінесе орманды тоғайлар мен орманды далаларда өседі. Мұны мал тік тұрғанда онша сүйсініп жемейді, шабылған шөбін жақсы жейді. Жазық қалампырының тамыры мен гүлінде аздап сапонин, ал бүкіл денесінде алкалоид табылған. Әртүсті қалампыр. (Dianthus versicolor) — сабағының ұзындығы 20—50 см, тамыры жуан көпжылдық шөп өсімдігі, Әртүстіқалампыр бұрынғы КСРО-ның еуропалық бөлігіндегі, Сібірдегі, Қиыр Шығыстағы және Орта Азиядағы қарағайлы орманда, қырат жайылымында, тастақ беткейлерде өседі. Мұны әсіресе қой сүйсініп жейді. Бүкіл денесінде сапонин бар. Қалампырдың бұл түрінен жасалған препараттарды медицинада қолданады: олар адам денесіндегі жұмсақ ет талшықтарының қабілеттілігін арттырады. Шөп қалампыр. (Dianthus deltoides) — сабағының ұзындығы 10—40 см. жіңішке тамыр сабағы бар көпжылдық өсімдік. Шөп қалампыр бұрынғы КСРО-ның еуропалық бөлігіндегі, Батыс Сібірдегі ормандарда өседі. Сабағы қатайғанша шошқадан басқа малдың барлығы жей береді. Сабақ, жапырақ, гүл сияқты жер бетіндегі мүшелерінде гүлденер кезінде витамин С болады. Көбінесе гүлінің құрамында сапонин болады. Таспа қалампыр. (Dianthus leptopetalus) сабағының үзындығы 30—50 см, көпжылдық шөп өсімдіктерінің бір түрі. Таспа қалампыр бұрынғы КСРО-ның еуропалық бөлігінде, Батыс Сібірде, Орта Азияда өседі. Қой, сиыр, ешкі мұның шөбін де, пішенін де жақсы жейді. Мұның тамырында сапонин бар. Қалампырлықтар. Қалампырлықтар (Caryophyllaceae) — қосжарнақты, даракүлтелі өсімдіктердің бір тұқымдасы. Қалампырлықтар көбінесе шөп, кейде бұта болып өседі. Қалампырлықтардың түрі 2 000-нан асады. Соның ішінен бұрынғы КСРО-да 1 620 түрі (40 туысы) өседі. Қалампырлықтардың сабағының ұзындығы 15—20 см, ал кейбіреуінікі 50 см-ге дейін барады. Қалампырлықтардың барлық түрлерінің жемшөптік маңызы әлі зерттеліп біткен жоқ. Қалампырлықтардың ішіндегі сипатталған 121 түрдің (26 туыстың) ішіндегі малдың өте сүйсініп жейтіндері — 18 түр, қанағаттанып жейтіндері — 59 түр, онша сүйсінбей жейтіндері — 48 түр, улысы — 8 түр, улылық жағынан күдіктілері — 5 түр. Қалампырлықтардың жетілген өсімдіктері мен оның тұқымы кебінесе улы келеді. Қалампырлықтардың торица дейтін бір ғана түрі осы күні толық зерттеліп екпе дақылға енгізілді, осы күні ол жем-шөптік өсімдіктердің ішіндегі маңыздыларының бірі болып есептеледі. Қалампырлықтардың көптеген түрлерінің, әсіресе тамырларында, аздап жапырақтары мен гүлдерінде сапонин болады. Қалампырлықтардың кейбір түрлері дәрілікке қолданыладьг, ал кейбір түрлері әсемдік үшін өсіріледі. Қалампыр майы. Қалампыр майы — қалампыр ағашынан алынатын эфир майы. Қалампыр майының иісі қалампырдың иісіне ұқсайды, кермек, дәмді, сары түсті тұнық зат. Қалампыр майы парфюмерия өнеркәсібінде және тіс емдеу үшін қолданылады. Қалампыр ағашы. Қалампыр ағашы (Eugenia caryophyllata, Caryophyllus aromaticus) — мирталықтар тұқымдасына жататын, мәңгі жасыл ағаш. Қалампыр ағашының бітеу гүлін кептіріп, қалампыр етіп пайдалануға болады, сонымен бірге Қалампыр ағашынан қалампыр майы алынады. Қалампыр ағашының түпкі шыққан жері — Молукка аралдары. Осы кезде бұл бірнеше жерлерде өсіріледі. Қазақ КСР елтаңбасы. Қазақ ҚСР елтаңбасы - қазақ ҚСР мемлекеттік символы. Қазақ КСР елтаңбасы КСРО мемлекеттік елтаңбасында негіздейді. 26 наурыз 1937 жыл конституциясымен қабылданған Кеңестердің X төтенше барлық қазақ съездінде. "Мақала 121:" Орақты және балғаның алтын қазақ кеңестік социалистік республика мемлекеттік елтаңбасы бейнелеуден түзеледі, орналастырылғандардың кресті - кесе-көлденең, саптармен төмен, күн сәулелерінде қызыл фонда және масақтардың жиектеуінде, жазумен қазақ және орысында тілдерде: «Барлық елдердің пролетарлары, бірігіңдер!». Елтаңба жоғарыда бес бұрышты жұлдыз болады, ал төменгіде оның бөлімнің - жазу "Қазақ ССР" қазақ және орысында тілдерде. «Барлық елдердің пролетарлары, бірігіңдер!» — «Пролетарии всех стран, соединяйтесь!» Бірақ елтаңба нобайы тіпті ана уақыттардың бар болмады,және конкурс жариланған болатын. 6 мамыр 1937 жылды жеңуші таңдалған болатын, аббревиатуралармен QSSR және КССР бауда. 28 қаңтар 1939 жыл Жоғарғы Кеңес төралқасы өз қаулы Қазақ ССР елтаңбаға өзгертулер салды. Орыс әліппесі негізінде әліпбиде жазуларға - әліпбиде қазақ тілінде жазудың барлық өзгертілген болатын, негізгі бауда аббревиатураны QSSR ауыстырды ҚССР (Латын G әрібіне ұқсас әріп жиі бейнеленді С). Ораққа салынған бір уақытта балға бейнеленді. 1978 жылға қазақ CCР мемлекеттік елтаңба туралы қабылданған жаңа жай болды, сәйкестікте қайсымен балғаға салынған орақ жаңадан бейнеленді, қызыл фон күшейте түскендігі азайтылған болатын,күн сәулелерінің сан азайтылған. Мартин Бехайм. Мартин Бехайм 1459 жылдың 6 қазан айында Нюрнберг қаласында, дәулетті отбасында дүниеге келген. Оның әкесі Венеция тауар әкелетін саудагер және қалалық сенат төрағасы еді. Мартин бала кезінен әкесіне көмектесетін, ал әкесі қайтыс болғаннан кейін 1474 жылы ол ағалары Леонардо және Йориус ван Дорппен Мехеленнен мата әкеліп Франкфуртте сатады. 1478 жылы Антверпен қаласына көшіп келеді. Осы қаладағы шеберханада ол арифметиканы үйренеді. 1484 жылы Бехайм алғаш рет Лиссабон қаласында болды. 1490 жылы Бехайм сауда жағдайына байланысты Нюрнберг қаласына қайта оралады. Сонымен қатар ол бұл қаладан анасының қалдырған мұрасын таппақ болады. Осы жерде ол Хольцшуэр деген азамат оған глобус жасауға ұсыныс жасайды. Мартин оған келіседі. Міне, олар осылай глобус жасауға кіріседі. 1492 жылы глобус дайын болады. Глобустың диаметрі 507 миллиметр, бірақ онда көлденеңі жоқ еді. Бірақ глобуста экватор сызығы, меридиандар, тропиктер көрсетілген еді. Сонымен қатар глобуста әр түрлі елдер және олардың тұрғындарының суреттері бар еді. 1493 жылы Мартин Бехайм Португалияға барады. Содан соң ол Файал аралында сауда жасайды. 1507 жылы ол Лиссабонға келеді. 1507 жылдың 29 шілдесінде Мартин Бехайм қайтыс болады. Фернандо Магеллан. Фернандо Магеллан (1480 – 1521) испандық суда жүзуші, шығу тегі португалиялық. 1505 - 1512 жылдары ол португалиялық Үнді мұхитындағы экспедицияларға қатысқан. 1509 - 1511 екі рет Малайзияға барған. Молук аралдарына батыс жолымен жүзіп барған, бірақ оған португалиялық король қарсы шыққан, себебі Васко да Гама экспедициясы шығыс жолына жақын ашылған. 1517 жылы испандық король бұл ұсынысты қолдап, 1519 жылдың 20 қыркүйегінде Фернандо Магеллан 5 кеме 265 адаммен Сан–Лукар – де - Барамеза портынан оңтүстік - батыстағы Атлант мұхитын іздеуге шыққан. 5 кеме Тринидад, Сан Антонио, Консепсион, Виктория, Сант - Яго деп аталады. Ол кезде Оңтүстік Америкаға дейін Атлант мұхитын басып өтетін жол белгілі болатын. Содан соң саяхатшылар Тынық мұхитына шықты. Тынық мұхиты Жер шарындағы ең үлкен мұхит болғандықтан, онда жүзу өте ауыр болатын. Олардың азық – түлігі, ауыз суы таусылды. 3,5 айдан соң олар Оңтүстік –Шығыс Азияға жақын Бразилия жағалауына келіп тірелді. Осы жағалаудың бір аймағында белгісіз бір тұрғындар өмір сүреді екен. Фернандо Магеллан және оның серіктері сол тұрғындарымен қақтығыста Фернандо Магеллан және 247 адам қаза табады. Сөйтіп экспедицияның барлық құрамынан 1 кеме 18 адам еліне қайтады. Осылайша, Фернандо Магеллан 1521 жылдың 27 сәуірінде 41 жасында қайтыс болады. Өлеңшөп. Өлеңшөп, немесе айрауықтар — астық тұқымдастардың жабайы өсетін бір туысы, көпжылдық шөп өсімдігі, биіктігі 0,5—1 метрге дейін болады. Барлық түрлері — 150. Мұның бұрынғы КСРО-да есетіні 50 шамалы. Негізгі түрлері: батөлең, ақ өлең, қандауыр өлең, сазөлең, Лангсдорф өлеңі т. б. Өлеңшөп малға онша жұғымды болмайды, өйткені оның құрамында небәрі 5 проценттей ғана белок бар. Жүзімдіктер. Жүзімдіктер (Vitaceae) — қосжарқанақты өсімдіктердің бір туысы. Мұрттары арқылы бір нәрсеге жармасып өсетін, ағаштанған лиана өсімдік. Телімденген жапырақтары сабағына кезектесіп орналасады. Гүлшоғыры алғашында кішкентай болып шоқтанып шығады да, бара-бара үлкейеді, гүлдері күлтесіз. Гүлшоғыры жапырағына қарама-қарсы бітеді. Гүлдері кейде қосжынысты, кейде даражынысты болады. Жемістері, жидектері, тұқымы эндоспермді. Жүзімдікке жататындар: жүзім және оның түрліше сорттары, изабелла. Жүзімдіктердің 11 туысы, 300-ден астам түрлері бар. Жабайы өсетін жүзімдіктер де кездеседі. Жекедуадақ. Жекедуадақ (Chlamydotis undulata) — дуадақтар тұқымдасына жататын ірі құс. Ерекшелігі: төбесінде айдары бар, аяғының саусағы үшеу болады. Жекедуадақ көбінесе Солтүстік Американың, Азияның жерінде болады. Шиенің түрлері. Шие — розагүлдестер тұқымдасына жататын жеміс-жидек өсімдіктерінің бір туысы. Ұзындығы 10 м-ге жететін бұтақтанып тік өсетін жемісті ағаш. Апрель мен май айында гүлдейді. Жер таңдамайды, әсіресе жарық жерге жақсы өседі. Шиенің 127-дей түрі бар. Соның ішінде жеміс ретінде өсірілетіндері — 4—5 түр, шие бал да, жеміс те береді. Көптеген сорттары болады. Олардың бірі ерте, бірі кеш піседі, негізгі сорттары: «Анадоль шиесі», жұпар шие, Антонов-Костычев шиесі, Аньдо шиесі, Құмшие, Булыгин шиесі, Владимир шиесі, таудың мықыр шиесі —бұл Тянь-Шань тауының беткейлерінде есетін шиенің бір түрі. Евгений шиесі, Идеал шиесі — Самараның жабайы дала шиесінің аналығын екпе пенсильван шиесінің аталығымен будандастыру арқылы 1906 жылы өсіріп шығарған И. В. Мичурин шиесінің сорты. Мұның түсімі мол, күтім талғамайды, тез өседі, төзімді. Бұл сортты Мичурин шиенің басқа сорттарымен де будандастырған. Екі жасар будан Идеалдан И. Мичурин 1921 жылы мына сорттарды өсіріп шығарды: Лавр шие, Мирт жапырақшие және Даланың ірі жеміс шиесі, Избылецк шиесі, Испан шиесі, Кисляков шиесі. Қытай шиесі, Тікенді шие, — шиенің шығыста өсетін бір түрі. Жапырағы шабдалдікі тәрізді, гүлі сары түстес, бұтақтарында әрі ұзын, әрі үшкір тікендері бар, жеміс сүйегінін екі бүйірі қабысыңқы — күйме тәрізді. Копылов шиесі, Краса севера шиесі —көбінесе Ресейдің еуропалық бөлімінің орта алқабында өсірілетін шиенің бір сорты. Июльдің бас кезінде ерте піседі. И. Мичурин бұл сортты екі түрлі жеміс өсімдігін (Владимир шиесі мен Қызыл шиесі) будандастыру арқылы өсіріп шығарған. «Краса севераның» анасы — ерте піскіш Владимир шиесі, атасы — қызыл шие. Кузьмин шиесі, Лавршие, Ливен шиесі, Алшақ шие — көбінесе оңтүстікте өседі. Июльдің аяғы мен августың басында піседі. Люб шиесі — Ресейдің еуропалық бөлігінің орта алқабында, Кавказда және Украинада өседі. Июльдің аяқ кезі мен августың басында піседі. Малоярослав шиесі, бадам шие, Миртжапырақ шие, Мичуриндік мықыр шие, Мичуриндік өсімтал шие — Самара дала шиесінің аналығын мичуриндік мықыр шиенің тозаңымен будандастырғаннан кейін алынған жаңа сорт. Мичуриндік өсімтал шие 1887 ж. бірінші рет жеміс бөрген. Мономах шие, Остгейм шиесі, Украинада, Белоруссияда, орталық қара топырақты алқапта өседі, июльде піседі. Пенсильван шиесі (Prunus pensilvanica) — Америкада өсетін шиенің бір түрі, бойы ұзын, шиесі ұсақ, өте түсімді. Құмшиесі (Prunus Besseyi), Подбельский шиесі, Полевка шие — мичуриндік жаңа шиенің бір сорты. Жыл сайын мол енім береді. Жемісі ірі. Ағашының бойы 2 м. Аязға төзімді. Тез өніп-өсіп, жедел кебейеді: бір түбі жыл сайын айналасында 10—50 тамыр атпаларын шығарады, бұларды көктемнің бас кезінде қазып алып басқа жерге отырғызса сол жылы жеміс береді. Сөйтіп алғашында отырғызылған 10 түптен 5 жылдың ішінде 500 түп толық бағалы шие өсіруге болады. Полевка шие телусіз-ақ (қара: Прививка) жеміс шығарады. Осы қасиет Идеалда да бар. Ерте піскіш шие — Краса Севера деген шиенің екінші генерациясынан алынған сорт. «Краса севера» шиесіне қарағанда бұл сорт 1,5 апта ерте піседі. Дала шиесі (вишня степная) — ұзындығы 50— 150 см болатын бұта. Тамыр атпалары көп болады. Жемісі ірілі-майдалы, түсі күлгіндеу де, күрең де және қара да болады. Дала шиесі көбінесе Оралда, Батыс Сібірде, Ресейдің қара топырақты және орта алқаптарында өседі. И. Мичурин Дала шиесін селекцияда пайдаланып, одан «Мичуриннің өсімтал», «Идеал», «Полжир», «Полевка» және баска жаңа сорттарын өсіріп шығарды. Уйма шие (вишня уйма) — И. Мичуриннің өсіріп шығарған аласа бойлы жаңа сортты шиесінің бірі. Уйма шиенің қолайлы жері: жемісі жинауға ыңғайлы келеді, солтүстікте де өседі. Украин шиесі — июль айында піседі. Шепалы шиесі (вишня шепалинская), Шпанка шиесі — Воронеж және Курск облыстарында өсірілетін шие. Июль айының бірінші жартысында піседі. Шубин шиесі (вишня шубинка) — Москва және Иванов облыстарында өсіріледі. Июльдің аяғы мен августың басында піседі. Юбилейлік шие — мол өнім беретін шие. Жапон шиесі — бұтақтары жіңішке, бойы 120 см-дей бұта. Жабайы күйінде Қиыр Шығыста, Мичуринскіде және Красноярскіде өседі. Жемісінің түсі алқызыл, дәмі қышқылдау, көлемі ұсақ. Мұраппа қайнатуға ғана жұмсалады. Американың құм шиесі (Prunus Besseyi W. немесе Western sand Ch.) — Американың аязға төзімді шиесінің бір сорты.. И. Мичурин Американың құм шиесін телуші ретінде де пайдаланған, сонымен бірге туысаралық будандастыру мақсатымен де оны Қытай алхорысымен шағылыстырып, олардың арасынан жаңа сорт алған. Қоғыр. Қоғыр (Aquilegia) — сарғалдақ тұқымдасына жататын көпжылдық шөп өсімдіктерінің бір туысы. Қоғырдың Еуропадағы, Азиядағы және Америкадағы, қоңырүйек жерлерде өсетін 50 шақты түрі бар. бұрынғы КСРО-да олардың 14 түрі өседі. Олардың ішіндегі көбірек кездесетін түрлері: алақоғыр (Aquilegia glandulosa) — түпкі шыққан жері Алтай, осы кезде көптеген жерлерде декорациялық өсімдік ретінде егіледі; ірі қызыл гүлі болады. Кавказ қоғыры (Aquilegia olympica), Калифорния қоғыры (Aquilegia chrysantha), Қарақоғыр (Aquilegia vulgaris), Сібір қоғыры (Aquilegia sibirica), Қызыл қоғыр. Шөпшай. Шөпшай (Helichrysum) — күрделігүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердін бір туысы. Шөпшайдың 300-дей түрі бар. олардан бұрынғы КСРО жерінде өсетіндері — 20 шақты, бұлар көбінесе Кавказда өседі. Қыша. Ақ қыша (Sinapis alba) — бұрынғы КСРО-ның Орта және Оңтүстік алқаптарының егінжайларында арамшөп ретінде өсетін бір жылдық өсімдік, июнь-июль айларында гүлдейді; көк күйінде малға азық жасау үшін және тұқымынан май, ұн алу үшін егіледі. Улы қыша (Sinapis arvensis немесе Brassica sinapistrum] — мұның сабағының ұзындығы 10-100 см, май айында гүлдеп, июньде тұқымы піседі; егінжайдың, бау-бақшаның арасында өсетін арамшөп. Бұрынғы КСРО-ның барлық жерінде өседі; улы қышаның тұқымы мен жапырағының құрамында қыша майы, синигрин дейтін глюкозид бар; мирозиназа дейтін фермент синигринді бөлшектеп глюкоза, калий бисульфаты және аллилдік қыша майы деген заттарға айырады, бұлардың ең соңғысы теріге тисе күйдіріп жіберетін улы зат. Улы қышаны гүлдеместен бұрын қой, сиыр және шошқа жейді, ал гүлдегеннен соң және онан кейін жеген мал уланады; улы қышаның тұқымында 30%-ке дейін майы болады, мұны тамаққа, сабын жасауға пайдаланады; Көгілдір қыша (Brassica juncea) — балауыз жұғынының салдарынан сабағы көгілдір болып өсетін шөптесін өсімдік, тұқымы қара көк, қуаңшылық пен аязға төзімді; вегетациялық дәуірі 75—140 күн. Көгілдір қыша көбінесе Төменгі Поволжьеде, ішінара Ставрополь өлкесінде, Орта Поволжьеде, Қазақстанда егіледі. Бұрынғы КСРО-да егілетін майлы өсімдіктердің ішінде жер көлемі жағынан бұл үшінші орын алады. Тұқымының құрамында 35-47% майы бар, мұны тамаққа және техникада қолданады, мұнымен қатар онда синигрин дейтін глюкозид және мирозиназа дейтін фермент бар. Көгілдір қышаның медицинада мәні үлкен. Ажгон. Ажгон (Carura ajowan) — шатыршалыктар тұқымдастарына жататын біржылдық шөптесін өсімдік. Дәнінен эфирлі май алу үшін бұл өсімдік басқа елдерде бұрыннан, ал Оңтүстік Қазақстанда 1934 жылдан бері өсіріліп келеді. Бұл ачигон немесе индия тмині деп те аталады. Аксирис. Аксирис (Axyris) — алабота тұқымдастарына жататын біржылдық шөп өсімдіктерінің бір туысы. Шерхан Мұртаза. Шерхан Мұртаза 1932 жылы бұрынғы Әулиеата уезі, қазіргі Жамбыл облысы, Жуалы ауданында дүниеге келген. Шерхан Мұртаза – жазушы, аудармашы, қоғам қайраткері Әкесі Мұртаза 1937 жылы сталиндік репрессияның құрбаны болып кетті. Шерхан 1941 жылы Талапты мектебінде бірінші кластың табалдырығын аттаған кезден бастап-ақ оқумен бірге еңбекке де араласты. Балалық шағы соғыстың қиямет, қиын-қыстау кезеңіне тұспа-тұс келді.Big text1950 жылы Жамбыл қаласында интернат үйінде жүріп, Жамбыл атындағы қазақ орта мектебін бітірген соң әуелі Мәскеу полиграфия институтыңда, үшінші курстан бастап Мәскеудің мемлекеттік Ломоносов атындағы университетінде оқып, журналистика факультетін 1955 жылы бітіріп шығады. Сол жылдардың өзінде-ақ ол башқұрт жазушысы Мұстай Кәрімнің бір повесін, Л. Лагиннің «Хоттабыч қарт» романын қазақшаға аударады. 1975-1994 жылдары республикалық «қазақ әдебиеті», «Социалистік Қазақстан» газеттерінің бас редакторы, теледидар және радио мемлекеттік комитеті торағасы. 1994-1995 жылдар Қазақстан Республикасы жоғары кеңесінің депутаты. Қазір Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіне депутат. Ш. Мұртаза Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, орден, медальдармен марапатталған, «Қазақстан халық жазушысы» атағы берілді. Аустралия (құрлық). Австралия — Австралия материгі, ауданы 7,6315 миллион шаршы км. Оңтүстік жарты шарда орналасқан, орталығын оңтүстік тропик кесіп өтеді. Солтүстік-батысы және оңтүстік бөлігі Үнді мұхитымен, шығысы және солтүстік аймағы Тынық мұхиттың Тасмания, Корал (Маржан), Тимор, Арафур теңіздерімен шектеседі. Австралияға бірнеше материктік аралдар кіреді, олардың ең ірісі — Тасмания. Австралияның солтүстік-шығыс жағалауында ұзындығы 2300 км үлкен тосқауыл риф орналасқан. Қар көшкіні. Қар көшкіні — тау беткейлерінен сырғып, төмен қарай өте жылдам құлайтын қар массалары. Қар көшкінінің құлау себебі беткейдің қарға аса толып кетуінен, беткейде жатқан қар алаңының температуралық қысылуынан және қар қайтадан кристалданғанда, қар кабатының ішінде қиыршық горизонттың пайда болуынан туады. Жекелеген қар көшкінінің көлемі 2 млн м3ге жетеді. Ұру күші 1.м2ге 60— 100 тонна. Қар көшкіні құлағанда пайда болатын әуе толқыны қауіпті. Ландшафттану. Ландшафттану — физикалық географияның географиялық ландшафттарды зерттейтін бір саласы. Бұл терминнің соңғы кезде региондық физикалық географияның синонимі ретінде колданылуы басым болып барады. Ландшафттанудың негізгі мақсаты — табиғи және мәдени ландшафтты сипаттау, олардың құралымын, өзара байланысын, даму заңдылығын зерттеу болып табылады. Лапиллдер. Лапиллдер — кратерден вулкан атқылаған кезде лақтырылып шығарылатын, бұрын қатып қалған вулкандық жыныстардың пішінсіз сынықтары. Диаметрінің үлкендігі бірнеше сантиметрге жетеді. Латерит. Латерит — негізінен темір мен алюминий тотықтарынан тұратын, түсі қызыл, сазды немесе тасты тау жыныстары, қызыл топырақтар. Ылғалды тропиктік, субтропиктік климаты бар аудандарда пайда болады. Поляр шұғыласы. Поляр шұғыласы — атмосфераның жоғарғы қабатының (50-ден 500-ге, тіпті 1000 км-ге дейін) жарқырауы. Ол анық шегі жоқ, бірқалыпты шашыранды түрде немесе доға, сәуле, ал кейде құрулы шымылдық тәріздес болып жарқырап көрінеді. Бұл катод түтігіндегі сирек ауаның жарқырауына ұқсайтын табиғат құбылысы. Электрондардың не Күннің өте күшті жарық шашқан уақытта көптеп шығатын катод сәулелерінің ағындары жер атмосферасына түседі де, атмосфераның жоғарғы қабатында полюстерге қарай ығысып, ауа бөлшектерімен қақтығысып, оларды жарқырауға әкеп соғады. Поляр шұғыласы көбінесе поляр аймағында болады, бірақ кейде оны төменгі ендіктерде, мысалы, Австралияда, тіпті кейбір тропиктік аралдарда да байқауға болады. Поляр шұғыласының географиялық таралуын изохазмамен (белгілеу сызығының көбірек қайталануымен) көрсетеді. Қайталанатын изохазма Азияның 75° с. е., Американың 70—60° с. е. жағаларымен, Гренландиядан оңтүстікке қарай 60° с. е. пен, Исландия аралы, Нордкап мүйісі арқылы өтеді. Бұл сызықтан екі полюске қарай поляр шұғыласы азаяды. Циклон жолдары. Циклон жолдары — циклондардың жылжу жолдары. Бұрынғы КСРО-да қыста циклондар көбінесе шығыс бағытта, ал жазда солтүстік-шығыс бағытта жылжиды. КСРО территориясында олардың жылжу жылдамдығы қыста орта есеппен сағатына 40 км, ал жазда — 30 км шамасындай. Құрылым (геология). Құрылым — 1) құрамындағы бөлшектердің ішкі сипатына (кристалдық дәрежесіне, формасына, көлеміне және минерал бөлшектерінің өз арақатынасына) сәйкес келетін минералдардың түрі мен құрылысы, мысалы, шыны тәріздес түйірлі құрылым; 2) геологиялық шөгінділердің жатыс жағдайларының жиынтығы — төрткүл, моноклинді, қатпарлы, жақпарлы және тағы басқалар. Құрылым тектоникалық процестің нәтижесінде қалыптасады. Сатылы рельеф. Сатылы рельеф — таулы аймақтарға тән рельеф формалары. Сатылы рельеф пайда болуьшың үш түрі бар: 1) әр түрлі жыныстарда эрозияның әр түрлі дөрежеде болуы нәтижесінде; 2) опырықтардың сатылы орналасуы нәтижесінде; 3) беті жазық алаптың күмбезді көтерілу жағдайында әр түрлі биіктікке жүйелі орналасуының нәтижесінде. Субтропиктер. Субтропиктер — тропик пен қоңыржай белдеулердің арасындағы белдеулер, яғни тропикке таяу зоналар. Олар тропиктен жылдың ыстық уақыттардың болуымен, ал қоңыржай зонадан қыстың жұмсақтығы және өсімдіктің жыл бойында өсіп-жетіле беруімен ерекшеленеді. Екі жарты шарда да олардың зона шекаралары 30—40° ендіктер аралығында орналасады; бірақ кей жерлерде (тау жоталарының қоршауында тұрған жерлерде) 46° ендікке дейін барады да, ал кей жерлерде суық желдер мен теңіз ағындарының әсерімен 35° ендікке дейін шегінеді. Екі жарты шардың да субтропигі батыстан шығысқа қарай соғатын ауа массаларының басым болатын алқабында жатыр. Сондықтан субтропик зоналарының батыс пен шығыс секторларында климат типтері едәуір айырма жасайды. Субтропиктің зоналық ерекшеліктері әр материктің батыс секторларында байқалады. Мұнда жыл бойында оқтын-оқтын екі климаттық, яғни тропик пен қоңыржай климаттық режим ауысып отырады. Субтропиктер поляр фронты циклондарының ылғалды әсеріне де ұшырайды. Сөйтіп жартылай құрғақ субтропиктер деп аталатын жерортатеңіздік климат пайда болады. Субтропиктердің шығыс секторларында жазда ылғалды да, қыста салқын және құрғақ муссондық циркуляция басым болады. Оларда нағыз муссондар да (Японияның оңтүстігінде, Кореяда, Оңгүстік-шығыс Қытайда және АҚШ-та) болып тұрады. Субтропиктерді «ылғалды» деп атау дұрыс емес болса да, (бұл тек қана жартылай құрғақ субтропиктер болса да) жылы мезгілдің ылғалдылығы муссондық субтропиктерде ландшафтың көрікті болуына әсер етеді. Ылғалды субтропиктерде (Колхида, Қытайдың қиыр шығысы, Япония теңізінің Япониялық жағалары, Африка мен Австралияның оңтүстік-шығысы) жауын-шашын жыл бойы болып тұрады. Мұнда бір мезгілдің өзінде зонаға жеткілікті жауын-шашын (қысқы жерортатеңіздік немесе жазғы маусымдық, муссондық) болып тұрады, ал екінші мезгілде — жауын-шашын басқа жергілікті себептермен байланысты. Материктер ішінде құрғақ субтропиктер аумақтары болады (жылдың жауын-шашын 200— 500 мм шамасында). Оларға Орта Азияның қиыр оңтүстігінің, Месопотамияның, Иранның таулы қыратының, Батыс Қытайдың (Такла-Макан), Солтүстік Американың оңтүстігінің субтропиктік шөлдері жатады. Бұрынғы КСРО-да субтропикке Кавказдың қара теңіз жағаларының ылғалды аймақтары мен Колхида ойпаты, қырымның Оңтүстік жағасының жартылай құрғақ жері, Геленджик жәие Нозороссийск, Ленкоран ойпатының аудандары, Шығыс Закавказье жазығының, Туркмениядаты және Тәжікстандағы Вахш пен Кафирниган өзендері аңғарларының құрғақ субтропиктері жатады. Жердің температуралық белдеулері. Жердің температуралық белдеулері — Жер бес температуралық белдеуге бөлінеді: ыстық, екі қоңыржай және екі суық. Белдеуаралық шекаралар изотермалар арқылы белгіленеді. Ыстық белдеудің солтүстік пен оңтүстік шекаралары жылы + 20°-тық изотерма арқылы белгіленеді, яғни ыстық белдеуге жыл бойында орта температура +20°-тан төмен түспейтін аймақтар жатады. Бұл изотерма пальманың таралу шегіне едәуір сәйкес келеді. Әрі қарай қоңыржай белдеулер басталады. Олардың полярлық шекаралары ең ыстық айдың +10°-тың орта изотермасы арқылы белгіленеді. Үйткені ыстық айдың +10°-тың орта температурасы ағашты өсімдіктердің таралған алаптарының солтүстік шегімен сөйкес келеді, бұдан кейін суық (полярлық) белдеулер орналасады. Жылы сулар. Жылы сулар (арасандар, немесе бұлақтар) — су температурасы сол жердің жылдық орта температурасынан жоғары болатын бұлақтар. Мұндай анықтама бойынша мәңгі тоңдар белдеуіндегі температурасы +1° бұлақтар да жылы сулар қатарына жатады. Бальнеологтардың анықтамасы бойынша жылы сулар деп жоғарыдағы анықтамаға сәйкес келетін, бірақ температурасы +20°-тан төмен болмайтын бұлақтарды атайды; температурасы +37°-қа дейінгі бұлақтарды жылы, ал одан жоғары температурадағы бұлақтарды ыстық бұлақтар деп атайды. Террасалар. Террасалар — кең мағынада таулардың, төбелердің, өзен аңғарларының беткейлеріне қиялай немесе жанаса біткен беті, сөл ғана горизонтальды болып келетін сатылы рельеф формасы. Террасалар үшке бөлінеді: 1) өзендік терраса — өзен қазіргі деңгейінен жоғары аққан уақытта пайда болған өзен аңғарының бұрынғы қалдың түбі (аллювиальды терраса). Эрозия базисі томендеген жағдайда өзен аңғар түбін бұрынғыдан да тереңдете жырып, деңгейі едэуір төмен жаңа аңғар түзеді, сүйтіп оның беткейінде сақталып қалған ескі аңғардың қалдықтары террасалар болып калады. Мұндай процестердің бірнеше рет қайталануы нәтижесінде аңғарлар беткейлерінде террасалардың бірнеше ярустары пайда болады; 2) көлдер мен теңіздердің жағаларында түзілген жағалық террасалар; 3) құрылымдық террасалар. Қиыршық тастар. Қиыршық тастар — 1) табиғи түрінде кездесетін көп қырлы ұсақталған тау жыныстарының жиынтығы; 2) арнайы ұсатылған тастар, екі түрде кездеседі: а) кәдімгі қиыршық тас — жол құрылысында, темір жолды балластауға және (ауыр) бетон жасағанда қолданылатын ірілігі 5тен 10 мм-ге дейінгі ұсатылған табиғи тастар мен металлургиялық қоқыс; б) жеңіл қиыршық тас — жеңіл бетон жасауға қолданылатын ұсатылған кеуек тау жыныстары мен отын қоқыстары. Cәрсембаев, Марат Алданғорұлы. thumb Сәрсембаев Марат Алданғорұлы. (1947 жылғы 15 желтоқсан айы, Қазақ ССР Талдықорған облысы, Екпінді ауылы) – Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі. Заң ғылымдарының докторы, профессор. Өмірбаян. 1947 жылғы 15 желтоқсанда Қазақ ССР (қазіргі - Қазақстан Республикасы) Талдықорған (қазіргі - Алматы) облысы Андреев ауданының (қазіргі – Алакөл) Екпінді ауылында дүниеге келген. 1965 жылы №1 Андреев орыс орта мектебін (қазіргі – Қабанбай ауылы) бітірді. 1969 жылы Алматы шет тілдер институтының ағылшын тілі факультетін (қазіргі – Абылай атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін) үздік бітірді. Сондай-ақ 1973 жылы С.М. Киров атындағы Казақ мемлекеттік университетінің заң факультетін үздік аяқтады. «Қазақстан мен Орта Азия тарихындағы халықаралық құқық мәселелері (XY ғасырдан осы уақытқа дейін)» тақырыбындағы докторлық диссертациясын 1994 жылы Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) Ресей Ғылыми академиясы Мемлекет және құқық институтының халықаралық құқық секторында 12.00.10 – халықаралық құқық мамандығы бойынша сәтті қорғады. «Одақтас республикалар егемендігі мен халықаралық құқық субьекттілігі (буржуазиялық тұжырымдама сынына мысал ретінде Қазақ ССР-ін алу») тақырыбында 1978 жылы 12.00.10 – халықаралық құқық мамандығы бойынша ССРО (Совет Социалистік Республикалар Одағы) СІМ-нің (Сыртқы істер министрлігінің) Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында кандидаттық диссертациясын қорғады. Қазақстан тарихында Сәрсембаев М.А. бірінші және әзірге жалғыз заң ғылымдарының докторы және халықаралық құқық саласындағы профессор болып табылады. Оның тікелей ғылыми басшылығымен 20-дан аса адам халықаралық құқық бойынша заң ғылымдарының кандидаты және 10-нан аса адам магистр болды. Ғылыми еңбектері. М.А. Сәрсембаевтың қазақ, орыс, ағылшын, дари, корей, неміс, поляк, румын, түрік, француз, жапон тілдерінде қазақстандық, шетелдік және халықаралық құқық, сыртқы және ішкі саясат мәселелері туралы Қазақстанда, Ресей Федерациясында, Австрия, Ауғанстан, Ұлыбритания, Германия, Қырғызстан, Израиль, Польша, Румыния, АҚШ, Түркия мен Жапонияда жарияланған 440 –тан астам ғылыми еңбектері бар. Бейбітшілік пен достыққа жәрдемдесу. Алматы: Қазақстан, 1984. – 68 бет; Ауғанстан және халықаралық құқық (дари тілінде). – Кабул: Кабул университеті, 1987. - 218 бет; Орталық Азия және Қазақстан тарихындағы халықаралық құқық. –Алматы: Ана-тілі, 1991. - 152 бет; Орталық Азия мемлекеттерінің халықаралық-құқықтық қатынастары. – Алматы: Ғылым, 1995.- 368 бет; Халықаралық жеке құқық (жауапты редактор және бірлескен автор). – Алматы: Ғылым, 1996. - 282 бет; 1999 жылы түрік тілінде Анкарада жарияланды; Кеден құқығы. –Алматы: Ғылым, 1997. - 228 бет; Сыртқы-экономикалық қызмет болашағы: құқық және халықаралық тәжірибе. – Алматы: Ғылым, 1998. - 310 бет; Дипломатиялық және консулдық құқық. – Алматы: Дәнекер, 1999 -298 бет; Ресей (ССРО) мен Қазақстанның Ауғанстанмен қатынастары. –Алматы: Дәнекер, 2002. - 212 бет; Халықаралық ғарыштық құқық және Қазақстан Республикасы. Алматы: Л. Гумилев атындағы ЕҰУ, Дәнекер, 2003. - 182 бет; Халықаралық құқық. – Алматы: Жеті жарғы, 1996. - 448 бет (орыс тілінде), 1999 жылы Анкарада (Түркия) түркі тілінде; 2009 жылы К.Сәрсембаевпен бірлескен авторлықта орыс тілінде жарияланды. Қоғамдық-тәжірибелік қызмет. Сәрсембаев М. А. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті жанындағы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультеті жанындағы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым Академиясының экономика институты жанындағы, Д.А. Қонаев атындағы университет пен «Дәнекер» халықаралық құқық институты жанындағы, кейіннен Қарағанды мемлекеттік университетінде, Өзбекстан Республикасы Әділет министрлігінің Тәшкент Мемлекеттік заң институты жанындағы, Халықтар достығы университетінің заң факультеті жанындағы (Ресей Федерациясы), М.В. Ломоносов атындағы ММУ заң факультеті жанындағы, Париж университетінің -12 (Сорбонна университетінің құрама бөлігі, Франция) заң факультеті жанындағы кандидаттық және докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестердің 138 отырысына қазақстандық заңтанудың түрлі ғылыми салаларына, халықаралық құқыққа, әлемдік экономикаға, халықаралық қатынастарға байланысты диссертациялық кеңестер мүшесі, ғылыми жетекші, сарапшылық комиссиялар мүшесі, ресми оппонент, бейресми оппонент ретінде қатысты. Елдің сыртқы саясаты мен ішкі проблемалары туралы 90-нан аса заң жобаларын, кодекс жобаларын, соның ішінде Кеден, Салық, Еңбек кодекстерін Парламент, Ортсайлауком, Конституциялық кеңес және Қазақстан Республикасының бірқатар министрліктері мен ведомстволары желісінде және де Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарын тұжырымдауға, редакциялауға, бастама жасауға, сараптауға қатысты. Қазақстанның шет мемлекеттермен екіжақты келісімдері ЕурАзЭС шеңберіндегі өңірлік келісімдер ауқымында, Женевада (Швейцария) халықаралық гуманитарлық құқық жөніндегі көп жақты конвенциялардың нормаларын бірнеше мәрте жетілдіру бойынша 50-ге жуық халықаралық шарт мәтіндерін құрастыруға, талқылауға, пікір таластыруға қатысты. Шамамен 55 халықаралық, мемлекетаралық келіссөзге, 60-қа жуық халықаралық кездесуге, іс-шараларға қатысты. Кәсіби мақсаттарда, әсіресе халықаралық құқық теориясы мен тәжірибесі шеңберінде, сондай-ақ қазақстандық және халықаралық сайлау құқығы мен процесіне байланысты 19 шет мемлекетте, ал республиканың кейбіреуінде бірнеше реттен болды. 1996 жылдан 2001 жылға дейін Білім беру мекемелері қауымдастығының Президенті ретінде Қазақстандағы жеке жоғары білім беру, сонымен қатар заң мен халықаралық құқықты дамытуға және қалыптастыруға елеулі үлес қосты. Республикалық және халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен симпозиумдарда баяндама жасады: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде (ЕҰУ), әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде (ҚазҰУ), Кабул университетінде, Хофстра (Нью-Йоркке таяу) университетінде, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде (ММУ), Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында (ММХҚИ), «Дәнекер» халықаралық құқық институтында, Қазақ гуманитарлық заң университетінде (КазГЗУ), Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), Еуропа қауіпсіздіқ пен ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) желісінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының және басқа да халықаралық ұйымдардың 132 конференция жұмысына, соның ішінде 75 отандық ғылыми, ғылыми-тәжірибелік, 57 шетелдік және халықаралық ғылыми конференцияларға, симпозиумдарға қатысты. 1977 жылы ММХҚИ-да, 1980 жылы Ренн қаласындағы (Франция) университетте, 1994 жылы Виланов (АҚШ) университетінде, 1997 жылы Индиана (АҚШ) университетінде, 1985-1987 жылдар аралығында Кабул университетінде (Ауғанстан) – барлығы 16 университетте, оның ішінде 10 отандық, 6 шетелдік университетте дәріс оқыды. Бірқатар халықаралық ғылыми сыйлықтардың лауреаты және бірқатар халықаралық ғылыми конкурстардың жеңімпазы, оның ішінде У. Фулбрайт атындағы АҚШ-тың беделді үкіметтік бағдарламасы ғылыми конкурсының жеңімпазы болып табылады, осыған байланысты 1997 жылы қазақстандық, американдық және халықаралық құқықтағы меншік ғылыми проблемасын дайындау мақсатында 10 ай бойы АҚШ-та болды. «Сорос- Қазақстан» қорының халықаралық сыйлық иегері: сыйлық жоғары оқу орындарына арналған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жәрдемдесуімен 1995 жылы өткізілген республикалық конкурсқа жіберілген 120 оқулық мәтіндері арасынан ең үздік деп танылған «Халықаралық құқық» оқулығы үшін берілді. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Құқықтық саясат Кеңесінің мүшесі, Ресей халықаралық құқық қауымдастығы Атқару комитетінің мүшесі болып табылады. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік біледі. Сәрсембаевтың саналы өмірінің елеулі бөлігі ғылыми-педагогикалық қайраткерлікке арналған: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 1973-2000 жылдар аралығында заң факультетінің деканы, халықаралық құқық кафедра меңгерушісі, «Дәнекер» халықаралық құқық және халықаралық бизнес институтының ректоры болып жұмыс істеді. Л.Н Гумилев атындағы ЕҰУ Заң институтының директоры болды, осы университеттің профессоры бола тұра, «Халықаралық жеке құқық мәселелері», «Еуропалық құқық», «Инвестициялық құқық» бойынша курстар оқыды, сонымен қатар халықаралық құқық мамандығы студенттеріне ағылшын тілінде халықаралық жария құқықтың толық курсын оқыды. Қазақ гуманитарлық заң университетінің профессоры бола тұра, халықаралық құқық пен халықаралық көші-қонның құқықтық мәселелері курсын оқыды. Астана қаласында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы халықаралық қатынастар бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді, қазіргі уақытта - саяси мемлекеттік қызметші мәртебесінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі. Сайлау процесі мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының мүдделерін қорғай отыра, қазақстандық делегация құрамында бірнеше мәрте өзінің әріптестерімен бірлесіп, Варшавада, сондай-ақ Астанада ЕҚЫҰ өкілдерімен пікірталасқа қатысты. Қазақстан Республикасының бүкіл мемлекеттік аппаратының, соның ішінде Ортсайлаукомның бірлескен күш-жігері қазір бұл ұйымның Қазақстанды ЕҚЫҰ-ның барлық қауымдастығына демократиялық қайта құру нақты түрде жүріп жатқан және қазір ЕҚЫҰ-ға Төраға болған ел ретінде тануына әкелді. М.А.Сәрсембаев «Ресейлік халықаралық құқық журналының», «Қазақстандық халықаралық құқық журналының», «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті хабаршысының», «Д.А. Қонаев атындағы университет хабаршысының» редалқа мүшесі болды және болып табылады. М.А.Сәрсембаевтың Талғат және Қайрат атты екі інісі, Жамал және Қамал атты екі қарындасы бар. Ол және оның зайыбы Ұмсынкүлдің Қанат, Тимур және Данияр атты 3 ержеткен ұлдары бар. Марапаттары, құрметті атақтары. Өзінің еңбек жолында 60-тан аса сан алуан сыйлыққа ие болды. - Хьюстон қаласының (АҚШ) құрметті азаматы - Эль-Пасо қаласының (АҚШ) құрметті азаматы - «Ерен еңбегі үшін» («За доблестный труд») медалі - «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалі - «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалі - «Астананың 10 жылдығы» мерекелік медалі Бояулы исат. thumb Бояулы исат (Isatis tinctorіа) — крестгүлділер тұқымдасының вайда туысына жататын өсімдік. Мұның садақ тәрізденген жапырағынан индиго дейтін бояу шығады; онымен шұға боялады. Ұларлар. Ұларлар (Tetraogallus) — қырғауылдықтар тұқымдасына жататын құстардың бір туысы. Ұлардың денесінің жалпы құрылысы кекілікке ұксайды, бірақ одан ірі, дене тұрқы 60 см. Ұлар көбінесе Кавказдың, Қазақстанның тауларында болады. Мұның бірнеше түрлері бар, еті дәмді, ел сол үшін аулайды. Салмағы 3 кг-дай, түсі тас өңдес, тауыққа ұқсаса, жергілікті құс. Биік тау шыңдарын мекендейді. Көбіне 5-10-нан топтасып жүреді де тек көктемде ғана жұптасады. Олар өте сақ келеді. Тау бөктерінде жайылып жатқанда, біреуі биік құзға шығып, жан-жағын бағдарлап тұрады екен. Егер қауіпті сезсе айрықша үн шығарып, хабар беретін көрінеді. Қыстың аязды күндерінде тас қуыстарынан пана тауып, топтасып бірін-бірі жылытады. Қар қалың жауған жылдары, көбіне таутекенің соңынан еріп отырады. Себебі таутекелер тебіндеп жайылып, қырат беткейлеріндегі қарды тазартып, қанаттылардың азығын тез табуына көмектеседі екен. Беті қышық. thumb Беті қышық (Viburnum lantana) — үшқаттықтар тұқымдасына жататын бұтаның бір туысы. Беті қышықтың жапырағының астыңғы бетінде ақшыл түгі бар, жемісі піскен кезде ақшыл түгі қарайып кетеді. Жабайы күйінде бұрынғы КСРО-ның бірнеше аудандарында өседі. Бұршақ. Бұршақ (Pisum) — бұршақтар тұқымдасына жататын біржылдық және көпжылдық шөптесін өсімдіктердің бір туысы. Жапырағының ұшындағы тармақталған мұртшалары арқылы бірнәрсеге жармасып өседі. Гүлі ірі, тұқымы шар тәрізді. Бұршақтың орташа түсімі гектарынан 10-12 центнер, озат колхозшылар мен тәжрибе егістіктері 35—40 центнерден өнім алады. Бұршақтың бұрынғы КСРО-да 6 түрі өседі. Олар: биік бұршақ — біржылдық өсімдік; бұтақтанған қатаң сабағының ұзындығы 100—150 см-ге барады; мұның кейбір формалары екпе бұршақтың ататегі болып табылады. Биік бұршақтың жемшөптік мәні зор өсімдік; әсем бұршақ (Р. formosum) — көпжылдық өсімдік; сабағының ұзындығы 5—15 см, биік тауларда жабайы түрінде бұтақтанып өседі. Мал жақсы жейді; сиыр жоңышқа; май бұршақ (Р. arvense) — жабайы түрінде өсетін біржылдық өсімдік; мұның тағамдыққа онша мәні жоқ, сондықтан оны жемшөп және кейде жасыл тыңайтқыш үшін егеді; май бұршақ мол өнім беретін өсімдік: гүлденген кезінде гектарынан 150—200 центнер көк шөп, 33—40 центнер пішен береді, 1 га-дан 8—10 центнер тұқым түседі; екпе бұршақ (Р. sativum) — біржылдық өсімдік; бұл көбінесе астық үшін өсірілетін өте құнды өсімдік; жатаған бұршақ (Р. humile) — біржылдық өсімдік; әлсіз жіңішке келген сабағының ұзындығы 20—35 (50) см. Суармалы жерлерде арамшөп түрінде өседі, мал жемейді. Бұршақтәрізді сиыр жоңышқа. Бұршақтәрізді сиыр жоңышқа (Vica pisiformis) — сабағының ұзындығы 2 м-дей көпжылдық өсімдік. Дәнді дақылдардың арасында арамшөп түрінде өседі. Сабағы мен жапырағының түрпілігіне бола мұны мал онша жемейді. Сиыржоңышқа. Сиыр жоңышқа (Vicia) — бұршақтылар тұқымдасына жататын шөптесін өсімдіктердің бір туысы. Сиыр жоңышқа көбінесе көпжылдық, біржылдық, ал кейде екіжылдық та болып өседі. Сиыр жоңышқаның түрі 120, солардың ішінен біздегі өсетіндер 85 түр, бұлардың көпшілігі Кавказда, аздап бұрынғы КСРО-ның еуропалық бөлімінде, орта Азияда, Сібірде және Қиыр Шығыста өседі. Бұрынғы КСРО жеріндегі өсетіндерінің ішінде жемшөптік мәні бар 53 түрі зерттелген. Түрлері. Альпі сиыржоңышқасы (V. alpestris) — көпжылдық өсімдік, сабағының ұзындығы 25—40 см, июнь-июль айларында гүлдейді, бұл көбінесе биік таулардың 2500—3000 м альпі аймағында өседі, мұны малдың қай түлігі болса да жақсы жейді, бірақ шауып аларлықтай болып жиі шықпағандықтан аса жемшөптік мәні жоқ; Амур сиыржоңышқасы (V. amurensis, V. ussurensis) — сабағының ұзындығы 50—75 см келетін көпжылдық өсімдік, жемшөптік құндылығы беде мен жоңышқадан төмен, дегенмен мал жақсы жейді, егілгеннен соңғы үшінші жылында жақсы есіп, гектарынан 70 центнер шөп енімін береді; Бұта бұршақ (V. dumetorum (=V. variegata, V. dentata) — ұзындығы 2—2,5 м әлсіз сабағымен бір нәрсеге жармасып есетін көпжылдық өсімдік, июнь мен июльде гүлдейді, қалың болып шықпағандыктан мұның жемшөптік мәні онша емес; Біржұбай бұршақ (V. unijuga] — сабағының ұзындығы 35—80 см көпжылдық өсімдік; жемшөптік құны орташа, құрамында 20% протеин бар; Гиркан бұршақ (V. hyrcanica) — мұны жайылымдағы малдың барлығы да өте жақсы жейді, химиялық құрамы (гүлденерде): су — 6,9%, клетчатка—18,1%, шикі протеин — 18,4%, белок — 14,7%, май — 3,8%, азотсыз экстрактік зат — 44,3%, күл — 8,4%; Дуал бұршақ (V. sepium) — тамыр сабағы көлбеп өсетін көпжылдық өсімдік, сабағының биіктігі 60 см-ге дейін барады, жер бетіндегі бөлімінің құрамында 220 мг% ке дейін витамин С бар, сиыр мұның пішенін және жайылымдағы көк шебін көктемде жақсы жейді, ал күзде жемей кояды, қолдан егілгенін бір жазда үш шауып алуға болады; Монша бұршақ (V. tenuifolia) — сабағының ұзындығы 50—100 (100—180) см-дей бұтақты өсімдік, мұны малдың қайсысы болса да сүйсініп жейді; Ойнама (V. атоеna (= V. altaica, Ervum amoenum) — 50—100 см-лік ұзын сабағымен бір затқа жармаса өрмелеп өсетін көпжылдық шөптесін өсімдік; жапырақтары күздің аяғына дейін көгеріп тұрады, онда 53,2 мг% витамин С бар; құнарлылығы жоңышқадан кемірек, дегенмен жемшөптік манызы зор өсімдік; Орман бұршақ (V. silvatica) — сабағының ұзындығы 50—150 см-дей көпжылдык өсімдік, көбінесе аралас ормандардың арасында бір нәрсеге жармасып өседі, жапырағы мол, июнь-июльде гүлдейді, малдың қай түлігі болса да жақсы жейді; Өзгергіш бұршақ (V. variabilis) — көбінесе Кавказдың жерінде есетін көпжылдық өсімдік, құрамында 172—336 мг% витамин С бар. Құнарлылығы бедемен бірдей; бөгде бұршақ (V. реregrina) — өте жіңішке, бұтақтанған қырлы сабағының ұзындығы 20—80 см біржылдық өсімдік, дәндік дақылдардың арасында арамшөп ретінде өседі, мал сүйсініп жейді; Паннон бұршақ (V. pannonica)— сабағының ұзындығы 40—60 см болып бұтақтанып тік өсетін біржылдық күздік өсімдік; мұны мал жақсы жейді; Рим бұршағы (V. narbonensis) — сабағының ұзындығы 20—60 см біржылдық немесе екіжылдық өсімдік, мұның жапырағы қалың, жалпақ және шырынды келеді, малдың қай түлігі болса да сүйсініп жейді; Сыңаргүл бұршақ (V. monanthos) — жіңішке, қырлы, ұзындығы 80—160 (200) см келетін бұтақты сабағы бар біржылдық өсімдік, май мен июньде гүлдейді; бұл бұрынғы КСРО жерінде жабайы өспейді, мал жақсы жейді; Тарлан бұршақ (V. angustifolia) — бұтақтанып өсетін сабағының ұзындығы 15—60 (80) см-дей біржылдық өсімдік, жер бетінде өсетін бөлімдерінің құрамында 150 мг% витамин С бар; көбінесе тұқымының құрамында вицианин дейтін глюкозид болады, мұны жеген мал уланады; Таспа бұршақ (таспан жапырақ, ташпан жапырақ V. tetrasperma (= Ervum tetraspermum) — сабағы жіңішке, ұзындығы 25—50 см, бұтақшалы біржылдық өсімдік. Бұл көбінесе егінжайдың арасында арамшөп түрінде өседі. Мұның гүлдері өздігінен және насекомдар арқылы айқас тозаңдануға икемделген. Көктемде және жазда малдың қай түлігі болса да жайылымда жақсы жеп, ал күзде тек түйе ғана жейді. Пішенін мал қай кезде болса да сүйсініп жейді. Түкті бұршақ (V. subvillosa) — мұны малдың қай түрі болса да, әсіресе кой мен сиыр жақсы жейді; Тышқан бұршақ (V. cracca) — мұны жазда, көктемде малдың қай түлігі болса да жақсы жейді, ал буыны қатайғанда ірі қаралар ғана жейді. Тышқан бұршақ гүлденер дәуірінде химиялық құрамында: су — 10,0%, клетчатка — 29.6 - 34,3%, шикі протеин — 13,1-15,8%, белок — 14,7%, май — 1,3-4,5%, азотсыз экстрактік зат — 32,9—34,5%, күл — 6,8—7,2% болады, жасыл кезінде витамин С болады, мұның жемшөптік мәні өте зор; Шұбар бұршақ (V. variegata) — сабағының ұзындығы 30—60 см-дей көпжылдық өсімдік, мал сүйсініп жейді; Шұбаргүл бұршақ (V. picta) — сабағының ұзындығы 75—150 см екіжылдық өсімдік, аязға, құрғақшылыққа төзімді, сортаңға шыдамды, қандай жер болса да өсе береді; жемшөптік мәні бар өсімдік; Ем кекіре. Тынықмұхит кекіресі (Р. pacificum) — шөптесін өсімдік; бұл көбінесе Қиыр Шығыста өседі; Кермек кекіре (Picris) — бұл көбінесе екіжылдық немесе көпжылдық болып өсетін шөптесін өсімдіктердің бір туысы. Мұның бұрынғы КСРО-да 10 шақты түрі бар, кейбіреулері — арамшөп. Қосмекенді кекіре (Р. amphibium) — бұрынғы КСРО-ның көпшілік жеріндегі жылып ағатын және ағынсыз суларында өседі, бұл өсімдіктің тамыр сабағында — 20%, сабағы мен жапырағында — 5—10% тері илейтін заты болады, Орта Азиядағы және Қазақстандағы ел мұның тамыр сабағын қайнатып оны тамыр дәрінің орнына ішеді, жемісі асыранды құстарға жем болуға жарайды; Қызыл кекіре (Р. corpeum) бұл көбінесе Кавказда өседі; қолдануы — ем кекіренікі тәрізді болады; Раушан кекіре (Acroptilon picris) — көпжылдық шөптесін өсімдік; мұның бұтақталған; кіндік тамырының ұзындығы 5—6 м-ге жетеді; бұрынғы КСРО-ның Еуропалық бөлігінің оңтүстігінде, Батыс Сібірде және Орта Азияда өседі; шөлге, тұзға төзімді келеді, қаулап өсетін өте қауіпті арамшөп; түйе, кой, жылқы жесе улайды; Шаян мойнақ (Р. bistorta) — мұның сырты қара, іші қызғылт, жыланша иірілген тамыр сабағы болады; бұрынғы КСРО-ның барлық жеріндегі шабындықтарда, төбелерде, беткейлерде, орман арасындағы ашық жерлерде өседі, Кавказда, Қиыр Шығыста ғана өспейді; шаян мойнақтың тамыр сабағын жаншып немесе қайнатып іш өткенде ішеді, тіс ауырса ауыз шайқайды; Сүтті саңырауқұлақ. Сүтті саңырауқұлақ (Lactarius rufus) — тақтақұлақтар тұқымдасына жататын қалпақты саңыраукұлақ. Қалпағы қызыл күрең, воронка тәрізді, ашқылтым, ақ сүті болады. Жеуге жарамайды. Қарағайлы орманның ішінде жаздың басында өсіп шығады. Алмұрт. Алмұрт (Pyrus) — алмалар тұқымдасына жататын жемісті өсімдіктердін бір туысы. Мұның 18 түрі бар. Алмұрт көбінесе үлкен ағаш, кейде ұзын бұта болып өседі. Атың 5 000-нан астам сорты бар, олардың бұрынғы КСРО-да 130 сорты өседі. Бұлардың ішіндегі 15 сортын өсіріп шығарған И. Мичурин, олардың негізгілері: қыстық бере (груша бере зимняя) — И. Мичуриннің жабайы уссурий алмұртын бірінші рет гүлденген жылы Бере Рояль алмұртының тозаңымен будандастырғаннан кейінгі алған жаңа сорты. Қысқа өте төзімді. 20 жылдан астам өмірінің ішінде бұған аяздың тигізген әсері байқалған емес. Мұның ағашы насекомдарға да, паразит саңырауқұлақтарға да бой бермейтін төзімді келеді. Жемісінің өздігінен зақымданған жері тез жазылып кетеді. Жемісін сентябрьдің аяғында жинайды, ол жатқан жерінде (қыста) піседі де (аты осыған сәйкес қойылған), апрельге дейін сақтауға келеді. Орта Азия алмұрты (Р. asiae mediae) — кронасы аумақты келген үлкен ағаш. Жемісі тәтті, ерте піседі және ірі болады; жемісін адам, құрғақ жапырағын мал жейді. Орта Азия алмұрты түсімді келеді, құрт онша түспейді, ауруға, кеселге төзімді. Гинандроморфизм. Гинандроморфизм — жәндік денесінің әр жерінде теңбілденген аталық және аналық жыныс белгілері бар бөлімдердің болуы. Мұны гермафродитизмнің бір түрі деп атауға болады. Гинандроморфизм төменгі сатыдағы шаянтәрізділерде (су бүргесінде, дафнияда), насекомдарда (бал арасында, құмырсқада, көбелекте және тағы басқаларда) болады. Киікоты. Киікоты (Нуpecoum) — апиындар (қара: Маковые) тұқымдасына жататын өсімдіктердің бір туысы. Киікотының бұрынғы КСРО-да 8 түрі кездеседі. Бұлар— көбінесе шөлейтте өсетін майда өсімдік. Киікотының негізгі түрлері: салалы киікоты (H. pendulum) — біржылдық өсімдік; сабағының ұзындығы— 10—15 см, жапырақтары тырбық өседі; салалы киікотының құрамында наркоздық зат болады, сондықтан да мұны мал жемейді; шашыратқы киікоты (Н. parviflorum) — мұның сабағының ұзыныдығы 10—20 см, жапырақтары тырбық болады. Шашыратқы киікоты Алтай мен Орта Азияның сарытопыракты және тастақ беткейлерінде, сарытопырақ қайыршақты шөлейт далаларында өседі, малдың барлык түлігі жейді. Гиссар қойы. Гиссар қойы — жүні қылшық, еті майлы келетін құйрықты қойдың бір тұқымы. Еркек қойының тірілей салмағы— 130—140 кг, саулығынікі—80—100 кг. Сойғаннан соң 58—60 кг ет, ал бордақылаған еркек қойы 35—40 кг май береді. Гиссар қойы көбінесе Тәжікстанда, Өзбекстанда, аздап Қырғызстан мен Қазақстанның кейбір аудандарында өсіріледі. Гладиолус. thumb Гладиолус (Gladiolus) — жыңғылдықтар тұқымдасына жататын көпжылдық өсімдіктердің бір туысы. Гладиолус гүлі әдемі декорациялық өсімдік. Көп тараған жері: Оңтүстік және Солтүстік Африка, Еуропа мен Шығыс Азия. Гладиолустың 200 шақты түрі бар, олардың 9 түрі бұрынғы КСРО-ның көбінесе жайылым жерлерінде жабайы күйінде өседі. Гладиолус июльден сентябрьге дейін гүлдейді, құрамында витамин мол болады. Құрлар. Құрлар — бұлдырықтар тұқымдасына, тауықтар отрядына жататын құстардың бір түрі. Бұған кәдімгі құр, тас құры жатады. Құрлар ауланатын құстардың ішіндегі өте құндыларының бірі болып есептеледі. Тағы қараңыз. Құрлар тамаша ұшады Ал жемі құрт кқұмырсқалар Тауқалақай. Тауқалақай (Lamiura album) — ерінгулділер тұқымдасына жататын көпжылдық шөп өсімдігі. Тауқалақайдың зәрлі бездері болмайды. Сабағы онша бұтақтанбайды, гүлі — ақ түсті, апрельден бастап күздің аяғына дейін гүлдеп тұрады. Тауқалақай тоғайлы, таулы жерлерде өседі. Мұның күлтелерін ел арасында емге жұмсайды. Тауқалақайдың құрамында тері илейтін зат, қант, ламиин алкалоиды, эфир майлары, сапониндер бар. Тауқалақайды қазақша кейде бойқалақай, кейде аққалақай деп те атайды. Ұялы шөп. Ұялы шөп (Neottia) — орхидтықтар тұқымдасына жататын көпжылдық өсімдіктердің бір туысы. Ұялы шөп сапрофиттық жолмен күн көреді. Мұның жерге төселіп жатқан тамыр сабағының бетіне етженді тамырлары ұйысып, құстың ұясы тәрізденіп өседі, сондықтан мұның аты соған қарай қойылған. Ұялы шөптің 9 түрі бар, бұрынғы КСРО-да солардың 4 түрі өседі, олар көбінесе Еуропа мен Азия жерінде өседі. Сұр жылқышы. Сұр жылқышы (Cylvia cinerea) — торғайтәрізділердің ішіндегі нағыз сайрағыштарға жататын ұсақ құстардың бір түрі. Денесінің ұзындығы 15 см. Көкжелек. Көкжелек (Vaccinium uliginosum) — верескіліктер тұқымдасына жататын аласа (30— 100 см) өсетін бұталардың бірі. Көкжелек көбінесе солтүстікте (Арктикада) өседі, мұның жеуге жарайтын жидегінде 5,59 процент қант, 1,65 процент қышқыл, А және С витаминдері бар. Көкжелек жидегінің пішіні алмұрт тәрізді, түсі көк. Көкжелек көбінесе бұрынғы КСРО-ның шымтезекті саздарында өседі. Ел арасында Қөкжелекті «маскүнем» деп атап кеткен, әрине, ол дұрыс емес, өйткені мұның құрамында адамды, жан-жануарларды мас етерліктей химиялық зат жоқ. Бұлай аталу себебі: көкжелек әрқашан қазанақ деген бұтамен бірге өседі, қазанақ гүлдеген кезінде езінің денесінен адамның басын мең-зең ететін химиялық зат бөліп шығарады. Осы зат көкжелек жидегінің қабығына сіңеді. Таран. Таран, немесе айланшөп (Роlуgonum) — қарамықтар тұқымдасының бір туысы. Таран көбінесе біржылдық шөптесін өсімдік болып та, кейде шала бұта түрінде де кездеседі. Таранның 200-ге тарта түрі бар, мұның 130-дай түрі бұрынғы КСРО-да өседі. Мұның көбірек кездесетін түрлері: таутаран (Р. аlpinum, или Р. coriarium) — мұнымен теріні илеуге және бояуға болады; бояулы айланшөп (Р. tinctorium) — көк түсті бояу беретін шөптесін өсімдік; бұталы айланшөп (Р. dumetorum) — көбінесе жидекті бұталардың арасында, судың жағалауында және құмда өседі; зығырлық айланшөп (Р. linicola) — мұның тұқымын зығырдың тұқымынан ажыратуға болмайды, сондықтан бұл зығырдың арасында ғана арамшөп болып өседі; үшкірұшты айланшөп (Р. cuspidatum) — гектарынан 200 тоннаға дейін көк шөп беретін өскелең өсімдік. Малға азық болады. Тарбақ айланшөп (Р. divaricatum) — сыпыртқы тәрізденген ірі гұлшоғы бар, бал иісті шөптесін өсімдік; сахалин айланшөбі (Р. sachalinense) — жапырағы өте әдемі декорациялық өсімдік. Сасыр. Сасыр (Peucedanum) — шатырша гүлдестер тұқымдасына жататын шөптесін өсімдіктердің бір туысы. Мұның бірнеше түрі бар, олар: сасық қурай (P. ruthenicum) — шөптесін өсімдік, мұнын тамырында эфир майы болады, дәрілік мәні бар; сасықшөп, сасыршөп (Р. tenuisectum) — шөптесін өсімдік құрамында иісті эфир майы бар; Эльзас сасыры (Р. elsaticum) — иісті эфир майы бар өсімдік, мұны жылқыдан басқа мал аздап жейді. Шатқалшөп. Шатқалшөп (Orostachis) — жасаңдықтар тұқымдасына жататын шөптесін өсімдіктердің бір туысы; мұның бұрынғы КСРО-да өсетін 5 түрі бар. Бұлардың ішіндегі жемшөптік тұрғысынан алып қарағанда азды-көпті зерттелгендері: тікенді шатқалшөп (О. spinosa) — екіжылдық өсімдік; бұл бірінші жылы тырбық жапырақтарын, ал екінші жылы 10— 30 см келетін бұтақсыз жалғыз сабағын шығарады; өсетін жерлері: Оралдың оңтүстігі, Батыс пен Шығыс Сібір, Орта Азия; бұл көбінесе шатқал тастардың арасында, тастақ беткейлерде өседі; сиыр жемейді; қой, ешкі, марал жейді, құрамында 57 мг% С витамины бар; қалқанды шатқалшөп (О. thyrsiflora) — екіжылдық өсімдік, бұл Батыс Сібірде, Заволжьеде аздап, ал көбінесе Орта Азияда өседі, етженді жапырағын қой жақсы жейді. Шамшат. Шамшат (Fagus) — қосжарнақты ағаш өсімдіктерінің бірі. Шамшаттың 10-нан астам түрі бар, олардың бұрынғы КСРО-да өсетіндері 3. Ұзындығы 50 метрге, диаметрі 2—2,5 метрге баратын қатты ағаш. Ешкіемерлер. Ешкіемерлер (Varanidae) — кесірткелердің бір тұқымдасы. Ірі келеді, кейбіреулерінің ұзындығы 3 метрге жетеді. Тілі де өте ұзын, жыландікі тәрізді айыр келеді. 32 түрі бар, олар көбінесе тропикалық, субтропикалық және аздап Шығыстың қоңыржай бөліктерінде де болады. Ешкіемерлер насекомдармен ғана емес, сонымен қатар кесірткелермен, жыландармен, тышқандармен, құстардың балапандарымен де қоректенеді. Негізгі түрлері: Ніл ешкіемері, — ала ешкіемерге ұқсас, ұзындығы 170 см. Африканың өзен суларында кездеседі. Ала ешкіемер — Оңтүстік Азияның тоспа су жағаларында, Малай архипелагында және Солтүстік Австралияда болады. Ұзындығы 3 м, түсі қара, арқасында дөңгелек сарғыш теңбілдері бар. Сұр ешкіемер — бұл Солтүстік Африкада, Оңтүстік Азияда және бұрынғы КСРО-ның Түркменстан, Өзбекстан, Оңтүстік Қазақстан жерлерінде болады. Ұзындығы 1,5 м, інде тіршілік етеді. Ұрғашысы құмға 10—20 жұмыртқа салады. Майқаңбақ. Майқаңбақ (Corispermum) — мареліктер тұқымдасына жататын біржылдық шөп өсімдіктерінің бір туысы. Майқаңбақтың 50—60 түрі бар, олардың 34 түрі бұрынғы КСРО жерінде өседі. Бүларды түйе, кой, ешкі жақсы жейді. Майқаңбақтың біздегі көбінесе өсетін жері — Сібір, Орта Азия, Қиыр Шығыс, бұрынғы КСРО-нің еуропалық бөлігі. Балдырлар. Балдырлар – төменгі сатыдағы су өсімдіктері. Теңіз, көл, өзендерде, ағынсыз суда өседі. Олардың клеткалық құрылымы болмайды, бір клеткалы, колониялы, көп клеткалы түрлері бар. Көп клеткалы өкілдерінің денесін таллом деп атайды. Клетка қабығы гемицеллюлозадан және пектинді заттардан тұрады. Клеткасы негізінен бір ядролы. Цитоплазмасында митохондрия, диктиосома, рибосома, хромотофора сияқты органоидтары және вакуолясы (бос қуысы) болады. Балдырлар (Algae) биохимиялық қасиеттеріне және клеткалық құрылымына қарай он екі типке бөлінеді: көкжасыл балдырлар (Cyanophyta), прохлорофитті балдырлар (Prochlorophyta), қызыл балдырлар (Rhodophyta), жалтырауық балдырлар (Chrysophyta), диатомды балдырлар (Dіatomeae), криптофитті балдырлар (Cryptophyta), динофитті балдырлар (Dіnophyta), қоңыр балдырлар (Phaeophyta), сарыжасыл балдырлар (Xanthophyta), эвгленді балдырлар (Euglenophyta), жасыл балдырлар (Chlorophyta), хара балдырлары (Charophyta). Бұлардың отыз мыңға жуық түрі белгілі, олардың бір мыңнан астам түрі Қазақстанда кездеседі. Клеткасында балдырларға түс беріп тұратын хромотофораларының саны әр түрлі (біреу, екеу, көп) болады. Олардың пішіндері тақта, астау, білезік, дән, лента, жұлдыз тәрізді болып келеді. Балдырлардың көпшілігінің хлорофилі болғандықтан көмірқышқыл газын сіңіріп, фотосинтез процесіне қатысады. Сондай-ақ, дайын органикалық заттарды пайдаланатын паразит түрлері де бар, бірақ бұлардың хлорофилі болмайды. Дарвин ілімі бойынша, тіршілік бір клеткалы организмдерден пайда болған, ал құрлықтағы барлық өсімдіктер балдырлардан шыққан деп есептеледі. Көптеген балдырлар саңырауқұлақтармен симбиозды тіршілік етіп, қыналарды құрайды. Ал, балдырлардың табиғаттағы геохимиялық рөлі кальций мен кремний айналымымен тығыз байланысты. Олардың көптеген түрі ақаба суларды биологиялық жолмен тазартуда және бөгендердің ластануының биоиндикаторы ретінде қолданылады. Теңіз, мұхит жағалауындағы балдырлар – жан-жануарлардың мекені, тіршіліктерінің көзі. Бентосты балдырларға (теңіз, мұхит түбінде тіршілік етеді) қарағанда планктонды балдырлардың (суда қалқып жүретіндер) саны анағұрлым басым, сондықтан олар көптеген организмдердің қорегі болып табылады. Ағынсыз суларда өсетін балдырлар шіріп, сапропельге айналады. Сапропельден смола, бензин, керосин, техникалық майлар, лактар алынады. Балдырлардың қалдығы балшыққа емдік қасиет береді. Қызыл балдырлардан өндірілетін агар тамақ өнеркәсібінде пайдаланылады, оларды мата бұйымдарының және қағаздың құрамына беріктік беру үшін қосады. Қоңыр балдырлардан алынатын альгин мата тоқуда желім есебінде жасанды талшықтар, пластмасса өндіруде және табиғи тыңайтқыш, малға жем ретінде пайдаланылады, сондай-ақ күлінен калий, натрий тұздары, йод өндіріледі. Шығыс Азия елдерінде ламинария қоңыр балдырлары «теңіз капустасы» деген атпен, ал жасыл балдырлар (ульва) «теңіз салаты» деген атпен тамаққа пайдаланылады. Балдырларды зоб, атеросклероз ауруларын емдеу үшін медицинада қолданады. Сұлушаш. Сұлушаш (Callitriche) — сұлушаштар тұқымдасына жататын өсімдіктердің бір туысы. Судың ішінде өседі. Гүлсеріктері болмайды, судын бетінде ұрықтанады. Сұлушаштың 26 түрі бар, олардың 7 түрі бұрынғы КСРО жеріндегі суларда өседі, жиі кездесетіндері: көк сұлушаш (Сallitriche verna), өзгергіш сұлушаш (Сallitriche polymorpha), күз сұлушаш (Сallitriche autumnalis). Субүлдірген. Субүлдірген (Empetrum nigrum) — мәңгі жасыл болып өсетін бұта. Тундрада, Еуропаның, Азияның, Солтүстік Американың тауларында және орманды аймақтың солтүстік жағындағы шымтезекті шалшық жерлерде өседі. Субүлдіргеннің жемісі аса дәмді болмаса да, жергілікті халық тамаққа пайдаланады. Туатар. Туатар (Sphenodon punctatus) — тұмсықбасты бауырымен жорғалаушылардың осы күнге дейін тіршілік ететін жалғыз ғана өкілі. Туатар алғашында Жаңа Зеландияның негізгі аралдарында кездесетін еді, соңғы кезде онда құрып бітті. Осы күні тек Пленти бұғазының аралдарында ғана аздап кездеседі. Айланшөп. Айланшөп, немесе самалдық (Polygonum maculosa немесе Polygonum persicaria) — карамықтар тұқымдасына жататын біржылдық шөп өсімдігі. Айланшөптің жер үстіндегі мүшелерінің құрамында: танин, эфир майлары, балауыз, пектин болады. Айланшөпті ел арасында бұрын геморройға, қуық тұтылғанға қарсы қолданып келген. Герефорд сиыры. Герефорд сиыры — етті сиырдың бір тұқымы. XVIII ғасырдың екінші жартысында Англияда өсіріліп шығарылған, бұқасының орташа тірілей салмағы — 850—900 кг, сиырынікі 550—600 кг. Герефорд сиырының бұрынғы КСРО-да өсірілетін аудандары: Қазақстан, Челябі, Сталинград, Ростов облыстары. Қазан шұңқыр. Қазан шұңқыр — физикалық географиядағы түрі аңғарға ұқсамайтын, барлық жағынан тұйық немесе бір жағынан, болмаса өзеннің дренаждауынан қарама-қарсы екі жағы ашық болатын жер бетіндегі ойпаңдар. Қазан шұңқырдан өзен ағып шықпайды, немесе ағып шығуы табиғи бөгелуден қиындайды. Жаралуына және даму тарихына байланысты қазан шұңқырдың профилі табақ, қазан немесе конус тәрізді болуы мүмкін, Жаралуы жағынан қазан шұңқыр тектоникалық, вулкандық, эрозиялық, мұздықтық, эолдық, аккумулятивтік, эрозиялық-бөгемелік, карстық, опырымдық, органогендік, антропогендік, т.б. болуы мүмкін; ағын режимі жағынан — ағып өтетін, ағынды, ағынсыз болады. Кейде «Қазан шұңқыр» термині кең мағынада, депрессияның синонимі ретінде пайдаланылады. Теңіз геоморфологиясында қазан шұңқыр деп ең терең болмаса да, кең жайпақ болып келетін, Дүниежүзілік мұхиттың (Шығыс-Тынық мұхит, Үнді-Австралия қазан шұңқыры тағы басқалар) түбі де ұғылады. Бұйра жартастар. Бұйра жартастар — мұздық қозғалғанда, мұз өңдеп кеткеп қатты жыныстардан тұратын жартастар; олардың мұз сырғып келген жағындағы беті көлбеу, тегістеліп қашалған да, қарама-қарсы жағы тік не кедір-бұдыр болады. Кәрездер. Кәрездер — жер астындағы суларды бір жерге жинап, жер бетіне шығарып, шаруашылыққа пайдалану үшін жердің астынан жасалған қуыс-галерея, яғни таудан, төбеден т.б. жер астымен су ағызу үшін істелген арық. Бұл Орта Азия мен Закавказьенің тау етегіндегі аудандарында тараған; жер суару, суландыру үшін және ауыз сумен камтамасыз ету үшін пайдаланылады. Лёсс. Лёсс — шаң тозаңдарынан, саздан, құмнан тұратын, құрамында кальций карбонаты едәуір, кеуекті, ұлпа, қабатсыз, борпылдақ жыныс. Минералогиялық құрамында кварц басым болады. Лёсстің қалыңдығы әр түрлі, мәселен, Қытайда оның қалыңдығы 200 м-ге жетеді. Оның пайда болуы жөнінде эолдық, аллювийлік, топырақтық сияқты тағы басқа теориялар бар. Бағыттық эрозия. Бағыттық эрозия — тұрақты арналарда ағып жататын сулардың сол арнаны құрайтын тау жыныстарының бөлшектерін жуып және ілестіріп алып кету процесі. Тұрақты су ағындарында (өзендерде, жылғаларда) бағыттық эрозияның салдарынан арна тереңдейді және кеңейеді; уақытша су ағындары арнаны жуыпшайып, шұңқырлар мен жыраларды қазып көтеді. Бағыттық эрозия бүйірлік, тереңдік, шегінбе болып бөлінеді. Литоральдық шөгінділер. Литоральдық шөгінділер — ауық-ауық қайту кезінде құрғап қалатын, мұхиттар мен теңіздердің жағалық өңірінің шөгіндісі. Әр түрлі дәрежеде жұмырланған жұмыр тастардан, малта тастардан, қиыршық тастардан, құмдардан, теңіз жәндіктерінің мүйіз қабықтары кездесетін саздардан тұрады. Қаздар. Қаздар (Anserinae) — қаздар отрядына жататын құстардың тұқымдас тармағының бірі. Қаздардың мойын омыртқасының саны 21-ден аспайды. Жыныстық диморфизм қаздарда болмайды. Олар әсіресе тундрада көп болады. Қаздар көбінесе құрғаққа ұялап, құрғақта оттайды, су оларға сусындау, түлеу және кейде демалу үшін ғана керек болады. Олар суда жақсы жүзе алады, бірақ сүңги алмайды. Қаздардың барлық түрлері 6—12 жұмыртқа салады да, балапандарын 25—28 күн басып шығарады, олар бір тәуліктен соң енесіне ере бастайды. Қаздардың еті өте құнды, мамығы да пайдалы. Қаздардың түрлері. Сұрала қаз (Anser fabalis) — Америкада болады; бұған сұрала қаз, шолақтұмсық қаздар жатады. Австралия қазы (Cereopsinae) — денесінің ұзындығы 90 см, қанаты — 55 см ірі құс, Австралияда (Тасманияда, Австралияның оңтүстігінде, Викторияда) тіршілік етеді; балапанын 30 күн басып шығарады. Австралия қазы тек шөппен қоректенеді. Тепкішекті қаздар (Ріесtopterinae) — көбінесе Африка мен Мадагаскарда кездеседі, бұлардың түрлері —16. Басқа жерге көндікпейді, қолға үйренгенімен көбейе алмайды. Ақ қаз (Chen hyperboreus) — денесінің ұзындығы 86 см, қанаттары — 160 см. Ересектерінің түсі — ақ, жастарынікі — шұбар болады; кездесетін жерлері — Американың солтүстік-батысы мен шығысы; бұрынғы КСРО-да — Чаун түбегінен бастап Беринг бұғазына дейінгі жерлер. Ақ қаз көктемде өсімдік тамырымен, жазда шөппен, ал күзде тундрадағы өсетін түрліше жидектермен коректенеді; сонымен қатар тұщы сулар мен теңіздегі түрліше майда жәндіктерді жейді. Қолға тез үйренеді. Нил қазы (Chenalopex aegypticus) — көбінесе Африканың, кейде Еуропаның оңтүстігінде тіршілік етеді; Тауық қаз (Cereopsis novaehollandiae) — денесінің ұзындығы 90 см, қанаты — 55 см, еті дәмді; Сұрала қаз (Anser anser) — бұл осы кездегі асыранды қаздардың ататегі. Мұның арқа жағы сұр-қоңырқай, ал бауыры сарғыш-сұр түсте болады. Денесінің ұзындығы 98 см, екі қанаты—170 см. Сұрала қаз құрлықта қоректеніп, сонда тіршілік етеді деуге болады. Олар өсімдіктердің бүршіктерін, жапырақтарын, тұқымдарын жейді, Сұрала қаздың жастары 5—6, ал егделері 14-ке дейін жұмыртқа тауып, балапанын 28 күн басып шығарады. Жастарының еті өте дәмді, мамығы асыранды қаздікінен де құнды болады. Қанатсыздар. Қанатсыздар (Apterygiformes) — үлкендігі тауықтай, салмағы 2—3 кг келетін қанатсыз құстардың бір отряды. Негізгі белгілері: мойны мен аяғы қысқалау, тұмсығы ұзын. Тыныс тесігі тұмсығының дәл ұшында, құйрықсыз. Жаңа Зеландияда тіршілік етеді. Көбінесе насекомдармен және құрттармен, кейде өсімдіктермен де коректенеді. жұмыртқасының салмағы 450 г, ұзындығы — 12—14 см. Ваниль. thumb Ваниль (Vanilla fragrans, Vanilla planifolia) — орхидтықтар тұқымдасына жататын өсімдік. Ванильдің хош иісті жемісі парфюмерия мен кондитер өнеркәсіптерінде пайдаланылады. Ванильдің шыққан жері Мексика, ваниль қолмен тозаңдатылады. Жемісі піспей-ақ жинала береді. Оның құрамында: ванилин—1,2—2,7 процент, қант—7,7 процент, эфир майы—0,62 процент, жәй май мен балауызы — 8,2 процент, азотты зат—3,7 процент, азотсыз зат—28,8 процент. Вапити. Вапити — бұл ақмаралдың бір түрі. Солтүстік Америкада болады, бұл бұрынғы КСРО-ның Саян, Алтай және Тянь-Шань тауларындағы марал тәрізді. Биіктігі шоқтығына дейін 150 см, мүйіздері өте үлкен. 6—7 салалы, олардың салмағы 16 килограмға дейін болады. Мұны еті үшін аулайды. Көкжал қасқыр. Көкжал касқыр, немесе гуара [Canis (Chrysocyon) jubatus] — иттер тұқымдасына жататын сүтқоректі жыртқыш хайуан. Денесінің ұзындығы 125—130 см, құйрығы — 40 см. Жүні тықыр, жалының қылы 10—13 см-дей. Көқжал қасқыр көбінесе Бразилияның, Парагвайдың және Аргентинаның жеріндегі саздарда өсетін шіліктердің ішінде тіршілік етеді. Ұсақ андармен, жемістермен, өсімдіктің жасылымен қоректенеді, кейде қойға да шабады. Сұр аю. Сұр аю, гризли (Ursus horribilis) аюлар тұқымдасына жататын өте зор, сүтқоректі жыртқыш хайуан. Денесінің ұзындығы 2,5—2,75 м, тірілей салмагы 500 кг-ға дейін барады. Солтүстік Американың тауларындағы ну ормандарда болады. Өсімдіктердің жемісімен, тамырымен, шөбімен, насекомдармен, олардың личинкаларымен, ұсақ аңдармен, құстармен қоректенеді. Қыста ұйықтайды. Ел мұны еті мен терісі үшін аулайды. Гризондар. Гризондар () — сусарлардың бір туысы. Бұл Оңтүстік Америкада болады. Денесінің ұзындығы — 45 см, құйрығы — 20 см. Ұсақ аңдармен, құстармен қоректенеді. Қолға тез үйренеді, сондықтан жергілікті ел мұны кейде мысық орнына ұстайды. Гризон терісі үшін ауланады. Тазқара. Тазқара (Vultur monachus) — өте ірі құс: денесінің ұзындығы 1 м, қос қанатының жалпы ұзындығы 2 м 20 см-дей, түсі қара қоңыр. Екі көзінің айналасы мен мойны жалаңаш. Тазқара көбінесе таулы жерлерде тіршілік етеді, өлексемен қоректенеді. Кейде тірі хайуандарға да шабуыл жасайды, малдың алдымен етін, одан кейін ішек-қарнын жеп, ең соңында сүйектерін бітеу жұтады. Тасбақаны да екі аяғымен ұстап тұрып, тұмсығымен үңгіп жейді. Бір жұмыртқа табады. Құмайлар. Құмайлар — жыртқыштар отрядына жататын құстардың тобы. Бұған құстардың 20 түрі қосылады. Анатомиялық құрылысы жағынан алғанда Құмайлар екі топқа бөлінеді: нағыз құмайлар, американ құмайлары. Американ құмайлары. Американ құмайлары (Cathartae) — күндізгі жыртқыш құстар отрядының ішіндегі бір тармағы. Бұған кондор, король құмай, күрке қумай (Cathartes aura); көкжал құмайлар (Sarcorhamphus) және тауық құмай жатады. Пирола. Пирола (Pirola) — көпжылдық шөптесін өсімдік. Мұның 20 шақты түрі бар, соның 12 түрі бұрынғы КСРО ормандарында өседі. Пироланың кейбір түрлері декорациялық өсімдіктер ретінде өсіріледі. Пироланың кейбір түрлері: шатырша пирола (Рirola umbellata) — көпжылдық шөптесін өсімдік; бұл көбінесе бұрынғы КСРО-ның еуропалық бөлігінің оңтүстігіндегі ормандарда, Батыс Сібірде, Қиыр Шығыста өседі; мұның жербетіне шыққан бөлімдерін қуықтың тұтылуына қарсы даруға жұмсайды; теңгежапырақ пирола (Pirola rotundifolia) — қылқанды орманды жерде ландышпен араласа өсетін көпжылдық шөптесін өсімдік. Аккумуляциялық жазық. Аккумуляциялық жазық — әр түрлі шөгінділердің (мыс.: өзендердің, мұздықтардың тағы басқалар) жиынтығынан пайда болған жазық. Аллогендік өзен. Аллогендік өзен — басы қашықтағы таулардан басталып, басқа елдерді басып өтетін мол сулы өзендер. Жер альбедосы. Жер альбедосы — жер бетіндегі жалпы энергия мөлшеріне күн сәулесінің жерден шағылысқан бөлігінің қатынасы. Антарктикалық климат. Антарктикалық климат — Оңтүстік жарты шардағы поляр облысының климаты. Бұл жер шарындағы ең суық климат. Антарктика жағаларындағы ең жылы айдың орта температурасы 0° төмен, ал суығы —20°, —30° болып келеді. Мұндағы байқалған төменгі температура —50°, —60°. Ал Антарктиданың ішкі аудандарына қарай температура —80°-қа дейін жетеді. Антецеденттік аңғар. Антецеденттік аңғар — биік тау тізбектерін көлденеңінен кесіп өткен терең әрі тар аңғарлар. Олар тау аймақтарының көтерілуіне дейін жасалған ескі өзен аңғарларының жүйесінде пайда болады. Ареал. Ареал — белгілі бір жануарлар мен өсімдіктер тобының, түрінің, туысының табиғи таралған аймағы. Бұлардың таралу шегі кейде жер шарының көп аймақтарын (космополиттік ареал), кейде белгілі бір ауданы мен аймағын ғана (эндемиялық ареал) қамтуы мүмкін. Арид топырағы. Арид топырағы — климаты ыстық және құрғақ болып келетін жердің топырағы. Арктика климаты. Арктика климаты — Солтүстік жарты шардағы поляр аймағының климаты. Мұнда қысқы поляр түндерінде температура —40°, ал кей түндері —50°қа жетеді. Арктиканың европалық бөлегінде боранды қатты жел соғады. Жаз айларының ең жылы күндерінде әдетте температура 0°, ал —2°, —3°тан, не одан жоғарылауы ете сирек. Материкке жақын жатқан аралдарда жаз айларында кей күндері —10°, —15° болады. Архипелаг. Архипелаг () — бір-біріне жақын орналасқан аралдар тобы. Бір архипелагқа кіретін аралдардың шығу тегі мен геологиялық құрлысы бірдей болып келеді. Осыған қарай оларды материктік, маржандық, вулкандық деп үш түрлі атайды. Атмосфера. Атмосфера — жердің ауа қабығы. Атмосфераның төменгі шекарасы жер беті болып табылады. Оның төменгі қабаты азот, оттегі мен сирек кездесетін көміртегінен, аргоннан, сутегіден, гелийден тағы басқа газдардан тұрады. Бұған су буы да араласады. Атмосфера түсінің көк болып келуі газ молекулаларының жарық сәуле шашуына байланысты. Жоғарылаған сайын атмосфера бірте-бірте сирей береді, қысымы төмендеп, оның құрылысы да өзгереді. 12 км биіктікке дейінгі атмосфераның төменгі қабатын тропосфера деп атайды. Тропосферада бұлт, жауын-шашын, жел және тағы басқа құбылыстар орын алып отырады. Тропосферадан жоғары 75 км биіктікке дейінгі қабат стратосфера деп аталады. Бұдан жоғары ионосфера қабаты орналасады. Атмосфера - бүкіл әлемнің тіршілік тынысы. Атмосфера ауасының шекарасы болмайды. Ол жер шары халықтарының ортақ байлығы болғандықтан онын сапасы, тазалығы адамзат үшін ешнәрсеге теңгерілмейтін биосфераның құрамдас бөлігі. Онын массасы 5,157-1011 т. тең. Атмосфера бірнеше қабаттан — тропосфера, озон, стратосфера, мезосфера, термосфера және экзосферадан тұрады. Әрбір қабаттың өзіне тән атқаратын қызметі, газдық құрамы, тіршілік нышаны болады. Әсіресе, тропосфера мен озон қабатының тіршілік үшін маңызы ерекше. Бүгінгі таңда атмосфера ауасының тазалық сапасы бұрынғы кезден нашарлауда. Оның негізгі себептері - ауаға адамның іс-әрекетінен болатын әр түрлі газдардың (ауаны ластағыш заттар) шығарылуы. Негізінен атмосфераның тіршілік үшін маңызы өте зор. Атмосфера - бүкіл әлемді таза ауамен қамтамасыз ете отырып, тіршілікке кажетті газ элементтерімен (оттегі, азот, көмірқышқыл газы, аргон т.б.) байытады және Жерді метеорит әсерлерінен, күн және ғарыштан келетін түрлі зиянды сәулелерден қорғайды, зат және энергия алмасуларын, ауа райының қызметін реттеп, жалпы жер шарындағы тұрақтылықты үйлестіріп отырады. Бірақ та адам баласы үшін орасан зор пайдалы ауа бассейні соңғы жылдары күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Ең бастысы ауаның ластануы. Атмосфера ауасының сапалық күйінің көрсеткіштері оның ластану дәрежесі болып саналады. Егер атмосфера ауасында ластағыш заттардың шекті мөлшерлі концентрациясы қалыпты құрамнан асып кетсе, онда ауаны ластанған деп санайды. Ластағыш заттардың негізгі көздері - өнеркәсіп, автокөліктер, зауыт, жылу энергетикасы, соғыс қаруларын сынау, космос корабльдері мен ұшақтар т.б. Жоғарыда аталған объектілерден атмосфераға түскен заттар ауа құрамындағы компоненттерінің қатысуымен химиялық немесе фотохимиялық өзгерістерге ұшырайды. Содан соң пайда болған химиялық өнімдер суға, жерге түсіп, барлық тірі организмдерді, ғимараттарды, құрылыс материалдарын бүлдіреді. Атмосфера кұрамындағы оттегі мен көмірқышқыл газының тұрақты болуы жалпы ауа бассейінінің тепе-теңдігіне әсер етеді. Мәселен, оттегі тірі организмдер үшін тыныс алуды қамтамасыз ете отырып, топырақ пен судағы бүкіл химиялық реакцияға қатысады. Оттегі жетіспеген жағдайда жануарлар мен адамдар тұншыға бастайды. Оның өндіруші көзі - жасыл өсімдіктер әлеміндегі үздіксіз жүріп жатқан фотосинтез процесі. Көмірқышқыл газының да ауадағы шекті мөлшері көбейсе адамдар мен жануарлардың тыныс алуы нашарлайды. Сондықтан ауа құрамындағы негізгі екі газдың тепе-теңдік мөлшері қатаң сақталуы тиіс. Міне, осы жағдайлардан бүкіл әлемдік атмосфера экологиялық дағдарысқа ұшырап отыр. Ауаны ластауға жер шарындағы мемлекеттер өзінің экономикалық даму деңгейіне қарай түрліше үлес қосып отыр. Атмосфера ауасын ластайтын заттардын мөлшері дүние жүзі бойынша жылына 200 млн. тоннага жетіп отыр. Ал оның кұрамы 20 химиялыкэлементтен тұрады. Соның ішінде коргасын мен мырыштың ауада таралуы жэне онымен адамдардын улануы жиі байқалуда. Олардың мөлшері ауада 0,0003 мг/м3 аспауы керек. Онын негізгі көзі - автокөліктер мен оған қолданылатын қорғасын аккумляторы. Жапония, Ирак т.б. елдерде осы заттармен адамдардың улануы жиі болатындықтан, қазір көптеген елдерде балық аулауда, мылтық оқтарына қорғасынды пайдалануды шектеп отыр. Сондықтан ауаға зиянды заттардың шығарылуын реттеу, технологияны жетілдіру, өндіріске қалдықсыз және аз қалдықты технологияны енгізу мен шығарынды заттарды қайта өңдеп пайдаға асыру бүгінгі күннің қатаң талабы болмақ. Денудация базисі. Денудация базисі — беткейдің жатық бөлігі, немесе оның етегіндегі су жиналған жер. Беткейден үгілуден не су күшімен келген жыныстар осы жатық беткейге, яғни денудация базисіне жиналады. Эрозия базисі. Эрозия базисі — өзендер мен жылғалар суының құйылатын бассейн деңгейі. Эрозияның жалпы және негізгі базисі — деңгейі болып табылады. Эрозия базисінен төмен жатқан су табанын ағыс күші тереңдете алмайды деген пікір қате, үйткені су құйылатын бассейннің сағасы көп жағдайда бассейн деңгейінен төмен болады. Бархан. Бархан (түркі сөзі) — шағын шөлді аймақта желдің әсерінен пайда болатын құм төбе. Мұндай төбелер жарты ай немесе орақ пішіндес болып келеді. Оның биіктігі бірнеше метр болады. Барханда өсімдік өспейді, сондықтан да жел әрекетіне бейім. Биоклиматология. Биоклиматология — органикалық өмірге климаттың әсер етуі жайындағы ілім. Ол климатологияны биологиялық ғылыммен байланыстырады. Биоклиматологияның басты тарауы медициналық климатология мен агроклиматология болып табылады. Соңғылары климаттың адамға және оның шаруашылыққа тигізетін әсерін зерттейді. Биоклиматология ауаны түрлі зиянды газдан қорғау үшін пайдаланылады. Гесперорнис. Гесперорнис (Hesperornis) — бұл ертеде болған, қазір құрып біткен ірі (биіктігі 1 метрдей) құстың бірі. Бассүйегінің түрліше белгілеріне қарағанда гесперорнис динозавр мен нағыз құстардың аралық түрі болған. Бас ботаникалық бақ. Бас ботаникалық бақ — бұрынғы КСРО Ғылым академиясының ірі ғылыми-зерттеу және ғылыми-ағарту мекемесі. Ол 1945 жылы КСРО Ғылым академиясына 220 жыл толуы мерекесінің құрметіне Москвада ұйымдастырылды. Оған бөлінген жер көлемі — 360 гектар. Бақтың экспозициясында: өсімдіктер дүниесінің эволюциясы, бұрынғы КСРО өсімдіктер байлығы, екпе өсімдіктер, декорациялық бақ шаруашылығы және субтропикалық флора (оранжереялар) сияқты бөлімдер бар. Бас ботаникалық бақтың негізгі міндеттері — бір жердің өсімдігін екінші жерге жерсін теориялық негіздері мен практикалық әдістерін табу, ботаникалық білімдерді тарату. Кеміргіштер. Кеміргіштер — сүтқоректілер класына жататын ірі отрядтың бірі. Бұған 2 000-нан астам түрі бар 2 отряд тармағы жатады; олар: екіпар қасқатістілер, пар қасқатістілер. Кеміргіштердің бұрынғы КСРО-да 145 түрі бар. Кейбіреулерінің терілері құнды келеді, кейбіреулері оба, туляремия сияқты эпидемиялық аурулар жұқтырады. Балшықшы. Балшықшы (Limicola platyrbynchus) — денесінің ұзындығы 16 см келетін ұсақ құс. Саз балшықта тіршілік ететін насекомдармен, олардың личинкаларымен, құрттармен және суда болатын басқа да майда жәндіктермен қоректенеді. Бұл көбінесе ағынсыз судың жиегінде жүреді. 4 жұмыртқа табады. Балшықшы қолға жақсы көніп, тамақтың қай түріне болса да тез үйренеді. Рембрандт. Рембрандт Харменсзун ван Рийн (15-шілде, 1606 – 4-қазан, 1669) Голландия суретшісі әрі гравері. Ол Еуропа өнер тарихынадағы және голландия тарихындағы аса ірі тұлға, суретші және басылымшы болып саналады. Рембрандттың өнерге қосқан үлесі тарихта Голландия Алтын Дәуірі деген атпен белгілі болған тұспен сәйкес келеді. Рембрандт жастайынан портрет суретшісі болып, табысқа ерте қолы жеткенімен, оның кейінгі өмірі трагедия мен кедейлік зардабына толы болды. Дегенмен, оның қолынан шыққан суреттер көпшіліктің назарынан түспей, оның суретші деген атағын көзі тірісінде жерге түсірмеген. Сондықтан да, жиырма жылдай бойы Голландияның түгелге жуық суретшілері одан дәріс алған. Рембрандттың аса көрнекті туындыларының санатында оның өз замандастарының портреттері, автопортреттері және библияға салынған безендіру суреттері жатады. Өз өмірін аса таза да шынайы қарапайымдылықпен көрсете білген автопортреттері ерекше әрі мағыналы. Қысқаша өмірбаяны. Рембрандттың әйелі Саскияның портреті, 1635 шамасы. Рембрандт Харменсзон ван Рийн (Rembrandt Harmenszoon van Rijn, «Харменсзон ұлы») 1606 жылдың 15 шілдесінде Нидерландының Лейден қаласында, табысты жанұяда тоғызыншы болып дүниеге келген. Әкесі Хармен Герритсзон ван Рийн (Gerritszoon van Rijn) диірменші болса, шешесі Нийлтген Вилемсдохтер ван Зуйтбрук (Neeltgen Willemsdochter van Zuytbrouck) наубайшының қызы болған. Балалық шағында ол Лейден Унивеситеті жанындағы латын мектебіне барғанымен, сурет өнеріне қызығушылығы басым болып, ол Лейден тарихи суретшісі Йакоб ван Суаненбургқа шәкірттікке жазылады. 1629 жылы Рембрандт Оран ханзадасы Фредрик Хендриктің көмекшісі Константин Гюйгенстің (атақты голланд математигі әрі физигі Христиан Гюйгенсің әкесі) көзіне түседі. Сол арқылы Гаага сотына тапсырыстар алып, кейіннен осы таныстықтан соң. Хендрик ханзада Рембрандттың суреттерін алып тұрады. 1631 жылы Рембрандт Амстердам қаласына көшіп келеді. Сол жерде Саскиа ван Уйленберг-пен (Saskia van Uylenberg) бірге бас қосып, олардың төрт балалары болады. Өкінішке орай, олардың үшеуі ерте қайтыс болды. Саскиа өмірден өткен соң, ол өзінің көмекшісі Хендрикие Стоффелс-пен (Hendrickje Stoffels) өмір сүріп, одан Корнелия (Cornelia) есімді қызды болады. Ребмдрандт 1669 жылдың 4-қазанында, Амстердамда қайтыс болды. Атақты суреттері. Рембрандттың қолынан екі мыңнан астам туындылар жасалған. Олардың арасынды 4 метрге дейін үлкен Түнгі Күзет Амтердамдағы Рийксмузейм-дe көрмеде тұр. Изоклинальды қатпар. Изоклинальды қатпар — қатпарларының қанаты мен осі параллель болып келетін, біріне-бірі параллель орналасқан жер қабатының бірнеше қатпарларының жиынтығы, изоклиналы. Атмосфераның изотермалық қабаты. Атмосфераның изотермалық қабаты — тропосфераны стратосферадан бөліп тұратын биіктіктегі біркелкі температура қабаты. Тропосферада жоғарылаған сайын температура төмендейді, стратосферада температура тұрақты болады, кейде онда жоғарылаған сайын біраз көтеріледі, ауаның изотермалық қабатының биіктігі мен температурасы жыл мезгіліне қарай өзгеріп тұрады. Вагнердің мәліметі бойынша Орталық Еуропа үстінде оның биіктігі жазғытұры орташа есеппен 9,8 км, жазда 11 км-ге жетеді; температурасы 54,9° және 52,33° бояады. Интрузиялық тау жыныстары. Интрузиялық тау жыныстары — жердің ішкі қабатынан көтеріліп, бірақ жер бетіне шыға алмай, тереңдіктегі жер қабаттарының арасында қалып койып, жоғарғы қысым мен жоғарғы температура жағдайында қатып пайда болған тереңдік, плутондың жыныстар. Интрузиялық тау жыныстарына диориттер, габбролар, перидотиттер жатады Интрузия. Интрузия — жердің терең қабаттарындағы байырғы қуыстарға, ішкі қысудан пайда болған бос кеңістерге магманың көтерілуі. Интрузияның түрі жайпақ төмпешіктерге, жалпақ немесе күмбез тәріздес массивтерге ұқсайды. Интрузияның көлемі өте үлкен де болуы мүмкін, кейде ауданы жүздеген шаршы километрге жететін жерді алып жатады. Олар жер бетіне тек қана өзін жауып жатқан шөгінді жыныстардың қабаты денудациялық процестердің әсерінде бұзылып жуылып-шайылғанда ғана шығады. Интрузия қатпарлы тау жоталарының ядроларында да ұшырасады. Интрузия деп жалпы тереңдегі магмалық жыныстардың массаларын түсінеді. Инфузориялық топырақ. Инфузориялық топырақ — мұны кейде кизельур, диатомдық топырақ, тау ұны, т. б. деп атайды. Бұрынғы өткен геологиялық дәуірлердің микроскопикалық диатомдық балдырларының кремнийлік қабыршақтарының жиынтыгы. Инфузориялық топырақ қолға жұмсақ, ақ, сарғыш немесе сұр түсті ұнтақ жыныс, 80— 85 процент 8Ю2дан тұрады. Трепелге ұңсас, сондықтан оларды шатастыра береді. Ол Ульянов, Пенза облыстарында және басқа жерлерде кездеседі. Ионосфера. Ионосфера — газ молекулаларының ионизациясы жоғары болатын, 80 км-ден 800—1000 км биіктік аралығында жатқан атмосфераның қабаты. Бұлақтар. Бұлақтар — жер асты суларының жер бетіне табиғи шығуы. Бұлақ үнемі және үзіліспен ағып тұрады. Бұлақтардың көпшілігі жерге сіңген қар, жаңбыр суларымен (вадоздық бұлақтар) қоректенеді. Жайшылықта бұлақ суы суық болады және онда еріген тұздың мөлшері көп болмайды. Егерде су өте тереңде орналасқан жер қабатының жоғарғы температурасы бар зоналары арқылы өтсе, онда бұлақ сулары жылы (термалды) болуы да мүмкін. Жылы және суық бұлақтар ювенильдік сулар деп аталатын магмадан бөлініп шығатын сулармен де қоректенуі мүмкін. Ювениль сулар минералды болып келеді. Егер температура 100° артық болса, кейде фонтан сияқты атқылап жататын қайнаған бұлақтар (арасан) пайда болады. Бұлақ, бастау – жер бетіне шығып жатқан табиғи жер асты су көзі. Ол таулы, қыратты аймақтарда, өзен, көл жағаларында жиі кездеседі. Бұлақтың арынсыз және арынды түрлері бар. Арынсыз бұлақ ылғалды жылдарда, көктемде қар ерігеннен кейінгі және жауын-шашынды кезеңдерде жер бетіне таяу жатқан грунт суы деңгейінің көтерілуінен пайда болады. Оны әдетте тұма деп атайды. Құрғақшылық жылдары, ылғалсыз жаз айларында мұндай бұлақтың суы тартылып қалады. Арынды су көзі – артезиан (арынды) суынан бастау алып, сай-жылғаларда, өзен мен көл бойында немесе тау-тастардың терең жарықтарынан шығатын бұлақты қайнар деп атайды. Мұндай су көзінің өнімі, температурасы, минералдық тұмаға қарағанда тұрақты келеді. Сонымен қатар әктасты, гипсті, карсты таулы аймақтарда, қыраттарда жер астындағы кең көлемді жарықтарды бойлай өзен секілді ағып, жер бетіне шығып жататын бұлақтың ерекше түрі воклюз деп аталады. Суы мол, өнімі тұрақты воклюздер Қазақстан жерінде Қаратауда, Шыңғыс тауында, Жайық бойындағы Индер тауында, Үстіртте, т.б. аудандарда кездеседі. Кейде олардан жер астында кішігірім көлдер пайда болады. Бұлақ суларының температурасы оның бастауындағы сулы қабаттардың тереңдігіне, сол өңірдің абсолюттік биіктігіне, геотермиялық ерекшеліктеріне, жыл маусымына қарай әр түрлі болады. Мұздық тауларда бұлақ суының температурасы 0ӘС-тан аспайды, ал сөне қоймаған жанартаулы аймақтарда оның температурасы 100ӘС не одан да жоғары болады. Мұндай ыстық бұлақтар гейзер деп аталады. Гейзерлер Исландияда, Италияда, Жаңа Зеландияда, Ява аралдарында, Камчаткада кездеседі. Суы тұщы бұлақ елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етуге, мал жайылымдарын суландыруға, жер суаруға пайдаланылады. Минералдығы 1 г/л-ден астам жылы және ыстық бұлақ сулары санаторийлер мен емдеу орындарында әр түрлі ауруларды емдеуге қолданылады. Мұндай бұлақтар Қазақстанның оңтүстігіндегі және шығысындағы таулы өңірлерде жиі кездеседі. Қайнар – жер қойнауындағы терең қабаттардан тектоникалық жарықтар арқылы жер бетіне табиғи жолмен шығып жатқан арынды жер асты су көзі; арынды бұлақ. Қайнар суының өнімділігі жыл маусымдарының барлық кезінде, негізінен, тұрақты болып келеді. Жазық жерлерде – өзен аңғарлары мен қыраттар беткейінде оның тәуліктік су өнімділігі көбінесе ондаған текше метрден аспаса, тау бөктерлерінде, тауаралық ойыстарда жүздеген, мыңдаған, биік таулы аймақтарда одан да мол болады. Әктасты таулы өлкелерде кейбір арынды бұлақтардың тәуліктік өнімділігі бірнеше миллион текше метрге жетеді. Қазақстанда мұндай мол өнімді арынды бұлақтар Қаратау (Оңтүстік Қазақстан) мен Ерейментауда (Орталық Қазақстан) кездеседі. Олардан өзендер бастау алады, ауыз су алынады, жер суарылады, мал жайылымдары суландырылады. Қайнар бастау алып шығып жатқан қабаттардың тереңдігіне қарай жылы және ыстық, ал жанартаулы өңірлерде (Ресейдегі Камчаткада, Куриль аралдарында, т.б.) тіпті ыстық бұлақ сулары жер бетіне шығып жатады. Мұндай ыстық арынды сулар – жылу мен энергия қуатын алуға пайдаланылады. Таулы аймақтардағы (Жетісу мен Іле Алатауларында, Алтайда, т.б. өңірлерде) табиғи газға, денсаулыққа пайдалы аз мөлшерлі химиялық элементтерге қанық жылы, ыстық сулы қайнар бұлақ сулары санаторий, курорттарда қолданылады. Каспий бойындағы кейбір тұзды бұлақтардан ас тұзы өндіріледі. Кафеларлар. Кафеларлар, немесе воклюздер — суға ерігіш тау жыныстары тараған жерлерде (карсты облыстарда) жер астындағы өзендердің жер бетіне шығуынан пайда болатын суы мол тұрақты бұлақтар. Кипрегель. Кипрегель — геодезиялық бұрыш өлшейтін аспап. Горизонтальдарды пландардың бетіне кешіру үшін, жерді топографиялық түсірулер кезінде мензуламен бірге пайдаланылады, Климат. Климат ((klimatos) — еңкейіс) — белгілі бір жердегі ауа райының көп жылдық режимі, яғни осы жерде болуға тиісті ауа райы жағдайларының жиынтығы мен оның бір ізбен өзгеріп отыруы. Ол физикалық (климат жасайтын) процестердің, күн радиациясының, атмосфералық циркуляцияның, жер беті бедерінің туындысы. Белгілі бір жердің климатын толық білу, оның басқа жердің климатымен салыстырғандағы ерекшеліктерін айыру, сонымен қатар берілген жердің климатының өзгеруін байқау тек көп жылдар бойы жүргізілген байқауларды жүйелеу, қорыту негізінде айқындалады. Жер шарының әр нүктесіндегі климаттың әр түрлі болуы — климат құрайтын факторлардың, ягни осы процестерді жасайтын географиялық жағдайлардың айырмашылығынан туады. Ағынды ағыстар. Ағынды ағыстар — жіңішке су кеңістігі арқылы жалғасып жатқан екі ірі су алабы деңгейлерінің біркелкі болмауының салдарынан пайда болған ағыстар. Олар мұхиттар мен тұздылығы жоғары ішкі материктік теңіздерді қосатын бұғаздарда байқалады. Мысалы, Атлант мұхиты мен Қара теңізден беткі ағынды ағыстар Гибралтар бұғазы мен Мрамор теңізі арқылы тұщылау суды Жерорта теңізіне әкеп құяды. Балтық теңізінің Атлант мұхитынан тұщылау суын бұл ағыстар Дат бұғазы арқылы аталған мұхитқа әкеп құяды. Ағынды ағыстар теңіздер мен шығанақтар арасында да болады (мыс: Каспий теңізінен қара Бұғазгол шығанағына ағатын ағыс). Сфералық астрономия. Сфералық астрономия — әлемдік сферадағы шырақтардың орнын анықтау мен сфераның айналысына байланысты болып тұратын құбылыстарды зерттейтін астрономияның бөлімі. Тайфундар. Тайфундар — Шығыс Азиядағы тропиктік циклондар. Тайфун жағдайында желдің күші сұрапыл болады. Бұд тропик мұхиттары мен теңіздерінде (Оңтүстік Қытай теңізі) пайда болады. Тропиктік фронт бойында олар субтропиктік және қоңыржай ендіктерге, оның ішінде советтік Қиыр Шығысқа дейін жетеді. Тайфундардың әсерінен су тасқыны, күшті нөсер жаңбырлар пайда болады. Тақырлар. Тақырлар — шөлдер мен шөлейттерде өсімдіксіз немесе өсімдігі өте сирек болатын беті тегіс көлемді кеңістік. Жаңбыр суы буланып кеткеннен кейін, тақыр беті кеуіп, қатқылданады да, жарықтар пайда болады. Тектоника. Тектоника — 1) жер қабығының қозғалыс процестерінің жиынтығы; 2) жер қабығының әр түрлі аумақтарына немесе бүкіл қабыққа бірдей тән құрылым; 3) тау жыныстарының жатуы мен жер қабығының қозғалу жағдайларын зерттейтін геологияның бөлімі. Тектоникалық аңғарлар. Тектоникалық аңғарлар — бағыты тектоникалық сызықпен сәйкес келетін аңғарлар. Тектоникалық аңғарлар жедел тектоникалық және қазба тектоникалық деп бөлінеді. Қазба тектоникалық аңғарлар эрозия нәтижесінде түзіледі де, бағыты тектоникалық сызық бойынша болады. Тектоникалық көлдер. Тектоникалық көлдер — тектоникалық процестердің қатысуы арқылы жер қабатының төмен түсуінен пайда болған көлдер, ойыстар немесе мульдалар, қазан шұңқырлар және тағы басқалар. (мыс: Шығыс Сибирьдегі Байкал, Тянь-Шаньдағы Ыссықкөл, Африкадағы Танганика мен Ньяса және тағы басқалар). Терраросса. Терраросса — жерортатеңіздік облыстардағы қарсты облыстардың қоңыр және қызыл түсті тау жыныстары. Ол карсты облыстардағы ізбестастар пен доломиттердің химиялық үгілуге ұшыраған қалдықтары негізінде пайда болады. Топография. Топография — төменгі геодезия, жер бетін планға яки картаға кескіндеп түсірумен шұғылданатын үстеме ғылым. Бұған көзбен өлшеу, бұрыш өлшеу, мензульдық, тахеометриялық немесе алыстан өлшеу сьемкалары жатады. Таулы жерлерде фотограмметрия қолданылады. Кейінгі кезде жерді план не картаға түсірерде аэросьемка немесе аэрограмметрия деп аталатын фотографиялық сьемкалар қолданылады. Топонимика. Топонимика — география, тіл білімі, тарих тағы басқа ғылымдар деректерінің нәтижесінде дамып келе жатқан жаңа ғылым саласы. Бұл гректің «топос» — орын, жер, «онома» — атау деген екі сөзінен тұрады, яғни жер-су атаулары деген сөз. Топонимдер, яғни жерсу аттары, негізінен үш бағытта зерттеледі: 1) семантикасы (мағынасы), 2) жасалу жолдары және, 3) этимологиясы. Торнадо. Торнадо — диаметрі 75 м, ала жел жылдамдығы 64-177 км/сағ болатындай, жер беті мен бұлттар тобы арасын қосатын құйын, ауа ұрасы. Антарктикадан басқа барлық құрлықтарда кездескенімен басым бөлігі АҚШ-та орын Алады. АҚШ-тың шығыс жартысында, әсіресе Миссисипидің орта ағысында көбінесе көктем мен жаз айларында жиі болып тұратын көлемі кіші, бірақ әжептәуір күші бар дауыл. Транспортир. Транспортир — бұрыштар градустарын өлшеу үшін колданылатын сызу құралы, оның жарты шеңбер сияқты доғасының бетінде градус бөліктері мен оларды көрсететін арнаулы қифрлары болады. Тропиктік жаңбырлар. Тропиктік жаңбырлар — Күннің тас төбеде тұрған жағдайында тропиктік аймақтарда жауатын нөсер тәрізді күшті жаңбырлар. Күн екі рет тас төбеге келетін экваторға жақын облыстарда жаңбырлы кезеңдер жылына екі рет болады, ал аралық аймақта аз болады. Тропиктерге жақын маңайларда бір ғана жаңбырлы кезең болады. Тропиктік ормандар. Тропиктік ормандар — тропиктік аймақтағы өсімдік формацияларының топтары; бұған: 1) экваторлық ылғалды ормандар; 2) жаңбырлы кезеңде көгеретін ормандар; 3) таулық ылғалды ормандар және; 4) жағалық мангралық ормандар жатады. Экваторлық ылғалды орман жылдық жауын-шашыны 2000 мм-ден кем болмайтын, құрғақ кезеңі жоқ жағдайда өседі. Ол оңтүстік-шығыс Азияда, Конго мен Амазонка өзендерінің бассейндерінде өте жақсы өседі. Тропиктік орман ағаш тұқымдарының әр түрлілігі, ағаштардың көп ярустылығы мен аса биіктілігі (30—100 м), мәңгі жасылдығы, бұталарға байлығы, шырмауын, өсімдіктердің, эпифиттердің және басқа да өсімдіктердің көптігімен ерекшеленеді. Тропосфера. Тропосфера — жер бетінен экватор тұсында шамамен 18 км, полюстерде 6 км, ал орта ендіктерде 10— 12 км биіктікке дейін созылатын атмосфераның төменгі қабаты. Ол атмосферадағы барлық су буларын қамтып, өте-мөте мөлдір боп келеді де, жерден шыққан жылудың едәуірін өзіне сіңіреді. Бұл жағдай осы қабаттағы су булары мен бұлттардың болуына байланысты. Сондыңтан тропосфера көбінесе жер беті арқылы қызады. Оған температураның жоғарыдан төмен қарай тез ысуы (шамамен әрбір километр биіктікке +5°) дәлел. Температураның мұндай өзгеруі ауаның вертикалды бағытта араласуына, су буларының қанығуына, бұлттардың түзілуіне, жауынінашынның жаууына және басңа да ауа райымен байланысты құбылыстарға әкеп соғады да, климат пен ландшафтының вертикальды зоналықтарын құрайды. Тропофиттер. Тропофиттер — құрғақшылық сүйгіш өсімдіктер (ксерофитті) мен ылғал сүйгіш өсімдіктердің (гидрофитті) қасиеттерін бойына сақтаған есімдіктер тобы. Олар ылғалды климаттың құрғақ климатқа ауысатын жыл мезгілдері бар аудандарға бейімделген. Тропофиттердің сабақтары мен бүршіктері ксерофитті, ал жапырақтары гидрофитті болып құрылған. Біздің жапырақ ағаштарымыз осы топқа жатады. Тұман. Тұман — ұлпа тамшылар түрінде су буларының ауада қоюлануы. Ол желдің баяу уақытында дымқыл ауаның шыққа дейін суынған жағдайыйда пайда болады. Тұман тамшыларының орташа мөлшері 0,02 мм-ге тең. Жоғары көтерілген тұман бұлтқа айналады. Оның пайда болуы үшін ауада қанығу ядролары деп аталатын шаңдардың, түтіннің немесе электрлі зарядталған бөлшектердің — иондардың болуы қажет. Ұлпа су тамшыларының булануы, яғни олардың газ тәріздес күйге ауысуы нәтижесінде тұман ыдырайды. Өте қалың тұман көбінесе түтін көп шығатын қалаларда болады. Бұған әсіресе Лондондағы тұмандар жатады. Дауылдар. Дауылдар — жылдамдығы 30—50 м/сек дейінгі аса қатты сұрапыл желдер. Олар көбінесе тропиктік циклондар құрамында кездеседі. Теңіздер мен ірі көлдерде (мыс.: Қазақстандағы Алакөлде сойқан желдер) дауылдар кейде құйын аралас сұрапыл толқынды су қозғалысын туғызады. Шатқал. Шатқал — терең, түбі тар, құлама немесе тік, кейде ойыс беткейлі және көпшілік бвлігі жартасты болып келетін аңғар. Шатқал көбінесе таулы аймақтарда кездеседі, мұнда оның тереңдігі 1500—1800 м-ге дейін барады. Шатқал көп жағдайда өзен әрекетінен (эрозиялық шатқал, кейде жердің жарылуынан, карсты опырылу әрекетінен) пайда болады. Фенология. Фенология — табиғаттың мезгілдік құбылыстарының заңдылығын зерттейтін білім саласы. Фенология жалпылама және жекелік болып екіге бөлінеді. Біріншісі органикалық дүние мен метеорологиялық факторлардың арасындағы заңдылықтарды аныңтайды. Бұл үшін күн сайын толтырылып отыратын күнделік негізінде әр құбылыстардың бірнеше жылдар бойы басталуы мен аяқталу уақыты туралы (өзендердің еруі мен қатуы, жапырақтардың шығуы мен түсуі, өсімдіктердің гүлденуі мен дәнденуі және тағы басқалар) мәліметтер жазылған жинақтағыш табиғи календарь жасалады. Ал жекелік фенология немесе биофенология, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің даму фазаларын (мыс.: гүлдену, ұрықтану фазаларын және тағы басқалар) зерттейді. Физикалық география. Физикалық география — жер сферасы, географиялық орта және жер типтері — географиялық ландшафтар туралы ғылым саласы. Кең мағынада айтқанда, ол басқа да жаратылыстану ғылымдарының негізгі салалары сияқты жеке ғылымдар мен физикалық географияның дәл өзінен, немесе жер тану ғылымынан тұратын ғылымдар жүйесі болып табылады. Физикалық география екі бөлімге — жалпы және региондық-аудандық (көбінесе ландшафттану деп аталатын) физикалық географияға бөлінеді. Жалпы физикалық география жердің географиялық қабығының құрылысын, құрамын, динамикасын, дамуын, территориялық бөлшектенуі мен олардың сыртқы және ішкі байланыстарын зерттейді; ал региондық физикалық география табиғи бөлек территориядағы жоғарғы аталған заңдылықтардың жергілікті ерекшеліктерін зерттейді. Соңғы кездерде физикалық географиядан жеке ғылым саласы есебінде палеогеография бөлініп шықты. Осындай физико-географиялық жеке ғылымдар салаларының негізгі міндеті жер қабығының түрін бір тұтас заттың бөлігі есебінде зерттеу болып табылады. Физикалық география, геология, геохимия, геофизика, биология, биохимия және тағы басқа жаратылыс тану ғылымдардың салаларымен тығыз байланысты. Фиордтар. Фиордтар — иректелген, терең трогты ұзын аңғарларда орналасқан биік (1000— 1200 м-ге дейін) және тік жағалы тарамданған теңіз шығанақтары. Олардың көлденең қимасы кәдімгі трогтың көлденең қимасы сияқты астау формалы больш келеді де, қабырғалық фиордтардың түбі негізгі фиордтардың түбінен жоғары орналасады. Фиордтар кірмесінде оларды теңізбен бөліп тұратын шоңғалдар кездеседі. Су асты шоңғалдар мореналық материалдар мен байырғы жыныстардан тұрады. Фиордтар жартасты жағалардағы тектоникалық жарықтарды өзендердің, ал кейінде мұздықтардың мүжу әрекетінен пайда болады. Мұздық дәуір аяқталғаннан кейін, құрлықтың төмен түсуі нәтижесінде теңіз аңғарларды басып фиордтар түзді. Фитогеография. Фитогеография (өсімдік географиясы) — өсімдіктердің жер бетіне таралуын зерттейтін ғылым. Өсімдіктердің таралуы көптеген жағдайларға байланысты. Бұл жағдайларға: жердің өткен геологиялық дәуірі, климаты, жер бетінің құрылымы, жануарлар мен адамдардың әрекеті жатады. Фитогеографияның міндеті — әрбір түрдің ареалын (орналасу ауданын), фитоценозын (өсімдіктер жиынтығын) зерттеп, білу. Қазіргі фитогеография жер бетін әрқайсысының өзіне тән өсімдік жамылғысының құрамы бар алты облысқа бөледі. Олар —голарктика, палеотропик, неотропик, австралия, кап және антрактида облыстары. Флексура. Флексура — немесе моноклинальды қатпар, жер қабығының бір аумағының екінші аумағынан үзілмей, бірақ қабаттардың созылуы арқылы вертикальды бағытта төмен түсуі немесе жоғары көтерілуі. Флювиогляциальдық шөгінділер. Флювиогляциальдық шөгінділер — еріген мұздық суымен келіп, мұздың шетінің етегіне шөккен шөгінділер. Олар малта тастардан, қой тастардан, құмдардан, саздақтардан, балшықтардан тұратын тосқындар түзейді. Атмосфера фронты. Атмосфера фронты — әр түрлі ауа массаларының шектесу полюстері мен бөліну зоналары. Ауа фронты зонасында суық ауа жылы ауаның астына ұзындығы бірнеше мың километрдей, ал көлденеңі бірнеше ондаған километрдей қуалай еніп температураны, желді, ылғалдықты, тағы басқа ауа райы элементтерін тіке өзгертеді. Жылы ауа мен суық ауаның шекарасында атмосфера фронтын бойлай циклондар түзімен олардың ағыны пайда болады. Циклондар. Циклондар орталығы өткеннен кейін барометрлік қысым жоғарылайды да, жаңбырлы ауа райы ашық күндермен ауысады. Қыста олардың алдыңғы жағында температура жоғарылап, жазда төмендейді де, ал соңғы жағында керісінше болады. Циклондардың жылжуы қоңыржай ендіктердегі атмосфераның жоғарғы қабаттарында басым болып келетін шығыс бағытnағы желдердің әсерінен болады. Бьеркнестің пікірі бойынша, циклондар ауа фронттарынан, яғни әртүрлі ауа массаларының арасында бөлу бетінің болып тұруынан пайда болады. Бұл бөлу беттері батыстан шығыс0а қарай ауысып отыратын бұрылыстар және толқын тәріздес ауытқулар жасап отырады. Солтүстік жарты шарда жылы ауа массалары солтүстікке қарай жылжитын жерінде — циклондар, ал оңтүстікке қарай бұрылыс жасаған жерінде — антициклондар құрайды. Түкті бақа. Түкті бақа (Trichobatrachus robustus) — кәдімгі бақалар тұқымдасының бір туысы, тек суда тірішлік етеді. Шағылысып көбейер кезде түк тәрізді өскіндер пайда болады. Көбею мерзімі аяқталысымен «түгі» қысқара келіп жоқ болып кетеді. Қелесі жыл «үйірге» түскенде «түгі» қайта шығады. «Түктерінің» ішінде кан тамырларының болуына қарағанда, ғалымдардың пайымдауы бойынша олар зат алмасуына қатысуы мүмкін. Қылқұрттықтар. Қылқұрттықтар (Nematomorpha) — жұмыр құрттар типіне жататын кластардың бірі. Қылқұрттықтарға жататын организмдердің денесі әрі ұзын, әрі жіңішке, сырты тығыз кутикуламен қапталған болады. Кутикуланың астында — эпителий, ал оның астында — ұзын боршасы жатады. Қылқұрттықтардың 100-ге тарта түрі бар. Ересектері суда, личинкалары балық немесе судағы насекомдардың ішкі мүшелерінде тіршілік етеді. Түкті мүйізтұмсық. Түкті мүйізтұмсық (Rhynoceros antiquitatis) — бұл бұрынғы замандарда тіршілік еткен, кейін құрып біткен сүт қоректі жануар. Ол замандағы мүйізтұмсықтар ірі, биіктігі 2 метрден астам, денесі түкті болған, мойынында майлы өркеші, басында екі мүйізі болған. Мүйізінің біреуі дәл мұрнының үстінде, ал екіншісі маңдайында болған. Түкті мүйізтұмсық Еуропа мен Солтүстік Азияның жерлерінде тіршілік еткен. Қылқұйрықтар. Қылқұйрықтар (Trichiuridae)— алабұға тәрізділер отрядына жататын балықтардың бір тұқымдасы. Суы жылы және қоңыр-салқын теңіздерде болады. Денесінің екі бүйірі қабысқан қылыш тәрізді балық. Құйрығы атына сәйкес. Кейбіреулерінің ұзындығы 1 метрдей келеді, бұларды әдейі аулайды. Волош аскөгі. Волош аскөгі (Foeniculum) — балдырған гүлдес, гүлшоғыры шатырша болып келетін шөптесін өсімдік. Бұдан эфир майы алынады. Мұны кейде фенхель (қара) деп те атайды. Сасық күзен. Сасық күзен (Mephitis mephitis) — күзендер тұқымдасына жататын сүтқоректі хайуанның бір түрі: Денесінің ұзындығы — 40 см, құйрығы — 28 см. Түсі көбінесе қара, қасқа бас, екі бүйірін бойлай біткен ақ жолағы бар. Көбінесе терісі үшін ауланады. Торғайлар. Торғайлар (Passer) — құстардың бір туысы, мұның 50-ге тарта түрі бар; олардың жиі кездесетіндері: ақтамақ торғай, су торғай, суықторғай, шақшақай, қызылбас торғай, бозторғай, жауторғай, қаратөс торғай. Болған шытыр. Болған шытыр (Centhe minor) — шытырлар тұқымдасына жататын өсімдіктің бір түрі. бұрынғы КСРО-ның Оңтүстік аудандарында және Қавказда өседі. Жапырақтары мен сабағының сыртын көгілдір балауыз жұғыны қаптап тұрады. Бөген (мал ауруы). Бөген — көбінесе жылқының, кейде сиырдың да құйрығы түсіп қалатын қышыма ауру. Емдеу жолы: ауырған малдың құйрығын әбден тазартып, оны жазылғанға дейін әлсін-әлсін креолиннің, лизолдың немесе ихтиолдың ертіндісімен жуып тұру. Қарғалықтар. Қарғалықтар (Corvidae) — сайрағыш торғайлар отряд тармағына жататын құстардың бір тұқымдасы. Барлық жерде кездеседі, үлкенді-кішілі болады. Қарғалықтар тұқымдасына жататындар: құзғын қарға, қара қарға, көк қарға, ала қарға, ақ тұмсық қарға және басқалар. Қамба зиянкестері. Қамба зиянкестері — қамбадағы азық-түлік дақылдарын бүлдіретін зиянкес насекомдар. Мысалы: қамба және күріш бізтұмсықтарының личинкалары, қамба күйесінің жұлдызқұрты қамбадағы астықтың тұқымын зияндайды; тиірмен қанкөбелегінің (Тіnea granella) жұлдызқұрты ұнды зияндайды; дән күйесінің (Sitotroga сеrealella) жұлдызқұрты дәнді түгелімен жеп, тек оның қауызын ғана қалдырады. Азық-түлікке бұлардың зияны тимеу үшін азық-түлікті таза, құрғақ ұстау керек. Зиянкестерді түрліше әдістермен (физикалық, механикалық, химиялық және биологиялық) құртып отыру керек. Дәнді дақылдар зиянкестері. Дәнді дақылдар зиянкестері — ауылшаруашылық дәнді дақылдарын зияндайтын жәндіктер; бұлар екі топқа бөлінеді: 1) сүтқоректілер: сартышқан, қаптесер, қосаяқ, атжалман және басқалары, 2) насекомдар: шегірткелер, гессен жэне швед шыбыны, пырылдақ қоңыздар, даланың көзсіз көбелегі, лепті кебелек және басқалары. Бұлармен күресу жолы қамба зиянкестерінікі сияқты. Сұрала қаз. Сұрала қаз (Anser fabalis) — қаздар отрядына жататын ірі құс. Салмағы 4,5 кг. Денесінің үсті қоңырлау, бауыры ақшыл-сұр, тұмсығы қара, табаны сары болады. Тундрада, Шығыс Сібірде, Исландияда, Орта Азияда, Гренландияда, Қытайда болады. Қазақстан резерваттарының тізімі. Мемлекеттiк табиғи резерват — табиғи кешендердiң биологиялық саналуандығын және олармен байланысты табиғи және тарихи-мәдени объектiлердi күзетуге, қорғауға, қалпына келтiруге және сақтауға арналған жердегi және судағы экологиялық жүйелердi қамтитын табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Қазақстанда қазіргі уақытта 4 резерват ұйымдастырылған. Резерваттар тізімі. Кестеде резерваттар құрылған уақытына сәйкес келтірілген. Ақсу-Жабағылы қорығы. АҚСУ — ЖАБАҒАЛЫ ҚОРЫҒЫ — Талас Алатауының /Батыс Тянь-Шань/ солтүстік-батыс бөлігін және Өгем жотасын алып жатқан 1926 ж. құрылған Қазақстандағы тұңғыш қорық. Құрамында Қаратаудағы “Қарабастау” (126 га) және “Әулие” (100 га), телімдері бар. Жерінің ауд. 75,09 мың га (1997). Қазір Ақсу — Жабағылы қорығы ЮНЕСКО жасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне енген. Қорық бірнеше биіктік белдеуде жатыр. Тау өңірінде бидайық, түрлі шөптер, боз жусан, жоғарысында селдір арша орманы, субальпі және альпі шалғыны өседі. Одан жоғарысын мұздықтар мен көп жылдық қар жапқан. Ақсу Жабағылы қорығының жерін Ақсу өзенінің аңғары (тереңд. 500м-дей) жарып өтеді. Өсімдіктер дүниесі әралуан. Онда мүктің 61, қынаның 58, жоғ. сатыдағы өсімдіктердің 1400 (дәрі-дәрмектік өсімдіктерден: қылша, сасыр, иманжапырақ, түйежапырақ, сарыағаш, шәйқурай, талас уқорғасыны), тех. өсімдіктен: арша, рауғаш, итқұмық, таран, жеміс-жидектерден: жабайы алма, шетен, шие, қарақат, бүлдірген, жемшөптік өсімдіктен жоңышқа, кекіребас, бедебас, түлкіқұйрық, көде, сондай-ақ эндемик өсімдіктерден майысқыш қияқ, талас қайыңы, ақшыл сары жоңышқа, қаратамыр, томағашөп, қандыгүл, реликті өсімдіктерден: жалған масақша, Минквиц кендіршесі, Қаратау сетені түрлері бар. Қорықтың жануарлар әлемі де өте бай: сүтқоректілердің 42 (арқар, таутеке, елік, марал, барыс, Тянь-Шань қоңыр аюы, борсық, сусар т.б.); құстардың 238 (гималай ұлары, кекілік, сақалтай, бүркіт, қара құтан, бозторғай, сарыторғай,ителгі, шымшық т.б.); бауырымен жорғалаушылардың 9 (алай жалаңкөзі, сары бауыр кесіртке, қалқантұмсықты қара шұбар жылан, сұржылан т.б.), қосмекенділердің 2 (жасыл құрбақа және көлбақа) және балықтың 2 түрі тіршілік етеді. Омыртқасыз жәндіктердің де алуан түрлері осы өңірде қоныстанған. Ақсу Жабағылы қорығы — табиғаттың нағыз ғыл. лабораториясы, онда ғылыми-зерттеу жұмыстары үзбей жүргізіледі. Ғалымдар қорықтың табиғат байлықтары жөнінде 400-ден астам еңбектер жариялады. Алакөл қорығы. Алакөл көлі. Алакөл Қазақстанның көз жауын алатын көлдерінің бірі. Жоңғар Алатауының солтүстік шығысында жатқан тұзды көл миниралды тұздар мен күкіртті батпаққа бай. Сонымен қатар, Сіз көл бойында 35 км созылып жатқан Құстар Аралынана Фламинго құстары мен басқа да 40 түрлі құстарды көре аласыз. Алматы қорығы. Алматы қорығы — Қазақстандағы ең бай қорықтардың бірі. Іле Алатауының орталығында 1931 жылы ұйымдастырылды. Жер көлемі — 71 мың гектар. Қорықта бұғы, елік, арқар, құлжа, тауешкі, таутеке, жайран, қабан, жайра, суыр, барыс, ілбісін, аю, түлкі, борсық; құстан, ұлар, шіл, кекілік, қырғауыл, тазқара, бүркіт және басқалары бар. Батыс Алтай қорығы. Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы Кенді Алтайдың солтүстік-батыс бөлігінде Шығыс Қазақстан облысының Риддер (Лениногор), Зырян, Глубокое (Орталық кеңсе-үй-жайы Глубокое ауданының Риддер қаласында орналасқан) аудандарының аумағында Поперечное ауылының оңтүстік-шығысында табиғатты пайдаланудан алынып қойылған жерлерде орналасқан. Батыс Алтай қорығының аудандастырылуы Оңтүстік-Cібір тау елдерінің Алтай провинциясына жатады. Қорықтың ландшафтық кешеніне Иванов (2800 м), Холзун (2500 м), Көксін (2300 м), Тигирецк (2300 м), Линейск (1600 м), Уба (2067 м), Үлбі (2000 м) жоталарының таулы жер бедерлерінің бөлігі қосылады. Қорықтың жануарлар дүниесін тайгалық жануарлар: бұлан, марал, елік, құдыр, қоңыр аю, құну, сілеусін, бұлғын, сасық күзен, аққалақ, қара күзен, кәмшат, тиін, шұбар тышқан, суыр, түлкі және әртүрлі кеміргіштер құрайды. Құстар әлемі алдын ала алынған деректер бойынша 100 аса түрден тұрады. Олардың ішінде Қызыл кітапқа енгізілген: қара дегелек, тундра шілі, бүркіт, аққұйрық субүркіт бар. Барсакелмес қорығы. Барсакелмес қорығында өте сирек кездесетін флора мен фауна бар.Өсімдіктердің 256-дан астам түрлері және малдар, аңдар,сүтқоректілер және қос мекенділер өмір сүреді. Теңіздің құрғауына байланысты сирек кездесетін балықтардың түрлері жойылып, жаңа өсімдіктер мен малдар кездесіп жатыр. Ол 1929 жылы тапсырма берушi сияқты негiзделдi. Ал 1939 жылға 10 желтоқсан күні мемлекеттiк қорықтың мәртебесiн алды. Теңіздің құрғауына байланысты судың тұздылығы нормасынан шектен шықты. Тұщы судың жоқтығы малдың өмір сүруін қиындатады. 1982 – 1991 жылдар аралығында 260 астам құландар республиканың басқа қорықтарына ауыстырылған. 137 бастардағы жемiсi қалған 50 ерекшерек қиырлар. Қазіргі таңда жылдық қорытынды бойынша құлан саны 20-25 басқа көбейді. Барсакелмес қорығында флора және фаунаның сирек кездесетін түрі бар. Балықтар саны жылдан жылға өсуде. Жуырда Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университеттің ғалымдары студенттермен бірлесіп экономика,экология және ботаниканы жаңартуда. Қорық бай кiтапхананы арқасында өз оқырмандары және оны табады жануартану және өсiмдiктануды табиғи лабораторияға айналып кетедi. Бүгінгі күннің басты мәселесі: 100-150 000 га және 400 000 га жерді сақтап, өсімдіктерді көбейту. Барсакелмес – республикадағы 9 қорықтың ішіндегі ең ерекшесі және оның өркендеуіне барлық қазақстандықтар қызығуы керек. Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы Арал теңізінің ортасындағы осы аттас жерде алғаш 1929 жылы қорғалым ретінде пайда болса, 1939 жылдың 10 желтоқсанынан бері өзіне лайық статусқа ие. Сол уақытта Қазақ КСР Халық Комиссарлары кеңесінің №973 қаулысы негізінде қаз тұрған бұл құрылымның тұрақ тепкен жері өте қолайлы мекен болатын. Оның ең биік бөлігі теңіз деңгейінен 100 метрге дейін баратын… Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының басынан Сырдария және Әмудария өзендері арқылы Арал теңізіне келіп құятын судың мөлшері күрт азая бастауына байланысты теңіздің бірте-бірте тартыла түсуі мұндағы қорықтың да жағдайын нашарлата берді. Ақырында мұндағы Барсакелместің “арал” атанғаны тарихтың тұнбасында қалды. Өйткені, теңіздің шығыс жағалауы құрлықпен қосылып кетіп, қорықтың елден ерек ерекшелігі естен шықты. Соған қарамастан осындағы өз істеріне ерекше берілген жайсаң жандардың жанқиярлық еңбектерінің арқасында атақты қорық жай тіршілік етіп қана қоймай, алғы күнге асқақ міндеттер тұрғысынан қарауда. Арал өңірі тұрғындары арасында Барсакелмес төңірегінде аңыздар көп. Солардың бірі былай баян етіледі. Баяғыда осы маңайда тұратын тайпалар арасында жаугершілікке тыйым болмай бара жатқаннан кейін Ләтпай деген кісі бастаған ру адамдары құлақ естіп, көз көрмеген алыс жаққа кетіп қалуға қам жасайды. Сонда бұларға теңіздің қақ ортасындағы суы тұщы, шалғыны шүйгін, балығы мол, алуан түрлі аң-құсы бар, сексеуілі қалың ғажайып аралға өтіп кетуді ұсынушылар табылады. Бұлар мұз қатқанда күзер жасап, соның үстімен аралдың төріне жетіп алмақ болады. Сол мақсатта Изенді ондағы табиғатты ақ жартас түбін паналап, шолпанның тууын күтіп отырғандарында, олар жаққан оттың маңайына жыртық шапанды, тесік тымақты бір ақсақал келіп, Ләтпайға қарап: “Ол аралдан қорықпаңдар, онда зұлымдық жоқ, қасқыр жоқ, адамдар жоқ. Аралда табиғатты сақтасаңдар, бақытты да ұзақ өмір сүресіңдер. Ұрпақтарың ештеңеден зәрулік көрмейді. Мыңғырған мал болады. Аң-құсты өлтірмеңдер. Аққуларға тимеңдер”, – дейді. Осыны айтқан қария заматында қараңғылық қойнауына сүңгіп жоқ болады. Ләтпай оның Қыдыр екенін іштей сезеді. Ал, төбеден шолпан көрінген сәтте тайпа түгел орнынан қозғалып, мұзды көпір — күзердің үстімен тізбектеліп жүріп өтіп, аралдың қойнауына барып түседі. Қысты осы аралда жақсы өткізген Ләтпайдың жұрты көктемге қарай тойына бастайды. Қыдыр атаның айтқандары айдай келіп, көп ұзамай олар байи бастайды. Осы ұзақ аңыздың ақыры аралдағы ағайынның жылдардың жылы баяғы қарияның өсиетін естерінен тарс шығарып, сексеуілді отап, аң-құсты қырып, аққуға ауыз сала бастауы салдарынан бір түнде маңайды түгел ордалы жыланның жалмауымен аяқталады. Аңыз бойынша сол қырғыннан сегіз жасар бала ғана аман қалыпты. Шамасы, елді түгел харап етуге ертегілерге тән есті сарын жол бермесе керек. Барсакелмеске ғылыми тұрғыда түбегейлі зерттеу ХІХ ғасырдың орта тұсына қарай басталды. Алғаш 1831 жылы орыс ғалымы Р. Левшин Арал теңізінде осындай аралдың бар екенін анықтап, картаға сызбасын түсіреді. Патша үкіметі 1848 жылы Арал теңізінің аумағын зерттеуге бірінші экспедиция шығарып, оған басшы етіп әскери теңізші Алексей Бутаковты тағайындайды. Сол жылғы мамырдың ортасында Ор бекінісінен шыққан керуен айдан аса мерзімде Арал теңізінің жағасына жетеді. Жаз ортасында теңізге бет қойған саяхатшылар әуелі Көкаралға аялдап, содан соң оның арғы жағындағы Барсакелмеске жүзіп барады. Осыдан кейін бұл жерге зерттеуші Л.Бергтің табаны тиеді. Міне, Барсакелместің ашылу тарихы осындай. Айдынды арал зерттеушілерді өзінің керемет табиғатымен таңғалдырады. Оның табанын түгел жасыл желек жапқан. Тұщы суы бар көлдер көп. Мұндағы өсімдіктердің көпшілігі басқа жерде мүлдем кездеспейді. Экспедиция жетекшісі аралда құстардың 200 түрі бар екенін жазады. Жыландар мен кесірткелер, шаяндар мен бүйілер өріп жүрген. Сексеуілді паналаған жайрандар мен ақбөкендер тіпті адамнан үрікпейтін болған. Сол кездері бұл жер шынында таңғажайып қойнау болғанға ұқсайды. Бүгінде құрылғанына жетпіс жылға жуық уақыт болған Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы осындай жаратқанның өзі жарқыратып жасап берген жалпақ жайуаттан жай тапқан. Қорықта бүгінде өсімдіктің 165 түрі өседі. Олардың арасында бұйырғын, жусан, адыраспан, рауғаш, итсигек, сексеуіл секілді сортаң шөптер бар. Жануарлар әлемінен құлан, ақбөкен, қарақұйрық, ор қоян сынды арал табиғатына бейім хайуанаттар түрлері кездеседі. Заманында еліміздің жазық даласында зыр қағып жүрген “қазақ құланы” деп аталған аң да болыпты. Оның ең соңғы тұяғы 1936 жылы оспадар оқтың құрбаны болғанға ұқсайды. Сосын 1953 жылдың қысында Түркіменстанның Бадхыз мемлекеттік қорығынан 14 құлан жеткізілді. Әкелінген жануарлар жаңа мекенді бірден жерсініп, ұрпақ жая бастады. Қорықта ұлы көш басталған 1982 жылға дейін олардың саны 300-ге жеткен екен. Өкінішке қарай, 1997-1999 жылдары Барсакелместің арал болудан қалып, тұщы су көздерінің жоғалуы бұл жануарлардың жарамдыларын түгел басқа жақтарға жөнелтуге мәжбүр етті. Сол уақыттан бастап бұл жерден ұзын-саны 250 қаралы құлан көшіріліп әкетіліп, негізгі бөлігі Алматы маңындағы Алтынемел ұлттық паркіне жіберілсе, тағы бір тобы Маңғыстау маңындағы Үстірт жоталарына аттандырылды. Ал қорықтың өз басында алыс жолға шығуға жарамайтын, кәрі-құртаң елу шақты құлан алып қалынған еді. Аралдың шығыс бөлігінің үлкен материкпен жалғасып жатуы бір жағынан жазықсыз жануарлардың аман қалуына себепші болды. Ащы судың аранында қалған олар осы арқылы үлкен жерге шығып, өз нәпақаларын теріп жей алатын жағдайға жетті. Қорықтың директоры Мағжан Тұрсынбаевтың айтуынша, осы кезге дейін біраз киік пен қарақұйрық ішетін таза судың жоқтығынан қапысыз қырылып қалған екен. Екі араға өткел түскесін барып, бұл жерден 1500 киік пен 350 қарақұйрық сыртқа аман шығып үлгіріпті. Оқшау аралдағы ауыз судың тапшылығы, міне, аң-құстарды осындай халге дейін душар етті. Қазіргі таңда Барсакелместі мемлекеттік табиғи қорық ретінде сақтап қалудың барлық амалдары жасалуда. Атап айтқанда, еліміз Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы “Арал аймағына қолдау көрсету және дамыту шаралары туралы” №1121 қаулысы арқылы бекітілген іс-шараларға сәйкес құрғаған табанға өсімдіктен сүзгі орнатылуда. Мұнда құжаттың “Барсакелмес қорығындағы өсімдіктер мен жануарлар әлемін сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды зерттеу және талдау” деген 7-бабы негізге алынып, соған сәйкес жұмыстар атқарылуда. Енді Барсакелмес қорығының бүгінгі бет-бейнесіне келсек, соңғы екі жылдан бері оның көлемі бұрынғысынан 10 есеге артты. Сөйтіп, осы кезге дейін 16 795 гектар жерді алып келген аумақ 160 795 гектарға ұлғайды. Бұл Үкіметтің 2005 жылғы 25 қарашадағы №1162 қаулысының негізінде мүмкін болды. Оған еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұсынысы ықпал етті. Ал қорық жеріне ғылыми-техникалық сараптама жасауға Аралдың құтқару қорының президенті Алмабек Нұрышев қаржылай көмек көрсетті. Осылай қорық жері Қасқақұлан аралына дейін жалғасты. Жайылымның кеңейе түсуі өз кезегінде Барсакелмес аралында тұралап қалған жануарлардың көбею үдерісін жеделдетті. Қорықта 2005 жылғы қазан айында жүргізілген санақ аң-құстар дүниесінің динамикалық табиғи өсуін қанағаттанарлық деп тапты. Мекеменің штаттық кестесі ұлғайып, жаңадан көп құрал-жабдық, техника алынды. — Жабайы аң-құстарды сақтау үшін олардың еркін өсуіне қолайлы кеңістік қажет, – дейді қорық директоры Мағжан Тұрсынбаев бізбен әңгімесінде. – Дамыған өркениетті елдерде ерекше қорғалатын аймаққа мемлекеттің жалпы жер көлемінің 12-14 пайызы кіреді. Әзірге Қазақстанның 2,7 млн. шаршы шақырым жерінің ерекше қорғалатын аумағын 7,7 пайыздық көлем ғана құрайды. Ал бұл көрсеткіш жабайы аңдардың тыныш тіршілік ету мүмкіндігіне аздық етеді. Осының өзі олардың азаюына әсер ететін негізгі себептердің бірі. Бүгінгі статистика жылдан жылға жер бетінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің азайып бара жатқанын байқатады. Бұл, әрине, көңіл алаңдататын жәйт. Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығындағы сексеуілді орман алқабы 41,5 мың гектар жерге созылып жатыр. Осы табиғи ортаны 25 сүтқоректі жайласа, солардың біреуі дүниежүзілік “Қызыл кітапқа” енген, келесісі Қазақстанның сондай кітабы парақтарынан орын алған. Олардың біріншісі – құлан да, екіншісі қарақұйрық. Сонымен қатар мұнда өсімдіктің 354 түрі өссе, оның 14-і эндемик. Құстардың 178 түрі мекен етсе, бұлардың 26 түрі Қазақстанның “Қызыл кітабына” жазылған. Бұдан басқа, 12 бауырымен жорғалаушы мен 2 қосмекенді тіршілік етеді. Бұл жерде сирек кездесетін улы қалқантұмсық жылан да бар. Мұндай бауыры суық бақанақтың уы медицинаға аса қажет. Қорық екі кластерден тұрады. Мұның біріншісіне бұрынғы Барсакелмес аралының 50 884,0 гектарлық алабы жатса, екіншісін байырғы Ұзынқайыр және Қасқақұлан аралдарынан қалған 10 9942,0 гектарлық танап қамтиды. Бұлардың барлығы 160 826,0 га жерге жетеді. Бұл аймақтар оңтүстік Арал теңізінің кепкен табанымен, яғни, экологиялық апат ошағымен қатар жатқандықтан, қорықтағы тіршілік атаулы ұдайы тұзды тозаңның астында қалуда. Ақ түтек шаңды мол ылғалды су мен танаптағы өсімдіктер ғана тоқтата алады. Осы орайда Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының басты міндеті мұндағы сабақты иненің әзер ілініп тұрған жібін үзіп алмау болып отыр. Сол тіршілік көздерін сақтап, молайтумен бірге, оған тұрақты мониторингтік бақылау жасау, жыл сайын жануарлар мен өсімдіктер әлемін санақтан өткізу, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы табиғат пен адам арасындағы үндестік түсіністікке дәнекер болу, күнделікті табиғат жылнамасын жазу, ғылыми семинарлар мен сабақтар ұйымдастыру осы жұмыстарды жалғастырады. Бұлардың “Барсакелмес қорығының флорасы және табиғат қорғау іс шаралары” тақырыбымен осындағы қорық директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары. З.Әлімбетова, “Барсакелмес қорығының герпетофаунасы және континенталдық байланыста өзгеруі” тақырыбымен маман Г.Сатекеев айналысуда. Сол сияқты “Арал теңізінің тартылу жағдайында Барсакелмес қорығы құландарының экологиясы” тақырыбына А.Жылқайдаров бөлінсе, “Қазіргі таңдағы экологиялық жағдайдағы Барсакелмес қорығының оринтофаунасы” мәселесімен Б.Қуандықов шұғылданып жүр. Бұл төрт тақырып бойынша белгілі ғалымдардан ғылыми жетекшілер белгіленген. Қорық жайында түсірілген “Құландар аралы” деректі фильмі 2004 жылы Ташкентте өткен кинофестивальда 110-нан астам қатысушылардың арасынан жүлделі үшінші орынды жеңіп алды. Биыл сондай тағы бір деректі фильм түсірілу үстінде. Бұдан бөлек, Алматы қаласындағы Ботаника және зоология институтымен, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетімен бірлескен ғылыми жұмыстар қолға алынуда. Қорық қызметкерлері Қырғызстан, Ресей және Германия мемлекеттерінде халықаралық семинарларға қатысып қайтты. Сондай-ақ, Барсакелмес қорығында халықаралық деңгейде үш ғылыми семинар өткізілді. Биылғы жылы БҰҰ резидент-үйлестірушісі Т.С.Кертешовтің басшылығымен “Солтүстік Аралдың сулы-батпақты өңіріндегі тіршілік әлемін сақтау” атты тақырыпта семинар ұйымдастырылмақшы. Қорықтың екінші екпін, тың тыныс алуына 2005 жылғы 27 сәуірде Арал өңіріне Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ат басын бұруы үлкен серпін берді. Мемлекет басшысы сол жолы қала орталығында қорық жөніндегі анықтамалық стендтерді қарап тұрып, аймақтың табиғатында әлі де сақталып, өсіп-өнген эндемикалық жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне қызығушылық білдірген еді. Елбасының сол сапарынан кейін Сырдария өзені арнасын реттеу және Арал теңізінің терістік бөлігін сақтап қалу жөніндегі ғасырлық салмағы бар жобаға жан кірді. Көп ұзамай сол жылдың күзінде Көкарал бөгеті қалпына келтірілді. Осынау ғаламат құрылыстың сапалы да тез бітуіне Ауыл шаруашылығы министрі Ахметжан Есімовтің көп еңбегі сіңді. Бұл нысанды әлемнің сегізінші кереметі атауға болады. Себебі, жердің жағрафиялық картасынан жоғалған Солтүстік Арал теңізінің қайта қатарға қосылуы тіршіліктің жаңадан жандануына әсер етті. Осыдан кейін бұрынғы балықшылар отбасы қайықтарымен су айдынына шығып, ата кәсібін жалғастырды, төзімділік таныта білген елге береке келді. Солтүстік Арал акваториясы содан бергі бар-жоғы екі жылдан сәл астам уақыт ішінде мамандар күткен мөлшердегіден әлдеқайда тез және мол суға толып, түстіктегі қорық аумағына да өзінің оң ықпалын тигізе бастады. – Бүгінде қорықта құландар саны 230-дан асып отыр. Баяғы “көшкен елдің жұртында қалған” ауру-сырқау, кәрі-құртаң 50 құланнан бас-аяғы 20 жылдан сәл астам уақыттың ішінде 200-ге жуық ұрпақ өсіп-жетілді. Жануарлардың бұлай күрт өсулеріне жаңа Қасқақұлан аймағынан жайылым алаңының кеңеюі, тұрақты таза су көздерінің пайда болуы себеп болды. Бұл ретте аң-құстың қас жауы – браконьерлерге қарсы тұратын қорық инспекторларының қызметтері де ерекше. Соңғы үлгідегі техникамен жүретін солардың көбін ұстау да оңайға түспейді. Осы орайда, мемлекеттік қорықты соңғы үлгідегі жабдық-жарақтармен ұдайы жабдықтап отыру өмірлік мәні бар маңызды мәселе болып қала бермек. Ендігі айтылатын жәйт, Аралды оңтүстік пен солтүстікке бөлмей, оның табиғатының тұтастығын толықтай сақтағанымыз абзал. Алайда оңтүстік теңіздің кепкен 4,0 млн га. астам тіршіліксіз тақыр табаны бүгінде нағыз апат ошағына айналып, жылына жүз миллиондаған тонна тұзды шаң жер бетіне таралып жатыр. Жылдар өте келе оңтүстік Арал теңізінің қалған батыс бөлігіндегі су мүлдем жойылса, экологиялық ахуал бүгінгіден әлдеқайда нашарлай түседі. Қазіргі таңда сол жердегі шаңды тозаң желмен көтерілгенде 3-5 метрдегі ағаштарды ақ түтек тұзды шаңға орайды, осы құбылыстың салдарынан адамның көзі қызарады, бет-аузы тұзды топырақтан ашиды, тыныс алуы қиындайды. Алайда, бұл құбылысты тоқтатудың өзіндік жолдары да бар. Ол, жоғарыда айтқанымыздай, теңіздің құрғаған табанын көк өскіндермен жауып, осында орман алқабын өсіру. Қызылорда облысында қоршаған ортаны қорғауға немесе орманды алқапты ұлғайтуға арналған жобада қаралған 35 млн. АҚШ долларының 8 миллионы Аралдың кепкен табанына 59 мың га. жерді алып жататын сексеуіл отырғызуға жаратылады. Алты жылға жоспарланған бұл жұмыстардың барысында теңіздің кепкен табанынан жер асты суын ұңғыма арқылы шығарған жағдайда сексеуіл де, жыңғыл да өздігінен өсу дәрежесіне жетеді. Мұнда Оңтүстік Аралды қалпына келтіруге қарастырылған қаржының 5-10 пайызы ғана бөлінсе, жер асты суларын бұрғылап шығаруға болар еді. Айдың бір бөлігі қараңғы болғанымен, екінші бетінің жарық болатыны сияқты, теңіздің сорға айналған тұзды батпағының да өзіндік пайдасы жеткілікті болып шықты. Оның емдік қасиеті айрықша. Осы тұзды қара батпақ медицинада жоғары бағаланады. Мысалы, Израиль мемлекетіндегі өлі теңізге шетелдерден келіп ем қабылдап жататындардың миллиондап саналатынын бәріміз де білеміз. Сол секілді Солтүстік Кіші теңіздің батысындағы Ақбасты, Ақеспе елді мекендеріндегі емге шипалық жер асты ыстық суы да көп дертке дауа дер едік. Мұнда жұрт қырық күн шілде кезінде ағылып келіп, өздігінше ем қабылдайды. Бірақ, бұл аққан шипалы су медициналық тұрғыда өзінің лайықты бағасын алып, тиісті емдеу мекемесі санатында болмағандықтан, өз деңгейінде толық пайдаланылмай, босқа ысырапқа ұшырауда. Сырдария мен Әмудария өзендерінің Аралдың түстік бөлігіне көп жылдардан бері су тастамауынан бүгінде ұлы теңіздің жағалауы жылдан жылға 300 метрден 500 метрге дейін тартылуда. Мұнда Сыр өзенінен біраз да болса түстікке қарай су жіберіледі, ал Әмудің бұл жақты “ұмытқанына” ондаған жылдар өтті. Осылай жалғаса берсе, Барсакелмес аралының батыс бөлігі де 5-10 жыл шамасында құрлықпен жалғасып кетері анық. Сол кезде бұрынғы Аралдың батысы мен шығысындағы тұяқты аңдардың миграциялық жолының өзгеруі әбден мүмкін. Ол осы жердегі табиғи орта құбылысына бұрынғыдан да кері әсер ететіні сөзсіз. Тұзды шаң бүгінгіден де көп мөлшерде әлемге тарайды. Сондықтан мемлекет тарапынан алдын-ала сақтық шараларды бүгіннен бастап қолға алмасақ, экологиялық апат ошағының аумағы бірнеше есеге ұлғаймақ. – Арал өңірі Тұран ойпатында орналасқандықтан, жер асты суына өте бай, – дейді тағы бір сөздің ретінде қорық директоры Мағжан Тұрсынбаев. – Ғылыми тұрғыдан зерделеп, ұңғымалардың арақашықтығын шахматтық кесте әдісімен 20-30 шақырымнан тастап, жер асты суын дұрыс пайдалана білсе, біріншіден, бұл көтерілген тұзды шаң мен топырақты басады. Екіншіден, табиғи өсімдіктер дүниесі өздігінен өніп шығады, үшіншіден аң мен құстың қатары көбейеді. Төртіншіден, табиғатта экологиялық тепе-теңділік жүйелігі реттеледі. Мысалы, қолдан егілген сексеуілдің 25-30 пайызы ғана өсіп шықса, еткен еңбектің ақталғандығы болып есептеледі. Жылына 10 мың гектар жерге қолдан орман отырғызғанда, әзірге 4 млн. га аумаққа жетіп отырған теңіздің құрғаған табанын қашан көктеп шығуға болады? Ұлы ойшыл Әл-Фараби бабамыз айтқандай: “Табиғаттағы тіршіліктің барлығы да босқа өмір сүрмейді”. Осыдан жүз жыл бұрын Арал өңірінде құстың 319 түрі болса, бүгінде бұл көрсеткіш екі есеге азайған. Міне, экологиялық апат ошағының бір белгісі деген осы. Барсакелмес қорығының басқа осындай бақпанды мекендерден бір айырмашылығы, оның экологиялық апат аймағында орналасқандығы. Осының өзі әлемдік табиғат қорғау қауымдастығын алаңдатуда. Дегенмен, қорық ұжымы қолдан келгенінше кездескені қиындықтармен күресіп жатыр. Соңғы уақыттары Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің қолдауымен біраз шаруаның басы қайырылды. Қорықтың жер көлемінің он есеге ұлғаюы өз алдына, тұралап қалған ғылыми жұмыстар жолға қойыла бастады. Инспекторлар қызметтік киім, байланыс құралдарын, табельдік қару-жарақтар алса, кеңсеге қажетті техникалар әкелінді, штаттық кестедегі қызмет керлер саны өсті. Алдағы жылы осы шаралар түгелімен қайта қайталанбақ. Солтүстік Арал бассейніндегі артық су Көкарал бөгетіндегі шлюз арқылы оңтүстік өлі теңізге 5-6 метрлік биік сарқырамадан құлайды. Сол ағынмен келетін мыңдаған балық қайтып тұщы суға көтеріле алмай, босқа қырылып кетіп жатыр. Дарияның құярлығында балық аулаушылардың осы өңірді өртеп, күл-қоқысқа айналдырғанын да тексерушілер көріп келеді. Қандай қиындықпен оралған Кіші теңіздің табиғи байлығы ретсіз ысырап болуда десеңізші. Мұны қорық инспекторлары бейнетаспаға да түсіріп алған екен. Бұл осылай бола берсе, 4-5 жылда балықтың қоры таусылуы мүмкін. Аталмыш аймақтар ерекше қорғалатын батпақты өңір болып есептеледі. Орман және аңшылық комитеті Сырдарияның теңізге құяр осы сағасындағы жыл құстарының ұя салып, балапан басатын қалың қамысты қолайлы жерлерін келешекте сақтап қалу шараларын жасау қажеттігін ескертіп отыр. – Алда тұрған міндеттердің бірі мекемеге заман талабына сай кеңсе ғимаратын салу болып тұр, – дейді сөзінің соңында қорық директоры. – Онда 68 жылдан бері сақталынған бай кітапхана бөлмесі, табиғат мұражайы, зертханалар, күзет қаруын сақтайтын бөлмелер болады деп жобаланып отыр. Сосын дарияның мана айтылған бөлігін батпақты өңір ретінде ерекше қорғалатын аймаққа енгізуіміз керек. Қорық аумағына жаңадан қосылған жерлерге кардон салу, табиғат қорғау инспекторлары мен ғылыми қызметкерлерді соңғы құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету күн тәртібіне енгізілді. Жуырда сондай-ақ қорықтың жаңа ауқымына бақылау мұнарасын орнату және осы екі кластерлік аймаққа аншлагтар ілу, тиісті жерлерге шлагбаум қою секілді жұмыстар да жоспарланған. Аты аңызға айналған Барсакелместің кешегісі мен бүгінгісі жайлы қысқаша осындай әңгіме айтуға болады. Сонымен бірге, оның ертеңінің бүгінгіден де нұрлы, бүгінгіден де кескінді бола түсетінініне сенгіміз келеді. Қорғалжын қорығы. Қазақстанның орталығындағы Теңіз-Қорғалжын ойпатының оңтүстік-батыс бөлігін алып жатыр. Бұл – еліміздегі ең ірі табиғи қорық, ол Астананың оңтүстік-батысынан 130 шақырым қашықтықта орналасқан. Теңіз-Қорғалжын ойпаты дала мен шөл даланың түйісінде, Қазақ ұсақ шоқыларын Көкшетау қыраттарынан бөле-жара орналасқан. КСРО Министрлер кеңесінің шешімімен бұл қорық суда тіршілік ететін құстардың мекені ретінде халықаралық маңыздағы сулы-батпақты жерлер санатына енгізілген болатын. Қазір қорыққа дүниежүзілік табиғи мұра аймағы мәртебесі берілген. Өсімдіктер әлемі. Қорық флорасы гүлді өсімдіктердің 300 түрін құрайды. Ағаштар жоқ, алайда бұталардың 12 түрі бар. Далада кейде қараған мен тобылғы да кездеседі. Қорғалжын қорығында сирек кездесетін өсімдіктердің 45 түрі қорғалады. Олардың арасында Шренк қызғалдағы, Қазақстанның Қызыл кітабына енген екі түсті қызғалдақ, көкшіл жуа, орал миясы, құмды цмин, дәрілік алтей, қара жусан, ақмия, бозы және дала шатырашы бар. Жануарлар әлемі. Қорғалжын фаунасы дала және жартылай шөл дала аймақтарына тән. Мұнда сүтқоректілердің 41 түрі, құстардың 294 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 6 түрі, қос мекенділердің 2 түрі, балықтың 11 түрі бар. Қорықтың омыртқасыздар фаунасы мүлдем зерттелмеген. Қорықта қоңыздардың 300 түрі тіркелген. Қорғалжын көлдері – балықшылардың жұмағы. Мұнда алтын және бозша мөңкелер, шортан, аққайран, линь, алабұға және торта балықтар тіршілік етеді. Теңіз-Қорғалжын өзендер жүйесі Орта Азия – Үндістан және Сібір – Шығыс Африка жыл құстары жолының қиылысында орналасқан. Қорғалжындағы жалпы аумағы 260 мың гектарды құрайтын өзендер жүйесі бүкіл Орта Азиядағы құстардың ең маңызды сулы-батпақты мекені болып табылады. 1976 жылы қорықтағы су айдындары «Рамсар» тізіміне енгізілген. Қорғалжындағы өзендер жүйесі қызғылт қоқиқаз (фламинго) және жоғалуға айналған өзге де сирек құстардың: бірқазан, тырна, савка және тарғақтың әлем бойынша солтүстіктегі ең шалғай мекені. Қорықта құстың 294 түрі жұмыртқа салса, суларында балықтың 17 түрі мекендейді. Сондай-ақ мұнда сүтқоректі жануарлардың 41 түрі тіршілік етеді. Бұл Қазақстандағы сүтқоректі барлық жануарлар түрінің 26 пайызын құрайды. Марқакөл қорығы. Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы Шығыс Қазақстан облысында, Оңтүстік Алтайдың шығысында Марқакөл қазаншұңқырында орналасқан. Ол солтүстігінде Күршім, оңтүстігінде Азутау жоталарының арасында орналасқан Алтайға тән тектоникалық ойпатты алып жатыр. Көл 1 449,3 метрлік абсолюттік биіктікте жатыр. Ең биік нүктесі — 3304,5 метр (Ақсу-Бас тауы). Марқакөл көлі. Марқакөл көлін осы аймақтың інжу-маржаны деп атауға болады. Сарқырамада орналасқан ол оңтүстігінде Күшім тауымен, солтүстігінде Азутау тауымен шектеледі. Көлдің ұзындығы 38км, ені 19 км және тереңдігі 27м. Оған 27 өзен құяды, тек Қалжыр өзені ғана көлден ағып шығады. Марқакөл суы мұнтаздай таза және жұмсақ болғанымен балыққа бай. Марқакөл көлі Қазақстандағы осы балық түрлерінің отаны деуге әбден болады. Жартасты тауларда негізінен жапырақты және шыршалы ағаштар өседі. Көркем жартасты таулардың көп бөлігі май қарағай орманына толы. Биік таулардың баурайы медициналық дәрулік қасиеті бар шөпке бай (алтын және марал түбірі, бергиния, т.б.). Фаунасы түрлі және мол. Ағаштар арасынан қоңыр аюларды, бұғыларды, түлкілерді, жабайы мысықтарды, маралдарды, құндыздарды, бүркітті, сирек кездесетін қызыл қасқыр, қара ләйлектерді, сұрғылт шағалаларды және басқаларын көруге болады. Алтынемел (ұлттық парк). Алтынемел — Жоңғар Алатауы оңтүстік сілемдерінің арасында орналасқан ұлттық табиғи парк. Жер көлемі — 520 мың гектар. Парк аумағында туристерді қатты қызықтыратын бірегей табиғи құрылымдар және байырғы тарих ескерткіштері орналасқан. Шатқалдарында ежелгі адамдардың тасқа қашап салған суреттерін көруге болады. Баянауыл ұлттық паркі. Баянауыл ұлттық мемлекеттік табиғи паркі 1985 жылы ҚССР Министрліг № 276 қаулысымен құрылған. Баянауыл ауданының аумағында орналасқан, жалпы аумағы 50 688 га құраған. ҚР Үкіметінің қаулысымен 2007 жылы 27 желтоқсанда №1305 парк аумағы кенейтілді. Қазіргі кезде БҰМТП 68 452,8 га құрайды. Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің шешімімен «Қызылтау» қаумалы БҰМТП қорғауға бекіттілді, жалпы аумағы 60 000 га құрайды. Ұлттық парктің аумағы үш орманшылығына бөлінген. Іле Алатауы ұлттық паркі. Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 1996 жылы 22 ақпанда Қазақстан республикасы, Парк Солтүсткі Тяньшань физика-географиялық провинциясының құрамына кіретін Іле-Алатау жотасының солтүстік беткейінде орналасқан және 200 мың гектардай жерді алып жатыр.Іле-Алатау мемлекеттік-ұлттық табиғи паркі өзінің қайталанбас көркемдігімен, мәңгі мұз басқан шындары, биік таулары, көк- жасыл ормандары, альпі шалғындарымен ерекшеленеді. Биік таулары белдеу теңіз деңгейінен 3000 метрден аса биіктікте жатыр.Орташа тау рельефі теңіз деңгейінен 1700 м-ден 3000 м-ге дейінгі биіктікте. Климаты қоңыржай жылы, жауын-шашыны мол күз-көктем-жаз. Төменгі тау айағындағы жаз ұзақ және ыстық. Парк аумағында көлемдері әртүрлі көлдер бар. Шығу тегіне қарай олар мұздық, мореналық,- бөген және опырылу-тектоникалық болып бөлінеді. Парк аумағында республикалық маңыздағы 15 табиғат ескерткіштрі бар. Олардың арасынан ең тартымдысы – Шынтүрген мүкті шыршы орманын атап кеткен жөн.Парктің тарихи-мәдени мұра ескерткештерінің арасында археологиялық объектілер, петроглифтер, ғибадат жасайтын нысандар жиі кездеседі. Экологиялық туризмнің ландшафтан басқа ең негізін аса бай жануар және өсімдік әлемі құрайды Көкшетау (ұлттық парк). «Көкшетау» — ұлттық табиғи саябағы, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарымен Айыртау мен Зеренді аудандарының ерекше экологиялық, тарихи, ғылыми, эстетикалық және демалыстық бағалы аймағында бірегей табиғи кешенді сақтау және қалпына келтіру мақсатымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 10.04.96 қаулысы негізінде құрылды. Саябақтың негізгі аумағы 151,1 мың га, бұған көне қарағайлы орман, тоғайлы саяжайлар және бұрынғы Зеренді, Арықбалық, Озерный орман шаруашылықтарымен, кәсіпорындарының, Дубровский аң-орман шаруашылықтарының қайынды-көктеректі ормандары, сондай-ақ Зеренді, Имантау, Шалкар, Лобанов, Белый және суы қорғалатын аймаққа жанаса жатқан жерлері бар Байсары көлдерінің аумағы кіреді. Географиялық саябақ Солтүстік Қазақстан аумағының орман-тоғайлы үстіртінде, Көкшетау қаласынан 60 км батысында орналасқан. Саябақтың және оның қорғалатын аймағының кең аумағы (5 мың км2-ге жуық) адам мен табиғаттың ескі және қазіргі дәуірдегі дамуын бейнелейтін тарихи мұра ретінде бірегей табиғат мұражайы болып табылады. Мұнда өсімдіктің 700 түрі, жан-жануардың 305 түрі, Қазақстанның барлық флорасы мен фаунасының 30%-на жуығы бар, сонымен бірге геологиялық, археологиялық, тарих және мәдениет ескерткіштері (бұған неолит дәуірінің Ботай мекені де кіреді), мемлекеттік қорғауда. Ұлттық саябақ аумағы жағынан үш аралас филиалға: Зеренді аймақтық бөлімшесі (орталығы - красный кордон кенті), Арықбалық АБ (Горный кенті), Шалқар АБ (Лобанов кенті) және Дубравский ұдайы өндіріс учаскесіне (Мостовой кордоны) бөлінген. Аумақтың 10%-н ірі Шалқар, Имантау, Зеренді көлдерінің жағаларына орналасқан келушілерге, туристерге қызмет көрсететін демалыс аймақтар алады. Ұлттық саябақта: "Шалқар" және "Зеренді" санаторийлерінде стационарлық (емдеу-сауықтыру), яхтада, атпен серуендеуге, спорттың тау-шаңғы түрлері, "Тұрпан", "Имантау", "Зеленый мыс", "Дубрава" демалыс базаларында қысқамерзімдік (маусымдық) демалыс тұрлері ұйымдастырылған. Көлсай көлдері (ұлттық парк). «Көлсай көлдері» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы үкіметінің 2007 жыл 7 ақпандағы № 88 қаулысымен құрылды. Парк территориясында теңіз деңгейінен 1800-3500 метр жоғары өсетін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, керемет өзендер мен көлдер, қырлы ландшафттар кездеседі. Әлі де болса адамдардың шаруашылық тіршілігі жүргізілмеген ерекше табиғи орта кездеседі. Тапу өзендері, құздар, көлдер мен өзендер түрлі-түсті бояуларға боялған, бұталы өсімдіктер осы аумақтың тартымды және көріктілігін көрсетеді. Ауа-райы жағдайы демалу және сауықтыру үшін ыңғайлы, оған сәйкес қысы жұмсақ, ауасы таза, қысқы демалыс түрлері үшін қолайлы. Көлсай көлдеріне жаяу және атты маршруттармен, ал Қайынды көліне дейін автокөлікпен баруға болады.сонымен қатар, сіздер гидтер мен экскурсовод-нұсқаушылардың қызметін пайдалана аласыздар. Ұлттық парк аумағы біркелкі массивтен құрылған алматы облысының Талғар және Райымбек территориясында орналасқан. Көлсай өзенінің ағымында үш көл орналасқан: Жоғарғы Көлсай, Ортаңғы Көлсай, Төменгі Көлсай. Шарын ұлттық паркі. Атақты Шарын каньоны. Оны Үлкен Колорадо каньонының (АҚШ) кіші бауыры деп те атайды. Бұл жер вестерндерді жақсы көретіндер үшін еркіндік – «Верная рука – друг индейцев», «Охотники за скальпами» фильмдерінің стиліндегі Жабайы Батысты игеру көріністерін қоюға мүмкіндік береді. Ал театрландырылған көріністерге бейімділігі жоқтардың мәңгілік туралы ойға батуы мүмкін. Каньонның «Долина замков» деген тағы бір аталуы бар. Себебі бұл жердегі үнсіз жатқан алып жартастар өздерінің таңғажайып пішіндерімен таңқалдырады. Табиғат атты сәулетші тастан және останций жыныстарынан салған «Винни-Пух», «Утка в гнезде», «Пингвин» және басқа аталуы жоқ қорғандар өз деңгейінде «өмір сүрген» 300 миллион жылмен салыстырғанда екі мыңжылдық пен біздің дәуіріміздегі жаңа ғасырдың өткен бірнеше жылы қас қағым сәттей болып көрінеді. «Шарын каньоны» – жаратылысында табиғи кешен. Ол Үлкен Колорадоның шағын түрі іспеттес. Ондаған және жүздеген метрлік биіктікке көтерілетін ертегідегідей қорғандардың қайталанбас мұнараларына, содан кейін каньонның түбіндегі адамдардың кішкентай мүсіндеріне қарап еріксіз ойға қаласың. Жердегі адамзат атаулының ролі, тарихтағы тұлғалар, табиғатпен үйлесімді өмір туралы ойланасың. Ырғыз-Торғай резерваты. Ырғыз-Торғай резерваты - Ақтөбе облысы, Ырғыз ау­данында орналасқан мелекеттік резерват. “Ырғыз-Торғай” табиғи резерватын құ­рудағы негізгі мақсат — киік санын кө­бей­ту. Резерват ашылған кезде, яғни 2007 жы­лы осы аумақта 7 мыңға жуық киік болған. Қазіргі кезде 45 мың киік бар. Резерват территориясы географиялық ерекшелігіне байланысты екі учаскеге бөлінген. Олар “Атан басы” және “Ала­көл” жүйелері. “Атан басы” жүйесі тоғыз жолдың торабында орналасқан. Оңтүстігі Қызыл­ор­да, шығысы Қарағанды, сол­түстігі Қостанай облыстарымен шектеседі. Резерват шекарасына 7 шақырым сайын арнайы белгі қойылған. Онда ““Ырғыз-Торғай” мемлекеттік табиғи резерваты ерекше қорғалатын аймақ. Кіруге тыйым салынған” деп жазылған. Тиршенройт. Тиршенройт () Алманияның аймағы Бавариядағы қалашық. Ақышев, Нұрдәулет. Жазушы Нұрдәулет Ақышев (1950) - «Алтаймен қол ұстасып» жаткан Тарбағатай өңірінде небір талантты акындармен қатар проза жанрына да ат басын тіреп жүрген жерлес жазушыларымыз туып өскен. Солардын бірі — Нұрдәулет Ақышев. Ол 1950 жылы 15 маусымда Тарбағатай ауданына қарасты, Маңырақ селосында туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін бір жыл өндірісте жұмыс істеді. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын 1973 жылы бітірген. Совет Армиясы қатарында болып келген соң, халық ағарту, баспасөз салаларында қызмет етеді. Көп жылдар «Қазақ әдебиеті» газеті мен «Жұлдыз» журналы редакцияларында әдеби қызметкер болып істеген. Қазір республикамыздағы «Қазақстан хабаршысы» (бұрынғы «Халық Кеңесі») газетінде бөлім меңгерушісі болып қызмет істейді. Бүгінде Н. Ақышев алты кітаптың авторы. «Жұмбақ іздер» (1980), «Үндемейтін ұл» (1982), «Қиырдан келген көгершін» (1984), «Сынық домбыраның сазы» (1985), «Жатақхана қыздары» (1991), бір кітабы орыс тілінде басылып шықты. Н. Ақышевтің шығармаларының қайсысын алсақ та, жастық махаббат, адалдықты ту ғып көтеріп, зұлымдық атаулыға үзілді-кесілді қарсы шығып, азаматтық борышты терең түсіне білуге шақырады. Уақыт талабы, сол уақыт талабынан туындайтын күнделікті өмірдегі ірілі-ұсақты айтыс, тартыстар, проблемалар - Н. Ақышев шығармаларының негізгі арқауы. Мысалы, «Батпақты тоғай басында» повесі бір кездегі Совет Армиясының өмірін бейнелеуге арналса, «Ақаулықты анықтау» — қайта құру қаһармандары, «Сағыныш» - махаббат туралы шығармасы, ал «Жатақхана қыздары» атты повесть өмірден өз теңін таба алмай отырып қалған қыздардың тағдырлары жайында сыр шертеді. Көптеген жазушылар сияқты аналар тақырыбы - Н. Ақышев шығармаларынын негізгі өзегі. Оған «Соңғы сын», «Ақ жаулығы кайда екен» деген жинақтардағы әңгімелері, «Үндемейтін ұл» повесі мысал бола алады. Повесть - тіршіліктің көшінде тағдырдың талқысына ұшыраған ауру ана жайында. Ал ұлы Мәзім - сол ананың жолында өзінің жастығын құрбан еткен адал перзент. Ал оның жары Қалипаш - ақ махаббатын Мәзімге арнағанымен, оның анасына арнай алмаған, сол үшін отбасынан безген опасыз жан ретінде суреттеледі. Қайтадан бас құрап ешкімге де ауырған анасын масыл етпеген Мәзім оны ақырғы сапарға дейін шығарып салады. Біз бұдан ана алдында ақ сүтін ақтаған асыл азаматты көреміз. Жазушы замандастарымыздың жақсы қасиеттерін адамдық парасатын, психологиясын қарапайым тілмен жеткізе отырып, өмірдегі нағыз шындықтың бейнесін сомдаған. Бұл - біздің жерлес жазушылардың үлкен жетістігі, шығармашылық еңбегіндегі зор табысы. Біржан Қожағұлұлы. Біржан Қожағұлұлы (1834 - 1897ж.) - атақты сазгер, әнші, ақын. Көкшетау маңында, кедей шаруа отбасында туған. Жасынан ақындық, әншілік өнерге ден қойған. Жиырмаға келгенде өзі ән шығара бастаған. 1865ж Абаймен кездесіп, сазгерлік, әншілік, ақындық өнерінің дами түсуіне әсер етті. Біржанның алғашқы әндерінің бірі - ‘’Біржан сал’’(қазір ол туралы фильм түсірілуде). Оның шығармашылығы өзі өмір сүрген заманның әлеуметтік оқиғаларын, адамгершілік, ізгілік мәселелерін қорғайды. Біржанның ақындық, музыкалық өнерінен демократиялық бағыт анық көрініп тұрады. Біржанның “Ғашығым”, “Біржан сал”, «Сарыарқа», «Ақсақ киік», «Көбік шаш-қан», «Ақбай», «Адай» “Айтбай” сияқты әндері - оның шығармасындағы шоқтығы биік туындылар. Біржан патриархаттық-феодалдық қоғамның озбырлығына асқақ әнімен қарсы тұрды. Біржанның “Жанбота” атты ыза-кекке толы өлеңі сол заманның азулы өкілдерін түйреуге бағытталды. Біржан - дарынды ақын. Оның Сарамен айтысы - Біржанның суырыпсалма ақындық талантын елге танытты. Өнерге жалғыз болмаған Біржан маңайында талантты өнерпаздар топтасты, серіктесіп жүрді. Біржан мектебінен тәлім алып, қанат қаққандар ішінде Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ сияқты дарынды дара тұлғалар болды. Біржанның қырыққа жуық әндері бізге жетіп отыр. Біржан сал, Біржан Қожағұлұлы – әнші, композитор, ақын. Ол 1834 ж. Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданында дүниеге келіп, 1897 ж. алпыс үш жасында туған жерінде қайтыс болған. Бозбала кезінен әнші-ақындардың қасына еріп той-думанның сәніне айналады. Шөже, Салғара, Толыбай, Орынбай, Нүркей, Сегізсері, Арыстан тәрізді өнер иелері – Біржан салдың ұстаздары. 1865 ж. Абаймен кездесуі Біржан салдың композиторлық, әншілік, ақындық өнерінің дами түсуіне үлкен әсер етеді. Біржан сал қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтеріп, өз ән-өлеңдерімен толықтырған ірі тұлға. Жаяу Мұса, Басықараның Қанапиясы, Құлтума, Ақан сері, Балуан Шолақ, Ғазиз, Естай, Үкілі Ыбырай, Жарылғапберді, т.б. арқаның атақты ақын-әншілері – Біржан салдың мектебінен өнеге алып, оның композиторлық өнерін жалғастырып, ілгерілеуіне мол үлес қосқан өнерпаздар. Осындай өнер майталмандары арқылы біздің заманға Біржан салдың алпысқа жуық әндері жеткен. Оның әндері нәзік сезімді, сұлулықты жырлаған сыршылдығымен қоса («Ғашығым», «Қаламқас», «Ләйлім шырақ», «Айтбай», «Ақтентек», т.б.), әлеуметтік мән-мазмұнымен де («Жанбота», «Адасқақ», «Көлбай – Жанбай», «Шідер», т.б.) құнды. Сара ақынмен айтысы оны дарынды, суырыпсалма ақын ретінде дүйім елге танытты. Біржан салдың ақындық өнерінің өріс ашып, өрби түсуіне Сара, Әсет, Доскей, т.б. қатарлы тұтас бір сала буын игі әсерін тигізген. Өмірінің соңғы кезінде ру арасындағы талас-тартыстар, ағайын ішінің кикілжіңі Біржан салдың жеке басына да қатты әсер еткен. Қиянатшылар тіпті оны «жынданды» деген лақап таратып, қол-аяғын байлап тастауға дейін барады. Аталмыш оқиға Біржан салдың «Теміртас» әнінде үлкен қасіретпен айтылады. Оның «Айтбай», «Адасқақ», «Жамбас сипар», «Жонып алды», «Алтын балдақ», «Көкек», «Жанбота», «Теміртас» сияқты әндері дәстүрлі қазақ әндерінің классикалық үлгілері ретінде қазақ мәдениетінің алтын қорынан орын алды. Олар Ғаббас Айтбаев, Қали Байжанов, Әміре Қашаубаев, Жүсіпбек Елебеков, Манарбек Ержанов, Қосымжан Бабақов, Қуан Лекеров, Мәжит Шалқаров, Темірбек Арғынбаев, Қайрат Байбосынов, т.б. әншілердің орындауында ел арасына кең тарап, халық игілігіне айналды. Біржан салдың музыкалық мұрасы бірнеше рет жинақ болып басылып шықты. Мұқан Төлебаев «Біржан – Сара» операсын жазды. Джиу-джитсу. Джиу-джитсу () — жапонның қарусыз өзін өзі қорғану өнері. Ортағасырлық жапонияда джитсу терминімен қолданбалы техника аталған. Джиу-джитсу сөзінің өзі мойынсұнуды, яғни «жеңу үшін мойынсұнуды» білдіреді. Бір сөзбен айтқанда, бұл күрес пен өзін өзі қорғаудың әмбебап өнері. Қазіргі кезде джиу-джитсу көпшілік жапон жекпе-жек өнері секілді спорт түріне айналды. Джиу-джитсу халықаралық федерациясы, жарыс ережесі жасалды. Қазақстан Джиу-джитсу ұлттық федерациясы (ҚДҰФ) 1992 жылғы 26 ақпанда құрылып, ҚР Әділет министрлігінде тіркелді. Жауынгерлік өнердің осы түрі бойынша Қазақстанның Бірінші Чемпионаты 1993 жылы 15-16 қарашада Байқоңыр қаласында өткізілді. 1993 жылдан бастап Қазақстан Джиу-джитсу ұлттық федерациясы ҚР 12 чемпионатын және 9 халықаралық турнир өткізді. Джиу-джитсу бойынша ҚР құрамасы мүшелері шетелде жекпе-жек өнері бойынша өтіп жатқан көптеген чемпионаттар мен турнирлерге қатысты. 1998 жылдан 2006 жыл аралығында ҚР-ның 18 шебері, 3 халықаралық деңгейдегі спорт шебері дайындалды. Қазақша күрес. Күрестің ұлттық түрі «қазақ күресінің» даму тарихы қазақ халқының тамыры тереңнен тартылатын тарихымен тұтасып жатыр. Түрлі бас қосулар мен мереке тойлар спорттың осы түрінің сайысынсыз өткен емес. Күші басым түсіп, жеңіске жеткен балуандар халықтың төбесіне тұтар құрметті адамына айналған. Қазақтың ұлы батыры Қажымұқан есімі қазақ халқының тарихына ғана еніп қойған жоқ, сонымен бірге спортшылардың әлемдік элитасының қатарына кірді. «Қазақша күрес» бойынша бірінші ірі жарыс 1938 жылы ауыл шаруашылығы аймақтары арасындағы спартакиада аясында өткен. Сол сәттен бастап жарыс дәстүрлі түрде республика қалаларында тұрақты өткізіліп келеді. Ірі Халықаралық турнирлер 1952 және 1975 жылдары Азия аймағы спортшыларының қатысуымен өткізілді. Ұлттық күрестің дамуы Қазақстан егемендік алғаннан кейін жаңа серпін алды. 1991 жылдан бастап республикалық чемпионаттар мен біріншіліктер жыл сайын өткізілетін болды. 2004 жылы Қазақтардың Берлиндегі Бүкіләлемдік Құрылтайында конференция болып, сонда «Қазақша күрес» күресі бойынша халықаралық федерация ұйымдастырылды. Федерацияның президенті — Түкиев Серік Адамұлы. 2005 жылы Ресейде (Алтай өлкесі) «Қазақша күрес» күресі бойынша І Азия Чемпионаты өтті. 2005 жылы қарашада Астанада ҚР Президентінің жүлдесіне «Қазақша күрес» күресі бойынша ірі халықаралық турнир болды. Оған әлемнің 25 елінен 100-ден аса спортшы қатысты. Олардың қатарында Германия, Түркия, Голландия, Франция және басқалары бар. Биылғы жылдың шілдесінде Монғолияда «Қазақша күрес» күресі бойынша ІІ Азия Чемпионаты өтті. Көбеев, Спандияр. Спандияр Көбеев (1878 - 1956) - қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі. 1878 жылы бұрынғы Торғай облысы, Обаған болысына қарасты нөмiр үшiншi ауылда - қазiргi Ақсуат ауылында дүниеге келген. Анасы Айтбоз өте қайратты, ақылды ауылының ортақ анасы сияқты қадiрлi адам болған көрiнедi. Әкесi Көбей хат таныған, шыншыл тек қолөнерiмен күн көрген. Әке-шешесiнiң үлгi тәрбиесi болашақ педогог-жазушының мiнез құлқының қалыптасуына көп әсер еткен. Мектеп жасына жетiп қалған, бала бiрде әкесiмен бiрге бұл кездегi дәулеттi кiсi Соқытбайдың ауылына барғанда, Ыбырай Алтынсариндi көредi. Көп кешiкпей сол ауылда ұлы ағартушы Ы. Алтынсарин бiрiншi рет екi жылдық мектеп ашады. 1887 жылдың желтоқсанындан Алтынсариннiң тiкелей көмегiмен Спандияр сол мектепке алынады. Содан кейiнгi жылдары Қарағайлыкөл деген жердегi төрт жылдық болыстық мектепте бiлiм алады да, Қостанай қаласындағы Алтынсарин ашқан орыс-қазақ мектебiнде оқуын жалғастырады. Ендi ол осы қаладағы жаңадан ашылған екi жылдық педагогикалық курсқа түсiп, оны 1901 жылы бастауыш мектеп мұғалiмi деген мамандық бойынша бiтiрiп шығады. Спандияр Көбеев Петропавлскiде оқытушылық қызметiн атқарып жүргенде, сол кездегi ұлы орыс халқының атақты жазушысы И. Крыловтың бiрнеше мысалдарын қазақшаға аударып, баспаға ұсынады. Ол аудармалары «Үлгiлi тәржiме» деген атпен 1940 жылы және «Үлгiлi бала» 1912 жылы кiтаптары басылып шығады. Осы кiтаптарына енген өлеңдерi мен әңгiмелерi жасөспiрiмдердi еңбек пен бiрлiкке, тату-тәттi ынтымаққа шақырған. С. Көбеевтiң қазақ топырағында тұңғыш романдарының бiрi болған «Қалың мал» 1913 жылдың қазан айында басылып шығады. Бұл роман шығармашылық өмiрiнде ерекше орын алады. Мұнда қазақ ауылының әлеуметтiк суретi, қазақ әйелiнiң тағдыры, оның теңсiздiгi және жастар өмiрi, ойын-той салттары туралы бейнеленген. Атайдың соңғы жылдары жазған «Орындалған арман» атты мемуарлық еңбегi 1954 жылы өңделiп, екiншi рет кiтап болып баспадан шығады. Кiтаптың негiзгi мазмұны педагог-жазушының өткен өмiр жолы, қоғамдық қызметi, ортасы мен дәуiрi жайлы шығарма. Әсiресе, Ы. Алтынсариннiң халықтық қызметiн көрсетуге көп көңiл бөлген. Ұлы ағартушының iзбасары С. Көбеевтiң кезiнде жоғары бағаланып, екi дүркiн Ленин орденiмен марапатталып, «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген мұғалiмi» деген құрметтi атақ алған және Республика Жоғарғы Кеңесiне депутат болып сайланды. Горбачёв, Михаил Сергейұлы. Михаил Сергейұлы Горбачёв (1931 ж. наурыздың 2, Привольное, Стауропол өлкесі) — Кеңес Одағы Коммунистік партиясы орталық комитетінің Бас хатшысы (1985 ж. наурыздың 11 — 1991 ж. тамыздың 23), КСРО тұңғыш президенті (1990 ж. наурыздың 15 — 1991 ж. желтоқсанның 25). Неше түрлі атақ пен марапат иесі, соның ең белгілісі — Нобел сыйлығы (1990). Ленинизм негіздері туралы. И. В. Сталиннің «Ленинизм негіздері туралы» деген лекциялары 1924 жылғы апрель мен май айларында «Правда» газетінде жарияланған. Ол лекциялар Свердлов университетіне оқылған лекцияларға негізделген. Соның негізінде 1924 жылы май айында И. В. Сталиннің «Ленин мен ленинизм туралы» деген кітапшасы шықты, бұл кітапшаға Ленин туралы естеліктер мен «Ленинизм негіздері туралы» лекциялар енгізілді. Кітапшаға автор «Ленин құрметіне партияға алынғандарға арнаймын» деген арнау жазған. И. В. Сталиннің «Ленинизм негіздері туралы» деген еңбегі И. В. Сталиннің «Ленинизм мәселелері» деген кітабының барлық басылуына енгізілген. Қазақстан қаумалдарының тізімі. Мемлекеттiк табиғи қаумал — мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бiр немесе бiрнеше объектiлерiн сақтауға және молықтыруға арналған шаруашылық қызметтiң тапсырыстық режимi немесе реттелмелi режимi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Қазақстан табиғат ескерткіштерінің тізімі. Мемлекеттiк табиғат ескерткiшi — экологиялық, ғылыми, мәдени және эстетикалық тұрғыдан алғанда жекелеген бiрегей, орны толмайтын, құнды табиғи кешендердi, сондай-ақ мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiне жатқызылған шығу тегi табиғи және жасанды объектiлердi қамтитын ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Авенариус. Авенариус — сиыр бүлдіргеннің (қожекейдіц) көптеген сортының бірі. Мұның негізгі белгілері: көбінесе жапырағын қою тікен басқан, миуасы шоқтанып бітеді, дәмі тәтті болады, июльдің ортасынан августың ортасына дейін пісіп үлгереді. Мұның осы тікенін пайдаланып бақшаны зиянды жәндіктен сақтау үшін қорған ретінде өсіруге болады. Авитаминоз. Авитаминоз — адамның ішкен-жеген асында, малдың жемшөбінде витаминнің аздығынан яки жоктығынан пайда болатын аурулар. Витаминнің түрлеріне қарай авитаминоз да сол витаминнің атымен аталады. Мысалы: авитаминоз А, авитаминоз Б, т. б. Авиценния. Авиценния (Avicennia) — вербеналықтар тұқымдастарына жататын 800 түрлі өсімдіктердің бірі. Тропикалық жақтардағы мұхиттардың жиегіндегі тұнбалы шалшықтарда өседі. Мұның ерекшелігі — тамырымен де демалады, тұқымдары ағашының басынан түспей-ақ өсіп-өне бастайды. Автотрофтық организмдер. Автотрофтық организмдер — айналасындағы ортадан анорганикалық заттарды ғана қабылдап қоректенетін организмдер. Бұған көбінесе жасыл өсімдіктер мен бірлі-жарым бактериялар жатады. Органикалық заттардың даяр түрімен қоректенетін организмдерді гетеротрофты организмдер дейді. Агапантус. Агапантус (Agapanthus) — лалагүл тұқымдастарындағы көпжылдық өсімдіктің бір туысы. Мұның үш түрі бар, олар әсемдік үшін өсіріледі. Агарикус. Агарикус (Agaricus albus) — 1) Азия, Еуропа, Солтүстік Америка қарағайларының бойында өсетін саңырауқұлақ денесі, ол ағаштарды шірітеді, бұдан медицинада дәрі жасалады; агарикустен жасалған дәрі туберкулез болып ауырған адамның түнде терлеуіне қарсы дару есебінде пайдаланылады; 2) Агарикус базидиальдық саңырауқулақтар тұқымдасының бұрынғы аты. Агротехника. Агротехника — өсімдік шаруашылығының техникасы; бұған топырақты баптау, тыңайтқыштар төгу, тұқымды себуге әзірлеу, егу, оны күту және өнімін жинау женіндегі барлық жұмыстың әдіс-тәсілі кіреді. Агротехника – ауыл шаруашылық дақылдарын егіп өсіру тәсілдерінің жүйесі; егіншілік технологиясы. Агротехника өсімдіктің биологиялық ерекшеліктерін, қоршаған ортаның жағдайын, дақылды егіп өсіру тәсілдерін және агрономия жетістіктерін негізге алады. Агротехниканың мақсаты – топырақтың ылғалдылығын сақтау арқылы құнарлылығын арттыру, оны су мен жел эрозиясынан қорғау, сондай-ақ аз қаржы жұмсап ауыл шаруашылық дақылдарынан мол өнім алу. Агротехника шараларына ауыспалы егісті пайдалану, топырақ өңдеу, тыңайтқыш шашу, тұқым әзірлеу, тұқым дайындау, егін егу, егісті күту, суару, ору, бастыру, арамшөптерден, ауыл шаруашылық зиянкестерінен қорғау, ауруларынан тазарту жатады. Қазақстанда агротехниканы дамытуда Астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты (Шортанды) ғалымдары көп еңбек сіңірді. Қуаң далада құрғақшылыққа жол бермеу, өнімділігі аз, шалғындар мен жайылымдарды түбегейлі жақсарту, сортаң жерлерді игеру, Қазақстанның солтүстік облыстарына лайықтап тұқым өсіру жүйесін жасап, өндіріске енгізді; эрозияға қарсы қолданылатын машиналар (сыдыра жыртқыш құралдар, тұқым сепкіштер, тырмалар, т.б.) құрастырды. Агротехниканы шаруашылықтың және ауа райының жылдық ерекшеліктеріне, ауыл шаруашылық ғылыми және озат практикалық жетістіктерге сүйеніп жүргізіледі. Соның нәтижесінде агротехниканы егіннің тұрақты мол өнімін беруін, еңбек өнімділігінің артуын қамтамасыз етеді. Адамбулакральды тақталар. Адамбулакральды тақталар — теңіз жұлдызының денесіндегі сәулелерінің астыңғы жағындағы адамбулакральды тақтасының терісіне сіңісіп біткен сүйек тәрізді тақталар. Бұл тақталар негізінен әктен құралады. Аденозинтрифосфор қышқылы. Аденозинтрифосфор қышқылы, немесе аденилпирофосфор қышқылы—аденил және фосфор қышқылдарының қосындысы. Тіршілік үшін аса қажетті зат. Көптеген химиялық процестер: зат алмасу, тыныс алу құбылыстары осы заттың қатысуымен жүзеге асады. Азотты тыңайтқыштар. Азоттың табиғи қосылысы – натрий селитрасы (NaNO3) тек Чилиде ғана кездеседі. А. т-дың көп тараған түрі: аммиак селитрасы, аммоний сульфаты, мочевина (карбамид), азотты сұйық тыңайтқыштар. Аммоний сульфаты – (NH4)2SO4 дүние жүзінде ең көп мөлшерде шығарылатын тыңайтқыш. Аммоний нитратының [(NH4)NO3] құрамында өсімдікке сіңімді азоттың мөлшері басқа А. т-ға қарағанда көбірек келеді. Сұйық аммиак және онымен қанықтырылған аммоний тұздарының ерітінділері де құрамында азоты көп тыңайтқыштар болып табылады. Ал жоғары концентрлі А. т-ға карбамид (мочевина) жатады. Карбамидті жануарлар жеміне де қосып пайдаланады. Ол көмір қышқыл газы мен аммиактың үлкен қысымда әрекеттесуі нәтижесінде алынады: CO2+2NH3=CO(NH2)2+H2O. Азот топыраққа күрделі минералдық тыңайтқыштар түрінде де көптеп беріледі. Фосфор қышқылын аммиакпен әрекеттестіру арқылы аммофос алынады. Оның қышқылын бейтараптандыру дәрежесіне байланысты моноаммонийфосфат (NH4H2PO4) немесе диаммонийфосфат [(NH4)2HPO4] өндіріледі. Нитрофоска – құрамында қоректік азот, фосфор және калий бар күрделі тыңайтқыш. Оны өндірісте аммоний гидрофосфатының [(NH4)2HPO4] аммоний нитратының (NH4NO3) және калий хлоридінің (немесе сульфатының) қоспасын балқыту арқылы алады. Қазақстанда А. т. Ақтаудағы «Каскор» АҚ-да (аммиак селитрасы, натрофоска), Степногорск кен-химия комб-нда (нитрофоска), Тараз минералды тыңайтқыштар з-тында (аммофос) өндіріледі. Алкалоидтар. Алкалоидтар — құрамында азоты бар, күрделі органикалық зат, көбінің фармакологиялық әсері бар. Алкалоидтар тұңғыш рет 1806 жылы ашылған, қазір 550-ден астам түрі бар. Алкалоидтар көбінесе өсімдіктерден, кейде жануарлардан (адреналин) шығады. Жалбызтікен. Жалбызтікен (Althaea) — құлқайырлықтар тұқымдастарына жататын көпжылдық шөп өсімдіктерінің бір туысы, оның 15 түрі бар. Бұлардың кейбір түрлері біржылдық та, көпжылдық та болып өседі. Аптекалық жалбызтікен. Аптекалық жалбызтікен (Althaea officinalis) — құлқайыр тұқымдастарына жататын көпжылдық шөп өсімдігі. Оңтүстіктің өзен жағалары мен ылғалды шабындықтарында және бұрынғы КСРО-ның орта алқабында жабайы өсетін өсімдік. Аптекалық жалбызтікен ылғалды және фосфорлы жерді жақсы көреді. Мұның жанама тамырлары кептіріледі де, олар дәрілікке жұмсалады (негізгі тамырлары жарамайды). Бояулы алканна. thumb Бояулы алканна (Аlcanna tinctoria) — шытырлықтар тұқымдастарына жататын шөп өсімдігінің бір түрі. Көбінесе Жерорта теңізі маңында өседі. Мұның тамырынан альканин деген бояу алынады. Ол техникада, микроскопияда колданылады. Жемісі тағам жасауға қолданылады. Мал жемейді. Амбистома. Амблистома (Ambystoma) — құйрықты қосмекенділер отрядына жататын омыртқалы жануарлардың бір түрі. Амблистоманық аксолотль деп аталатын личинкасы үлкейместен-ақ көбеюге қабілетті келеді. Гетерогаметалар. Гетерогаметалар — кейбір балдырлар мен төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың аталық және аналық жыныс жасушалары, бұлардың көлемдері түрліше, екеуі де қозғалғыш келеді. Гетерогамия. Гетерогамия — жыныс процесінің ерекше бір типі. Мұндағы аналық жыныс жасушасының (макрогаметаның) — көлемі ірі, аталық жыныс жасушасының (микрогаметаның) көлемі ұсақ, екеуінің де формалары біркелкі болады, бұлар денесіндегі шыбыртқылардың көмегі арқылы қозғалады. Гетерогенезис. Гетерогенезис — организмдер түрінің шығуы жөніндегі идеалистік теория. Бұл теория бойынша: ата-анасынан өзгеше особьтың кенеттен пайда болуы ортаның өзгеруіне ешбір байланыссыз делінеді. Геторогенезисті тұңғыш рет 1864 жылы неміс гистологі Р. А. Кёлликер ұсынған. Гетерогония. Гетерогония — омыртқасыз жәндіктердің өмірінде кездесетін ұрпақ ауысудың бір түрі. Гетерогонияның негізгі үш категориясы бар: 1) дара жынысты ұрпақтың гермафродиттық түрімен ауысуы; мысалы, рабдонема нигровеносум дейтін жұмыр құрттың гермафродит түрі бақаның өкпесінде паразиттік түрде тіршілік етеді де, ал оның дара жынысты түрі ылғалды топырақта өзінше күнелтеді; 2) ұрықтанған жыныс жасушаларынан өсіп шыққан даражынысты ұрпақтың ұрықтанбаған жұмыртқа жасушасынан өсіп шыққан ұрпақпен ауысуы; мысалы, насекомдардыц ішіндегі "Aphidae" дейтін тұқымдасына жататын шөп биттерінің партеногенез жолмен баласын тірі туатын ұрпағының күздігүні сол жылы қыстап шығатын жұмыртқалар салатын ұрпаққа ауысуы; 3) құрылысы жағынан түрліше болатын жыныстық ұрпақтың ауысуы, мысалы, көбелектің маусымдық диморфизмы. Гетерозис. Гетерозис — туысы жағынан алшақ келетін екі организмнің шағылысуынан пайда болатын ұрпақтың жақсы өсіп, дұрыс дамып тіршілік қабілетінің артуы. Мысалы: жылқы мен есектің шағылысуынан туған қашыр және басқалар. Гетерокарпия. Гетерокарпия— бір өсімдіктің өз денесінде түрліше типті жемістің болуы. Гетерокарпияға мысалға күрделігүлділер тұқымдасына жататын дәрілік қырмызыны алуға болады, мұның бір ғана жеке басында қанатшасы бар, қармақшасы бар және көбелектің жұлдызқұртына ұқсас үш түрлі жеміс болады. Гетероморфоз. Гетероморфоз — регенерация қасиетінің бір түрі. Гетероморфоз кезінде организмнің үзіліп түскен немесе кесіп тасталған органдарының орнына басқаша қызмет атқаратын мүше өсіп шығуы. Мысалы, кейбір шаянтәрізділердің ойып тасталған көзінің орнына мұртшаның пайда болуы, жауын құртының бас жағын кесіп тастаса, оның орнына кайтадан екінші құйрықтың есіп шығуы және т. б. Гетероспория. Гетероспория — кейбір жоғары сатыдағы өсімдіктерден келемі жағынан түрліше споралардың пайда болуы. Гетероспория су папоротнигі, селагинелла және т. б. всімдіктерде кездеседі. Бұл споралардың ішіндегі ірілері — мегаспора, немесе макроспора, ал ұсақтары— микроспора делінеді. Олар өскениен сон макроспорадан — аналық, ал микроспорадан — аталық өсімдік есіп шығады. Гетероталлизм. Гетероталлизм — көптеген саңырауқұлақтардың, кейбір балдырлардың дара жынысты болуы (мысалы, оомицет пен қалталы саңырауқұлак); бұлардың қосжыныстылығы — гомоталлизм делінеді. Гетеротермді жәндіктер. Гетеротермді жәндіктер — ортаның өзгеруіне байланысты денелерінің температурасы да өзгеретін жәндіктер. Кейбір гетеротермді жәндіктердің дене температурасы ұйықтаған кезде ғана өзгереді (кеміргіштер мен жарғанаттар); ал кейбіреулерінің денесіндегі түпкілікті температурасы қысқы ұйқыдан бастап келесі жылы оянғанына дейін өзгермейді (мысалы, суыр). Гетеротропия. Гетеротопия — тканьның немесе мүшенің өспейтін жерден өсіп шығуы. Мысалы, таңдайдан тіс шығуы, қарында болатын сілекейлі қабаттың өңештен шығуы, сүйек майының ұйқы безінен шығуы және басқалары. Гетеротрофты қоректену. Гетеротрофты қоректену — дене қурылысында хлорофилл (қара) дәндері жок өсімдіктердің және көпшілік жан-жануарлардың өзіне керекті органикалық нәрлі заттардың даяр түрлерімен қоректенуі, мысалы, жануарлардың өсімдікпен қоректенуі, ал адамның ет, нан, сүт, май тағамдарымен тамақтануы. Бұған керісінше жолмен қоректену аутотрофты қоректену делінеді. Мысалы жасыл өсімдіктердің қоректенуі. Гетерохрония. Гетерохрония— организм ұрпағының денесіндегі бір тканьнің, немесе мүшенің күні бұрын немесе кешігіп жетілуі. Гетерохронияға сүтқоректі жануарлардың жаңа туған балаларының аузындағы емуге икемделген тіл еттерінің күні бұрын жақсы жетілуі мысал бола алады. Гиалуронидаза. Гиалуронидаза — гиалурон қышқылын ерітетін фермент. Гиалуронидаза жануарлардың енінде және басқа да кейбір мүшелерінде, сонымен қатар жыланның, араның, өрмекшінің уларында, сүліктің сілекейінде және кейбір ауру жұқтыратын микробтарда болады. Гиалуронидаза жұмыртқа жасушасының қабықшасын ерітіп, оған сперматозоид қосылып ұрықтануға мүмкіндік туғызады. Сондықтан гиалуронидаза малды қолмен ұрықтандырғанда кеңінен қолданылады. Гиалурон қышқылы. Гиалурон қышқылы — глюкурон қышқылы және гексозамин дейтін заттардың қосылуынан келіп шығатын күрделі химиялық зат. Нуклеофильді орынбасу реакция түрлері Гиббондар. Гиббондар — ұзынқол маймылдардың бір тұқымдасы. Гиббондар ұзындығы — 1 метрден, салмағы 10 килограммнан аспайды, құйрықсыз болады. Бұлар тропикалық ормандардың ішінде тіршілік етеді. Топ-топ болып жүреді. Гиббондар өсімдіктер жемістерін, шырынды жапырақтарын, насекомдарды, құстардың жұмыртқасын, балапанын, ұсақ құстардың өздерін қорек етеді. Гиббондар қолға әрең көндігеді. Гибрид. Гибрид, будан — жоғары сатыдағы екі түрлі немесе екі сортты өсімдіктерді, сондай-ақ екі тұқымды жануарларды шағылыстырудың нәтижесінде олардың арасынан шыққан жаңа организм — ұрпақ (мысалы, сиыр мен қодастың атасынан туған будан және т. б.). Гибридатавизм. Гибридатавизм — екі түрлі организмді будандастырған кезде олардан туған ұрпақта өз атаанасына ұқсамай, олардың бұрынғы замандағы тегінде болған белгінің қайтадан пайда болуы. Аласа қайың. Аласа қайың (Вetula humilis) — тік өсетін сабағының діңгегінің ұзындығы 1,5 метр шамасы болып өсетін бұта. Көбінесе мүк шығатын шалшықты жерлерде өседі. Қара саңырауқұлақ. Қара саңырауқұлақ (Boletus scaber) — гименомицеттер қатарындағы ағашқұлақ тұқымдасына жататын, жеуге жарамайтын, қалпақты саңыраукұлақтардың бір турі. Қайыңды ормандарда жаздың ортасынан күзге дейін өседі. Қайың шырыны. Қайың шырыны — көктем кезінде қайыңның сабағын бойлап ағатын тәтті шырын. Мұның құрамында 2 проценттей қант бар. Бір қайыңнан 60 литрге дейін шырын алып, оны сусынға жаратуға немесе 65 процент қанты бар сироп жасауға болады. Қырқұлақ. Қырқұлақ — тамақтың ішінде В витамині болмауы салдарынан пайда болатын кеселдің бірі. Қырқұлақ Қытайда біздің заманымыздан 2 500 жылдай бұрын белгілі болған. Қырқұлақ болудың себебін Ява аралында қызмет істеген голландық врач Эйкман 1897 жылы ашқан. Бүркіт. Бүркіт (Aquila chrysaetus) — жыртқыш құстар отрядына, қаршыға тұқымдасына жататын үлкен құс. Көбінесе тоғайлы және таулы жерде тіршілік етеді. Биік ағаштар мен зәулім жар тасқа ұя салып, 1—2 жұмыртқа табады. Орта Азияда, Қазақстанда бүркітті қолға үйретіп түлкі, елік, қарақұйрық сияқты аңдарға салады, шабыты түскен кырағы бүркіттер қасқырды да алады, ашынғанда адамға да түседі. Кең қанаттары (созған кезде 2 метрге дейін жетеді) мен қысқа құйрығы (30—35 см) ұшқан кезде "ұшып бара жатқан қанатқа" ұқсайды. Ұябасары шәулісіне қарағанда ірілеу болады. Латынша "алтын қыран" деген аты күштілік пен айбындылықтың белгісі ретінде 200 жыл бұрын берілген. Бүркіттің салмағы 3 кг-нан 6 кг-ға дейін. Үлкен құстары қара-күрең түсті, төменгі жақтары ақшылдау болады. Ұясын ағаштарға, құзжартастардың басына, ал далалы жерде — жерге салады. Өте жақсы ұшырады, жерде жақсы жүреді, жүгіре алады. Жемтігін ұстаған кезде, жартылай ашылған қанатымен ұстайды. Ұсақ және орташа сүтқоректілерді және құстарды ұстайды. Қазақстанда ормансыз және шөл далалардан басқа барлық жерлерде кездеседі, бірақ сирек. Қыста көбіне оңтүстікке ұшып кетеді. Саны азайып бара жатқан, сирек кездесетін құс. Қазақстанда кең таралған, бірақ біркелкі емес, кездейсоқ. Жалаңаш және құз-жартасты тауларды, қыраттарды, қарағайлы және басқа да тоғайларды, өзендердің жайылмасын, сексеуілді шөлдерді мекендейді. Қазақстандағы жалпы саны белгісіз, шамасы бірнеше жүз болуы керек. Санының азаюының негізгі себептері: заңсыз аулау, қолда өсіру үшін ұядан балапандарын алу, ересек құстардың электр сымдарында, қақпан моңыңдағы уланған жемдерді жеп өлуі және қақпанға түсуі. Бүркітті қорғауды кеңінен насихаттап, заңды түрде қорғау тәртібін белгілеп, аңшы құс ретінде қолда бағу жағдайын жасау керек. Бүркіт – сұңқартәрізділер отряды, қаршыға тұқымдасының қырандар туысына жататын ірі жыртқыш құс. Латынша аты (Aquіla chrysaetos) «алтын қыран» деген ұғымды білдіреді. Түркі халықтарының көпшілігі «бүркіт» (жемтігін бүріп ұстау тәсіліне сәйкес) деп атайды. Бүркіт Солтүстік Американы, Еуразияны, Солтүстік-Батыс Африканы, Жапония аралдарын мекендейді. Қазақстанда оның алты түр тармағы Маңғыстау, Үстірт, Мұғалжар, Сыр бойы, Қызылқұм, Бетпақдала, Сарыарқа, Тянь-Шань, Тарбағатай, Алтай өңірлеріндегі жазық жерлерде, тау бөктерінде кездеседі. Бүркіт – қырандар ішіндегі ең ірі әрі күшті, дене бітімі мығым, жылдам ұшатын құс. Саусақтары салалы, ірі әрі бедерлі (мүйіз қабыршақты). Қауырсындары бір түсті қара қоңыр. Желкесі мен мойнының сырты сарғыш-жирен түсті. Жас бүркіттің құйрығы ақ, оның ұшында жалпақ қара жолағы, қанатының астында ірі ақ қауырсындары болады. Бүркіттің қанатының шеткі қауырсындарын шалғысы деп, ал құйрығының ортасындағы екі қабат әлді қауырсынын көбесі, қалғандарын жебесі деп атайды. Ұябасарының бір қанатының ұзындығы (топшысынан шалғысының ұшына дейінгі аралығы) 65 – 74 см, шәулісінікі – 59 – 66 см. Ұябасарының салмағы 3,8 – 6,3 кг, шәулісінікі 2,8 – 4,1 кг. Бүркіттің құйрық қанатының ұзындығы 33 – 36 см. Тұмсығының үстіңгі жағы төмен қарай иіліп келген, ұшы үшкір болады. Жұптасып тіршілік етеді. Бүркіт суыр, қоян, түлкі, борсықты, кейде тышқан мен саршұнақты, тасбақаны, тұяқты жануарлардың (ақ бөкен, елік, қарақұйрық) төлдерін жейді. Бүркіт аңды тырнағымен емес, табанындағы бүртіктері – бездерімен буындырып өлтіреді. Үлкен ұясын (диаметрі 1,5 – 2 м) қурап қалған ағаш бұтақтарынан құздың, жартастың басына бірнеше жыл қатарынан салады. Наурыз – сәуірде бір – үштен жұмыртқалайды, оны әдетте ұябасары қырық – қырық бес күн шайқайды. Балапандарын алғашқы күндері шәулісі асырайды. Олар екі жарым айлығында ұядан ұшады, бірақ ұябасары мен шәулісі ұзақ уақыт бойы баулып, қарауылдап жүреді. Табиғи жағдайда бүркіт жүз жылдай тіршілік етеді. Қазақ құсбегілері бүркітті жасына қарай ажыратып, атай білген. Мысалы: бір жастағысын – балапан, екідегісін – қантүбіт, үштегісін – тірнек, төрттегісін – тас түлек, бестегісін – мұзбалақ, алтыдағысын – көк түбіт, жетідегісін – қана, сегіздегісін – жаңа, тоғыздағысын – майтүбіт, ондағысын – барқын, он бірдегісін – баршын, ал он екі жастағысын – шөгел деп атаған. Халық ұғымында бүркіт – текті әрі киелі құс. Мысалы, балалардың бас киіміне, бесікке бүркіттің бармағын тағып қойған. Академик Әлкей Марғұланның зерттеулерінен қазақ тілінде тікелей бүркітке қатысты бір жарым мыңдай ұғым бар екендігі туралы деректерді кездестіруге болады. Мысалы, бүркіттің әрбір дене мүшесінің, жеке бармақтарының, қауырсындарының өз атаулары бар. Құс аяғының өкше бармағы – тегеурін, екі ойықтың ішкі жағындағы сұқ бармағы – жембасар, орта бармағы – сығым, шынашағы – шеңгел (сілім) деп аталады. Қыран бүркіт мықтылықтың, қайсарлықтың, еркіндіктің белгісі. Қазақстан Республикасының Туындағы бүркіт бейнесі азаттық айбыны ретінде бейнеленген. Бүркітті қолға үйретіп, баптап, саятшылықта пайдалану – қазақ халқының ертеден келе жатқан өнері. Оны аңға салу – төзімділікті, іскерлікті, асқан шеберлікті керек етеді. Бүркіттің балапанын ұядан алу үшін де үлкен тапқырлық керек. Амал-айласы жетпесе, адам балапанды өлтіріп алуы мүмкін. Қазіргі кезде бүркітшілік өнерге ерекше көңіл бөлініп, Қарағанды, Алматы облыстарында арнайы салбурын ұйымдастырылып, жас бүркітшілер мектебі ашылуда. Бүркіт Ақсу-Жабағылы, Алматы, Марқакөл, Үстірт қорықтарында қорғалады. Олардың санының жылдан-жылға азаюына байланысты Қазақстанның «Қызыл кітабына» (1996) енгізілген. Бүркітшілік – бүркітті баулып, онымен аң аулау кәсібі, саятшылықтың бір түрі. Бұл кәсіппен ертеде көшпелі түркі тектес халықтар шұғылданған. Тарихи деректер бойынша Жошы ханның 3 мың бүркітшісі болған. Бүркітті екі түрлі жолмен ұстайды: біріншісі – балапанын ұядан алып, қолдан баулу. Ондай бүркітті қолбала дейді. Екіншісі – бүркітті тағы күйінде ұстап үйрету. Бұлар – тірнек, тастүлек, мұзбалақ сияқты түз құстары. Бүркіт балапанын жем беру арқылы баулиды. Тұғырға отыруға жарасымен томаға кигізіп, балақ бау тағып, қолға қондыра бастайды. Ұшуға жараған кезде етке қант бүркіп, қоян, түлкі, қарсақ сияқты аңдардың терісіне орап, шыжым жіппен сүйретіп жүріп жегізеді, мұны «шырға тарту» дейді. Алдымен жас бөлтірік, көжек, түлкінің күшігі сияқты әлсіз аңдарды тірідей шоқытып ауыздандырады. Бұл – құсты «аңға баулу» деп аталады. Ал түз құсын ең алдымен томағалайды да, ырғаққа отырғызады. Ұйқыдан қалжыраған бүркіт бірте-бірте адамның ыңғайына көне бастайды, сол кезде қолдан жем беріп, дыбыс шығарып, басынан, қанат қырынан, арқасынан, жемсауынан сылап-сипап үйретеді. Түз құстарын елу – алпыс күннен кейін ұшырып, ұсақ аңға салады. Бүркіт біршама қоңды, жемге шабытты, сергек күйде болу керек. Сондықтан әр бүркіттің тегіне, қырандығына, жасына қарай әр жағдайда берілетін жемдері болады. Мысалы, «қан соқта», «жылы жұмсақ», «қызыл», «тоят» деп аталатын жемдер семірту мен түлекке отырғызғанда, құстың еті төмендеп кеткенде беріледі. «Тартпа», «толарсақ» дейтін жемдер бүркітті ширықтыру үшін берілсе, «сарбөртпе» (туралған ет бір – екі рет суға шайылады) құстың етін бір қалыпты ұстау үшін, «ақ жем» (суға сығымдап, қан-сөлі алынған, туралған ет) құстың етін төмендету және ашқарақтануы үшін беріледі. Бүркітшінің түлекті осындай түрлі жеммен баптауын «қайыру» дейді. Наурыз, көкек айларынан бастап, бүркітші құсты тойғыза жемдеп түлекке отырғызады. Ол бүркіт алатын аңдардың жатағын, өрісін, ізін танып, білетін байқампаз да болады. Аңға шығарғанда бүркітшінің жанында аяқ бау, балақ бау, тұғыр, балдақ, томаға, сапты аяқ, биялай, жеңсе бұрау (түлкі бұрайтын айыр бас шыбық), жем қалта, шыжым, пышақ, ине, тарамыс, бөлеу (бүркіт бесігі) сияқты қажетті жабдықтары болады. Бүркітші саятшылыққа бірнеше кісімен шықса, оны салбурынға шығу дейді. Салбурын – аңшы, саятшылардың топталып, бірнеше күнге аң аулауға шығуы, яғни топтық аң аулау. Салбурын аңшылардың мерекесі тәрізді, негізінен қыс мезгілінде өтеді. Мұнда ауланған аң бәріне бірдей тең бөлінеді. Ауыл ақсақалдарының үлесі бөлек есептеледі. Салбурын аңшылардың ерлігі мен ептілігін, азаматтығын сынайтын жол. Аңшылардың қысты күні күтетін сәті – сонар. Қансонарда қыстың тынық күні ұлпа қар жерге түскен кезде аңның ізі тайға таңба басқандай анық көрініп жатады. Аңшылар осындай сонарда салбурынға шығады да, ізіне түскен аңды қаумалап жүріп, соғып алады. Салбурын кезінде інінде, апанында тығылып жатқан аңды аңшылар дабыл қағып, айғайлап, қиқулап, ит қосып үркітіп шығарады. Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізіліп, ерекше қорғауға алынған. Будандардың ұрықсыздығы. Будандардың ұрықсыздығы — тегі жағынан алшақ жатқан, туыстарды немесе тұқымдар тармақтарын бір-бірімен шағылыстырудан алынған будандардын келешекте тұқымды аз беруі немесе мүлде тұқым бермеуі. Жыныссыз көбею. Жыныссыз көбею — өсімдіктер мен жан-жануарлар организмдерінің бір бөлімінен өзі тәрізді жаңа организмнің өсіп шығуы. Жыныссыз көбеюдің екі жолы бар: 1) вегетативтік өніп-өсу, 2) споралану. Тұқымсыз жемістер. Тұқымсыз жемістер, немесе сүйексіз жемістер — кейбір өсімдіктердің жыныс жасушалары ұрықтанбайды, бірақ оның дұрыс жетіліп пайда болған тұқымсыз жемістері болады. Тұқымсыз жемістің осылай пайда болуын партенокарпия дейді. Тұқымсыз жемістер көптеген өсімдіктерде кездеседі. Мысалы: жүзімде, қиярдың кейбір сортында, анарда, алмұртта, хұрмада т. б. Мұндай өсімдіктерге тозаңдандырғыштардың керегі жок. Тұқымсыз жеміс беретін өсімдіктер тек вегетативтік жолмен ғана көбейеді. Бұлардан тұқымды жеміс алу үшін оларды қолдан қосымша тозаңдандыру керек. Көсе насекомдар. Көсе насекомдар (Protura) — көзсіз, мұртсыз, қанатсыз ұсақ насекомдардың кейіннен ашылған (1917 жылы) бір отряды. Өне бойы ағаштардың томашасы қабығының астында тіршілік етеді. Құйрықсыз қосмекенділер. Құйрықсыз қосмекенділер (Salientia) — қосмекенділер класының бір отряді. Мұның 1600-ден астам түрлері бар. Омыртқа құрылысына қарай құйрықсыз қосмекенділер 5 түрлі отряд тармақтарына бөлінеді. Олар: 1) Амфицельдіктер, 2) Опистоцельдіктер, 3) Аномоцельдіктер, 4) Процельдіктер және 5) Диплазиоцельдіктер. Билатералдылық. Билатералдылық — 1) организмдердің қос бүйірлі болып келуі. Организмдердің тұтас денесін немесе бір мүшесін ортасынан қақ жарғанда, оның екі жағындағы бөлімдерінің құрылысы бірдей болып шығуы. 2) өсімдіктердегі жапырақ тақталарының және гүлінің екі бетінің құрылысы жағынан бірдей болмауы. Биосфера. Биосфера (грекше: биос—тіршілік, өмір, сфера — шар) — бұл ұғым биология ғылымына XIX ғасырда ене бастады. Ол кездерде бұл сөзбен тек жер жүзіндегі жануарлар дүниесі ғана аталатын. Кейінгі кездерде биосфера геологиялық мағынада да қолданылады. Биосфера — тірі организмдер өмір сүретін жер қабаты. Жер бетінен 10—15 км биікке көтерілгенге дейінгі және 2— 3 км құрғақтан немесе мұхиттардың 10 км түбіне дейінгі жерде организмдер тіршілік етеді. Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Аустрияның атақты геологы Э. Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В.И. Вернацкий болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50 %-дан – 50 % -ға дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады. Биосфера негізінен үш қабаттан құрылады. Олар: атмосфера (газ күйіндегі), гидросфера (су), литосфера (қатты) қабаттар. Биосфераның пайда болуы. Биосфера бірден пайда болған жоқ. Ол өте көне заманнан бері қарай күні бүгінге дейін біртіндеп дамып келеді. Биосфераның ертеден бері қарай құралып келе жатқанын дәлелдейтін палеонтологиялық материалдар қарапайым тірі организмдердің қалдықтары жер қыртысының әрбір қабаттарынан табылады. Осы қабаттарға сүйене отырып, ғалымдар биосфераның негізгі пайда болу жолдарын аықтады. Биосфераның ең бірінші заманы Архей деп аталады. Бұл кезде биосфера қандай жағдайда дамығаны және қандай тірі организмдер болғаны туралы ешқандай деректер жоқ. Протерозой эрасы – биосфераның екінші дәуірі боп есептеледі. Бұл заман 700 млн жыл бойына созылған. Протерозойда тірі организмнің қарапайым түрлері тіршілік еткен. Олардың сол дәуірде тасқа жабысқан қалдықтары әртүрлі тау жыныстарынан қазіргі кезде де байқалады. Биосфераның Палеозой эрасы немесе ертедегі тіршілік кезеңі. Бұл дәуір шамамен алғанда бұдан 570 млн жыл бұрын басталып, 300 млн жылға созылған. Бұл эра кембрий, ордовик, силур, девон, карбон және пермь дәуірлері болып бірнешеге бөлінеді. Кембрий дәуірінде барлық өсімдіктер теңіз суларына өскен. Олар көк жасыл балдырлар болатын. Силур кезеңінде өсімдіктер құрлыққа біртіндеп шыға бастап, дами түсті. Девонның аяқ кезінде бұлардан басқа қырықбуындылар, плаундар және папоротниктер қаулап өсе бастады. Өсімдіктер құрлыққа шыққаннан кейін фотосинтездің ықпалымен атмосфералық ауаның химиялық құрамы өзгеріп, құрлық жануарларының дамуына жағдай туды, өйткені фотосинтез процесі арқылы ауада оттегі көбейе түсті. Тас көмір дәуірі (карбон) жылы және ылғалды болды. Мұның өзі құрлық өсімдіктерінің қаулап өсуіне мүмкіншілік жасады. Әсіресе сәнді орман ағаштарының көлемі үлкен аймақтарды қамтыды. Бұл дәуірдегі өсімдіктер негізінен плаундар, қырықбуындар және папоротниктер болды. Бұлар псилофиттен таралып, тас көмір дәуірінің басында солардың орнын түгелімен басты. Пермь дәуірінің бас кезіндегі өсімдіктерде тас көмір дәуіріндегі өсімдіктерге ұқсас көптеген белгілер болды. Бірақ пермь дәуірінің ортасында жер бетіндегі өсімдіктерге кенет өзгеріс кірді. Ағаш тәрізді плаундар, каламиттер, папоротниктер мүлдем жойылып кетті. Бұлардың орнына жалаңаш тұқымды өсімдіктердің тұқымынан өсіп шыққан қылқандылар, цикада тәрізділер және шикгалар өсе бастады. Мезозой эрасы немесе орта тіршілік кезеңі бұдан 135 млн жыл бұрын басталып, 115 млн жылдан астам уақытқа дейін созылған. Үш дәуірге бөледі: триас, юра, бор. Триаста тау құрылу процестері баяуланды. Бұл эраның құрлық өсімдіктері біркелкі болды. Юра дәуірі жылы болды. Теңіз жағалауларындағы ормандарда папоротник, қырықбуындылар,жалаңаш тұқымдылар – гинасомер, қылқан жапырақтылар қаулап өсіп, дами түсті. Мезозой эрасындағы, әсіресе соңғы кезінде – бор дәуіоінде, қазіргі флора қалыптасыдан бұрын, жер бетіндегі органикалық тіршілікке үлкен өзгеріс енді. Осы кезде теңіз сулары азайып, құрғақ жерлер көбейе бастады. Бор дәуірінің аяғында Шығыс Азия мен Америкадағы Анд аймақтары жоғары көтеріле түсті. Бор дәуірінде климат кенет өзгеріп кеткен. Профессор М.И. Голенкин бұл өзгеріс жерге түсетін күн сәулесінің интенсивті болуымен байланысты деп жорамалдайды. Ауа райының бір мезгілде кенет өзгеруі өсімдіктер эволюциясында жаңа ароморфоз пайда болуына себеп болды. Бұларда көптеген жаңа прогрессивті белгілер жетіле түсті. Мәселен, аналықтың, сондай-ақ жеміс дамитын жотынның болуы, қосарлы ұрықтану, гүлдің пайда болуы және тағы басқа. Кайназой эрасы бұдан 70 млн жыл бұрын басталған. Осы уақыттан бері барлық эралар бойынша қазіргі кезден флораның қалыптасу процесі жүрді. Кайнозой эрасы екі дәуірге бөлінеді. Ол үштік және төрттік кезеңдер. Үштік дәуірде тау құрылу процесі дами түсті. Жер бетіндегі ең биік Альпы-Гималай таулары пайда болды. Осы кезде Қара теңіз бен Жер Орта теңіздері оқшауланып өз алдына бөлініп қалған. Төрттік дәуір жер бетінде тіршілік дамуының ақырғы және ең қысқа дәуірі болып саналады. Ұзақтығы 1 млн жылдай ғана болды. Бұл дәуірге тән жағдай – сол суық кезеңдер және мұз дәуірі жылы ылғалды ауа райымен алмасып отырғаны байқалады. Өйткені өсімдік әлемі мен жер қыртысының даму процесі біркелкі емес. Мұздар жер бетін басқан кезде жылылықты сүйетін өсімдіктер оңтүстікке қарай ығысып кетті. Бірте-бірте ауа райы жылынып, өсімдіктердің өсуіне қолайлы жағдайлар туды. Биосферадағы тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар. Тірі организмнің анорганикалық материядан пайда болуы жайында тікелей экспериментті түрде алынған материал болмағандықтан мұны шешу ғалымдарға оңай түскен жоқ. Идеалистер ең алдымен діни ұғымдарды таратуға ұмтылды. Тірі организмдер құдайдың құдіретімен пайда болды деген терминді ұсынды. Өсімдіктерді, жан-жануарларды, адамдарды өлі инертті заттардан қазіргі біздің көріп жүргеніміздей толық бейнелі түрінде құдай жаратты деп соқты. Грек оқымыстысы Аристотель де тірі организм өзінен-өзі кенеттен пайда болады дегеннен саяды. Адамзат құрттар, молюскалар немесе шіріген заттардан пайда болды деп түсіндірді. Бірақ Франческо Редидің жүргізген зерттеу жұмыстары, тірі организм өзінен-өзі кенеттен пайда болды деген ұғымды жоққа шығарды. Ол жас етті алып, оны стаканға салып, бетін дәкемен жауып қойды. Ешбір тірі заттың пайда болғаны болмайтынын дәлелдеп шықты. Луи Пастер бактериялардың өршитін тұқымынан микроорганиздер дамитынын бірден білді. Сонымен тірі организм ешқашан да өзінен-өзі дамымайтыны белгілі болды. Ф. Энгельс: «Табиғат диалектикасында» материалистік тұрғыдан тіршіліктің пайда болуының жалпы сипатын берді. Материал еш уақытта да тыныштық қалыпта болайтынын, ол үнемі қозғалыста болып, дамып отыратынын айтты. Материя өзінң дамуында әр уақытта жаңа күрделі түрге көшеді деп қорытынды жасады ол. Биосфера және адамзат. Адамзат баласы да табиғаттың өзі жаратқан көп ғажайып көріністерінің бірі. Бірақ адам баласының үстемділігі ақыл-ойының жүйріктігі оны табиғаттың басқа тірі организмдерінен әлдеқайда жоғары дәрежеде көтерді. Үстіне аң терісін, өсімдіктердің жапырағы мен қабығын жамылып күн елткен алғашқы адамдардың өзіде керекті қажетін биосферадан алып отырған. От жағуды білмегеннің өзінде адам баласы жабайы жануарлардың еті мен өсімдіктердің жапырақтарын, сабағы мен буын-бұтақтарын шикідей жеп, өсімдіктерді қорек етіп, өсіп-өне берді. Кейінірек тамақты пісіріп жеу арқылы адам басқа жабайы жануарлардың әлдеқайда жоғары сатыға көтеріле түсті. Сана-сезім, ақыл-ой ғасырлар өткен сайын үлкен эволюциялық даму кезеңдерінен өтіп жоғары мәдениет сатысына көтеріле берді. Жер спутнигін, космос корабльдерін ұшыру, Ай мен Марсқа саяхат жасау қамын кірісу, атом кемесі мен атом электр энергиясын салу, екі-үш жылдың ішінде миллион гектар тың және тыңайған жерлерді игеру, шөлді жерге канал жүргізіп, жасанды көл жасау, мәуелі бау-бақша, саялы ну орман – тоғай өсіру, жер шарының түкпір-түкпірімен тікелей хабарласу – бәрі де бүгінгі заманның үйреншікті әдетіне айналып отыр. Бұл ғажайыптарды, әсіресе соңғы 20-30 жылдың ішінде көріп отырмыз. Сондықтан да біздің заманымызды ракеталар, космос корабльдері, компьютерлер ғасыры дейді. Мұның бәрі адамзат баласының зор қарқыны, қызу жарысы деген сөз. Бірақ биосферадағы объектілер жойыла қалса, ол қалпына тез арада келе қоймайды. Мыңдаған және миллиондаған жылдарды қажет етеді. Мысалы, орман-тоғай алқабын кесіп, не оттап, не өртеп жойып жіберу оп-оңай. Арқыраған оғысы қатты өзеннің арнасын басқа жаққа бұрып жіберуге болады. Бірақ арнасындағы балық құриды, кеме жүзбейді, жағаларындағы ел көшіп кетеді, құс пен жабайы аңдар басқа жаққа ауып кетеді, жер құлазып қалады. Ұлан байтақ кең далаға мыңдаған тракторларды жауып жіберіп, жер қыртысын айналдырып, шаңын бұрқыратып қара дауыл тұрғызуға да адамза тбаласының шамасы әбден келеді. Бірақ биосфера заңдарында бұлай болмайды. Мыс, жоғарыда көрсетілгендей, су тартылып, кеуіп қалған көл қалпына оңай келмейді. Миллион жыл уақыт кетеді. Биосферадағы пайда болып ғасырлар бойы шалқып жатқан айдын шалқар көлдің экосистемасы бұзылғаннан кейін қалпына келуі мүмкінде емес. Оның ішіндегі балығы, өсімдігі, климаты, арнасы, басқа да биосфералық құбылыстары адам танымастай өзгеріске ұшырап кетеді. Саялы сыңсыған ну орман-тоғайсыз, айдын-шалқар көлсіз, арқырап аққан өзенсіз- жайқалып өскен шекарай шалғын шөпсіз, бітік шыққан егінсіз адамзат қоғамының шарықтап өсуі мүмкін емес. Сондықтан да біздің заманымызда биосфераны қорғау, оның байлығын, асыл қазынасын сарқып алмай, өте ұқыптылықпен, жанашырлықпен орынды пайдалану маңызды проблемаларға айналып отыр. Биосфераны «бағындыру» ғана емес, көп жағдайларда бүгінгі таңда биосферамен «достасу», оның заңдарымен келісу, санасы керек болады. Демек, бұл адамға қажетті барлық заттардың бәрі де биосферадан алынады деген сөз. Биосферадағы алғашқы шегіністер. Тіршіліктің биосферада пайда болғанына ғалымдардың есебі бойынша 5-6 миллиардтай жыл өтті. Ұзақ созылған бұл жылдар ішінде бір клеткалы қарапайым организмдерден құрылысы да, түр өзгешілігі де сан алуан өсімдіктер мен жануарлардың таңғажайып түрлері пайда болды. Биосфера тармақ жайған тіршілік атырабына қожа болғандықтан иені жаратуға асыққан жоқ. Ақыры ол да пайда болды. Оның пайда болғанынан 1,5 млн жыл уақыт өтті. Бұл кезде оның үлесіне биосфера жануар әлемінің 4 миллионынан астам, өсімдіктердің 500 мыңнан астам түрлерін сый еткен. Биосферада тіршілік пайда болғаннан бері қалыптасқан соншама бай түр иелерінің бәріне ортақ заң ережелері тым қатал еді. Адам өз биосферасына сай қоғам құра бастағанына 10 мың жылдай ғана темір мен пайдалы қазбалардың пайдалана бастағанына 4-5 мың жыл өтті. Биосфераның шексіз емес, шар тәріздес екенінің дәлелдегенінен 5 ғасыр, биосфералық өзгертуге техникалық құралдардың пайдалана бастағанына 3-4 ғасырдай, реактивті двигательді игергеніне 40-50 жылдай уақыт, ол биосфераның планетасының көлемін алыстан алақанға салып қарағанда үлкен емес екендігі байқалды. Мұндай құбылысты тек 1958 жылдан бері қарай біле бастады. Бірінші рет жер бетінен ұзап шыққан адамзат баласы бірінші рет Гагарин Космоста «Біздің жеріміз қандай әсем» - деп айқайлады. Әрине алыстан сұлу көрінген жеріміз өз ортасында тым көркем. Бірақ оның алғашқы көркі қайда ығысып барады? Біздің өз қолымыздан өсірген ағаштар мен мал түліктер, тас үйлер мен техникалық алыптары қоршағанда біз бұрынғыдай боламыз ба? Биофизика. Биофизика — биологияның бір саласы; ол биологиялық құбылыстардағы физикалық заңдылықтардың, организм мүшелері мен тканьдарының қызметтерінің физикалық процестерін зерттейді. Биохимия. Биохимия — биология ғылымының бір саласы, өсімдіктер мен жан-жануарлардың организміндегі негізгі тіршілік процестерінің химиялық заңдылыктарын зерттейді. Организмнің химиялық құрамын анықтайды. Бирючина. Бирючина (Ligustrum vulgare) — зәйтүндер тұқымдастарына жататын бұта, ұзындығы 2—3 м. Көбінесе жабайы күйінде Еуропаның батыс және оңтүстігінде, Солтүстік Африкада, Кіші Азияда өседі. Мұның ағашы қатты болғандықтан одан етікке шеге жасалады. Жемісімен ел арасында зат боялады. Гүлі бал береді. Биурет реакциясы. Биурет реакциясы — белокты анықтау үшін жасалатын түсті реакция. Белоктің ертіндісіне күйдіргіш натр қосып, оған тағы да 1—2 тамшы тотияйын суын тамызғанда, Биурет реакциясынан күлгін түс пайда болады. Көл шөгінділері. Көл шөгінділері — жұқа қабатты саз балшықтар, құмдар, ұсақ малта тастар, мергельдер, кейде темір кендері. Ащы тұзды көлдерде көл шөгінділері гипстен тұрады, фауна болмайды. Ащы көлдерде көбінесе ем есебінде пайдаланылатын өте майда тұнба балшықтар жиналады. Бұршақты шөптер. Бұршақты шөптер — агротехникалық және жемшөптік зор маңызы бар, біржылдық және көпжылдық бұршақ тұқымдас өсімдіктердің бір тобы. Бұған жататындар: түйежоңышқа, сераделла, беде, жоңышқа, эспарцет. Озондық қабат. Озондық қабат — 22—25 км биіктіктегі үш атомдық оттегі шоғырланған атмосфера қабаты. Мұнда озон аз мөлшерде кездессе де, жердегі тіршілік үшін оның маңызы өте зор. Үйткені барлық организмдерді өлтіріп жіберетін Күн көзінің ультракүлгін сәулесін озон өзіне сіңіріп алады. Біздің өмір сүріп отырған Жер планетасындағы озон қабаты 15 км-дан бастап 100 км биіктікке дейін жетеді. Алайда, 50 км-дан ары қарайғы бөлігінде озонның мөлшері тым аз, шамамен 0,001%. Озон қабатынсыз жердегі тіршілік қазіргі біз көріп отырғандай болмайды. Озон қабаты ұстап қалатын күннің ультра-күлгін сәулелері жер бетіне тікелей өтіп кететін болса, онда тереңдігі 10 метрден асатын суларда ғана тіршілік етуге болар еді. Себебі, он метр тереңдікте ультра-күлгін сәулелердің кері әсері болмайды. Зерттеуші ғалымдар ауаға шығарылатын зиянды да улы газдардың азаюы нәтижесінде атмосфераның озон қабаты қалпына түсе бастаған сыңай байқатып отыр. Бірақ озон қабаты өзінің 1980-інші жылғы деңгейінде тұрақтай қоймас деп ескертеді ғалымдар. Жерді күннің зиянды сәулелерінен қорғайтын озон қабаты – құрамында хлор мен бромы бар аэрозоль және мұздатқыш жабдықтарда қолданатын сұйық газдардың әсерінен жұқарады. Озон қабатының қалыңдығын есептейтін бірлік — Добсон бірлігі (ағылшынша: Dobson Unite) DU. Ол былайша есептеледі: 100 DU = 1 мм, яғни, 100 Добсон бірлігі молекулалық қабаттың қалыңдығының 1 мм-ге тең екендігін көрсетеді. Океанология. Океанология — дүние жүзілік мұхитты зерттейтін ғылымдардың: океанографияның, теңіз физикасының, теңіз геологиясының, теңіз химиясының және теңіз биологиясының жиынтығы. Рельефтің жаңаруы. Рельефтың жаңаруы — тектоникалық көтерілудің немесе су қоймасы деңгейінің төмендеуінің және өзендердің сулылығының молаюының салдарынан эрозия базисінің төмендеуінен рельефтің өте қарқынды тілімденуі. Абсолют биіктік. Абсолют биіктік — мұхиттың дөңгейінен жер бетіндегі белгілі бір нүктеге дейінгі аралық. Абсолют биіктік нивелирлеу арңылы анықталады, Бұрынғы КСРО-да абсолют биіктік Балтық теңізінің деңгейінен есептелген. Адиабаттық процестер. Адиабаттық процестер — газдың көлемі, қысымы, тығыздыгы және температурасы жағынан сыртқы ортамен еш жылылық алмастырмай-ақ өзгеріске ұшырауы. Сусымалар. Сусымалар — құмды, сазды, лёссты грунттардың және құмдардын нөсерлердің, қардың еруінің немесе грунттық судың шығуының салдарынан езіліп, беткеймен төмен қарай сусып түсуі. Жылжымалар. Жылжымалар — тау, төбе, өзен аңғарларының, теңіздер мен көлдер жағасының беткейлерінде байқалатын, жер қабығының беткі бөлектеріндегі жер массаларының кейде ұзақ уақыт және кейде біртіндеп, кейде жылдам төмен қарай сырғи қозғалуы. Жылжымалар табиғи ұстасуы жоқ, нашар байланысқан әр түрлі жер массаларында болады. Географиялық ендік мен бойлықты анықтау. Географиялық ендік мен бойлықты анықтау — географиялық ендік (яғни экватор жазықтығымен берілген жердің тік сызығы арасындағы бұрыш) берілген жердегі әлем полюсінің биіктігі бойынша бірнеше әдіспен анықталады. Олардың ішіндегі ең көп қолданылатыны — поляр маңындағы кез келген бір жұлдыздың жоғарғы және төменгі кульминацияларындағы биіктігін өлшеу; географиялық ендік жұлдыздың екі кульминацияларындағы биіктігінің қосындысының жартысына тең. Географиялық бойлық екі пункттің жергілікті жұлдыздық (немесе жергілікті орташа) уақыт айырмасы бойынша анықталады. Уақыт айырмасы сигнал беру (радиотелеграфпен және тағы басқалар) немесе екі пункттің бірінде жергілікті уақыт бойынша дұрысталған хронометрлерді апарумен табылады. 1 сағат уақыт айырмашылығы ендіктің 15° айырмасына, бір минут — немесе 15' сәйкес келеді. Органогендік тау жыныстары. Органогендік тау жыныстары — органикалық қалдықтардан (жануарлар және өсімдіктер) тұратын тау жыныстары (синонимі — биолиттер, органолиттер). Айналаны бағдарлау. Айналаны бағдарлау — тұрған жердің горизонт жақтарымен салыстырғандағы орнын табу; картаның, компастың, жұлдыздар мен күннің, сағаттың, тағы басқалар. жергілікті нәрселердің көмегімен карта бетінде өзінің тұрған жерінің нүктесін анықтау, жүру бағытын, елді мекендерді, нысананы тағы басқаларды таба білу. Орогендік қозғалыстар. Орогендік қозғалыстар (немесе процестер) — бүйірлік қысымның және жер қабығының жоғары көтерілуінен не төмен түсуінен болатын, қатпарлы және опырықты жоталармен жоғары ысырылуларды туғызатын тау жасайтын қозғалыстар. Орогендік қозғалыстардың пайда болуын түсіндіру үшін бірнеше жорамал ұсынылған: контракциялық, изостазиялық, радиоактивтік, ыдырау, магмалық ағыстар. Северный полюс (ықпа станциялар). Северный полюс («СП») — Солтүстік полюс («СП») — Солтүстік полюске іргелес жатқан аудандардағы ғылми зерттеу мақсатында Солтүстік мұзды мұхиттың кең алапты кесек мұздарында орнатылған бұрынғы советтік ықпа станцияларының аттары. Станциялар жыл бойы атмосфера мен мұхитты комплексті түрде зерттеулер жүргізген. Олар мұзбен бірге ығып жүреді, демек олардың бір бөлігі мұхиттың Сибирь — Канадалық жартысында тұйық қисық жасап ығады да, ал екінші бөлігі Атлант мұхитының солтүстігіне қарай жылжиды. «СП» станцияларының зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Арктикада ірі географиялық жаңалықтар ашылды. Атап айтқанда Ломоносов су асты жотасы табылды, Орталық Арктикада күшті циклон болып тұратыны және онда тұрақты антициклонның жоқтығы дәлелденді және тағы басқа көптеген жаңалықтар ашылды. «СП»-6 станция көлемі 75 км2 қа жуық мұзының қалыңдығы 12 м айсбергте ығады. «СП»-4 станциясы ығу арқылы полюстен 10-12 км қашықтыққа жылжыды. «СП» станцияларының техникалық жабдықтары жыл сайын жетілуде; оларға ұдайы самолет ұшып тұрады. Инженерлік гидрология. Инженерлік гидрология — гидротехникалық құрылыстардың инженерлік жобаларын жасау үшін әр түрлі гидрологиялық сипаттамаларды, атап айтқанда, өзен ағынының сипаттамаларын зерттейтін және есептеу әдісін қолданатын құрлық гидрологиясының бір бөлімі. Инсоляция. Инсоляция — жерге түсетін күн сәулесі мен жер бетіне келіп жететін күн энергиясының мөлшері. Кіші калориямен өрнектелетін ол, атмосфераның шегінде, жерге түсетін күн сәулесіне перпендикуляр орналасқан 1 см2 арқылы минутына өтетін 1,94 кіші калорияға тең (күн тұрақтысы). Жер бетінде инсоляция: күннің горизонттан биіктігіне, атмосфераның жағдайына, сондай-ақ күн дақтарына байланысты жыл және күні бойы өзгеріп тұрады. Инсоляция барлық өсімдік пен жануарлар дүниесінің өмірінде өте үлкен роль атқарады. Инсоляция актинометр, пиргелиометр сияқты арнаулы аспаптармен өлшенеді. Күннің жерге жіберіп тұратын жылуының шамамен 40% атмосферада ұсталып қалады. Ирригация. Ирригация — жерді қолдан суландыру. Ауыл шаруашылық өсімдіктерінің бітік болуы үшін жауын-шашын аз жауатын аудандарда егістік жерлерді өзен, көл және жер асты суларымен суландыру. Қазынды қалдықтар. Қазынды қалдықтар — жер қабатының шөгінділерінде сақталып қалған, бұрынғы дәуірлерде өмір сүрген өсімдіктер мен жануарлардың іздері мен қалдықтары. Қазынды қалдықтарды зерттеу ісімен палеонтология шұғылданады. Лоция. Лоция — корабльді жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін су бассейнін ғылми сипаттап жазу. Лоция — теңіз, өзен түптерінің, жағалардың, ағыстардың, желдердің көтерілу мен қайтудың, жекелеген теңіз порттары мен гаваньдарының кеме жүргізуге керекті сипаттамасын береді. Антарктикалық оазистер. Антарктикалық оазистер — Антарктида материгіндегі қар түспейтін, мұз баспайтын құрлық. Кейбір жерде олар едәуір көлді аймақты алып жатады. Биотикалық факторлар. Биотикалық факторлар — басқа организмдер мен биоценоздардың жеке организмге (жануарға немесе өсімдікке) я биоценозга әсер ететін жиынтығы. Жануарлардың бір түрінің екінші түрімен немесе жануарлардың өсімдікпен қоректенуін биотикалық фактор деп атайды. Биотикалық факторлар организмге тура немесе жанама түрде әсер етіп отырады (мыс.: жануарлардың топырақты қазып өзгертуі, немесе бактериялардың ортаға химизмдік әсері тағы басқалар). Өзен бифуркациясы. Өзен бифуркациясы — өзен аңғарының екі салаға бөлініп, бір-біріне байланыссыз ағып, әр түрлі бассейндерге барып құюы, Оңтүстік Америкадағы Ориноко өзені осы бифуркацияга мысал бола алады. Оның жоғарғы ағысы екі тарамға бөлінеді де, бірі Касикьяре деген Амазонка өзенінің сол жақ саласына, ал екіншісі Атлант мұхитына барып құяды. Қазақстандағы Нұра өзені Ақмоланың оңтүстігінде екіге бөлініп бифуркация жасайды. Оның Сарқырама деген тармағы су мол жылдары Есілге барып құяды. Бүйірлік эрозия. Бүйірлік эрозия — өзен мен жылғалардың суынан пайда болатып жуу, шаю әрекеті. Мұнда су аңғарлық беткейін жуып, шайып және бірте-бірте аңғарды кеңейтіп жібереді. Бореал заманы. Бореал заманы — мұздық дәуірден кейін болған заманның бірі. Бореал заманы кезінде, жалпы алғанда, климат құрғақ болған; алғашқы кезде климат салқын, ал содан кейін ол жылына бастаған. Тау және аңғар желдері. Тау және аңғар желдері — күндіз аңғар бойымен төменнен жоғары қарай, ал түнде керісінше,— аңғардан және таудың беткейінен төмен қарай соғады. Мұндай құбылыс әсіресе жылдың жылы айларында немесе ауа райының ашық уақытында байқалады. Гейзерлер. Гейзерлер — жер астынан мезгіл-мезгіл фонтан тәрізді атқылап шығатын ыстық бұлақтар. Гейзер Камчатка түбегінде, Исландияда, АҚШ-тағы Йеллоустон ұлт паркінде, Калифорнияда, Жаңа Зеландияның солтүстік аралында және Жапонияның кейбір жерлерінде кездеседі. Гейзер – оқтын-оқтын ыстық су мен бу атқылап тұратын су көзі (қайнар, бұлақ). Магма ошағынан үздіксіз жылу келіп тұратын жанартаулық әрекеті тоқтамаған немесе таяуда тоқтаған аймақтарда кездеседі. Гейзердің (исландша geysa – саулау, шапшу) сырт пішіні кішігірім қиылған конус, аласа, жайпақ шұңқыр, кейде ор түрінде болуы мүмкін. Атқылау циклінің (оралымының) ұзақтығы тұрақты гейзерді жүйелі гейзер, өзгермелісін – жүйесіз гейзер деп атайды. Атқылау циклінің ұзақтығы минуттармен және ондаған минуттармен өлшенеді, тыныштық кезеңі бірнеше минуттан бірнеше сағатқа немесе күндерге дейін созылады. Гейзерден лықсып шығатын, көбінесе, жауын-шашынның жерге сіңуінен пайда болатын су біршама таза, аз минералданған (1 – 2 г/л), температурасы 100 – 1300С, құрамында хлоридтер, карбонаттар, кремнеземдер басым болып келеді. Гейзерлер Камчаткада (Ресей), Исландияда, Канадада, АҚШ-та, Жаңа Зеландияда, Жапонияда, Қытайда бар. Камчаткада ірі гейзер Кихпиныч жанартауының маңында, Гейзерная өзенінің аңғарында 1941 ж. табылды. Мұнда барлығы жүзге жуық гейзер бар. Ең үлкен «Великан» гейзері ыстық суды 40 м, буды бірнеше жүз метр биіктікке дейін атқылатады. Исландияда отызға жуық гейзер бар. АҚШ-тағы Йеллоустон ұлттық саябағында екі жүзге жуық гейзер бар. Олардың ең ірі екеуі бу мен су әрбір 53 – 70 минут және үш күндік ырғақпен 40 – 42 м биіктікке атқылайды. Жаңа Зеландияда 1904 жылға дейін бүкіл жер жүзі бойынша ең үлкен Ваймангу гейзері әрекет етті. Күшті атқылау кезінде оның суы 450 м биіктікке дейін көтеріліп, әр дүркін сайын сегіз жүз тоннаға жуық ыстық су шығып тұрды. Гейзердің пайда болуы жер астында (100 – 150 м тереңдікте) суға толы үңгірлердің, қуыстардың және оларды бір-бірімен байланыстыратын арналардың болуымен түсіндіріледі. Тереңдегі жанартау ошағынан келетін қызудың әсерінен су ысиды, оның температурасы қайнау нүктесінен (1000С) жоғары болғандықтан, лезде буға айналады. Будың қысымы мен күші зор болғандықтан, үстіндегі суды жоғары шапшытып, жер бетінде ыстық судың үлкен фонтаны пайда болады, бу будақтап шығып жатады. Гейзердің буы мен ыстық суы тұрғын үйлерді, ғимараттарды, көшетханаларды жылытуға және электр қуатын өндіретін қондырғыларда пайдаланылады. Дүниенің гелиоцентрлік жүйесі. Дүниенің гелиоцентрлік жүйесі (системасы) — Жер және басқа планеталар күнді өзінің осі айналасында айналады дейтін ілім. Дүниенің гелиоцентрлік жүйесі туралы ілім қайта ерлеу дәуірінде пайда болып, жаратылыс ғылымының дамуына революциялық әсер етті. 1543 ж. атақты ғалым Коперник Жер — өлемдік кеңістіктің орталығында тұрады деген пікірді тасталқан егті. Кейінгі Дж. Бруно, Галилей тәрізді ғалымдар Жер — сансыз жұлдыздардың бірі деп дәлелдейді. Ал XVI—XVII ғ, Жер бір топ жұлдыздардың орталыгы бола алмайтыны, әлемдік кеңістік шексіз болғандықтан, онда еш орталық болмайтыны дәлелденді. Микроклимат. Микроклимат — белгілі бір мөлшері шағын ауданның немесе аумақтың климаты мен климаттық ерекшеліктері. Минералогия. Минералогия — минералдарды және олардың қасиеті мен пайда болуын зерттейтін ғылым, геологияның бір саласы. Минеральды шикізат. Минеральды шикізат — әр түрлі минералдардан тұратын кенді және кенсіз қазындылар, сондайаң химия өндірісінде пайдаланылатын көлдердегі, теңіздердегі және жер асты бұлақтарындагы тұздардың табиғи ерітіндісі (тұздың ерітінді, тұздық). Моластар. Моластар — тау етегіндегі борпылдақ және цементтелген кесекті жыныстардың қабаты, көрші таулы елдердің бұрынғы өткен кездегі көтерілуі мен жуылуының салдарынан пайда болған бұзылу продукциялары. Найзағай. Найзағай — бұлттардың жекелеген қабаттарының арасындағы немесе бұлттар мен жер арасындағы электр разряды. Шеткі теңіздер. Шеткі теңіздер — бір шеті материкке тиіп, ал басқа жағы мұхитпен оңай шектесіп жататын, кейде одан аралдар тобымен бөлінетін сондықтан өзінің физикалық жағдайлары жағынан жекедара бола алмайтын теңіздер. Мысалы: Беринг, Охот, Жапон, Баренц теңіздері осыған жатады. Мореналық геоморфологиялық ландшафттар. Мореналық геоморфологиялық ландшафттар — мұздық дәуірінде мұз аетында болған және көбінесе төбетөбелерден тұратын рельефі бар облыстар. Олар мыналарға бөлінеді: 1) төбелі толңын тәріздес қырқалардан тұратын шеткі мореналық ландшафт; 2) негізгі немесе табан моренаның төбелі немесе жатық ландшафты; 3) друмлиндық ландшафт. Теңіз суы. Теңіз суы — мұхиттар мен теңіздердің суы; мұның ішінде ерітінді түрінде кездесетін көптеген тұздар бар. Мұхиттар үшін тұздардың мелшері орташа есеппен 35‰, ал ішкі тұйық теңіздерде, олардың мелшері, оған құятын өзендердің суының молдығына қарай және теңіз орналасқан белдеуге байланысты ауытқып тұрады. Мысалы, Жерорта теңізінің тұздылығы 39‰-ге дейін жететін болса, Балтық теңізінікі орташа есеппен 5‰, Қара теңіздікі — 18‰. Теңіздік климат. Теңіздік климат — бұл континенттік климатпен салыстырғанда ауа температурасының төуліктік және жылдық аз амплитудасымен, бір күннен екінші күнге температураның аз өзгеруімен, күннің жоғары және төмен тұруымен салыстырғанда, максимум және минимум температураның кешігуімен (Солтүстік жарты шарда микимум январьда емес, февральда немесе мартта, максимум июньде емес, июльде немесе августа), жазда салыстырмалы ылгалдылығының үлкендігімен, бұлтты күннің жиілігімен және жауын-шашынның молдығымен, сондай-ақ теңізден соғатын желдің басым болуымен сипатталады. Морфометрия. Морфометрия (орометрия) — белгілі бір өлшем бірліктерімен (ұзындық, аудан, көлем) немесе дерексіз көрсеткіштермен (индекстермен) рельеф формаларын санды сипаттама әдісімен өлшеу. Мысалы, су бассейндері (көлдер, теңіздер) олардың ауданымен, орташа және максимумдық тереңдігімен, су көлемімен және тағы басқалармен сипатталады; тау жоталары олардың асуларының орташа биіктігімен, шыңдарының орташа биіктігімен, биіктік амплитудасымен, орташа көлбеулігімен тағы басқалар. сипатталады. Морфометрияның территорияға экономикалық баға беру үшін маңызы өте зор. Мофеттер. Мофеттер — вулканизмнің соңғы сөну сатысы кезіндегі жер астындағы газдың атқылауы. Мофеттер негізінен көмір қышқылын, аздаған сутегі мен бор қосылысын бөліп шығарады. Үйінді вулкандар. Үйінді вулкандар — жер бетіне құйылған лаваның қатынасынсыз тек борпылдақ сынық материалдан тұратын вулкандар. Үйінді вулкандардың күлден (Неапольдің жанындағы Монте Нуово) немесе вулкан бомбаларының және лапилдердің ірі сынықтарынан (Липар аралдарындағы Стромболи) тұратын конусы болады. Нептунизм. Нептунизм — жер қабығы мен тау жыныстарының түзілу процестерінде маңызды орынды су процестері алады деп түсінетін теория. Нивальдық климаттар. Нивальдық климаттар — жылдың жылы мезгілдерінде қарлары еріп және буланып үлгермейтін климаттық аймақтар. Жылдан-жылға қалатын артық қар мұздыққа айналады. Рельефтің төмендей және көтеріле дамуы. Рельефтің төмендей және көтеріле дамуы — төмендей даму дегеніміз жер бетінің бір кез келген аумағының көтерілуі әкзогендік күштердің бұзуынан гөрі жайырақ болғанда орын алатын процесс. Құрылықтың жалпы биіктігі теңіз деңгейінен төмендей береді, биіктік айырмашылығы тегістеледі, беткейлер көлбеулене және ойыстана, ал рельефтің формасы жұмырлана түседі. Көтеріле дамуда, керісінше, көтерілу құрлықтың бұзылуынан және шайылып-жуылуынан жылдамырақ болады; сонда барлық аумақтың абсолюттік биіктігі және биіктердің айырмашылығы өседі, беткейлердің тіктігі артады және олар дөңестене береді. Шұрат. Шұрат (оазис) — 1) шөлдегі немесе шөлейттегі тұщы сумен суарылатын, ағаш, тағы басқа көгал өсімдіктері бар елді-мекенді жер. Бұрынғы КСРО-дағы үлкен шұраттар: Мұрғаб, Хорезм, Бұхар, Ахалтеке, тағы басқалары. Шұраттардың құрғақ шөлді аудандарда болуы жер асты суларының көздерінің, өзендердің барлығына байланысты, қолдан жасалған шұраттар да болуы мүмкін, бұл жағайда су алыстан арнаулы каналдар, немесе артезиан құдықтарының көмегі арқылы терең абаттардан алынады. Бұлттылық. Бұлттылық — аспандағы бұлттардың санын сипаттайтын шама; бұл бұлттар жауып тұрған аспан бетінің барлық аспан күмбезіне қатысымен анықталады. 10 балдық жүйемен өлшенеді, мысалы, бұлттылық 5 деген сөз — аспанның жартысын (0,5) бұлт жауып тұр дегені. Базель конгресі (II Интернационал). II Интернационалдың Базельдегі конгресі 1912 жылы 24 — 25 ноябрьде болып өтті. Ол конгресс Балқан соғысына және дүниежүзілік соғыс қаупінің төнуіне байланысты шақырылған еді. Конгресс — халықаралық жағдай және соғысқа қарсы бірлесіп қимыл жасау туралы деген бір мәселе талқылады. Қабылданған манифесте конгресс жұмысшыларды: соғыс каупіне қарсы революциялық күрес жүргізу үшін, «соғысқа соғыс» жариялау үшін пролетариаттың ұйымы мен күшін пайдалануға шақырды. Сельскосоюз. Сельскосоюз — ауылшаруашылық кооперациясының Бүкілроссиялық одағы, 1921 жылғы августан 1929 жылғы июньге дейін жұмыс істеді. Цектран. Цектран — темір жол және су жолы транспорты қызметкерлерінің біріккен кәсіпшілер одағының Орталық комитеті. 1920 жылғы сентябрьде құрылған. 1920 жылы және 1921 жылдың бас кезінде Цектранға басшылық ету ісі кәсіпшілер одағының жұмысында құр зорлау әдісі мен бұйыру әдісін жүргізіп келген троцкистердің қолында болды. Темір жол және су жолы транспорты қызметкерлерінің 1921 жылы мартта болып өткен Бүкілроссиялық біріккен бірінші съезі троцкистерді Цектранның басшылығынан куып шықты, одақтың жаңа Орталық комитетін сайлап, кәсіпшілер одағы жұмысының жаңа әдістерін белгіледі. Ганглий. Ганглий (- түйiн, буын) — жүйке жасушаларының, жүйке талшықтарының және олардың "глия" деп аталатын серіктерінің түйіні. Ганглий көптеген омыртқасыздардан бастап адамға дейінгі организмдердің барлығында болады. Ганглийдің "соматикалық" және "вегетациялық" деп аталатын екі бөлімі бар, соматикалық ганглийге сезімталдық рецептордың жасушалары, вегетациялық ганглийге қимыл жасушалары жатады. Гаструла. Гаструла (грекше: gastre — дөңес, домбық) — көп жасушалы жануарлар ұрығының алғашқы дамыған кезде бастан еткізетін дәуірлерінің бірі. Ұрықтың гаструла дәуірінде алғашқы ауызы ішкі қуысы және екі қабаты болады, мұның сыртқысы — "эктодерма", ішкісі — "энтодерма" делінеді. Гаструляцияның соңғы кезінде осы екі қабаттың арасынан оның үшіншісі пайда болады, ол "мезодерма" деп аталады. Гаструляция. Гаструляция — көп жасушалы жануарлардың аталық және аналық жыныс жасушалары ұрықтанып, олардың алғашқы дамыған кезде денесінде екі кабатты және кейбіреулерін үш қабатты ұрықтың пайда болу процесі. Гаструляцияның негізгі төрт жолы бар: инвагинация, эпиболия, иммиграция және деламинация. Гвереца. Гвереца (Colobus guereza) — жуанденелілер туысына жататын маймылдардың бірі. Гверецаның тұрқының ұзындығы — 70 см, құйрығынікі — 60 см. Түгі қара барқыт тәрізді әдемі болады, сондықтан да жергілікті ел оны терісі үшін аулайды. Гвереца Тропикалық Африканың ормандарында болады. Олар 6-10-нан топтанып жүріп тіршілік етеді, ағаштың бүршігін, жапырағы мен жемісін, жидегін жейді. Гейдельберг адамы. Гейдельберг адамы (Homo heidelbergensis) — қазбадан табылған адамның ерекше бір түрі. Гейдельберг адамының төменгі жақ сүйегі 1907 жылы Германияның Мауэр дейтін деревнясының (Гейдельбергтің қасындағы) маңынан 24 метр тереңдіктен табылған. Гейдельберг адамы жақ сүйегі ірі, тілді қозғайтын боршаларының жақ сүйекке жалғасар жеріндегі бұдырмақтары адамдікінен гөрі адам тәрізді маймылдарға ұқсайды. Гейхера. Гейхера (Heuchera) — тасжарғандар тұқымдасына жататын көпжылдық шөп өсімдіктерінің бір туысы. Гейхераның 30 шақты түрі бар, олар көбінесе Солтүстік Америкада өседі. Бұрынғы КСРО-да мұның кейбір түрлері (мысалы Н. sanguinea) бақтарда әсемдік үшін өсіріледі. Мұның гүлдері ұзындау келеді, жапырақтары жатаған болады. Геккондар. Геккондар (Gekkonidae) — кесірткелер отрядының бір тұқымдасы. Геккондардың 80-ге жуық туысы (650-ден астам түрі) бар. Олардың көпшілігі тропикалық және субтропикалық жақтарда, аздап жер шарының қоңырүйек бөлімдерінде де тіршілік етеді. Геккондардың Орта Азия мен Қазақстанның жерлерінде тіршілік ететін 4 туысы (8 түрі) кездеседі; олар: сцинк геккон, тарақтабан геккон, жалаңаяқ геккон. Геккондардың көздері үлкен, басы алға қарай сүйірленген; денесі қабысыңқы; аяқтары жақсы жетілген, тырнақтары үшкір келеді, күндізінде жатып, қорек заттарын (омыртқасыз жәндіктерді, насекомдарды, ермекші тәрізділерді, қырықаяқтарды және т. б.) түнде аулайды; кепшілігі 1—2 жұмыртқа табады. Гелиотроп. Гелиотроп (Heliotropium) — шытырлар тұқымдасына жататын шөптесін, бұта және шалабұта болып өсетін өсімдіктердің бір туысы. Мұның тамыры мен тұқымында улы заты бар, сондыктан оны мал жемейді. Оның гүлінен алынатын эфир майы парфюмерияда қолданылады. Гелиотроптың улы заты нерв жүйесін жансыздандырады (паралич жасайды). Гелиотроптың 220-дай түрі бар. Мұнан бұрынғы КСРО жерінде кездесетіндері — 10; олар Еуропаның оңтүстігінде, Батыс Сібірде, Орта Азияда өседі. Мұнын кейбір түрлері әсемдік үшін өсіріледі. Естен тану. Естен тану — қатты күюдің, қансыраудың, қатерлі басқалай дерттің, организмде қажетті су мөлшерінің жетіспеушілігінің немесе аса қатты аллергиялық реакцияның салдарынан болатын адам өміріне қауіпті құбылыс. Сондай-ақ естен тану жағдайын іштен көп қан кету де тудыруы мүмкін. "Естен тану жағдайын болдырмау немесе одан тез айықтырып алу үшін не істеу қажет?" Ал сырқат адамның басы қатты зақымданған болса, оны жартылай отырған қалыпта жатқызған жөн. Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Жемсау (ауру). Жемсау (зоб) ауруы — бұл қалқанша безінің әнтек зораюынан пайда болатын тамақтағы ісік немесе түйін. Көп жағдайда зоб диетада, аста йодтың жетіспеушілігінен пайда болады Жүкті әйелдің организмінде йодтың жетіспеушілігі баланың өлі тууына немесе ақьш-есі кем, мылқау боп тууына себепші болуы мүмкін. Мұндай жағдай анасы жемсау боп ауырмаса да болуы мүмкін. Зоб пен кретинизм ауруы көбіне жердің қойнау қабатында, су мен аста йод құрамы аз болып келетін таулы аймақтарда жиі кездеседі. Таулы аймақ тұрғындары үнемі бір өңкей азықпен, мәселен, маниока сияқты организмді зоб ауруына шалдықтыруға бейім тағамдармен көп тамақтанбауы қажет. Зоб ауруы көп тараған аймақта тұратын адамдардың барлығы ішіп-жемінде йодталған тұзды қолданулары қажет. Бүл зобтан алдын-ала сақтандырғыш әрі оны емдеп жазатын дәрмек те болып табылады (қатайып, беріштеніп кеткен жемсауды тек қана хирургиялық жолмен алып тастауға болады, бірақ мұның қажеттілігі жоқ). Егер йодталған тұзды таба алмасаңыз, йод ерітіндісін қолданыңыз. Бір тамшы йодты бір стақан суға ерітіп, күн сайын 1 стақаннан ішіп отырыңыз. Алайда сақ болыңыз: йодтың дозасын аңдамай арттырып жіберген жағдайда уланып қалуыңыз мүмкін. Йодтың артық дозасы болып кетсе (бір стақан суға қосылатын йод 1 тамшыдан артық болып кетсе), ауруды одан әрі қоздырып жіберу қаупі бар. Йод құйылған құтыны баланың қолы жетпейтін жерде ұстау керек. Жалпы йодтың өзінен гөрі йодталған тұз қолдану анағұрлым қауіпсіз де ыңғайлы. Зобқа қарсы қолданылатын үйдегі емдік нәрселердің көпшілігінің әсері әлсіз болып келеді. Бұларға қарағанда, құрамында йод мөлшері көп краб және басқа да теңіз жәндіктері мен өсімдіктерінің зоб ауруын емдеп-жазуға немесе оны болдырмауға тигізетін пайдасы зор. Сондықтан да асқа жеуге болатын теңіз балдырын қосып отырса да пайдалы. Дегенмен де зобтан құтылудың ең оңай жолы йодталған тұзды қолдану болып табылатынын қайталап айтамыз. Зобты қалай болдырмауға болады. Әрдайым йодталған тұзды қолданыңыз. Йодталған тұз ас тұзымен салыстырғанда қымбаттырақ, бірақ одан анағұрлым пайдалырақ. Егер сіз зоб ауруы көп таралған аймақта тұрсаңыз және осы аурумен ауыруға организмнің бейімділігін сезініп, тіпті алғашқы белгілері пайда бола бастаған жағдайда ең алдымен капуста мен маниока жеуді тоқтатыңыз. Ескертпе: Егер зоб ауруымен ауыратын адам қолы-басы қалтырап, өте ашуланшақ болып, көз шарасы үлкейіп кетсе, онда бүл зобтың ерекше түрі (улы зоб) болуы мүмкін. Мұндай жағдайда шұғыл түрде білікті дәрігер маманға көріну қажет. Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Бейбіт Назаров. Бейбіт Назаров (Алматы обылысы, Райымбек ауданы, Қақпақты ауылы, 1987 ж.) - джиу-джитсудан жастар арасында Қазақстан чемпионы, ережесіз жекпе-жектен Азия чемпионы. Көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы, WAFC тұжырымы бойынша панкратионнан 75 келі салмақта Еуразия чемпионы. Осы күнге дейін 12 рет жекпе-жекке шығып, соның барлығында қарсыластарын қоғадай жапырды. Тағы бір айта кетерлік жайт, Бейбіт – Алаштың мақтан тұтар азаматы, ережесіз жекпе-жектен әлемнің екі дүркін чемпионы Ардақ Назаровтың туған інісі. 26 көкекте Алматы Республика сарайында өткен WAFC тұжырымы бойынша 75 келі салмақта Еуразия чемпионы атағы үшін Бейбіт Назаров пен шешен Аслан Алгереев рингке көтерілді. Ресейдің туы астында күш сынасып жүрген қонақ жауынгерлік самбо мен еркін күрестен спорт шебері, Ресей чемпионы. Грозный қаласында өткен "мықтылар турнирінің" жеңімпазы. Талай халықаралық жарыстарда топ жарған тарланбоз. 40 рет жекпе-жекке шығып, 36 мәрте жеңіс тойын тойлады. Авагис. Авагис (Avahis) — қазіргі кезде тіршілік ететін шала маймылдардың бір туысы. Бүкіл денесі мен құйрығын түбітті түк басқан. Бұлар шығыс Мадагаскар ормандарында кездеседі. Авифауна. Авифауна — белгілі жерде немесе жер тарихының белгілі бір кезеңінде, өмір сүрген құстардың жиынтығы. Мұны кейде орнитофауна деп те атайды. Авокадо. Авокадо (Persea) (аллигатор алмұрты) — лаврлықтар тұқымдастарындағы мәңгі жасыл болып өсетін жеміс ағаштарының бір туысы. Әуелде Америкадан шыққан, бұрынғы КСРО-да 1928 жылдан бастап өсіріледі, Кавказда, Қара теңіз жағалауында өседі. Автомиксис. Автомиксис — бір организмдегі екі жыныс жасушасының өзара ұрықтануы. Мұндай құбылыс тек төменгі сатыдағы қарапайым жәндіктер мен кейбір саңыраукұлақтарда ғана кездеседі. Автотомия. Автотомия — кейбір жәндіктердің (мыс. кесірткенің) өзіне қастандық жасайтын жәндіктен қорғану үшін денесінің бір мүшесін үзіп тастауы. Үзіп тастаған жері кейіннен жетіліп кетеді. Агути. Агути (Dasyprocta) — кеміргіштердің бір туысы; бұның 10 түрі бар. Денесінің ұзыыдығы 50 "см", белі бүкір, сондықтан мұны «бүкір қоян» деседі; құйрығы шолақ, құлағы шұнақ келеді. Оңтүстік және Орталық Америкада болады. Адвенттік орган. Адвенттік орган — қосымша орган, өсімдік денесінің ежелгі орнынан басқа жеріне шыққан орган. Мысалы: бүршіктің жапырақ қолтығынан шықпай, тамырынан, немесе буын аралығынан, яки жапырақтың бетінен өсіп шығуы. Аденин қышқылы. Аденин қышқылы — нуклепротеидтің (белоктің) бір түрі. Бұл күрделі органикалық зат. Мұның құрамында: аденин, рибоза углеводы, фосфор қышқылы болады. Азоттық тепе-теңдік. Азоттық тепе-теңдік — организм денеден қанша азот жұмсайтын болса, сонша азотты тамақпен бірге қабылдайтындығы. Адам организмі тәулігіне орта есеппен 13—16 грамм (80—100 грамм белокпен бірге) азот қабылдайды. Құтандар. Құтандар (Ciconiidae) — құтантәрізділерге жататын құстардың бір тұқымдасы. Түрлері бірнеше. Бұған жататындар: аққұтан, көкқұтан, қарабай, марабу, ябиру. Акардия. Акардия — жануарлардың немесе жас баланың жүрегі жетілмей немесе оның мүлде жоқ болып тууы. Мұндай бала көп өмір сүрмей, өліп қалады. Вена қаны. Вена қаны — денеден жүрекке және жүректен өкпеге құятын қан. Мұның құрамында көмір қышқыл газы көп, оттегі аз. Вена жүйесі. Вена жүйесі — вена қан тамырларының жүйесі, мұнымен вена қаны келіп жүрекке құйылады. Вена қақпақшалары. Вена қақпақшалары — вена тамырларының ішкі керегесіндегі қалталанып біткен және қанның бағытына қарай ашылатын қақпашық. Бұл қақпақшалар қанның кері ағуына мүмкіншілік бермей, оны тек бір бағытта ғана бағытпен өткізеді. Веналық лакундар. Веналық лакундар — кейбір жануарлардың мүшесіндегі немесе ұлпаларындағы тұйық қан тамырлары болмаған жердегі қан толған орын. Веналық лакундар омыртқасыздар мен төменгі сатыдағы омыртқалыларға тән. Вена синусы. Вена синусы (sinus venosus) — 1) моллюскалар, шаянтәрізділер сияқты кейбір омыртқасыз жәндіктердің вена қаны орналасқан қуысы; 2) ланцетник тәрізді жүрегі жоқ организмдерде вена синусы деп вена қанын жинап, бірден құрсақ қолқасына құятын сыңар тамыр айтылады; 3) дөңгелекауыздылардың, балықтардың, қосмекенділердің және бауырымен жорғалаушылардың кейбіреулерінде вена синусы деп жүректің ерекше бір бөлігі айтылады; 4) құстар мен сүтқоректі хайуандарда вена синусы жүректің оң жақ жүрекшесіне жатады. Вентральдық. Вентральдық — (лат. "venter" — құрсақ, іш, бауыр) жануарлар анатомиясында вентральдық деген сөз бірнеше мағынада қолданылады: 1) дененің құрсақ жағындағы бөлігі немесе мүшесі, 2) құрсақтың басқа бір жағына қараған мүше. Арқаға қарағанда құрсаққа жақын орналаскан мүше. Вентральдыққа кері жатқан жақ — арқа жағы немесе дорзальдық жақ делінеді. Вербена. емдік вербена — бойы 80—100 "см" келетін көпжылдық шөп өсімдігі. Масақтанып біткен ұсақ көгілдір гүлдері болады. Емдік вербена бұрынырақ кезде медицинада кең түрде жұмсалатын. Емдік вербенаның тамырын қияр тұздағанда оның иісін жақсарту үшін қосады. Лимондық вербена — жапырақтары қысқа қарсы түсіп қалатын бұта. Лимондық вербенаның жас өркендері эфир майының орнына жұмсалады, парфюмерияда қолданылады. Лимондық вербена көбінесе кесінділеп көбейтіледі. Жайылған вербена (вербена простертая) — тоғанның, арықтың, бұлақтын жағаларында шабындықта өсетін арамшөп. Барлық мүшелерінде вербеналин дейтін улы заты болғандықтан мүны көк күйінде ешбір мал жемейді. Шабылған вербена кепкен сайын оның құрамындағы уы кемиді де, шөбін жеген мал уланбайды. Вербеналықтар. Вербеналықтар (Verbenaceae) — екіүйлі күлтелі өсімдіктердің бір тұқымдасы. Бұған жататын өсімдіктердің көпшілігі өте улы болады. Мұның кейбір түрлерінде эфир майы болады. Вербеналықтар шөп те, бұта да, лиана да, аздап ағаш та болып өседі. Вербеналықтардың 70 туысы (800 түрі) бар. Оның бұрынғы КСРО жерінде 4 туысы (7 түрі) өседі. Мысалы, зәмбіл ағаш, вербена. Түйелер. Түйелер (Camelus) — сірітабандылар отряд тармағына жататын сүтқоректі ірі жануарлардың бір туысы. Түйелер шөлге де, қатты аязға да төзімді, күшті көлік малы. Мұның екі түрі бар: қос өркеш түйе (Бактрия түйесі) — негізгі өсірілетін жерлері: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Астрахань, Сталинград, Саратов және Чита облыстары, бұрынғы КСРО-да мұның Астрахан түйесі, Қазақстан түйесі, Монғол түйесі деп аталатын негізгі үш тұқымы өсіріледі; қоспақ түйе (дромедар), — Түркменстанда, көбінесе Тәжікстанда, Өзбекстанның оңтүстік аудандарында және Қазақстанның кейбір жерлерінде өсіріледі. Ең көп өсірілетін жері — Қарақұм. Қоспақ түрлеріне, пайдалануына, қанына қарай: аруана, желмая, нар деп аталады. Түйенің еті мол, жүні биязы болады.Түйе санағы, 2003 Мәңгі жасыл өсімдіктер. Мәңгі жасыл өсімдіктер — жапырақтары жыл бойы жасыл күйінде тұратын өсімдік. Мәңгі жасыл өсімдік жапырақтары кемінде бір жыл, кейбіреулерінікі 10—15 жылға дейін түспей тұрады. Мысалы: тал гүлінікі 1—2 жылдан, қарағайдікі 2 жылдан, шыршанікі — 5—12 жылдан, Бразилияда өсетін араукариянікі— 15 жылдан кейін түседі. Африкада өсетін вельвичия (тумбоа) дейтін мәңгі жасыл өсімдіктің негізгі сабағының бойы 1 метрдей бола тұрса да, оның бас жағындағы ұзындығы 2—4 м келетін екі жапырағы 100 жылдан астам уақыт түспей түрады. Құтыру. Құтыру — құтырған хайуанаттардың: иттің, мысықтың, түлкінің, қасқырдың шакалдың қабуынан немесе тістеуінен пайда болады. Жарқанат және басқа хайуандар да құтыруды таратушы болуы мүмкін. Адамдарда. "Егер сізге біреуді тістеген немесе қапқан хайуан қутырған болуы мүмкін деген ой келсе:" Құтырудың алғашқы белгілері тістегеннен кейін 10 күннен 2 жылға дейінгі уақыт аралығында (әдетте 3—7 аптадан кейін) байқалады. Емдеуді алғашқы белгілері білінгенге дейін бастау керек. Ал ол белгілер көрінгеннен кейін ештеңе де, тіпті осы заманғы медицина да адам өмірін құтқара ала алмайды. Алдын алу. Ауырған сияқты көрінетін немесе мінезінде өзгеріс бар хайуандарға көңіл бөліп, барлық сақтық шараларын қолданыңыз. Тіпті ол ешкімді тістеп қаппағанда да оның сілекейі дененің кесілген немесе жырылған жеріне түссе құтыру туғызады. Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Аббаньяно, Никола. Никола Аббаньяно (15.7.1901 Салернода туған — 1977 Туринде қайтыс болған) — итальян экзистенциалист-философы. Экзистенциализмнің позитив-экзистенциализм бағытына жатады. Абеляр, Пьер. Пьер Абеляр (1079, Палледе туған — 24.4.1142 Шалон-сюр-Сонның маңындағы Сен-Марсель аббаттығы) — француз философы, теологы және ақыны. Росцелин мен Шамполық Гильомның қолында оқыған. 1113 жылы өзінің мектебін ашқан, мектебі кең танымал болған. Элоизаға деген махаббатының тарихынан соң екеуі де монастырьға кеткен (1119 жыл). Аврелий Августин. Аврелий Августин (13.11.354 Солтүстік Африкадағы Тагаста қаласында туған — 28.8.430 Солтүстік Африкадағы Гиппонда қайтыс болған) — көне рим философы, христиан теологы, батыс патристикасының өкілі. Басында манихей дінін қабылдаған. 387 жылы шоқыну рәсімінен өтті. 395 жылдан бастап Гиппон епископы. Адлер, Альфред. Альфред Адлер (7.2.1870 Венада туған — 28.5.1937 Абердинде (Шотландия) қайтыс болған) — австрия философы және дәрігері. "Индивидуал психологияның" негізін салушы. Басында З. Фрейдтің жақтастарының бірі болған, сосын өз мектебінің негізін қалаған. 1932 жылдан АҚШ-та. ол Зигмунд Фрейдтын Автогенез. Автогенез — автогенез (гректің: autos — өзі, genesis — жаратылу сөздерінен) — биологиядағы идеалистік ілім. Автогенез организм дамуы іштегі бір күштің әсері арқылы болады, айналадағы орта организмнің дамуына ешқандай әсер етпейді деп түсіндіреді. Автогенез витализмге ұқсас жорамал. Барьерлік функция. Барьерлік функция — физиологиялық ерекше икемделудің арқасында сырттан болатын түйсіктердің әсерінен ішкі ортаны қорғайтын организм қабілетті — тосқауыл қызмет атқаратын барьер деп аталады. Барьер ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. 1) сыртқы барьерге жататындар: тері, тыныс мүшесі, асқазан жүйесі, бауыр, бүйрек, 2) ішкі барьерге жататындар: қан мен сөл жүйесі, қан капиллярларының ішкі астарлары, қан-мый барьері, қан-көз барьері, қан-құлақ барьері, плаценттік (кіндік) барьер. Батат. Батат (Іротоея batatas) — шырмауықтар тұқымдасына жататын көпжылдық шөп өсімдігі. Екпе шырмауықтың бір түрі. Мұны кейде «тәтті картоп» дейді. Сабағы төселмелі болады, оның буындарынан жанама тамырлар шығады да, олар ірі-ірі түйіндерге айналады, жеуге жарайды. Башқұрт қорығы. Башқұрт қорығы — Оңтүстік Орал тауындағы ормандардың табиғатын зерттеу үшін және оларды қорғау үшін 1930 жылы ұйымдастырылған мемлекеттік қорық. Жер көлемі — 54 400 гектар. Башқұрт қорығының орталығы Магнитогорск қаласының батыс жағындағы Сарған өзенінің құйылысына таяу орналасқан. Бегемот. Бегемот (Hippopotamus amphibius) — ашатұяқтылар отрядына, бегемоттар тұқымдасына жататын, күйіс қайырмайтын ірі жануар. Денесінің ұзындығы —4,5 "м," салмағы — 2000—3000 "кг," бойы — 1,5 "м" келеді. Терісі—қалың, түгі тықыр болады. Көбінесе суда тіршілік етеді. Қорегі — тек су өсімдігі. Топтанып жүреді. Бегемот, су сиыр – жұптұяқтылар отрядының күйіс қайырмайтындар тұқымдасына жататын жануар. Бегемот тек тропиктік Африкада кездеседі. Әрқайсысында бір ғана түр бар екі туысқа бөлінеді. Оның ересегінің дене тұрқы 4 – 4,5 м-дей, құйрығының ұзындығы 35 – 50 см, салмағы 2,6 – 3,2 т (кейде 4,5 т). Тіршілігінің көбін суда өткізеді, кейде судың таяз жеріне, жағасына шығады. Тері бездері қызғылт түсті шырыш бөліп шығарады, сондықтан денесі жез түсті болып келеді. Қырық – елу жылдай өмір сүреді, топтанып жүреді. Ергежейлі бегемоттың дене тұрқы 1,70 – 1,85 м, құйрығының ұзындығы 70 – 80 см, салмағы 250 – 275 кг. Ол жеке де, топтанып та жүреді, отыз бес жылдай өмір сүреді. Бегемот жағасы батпақ, қалың шөп өскен тұйық көлдерді мекендейді. Жақсы жүзеді, сүңгиді. Өсімдік тамыры мен түйнегін қорек етеді. Қорегін түнде іздейді. Еті, терісі, майы үшін көп ауланған. Ергежейлі бегемот санының жылдан-жылға азаюына байланысты қорғауға алынып, Халықаралық «Қызыл кітапқа» енгізілген. Кәдімгі бегемот немесе гиппопотам Қазақстанда хайуанаттар бағында бағылады. Тіссіз киттер. Тіссіз киттер (Mystacoceti) —кит тәрізділер отрядының айрықша бір отряд тармағы. Тісі болмайды, тұмсығының үстіңгі жағында ұзындығы 50-ден 450 сантиметрге дейін, саны 360-тан 800-ге дейін болатын «кит мұрты» деп аталатын мүйізденіп кеткен тақташықтары болады; тіссіз киттің ең ірілерінің ұзындығы—33 м, салмағы—160 тоннаға дейін барады. Еті мен майы жеуге, тоң майы техникада қолдануға жарайды. Мұның 10 түрі бар, олар: гренланд киті, оңтүстік киті, пәкене кит, сұрғылт кит, бүкір кит, финвал, сейвал, кіші жолақ, дәу көкжал, брайд киті. Бұлардың көпшілігі мұхиттарда тіршілік етеді. Өкпесіз саламандрлар. Өкпесіз саламандрлар (Plethodontidae) — құйрықсыз қосмекенділер тұқымдасы. Нағыз саламандрлардан өзгешелігі — өкпесі болмайды, аузының сілекейлі астарымен, жұтқыншағымен және терісімен тыныс алады. Жақ сүйегіндегі тістерінің орналасуы өзгеше болады. Көбінесе Солтүстік және Орталық Америкада тіршілік етеді. Ұзындығы — 8-15 см, 60-тан астам түрі бар. Белемниттер. Белемниттер (Belemnites) — қауашағы денесінің ішінде болатын моллюскалар. Жер тарихының Триас дәуірінен бастап өмір сүріп, оның үшінші кезеңінде кұрып біткен. Осы кездегі белемниттерге жуық келетін жәндіктер: каракатицалар мен кальмарлар. Тиіндер. Тиіндер (Sciurus) — екі қасқатісті кеміргіштер отряд тармағына жататын тиін тұқымдастарындағы сүткоректі жануарлардың бір туысы. Бұрынғы КСРО-да тиіндердің екі түрі кездеседі: 1) байырғы тиін, 2) Закавказ тиіні. Балаларын 35—40 күн көтеріп, жылына екі немесе үш рет туады. Терісі өте құнды. Ақуыз. Ақуыз (белок) — молекулалары өте күрделі болатын аминқышқылдарынан құралған органикалық зат. Ақуыз тірі организмнің негізін құрайды, онсыз өмір жоқ. Сондықтан Фридрих Энгельс: «Тіршілік — белок заттарының өмір сүру формасы» — деп үйретеді. Белок, протеиндер – күрделі молекулалы табиғи органикалық қосылыстар. Белок тек тірі организмдер құрамында ғана болады. Оның құрамында 50,6 – 54,5% көміртек, 21,5 – 23,5% оттек, 6,5 – 7,3% сутек, 15 – 17,6% азот, 0,3 – 2,5% күкірт бар, кейде фосфор кездеседі. Осы элементтерден түзілетін амин кышқылдарының бір-бірімен байланысып қосылуы нәтижесінде белок молекуласы түзіледі. Белок молекуласының массасы өте үлкен, ол бірнеше мыңнан бірнеше миллионға дейін барады. Белоктар туралы алғашқы мәліметтер 18 ғасырдан белгілі. 1745 ж. италиялык ғалым Беккори бидай ұнынан лейковина деген белокты бөліп шығарған. 19 ғасырдың 30-жылдарында ет, жұмыртқа, сүт, өсімдік тұқымдарында белоктық заттар бар екені анықталды. Ғалымдардың содан бергі зерттеулері нәтижесінде барлық тірі организмдер клеткасында болатын тірі материя – протоплазма, негізінен, белоктан құралатыны анықталды. Белоктардың барлығы екі топқа бөлінеді: 1) қарапайым белоктар – протеиндер (альбуминдер, глобулиндер, гистондар, глутелиндер, проламиндер, протаминдер, протеноидтар); 2) күрделі белоктар – протеидтер (гликопротеидтер, нуклеопротеидтер, липопротеидтер, фосфопротеидтер). Бұлардың құрамында амин қышқылдарынан басқа заттар да болады. Белок клетка құрамына кіретін тірі құрылымдар – ядро, митохондрия, рибосома, цитоплазма негіздерін құрайды. Сондықтан ол организм құрамында үлкен орын алады. Мысалы, адам мен жануарлар денесінің құрғақ заттарында 45%, жасыл өсімдіктерде 9 – 16%, дақыл тұқымында 10 – 20%, бұршақ тұқымдастар дәнінде 24 – 35%, бактерия клеткаларында 50 – 93% белоктық заттар бар. Белок барлық организмге ортақ зат болғанымен, әр түрлі организм белоктарының құрылымы түрліше болады. Сондай-ақ, организм түрлерінің бір-біріне ұқсамауы, олардың эволюция жолымен үздіксіз өзгеріп дамуы да белок қасиеттерінің үнемі өзгеріп отыруына байланысты. Белок – бүкіл тірі организмнің негізгі қорегі. Ол клетка протоплазмасын құрумен қатар, организмдегі көптеген тіршілік кұбылыстарына – тамақтану, өсу, көбею, тітіркену, козғалу, тыныс алу процестеріне тікелей қатысады. Организмнің күнделікті тіршілігі оның клеткаларында жүріп жататын көптеген биохимиялық реакцияларға негізделген. Осы реакциялар нәтижесінде өсімдіктерде, бір жағынан, тіршілікке қажетті химиялық қосылыстар – белоктар, нуклеин қышқылдары, көмірсулар, майлар, витаминдер синтезделетін болса, екінші жағынан, онда ферменттер арқылы күрделі заттар ыдырап, өсімдіктің қоректенуіне, тозған клеткаларын жаңартуына, организмге қуат беруге жұмсалады. Бұл құбылыстарды метаболизм деп атайды. Осы реакциялардың бәрінде де белок катализаторлық қызмет атқарады. Қан құрамындағы ерекше белок – гемоглобин бүкіл денеге оттек таратады. Клеткалардағы тотығу ферменттері – цитохромдар тыныс алу процесін реттеп отырады. Сондай-ақ организм тіршілігіне аса кажетті заттар гормондар да белоктан құралған. Ерімтал белоктар – гидрофильді коллоидтар – суды бойына көп тартады. Олардың ерітінділері желім сияқты: осмостық қысымы төмен, қозғалу қабілеті нашар, өсімдік пен жануарлар мембранасынан өте алмайды. Белоктардың тағы бір қасиеті – олар амфотерлі электролиттер. Молекулаларында бос карбоксил және амин топтары болатындықтан, олар оң немесе теріс электр зарядты болады. Химиялық табиғаты жағынан белок биополимерлер тобына жатады. Белоктың құрамында жиырма түрлі амин қышқылдары болады. Әр түрлі белоктардың амин қышқылы құрамы жағынан да, олардың тізбектегі орналасу тәртібі жағынан да бір-бірінен айырмашылығы зор. Табиғатта белок түрлерінің көп болуы да осыған байланысты. Мысалы, үш амин қышқылының қосылуынан алты түрлі, төрт қышкылдан жиырма төрт түрлі белок изомерлері пайда болады. Белок молекуласы амин қышқылдарының өзара моншақтай тізіле байланысқан полипептидтік тізбегінен құралады. Белок молекуласының сыртқы пішіні екі түрлі болады. Біріншісі – шар тәрізді домалақ – глобулярлы белоктар. Бұларға альбуминдер, глобулиндер, гемоглобин, пепсин және өсімдік клеткасының белоктары жатады. Екіншісі фибриллярлық (талшық тәріздес) белоктар. Бұларға бұлшық ет белогы – миозин, актин, сіңір белогы – коллаген және малдың жүні мен піллә жібегі белоктары жатады. Белок молекуласының өзіне тән ерекшеліктері мен құрылымдылық дәрежелері көптеген сутектік байланыстар, электрстатикалық қуаттар, күкірттен құралатын дисульфидтік байланыстар, т.б. жағдайлар арқылы қамтамасыз етіледі. Белок ерітіндісін қыздырса немесе оған күшті кышқылмен әсер етсе, ол өзінің табиғи қасиеттерін (ферменттік, гормондық) жояды, кейде ұйып та қалады. Мұндай құбылысты денатурация деп атайды. Белок – адам тағамы мен жануарлар қорегінің, сондай-ақ тері, жүн, жібек сияқты табиғи талшық заттардың негізгі құраушысы болғандықтан, 20 ғасырдың екінші жартысынан бастап оны қолдан өндірудің (микробиологиялық синтез) маңызы артып отыр. Беловеж орманы. Беловеж орманы (яки Беловеж нуы) — Белоруссияның Брест қаласы маңайынан ұйымдастырылған мемлекеттік қорық. Жер көлемі 74 530 гектар қалың орман. Бұл орманда зубрлар өседі. Мәліметтер бойынша 1824 жылы 500 зубр бар болатын, олар көбейіп, 1860 жылы 1575-ке жеткен. Сол кездегі ел оларды аулап азайтқан. 1921 жылы февральда Ригада болған бітім шарты бойынша Беловеж орманы Польшаға берілген. 1939 жылы Батыс Белоруссия БССР-ға қайта қосылған кезде Беловеж орманы Белоруссияның жеріне қайтадан қосылды. Сол кезде мұнда 16 зубр болды. Мемлекет нақты шара қолданып, бұл заповедникті калпына келтірді. Заповедникке зубрды көбейту міндеті жүктелді. Буденный тұқымы. Жылқының буденный тұқымы — Ростов облысының жылқы заводында Совет Одағының Маршалы С. М. Буденныйдың басқаруымен өсірілген жылқының асыл тұқымы. Мұны салт мінуге де, арба-шанаға жегуге де болады. Қызыл ырғай. Қызыл ырғай (S. racemosa) — иісі жаман, биіктігі 3 метрдей бұта. Жемісін жеуге жарамайды, тұқымында техникада қолданылатын май бар. Сібір ырғайы. Сібір ырғайы (S. sibiriса) — сабағы өте жеңіл, өзегі борпылдақ ағаш. Ел арасында бұл ырғайдың тамыры, сабағы дәрі ретінде пайдаланылады. Қабығын қайнатып, оның суын іш айдауға, несеп тоқтағанда ішеді, гүлі мен жемісі терлетуге қолданылады. Тұқымы мен тұтас жемісінде 33 процентке дейін май болады. Жас гүлінде 0,2—0,3 процент қоймалжың эфир майы бар. жуық түрі бар. Олардың бұрынғы КСРО жерінде өсетіндері — 8. Олар: кара ырғай, қызыл ырғай, Сібір ырғайы, аю бадам және басқалары. Жабайы түрлері таулы жерлерде, жазықтағы ормандар арасында өседі. Ырғайлардан дәрі-дәрмек, кәдімгі май, эфир майы шығады. Букарка. Букарка, инетұмсық қоңыз, бізтұмсық қоңыз (Coenorrhinus pauxillus) — ұзындығы 2—3 "см," мұрттары буынсыз, денесін сұрғылт түк басқан қоңыздың бір түрі. Личинкалары алма, алмұрт, шие және т. б. жемісті өсімдіктер жапырағының сағағына зиян тигізеді. Шамшаттықтар. Шамшаттықтар (Fagaceae) — бұл қосжарнақты, қайың тәрізді көпжылдық ағаш өсімдіктерінің бір тұқымдасы. Шамшаттықтардың 400-ден астам түрі бар, олардың ішінен бұрынғы КСРО-да өсетіндері: емен, шамшат, каштан (талшын) Булимия. Булимия, немесе обыр — кейбір орталық нерв жүйесінің ауруға шалдығу салдарынан болатын ашқарақтық, тамақсаулық. Шытыр. Шытыр, немесе майдашытыр (Alyssum) — крестгүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің бір туысы. Шөп немесе бұта болып өседі. 100-ге жуық түрі бар, бұрынғы КСРО-да өсетіні — 30, бұлардың кейбіреулері әсемдік үшін өсіріледі. Дауылпаздар. Дауылпаздар (Tuibinares, немесе Procellariiformes) — теңіз құстары отрядынын бірі. Ерекшеліктері: тұмсығы ұзын, ұшы имек және түтік тәрізді. Бұлардын бұрынғы КСРО-да кездесетіндері: сұр оцеанодрома, солтүстік оцеанодромасы, поляр фульмары, солтүстік дауылпазы, бізтұмсық дауылпаз, сұр дауылпаз, аққаптал альбатрос, қараяқ альбатрос. Бүркеншік. Бүркеншік — бұршақтылар тұқымдасына жататын біржылдық өсімдік, жабайы күйінде барлық жерде бірдей өседі, қуаңшылыкка төзімді, топырақ талғамайды. 1 гектар шабындықтан 30 центнердей шөп түседі. Малға құнарлы жемшөптің бірі. Күреңше. Күреңше — қарлығанның сібірлік сортының бірі, жемісінің түсі қызыл-күрең, көлемі ірі (диаметрі 2 сантиметрдей), суыққа төзімді. Борша тышқан. Борша тышқан, немесе бұрындық (Tamias sibiricus) — бұл денесінің ұзындығы 100—150 миллиметрдей ұсақ жануар. Кеміргіштерге жатады. Кейде мұны ала тышқан деп те атайды Қоңыр балдырлар. Қоңыр балдырлар (Рһаеорһусеае) — бұл көбінесе теңіз суында өсетін қоңыр түсті балдырлар. Қоңыр балдырлардың 900 шамалы түрі (200 туысы) бар. Бұлар 6 отрядқа бөлінеді олар: эктокарптықтар, сфацеляриялықтар, кутлериялықтар, диктиоталықтар, ламинариялықтар, фукустықтар. Қоңыр балдырлардың кейбір түрі тамаққа пайдаланылады, ламинарияны медициналық диетада қолданады, теңіздің жиегіне толқынмен шығып қалған қоңыр балдырлар тыңайтқыш ретінде пайдаланылады. Мұның күлінен калий тұзы мен иод алынады. Сонымен қатар қоңыр балдырлардан: ацетон, сірке қышқылы, спирт және басқалар өндіріледі. Бутень. Бутень (Chaerophyllum) — шатыршалықтар тұқымдасына жататын өсімдіктердің бірі. Бұл бір-екі-үш жылдық болып кездесетін шөптесін өсімдік. Мұның 40-тан астам түрі бар. Олардың бұрынғы КСРО-да өсетіндері — 20, түйіндерін тамаққа пайдалануға болады. Кейбіреуінің түйіндерінде улы заты бар. Абат байтақ мазары. Абат байтақ мазары — Ақтөбе облысында орналасқан. XIV-XV ғасырларда салынған. Аңыз бойынша, мұнда Асан қайғының ұлы Абат батыр жерленген. Ескерткіш «Мәдени мұра» бағдарламасына енгізілген. Атамекен (мұражай). Атамекен — Астанадағы аспан астындағы мұражай. Онда Қазақстанның барлық қалалары мен тарихи ескерткіштерінің кішірейтілген модельдері көрсетілген. 1,7 гектар жерді алып жатыр. Ақыртас. Ақыртас — Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданында орналасқан сарай кешені. VIII-IX ғасырларда салынған. Ақыртас соңғы 130 жыл бойы зерттеліп келеді. Тараз қаласынан 40 км шығыс, Ақшолақ теміржол стансысынан 6 км оңтүстікте орналасқан. Қазіргі кезде онда археологиялық жұмыстар жүргізілуде. Адорно, Теодор. Теодор Адорно (Теодор Визенгрунд-Адорно) (11.9.1903 Майндағы Франкфуртта туған — 6.8.1969 Фиспте (Швейцария) қайтыс болған) — неміс философы, әлеуметтанушысы, музыкатанушысы, Франкфурт мектебінің өкілі. 1934 жылдан бастап Ұлыбританияда, 1938 жылдан бастап АҚШ-та эмиграцияда болған. 1949 жылы Майндағы Франкфуртқа қайтып келді. Адорноның көзқарастары 1960-шы жылдардың солшыл радикал студент қозғалысына зор әсер еткен. Айдукевич, Казимеж. Казимеж Айдукевич (12.12.1890 Тернополь, (қазіргі Украина жерінде) туған — 12.4.1963 Варшавада қайтыс болған) — поляк философы және логигі. ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдары Львов-Варшава мектебіне мүше болған. Допты хоккей. Допты хоккей — командалық спорт ойынының бір түрі. Ол мұз айдынында өткізіледі. Әр командада 11 ойыншы болады. Ойын 45 минуттық екі таймнан тұрады. Қақпасының биіктігі 210 см, ені 360 см. Тарихы. Бұл ойынның XX ғасырдың 50-жылдарына дейін екі түрі болған: батыс еуропалық хоккей — бенди және «орыс хоккейі». Допты хоккей Швеция, Финляндия, Норвегия елдерінде қарқынды дамыды. Халықаралық федерациясы 1955 жылы құрылып, бірыңғай ережелері қабылданды. 1957 жылы алғаш рет дүниежүзілік чемпионат өткізілді. Қазақстанда допты хоккй XX ғасырдың 30-жылдарынан бастап дамып келеді. Алматының «Динамо» командасының хоккейшілері бірнеше рет чемпион, күміс және қола жүлдерегі болды. Ең нәтижелі шабуылды Е. Агуреев 518 доп соғып, өзіндік рекорд жасады. Дүние жүзінің чемпионы және жүлдегерлері атағына Ю. Варзин, В. Бочков, Л. Лобачев, М. Жексенбеков, С. Қалымбаев, В. Панев ие болды. Абай (метро бекеті). «Абай» — Алматы метросының құрылып жатқан бекеті. Бірінші линияда «Алмалы» және «Байқоңыр» бекеттерінің арасында орналасады. Бекеттің ашылуы 2011 жылғы жаз жоспарланып отыр. Ол Алматы метросының іске қосылатын «Райымбек» — «Алатау» бірінші кезегінің бөлігі болады. Басында бекеттің аты «Жетісу» болады деп шешілген еді. Архитектурасы мен безендірілуі. «Абай» — терең қабатта орналасатын метро бекеті. Қазақтың ұлы ақыны, композиторы, ағартушысы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абайдың құрметіне аталған. Бекеттің осы заманғы мәнерде безендірілген. Авенариус, Рихард. Рихард Авенариус (19.11.1843 Парижде туған — 18.8.1896 Цюрихте қайтыс болған) — швейцар философы, эмпириокритицизмнің негізін салушылардың бірі. Авенариустың басты ойларының бірі — «субъектісіз объект жоқ, объектісіз субъект жоқ» дейтін «принципиалды координация» туралы ілім. Ленин «Материализм және эмпириокритицизм» деген еңбегінде бұл ойларды сынға алған. Гипертрихоз. Гипертрихоз — адамның жынысына, жасына қарай денесіне тән емес жерден қалың түк шығуы, мысалы, әйелдердің қарнына түк, иегіне сақал; кейбір адамның бүкіл денесіне қалың түк шығуы. Гипертрофия. Гипертрофия — жануарлардың денесіндегі мөлшерлі органдарының немесе оның бөлімшелерінің көлемі артуы, мысалы, физкультурниктердің бұлшық еттерінің жақсы жетілуі. Гистология. Гистология — жануарлардың тканьдық құрылысын зерттейтін биология ғылымының бір саласы. Гистомер. Гистомер — денедегі тканьдардың мықтылығын зерттейтін аспап. Гиттия. Гиттия —микроскопиялық жәндіктердің, өсімдіктердің және минералды қосындылардың қалдығынан теңіз түбінде пайда болған затқа швед халқының қойған аты. Гифа. Гифа — нәзік түтікше тәрізді жасуша немесе саңырауқұлақтардың көп жасушалы жіпше сияқты бөлімі. Гифомицеттер. Гифомицеттер (Hyphomycetales) — төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың бір тобы. Гифомицеттер алма, алмұрт, өрік, шие сияқты жемісті өсімдіктерді шірітіп, онда паразиттікпен тіршілік етеді. Суқандала. Суқандала (Notonectidae) — өзі аттас насекомдардың бір тұқымдасы. Суқандала өзінен үлкен су жәндіктеріне де шабуыл жасайды, тұщы суда шалқасынан жүзіп жүреді. Суқандаланың балық шаруашылығына зияны бар. Гледичия. нобай Гледичия (Gleditsia) — цезальпиндықтар тұқымдасының бір туысы. Тікендері бұтақтанып біткен ағаш. Оның кейбіреулерінің ұзындығы 40 метрге дейін барады. Ағашы түрліше қажетке асырылады, тұқымы жеуге жарайды, кейде одан кофе де жасалады, гүлі бал береді. Мұның жабайы өсетін 12 түрі бар, негізгілері: Каспий гледичиясы (Gleditsia caspica) талыш ормандарында жабайы есетін, ұзындығы 10—15 м жөсімдік. Тікенді, декорациялық, бал береді. Кәдімгі гледичия (Gleditsia triacanthos) — сояуланған тікендерінің ұзындығы 4—7 "см" келетін ағаш. Оңтүстікте жақсы өседі. Бұрынғы КСРО-ның оңтүстік аудандарындағы аңызаққа қарсы орман алқабын егуге ұйғарылған. Глиптодонттар. Глиптодонттар (Glyptodontidae) — олқытістілер отрядының ішіндегі құрып біткен сүтқоректі жануар. Глиптодонттардың сыртқы пішіні тасбақа тәрізді болғанымен, сауытты жануарлармен тектес болады. Глютаминаза. Глютаминаза — дезамидаза тобына жататын ферменттің бірі. Глютаминаза глютаминнің гидролиздену реакциясын күшейтеді, әрі сонымен қатар глютамин қышқылы мен аммиактан глютамин дейтін зат синтездеп шығарады. Глютаминаза жануарлар мен өсімдіктер организміндегі заттардың алмасуы үшін үлкен роль атқарады. Сырмия. Сырмия (Cephalaria syriaca) — егін арасына өсетін арамшөп. Оның тұқымы бидаймен бірге тартылса нанның дәмі кермек татып кетеді. Сырмияның тұқымынан 25—27 процент май шығады. Ашықтұқымдылар. Ашықтұқымдылар (Gymnospermae) — жоғары сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі ірі тобының бірі. Мұның тұқымы мен тұқым бүрі — жабықтұқымдылардікі сияқты емес, олар аналыкпен жабылмай, жеміс жапырақшасында ашық жатады. Бұларда гүлсеріктері, (гүлқоршаулары) болмайды. Кептерлер. Кептерлер ("Columbae" немесе "Columbiformes") — құстардың бір отряды. Кептерлер ірілігіне қарай: мәстек кептер және тәжілі кептер болып екіге бөлінеді. Кептерлер отрядының 2 тұқымдасы бар, оның біріншісі — дронттар; екіншісі — кептерліктер. Кезеген кептер. Кезеген кептер (Ectopistes migratorius) — мойны ұзын, басы кішкентай, тұмсығы жіңішке және түзу, аяқтары қыпқызыл, денесінің ұзындығы 40 "см" келетін кептер. Осыдан 100-150 жыл бұрын Американың жерінде көп болған. Бір жерден екінші жерге топтанып (жүздеп, мыңдап) ұшып жүрген. Кезеген кептер сағатына 90 км-ден астам жер ұшатын болған. Тым жемір құс: қылғынып жатса да грек жаңғағы мен шошқа жаңғақтарды зорлап жұтып жібереді. Қолға жақсы үйренген. Осы кезде кезеген кептерден тұқым қалған жоқ: тиісті мәліметтерге қарағанда соңғы кезеген кептер 1915 жылы өлген. Жұмағали. Жұмағали — арабтың «жум'е» (барлық жұрт жиналатын күн, жұма) және «а'ли» (жоғары, құрметті) сөздерінің бірігуінен құралған. Мірболат. Мірболат — парсының «"меһр"» (мейір, шапағат) және түркінің «"болат"» сөзінің бірігуінен құралған. Қабдулкәрім. Қабдулкәрім — арабтың «"абд"» (құл) және «"карим"» (ұлы) сөзімен төркіндес. Ескендір (поэма). Ескендір поэмасы — Абайдың гуманистік көзқарасын тереңірек танытатын елеулі сюжетті туындысы. Поэма Шығыста Ескендір Зұлқарнайын деген атпен белгілі, Еуропада Александр Македонский аталатын ежелгі грек қолбасшысының өмірі жайындағы аңызга құрылған. Ескендірді Еуропа акындары да, Шығыстың Фирдоуси, Низами, Науаи, Жәми сияқты ұлы ақындары да жырларына косқан. Абай бұл тақырыпты ескі үлгінің ешқайсысын алмай, өзінше жырлаған. Ақын Ескендірдің өмірбаяндық деректерін дәл келтіреді де, оның дүние жүзін жаулап алмақ болған шап-қыншылық саясатын сынауға ауысады. Соған орай поэмаға жас кезінде Ескендірдің тәрбиешісі болтан ұлы философ-гуманист Аристотельді кіргізеді. Әңгімеде жауыздыкка жетелейтін тойымсыздық екенін көрсете келіп, әділдік, даналықты соған қарсы қояды. Қақпа мен адамның көз сүйегін символ ретінде алады да, ол жұмбақтарды ақылға шештіреді. «Бұл — адам көз сүйегі», — деді ханға. Тоя ма адама көзі мың-мың санға? Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да, Алған сайын дүниеге тоя ма екен? Қанша тірі жүрсе де, өлген күні Аристотельдің даналық сөзі қанағатсыз Ескендірге ой салады, ол алған бетінен қайтады. Сөйтіп, ақын Аристотельге Ескендірді бағындырып, жауыздықты өділетке жеңгізеді. Поэмада аңыз сюжеті сақталғанмен, ақын оны өмір шындығына жақындатып, реалистік негізде баяндайды. Уақиға өділдік пен жауыздықтың бетпе-бет кездесуіне түйіседі де, кейіпкерлердің мінез-құлқы, іс-әрекеті біртіндеп ашылады. Поэманың бас кейіпкері Ескендір шығармадағы оқиға арқауы болып, оның өн бойында көрініп отырады. Аристотель соңында ғана көрінеді. Ақынның дидактикалық, өсиет-үлгілік қорытындысы Ескендер екеуінің сөздері мен іс-өрекетінен шығарылады. Поэмада жарқын суреттер мен қызықты баяндаулар, диалог пен лирикалық шегініс үтымды пайдаланылады. Бұдан Абайдың шағын поэма жасауға шеберлігі танылады. Күйік. Күйік деп ыстық сұйықтықтар, қышқыл-сілті, жалынның шарпуы, сәулелі ыстық, қатты ысыған заттар, электр тогы немесе электромагниттік радиацияның әсерімен теріге және одан төмен жатқан адам денесінің ұлпаларына жасалған зиянды әрекетті айтады. 50°С температураға шалдыққан теріні 5 минуттан кейін күйік шалады. Күлдіреп іспейтін шамалы ғана күйіктер (1 дәрежедегі күйік). Күйіктен кеп зардап болдырмау және ауырғанын жеңілдету үшін күйік шалған жерді дереу салқын суға малыңыз. Басқадай ешбір ем-дом жасаудың қажеті жоқ, керек болған жағдайда ауырғанды жеңілдететін дәрі ретінде аспирин ішіңіз. Күлдіреп ісетін күйіктер (2-ші дәрежедегі күйік). Егер күлдіреген жер жарылып кетсе, сол жерді қайнатып салқындатылған сумен сабындап жуыңыз. Вазелинді қайнатып стерилдеңіз де, оны стерилдеген дәкеге жағып, күйік шалған жерге салыңыз. Егер вазелиніңіз жоқ болса, күйікті ашық күйде үстаңыз. Күйік шалған жерге ешуақытта тоң май немесе басқадай майларды жағушы болмаңыз. Күйген жерді мейлінше таза ұстаған ете маңызды. Оны шаңнан, ластан, шыбын-шіркейден сақтаңыз. Инфекция түскендіктің белгілері — ірің, жағымсыз иіс, қызу көтерілу немесе без шошу сияқты белгілері біліне бастағаннан-ақ жылы түзды сумен (1 шәй қасық түзды 1 литр суға езіп) күніге 3 рет компресс жасаңыз (мүмкіндігіңіз жетсе түзды суға 2 ас қасық хлорлы әк үнтағын қосып жіберіңіз). Таңып, байлауға тазалап жууға пайдаланылатын шүберекті де, суды да қайнатып алыңыз. Күйік салдарынан тері мен тәннің өлген ағза, қабыршақтарын мейлінше сақтықпен алып тастаңыз. Жарақатқа жеңілдеп қана неоспорин тәрізді антибиотикті мазь жағып қоюға болады (371-бет), ауыр жағдайларда күйіктің ауыр түрлерінде пенициллин не ам-пициллин тәріздес антибиотиктерді пайдаланудың ретін езіңіз байыпқа салып керіңіз. Терең күйік жарақаттары (3-ші дәрежедегі күйік). Теріні бүлдіріп, дененің ІШКІ ағзаларын жалаңаштайтын және терінің едәуір бөлігін қамтитын мұндай күйік жарақаттары өте қауіпті болып келеді. Зардап шеккен адамды сол бойда емдеу орнына жеткізу қажет. Оны ем көрсетілетін жерге жеткізгенше күйік шалған жерді ете таза шүберекпен немесе орамалмен жауып қойған жөн. Дәрігерлік білікті көмек көрсетіле алмаған жағдайда күйген жерді жоғарыда айтылғандай тәсілмен тазалап, ем жасаңыз. Егер "вазелин" болмаса, күйік шалған жарақаттың бетін ашық тастап оған шаң түсіп, шыбын қонбас үшін шыт орамалмен немесе ақжаймамен жеңіл ғана бүркеп қойыңыз. Пайдаланған шүберегіңіздің таза болуын үнемі қадағалап отырыңыз, егер ол күйік жарақаттың аузынан аққан қан мен қан аралас сұйықтан ластанғандай болса, алмастырыңыз. Күйген жерге ешуақытта малдың майын, тоң май, тері, кофе, шөп немесе нәжіс жағушы болмаңыз. Өте қауіпті қатты күйік алған кездегі айырықша сақтық шаралары. Қатты күйік шалған кез-келген адам ауырсынудаң үрей мен күйік салдарынан болатын де-недегі сүйықтың сарқылуынан оп-оңай-ақ естен танып қалуы мүмкін. Күйген адамды сергітіп, тыныштандырыңыз. Ауырсынғанын жеңілдету үшін оған аспирин мен кодеин ішкізіңіз. Аздап қана түздалған сумен ашық жарақатты жуу да ауырсыну жағдайын жеңілдетуге көмектеседі. Бүл үшін 1 шәй қасық түзды қайнатылып суытылған 1 литр суға езіп еріту қажет. Бір литр суға: жарты қасық тұз және жарты қасық ас содасын қосыңыз. Будан басқа оған 2—3 ас қасық қант немесе бал салыңыз, ал бар болса. кішкене ғана апельсин мен лимон қышқылын да қосқан артық болмайды. Күйген адам сұйықты мейлінше көп ішуі керек, әсіресе жеңіл дәретке жиі-жиі бара бастағанша іше бергені жақсы. Ол көп жері күйген болса күніне 4 литрге дейін, ал өте көп күйік шалғандай жағдайда 12 литрге жуық су ішуі қажет. Күйіп зардап шеккен адам құрамы протеинге бай тамақты көбірек ішкен жөн. Жалпы ас атаулының қай-қайсынан да бас тартудың қажеті жоқ. Буындардың айналасындағы күйіктер. Дененің буындарға жақын бөліктері күйген жағдайда (саусақтардың арасы, қолтық), бұлардың арасына жазыла бастаған кезде екі беті бір-біріне жабысып тілініп қалмауы үшін вазелин жағылған дәке қабатшаларын салып қою керек. Сол сияқты, жарақат жазылып келе жатқан кезде саусақтарды, аяқ-қолды күніге бірнеше мәрте барынша созып, көріп отырған дүрыс Ауыртса да бұл процедура кейіннен еркін қозғалып, қимылдауға кедергі жасайтын қалың тыртықтың қалмауына әсерін тигізеді. Әбден жазылғанға шейін саусақтарды көп бүкпей ұстау керек. Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Пенелопа Крус. Пенело́па Крус (Пене́лопе, 28 сәуір 1974 жылы дүниеге келді, Мадрид, Испания) — испан актрисасы, «Оскар» 2009 «Вики Кристина Барселона» киносында үздік екінші пландағы әйел рөлі үшін ие болды. Ол Педро Альмодовардың киносы бойынша танымал бола бастады. Өмірбаян. 1974 жылы 28 сәуірде Мадрид қаласында, кішігірім тауар сатумен айналысатын кәсіпкер мен шаштаразшы отбасында дүниеге келді. Бала кезінен би, джазбен айналысады және 9 жастан Испан ұлттық консерваториясында классикалық балетке үйренеді. 15 жасында телешоу және музыкалық клиптерде ойнай бастайды. Ал 1991 жылы «Грециялық лабиринт» фильмінде кинодебют жасайды. 1992 жылы «Сұлулық эрасы» киносында ойнайды, бұл кино ұлттық жүлделерге ие болып, Америкалық киноакадемия тарапынан үздік шетел фильмі деп танылды. 1997 жылы Пенелопа шынымен де танымал болды. Бұл танымалдылық «Жаны бар тән» және «Көзіңді аш» киноларымен келді. 1999 жылы Кан фестивалі Альмодовараның «Барлығы менің анам туралы» киносымен басталды, осыдан кейін актриса Мэтт Дэймон («Тұсаусыз жүректер»), Джонни Депп («Кокаин»), Николас Кейдж («Корелли капитанның таңдауы»), Сальма Хайек («Қарақшы қыздар»), Том Круз («Ванильді аспан») және т.б. танымал актерлермен ойнай бастайды. и др. Пенелопаның сіңлісі — Моника Крус — актриса, әрі биші. Twitter. Twitter - қазіргі микроблогингтің көшбасшысы десек, артықтық болмас. Бұл тегін әлеуметтік желі микроблогтардың жүйесін құрайды және ӨТЕ танымал. Твиттер жайында Интернетте күнде жазылады, қарапайым блогшының жазбасы болсын, беделді сайттың жаңалығы болсын, ИТ саласына арналған сайт/блог болсын осы микроблог сервисі жайында айтып өтуге ұмытпайды. Бұл жазбада микроблог жүйесін құрайтын тегін әлеуметік желінің тарихын және негізгі функциясын айтып өтейік, ал кейінгі жазбаларда бұл тақырыпты жалғастырамыз. Twitter (ағылш. to twitter — «сайрау», ауыспалы мағынасы «көп сөйлеу») — пайдаланушыға 140 символ көлемінде қысқа хабарлама жазуға мүмкіндік береді. Осыны веб-интерфейс, SMS, лезде хабарлама жіберетін қызмет(Instant Messaging Service, IMS), клиент-бағдарламалар арқылы жасауға болады. Twitter-ді жасаушылар: Джек Дорси (Jack Dorsey), Биз Стоун (Biz Stone) және Эван Вильямс (Evan Williams). Басында жоба бір ғана сұрақ: «Не істеп жатырсыз?» дегенге жауап алу үшін ойлап жасалынған. Осылайша 2006 жылы Твиттер елге таныла бастады, ал 2007де оның қолданушылар көбее бастады, сондықтан да сервис кейде дұрыс қызмет көрсете алмады. IM арқылы енді шығуды тоқтатып, API-ден кіруге шек қойды. Сервис Web тұғырнама Ruby on Rails – та құрылды және 2007 жылы уақыттың 98 % жұмыс істеген. 6 тәулік бойы сервис пайдаланушылар үшін қызмет етпеген. 2008 жылдың басында сервис Amazon S3 сервисіне базасын ауыстырды және осыдан кейін қызмет көрсету сапасы жақсарды. 2008 жылдың мамыр айында Twitter-де 1 млн адам тіркелді, оның ішінде 3000 орыс тілді қолданушы. Қазір 8 миллиондай қолданушы тіркелген. Кейін Твитер үшін көптеген клиенттер пайда болды. Мысалы, Twhirl, Twitterrific. Jabber және gtalk арқылы да твиттерге хабарлама жазуға мүмкіндіктер пайда болды. Ақпарат өте көп болғандықтан, search.twitter.com іздеу жүйесі дүниеге келді. Дәл қазір Google Twitter – ді әні-міні сатып алам деп жүргенде, Twitter Search Results on Google пайда болды. Оны Firefox-тың Greasemonkey арқылы жүктеп, пайдалануға болады. Твиттер танымалдылығы өте жоғары, Бақ Твиттер жайында айтып жатыр, және Твиттерді пайдаланып та жүр. Ресейде алғаш тви-қолданушылар танымал подкастерлер болса, Қазақстанда ИТ саласындағылар болған. Франчайзинг. Франчайзинг (, «босату») – бұл бизнестің ұйымдастырылуы, ондағы компания(франчайзер) тәуелсіз адамға немесе басқа компанияға (франчайзи) өнімді не қызметті компанияның тауар белгісімен сатуға құқығының берілуін айтады. Франчайзи бұл өнімді не қызметті франчайзер анықтап алған, алдын ала келісілген бизнесті жүргізуге арналған ережелер бойынша сатуы тиіс. Франчайзи осының орнына франчайзер компаниясының атын, беделін, өнімін, қызметін, маркетингтік технологиясын, экспертизасын және демеу механизмін қолдануға рұқсат алады. Үкілі Ыбырай. Ыбырай (1860-1930) халық композиторы, әнші(тенор), ақын-импровизатор. 1860 ж. Көкшетау облысында дүниеге келген. Үкілі Ыбырай арабша сауатты болған, әнге, өлеңге құмар, ол қазақтың атақты әнші- ақындарынан (Шөже, Біржан, Ақан сері т.б.) үлгі-өнеге алып, олардың творчестволық дәстүрін бойына сіңірді. Үкілі Ыбырайдың “Гәкку” (4 түрі), “Шалқыма”, “Көкше”, “Желдірме” т.б. 40-қа жуық әндері бар. Оффшор. Оффшор (ағыл. offshore — «жағадан тыс», «шекарасыз») — салықтық жоспарлаудың ең ыңғайлы және танымал түрі. Бұл тәсілдің негізінде көптеген елдердің шетелдік азаматтарға тиеселі компанияларды аздап немесе толықтай салықтан босату заңнамалары жатыр.. «Оффшор» ұғымы алғашқы рет АҚШ-тың шығыс жағалауында ХХ ғасырдың 50-ші жылдарында жергілікті үнжарияларда пайда болды. Онда үкімет бақылауынан географиялық таңдау арқылы қашқан қаржылық ұйым туралы әңгімеленген. Басқаша айтқанда компания АҚШ үкіметі жұмсақ салықтық саясаты бар территорияда бақылап, басқаруға ниетті болған ісін көшірді. Осылайша, «оффшор» ұғымы — заңнамалық емес, экономикалық-географиялық ұғым. FAFT-пен әріптестестік байланыста емес елдер кіретін оффшорлардың қара тізімі де бар. Бұл елдермен келісімшарттарды көп мемлекеттер аса үлкен бақылауда ұстайды. Оффшорлар - сөзсіз бизнес үшін ыңғайлы да қызықты мүмкіндік. Көптен бері қазақ бизнесі де бұл құралды көптеген мәселелерін, әсіресе үлкен салық мәселесін, шешу үшін пайдалануда. Шынымен де - салықтың азаюы немесе мүлдем болмауы компанияның оффшорға тіркелуі үшін маңызды фактор болып табылады. Егер сіз әр-түрлі елдердің компанияларымен сауда байланысына негізделген бизнеспен айналысқыңыз келсе бизнесіңізді оффшор аймағына тіркегеніңіз абзал болуы әбден мүмкін. Бірақ оффшорға тіркелерде бизнесмендер тек салықты ғана ойламайды. Оффшор кейбір елдерде жоқ немесе енді ғана пайда бола бастаған мүмкіндіктерді ұсынады. Басқа еш жерде оффшордағыдай сауда-саттық жасамайтын болар – бұндағы мүмкіндіктер орасан.! Кез келген «жақсы» деген атаққа ұмтылған бизнесмен оффшормен жұмыс істеу, оффшорлық компания құра білу мүмкіндігін ұмытпауы тиіс. Қызық мәлімет. Ұлттық әуе-жол компаниясы Эйр Астана өзінің 21 әуе кемелерін Кариб теңізіндегі кішкентай Аруба мемлекетінде тіркеген. Қазақстан ұлттық регби құрамасы. Қазақстан ұлттық регби құрама командасының лақап аты - Көшпенділер. Ол Қазақстан Регби Одағы арқылы басқарылып – халықаралық жарыстарда Қазақстан елінің намысын қорғайды. 2007 жылы Қазақстан ұлттық құрамасы барлық 5 ойындарын ұтып IRB Дүниежүзілік рейтингісінде басқа елдермен салыстырғанда ең көп орынғы көтеріліп – 32-ші орынға тіреледі. 2008 жылы Азия Бес Ұлтының алғашқы 5 елдерінің бірі болады. 2009 жылы мамырдың 4-де өзінен рейтингте жоғары тұрған Кореяны Азия Бес Ұлты шеңберінде 30-27 есебімен жеңіп 29-шы орынға бірақ көтеріледі. Тәуелсіздік күні (Қазақстан). 1990 жылы 25 қазанда Жоғарғы Кеңестің сессиясында тұңғыш рет қазақ мемлекеттілігінің егемендігі туралы мәселе қаралады. Онда мемлекеттің егемендігін бекітетін тарихи маңызды құжат – «Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация қабылданды. Қысылтаяң шақта егемендік туралы Декларацияны қабылдау оңайға түспеді. Өйткені Одақ пен коммунистік партияның билігі әлі де күшті болатын. 1990 жылы 16 қыр­күйекте «Мемлекеттік егемен­дік туралы Декларацияның» жо­басы алғаш рет БАҚ-та жария­ланды. Сол кезде одан өзге «Азат» азаматтық қозғалысы да Декла­рацияның балама нұсқасын әзір­лепті. Қалай дегенмен де егемен­дікті жария еткен құжатты қабыл­дау барысында егемендікке қарсы кейбіреулер «мемлекеттік тіл – қазақ тілі», «қазақ ұлты тағды­рының жауапкершілігін сезіне оты­рып» деп келетін тұжырым­дарға келіспеушілік танытты. Со­нымен бірге сессияда «басқарушы және негізгі күш коммунистік пар­тия болып табылады» деген 6-бапты алып тастау туралы батыл ұсынысқа егемендікті қаламайтын «қызыл коммунистер» көп қарсы­лық білдіріпті. Тіпті кейбіреу­лер­дің болашақ үшін аса маңызды құ­жатты қабылдауды кейінге қал­дырмақ ойы да болған. Осындай сын сәтте Салық Зиманов, Сұлтан Сартаев сынды ағаларымыз құл­дықты көксейтіндерге батыл уәж айтып, ұлт мәселесін төтесінен қоя білді. Буырқанған егемендік рух пен құлдық сана арпалысқан сес­сияда Декларациядағы 17-бап се­гіз сағат бойы талқыға түсті. Ке­ңестер Одағының тал­қаны таусылмай жатып, одақтас рес­пуб­ликалардың кейбірі тәуел­сіздік туралы заңдарды қабылдап үлгер­ген-ді. Сөйтіп, КСРО дейтін қа­раңғы қапастан егемендіктің 15 гүлі қауызын жарып, бүршік атты. Мемлекеттік егемендік туралы құжат республиканың егемендігін баянды еткен тұңғыш заңнамалық акт болды. Бұл құжат бойынша Қазақстан елі халықаралық қатынастарда дербес толыққанды объекті ретінде сыртқы саясатта өзінің мүдделерін айқындап, халықаралық ұйым­дар­дың қызметіне қатысуға мүм­кіндік алды. Еліміз егемендік Декла­ра­циясы арқылы табиғи байлығы­мызды, экономикалық және ғылы­ми-техникалық әлеуетін толық мен­шігіне алды. Қазақстан территория­сындағы барлық әскери құрылым­дар мемлекет қарамағына өтеді. Декларация бойынша Қа­зақстан территориясында егемен­дік­ке қай­шы келетін КСРО заң­дарының күші жойылды. Декла­рация орталыққа бағынышты күй­ден арылтып, Мәс­кеумен жаңа жағ­­дайда тең әріптес ретінде ын­тымақ­тастыққа қол жеткізді. Сонымен, Мемлекеттік еге­­мендік Декларациясы – егемен­дік­ті білдіре­тін құр мәлімдеме ам­биция ғана емес, шын мәнінде, заң­дық күш­ке ие маңызды құжат. Сон­­­дық­тан да егемендік туралы Деклара­циясы, кейін 1991 жылдың 16 жел­тоқ­санындағы Қазақ­стан Республи­касы­ның Тә­уелсіздігі туралы Дек­ла­ра­циясы­мен терең үндестік тапты. Кейбір саясаткерлер пікірінше бұл күнді тәуелсіздік күні деуден гөрі желтоқсан құрбандарын еске алу күні десе болғандай. Өйткені 1986 шы жылдың желтоқсанның 16-сы күні кешінде қазақ жастарының үлкен күреске шыққан күні, алайда биліктегілер бұл күнді ұмыттыру үшін әдейі тәуелсіздік күні деп жариялап отыр. Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздік күні - әр елдің белгілі бір оқиғаға сәйкес (басқа елдің боданынан шығу, әскери оккупациядан босау, немесе ірірек мемлекеттен жеке дара бөлініп шығу) жыл сайын аталып өтетін мейрам. Көп елдерде бұл күн ерекше мемлекеттік деңгейде, халық-ұлт ретінде тойланады. Қазақстан 1991 жылы КСРО-дан бөлініп шыққалы бері 1986-шы жылғы Желтоқсан оқиғасына сәйкес 16-шы Желтоқсанда атайды. Сіңірдің созылуы. Буынға шамадан тыс созу күші түскенде оның айналасындағы сіңірлер созылады. Қол-аяқ бұлшық еттерінің соғылғандығы мен созылуын тек рентгеноскопия арқылы ғана анықтауға болады. Шытынап сынған жер мен буынның созылуына бірдей ем қолданылады. Буынды қозғалыссыз ұстау керек, оны бұл үшін қимылдатпайтындай етіп байлап тастаңыз. Қатты созылған жер 3—4 аптадай уақыт өткесін барып жазыла бастайды. Ал сынған сүйектің жазылып, бітуіне бұдан да көбірек уақытты қажет етеді. Ауруды жеңілдетіп, ісікті басу үшін созылған жерді жоғары көтеріп ұстаңыз. Алғашқы бірінші, екінші күндері іскен буынға әр сағат сайын 20—30 минуттен шүберекке не пластикке оралған мұз, әйтпесе салқын сумен ылғалдалған шүберекті басып отырыңыз. Бұл ісіктің бетін қайтарып, ауырған жердің сыздағанын қойдырады. Ісіктің азайып беті қайта бастаған кезден 24—48 сағат өткесін сол жерді ыстық сумен сүртіп, сылап қойыңыз. Тез жазылып кетуі үшін созылған буынға қолдан жасалған жақтау қалақша немесе эластикалық бандаж салып бекітіп қойыңыз. Аяқ пен табанды эластикалық бандажбен таңып байлау ісікті болдырмайды немесе оның азаюына септігін тигізеді. Байлауды аяқтың башпайларынан бастап жоғары қарай суретте көрсетілгендей, орап таңу керек Бандажды өте қатты қысып байламаңыз және 1—2 сағат сайын аз уақытқа босатып тұрыңыз. Аспирин ішіңіз. Егер ісік 48 сағат өткеннен кейін қайтпаса, дәрігерге барып көріңіз. Алдын-ала сақтандыру: созылған буынга немесе сынған сүйекке ешуақытта үйкелеп массаж жасаушы болмаңыз. Бұдан зиян келмесе, пайда болмайды Егер аяқ "бұлғалақтап" немесе "салбырап" қалса, әйтпесе аяғыңыздың саусағын жыбырлатқанда қолайсыз да жайсыз ауырсынуды сезінсеңіз, дәрігерге керініңіз. Бәлкім, хирургиялық көмек қажет болып қалар. Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Улану. Керосин, бензин және басқа да у атаулының барлығын және улы сұйық заттарды ешуақытта кока- коладан, алкоголсіз ішімдіктерден босаған шишаларға құйып сақтаушы болмаңыз. Себебі оны балалар сусын шығар деп ішіп қоюы мүмкін. Алдын-ала сақтандыру. Керосин, бензин не күшті қышқыл, ащы, зәрлі заттарды (сілтілерді) ішіп қойған адамды және есінен танып жатқан адамды зорлап құстырушы болмаңыз: егер оның тынымы кетіп сабырсыздана бастаса, оған ішіндегі уды еріту үшін көбірек су, не сүт беріңіз (жас балаға әрбір 15 минут сайын бір стақаннан су беріп отыру керек). Зардап шеккен адам егер тоңып түршігіп жатса, үстіне көрпе жабыңыз, бірақ оны тым ыстықтатып тұмшаламаңыз. Ауыр халде жатса, онда оған дәрігерлік білікті көмек ұйымдастыру жағдайын ойластырыңыз. Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Анемия. Анемиямен (, "қан аздығы") ауырған адамның қаны «сұйылып» кетеді, бұл аурудың сипаты организм қан деңгейін қалыпқа келтіріп үлгергенше қанның азайып немесе жойыла бастауымен байланысты айқындалады. Үлкен жарақаттар алғанда, аузы ашылып кеткен асқазан жарасы, іш сүзегі (дизентерия) негізіндегі қанның тоқтамауы адамды анемия ауруына шалдықтыруы мүмкін. Қанның қызыл түйіршіктерін жойып жіберетін безгек (малярия) ауруы да анемия дертін қоздырушы болып табылады. Күнделікті тамақ рационында темір құрамдас заттардың болмауы да осы ауруды қоздырып, ушықтыра түседі. Әйелдердегі анемия дертін қоздыруға етеккір келген кезде немесе дүрыс тамақтанбай организмі әлсіреген әйелден босанған кезде тоқтамай аққан қанның да тигізер салдары бар. Әсіресе анемияның ауыр түрімен құрсағындағы баласына керекті қосымша қан мөлшерін қамтамасыз етуге тиісті жүкті әйелдер ауыруы мүмкін. Балаларда анемия олардың ішетін тамағында темір құрамдас заттардың жетіспеушілігінен де және оларды 6 айлығынан кейін қосымша тамақтандырмағандықтан да болады. Көбіне жас балалардағы анемия себептерін олардың нематодты (паразит) құрттарды жұқтыруы созылмалы іш өту және іш сүзегімен ауыруы туындатады. Анемияны емдеу және одан сақтану шаралары. Құрамы темірге бай тағамдармен тамақтаныңыз. Ет, балық және тауық еті құрамында темір мөлшері көп. Көкбұршақ, асбұршақ, жасымық (чечевица), қанық жасыл жапырақты көкөністерде де темір бар. Сондай-ақ асты темір қазан, құтыларға пісіргеннің пайдасы зор. Организмнің темірді сіңіріп қабылдауы үшін негізгі тағамға қоса көкөніс пен жеміс-жидек жеген дүрыс, кофе мен шәйді тамақтанып болғаннан соң ішу керек. Әйелдер арасында анемиямен ауыратындары көп. Мұндай сырқатпен ауырған әйелдерде түсік тастау және босанған кезде қатты қансырау қаупі зор. Әйелдердің темір қоспасы көп тағамдарды мүмкіндігінше көбірек ішіп-жегені дурыс, әсіресе жүкті кезінде дурыс, жақсы тамақтануға мән бергендері жөн. Жүктіліктің арасына 2-3 жыл уақыт салу әйелге күш жинап, денсаулығын нығайтып алуға мүмкіндік туғызады. Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Рахит. РАХИТ (ҚОЙ АУРУЫ). Күн сәулесі тимей, күн нұрының қуатты қызуын сезінбеген баланың аяғы қисайып, сүйектері басқадай деформацияға ұшырауы (рахит) мүмкін. Баланы нәрленген сүтпен және Д витаминімен (балық майы) қоректендірген жағдайда бүл аурудың алдын алуға болады. Әйтсе де рахитті болдырмаудың ең ұтымды да жеңіл жолы сол, баланың денесі күн сәулесін күн сайын кем дегенде 10 минут бойына қабылдауы керек. Бүл орайда денені күнге күйіп кетуден сақтау қажет. Ешқашанда Д витаминінің дозасын артық және үзақ уақыт беруші болмаңыз, бұдан бала уланып қалуы мүмкін. Белгілері. КҮН СӘУЛЕСІ - РАХИТТІ ЕМДЕП ЖАЗУДЫҢ ЖӘНЕ ОДАН АЛДЫН-АЛА САҚТАНДЫРУДЫҢ ЕҢ ЖАҚСЫ ҚҰРАЛЫ. Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Жоғары қан қысымы. Жоғары қан қысымы (гипертония) адамды жүрек, бүйрек, сал ауруларына шалдықтыруы мүмкін. Көп жағдайда адамдар организмі гипертония ауруына шалдығуға бейім боп келеді. Қауіпті жоғары қан қысымының белгілері. Бүл айтылған белгілердің барлығы да басқа бір себептердің де әсерінен болуы мүмкін. Сондықтан қан қысымыңыздың көтеріліп кеткендігіне күмәніңіз болса, онда қан қысымын өлшетіп тексерілу үшін дәрігерге қаралғаныңыз жөн. ЕСКЕРТУ: Қан қысымының жоғарылауы алғашқыда ешқандай да басқадай бір ауру нышанымен қоса қабаттанбайды, сондықтан да қатерге алдын-ала жол бермеу үшін қан қысымын түсірудің шарасын жасаған дүрыс. Артық салмағы бар толық адамдар немесе қан қысымының жоғары екендігін сезіп, қауіптенетін адамдар қан қысымын үнемі өлшеп отыруы қажет. Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Толықтық. Толықтық — дене салмағының нормадан жоғары болуы. Артық салмақ денсаулыққа зиян. Бұл қан қысымын жоғарылатуға, жүреқ сал ауруларына, өт жолында тас пайда болуына, диабетке, аяқ-қол артритіне және басқа да сырқаттарға шалдықтыруға әкеп соқтыруы мүмкін. Алдын-алу (профипактика) шаралары. Егер артық салмақ жинап, толып бара жатқаныңызды сезінсеңіз, жоғарыда айтылған кеңеске ден қойыңыз. Салмақтан арылу үшін күнделікті ішіп-жеп келген тамағыңыздың тек жартысындайын-ақ ішуге дағдыланыңыз. Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Іштің қатуы. Үлкен дәретке бара алмай, үш күндей, одан көбірек мерзім тік ішек бойымен ештеңе түспеген жағдайды адамның іш қатуы дейді. Іш қатуы көбіне тамақтану рационының бұзылуы салдарынан (әсіресе жеміс-жидек, көкөністің не ірі ұнтақты ұннан пісірілген нанның жетіспеушілігінен болады) және дене шынықтыру жаттығуларымен жеткілікті айналыспаушылықтан болады. Мұндай жағдайда суды көп ішіп және жеміс-жидекті, ірі ұнтақты ұннан пісірілген нанды, бидай талқанын, арпа, сәбіз, қызылша, мейіз, жаңғақты, асқабақ және күнбағыс шемішкелерін кебірек жеу қажет, бұл тағамдардың әсері іш жүргізетін дәрі-дәрмектен артық болмаса, кем емес. Сондай-ақ тамаққа үнемі аз мөлшерде май қосып отырған да пайдалы. Егде, қарт адамдарға үнемі таза ауада қыдырыстап, дене шынықтыру жаттығуларын жасаумен айналысу керек, бұл тек ішек қызметін жақсартуға қажет. Егер 4 күн, одан да кеп мерзім үлкен дәретіңіз жүрмесе, осындай жағдайда және асқазанның қатты ауырғаны байқалмаса, онда сүт немесе магнезин сияқты іш жүргізетін әлсіз сұйық ішкеніңіз дұрыс. Бірақ іш жүргізетін дәрі-дәрмекке кеп әуестенуші болмаңыз. Іш жүргізетін дәрі-дәрмекті нәрестеге және кішкентай балаларга бермеңіз. Егер бала қаталап, үлкен дәретке отыра алмай жүрсе, құйрығынан аздап қана өсімдік майын жіберіңіз. Әйтпесе қажет болса сұқ саусақты майлап, жәйлап қана тығыздалып қалған қатты нәжісті алып тастауға болады. Егер асқазан қатты ауырып түрса, ешқашан да іш жүргізетін немесе іш тазалайтын күшті дәрі-дәрмек пен суйықты қолданушы болмаңыз. Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Қант диабеті. Диабет (лат. "diabetes mellitus") — бұл қанда қант мөлшерінің көбейіп кетуінен пайда болатын дерт. Бұл аурумен жас та, кемел жастағылар да, кәрі де ауырады. Әсіресе жасөспірім кездегі диабет ауруы өте қиын, мұндай жаста диабетпен ауырғандарға арнаулы дәрі (инсулин) қолдану ұсынылады. Әйтсе де бұл ауру 40-тан асқан, тамақты шектен тыс ішіп, толыса бастаған адамдарға тән болып ке-леді. Қант диабеті - көмірсутек, май, ақуыздың зат алмасуының созылмалы бұзылуы, яғни қанға көп мөлшерде қант түйіршегінің бөлінуі болып табылады. Диабет инсулиннің асқазан асты безінен жеткілікті мөлшерде бөлінбеуі салдарынан басталады. Инсулинсіз ағза қант түйіршегін өңдей алмайды. Соның салдарынан қанның құрамында қант мөлшері артады. Өршіп бара жатқан диабет белгілері. Осы аталған белгілер басқа ауруларға да тән. Диабетпен ауыратыныңызға көзіңізді жеткізу үшін кіші дәретіңіздің құрамындағы қанттың көп-аздығын тексеріңіз. Мұны, әрине, дәмін татып тексеруге болады. Егер кіші дәретіңіз тіл ұшында өзіңізге тәттілеу көрінсе, бұл күмәніңізді не айғақтап, не сейілту үшін тағы екі адамға байқатып көріңіз. Өз кезегінде ол екі адам басқа 3 адамның кіші дәретін тексеріп керіп, біреуіндегі қанттың көптігіне көз жеткізсе, онда сол адамның диабетпен ауырғаны. ЕСКЕРТУ: СПИДпен ауыратын адамның кіші дәретін дәмге үзілді-кесілді байқауға болмайды. Кіші дәреттің қанттылығын арнайы қағаз жолақтар (мысалы, уристикс) арқылы тексеруге болады Егер кіші дәретке салғанда қағаз жолақтары түсін өзгертсе, онда мұнда қанттың болғаны Диабет белгілері балаларда, жасөспірімдерде біліне бастағаннан-ақ міндетті түрде тәжірибелі дәрігер маманға көрсетіңіз. 40 жастан кейін диабетті дәрі-дәрмексіз-ақ тамақтануды дүрыс жолға қою арқылы емде-уге болады. Диабетпен ауыратындар диетаны өмір бойы сақтауы керек, бүл жағдайда дүрыс диета сақтаудың мәні зор. Диабетпен ауыратындардың диетасы. Диабетпен ауыратын толық адамдар алдымен артық салмақтан арылуы керек. Диабетшілер қант, кәмпит және басқа да тәтті тағамдарды ішпеулері қажет. Олардың ірі ұнтақты ұннан пісірілген нан, сондай-ақ крахмал қоспалы асбұршақ күріш, картоп және басқа да құрамында протеин белогі бар тағамдармен тамақтанғаны жөн болады. Диабет ауруымен зардап шегетін ересек адамдардың алмұрт тектес тікенекті кактустың (нопал, опантиа) сөлін ішкені дұрыс. Бұл үшін кактусты ұсақтап турап, езіп, сөлін сығып алып, күніге тамақ алдында үш рет 1,5 кеседен қабылдау қажет. Тіс қызыл етін, таңдай қуысын инфекциядан сақтау үшін тісті тамақтан соң жуып тазалаған дұрыс болады. Аяқты дәйім таза ұстау қажет, жаралап, қажатып алмас үшін өзіңізге ыңғайлы да шақ аяқ киім кигеніңіз жөн. Аяқ қан тамырлары қызметін жақсартып, қан айналысын ретке келтіру үшін (аяқта қара дақтар болып, немесе ұйыған жағдайда) демалған кезде аяқты жогары көтеріп қойып жату керек. Аяқ қан тамырлары кеңейгенде (варикозное расширение вен) де осы ақыл-кеңеске ден қойған абзал. Пайдаланылған әдебиеттер. ISBN 5-615-01453-9 Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Азия Бес Ұлты. Азия Бес Ұлты (HSBC Азия Бес Ұлты – демеуші атымен аталады) – жыл сайын өтетін халықаралық регби одағының Азия құрлығының ең мықты 5 елі арасында өтетін жарыс. Турнир айналмалы тәртіппен Сәуір – Мамырдың қатарынан 5 аптаның демалыстарында өтеді. Алғашқы жарыс 2008 жылы Жапония, Корея, Гон-Конг, Қазақстан және Араб Шығанағы командалар қатысуымен өтті (Жапония – 1-ші орын). Рүстем Әбдірашев. Ол Алматыдағы көркемсурет училищесін «театр суретшісі» мамандығы бойынша тәмамдап, кино саласындағы жұмысын да суретшіліктен бастады. Рүстемнің суретші ретінде еңбегі сіңген «Отырардың күйреуі», «Көзімнің қарасы» фильмдері – Мемлекеттік сыйлық алған картиналар. Тіпті кинорежиссер Сатыбалды Нарымбетов «Көзімнің қарасы» фильміне қоюшы-суретші етіп Рүстемді сонау Мәскеуден, ВГИК-те оқып жатқан жерінен арнайы шақыртып алыпты. ВГИК-тің режиссурасын оқып келген соң Рүстем Әбдірашев өзінің жаңа кәсібіне кірісіп, алғашқы картинасын түсіреді. «Қаладан келген қыз» 2004 жылы Ресейдің Анапа қаласында өткен ТМД және Балтық елдерінің халықаралық кинофестивалінде бас жүлдені жеңіп алады. Небәрі үш-төрт жылдың ішінде режиссер «Шәкен жұлдыздарының» бас жүлдесін де, «Ең үздік режиссура» номинациясын да («Золотой витязь» халықаралық кинофестивалі, Челябинск), «Тарланды» да, т.б. талай фестивальдерде талай жүлделерді қанжығасына байлап үлгерді. Ал оның «Құрақ көрпе» фильмі былтыр дәл осы «Синемас Азия» фестиваліне шақырту алыпты. Франциядан шақырту қағазы ғана емес, тіпті бірнеше рет хабарламалар келсе де «Қазақфильмдегілер» үнсіз қалған. Ешкім ешкімге ештеңе айтпаған... Рүстемнің өзі бұл жайтты осы жолы фестивальге барғанда ғана естіпті... 2009 жылы «Құрақ көрпенің» кебін құшпай, дер кезінде жолға шыққан «Сталинге сыйлық» олжалы оралды. «Сталинге сыйлық» туындысы Францияда өткен 15-халықаралық Азия фильмдерінің «Синемас Азия» фестивалінде Гран-приді жеңіп алды. Сталинге сыйлық (фильм). Режиссер - Рүстем Әбдірашев,негізгі рөлде - Нұржұман Ихтымбаев. Шығу тарихы. Фильмнің идеясын кезінде актер Меңтай Өтепбергенов жүрген жерінде айтып жүріпті. Режиссер Конопольскиймен бірігіп осы идеяны жүзеге асырмақ болып, олар біраз жұмыс та жасапты. Мәскеуден Павел Константинович Финді шақырып, ол тұтас сценарийін жазып шығады. Қаражат қолбайлау болып, фильм сценарийі тағы екі-үш жыл «шаң басқан архивте» жатып қалады. Кейіннен продюсер Әлия Увальжановаға «Сталинге сыйлық» туралы идеяны айтқанда ол қаржы табу мәселесін бірден қолға алады. Нәтижесінде Борис Чердабаев сценарийді толайым сатып алып, фильмнің барлық шығынын өз мойнына алады. Осы кезде «фильмді кім түсіреді?» деген мәселе кесе көлденеңдейді. Б.Чердабаев Рүстем Әбдірашевке жауапкершілікті жүктегенімен, сценарий авторы П.К.Финнің Рүстемге деген күмәні басым болады. Алайда «Қаладан келген қызды» көріп шыққаннан кейін Финнің көзқарасы өзгеріп, «Сталинге сыйлықты» қазақ режиссеріне сеніп тапсырады... Марапаттары. Жыл сайынғы өткілетін «Синемас Азия» фестивалінде бүкіл Азия елдерінен қатысқан жүздеген картинаның ішінен небәрі 11 фильмді іріктеп, фестивальге лайық деп тауыпты. Сол 11-дің ішінен бас жүлдені жеңеді. Екібастұз көміршілерінің ереуілі. Екібастүз көміршілерінің ереуілі (1903 ж.) — Екібастұз көміршілерінің 20 ғ. басындағы наразылық қимылдары. Екібастұз көмірін өндіріп, оны Ертістен Омбыға жеткізіп тұрған «Воскресен» акционерлік қоғамы 1903 жылға қарай дағдарысқа ұшырады. Оған Транссібір темір жолы құрылысының шығыс жаққа асып кетуі және Кузбасс, Судден көмір кендерінің ашылуы себеп болған. Бір жылдай еңбек ақыларын ала алмаған 300-ден аса көмірші ереуілге шығады. Көміршілердің 85-і қазақтар болатын. Көпес Деров бастапқыда ереушілерді айламен тоқтатады. Екібастұздың алғашқы молдасы қанжығалы руынан болғандықтан, ол қазақ десятниктеріне молданы қаржас руынан сайлауды үсынып, қазақтар арасына іріткі салады. Көтерілісшілер өзара жақ-жақ болып екіге бөлінеді. Көтерілістің алғашқы мақсаты жайына калады. Кейін олар Ақсу пристаны жұмысшыларына қосылып, уезд, облыс әкімдеріне хат жолдап, қоғамнан жұмысшыларға тиесілі қаржыны төлеуді талап етеді. Сол жылдың күзінде жергілікті үкімет органдары Екібастұз жұмысшыларының талабын қанағаттандыру үшін 25,5 мың рубль бөлуге мәжбүр болады. Екібастұз көміршілерінің ереуілі саяси сипатта болмағанымен, қазақ жерінде жүмысшылардың топтасып бас көтеруінің алғашқы көрінісі болды. Ежелгі Үйсін жері. Ежелгі Үйсін жері — ежелгі үйсін ұлысының ту тіккен жері — Іле аңғары мен Жетісу — Еуразияның қолқа жүрегі, байырғы Ұлы жібек жолындағы тоғыз жол торабы. «Ежелгі Үйсін жері» деген тіркес (көне Қытай тілінде «У-Сунь-Гу-Ди» немесе «У-Сунь-Жю-Ди») Қытайдың тарихи жылнамаларында жиі қайталанады. Ол географиялық жағынан Жетісу өлкесі мен Ыстықкөл маңы және Шығыс Түркістанның солтүстігі мен батысын меңзейді. Оның үстіне табиғаты мен климаты малшылыққа да, егіншілікке де аса қолайлы. Сондықтан да Үйсін үлысының мал-жаны тез көбейіп, мемлекетінің қуаты ерекше күшейген. Ұлыстың астанасы болған Чигу-чен (Шығу) қаласы археологиялық жағынан әлі толық дәлелденбесе де жазба деректер бойынша Ыстықкөл төңірегінде болған деп топшыланады, сондай-ақ ол өз кезінде Орта Азиядағы елеулі халықаралық саяси орталық және сауда орны болған. Қытай жылнамаларында Естеми (Есиемес) қаған Батыс Түрік қағанатының ордасын «Ежелгі Үйсін жерінде құрды» деген естеліктер көп жерден кездеседі. «Ежелгі Үйсін жері» — қола, сақ заманынан бері көшпелілер мәдениеті мен өмір салтының пайда болып, қалыптасқан құтты бесіктерінің бірі. Жұмысшы-шаруа қызыл әскері. Қызыл Әскер ("Жұмысшы-шаруа Қызыл Әскері") — Кеңес өкіметінің әскери құрылымы. 1917 ж. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін 1918 ж. жұмысшы-шаруа қызыл әскерін құру туралы декрет шығарылды. 1918 ж. 18 ақпанда неміс әскерлері Петроградқа қауіп төндірген соң, Кеңес өкіметі 21 ақпанда жұмысшылар мен шаруаларды Қ. Ә. қатарына шақырған үндеу қабылдады. 1925 ж. 18 қыркүйекте міндетті әскери қызмет жөнінде заң қабылданды. 1928 — 41 ж. Қ. Ә. тех. жағынан қайта жабдықталып, жаңа әскер түрлері (әуе десанты әскерлері, т.б.) пайда болды. 2-дүниежүз. соғыс жылдарында КСРО Мемл. қорғаныс к-ті ұйымдастырылды. Соғыстан кейін Қ. Ә. әлемдегі ең жетілдірілген әскери қарулармен жабдықталып отырды. 1946 ж. ақпаннан бастап Кеңес әскері деп атала бастады. 1991 ж. желтоқсанда КСРО тарағаннан кейін Қ. Ә. ТМД елдерінің қарулы күштеріне бөлініп кетті. Бату хан. Бату хан, (,) Батый, Сайын хан (1208—1255) — Алтын Орданың негізін калаған хан (1227 — 55), колбасшы. Шыңғыс ханның немересі, шешесі — коңырат Елші ноянның қызы Кочу хатун. Бату хан 1227 ж. Жошы өлгеннен кейін Шыңғыс ханның ұйғарымымен әкесінің ұлысына хан болды. 1229 ж. Үгедейді моңғол империясының ұлы ханы сайлаған Қарақорымдағы Құрылтай жиналысына катысты. 1236 — 42 ж. біріккен үлы хандық әскерінің Русь пен Шығыс Еуропаға жорығына қолбасшылық етті. Жошы ұлысын Ертістен Дунайға дейінгі байтак өлкені алып жатқан Алтын Орда мемлекетіне айналдырды. 1251 ж. Онон өз. бойында өткен Құрылтай жиналысында Б-дың қолдауымен Мөңке ұлы хан болып сайланды. Батудың 26 әйелі, Сартақ, Тоқан, Әбуқан, Улақшы есімді 4 ұлы болған. Б. Еділдің сағасындағы (Ахтуба алқабы) аралдарының бірінде орналасқан Сарай қаласында жерленген. Абразивтер. Абразивтер (— қыру), абразивтік материалдар — металды, керамикалық бұйымдарды, тау жыныстары мен минералдарды, шыныны, теріні, резеңкені, т.б. механик, өндеуге арналған қатты заттар. Ертеден — ақ материал өндеуге табиғи абразивтер (шақпақ тас, зімпара, граната, пемза, корунд, алмас) қолданылды. Ал 19 ғасырдың аяқ шенінен бастап бұл мақсатқа жасанды абразивтер (электркорунд, кремний карбиді, бор карбиді, монокорунд, синтет. алмас, т.б.) жұмсала бастады. Абразивтердің каттылығы алмас пирамиданы сыналатын материалға батыру арқылы анықталады. Абразивтердің қырғыштық қабілеті зат ажарлау үстінде абразив түйіршіктердің мұқалғанға дейінгі түсетін массасымен анықталады. Осы қабілетіне қарай абразивтер мына ретпен орналасады: алмас, бор нитриді, кремний карбиді, монокорунд, электркорунд, зімпара, кремень. Абразивті материалдардан абразивті аспаптар жасалады. Олар, негізінен, берік және солқылдақ болып негізгі екі типке бөлінеді. Берік абразивті аспаптарға ажарлауыш дөңгелек, қалпақша, сегмент пен қайрақ, ал солқылдақ абразивті аспаптарға ажарлауыш қабықша және одан жасалған бұйымдар жатады. Авизо. Авизо () — бір банктің екінші банкке ақша аударғандығын, басқа да есеп айырасқандығы немесе банктің клиентіне аккредитив ашқанын, вексель ұсынғанын, сондай-ақ клиент есебіне ақша түскенін немесе шарт бойынша белгілі бір міндеттеме алған кәсіпорындар арасындағы өзара есеп айырысуда болған өзгерістер туралы хабарлайтын құжат. Авизо жіберудің тәртібі мен әдісі банктердің өзара келісімшарты арқылы белгіленеді. Бронхит. Бронхит — бұл өкпеге ауа баратын тыныс жолдарындағы немесе түтікшелердегі инфекция. Бронхит болғанда жөтелде шуыл болады, көбіне сілекей немесе қақырық түседі. Бронхит әдетте вирустан пайда болады, сондықтан оған антибиотиктер беруге болмайды. Антибиотиктерді егер бронхиттен оңалудың белгілері болмай бір аптадан артыққа созылған жағдайларда, өкпе қабынуының белгілері білінсе немесе өкпеңізде созылмалы аурулар болған жағдайларда ғана пайдаланыңыз. Белгілері. Созылмалы бронхит "эмфиземаға" соқтыруы мүмкін, ол өте ауыр, жазылмайтын дерт, мұнда өкпенің ұсақ ауа қалташалары істен шығады. Эмфиземамен ауыратын адамдардың дем алысы ауырлайды, әсіресе жұмыс істеп, қимылдағанда қиналады, оның кеудесі үлкен қапшыққа ұқсап қалады. Эмфиема созылмалы демікпеден, созылмалы бронхиттен немесе темекі шегуден болуы мүмкін. Емдеу жопдары. Егер сізде созылмалы жөтел болса (немесе оның алдын алғыңыз келсе) — ТЕМЕКІ ШЕКПЕҢІЗ! Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Пневмония. Өкпе қабынуы (пневмония) — бұл өте ауыр өкпе инфекциясы. Ол көбіне қызылша, көкжөтел, тымау, бронхит, демікпе сияқты тыныс ауруларын немесе әсіресе жас балалар мен қарт адамдарда болатын қатаң аурулардан кейін пайда болады. Сонымен қатар ол СПИД-пен ауырған кезде де болуы мүмкін. Белгілері. Өте қатты ауырған бала минутына 50-ден астам ентіге дем алса, ол өкпе қабынуымен ауыруы мүмкін. Егер дем алысы жиі және терең болса, тексеріп көріңіз, бұл дегидрация немесе ұстамалы нерв ауруы болуы мүмкін. Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Гепатит. Гепатит (сары ауру) — бауырды зақымдайтын вирустық инфекция. Оны кей жерде "қызба" деп атағанымен, гепатит көбіне температура көтермейді Бұл ауру жас балаларда жеңіл формасында өтеді, ол қарт адамдар мен екіқабат әйелдерде өте ауыр болады. Науқас, әдетте, 2 апта бойы өте ауыр халде болады және ауырудан кейін 1 айдан 3 айға дейін қатты әлсірейді. (Мына адам көзінен сары кеткеннен кейін де 3 апта бойына сары ауруды басқаларға жұқтыра алады). Алдын алу. ЕСКЕРТУ: Гепатит стерилденбеген инемен шанышудан да тарайды. Әр қашанда пайда-ланар алдында шприц пен инелерді қайнатып алыңыз (74—бетті қараңыз). Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Геморрой. Геморрой — бұл артқы шығу жолындағы варикоздық веналар, олар кішкентай түйіншек немесе ұсақ шар тәрізді болып білінеді. Олар кейде сыздап ауыртқанымен қауіпті емес Бұл веналар әйелдерде екіқабат кезінде пайда болады да кейіннен тарап кетеді. Емдеу жолдары. Егер геморройдан қан аға бастаса тығыз таза матамен қысыңыз. Егер қан тоқтамай қойса, дәрігерлік көмек сұраңыз. Ісінген вена ішіндегі ұйыған қанды алып тастау жолымен қанды тоқтатуға тырысыңыз. ЕСКЕРТУ: Геморройды кесіп алып тастаймын деп әрекет жасамаңыз. Қанды мүлде тоқтата алмай, өлім қаупі төнуі мүмкін. Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Талма. Талма (құрысу) — Егер бір адам кенет есінен танып, қүлап, қалтырап-дірілдеп, селкілдеп жатса, мына адамның талмасы бар екен дейміз. Ал бұл шын мәнінде дененің құрысуынан болатын жағдай. Талма ми қызметінің бұзылуынан болады. Жас баладағы талмаға себепші — ыстықтың жоғары көтерілуі мен денеде сұйықтың күрт азаюы. Ересек адамдарда талма менингиттен, ми безгегінен немесе уланудан болады. Адам жиі тала берсе, ол қояншықпен ауыратын болуы мүмкін. Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Қояншық. Қояншық (эпилепсия) — Сырт қарағанда дені сап-сау адам кенет талып қалады — бұл қояншықтың белгісі. Талманың қайталауы сағаттарға, күндерге, апталарға, айларға созылуы мүмкін. Кейбір адамдар есінен танып, селкілдеп, алас ұрады. Көбіне көзі айналып кетеді. Жеңіл қояншық талмасында адам кенет бір минуттай есінен айрылып, оқыс қимыл-әрекет жасап, өзін біртүрлі ұстауы мүмкін. Қояншық тұқым қуалайды. Бұл аурумен көбіне қояншықпен ауыратын туыстары бар адамдар ауырады. Сонымен қатар сәби туылған кезде алған зақымнан, жоғары температурадан, ленталы құрттардың аяқшаларының мига жабысуынан да қояншық болады. Қояншық жұқпалы емес, онымен адам емір бойы ауыруы мүмкін. Кейде сәбилер бұл аурудан мүлде айығып та кетеді. Болдырмайтын дәрілер. Ескерту: Бұл дәрілер эпилепсияны емдемейді, тек талманы болдырмауға көмектеседі. Көбіне дәріні ғұмыр бойына ішуге тура келеді. Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Туберкулез. Өкпе туберкулезі — бұл "созыпмапы" (ұзаққа созылатын), "жұқпалы" (тез тарайтын) ауру, мұнымен кез келген адам ауыруы мүмкін. Туберкулез көбінесе 15-тен 35 жасқа дейінгі жастарда болады, әсіресе ол СПИД-пен ауырса немесе тоя тамақ ішпесе, не туберкулезбен ауыратын адаммен бірге тұрса. Туберкулезді емдеп жазуға болады. Соған қарамастан одан жылына мыңдаған адам өліп жатады. Алдын алу үшін де, емдеп жазу үшін де ауруды алғашқы сатысынан бастап емдеу керек. Сондықтан туберкулездің белгілерін біліп, одан сақтана білу қажет. Аурудың келесі сатысы. "Жас балаларда:" жөтел кейіннен басталады. Бірақ мына белгілерге назар аударыңыз. Туберкулез әдетте өкпені зақымдайды, бірақ ол дененің кез келген жерінде болуы мүмкін. Жас балаларда ол менингитке ұласуы мүмкін. Тері туберкулезі де болады. Бұл дәрілерді дәрігердің берген нұсқауын қатаң сақтай отырып қабылдау өте маңызды. Кемінде бұлардың екеуін бір мезгілде қабылдау қажет. (Бұл дәрілерді қабылдау кезіндегі сақтық шараларын қабылдаңыз). Дәрілерді қашан дәрігер сіздің толық сауыққаныңызға көз жеткізгенше іше беріңіз. Өзіңізді жақсы сезіне бастағаннан дәріні қабылдауды тоқтата салмаңыз. Туберкулезден толық жазылу үшін 6 айдан бір жылға дейін және одан да көп уақыт керек. Мүмкіндігінше құрамында қуат беретін витаминдер мен протеин мол тағам түрлерін көбірек ішіңіз. Аурудан айығуда демалыстың да үлкен маңызы бар. Мүмкіндігінше жұмыс істемеңіз және қашан өзіңіз оңалып, тәуір болғанша ештеңеге көңіл бөлмеңіз, жаныңызды жабырқатпаңыз. Оңала бастағаннан кейін қатты шаршамауға және тым іштей ширықпауға тырысыңыз. Әрқашанда уақытыңыздың көбін демалыс пен ұйқыға бөліңіз. Дененің басқа жеріне түскен туберкулез де өкпе туберкулезін емдегендей жолмен емделеді. Бүл жерде әңгіме мойын безінде, қарын қуысында, теріде және буындарда, мысалы, тізеде болатын туберкулез жөнінде болып отыр. Туберкулез сәбидің омыртқасына түссе, бала сал болып қалмас үшін оған операция жасауға тура келуі мүмкін. Туберкулез өте жұқпалы! Туберкулезбен ауыратын адамдармен бірге тұратын, әсіресе балалар, бүл ауруды тез жүқтырады "Егер сіздің үйіңізде біреу туберкулезбен ауырса:" Ауруды асқындырмай алдын алу және толықтай емделу — аурудан құлан-таза айығудың кілті. Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Сіреспе. Сіреспе () — бұл малдың қиында немесе адамның дәретінде болатын микробтардың жарақат арқылы организмге түсуі салдарынан пайда болатын ауру. Микроб терең немесе лас жараларға түссе аса қауіпті. "Мына жарақаттарда сіреспенің болуы мейлінше ықтимал:" Сіреспенің белгілері. Күтпеген шуылдан немесе өткір жарықтан нақ осындай құрысу болады. Жаңа туған нәрестеде сіреспенің алғашқы белгілері туғаннан кейін 3—10 күннен соң пайда болады. Бала қоймай жылай бастайды және еме алмайды. Көбіне кіндігіне инфекция түседі немесе ол лас болады. Бірнеше сағаттан немесе күннен кейін сіреспенің қалған белгілері көрінеді. Тізе рефлексі арқылы тексеру. Бұл тексеру жаңа туған нәрестеге диагноз қою кезінде ерекше пайдалы. "Сіреспенің белгісі пайда болған жағдайда не істеу керек" Сіреспенің алдын алу. Тіпті жақсы аурухананың өзінде сіреспемен ауырғандардың жартысы өліп кетеді. Сіреспені емдегеннен гөрі алдын алу әлдеқайда жеңіл. Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Безгек. Безгек — бұл инфекциялық қан ауруы, ол адамды қалтыратып, аласұрғызады Бұл безгекпен ауыратын адамның қанынан безгек паразиттерін сорып алатын шыбын-шіркейлер, маса-соналар арқылы тарайды және олар басқа адамды шагып, оның қанына безгек инфекциясын түсіреді. Алдын алу жолдары. Безгек ыстық жаңбырлы маусымдарда жиі болады. Бірақ күш-жігер жұмсап, оны болдырмауға болады Барлық алдын алу шаралары жедел іске асырылуға тиіс Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Тропикалық қызба. Тропикалық қызба — бұл ауруды көбіне безгекпен шатастырады. Ол вирустан пайда болады, ал вирустарды шыбын-шіркейлер таратады. Соңғы уақытта қызба әр түрлі елдерде кездесіп жүр, ол бір мезгілде кептеген адамдарды зақымдап, ыстық, жауынды маусымдарда індет туғызады. Адам тропика-лық қызбамен бірнеше рет қайталап ауыруы мүмкін. Көбіне ауру анағұрлым ауыр Алдын алу жолдары. Безгек ыстық жаңбырлы маусымдарда жиі болады. Бірақ күш-жігер жұмсап, оны болдырмауға болады Барлық алдын алу шаралары жедел іске асырылуға тиіс Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Пхонг-Нха-Ке-Банг. Пхонг-Нха-Ке-Банг is a ұлттық парк in Куангбинь, Виетнам. This park has over 300 caves and grottoes. In 2003, UNESCO included this park in its world heritage site. Ар (аудан). Ар (белгілеу: а; — аудан) — ауданның өлшемдердің метрлік жүйесіндегі өлшем бірлігі. Антисептика. Антисептика (— қарсы және — іріндеу, шіру) — жарақатты іріндеуден сақтау және ауру тудырғыш (патогенді) микробтардан пайда болатын жараны биология (антисептикалық заттар) немесе хим. әдістермен емдеу тәсілдері, антисептика терминін ғылымға 1867 ж. ағылшын ғылымы Дж. Листер енгізген. Анхель сарқырамасы. Анхель сарқырамасы — Венесуеладағы Гвиана таулы үстіртінің өзенінде орналасқан. Жер шарындағы ең биік сарқырама. Судың жартастан құлау биіктігі — 1054 м (979 метрі еркін құлайды). Сарқыраманы 1935 ж. венесуэлалық ұшқыш Джеймс Анхель ашқан. Бруцеллёз. Бруцеллёз (мальта қызбасы). Бул ауру осы аурумен ауыратын малдың сүтін ішуден болады. Ол сондай-ақ терідегі жырындылар мен жаралар арқылы организмге тарайды, бұл жағдай ауру малдарды күтіп-бағатын адамдарда жиі кездеседі, сонымен қатар ауру зақымданған ауамен демалған кезде тыныс жолдары арқылы да денеге түседі. Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Өзен соқыр. Өзен соқыр (немесе) — бұл инфекция ұсақ құрттардан пайда болады, олар адамнан адамға қара шыбын (симулидтер) деп аталатын өте ұсақ бүкір шыбындардың немесе масапардың шағуы арқылы тарайды Тараған жерлері: Африка, Оңтүстік Мексиканың кейбір аудандары, Орталық Америка, Оңтүстік Американың солтүстігі. Емдеу жолдары. Көзді аман сақтау үшін емді ерте бастаудың үлкен маңызы бар. Бұл ауру көп тараған жерлерде оның алғашқы белгілері білінісімен адамдар тексеріліп, дәрігерге барып емделеді. Алдын алу. + Қара шыбындарды жоюға бағытталған шараларды жүзеге асыруға жәрдемдесіңіздер. Көзіңнің шырағы сөнбесін десең — аурудың алдын ал, ол аурудың жайылу өрісін де тарылтады. Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Миға қан құйылу. Миға қан құйылу. Қарт адамдарда есінен танып қалу немесе миға қан құйылу мида қан бітелуі пайда болуынан және ми ішіндегі қан құйылудан болады. Адамның қан қысымы көтеріліп, қан тамыры зақымдалады. Адам аяқ астынан құлайды, есінен танады. Беті қызарып, қорылдай бастайды, тамыр соғысы біресе жиілейді, біресе бәсеңдейді. Осылай ессіз күй бір сағаттан бірнеше күнге созылады. Егер адам тірі қалса, көбінесе сөйлеу мүшелеріне, көзіне, есту мүшелеріне зақым келеді немесе бетінің бір жағы мен денесі жансызданып сал болып қалуы мүмкін. Ал ауру онша қатаң болмай, ұстап қалған жағдайда мұндай белгілер ес-түсінен айрылмай-ақ пайда болады да, бір қатар уақыт еткен соң бәрі де қалыпқа келеді. Емдеу жолдары. Ауру адамды бетін төмен қаратып жатқызу керек. Егер ес-түссіз жатса, түкірігі немесе құсығы екпесіне кетіп қалмайтындай етіп басын қисайтып жатқызу керек Ес-түссіз жатқан адамға тамақ, су немесе дәрі беруге болмайды. Дереу дәрігерге қаратыңыз. Егер ауру үстаған адам жартыпай сал болып қалса, таяқпен жүруге және сау қолы арқылы өзін-өзі күтуіне көмектесіңіз. Оған ауыр зат көтеруге және ашупануғә болмайды. Алдын алу. Ескерту: Егер жас немесе орта жастағы адамда ешқандай ауру ұстамай-ақ, бетінің жартысы жансызданып, сал болып қалса, онда бұл бет жүйкесінің уақытша сал болып қалуы (Бепл салы). Бұл ауру бірнеше аптадан немесе айдан кейін өзінен-өзі кетеді. Бұл аурудың себебі әлі белгісіз. Ешқандай емнің бұған керегі жоқ, бірақ компресс қою көмектеседі. Егер бір көзіңіз жұмылмай қалса, оны зақым болудан немесе құрғап қалудан сақтау үшін түнге қарай бинтпен жауып қойыңыз. Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Вильнюс. Вильнюс () Литваның ең ірі қаласы, елдің астанасы, халық саны 555,613 (847,954 - қала маңын қосқанда) as of 2008. Бауырлас қалалар. Вильнюс 14 қаламен бауырлас, одан бөлек тағы 16 қаламен әріптестік келісімшарт жасалған. Бауыр циррозы. Бауыр циррозы (бауырдың беріштенуі). Бұл дерт, әдетте ішімдікті көп ішкен және нашар тамақтанған ер адамдарда кездеседі. Белгілері. Цирроз гепатит сияқты басталады, адам әлсізденіп, тамаққа тәбеті жойылады, асқазаны бұзылады, оң жақ қабырғаның асты ауырады. Ауру қатты асқынған кезде адам күннен-күнге жүдей береді. Қан аралас құсық пайда болады. Ауыр жағдайларда табан ісінеді, іші сұйыққа толып сыртқа кернеп кетеді. Көз бен тері сарғаяды. Алдын алу. Цирроздан сақтану оңай: арақ-шарапты көп ішпеу керек. Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Сүзек. Сүзек — бұл ішек инфекциясы, ол бүкіл денені жайлайды. Ол нәжістен ауызға түседі, зақымданған тамақ, су арқылы тарайды және көбіне індет сипатында болады (бірден көптеген адам ауырады). Қызба деп аталатын аурулардың ішінде сүзек анағұрлым қауіпті. Алғашқы аптада. Кейде айтылған жағдайларға құсу, іш ету немесе іш қату қосылады. Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Бөрітпе сүзек. Бөрітпе сүзек — іш сүзегіне ұқсас ауру, бірақ одан айырмашылығы бар. Оның инфекциясы биттің, кененің, егеуқұйрықтың немесе бүргенің тістеп-шағуынан тарайды. Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Алапес. Алапес (Гансен ауруы) — бұл аса жұқпалы ауру емес, баяу өрбиді, ол ұзақ жылдарға созылады. Алапес онымен ауыратын адамнан аталған ауруға организмі «нашар қарсылық ететін» адамдарға жұғу арқылы тарайды. Алапес кең тараған жерлерде балаларды, әсіресе алапеспен ауыратын адаммен бірге тұратындарды, әр 6-12 айда тексеріп тұрған жөн. Тұтас денеде, әсіресе бетте, қолда, арқада, құйрықта және аяқта ақтандақтың бар-жоғын тексеріңіз. Белгілері. Алапес теріні әр түрде зақымдайды, сезімін жоғалтады, аяқ пен қол сал болып қалады. Алапестің алғашқы белгісі денеге түскен ақтаңдақ жайлап улғаяды, ауырмайды және қышымайды. Алғашында ақтаңдақта сезіну қалпында болады. Егер ақтаңдақ терісінің сезінуі азайса немесе мүлде жоғалса, онда бұл алапес болуы мүмкін. Теміреткі сияқты ақтаңдақ сақина тәрізді дөңгеленіп тұрмайды. Тырнағы ' у у майысқан башпайлар Емдеу жолдары. Алапесті әдетте емдеп жазуға болады, бірақ оның дәрілерін ұзақ жылдар бойы қабылдау керек. Аурудың ең жақсы емі римфампин мен клофазиминді қосып пайдалану. «Лепра реакциялары» пайда болған жағдайда (қызу болу, бөріту, аяқ пен қолдың ісуі, көздің ауыруы немесе көруі нашарлауы) дәріні қабылдауды жалғастырьңыз, бірақ дәрігерге керіну керек Қолдың, аяқтың, көздің зақымдануының алдын алу. Алапестің дүние жүзінде таралуы, 2003. Алапес салдарынан пайда болған үлкен ойық жара жанға батырып ауырмайды, оларды болдырмауға болады. Бұл жаралар — дененің жансыздануының нәтижесі, өйткені зақымдануға жансыз дене қарсыласа алмайды. Мысалы, терісінің жаны бар адамның ұзақ жүргеннен аяғы мүйізгектенеді, бірақ жүре алмай қалады немесе ақсап жүреді. Ал алапестен ауырған адамның терісі ауырмайды. Сондықтан ол қашан мүйізгек жара болғанша жүре береді, сосын оған инфекция түседі. Инфекция ауыртпай еніп, сүйекке дейін жетеді. Сөйтіп сүйек бұзылып, аяқ формасы өзгереді. Жалаң аяқ жүрмеңіз, әсіресе аягыңызга бататын немесе кіретін тастақты, тікенекті жерлерде. Туфли немесе башмақ киіңіз. Аяғыңызды қажайтын аяқкиімнің табанына жұмсақ ұлтарақ салыңыз. Тамақ дайындаған және жұмыс істеген кезіңізде қолғап киіп алыңыз. Қолыңызды күйдіруі мүмкін затқа жоламаңыз немесе ыстық затты қалың биялай не қалың шүберекпен үстаңыз. Мүмкіндігінше өткір немесе ыстық заттармен жұмыс істеуден аулақ болыңыз. Темекі шекпеңіз. Егер сіз осы айтылғандардың бәрін істесеңіз, тезірек сауыға да бастайсыз. Сіз қол-аяғыңызды алапестен болатын майысудан, бұзылудан аман сақтап қаласыз. Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Бедеулік. Бедеулік. Кейбір ерлер мен әйелдер бала сүю үшін қолдан келгендерінің бәрін істеп бақса да, нәтиже болмайды. Жүктілік басталмай қояды. Мұндай жағдайда не еркектің, не әйелдің бедеулік зардабына ұрынғаны анық. Көбіне мұндайда оларға ештеңе де көмектеспейтіні сөзсіз, әйтсе де кейбір себептерге байланысты жағдайдың оңғарылып кетуі де ғажап емес. Бедеуліктің себептері. ЕСКЕРТУ: Ерлер мен әйелдерге ұсынылатын гормондар мен басқа да дәрі-дәрмектердің ұрықтандыруға септігі жоқ, тіпті көмектеспейді, әсіресе ер адамдарға тигізер пайдасы аз. Пайдасы тимейтін ем-домдарға қаражатыңызды шығындамағаныңыз дұрыс. Бала көтеруден үміті үзілген әйелдің өзін-өзі бақытты етіп, еңсесін биік ұстап өмір сүруіне сөзсіз толық мүмкіндігі бар, Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Ампициллин. Ампициллин () кең ауқымда қолданылатын, басқа пенициллин түрлеріне қарағанда бактерияларды көбірек өлтіретін пенициллин болып табылады. Бұл дзрі кең ауқымда қолданылатын антибиотиктермен салыстырғанда онша залалды емес, әсіресе, мұнымен ем-шектегі баланы, жалпы кішкентай балаларды емдеу пайдалы. Егер пенициллинмен ауруды емдеп жазуға болатын болса, ампициллинді қолданудың қажеті жоқ, өйткені бұның бағасы қымбат және кейде іштің өтуіне, ауыз уылуға, қызылиектің қабынуына урындырады. Ампициллиңді ішіп қолданғанда жақсы әсер етеді, бұның уколы менингит, көк еттің қабынуы (перитонит) және соқыр ішек сияқты ауыр, қатерлі сырқаттарға ұшырағанда немесе науқас адам дәріні аузымен іше алмай, журегі айнып құсатын жағдайларда ғана пайда-лануға болады. сепсиске және жаңа туған нәрестелердің себебі белгісіз сырқаттарына, 6 жасқа дейінгі балалардың өкпе қабынуы мен құлақ инфекциясына, менин-гитке, кек ет қабынуына, соқыр ішекке, зәр шығару жолдарының инфекциялы қатаң ауруларына, сузекке (егер сузектің сол тұріне хлорамфениколдың әлі келмесе), созға жақсы көмектеседі. Егер емделушінің пенициллинге аллергиясы болса, онда ампициллинді қолдануға болмайды. Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Тетрациклин. Тетрациклин "кең ауқымда" қолданылатын антибиотик, бұл яғни әртүрлі бактерияларға қарсы пайдалануға болады деген сөз. Тетрациклинді ішу керек, өйткені ол еккендегіден гөрі жақсырақ әсер етеді және бұлай қолдану қолайлы да. Тетрациклинді бактериялар мен амебалардың қоздыруы салдарынан болатын іш өту мен қанды іріңді іш өту ауруына қоддануға болады. Сондай-ақ қолтық қабынуы, тыныс жолдары ауруларына (бронхит т. т.), зәр шығару жолдары ауруларына, сүзекке, бруцеллезге, тырысқаққа (холераға, басырға, өттің инфекциялық ауруына, хламидияға, созға, жамбас аумағы) органдарының қабынуына қолдануға да болады. Тетрациклин жай салқын тиіп ауырғанға көмектеспейді. Жай инфекциялық ауруларды бұл пенициллин мен сульфаттарға қарағанда оншалықты тез жазбайды. Оның үстіне бұлармен салыстырғанда әлдеқайда қымбат турады. Бұл дәріні шектеулі түрде ғана қолданған жөн. Мөлшерлемесі. Күніне 20-дан 40 мг/кг дёйін) 250 мг-дан капсулдегісі және 125 мг/5 мл-дан микстуралардағысы қолданылады. Тетрациклинді күніне 4 рет ішу керек. Кімге қандай мөлшерде қолданылады. Қатаң аурумен және соз, хламидия, жамбас аумағы органдарының инфекциялық ауруларына, ты-рысқақ (холера), сүзек және бруцеллезге екі еселенген мөлшері берілуге тиіс (кішкентай балалардан басқаларына). Басқа көптеген ауруларға тетрациклинді адам сырқаттан айыққаннан кейін 2 немесе 3 күнге дейін үзбей ішкені дұрыс (әдеттегі 7 күннің орнына). Кейбір ауруларға бұдан да гөрі көбірек мерзім емделу қажет болады: мәселен, сүзекке 6 күннен 70 күнге дейін, бруцеллезге 2 күннен 3 аптаға дейін, тырысқаққа 3 күннен 5 күнге дейін, соз бен хламидияға 7 күннен 10 күнге дейін, жамбас аумағы органдарының ауруларына 10 күннен 14 күнге дейін тетрациклин қабылдау керек. Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Лейшманиоз. Лейшманиоз — Бұл аурупар Африкада, Үндістанда және Таяу Шығыс пен Оңтүстік Мексикада, Орталық Африкада ұшырасады. Инфекция адамды шаққан кезде жұғатын кішкене құм масасы арқылы адамнан адамға тарайды. Аурудың кейбір түрлері организмнің ішіне зақым келтіреді (ішкі ағзалар лейшманиозы, Калаазар, Думдум қызбасы). Оларды айыру өте қиын және емдеу күрделі де қымбатқа түседі. Мүмкін болғанынша медициналық көмекке жүгініңіз. Басқа бір түрлері (Борковский ауруы, Сутаниоз лейшманиозы, Тропикалық жара, Дели күйігі, Эспундна, Орман фрамбезиясы) (індетті тері ауруы), Ута, Числер жарасы тек теріні зақымдайды. Бұл ауруларды емдеу оңайырақ Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Грек тілі. Грек (— гректердің ана тілі, Балкан түбегіне тән Үнді-Еуропалық тіл. Үнді-Еуропалық тілдер ішінде тәуелсіз, жеке тармақ құрайды. Бұл тіл 34 ғасырлық жазбаша құжатталған тарихы бар Үнді-Еуропалық тілдердің ең ежелгісі.. Ол өзінің ежелгi түрінде Көне Грек әдебиетінің классикалық және християндық Жаңа Келісім тілi болып табылады. Жаңа түрінде бүгінгі Грекия мен Кипрдің ресми тілдері болып келедi, әлемнің түкпір-түкпірін есептегенде 20 миллионға жуық халық осы тілде сөйлейді. Грек әліпбиінде жазылады. Көз. Жарық адамдардың айналадағы нәрселерді көруіне мүмкіндік беретін энергияның бір түрі. Алайда көру арқылы ғана біз қоршаған әлемді танимыз. Көз өзінің құрылысы жағынан оптикалық жүйе ретінде фотоаппаратқа ұқсас, бірақ көздің оптикалық жүйесі әлдеқайда күрделі. Адам көзінің пішіні шар тәрізді, шамалы қысыңқы, диаметрі 23-25 мм. Көз сыртқы жағынан үш қабықтан қапталған. Сыртқы ақ түсті қатты және мықты қабығы склера немесе "ақ қабық" деп аталады. Ол көздің ішін механикалық зақымданудан сақтайды. Склераның алдыңғы мөлдір бөлігі – қасаң қабықша деп аталады. Көздің қалған бөліктеріндегі склера мөлдір емес, ақ түсті, ол белок деп аталады. Склераның ішкі жағынан көзді қоректендіретін күрделі өрімделген қан тамырларынан тұратын тамырлы қабық жанасқан. Бұл екінші қабық – көздің алдыңғы бөлігіндегі әр адамда әр түске боялған сұр, қоңыр, көгілдір және т.б. түсті қабыққа өтеді. Көздің сыртқы мөлдір қабығының ортасында қарашық деп аталатын тесік болады. Жарық қарашық арқылы көз алмасының ішіне өтеді. Түсту қабық – күрделі тамырлы бұлшықет тарамдары. Ол деформациялану арқылы қарашықтың диаметрун өзгерте алады. Көздің қарашығы – ерекше Тамырлы қабықтың ішкі бетінде торлама немесе торламалы қабық орналас- қан. Ол көздің алдыңғы бөлігінен басқа түбін толық жабады. Артқы жағынан қабық арқылы көзді мимен жалғайтын көру жүйкесі кіреді.Торлама негізінен көрі жүйкесі мен олардың ұштарындағы талшықтардың тармақталуынан тұрады және көздің жарық сезгіш бетін құрайды. Түсті қабықтың артында мөлдір серпімді дене – көз бұршағы бар. Ол өзін склерамен жалғайтын бұлшық еттермен қоршалған. Көз бұршағының диаметрі- 8-10 мм кішкентай көздөңіс линза. Қасаң және түсті қабықтардың аралығында су тәрізді сұйық зат бар, ал көз алмасы қоймалжың затпен - шыны тәрізді денемен толған. Аталған төрт орта – қасаң қабық, су тәрізді сұйық, көз бұршағы және шыны тәрізді дене – оптикалық күші D = 58,5 дптр (F=17,2 мм) болатын линзаға ұқсас оптикалық жүйе құрайды. Ол күрделі объективтің ролін атқарады. Көз «объективі» - фотоаппарат тәрізді көз торында нәрселерді шын, кіші- Тордың жүйке талшықтарымен тітіркенуі- көру жүйкесі арқылы миға беріліп адамға көру әсерін туғызады, соның нәтижесінде адам нірселерді көреді. Көру процесі мида түзетіледі, сондықтан біз нәрсені тікелей қабылдаймыз. Көз торламасында нәрсе кескінінің пайда болуынан көру сезімі басталады. Торламадағы кескіннің өлшемі – нәрсенің өлшеміне және одан торламаға дейінгі қашықтыққа, яғни нәрсеге қарау бұрышына байланысты. Бұл бұрышты- Нәрсе неғұрлым алыстаған сайын оның көз торындағы кескіннің өлшемі кішірейе береді және көрі бұрышы кемиді. Көздің оптикалық жүйесінде нәрсе қалай орналасса да, көз торламасында кескін алуды қамтамасыз ететін тамаша, өмірлік маңызды қасиет бар. Көз бұршығының өзінің қисықтығын өзгертіп, көз торламасында нәрсенің, оларды әр түрлі қашықтықтан қарағанда анық кескінін беретін қасиет аккомодация деп аталады.Нәрсе көзден 12 см қашықтықта болғанда, аккомодация шегіне жетеді. Кірпік бұлшық етінің босаңсуы көзінде көздің көретін нүктесі алыс нүкте деп аталады. Көзге көп күш салу арқылы көрінетін нүкте жақын нүкте деп аталады. Сау көз үшін алыс нүкте - шексіз алыста, жақын нүкте – көзден 15-20 см шамасындағы Сау көз бен оның алыстан көргіштік және жақыннан көргіштік тәрізді кемшілік- тері – қасаң қабық пен торламаның арақашықтығына байланысты. Егер көзге күш түсурмей параллель шоқтарды торламада жататын нүктеде жинаса, онда ол "сау кө"з деп аталады. Көз бұлшық еттерінің босаңсыған күйінде фокусы көз ішінде жататын болса, онда оны жақыннан көргіштік деп аталады. Жакыннан көргіш-тікте көз алмасы үзарып, көз бүршағы аккомодацияға бейімділігін жоғалтады. Сондыктан жақыннан көргіш адам алыстағы нөрсені нашар кереді. Жакыннан көргіш адамдарда нөрсенің анык кескіні торламаның алдында болады, ал торламада кескін анық емес. Жақыннан көргіштікті жасанды түзету үшін—ойыс, шашыратқыш менискілік линзалы көзілдірік киеді Олар нәрсенің анық кескінін торламаға жылжытады. Мұндай линзалардың оптикалык күшінің алдына минус (теріс) таң-басы койылады: -0,5 дптр; -1,5 дптр жөне т.б. Көздің екінші бір көру кемістігі — алыстан көргіштік адамның жасы ұлғая келе, шамамен 40 жастан асқан соң, біртіндеп артып отырады, бірак кейде туа біткен болады. Алыстан көргіштіктің себебі — көз бұршағының айналасындағы бұлшык еттердің босаңсуынан. Алыстан кергіш — адамда алыстағы нәрсенің де, жақындағы нөрсенің де анық кескіні торламада емес, көз алмасының сыртында, тордың артында болады Сондыктан торламаның өзіндегі кескін анык болмайды. Алыстан көргіштікті жасанды тузету ушін дөңес жинагыш менискілік линзалы көзілдірік киеді Мұндай линзалар торламада нәрсенің аны кескінін алуға көмектеседі. Алыстан көргіш адамдарға арналған көзілдіріктің оптикалык күші +0,5 дптр, +2 дптр және т.б. Бір көзбен немесе екі көзбен көрудің айырмашылығы бар ма? Бір көзбен көру, бізге кай нәрсенің жакын, кай нәрсенің алыс тұрғанын толык айыруға мүмкіндік бермейді. Сондыктан нөрселер, бізге бір жазықтыкта жаткандай корінеді. Басты бұрмай, бір көзіңді жүмып түрып, жіпті инеден откізіп көріңдер. Екі көзбен кору — кору аймағын кеңейтеді, біз үлкен кеңістікті көреміз. Екі көздің бүлшык еттерінің келіскен әрекеті салдарынан, жақындағы және алыстағы нәрселердің арақашықтығы туралы айтуға, дененің кедір-бүдырын көруге болады. Екі көзбен көретіндіктен, біз нөрсені жазық емес, көлемді күйінде көреміз. Сен білесін Алхазен (Хайсам) тәжірибелер жасап және оларға өзі құрал- бе... жабдықтар құрастыра отырып, өзінен бүрынғылардың қалдырған ғылыми мүрасын дамытты. Ол көру теориясын жасап, көздің анатомиялық қүрылысын суреттеп және кескінді қабылдайтын көз бүршагы екеніне болжам жасады. Алхазеннің көзқарасы кескін торламада болатыны белгілі болғанга дейін, яғни XVII ғасырга дейін үстем болды. Алхазен обскур-камераның жүмыс істеуін біліп, оны астрономиялық қүрал ретінде Күн мен Айдың кескінін алуға пайдаланган алғашқы галым болган. Алхазен жазық, сфералық, цилиндрлік, дөңес айналардың әрекетін зерттеді. Ол берілген жарық көзі және көз арқылы целиндрлік айнадан шағылған нүктенің орнын анықтауға тырысты. Конъюнктивит. Конъюктивит — бір көзге немесе екі көзге бірдей түсетін инфекция. Мұнда көз қызарады, іріңдейді және сәл ысып ауырады. Ұйқыдан тұрғанда қабақтары жиі жабысып қалады. Емдеу жолдары. Майды көздің сыртқы үстіне жаққаннан ешқандай пайда жоқ Алдын алу. Кеп жағдайда конъюктивит өте жұқпалы болады. Инфекция бір адамнан екінші адамға тез тарайды. Көзі қызарған баланы басқа балалармен ойнатпаңыз және ұйықтатпаңыз немесе басқа балалар пайдаланатын сүлгіні пайдаланбасын. Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Трахома. Трахома (,басыр) — бұл бірте-бірте мендете беретін созылмалы инфекция. Ол апталарға немесе тіпті жылдарға созылуы мүмкін Егер емдеуді кеш бастаса, бұл көзден айырылуға әкеп соқтыруы мүмкін Ол бірдеменің тиюінен, шыбыннан тарайды, көбінесе жоқ-жұқа және тар жерде тұратын адамдар ауырады. Белгілері. Тыртықтар қабықтарды қасаңдандырады, бұл көздің қозғалысын қиындатады (көзді ашып-жұму қиындайды). Немесе тыртық кірпікті ішке қарай тартады, бұл мүйізгекті қабықты жырып, нәтижесінде адам зағип болып қалуы мүмкін Емдеу жолдары. Көздің ішіне 1 проценттік тетрациклиндік көз майын күніне 3 рет жағыңыз немесе күніне бір рет 3 проценттік тетрациклиндік көз майын жағыңыз. Мұны 30 күн бойы жасаңыз. Аурудан толық айығып кету үшін 2—3 апта бойы тетрациклин немесе сульфонамид ішіңіз. Алдын-алу. Трахоманы өршітпей толық емдесе, ол басқа адамдарға тарап жұқпайды. Трахомамен ауыратын адаммен бірге тұратындардың бәрі, әсіресе балалар, көзін үдайы тексертіп түруға тиіс және трахоманың алғашқы белгілері байқалысымен жедел емдеуді қолға алыңыз. Күн сайын бетті жуу да трахомадан сақтануға септігін тигізеді. Сонымен қатар 12- тарауда айтылған жеке гигиена ережелерін сақтаудың үлкен маңызы бар. Трахомадан сақтану шарттарының бірі — тазалық! Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Нәрестенің конъюнктивит ауруы. Нәрестенің конъюнктивит ауруы. Егер жаңа туылған нәрестенің көзі туылғаннан кейінгі алғашқы 2 күнде қызарса, ісінсе, іріңдесе, бұл соз болуы мүмкін. Сәби зағип болып қалмау үшін жедел емдеу керек. Инфекция бала туылғаннан кейінгі 1-ден 3 аптаға дейінгі аралықта пайда болса, бұл хламидия деп аталатын ауру болуы мүмкін. Әдетте сәби бұл аурулардың бірін немесе екеуін де туылған кезде анасынан жұқтырады. Емдеу жолдары. Тетрациклиндік көз майын жоғарыда көрсетілгендей етіп көзге жағыңыз. Сонымен қатар 2 апта бойы күніне 4 реттен әр ішкенде 30 мг-дан эритромицин сиропын ішкізіңіз. Бұл дәрі сондай-ақ хламидиямен ауырған балаларда көп болатын өкпе қабынуына да қолданылады. Алдын алу. Барлық балалардың кезі создан және хламидиядан, әсіресе аналары осы аурулармен ауырса, ал әкесінің несеп жолы ауырса, қорғалуға тиіс. (Баланың анасы осы аурулармен ауыра-тынын білмеуі де мүмкін). Сәби туылғаннан кейін-ақ бірден екі көзіне де бір тамшыдан бір ғана рет 1 проценттік күміс нитратының ерітіндісін тамызыңыз. Немесе аздап 1%-тік тетрациклин, не болмаса 5%-тік эритромицин көз майларынан сәбидің екі көзіне де туған бойда жағыңыз. Сәбидің көзі соз немесе хламидия сияқты аурулармен ауырған жағдайда ата-анасының екеуі де осы аурулардан емделуге тиіс. Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Тас байлану. Тас байлану — бүйректе немесе қуықта «тас» деп аталатын минералды түзінділердің пайда болуы. Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Ақшам соқыр және ксерофтальмия. Ақшам соқыр және ксерофтальмия — бұл көбінесе 1 жастан 5 жасқа дейінгі балаларда кездесетін көз ауруы. Ол құрамында А витамині аз тағамдарды аз қабылдаудан пайда болады. Бұл ауруды ерте анықтап, емдеу сәбиді зағип болып қалудан сақтайды. Емдеу жолдары. Ескерту: А витаминінің көбейіп кетуі организмді уландырады. Сондықтан ұсынылған мөлшерден артық пайдалануға болмайды Егер сәбидің көз ауруы асқынып бара жатса (мүйізгекті қабықты ұяшықтар басып кетсе, мүйізгекті қабық көтеріліп, қарауытса) оны білікті дәрігерге көрсетіңіз. Баланың көзін таңып, бірден А витаминін, ең дұрысы 100 000 ед инъекция шанышыңыз. Қою-жасып жапырақты көкеністер, сары немесе ашық сары түсті жеміс-жидектер балалардық зағип болмауына көп септігін тигізеді. Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Көз алдында тұратын нүктелер. Көз алдында тұратын нүктелер мен «шыбын» тәрізді елестер. Кейде қарт адамдар биік тұрған ашық түсті затқа қараған кезде (қабырғаға, аспанға қарағанда) көз алдарында қозғалып жүретін ұсақ нүктелер пайда болатынын айтады. Бұл нүктелер көз қозғалған кезде қозғалады және ұсақ шыбын сияқты елестейді. Бұлар, әдетте, қауіпті емес және арнайы ем қолдануды қажет етпейді. Бірақ олардың саны кенеттен көбейіп, қапталдан көру нашарласа (көру, торының белінуі) онда операция жасауға тура келуі мүмкін. мұндай жағдайда жедел түрде дәрігерге көрініңіз. Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Трансформатор. Электрлік трансформатор ("лат". transformo — түрлендіремін) — статикалық (яғни жылжитын бөліктері болмайтын) электромагниттік құрылғы, ол жиілікті өзгертпей және елеулі қуат шығындарынсыз айнымалы токтың электр кернеуін өзгертуге арналған. Оның жұмысы электромагниттік индукция құбылысына негізделген. Трансформатор бір немесе бірнеше сым орамалардан тұрады. Ол орама немесе орамалар көбінесе ферромагнитті өзекшеге оралады. Әмина Ерқожақызы Өмірзақова. Әмина Өмірзақова қазақ киносының алғашқы қарлығаштарының бірі ретінде бұл саланың дамуына елеулі үлес қосты. Қазақ кинематографиясының баға жетпес қазынасына айналған: “Абай”, “Жамбыл”, “Бір ауданда”, “Ана туралы аңыз”, “Арманым менің”, “Ақ шаман”, “Нан дәмі”, “Шанхай” фильмдерінде жасаған бейнелері, әсіресе әйгілі “Тақиялы періштедегі” актриса ойнаған Тана апайдың рөлі қалың жұртшылықтың махаббатына әлі күнге дейін бөленіп келеді. Әмина Ерғожақызының 50-ден астам кинофильмге түсіп, Ғ.Мүсірепов атындағы жастар мен балалар театрында табан аудармай, алпыс жыл еңбек еткен. Ревмокардит. Ревмокардит — балалардың және жас жеткіншектердің ауруы. Бұл ауру стрептоккоктік баспамен ауырғаннан кейін 1—3 аптадан соң басталады. Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Жел шешек. Жел шешек — жеңіл жұқпалы ауру дені сау баланың сырқат баламен ойнап бірге жүрген кезінен 2—3 апта өткесін барып басталады. Белгілері. Тері суланып күлдіреп, теріде қатпарлар пайда болады Алғашқы кезде кішкентай қызыл қышымалы дақтар көрінеді. Бұлар бөртпелер мен күлдіреуге, содан кейін бірте-бірте жарылып қатпарларға айналады. Әдетте олар кеудеде, содан кейін бетте, қол мен аяқта пайда болады. Дақ, күлдіреу және қатпарлар бір мезгілде байқалуы мүмкін. мұндай кезде дене қызуы көтерілмейді. Емдеу жолдары. Ауру әдетте бір аптаға созылады. Баланы күнде сабынды жылы суға шомылдыру керек. Қайнатылып сүзілген сұлы суына шүберекті батырып алып, қышыған жерге басқан жөн. Баланың тырнағын қысқа етіп алып тастаңыз. Егер қатпарлар іріңдей бастаса олардың таза болуын қадағалау қажет. Ыстық дымқыл компресс басып, антибиотиктері бар мазь жағу керек Бала жараның бетін қасып тастамауын қадағалаңыз. Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Қызылша. Қызылша — бұл өте жұқпалы ауру, әсіресе, тамаққа жарымайтын немесе туберкулез ауруына шалдыққан балаларға қауіпті. Ауру адаммен байланыста немесе қасында болғаннан кейін он күннен соң суық тию белгілері бойынша басталады: бұлар — қызу, тұмау, көздің қабынуы және жөтел. Ауру сәт сайын үдей түседі. Ауыз іші қабынып, ісініп, іш өтуі мүмкін. 2 немесе 3 күннен кейін ауыздың шырышты қабығында тұздың жартысындай кішкентай ақ дақтар көріне бастайды. Одан кейін екі немесе үш күн өткен соң құлақта және мойында, сосын бетте және денеде, ең соңында қол мен аяқта бөртпелер пайда болады. Денеге бөртпелер шыққаннан кейін баланың жағдайы әдетте жақсарады. Бөртпелер 5 күннің ішінде шығып болады. Кейде тері астына қанның құйылуы (қара қызылша) салдарынан шашы-раңқы қара дақтар (көгерген жерлер) байқалады. Бұл дерттің өте күшті екендігін білдіреді. мұндайда дәрігерлік көмек кереқ Алдын алу. Қызылшамен ауырған баланы басқа балалардан бөлек устаған жөн. Әсіресе, тамаққа жа-рымаудаң болатын аурумен ауыратын, туберкулезбен немесе бойға сіңіп кеткен басқадай аурумен ауыратын балаларды сақтандыру керек. Қызылшамен ауырып жатқан баласы бар ұйге басқа үйдің балаларының келуіне болмайды. Қызылша ауруы бар үйдің балалары, егер олар бұл аурумен ауырмаған жағдайда мектепке, дүкенге немесе басқа да қоғамдық орындарға 10 күнге дейін баруына болмайды. Жас балалар организмінің қызылша ауруына қарсы турып, шетінемеуі ушін олардың жетіліп, ет алуы қажет. 8 айдан 14 айға дейінгі бала қызылшаға қарсы егілу керек. Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Қызылшалы қызамық. Қызылшалы қызамық — әдеттегі қызылшаға қарағанда жеңіл өтеді. Ол 3 күннен 4 күнге дейін созылады. Бөртпелер жеңіл шығады. Бастың желке түсындағы және мойындағы лимфа түйіндері ісінеді, ауырады. Бала тесекте жатуы керек, қажет болған жағдайда парацетомол немесе аспирин қабылдағаны дұрыс Жүктіліктің алғашқы 3 айлығы кезінде қызылшалы қызамықпен ауырған екіқабат әйелдер жарымжан бала тууы мүмкін. Сондықтан, қызылшалы қызамықпен ауырмаған немесе ол женінде ештеңе білмейтін екіқабат әйелдер осы аурумен ауырып жүрген балалардан өзін аулақ устауы керек. Әсілі, қызылшалы қызамықпен қыздар мен әйелдердің жүкті болмастан бұрын ауырғаны жөн. Қызылшалы қызамыққа қарсы вакцина бар, бірақ оны қолға түсіру оңай емес. Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Паротит. Паротит (мысқыл, шықшыт безінің қабынуы) — мысқылмен ауырып жүрген адаммен қарым-қатынас жасағаннан кейін мұнымен ауырмаған адамда 2 немесе 3 аптадан кейін оның алғашқы белгілері байқала бастайды. Бұл ауруда дене қызуы көтеріледі және жұтынғанда немесе тамақ жеген кезде ауырады. 2 күннен кейін құлақтың артында және жақтың қуысында жеңіл ісіктер пайда бола бастайды. Көбінесе алдымен бір жағында, содан кейін екінші жағында байқалады. Емдеу жолдары. Шамамен 10 күннен кейін ісік өзінен-өзі кетеді, дәріні қабылдаудың қажеті жоқ. Қызуды түсіру үшін және ауруды жеңілдету үшін парацетамол немесе аспиринді қабылдаған дұрыс. Баланы жеңіл әрі құнарлы аспен тамақтандырыңыз және ауызын шайғызып тұруыңыз қажет (тазалықта ұстаған дұрыс). Асқынып кету. Аурудың бірінші аптасынан кейін үлкен адамдарда немесе 11 жастан асқан балаларда іштің төменгі жағы ауыруы немесе ер адамдарда аталық үрық безінің ісінуі мүмкін. мұндай ісіктері бар адамдар абыржымай, ауруды жеңілдетіп ісікті азайту үшін сол жерге суық компресс, мұз кесегін немесе ылғал шүберек басуы керек Егер менингит белгілері пайда бола бастаса, дереу дәрігерге қаралыңыз. Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Көкжөтел. Көкжөтел ауырған адаммен қарым-қатынаста болғаннан кейін бір немесе екі аптадан кейін басталады. Қызу көтеріледі, тұмау мен жөтел пайда болады. 2 аптадан кейін қатты (күшейген) жөтел (көкжөтел) басталады. Бала ауыз шырышынан жабысқақ қақырықты түкіріп тастағанша дем алмастан, үздіксіз жетеле береді, сондай кезде ауа шуылымен қатты дыбыс шығара (қиқылдау) өкпеге барып енеді. Бала жөтелге булығып, оның ерні мен тырнақтары ауаның жетіспеушіліктерінен көгеріп кетуі мүмкін. Жөтел ауруы үстағанда бала құса ба-стайды. Жетел үстамаған аралықта баланың дені сау болып көрінеді. Көкжетел әдетте 3 ай немесе одан да көп уақытқа созылуы мүмкін. Көкжөтел, әсіресе, бір жасқа дейінгі емшектегі балалар үшін қауіпті, сондықтан көкжөтелге қарсы екпені мүмкіндігінше ерте жасаған дұрыс Көкжөтел сәбилерде білінбей өтеді, сол себепті оның диагнозын дұрыс қою қиынға соғады. Егер сәби қатты жетелсе және көздері ісіп кетсе, сонымен қатар айналаңызда кекжөтелмен ауырғандар болса, дереу көкжөтелге қарсы ем қолданыңыз. Асқынуы. Көздің ішіндегі аққа ашық қызыл түсті қанның құйылуы жөтелдің салдарынан болуы мүмкін. Ешқандай емнің қажеті жоқ. Егер ауру қозып ұстаса немесе өкпенің қабыну белгілері пайда болса, дәрігерге қаралыңыз7 Барлық балаларды көкжөтелден сақтаңыздар. 2 айлық кезінде көкжөтелге қарсы егуді ұмытпаңыздар. Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Дифтерия. Дифтерия (күл)(Greek "διφθερα" ("diphthera")—“pair of leather scrolls") — ол суық тиген сияқты дене қызуының көтерілуінен басталады, бас ауырады және тамақ іседі. Көмейдің артқы жағында, кейде мұрын мен ерінде сарғыш қоңыр қатпар немесе қабыршықтар пайда болады. Баланың мойны ісіп кетеді. Аузынан жағымсыз иіс шығады. Егер дифтерия екендігіне көзіңіз жетсе. Дифтерия өте қауіпті ауру, вакцина жіберу арқылы сақтануға болады (сіреспеге, көкжөтелге, дифтерияға арналған). Балаңыз осы ауруларға қарсы егілуі керек. Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Полиомиелит. Полиомиелит әсіресе 2 жасқа дейінгі балаларда көп кездеседі. Бұл ауру жұқпалы инфекция арқылы беріледі, суық тигендегі сияқты мұнда да қызу кетеріледі, құсып, іші етеді, бұлшық еттері ауырады. Бірнеше күн бойы баланың дені сау сияқты болып көрінеді. Кейде денесінің жартысы әлсіреп сал болып қалады. Мұндай жағдай көбінесе бір аяқта немесе екі аяқта бірден байқалады. Уақыт өткен сайын аяқтың әлсіреп семген жағы жіңішкеріп, екіншісіне қарағанда кеми түседі. Емдеу жолдары. Сал ауруын ешқандай дәрімен емдей алмайсыз. (Кейде дәрмені азайып әлсіреген организм баяу қалпына келе бастайды). Антибиотиктер көмектеспейді. Аурудың алғашқы сатысында ауруды жеңіпдету үшін парацетамол немесе аспирин беруге болады, сонымен қатар ауырған жерге ыстық компресс қойыңыз. Баланы "сіңірі тартыпып қалмайтындай" ыңғайлы етіп жатқызыңыз. Бапа түзу жататындай етіп аяқ, қолын түзеңіз. Тізесінің астына жастық қойыңыз. Сақтану жопдары. Полиомиелиттен, сал болып қалған бала құнарлы тамақ ішуі керек, бұлшық еттерін нығайту үшін дене шынықтыруымен айналысқаны дұрыс. Мумкіндігінше, жүруді үйретіңіз, суретте көрсетілгендей, тік басып түруы үшін екі тіреу дайындап беріңіз, кейін балдақ жасап беру керек Аяққа арналған аспа бау, балдақ және басқа қосымша құралдар баланың қимылдауына көмектеседі. Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Климакс. Менопауза немесе климакс — бұл әйелдердің етеккір тоқталған мезеті. Осы етеккір паузасынан соң ол бала көтермейді. Осынау «өмір өзгерісіне» әйелдер 40—60 жас аралығында келіп жетеді. Етеккір мүлдем тоқталар алдында оның келіп-кету кезеңінің реттілігі бұзылады. Етеккір паузасы кезінде де, одан соң да жыныстық қатынасты тыюдің ешбір негізі жоқ Әйтсе де әйелдің осы өтпелі кезеңде жүкті болып қалуы әбден мүмкін нәрсе, сондықтан егер де бала көтермеуге бел буса, онда ол жыныстық қатынаста етеккір тоқтағаннан кейінгі 12 ай бойына барлық сақтану шараларын мұқият жасап бағуы қажет. Етеккір тоқтағанда, әйел өзін жүкті болып қалдым деп ойлауы мүмкін. 3-4 айдай кідіріп барып үзілістен кейін келген етеккірді ол тіпті түсік деп санайды. Сол себептен де егер 40-50 жас аралығындағы әйелдің бір уақта қайтадан етеккірі келе бастаса, оған мұның етеккір тоқтауы екендігін айтып түсіндіру қажет. Етеккір тоқталған кезінде әйелдер өздерін жайсыз сезінеді — мазасызданады, көңіл-күйі құлазиды, ыстығы көтеріледі (дене қызуы тосыннан қолайсыз көтеріліп кетеді), өн-бойы салдырап ауырады, жабығыңқы жүреді. Етеккір тоқтағаннан кейін көптеген әйелдердің көңіл күйі көтеріңкі жағдайда болады. Етеккір тоқталған кезінде көп кідірістен соң (айлар, жылдар өтіп) қан тағы да ағып, іштің төменгі жағы ауыра бастаса, дәрігерге көрінулері керек. Олар өздерінің ракқа немесе басқадай бір қатаң дертке шалдықпағандықтарына көз жеткізгені жөн. Етеккір тоқтағаннан кейін әйелдің сүйегі күйректеніп, сынғыш болады. Кездейсоқ сынықтан сақтану үшін олар құрамында кальций бар тағамдарды көбірек ішіп-жеуі қажет. Енді бала көтермейтін әйелдің қолы босайды да, ол бұдан былайғы жерде немерелерін бағып немесе оған өзі тұрған жерде қоғамдық пайдалы істермен айналысуға мүмкіндік туады. Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Бакелит. Бакелит —фенолформальдегид шайырының техникалық атауы. Бакелит спиртте ериді, ұзақ уақыт қыздырса, ерімейтін және балқымайтын түрге ауысады. Олардың осы қасиетін олардан пластмасса жасауға пайдаланылады. Бакелиттің спирт ерітінділері лак ретінде қолданылады. Бабиттер. Бабиттер — қорғасын, мырыш, алюминий немесе қалайының негізінде жасалған қорытпалар. Мұндай қорытпалардың үйкелу коэффициенті өте төмен болады. Подшипниктер мен вкладыштар жасауға көптеп қолданылады. Фарадей заңдары. мұндағы F — 96 500 "кул/г-экв"-ке тең Фарадей саны, "i" — токтың күші, "t" — уақыт. Алатау (метро бекеті). «Алатау» — Алматы метросының құрылып жатқан бекеті. Бірінші линияда «Тұлпар» және «Сайран» бекеттерінің арасында орналасады. Расположена на пересечение проспекта Абая и улицы Жарокова. Бекеттің ашылуы 2011 жылғы жаз жоспарланып отыр. Ол Алматы метросының іске қосылатын «Райымбек» — «Алатау» Құрылысы. Оборота на станции «Алатау» не будет и поезда будут курсировать по обоим тоннелям в оба направления. Развороты будут сданы к 2015 году, когда метростроевцы дойдут до Аксая и будет завершена вторая очередь Первой линии Начало 2008 года - периметр станции готов, заливают стены служебных помещений. Сәуірдың 2008 года - начали демонтировать ТПК КТ-5,6 Б21. Мамырдың 2008 года - начато строительство венткиосков Архитектурасы мен безендірілуі. «Алатау» — станция метрополитена мелкого заложения. Запланирована как кроссплатформенный пересадочный узел, но по последним данным будет односводчатой. Названа вчесть гор Заилийского Алатау. Дизайн выполнен в сдержанном классическом стиле. Тұлпар (метро бекеті). «Тұлпар» — Алматы метросының құрылып жатқан бекеті. Бірінші линияда «Байқоңыр» және «Алатау» бекеттерінің арасында орналасады. Находится на пересечение проспекта Абай и речки Есентай. Бекеттің ашылуы 2011 жылғы жаз жоспарланып отыр. Ол Алматы метросының іске қосылатын «Райымбек» — «Алатау» бірінші кезегінің бөлігі болады. Құрылысы. Начало 2008 года -по наклонному тоннелю прошли 37 тюбингов из 54. Демонтирована надстройка над стволом на пересечении проспекта Абая и реки Весновка. Мамырдың 2008 года - началось строительство венткиосков Архитектурасы мен безендірілуі. «Тұлпар» — станция метрополитена глубокого заложения. Сказочный персонаж Тұлпар известен многим. На торцевой стороне платформы будет изображен крылатый конь. Байқоңыр (метро бекеті). «Байқоңыр» — Алматы метросының құрылып жатқан бекеті. Бірінші линияда «Абай» және «Тұлпар» бекеттерінің арасында орналасады. Находится на улице Байтурсынова между проспектом Абая и улицей Сатпаева. Бекеттің ашылуы 2011 жылғы жаз жоспарланып отыр. Ол Алматы метросының іске қосылатын «Райымбек» — «Алатау» бірінші кезегінің бөлігі болады Құрылысы. Начало 2008 года - метростроители прошли 5-10 метров наклонного хода. Сроки срываются из-за того, что уже 3 месяца нет металлических тюбингов. Мамырдың 2008 года - началось строительство венткиосков. 20 мая началось раскрытие станции Архитектурасы мен безендірілуі. «Байқоңыр» — станция метрополитена глубокого заложения. Дизайн станции связан с космическим космодромом Байконур. Байқоңыр — казахстанский космодром в Кызылординской области, арендованный Россией. Вся станция выполнена в стиле хай­тек. Попав сюда, вы почувствуете себя как в будущем или на космическом корабле. Алмалы (метро бекеті). «Алмалы» — Алматы метросының құрылып жатқан бекеті. Бірінші линияда «Жібек Жолы» және «Абай» бекеттерінің арасында орналасады. Бекеттің ашылуы 2011 жылғы жаз жоспарланып отыр. Ол Алматы метросының іске қосылатын «Райымбек» — «Алатау» бірінші кезегінің бөлігі болады Құрылысы. Сербская компания «Энергопроект Нискоградня» занимается раскрытием станции и находятся на субподряде. Архитектурасы мен безендірілуі. «Алмалы» — станция метрополитена глубокого заложения. На стенах станции будут изображены яблоки, так как Алма-Ата известна своими яблоками сорта Апорт, а на полу будут «постелены» красивые мраморные ковры. Жібек Жолы (метро бекеті). «Жібек Жолы» — Алматы метросының құрылып жатқан бекеті. Бірінші линияда «Райымбек» және «Алмалы» бекеттерінің арасында орналасады. Бекеттің ашылуы 2011 жылғы жаз жоспарланып отыр. Ол Алматы метросының іске қосылатын «Райымбек» — «Алатау» бірінші кезегінің бөлігі болады Название связано с Великим Шёлковым Путём ("Жібек Жолы") который проходил через Южный Казахстан. В проекте имела название «Достық». Архитектурасы мен безендірілуі. «Жібек Жолы» — станция метрополитена глубокого заложения. Станция будет оформлена в восточном стиле. На стенах будет выложена мозаика в виде идущего каравана верблюдов. Райымбек (метро бекеті). «Райымбек»— Алматы метросының құрылып жатқан бекеті. Бірінші желiде ? және «Жібек Жолы» бекеттерінің арасында орналасады. Бекеттің ашылуы 2011 жылғы жаз жоспарланып отыр. Ол Алматы метросының іске қосылатын «Райымбек» — «Алатау» бірінші кезегінің бөлігі болады Райымбек батыр есiмiмен аталған. Жобада «Октябрьская» деп аталған. Архитектурасы мен безендірілуі. «Райымбек» — односводчатая станция мелкого заложения. Дизайн выполнен в духе совмещения древнего с современностью. На стенах будут изображены национальные узоры и наскальные рисунки. НЛО у станции «Райымбека». 3 қыркүйектін 1983 года при сторительстве тоннеля станции Райымбека был обнаружен объект, который светился и гудел. На следующий день выяснилось, что человек, нашедший этот объект попал в больницу и позже скончался. Хоронили его в цинковом гробу. По официальной версии у этого молдого человека обнаружилась неизвестная болезнь. Через несколько дней к пяти часам прилетел вертолет. Из него вышли люди в белых халатах. Они выгрузили аппаратуру. При транспортировке из тоннеля этот объект вырвался из сейфа, в котором его перевозили. В небе повис огненный шар. Человек, который спрятал шар обратно в сейф трагически погиб на месте и от него пошёл странный дым. Вертолёт со странным объектом улетели. Всех работников метростроя экстренно эвакуировали. Через пять минут над котлованом пролетели истребители за вертолётом. На следующий день у всех тех, кто был на объекте, все волосы на голове выпали и появились язвы. Все дали расписку, что никогда и никому не расскажут, что произошло на объекте. Улетевший вертолет был сбит в Алтайском крае, истребители не успели. На месте котлована в течение пяти лет трава не росла, птицы, пролетая над ним, падали замертво, бродячие животные, забиравшиеся туда, тут же погибали. Там высокий уровень радиации. Объект строго охранялся. В 1988 году, после того как ученые обследовали место, строительство возобновилось, а не началось, как сейчас говорят. Не? Қайда? Қашан? Не? Қайда? Қашан?() — интеллект викторина. Бас жаратылған в 1975 ж. тележүргізгішоны Владимир Ворошилов. Видео. * Дәрілік өсімдіктер. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған. Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар кебіне оны қате пайдаланады. Өз өлкеңіздегі осындай шөптерді зерттеуге тырысыңыз және қайсысының емдік қасиеті бар екенін анықтаңыз. Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады. Дәрілік өсімдіктер, шипалы өсімдіктер – медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты. Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады. Мысалы, айыр, алоэ, бәрпі, дәрмене, долана, лапыз, жуа, итмұрын, рауғаш, сүйелшөп, шәңкіш, қасқыржидек, қарғакөз, шәйшөп, шықшөп, т.б. Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Бейбіт Шүмен Әмірханұлы. Бейбіт Шүмен (19 тамыз, 1983 жыл) - кәсіпқой боксшы, WBA және ІВА бойынша дүниежүзі чемпионы Әуесқой бокстағы жетістігі. Қазақстан Олимпиада құрамасының мүшесі. 2003 жылы Үндістанда өткен Бірінші Африка-Азия ойындарының күміс жүлдегері. 2004 жылы Филиппинда өткен Азия чемпионатының алтын медаль иегері. 02 тамыз 2008 жыл: Бейбіт Шүмен — Монтелл Гриффин. 2008 жылы тамызда Қазақ елінде Бейбіт әлемнің чемпионы болған Монтелл Гриффинді (49-8-0, 30 KO) айқын басымдылықпен ұтты. 13 қаңтар 2008 жыл: Бейбіт Шүмен — Эпифанио Мендоза. 2008 жылдың қаңтарында Бейбіт, Вашингтон қаласында әлемнің экс-чемпионы колумбиялық боксшы Эпифанио Мендозаны (28-7-1, 24 KO) ұтты. Шүмен-Мендоза арасындағы он раундтық бәсекеге әділ қазылық жасаған төрешілер алқасы осы бәсекедегі жеңісті бірауыздан қазақ боксшысының қанжығасына байлап берді. 05 мамыр 2009 жыл: Бейбіт Шүмен — Байрон Митчелл. 2009 жылы Мамырда Шымкент қаласында 33 жекпе-жек өткізіп, 27 рет жеңіске жеткен АҚШ азаматы Байрон Митчеллді (27-5-1, 20 КО) жеңіп, ІВА тұжырымы бойынша дүниежүзі чемпионы атағын алды. Сондай-ақ ол өзіне тиесілі WBO Asіa Pacіfіc, WBC Asіan және PABA-ның алтын белбеуін қорғап қалды. 29 қаңтар 2010 жыл: Бейбіт Шүмен — Габриель Кампильо. Шүменов 29 қаңтар күнi Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) жартылай ауыр салмақтағы WBA тұжырымының алтын белдiгiнiң иесi испаниялық Габриэль Кампильомен жұдырықтасып, ұпай санымен жеңiске жеттi. Былтыр тамыз айында бұл екi боксшының Астанада жұдырықтасқанын жанкүйерлер жақсы бiледi. Сол жекпе-жекте испан боксшысы Бейбiттi ұпай санымен ұтып, әлем чемпионының алтын белдiгiне ие болған-ды. Алайда, осының артынша-ақ бүкiләлемдiк бокс ассоциациясы испан боксшысының жекпе-жектiң соңында допинг-сынақтан өтпегенiне байланысты кездесудiң нәтижесiн негiзсiз деп тауып, жекпе-жектi қайта өткiзу туралы шешiм шығарды. Он екi раундқа созылған Б.Шүменов пен Г.Кампильоның арасындағы жекпе-жекте қапталдағы үш төрешiнiң екеуi 117:111, 115:113 есебiмен жеңiстi отандасымызға берсе, бiр төрешi 117:111 есебiн испан боксшысының пайдасына шешкен. 23 шілде 2010 жыл: Бейбіт Шүмен — Вячеслав Узелков. Шілденің 23-і күні АҚШ-тың Калифорния штатының Лемур қаласында Бейбіт Шүменов Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) нұсқасы бойынша Әлем чемпионы атағын сәтті қорғап шықты. Бейбіттің бұл жолғы қарсыласы 22 кездесу өткізіп, оның 12-сін нокаутпен аяқтаған Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының құрлықаралық чемпионы украиндық Вячеслав Узелков болған. Көптеген спорт мамандары бұл кездесуді аса тәжірибелі В. Узелковтың жеңісімен аяқталады деп болжам жасаған еді. Бұған дейін бірде-бір рет жеңіліс тауып көрмеген Вячеслав Бейбітті мойындауға мәжбүр болды. 12 раундық жекпе-жек 118:108, 118:108, және 117:109 есебімен Әлем чемпионы Бейбіттің пайдасына шешілді. 8 қаңтар 2011 жыл: Бейбіт Шүмен — William Joppy. 8 қаңтар күні Шымкентте өткен кездесуде WBA және IBA тұжырымдары бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы,кәсіпқой қазақ боксшысы Бейбіт Шүменов америкалық Уильям Джоппиді техникалық нокаутпен жеңді. Барлығы 6 раундқа созылған жекпе-жекте жерлесіміз үш дүркін әлем чемпионын тізе бүктірді. Бұдан бұрын қазақ боксшысы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Юрген Бремермен жекпе-жекке шығуы тиіс еді. Жарақатына байланысты кездесуден бас тартқан оның орнын Уильям Джоппи алмастырған болатын. Жерлесіміздің басымдығымен басталған кездесудің 5 кезеңінде америкалық нокдаун алды. Ал 6 раундта соққыға шыдамаған Джоппи кездесуді тоқтатуға мәжбүр болды. Аппендицит. Соқырішек — бұл аппендикстің, іштің оң жақ төменгі бөлігінде тоқ ішекке жанаса жалғаса біткен ұзындығы саусақтай қалташаның қабынуынан пайда болатын ауру. Қабынған аппендикс жарылып, көк еттің тоқ ішек — талаурауына соқтыруы мүмкін. Іш құрылысының (көк еттің) талаурауы — ішек қуысына қауіпті инфекция түсіретін қатты асқынған ауру. Ол аппендикстің немесе ішектің басқа бөлігінің жарылуынан пайда болады. Соқырішек ауруының белгілері. Сырқат адамды жөтелдіртіңіз де, жөтелдің ішті қатты ауыртып, не ауыртпайтынын бақылаңыз; Немесе баяу, бірақ іштің шаптан солға таман және сәл жоғарырақ бөлігін ауырғанша қаттырақ батырып басыңыз. Содан соң қолыңызды тез тартып алыңыз. Егер де қолды жіберіп қалған кезде іштің оқыс қатты ауырғаны сезілсе, онда мұның соқырішек немесе талаурау болуы әбден ықтимал. Егер де осы қимылдан оқыс қатты ауырғандық белгісі сезілмесе, онда осы тәсілді оң жақ шаптың аумағына да қолданып көріңіз. ЕСКЕРТУ: өршіп үдеп ауырған талаурауда сырқаттың іші тақтайдай қатты болады да, ол ішіне таман қолды сәл жанастырғанның өзінде қатты ауырсынады. Оның өміріне енді қатер төніп тұрғаны айдан анық. Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Нұрлы көш. «Нұрлы көш» - Қазақстан мемлекеттік бағдарлама. Басты мақсаты – ресми, қасаң тілмен айтқанда этникалық көшіп келушілерді, жылышырай беріп айтсақ шеттегі қандастарымызды, сондай-ақ еліміз аумағында еңбек қызыметін жүзеге асыру үшін келген Қазақстанның бұрынғы азаматтарын; қолайсыз аудандарда тұратын тұрғындарды ұтымды қоныстандыру және олардың жайғасуына жәрдемдесу. «Нұрлы көш» бағдарламасы арадағы үзіліп қалған тінді жалғап, тиылып қала жаздаған көш­­тің тиегін қайта ағытса игі. Бағдарламаны іске асыруға 2009-2011 жылдарға 197 795,6 млн. теңге, оның ішінде қосымша 118 073,7 млн. теңге қарастырылып отыр. Бірақ жүзе­ге асыру 2010 жылдан басталмақшы. Алматы көші-қон комитетінің мәліметінше, Астана мен Алматы қалаларына «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша қоныстандыру жүргізілмеуі де мүмкін. Өйткені тұрғын үй қымбат, бөлі­нетін жер телімі тапшы. Ал на­рық бағасынан төмен қақпен, әкімдік тарапынан берілетін жал­дамалы пәтерлердің мәсе­лесі әзір шешілмейтін түрі бар. Есесіне өзге облыстар бойынша қоныстандыру жүргізіл­мек. Әсіресе, облыс орталықтарында, жұмыс орыны жеткілікті қалаларда, шегараға іргелес ел­ді мекендерде, ауылдық елді мекендерге қоныстандыруға кө­ңіл бөлінбек. «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша барлық көшіп келу­шілерді тұрғын үймен қамтамасыз етіледі делініп отыр. Тұрғын жайлар жергілікті атқарушы ор­гандардың коммуналдық мен­шігіндегі тұрғын үй есебінен үлестіріледі. Кейбір аймақтарда оралмандарды шоғырландырып қоныстандыратын қалашықтар салынбақшы. Олардың қарызын қайтару үшін оралмандарға «Қа­зақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» 4 пайыздық мөлшерде кредит беріледі. Оны қайтару үшін жұмыспен қамтылады, кәсіппен шұғылдануға қар­жы бөлінеді. Карезон кактусы. Емдік және тағамдық қасиеттері. Кактус шырыны қайнаған су болмаған жағдайда жараны тазарту үшін пайдаланылуы мүмкін. Карезон кактусы сондай-ақ қан тоқтатуға да көмектеседі, өйткені шырын кесілген қан тамырларын жабады. Кактустың кішкене белігін таза пышақпен кесіп ал да, оны жараның бетіне салып, қатты қысып тұрыңыз. Қан тоқтаған кезде кактусты жараның бетіне салып, жалпақ матамен қысып таңып тастаңыз. 2—3 сағаттан соң таңуды алып, жараны қайнаған сумен және сабынмен жуып тазартыңыз. Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Алоэ вера. Емдік және тағамдық қасиеттері. Алоэ вераны жеңіл күйік пен жарақаттарды емдеуге пайдалануға боалды. Бұл өсімдіктің қою да созылмалы шырыны ауыру мен қышығанды басады. Инфекциядан жазылуға және оның алдын алуға көмектеседі. Өсімдіктен кішкене кесіп алып, сыртқы қабығын аршыңыз да, сол жұмсақ жапырақты немесе оның шырынын тікелей күйікке немесе жарақатты жерге салыңыз. Алоэның асқазан жарасы мен гастритті емдеуде де көмегі бар. Алоэның үшкір жапырақтарын ұсақтап тураңыз да, оны түнімен суға батырып пайда болған созылмалы ащы сұйықты әр 2 сағат сайын 1 стаканнан ішіңіз. Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Папайя. Емдік және тағамдық қасиеттері. Папайяның жас жемісі витаминдерге бай, сондай-ақ ас қорытуға аса пайдалы. қойыңыз, сонан соң папайя жемісін әсіресе ет, тауық немесе жұмыртқа жегенде іші бұзылатын, әлсізденген немесе қарт адамдардың қабылдағаны жөн. Папайя астың жақсы қорытылуына көмектеседі. Папайяның ішек құртынан арылуға да көп пайдасы бар, әрине, бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда жақсы әсер ететінін айта кеткен жөн. Жемістен бөлінетін немесе агаштың діңін кескен кезде ағатын сүт тәрізді сұйықтан 3 немесе 4 шай қасықты толтырып алыңыз (15— 20 мд). Оны сондай мөлшердегі қантпен немесе балмен араласты-рыңыз да осы қоспаға бір пиала ыстық су құйыңыз. мұны мүмкіндігінше ішті жүргізетін дәрімен қосып ішкен жөн. Немесе, папайяның дәнін кептіріп, үгітіңіз. 1 стакан сумен немесе балмен араластырылған үнтақты 7 күн бойы 3 рет 3 қасықтан ішіңіз. Папайя қан қысымынан туатын ауыруды емдеу үшін де қолданылуы мүмкін. Аталған жемістің құрамында өлген ткандарды жұмсартатын және бөлініп түсуіне жағдай жасайтын химиялық қосылыстар бар. Ең алдымен тканы өлген ауырған жерді тазартып жуыңыз. Сонан соң папайя ағашының діңінен немесе оның көк жемісінен алынған сүт тәрізді сұйықты таза матаға немесе мәрліге салыңыз. Тазарту мен таңуды күніне 3 рет қайталаңыз. Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Жұқпалы аурулар. Жұқпалы аурулар бактериялардан және басқа организмдерден (жанды денелерден) пайда болады, олар организмге аса зиянды. Олар әр түрлі жолдармен тарайды. Бактериялар, инфекция туғызатын басқа да көптеген организмдердің ұсақтығы соншалықты, оларды микроскопсыз кере алмайсыз — ал арнаулы құралмен қарағанда сол зәредей зат үп-үлкен болып көрінеді. Ал вирус тіпті бактериядан да ұсақ. Антибиотиктер (пенициллин, тетрациклин және т. б.) — бактерия туғызған белгілі бір ауруларды емдеуге көмектесетін дәрілер. Вирустардан пайда болған салқын тию, тымау, қызылша, мысқыл және т. б. сияқты ауруларға антибиотиктер әсер етпейді. Вирустық инфекцияларды антибиотиктермен емдеуге болмайды. Олар көмектеспейді, тіпті зиянды да болуы мүмкін. Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Ыстық соқпасы. Ыстық соқпасы әдетте жиі байқала бермейді, бірақ бұл өте қауіпті дертті құбылыс. Бүл, әсіресе, жасы ұлғайған адамдарда және ыстық күндері ішімдікке салынғандарда кездеседі. Белгілері. Тері қызарып, өте ыссы әрі құрғақ күйде болады, тіпті қолтық асты да құрғап кетеді. Дене қызуы жоғары, кейде 40° градустан да асып кетеді. Көп жағдайда ес-түстен айырылуға дейін апарады. Емдеу жолдары. Дереу дене қызуын түсіру қажет. Зардап шеккен адамды көлеңкелі жерге жайғастырыңыз, үстін қызуы қайтқанша салқын немесе музды сумен ылғалдап, сүртіңіз. Дәрігерлік көмек шақыртыңыз. Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Ыстықтан зорығу. Белгілері. Ыстық күні шектен тыс көп жұмыс істеп, терге малшынған адам зорығып, өңі бозарып өзін әлсіз сезінуі мүмкін, журегі айнып, құсқысы келіп, жартылай ес-түстен айырылғандай жағдайда болады Денесі мұздап, суық тер шығады. Тамыр соғысы бәсең не жиі. Дене қызуы әдеттегідей қалыпты. Емдеу жолы. Бойына ыстық етіп кеткен адамды салқын жерге жайғастырыңыз, аяғын жоғары көтеріп, уқалаңыз. Бір шәй қасық тұз араласқан бір литр тұзды суды деміл-деміл ішкізіңіз (егер адам ес-түстен айырылып құлаған болса, аузына ештеңе тоспаңыз). Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Ыстықтан зорығу мен ыстық соқпасының бір-бірінен айырмашылығы. Ыстықтан зорығу мен ыстық соқпасының бір-бірінен айырмашылығы Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Ыстық өту. Ыстық өту. Ыстық кезде қатты жұмыс істеп, ағыл-тегіл терлейтін адамдардың кейде аяқ-қолдары мен іші түйіліп ауырады, бұл адам денесінде тұз жетпеуі себебінен болады Емдеу жолы. Бір литр қайнаған суға бір шәй қасық түз салып, ауырып түйілгені тоқтағанша сағат сайын ішіп тұрыңыз. Зардап шегіп, сырқаттанған адамды көлеңкелі салқын жерге отырғызып, әйтпесе жатқызып, ауырып түйілген жерін жәйменен уқалау керек Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Іштің түйілуі. Іштің түйілуі — бұл төтеннен болатын қауіпті жағдайдағы ішек ауруларының атауы. Мұндай жағдайда адам өліп кетпес үшін көбінесе шұғыл түрде хирургиялық көмек жасалады. Іш түйілу ауруларының түріне соқырішек, іш құрылысының талаурауы, ішектің тарылуы жатады. Әйелдерде бұл жамбас сүйегінің суық тиіп қабынуы немесе құрсақ сыртындағы екіқабаттылықтан да болуы мүмкін. Ал көп жағдайда іш түйілу ауруының себебі хирургиялық жолмен анықтағанша белгісіз болып қала береді. Егер де адам қусып, бірақ іші өтпей, қатты түйіліп ұзақ уақыт ауырса, онда мұны іш түйілу ауруы деп болжамдауға болады. Ауру адамды ауруханаға жеткізіңіз,— операция жасау қажеттілігі туындауы мүмкін. Белгілері. Егер адамда іш түйіліп ауырғандық белгілері байқалса, оны дереу ауруханаға жеткізіңіз. Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Ішектің тарылуы. Іштің түйілу түрлерінің қай-қайсында да ішек жолдарының тарылуы — ас өтпеу, дәрет жүрмеу белгілері байқалады да, зақымданған ішек қимылсыз қалады, сондықтан адам сәл қозғалған кезде қатты ауыртады. Белгілері. Ауру адамды мүмкіндігінше ауруханаға тез жеткізуді ойластырыңыз. Оның өміріне қатер төніп түр, оған бәлкім операция жасау қажет болуы мүмкін. Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! KazakhGold. KazakhGold Group Limited – Қазақстандағы ең маңызды ең маңызды Ақсу, Бестөбе мен Жолымбет шахталарында алтын өндiрушi компания. 2005 жылы аталған үш шахтаға қоса 8 жаңа нысанды сатып алған. Орталық Азия аймағында құны арзан тұратын алтын өнiмдерiн қамтамасыз етудi мақсат етедi. Жалпы көлемi 200 млн. (АҚШ) долларға тең қамтамасыз етiлмеген облигацияларына тиесiлi купондық төлемi 9 375 млн. долларға шығандаған KazakhGold 2009 жылдың 6 мамыры күнi тақырға отырды Түркістан газеті. Түркістан газеті 1993 жылы қарашада ҚР Министрлер Кабинетінің арнайы қаулысымен ашылған. • Таралымы - 10 мың дана • Алғашқы бас редакторы - Қазақстанның Халық жазушысы Қалтай Мухамеджанов. (1993-1999) • Қазіргі бас редакторы - Шәмшидин Паттеев Тед Тернер. Тед Тернер (толық аты-жөні – "Роберт Эдвард Тернер", 1938 жылы 19 қарашада Огайо штатындағы Цинцинатти қаласында дүниеге келген) - АҚШ медиа-магнаты, биснесмен, миллиардер. CNN (Кейбль-Ньюс-Нетуорк, яғни, Жаңалықтардың Кабельді Торабы) негізін қалаушы. Интернет материалдары болашақ медиа-магнаттың бала күнінде барынша бедел тұтқан екі адамының бірі – өзінің әкесі, екіншісі Алек­сандр Македонский дегенді айтады. Тед ба­ла күнінде бұзықтың бұзығы болыпты. Сонысы­нан күнде әкесінен таяқ жейді екен. Таяқ же­генде жай періп қалу емес, кәдімгі көкала қой­дай етіп сабау. “Сен адам болмайсың”, деп әбден түңілген әкесі, әскери оқу орнындағы темірдей тәртіпке мойынсұнар ма екен дегені шығар, ақы­ры оны жасөспірімдерге арналған әскери акаде­мияға орналастырады. Оны бітірген соң Род-Айленд­тегі Браун университетіне оқуға түсіреді. Қатал әкенің құрсаулы қолында тұрып-ақ қағынғанын қоймаған Тед басқа қалаға барып, бостандыққа шыққан соң тіпті бетімен кетеді. Университет студенттерінің арасында іш­кіш, жүргіш аты шығады. Тернер туралы кітап­тарда, мақалаларда оның бір кеште әбден сыл­қия тойып алғаннан кейін қызды-қыздымен виски бөтелкесін 10 минөттің ішінде ішіп салуға бәстесіп, бәсті жеңіп шыққаны, университеттен моральға жат қылығы үшін қуылғаны (жатақха­на­дағы бөлмесінде бөгде әйелдің болуының өзі студентті оқудан шығаруға жетіп жатыр) жазыл­май кетпейді. Айтқандай, кейбіреулердің ойлай­ты­нындай, Америка тіпті де еркін моральдің елі емес, қайта Америка – на­ғыз пуритандық ел, мысалы, ондағы теледидар бағдарламаларынан біздегі бейбастықтың бірін де көрмейсіз. Тед университеттен шыққан соң әкесінің қолындағы жар­нама компаниясына жұмысқа тұрады. Әке­сімен арасы қанша нашар десе де Тед түптің тү­бінде отбасындағы ұлдың үлкені ретінде құны бір­­неше миллион долларлық фирма өзіне мұра­ға қаларына күмән келтір­мей­тін. Алайда, Тед әкесінің өз компаниясын айда­ладағы біреулерге сатып жібергенін ол өмірден өткенде бір-ақ біледі... Тед Тер­нер: “Бизнес – соғыс”. Сонымен, жасы жиырманың төртеуіне жаңа жеткенде Тед көшеде қалғандай болады. Әкесіне тиесілі Turner Bіllboards компаниясы бәсекелес жарнама агенттігіне сатылғанда заң тұрғысынан кейбір ақаулықтар жіберілгендігі анықталысымен, бұл жұлқынып шыға келеді. Бәсекелестердің штаб-пәтері орналасқан Палм-Спрингске барып, директорлар кеңесінің жаңа төрағасына мәміле-шартты бұзуды ұсынады. Анау: “Тернер мырза, егер бірдеңеге көңіліңіз толмаса сотқа жүгініңіз”, деп мысқылдай күліп, шығарып салады. Ол университеттен қуылып, әкесіз қалып, сандалып жүрген жас жігіттің жөндемді адвокат жалдай­тын­дай да шамасы жоқтығын білетін. Тед Тер­нер қазір нарықтың бір нақылына айналып кет­кен “Бизнес – соғыс” деген сөзін дәл сол күні айтқан көрінеді. Turner Bіllboards қызметкерлері­нің бір тобын корпоративті этика қағидаттары­ның бәрін аяқасты етіп, қазіргі бастықтарына қызмет етпеуге көндіреді. “Осылай ету арқылы сіздер болашақ бастықтарыңызға қызмет ете­сіздер”, дейді оларға... Сонан жаңағылар ендігі шарттардың біразын Тед аяқ астынан тіркей салған жаңа фирманың атына ресімдей бастай­ды. Мұнан соң Тед директорлар кеңесі төрағасы­на барып, үзілді-кесілді талап қояды: екі апта­ның ішінде компания оның бұрынғы иесінің бала­сына, яғни Тед Тернерге қайтып берілуі ке­рек немесе ол Turner Bіllboards үшін аса қажет құ­жат­тардың көзін жояды... Енді қарсы жақ ша­буылға шығады. Олар дауды шешудің үш жолын ұсынады. Біріншісі – Тед Тернер компаниядан 200 мың доллар алады да, табанын жалтыратады. Екіншісі – компания мүддесін қорғайтын құны қымбат заңгерлер оны өмір бойына фирманың кіріптары етіп шығарады, бәлкім, түрмеге тық­ты­рып тастауы да мүмкін. Үшіншісі – Тед Тер­нер бәсекелестеріне 200 мың доллар төлейді де, жарнама агенттігін өзіне қайтарып алады... Әри­не, үшінші жолдың көкейге қонбайтыны, тек Тед­ті тәлкек ету үшін ұсынылғаны көзге ұрып тұрған. Ойланып-толғануға небәрі... 30 секунд беріледі. Ақылды адам, әрине, бірінші жолды таңдар еді. Бәрінен айырылған жерінен тұп-тұтас 200 мың доллар (ол кез үшін Американың өзінде де біраз ақша) қолына түскелі тұр ғой. Даукес біреу болса екінші жолды таңдауы мүмкін. Аса ақылды болғандықтан Тернер үшінші жолды таңдаған. Жарты минөттей ойланып тұрып, “Мен сіздерге 200 мың доллар беремін, сіздер табандарыңызды жалтыратасыздар”, дейді. Аналардың келіспеске әдді қалмайды. Шартты ұсынған өздері ғой. Олар кетісімен Тернердің жа­нын­дағы жолдасына айтқан алғашқы сөзі: “Ал енді 200 мың долларды қайдан табамыз?”... Ақыры Тер­нер бұл мәселені ешкімнен қарыз­данбай-қауғаланбай-ақ шешеді: әлгі ақшаның орнына өзінің жаңа компаниясы акцияларының бір бөлігін сатады. Бақылаушы паке­тінен емес, әрине. Сөйтіп, Тернер әкесінің бизнесін бір цент төле­мей-ақ қайтарып алады. Жағдайы түзелісімен әлгі акцияларды қайта сатып алғаны өзінен-өзі түсінікті. “Тер­нер уақыты”. Бұл – Тед Тернердің бизнес жасау әдісіндегі жүздеген мысал­дардың бірі ғана. Оның келіссөз жүргізу мәнері, сөйлескен адамын сендірмей қоймайтын қуаты қай­ран қалдырарлық. CNN компа­ниясындағы топ-менеджерлердің бірі былай дейді екен: “Егер Тед күн ертең батыс жақ­тан шығады десе, сіз әуелде күлесіз де қоя­сыз. Әйтсе де ертесіне сіз табиғаттың осындай керемет құбылысын өз көзіңізбен көру үшін таң атпай оянып аласыз”. Тернердің биз­несмендігі “өркениетті” ойлау жүйе­сін ұстанатын өзге кә­сіп­кер­лердің тала­йы­ның түсіне де кіре қой­маған. Мысалы, телевизияда “Тер­нер уақыты” деп ата­лып кет­кен то­сын ше­шімді алайық. Те­ле­ди­дардағы жаңа­лық­тар бағдарла­ма­сы, жиі берілгені жөн, қолдан келіп жат­­са әр сағат ішінде екі рет берілгені жөн. Сонда ол бағ­дар­лама қай кезде басталғаны жөн? Әрине, әр сағат­тың басында және ор­тасында. Ал Тернер бас­қаша ойлайды. Ол жаңалықтар бағдар­ла­масын әр сағат баста­лар­дан 5 минут бұ­рын­ға қояды. Енді жұрт­тың бәрі Тернер арналарына ауы­сады, өйт­кені жұрттың бәрі ең маңызды жаңа­лық­тар алғашқы 5-6 ми­нөттің ішінде бері­ле­тінін біледі. Оларды кө­ріп алып, басқа ар­на­лардың не беретінін аяғына дейін тамаша­ла­йын десе, тағы ты­ғы­рыққа тіреледі: Тер­нер арна­сының жаңа ұсынымы басталып кетеді, ол ұсынымның ал­ғашқы 5 минөтінде тағы бір өте ма­ңызды жаңалық беріліп қа­луы мүм­кін. Жаңағы жаңалықтардан кейін кө­рермен басқа арнаға суысып та үл­гереді, бас­талып кеткен бағ­дар­ламада не қызық қалады деп ой­лайды. Сөйтіп жүріп, көрер­мен­­нің көзі де, көңілі де жаңа “сет­каға” үйреніп алады. Оның үстіне газеттер мен журналдардағы теле­бағдарла­малар кестесінде “Тернер уақыты­ның” айқұ­лақтанып тұ­ра­тыны тағы бар: Тернер жаңалық­тары жеке жолға жазылады да, қалған арналар жаңалық­тарының бәрі тоғытылып, бір қатарға са­лына салады. Жасы қырыққа жетпей жатып Тед Тернер Америкадағы ең атақ­ты адамдардың біріне, жолы бол­ғыш бизнесменнің үздік үлгісіне айна­лып үлгерген. Бұл кезде оның қо­лында АҚШ оңтүсті­гін­дегі бірқатар радиостансалар мен телекомпания­лар, “Атланта брейвз” бейсбол коман­дасы мен “Атланта хокс” баскетбол коман­дасы бар еді. Суреті журнал­дардың мұқабасынан түспейтін. Желкенді жүзумен жастай айналысқан Тед спортта да жарқын жеңіс­терге қол жеткізеді: “Карейджес” яхтасының капи­таны ретінде 1977 жылғы әлем біріншілігін жеңіп алады. Тернердің желкен спортындағы тамаша табыстарынан оның жүрек жұтқан ерлігі де, тәуе­келшіл серілігі де, кісілік өрлігі де келісті көрінеді. 1979 жылы, Ирлан­дия жағалауындағы бір жарыста аяқ астынан қатты дауыл тұрған. Мұндайда тәжі­рибелі яхтсмен­дердің бәрі желкенін түсіре қояды. Ал Тернер желкенін жинамаған күйі жүйт­кігеннен жүйткіп отырып мәреге алдымен жетеді. Сол жолғы жарыста 15 спортшы опат болады. Зәресі ұшқан жол­дастарының біріне Тер­нер: “Менің қайығым­дағы жалаулар түрлі-түсті, алайда олардың арасын­да ақ түсті жалау жоқ”, деген. Ақ түстің жеңіліс белгісі екені мәлім. Сонан бері бизнес әлемінде де, спорт әлемінде де Тер­нерге Қайсар Капитан деген ат берілген. Turner Broadcastіng Systems. Жер жүзін жаулап алуды армандаған Ескендір Зұлқарнайынның жеңісті жолын Тед Тернер бас­қаша жалғастырды. 1977 жылы Тернер теле­ви­зия­да шын мәніндегі революция деуге тұрарлық іске кірісті. Ол тәулік бойы жұмыс істейтін жаһандық жер серігі телеарнасын жасауды қолға алды. Бұл кезде Тернердің атағы асып, байлығы тасып тұрған. Баласының баласы­ның баласына жететіндей ақ­шасы бар еді. Оның үстіне американ телеэфирінде жерді көтереді дейтін үш алып киттей ABC, NBC, CBS деген үш алып компания билік құратын. Әйтсе де Тернер тартын­ған жоқ. Тартынбайтыны – мұның алдында ғана, 1976 жылы ол “супер-станция” идеясын ойлап тапқан еді. Ол идеяның мәні – телесигналдарды жер серігі арқылы бүкіл елге кабель жүйесімен тарату. Міне, 30 жылға жуық уақыттан бері адамзат аузында жүрген CNN (Кейбль-Ньюс-Нетуорк, яғни, Жаңалықтардың Кабельді Торабы) ұғымы өмірге осылайша келген. Кейіннен бұл жүйе TBS (Turner Broadcastіng Systems) деп аталып кетті. Тернер есімі осылайша әлем техникасының тари­хына да технологиялық тамаша жаңалық иесі ретінде енді. Владимир Солоухиннің Алепино деревнясы туралы жазбаларында бір көрші кемпірмен әңгімесі келтірілетін. “Теледидар – әлемнің терезесі”, дейді жазушы. “Терезе екені терезе ғой. Бірақ көрсет­кенді ғана көрсететін терезе ғой ол”, дейді әжей. Рас айтқан. Тернердің тегеурінімен телевизия әлемдік саясаттың қуатты құралына айналды. Мад­лен Олбрайттың “CNN – Қауіпсіздік Кеңесінің он алтыншы мүшесі” деген сөзі баршаға белгілі. Эдуард Шеварднадзенің АҚШ-тың Панамаға басып кіруіне наразылық нотасын алдымен CNN-ге, сонан кейін барып американ елшілігіне жібе­ретіні тіпті де тегін емес. 1991 жылғы АҚШ-тың Иракқа басып кіруі кезіндегі “Шөлдегі дауыл” операциясынан тікелей трансляция жасау арқылы (CNN лазерлі зымырандардың Ирак әскерінің командалық пункттерін қас-қағым сәтте жойып, американ ұшқыштары ирак танкі колонналарын жағып жіберіп жатқанын сол мезетте бүкіл әлемнің көз алдына келтіріп тұрды) Тернер айналасы бірер сағаттың ішінде Америка жұртшылығының бұл басқыншылықты айыптап жүрген адамдарының да пікірін өзгертіп жібере алды, дейді сарапшылар. Егер Никсонның кезінде CNN жұмыс істегенде америкалықтар Вьетнамнан кетпес еді дейтіндер де бар. Америка бомбалары Иракқа түсе бастаған сәтте Канада Пре­зидентінің баспасөз хатшысы АҚШ Президентінің баспасөз хатшысына телефон соғып, “Не істеп отыр­сыз?” дейтін көрінеді. Сөйтсе анау: “Мен де, сіз сияқты, CNN-ді көріп отырмын”, дейтін көрінеді. Шы­нында да, сол күндері ғана емес, сондай сын сәттердің бәрінде адам­зат алдымен CNN-ге қарайды. Вашингтоннан жақында жол­данған мақала­мызда CNN компа­ниясы 1993 жылғы қазанда Мәс­кеудегі Ақ үй (сол кездегі Жоғарғы Ке­ңес­тің ғимараты) ат­қы­лана бас­тасымен жер жаһанға тікелей трансляция беріп кеп жіберген кезде адам­зат айран-асыр қалға­нын жазғанбыз. “Тер­нер командасы осын­дай бір сұмдық оқиға орын аларын алдын ала біліп (біл­месе – сезіп), Мәс­кеуге бас­қа бір сыл­тау­мен ке­ліп, Ақ үй­дің қарсы бетіндегі “Ук­раина” қонақ үйі­нен журна­листеріне, операто­рына бөлме­лер алып, камерала­рын сайлап отырған екен...”, де­ген­біз. Сол күндері Ресей теле­ар­налары әуелде тек CNN-нен са­тып ал­ған бейне­тас­паларды айналдыра көр­сету­мен болғанын білеміз. Біз “журна­листер”, “ка­мералар” деп сәл қате жазған екенбіз. Одан беріде Тернер туралы талай ақпарат ақтарып ке­ліп, көзіміз жетті: CNN-нің ре­пор­терлік топтары дәйім тек екі адам­нан – бір репор­тер, бір опера­тордан тұрады екен. Әрине, Тернер Мәскеуге 4 адамды да іссапарға жібере ала­ды. Мәселе қаржы үнем­деуде ғана емес. Кө­рермен көз ал­дын­дағы оқиғаға әлгі жал­ғыз ка­ме­раның кө­зімен қарайды, әр қыры­нан түсірілме­ген­діктен репор­таж­дың компьютер арқы­лы монтаждалмағанына сенеді. Тед Тернер өз қарамағындағы медиа-құрылым­дардың редакциялық саясатына ешқашан аралас­пайды, оны тек арналардың, газеттер мен журнал­дар­дың кіріс келтіруі ғана қызықтырады, деп жаза­ды көптеген авторлар. Кім білсін. CNN хабарлары­ның өзіндік бір ерекшелігі – журналистік мәтін­дерде авторлық позицияның жоқтығы екендігі рас. Олар не болып, не қойғанын айтумен тынады. Баға бермейді. Мақтамайды да, даттамайды да. Соған қарап, позиция білдірілмейді деуге болар ма екен? Мәскеудегі Ақ үйдің атқылануынан берілген ре­пор­тажда журналист әу баста: “Құдай-ау, мыналар қайтеді!” деген бір ауыз ғана сөз айтқан. Тегі, оның өзін де шыдамай аузынан шығарып алған. Сонан кейін камера сағаттар бойы Ақ үйді, ауық-ауық айналадағы Мәскеу панорамасын көрсетті де тұрды. Басқа ештеңе жоқ. Ештеңенің керегі де жоқ. Болды. Бітті. Ресейдің демократиясына бүкіл әлем өз бағасын беріп жатыр. Халық сайлаған Парла­ментті халықты басқарушылар атқылатуда деп отыр. Оның солай еместігін енді бүкіл ОРТ, НТВ, Евразия, РТР Планета, бәрі жабылып жүріп дәлел­дей алмайды. Жақында Ресей мен Грузияның арасындағы әскери қақтығыс кезінде де солай болды. CNN Ресейді агрессор етіп көрсетті. Оның солай еместігін енді бүкіл Ресей дипломатиясы әлі ұзақ уақыт дәлелдейтін болады. Әйтпесе, bіztіmes. ru сайтына салынған “Как Тед Тернер CNN созда­вал” деген мақаласында Антон Гладченко Тернер ком­паниясы кейбір кадрларды Russіa Today арна­сынан ұрлап алды, ал олар ақпаратты бұрмалаған еді дегенді айтады. Тернердің бизнесмен ретіндегі тындырған ең үлкен шаруаларының бірі – спортты жаһандық феномен деңгейіне көтере алғаны. Өзі тамаша спорт­шы болғандықтан да Тернер жеңілістің кер­мек дәмін де, жеңістің керемет дәмін де жақсы сезі­неді. Кәсіпкерлік кемеліне келмей тұрып-ақ ол сан түрлі спорт жарыстарының трансляциялау құ­қын, американ футболы бола ма, NBA матчтары бола ма бәрібір, шетінен сатып ала беретін. “Егер бүгін жарыс жоқ болса, оны ұйымдастыру керек. Телеэкран көрсете алатын ең ғажайып нәрсе – спорт”, дейді Тернер. Деп қана қоймайды, қыруар ақшасын спорт жарыстарына, тіпті стадиондар құрылысына салады. Атлантадағы Centennіal Olympіc стадионына Тернердің аты берілген. Тед Тернердің әлем спортында қалдырған ең жарқын ізі – Ізгі ниет ойындарын екі рет ұйымдастырып бергені. 1980 жылғы Мәскеу Олимпиадасына оның алдында совет әскерлері Ауғанстанға кірді деп капиталистік елдердің бойкот жариялағаны, одан кейінгі Лос-Анджелес Олимпиадасына КСРО бастаған социалистік елдер ерегесіп бармай қалғаны белгілі. Сөйтіп, спортты саясат­қа салып, олимпиялық дәстүрлерден сырттап бара жатқан шақта Тед Тернер 1986 жылы КСРО-да совет және американ спортшылары­ның арасында Ізгі ниет ойындарын (Игры доб­рой воли) өткізу жөнінде бастама көтерді. Баста­ма көтеріп қана қоймады, сол Мәскеудегі, төрт жылдан кейін Сиэтлдегі ойындарға өзінің қалта­сы­нан 70 мил­лион доллар жұмсады. Ойындар­дың жарнама­сынан түсетін қаржы ол ақшаның орнын жаппайтынын біле тұрып жұмсады. Тернер үшін шығынның өзі жарнама екенін талай адам жазған. Шағын шығын – шағын жарнама. Үлкен шығын – үлкен жарнама. Үлкен жарнама үлкен кіріс болып қайтадан келеді. 1986 жылғы Ізгі ниет ойындарының жарыстары американ телевизиясының тарихындағы ең жоға­ры рейтингке жеткізген. Ана бір жылы ол Ресейдің НТВ арнасына 300 миллион доллар инвестиция салмаққа, сөйтіп, акцияларының біраз бөлігін алмаққа бекінген. Әйтсе де, Грызлов бастап, Мемлекеттік Дума қостап, Тернердің бұл ниетіне тойтарыс берілген. Өзінің айтуынша, Тернер осы шаруаға кірісерде Ресейдегі сөз бостандығын құтқарып қалуға ұмтылмақ болған көрінеді. Жалпы, Тер­нердің үлкен идеяларды ұдайы мұрат тұтарына көп күмән келтірудің жөні жоқ. Адамзат тари­хын­дағы ең қомақты қайырымдылық шарасын жасаған адам – Тед Тернер. Оның Біріккен Ұлттар Ұйымының гуманитарлық шараларына өз қалтасынан 1 миллиард (!) доллар тарту еткенін жақында ғана (2008, 19 қараша) rіan.ru сайты жазды. Миллиард доллар деген айтуға ғана оңай, шынтуайтында, бұл миллионнан мың рет деген сөз... Forbes журналының мәліметі бойынша, 2000 жылы Тед Тернердің жеке байлығы 9,1 миллиард долларға жеткен. Сол кезде ол АҚШ-тың бай адамдарының арасында 25-ші орында тұрған еді. Тернер­дің өзі сол тізім елді бұзып барады деп санайды. “Бұл олардың Супер­кубогы... Бар байлық бөлі­суді білмейтін аз адамның қолында. Бұл олардың өздеріне де, елге де қатерлі. Жаңадан Француз революциясы жасалып, жаңадан мадам Дефарж келіп, олардың бәрін байлап-матап, бір арбамен қаланың орталық алаңына апаруы, сөйтіп бәрінің басын кесіп алуы мүмкін!”, дейді ол. Талай жыл әлемдік экран жұлдызы Джейн Фондамен неке құрған (Тернердің бұрынғы-соң­ғы әйелдерінен бес баласы бар), серілігі аңызға айналған Тед Тернер жетпіске жасы толғанымен әлі жас жігіттей бабында. Жарқылдап, жұтынып тұр. “Деньги” журналының былай деп жазғаны бар: “Бір жолы ол апта ішінде үш бірдей ұлттық телевизия бағдарламаларына қатысты. Сегіз рет ұшаққа мінді. Бес жерде сөз сөйледі. Іскерлік сипат­та үш таңғы ас, екі түскі ас берді. Екі бас­кет­бол ойынына, бір кешке барды. Каннмен өт­кізілетін телекөпірге қатысу үшін таңғы төртте оянды...”. Жеке басының жарнамасын да ұмыт­пай­тын сияқты. Кешегі өткен кіші Бушты “ішуді тастаған алкоголик” деп салатыны, өзінің басты бәсекелесі Руперт Мердокты бокс сайысына шақыратыны содан ба дейміз. Бұл адам қай шаруаны қолға алса да жеріне жеткізбей тынбайды. Осыдан жиырма шақты жыл бұрын Америкада бизондар Қызыл кітапқа кір­гізердей азайып кеткен болатын. Бизон­дар­дың ХVІІІ ғасырда баудай қырылғаны белгілі. Тер­нер осыны ойлап, БАҚ-тан түскен табысына 90-шы жылдардың аяғына қарай жер учас­келерін сатып ала бастайды, ақыры АҚШ-тағы ең жері көп адамға айналады. Қазір оның иелі­гінде 7,7 мың шаршы шақырым жер, соның ішінде елдегі ең үлкен ранчо – Нью-Мек­­сико шта­тындағы көлемі 2,4 мың шаршы шақырым­ Вермехо ранчосы бар. Сөйтіп, Тернер құрып бітуге ай­налған бизонды аз уақыт­тың аясында кәдімгі жа­нуарға, еті үшін сойы­ла­тын малға қайтадан айналдырды. Бүгінде ме­диа-магнаттың ран­чо­ларында 35 мың бизон жайы­лып жүр. 2002 жылы Тернер Montana Grіll ресторандар торабын ашқан. Олардағы бизон еті­нен дайындалатын тағамдар саны 25-ке жетеді дейді. Тед Тернер құрған телевизиялық империя – ғасырлар тоғысындағы ғажаптардың бірі. Ал енді осы ғажап қаншаға созылады? Тед Тернердің өзі CNN арнасын ашарда былай деген: “Біз эфирге адамзат қылкөпірге жеткенге дейін шыға береміз. Біз тіпті ақырзаман келгенде де жұмысымызды жалғастыра береміз, ақырзаманның қалай болға­нын көрермендерге айтамыз, көрсетеміз, біздің соң­ғы эфиріміз сол болады! Сонан кейін біз: “Құ­дайым, бізді құшағыңа ал” деп мінәжат айтамыз”... CNN. CNN (Кейбль-Ньюс-Нетуорк, яғни, Жаңалықтардың Кабельді Торабы) - жаңалықтар желісі. 1980 жылы негізін қалаған - Тед Тернер. Оның CNN-ды құруына төрт жыл уақыты, 100 миллион доллар ақшасы кеткен. Time Warner құрамына кіреді. Бүгінде CNN әлемнің 200-ден астам елінде 40 тілде сөйлеп, 160 миллионнан астам үйге еніп тұр. Оны қазір 1,5 миллиард адам көреді. Негізінде, 6 миллиардтық адамзат түгел көре алады. Әлгі 1,5 мил­лиард адам – кабельді телевизия жүйесіне қосылғандар. CNN айналасы 30 жылдың ішінде біздің мына әлем туралы түсінігімізді өзгертті. Ғарыш серіктері арқылы Тернер жұмыр Жерді қаусыра қауыштыратын ғажайып құралға ие болды. “CNN планетаны Жаһандық ауылға айнал­дырды. Ал біздің бәрімізді көршілерге айнал­дырды” – “Деньги” журналында сонау 1996 жылы (№29) жарияланған мақаласында Ангелина Сирина осылай деп әдемі айтқан. Американ супермар­кет­тері тәулігіне жиырма төрт сағат бойы, аптасына жеті күн бойы жұмыс істейді. CNN де солай. Бұл тұрғыдан қарағанда, тіпті, CNN бүкіл планетаны бір супермаркетке айналдырды десе де болатындай. Иә, қазір бүкіл адамзат CNN-нің арқасында бір тауарды бір мезетте ала алады. Жаһандануды жеделдетіп жіберген жайдың бірі CNN болар, тегі. Тернер таңдаған пішіннің сәтті шыққаны сондай, CNN көп ұзамай-ақ Американың аясынан асып, бүкіл әлемді қамтып кетті. Енді жер шарында CNN жедел көрсетпейтін бірде-бір елеулі оқиға қалмауға айналды. Ең кереметі, CNN тілшілері портативті жер серігі коммуникациялық жүйелерінің көмегімен сол оқиғалардың тура ортасынан тікелей репортаждар беруді бастады. Қазір мұнымен ешкімді таңдандыра алмайсыз, ал өткен ғасырдың 80-ші жылдарының басында бұл телевизия мүмкіндігі туралы түсінікті төңкеріп түсірген жаңалық еді. Time Warner. Tіme Warner - нарықтық капитализациясы бойынша (News Corporation және The Walt Disney Company кейінгі) дүние жүзіндегі үшінші ірі медиа хол­динг. Tіme Warner хол­дингіне CNN, TNT, Cartoon Network, HBO теле­арна­лары, New Lіne Cіnema, Warner Brothers кино­студиялары, Warner Musіc Іnternatіonal, Atlantіc, Elektra, Rhіno, London Sіre Records дыбыс жазушы студиялары, АҚШ-та, Еуропада, Азия мен Латын Америкасында шығатын отыз шақты журналдар, газеттер кіреді. Нағыз медиаимперия. Компания негізі 1990 жылы қаланған. Тері рагы. Тері рагі күн астында көп уақыт өткізетін терісі ақ адамдарда жиірек кездеседі. Әдетте ол күн сәулесі мол түсетін жерлерде пайда болады. Тері рагінің әр түрлі формалары бар. Әдетте ол кішкентай сақина тәрізді болып басталады, ортасы батыңқы, маржан түстес болып келеді, оның бірте-бірте көлемі ұлғая бастайды. Көп жағдайларда, тері рагі егер дер кезінде емдесе онша қауіпті емес. Рак өсіндісі хирургиялық жолмен ғана алынады. Егер рак ісігіне айналуы мүмкін созылмалы жара пайда болса, онда дәрігерге көрініңіз. Тері рагін болдырмау үшін ақ түсті адамдар күн көзінен қорғанып, үнемі ши қалпақ киіп жүруі керек. Тері рагімен ауыратын адам, егер оның күн көзінде ұзақ болуына тура келсе, күн сәулесінен қорғайтын арнаулы кремді пайдалануына болады. Мырыш тотығының майы — онша қымбат емес, әрі тері рагі ауруының алдын алу үшін пайдалы дәрі. Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Фарфор. Тарихы. Қыш өнеркәсібі Қытайдағы ең ежелгі қолөнерінің бірі екені бел­гілі. Жүздеген жылдар бойы осы қыш өне­рінің қыр-сырын меңгер­ген Қытай ұсталары ғажайып фарфор бұйымдарын ойлап тапты. Ғалымдар бұл жаңалықты XVІІ ғасырда (Таң дәуірінде 618-907 жылдары) ашылды деп есептеген­мен, Шығыстық Хань дәуірі кезін­де-ақ (25-220 жылдары) фарфор бұйымдарын жасай бастаған. Дегенмен, Таң дәуірінде фарфор жасау технологиясы оның шыңына жетті деп есептеуге болады. Сун дәуірінде фарфор бұйымы­ның “алтын дәуірі басталады”. Әлем­ге фарфор қаласы деген атағы жайыл­ған Цзянси өлкесінде орна­ласқан Цзиндэчжень қаласынан шыққан фарфордың атағы жер жар­ды. Қазіргі заманға дейін Цзин­дэчжень қаласын­да жасалатын фар­фордың “цинхуа” дейтін түрі осы елдің өзінде де үлкен сұранысқа ие. Қытай ұсталары көбінесе жылты­ратудың үстінен бәдіздеудің әдісін пайдаланады. Мөлдір емес эмаль бояу­лы бұйымды отқа қойғаннан кей­ін керемет қанық түске ие бола­тын көрінеді. Бұл әдіс ХV ғасырда ой­лап табылған. Фарфорлық бұйым­дарды бәдіздеу өзінің көп қырлы­лы­ғымен, символикалық мәтіндерімен сипат­талмақ. Соңғы 600 жыл барысында Цзин­дэчженнен шыққан фарфор бұйым­дары Азия, Африка, Еуропа және Америка елдерінің қоғамдық өміріне дендеп енген. “Мин кезін­де ең үздік фарфор Цзиндэчженде жасалған” деп ерте кезде айтылған екен. Содан бері де көп еш нәрсе өзгермеген. Өйткені, бүгінде 600 мың ғана тұрғыны бар атақты қалада оның әрбір ересек тұрғыны фарфор өнеркәсібінде еңбек етеді. Көптеген елдердің император­лары мен корольдерінің сарай­ларында Цзиндэчженде нәзік талғаммен жа­сал­ған фарфор бұйымдарынан кол­лек­ция жинау даңқ пен мәртебе бо­лып саналып келген десек, мыңдаған жылдар бұрын осы қаланың фар­форлары Орталық және Батыс Азия­ны басып өтетін Жібек жолы бойы­мен және теңіз үстіндегі Фарфор жолымен әлемнің түкпір-түкпіріне тарағаны тағы аян. Адмирал Нельсон. Горацио Нельсон (; 29 қыркүйек 1758, Бернем-Торп, Норфолк графтығы — 21 қазан 1805, Трафальгар, Испания)- британдық адмирал. Норфолк графтығындағы Бернем-Торп деревня­сында священник Эдмунд Нельсонның көп балалы отбасында 1758 жылғы 29 қыркүйекте дүниеге келген Горацио Нельсон 12 жасында өзінің нағашысы капитан Морис Саклингтің кемесіне теңізшілікке қабылданып, 6 жыл бойы тулаған толқындармен тайталаста жүреді, тіпті Арктика экспедициясына да қатысады, Кариб теңізінде британ кемелерін күзетіседі, шхунаға билік етіп, адмирал Паркердің “Бристоль” кораб­лінде бірінші лейтенант лауазымына дейін өседі. 1778 жылдың желтоқса­нында коммандор атағын алған Нельсон 20 жасында “Бэджер” бригінің коман­дирлігіне тағайындалады. Адмирал Нельсон – соғыс тарихына алтын әріптермен жазылатын есім. Британия флоты дегенде біздің аузы­мызға алдымен Нельсонның аты түседі. Күні бүгінге дейін теңіз роман­тикасы санаға жаппай сіңе қоймаған, құрлық­тың қақ ортасындағы Қазақстан сияқты елдердің өзінде “Адмирал Нельсон” атауы ресторан, кафе, барларға қойы­лып жатады, өйткені, Нельсон есімі бүкіл әлемде еркіндіктің бір белгісіндей болып, бүгінгі тілмен айтсақ, брэндке айналып кеткен. Оның Ямайкадағы, Багам аралдарындағы, Вест-Индиядағы, Ни­карагуадағы, Америка Құрама Штаттарымен соғыс кезіндегі қолданған тактикалық жаңалықтары соғыс-теңіз шайқасының классикалық үлгілері қатарында қаралады. Нельсон қатысқан шайқастардың ұзын саны… 124! Бұл әлемдік флотилия­дағы рекордтық көрсеткіш саналады. Адмиралдың асқан ақылы, алпыс екі айлалы шалымдылығы ағылшын эскадраларын талай тығырықтан алып шыққан, талай жерде жарқын жеңіске жеткізген. Жүрек жібітер жан жомарт­тығы (бірде жағадан ұзап кеткен фрегатты кері қайырып, гардема­риндердің біріне ата-анасының жазған хатын аяқтап шығуына мүмкіндік бергені бар) жан түршіктірер қатыгез­дігімен (кемеде бүлік бастауға әрекет еткендерді мачтаға дарға астырып қойған кезі де бар) адмиралдың ержү­рек­тігі, шыдам­дылығы, төзімділігі, қай­сарлығы, шын мәнінде, қайран қалдыр­арлықтай. Шайқастардың бірінде кар­течь оғы сол қолын тұтасымен жұлып әкеткен кезде дәрігерлер шынтақтан білезік буынға дейін анестиктер қол­данбай кесіп тастауға мәжбүр болады, сонда сабазың әлгіндей азапқа үн шы­ғармай төзіп жатады. Тағы бір шайқаста снарядтың жарықшағы көзін ойып түскенде де бар уайымы осы кемістігіме байланысты флоттан кетуге тура келер ме екен деген ой ғана болады. Айтқан­дай, оның осы соқыр көзіне байла­нысты мынандай да оқиға бар. Бір шайқас барысында алдыңғы шептегі корабльден ұрысты тоқтатып, кері шегіну жөнінде шартты белгі беріледі. Қарамағындағылар ол белгі жайында Нельсонға мәлімдейді. “Ұрыстан шы­ғыңдар деп жатыр ма?” – деп сұрайды командир. “Иә, ұрыстан шығыңдар деп жатыр”. “Кімнен, қайдан түсіп жатыр ол белгі?”. “Ана жақтан, сенбесеңіз өзіңіз көріңізші”. Сөйтеді де орынба­сары Нельсонға дүрбі ұсынады. Нельсон дүрбіні соқыр көзіне тақап: “Ешқандай белгі көріп тұрған жоқпын! Ұрысты жалғастырамыз!”, дейді… Сол шайқас ақыры ағылшын флотилиясының жеңісі­мен бітеді. Бұйрықты орындамағаны үшін әскери соттың алдынан табылуға тиіс Нельсонға тосын да батыл шешімі үшін контр-адмирал атағы беріліп, кеудесіне орден тағылады. “Жеңімпаздарға жаза жүрмейді” (“Победителей не судят”) деген қанатты сөз сол шайқастан кейін тараған. Тарих соғыстың екі данышпанын – Наполеон мен Нель­сонды бір заманда дүниеге келтірді. Олар бір-біріне өлер­дей өш болды, бойға біткен бар дарынын бір-бірінің көзін құртуға жұмсады. Англия мен Фран­цияның арасындағы соғыстың ең айтулы шайқастарының бі­рінде Нельсон На­полеон флотын тас-талқан етіп, оның бүкіл Египет ком­паниясының бағыт-бағдарын өзгертуге тура келеді. Нілдің сағасындағы Абукир бұғазында 1798 жыл­ғы 1 тамызда болған ол шайқас нәти­жесінде ағылшындар 13 француз кемесінің 11-ін суға батырған, өздерінің шығыны жоққа жуық. Абукир шайқа­сынан кейін Нельсон ұлттық батырға айналды. Ұлыбритания халқы апта бойы тойлап, шіркеулерде Нельсонның атын атап мінәжат етіп жатты. Нельсонға пэр атағы, лорд даңқтамасы берілді, Британия парламенті оның өзін былай қойғанда, айналасындағы жама­ғайындарына да өмір бойғы зейнетақы белгіледі, түрік сұлтаны өзінің асыл тастармен безендірілген сәлдесін сыйлап, орыс императоры жақұттармен көмкеріл­ген суретін жолдап жатты. Нельсонда енді бәрі дерлік бар еді. Бәрі дерлік… Махаббаттан басқаның бәрі.. 1785 жылы Горацио Нельсон Фанни Нисбетпен некелескен. Ол өзі Англияның Кариб теңізі маңындағы колонияларында дәрігер болған бір кісінің жесірі еді. Үйленуін үйленгенімен, Горацио мен Фаннидің жандары жараспай-ақ қойған. Сөйтіп жүргенде адмирал Нельсон біз айтқан бір шайқаста оң көзінен айырылады да, емделу үшін Неаполь қаласына кемесімен қайырлайды. Ол соғыста Италия Францияны жақтады ғой, дұшпанының портына барып емделіп жүргені қалай деп қалмаңыз, бұл кезде Неаполь бөлек корольдік болатын. Нельсон Англияның Неаполь корольдігін­дегі елшісінің жұбайы леди Гамильтонмен осылай танысқан. Леди Гамильтонның Нельсон өмірінде алар орны теңіз шайқастарынан еш кем емес. Цезарь мен Клеопатрадан кейін бір де бір жұп әлем тарихына дәл Горацио Нельсон мен Эмма Гамильтондай ықпал жасаған жоқ деген сөздің жаны бар. Басқасын былай қойғанда, Неаполь корольдігінің осыншама уақыт Римнен тәуелсіз тұруы, өз бетінше саясат жүргізуі ең алдымен Нельсон арқылы Англия тарапынан жасалған қолдаудың арқасы еді. Цезарь – Цезарь ғой. Ал Клеопатра – Клеопатра. Біреуі – император. Біреуі – патшайым… Нельсон – Нельсон ғой дейік. Адмирал Нельсонды әлем тарихын­дағы ұлы қолбасшылар қатарына қоятын атақты Трафальгар шайқасы екені, оның 1805 жылдың 21 қазанында болғаны баршаға белгілі. Бұл кезде өз өмірінің 35 жылын теңіз төсінде өткізіп, мақа­ланың бас жағында жазғанымыз­дай, 124 шайқасты бастан кешіп, қажыған адмирал отставкаға шығуды ойластыра бастаған еді. Оның үстіне 1801 жылғы Амьен бейбіт шарты ағылшын-француз соғысын тоқтатқан болатын. Нельсон демалысқа шығып, Эммаға деп сатып алған имениені абаттандыруды қолға алған-ды. Алайда, жан-жағына соқты­ғып, соғыссырап тұратын Наполеон Альбион еліне тыным таптыруды ойла­ған да жоқ еді. Француздар екі жылдай есін жиып, Англияға қайтадан қатер төндіре бас­таған тұста Адмиралтейство Нель­сон­ға дұшпан флотының алдынан шығып, бетін қайтару жөнінде ұсыныс жасайды. Бұған Эмма қалай қарар екен? Жас та келді, денсаулық та сыр бере бастады, оң қол болса анау, оң көз болса мынау… Адмирал ғұмырбаяншыларының бірі олардың соңғы жүздесуін былай баян­дайды: “Эмма серпіліп сала берді: “Сен тамаша жеңіске жетесің, жеңістен кейін маған ораласың да бақытты дәурен сүресің!” – Ол Эммаға қарады, жана­ры­на жас үйірілді. “Ержүрек Эмма! – деді ол. – Асыл Эмма! Өмірде Эммалар көп болса, Нельсондар да көп болар еді…”. Трафальгар шайқасы. Трафальгар шайқасы – ағылшын флотының, бүкіл Англия қуат-күшінің триумфы. Адмирал Нельсонның такти­калық данышпандығының арқасында ол шайқаста біріккен француз-испан флоты күл-талқаны шыға қиратылды. Нельсон жолбасшы корабльдің маңдай алдында, мундиріне барлық награда­ларын тағып алып тұрып шайқасқа басшылық жасады. Екі жақтың кемелері бір-біріне жақындаған шақта Нельсон өзінің өсиет хатын жазып, отаны мен корольден Эмма мен қызы Горацияға қамқор болуды сұрайды. “Менің ең қымбаттым, ең аяулым Эмма, менің ең жақын досым… Соғыс құдайы бізге жар бола көрсін! Қайткенде де мен өзімнің есімім саған және Горацияға, өмірімнен де артық көретін жандардың бәріне лайықты есте сақталуы үшін қолымнан келгеннің бәрін де жасаймын…”, деп жазады ол соңғы хатында. Адмиралдың жүрегі жамандықты сезген екен. Шай­қастың нағыз қызған шағында фран­цуздың “Редутабль” кораблінің мергені Нельсонды дәл көздеп атып түсіреді. Оқ оң иықтан өтіп, омыртқаға жетеді. Шайқас біткен кезде адмиралдың ақтық демі шығар сәт те жеткен еді. Француздар суға батқаны бар, қолға түскені бар 20 кемесінен айырылып, еліне қарай қашты. Трафальгар шайқа­сын ағылшындардың айрықша ардақ­тайтын себебі – Британия флоты әлем мұхиттарындағы даусыз басымды­ғына дәл осы шайқастан кейін қол жеткізген, Наполеон тұманды Альбион аралын басып алсам деген ойынан осы шайқас­тан кейін біржолата бас тартқан. Уинстон Черчилльдің: “Трафальгар шай­қасында Нельсон Англияны Напо­леон басқыншылығынан кеудесін тосып тұрып қорғап қалды”, деп айтқаны бар. Омыртқасын опырып жіберген дұшпан оғынан жаны аман қалғанның өзінде ғұмыр бойы қозғалмай жататы­нын білген соң Нельсон енді өмірмен қоштаса бастайды. Ол соңғы сөздерін сүйіктісі Эммаға арнаған. 16 сағат 30 минөтте “Виктория” мичманы кеме журналына тарих фактісіне айналған мына сөздерді жазды: “Ардақты лорд, виконт Нельсонға біз жеңіске жетке­німізді хабарлаған сәтте ол жарақаттан көз жұмды”… Қаза тапқан адмиралдың мәйітін коньяк құйылған ағаш бейітке салып Англияға алып келгенде мұнда зар жыламаған адам қалмайды. Нельсонды Қасиетті Павел соборына жерлейді. Лондонның қақ ортасынан жаңа алаң салып, оған асқақ мұнара орнатады, ұшар басына Нельсонның биіктігі 5 метрлік ескерткіші қойылады. Леди Гамильтон. Эмма Лайон (1765 жылы Чешир графтығында отын кесушінің отбасында дүниеге келгеy, - Қаңтардың 15, 1815) - адмирал Нельсонның жары. Қаршадай күнінде әкесін ағаш басып қалып, жетім өскен, алты жасынан қой бағып, сәл бұғанасы қатайғанда өзге үйлердің балаларына қарасып, анасына көмектескен. Жастайы­нан жоқ-жітіктікті көп көрген Эмманың бағын ашар бір қасиеті – сұлулығы еді. Сексенінші жылдардың ортасында өз бетінше Лондонға барғанда ол осы қасиетіне сенген болатын. Біраз уақыт жалшылық, сатушылық жасаған соң күндердің бір күнінде қаладағы белгілі куртизанка мисс Келлидің назарына ілігеді де, Лондон аристократиясының ортасына түсіп, бұрынғысынан да ажары ашыла береді. Оның сұлулығына, сүйкімділігіне таң-тамаша қалғандардың арасында данышпан Гете де, әйелдер әміршісі деп әспеттелетін кәдімгі қуаяқ Казанова да бар. Эмма жанындағыларға жақсылық жасауға жақын тұратын мінезінен жамандық табады. Өзінің немере ағасы Томас Кидті флоттағы әскери қызметтен босатуға әрекет жасап жүріп ол Джон Уоллет-Пойн деген бай аристократтың арбауына оралады. Ол бір оңбаған болып шығады. Эмманың аяғы ауыр екенін естісімен аяқ астынан алыстағы теңіз сапарына аттанады да, мұны кәдімгі бір жағалауда ұмытқан затындай-ақ қалдырып кете барады. 17-ге жасы жаңа жеткенде нәрестелі болған Эмма көшеге шығады… Сұлулығы сорына біткендей жүрегі жараланып, жаны жасып жүрген шағында Эмма атақты Уорвиктер әулетінен шыққан Ч.Гренвиллдің үйіне күтушілікке кіріп, біраз уақыт қайтадан еңсе тіктейді. Табиғатынан талантты жаратылған ол жаңағы үйге әріпті зорға танитын күйде келіп, айналасы төрт жылдың ішінде қожайындардың жеке кітапханасының көмегімен-ақ жан-жақты білімді тұлғаға, сөйлеп кетсе кім-кімді де сүйсіндіретін сырлы сұлуға айналады. Сөйтіп жүріп әлгі Гренвиллдің үйінде ұйымдастырылатын салтанатты жиын-тойларға да қатысты­рыла бастайды. Үй иесінің нағашысы Неаполь сарайындағы ағылшын елшісі, король Георг ІІІ-нің досы сэр Уильям Гамильтон 1784 жылы Лондонға келген бір сапарында жиенінің үйінде жүрген сұлу қызметшіге көз тастайды. Бұл хикаяның аяғы жақында ғана әйелі қайтыс болған, перзентсіз сэр Гамильтон­ның Эмманы Неапольға алып кетуімен бітеді. Эмма Гамильтон енді Неаполь сарайының жарқыраған жақұтына айналады. Король Фердинанд ІV пен королева Мария Каролина Эмманы соншама жақын тартып, бірте-бірте мемлекеттің іргелі мәселелері жөнінде елшінің әйелімен ақылдасып отыруды әдетке айналдырады. Өзі сұлу, өзі ақылды, өзі білімді Эмма Гамильтон Адриатика інжуі атала бастайды. Бойына біткен бар қасиетін пайдаланып, ол қай мәселеде де өз елінің мүддесін алға ұстай біледі, Англияға құрлықтағы елдердің біразы қарсы шыққан сол соғысқа Неапольдің қатыспауына қол жеткізеді. Неапольға Париждің атарға оғы жоқ-ты ол кезде. Жатса да тұрса да отанын ойлаған леди Гамильтон Англияға қатысы бар жайдың бәрінен жақсы хабардар, әсіресе адмирал Нельсонның жер жарған атағына қанық болатын… Неаполь портына Нельсон эскад­рильясы кірген тұста Горационың жасы 34-те, Эмманың жасы 28-де еді. Осының алдында ғана адмирал Неапольдан француздарды тықсыра қуып шығып, король отбасының мәртебесін қалпына келтірген-ді. Сондықтан мұндағы ел Нельсонды өзінің құтқарушысындай қабыл алып, бөлекше құрмет көрсетті. Адмиралды Эммаға таныстырған сәтте сэр Гамильтон осы адамға менің әйелім ғашық болып қалады-ау дегенді ойламаған да. Неге дейсіз ғой? Мәселе мынада. Нельсон туралы түсірілген фильмдерде, суретші­лердің картиналарында адмирал сымбатты тұлға болып бейнеленеді. Енді қалай, батыр емес пе? Ал дұрысында өмірдегі Горацио Нельсон нағыз сыйық­сыз деуге келетіндей кісі еді. “Аласа бойы, еңкіш денесі, бір орында тұрмайтын қимыл-қозғалысы, ащы дауысы, жансыз оң көзі, кесілген оң қолының бұлғақтаған жеңін кеудесіне қыстырып қойғаны сондай жаман әсер қалдыратын” – адмиралдың ғұмырбаян­шысы Т.Поукок осылай деп суреттейді. Харьковтың “Фолио” баспасы 2006 жылы шығарған “50 знаменитых историй любви” кіта­бында Эмма мен Горационы “Они смотрелись рядом, как нимфа и сатир” деп салыстырған. Кейбір кітаптарда леди Гамильтон адмирал Нельсонның дүрілде­ген даңқына қызық­қандай, оның ата­ғының арқасында өзі де тарихтың төрінде тұрып қалуға ұмтылғандай етіп жазып жатады. Біз­діңше, жеңіл сөз бұл. Атақ іздесе оны мадам Помпадур биігіне дейін көте­руге уәде еткен король Фердинанд­пен көңілдестігінің өзі көп көмек берер еді. Мәселе басқада еді. Мәселе леди Гамильтонның, бір кездегі Эмма Лайон­ның өмір бойы із­деген адамын жо­лық­тырғанында, өмір бойы аңсаған махаббатын тапқа­нында еді. Дәл осы сөзді біз Горацио Нельсонға орайластырып та айтамыз. Оның Эммаға жазған хаттарын оқыған адам кім-кімге де бәрінен бағалысы жеке басының бақыты, махаббаты екенін соншама сергек сезінбей қоймайды. “Мен сені сөзбен тұрмақ, ойыммен де өкпелете алмаймын. Жан-тәніммен сендікпін, өзіңе байлап, тұтқындап алдың мені”, “Сендей жан досыммен қоштасу етіңнен ет кесіп алғандай ауыр екен…”, “Махаббатым менің, періштем менің, Көктен жіберген қымбаттым менің, жер қойнына кіргенше жаным сүйер жалғызым менің…”, “Егер жер бетінде киелі бір кісі қалса, ол сенсің. Сені киелі ететін қасиет – басқалардан жақсырақ болуға қабілетті екендігің… Біздің мына зұлмат заманымызда сен адалдық, тазалық пен жан жомартты­ғының үлгісін көрсетумен келесің…”. Осы арадан бір тоқтайық. Горацио Нельсон мен Эмма Гамильтонның, Лон­донда заңды жары бар, бүкіл Ұлыбри­тания ұлықтап отырған алтын басы бар адмирал Нельсонның, Неапольда заңды жұбайы бар, бүкіл корольдіктің бетке шығар адамы үкілеп ұстап отырған қадірлі басы бар леди Гамильтонның жұрттың сөзі, қоғамдық пікір дегеннің бәрін тәрк етіп, ашықтан ашық ғашықтық дәурен сүруі, ақыр аяғында леди Гамильтонның елші күйеуін жерге қаратып, сүйіктісінің әйелі Фанниді тірідей жерлеп, адмиралмен бірге Лондонға келуі, адмиралға көрсетілген құрметтің бәрін қатар көруі, Нельсоннан бала көтеріп, егіз нәресте тууы, оның бірі туа сала шетінеп, екіншісін әкесіз өсіруі… – мұның бәрін айта берсе әңгіме ұзарып кетеді. Біздің осы арада бір тоқтайық деп қадалыңқырап тұрғанымыз Нельсонның хатындағы: “Егер жер бетінде киелі бір кісі қалса, ол сенсің. Сені киелі ететін қасиет – басқалардан жақсырақ болуға қабілетті екендігің… Біздің мына зұлмат заманы­мызда сен адалдық, тазалық пен жан жомарттығының үлгісін көрсетумен келесің…” деген сөздер. Сонда қалай, Нельсон өз сүйіктісінің өткендегі өмір жолынан хабарсыз болған ба? Әлде соның бәріне көзін жұма қараған ба? Жоқ, тіпті де олай емес. Нельсон бәрін де білген. Лондонға, өзінің әйеліне жазған хатының бірінде ол былай дейді: “Бір кезде саған леди Гамильтонды таныстыратын болармын деп үміт етемін. Ол мына әлемдегі ең ерекше әйелдердің бірі… Ол жалпы әйел атаулының абыройын арттыратын адам, оның өмірі әрбір адам, егер жүрегі жылы, жаны жомарт болса, лайықты тіршілікке орала алатынын көр­сетеді”. Нельсонның нені мегзеп отыр­ғанын таратып айтып жату артық шығар. Бұрын тек шайқастар жайында баянат жазумен жүретін айбарлы адмиралдың өмірінің соңғы жылдарын­дағы Эммаға арналған жырларында да осы сарын бар. Нельсон туралы кітаптардың бірінде олар­дың орысша аудармалары да келтірілген: “Разрублена та якорная цепь, Что мой корабль держала у причала, Но якорь в сердце у меня – та крепь, Что нам позволит все начать сначала…”. Соңғы жылдар. Жеңіспен аяқталған Трафальгар шайқасынан алған жарақынан көз жұмған сүйіктісінен айырылған соң Эмма екі ай бойы үйден шықпай, естен танады. Талай жыл бойы сән-салтанатқа, барлық-байлыққа бой үйретіп қалған әдемі әйел қолында қалған қаржысын да ұсынықты ұстай алмай, ақыр аяғында қайыршылық күйге түседі, ішкілікке де салынады. Өмірінің соңғы айларын бейтаныс бір кісілердің шатырында қойылған кереуетте өткізеді. Қарыздан қарызға батып, ең қымбатты қазынасын – Нельсонның ғашықтық хаттарын сатуға да мәжбүр болады. Бәлкім, ол сол хаттарды өзгелердің де оқуына жағдай жасау үшін сатқан шығар, мына әлем Нельсонның қандай жаны нәзік адам болғанын, Эмманы өліп-өшіп сүйгенін, сол жылдарда өзінің елім деп еңіреген ермен, махаббаты жолында жұрттың өсегін де, атқан кесегін де елемейтін серімен қандайлық бақыт кешкенін білсін деген шығар. Ерді ер ететін де, ерді ез ететін де әйел екенін, әйел бақытының кілті тек ерлер қолында болатынын, ер адам әйелді бақытқа бөлеу арқылы ғана ер атана алатынын мына әлем ұға түссін деген шығар. Қызылиек инфекциясы. Алдын алу және емдеу жолдары. Ескерту: Кейде қояншыққа қарсы қолданылатын дәрілерден қызылиек ісініп, көтеріледі. Егер сондай жағдай болса, дәрігерге көрініңіз және дәріні алмастыру жағын ойпастырыңыз. Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Сақина (ауру). Сақина (мигрень) — қатты солқылдап ауырады, көбіне бастың бір жағы ғана ауырады: Мигрень жиі қайталап тұрады немесе кейде айлар, тіпті жылдар бойы ауырмай кетіп, қайта соғуы мүмкін. Әдетте мигрень басталғанда көздің алды түманданады, көз алдында бір түрлі түстер пайда болады немесе бір қолы не аяғы жансызданғандай болады. Бұдан кейін бас қатты ауырады, бұл бірнеше сағатқа немесе күнге созылады Мигрень жанға қатты батады, бірақ қауіпті емес. Емі. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ: Жүкті кезде коферготты қабылдамаңыз. Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Синусит. Синусит — бұл бет қуысының немесе мұрынға тірелетін сүйектің асқынған немесе созылмалы ауруы. Ол көбінесе құлаққа, тамаққа инфекция түсуден, қатты салқын тиюден болады. Алдын алу. Салқын тиген және мұрын біткен кезде мұрынды тазартыңыз. Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Көк шөп қызбасы. Көк шөп қызбасы (аллергиялық ринит) — мұрыннан су ағып, көздің қызарып қышуы адамның дем алған ауасынан организмдегі аллергиялық реакцияның белгісі болуы мүмкін. Аллергия жылдың белгілі бір мезгілінде қозып, асқынады Емдеу жолдары. Хлорфенирамин түріндегі антигистамин қолданыңыз. Дименгидринат та көмектеседі. Бұл әдетте қозғалыс мүшелерінің аурулары үшін пайдаланылады. Алдын алу. Аллергияның неден болғанын (шаң құстың мамығы, гүл тозаңы, мүк) анықтаңыз және олардан аулақ болуға тырысыңыз. Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Аллергия. Аллергия — кейбір адамдардың өздері күнделікті дем алып жүрген заты, ішіп жүрген тағамды, шаншытып жүрген дәріні немесе терінің қабылдау қабілетінің бұзылуы немесе оған кері әсері. Яғни сол заттарды айрықша сезіну қабілетінің пайда болуы. Аллергия инфекция емес, бір адамнан екінші адамға берілмейді. Соған қарамастан, аллергиясы бар адамдардың балалары да аллергияға бейім болады. Аллергия, әдетте, жыл маусымында, немесе белгілі бір затқа тым сезімтал адамдар сол затқа жанасып, жұғысқан кезде күшейе түседі. Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Демікпе. Демікпемен ауыратын адамда тұншығу ұстамасы жиі болады. Дем алысында, сыртқа дем шығарғанда, шуыл немесе сырыл болады. Ішке қарай дем тартқанда бұғана және қабырға арасындағы тері ауаны қиналып тартқаннан ішке қарай сорылып, жабысады. Егер науқасқа ауа жетіспесе, оның тырнақтары мен еріні көгереді, мойын тамырлары білеуленіп тұрады. Әдетте ыстығы көтерілмейді. Демікпе көбіне бала кезден басталып, өмір бойы қол үзбей қояды. Ол жұқпалы емес, бірақ ата-анасы демікпемен ауыратын балаларда бұл ауру жиі кездеседі. Демікпеге тән нәрсе жылдың белгілі бір айында немесе түнінде өршиді. Ауру ұзаққа созылса, ол өкпе эмфиземасына ұласады. Демікпе үстамасы аллергиялық реакциялардың салдарынан да болуы мүмкін. Балаларда демікпе әдетте салқын тиюден басталады. Кейбір жағдайларда, көңіл-күйдің бұзылуынан да немесе мазасыз жағдайлардан да демікпе ұстамасы болуы мүмкін. Алдын алу. Демікпемен ауыратындар өзінде тұншығу ұстамасын туғызатын заттардан аулақ болуға тиіс. Демікпемен ауыратын адамдардың үйі мен жұмыс орны таза болуы керек. құсты немесе басқа да аңдарды үйде үстауға болмайды. Желдетіп алу үшін науқастың керуетін терезе алдына қою керек Кейде ашық ауада ұйықтау да жақсы. Сілекейді босату үшін күніне кем дегенде 8 стақан су ішіңіз. Демікпемен ауыратын адамға ауасы таза жерге қоныс аударғаны жөн. Егер сіз демікпе болсаңыз, темекі шекпеңіз. Темекі шегу сіздің өкпеңізді одан сайын бұзады. Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Лондон. Лондон - Англия және Ұлыбритания астанасы, әрі ең ірі мегаполистері. Еуропадағы ең ірі урбандық аймақ. Лондон әлемдегі өнер, сауда, білім және ғылым, сән, қаржы, кәсіптік қызмет, денсаулық сақтау, зерттеу және даму, туризм және көлік салалары бойынша жетекші жаһандық қала болып табылады. Жұрты. Қала өз маңайын қосқанда алуан түрлі дін және мәдениеттерді қамтитын 300-ден аса әр тілдерде сөйлейтін әр-түрлі ұлт өкілдерімен жұрттанған. Қазақ елі (монумент). “Қазақ елі” монументі Қа­зақстан Тәуелсіздігін айғақ­тайтын айшықты белгі ретінде танылуы тиіс. Ауторлары - Сәрсен­бек Жүнісов пен Жаңбыршы Нұркенов. Тарихи-мемориалдық кешеннің жалпы аумағы 5,2 гектар, соның монумент орна­лас­қан орталық тұғырнамасы 1 гек­тар жерді алып жатыр. Ақ мәр­мәрдан құйылған монумент­тің биіктігі – 91 метр, бұл – Қазақ­стан тәуелсіздігін алған 1991 жыл­дың белгісі. Ал оның басындағы алтын түстес бояу­мен әрленген алып құс – Сам­ұрық Қазақ­стан­ның тынышты­ғын “күзетіп” тұр. Монументтің түсі – ақ. Ол қазақстан­дық­тардың дос­тық­қа адал, бау­ырмал, ақ ниетін паш етсе ке­рек. Көптеген елдерде орнатыл­ған мұндай стелалар қара, кейде қызыл түсті болып келеді. Олар тиісінше қара күш­тің, қанның белгісі іспетті. “Қазақ елі” монументінің сыртқы бөлігінде 28 колоннадан тұратын жалпы ұзындығы 120 метрлік доға пішіндес ақ колон­на да орнатылған. Стеланың өзі осы ақ колоннаданың қақ орта­сында, қызыл граниттен жасалған төрт қырлы тұғырға отырғызыл­ған. Оның төрт қырлы болған се­бебі – дүниенің төрт бұрышына да Қазақстанның құшағы ашық, көңілі адал дегенді айғақтайды. Өзгеріс: тұғыр граниттің төрт қабырғасына жасалмақ. Оның биіктігі 20,1 метрге дейін көте­рілетін болады, содан соң қабыр­ғаларға жаңа көркемдік шешім бойынша қола барельефтер ор­натылмақшы. Идея авторла­ры­ның ойынша, бұл монументтің мазмұны мен көркемдігін аша түседі. Орталық барельеф – “Халық және Президент” деп аталады. Онда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен оның сыртында халықтың бейнесі көрінеді. Алдыңғы фигура­ның биіктігі – 5 м, онда Н.Назар­баевтың Конституцияның үстіне қолын қойып, ант беріп тұрған сәті бейнеленген. Бұл – біздің тәуелсіз, демократиялық елімізде заңның үс­тем­дік құратынын айғақтайтын нышан. Президенттің сыртындағы халық – қазақстандықтар, олардың бейбіт, мейірімді көңілін ұшып жүрген қарлығаштар дәйектейді. Монументтің оң жағындағы екінші барельеф – “Қаһар­мандық” деп аталады. Онда Отан қорғау қазақ ұлдарының ежелден қасиетті борышы болғанын көрсететін бей­нелер шоғыр­ланған. Соның ішінде ерлік пен елдікке үндеген жырау­дың, ат үстіндегі ел қорғаған сар­баз­дың және қолында автоматы бар жауынгердің елдің шебін күзеткен бейнелері орналастырылған. Батыс жақ бетке орналас­ты­ры­латын “Жасампаздық” атты барель­ефте авторлар Қазақстанның көш­пе­лі дәуірден ғарышқа ұшқанға дейінгі жолын бейнелемек болған. Сондағы жасампаздықты туғызған ғалымдар мен инженерлер, метал­лург­тер мен диқандар бейнесі көрінеді. Ал монументтің шығыс жа­ғын­дағы “Болашақ” атты барель­еф­те тәуелсіз елде өсіп, өз тағ­дырларын өздері жасап, ғылымда, мәдениетте, спортта үлкен жетістіктерге жетіп келе жатқан қазақстандық жастар­дың көңілді шақтары бейнеленген. Осы идеялардың бәрі Қазақ­стан халқының тәуелсіздік алған­дағы шаттанған сезімдерін бей­нелеген “Бірлік” атты мүсіндік компози­циямен аяқталады. Қағай. Қағай – киімді (тонды) бала-ағайындарды жинап, мал сойып, кішігірім той жасап, асық жілікті қолына ұстатып, ақсақалдар бата беріп, жетім жасөспірімді өз кіндігінен шыққан төл перзенттерімен тең құқылы ұлы-қызы санатына енгізу. Анда. Анда – жасы құрбылас, ой-пікірі, ниеті, мәдени-тұрмыстық мүддесі қабысқан, адами қасиеттерін түсініскен сырлас, мұңдас ер адамдардың саусақтарын пышақпен тіліп, аққан қанын бір ыдыстағы таза сүтке тамызып, араластырып, бөлісіп ішіп, анттасып бауырлас туыс болу. Бұл туыстық ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан. Әумие–тамыр. Әумие – тамыр – көзі түсіп, көңіліне ұнаған жылқы ішінде аланы, жүйрік құмай тазыны, ақиық қыранды, түзу мылтықты, асыл бұйымды тату, сыйлас адамдардың бір-бірінен қалап алып, төс қағыстырып серттесіп ағайын-ажын атану. Өкіл әке. Өкіл әке – бала отбасының перзентсіз­ді­гіне, жас адамның әкесіздігіне еш байланысы жоқ ара қатысты байлам. Үйлі-баранды елге танымал азаматқа қаны бөлек, ата-аналы ержеткен ұлдың, бойжеткен қыздың ықыласы ауып, балалық жылы сезімі оянып, ниеттескен екі тараптың бірдей әкелік пен перзенттікті қалауы. Ұлы-қызы сөзінің алдына өкіл қо­сылғаны болмаса, ағайындар куәландырған өкіл әкелік пен балалықтың ақиқаты күмән­сіз. Азамат. Азамат ардақты ат. Ертедегі қазақ тілінде азамат сөзі дара тұлға, ұлағатты, керемет, ғажап мағынасын берген. Халық “Жігіттің де жігіті бар, азаматы бір бөлек; азаматына қарап елін таны; азаматтың шығар өз биігі бар” деп көпшілік қауымнан ерекшелеген. Ел қорғаны, халық қамқоршысы, парасатты, білімді, іскер, үлкен өнер иесі, өнегелі адамдар абзал азамат санатына қосылған. Адамға тән бүкіл игілік пен жақ­сылық қасиеттер дарыған, елдің бірлігі мен мәртебе­лігіне еңбек сіңірген ығай мен сығай азамат хан, би сай­ланған, сардар, мырза атан­ған. Аза­маттарының көрнекті адами болмысы, сипаты, өнеге үлгісі арқылы ұлттың абыройы ас­қан, беделі артқан. Ел, халық қадірлеген сол азамат сыны: өмір мен дүние таным терең­дігі, адами па­рызын адал өтеу­ге міндеттілігі және жауап­кер­шілігі, адамзат құндылық­та­рын баға­лау, сақтау, жетілдіру; адамжан­дылық. Адамгер­шілік пен кісілік. Ой аңғарым­дылық, сыр ұққыштық. Жақ­сы­­лықты жалдандыру. Жол­дас­қа кең құшақ, досқа адалдық; қоғамдағы орнын және өз бағасын білу. Пейіл мен ниет пәктігі. Көрпесіне қарай көсілу. Қанағат, нысап. Ас­тамшылыққа аяқ баспау. Абы­рой­ға дақ түсірмеу. Ар-ұятты күйкі тіршілік қамына айырбастамау. Намысқойлық. Сыр сандықты сырбаздық, кемел салиқалық. Кішілігімен ірілену, кісілігімен тұлғалану. Көтерілген адами биігінен аласармау. Ешкімге еліктемейтін, ешкімнің әдетін, мінез-құлқын қайталамайтын өзіндік даралық. Бірсөзділік, сертке беріктік; алымды қабілет­тілік. Жаңа­шылдық, ойшылдық, болжамдылық, өнерден өнер туындату. Күрделі істе тетік, тұйықтан шығар жол тапқыштық. Екіталайда батылдық, шешімділік. Еңбекқорлық. Қоғамда белсенділік; халқын, Отанын шексіз сүю, азаттығын, еркіндігін, бірлігін қорғауда жанпидалық. Же­ңіске масаттанбау, шегіністе еңсе түсірмеу. Қиыншылықта жалтармау. Ұлтшылдық. Ұлт қағидасына, мүддесіне және қасиетіне тәнтілік. Қазақ халқы осы сыннан мінсіз өткендерді дәріптеп, құрметтеп арнайы атау берген. Ел көсемі, көкжал батыр, дана азамат-арыс; зиялы, білімді, өнегелі, алғыр азамат – жігіттің сұлтаны; өз ісінің асқан шебері, сегіз қырлы, бір сырлы азамат – майталман; жомарт, мәрт-марқасқа; рухани сұңғыла – бекзат. Жомарттық. Жомарттық – барша түркіліктердің ішінде дастарқаны жиылмайтын қонақжайлылығымен мәлім қазақтың айтулы ділді ерекшелігі. Байлықтың, әсіреліктің, шашпалықтың дүмпуі емес, ашыққол, пейілді мырзалық. Жалаңтөс қазақтың жомарттығы сан түрлі. Ұлттық дәстүрінде жолы түсіп, үйіне ат басын тіреген жолаушы – құдайы қонаққа мал сойып, кең дастарқан жайып, дәм-тұзын татқызатын. Жаңа қонысты бетке алып, ауыл тұсынан өтпекші көш адамдарына ақ жаулықты аналар зереңдері толы ақ-қымыз, шұбат, айран ұсынған. Түстендіріп не қонажатқызып сыйлы мейманға лайық кәделі қонақасы берген. “Көш көлікті, көрікті болсын” десіп аттандырған. Ауылға, үйге қоңсы қонған отбасына ерулік атаулы дәмдестік сыйлы дастарқан жайылған. Жаңа ғана шаңырақ көтерген жас жұбайлар да көрші-көлемін шақырып, тана тағар атаулы алғашқы қонағасын ұсынған. Ертеңгісін сәлемдесуге келгендерді “таңғы ас Тәңірден” ырымымен дәм татқызбай жібермеген. Осы ретте айта кетерлік жәйт-қазақтың дастарқанды киелі санауы. Дастарқан таза ұсталған, жиегі жиылмаған, үстіне ыдыс-аяқтан, тағамнан өзге нәрсе қойылмаған, басында отырғандарға бейпіл сөз айтуға, ұрыс-керіске, насыбай атып, шылым шегуге, үстінен аттап өтуге тыйым салынған. Кез келген қазақ азаматы жол жөнекей жаяу – жалпы шаршаған жолаушыны кездестірсе, ерулі атына мінгізген не астындағы атына мінгестірген. Тұлдырсыз жақыбайды көрсе есір­кеп иініне біркиер, “дұшпанкөз” киімін жапқан. Біреуге берген қарызы мерзімінде қайтарылмаса сұрамаған, мүлдем өтелмесе жоқтамаған, ке­шірген. Аш-арыққа бала-шаға­сының напақасын ауыздарынан жырып беруден тайсалмаған. Әйтеуір, өзінің қабы қағылып, қалтасы жұқарса да, өзгені жарылқау ниетінен танбаған. Шешендік. Шешендік - ұшқыр ойдың қас қағымда тілге оралымдылығы, байламы; дер кезінде дәл мағынасын дөп басар бейнелілігі; мәнді, ойлы сөздердің мәйекті мақал мен мәтелге айналуы; дау-дамайда қазылық, мәмілегерлік; ара қатыста елшілік, жаугершілікте бітімгерлік; ұрпаққа, қалың қауымға өсиет. “Алажағым кетсе де, айтажағым кетпесін” дейтін қазақтың сөзге қонақ беруі. Шешендік сөз өнері. Байырғы салалары: бейнелі сөз, шешендік сын, шешендік өсиет, шешендік нақыл, шешендік дау, шешендік толғау. Әр қайсының әсерлі өңі, сұлулығы, татымдығы, дуалылығы, зерделігі адам ой жүйесіне, жан-дүниесіне, сезіміне мықты қозғау салады, жүрек тебірентеді. Тыңдау­шы­ның еркі мен сезімін билейді, толғандырады. Шешендік сөздер ағып тұрған поэзия, тұнып тұрған философия. Ақ өлеңмен өрілген сөз тұнығы: сырлы теңеу, астарлы сын, жинақы ой, жұмбақты меңзеу, қисынды толғам, тылсымды талай. Бәрі тіл құдіретінің, пікір түйінділігінің, таңғажайып ой толғағының әмбебап туындысы. Өмір құбылыстарына байламды шешендік сөздер орны-орнына қойылса шебер шендестіріледі. Сырланып, әрленіп, татымы нәрленсе ойды шалқытып, сезімді тербеп адам көңілін ұйытады. Сұлу, өрнекті әр шешендік сөздің өзіне тән терең мағыналы және астарлы жүктемесі бар. Жүйелі, байыпты айтылса досқа пір, дұшпанға зіл, шат көңілге шабыт, қам көңілге демеу, батырға айбынды ұран болар әрі тәтті, әрі қатты, әрі майда, әрі өткір алмас тіл. Киото хаттамасы. Киото хаттамасы - жаһандық экологиялық проблемаларды шешуге арналған, 1997 жылы Жапонияның Киото қаласында қабылданған халықаралық құжат. Киото хаттамасы – ха­лық­аралық деңгейде экологиялық проблемамен бірлесе күресуге бағыт­талған тұңғыш құжат. 1980 жылы әлемдік қоғамдас­тық­тың назары ғаламдық жылыну проблемасына ауды. Атмосфера­ның ластануы, жыл сайын ауа тем­пе­ра­тура­сының көтерілуі полюс­тер­дегі мәңгілік мұздардың еруіне алып келіп, соның салдарынан мұ­хит суларының деңгейі көтеріліп, жа­ғалау бойына жыпырлай ор­на­лас­қан ірі қалалар, елді мекендер су астын­да қалады деген қауіп ай­ты­ла бас­та­ды. Бұл алдымен адам­ның таби­ғат­қа тигізіп жүрген за­ла­лын ойлан­бастан жасаған шаруа­шы­лық қыз­ме­тінің салдары, көмір­қыш­қыл газы мен метанның ауаға шамадан тыс бө­лінуінің әсері деген ғалымдар пайым­дауы біраз жайды аңғартты. Шынында да, жыл сай­ын әуеге көтерілген метан мен кө­мірқышқыл газы жерді қатты қы­зып кетуден сақтайтын инфра­күл­гін сәулелерді жұтып, планета тем­пературасының көтерілуіне алып келді. Әсіресе, жылу, жарық бере­тін стансалардан, қаладағы кәсіп­орындардан бөлінген көмірқыш­қыл газы атмосфералық қабатқа өте­тін газдың 1/3 бөлігін құрайды. Планетадағы жасыл ал­қаптар – ормандар бұл газдың біраз бө­лігін қажетіне жаратқанымен, бар­лығын жұтуға шамасы жетпейтін болды. Зиянды газдардың ауаны бұ­лай­ша ластауы Солтүстік Америка мен Еуропаның дамыған елдерінде және Қиыр Шығыстың индус­трия­сының дамуы қарқын алған елде­рінде көбі­рек орын алуда. Осындай атмо­сфе­радағы антропогендік өз­ге­рістердің Жер шарының жылыну проблема­сы­на алып келетіндігін ресми мой­ын­дау 1980-жылдардың соңы мен 1990-жылдардың басын­да Біріккен Ұлттар Ұйымының Климат өзгеруін зерттейтін үкі­мет­аралық сараптау тобының баян­да­ма­ларынан бастау алады. 1992 жылы Рио-де-Жаней­ро­да өткен Жаһандық орнықты даму самми­тін­де антропогендік өзгеріс­тер­ге ұшы­рамау үшін ауаға бөлі­не­тін газдың мөлшерін тұрақтандыру, климаттық балансты сақтау міндеті қойылды. Бұл конвенцияға 186 ел қосылатындығын білдіріп, ол 1994 жылдан бастап күшіне енді. Жалпы, климаттың антропо­ген­ді өзгеруінің әсері қай деңгейде бо­луы мүмкін деген сауалға жауап із­деп кө­рейік. Ғалымдар планета­да­ғы климат жылылығы 2 градусқа жо­­ғарылағанның өзінде Жер ша­рында 500 млн. адам ауыз судан тап­шылық көреді, 3 градусқа жы­лығанда 3 млрд. адам ауыртпалық тартады деп есептейді. Себебі, климат өзгеріске ұшыраған сайын тегеурініне шыдас бермейтін қатты дауылдар, топан сулар қаптауы жиі­лей беретін бо­ла­ды. Бұдан, әри­не, бірінші кезекте ауыл шаруа­шы­лығы үлкен зиян ше­гетіндігі ай­қын. Ал ол өз кезегінде азық-түлік тап­шылығына алып келеді. Әлем­дік мұхит деңгейінің өсуінің де қатері аз емес, геогра­фия­лық кар­таның суреті қазіргі уақытқа мүлде ұқсамай, Голландия сияқты елдер мен Нью-Йорк секілді жа­ға­лауға жақын орын тепкен қалалар мен көптеген әсем аралдардың су асты­на кету қаупі бар. Нидерланды, Ұлы­британия сияқты аралдағы мемлекеттер, Кариб бассейніндегі және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы арал мемлекеттер үшін бұл қиын­дық­тың салмағы тым ауыр болмақ. Жердің орташа температурасы қазіргі кезде 14 градус Цельций, Фаренгейт бойынша 57 градусты көр­сететіні есептеп шығарылды. Негізінен атмосфераға булы газ­дар­­дың көтерілуі табиғи нәрсе. Алай­да, ғалымдар адамдардың тір­ші­лігінің нәтижесінде булы газ­дар­дың көте­рі­луі молайып кеткендігін алға тар­тады. Әсіресе, ол соңғы 50 жылда қат­ты көтерілген. Олардың ішінде көмірқышқыл газының көтерілуінің салдары Жер шары­ның жылынуына алып келеді деге­німізбен, бұл орайда ғалымдардың пікірінің де түрлі екендігін айта кеткен ләзім. Бірік­кен Ұлттар Ұйымының 130 елінен 1000-ға тарта ғалым тартылған “Климат өзгеруін зерттейтін үкіметаралық сарап­шы­лар тобының” (КӨҮСТ) 2007 жыл­ғы төртінші соңғы есебін­де 1906-2005 жылдар аралығында жер тем­пературасының жылынуы 0,74 градусты құрады делінген. Мұхит сулары терең қабаттардағы мұздай сумен араласуынан Жер шарының оңтүстігінде олардың жылыну дең­гейі төмен, ал солтүстіктегі құр­лық­та жылыну жоғары. Спутник арқылы жүргізілген зерттеулер 1960 жылдан бері екі полюстегі мұз қабаттарының аумағы 10 пайызға азайғандығын көрсеткен. Әсіресе, Солтүстік жартышарда оның аума­ғы 15 пайызға дейін кеміп, мұздың қалыңдығы 40 пайызға жұқарған. Гренландия мен Арктика мұздары­ның жылдамдықпен еруі зардабы­ның дәмін алғашқы болып сол­түс­тік­тің ақ аюлары татып жатса керек. Бұл орайда, Вашингтон уни­вер­си­тетінің ғалымдары Игнатиус Ригор мен Джо Валластың соңғы 25 жылдың ішінде жүргізген зерттеулері де көңіл аударар­лықтай. Мұз көлемінің азаюы мен жұқаруының Сол­­түс­тік мұзды мұхитында­ғы ағыстар мен Арктикаға ғана емес, Солтүстік Атлантикаға да әсері бар екендігі айтылады. Ғалым­дар арада 30-40 жыл өткенде Сол­түстік мұзды мұхитының жылдың жылы мезгіл­де­рінде толығымен мұз құр­сауы­нан босанатындығын алға тар­та­ды. Әлем­нің ең биік мұзарт шың­ды Ги­малай тауларының да мұздақ­тарына еру қаупі төнген. Егер дәл бүгінгі қарқынмен ол әрі қарай жүре берсе, онда 2060-жыл­дары мұздақ­тардың үштен екісі, ал 2100 жыл­дары бар­лығы еріп кетеді. Экожүйедегі ауытқулардың фау­на мен флораға әсері де айтар­лық­тай. Жыл құстары ерте келіп, кеш кетуді бастаса, өсімдіктердің 30-40 пайызына ортасының өзгеруіне байланысты жойылып кету қаупі туған. Өйткені, жүздеген, мыңдаған жылдар бойына қалыптасқан тірлік ырғағының ауысуына тез арада ілесе алмау жер бетіндегі түрлердің жұтаң­дануына алып келмек. Ауа температурасы 1 градусқа жылыған күнде ормандардың да басына қауіп төнеді екен. Орман жүйесі болса көміртегінің 80 пайызын табиғи сіңіруші, ал орман ағаштары тип­тері­нің ауысуы орасан мол мөл­шер­де көміртегін бөлу арқылы жүреді. КӨҮСТ-тің соңғы есебінде сондай-ақ орташа температураның өсу деңгейі сақталады, бірақ оның жылдамдығы мен ұзақтығы бола­шақ­та булы газдардың эмиссиясы­ның азаюына тәуелді деген ұйғарым жасалған. Белгілі ағылшын эконо­мисі Лорд Николас Штерн 2050 жылы миллиондаған адам ұзаққа созылған құрғақшылық пен өзге де климаттық ауытқулар: су басу мен жойқын дауылдардан, аштықтан қашқан “климат босқыны” болуы мүмкін деген қауіп айтады. Нобель сыйлығының лауреаты, БҰҰ КӨҮСТ-нің басшысы Др. Пачаури адамзат баласының қазіргі жағдайды өзгертуге 10 жылдай ғана уақыты бар деп есептейді. Сайып келгенде климаттың антропогенді өзгеруінің салдары көлік және басқа да инфрақұрылымдарға да орасан зор зиянын тигізбек. Бұлардың бәрі, тұтастай алғанда, жаһандық тұрғыда алға шығатын экономикалық, әлеу­меттік, саяси проблемалардың қан­ша­лықты күрделі болатындығын бү­гінгі күннің өзінде ұғындырса керек. Ал эмиссия көлемі жөнінен ТМД мемлекеттері ішінде Ресей мен Ук­раи­надан кейін тұрған біздің еліміз үшін ол әсер жоқ десек, шын­дықты бұрмалағанымыз болып шығар еді. Киото хаттамасының экономи­калық негіздемесінің басты тіні етіп англо-америкалық экономист Рональд Коуздың экономикалық жекеменшік құқық теориясы алынған. Коуз теориясына дейін қор­ша­ған ортаның ластануын зерт­теу­шілер онымен күресте мемлекет өндіріс қалдықтарындағы зиянды заттар концентрациясының ең жо­ға­ры нормасын және ауаға шыға­рылатын зиянды заттардың ең жо­ғары нормасын анықтап, одан асып кеткенде нормативті бұзғаны үшін айыппұл салып, жауапқа тартып отыру қажет деп келді. Ал Коуз және оны жақтаушылар жоғарыда көр­сетілген шаралардың жетімсіз болатындығын алға тартты. Олар бек­ітілген нормадан ауытқымаса да қоршаған ортаға зиян келтіретін кәсіпорынның ешкімге жауап бер­мейтінін, әрі жоғарыдағы нормалар барлық кәсіпорындар үшін бірдей алынғандығын көлденең тарта отырып, мұндай үдерістен пайда жоқ деп санайды. Сондықтан, рет­теу шы­ғарылған өнім қоғамға қан­ша­лық­ты қажет деген критериймен өлшенуі керек дейді. Сол себептен, Коуз дау тудырушы нысан ретінде кәсіп­орын­ның өзін емес, қоршаған ортаға зиян келтіретін кәсіпорынды пайдалану құқығын қарастырады. Мұндай құқық кәсіпорынның кімге тиесілі екеніне қарамастан, келісім мен сату және сатып алу нысанына айналады. Коуз идеясы бойынша, бұл құқық сату-сатып алу актілерін жасау арқылы түптің-түбінде ны­санды тиімді пайдаланатынның қолына өтеді. Коуз көзқарасы қоршаған орта­ны ластаумен күрестегі ұстаным­дар­ды түбегейлі өзгертті. Енді, мемле­кет, жоғарыда көрсетілгендей, зиян­ды қалдықтар шығуының норма­тивін жасаумен шұғылданбайды, тек зиянды заттар шығуының ең жоғары көлемін хаттама негізінде белгілейді, сол көлемде ластауға лицензия бе­ріп, оны аукцион арқылы ең көп ақша төлегеніне сатады. Кейін ли­цен­зияға сәйкестік қана қадағала­нып отырады. Сонда зиянды қал­дық­тар мен зиянды заттар концен­тра­циясын бөлу ақылы болып, мемлекеттік аукциондарда лицен­зия­ны сатып алушы фирма оны бас­қаларға өсіріп сатуға да мүмкіндік алады. Осылайша кейбір дамыған елдер атмосфераға зиянды заттар бөлудің ұлттық рыноктарын құра бастады. Егер мемлекет өзіне тиесілі квотаны толық жұмсамайтын болса, онда өзінен артылған бөлігін өзге елге сата алады. Бұл ретте көршіміз Ресей өзінің квотасын толық көлемде жұмсай алмай отыр. Ал біздің елде квотаның мұрты да бұзылмайтындай шамада. Хаттама­ның тағы бір маңызы – дамыған елдер мен өтпелі экономикадағы елдер булы газдардың атмосфераға шығарылуын азайтуды бірігіп ат­қаратын мүмкіндігі бар. Ол қалай жүзеге асады? Мәселен, бір елдің атмосфераны ластау деңгейі төмен де, енді біреуінікі жоғары. Төмен деңгей көрсеткен ел атмосфераға газ шығарудан өзі жинаған бір­ліктерін жаңағы мұқтаж елге беріп, пайдасын көреді. Киото хаттамасына енудің эко­но­микалық жағынан тиімділігін ұққан Ресей хаттаманы ратифи­ка­циялады және өз экономикасына жылына 4-6 млрд. доллар көле­мін­де шетелдік инвестиция тартуды көздеп отыр. Алайда, атмосфераға зиянды заттарды бөлудің алдыңғы легіндегі, барлық зиянды шыға­рын­дының 36,1 пайызын алып отырған АҚШ асығар емес. Мұ­хит­тың арғы жағындағы алпауыт елдің хаттаманы ратифика­ция­ла­мауының ресми себебі – Қытай, Үндістан тәрізді ауа ластауда әжеп­тәуір “үлестері” бар дамушы елдердің осы халықаралық құжат­ты ратификацияламауы. Бұл, екінші жағынан АҚШ-қа тиімді. Қазақстан және Киото хаттамасы. Қазақстан Киото хаттамасы­ның тетіктері арқылы энергия үнемдеуге байланысты үлкен ин­вестиция тартуға мүмкіндік алады. Нәтижесінде, экономиканың шикі­зат­тық бағыттылығы нысаналы түрде, біртіндеп жоғары техноло­гия­лық өндіріс үдерістеріне өзге­ре­тін болады. Цифр тілімен сөй­ле­сек, Қазақстанда жыл сайын ауаны 213 миллион тонна өндіріс қалдықтары ластайды. Ал еліміз­де­гі жоғары булы газдың шығарын­дысының 80 пайыздайы бір ғана энергия секторына тиесілі болып отыр. Жалпы алғанда, біздегі қуат көзін үнемдеу, оның тиімділігін арттыру әлеуеті жоғары. Қазақстан инвестициялық жобаларды іске асыру үшін Киото хаттамасының тетіктерін пайдаланса, инвести­ция­лы­қ жобалар бірнеше есе арзан­ға түспек. Сондай-ақ елімізде осы жолда озық технологиялар не­гізінде құрал-жабдықтарды жаңар­тып, өнім сапасын жоғарылатуға және әлемдік рынокта отандық өнеркәсіптің бәсекелестігін арттыруға болады деген пікірді жақтаушылар көбейді. Киото хаттамасының елімізде ратификацияланбауы әлемдік дең­гейде климаттың өзгеруі бойынша шешім қабылданарда Қазақстанды дауыс беру құқығынан айырып қана қоймай, біздегі барлық эко­логиялық бастамаларға тосқауыл болып келді. Ал хаттама уақыты шектеулі. Осыны ескергендіктен де болар, соңғы кездері Парламентте хаттаманы ратификациялау бағытындағы жұмыстар қарқынды жүрді. Сөйтіп, құжат Мәжіліс пен Сенатта мақұлданды. Енді Киото хаттамасын рати­фи­кациялау Қазақстанның әлем­дегі инвесторлары мен серіктестері арасында оң пікір қалыптастырып, елімізде “Киото үдерісін” дамы­ту­ға, тиімді энергия саясатын енгізу­ге, зиянды заттардың шығарын­ды­ларын қысқартуға, сондай-ақ бар­лық экономикалық саладағы ашық­тыққа жетуге оң ықпал етеді. Мұның Бүкіләлемдік сауда ұйы­мы­на (БСҰ) кіру кезінде сөзсіз ар­тықшылығы болады. Әрі хаттама­ның экономикалық тетіктері то­лық­қанды жұмыс атқарғанда қа­зақ­стандық бизнес те жаңа мәрте­бені иеленеді. Яғни, әлемдік рынокта булы газдар шығарын­ды­ларын саудалауда өзгелермен тең құқылы қатысушы болады. Киото хаттамасын ратифика­ция­лау, сондай-ақ Қазақстанға қа­зіргі заманғы тиімді технологиялар түріндегі 1 млрд. АҚШ доллары­нан астам қаржыны – дамыған, алдыңғы қатарлы елдердің жыл сайынғы инвестицияларын тартуға жол ашпақ. Бұл технологиялар трансферті жабдықтардың тозуы 60 пайызға жеткен және оны жаң­ғырту көлемді инвестицияларды талап ететін энергетикалық сек­торға бағытталатын болады. Қазақстанның өндірістік күшін өсірмеу үшін міндетті түрде Кито хаттамасын ратификациялау қажет. Батыстың жырымдап беретін қаржысы уақытша және алдамшы. Экономиканың негізі өнеркәсіп,егер өнеркәсібіміз дамымаса және еліміз біржақты яғни жер қойнауындағы байлықпен ғана дамитын болса,онда экономикамыз басқа елдерге тәуелді болады. Киото хаттамасын тек экологиялық құжат деп қабылдауымыз қате. Бұл халқаралық құқыққа сай, дамушы мемлекеттердің экономикасын/дамуын заңды реттеу құралы. Қорыта айтқанда, Киото хат­та­масына қосылу қоршаған ортаны қорғауды басқарудың сапасын көтеріп, индустриялық-иннова­ция­лық дамуды жеделдетуге, сон­дай-ақ тараптар конферен­ция­лары­на қатысу құқығына ие болу арқылы бүкіл әлемнің энергети­ка­лық саясатына тікелей әсер ететін келіссөздерде еліміздің энергети­ка­лық саясатын қорғауға мүмкіндік береді. Сақтық. Сақтық – биологиялық мәнде инстинкт. Жанды нәрсенің сақ болуы – оның өмір сүруінің негізгі тәртібі, одан айырылғандар тіршілік иесі болудан қалмақ. Сақтық тек биосфераға ғана емес, ол, Владимир Вернадский лексикасына салса, ноосфераға да тікелей қатысты. Антиспазмодик. Антиспазмодик — құрыспаны немесе ішек құрыспасын жеңілдететін дәрі. Антитоксин. Антитоксин — Уға немесе токсинге қарсы әрекет ететін не оларды бейтараптайтын дәрі. Көбінде жылқы қаны сарысуынан әзірлейді. Антигистамин. Антигистамин — Қызба мен қышыма сияқты аллергияларды емдегенде қолданылатын дәрі. Сондай-ақ бас айналу мен ұйқышылдық себептерін бақылау кезінде жәрдемдеседі. Артерия. Артерия — Жүректен дененің барлық бөлігіне қанды жеткізетін тамыр. Бұл қан тамырлары соғып тұрады. Қанды жүрекке қайтарып беріп тұратын көктамыр соқпайды. Көкбауыр. Көкбауыр (талақ) — Сол жақ қабырғаның төменгі жағында орналасқан көлемі жудырықтай ағза. Оның міңдеті — қан түзу және оны сүзу. Антацид. Антацид — Асқазан қышқылының артуын бақылау үшін және асқазан бузылуын басу ушін пайдаланылатын дәрі. Антибиотик. Антибиотик — Бактерия туғызатын жұқпалы ауруға қарсы күресетін дәрі. Тар ауқымды антибиотик. Тар ауқымды антибиотик — аурудың шектеулі түрлеріне, әр алу-ан бактерияларға қарсы қолданылатын дәрі. Кең ауқымды антибиотик. Кең ауқымды антибиотик — Микроорганизмдердің көптеген түрлеріне қарсы берілетін дәрі. Тек бірнеше ғана микроорганизмге берілетін тар шеңберде қолданылатын антибиотиктермен салы-стырыңыз. Антивеном. Антивеном (антивенин) — Жылан уы сияқты умен малдың улануын емдеу үшін пайдаланылатын анти-токсин. Антисептик. Антисептик — Бактериялардың өсуін тоқтататын сабын немесе тазартатын ерітінді. Аппендикс. Аппендикс — Тоқ ішекке жалғасқан соқырішектің құрт тәріздес ескіні. Аскарида. Аскарида (жұмыр құрт) — адам ішегінде өмір сүретін үлкен құрттар, олар іш бүзылуын, тамақ қорытпауын, әлсіздік, кейде ішектің бітелуін туғызады. Бактериялар. Бактериялар— тек микроскопта ғана көрінетін аса ұсақ микробтар және олар квптеген әр алуан аурулар туғызады. Ғалым Антон Левенгук ашқан.Бактерия - бір жасушалы ағза, көбісі таяқша пішінді болып келеді. Бакреия негізінен түссіз тек кейбіреулерінде ғана аздап бояғыш заттар кездеседі. Фотосинтез құбылысы жүретін көк -жасыл қызыл түсті өкілдерін цианобактериялар деп атайды. Бактериялар – табиғатта ең көп тараған, негізінен бір клеткадан тұратын, оқшауланған ядросы жоқ, ең қарапайым организмдер тобы. Алғаш рет бактерияларды (грекше bakterіon – таяқша) 17 ғасырда голланд ғалымы, микроскопты жасаушы – Антони ван Левенгук байқаған. 19 ғасырда бактериялардың құрылысы мен табиғаттағы рөлін француз ғалымы Луи Пастер, неміс ғалымы Роберт Кох және ағылшын ғалымы Джозеф Листер зерттеді. Бактериялардың клетка құрамында тұрақты клетка қабаты, цитоплазмалық мембрана, цитоплазма, нуклеоид, рибосома болады. Ядроның қызметін дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) атқарады. Бактериялар ядросы мембрана қабығымен оқшауланбаған және онда хромотин жіптері түзілмейді. Бактериялар қарапайым бөліну арқылы көбейеді. Мысалы, 1 г қара топырақта 2 – 3 млрд. бактериялар, 1 г құмды топырақта 150 мың бактериялар, адам көп жиналған бөлме ауасының 1 м3-інде он мыңдай бактериялар тіршілік етеді. Олардың пішіндері әр түрлі: шар тәрізділерін – кокк, қосарланғандарын – диплококк, таяқша тәрізділерін – бациллалар, үтір тәрізділерін – вибриондар, таға тәрізділерін терроидтар, жүзім тәрізді шоғырланғандарын – стафилококтар деп атайды. Бактериялардың ұзындығы 1 – 20 мкм, ені 0,1 – 10 мкм, ал жіп тәрізділерінің ұзындығы 50 – 100 мкм-ге жетеді. Қолайсыз жағдай туғанда сырты қалың қабықпен қапталып спора түзеді. Бактериялар өте төменгі температурада (–190ӘС-та, ал споралары –253ӘС-та) тіршілік ете береді. Оларды өте жоғары температурада (+100ӘС-та) кептіргенде, кейбір түрлері (мысалы, гонококтар) тіршілігін тез жойса, дизентерия таяқшалары жеті тәулік, дифтериянікі отыз тәулік, туберкулездікі тоқсан тәулік, ал түйнеменің бациллалары он жылға дейін тіршілігін жоймайды. Бактерияларды ультракүлгін сәулелері ерітіп жібереді. Қышқылды, қантты, тұзды ортада тіршілік ете алмайды. Бактериялардың көпшілігі зиянсыз, ал зиянды түрлері көптеген жұқпалы аурулар (туберкулез, тырысқақ, көкжөтел, т.б.) тудырады. Бактериялар клеткасында өсімдіктер мен жануарлардың клеткасында болатын элементтердің барлығы кездеседі. Бактериялардың тіршілігінде ферменттердің атқаратын рөлі зор. Олардың бір бөлігі (эндоферменттер) бактерияларда синтез, тыныс алу процесін реттесе, ал екіншілері (экзоферменттер) бактериялар арқылы қоршаған ортаға бөлініп шығады. Сондай-ақ олардың тіршілік етуі үшін көміртек пен азот өте қажет. Бактериялар азотты белоктан, амин қышқылдарынан, аммоний тұздарынан, нитраттардан алады, кейбіреулері атмосфера азотын сіңіреді. Бактериялар көміртекті көптеген көмірсулардан, спирттерден, органикалық қышқылдардан, т.б. алады. Органикалық қосылыстардағы көміртекті сіңіретін бактерияларды гетеротрофты, ал атмосферадағы көміртекті сіңіретіндерді автотрофты бактериялар деп атайды. Бактериялар ауа бар жерде де (аэробты бактериялар), жоқ жерде де (анаэробты бактериялар) өсіп-өнуге бейімделген. Өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарын минералдандыру арқылы бактериялар табиғаттағы зат айналымына қатысады. Мысалы, бактериялар өсімдік қалдығына әсер еткенде, оның құрамындағы крахмал, пентозандар, целлюлоза, пектин заттары су мен көмір қышқылына ыдырайды. Тірі организмдерге шіріту бактериялары әсер етсе, ондағы азот қосылыстары аммиакқа айналады. Ал топырақтағы нитрификациялаушы бактериялар аммиакты азот қышқылы тұздарына дейін тотықтырады. Бактериялар топырақ құнарлылығын қалыптастыруға, химиялық элементтердің геохимиялық жолмен алмасуына қатысады, антибиотиктерді, амин қышқылдарын, витаминдер мен ферменттерді, т.б. қосылыстарды түзеді. Бактериялар тамақ және жеңіл өнеркәсіптерінде (сүт тағамдарын әзірлеу, зығырды жібіту, т.б.) кеңінен пайдаланылады. Бактериялық сілтісіздендіру, бактериялық шаймалау – кентастар құрамындағы бағалы кендерді (уран, мыс, алтын, т.б.) микроорганизмдер көмегімен ерітінділеп алу әдісі. Металдарды бактериялық сілтісіздендіру арқылы бөліп алу әдісімен өндіру 16 ғасырдан белгілі болған. Бірақ ол кезде бактериялардың металдарды сілтісіздендірудегі рөлі белгісіз болды. 1947 ж. американың микробиологтары Холмер мен Хинкелл кеніш суында бұрын белгісіз Thіobacіllus T. ferrooxіdans бактериясының бар екенін анықтады және оның сульфидті минералдардың барлық түрін, күкіртті, темірді, сондай-ақ Сu+, Se2-, Sb3+, U4+ элементтерін қышқылдығы (рН) 1,0 – 4,8, температурасы 5 – 35Ә болатын ортада тотықтыра алатынын дәлелдеді. Бұл бактериялардың 1 г кендегі, немесе 1 мл кен суындағы мөлшері 1 млн-нан 1 млрд-қа дейін болады. 1958 ж. АҚШ-та мысты T. ferroоxіdans бактериясымен сілтісіздендіру әдісі патенттелді. КСРО-да бұл жөніндегі зерттеулер 20 ғасырдың 50-жылдарында басталды. Оның нәтижесінде зерттеушілер сульфидті минералдарды, темірді, күкіртті тотықтыратын бактериялардың жаңа (Leptospіrіllum L. ferrooxіdans, Thіobacіllus organopatus, Thіobacіllus thіooхіdans, т.б.) түрлерін ашты. Түсті металдарды кеннен бактериялық сілтісіздендіру әдісімен алуда бактериялардың тиондық түрі – T. ferrooхіdans көбірек қолданылады. Бактериялық сілтісіздендіру процесін жылдамдату үшін кенді ұнтақтап немесе кен үгіндісін (концентратын) жете араластырып, алынған қойыртпақты аэраттап және бактериялардың әрекетке жарамдылығы толық сақталатындай температура мен қышқылдылықты (рН-ты 1,5 – 2,5 шамада) біркелкі ұстау қажет. Бұл жағдайда 1 мл концентраттағы бактерия клеткаларының саны 109–1010 жетеді. Бір сағат ішінде, осындай мыс концентратынан 0,7 г/л, мырыштан 1,3 г/л; қалайыдан 0,2 г/л өнім ерітіндіге түседі. Қалайы мен алтыны бар үгіндіден 70 — 80 сағат ішінде 90% пайдалы кенді (металды) бөліп алуға болады. Бактериялар сульфидтерді жүздеген, мыңдаған есе тез тотықтырады, ал екі валентті темірдің (Fe2+) тотығуын химиялық әдіске қарағанда 2Һ105 есе жылдамдатады. Ашық әдіс үш валентті (Fe3+) темір және бактериясы бар әлсіздеу күкірт қышқылының (H2SO4) судағы ерітіндісін үйіндідегі кенге шашыратып себу арқылы іске асырылады. Жер астылық әдісте ерітінді айдау ұңғымасы арқылы кенге жеткізіледі, ал құрамында металы бар ерітінді ұңғыма арқылы жер бетіне шығарылып, гидрометаллургия зауытына жіберіледі. Бактериялық сілтісіздендіру әдісімен алған металдың өзіндік құны химиялық сілтісіздендірумен салыстырғанда бір жарым – екі есе төмен болады. Бактериялық сілтісіздендіру әдісі Қазақстанда алғаш рет Қоңырат, Николаев кеніштерінде қолданылды. Іш перде. Іш перде — Ішек пен дене қабырғасы арасындағы жұқа қабықша. Ішекті үстап тұрған қалта. Көктамырдың ісуі. Көктамырдың ісуі (варикоз) — Көктамырдың қалыптан тыс кеңеюі, әдетте қарт адамдардың, жукті жэне көп балалы әйелдердің аяқтары ісінеді. Гипохондрия. Гипохондрия — Жалған сырқатқа мейлінше мазасыздану немесе оған шектен тыс ынта қою. Глюкоза. Глюкоза (жүзім қанты) — Денеге тез және жеңіл сіңетін қанттың қарапайым түрі. Ол жемісжидектерде және балда болады, денедегі суды қалпына келтіруге пайдалануға арналған ақ үнтақ түрінде сатылады. Гормондар. Гормондар — Ішкі бездер секрециясы. Ерекше қызмет атқаратын дене белігінен шығатын химиялық заттар. Мәселен, эстроген мен прогестерон — әйел етеккір кезеңін және жүкті болу кепілін реттейтін гормондар. Алыстан көргіштік. Алыстан көргіштік — Алдындағы жақын тұрған заттардан гөрі қашықтықта тұрған заттарды көру қабілеті. Деконгестант. Деконгестант — Мурынның немесе қолтықтың ісуін немесе бітелуін азайтуға көмектесетін дәрі. Дизентерия. Дизентерия (қанды іріңді іш өтуі) — Қан мен жалқаяқ аралас іш өту. Бұл әдетте жұқпалы инфекция арқылы пайда болады. Сары ауру. Сары ауру — Көз бен терінің сарғаюы. Бұл бауыр, өт қабы, уйқы безі немесе қан ауруларының белгісі. Өт қабы. Өт қабы — Бауырмен жалғаса жатқан кішкене қалта. Өт қабы майлы тамақты қорытуға көмектесетін өтті, сұйықты жинайды. Өт. Өт — бауыр шығаратын жасыл қою сұйықтық, ол сары қабықта болады. Ол майдың қорытылуына көмектеседі. Іш қату. Іш қату — сирек шығатын, құрғақ, ауыр немесе қиын дәрет (үлкен дәрет), ол сирек кездеседі. Қоянжырық. Қоянжырық — Ауыздан мұрынға дейін (қоян мен үй қоянында болатындай) жоғарғы еріннің жырығы. Кейбір балалар қоян жырық болып туады. Инсулин. Инсулин — Ұйқы безінің гормоны. Қандағы қанттың мөлшерін бақылайтын уйқы безі бөлетін зат. Инсулиннің теріге құятынын кейде шыжың ауруы бар адамдар қажет етеді. Инфекция. Инфекция — Жұқпалы ауру. Бактерия немесе басқа микроорганизмдер туғызатын ауру. жұқпалы ауру дененің бір бөлігін (мәселен, зақымданған саусақты), не бүкіл денені (қызылшамен ауырса) зақымдауы мүмкін. Истерия. Истерия — Ұстамалы жүйке ауруы. 1) Жалпы мағынасында мейлінше күйгелектік, үрей; сондай-ақ сезімге беріліп титықтау ахуалы; 2) медициналық термин ретінде үрей немесе наным күші туғызатын ауру белгісі. Бүйрек тастары. Бүйрек тастары — Бүйректе түзілетін және несеп жолымен шығатын ұсақ тастар. Ол арқа жотаның теменгі жағын, бүйірде, несеп жолында немесе қарыннан төмен қатты ауыртуы мұмкін. Қуықта олар несеп жолын бітеп, зәр шығару кезінде ауыртуы немесе оны шығармай тастауы мүмкін. Квашиоркор. Квашиоркор — Жеткілікті протеині бар тамақ ішпеуден туындайтын қоректенудің мейлінше тапшылығы. Бұл ауруға ұшыраған баланың аяғы, қолы мен беті ісіп кетеді, қабыршақты қотырға тап болады. Катетер. Катетер — Қуықтан зәр шығару үшін пайдаланылатын резеңке түтік. Катаракта. Катаракта — Көз бұршағының қарауытуы. Көздің күңгірттенуі мен жұмсаруы, мұның арты соқырлыққа апарып соғады. А витаминінің жетіспеуінен болады. Компост. Компост — Қоспа шірінді. Өсімдік пен жануарлар тегінің қоспасы, оларды тыңайтқыш ретінде пайдалануға шіріту үшін қалдырады. Шөп, түскен жапырақ, көкөніс қалдықтары, құс саңғырығы, кең, осылардың бәрі жақсы шірінді тыңайтқыш. Есекжем. Есекжем — Қатты қышитын денедегі жаман, қалың торлаған таңдақтар. Олар бірден шығуы немесе бір жерден екінші жерге шығуы да мүмкін. Аллергиялық қозу түрінде болады. Емдеу тәсілі күн батып бара жатқанда есекке ауырған адамнын етегінен жем беру керек Қан қысымы. Қан қысымы — қан тамырларының (күре тамырлар мен көктамырлардың) қабырғаларына түсетін күш немесе қан қысымы: адамның жасы мен денсаулығына байланысты болады. Лимфа. Лимфа (— жартылай мөлдір сарғыш түсті сұйықтық, ол ұлпа сұйықтығынан бөліп шығарылады. Лимфа жасушааралық кеңістікте басталады да лимфа тамырлары бойынша ағады. Құрамына қарай лимфа қан плазмасына ұқсас болады, бірақ онда белоктар аз болады. Лимфа тамырлары бір-бірімен қосылып екі үлкен лимфа тармағын құрайды, олар үлкен венларға құйылады. Личинка. Личинка — Кішкене құрт. Жұмыртқадан көптеген жәндіктер мен паразиттерді шығаратын құрт тәріздес өскін түрі. Ол есейгенде түрін өзгертеді. Лямблия. Лямблия — Көзге керінбейтін, микроскоппен көрінетін паразит, ол ішекті зақымдап, көпіршікті сары іш өтуін туғызады. Теріскен. Теріскен — Қабақта, әдетте оның ушында жұқпалы организм туғызатын қызыл, ісінген түйін. Аналық без. Аналық без — Әйелдің жатырымен бірге ішінің теменгі жағындағы кішкене қалташа. Олар еркектің шауһатымен бірігіп бала жасау үшін үрық клеткасын беледі. Жара. Жара — Терінің немесе жалқақ жарғақтың сетінеуі, терідегі, көздің, асқазанның немесе ішектің үстіңгі жағында болатын созылмалы жара. Бөксе. Бөксе — Адам денесінің отыратын бөлігі. Арқаның артқы, төменгі бөлігі (құйрық). Эклампсия. Эклампсия — Кенеттен болатын естен танулар, әсіресе жүктілік, босанған кезде болады. Жүктілік токсикоздың нәтижесі. «Жами ат-тауарих». "Жами ат-тауарих" - Қадырғали Қосымұлы Жалаиридің 1600-1602 жылдары жазған еңбегі. Бұл тарихи шығармада қазақ халқының қоныс тепкен жай-жапсары, ондағы қалалар мен қала мәдениеті, Қазақ хандығы мен қазақ хандарының өмірбаян шежірелері, хан төңірегіндегі сұлтандар мен қарашалар, батырлар мен абыздар және басқа әлеуметтік топтар, Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайлары, Қазақ хандығының заң ережелері жайында ғылыми құнды деректер берілген. Перитонит. Перитонит — Іш пердесінің қабынуы. Қауіпті қабыну. Ішек ағаштай қатайып, адам аяғын жазып жатқан кезде қатты ауырғанын сезінеді. Қайызғақ. Қайызғақ — Шашта пайда болатын майлы ақ немесе сұрғылт ұлпалар немесе қабыршақ. Бас терісінің майлануы. Вазелин. Вазелин — Теріге арналған майларды әзірлеуге пайдаланылатын май тәріздес зат. Пастеризациялау. Пастерлендіру — Қайнату арқылы микробтан тазарту. Белгілі бір температураға дейін (60°С) зиянды бактерияларды өлтіру үшін 30 минөттей сутті немесе басқа сұйық затты қайнату процесі. Шап. Шап — Екі аяқтың қосылатын жеріндегі дененің алдыңғы белігі, жыныс мүшелерінің аумағы. Алғашқы көмек. Алғашқы көмек — Есінен айырылып, соғылған адамды дерек күту немесе емдеу. Бауыр. (hepar латынша) бауыр - омыртқалы жануарлардың тiршiлiк маңызды жұп емес iшкi органы, соның iшiнде және адам, диафрагмамен (iштiң қуысы) iш қуыста болды әр түрлi физиологиялық функциялардың үлкен сан орындайтын. (бауыр арқалықтарының арасындағы) капиллярлар бөлiк iшiндегi синусоидныелер (өт капиллярларын кеңейту олардың бөлiктен шығатын есiгiнде) холангиолы (бауыр арқалықтарымен саңылау сияқты аралық кеңiстiк және капиллярлармен синусодными) диссе кеңiстiк перисинусоидное (капиллярлардың бөлiк iшiндегi синусоидныхтарының араласып кетуiмен құрастырылған) орталық Күре тамыр Строма сыртқы соединительноткандық капсуладан, Рвсттың бөлiм аралығы жұқа қабаттары, қан тамыры, жүйке аппараты тұрады. Ұйқы безі. Ұйқы безі — Сол жақта, асқазаннан темен орналасқан ағза, ол ұйқы безі гормонын (инсуллин) бөледі. Жолдастың жатырды жабуы. Жолдастың жатырды жабуы — Жолдастың жатырға өте төмен келіп, оны жауып тастау сәті. Қан кету қаупі мол болады. Жүктіліктің соңғы айында қан кетсе, бұл жолдастың жатырды жауып қалғаны — әйелді дереу ауруханаға апару керек. Қуық түбі безі. Қуық түбі безі — Ер адамның несеп жолы немесе үрпі жолы негізіңдегі тығыз, бүлшық ет безі. Ересек ер адамдарда зәр шығару кезінде қуық түбі безі ұлғаяды. Альдегидтер. Альдегидтер (лат. al(cohol) dehyd(rogenatum) — сутексiз спирт) - органикалық қосылыс. Молекула құрамында карбонил немесе оксо топшасы бар көмірсутек туындыларын альдегидтер және кетондар деп атайды. Белуга шыңы. Белуга шыңы - ақ қармен жамылған солтүстік шығыстағы Сібір және Алтайдың ең биік нүктесі. Бұл қардың, мұздың, ақырған қар көшкіндерінің, жарқыраған сарқырамаларының отаны. Ол Солтүстік Алтайдағы биіктігі 3,373м атақты екінші шың Бүркітауыл шыңымен көршілес орналасқан. Рахманов Ыстық Көзі. Осы жердің астында ағып жатқан өзендердің құрамында, көпшіліктің ойынша, емдік қасиеті бар радон, яғни өте сирек кездесетін гранит миниралдарының ұсақ бөлшектерге бөлінуінің құрамдасы бар. Термалды сулар буындардың, омыртқа сүйектерін, жүйке жүйесін және тері ауруларын емдеуде қолданылады. Шаруа Рахманов 1763 жылы ыстық көзді тауып алған. Аңызға сәйкес, ол маралды жаралайды, жаралы жануар осы ыстық көздерге келіп шомылып аман-сау шығады. Маскүнемдік. Маскүнемдік — Адамның ұдайы ішімдікке салынуы, ондай адам сыра, арақ, шарап және сол сияқты ішкіліктерді шамадан тыс пайдалануды бақылай алмайды. Қынап. Қынап — Әйелдің жыныс мүшесінен жатырға баратын түтік немесе арна. Қасқыртаңдай. Қасқыртаңдай — бөлінген, жеке орналасқан таңдай. Бөлшектелген таңдаймен туған баланың ауыз қуысының жоғары жағында бөлшектену немесе табиғи емес қуыс болады. Түсік. Түсік — Жатырда өскен баланың немесе ұрықтың өлуі, кейде ұйыған қан ағуымен ауыр өтеді. Сарысулы ісік. Сарысулы ісік — Қалыптан тыс, қалта тәріздес, сұйыққа толы денеде жаңадан пайда болатын өсік. Клизма. Клизма — Ішекті тазалау. Асқазанды тазалау үшін көтенішек арқылы жіберілетін сулы ерітінді. Кома. Кома — Ес-түссіз күй. Ақылестен айырылу, бұл күйден адам есіне келе алмайды. Ол соққыдан немесе удан болады, науқас көбіне мерт болады. Компресс. Компресс — Малғы шүберек. Бірнеше рет бүктелген немесе дененің белгілі бір жеріне салынатын жұмсақ төсеніш. Ол суық немесе ыстық суға малынуы мүмкін. Конвульсия. Конвульсия — Тырысқақ. Бақыланбайтын ұстама дерт. Мидың қабынуы немесе қояншық кезінде дененің бір бөлігінің не бүкіл дененің кенеттен селкілдеп кетуі. Конъюнктива. Конъюнктива — Көздің дәнекер қабығы, Көздің ағын және қастың ішкі жағын жауып тұратын жұқа, қорғау қабаты. Кретинизм. Кретинизм — Меңіреулік. Бала кемақыл, көбінде саңырау болып туатын жағдай. Бұл әдетте, анасының диетасында йодтың жетіспеуінен болады. Ксерофтальмия. Ксерофтальмия — А витамині жетіспеуі салдарынан болатын көздің қалыптан тыс құрғауы. Мастит. Мастит (емшектің қабынуы) — Емшектің жұқпалы ауруы, әдетте ол бала емізудің алғашқы апталары мен айларында болады. Емшектің бір бөлігі қатып, қызарып, ісінеді. Микроорганизм. Микроорганизм — Көзге көрінбейтін, тек микроскоп арқылы көруге болатын өсімдік немесе жәндік. Шырыш. Шырыш — Мұрынның, тамақтың, асқазанның, ішек пен қынаптың ішкі жағын майлап, қорғайтын қою, жылтыр сұйықтық. Окситоксиндер. Окситоксиндер — Жатырды және ондағы қан тамырларын жиыратын қауіпті дәрі. Бұл дәрілерді бала туғаннан кейін анадан ауыр қан кетуді тоқтату үшін пайдалануға тиіс. Паразиттер. Паразиттер — Жануарлар мен адамдарда болатын құрттар мен көзге көрінбейтін организмдер, олар зиянды болады. Бүргелер, ішек құрттары, амебалар — паразиттер. Жасөспірім. Жасөспірім — жас баланың ересек болған жылдары. Жасеспірімдер: 13 жастан 19 жасқа дейін. Бүйрек. Бүйрек — Зәр түзе отырып, қаннан шығатын бөлінділерді сүзетін, арқа жотадан төмен орналасқан, асбұршаққа ұқсас үлкен мүше. Оның жоғары полюсінде эндокрин бездері -қыртысты және ми қабатынан тұратын бүйрек асты бездері орналасқан.Адам бүйрегінің массасы-150 г. Бүйрек ұлпасы сыртқы қоңырқай түсті қыртысты қабаттан және ішкі бозғылт түсті ми затынан тұрады.Ми затында ұштары бүйрек астауына бағытталған пирамидалар орналасқан.Бүйректің ішіндегі қуыс бүйрек астауы деп аталады.Бүйректе түзілген несеп жинағыш түтікшелер арқылы астауға келіп, одан зәрағар бойымен қуыққа жиналып,зәр шығару өзегі арқылы сыртқа шығады. Бүйректің ерекшелігі қанмен жақсы қамтамасыз етілуі: бүйрек арқылы тәулігіне 1500-1700 л қан ағады.Бұл дегеніміз - әрбір 5 минут сайын қан тамырлары арқылы айналатын барлық қан бүйрек арқылы өтеді деген сөз.Осы кезде организм ұлпаларында үнемі түзілетін, тіршілік әрекетінің зиянды заттары қаннан бөлінеді. Банкілер. Банкілер — Дененің үстіңгі қабатына қанды тарту үшін пайдаланылатын үйде емдеу жолы. Бұл үшін ішіне жалын жіберілген стакан немесе банкіні қолданады. Ойылулар. Ойылулар — төсекте аунап жата алмайтын немесе жатыс жағдайын ауыстыра алмайтындықтан пайда болатын созылмалы ашық жаралар. Кіндік бау. Кіндік бау — баланың кіндігін анасының жатырындағы бала жолдасымен жалғастыратын байлам. Көздің мүйізгек қабығы. Көздің мүйізгек қабығы — Көздің мөлдір қабығы мен қарашығын жауып тұратын таза, ашық қабаты немесе көздің "самалы". Өнім айналымы. Өнім айналымы — Бір учаскеде әр турлі дәнді дақылдарды бірінен кейін бірін алмастыра отырып егіп, жыл өткен сайын топырақ құнарлылығын арттыру. Түйілу. Түйілу — Бұлшық еттердің адам бақылай бермейтін кенеттен жиырылуы. Ішектің түйілуі қысып, шаншиды. Өкпе жолдарының түйілуі демікпе кезінде пайда болады. Жақтың және басқа бұлшық еттердің түйілуі сіреспемен ауырған кезде пайда болады. Сіңір. Сіңір — Бұлшық етті сүйекпен (буындағы сұйекті сүйекпен жалғастыратын дәнекерден өзгеше) жалғастыратын тегеуірінді дәнекер. Қатты шанкр. Қатты шанкр — Іріңді беріш жара немесе жыныс мүшелеріндегі, саусақтағы немесе еріндегі ауыртпайтын қотыр жара, мұның өзі мерез белгілерінің бірі болып табылады. Токсемия. Токсемия — Нақты бір умен организмнің улануы, мәселен, жүктілік кезіндегі улану немесе несеппен улану жағдайындағы ауру. Трематодтар. Трематодтар — Бауырды немесе дененің басқа да беліктерін зақымдайтын және әртүрлі аурулар туғызатын құрттар. Қансорғыш қанға түсіп, шистосомоз ауруын туғызады. Безеу. Безеу (бөртпе) — адамның бетінде, кеудесінде немесе арқасында түйіндейтін тері ауруы, олар іріңнің кішкене ақ "ұштарын" түзейді. Негізінен жас адамдарда (жасөспірімдерде) болады. Жұқпалы емес аурулар. Жұқпалы емес аурулар біреуден біреуге жұқпайды. Олардың басқаша себептері болады. Сондықтан қандай ауру жұқпалы, қайсысы жұқпалы емес екенін білу өте маңызды. Жұқпалы емес аурулардың пайда болуының әр түрлі себептері болады. Олар ешқашанда денені жайлап алатын микробтардан, бактериялардан немесе басқа да тірі организмдерден пайда болмайды. Олар бір адамнан екінші адамға берілмейді. Микробтармен күресетін антибиотиктер немесе дәрілер жұқпалы емес ауруларды емдегенде көмектеспейтінін түсінген жөн. "Есіңізде болсын:" Жұқпалы емес ауруларды емдеуге антибиотиктер пайдаланылмайды. Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Шаян. Шаяндар буынаяқтыларға жатады. 1200 түрі белгілі Шаянның шағуы. Шаяндардың арасында өте улы түрлері көп кездеседі. Оның шаққан жері ересектер үшін кейбірде ғана болмаса, көбіне қауіпті емес Ауырғанды басу үшін шаянның шаққан жеріне муз қойып, аспирин ішіңіз. Егер айлар бойы жазылмай, ұйып ауыра берсе, ол жерге ыстық компресс қойыңыз. Шаянның бас пен кеуде тустан шаққаны әсіресе 5 жасқа дейінгі балалар үшін қауіпті. Кейбір елдерде шаянға қарсы қолданылатын антитоксин бар (антиапакран деп аталады). Бұл дәрі шаян шаққаннан кейін 2 сағаттың ішінде егілсе, жақсы әсері болады. Балаға ауырған жерін басу үшін ацетаминофен немесе аспирин ішкізіңіз. Тынысы бітіп қалған жағдайда баланың аузына ауызды тақап демалдыру қажет. Егер бала тым жас болып, өте улы шаян оның денесінің өмірлік қажетті бөліктерін шақса, онда дереу дәрігерлік көмек шақыртыңыз. Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Дөңгелек құрттар. Ұзындығы 20—30 см. дейін болады Түсі: ақ немесе күлгін Таралу тәсілі. Нәжістен ауызға түседі. Жеке бастың гигиеналық ережелерін жеткілікті сақтамағандықтан аскарида урығы бір адамның нәжісінен екінші адамның аузына түседі. Денсаулыққа әсері. Аскаридалар ұрығы ауызға түсісімен одан өніп көбейіп, қанға араласып, денеде қышыма пайда болады. Содан соң олар өкпеге жетіп, кейде құрғақ жөтел тудырады, арты насырға шапқанда өкпені қабындырып, қан аралас жөтелге ұштасады. Аскаридалардың жас өскіндері өкпедегі жөтелмен шығып, ішке жүтылып, ішекке түседі де, әбден өсіп жетіледі. Ішектегі аскаридалардың көпшілігі асқазанның қорытпауына және әлсіздікке әкеліп ұрындырады. Ішегінде аскаридасы көп балалардың көбіне іші кеуіп жүреді. Кейде аскаридалар демікпе, жиі қысылып қалу немесе ішектің таралу ауруларын туындатады. Баланың қызуы жоғарылаған кезде, олар дәреті арқылы немесе аузы мен мұрнынан да шығады. Кейде олар ауа жібермей, бала қақалып-шашалуы да мүмкін. Алдын алу шаралары. Әжетхананы пайдаланыңыздар, ас ішерден немесе ас дайындардан бұрын қол жуыңыздар, тамақты шыбыннан қорғаңыздар, жеке бас гигиенасының бұл тараудың алғашқы бөлімінде айтылған ережеперін сақтаңыздар. Емделу жолдары. Әдетте аскаридаға қарсы мебендазол қолданылады. Сондай-ақ пиперазин де көмектеседі. ЕСКЕРТУ: Тиабендазолды аскаридаға қарсы қолданбаңыз. Бұл көбіне аскариданың мұрын мен ауызға қарай жылжуын кушейтіп, бұдан бала түйіліп, шашалуы мүмкін. Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Жыланқұрттар. Жыланқұрттар (жіпше құрттар, энтеробиустар). Ұзындығы 1 см. Түсі: ақ. Өте жіңішке, жіп тәрізді Олар қалай жұғады. Бұл құрттар артқы дәрет жолының сыртқы қабырғаларына мыңдаған ұрықтар салып, әсіресе түнде ашып, қышытады. Бала ол жақты қасынған кезде ол ұрықтар тырнақ астына кіріп, одан тамаққа, басқа заттарға көшеді. Сөйтіп, адамның аузына да жетіп, жаңа инфекциялар тудырады Денсаулыққа әсері. Бұл құрттар қауіпті емес. Қышыма баланы ұйықтаған кезінде мазалауы мүмкін. Емдеу және алдын алу шаралары. Жыланқұрт 6 апта ғана өмір сүреді. Жеке гигиена ережелерін қатаң сақтаған жағдайда дәрі қабылдамай-ақ бірнеше апта ішінде құрттардан арылуға болады. Пайдаланылған әдебиеттер. Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! Ұйғырлар. Ұйғырлар (Ұйғырша: ئۇيغۇر Uyghur) - Қытайдағы түркі тілдес ұлт. Діндері Ислам. Аида (опера). “Аида” - Әлемге әйгілі ком­позитор Джузеппе Вердидің операсы Тарихы. Мысыр үкіметі 1868 жылы Суэц каналының қазылып бітуі­не байланысты, халықтық сю­жетке құрылған опера жаздыр­мақ болып Вердиге тапсырыс берген көрінеді. Әрі оның ал­ғашқы қойылымын Каирдегі жаңа театрдың ашылу құр­метіне бағыштаса керек. Үкі­мет ұсын­ған, артында мем­лекеттің қо­мақ­ты құрметі бар тосын тапсыр­маны орындауға әуелгіде та­лантты композитор аса құлықты болмаған сияқты. Тек екі жыл өткен соң сце­нарий авторы, ұлты француз Франсуа Огюст Фердинан Мариеттің қолжазба­сы­мен танысқан Верди үкіметті тағы да таң қалдырып, аяқ асты­нан келісімін берген екен. Либрет­тоға ежелгі Египет перғауын­дарының Эфиопия елімен арасындағы көп жылдық күресі жайлы папирусқа жазылған мә­лі­меттер өзек болады. “Аида” операсы адамзат­тың ең құнды адами сезімі жайлы баяндайтын шығарма болып есептеледі. Жаужүрек жауынгер, батыр қолбасшы Радамес пен эфиопиялық күң Аида арасындағы траге­диялық махаббат хикаясы көрерменімен алғаш осылай қауышқан болатын. Патша қызы мен алтын тақтан бас тартқан қаһарман Радамес, отанына қашу мүмкіндігі бола тұрса да сүйіктісімен бірге өлуді мұрат тұтқан өжет қыз бәрібір тарих тол­қынында жеңімпаз болып шықты. Осындай кішігірім қыз­ғылықты оқиғалардан бастау алатын опера тарихы күні бүгінге дейін құндылығын жойған жоқ. Украин тілі. Украин тілі ("українська мова") — шығыс славян тілдерінің бірі. Германия қалаларының тізімі. Бұл тізімге Германияның қала мәртебесіне ие елді мекендерінің аттары келтірілген (, "қалалық хұқық"). Олардың саны 2076-ға тең (2007 жылдың 1-ші наурызы бойынша). Германияның тұрғындар саны жүз мыңнан асатын қалаларының саны 80 шақты, солардың ішінде тек үш қаланың — Берлин, Гамбург пен Мюнхеннің тұрғындар саны миллионнан астам. Майнц. Майнц () () — Германиядағы қала және Рейнланд-Пфальц аймағының басты қаласы. Қаланың екі мың жылдан астам тарихы бар. Ол Рейн өзенінің бойында орналасқан. 2008 жылы халқының саны 200 000 астам болған. Абенсберг. Абенсберг ({lang-de|Abensberg) — Бавариядағы қала. Тұрғындар саны 14000 (2000 жылдары). Дунай өзенінің тармағының бірі Абенс өзенінде орналасқан. Қала маңында неолит дәуірінің қалдықтары табылған. Кейбір тарихшылар Абенсбергті римдік әскерлердің "Abusina Castra" немесе "Abusinum" деп аталған тұрағының орнында пайда болған деп санайды. Осы қала туралы ең алғашқы рет тарихи құжатта 1138 жылы айтылған. Отыз жылдық соғыстың кезінде толығымен қираған. Экономикасында ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібінің маңызы зор. Айзенах. Айзенах) — Германияның Тюрингия аймағындағы қала. Тюрингия орманының солтүстік тармағы мен Хайниг ұлттық паркінің арасында орналасқан. Халық саны: 43 858 (2005). Тарихы. Айзенахтың тарихы аңыз бойынша 1067 жылы салынған Вартбург қамалымен тығыз байланысты. Басында қамалдың жанында үш елді мекен болып, кейін олар бір елді мекен болып бірікті. Осылайша пайда болған Айзенах қаласы алғаш рет жылнамаларда 1180 жылы атап көрсетілген. Одан кейінгі жылдары Вартбургте қазір аңызға айналған оқиғалар орын алды, соның бірі — «Вартбургтегі әншілер сайысы», соның негізінде Тангейзер туралы аңыз қалыптасты. Махамбет (фильм). Фильмнің бас продюсері – Мәдина Сүлейменова, Махам­бет рөлін сомдаған – Берік Айт­жанов, Исатайды бейнеле­ген – Қазақстанның еңбек сі­ңірген әртісі Ерік Жолжақ­сы­нов, Баймағамбет Айшуақов рөлінде – Қазақ­станның еңбек сіңірген әртісі Болат Әбділманов, Түрген батырдың рөлінде ойнаған – Арман Әселов. Сюжет. “Махамбет” фильмі нақты тарихи кезеңге негізделген сондай аз санатқа келіп қосылып жатқан тың дүние. Сол­түстік Каспий жағал­ау­ын­дағы Бөкей хандығының шатырына қарай шамның жарығын түсіруге талпынған шы­ғарма. Бөкей ханның ұлы Жәңгір 1824 жылдың жазында хан тағына отырады. Бұл биліктегілер мен қарапайым қара халық арасындағы шие­леніс түтінінің бықси түсіп, қолқаны әділет­сіздік пен алауыздықтың “қолаңсасы” қарыған қым-қиғаш кезеңнің басталар шағы болатын. Осы таққа отырғызу рәсімінен өрбитін фильм одан әрмен қарай озбырлық пен отаршыл­дық­ты, әлеуметтік ортадағы әділетсіздік пен тұлға­лар қайшылықтарын, олардың бітіспес бұралаң жолдарын суреттеумен жалғасады. Көркем ту­ынды саяси, әлеуметтік мәселелер шекпенінде қалып қоймайды, Махамбет батырдың Айға­ным сұлумен арадағы ғашықтық сезімдері шынайы шығады. Ата-салт, ежелгі дәстүр нақыштары нанымды бояумен бейнеленеді. Қазақ­стан (қонақүй). «Қазақ­стан» - қонақ үй, Алматы қаласының орталығында орналасқан республикалық дәрежедегі жоғары класты мейманхана (1978, арх.: Ю.Г. Ратушный, Л.Л. Ухоботов, т.б., инж.: Ә.Тәтіғұлов, А.К. Деев, Н.Л. Матвеец, т.б.). Достық даңғылының бойында орналасқан зәулім ғимарат айналасындағы қоғамдық құрылыстармен жарасымдылық тапқан. 1000 орындық мейманхана ғимаратының 25 қабатының 21 қабаты (бір, екі, үш бөлмелі) қонақжай бөлмелерінен, төменгі екі қабаты қоғамдық қызмет көрсету жайларынан тұрады. Төменгі қабаттарда қонақтарды тіркеу, оларға тұрмыстық, техникалық қызмет көрсету (пошта, телеграф, жинақ кассалары, мед. жәрдем, жолаушылар кассасы, “Интурист” бюросы, т.б.) бөлмелері орналасқан. Жылына 266 мың адамға қызмет көрсете алады. Жиналыстар, семинарлар, т.б. өткізуге арналған қосымша орындары, 116 орындық мәслихат залы, бизнес орталығы, жазғы кафе, банкет залы, ұлттық асхана, іскерлік кездесулер өткізуге арналған кең холл-вестибюль мен әр қабатта арнайы жабдықталған мүйістер бар. Ғимараттың оңт. павильонында 4 банкет залы бар мейрамхана орналасқан. Ең жоғарғы қабатта тау мен қала келбеті айқын көрінетін “Космос” кафесі жұмыс істейді. “Қазақстан” — еліміздегі жер сілкіну қаупі бар аймақта орналасқан, сейcмик. жағынан берік, биікт. 102 м алғашқы заңғар ғимарат. Оның зәулім тұлғасы 50,2*29,6 м өлшемді эллипс пішіндес, қызмет көрсету блогі бар тұғырбеттік бөлімнің өлшемдері 76,0*82,0 м, меймандар бөлмелеріне күн сәулесінің жақсы түсуі (инсоляция), жылдың ыстық маусымындағы желдің қолайлы бағыты ескеріліп, маңайындағы басқа құрылыстармен, табиғатпен жарасымды үйлестірілген. Балкондардың қоршаулары, ғимараттың шет жақтары және алдыңғы беттерінің саңылаусыз тік бөлшектері ғимаратқа монументтік сипат беретін ақ ұлутаспен қапталған. Орталық павильонның негізгі бөлігі — көлденең темірбетонды диафрагмалар тарайтын тұтас құйылған темірбетонды өзек. Ғимараттың негізгі қоршау құрылымдары жеңіл аспалы панельдерден құралған. Ішкі-сыртқы әрлеуіне мәрмәр, алюминий, сәндік сылақ, Қазақстанның жергілікті материалдары — ұлутас, гранит пайдаланылған. Мейманхана кешенінің барлық сәндік әшекейлерінде жергілікті ұлттық дәстүрлер ескерілген. Жобалық есебі аса күрделі де көлемді құрылыс сырт қарағанға жеңіл, еңселі тұрпатқа ие болған, төбесіне тізіле тартылған эркер жарықтары әсем ғимараттың айшықты тәжі іспетті. “Қазақстан” мейманханасын жобалап, салған бір топ архитекторлар, инженер-конструкторлар мен құрылысшылар ҚР-ның Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлығымен марапатталды (1980). Урбанизация. Урбанизация – еңбек бөлінісінің қоғамдық және аумақтық тұрғыдан тарихи қалыптасуынан пайда болып, әлемнің әртүрлі елдері мен өңірлерінің өзіндік ерек­шеліктеріне сәйкес дамитын әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, географиялық секілді көп жақты қырлары бар күрделі құбылыс. Көне латын тіліндегі мағынасы “қалалық” деген ұғымды білдіреді. Яғни, ең қысқаша айтар болсақ, урбанизация, бұл – қала тіршілігі мен тұрмысы және мәдениетінің үстемдікке ие болуы. Лондон металдар биржасы. Лондон металдар биржасы 1877 жылы шет елдерден импортталатын түсті металдардың үлкен бөлігін орталық рынокта қамтамасыз ету үшін құрылған. Онда мыс, қор­ға­сын, мырыш, алюминий, күміс, никель металдарына мәмілелер жа­сау жүзеге асырылады. Биржа ме­талдарының ресми бағасы әлемдегі барлық өндірушілер мен тұтыну­шы­лардың ұзақ мерзімдік келісім-шарттарды бекітуі бойынша белгі­ленеді. Жасалған барлық мәміле­лер­ге Халықаралық тауарлы-клирингтік палатасы кепілдік береді. Бұл рынокта мәмілелер мен қызмет көрсетулерді өз мерзімінде қамтамасыз ету үшін қажет. Кли­рингтік палатаға мүше болу мәсе­ле­сін палатаның директорлар кеңе­сі шешеді, ол тәуелсіз орган болып табылады. Металдар биржасының сауда күні құрылғаннан бері онша көп өзгерген жоқ. Алғашқы кезеңдерде сауда-саттық бормен еденге дөңге­лектене сызылып, тіке дауыстап шақыру арқылы жүргізілген. Бүгін­де басқаша, сауда жасалатын зал ішіне айналдыра қызыл түсті был­ғарымен қапталған 36 жұмсақ орын­дық қойылған. Сауда жасау­шы трейдерлер осы орындықтарда орналасады, бірін-бірі көріп оты­рады. Сауда кезінде олардың еш­қай­сысына артықшылық беріл­мей­ді. Клиенттер өз тапсырыстарын сауда алаңындағы брокерлер мүше­лері арқылы береді. 36 орындықтың айналасына ағаш дің­гек орна­тылған. Шеңбердің сыр­тын­дағы жасыл түсті еденде трей­дерлердің кабинасы орналасқан. Ал трей­дерлер өзара мәмілелерді ай­қай­лап жүзеге асырады. Биржадағы сауда тәулік бойы жүреді. Дегенмен, түсті металдар саудасы Лондон уақыты бойынша ертеңгі сағат 7 мен кешкі сағат 19 аралығында қыза түседі. Биржа ма­мандарының айтуынша, саудаға күн­нің бірінші жартысында негі­зінен азиялық фирмалар, екінші жар­тысында АҚШ-тың компания­ла­ры қатысады. Саудаға шығарыл­ған металдар биржаның қойған талабы деңгейіне сәйкес келуі қа­жет. Онсыз сауда-саттық орынта­ғына отыра алмайсың. Норман Фостер. 1935 жылы Манчес­тер маңайындағы шағын қалашықта, қарапайым жұмысшы отбасында дүниеге келген. 1962 жылы АҚШ-тағы Йель университетін бітіріп, архитектура мектебінің дипломын алып шығады. 1967 жылы “Foster Assosіates” атты жеке фирмасын құрған. Бара-бара Фостер­дің жобалары жыл өткен сайын жа­һанға жайылып, әйгілі бола түскен. Өнерге нөмірлеу жүрмейді. Баға берудің бәрінде де шарттылық ба­сым. Солай дегенмен, Фос­тердің әлемдік сәулет өне­ріндегі беделбәсі қай кезде де, қай елде де керемет биік тұратыны назар аудартпай қоймайды. Архитектураны ай­тасыз, 2005 жылдың желтоқса­нында The Tіmes газеті Лорд Норман Фос­терді бүкіл әлем өнеріндегі №1 тұлға деп жария­лады. Гиннесс кітабына ол атақ-лауазымы ең көп адам ретінде кіргені де талай жай­ды аңғартады. Ең ал­дымен айта­рымыз – оның Прицкер сый­лығының лау­реаты екендігі. Бұл, бей­нелеп сөйлер болсақ, архи­тектурадағы Нобель сый­лығы. Оның сыртында Фос­тер 60 ұлттық және ха­лықаралық конкурс­тардың жеңімпазы, бас-аяғы… 300 награданың иегері. Оның бұл жетіс­тігіне арғы-бергіде маңайлай алған басқа сәулет­кер жоқ. Фостер Британия архитектор­лары­ның корольдік институты (1977), Америка архитек­тура инс­титу­ты (1979), Premіum Іmperіale (2002) архитектура қауымдас­ты­ғы сыйлықтарының лау­реаты, архи­тектураға қосқан үлесі үшін Король алтын медалінің (1983), Француз архи­тектура акаде­миясы алтын медалінің (1991), Америка архитектура инс­титуты алтын медалінің (1994) иегері. 1999 жылы оған “Темза жағасындағы Лорд Фостер” даңқта­масы беріліп, өмір бойғы пэр атанды. Ұлыбританияда пэр атағы лордтар палатасының мүшесі болу құқын береді. Норман Фостердің ең жиі ауыз­ға алынатын бейресми атағы — хай-тек королі. Мәскеудің “Вече” бас­пасынан 2000 жылы шыққан “100 великих архитекторов” жинағындағы Фостер туралы мақалада хай-текке “техноло­гия­ның эстеттендірілуі” деген анықтама берілген. Бүгінде хай-тектің көзі тірі классигі деп даусыз мойында­ла­тын Фостердің жобалары осы анық­та­маға дәлме-дәл келеді. Рас, оның өзінің хай-тек эстетикасына орай былай айтқаны да бар: “Бәрі де бұл термин­мен нені бейнелеуге байланысты. Егер хай-текті алдыңғы қатарлы, ұшынып тұрған технологияны қалайда қуалай беру деп қарастырар болса, онда мен өзімді хай-тек сәулеткері санатына жатқызуға қар­сымын”. Дегенмен, ин­дустрия жетіс­тіктерін сәулеттік тұр­ғыдан игеру үрдісін жалғастыру арқылы британ феномені атанған бұл бағыттың шын мәнінде шарықтауының бастауында тұрған тұлғалардың арасында бүгінде алдымен аталатыны Фостер екені тағы талассыз. “Норман Фостер былайша қарағанда классикалық функционализм жолымен жүретін сияқты, сөйте тұра ол бейнелі­ліктің жаңа мүмкіндіктерін де мо­лынан ашады Сәулеткердің есімімен байланыстыры­латын жаңалықтардың бірі — “ақылды үйлер”. Сөйлегеннен-ақ лифтісі көтеріліп, шамы жанып, газы қосылып, кіржуғышы айналып, теледидары көрсетіп сала беретін тұрғын үйлердің, офистердің алды енді көп ұзамай біздің Астана мен Алматыға да келгелі жатыр. Соларды да алғаш жобалаған, салдыртқан – Норман Фостер. Оның айналы шынылауды (зер­кальное остекление) енгізгеніне де (алғаш рет Норвичтегі Сейнсбери-орталығындағы көпфункциялы ғимаратта қолданған) айналасы 30 жылдай ғана болды, ал қазір бұған бәріміздің көзіміз үйреніп барады. Марат Сатыбалдиев. Марат Сатыбалдиев (Қызылорда) - Велотректен 1989 жылғы Әлем чемпионы. Актиний. Актиний (латынша Actinium), " Ac" — Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің 7-ші периодының ІІІ тобына жататын радиоактивті элемент. Реттік саны — 89. Ең ұзақ уақыт өмір сүретін изотопы 227Ac, жартылай ыдырау уақыты — 22 жыл. Актинийді 1899 жылы А. Дебьерн уран рудаларын өңдеу қалдықтарында тапқан. Радийді нейтрондармен атқылау арқылы актинийді алады. Бұл — ақшыл-күміс түсті металл, химиялық қосындыларда валенттілігі 3+, химиялық қасиеттері бойынша лантанға жақын. Актиний — қауіпті радиоактивті улы зат. Америций. Америций (латынша Americium), "Am" — актинидтер тобына жататын радиоактивті химиялық элемент. Реттік саны — 95. Жасанды жолмен 1944 жылы түзілген. Ең ұзақ уақыт өмір сүретін изотопы 243Am (жартылай ыдырау уақыты — 8000 жыл) және 241Am (жартылай ыдырау уақыты — 458 жыл). Күміс түсті жұмсақ металл. Валенттілігі 3+, 4+, 5+ және 6+ болып өзгере алады. Цзэн Цинхун. Цзэн Цинхун - 2003-2008 жж ҚХР Төрағасының орынбасары. Цзэн Цинхун 1939 жылы Цзянси провинция­сында туған, 24 жасында Бейжің өнеркәсіп инсти­тутының автоматтық бақылау факультетін бітірген соң 16 жыл ҚХР Халық азаттық армиясында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. 1979 жылдан 1983 жылға дейін Цзэн Цинхун Мемлекеттік жоспарлау комитетінде, Мұнай өнеркәсібі министрлігінде түрлі қызметтер атқарады. 1984 жылы ол партия­лық жұмысқа ауысып, ҚКП Шанхай қалалық комитетінде бөлім меңгерушісінің орынбасары, содан кейін бөлім меңгерушісі болады, көп кешікпей бюро мүшесі және жауапты хатшы болып тағайындалады. 1993 жылы Пекинге оралып, ҚКП Орталық комитетінде Кеңсе бастығы, Орталық комитетке тікелей бағынатын Мекемелер істері жөніндегі жұмысшы комитетінің хатшысы болып істейді. Ал 1997 жылы Цзэн Цинхун ҚКП ОК Саяси бюросының мүшелігіне кандидат, ҚКП ОК Хатшылығының мүшесі болады. 1999 жылы оның соңғы екі лауазымына ҚКП Орталық комитетінің ұйымдастыру жұмыстары жөніндегі бөлімінің меңгерушісі лауазымы қосылады. 2002 жылы ол ҚКП ОК Саяси бюросы Тұрақты комитетінің мүшесі, сондай-ақ ҚКП Орталық комитетінің мүшесі болып сайланады. 2003 жылғы наурыздан бастап – ҚХР Төрағасының орынбасары Иво Санадер. Иво Санадер - Хорва­тияның Премьер-Министрі. 1953 жылы туған Иво Санадер 2000 жылдан бері парламенттік көпшілікке ие болған Хорват демократиялық ода­ғы партиясының төрағасы болып келеді, 2003 жылдан елдің Пре­мьер-Министрі. Sozdik.kz. «Sozdik.kz» - қазақша-орысша, орысша-қазақша тегін онлайн-сөздік. Жобаның авторы - Евгений Чуриков. Күн сайын кем дегенде 2 мың адам sozdik.kz сайтының қызметіне жүгінеді. Дені қазақстандықтар. Бұдан кейінгі орында Ресей, Германия, Қытай, Түркия қолданушылары тұр. Тарихы. Евгений Чуриков Интернеттегі сөздік жобасымен 1999 жылдан бері айналысып келеді. Ол кездері Unicode екі байтты кодировкалар, яғни кирилл тағы басқа әріптердің кең қолданысқа түсуіне мүмкіндік беретін бағдарламалар енді ғана қолданысқа ене бастаған. Сол тұста қазақ тілінің төл әріптерін Интернетке қалай ендіруге болады деген сауал мазалады. Көкейін тескен сауалға жауап тапқан соң, қоғамға пайдасы тиетін қандай жобаны іске асырсам болады деген ой жетегінде жүрді. Интернетте қос тілді сөздік жасау ойы сол кезде ойына келді. Екі жылғы дайындық жұмыстарынан соң, 2001 жылдың қараша айында іске қосады. 2002 жылдың жазында sozdik.kz доменін сатып алады. Содан бері жобасы осы интернет адресте орналасқан. Сайт аудиториясы ай сайын 5 пайызға өсуде. Жұмыс күндері сайтқа келушілердің саны тәулігіне 2 мың адамды құрайды. Күн сайын 20-25 мың сөз бен сөз тіркестерінің аудармалары жасалады. Мәнхаж. «Аль-мәнхадж»- сөзінің тілдік және шариғи мағынасы ан-нахдж, аль-манхадж және аль-минхадж – ол анық тура жол,жоба.Және мәнхаж деп Аллаһ Тағаланың бұйрығын жер бетіне жайғастыру әдістерін атайды.Манхаж -ол мұсылман адамның өмір сүру тәртібі және әдеб салты.Бұл нәрсеге сенім(ақида),фиқх,әдеб және адамдардың бір-бірімен ара-қатынасы жатады. "Мәғәлим филь-манхадж ат-тойфатиль-мансура" 3-4. Шейх Салих әл-Фаузан манхаж және ақида сөздерінің мағыналық айырмашылығына жауап бере отырып былай дейді:"Манхаж сөзі ақида сөзінің айырмашылығынан кеңдеу болады.Манхаж ол ақида да,қолбасшылықта,әдепте,адамдардың бір-бірімен ара қарым-қатынысында және мұсылманның өмір сүру тәртібінде болады.Мұсылманның осы бір жолмен жүруі манхаж деп аталады.Ал ақида сөзіне,иманның негіздері мен екі куәлікті(лә илләһә иллә ла Мухаммад расулю-Ллах) жатқызуға болады.Осыларды ақида дейміз "."әл-Аджуиба әл-муфида" 75. Манхаж сөзі Құранда және Сүннетте кездеседі.Аллаһ Тағала Құранда былай дейді:«Сендердің әрқайсыларыңа(пайғамбарларға) Біз шариат және манхаж орнаттық» (әл-Маида,5:48). Демек; заң және анық жол,жоба. Ибн Аббас бұл аятқа былай деп талқылама берген:«Сендердің араларыңда пайғамбарлық болжау болады,ол болжауды Аллаһ қанша қаласа сонша болдырады және оны Аллаһ қанша қаласа,қалаған уақытында аяқтайды.Сонан соң пайғамбар жолының мәнхажымен халифалық билік орнайды,оны Аллаһ қанша қаласа сонша болдырады,ал сосын Аллаһ оны қанша қаласа,қалаған уақытында аяқтайды».Ахмад,әл-Баззар,ат-Табарани.Хафиз әл-Ираки және шейх әл-Әлбани сахих хадис деген."ас-Сильсиля ас-сахиха"5. Манхаж термині Ислам дінінің маңызды бөлігі болғандықтан,кейбір надандар осыған қарсы болып,осы сөзді пайдаланатын адамдарды манхажшылар деп мазақ етеді.Ал бұл терминді ең алғаш қолданған Аллаһ және Оның елшісі.Аллаһ Тағала пайғамбарының мәхажына қарсы шыққандарға қатаң ескертпелер бұйырып Құранда былай дейді:«Сондықтан оның(пайғамбардың) әміріне қарсы келгендер,өздерінен бір апат жетуінен немесе жан түршігерлік азап келуінен сақтансын» (ан-Нур,24:63). Бақ. Бақ – жеміс-жидекті қолдан өсіретін орын. Оған орын таңдау, жерді тегістеу, белгіленген орынның топырағын құнарландыру, отырғызылатын дақылды, сортты, бұламаны анықтау, оларды ретімен орналастыру, отырғызу сұлбасын белгілеу, қоректік заттардың мөлшерін, уақытын, суару тәсілдерін белгілеу сияқты дайындық шаралары жүргізіледі. Әдетте бақ өсіретін шаршының пішіні тік бұрышты, ұзын жағы желдің өтіне қарағаны, ені ұзынынан бір жарым – екі есе қысқа болғаны дұрыс. Оның қолайлы аумағы 400Ч200 м; 500Ч200 м; 600Ч300 м болады. Таулы аудандарда шаршыларды жер бедеріне қарай ұйымдастырады және оған бір дақылды екі – үш сортын кезектестіріп орналастырады, сонда жеміс ағаштары жақсы тозаңданады. Аргон. Аргон (латынша Argon), " Ar" — Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің 3-ші периодының VІІІ тобына жататын элемент, реттік саны 18, атомдық массасы 39,948. Инертті газдарға жатады. Аргонның Жер атмосферасындағы үлесі 0,93%-ды құрайды. Оны 1894 жылы Дэвид Рэлей және Уильям Рамзай ашқан. Аргон — түссіз және иіссіз бір атомды, химиялық жағынан инертті газ. Аргон басқа атомдармен химиялық емес, ван-дер-ваальс күштері арқылы байланысқан бірнеше қосынды алынған. Аргон инертті ортаны қажет ететін металлургиялық және химиялық процестерде, жарық техникасында (флуоресцентті лампыларда, қызу лампыларында, разряд түтікшелерінде, аргонды түтікшелер көкшіл түске боялады), электроникада, ядролық техникада (ионизациялық санағыштар, камералар) қолданылады. Құрамында калий бар минералдардағы 40Ar:40Kарақатынасын өлшеу арқылы гелогиялық формациялар мен метеориттердің жасын анықтауға болады. Астат. Астат (латынша Astatium, "«тұрақсыз»"), " At" — химиялық элементтердің периодтық жүйесінің 6-шы периодының VІІ тобына жататын радиоактивті элемент, реттік саны 85, атомдық массасы 210. Оның ең ұзақ өмір сүретін изотопы 210At-тың жартылай ыдырау уақыты — 8,3 сағат. Астат химиялық қасиеттері жағынан иодқа өте жақын. Астат алғаш рет 1940 жылы бөлініп шығарылған. Барий. Барий (Barium, "«ауыр»") Ba — химиялық элементтердің периодтық жүйесінің 6-шы периодының ІІ тобына жататын элемент, реттік нөмірі 56, атомдық массасы 137,34. Жерсілтілі элементтерге жатады. Табиғатта барит (Ba2SO4) және витерит (BaCO3) деген минералдары кездеседі. Барийді 1774 жылы Карл Шееле ашқан. Барий — жұмсақ, күміс түсті металл. Химиялық активтілігі жоғары, ауада тез тотығады, сумен реакцияға түсіп, барий гидрототығын түзеді. Басқа да көптеген элементтермен қосыла алады. Қосылыстарда валенттілігі 2+. Оның қорытпалары газ жұтқыштар ретінде, электронды лампыларда, ал оның оксиді катодтарға қаптау жасау үшін қолданылады. Тұздары оттың жалынын жасыл түске бояйды. Метонимия. Бір заттың я құбылыстың атауының басқа бір заттың, құбылыстың мағынасына ауыс айтылуын метонимия дейміз. Мысалы: "Ол екі кесе ішті" деген сөйлемдегі "кесе" метонимия болып тұр. Себебі, адам "кесені" ішпейді, кесенің ішіне құйылған "сұйық затты" ішеді. Яғни, кесеге құйылған қымыз, шай, сүт т. б. орнына "кесе ішті" болып түр. Сол сияқты: "таза класс — тәртіпті класс;" "жақсы семья — жақсы үй; таза дастарқан — дастарқаны мол" дегендердегі екінші қатардағы "класс, үй, дастарқан" деген сөздердің мағынасы ауысып, — "оқушылар, семья, тамаққа" мырза деген ұғымды білдіріп тұр; ал "дастарқаны мол" деген тіркес — "тамағы мол, жомарт" деген ұғымды да білдіреді. Сөйтіп, метонимия, көбінесе, ұғымдардың жақындығын білдіреді. Бұлар да бірінен бірі туып, олардың қатарлары молая түседі. Демек метонимия көбінесе белгілі сөздің мағпасып ауыс айтып қолдану арқылы туады. United Buddy Bears. Билеуші аюлар (Ағылшынше: United Buddy Bears'") United Buddy Bears - Астана 2010 Қосарлы Buddy аюлар халықаралық көркем және мәдени жобаларды жарнамалайды, ол бейбіт тіршілік ету үшін әлемдік турға негізделген. Біріккен Ұлттар Ұйымында әлемнің танымал көп елдерінің 140-150-ге жуық Buddy Аюлары көрсетілген (әрбір аю 2 м Талльді құрайды). 2002 жылы Берлинде «Біз бір-бірімізді жақсы білуіміз керек, сонда біз жақсы түсінісе аламыз, барлығымыз бірге сенімді және жақсы өмір сүретін боламыз» ұранымен өткен, төзімділікке, халықаралық өзара түсіністік пен бейбітшілікті нығайтуға арналған бірінші көрмеде әлемнің 20 млн. астам көрермені аюларды тамашалады. Елшілік. Buddy Аюлар стендінде бейбіт өмірді жақтаушылар және халықтар, олардың мәдениеттері мен діндері арасындағы төзімділік пен өзара түсіністік мадақталады. Әрбір аюды әр елге арнап жеке суретші жасаған. Олар халықаралық әртістердің әр түрлі стильдерін, жалпы алғанда әр елдің өнер туындыларын біріктіреді, бұл көңілге қуаныш ұялатады. Келушілердің әр түрлі болуына байланысты, Аюдың типтік дизайны жер шарының маңындағы саяхат болып табылады. Қолдау. Көрмелер БҰҰ және Германияның сыртқы істер министрлігінің, сондай-ақ ЮНИСЕФ-тің барлық әлемдегі елшілерінің (Питер Устинов, Джеки Чан, Кан Совершено, Кристиани Hörbiger) қолдауымен өтеді. Кейбір көрмелерді ашуға осы елдердің президенттері немесе премьер-министрлері қол қояды (федеральдық президент Хорст Келердің, жапондық премьер-министр Дзюнъитиро Коидзумидің, Австралияның премьер-министрі Джон Говардтың және Египеттің бірінші ханымы Сюзан Мубарактың және басқалардың жарналарын қараңыз). Қосарлы Buddy аюлар көрмесінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мун: "Әр елдер суретшілерінің шығармашылық шоуы жоғары деңгейді" қабылдауы керек және сонымен, ол "барлық әлемдегі үйлесімділік пен бейбітшілік жаршысы" болуы керек, - деп атап өтті. World Tour. Қосарлы Buddy аюлар көрмелері тек елдің жүрегі астананың өзінде орталықтандырылған түрде ұйымдастырылған сайттарда ғана көрсетілген. Көрмелерге қатынасу үнемі еркін болады. Көрмені көптеген басқа қалаларда өткізу жоспарланып отыр, олардың арасында Париж. Депрессиялы балаларға арналған анықтама. Қосарлы Buddy аюлар жобасының бастамашылары, ерлі-зайыптылар Ева және Клаус Herlitz үшін, Бадди Аюлардың толғану үшін ғана азық болып табылмауы маңызды. Себебі, Аюлардың қызметі - балалардың мүшкіл жағдайына көмектесу, олармен ажыратылмас бірлікте болу. Жанашырлық жәрдемдер мен барлық әлемде Buddy Аюларды сату есебінен € 1,6 млн. артық қаржы жиналып, ЮНИСЕФ және әр қаладағы жергілікті қайырымдылық ұйымдары көрмені бірге ұйымдастырды. Синекдоха. Бұл метонимияға жақын, өйткені синекдоха да екі ұғымның іргелестігі арқылы жасалады. Мұның метонимиядан айырмасы мынада: метонимияда сандық айырмашылық болмайды; ал синекдохада сандық айырмашылық болады. Егер сан жағынан айырма болмаса, синекдоха болмайды. Синекдохада бір ұғымды екінші ұғымға ауыстырғанда: бірі — "үлкен", екіншісі — "кіші"; бірі — "жалпы", екіншісі — "жалқы"; бірі — "бүтін", екіншісі — "бөлшек" болуы қажет. Әрине, үлкені — кішінің орнына қолданылғанда, мағынасы тараяды да, кішісі — үлкенінің, орнына қолданылса, мағынасы зораяды, кеңиді. Мысалы, "Жүз бас қой, Жиырма тұяқ мал, Көп қол жұмысты өндіріп жібереді" т. б. Осы сөйлемдердегі "бас, тұяқ, қол" деген сөздер бір бүтін дененің бір-бір ғана бөлшегі болып тұрған жоқ, сол кішкене бөлшекті білдіретін сөздің мағынасы зорайып, белгілі бір бүтін дененің орнына ауысып қолданылып тұр. Шынында, жәндіктердің, оның ішінде осы тіркесте "қойдың басы" деген бір мүшенің атын білдірмей, бүтін қойдың өзін түгел қамтып, "бір бүтін мал" деген, яғни "қой" деген ұғымды білдіріп тұр. Ал, "тұяқ" деген сөз бүтіндей бір "мал" деген мәнде; "қол" деген сөз жұмысшының бір мүшесі емес, "жұмысшы адам" мағынасында айтылып тұр. Сөйтіп, осылар сияқты бөлшектің мағынасын білдіретін сөздер бүтін орнына жұмсалса, синекдоха болады. Ал "колхоз бес машина алды" дегендегі "машина — автомобиль" деудің орнына дара мағынада жұмсалып тұр. "Қазіргі күнде колхоздың бәрі моторлы" (техника); Магазиннен кездеме алды (сиса, жібек, торғын т. б.) дегендегілер — синекдоха мағынасының жалпыдан жалқыға қарай ауысқан түрлері. Нағыз синекдоха әдетте келеке, қалжың ретінде жұмсалады. Мысалы, "Ең шебері — анау мұрт, Осының бәрі — мына сақалдың ақылы" деген тәрізді сөйлемдер де қолданылады. Әрине, мұндағы "сақал, мұрт" дегендер адам орнына жұмсалып тұр. Ассимиляция (тілтану). Сөйлеу процесінде бір сөз екінші сөзбен, бір буын екінші буынмен өзінің екпіні, буыны, т. б. жақтарынан жиі қиюласатыны сияқты, бір дыбыс екінші дыбыспен де үйлесіп, үндесіп тұрады. Сингармонизм дауыстылардың үндесуі болып есептелсе, ассимиляция, негізінде, дауыссыздардың үндесуі болып есептеледі. Ерекшеліктері. Жартылай түрдегі ассимиляция тілімізде өте жиі қолданылады. Ал, толық түрдегі ассимиляция қазақ тілінде де, өзге тілдерде де тым сирек кездеседі. Сөйтіп, бір сөз көлемінде (түбір мен қосымша аралығында) немесе бірнеше сөз көлемінде (сөздер аралығында) тетелес келген дыбыстардың үндесуін ассимиляция дейміз. Прогрессивтік ассимиляция. Бір сөз көлемінде немесе бірнеше сөз аралығында алғашқы дыбыстың кейінгі дыбысқа артикуляцпя жағынан өзіне ұқсата ықпал етуін прогрессивтік ассимиляция дейміз. Кей авторлар жуан түбірге қосымшаның жуан түрде, жіңішке түбірге қосымшаның жіңішке түрде жалғануын да прогрессивтік ассимиляцияға жатқызады. Буынның (сөздің) жуан-жіңішкелі келуі дауыстыларға байланысты. Мәселен: "су + лар + ымыз + ға, жер + лер + іміз + ге" деген сөздердің алғашқысы жуан, кейінгісі жіңішке естілуі тиісінше жуан, жіңішке дауыстыларға байланысып тұр; осындағы алғашқы дауыстылар кейінгілерді игеріп тұрғандығы даусыз. Бұл тәрізді құбылысты үндестік заңы (сингармонизм) категориясына жатқыза тексеру мақұл. Сипгармонизм категориясы дауысты мен дауыстының қарым-қатысын тексереді де, ассимиляция категориясы дауыссыз бен дауыссыздың (кейде дауысты мен дауыссыздың) қарым-қатысын тексереді. Прогрессивтік ассимиляция: бір сөз көлемінде де (негізгі сез бен қосымша аралығында), екі сөз көлемінде де, біріккен сөз, қоссөз (бірігіп немесе сызықша арқылы жазылатын сөздер) көлемінде де, не болмаса бірнеше сөз көлемінде де, негізгі сөз бен кәмекші сөз аралығында да ұшырай береді. Регрессивтік ассимиляция. Бір сөз көлемінде немесе бірнеше сөз аралығында кейінгі дыбыстың алғашқы дыбысқа артикуляция жағынан өзіне ұқсата ықпал етуін регрессивтік ассимиляция дейміз. Регрессивтік ассимиляция прогрессивтік ассимиляция тәрізді бір сөз көлемінде де, екі сөз көлемінде де ұшырай береді. Қарапайым сөздер. Қарапайым сөздер — сөйлеуде қолданылатын, жазба әдебиетте қолданылмайтын, әдеби тіл нормасына сай келмейтін жай дөрекі сөздерді қарапайым лексика дейміз. Мысалы: "сумұрын, тыраш" (жомарт), "көпей" (кенже), "кемшіл" (кем), т. б. Қарапайым сөздер мен әдеби сөздердің (лексиканың) арасына нақты шек қою қиын. Бұлар бірімен бірі тығыз байланысып, бірінің мәнін бірі толтырып отырады. Қарапайым сөздер (лексика) әдеби сөздердің (лексиканың) сарқылмас көзі болғандықтан, әдеби тіл өз қорын қарапайым сөздер арқылы байытып отырады. Қарапайым сөздер деген ұғым сөйлеу тілі дегенді де қамтиды. Қазақ тілінде қарапайым сөздер сөйлеу тілінен әлі ажырап кеткен жоқ. Бұл екеуі (қарапайым сөздер, сөйлеу тілі) жазу мәдениеті ерте қалыптасқан орыс тілі сияқты тілдерде жіктелген, дегенмен соның өзінде де аралары онша алшақ емес. Мұндай сөздердің кейбіреулері әдеби тілде де кездеседі. (сонымен бірге, қарапайым сөздер әдепсіз сөздермен де шектесіп жатады. Сондай-ақ, қарапайым сөздерді кейде жергілікті сөздерден ажырату да қиын болады. Алайда бұл лексикалық топ та іріктеліп, шекарасы көріне бастайды. Омоним. Омонимдер — шығуы жағынан да, мағына жағынан да басқа-басқа, тек айтылуы ғана бірдей сөздер. Омоним сөздерді көп мағыналы сөздерден ажырату қажет. Өйткені бұлардың үйлестігінен гөрі айырмашылыктары көбірек. Қазақ тілінде "ат" деген түрде біріне-бірі байланысы жоқ, екі-үш түрлі сөз бар. Бұлар — жеке-жеке үш сөз. Бұл сөздердің арасында өзара мағыналық ешбір байланыс жоқ, тек айтылулары ғана бірдей. Осы сөздердің әрқайсысы өз алдына көп мағыналы сөз. Мысалы, ат: біріншіден, жалпы "көлік;" екіншіден, жылқының "үйірге түспейтін еркегі;" т. б. мағыналары бар. Мұнда тек дыбыстық үндестік қана емес, мағыналық байланыс бар. Ал, алғашқы келтірілген ат деген үш сөзде дыбыстық бірлестік қана бар мағыналық байланыс жоқ. Бұлар да — бір-бірімен байланыссыз жеке-жеке сөздер. Кейде сөздердің ауызша айтылуында бірнеше сөздердің айтылу, естілу ұқсастығы болады. Мысалы: "осы жер" деген сөздерді айтқанымызда, "ош шер" болып айтылады, сол сияқты, "тұзшы" мен "тұщы" және "асшы" мен "ащы" сияқты сөздер де кездейсоқ деп саналады. Әзірбайжан тілі. Әзірбайжан тілі (кейде әзери тілі, әзірбайжан түрікшесі деп те аталады) — оңтүстік-шығыс Азияда, яғни ең алдымен Әзірбайжан мемлекетінде және Иранның солтүстік-шығысында тараған түркі тілдеріне, соның ішінде оғыз тармағына жататын тіл. Түрік тіліне өте жақын тіл. Әзірбайжан тілі ортағасырлық оғыз түркі тайпаларының батысқа қарай көшуінің нәтижесінде пайда болып, араб және парсы тілдерінің зор ықпалына ұшыраған. Ол біртіндеп сол аймақтың байырғы тілдерін ығыстырып шығарып, Сафауид династиясы орнағанға дейін сонда үстем тілге айналды. Тілдің тарихи дамуын екі кезеңге бөлуге болады: ерте (16-18-ші ғасырлар) және жаңа (18 ғасырдан қазірге дейін). Ерте кезеңдегі әзірбайжан тілінде парсы-араб тілдерінен енген сөздер, сөз тіркестері және синтактикалық құрылымдар көбірек болған. Сонымен бірге ерте кезеңнің тілінде оғыз ықпалының басым болуымен қатар қыпшақ элементтерінің ықпалын да байқауға болады. 18 ғасырдан бастап әзірбайжан тілі баспасөз және ғылым тіліне айнала бастады, сол себепті ол бір стандартқа келтіріліп, тілдегі көптеген парсы және осман элементтері қолданыстан шыға бастады. Қашқай тілі. Қашқай тілі — Иранның Фарс аймағында тұратын қашқай халқы сөйлейтін түркі тілі. Қашқай халқының саны бір жарым миллион болып есептеледі. Қашқай тілі әзірбайжан тіліне өте жақын, кейбір мамандар оны сол тілдің диалекті деп есептейді. Иранның Әзірбайжан аймағындағы әзірбайжан тіліндегідей, қашқай тілі парсы әліпбиін қолданады. Түрікмен тілі. Түрікмен тілі (латын әліпбиінде: türkmen, кириллицада: түркмен, ISO 639-1: tk, ISO 639-2: tuk) — Түрікменістанның ұлттық тілі. Бұл тілде Түрікменістанның өзінде шамамен 3430000 адам сөйлейді, бұған қоса басқа елдерде тағы 6000000 адам сөйлейді; соның ішінде: Иран (2000000), Ауғанстан (500000), Сирия (500000), Ирак (200000-300000), және Түркия (1000000). Классификациясы және диалектілері. Түрікмен тілі түркі тілдері тобының оғыз тармағына, соның ішіндегі шығыс оғыз тармағына жатады. Шығыс оғыз тармағына түрікмен тілімен бірге Хорасан түркі тілі де жатады. Ол басқа оғыз тілдері — әзірбайжан және түрік тілдеріне де өте жақын және осы тілдерде сөйлеушілер бір-бірінің тілдерін түсіне алады. Түрікмен тілі үндестік заңына бағынады, құрылымы бойынша агглютинативті тілдерге жатады. Сөз тәртібі — SOV (бастауыш-толықтауыш-баяндауыш). Әдеби түрікмен тілі жаумыт диалектісіне негізделген. Одан басқа нохурлы, әнеулі, хасарлы, нерезім, теке, гөклең, садыр, сарық, әрсары және чоудыр деген дилектілері бар. Теке диалектісін кейде Ауғанстанда «шағатай» деп атайды, бірақ классикалық шағатай тілінің оған жасаған әсері басқа диалектілерге жасаған әсерінен көп емес. Мысалдар. (Осы үш мысалдың болымды түрлері: 'Men bilyärin', 'Men bilyärdim', and 'Men bildim.' Сөздік. Сөздік — белгілі бір тілдің сөздік құрамындағы жалпы я белгілі бір саласындағы жеке сөздердің алфавиттік тәртіппен тізіліп, жүйеге түскен түрі. Сөздік кітап болып, басылып шығуы да, қолжазба ретінде көшіріліп, тарауы да мүмкін. Салар тілі. Салар тілі — Қытайдың Цинхай және Ганьсу провинцияларында шоғырланған салар халқының тілі. Біраз салар Құлжада да тұрады. Саларлардың саны 90 мыңнан астам, солардың 70 мыңы саларша, қалғандары қытайша сөйлейді. Саларлар қазір тұрып жатқан жерлеріне 14 ғасырда қазіргі Өзбекстан жерінен көшіп келген (салар аңызы бойынша). Салар тілі оғыз тілдеріне жақынырақ, бірақ қазір басқа тілдердің (тибет, қытай, т.б.) ықпалына ұшыраған. Печенег тілі. Печенег тілі — орта ғасырларда шығыс Еуропаны мекендеген печенегтердің тілі. Қазір өлі тілдер қатарына жатқызылады. Бұл тілдің түркі тілдерінің ішіндегі оғыз тармағына жатуы әбден мүмкін, бірақ бұл тілде жазылған құжаттардың тапшылығы және оның «ұрпақ тіл» қалдырмай жоғалып кетуі оның нақты классификациясын қиындатады. Жамбыл Жабаев. Шу өзенінің бойымен жүре берсеңіз Хан және Жамбыл деген екі тауға кез боласыз. Менің әкем Жабай бір кезде осы тауларда көшіп-қонып жүрген. Жамбыл тауының етегінде, қақаған қатты боранды күні мен туыппын! Маған сол көне Жамбыл тауының есімі ат болып тағылыпты. Бұл 1846 жылы февраль айы екен.Менің әкем Жабай шоқпыт шапанды көшпелі кедей болған. Тұрған жеріміз құлазыған кең, жазық дала еді. Сондықтан да мен балалық шағымда егісті де, бақты да, арықты да көрмедім. Жазық кең дала менің Отаным болды. Мен киіз үйде өстім. Сол кездегі барлық қазақ балаларындай мені де көшкенде бесігіммен алып жүрді. Бала кезімде мен тентектеу болдым. Қарттарды да, әкемді де тыңдағым келмеді. Мені қозы бағуға жіберетін, мен бармай қоятынмын. Маған отын тер дейтін — мен тіл алмай қасаратынмын. Менің ағам, әкемнің інісі белгілі домбырашы еді. Мен домбыра тыңдауға әуес едім. Он екі жасымда одан домбыраны үйрендім. Домбыра қолыма тигенде барлық тентектікті ұмытып, бүкіл жан жүйем елжірегендей болатын еді. Менің қой баққым келмеді. Домбыра тартып, ән салу мені қатты қызықтырды. Табиғат маған күшті де жуан дауыс берді. Мен далада ән шырқағанда дауысым бүкіл даланы күңіренткендей сезінетін едім. Он төрт жасымда әкемнен қол үзіп, өзімше күн көруге мықтап бел байладым. Ораза кезінде үй-үйді аралап, жарапазан айтатын болдым. Менің өлеңім жұртқа ұнап, маған сый-сипат көрсете бастады. Он беске толғанда мен атақты ақын Сүйімбай тұратын ауылға келдім. Домбырамды ұстап оның үйіне таяп келдім де, мен әндете бастадым. Өлеңіме риза болған Сүйімбай мені үйіне шақырып алып: — Сенің ақындық дарының бар екен, дауысың да жақсы, ұнайсың жігітім,— деді Сүйімбай. Қарт ақынның тілеуі бойынша мен көптеген әндерді құйкылжыта айтып бердім. Оның біреуін сол үйде отырып шығардым. Сүйімбайдың ақындық шеберлігіне бас иіп, қошеметімді өзімнің жастығым мен тәжірибесіздігімді өлеңге қосып, Сүйімбайды аспан әлемін нұрға бөлеген таң шапағына, жарық жұлдызға теңеп, өзімді ақынның інісімін деп атап, көмегін, қолдауын сұрадым. Ол уәде берді. Бұл менің өмірімдегі еқ бақытты минуттердің бірі еді. Сүйімбай түні бойы ақындық шеберлік жайында әңгімеледі. Сөйтіп мен оның шәкірті болдым, оның өлеңдерін жұртқа тараттым. Тек он алты жасымнан бастап қана мен өз бетіммен жырлауға бел байладым, бірақ көрнекті, тәжірибелі ақындармен айтысқа түспедім. Қазақ даласында айтыста жеңілу—ақынның өлгенімен теқ саналатын. Сондықтан да мен алғашқы кезде тек жас, онша әйгілі емес ақындармен сөз таластырып жүрдім. Мен Шу өзенін бойлап көшіп-қонып жүрген ауылдарды аралап, оларға халық өлеңдерін, ертегілерін, қиссаларын, атақты ақындардық өлеңдерін, өз өлеңдерімді айтып беріп жүрдім. Ғасырлар бойы қалыптасқан жәйт: суырып салма ақын — рулар мен тайпаларды, ру ақсақалдарын, атақты адамдарды, оқиғалардың бәрін білуге тиіс еді. Ол барлық жаңалықтарға үн қосып, жағдайды ескере білуге тиіс еді. Ақын тілінің өткірлігі қысылтаяңда тапқырлығы, тез де ұтқыр жауап беруі арқылы бағаланады. Ол әріптесін күлкі, сықақ уытына бөлеп, өзі байсалды, ұстамды болуға тиіс еді. Мен осының барлығын үйрендім. Қазақ және қырғыз даласының көптеген қарт та даңқты ақындарымен кездестім. Оларды мұқият тыңдадым, үйрендім, солар сияқты болуға әзірлендім. Кедейшілікті көре жүріп,- мен халықты жақсы түсіндім. Мен еңбекші халық жайында ғана шынайы сыр шертетін едім. Ақынның жалған айтып, екіжүзді болмауға тиіс екенін ұғып, тек шындықты жыр еттім. Менің өлеңім самғаған құстай бүкіл Жетісуды шарлады. Ыңыршағы шыққан ат үстінде мен ауылдан ауылға жорттым. Қайғы мен қасірет әнін шырқадым. Мен Жетісуда, Қырғызстанда болдым. Қарағандыға бардым, Шығыс Қазақстанды қыдырдым. Не туралы жырладым? Мен өзімнің тапшылық көрген, қасірет шеккен халқым туралы, зәбір шеккен Отаным жайында, даңқты батырлар жайлы жырладым. Түні бойы өлең айтып, сыйға тиын-тебен алған күндерім де болды. Осылай бір кезде мен атақты ақын Құлмамбетті жеңдім, сөйтіп, Жетісудың үздік ақыны атандым. Құлмамбетті жеңгендігім туралы хабар Жетісудың шегінен шығып, тіпті бүкіл қазақ ауылына тарады. Осыдан кейін мен көптеген үлкен айтыстарға қатынастым, бірақ жеңіліп көрген емеспін. Сахарадағы жыр — үлкен күш. Дауылды тоқтата алмайтындай, оны ешнәрсемен тоқтата алмайсъің. Байлар мен манаптар менен және менің батыл жырларымнан сескенетін-ді. Елу бес жасқа дейін мен осылай өмір сүрдім, келе-келе нашарлап кеттім. Бұл халге мені кәрілік емес, ауыр тұрмыс душар етті. Кәрі бүркіттей көздерім бұлдырлайтын болды, даусым да бәсеңсіп кетті. Домбыраның орнына қолыма асатаяқ ілікті. Кең сахараның орнына тар төсек келді. Мен семіп бара жаттым, жырлауға дәрменім жетпеді. Қазақтар 1916 жылы патшаға қарсы көтерілгенде ғана күреске шақырған бірнеше өлең айттым, бұлар сахараға тарап кетті. Мен жетпіске келгенде жаңа өмірдің жарық таңын көрдім. Мен Ұлы 'батыр Лениннің есімін естідім және Қызыл Армияның жеңімпаз салтанатын көзбен көрдім. Менің айналамда өмір қазандай қайнады, алтын түс көргендей мен мұны өзімнің ең жақсы өлеңдерімде жыр еттім. Жаңа күш қосылғанын сезініп, мен тағы да домбыраны қолға алдым! Менің жастығым қайта оралды, мен жыр шерттім. Айналама көз тігіп, мен таныс сахарамды танымай қалдым. Ауылдарды аралап жаңа өмірді жырлай бастадым. Әрқашандағыдай, мен өз халқыммен бірге болдым. Советтік Қазақстанның — қазақтардың бүтін ұрпақтары арман етіп, үздік ақындар жырлаған еркін, тамаша дәуірдің туғанын көзбен көрдім. Мен үшін өмір жаңадан басталды. Жиырма жастағы жігіттей — жап-жас, күп-күшті, тасқынды жігермен жырлай бастадым. Мен колхоз үшін жалынды үгітші болдым. Колхоз жайында жүздеген өлеңдер айттым, олар сахараны шарлады, өйткені бұлар шын жүректен шыққан өлеңдер еді. Мен ертегідегі гүлстаннан да тамаша — Москвада болдым... Совет өкіметі өлеңдерім үшін маған Еңбек Қызыл Ту орденін берді. Мен сол кезде былай деген едім және қазір де қайталаймын: — Мен наградталған жоқпын, Қазақстанның халық поэзиясы наградталды. Мен жыр шертемін, әзірге жүрегім соғып тұрғанда жырлай берем... 1937 жылы бүкіл еліміз Жамбылдың творчестволық қызметінің жетпіс бес жылдығын мерекеледі. Бұл күндері халық ақыны дүние жүзінің көптеген озат қайраткерлерінен құттықтау телеграммалар алды. 1941 жылы Жамбылға мемлекеттік сыйлық берілді. Ұлы Отан соғысы күндерінде Жамбыл өзінің өлеңдерінде Совет халқын Отанды қорғауға, еңбектегі ерлікке шақырды. Совет адамдарының батырлығын, СССР халықтарының мызғымас достығын жыр етті. 1943 жылы майданда Жамбылдың ұлы Алғадай қаза тапты. Бұл жөнінде ақынға хабар жеткенде, ол біраз үнсіз отырып барып, қайғылы хабарға өлеңмен жауап берді. Жамбылдың ақырғы жыры 1945 жылы 9 майда айтылды. Бұл неміс фашистерін біздің халқымыздың қаһармандықпен жеңгендігіне арналған еді. Жүз жасқа небәрі бірнеше ай қалғанда, 1945 жылы 22 июньде Жамбыл дүние салды. 1946 жылы февральда Қазақстан жұртшылығы даңқты ақынның жүз жылдығын салтанатпен атап өтті. Юбилейіне қарай ақынның таңдамалы шығармаларының академиялык жинағы орыс және қазақ тілінде басылып шықты. Жамбыл Жабаев Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет белгісі» ордендерімен наградталған. Жамбыл Жабаев – ұлы ақын, жырау, жыршы. Ұлы жүз құрамындағы шапырашты тайпасының екей руынан шыққан. Қазіргі Жамбыл облысы Жамбыл тауының етегінде 1846 ж. 28 ақпанда Жапа деген елге қадірлі адамның отбасында дүниеге келген. Жасынан өлең-жырға қанып өсіп, Сүйінбай Аронұлы сияқты жыр даңғылынан тәлім-тәрбие алды. Сонымен бірге Жамбыл туысқан қырғыз елінің де сөз өнерін жетік біліп, Тоқтоғұл, Мұраталы, Әлімқұл, Балық, Тыныбек, Қатаған сияқты дүлдүлдермен өнер сайысына түскен. Жүз жыл өмірінің сексен бесін өлең-жырмен өткізген. Жамбылдың шығармашылық өмірі 19-ғасырдың 70-жылдарынан басталған. Бұл – қазақ халқы үшін өте ауыр кезең еді. Осы жылдары Ресей империясы бүкіл қазақ елін түгел отарлап алған болатын. Соның салдарынан жерден, малдан айырылған жұрттың тұрмысы жүдеп, күйзеліске ұшырады. Ол аз болғандай, 20-ғасырдың 20-жылдарында ақ пен қызылдың соғысы, кәмпескелеу мен ұжымдастыру сияқты оқиғалар халықтың тағдырына теріс әсерін тигізді, қарапайым адамдардың да, зиялылардың да психологиясын өзгертті. Осындай жағдайдың куәгері болған Жамбыл шындықты айтып, замана болмысын жасырмай суреттеді, өзінің өкініші мен күйінішін ащы дауыспен жырлады, күйініп те, қиналып та сөйледі. Жамбылды нағыз ақын ретінде байтақ елге танытқан өнері – оның айтыстары. Бұл айтыстарында қыз бен жігіттің қайым айтысы да, түре айтыс та, сүре айтыс та бар. Осының қай-қайсысында да Жамбыл өзінің нағыз майталман, кестелі сөздің шебері, әрі ұшқыр ойлы, тапқыр шешен екенін көрсетеді. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына Жамбыл ақын белсене қатынасты. Патша жарлығына қарсы көтерілген халық бұқарасының қалың ортасында жүрді. Өзінің жалынды үндеу жырларын сол қозғалысқа арнап шығарды. Кеңес дәуірі жылдарында Жамбыл қоғам өмірі мен ел мүддесін жырлады. Ол байырғы ұлы жыраулардың дәстүрін қайта түлетіп, біздің дәуірімізге жаңа сапада, соны мазмұнмен байытып жеткізді. Мемлекет басшылары мен партия көсемдеріне қарата айтқан жырларында жалпы мемлекеттік мәселелерді көтерді. 2-дүниежүзілік соғыс тұсында бүкіл Кеңес Одағында Жамбылдан дәрежесі, мәртебесі биік ақын болған жоқ. Жамбыл есімінің әлемнің шартарабына танылған тұсы да осы кезең еді. Ақын жырлары майдандағы әр ұлттан құралған жауынгерлердің бәрінің де жүрегіне жетіп, жігерін қайрады. 1945 жылдың 22 маусымында Жамбыл жүзге қараған шағында Алматы қаласында қайтыс болды. Жамбыл – жыршылық өнердің де асқан шебері. Оның үздік шығармалары қырықтан астам шет елдер тілдеріне аударылды. Ромен Роллан, Мартин Андерсен Нексе, Катарина Сусанна Причард сияқты атақты суреткерлер Жамбыл поэзиясына өте жоғары баға берді. Жамбыл туралы жүздеген өлең-жырлар жазылды. 20-ғасырдағы халық ақындарына Жамбылдың әсері өте зор болды. Бұл қатарда Кенен Әзірбаев, Үмбетәлі Кәрібаев, Нартай Бекежанов, Доскей Әлімбаев, т.б. белгілі суырып-салма ақындар бар. Қазақтың ұлттық мәдениеті мен әдебиетіне сіңірген еңбегі үшін Жамбыл Ленин, Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет белгісі” ордендерімен марапатталды. 1941 ж. Сталиндік сыйлықтың лауреаты атанды. Жамбылдың есімі Қазақстанның бір облысына, бірнеше ауданға, бірқатар елді мекендерге, мекемелер мен оқу орындарына, өнер ордаларына берілді. Қазақ халқы Жамбылдың 100 жылдық, 125 жылдық, 150 жылдық тойларын халықаралық деңгейде салтанатты түрде атап өтті. Татар тілі. Татар тілі ("Tatar tele", "Tatarça", "Татар теле", "Татарча") — татар халқы сөйлейтін түркі тілі. Таралуы. Татар тілі Ресей, Орталық Азия, Украина, Польша, Қытай, Финляндия және Түркия сияқты елдерде тараған. Саха тілі. Саха тілі (Саха тыла) — сахалардың тілі түркі тілдері тобына жатады. Саха тілінде сөйлейтіндер саны 2002 жылғы санақ бойынша 456288 адам. Негізіде Ресей Федерациясының Саха Республикасында тұрады. Саха Республикасында орыс тілімен қатар мемлекеттік тіл болып табылады. Жазуы кириллицаға негізделген. Ноғай тілі. Ноғай тілі — Ресей Федерациясының Дағыстан, Қарашай-Шеркес республикалары және Ставрополь өлкесінде тұратын ноғайлардың тілі. Түркі тілдерінің қыпшақ тобына жатады. Ноғай тілдерінде сөлейтіндер саны 2002 жылғы санақ бойынша 90000 адам. Үш диалектісі бар: ноғай (Ставрополь өлкесі), ақноғай (Қарашай-Шеркес Республикасы), қараноғай (Дағыстан республикасы). Жазуы кириллицаға негізделген. Ноғай тіліне жақын тіл қазақ тілі. Қырғыз тілі. Қырғыз тілі (қырғ. кыргыз тили, قىرعىز تئلى)-Қырғыз Республикасының мемлекеттік тілі, түркі тілдерінің қыпшақ тобына жатады. Қырғыз тілінде 5,1 млн. адам сөйлейді. Олардың басым көпшілігі Қырғыз Республикасында тұрады. КСРО-да 1928 жылға дейін және ҚХР-да бүгінге дейін араб жазуын қолданады. Қазіргі жазуы кириллицаға негізделген. Егемендік. Егемендік - Мемлекеттің ішкі саясатында және сыртқы қатынастарында бас мемлекеттерден толық тәуелсіздігі. Қарашай-балқар тілі. Қарашай-балқар тілі — қарашайлар мен балқарлар сөйлейтін түркі тілі. Оның екі диалектісі бар, айырмашылығы — қарашайлар және, ал балқарлар және деген екі дыбысты қолданады. Түркі тілдерінің қыпшақ тобына жатады. Негізінен Ресей Федерациясының Қарашай-Шеркес және Кабарда-балқар республикаларында таралған. Осы екі республикада мемлекеттік тіл болып табылады. Ресейде 303 мың адам сөйлейді (2002 ж. Санақ). Қазіргі жазуы кириллицаға негізделген. Тыуа тілі. Тыуа тілі (өзінше атауы — тыва дыл) — түркі тілі, тыуалар тілі. Тыуа тілінде сөйлейтіндер саны 206 мың адам. Ресей Федерациясының Тыуа Республикасының мемлекеттік тілі. Лексикасында монғол тілінің әсері көп. Жазуы кириллицаға негізделген. әліпбиі. Тыуа әліппесі — 36 әріптен тұратын осы заманғы кирил қарпіне негізделінген әліппе. Құмық тілі. Құмық тілі негізінен Дағыстанда таралған. Түркі тілдерінің қыпшақ тобына жатады. Құмық тілінде сөйлейтіндер саны 400-500 мың адам. Құмық тілі Дағыстанның алты "әдеби тілдерінің" бірі. Жазуы кириллицаға негізделген. Хақас тілі. Хақас тілі — хақастардың тілі. Негізінен Ресей Федерациясының Хақасия Республикасында таралған. Хақас тілінде сөйлейтіндер саны 52 мың (2002 ж. Санақ) адам.Түркі тілдерінің шығыс бұтағының хақас-алтай тобына жатады. Диалектілері: сағай, качин, қызыл. Әдеби тілдің негізі сағай және качин диалектілері болды. Жазуы кириллицаға негізделген. Ғағауыз тілі. Ғағауыз тілі - ғағауыз халқының тілі. Түркі тілдерінің оғыз тобына жатады. Негізінен Молдованың Ғағауыз Ери автономиясында таралған. Ғағауыз тілінде сөйлейтіндер 150 мың адам. Жақын тілі түрік тілі. Палеонтология. Палеонтология атауы табиғи байлықтар қазынасы шоғырланған қазақ топырағындағы іргесін Қ.И.Сәтпаев қалаған Қазақ Жер ғылымына таңсық емес, бұрыннан бар атау. Басы сонау асқар Алатаулардан бастап, Сарыарқаның жазық жондарымен, өзен, көл, теңіз түптерінде, терең жер қойнауында сақталған, Жер нысанының ежелгі жануарларымен өсімдіктер дүниесінің тасқа айналған қалдықтарын іздеп табу, оларды Қазақ тіліндегі ұғым түсінікпен көпшілікке таныстыру қажет. Кеңестер Одағы кезінде бұл ғылымды тек кен байлықтарын іздеп табу мақсатында, стратиграфиялық белгілер ретінде өндірістік салада пайдаланып келді. Болгария қалаларының тізімі. Қала тұрғындарының саны көрсетілген. Облыстық қалалардың аттары қалың әріппен берілген. Армения қалаларының тізімі. Армения республикасында 10 марз (облыс), 48 қала, 953 село бар. Венгрия қалаларының тізімі. 2008 жылғы мәліметтер бойынша Венгрияда барлығы 3152 елді мекен бар (298 қала мен 2854 деревня). Италия қалаларының тізімі. Тұрғын саны жүз мыңнан астам Италия қалаларының тізімі. Латвия қалаларының тізімі. Латвияда қала дәрежесі () 77 елді мекенге берілген. Солардың 7-інде "республикалық қала" (тізімде қалың әріппен бөліп көрсетілген), 52-сінде "аудандық қала" және 18-інде "округтық қала" деген дәреже бар. Литва қалаларының тізімі. Литвада елді мекендер үш түрге бөлінеді: қалалар, қалашықтар () және деревнялар (). 2007 жылы Литвада 103 елді мекен қала дәрежесіне ие болған. Македония қалаларының тізімі. Македония Республикасының қалалары Молдавия қалаларының тізімі. Молдавияда қала дәрежесіне 65 елді мекен ие. Төменде алдымен дәстүрлі атауы, жақша ішінде Молдавияның өзінде қолданылатын атауы келтірілген. Осы тізімдегі Тирасполь, Бендеры, Дубоссары, Рыбница, Каменка, Григориополь, Слободзея, Маяк, Новотираспольский, Красное, Днестровск қалалары Приднестровье Молдав Республикасы атты танылмаған мемлекеттік құрылымның бақылауында және Молдавия билігіне іс жүзінде бағынбайды. Норвегия қалаларының тізімі. Қалалар тізімі. Қала тұрғындарының саны 2006 жыл бойынша берілген Польша қалаларының тізімі. Польшада 2006 жылдың 1-ші қаңтарында барлығы 889 қала болған. Финляндия қалаларының тізімі. 2008 жыл бойынша Финляндияда 113 қала болған. Чехия қалаларының тізімі. Чехияда 592 елді мекен қала дәрежесіне ие (2008 жылдың соңы). Швейцария қалаларының тізімі. Тұрғын саны бойынша Швейцария қалалары Эстония қалаларының тізімі. Қазіргі таңда Эстонияда 47 елді мекен қала дәрежесіне ие. Төмендегі кестеде мыналар көрсетілген: қаланың аты, қала дәрежесі берілген жыл, 1979, 1989, 2000 және 2006 жылдары тұрғын саны, қала орналасқан уезд. Ауғанстан қалаларының тізімі. Ауғанстан қалаларының тізімі — осында Ауғанстанның ең ірі 11 қаласының тізімі келтірілген. Тұрғын саны Ауғанстан Орталық Статистика басқармасының деректеріне негізделген. Катар қалаларының тізімі. Катар тұрғындарының 90%-дан астамы елдің астанасы Доха қаласында тұрады. Қырғызстан қалаларының тізімі. Қырғыз Республикасында 26 қала бар. Сауд Арабиясы қалаларының тізімі. Сауд Арабиясының қалалар тізімі. Сирия провинциялары. Сирия 14 мухафазаға, яғни провинцияға бөлінеді, олардың басшыларын ішкі істер министрі тағайындайды. Әр провинцияда жергілікті парламент сайланады. Куба қалаларының тізімі. Ең үлкен қалалары . Кубаның ең үлкен қалаларының тізімі (2003 жылғы деректер бойынша). Осакаров ауданы (Қарағанды облысы). Аудан аумағы 11,2 мың шаршы километрге тең. Аудан халқының саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 36,8 мың адамды құрады. Ауданда 22 ауылдық әкімшілік, 55 ауылдық елді мекен, 2 кент бар. Есептілік деректер бойынша 2007 жылдың басында қалада тұратын халық санының Ауданда 01.01.07 жылға 210 шаруашылық жүргізуші субъектілер тіркелген, оның ішінде 2 ірі, 23 орта, 185 шағын субъектлер. 2006 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің айтарлықтай бөлігін мал шаруашылығы құрады. 10,0 мың халықтың жеке қосалқы шаруашылықтары. Ауданда ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге 660,2 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлер пайдаланылады, оның ішінде 410,3 мың га - егістік алқаптар.* 2006 жылғы астыққа 256,7 мың га ауыл шаруашылығы дақылдары егілетін егістік жерлер пайдаланылды, оның ішінде 2006 жылы 120,9 мың тонна дәндер, 10,1 мың тонна ет (тірі салмақта); ірі қара мал саны 34,4 мың бас; қой мен ешкі – 23,5 мың бас; жылқы - 4,5 мың бас; құс – 54,5 мың басты құрады.* нан және нан өнімдерін, ұн, өсімдік майы, табиғи су. 2006 жылғы өндірістік өнім көлемі (үй шаруашылық есебінсіз) 1833,1 млн. теңгені құрады. • 49 күндізгі жалпы білім беретін мектептер жұмыс істейді, онда 7067 оқушы оқиды. • 1 кино көрсету қызметін жүзеге асыратын ұйым, • 1 мәдениет және демалыс паркі жұмыс істейді. 2006 жылғы ауданның ірі және орта кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік саны Жылдық деректер бойынша 2006 жылы негізгі капиталға инвестициялар 2215,9 млн. теңге сомасында игерілді, бұл 2005 жылғы көлемінен 101,8%-ды құрайды. Кәсіпорындардың өз күштерімен орындаған мердігерлік жұмыстар көлемі 2006 жылы 185,0 млн. теңгені немесе 2005 жылғы көлемнің 68,1%-ын құрады. 2006 жылғы бөлшек тауар айналым көлемі (қоғамдық тамақтандыру қызметің есепке алмағанда) 954,2 млн. теңге шамасында құралды, қызмет көрсету көлемі (мемлекеттік басқару қызметінсіз) – 94,5 млн. теңге. Бұқар жырау ауданы. Бұқар жырау ауданы - Қарағанды облысы. Аудан аумағы 14,6 мың шаршы километрге тең. Аудан халқының саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 60,7 мың адамды құрады. Ауданда 27 ауылдық әкімшілік, 74 ауылдық елді мекен, 3 кент бар. Есептілік деректер бойынша 2007 жылдың басына қалада тұратын халық санының Ауданда 01.01.07 жылға 225 шаруашылық жүргізуші субъектілер тіркелген, оның ішінде 6 ірі, 28 орта, 191 шағын субъектілер. 2006 жылы ауыл шаруашылығы өнімнің айтарлықтай бөлігін мал шаруашылығы құрады. 2006 жылғы 1 шілдеге ауыл шаруашылығы өндірушілердің нақты бар болуы: 38 ауыл шаруашылығы кәсіпорындар, 909 шаруа қожалық және 15,4 мың халықтың жеке қосалқы шаруашылықтары. Ауданда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінде 748,3 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлер бар болды, оның ішінде 259,3 мың га егістік алқаптар.* 2006 жылғы астыққа 153,8 мың га ауыл шаруашылық дақылдары егілетін егістік жерлер пайдаланылды, оның ішінде 95,0 мың га дәнді дақылдар, картоп – 2,7 мың га, көкөніс – 0,8 мың га. 23,2 мың тонна ет (тірі салмақта); ірі қара мал саны 57,7 мың бас; қой мен ешкі – 45,2 мың бас; құс – 686,9 мың басты құрады.* 2006 жылғы өндірістік өнім көлемі (үй шаруашылық есебінсіз) 2624,8 млн. теңгені құрады. • 58 күндізгі жалпы білім беретін мектептер жұмыс істейді, онда 10769 оқушы, • 1 кәсіби-техникалық оқу орнында 182 оқушы оқиды. • 1 кино көрсету қызметін жүзеге асыратын ұйым, 2006 жылғы ауданның ірі және орта кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік саны 5876 адамды құрады, орташа атаулы еңбекақы – 25029 теңге. Жылдық деректер бойынша 2006 жылы негізгі капиталға инвестициялар 4652,3 млн. теңге сомасында игерілді, бұл 2005 жылғы көлемнен 3,3 есе артық. Кәсіпорындардың өз күштерімен орындаған мердігерлік жұмыстар көлемі 2006 жылы 373,5 млн. теңгені немесе 2005 жылғы көлемнің 134,4%-ын құрады. 2006 жылғы бөлшек тауар айналым көлемі (қоғамдық тамақтандыру қызметің есепке алмағанда) 332,9 млн. теңге шамасында құралды, қызмет көрсету көлемі (мемлекеттік басқару қызметінсіз) – 95,7 млн. теңге. Қарқаралы ауданы (Қарағанды облысы). Аудан 1930 жылы құрылған. Аудан аумағы 35,5 мың шаршы километрге тең. Аудан халқының саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 42,5 мың адамды құрады. Ауданда 23 ауылдық әкімшілік, 71 ауылдық елді мекен, 1 кент, 1 қала бар. Есептілік деректер бойынша 2007 жылдың басында қалада тұратын халық санының Ауданда 01.01.07 жылға 176 шаруашылық жүргізуші субъектілер тіркелген, оның ішінде 1 ірі, 25 орта, 150 шағын субъектілер. 2006 жылы ауыл шаруашылығы өнімнің айтарлықтай бөлігін мал шаруашылығы құрады. 2006 жылғы 1 шілдеге ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің нақты бар болуы: 12 ауыл шаруашылығы кәсіпорындар, 545 шаруа қожалық және 10,0 мың халықтың жеке қосалқы шаруашылықтары. Аймақта ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге 1187,0 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлер пайдаланылады, оның ішінде 152,5 мың га егістік алқаптар.* 2006 жылғы астыққа 81,4 мың га ауыл шаруашылық дақылдары егілетін егістік жерлер пайдаланылды, оның ішінде 56,8 мың га дәнді дақылдар, картоп – 0,1 мың га. 11,9 мың тонна ет (тірі салмақта); ірі қара мал саны 61,2 мың бас; қой мен ешкі – 193,2 мың бас; құс – 48,1 мың басты құрады. нан және нан өнімдерін, ұн, өсімдік майы, темір кендерін шығару. 2006 жылғы өндірістік өнім көлемі (үй шаруашылық есебінсіз) 2075,4 млн. теңгені құрады. • 55 күндізгі жалпы білім беретін мектептер жұмыс істейді, онда 8595 оқушы, • 1 колледжде 322 оқушы және 1 кәсіби-техникалық оқу орнында - 140 оқушы оқиды. • 2 кино көрсету қызметін жүзеге асыратын ұйым, • 1 ұлттық парк іс-әрекет етеді. 2006 жылғы ауданның ірі және орта кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік саны 3294 адамды құрады, орташа атаулы еңбекақы - 22474 теңге. Жылдық деректер бойынша 2006 жылы негізгі капиталға инвестициялар 1524,2 млн. теңге сомасында игерілді, бұл 2005 жылғы көлемге 71,3%-ды құрады. Кәсіпорындардың өз күштерімен орындаған мердігерлік жұмыстар көлемі 2006 жылы 74,3 млн. теңгені немесе 2005 жылғы көлеміне 85,5%. 2006 жылғы бөлшек тауар айналым көлемі (қоғамдық тамақтандыру қызметің есепке алмағанда) 466,1 млн. теңге шамасында құралды, қызмет көрсету көлемі (мемлекеттік басқару қызметінсіз) – 146,9 млн. теңге. Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы). Ақтоғай ауданы - Қарағанды облысы Аудан 1928 жылы құрылды. Аудан аумағы 52,0 мың шаршы километрге тең. Аудан халқының саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 18,9 мың адамды құрады. Ауданда 15 ауылдық әкімшілік, 44 ауылдық елді мекен, 2 кент бар. Есептілік деректер бойынша 2007 жылдың басында қалада тұратын халық санының Ауданда 01.01.07 жылға 130 шаруашылық жүргізуші субъектілер тіркелген, оның ішінде 2 ірі, 15 орта, 113 шағын субъектілер. 2006 жылы ауыл шаруашылығы өнімнің айтарлықтай бөлігін мал шаруашылығы құрайды. 2006 жылғы 1 шілдеге ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің нақты бар болуы: 5 ауыл шаруашылығы кәсіпорындар, 667 шаруа қожалық және 3,9 мың халықтың жеке қосалқы шаруашылықтары. Аймақта ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге 1300,9 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлер пайдаланылады, оның ішінде 12,4 мың га - егістік алқаптар.* 2006 жылғы астыққа 11,4 мың га ауыл шаруашылығы дақылдары егілетін егістік жерлер пайдаланылды, оның ішінде 4,3 мың га дәнді дақылдар, картоп – 0,1 мың га, көкөніс – 0,05 мың га. 7,6 мың тонна ет (тірі салмақта); ірі қара мал саны 34,1 мың бас; қой мен ешкі – 150,2 мың бас; құс – 20,6 мың басты құрады.* нан және нан өнімдерін, ұн, өсімдік майы, балық өнімдері, түсті металдарды өндіру. 2006 жылғы өндірістік өнім көлемі (үй шаруашылық есебінсіз) 1305,7 млн. теңгені құрады. • 28 күндізгі жалпы білім беретін мектептер жұмыс істейді, онда 4233 оқушы оқиды, • 1 кәсіби-техникалық оқу орнында - 120 оқушы оқиды. 2006 жылғы ауданның ірі және орта кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік саны 2266 адамды құрады, орташа атаулы еңбекақы -29986 теңге. Жылдық деректер бойынша 2006 жылы негізгі капиталға инвестициялар 4855,5 млн. теңге сомасында игерілді, бұл 2005 жылғы көлемінен 33,4%-ы құрады. 2006 жылғы бөлшек тауар айналым көлемі (қоғамдық тамақтандыру қызметің есепке алмағанда) 265,8 млн. теңге шамасында құралды, қызмет көрсету көлемі (мемлекеттік басқару қызметінсіз) – 43,9 млн. теңге. Жаңаарқа ауданы (Қарағанды облысы). Жаңаарқа ауданы - Қарағанды облысы Аудан1928 жылы құрылды. Аудан аумағы 50,9 мың шаршы километрге тең. Аудан халқының саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 28,5 мың адамды құрады. Ауданда 12 ауылдық әкімшілік, 45 ауылдық елді мекен, 2 кент бар. Есептілік деректер бойынша 2007 жылдың басында қалада тұратын халық санының Ауданда 01.01.07 жылға 122 шаруашылық жүргізуші субъектілер тіркелген, оның ішінде 1 ірі, 13 орта, 108 шағын субъектілер. 2006 жылы ауыл шаруашылығы өнімнің айтарлықтай бөлігін мал шаруашылығы құрады. 2006 жылғы 1 шілдеге ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің нақты бар болуы: 4 ауыл шаруашылығы кәсіпорындар, 544 шаруа қожалық және 6,2 мың халықтың жеке қосалқы шаруашылықтары. Аймақта ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге 540,1 мың гектар ауыл шаруашылық жерлер пайдаланылады, оның ішінде 40,5 мың га егістік алқаптар.* 2006 жылғы астыққа 34,1 мың га ауыл шаруашылық дақылдары егілетін егістік жерлер пайдаланылды, оның ішінде 23,0 мың га дәнді дақылдар, картоп – 0,2 мың га, көкөніс – 0,1 мың га. 9,7 мың тонна ет (тірі салмақта); ірі қара мал саны 37,5 мың бас; қой мен ешкі – 106,0 мың бас; құс – 30,8 мың басты құрады. нан мен нан өнімдерін, ұн, өсімдік майы, металл кендерін шығару, электр энергияны тарату, локомотивтерді жөндеу. 2006 жылғы өндірістік өнім көлемі (үй шаруашылық есебінсіз) 1344,5 млн. теңгені құрады. • 34 күндізгі жалпы білім беретін мектептер жұмыс істейді, онда 6159 оқушы оқиды, • 1 кәсіби-техникалық оқу орнында - 121 оқушы оқиды. 2006 жылғы ауданның ірі және орта кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік саны 2356 адамды құрады, орташа атаулы еңбекақы - 32621 теңге. Жылдық деректер бойынша 2006 жылы негізгі капиталға инвестициялар 6016,1 млн. теңге сомасында игерілді, бұл 2005 жылғы көлемінен 48,8% -ын құрады. Кәсіпорындардың өз күштерімен орындаған мердігерлік жұмыстар көлемі 2006 жылы 905,7 млн. теңгені немесе 2005 жылғы көлемінен 51,8%-ын құрады. 2006 жылғы бөлшек тауар айналым көлемі (қоғамдық тамақтандыру қызметің есепке алмағанда) 239,9 млн. теңге шамасында құралды, қызмет көрсету көлемі (мемлекеттік басқару қызметінсіз) – 70,9 млн. теңге. Ұлытау ауданы (Қарағанды облысы). Ұлытау ауданы - Қарағанды облысы Аудан 1972 жылы құрылған. Аудан аумағы 122,9 мың шаршы километрге тең. Аудан халқының саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 14,3 мың адамды құрады. Ауданда 13 ауылдық әкімшілік, 41 ауылдық елді мекен, 3 кент бар. Есептілік деректер бойынша 2007 жылдың басында қалада тұратын халық санының Ауданда 01.01.07 жылға 99 шаруашылық жүргізуші субъектілер тіркелген, оның ішінде 2006 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің айтарлықтай бөлігін мал шаруашылығы құрайды. 2006 жылғы 1 шілдеге ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің нақты бар болуы: 4 ауыл шаруашылық кәсіпорындар, 913 шаруа қожалық және 3,0 мың халықтың жеке қосалқы шаруашылықтары. Аймақта ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге 1611,0 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлер пайдаланылады, оның ішінде 71,0 мың га - егістік алқаптар.* 2006 жылғы астыққа 41,6 мың га ауыл шаруашылық дақылдары егілетін егістік жерлер пайдаланылды, оның ішінде 38,2 мың га дәнді дақылдар, 28,0 га - картоп, 14,0 га - көкөніс. 9,9 мың тонна ет (тірі салмақта); ірі қара мал саңы 30,7 мың бас; қой мен ешкі – 164,5 мың бас; құс – 5,9 мың басты құрады.* нан және нан өнімдерін, ұн, өсімдік майы, металл кендерін шығару. 2006 жылғы өндірістік өнім көлемі (үй шаруашылық есебінсіз) 109,0 млн. теңгені құрады. • 18 күндізгі жалпы білім беретін мектептер жұмыс істейді, онда 3091 оқушы оқиды, • 1 кәсіби-техникалық оқу орнында – 164 оқушы оқиды. 2006 жылғы ауданның ірі және орта кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік саны 808 адамды құрады, орташа атаулы еңбекақы –21253 теңге. Жылдық деректер бойынша 2006 жылы негізгі капиталға инвестициялар 883,4 млн. теңге сомасында игерілді, бұл 2005 жылғы көлемнің 47,2%-ын құрады. Кәсіпорындардың өз күштерімен орындаған мердігерлік жұмыстар көлемі 2006 жылы 7,6 млн. теңгені құрады. 2006 жылғы бөлшек тауар айналым көлемі (қоғамдық тамақтандыру қызметің есепке алмағанда) 50,2 млн. теңге шамасында құралды, қызмет көрсету көлемі (мемлекеттік басқару қызметінсіз) – 58,3 млн. теңге. Абай ауданы (Қарағанды облысы). Абай ауданы - Қарағанды облысы 1997 жылы Мичурин ауданға (1973 жылы құрылған) Абай қаланы қосып Абай ауданы құрылды. Аудан аумағы 6,5 мың шаршы километрге тең. Аудан орталығы Абай қаласында орналысты. Аудан халқының саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 54,7мың адамды құрады. Ауданда 10 ауылдық әкімшілік, 39 ауылдық елді мекен, 4 кент бар. Есептілік деректер бойынша 2007 жылдың басына қалада тұратын халық санының Ауданда 01.01.07 жылға 303 шаруашылық жүргізуші субъектілері тіркелген, оның ішінде 3 ірі, 36 орта, 264 шағын субъектілер. 2006 жылы ауыл шаруашылығы өнімнің айтарлықтай бөлігін мал шаруашылығы құрайды. 2006 жылғы 1 шілдеге ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің нақты бар болуы: 27 ауыл шаруашылық кәсіпорыны, 244 шаруа қожалық және 7,4 мың халықтың жеке қосалқы шаруашылықтары. Аймақта ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге 254,2 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлер пайдаланылады, оның ішінде 61,8 мың га - егістік алқаптар.* 2006 жылғы астыққа 36,6 мың га ауыл шаруашылығы дақылдары егілетін егістік жерлер пайдаланылды, оның ішінде 16,0 мың га дәнді дақылдар, картоп – 2,1 мың га, көкөніс – 0,4 мың га. 5,6 мың тонна ет (тірі салмақта); ірі қара мал саны 18,4 мың бас; қой мен ешкі – 20,4 мың бас; құс – 592,1 мың басты құрады.* ұн, қождамалы әктас, электр энергия, жеңіл өнеркәсіп өнімін, ферроқорытпалар, ұсақтайтын шарлар өндіру. 2006 жылғы өндірістік өнім көлемі (үй шаруашылық есебінсіз) 15633,1 млн. теңгені құрады. • 35 күндізгі жалпы білім беретін мектептер жұмыс істейді, онда 7606 оқушы оқиды, • 1 колледжде – 1208 оқушы, • 1 кәсіби-техникалық оқу орнында - 157 оқушы оқиды. • 1 мәдениет және демалыс паркі жұмыс істейді. 2006 жылғы ауданның ірі және орта кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік саны 7148 адамды құрады, орташа атаулы еңбекақы - 25440 теңге. Жылдық деректер бойынша 2006 жылы негізгі капиталға инвестициялар 1069,6 млн. теңге сомасында игерілді, бұл 2005 жылғы көлемге 60,5%-ды құрайды. Кәсіпорындардың өз күштерімен орындалған мердігерлік жұмыстар көлемі 2006 жылы 219,2 млн. теңгені немесе 2005 жылғы көлемнің 137,3%-ын құрады. 2006 жылғы бөлшек тауар айналым көлемі (қоғамдық тамақтандыру қызметің есепке алмағанда) 687,4 млн. теңге шамасында құралды, қызмет көрсету көлемі (мемлекеттік басқару қызметінсіз) – 132,5 млн. теңге. АБАЙ АУДАНЫ – Қарағанды обл-ның орталық бөлігіндегі әкімш. бөлініс. 1973 ж. құрылған. Алғашында Мичурин ауд. болып аталды. 1997 жылдан А. а. аталады. Жер аум. 6,5 мың км2. Тұрғыны 54,9 мың, орташа тығызд. 1 км2-ге 0,8 адамнан келеді (2006). Ауданда 10 ауылдық округ, 1 қала, 4 кент бар. Аудан орт. – Абай қ. Аудан Сарыарқаның орта тұсында, қуаң дала белдемінде орналасқан. Батыс бөлігі аласа белесті, жазық. Тек Ақшоқы (588 м), Қоянды (725 м) сияқты аласа шоқылар кездеседі. Шығысы ұсақ төбелі (орташа биікт. 600 – 800 м). Кен байлықтарынан тас көмір, барит, әктас, т.б. құрылыс материалдары кездеседі. Климаты тым континенттік, қысы суық қары аз, жазы ыстық, құрғақ. Қаңтарда ауаның орташа темп-расы –15 – 16°С, шілдеде 20 – 21°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 250 – 350 мм. Нұра, Шерубайнұра өзендері мен олардың салалары – Есен, Соқыр осы аудан аумағынан өтеді. Сасықкөл, Сопақсор, Сарыбұлақ, Шұбаркөл, Шұбар, Шерубайнұра, Ынтымақ, т.б. көлдер мен бөгендер бар. Ауданның шығысы қара қоңыр, батысы ашық қоңыр, сортаң топырақты болып келеді. Өсімдіктерден селеу, бетеге, жусан, өзен және тау аңғарларында қызғылт боз, қыраттарда қараған, тобылғы, т.б. өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қарсақ, суыр, атжалман, ондатр мекендейді. Суларында табан, мөңке, оңғақ, нәлім, алабұға, торта, шортан, аққайран өседі. Аудандағы ірі елді мекендер: Топар, Южный, Изумрудный, Қарабас кенттері. Ауданда өнеркәсіп ерте дамыған. 1863 – 1917 ж. аудан жерінде Орт. Қазақстандағы алғашқы өнеркәсіп орындарының бірі – Спасск мыс балқыту з-ты жұмыс істеді. А. а-нда көмір өндіретін 5 шахта, «Шығыс» кен байыту ф-касы, темір-бетон бұйымдар з-ттары, құрылыс материалдары мен құралымдар комб., тігін ф-касы, нан з-ттары, тұрмыстық қызмет көрсету комб-тары, құрылыс және көлік мекемелері; «Испат Кармет» АҚ-ның шикізат базасы, әктас кеніші бар. А. ш. кәсіпорындары ет, сүт, жұмыртқа, картоп, көкөніс өндіруге бейімделген. А. ш-на пайдаланылатын жер аум. 611,7 мың га (2006). Оның 48%-ына дәнді дақылдар, 3%-ына картоп пен көкөніс, 49%-ына жемшөп дақылдары егіледі. Мал ш. саласы бойынша ірі қара, жылқы, құс өсіру мен 8 кәсіпорын, 1 құс ф-касы, 1 арнайы шаруашылық бірлестігі, агрофирма-техникум шұғылданады. Аудан аумағы арқылы Қарағанды – Шу т. ж., Астана – Қарағанды – Алматы, Қарағанды – Атасу – Жезқазған автомоб. жолдары өтеді. Жезқазған. Қала 1954 жылы құралды. Қала аумағы 1,8 мың шаршы километрге тең. Қала халқының саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 97,3 мың адамды құрады. Қалалық әкімшілікте 3 ауылдық округ, 18 ауылдық елді мекен бар. Есептілік деректер бойынша 2007 жылдың басына қалада тұратын халық санының Қалада 01.01.07 жылға 1133 шаруашылық жүргізуші субъекті тіркелген, оның ішінде 13 ірі, 58 орта, 1062 шағын субъектілер. «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС, «ЖезРЭК» АҚ, «ПТВС» АҚ - түсті металдарды өндіру (айырылған күміс, айырылған алтын, тазартылған мыс). 2006 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің айтарлықтай бөлігін өсімдік шаруашылығы құрады. 2006 жылғы 1 шілдеге ауыл шаруашылығы өндірушілерінің нақты бары: 16 ауыл шаруашылық кәсіпорыны, 184 іс-әрекеттегі шаруа қожалығы, 4,5 мың халықтың жеке қосалқы шаруашығы. Аймақта ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге 251,4 мың гектар ауыл шаруашылық жерлері пайдаланылады, оның ішінде 1,0 мың га – егістік алқаптар. 2006 жылғы астыққа 1,1 мың га ауыл шаруашылығы дақылдары егілетін егістік жерлер пайдаланылды, оның ішінде 1,1 мың тонна ет (тірі салмақта); ірі қара мал саны 6,9 мың бас; қой мен ешкі – 22,5 мың бас; 2006 жылғы қаланың ірі және орта кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік саны, Сәтбаев қаласында “Қазақмыс корпорациясы” ЖШС және Ұлытау ауданының Қарсақпай кентінде жұмыс істейтіндерді есепке алғанда, 45175 адамды құрады, орташа атаулы еңбекақы – 39511 теңге. 2006 жылғы өндірістік өнім көлемі (үй шаруашылық есебінсіз) 210886,1 млн. теңгені құрады. Жылдық деректер бойынша 2006 жылғы негізгі капиталға инвестициялар 16057,8 млн. теңге сомасында игерілді, бұл 2005 жылғы көлемге 103,6%-ды құрайды. Кәсіпорындардың өз күштерімен орындаған мердігерлік жұмыстар көлемі 2006 жылы 1655,5 млн. теңгені немесе 2005 жыл көлеміне 163,9%. 2006 жылғы бөлшек тауар айналым көлемі (қоғамдық тамақтандыру қызметің есепке алмағанда) 8678,1 млн. теңге шамасында құралды, қызмет көрсету көлемі (мемлекеттік басқару қызметінсіз) – 3314,7 млн. теңге. Жезқаған әнұраны. Жезқазған-Қарағанды облысындағы қала, темір жол стансасы. Қазақстандағы түсті металлургияның ірі орталығы. Сарыарқаның батысында, Ұлытау тауларының оңтүстігіндегі Қарақеңгір өзенінің бойындағы Кеңгір бөгенінің оңтүстік-батыс жағалауында орналасқан. Тұрғыны 96 мың адам. Іргесі 1939 жылы 3 мың халқы бар Кеңгір ауданының орнында тұрғызылған. 1941-54 жылдары Үлкен Жезқазған кенті аталды. 1954 жылдан қала мәртебесін алды. 1973-97 жылдары Жезқазған облысының орталығы болды. Қалада»Қазақмыс» корпорациясы, «Казкат» біріккен кәсіпорны,»Жезқазғансирекметтал» республикалық.мемлекеттік. кәсіпорны»,»Кеңгір» химия өндірістік кәсіпорны, «Ұлытау» қазақ-қытай біріккен тоқыма-киім тігу және т.б бар. Қалада түсті металлургия ғылыми-зерттеу институты, Жезқазған университеті,ботаника бағы, медициналық. колледждер, 36 мектеп, 10 аурухана, 47 амбулаторлық пункттер, 7 кітапхана, 2 мұражай және т.б.мәдени мекемелер бар. Жезқазғанның тарихы қазақтың ұлы ғалымы, академик Қаныш Сәтпаев есімімен тығыз байланысты. Маңызды оқиғалар хроникасы. Жезқазған кен орындарында мыс кенін өндіру көне дәуірде басталған. Тас үйінділері арқылы ертедегі кен қазушылар 1 млн. тоннадан астам тотыққан мыс кенін өндіргені туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. КСРО Жоғарғы Советінің Президиумы 1966 жылғы 14 мамырдағы жарлығымен мыс кенін өндіру мен өндеудегі, жаңа техниканы енгізу - дегі үздік табыстары үшін Жезқазған кен-металлургиялық комбинатын жоғарғы дәрежелі үкімет марапаты – Ленин орденімен марапаттады. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы 1966 жылғы 13 тамыздағы жарлығымен түсті металлургия базасын салып дамытқаны және Үлкен Жезқазғанның күрделі құрлыс жоспарын нәтижелі орындағаны үшін «Қазмысқұрлыс» («Казмедьстрой») тресінің ұжымы Еңбек Қызыл Ту орденімен марапаттады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылдың шілдесіндегі қаулысымен «Жезқазғантүстіметалл» акционерлік қоғамы шетелдік «Самсунг» компаниясына басқаруға берілді. ҚР Үкіметінің 1995 жылғы 28 қыркүйегіндегі қауылысымен мемлекеттік кәсіпорын «Жезқазғансирекмет» («Жезказганредмет») құрылды. ҚР Үкіметінің 1996 жылғы мамырдағы қауылысымен ¬Ө.Ә. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті құрылды. Қаражал. Қала 1963 жылы құрылды. Қала аумағы 12,3 мың шаршы километрге тең. Қала халқының саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 19,0 мың адамды құрады. Қалалық әкімшілікте 1 кенттік округ бар. Есептілік деректер бойынша 2007 жылдың басына қалада тұратын халық санының Қалада 01.01.07 жылға 155 шаруашылық жүргізуші субъекті тіркелген, оның ішінде 1 ірі, 16 орта, 138 шағын субъектілері. «Жайрем Кенбайыту комбинаты» АҚ, АТАСУ КЕН «Өркен» ЖШС 2006 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің айтарлықтай бөлігін мал шаруашылығы құрады. 2006 жылғы 1 шілдеге ауыл шаруашылығы өндірушілерінің нақты бары: 4 ауыл шаруашылық кәсіпорыны, 2,7 мың халықтың жеке қосалқы шаруашылығы. Аймақта ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге 10,5 мың гектар ауыл шаруашылық жерлері пайдаланылады, оның ішінде 0,05 мың га - егістік алқаптар. 2006 жылғы астыққа 44,0 га ауыл шаруашылығы дақылдары егілетін егістік жерлер пайдалынылды, оның ішінде 1,3 мың тонна ет (тірі салмақта), ірі қара мал саны 11,6 мың бас; қой мен ешкі – 10,5 мың бас; • 8 күндізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс істеді, онда 3750 оқушы оқиды, • 1 кәсіби-техникалық оқу орнында – 165 оқушы оқиды. • 2 клуб типті мекеме жұмыс атқарады. 2006 жылғы қаланың ірі және орта кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік саны 5035 адамды құрады, орташа атаулы еңбекақы - 33130 теңге. 2006 жылғы өндірістік өнім көлемі (үй шаруашылық есебінсіз) 7567,1 млн. теңгені құрады. Жылдық деректер бойынша 2006 жылы негізгі капиталға инвестициялар 1713,9 млн. теңге сомасында игерілді немесе 2005 жылғы көлемнен 32,7%-ын құрады. Кәсіпорындардың өз күштерімен орындаған мердігерлік жұмыстар көлемі 2006 жылы 95,0 млн. теңгені немесе 2005 жылғы көлемнің 279,5 %-н құрады. 2006 жылғы бөлшек тауар айналым көлемі (қоғамдық тамақтандыру қызметің есепке алмағанда) 349,6 млн. теңге шамасында құралды, қызмет көрсету көлемі (мемлекеттік басқару қызметінсіз) – 101,8 млн. теңге. Қаражал-Қарағанды облысындағы облыстық маңызы бар қала. Жаңаарқа ауданының аумағында, Қарағанды-Жезқазған-Қарсақпай теміржолының Атасу-Қаражал тармағындағы темір жол стансасы.. Облыс орталығы Қарағанды қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 320 км. жерде. Сарыарқаның оңтүстік бөлігінде, боз жусан, сасыр аралас бетеге, қылқан боз, т.б.шөптесіндер өскен сортаңды сұр, қиыршық топырақты қуаң далада орналасқан. Қаланың іргесі 1939-40 жылдарда темір-марганец кенін игеруге байланысты қаланған. 1950 жылдан кент, 1963 жылдан.қала. 1942 жылдан Қаражалда Атасу геологиялық барлау экспедициясы құрылды..1956 жылы Қарағандыға Атасу кені тиелген алғашқы эшелон жөнелтілді. Қаланы құрушы кәсіпорындар болып - «Жайрем кен-байыту комбинаты» ААҚ және «Атасу-кен» ААҚ табылады. Қаланың инфрақұрылымында 2 бала бақша, 7 мектеп, қалалық аурухана мен емхана, 9 дәрігерлік амбулатория, 5 кітапхана, кеншілер мәдениет сарайы, кинотеатр, стадион т.б жұмыс істейді. Қала маңында жоғары сапалы радонды бұлақтар мен шипалы балшық қоры бар. Сәтбаев қаласы. Сәтбаев қаласы - Қазақстандағы қала 1973 жылы құрылған. Қала аумағы 1,1 мың шаршы километрге тең. Қала халқының саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 70,6 мың адамды құрады. Қалалық әкімшілікте 1 кенттік округ, 1 ауылдық елді мекен бар. 2007 жылдың басына қалада тұратын халық санының Қалада 01.01.07 жылға 189 шаруашылық жүргізуші субъекті тіркелген, оның ішінде 4 ірі, 28 орта, 157 шағын субъектілері. «Вертекс - Инициатив» ЖШС, «Рудсервис К» ЖШС 2006 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің айтарлықтай бөлігін мал шаруашылығы өнімі құрады. 2006 жылғы 1 шілдеге ауыл шаруашылығы өндірушілерінің нақты бары: 23 шаруа қожалығы, 2,2 мың халықтың жеке қосалқы шаруашылығы. Аймақта ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге 25,0 мың гектар ауыл шаруашылық жерлері пайдаланылады, оның ішінде 0,1мың га - егістік алқаптар.* 2006 жылы астыққа 0,1 мың га ауыл шаруашылық дақылдары егілетін егістік жерлер пайдаланылды, оның ішінде картоп және көкөніс 0,1 мың га. 0,2 мың тонна ет (тірі салмақта); ірі қара мал саны 2,9 мың бас; қой мен ешкі - 6,0 мың бас; жылқы - 0,1 мың бас;,dd>құс - 4,1 мың бас.* • 15 күндізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, онда 12866 оқушы оқиды, • 2 кәсіби-техникалық оқу орнында 958 оқушы оқиды. • 2 клуб типті мекеме жұмыс істейді. 2006 жылғы қаланың ірі және орта кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік саны “Қазақмыс Корпорация” ААҚ-ның жұмыскерлерін есептемегенде 3993 адамды құрады, орташа атаулы еңбекақы – 32115 теңге. 2006 жылғы өндірістік өнім көлемі (үй шаруашылық есебінсіз) 1388,1 млн. теңгені құрады. Жылдық деректер бойынша 2006 жылы негізгі капиталға инвестициялар 3943,8 млн. теңге сомасында игерілді немесе 2005 жылғы көлемінен 106,1%-ын құрады. Кәсіпорындардың өз күштерімен орындаған мердігерлік жұмыстар көлемі 2006 жылы 81,9 млн. теңгені немесе 2005 жылғы көлемнің 109,5%-ын құрады. 2006 жылғы бөлшек тауар айналым көлемі (қоғамдық тамақтандыру қызметің есепке алмағанда) 2225,8 млн. теңге шамасында құралды, қызмет көрсету көлемі (мемлекеттік басқару қызметінсіз) – 1262,2 млн. теңге. Жезқазған кенді аймағын жан-жақты зерттеп оның қазба байлықтарын игеру жөніндегі игі жұмыстар қазақтың ұлы ғалымы, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың есімімен тікелей байланысты.Қаныш атындағы қала жыл сайын өсіп өркендей түсуде.Топырағында дананың ізі қалған қалада бұл күндері Қ.Сәтбаев атындағы көше, мектеп, ғалымның ескерткіші бой түзесе, ең бастысы қазақтың біртуар ұлының ізбасарлары жарқын істердің жасампаз жалғастырушысы бола білуде. Іргетасы 1954 жылы жұмысшы поселкасы ретінде қаланып, Никольский аталған бұл мекен 1973 жылы қала мәртебесін алса, тәуелсіздік тұғырын көтеруге ұмтылған тұрғындардың өтініш – тілегіне орай 1990 жылдың 13 қыркүйегінде шаһарға оның негізін қалаушы Қаныш Сәтбаевтің есімі берілді. 2000 жылдан бастап «Жасыл қала», «Таза қала», «Таза му», «Дизайн-2000», «экономиканың нақты секторларын дамыту» сияқты көптеген бағдарламалардың қабылдануы іске жаңаша серпін берген еді.Сол жылдың өзінде минералды су және жеміс сусындарын шығаратын завод, «Серебряная нить» тігін кәсіпорны, «Сарыарқа-нан», «Ақбұлақ» акционерлік қоғамдарында сапалы өнім өндіруге мүмкіндік беретін жабдықтар орнатылды.. Кеншілер алаңы, Комаров көшелері жаңартылып, асфальт төселген басты көшелер жаңаша кейіпке енді. Қалада ықшам аудандар кеңесі құрылып, әкімдік негізгі шаруаларды солар арқылы қолға алады. Осылай жүйелі жұмыстардың нәтижесінде 2000 жылы Сәтбаев үлгілі қала атанды. 2005-2007 жылдарға арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша 30,8 мың жаңа үй салынып, 350 отбасы жәйлі пәтермен қамтамасыз етілмек. Қалада кейінгі екі-үш жылдың бедерінде мешіт, шіркеу, №1 орталық аурухана, тіс емдеу орталығы көптеген сәнді дүкендер мен мейрамханалар бой көтерді. Сәтбаев қаласындағы білім ұялары С.Сейфуллин атындағы гимназия мен Абай атындағы мектеп-лицей республикадағы үздік мектептер қатарынан саналады. Барлық мектептер компьютер техникалары мен жабдықталған, 27 оқушыға бір компьютерден келеді. Шахтинск. Қала 1961 жылы құрылды. Қала аумағы 0,2 мың шаршы километрге тең. Қала халқының саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 56,6 мың адамды құрады. Қалалық әкімшілікте 3 кенттік округ бар. Есептілік деректер бойынша 2007 жылдың басына қалада тұратын халық санының Қалада 01.01.07 жылға 256 шаруашылық жүргізуші субъекті тіркелген, оның ішінде 3 ірі, 29 орта, 224 шағын субъектілері. 2006 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің айтарлықтай бөлігін өсімдік шаруашылығы құрады. 2006 жылғы 1 шілдеге ауыл шаруашылығы өндірушілерінің нақты бары: 3 ауыл шаруашылық кәсіпорыны, 10 шаруа қожалығы, 5,0 мың халықтың жеке қосалқы шаруашылығы. Аймақта ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге 0,7 мың гектар ауыл шаруашылық жерлері пайдаланылады, оның ішінде 0,6 мың га - егістік алқаптар.* 2006 жылғы астыққа 0,5 мың га ауыл шаруашылық дақылдары егілетін егістік жерлер пайдаланылды, оның ішінде дәнді дақылдар – 5,2 га, картоп - 0,4 мың га, көкөніс - 0,2 мың га. 0,6 мың тонна ет (тірі салмақта); ірі қара мал саны 4,6 мың бас; қой мен ешкі – 2,3 мың бас; құс – 19,2 мың басты құрады.* • 14 күндізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, онда 6930 оқушы оқиды, • 1 колледжде - 847 оқушы, • 1 кәсіби-техникалық оқу орнында 352 оқушы оқиды. 2006 жылғы қаланың ірі және орта кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік саны 3813 адамды құрады, орташа атаулы еңбекақы - 23002 теңге. 2006 жылғы өндірістік өнім көлемі (үй шаруашылық есебінсіз) 1451,9 млн. теңгені құрады. Жылдық деректер бойынша 2006 жылы негізгі капиталға инвестициялар 2747,0 млн. теңге сомасында игерілді, бұл 2005 жылғы көлемге 18,3 есе артық. Кәсіпорындардың өз күштерімен орындаған мердігерлік жұмыстар көлемі 2006 жылы 121,8 млн. теңгені құрады немесе 2005 жылғы көлемге 150,3%-ы құрады. 2006 жылғы бөлшек тауар айналым көлемі (қоғамдық тамақтандыру қызметің есепке алмағанда) 2644,2 млн. теңге шамасында құралды, қызмет көрсету көлемі (мемлекеттік басқару қызметінсіз) – 197,9 млн. теңге. Шахтинск-Қарағанды облысындағы қала. (1961 жылға дейін Тентек қала типті поселка). Шерубайнұра және Тентек өзендері аралығында. Қарағандыдан батысқа таман 50 шақырым жерде орналасқан. Іргесі 1949 жылы Тентек кокстелетін көмір кен орнының игерілуіне байланысты қаланған. Қаланың әкімшілік қарамағына Шахан және Новодолинка поселкесі, Солтүстік-батыс елді мекені кіреді. Шахтинск қаласы.1961 жылдың 15 тамызында Қазақ ҚСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен бұрынғы Тентек кентінің негізінде құрылды.. Тас көмір қоры 4,5 миллиард тоннаны құрайтын Тентек өңірінің қазыналы байлығын игеру өткен ғасырдың 50-жылдарында басталды. Аталмыш кен орнын ашу С. Фишман, Г. Думлер тәрізді әйгілі геолог-ғалымдардың есімімен тығыз байланысты болды. Аймақтағы «Долинка» шахтасы 1970, Ленин атындағы шахта 1971, «Қазақстан» шахтасы 1971», «Шахтинск» шахтасы 1973, «Тентек» шахтасы 1979 жылдары бой көтерді. «Испат-Кармет» компаниясының иелігіндегі 4 шахта қызулы отын өндіру көлемін соңғы жылдары ұлғайта түсуде. Қаладағы синтетикалық жуу құралдары зауыты бірегей кәсіпорындардың санатында. Қалада технологиялық колледж, кәсіптік-техникалық мектеп, 10-нан астам орта дәрежелі білім беретін оқу орындары, көркемөнер,музыка, спорт мектептері жұмыс жасайды Қаланың тұңғыш қадасын қаққан Василий Войтухов есімі мақтан етуге тұрарлық. Оның тікелей басшылығымен 1959 жылы кенттегі бірінші монша бой көтерсе, қазір бірегей мәдениет сарайының құрылысы басталды. 1961 жылы Тентек кентінде құрыш қолды құрылысшылар жалпы көлемі 100 мың шаршы метрлік өндірістік, тұрмыстық құрылыс салу дәрежесіне қол жеткізді. Шахтинск қаласы жайлы әңгіме өрбіткенде оның құрамына кіретін Долинка поселкасын айтпай кету мүмкін емес.1931-1959жылдар арасында жұмыс жасаған Карлаг саяси тұтқындардың азап лагеріне айналып, елдің қасіретті шежіресі болып енді. Қазір Долинкада саяси қуғын-сүргін көргендердің мұражайын ашу жөнінде ынталы топ құрылып, осы бағытта жұмыс істеуде. Сораң. Қала 1954 жылы құрылған. Қала аумағы 174,0 шаршы километрге тең. Қала халқының саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 50,7мың адамды құрады. Қалалық әкімшілікте 1 кенттік округ бар. Есептілік деректер бойынша 2007 жылдың басына қалада тұратын халық санының Қалада 01.01.07 жылға 319 шаруашылық жүргізуші субъекті тіркелген, оның ішінде 7 ірі, 32 орта, 280 шағын субъектілері. «Саран резеңке техника» ЖШС, «Қарағанды резеңке техника» ЖШС, «Миттал Стил Теміртау» АҚ-ның бөлімшелері. 2006 жылғы ауыл шаруашылығы өнімінің айтарлықтай бөлігін өсімдік шаруашылығы құрады. 2006 жылғы 1 шілдеге ауыл шаруашылығы өңдірушілерінің нақты бары: 2 ауыл шаруашылық кәсіпорыны, 12 шаруа қожалығы, 4,4 мың халықтың жеке қосалқы шаруашылығы. Аймақта ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге 0,8 мың гектар ауыл шаруашылық жерлері пайдаланылды, оның ішінде 0,6 мың га - егістік алқаптар.* 2006 жылғы астыққа 0,5 мың га ауыл шаруашылық дақылдары егілетін егістік жерлер пайдаланылады, оның ішінде 0,5 мың. тонна ет (тірі салмақта); ірі қара мал саны 1,8 мың бас; қой мен ешкі – 0,5 мың бас; • 10 күндізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, онда 4929 оқушы оқиды, • 1 колледжде - 1443 оқушы, • 2 кәсіби-техникалық оқу орнында 644 оқушы оқиды. • кино көрсету қызметін жүзеге асыратын 1 ұйым жұмыс істейді. 2006 жылғы қаланың ірі және орта кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік саны 4840 адамды құрады, орташа атаулы еңбекақы - 25411 теңге. 2006 жылғы өндірістік өнім көлемі (үй шаруашылық есебінсіз) 6597,0 млн. теңгені құрады. Жылдық деректер бойынша 2006 жылы негізгі капиталға инвестициялар 1250,8 млн. теңге сомасында игерілді, бұл 2005 жылғы көлемнен 3,5 есе артық. Кәсіпорындардың өз күштерімен орындаған мердігерлік жұмыстар көлемі 2006 жылы 547,7 млн. теңгені немесе 2005 жылғы көлемнің 126,9%-ын құрады. 2006 жылғы бөлшек тауар айналым көлемі (қоғамдық тамақтандыру қызметің есепке алмағанда) 781,6 млн. теңге шамасында құралды, қызмет көрсету көлемі (мемлекеттік басқару қызметінсіз) – 159,3 млн. теңге. Саран қаласы 1954 жылы 20 желтоқсанда құрылды. Қарағандының батысында 15 шақырым жерде орналасқан. 1943 жылы Саран көмірлі ауданын игеруге байланысты іргесі қаланды. Оның аумағы – 174 шаршы шақырым. Халқының саны –49,6 мың адам. Қаланың негізгі экономикасын өнеркәсіп кәсіпорындарын құрайды. Өнеркәсіптің өндіруші және химия салалары басымшылық алып отыр. 1985 жылы «Ақтас», «Дубовка», «СССР-дің 50 жылдығы атындағы», «Саран», «Соқыр» шахталары миллион тоннадан астам көмір өндіріп отырды. Бұрын-соңды Кеңестер Одағында болмаған «Қарағандырезинатехника» өндірістік бірлестігі қатарға қосылды, үш байыту фабрикасы, темір-бетон өнімдері және екі кірпіш зауыты, «Сарантон»- тігін өндірістік бірлестігі және т.б. кәсіпорындары жұмыс істеп тұр. 1989 жылғы санақ бойынша Саран қаласы тұрғындарының саны 63 мың адамға жеткен. Мұнда 60 мәдени-ағарту, 10 емдеу мекемесі, стадион, жүзу бассейіні, 2 спорт мектебі, химия-технология техникумы, 5 кәсіптік-техникалық училище жұмыс істейді. Негізі ертеде қаланған (1922). Қарқаралыда Семей губерниялық халық ағарту бөлімінің уездік педагогикалық техникумы болып қаланған оқу орны осы Саран қаласында еді. Ол 1937 жылы педагогикалық училищесі болып қайта құрылды.. Қалада екі мәдениет үйі, үш кітппхана, қалалық радио және газет, бес балабақша, әр деңгейде білім беретін жиырмаға тарта мектеп, гуманитарлық –колледж, жастардың өнер үйі жұмыс істейді. Приозерск. Қала 1956 жылы құралды. Қала аумағы 54,5 шаршы километрге тең. Қала халқының саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 12,8 мың адамды құрады. Есептілік деректер бойынша 2007 жылдың басына қалада тұратын халық санының Қалада 01.01.07 жылға 78 шаруашылық жүргізуші субъекті тіркелген, оның ішінде 2 ірі, 8 орта, 68 шағын субъектілер. “Тұрғын үй - коммуналдық реформалау басқармасы“ КМК 2006 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің айтарлықтай бөлігін мал шаруашылығы құрады. 2006 жылғы 1 шілдеге ауыл шаруашылығы өндірушілерінің нақты бары: 3 ауыл шаруашылық кәсіпорыны, 1 шаруа қожалығы, 0,1 мың халықтың жеке қосалқы шаруашылығы. Аймақта ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге 23,3 гектар ауыл шаруашылық жерлері пайдаланылады, оның ішінде 7,9 га - егістік алқаптар.* 2006 жылғы астыққа 25,0 га ауыл шаруашылық дақылдары егілетін егістік жерлер пайдаланылды, оның ішінде ірі қара мал саны 0,5 мың бас; қой мен ешкі - 1,7 мың бас; жылқы – 0,1 мың басты құрады.* • 2 күндізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, онда 1540 оқушы оқиды. 2006 жылғы қаланың ірі және орта кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік саны 1028 адамды құрады, орташа атаулы еңбекақы - 21204 теңге. 2006 жылғы өндірістік өнім көлемі (үй шаруашылық есебінсіз) 337,2 млн. теңгені құрады. Жылдық деректер бойынша 2006 жылы негізгі капиталға инвестициялар 140,3 млн. теңге сомасында игерілді немесе 2005 жылғы көлемінен 30,5%-ға құрады. Кәсіпорындардың өз күштерімен орындаған мердігерлік жұмыстар көлемі 2006 жылы 40,4 млн. теңгені құрады немесе 2005 жылғы көлемнен 134,3%-ға артық. 2006 жылғы бөлшек тауар айналым көлемі (қоғамдық тамақтандыру қызметің есепке алмағанда) 531,1 млн. теңге шамасында құралды, қызмет көрсету көлемі (мемлекеттік басқару қызметінсіз) – 146,4 млн. теңге. Көкше көлдің жағасындағы Қоржынтүбекте оранласқан Приозерск қаласына биыл 50 жыл толып отыр. Көлге етене еніп жатқан түбекке осыдан елу жыл бұрын әскери қаланың алғашқы қазығы қағылып, бүгінде еліміздің қорғаныс қуатына, тәуелсіздік игілігіне қызмет етіп келеді. Приозерскінің өз орны бар. Сондықтан әскери сынақ полигонының әкімшілік, әлеуметтік тұрмыстық орталығы болып табылады. Иә, тәуелсіздік алғанға дейін Приозерск қаласы жабық қала болды. Приозерск қаласы Кеңестер одағының картасында 70 жыл көрсетілмей келді Бірде «Полигон-А» енді бірде «Ташкент-90» деген құпия шифрмен аталды. 1956 жылы Орталық Комитет пен КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысы мен салынады. Осы құпия полигонның орталығы Приозерск қаласын салудың басты себебі мына мәселелер болған екен: мемлекеттік ракета шабуылына қарсы кешенді эксперимент жасайтын нысандардың және ракета шабуылына қарсы сынақ полигонының жұмыстарын күшейту, сондай-ақ бұл жерде 10 мемлекеттік ғылыми-зерттеу орталығын құру және әуе шабуылына қарсы сынақ полигонын салу туралы бір ауыздан шешім қабылданған. Сынақ полигоны еліміздің сол кездегі бес облысының жерінен 8 115 15 гектар жер оның ішінде 4.264.900 гектар жер күнделікті тұрақты пайдалануға, ал қалған жер күнделікті жаттығу үшін бөлініп беріледі. Әскерилер орын тепкен Ақмамық 1956 жылдың қатал қысын әскери палаткаларда өткереді. Ал Қоржынтүбек атауы Приозерск болып өзгертіліп, сол кезде-ақ әскер полигонның әкімшілік басқару орталығына айналдырылады. Қала мен сынақ нысандарының құрылысы орталық тарапынан қатаң бақылауға алынады.1961 жылы 4 наурызда полигонда баллистикалық ракетаның алдыңғы бөлегі атып түсіріліп, аспанда жойып жіберуді ісжүзінде дәлелдеп шықты. Бұл әлемдік тәжірибеде тұңғыш рет болған еді. Қалашықта 1963 жылға дейін тек әскерилер мен олардың отбасылары ғана тұрды. 1963 жылдың 28 қазанында қалалық кеңестің бірінші сессиясында төрағалық еткен полигон командирі С.Дороховтың ұсынысы бойынша Приозерскіге қала мәртебесі берілді. Приозерск қаласында 1990 жылға дейін одақтық көлемдегі әскери-ғылыми кеңес жұмыс істеді. Мұнда 800-ге жуық адам кандидаттық және докторлық диссертацияларын қорғаған. Қаланың да, полигонның да жағдайы одақ тараған жылдары қиындап кеткен еді. Әскери адамдар елдеріне кетіп, қала иесіздікке ұшырады.1998 жылы Приозерск қаласында № 44841 әскери бөлім құрылды. Қазірде қаланың жағдайы жақсаруда. 1995 жылы қалада Балхаш тау-кен компаниясының алтын қорыту фабрикаасы іске қосылды. Мұндағы шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпкерлер саны 300- ге жетті., қосалқы шаруашылық ашылды. Қаланың мәдени өмірін қалыптастыруда да бірқатар шаралар жүзеге асты. Қалада қазақ және орыс мектебі,өнер және спорт мектептері жұмыс істейді. 1999 жылы қалада 11 мың халық болса, бүгінде оның саны 25 мыңнан асып отыр. Халықтың саны демографиялық жағдайда өсіп отыр. Шор тілі. Шор тілі-шор халқының тілі. Ресейдің Кемеров облысында таралған. Шор тілінде сөйлейтіндер саны 6000 адамнан астам. Түркі тілдерінің Хақас тобына жатады. Алжир қалаларының тізімі. Алжирдің ең үлкен қаласы — ел астанасы Алжир. Басқа ең үлкен қалалары — Оран, Константина, Аннаба. Гвинея қалаларының тізімі. Гвинеяның астанасы Конакри елдің ең үлкен қаласы және ең үлкен порты болып табылады. Тағы бір ірі порт бокситтерді шығаруға маманданады. Гвинеяныңбасқа ірі қалалары елдің ішкі бөлігінде орналасқан Гамбия қалаларының тізімі. Гамбияның ең үлкен қала агломерациясы — Үлкен Банжул. Оған елдің астанасы Банжул, ең ірі қала Серекунда және бірқатар тағы басқа қалалар кіреді. Малави қалаларының тізімі. Тұрғындар саны 2008 бойынша берілген. Марокко қалаларының тізімі. Марокконың ең үлкен қаласы — Касабланка. Тұрғын саны жағынан екінші орында — ел астанасы Рабат. Фес және Марракеш қалаларының тарихи маңызы бар. Эритрея қалаларының тізімі. Бұл тізімде Эритреяның елді мекендерінің тізімі берілген, онда тұрғын саны 5000 астам елді мекендердің аттары аталады. Долған тілі. Далған тілі-долғандардың тілі. Түркі тілдеріне жатады. Ресейдің Краснояр өлкесінің таймыр ауданында таралған. Долған тілінде 5000 (2002 ж.санақ) адам сөйлейді.саха тіліне жақын. Жазуы кириллицаға негізделген. Неміс тілі. Неміс тілі (нем. Deutsch, Deutsche Sprache) — немістердің, австриялықтардың, лихтенштейндіктердің және швейцарлықтардың көп бөлігінің тілі. Германия, Австрия,Швейцария, Люксембург, Лихтенштейнде мемлекеттік тіл болып табылады. Үнді-еуропа тілдерінің герман тобына жатады. Жазуы латын әліпбиіне негізделген. Тофа тілі. Тофа тілі -- тофа халқының тілі. түркі тілдеріне жатады. Ресейдің Үркіт облысының оңтүстік-батысында таралған. Тофа тілінде 378 адам сөйлейді(2002, санақ). Жазуы кириллицаға негізделген. Шұлым тілі. Шұлым тілі — шұлым халқының тілі. Түркі тілдеріне жатады. Шор және хақас тілдері жақын. Орталық Сібірде, Алтай тауының солтүстігінде Шұлым өзенінің бойында таралған. Жойылып бара жатқан тіл. Шұлым тілінде еркін 50-60 адам сөйлейді. Белорус тілі. Белорус тілі ("Белару́ская мо́ва") — үш шығыс славян тілдерінің бірі. Беларус Республикасының мемлекеттік тілі. Белорус тілінде 4—7 млн. адам сөйлейді. Мұхит. Мұхит(Әлемдік мұхит) -- гидросфераның негізгі бөлігі. Жер шарында төрт мұхит бар: Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік мұзды. Кейбір ғалымдар Антарктида маңы суларын бесінші Оңтүстік мұхиты деп жеке бөледі. Теңіз. Теңіз - құрлықпен немесе су асты жоталарымен бөлінген Әлемдік мұхиттың бір бөлігі. Кей теңіздер басқа бір теңіздің бөлігі болып табылады. Теңіз деп кейде өте үлкен тұзды сулы көлдерді атайды(Каспий теңізі, Арал теңізі). Тағы қараңыз. Теңіз көлі Сахара. Саха́ра (араб. صحراء‎‎) — жер бетіндегі ең үлкен шөл. Ауданы 9 065 000 км². Сахара Солтүстік Африкада 10 мемлекеттің территориясында орналасқан(Египет, Ливия, Тунис, Алжир, Марокко, Батыс Сахара, Мавритания, Мали, Нигер, Чад, Судан). Һималай. Һималай (Гимала́и) (санскр. हिमालय, himālaya?, «оқар мекені», хинди हिमालय, непал. हिमालय, қыт. 喜馬拉雅山脈) - жер бетіндегі ең биік тау жотасы. Тибет таулары мен Үнді-Ганг жазығы аралығында орналасқан. Үндістан, Непал, Қытай, Пәкістан, Бутан елдері территориясында орналасқан. Жер бетіндегі ең биік шың Джомолунгма (Эверест) 8848 м. осында орналасқан. Мұғалжар ауданы (Ақтөбе облысы). Мұғалжар ауданы – облыстағы ең ірі аудан. Оның аумағында Қандыағаш, Жем, Ембі атты үш бірдей шағын қала орналасқан. 12 ауылдық округте 42 ауылдық мекен бар. Мұғалжар ауданының әкімі Серік Шаңғұтов өзінің жылдық есеп беруін Қандыағаш қаласында аяқтады. – Атқарушы биліктің тұрғындар алдында есеп беруі жергілікті жерлерде, өңірлерде, тұтастай елімізде жүргізілген әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалардың қорытындысын шығару, жеткен межені салмақтап, өткенге көз жіберіп, тұрғындардың, әр топ, сала, қоғамдық ұйымдар өкілдерінің ұсыныстары мен тілектерін ескере отырып, алдағы міндеттерді анықтау болып табылады, – деді аудан әкімі. Аудан аумағымен “Бұқара-Орал”, “Жаңажол-Ақтөбе” газ құбырлары өтуде. Алыс және жақын шетелдердің 10-ға жуық ірі компанияларының жұмыс істеуі ауданның сауда-экономикалық қызметінің қанат жаюына мүмкіндік беруде. Кәсіпорындардың өнім өндіру көлемі артты, шетелдік өнімдерді алмастыратын өндірістер даму үс­тінде. Соның нәтижесінде өнеркәсіп секторында өнім өндіру көлемі 287,4 миллиард теңгені құрады, яғни алдыңғы жылға қарағанда 104 пайызға өсті. Оның ішінде мұнай өндіру 8 991,3 мың тоннаға, газ өндіру 3 млрд. 798 млн. текше метрге жетті. Республикамыздағы таңдаулы 30 серпінді жобаның алтауы Ақтөбе облысының еншісінде болса, соның бірі – Мұғалжар ауданының аумағында. Ол – “СНПС-Ақтөбемұнайгаз” АҚ-тың үшінші Жаңажол газ өңдеу зауытының құрылысы. Бұл көлемді жобаның жалпы құны 800 миллион АҚШ долларын құрайды. Зауыт толық қуатындағы жұмысқа 2010 жылы қосылады. Аудан экономикасының дамуына ауыл шаруашылығының да қосып отырған үлесі зор. Мәселен, есепті кезең ішінде 2 млрд. 594 млн. теңгенің өнімі өндірілсе, ол 2006 жылғыға қарағанда 18,6 пайызға артық. Оның ішінде мал шаруашылығы өнімінің үлесі 2 млрд. 84 млн. теңгені құрайды. Ауданның мал шаруашылығының бағыты – етті сиыр, қой және асыл тұқымды жылқы. Мал басы жылдан-жылға өз төлі есебінен көбеюде. Мал шаруашылығының өркендеуіне байланысты ет, сүт, жұмыртқа, жүн өн­діру де алдыңғы жылға қарағанда едәуір артты. Ауданда егін шаруашылығы да қатар дамуда. Қазір бұрынғыдай емес, жерді ұқыпты пайдалануға, оның құнарлылығын арттыруға, яғни агротехникалық талаптардың сақталуына көңіл бөлінуде. Диқандарды қолдау үшін көктемгі жұмыс­тар үшін Үкімет тарапынан арзандатылған бағамен 366,3 тонна жанар-жағармай және 719 тонна тұқым бөлінді. Облыстық бюджеттен тұқым, жанар-жағармай үшін 26 млн. 700 мың теңге қаралған. Елбасы міндеттеген әлемдік рыноктан өз орнымызды алып, Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруде ауыл шаруашылығы саласынан да үлкен жауапкершілік күтіледі. Сондықтан аудан әкімі жеткен жетістіктермен қатар, кейбір үдерістерге сыни көз­қарас та білдірді. Мал тұқымын асылдандыру, қолдан ұрықтандыру, егін егу технологиясына жаңа инновацияны пайдалану бағыттарында кемшіліктер бар екенін атап көрсетіп, тиісті мамандарға тиісті деңгейде талаптар қойды. Үлкен ауданда кәсіпкерлік нысандарының көп болғанымен, олардың айналысатын қызметтері көңіл көншітпейтіні де әкім назарынан тыс қалмады. Шағын кәсіпкерлердің көрсететін қызметі дүкен, дәмхана, шаштараз ашудан әрі аспайды. Сондықтан алып-сатарлықпен ғана айналыспай, кәсіп түрін өзгертіп, өнім өндіруге, тың жол табуға күш салу қажет. Бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етудің бір құралы – сапалы білім. Осы жерде әкім қазіргі жастардың заң, экономист сияқты мамандықтарға үйір екенін, олардың өндірісті, мұнайлы өлкеге нағыз қажет мамандықтарға оқығаны жөн екенін, осыны ата-аналардың ескеруін де айтып өтті. Өткен жылы мектепке дейінгі мекемелер Бірлік, Қаракөл ауылдарында, Ембі қаласында ашылған балабақшалармен толыққан. Сондай-ақ Жем қаласындағы “Бал­бөбек” балабақшасы 3 есеге кеңейтіліп, 120 орындық болды. Мемлекеттің байлығы – халықтың денсаулығы. Денсаулық сақтау саласында ауданда 3 аурухана, 1 емхана, 13 ауылдық дәрігерлік амбулатория және 24 медициналық пункт тұрғындарға қызмет етуде. Медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базаларын жақсартуда, оларды жаңа аппаратуралармен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуде біршама жұмыстар жасалды. Өткен жылы Көктөбе және Жаңатұрмыс ауылдарында медициналық пункттер салынып, пай­далануға берілді. “Орысқол” саналатын Мұғалжар ауданы 1999 жылы іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге көшкен болатын, деген аудан әкімі Серік Тілеулесұлы есеп беру кезінде мемлекеттік тілдің қолданылуы мен дамуына ерекше тоқталды. Мемлекеттік тілді қолдану жөнінде қыруар шаруалар атқарылған. Алайда, кейбір мекемелерде, әсіресе, шет ел инвесторлары қызмет ететін кәсіпорындарда мемлекеттік тілдің қол­данысы әлі де дұрыс жолға қойылмай отыр. Есеп беру кезінде бір байқағанымыз, аудан әкімі аудандық газетке барынша мән береді екен. Аудандық “Мұғалжар” газеті жұмысының да жетістіктері мен кемші­ліктеріне тоқталып өтті. Осы жерде ел газеті – “Егемен Қазақстанға” аудан тұрғындарының жазылуы жыл сайын артып келе жатқанын айта кеткен де айып болмас. Кездесу барысында түскен сұрақтар көп болмады. Сұрақтар мен ұсыныстарға жауап берілді. Мәселен, қаладағы канализация құбырларын алмастыру үшін биылғы жылы 25 миллион теңге қаралған. Халық сұрап жүрген мәдениет үйі 2009 жылы салынатын болады. Есет батыр көшесі биылғы жылы жарықтандырылмақ. Есеп беру жиынына жастардың көп қатысуы қуантты. Олар өздерінің белсенділіктерін де көрсетіп отырды. № 4 Қандыағаш орта метебінің түлегі Ералы Байжанов қазір Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде грантпен оқып жатқанын, Елбасының жастарға деген қолдауының ерекше екенін ризашылық­пен атады. Нұрсұлтан Әбішұлының жастарға деген сенімін ақтау міндетіміз, деді. Ал, Ақкемер орта мектебінің жас ұстазы Қарлығаш Сатыбалдина жастар саясатына сай қызмет ете беретінін айтты. Кездесуде сөз алған Тілепбай Әбдиев, Нәсір Оразалин аудан әкімінің есебіне қанағаттанарлық деген баға берді. Тұрғындарының орташа айлық жалақысы 53 мың теңгені құрайтын мұғалжарлықтар мұңсыз деуге негіз бар. Хромтау ауданы (Ақтөбе облысы). Хромтау ауданының жер көлемі 12,9 мың шаршы шақырымды алып жатыр. Аудан есімі хром, мыс, мырыш, кобальт және басқа кеніштерімен белгілі. Негізінен мұнда екі өндірістік кәсіпорын: “Қазхром” Транс Ұлттық компаниясы” АҚ филиалының “Дөң” тау-кен байыту комбинаты мен “Керамика” АҚ жұмыс жасайды және де Көктау ауылында “Ақтөбемыс компаниясы” ЖШС басшылығымен “Октябрьдің 50 жылдығы атындағы” руднигі мыс кенін өндіруде. Ал Оңғар селолық округінде “Восход” кен орнының жанынан хром өңдейтін комбинатты ағылшындар іске қосуды қолға алған. Хромтау қаласының кірпіш зауыты өнімдеріне сұраныс Атырау мен Астанадан көп түсетіндігі мәлім болды. Осындай тағы бір кірпіш зауыты поляктардың күшімен іске қосылмақшы. Қазіргі таңда жұмыстың 70-80 пайызы атқарылып біткен. Жаңадан іске қосылған зауыттың жылына 10 миллион дана кірпіш шығаруға қуаты жетеді деп күтілуде. Сондай-ақ, “Дөң” тау-кен байыту комбинаты бойынша үстіміздегі жылдың аяғына дейін барлық өнеркәсіптік тауар өнімін өндіру 29677,4 млн. теңге құрамақшы. Хром шығару жөнінен дүние жүзі бойынша жетекші орын алып келе жатқандықтарын атап өткен әкім аталған комбинатта Премьер-Министрдің қатысуымен екі бірдей цехтың іске қосылғандығын мақтанышпен жеткізді. Сол сияқты мыс концентратына деген сұраныс та артып, шикізат Ресей мен өзіміздің Балқаштағы мыс қорыту зауытына жөнелтілуде. Еуростандартқа көшкен комбинатқа 2008 жылы жетпіс жыл толары да назардан тыс қалған жоқ. Мамандарды дайындау — уақыт талабы. Сондықтан қаланың өзінен арнайы жұмысшыларды дайындайтын оқу орны ашылса, дейді. Ал жоғары білімді инженерлерді Қазақстан мен Ресейдің белді оқу орындары дайындайтын көрінеді. Өңір өндірісті дамытуға қолайлы болғандықтан инвестиция көлемі де өсе түсуде. Үстіміздегі жылдың соңына дейін 16016,7 млн. теңге инвестиция игерілуі тиіс. Соған сәйкес ауданда өңірлік және салалық бағдарламалар жүзеге асырылуда. Жерасты қазба байлықтарын игеріп отырған хромтаулықтар жер бетіндегі несібені де ұқсатып келеді. Хромтау тек өндіріс орындары ғана емес, ауыл шаруашылығын дамыту машықтығымен де мақтана алады. Ауыл құрылымдарында 498 шаруашылық нысаны жұмыс істейді. Кәсіпкерлікпен айналысушылар қазынаға құйылар қаржы көзін молайта түсуде. Әлеуметтік-экономикалық дамуы алға басқан хромтаулықтарда мұқтаждық жоқ десе де болғандай. Мұнда екі қолға жұмыс жетерлік екеніне көз жеткіздік. Оқырман­дармен кездесуде де негізгі ұсыныстар осы жетістіктерді газет бетінен көру екендігін олар жасырмады. Оңтүстік Америка. Оңтүстік Америка -- батыс және оңтүстік жарты шарлардың қиылысуында орналасқан құрлық. Солтүстігінде -- Гальинос м, оңтүстігінде -- Горн м, батысында -- Париньяс м, шығысы -- кабу--бранку мүйістері бар. Жер көлемі - 18,3 млн км квадрат. Ең ұзын тау -- анд тауы, ұзындығы 9000 км. Антарктика. Антаркти́да (грек. ἀνταρκτικός — Арктикаға қарама-қарсы) — жердің ең оңтүстігінде орналасқан құрлық. Антарктиканың ортасы шамамен оңтүстік полюспен сәйкес келеді. Құрлықтың ауданы 14,4 млн км². Антарктика ресми түрде 16(28) қаңтарда 1820 ж. Фаддей Беллинсгаузен және Михаил Лазарев басқарған орыс экспедициясымен ашылды. Ертедегі гректер солтүстікте туатын Жетіқарақшыны "Арктикос"- деп атап, кейінен бүкіл солтүстік өңірді Арктика деп атаған. Ал оған қарама-қарсы жатқан Оңтүстік өңірді Антарктика деп атаған. Бұлардың дәл ортасында біздің планетамыздың солтүстік және оңтүстік нүктелерін (полюстері) жатыр. Осы екі 90 полюстерде барлық ойша жүргізілген географиялық меридиандар түйісіп, нүктеге айналады. Антарктида-Арктиканың орталық бөлігін алып жатқан Оңтүстік полярлық полюс құрлық. Антарктида жер шарының оңтүстік поляр аймағы болып табылатын Антарктиканың орталығында орналасқан бірден-бір материк. Ежелгі Гондвана материгінің құрамында бірге болғанына қарамастан, Антарктиданың қазіргі табиғат жағдайлары оңтүстік жарты шардың басқа материгіне ұқсамайды. Ол айырмашылықтар материктің оңтүстік поляр аймағындағы орнымен түсіндіріледі. Антарктида басқа материктерден алшақ орналасқан, олардан орасан зор мұхит айдындары арқылы бөлініп жатыр. Антарктида жағалауындағы өте салқын мұхит сулары материкті айнала қозғалатын Батыс желдерінің шеңберлік ағыс жүйесін құрайды. Антарктида жалғас Тынық, Атлант және Үнді мұхиттары суларының шеткі бөліктері негізгі мұхит айдындарынан осы шеңберлік суық ағыс арқылы бөлініп жатады. Сондықтан мұндағы судың беткі температурасы мен тұздылығы, тіршілік дүниесі құрамы жағынан аталған мұхиттардан үлкен айырмашылық жасайды. Сондықтан Антарктида жағалауындағы мұхит сулары шартты түрде Оңтүстік мұхит деп аталады. Материк пен оның жағалауындағы теңіздер табанына дейін қалың қайраңдар мұздықтармен құрсалған. Антарктиданың жалпы жері 13974 мың км (шельеф мұздықтар мен олар арқылы құрлыққа қосылып жатқан аралдары және 1582 мың км-дей мұз күмбездерін қоса есептегенде). Материктің ауданы 12,4 млн км, ал қайраңдық мұздықтар мен көршілес аралдарды қоса есептегенде 14 млн км-ге жуықтайды.Оңтүстік Америкаға қарай ұзынша келген енсіз Антарктика түбегі созылып жатыр. Антарктиданың ұзындығы 30 мың км-дей асатын жиек сызығы бүкіл өн бойына дерлік биіктігі бірнеше ондаған метрге жететін тік жар тосқауылдар мұз болып келеді. Антарктида жер шарындағы ең биік құрлық. Оның мұз жамылғысының орташа биіктігі 2040 м, яғни қалған барлық құрлықтардың орташа биіктігінен (730м) 2,8 м есе артық. Антарктида мұз астындағы жер бетінің орташа биіктігі 410 м. Антарктиданың негізгі ерекшелігі, жорамалданып жүргендей, неогеннен бері көлемі біресе кішірейіп, біресе ұлғайып тұратын материктің мұздық қалың жамылғысы болып табылады. Материктің мұз сауытын Мұзды Антарктида, ал оның астында жатқан құрлықты-Тасты Антарктида деп атайды. Бүкіл материкті қалың мұз басып жатыр. Оның территориясының 02-03 процентінде ғана мұз қабаты жоқ. Бұл биік тау шыңдары, ал кейде мұз құрсауының жоғары жағын қар басып жатқан аспандаған тау сілемдері, немесе антарктикалық көгалды алқаптар деп аталатын мұз қабатынан жақында ғана босаған шағын көлемді жағалау алаңдар. Мұздықтар күрделі тау құрылымдарын жасырып жатыр. Ұлы антарктикалық мұз қалқанының ең қалың жері қазіргі дерек бойынша 4200 метрден астам, ал оның көлемі 24 млн км шамасында. Оның мұзы бүкіл дүние жүзі қалыңдығының 50 м мұз қабаты боп жабуға толық жететінін айтсақ, бұл мұздың жалпы көлемі туралы өзінен-өзі түсінікті болар. Егер Антарктиданың мұздық сауыты ери бастаса, ол біздің планетамыздың барлық өзендерін, қазіргі өзендердегі бар суды есепке алғанда, 500 жылдан астам уақыт қоректендіруге жетер еді, ал дүние жүзілік мұхиттық деңгейі мұздық суынан 60 метрден астам көтерілген болар еді. Материктің мұз сол материктің өзінің бетін ғана емес, сонымен бірге оған жанасып жатқан көптеген аралдарды, сондай-ақ шелльфті мұздықтар түзеп, көршілес теңіз бассейндерін де жауып жатады. Кей жерлерде мұздар теңіз деңгейінен недәуір төмен жатыр (-2555 м). Материктің мұздықтардың, шелльфті мұздардың жамылғысы астындағы құрлықпен жанасып жатқан аралдар ауданы 13,974 мон км. Жерінің 99%-ын қалың мұз жауып жатыр, мұздың орташа қалыңдығы 1720 м-ге жуық, ең қалың жері 4300 м (Шмидт жазығы); Антарктида-Жер шарындағы ең биік материк, оның мұз жамылғысы мен қоса есептегенднгі орташа биіктігі 2040 м. Материктегі мұздың жалпы көлемі 24 млн. Км бұл дүние жүзіндегі тұщы су қорының 80%-ын құрайды. Антарктида- Жер шарының суықтық полюсі, мұнда 1983 жылы ғаламшарларымыздағы ең терең температура (-89,2 С) тіркелген; Материктің ең биік нүктесі биіктігі 5140 м болатын Винсон тауы, ал теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жері Бентли ойысы (-2555 м); Антарктида сөнбеген жанартаулар бар, олардың ең ірісі Эребус жанартауы (3794м); Оңтүстік полюс үстінде таңның атуы мен күннің батуын жылына бір рет қана байқауға болады. Пикассо, Пабло. Па́бло Дие́го Хосе́ Франси́ско де Па́ула Хуа́н Непомусе́но Мари́я де лос Реме́диос Сиприа́но де ла Санти́сима Тринида́д Марти́р Патри́сио Руи́с и Пика́ссо (сондай-ақ, Пикассо́[1] нұсқасы қабылданған) (исп. Pablo Diego José Francisco de Paula Juan Nepomuceno María de los Remedios Cipriano de la Santísima Trinidad Martyr Patricio Ruíz y Picasso; 25 қазан 1881(18811025), Малага, Испания — 8 сәуір 1973, Мужен, Франция) — испан суретшісі, скульпторы, графигі, керамисті және дизайнері. Кубизмнің (Жорж Бракпен бірге) негізін қалаушы. Кубизмде үш жазықтығы бар дене ерекше үлгіде бірқатар біріктірілген жазықтықтар ретінде салынатын. Пикассо график, скульптор, керамист және т.б. ретінде көп жұмыс істеген. Көп еліктеушілерді өмірге әкелген және XX ғасырда бейнелеу өнерінің дамуына ерекше әсер етті. Сарапшылар Пикассоны ең «қымбат» суретші деп атады — 2008 жылы оның жұмыстарының тек ресми сатылымдарының көлемі 262 млн долл[2] құрады. 2010 жылдың 4 мамырында Пикассоның Кристис аукционында 106,482 миллион долларға сатылған «Жалаңаш, жасыл жапырақтар және мүсін» картинасы дүние жүзінде қашан да болсын сатылған ең қымда өнер туындысына айналды. 1,4 млн оқырмандарға The Times газеті 2009 жылы өткізген сауалнаманың нәтижелері бойынша, Пикассо соңғы 100 жыл бойы өмір сүргендердің арасындағы ең жақсы суретші болып мойындалды. Оның суреттері ұрылардың арасында «белгілілігі» бойынша бірінші орында тұр. Чайковский, Пётр Ильич. Пётр Ильи́ч Чайко́вский (7 мамыр 1840, Воткинск, Ресей империясы — 6 қараша 1893, Сән-Питербор, Ресей империясы) — орыс композиторы, ең мықты мелодист, дирижер, педагогтардың бірі. 10 опера мен 3 балет жазған. Менделеев, Дмитрий Иванович. Дми́трий Ива́нович Менделе́ев (27 қаңтар (8 ақпан) 1834, Тобольск — 20 қаңтар (2 ақпан) 1907, Сән-Питербор) — орыс ғалымы және қоғам қайраткері. Химик, физикохимик, физик, метролог, экономист, технолог, геолог, метеоролог, педагог, энциклопедист. Ең атақты жаңалығы химиялық элементтерінің периодтық кестесі. Мәселен, календарь, сағат немесе көбейту таблицасы тәрізді адам қажет етпей тұра алмайтын бір заттар болады. Химияның дәл сондай «көбейту таблицасы» химиялық элементтердің периодты системасы болып табылады. Оны 1869 жылы өз отандасымыз Д. И. Менделеев жасады. Дмитрий Иванович Тобольск қаласында дүниеге келді. Оның балалық шағы қиыншылықпен өтті. Өзі Тобольск қаласындағы гимназия директорының он жетінші баласы болатын, жастайынан бұғанасы қатпай жетім қалды. Менделеев педагогикалық институтты бітіріп, ең әуелі мұғалімдік қызмет атқарды. Сол кезде көптеген болашақ көрнекті химиктер оның оқушысы, шәкірті болды. Ол «Химия негіздері» деп аталатын тамаша оқулық жазды. Бұл оқулық нағыз химия энциклопедиясы еді. Менделеев оны жаңа ашылған жаңалықтармен толықтырып, үнемі жетілдіріп отырды. «Химия негіздерімен» айналыса жүріп, ол химиялық элементтердің атақты периодты системасын да жасады. Д. И. Менделеев егер элементтерді ең жеңіл – сутегінен бастапең ауыр – уранға дейін олардың атомдық салмағының өсуі реті бойынша орналастырса, сол кезде белгілі болған 63 химиялық элементтің қасиеттері периодты түрде қайталайтындығын ашты. Бұл заңдылық табиғи заңдылықтарды анықтаған және осы жаңалық ашылғанға дейін химиялық элементтер әлемінде болған шатасушылықты ретке келтірген периодты системаға негіз болды. Өзінің системасына сүйене отырып, Менделеев әлі белгісіз бірнеше элементтердің бар екенін болжады және олардың аса маңызды қасиеттерін сипаттап берді. Ақыр аяғында бұл элементтердің бәрі де ашылды. Сондай-ақ ол химия ғылымындағы ең алғашқы нағыз ғылыми болжам болды. Адам баласына тән қызмет атаулының Менделеев назар аудармаған саласын табудың өзі қиын. Ол мұнай кен орындарын, мұнайдың әр алуан құрамын зерттеп көрді. Сірә, ол мұнайдың отын ретінде ғана емес, одан көптеген аса маңызды заттар алудың көзі ретінде де құнды дүние екендігіналғаш тұжырымдаған да болуы керек. Ол жер атмосферасын зерттеді және қорықпастан жалғыз өзөі әуе шарымен көкке ұшты. Ол Арктиканы игеру ісіне де көңіл бөліп, мұзжарғыш кеменің жобасын жасады. Бірақ бұл мұзжарғыш кемені жасау ісі қолдау таппай қалды. Ол көп жылдар бойы өлшем мен салмақ бас палатасына директор болып, дәл өлшемдер жөніндегі ғылымның дамуына ықпал жасады. Менделеев ауыл шаруашылығымен айналысты, сауда ісін зерттеді, түтінсіз дәрі құрамын жасап шығарды, әуеде ұшу ісіне де көңіл аударды... Оның Толық шығармалар жинағы қалың-қалың жиырма бес томнан тұрады. Ол дүние жүзінің көптеген елдерінің академиялары мен ғылыми қоғамдарына құрметті мүше болып сайланды. Бір күні Бобловада (Менделеевтің имениесі) шаруалар Менделеевтен: «Дмитрий Иванович, сенің егінің қалайша осылай бітік болып шықты. Бұл өзі саған біткен талант па, әлде бақыт па, осыны түсіндірші бізге?»- деп сұрайды. Сонда Менделеев оларға күлімсірей қарап: «Әлбетте, талант, бауырларым!» - деп жауап беріпті. Шынында да, ол ешқандай асырып айтпаған еді. Оның әрбір ісі нағыз таланттың, талант болғанда да үздіксіз еңбекпен еселенген толассыз таланттың туындысы болатын. Ол өзін кемеңгер деп атағанды ұнатпайтын. «Қайдағы кемеңгерлік дейсің. Өмір бойы еңбектендім, міне соның нәтижесі», - дейтін өз еңбегі жайында. Менделеевтің дүние салуы – бүкіл ел қабырғасын қайыстырған ауыр қаза болды. Мыңдаған адам оны ақырғы сапарға аза тұтып шығарып салды. Менделеев Петербургтегі Волково зиратына жерленді. Азалы шеруге қатысушылар өздерімен бірге элементтердің периодты системасының үлкен кестесін алып жүрді. Ол Менделеевтің өзінен кейінгі ғалымдар ұрпағына қалдырған өсиеті сияқты еді. Австралия (құрлық). Құрлық (лат. "australis" — оңтүстік) — оңтүстік жарты шардағы құрлық. Ол 10°41' оңт. ендіктегі Йорк мүйісінен 39°11' оңт. ендіктегі оңт.-шығ. мүйіске дейін және 113°05' шығ. бойлықтғы Стип-Пойнт мүйісі мен 153°34' шығ. бойлықтағы Байрон мүйісі аралығында орналасқан. Аум. жағынан Жер шарындағы ең кіші құрлық (7,63 млн км²). Батысы мен оңтүстігін Үнді мұхиты, шығысы мен солтүстігін Тынық мүхиттың Тасман, Маржан, Тимор және Арафур т-дері қоршаган. Жағалаулары аз тілімделген. Ірі шығанақтары — солтүстігінде — Карпентария, оңтүстігінде — Құрлықның үлкен шығанағы. Құрлықның солтүстігінде Кейп-Йорк түбегі, шығыс, солт.-шығ. жағалауын бойлап (ұз. 2300 км) "Үлкен тосқауыл рифі" жатыр. Оңтүстігінде Тасмания ар-нан Құрлықны Басс бүғазы бөлген. Оңтүстігін бойлай Үлкен Құрлық шығанағы орналасқан. Еуропалықтар үшін Құрлық құрлығын 1606 ж. голландиялық теңіз саяхатшысы В. Янсзон ашқан. Жер бедері. Құрлық жерінің басым көпшілігі жазық және оның 95%-тен астамының биікт. 600 м-ден аспайды. Орограф. ерекшеліктеріне қарай жер бедерін 3-ке бөлуге болады. Геологиялық құрылысы және кен байлықтары. Құрлықтың іргетасын, негізінен, Құрлық платформасы мен Шығыс Құрлық геосинклинальді белдеуі құрайды. Платформа құрлықтың батысын, Сент-Винсент шығанағына дейінгі орталығын және оның Арафур т. астындағы бөлігін, Жаңа Гвинея аралының оңтүстігін қамтиды. Геосинклиналь белдеуі Кейп-Йорк түбегінен басталып, Тасмания аралымен бітеді. Құрлық платформасының түпкі негізі (архей-төм. протерозой) күшті метаморфтану салдарынан гнейс пен гранитке айналған жанартаулық жыныстар мен терригенді шөгінділерден тұра-ды. Архей жыныстары Пилбара мен Калгури жақпарларында, солтүстікте Кимберли үстірті мен Антрим тауларында және Арнхемленд түбегінің солт.-батысында кездеседі. Протерозой шөгінділері Батыс Құрлықның Наллагайн, Кимберли үстірті ойыстарында, Карпентария шыганағының оңт.-батысында көп ұшырасады. Платформаның солт.-батысындағы Үлкен құмды шөлде триас, юра шөгінділеріне толы Каннинг ойысы, Үлкен шығанақтың солт. жағасында палеоген жыныстары басып жатқан кайнозой дәуірінің Юкла ойысы бар. Шығыс Құрлық геосинклиналь белдеуі батыстан шығысқа қарай біртіндеп алмасатын каледондық (Аделаида) және герциндік (Жаңа Англия) жүйелерден құралған. Солтүстік-тен оңтүстікке қарай Карпентария шығанағы, Үлкен Артезиан және Муррей алаптары сияқты бірнеше ойыс жатыр. Құрлықтың архей, протерозой, кембрий, ордовик жыныстарында, алтынның (Калгури, Кулгари, Бендиго, Балларат), уранның (Рам-Джангл, Мэри-Катлин, Радиум-Хилл), түсті металдардың (Брокен-Хилл, Маунт-Айза, Клонкар-ри) ірі кен орындары, оңт. мен бат-ндағы протерозой шөгін-ділерінде темір мен марганец-тің, ал солтүстігіндегі Уайпа кен орнында боксит кентасы бар. Үлкен артезиан алабы мен Амадея ойысында, Виктория жағалауындағы әр түрлі геол. жүйелерде мұнай мен газ мол. Құрлыктың шығысы мен ба-тысында титан мен цирконийдің аса ірі кен орындары орналасқан. Ауа. Құрлықтың басым бөлігін тропиктік (18°—30° оңт. ендік), ал солтүстігі мен оңтүстігін субтропиктік белдеу алып жатыр. Шығыс жағала-уының климаты — тропиктік теңіздік, Күн радиациясы үнемі жоғары, ашық күндер басым. Сондықтан Құрлықның барлық аймағында темп-pa жоғары және тұрақгы (20 -28°C ға дейін), тек қыс айларында (шілде - тамызда 12 -20°С температуpa төмендейді. Қаңтардың орташа температурасы 40°C болатын аудан құрлықтың солт.-батысында, абс. максимум — Клонкарриде (53,1°C). Тұрақты аяз тек оңт.-шығ-тағы Құрлық Альпісінде (-22°С-қа дейін) байқалады. Үлкен суайрық жотасының Тынық мұхиттан соғатын ылғалға бөгет жасауы, құрлықтың бүкіл орталық аймағының климатының кұрғақ болуына әсерін тигізеді. Құрлық жерінің 40%-ке жуығында жауын-шашын мөлш. 250 мм-ден аспайды. Құрлықтың солтүстігі мен шығысындағы тауларда жауын-шашын мөлш. 500 мм-ден 2000 мм-ге дейін жетеді. Бұл аймаққа экватордан келетін ылғалды муссонның әсері бар. Галилео Галилей. Галилео Галилей (итал. Galileo di Vincenzo Bonaiuti de' Galilei; 15 ақпан 1564, Пиза — 8 қаңтар 1642, Арчетри, Флоренция маңы) — итальян философы, математик, физик, механик и астроном, өз заманындағы ғылымға өте қатты әсер еткен. Абдисамат Дауреннің досы болган. Галилей Галилео – италиялық физик, табиғат- тану ғылымдарының негізін салушы. Ол Италияның Пиза қаласында 1564 жылдың он бесінші ақпанында кедейленген ақсүйек отбасында туған. 1581 ж. Пиза университетіне түсіп, медицинаны оқып үйренеді. Мұнда ол Аристотель, Евклид, Архимед еңбектерімен танысады. Сөйтіп, геометрия мен механикаға әуестенген Галилей медицинаны тастайды. 1592 ж. Падуяда математика кафедрасын басқарады. Галилей өзінің алғашқы телескопын (1609) құрастырады да, осы телескоптың көмегімен Шолпан планетасының фазасын, Күндегі дақты, Юпитердің төрт серігін, Сатурнның сақинасын ашты. Дін басылары тыйым салған соң (1616), ұзақ уақыт үй тұтқынында ұсталды. Галилей ашқан жаңалықтар дүниенің гелиоцентрлік жүйесі туралы ілімнің жеңіп шығуына ықпал етті. Ол ұлы ғалым болумен бірге, музыкант, суретші, ақын, әдебиетші де болған. Галилей 1642 жылдың сегізінші қаңтарында Флоренция маңындағы Арчетри қаласында дүние салды. Жалағаш. Жалағаш кенті () — Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысының ауылдық елді мекендеріне жатқызылған, Жалағаш ауданың әкімшілік орталығы. Тұрғындар саны – 13,4 мың адам (1999). Жалағаш кенті Қызылорда қаласынан батысқа қарай 70 км қашықтықта орналасқан, Сырдарья өзенінің оң жағалауында. Темір жол станциясы бар. Жалағаш кенті орталығында бір №3 кәсіптік-техникалық және 5 орта білім беретін мектептер орналасқан: № 31, №123, №201, №202, №246. №123 Т.Жүргенов атындағы дарынды балалар мектебі Жалағаш кенті. Жалағаш кенті (орысша: Жалагаш) — Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысының ауылдық елді мекендеріне жатқызылған, Жалағаш ауданың әкімшілік орталығы. Тұрғындар саны – 13,4 мың адам (1999) [1]. Жалағаш кенті Қызылорда қаласынан батысқа қарай 70 км қашықтықта орналасқан, Сырдарья өзенінің оң жағалауында. Темір жол станциясы бар. Жалағаш кенті орталығында бір №3 кәсіптік-техникалық және 5 орта білім беретін мектептер орналасқан: № 31, №123, №201, №202, №246. №123 Т.Жүргенов атындағы дарынды балалар мектебі кенттің М.Шәменов атындағы көшесінде орналасқан. Авогадро заңы. Авогадро заңы — идеал газға қатысты негізгі зандар-дың бірі; температурасы ("t°") мен қысымы ("р") бірдей әр түрлі газдың бірдей көлеміндегі ("V") молекулалар саны да бірдей болады. Оны 1811 ж. Италия ғалымы А. Авогадро (1776—1856) ашқан. Авогадро заңы бойынша 1 кмольге тең кез келген идеал газ қалыпты жағдайда ("р" = 101325 Па = 760 мм сын. баг. және "t" = 0°С) 22,4136 м³ көлемді алады. Ал 1 мольдегі молекула саны Авогадро тұрақтысы деп аталады. Авлакоген. Авлакоген (— жырынды, op және "gen" — туу) — платформаның іргетасын қиып өтетін терең жарылымдарымен шектеліп, ұзынша созылған қозғалмалы тектоник құрылым. Авлакогеннің ұз. жүздеген километрге, ені ондаған километрге созылады. Кейде жақын орналасқан геосинклинальдармен байланыста болады. Авлакогенді қалыңдығы мыңдаған м күрделі қатпарлы тау жыныстары толтырады. А. толтыратын жыныстарының формациялық кұрамына қарай "миогеосинклинальдарға" ұқсайды. Терминді 1960 ж. Н. С. Шатский ұсынған. Оны қарапайым Авлакоген (жай синклиналь құрылымды "грабендер") және күрделі Авлакоген (қатпарлы жүйе құрылымды) деп екі түрге бөледі. Авлакоген платформаның белсенді қозғалысқа түскен аймағында пайда болады. Авогадро тұрақтысы. Авогадро тұрақтысы, Авогадро саны — заттың 1 моліндегі құрылымдық элементтер (атом, молекула, ион, т. б. бөлшектер) саны; "N"A түрінде белгіленеді. Италия ғалымы А. Авогадроның (1776—1856) есімімен аталған. Авогадро тұрақтысының анықталған дәл мәні "N"A = 6,022 141 79(30)×1023 моль−1. Авогадро тұрақтысы массаның атомдық бірлігін килограммен ("Халықаралық бірліктер жүйесіндегі масса бірлігі") теңдестіруге болады: 1 м. а. б. = (10-3 кг×моль-1) / "N"A. Бонапарт, Наполеон. thumb Наполео́н I Бонапа́рт (итал. Napoleone Buonaparte, фр. Napoléon Bonaparte, 15 тамыз 1769, Аяччо, Корсика — 5 мамыр 1821, Лонгвуд, Әулие Елена аралы) — 1804—1815 жж Франция императоры, француз қолбасшысы, мемлекет қайраткері,қазіргі француз мемлекетінің негізін салушы. Жыл. Жыл - жердің күнді айналуына байланысты уақыт өлшем бірлігі. Күнтізбелік жыл 12 айға тең(365 кун кебісе жылы 366 күн) Кейнс, Джон Мейнард. Джон Мейнард Кейнс (ағыл. John Maynard Keynes), лорд (5 маусым 1883, Кембридж, — 21 сәуір 1946, поместье Тилтон, Сассекс графтығы) — ағылшын экономисті, экономикалық теорияның кейнстік бағытының негізін салушы. Чехов, Антон. Анто́н Па́влович Че́хов (17 (29) қаңтар 1860, Таганрог, Екатеринослав губерниясы — 2 (15) шілде 1904, Баденвайлер, Герман империясы)[2] — орыс жазушысы, әңгімелер, повестер, пьесалар авторы, әлемдегі ең ұлы жазушылардың бірі деп таңылған. Әлем драматургиясының классикасы болған төрт шығарма жазған. Қазақстан Республикасы қалалары. right Қазақстан қалаларының тізімі және олардың тұрғындарының саны. Бисмарк, Отто фон. thumb Отто Эдуард Леопольд фон Бисмарк-Шёнхаузен (нем. Otto Eduard Leopold von Bismarck-Schönhausen; 1815—1898) — князь, германс мемлекеті қайраткері, герман мемлекетінің бірінші кацлері(екінші рейх), темір канцлер деп аталған. Отто фон Бисмарк (Эдуард Леопольд фон Шенхаузен) 1815 жылдың 1 ақпанында Берлиннің солтүстік-батысында орналасқан Бранденбургтегі Шенхаузен поместьесінде дүниеге келген, прусс жер иеленушісі Фердинанда фон Бисмарк-Шенхаузен мен Вильгельмина Менкеннің үшінші ұлы, туылғанда Отто Эдуард Леопольд атына ие болды. Шенхаузен елдімекені көне Германияның тарихында ерекше орын алатын Бранденбург провинциясының қақ ортасында орналасты. Поместьенің шығысынан 5 миль қашықтықта Солтүстік Германияның басты сулы-көлікті артериясы Эльба өзені ағып жатты. Шенхаузен поместьесі 1562 жылдан бастап Бисмарктар жанұясының қолында болды. Бұл жанұяның барлық ұрпақтары Бранденбург басшыларына бейбітшілік кезінде және жас Отто фон Бисмарк соғын жағдайында адал қызмет етті. Бисмарктар жаулап алушы рыцарьлардың ұрпақтары юнкерлер болып есептелді, олардың аталары шағын славян тұрғындарымен Эльбаның шығысындағы кең байтақ жерлерде алғашқы неміс елдімекендерінің негізін қалады. Юнкерлер беделділер қатарына жатты, бірақ байлық, әлеуметтік әл-ауқат пен сөз өтімділігіне келгенде олар Шығыс Еуропалық және габсбургтік аристократтармен салыстыруға келмейтін еді. Әрине, Бисмарктар жер магнаттарының қатарына жатқан жоқ, дегенмен олар өздерінің асыл тұқымды болғандарына да қанағат етті, олардың шежіресі Ұлы Карл билігіне дейін жалғасып жатты. Оттоның анасы Вильгельмина мемлекеттік қызметкерлердің жанұясынан болды, олар орта санаттағыларға жатты. ХІХ ғасырда осындай жұптар көбейе берді, мұнда орта санаттағылар мен асыл тұқымдылар қосылып жаңа элита құрады. Вильгельминаның бағытымен Отто мен оның үлкен ағасы Бернгард Берлиндегі Пламана мектебіне оқуға жіберілді, онда Отто 1822 – 1827 ж.ж. аралығында білім алды. 12 жасында Отто бұл мектептен шығып, кейіннен 3 жыл оқыған Фридрих Вильгельм атындағы гимназияға ауысты. 1830 жылы Отто «У серого монастыря» гимназиясына өтті, алдыңғы оқу орындарымен салыстырғанда бұл жерде ол өзін әлдеқайда еркін сезінді. Жас юнкерді математика да, әлемнің көне тарихы да, жаңа неміс мәдениетінің жетістіктері де қызықтырмады. Отто көбіне өткен жылдардағы саясатқа және соғыс пен бейбітшілік жылдарындағы елдер арасындағы бәсекелестікке аса назарын аударды. Боливар, Симон. thumb Симо́н Боливар, Хосе Антонио де ла Сантисима Тринидад Боливар де ла Консепсьон и Понте Паласиос и Бланко (толық аты исп. Simón José Antonio de la Santísima Trinidad Bolívar de la Concepción y Ponte Palacios y Blanco — Симо́н Хосе́ Анто́нио де ла Санти́сима Тринида́д Боли́вар де ла Консепсьо́н и По́нте Пала́сиос и Бла́нко) (24 шілде 1783, Каракас — 17 желтоқсан 1830, Санта-Марта, Колумбия) — Оңтүстік Америкадағы испан отарларының тәелсіздігі үшін күрестің басшысы. Венесуэланың ұлттық батыры. Гевара, Че. Эрне́сто Че Гева́ра (толық аты Эрнесто Гевара де ла Серна Линч, исп. Ernesto Guevara de la Serna Linch; 14 маусым 1928, Росарио, Аргентина — 9 қазан 1967, Ла Игэра, Боливия) — латынамерикалық революционер, Куба революциясының 1959 ж. командентесі. Латын Америкасынан басқа Конгода жұмыс атқарған. ПАБА. ПанАзиалық Бокс Ассоциациясы (әрі PABA ретінде белгілі) - Орталық Азия, Океания, Pan Pacific, Еуразия және Оңтүстік Шығыс пен Қиыр Шығыс елдерін қамтитын әуесқой және кәсіпқой бокс ұйымы. Ұйымның 31 тұрақты және 11 ассоциативті мүшелері бар. Ұйым 1995 жылы құрылған, ал штаб пәтері Сеулде орналасқан. ПАБА құрылғалы бері 700 санкцияланған чемпионат матчтарын өткізді. 22 PABA чемпиондары өздерінің сәйкес дивизиондарында ақыры WBA әлем чемпионы атағын алса. Қазіргі чемпиондар. !align=left style="border-style: none none solid solid; background: #e3e3e3"|Салмақ дәрежесі !align=left style="border-style: none none solid solid; background: #e3e3e3"|Боксшы !align=left style="border-style: none none solid solid; background: #e3e3e3"|Ұлты Мәзiмбай, Марат. Марат Мәзiмбай (1 наурыз, 1974 жыл) - кәсіпқой боксшы, IBА чемпионы. Арқалық (станция). "Арқалық станциясы" — Қостанай айырылу бағыт Есіл, бағындыру астында Қазақстан темір жолы, Арқалық қаласында орналасқан темір жол станциясы. Тұйық тап осы Есіл - Арқалық теміржол бұтағына келеді. Арқалық станцияларына болады жанында 10 жол, вокзал үлкен ғимараты, салған ана уақыттарлар, қашан Арқалық қаласы областық орталықпен келді. Вокзал жалқын маңда бастағы өнеркәсіпті аймақ. Ведомстволық теміржолдық сызықтардың бар болады - ауы онда, арналғандардың карьерлерден боксит кенін тасып шығаруына арналған. Локомотивтар арасында әр түрлі үлгілердің ТЭМ тепловоздары басым болады. Теміржолдық сызық жылдарда 1950 жылға салған болатын. Қанауға енгізу датасы Арқалық станциялары және мына учаске басқа станцияларының —1961 жыл. Жолаушы қозғалыс жергілікті хабарлау жолаушы пойыздарының екілермен екімен көз алдына келген: Қостанай — Арқалық және Астана — Арқалық, сонымен қатар Алматы - Арқалық тіркемелі вагонымен. Жүруде екеу пойыздың күн сайын. Жүк таситын қозғалыс (тәуліктерге пойыздардың көбірек 3 бу емес). Ең басты жүк — Арқалық боксит кені. Станциялардың көпшілігінде элеваторларды болады, бидайдың дәндерлері жүк тиеу шығарылады. 2ТЭ10 Есіл депосы тепловоздар негізінде жолаушы және жүк таситын қозғалыста қолданылады. Оңтүстік бағытта 20 километрге үлгілі ең ведомстволық теміржолдық сызық ұзын учаскесі Арқалық станциясынан созылды. Арқалық төңіректерінде мансаптық жолдар электрлендірілген емес. 2006 жылға күй-жағдаймен, анықтап қарау жаңа теміржолдық сызық құрылыс мүмкіншілігі маңыздының - Арқалық - Шубарқөл орналасқанды Қарағанды облыста, мынау учаске бойлықпен 188 километр. Ақтөбе облыстар Шалқар станцияларына дейін Арқалық станциясының темір жолын салу Қазақстан темір жолы 2015 жылға жоспарлайды, бойлық қайсы 620 километр. Есіл - Арқалық теміржолдық сызығы мүмкін, болашақта тұйық болуға тоқтайды. Пловдив. Пловдив — Болгариядағы қала. Ежелгі аты — Филиппополь. Шипка (қала). Шипка — Болгариядағы тарихи маңызы бар елді мекен. Трявна. Трявна — Болгариядағы тарихи маңызы бар елді мекен. Плиска. Плиска — Болгариядағы тарихи маңызы бар елді мекен. Мелник. Мелник — Болгариядағы тарихи маңызы бар елді мекен. Копривштица. Копривштица — Болгариядағы тарихи маңызы бар елді мекен. Велики-Преслав. Велики-Преслав — Болгариядағы тарихи маңызы бар елді мекен. Белоградчик. Белоградчик — Болгариядағы тарихи маңызы бар елді мекен. Батак. Батак — Болгариядағы тарихи маңызы бар елді мекен. Даугавпилс. Даугавпилс () — Латвияның екінші мөлшермен қаласы. Рига. Рига () — Латвияның астанасы, ірі порт және өнеркәсіп орталығы. Плоешти. Плоешти — Румыниядағы қала, мұнай өндіру орталығы. Бухарест. Бухарест — Румыниядағы қала, ел астанасы, ірі өнеркәсіп орталығы. Атақты тұрғындары. Александра Мария Лара — неміс әртісі Тудор Аргези — поэт, дат жазушысы Колетт Авитал — израиль парламенттінің мүшесі Николай Бэлческу — тарихшы, жазушы және революционер Ион Дука — Румынияның 1933 жылғы премьер министрі Мирча Элиаде — жазушы, дін тарихшысы Мирча Джеоана — румын саясаткері, Румын социал-демократтық партиясының бастығы Джон Хаузмэн — әртіс және продюсер Мартин Кармиц — француз кинорежисеры және продюсер Алекс Козински — американ төрешісі және эссеист Георгий Маринеску — невролог, румын неврология мектебінің қалаушысы Адриан Нэстасе — қазіргі замандағы румын саясаткері Николай Паулеску — румынский физиолог, один из создателей инсулина Джордже Топырчану — румын ақыны және әзілқойы Корнелиу Вадим Тудор — румын саясаткері, Ұлы Румыния Партиясының бастығы Михаэль (Майкл) Крету — композитор, продюсер, Enigma тобының қалаушысы, Сандра Кретунің күйеуі Достоевский, Фёдор. Фёдор Миха́йлович Достое́вский (Ѳедоръ Михайловичъ Достоевскій; 30 қазан (11 қараша) 1821, Мәскеу, Ресей империясы — 28 қаңтар (9 ақпан) 1881, Сән-Питербор, Ресей империясы) — ең атақты орыс жазушыларының және ойшылдарының бірі. Достоевский Федор Михайлович – орыс жазушысы, Санкт-Петербург Ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1877). Ол 1821 ж. он бірінші қарашада Мәскеу қаласында туған. 1843 ж. Санкт-Петербург әскери-инженерлік училищесін бітіреді. 1847 жылдан Михаил Петрашевскийдің қоғамына қатысқаны үшін 1849 ж. қамауға алынып, өлім жазасына кесіледі. Бұл жаза каторгамен ауыстырылып, 1850 – 54 ж. Омбыда айдауда, кейін қатардағы солдат болды. 1854 ж. Омбыда Шоқан Уәлихановпен танысады, бұл таныстық Семейдегі кездесулерден соң үлкен достыққа айналды. 1859 ж. Достоевский Тверь, кейіннен Санкт-Петербург қаласында тұруға рұқсат алады. Өз ағасы Михаил Достоевскиймен бірге 1864 жылға дейін «Время» (1861 – 63) және «Эпоха» (1864 – 65) журналдарын шығарып тұрды. 1862 – 63 және 1867 – 71 ж. шет елде болды. 1873 – 74 ж. князь Владимир Мещерский шығарып тұрған «Гражданин» журналының редакторы болды. Достоевскийдің «Бейшаралар» (1846; қазақшаға 1955 ж. Сәйділ Талжанов аударған) атты алғашқы романы оның шығармашылық қуатын танытты. Кейінірек, «Қор болғандар мен қорланғандар» (1861), «Өлі үйден хаттар» (1861 – 62) романдары жарық көрді. Достоевский «Ойыншы» (1866), «Қылмыс пен жаза» (1866, қазақшаға 1972 ж. Мұхтар Жанғалин аударды), «Нақұрыс» (1868, қазақшаға 1984 ж. Нияз Сыздықов аударған), «Албастылар» (1871 – 72), «Жасөспірім» (1875). «Ағайынды Карамазовтар» (1879 – 80) романдарын жазды. Жазушы шығармалары адамның ішкі дүниесіндегі қайшылықты ашып, қоғамдағы әлеуметтік мәселелерге психологиялық талдау жасайды. «Жазушының күнделігі» (1871 – 81), «Пушкин туралы сөз» (1880), т.б. әдеби-сын еңбектерінің әлемдік эстетика тарихында алар орны ерекше. Уәлихановпен достығы туралы Достоевский «Жазушының күнделігінде» жазған, екеуінің жазысқан хаттары сақталған. Жазушы 1881 жылдың тоғызыншы ақпанында Санкт-Петербург қаласында қайтыс болған. Семейдегі 1857 – 59 ж. тұрған үйінде Достоевскийдің әдеби-мемориалдық мұражайы (1971) бар. Руставели, Шота. Шота́ Руставе́ли (груз. შოთა რუსთაველი, 1172—1216) — XII ғ. грузин мемлекеттік қайраткері және ақыны, "Жолбарыс терісіндегі Витязь" жырының авторы. Толстой, Лев. Лев Никола́евич Толсто́й (28 тамыз (9 қыркүйек) 1828, Ясная Поляна, Тула губерниясы — 7 (20) қазан 1910,Астапово станциясы, Тамбов губерниясы) — ең мықты орыс жазушылары мен ойшылдардың бірі. Севастополь қорғанысының қатысушысы, ағартушы, публицист, өмірінің соңында жаңа діни ағым — толстовствоның негізін салды. Граф. Шопен, Фредерик. Фредери́к Шопе́н (фр. Frédéric Chopin[1]; туғанда Фрыдерык Франци́шек Шопе́н, пол. Fryderyk Franciszek Chopin (Szopen); 22 ақпан (басқа ақпарат бойынша — 1 наурыз) 1810 ж, Желязова-Воля ауылы, Варшава маңы — 17 қазан 1849, Париж) — поляк композиторы және пианист-виртуозы, барлық кезеңнің ең ұлы композиторларының бірі. Фортепианоға арналған көп шығармалар авторы. Верди, Джузеппе. Джузе́ппе Фортуни́но Франче́ско Ве́рди (итал. Giuseppe Fortunino Francesco Verdi, 10 қазан 1813, Ронколе, Буссето қаласы маңы, Италия — 27 қаңтар 1901, Милан) — итальян композиторы, итальян опера мектебінің орталық фигурасы. Оның ең жақсы опералары Риголетто, Травиата, Аида. Магеллан, Фернандо. Ферна́н Магелла́н (порт. Fernão de Magalhães, исп. Fernando (Hernando) de Magallanes; шамамен 1480, Траз-уж-Монтиш аймағы, Португалия — 27 сәуір 1521, Мактан аралы, Филиппины) — португал және испан теңіз саяхатшысы. Ең бірінші жерді айналып шыққан адам деп есептеледі. Поло, Марко. Ма́рко По́ло (итал. Marco Polo; шамамен 1254, Венеция (басқа дерек бойынша, Корчула), — 8 қаңтар 1324, Венеция) — итальян саудагері және саяхатшысы. Өзінің Азияға саяхатын "Әлемнің әртүрлілігі туралы" кітабында жазған. Дисней, Уолт. Уо́лт Ди́сней (Walt Disney туғанда Уо́лтер Эла́йас Ди́сней ағыл. Walter Elias Disney)(5 желтоқсан 1901 — 15 желтоқсан 1966) — америкалық суретші-мультипликатор, кинорежиссёр, актёр, сценарист және продюсер, «Walt Disney Productions» компаниясының негізін қалаушы, сол компания қазір «The Walt Disney Company» медиа империясына айналды. Тарихтағы ең бірінші дыбысталған мультфильмді жасаушы адам болып табылады. Opera. Opera (О́пера) — Opera Software ASA компаниясы шығаратын Интернетте жұмыс істеуге арналған веб-браузер және бағдарламалық пакет. Норвег компаниясы Telenor-мен 1994 жылы жасап шығарылған. Вена. Вена — Австриядағы қала, ел астанасы. Тынық мұхит. Тынық мұхит (Ұлы мұхит, Ұлы Оңтүстік теңіз) — Жер бетіндегі ең үлкен мұхит. Жер шарының көпшілік бөлігін су басып жатқанын көреміз. Ол дүниежүзілік мұхит деп аталады. Дүниежүзілік мұхиттың үлесіне бүкіл жер бетінің 3/4 бөлігі немесе 361 млн км2 тиеді. Дүниежүзілік мұхит бөлек - бөлек аттары бар жеке мұхиттардан тұрады, бірақ олардың бәрі бір - біріне жалғасып жатыр. Дүниежүзілік мұхит төрт бөліктен тұрады. Тынық мұхит - жер шарындағы ең үлкен 178,620 млн км² (180 млн км2) әрі ең терең мұхит. Көлемі жағынан қалған үш мұхитқа пара-пар. 1520-1521 жылдары Ф.Магеллан дүниежүзін айналу саяхаты кезінде осы мұхитты алғаш жүзіп өтті. Жүзу кезінде ешқандай дауылға ұшырамағандықтан, саяхатшылар оған "Тынық мұхит" деген ат берді. Тынық мұхитта бүкіл дүниежүзілік мұхиттың ең терең жері - Мариан шұңғымасы бар, оның тереңдігі 11022 м. Тынық мұхит Солтүстік және Оңтүстік Американың батыс жаға-лауларынан бастап Еуразияның шығыс бөлігіне және Аустралия мен Антарктидаға дейінгі аумақты алып жатыр. Атлант мұхиты Тынық мұхиттан екі есе кіші (92 млн км2). Солтүстік және Оңтүстік Американың шығысынан бастап Еуразия мен Африканың батысына және Антарктидаға дейін барады. Кук, Джеймс. Джеймс Кук (ағыл. James Cook, 7 қараша 1728 ж., Мартон, Йоркшир — 14 ақпан 1779 ж., Гавайи аралы) — ағылшын әскери теңізшісі, зерттеуші, картограф. Әлемдік мұхитты зерттеу бойынша үш экспедиция басқарған. Альтенберг (Кенді таулар). Альтенберг — Германияның Кенді Таулар аймағындағы қала. Қазақстан темір жолы. The new train station at Astana "АБ «Ұлттық компания "Қазақстан темір жолы"» (АБ ҰК "ҚТЖ") - ұлттық Қазақстан темір жолы. Компания теңдігінде Қазақстан теміржолдық ауы орнында болады. Қазақстан Республикасы темір жолдардың ие болады - ауымен жалпының - жанында 14 мың километрлердің; 5 мыңдардың екінің жөнділермен қайсылардың және жанында 4 мыңдардың — электрлендірілгендер. Негізгі жолдардың ұзындығын —18,8 мың. км, станциялық және арнайы жолдардың —6,7 мың. км. Қазақстан аумақтарына теміржолдық ау бөлімі Ресей Федерация теміржолдық әкімшіліктерінің басқаруында және Қырғызстанға орнында болады. Қазақстанда теміржолдық көлік мағынасы өте ұлы. Көбірек 68% барлығы жүк айналымының және жоғарыдан ел 57% айналым жолаушысыныңсы темір жолдардың үлесіне келеді. Теміржолдық бұтақта көбірек 125 мың адамдар бос емес, не құрастырады дерлік Қазақстан 1% халығы. Тарих. Қазақстан темір жолы схемасы Қазақстан темір жолдарының құрылыс тарихы. Темір жол алғашқы рет 1893—1894 жылға замандас Қазақстан аумағымен өтті. Мынау бұтақ тар енді теміржолдық болды Покровская слобода — Орал бойлақпен 369 км, қайсылардың Қазақстанда 113 км созылып жатты. Қазақстан арқылы сонымен қатар 190 км Транссиба сонымен қатар өтті (Петропавл). Бірақ барлық ғой жылмен Қазақстанда теміржолдық көлік негіздері 1904 жыл қабылданған есептеу, қашан теміржолдық сызықты бойлай қалалар және өнеркәсіпті орталықтарды өсті 1668 км бойлықпен, магистраль құрылыс Орынбор - Ташкент басталды: Ақтөбе, Орал, Түркістан, Қызыл - орда, Арал және басқалар. 1914—1924 жылға Арыс - Пишпек Семиреченская салынған жолы — Турксиба келешек бөлім, 1915 жылға — магистраль Челябинскі - Троицк - Қостанай. Алтайлық темір жол 1915—1917 жылына салған қазақстандық жермен созылып жатты (Жаңасібірі - Семей). Басқа мынаның, Қазақстан солтүстік - шығысында 1918 г. нормалы ен 117- километрлік - жолын жұмыс жасады Екібастүз - - кемежай (Ермак, Ақсу қазір), ал орталық Қазақстанда 40- километрлік тар енді жол Қарағанды — Спасский зауыт және Байконурскиемен 120 километрлік көмірлер жина — Қарсақпай. Қазақстан аумақтарына темір жолдардың жалпы бойлығы 1918 жыл 2575 км жетті. Петропавл - Көкшетау учаскесі 1920—1921 жылға біріншінің салған кеңестік дәуірге теміржолдық құрылыспен болды. Қайсы курорт - азбан станциялар арқылы содан соң 1926—1931 жылға жалғасқан болатын және Акмолинскі Қарағандыға дейін, теміржолдық сызық Кулунда - Павлодарды жасалған болатын оның жалпы ұзындығы 1924 жылға 700 км шамадан асты. 1926 жылға мұнайі кәсіптердің Ембы дамуына арналған Гурьев - Доссор тар енді жолы салған болатын. Ол Сібірмен Қазақстанды байлады 1444 км бойлықпен Түркестан - Сібір магистраль құрылысы 1927—1930жылға жалғастырған заманалық оқиғамен болды және республика дамуының экономикалық жағдай жасады және көптеген елсіз жерлердің игеруіне. 1930 жылы учаскелер построенны сонымен қатар жылдар болды: (Қарағанды - Балқаш), (490 км), (орталық Қазақстан), Шымкент - Леңгер (Қазақстан оңтүстігі), (Локоть - Защита), (235км), (қазақстандық Алтай), содан соң жалғасқан Лениногорскға дейін және Зыряң. 1936—1939 жылға учаске салынған, арқылы қайсының Қазақстан Ресеймен орталықпен байлаулы болатын,— Оралі - Илецк Саратовқа шығумен. Магестралеймен стратегиялық маңызды теміржолдық ұлы Отан соғыс жылдарына құрылыс созылды, сондайлардың қалай: магистраль Гурьев — Қандыағаш - Орскі (1936—1944), нефтепромыслы Ембымен байлаған Оралмен және жақсартылған хабарлау аралық Ресей аймақтары қасында; Акмолинскі - Қарталы сызығы (1939—1943), қамтамасыз етіп, сонымен қатар, оңтүстік Оралға Қарағанды көмірі нәтижелі жеткізуін; учаскелер кокске - Текелі - Талдықорған және Атасу - Қаражал. Ұлы Отан соғыс дәуірі белгіленген қазақстандық болат магистральдердің бойлығы 10 мың км. жетті және жасаумен темірлерді өндіріс база Қазақстаны жолдарында еті тірі құрам жөндеуімен және жолы болғыш шаруашылықтың. 1950 жыл Мойынты - Шу учаскесін салған болатын (440 км). Сайып келгенде. Транссібірлік магистраль Түркестан - Сібірмен қосылды және бірінші - сызық құрылды, өтіп кеткен арқылы республика аумағын бәрін — Трансказахстанская теміржолдық магистраль (Петропавл - Көкшетау - Акмолинскі - Қарағанды - Шу). 1950 жылдарда темір жолдардың қарқынды құрылысы болды солтүстік және орталықтарды Қазақстан аймақтарында. 1955—1961 жылға Есіл - Арқалық жасалған (224 км), 1959 жыл — Қостанай - Тобыл, 1960 жыл — Тобыл - Жетіқара. 1950- енің артынан екі есе жылдар Қазақстан теміржолдық ау тығыздығы үлкейді. 1960 жылдарда Мақат - Мыңғышлақ учаскелері және Мыңғышлақ - Өзенді салынған,(жалпы ұзындық дерлік 900 км). Жолдардың учаскесі Қазақстанда бірінші 1964 жылға электрлендірілген болатын (Целиноград - Қарағанды), мынаның қазақстандық темір жолдардың белсенді электрлендіруі басталды. Көршілес мемлекеттермен кеңестік одақ ыдыраушылығынан кейін Қазақстан бөлек аймақтары аралық хабарлау шекаралардың кесіп өту қажеттілігі артынан қиналды. Қазақстанда ұқсас қиындықтардың құтылуына арналған республика аумағымен толық созылып жатушы жолдардың үш учаскесі салған болатын. Қазақстан темір жол құрылым тарихы. Қазақстан жеріндегі тұңғыш теміржол магистралі 1894 жылдың 25 қазанында Покров слободасы (бүгінде РФ Саратов облысындағы Энгельс қ.) - Орал тар табанды темір жол телімінің құрылысы аяқталғаннан кейін ашылды. Осы жолдың 130 шақырымы қазіргі Қазақстан жері арқылы өткен. Арада 4 жыл өткеннен кейін Урбах-Астрахан тар табанды темір жол іске қосылды. Мұның да 77 шақырымы қазақ даласын басып өтті. Солтүстік Қазақстанның дамуы үшін 1891-1896 жылдары салынған Транссібір магистралінің, дәлірек айтқанда, оның «қазақстандық» 190 шақырымының маңызы зор еді. Бұл жол қазақ пен орыс халықтарының экономикалық және мәдени жақындасуына үлкен үлесін қосты. 1901-1906 жылдары Қазақстан жерінің 1660 шақырымдық аумағын алған, Орта Азия мен Ресейдің орталығын қосатын, Орынбор-Ташкент темір жолы салынды. 1914-1917 жылдары болашақ Түрксібтің бір бөлігі Жетісу жолының Арыс-Пішпек телімі салынды. 1915 жылы Челябинскі-Троицкі-Қостанай (Қазақстан арқылы 166 км.) магистралі салынды. 1915-1917 жылдары соғылған Алтай темір жолының (Новосибирск-Семей) 122 шақырымы Қазақстан жері арқылы өтті. Бұдан басқа 1918 жылға дейін 117 шақырымдық Екібастұз-Ермак тар табанды темір жолы жұмыс істеп тұрды. 1918 жылға қарай Қазақстан аумағындағы шойын жолдың жалпы ұзындығы 2,6 мың шақырымға жетті. Кеңес заманының алғашқы темір жолы 1920-1922 жылдары салынған Петропавл-Көкшетау телімі болды. Қазақстанның түкпірдегі аймақтарын дамыту және астықты шығару қажеттілігіне байланысты 1926-1931 жылдары Бурабай-Курорты және Ақмола стансалары арқылы Қарағандыға дейін жалпы ұзындығы 700 шақырымнан асатын жол салынды. 1924 жылы Құлынды-Павлодар теміржол желісі құрылды. Ембідегі мұнай кәсіпшілігінің дамуына 1926 жылдан басталған Гурьев-Доссор тар табанды жолы ықпал етті. 1927-1930 жылдар аралығында салынған ұзындығы 1444 км Түркістан-Сібір (Түрксіб) магистралінің аяқталуы заманалық оқиға болды. Ол Қазақстанды Сібірмен байланыстырып, республиканың экономикалық дамуына және шөлді жерлердің игерілуіне әсер етті. Орталық Қазақстан өңірінің өндірісі үшін 30-шы жылдары салынған Ақмола-Қарағанды, Қарағанды-Балқаш (490 км), ал оңтүстік үшін Шымкент-Ленгір жол телімдері зор маңызға ие болған. Алтай тау кен өндірісінің дамуында 1930 жылы салынған Локоть-Защита (235 км), сосын Лениногорскіден Зыряновскіге дейін созылған жол шешуші рөл атқарды. 1936-1939 жылдары Қазақстанды Орталық Ресеймен байланыстырған, Саратовқа шығатын жол телімі - Орал-Елек салынды. 1936-1944 жылдары соғылған, Ембінің мұнай кәсіпшілігін Оралмен байланыстырған, Ресейдің бірқатар аймақтарының арасындағы қатынасты жақсартқан Гурьев (Атырау)-Қандағаш-Орскі магистралі өзінің стратегиялық маңыздылығын Ұлы Отан соғысы кезінде дәлелдеді. 1939-1943 жылдары салынған Ақмола-Қарталы желісі Қарағандының көмірін Оңтүстік Оралға жеткізуді қамтамасыз еткен маңызды нысан болып табылады. Сол жылдары Көксу-Текелі-Талдықорған және Атасу-Қаражал телімдері іске қосылды. Қазақстандық шойын жолдың ұзындығы 10 мың шақырымға жеткізілді. Ұлы Отан соғысы кезінде теміржолдың бойында жол шаруашылығын және жылжымалы құрамды жөндеу жөніндегі өндірістік база құрылды. 1950 жылға қарай салынған Мойынты-Шу (440 км) жол телімі соғыстан кейінгі жылдардың өзекті оқиғасы болды. Осылай Транссібір магистралі Түркістан-Сібір жолымен бірігіп, еліміздің барлық жерінен өтетін Петропавл-Көкшетау-Ақмола-Қарағанды-Шу трансқазақстандық темір жолдың меридианды желісін құрайды. Ал 1953 жылы Оңтүстік-Сібір магистралінің негізгі буынының бірі Ақмола (Астана)-Павлодар (546 км) жолы салынды. Оның іске қосылуы Екібастұз көмір бассейнінің және осы жерге жақын аймақтардың тез дамуына жағдайлар жасады. (Тек 1953-1956 жылдардың өзінде Солтүстік Қазақстандағы тасымалдың көлемі 4 есеге артты). 1950 жылдары тың жерлердің игерілуіне байланысты Қазақстанның солтүстік және орталық өңірлерінде темір жол құрылысы екпінді қарқынмен жүргізіліп жатты. 1955-1961 жылдары Есіл-Арқалық (224 км), 1959 жылға қарай Қостанай-Тобыл, 1960 жылы Тобыл-Жетіқара желілері салынды. 1950 жылдары Қазақстан теміржол жүйесінің тығыздығы екі есеге артты. 1958 жылдың 1 шілдесінде КСРО-дағы ең ірі Қазақ темір жолы құрылды. Ұзындығы 11 мың шақырымнан асатын ол 15 бөлімшелерден құралды және Қазақстанды Сібір, Орал, Волга жағалауы, Қырғызстан және Орта Азиямен қосып, барлық кеңістікті және меридионалды магистральдарды біріктірді. 1960 жылы шөлді өлкенің дамуына себепші болған Мақат-Маңғышлақ және Маңғышлақ- Өзен (жалпы ұзындығы 900 км) телімдері салынды. Қазақстан мен Ресей байланысының жандануына осы кезеңде салынған Гурьев-Астрахан желісін пайдалану зор ықпал етті. 1964 жылы Қазақстанда бірінші болып жолдың Целиноград (Астана)-Қарағанды бөлігі электрлендірілді. Осы кезден бастап темір жолды электрлендіру жұмысы алға басты. Олар негізінен, республиканың солтүстік және орталық облыстарында жүргізілді. 1969-1970 жылдары Қарағанды-Магнитогорскі (1180 км) телімі электр тартымына ауыстырылды. 1980 жылдан бастап оңтүстіктегі Мойынты-Шу, Шенгелді-Арыс, Арыс-Түлкібас жолдарында электрлендіру өріс алды. Бұл жолдардың жалпы ұзындығы 4 мың шақырымға жетті. 1977 жылы Қазақ темір жолының негізінде үш жол құрылды: Тың, Алматы және Батыс-Қазақстан. Осы жылдары ондаған жаңа вокзалдар қайта тұрғызылды. Байланыс және белгі беру жүйелерінің, жол техникасының, электровоздар мен тепловоздардың жаңа түрлері іске қосылды. 1980 жылдан бастап автоматика және ақпараттық есептеу жүйелері өндіріске белсенді енгізілді. Қазақстан теміржол көлігі тарихының елеулі оқиғаларының бірі: 1986 жылғы 20 ақпанда, әлемде бірінші болып, жалпы салмағы 43,4 мың тонна және ұзындығы 6,5 шақырым болатын жылжымалы құрамға 440 вагон тіркеліп, Тың темір жолы арқылы өткізілді. 1950 жылдардың ортасында Қытай Халық Республикасына қатынайтын теміржолдың дамуына үлкен назар аударылды. 1959 жылы Ақтоғай-Достық телімі салынды. 1956-1960 жылдары қазақстан әрі қытай жақтан екі елдің темір жолын қосатын магистральдың құрылысы жүргізілді. Бұл жұмыстар 1988 жылы кеңес-қытай келісімінен кейін қайта жаңғырды. 1990 жылы болған темір жолдардың түйісуі қазақстандық Достық стансасы мен қытайлық Алашанькоу стансасын қосатын шекара өткелін жасады. Осы жылдан кейін онда жүк құрамдарының қозғалысы басталып, Трансазиялық теміржол магистралінің Солтүстік дәлізі іске қосылды. Сол кезеңде Достық стансасының қайта тиеу және тасымалдау қуаты артты. Республика тәуелсіздігі мен Теміржол көлігі жөніндегі кеңес кезіндегі Қазақстан теміржол көлігінің өткен жолын шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең (1992-1996 жж.) – саланың КСРО-ның таралу салдарына және мүлдем жаңа экономикалық жағдайларға бейімделуі. Екінші кезеңнің (1997-2001 жж.) маңызы үш қазақстандық магистралды өзінде біріктірген, қиыншылық кезден өте алған, саланың ары қарай дамуына негіз салған, бірінші қазақстандық теміржол кәсіпорны «Қазақстан темір жолы» РМК-нің құрылуы мен дамуы болды. Үшінші кезеңде (2001 жылдан бастап осы уақытқа дейін) саланы қайта құрылымдау басталды. Атап айтқанда, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компания» ЖАҚ құрылуы осы реформалардың жүзеге асырылуының бастамасы болды. Олар еліміздің теміржол көлігін қазіргі заманға сай әрі жоғары тиімді салаға айналдыруға бағытталған және әлемдік тасымалдау жүйесіне үйлесімді кіріге отырып, дамыған нарықтық, бәсекелестік жағдайында тұтынушылардың талаптарына барынша сәйкес келетін кәсіпорын дәрежесіне жеткізу болды. 2004 жылы Қазақстан темір жолы өзінің айрықша межесіне – 100 жылдығы мерейтойына жетті. Бұл жылы Қазақстан темір жолының мерейтойы 100 жылдығы кең көлемде аталып өтті. Шойын жол тарихының маңызды кезеңдері аталып өтілді. Темір жолды жаңғырту, әлеуметтік саланы, теміржолшылардың еңбек жағдайын жақсарту шаралары мен ірі құрылыстар аяқталды. 2004 жылы ақпанда мерейтойлық оқиғалардың басы басталды. Ел Премьер министрі Даниал Ахметов темір жол көлігі саласының ардагерлері тобымен кездесу өткізді. Кездесу барысында Премьер министр Даниал Ахметов сала жетекшілері мен теміржолға еңбегі сіңген ардагерлер құрамына кіретін "ҚТЖ" ҰК" АҚ жанынан құрылған Консультативтік кеңесінің мерейтойды өткізу жөніндегі шешімімен таныстырылды. «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ Консультативтік кеңесі темір жол тарихын санауды ұзындығы 1668 км Орынбор-Ташкент магистралі құрылысының аяқталу уақытынан бастау туралы шешім қабылдады. Премьер министр темір жол көлігінің 100 жылдығы мерекесін атап өту туралы шешіміне наурыздың 12-сінде қол қойды. Мұны респубулика ҚР Президенті де қолдады. Сәуірдің 30-ында Нұрсұлтан Назарбаев мерекелік датаны атап өтуге арналған медал шығару туралы Бұйрыққа қол қойды. Бұл мерекелік медаль төрт мыңнан астам теміржолшыларға бұйырды. Бұл жыл біздің елде өткізілген Еуропа мен Азияның 25 елінің теміржол басшыларының қатысуымен болған Темір жолдар ынтымақтастығы ұйымы Бас директорлары конференциясының 19-шы отырысымен тұспа-тұс келді. Жоғары мәртебелі қонақтардың көзінше «Қазақстан темір жолының 100-жылдығына» арналған марка салтанатты түрде пошта айналымына енгізілді. Темір жолдың жүз жылдығы қаржылық қызметтің жоғары жетістіктерімен атап өтілді. Бұның бір дәлелі ретінде «Мудис инвесторс сервис» халықаралық рейтингтік агенттігі жүргізген «Қазақстан темір жолы» компаниясының ұзақ мерзімдік несиелік рейтингінің жоғарылауы болды. Сарапшылардың бұл шешіміне темір жол көлігін дамытудың және саладағы өндірістік, коммерциялық көрсеткіштердің тұрақты өсуі мен сапалық тұрғыдағы жоғарылауы себеп болды. 2004 жылдың 1 шілдесінде Астанадан «Отан» пойызы елімізді аралап, сапарға шықты. Екі жарым айға жуық ол шексіз жеріміздің темір жол стансалары мен разъездеріне тоқтап, мерейтойға арналған салтанатты жиындар өткізді. Пойыздың ұжымы ардагерлер мен ең жақсы жұмысшыларды ерекше назарға алды. Оларға «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының мерейтойлық медальдары мен естелік сыйлықтары тапсырылды. Сапар барысында теміржолшылар және олардың жанұяларына берген әлеуметтік көмектің ауқымды бағдарламасы жүзеге асырылды. Бағдарлама аясында алыс стансаларда тұратын теміржолшыларға олардың отбасыларына медициналық көмектер көрсетіліп, мектеп табалдырығын аттайтын бүлдіршіндерге оқу құралдары, сәбилерге балалар тағамдары табыс етілді. Барлық стансаларда мәдени- сауықтық, спорттық шаралар өткізіліп отырды. Мерейтойлық пойыздың сапары темір жол жұмысшыларының оңды лебізіне ие болды. Бұдан былай осындай шаралар жыл сайын ұйымдастырылатын болды. Темір жолдың ғасырлық мерейтойын мерекелеудің шарықтау шегі Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың қатысуымен өткен салтанатты жиналысымен аяқталды. Ол республика астанасында 2004 жылдың 6 тамызында өткізілді. Елбасы өз сөзінде Қазақстан экономикасының қалыптасуында, мемлекет тәуелсіздігін, елдің территориялық тұтастығын және әлеуметтік тұрақтылығын нығайтудағы темір жолдың рөлін жоғары бағалады. Ал теміржолшылар, өз кезегінде, Президентке алдағы уақытта темір жолды салу және жетілдіру, теміржол көлігіне арналған бәсекелеске қабілетті өнімдерді шығару саласындағы бірқатар ірі жобаларды жүзеге асыруға уәде берді. Осы жылдың 9 қарашасында Ақтау портынан Құлсары стансасына дейін үлкен көлемді, биіктігі төрт қабаты үйдей жүктерді тасымалдаған қазақстандық теміржолшылар әлемдік рекордты жаңартты. 30-шы қарашада Арқа стансасында мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғаларының қатысуымен Алтынсарин-Хромтау жаңа темір жолдың ашылуы өтті. Бұл жол арқылы көршілес елдердің аумағына кірмей ел іші арқылы жүргізілетін бағдар іске қосылды. Алтынсарин-Хромтау темір жол желісі арқылы жылына 160 миллион доллар көлемінде үнемділікке қол жеткізілді. Сонымен қатар Қазақстанның ішкі жолдарымен жүк тасымалдау қашықтығы 500-ден екі мың шақырымға дейін қысқарды. Қазақстанның Тәуелсіздік күні мерекесінде Астана вокзалы алдында тарихи экспонат – Эш 4161 сериялы паровозы орнатылды. Алғашқы бесжылдықтың белгісі, Ұлы Отан соғысының естелігі, соғыстан кейінгі қайта қалпына келтіру кезеңіндегі басты рөл атқаратын Қазақстанның шойын жолы тарихындағы ерен ерліктердің куәсі іспетті мақтаулы жерден орнын алды. Алтынсарин -Хромтау жолымен жолаушылар тасымалдаудың жаңа кестесін 10 желтоқсанда Астана-Ақтөбе пойызы ашты. Жолаушыларды жолдың 15 сағатқа дейін қысқарғандығы, билет бағасының екі есеге азайғандығы қуантты. 132 шақырымдық Павлодар - Екібастұз темір жол телімінде электрлендіру ең ірі жобалардың бірі болып отыр. Павлодар -Екібастұз жобасының жүзеге асуы тасымалдаудың үнемділігі және электровоздардың экологиялық тазалығын сақтауға әкелді. Мәселен, бұл жобаны іске қосу арқылы жылына бір жарым миллиард теңгені үнемдеуге және қоршаған ортаға артық қалдықтардың түспеуіне игі ықпал етті. Бүгінгі таңда Қазақстан Қытай арасындағы мемлекеттік шекаралық өткелі Достық стансасының маңызы зор. 2004 жылы Достық стансасы арқылы 9,5 миллион тонна жүк тасылды. Бұл жылы станцияның әлеуетін арттыруға 3,5 миллиард теңге бөлінді. Осындай қаржы бөлу арқылы 300 метр жол, 64 көтергіш құрал, вагондарды алмастыру орыны жарақталды. Достық-Ақтоғай жол телімінде 102 шақырымдық жолдың үстіңгі қабаты жақсартылып, пойыздың жылдамдығы сағатына 80 шақырымға дейін жеткізілді. Сол жылы Достық стансасында теміржолшылар мен олардың отбасы мүшелеріне арнап 11 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 19 қазан 1940 жыл кеңес қаулысымен Комисаровпен халықтардың ССРО одағының және ВКП орталық комитетінің (б) ұйымшыл болатын «темір жолмен Қарағанды», салған бас қазақ темір жол мақсатқа бағытталған құрылымы процесіне. ССРОда ең ірі 1 шілде 1958 жыл білімді «Қазақ темір жолмен». жоғарыдан бойлық бола 11 мың км., ол түзелді 15 айырылу және магистральдің барлық біріктірді, Сібірмен, Оралмен, Поволжьем, Қырғызстан және Орта Азиямен Қазақстан қосушы. Жапсарлар. Қымбат волганың жанындағы темірмен жол батыста шектес болады (Озинки станцияларымен және Ақсарай), солтүстіктен Оңтүстік - Орал темірмен қымбат, солтүстік - шығыстан Батыстағы - Сібір темірмен қымбат. Рекордтар. Қазақстанда 20 ақпан 1986 жыл дүниежүзілік рекордты қойылған болатын — «тың жер темір жолға» 440 вагонға - құрам — жалпымен 43,4 мың тонналар салмақты және ұзындықпен 6,5 км. Веймар. Тарихы ==Әлем чемпионы Шайхиева Ақсәуле. ХХI--нші ғасыр көшбасшысынан 1-ші орынды Шайхиев Өтебай,2-ші орынды Айболат,3-ші орынды Сағынова Ақерке алды және марапатталды. Осындай жарыстар ауылымызда болып тұруы қажет. Дрезден. Дрезден () — Алмания Саксония Бостандық Федералдық штатының астанасы. Дрезден қала маңы Саксон Уштiк Метрополитен аймағының бiрi. Дрезден ГДР мәдени және экономикалық орталығы болып келген, 1990 жылдан Алмания бiрiккеннен кейiн Алманияның Шығысының саяси, экономикалық және мәдени орталығы ретiнде қайта жаңғырды. Мақсұт Жұмаев. Мақсұт Жұмаев (1 қаңтар, 1977 жыл, Орал) - қазақ альпинистерінің бірі әрі бірегейі. Қазақстан мен Қырғызстандағы барлық тауларды бағындырды. ТМД аумағында табаны тимеген жер қалмады. Тіптен, әлемдегі ең биік шың – Эверестің ұшар биігіне шықты. Бір ғана мысал, әлемде биіктігі 8 000 метрден асатын не бары 14 тау болса, соның 12-сіне Жұмаевтың табаны тиді. Мақсұттың есімі айтулы биіктерге шыққан ең жас және оларды ең қысқа мерзімде бағындырған альпинист ретінде Гиннесс кітабына енуге тиіс. Мақсұт Жұмаев пен Василий Пивцов шілде айының басында Пәкістанға сапар шегеді. Қос қыранның көздегені – К-2 шыңы. Бұған дейін Мақсұт үш мәрте сол таудың төбесіне шығуға әрекет еткен екен. Алайда түрлі жағдайға байланысты діттеген мақсатына жете алмады. Василий болса, К-2-ге шығамын деп, бесінші мәрте тәуекелге бел буып отыр. Бұл таудың биіктігі – 8 611 метр. Егер жерлестеріміз оны бағындырса, мемлекетіміз үшін бұл – зор мәртебе, альпинистер үшін үлкен абырой. Ең бастысы, осы күнге дейін жер бетінде Мақсұт Жұмаевтың табаны тимеген екі-ақ шың қалды. Соның бірі – К-2 тауына отандастарымыз таяу күндері сапар шеккелі отыр. Одан кейін Лхотценің биігін бетке алу жоспарда бар. Жетістіктері. Халықаралық деңгейде Спорт Мастері, Қазақстан альпинизм чемпионытының биіктік санатында бірнеше мәрте жеңімпазы және чемпионы, ТМД ашық біріншіліктері жеңімпазы (2001 - 2002 жж), Қырғызстан ашық чемпионаты чемпионы (2001), Амангелді шыңына жалдамдыққа шығудан жеңімпаз (3999м.), перепад высот: 2400-3970 м. в 2000 - 2001 гг, призер скоростного восхождения на пик Комсомола (4376 м.), перепад высот: 2300-4376м. в 2000 году, за 2 ч 05 мин., (Шымбұлақ (шың)). 2001 - 2008 жылдар аралығында 20-дан астам 5-ші және 6-ші санат қиындықтағы биіктіктер бағындырды. Хан-Тәңірі (7010 м) - 2 рет 2000 ж. Ленин шыңы (7142 м) - 2002 ж., 8-ми тысячники: Шиша Пангма центральная (8012 м.) по классическому маршруту 5А 2000 год; Хидден (8068 м.) по классическому маршруту через Японский кулуар 6А 2001 г; Гашербрум II (8035 м.) по классическому маршруту с юго-запада 5Б 2001 год; Канченджанга (8586 м.) по классическому маршруту с юго-запада 6А 2002 г; Шиша Пангма (8046 м.) по классическому маршруту с севера 5А 2002 год; Нанга Парбат (8126 м.) по Диамирской стене маршруту Киншофера 6 А 2003 г; Броуд (8048 м.) по классическому маршруту с севера 5 Б 2003 год; попытка восхождения на К2 (8611 м) по классическому маршруту 2003 год; Макалу (8481 м.) по западному ребру маршруту Параго 6 Б 2004 год; Чо Ойю (8201 м.) по классическому маршруту с северо-запада 5 Б 2005 год; попытка восхождения на К2 (8611 м) по классическому маршруту 2005 год, Дхаулагири (8167) по классическому маршруту 2006 год; Аннапурна (8091) по классическому с Сев по французскому маршруту 2006 год; Эверест (8848) с Севера по классическому маршруту 2007 год; попытка восхождения на К2 (8611 м) по классическому маршруту с севера 2007 год, Манаслу (8163 м) по классическому маршруту 2008 год. өұғқәңі Мёрс (қала). Географиясы. Аудан орталығы, ганзаның қаласы, Рейнiң солтүстiгінде орналасқан. Дюссельдорфтың әкiмшiлiк округіне бағынады. Везел ауданының құрамына кiредi. 67,68 км² аудан. 05 1 70 024 - ресми код. Халқы. Тұрғын (2007 жылдың 31 маусымына) 107 048 адамды құрайды. Нойштадт ан дер Вайнштрассе. Нойштадт ан дер Вайнштрассе — Германиядағы қала. Потсдам. Потсдам — Алманияның Бранденбург федералдық штатының астанасы, Берлин/Бранденбург аймағының құрамы болып табылады. Хауел өзені бойында орналасқан, Берлин орталығынан оңтустік-батысына қарай 25 км. Трир. Трир — Германиядағы қала, Карл Маркстың туған қаласы. Фридрихсхафен. Фридрихсхафен — Германияның оңтүстігіндегі Констанц көлінің бойында орналасқан қала. Хемниц. Хемниц — Германиядағы қала. 1953-1990 жылдары Карл-Маркс-Штадт деп аталған. Бірінші бағыт (Алматы). Алматы метросының бірінші бағыты — қазіргі таңда құрылыс үстінде. На первой очереди завершено строительство перегонных тоннелей, ведется отделка станций.. Бірінші кезек. Первую очередь первой линии обещают сдать к концу 2009 года. Из семи станций первые три располагаются по улице Фурманова, следующая на пересечении улиц Фурманова и Абая, последущие три по улице Абая. Станция Райымбек, самая крупная из 7 запланированных. Вторая по величине станция. Открытого типа, пересадочная. Екінші кезек. Вторую очередь планируют начать строить в I квартале 2009 года, а сдать к 2015 году. Станции второй очереди будут строиться открытым способом. Үшінші кезек. Возможное продление Первой линии по ул. Момышулы до ул. Толе би, а затем по ул. Толе би до Калкамана. Срок сдачи неопределён. В генплане развития города этот участок отсутствует. Возможно будет продолжением второй очереди Первой линии. Алматы метрополитені бекеттерінің тізімі. Пунктиром отмечен проектируемый участок, а сплошной линией строящийся Это список станций Алматинского метрополитена — строящейся системы линий метрополитена в Алма-Ате (Казахстан). По генеральному плану развития города, в Алматинском метрополитене планируется построить 24 станции, 7 из которых, по состоянию на 2008 год находятся на стадии строительства. Длина тоннелей строящегося участка составляет 8,56 км, а общую протяжённость метрополитена планируется довести до 45 км. Пуччини, Джакомо. Джа́комо Анто́нио Домени́ко Мике́ле Секо́ндо Мари́а Пуччи́ни (итал. Giacomo Antonio Domenico Michele Secondo Maria Puccini; 22 желтоқсан 1858, Лукка — 29 қараша 1924 Брюссель) — ұлы итальян опера композиторы. Шуберт, Франц. thumb Франц Пе́тер Шу́берт (нем. Franz Peter Schubert; 31 қаңтар 1797, Вена, Австрия — 19 қараша 1828, сол жерде) — мықты австрия композиторы, вена классика музыка мектебінің ең мықты өкілдерінің бірі және музыкадағы романтизмнің негізін салушылырдың бірі. Бруно, Джордано. thumb Джорда́но Бру́но (итал. Giordano Bruno; нағыз аты: Филиппо, лақап аты — Бруно Ноланец; 1548 ж.,Неаполь маңы Нола — 17 ақпан 1600, Рим) — итальян философы және ақын, пантеизм өкілі. Бруно Джордано Филиппо – италиялық философ, ақын, астроном. Ол 1548 ж. Италияның Нола қаласында туған. Есейіп өскен шағында дінге қарсы көзқарасы үшін Италиядан кетіп, Францияда, Англияда, Германияда тұрды. Италияға қайтып оралғаннан кейін (1592), инквизиция Бруноны сегіз жыл түрмеде ұстады, кейін оны тірідей (1600 жылы он жетінші ақпан күні Рим қаласында) отқа жағып өлтірді. Бруно философияның мақсаты құдай бар деп білу емес, «заттардың өз құдіреті» болып табылатын табиғатты тану деп тұжырымдады. Ол ғаламның шексіз екендігі жайында идея ұсынды. Болмыстың негізгі өлшемі – монада. Ең жоғары субстанция – «монадалардың монадасы» немесе құдай; ол біртұтас болғандықтан әрбір жекеден көрініс береді. Бруноның бұл идеялары жаңа заманғы философияның дамуына зор әсерін тигізді. Бруно өз дәуірі үшін озат, кейін дәлелденген болжамдар айтты. Олар: Күн жүйесіндегі белгісіз планеталардың бар екені, Күн мен жұлдыздардың өз осімен айналатындығы туралы, ғаламда Күн тәріздес сансыз көп денелер бар екені жайлы, т.б. поэзиялық шығармаларында классицизмге қарсы бағыт ұстанды. Руссо, Жан-Жак. thumb Жан-Жак Руссо́ (фр. Jean-Jacques Rousseau; 28 маусым 1712, Женева — 2 шілде 1778, Эрменонвиль, Париж маңы) — француз жазушысы, ойшыл, композитор. Локк, Джон. нобай Джон Локк (англ. John Locke; 29 тамыз 1632 — 28 қазан 1704) — британ педагогы және философы, эмпиризм және либерализм өкілі. Сенсуализмның тарауына әсер етті. Богота. thumb Богота́ (Санта-Фе-де-Богота, исп. Bogotá) — Колумбия Республикасының астанасы, Кундинамарка департаментінің әкімшілік орталығы және елдің ең үлкен қаласы. Кейптаун. Кейпта́ун (Капстад) (ағыл. Cape Town;;) — Оңтүстік Африка Республикасының халқы саны бойынша үшінші қаласы. Джакарта. Джака́рта (индон. Jakarta, яв. Jakarta) (бұрын Батавия, және де Джаякарта) — ерекше астаналық аймақ, Индонезияның астанасы және ең ірі қаласы. Карачи. Карачи (کراچي) — Пакистанның оңтүстігіндегі портты қала, 11 млн. халқымен елдің ең үлкен қаласы және әлемдегі ең ірі қалалардың бірі. Синд провинциясының орталығы. Киншаса. Кинша́са (1966 дейін — Леопольдви́ль) — Конго Демократиялық Республикасы астанасы, Конго өзені жағасында Браззавиль қаласына қарсы орналасқан. Киото. Кио́то (яп. 京都 Кё:то:) — Жапониядағы қала; халқы шамамен 1,5 млн адам. Лагос. Лагос (,) — Нигерияның оңтүстік-батысындағы портты қала, елдің ең үлкен қаласы. Үлкендігі бойынша 7 миллион халқымен Каирдан кейінгі екінші қала болып табылады. Мекке. thumb Ме́кке (араб. مكة‎‎Макка, және де مكة المكرّمة Макка ал-Муккаррама) — 1,4 миллиона (2003) халқы бар Сауд Арабиясының батысындағы қала. Мұсылмандардың қасиетті қаласы. Мұсылман еместерге Кажылык кезінде қалаға кіруге тыйым салынады. Найроби. Найроби — экватор маңындағы қала, Кения астанасы, Шығыс Африкадағы ең үлкен қала. Сеул. thumb Сеу́л (кор. 서울 Соу́ль — «астана») — Корея Республикасының ең үлкен қаласы және астанасы. Халқы 10 млн адам астам. Сидней. Си́дней (ағыл. Sydney) — Австралияның ең үлкен қаласы, халқы 2006 жылы шамамен 4,28 миллион адамды құрады. Сидней Жаңа Оңтүстік Уэльс орталығы болып табылады. Тегеран. Тегера́н (парс. تهران — [tʰehˈɾɒ:n], ауызша. [tʰehˈɾu:n]) — Иран астанасы мен ең үлкен қаласы. Азияның ең үлкен қалаларының бірі. Тегеран қаласы тұрғындарының саны ресми мәлімет бойынша 12 миллион, бейресми деректер бойынша олардың саны 16 миллионға жетеді. Әлемнің 21-ші үлкен қаласы. Тегеран Иранның көп өндіріс - автомобильдік, электроникалық, әскери-қару-жарақ, жеңіл өнеркәсіп, қант, цемент және химия салаларының орталығы. Сонымен қатар ол жиһаз бен кілем сату орталығы болып табылады. 20 ғасырда Иранның басқа аймақтарынан Тегеранға жаппай көшу орын алды. Жергілікті тұрғындары парсы өкілдері болғандықтан Тегеран халқының 98% парсы тілінде сөйлейді, қалған 2% ішіне араб тілі, әзірбайжан, армян, күрд т.б. тілдер кіреді. Джомолунгма. thumb Джомолунгма (тиб. ཇོ་མོ་གླང་མ), Эверест (ағыл. Mount Everest), немесе Сагарматха (непал. सगरमाथा) — жер бетінің ең биік шыңы, биіктігі 8844,43 немесе 8848 немесе 8850 м, Гималай тауларында орналасқан. Непал және Қытайдың(Тибет автономиялы ауданы), бірақ шыңның өзі Қытай территориясында орналасқан. Килиманджаро. thumb Килиманджаро — Танзанияның солтүстік-батысындағы тау, Африканың ең биік тауы (5893 м, ресми 5895 м). Вебер, Макс. thumb Максимилиа́н Карл Эми́ль Ве́бер (Макс Ве́бер нем. Max Weber; 21 сәуір 1864, Эрфурт — 14 маусым 1920, Мюнхен) — неміс социологы, тарихшысы және экономисті. Альфред Вебердің ағасы. Ганди, Индира. Индира Приядаршини Ганди (इन्दिरा गांधी, 19 қараша 1917 — 31 қазан 1984) — 1966—1977 және 1980—1984 жылдары Үндістан премьер-министрі. Бағдат. Бағдат (араб. بغداد‎‎) — Ирак мемлекетінің астанасы, Бағдат мухафазасының әкімшілік орталығы. Үнді мұхиты. Инди́йский океа́н — третий по размеру океан Земли, покрывающий около 20 % её водной поверхности. На севере он ограничен Азией, на западе — Аравийским полуостровом и Африкой, на востоке — Индокитаем, Зондскими островами и Австралией, на юге — Южным океаном. Граница между Индийским и Атлантическим океаном проходит по 20° меридиану восточной долготы, между Индийским и Тихим океаном проходит по 147° меридиану восточной долготы. Самая северная точка Индийского океана находится примерно на 30° северной широты в Персидском заливе. Ширина Индийского океана составляет приблизительно 10 000 км между южными точками Австралии и Африки, площадь — 73 556 000 км², включая Красное море и Персидский залив, объём — 292 131 000 км³. В Индийском океане расположены островные государства Мадагаскар (четвёртый по площади остров в мире), Коморские острова, Сейшельские острова, Мальдивы, Маврикий, Шри-Ланка. Индонезия граничит с океаном на востоке. Үнді мұхиты планетада ерекше орын алады: оның көп бөлігі оңтүстік жарты шарда орналасқан.Мұхит солтүстігінде Евразиямен шектеседі.Мұхиттың жағасы аз тілімденген.Солтүстігінде Бенгал және Парсы шығанақтары,Арабия теңізі құрлыққа бойлай еніп жатады.Аралдары біршама аз.Мұхиттың шекарасында ғана ірі аралдар бар. Еуропалықтар Үнді мұхиты арқылы XV ғасырда ғана тұрақты жүзе бастады.Мұхитта жүзу маршруттарының сипаттамасын тұңғыш рет арабтар жасаған.География ғылымы үшін Үнді мұхиты жөніндегі мәліметтер Васко да Гаманың жүзген уақытынан (1497-1499 жж)бері жинала бастады. XVIII ғасырдың соңында ағылшынның теңізінде жүзушісі Джеймс Кук бұл мұхиттың тереңдігін алғаш рет өлшеген. XIX ғасырдың соңында мұххитты комплексті зерттеу жұмысы басталады.Әрине мұның бәрі дұрыс болып табылады! Тесла, Никола. Нико́ла Те́сла (серб. Никола Тесла; 10 шілде 1856, Смиляны, Австро-Венгрия, қазір Хорватияда — 7 қаңтар 1943, Нью-Йорк, АҚШ) — данышпан физик, инженер, электротехника және радиотехника саласында өнертапқыш. Ұлты — серб. Макиавелли, Никколо. thumb Никко́ло Макиаве́лли (итал. Niccolò Machiavelli; 3 мамыр 1469, Флоренция — 21 маусым 1527, сол жерде) — итальян ойшылы, жазушы, саяси қайраткер. Хуаң Сянфан. Хуаң Сян(Шіян)фан(Дәстүрлі қытайша:黄現璠, Жеңілдетьілген қытайша:黄现璠)(1899 жылғы қараша 13-сы — 1982 жылғы қаңтар 18-ы) — Қытайдың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, тарихшы, фольклоршы. Өмірбаяны. Гуаңшіда кедей теңізші отбасында дүниеге келген. Отбасының түп-тегі «Фұcуей» (қытайша: 扶绥) жуаң жерден. 1926 жылдан 1935 жылдары Хуаң Сянфан Бейжің педагогикалық училищесінде оқыды. Содан кейін білім алуын 1935 - 1937 жылдары Жапония қаласында Токио училищесінде жалғастырды.1938 жылдан өмірінің соңына дейін Гуаңші училищесінде профессор, кафедра меңгерушісі (1949-1982). Әбілхан Қастеев. Әбілхан Қастеев, 1904, Шыжын ауыл (Алматы облысы), Ресей империясы — 1973) — қазақ халық суретшісі. Қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушы. Чаплин, Чарли. thumb Ча́рли Ча́плин (Чарльз Спенсер Чаплин ағыл. Charles Spencer Chaplin; 16 сәуір 1889 — 25 желтоқсан 1977) — ағылшын киноактёры, сценаристы, композиторы және режиссёрі. Жаркент. Жаркент — Қазақстандағы қала, Алматы облысының Панфилов ауданы орталығы. Д'Арк, Жанна. thumb Жанна Д’Арк (қазіргі фр.. Jeanne d'Arc[1]; 1412 — 30 мамыр 1431) — Францияның ұлттық батыры. Махмұт Қашқари. Махмұт ибн әл-Хусайн ибн Мұхаммад әл-Қашқари (ұйғ. مەھمۇد قەشقىرى, Mehmud Qeshqeri; 1029—1101) — Қашқарлық түркі ғалымы. Махмуд Қашқари бойынша Түркі Әлемі Фарадей, Майкл. thumb Майкл Фа́радей (22 қыркүйек 1791 — 25 тамыз 1867) — ағылшын физигі, химик және физико-химик. ФАРАДЕЙ, МАЙКЛ (Faraday, Michael) (1796-1832), ағылшын физигi, 1791 жылы 22 қыркүйекте Лондон маңында шебердiң отбасында дүниеге келген. Г.Дэвидiң қамқорлығының арқасында Корольдiк ассоциациясына ассистент қызметіне алынды. 1821 жылы ол магниттiң токтағы өткiзгiш бойымен айналатынын және токтағы өткiзгiштiң магнит бойымен айналатынын бақылап, электр қозғағыштың алғашқы моделiн жасады. 1831 жылы барлық тұрақты және айнымалы ток генераторларының жұмысы негiзделген – электромагниттiк индукцияны ашты. 1824 жылы Фарадей Корольдiк қоғамының мүшесi болып сайланды, ал 1825 жылы Корольдiк ассоциация зертханасының (лабораториясының) директоры болды. 1833 жылдан Корольдiк институттың химиядан Фуллерлiк профессоры болып 1862 жылға дейiн iстедi. Фарадейдiң жарияланған лекциялары кең таралды. Үлкен тәжiрибелiк деректерге сүйенiп, Фарадей ол кезде белгiлi электр “түрлерi", “жануардың", “магниттiк", термоэлектрлiк, гальваникалық электрлiк және басқалардың өрнекттелетiнiн дәлелдедi. Электр тогының тұздардың, қышқылдардың және басқаларының қоспаларынан өтуi оны электр тогының табиғатын ашуға итермеледi. Зерттеу нәтижесiнде 1833 жылы электролиз (Фарадей) заңын ашты. 1845 жылы Фарадей жарықтың поляризация жазықтығының магнит өрiсiнде айналу құбылысын (Фарадей эффектiсiн) байқады. Сол жылы диамагнетизмдi ашты, ал 1845 жылы – парамагнетизмдi ашты. Ол бiрнеше ұғымдарды енгiздi – қозғалғыштық (1827ж.), катод, анод, иондар, электролиз, электродтар (1834ж.); вольтметрдi ойлап тапты (1833ж.). 1830 жылдары өрiс ұғымын ұсынды, 1845 жылы алғаш рет “электромагниттiк өрiс" терминiн пайдаланды, ал 1852 жылы өрiс концепциясының формуласын жазды. Фарадей электр және магнетизмнен негiзгi еңбектерiн Корольдiк қоғамға – Электрден тәжiрибелiк зерттеулер (Experimental Researches in Electricity) – атты баяндамалар сериясы ретiнде тапсырып отырды. Фарадей 1867 жылы 25 тамызда Хэмптон-Кортта қайтыс болды. Фибоначчи. Пизалық Леона́рдо (лат. Leonardo Pisano, Пиза, 1170 — 1250) — итальян математигі, Орта ғасырлардың ең мықты математигі болып саналады. Фибона́ччи деген лақап атымен көбірек белгілі (Fibonacci). Иналияндық саяхатшы – саудагердің ұлы болған ол өзінің өмірінің көп жылдарын Алжирде өткізді, арабтар оны араб сандарын пайдалануға үйретті. Осы сандарды оңай қосуға болатынына таңданған Фибоначчи көп ұзамай осы амалдар туралы кітап жазады, соның нәтижесінде бұларды Италияда да пайдалана бастайды. Ол сондай-ақ Фибоначчидің сандық тізбегін ойлап тапты, тізбек табиғатпен және алтынның арасалмағымен байланысты. Пифагор. thumb Пифагор Самосский (еж.-грек. Πυθαγόρας ὁ Σάμιος, лат. Pythagoras; 570—490 жж. б.з.д) — ежелгі грек философы және математигі. «Философия» (пәлсапа) сөзін алғаш рет қолданған Антика дәуірінің атақты философы және математигі Пифагор болған. Клеопатра. Клеопа́тра VII Филопа́тор (еж.-грек. Κλεοπάτρα Φιλοπάτωρ, 69 — 30 жж. б.з.д.) — Эллиндік египеттің соңғы патшайымы. Хирохито. Хирохито (жап. 裕仁), Сёва императоры (жап. 昭和天皇, Сё:ва Тэнно:), (29 сәуір 1901 — 7 қантар 1989) — 1926 жылдың 25 желтоқсанынан өмірінің соңына дейін Жапония императоры. Бернар, Сара. Сара Бернар (фр. Sarah Bernhardt; 22 қазан 1844, Париж — 26 наурыз 1923, сол жерде, туғанда Henriette Rosine Bernard) — еврей текті француз актрисасы. Дитрих, Марлен. Марлен Дитрих (нем. Marlene Dietrich, шын аты Мария Магдалена Дитрих фон Лош, нем. Marie Magdalene Dietrich von Losch, 27 желтоқсан 1901 — 6 мамыр 1992) — керемет неміс және америка киноактрисасы, әншісі. Донателло. Донателло (Donatello, толық аты Донато ди Никколо ди Бетто Барди, итал. Donato di Niccolò di Betto Bardi, 1386 — 13 желтоқсан 1466, Флоренция) — Қайта өрлеу дәуіріндегі италияның ең керемет мүсіншілерінің бірі. Кало, Фрида. Фрида Кало (исп. Magdalena Carmen Frida Kahlo y Calderón, 6 шілде 1907, Койоакан — 13 шілде 1954, сол жерде) — мексикан суретшісі, Диего Ривераның әйелі. Матисс, Анри. Анри Матисс (фр. Henri Matisse; 31 желтоқсан 1869 — 3 қараша 1954) — француз суретші және мүсіншісі, фовистер ағымының басшысы. Веласкес, Диего. Дие́го Родри́гес де Си́льва и Вела́скес (исп. Diego Rodríguez de Silva y Velázquez, 6 маусым 1599, Севилья — 6 тамыз 1660, Мадрид) — испан суретшісі. Борхес, Хорхе Луис. Хо́рхе Луи́с Бо́рхес (исп. Jorge Luis Borges; 24 тамыз 1899, Буэнос-Айрес — 14 маусым 1986, Женева) — аргентина прозаигі, ақыны және публицисті. Колкер, Борис Григорьевич. Борис Колкер (15 шілде 1939ж., Тирасполь қаласында Молдова АҚСРда дүниеге келген) халықаралық Эсперанто тілінің оқытушысы және аудармашы, интерлингвист, Эсперанто тілінде үш оқыту кітабының шығармашысы. Ресей және Кеңес Одағының азаматы, 1993 жылдан бері АҚШ азаматы, Кливленд, Огайо штаты. Эсперанто тілін 1957 жылдан бері оқыған, интерлинвгистикаға арналған мақалалардың авторы, әйгілі Эсперанто тіліндегі кітаптардың авторы. Интерлинвгистика саласының докторы, диссертациялық жұмысының тақырыбы Эсперантологияға арналған. Vojaĝo en Esperanto-lando (Эсперанто жеріне саяхаты) Эсперанто тілін жетік білітіндерге Эсперанто мәдениеті мен тарихы туралы сыр шертетін кітабының арқасында ол Эсперантоның жол сілтеушісі деген атаққа ие болған. Колкер Эсперанто Академиясының мүшесі, Дүниежүзілік Эсперанто Қауымдастығының (Universala Esperanto-Asocio) сыйлы мүшесі, "Monato" атты журналдың көмекші редакторы. Жиырма жылдан астам уақыт ішінде Борис Колкердің Ресейде корреспонденттік Эсперанто курсын 900дей адам бітірді, бұл курста Қазақстаннан да қатысқандар бар. Сонымен қатар Сан-Франциско мен Хартфорд университеттерінде Эсперанто тілінен дәріс оқыған. Қазірде ол Интернационалды Квалификациондық Корреспонденттік Эсперанто Курсын басқарады, және Интернационалды Эсперанто Оқытушыларының Лигасының (International League of Esperanto Instructors) (ILEI) Бағалау Комитетінің вице-президенті. Кезінде Кеңес Одағында және Ресейде Эсперанто негізін салушы және жетекшісі болған, 1975 жылы Қазақ АҚСРда Жас Эсперантистер Одағында қатысты. Кафка, Франц. Франц Ка́фка (нем. Franz Kafka, 1883, Прага, Австро-Венгрия — 1924 Вена, Австрия) — XX ғ. ең негізгі неміс тілді жазушылардың бірі. Калидаса. Калидаса (कालिदास, Kālidāsa, сөзбе сөз «Кали құдайдың қызметшісі») — Үндістанның ұлы драматург жазушысы. Дарио, Рубен. Рубе́н Дари́о (исп. Rubén Darío, нағыз аты Félix Rubén García Sarmiento; 18 қантар 1867 — 6 ақпан 1916) — латынамерика ақыны. Овидий. Публий Овидий Назон, қысқаша Овидий (лат. Publius Ovidius Naso; 43 жыл б.д.д. — 17 жыл б.д.д..) — рим ақыны. Софокл. Софо́кл (еж.-грек. Σοφοκλής, 495 ж. б.з.д. - 405 ж. б.з.д.) — Софиллдың ұлы, афиндік. Виргилий. Публий Вергилий Марон (лат. Publius Vergilius Maro; 15 қазан 70 б.з.д. Мантуи маңы — 21 қыркүйек 19 жыл б.з.д.) — ең мықты ежелгі рим ақындарының бірі. Дворжак, Антонин. А́нтонин Ле́опольд Дво́ржак (чех. Antonín Leopold Dvořák, 8 қыркүйек 1841 — 1 мамыр 1904) — чех композиторы. The Rolling Stones. The Rolling Stones (Роллинг Стоунз) — британ рок-тобы. Сметана, Бедржих. Бе́држих Сме́тана (чех. Bedřich Smetana, туғанда Фридрих Сметана (нем. Friedrich Smetana), 2 наурыз 1824, Литомышль — 12 мамыр 1884, Прага) — чех композиторы, пианисті и дирижёрі. Стравинский, Игорь. И́горь Фёдорович Страви́нский (5 (17) маусым 1882, Ораниенбаум (қазір Ломоносов қаласы) — 6 сәуір 1971, Нью-Йорк) — орыс композиторы, дирижёрі и пианисті. Гама, Васко да. Ва́ско да Га́ма (порт. Vasco da Gama; 1460 немесе 1469—1524) — португал зерттеушісі. Бергман, Ингмар. Эрнст И́нгмар Бе́ргман (швед. Ernst Ingmar Bergman [ˈɪŋmar ˈbærjman]; 14 шілде 1918 — 30 шілде 2007) — атақты швед режиссёрі, сценаристі, жазушысы. Феллини, Федерико. Федери́ко Фелли́ни (итал. Federico Fellini; 20 қаңтар 1920 — 31 қазан 1993) — керемет итальян режиссёрі. Спилберг, Стивен. Сти́вен Спи́лберг (ағыл. Steven Spielberg; туды 18 желтоқсан 1946) — атақты американ кинорежиссёрі, сценаристі және продюсері. Бернерс-Ли, Тим. Сэр Тимоти Джон Бернерс-Ли (ағыл. Sir Timothy John «Tim» Berners-Lee; 8 маусым 1955 туды) — британ ғалымы,URI, URL, HTTP, HTML ойлап тапқан. Гаусс, Карл Фридрих. Карл Фри́дрих Га́усс (нем. Johann Carl Friedrich Gauß; 30 сәуір 1777, Брауншвейг — 23 ақпан 1855, Гёттинген) — керемет неміс математигі, астрономы және физигі. Планк, Макс. Макс Карл Эрнст Людвиг Планк (нем. Max Karl Ernst Ludwig Planck; 23 сәуір 1858, Киль — 4 қазан 1947, Гёттинген) — керемет неміс физигі. Балтық теңізі. Балтық теңізі (c древности и до XVIII века в России было известно как «Варяжское море»; названия на разных языках см. ниже) — внутриматериковое окраинное море, глубоко вдающееся в материк. Балтийское море расположено в северной Европе, принадлежит бассейну Атлантического океана. Кариб теңізі. Кари́б теңізі — Атлант мұхитындағы теңіз. Конго өзені. Ко́нго (Заир) — Орталық Африкадағы өзен. Өлі теңіз. Өлі теңіз - Таяу Шығыстағы көл. Үнді өзені. Үнді өзені - Оңтүстік Азиядағы өзен. Виктория көлі. Виктория көлі - Шығыса Африкадағы көл. Жерорта теңізі. - Африка мен Еуропа арасындағы теңіз. Ниагара сарқырамасы. Ниагара сарқырамасы - Канада мен АҚШ арасындағы сарқырама. Еділ. Еділ () өзені - Еуропадағы өзен. Еділ, Волга (ежелгі атауы Ра, орта ғасырларда Итил) – Еуропадағы ең үлкен өзен. Ұзындығы 3530 км, су жиналатын алабы 1360 мың км2. Бастауын Валдай қыратынан (абсолюттік биіктігі 343 м) алып, Каспий теңізіне құяды. Сағасы теңіз деңгейінен 28 м төмен жатыр. Еділге екі жүзден астам салалар құяды. Орта ағысында Ока, Кама, Сура, Ветлуга және Свияга салалары құйғаннан кейін, Еділ суы мол ірі өзенге айналады. Өзен қар суымен (60%-ы), жер асты суымен (30%) және жаңбыр суымен толығады. Көктемде (сәуір – маусым) тасиды, жазда және қыста суы кемиді. Күзде жаңбыр суымен қайта молаяды. Еділде балықтың жетпіс түрі кездеседі, оның қырықтан астамының кәсіптік маңызы бар. Аса маңыздылары: торта, майшабақ, табан, көксерке, сазан, жайын, шортан, бекіре, шоқыр. Өзенді электр энергиясын өндіруге, көлік қатынасына, жер суаруға және суландыруға пайдаланады. Өзен суы Еділ-Жайық аралығындағы бір миллион гектар жерді суғаруға және тоғыз миллион гектар жерді суландыруға мүмкіндік береді. Өзенде кеме қатынайды. Волга-Балтық су жолы арқылы Балтық теңізімен, Волга-Дон каналы арқылы Азов (Азау) және Қара теңіздермен байланысады. Аса маңызды өзен порттары: Тверь, Рыбинск, Ярославль, Кинешма, Нижний Новгород, Чебоксар, Қазан, Ульяновск, Тольятти, Самара, Саратов, Волгоград, Астрахан. Автомобиль. Автомобиль (еж.-грек. αὐτο — өздігінен және лат. mobilis — қозғалушы) немесе машина, өздігінен қозғалатын, жолаушыларды, сондай-ақ өз қозғалтқышын немесе моторын тасымалдауға арналған, моторлы және дөңгелекті көлік түрі. XXI ғасырда автомобиль негізгі технологиялық құрал есебінде саналады. Жүздеген миллион тонна жүк, миллиондаған адам, т.б. жүктер автомобильдермен тасымалданады. Барлық алдыңғы қатардағы мемлекеттер өте тиімді саналатын автомобильдер шығарумен айналасады. Олар дарынды адамдардың бірнеше ұрпақтарының ғылыми ізденісі нәтижесінде шығарылуда. Автомобильдердің республика үшін ерекше маңыздылығы Қазақстанның кең байтақ аумағы және халық тығыздығының сиректігі алдын ала анықтайды. Бұл жекелеген өңірлер үшін жүктерді және жолаушыларды жеткізудің бірден-бір құралы болып табылады. Қазіргі таңда автомобиль пиасасында атқаратын қызметі, техникалық сипаттамасы, бағасы және басқа да өзгешеліктері бар көп мөлшерде автомобиль модельдері кездеседі. Оның негізгі себебтерінің бірі автомобиль өндіруші фирмаларының арасындағы бақталастық болып табылады. Автомобиль өндірушілері әлеуетті сатып алушыларды өзіне тарту мақсатымен жеке тұтынушылар топтарының талаптарын барынша қанағаттандыратын өнім ұсынуға, автомобильдің пайдалы әсер ету коэффициентін көбейте тұра қоршаған ортаға зиянын азайтуға, жүргізуші және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, автомобильді қолдануды жеңілдету және де құрылысына ең озат техникалық шешімдер еңгізілген жаңа модельдер жасап шығару уақытын қысқартуға тырысады. Бұл ретте қазіргі автомобильдер экономикалық, экологиялық және әлеуметтік себептермен анықталатын жалпы заңдарға қарай жетілдіріледі. Автомобильдің қысқаша тарихы. Адам баласы ежелгі кезеңдерден бері қысқа мерзімде ұзақ қашықтықтарға жету, өз жұмысын жеңілдетумен қатар өнімділігін арттыру үшін ізденістерде болып келеді. Әуелгі кезде жануарлар қолданылып, кейінірек жолаушы және жүк тасымалдау үшін механикалық құрылғылар жасала бастады. Біздің дәуірімізде ең көп тараған көлік түрі автомобиль болып табылады. Автомобиль сөзінің мағынасы өздігінен қозғалатын, жолаушыларды және жүкті, сондай-ақ өз қозғалтқышын тасымалдауға арналған дөңгелекті көлік түрі болып табылады. Автомобильдің тек бір өнертапқыш тарапынан тек бір күнде ойлап шығарылмағаны бізге белгілі. Автомобиль тарихы бүкіл дүние жүзінде болған эволюцияны қамтиды. Қазіргі автомобильді жүз мыңнан астам патенттер жасап шығарғаны жорамалданады. Дегенмен бірінші болып келгендерді атап өтуге болады. Солардың ішінде алғашқы рет қозғалтқышты көліктің теориялық есептеулерін суреттеген Леонардо да Винчи мен Исаак Ньютоннан бастасақ болады. Өздігінен қозғалатын көлік түрлерін жасап шығару талаптары XVII ғ. басталғаны белгілі. 1769 ж. Францияда әскери инженер Никола Кюньо тарапынан бумен жұмыс істейтін қозғалтқышы бар үш дөңгелекті арба жасалды. Осы 2 а.к. қуаты бар бу машинасымен 3 т. жүкті 2-4 км/сағ жылдамдығында тасымалдауға болатын еді. Бірақ керекті бу қысымын қамтамасыз ету үшін жүріс кезінде жиі аялдамалар жасау қажеттігі бұл көліктің негізгі кемшілігі болып кең таралмағанына себеп болды. Дегенмен алғашқы жасап шығарылған автомобиль құрылысы жағынан қазіргі автомобильдерге ұқсас болғандығынан неміс инженерлері Готлиб Даймлер мен Карл Бенц тарапынан жеке-жеке жасалған автомобильдер болып табылады. Осыны 1876 жылы Алманияда Николаус-Август Отто-ның жасаған іштен жанатын төрт тактілі айналыммен жұмыс істейтін қозғалтқыш құрылысы мүмкін қылған. XIX ғ. соңы – XX ғ. басында электр және бу қозғалтқышты автомобильдер бензинді автомобильдермен жетістікті түрде бақтас болғанын айтып өтуге болады. Бірақ іштен жанатын қозғалтқыштардың артықшылықтары электр және бу автомобильдерінің шығарылуын минимумға дейін шектеді. XIX ғ. соңы – XX ғ. басы дүниенің көптеген мемлекеттерінде автомобильдердің өнеркәсіптік өндірісінің басталуымен сипатталады. Осы кезеңде шығарылған автомобильдердің құрылысында ортақ техникалық шешімдер болған. Пневматикалық шиналармен жабдықталған алдыңғы дөңгелектері басқарушы, артқы дөңгелектері жетекші төрт дөңгелекті (екі білікті) көліктің трансмиссиясы фрикционды іліністен, бір немесе бірнеше тісті редуктордан құрылған және рульдік басқару жүйесінде алдыңғы басқарушы дөңгелектермен редуктор арқылы жалғанған рульді дөңгелегі болған. Сол жылдары автомобильдерде қолданылған көптеген техникалық шешімдер қазіргі уақытта да жетісті қолданылып келеді. Көрсетілген кезеңде автомобильдің қарқынды дамуын шығарылып жатқан автомобильдердің бағасының жоғары және сенімділігі төмен болғаны тежеп отырды. Олар тек ауқатты кісілер тарапынан және әскерді жабдықтандыру мақсатымен сатып алынатын болған. Автомобильдерді көптеп өндірудің басталуына Америкалық кәсіпкер Генри Форд тарапынан қолайлы құрылысы бар «Форд-Т» моделінің жасап шығарылуы және 1913 ж. оны жинап шығару үшін қолданылған арнайы конвейердің өндіріс көлемін арттыруға және соның есебінде автомобильдің өзіндік құнын түсіруге себеп болған деуге болады. Тап сол кезде автомобиль бағасы арзандап көпшілікке жетімді көлік түріне айналды. Автомобиль өнеркәсібінің тарихында елеулі кезең деп жанармай қоспасының қысылуынан тұтанатын іштен жанатын қозғалтқыштардың қолданыла бастауы болып саналады. Осы қозғалтқыштардың үлгісі неміс инженері Рудольф Дизель тарапынан 1892 ж. патенттеліп, бірақ автомобильдерде (көбінесе жүк автомобильдерінде) сериялы түрде XX ғ. 20 ж. қолданыла бастады. 20 ж. басынан екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына дейінгі кезең автомобильдің жеке жүйелерінің жетілдірілуі, қозғалтқыштардың қуатының және жүріс жылдамдығының көбейтілуімен сипатталады. Өндіруші фирмалар қозғалтқыштың орналасуы, аспа және трансмиссияның құрылғыларымен эксперименттеген. Әскердің тапсырмасымен көп білікті және жоғары өткіштік автомобильдер жасалды. Арнайы автомобильдердің құрылыстары едәуір ерекшелене бастады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін (50-60 жж.) автомобильдердің өндіріс көлемі кенеттен артты. Осы кезеңнің революциялық шешімі болып жеңіл автомобильдер мен автобустардың құрылысында тіректі (қаңқасыз) кузовтардың көптеп қолданылуы болып табылады. Бұл шешім автомобильдерді жеңілдетуге, автомобиль кузовының пішінімен эксперименттеуге, қозғалтқышты автомобильге көлденең орналастыруға, алдыңғы дөңгелектерді жетекші қылуға және т.б. мүмкіндіктер тудырды. Бірақ автомобильдер санының кенеттен артуы жолдарда қаза тапқандар мен жараланғандардың санының артуы, қоршаған ортаның ластануы, көмірсутек жанармайының жетіспеушілігінің басталуы сияқты негативті салдарға алып келді. Осы оқиғаларды азайту үшін автомобиль өндіруші фирмалар әлеуметтік қауым және өкіметтің қысымымен автомобильдердің құрылысына едәуір өзгерістер енгізді. Автомобиль құрылысының жетілдірілуінің төрт кезеңін байқауға болады. 1. Құрылысының қауіпсіздігінің арттырылуы (60 ж. басынан) Бұл кезеңде автомобильдерде қауіпсіздік белдіктері және жастықтары, қауіпсіз әйнектер. Соққы жұтушы бамперлер және т.б. қолданыла бастады. 2. Жанармай шығынының азайтылуы (70 ж. мұнай дағдарысынан кейін) Бұл кезеңде автомобильдің өзіндік салмағын азайту және аэродинамикалық пішін беру үшін күрес басталады. Қозғалтқыштардың, шиналардың құрылысы жетілдіріліп, альтернативті (мұнайдан жасалмаған) автомобиль жанармай түрлері зерттеледі. 3. Қоршаған ортаға негативті әсерінің азайтылуы (80 ж. ортасынан) Бұл кезеңде қозғалтқыштардың жұмыс процестері жетілдіріледі, пайдаланылған газдар үшін автомобильдің зиянды шығарындыларын азайтатын түрлі сүзгілер мен бейтараптандырғыштар қолданылады. 4. Автомобильді қолдануды қауіпсіздендіру және қолайлату (90 ж. соңынан) Бұл кезеңде тұтынушыларды барынша қанағаттандыратын өнім ұсыну үшін автомобиль өндіруші фирмаларының арасындағы бақталастықтан автомобильдер компьютерлермен басқарылатын күрделі активті қауіпсіздік және автомобильді қолдануды қолайлататын қондырғылармен жабдықтала бастады. Автомобильдің технологиялық даму хронологиясы. Карл Бенцтің "Velo" моделі (1894) - алғашқы автожарыстарға қатысты Автомобильдердің жалпы құрылысы. Автомобиль – механизмдер мен жүйелер жиынынан тұратын күрделі машина. Олардың құрылысы әркелкі болуы мүмкін. Дегенмен, көпшілік автомобильдерде негізгі механизмдердің жұмыс әрекеті мен құрылыс принциптері бірыңғай болып келеді. Механизмдердің қызметі мен өзара орналасуына байланысты автомобильдерді құрастыру жағы көбіне ортақ болып келеді. Әрбір автомобильде негізгі бөліктер үш жұпқа бөлінеді: кузов, қозғалтқыш және шасси. Кузов – тасымал жүкті орналастыру қызметін атқарады және таситын жүктің түріне қарай әртүрлі болады. Жеңіл автомобиль мен автобуста кузов жолаушыларды және жүргізушіні орналастыру үшін қызмет атқарады. Жүк автомобильдерінің кузовы жүк тиейтін платформадан (жүктік кузов) және жүргізуші кабинасынан тұрады. Қозғалтқыш – автомобильдің жүруіне және басқа қызметтерді атқаруға арналған қажетті қуатты тудыратын бөлік. Оның негізгі жұмыс принципі энергияның бір түрін (көбінесе жылу энергиясын) екінші түріне (механикалық энергияға) айналдыру болып табылады. Қозғалтқыштан алынған механикалық энергия механизмдер қатары арқылы автомобильдің жетекші дөңгелектеріне жеткізіледі де автомобильді қозғайтын күш тудырады. Көпшілік автомобильдерде поршеньді бензинді немесе дизельді қозғалтқыштар қолданылады. Шасси - трансмиссия, аспалы жүйе, белдік, аспа, дөңгелек, рульдік басқару және тежеуіш жүйелері сияқты, әрқайсысы белгілі бір жұмысты атқаратын, бірнеше механизмдер мен жүйелерден тұратын күрделі қондырғы болып табылады. Автомобильдер жетекші дөңгелектерінің орналасуы мен санына байланысты алдынан жетекті, артынан жетекті және толық жетекті болып бөлінеді. Жетекші дөңгелектердің санын анықтауға автомобильдің дөңгелек формуласы көмектеседі. Дөңгелек формуласындағы бірінші сандық белгі автомобильдің жалпы дөңгелектер санын, екінші сандық белгі автомобильдің жетекші дөңгелектер санын білдіреді. Алдынан немесе артынан жетекті автомобильдің дөңгелек формуласы 4x2, толық жетекті автомобильдің дөңгелек формуласы 4x4 деп жазылады. Сонымен жетекші дөңгелектер қозғалтқыштан механизмдер қатары арқылы алған механикалық энергияның күшімен автомобильді тартып немесе итеріп қозғалтады. Қозғалтқыштан алынған айналу моменті алдыңғы дөңгелектерге берілсе алдынан жетекті, артқы дөңгелектерге берілсе артынан жетекті, барлық дөңгелектерге берілсе толық жетекті деп аталады. Автомобильдер қозғалтқыштың алдында, артында және ортасында орналасуына байланысты үшке бөлінеді. Қозғалтқыш. Қозғалтқыш автомобильдің қозғалуы үшін қажетті энергияны қамтамасыз ететін қондырғы болып табылады. Қазіргі автомобильдердің көбісінде іштен жанатын қозғалтқыштар қолданылады. Бірақ әрдайым бұлай болған жоқ, және де уақыт өте осы қозғалтқыштардың орнын құрылыстары аса жетілдірілген күш қондырғылары алуы мүмкін. Іштен жанатын қозғалтқыштар өзінің жүз жылдан астам тарихында ізашарларымен салыстырғанда қуаттылығы артып, салмағы жеңілдеп және шығыны мен қоршаған ортаға зияны азайып едәуір дамыды. Осы өткен уақыт ішінде көптеген альтернативті автомобиль қошғалтқыш түрлері ұсынылсы да, бүгінгі күнде қолданылып жатқан қозғалтқыштардың орнын алар экономикалық жағынан жөнді түрі табылмады. Осы қозғалтқыштардың қолданатын жанармай түрінің жинақы түрде сақтау мүмкіншілігі мен оның қорының жеткілікті ұзақ қашықтыққа жетуді қамтамасыз ететіндігі мұның басты себептерінің бірі болып табылады. Алғашқы автомобильдер XVIII ғ. жасалған және сырттан жанатын қозғалтқыш түрі болып табылатын бу қозғалтқыштарымен қозғалатын болған. Бұл қозғалтқыштарда отын қозғалтқыш цилиндрінен тыс бу қазанының пешінде жағылады. Қазандағы су қайнап, буға айналады. Поршеньді қозғалтатын жоғары қысымдағы бу құбыр арқылы қозғалтқыштың цилиндріне беріліп механикалық жұмыс істейді. Ең алғашқы жұмыс істей алатын бу қозғалтқышын ағылшын Джеймс Уатт жасап шығарып 1784 ж. патенттеген. Сол заманның бу қозғалтқыштары ауыр және үлкен, ал ең бастысы өте төмен пайдалы әсер ету коэффициентіне ие болған. Жанармай қозғалтқыш цилиндрінің ішінде жанып, ұлғайған газдар поршеньді қозғалтатын тиімділеу қозғалтқыш түрін жасап шығару талаптары тек 1860 ж. француз механигі Жан-Этьен Ленуар тарапынан жұмыс істей алатын іштен жанатын қозғалтқыш жасалып патенттелгенде жетістікке жетті. Бұл қозғалтқышта қозғалатын поршеннің сорып алған газ және ауадан тұратын жанармай қоспасы жүріс жолының ортасында электр ұшқынынан тұтанады. Іштен жанатын қозғалтқыштарды практикалық түрде қолдану мүмкіншілігі тек газдың цилиндр ішінде қысылуы қолданылғанда ғана пайда болды. 1866 ж. неміс өнертапқышы Николаус Август Отто тұтандыру алдында жанармай қоспасын қысу принципі қолданылған төрт тактілі іштен жанатын қозғалтқыштың патентін алды. Осы қозғалтқыш түрінде болатын процесс “Отто айналымы” деп атанды. Осы принциппен жұмыс істейтін іштен жанатын қозғалтқыштардың бу қозғалтқыштарына қарағанда пайдалы әсер ету коэффициентінің аса жоғары болғандығынан бүгінгі күнге дейін ең көп тараған қозғалтқыш түрі болып келеді. Кейінірек ағылшын Дуглас Кларк екі тактілі айналыммен жұмыс істейтін қозғалтқышты шығарды, бірақ бұл қозғалтқыштар автомобильдерде кең қолданыс таппады. 1892 ж. Рудольф Дизель төрт тактілі Отто айналымымен жұмыс істейтін қозғалтқышқа патент алды. Бұл қозғалтқыштың ерекшелігі цилиндрге ауа мен жанармай қоспасын емес, электр ұшқынын қолдануды керек етпейтін, цилиндрге, кейінірек енгізілген жанармайды тұтандыру үшін жеткілікті жоғары температураға дейін қатты қысылып қыздырылған, тек ауаның енгізілуі болып табылады. Бүгінгі күнде өнертапқышы атымен “дизель” аталатын осы қозғалтқыштар автомобильдердің күш қондырғысы ретінде кең қолданылады. Құрылысы жағынан автомобильдің іштен жанатын қозғалтқыштарын поршеньді және роторды деп екіге бөлуге болады. Поршеньді қозғалтқыштарда жанармай жануынан ұлғайған газдардың әсерінен поршень қозғалып иінді біліктің айналуына алып келеді. Осындай қозғалтқыштарды тұтану әдісіне қарай ұшқыннан (бензинді) және қысылудан (дизель) тұтанатын деп екі топқа бөлуге болады. Роторды қозғалтқыштарда ұлғайған газдар айналатын бөлшек болып табылатын роторға әсер етеді. Роторды қозғалтқыштар газотурбиналы және ротор-поршеньді болып жіктеледі. Автомобильдерде ең кең қолданыс іштен жанатын қозғалтқыштар тапты. Автомобильдердің өндіріс көлемі. 2009 жылдың үш кварталындағы ең көп автомобиль өндіргендер. Әр 1000 адамға шаққандағы әлемдегі автомобильдер саны картасы. Тағы қараңыз. Автокөлік шығаратын елдер тізімі Ұлы көлдер. Ұлы көлдер - Солтүстік Америкадағы көлдер. Оңтүстік мұхит. Оңтүстік мұхит - Антарктиданы қоршап жатқан мұхит. АҚШ доллары. АҚШ доллары - АҚШ мемлекетінің ұлттық валютасы. Жапон йенасы. Жапон йенасы - Жапонияның ұлттық валютасы. Жапон тілі. Жапон тілі (жапонша日本語, にほんご, にっぽんご,) - жапон халқының тілі. Жапонияның ресми тілі. Бұл тілде 130 миллионнан астам адам сөйлейді. Парсы тілі. Парсы тілі - Иран мемлекетінің мемлекеттік тілі. Испан тілі. Испан тілі - Испания, Мексика, Колимбия, Аргентина, Венесуэла т.б. елдердің мемлекеттік тілі. Ғасыр. Ғасыр - 100 жылға тең уақыт бірлігі. Грегориан күнтізбесіне сәйкес алғашқы ғасыр 1 жылдың қаңтардың 1 басталып желтосанның 31де аяқталған. Кеме. Кеме - су бетімен жүк немесе адам тасымалдайтын көлік түрі. Темекі. Темекі - заңды түрде қолдануға болатын есірткі түрі. Құлақ. Құлақ - екi функцияны орындаған күрделi сезiм мүшелерi - акустикалық орган: дыбыстық импульстер және кеңiстiктегi дененiң жағдайы және қабiлеттiлiкке қабылдайды тепе-теңдiк ұстап қалуға жауап бередi. Бұл бас сүйек самай сүйектерiндегi құлақтың iштерiмен сырттан шектеле жайласатын жұп органдар. Адам құлақ (секундке тербелiстерi) 16-20 000 гцке сәйкес келетiн 20 моларға 1, 6 смдары ұзындықты дыбыс толқыны шамамен қабылдайды. Құлақ эволюциялық дамытуды процессте (Бүйiрлеу органдар) ерекше терi сезiм мүшелерiнiң бастапқыдан суда жүретiн алдағы омырқалыларында пайда болды. Таяу Шығыс. Таяу Шығыс - Азияның оңтүстік-батысында орналасқан аймақ. Төлеген Айбергенов. Төлеген Айбергенов - қазақ халқының ақыны. АЙБЕРГЕНОВ Төлеген (3. 3. 1937 ж. т., Қарақалпақ АССР-і, Қоңырат ауд., "Қоңырат" с-. зы, - 29. 8. 1967, Нүкіс қ.) -ақын. Ташкент пед. ин-тын бітірген (1959). 1959-62 ж. ' Қоңырат ауд-ндағы орта мек-тепте мұғалім, 1962-65 ж. Шымкент обл-ның Сарыағаш ауд-ндағы кешкі жастар I мектебінде директор. 1965 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы жанын-дағы әдебиетті насихаттау бюросында қызмет істеді. А. өлеңдері респ. баспасөзде 1957жыл-дан жарияланды. Туған жерге деген албырт са-ғыныш пен мелдір махаббатқа толы бір топ өлеңдері 1961 ж. шыққан "Жас дәурен" атты топтама жинақта басылды. Отанға, туған елге деген сүйіспеншілігін, замандастарымыздың рухани сезім байлығын, ізгі тілеу, ақ ниетін жарқырата ашқан, қазақ поэзиясында өзіндік жаңа ыррақ, тегеурінді екпін әкелген поэтикалық жыр кітаптары - "Арман сапары" (1963), "Өмірге саяхат" (1965), "Қумдағы мұнаралар" (1968), "Мен саған рашық едім" (1970), "Ама-нат" (1975), "Бір тойым бар" (1981), балаларға арналған "Бақшаға саяхат" сурет-кітапшасы (1985) жарық көрді. Сондай-ақ орыс тілінде "Мир созвездья" (1987) деген атпен таңдама-лы өлеңдері аударылып басылды. А-тың "Ақ серке", "Ақ жайық", "Жаңғырран Маңғыстау", "Қазақстан", "Сені ойладым", "Мені ойла", "Ақ қайыңдар", "Бір тойым бар", т. б. өлеңдеріне жазылған әндер ел арасына кеңінен танымал. Қазақстан Ленин комсомолы сыйл. лауреаты (1974, қайтыс болғаннан кейін). 1997 ж. ақынның "Таңдамалы өлеңдер" жинағы мен ол ту-рапы жазылран "Біргемін мен сендермен" атты естелік кітабы жарық көрді. Айтулы толғауды осы бір жерден үзеріміз үзіп алып, әрі-сәрі күйге түстік. Көз жауын алардай жауһарды сындырып алғандай, соның сіздерге тек бөлшегін ұсынғандай пұшайман болдық. Осы бір жырдағы алабұртқан екпін, тау суындай күркіреген қарқын, бірінен-бірі туындап, сытыла шапшыған бұла сөз толқын, буырқана бұлықсып атқыған сезім серпіні үзуге, іркуге келер емес еді, көнер емес еді. Жыр жүйрік. Апшы қуырған асау ағыс. Аяғына дейін жіберіп, ат басын ағытқан осынау бір тұлпар шабысты тек тамашалай бергің келеді. Тамсана бергің келеді. Ақын үніне үн қосып, сөз шығындап жатқың келмейді. Мың құбыл шұғылалы жыр жауһарларын назарларыңызға бірінен-кейін бірін ұсынып, айберен толғауға үнсіз ден қойып отыра бергің келеді, осынау сұңғыла шабысқа қосыла қол шапаттап отыра бергің келеді. Төрт аяғы тең жорға Төлеген жырларын, шашасына шаң жұқпас ақпа жырларға қара сөзбен түсініктер жазып сипаттап, суреттеп жату — бір әурешілік. Қазақтың арнасы кең жыр дариясына сонау алпысыншы жылдар аяғында бір бүйірден апшып келіп, бір ақжал толқын ұрғаны есте. Төлеген — толқын. Арқырап ақжалданып шиыршық атып келген толқын. Фариза Оңғарсынова. Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың Фаризаға арнап жазған өлеңі. Біздерді де жоқтайтын жан болса егер, Сен мені білесің бе, білесің бе? Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын. Ауырлар деп ойлап па ем мұңша халім... Қу тірлікке құл болып аяң басып, Момын едім, жақсы едім, ұяң едім, (Түн кеткесін, күн шығып, жарық болмақ), Рысқұлбекұлы, Қайрат. Қайрат Рысқұлбекұлы - Желтоқсан көтерілісіне қатысушы. Тахауи Ахтанов. Тахауи Ахтанов (1923-1994) 25 қазанда Ақтөбе облысының Шалқар ауданы, Шетырғыз селосында туған. 1940 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалык институтына оқуға түседі. Екінші курста оқып жүргенде өзі сұранып майданға аттанады. Алғашқы әдеби көркем шығармалары өлең, очерк түрінде майдан газеттерінің беттерінде жарияланды. 1948 жылы әскер қатарынан босағаннан кейін, әдеби еңбекпен айналысады. Алғашқы өлеңдері "Жастар дауысы" деп аталатын ұжымдық жинақта жарық көрді. Осы кезде оның әдеби-сын мақалалары молырақ басылып, алғашқы монографиялық зерттеу еңбегі жарияланды. Әйтсе де, жазушының өнімді де жемісті еңбек еткен жанрлары - проза мен драматургия. Баспасөз бетінде алғаш жарық көрген әңгімесі - "Күй аңызы". 1956 жылы "Қаһарлы күндер" атты романы жарық көрді. "Дала сыры" повесі үшін (өңделіп, толықтырылып, "Боран" романына айналды) авторға 1966 жылы Қазақ КСР-нің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді. 1968 жылы жазылған "Сәуле" драмасы, одан кейінгі "Боран", "Ант", "Әке мен бала" драмалары да қазақ сахнасының өміршең туындыларына айналды. "Махаббат мұңы", "Күтпеген кездесу" драмалары, "Арыстанның сыбағасы", "Күшік күйеу" комедиялары қазақ, орыс және туысқан халықтар сахнасында көрінді. А.Н. Толстойдың "Азапты сапарда" трилогиясын, М. Горькийдің әңгімелерін қазақ тіліне аударды. Көркем әдебиет баспасында редактор, бөлім меңгерушісі, киностудияда сценарий бөлімінің бастығы. "Әдебиет жөне искусство" - "Жұлдыз" журналының редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, көркемөнер бас басқармасының бастығы, республикалық кітап палатасының директоры сияқты жауапты қызметтер атқарды. II дәрежелі Отан соғысы орденімен, екі рет Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту, "Құрмет Белгісі" ордендерімен марапатталған. Қаламгерге Қазақстанның Халық жазушысы атағы берілген. Жакоте, Ализе. Alizée (фр. Alizée, IPA: [a.li.ze]), толық аты — Ализе́ Жакоте́ (фр. Alizée Jacotey) (21 тамыз 1984 жылы туды) — француз әншісі. Мұса пайғамбар. Мұса пайғамбар - Ислам, Христиан, Иудаизм діндеріндегі пайғамбар. Ибраһим пайғамбар. Ибраһим пайғамбар - Ислам, Христиан, Иудаизм діндеріндегі пайғамбар. Океания. Океания - Тынық мұхитта орналасқан аралдардың жалпы атауы. Алтай тілі. Алтай тілі - алтай халқының тілі. Түркі тілдеріне жатады. Қарайым тілі. Қарайым тілі - қарайым халқының тілі. Тас дәуірі. Тас дәуірі - адамзат тарихының ең ерте кезеңі. Солтүстік полюс. Солтүстік полюс - жер бетінің ең солтүстік нүктесі. Темір дәуірі. Темір дәуірі - адамзат тарихындағы дәуір. Жүзжылдық соғыс. Жүзжылдық соғыс - Англия мен Франция арасындағы соғыс. Елорда. Астана — мемлекеттің саяси, әкімшілік, экономикалық, мәдени орталығы; елдікті, ұлттық бірлікті білдіретін бас қаласы. Астана ұғымы ұлыстар, тайпалар одағы, мемлекеттік бірлестіктер пайда болған кезеңде, перғауын, қаған, халифа, шаһ, әмір, король, патша, хан, сұлтан, т.б. елбасылар лауазымдарымен қатар өмірге келді. Түркі халықтары, оның ішінде қазақтар ел билеушілер тұрағын орда деп атаған. Астана орнын осы хан ордасы атқарды. Көшпелі тайпалардан құрылған мемлекеттерде хан ордасы да бір орында көп тұрақтамай, көшіп-қонып жүрді. Мысалы, Ақтабан шұбырындыдан кейін Түркістан қаласынан шегінген Әбілқайыр хан өз ордасын Ырғыз, Тамды, Сырдария өзендері бойына ауыстырып отырған. Абылай ханның астанасы Түркістан шаһары болғанымен, ұзаққа созылған жорықтарында ордасын қалмақтардан азат етілген жерлерге тігіп (Көкшетау, т.б.) біраз уақыт бойы елін сол жерден басқарып отырған. Әбілпейіз Сарыарқада, Уәли хан Көкшетаудағы Сырымбетке, Бөкей мен Жәңгір Жайық пен Еділ аралығындағы Ордаға, қазақтың соңғы ханы Кенесары Ұлытауға ордасын тіккен. Халық түсінігінде Ұлытау, Хантау, Ордабасы, Түркібасы, Күлтөбе, Мәртөбе сияқты хан ордасы қонған, ту тігілген, Үш жүз басын қосқан, құрылтай жиналған, мемлекеттің, ұлт тағдырының ең түйінді мәселелері шешілген жерлер аса қастерленіп, қасиеті астана ұғымына жақындастырылған. Алғашқы кезде астананың басты қызметі елді әкімшілік жағынан басқару болды. Кейін астаналық қалалар пайда болған соң олар сауда, қолөнер, мәдениет орталықтарына да айналды. Хан ордасы орналасқан, қазына сақталған, қамал салынған елді мекен ірі шаһарға айналып, оған керуен жолдары тартылды. Қазақстан астаналарының тарихы өте бай. Үш мемлекеттің: Батыс Түрік, Түргеш және Қарлұқ қағандықтарының астанасы Суяб қаласының іргесі 5 ғасырда қаланды. Орталық Азиядағы аса ірі қалалардың бірі Баласағұн (Ақтөбе) – Батыс Түрік қағандығының, Қарахан және Қарақидан мемлекетінің бас қаласы болды. Ең көне астаналардың бірі – Тараздың атағы 6 – 7 ғасырлардың өзінде Қытайдан Византияға дейін тарады. Тараз грек ғұламасы Птолемейдің картасына түсірілген. 10 ғасырдан бастап Тараз Қарахан әулеті өкілдерінің астанасы, көп уақыт бойы экономикалық орталық, Ұлы жібек жолындағы жетекші сауда орны болды. Жазба деректерде «Бірінші қала» атанған даңқты Испиджаб (Сайрам) 7 ғасырдан белгілі. Күлтегін, Білге қаған тас ескерткішінде Тарбанд деген атпен жазылған Отырарды (Фараб) араб ғалымы әл-Мақдиси (10 ғасыр) өте көне астана деп атайды. 9 – 11 ғасырларда Сыр өңіріндегі Жанкент (Янгикент) Оғыздар мемлекетінің, ал Ертіс бойындағы Имақия қаласы Қимақ мемлекетінің өркендеген астанасы болды. Дешті Қыпшақтың астаналары Орда Базар мен Женд, Ақ Орданың бас қалалары Сауран мен Сығанақ (Сунақата) әлденеше қиратылып, қайта жанданды. Рузбехан жазбаларында (16 ғасыр) Сығанақ саудасы өркендеген, бау-бақшасы жайқалған, қазақтың бай қаласы ретінде аталған. Қазақ хандары Тұрсынның, Жолбарыстың, Рүстемнің, Абдолланың, Әбілғазының астаналары Ташкент қаласы болды. Қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласының тарихи орны ерекше. Түркістан Тәуке, Қайып, Әбілқайыр, Семеке (Тәукеұлы), Әбілмәмбет, Сейіт, Есім, Болат, Абылай, Тоғай хан тұсында қазақтардың айбынды астанасы болды. Шаһар жалпы түркілік мәнге ие болды. Қожа Ахмет Иасауидің есімі мен кесенесі оны Орталық Азияның діни астанасы – екінші Мекке мәртебесіне жеткізді. 10 ғасырда әл-Фараби астананы «қайырымды қала» деп атады. Ол «Асқан игілік пен ең биік кемелділік дәрежесіне ең алдымен жоғары дәрежелі дамыған қоғамның қайырымды қаласы – астанасы жетеді» деп санады. Әл-Фараби қайырымды қаланы мін-ақауы аз, тұрғындары заңға ден қойған, адамдарының пендешіліктерінен гөрі рухани сипаты басым, әділеттілік пен парасаттылық жайлаған бейбіт қала етіп суреттейді. Көрші елдерден Шыңғысхан империясының астанасы Қарақорымның, Шағатай әулетінің астанасы Алмалықтың (14 ғасырда Алмалық Моғолстанның астанасы болды), Темір мемлекеті мен Шайбани әулетінің астанасы Самарқанның (1924 – 30 ж. Өзбекстанның астанасы болды), Самани әулеті мен Бұхара хандығының астанасы Бұхараның (1920 – 24 ж. Бұхар Халықтық Кеңес Республикасының астанасы болды), Алтын Орда астаналары Батый салған Сарай, Берке хан салдырған Сарай-Беркенің Қазақстан тарихындағы орны ерекше. Сондай-ақ Сарайшық (Ноғай Ордасының астанасы, 14 – 17 ғасырлар), Қазан (Қазан хандығы, 15 – 16 ғасырлар), Бақшасарай (Қырым хандығы, 15 – 18 ғасырлар), Хиуа мен Үргеніш (Хорезм хандығы, 16 – 20 ғасырлар), Қоқан (Қоқан хандығы, 18 – 19 ғасырлар) қалалары қазақ шежіресінде терең із қалдырды. Қазақ хандығы жойылғаннан кейін бар билік Ресейдің Санкт-Петербург пен Мәскеу қалаларына ауды. 20 ғасырдың басындағы қазақ зиялылары астананы «кіндік қала» деп атады. 1917 – 19 ж. Алашорда автономиясының астанасы Алаш (Семейдің іргесіндегі) қаласы болды. Кеңес дәуіріндегі Қазақстан астаналары Орынбор (1920 – 25), Қызылорда (1925 – 29), Алматы (1929 – 97) болды. 1994 ж. соңғы екі ғасыр тарихында қазақ халқы тұңғыш рет өз мемлекетінің астанасы туралы дербес шешім қабылдады. 1997 ж. 20 қазанда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола қаласының (1998 жылдың 6 мамырынан – Астана қаласы) Қазақстан Республикасының жаңа тұрпатты бас қаласы болғанын жариялады. Астана — қала, Қазақстан Республикасының астанасы, Ақмола облысының орталығы. Тұрғыны 700 мың адамға жуық (2008). Қала Есіл өзенінің оң жағасында жазық жерде орналасқан. Сарыарқа қазақтары Есіл өзенінің қазіргі Астана қаласы орналасқан, көшкен ел аттылы-жаяу өте беретін тайыздау тұсын ежелден Қараөткел деп атаған. Ақмола атауы 13 – 14 ғасырларда тұрғызылған ақ күмбезді бейітке байланысты туған. Астана қаласының негізі 1830 ж. қаланды. Алғашында Ақмола әскери бекінісі атанған елді мекенге 1862 ж. қала мәртебесі берілді. 1863 ж. Ақмола округ, 1868 ж. уезд орталығына айналды. Орта Азия, Сібір, Орал өңірлерін жалғастыратын керуен жолында орналасқан Ақмола жедел дамып, қазақ даласындағы ірі әкімшілік, сауда, шаруашылық, мәдени орталыққа айналды. 1914 ж. қалада 3 кірпіш, 4 май өңдеу, 2 тері илеу, 2 сабын қайнату, 2 тон тігу, 1 сыра қайнату зауыттары, қасапхана, 20 шеберхана жұмыс істеді. Мәдени-ағарту орындарынан 1 реалдық, 3 жалпы білім беретін училище, ауыл шаруашылығы мектебі, медресе, 2 кітапхана болды. Қала тұрғындарының саны 15 мыңға (1914) жетті. Кеңес дәуірінде Ақмоланың халқы тез қарқынмен өсті, оның Орталық Қазақстанның қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріндегі алатын орны артты. 1928 – 30 ж. округтің, 1930 – 39 ж. ауданның, ал 1939 ж. 14 қазанда Ақмола облысының әкімшілік орталығы болды. 1929 жылдың қарашасында қалаға алғашқы пойыз келді. Бурабай – Ақмола (1929), Ақмола – Қарталы (1940), Ақмола – Павлодар (1952) темір жолының іске қосылуы Астананы еліміздің солтүстік және орталық өңіріндегі ірі транспорт торабына айналдырды. Қалада ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеудің дәстүрлі тәсілдері жетілдіріліп, жеңіл өнеркәсіп орындарының саны ұлғайды. 1940 ж. «Тігінші» артелі (қазіргі «Мәншүк» акционерлік қоғамы) өнім бере бастады. 1941 ж. құрылған «Металшы» артелі кейіннен газ тетіктерін шығаратын ірі өндіріске (1993 жылдан «Газмашаппарат» акционерлік қоғамы) айналды. Соғыс жылдарында Ресейден көшіріп әкелінген Мелитополь станок жасау зауытының негізінде республикадағы ауыл шаруашылық машиналарын жасау өнеркәсібінің тұңғышы – «Қазақауылмаш» кәсіпорны іске қосылды. Өнеркәсіптің басқа да жаңа салалары пайда болды. Қалада сәулетті құрылыстар салына бастады. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында (1941 – 45) Астана қаласы мен Ақмола облысының өндірген өнімінің көлемі республика бойынша өндірілген өнімнің орташа көрсеткішінен 2 есеге жуық артық болды. Соғыстан кейінгі алғашқы жылдары шаруашылықтың жаңа түрлері игеріліп, «Қазақауылмаштың» қуаты арттырылды, вагон жасау зауыты пайдалануға берілді. 1950 ж. қалада 58 өнеркәсіп кәсіпорны жұмыс істеді. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде Ақмола облысымен бірге Астана қаласы да елеулі өзгерістерге ұшырады. 1954 ж. 5 наурызында Астанаға тың игерушілер тиелген алғашқы эшелон келіп тоқтады. Астана кәсіпорындары ауыл шаруашылық техникасын, құрылыс материалдарын шығаруды кеңейте түсті. 1960 ж. 26 желтоқсанда Тың өлкесі құрылып, Астана оның орталығы болды. Қала Целиноград болып өзгертілді (1961 ж. 20 наурыз). 1958 ж. қаладағы алғашқы жоғарғы оқу орны – ауыл шаруашылық институты (қазіргі Сәкен Сейфуллин атындағы аграрлық университет) ашылды. 1962 ж. педагогикалық (қазіргі Лев Гумилев атындағы еуразия университеті), медициналық (1964), инженер-құрылыс (1964) институттары студенттер қабылдады. 1960 – 80 ж. қалада 30 жобалау және ғылыми-зерттеу институттары ашылды. 1965 ж. Тың өлкесі таратылып, қала қайта құрылған Целиноград облысының орталығы болды. 1960 – 90 ж. қалада машина жасау, металл өңдеу, энергетика, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, сауда, құрылыс салалары өркен жайды. Топырақты қорғау және эрозияға қарсы қолданылатын техникалық машиналар шығару жедел қарқынмен өсті. 1992 ж. қала мен облыста өндірілген өнімдер 29 шет елдерге шығарылды. 1994 ж. 6 маусымда қалаға ежелгі Ақмола аты қайтарылды. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі (1994 ж. 6 шілде) және Министрлер Кабинеті (1996 ж. 6 шілде) Қазақстан Республикасының астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қаулылар қабылдады. Оған себеп Ақмоланың республиканың кіндігінде геосаяси тұрғыдан тиімді орналасуы, қаланың елеулі өнеркәсіптік әлуеті, құрылыс индустриясын одан әрі дамытуға қажетті базаның болуы, ірі тасымал торабына орналасуы әрі қажетті көлік және телекоммуникациялық инфрақұрылымның болуы, жоғары білікті кадрлар әлуеті, жеке меншік секторды және кәсіпкерлікті дамыту үшін мүмкіндіктердің молдығы, аймақтағы саяси және әлеуметтік тұрақтылық, қаланы дамытуға қажетті бос жерлердің жеткіліктігі сияқты факторлар еді. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен (1996 ж. 9 қазан) арнайы Ақмола экономикалық аймағы (ААЭА) құрылды. Астана АЭА-ның жұмыс істеуіне байланысты ішкі-сыртқы экономикалық қызмет жүйесі дами түсті. Экспорт-импорттық қатынастардың көлемі үнемі артуда. 1997 ж. 20 қазанда Нұрсұлтан Назарбаев «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы» жарлыққа қол қойды. 1998 ж. 6 мамырда Елбасының жарлығымен Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы болып аталды, ал 20 мамырда «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Осы жылғы 10 маусымда тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының салтанатты ашылу рәсімі болып өтті. Астана қалалық 2 ауданға (Алматы, Сарыарқа) бөлінеді. Қытай тілі. Қытай тілі - қытай халқының тілі. Монотеизм. Монотеизм - бір ғана табынатын дін түрі. Латын тілі. Латын тілі ("lingua latina") - Ежелгі Рим империясының тілі. Бұл тіл өлді деп саналғанымен біраз оқымыстылар осы тілде еркін сөйлей алады, сонымен қатар әлемнің көп университеттерінде оқытылады. Латын тілі көп тіл топтарының (соның ішінде ағылшын тілінің де) жаңа сөздерін құрау процесінде пайдаланылып келді әрі пайдаланылуда. Тағы қараңыз. Көне Рим әдебиеті Илиада. Илиада () - грек халқының жыры. Авторы Гомер болып есептеледі. Грек әдебиетінің ежелгі ескерткіштері болып «Илиада» және «Одиссея» поэмалары саналады. Антик әлемінде сол поэмалардың авторы ұлы ақын соқыр Гомер деп есептелген. «Илиада» және «Одиссеяның» шығарылған уақыты туралы ешқандай мәлімет жоқ, сондықтан осы екі поэмаға байланысты әлі шешілмеген күрделі мәселелер көп. Осы проблемалар әдебиетте «Гомер мәселесі» деп қаралады. Екі поэманың сюжеті Троя соғысы туралы аңыздар циклынан алынған. Троя соғысы деп гректердің Троя немесе Илион қаласына жорығы аталған. «Илиаданың» аты Илион қаласының атынан шыққан (гректер Трояны солай атаған). Аңыз бойынша Троя бекзадасы Парис өзін жақсы қарсы алған қонақжай патша Менелайдың сұлу әйелі Еленаны және көптеген қазынасын ұрлап кетеді. Ашуланған Менелай ағасы Агамемнонмен барлық грек аймақтарынан жорыққа әскер жинап, Трояға аттанады. Грек жасағы Агамемнонның басшылығымен Трояны қоршап, он жылға дейін қалаға кіре алмайды. Тек айлакер батыр Одиссейдің арқасында гректер ағаш ат жасап, соның ішіне тығылып, Трояға кіреді. Трояны өртейді, Еленаны Менелайға қайтарады. Бірақ грек батырларының отанына қайтуы қайғылы болады: біреулері жолдан қаза табады, ал біреулері үйлеріне оралғанша түрлі теңіздерді кезіп шығады. «Илиада» 15700 өлеңнен тұрады. Оны антик ғалымдар 24 кітапқа бөлген (грек алфавитінің саны бойынша). «Илиадада» соғыстың оныншы жылындағы оқиғалар суреттеледі.Поэмада соғыстың қалай басталғаны және оның барысы айтылмайды. Поэманың тақырыбы бірінші өлеңінде айтылған: «Гнев, богиня, воспой Ахиллеса, Пелеева сына...». Ахилл (Ахиллес) – фессалиялық патша Пелей мен теңіз құдайы Фетиданың ұлы, ахейлік батырлардың ең батылы, «Илиада» поэмасының негізгі бейнесі. a>тегі сурет шамамен б.д.д. 490 ж. Трояны ұзаққа созылған қоршаудың сәтсіз болуы мен шығынға ұшырауы жауынгерлердің рухын түсереді. Оларды жігерлендіру үшін көсемдері халық жиналысын шақырды. Троя қаласы түбінде ұрыс қайта басталады. Гректердің ішіндегі ең таңдаулы жауынгер құдіретті «желаяқ» Ахилл (Ахиллес) болатын. Троялықтардың ең күшті де батылы Гектор еді. «Илиадада» сол екеуінің арасындағы жекпе-жек пен Гектордың өлімі суреттеледі. Поэманың әрекеті салыстырмалы планмен жүргізіледі: Олимп үстіндегі құдайлар және Трояның айналасындағы адамдар. Поэмада шайқасқа құдайлар араласқаны айтылады, олардың біреулері гректерге, екіншілері троялықтарға жақтасады. Ұрыс үстінде Ахиллдің досы Патрокл қаза табады. «Илиада» Патрокл мен Гектордың жерлеуін суреттеумен аяқталады. Троя соғысының ақыры туралы поэмаға енбеген аңызда айтылады. Колизей. Флавилер амфитеатры (лат. Amphitheatrum Flavium) немесе Колизе́й (лат. Colosseum, итал. Colosseo) — Ежелгі Римнің ең үлкен амфитеатры. Асуан бөгеті. Асуан бөгеті — Мысырда Ніл өзенінде орналасқан бөгет. Империя Мемлекеттік Ғимараты. Эмпайр-Стейт-Билдиң (ағыл. Empire State Building) — 102-қабатты ғимарат. Нью-Йоркте орналасқан. 200px Ғимарат 1931 жылы салынып болып 1972 жылы Дүнижүзілік Сауда Орталығының солтүстік мұнарасы 1972 жылы салынып біткенше 40 жылдан астам Әлемдегі ең биік ғимарат болып келді. 2001 жылы Дүнижүзілік Сауда Орталығы қирағаннан кейін Империя Мемлекеттік Ғимараты қайта Нью-Йорк қаласы мен штатындағы ең биік ғимарат болып тұр. Нью-Йорктағы ғимараттар биіктіктерінің өзара салыстырылуы Крикет. Кри́кет () — таяқ (бита) пен доп арқылы ойналатын спорт түрі. Крикет Үндістан, аустралия, Англияда және Уэльсте, Пәкістанда, Оңтүстік Африка, Жаңа Зеландия мен Шри-Ланкада, Кариб аралдарында кең тараған. Ережелері. Ойын 11 адаманн тұратын екі команда арасында өтеді. Ойын мақсаты — көбірек ұпай жинау (жүгіру арқылы). Матч инниң (innings) деп аталатын бір неменесе бірнеше бөлімнен тұрады. Әр инниңде бір реттен бір команда ұрса, екіншісі допты қағып тұрады. Крикет әдетте шөп үстінде ойналады. Ойын алаңы овалды (cricket field) келеді, ал ортасында ұзындығы 22 ярд (20,12 метра) (cricket pitch) болатын жер жолағы болады. Омбы. Омбы () - Ресейдегі қала. Омбы облысының орталығы. Ом өзенінде орналасқан. Самара. Самара - Ресейдегі қала. Самара облысы орталығы. Еділ өзені жағасында орналасқан. Notepad++. Notepad++ - Windows амалдық жүйесіне арналған GPL рұқсатқағазымен азат таратылатын мәтін өңдеуіші. Бұл бағдарлама STL кітапханасын пайдаланып C++ бағдарлау тілінде жазылған, негізгі құраласы - Scintilla өңдеу модулі. Мәтін өңдеуіші өздігенен бөлектеп бірталай бағдарлау телдері мен белгілеу жүйелерін қолдайды. Бағдарламаның негізгі жетелігі кеңейтімдер (plugins) арқылы, не сыртқы модулдер арқылы кеңейте алынады. Қолдаудағы бағдарлау тілдер. ASP, Ada, ASCII art, BAT, C, CSS, Unix Shell Script, VB/VBScript, Бұдан тыс пайдаланушылар басқа тілдер үшін бөлектеу және қайыру өз ережелерін келтіруі мүмкін. Ақсу-Аюлы. Ақсу-Аюлы - Қарағанды облысы Шет ауданының әкімшілік орталығы. Халық саны 6000 адам. Қарағанды қаласынан 127 км-ге оңтүстікке қарай орналасқан. Шерубай-Нұра өзенінің жағасында орналасқан. Астана-Алматы республикалық жолының бойында орналасқан. Ауылда 1 колледж, 2 орта мектеп, 1 сырттай мектеп, 1 кәсіптік мектеп бар. АҚСУ-АЮЛЫ, ауыл, Шет ауданының және Ақсу-Аюлы селолық округінің орталығы. Шерубай Нұра өзенінің аңғарында, Аюлы тауының етегінде, Қарағандының оңтүстік-шығысында 130 км жерде Астана-Алматы автожолының бойында орналасқан. Іргесі колхоздастыру кезеңінде 1930 жылы қаланған. Халқы 5300 (2006). Ұлттық құрамы: 98 пайызы қазақ; 2 пайызын өзге ұлт өкілдері құрайды. Округ атауы 1930 жылдары Түлкілі ауылдық кеңесі, 1994 жылдары Ақсу-Аюлы ауылдық округі болып өзгерген. Округ аумағында өткен ғасырдың 30 жылдарында Ақсу, Егіндібұлақ, Алғабас, Қызылтау, Беталыс, Қатпар, Игілік, Сталин, Еңбекшіл колхоздары ұйымдастырылған. 60-90 ж.ж. Орджоникидзе атындағы кеңшардың және ауылдық кеңеспен аудан орталығы. Шаруашылықтың негізгі бағыттары ет, сүт өндіру және қосымша егін салу болды. Жерінің жалпы ауданы 155 мың га. Аудан орталығы мен округтің елді мекендерінде (Ақсу, Ақтөбе, Еңбекшіл, Қайрақты) 30-дан астам аудандық және облыстық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар, 2 орта, 4 бастауыш мектеп, кәсіби мектеп, интернат үйі, аурухана, 4 ФАП, 37 дүкен, 7 асхана, 8 АЗС, мейманхана, 5 жеке меншік монша, 3 шаштараз, 4 жеке меншік дәріхана, жастардың демалу орталығы, кітапхана, мәдениет үйі, ауылдық клуб, мешіт, мұражай, балалар мен жастардың спорт мектебі мен бала бақша, басқа да мәдени-тұрмыстық мекемелер бар. Кеңшар негізінде 100 шаруа қожалығы құрылған (2006). Белгілі қазақ биі Жанқұтты би туып өскен, Шортанбай Қанайұлының және Жидебай батырдың мазарлары бар. Жанқұтты би, Шортанбай жырау ескерткіштері аудан орталығына орнатылып көше атаулары берілген. Ауыл басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Ең жақын Жарық т.ж. станциясы 70 км. жерде. Шерубай-Нұра. Шерубай-Нұра - Қарағанды облысындағы өзен. Нұра өзеніне құйады. Сәтбаев (қала). Сәтбаев қаласы - Қарағанды облысындағы қала. Халық саны 70000 адам. Жезқазған қаласынан 16 км жерде орналасқан. Негізгі өндірісі - мыс. Талшық. Талшық - Солтүстік Қазақстан облысының қаласы, Ақжар ауданының орталығы. Ақжал. АҚЖАЛ - кент, Шет ауданындағы Ақжал кентінің орталығы. Астана-Алматы автомобиль жолынан 12 км, аудан орталығы Ақсу-Аюлының оңтүстігінде 128 км, Қарағандыдан 248 км қашықтықта орналасқан. Бұрынғы атауы – Қасқайғыр. Ақшатау кен байыту комбинатының құрамынан бөлініп 1950 жылы құрылған. Халқы 4030 (2006). Ұлттық құрамы: 92 пайызы қазақ; 8 пайызын өзге ұлт өкілдері құрайды. 1955 жылы Ақжал кен байыту фабрикасы іске қосылған. Кент аумағында өткен ғасырдың 30 жылдарында «Қызыл өркен», «Ұйымшыл», «Жақсылық» колхоздары ұйымдастырылған. 60 жылдардың басында 3 колхозды біріктіру негізінде «Қарабұлақ» кеңшары құрылды. Кеңшардың негізінде 42 шаруа қожалығы құрылған. 1997 жылдан бастап Қарабұлақ селолық округі таратылып Ақжал кентінің әкімшілік аумағына кіргізілді. Жерінің жалпы ауданы 303 мың га. Кенттің әкімшілік аумақтық бағынысындағы елді мекендерінде (Ақжал кенті, Қарабұлақ ауылы) 2 мектеп, учаскелік аурухана, ФАП, мәдениет үйі, кітапхана, комплексті спорт кешені, басқа да мәдени тұрмыстық орындар бар. Кент аумағында «Жаңа-Мырыш» ЖШС-і жұмыс атқарады. Негізгі бағыты қорғасын, мырыш өндірісі. Пайдалы кен қазбалар орындары: Ақжал, Қызыл еспе, Ақсораң. Ақжал кен байыту фабрикасы жұмыс істейді. Кентте Женет руднигін ашуға ат салысқан Найманбаев Дүйсенбайдың атында көше бар, оған академик Қ.Сатпаев 1953 жылы өз қолымен сыйлық тапсырған, Социалистік Еңбек Ерлері - Беркімбаев Бегім, Қайқыбасов Абду тұрып еңбек еткен, КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын алған, бүгінгі күні «Жаңа-Мырыш» кәсіпорнында тау-кен цехында бұрғышылар бригадасының бригадирі болып жұмыс істейтін Жанасбаев Әжібжан тұрады, қазақша күрестен Орта Азия және Қазақстанның екі дүркін чемпионы Әлімшайхы Сәлімбаевтың атында көше бар. Кент тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Ең жақын Ақадыр т.ж. станциясы 90 км. жерде. Аюлы. Аюлы - Шет ауданындағы тау. Талды. ТАЛДЫ, ауыл, Шет ауданындағы Талды селолық округінің орталығы. Талды өзенінің бойында, аудан орталығы Ақсу-Аюлының солтүстік шығысында 60 км жерде, Қарағанды қаласының оңтүстік-шығысында 110 км жерде орналасқан. Іргесі 1961 жылы «Путь коммунизму» совхозының бөлімшесі негізінде кеңшар болып қаланды. Халқы 1180 (2006ж). Ұлттық құрамы: 98,3 пайызы қазақ; 1,7 пайызын өзге ұлт өкілдері құрайды. Округ аумағында өткен ғасырдың 34-50 жылдары аралығында «Жаңа-Жұрт», «Шаруа теңеу» колхоздары болған. 50 жылы Роза Люксембург колхозы ірілендірілген уақытта соған берілген. Шаруашылықтың негізгі мамандандырылған бағыттары-ірі қара мал шаруашылығы, егін шаруашылығы. Жерінің жалпы ауданы 125 мың га. Округтің елді мекендерінде (Жаңа-Жұрт, Берекетті ауылдары) 3 мектеп, ФАП отбасылық дәрігерлік амбулатория, мәдениет үйі, кітапхана, бар. Кеңшар негізінде 64 шаруа қожалығы 1 ЖШС құрылған (2006). Округ жерінде Каз ЦИК-тің алғашқы мүшелерінің бірі Қойшыбаев Шаян, ақын Жәкен Байтуов, Смағұлов Зейнекеш ауданның әйелдер Кеңесінің төрайымы 1941-1945 ж.ж 1946 жылы Ленин орденін алған белгілі шахтер Кішкентаев Ілияс тұрып, өмір сүрген. Ауыл басқа елдермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Ең жақын Қарағанды т.ж. станциясы 110 км. Ағадыр. АҚАДЫР, кент, Шет ауданындағы Ақадыр кентінің орталығы. Екатеринбург – Алматы теміржолының бойында, Шет ауданының орталығы Ақсу-Аюлының батысында 100 км, Қарағанды қаласының оңтүстігінде 220 км жерде орналасқан. Іргесі өткен ғасырдың 30 жылдары Қарағанды-Мойынты теміржол құрылысының бойында Ақадыр стансасының ашылуына байланысты қаланған. Халқы 11666 (2006). Ұлттық құрамы: 83 пайызы қазақ, 17 пайызын өзге ұлт өкілдері құрайды. Кентте 1937 жылдан бастап паравоз депосы ашылып, ол 1957 жылы тепловоздары, ал 1982 жылдан бүгінгі күндері электровозды жөндейтін ірі кәсіпорын болып есептеледі. 73-97 ж.ж. Ақадыр ауданының орталығы. 1997 жылы Ақадыр ауданы жабылып, Шет ауданының құрамына берілген. Кенттің әкімшілік аумақтық бағынысындағы елді мекендерде (Ақадыр кенті мен Подхоз ауылы, тағылы, № 906 разъезддері) 4 мектеп, аудандық емхана, ФАП, 4 отбасылық дәрігерлік амбулатория, мәдениет үйі, кітапхана, балалардың өнер мектебі, балалардың өнер мектебі, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, оқу-өндірістік комбинаты, балабақша, «Казақтелеком» бөлімшесі, «Қазпошта» бөлімшесі, басқа да мәдени-тұрмыстық мекемелер бар. Сонымен қатар «Қазақстан темір жолдары» жүйесіне қарасты «Ақадыр электр жабдықтау» (ЭЧ-12), темір жол дистанциясы (ПЧ-26), белгі беру және байланыс дистанциясы (ПЦЧ-21) мекемелері бар. Кент аумағында теміржол жүйесіне қарасты барлығы 14 мекеме, ұжымдар жұмыс атқарады. 46 шаруа қожалығы бар (2006). Аудандық статусы бар №2 Ақадыр аудандық соты, №2 аудандық АХАЖ, кенттік полиция бөлімшесі бар. Кент басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Кеншоқы. КЕНШОҚЫ, ауыл, Шет ауданындағы Кеншоқы ауылдық округінің орталығы. Нұра өзенiнiң анғарында, “Түйетас” тауының етегiнде, аудан орталығы Ақсу-Аюлының шығысында 30 км, Қарағанды қаласының оңтүстік шығысында 150 км жерде орналасқан. Іргесі колхоздастыру кезеңінде 1953 жылы қаланған. Халқы 1100 (2006). Ұлттық құрамы: 98,8 пайызы қазақ; 1,2 пайызын өзге ұлт өкілдері құрайды. 60-90 ж.ж. Кеншоқы атындағы кеңшардың және ауылдық кеңестiң орталығы. Шаруашылықтың мамандандырылған негiзгi бағыттары қой шаруашылығы, қосымша саласы- жылқы шаруашылығы. Жерiнiң жалпы ауданы 250 мың га. Округтің елді мекендерінде (Нұра, Батыстау ауылдары) мектеп, дәрігерлік пункт, мәдениет үйі, кiтапхана бар. Кеншар негiзiнде 61 шаруа қожалығы құрылған (2006). Ауыл басқа елдi мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Ең жақын Жарық т.ж. станциясы 100 км жерде. Шіркеу. Шіркеу(орысша: Церковь) - Христиандар құлшылық ететін ғимарат.Бұл ғимараттар ежелгі Римнен келе жатқан сәулет өнері.Римда оны Рим папасы басқарған.Ол кейін 2-ге бөлінді.Ол католиктік және првославиелік. Ақшатау. АҚШАТАУ, кент, Шет ауданындағы Ақшатау кентінің орталығы. Астана-Алматы автомобиль жолының сол жағында 1,5 км, аудан орталығы Ақсу-Аюлының оңтүстігінде 100 км, Қарағандыдан 220 км қашықтықта орналасқан. Түсті металл мен сирек кездесетін металлдардың орталығы ретінде 1941 жылы «Ақшатауқұрылыс» болып құрылған. 1941 жылдан вольфрам өндіріліп, 1942 жылдан «капитальная» шахтасы, №3 кен байыту комбинатының құрылысы салынды. 1947 жылы Ақшатау кен басқармасы болып, 1958 жылдан Ақшатау кен байыту комбинаты болып қайта құрылды. Оның құрамына Оңтүстік-шығыс шахтасы, Ақжал, Ортау, Қайрақты және Жамбыл рудниктері кірді. Ал, 1987 жылдан «Казвольфрам» өндірістік бірлестігі болып қайта құрылды. 1996 жылы Ақшатау кен-байыту комбинаты банкротқа ұшырауына байланысты жабылды. 1998 жылдан аудан әкімінің басшылығымен кенттің әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру шаралары ұйымдастырылуда. 1999 жылдан бастап Ақшатау кентінің әкімшілік бағынысына Ақшатау мен Қарғалы ауылдары кіргізілді. Халқы 2050 (2006). Ұлттық құрамы: 97,7 пайызы қазақ; 2,3 пайызын өзге ұлт өкілдері құрайды. Жерiнiң жалпы ауданы 224 мың га. Кенттің әкімшілік аумақтық бағынысындағы елді мекендерінде (Ақшатау кенті, Ақшатау, Қарғалы ауылдары) 3 мектеп, жанұялық амбулатория, пошта бөлімшесі, ФАП, кiтапхана бар. Ақшатау кеңшары негiзiнде 40 шаруа қожалығы құрылған (2006). Кент басқа елдi мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Ең жақын Ақадыр т.ж. станциясы 81 км. жерде. Мешіт. Мешіт - Мұсылмандар құлшылық ететін ғимарат. Діни аңыздарға қарағанда алғашқы мешіт 7 ғ-дың 1-ширегінде Мәдине қаласаның жанындағы Құба деген елді мекенде салынған. Төбесі құрма ағашының жапырақтарымен жабылған төртбұрышты үй болған. Мешітке мұсылмандар намаз оқу, діни өсиеттерді тыңдау және қоғамдық мәселерді талқылау үшін жиналатын болған. Мешетің ашық аулалы және төбесі күмбезделіп жабылған екі түрі кең өріс алған. Ашық аулалы түрі, негізінен, араб елдерінде, кумбезді мешіттер Орта Азияда жиі кездеседі. Мешеттің Меккеге қараған қабырғасында мінажат ету үшін жасалған куыс - михраб, оның оң жағын ала құран немесе аят оқу мақсатында орнатылған мінбер болады. Бетпақдала. Бетпақдала – Қазақстанның орталық бөлігіндегі кең байтақ аймақты алып жатқан шөлді өңір. Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары аумағында орналасқан. Батысында Сарысу өзенінің төменгі ағысымен, шығысында Балқаш көлімен, оңтүстігінде Шу өзені аңғарымен, солтүстігінде Сарыарқамен шектеседі. Батыстан шығысқа қарай 500 км, солтүстіктен оңтүстікке қарай 300 км аумаққа созылған. Ауданы 75 мың км2 шамасында. Бетпақдала үстіртті шөлінің орташа абсолюттік биіктігі 300 – 350 м. Абсолюттік биіктігі 200 – 300 м-дей болатын көлемді оңтүстік-батыс бөлігі жазық, ал абсолюттік биіктігі 400 – 700 м-дей солтүстік-шығыс бөлігі қыратты. Палеозой эрасының тау жыныстары (гранит, порфирит, әктас) тереңде жатыр, бетін мезозой мен палеоген кезеңінің шөгінді жыныстары (құмтас, саз, малтатас, құм) жапқан. Ең биік жері – Жамбыл тауы (974 м). Бұл бөлік Сарыарқаның каледондық құрылымының жалғасы. Сай-жыралармен тілімденген Бетпақдала жазығында сор, тақыр және жазда құрғап қалатын тұзды көлдер кездеседі. Көктемде жауын суымен толығып, жазда құрғақ арнаға айналатын Қарқаралы, Қарасу, Талдыеспе сияқты кішігірім өзендер бар. Климаты тым континенттік. Жазы ыстық, құрғақ, қысы суық. Қаңтарда ауаның орташа температурасы –12 – 14ӘС, шілдеде 24 – 26ӘС. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 100 – 150 мм. Қардың қалыңдығы 10 – 15 см-ден аспайды. Тұрақты су көздері болмағанымен, жер асты (артезиан) суының қоры мол. Жайылымдар тереңдігі 10 – 30 м артезиан құдықтарымен суландырылады. Бетпақдаланың топырағы қоңыр, сұрғылт қоңыр. Солтүстігінде жусан басым, шығысындағы шоқылы таулардың тастақты шөлдерінде баялыш, эфедра, тасбұйырғын, орталығы мен батысындағы саздақты жерлерде жусан мен баялыш, оңтүстігіндегі Шу өзені маңындағы құмды төбелер мен қырқаларда сексеуіл, теріскен, еркек шөп, құрғақ арналарын бойлай жыңғыл, тораңғы өседі. Солтүстік-шығысындағы таулы қыраттарда арқар, елік, қасқыр, түлкі; жазықта ақбөкен, алақоржын, саршұнақ, аламан, жылан, кесіртке, дуадақ, құр мекендейді. Бетпақдала – көктемгі және күзгі мал жайылымы. Сарыарқаның оңтүстігі мен Бетпақдала фаунасын сақтау мақсатында қорықшалар (Андасай, т.б.) ұйымдастырылған. Көкпар. Көкпар - қазақтың ұлттық ат спорт ойыны. Ақжар ауданы(Солтүстік Қазақстан облысы). Ақжар ауданы - Солтүстік Қазақстан облысындағы аудан. Аудан орталығы Талшық кенті. Аудан 1997 жылы құрылды. Ақжар ауданы Ленин және Ленинград аудандарының қосылу нәтижесiнен құрылды. Аудан аймағы - 8,04 мың шаршы километр. 2010 жылғы 1 қаңтарға халқының саны 21,4 мың адамды құрады. Халықтың тығыздығы (бiр шаршы километрге) 2,7 адам. Әкiмшiлiк орталығы - Талшық селосы, облыс орталығынан 285 шақырым қашықтықта орналасқан. Ауданда - 12 ауылдық округ, 25 ауылдық елдi мекен бар. Солтүстiгiнде Ресей Федерациясымен, батысында Тайынша ауданымен, оңтүстiгiнде Ақмола облысымен, оңтүстiк-шығысында Уәлиханов ауданымен шектесiп жатыр. Аудан өсiмдiк жамылғысынан дала зонасында орналасқан, бетең, бiркелкi бетең және құрғақ дала зонасында. Аудан аумағының негiзгi топырақ түрлерi: қара топырақ, оңтүстiк қара топырақ, шалғынды, шалғынды қара топырақты, шалғынды-батпақ, сортаң болып келедi. Аудан аумағымен бастауын тыс жерден алатын аудан арқылы өтетiн ұзындығы 80 километр Ащысу өзенi ағып жатыр. Сонымен қатар бiрнеше кiшкене көлдер бар, олар жаңбыр, қар және жер асты суларымен толықтырылады. Ауданда 2010 жылғы 1 қаңтарға 221 кәсiпорын тiркелген, оның iшiнде 1 - iрi, 12 - орта, 208 - шағын кәсiпорындар. Олардан 93 заңды тұлға мемлекеттiк меншiк нысанына, 126 жеке меншiк, 2 - заңды тұлға шетел меншiгi нысанына жатады. Ауданда облыстың ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң 5,8%-ы өндiрiлген (13 876,4 млн.теңге). Өнеркәсiп кәсiпорындарымен (қаржылық емес корпорация секторы) 262,7 млн.теңгенiң өнiмi өндiрiлдi, облыстағы үлесi 0,4%. Өнеркәсiп өнiмiнiң физикалық көлемiнiң индексi 121,1% құрайды. Бөлшек тауарайналымының көлемi (қоғамдық тамақтандырусыз) 319,0 млн.теңге сомасын құрайды. Тауарайналымның физикалық көлемiнiң индексi 82,4% құрады. 2009 жылдың басына аудан кәсiпорындарының негiзгi құрал-жабдықтары 5 926,1 млн.теңге сомасын құрап, тозу деңгейi 22,2% болды. Негiзгi капиталға салынған инвестиция көлемi 708,4 млн.теңге құрады. Пайдалануға 3,2 мың шаршы метр тұрғын үй берiлдi. Ауданның экономикасында 11,9 мың адам жұмыс iстейдi. Орташа айлық жалақы (кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын шағын кәсiпорындарсыз) өткен жылмен салыстырғанда 22,6% өсiп, 36 047 теңгенi құрады. Нақты жалақы 14,6% өстi. Орташа жан басына шағып есептегенде атаулы ақшалай табыс 24 247 теңге құрады. Орташа жан басына шаққандағы күн көрiстiң ең төменгi деңгейiнiң шамасы жыл аяғына 11 113 теңге құрады. Мадрас. Мадрас - Үндістандағы қала. Тамилнад штатының орталығы. Қыз қуу. Қыз қуу - қазақ халық ат спорты. Аударыспақ. Аударыспақ - қазақ ұлттық ат спорты. Теңге алу. Теңге алу - қазақ ұлттық ат спорты. Ертеден келе жатқан ойындардың бірі. Бұл ойын ат спортына жатады. Теңге алу ойыны тегіс жерде өткізіледі. Ойынға жасы 18-ден асқан адамдар ғана қатысады. Ертеде үлкендігі ақ тоқымдай киіздің үстіне 50,20,15 тиындық майда ақшаларды салып қоятын болған. Қазір тақыр жердің ойықтау тұсына ақ шүберекке түйілген зат тасталады. Ойыншылар қос тартпалы мықты ерттелген атқа мініп, 30-40 метрдей жерден шауып бара жатып, ақ киіздің үстінде жатқан тиынды немесе ақ шүберекке түйілген затты еңкейе беріп, іліп кетулері керек. Ақшаны ат үстінен алған адам иеленеді. Ойыншылар атқа мініп немесе бірнеше атпен (әркім өз атымен) кеп ойынға қатыса береді. Алғашқы адам тиынды іліп кетсе, оның орнына тағы да тиын салынады. Ойынға жуас жылқылар пайдаланылады. Ат ойыншының қалауынша шабады, бірақ теңге жатқан жерге келгенде, баяулауға немесе тым ағынды шабысқа салуға болмайды. Моралес, Эво. Хуа́н Э́во Мора́лес А́йма (исп. Juan Evo Morales Ayma, 26 қазан 1959 ж. туды Оринока, Оруро), — Боливия президенті. Ұлты аймара. Хақастар. Хақастар - Ресейдегі түркі тілдес ұлт. Өзбектер. Өзбектер - Өзбекстандағы ұлт. Түркі тілдес халық. Қарақалпақтар. Қарақалпақтар - Өзбекстанның Қарақалпақстан Републикасындағы ұлт. Қырғыздар. Қырғыздар (қырғызша: "кыргыздар"; "кыргыз") - түркі тілдес ұлт. Негізінен Қырғыз Республикасында тұрады. Татарлар. Татарлар - түркі тілдес халық. Ресейдің Татарстан Республикасында тұрады. Түріктер. Түріктер - түркі тілдес халық. Түркияның негізгі халқы. Құмықтар. Құмықтар - түркі тілдес ұлт. Ресейдің Дағыстан Республикасында тұрады. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті. Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті — Қарағанды қаласындағы мемлекеттік жоғары оқу орны. Предыстория. 1938 жылыу решением Совета Народных Комиссаров СССР және Совнаркома КазССР в Караганде открыт Учительский институт. В 1952 году распоряжением Совета Министров СССР преобразован в Педагогический институт. В 1972 году создан Карагандинский государственный университет постановление ЦК КП Казахстана және Совета Министров КазССР «Об организации Карагандинского государственного университета». Когда КарГУ был создан как университет в Казахстане был только один университет КазГУ. КарГУ был вторым университетом. В 1992 году Карагандинскому государственному университету присвоено имя академика Е. А. Букетова. Постановление Совета Министров КазССР. В университете 16000 студентов. В национальном рейтинге 2009 года Министерствы образования және науки среди много профильных вузов КарГУ занял 3-ье место после националных вузов КазНУ им. Аль-Фараби және ЕНУ им. Л.Н.Гумилева. Құрылымы. Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Қазақстан тарихындағы екінші жоғары оқу орны және еліміздің бұрыннан келе жатқан ірі университеттерінің бірі болып табылады. Қазіргі қоғамның дамуы, экономикалық гүлденуі, өмір сапасы, ұлттық қауіпсіздігі білім беру саласының жағдайымен, ғылымның өрістеуімен, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін тәжірибе жүзінде пайдалану тиімділігімен айқындалады. Қазіргі заманда білім беру мен ғылымның құндылығы көпшілікке танылуымен қатар, жалпы адамзаттың рухани қазыналарының қатарына кіреді. Университеттің ерекше миссиясы қоғамның динамикалық дамуының негізі болатын ғылым мен білімнің кірігуімен жүзеге асады. Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті сияқты классикалық университеттер маңызды қоғамдық және мәдени міндетті орындауда. Олар білім беру және ғылым мен ағарту ісінің мұраттарына қызмет етудің, интеллектуалдық еркіндікті іске асырудың, мемлекет пен қоғамның тұрақты дамуына салмақты үлес қосудың, жас ұрпақты тәрбиелеудің үлгілері ретінде қарастырылады. Біздің университет классикалық университеттер дәстүрлерін жалғастыра отырып, университеттік білім берудің тұрақты жоғары деңгейі мен іргелілігін сақтайды. ҚарМУ Қазақстанның ағарту, ғылым мен мәдениет көшбасшыла рының бірі болып табылады. Демек, бұл жоғары білікті мамандардың тұрақты жоғары деңгейін, ұдайы ғылыми ізденісті, еркіндік, қайырымдылық пен әділдіктің адамгершілік мұраттарына бағыт алуды білдіреді. ҚарМУ бүгінгі күні — қарқынды дамып келе жатқан университеттердің бірі. Біз заң, экономика, гуманитарлық, жаратылыстану, педагогикалық және инженерлік бағыттағы 101 мамандық бойынша күндізгі, сырттай, қысқартылған және қашықтықтан оқу түрлері бойынша дайындықты жүзеге асырамыз. Қазіргі кезде 14 факультетте 20 мыңнан астам студент білім алуда. Қазіргі қоғамның қажеттіліктеріне сәйкес біз жоғары оқу орнынан кейінгі дайындықты жүзеге асырудамыз. Бакалавриаттан кейін түлектер білім алуды магистратурада және аспирантурада мен докторантурада жалғастыра алады. Жоғары білікті профессорлық-оқытушылар құрамы университеттің негізгі игілігі болып саналады. Оқытушы корпусының 41 %-і ғылыми дәреже мен атаққа ие. Жыл сайын университет қызметкерлері ғылым кандидаты мен докторы ғылыми дәрежесін алу үшін 30-дан аса жұмыс қорғайды. ҚарМУ-де Кандидаттық және докторлық диссертация қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестер ойдағыдай жұмыс жасауда. ҚарМУ-дің мәртебесі белсенді халықаралық ынтымақтастықпен дәлелденеді. Әр түрлі қоғамдық және мемлекеттік институттар, республиканың, алыс және жақын шетелдің жоғары оқу орындары біздің университеттің серіктестері болып табылады. Олардың кейбіреулерін ғана атап өтейік: Орталық Азия менеджментті дамыту қоры (CAMAN), ИНТАС, ТАСИС, Білім беру және тілдерді меңгеру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі американ кеңесі (АКСЕЛС), ДААД академиялық айырбас жөніндегі неміс қызметі, Британ Кеңесі, Қазақстандағы Франция, Италия, Түркия, Корея елшіліктері, АҚШ-тің Бейбітшілік корпусы, Гете атындағы институт (Германия), Мериленд штатынын, университеті (АҚШ), Экстер университеті (Ұлыбритания), Ионсей университеті (Оңтүстік Корея), М. В. Ломоносов атындағы ММУ, Новосибирск мемлекеттік университеті, Қазан мемлекеттік университеті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚХЭҚИ т. б. Бұл студенттік жинақылықты дамытудың кең өрісі. ҚарМУ-дің еліміздің мемлекеттік жоғары оқу орындарының арасынан бірінші болып халықаралық аккредиттеуден өтіп, Еуропалық менеджментті дамыту қорының (EFMD) сертификатын алғандығы біз үшін үлкен мақтаныш. Бұл — университетімізде берілетін білім са-пасын халықаралық деңгейде мойын-даудың дәлелі. 2005 жылдың мамыр айында ҚарМУ жоғары білім саласын-да беделді халықаралық ұйымдардың бірі болып саналатын Университеттер-дің Ұлы Хартиясына мүше болып енді. Бұл ұйымның штаб-пәтері Италияның Болонья қаласында, Еуропаның ежелгі университетінде орналасқан. ҚарМУ-де тек біздің елдің жастары ғана білім алмайды. Университет қа-бырғасында Қытай, Оңтүстік Корея, Италия, Ресей, Монғолия, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстаннан келген 200-ден аса шетелдік оқушы білім алуда. ҚарМУ-дің дамыған инфрақұрылымы оның бәскелестік қабілетіне қолдау көрсетеді. ҚарМУ құрамында 12 оқу ғимараты, кітап қоры 1,5 млн. дананы құрайтын 16 оқу залы бар ғылыми кі-тапхана, жабдықталған 6 жатақхана, санаторий-профилакторий, студенттік тұрмыстық кешені, 19 кәсіпорынды қо-ғамдық тамақтандыру комбинаты, «Шаңырақ» жастар орталығы, кондитерлік цех, «Аюлы» спорттық-сауықтыру кешені, «Кент» бос уақытты өткізуорталығы, Балқаш, Топар көлдеріндегі демалыс аймақтары, Қарқаралыдағы оқу-сауықтыру базасы, 3 стадион,11 спорттық зал, «Интернет» телекоммуникациялық орталығы, компьютерлік орталық, медиатека, баспахана,оқу теледидары бар. Біздің әрі қарай дамуымыз болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Біздің болашағымыз бұл классикалық университеттің дәстүрлерін жалғастыру, үздіксіз және іргелі білім беруді қамтамасыз ету, халықаралық сапа стандарттарын қолдану, жаңа білім беру технологияларын енгізу, еңбек нарығында өз бәсекелестік қабілетін сақтау, Елбасы Жолдауы ережелеріне негізделген әлеуметтік саясатты жүзеге асыру болып табылады. Халақаралық білім-ғылым ұйымдарына мүшелігі. Международная академия наук высшей школы (IHEAS, МАН ВШ); Великая Хартия Университетов (Magna Charta Universitatum); Консорциум экономических исследований және образования (EERC); Международный проект по экономическому образованию (B&EE). Европейская комиссия по образованию және культуре ТЕМПУС/TEMPUS; Европейская комиссия по образованию және культуре ЭРАСМУС МУНДУС/ERASMUS MUNDUS; Ассоциация глобальных университетов дистанционного обучения Association of Global Universities In Distance Education/GUIDE; Британский совет по образованию (British Council) при Посольстве Великобритании в Казахстане; KOICA/Корейское агентство по международному сотрудничеству про Посольстве Республики Корея в Республике Казахстан; Международный совет по сотрудничеству және обмену (IREX, Госдепартамент США); Международное агентство SGS по сертификации систем менеджмента качества (Казахстан-Швейцария); Ассоциация учреждений образования «Education Network» Казахстан-Кыргызстан; Американский совет по сотрудничеству в области образования және изучения языков (ACCELS); Институт географии, археологии және земельных ресурсов университета Эксетер (Англия); Московский государственный университет им. М.В. Ломоносова; Консультационно-образовательный центр «Білім – Центральная Азия» Торгово - промышленная палата Карагандинской области 1,7 млн. қазақ, орыс, ағылшын, неміс, француз, корей және басқа тілдерде кітап түрінде және электрондық баспалар 2008-2009 оқу жылы - 13597 адам, оның ішінде грантта - 479. 2008-2009 оқу жылы - 316 адам, оның ішінде грантта - 250. Научно-исследовательские институты - 4 (НИИ технической физики және проблем экологии, НИИ химических проблем, НИИ рыночных отношений, НИИ специального материаловедения); Периодический научный журнал "Вестник Карагандинского государственного университета", входящий в перечень, утвержденный Комитетом по надзору және аттестации в сфере образования және науки, для публикации основных результатов диссертаций (серии: "Математика", "Физика", "Химия", "Биология. Медицина. География", "Экономика", "Педагогика", "История. Философия. Право", "Филология"); - международный журнал "Eurasian Physical Technical Journal". лауреаты государственных научных стипендий для научных специалистов, внесших выдающийся вклад в развитие науки және техники - 14 лауреаты государственных научных стипендий для талантливых молодых ученых - 35 победители конкурса на звание лучшего преподавателя вуза - 31 лауреаты именных премий им. Д.А. Кунаева для молодых ученых в области науки - 3 Калининград. Калининград - Ресейдегі қала. Калининград облысы орталығы. Курчатов. Курчатов - Қазақстанның Шығыс Қазақстан облысындағы қала. Ядролық зерттеу полигонын құру туралы шешім ССРО Министрлер Кеңесінің және КОКП Орталық комитетімен 1947 жылы 21 тамызда қабылданды. Полигон «Оқу полигоны» ауызша аталды, шифр әскери бөлім 52605. Полигонның қалыптасуы Москва облысының Звенигород қаласында басталды. Алғашқы әскери бөлімдер мен жеке бөлімшелер 1947 жылғы 1 маусымнан бастап Павлодар облысының Майский ауданының Молдары поселкесіне қоныс аудара бастады. Полигон Қазақстан Республикасының Семей, Павлодар, Қарағанды облыстарының аумақтарында орналасқан. Жалпы ауданы-18500км кв., периметр-600 км-ге жуық. Аталған облыстардың тәрбітіне 54%, 39%, және 37% полигон аумағы тиіс келеді. Полигон сынақтарына дайындық жұмыстары 1949 жылғы шілде айында аяқталды. Сол жылдың 29 тамыз айында ССРО-да алғаш ядролық құрылғының сынағы өткізілді. Сынаққа тікелей ғылыми жетекшілік И.В. Курчатов атқарды. 1953 жылғы 12 тамызда полигонда алғаш термоядролық құрылғы, 1955 жылы 22 қарашада – сутегі бомбасы сыналды. Ядролық сынақтар ядролық жарылыс құрылғылары және қарулардың үлгілерін сынау мақсатында өткізілді. Кейіннен халық-шаруашылық мақсатта өткізілді. Полигон күрделі ғылыми-зерттеу кешені болып саналды. Құрылымы жағынан ол базалық Курчатов қаласынан тұрды.(ауд. «М»), «Балапан» лабораториялық -эксперименттік базасымен,пл. «№ 10», пл. «Дегелен», пл. «Ш». Сынақ алаңдары құрылысымен қатар сынақ алаңынан 130 км Семей қаласынан батысқа қарай орналасқан тұрғын әкімшілік орталық салына бастады. Алғашқыда тұрғын қалашық әскери гарнизон қызмет істеді, Семей- Конечная бекеті теміржол магистралі құрылысының аяқталуынан соң айрықша құпиялылығына байланысты «Москва-400» атауына ие болды. 1947 жылдан бастап қала статусына ие болып, Курчатов аталынды. Әлемге Семей-21 ретінде белгілі (пошта бөлімшесі). Қаланың тарихы ядролық қару базасының құрылу тарихымен ажырамас байланыста. Өзінің тарихындағы ең сұрапыл Ұлы Отан соғысында қорғаныс сипаттағы күрделі мәселелер шешімімен, 1947 жылы ССРО МК және КОКП ОК қаулысымен Тау сейсмикалық бекеті (ТСБ), атомдық зарядтарды табиғи сынау үшін «905» обьектісі құрылды. ОП-2 алашқы командирі артиллерия генерал-лейтенанты Рожанович Петр Михайлович (1948 жылғы ақпан- қыркүйек). Оны артиллерия генерал- майоры Колесников Сергей Георгиевич алмастырды. Семей сынақ полигонының соңғы командирі Коноваленко Юрий Владимирович болды. Алғашқы дайындыққа жетекшілік етуші Игрь Васильевич Курчатов болды. Әскери құрылысшылар 1947 жылы Ертіс өзенінінң жағасына (Обь өзенінің үлкен сағасы, Қазақстанның маңызды өзендерінің бірі) орналасты. Семей қаласынан шамамен 130 км, ағыстан төмен қарай тұрғын-үйлердің, әкімшілік ғимараттардың, техникалық құрылғылардың құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіле бастады. Бос орында құрылыс бастау қиынға соқты. Жеке құрам үшін шатырлы қалашық, өзен ағысына жақын жерде су ысыту үшін темір бөшкелері бар моншалар жасалды. Сонымен қатар сәскерлерге жертөлелер жасау үшін жер қазылып, фашиналар тоқылып, орманнан тіреулер алынып, жертөлелерді фашиналармен жауып, үстінен құм себілді. Офицерлер жертөлелері тақтаййшалармен жабылып, ішінен фанералармен қоршалды. Әскерлерде қыс бойына тамшылар тамып, әсіресе жылынған мезгілде тоқтамады.Отынның жеткілікті мөлшерде болмауы офицерлер үйінің қабырғаларында шық қырау қабаттарымен қапталатын. Қыс (әсіресе 1948 жылы) өте қатты болды, 40-50 градусқа дейін жететін және қол және аяқ саусақатарының үсініп, кестіру жағдайлары жиі болған. Ақпан айларының аязынан, боранынан жертөлелер есіктері жабылып қалып, көбінесе аршып алуға тура келетін. Жеке құрамға азық-түлік жеткізу үшін автожолдардың болмауынан күніне 300гр. Нан ғана жеуге рұқсат етілген. Полигондағы өмір сүру жағдайы майдандағыдан кем болған жоқ: сол сияқты жертөлелер, жол қазандық азықтану, заттық, саудалық аттестаттар, жанұядан алыстатылу, қатаң жағдай режимі. Қойылған мәселелерді орындау, үлкен ерік күші, шыдамдылық, жеңімпаз елге деген сүйіспеншілік, әскери құрылысшаларға, командирлерге подполковник Барсуков В.М., Подполковниктер Евтиков М.А., Евдокимов А.А., Тран В.И. және басқаларына өте қысылтаяң мерзімде,1949 жылдың шілде айына дейін ядролық қаруларды сынау құрылғылары мен объектілерін дайындауды аяқтау қажет болды. Қатарлас құрамына 2 құрылыс полкі кіретін 31516 әскери бөліміне жүктелген тұрғын қалашық құрылысы (М алаңы) басталды. Әскери құрылысшалардың алдына заманға сай, толық ыңғайластырылған әскери қалашық салу міндеті қойылды. Бұл міндетті 53 инженерлік-құрылыс полкі орындады. Біртіндеп қалашық өсе бастады, адамдар өмірі ыңғайлана бастады. Жеке құрам жертөлелерден тұрғын үйлер мен казармаларға көшті және алғашқы құрылыс болып Ленин көшелеріндегі үйлер және ЖПО, 52605 ә-б гарнизондық штабы болды. Полигон басшысына арналып коттедж салынды, бірақ оған бірінші жарылыста Л.П. Берия өз қорғаушыларымен қоныстанды. 1949 жылы «Офицерлер үйі» пайдалануға енгізілді. 1950 жылы –су тазалау құрылығысының барлық кешенімен су алу бекеті құрылысы аяқталды. Ең алғашқы 36 пәтерлік үйлер 1952 жылдың жазында берілді. Бұл Первомайская 32, (құрылысшылар үйі) және Молодежная,2 (Победы). Екі қабатты казарма, госпитальдің хирургиялық бөлімі1953 жылы аяқталды. Ертіс жағасындағы жағалау сатыларымен тас қалауларыман 1954 жылы құрылған. Офицерлердің жанұяларына келуге 1952-1953 жылдары ғана рұқсат етілді. Тұрғын үй мәселелерін шешу үшін 2-3 айға созылған үлкен бетондардан үйлер кварталдарын салу басталды. 1956-1958 жылдары гарнизонда моншалық-кір жуу комбинаты, монша, жаңа наубайхана, Универмаг салынған. 1955 жылдан бастап кең көлемде тұрғын қалашықты жасылдандыру және көркейту басталды.1960 жылы жасыл алқаптар 95 га. ауданды алды, 35 сәндік және 2 мың жеміс ағаштары сонымен қатар көптеген гүл түрлері болды. 1957 жылдың маусым айында 31516 ә/б құрамына Шаған бекетінде орналасқан (240 объект) бөлімдер кірді. Олардың құрамында 7-ші,16-шы бөлек аэродромдық-құрылыстық полктер,708 участок арнайы жұмыстар, 412 жеке монтаждау ротасы және 1008 әскери госпиталь болды. Бұл бөлімдер 1946-1947 жылдары құрылды және 1954 жылы объектіге қорғаныс құрылысының айрықша маңызды жұмыстарын орындау үшін келді. Көптеген арнайы және ұрыс кешендері салынды, ал 240 обьект ресми емес атауы «Половинкада» біздің қалашыққа кіші ағайын біздің қалашығымыздан көлемі жағынан біраз кішірек қалашық өсіп келді. «О» алаңы Ертістен шамамен бір жарым километрдей жерде сынақ полигонының ғылыми-тәжірибелік бөлімі (ҒТБ) салынып, қоршалды. Бұл аумаққа бірнеше қызметтік ғылыми-зерттеу лабораториялары (биологиялық, радиохимиялық, физикалық өлшеу) ғимараттар және әскери техниканы сынау секторы, қазіргі уақытта –Радиациялық Қауіпсіздік және Экология Инсититуты салынды. «Ш» алаңы 1949-1962 ж.ж. мерзімінде атмосфералық сынақ жүргізу үшін қызмет етті. Барлығы 130 атмосфералық сынақ жүргізіліп,оның 30- жерүсті ядролық сынағы болды, кейіннен алаң ядролық физика саласының тәжірибелерін өткізуге, және әскери техникаларды сынауға пайдаланылды. Алаңда зерттеу ядролық реакторы, «Сияние» стендтік кешені, 330 орынға арналған 6 қонақ үйі, 4000 адамдық казарма орналасқан. «Балапан» алаңы Жерасты бұрғылау сынақтарын өткізуге және кәдімгі жарылғаш заттармен моделдік тәжірибе жасауды өткізуге қызмет еткен. Алаңда 131 жерасты бұрғылау сынақтары, 33 шахталық жіберу қондырмаларымен, сынауға арналған кең масштабты эксперимент өткізілген, қондырмалардың және инженерлік байланыстардың арнайы форты болды. 850 орындық 5 қонақ үйі,1100 адамдық казарма болды. 1988 жылы ССРО мен СҚШ арасындағы келісім бойынша (1974 жылғы 3 шілдедегі жерасты ядролық қаруларын сынауды шектеу туралы) бақылау жөнінде біріккен эксперимент өткізілді (ББЭ). ББЭ жерасты жарылыстарының параметрлері болды. Атомдық реакторлар мен жаңа технологиялардың мемлекеттік ғылыми орталығының базалық алаңы болды. («Луч» ғылыми-өнеркәсіптік бірлестігі). Мұнда екі зерттеу реакторлары, 3 7000 орындық қонақ үйі, 524 адамдақ казарма болды. «Дегелен» алаңы Жерасты штольнядағы ядролық сынақ өткізуге арналған. Барлығы 233 сынақ өткізілген. Алаң физикалық тәжірибелер өткізуге перспективалы болған. Таулы- техникалық және құрылыс-монтаждық өндірістік-техникалық базасы, 1200 орындық қонақ үйі, 1100 адамдақ казарма болды. Барлық тәжірибелік алаңдарда жауынгерлік клуб, монша, орталық жылу беру, су құбыры, су жіберу құбырлары болды. Курчатовта ғылыми-зерттеу лабораторялар, жинақталды, дәрігерлер және биологтар, математиктер мен физиктер сонымен қатар шахтақұрылысшылары өндірістікбазасы, бұрғышылар, геологиялық барлаушылар,құрылысшылар орталығы жинақталды. Бұл ағаштармен көмкерілген, фонтандары бар, бақтары, балалар алаңы, аэродром, теміржол. Автобус бекеттері бар сонымен қатар Мәдениет сарайы, музей, өзінің теледидары, газеті бар әдемі қала болған. Тәулік бойына күнімен, түнімен сынақ алаңдарымен,орталықпен байланысты ұстау және қорғау жөніндегі күзет антеннелеры, радарлық құрылғылардың айналары аспанға қарап тұратын. Бұл Әскери-өндірістік кешеннің (ӘӨК) гүлденіп келе жатқан жабық қалашығы болатын. Мұнда зерттеу және тәжірибе жасауға арналған барлық жағдай жасалды. Қалада белгілі кеңес физактері И. Курчатов, Ю. Харитон, А. Сахаров, Я. Зельдович өмір сүріп, қызмет еткен. Оларды ядролық қарудың әкелері деп атайды. 1990 жылы қала халқа 200 мың адамда құрады. Курчатво сынаушылардың бас лабораториялық-эксперименттік базасы болып саналды. Қаланың тұрғын үй қоры 175056 кв.м, оның 69500 әскерилерге арналды. Қалада грунталған қону жолымен аэродром, 10 тонналық сүт зауыты, 143 тонналық нан зауыты, тәулік бойы өнімдер, 1150 орындық 8 мектепке дейінгі мекеме, 3000 орындық мектеп, 50 койкалы әскери госпиталь, дәрігерлік-санитарлық бөлім, «Болшевичка» тігін фабрикасының филиалы, ұсақ кәсіпорындар мен кооперативтердің бірқатары болды. Радиактивті газадардың сынақтан соң жер бетіне тастау 1989 жылғы 19 ақпандағы ядроға қарсы күшті қозғалыс «Невада- Семей» пайда болуына себеп болды. ҚР Президентінің 29.08.1991ж. № 409 Семей полигонын жабу туралы Жарлығынан кейін қалада күрделі жағдай пайда болды. Ресей әскери бөлімдерінің полигондардан тездетіп жиналуы және дислокациялануы барлық ғылыми-өндірістік құрылым мен қаланың әлеуметтік саласын толығымен бұзылу қатеріне әкелді. Ел басшылығының Курчатов қаласы аумағында орналасқан сәйкес ғылыми ұйымдар мен объектілері және бұрынғы Семей сынақ полигоны кешенінің базасында ҚР ұлттық ядролық орталығын ұйымдастыру туралы шешімі ғылыми потенциалды сақтап қалуға себеп болды. ҚР ҰЯО қалада маңызды шетел инвестициясын тартуға және қосымша жұмыс орындарының пайда болуына септігін тигізді. Полигон дамуының ғылыми-техникалық потенциалды конверсиялау және жаңа технологияларды пайдалану мақсатында 1995 жылы қазақстан-американдық «СЕМТЕХ» кәсіпорын құрылды. 1996 жылы–«КК Интерконнект» негізігі профилі электронды құрылғылар мен печатті платаларды өндіру болып табылатын кәсіпорны құрылды. Геологиялық барлау жұмыстарымен қазақстан-американдық «ФМЛ Казахстан» кәсіпорны айналысады. ССП аумағына болашағы зор қазба байлықтары концентрациясы сипат алып келеді, бірінші кезекте, алтын мен мыс, сонымен қатар руда емес шикізаттары да байқалған. Қала аумағында «габбро» табиғи тасын қазу және өңдеу жұмыстарымен «Дегелен» кәсіпорны айналысады. Курчатов қаласы - бұрынғы Семей сынақ полигонының орталығы. Шығыс Қазақстан облысының батысында орналасқан. Қаланың геофизикалық координаттары СШ 50 44.3-5046,2 және ВД 7830,5-7833,7 құрайды. 11 мың гектар ауданды құрайды. Курчатов қаласының құрамына Курчатов қаласының өзі, Дегелен бекеті (2 км) және Молдары селосы (3-4км)кіреді. Көрсетілген тұрғын пункттері ерікті емес, және есепке кірмейді. Климат. Курчатов қаласы Павлодар облысының Ертіс өзенінің сол жағалауында құрғақ агроклиматты зонада ГТК 0,3-0,5 –ке тең (жазық бозалы-бетегелі дала кіші зонасына жатады) орналасқан. Мұнда климат күрт континентті. Оған тән: көктем-жазғы мерзімде құрғақшылық, жыл бойына атмосфералық жауын-шашынның мөлшері жеткіліксіз әрі тұрақсыз, жыл бойына әсіресе көктем мезгілінде желді болады, жазды жоғары, қыста төмен ауа температурасы тән. Орташа көпжылдық жауын-шашын мөлшері 250 мм-ге дейін, мұнымен қоса интенсивті вегетациялану кезінде (мамыр-шілде) 90 мм-ге дейін ғана жетеді. Қар жамылғысының биіктігі көп емес, қыста ашық алаңдарда 13 см-ді құрайды. Жылдық орташа температура қалыпты және +2,4градус. Өзге жылдарда максималды температура +40-42 градус, минимальды –48,-49. Ең жылы ай-шілде, ең суық айлар- қаңтар және ақпан. Басым желдер оңтүстік-батыс және батыс бағыттағы желдер, олардың күшеюі сәуір, мамыр, маусым айлары болып табылады. 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға қарағанда қалада 9900 адам, 2003 жылмен салыстырғанда халық саны 400 адамға көбейген. Ұлттық құрам: Қазақтар-3,14 мың адам (31,7%), орыстар-5,96 мың адам (60,2%), басқа ұлттар –0,8 мың адам (8,1%). Қаланың өмір суруі мен барлық қызметін қамтамасыз ету көзі республикалық бюджет. Қалада 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 104 барлық меншіктік нысандағы заңды тұлғалар тіркелген, олардың: шағын-92, орташа-8, ірі-4. Әрекеттегісі-74 кәсіпорын. Өндіріс: Курчатовта 6 әрекеттегі өндірістік кәсіпорын бар: “Коммуналдық көпсалалы пайдалану кәсіпорны” МҚК (сумен, жылумен қамтамасыз ету), ШҚ АЭК Курчатов филиалы (электрэнергиясын өндіру), “КК Интерконнект” (электронды құрылғылар мен печатті платаларды өндіру), «Азот» ӨК (газтәрізді және сұйық оттегін, ацетилен өндіру), «Луч» КИП ЖШС (салмақты өлшеу жүйесін өндіру және қызмет көрсету), «Дегелен тас» ЖШС (табиғи тастар мен өңдеу плиталарын өндіру). Ауылшаруашылығы. Қала аумағында ауылшаруашылығы және шаруа қожалығы тіркелмеген, бірақ халықтың қосымша шаруашылығы мен саяжайлық кооперативтері бар. Кәсіпкерлік. Салық комитетінің мәліметтері бойынша қалада 629 адам айналысатын 292 шағын кәсіпкерлік субьектісі, тіркелген. Оның ішінде: 29 шағын кәсіпкерлік, 98 жеке тұлға патентпен жұмыс істейді, 98- куәлікпен, 67- жай декларациямен жұмыс істейді. Қалада 3 наубайхана жұмыс істейді (Надеев, Вдонин, Ковалева). Жеңіс ескеркіші 1985 жылы Павлодар қаласының сәулетшісі, 31516 ә/б әскери құрылысшылырмен және 52605 ә/б әскери құрылысшыларымен салынған. Ескеркіштің ашылуы 1985 жылы 9 мамырда болған. Әскери құрылысшыларға арналған ескерткіш 1972 жылы салына басталған. 10 тамызда оның ашылуы болған. Сәулетшісі- Ресей Федерациясының мәдениетіне еңбегі сіңген сәулетші- Корнеев Георгий Александрович. Ескерткіш қаланы тұрғызған әскери құрылысшылар құрметіне салынған (1947-1972). Шорлар. Шорлар - Ресейдегі түркі тілдес ұлт. Хромтау. Хромтау - Ақтөбе облысындағы қала. Нұра. Нұра — Қазақстандағы өзен. Сағасы Теңіз көлі. Ертіс. Ертіс (,) - Солтүстік Мұзды мұхит алабында жатқан өзен, Обь өзенінің сол жақ саласы. Қазақстан жерінде Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары арқылы ағады. Жалпы ұзындығы 4248 км, оның 1698 км-і Қазақстан жерінде. Су жиналатын алабы 1643 мың км2. Бастауын Алтай (Қытай) сілемдерінен (Найрамдалы тауынан) алады. Зайсан көліне дейінгі бөлігі – Қара Ертіс, көлден төмен қарай Ақ Ертіс немесе Ертіс деп аталады. Арнасы бастау жағында, негізінен, қар, мұз суымен, орта және төменгі ағыстарында қар, жаңбыр және жер асты суымен толығады. Алабы Алтай тауларының оңтүстік-батысын, Тарбағатайдың солтүстік-батыс баурайын, Сарыарқаның солтүстік-шығысын, Ресей жерінде Батыс Сібір жазығы мен Шығыс Орал етегін қамтиды. Қазақ жерінде Ертіс ағынын Қатын, Қалба, Нарын, Тарбағатай және Сауыр жоталарынан, Құлынды даласынан жинайды. Көп жерінде тау сілемдерін тіле терең шатқалдар қалыптасқан. Бұл тұста жағаларының биіктігі 500 м-ге жетеді. Құлынды даласында өзеннің арнасы кеңейіп, жайылмасы пайда болады. Таулық аңғары (250 м биіктікке дейін) қылқан жапырақты орманды, оң жағы көбіне қарағайлы шабындықты келеді, осы тұстағы арнасының ені 100 – 150 м, Омбы қаласы тұсында 6 – 8 км, Тобыл қаласы тұсында 25 – 30 км-ге жетеді. Қазақстандық бөлігіндегі басты салалары – Есіл, Тобыл, Бұқтырма, Шаған, Үлбі, Шар, Күршім, Үлкен Бөкен, Қалжыр, Нарын, Алқабек, Ұлан, Қайыңды; Ресей аумағындағы салалары – Вагай, Конда, Омь, Тара, Демьянка. Жылдық ағынын реттеу және электр энергиясын алу үшін өзен бойында Бұқтырма, Өскемен, Шүлбі бөгендері салынған. Сарыарқа аймағындағы табиғи қорларды игеру мақсатында Ертіс – Қарағанды каналы тартылған. Көліктік маңызы зор, сағасынан 3784 км-ге дейін кеме қатынайды. Қазақстан аумағындағы ірі айлақтары мен қалалары – Өскемен, Семей, Павлодар; Ресей аумағында Омбы, Тобыл, Ханты-Мансийск. Су энергетикалық қорына бай: жылына 30 млрд. кВт/сағ электр энергиясын өндіруге мүмкіншілік бар. Өзенде сүйрік, сылан, шортан, алабұға, елең, т.б. балықтар бар. Сазан, табан, көксерке және Байқал омулі жерсіндірілген. Шахтер футбол клубы. Шахтер - Қарағанды қаласының футбол клубы. Клери Куок. Клери Куок Тайуан елінің поп әншісі. Ол 1980 жылы Гонг Конгта туған, бірақ жастайынан Тайуанда өсті. Жайық-каспий теңіз каналы. Жайық-Каспий теңіз каналы . Жайықтың атыраулық бөлігіндегі су жолы. Жалпы ұзындығы 56 км, оның 20 км-дейі Каспий теңізінің солтүстік таяз бөлігімен өтеді. Орташа тереңдігі 4,4 метр, ені 90 метр. Атырау қаласына теңіз кемерінің еркін қатынауына мүмкіндік береді. Жағасында Тасқала, Жаңаталап, Атырау, Дамбы елді мекендері орналасқан. Атырау мұз айдыны. Атырауда мұз сарайының құрылысы 2008 жылы қазан айында басталды. Ол 2009 жылы маусымда тапсырылды. Нысанның құны 1,5 млрд теңгеге бағаланып отыр. Мұз айдынының жобасы алматы жобалаушыларымен дайындалған. Мұз айдынының жалпы көлемі 6 мың шаршы метрді құрайтын болады. Ғимараттың негізгі бөлігінде ауқымы 61 де 30 шаршы метрге жететін 800 көрерменге арналған зал және мұз айдыны орналасты. "Қосымша бөліктер спортсмендер мен көрермендерге қызмет көрсету бөлмелерінен құралады. Онда киім-ауыстыру, шайыну бөлмелері, медициналық, баптаушылар, қазылар бөлмелері салынады. Сонымен қатар, ғимараттың бірінші және екінші қабатында фойелер, 40 орынға лайықты асхана, бильярдтық зал жұмыс істейтін болады ", - деп хабарлады облыстық құрылыс департаментінде. Атырауда алғаш рет"Бейбарыс" хоккей командасы құрылып, олар биыл алғаш рет Қазақстан чемпионатына қатысып, өнер көрсетеді. Қазірдің өзінде мәнерлеп сырғанаудан спортшылар дайындығы басталды. "Халық қаһарманы" Х.Доспанова атындағы мұз айдыны сарайы маңында болашақта спорт қалашығы бой көтереді. Қазақша бағдарламалық өнімдер тізімі. Қазақша бағдарламалық өнімдер тізімі - бұл тізімде дербес компьютерлер амалдық жүйелерінің қоршаған ортасында жегілетін және тілдесуі қазақ тіліне ресми түрде жерсіндірілген бағдарламалық өнімдері келтіріледі. Керней руы. Керней руы - Қазақ халқының Орта жүзінің Арғын тайпасының Қаракесек бұтағынан тарайтын ру. Мекен ететін жерлері Қарағанды облысының Шет ауданының Ақшатау, Ақжал кеттерінің маңы. Кернейден 4 ата тарйды: Балта, Шаң, Дау, Самырза. Құлан (хайуан). Құлан - шөпқоректі сүтқореті жұптұяқты жануар. Орталық Азияда мекендейді. Қоян. (Leporidae латынша) қоян - отрядтың сүтқоректiсi шындығында өзiне (Lepusтың тегi негiзiнен, бiрақ Pronolagus және Caprolagus сонымен бiрге) қоян қосатын үй-iшi қоян тұқымдас. Зайцтар Австралия және көбiне адамдармен апарған түкпiр Аралдардан басқа дүние жүзiнде жайылған. Дамыған артқы шектiлiктер, ұзын Уштардың шақылдақтарынан және құйыршықтың бар болуларымен айырмашылығы болады. Кірпі. Кірпі - сүтқоректі жануар. Бір кірпіде 7-8 мың ине болады. Мысық. Мысық, әлде үй мысығы латынша ма lis silv меstris c пеtus) - малдың (қатар итпен) үй жануары, бiрi өте әйгiлi. Зоологиялық көзқарастармен, үй мысығы - мысық отрядтарының сүтқоректi үй-iшiлерi жыртқыш аң. Бұрын үй Кошкосын жеке биологиялық түрлердi жиi сияқты қарады. (Felis silvestris catus) үй мысығы көздiң нүктесiмен қазiргi биологиялық жүйелеу (Felis silvestris) орман мысығының түр тармағы болып табылады. Майда малдары тағы басқалар Грызуновқа жеке аңшы бола тұра, мысық - дыбыстық сигналдардың кең диапазонның қарым-қатынасы үшiн қолданушы әлеуметтiк мал сонымен бiрге феромондар және дене қимыл. 1640 жыл. 1640 жыл —Гурьев (Үйшік) қалашығының іргесі қаланды. Карелия Республикасы. Карелия Республикасы — Ресейдің солтүстік-батысындағы республика. Астанасы — Петрозоводск. Петрозаводск. Петрозаводск - Ресейдегі қала. Карелия Республикасының астанасы. Екатерина II. Ұлы Екатерина II (Екатерина Алексеевна; туғандағы аты-жөні София Фредерика Августа Ангальт-Цербстская,) — 21 сәуір (2 мамыр) 1729, Штеттин, Пруссия — 6 (17) қараша 1796, Зимний Дворец, Сән-Питербор — орыстың ұлы императоры (1762-1796). Оның билік құрған уақытын Ресейдің Алтын Ғасыры деп санайды. Атырау аграрлы техникалық колледжі. Атырау аграрлы техникалық колледжі - 1948 жылы 18 шілдеде Мақат ауданындағы Ескене өндірістік орталығында зоотехникалық-мал дәрігерлік техникумы болып ашылды. Алғашында екі мамандық бойынша (зоотехник, мал дәрігерлік) мамандар даярлады. Колледж тарихы. 1952 жылы алғашқы техникум бітірушілер ауыл шаруашылық жұмыстарына кірісті. 1953 жылы техникум облыс орталығы Атырауға көшірілді. 1954 ж. техникумның сырттай оқу бөлімі ашылды. 1962 ж. 14 шілдеде техникум ауыл шаруашылық техникумы болып қайта құрылды. Қайта құрылуына байланысты техник-механик, агроном, бухгалтер т.б. мамандықтар қосылды. 1976 жылдан бастап техникум типтік жүйедегі оқыту кешеніне көшті. 1990 ж. техник-механик мамандығының практикалық оқыту корпусы іске қосылды. Соңғы кездегі ауыл шаруашылығын басқарудағы және оны ұйымдастырудағы өзгерістерге байланысты техникумның оқыту жүйесіне, мамандар даярлау саласына да өзгерістер енді. Кейбір мамандықтар қысқарып, оның орнына жаңа мамандықтар енгізілді. 1996 жылдан Ауыл шаруашылық колледжі, 1997 ж. Теңіз балық өнеркәсібі колледжімен қосылып, Аграрлық техникалық колледж болып қайта құрылды. 1997 жылдан бастап 10 сала бойынша мамандар даярлайды. Колледж директоры Б.Қ. Сандыбайұлы. Шуаштар. Шуаштар - түркі тілдес халық. Ресей құрамына кіретін Шуашстан Республикасының халқының негізін құрайды. 2002 жылғы халық санағы бойынша Ресейде 1 637 200 шуаш тұрған, солардың 889 268 Шуашстанда. Шуаштар Башқұртстанда, Татарстанда, Самара, Ульяновск, Тюмень, Ростов, Волгоград, Кемерово, Орынбор, Мәскеу облыстарында, Красноярск өлкесінде, Мәскеу қаласында тұрады. Жалпы дүние жүзінде 1 800 000-тан астам шуаш бар. Қалған шуаштардан көбі Украина, Қазақстан және Эстонияда тұрады. Шуаштар Шуашстанда тұратын халықтың 67% құрайды. Шуаш халқының атауы бұлғарлардың сувар немесе суваз тайпа одағының атауынан пайда болған болвп саналады. Ал олар савирлардан шыққаны туралы мәлімет бар. Қазіргі таңда шуаштардың арасында православ христиандар, мұсылмандар бар. Өз нанымдарын сақтаған да шуаштар бар, олар негізінде Татарстанда, Башқұртстанда, Шуашстаннан тыс жерде шағын шуаш елді мекендерінде тұрады. Приштина. Приштина - тәуелсіздігі жартылай мойындаған Сербияның құрамынан шыққан Косово деген елдің астанасы. Косовоның тәуелсіздігін мойындамаған мемлекеттерінің көзқарасы бойынша Сербияның территориясында орналасқан қала. Дяо Чань. Дяо Чань(қытайша 貂蝉) - ежелгі Қытай тарихы туралы мәліметтер беретін Үшпатшалық кезеңі туралы романының кейіпкері, Қытайдың төрт аруының бірі. Біздің дәуіріміздің екінші ғасырының екінші жартысында өмір сүрген. "Ай тұтынған Дяо Чань" (闭月貂蝉)ретінде белгілі еді. Он төртінші ғасырында жазылған Үшпатшалық кезеңі туралы романы бойынша Дяо Чань сұлу үшпатшалық кезеңінің алдында болған Шығыс Хань әулетінің белгілі мемлекет қайраткері Вань Юньның тұсындағы болған. Вань Юнның жоспары бойынша Дяо Чань жауыз Дун Цзо менен оның тұсында жүріп қызмет еткен Люй Бу деген жауынгердің арасында жанжалтуғызған. Хань әулетінің жоғары деңгейлі мемлекет қайраткері Дун Цзо да оған қызмет еткен жауынгері Люй Бу да сұлу Дяо Чаньға ғашық болып, бір - біріні жек көруге бастады. Ақырында Люй Бу өз мырзасын өлтіріп, Вань Юнның жоспарын өзі білмей өз қолымен орындады. Аңыз бойынша "Дяо Чань керімнің сұлулығын көріп, ұят болғаннан айдың өзі тұтылды" деп, Дяо Чаньды солай сипаттайды. Қызыл. Қызыл (тыуаша: "Кызыл",) - қаласы - Тыуаның елордасы. Ресей Федерациясының ең ірі экономикалық, саяси, ғылыми және мәдени орталықтарының бірі. Қорған. Қорған - () Ресей Федерациясындағы қала. Қорған облысының орталығы. Ханты-Мансийск. Ханты-Мәнсі (lang-ru: Ханты-Мансийск) - Ресейдегі қала. Ханты-Мәнсі аутономиалы аймақтының орталығы. Таулы-Алтай. Таулы-Алтай (орысша - Горно-Алтайск) -- Ресейдегі қала. Алтай Республикасының астанасы. Хойл, Фред. Фред Хойл — ағылшын астрономы және математигі. Йоркширдегі Бинглиде 1915 жылы дүниеге келген. Ол салыстырмалылық теориясының теңдеулері мен қазіргі физиканы космологияға қатысты алғаш рет қолданған. Хойл квазарлардың болуға тиіс екендігін теория жүзінде дәлелдеп шықты, кейінірек олардың табиғатта бар екендігі анықталды. Оның ғылымға жасаған тағы бір үлесі — химиялық элементтердің барлығы сутегіден дамып шыққаны туралы теория. Ол Үлкен жарылыс деген ұғымды алғаш ұсынған. Airbus A320. Airbus A320 қысқа және орта қашықтықтарға арналған коммерциялық жолаушы тасымалдайтын ұшақтар жанұясы. Airbus A320 жанұясы A318, A319, A320, және A321 ұшақтарынан құрылған. Ең алғаш 1988 жылы шығарылған, A320 бірінші болып сандық fly-by-wire flight control жүйелерін коммерциялық ұшақта қолданған. Барлығы 3,800 ұшақ құрылған A320 жанұясы әлемдегі Boeing 737 кейін екінші ең көп сатылған ұшақ болып табылады. Түрлері. A320 жанұясы A318, A319, A320, және A321 ұшақтарынан құрылған. A320 екі нұсқада шығады A320-100 және A320-200. Барлығы тек 21 A320-100 құрастырылған; олар тек Air Inter (кейін Air France сатып алған) және British Airways (British Airways British Caledonian Airways-ты сатып алғанға дейін соңғысы тапсырыс берген) әуекомпанияларына сатылған болатын. A320-200 ұлғайтылған жанармай сыйымдылығы мен ұзартылған ұшу қашықтығымен A320-100 ден бөлінеді; осыдан басқа ұсақ айырмашылықтары да бар. British Airways қолданған соңғы бес A320-100 ұшағы, 2007 жылдың соңында қолданудан шығарылды. JetBlue әлембегі ең үлкен A320 әуепаркіне ие. A319 Эйрбас A320 ұшағының қысқарған нұсқасы. A320-200 ұшағымен бірдей жанармай шығындайтын, және азырақ жолаушыларды сыйғызады. Ұшу қашықтығы 6,900 км болатын ұшақ екі классты 124 жолаушыны сыйдырады. A319-тар A320 жанұясындағы ең әйгілілердің арасында. Эйр Астанада бір A319 бар. Бұл A319дың корпоративтік нұсқасы. Онда қосымша жанармай танктерлері қойылғандықтан ұшу қашықтығы 12,000 км дейін жетеді. Ұшақты танкерлерді алу арқылы әрқашан стандартты A319 ға айналдыруға болады. A320ның сәл ұзартылған нұсқасы. A321 бағдарламасы 1989 жылдың қарашасында басталып, бірінші ұшақ 1993 жылы ұшты. Сол жылы Еуропалық сертификациясын алды. A320мен салыстырғанда A321-дің ұзындығының ұлғаюынан басқа да жаңалықтары бар. Нақтырақ: көбірек жүкті тасымалдау қабілеті, күшейтілген мотор, жақсартылған жанармай жүйесі мен үлкенірек дөңгелектер осы ұшақты кішірек ұшақтардан бөліп тұрады. Тарихы. A300-дың алғашқы жетістігінен кейін, Airbus сол кездегі ең әйгілі ұшақ Boeing 727ның орнын алатын жаңа моделді шығаруды қолға алды. Жаңа Airbus көлемі өзгермесе де, үнемділігі мен ұлғайған сыйымдылықпен белгіленеді. A320-ның сандық технологиясы ұшақты аналогтық Boeing 727-дан екі қадам, ал Boeing 737-300/-400/-500 серияларынан бір қадам алға қояды. A320 бүкіл әлем бойынша Boeing 727 мен Boeing 737-нің бертінгі серияларын айырбастауға көзделген. 1970 жылдардағы мұнайдің күрт өсуінен кейін, Airbus жанармай шығынын барынша азайту керек еді. Сол үшін Airbus алдыңғы қатарлы технологияларды щолданды. Соның ішінде fly-by-wire басқару жүйесі, композитті материалдар, centre-of-gravity жанармай жүйесі, және екі адамдық жүргізуші кабинасы ендірілді. Осыған байланысты A320-ның жанармай шығыны Boeing 727-мен салыстырғанда 50% азайды. Өндіру. Эйрбас бір лайнерді шығарып шығу үшін сегіз айды қажет етеді. Эйрбастың түрлі зауыттарынан әкелінген бөлшектер Гамбург пен Тулузадағы зауыттарға жинақталу үшін әкелінеді. Бөлшектердің басым бөлігі Эйрбастың A300-600ST 'Beluga' жүк тасушы самолеттерімен транспортталады. Эйрбас Қытайға сатқан A320лар 2009 бен 2012 жылдарының арасында Қытай Халық Республикасының Тианжин қаласында жиналатын болады. Сонымен қатар компания қайта құру бағдарламасына сәйкес, Тулузадағы A320 жинақтау жұмысын Гамбургге көшіргісі келеді. 2008 жылы Эйрбас жуықтап алғанда айына 32 бірлік ұшақ жасаған. Липецк. Липеск (lang-ru: город Липецк) - Ресейдегі қала. Липеск облысының орталығы. Хабаровск. Хабаров (рус. - город Хабаровск) - Ресейдегі қала. Хабаров өлкесіңін орталығы№ Дондағы Ростов. Дондағы Ростов (Ростов-на-Дону) - Ресейдегі қала. Сочи. Сәшә (lang-ru: город Сочи) - Ресейдегі қала. Өзбекстан Әуе Жолдары. Өзбекстан Әуе Жолдары () Өзбекстанның ұлттық әуе тасымалдаушысы. Тарихы. Кеңес Үкіметінің құлауынан кейін, өзбек президенті Ислам Каримов жылы 1992 мемлекеттік әуе тасымалдаушыны құру туралы жарлық шығарды. Өзбекстан Әуе Жолдары елдің көлік және әуежай инфрақұрылымын дамыту мен жаңарту мақсатымен құрылған болатын. Компанияның халықаралық тасымалдар нарығында мықты орын бекіту де мақсаттардың арасына кірді. Сондықтан компания жасаған ең алғаш рейсі аймақтағы Алматы не Бішкекке емес, Ташкенттен Лондонға орындалды. Бұрынғы Аэрофлоттың иесінде болған ұшақтар ішкі бағыттарға ұша бастады. Халықаралық бағыттар алдыңғы қаратға шықанда, 1993 жылдан бастап Airbus ұшақтары лизингке алынды. Компанияның халықаралық әуепаркі кәзір Boeing пен Airbus ұшақтарынан құралған. Өзбекстан Әуе Жолдары 50дей бағыттарға қызмет етеді. Әуе компанияның 11 әуежайы бар. Соның бесеуі халықаралық статусқа ие. Өзбекстан Әуе Жолдары ешқандай альянс пен қауымдастыққа кірмейді. Дегенмен ол SkyTeam Alliance-қа кіру жайында келіссөздер жүргізуде. Өзбек Әуе Жолдарының басты атқарушы директоры Валерий Николаевич Тян. Өзбекстан Үкіметі әуе компанияның 49% бөлігін приватизациялауды мақұлдады. Жоспар бойынша стратегиялық шетел инвесторлар табылғаннан кейін, оларға компанияның басқарылуы толығымен берілетін болады. Ұшу Бағыттары. - Құрылымынан бері Өзбекстан Әуе Жолдары өзінің приоритеті ретінде Батыс Еуропа мен басқа халықаралық бағыттарға қызмет етуді қолға алды. Халықаралық бағытарға ұшатын рейстердің басым бөлігі Ташкент әуежайы арқылы орындалады. Әуепаркі. Өзбекстан Әуежолдары паркі келесі ұшақтардан тұрады (2009 жылдың маусым айы) British Airways. Британ Әуе Жолдары () () Ұлыбританияның ұлттық әуе тасымалдаушысы. Британ Әуежолдары әуепаркі көлемі, халықаралық бағыттары және басқа да көрсеткіштер бойынша Британиядағы ең үлкен әуекомпания.Оның басты хабтары Лондон Хитроу мен Лондон Гатвик аэропорттары. Британ Әуежолдары Групп 1974 қыркүйегінде сол кездегі Лейбористер Үкіметімен ұлттандырылған. Ол Лондондық екі ірі әуе компаниялары British Overseas Airways Corporation мен British European Airways, және екі кішірек әуекомпания Cambrian Airways пен Northeast Airlines тың қосылуы арқасында құрылған. Барлық төрт компания 1974 жылдың 31 наурызында Британ Әуежолдарын құру үшін таратылған. Кейін он үш жылдан кейін 1987 жылдың ақпанында компания қайта жекешелендірілген. Тасымалдаушы кейіннен British Caledonian 1988 мен Гатвикте негізделген Dan-Air 1992 компанияларын да өзіне қосып алған. Негізі Боингтің клиенті болуына қарамастан, Британ Әужолдары 1998 жылдың қарашы айында 89 Airbus A320 ұшағына ірі тапсырыс жасады. 2007 жылы тасымалдаушы өзінің келесі үлкен тапсырысын жасады. Ұзақ қашықтықтарға ұшатын машиналарды айырбастау Airbus A380 мен Boeing 787 ұшақтары арқылы жасалмақ. Барлығы 2008 жылы әуекомпания 35.7 миллион жолаушы тасымалдады. Тарихы. Империал Әуе Жолдары ұшағы, "Hanno" 1924 жылдың 31 наурызында Британияның төрт алғашқы әуе компаниясы Handley Page Transport, British Marine Air Navigation Co Ltd, Daimler Airway және Instone Air Line Ltdюірге қосылып Imperial Airways Limited компаниясын құрады. Құрылған жаңа құрылым Британ Империясы бойынша Индия, Африканың кейбір бөліктері мен кейін Австралияның Канберрасына рейстер ашты. Сонымен қатар Британияда кіші гірім бірталай әуе компаниялары пайда бола бастап, 1935 жылға қарай олар алғашында жекеменшік Британ Әуежолдары ЖШС құрды. Алайда Империал Әуе Жолдары мен Британ Әуежолдары 1939 қарашасында ұлттандырып Британдық Шетел Әуе Жолдары Корпорациясын құрды (БШӘК). (British Overseas Airways Corporation). БШӘК-тың D.H. Comet 1 ұшағы Хитору Әуежайында 1953жылы. a> ұшағы Хитору Әуежайында 1960 жылы. Жекешелендіру. Сэр Джон Кинг Chairman 1981 жылы әуекомпанияны жекешелендіруге дайындауға төраға етіп тағайындалды. Кинг 1983 жылы Колин Маршалды компания президенті ретінде тағайындады. Сэр Джон Кинг үлкен шығынға батқан ұйымды әлемдегі ең түсімді әуе тасымалдаушылардың қатарына қосты. Әуекомпания паркі мен ұшатын аймақтары қайта қарастырылып, брэнд және жарнамалау эксперттері компанияның имиджін жасарту үшін жалданды. Сол 1980 жылдардың басында 23,000 астам жұмыс жойылды. Соған қарамастан Сэр Джон Кинг жұмысшылардың моралін жоғарыда қалыпта сақтап қалып, компанияны жұмысын жаңартып, заманауи деңгейге жеткізді. Алайда, жұмыстан шығарылғандарға компенсацияна аямай төлегеніне байланысты, компания £545 фунттық шығынға батты. Яғни, салық төлеуші азаматтардың ақшасы болашақ жекелеуші компанияның игілігіне жұмсалды. Ұлттық тасымалдаушы 1987 жылы жекешелендіріп, оның акциялары Лондонның биржасына жіберілді. Басқа өзгерістер мен тәуелді компаниялар. Deutsche British Airways-тың Берлиндегі Boeing 737 ұшағы, 2002 жыл. 1990 жылдары БӘ "Әлемнің Сүйікті Әуежолы" слоганымен, әлемдегі ең кірісі мол компаниялардың біріне айналды. 1992 жылы ол Гармендық кішкентай Delta Air Transport әуе тасымалдаушысын сатып алып, оның атын Deutsche British Airways қылып ауыстырды. Оны 2003 жылдың маусымында сатқан кезде, оның 16 Boeing 737сі эәне 800 жұмыскері болған. Лорд Кинг жылы төрегеліктен 1993 жылы төрегелігінен кетті. Оның орнын сол кездегі президент болған Колин Маршал келіп, президент пен төраға орындарын алып отырды. Маршалдың орнына президенттіктің орнына көп өтпей Роберт Эйлинг келді. 1999 жылы Род Еддингтон президентікке келсе, 2005 жылы Уилли Уалш оның орнына келіп қазірге дейін компанияны басқарып келеді. 1995 лылы компания өзінің Азиядағағы British Asia Airways бөлімшесін ашты. Бөлімше Пекинде емес, саяси қарама-қайшылықтарына байланысты Қытайдың Тайпей қаласында орныққан. British Asia Airways Қытайда өзінің аты мен белгісін де өзгертуге тура келді. Компания ұшақтаныдағы өз туынан құралған логоның орнына қытайдың 英亞 символын қоюға мәжбүр болды. Әуе Паркі. a> G-BOAB in storage at London Heathrow Airport following the end of all Concorde flying. This aircraft flew for 22296 hours between its first flight in 1976 and its final flight in 2000. Бөлімшелері. Британ Әуе Жолдары Airways Aero Associations Limitedтің толық иегері. Ашық Аспандарды бағдарламасы құрылғаннан кейін Британ Әуе Жолдары OpenSkies атты жаңа әуекомпания құрды. Әуекомпания өз жұмысын 2008 жылдың маусым айында бастады. Ол Париж бен Амстердамнан Нью-Йоркқа рейстер жасай бастады. Бұрынғы BEA тігұшақтары 1974 жылы Британ Әуежолдары Тікұшақтарына айналды. Төменгі Новгород. Төменгі Новгород (Нижний Новгород) - Ресейдегі қала. Жар Чаллы. Жар Чаллы (Яр Чаллы, Набережные Челны) - Ресейдегі қала. Lufthansa. Люфтганза штаб пәтерінің басты кірісі Люфтганза әуекомпаниясы - Германияның ұлттық әуетасымалдаушысы. Ол жолаушы саны бойынша Еуропадағы ең үлкен тасымалдаушы болып саналады. Компанияның атауы екі сөзден құралған "Luft" (неміс тілінен "ауа"), және "Hansa" (Ханзалық Лига, ежелгі ортағасырлық сауда тобы). 18 ішкі және 78 елдегі 183 бағытты қамтитын компания, жолаушылардың айналымы бойынша әлемдегі бесінші тасымалдаушы болып табылады. Люфтганза әлемдегі ең ірі Star Alliance әуекомпаниялар одағын ұймдастырушысы болып табылады. Star Alliance 1997 жылы Thai Airways, United Airlines, Air Canada және Scandinavian Airlines Systemның қатысуымен құрылды. Тарихы. Компания Берлинде 1926 жылдың 6 қаңтарында "Deutsche Aero Lloyd" (DAL) пен "Junkers" компанияларының қосылуынан құрылды. Компания алғашында Deutsche Luft Hansa Aktiengesellschaft деген атқа ие болды. Turkish Airlines. THY - Түрік Әуежолары (Turkish language "Türk Hava Yolları Anonim Ortaklığı") Түркияның ұлттық әуетасымалдаушысы. Штаб пәтері Ыстамбұлда орналасқан. Ол Еуропа, Азия, Африка және Америка елдеріндегі 120 халықаралық және 37 ішкі қалаға ұшып, 38 ішкі, 158 халықаралық әуежайларға қызмет көрметеді. Әуекомпанияның негізгі тұрғылықты орны Ататүрк Халықаралық Әуежайы болып табылады. Есенбога Халықаралық Әуежайы мен Аднан Мендерес Халықаралық Әуежайы екінші бәрежелі хабтары болып табылады. 2006, 2007 және 2008 жылдары, THY 17 миллион 19.7 миллион және 22.5 миллион жолаушы тасымалдап, жалпы есеппен US$2.23, US$3.0 және US$4.5 миллиард кіріс тапты. Әуекомпанияның шамамен 12,000 жүмыскері бар. 2008 жылдың бірінші сәуірінен бастап Түрік Әуежолдары Star Alliance-тың толыққанды мүшесі. Ұшу Бағыттары. Түрік Әуежолдарының AnadoluJet атты Low-Coster компаниясы бар. Ұлтық Әуекомпанияның басты бәсекелестері болып Atlasjet, Onur Air and Pegasus болып табылады. Түрік Әуежолдары Бағыттарының интерактивті картасын осы сайтта қарай аласыз Код Бөлісу. Түрік Әуежолдары ұшағы Star Alliance логосымен, Бейжің Халықаралық Әуежайы, 3 терминал, 30 наурыз 2008, Альянсқа кірерге екі күн бұрын. Ворошилов, Владимир Яковлевич. Влади́мир Я́ковлевич Вороши́лов()(настоящая фамилия "Калманович", Желтоқсанның 18 1930, Симферополь — Наурыздың 10 2001, Переделкино, Мәскеу облысы) — автор, режиссёр и ведущий передачи «Не? Қайда? Қашан?» Үндістер. Үндістер екі Америка құрлығындағы байырғы халықтардың жалпы атауы. Американы ең алғаш ашқан Колумб емес осы үндістер. Халықаралық Алматы Әуежайы. Халықаралық Алматы Әуежайы () Қазақстандағы ең үлкен әуежай. Ол Алматы Орталығынан 18 километр қашықтықта орналасқан. Әуежай арқылы Қазақстан бойынша жолаушылардың жартысы мен жүктірдің 68% өтеді. 2008 жылы әуежай 2.5 миллион жолаушыға қызмет көрсеткен (2005 жылмен салыстырғанда 23%тік өсім). Тарихы. Әуежай 1935 жылы салынған. 1990 жылға дейін ол Кеңес Азаматтық Авиация Департаментінің бөлігі болып, 1991 жылы "Алматы Әуежайы" болып қайта құрылды. Сол кезден бері әуежай тәуелсіз бизнес бірлік ретінде өз жұмысын жалғастырды. Кейін ол Халықаралық Алматы Әуежайы ЖШС болып қайта аталды. 1998 жылы әуежай ұшып-қону (ҰҚЖ) жолағы жөндеуден өткеннен кейін, Алматы Әуежайы II категорияға ие болып, Халықаралық Әуежай статусын алды. 1999 жылдың 9 шілдесінде әуежай ресторанында өрт басталып, бүкіл әуежай терминалы жанып кетті. Жаңа терминалдың құрылысы 2004 жылы аяқталды. Кеңес дәуірінде болған ескі терминал Алматы Әуежайы Air Astana ұлттық тасымалдаушының хабы болып табылады. Сонымен қатар Орталық Азиядағы жүк тасымалдау хабы. 2008 жылдың қыркүйек айында екінші ұшып-қону жолағы ашылды. Жаңа ұшып-қону жолағына ICAO сертификаты беріліп, оған III категория берілді. Жолақ сапасы мен онда орнатылған заманауи құрал жабдықтар ұшу қарқыны бойынша әуе кемелерінің барлық түрін ешбір шектеусіз қабылдауға мүмкіндік береді. Жаңа ұшып-қону жолағы Орталық Азияда ең ұзын болып табылады. Қаржылық жағдайы. Қазіргі кезде Алматы Әуежайы ресейдің Альфа банкіне 2007 жылы жаңа халықаралық терминал салуға $33 млн алған болатын. Барлық ақша жұмсалып кеткенімен терминал әлі салынып бітуден алыс, ал құрылысы тоқтап тұр. Ал несие қайтару уақыты 2009 жылдың наурызында келгенімен Әуежай қарызын қайтара алмапты, сөйтіп пайызымен барлық қарызы $38 млн-ға жеткен. Енді Альфа банк Алматы Әуежайының активтерін тәркілемекші, оған: жолаушылар терминалы ғимараты, VIP-терминал және бизнес-терминал, екі қонақ үй. Болашағы. Қазіргі уақытта әуежайда жаңа терминал салынуда. It is planned to build a new passenger terminal for international flights with six loading bridges and capacity up to 2500 passengers per hour in the nearest future. Developed infrastructure complex consisting of: a Marriott Hotel, conference halls, business center, shopping center, cinemas will be located within the territory of this terminal. The new terminal will be located along Kuldja road that will help to reduce traffic on the way to the airport. Коммунистическая (метро бекеті). Коммунистическая — Алматы метросының Бірінші бағытының бойындағы жобаланған метро бекеті. Халықаралық Астана Әуежайы. Халықаралық Астана Әуежайы Қазақстандағы халықаралық әуежай. Ол Астана орталығынан 14 км қашықта орналасқан. Тарихы. Әуежай өз тарихын 1931 жыолан бері бастайды. Сол жылы бірінші әуе алаңы құрылып, 1948 жлдан бастап ауыр ұшақтарды қабылдай алатын болды. 1956 жылдан бастап әуежай тәулік бойы жұмыс істей бастады. Сарыарқа аэропорты. Сарыарқа аэропорты - Қарағанды қаласында орналасқан халықаралық аэропорт(әуежай). Эскимостар. Эскимостар - Аляска, Гренландия және Канаданың солтүстігінде тұратын халық. Алеуттер. Алеуттер - Алеут аралдарын мекендейтін халық. Папуастар. Папуастар - Жаңа Гвинея аралында яғни Индонезияның шығысында және Папуа-Жаңа Гвинея елінде мекен ететін халық. Австролоид нәсіліне жатады. Шамамен 700-дей тілде сөйлейді. Әр ауылда бір тілден болады. Автралиялық аборигендер. Австралиялық аборигендер - Австралияның байырғы халқы. Австолоид нәсіліне жатады. Австралияға 50 000 жыл бұрын Азияның оңтүстік-шығысынан келген. 18 ғасырда Австралияға келген европалықтар аборигендерді қырғынға ұшыратты. Соның салдарынан қазір Австралия халқының 2,6 % құрайды. Пигмейлер. Пигмейлер - Орталық Африкада мекендейтін аласа бойлы халық. Берберлер. Берберлер - Солтүстік Африканы мекендейтін халық Тәжіктер. Тәжіктер ()- Тәжікстанның негізгі халқы. Хаб. Хаб (, тура аудармасы— түпшек, орталық) — көбінесе бір желінің не іс-әрекеттің орталығы деген мағынаға ие. Бішкек. Бішкек () — Қырғызстаннның астанасы мен ең үлкен қаласы. Ерекше басқару бірлігі. Қала Қырғыз Республикасының солтүстігінде Қазақстан шекарасынан 25 км қашықтықта орналасқан. Тарихы. Қала ежелден бері Жібек Жолы бойындағы қала болатын. 1825 жылы Қоқан хандығының Өзбек Ханы қаланы күшейтіп, маңызды қалалардың біріне айналдырды. Алайда, 1862 жылы Патшалық Ресей қанды шайқаста фортты жаулап алып, оны Орыстың гарнизонына айналдырды. 1877 қала атауы Пішпекке өзгертілсе, 1926 жылы қала жаңа құрылған Қырғыз АССРның астанасы болып белгіленіп оның аты Фрунзеге ауыстырылды. 1991 жылдың 5 ақпанында қала қайтадан Бішкек болып аталынды. 1990 жылдары Кеңес Өкіметінің құлдырауына байланысты күйсіздеуге ұшыраған қала, қазіргі уақытта жылдам дамушы қалалардың бірі. Адам даму индексі. Адам Даму Индексу (АДИ) адамдардың дамуы бойынша мемлекеттерді салыстыратын индекс. Ол бойынша мемлекеттің даму дамымағандығы өлшенеді. Көбінесе АДИ индексіне қарап мемлекеттерді дамыған, дамушы және дамымаған болып бөледі. Қысқаша мәлімет. АДИ адамның өмір ұзақтығын, білімін, әріп тану және адам басына шаққандағы ЖІӨ өлшемдерін біріктіреді. Индекс адамның жалпы даму деңгейін көрсетеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы АДИ-дың даму деңгейін адамдардың таңдау қыбілеті, білім алу мүмкіншіліктері, денсаулық сақтауға арналған, табыс табу мен жұмыс жағдайлары сияқты факторларды есепке алатын үрдіс деп атайды. Методологиясы. сондағы formula_4 және formula_5 formula_1 айнымалысының сәйкесінше ең жоғарғы және ең төменгі көрсеткіштерін көрсетеді. 2008 статистикалық жаңарту. 2008 жылдың 18 желтоқсанында жаңа тізбек шықты. Халық арасында статистикалық жаңарту деп аталып кеткен тізбе осы жолы қосымша түіндірмесіз шыққан. Жаңарған тізбек аларман қабілет тепетендігінің (АҚТ) жаңадан шыққанына байланысты басылды. Осы жаңарған тізбекте Қазақстан бірнеше қадам көтеріліп, АДИ индексіне сәйкес орташа дамыған елдері арасынан жоғары дамыған елдері қатарына қосылды. Тізбекке кірмеген елдер. Келесі елдер 2008 жылғы тізбекке кірмейқалған. Себебі, олардың үкіметтері керекті ақпаратты жинай алмаған немесе онымен бөліскісі келмеген. 2007/2008 баяндама. 2007/2008 жж баяндама Бразилияның Брасилия қаласында ең алғаш жарияланды. Оның басты тақырыбы "Климат өзгерісіне қарсы күрес: бөлінген әлемдегі адам ынтымақтастығы." болды. A HDI of 0.8 or more is considered to represent "high development". This includes all developed countries, such as those in North America, Western Europe, Oceania, and Eastern Asia, as well as some developing countries in Eastern Europe, Central and South America, Southeast Asia, the Caribbean, and the oil-rich Arabian Peninsula. Seven countries were promoted to this category this year, leaving the "medium development" group: Albania, Беларус, Brazil, Libya, Macedonia, Ресей and Saudi Arabia. On the following table, green arrows () represent an increase in ranking over the previous study, while red arrows () represent a decrease in ranking. They are followed by the number of spaces they moved. Blue dashes () represent a nation that did not move in the rankings since the previous study. 2009 баяндама. 2009 жылғы баяндаама 2009 жылдың қазан айында шығып, адам миграциясы сұрақтарымен айналысатын болады. Соңғы бірінші болған 10 ел. Төмендегі тізім түрлі жылдары тізбектегі бірінші болған елдерді көрсетеді. Канада сегіз рет тізбекте ең жоғарғы орын алса, Норуегия алты рет, Жапония үш рет және Исландия екі рет бірінші болып аталынды. Баяндамалардағы болған нәрселер. Сондағы жыл баяндама басылған мерзімді белгілейді. Жақшадағы жылдар индекстің қай жылға сәйкес саналғандығын көрсетеді. 2008 қайта қарау. The 2008 Statistical Update calculated HDIs for past years using a consistent methodology and data series. They are not strictly comparable with those in earlier Human Development Reports. The index was calculated using data pertaining to the year shown. Сынау. The Human Development Index has been criticized on a number of grounds, including failure to include any ecological considerations, focusing exclusively on national performance and ranking, and not paying much attention to development from a global perspective. Two authors claimed that the human development reports "have lost touch with their original vision and the index fails to capture the essence of the world it seeks to portray". The index has also been criticized as "redundant" and a "reinvention of the wheel", measuring aspects of development that have already been exhaustively studied. The index has further been criticized for having an inappropriate treatment of income, lacking year-to-year comparability, and assessing development differently in different groups of countries. Some authors have proposed alternative indices to address some of the index's shortcomings. Economist Bryan Caplan has criticized the way scores in each of the three components are bounded between zero and one, so rich countries effectively cannot improve their ranking in certain categories, even though there is a lot of scope for economic growth and longevity left, "This effectively means that a country of immortals with infinite per-capita GDP would get a score of.666 (lower than South Africa and Tajikistan) if its population were illiterate and never went to school." Scandinavian countries consistently come out top on the list, he argues, "because the HDI is basically a measure of how Scandinavian your country is." The HDI has been criticized as a redundant measure that adds little to the value of the individual measures composing it; as a means to provide legitimacy to arbitrary weightings of a few aspects of social development; as a number producing a relative ranking which is useless for inter-temporal comparisons, and difficult to compare a country's progress or regression because the HDI for a country in a given year depends on the levels of, say, life expectancy or GDP per capita of other countries in that year. However, each year, UN member states are listed and ranked according to the computed HDI. If high, the rank in the list can be easily used as a means of national aggrandizement; alternatively, if low, it can be used to highlight national insufficiencies. Using the HDI as an absolute index of social welfare, some authors have used panel HDI data to measure the impact of economic policies on quality of life. Қосымша Сілтемелер. * Авиамарш. "Авиамарш" (Орысша: Авиамарш, Сталин кезінде: "«Марш Сталинской авиации»") — Советтер Одағында кеңінен танымал болған өлең және әскери марш. Сөзін ақын Павел Герман, әнін Юлий Хайт жазған. Өлең 1921 жылы пайда болған. Кеңес үкіметінің соңғы кезінде бұл өлең неміс нацистерінің "Das Berliner Jungarbeiterlied" («Берлин жұмысшы жастарының өлеңі») деген өлеңінен алынған деген қауесет тараған болатын. Іс жүзінде керісінше болып шықты. Қотақ. Қотақ немесе тасақ(еркелетіп тәшмай) (, "phállos") — еркектің сыртқы жыныс мүшелерінің бірі. репродуктивной системы мужчины. Қуықтан сідікті сиюге, жұмалақтан ұрықты ағызуға және сігісуге қызмет етеді. Құрылымы. 1) Қотақ денесі2) Крайняя плоть3)Қотақбас4) Устье уретры Қотақ түбірге немесе негізі (), денесі () және қотақ басына бөлінеді (). Қотақ денесі 2 үнгірлі және 1 губчатым денеден тұрады. Өлшемі. Жатқан қотақтың ұзындығы орташа шамамен 7-10 см, Тұрған кезде — 12-18 см, яғни әйем амының тереңдігіне сәйкес келеді. Разница в длине полового члена разных индивидуумов в спокойном состоянии частично нивелируется при эрекции, при этом относительное удлинение короткого полового члена часто оказывается большим, чем длинного. Болуы мүмкін ақаулар. Қотақтың тұрмауы немесе Әтектік — қотақтың сігісуге жеткіліксіз тұруы. Қант диабеті және қартаю кең тараған себептері болып табылады. Әтектікпен күресудің көп жолдары бар. Оның ішінде силденафил (Виагра атауымен белгілі) тектес дәрілер. Қотақтың сынуы тұрған қотаққа артық майыстыратын күш түскенде болуы мүмкін. Әдетте қытр еткен дыбыс естіледі және ауырсыну пайда болады. Жедел медициналық көмек аурудың асқынуынан сақтайды, мысалы қотақтың қисаюы мен тұрмауынан. Сүндеттеу. Қазіргі заманда діни мақсатта сүндеттеу мұсылмандар мен еврейлер арасында кездеседі. Ам. Ам (— ножны, футляр, — лоно) — әйелдің жыныстық мүшесі, Анатомия. Амның орташа статистикалық 7-ден 12 см. Когда женщина стоит, влагалище слегка изгибается вверх. Спутник-1. Спутник-1 - Жер шарының ең алғашқы жасанды серігі. Ұшырушы ел - Кеңес Одағы. Адам Даму Индексі бойынша елдер тізбесі. Бұл адам даму индексіне қарасты алдер тізімі. 2008 жылдың желтоқсанның 18 шыққан тізім 2006 жылдағы статистикалық мәліметтер негізінде құрастырылған. Тізім 177 елден құралған. Елдер АДИ негізінде үш кең категорияға бөлінеді: жоғары, орташа және төмен адам дамуы. Африка. 10 ең жоғары АДИі бар елдер 10 ең төмен АДИі бар елдер Америка. 10 ең жоғары АДИ-і бар елдер 10 ең төменгі АДИ-і бар елдер Азия және Океания. 10 ең жоғары АДИ-і бар елдер 10 ең төменгі АДИ-і бар елдер Еуропа. 10 ең жоғары АДИ-і бар елдер 10 ең төменгі АДИ-і бар елдер Досқалиев, Жақсылық Ақмырзаұлы. Жақсылық Ақмырзаұлы Досқалиев (1955 жылғы 30 қарашада Ақтөбе облысы Алға қаласында туған) - Қазақстан Республикасы бұрынғы денсаулық сақтау министрi. Білімі жоғары. Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын «емдеу ісі» мамандығы бойынша үздік тәмамдаған. Кейіннен КСРО МҒА Бүкілодақтық хирургия ғылыми орталығында клиникалық ординатураны бітірген. Медицина ғылымының докторы, профессор, ҚР МҒА академигі. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденімен, М.Ломоносов орденімен және «Гипократ» орденімен марапатталған. 200-ден астам ғылыми еңбектің, 12 монографияның, 50-ден астам өнертабыстың авторы. Қысқаша өмірбаяны. 1955 жылдың қарашаның 30 Ақтөбе облысының Алға қаласында дүниеге келген, қазақ. 1973 жылы Ақтөбе облысының Алға қаласындағы В.И.Пацаев атындағы №2 орта мектепті бітірген. 1979 жылы «емдеу ісі» мамандығы бойынша Ақтөбе Мемлекеттік Медициналық Институтын үздік бітірді. Еңбек қызметін Алға аудандық ауруханасында дәрігер-хирург болып бастап, содан бас дәрігердің орынбасары болып қызмет істеді. 1988 жылы КСРО МҒА-ның Бүкілодақтық ғылыми хирургиялық орталығындағы клиникалық ординатураны бітірді. 1988 жылдан Ақтөбе Мемлекеттік Институтында аға лаборант, әрі қарай жалпы және госпитальдық хирургия кафедрасында ассистент болып қызмет істеді. 1989 жылы кандидаттық диссертациясын қорғады. 1993 жылдан 1995 жылдарда А.Н.Сызғанов атындағы Ғылыми-зерттеу институтындағы клиникалық және эксперименттік хирургияда қызмет атқарды, аға, жетекші, бас ғылыми қызметкер жолын өтті, ал 1995 жылдан эндоскопиялық хирургия бөлімін меңгерді. 1997 жылы оған профессор атағы берілді, 1999 жылы ҚР ҒМА мүшесі болып сайланды. 1998 жылдан 2000 жылдың тамыз айына дейін Ақтөбе Мемлекеттік Медициналық Академиясының Ректоры болып қызмет атқарды. 2000 жылдың тамыз айында Денсаулық сақтау жөніндегі ҚР Агенттігінің Төрағасы болып тағайындалды. 2004 жылдың сәуір айынан 2007 жылдың қыркүйек айына дейін «Қазақ Мемлекеттік Медициналық Академиясы» РМҚМ-нің Ректоры болып қызмет істеді. 2007 жылдың қыркүйегінен бастап – Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты, әлеуметтік-мәдениеттік дамыту жөніндегі Комитеттің Төрағасы. 2008 жылдың қараша айынан бастап Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі. Аларман қабілет тепетендігі. Аларман Қабілет Тепетендігі (АҚТ) теориясы екі валютаның айырбас курсын ұзақ мерзімді эквилибриумын сатып алу қабілетін теңестіреді. Оны 1918 жылы дамытқан Густав Кассел. Tajik Air. Тәжік Эйр () Тәжікстанның ұлттық әуе тасымалдаушысы. Ол Душанбе Әуежайында негізделген. Тарихы. Компания өз жұмысын 1924 жылдың 3 қыркүйегінде Tajik Aviation атымен бастаған. Оның ең алғаш рейсі Бұқарадан Душанбеге бағытталған. Бұл әлемдегі жетінші алғашқы әуе тасымалдаушы болыа табылады. Тәуелсіздіктен кейін. Азаматтық Авияция министрлігінің қайтақұрылуынан кейін Тәжікстан Републикасының Мемлекеттік Әуе Компаниясы құралды.. 1992 жылдың 2 наурызында Тәжікстан әуежолдары “Tojikiston” белгісімен қысқа мерзім аралығында Біріккен Араб Әмірліктері, Пәкстан,Иран, Индия, Сауд Арабиясы, Қытай және Германияға ұша бастады. Компанияның басқару жүйесін жақсарту үшін ол Тәжікстан Мемлекеттік Унитарлы Авиация Ұйымы болып қайта құрылды. Яғни, ол енді мемлекет еншісінен шыққан, рыноктағы толыққанды коммерциялық бірлік болып танылды. Қазіргі жағдайы. Тәжік Эйр бренді аймақта қатаң бәсекеге тап болды. 2006 жылдың тоғыз айында әуекомпания тек 320,000 жолаушы тасып, 2005 жылмен салыстырғанда жолаушылар саны күрт төмендеп кетті. Осыған төмеп беру үшін Еуропалық Қайта Құру және Даму банкінің көмегімен компания Airbus A320 және Boeing 737 ұшақтарын техникалық зерттеуден өткізуде.. 2007 жылы әуекомпанияға Еуропалық Одаққа ұшуға тыйым салынды. Алайда ол уақытта компания тек Германияның Дюссельдорф қаласына ғана ұшып жүрген еді. Редьярд Киплинг. Джозеф Редьярд Киплинг (ағылш. Joseph Rudyard Kipling) (30 желтоқсан 1865, Бомбей — 18 қаңтар 1936, Лондон), ағылшын жазушысы, ақыны және новеллашысы. Оның ең үздік шығармалары "Джунгли Кітабы", (The Jungle Book), «Ким» (Kim), өлеңдері «Ақырғы ән шырқау» (Recessional). 1907 жылы әдебиет саласында Киплинг Нобель сыйлығына ие болған ең алғашқы ағылшын болады. Сол жылы ол Париж, Страсбург, Афиналар және Торонто университеттерінің сыйлықтарына ие болады. Оған қоса Оксфорд, Кембридж, Эдинбург және Дарем университеттерінің беделді атақтарының иегері. Киплингтің салыстыруларға бай тілі, ағылшын тілінің сөздік құрам қоржынына үлкен үлесін қосты. Оның кітаптарымен көптеген кинофильмдер мен мультфильмдер түсірілді. Кішкентайында Мауглиді көрмеген қазақ кем де кем шығар... Көзқарастары. Киплинг — талантты ақын болуымен қатар колониализмнің, империализмнің жыршысы да болған. "Ақ адамның жүгі" деген ұғымды ойлап тапқан. Оның көзқарастары осы аттас өлеңнен де жақсы көрінеді. Musée d'Orsay. Orsay (Musée d'Orsay) - Әлемнің ең ірі көркем музейлерінің бірі ЖІӨ бойынша елдер тізімі. Бұл мақала Жалпы Ішкі Өнім (ЖІӨ) бойынша орналастырылғанәлемдегі елдер тізімі. Several economies which are not considered to be countries (world, EU, and some dependent territories) are included in the list because they appear in the sources. These economies are not ranked in the charts here, but are listed in sequence by GDP for comparison. Бірінші тізбек Халықаралық Қаржы Фонды мүшелерінің 2008 жылға сәйкес мәліметтер. Мәліметтер миллион АҚШ долларында. Ақпараттың болмауынан келесі елдер тізбекке кірмей қалды: Сомали, Куба, Солтүстік Корея, Зимбабве, Түркменстан, (Андорра, Монако, Сан Марино, Лихтенштейн, Ватикан) және Тынық Мұхитық (Палау, Маршал аралдары, Микронезия, Науру, Тувалу. Екінші тізбек Бүкіләлемдік Банктың және үшінші тізбек ОБӘ Әлемдік кітапшасының 2008 жылғы мәліметтерінен тұрады. Champs-Élysées. Champs-Élysées () is a prestigious avenue in Париж, Франция. Әуетасымалдаушы кодтары. Әуе тасымалдаушылардың кодтыры тізімі. Торап ИАТА мен ИКАО әуе тасымалдаушы белгілемелерін және әуе компания шақыру белгілерін (телефондық белгілемелерін) тізбелейді. Тізімнің толықтығы үшін бұрынғы белгілемелері де көрсетілген. __TOC__ ИАТА Әуетасымалдаушы белгілемесі. ИАТА Әуетасымалдаушы белгілемелері, Әуе Транспортының Халықаралық Қауымдастағы (IATA) әлемдегі әуе компанияларға тағайындайтын екі әріптік белгі. Әр әуе компанияның рейсі әуекомпания белгілемесінен "xx", және номерлік ұшу белгісінен тұрады. ИКАО Әуетасымалдаушы белгілемесі. ИКАО Әуетасымалдаушы белгілемесі is a code assigned by the Халықаралық Азаматтық Авияция Ұйымы тағайындайтын үш әріптен тұратын әуекомпанияларға, авияцияға байланысы бар түрлі әгенттіктер мен басқармаларға берілетін белгі. ИКАО сонымен қатар телефондық белгілемелерді де тағайындайды. Бұл белгілемелер ресми түрде Шақыру Белгісі деп аталады. Әуе Транспортының Халықаралық Қауымдастағы. Әуе Транспортының Халықаралық Қауымдастағы (ИАТА) халықаралық индустиялық сауда тобы. Оның штаб пәтері ИКАО орталығындай Канададағы Монреальда орналасқан. ИАТАның басты миссиясы болып авияция индустриясына қызмет көрсету оны алға тарту және қызығушылықтарын қорғау болып табылады. ИАТА 101 оффисімен 150 елде орналасқан 230 әуекомпанияны біріктіреді. Бұл халықаралық бағыттарда ұшатын 93% әуекомпанияны құрайды. Тарихы. ИАТА 1945 жылдың сәуір айында құрылды. Ол 1919 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Халықаралық Әуе Траффик Қауымдастығының (International Air Traffic Association) орнын алды. Құрылған кезде ИАТА 31 елден 57 мүшеден құрылған еді. Олардың көбісі Еуропа мен Солтүстік Америкадан болған еді. Қазіргі уақытта қауымдастық 230 мүшені біріктіреді. Қазақ тілі білімі. Қазақ тілі білімі — қазақ тілін зерттейтін ғылым саласы. Қазақ тілі білімінің тарихы шартты түрде: а) ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезең, ә) ұлттық тіл білімі қалыптасқан кезең болып екіге бөлінеді. Ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезең 19 ғасырдың 2-жартысынан басталады. Қазақ тілінің грамматикалық құрылысы туралы алғашқы мәліметтер Н.И. Ильминскийдің “Материалы к изучению киргиз-казахского наречия” деген еңбегінде ұшырасады. Бұл — қазақ тілінің кейбір ерекшеліктерімен таныстыруға арналған тұңғыш еңбек. Кейін М.А. Терентьевтің “Грамматика турецкая‚ персидская‚ киргизская и узбекская” (1875), П.М. Мелиоранскийдің “Краткая грамматика казах-киргизского языка” (1894‚ 1897)‚ В.В.Катаринскийдің “Грамматика киргизского языка” (1897)‚ т.б. еңбектер жарық көрді. Қазақ тілін таныстыру мақсатын көздегендіктен бұл еңбектерде белгілі бір категориялардың сырын ашу, оның ерекшеліктерін анықтау жағы қарастырылмаған. Олар негізінен қазақ тілінің заңдылықтарын, ерекшеліктерін орыс тілімен салыстырып, сол тілдің негізінде түсіндіруге тырысты. 19 ғ-дың 2-жартысында қазақ тілінің лексикогр. жұмыстары қауырт қолға алынып‚ дами бастады. Ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезеңде 40-қа жуық сөздік жарық көрді (А.Е. Алекторов, “Краткий казахско-русский словарь”‚ 1891; “Начальное руководство к изучению арабского‚ персидского и татарского языков с наречиями бухарцев‚ башкир‚ киргизов и жителей Туркестана”‚ 1869; Т.Бокин “Русско-киргизский словарь”‚ 1913; Н.И. Ильминский “Материалы к изучению киргиз-казахского наречия”‚ 1861, т.б.). Орыстардың Ресей империясына қараған халықпен қарым-қатынас жасауына көмектесу мақсатын көздеген бұл сөздіктер қазақтың сөздік құрамын хатқа түсіріп‚ жаңа‚ көне сөздердің мағынасын ашып көрсетті. Ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кезеңнің өзі а) қуғын-сүргінге дейінгі кезең (1912 — 29); ә) қуғын-сүргіннен кейінгі кезең (1930 — 88) болып екіге бөлінеді. Қазақ тіл білімінің ғылым ретінде қалыптасып, дамуы Ахмет Байтұрсыновтың есімімен тығыз байланысты. Оның қазақ тілі оқулығы ретінде жазған “Тіл — құрал” атты еңбектерінде, мақалалары мен баяндамаларында тіл білімінің өзекті мәселелері сөз болады. Салалары. 19 ғ-дың 2-жартысында Ыбырай Алтынсарин қазақ жазуын орыс графикасына негіздеуге талпыныс жасаса, 20 ғ-дың басында Байтұрсынов қолданылып келген араб графикасын жетілдіре отырып, қазақ жазуына икемдеді. Бұл орайда ғалым қазақ тіліндегі дауысты және дауыссыз дыбыстар санын анықтап, үндестік заңдылығын, тілдің фонол. ерекшеліктерін айқындап шықты. Байтұрсыновтың Қазақ тіл білімінің фонетика, фонология салалары бойынша жасаған тұжырымдары Е.Омаров, Қ.Кемеңгеров, Т.Шонанов, Ж.Аймауытов, Қ.Жұбанов еңбектерінде жалғасын тапты. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі, дауыстылар мен дауыссыздар санын дәл айқындау, қазақ жазуына негіз болатын принцип таңдау мәселесі көптеген талас тудырып, “Еңбекші қазақ”, “Жаңа мектеп”, т.б. басылым беттерінде мақалалар жарық көріп, қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде талқыланды. Байтұрсыновтың оқулықтары, мақалалары Қ. т. б-нің грамматика саласының қалыптасуына да негіз болды. Ғалым сөз жүйесі мен түрлері, сөйлем жүйесі мен түрлері деп атаған оқу құралдарында қазақ тілінің морфология, синтаксис салаларын арнайы зерттеп, оқушыларға түсінікті де жеңіл тілмен жеткізуге тырысты. Осы еңбектер арқылы сөз тіркесі, сөйлем, бастауыш, баяндауыш, зат есім, етістік, толықтауыш, т.б. атаулар қалыптасып‚ тұрақталды. Байтұрсыновтың грамматика саласындағы еңбектерінде функционалды грамматика, сөзжасам мәселелері де сөз болды. Ғалымның сөзжасамға қатысты тұжырымдары кейінгі еңбектерде дамытылды. Лексикология және лексикография. Оқулық жазу ісімен бірге осы ғылым салалары бойынша атауларды қалыптастыру қатар жүрді. Мәселен, Байтұрсынов тілге қатысты зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш, есімше, көсемше, т.б. атауларды қазақ тілінің өз байлығын пайдалана отырып ойластырды. Сол сиқты жаратылыстану және гуманитарлық сала бойынша оқулықтар жазған ғалымдар салалық атауларды қалыптастырып, бір атаудың бірнеше баламасы болуына байланысты оларды бір жүйеге түсіруге, тұрақтандыруға ерекше мән берді. Бүл кезеңдегі сөздіктердің дені уақыт талабына сәйкес атаулық сөздіктер болғанымен, түсіндірме сөздіктің де, фразеол. сөздіктің де, диалектол. сөздіктің де жүгін арқалады. Тіл тарихы және диалектология жеке ғылым ретінде қалыптаса қоймаса да, жекелеген мақалаларда тіл тарихы, диалектология мәселелері сөз болды. Мыс., Аймауытовтың “Тіл туралы” (“Еңбекші қазақ”, 1926, 9 наурыз), “Әдебиет тілі мен емле” (“Еңбекші қазақ”, 1929, 12 мамыр), Кемеңгеровтың “Қазақша-орысша тілмаш туралы түсініс” (“Еңбекші қазақ”, 1926, 24 қараша), “Дұрыс па? Бұрыс па?” (“Еңбекші қазақ” 1926‚ 10 қараша), т.б. мақалаларында жергілікті тіл ерекшеліктері, кейбір сөздердің этимологиясы сөз болды. Сонымен қатар Қ. т. б-нің өзекті мәселелеріне қатысты съезд, конференциялар ұйымдастырылды. Мысалы, 1924 ж. 12 — 18 маусымда Орынборда өткен қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінің күн тәртібінде жазу ережелері, әліппе, қазақша пән атаулары мәселелері сөз болса, 1927 ж. 28 — 29 сәуірде Ташкентте өткен бас қосуда жазу‚ әліпби‚ емле мәселесі талқыланды. Ал 1929 ж. 2 — 4 маусымда Қызылордада өткен ғылыми-орфографиялық конференцияда емле, атау мәселесі қаралды. 1934 ж. Қазақтың ұлт мәдениеті ғылыми-зерттеу институтының құрылуына байланысты қазақ тілін зерттеу мәселесі жүйелі жүргізіле бастады. 1936 ж. КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандағы бөлімшесі құрылып, шағын сөздіктер, лингвистикалық жинақтар шығарылып, ғылыми-әдістемелік мақалалар жарық көрді, орфография‚ терминология мәселелері сөз болды. Осы жылдары орта мектеп пен педучилищелерге арналған грамматикалық ғылыми еңбектер, сөздіктер басылып шықты. 1946 ж. Қазақстан Ғылым Академиясының құрылуы, оның құрамында Тіл мен әдебиет институтының ұйымдастырылуы, 1961 ж-дан Тіл білімі ин-тының бөлініп шығуы — Қ. т. б-нің көптеген мәселелерін шешуге, ғыл.-зерттеу жұмыстарының жан-жақты жүргізілуіне, мамандардың көптеп даярлануына жағдай туғызды. 1960 — 70 жылдар аралығында. Қ. т. б-нің кенжелеп қалған салалары бойынша көптеген монографиялар жазылды. Фонетика мәселелерін салыстырмалы түрде зерттеу, ғыл., көркем әдебиет, мерзімді баспасөз тілдерінің, әдеби тіл тарихының, тіл мәдениеті, орыс тілі мен қазақ тілін салыстыра қарастыру мәселелері, т.б. қолға алынды. Фонетика‚ емле. 1930-жылдан бастап салыстырмалы фонетика саласы пайда болды. Жұбановтың еңбектерінде тіл дыбыстарының фонологиясы мен жіктелуі, дыбыстардың өзгеру заңыдылығы, сөздердің буын құрылысы қарастырылды, араб графикасын латын жазуына ауыстыруға байланысты “Еңбекші қазақ” газетінде бас әріпті алу мәселелері көп талас тудырды. Жазу ауыстыруға орай әріп таңдау, қазақтың төл дыбыстарына әріп белгілеу төңірегінде баспасөз бетінде көптеген пікірталастар болды. Әсіресе, басқа тілдерден енген сөздерді жазу ерекше талас тудырды. Дұрыс айту ережелеріне ерекше мән беріліп, қазақ тілінің орфогр. сөздігі бірнеше рет жарық көрді. Грамматика. 1930 — 40 жылдардан бастап сөз таптары мен олардың жекелеген категориялары туралы арнайы еңбектер жарық көре бастады. Ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кезеңде сөзжасам жеке сала ретінде қарастырылған болса‚ ұлт зиялылары саяси қуғын-сүргінге ұшыраған 30-жылдары сөзжасам әр сөз табына қатысты‚ морфология шеңберінде сөз болды. 1940 жылдан бастап синтаксистің жекелеген мәселелері моногр. тұрғыдан зерттелді. Қазақ тіліндегі жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің түрлері анықталды, жақсыз сөйлемнің, құрмалас сөйлемдердің сыр-сипаты ашылып, ауызекі сөйлеу тілінің синтаксисі туралы едәуір мәлімет берілді. Қазақ тілінің ғыл. курсы 1954 ж. “Қазіргі қазақ тілі” деген атпен жарық көрді. 1962 ж. фонетика мен морфология тарауларынан құралған “Қазіргі қазақ тілі”‚ 1967 ж. морфология‚ синтаксис салаларын қамтыған “Қазақ тілінің грамматикасы” атты екі томдық басылып шықты. Ал 1980 жылдары сөзжасамның нысаны‚ өзіндік ерекшелігі анықталып‚ морфологиядан бөлек‚ дербес сала ретінде бөлініп шықты Сонымен қатар синтаксис саласы да едәуір дамыды. Қазақ тіліндегі сөздердің байланысу тәсілдері, сөздердің орын тәртібі зерттелді. Лексикология және лексикография. 1950 жылдарға дейін лексикология жеке пән ретінде оқытылмай‚ негізінен мақала көлемінде ғана сөз болып келсе‚ Ғ.Мұсабаев тұңғыш рет лексиканың ғыл. курсын жазды. 1950 — 60 жылдардан бастап лексиканың түрлі топтарының (синоним, омоним, архаизм, историзм, кірме, біріккен сөздер, т.б.) ерекшеліктерін анықтау жөнінде зерттеулер жүргізіліп келеді. І.Кеңесбаев идиома мен фразеология мәселелерін зерттеп‚ “Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігін” жасап шықты (1977). “Қазақ тілінің он томдық түсіндірме сөздігі”‚ “Абай тілі сөздігі”‚ синонимдер сөздігі‚ лингвист.‚ орфогр.‚ диалектол.‚ орфоэп.‚ кері алфавиттік, т.б. сөздіктер жарық көрді. Сонымен қатар орыс‚ араб-иран‚ моңғол және Бат. Еуропа тілдерінің қазақ тілімен қарым-қатынасын зерттеуге мол материал беретін бірнеше екі тілді сөздіктер басылып шықты Ономастика. Ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған тұста ономастика мәселелері ішінара сөз болғанымен‚ көлемді еңбектер 1950 — 60 жылдардан бастап жазылды. 1960 ж. Тіл білімі институты жанынан ономастика бөлімі құрылып, топонимика, антропономика бойынша монографиялар жарық көрді. Терминология. Бұл сала заман талабына сай түрлі кезеңдерді бастан кешті. Ұлт зиялылары қудаланғаннан кейін қазақ тілінде баламасы бола тұрса да, шет тілден енген сөздерді орыс тіліндегі қалпында қазақ тіліне қабылдай беру үрдіске айналды. Атауларды орыс тіліндегі нұсқасына сәйкес жазу қазақ әліпбиіне е, ю, я, ъ, ь, ц, ч тәрізді әріптердің енуіне жол ашты. 1981 ж. Тіл білімі институтында Терминология және аударма теориясы бөлімінің ашылуына байланысты атаулардың жасалу жолдары‚ тәсілдері‚ принциптері, тарихы жоспарлы түрде зерттеле бастады. Аударма теориясы бойынша бірқатар моногр. еңбектер жарық көрді. Тіл тарихы және диалектология. Ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған тұста да әдеби тілдің кейбір белгілері, мақала көлемінде сөз болса, ендігі жерде монография көлемінде көптеген еңбектер жарық көрді: Мерзімді баспасөз тілінің әдеби тілді дамытудағы рөлі арнайы зерттелді. Қазақ тіліндегі тұңғыш басылымдар арнайы зерттеліп, олардың әдеби тілді дамытуға қосқан үлесі анықталды, 1920-30 жылдардағы әдеби тілдің жай-күйі, өзіндік ерекшеліктері, жартастағы жазулар, эпиграф. ескерткіштер қарастырылды. Қазақ диалектологиясы бойынша 1958 жылдан бастап “Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясы” атты 7 жинақ шықты. Диалектол. атластар жасалды. Жергілікті ерекшеліктердің әдеби тілге қосар үлесі зерттеліп, Қазақстанның түрлі аймақтарындағы өзіндік ерекшеліктер арнайы зерттелді. Жергілікті ерекшеліктерді зерттеп жүрген диалектологтар жиырмаға жуық моногр. еңбек жариялады. Тіл мәдениеті және стилистика. Бұл саладағы іргелі зерттеулер 1960 жылдардан басталады. 1969 ж. Тіл білімі ин-ының жанынан Тіл мәдениеті бөлімі құрылғаннан кейін зерттеулер жүйелене түсті. Фольклор тілі, көркем әдебиет тілі 1970 жылдардан бастап зерттелді. Қ. т. б-нде кейінгі кездері тіл статистикасы, әлеум. лингвистика, психолингвистика‚ этнолингвистика, т.б жаңа салалар дамып келеді. Қ. т. б-нде жалпы тіл білімі, алтаистика, жалпы түркі тілдерінің қарым-қатынасы мәселелеріне байланысты бірқатар зерттеулер жүргізілді. 1991 жылдан кейінгі Қ. т. б-нің негізгі бағыттары: жалпыхалықтық тілдің, оның ішінде, әдеби тілдің тарихын жасау, Қазақстан аумағындағы түрлі ұлт тілдерінің өзара әсерін, қостілділік, көптілділік барысын зерттеу, жеке жазушылардың сөздігін жасау, қазақ тілінің тарихи грамматикасын жазу, диалектол. атлас жасау, тілдің дыбыстық жүйесін тәжірибелік тұрғыда зерттеу, шет ел сөздерінің сөздігін жасау, әр түрлі ғылым салаларына байланысты толық атаулық. сөздіктер шығару, лексикография теориясындағы мәселелерді шешу, көркем әдебиет, фольклор тілін, тіл мәдениеті мен стилистика мәселелерін дамыту, қазақ тілінің дыбыс жүйесін синхрония және диахрония тұрғысынан құрылымдық, математ., лингвистик. әдістер арқылы жан-жақты зерттеу, т.б. Ахмет Байтұрсынов. БАЙТҰРСЫНОВ Ахмет, Ахмет Байтұрсынұлы [28.(15).1.1873, қазіргі Қостанай обл. Жангелдин ауд. Сарытүбек а. — 8.12.1938, Алматы] — қазақ халқының 20 ғ-дың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы. Өмір жолы. Ата-тегі: Аманжол —Шақшақ — Көмей — Қалқаман — Байсейіт — Үмбетей — Аралбай — Таңбай — Шошақ — Байтұрсын. Байтұрсыновтың атасы Шошақ мінезі салмақты, шындықты бетке айтатын, ақылды, ел-жұртына беделді адам болған. Ол немересі Ахмет өмірге келгенде сүйінші сұрап барған кісілерге бір ат, бір түйеден мінгізіп, ауыл ақсақалдарынан бата алып, азан шақырып атын қойған. Шошақтың Ақтас, Байтұрсын, Ерғазы атты ұлдары өнерлі әрі намысты қолдан бермейтін азаматтар болып өскен. Олар 1885 ж. уезд бастығы полк. Яковлевтің елге жасаған зорлығына қарсылық білдіріп, оның өзіне қол жұмсап, жауапқа тартылған. Байтұрсын мен Ақтас 15 жылға Сібірге каторгаға жіберілсе, Ерғазы 4 ай мерзімге абақтыға жабылған. Байтұрсыновтың шешесі Күңіш ел өміріне қызу араласқан сергек кісі ретінде танылған. Әкесі мен туыстарының Ресей өкіметі тарапынан жапа шегуі Ахметке азаттық жолындағы күреске түсуіне ой салды. Бұл жөнінде кейін, яғни 23 жылдан соң әкесінің ізімен отарлық билікке қарсы күреске шығып, абақтыға жабылған Байтұрсынов анасына жолдаған хатында: “Оқ тиіп, он үшімде ой түсірген Бітпейтін жүрегімде бар бір жарам...”, — деп жазады. Ахметті Ерғазы Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебіне береді. Оны 1891 ж. бітіріп, Орынбордағы 4 жылдық мектепке оқуға түседі. 1895 жылдан 1909 жылға дейін Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы, Қарқаралы қалалық уч-щесінде меңгеруші қызметін атқарады. Байтұрсыновтың саяси қызмет жолына түсуі 1905 жылға тұс келеді. 1905 ж. Қоянды жәрмеңкесінде жазылып, 14500 адам қол қойған Қарқаралы петициясы (арыз-тілегі) авторларының бірі Байтұрсынов болды. Қарқаралы петициясында жергілікті басқару, сот, халыққа білім беру істеріне қазақ елінің мүддесіне сәйкес өзгерістер енгізу, ар-ождан бостандығы, дін ұстану еркіндігі, цензурасыз газет шығару және баспахана ашуға рұқсат беру, күні өткен Дала ережесін қазақ елінің мүддесіне сай заңмен ауыстыру мәселелері көтерілді. Онда қазақ даласына орыс шаруаларын қоныс аударуды үзілді-кесілді тоқтату талап етілген болатын. Сол кезеңнен бастап жандармдық бақылауға алынған Б. 1909 ж. 1 шілдеде губернатор Тройницкийдің бұйрығымен тұтқындалып, Семей түрмесіне жабылды. Оған тағылған айыпта: халық арасына іріткі салып “өзін-өзі автономиялық басқару идеясын таратты”, “орыстар мен қазақтар арасында өшпенділік қоздыру ісімен айналысты” деп көрсетілген. ІІМ-нің Ерекше Кеңесі 1910 ж. 19 ақпанда Б-ты қазақ облыстарынан тыс жерге жер аудару жөнінде шешім қабылдады. Осы шешімге сәйкес Б. Орынборға 1910 ж. 9 наурызда келіп, 1917 жылдың соңына дейін сонда тұрды. Байтұрсынов өмірінің Орынбор кезеңі оның қоғамдық-саяси қызметінің аса құнарлы шағы болды. Ол осы қалада 1913—18 ж. өзінің ең жақын сенімді достары Ә.Бөкейханов, М. Дулатовпен бірігіп, сондай-ақ, қалың қазақ зиялыларының қолдауына сүйеніп, тұңғыш жалпыұлттық “Қазақ” газетін шығарып тұрды. Қазақ елінің азаттық қозғалысы тарихында Байтұрсынов редакторлық жасаған “Қазақ” газетінің алатын орны ерекше. Осы тарихи кезеңдегі қазақ өмірінің бірде-бір өзекті мәселесі, елеулі оқиғасы бұл басылымның назарынан тыс қалған жоқ. Бүкіл қазақ жұрты “Қазақты” оқып, оңы мен солын тани бастады, жаңа қалыптасып келе жатқан ұлт зиялылары осы басылымды оқып есейді. Байтұрсынов революциялық өзгерістерге дейінгі кезеңде ұлт мүддесі үшін кең ауқымды, табанды күрескер ретінде көрінді. Қоныс аударған орыс шаруаларына құнарлы қазақ жерін молырақ алып беру жолына түскен отаршыл биліктің түрлі қитұрқы әдісін Байтұрсынов бастаған “Қазақ” газеті халыққа кең, әрі терең ашып көрсету арқылы қазақ ауылдарын жедел, жаппай отырықшы тұрмысқа көшуден сақтандырды, жеке қожалық иелерін егін және мал шаруашылығын жүргізудің, тауарлы өндіріспен айналысудың озық үлгілерімен таныстырды, өктемшіл биліктің түрлі саяси айласына ұлттық бірлік пен парасатты қарсы қоюға үндеді, туған жердің байлығын өз игілігіне жарату үшін халқын өнер, білімді игеруге шақырды. Қазақ елінің дағдарып, белгілі бір тоқтамға келе алмай қиналған тұсы ресми биліктің қазақтан соғысқа солдат алу мәселесін көтеріп, ал 1916 ж. жазда майдандағы қара жұмысқа 19—31 жас аралығындағы қазақ жастарын алуға кіріскен уақыты еді. “Қазақ” газеті бұл мәселенің күрделілігінен қашпай, 1915—16 ж. өз бастамасымен осы жөнінде пікірталас ұйымдастырып, оған қатысты қоғамдағы түрлі пікірлерді тұжырымдап, негізгілерін құрамында Байтұрсынов бар делегация арқылы қазақ халқының ортақ ойы есебінде Мемлекеттік Кеңес пен Соғыс мин-не жеткізді. Байтұрсынов 1916 ж. ақпанда Мемлекеттік думадағы мұсылман фракциясының төрағасы Қ. Тевкелевтің арнайы шақыруымен фракцияның мәжілісіне қатысып, онда қазақтарға жеке мүфтилік ашу, қазақтарды атты әскер қатарына жазу, қоныс аударушылар толқынын азайту мәселелерін көтерді (РФ ООМА, 10-қ., 4-т., 10/9-іс, 58-п.). Байтұрсыновтың Орынбордағы өмірі мен қызметі Ресей үкіметінің қатаң жандармдық бақылауыда болды. Ол “Қазаққа” жабылған негізсіз жала салдарынан абақтыға отырып шықты. Байтұрсыновтың Бөкейханов-пен бірге ұлт-азаттық қозғалыстың халық мойындаған жетекші дәрежесіне көтерілуі 1917 жылғы рев. өзгерістер тұсында анық байқалды. Қазақ халқының Ақпан және Қазан төңкеріс-теріне қатынасын теориялық тұрғыдан дәл тұжырымдап берген Байтұрсынов: “Қазақтарға ақпан революциясы қаншалықты түсінікті болса, Қазан (әлеуметтік) революциясы оларға соншалықты түсініксіз көрінді. Олар алғашқы революцияны қандай қуанышпен қабыл алса, тура сондай үреймен екіншісін қарсы алуға мәжбүр болды. Қазақ халқымен таныс адамдар үшін қазақтардың бұл революцияға деген мұндай қатынасы әбден табиғи және түсінікті болатын. Алғашқы революцияны қазақтар тура түсініп, қуанышпен қарсы алса, ол біріншіден, бұл революцияның оларды патша өкіметінің қанауы мен зорлығынан құтқаруында, екіншіден, олардың өзімізді өзіміз басқарсақ деген ескі үмітін нығайта түсуінде еді”, — деп жазды [“Жизнь национальностей”. 1919, 2 тамыз, ғ29(37)]. Қазан революциясына қазақтардың үрке қарауын Байтұрсынов қазақ қоғамында капиталистік қатынастардың жоқтығымен, соған сай таптық жіктелудің әлсіздігімен байланыстырды. Бұл ұлттық еркіндік, осы жолда ұлттық тұтастық идеологиясын ұстаған қайраткердің көзқарасы еді және ол сол тарихи кезеңдегі қоғамдық шындықтан алыс емес-ті. Сондай-ақ, осы пікірді білдіру арқылы Байтұрсынов большевиктік билік пен ұлт-азаттық қозғалыс арасындағы айырмашылықты дәл белгілеп берген еді. Бірақ Ленин бастаған большевиктік билік Байтұрсынов пікірін естімегендей сыңай танытты. Байтұрсынов 1917 ж. рев. өзгерістер арнасында өмірге келіп, қазақ тарихында терең із қалдырған Қазақ съездері мен Қазақ комитеттері сияқты тарихи құбылыстың қалың ортасында жүрді, оларға тікелей араласып, “Қазақ” газеті арқылы саяси теориялық бағыт-бағдар беріп отырды. Байтұрсынов, Бөкейханов, Дулатов бастаған үштіктің шешуші жанкешті ұйымдастырушылық қызметінсіз 1917 ж. Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің өмірге келуі мүмкін емес-тін. Байтұрсынов Алаш партиясы бағдарламасын даярлаған шағын топтың құрамында болды. Байтұрсынов пен Дулатов қазақ арасында бұрыннан келе жатқан ру — жүзаралық алауыздыққа байланысты Алашорда үкіметінің құрамына саналы түрде енбей қалды, бірақ олардың қазақ ұлттық мемл. идеясын жасаушы топтың ішінде болғандығын замандастары жақсы біліп, мойындады. Алашорда үкіметі құрамын бекіткен 2-жалпықазақ съезі Оқу-ағарту комиссиясын құрып, оның төрағасы етіп Б-ты бекітті. 1919 ж. наурызға дейін Алашорда үкіметінің Торғай обл. бөлімінің мүшесі болды. Б. 1919 ж. наурызда Алашорда үкіметі атынан Мәскеуге Кеңес үкіметімен келіссөзге аттанды, осы жылғы шілдеде РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі мен Қазақ әскери-рев. к-ті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Б-тың ықпалымен сәуірде Алашорда басшылары мен мүшелеріне Кеңес үкіметінің кешірімі жарияланды. Б. бұл тарихи кезеңде “патшалардың төрінде отырғаннан, социалистердің босағасында өлгенім артық” деген пікірде болды (ҚР ҰҚК архиві, 78754-іс, 6-т., 44-п.). 1920 ж. В.И. Ленинге Кеңес үкіметінің Қазақстанды басқару ісіндегі алғашқы қадамын қатал сынға алған хатын жолдады (қ. Байтұрсыновтың В.И. Ленинге хаттары). Қазревком мүшесі ретінде Қазақстанның Ресеймен шекарасының қалыптасу ісіне белсенді түрде араласты. Бүкілресейлік ОАК-нің 1919 ж. 27 тамызда Қостанай уезін Челябинск обл-на қосу туралы шешіміне қарсы Б-тың жазған саяси наразылығы Қостанай уезін Қазақстан құрамына қайтаруға негіз болды. Б. 1920 ж. сәуірде РК(б) құрамына ену туралы арыз берді. Бірақ көп ұзамай 1921 ж. партия құрамынан шықты. Қайраткердің бұл шешімінің арғы жағында большевиктердің Қазақстандағы іске асырған шараларымен және алған бағытымен келіспеушілік жатқандығы даусыз болса керек. Ол 1920 ж. тамызда құрылған Қазақ АКСР үкіметінің құрамына еніп, 1920 — 21 ж. Қазақ АКСР халық ағарту комиссары қызметінде болды. 1922 ж. Өлкелік халық комиссариаты жанындағы Академиялық орталықтың, 1922—25 ж. Халық ағарту комиссариаты ғыл.-әдеби комиссиясының, Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының төрағасы болып қызмет атқарды. Б. түрлі мемл. қызметке ат салыса жүріп, сонымен бір мезгілде өзінің жаны сүйген оқытушылық-ұстаздық жұмысынан да қол үзбеген. 1921—25 ж. Орынбордағы, 1926—28 ж. Ташкенттегі Қазақ халық ағарту ин-ттарында қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениет тарихы пәндерінен сабақ берді. 1928 ж. Алматыда ҚазМУ-дің ашылуына байланысты ректордың шақыруымен осы оқу орнына проф. қызметіне ауысты. Ф.И. Голощекиннің тікелей нұсқауымен Алаш қозғалысы қайраткерлеріне қарсы жасалған қуғын-сүргін кезінде, 1929 ж. 2 маусымда 43 Алаш қозғалысы қайраткерлерімен бірге ол Алматыда тұтқынға алынып, осы жылдың соңына қарай тергеу үшін Мәскеудегі Бутырка абақтысына жөнелтілді. КСРО Халық комиссарлар кеңесі жанындағы ОГПУ “үштігінің” 1930 ж. 4 сәуірдегі шешімімен Б-қа “1921 ж. Орынборда контрреволюциялық ұйым құрды, ортаазиялық пантүрікшіл ұйымның басшысы Валидовпен байланыста болды, 1927 ж. қазақ даласында қарулы көтеріліс даярлау әрекетіне қатынасты” деген айыптар тағылып, РКФСР Қылмыстық кодексінің 58-бабының 2-, 4-және 11-тармақтарына сәйкес ату жазасына кесілді. Бұл шешім бірнеше рет өзгерістерге ұшырады: 1931 ж. қаңтарда 10 жылға концлагерге ауыстырылса, 1932 ж. қарашада 3 жылға Архангельскіге жер аударылсын деп ұйғарылды. 1933 ж. мамырда денсаулығы нашарлап кетуіне байланысты қалған мерзімді Бат. Сібірде айдауда жүрген отбасымен (әйелі мен қызы) бірге өткізуге рұқсат беріледі. 1934 ж. М. Горькийдің жұбайы Е.П. Пашкованың көмегімен Б. отбасымен мерзімінен бұрын босатылып, Алматыға оралады. Бұл жерде тұрақты жұмысқа қабылданбай, түрлі мекемелерде қысқа мерзімдік қызметтер атқарды. 1937 ж. 8 қазанда тағы да қамауға алынып, екі айдан соң, яғни 8 желтоқсанда атылды. Абақтыда отырған кезінде Б. тергеушілердің сауалына: “Менің идеалым — қазақ халқының тұрмыс жағдайын, мәдениетін мүмкін болғанша көтеру, ал мұның өзі оның игілікті дамуының алғышарты болғандықтан, мен осы мұратты қандай билік қамтамасыз ете алса, соған риза болмақпын” деп жауап қайтарған еді (ҚР ҰҚК архиві, 78754-іс, 6-т., 77—78-п.). Тұтас буынның төл басы болған Байтұрсыновтың алғашқы кітабы — “Қырық мысал” 1909 ж. жарық көрді. Ол бұл еңбегінде Ресей отаршыларының зорлық-зомбылығын, елдің тұралаған халін жұмбақтап, тұспалдап жеткізді. Б. мысал жанрының қызықты формасы, ұғымды идеясы, уытты тілі арқылы әлеум.сананың оянуына ықпал етті. “Қырық мысал” діттеген жеріне тиіп, надандық, тәкаппарлық, күншілдік, аңқаулық, залымдық, т.б. теріс қылықтарды әшкереледі. Әлемдік сөз өнеріндегі ортақ сюжеттердің қолданылу дәстүрі — мысалдың жанрлық табиғатының ерекшелігі. Б. “Қырық мысалда” Эзоп, Лафонтен, Крылов, Абайдың мысалда пайдаланған дәстүрлі сюжеттерді негізге алып, ақындық қуат күштілігімен өзгеше төл туындылар жасады. Қазақ әдебиетінде Абайдан басталған жаңа арна — мысал жанры Б-тың “Қырық мысалымен” орнығып, ұлттық сипат алды. Оның мысалдары әлеум.-қоғамдық жағдайды меңзейтін оқиғалардың, адамдар психологиясынан хабардар ететін ғибратты тұжырымдардың молдығымен ерекшеленеді. Ақынның азаматтық арман-мақсаты, ой-толғамдары кестеленген өлеңдері “Маса” деген атпен жеке кітап болып жарық көрді (1911). “Масаның” негізгі идеялық қазығы — жұртшылықты оқуға, өнер-білімге шақыру, мәдениетті уағыздау, еңбек етуге үндеу. Ақын халықты қараңғылық, енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерден арылуға шақырды. “Қазағым елім, Қайқайып белің, Сынуға тұр таянып, Талауда малың, Қамауда жаның, Аш көзіңді оянып, Қанған жоқ па әлі ұйқың, Ұйықтайтын бар не сиқың?!”, — дейді ақын. Қазақ халқы үшін ең ауыр қасірет — отаршылық езгісі Байтұрсынов поэзиясының басты идеясына айналды. Ел тәуелсіздігі үшін күресте ол сөз бен істің жігін айыра білуді міндет етіп қойды. Ел намысын ойлаған ер қасиетін іздеп, зорлық-зомбылыққа мойымауға, бостандық, еркіндік жолында күресуге қайрады. Бодандық қамытын киген жұртының қалыптасып отырған әлеум.-саяси жағдай туралы өзіндік көзқарасын қалыптастыруға ұмтылды. Халық басына төнген қатер, елдің тұманды болашағы туралы Байтұрсынов айқын да ащы айтты: “Ұйқышыл жұртты, Түксиген мұртты, Обыр орып, сорып тұр. Түн етіп күнін, Көрсетпей мінін, Оятқызбай қорып тұр. Обыр болса қамқорың, Қайнағаны сол сорың!”. Қалың қазақ жұртының алғашқы естіген төңкеріс рухындағы сөзі, қазақ оқушысына естілген елшілік ұраны “Қырық мысал” мен “Маса” еді. 20 ғ. басындағы қазақ оқығандарының тәуелсіздік жолындағы күрескерлері мен зиялылары осы кітаптардан демеу алды. Халық енжар күйінен арылып, қазақ рухы көтерілер ме екен деген ұлы мақсат өз қызметін атқарды. Абайдың ағартушылық, сыншылдық дәстүрін жаңарта отырып, Б. 20 ғ. басындағы қазақ әдебиетін төңкерісшіл-демократтық дәрежеге көтерді. Сондай-ақ, Б. Пушкин (“Балықшы мен балық”, “Алтын әтеш”, т.б.), Лермонтов (“Мцыри”), Вольтер, Надсон өлеңдерін аударды. Бұл аудармалар — тың тақырыпты, идеялық-көркемдік деңгейі жоғары туындылар. Ел тағдырының келешегіне алаңдаулы ақын көп қырлы ісімен, даналық саясатымен қазақ жастарының рухани көсемі болды. Б-тың “Қазақтың бас ақыны” деген көлемді мақаласы — әдебиеттану ғылымындағы алғашқы зерттеу еңбектердің бірі. Мақалада ұлы ақын Абайдың тарихи миссиясы, рухани болмысы, өлеңдерінің ұлттық сөз өнеріндегі маңызы, көркемдік-эстетикалық сипаты баяндалды. “Не нәрсе жайынан жазса да Абай түбірін, тамырын, ішкі сырын, қасиетін қармай жазады... Сөзінің бәрі де халыққа тіреліп, оқушылардың біліміне сын болып емтихан болып табылады” деп жазды. Ол Абай өлеңдерінің даралығын, “сөзі аз, мағынасы көп, тереңдігін”, сыншылдығын ұғындырды. Б-тың Абайдың ақындық шеберлігі, поэзияға деген көзқарасы туралы ғыл. тұжырымдары қазақ әдебиеттану ғылымында жалғасын тапты. Оның “Әдебиет танытқыш” деген зерттеуі (1926) қазақ тіліндегі тұңғыш іргелі ғыл.-теориялық еңбек. Б. әдебиет тарихына, теориясы мен сынына, методологиясына тұңғыш рет тиянақты анықтама беріп, қазақ әдебиеттану ғылымының жүйесін жасады. Халық тілінің бай қоры көзінен мағынасы терең, ұғымдық аясы кең сөздерді термин етіп алып, соның негізінде қазақ әдебиетінің барлық жанрлық формаларын топтап, жіктеп берді. Мыс., сөз өнері, шығарма, ауыз әдебиеті, толғау, т.б. Ғыл.-теориялық еңбекке қазақ әдебиетінің ең бейнелі, мазмұны мен мағынасы терең шығармаларын мысал ретінде пайдаланды. Сөз өнері жайында жазылған әлемдік ғылымның ең үздік үлгілерін пайдалана отырып, әдебиеттанудағы ұғым, термин, категориялардың соны ұлттық үлгілерін жасады. Мыс., меңзеу, теңеу, ауыстыру, кейіптеу, әсірелеу, алмастыру, шендестіру, үдету, түйдектеу, кекесіндеу, т.б. “Әдебиет танытқышта” ақындық дарын табиғаты, шығарм. психологиясы, шабыт стихиясына ғыл. тұжырым берілді. Өлеңге жан-жақты зерттеу жасап, шумақ, тармақ, бунақ, буын, ұйқас, т.б. ұғымдарға анықтама берді. Б. қазақ әдебиетінің даму кезеңдерін ғыл. негізде топтап берген. Мыс., діндар дәуір, сындар дәуір. “Әдебиет танытқыш” — сан-салалы әдебиет табиғатын жан-жақты ашып, талдап-түсіндірген ғыл. зерттеу. Б. “Әдебиет танытқышымен” қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салды. Сондай-ақ, ол — әдебиет тарихының мұрасын, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаған зерттеуші ғалым. Көркемдігі айрықша “Ер Сайын” жыры (1923) мен қазақ тарихының төрт жүз жылын қамтитын “23 жоқтау” жинағын (1926) кітап етіп шығарды. Халық мұрасына үлкен жанашырлықпен қараған Б. “әдебиет тіліне негіз етіп ел аузындағы тіл алынбаса, оның адасып кететіндігін” айтты. Б. — қазақ кәсіби журналистикасын қалыптастырған ірі қайраткер. Ол қазақ халқына, зиялы қауымға газеттің қоғамдық қызметін ұғындырып, баспасөздің өркениетті, тәуелсіз елге аса қажет нәрсе екенін жанкешті іс-әрекетімен көрсетті. Б. ұйымдастырып, бас редактор болған “Қазақ” газеті қоғамдық ойға ірі қозғалыс, рухани санаға сілкініс әкелді. “Қазақ” газеті халықтың рухын сергіткен ірі құбылысқа айналды. Байтұрсынов — әлеуметтік мәселелерге, қоғамдық ой-пікірге ықпал жасаған публицист. Оның мақалалары ғыл. байыптауымен, өткір ойларымен сол кезеңнің шындығынан хабар береді. Абайдың қоғам өмірінің демокр. құрылысы туралы ойларын дамытып, саяси-әлеум. жағдай, оқу-ағарту, халықтың тұрмыс-тіршілігі туралы мәселелерді қозғады. Қазақ зиялыларының жан-жақты білімдар әрі саяси күресте шыңдалған легін қалыптастыруда Б-тың публицист, баспасөз ұйымдастырушы ретіндегі еңбегі ұшан-теңіз. Ол — қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби жасап, жаңа үлгі ұсынған реформатор. Байтұрсынов әліпбиі қазақ тілінің табиғатына бейімделген араб жазуы негізінде жасалды. Ол Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде (Орынбор, 1924), Түркітанушылардың бүкілодақтық 1-құрылтайында (Баку, 1926) араб жазуындағы әліпбидің қажеттілігін, құндылығын жан-жақты тұжырыммен дәлелдеген ғыл. баяндама жасады. Бұл әліпби ұлттық жазудың қалыптасуындағы ірі мәдени жетістік болып табылады (қ. Әліпби). Байтұрсынов халыққа ғылым-білімнің қажеттілігін түсіндірумен ғана шектелмей, білім беру ісін жолға қоюға күш салды. Орыс, татар мектептерінен оқып шыққан ұлт мамандарының өз тілін қолданудағы кемшіліктерін көріп: “Әр жұрттың түрінде, тұтынған жолында, мінезінде қандай басқалық болса, тілінде де сондай басқалық болады. Біздің жасынан не орысша, не ноғайша оқыған бауырларымыз сөздің жүйесін, қисынын нағыз қазақша келтіріп жаза алмайды не жазса да қиындықпен жазады, себебі жасынан қазақша жазып дағдыланбағандық” деп жазды. Байтұрсыновтың “Оқу құралы” (1912) — қазақша жазылған тұңғыш әліппелердің бірі. Бұл әліппе оқытудың жаңа әдістері тұрғысынан өңделіп, 1925 жылға дейін бірнеше рет қайта басылды. “Оқу құралы” қазіргі әдістеме тұрғысынан әлі күнге дейін маңызды оқулық ретінде бағаланады; (қ. Әліппе). Байтұрсынов қазақ тілінің тазалығын сақтау үшін қам қылды. Өзі жазған “Өмірбаянында” (1929): “...Орынборға келгеннен кейін, ең алдымен, қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын зерттеуге кірістім; одан кейін қазақ әліпбиі мен емлесін ретке салып, жеңілдету жолында жұмыс істедім, үшіншіден, қазақтың жазба тілін бөтен тілдерден келген қажетсіз сөздерден арылтуға, синтаксистік құрылысын өзге тілдердің жат әсерінен тазартуға әрекеттендім; төртіншіден, қазақ прозасын жасанды кітаби сипаттан арылтып, халықтық сөйлеу тәжірибесіне ыңғайластыру үшін ғылыми терминдерді қалыптастырумен айналыстым” деген. Байтұрсынов қазақ мектептерінің мұқтаждығын өтеу мақсатында қазақ тілін пән ретінде үйрететін тұңғыш оқулықтар жазды. Оның үш бөлімнен тұратын “Тіл — құрал” атты оқулығының фонетикаға арналған бөлімі 1915 ж., морфологияға арналған бөлімі 1914 ж., синтаксис бөлімі 1916 жылдан бастап жарық көрді. “Тіл — құрал” — қазақ тілінің тұңғыш оқулығы. Оқулық қазіргі қазақ тілі оқулықтарының негізі болып қаланды. “Тіл — құрал” — қазақ тіл білімінің тарау-тарау салаларының құрылымын жүйелеп, ғыл. негізін салған зерттеу. Оның тілдік ұғымдарға берген анықтамаларының ғыл. тереңдігі, дәлдігі қазіргі ғылым үшін өте маңызды. Ол тұңғыш төл граммат. терминдерді қалыптастырды. Мыс., зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, бастауыш, баяндауыш, пысықтауыш, шылау, сөз таптары, сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз, т.б. жүздеген ұлттық терминдерді түзді. Сондай-ақ Байтұрсынов практикалық құрал ретінде “Тіл жұмсар”, мұғалімдерге арналған “Баяншы” деген әдістемелік кітаптар жазды. Ол — қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаған ғалым-ағартушы. Б. оқулығындағы тілдік категорияларды ұғындыру мақсатында енгізген “сынау”, “дағдыландыру” деген арнайы бөлімдер қазіргі заманғы әдістеме ғылымы үшін де өз маңызын жойған жоқ. Байтұрсыновтың ақын, аудармашы, ғалым-тілші, әдебиеттанушы ретіндегі ұлан-ғайыр еңбегі өз дәуірінде зор бағаға ие болды. 1923 ж. Б-тың 50 жасқа толғаны Орынбор, Ташкент қ-ларында салтанатты түрде аталды. С. Сәдуақасов, С. Сейфуллин, М. Әуезов, Дулатов, Е. Омаров сияқты замандастары баспасөзде мақалалар жариялап, Б-тың қазақ халқына сіңірген еңбегін өте жоғары бағалады. Өмірі мен қызметіне, шығармашылығына ғыл. пікір-тұжырымдар айтылды. Әуезов Б. туралы “Ақаңның елу жылдық тойы” деген мақаласында “...Кешегі күндерге дейін бәріміз жетегінде келгенбіз. Қаламынан туған өсиеті, үлгісі әлі есімізден кеткен жоқ. Патша заманындағы хүкіметтік өр зорлыққа қарсы салған ұраны, ойымызға салған пікірі... әлі күнге дейін үйреніп қалған бесігіміздей көзімізге жылы ұшырайды, құлағымызға жайлы тиеді” деп жазды. 1929 ж. шыққан “Әдебиет энциклопедиясында” (Мәскеу) Б. тұлғасына “аса көрнекті қазақ ақыны, журналисі және педагогі. Ол қазақ тілі емлесінің реформаторы және қазақ әдебиеті теориясының негізін салушы” деген ғыл. әділ баға берілді. 1933 ж. шыққан М. Баталов пен М. Сильченконың “Қазақ фольклоры мен қазақ әдебиетінің очерктері” деген кітапшасында: “оның негізгі бағыты қазақ халқының қоғамдық-мәдени оянуына ықпал ету болды” деп Б-тың қоғамдық қызметін қорытындылады. Кейінгі коммунистік идеология Б. есімін ауызға алуға көп жылдар бойы тыйым салып, ол туралы сыңаржақ пікірлер айтылды. Саяси қысымның қаупіне қарамастан белгілі түркітанушы, акад. А.Н. Кононов “Отандық түркітанушылардың биобиблиографиялық сөздігі” деген еңбегінде (1974) Б-тың толық өмірбаянын беріп, әлеум.-қоғамдық қызметін, басты еңбектерін нақты айтты. Оның қазақ әліппесінің авторы екендігі, қазақ тілінің фонетикасы, синтаксисі, этимологиясы, әдебиет теориясы мен мәдениет тарихы оқулықтарын жазғандығы көрсетілді. 1988 жылдан кейін Қазақстандағы көптеген көше, мектептерге Б. есімі берілді. Тіл білімі ин-ты, Қостанай ун-ті Б. есімімен аталды. 1998 ж. оның туғанына 125 жыл толған мерейтойы салтанатпен атап өтіліп Алматы қ-нда респ. ғыл. конференция өткізілді, Байтұрсыновтың мұражай-үйі мен ескерткіші ашылды. Шығармалары. Қырық мысал, СПб., 1909; Маса, Орынб., 1911; Оқу құралы, Орынб., 1912; Тіл — құрал (қазақ тілінің сарфы), 1-жылдық, Орынб., 1914; Тіл — құрал (қазақ тілінің сарфы), 2-жылдық, Орынб., 1915; Баяншы, Қазан, 1920; Тіл — құрал (дыбыс жүйесі мен түрлері), 1-тіл танытқыш кітап, Қ.-о., 1925; Тіл — құрал (сөйлем жүйесі мен түрлері), 3-тіл танытқыш кітап, Қ.-о., 1925; Тіл жұмсар, Қ.-о., 1926; Әдебиет танытқыш, Қ.-о. — Таш., 1926; Әліп-би. Жаңа құрал, Орынб., 1928; Шығармалары, А., 1989; Ақ жол, А., 1991; Тіл тағылымы, А., 1992. Байтұрсыновтың В.И. Ленинге хаттары. Қазан төңкерісінен кейінгі қазақ халқының тағдыры, ұлттық автономия құру мәселелері туралы Ахмет Байтұрсыновтың 1920 ж. жолдаған хаттары. Бұл құжаттар қазақ ұлтының ғана емес, бүкіл түркі жұртының, Шығыс әлемінің ортақ мақсат-мүдделерін жан-жақты, кең әрі терең жеткізген аса маңызды тарихи мұра болып табылады. 1920 ж. 17 мамырдағы хатында Байтұрсынов Қазақстандағы тұңғыш кеңестік өкімет органы — Қазақ ревкомының құрылғаннан бері 10 айлық қызметінің қорытындысын шығарып, Мәскеу мен қазақ халқының арасында өзара сенім болмағандығын, Ресей коммунистерінің оған алуан түрге боялған үстемдігін таңып отырғандығын, сан ғасырлар бойы отаршылардың езгісінде болып келген қазақтардың өзін-өзі билеуге ұмтылысын, Қазақстанды “халық толық сенетін қазақ зиялылары” басқаруға тиістігін жазды. “Ленин жолдастың ұлт және отар мәселелері туралы тезистеріне қосымша” деген атаумен белгілі хатты Байтұрсынов Ә. Ермековпен, Түркістан АКСР-ы өкілдері Т. Рысқұлов пен Низаметдин Қожаев, Башқұртстан-ның басшылары Зәки Уәлиди Тоған және Харис Юмағұловпен бірігіп жазды (1920 ж. 16 маусым). Келесі күні, 17 маусымдағы хатында және жазылған мерзімі көрсетілмеген тағы бір хатында Байтұрсынов Ленин тезистеріне жеке өзінің сын-ескертпелері мен ұсыныстарын жолдады. Ресей революциясының жетекшісіне жөнелтілген хаттарының бәрінде де Байтұрсынов ұлт азаттығын көздеді. “Бостандыққа жетудің жолын қазақ елі өзі таңдауы керек, оған жетудің бар ауыртпалығы мен жауапкершілігін ұлт қайраткерлері көтеруге тиіс, Коминтерн мен Ресей коммунистерінің Шығысқа “көмегі” күшпен таңылмауы керек, оның орнына жанашыр қолдау көрсетілуі қажет” деп жазды ол. Байтұрсыновтың саяси көзқарасын айғақтайтын бұл құжаттарда Ленин мен лениншілердің тұрпайы отаршыл, орысшыл, тар ауқымды таптық көзқарастарына Алаш азаматының ұстанған жалпыадамзаттық құндылықтары қарсы қойылған. Байтұрсыновтың мұражай-үйі. Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылық жолына арналған, мәдени-ғылыми мекен-жай. Мұражай Алматы қаласындағы А.Байтұрсынов пен Жамбыл көшелерінің қиылысында орналасқан. Бұл үйде Байтұрсынов 1934 жылдары тұрған. Мемлекеттік деңгейде құрылған арнаулы комиссия шешімімен мұражай-үй бұрынғы қалпына келтірілді. 1998 ж. Байтұрсыновтың туғанына 125 жыл толуына орай мұражай-үй күрделі жөндеуден өткізіліп, құрылымы, сәулеттік сыртқы пішіні, ауласы бұрынғы қалпын тапты. Мұражай-үйдің бөлмелерінде орналастырылған заттардың көбісі жақын-туыс жанашырларынан алынған. Онда Байтұрсынов өміріне байланысты архивтік материалдар, түрлі құжаттар, қолжазба мұралары, фотосуреттер, сирек кездесетін кітаптар қойылған. Байтұрсыновтың тұрмыс-тіршілігі мен шығарм-на байланысты жиһаз-бұйымдар мен құжаттардың бір тобы Торғайдағы мұражай-үйінде сақталған. Қотақбас. - "Адамгершіліктен жұрдай" дегенді білдіретін балағат сөз. Ауыз-екі тілде достар арасында фамильярлықты білдіруі мүмкін.Бірақ қарым-қатынасы сенімсіздік тудыратын адамдарға бағытталса, ауыр әрі зілді сөз. Жаңаөзен. Жаңаөзен — Қазақстанның оңтүстік-батысындағы, Маңғыстау облысында орналасқан қала. Механикалық және электромагниттік тербелістер арасындағы ұқсастық. Тербелмелі контурда пайда болған электромагниттік тербелістер кезінде конденсатор астарларындағы q заряд және контурдғы i ток күші периодты түрде өзгеріп отырады.Енді математикалық немесе серіппелі маятниктің тербелістерін еске түсірейік. Онда дененің х координатасы мен жылдамдығы периодты өзгеріске ұшырайды.ТОЛЫҚ АҚПАРАТ:ЕКІ ЖҮЙЕДЕГІ ТЕРБЕЛІСТЕР БІРДЕЙ, БІРАҚ ТЕРБЕЛІСКЕ ТҮСЕТІН ШАМАЛАРДЫҢ ТАБИҒАТЫ ӘР - ТҮРЛІ. БҰЛ ЖЕРДЕ ҚАНДАЙ ШАМАНЫҢ ТЕРБЕЛІСКЕ ТҮСЕТІНІ ЕМЕС, ОЛАРДЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАНДАЙ ЗАҢДЫЛЫҚПЕН ТЕРБЕЛЕТІНІ МАҢЫЗДЫ. ТЕРБЕЛІС ЗАҢЫ ЕКІ ЖАҒДАЙДА ДА БІРДЕЙ. Тышқақ. Тышқақ — ауру түрі. Бұл аурумен ауыратын адам үлкен дәретке көп отырады. Жұмалақ. Жұмалақ, тести́кулы (,) — еркектің жыныстық (сперматозоидтар) және стероидтық (негізінен тестостерондар) жасушалары түзілетін қос еркектік жыныстық бездер. Құрылымы. Поперечный разрез левой части мошонки и левого яичка. (en) Сілтеме. - иллюстрированная статья врача уролога Малышева Дмитрия Викторовича. Дыбыс үндестігі. Сөзбен сөз арасында, түбір мен қосымша арасындағы дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, өзгеріп, айтылуын немесе жазылуын үндестік заңы дейді. Үндестік заңы 2-ге бөлінеді: буын үндестігі, дыбыс үндестігі. Буын үндестігі сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке болып келуін айтады. мысалы: Әже, инелік. Ата, инабат, уақыт. Дыбыс үндестігі сөз ішіндегі қатар келген 2 дыбыстың бір-біріне ықпал етуі. Дыбыс үндестігі 3-ке бөлінеді: үлгерімді ықпал, кейінгі ықпал, тоғыспалы ықпал. Оғыз қаған жыры. оғыз қаған жырында сөз болатын оқуғалардың түпкі желісі заманымыздан бұрын да айтылып келген. оғыз мемлекетінің дәуірлеген кезінде тоғызыншы ғасырда жинақталып, кейінірек он төртінші ғасырда хатқа түскен. оғыз қаған жырында бүкіл оғыз қыпшақ тайпаларының тарихында болған оқиғаларды бір адамның басына жинақтап береді. қыпшақ, қаңлы, қарлұқ, қалаш ру тайпаларының шығу тегін жеке кісілердің оқиғасымен байланыстырады. жырда оғыздардың көк тәңіріне табынып, өздерін көк бөріден тарататынын аңғаруға болады. оғыздың үрім қағанға (византия) жорығын көкжал бөрі бастап отырады. оғыздың өзі көк өңді, әйелінің көзі көктен де көгірек, шашы теңіз толөынындай болып суреттелуі көк түсті қасиетті деп санаудан туған. оғыздың ақылшы кеңесшісі ұлық түрік қорқыт ата тоңұқық бұқар сияқты жырау. ол ақ сақалды ақ шашты өнерлі сәуегей кісі. жыржа оғыздың анасының аты айқаған, әкесі аталмайды. түркілердің салтында қыздардың атына хан, төре, бек, сұлтан деп қосып айта берген (ханзада бегім, рабиға сұлтан бегім, т.б.). оғыз қаған жырының құрылысы қазақ эпостарымен ұқсас келеді. батырлық жырлардағыдай қаһарманның тууы, өсіп жетілуі соғыс жорықтары, еліне оралуы болып суреттеледі. Фарос маягi. 2006 жылы терең зерттеу нәтижесiмен салынған графикалық суретi Әлемнiң жетi кереметiнiң бiрi – Фарос маягi, аты айтып тұрғандай Фарос аралында, бiздiң ғасырымызға дейiнгi 285-286 жылдары салынған. Үш қабаттан тұратын Маяктiң бiрiншi қабаты төрт бұрышты болса, екiншi қабаты сегiз қырлы, ал үшiншi қабаты дөңгелек болып салынған. Бiрнеше шақырымнан теңiзшiлерге белгi берiп тұратын бұл маяктiң айналы механизмiн құрастыруда Архимедтiң атқарған ролi зор болған. Ақ мәрмәрдан салынған биiктiгi жүз қырық метрлiк Фарос маягi ХIV ғасырда болған жер сiлкiнуi апатында теңiз түбiне кеткен. Александрия (Мысыр). Александрия қаласы - Мысырдың қиыр солтүстiгiндегi Мариут өзенiнен Жерорта теңiзiн бөлiп тұратын торапқа орналасқан, Александрия орталықтан 256 шақырым жерде. Таңғы сағат бесте жолға жиналдық. Шолпан жұлдызы жарығын молынан төгiп, “ақ жол” тiлегендей. Бiздiң ғасырымызға дейiнгi 331- 332 жылдары Македонияның ұлы қолбасшысы – Александр салдырған бұл қала – түбiнде Мысырдың орталығы болады деген мақсатты көздеген деседi. Шығыс пен Батысты тоқайластыратын үлкен порт салып, сауда-саттық бизнесiнiң шоғырланған орталығына айналдыруды қиялдаса, тағдыр оған оның алғашқы құрылысын көрудi де жазбапты. Болашақ қаланың жоба-жоспарларын, мақсат-мүдделерiн қоластындағы орындаушыларына мұқият табыстап, өзi Азия елдерiн жаулауға аттанады. Өкiнiшке орай ұлы қолбасшы 33 жасында қаза табады. Оның мүрдесi – өзiнiң атындағы қаладағы қорымға бальзамдалып, перғауындардың салт-дәстүрi бойынша жерленедi. Жер жүзiндегi Римнен кейiнгi космополиттi iрi мегаполиске айналдыру арманына жетпеген жоспарларын жүзеге асыруды сол жердегi генералдарының бiрi қолына алып, әрi қарай жалғастырады. Александрдiң мұрагерi ретiнде, өзiн сол мемлекеттiң ендiгi билеушiсi екендiгiн жариялайды. Осылайша гректердiң Мысырды билеп – төстеуi 300 жылға жалғасады. Грек өкiлдерiнiң мұрагерлiк билiгi патшайым – Клеопатраның 36 жасында қайтыс болуымен аяқталады. Грек-мысыр мәдениетi тоғысқан бұл қала – нағыз өркениеттi мәдениет орталығы болып қалыптасады. Ғылым мен бiлiм ордасына айналады. Геометриялық iлiмнiң классикалық үлгiсiн жасаған Евклидтiң, астроном – Аристархтың, географиялық картографияның авторы – Эратостеннiң, медицинада жүйкелiк және қан айналымының жүйелiлiгi жөнiнде жаңалық ашқан – Эрофильдердiң тарихи отанына айналған Шығыс мемлекетiнiң жұлдызы барған cайын жарқырай түстi. Тарихтағы антикалық ғасырдың бет ажарына айналған – Александр Македонскийдiң кесенесi мен Юлий Цезарь, Марк Антониомен өткiзген шат-шадыман, той-думанға куә болған Клеопатрианың салтанатты патша сарайы билiк басына Рим императоры Октавиан Августiң келуiне байланысты жермен-жексен болды. Тарихтың таңбалы қасiретiне ұшыраған көнекөз жәдiгерден – Помпейдiң әйбат архитектуралық колонналарының жұрнағы, Клеопатрияның тапсырмасымен салынған Кайзереум храмы мен әулие Серапистiң ғибадатханасы вандалдар әрекетiнен аман қалыпты. Иә, тарих көшi керуенiн тоқтатпақ емес. Өзiн тойдырса да, көзiн тойдыра алмаған бұл жалған – жер бетiн түгел жаулап, дүниенi ашса – алақанында, жұмса жұдырығында ұстағысы келген, “Хандардың ханы, патшалардың патшасы атанған” Александр Македонскийден де қалды. Арабтар Александрия қаласын “Эль- Искандер” деп атайды. Бұл қаладағы атақты Фарос маягi мен Александрия кiтапханасын жұрт ұмыта қойған жоқ. Александрия кiтапханасы. Александрия кiтапханасы - Александриядағы миллионнан астам қолжазбалар сақталған император кiтапханасы қилы-қилы қиындықтарды бастан кешсе де, бүгiнгi таңда бойын тiктеп, тарих желiсiнде көш бастап тұр. Кiтапханада бүгiнде бес жүз мыңға тарта әлемдегi ең таңдамалы кiтаптар орын алған. Құран кiтабының әртүрлi нұсқасы – терiден бастап, папирусқа түсiрiлген түп нұсқаларын осы жерден кездестiруге болады. Ғылымның, мәдениеттiң түп қазығы болып саналатын кiтапхана дәуiрдiң өзгеруiне байланысты жаңа технологиялық жолға көшкен. Теңiз жағалауына жапсарлата салынған бұл алып кiтапхананың төбесi түгелдей дерлiк терезелерден құралған. Сондықтан iшi кең, хан сарайындай жарық. Кiтапхана музейiндегi барлық кiтаптар компьютерге ендiрiлiп, интернет жүйесiне қосылған. Психикалық процестер. Еріктік. Мақсатқұмарлық; Табандылық; Жауапкершілік; Сенім; Жігерлік; Батылдық. Чак Паланик. Чарльз Майкл «Чак» Паланик (ағылш. "Charles Michael "Chuck" Palahniuk"; 1962 жылы 21 ақпан, Паско, Вашингтон, АҚШ) — американың танымал жазушысы, журналист. Көпшілік оны «Төбелес клубы» "(«Fight Club»)" кітабының аторы ретінде таңиды. Бұл кітап бойынша 1999 жылы кино түсірілді. Кейде оны «контрмәдениеттің» патшасы деп атайды. Чак Паланик — Радио мен баспасөзде жүріп, жай ғана жұмыстан көбірек жасаймын деген мақсатпен әлеуметтік қызметке араласады (емделмейтін аурулары бар науқастар мен мүсәпірлерге көмек). Оның жазушылық жолы 30 жасында басталады. Жазушылық шеберлік курстарын жүргізген Том Спаунбауэрдің (Tom Spaunbauer) сабақтарына қатысып, Чак өзіндік стилін тауып, шығармаларын жаза бастайды. Жазушының айтуынша, Спаунбауэр оның минималистік стиліне әсер етті. Паланиктың алғаш романы «Көрінбейтін құбыжықтар» («Invisible Monsters») баспада қабылданбағаннан кейін ашулы автор «Төбелес клубты» («Fight Club») жазып, оның экранизациялануынан соң әлемге танылады. Шығармаларының кейбір цитаталары. — Шынын айтсам, қайда болмасаң да, қажет жерде емессің. — Мәңгілікке ұмытқың келетін нәрсеңді ешқашан да ұмыта алмайсың. — Біз бәрі де нашар болып тұрғанды жақсы көреміз. Бірақ ешқашан оны мойындамаймыз. — Әркімнің өз жеке комасы бар. — Өзіңе түсініксіз нәрсені өз қалауынша түсің. — Егер де біз әлденені түсіне алмасақ, ол бізді жындандырады. Егер де түсіне не түсіндіре алмасақ, оны жоққа шығарамыз. — Жараны ұмыту қиын, бірақ қуанышты еске түсіру одан да қиын. Бақыт есімізде жара қалдырмайды. Бір қалыптылықтың бізге үйретері аз... — Ант пен серттердің құны жоқ әлемде, берілген уәдені тек бұзу үшін уәделесу әлемінде, сөзге бұрынғы пәрменділікті дарыту тамаша болушы еді. — Адамдар, өздері айтпақшы, телефонды бір-біріне жақын болмас үшін пайдаланады, бірақ жалғыз қалудан қорқады. — Мені ұмыта аласың, бірақ менің бар болуымды жоққа шығара алмайсың. — Ешкім де басқаларға шын мәнісінде кім екенін көрсетпейді. — Өз проблемаларың жайында айналадағыларға айтпасаң, олардың проблемаларына мән беруден қашасың деген сөз. Ұлытау тобы. «Ұлытау» тобы әу бастан-ақ игі мақсатпен құрылған еді. Мақсат – қазақтың қара домбырасы мен халық күйлерін әлем халықтарына таныту. Қыдырәлі Болмановтың бастамасымен құрылған топ не бары бес-алты жылда үлкен нәтижелерге қол жеткізіп үлгерді. 2001 жылы Голливудта өткен Бүкіләлемдік музыка орындаушыларының чемпионатында Бас жүлдені жеңіп алды. 2004 жылы әлемдік жұлдыздар санатындағы түрік әншісі Тарканның концертінде өнер көрсеткен. Ал, 2005 жылы топ музыканттары Чешенстан Республикасы мен Ингушетия Республикасының Еңбек сіңірген және халық әртістері деген атаққа ие болған. Топтың алғашқы альбомының атауы – «Жұмыр қылыш». Махамбеттің «Жұмыр қылышы». Жарыққа шыққан күйтабақта айқын көрініп, әдемі тыңдалатын дүниенің бірі – «Жұмыр қылыш». Оның өне-бойында даланың рухы болған соң, біз альбомды «Жұмыр қылыш» атадық». Күйтабаққа он композиция енген. Олардың ішінде күй атасы – Құрманғазының «Адайы», Вивальдидің «Жыл мезгілдері» мен өзге де қазақ күйшілерінің үздік туындылары бар. Альбомның өзі Мәскеудегі танымал студиялардың бірінде жазылса, АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындағы «Paramaunt Records» студиясында өңдеуден өткен. «Жұмыр қылыш» үнтаспасы негізінен ТМД елдері мен Еуропаның тыңдармандарына арналған. «АБК» компаниясының Мәскеудегі өкілі Табриз Шахиди бұл альбомның Еуропаны күй әлеміне жетелеп, қазақтың этно музыкасын мойындайтынына сенімді. Алдағы уақытта үнтаспаға енген күйлердің кейбіріне бейнеклиптер түсірілмек. Бейнеклиптер әлемнің күллі телеарналарына, атап айтсақ, «Муз ТВ», «MTV», «Channel V» сияқты белді музыкалық телеарналарға ұсынылмақ. Құдай қаласа, альбом 2006 жылдың ақпан айында Мәскеуде тұсауын кесілд. Ал, көктемде Лондонда белгілі американдық продюсер Тим Палмердің қатысуымен «Ұлытау» жобасы көпшілікке таныстырылды. «Жұмыр қылыш» альбомы да Лондонда тұсауын кесті. Баспасөз мәслихатына арнайы келген ресейліктер: «Бұл азиялық музыканттардың Еуропаны жаулау жолындағы алғашқы қадамы. Поп музыкасы дүрілдеген заманда «Ұлытау» сияқты жобаның пайда болуы, шын мәнінде, игі бастама» – дейді. Қазір топ құрамы жаңа мүшелермен толығып жатыр екен. Аспаптық ұжымға белгілі ресейлік барабаншы Игорь Джавад-заде келіп қосылыпты. Ол Ресейдің атақты әртістері – Авраам Руссо, Земфира, Кристина Орбакайте, т.б. бірге жұмыс істеген. Жерлестеріміздің ішінен «А-студио» тобында барабаншы болған. Игорь Джавад-заде: «Ресейде поп музыкадан аяқ алып жүре алмайсыз. Әлемде де осы музыка жанры дүрілдеп тұр. Бұдан да адам қажиды. Мен «Ұлытау» тобының музыкасымен танысқанымда, алғашында бұл маған таңсық болды. Кейін бірге жасаған дайын туындыны тыңдап көргенімде, таң қалдым. Мен өзімді азиатпын деп санаймын. Біздің мақсатымыз – Азия музыкасын Батысқа мойындату. Сондықтан да тек қана алға ұмтыламыз» – дейді. Топ құрамының жиі өзгеруін Қыдырәлі Болманов шығармашылық ізденістермен байланыстырады. «Қажет болса, өзге аспаптарды да қосуымыз мүмкін. Осыған орай, топ құрамына жаңадан орындаушылар келуі мүмкін. Бірақ туындыда басымдық берілетін аспап – домбыра. Біздің мақсатымыз – қазақ күйлерін жаңаша үлгімен насихаттау. Құдайға шүкір, бізге алғашқы Гран-приді әкеліп берген де Құрманғазының «Адайы» – дейді, еліміздің танымал продюсері. Мыңбаев. Мыңбаев, Кәрім (1906—1948) қазақтың ұлы ғалым-селикционері, биология ғылымдарының докторы (1944), Қазақ КСР ҒА корреспондент мүшесіі (1946). Ивановка. Ивановка қазір Кәрім Мыңбаев ауылы 1902 жылы құрылды. Орналасқан жері Қазақстан, Қарағанды оьлысы, Нұра ауданы, Мынбаев аулы. Қаз. Қаз,- орыс тілінде Гусь. Бұл құс. Үйрек. Үйрек үй құсы, негізінен азық ретінде өсіріледі. үйрек, үй-iшiнiң бiрнеше туу құстары үйрек. үйректерге пеганкаларды жатады, сүңгитiн (сүңгулер) тоқы, савка, өзеннiң тоқып, тоқы - пароходтар, мускус кiшкене балықтар да тоқы; жинағы 110 түрден астам. Жайылған кең тоқы, Ресейде 30 түрден астам. Тоқы - бұл қысқа мойынмен және құс жiлiншiгi, жабулы алда көлденең Щитколар туралы орташа және ықшамдауларды құс. Түрлi, көп түрлерде қанаттағы қауырсындануды түске бояу ерекше айнада болады. Түрлерiнiң қатары үшiн кенет бейнеленген еркек және мекиеннiң қауырсындануын әртүрлi түске бояуда жиiрек көрсетiлетiн жыныс диморфизмының көбейтуiн мерзiмге тән. Түлеудiң түрлерiнiң көпшiлiктерiнде жылына екi рет болады; жазғы-толық, күзгi-жартылайы. Қой. ҚОЙ "(Ammon ovіs arіes)" – қуысмүйізділер тұқымдасына жататын, күйіс қайыратын аша тұяқты мал. Қ. неолит дәуірінде қолға үйретіле бастаған жабайы қойлардан (арқар және муфлон) шыққан. Дүние жүзінің 170-тен аса елінде 650-дей Қ. тұқымдары мен тұқымдық топтары бар. Қ-дың дене ұз. 60 – 110 см, шоқтығының биікт. 55 – 100 см. 12 – 15 жыл тіршілік етеді. 5 – 7 айлығында жетіледі, 15 – 18 айында ғана күйекке жіберіледі. Саулықтарының буаздық мерзімі 145 – 155 тәулікке созылады. Көпшілігі жалқы, кейде егіз туады. Қозылар 1,5 айлығында отармен бірге бағылады, 3 – 4 айлығында енесінен айырып, еркек және ұрғашы қозыны жеке отарға бөледі. Қ-ды жасына қарай қозы, марқа қозы, тоқты, ісек, т.б. деп атайды; төлдеген Қ-лар – саулық, 1 жыл төлдемеген Қ-лар – қысыр, бірнеше жыл төлдемегендерін – ту Қ. деп атайды. Қошқарлар мен саулықтардың орташа тірідей салм. 70 – 140 кг; 50 – 70 кг тартады. Олардан тиісінше 10 – 15; 4 – 8 кг (биязы жүнділерінен) 7 – 10; 3 – 6 кг (биязылау жүнділерінен); 4 – 6; 2 – 4 кг (ұяң және қылшық жүнділерінен) жүн қырқылады. Қазақстан қой ш-нда өсірілетін Қ. тұқымдары: қазақтың етті-биязылау жүнді қойы, қазақтың оңтүстік мериносы, қазақтың арқар-мериносы, қазақтың ұяң жүнді құйрықты қойы, қазақтың биязылау ұзын жүнді қойы, қазақтың биязы жүнді қойы, қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойы, ақжайық қойы, ақсеңгір қойы, алтай қойы, еділбай қойы, дегерес қойы, кавказ қойы, цигай қойы, қаракөл қойы; тұқымдық топтары – қарғалы қойы, сараджа қойы. Қ-дың жаңа типтерін шығару жұмысында линкольн қойы, ромни-марш қойының тұқымдары пайдаланылады; қ. Қой шаруашылығы. Қой - Үй жануары. Қазақтардың төрт түлік малдарының бірі. Азық үшін көбейтіледі. Сүтқоректілер қатарына жатады. Жүні жеңіл өнеркәсіпте кеңінен пайдаланылады. Өнімдері - сүт, ет, жүн. Қой шаруашылығы әлемнің көп елдерінде байырғы заманнан кең тараған кәсіптердің бірі. Қой сою дәстүрі. 1) Сойылатын қойды таңдау: сойылатын қой пышаққа жарамды семіз қой, буаз қойды соймайды. 2) Таңдалған қойды қонаққа көрсетіп, бата сұрау: Сояр қой таңдалып, іріктелініп алынғаннан кейін үй иесі ақ батаны қонақтан сұрайды. 3) Қасапшы пышағын, үй иесі шыптасын дайындау, құмаға жылы су құю: үй иесі малын қонағына көрсетіп оның ризашылығын алып жатқанда қасапшы пышағын сайлап, құманға жылу су құйып, шыптасын ыңғайлап қояды. 4) Малды бауыздау: малды бауыздау үшін қан жын төгіліп, үйдіңм маңын шыбын шіркей баысп кетпеуі үшін малды аулаққа, көбіне су жағасына апарып төрт аяғын айқастыра қосып байлайды. Малдың басын құбылаға қаратып "бісміллә" мен бауыздайды. 5) Қойдың аяғын байлаған жібін шешу, құмандағы сумен қойдың алқымын жуып бауыздау, қанынан тазарту, қолын пышағын жуу: бауыздалып жаны әбден шыққаннан кейін қойдың аяғын байлаған жіп шешіліп алынады. Содан кейін қасапшы құмандағы жылы сумен қойдың алқымын жуып бауыздау қақынан тазртады, қолын, пышағын жуады. 6) Бауыздалған қойды екі тәсілмен сою: бірі төселген шыптаның үстіне жатқызып сою да, екіншісі артқы екі тілерсектен ағаш өткізіп іліп сою. 7) Қойдың терісін іреу, түю: қойды сою үшін алдымен терісін ірейді. Бас пен төрт сирақты үйту: тері сыпырылмас бұрын бөлектеніп алынған бас пен төрт сирақ үйітілуге жіберіледі. Өйткені ет бұзылып қазанға салынғанша ба пен сирақ та үйітіліп дайын болуы керек. 9) Терісі сыпырылған қойдың денесін мүшелеу. Тағы қараңыз. ҚАРАКӨЛ ҚОЙЫ Ешкі. Үй жануары. Азық үшін көбейтіледі. Сүтқоректілер қатарына жатады. Өнімдері сүт, ет. Ешкі – мүйіз қуыстылар тұқымдасына жататын жұп тұяқты, күйіс қайыратын жануар. Үй ешкілерінің бастапқы тегіне ешкілердің жабайы екі түрі (безоар ешкісі, иір мүйізді ешкі), сондай-ақ жойылып кеткен C. prіsca түрі жатады. Ешкі – қолға алғаш үйретілген жануарлардың бірі. Ешкінің мүйізі қырлы, дене бітімі жеңіл, құйрығы қысқа келеді. Оның түбіті, жүні, терісі, еті мен сүті пайдаланылады. Ешкінің сүтті (мегрель, заане, орыс ешкілері), жүндес (ангор ешкі), түбітті (придон, орынбор, башқұрт ешкілері), сүтті-етті жүндес (өзбек, қазақ-қырғыз, кавказ, бурят-моңғол ешкілері) тұқымдары бар. Ешкі тоғыз – он жыл тіршілік етеді. Ешкі бір – екі, кейде бесеуден лақтайды. Жақсылап күтсе жылына екі рет төлдейді. Текесі 60 – 65 кг-ға дейін, ешкісі 40 – 60 килограға дейін тартады. Жемденген ешкіден 20 – 28 кг ет, 4 – 6 кг май, жеті – он айлық лақтан 12 кг ет, 1,5 кг май алынады. Сүтті ешкілер жылына 450 – 550 кг, кейбір шаруашылықтарда 1 т-ға дейін сүт береді. Сүтінің майлылығы 3,8 – 4,5%. Жүндес тұқымды ешкі қылшығының ұзындығы 15 – 18 см болады. Ешкілерді көктемде, жылы аудандарда екінші рет тамыз – қыркүйек айларында қырқады. Текесінен 4 – 6 кг, ешкісінен 3 – 5 кг қыл алынады. Түбітті ешкіден 0,2 – 0,5 кг, кейде 2 кг түбіт алынады. Ешкі терісінен сафиян, шевро сияқты бағалы былғары жасалады. Аң. Аң — еті мен терісі үшін ауланатын түз жануарлары. Қазақ халқы терісі үшін ауланатын орташа сүтқоректілер (құндыз, суыр, күзен, бұлғын, кәмшат, сусар түлкі, қарсақ, т.б.) мен терісі, еті, мүйізі үшін ауланатын жануарларды (қара құйрық, ақбөкен, елік, арқар, таутеке, құндыз кәмшат, марал, бұлан, т.б.) да аң деп атаған. Қазақстанда кейін арнаулы аң өсіру фермалары құрылды. Онда аң өсірудің екі әдісі: торда және жартылай еркіне жіберіп өсіру қолданылады. Күміс түсті қара түлкі, көгілдір түлкі, бұлғын, қара күзен торда өсіріледі. Ал жартылай еркіне жіберіп өсіруде аңның негізі тобы торда болады да, жаз бен күзде ересегі мен жасы еркіне жіберіліп, бірге бағылады. Республикада дайындалған аң терілерінің 12 – 15%-ы жабайы аңдардың, 82 – 85%-ы қолда өсірілетін аңдардың үлесіне тиеді. Аңшылық – түз жануарларын аулау кәсібі. Қазіргі Қазақстан жерінде адамдар аңшылықпен ежелгі палеолит дәуірінен айналысқан. Мысалы, Үшбұлақ қойнауында (Қаратау қаласының солтүстік-батыс жағында 36 км жерде) мустье дәуірінде өмір сүрген аңшылардың шағын топтарының қысқа мерзімді тұрақтарының ізі сақталған. Ондай тұрақтар суатқа келетін аңдарды (бизон, бұғы, киік, жылқы) аңдуға қолайлы бұлақ түбіне салынған. Соңғы палеолит дәуірінде ірі жануарларды аулау, адам қорегінің басты негізі болды. Мысалы, адамдар Жайық өзенінің бойынан мамонттар мен жүндес мүйізтұмсықтарды аулап, олардың сүйектерінен әр түрлі кескіштер, қырғыштар, найзалар мен сүңгілердің ұштары, шанышқылар, лақтырылатын найзалар, сүйек инелер, біздер жасаған. Сонымен қатар адамдар аң терісінен киім тігуді де үйренген. Аң аулау дәстүрлері мен тәжірибелері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, аң аулау шаруашылығы дамыған. Соған байланысты қазақтар арасында аңшылықты жақсы меңгерген мамандар – аңшы (аңды аулаушы), аңкөс (аң аулаудың сырларын жетік меңгерген аңшы), құсбегі (қырандарды түрге, топқа жақсы ажырататын), бүркітші (бүркітті баптай алатын) және қағушы (бүркітшілерге қолғанат болатын) пайда болды. Олар аң аулаудың айла-шарғыларын (ор қазып, ұшпалардан ұшырып, қарға омбылатып аулау, тасқақпанмен, тормен, құмқақпанмен, тұзақпен ұстау, құспен, итпен қуу, түтін, жемтік салу, мұзға отырғызу, т.б.) жетік меңгерген. Аңшылық мақсатына қарай кәсіптік, спорттық-әуесқойлық және ғылыми болып бөлінеді. Кәсіптік аңшылықтың мақсаты – аңдар мен құстардан ет, тері, мамық, қауырсын, мүйіз, т.б. өнімдерін алу. Өнімнің сапасы аңның түлеуіне, балалау мерзіміне байланысты белгіленеді. Спорттық-әуесқойлық аңшылық аңдар мен құстарды белгілі тәртіппен аулап, табиғат саясында дем алу. Әуесқой аңшыға мемлекет тарапынан шек қойылады. Ғылыми аңшылықтың құрамына: аң шаруашылығының экономикасы, кәсіптік аңдар мен құстардың биологиялық ерекшеліктерін зерттеу, олардың сан мөлшерін көбейту, алынатын өнімді арттыру және сапасын жақсарту, аң аулау әдістерін, құралдарын жетілдіру мәселелері жатады. Әлем. Әлем, - басқаша ғалам. Ғалам – алуан түрлі формада болатын әрі ұдайы өзгеріп отыратын, кеңістік пен уақыт бойынша шеті де, шегі де жоқ бүкіл дүние. Ғаламды (араб сөзінен) зерттеумен тікелей шұғылданатын ғылым – астрономия. Ал барлық ғылыми білімге негізделген ғалам жөніндегі пайымдаулар космологияның мәселесі болып есептеледі. Ғаламның шексіздігі туралы алғашқы пікір біздің заманымыздан бұрынғы 5 ғасырда өмір сүрген ежелгі дәуірдегі грек ғалымы Гераклиттің (біздің заманымыздан бұрынғы 5 ғасыр) еңбектерінде кездеседі. Гераклиттің көзқарасын Демокрит, Эпикур және Лукреций одан әрі дамытып, кейінгі дәуірлерде Жердің шар тәрізді екенін және аспан шырақтарының бір-бірінен алшақтылығын анықтауға байланысты зерттеулер (Пифагор, Аристотель, Эратосфен) жүргізілді. Бірақ шіркеу мен дін үстем болған дәуірде мұндай озық ойлар қолдау таппай, тек Қайта өркендеу дәуірінде Николай Коперниктің «Аспан сферасының айналысы туралы» атты кітабы космогонияда ғылыми зерттеуге жол ашты. Біз мекендеген Жер де, басқа планеталар, құйрықты жұлдыздар мен метеорлық денелер тәрізді, Күн жүйесінің құрамына енеді. Күн жүйесінің диаметрі он миллиард километрдей. Галактиканың диаметрі шамамен 30 мың пк-ке (шамамен 100 мың жарық жылы) жуық. Кейінірек ғалам кеңістігінде біздің Галактика тәріздес миллиондаған басқа да галактикалардың бар екендігі анықталды. Зерттелген галактикалар жиыны Метагалактика деп аталады. 20 ғасырдың 70-жылдарында әр түрлі елдердегі астрономдардың ұжымдық еңбектерінің нәтижесінде Метагалактиканың мынадай маңызды қасиеттері анықталды: 1) галактикалар Метагалактикада бірқалыпты таралмаған; олардың көпшілігі галактикалар шоғырлары мен топтарына жинақталған; 2) галактикалар бір-бірінен, жуық шамамен, орналасу қашықтығына пропорционал болып қашықтайды (мысалы, бір-бірінен он млн. пк қашықтықтағы галактикалар 600 км/с жылдамдықпен қашықтайды); 3) ғаламның біз орналасқан бөлігі миллиметрлік радиотолқындар диапазонындағы радиосәулемен бірқалыпты толтырылған. Бұл сәуле реликт сәуле деп аталады. Реликт сәуле, өткен ерте дәуірдегі Метагалактиканың пайда болу бастамасына байланысты сәуле шығару процесінің қалдығы деп жорамалданады. Жұлдыздар мен жұлдызаралық зат иондалған газдан құралған. Бұл ғаламдағы заттың негізгі физикалық пішіні қатты зат та, сұйықтық та, бейтарап газ да емес, иондар мен электрондардан тұратын плазма деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Біздің Галактиканың өз осі төңірегіндегі бір айналымына кететін уақыт, шамамен, екі жүз миллион жылға жуық. Басқа галактикалардың да бір айналымына кететін уақыт осымен шамалас. Сонымен галактикалардың орташа жасы он миллиард жыл деп есептеледі. Алып галактикалар жүз миллиардтан астам жұлдыздан, ал Метагалактика жүз миллионнан кем емес жұлдыздан құралатындықтан ғаламдағы жұлдыздардың саны 1019-нен астам деп есептеледі. Сондықтан мұндай кейбір жұлдыздардың төңірегінде органикалық өмірдің, сондай-ақ Жерден тыс өркениеттің болу мүмкіндігі теріске шығарылмайды. Газ. Газ – заттың атомдары мен молекулалары бір-бірімен әлсіз байланысқандықтан, кез келген бағытта еркін қозғалатын және өзіне берілген көлемге толық жайылып орналасатын агрегаттық күйі. «Газ» (французша gas, грекше chaos – бей-берекет) атауын ғылыми қолданысқа 17 ғасырдың басында голланд ғалымы Ян Баптист ван Гельмонт енгізген. Газ молекулаларының соқтығысу уақыты олардың еркін жолға кететін уақытынан әлдеқайда аз болады. Химиялық элементтердің өте кіші бөлшекке бөлініп, бейтарап ұшуы. Негізгі тұрмыстағы газдар пропан, бутан, неон және т.б. Газ қатты дене мен сұйықтық тәрізді еркін бет түзбейді және ол берілген көлемді толық толтырып тұрады. Газ тәрізді күй – заттардың (жұлдызаралық заттар, тұмандықтар, жұлдыздар, планеталардың атмосферасы, т.б.) ғаламдағы ең көп таралған күйі. Химиялық қасиеттері бойынша газдар және олардың қоспалары (активтілігі аз инертті газдар мен қопарылғыш газдар қоспасына дейін) сан алуан болып келеді. Газға атомдар мен молекулалардан тұратын жүйе ғана емес, кейде басқа бөлшектерден – фотондардан, электрондардан, броундық бөлшектерден, сондай-ақ плазмадан тұратын жүйелер де жатқызылады. Нақты (реал) газдар. Газдың тығыздығы артқан сайын оның қасиеттері идеал газ күйінен ауытқи бастайды. Бұл жағдайда соқтығысулардың рөлі артып, молекулалардың мөлшерлері мен олардың өзара әсерлерін ескермеуге болмай қалады. Мұндай газды нақты (реал) газ деп атайды. Газ алмасу, биологияда – организм мен оны қоршаған орта арасындағы газ алмасу процесі. Адам мен жануарлар организмі тыныс алу кезінде сыртқы ортадан оттекті сіңіріп, өзінен көмі қышқыл газын және зат алмасу нәтижесінде пайда болатын әр түрлі газ қоспаларын сыртқа шығарады. Газ алмасусыз тірі организмде зат және энергия алмасуы дұрыс жүрмейді. Зат алмасу процесінің нәтижесінде организм сіңірген қоректік заттардың (белок, көмірсу, май) құрамындағы химиялық энергия бөлініп, организмнің тіршілік әрекетіне қажетті энергияға (мысалы, 1 л оттек 4,7 – 5,0 ккал жылу береді) айналады. Организм пайдаланатын оттек пен одан бөлініп шығатын көмір қышқыл газдың мөлшері адамның жасына, тіршілік әрекетіне, атқаратын қызметіне, сыртқы ортаның температурасына және тағамның құрамына байланысты өзгеріп тұрады. Адам жұмыс істегенде, ауа райы салқындағанда, калориялы тамақ ішкенде организмдегі газ алмасу күшейе түседі. Демалыс кезінде, ұйықтағанда газ алмасу төмендейді. Газ алмасу арқылы организмдегі энергия мөлшерін анықтауға болады. Газ алмасу процесі кезінде организм оттекті көп мөлшерде пайдаланса, барлық дене мүшелерінің қызметі артып, тыныс алу және қан айналысы жақсарады, осыған байланысты қанның физикалық-химиялық құрамы да өзгереді. Газ алмасу бір клеткалы қарапайымдыларда, олардың бүтіндей денесі арқылы, көп клеткалы жануарларда арнаулы тыныс мүшелері (кеңірдек, желбезек, өкпе) арқылы жүреді. Өсімдіктердегі газ алмасу жануарлар мен адам организміндегіден өзгеше болады. Тірі организмдер сияқты өсімдіктер де барлық мүшелері арқылы тыныс алады, тыныс алу процесі өсімдіктің өсіп келе жатқан жас мүшелері мен тіндерінде, әсіресе, жапырақтарында күшті, ал сабағы мен тамырында баяу жүреді. Өсімдіктер тыныс алған кезде, керісінше, ауадан көмір қышқыл газ сіңіріліп, оттек бөлінеді. Криминалистикалық сараптама. Криминалистикалық сараптама - қылмыстық іс бойынша айғақтамалық мәні бар мәселелер жөнінде қорытынды алу мақсатымен жүргізлетін іс жүргізу әрекеті. Неғұрлым кең таралған түрлері: трассол, баллистик. криминалистикалық сараптамалары, суық қару к. Сараптамасы. Сот сараптамасы криминалистикалық сараптама ұғымынан кеңірек. Кронштадт футштогі. Кронштадт футштогі – ТМД елдерінде қабылданған теңіз деңгейінен өлшенетін биіктік белгісі. Ол Балтық түбегіндегі Котлин аралы Кронштадт қаласында орналасқан. Күшіген. Күшіген немесе Күшіген жүнді оқ – садақ жебесі. Қазақтар оқтың қанатына жыртқыш құстардың (бүркіт, күшіген, құмай, т.б.) құйрық және қанат қауырсындарын пайдаланған. Оны «қанаты» («үкісі») деп атаған. Оқтың қанатына 2-4 қауырсындар пайдалынылған. Осыған байланысты қазақ ауыз әдебиетінде "Күшіген жүнді оқ" атауы жиі ұшырасады. Іреу. Іреу деп сыпыруға қолайлы мүмкіндік жасау үшін белгілі бір тәртіппен қойдың терісін бауыр жағынан кесуді айтады. Пісіру. Пiсiру – Етті суда немесе бу көпіршіктері үнемі бетіне шығып тұратын басқа да сұйықтықта әзірлеу процесі. Пісіру ылғал пайдаланылатын ыстық процесс болып табылады, және бұл еттің қатты бөліктерін әзірлеуде де пайдаланылады. Лонг-Айленд үйрек балапаны. Лонг-Айленд үйрек балапаны (LONG ISLAND DUCKLING) – Бұрынғы кездері Құрама Штаттарда үйрек балапандарын өндіру Лонг-Айлендте орналастырылған болатын, шығарылған үйрек балапандарының барлығы Лонг-Айлендте туып-өскендер болып есептелетін. Олар Қытайдан әкелінген пекиннің ақ үйрек балапандарының тұқымынан шығарылған болатын. Лонг-Айленд үйрек балапандарын белгілеу географиялық тұрғыда барлық уақытта Лонг-Айлендте, Нью-Йорк өсірілген үйрек балапандарына жатқызылатын. Бүгінгі таңда пекиннің ақ үйрек балапандары негізінен елдің Орта Батысында және Батыс аймақтарында өсіріледі, кейде Лонг-Айленд стиліндегі Үйрек балапандары деп аталуы да мүмкін. Брутто салмағы. Брутто салмағы - Өнімдердің, сондай-ақ олардың орауыштарының және контейнер мен ілеспелі материалдар салмақтарын (қаптағыш, таңғыш және т.б.) қоса, орауыш материалдарының салмағы жатады. Түрік қағанаты. Халықтардың ұлы қоныс аударуы дәуірі (2 – 5ғғ.) Қазақстан мен Орта Азияның және Шығыс Еуропаның этникалық және саяси картасын едәуір мөлшерде өзгертті. 5 ғ. түркітілді теле (тирек) тайпаларының хисапсыз көп топтапры Солтүстік Монғолиядан бастап, Шығыс Еуропаға дейінгі ұланғайыр далаға кең жайылып қоныстанады, оңтүстікте олардың қоныс-өрісі Амударияның жоғарғы ағысына дейін жетеді. 6 ғ. Қазақстан жері аса қуатты мемлекет – Түрік қағанаты өкіметінің қоластына қарайды, олардың билеушілері түрік тайпасының Ашындар әулетінен шығып отырған. Қағанат ұйымдасқанға дейінгі түрік этносоның өзінің тарихына келсек, ол 3 ғ. 6 ғ. ортасына дейінгі Ганьсу, Шығыс Түркістан, мен Алтай аймақтарында бірте-бірте сатылап құрылған. «Түрік» атының тұңғыш рет аталуы қытый шежірелерінен кездеседі және ол 542 жылға жатады.Қытайлар түріктерді сюнну-ғұндар деп атаған. 546 ж. Алтайда теле тайпасы қыруар әскерінің талқандалуы салдарынан түріктерге 50 мың үйдің келіп қосылуы себепті олар кәдімгідей күшейді. 552 ж. көктемінде түріктердің бастаушысы Бумын өздерінің билеушісі аварларға (Жуань-жуаньдар) қарсы шығып, оларды ойсырата жеңеді. Осы мемлекеттін ойрандалған орнында олар Түрік қағанатын құрады.Бұл этникалық –әлеуметтік Бірлестіктің атасы – Бумын-қаған (553 ж. қаза табады) болады.Оның мүрагері Мұқан-қаған (553-572) билік құрған жылдарда Түрік қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке ие болады. Олар маньчжуриядағы қидандарды, Енисейдегі қырғыздарды бағындырады, бұларға Солтүстік Қытай мемлекеті алым-салық төлеп тұрады. Control key. Ctrl(Control сөзінің қысқартылған түрі,) — компьютердің жүйелі батырмасы (клавиша). Ералы. Ералы - Қарағанды облысы Осакаров ауданындағы ауыл. Тоқа. Тоқа - Орта жүз руы. Арғын тайпасына кіреді. Нұр Отан ХДП. Төрағаның бірінші орынбасары – Нығматулин Нұрлан Зайроллаұлы. «Отан» республикалық саяси партиясы 1999 жылдың қаңтарында құрылып, сол жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өтті. «Нұр Отан» партиясының бөлімшелері Қазақстанның барлық облыстарында, Астана және Алматы қалаларында бар. Партия қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға; азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруге; әлеуметтік әділеттік орнатуға және елімізде тұрақтылықты сақтауға; ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға; Қазақстан Республикасының жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін азаматтардың отансүйгіштігі мен жауапкершілігін тәрбиелеуге белсенді ықпал етуді басты мақсаттары етіп жариялады. Мәжілісте «Нұр Отан» парламенттік көпшілікке ие. 2007 жылы өткен Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Нұр Отан» 88,41% дауыс иеленіп, Парламенттің төменгі палатасына партиядан 98 депутат сайланды. Ақжол демократиялық партиясы. Ақжол демократиялық партиясы - Қазақстандағы оппозициялык партия. Қазақстан Республикасының Жасылдар партия. Қазақстан Республикасының Жасылдар партия - Қазақстандағы партия Біржан сал (фильм). "Біржан сал" фильмі қазақ халқының аты аңызға айналған танымал ақыны және композиторы Біржан Қожағұлұлының өмірін бейнелейді. Рөлдердe: Досқан Жолжақсынов, Аша Матай, С.Оразбаев, К.Түлегенов, Б.Абдильманов, Г.Тутова thumb Фильм мазмұны. Бұл фильм тәкәппарлық пен бойсұну, намыс сезімі мен кемсіту, құрмет пен қиянатшылдықтың таңдауын көрсетеді. Сонымен қатар соңғы махаббат пен ащы жалғыздықтың аңызы. Работая над картиной, авторы уделили большое внимание деталям, которые передали бы на экране атмосферу, колорит того времени. Тщательное изучение архивных материалов помогло им воспроизвести детали быта, особенности речи и норм поведения, характерных для конца XIX века. Деректер. Түсірілімдер Біржанның туған жері - Көкшетау өлкесінде өткізілген. Табиғаты көркем жерде бірнеше ауылдар құрылды, өлке тұрғындары көпшілікті түсірілімдерде белсенділік көрсеткен. Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының «Бiржан сал» фильмiне 587 миллион теңге жұмсалған. Түсiру жұмыстары екi жарым айға созылған. Сценарий 2004 жылы жазылған. Идея авторы, түсiрушiсi, басты рөлдi сомдаушы – Досқан Жолжақсынов. Фильм 4 сағат 48 минуттан 2 сағат 10 минутқа дейiн қысқартылған. Фильм премьерасы 3 қыркүйекте, 2009 жылы, «Алатау» кинотеатрында өткізілді. Пиелонефрит. Пиелонефрит – бүйректің және бүйрек түбегінің көбінесе интерстициялық талшығының қабынуы. Бұл – бүйректің ең жиі кездесетін ауруы. Этилогоия. Ішек таяқшасы (60-80% жағдайында), сирекірек болса да стрептококк, стафилококк, протен жетекші маңыз атқарады, жекелеген жағдайда ауруды аралас микрофлора туғызды. Несеп жолдарының қабынып ауруы көбінесе экссудаттық-қатаралдық диатезбен, гипотрофиямен, ас қорытуының бұзылуымен ауыратын балаларда байқалады. Ауру үш жолмен: гематогендік, лимфогендік, несеп жолының төменгі бөлімдерінен шығатын жолдармен тууы мүмкін. Бұған несеп жолдарының тарылуы мен бұзылуы, иілуі, қысылуы және несептің жүруін бұзатын басқа да себептер жәрдемші болады. Пиелонефритке тән синдромдар – лейкоцитурия, бактериурия және бүйрек өзекшелерінің функциионалдық қабілетінің нашарлауы. Бірініші және екінші пиелонефрит болып бөлінеді. Жедел пиелонефрит кенеттен басталуымен, қысылуымен, несеп шығуының бұзылуымен және несептің өзгерімен сипатталады. Несеп кейде макроскопияның өзімен-ақ қою көрінеді, белок саны норма шеңберінде немесе аздап көбірек, несеп тұнбасында лейкоцидтер, бактериялар көп болады, бірлі-жарым эритроцидтер кездеседі. Несептің тәуліктік мөлшерін зерттеу неғұрлым көз жеткізеді. Қаннан лейкоцитоз анықталады, СОЭ көп болады. Толқын тәрізді, қайталанбалы ауру кезінде науқастың халі ұзақ уақыт бойы қанағаттандырарлық болып қалуы мүмкін. Тек асқыну кезінде ғана дене қызуы көтеріліп, халі нашарлайды, белі ауырады. Несеп тұнбасынан лейкоцидтер едәуір көбірек мөлшерде табылады. Қабыну процесінің үдей түсуі нефрондар функциясының бұзылуы мен бүйрек кемістігіне әкеп соғады. Латентті ауру жағдайында пиелонефриттің симптомы азырақ болып өтеді, көбінесе бірқатар жылдар бойы анықталмай қалады. Ол кейде қайсыбір жедел ауру жағдайында кездейсоқ анықталады. Анамнезінде әдетте шаршағандықты, тәбет болмауын, ара-кідік іштің ауруын, кейде субфебрилдік дене қызуын көрсететін белгілер болады. Несепті зерттегенде көмескі, тұрақсыз лейкоцитурия анықталады. Несебінің анализі өзгерген және ішінің ауруы этиоилгиясы беймәлім себеппен қайталана беретін балаларлдың бәрі стационар жағдайында рентгеноурологиялық және функционалдық-диагностикалық тексеруден өткізілуге тиіс. Несепті Каковский-Аддис (Ненстің тәуліктік мөлшеріндегі тұнбаны зерттеу) бойынша, сондай-ақ Нечипоренко (1мл3 несептегі тұнбаны зерттеу) бойынша зерттеу диагнозды дұрыс қоюға көмектеседі; лейкоцитурия мен бактериурия табылуының диагнозды растау үшін зор маңызы бар. Лейкоцитурияның қалай шыққанын анықтау қажет; оның көбінесе қыздардан байқалатын вульвовагинтке байланысты болуы мүмкін. Пиелонефриттің диагнозын қою үшін несеп лейкоцидтерінің морфологиялық құрамын анықтаудың маңызы бар. Пиелонефритке нейтрофилдік гранулоциттердің басым болуы тән. Лейкоцитурияның мұндай типінің қандағы сілті фосфатазасының жоғары белсенділігімен ұштасуы пиелонефриттің диагнозын ерте анықтайтын белгі болуы мүмкін. Бүйректің рентгенограммасында ұршық-түбекше жүйесінің асимметриялық өзгерістері анықталады. Көпшілік жағдайда уродинамиканың бұзылу белгілері аңғарылады. Жедел пиелонефриттің диагнозын ертерек қоюдың зор маңызы бар, өйткені 90% жағдайда аурудан емдеп шығарудың және оның созылмалы формаға көшуінен сақтаудың сәті түседі. Емдеу. Пиелонефриттің жедел кезеңінде аурудың негізгі белгілері (дене қызуы жоғары, құсу, іштің ауруы) жойылғанға дейін төсектен мүлде тұрғызбау керек. Науқас баланы тамақтандырудың зор маңызы бар. Токсикоз бен лейкоцитуря айқын болған жағдайда жеңілдетілген қант- жеміс күнін өткізіп, суды көп ішкізеді, ал содан соң сүт-өсімдік диетасын көшіреді. Ремиссия болғаннан кейін ащы тағам қоспай, жас шамасына сәйкес толымды тамақ беріледі. Несептің тұрақты шығарылып тұруымен ішек қызметін қадағалап отыру керек. Аурудың жұқпалы табиғатына, пиелонефриттің ұзаққа созылатынына және қайталануға бейім болатынына байланысты баланың стационарда болған алғашқы күндерінен бастап-ақ анти-бактериялық және қабынуға қарсы терапия жүргізу қажет. Антибиотиктер мен химиялық препараттар оларды қалай көтеретіндігін, микрофлораның сипаты мен процестің белсенділігін ескере отырып, тағайындалады. Пенициллин қатарынның препараттары, ең жақсысы – жартылай синтетикалық препараттар (окцациллин, ампициллин, эритромицин), тетрациклин қатарының препараттары қолданылады. Аралас инфекция жағдайында екі антибиотик немесе оларды басқа да антимикробтық дәрі-дәрмектермен араластырып қолданады. Антибиотиктер алғашқы 10-14 ткүде енгізіледі, одан соң препараттарды ауыстырады. Сульфаниламидтік препараттарды 3-4 күннен үзіліс жасап, 7-10 күн циклымен пайдаланылады. Олардың ішінде нефротоксині ең азы – уросульфан, этазол, сульфадиметоксин, 10-14 кү циклымен антибиотиктерге қосып немесе қоспай-ақ нитрофуран өнімдері – фурагин, фурадонин, фурозолин тағайындалады, оладың бактериостатикалық әсері айқын болады. Нафтиридиннің өнімдері налидикс қышқылы (неграм, нефиграмон, налидиксин) пайдалы, олар 20-3 апта бойы қолданылады. Арасына 10 күн салып, екі апта циклымен нитроксолин (5 – НОК, оксихинолиннің өнімі) ойдағыдай пайдаланылып жүр. 1 – 1 1\2 ай бойы үздіксіз антибактериялық терапия жүргізеді.міндетті түрде витаминдер: ретинол, аскорбин қышқылы, В тобының витаминдері, пангам қышқылы (В15 витамині) тағайындалады. Оларды химиялық препараттрмен бір мезгілде тағайындауға болады. Антибактериялық терапия циклдары арасындағы үзілісте шөптермен (шай шөп, аюқұлақ, шалфей, итмұрын, қалақай және басқалар) емдеу мейлінше қажет. Үздіксіз антибактериялық терапия курсынан кейін антибактериялық дәрі-дәрмектердің қуат кемітпейтін мөлшерімен өңдеуге көшеді. Ол пиелонефриттің жедел жағдайында 3-4 айға, ал қайталанып өтетін жағдайында 6-12 айға созылады және үйде емдеуге болады. Емдеудің төмендегідей схемасы ұсынылады: стационарда емделгеннен кейінгі алғашқы 3 айда әр айдың 3 аптасы бойы антибактериялық дәрі-дәрмектер, қалған уақытында шөп тағайындалады. Келесі үш айында ай сайын екі апта бойы химиялық препараттар, қалған екі апта ішінде шөп тағайындалады. Ремиссияға жеткеннен кейін одан кейінгі үш айдың әрқайсысында химиялық препараттар қолдану 10 күнге дейін қысқартылып, шөптермен емдеу ай сайын 2-3 аптаға дейін ұзартылады. әр бір айда ремиссия тұрақты болған жағдайда соңғы үш айда шөп тұнбасын (шипалы жиынтық) ай сайын екі апта ғана беруді тағайындайды. Пиелонефритпен ауыратын балалар диспенсерлік есепте тұруға тиіс, емдеу лабораториялық зерттеу деректерін үнемі тексере отырып, дәрігердің бақылауымен жүргізіледі. Несеп жолының пиелонефриті туғызған ауытқуы жағдайында несептің жүруіне кедергіні жою үшін хирургиялық әдіс қолдану керек. Несеп жолдарындағы туа бітетін ауытқулардың ішіндегі ең елеулілері: түбек – несеп жолы сегменті учаскесіндегі кедергілер – несеп жолының тумысынан тарылуы, жабысып, иілуі, несеп жолының бүйрек түбегінен жоғары көтеріліп кетуі; несеп жолын бойлай пайда ьолатын кедергілер – несеп жолының қуық сағасының тумысынан тарылуы, везиктік – уретералдық (қуық – несеп жолы) рефлюкс және басқалар; несеп жолдарының төменгі бөлімдеріндегі туа біткен кедергілер – қуық мойынының гипертрофиясы, несеп шығаратын өзектің тарылуы немесе қақпақшалары. Несеп жолдарының суреттелеген ақаулары құрсақ ішінде жатқан кезеңнің өзінде-ақ гидронефоздың дамуына апарып соғады. Бала туғанан кейін гидронефроздың пиелонефритпен ұқсас симптомдары болады. Емді ертерек жеделдете қолдану қажет. Пиелонефритпен ауыратын балалардың комплексті терапиясына санаторий- курорт емін енгізу керек. Науқастарды Железноводскіге, Трускавецке, Қырымның Оңтүстік жағалауына жіберген жөн. Алдын алу. Бұл – балаларды ұтымды тамақтандыру;оңтайлы тұрмыс жағдайын жасау, жұқпалы аурулардан абай болу, сондай-ақ организмдегі инфекция ошақтарын дер кезінде жойып, несеп ждолдарының тумысынан ауытқуының диагнозын анықтау. Гуманизм. Гуманизм (латынша Нumanitas — адам табиғаты) — адамның еркін ойлауының әр түрлі көріністерімен байланысты; оған сәйкес еркіндікті, адамның индивидуалдық дамуын уағыздайды. Жұбанова Ғазиза. Жұбанова Ғазиза (1927-1993) - сазгер, Қазақстанның және КСРО-ның халық артисі, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор. Қазақтың қазіргі замандық музыкасының негізін қалаушы А.Жұбановтың қызы. Гнесиндер атындағы Мәскеу музыкалық училищесін, П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясын, профессор Ю. А.Шапориннің композиция класын бітірген. Жұбанова - өзін ұлағатты ұстаз ретінде танытқан тұлға. Оның шәкірттері - Е.Серкебаев, С.Кабирова, Т.Мұхамеджанов және т. б. Консерватория ректоры ретінде ол ұлттық кадрлар - музыкант-орындаушылар мен музыкатанушылардың қалыптасуына ықпал етті. Олардың бірнешеуі әлемдік атаққа ие болды. Мысалы, А.Мұсаходжаева, Г. Мырзабекова, Г.Қадырбекова, Ж. Әубәкірова, Т.Әбдірашев және тағы басқалар. Жұбанованың ықпалымен музыкалық мектептер құруы, фольклор және композиторлық шығармашылық мәселелері бойынша диссертациялар қорғала бастады. Жұбанова- өзінің талантын барлық жанрда танытқан шығармашылық диапазоны кең композитор. Оның музыкасы республикадан тыс жерлерде де жақсы танымал. Ол - үнемі ізденіс үстіндегі суреткер болды. Ғ.Жұбанованың музыкасы арқылы қазақ музыка мәдениеті басқа халықтарға белгілі болды. Ол - “Батырлық поэмасы” симфониялық поэмасын, “Жігер” симфониясын, “Еңлік- Кебек”, “Жиырма сегіз” операсын, “Ақ құс туралы аңыз” балетін, кантаталар, романстар, эстрадалық музыка, театр мен киноға арналған музыкалар жазды. Олардың барлығын музыкалық ойлау жүйесінің біртұтастығы, нақтылықтан жалпыға біртіндеп көшу, вокальды орындаудан аспапты орындауға ауысу, сезімнің көрнектілігі, тақырыптық материалдың ашықтығы, ұлттық бояу, ауқымдылық, эпикалық кеңдік және музыкалық образдардың қарама - қайшылықты мінездері біріктіреді.. Аквариум. Аквариум () - су жануарлары мен өсімдіктерін өсіруге және зерттеуге арналған шыны ыдыс. Оның кейбір түрлерін дельфинарий, океанариум деп те атайды. Олардың пішіні мен құрылысы әр-түрлі болып келеді. Аквариумдер балықтардың табиғи жағдайына сәйкес жабдықталады. Онда өсімдіктер де өсіріледі. Әдетте арнаулы құралмен аквариумге ауа да жіберіледі. Суы мезгіл-мезгіл ауыстырылып тұрады. Аквариумде ғылыми-зерттеу жұмыстары да жүргізіледі. Мысалы, гамбузия балығын жерсіндіру аквариумде зерттелді, соның нәтижесінде Оңтүстік Қазақстанның кейбір аудандарында гамбузия өсірілетін болды. Аквариумде балық аурулары да зерттеледі. Мектепте көрнекті құрал ретінде аквариумның лабораториялық және сәндік түрлері қолданылады. Ғылымда аквариумды экологиялық жүйенің қарапайым моделі деп қарап, ондағы топырақ пен судың құрамының өзгеруіне, өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігіне бақылау жасап, ғылыми тұрғыда баға беруге болады. Сондай-ақ аквариумде биологиялық тепе-теңдік сақталады, тура табиғаттағыдай зат айналу процесі жүріп тұрады. Аквариум — су жануарлары мен өсімдіктерін өсіруге және зерттеуге арналған шыны ыдыс. Аквариум латынша aquarіum, яғни суқойма деген ұғымды береді. Оның кейбір түрлерін дельфинарий, океанариум деп те атайды. Олардың пішіні мен құрылысы әртүрлі болып келеді. Аквариумдер балықтардың табиғи жағдайына сәйкес жабдықталады. Онда өсімдіктер де өсіріледі. Әдетте арнаулы құралмен аквариумге ауа да жіберіледі. Суы мезгіл-мезгіл ауыстырылып тұрады. Аквариумде ғылыми-зерттеу жұмыстары да жүргізіледі. Мысалы, гамбузия балығын жерсіндіру аквариумде зерттелді, соның нәтижесінде Оңтүстік Қазақстанның кейбір аудандарында гамбузия өсірілетін болды. Аквариумде балық аурулары да зерттеледі. Мектепте көрнекті құрал ретінде аквариумның лабораториялық және сәндік түрлері қолданылады. Ғылымда аквариумді экологиялық жүйенің қарапайым моделі деп қарап, ондағы топырақ пен судың құрамының өзгеруіне, өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігіне бақылау жасап, ғылыми тұрғыда баға беруге болады. Сондай-ақ аквариумде биологиялық тепе-теңдік сақталады, тура табиғаттағыдай зат айналу процесі жүріп тұрады. Аквариум балықтары – үйдегі, хайуанаттар паркі мен ғылыми мекемелердегі арнайы ыдыста – аквариумде өсірілетін балықтар тобы. Аквариум балықтары табиғи жағдайда тропикалық және субтропикалық (Африка, Америка, Австралия, Оңтүстік-Батыс Африка) тұщы су қоймаларында, ал кейбіреулері ащылау суда және теңізде мекендейді. Олар – таңғажайып түрімен, ашық түрлі-түсті бояуларымен және мөлшерінің (массасының) кішілігімен ерекшеленеді. Олардың дене тұрқы 1,5 – 30 см болады, кейде 1 м-ге жетеді. Шабақтарын тірі табатын (мысалы, гамбузия, гуппилер, семсерқұйрық, маллинезия) түрлері бар. Аквариум балықтарының жүздеген түрі кездеседі. Олардың көбі сүйекті балықтар (мысалы, майшабақ, мормиро, тұқы, саргоно, алабұға, кефаль, т.б.). Ең кең тараған түрлері – гуппилер, семсерқұйрық, сотқар балық, горамиллер, хромис, скалярия, жайыншалар, барбус, кардинал, алтын балық, комета, шілтеқұйрық, құбылмалы балық, т.б. Қазақстанның өзен-суларында тіршілік ететін сазан, қоңыржан, майшабақ, құйын балық, шортан, алабұға, мөңке, қызыл қанат шабақтарды аквариумда ұстауға болады. Аквариум балықтарын гибридтеу жұмыстарының нәтижесінде балықтардың көптеген жаңа тұқымдары шығарылды, соның негізінде генетикалық зерттеулер жүргізілді. Ел тізімі (жұрт санымен сұрыпталған). 1 ҚНР 1 338 612 968 2 Үндістан 1 166 079 217 - Еуропалық одақ 491 582 852 20 ДР Конго 64 453 708 24 Республика Корея 49 034 812 42 Сауд Арабия 27 861 773 48 Қытай Республикасы 23 218 383 62 Буркина Фасо 14 311 290 85 Доминиканская Республика 9 419 129 105 Папуа — Новая Гвинея 5 803 163 119 Босния и Герцеговина 4 438 967 122 Новая Зеландия 4 084 008 146 Сектор Газа 1 476 276 152 Восточный Тимор 1 085 253 153 Тринидад и Тобаго 1 081 528 175 Сан-Томе и Принсипи 200 309 178 Сент-Винсент и Гренадины 119 913 185 Антигуа и Барбуда 70 391 188 Сент-Китс и Невис 39 747 Дулат Бабатайұлы. Дулат Бабатайұлы 1802 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Аякөз ауданы, Сандықтас өңіріyде туып, 1871 жылы дүние салған. Жырау алғыр, зерек болып өседі. Жасында ауыл молдасынан оқып, арабша хат таниды. Дулат Бабатайұлының тікелей өзінің өмірбаянын немесе өмірінін белгілі бір кезеңін сипаттайтын туындылары аз. Әйтсе де жыраудың мінезі, ой-өрісі мен ақындық мұраты жайында шығармаларына сүйеніп, сенімді тұжырымдар жасауға болады. Кірем десең, кел, міне, – дейді. Бұл – ақынның автопортреті. Мұндағы "көзге түсер сиқы жоқ", ел тағдырын ойлап, сирек күліл, аз ұйықтайтын, атағы алыстарды шарлаған кемеңгер, ақылы дария, сөзі алтыннан ауыр Байғыз қарт – ақынның өзі. Шынында да, ол өз заманының "байғыз қарты" атанған дана, "Көнелерден сұрасам, сөзін жинап, құрасам", – деп өзі айтқандай, ел тарихы, өмір сырынан жинаған білім, білігі де ұшан-теңіз кісі болған, ақындық атағы да қатты шықкан. Бұған жыраудың басқа өлең, толғауларынан да дәлел боларлық мысалдар табылады. Әр тақырыптағы өлеңдерінен алынған бұл үзінділерден де "Байғыз қарт" – Дулаттың ерекше сипаттары көрініп тұрған жоқ па?! Дулат өте шыншыл, турашыл, айтарын кімнен болса да тайсалмай бетке айтатын батыл ақын болған. Әйгілі Барақ төреге көптің алдында: "жегенге ток, ішсең мас, өз елін жаудай талаған" деп бетіне басуға нағыз жүрек жұтқан ер болу керек шығар. Жалғыз Барақ төре емес, Кеңесбай, Сүлеймен сияқты сұлтандар мен Ешен сияқты өзін әулие көрсетіп, бірақ дін жолын теріс жүргізетін молдаға, т.б. айтқандарында жаңағылардан асырмаса, кем түсірмейді. деп сипаттайды. Дулат сол дәуірдегі өзінің ақындык мұратын — ел бүлдірушіні "ұлы тілмен улату", "қайғылы қалын елін уату" деп, әбден анықтап алған. Кемеңгер жыраудың бүкіл шығармашылығы осы екі арнаның тоғысуынан тұрады. деп, шынайы өнер туындысы саналатын өлең мен оның шығарушысына қоятын талаптарын тың метафоралармен әдемі кестелеп жеткізген. Ақын өзінің ұзақ ғұмырында шығармашылырын аталған талаптарға қатаң бағындырып отырған. Оның бізге жеткен қомақты мұрасынан көркемдігі әлсіз, орта қол туынды табу қиын. Абайдың өзіне дейінгі қазақ ақындарының ең таланттыларының бірі деп, Дулатты ауызға алуы тегін емес. Дулат туындылары Қазан төңкерісіне дейін халық арасына кең тараған. Кеңес кезінде де ара-тұра әр түрлі жинақтарда жарияланып жүрді. Алайда шығармалары түгелге жуық қамтылған көлемді басылымы – белгілі ғалым, марқұм Қ.Әмірәлиевтің құрастыруымен және көлемді зерттеу мақаласымен қоса, 1991 жылы "Замана сазы (өлеңдер мен Дастандар)" деген атпен "Жазушы" баспасынан шыққан жинағы. Дулат шығармашылығы еліміз егемендік алғаннан бергі жерде оқу бағдарламаларына енгізіліп, мектеп пен жоғары оқу орындарында кеңінен оқып-үйретіле бастады. 2002 жылы республикалық деңгейде атап өтілген туғанына 200 жыл толу мерейтойы қарсаңында ақын шығармашылығын жаңаша зерттеп, тану, кітаптарын шығару жөнінен бірталай жұмыстар істелді. Дулаттың өлең-толғауларының мазмұны мен тақырыптың ауқымы өте кең және алуан түрлі. Бір өлең немесе толғауда айтылатын ойлар мен идеялар көп жағдайда, басқа өлең-толғаулардағы ойсезімдермен үндесіп жатады. Сондықтан ақын туындыларын жеке тақырыптар аясында қарастыруда шарттылық басым. Мұны ұлы жырау шығармашылығын оқып-үйрену барысында ескеріп отырған жөн. Ұлығының бұйрығын алысымен, құйрығын борбайына қысып, безіп бара жатқан ит сияқты пысықтың күлкілі де жексұрын сұрқы оқырман (тыңдаушылар) көз алдына айқын елестейді. "Өзі елді қорқытып, одан өзі қорқатын" бейшараның қылығы кісі жиренетіндей. Бұл тарихи шындыққа сай типтік бейне екендігін кейін 80-жылдары ұлы Абай күлкі еткен болыстың образымен айны қатесі жоқ ұқсастығынан да көруге болады. Қазақтан шыққан әкімдердің қылықтарын ақын жалпылама, аты-жөнсіз ғана сипаттап қоймайды. Дулат ондай әкімдердің мінін бетпе-бет, кеп адамның алдында айтады. Оның "Бараққа", "Кеңесбайға", "Ешенге", "Ақтанға" деген арнау өлеңдері ақынның батылдығын көрсететін шығармалар болып табылады. Мысалы, Барақ төремен кездескенде, оның халықты патша әкімдерімен қосыла талап, жәбір көрсеткенін тайынбай бетіне басады. деп шенеп, күлкі етеді. Әйтсе де Дулат Сүлейменге елдің нағыз еріне лайық іс тындырдың демейді. Қайта "ниетің түзу болғанмен, сен де айтарлықтай ештеңе тындырған жоқсың" дегенді астарлап жеткізеді. деп, төренің тілегі мен іс-кимылының арасындағы алшақтыққа кешіріммен, түсіністікпен қарайды. Бұл – өте мәнді мәселе. "Отарлық жүйе толық үстемдік құрған жағдайда елі үшін туған ерлер не істеу керек" – деген сұрақ туатыны заңды. Дулаттың күмілжуі мен Сүлеймен төренін бойындағы қайшылыққа "түсіністікпен" қарауы әлгі сұраққа өзінін де анық жауабының болмауынан. Lordi. Lordi — қаласында 1990 жж. құрылған саз тобы. Алтай қойы. Алтай қойы - биязы жүнді қой тұқымы. Ол 1928-48 жж Алтай өлкесінің асыл тұқымды шаруашылықтарында жергілікті сібір мериносы саулықтарын америка рамбульесінің қошқарларымен будандастыру арқылы алынған. Қошқарлары мүйізді, саулықтары тоқал келеді. Қошқарларының орташа салмағы 90-100 кг, саулығы 50-60 кг тартады; қошқардан 14-18 кг, саулықтан 6-7 кг жүн қырқылады. Жүні таза, шығымы 45-48%, талшығының жіңішкелігі 64-сапада, ұзындығы 8-10см, әр 100 саулықтан 150-160 қозы алынады. Антре. Антре (франц. entree - өнер көрсету, сахнаға шығу) - 1) бұрын клоундардың алғаш манежге шығуы. Қазіргі цирктерде күлдіргі көріністер де осылай аталады; 2) балеттегі па-де-де (па-де-труа) билерінің кіріспе бөлімі, бір немесе бірнеше бишінің сахнаға шығуы. Тау-кен ісі. Тау-кен ісі дегеніміз жер қойнауында жатқан кен орындарын барлауға, пайдалы кен қазындыларын өндіруге және өңдеуге, сондай-ақ кен кәсіпорындарын және жерасты құрылыстарын алуға арналған өнеркәсіп өндірісінің саласы. Тау-кен ісінің даму тарихы бірнеше мыңдаған жылдар болып есептеледі. Тау-кен өндірісі металлургия өндірісінің шикізат базасы болып есептеледі. Шойын мен болаттың әр түрін шығару үшін металдардың мына түрлері пайдаланылады: марганец, хром, ванадий, молибден, никель, кобальт, вольфрам, т.б. Мырышты, магнийді ұшақ және ракета құрлысына, электроника, машина жасау, халық шаруашылық өндірістерінде пайдаланылады. Жартылай өткізгіш материалдар ретінде сирек кездесетін элементтер: германий, нобий, тантал, цирконий, селен - радиотехника және электроника өндірістерінде кең пайдаланылады. Шпур. Шпур - деп диаметрі 75 мм-ге дейін, ұзындығы 5 м-ден аспайтын бұрғылап жасалған қуысты айтады. Шпурлар негізінен бұрғымен және перфоратормен бұрғыланады. а) кенді қабаттап немесе төбекемер және табанкемер әдісімен қазғанда шпурлар горизонталь, тік немесе көлбеу бұрғыланады; ә) қабаттап және табанкемерлеп қазғанда шпурлар төмен қарай немесе көлбеу бұрғыланады; б) қабаттап және төбекемерлеп қазғанда шпурлар тік жоғары қарай немесе көлбеу бұрғыланады; г) бір забойдан қазылатын кен әр түрлі бағытта бұрғыланған шпурлармен бұзылады. Тік жоғары бағытталған шпурларды бұрғылауға телескопты, кейде колонкалы бұрғы қондырғылары қондырылады. Горизонталь немесе көлбеу бағытталған шпурлар пневматикалық таянышқа орнатылған қолбұрғы (перфоратор) арқылы іске асырылады. Төмен бағытталған шпурлар негізінен қол перфоратрларымен бұрғыланады. Ал кен қабаты өте жұмсақ болып келсе, шпурларды злектр бұрғымен бұрғылау тиімді болып қеледі. Шпурлық зарядпен уату тәсілінің ерекшелігі оны атылғыш зат пайдаланатын барлық жағдайларда қолдана беруге болатындығы. - қазылған кеннің сапалығы, яғни кеніштің жанас жынысы шекарасында болатын жоғалым және құнарсыздану көрсеткіштерінің мейлінше аздығы; - қолданылатын құралдардың әрі жеңіл, әрі ыңғайлы болатындығы; - шпурларды бұрғылау және аттыру еңбекті көп тілейді; - бұрғылау және аттыру кезінде рудник атмосферасы ластанады; Ұңғыма. Ұңғыма (скважина) дегеніміз диаметрі 75 мм-ден артық, тереңдігі 5 м-ден терең, атылғыш зат зарядын оқтауға арналған қуыс. Скважиналарды бұрғылауға, тереңдігіне, диаметріне және орналасу ретіне байланысты, әртүрлі жабдықтар қолданылады: перфораторлар, батырмалы қысымұрғыштар (погружные пневмоударники), бұрғылау агрегаттары мен станоктар. Ұңғымалар параллельді немесе аттыратын сілемнің бетіне бірқатар бұрышпен тарауқталып (веером) орналасады. Ұңғымалардың паралельді бұрғылануы бекем және өте бекем жыныстарда қолданылады, өйткені олардың аралықтары бірдей болғандықтан кеннің уатылуы біркелкі болады. Веерлі ұңғымалардың бұрғылау станогі бір қалыпта тұрып бұрғылайды. Магмалық тау жыныстары. Магмалық жыныстар деп сұйық балқыған магманың суығанынан соң пайда болған жыныстарды атайды. Оларға гранит, базальт, габрро және т.б. жатады. Магмалық жыныстардың құрылысы кристалды болады және аумағының пішіні дұрыс емес болып келеді. Құрамында металдары бар магма жер қабығының жарықтарына толып, кенді құрайды. Метаморфтық тау жыныстары. Метаморфиық тау жыныстары дегеніміз жоғары қызудың және үлкен қысымның нәтижесіненде өзінің алғашқы құрамын және құрылысын өзгерткен магмалы немесе шөгінді тау жыныстары. Оларға кварцит, кристалды тақта тас, мәрмәр (мрамор), т.б. жатады. Метаморфиялы жыныстарда темір, мыс, вольфрам, сирек кездесетін металдардың және басқа да рудалар кездеседі. Ақпан революциясы. 1917 ж. Қазан революциясы және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы. ¬Өлкедегі азамат соғысы (1917-1920 жж.) 1.1917 ж. Қазан революциясы және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы. 2.Қазақстанда кеңестік аппарат құру және экономика саласындағы алғашқы өзгерістер. 3.Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918-1920 жж.). 1914 жылы басталған дүниежүзілік соғыстың салдарынан Ресей империясы үлкен дағдарысқа ұшырады: бірінші – экономикалық, екінші – саяси дағдарыс. Соғыстың салдарынан елдің шаруашылығы қирады, өндіріс орындары тоқтады, теміржол қатынасы бұзылды, ауыл шаруашылығы күйреді. Бұл дағдарыс жұмысшылар мен шаруалардың өкіметке деген үлкен наразылығын туғызды. Патша өкіметі бұл дағдарыстан шығудың жолын таба алмады, сөйтіп елді басқару қабілеті төмен болды. Осы аталған дағдарыс патша өкіметінің 1917ж. ақпан айында құлауына себеп болды. Оны Ақпан төңкетісі деп атайды. Осы төңкерістің нәтижесінде қос өкімет - жұмысшылар мен шаруалардың кеңесі және буржуазиялық Уақытша өкімет құрылды. Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Ресейдегі сияқты Қазақстанда да қос өкімет орнады. Бұрынғы патша шенеуліктері, эсерлер, меньшевик- тер және буржуазиялық ұлтшылдар басқарған буржуазиялық Уақытша өкі- мет органдарымен қатар халықтық өкіметтің жаңа органдары–жұмысшылар, шаруалар және солдат депутаттарынң кеңестері құрылды. Жергілікті жерлерде Уақытша өкіметті органдары құрыла бастады. Қазақстанда қазақ интеллигенциясы басқарған қазақтардың ұлттық облыстық және уездік комитеттері ұйымдастырлды. Оларға комиссарлар болып ұлттық интеллигенцияның өкілдері, атап айтқанда Торғай облысында Әлихан Бөкейханов Жетісу облысында Мұхамеджан Тынышпаев, Түркістанда Мұстафа Шоқаев тағайындалды. Патша өкіметінің құлатылуын Қазақстан еңбекшілері саяси және ұлттық азат алудың бастамасы ретінде қабылдады. Бұл жеңіс өлкедегі еңбекшілердің саяси белсенділігін арттырды. Қазақстанның әртүрлі қалаларында қазақ жастарының 20 шақты үйірмелері мен топтары пайда болды. Олар халық арасында листовкалар, сол күндердің көкейтесті мәселелеріне арналған тақпақ-өлеңдер таратты. Әулиеатада Тұрар Рысқұлов «Қазақ» жастарының революцияшыл одағы деген ұйым құрды. Оның құрамына қазақ халқының орташа және кедей топтарынан шыққан алдыңғы қатардағы жастар енді Буржуазиялық уақытша өкіметке үміт артқан қазақ зиялылары өз халқын еркіндікке жеткізуді, отарлаудан құтылуды арман етті. Осы мақсатқа жету үшін олар қазақтың ұлттық саяси партиясын құру жолын іздеді. Олар «Қазақ» газеті арқылы қазақ халқына арнайы үндеу жолдады. 1917ж. 21-26 шілдеде Орынборда болған «Бүкілқазақтық» съезде Алаш партиясы қалыптасып, басшы органдарын сайлады. Оның құрамына Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышпаев т.б. кірді. Бұл партияның сол жылы 5-13 желтоқ- санда Орынборда өткен екінші съезінде Қазақ автономиясы Алашорда үкіметі – ұлт Кеңесі құрылды. «Алаш» партиясының бағдарламасы бекітілді. Ол негізгі 10 бөліммнен тұрады. Олар: 1) Ресей демократиялық федерация болып жариялану туралы; 2) Ресей құрамында Қазақ ұлт автономиясын құру; 3) Халықтар арасында тең құқықтық орнату; 4) Дін туралы, дінді мемлекеттен ажыратып шығару; 5) Елдегі билік және сот туралы; 6) Елді қорғау, әскер және халықтық милиция құру; 7) Халықтың табысына қарай салық салу; 8) Жұмысшылар туралы; 9) Ғылым және білім туралы; 10) Жер мәселесі. Жаңа құрылған үкіметтің құрамына 15 адам кірді, оның төрағасы болып Әлихан Бөкейханов бекітілді. Азамат соғысы басталғанда Алашорда үкіметі екіге бөлінді: оның Батыс Қазақстандағы бөлігін Халел, Жанша Досмұхамедовтар, Шығыстағы бөлігін Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов т.б. басқарды. Бірақ Уақытша өкіметтің өмірі де ұзақ болмады. 1917ж. 25 қазанда Уақытша өкімет құлап, оның орнына большевиктер басқарған Кеңес өкіметі орнады. Бұл жұмысшылар мен шаруалардың билігі орнаған өкіметі еді. Оның мақсаты – пролетариат диктатурасының басшылы- ғымен Ресейде жаңа қоғам – социализмді орнату. Бұл оқиға бүкіл әлемді дүр сілкіндірді, себебі социализмге жол ашуды бірінші Ресей бастады. Қазан төңкерісі елді экономикалық және саяси дағдарыстан шығуға жол ашты. В.И.Ленин бастған большевиктер партиясы осы дағдарыстан шығудың сара жолы – Ресейдің империалистік соғысты тоқтатып, бейбіт өмірге көшу деп білді. Сондықтан Ресей ең бірінші болып бірінші дүниежүзілік соғыстан шығады. Кеңес өкіметі әуелі орталықта Петроградта орнады да, одан әрі тез арада Ресейдің шет аймақтарына дейін орнады. Ресейдің қол астында болып келген орыс емес басқа халықтардың еңбекші бұқарасы Қазан төңкерісінен кейін экономикалық-әлеуметтік күйзелістен шығумен бірге отаршылдықтың бұғауынан босанып, тәуелсіздік алатын шығармыз деп үміттенді. Большевиктер барлық ұлттар мен ұлыстардың, халықтардың теңдігі мен бостандығын, азаттығын жариялай отырып, оларды төңкеріс туының астынан кетпеуге шақырды. Кеңес өкіметі Қазақстанда да орнай бастады. 1917ж. қазаннан 1918ж. наурызға дейін Қазақстанның көптеген аудандарында Кеңес өкіметі орнады. Кеңес өкіметінің орнаған алғашқы жері Перовск (Қызылорда) қаласы болды. Мұнда жұмысшылар мен солдаттар өкімет билігін 1917ж. 30 қазанда өз қолына алды. Перовскіде үлкен әскери гарнизон орналасқан еді және темір жол станцясы болатын. 1917ж. қараша айының орта кезінде Кеңес өкіметі Черняев (Шымкент) қаласында жеңді. Қараша – желтоқсан айларында Кеңес өкіметі Әулиеатада (Тараз), Түркістанда, Қазалыда, Арал поселкесінде және Сырдария облысы- ның басқа да ірі елді мекендерінде қан төгізсіз бейбіт жылмен орнады. Петропавл қаласында жаңа өкімет 10 қарашада орнады. 1917ж. желтоқсан – 1918ж. наурыз аралығында Кеңес өкіметі Торғай облысының орталығы және Қостанай, Ақтөбе қалалары мен басқа да ірі елді мекендерде орнады. Семейде өкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына 1918ж. ақпанның орта кезінде көшті. Жетісуда Кеңес өкіметін орнату жылындағы күрес 1918ж. көктеміне дейін соғылды. Себебі мұнда төңкеріс қарсыластары күштері басым болды. Верный қаласы Жетісу қазақ-орыс әскерлерінің орталығы болды, ал қазақтар патшаның тірегі болғаны белгілі. Кеңес өкіметі 1917ж. наурыз айында Жаркентас, Сергиопльда (Аягөз), Талдықорғанда, сәуірдің бас кезінде Лепсіде орнады. Кеңес өкіметінің ең соңғы орнаған ауданы – Орал қаласы болды, онда жаңа өкіметтің билігі наурыз айында жұмысшылардың қолына көшті. Сөйтіп, 1917 жылдың қазан айынан бастап 1918ж. наурыз айына дейін Кеңес өкіметі. Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті. Сонымен Қазан төңкерісін қолдайтын күштер басым болған жерлерде жергілікті билік кеңестер жағына түгелдей шықты. Мұндай жағдай Қазақ- станның Солтүстік-Шығыс облыстарының көптеген аудандарында, Сырдария және Бөкей ордасында орын алды. Бірақ төңкеріс қарсыластарының күштері көбірек шоғырланғыан Орынбор, Орал, Жетісу облыстарында өкімет билігі жұмысшылар мен шаруалардың қолына қарсылық көрсеткендерді талқандау арқылы көшті. -ескі мекмелер, оның, ішінде уақытша өкіметінің комиссарлары, отарлау-шенеуіктік әкімшілік қоныстандыру басқармасы, бұрынғы сот жүйелері жойылып, өкімет билігі жұмысшы, солдат депутаттары кеңестерінің қолына өте бастады; Ескі мемлекеттік аппараты қирату отарлау саясатына берілген үлкен соққы болды. Ол еңбекшілердің кеңес жұмысына белсене қатысуына жағдай жасады; -ерлер мен әйелдер теңдігі іске асырылды, адамдардың сословиеге бөлінуі жойылды; -төңкеріске қарсылар мен күрес жөніндегі төтенше комиссиялар, милиция құрылды; -кеңестердің жанынан еңбек, ағарту, денсаулық сақтау т.б. бөлімдер ашылды; -заңдар, жарлықтар тек қана орыс тілінде ғана емес, қазақ тілінде де жарияланатын болды; -кеңес қызметкерлерін даярлайтын курстар жұмыс істей бастады; -облыстық кеңестер жанынан ұлттық қарым-қатынастарды реттейтін комиссиялар құрылды; -жерге жеке иелік ету жйылып, Қазақстандағы шіркеу мен монастірлердің, помещиктердің, бай қазақ-орстардың, патша шенеуіктерінің иелігінде болып келген, срндай-ақ қоныс аудару қорындағы жерлер еңбекшілердің пайдалануына берілді. 1918ж. Көктемде Түркістан автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы құрылды. Оның құрамында Қазақстанның оңтүстігіндегі Жетісу, Сырдария облыстары кірді. Ақмола, Семей облыстары орталығы Омбы қаласы болған Батыс Сібір өлкесіне, Торғай, Орал облыстары Орынбор губерниясына, Бөкей Ордасы Астрахань губерниясы қарамағына кірді. Қазан төңкерісінен кейін көп уақыт өтпей-ақ елде азамат соғысы мен шетел басқыншылығының жорығы басталды. Себебі төңкерістің жеңісі құлатылған қанаушы тап өкілдерінің қарсылығын тудырды. 1918ж. 23 наурызда Орал казак-орыстары Гурьевте бүлік шығарды. Сол жылдың 28-29 наурызында ақ казактар алашордашылармен бірігіп Орал қаласында төңкеріс жасады. Ресейдегі азамат соғысының өрістеуіне Антанта елдері дем берді де, олардың көмегімен Сібірдегі Чехословак корпусының әскерлері бүлік шығарды. Бүлікшілер Сібір қалаларымен бірге Қазақстанның солтүстіктегі қалалары Петропавл, Ақмола, Атбасар, Қостанай, Семей қалаларын басып алып, Кеңес органдардан қамауға алды. 1918ж. жазында Кеңес елі үшін ең басты майдан – Шығыс майданы болды. Бұл бағытта ақтармен 4-ші армия ұрыс жүргізді. Осы жылдың жазында қазақ ұлттық әскери бөлімдер ұйымдаса бастады. Олар алдымен Жетісуда, одан кейін Орынбор мен Орал қалаларында құрылды. Бөкей ордасында қазақ атты әскер полкі Қызыл армияның құрамдас бөлігі болды. 1918ж. аяғы мен 1918ж. басында Әліби Жангелдин мен Амангелді ИмановпенТорғайда екі атты әскер эскадронын, әскери оқу және пулемат топтарын, Ырғызда атты әскер құрды. Ақтөбе майданына 1918ж. Әліби Жагельдин бастаған экспедиция Мәскеудан көп қару-жарақ пен оқ-дәрі жеткізді. Ақтөбе майданының қарулы күштері 1919ж. 22 қаңтарында Орынборды, 26 қаңтарда Орал қаласын азат етіп, Қазақстан мен Түркістан аудандары мен Орталық Ресей арасындағы қатынасты қалпына келтірді. 1919ж. көктемде Фрунзе бастаған қызыл әскер отрядтары Қазақстанның Солтүстік аудандарында Колчак әскерлеріне қарсы күрес жүргізді. Қазақстанда Колчактың тәртібіне қарсы ірі көтеріліс Қостанай уезінде болды. Ақмола, Семей облыстарында партизандық қозғалыстар өрістеді. Қазақстанның Солтүстік-Шығыс аймағында Жетісу майданы 1918ж. тамыз және 1919ж. қазанның орта кезіне дейін ақ гвардияшыларға қарсы табанды күрес жүргізді. Осы аймақтағы қорғаныс орталығы болған Черкасское селосын атауға болады. 1919ж. орта кезінде Қызыл армияның шабуылдарының нәтижесінде Колчак әскерлері екіге бөлінді. Олардың бір бөлігі Сібірге, екіншісі Түркістанға қарай шегінеді. Қызыл армияның Түркістан майданы 1919ж. тамыз айының екінші жартысында Колчактың «Оңтүстік армиясын» біржолата талқандады. Осының нәтижесінде Түркістан майданының әскер бөлімдері Солтүстік Жетісуға жеткізліп, мұндағы қарсылықты тезірек басуға мүмкіндік берді. Сөйтіп, 1920ж. наурызда азамат соғысының Қазақстандағы ең соңғы Солтүс- тік майданы жабылады. Азамат соғысы жылдарында Кеңес өкіметі «соғыс коммунизмі» саясатын жүзеге асырды. Оның негізгі мәні-кеңес елінің басқа да аудандары сияқты Қазақстанда да азық-түлік салғырты жүргізіледі. Ол бойынша шаруалардың күн көрісінен артылған азық-түлік әскер мен өндіріс орындарындағы жұмысшыларды асырау үшін ешбір өтеусіз алынды.. Бұл жағдай шаруалардың табиғи наразылығын туғызды.. Әсіресе, ауқатты шаруалар қатты наразы болды. Кеңес өкіметінің осы саясатына наразы шаруалар көтеріліске де шығып, көпшілігі жаңа өкіметке қарсы ақтардың жағында соғысы. Азамат соғысы аяқталғаннан кейін Қазақстанда экономиканы қалпына келтіру, мемлекеттік құрылысты нығайту жұмыстары жүргізілді. Сол жылдары алғашқы ауыл шаруашылық артельдері, коммуналар, совхоздар пайда болды. 1920ж. аяғында 999 колхоз, оның ішінде 132 коммуна, 778 артель, жерді бірлесіп өңдейтін 28 серіктестік (ТОЗ) құрылды. 1919ж. 10 шілдеде РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі «Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқару жөніндегі төңкерістік комитет туралы» декрет қабылданды. Онда болашақ Қазақ мемлекетінің жер аумағы анықталды. 1920ж. 30 сәуірде РК/б/П Орталық комитеті Қырғыз(Қазақ) облыстық бюросы құрылғаннан кейін өлкеде Кеңес өкіметін, мемлекеттік құрылысты одан әрі нығайту жұмысы жүргізіле бастады. Сол жылғы 17 тамызда РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі Қырғыз республикасы туралы Декрет жобасын мақұлдады. 26 тамызда БОАК пен РКФСР Халком Кеңесі РКФСР құрамында «Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» жарлық қабылданды. Орынбор қаласы Қазақ АКСР-нің алғашқы астанасы болды. 2. Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы, 9-10-бөлімдер 3.Иностранная военная интервенция и гражданская война в Средней Азии и Казахстане: Сб. докум. Т.I. А., 1963; Т.II. 1964. 4.Образование Казахской АССР: Сб.докум. А., 1957. 5.Елеуов Т. Установление и упрочение Советской власти в Казахстане. А., 1964. 6.Покровский С.И. Разгром иностранных военных интервентов и внутренней контрреволюции в Казахстане (1918-1920 гг.). А., 1967. Рубин ФК. Рубин - Татарстанның футбол клубы. Қазан қаласында орналасқан. Сарыарқа (хоккей клубы). Сарыарқа - Қарағанды қаласының хоккей клубы. 2010 жылғы Қазақстан чемпионы. Клуб аты географиялық орнынна байланысты Сарыарқа даласы атымен аталған. Клубты шілденің 25 2006 жылы Қарағанды облысы әкімшілігі мен денешынықтыру және спорт департаменті бірлесе құрған. Сарыарқа командасы Қазақстан чемпионатымен қатар Ресей чемпионатының Бірінші лигасының «Сібір - Қиыр Шығыс» дивизионында өнер көрсетеді. 2008-2009 маусымында Ресей Жоғары лигасының Шығыс дивизионында өнер көрсеткен. Қазақстан чемпионатының 2010 жылғы маусымында плэй-офф бөлігінде финалда Атыраулық Бейбарыс клубымен теке-тіреске толы жекпе жекте 3-2 серия нәтижесімен Қазақстан чемпионы атанды. Жезөкше. Жезөкше - еркектермен жыныстық қатынасқа түсіп, сол үшін ақша алатын әйел. Марийлер. Марийлер - Ресейдегі фин-угор тілдес ұлт. Карелдер. Карелдер - Ресейдегі фин-угор тілдес ұлт. Карел тілі. Карел тілі - карел халқының тілі. Барнауыл. Барнауыл () - Ресейдегі қала. Алтай өлкесінің орталығы. Төмен. Төмен (lang-ru: город Тюмень) - Ресейдегі қала. Төмен облысының орталығы. Жаңасібір. Жаңасібір () - Ресейдегі қала. Жаңасібір облысының орталығы. Санкт-Петербург. Санкт-Петербург, Питер () - Ресейдегі қала. Ленинград облысының орталығы. Гай Юлий Цезарь. Гай Юлий Цезарь (Gaius Iulius Caesar) (13 шілде 100 немесе 102 жылы б.э.д. — 15 наурыз 44 жылы б.э.д) — Рим саясаткері және қолбасшысы, Рим империясының негізін қалаушы Flash жады. Flash жады (ағл. Flash-Memory) қатты денелі жартылай өткізгіштің энергобайланысты қайта жазылушы жадының түрі. Ол оқылу реті шексіз, бірақ жазып-өшіру шектеулі (млн шамасында). Сабвуфер. Сабву́фер (ағл. subwoofer)- өте төмен жиіліктегі дауыстарды ойната алатын (примерно от 5 до 350 Гц),аккустикалық жүйе. Сабвуфер аккустикалық аппараттардың ішінде ен қуатты дауысшығарғыш болып есептеледі. Марганец. Марганец (латынша Manganum), "Mn" – элементтердің периодты жүйесінің VII-тобындағы химиялық элемент, асыл металдардың бірі. Реттік нөмірі 25, атом массасы 54, 938. Темір. Темір (латынша Ferrum), "Fe" – элементтердің периодты жүйесінің VIII-тобындағы химиялық элемент, асыл металдардың бірі. Реттік нөмірі 26, атом массасы 55, 847. Cisco Systems. Cisco Systems, Inc. (оқылуы «сиско») — Алдыңда корпаративтик маршрутизациялайтың қондарғыларды жасаған, интернет эрасындағы сәтті компаниялардың бірі. Шаруа. Іс, әрекет. Шаруа орысша - дело Әтір. Мидициналық препарат. Көбінесе спирттік ішімдікте қолданылады. Джон Чемберс. Cisco компаниясының призиденті және бас директоры. Алдияр батыр. Алдияр Елекеұлы - қазақ-қалмақ соғысына қатысқан аға батыр. Есімі садыр руының ұранына айналған. Алдияр туралы жазба деректер Қазақстан мен Қырғызстанда сақталған. Ол өз еліндегі Тауымбет сияқты ру басшыларымен сиыса алмай, қырғыз манабы Сарудың қарамағында қызмет атқарған. Жасы отыздан асқанда қырғыз қызы Ханшайымға үйленіп, одан Қырықсадақ, Қырғызшора деген ұлдары дүниеге келеді. Кейін "Тәуке ханның" шақыруымен елге оралады. Бірақ Тәукенің Жоңғар хандығына қарсы кейбір әрекеттеріне наразы болады. Тәуке Севан Рабданның өз ордасына келген елшілерін қырып тастамақ болады. Бұған Алдияр бастаған бірнеше батыр қарулы қарсылық көрсетіп, елшілікті аман-сау еліне қайтарады. Бұл оқиға шамамен 1704-05 ж. болған. Тәуке жасақтарымен болған қақтығыста Алдиярдың інісі Майдан бастаған көп адам қаза табады. Алдияр 1696, 1698, 1701, 1710 жылдардағы қазақ-қалмақ шайқастарының бел ортасында жүріп, садыр руы жасағына аға батыр болған. Батырдың Қырықсадақ пен Қырғызшорыдан басқа Қуат, Кенембай, Дөненбай (шешелері Таубике), Асан, Медет, Кенжебай (шешелері Ежеп), Ақпан, Тоқпан (шешелері Жібек) деген 8 ұлы болғаны белгілі. Шыршық өз. жағасындағы Төлек, Қылышты ата дейтін ескі зиратқа жерленген. Сілтемелер. Тынышбаев М., История казахского народа, А.,1996. Сігіс. Сігіс - Биологиялық процесс, жыныстық қатынас. Ағылшын тіліндегі sex сөзі осы сөзден шыққан. Сігіс ежелгі түркі сөзі. Шешеннің амы. Шешеннің амы - Қазақ тілінде өте көп қолданылатың боқ-ауыз сөз. Көбінесе оңтүстік аймақта таралған. Сідік. Сідік - Сұйық нәжіс, өтте және қуықта сақталады. Боқ. Боқ - қатты нәжіс. Көттен шығады, түсі сары, қоңыр болады. Иісі жағымсыз, ішек, бүйрек арқылы қорытылмай қалған нәжістер жиынтығы. Тышу. Зәр шығару - организмнен тоқ ішек арқылы арқылы қорытылған асты шығару процесі. Осырық. Осырық- организмнен көт арқылы шыққан исі сасық газ. Тілақ. Тілақ - ар- намысқа нұқсан келтіретің қолмен көрсетілетің белгі. Күшік күйеу. Күшік күйеу - қатынының айтқанынан шақпай, қайын жұртымен тұретың, әлсіз ер адам. Сучара. Сучара - орыстың боқ ауыз сөзі. Шалақазақ. Шалақазақ - орысша сөйлеп қазақша білмейтің қазақтар. Қызтеке. Қызтеке — киім киісі мен өзін-өзі ұстауы, істеген әрекеттері әйелге ұқсап қалған еркек. Қызтеке кішкентай балалардың арасында да болады. Ондайларды “қызтеке” деп мазақтайды (мысалы, қыздармен бірге, олардың қуыршақтарымен ойнайтын бала). Хат. Хат - қағазға жазылған сөздерді тасымалдау конверті. Букмекерлік кантора. Букмекерлік кантора - спорт, саясат, атжарыс немесе т.б. нәтижеге ақша қою қабылдайтың мекеме. Аққұлақ. Аққұлақ - орыстардың ресми емес атауы. Аварлар. Аварлар - Ресейдегі Дағыстанда тұратың халық. Лезгиндер. Лезгиндер - Ресейдегі Дағыстанда тұратың халық. Даргиндер. Даргиндер - Ресейдегі Дағыстанда тұратың халық. Табасарандар. Табасарандар - Ресейдегі Дағыстанда тұратың халық. Лактар. Лактар - Ресейдегі Дағыстанда тұратың халық. Рутулдар. Рутулдар - Ресейдегі Дағыстанда тұратың халық. Мойынты. МОЙЫНТЫ, кент, Шет ауданындағы Мойынты кентінің орталығы. Мойынты кенті аудан орталығы Ақсу-Аюлы оңтүстігінде темiр жол бойында 180 км, Қарағанды қаласынан 300 км жерде орналасқан. Іргесі 1936 жылы Мойынты станциясы болып қаланған. Халқы 2930 (2006). Ұлттық құрамы: 92 пайызы қазақ; 8 пайызын өзге ұлт өкілдері құрайды. Жерінің жалпы ауданы 21 мың га. Кенттің әкімшілік аумақтық бағынысындағы елді мекендерінде (Мойынты, Киікті) 2 мектеп, екі мәдениет үйі, екі кітапхана, пошта үйі, ОДА бар. Екатеринбург-Алматы теміржолының 1067 км орналасқан. Мойынты кенті басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Дария. ДӘРИЯ, кент, Шет ауданындағы Дәрия кенттік округінің орталығы. Шет ауданының орталығы Ақсу-Аюлының 100 км, Қарағандының оңтүстік батысында 100 км жерде орналасқан. Іргесі 1936 жылы Қарағанды Мойынты теміржол құрылысы кезінде станция болып қаланған. Халқы 871 (2006). Ұлттық құрамы: 91 пайызы қазақ, 9 пайызын өзге ұлт өкілдері құрайды. Кент жерінің жалпы аумағы 14 мың га. Кентте мектеп, ФАП, пошта бөлімшесі бар. «Қазақстан теміржолы» жүйесіне қарасты 8 бөлімшеде тұрғылықты халықтың еңбекке белсенді тобының 33 пайызы жұмыс істейді. Екатеринбург-Алматы теміржолының 845 км орналасқан. Дәрия кенті басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Юкагирлер. Юкагирлер - Ресейдің Қиыр Шығысындағы халық. Саамдар. Саамдар - Норвегия, Швеция, Финляндия және Ресейдегі халық. Курск Шайқасы. 1943 ж. жазда өткен әйгілі Курск шайқасында жеңіске жеткен Қызыл Армия бөлімдері жаппай шабуылға шығып, Украина мен Белорусьті азат етуге кірісті (к. Курск шайқасы). Германияның негізгі күші шығыс майданда болғанын пайдаланған одақтастар 1943 ж. жазда Сицилияны басып алып, Апенин түбегіне беттеді. Одақтастардың шабуылы мен антифашистік қозғалыстың күшеюі нәтижесінде шілденің аяғында Италияда Муссолини үкіметі қүлап, П.Бадальо бастаған жаңа үкімет 3 кыркүйекте АҚШ-пен, Ұлыбританиямен уақытша бітім жасасты. Алайда гитлершілер қосымша күш жіберіп, Италия армиясын қарусыздандырып, елді толығымен басып алды. 1943 ж. өткен Каир және Тегеран конференция ларында ағылшын — американ үкіметтері 1944 ж. мамыр айында Бат. Еуропада екінші майдан ашуға келісті, ал Кеңес Одагы Германиямен соғыс аяқталғаннан кейін Жапониямен соғысуға міндеттенді. Соғыстың 4-кезеңі (1944 ж. 1 қаңтар — 1945 ж. 8 мамыр). Одақтастар барлық майданда жаппай шабуылға шықты. 1944 ж. қысқы және көктемгі шабуыл нәтижесінде Қызыл Армия Румыния жеріне өтті. Жазғы және күзгі шабуылдардан кейін 19 қыркүйекте Финляндия Мәскеуде уақытша бітім жасасты. Кеңес армиясы Польша және Шығ. Пруссияға келіп кірді. Оларға поляк армиясы көмектесті. АҚШ, Ұлыбритания үкіметтері 1944 ж. 6 маусымда солт.-батыс Францияда екінші майдан ашты. Одақтастар армиясы француз партизандарының көмегімен герман әскерлерін Франциядан ығыстырып шығарды. 1944 ж. шілде — караша айларында Қызыл армия Балтык бойын, Румынияны азат етіп, Болгария шекарасына келіп жетті. Жаңадан қүрылған румын және болгар үкіметтері Германияға соғыс жариялады. 20 қыркүйекте чехословак әскери бөлімдері кеңес армиясының көмегімен Чехословакияны азат ете бастады. Қызыл Армия бөлімдері Югославия халық-азаттық армиясының және болгар әскерлерінің көмегімен Югославияны, казан айынан бастап, Венгрияны азат етуге кірісті." Қазақстан экономикасы. Қазақстанда нақты жұмыс істейтін нарықтық экономика құрылған. 2006 жылғы мамырда экономикадағы жұмыспен қамтылғандар саны 7991,4 мың адам болды. Өнеркәсіптің жетекші салаларының қатарына түсті және қара металлургия жатады. Қазақстанның мысы, қорғасыны, мырышы және кадмийі сапасының жоғары деңгейде болуына байланысты әлемдік нарықта сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті. Қазіргі таңда экономикалық дамудың негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін пайдалану болып табылады. 1985 жылмен салыстырғанда көміртегі шикізатын өндіру көлемі 225 пайызға өсті, ал дүние жүзі бойынша бұл көрсеткіш 1,3 есеге жуық өсті. 2005 жылы мұнай өндіру (газ конденсатын қоса алғанда) 61,9 млн. тоннаға, табиғи газ өндіру 25,2 млрд текше м болды. Қазақстанда болашақта ашық кен орындарын игеру есебінен 2015 жылға қарай 150 млн. тонна мұнай және 79 млрд текше м газ мөлшерінде көмірсутегі шикізаты өндіріледі. 2009 жылдан бастап мұнай өндірудің негізгі өсімі Каспий шельфінде байқалады деп көзделіп отыр. Еуропа елдері Қазақстан экспорты көлемінің негізгі бөлігін алады. Қазақстан ірі отын-энергетикалық өңір болып табылады. Еуропа елдері арасында Қазақстан экспортын негізгі тұтынушылар Швейцария, Италия, Польша, Германия болып табылады. Еуропа елдеріне экспорт жасау мұнай, ферроқорытпалар, металлургия өнеркәсібі өнімдерін, бидай сату есебінен артып отыр. Азия өңіріндегі елдерге қазақстандық өнімдерді жеткізу көлемі ұлғайды, онда негізгі тұтынушылардың бірі қытай өнеркәсібі болып табылады. 1998-2005 жылдар аралығында ЖІӨ-нің нақты көлемі 1,8 есе артты, ал ЖІӨ-нің орташа жылдық өсімі 9,1 % болды. 1998-2005 жылдары ЖІӨ-нің жан басына шаққандағы көлемі 2,5 есе артты. Қазақстанның ЖІӨ-нің көлемі 2006 жылы 76 млрд. долларға жетті, ол жан басына шаққанда 5,1 мың АҚШ долларын құрайды. Қазақстанның қаржы жүйесі ТМД елдерінің ішіндегі ең озық жүйенің бірі деп танылды. Банк секторы өз дамуында Достастықтың басқа елдерінен айтарлықтай алдыңғы қатарда келеді. Қазақстан банктерінің жиынтық активтері (50 млрд. АҚШ долларынан астам) Украина банктерінің жиынтық активтеріне теңеседі. Қазақстан Шығыс Еуропа елдерінің бірқатарынан алдыңғы қатарда. Қазақстанның капиталы сыртқы нарықта белсенді орын алуда, 2005 жылы бұл көрсеткіш 15 млрд. АҚШ долларына жетті. Қазақстан тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды, сыртқы қолайсыз жағдайларға тәуелділікті төмендетуді қамтамасыз ету үшін бірінші болып Ұлттық қор құрды. 2001 жылдан бастап барлық мұнай түсімдерінің 60 % Ұлттық қорда жинақталады. Аталған қордың көлемі 2005 жылдың соңындағы 8 млрд долларға қарағанда, 2006 жылы 14,5 млрд. АҚШ доллары болды. Елдің алтын валюталық қоры Ұлттық қорды қоса есепке алғанда 2006 жылғы 30 қарашада 15,086 млрд. АҚШ долларына дейін өсті. 2006 жылы Қазақстанның халықаралық қорлары Ұлттық қордың қаржысын қоса алғанда ағымдағы бағамен 29 764,8 млн. АҚШ долларын құрады. Республика экономикасына 50 млрд. АҚШ долларына жуық тікелей шетелдік инвестиция тартылған. Қазақстан ашық сыртқы сауда саясатын дәйекті жүргізуде. Мәселен, 2004 жылы сыртқы сауда айналымының көлемі 7 млрд. доллардан астам оң сальдомен 33 млрд. АҚШ долларына жақындап, 1994 жылмен салыстырғанда 3 еседен астам өсті. 2005 жылғы қаңтар-қараша аралығында Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы ұйымдастырылмаған сауданы қоспағанда 41016,4 млн. АҚШ долларын құрады. Сыртқы сұраныстың және жоғары экспорттық бағалар нәтижесінде экспорт 25197,4 млн. АҚШ доллары болды. Тұрақты ішкі сұраныстың қалыптасуы нәтижесінде импорт 15819 млн. АҚШ долларын құрады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында сыртқы сауда географиясы негізінен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығымен шектелсе, ол қазір айтарлықтай кеңейді. 2004 жылы Қазақстанның тауар айналымы құрылымында бірінші орынға ЕО-қа мүше елдер, Ресей, Швейцария және Қытай шықты. Республикадағы саяси және экономикалық тұрақтылық, қолайлы инвестициялық жағдай дүние жүзіндегі Қазақстанның жоғары рейтингінің сақталуына ықпал етті. Қазақстан бүгінгі таңда ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Moody’s Investors Service, Standard & Poor’s и Fitch Rating’s Ltd сияқты жетекші халықаралық рейтингтік агенттіктердің инвестициялық класс рейтингін алды. 2005 жылғы 20 желтоқсанда Fitch Rating’s рейтингтік агенттігі Қазақстан Республикасының инвестициялық рейтингін шетел валютасындағы ұзақ мерзімді облигациялар бойынша «ВВВ» деңгейіне дейін және ұлттық валютадағы ұзық мерзімді облигациялар бойынша «ВВВ+» деңгейіне дейін жоғарылатты, сондай-ақ шетелдік валютадағы қысқа мерзімді облигациялар бойынша «Ғ3» деңгейін растады. Бұл ретте барлық берілген рейтингтер «тұрақты» екені болжанып отыр. Осы агенттіктің соңғы есебіне сәйкес, Қазақстанда минералдық ресурстардың қомақты қорының болуы оның экономикалық келешегі зор екенін айқындайды. Қазіргі уақытта Қазақстан Бүкіл әлемдік банктің жіктеуі бойынша, кірісі орта деңгейден жоғары елдердің тобына жатады. Тұрмыс сапасының негізгі көрсеткіштерін салыстырсақ, соңғы 10 жыл ішінде қазақстандықтардың ақшалай табысы орта есеппен 5 есе өсті; орташа айлық жалақы 6 есеге жуық өсті; ең төменгі жалақы 25 есе өсті; ең төмен жалақы мөлшері 25 есе; зейнетақының орташа айлық мөлшері 4,6 есе артты. 2006 жылғы мамырдағы жұмыссыздық деңгейі 7,7 % мөлшерінде қалыптасты (2005 жылғы мамырда – 8,2 %). Мемлекеттің 2005 жылы тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне бөлінген шығыстары 2003 жылмен салыстырғанда 1,7 еседен астам өсті. Өсімдіктер. Қоршаған ортаның адам-ға тигізетін әсері орасан зор екендігі белгілі. Әсіре-се, өсімдік әлеміне қандай көзқараспен қарасаңыз, ол да сізге солай «жауап» береді. Адамзат баласы сан ғасырлар бойы өсімдікті ем ретінде қолдануда. Өсімдік әлемінің адамға берері көп десе де болады. Мысалы, гүлді құмырасымен біреу сыйға тартса, сіз ол адамға сол гүл үшін аз болса да ақы төлеуіңіз керек екен. Себебі, құмырадағы гүл «мені бағалады» деп «риза» болып, одан әрі жайқалып өсе түседі екен. Ал, өсімдіктерге дұрыс қарамаса, уақытын-да суғарып тұрмаса «ренжіп», адам ағзасына зиянды улы химиялық заттар бөліп шығаратын көрінеді. Мысалы, қызанақ көшетін бөлмеде өсіріп, су құюды ұмытып кетсеңіз, түнімен ұйықтай алмайсыз. Ал, кактустар да адамның көңіл-күйіне әсерін тигізеді екен. Кактусқа «туу, түрі құрысын, қандай сүй-кімсіз» деп айтқан сәтте-ақ құрамында алкогольдік қоспалар бар улы зат бөліп шығарады екен. Бұл зат адамды ішімдікке итермелейтін көрінеді. Содан адам ішімдікке әуестеніп кететін кездері болғанын ғалымдар анықтаған. Ал, кейбір өсімдіктер өз қожайынын басқа бір адамнан қызғанатын көрінеді. Биохимия маманы, доцент Дина Балясова көп жылдар бойы адам мен өсімдіктер-дің қарым-қатынасы туралы зерттеулер жүргізген. Ағылшын физиологы С.Мей-сонның бөлмесінде көп жылдар бойы фикус өсіп тұрған. Ғалым үйленгеннен кейін оның әйелі күннен-күнге әлсіреп, сырқаттанып қалады. Ал, жерік болған кезде қатты ит жерік болып, тіпті дәрігерлердің қандай ем қолданғанына қарамай, түсік тастайды. Ғалымның ойына бөлмесінде өсіп тұрған фикус түседі, әйелінің ауруға шалдыққанына сол кінәлі деп оны үйдің қасындағы баққа апарып қояды. Көп ұзамай әйелі құлан-таза айығып, қайтадан бала көтеріп, дені сау, әдемі сәбиді дүниеге әкеледі. Сөйтсе, фикус өз қожайы-нын әйелінен қызғанып, хи-миялық қоспа заттар бөле бастаған, ол зат Мейсонның өзіне ешқандай әсер етпеген. Әрине, өсімдіктердің барлығы тек зиянды екен деуге болмайды. Мысалы, фиалка (шегіркүл) өз қожайынын жақсы көретіні соншалық, ол басқа жаққа сапарға кетсе, сағынады екен. Ал қазтамақ (герань) бірінші суғарма-са, кәдімгідей «ренжитін» көрінеді. Өзінің ренішін ол көпке дейін гүл ашпай тұру арқылы білдіреді. Ертеде адамдар зығыр (лен) еккен кезде, жала-ңаштанып егеді екен. Әйт-песе, мол өнім болмайды деп есептеген. «Көрдің бе, сен (зығыр) өнім бермесең, мен жалаңаш қаламын» деп айтады екен. Адамдар киімді зығырдан жасап, кигені белгілі ғой. Ертеде «қыдырып» кеткен күйеуін үйге қайтару үшін әйелдер жатын бөлме-ге алқызыл түсті гүлді қойған. Сол бөлмеде үш күн қонған ер адам ендігә-рі басқаға қарамай, тек өз әйеліне деген сезімі арта түседі екен. Ең жағымд-ы гүлдердің бірі қазтамақ деп есептелінеді. Қазтамақ тұрған бөлмеде ұрыс-керіс те болмайды, ал бола қалған жағдайда, өсімдік адамның жүйке жүйесіне әсер ететін зат бөле бастайды. Содан ұрысып қалғандар тез татуласып кетеді екен. Сондықтан болар, бұл гүлді бұрындары әр үй өсірген. Гүлді өз қолыңыздан егіп, күтіп-баптаған жөн. Оларды сәбиді баққандай күтсеңіз, өс-кен соң сіздің денсаулығыңыз-ға, отбасыңызға оң әсер етеді дейді. Гүлдердің қасында бір сағаттай отырсаңыз көңіл-күйіңіз көтеріліп, барлық жаман ойдан арыласыз. Ал, мына бір оқиға осыдан 7 жыл бұрын болған. Бір үйдің ауласында жапырағы жайқалып, әдемі үлкен ағаш өсіп тұрған. Үй иесі отыздағы әйел бұл ағашты шауып тастайын деп, алдымен оның қабығын аршып тастайды. Ағаш солып қалған соң, кесіп тастамақшы болады. Әне-міне деп жүріп қолы тимейді. Бір күні «әйел өз болашағын білмекші болып көріпкел-ге барады. Көріпкел оған «отыз жасыңда өлесің» дейді. Әйелдің өзі де, туыстары да «дені сап-сау, аяқ қолы балғадай адам қалай өледі?» деп, көріпкелдің сөзіне аса мән бермейді. Тамыз айында әйел отыз жасқа толады да, туыстарын, көршілерін, жора-жолдастарын шақырмақшы болып, той қамына кірісіп кетеді. Құрбысы екеуі есіктің алдына шығып, мерейтой туралы әңгімелесіп тұрған сәтте, ауа райы күрт өзгеріп, аспанды қара бұлт торлап, қатты жел соғады. Онсыз да әрең тұрған ағаш желдің күшімен тура екі әйелдің үстіне келіп құлайды. Біреуі қашып үлгіреді, екіншісі ағаштың астында қалып, қайтыс болады. Тура отызға толған күні, көріпкел айтқандай, ағашты кескен әйел қайтыс болыпты. Көріпкелдің айтқаны тура келді. Бұл оқиғада ең таң-қаларлығы–ағаштың әйел-ден өшін алғаны. Мүмкін, кездейсоқ болған шығар. Кім біледі? Бірақ, «ағаштың да жаны бар, олар да сезеді» дейді ғой. «Емші» өсімдіктер Адамзат дамуының алғаш-қы дәуірінде адамның негізгі қорегі өсімдік болды. Тағам үшін ішіп-жейтін өсімдіктер түрінің көбейуіне қарай, адам осылардың кейбіреуле-рінің ерекше қасиеті бар екенін байқаған. Бертін келе сол өсімдіктерді емделуге пайдалана бастаған. Яғни айтқанда, адамның тұңғыш ұстазы – табиғат, алғашқы дәріханасы – орман мен дала болды. Сөйтіп, адам өсімдіктерді тағам ретінде пайдаланудың арқасында халық медицинасын ашты. Ертедегі египеттіктерге алоэ, қараған, анис, медуница, зығыр, лотос, көкпар, жалбыз, тал, арша, т.б. өсімдіктер-дің шипалық қасиеті белгілі болған. Ғажап сиқырлы күші бар шөптермен Үндістанның аты шыққан. Бұдан 4 мың жыл бұрын үндістандықтар 760 дәрілік өсімдікті пайдалана білген. Қытайда дәрілік өсімдіктер жөнінде алғашқы кітап бұдан 5 мың жыл бұрын жазылған. Орта ғасыр ғалымы Парацельс ерте заманнан келе жатқан ілім бойынша «емдік өсімдіктің пішіні, түсі, дәмі мен иісі аурудың сипатына сай келуі тиіс» дейді. Мысалы, сарғайып ауырған адамды сары түсті өсімдікпен, бүйрек ауруын жапырағы бүйрек тәрізді өсімдікпен емдеу қажет. Халықтық меди-цинаның ел арасына көп тараған және тәуір дамыған саласы – шөппен емдеу. Қазақ халқының емшілік салтында шипалы өсімдіктерді пайдалану ежелден бар дәстүр. Ха- лық емшілері бұл жөнінде көптеген тәжірибелер де жинаған. Мысалы, қазақтар-дың қылшадан дәрі жасауына сүйеніп, 1924 жылы П.С.Моссагетов Қазақстанда өсетін қырықбуын қылшасының шипалы қасиетін ашқан. Оның құрамында емдік эфирин за-ты табылды. Шырғанақтан алынатын майды қазақтар жараны, күйікті жазуға, итмұ-рын жемісінің қайнатылған тұнбасын аурудан әлсіреген адамға әл беру үшін, тобылғы сабағын қыздырғаннан кейінгі майын теміреткіні және қотырды емдеуге, қалақай, мыңжапырақ тұнбаларын қан тоқтатуға пайдаланған. Қазақстан жерінде тұзды көлдер, батпақты сорлар көп-теп кездеседі. Жаздың ыстық күндері ол жерлерде қос тігіп, ас, сусын ала келіп емделетін. Ұзынша науа тәріздес етіп жерді қазып, ауру кісіні жатқызып, үстін батпақпен көміп тастайтын. Дәл осындай халықтық қағидаға сүйенген ем орындарының бірі Жаңа-Қорған санаторийінің жанын-дағы «Борықтыкөл» емдеу орталығы еді. Радикулит, ревматизм ауруларын емдейтін бұл санаторий республикадан тыс жерлерге де белгілі болған. Халық аңызы батпақтың емдік қасиетін алғаш ашқан аңшы оғынан жараланған киік деседі. Айта кететін бір жай – қазақ халқы дәрмене жусанды емдеу үшін пайдалануын ғылыми медицинаға қосқан үлкен үлес деп бағалау ләзім. Өйткені, дәрмене жусанды қазақтың халық медицинасы ішек құрты ауруына қарсы пайдаланған. Бабаларымыз аталмыш өсімдікті атам заманнан бері шет елдерге сау-да керуендері арқылы көп мөлшерде жіберіп тұрған. Ол өте бағалы шипалы шөп ретінде, жоғары бағаланған. Себебі, дәрмене жусан Қазақстанның оңтүстігінен басқа жерде өспейді, яғни бұл өсімдікке дүние жүзінде сұраныс көп болған. Халық медицинасы арқылы дәрілік шөптердің тізімі-нің ішінде атақты женьшень өсімдігімен таласа алатын бірден-бір өсімдік – қызғылт семізот (радиола розовая). Немесе оны халық «алтын тамыр» деп те атап кеткен. Алтайдың халықтық медицинасында «алтын тамыр» адамның жұмыс қабілетін арттыратын дәрі ретінде пайдаланылып келді. Кейінгі жылдары ғалымдар алтын тамырдың құра-мындағы экстракттың ағ-заның (организм) дене жұмысына шыдамдылығын арттыратынын, жүрек-сосуд системасын жақсартып, жоғарғы нерв жүйесінің ырғағына жағымды әсер етіп, қан қысымының реттелуіне көмегін тигізетіндігін анықтады. Қазақстан бойынша семізот (алтынтамыр) туысының он бір түрі кездеседі. Оның ішінде жалғыз қызғылт семізот түрінің ғана шипалық қасиеті бар. Бұл өсімдік Алтай, Тарбағатай және Жоңғар тауларының біраз жерінде ғана өседі. Кейінгі жылдардағы зерттеу жұмыс-тары мен экспедициялық және далалық практика кезіндегі бақылау жұмыстары бұл өсімдіктің өсу аймағы едәуір тарылып кеткенін көр-сетіп отыр. Жергілікті жерлерде алтын тамырды жинаушылар көбейіп кеткен. Өкініштісі, кейбіреулер бұл тамаша өсімдікті пайданың көзі етіп алған. Мұндай жүйесіз жинаудан табиғатқа да, адамға да келер пай- да жоқ. Қызғылт семізот- тан жасалынған дәріні ор- нымен пайдаланбаса, ол кейбір адамдардың қан қы-сымын арттырып жібереді. Бұдан қайғылы жағдайға ұшырау қиын емес. Біздің Қазақстанда өсетін тағы да бір шипалы шөп – мақсыр, немесе марал тамыр (рапонтик). Бұл да шипалық өсімдіктер тізіміне халықтық медицина арқылы енген өсімдік. Алтайлықтар көктем кезінде бұл өсімдікті маралдар тұяғымен қазып, тамыр сабағын жейтіндігін байқаған, осыдан «марал тамыр», «марал шөп» деп атап кеткен. Мақсырды халық ертеден бері «алтын тамыр» және женьшень сияқты әл беретін дәрі ретінде пайда-ланып келді. Халық меди-цинасында пайдаланылға-ны жөнінде алғашқы дерек 1897 жылдан белгілі. Осы жылы Сібірді зерттеуші, белгілі ғалым Г.И.Потанин император географиялық қоғамының тапсырмасы бойынша Монғолияның солтүстік батысына саяхат жасаған. Өкінішке орай, бұл өсім-діктерді жаппай қазып, жинау табиғатқа, осы өсім-дікке жасалған қиянат. Сон-дықтан, алтын тамырмен, мақсырдың шөп тоғайын жаппай жинамай, кемінде шөп тоғайдың төрттен екі бөлігін қалдырып отыру керек. Бұл табиғи қорының өздігінен қайтадан қалпына келуін қамтамасыз етеді. Өндіріс үшін жинағанда, жинау тәртібін білу керек және жыл сайын бір жерден жинауға жол берілмеуі тиіс. Хасанғалиев Ескендір. Хасанғалиев Ескендір (1940 жылы Орал облысында туған) -- әнші (лирикалық баритон), композитор,1984ж Қазақстан Республикасының халық артисі. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының вокальды-хорлық факультетін Е. Виноградов пен Н. Шарипованың класы бойынша курсты, Әль-Фараби атындағы Шымкент мәдениет институтын бітірді. 1970 жылдан бастап, Қазақ радиосы мен теледидарының солисі. Е. Хасанғалиевтің орындау мәнері жоғарғы кәсіби деңгеймен ерекшеленеді. Ол Қазақстанның белгілі эстрадалық әншілері орындайтын көпшілікке жақсы танымал әндердің авторы. Хасанғалиевтің "Әдемі", "Асыл арман", "Өмірімнің жазы", "Атамекен" әндерін тек Қазақстан тыңдармандары емес, шетелдерде де ықыласпен қабылдайды. Е. Хасанғалиев шығармашылығына тақырыптың әмбебаптылығы, материалды берудің көп салалығы тән. Ол музыканы қазақ, орыс, ұйғыр, татар, неміс ақындарының сөзіне жазды. Кұрманғазы Сағырбайұлы. Кұрманғазы Сағырбайұлы (1848-1889) - композитор-күйші, қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі. Құрманғазы Қазақстанның музыка мәдениетінде айрықша орын алады. Егер сіз қазақ даласының тынысы мен жүрек соғысын, шексіз өлкедегі алып-қашпа жел әнін білгіңіз келсе, ат тұяғының дүбірінен қуаныш тасқынын сезгіңіз келсе, қазақ халқының рухани күшін биіктігін, мықтылығын танығыңыз келсе - Құрманғазы күйін тыңдаңыз. Оның "Сары - Арқа", " Балбырауын", "Серпер", "Адай" сынды күйлері - қазақтарда Отан, ел деген ұғымдармен астасады. Қара халықтан шыққан Құрманғазы өмір бойы қазақ тойларының заңсыз іс-әрекеттеріне қарсы күресіп, жай адамдар құқығын қорғап келген. Үкіметтің қудалауы, жазықсыз айыптаулар, түрме - осының барлығы күйші сағын сындыра алмады. Айналасында болып жатқан оқиғаларға аса мән бере отырып, Құрманғазы қазақ халқы өмірінің айшықты суреттемесін жасады. Оның "Сары-Арқа", "Алатау", "Бұлбұлдың құрқұры" атты күйлері туған жер сұлулығын көрсетсе, "Кішкентай", "Төремұрат","Адай" күйлері батырлар бейнесін "Қайран шешем", "Қызыл қайың", "Кісен ашқан" күйлері күйші өміріндегі нақты оқиғаларға арналған. Құрманғазының көптеген күйлері мінезді, шапшаң ырғақты, кең көлемді, домбыраның барлық мүмкіндігіне шақталған болып келеді. Күйші батысқазақстандық күй өнері мектебінің негізін салушылардың бірі. Ол өз күйлерінде осы аймаққа тән батырлық тақырыпқа да баса назар аударған. Құрманғазы шығармашылығын халық жақсы сақтаған, қазір 60-тан аса күй көпшілікке мәлім. Ұлы күйшіге құрмет ретінде халық аспаптарының Мемлекеттік академиялық оркестрі Алматы мемлекеттік консерваториясына балалар музыкалық мектебіне жас орындаушылар сайысына оның есімі берілді. "Аңыздар" тарихында Құрманғазының "Сары-Арқа" күйінің шығу тарихы берілген. Өмірбаяны. Сағырбайұлы Құрманғазы Бөкей хандығы, Kaзipгi Орал облысының Жаңақала ауданындағы Жиделі деген жерде 1823 жылы дүниеге келіп, Астрахань (Ресей) облысының бұрынғы «Шайтани батаға» деген жерінде Қазipгi «Құрманғазы - төбе» деген жерде 1896 жылы дүние салды. Бaсына қойылған құлпы тасында туған - өлген жылдары «1806 - 1879» деп көрсетілген. Бірақ, мұның қате eкeнiн академик А.Жұбанов нанымды қисындармен дәлелдейді. Құрманғазының шыққан тегі Кiшi жүздің Байұлы болып келеді. Байұлы өз ішіде он eкi aтаға бөлінсе, соның ішінде Сұлтан-Сиық деген аталатын бір бұтағы алты атадан құралады. Олар: Жаппас, Байбақты, Тана, Масқар, Алаша, Қызылқұрт деп аталады. Осылардың ішіндегі Қызылқұртынан Құрманғазы тарайды. Құрманғазының әкесі Сағырбай (шын аты Дүйсенбай деген сөз бар) өнерге мойын бұра алмаған, шаруа адамы болыпты. Құрманғазының бесінші атасы Балтабай әулеті шетінен домбыраға тіл бітірген өнерпаз болса керек. Ал жетінші атасы Ерші деген кісі от тілді, орақ аңызды, сөз дарыған адам екен. Күні бүгінге дейін ел ішінде «Ершінің еркегін қойып, әуелі әйелімен айтысып ал» деген сөз бар. Құрманғазының нағашы жұрты - Беріш руы. Ерлік пен еркіндікті дәстүр еткен елдің қызы, Құрманғазының анасы Алқа да келін болып түскенше даланың ерке желіндей еркін өciп, еркек - шора болып, ойын - тойдың шырайын келтірген. Кейін Игіліктың қызы Әуеске үйленгенде Құрманғазы үшін Беріш руы енді қайын жұрты болады. Құрманғазының бала кезінен - ақ ең айткыш тілі, ең сезімтал тілі қос ішекті домбыра көмейінен шығатын күй тілі еді. Сондықтан да, ол сахараның даңғыл көкірек дәулескер күйшісі Соқыр Есжанды алғаш көpiп тыңдасымен-ақ домбырасынын тілін мен дінін түсініп, ұйып тыңдайды. Сондықтан да, өзінің замандастары Шеркеш, Байжұма, Баламайсаң сияқты күйшілердің күйін құныра тартып, сол күйлерден уақыттың ең шыншыл сырын ұғады. Ал Құрманғазының ұстазы - Ұзақ болатын. 1830 жылы Беріштен шыққан Исатай Тайманұлы және оның жан досы, дауылпаз ақын, дәулескер күйші Махамбет Өтемісұлы бастаран Жәңгір-ханға шаруалар көтерілісінде Құрманғазы да болады. Сол жылдарында «Кішкентай» деген күй шығарады. 1857 жылы Құрманғазыны түрмеге отырғызады. Сібірге айдатайын деп жатқан жерден ол қашып құтылады. Екінші рет оны Орынбор түрмесіне қамайды, бірақ генерал-губернатор Перовскийдің қолдауымен құтқарылады. Түрме тақырыбына бірталай күй шығарады: «Қайран шешем», «Ертең кетем», «Кісен ашқан», «Түрмеден қашқан», «Арба соққан», «Перовский маршы», «Не кричи не шуми», «Машина». 1880 жылы Астрахан түбіндегі Сақмар елді мекеніне қоныс аударады. Қауым арасында ерекше құрметке бөленген Құрманғазы Дина Нүрпейісова, Ерғали Есжанов, Мендіғали Сүлейменов сынды мирасқорларын жинайды. Сол дәуірде әйгілі болған Көкбала, Менегай, Менқара, Сүгүрәлі, Торғайбай, Шора сынды домбыра тарту шеберлері де Құрманғазыны ұстаз тұтқан. Құрманғазы күйлерін орындап берушілер және жазып алғандар. - Дина Нүрпейісова Сары Қанның келісімі.. 1. Ұлтына қарамай өзінің жеті атасын білуін біліп және жақын туысы ретінде санап, қыз алыспау керек. 2. Дінге бас бұру адамның өз қолында, оған қара күш жұмсауға ешкімнің қақысы жоқ.Ол сыр Аллаға тән. 3. Құда, нағашы, тұп нағашы, жиен, жиеншар, бажа, қайын жұрт, балдыз, абысын, іні, қарындас, сіңлі, аға, әпке, ата-апа, әке-шеше, жеңге, жезде, күйеу, келін, әйел, немере, шөбере, жиеншар, бөле, өз жұрт және басқа туыс атауын білу және сыйлау керек. 4. Әр адамның өзінің және қазақ тілін білу керек. Себебі Қазақ тілі Адам атаның тілі. 5. Бүкіл елдер менің қазынама 0,5 пайыз айлық табысынан аудару керек. 6. Бүкіл елдердің жер түбіндегі астанасы Қазақстан Республикасындағы Түркістан қаласы саналсын. 7. Тағым Кентау қаласында Қантағы елді мекенінде орналассын. Қазақ сөзінің талдауы, баяғыда Адам ата Ауа анамыз Әдемі бақшада тату тәтті мәңгі өмір сүрген. Құдайдың қарамағында. Барлық періштелермен оларды таныстырды. Тізе бүктірді қызмет етесіңдер Адамға деп, себебі әр нәрсеге ат қоя алатын қасиеті болған. Мысалы алақанына қарап ақ қызылды көріп алақан деп атаған. Тек қана Шайтан деген періште Адамға қызмет етуден бас тартты. Ол әлсіз және осыған ұқсас себептерді айтып, мен оларды өзіме қаратып қызметкерлерге айналдырайын деді. Құдайдан рұқсат сұрады. Сондықтан, Адам баласы Ібіліске ерсе қызмет етіп дос болса, олар ақыретте Ібіліс пен тозақта болады. Отқа күйіп жанады, қиналады. Адам баласы Ібіліске ермесе, Құдайдың айтқанына ерсе, Құдайдың досы болады. Және ақыретте Құдаймен бірге жанатта болады. Бақша да болады. Астында өзендері ағады, жандары рахаттанады. Кейін ол екеуіне еркіндік беріп, бір ағаштың жемісін алма деді. Біздің бірінші атамыз бен анамыз, сол сөзіне күмән келтіріп, алма деген жемісті жеп қойған. Негізі ол жемістің атын бидай, ағаштың атын пішін, деп атап кеткен Адам атамыз. Сондықтан Құдай дауыстап айтқан, осы үшін сендер қаза болуға тиістісіңдер. Шығындар менің бақшамнан, бұдан кейін сендер қазақсыңдар, деп жазаға тартқан. Сондықтан, әр адам баласы, қазақ болып келеді. Олар бірінші қылмыскер болған. Адам деген сөздің талдауы, кәмілет жасқа дейін Құдайдың қарамағында өскен еркекті Құдай, атам деген сөзбен тоқтатқан. Сондықтан, Ауа анамыз оның атын атай алмаған, жолы жіңішке болғандықтан, Адам деп атап кеткен. Шайтан сөзінің талдауы, Шәй - деген анық болмайды, тан –деген білім. Анық емес білім беретін періштенің аты. Яғни, күмән нәрсе Шайтаннан. Русский деген сөздің талдауы, екі сөзден құралады ырыс және кий. Мағынасы орталық ырыс базары. Сол базар орналасқан жерді Ырыс Кийеу деп атаған, ал маңында тұратын қазақтар, ырыскийлер деп аталып кеткен. Кийдің мағынасы орталық. Ресей деген сөз, Ырысей деп аталады. Сол базардың атымен. Хан деген сөздің мағынасы қазақша Қан деп аталады. Себебі ол адамның қасиеті, қанның қасиетіндей біріктіру болған. Сондықтан, Қан аталған. Адамның денесіндегі қан денесін біріктіреді, ал Қан елді біріктіреді. Шыңғыс Қан сөзінің мағынасы – шындыққа мойын сұнатын Қан және шындықты жақтайтын Қан. Ол адам баласы, шындықты айтатын,өтірік сөйлемейтін,шындықты көрсететін және шығаратын болған. Сол себептен, оның ұрпақтарына Құдай, жер түбіндегі мемлекеттердің, патшалық міндеттерін берді. Көптеген байқамыбарлар ол кісі туралы көптеген аян қалдырып кеткен. Ол Алланың ең сүйікті пенделерінің біріншісі. Ол кісі жүрген жерден Шайтан қашатын. Бастаған ісін, жарты жолда тастамаған атамыз, жатқан жері жайлы болсын. Болашакта ұлт болмайды, оның орнын жеті ата басады. Іс- қағаздарда туған жетінші атаның есімі, ұлт есебінде жүретін болады. Негізі 3 жұрты: нағашы, өз, және қайын бекітілетін болады. 1. Кімнің баласы, қызы.? 2. Кімнің күйеуі, келіні? 3. Кімнің жиені ?Осы сұраққа бір куәлік жауап береді. Көш жүре түзеледі. Дұние жұзінің көп мемлекеттерінде, төлқұжат бетінде, ұш атаның есімі жазылған. Сондықтан, сол ұш атадан жалғастырып, жеті атаға дейін толтыру керек. Оны толтыруға, ең көп дегенде, 300 жыл арналады. Әр 7 атадан кейін, қаны жаңарады. Адам аласы ішінде, мал аласы сыртында. Құда болсаң шыда. Менің арманым, дүние жүзінде ынтымақтастық орналассын деймін.Біз ұлтқа, рассаға ұқсамаймыз. Біз өзіміздің аталарымызға, және нағашы аталарымызға ұқсаймыз. Мыса байқамыбар атамыз, жатқан жері жайлы болсын, Мыс-Ысыр өзенінен табылғандықтан Мыса атанды. Мыса байқамыбар, Пірғаруынның тұтқынынан, елін босатып алып шығады, Мыс-Ысыр өзенінің бойынан. Шығыс жаққа жүре беріп, Сары-Арқа ұлы даласының төңірегіне жетіп, бір жола қоныстанды. Осы ұлы далада, дәлірек айтқанда Қаратауда «Тура» атымен кітап түскен, екі тасқа ойылған. Құдай, мыс пен қапталған сандықты жасатып, сол екі тасты салғызды. Сол сандық, Құбыла ретінде пайдаланған. Сандықтың мағынасы; адамның саны дененің тіреуі, ал сандық сенімнің тірегі. Сүйтіп, Мысаның елі, Ысырел - деп аталып кеткен. Себебі, жолдағы елдер, не елсіңдер деп сұрағанда, Ысыр бойында турған елміз, деген. Осы жерден бастап, Евразия материгін иеленіп, бірнеше Қандық құрған. Сондықтан, бүткіл қазіргі мемлекеттің негіздері, кітап заңдары, Қаратау төңірегінде бекітілген. Қырдағы қандықтар - Қырей, Қырғыз, Қырөзен, Қыр иесі патшалықтары, қырда орналасқандықтан, сүйтіп аталған. Бары Тура кітапқа сүйенгендіктен, Түрік қандық деп аталған, ал елі түрік атанды. Осы жерге жеткенде, елі Мыса байқамыбарға, біздің бастығымыз және Пірғауынымыз бол, дегенде, жоқ деп, мен сендердің қандарың денелеріңді біріктіретіндей, сендерді біріктіретін Қан болайын, деді. Сүйтіп, қара халықтын қаны болғандықтан, Мыса қарахан атанды, қандыққа көтерілді. Ал ол тау, Қара тау деп аталды. Осы жерде жаңа отбасылар көбейіп, туыскан туысқанын жау көріп, өзінің қандарына еріп, жан - жаққа көшіп, сол қандардың есімін өзіне жамылып, ұлт құрла бастады. Енді қандар қурул деп, атанатын болды. Мысалы Сулу қанның жанындағы қазақтар сулу жандар деп атап кетті. Сулу қан өз астанасын тастап, қазіргі Казақстандағы Тараз қаласы, Европаға қоныс аударды, ал елі болса, Европаны қоныстанып сулужандар атанды. Піранық қуралдың қасындағы қазақтар, піранықтар атаніп кетті, ырысей тілінде франк болады. Бул оқиғаларды, қазіргі тарих, Ұлы көшдеп атайды. Осымен, Евразия халықтары, Мыса байқамбарды, өзінің туған тұп атамыз деп айтса қателеспейді. Испандықтар өз-өздерін арғын дейді. Испандықтардың көбі, Оңтустік Америкаға көшіп, Арғынтыны мемлекетін қурды. Біздегі арғындар, Мыса байқамбардың туған інісінің, Арғын деген байқамбардың ұрпақтары. Наймандардың көбі жапандағы аралдарға көшіп, Жапан мемлекетінің негізін салды. Жапандықтар өзін нин дейді қазақшасы найман, яғни Най байқамыбардын ұрпақтары. Қоңыраттар, Мыса байқамыбрдың соңғы баласының ұрпақтары, яғни қоңыр сөзінің мағынасы соңғы. Норвегиялықтар өзін Адай байқамыбардың ұрпақтарымыз дейді, біздің адайлардың тұп атасын айтады. Жалайырлар, арапша Зұлқарнайн, қазақша Жалайыр байқамыбардың ұрпақтары. Дулаттар Дәуіт байғамыбардың ұрпақтары, себебі ол атамыздың шын есімі Дулат болған. Барлығымыздың Аталарымыз бір жерден шыққан, жатқан жері жәйлы болсын. Және біздің халқымыздың тарихында мәнгі сақталсын. Өйткені Алла Мысаға, еліңді Мыс -Ысырдан көшіретін болсаң, еліңе зор және байлығы мол жер беремін, деген уәдесі бар. Сондыктан, Мысаның елі аяғы басқан жердің мунай, газды біз дурыс пайдаланып, осы ұлы уәдесін Алла бұзбай, жерді табиғатты ауаны, суды, бізге аманат етіп бергеніне рахмет айтып, сақтайық, ластамайық, пайдаланайық. Ұлттық жүйесі қирап, жеті ата жұйесі әлемге паш ететін кез келді. Ыбырайым атамызға, баласын құрбандыққа шалу кезінде, Алла аспаннан көк қошқар түсіреді, яғни арқарды. Сол оқиғаны, менің ұрпағым ұмытпасын деп, қошқар мүйізін тасқа ойып ұрпақтан - ұрпаққа жалғастырып, мирас етіп қалдырыңдар деген, содан келіп менің ұрпақтарым екеніңді білесіңдер, яғни менің үмметімнен екеніңді білдіресіңдер. Ол ою бізге Мыса атамызбен келген. Көмек көрсетүшілерге осы есеп шотқа аударуңызды сураймын. Осы создері қызығушылық тудырса, телефоныма 300 бірлік салып ниетіңізді білдіріңіз. Менің тілпаным: 8-705-402-48-14. АМЕРИКА Correspondent bank of beneficiary s bank Bank of New York,USA, New York, ROR FURTHERCREDIT OF SHIMKENT BRANCHASS /284807 Филиал;290600 г.Кентау ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ HALIK BANK НБК Филиал;131824 Алматы КХБ НБК НАLYK BANK Қудайдың атымен 300 у.е. қаза қылыңдар бұл іске, ұш жуздің мағынасы - өз сөзімде, өз орнымда туратынымды білдіремін, дегені. Ұш атаны сыйлаймын, дегені – 1қайын ата 2 нағашы ата, 3 өз ата. Ақшаларыңыз жетім жесірлерге тиетін болады, және осы ісімді соңына дейін аяқталуына, жылдамдығына, үлкен әсер етеді. Шекті сақтап койыңыз. Табыстарыңыз мол болсын, денсаулығыңыз зор болсын, жан ұяларыңызға береке, бақ қоныстасын. Мен, Базылбеков Айимбек Шамильевич, 1973ж. 02. Наурыз айы, Кентау қаласында, Шымкент облысында өмірге келдім. Дүние жұзі адамдарын, Қазақ, деген Алла берген атымен біріктіру ой, 1996 жылы, 22 наурыз айында келді. 2004 жылы, мен, Алматыда ұш айдың ішінде, екі жалпы дәптерге 5000 дауыс қол, жинап алдым, бар 130 ұлт өкілдерінен, Сары Қан боламын деп. Сары Қан деген ат, дүние жұзінің Қанын білдіреді. Бұл міндеттің атын мен 13 тамызда, таңертеңгі 04сағ.30мин., жұма күні 2004 жылы, аспандағы сары, жарқырап тұрған жұлдызды көріп шештім. 1977-1979 жылдарда Шымкент қаласының балалар ұйінде өстім. 1979-1989 жылдары №5, №16, №2 интернат, №2 ырыский орта мектептерін көшіп, он жылдықты бітірдім. 1989 - 1991ж.ж. СПТУ-8-де оқыдым, Алматыда. 1991 – 1993 ж.ж. әскери борышымды өткіздім, Байқоңырда. 1993 – 2009 ж.ж. аяқ киім жөндеп күн көріп жатырмын. Әкем, Базылбеков Шамиль, 1940 жылы, 20 қантар айында дұниеге келді, 13 тамызда 1980 жылы, 40 жасында қайтыс болды,жеті жасымда. Шешем, Карчегаева Марзия Адылхановна, 1941 жылы, 09 желтоқсанда дұниеге келіп, 2002 жылы, 13 қыркүйекте қайтыс болған, 60 жасында. Осы жазбаны, мен, ата аналарыма бағыштадым, Алла разылығы үшін. Нағашыларым, Байбақтының ішіндегі Күшпендер. Өз елім, Қоңыраттың ішіндегі Жауғаштылар. Қайындарым, Қоңыраттың ішіндегі Құрбандар. Есімде бар 2 жасымнан бері суық тиіп ДЦП-ның қалдығынан зардап шегіп отырмын. ВТЭК-тен енді өтейін деймін, 36 жасымда ақша табу жағынан қиналғандықтан. Жұмысты тез бітірмей, тез қимылдайалмай ауырамын.Денемнің тең оң жағы, 1,5 см. қысқа және тез арада шаршап, тартылып қалады. Сол себептен, ресми жоғарғы білімім жоқ. Бойым 166 см. салмағым 55 кг. 1.Өз өзін өлтіру, бірде бір байқамыбар өз өзін өлтірмеген. 2.Өтірік сөйлеу, бірде бір байқамыбар өтірік сөйлемеген. 3.Алла айтқан бетінен қайту, барлық байқамыбар сабыр етушілерден болған. 4.Бірде бір Адам баласын, кінәсіз жазалауға болмайды. 5.Бірде бір Адам баласын, кінәсінен асырмай, жазалауға болады. Жасаған кінәсінің зиянын есептеп, есептен асырмай, Адам баласын жазаға тартуға тиісті әр қазақ, яғни туырлауға, көмектесуге. Кінәнің аудармасы - қате, түйілү, адасу, білмеу т.с.с. Жазаның аудармасы - көмек, тура жолға салу, туырлау, болысу, үйрету, тарту т.с.с. Асырмай жазаға тартудың аудармасы - қателеспей. Осы істе, қазақ жолында, сабыр тілеймін. Сабыр түбі сары алтын болсын. Қазақта бар қасиет. 1. Өз өзін өлтірмеу. 2. Өтірік сөйлемеу. 3. Алла айтқан бетінен қайтпау, қаза болатынын білетура, өлімге берілмей, істі соңына дейін сабыр етіп бітіру. Жасаған кінәсі үшін, қаза болуға тиісті болсада, өз өзін өлтірмеген - Алланың сүйікті пендесі деп есептелсін. Тек, бір бірімізге болысып біз бақытты боламыз. Қазақ - көп және әр түрлі елдің қауымдастығы. Мысалы, бір рудың адамдары топтасып тұрса, бұлар қазақ деген түсініктен тыс қалады. Басқа ұлттар бір топтың ішінде бірге тұрса, арасында бір қазақ болмасада, барлығы қазақ болып шығады. Ал егерде ұлты қазақ болса, бір топ бір рудан тұрса, олар қазақ болмай қалады. Қазақ деген, қаза болудан қорықпайтын, Адам атаның баласын білдіреді және қаза болатынын білетін, Адам атаның баласы. Қазақ болып, Адам баласы, мықты болады. Қазақ - күшті, мықты деген мағына береді. Мухаммад – Мықтыадам - Мәккәмата - Михаил, барлығының мағынасы бір, - өз сөзіне, амалына мықты Адам атамыздың баласы. Бүл сөздер, сәлем салуға лайықты, Мухаммад байқамыбар атамыз туралы, жатқан жері жайлы болсын. Ібілістін мағынасы, Адам баласы білмейтінін пайдаланып, бір істің ақыры тозақ болатынын, сол істің ақырын айтпай, өтірік айтып сол істі істеуге көндіреді, тозаққа түсіреді. Шайтанның бір ғана қасиеті бар, ол өтірік айту қасиеті. Сондықтан, Шайтанға қызмет етпейтін адамдар, іс тынғанша, анықталғанша сабыр етеді, кейін ізгі істерді атқарады, өтірік сөз айтпайды, сөйлемейді. Бұл сүйінші сондықтан сүйінші беруіңіз абзал. Менің мекен жәйім ОҚО, Кентау қаласы, Сейфуллин көшесі, 93үй 31пәтер. Мусульманин-Мысылман-Мыса елінің адамы, яғни өз-өзін тең ұстап, көңіліне ауып кетпей, құдайдан басқа құдай жоқ дейтіндер. Известить-Естіту. Мұсәпір-Мыса пір, яғни жол бастап келе жатқан кездегі атағы. Бог-Бұг, яғни Адам атамыздың алдында, періштелерді тізеге қойған кезде, Құдайдан Адам атамыз алғаш естіген сөзі. Алматы метрополитені деполарының тізімі. Для обеспечения линий метрополитена планируется ввод в строй двух электродепо. Шалом (Қазнет). Шалом (Şalom) (,) — бұл Ыстамбұл Туркияда шығаратын турік еврей апталық газет. Оның атауы Şalom түрік тілінің шалом сөзі көрсетеді. Газет Қазанның 29 1947 жылда турік еврей журналист Аврамом Леёноммен орнатылған. Газетa түрікше және бір бет ладино тілінде. Бас редактор — Иво Молинас. Редактор — Якуп Барокас. Газетaның апталық тираж — 5.000. Газетa "Gözlem Gazetecilik Basın ve Yayın A.Ş." firması ta'repinen сәрсенбі күн ku'nleri shıg'adı. Серкебаев, Ермек Бекмұхамедұлы. Серкебаев Ермек Бекмұхамедұлы (17.04.1926, Петропавл қ.) - әнші. КСРО Халық әртісі (1950), Қазақ КСР Халық әртісі (1956), профессор (1983), қоғам қайраткері. Социалистік Еңбек Ері (1986). Петропавл қаласының құрметті азаматы. Өмірбаян. Ермек Серкебаев Петропавлда 1926 жылдың шілде айының 4-жұлдызы күні туды. Ол үшінші сыныптан бастап оқуын Алматыдағы № 54 мектепте жалғастырады.Жетінші сыныптан бастап П.И. Чайковский атындағы музыкалық училищеде оқуын жалғастырды.1941-1943 ж. П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесінде скрипка класы бойынша оқыған. Осы мезгілде Серкебаевтар отба-сының материалдық жағдайы қиындағандықтан, Ермек үш жылдай оқыған соң, оны тастап кетуге мәжбүр болды. Тағдыр оны радиоға дикторлыққа әкелді, оған қоса киностудияның кейбір фильмдерінде осы тұрғыда қызмет атқарды.Әншілікке барша ықыласымен берілуге хор жетекшісі Антон Максимович Москаленко әсер етті скрипкада ойнай білетінін естігесін оны хорға әншілікке шақырды. Ермек бірден әйгілі опералардағы классикалық арияларды орындай бастады. Чайковскийдің «Иоланта» операсындағы Роберттің ариясын атақты әншілерден кем орындамайды. Мәскеуде әндерін үнтаспаға жаздырды. Сол кезде Левинтанмен танысады.1946 жылы консерваторияға қабылданады. Е.Серкебаев консерваторияны 1951 жылы Кургановтың сыныбында тәмамдаған соң опера және балет театрына оралады. Консерваторияны бітірер жылы Абай рөлін орындайды. Одан әрі «Евгений Онегин» операсында – Евгений, «Травиатадағы» – Жермон рөлдерін жоғары дәрежеде шырқайды. Келесі рөлі – «Севиль шаштаразындағы» – Фигаро. 1951 ж. Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясын (вокал бойынша) бітірген. Студент кезінде Абай атындағы Опера және балет театрының шығармашылық ұжымына қызмет істеген. Абай партиясын (А.Жұбанов пен Л.Хамиди, "Абай") орындаған. 1973 ж. Алматы консерваториясының жеке дауыста ән айту кафедрасының оқытушысы болған. Серкебаев орындаған партиялардың ішінде Қожағұл, Амангелді (М.Төлебаев, "Біржан мен Сара"; М.Төлебаев және Е.Брусиловский, "Амангелді"), Абай, Серке (А.Жұбанов пен Л.Хамиди, "Абай"; С.Мұхамеджанов, "Айсұлу"), Тарғын, Артем (Е.Брусиловский, "Ер Тарғын", "Дударай"), Онегин, Елецкий (П.Чайковский, "Евгений Онегин", "Пиковая дама"), Петруччио (В.Шебалин, "Укрощение строптивой"), Фигаро (Дж.Россини, "Севильский цирюльник"), Валентин ("Фауст"), т.б. бар. Әнші репертуарында қазақтың халық әндері, орыс және шет ел композиторларының шығармалары бар. Шет елдерде (Румыния, Пәкстан, Франция, Үндістан, Қытай, Бельгия, Куба, Швейцария, Швеция, Финляндия, т.б.) өнер көрсеткен. Киноға да түскен ("Біздің сүікті дәрігер", "Тақиялы періште", т.б.). 7-шақырылған КСРО Жоғарғы Кеңесінің, 8-11-шақырылған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Вокалистер конкурсының (Будапешт, 1953) лауреаты. КСРО Мемлекеттік сыйлығының (1977) және Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының (1972) иегері. "Музыка" номинациясы бойынша 2000 ж. "Тарлан" сыйлығын жеңіп алған. "Отан" 2 мәрте Ленин, Қазан революциясы, Енбек Қызыл Ту ордендерімен және медалдермен марапаталған. Инновация. «Инновация» терминi латын тілінен алынған, ол - «жаңару, өзгеру» дегендi бiлдiредi. Бұл түсінік XIX ғасырдағы зерттеулерде пайда болып, белгiлi бiр мәдениеттің кейбiр элементтердің бiрiнен екiншісіне енгiзу дсгендi бiлдiрдi. ХХ ғасырдың 30-жылдарында Еуропада ғылымның жаңа саласы, жаңашылдық ғылымы пайда болып, ал 50 жыдары педагогикалық инноватика қалыпасты. КСРО-да бұл термин ХХ ғасырдың 70 жылдарынан бастап қолданыла бастады Air Canada. Эйр Канада Канаданың ең үлкен әуе компаниясы. Ол 1936 жылы құрылып, 96 бағытта рейстік және чартерлік қызмет көрсетеді. Оның ең үлкен хабы Торонто Халықаралық Әуежайы. Оның басты базасы Квебектегі Трюдо Монреаль Халықаралық Әуежайы. Эйр Канада әлемдегі көлемі бойынша 8ші жолаушы тасымалдаушы әуе компания. Ол Star Alliance бірлестігінің мүшесі болып табылады. Әуе тасымалдаушыны басқаратын басшы компания ACE Aviation Holdingsтың акциялары Торонто Қор Биржасында ашық сатылады. Эйр Канада 2008 жылы жолаушылардан $9.7 миллиард түсім алды. Тарихы. Эйр Канадаға дейін Транс-Канада Әуежолдары (TCA) дейін әуе компания болды. Ол федералды үкіметтің бұйрығымен Канада Ұлттық Теміржолына тиесілі бөлім ретінде құрылған 1936 жылдың 10 сәуірінде құрылған. Комрания өсіп аймақтық әуе компанияларды өзінің құрамына кіргізе бастаған. Басында елдің екі шетін қосатын мемлекеттік компания болып құрылған ұйым 1989 жылы толығымен жекешелендірілді. 2000 жылдары қаржылық дағдарысқа ұшыраған компания 2003 жылы өзін банкрот деп жариялауға мәжбүр болды. Дегенмен Дойче Банктың қаржылық көмегі мен Канадалық Селин Дионның қолдауының арқасында компания қайтадан аяғына тұра алды. Ұшу Бағыттары. Эйр Канада15 ішкі және 33 елдегі 81 халықаралық бағыттарға ұшады. УЕФА Чемпиондар Лигасы. УЕФА Чемпиондар Лигасы (көбінесе Чемпиондар Лигасы немесе тарихи Еуропалық Кубок) УЕФА-мен ұйымдастырылатын 1955 жылдан бері келе жатқан Еуропадағы ең таңдамалы клубтардың арасындағы сайыс. Бұл Еуропалық футболдағы (әлемдегі футболдағы да) ең салмақты клубтық трофей болып табылады. Тарихы. Чемпиондар лигасы 1955 жылы француздық L'Équipe журналының спорттық журналисі және редакторы Габриэль Аноның ұсынысы бойынша құрылған.Континенттік футбол турнирін ұйымдастыру Аноның ойына «Вулверхэмптон» 1954 жылы «Спартак» пен «Гонведті» жеңгеннен кейін әлемнің мықты клубы деген ағылшындардың прессасынан басталды. Ано өзінің газетінде әлемнің ең күшті клубын білу үшін өз алаңында және сырт алаңда ойын өткізетін турнир ұйымдастыру керек деп жауап берді. Ертеңіне Ано турнирдің жобасын жариялады. Ал 1955 жылдың қаңтар айында тұңыш Европа Чемпиондарының Кубогы өткізілді. Ең алғаш 56 жылғы турнир қатардан шығу турнирі болды, онда әр кезең екі ойыннын өткізілді (үйде және қонақта). 1992 жылға дейін турнирге чемпиондар мен Чемпиондар Кубогының соңғы жеңімпаздары қатысқан болатын. 92 жылғы маусымнан бастап турнирдің форматы өзгерді, оған топтық кезең қосылды, ал келесі жылы турнир УЕФА Чемпиондар Лигасы деп атын өзгертті. Одан ары қарай квалификациалық кезең, топтың құрылымында бірнеше өзгерістер болды. 98жылғы маусымда турнирде (УЕФАның коэффициенттерiнiң кестесiмен сәйкес) елдердiң қатардасының екiншi орын алған командаларда қатыса бастады. Квалификациялық кезеңнің жүйесі төмен коэффициентті елдердің топтық кезеңге дейінгі бір немесе бірнеше кезеңге қатыса алатын етіп қайта құрылды, ал коэффициенті жоғары елдер соңынан қатысты. Осы кездегі ең жоғарғы коэффициенті бар елдерден Чемпиондар Лигасына төрт клуб қатыса алады. 1960-2004 жыл аралығында Европа Чемпиондары Кубогының жеңімпазы Оңтүстік Америкадағы Либертадорес Кубогының жеңімпазымен Континент аралық Кубокты сарапқа салатын. Ал қазір Чемпиондар Лигасының жеңімпазы ФИФАның ұйымдастыруымен Клубтар Арасында Әлем Чемптонатында өнер көрсетеді. Квалификация. Ұжымы группалық айналымға шыққан елдер картасы Жәнеде кестедегі орын клубтардың қай кезеңнен бастайтынын шешеді. Мысалы, алғашқы 3 қауымдастықтағы 3 клуб бірден топтық турнирге, ал төртінші плей-офф, ал кестедегі ең төмен орындағы қауымдастықтар 1 команда қоса алады. 05 жылғы маусымда дау-жанжал шықты. Ливерпуль Чемпиондар Лигасын жеңді, бірақ өз чемпионатында 5ші орын алды, 4ші орын Эвертон алды. Англия Футбол Ассоцияциясы жолдаманы Эвертонға беруге қаулы шығарды, бірақ УЕФА келісімге келіп, екі мерсисайдтық клубты қатыстыруға бел буды: Ливерпуль 1ші квалификациялық раундтан, ал Эвертон 3ші. Осыдан кейін УЕФА егер Чемпиондар Лигасының Чемпионы өз чемпионатында лигаға қатыса алатындай орын алмаса, онда ЧЛның топтық турниріне қатыса алатын ең соңғы клубтың орнына қатысады. Осыдан ары қарай жеңімпаз әрқашан қатысу керек деген қаулы шығарды. 2005/06 жылғы маусымда Ливерпуль мен Артмедиа (Братислава) барлық квалификациялық раундтан өтіп, топтық турнирге жолдама алған алғашқы клубтар болды. Ал 2008/09 жылғы маусымда БАТЭ мен Анортосис осы жетістікті қайталады. Сайыс. Командалар екі ойын өткізеді. Екі ойынның қорытындысы бойынша қай команданың 1/4 финалға шығатыны белгілі болады. Бұл кезеңнің жеребесі ешқандай шектеулерді ескермейді. Ширек финалдан кейін жартылай финал, сосын 1 матчтан, бейтаап стадионда болатын финал. Стадион - финал өткізуге өтініш білдірген стадиондардың арсынан таңдап алынады, ол барлық талаптарға сай және УЕФА рейтингінің 5 жұлдызды стадионы болу керек. Бірақ 10жылғы Чемпиондар Лигасынан бастап мынадай жаң форматтарға ие болды. Сыйлық. УЕФА Чемпиондар Лигасына қатысқан әрбір команда 3 млн. евро көлемінде марапатталады, жәнеде топтық кезеге шыққан командаға €2,4 млн. төленеді. Топтық кезеңдегі әрбір жеңіске €600 мың есептелінеді. Одан басқа УЕФА ширек финалға шыққан әрбір командаға €2,5 млн. жартылай финалға €3 млн., финалға шыққан командаға €4 млн., ал жеңімпазға €7 млн. төленеді. Спонсорлық. Фифа Әлем Кубогіндегідей сияқты УЕФА Чемпиондар Лигасында да көпұлттық корпорациялар спонсорлық әрекет етеді. 1992 жылы Лига құрылған кезде ең көбі сегіз спонсорды қатыстыруға болады деп шешілген болатын. Сол жүйе әлі күнге дейін орнында. Олар ойын кезінде алаң шеттерінде, пресс конференция залында және тікелей көрсетілім кезінде өз брендтарын жарнамалауға құқылы. Кубок. Чемпиондар Лигасының жеңімпазы атанған клуб кубокты өзінде 10 айға қалдыруға құқылы. Клубтың жеңісіне арнап кубоктың кішірейтілген нұсқасын алады. 5 рет немесе 3 рет қатарынан жеңімпаз атанған команда кубокты мәңгіге өзіне қалдырады. Ең бірінші Европа Чемпиондар Кубогын турнирге франциялық L'Équipe газеті ұсынды. «Реал Мадрид» турнирді 5 рет жеңіп алғаннан кейін кубокты өзіне қалдырды. Келесі кубок бұрынғысынан өзгеше болды. Оны Берн зергері Юрг Штадельманн жасады.Кубоктың құны 10 мың швейцариялық франк тұрады. Кубок күмістен ішіне алтын құйылып жасалды, биіктігі 62 сантиметр және салмағы 7,5 килограмм тұрады. Кубоктың екі құлағы болғандықтан оны көп елдерде «үлкен құлақ» деп те атайды. Түркия президенті. Мұстафа Кәмәл жаңа қызметке тағайындалған кезде османлы әскері үздіксіз алға басып келе жатқан генерал Товмас Назарбекянның басшылығындағы орыс әскерімен, Андраник Торос Озанянның басшылығындағы армян еріктілері қосынымен және армян қарулы азаматтарынан құралған әскери топтармен бетпе-бет тұрған болатын. Ван қарсылығынан кейін Арам Манукянның басшылығымен Арменияның уақытша үкіметі құрылды[4]. Армян үкіметінің билігі Ван көлінің жағасында алғашқы пайда болған кезінен біраз кеңіген болатын.[5] Бітліс шайқасы мен Мұш шайқасы да басталып кеткен еді. Кәмәл келген кезде бей-берекет жағдайдың қалыптасқанын көрді. Жылдың ең жайлы кезеңдерінде де ондағы ауа райы қатал болатын.[6] Байланыс және әскерді қамтамасыз ету жолдары бас көтерушілердің шабуылдарына ұшырап жатты. Жүздеген мың босқындар, олардың көпшілігі армян қосындарымен жауласқан күрдтер, алға басып келе жатқан орыс әскерлерінен бас сауғалап босып келе жатқан еді.[7] Мұстафа Кәмәлдің алдында тұрған басты мақсат — өз басшылығындағы әскердің дұрыс қызмет атқаруы үшін осы бей-берекет босып келе жатқан жұрттың арасында тәртіп орнат, олардың көріп жүрген азаптарын азайту болды. Орыс әскерлерінің жойқын шабуылы Анатолияның Ерзурум, Бітліс және Мұш қалаларына келіп жетті. Тамыздың 7-сінде Мұстафа Кәмәл топтарын орналастырып, қарсы шабуыл бастап жіберді.[8] Ол өзінің бұрынырақ жеңіліске ұшырап, қатты жүнжіген әскерінің рухын көтере білді. Соның арқасында небәрі бес күннің ішінде оның дивизияларының екеуі зор стратегиялық маңызға ие Бітліс және Мұш қалаларын қолға түсіріп, Ресей қолбасшылығының жоспарларын шатастырып жіберді.[9] Емиль Ленгиель бұл туралы былай деп жазды: «Ол қайтадан егер дұрыс басшылық жасалса түріктің ержүрек жауынгер бола алатынын көрсетіп, түріктердің өздері «Кемел» есімді қолбасшыларының ерекше дарынды қолбасшылығына таңырқай назар аударды».[8] Алайда майданның басқа бөліктерінде қолбасшылық еткен Іззет паша осы табысты қарсы шұабуылға дұрыс үлес қоса алмады. Қыркүйек айында Мұстафа Кәмәл орыс әскерінің және армян еріктілер қосындарының шабуылынан Мұш қаласын тастап кері шегінуге мәжбүр болды. Бірнеше рет жеңіліс көрсе де Мұстафа Кәмәл бір рет табысқа жетті.[9] Оның басты стратегиялық мақсаты — қарсыластың әскерін таулы аймақтан шығармай ұстау болды. Оның қол жеткізген табыстары оның сол жылы «Имтияз орденінің алтын семсері» медалімен марапатталуы арқылы бағасын алды. 1917 жылғы наурыздың 7-сінде Мұстафа Кәмәл 16-шы корпустың қолбасшылығынан шеттетіліп, бүкіл 2-ші армияның қолбасшысы болып тағайындалды. Сол екі арада 1917 жылғы Қазан төңкерісі басталып, Ресей әскері бытырап кетті.[8] Мұстафа Кәмәл сол кезде басқа жаққа тағайындалып, ол аймақты тастап кеткен болатын Таңба. Таңба. Көне заманнан келе жатқан әр рудың өз белгісі бар. Оны таңба деп атайды. Түріктердің б.д. 7-8 ғ пайдаланған жазуы осындай таңбаларға негізделген деген пікір бар. Ырық бітік. Ырық бітік («Книга гаданий»,«The Book of Omens», Ïrq bitig) — шамамен IX ғ түрік бітікпен жазылған кітап. Ұйғыр қағандығы кезінде жазылған деп есептеледі. Өлшемі 13,75 х 8,75 см. Кітаптың басы мен аяғында қытайша Будда дініне арналған өлең жазылған. Қалған 58 бетте түрік бітік қағаз бетіне сиямен жазылған. Табылуы. 1907 ж А. Стейн Могао Үңгіріндегі мешіт қызметкерінен басқа қолжазбалармен бірге сатып алған. Қолжазба қазіргі Қытайдағы Ганьсу ауданының Дунхуан деген жерінен табылған. Қазір Британ музейінде (Лондон) сақтаулы. Коды: Or. 8212/161. Ғылыми зерттеулері. Алғаш ғылыми зерттеуін В.Томсен жасады. 1951 ж. орыс түркологы С.Малов транскрипциясы мен орыс тіліне аудармасын жасады. Түрік бітік. Түрік бітік деген не? . Көне түрiк сөз, бiтiг, бiтiк - «жазу, сызу, жазба, мәтін, хат» деген мағынаны білдірді. Академик Ә.Х. Марғұлан «түрiк бiтiк» деп жазған. Бітік деген көне түрiк тiлiнде biti > бiтi- «жазу, сызу» деген мәндi түбір морфемадан туындаған. Қазiргi түрiк тiлдерiнде «бiтiк, бiтiг, бижик, пичик, пiчiк, пытық, бүтүк, бiдiг» және т.б. тұлғаларында кездеседi. Көне түріктер өздерінің төлтума жазуын «түрүк бітік» деп атаған. Түрік Елінің ресми жазуы болып табылатын түрік бітік көптеген түрік тектес этностардың тіл-сөйленістерін бір емлеге, бір тәртіпке ықшамдай білген фоно-морфемдік «әмбебап» жазу. Көне моңғол тiлiнде бiчi- «жазу, сызу» > бiчiг «жазу», бiчiгечi – «жазушы, бiтiкшi», бiчiглекү- «жазбалау», бiчiмел- «жазба нұсқа», бiчiлге-«жазу ерекшелiгi» және т.б. сөздерi туындаған, тұңғыс, манжұр тiлдерiнде бiчi- «жазу сызу», бiтiг, бiтехе, бiтхе, бiчхе «жазу, мәтін», битхей «кiтап, кiтаби», битхеси «жазушы». Бiтi-, бiтiк, бiтiг, бiтiклiк, бiтiкчi, бiтiгүчi, бiтiт- «жазу, көшiру, сызу» және де пыч-, пыш- «кесу, керту, пычақ, пышақ» және т.б. тұлғалы сөздерi бiр түбiрлес ортақ семантикалы атаулар. Қазiргi түсiнiкпен айтқанда, пышақ пен бiтiк сөздерi мағыналық жағынан байланыссыз көрiнгенiмен, ататүрiк дәуiрiнде тiптi, алтайлық тектiл кезеңдерiнде * pït- (pït -, pïč -) тұлғалы бір түбiр морфемалы болды. Оған +//-čaq, -tik түбiр немесе қосымша морфемалар жалғанып * pït+ čaq > pïtčaq > pïčaq > bïčaq (кескiш, кiшкентай зат, пышақ); * pït+tïk > pïtïk > bïtïk > bitik (кесiлген, кiшкентай, бiтiк, жазу) тұлғасында өрбiдi. Сондықтан қытай жылнамалардағы «(солтүстiк жабайылар) ағашты оюлап өрнектеген жазулары бар, оны шумақтап уәзiрлерi кеңесте талқылайды» деген деректері аталмыш сөзге қатысты айтылған болу керек. Түрік бітік ескерткіштер. Түрік бітік көне түрік дәуірінде кеңінен қолданған. Күлтегін, Білге қаған, Тұнық ұқ, Ел Етміш Білге Атачым, Ел Етміш Мойын чұр, Ырық бітік т.б. ескерткіштер түрік бітікпен жазылған. Нью-Йорк (штат). Нью Йорк АҚШ тың ең үлкен қаржы,өнеркәсіп, көлік, сауда және мәдени орталығы Ұлттық әнұран. Ұлттық әнұран - патриоттық сезімдерді оятатын елдің тарихы мен әдеп-ғұрыптарынан құрылған ұлттық әні. Оны көбінесе мемлекет билігі қабылдайды. Тарихы. Әнұрандар алғаш Еуропада он тоғызыншы ғасырда пайда болды. Алайда әлемде одан да ескі әнұрандар бар. Әлемдегі ең ескі әнұрандар он алтыншы ғасырда жазылған болатын. Голландиялық "Het Wilhelmus" пен Даниялық әнұран 1568 and 1572 аралығында пайда болған. Қолданылуы. Ұлттық Әнұрандар әр түрлі жағдайларда қолданылады. Микробиология. Микробиология – жай көзге көрінбейтін, ұсақ тірі ағзаларды, олардың құрылысы мен биологиялық, биохимиялық қасиетерін, табиғатта жүріп жатқан процестердегі ролін, адам тұрмысы саласындағы пайдасы мен зиянын жан-жақты зертейтін ғылым. Микроорганизмдердің басым көпшілігі – бактериялар. Сонымен қатар микробиология төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарды, ашытқы саңырауқұлақтарын, ұсақ балдырларды, қарапайым организмдерді, вирустарды зерттейді. өйткені бұл организмдердің сыртқы пішіні, құрылысы өте ұқсас, әрі сол ортаға тигізетін биохимиялық әсері жағынан да бірлестікте болады. Микробиология ғылымының жетістіктері қазіргі кезде ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыруда, түрлі өсімдіктер мен жануарлар зиянкестеріне қарсы күресте, шырынды азық – сүрлемді даярлауда кеңінен қолданылады. Микроорганизмдерді барлық судан кездестіреміз. Әсіресе олардың басым көпшілігі судың түбіндегі қорыста қоректік заттардың молырақ жерінде тіршілік етеді. Ал өзіміз тыныс алатын ауада да олар жеткілікті. Көбінесе олар ауасы нашар, әсіресе халқы тығыз, өнеркәсіптер жиі орналасқан жерлерде көп тараған. Жалпы микроорганизмдер дүниесінің табиғаттағы маңызы орасан зор. өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарды микробтардың қатысуымен шіріп, ыдырайды. Олардың денесіндегі түрлі химиялық элементтер ауа мен топыраққа тарайды. Осының нәтижесінде қайтадан тіршілікке қажетті заттар пайда болады. Микробиология – микроорганизмдердің биохимиялық әрекеттерін, қоректік заттарды өзгертудегі олардың негізгі ролін қарастырады. Бұл процестердің ішінде кейбір микроорганизмдер әрекеттерінің, мәселен қанттың спиртке дейін ашуының, антибиотиктер мен витаминдер түзілуінің халық шаруашылығында зор маңызы бар. Микроорганизмдер тіршілігінің ең бір айқын байқалатын жері – ашу процесі. Күнделікті көріп жүрген сыра мен түрлі шараптар, тағамдардың шіріп, бүлінуі және көгеруі бәрі де осы микроорганизмдер әсерінен болады. Осы жағдайды еске ала отырып, біз микроорганизмдердің биохимиялық әрекеттеріне ерекше көңіл бөлдік, көптеген биологиялық процестердің негізін толығырақ баяндауға тырыстық. Сонымен қатар микробиологияның отан қорғау жөнінде де алатын орны ерекше. Дүние жүзілік үстемдікке құмар империалистер көздеген мақсаттарына жетуге барлық айла-амалдарын қолданудан бас тартпайды. Мұны тарих көрсетіп отыр. Қазір кейбір капиталистік мемлекеттер микроорганизмдердің адам мен жануарлардың өміріне қауіпті аурулардың тууына себепші болатын әрекеттерін соғыс мақсатына пайдалануды көздеп отыр. Олар антибиотиктердің өзі қарсы тұра алмайтын микроорганизмдердің қасиеттерін күшейтіп, оны әр түрлі жәндіктерге (маса, сона, шіркей, шыбын, бүрге т.т) жұқтырып қолданбақ. Өйткені мұндай жәндіктер жұқпалы ауруды селолар мен қалаларға тез таратып, жаппай қырғынға ұшырау қаупін тудырады. Ол үшін микроорганизмдерді жан-жақты зерттеп, жете талдау керек. Сонда ғана олардың қауіпті әрекеттерін біліп қана қоймай, нақты күрес шараларын белгілеп, келтіретін пайдасын да білуімізге болады. Тұңғышбай Жаманқұлов. Тұңғышбай Жаманқұлов (Әл Тарази)- Белгілі актер, Қазақстанның Халық әртісі, режиссер, өнертану ғылымының кандидаты, профессор 1973 жылы Құрмағазы атындағы Қазақ мемлекеттік өнер институтын бітірген. 1970 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік драма театрына әртіс ретінде қабылданған. қазіргі кезде М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік драма театрында әртіс және режиссер (сараптан тыс) Бельгер, Герольд Карлұлы. Бельгер Герольд Карлович (28.10.1934, Ресей, Саратов обл. Энгельс қ.) - прозашы, эссеші, аудармашы, публицист. 1941 ж. Бельгерлер отбасы қазіргі Шал ақын ауданы Ленин ауылына жер аударылған. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1987), Қазақстан Республикасы Президентінің Бейбітшілік және рухани келісім (1992), Қазақстан Жазушылар одағының Б.Майлин атындағы (1988), Қазақ ПЕН-клубының (1996), "Тарлан" (2002) сыйлықтарының иегері. ҚазПИ-ді (Абай атындағы ҚазҰПУ) бітірген (1958). 1958-60 жылы Жамбыл обл. Байқадам орта мектебінде лаборант, мұғалім болып жұмыс істеген. 1960-63 жылы ҚазПИ-дің әдістемелік кафедрасында аспирант, оны бітірген соң "Жұлдыз" журналында әдеби қызметкер болды. 1964 жылдан шығармашылық жұмыста. Бельгер көптеген прозалық шығармаларды қазақ, неміс тілдерінен орысшаға аударған. Ол 30-дан астам прозалық, сыншылық, эсселік, аудармалық кітаптардің авторы. Қазақстанның 11-сайланған Жоғарғы Кенесінің депутаты (1994-95) болды. 1992-2000 жылы "Феникс" альманахы бас редакторының орынбасары. Шығармаларын неміс, қазақ, орыс тілдерінде жазады. Бельгер республикалық газеттер мен журналдардың редколлегия мүшесі. "Парасат" орденімен және медальдермен марапатталған. Эйлера Теоремасы (сандар теориясы). Егер formula_1 и formula_2 өзара жәй натурал сандар болса, онда formula_3, мұндағы formula_4 — Эйлера функциясы ТОББ Экономика және Технология Университеті. Түркі бөлімдер мен биржалар одағы 2003 жылдың 1 шілдесінде «"ТОББ Экономика және Технология университетінің"» негізін салды. Факультеттері мен бөлімдері. ТОББ Экономика және Технология Университеті SNMP. Жоғарыда аталып өткен барлық құралдар тек бірнеше арнайы қызметтерді атқарумен шектеледі. SNMP(Simple Network Management Protocol – желіні басқаруды жеңілдететін хаттама). ТСР/ІР негізінде тұрғызылған желілерді орталықтандырылған басқаруға мүмкіндік беретін, қарапайым әдістерді қолданатын хаттама. 3. Жаңа технология сай хаттаманы жаңалап отыру мүмкіндігі 5. қарапайымдылығы яғни бұл хаттама кез келген желілік құрылғылардың түрлеріне сәйкес келуі SNMP арқылы мост, концентратор, комутатор, маршрутизатор сияқты күрделі құрылғыларды басқаруға болады. SNMP хаттамасының маңызды қызметтерінің бірі. MDP хаттамасымен бірге жұмыс істеуді яғни, ол хабарлама алмасу үшін қажет SNMP хаттамасында екі негізгі проект бар. Менеджер және агент жұмыс станциясында немесе серверді іске қосылатын программа менеджер болып табылады. Ал осы программа процесстермен өзара әсерлесуін агент деп атайды. Мұндай процесте әрбір басқарылатын құрылғыларда мост консентратор тіпті жұмыс станциясында іске асырылады. Программа менеджер агенттерге сұраныс жібереді, ал агент өзіне бағынышты құрылғылар жайлы ақпарат жіберіп отырады. Программа менеджерімен агент құрылғылары өзара байланысатын шектеулі станциялар жиынын премитив. Премитив сұраныс жасауға және агент пен менеджер арасындағы мәліметтер алмасуына мүмкіндік береді. 1. GET агенттері мәліметтер алмасу үшін қолданылады. 2. GET NEXT агентпен бірнеше мәліметтер алу үшін қолданылады. 3. SET алыстатылған құрылғыға белгілі бір қалыптауларды орнату үшін қолданылады. 1. GET RESPONSE менеджердің GET және GET NEXT сұраныс қайтару үшін қолданылады. 2. TRAP әдетте сұранысы мен менеджер ғана жіберіледі, бірақ кейбір жағдайларда менеджерге қабылдау үшін қолданылатын приметив. Сұр Жапалақ. Сұр Жапалақ (ағыл. Grey Owl, оджибве тілінде Wa-sha-quon-asin; нағыз аты Арчибальд Стэнсфелд Билэйни, ағыл. Archibald Stansfeld Belaney; 18 қыркүйек 1888, Гастингс, Ұлыбритания — 13 сәуір 1938) — канада жазушысы. 1857-1859 Үндістан ұлт-азаттық көтерілісі. 1857-1858 жылдар аралығында ағылшындардың қатал отарлаушы саясатына қарсы үндi жауынгерлерiнiң көтерiлiс і болды. Көтерiлiс Бенгалияның солтүстiгiнен басталып Пенджаб және орталық Үндістанға дейін қамтыды.Негiзгi әрекет әскердiң жағынан болды және Махарадждың өкiметiнен шыққан дейiн бұрынырақ, оны кейбiр облыстарда шаруалар қостап, бұл көтерiлiс жалпы көтеріліске айналып кеттi. Көтерiлiсшiлер Делиді бірінші алғанымен, оны кейін ағылшындар қоршап өзіне басып алады. Көтеріліс Британдық Ост-Үнді компаниясының өмір сүруін тоқтатты, ал бұл ағылшын патшалығының тікелей басқаруына әкелді. Бұл көтерiлiс әр түрлі әр жақтан пікірлер тудырды.Мысалы, ағылшын бұқаралық ақпаратында және әдебиетінде (Чарльз Диккенстiң ультрарасисттік айтқан сөзiмен қоса) жазылды, сонымен қатар шет елдерде де, әіресе Франция, Ресей империясымен қосылып Ұлыбританияны Азиядан ығыстыру туралы пікірлер айтылған еді. Ағылшын әдебиетiнде бұл көтерiлiс Сипайлық деп аталады.Себебі, оның әскери ядросы сипайлар болды. Көтерiлiс Бенгал әскерiнде басталды. 1857 жылдың 26 ақпанында Бенгал жаяу әскерінiң 34-ші полгiнде жаңа патрондардың шошқа және сиыр майымен жағылған орамдары туралы сыбыстар таралады, бұл жергiлiктi мұсылмандар және индустердiң дiни сезiмдерiн арамдайтын зат еді. 1857 жылдың 29 наурызында бұл полктiң 29 жасар жауынгерi, Мэнгал Пэнди, британдықтардың іс-әрекеттерімен келiспеушiлiгiн жариялады. Полк адъютанты, лейтенант Блау бұл жағдайды қарауға келгенде, жауынгер оған оқ жаудырып, лейтенант атына түседі. Сонда генерал Джон Херси Ишвари Прасадка (лейтенантқа) Пэндиді тұтқындауға бұйрық бередi, бiрақ ол бас тарытты. Барлық полк, бiр жауынгердi қоспағанда, Саикха Палту, бүлiншiктi тұтқындауға бас тарытты. Оның, Пендидің, бүлiк шығартудағы бiрiншi талпынысы атылып қалуға талаптанып тек қана өзiн жаралайды да мақсаты жүзеге аспай қалады. 6 сәуiр күні оны лім жазасына кесу туралы үкім шығады, ал 8 сәуiр күні оны дарға асып өлтіреді. Осы жағдайдан кейін джемадар Ишвари Прасадты өлім жазасына кесу туралы үкiмi шығып, 22 сәуiр күні оны да дарға асып өлтіреді, ал полкі таратылады. Ал Саикх Палту джемадараға дейiн жоғарылатылды. Мұндай қатал жаза басқа полктердiң сипайларына күштi әсерiн жасады. Сәуiрде жаңа патрондардың енгiзулері Агре, Аллахабад және Амбаллендегі атыстарға алып келтiрдi. Мирутта 24 сәуiр күні 90 жауынгерлерге жаңа патрондармен атып үйрену жаттығуларын өткiзуге бұйрық беріледі. Олардың iшiнен 85-і бас тарытты, және өлім жазасына кесіліп, кейін 10 жылдық каторгаға ауыстырылады. 11 салыстырмалы жауынгер 5 жылдан алды. Бүкіл гарнизонның көзінше жауынгерлердің погондары жұлып алынып, түрмеге отырғызылады да жауынгерлер елдің көзінше қызметтестерін, өздерін қолдамаған үшін, лағнеттейді. Ертеңгіде, жексембiде, Мирутада тәртiпсiздiктер басталды. Наразылықтардан кейiн қалада, жергiлiктi базарда, бiрнеше үйлер өртендірілді, үндi бөлiмшелерi, 3 ммен атты әскер басындап, бүлiк шығарған болды. Гарнизон Мирут 2357 сипайлардан, және 2038 британдықтар тұрды. Сол күні британдықтар, жексембi болғандықтан, көбісі кантинахқа немесе базарларда болды. Көтерілісшілер еуропалық нәсілді офицерлерге бас салды және азаматтық, 4 еркек, 8 әйел және 8 бала өлтiрдi. Топ базарда жұмыстан шығаруындағы британдық жауынгерлерге бас салды. Көтерiлiске кедергi жасауға талаптанған британдық кiшi офицерлер жайрады. Сипайлар 85 өз жора-жолдастарын босатты, және, (қарыздарларды және қылмыскерлердi) 800 басқа тұтқындармен бiрге. Осы оқиғалардың уақытында сонымен бiрге 50 үндiстер қаза тапты. Жергiлiктi жаяу әскердiң (әсiресе 11-ші Бенгал полкi) сипайлардың бөлiгi британдық офицерлер, әйелдер және балаларды көтерілісшілерден қорғап қоршай жүрді. Британдықтар Рампурелерде жергiлiктi Навабтан пана тауып құтқарылды. 11 мамырда көтерілісшілер Делиге кетіп, Ұлы моголға оларды басқаруға өтiнеді. Бахадур Шах өтiнуге ешқалай жауап бермедi, бiрақ сарай маңындағы лардың көбісі жауап бердi. Күнi бойы көтерiлiс қаланы қамтыды; сипайлар және жергiлiктi тұрғын, үндi христиандарына, еуропалық шенеулiктерге,дүкен иелерiне шабуыл жасады. Сол уақытта қалада үш Бенгал жергiлiктi жаяу әскерiнiң батальондары болды; бөлiмшелердiң бөлiгi көтерiлiсте қосылды, ал басқа бөлiгі қосылған жоқ, бiрақ көтерілісшілерге қарсы күш қолдануға бас тарытты. Сипайлар жергiлiктi қару-жарақ қоймасына шабуыл жасайды және 9 британдық офицерлер оларға оқ жаудырады, бiрақ кедергi пайдасыз екенін біліп, олар қару-жарақ қоймаларын жарып жібереді. 9 офицерлерден, жарылыстан 6 тірі қалады, жарылыс көшелердегi көп адамдары өлтiрдi, және көршi үйлердi зақымдады жасады. Бұл туралы хабарлар барлық сипайлық бөлiмшелердiң ашық көтерiлiстерiне алып келді.Қару-жарақ қоймасынан қаруының бөлiгін алып кетуге сәттi болу мұндай; бұдан басқа, көтерiлiсшiлер қару-жарақ оқ-дәрiнiң 3 мың баррелдерiмен Делиден 3 км алшақ тапқан қоймаларды ешқандай кедергiсіз жаулап алады. Бүтiн қалған еуропалық офицерлер және азаматтықтар Флагшток мұнарасында бұқпалайды, және көмектi ешқайдан ала алмайтынын түсiнiп, Карналеледе тығылуға талаптанды. 12 мамырда Бахадур шах көп жылдар бойы шақырылмаған сотты бiрiншi рет шақырады. Ол болған оқиғалармен абыржыды, бiрақ сипайлардың көмегiн қабылдап, және көтерiлiстi қолдайтынын мәлiмдедi. Көтерiлiстiң барысында, Делиден басқа, көтерiлiсшi әскерлердiң шоғырландыруды екi тармағы пайда болды: Канпур және Ауда астанасы Лакхнау. Осы ошақтардың ішінде дербес үкiметтер пайда болды. Делиде Бахадурмен - шах II мен қатар сипайлардан мен қалалықтардан құралған жоғарғы әкiмшiлiк кеңес пайда болады,осы Дели әскерін басқару жұмысын Бахты-хан өзіне алады. Дели және Лакхнаудағы үкіметтерінің басқаруды ұйымдастыруы сәттi болмады, көтерiлiсшiлердiң арасында жанжалдар пайда бола бастады. Канпурдегі жағдай бұларға қарағанда жақсырақ болды. Бұл жерде басқару аппараттық ұйымында халықты азық-түлiктiпен қамтамасыз ететін, қарумен әскерлердi жабдықтайтын шаралар жасалынды. Көтерiлiс британдық әскери қызметкерлер, шенеулiктердiң бейбiт тұрғындар, жанұяларына қарсы көтеріліс өте қатты қаталдықпен және шеткi қандылығымен бейнелендi. Жаулап алынған қалалар және әскери ауылдардың көпшiлiгiнде еден және жас шамасына қарамастан барлық британдық тұрғын толық ойрандалды. Сонымен бiрге әскери тұтқындар мен жаралылар қырылды. Үндістанда Делидің кұлауы жөнінде жаңалықтар телеграфтың арқасында тез таралды. Көп азаматтық шенеулiктер өз жанұялары алып қауiпсiз жерлерге жүгiрдi. 260 км алшақ Делиден Агреде 6 мың еуропалықтар жергiлiктi фортта тасада қалды. Бұл қашулар көтерiлiсшiлерге батылдық бердi. Әскери бөлiктерді олар өз сипайларны сендi, көтерiлiстiң қарусыздандыруға тырысты. Мұндай қарусызданулар талпыныстары Бенарес және Аллахабадта бүлiктертудырды. Үндістандағы көтерiлiсiнiң таратулары шара бойынша бөлiну жайылып өсе бастады. Бахадур Шах Ұлы моголдардың өкiметiнiң қалпына келтiруi туралы жариялады, бірақ маратхалар өз мемлекетін аңсаушылар бұған көңілі толмайды. Кейбiр мұсылман жетекшiлердiң жақтастары джихадқа үндеулер болды, дегенмен сунниттермен және шииттердiң арасындағы алалықтарды жақында тұтанды.Сунниттердің көбісі көтерiлiстерке,оны шейттiк санай қосылуға бас тартты. Мысалы, Аға-хан исмаилиттiк жетекшiсiнiң мұсылмандарының бөлiгi британдықтарды қостады. Сикхтер мен пуштундар Пенджабта және Солтүстік –батыс шекарасында британдықтарды қолдап, және көтерiлiстiң басуында болысуға қатысты. 1857, Бенгал әскерiне 12 мың еуропалықтар, 16 мың пенджабтықтар және 1500 гуркх 86 мың адамнан тұрды. Жалпы Үндістанда 311 мың адамдық үш жергiлiктi әскерлерде 40160 еуропалық әскерлер, 5362 офицер болды. Бенгал әскерiнiң жергiлiктi жаяу әскерiнiң 75 жүйелi полктерiнiң 54терi бүлiк шығарды, бiр жағынан кейбiр дереу жойылып, немесе дереу ыдыратып, сипайлар содан кейiн түйтiңделерге дереу босататын болды. Дерлiк барлық қалғаны қарусыздандырған.Барлық Бенгалдың жеңіл кавалериясының 10 полкi көтерiлдi. Сонымен бiрге Бенгал әскердің бейреттi полктер құрамында 29 атты әскер және 12 жаяу әскер есептедi. Сонымен бiрге олардың көпшiлiктерi көтерiлiстердi қостады. Бенгал әскерiнiң жауынгерiнiң адал британияларының 80053санның 1858жылы 1сәуiрiнде құрады. Бұл цифрлар жауынгер үлкен санын қосады Пенджабтан және солтүстiк-батыс шекарасынан жедел терiлген еді.. Бомбей әскерлерi 29 полктердегi үш көтерiлiс болып өтті, 52 ші Мадрастың әскерi полкінде көтеріліс болған жоқ,бірақ бiр полк бенғалияға қызметке жолдануға бас тарытқан. Көбiнесе Оңтүстiк Үндістан енжар болып қала берді. Көп жергiлiктi княздықтар әулеттiң Майсурскасымен низамами, және тiкелей британияның бой бермелерiмен жүргiзiлдi. Бахадүр шах Зафир (қазiргi Үндістан аумағы, Пәкістан және Бангладешке сәйкес келедi) барлық Индияның жалғыз заңды үкiметiмен өзiне жариялады. Ол өз суретi бар ақшаны өрнектей бастады, және адалдыққа анттың тұрғынынан талап еттi. Бұл шаралар, алайда, Сикхов және Ұлы моголдардың мұсылман итердi, олар басқаруын қалпына келтiру келген пенджабтық қарсылық қылған. Сипайлар серiктестiктiң күшiн лақтырып тастап, және қатар стратегиялық маңызды пункт тұтқындай алды, дегенмен содан соң бас орталықтандырылған қолбасшылықты жоқтығы біліне бастады. Көтерілісшілерде өздерінің көшбасшылар қатары болды, оның ішінде Бахт Хан (кейін Ұлы Моғол оны өз ұлының орнына басқарушы етіп тағайындайды)бірақ көбісі радждрге қарайтын. Кейбiреулер жақсы жетекшiлерімен көрінді, бiрақ көбісі ондай емес болып шығады. РАО Туларам, Хараянның үкiмет басшысы, (Қырым соғысы) британиямен соғыс жағдайындағы сол кездегi қаруды тауып Ресейден алуға талаптанды, бiрақ жол-жөнекейге өлдi. Тайпа көсемі пешавараның көмек көрсету ұсынысын кеш берді, Ұлы Моголды Делиге оралу ұа қажеті жоқ дейді, өйткенi қазына бұлдыр-сылдыр және әскері де қалыптаспаған еді. Британдықтарға күш жинау үшiн уақытқа керек болды. Әскерлердiң бөлiгi теңiз бойынша метрополис және Сингапурдан асыра лақтырған, бөлiк, бойынша Қырым соғысының аяқтауынан кейiн құрғақтанн жасақты парсы арқылы, және кейбiр жерлері Қытайдан. Еуропалық әскерлердiң екi топтаулары баяу қозғалды шайқастардағы өлтiрiп, және үндiстердiң көбісін дарға асты. Британдықтардың күштерi (оларға гуркхтардың екi бөлiмшелерi қосылды) Карналыда кездестi, және көтерiлiсшiлердiң негiзгi күштерi бар шайқасында Бадлида – ке оларларды лақтырып тастады. Қаланың қоршауы 1 шiлдеден21 қыркүйекке дейiн созылды. Көтерiлiсшiлер ә дегенделер сандағы серiктестiктiң әскерi, және орталарды асып түстi, әбден емес бiтiргенiнде, дегенмен қоршауда британдықтарда болатында көрiнетiн болғанында емес, үндiс. 14 тамызда британдықтар Сикхов және пуштундер келіп нығайды.7 қыркүйекте ағылшындар, үлкен кару-жаракты алып қабырғаларды бұзады. Олар 14 қыркүйек күні шабуыл брештерден кейiн бастауға талаптанды және Кашмир қақпаларын алуға, бiрақ шығын жүктерiн әкеді. Британдық командашысы шегiнуге тырысты, бiрақ өз офицерлерiмен ұстанған. Серiктестiк көшедегi ұрыстар апталардан кейiн қаланы жаулап алынды. Британдықтар қаланы құртып тонай бастады; еуропалықтардың үстiнде көптеген үндістердің өлімі жатты, бұл көтерілісшілердің кегі еді. Ағылшын артиллериясы барлық Индиядан мұсылман элитаны дәурен сүрген төңiрегiнде ғимараттары бар бас мешiттi атып тастады. Шах Бахадур ұлы могол тұтқындалып, екi оның ұлы және немере атып тастаған.Сипайлардың ұтылуының негiзгi себептерi: халықтың үстiнде ағылшын отаршылдарының әскери артықшылығы; көтерілген, шаруалар және феодалдардың ең алдыменiнiң мақсаттарындағы айырмашылықтары. Қорғап және Декан, Бенгалия және Пенджаб қалаларының барлық қорлары көтерілісті басуына жұмылдыруға көмектестi.Халық көтерiлiсiнiң ұтылуы, ағылшын отаршылдары неткенмендер өз саясатын өзгерткiзе алды. 1858ж 2 тамызда ағылшын парламентi Индиямен серiктестiктiң ост-индының жоюы және басқаруды өткені туралы заң қабылдады. Отаршылдар үндi князьдерi және помещиктердi өз одақтастарымен жерде феодалдық меншiктiң олардың құқық бекiткен заңдардың қатары өткiзiлiп жасады. Колониалдық өкiметтерге сонымен бiрге шаруалардың үлкен наразылығын ескерiп және бiрнеше жалдау туралы заминдарлардың феодалдық озбырлық шақтаған заңдарды шығаруға тура келдi. Cryptoqwerty. CryptoQWERTY QwertySOFT жауапкершілігі шектеулі серіктемтігі шығарған криптографиялық утилита. Бұл бағдарламада ең крипто-тұрақты Foreword және InvoHEX алгоритмі қолданылады. Бұл алгоритм 2009 жылы қазан айында Құбаш Қанатпен жазылып шықты. Ал интерфейсті программалауда Нұржанов Жандос атсалысты. Программаның интерфейсы ең әдемі жолмен жасалған. Қазір бұл тақырыпты тақырып ретінде Құбаш Қанат және Нұржанов Жандос жоба алуда. Демотиватор. Демотиватор – қара түсте орнатылған және түсінік жазумен құрылған сурет. Тегі. Біріншіде демотиваторлар оң суреттердің (мотиваторлар) пародиясы болды. Мотиваторлар АҚШ’тың мектептерінде және жұмыс орындарыда кең тараған болды, бірақ көпшіліке олар қызық болған жоқ. Сонымен қалжыңбастар оң жазуды мұң жазумен ауыстырды. Осы пародияны олар «демотиватор» атады. Американдық компания «Despair, Inc.» демотиваторлардың дамуына үлкен үлес қосты. Біріншіде олар Интернет арқылы демотиваторлық суреттерді сатты, бірақ сонынаң олар баршылыққа өз демотиваторларын істеуді ұсынды. Формат. Мотиватор және демотиватор бір форматпен істелінген. Assembler. Ассемблер тілі - машиналық тідің аналогы болып саналады. Ассемблер тілінде жазылған программа МП-р құрылысының ерекшеліктерін: жадтың ұйымдастырылуын, операндтарды адрестеу тәсілдерін, регистрлерді қолдану ережелерін анықтап, көрсету қажет. Әр МП-ң өзінің Ассемблері болады. Ассемблер тілінде жазылған программа жад сегменттері деп аталатын жадблоктарының тобынан тұрады. Программа осындай бір немесе бірнеше блок-сегменттерден тұруы мүмкін. Әр сегмент программа кодының әр қатарында орналасқан сөйлемдерден құрылады. Бұл тілдің көмегімен программаны МП командалары деңгейінде жазуға болады және сандық кодтардың барлығын еске сақтауды талап етпейді. Программа командалары жазылып болған соң, Ассемблер программасы шақырылады да, ол бұл командаларды олардың кодтарына айналдырады. Командалар жиыныннан тұратын программа негізгі не алғашқы программа деп аталады, ал негізгі программаның сандық кодтары, яғни машиналық тілге айналған түрі – объектік программа деп аталады. Ассемблердің атқаратын негізгі қызметі – қолданушыға түсінікті негізгі прогрпмманы МП түсінетін объекттік программаға айналдыру. Ассемблердің кең тараған түрлері: IBM фирмасының MASM(Macro Assembler) программасы және Borland фирмасының TASM (Turbo Assembler) прграммасы. Ассемблер тілінде программа құру кезеңдері.. 2-ші кезеңде қолданылатын редактор ретінде WORD редакторінен басқа кез-келген текстік редакторді қолдануға болады. Негізгі программа операторлар тізбегінен тұрады. Оператор ретінде Ассемблер тілінің командалары немесе псевдокомандалар қолданылады. Ассемблер тілінің синтаксисі, алфавиті. Тұрақтылар.. Программа сөйлемдерін (команда, макрокоманда, директива, коментарий) ассемблер трансляторы айқын анықтау үшін олар белгілі бір синтаксистік ережелерге сәйкес қалыптастырылуы тиіс. Ассемблер тіліндегі әр команда 4 өрістен тұруы мүмкін. Мысалы: codice_1 cx регистріне di регистрінің мәнін меншіктеу Бұл жерде get белгіні білдіреді, codice_2 – меншіктеу командасы, codice_3 операндтарды білдіреді, ал; белгісінен кейін тұрған мәлімет – коментарий. Директивалар (Псевдокомандалар). Теріс сандарды енгізу үшін келесі тәсілдер қолданылады: егер сан ондық жүйеде болса, алдына минус белгісі қойылады, егер сан 2-лік не 16-лық жүйеде болса, оны толықтырғыш кодқа ауыстыру керек. Ассемблер тіліндегі мәндер түрлері. 1.таңбалы бүтін мән – 8, 16, 32 биттен тұратын екілік жүйедегі берілген таңбалы мән. Таңба белгісі 7, 15, 31 разрядтарда орналасады. Бұл разрядтардағы ноль саны мәннің теріс екенін білдіреді. Теріс сандар қосымша код арқылы беріледі. 4.Тізбек – байт, сөз, қос сөзден тұрады, көлемі 4 Гбайт-қа дейін болуы мүмкін. Ассемблер тілінің арифметикалық командалары. Арифметикалық командалар жиыны сандардың екі түрімен жұмыс істейді. codice_4 codice_5 codice_7 Бұл команданың нәтижесінде нәтиженің жоғарғы үлкен бөлігі ah регистрінде, кіші бөлігі al регистрінде орналасады. Бөлінгіш жадта немесе регистрде орналасуы мүмкін және 8, 16, 32 разрядты болуы мүмкін. Нәтиже, яғни бөлінді al регистріне, қалдық ah регистріне орналасады. codice_9 Нәтижесінде al регистріне бөлінді, ah регистріне қалдық орналасады. 1.47, 25 екі саны берілген. Оларды bh, bl 1 байтты регистрлеріне орналастырып, олардың қосындысын, айырмасын табу, 25 санын 5-ке көбейту, 47 санын 16-ға бөлу. codice_10 Колорадо. Колорадо - орталық АҚШ'да орналасқан штат. Елордасы және ең ірі қаласы - Денвер Әлеуметтік аулар. Әлеуметтік аулар - ермектеры бірдей адамдардын Интернет қоғамдастық сайттар. Осы сайттарда адамдар кенет мәліметтермен байланысады, және достар табады. Бірақ осы сайттар тек кана қатынасуға емес, адамдар музыка, видео іздейді Құрылым. Осы сайттарда өз туралы мәлімет тастап қалдырасын (туған күні, мектеп туралы, ермектер және т.б.) қатынасушылар осы мәлімет пайданалып сені табады. Тарих. Әлеуметтік аулар Интернетте 1995 ж. бастап қен тараған, осы жылда бірінші сондай сайт Classmates.com (Сабақтастар) ашылды. Сондықтан 2003-2004 жж. MySpace, Facebook проекттер шыққты. Сауда-ұжымдер әлеуметтік ауларға үлкен қызығушылық көрсетті. Осындай проекттар бірнеше миллиондік аудиториясы тереді, және жарнамасы қатты әсер жасады. Кашмир. a> range and the "Vale of Kashmir". Кашмир (Balti: کشمیر; Dogri: कश्मीर, Gojri: کشمیر; Chibhali: کشمیر; Kashmiri: कॅशीर, کٔشِیر; Ladakhi: ཀཤམིར; Shina: کشمیر; Uyghur: كەشمىر) - Гималай таулары арасындағы сырт көзден таса қала көпке дейін жұртқа жұмбақ болып келсе, ал бабаларымыз оны жақсы білген. Бұл өлке жан-жағын үлкен таулары қоршап жатқан, көлденеңі 30, ұзындығы 220 шақырымдық үлкен аңғар. Кашмирде орта және кіші шаһарлар мен кенттер баршылық. Астанасы Сринагарды Желам өзені жарып ағып жатыр. Қала шетінде аумағы атшаптырым Дал көлі бар. Сринагар және тау етегіндегі төбелердің бәрі жалпақ жапырақты және шырша, қарағайлы орман. Олар өлкеге көрік беріп тұр. Делиде жаз айларында күн өте ыстық болса, Кашмирде 23-25 градустан аспайды. Кешке қарай кейде қоңыр салқын жел есіп, тынысыңды кеңейтеді. Сол себепті бірқатар үндістандықтар жаз айларында демалыс­тарын Кашмирде өткізеді. Осы өлкені Мұхаммед Хайдар Дулати 11 жыл (1540-1551) билеген. Ол өзінің атақты “Тарих-и Рашиди ” атты еңбегінде Каш­мирдің табиғаты, өзен-көлдері, бау-бақша­сы, халқы, қала-кенттері туралы сүйсіне жазған: “Кашмир – әлемнің ең мәшһүр қалаларының бірі, – дейді ол. – Әртүрлі таңқаларлық әрі сирек кездесетін жерлерімен мәлім... Бұл аймақта барлық жер төрт түрге бөлінеді: 1) суармалы жерлер, 2) дақылдар суарылмай өсірілетін, яғни тәлім жерлер, 3) бау-бақшалы жерлер және 4) тегіс алаңдар (жазықтар), өзендер мен көлдердің жаға­лау­лары, онда шабындық жоңышқа, қоғажай және әр түрлі гүлдер алма-кезек өседі. Бұл жерде ылғалдың көптігіне байланысты егін жақсы өспейді. Сондықтан ол жерлер егіске пайдаланылмаған. Оның өзі де Кашмирдің әсем бір көрінісі болып табылады... Ғажайыптардың тағы бірі – Кашмирде тұт өте көп өседі. Себебі оның жапырағы жі­бек құртына беріліп, жібек өндіріледі. Сондықтан оны жеу дәстүр емес, тіпті айып болып табылады. Тағы да бір ерекшелігі – жеміс-жидектер піскен кезде алып-сату өте сирек. Бау-бақша иесі де, иесі емес те бірдей пайдалана береді. Бақтың айналасы шар­бақ­пен сирек қоршалады. Адамдардың жемісті бақтан жұлуына шектеу әдеті мұнда жоқ”. Міне осындай ғажайып мекенге ислам ді­нін таратып, орнықтыруды Орта Азиядан кел­ген бабаларымыз үлкен де сауапты іс санаған. Ер Тарғын. Либретто - Сағыр Камалов Музыка - Брусиловский Е.Г. Премьерасы 1937 ж. 15 қантарда Қазақ муз. таетрыда (қазіргі Қазақ академиялық опера және балет театры) қойылды. Операның негізгі жетістігі - прозалық мәтін араласпаған, бастанаяқ музыка үнімен орындалатын сахналық бейнелердің сомдалуында. Ер Тарғын - халық ән-күйлерін операда шебер қолдануға құрылған туынды. Комп. онда 60-тан астам халық ән-күйлерін пайдаланған. Операны алғаш қойған реж. Қ. Жандарбеков, басты рольдерді К. Байсейітова, Қ. Байсейітов ойнады. Ал 1969 ж. К. Кенжетаев операны жаңартып қойды. Мұнда Е. Серкесбаев және Р. Жаманова партияларын орындады. «Ер Тарғын» – батырлық жыр. Ноғайлы дәуірінің тарихи оқиғаларын бейнелейтін жырдың негізгі идеясы – ерлік пен батырлықты дәріптеу, ел бірлігін сақтау, кіршіксіз махаббат. «Е. Т.» жырының нұсқалары көп. Алғаш Н.И.Ильминский (1859), В.В.Радлов (1870), Н.Саркин (1904), Ә.Диваев (1922) жинақтарында жарияланған. Алматы қ-ндағы Орт. ғыл. кітапхана мен Әдебиет және өнер ин-тының Қолжазбалар қорында жырдың 8 түрлі нұсқасы сақтаулы. Жинаушылары – Саркин, Диваев, І.Иманов, Ә.Ыспанұлы, Б.Адамбаев, З.Бекарыстанов, М.Құсниұлы, айтушылары – Марабай, О.Қисықов, Н.Нұрғалиұлы, М.Бекетұлы. Ел арасына кең тарағаны – Марабай нұсқасы. Ильминский оны 1862 ж. Қазанда жариялаған. Диваев жинағындағы нұсқа да Марабай нұсқасына негізделген. Бұл нұсқада Тарғын Қаратаудан шыққан батыр болса, Нұрғалиұлы нұсқасында Тарғын Астрахан ханының қарамағындағы батыр, оған Ғайнижамал есімді қыз ғашық болып, тартыс Тарғын мен Шорман арасында өрбиді. Бекарыстанов нұсқасында Тарғынның әкесі – Қосы. Бекетұлы нұсқасында Тарғын Созақтан Қырым ханына кеткен батыр. Жырдағы Сыпыра жырау – Тоқтамыс хан тұсында өмір сүрген (15 ғ.), қыпшақ тайпасынан шыққан тарихи тұлға. «Бұлғыр, бұлғыр, бұлғыр тау, бұлдырап тұрған құрғыр тау» деген жолдар 15–17 ғ-лардағы жыраулық поэзияға тән өрнектер. Шаған – қалмақ жеріндегі су атауы, гидроним. Ол бірде ақ түске қатысты болса, бірде дінбасы атауын білдіреді. «Тарғын» сөзінің мағынасы анықталған жоқ. Жырда Тарғынның тегіне қатысты мынадай мәлімет сақталған: Тарғын – Ардаби – Әжікерей, Айқожа. Мұндағы Айқожа бес қалаға хан болған. Онысы тарихи Бесбалық болуы мүмкін. Батырдың генеалогиясы қазақ шежіресін толықтыратын мәліметтер қатарында арнайы зерттелуге тиіс. Жырдағы этнонимдік атауларды екіге бөлуге болады: бірі – қырғыз, ноғайлы, қара ноғай, екіншісі – он сан оймауыт, тоғыз сан торғауыт. Осы мәліметтер жырдың туған дәуіріне де анықтық енгізеді. Оймауыт, торғауыт, хойт, хошоут, дөрбет – ойраттардың іргелі одағына кірген тайпалардың атауы. Олар Қыпшақ даласына 1452–55 ж. еніп, Сырдарияның бойымен Ташкентке дейін барған. «Е. Т.» жырын ноғайлы дәуірінен соң, 17–18 ғ-ларда туған деген пікір дәл емес. Тарғынның ноғайлы дәуірінің батыры екені шындыққа сай келеді. Ноғайлы ұлысы ыдырағаннан кейінгі Қазан, Астрахан, Қырым хандықтары құрылған тарихи-этн. оқиға ізі жырдан анық байқалады. Тарғынның өз елінен Қырым ханына кетуі, Ақшаханның қол астында да тұрақталмай, Еділдегі ноғайлы ханзадасына баруы соның дәлелі. «Е. Т.» жырының көркемдік ерекшеліктері, сюжеттік желісі, образдары хақында М.О.Әуезов, М.Ғабдуллин, Қ.Жұмалиев, Ә.Қоңыратбаев, Ә.Х.Марғұлан, С.Мұқанов, т.б. ғалымдар зерттеулер жазды. Жырдың негізгі кейіпкерлері – Тарғын мен Ақжүніс. Тарғын – бес қаруды шебер меңгерген батыр, Ақжүніс – ару қыз. Тарғын хандармен араз болса да, халықпен бірге. Оның басына іс түскенде ханға деген өкпесін ұмытып, жау елін жайратып жібереді. Ақжүніс сұлу ғана емес, ақылды жан, батырдың жәрдемшісі. Ол әрдайым батырмен бірге жүреді. «Е. Т.» жырының композициясы шымыр әрі шебер құрылған. Жырдың тілі өте көркем. Онда классик. эпосқа тән белгілер толық сақталған. «Е. Т.» жыры башқұрт халқына да жақсы таныс. Қазақ – башқұрт нұсқаларының сюжетінде елеулі айырмашылық байқалмайды. Ерекшелік негізгі кейіпкерлер, оларға берілген бағасы тұсында ғана кездеседі. Жыр сюжеті қазаққа етене жақын. Бұл тақырыпқа композитор Е.Г.Брусиловский «Ер Тарғын» (1937) операсын жазған. Опера Өзбекстан мен Башқортостанның театрларында да қойылған. Кубшылдық. Кубшылдық (франц. Cubisme – куб сөзінен шыққан) – 20 ғасырдың бірінші ширегінде болған бейнелеу өнеріндегі модернистік ағымның түрі. Тарих. 1908-10 ж. Францияда қалптасты. Кубшылдық шығармаларында тіршіліктегі табиғи болмыс жоғалып, екінші өмір келбеті, тасадығы табиғат бейнеленеді. Осы ағымдағы суретшілердің түсінігі бойынша табиғи көріністерді сол қалпында көшірмей, өмір звңдылығына емес, өз көзқарасынан туындаған жаңа өнер заңына бағынатын бейнелеуді тудыруға тиісті. Жалпылау. Суреттеріндегі құбылыс, көбнесе, жазықтар мен геометрикал фигуралар бейнеленеді. Кубшылдық суретшілеріне басқа ағымдардағы суретшілердей бай бояу тән емес, олардың бояулары, көбінесе, солғын қоңырқай, көкшіл-жасыл болып келеді. Сүретшілер. Кубшылықтың алғашқы іргесін қалаған өнер иелері испандық П. Пикассо мен француз Ж. Брак болды. Ауғаны соғысы. Қазақ тарихындағы көп соғыстың бірегейі - ауған соғысы. Бұл соғыс әлі күнге тарих дәптерінен өзінің тиісті бағасын ала алмай жүр. Ауған даласында қан төккен кеңес әскерлерінің қатарында, бауырлас елдің бірі саналған Қазақстаннан қазақстандық сарбаздар да болды. Жат жерде соғысқан 900 - дей жауынгерлердің барлығы кебенек киіп аттанғанымен, кебін кимей, мырыш табытпен елге оралғандары аз емес. Қазақ тарихындағы көп соғыстың бірегейі - ауған соғысы. Бұл соғыс әлі күнге тарих дәптерінен өзінің тиісті бағасын ала алмай жүр. Ауған даласында қан төккен кеңес әскерлерінің қатарында, бауырлас елдің бірі саналған Қазақстаннан қазақстандық сарбаздар да болды. Жат жерде соғысқан 900 - дей жауынгерлердің барлығы кебенек киіп аттанғанымен, кебін кимей, мырыш табытпен елге оралғандары аз емес. Жат жерде жау оғынан кейбір боздақтар қыршынынан қиылып, қорғасын оқтың құрбандығы болса, елге аман - есен оралғандарының да он екі мүшесі сау емес. Қырық жыл қырғын болса да, ажалды өледі деген. Майданнан аман оралғандар бейбіт өмірге белсене араласты. Бүгінде олардың дәрежесі Ұлы Отан Соғысы ардагерлеріне теңестірілген. Бұл ретте Отан Соғысы мен ауға соғысын әрине салыстыруға болмас. Дегенмен, ауған ардегрлері қоғамы мүшелерінің үкіметке айтар өкпе - назы да жоқ емес. Бұл ретте олар интернационал - жауынгерлерге төленер мемлекеттік жәрдемақыға байланысты өз арызын білдіруде. Қазір елімізде 10000 - ға жуық ауған ардагерлері болса, 3000 - дайы мүгедектер қатарында. кешегі кеңес үкіметі кезінде ауғандықтарға үкімет тарапынан көрсетілген қамқорлық оң көзқараспен жасалса, бүгінде олар осындай жеңілдіктерден мүлдем мақұрым десек те болады. Бүгінгі таңда елімізде 10000 - ға жуық ауған ардагерлері бар. Олардың 3000 - дайы мүгедектер қатарында. Ауғандық ардагерлер қоғамы өкілдерінің сөзінше кеңес заманында мемлекет тарапынан бұларға айтарлықтай көңіл бөлінді. Ал қазіргі кезде аталмыш жеңілдіктерден мүлдем алынып тасталды. Елбасының 1998 - жылдың 28 - сәуірінде шыққан жарлығы аталған жандарға берілетін қаржылық көмектің мөлшерін анықтап берді. Бүгінде ол 2 мың теңгеден сәл ғана асады екен. Қатты Піскен. Қатты Піскен – (англ. Hard Boiled) Джон Ву филмі. Мазмұны. Гонконг полициясы өз агенті мафияға енейді, бұл кезде тікшіл полициянын қызметкер Текила басмашыларға өзіндік соғыс жариялады. Оның дәлел – кек... Арсенал ФК (Лондон). right «Арсенал» (ағылш. Arsenal Football Club) — кәсіби ағылшын футбол клубы, базасы солтүстік Лондонда орналасқан. Премьер-лигада ойнап, Англияның мықты командаларының бірі болып саналады. 13 рет чемпион болып, 10 рет Англия Кубогын жеңіп алған. Сонымен қатар, клуб Англияның жоғарғы дивизионында маусымдық ойындардың есебі бойынша рекордшы (1919 дан). Тарихы. «Арсенал» капитаны Патрик Виейра ағылшын премьер-лигасының кубогын көтеріп жатыр 2003-04 жж. Клуб 1886 жылы Лондонның оңтүстік-шығысында Вулвичтегі жұмысшы-артиллерийлік зауыт «Райол Арсеналда» құрылған. Басында клуб «Диал Сквер» (зауыттағы бір шеберхананың атымен) деп аталатын. Арсеналдың алғаш матчын 1886 жылдың 11 желтоқсанында «Истерн Уондерерсқа» қарсы болған. Осы жолы «канонирлер» 6-0 есебімен жеңіске жетті. Екі аптадан соң ойыншылардың жиналысы өтіп, клубтың аты «Ройал Арсеналға» өзгертілді және ойындардың орны, форма тандалды. «Ноттингем Форрест» бұрынғы ойыншысы Фрэд Бирдсли қызыл түсті ұсынды. 1891 жылы клуб кәсіби мәртебе алғаннан кейін «Вулвич Арсенал» деп атын өзгертті. «Вулвич Арсенал» Футбол Лигасына 1893 жылы кіріп, оңтүстік командалар ішінде ондай жетістікке жеткендердің алғашқысы болды. Клуб 1904 году Екінші дивизионға өтті. Алайда, клубтың географиялық алшақтығынан матчқа адам аз келетін, содан қаржылық проблемалар басталды. 1913 жылы клуб Темзадан өтіп, Лондонның солтүстігінде орналасқан жаңа арена — стадион «Хайбериге» өтуге дайындалды («Хайбери» 2006 жылға дейін «Арсеналдың» аренасы болып келді, кейін 60-мыңдық стадион «Эмирейтс» болып өзгерді.). Команда «Вулвич» деген бөлікті алып тастады да, 1914 году Арсенал болды. 1919 жылы Арсенал сезонды 5-ші орында аяқтады, бірақ Бірінші дивизионға ауысты. Бұл оралудың хикаясы «Арсенал» тарихында үлкен дақ қалдырды. Ол кезде 2 команда арқылы Бірінші дивизион 20-дан 22-ге дейін ұлғайды. Кейін Бірінші дивизионға өту мәселесі Лига мүшелерінің дауыс беруі арқылы шешілетін болды. 1925 жылы Арсенал менеджерінің орнына Герберт Чепмен тағайындалды. Оның басшылығымен 1924 жылы «Хаддерсфилд Таун» лигада бірінші орынды иеленді. Бұл адам Арсеналға сәттіліктің алғаш минуттарын сыйлаған еді. 1925 жылы «оффсайт» ережелері қайта қарастырылды. Чепмен ережелерді өзгерте келе, одан ұтымды нәтиже шығара алуға болатынын түсінді. Оның революциялық тактикасы клубқа 30-шы жылдары жеңіске жетуге көмектесті. 1930 және 1938 ж.ж. аралығында Арсенал Бірінші дивизионда бес рет жеңді және Англия кубогына ие болды. Алайда, Чепмен бұл жеңістерді көре алмады, себебі 1934 жылы пневмониядан қайтыс болды. Клубтың келесі менеджері және жаттықтырушысы Джордж Эллисон болды. Оның арқасында клуб Тед Дрейк ойыншысымен келісім-шартқа қол қойды, 1934—35 маусымында 41-ші матчта 44 гол соқты, бұл әлі күнге дейін «Арсеналдың» рекорды болып қала береді. 1946—47 маусымынан кейін Эллисонның орнына Том Уиттакер келді. Ол кезде командада біраз проблемалар болды және клуб чемпионатта 13-ші орынға ие болды. 1966 жылдың 20 маусымында команданың менеджері болып Берти Ми тағайындалды. Бұрын Берти футбол ойнамаған және оның жаттықтырушылық тәжірибесі болған емес. Берти шабуылшыларға назар аударып, оған жас ойыншыларды тартты да, қорғанысқа бұрыннан ойнап жүрген ойыншыларды қойды. Бірнеше жеңіліс пен жеңістерден кейін, клубтың бас футболшылары кете бастады, олардың орнына басқаларды таппаған Берти Ми 1976 жылы қызметінен кетті. Берти Мидің орнына Терри Нил келді, бұрын ол команданың капитаны болған. Осы кезде клубқа Дональд Хоуи келіп, болашақ жұлдыздар Лайам Брейди мен Дэвид О'Лири ойнай бастады. «Арсенал» Англия Кубогының 3 финалында ойнап (1978, 1979, 1980), «Уэмблиде» ондай жетістікке жеткен алғаш клуб атанды. Кейін нәтижелері төмендеп, 1983 жылы клуб жаттықтурышысы Дон Хоуи болды. Бірақ ол бас жаттықтырушы рөлін ақтай алмады. 1986 жылы «Арсенал» жаттықтурышысы болып Джордж Грем тағайындалады. Ол қорғаныс тактикасын қолданды. Қорғаныста Ли Диксон, Тони Адамс, Стив Боулд және Найджел Уинтербёрн ойыншылары болды. 1988—89 сезонында «Арсенал» 18 жылдың ішінде алғаш рет Англия чемпионы болып атанды. Бұл титулға «канонирлер» «Ливерпульмен» драмалық күресте қол жеткізді. Келесі жылы «Ливерпуль» чемпиондық титулды ақыры иеленсе де, бір жылдан соң «Арсенал» қайта чемпион болып атанады. 1992—93 маусымында «Арсенал» Лига Кубогы мен Англия Губогын бірдей иеленген алғаш клуб болды. 1994 жылы «Арсенал» Кубок кубогын иеленді. Сол кездегі клубтың жаттықтырушысы Грехем еді. Ал 1995 жылы оны қызметінен босатты, жаңа жаттықтырушы орнына Брюс Риок келді. 1996 жылы клубтың жаттықтырушысы Арсен Венгер болып тағайындалады. Сол кезде Жапонияда жұмыс істеген Венгерді білетін адамдар аз болды. Оның ықпалымен Деннис Бергкамп сатып алынды. Арсен Венгер клубқа көп жағымды өзгерістер пен жаңалықтарды енгізді. 1999 жылы командадан Реалға Анелька ойыншысы кетеді де оның орнына Тьерри Анри келеді. Клубтың тарихында Анри тамаша бомбардир ретінде болып қала береді. 2003-04 маусымында «Арсенал» чемпионатта бірде бір жеңілген емес және 49 жеңіліссіз матч сериясы Англия үшін рекорд болды. Иелері мен басшылығы. Басқа акциялар арнайы биржа «PLUS»та сатылады. Демография. Демография (грекше демос — халық) — халықтың құрылымын, құрамын, динамикасы мен көбеюін (туу, өлім, өмірінің ұзақтығы) қоғамдық-тарихи тұрғыдан зерттейтін ғылым Соңғы жылдары демографияның жаңа бағыттары — "экологиялық демография" немесе демографиялық процестердің адамның мекен ету ортасына байланысын зерттейтін бағыты қалыптасып келеді. Адамзаттың сандық сипаттамалары Қазіргі адамзаттың саны 6 млрд. адамға жақын. Табиғаттағы жануарлардың түрлерінің саны ортаның сыйымдылығымен шектеледі. Әдетте, ұсақ жануарлардың түрлерінің саны ірі жануарлармен салыстырғанда көп болады. Сүтқоректілердің түрлері үшін даралардың саны мен дене массасының арасында теріс корреляция байқалады. Дене салмағы 10—100 кг-ға дейінгі деңгей үшін (бұл деңгейге адам да кіреді) түрдің санының максималды шамасы 107—101 аралығында болады. Адамның ең жақын туыстарының (адамтәріздес маймылдар) түрлерінің қазіргі кездегі саны — соңғы санға жақын. Эксперттердің болжамдары бойынша Жерде 1 млн. жыл бұрын өмір сүрген адам популяцияларының жалпы саны (Nomo erectus) 100 мың болған, Ноmо sаріеns пайда болуына қарай — шамамен 500 мың; 30—20 мың жыл бұрын — шамамен 5 млн. Біз жататын түрдің қалыпты саны 500 мыңға жуық болуы керек. Қазіргі кезде одан 10 мың есе артып отыр. Бұл теңдеу бойынша 2030 жылы халық саны шексіз болуы керек. Бірақ бұл мүмкін емес, сондықтан халық саны осы кезеңге дейін өсіп келген заңдылық өзгеруі тиіс. Шындығында соңғы жылдары 80-жылдардың аяғынан бастап, салыстырмалы өсім артпай отыр. Халық санының өсуі сызықтық өсімге жақындады (жылына абсолюттік өсім, шамамен 86 млн. адам). БҰҰ халық саны бойынша қорының эксперттерінің болжамдары бойынша (1995 ж.) бұл қарқын 2015 жылға дейін сақталады да, адам саны 7,5 млрд.-қа жетеді. XX ғасырдағы адамзаттың санының жылдам артуын демографиялық жарылыс деп атайды. Соңғы 100 жылдағы өсімге Жердегі қазір өмір сүретін адамдардың 3/4-і сәйкес келеді. Ғасырдың екінші жартысында әр он жыл сайын жылдық өсім шамамен 10 млн.-ға артып отырды. 50-жылдары 533 млн болса, 60-жылдарда — 66,7 млн, 70-жылдарда — 70,3 млн, 80-жылдарда — 86,4 млн. адам. Адам санының 1 млрд-тан — 2 млрд-қа өсуі үшін 107 жыл қажет болса (1820-1927 ж), ол 3 млрд.-қа дейін - 32 жыл (1959 ж) 4 млрд.-қа - 15 жыл (1974), 5 млрд-қа - 13 жыл (1987), 6 млрд.-қа - 12 жыл (1999), халық санының соңғы рет екі еселенуіне небәрі 38 жыл қажет болды "Жуан мәтін" Адамзат тарихы мен эволюциясының ерекше факторынан басқа халық санының шектен тыс артуын эпидемиялар мен аштықтан болатын өлім санының кемуімен түсіндіруге болады. XX ғасырда аталған факторларға гигиеналық және медициналық жағдайлардың жақсаруына байланысты дамушы елдердегі бала өлімінің кемуі де қосылады, 1990-1995 жылдары дүние жүзіндегі жалпы туу коэффициенті 24,6% дейін кеміді, жалпы өлім коэффициенті 9,8% болса, табиғи өсім коэффиңиенті - 14,8% құрады. Қазір көбеюдің шамамен осындай көрсеткіштері сақталуда. Әр минут сайын жерде 270 бала өмірге келсе, әр жастағы 110 адам өледі де дүние жүзі халқы 160 адамға өсіп отырады. Әр түрлі елдер мен континенттердің халық санының өсуіне қосқан үлесі әр түрлі. Абсолюттік саны бойынша ең үлкен өсімді ірі азиялық елдер — Қытай, Үндістан, Индонезия берсе, ал ең жоғары өсу жылдамдығы Африка мен Латын Америкасында байқалған Кейбір Африка мемлекеттерінде салыстырмалы өсім жылына 4%-ға дейін жетіп отырды. Көптеген жоғары дамыған елдер мен аймақтарда (Батыс Еуропа, Солтүстік Америка) демографиялық жарылыс жағдайы ертерек — XIX ғасырда байқалған. Бұл елдерге қазір халық санының тұрақтануына әкелетін демографиялық өтпелі даму кезеңі тән. Өтпелі кезеңдегі халық санының өзгеру сипатына қарай 4 сатыны бөліп көрсетуге болады. Бірінші сатысы кезінде өлім мен туылу күрт төмендейді, бірақ өлім коэффициентінің төмендеуі туу коэффициентінің төмендеуінен алда болады. Сондықтан, халықтың өсімі артады. Мұндай жағдай көптеген дамушы елдерде қалыптасып отыр, ал дамыған елдер бұл кезеңнен XX ғасырдың ортасында өтіп кетті. Екінші сатысыида өлім минимумға жетеді де, одан төмендемейді, бірақ туылу төмендей береді. Сондықтан, халық өсімі баяулайды. Үшінші сатысында халықтың қартаюына байланысты өлім коэффициенті артады, сонымен қатар туылудың төмендеуі баяулайды. Үшінші сатының соңына қарай туу коэффициенті халықтың жай көбеюінің деңгейіне жақындайды, ал өлім коэффициенті бұл деңгейден төмен болып қалады, себебі халықтың жастық құрамы әлі де тұрақты емес. Экономикалық жағынан дамыған елдер өтпелі кезеңнің осы сатысына жақын. Төртінші сатысында өлім коэффициенті арта отырып, туу коэффициентіне жақындайды да, демографиялық тұрақтану аяқталады. Демографиялық мәселелер мен қоршаған ортаның жағдайы Қазіргі кездегі демографиялық және экологиялық жағдайда қоршаған ортаға тек бай (өнеркәсібі дамыған) елдер ғана емес, сонымен қатар кедей (аграрлық) елдер де теріс әсер етеді. Өнеркәсібі жоғары дамыған, бай елдердің қоршаған ортаға әсері олардың табиғатты тікелей бұзуымен емес, техногенді ластануға байланысты. Дүние жүзінің халқының 20—25%-ын құрайтын бұл елдердің халқы қоршаған ортаға ластанулардың 80%-ын шығарады. Бұл жағдайда қоршаған ортаны бұзатын фактор халықтың саны емес, өндіріс пен онымен бірге жүретін байлық болып табылады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі АҚШ-тағы молшылық кезінде, американ маманы В. Лебоу: «Біздің өте жоғары өнімді экономикамыз тұтынуды — өмір сүру салтына айналдырып отыр, яғни затты сатып алу мен пайдалану күнделікті дәстүрге айналды. Бізге заттардың көп мөлшерде сатылып, одан соң тасталып және басқалармен көп мөлшерде ауыстырылып отырғаны қажет» — деді. Қазіргі кезде ғаламшарымыздың әрбір тұрғыны XIX—XX ғасырлар соңында өмір сүрген ата-бабаларымен салыстырғанда шамамен 4,5 есе бай болғанымен, жердегі халықтың өмір сүру жағдайының деңгейі бірдей емес. 1 млрд. өте бай адам болса, ал 1 млрд. өте мұқтаждық жағдайында өмір сүреді. Байлықты доллармен есептегенде дүние жүзінде 157 миллиардер, 2 миллионға жуық миллионерлер және күндік табысы АҚШ-тың 1 долларынан кем болатын 1,5 млрд.-тан астам адамдар бар. Америкадағы балалардың өздерінің күнделікті қажеттіліктеріне жұмсайтын ақшасының мөлшері (жылына 230 доллар), планетаның жарты млрд. кедей адамдарының өмір сүруіне жұмсайтын мөлшерінен артық. Шектен тыс көп тұтынуға қарама-қарсы кедейлік — экологиялық, әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік бермейді. Кедей елдерде қоршаған ортаға әсер экожүйелерге жасалатын шектен тыс қысым нәтижесінде табиғатты тікелей жоюмен байланысты. Бұл ормандардың жойылуы және басқа экожүйелердің бұзылуы, ресурстардың сарқылуы және т.б. арқылы көрінеді. Мұндай жолмен табиғаттың бұзылуының негізгі себебі кедейлік болып табылады. Себебі, күнделікті бір күнін қалай өткізуді ойлауға ғана мәжбүр адам өзін қоршаған орта мен табиғатты қорғау туралы ойлауға қабілетсіз. Қоршаган ортаиың бұзылуы адамдар өте бай болғанда да және өте кедей болғанда да орын алады. Бірақ, жердің табиғат ресурстарына келтіретін зиянкестігі үшін жауапкершіліктің басым бөлігі 1 млрд. бай адамдардың үлесіне тиеді. Өнеркәсібі дамыған елдер болат өндірудің шамамен — 2/3, қорғасын, мыс, никель, қалайы, цинктің — 2/3 астам бөлігін, энергияны пайдаланудың 3/4 көлемін құрайды. Сонымен қатар, соңғы 100 жылда индустриалды дамыған елдердің шаруашылық қызметі нәтижесінде атмосфераға парниктік эффект туғызатын газдардың 2/3 бөлігін шығарған. Бұл елдердегі энергияны пайдалану қышқылдық жауын-шашындардың түсуіне әкеліп соқтыратын күкірт пен азот тотықтарының жалпы көлемінің шамамен 3/4 бөлігін шығарады. Дамыған елдердің өнеркәсібі зиянды химиялық қалдықтардың көп бөлігін және галогенді көмірсулардың 90%-ке жуығын береді. Өнеркәсібі дамыған елдердің экономикасының дамуының көзі — қоршаган орта есебінен тапшылықты қаржыландыру болып табылады. Яғни олар пайдаланған табиғат ресурстары мен биосфераның ластануы үшін табиғатқа келтірілген зиян өтелмейді. Бұл елдердің «экологиялық қарызы» үздіксіз өсуде: өсу жылдамдығы жыл сайын триллион доллармен есептеледі. Тек жер атмосферасындағы көмірқышқыл газының концентрациясын өнеркәсіптік қызметі нәтижесінде кеміту үшін жылына 625 млрд. доллар мөлшерінде күрделі қаржы жұмсау қажет. Көптеген дамыған елдерде зиянды заттарды қоршаған ортаға шығаруға рұқсат етілетін нормалары белгілеиген. Бұл нормалардың артып кетуіне жол берген өндірушілер табиғат қорғау шараларына жұмсалатын ірі қаржылай айыппұл төлейді. Бірақ, іс жүзінде бұл талаптар тек өзіиің еліне қатысты ғана орындалып келеді. Өз елінің территориясынан жүздеген, мыңдаған км қашықтықта орналасқан елдерге келтірілетін шығын үшін айыппұл төлеу туралы әңгіме де қозғалмайды. АҚШ және басқа да дамыған елдер экологиялық жауапкершілікті негізінен дамушы елдерге ауыстыруда. Олардың ойынша экологиялық лас өндіріс орындары үшінші әлем елдерінде орналасқан, сондықтан табиғатқа жасалған зиянкестіктің орнын солар толтыруға тиіс. Ал бұл өнеркәсіп орындарын дамыған елдердің ұйымдастырғаны, өндірілген шикізат пен өнімдік салығынан өздерінің алып кететіидігі туралы айтылмайды. Дамушы елдердің жерінде өзінің өнеркәсіп орындарын сала отырып, дамыған мемлекеттер, тек оларға жасалып жатқан «көмек» туралы айтады. Дүние жүзіндегі қаржы айналымы 1980—1990 жылдар аралығында төмендегідей болған: дамыған елдерден дамушы елдерге — 49 млрд. доллар, дамушы елдерден дамыған елдерге — 242 млрд. доллар. Олай болса, табиғат ресурстарының сарқылуы және қалпына келмейтінін түсіну дүние жүзіндегі әлеуметтік теңсіздікті одан әрі шиеленістіріп жіберді. Өкінішке орай бай және кедей елдердің байлығының арасындағы айырмашылық кемімей отыр. Байлар одан әрі баюда, ал кедейлер — кедейленуде. Бұл өзекті экологиялық мәселелерді шешуді қиындатады. Сөйтіп кім үйленіп, отбасын реттеп – жоспарлау “жалпыхалықтық құндылыққа” айналады. Соңғы кездердегі “Жоспарлы отбасы” атты ұғымның да қалыптасуы соның салдары. Ол түсінікке медициналық терминмен айтқанда, контрацепция (лат. тілінде жүктілікке қарсылық), аборт, тау, стерилизация (лат. тілінде жоғарғы қызу арқылы және басқа амалдармен бойға бала бітірмеу) кіреді. Осының өзінен – ақ мәселенің байыбына баруға болады ғой. Оны айтасыз, статистикалық мәліметке қарағнда, Қазақстандағы үлкен, тіпті, кейбір ауылдардағы аяғы ауыр 10 әйелдің 7-уі жасанды түсін жасатады екен. Сондықтан, кез-келген шетелдің көмегіне жығыла кетпей, түп-төркінін зерттеген жөн. Бізге қазір ұлттық – демографиялық императивті және иммунитетті қалыптастыру керек. Оны саясатпен араластыруға болмайды. Бұл бізде бұрын жақсы жетіліп, қалыпты тіршілікке айналған болатын. Оның ырғағын бұзған өзгеге еліктеу мен бейімдеушілік. Одан да батырып айтсақ сана-сезім бодандығы. Отбасындағы жоғарыдағыдай келеңсіздікке жол бермес үшін демографиялық саясат пен отбасы мәселесі бойынша үкімет аралық комитет құрылуы тиіс. Қазіргідей жағдайда оның ұлттық қауіпсіздігіміздің бірден – бір негізгі болары даусыз. Демографиялық дүмпу – халық санының шұғыл да қарқынды табиғи өсуі Демографиялық дүмпу кезеңінде өлімнің азаюы тууыдың азаюынан асып түсіп жатады да, ал халың санының қоғамдағы әлеуметтік – экономикалық жағдайларға тәуелсіз түрде – ақ жедел өсуіне алып келеді. Дүние жүзіндегі халық санының өте тез өсуі 20 ғасырдың 2 жартысынан басталады. Мыс, жер шары халқының жыл сайынғы абсолют өсуі 20 ғасырдың басында 40-50 млн-ға ғасырдың соңында 90 млн адамға жетті. Дүние жүзінің түрлі аймақтарында халық санының өсуі әр түрлі. Қазіргі кезде Демографиялық дүмпуді басынан өткеріп отырған елдерде бүкіл планета халқының ¾ бөлігі тұрады. Оның ішінде Азияның хылқы жыл сайын шамамен 55 млн адамға, Африканың халқы 20 млн адамға, Латын Америкасында 10 млн – нан астам адамға өсіп отырады. Демографиялық дүмпудің әсері Қазақстанда да қарқынды сипат алды. Әсіресе 20 ғасырдың 2-жартысында халық саны тез өсті. Нәтижесінде, халық саны 9,3 млн –нан астам (1959) 16,5 млн-ға (1989) дейін ұлғайды. Қазақ халқының саны 13 миллондық деңгейден 1945 – 74 ж жедел өсу яғни нағыз Демографиялық дүмпу қарқыны салғындай түсті. 2002 жылдан Қазақстанда жаңа Демографиялық дүмпу құбылыс басталатына болжануда. Демографиялық дағдарыс - әлеуметтік, экономикалық, табиғи ықпалдардың әсерінен белгілі бір аймақтағы (елдегі, облыстағы, аудандағы) халықтың ұдайы өсуінің тежелуі Демографиялық дағдарысқа соғыс, әлеуметтік, экономикалық жағдайлар, мемлекеттің демографиялық саясаты т.б. тікелей әсер етеді. Қазақ халқы 20 ғасырда (1916 - 22) бірінші Демографиялық дағдарысқа ұшырады. Қазан төңкерісі мен Азамат соғысы жылдарында шаруашылықтың күйзеліске, халықтың ашаршылыққа душар болуынан елдегі халықтың 19% - і (яғни 950 мың қазақ) оапт болды. Сонымен қатар, шет елдерге (Қытай, Монғолия, Ауғанстан, Иран, Түркия) 400 мың халық біржола қоныс аударды. Екінші Демографиялық дағдарыс 1931-32 ж басталды. 1932 жылғы ашаршылықтың кесірінен 2 млн 300 мың адам өлді. Осы кезде 900 мың қазақ жан сақтау үшін шет аймаққа көшті. Ал 2 – дүниежүзілік соғыста 600 мыңдай қазақ шығын болды. Сөйтіп үш рет соққан Демографиялық дағдарыстың салдарынан Қазақстаннан біржолата көшіп кеткендерді қоса есептегенде, қазақ халқы 4,5 млн адамға кеміген. Демографтардың топшылауы бойынша, егер мұндай Демографиялық дағдарыс болмаса, қазақ халқының саны бұл күнде 25 млн-ға жеткен болар еді. Қазақстан ауыр атлетика ұлттық құрамасы. Қазақстан ауыр атлеттерінің орасан зор табысын көпшілік Қайрат Тұрлықановтың есімімен байланыстырады. Қайрат Болатұлы осы сала тізгінін ұстаған кезден бастап, ескі дәстүр қайта жаңғырып, қазақ ұл-қыздары биік белестерді бағындыра бастады. Светлана Подобедова. Светлана ПодобедоваРесейден ("Зима" ауылынан) қоныс аударып келген спортшы. Кезінде сол елдің құрамында жастар арасында әлем чемпионы, әйелдер арасында әлем чемпионатының жүлдегері атанған. Тіптен дүниежүзілік рекордты да жаңартқан. Осыдан 2007 жылы Светлана Қазақстан азаматтығын қабылдады. Алдына үлкен мақсат қоя білетін қыз Бейжің Олимпиадасында атой салуды армандаған еді. Алайда Ресей жағы оның бұл әрекетін құптамай, Халықаралық ауыр атлетика федерациясына шағымданды. Өйткені ереже бойынша қандай да зілтемір көтеруші басқа елдің азаматтығын қабылдағаннан кейін арада екі жыл өткеннен соң ғана ресми халықаралық жарыстарға қатыса алады. Сөйтіп, ол төртжылдықтың басты жарысынан шет қалды. 2009 жылы Подобедованың Алматыға келгеніне екі жылдан асты. Яғни шеттету мерзімі аяқталып, ол Қазақстанның атынан сынға түсе алады. Ұлттық құрама жейдесін киген бетте Подобедова Азия чемпионатында алтыннан алқа тағынды. 2009 жылы жұлқи көтеру бойынша 130 кг бағындырып Әлем рекордын жасаса, Серпе көтеру сынында 160 кг көтерiп Абсалютті әлем рекордымен 2-шi орын алған Цао Лейден (Қытай) 23 кг басым түседі. Қазақстандағы ауыр атлетика. Қазақстанда ауыр атлетика 30-жылдардың алғашқы жартысынан бастап дамып келеді. Алғашқы кездері оның даму барысы баяу болса, арада ширек ғасыр өткенде бұл өнер кең қарқын ала бастады. Сол тұста Степан Ульянов, Владимир Дрекслер, Петр Ким, Александр Колодков, Анатолий Лю-Шин, Бақытбек Мананбаев сынды аға буын өкілдерінің есімдері бүкіл Одаққа кеңінен танымал болды. Тіптен солардың арасынан әлемдік рекордты жаңартуға жараған азаматтар шықты. Бірте-бірте нәтижеміз еселеніп, жерлестеріміз дүниежүзілік деңгейдегі жарыстарда жасындай жарқылдай бастады. 1976 жылы Қазақстанның ауыр атлеттері Олимпиада медалінің сыңғырын естіді. Содан кейінгі жылдары да ғаламдық ойындарда орасан зор табыстарға қол жеткіздік. Олимпиада тұғырына көтерілген тарланбоздарымыздың әрқайсысына жеке-жеке тоқтала кеткен жөн. КСРО дәуірінде дараланғандар. Юрий Зайцев 1951 жылы Қиыр Шығыстағы Сахалин аралының Победино ауылында туып-өсті. Кейіннен әке-шешесімен бірге Теміртау қаласына көшіп келді. Сол жерде ауыр атлетикамен «танысқан» бала араға жылдар салып, керемет көрсеткіштерге қол жеткізді. 1975 жылы ол «Достық кубогында» топ жарып, КСРО халықтары спартакиадасы мен Еуропа чемпионатында күміс медаль алды. Мәскеуде жалауы желбіреген әлем чемпионатында конкурстан тыс қатысып, дүниежүзілік рекордқа өзгеріс енгізеді. 1976 жылы Қарағандыда өткен КСРО чемпионатында алтыннан алқа тағынып, Олимпиада ойындарына қатысу құрметіне ие болады. Монреальда 110 келі салмақта сынға түскен Зайцев 385 (165+220) келілік зілтемірді ырқына оңай көндіріп, бас жүлдені олжалайды. Бір айта кетерлігі, айтулы Олимпиадада болгариялық Валентин Христов өз нәтижесі бойынша қазақстандық ауыр атлеттен асып түседі. Алайда оған «допинг қолданды» деген айып тағылып, бас жүлде біздің спортшыға бұйырады. 1977-79-жылдар аралығында әлем чемпионы, Еуропаның екі дүркін чемпионы атанады. Алайда ол кезде Юрий Зайцев Украинаға қоныс аударған болатын. Зайцевтің орнын Виктор Мазин жоқтатқан жоқ. Қарағанды облысының Шахтинск қаласының тумасы Мәскеуде алауы тұтанған Олимпиада ойындарында жеңімпаз атанды. 60 келі салмақта күш сынасқан 26 жастағы жігіт болгариялық Стефан Димитров пен поляк Марек Северынды артқа тастап, діттеген мақсатына қол жеткізді. Мазиннің көрсеткіші – 290 (130+160) келі. Шахтинскінің шымыр жігіті одан бөлек КСРО чемпионы, көптеген халықаралық жарыстардың жеңімпазы болды. Сондай-ақ ол алты рет әлемдік рекордты жаңартты. Кейіннен Виктор да Ресейдің Краснояр өлкесіне көшіп кетті. 1984 жылы социалистік елдер Лос-Анджелестегі ойындарға барған жоқ. Ал 1988 жылы Сеул Олимпиадасында Анатолий Храпатыйдың бақ жұлдызы жанды. Ол 1963 жылы Ақмола облысының Атбасар қаласында туды. Балауса шағында-ақ осы спорт түрімен айналысқан Анатолий бірден дара талантымен оқшауланды. Ол КСРО, Еуропа біріншіліктерін сан мәрте ұтты. Бес рет әлем чемпионы атағына қол жеткізді. Сеулдегі ойындарда 90 келі салмақта шеберлік сынасқан отандасымыз 412 (187,5+225) келілік нәтижемен бас жүлдені қоржынға салды. Ол өзінің басты қарсыласы әрі командалық әріптесі Наиль Мұхамедьяровтан 12,5 келі көп көтерді. Өзбек спортшысы күміс медальді мойнына ілді. Жоғарыда есімдері аталған спортшылардан бөлек Владимир Можейков пен Евгений Сыпко сынды қазақстандықтар ресми халықаралық жарыстардан жүлделі оралды. Тәуелсіздік елдің түлектері. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін елдегі экономикалық қиындықтарға қарамастан, спорттың даму барысы көңілдегідей болды. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл салаға ерекше көңіл бөліп, барынша қолдау көрсетті. Байрақты бәсекелерге спортшылар қауымының еш алаңсыз даярлануына қолайлы жағдай жасалып, жеңіске жеткендерге мол көлемде сыйақы тағайындалды. Тіптен Олимпиада ойындары барысында Елбасы ауыр атлеттер жарысына арнайы ат басын бұрып, өз отандастарының өнерін тамашалады. 1996 жылы Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде Олимпиада ойындарына тұңғыш рет қатысты. Біздің өрендер барлық спорт түрлері бойынша 11 медальға иелік етсе, соның бірі Анатолий Храпатыйдың еншісінде. АҚШ-та оның басты қарсыласы, бұрынғы КСРО азаматы, кейіннен Грекияға қоныс аударған Акакиде Кахиашвилис еді. Барселона Олимпиадасы тұсында мамандардың таңдауы соңғысына түсіп, Қазақстанның спортшысы Пириней түбегіне бара алмай қалғаны есімізде. Екеуара тартыс Атлантада жалғасын тапты. Бұл бәсеке Акакиде Кахиашвилистің пайдасына шешіліп, ол чемпион атанса, біздің жігітке күміс медаль бұйырды. Грек атлеті 420 (185+235) келіні бағындырса, Храпатый 410 (187,5+222,5) келілік межені қанағат тұтты. Өкінішке қарай, 2008 жылдың жаз айында Анатолий Храпатый жол апатынан қаза тапты. 2000 жылы Сидней Олимпиадасынан Қазақстан ауыр атлеттерінің қоржыны бос қайтты. Бұл жағдай спорт басшыларына біраз ой салды. Арада біраз уақыт өткеннен кейін республикалық федерацияның тізгінін Қайрат Тұрлықанов ұстады. Елге Түркияның атақты маманы Энвер Түркілери шақырылды. Осы сала мамандары бірлесіп жұмыс істеп, жоғарыдағы олқылықтың орнын толтыруға кірісті. Бірте-бірте ерен еңбек өз жемісін берді. 2004 жылы Афины Олимпиадасында 29 жастағы Сергей Филимонов жарқ етіп көзге түсті. Оның ерекше дарын иесі екені еш күмән туғызбайды. Алайда жаттығу процесіне немқұрайлылықпен қарағандықтан, Филимоновтың үнемі бағы жанбай жүрген. Мәселен, Сидней Олимпиадасында ол төртінші орынға тұрақтады. Ал Афиныда 77 келі салмақта күш сынасқан отандасымыз жанкештіліктің үлгісін көрсетті. Ескі жарақаты сыр бергеніне қарамастан, күміс медальді жеңіп алды. Талдықорғанның тастүлегі 372,5 (172,5+200) келілік зілтемірді тік көтерді. Ал бас жүлде Түркияның жас перісі Танер Сағырдың қоржынында кетті. 2008 жылы Қазақстанның ауыр атлеттері айды аспанға шығарды. Бозбала шағында-ақ ересектер арасында екі рет әлем чемпионы атанып үлгерген Илья Ильин 20 жасында Олимпиада алтынын олжалады. Сыр бойының түлегі 406 (180+226) келілік зілтемірді еркін еңсерді. Әйгілі поляк атлеті Симон Колецки мен ресейлік Қажымұрат Ақаев күміс пен қоланы қанағат тұтуға мәжбүр болды. Степногорскідегі балалар үйінде тәрбиеленген Ирина Некрасованың жеңімпаз атануына небары бір келі салмақ жетпеді. 63 келі салмақта күш сынасқан ол Солтүстік Кореяның өкілі Пактан ұтылды. Олимпиада чемпионы 241 (106+ 135) келіні бағындырса, 20 жастағы Некрасова 240 (110+130) келіні ырқына көндіріп, екінші орын алды. Дәл сондай нәтижеге 75 келі салмақтағы, 26 жастағы Алла Важенина иек артты. Ресейде туып-өскен ол Қазақстанға қоныс аударып, біздің елдің атынан сынға түсуге ниет білдірген еді. Важенинаның қадамы құтты болып, 75 келі салмақта күміс медальді иеленді. Оның көрсеткіші – 266 (119+147) келі. Қытай қызы Чао Лей жерлесімізден 16 келі көп көтерді. +75 келі салмақта көкшетаулық Мария Грабовецкая кіл мықтылармен иық тіресуге тура келді. Шиеленісті тартыста ол 270 (120+150) келі нәтижемен қола медальді қоржынға салды. Бас жүлдені олжалаған кореялық Жангтың көрсеткіші – 326 (140+186) келі. Украиналық Ольга Коробка 277 (124+153) келіні көтерді. Сөйтіп, Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміс және 1 қоланы иеленіп, әлемдегі озық командалар қатарына қосылды. Қазақстандағы қол добы спорты. Қол добынан қазақ арулардың жетістігі жанкүйер жадында. 2002 және 2007 жылдары Азия чемпионы атанып үлгерген қыздарымыз Олимпиада сынында бақ сынап қайтты. Бірақ елімізде қол добы ерлер арасында дамымағандығы спорттан хабары бар кез келген жанкүйерді алаңдатпай қоймайды. Жыл сайын ел чемпионатын өткізуімен шектеледі. Құрамамыздың аты бар да заты жоқ. Азия біріншілігінде бақ сынап көрмеген біздер үшін әлем кубогына қатысу арман ғана. Осы спорттың көшбасшылары – Хорватия, Мажарстан, Корея елдерінің шаңына ілесу үшін көп, өте көп іс атқару қажет. Әзірге жоспар көп, атқарылған жұмыс аз. Ұлтшылдық Испания. Испания, Ұлтшылдық Испания, немесе Франкистық Испания - 1939-1975 жж. болған мемлекет. Тарихы. 1933 жылы Испанияда сайлауда Коммунист және Социалситтік (Socialist Workers Party of Spain, PSOE) партиясылар жеңіс алып, биік басына келді. Олар өз адам Мануэл Азанио президент істеді. Осы жылда Алманияда билік басына NSDAP («Ұлтшыл-социалистік неміс жұмысшы партиясы») келді. Германлар Еуропалық фашистерға көмектесу бастады. Содықтан испан фашистер және консеварторлар төңкеріс жасау етті. Испан азамат соғысы басталды. Испан фашистер өз партиясы «Фаланга» жариялды. Оларға испан әскери қолбасшылар, консеваторлар және монархистер қосылды. Фашистердың басшы Санджуро 20 шілде 1936 ж. өлді және жаңа партияның басшы Франсиско Франко болды. 28 наурызда 1939 ж. Франко әскерлер Мадрид басып алды. Азамат соғысы аяқталды. Франко Испанияда диктаторы болды. 1975 ж. ол қаза тапты, және испанлар демократия жолына қайтып бүгінгі Испания құрылысты. Гораций. Гораций - Августа дәуірінің көрнекті ақыны, Квинт Гораций Флакк - Виргилийдің кіші замандасы болды. Гораций б.з.д. 64 ж. Италияның оңтүстігінде, Венузияда дүниеге келген. Әкесі жай адам болып, кішкентай ғана қонысқа ие болған. Өз ұлына жақсы білім берген. Алдымен, Гораций Римде, мектепте оқыған, ал кейін Афиныға кетті. Онда Гораций грек поэзиясыман шұғылданған. Нагоя. Нагоя - Жапонияның Хонсю аралында орналасқан қала, порт. Аичи префектурасының орталығы. Халқы 2007 жылы шамамен 2,24 миллион адамды құрады. Нагояның Ішкі Жалпы Өнімінің құрамы. Әлемдік көрме 2005 (Аичи Көрмесі) Нагояның айналасындағы Нагакутэ және Сэто қалаларда 2005 жылы, наурыздың 25-інен қыркүйектің 25-іне дейін өткізілген. Білім және мәдениет. Токугава Өнер Мұражайы Нагоя қорғанында 16 ғасыр бойы тұрған Токугава руының меншігі болып отыр. Нагояда бірнеше университет орналасқан, олардың ішінде Нагоя Университеті және Нанзан Университеті. Нагояның диалекті Нагоя-бэн деп аталады. Басшылар. 16-ші ғасырда Жапонияны біріктірген 3 лидердің бәрі Нагоя жақтан шыққан. Метеорологиялық станция. Метеорологиялық станция - тұрақты метеорологиялық бақылауға арналған мекеме. Метеорологиялық станция кешенінде атмосфераның және жер үстінің жағдайын бақылауға арналған метеорологиялық алаң және бақылау нәтижелерін алатын, өңдейтін және беретін приборлармен жабдықталған орындар бар. ҚМЭБИ. Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты - халықаралық акредитациядан өткен Алматыдағы институт. Сабақ толықтай ағылшын тілінде жүргізіледі. Оқыту бағдарламалары. Студенттер 4 бакалавриат бағдарламасымен оқытылады. — BSS (Bachelor of Social Sciences), BSc (Bachelor of Sciences in Business Administration and Accounting), BAE — (Bachelor of Arts in Economics), BAIJ (Bachelor of Arts in International Journalism —) магистратура — MBA, MPA и MaIJ. ҚМЭБИ бакалавриатының бағдарламаларында оқу. ҚМЭБИ бакалавриатының бағдарламалары мектеп бітірушілерге арналған. Оның негізінде кредиттік жүйе қолданылады, оның басты артықшылығы икемділік болып табылады, соның нәтижесінде студенттер өздерінің айрықша мүдделері мен мансаптық амбицияларын есепке ала отырып, өзінің сабақ кестесін өзі құрастыруына болады. Сонымен қатар кредиттік жүйе өзіңізге қолайлы қарқында оқуыңызға мүмкіндік береді. Мәселен, бакалавриат бағдарламасы әдетте төрт жылдың ішінде аяқталатынына қарамастан қажет болған жағдайда оқу мерзімін ұзартуға болады. Бакалавриат бағдарламасының оқу жоспары аясы өте кең. Дәреже алу үшін қажетті 129 кредиттің 48 кредиті математика, жаратылыс тану ғылымдары, сындарлы ойлау бойынша білім беріп, сонымен қатар табысты мансаптық даму үшін қажетті жазу дағдыларына үйретеді. Бұдан басқа студенттер таңдап алған мамандандыруда ауқымды білім алып, өзінің мүдделеріне сәйкес кез-келген пәнді таңдау мүмкіндігіне ие болады. Бакалавриат студенттерінің көпшілігі өзінің кафедрасынан қосарлы мамандандыруды алуына немесе өз білімін одан әрі кеңейту үшін факультеттің басқа кафедрасынан қосымша мамандандыруды алуына болады. Көптеген бағдарламаларда сіз мамандандырусыз оқуды таңдауыңызға болады, ол сізге элективтік пәндерді таңдауыңызға үлкен еркіндік беріп, бітіргеннен кейін жұмысқа орналасудың анағұрлым кең мүмкіндіктерін ұсынатын болады. ҚМЭБИ бакалавриатының көптеген бағдарламаларының ажырамас бөлігі студенттік практика болып табылады. Практика студенттерге нақты жағдайларда теориялық білімдерін қолдануларына мүмкіндік беріп, соның нәтижесінде студенттер институтты бітірмей тұрып ақ құнды практикалық тәжірибе алатын болады. Бұдан басқа практика студенттерге болашақта әлеуетті жұмыс берушілермен байланыстарын жөнге салып, олардан қол үзбеуге мүмкіндік береді. ҚМЭБИ бакалавриат бағдарламаларының барлық студенттеріне арнаулы кеңес беру орталықтарының қолдауын көрсетеді, орталық қызметкерлері студенттерге оқу бағдарламасы мен болашақ мансаптық қызметті таңдауына қатысты маңызды шешімдер қабылдауына көмектеседі. Институт тарихы. ҚМЭБИ Орталық Азиядағы солтүстік американдық үлгі бойынша жұмыс істейтін ірі университет болып табылады. Өмірбаян. Өмірбаян – жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жасалған ресми құжат. Әдетте оқуға түсу, жаңа қызметке орналасу кезінде жазылады. Онда азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері, ұлты, отбасы жағдайы, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі мен жұмыс тәжірибесі туралы және т.б. қосымша мәліметтер көрсетіледі. Тәжірибеде өмірбаян үш түрлі болып жазылады. Бірі-адамның өз өмірі мен қызметі туралы баяндауы. Бұл көбінесе қызметке орналасу кезіндегі жеке іс қағазына қоса тігілу үшін жазылады. Онда адам өзінің аты-жөнін, туған күнін, толық көрсетеді. Одан кейін жаңа жолдан нақты деректермен санамалап жазады. Өмірбаянның бұл түрі көбінесе ресми түрде жазылады да, көлемі жағынан шағын болады. Өмірбаянның екінші түрі — мемуарлар, яғни акын, жазушылардың, өнер, қоғам қайраткерлерінің өз өмірін қоғам өмірімен байланыстыра баяндауы. Мұндай өмірбаяндар көркем шығармаға жақын, әдеби тілмен, шебер жазылғандығымен оқырманды тартады және ол оқырманды жеке адам өмірімен ғана емес, қоғам дамуымен таныстырады. Мұндай шығармалар кай тілде болмасын өте көп және қара сөзбен де, өлең сөзбен де жазылған түрі кездеседі. Мысалы, Қ.Байсейітовтың "Құштар көңіл"(1977) Ш. Жиенқұлованың «Өмірім менің - өнерім» (1983) кітаптары өмірбаянның осы түріне жатады. Өмірбаянның үшінші түрінде қоғамға белгілі қайраткерлердің өмірі мен шығармашылық, саяси қызметтері өз тарапынан емес, басқа біреулер тарапынан баяндалады. Мәселен, ұлы жазушылар мен ақындар - Абай, Ш. Уәлиханов, А.С. Пушкин өмірлері туралы шығармалар осындай өмірбаян түріне жатады. Мысалы, С.Мұқанов - «Аққан жүлдыз», М. Әуезов «Абай жолы». Өмірбаянның мұндай түрі көркем шығарманың әр түрлі жанрлары ыңғайында очерктен бастап роман-эпопеяға дейін жазыла береді. Күнделікті өмірде ең жиі қолданылатын құжаттың біріншісі - өмірбаян. Өмірбаян әркімнің өз қолымен, таза, жүйелі түрде, сиямен жазылады. Арнайы қағазға жазылуы да мүмкін. Түйіндеме. Резюме француз тілінен алынған термин. “Айтылған, я жазылған мәселенің қысқаша түйіні” деген мағына береді. Түйіндеме – белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін іс қағазының бір түрі. Жазылған түйіндеме сіз туралы толық мәлімет беру үшін онда, сіздің біліміңіз, біліктілігіңіз, жеткен жетістігіңіз, жұмыс тәжірибеңіз, не нәрсеге икемділігіңіз бар екені айтылуы керек. Түйіндеме сіздің кең көлемдегі визит карточкаңыз іспеттес. Түйіндеме жазуда сіздің мақсатыңыз - өз өмірбаяныңыз бен жұмыс тәжірибеңізді, мамандығыңызды, икемділігіңізді ұтымды көрсете білу. Осы арқылы ойлаған жұмыс орнына қол жеткізу. Сондай-ақ түйіндеменің әдемі рәсімделуіне де көңіл бөлгеніңіз дұрыс. Яғни мекеме басшысы сіздің кім болып істегіңіз келетінін түйіндемені оқу барысында бірден ұғатындай болу керек Қалаған мамандығыңызға байланысты жеке басыңыздың қасиеттері анық көрсетілуі тиіс. Мәселен, сіз жарнама агенті болып орналасқалы келсеңіз түйіндемеге адамдармен жақсы қарым-қатынас жасай алатындығыңыз, тапқырлығыңыз, интуицияңыз, адам психологиясын жақсы білетіндігіңіз сияқты қасиеттеріңіз жазылуы керек. Түйіндемеде белгілі бір адам туралы мәліметтер ықшам әрі нақты түрде беріледі. Түйіндеменің ерекшелігі – үміткердің білімі және кәсіби шеберлігі туралы мәліметтердің кері хронологиялық тәртіпте берілуі. - туған жылы, күні, айы, туған жері; - кәсіби біліктілігі мен кәсіби тәжірибесі; - жеке қасиеттері (жауапкершілігі, адамдармен қарым-қатынас орнатуға бейімділік, ұстамдылық, мақсаттылық, ұйымдастырушылық, басқарушылық қабілеттер, ұжыммен жұмыс істей білу, ұқыптылық, алға қойған міндеттерге шығармашылық көзқарас т.б.) - қызығушылығы (саяхатқа шығу, би, домбырада ойнау, кітап оқу т.б.) туралы мәлімет, қосымша ақпараттар (мақтау грамоталары, сертификаттар, наградалар, патенттер т.б.) 1.Түйіндемеде Сіздің маман ретіндегі бейнеңізді толықтыратын, аша түсетін өз мінезіңіздің кейбір жақсы қырларын да атап өтініз. Басшылық, жетекшілік, ғылыми жұмыстарға икемділігіңіз болса, ол да назардан тыс қалмасын. Дайындаған құжаттар мен жазбаларды қайталап бір оқып шығып, керекті мәліметтерді ойша реттеп алып резюменің колжазбасын дайындауға кірісіңіз. Құжаттар мен мәліметтерді дайындап алғаннан кейін резюме жазып шығу қиын болмайды. Ең бастысы ол мәліметтерді ретімен, қысқа, нақты бере білу. Қашан, қайда оқыдыңыз, қайда, кім болып істедіңіз, қайда, қашан біліміңізді көтердіңіз, тәжірибе жинақтадыңыз? Егер ғылыми дәрежеңіз болса оны қалыптасқан редакциямен көрсетесіз. Мысалы, "техника ғылымының кандидаты", "биология магистрі", т.б. Жазған еңбектеріңіз, шыққан кітаптарыңыз болса, маңыздыларын атап көрсетіңіз. Қызмет бабымен, турист ретінде жасаған шетелдік сапарларыңыз да көрсетіледі. Шет тілін білу дәрежеңіз, компьютерді қаншалықты игергендігіңіз де көрсетіледі. Жеңіл машина немесе транспорттың басқа түрін жүргізе алатындығыңызды көрсету де артық болмайды. Айтылатын негізгі мәселелер осы. Қысқасы, "не, қайда, қашан" екендігі жазылады. 2.Түйндемені оқыған қезде сіздің алға қойған мақсатыңыз айқын көрініп түруы кереқ, яғни мекеме басшысы сіздің кім болып істегіңіз келетінін түйіндемені оқығанда бірден үғатындай болғаны дүрыс. Жеке басыңыздың қасиеттерін атап көрсеткен кезде, оның сіздің таңдап отырған жұмысыңызға орналасуға септігі тиетіндігі басты назарда болуы қерек. Мысалы, сіз жарнама агенті болып орналасқалы келсеңіз, резюмеге адамдармен жақсы қарым-қатынас жасай алатындығыңыз, тапқырлығыңыз, интуицияңыз, адам психологиясын жақсы білетіндігіңіз сияқты қасиеттер жазылуы керек. Егер бастауыш сынып оқытушысы болғыңыз келсе, балаларды жақсы көретіндігіңіз, мейірімділігіңіз, шыдамдылығыңыз т.б. жазылуы кереқ. Жиналған мәліметтерді резюмеде берудің екі жолы бар: хронологиялық және фунқционалдық.. Хронологиялық тәсіл. Алдымен қазір істеп жүрген жүмысыңыз көрсетіледі де, ары қарай Хронологиялық ретпен жазылады. Яғни, соңғы орында сіздің бірінші жүмыс орныңыз, я болмаса бірінші аяқталған оқу орны жазылады. Егер сіздің жұмыс стажыңыз көп болса, алдымен косіптік жолыңьтзды көрсеткеніңіз дүрыс. Ал оқу орньш жаңа аяқтаған, қызметті жаңа бастағалы түрган адам оқыған оқу орны, алған мамандығы жайлы мәселені негізгі назарда үстайды. Функционалдық тәсіл. Бүл тәсіл білімі мен біліктілігі, жүмыс тәжірибесі мол адамға лайықты. Мүнда жүмыс стажы кері Хронологиялық ретпен беріледі де, одан кейін білімі жайлы моліметтер көрсетіледі. Егер бір мекемеде бірнеше жыл қатарынан істесеңіз, онда жүмысыңыздың жалпы сипаты өзгермегенде болса, бәрін тізіп жатпай-ақ, қысқаша жазуға болады. Мысалы, "1991-1999 жылдар аралығында Машина жасау заводында экономист, аға экономист, директордың орынбасары қызметтерін атқарды". Соңғы жүмыс орнынан немесе жеке адамның атынан алынган кепілдеме болса, оның бар екендігі резюмеде бір сөзбен айтылу керек. Қажет деп тапқан жағдайда ол резюмемен бірге тапсырылады. Арыз. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік ұйымдар мен лауазымды адамдардың аттарына хабарламалар (обращение) жібереді. Хабарламалар ауызша және жазбаша болуы мүмкін. Хабарламада аты-жөні көрсетілген лауазымды адам немесе мемлекеттік өкімет пен басқару органының басшысы хабарламаны дер кезінде карауға, ол жөнінде тиісті шешім қабылдауға және белгіленген мерзімде нақты жауабын беруге міндетті. Хабарламаның үш түрі бар: арыз, өтініш және ұсыныс. Олар мазмүны жағынан әртүрлі болъш келеді: мысалы, өтініште азаматтардың заңмен бекітілген жеқе қүқықтары мен мүдделерінің жүзеге асырылуы мазмұндалатын хабарлама жасалады. Жеке адам өзіне берілген қүқықтарды пайдалану үшін өтініш жазады, сонымен қатар өзі жүмыс істейтін үжымдарда, мекемелерде, өзі түратын түрғын үйлерде, мемлекеттік органдар қызметінде байқалған кемшіліктерді атап жазады. Арызда - азаматтардың заң арқылы қорғалатын жеке қүқықтары мен мүдделерінің бүзылу фактісі туралы хабарлама жасалып, оны қалпына келтіру туралы талап-тілек айтылады, хабарламаижасаушының ойынша іс-қимылы дүрыс жүргізілмейтіндіктен өзінің қүқықтары мен мүдделерін бүзып отырған мемлекеттік органдардың, мекемелердің, үйымдардың, лауазымды адамдардың атына сын айтылады. Ұсыныс — белгілі бір мемлекеттік органның, үйымның, мекеменіц жүмысын жақсартуға жетілдіруге назар аударатын, осыған байланысты қойылған міндеттердің шешудің жолдары үсынылатын хабарлама түрі. Хабарламаның барлық түрі мемлекеттік органдардың, үйымдардың кеңсесінде тіркеуден өтеді. Арнайы тіркеу карточкасы, аннотациялык парақ толтырылады. Арыз (өтініш, кейде шағым) - ұйым басшысының, лауазымы жағынан жоғары тұрған адамның атына белгілі бір ақпаратты, отінішті, мәліметті жеткізу мақсатында жазылатын іс қағазының бір түрі. Арыз көлемі жағынан шағын болады 1-3 бет немесе 500-5000 белгі аралығында. Арыз көбінесе жеке адам атынан жазылады. Іс жүзінде қойылған мәселе бірден бірнеше адамның немесе, үлкен үжымның мүддесш көздейтін үжымдық (коллективтік) арыз түрлері де кездеседі. Арыз белгілі бір себеппен ғана жазылады. Әдетте онда бір ғана моселе көтеріледі. Арыз онда айтылған мәселені шешуғе қүқы бар адам атына жазылады. Арыздың бірнеше түрі бар. Олар: өтініш түрінде жазылатын арыз, шағым турінде жазылатын арыз, түсініктеме түрінде жазылатын арыз, констатация түрінде жазылатын арыз. Бұлардың әрқайсысы ондаған мотивте жазылады. Арыз жазу ережесі барынша қарапайым десе де болады. Арыздың алты реквизиті бар: кімге жолданғаны, кім жазганы, қүжат аты, мазмүны, қолы, датасы. Арыз сиялы я шарикті қаламмен, таза түзетулерсіз жазылуы керек. Жазу машинкасын немесе оргтехниканы қолдануға болады. А4 форматты кейде А5 форматты қағазға жазылады. 1) құжат адресациясы (кімнің атына жазылғаны); Адресацияға лауазым иесінің, мекеме, ұйым басшысының ресми қызметінің толық аты, қажет жағдайда фамилиясы, аты-жөні кіреді. Адресация парақтың оң жағын ала жазылады. Егер арыз бірнеше лауазым иесіне бірден жазылып отырған болса олардың барлығының ресми қызметі (қажет жағдайда фамилиясы, аты-жөні) адресацияда қөрсетілуі қерек. Егер арызға кол қоюшылар бірнешеу болса онда олар иерархиялық тортіппен я болмаса алфавит төртібімен жазылады. Қол қоюшылар өте көп болатын болса онда арызға қол қою парағы тіркелді. Арыз мазмүнымен келісуші қолы қойылғанда келісім туралы қысқаша ақпарат та жазылады. Мысалы, "Келісемін", "Қарсы емеспін". Бұл жерде де датасы жазылып, атқаратын қызметі көрсетіледі. 1. Егер арыз бірнеше адамның атына қатар жазылса, олардың барлығының ресми қызметі, аты-жөні адресацияда көрсетілуі керек. 2. Егер арыз бірнеше адамның атынан жазылса, олар иерархиялық тәртіппен я болмаса алфавит ретімен жазылады. 3. Арыз қолмен де, компьютермен де қатесіз жазылуы тиіс. Каинат (Футбол клубы). Каинат (Футбол клубы) — (Azərbaycanca: "Kainat" futbol klubu") Әзірбайжанның футбол клубы. Аниме. Аниме —, сөзінен — анимация) — жапондық анимация. Басқа елдердің анимациясына қарағанда, шығарылатын анименің орсан зор бөлігі жасөсіпрімдер мен ересек адамдарға арналған, сондай-ақ өзіндік сурет салу стилімен және жанрлардың әртүрлігімен ерекшеленеді. Соның арқасында бүкіл әлемге танымал. Тарихы. Анименің тарихы ХХ ғасырда, жапондық кинорежиссерлар Франция, Германия, АҚШ және Ресейде ойлап табылған мультипликация техникаларымен алғашқы тәржірибелерін бастағанда бастау алады. Қазіргі жапондық анимацияның негізін Осаму Тедзука салды. Ол "манга мен анименің құдайы" деген атаққа ие болған. Ерекшеліктері. Жапондық анимацияның көбісінің белгілі бір бөлігі ересек аудиторияға арналған. Бұл анименің философиялық және идеологиялық мазмұнына көп көңіл бөлінуінде көрінеді. Аниме шағын, арнайы аудиторияға арналып жасалады. Бөліну критериялары ретінде көрерменнің жасы, жынысы, психологиялық типі болуы мүмкін. Суреттеу. Анимемен бейтаныс адамдар көбінесе анименің ерекшілігі ретінде ең алдымен кейіпкерлердің рабайсыз үлкен көздерін атайды. Турада, бұл стиль батыстық мультипликация дәстүрлерінің әсерінен туындаған. Және аниме-кейіпкерлер олардан көздерінің үлкендігімен қоса, олардың суреттелуіне егжей-тегжей көңіл бөлінуімен ерекшеленеді. Көздерінің суреттелуі арқылы кейіпкерге сипаттама беруге болады. Жағымды, ықлас, көңілді кейіпкерлер — үлкен, жылтырлаған, өмірге толы көздерге ие. Жағымсыз, жабық кейіпкерлердің көздері сәл тартылған, жартылай жабылған немесе кекілмен жабылған болады. Олардың көздерін жыртқыш құстың немесе жыланың көздеріне ұқсатып салады. Шаштар да кейіпкерді сипаттауға мүкіндік береді. Мәселен, жирен шаштар қызу мінезді, сары шаштар шетелдікті білдіреді (жапондықтардың басым бөлігі қара түсті шаштарға ие). Музыка мен дыбыс. Киноматографтегідей анимеде көрермендерге эмоцияларды жеткізу үшін дыбыстық және музыкалдық мазмұнға көп көңіл бөлінеді. Танымал әртістер мен топтармен әнделетін "ашушы және жабушы өлеңдер" анименің ажырамас бөлігі болып табылады. Анимедегі рольдерді дыбыстайтын актерлерді "сейю" деп атайды. Сейю мамандығы Жапоняда жақсы дамыған. Осыған байланысты аниме-сериалдардағы дыбыстау шетелдік жұмыстарға қарағанда аса ерекшеленеді. Телесериал. Телесериал (TV) — көптеген сериалардан құрылған, теледидар арқылы белгілі бір жүйелікпен көрсетілуге арналған аниме. Әдетте бір серияның ұзындығы 23-25 минут. Жалпы сериалдың ұзындығы бір маусымға тең, 12-13 сериадан тұрады. Сондай-ақ бірнеше маусымнан, 24-26 сериадан, және одан да ұзақ сериалдар да бар. OVA. OVA (Original Video Animation) — Видеокассетілер немесе DVD сияқты, видеотасымалдаушыларға шығаруға арналған аниме. Әдетте, OVA екі немесе алты сериадан тұратын қысқа фильм немесе сериал. Фильм. Фильм — кинотеартрда көрсетілуге арналған аниме. TV-Special. Special (Қосымша, бонусты серия, спешиал) — кейде ұзын, кейде негізгі сюжетпен байланысты емес сериал, теледидара бөлек серия болып көрсетіледі. Әдетте қосымша сериалар мерекелік күндерге арналып, немесе телесериалдың аяқталғанын кейін көрсетіледі. ONA. ONA (Original Network Animation) — Интернет арқылы тарату үшін арнайы түсірілген аниме. Өрел. Өрел - Шығыс Қазақстан облысында Катонқарағай ауданында Өрел ауылдық округінде ауылы. Катонқарағай. Катонқарағай - Шығыс Қазақстан облысында Катонқарағай ауданында Катонқарағай ауылдық округінде ауылы. Берел. Берел - Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданы Өрел ауылдық округіндегі ауыл. Идеал газ. Идеал газ - газ молекулаларының материалдық нүкте ретінде қарастыруға болатын және олардың бір бірімен әсерлесуі жоқ, тек қана серпімді соқтығысуымен әсерлесетін газды айтамыз. Нақты газ. Нақты газ - молекулаларының өлшемдері бар және бір бірімен әсерлесетін газды айтамыз. Бауырсақ. Бауырсақ - Қазақтың ұлттық тағамы. Бауырсақ – бидай ұнын ашытып, әртүрлі үлгіде жасап, майға пісіреді. Қазақтың той, мереке дастарханында міндетті түрде бауырсақ болуға тиісті. Ыстық бауырсаққа сары май жағып жесең, өте дәмді. Бауырсақ татар, башқұрттарда да кездесді. Үй бауырсағы Дәмді бауырсақ үшін керек заттар: сұйық май, 1 жұмыртқа, қаймақ, ұн, құрғақ ашытқы, жылы су, қант және тұз. Қаймақты ашыған айран немесе майонезбен алмастыруға болады. Негізінен бауырсақтар әр өңірде әр түрлі жасалынады. Жанкент шаһары. «Ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, бар мен жоғымызды тү-гендеп, келер ұрпаққа аманаттау - «Мәдени мұра» бағдарламасының басты мақсаты. ...Ата - бабаларымыздың тарихи - мәдени мұраларын бірлесіп түлетейік». Бұл елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2004 жылғы 13 қаңтардағы №1277 жарлығына сәйкес 2004 - 2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес үндеуі. Жанкент қорғаны - республикалық сипаттағы археологиялық ескерткіш. Қазалы ауданы территориясындағы «Өркендеу» ауылдық округінің орталығына іргелес жатқан биік төбе сияқты топырақ басқан қорғанның орнында ҮІІ - ХІҮ ғасырларда Жанкент, Янгикент қаласы өмір сүрген. Түрікмен тарихшысы Абұлғазы баһадүрдің айтуынша, оғыз еліне жүздеген жыл астана болып келген, Сыр өзенінің аяғында тұратын ұлы мұра - Жанкент қаласы еді. Оғыздар осы жерді ерте заманнан мекендеп, патшалары астана қала - Жанкентте отырған. Жанкент шаһары Сыр өзенінің сол жақ бетінде, Қазалы қаласынан 15 шақырым жерде жатыр. Орналасқан жері - Қазалы ауданы, Өркендеу ауылынан 15 шақырым жерде. Хронологиялық шегі - ҮІІ - ХІҮ ғасырлар аралығы. Ең алғаш рет П. И. Лерх 1867 жылы зерттеу жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, Жанкентті С. П. Толстов, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті мен Әлкей Марғұлан атындағы археология институты және Мәскеудегі И. Н. Миклухо - Маклай атындағы этнология және антропология институтының ғалымдары зерттеді. Сондай - ақ, аудан көлемінде осы Жанкент шаһарына қатысты көптеген халықаралық конференциялар болды. Тарих - біздің кешегі өткеніміз. Бүгінгі күн - кешегінің жалғасы. Өлке тарихы - туған жердің тарихы. Жердің тарихын білу - елдің тарихын білу. Тарих еш бұрмалаусыз, қоспасыз, шындыққа сай болғанда ғана тарих. Әрбір жердің өзіне тән тарихы болады. Ал әр жердің өзіндік атауы - бұл тек өзіндік тарих. Аңыз бойынша Жанкентті билеп тұрған қатыгез Санжар хан Қарабура Әзім әулиенің қаһарына ұшырап, 1153 жылы қарауындағы халқымен бірге опат болады, сақталған жазба деректерге сүйенсек, 1219 жылы күзде Жанкент қаласына монғолдар шабуыл жасайды. Халықты қырып, қаланы өртеп жібереді. Отқа оранған қаланың үстімен қаһарлы Жошы хан шауып өтеді. Жанкент шаһарының пайда болу тарихы негізінен алғанда «Бегім Ана» аңызының тарихымен пара - пар. Міне, осыдан соң, ондаған жылдардан кейін ғана қала халқы өздерінің сауда мен қолөнер кәсіпшіліктеріне қайта кіріседі. Қала ХІҮ ғасырда бұрынғы қалпына келеді. Енді жаңа Жанкент араб - мұсылман мәдениетінің орталығы саналады. Осылайша «мың өліп, мың тірілген» Жанкент тағы бір ғасыр өткен соң мәңгілікке жойылады. Яғни, ХҮ ғасырдан бері қаланың көне тарихтың куәсіндей томпиып орны ғана жатыр. Бұл жайлы тарихи деректер былайша түсіндіреді. Жанкент Азия мен Еуропаны байланыстырған Ұлы Жібек жолының бо-йындағы қала болатын. Кейін құрлық арқылы өтетін дүние жүзілік керуен жолдары қысқара бастайды. Жанкент арқылы Сырдарияны кесіп өтетін үлкен жолдың да ғұмыры аяқталады. Сырдария мен Жаңадария, Қуаңдария бойындағы Жент, Жанкент, Күйіккескен, Күйік қаланы мекендеген халық осындай себептен және монғол, жоңғар, қалмақ шапқыншылығының кесірінен күйзеліске түскендіктен ата - мекенді амалсыз тастап, бірте - бірте осы күнгі өзбек жеріне - Ташкент, Бұхара, Самархан, Хорезм маңына қоныс аударадаы. Зерттеушілердің пайымдауынша, Жанкент Ұлы Жібек жо-лында жатқан сауда - саттықтың үлкен қаласы болған. Мұнда хан сарайлары салынған. Жанкент әдемі кілем шығарудың, тұскиіз жасаудың, ат сайманын, садақ жебе жасаудың, көзе - сауыт шығарудың орталығы болған. Жанкент қаласының орнын бірінші рет қазып, зерттеген орыс ғалымы П. И. Лерх. Ол көрген кезде қаланың ескі қабырғалары, кейбір архитектурасы, көшелерінің ізі әлі жоғала қоймаған. Сыртынан қарағанда, Жанкент қаласының түрі үлкен төбе сияқты үйінді болып жатқан. Оның аумағы төрт бұрышты, жан - жағы тұтасымен биік қыш қамалмен қоршалған. Қамал қабырғасының қалыңдығы 6 метрдей. Ең жақсы сақталғаны: оңтүстік қабырғасы. Онда қатар - қатар тізбектеліп, бірнеше биік мұнаралар, оқ ататын тесік көздер сақталған. Ең биік мұнара оңтүстік батысында болған. Қаланың ортасында жан - жағын қоршаған ескі сарайдың орны. Онда ел басқарушылары тұрған. Үйлердің орнын, қабырғасын аршып көргенде, одан көпте-ген архитектура үлгісі, қабырғаға түсірілген суреттер, күйдірілген кірпіштер, көк, қызғылт шынымен жапқан көзе тақта-лар, терракоталар, ғаншпен жасалған өрнектер, көзе сынықтары, араб жазуымен әшекейленген сауыттар, тағы сол сияқты өнер өрнектері табылған. Жанкент қаласын қазғанда табылған өзгеше нәрсенің бірі – сол ескі дәуірлерде әдемі дүние жасайтын шеберхананың орны. Оны қазғанда ішінен кірпіш күйдіретін, көзе сауыт күйдіретін, әдемі глазурь шыныларының шеберхана орындары табылған. Олардың барлығында сол кезде өндірісте істеген жұмыстардың қалдығы көп табылған. Соның бірі - араб харпімен жазылған кірпіш. Шеберханада табылған қызық нәрсенің бірі - глазурь қорытатын пештің қалдығы. Оның үстінде шойын қазан сақталған, оның іші қатып қалған глазурьдің ізі. Олардың бірталайы ХІІІ - ХІҮ ғасырдағы Алтын Орда (Дешті Қыпшақ) заманы мәдениетінен хабар береді. Жанкентте мыстан, күміс-тен жасалған ХІІІ - ХІҮ ғасырлардың теңгеліктері табылған. Совет үкіметі кезінде Жанкентті зерттеп, одан осы сияқты көп заттар тапқан ғалым - С.П.Толстов. Әйтсе де, Жанкент шаһары толық зерттелді деп айта алмаймыз. Соңғы жылдан бері Қазалы ауданына келіп, Жанкентті зерттеуді қолға алған Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті мен Әлкей Марғұлан атындағы археология институтының және Мәскеудегі Н. Н. Миклухо - Маклай атындағы этнология және антропология институтының ғалымдарының жұмысы әлі жал-ғасуда. 2007 жылы 26 қыркүйекте Қазалы қаласында аудан әкімі Айтбай Көшербайдың бастамасымен өткізілген Жанкент шаһарына байланысты халықаралық конференцияда Жанкент туралы, бұл шаһарды түпкілікті зерттеу, қала орнын ашық аспан астындағы музей ретінде туристік саяхаттың маршрутына енгізу жайлы мәселелер көрсетілді. Жанкент қаласы нақты қай ғасырда салынған, нендей себептермен жойылып кеткен деген сияқты сауалдарға толықтай жауап алатын уақыт әлі жете қойған жоқ. Әзірше осы кезге дейін жинақталғагн мәліметтерге сүйенер болсақ, Жанкент шаһарының дәуірлеу кезі оғыз мемлекетімен тығыз байланысты болған. Олай болса, оғыздар дегеніміз кімдер? Осыған қысқаша тоқталып өтсек. Әрі сол оғыздардан шыққан атақтылар қатарына кімдер жатады? Оғыздар. Қорқыт ата мен Әл - Фараби Ұлы ғалым академик Әлкей Марғұланның жазуынша, «Қа-зақтар өзінің шежіресі бойынша, арғы тегін ууз елінен, үш оқ тайпасынан шығарып, осы себептен үш жүз атандық» дейді. Сол шежіре бойынша олар өзін ту баста түрікменмен туыс болғанбыз деп есептейді. «Қыпшақ шежіресі» деген кітапта: «Алашаханның екі баласының біреуін Сейілхан, одан сегіз арыс түрікмен, екіншісі Жайылхан, одан қыпшақ, кейін қазақ пен қарақалпақ шыққан, түрікмендер боз оқтан, қазақтар үш оқтан тараған» делінеді. Ихсан Шайқ Дана ата «Оғыз - наме» атты шығармасында «Сейілханды» түрікмен елінің аты болып кеткен көзі дейді. «Оғыз - намені» жазғанда, оны барлық Сейілханға «бізден яд-гар болсын» деп тарту етіп ұсынады. Жанкент қаласы Мауереннаһр жерін Еуропамен, Индиямен, Иранмен байланыстыратын ұлы керуен жолында жатқан. Жан-кент қазіргі Арал теңізі өңірінен шыққан ас тұзын шет елдерге саудаға шығарған. Еуропа елдері осыдан мың жыл бұрын ас тұзын осы Жанкент шаһарынан алдыртқан, оған дейін еуропалықтар тамақты тұз салмай пайдаланған екен. Жанкент қаласын, барша оғыздардың даңқын әлемге паш еткен Қорқыт Ата еді. Ғұлама ғалым Әлкей Марғұланның айтуынша, Қорқыт ҮІІ - Х ғасырларда Сыр бойын мекендеген Қаңлы ұлысының бір табы - Оғыз руы - Қияттардан шыққан. Ол кезде бұрынғы қаңлылар енді «Қаңлы - Қыпшақ» немесе «Оғыз - Қыпшақ» аталып, олардың астанасы Сырдарияның жағасындағы «Жанкент» қаласы болған. Қорқыттың туып - өскен қаласы осы - Жанкент, қазіргі Қазалының күн шығыс жағында. Қорқытты бірінші рет таң қаларлық әдемі сөзбен ғылым жүзіне келтірген арабтың географы Истахри. Ол кісі Хорезмді, Сырдың бойын аралап жүріп, түріктер арасынан бұрын өткен екі данышпан ойшыл туралы әфсаналар естиді. Бүгінде тарихи заманның биік ойшылы Қорқыт жырау туралы түрлі тілде байтақ көп мәліметтер жиналған. Оның көбі ескі түркі, парсы, араб жазуларынан алынған. Солардың ішінде көзге ерекше түсетін ең ғажабы орта ғасырдың асқан ғалымы, атақты тарихшы Рашид - ад - Диннің Қорқыт, Оғыз, олардың ұрпақтары туралы жазып кеткен «Жами - ат - тауарих» шығармасының бір бөлімінде әдемілеп суреттейді. Күншығыс әдебиетіне белгілі болған атақты күйші - музыкант Әбу Наср әл - Фараби, әдебиет, тарих, этнология, археология ғылымдарының теңдесі жоқ білгірі корифей ғалым, академик Әлкей Марғұланның анықтауы бойынша, Қорқыт тәрізді ол да осы айтқан Жанкентте туып, Отырарда өскен. Сондықтан кейін атақты ғалым өзінің лақап атын Фраби не әл-Фараби деп атаған. Әбу Наср әл - Фарабидің Қорқыт тәрізді атақты күйші болғаны Х ғасырдағы Византия жазушыларына да белгілі болады. Араб тілінде жазылған кітаптардың айтуынша, Фараби 870 жылы туып, 950 жылы сексен жасында қазіргі Сирия мемлекетінің Дамаск қаласында қайтыс болған. Сөйтіп, қобызымен ескі дүниені күңіренткен Әбу Наср әл - Фараби Қорқыт күйшінің ізін ала шыққан, соның шәкірттерінің бірі. Арун - Рашид заманында әл - Фараби күйшіні Жанкенттен Бағдатқа алдырып, Бағдат халқы Фарабидің сұлу күйін тыңдайды. Бағдатқа барған соң Фараби араб, грек фәлсафасын үйренеді. Бір кітабында Фараби: «Мен Арситотель шәкірттерінің ішіндегі халыққа ең белгілісі едім, музыка өнеріне маһир едім» дейді. Бұған қарағанда, Әл - Фараби Қорқыт күйін музыканың ең сұлу түріне жеткізіп, екінші жағынан Аристотельдің поэзия, музыка туралы жазғандарын оқыған, ол кездегі данышпан адамның бірі екенін көрсетеді. Жанкент туралы қазіргі кезге дейін жинақталған мәліметтер реті осындай. Біздің бұлардан түйетініміз: Жанкент - біршама ұлы ғалымдардың шыққан мекені, әрі бірнеше тайпа - мемлекеттерді әлемге паш еткен орын. Осыған орай, Жанкентті зерттеу алдағы жылдарда аудан халқы үшін маңызды мақсат болмақшы. Жанкентті зерттеу тек ауданға ғана тән емес, оны Республика ғалымдары толығымен қарастыруда. Дүр Оңғар Дырқайұлы. 1.Сыр бойы, Қармақшы өңірі – жыраулық мектептің үлгісі Біз қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап түлете беруіміз керек. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениет аралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының алға дамуын қамтамасыз етеміз. Халқымызда «Сыр елі – жыры елі» деген сөз бүкіл Сыр бойы өңіріне берілген баға ретінде айтылады. Сұлу Сырдың сағасы ежелден-ақ сал, серілердің, әнші-күйші, жыраулардың отаны десек ешқашан қателеспеген болар едік. Бүкіл түркі тілдес халықтардың ұлы бабасы атанған Қорқыт бабамыздан бастау алған өлшеуі жоқ өлмес мұраға ие болған кешегі Сыр сүлейлері Тұрмағамбет, Жиенбай жырау, Кете Жүсіп, Шораяқтың Омары, Оңғар жырау, Сәрсенбай жырау, Шамшат Төлеповалар, бүгінгі Қали Шыңғысов, Алмас Алматов, Б.Рүстембеков тәрізді таланттар халық арасынан шығып, халқын әнмен, жырмен тербеп, ойын оятқан, сезімін сергітіп, рухани биіктерге бастаған. Қармақшы жері қашаннан-ақ кейбір еңбек ерлері мен өнер тарландарын, елім деп еңіреп туған абзал азаматтарды дүниеге алып келген құтты мекен болып саналады. Қармақшы – Сыр термесі мен жыраулық өнердің туын тіккен қасиетті мекен. Балқы Базардан бастау алған Ешнияз, Кете Жүсіп, Тасберген, Дүр Оңғар, Тұрымбет, Молдахмет, Сәрсенбайлар жыраулық өнердің дүлдүлдері болған. Елбасымыз 2005 жылғы 19 ақпанындағы жолдауында: «Әр адам өзінің қазақ халқының бойына сіңген қасиеттерді өзіне сіңіре білу керек, өз мәдениетін, өз тілін, өз дінін құрметтеу қажет» деген болатын. Жыр бұлағын селдеткен дана бабаларымыздың есімін жоғалтпай, кім екенін айғақтап жеткізу парыз. Сөз өнері мұрасы - әлем өркениеті кеңістігіндегі адамзат ұрпақтарының мыңдаған жылдар бойы жан дүние әлемін адамгершілік – имандылық ұлағатымен байытып келе жатқан рухани құндылық қазынасы. Сөз өнері мұраларының шағын үлгілерін де, үлкен көлемділерін де әуелі туындатушылар – ақындар. Ақындар адамдардың өзара қарым-қатынастарындағы үндестіктерді де, қарама-қайшылықтарды да шығармаларына арқау етті. Осы арада айрықша атап көрсетер нәрсе Сыр бойы ақындары мен жырауларының бәрі дерлік бабаларымыздан мирасқа қалған асыл мұра – қос ішекті қасиетті домбырамен қосыла толғанып, нөсерлете жыр төгіпті. Тағы бір ерекшелігі – Сыр бойы ақындары өлеңді ермек үшін, күнкөрістің қамы үшін шығармаған. Бұлар өлеңді - өнердің пірі тұтып, басқа қонған бақ, абырой санап, оны әруақтай құрметтеп, табиғат сыйлаған талант қуатымен аламан бәйгеге қосқан тұлпардай бір-бірімен жарысып, жақсы өлең туындату жолында өзара жыр додасына түскен. Осылайша арқалы ақындардың әрқайсысы жыр бұлағын көктемгі өзендей тасқындатқан. Міне, осы күнге дейінгі өлең жырлары үлгі болып келе жатқан Сыр сүлейлерінің дүрі туралы айтпақпын. 2.Ақын мұрасы – қайталанбас, сарқылмас мұра Оңғар Дырқайұлы – қазақ әдебиетінің қалыптасуына өзіндік қолтаңбасын қалдырған бірден бір тұлға. Демек, Сыр сүлейлерінің шығармашылығындағы өскендік пен өркендегендіктің белгісін Оңғар жырау Дырқайұлының туындылары да дәлелдейді. Дүниеден уа дариға, Оңғар да өтті, Осындай арқалы ақынның жүрегінен төгілген маржан жырларын, асыл дүниесінің сыры мен сымбатын бүгінгі және келер ұрпаққа ұлағат етіп қалдыру парыз. Әлі жете толық зерттеліп болмаған, Сыр сүлейлерінің ішіндегі дара тұлға – Оңғар жырау Дырқайұлының туғанына 150 жыл толуына байланысты өткізілген ауқымды іс-шараларға халық дән риза. «Мәдени мұра» бағдарламасын басшылыққа ала отырып, аудан әкімі Биғали Каюповтың тікелей бастамасымен «Жүз жырау елі» атанған Қармақшы ауданында 2009 жыл «Дүр Оңғар жылы» деп жарияланып, мерейтой шымылдығы ақынның туған жері – Жаңажол ауылында ашылды. «Дүр Оңғар» қоғамдық қоры құрылып, ақынның шығармашылығы зерттелді. Бұрын баспа көрмеген шығармалары жинақталып, «Ерлерім, сөйле дегесін» атты кітабы жарық көрді. Кент орталығында Дүр Оңғарға салтанатты ескерткіш ашылды. Аудандық мәдениет үйінде «Оңғар Дырқайұлы және Сыр өңіріндегі ақындық – жыршылық үрдіс мәселелері» атты ғылыми танымдық конференция өткізілді. Конференцияда Абай атындағы ұлттық педагогикалық университеттің профессоры Серік Мақпырұлы «Дүр Оңғар туындыларының көркемдігі», осы университеттің кафедра меңгерушісі, ғылым докторы Темірхан Тебегенов Оңғар Дырқайұлының әдеби мұрасы: көркемдік дәстүр жалғасы және шығармашылдық дара сипаты. Қорқыт ата университетінің ғылым докторы Бағдат Кәрібозұлы «Киелі сөздің иесі», осы университеттің кафедра меңгерушісі, профессор Ұлжан Жанбершиева «Оңғар жыраудың айтыстары», доцент Сара Тайманова «Оңғар жыраудың жұмбақ өлеңдері», «Түркістан» газетінің қызметкері Дайрабай Тынышбек «Дүр Оңғардың өмір жолдары» тақырыбында баяндамалар жасалды. Өз дәуірінде табиғи дара талантымен жүзден озған Сыр сүлейлерін таңдандырып, тәнті еткен, сөйтіп «Дүр Оңғар» атанған ақын есімін қайта жаңғыртып, бүгінгі ұрпаққа таныстырып, болашақ жеткіншекке аманат етіп тапсыру мақсатында облыс әкімінің қолдауымен, аудан әкімдері мен облыстық мәдениет басқармасының және ақын ұрпақтарының ұйымдастыруымен мерекелік шаралар жоспарланып, қыркүйектің 11 жұлдызында Орталық алаңда «Алқалап келген әлеумет» атты аймақтық жыршы-термешілер фестивалі болып өтті. Сыр елінің жыр жампоздары мен өнерпаздары Сыр сүлейі Дүр Оңғардың тозбас мұрасын, көкірегінен төгілген маржандай жырларын жұртшылыққа сазды әуен, көркем сөз арқылы жеткізді. Оңғар Дырқайұлының ескерткішінің ашылу салтанатында баба рухын қастерлеп, өнегелі өнерді ұлықтаған ұрпақтары өрелі істерін алға тартты. Дүр Оңғар ескерткішінің ашылуы Президентіміздің берік ұстанымы нәтижесінде жүзеге асып жатқан «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында атқарылып жатыр. Осы бағдарламаны іске асыру барысында көптеген есімдері тарихтан жоғала бастаған жәдігерлеріміз ортамызға оралды. Ауданның бір топ зиялы азаматтары, Төрткүл ауыл тұрғындары, Жосалы кенті Еңбек және Соғыс ардагерлерінің ұсыныстарымен кезегі әлдеқашан келсе де тарих қойнауында өз бағасын ала алмай келген ақын атамыздың шығармашылық мол мұрасын жарыққа шығарып, халықтың игілігіне пайдалануды алдарына мақсат етіп қойды. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Сыр – алаштың анасы», -деп ұлттың ұйысқан аймағындағы тіліміздің, дініміздің, діліміздің сақталуына мән беруі де көп жайларды аңғартса керек. 1. Халқына даналықты, еліне даралықты жыр еткен – Дүр Оңғар. Жыраулық өнер – біздің ұлттық мәдениетіміздің алтын діңгегі. Сыр бойы ақын – жыраулардың ішінде тірісінде «Дүр» атанған Оңғар өзге ақын – жырау сияқты толғау терме, тақпақ айтыс, жұмбақ айтыс, көңіл қос айту, той бастау жырларын молынан шығарған. Жас баланың талантты жырау болуына байланысты ел аузында әр түрлі аңыз әңгімелер сақталған. Дүр Оңғардың туған жері «Жаңажол» ауылында мәдениет үйінің алдына ескерткіш орнатылған. Бұл жырауға туған жерінің, елінің құрметін көрсетеді. Осылай жыр алыбы қайта тірілді. Дүр Оңғардың екінші өмірі – рухани ғұмыры басталды. Өз дәуірінде табиғи дара талантымен жүзден озған, Сыр сүлейлерін таңдандырып, тәнті еткен, есімі қайта жаңғырған «Дүр» атанған жырау өмірі, шығармалары мені қызықтырды. Сыр сүлейлерінің көрнекті өкілі – Қаратамыр Оңғар Дырқайұлы - соңында өшпес мұра қалдырған өткір тіл, орақ ауызды жыраулардың бірі. деп, оны ешкімнің өресі жетпейтін асқар таудың басына шығарып, киелі ақын дегенді меңзейді. Оңғар жырау Дырқайұлы (1859-1902) қазіргі Қызылорда облысындағы Қармақшы ауданының «Жаңажол» ауылында дүниеге келіп, осы өңірде өмір сүрген. Оны кейде «Қаратамыр Дүр Оңғар» дейді. Осындағы Қаратамыр – Кіші жүздегі Шөмекей руынан тарайтын бір аталық. Бұлайша есімі елге танылған адамды туған жерінің немесе шыққан тегінің атымен атау – шығыс халқына тән дәстүр. Жырау жайында әр түрлі дерек бар. Соларды бір-бірімен салыстырып, оның өмірі мен тұрмыс жағдайындағы мәліметтерге сүйенсек, ол үш жасынан-ақ әкеден жетім қалып, таршылық көреді. Оңғар тоғыз жасар кезінен-ақ би-болыстар мен елдің атқамінерлері жиналған үйге қайта-қайта деп өлеңдете айтыпты да қаша жөнеліпті. Мұның оқыстан найзағайдай жалт еткізген өлеңіне таңданған ел ақсақалдары: «Бұл бір нәрсе шығатын бала ғой» деп шамалап, оған ақ тілек білдіріп, бата берген деседі. Ел ішінде Оңғарға байланысты аңыз-әңгімелер көп-ақ. Соның бірі мынадай: Оңғарға түсінде жастай қайтыс болған апасы: «Қалқам, Оңғар саған өлеңді қаппен берейін бе, әлде хатпен берейін бе?» депті. Сонда інісі: «Апа, хатпен бергеніңді тілеймін» деп алақанын жайыпты. Жазған жырларының бәйгеге қосатын пырақтай ұшқыр, түпсіз шыңыраудай терең ойлы, інжу маржандай көркем, хатқа түсіргендей мінсіз болып келетіні содан екен деседі жұрт. 1 Тағдырдың тауқыметін жастай арқалаған Дырқайдың Оңғары жарлылықтың боз шекпенін жамылып жүріп күнелтеді. Дана халқымыз: «Барлық не дегізбейді, жоқтық не жегізбейді» деп, қалай тауып айтқан десейші! Байлығымен есімі Сыр бойына жайылған Досқазы төре бірде Оңғар жыраудың сіңірі шыққан кедейлігін мін қылып әрі мұны жарылқамақ Бер деуші еді ақсүйектер, ал демеуші еді, Өзіңіз күзде соны сойып жеңіз, - дейді мүдірместен. Отты сөз жалыны жүзін шарпығандай кеудесін керген төре теріс айналады. Бұл бір ғана мысал. Жалғыз болсаң – топқа басың кіре алмас. Жарлы адам – ел шаңына ере алмас. деп табанда екпіндете төккіштеп, әрі қарай оның мінез-құлқын термелеп тізе бергенде Қалдан би ақынның семсер сөзінен қорғаштанып кезекті өзге жырауға беруге ишара білдіреді. Дүр Оңғар - айтыс өнеріне де көбірек ден қойған ақын. Ол өз дәуіріндегі бірталай ірі ақындарымен айтысқан. Бірақ дер кезінде жинап, қағазға түсірілмегендіктен уақыт озған сайын ұмытылып, жұрт аузында айтыс өлеңдерінің аздаған шумақтары ғана сақталған. Бүгінгі ұрпағына толық күйінде жеткен ақынның бұл саладағы шығармаларының саны екі-үшеу-ақ. Соның бірі – Оңғар жыраудың Ырысты қызбен айтысы. Ырысты – Кіші жүздің Шөмекей руындағы Аспан, сонан тараған Төбет аталығынан. Жүрген жері той-думан жыраудың бұл сияқты бірқақпай жырлары өте көп болған. Қияс мінез, жат қылықты жандарды көргенде табан астында суырып салып өткір жырмен іреп тастап отырған. Сыр бойында, әсіресе Қызылорда облысы мен Өзбекстанның Бұхара, Науаи облыстарында Қаратамыр Дүр Оңғардың мұралары кең тараған. Дырқайұлы Оңғардың көкірегінен төгілген маржандай жырларын, құмның арасынан алтын іздегендей тірнектеп жинап, бұл қымбат қазынаның сыры мен сымбатын жұртшылыққа жеткізу - кейінгі ұрпақтың міндеті. 2. Ақыл – мінез, парасаттылығы туралы өлеңдері. Дүр Оңғардың өлең-жырының, толғауларының, айтыстарының тәлім-тәрбиелік мәні зор. Асыл қасиеттерді жоғары қояды. Ол тайсалмай сөйлеп, маржандай асыл сөздерін төге біледі. Дүр Оңғар жырларында мораль мен адамгершілікті бір-бірінен бөліп қарамайды. «Адамшылықтың алды – махаббат, әділет, сезім». Бұл үшеуі бірлікте, олар жеке-жеке күйінде жарамсыз. «Әділет – ізгіліктің анасы», «Кімде әділет жоқ болса, оның ұяты да жоқ». Ал ұят жоқ жерде туыстық бауырмалдыққа, махаббатқа орын жоқ. Себебі ұят жоқтық сенімді жоғалтады. 2 Абай: «Адам баласының көбі ақылсыздығынан азбайды, ақылдың сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылықтың жоқтығынан азады» - дейді. Дос түгіл, тақпаған мін дұшпан сынап. Сөз сөйлеушінің ойын, сезімін білдіріп қана қоймайды, оның мінездемесі болып та табылады. Кісінің тәрбиелік деңгейі көбіне сөзінің сипатынан байқалады. Бұл өлеңдері адамгершілікке негізделген.Шынында да, адамның адам болып тұлғаланып, кемелденуінде сөздің атқарған рөлі баға жеткісіз «Жылқы кісінескенше, адам сөйлескенше», - дегендей, адамдар бір-бірімен сөз арқылы ұғысып, танысып, жақындасып, өзгені де сөзі арқылы танып, өзін де сөз арқылы танытады. Жыраудың «Ерлер қояр құлақты» деген өлеңінде Мыңға тең бір өзіңнің басың, аға. 6 Адамның қоғамда өз орнын табуында, көпшілік құрметі мен сеніміне ие болуында, кемел ғұмыр кешуінде орнымен, дәйекті сөйлей білуі, тауып айтатын тапқырлығы үлкен рөл атқарады. Өйткені ақылы кемел, кісілігі зор адам ғана солай сөйлей алады. Мүны біз жырау туралы айтылған «Дүр Оңғар Орынды, әділ сөзге тоқтау - әдептіліктің бір түрі. Ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен дана да шешен халқымыздың ата салтында жүйелі уәжге тоқтамаудан өткен пәтуасыздық жоқ. Ондайлар туралы халық: «Аталы сөзге ақымақ тоқтамайды», - деп, кейіс білдірген. Сыр елінде Ерназар – Қаратамыр аталығынан шыққан Пышанның Төребайы деген би болған. «Көктабанның» сабатын жайлап отырған кезі екен. Төребай арнайы үш ақын-жырауды: Оңғар, Жиенбай, Түрымбет Салқымбайұлын шақырады. Ағайынды екі ел болыстық пен ауылнайлыққа таласып, бірін-бірі көрместей болған. Арада барымта жүріп дау-дамай көбейіп кетеді. Жыраулар бидің айтқандарын үнсіз тыңдап, екі жақты бірлікке, елдікке шақыру қажеттігін сезінеді. Бір жағынан, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты бидің өздерін сынап отырғанын түсінген жыраулар бұл жанжалды басуға күштерін салады. Аузымен құс тістеген айтыскер ақындарымыз әріптестері сөзден сүріндірген жерде дереу тоқтап, жеңілгендерін ашық мойындап отырған. Бұл сөз қадірін танып, мойындау да ірілікті, кісілікті білдіреді. 3. Дәуір, салт-дәстүр тынысын білдіретін толғаулары. Халық айтысты үлкен өнер деп бағалап, оны өнер жарысы, таразысы деп қараған Оңғардың Ырысты қызбен айтысында айтыс Оңғар жыраудың байыпты, салмақты сөзімен аяқталады. Ырысты қыз қаншама ақынды сөзбен сүріндіргенмен осы айтыста жауаптан кідіреді.Мұның өзі Оңғардың өз заманында қандай айтыскер ақын екендігін көрсетеді. Көргенділік жасынан жақсы тәрбие көріп, халқының әдеп, инабаттылық дәстүрін бойына сіңірген дегенді білдіреді. Ол - барлық әдеп түрлерінің жиынтық атауы. Әрбір келер ұрпақ өзіне дейінгі аға буынның қателігін түп-түгел ескеріп, қателік жасамай, өзі де өкінбей, өзгені де опындырмай өссе, қане! Ақын адамдардың қырым-қатынастарындағы екіжүзділіктің, бірін-бірі алдап – арбаудың көбейе бастағанына, халық дәстүрінің қораштана бастағанына («Қыз тойына жалғыз тоқты сойылып, қыздар күңше ұзатылған замана») қартайған кісілердің өз балаларына да қадірсіздене бастағанына («Қартайған соң балаң айтар «қаңғыбас» деп, келінің айтар «алжыған ұйықтап жатпас» деп») күйінеді. Елдің ішкі тұрмысында парақорлықтың етек алып бара жатқанына күйінеді, ата-бабалардан сақталған тұрмыстық қарым-қатынастардың бұзылып бара жатқандығына күйзеледі. «Жаным – арымның садағасы», - дейді намыскер де ержүрек қазақ ері. Адам абыройы үшін қызмет етеді, кейін абырой адам үшін қызмет істейді. Кешегі сұрапыл соғыста ер-азаматтарды туған жерден қашықта арыстанша алыстырған туған елінің, халқының абыройына дақ түсірмеу, сөз келтірмеу еді. Оңғардың «Арқадан жел аударар ақ киікті» атты оқиғалы өлеңінде Қоқан хандығының кезекті бір шабуылында қазақтың Әлім аталығы батыры Басықара бастаған ерлердің жауды талқандағаны, шайқас кезінде Басықараға қоқанның оғы тиіп, ауылға жаралы болып оралады. Қазақтың оқ аттау ырымы бойынша Басықараға тиген оқты шығару үшін алты жүйе Әлімнен қасиетті әйелді іздейді, бірақ табылмайды. Хас батырдың анасы Айымның аттауынан оқ жерге түседі. Оқиғалы тарихи жырдың түйіні қазақ елін қорғаған Басықарадай батырларды және сондай халық ұлдарын тапқан, ар-ұятын мәңгі таза сақтаған Айымдай ару аналар ұлағатын ұрпақтарға ұлықтау. Ақын шығармаларында ғасырлар бойы ұрпақтардың қолданысындағы мағыналы сөздер, сөз тіркестері, халық даналығының қанатты оралымдары мол қолданылады. Халқымыздың: «Ұлық болсаң кішік бол», «Болған адам болдым демес, болдым десе болған емес», - деуі, адам қанша болып толса да, кемерінен асып төгілмеуі керектігін, кісілігі мен кішілігін, көпке деген ізеті мен инабатын үзбей, тіршілік етуі тиістігін айтқаны. Мен жырау өлеңдерін оқи отырып, осы қасиеттердің бар екенін байқадым. Айттың деп ажарсыз сөз айып етпе. Ант беріп, ақ салдалы малды алды, Жығып жүр әділ даудып пара аударып, Бір нәрсе жең ұшынан тастасын деп, деп, дүние-малды еңбексіз, қулық-сұмдық, алдап-арбаудан жинап, сонымен күн көріп жүрген екіжүзді, обал-сауаппен санаспайтын, ылғи пәле ойлаумен жүретін жымысқы адамдар туралы айтады. Ата-бабаларымыз біреудің дүние-малына сұқтануды, ақысын жеуді жазғырған. Әсіресе, жетім-жесірдің ақысын жеудізор күнә, адамдықтан шыққан, имансыздық деп білген. деген халқымыздың ұлағатты сөзі еске түседі. Көргенділік – күнделікті өмірде, адамдармен қарым-қатынаста әдептен шықпау, көңілге келетін сөз айтпау, тұрпайы мінез көрсетпеу. Сөз тыңдайды шекесімен. 9 - деп жырлайды. Жырау әрбір ана қызын тұрмыс құруға әзірлеуі, қызының барған жерде өмірі жақсы болуының, бақытты болуының кепілі екендігін айтады. Әрбір қыз – болашақ ана. Өмірінің жалғасы, ертеңгі елді құрайтын және соған ие болатын ұрпақты дүниеге әкеледі. Дүниеге келген ұрпақтың тілі, ғұрпы, мәдениеті ананың сүтімен, ананың тілімен дариды деген ой айтып отыр. «Қонағы айтпай қонатын, көршісі айтпай кіретін» халқымыздың қанына сіңген дәстүрлік әдебі бар. Қонаққа үйдің төрін, астың дәмдісін Білмесең, ол – кемістік, шалаң тағы Жеңге мен жақсы ат алмас анаң-дағы. Бола алмай ауылға ие, әйелге ер, Болмаса, бұдан да өзге табам-дағы. 11 Бұдан соң екеуі де қазақтың еншісі айырылмаған, мейірімді, қонақжай лылығын айтып едәуір сөз тартысына түседі. Бұл айтыстағы ерекшелік – екі ақын да инабаттылықты сақтай отырып ұтқыр сөйлейді. Жырау: «Мейман атаңнан да үлкен»,- дейтін мақал халықтың қонақтың мәртебесі мен оған көрсетілуге тиісті сый-құрметке инабаттылық тұрғысынан қарайтынын көрсетеді. Мұндай сөз қонақ түскен үйдің оны ескеруі жайында айтылады. Біздің ертегі, аңыз, өлең-жыр, айтыстарымызда меймандостық жайында көп айтылуының өзі-ақ халқымыздың бұл дәстүрімізге қаншалық зор маңыз бергенін көрсетеді. Ақын өмір қозғалысындағы жақсы мен жаманның, асыл мен жасықтың, тұлпар мен мәстектің тағы басқа қарама-қайшылық сапа иелерінің бағалануындағы мәңгілік тоқталмаған құбылыстар жүйесін тыңдаушылар назарына бейнелі өрнектерімен мегзей ұсынады. «... Ұяның ұрпағы - асыл сұңқарындай, Ақ сұңқар аққу өлген айдын көлден Тең келіп жақсылармен ол пар болмас. 12 Дүр Оңғар Дырқайұлының шығармашылығы – қазақ әдебиетіндегі ғасырлар бойы үздіксіз даму жолында келе жатқан ақындық поэзиядағы көркемдік дәстүр жалғасы. Ақынның шығармалары өзімен замандас ақындар шығармаларымен бірге ұрпақтар тәрбиесіне қызмет етіп келеді. Ақынның шығармашылығындағы нақыл өсиет, тойбастар, бата-тілек, жұбату, қонақкәде, бірқақпайлар, жұмбақ тағы басқа жанрларындағы шығармалары халық әдебиетіндегі ұлттық тәлім-тәрбиелік (этнопедагогикалық) ұлттық жан ділі сипатты (этнопсихологиялық) сарындар тұтастығымен жырланған. 13 Тойбастар – халықтың тәлім-тәрбие туралы ата-бабаларының адамгершілік ұлағатын айқындайтын жыр. Аңласаң бес күн қонақ қыз дегенің, «Жүйесін тауып жөн сөйле!» тойбастар өлеңінде қыз ұзату әдет-ғұрпының дәстүрлі тағылымын «Қыздың кетерде жылауының орынды екендігі, ата-ананың, ауыл адамдарының қимастық көңіл-күйлері, кәделерді тиянақты орындау», сонымен бірге осы қыз ұзату тойын өткізіп жатқан қыз әкесінің ауылдың берекелі жағдайы да өлең желісінде қамтылған. Ақын-жыраулар поэзиясындағы көркемдік жалғастық жүйесінде арнау-мадақ өлеңдер үздіксіз жырланумен келеді. Елдің тарихындағы атақты тұлғаларға арналған арнау-мадақ өлеңдері арқылы жеке тұлғалардың атқарған қызметтерінің, адамгершілік-имандылық қасиеттерінің сапалық көрсеткіштері айқындалады. Оңғар ақынның арнау-мадақ өлеңдерінде («Адамзат, дәрежеңді жаңа көрдім!», «Мақтаймын халық жақсысын», «Қалданды мақтауы» т.б.) ел ортасындағы халыққа жағымды іс-әрекеттері бағалай жырланады. Күнделікті тұрмыстық - әлеуметтік қарым-қатынастар арасында адамгершілік-имандылық тәлім-тәрбиесі мәселесін тұрақты жырлаған осындай ақын – жыраулар халықтың ортасындағы ұстаз-тәлімгер, тәрбиеші тұғырында бағаланған. 4. Дүр Оңғар өлеңдеріндегі тәрбиелік мәні бар ұлағатты сөздер Осы келтірілген шағын ғана үзік өлеңде кәдімгі алақиғаш өмірдің қатпарлы сырының мәні, мәйегі жатқаны анық. Мұнда ол – көктем нұры төгілгенде табиғат түлеп, жер көгеріп, ағаш бүршіктеп, жапырағын жайып, мәуесін салатынын айтады. Ал басқыншы жау төнгенде елді ерлер ғана қорғайтынын, сондай қатерлі сәтте оларды жаратушы желеп – жебейді деген сенім білдіреді. Егер тұтқиылдан төнген жаудан сақтанып, қорғаштанып, қалың қамалды бұқпалап паналағанмен кем қорғанды көктеп өтетінін, ондайда жан сауғалағанмен үстіңе төнген ажалдан қашып құтылу мүмкін еместігін Оңғар ақын өмірде көргенін көңілге түйіп, сол кішкентай нәрседен келелі философиялық ой туындатады. Бұл ақын жүректің аңғаруымен көркемдеп кестеленген өмірдің шынайы бейнесі. Қазіргі заманға терең көзқараспен қарап, қазіргі күнгі тіршілікті сипаттаған секілді. Ол да болса қасиеттің бірі болып есептеледі. Ондай қасиет көптің қолынан келе бермейді десем артық айтпаған болар едім. Сол дәуірдегі ел – жұрт халымыздың салт-дәстүрін қатаң сақтап, соның ішінде қыз ұзату, келін түсіру, шілдехана, тұсаукесер, атқа мінгізу, ұлыстың ұлы күні, құрбан айт сияқты кәде-дәстүрлерді кәдімгідей дәріптеп, үлкен мереке етіп өткізген. Халқымыз осындай салт-дәстүрлер арқылы барлық қауымды, әсіресе жас ұрпақты инабаттылыққа, іскерлікке, шаруақорлыққа тәрбиелеп отырған. Сондықтан қыз ұзату, келін түсіру секілді маңызды шараларға арнайы жырау шақырып, тойбастар айтқызған. Мұның да тәрбиелік мәні күшті. Оңғар жырау сондай салтанатты думанның пердесін ашуға көп қатысыпты. Бұл да оның ел алдында сыйлаған жырау екендігін айғақтай түседі. Ол жиырмадан астам тойбастар жырын шығарған. Бұл тақырыптағы туындылар бір-біріне ұқсамайды. Мысалы, көрші ауылда келін түсіретін болса, сол шаңырақтың отбасын, ата-анасын, шыққан тегін, жігіттің болмысын шындық тұрғысында шығармасына арқау еткен. Мысалы: Қожакелді руының дәулетті кісісі Жақабай қызын ұзатқанда шығарғанда «Тойбастар» жырын әуелі бойжеткенге арнайды. Аңдасаң бес күн қонақ қыз дегенің Асылзат дәрежеңді көзбен көрдім, - деп сабақтайды да, бойжеткенге «Досың да, дұшпаның да сүйсінетін ақылды, парасатты бол»,- деп тілек білдіреді. Мұндай тура түйін – Дырқайұлы Оңғардың зерделі ақын екендігін көрсетеді. Өлеңдері мен толғауларын оқи отырып адамгершілікке негізделген қанатты сөздерді жинадым. Мәселен, «Атадан алтау тусаң да, бір басыңа жетерлік», «Хас жаманның бір мінезі, сөз тыңдайды шекесімен», «Қазған орға жығылар, жаққан отқа жығылар», «Алдыңнан шығып жүрмесін, жақсылық жаман еткенің», «Көп құдайдың бір аты», «Ер – шаңырақ, ел - уық», «Адам – керуен, өмір – жол», «Адамға тумақ – рас, өлмек – мирас», «Жалғыз болсаң, топқа басың кіре алмас, жарлы адам ел шаңына ере алмас», «Жағдайсыздың қолы жаздырмас, кемдік ердің көркін шығармас». «Ұл перзент, ұят, иман, әм сұлу жар, Жырау адамгершілікке тән қасиеттерді өзіндік сөз мәнерімен осылай баға берген. Сыр сүлейі Балқы Базарды өзіне үлгі ұстаз тұтып, оның биік өнерін насихаттаған. Жырау – ауыз әдебитінің ежелгі өкілдерінің бірі, халыққа тәрбиенің алуан түрлерін қамтитын мақал-мәтелдердің, қанатты сөздердің ізін жалғастырушы. Өзінің көргенінен үлкен философиялық үлкен ой түйіп отырады. Адам бойында кездесетін парақорлық, алауыздық, бірліксіз қасиеттерді айтып өткен. Ол халықты бірлікке, сыйластыққа шақырады. Осыны қазіргі күнгі балаларға, жастарға сабақ болсын деген тәрізді. Жырау мұрасы – халықтың рухани қазынасы Оңғар Дырқайұлының әдеби мұрасы – мың жылдықтар бойы қалыптасқан, дамыған ақындық-жыраулық өнердің дәстүрлі жалғасы. Оңғар Дырқайұлы Сыр сүлейлері мектебінің көрнекті өкілі ғана емес, ол - сол топтағы және кейінгі кезеңде талай ақындарға ұстаз да болған тұлға. деп тебіреніп, Оңғарды Балқы Базармен қатар қояды. «Әр елдің бар бұлбұлы» өлеңінде Тұрмағамбет ақын да Дүр Оңғардың есімін құрметпен атап, өзіне ұстаздығын, ағалығын мойындайды. Ақын шығармаларын бүгінгі жетуіне Сыр өңіріне белгілі әдеби мұра жинаушысы Ә.Қайнарбаевтың, ақын Ә.Әлиасқаровтың, ал кітап етіп шығаруда белгілі этнограф, әдебиетші, журналист Т.Дайрабайдың еңбегі құрметке лайық. Ақын - өз заманының перзенті, сонымен қатар өресі биік өнер иесі. Өз заманының тыныс-тіршілігіне, шындығына парасат көзімен ой түйеді, сарапшы болады. Ақынның толғаулары, тойбастар, арнау өлеңдері, көңіл – қостары, жұбатулары, жұмбақтары, бірқақпайлары, айтыстары, оқиғалы тарихи жырлары – оның ақындық поэзиясындағы ақындық даралығын көрсетеді. Өзі өмірден ерте кетсе де шығармалары ел ішінде әлі күнге дейін айтылып келеді. Осының өзі-ақ Оңғар жыраудың тума талант екендігін дәлелдеп тұр. Оңғар жыраудың мұрасы - өз заманының, уақытының ақиқат шындығын айта алуымен бірге, шыншылдықтың ғана емес, сыншылдықтың да биік өресінен көрінген құнды дүниелер. Ауыздан ауызға озып, санада сіңіп қалған ақын мұрасы ғалымдар мен әдебиет зерттеушілерінің ізденісінің нәтижесінде кітап болып шығып халқына қызмет етуде. Жырау шығармасы болашақтың да керекті кәделі дүниесіне айналды. Тарих қойнауында жатқан өз заманының белгілі тұлғалары ақындар мен жыраулар осылайша халықтан өз бағасын ала бермек. Қорыта айтқанда, артында сұлу сөз бен өлместей мұра қалдырған атақты дара тұлағаларды қалай құрметтесек те артық етпейді. Дүр Оңғар сынды қазақтың қасиетті сөз өнерінің мәңгіліктілігін өзінің шығармаларында өрнектеп өткен дүлдүлдеріміздің өмір жолы мен шығармаларын келер ұрпаққа ұлағат, өнеге етіп қалдыру – парызымыз. Жазған:Қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Әбдірасылова Бибігүл Өңдеген: Информатика пәнінің мұғалімі Жанат Башенова Тұңғыш Олимпиада чемпионы. Әлжан Мүсірбекұлы Жармұхамедов, спортқа еңбегі сіңген спорт шебері, қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы. Чемпиондық атақты баскетболдан 1972-жылы Мюнхен олимпиадасында алған, әлемнің және Еуропаның бірнеше дүркін чемпионы, СССР чемпионатының тоғыз дүркін чемпионы. Әлжан Жармұхамбедов Табақсай аулы, Бостандық ауданы (сол кездегі саясат кесірінен Қазақстанның Өзбекстанға берген ауданы) Оңтүстік Қазақстан облысында, 2- қазан 1944-жылы туған. Әкесі - Жармұхамедов Мүсірбек, шешесі – Прасковья Жеронкина-Жармұхамедова, әйелі – Лариса Жармұхамедова. Балалары Владислав (1969ж. туган) пен Сергей (1976ж. туган), Мәскеу қаласында тұрады. Әлжанның ұлты туралы баспасөз беттерінде көп жазылған, біреулер өзбек деді, біреулер татар деді. Әлжанның өз аузынан айтқаны, қаны да жаны қазақ екендігі, тіпті, руы Кіші жүздегі Жаппас екендігі. Қазақ екендігі баяғы совет паспортында да жазулы екен, жұртшылық биографиясын білмегендіктен, әр саққа жүгірткен сияқты. Ол мектеп бітірген соң, екі жыл шлифовальщик болып, Шыршық қаласында жұмыс істеген, осы зауытта істеп жүргенде оң қолының екі саусағынан айрылған. Зауыттың дене тәрбиесі инструкторы ұзын бойлы жігітті көріп, (оның бойы 208см болған) баскетбол секциясына шақырған, содан ол жаттықтырушысы Роман Салетдиновтің ұйғарымымен 1963 жылы Ташкенттегі физкультура институтына түсіп, 1967 жылы физкультура оқытушысы мамандығын алып шыққан. СССР дың бірінші лигасындағы СКА спорт клубында және Өзбекстан құрама командасында өнер көрсетіп, тәжрибе жинақтаған. Атақты жаттықтырушы Александр Гомельский ЦСКА спорт клубына қайта-қайта шақырып, Әлжан ауысуға келсім бермегендіктен, 1968 жылы Мехико Олимпиадасына құрамаға алмай қойған. Мәскеуге барғысы келмей, 1969-жылы Алматы қаласының «Локомотив» командасына шақырту алып, жарты жылдай өнер көрсетіп, Ригада болатын кәсіподақтың Спартакиадасына Қазақстан атынан өнер көрсетуге Өзбекстан жағы рұқсат бермеген. Сол жылы 1969- жылдың 26-қарашасында СССР қорғаныс министрі маршал Соколовскийдің қолымен хат келіп, Әлжанды еріксіз Мәскеудің, ол кезде құрама команданың базасы болған атақты ЦСКА командасына алып кеткен. Осы командада бақандай он бір жыл шабуылшы болып ойнаған. Осы команда құрамында және СССР құрамасында тоғыз рет ел чемпионы, үш рет Еуропа чемпионы және 1972-жылы Олимпиада чемпионы атанған. Ең есте қалар сәттерінің бірі Мюнхен Олимпиадасында американдықтармен финалда ойнап жатқанда, ойын бітуге үш секунд қалғанда С.Белов есепті 51:50 жеткізіп, СССР құрамасы Олимпиада чемпионы атанған. Сол жұлдызды команданың капитаны даңқты қазақ өз елінің тарихында тұңғыш Олимпиада чемпионы атанған. Баскетболмен айналысуды аяқтағаннан соң, Әлжан Жармұхамедов бес жыл бұрынғы ГДР елінде, совет әскерлері құрамында жаттықтырушы қызмет атқарып (әскери адам болғасын), 1987-жылы Алматы қаласындағы СКА клубына баскетболдан қызмет табылмағандықтан, мылтық атудан жаттықтырушы болып қызмет атқарған. Алматыдан мамандығы бойынша жұмыс табылмай, бірінші Ташкентке, содан Мәскеуге қайта оралып, С.Белов екеуі Ресей құрама командасын жаттықтырып, 1994-жылы Канадада әлем біріншілігінде күміс медалға, 1997-жылы Еуропа біріншілігінде қола медаль алуға қол жеткізген. Әлжанның ұлы Владислав Саратовтың СКА клубында өнер көрсетіп, әке жолын қуып жүр екен. Кәзір, Әлжан Жармұхамедов зейнет демалысында, Мәскеу қаласында тұрады. Баскетбол ойынынан қол үзбеген, Ресей ардагерлер командасының белді мүшесі. Міне, қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионының спорттағы өмір жолы осылай екен. Әлжан Жармұхамбетов. Жармұхамедов Әлжан Мүсірбекұлы - Қазақстан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы. Әлжан Мүсірбекұлы Жармұхамедов, спортқа еңбегі сіңген спорт шебері, қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы. Чемпиондық атақты баскетболдан 1972-жылы Мюнхен олимпиадасында алған, әлемнің және Еуропаның бірнеше дүркін чемпионы, СССР чемпионатының тоғыз дүркін чемпионы. Әлжан Жармұхамбедов Табақсай аулы, Бостандық ауданы (сол кездегі саясат кесірінен Қазақстанның Өзбекстанға берген ауданы) Оңтүстік Қазақстан облысында, 2- қазан 1944-жылы туған. Әкесі - Жармұхамедов Мүсірбек, шешесі – Прасковья Жеронкина-Жармұхамедова, әйелі – Лариса Жармұхамедова. Балалары Владислав (1969ж. туган) пен Сергей (1976ж. туган), Мәскеу қаласында тұрады. Әлжанның ұлты туралы баспасөз беттерінде көп жазылған, біреулер өзбек деді, біреулер татар деді. Әлжанның өз аузынан айтқаны, қаны да жаны қазақ екендігі, тіпті, руы Кіші жүздегі Жаппас екендігі. Қазақ екендігі баяғы совет паспортында да жазулы екен, жұртшылық биографиясын білмегендіктен, әр саққа жүгірткен сияқты. Ол мектеп бітірген соң, екі жыл шлифовальщик болып, Шыршық қаласында жұмыс істеген, осы зауытта істеп жүргенде оң қолының екі саусағынан айрылған. Зауыттың дене тәрбиесі инструкторы ұзын бойлы жігітті көріп, (оның бойы 208см болған) баскетбол секциясына шақырған, содан ол жаттықтырушысы Роман Салетдиновтің ұйғарымымен 1963 жылы Ташкенттегі физкультура институтына түсіп, 1967 жылы физкультура оқытушысы мамандығын алып шыққан. СССР дың бірінші лигасындағы СКА спорт клубында және Өзбекстан құрама командасында өнер көрсетіп, тәжрибе жинақтаған. Атақты жаттықтырушы Александр Гомельский ЦСКА спорт клубына қайта-қайта шақырып, Әлжан ауысуға келсім бермегендіктен, 1968 жылы Мехико Олимпиадасына құрамаға алмай қойған. Мәскеуге барғысы келмей, 1969-жылы Алматы қаласының «Локомотив» командасына шақырту алып, жарты жылдай өнер көрсетіп, Ригада болатын кәсіподақтың Спартакиадасына Қазақстан атынан өнер көрсетуге Өзбекстан жағы рұқсат бермеген. Сол жылы 1969- жылдың 26-қарашасында СССР қорғаныс министрі маршал Соколовскийдің қолымен хат келіп, Әлжанды еріксіз Мәскеудің, ол кезде құрама команданың базасы болған атақты ЦСКА командасына алып кеткен. Осы командада бақандай он бір жыл шабуылшы болып ойнаған. Осы команда құрамында және СССР құрамасында тоғыз рет ел чемпионы, үш рет Еуропа чемпионы және 1972-жылы Олимпиада чемпионы атанған. Ең есте қалар сәттерінің бірі Мюнхен Олимпиадасында американдықтармен финалда ойнап жатқанда, ойын бітуге үш секунд қалғанда С.Белов есепті 51:50 жеткізіп, СССР құрамасы Олимпиада чемпионы атанған. Сол жұлдызды команданың капитаны даңқты қазақ өз елінің тарихында тұңғыш Олимпиада чемпионы атанған. Баскетболмен айналысуды аяқтағаннан соң, Әлжан Жармұхамедов бес жыл бұрынғы ГДР елінде, совет әскерлері құрамында жаттықтырушы қызмет атқарып (әскери адам болғасын), 1987-жылы Алматы қаласындағы СКА клубына баскетболдан қызмет табылмағандықтан, мылтық атудан жаттықтырушы болып қызмет атқарған. Алматыдан мамандығы бойынша жұмыс табылмай, бірінші Ташкентке, содан Мәскеуге қайта оралып, С.Белов екеуі Ресей құрама командасын жаттықтырып, 1994-жылы Канадада әлем біріншілігінде күміс медалға, 1997-жылы Еуропа біріншілігінде қола медаль алуға қол жеткізген. Әлжанның ұлы Владислав Саратовтың СКА клубында өнер көрсетіп, әке жолын қуып жүр екен. Кәзір, Әлжан Жармұхамедов зейнет демалысында, Мәскеу қаласында тұрады. Баскетбол ойынынан қол үзбеген, Ресей ардагерлер командасының белді мүшесі. Монсон. Монсо́н () — Испаниядағы қала әрі муниципалитет, автономды Арагон қоғамдастығына кіретін Уэска провинциясына кіреді. Муниципалитет Синка-Медио ауданы құрамында. Қамтитын аумағы 155.01 км². Жұрты 17115 адам. Провинция әкімшілік орталығына дейін 61.6 км. Уаң Ли Хоң. Қытайдың танымал әншісі 33 жасар Уаң Ли Хоң (Wang Li Hong) АҚШтың Нью-Йорк қаласындағы Вильямс колледжінде оқыған. Скрипканы, гитараны, пианиноны жақсы ойнап, дауылпазды мықты ұрады. Және де қытайдың музыкалық аспабы “Архуды” (二胡) жақсы меңгерген. 1999 жылы 23 жасында Тайваньдағы бір фестивальда “үздік ән орындаушы” және “үздік әнші” деген номинацияларға ие болады. Бұл осы дәрежеге қол жеткізген ең жас әнші болаған. Алайда тек 2006 жылы ғана Қытай әншісі деп танылған. 2007 жылы Лас-Вегаста “Азияның ең үздік әншісі” деген атаққа ие болған екен. Қысқы Олимпиадалық Ойындар 2010. Канада елінің Ванкувер қаласында өтетін XXI қысқы олимпиада ойындары 2010-ші жылғы ақпанның 12-і мен 28-і аралығында өтеді. Оған әлемнің 82 елінен бес мыңға тарта спортшы қатысады деп күтілуде. Қазақстан XXI қысқы олимпиада ойындарында. Церемония открытия - Қазақстан XXI қысқы олимпиада ойындарында Жазғы Олимпиадалық Ойындар 1980. КСРО (Ресей) астанасы Мәскеу қаласында өтетін XXII жазғы олимпиада ойындары 1980-ші жылғы шілденің 19-і мен тамыздың 3-і аралығында өтеді. Қысқы Олимпиадалық Ойындар 2014. Ресей астанасы Сочи қаласында өтетін XXII қысқы олимпиада ойындары 2014-ші жылғы акпанның 7-і мен 23-і аралығында өтеді. Жазғы Олимпиадалық Ойындар 2004. Греция астанасы Афина қаласында өтетін XXVIII жазғы олимпиада ойындары 2004-ші жылғы тамыздың 13-і мен 29-і аралығында өтеді. Жазғы Олимпиадалық Ойындар 2000. Австралия астанасы Сидней қаласында өтетін XXVII жазғы олимпиада ойындары 2000-ші жылғы қыркүйектің 15-і мен казанның 1-і аралығында өтеді. Жазғы Олимпиадалық Ойындар 1996. США астанасы Атланта қаласында өтетін XXVI жазғы олимпиада ойындары 1996-ші жылғы шілденің 19-і мен тамыздын 4-і аралығында өтеді. Жазғы Олимпиадалық Ойындар 1992. Испания астанасы Барселона қаласында өтетін XXV жазғы олимпиада ойындары 1992-ші жылғы шілденің 25-і мен тамыздын 9-і аралығында өтеді. Жазғы Олимпиадалық Ойындар 1988. Корея астанасы Сеул қаласында өтетін XXIV жазғы олимпиада ойындары 1988-ші жылғы қыркүйектің 17-і мен казанның 2-і аралығында өтеді. Жазғы Олимпиадалық Ойындар 1984. США астанасы Лос-Анджелес қаласында өтетін XXIII жазғы олимпиада ойындары 1984-ші жылғы шілденің 28-і мен тамыздың 12-і аралығында өтеді. Жазғы Олимпиадалық Ойындар 1976. Канада астанасы Монреаль қаласында өтетін XXI жазғы олимпиада ойындары 1976-ші жылғы шілденің 17-і мен тамыздың 1-і аралығында өтеді. Жазғы Олимпиадалық Ойындар 1972. Германия астанасы Мюнхен қаласында өтетін XX жазғы олимпиада ойындары 1972-ші жылғы тамыздың 26-і мен қыркүйектің 11-і аралығында өтеді. Жазғы Олимпиадалық Ойындар 1968. Мексика астанасы Мехико қаласында өтетін XIX жазғы олимпиада ойындары 1968-ші жылғы казанның 12-і мен 27-і аралығында өтеді. Жазғы Олимпиадалық Ойындар 1964. Жапония астанасы Токио қаласында өтетін XVIII жазғы олимпиада ойындары 1964-ші жылғы казанның 10-і мен 24-і аралығында өтеді. Қысқы Олимпиадалық Ойындар 1960. США астанасы Squaw Valley қаласында өтетін VIII қысқы олимпиада ойындары 1960-ші жылғы акпанның 18-і мен 28-і аралығында өтеді. Жазғы Олимпиадалық Ойындар 1960. Италия астанасы Рим қаласында өтетін XVII жазғы олимпиада ойындары 1960-ші жылғы тамыздің 25-і мен қыркүйектін 11-і аралығында өтеді. Жазғы Олимпиадалық Ойындар 1956. Австралия астанасы Мельбурн қаласында өтетін XVI жазғы олимпиада ойындары 1956-ші жылғы карашаннің 22-і мен желтоқсаннын 8-і аралығында өтеді. Жазғы Олимпиадалық Ойындар 1952. Финляндия астанасы Хельсинки қаласында өтетін XV жазғы олимпиада ойындары 1952-ші жылғы шілденің 19-і мен тамыздың 3-і аралығында өтеді. Жазғы Олимпиадалық Ойындар 1948. Великобритания астанасы Лондон қаласында өтетін XIV жазғы олимпиада ойындары 1948-ші жылғы шілденің 29-і мен тамыздың 14-і аралығында өтеді. Жазғы Олимпиадалық Ойындар 1936. Германия астанасы Берлин қаласында өтетін XI жазғы олимпиада ойындары 1936-ші жылғы тамыздың 1-і мен 16-і аралығында өтеді. Жазғы Олимпиадалық Ойындар 1932. США астанасы Лос-Анджелес қаласында өтетін X жазғы олимпиада ойындары 1932-ші жылғы шілденің 30-і мен тамыздың 14-і аралығында өтеді. Жазғы Олимпиадалық Ойындар 1928. Нидерланды астанасы Амстердам қаласында өтетін IX жазғы олимпиада ойындары 1928-ші жылғы шілденің 28-і мен тамыздың 12-і аралығында өтеді. Жазғы Олимпиадалық Ойындар 1924. Франция астанасы Париж қаласында өтетін VIII жазғы олимпиада ойындары 1924-ші жылғы мамырдің 4-і мен шілденің 27-і аралығында өтеді. Жазғы Олимпиадалық Ойындар 1920. Бельгия астанасы Антверпен қаласында өтетін VII жазғы олимпиада ойындары 1920-ші жылғы сәуірдің 20-і мен қыркүйектің 12-і аралығында өтеді. Жазғы Олимпиадалық Ойындар 1912. Швеция астанасы Стокгольм қаласында өтетін V жазғы олимпиада ойындары 1912-ші жылғы мамырдің 5-і мен шілденің 27-і аралығында өтеді. Жазғы Олимпиадалық Ойындар 1908. Великобритания астанасы Лондон қаласында өтетін IV жазғы олимпиада ойындары 1908-ші жылғы сәуірдін 27-і мен казанның 31-і аралығында өтеді. Жазғы Олимпиадалық Ойындар 1904. США астанасы Сэнт-Луис қаласында өтетін III жазғы олимпиада ойындары 1904-ші жылғы шілденің 1-і мен карашанның 23-і аралығында өтеді. Жазғы Олимпиадалық Ойындар 1900. Франция астанасы Париж қаласында өтетін II жазғы олимпиада ойындары 1900-ші жылғы мамырдің 14-і мен казанның 28-і аралығында өтеді. Жазғы Олимпиадалық Ойындар 1896. Греция астанасы Афины қаласында өтетін I жазғы олимпиада ойындары 1896-ші жылғы сәуірдің 6-і мен 15-і аралығында өтеді. Жазғы Олимпиадалық Ойындар 2012. Великобритания астанасы Лондон қаласында өтетін XXX жазғы олимпиада ойындары 2012-ші жылғы шілденің 27-і мен тамыздін 12-і аралығында өтеді. Жазғы Олимпиадалық Ойындар 2016. Бразилия астанасы Рио-де-Жанейро қаласында өтетін XXXI жазғы олимпиада ойындары 2016-ші жылғы тамыздің 5-і мен 21-і аралығында өтеді. Қысқы Олимпиадалық Ойындар 2006. Италия астанасы Турин қаласында өтетін XX қысқы олимпиада ойындары 2006-ші жылғы акпанның 10-і мен 26-і аралығында өтеді. Қысқы Олимпиадалық Ойындар 2002. США астанасы Солт-Лейк-Сити қаласында өтетін XIX қысқы олимпиада ойындары 2002-ші жылғы акпанның 8-і мен 24-і аралығында өтеді. Қысқы Олимпиадалық Ойындар 1998. Япония астанасы Нагано қаласында өтетін XVIII қысқы олимпиада ойындары 1998-ші жылғы акпанның 7-і мен 22-і аралығында өтеді. Қа­зақ­стан нәтижесі. Қазақстан Наганода – 21 орынды иеленді. Қысқы Олимпиадалық Ойындар 1994. Норвегия астанасы Лиллехаммер қаласында өтетін XVII қысқы олимпиада ойындары 1994-ші жылғы акпанның 12-і мен 27-і аралығында өтеді. Қа­зақ­стан нәтижесі. Қазақстан спортшылары тәуелсіз ел командасы ретінде әлі оңы мен солын тани қоймаған-тұғын. Бірақ Владимирдің Лиллехам­мер­дегі 1 алтын, 2 күміс және 1 қола медалі ол сәтсіздіктің бәрін естен шығарып, тәуелсіз ел жан­күйерлерін айрықша қуанышқа бөлеген. Жалпы коман­да­лық есеп бойынша Қазақстан 12 орын алды. Қысқы Олимпиадалық Ойындар 1992. Франция астанасы Альбервилль қаласында өтетін XVI қысқы олимпиада ойындары 1992-ші жылғы акпанның 8-і мен 23-і аралығында өтеді. Қысқы Олимпиадалық Ойындар 1988. Канада астанасы Калгари қаласында өтетін XV қысқы олимпиада ойындары 1988-ші жылғы акпанның 13-і мен 28-і аралығында өтеді. Қысқы Олимпиадалық Ойындар 1984. Югославия астанасы Сараево қаласында өтетін XIV қысқы олимпиада ойындары 1984-ші жылғы акпанның 8-і мен 19-і аралығында өтеді. Қысқы Олимпиадалық Ойындар 1980. США астанасы Лейк-Плесид қаласында өтетін XIII қысқы олимпиада ойындары 1980-ші жылғы акпанның 13-і мен 24-і аралығында өтеді. Қысқы Олимпиадалық Ойындар 1976. Австрия астанасы Инсбрук қаласында өтетін XII қысқы олимпиада ойындары 1976-ші жылғы акпанның 4-і мен 15-і аралығында өтеді. Қысқы Олимпиадалық Ойындар 1972. Япония астанасы Саппоро қаласында өтетін XI қысқы олимпиада ойындары 1972-ші жылғы акпанның 3-і мен 13-і аралығында өтеді. Қысқы Олимпиадалық Ойындар 1968. Франция астанасы Гренобль қаласында өтетін X қысқы олимпиада ойындары 1968-ші жылғы акпанның 6-і мен 18-і аралығында өтеді. Қысқы Олимпиадалық Ойындар 1964. Австрия астанасы Инсбрук қаласында өтетін IX қысқы олимпиада ойындары 1964-ші жылғы кантардің 29-і мен акпанның 9-і аралығында өтеді. Қысқы Олимпиадалық Ойындар 1956. Италия астанасы Кортина д'Ампеццо қаласында өтетін VII қысқы олимпиада ойындары 1956-ші жылғы кантардің 26-і мен акпанның 5-і аралығында өтеді. Қысқы Олимпиадалық Ойындар 1948. Швейцария астанасы Сан-Мориц қаласында өтетін V қысқы олимпиада ойындары 1948-ші жылғы кантардің 30-і мен акпанның 8-і аралығында өтеді. Қысқы Олимпиадалық Ойындар 1952. Норвегия астанасы Осло қаласында өтетін VI қысқы олимпиада ойындары 1952-ші жылғы акпанның 14-і мен 25-і аралығында өтеді. Қысқы Олимпиадалық Ойындар 1936. Германия астанасы Гармиш-Партенкирхен қаласында өтетін IV қысқы олимпиада ойындары 1936-ші жылғы акпанның 6-і мен 16-і аралығында өтеді. Қысқы Олимпиадалық Ойындар 1932. США астанасы Лейк-Плесид қаласында өтетін III қысқы олимпиада ойындары 1932-ші жылғы акпанның 4-і мен 15-і аралығында өтеді. Қысқы Олимпиадалық Ойындар 1928. Швейцария астанасы Сан-Мориц қаласында өтетін II қысқы олимпиада ойындары 1928-ші жылғы акпанның 11-і мен 19-і аралығында өтеді. Қысқы Олимпиадалық Ойындар 1924. Франция астанасы Шамони қаласында өтетін I қысқы олимпиада ойындары 1924-ші жылғы кантардің 25-і мен акпанның 5-і аралығында өтеді. Бурж Дубай. Бурж Дубай немесе Бурж Халифа () - Дубайда орналас әлемдегі ең биік ғимарат. Оны 2010 жылы 4 қаңтарда Дубай әмірлігінің билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашед Әл Мақтұм салтанатты жағдайда ашты. Салтанатты рәсімді тікелей эфирден 2 миллиардтан астам телекөрермен тамашалады. Бүкіл әлемге «Дубай мұнарасы» ретінде танылып келген нысан ресми ашылғаннан кейін Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянның құрметіне «Бурж Халифа» деп аталатын болды. Биіктігі 825 (басқа деректерде - 828) метрге жететін бұл мұнара әлемдегі ең биік және ең көпқабатты құрылыс, ең биік тұрғын үй ғимараты және әлемдегі ең биік тамашалау алаңы бар нысан (мұнараның 124-ші және 160-шы қабаттарда тамашалау алаңдары орналасқан) санаттары бойынша бірінші жүлде алып отыр. Мұнараның төменгі қабаттарында «Армани» отелі орналасатын болса, 19-шы және 108-ші қабаттардың аралығында 900 апартамент, ал одан жоғары қабаттарда корпоративтік кеңселер орналасатын болады. Осыған дейін адам қолымен жасалған Тайуандағы 508 метрлік мұнара әлемдегі ең биік мұнара деп саналып келген болатын. Дубай мұнарасы мыңдаған жұмысшының қолымен бес жыл бойына тұрғызылып, оған 1,5 миллиард доллар қаржы жұмсалған екен. Қазақстан Қысқ­ы Олимпиада ойындарында. Қа­зақ елі тәуелсіздік алып, дер­бес мемлекет атанғалы қысқы Олимпиада ойындарында 3 рет қ­атысты. Оның алғашқысы 1994 жылы Лиллехаммерде (Норвегия) өтті. Одан кейін Наганода (Жапония) бақ сына­ды. Бұл екі үлкен жарыстан қа­зақстандық спортшылар құр қол қайтқан жоқ. Жалпы коман­да­лық есеп бойынша Азды-көпті бұл табыс үшін белгілі шаңғышы және конькиші спорт­шылар Владимир Смирнов, Люд­мила Прошкованы сағы­ныш­пен бір еске алып өткеннің артықтығы жоқ. Мұ­ның алдында, яғни 1992 жылы Альбервильде өткен (Франция) Ақ Олимпиададан Владимир олжасыз оралған. Ол кезде Қа­зақ­стан спортшылары тәуелсіз ел командасы ретінде әлі оңы мен солын тани қоймаған-тұғын. Бірақ Владимирдің Лиллехам­мер­дегі 1 алтын, 2 күміс және 1 қола медалі ол сәтсіздіктің бәрін естен шығарып, тәуелсіз ел жан­күйерлерін айрықша қуанышқа бөлеген. Әйткенмен қазақстан­дық сайыпқырандар үшін Солт-Лейк-Сити (АҚШ) және Турин (Италия) Олимпиадасы жомарт­тық таныта қоймады. Рахат кондитер фабрикасы. «Рахат» акционерлік қоғамы – 60 жылдан артық тарихы бар, Қазақстандағы кондитер өнімдерін шығаратын ірі өндіріс орындарының бірі. Кондитер өнімдері алғаш рет 1942 жылы ликер-арақ зауытының алаңдарында Мәскеу және Харьковтен соғыс кезінде әкелінген жабдықтармен өндірілді. «Рахат» АҚ-нда 3.500-ге тарта адам жұмыс жасайды. Өндіріс қуаты екі жерде, Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан. Өндірістің жан-жақты сипаты, ауқымдылығы және какао бұршақтарын қайта өңдеу бойынша жеке өз желілерінің болуы компанияның отандық өндірушілер арасында кондитер өнімдерінің кең көлемдегі сұрыпталымына ие болуына мүмкіндік береді. Қазіргі күні «Рахат» АҚ-ның сұрыпталым қоржыны 250-ден астам атауға ие, 10 түрлі топқа жататын әр алуан кондитер өнімдеріне толы. «Рахат» АҚ - диабетпен ауыратын адамдарға арнап арнайы өнім шығаруды меңгерген Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын. Бұл сұрыпталымға калориясы төмен және табиғи шикізатпен тең қант алмастырғышы бар шоколад, кәмпит, печенье және вафлидің бірнеше атаулары кіреді. Кондитер өнімдерін шығаратын өндірушілер арасында «Рахат» АҚ өнімінің айрықша ерекшелігі - әр алуандығымен ажыратылатын шоколад өнімдерін шығарудың басымдығы. Кәсіпорында сапаны бақылаудың кешенді жүйесі және бірыңғай жауапкершілікке негізделген ішкі сапа жүйесі ұйымдастырылған және іске асуда. Бұл жүйе өндірістің әр сатысында шикізат пен өнім сапасын бақылауға негізделген. Кәсіпорында ҚР СТ ИСО 9001 – 2001 стандартына сәйкес сапа менеджменті жүйесі Фабрика өнімдерi отандық нарықтағыдай жақын және алыс шет елдер нарығында да белгілі. «Рахат» АҚ өз өнімін ішкі нарықта жоғары деңгейде жеткілікті ету саясатын жүзеге асырады. «Рахат» АҚ сату ауқымы бүкіл Қазақстанды қамтиды, компанияның 14 облыс орталығын қосқанда 18 қалада өнім тарату жүйесі бар. Алматы қаласы бойынша өнім ірі көтермемен сатып алушылар арқылы, сонымен бірге фирмалық бөлшек сауда дүкендері арқылы таратылады. Республиканың басқа аймақтарына «Рахат» АҚ өнімін жеткізу фирмалық сапалы өнім сатуды жүзеге асыратын дистрибьюторлық желі (еншілес кәсіпорындар) құрумен қамтамасыз етіледі. Осылайша «Рахат» АҚ-ның сату ауқымы бүкіл Қазақстанды және компанияның еншілес сауда ұйымы бар көрші Қырғызстанды қамтиды. Өнімді сыртқа шығару жоғары бәсекелестік жоқ және саяси-экономикалық жағдайлар ішкі саудаға кедергі келтірмейтін орталық-азия өңірлеріндегі елдермен (Ауғанстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан) жүргізіледі. ТМД-ның басқа республикалары және алыс шет елдер тарапынан «Рахат» АҚ өніміне деген қызығушылыққа байланысты келешекте компания өндіріс көлемін арттыруды және экспорт көлемін ұлғайту жолымен өткізу нарығын кеңейтуді жоспарлап отыр. Компания тұтынушылардың мүддесін ғана емес, өз қызметкерлері туралы да ойлайды. Компания қызметкерлері үшін өнімді және қанағаттанарлық тұрғыда еңбек етуге мүмкіндік беретін жағдайлар жасайды. Бірінші және екінші ауысым қызметкерлері үшін ыстық тамақпен қамтамасыз ететін асхана жұмыс істейді, жоғары санатты дәрігерлер қызмет істейтін санитарлық бөлім бар, сауна мен жаттығу залы бар сауықтыру орталығы қызмет көрсетеді. Түрлі сала мамандарының біліктілігін көтеру бойынша жүйелі сабақтар жүргізілетін оқу класы бар, мемлекеттік тілді үйрету курстары ұйымдастырылған. CNPC Қазақстанда. СNPC компаниясының «Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамына қолқа сала бастағаны 1997 жыл екені белгілі. 2003 жылы Қазақстан Қытай жағына «Ақтөбемұнайгаз» акцияларының қалған мемлекеттік пакетін сатты. Бүгінде компанияның 85,45 пайыз акциясы СNPC уысында. Қазіргі таңда қытайлық капиталдың «Қазгермұнай» ЖШС БК, «ПетроҚазақстан Құмкөл Рисорс» АҚ, «Торғай Петролеум» АҚ, «Қаражанбасмұнай» ААҚ, «Бузачи Оперейтинг Лтд» ЖШС т.б. секілді компанияларда үлесі бар. «МаңғыстауМұнайгаз» ААҚ-ның акцияларының «50 пайыз минус 2 акция» үлесін иемденетіндігі де белгілі болды. Коржев. Коржев Гелий Михайлович – орыс живопсиь суретшісі, «қатаң стильдің» өкілі. 1925 жылы 7 шілдеде Мәскеуде дүниеге келген. 1944-1950 жылдары В.И.Суриков атындағы Мәскеудің суретшілер институтында білім алған. Сол кездегі Коржев жетекшісі С.В.Герасимов болған.РСФСР Суретшілер Одағының мүшесі болған. 1954 жылғы «В дни войны» атты суретімен көрінген болатын. 1950-1960 жылдары үлкен жетістіктерге жеткен болатын. Оның 1957-1960 жылдардағы «Коммунисты», 1962-1967 жылдардағы «Опаленные огнем войны», 1974-1975 жылдардағы «Русском Икаре 17 века». Коржевтің сюрреалистік суреті – Мутанты (1984-1991 жылдары) өзінің «қатаң стильді» суреті болды. 1951 жылдан бастап Мәскеудің жоғары көркем училищесінде мұғалім болып жұмыс істеген. 1987 жылы РСФСР Мемлекеттік премияның лауреаты болды. Microsoft World. Microsoft World немесе Word дегеніміз компьютерде құжаттар жасауға мүмкіндік беретін бағдарлама болып табылады. Суреттер немесе өң сияқты түрлі-түсті фотосуреттер немесе көрнекі суреттер пайдаланып әдемі мәтін жасау және карталар мен кестелер сияқты деректер қосу үшін Word бағдарламасын пайдалануыңызға болады. Оған қоса, Word бағдарламасы мәтін жасау үшін түрлі көмекші мүмкіндіктерді береді, олардың көмегімен мақалалар немесе есептер сияқты іскери құжаттарды оңай аяқтай аласыз. Сондай-ақ, ашықхат немесе хатқалта мекенжайларын басып шығаруыңызға болады. Word бағдарламасы құжаттар, электрондық кестелер мен көрмелер жасауға және электрондық поштаны басқаруға арналған бағдарламаның бірнеше түрлерін біріктіретін өнімдердің бумасы болып табылатын «Office» бумасының бір бөлігі болып табылады. Саяси дағдарыс. Саяси дағдарыс кез келген мемлекет үшін қауіпті құбылыс. Саяси дағдарыс орын алған елдің тұтастығына сызат түсіп, қоғамда толығымен тұрақсыздық орнайды. Саяси дағдарыс түсінігі екі жағдайда қолданылады. Мемлекеттер арасындағы келіспеушіліктер мен қақтығыстар туғанда, екіншісі – ішкі қайшылық. Ішкі дағдарыс кезінде мемлекеттегі саяси күштер немесе билік тармақтары арасында алауыздық пайда болып, елде заң аяққа тапталады. Мемлекеттік реттеу әлсіреген кезде елде саяси дағдарыс орнайды. Посткеңестік елдерде, атап айтар болсақ, Гүржістан, Украина және Қырғызстанда саяси дағдарыстар орын алып, соңы төңкерістерге ұласқан болатын. 2009 жылы Молдовада өткен парламент және президент сайлауының қорытындылары елді саяси дағдарысқа тіреді. Коммунистер мен либерал-демократтардың келіспеушілігінен Молдовада жаңа президент әлі де болса сайланған жоқ. Анкара. Анкара (,) — Түркия Республикасының астанасы, екінші ең үлкен қаласы. Халқының саны жағынан Ыстамбұлдан кейін, жер көлемі жағынан Конядан кейін екінші орын алады. Болу, Чанқыры, Кырыккале, Қыршеһир, Коня, Ақсарай мен Ескішеһир арасында орналасқан. 38°33'-40°47' солтүстік ендіктер мен 30°52'-34°06' шығыс бойлықтарының арасында орын алады. Батыстан шығысқа, солтүстілтен оңтүстікке қарай өтетін транзиттік жолдардың қиылысатын нүктесі болып саналады. Үлкен бөлігі Ішкі Анадолу аймағына қараса, қалған бөлігі Батыс Қаратеңіз аймағында жатыр. Телефон коды: 312. Анкараның жан саны ADNKS (Adrese Dayalı Nüfus Kayıt Sistemi — мекенжай бойынша халық санын тіркеу жүйесі) бойынша 2007 жылда 4 466 756 болды. Тұрғындардың 2.225.033-і еркек, 2.241.723-і әйел болып есептелді. 1978 жыл мен 1983 жыл арасында туылғандар халық санының ең көп бөлшегін құрап, жалпы саны 429.946-ға жетті. Күнделікті қала іші тасымалда қала әкімдігі қамтамасыз еткен автобустар мен жеке меншіктегі бағыттық көліктер (минибустар) қызмет көрсетеді. Қала әкімдігіне бағынышты көліктерде магниттік карт (карточка) қолданылады. Жеке көліктерде нақтылай ақша қолданылады. Қаладағы такси саны халықтың сұранысын қамтамасыз етуге жеткілікті. Таксилер тәулік бойы жұмыс істейді. Түнгі сағат 12-ден таңғы сағат 6-ға дейін таксилер түнгі бағамен қызмет көрсетеді. Анкара қаласы 1923 жылдан бері Түркияның астанасы болып табылады. Халқының саны жағынан елдегі екінші орындағы қала. Ол тек саяси орталық емес, сонымен бірге, Ыстамбұл және Измир қалалары секілді экономикалық маңызы бар қала. Анкара қаласының әлемнің біраз елдерінің қалаларымен бауырластығы бар. Қазақстанның астанасы, Астана қаласы, Анкараның бауырлас қалаларының қатарына кіреді. Мінездеме. Мінездеме - түрлі мекеме, үйым бірлестік, оқу орындарында белгілі бір адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамшылық тұрғыда жазбаша сипаттау мақсатында жиі жазылатын іс қағазының бір түрі. Қызметтік мінездеме — мінездеменің айрықша кең тараған және әмбебап формасы. Қызметкерді объективті өрі нақты мінездеу қажет болған жағдайда жазылады. Қорытынды бөлімі еркін стилъде жазылады жоне құжат мазмұнын түйіндейді. Мінездеме қызметкерді басқа бір ваканцияға я болмаса оқу орнына үсыну мақсатында да жазылады. Мүнда үсынылған адамның аталған ваканцияға қажет деген мінез-қасиеттері, кәсіптік шеберлігі айтылады. Аттестациялық мінездеме белгілі бір адамның атқарып отырған қызмет орнына лайық, лайық еместігін тексеру мақсатында жүргізілетін аттестация қорытындысына орай жазылады. Мүндай мінездеме корытындысында "атқарып отырган қызметіне лайық", "қызмет бабында жогары қызметке усынуга лайық" немесе "атқарып отырган қызмет орнына лайық емес" деген сияқты түйінді сөздер жазылады. Жеке (функциональды) мінездемелер адамның жеке басының мінезін, білімін, шеберлігін, икемділіген т.б. сипаттай лтырып жазылады. Қорытындьт бөлімінде мінездеме не мақсатпен жазылгандығы атап корсетіледі. Мысалы, "Еңбек келісімін ұзату ум/ш"т.б. Мінездеме А4 форматты параққа жазылады. Көлемі 1 беттен аспауы керек. Мінездеме мотіні жазу машинкасында басылады я компьютерде теріліп, кейін принтерден шығарылады. Тақырыпты, омірбаяндык мәліметтерді, қортынды мен негізгі түйінді үлкендеу шрифтімен беруге болады. Кейде мінездеме жогары жагында мекеменің аты, логатипі, фирмалық белгісі көрсетілген арнайы бланкілерде де жазылады. Әр данасы есепте түратын арнайы бланкілерге жазылган мінездемелер мінездеме беруші адамның және үйым жетекшісінің қолымен расталады. Мінездеме ресми стильде, бейтарап тонмен жазылады. Мотін баяндауышы ашық райлы етістіктен жасалады (беріледі, орындады, көріне білді, көрсетті). 2) мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәлімет; 5) мінездемені талап етуші үйымның аты; 6) мінездеме берілген күн, ай, жыл; 7) мінездеме берушінің аты-жөні, фамилиясы, қолы; Мінездеменің тақырыбы парақтың жоғарғы жағын ала, орта тұсына қарай үлкен әріптермен жазылады. фамилия, аты-жөні, туған жылы, білімі, мекемедегі жұмыс стажы (-жылдан бастап қызмет етеді), қазіргі атқаратын қызметі. Басқа да кейбір мәліметтер қосымшы берілуі мүмкін (мысалы, диплом бойынша мамандығы немесе білім түрі т.б.)- Негізгі мәтінде атқарып жүрген қызметін, өз мамандығын қаншалықты меңгеретіндігі, кәсіптік білім деңгейі, біліктілігі, қызмет бабында жеткен жетістігі мен кемшілігі жазылады. Қысқаша әлеуметтік-психологиялық портреті беріледі. Әріптестерімен карым-қатынас жағдайы, отбасы жағдайы, ұжымдағы орны, абыройы, сын көтеру қабілеті жазылады. Кей жағдайда (оқуға немесе іссапарға жіберу) денсаулық жағдайы да айтылады. Қажет деп табылған жағдайда негізгі мәтінге шетел сапарлары, зерттеу жұмыстары, өз бетімен жүргізген жұмыстары, жетекшілік, ұйымдастыру қабілеті де кіргізіледі. Мәтін көбіне жай сөйлемдермен, қалыптасқан сөз орамдары мен сөз тіркестерін, стандарт терминдерді қолдана отырьгп, басы артық қысқартуларсыз жазылады. Қорытынды негізгі мәтіннің түйінделген, жиынтықталған бөлігі болып табылады. Мүнда мінездеме беріліп отырған адамның перспективалық қызметіне байланысты бір-екі накты ұсыныс енгізіледі. Негізгі мәтіннен кейін (қорытынды) сөзін азат жолдан, бас әріптермен жазып, негізгі түйінді немесе үсынысты атап көрсетуге болады. Мысалы, Қолхат. ҚОЛХАТ - белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алынғанын куәландыратын және оны белгілі бір мерзімде қайтарып беретіндігін міндеттеп, азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін ресми құжат түрі. Бұл бағасы төмен құндылықтарды уақытша пайдалану жағдайында рәсімделеді. Сондықтан қолхат негізінен мекемеішілік қатынастарда жиі қолданылады. - қолхат беруші туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі); - қолхат алушы туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі); - алынғат заттың атауы (егер ақша болса, көлемі санмен де, жазбаша да көрсетіледі); Құқықта бұл жазбаша дәлелдің бір түрі. Қылмыстық іс жүргізу құқығында Қ. – анықтаушының, тергеушінің немесе соттың рұқсатынсыз тұрақты не уақытша тұратын жерінен кетпеу, сотта істі тергеуге және қарауға кедергі келтірмеу, белгіленген мерзімде қылмыстық іс жүргізуші органның шақыруы бойынша келу жөнінде сезіктінің, айыпталушының немесе оған кепілдік берген басқа адамдардың жазбаша міндеттемесі. Сенімхат. СЕНІМХАТ – сенім білдірілген тұлғаға сенім білдіруші атынан (кәсіпорын, азамат) қандай да бір іс-әрекетті асыруға құқық беретін, олардың өзара келісімін куәландыратын құжат. Сенімхат мекеме атынан да, жеке адам атынан да беріледі. Ол мекеме атынан мәміле жасауға, материалдық құндылықтар мен ақша алуға немесе басқа да түрлі әрекеттер жасауға сенім білдіріп, құқық береді. Ресми сенімхаттар мекеме бланкіне рәсімделеді. Сенімхат мекеме атынан берілсе, арнаулы бланкке жазылады да, мекеме басшысының қолы мен мөрі басылады. Егер сенімхат жеке адам тарапьшан берілсе, сенімхат иесінің аты-жөні, құжатының аты мен нөмірі жазылып, колы қойылады. Төменгі жағына мекеме басшысы не нотариус сенімхат иесінін қолын растап, мөр басады. - сенімхат беруші туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі); -сенім білдірілетін тұлға туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі); - алынғат заттың атауы (егер ақша болса, көлемі санмен де, жазбаша да көрсетіледі); Келісім-шарт. Келісім-шарт - жеке түлғалардың және заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуді, өзгертуді және тоқтатуды реттейтін, нотариалды түрде куәландырылатын ресми құжат. Шарттың (келісім-шарттың) жазбаша түрінде жасалынатын мәміленің мазмүны толық көрсетіледі, екі жақ (тараптар) немесе тараптардың өкілеттігі берілген адамдар қол қояды, мәтінді нотариус бекітеді. а) түрғын үйді сатып алу — сату туралы; ә) түрғын үйді сыйға беру туралы; а) жер учаскесін сыйға беру туралы келісім-шарт; ә) жер учаскесін ауыстыру туралы келісім-шарт; б) жер учаскесін сатып алу - сату туралы келісім-шарт. а) автомашинаны сатып алу — сату жөніндегі келісім-шарт; ә) автомашинаны залогқа беру жөніндегі келісім-шарт; б) автомашинаны сыйға беру жөніндегі келісім-шарт. а) процент төлеу арқылы ақша алу туралы келісім-шарт; ә) айып төлеу арқылы ақша алу туралы келісім-шарт. Еңбек келісімі. Белгілі бір жас пен білім дорежесіне жеткеннен кейін, жүмысқа түрғандардың орқайсысының енбек жолы осы қүжаттан басаталады. Еңбек шарты заңмен рәсімделген екі жақтың (әдетте "жұмыс беруші" және "жұмысшы" деп аталады), нақты бір міндеттерді өзіне ерікті түрде алу туралы жазбаша келісімі болып табылады. Аталған мідеттемелерді нақты анықталған шарттар негізінде уақыттың белгілі бір мерзімі аралығында орындайтындықтары баяндалады. Басқа кез келген қүжат еңбек келісімінің де өзіндік қүрылымы мен мазмүны, росімдеу ережелері бар. Еңбек келісімі жүмысқа орналасқан кезде немесе алдыңғы жасалған келісімнің кейбір шарттары (міндеттер мазмүны, еңбекақы мөлшері, жүмыс жағдайы т.б.) өзгерген жағдайда жасалады. Келісім жасауға үйым әкімшілігінде белгіленге тәртіп бойынша қаралған жүмысшы арызы негіз болады. 2) келісімнің жасалған орны мен күні; 3) екі жақтың толық жоне шартты атауы; 4) жүмыстың сипаты мен мазмұны, оны орындауға қажетті квалификация дәрежесі; 5) келісім типі (негізгі жүмыс олде қосымша істелетін жүмыс); 6) келісім түрі (шектеулі мерзімге ме әлде үзақ уақытқа ма); 7) келісімнің уақыты, мерзімі (шектеулі мерзімге жасалған келісім үшін); 10) еңбек жағдайы, еңбекақьт төлеу сияқты әкімшіліктің негізгі міндеттерін көрсете отырып жазылған жүмыс беруші міндеттері; 11)жүмысшының еңбек қүқын қорғауға қосымша кепілдік беретін мағлүмат; 12) еңбек пен демалыс тәртібінің ерекшеліктері туралы молімет; 13)ақшалай берілетін сыйлық көлемі мен оны төлеу тәртібі туралы молімет; 14)демалыс алу тортібі мен оның мерзімі туралы молімет; 15)келісім бойынша жасалатын басқа да жағдайлар мен шарттар; 16)келісім бойынша атап өтілетін ерекше жағдайлар (қай кезде келісім бүзылуы немесе қайт ақаралуы мүмкін); Еңбек келісімін безендірудің қызметтік қүжаттарды безендірудің жалпы талаптарынан көп айырмашылығы жоқ. Келісім мәтіні А4 форматты қағазда таза, түзетулерсіз басылады. Цифрлар қажет жағдайда жазбаша жазылады. Хаттама. Хаттама - жиналыстарда, кеңестерде, конференцияларда жоне алкалық органдардың мәжілістерінде мәселені талқылау мен шешім кабыүрінде жлдаудың барысы туралы мәлімет беретін құжат. Толтырудың тәсілі мен көлемі жағынан хаттамалар стенография, фонография, конспект тәне сойлеген сөздердің мазмұны жазылмаған ықіпамды түрде болып келуі мүмкін. Қысқа хаттамаларда күн тәртібі, сөйлеушілердің аты-жөні, сөилеген сөздердің тақырыбы және кабылданған шешімдер көрсетіледі. Сөйлеген сөздердің толық мәтіні келтірілмейді. Толык хаттамаларда сөилеген сөздердің барлыгы көрсетіледі. Хаттаманың толықтық дәрежесін жиналыстың өзі айкындайды. Бүл жағдайда құжаттың заңдылық жарамдылыгын қамтамасыз сту қажст. Құжаттын заңдылық жарамдылығы барлык қажетті дсректермен, олардың дүрыс толтырылуымен және хаттамадагы мәліметтердің шындыққа сәйкестігімеп аныкталады. Мысалы, жиналысқа катысушылардьщ саныныц көрсстілуі маңызды, ол кабылданған шешімнің жеткілікті дауыспен қамтамасыз етілгенін көрсетеді. Хаттаманың деректемелері: мекеменің атауы; күжаттын атауы; мәжілістің өткен күні; индексі (нөмірі); мәжіліс өткен орын; бекіту грифі (егер қажет болса); тақырыбы (жиналыстың, алқалық органның атауы); мәтін. Мәтіннің кіріспе бөлігінде катысушылардың қүрамы, күн тәртібі; негізгі бөлігінде тыңдалган мәселе, сойлеген сөздер және қабылдантан қаулы көрсетіледі. Құжаттың соңында төраға мен хатшының қолы койылады. Леонель Месси. Леонель Месси ((ljoˈnel anˈdɾes ˈmesi); 1987 жыл, 24 маусымда туылған) - футболшы, Аргентина құрамасы және «Барселона» командасының шабуылшысы. 2009 жылдың үздік футболшысы атағына ие. Осы атақ алудан жарты ай бұрын Месси Еуропаның үздігі атанған. Месси – Аргентина футболының тарихында әлем үздігі атағына қол жеткізген тұңғыш футболшы. Ал «Барселонаның» сапынан шыққан сегізінші теңдессіз. Осыған дейін Месси екі жыл қатарынан 2 орынды қанағат тұтқанды. 2009 жылы шың басына шығуға мүмкіндік туды. Месси – 2005 жылы жастар арасында әлем чемпионы (турнирдын ең үздік ойыншысы мен сұрмергені). «Барселона» құрамында 3 рет Испания чемпионы болды (2004/05, 2005/06, 2008/09). 2007 және 2009 жж. жылдары Испания чемпионатының ең үздік ойыншы атағын алды. 2005 және 2007 жылдары Аргентинаның үздік ойыншысы. Чемпиондар Лигасын 2 мәрте женген (2005/06, 2008/09). 2009 жылы Чемпиондар Лигасының сұрмергені. Өмірбаян. Месси 1987 жылы 24 маусымда Росариода дүниеге келген. Әкесі – Хорхе Месси, анасы – Силия Месси (қыз кезінде – Кусситини). Оның атасы Анджело Месси 1883 жылы Италияның Анконақаласынан Аргентинаға көшеді. Оның 2 ағасы – Родриго и Матиас, 1 апасы бар – Мария Соль. Месси футболды өз әкесінің Grandoli клубында 5 жасынан ойнап бастайды. 1995 жылы Месси «Ньюэллз Олд Бойз» командасына көшеді. 10 жасында Леонель ауруға ұшырайды. «Ривер Плейт» командасы оны алғысы келді, бірақ оның емдеуіне ақшасы жетпеген. Карлес Рексач, «Барселонаның» спорттық директоры Мессиді білген. Ол емдеуін төлеп, Леонельді командасына шақырған. Содан бері ол Еуропаға көшіп, сонда ойнайды. Ресми хат. Ресми хаттар белгілі бір ортаның атқаратын жұмыстарына байланысты мәселелер жазбаша карастырылады. Олар ресми түрде мекеменің атынан жазылады және қызметтен тыс мәселені қозғамайды. Қызметтік жеке хатттар. Бұл хаттардың ерекшелігі айтылатын мәселе өрісінің кеңдігі жоне қызметтен тыс мәселелерге де арналатындығы. Дегенмен де қызметтен тыс мөселелер, адамның өз қызметімен, үйымның атқаратын қьтзметімен шеше алатын моселелер орісімен тікелей байланыста болады. Бүл хаттар жеке түлға атынан жазылады. Ұсыныс хаттар. Бұл хаттар бір мақсатта ғана жазылады: қызметқерді белгілі бір орынға, қызметке үсыну жөнінде басшыға ұсыныс жасау. Аталған қызметкердің сол орынға лайық екендігіне қепілдеме беру. Хат ресми, өзіне тән қүрылымы сақталып жазылады. Бүл хатқа үсыныс жасаған тұлға ғана қол қояды. Сұраныс хаттары. Бұл хаттар да бір ғана мақсатпен жазылады: мекемеден кереқті ақпаратты немесе белгілі бір кұжатты жіберуін сүрау. Сұраныс хатқа мекеменің жауапты адамы қол қояды. Шағым хаттар. Белгілі бір мекеменің немесе мекеме қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекетін көрсету, соған орай шара қолдануды сүрау мақсатында жазылады. Хат мазмүнының неғізгі қүндылығы онда көрсетілетін фактілерге байланысты. Шағым хатқа шағым беруші адам, кейде хат мазмүнына байланысты мекеменің жауапты қызметкері де қол қояды. Циркуляр хат. Ведомстволық жағынан бағынышты барлық мекемелерғе бір мезгілде жөнелтілетін хат. Олар негізінен тапсырма беру сипатында болады. Жолдама хаттар. Құжатпен бірге жіберілетін қосымшаньтң немесе қосымшадардың құрамы, мазмүны, көлемі, саны жайлы мәліметтер көрсету үшін жазылады. Бұл хаттар өрсетілген ақпараттың долдігімен ерекшеленеді. Жолдама хатқа мекеме басшысы қол қояды. Хатты жазып отрығнада онда келтірілетін фактілер мен айтылатын мәселенің маңыз, мазмүнына ғана емес, өзіңіздің оны қалай беріп, жеткізіп отырғандығьщызға да назар аударыңыз. Әрбір хатты жазғанда қалыптасқан стильдік нормадан ауытқьшаған жөн. Фернандо Торрес. Фернандо Хосе Торрес Санс (; 20 наурыз,1984 жылы туған, Мадрид, Испания) - Испания футболшысы, Ливерпуль (Англия) орталық шабуылшыcы. Алғашқы қадам. 1984 жылы 20 наурызда дүниеге келген Фернандо бес жылдан соң футболға алғашқы қадамын жасайды. Бес жасында адам өзін-өзі алып жүруі қиын, бұл енді журналистердің әдетінше асыра сілтегендері болуы керек дейтін шығарсыз. Жоқ. Ол дәл солай. Көзбен көрген, естіген-білген куәгер толып жатыр. Бұл жайтты «Атлетиконың» жанкүйері болған атасы да нақтылайды. Дәл сол кісі Фернандоға футбол ауруын жұқтырған. Кішкентайынан стадионға апарып футбол көрсетіп, нағыз ойынның не екенін сездірткен. Осыдан барып ол жастар командасында доп тебе бастайды. Міне, осының барлығын айтсақ шынында да Фернандо Торрес көзін ашқалы бері футбол ойнап келеді екен-ау! 10 жасында «Райо 13» командасына алынып, бір маусымда 55 доп соғады. Осыдан барып оны «Атлетико» футбол мектебіне шақырады. Онда ол өзін керемет көрсете біледі де, жастар командасына ауысады. Үш жылдан кейін Торрес өзінің ең алғашқы жеңісін тойлайды. 15 жасар футболшылардың арасында өткен Еуропаның мықты командалары қатысқан ірі турнирде ол командасына жеңіп шығуға үлкен көмек көрсетеді. Сөйтіп сол турнирдің үздік ойыншысы деген атаққа ие болады. Оның командасы – «Атлетико». 1999-жылы ол «Атлетиконың» негізгі командасымен алғашқы келісімшартқа отырады. 16 жасарлардың арасындағы Еуропа чемпионатын ұлттық құрама сапында жеңеді. Онда да ол қарап жүрмей 7 ойында 6 доп соғады. 2000/01-жылғы маусымда тұсаукесер кездесуін «Альбасете» командасына қарсы өткізеді. Бір апта өткен соң бірінші голын ұрады. 2003/04 жылы Торрес 35 ойында 19 доп кіргізіп, команданың ең жас капитаны болады. Ол шақта «Эль Ниньоны» Испанияның ұлттық құрамасына шақырады. Португалиямен жолдастық кездесуде ұлттық команданың жейдесімен тұңғыш рет алаңға шығады. «Ливерпуль». 2007 жылдың 4 маусымында ол ағылшынның «Ливерпульіне» ауысады. Торрес 9 нөмірлі жейдеге иелік етіп, өзінің бұл командаға жай келмегендігін бірден аңғартады. Себебі клуб тарихында бұл нөмірмен ойнаған футболшылардың барлығы «мерсисайдтықтардың» жадында мәңгі қалған. Иан Раш, Робби Фаулер секілді аты аңызға айналған жігіттердің орнын жоқтатпауға келген Фернандо келісімен бірден көзге түсті. «Мидлсборомен» өткен кездесуде ол үш гол ұрып алғашқы хет-трик жасайды. Торрес өзінің бұл ғажайып командаға келгеніне бақытты. Өзінің командаластары туралы да жылы пікірде. «Менің осыншама жақсы өнер көрсетіп жүргенімнің арқасы әрине командалас достарым мен бас бапкер Рафа Бенитестің арқасы. Шабуылшы көбінесе ойынды өзіне ала алатын, өзінше ойын көрсетіп, алаңдағы жағдайды реттеп жүретін футболшыларға байланысты болады. Мен де сондаймын. Ал менің капитаным Стивен Джеррард дәл сондай адам. Ол доппен үлкен жылдамдықпен келе жатқанда менің қай жерде тұратынымды сезеді». Әрине мындай деңгейдің футболшылары бір командада ойнағанда бірін-бірінің жағдайларын жақсы түсінісуі заңды. Торрес ағылшын футболына тез арада бейімделіп, өзінің физикалық қасиеттерін оңына пайдалануды үйренді. Бұл сөзімізді өзіде растайды. «Испанияның ла-лигасында ойнайтын Торрес қазір жоқ. Менің ойын мәнерім ағылшын футболына лайықтанған. Мұнда қарсыластың қақпасына жақындау үшін 25 пас жасаудың қажеті жоқ. Англияда жылдамдық пен дәл, тез 3-4 пастың арқасында қақпаға соққы жасауға жағдай туады». Ұлттық құрама. 2004-жылғы Еуропа біріншілігі мен соңғы Әлем чемпионатына Торрес Испанияның ұлттық құрамасымен қатысты. Соңғысында екі доп соқты. Оның бірі финалда Германия қақпасына. Жалғыз сол голының өзі қаншама адамға қуаныш сыйлады десеңізші. Әлемнің үздік қорғаушыларының бірі Филип Лам дәл сол сәтте Фернандодай жылдам шабуылшыға күші жетпесін бірден ұқты. Бір қателік, бір гол. Мұндай футболшылдарды нағыз шебер демей ме? Жеке өмірі. Фернандо Олалье Доминигес атты испан қызына үйленген. 29 мамыр күні Мадридтің Эскориал ауданында үйлену рәсімін өткізді. Ал осы жылдың 8 маусымында олардың қызы – Нора дүниеге келді. Торрестің біршама қымбат дүниелері Мадридте. Үйі, екі иті және «Сони ПС» ойын құрылғысы. Оның барлығы құжаттар дұрыс болысмымен Англияға келуі тиіс. Фернандоның денесінде 5 тату бар. Оң қолында 9 саны мен оның қызының аты – Нора. Сол қолында қайтыс болған көкесінің құрметіне – Фернандо және әйелінің аты – Олалья. Оң аяғында VII-VII-MMI (7.7.2001) деген жазу бар. Бірақ оның мағынасын шабуылшы ешқашан, ешкімге айтпаған көрінеді. Қолында үш сақина бар. Ол үшеуін де ешқашан қолынан шешпейді. Сонымен қатар, Фернандо үй шаруасына да жақсы қарайды екен. Тамақ пісіргенді ұнатады. Өзі «Пепси» немесе «Кола» сусыны болмаса ас іше алмайтыны тағы бар. Постскриптум. Постскриптум - латын тілінен аударғанда "хаттың аяқ жағына, қол қойылғаннан кейін "P.S." таңбаларын койып түрып, одан кейін жазылатын сөздер немесе мотін" деген мағына береді. Постскриптум қызметтік хаттарда мынадай екі жағдайда ғана жазылады. 1. Адресатқа міндетті түрде жеткізілуі тиіс мәлімет хаттың негізгі мазмұнында айтылмай қалса, хат дайындалып қол қойылып койса, қойылған қолдан кейін "P.S." белгісі қойылып, қосымша айтылатын мәлімет жазылады. Бұдан кейін қайтадан қол койылады. 2. Хат мазмұнында айтылған ақпарат, мәлімет өзгерген жағдайда да қойылған қолдан кейін "P.S." белғісі қойылып жаңа ақпарат жазылады. Ол да қайтадан қойылған қолмен расталады. Хатты жедел жіберу қажет болған жағдайда Постскриптум қолмен жазылады. Қол қойылып, датасы көрсетіледі. "P.S." 4- квартал бойынша жасалеап есепті жаңа гана қабылдап алдым. 1999 жыягы желтоқсанның 31-і сағ. 17.30" "P.S." Шүғыл жолсапарға шығуға ткра келіп түр. Сондықтан 2 аптаға дейін сізбен кездесе алмаймын. Кездесу уақытын қосымша хабарлаймын. Кейбір күрделі, күтуге келмейтін, тығыз жағдайларда постскриптум қайталап та жазылады. Онда "P.p.s." постскриптум белгісі қойылады. Оның жазылу реті де дәл жоғарыда айтылғандай. Есім ханның ескі жолы. "Есім ханның ескі жолы" - дәстүрлі қазақ қоғамындағы заңдардың жиынтығы. Оның негізін Қасым хан салған болатын (1511 - 1523). Заң жинағында Қыпшақ, Шағатай, және басқа ұлыстарда қолданылатын әртүрлі жарғылар енгізілді. Есім хан өзіне дейін көп өзгеріске ұшырай қоймаған Қасымның заңдарын іс жүзінде қолдануды өзі билік жүргізгенде қатаң талап етті. Қасымның заңы Есімнің арқасында сол дәуірдің әскери-саяси және әлеуметтік қажеттіліктеріне, халықтың тұрмысы мен дәстүріне сәйкес жетілдірілді, соның нәтижесінде бұл заң халық арасында кеңінен тарады. Бұл заң ережелері жермен, малмен байланысты материалдық тарап-арыз, қылмыстық іс туралы (ұрлық, кісі өлтіру және т.б.), әйелдердің жағдайы, әскери міндеттілік, дәстүрлі шаралар, кедейлерге көмектесу және т.б. туралы мәселелерді қарады. Халық бұқарасы Қасым хан заңының ережелерін ұстауды қалады. Бұл заң жиынтығы Есім ханның құрметіне "Есім ханның ескі жолы" деп аталды. Кіші ат. Кіші ат (лат. Equuleus) - экваторлық шағын шоқжұлдыз. Дельфин, Су құюшы және Пырақ (Пегас) шоқжұлдыздарының аралығында орналасқан. Мұнда жарық жұлдыз жоқ. Қазақстан жерінде көктем, жазда және күзде көрінеді Қазақ (үнжария). «Қазақ» газеті 1907 жылы, наурыз айында Троицк қаласында пайда болды. Газеттің басылуы, қай қалада шығаруы керектігі, редакторы жайында көп дау болып, ақырында келісімге келді. Шығарушысы Хаим Шумлов-Сосновский, бастырушылар-Жетпісбай Андреев, Ешмұхамет Иманбаев. Бір саны шығып, тоқтап қалған. 1911 жылдың 16 наурызында «Қазақ» газеті Оралда қазақ және орыс газеттерінде басылды. Орыс тілінде қазақ мәтіннің кейбір қысқаша аудармасы ғана беріліп тұрыпты. Көлемі шағын, 6 беттік газеттің 5 саны 1911 ж., барлығы 14-15 саны шыққан екен. Газеттің редакторы-Елеусін Бюрин басылымның мақсатын әр санының басында: «Газеттің асыл мақсаты:кәсіп ету, ғылым үйрену турасында» делінген. Газет бетіндегі мақалалар халық алдындағы адамгершілік парызды өтеу мақсатында қазақ елін өнер-білімге жетелеуге қызмет ететіндігі жазылған. Мәдени жаңалықтармен бірге, ғылым жетістіктеріне арналған материалдар да жарияланып тұрды. Мысалы мұнай орнының табылғаны немесе жаңа шыққан кітап, газет туралы хабарлар. Газет мақалаларынан қазақ елінің хал-ахуалын, тіршілігін, шаруашылығын білуімен қатар елді өнер-білімге, мәдениетке, басқа елдің әдебитетінен үлгі алуға шақырған прогресшіл-демократиялық ізгі ниетті ой түйіндеуге болады. 1913 жылы жұмысын тоқтатқан газетАхмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов арқасында оқырманымен қайта қауышады. 1913 жылы 2 ақпаннан бастап таралымы 300, кейбір мағлұматтар бойынша 800ге жеткен газет Орынборда жарық көрген. 1918 жылдан бастап газеттің редакторы Жанұзақ Жәнібеков болды. «Қазақ» газетін ұлтшыл, буржуазияшыл, либерашыл орган, алашордашылардың рупоры ретінде, ал оның редакторы А.Байтұрсынов пен М.Дулатовты алашордашылар «халық жауы» деп бағалап, газетте басылған халықтың әдебиетінен, мәдениетінен, тарихынан, әдет-ғұрпы мен заңынан бай мағлұматтар беретін материалдарының бетін жылы жауып қойған. Газет оқу-ағарту, тіл, газет-журнал ісі, сараптама, рецензияларға көп көңіл бөлген. Теннис Қазақстанда. Қазақ КСР кезеңі. 1940-1950 жылдардан бергі уақытта спорттың аталмыш түрі Қазақстанда дамып, тамырын тереңге жібере бастаған. Мәшина жасау зауыты іске қосылған уақытта Алматы қаласына Галина Тучашвили, Луиза Якимович және Шота Тучашвилилер келіп төл теннисіміздің бастау алуына себепкер болды. Соғыстан кейінгі уақыттарда Қазақстанда үлкен теннистен жеңімпаз атанған Александр Дрозд, Степан Пекай, Маргарита Суховерхова және Александр Марки секілді саңлақтар қазақ жеріне теннистің алғаш «ұрығын» септі. 1960-1970 жылдары Қазақстанда әуесқой теннистің кең етек алуына атсалысқан театр қызметкері З.Райбаев, суретші И.Бальхозин және жазушы С.Бақбергенов сынды өнер саласының азаматтары да болды. 1970-1980 жылдары ресейлік білікті бапкер Августин Вельц Қазақ елінде үлкен теннистен бірнеше таланттарды жаттықтырып, биік белестерді бетке алды. Оның Кеңес спортының жарық жұлдызы, Еуропа чемпионы Марина Крошина, Лилия Карпова (Максимова), Алла Филинова, Марина Ткаченко, Людмила Гушул, алғашқы қазақстандықтар арасында Англияның Уимблдон турнирінде өнер көрсеткен Алексей Рудь, Валерий Литвинов, Валерий Ковалев, Владимир Вельц, Виталий Гушул, Лариса Николаева, Александр Шкрыль, Маргарита Клепик, Эля Юсупова, Татьяна Бабина, Венера Жұмабаева (Баширова), Жанна Аманжолова, Келді Ержанов, Жолдас Жаманқұлов, Орал Аманжолов, Асхат Сыдықов, Наталья Максимчук, Оксана Фучаджи, Александр Гужавин, Александр Старцев, Татьяна Бабина, Семен Новиков, Дмитрий Арисов, Егор Шалдунов, Юрий Карлов, Алиса Вельц сияқты шәкірттері жергілікті жеткіншектерге теннис әліппесін үйретті. Тәуелсіз Қазақcтан кезеңі. Қазақcтан тәуелсіздікке қол жеткізген тұста қазақстандықтар арасында теннис қалақшасын сауатты меңгерген спортшылар некен-саяқ еді. Негізі қаракөз қандастарымыздың арасында алғаш тенниске ден қойған ағайынды Досқараевтар еді. Олжас теннис корттарында біршама жақсы нәтижелерге жетіп, қазақы қауымды бір қуантса, кейін оның туған інісі Диас теннис корттарында жасындай жарқырады. Қазақcтанның беткеұстар спортшысы ғана болып қоймай, алыс-жақын шетелдерде де бақ сынап жүрді. Бірақ, Олжас АҚШ-қа барып студент атанған соң теннис қалақшасын сирек қолға алатын болды. Ол тек Америкадағы жоғарғы оқу орындарының студенттері арасында ғана сынға түсті. Ал Диас бірер жыл ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп, еліміздегі бірінші ракеткашы атанған Алексей Кедрюктің өзін састырды. Бүгінгі таңда аталмыш ағайынды жігіттердің үлкені мұхиттың арғы жағында қаржы саласы бойынша еңбек етіп жатса, кішісі сол АҚШ-та студент атанып жүр. Осындай оғлан жігіттеріміз шетелде жүргенмен, олардың орнын апалы-сіңілі Рақымдар басты. Алғашында Мәдина, кейін Әмина еліміздің үздік теннисшілері атанды. Әсіресе Әмина кортта өте сезімтал спортшы. Енді бұл теннисшілердің соңдарынан тұлымшағы желбіреген Зарина Дияс еріп келеді. Зарина былтыр Астанада өткен ересектер арасындағы аламанда шетелдік теннисшілерді шаң қаптырып, бас жүлдені иеленді. Бұрын осындай қомақты ұтыс қоры бар еліміздегі бәсекелердің бас бәйгесі ресейлік немесе өзбекстандық қыздардың еншісінде кететін. Сол олқылықтың орнын Заринадай қаршадай қыз толтырып отыр. Сонымен қатар, Зарина Дияс былтыр Алманияда өткен халықаралық додада бас бәйгені олжалады. А. Голубевтің Петербордағы жарыста ақтық сынға шыққаны, С. Каратанчеваның Аустралия ашық біріншілігінде үшінші айналымға дейін жеткені, Я. Шведова АҚШ чемпионатында төртінші айналымға дейін сүрінбей келгендігі, құрама команда ретінде Хопман кубогына қатысқанымыз қазір бізге үлкен жеңіс болып тұр. Ғибадат. Ғибадат – Исламда бізді және бүкіл жаратылысты жоқтан бар еткен әрі әрқашан бар етіп ұстап тұрған, әр түрлі нығметтер мен жақсылықтар жіберіп, жетілдірген Аллаһу та’аланың әмірі мен тыйымдарын бұлжытпай орындау. Сонымен қатар, Аллаһтың махаббатына қауышқан пайғамбарларға, әулиелерге және ғалымдарға бағыну. Сансыз нығмет берген Аллаһқа шамасы жеткенше шүкір ету әрбір жанның бірден бір міндеті. Бірақ адам баласы өзінің құсырлы ақылы және қысыр санасымен жаратқанға құрмет амалдарды таба алмайды. Құрмет болып саналатын амалдар Аллаһу та’ала тарапынан білдірілмейінше адам санасында мадақтау болған нәрселер жаратқан үшін мазақ ету, жамандау болуы мүмкін. Адамдардың Аллаһқа деген діл, тіл және денемен өтеуі және сенуі қажет болған шүкір боршы мен құлдық міндеті, Аллаһу та’ала тарапынан білдірілген және Оның сүйікті Пайғамбары арқылы жеткізілген. Аллаһ білдірген және әмір еткен құлдық міндеттері «Исламият» делінеді. Аллаһу та’алаға шүкір ету, Оның Пайғамбары алып келген дінге бағыну арқылы жүзеге асады. Бұл дінге қайшы немесе бұл жолдың сыртында қалған еш бір шүкіршілік, ғибадатты Аллаһу та’ала қабылдамайды және ұнатпайды. Сондықтан да Ислам дінінен хабарсыз жұртшылықтың өз бетінше әр түрлі ритуалдарды орындауларының Аллаһ құзырында еш бір құны болмайды. Демек, ақылы бар адамның Аллаһқа шүкір және дұрыс ғибадат етуі үшін Мұхаммед алейһиссаламға бағынуы шарт. Денемен орындалатын құлшылықтардың ең құндысы намаз. Әлеуметтік мемлекет. Әлеуметтік мемлекет – барлық байлығын, ішкі мүліктерін, ұстанып отырған саяси және экономикалық қағидаларын ел тұрғындарының тұрмысын жақсартуға, қоршаған ортаны қорғауға, білім алуға керек мүмкіндік жасауға, денсаулық сақтау жүйесін жоғары деңгейде қалыптастыруға жұмсап отырған мемлекет. Әлеуметтік мемлекеттің мәні мен мақсаты – қоғамдағы бейбітшілік пен татулық үшін жағдай жасау, әлеуметтік серіктестік институттарын дамыту, еңбекшілерге әділетті де лайықты еңбекақы төлеу құқығына және қауіп-қатерден қорғауға кепілдеме беру. Осындай мемлекетті құрудың міндетті шарты – саяси және экономикалық билік бөлісі болып табылады. Бұл меншік түрінің әр алуандығына байланысты. Әрбір адам нақты қандай да болсын кәсіпорын қызметін пайдалануға ерікті: мемлекеттік, кооперативтік немесе жеке меншіктік... Сабын. Сабын – тілімізге арабтың «сабун» деген сөзінен енген кірме сөз. Сілтінің, сақардың және майдың қосындысынан жасалған, суда еритін кір жууға арналған кесек немесе қоймалжың сұйық зат. Бүгінде сабынның сан түрлі атаулары бар. Сабын өндірісі бұдан 6000 жыл бұрын жүзеге асқанын археолог-ғалымдар дәлелдеп отыр. Сабынның адам баласына ертеден белгілі екендігі туралы Рим дәрігері Гален шығармаларында жазылған. Оны көп мөлшерде өндіру ХІХ ғасырда сода тәсілі табылғаннан кейін жедел өркендеді. Қожанов, Сұлтанбек. Сұлтанбек Қожанов - аса көрнекті мемлекет қайраткері, ғалым, педагог, публицист. Небәрі 44 жасында сталиндік нәубеттің құрбаны болды. 1937 жылы 16 шілдеде Ташкентте тұтқындалып, саяси қуғын-сүргін құрбаны болды. 1957 жылы ақталды. thumb 1921 жылы Халық ағарту комиссары болған кезде оқу-ағарту саласында білім беруді жергілікті ұлт тілінде жүргізу мәселесін көтеріп, ана тілінде білім беретін мектептерді көбейтуді талап етті. Жуырда ҚР Білім және ғылым министр-лігінің Республикалық ғылыми-педаго-гикалық кітапханасында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ағартушы, ұстаз, қарымды қаламгер Сұлтанбек Қожановтың туғанына 115 жыл толуына орай «Өмірі өнегелі өр тұлға» атты еске алу кеші өтті. Кештің құрметті қонақтары, ғалымдар Мәмбет Қойгелдиев, Жомарт Құдайбердіұлы, Мәрзия Жылысбайқызы кітапхана оқырмандарына С.Қожанов туралы тың деректі, тағылымды да, терең мазмұнды әңгімелер айтып берді. Сұлтанбек Қожанов 1894 жылы ескіше Түркістан уезінде, қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Ақсүмбе ауылында дүниеге келді. Оның қысқа да ауыр балалық шағы Қаратау баурайындағы Қожан Қаңқаұлының отбасында өтеді. Көп балалы Қожанның ұлдарының үлкені Сұлтанбек еді. Еті тірі, пысық болып өскен Сұлтанбек алдымен ауыл молдасынан хат танып шығады. 1910 жылы әкесі оны Түркістанға әкеліп, танысының үйіне орналастырып, 4 сыныптық орыс-түзем бас-тауыш мектебіне береді. Бір ауыз орысша сөз білмей келген Сұлтанбек бұл оқуды тез игеріп, әке-шешесіне ауырлық түсірмеу үшін етікшінің жәрдемшісі болып жұмыс істейді. Зерек бала орысшаға тез төселіп, орыс-түзем мектебінен кейін үш сыныптық қалалық училищені бітірген соң, білім қуып, Ташкентке келеді. Ташкендегі үш жылдық мұғалімдер семинариясын үздік аяқтаған оны Әндижан уезіндегі орыс-түзем мектебіне мұғалімдікке жібереді. Онда бір жыл істегеннен кейін туған жеріне оралып, ауыл мектебінде бала оқытуға кіріседі. С.Қожановтың қоғамдық-саяси жұмысқа белсенді түрде араласуы Ташкенде мұғалімдер институтында жүргенде Ақпан төңкерісінен кейін өрістейді. 1917 жылы шілдеде өткен І-жалпықазақ сьезінде Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылады. 1918-19 жылдары Түркістан өлкелік аштықпен күресу комиссиясының мүшесі, 1920 жылы Түркістан уездік атқару комитетінің төрағасы, Түркістан республикасы Ішкі істер комиссариятының комиссары, Халық ағарту комиссариятының комиссары, «Ақ жол» газетінің редакторы, Түркістан Орталық атқару комитетінің орынбасары, Қазақ өлкелік БК(б)п ұйымының жауапты хатшысы, КСРО Бақылау комиссиясының Өзбекстандағы өкілі қызметтерін атқарады. Жалпыға бірдей ұлт мектептерін ашып алған соң, ол шаруа ғылымын үйрететін, тұрмыс-тіршілікке жаттықтыратын, яғни, әрі оқытатын, әрі баулитын кәсіптік еңбек мектептерін ашуды, оларда да оқуды ана тілінде жүргізуді міндет етіп қойды. Сондай-ақ ол республикада баспасөз бен ұлттық театрлардың құрылып, өркендеуіне, мәдени-ағарту саласындағы күрделі жүйелердің жанданып, халық үшін қызмет жасауына өз ықпалын тигізіп отырды. С.Қожанов мемлекет қайраткері ретінде еліміздің ұлттық-аумақтық шекарасын межелеу кезінде айрықша еңбектенді. Сол кезде саны 6 миллионға жеткен қазақты мысалға ала отырып, «Орта Азиядан енші алыста ақы иесі екеу болса, бірі, санға кіретіннің ең үлкені болуы керек. Олай болмағанда, ұлт шегін ажырату тура жолмен жүргізілмегені болады», - деп мәселені ашық қойды. С.Қожановтың тікелей ұсынысымен Кеңестердің І сьезінде қазақ халқы тарихи атауын қалпына келтіріп, «киргиз» деген атты төл атауы «қазаққа» түзетті. Сол кездегі астананы Ақмешітке көшіргенде, оны Қызылорда деп өзгертті. Улы бақа. thumb Улы бақа - Ұзындығы небәрі 5 см болатын кішкентай ғана сарғыш келген ағаш бақасы әлемдегі ең улы жануарлардың бірі. Ол Америка құрлығының Колумбия аймағындағы ормандарда тіршілік етеді. Кезінде үндістер оның уымен садақтың оғын майлаған. Бұл бақаның 1 грамм уы 100 мың адамды улай алады. Зерттеуші мамандардың пайымдауынша, оның уының құрамында бүгінде ең қауіпті болып саналатын батрахоносин уы бар. Улы кесіртке. Улы кесіртке - Мексика мен АҚШ-тың Аризона штатының құрғақ және шөлді далаларын мекендейтін улы кесірткелердің екі түрі болады. thumbБіріншісі – ірі денелі, ұзындығы 60 см. Сарғылт қызыл немесе қызғылт қоңыр түсті болып келеді. Екіншісі – эскорпион деп аталады. Бұл алғашқысынан да ірірек, денесі үлкен болып келген. Олар күндіз тастардың арасындағы індерде тығылып жатады. Тек кеш түсісімен ғана індерінен шығып, кішкентай жәндіктермен, құстардың жұмыртқасымен қоректенеді. Күн қатты ысыған кезде індеріне кіріп жатады. Жыл бойғы жиған қоректері құйрықтарына май болып жиналады да, соның тоқтығымен ұзақ уақыт жата береді. Бұл улы кесірткелердің уы өте күшті болады. Жануарларды шақса, өліп кетеді. Ал адамды шаққанда дер кезінде медициналық көмек алмаса, ісініп, соның салдарынан өліп кетуі де әбден мүмкін. Жылан. Жалпы Алматы облысы бойынша жыланның 2 түрі кездеседі. Біріншісі сұр жылан, екіншісі бұзша жылан. Бұл екеуі де улы шағатын жорғалаушылар. Оларға адам өзі алдымен барып тиіспесе, өздігінен адамға жолмайды. Кейбір жыландар 3 жыл бойы тырп етпестен, нәр тартпай ұйықтай алады. Жылан жайлы аңыздар. Аустралия, Орталық Африка аборигендері, ежелгі грекиялық фессалийцтер, солтүстікамерикалық үндістер өздерінің ата-тегін жыландар деп есептейді. Сондықтан бұл тайпалар жыланға аса құрметпен қарайды. Алайда бертіндегі ғалымдар мұны ежелгі тотеизмнен қалған сарқыншақ деп түсіндіреді. Қалай десек те, ХVII ғасырда жыланға табыну фанаттық формада жүзеге асқаны шындық. Жыландар зәулім храмдарда тұрып, рахат ғұмыр кешкен. Ал көптеген африкалық тайпалар жыланға қызмет көрсетуді мәртебелі іс санаған. Оқыған абыздар белгілі бір мерзімде елді аралап 10-12 жасар қыздарды жыланға табынушылық құпияларына үйреткен. Жалпы, жылан туралы аңыз-әфсаналар өте көп. Уының емдік қасиеттері. Мысырлықтар жылан уынан түрлі дәрі-дәрмектерді жасауды ерте кезден білген. Қазіргі уақытта Мысырдағы Суэцк университетінде ұзақ, қажырлы еңбекпен жылан уының химиялық құрамы зерттеліп, таңғаларлық жаңалықтар ашылды. Жылан уынан жасалған дәрімен ракты, белсіздікті, қант диабетін емдеуге, қан тоқтатуға, қан қысымын қалыпқа келтіруге болады екен. Улы жыланның сілекей безінен бөлініп шығатын ақшыл сары не көкшіл түсті сұйықтың құрамы альбулин, глобулин, ферменттер, су, тұздардан тұрады. Жалпы, удың қасиеті жыланның түріне байланысты бөлінеді. Сұр жылан уында қанға әсер ететін геморрагин, көзілдірікті жылан уында жүйке жүйесіне әсер ететін нейротоксин болады. Жылан уынан кезінде кеңес медицинасы да май, сұйықтар түрінде дәрілер дайындаған. Ол дәрілер дәрігердің рұқсатымен қолқа демікпесін, ревматизм, артрит сияқты көптеген ауруларды емдеуге қолданады. Бір ескертетін жағдай, жылан уынан дайындалған дәрілерді туберкулез, бүйрек, бауыр аурулары бар адамдардың қолдануына болмайды. Жылан уының емдік қасиеті ХVII ғасырда белгілі болды. Франческо Реди деген адам мұны алғаш ашқан деген мәлімет бар. Ал жүз жылдан соң тағы бір итальяндық ғалым Фелисе Фонтане удың ұңғыл-шұңғылын зерттеп, адам ағзасына әсер ету механизмін түсіндірген. Бүгінгі медицинаның басты белгісі болған символ – тілін сумаңдатқан жіңішке жылан XVI ғасырдан бастап қолданысқа енген. Бұл символды кеңес елі де 1924 жылы түпкілікті мақұлдаған. Жылан уына қатысты тағы бір жағымды жаңалық бар. Осыдан бірер жыл бұрын Новосибирскінің дәрігер-ғалымдары ішімдік десе елең ететіндер үшін баламалы сусын жасауды қолға алыпты. Кәдімгі араққа жыланның уын қосады екен. Оның кереметі сонда, алкоголь адам ағзасына қауіп төндіретін қасиетінен айырылып қалады. Және “жылан арағын” ішкеннен адреналинді қоздыратын қуатқа еш залал келмейтін көрінеді. Джеки Чан. Джеки Чан () - Атақты әртіс, каскадер, кинорежиссер, продюсер, сценарист, әнші. Джеки Чан 1954 жылы 7 сәуірде Гонконг қаласында кедей отбасында дүниеге келген. Оның шын есімі Конг-Санг Чан, Гонконгтан шыққан деген мағынаны білдіреді. Ата-анасы тақыр кедей болғандықтан, болашақ әртіс бала күнінде аштықты талай бас-тан кешкен. Кейін ата-анасына жұмыс табылып, Австралияға қоныс аударғанда, 6 жасар Джеки отанында қалып, Қытай жабық драмалық академиясына оқуға қабылданады. Ол кезде академия оқушылардың ата-анасымен шарт жасасып, егер бала әлдеқалай жарақат алып немесе қайтыс болып кеткен жағдайда оқу орны жауап бермейтінін мәлімдейді екен. Сөйтіп, тағдыр тәлкегіне қалған ол академиядағы нағыз қатаң тәртіптің тезіне түсіп, таңғы 5-тен тұрып, 16-17 сағат бойына созылатын тынымсыз жаттығулардың шыңдалуынан өтеді. a>" оны әйнек өнеріне байланысты "Әйнек оқиғасы" атандырып, заманауи деңгейге көтерді. a>"Jackie Chan performs all of his own stunts, which are choreographed by the Jackie Chan Stunt Team 1971 жылы академияны бітіріп, кинодағы жолын каскадерліктен бастаған қайтпас қайсар Джеки Чан актерлік өмірде де небір аса қауіпті трюктерді өзі орындап, басын талай қатерге тіккен. Екі омыртқасын, мұрнын, аяғы мен қолын да талай сындырып, кеңірдегін жаралап, көзінен де айырылып қала жаздаған. Тіпті бас сүйегін де сындырып, өлімнен қалғанын жұрт біле бермейді. Сонымен қатар Джеки Чан әнші, көптеген киноларындағы әндерді өзі орындаған, 80 жылдардан бастап қазіргі күнге дейін 20 альбомды әндер жинағын шығарған. Бірақ, қалың жұрт Джеки Чанды әнші ретінде емес, әртіс ретінде таниды. 100-ден астам фильмдерде басты рөлдерді сомдаған. Ең алғашқы түскен киносы «Мәңгілік махаббат», «Жас жолбарыс». Осы актерлік өнердің, ерен еңбектің арқасында Джеки Чан әлемдегі ең бай адам атанып және көптеген табыстарға қол жеткізіп отыр. Ол мұқтаж адамдарға көмек беруден аянбайды, ЮНИСЕФ және Гонконг қаласындағы балалар үйіне 4,14 млн доллар өткізген. Джекки Чан және аюлар. Чан Мырза Германияның Берлин қаласында "«Жер шарының айналасында 80 күн ішінде»" ("Around the  World in 80 Days") фильмін түсірген кезде, ол Бадди атты аюлар достастығы ("United Buddy Bears") туралы біліп алды. Сол уақытта Бадди атты аюларды Берлин қаласының әр бұрышында кездесуге болды. Джекки түрлі түсті аюларға қызығушылық танытты да, аюлар туралы қосымша ақпарат алды. Алынған ақпарат бойынша, аюлар Берлин тұрғындары Клаус және Ева Херлицтің қолдарынан шықты. Аюлардың Джекки сияқты бір маңызды мақсаты – адам баласына келесі ұранды білдіру болды: адамдар гармонияда және бейбітшілікте өмір сүруі тиіс. Сонымен қатар, Бадди атты аяюлар игі қайырымдылық мақсатына арналған қаражат жинауға көмектесті. Чан бұл идеяны жақсы көріп, және 2004 жылы оның көмегімен Бадди атты аяюлар Гонконг қаласында шеңберге тұрды. Жүсіп пайғамбар. Жүсіп (а.с.) пайғамбар туралы Құран Кәрімде жеке сүре бар. Ол қасиетті кітапта баяндалатын барлық қиссалардың ең көркемі делінген. Хазіреті Жүсіптің әкесі Жақып (а.с.) пайғамбар еді. Ол Ысқақтың (а.с.) ұлы болатын. Ысқақ (а.с.) пайғамбардың әбден қартайған шағында Сара әйелінен туған-ды. Ал Хазіреті Жүсіп (а.с.) Жақыптың (а.с.) екінші әйелі Раһилден туған. Ол Жақып ұлдарының ең жақсысы еді. Мұхаммед (с.а.у.) бір хадисінде Құрандағы Жүсіп сүресін үй-ішіне, құлына үйретуді тапсырған. Осы сүрені үйретсе, жан тәсілімнің жеңіл болатынын және мұсылмандарды қызғанбайтын кеңпейіл болатынын айтқан. Өйткені, Хазіреті Жүсіп (а.с.) өз туған бауырларының көре алмастығынан құдыққа тасталып, зынданға түсіп, көп қиыншылыққа ұшыраған. Осындай кезде ол тек Алладан жәрдем тілегендіктен, Жәбірейіл періште арқылы көмек алып, соңында биік мәртебеге жетіп, салтанат құрған еді. Күш-қуатқа ие болған кездерінде ол ең әлсіз, мұқтаж, кедей адамдарға қамқорлық жасаумен болды. Сондықтан Жүсіп сүресін үнемі оқып, терең мағынасына жеткен адам Хазіреті Жүсіп (а.с.) секілді игілікке кенелетіндігі мәлім болған себебі, Жүсіп (а.с.) сүресінде хикметті істер мен ғибратты өмір бар. Қиссадағы астарлы мағынада Жүсіп – жүректің халін, Жақып – рухты, Раһил – дене мүшені, Жүсіптің қызғаншақтық он бір бауыры нәпсіні бейнелейтіндігін көрегендікке жеткен мұсылман түсіне алады. Жүсіп (а.с.) жеті жасында түс көріп, түсінде он бір жұлдыз және күн мен айдың өзіне сәжде жасағанын көреді. Оны әкесіне айтқанда, Хазіреті Жақып оның пайғамбар болатындығын білді. Осыдан, әкенің Жүсіпке деген сүйіспеншілігі ағайындарының қызғанышын қоздырды. Олар Жүсіпті өлтірмек қараниет жоспар құрған еді. Сонда, бауырларының бірі оны өлтірмей, құдықтың түбіне тастаңдар, деп ара түсті. Міне, бұл қызғаншақ адамдардың еш мейірімі болмайтындығын көрсеткен оқиға. Жүсіп (а.с.) құдыққа тасталған кезде оған Жәбірейіл періште көмектесіп, ішкізіп-жегізеді, жалаңаш қалған үстіне Ибраһимнің жейдесін кигізеді. Ағалары Жүсіптің жейдесін қойдың қанына бояп, әкесіне әкеп көрсетіп, оны қасқыр жеп кетті деп, өтірік айтады. Сонда, сүйікті ұлын жоғалтқанын білген Жақыптың (а.с.) қайғысы жетпіс ананың қайғысына тең болды, дейді. Бірақ, ол Аллаға ғана шағым жасағандықтан, оның сауабы жүз шәйіттің сауабындай болған екен. Яғни, қайғысын адамға емес, Аллаға айтқандығы үшін ол көркем сабырдың иесі атанды. Ал Жүсіпті (а.с.) бір керуеншілер құдықтан шығарып алып, Мысырға барғанда, құл ретінде арзан бағаға сатып жібереді. Ол Мысырда Зылиқа деген әйелдің жаласымен тағы да зынданға түседі. Жүсіп (а.с.) осындағы қиын жағдайда жатып, түрмедегілерді бір Құдайға құлшылық етуге шақырудан танбайды. Алланың ілімімен берілген түс жору өнерінің арқасында, ол Мысыр патшасының түсін жорып, зынданнан босаған еді. Патша оны өзіне кеңесші етті. Бірақ, Жүсіп жақсылықты одан емес, Алладан күтті. Нәтижесінде патша бүкіл Мысырдың билігін Жүсіпке (а.с.) берді. Осы сенімі үшін Алла Тағала патшаның өзі мен оның адамдарына мұсылмандықты нәсіп етті. Билікке келген соң Жүсіп (а.с.) ең алдымен азық-түлік молайтты. Ол азық-түлік іздеп келген ағаларын танып, істеген қастықтарын түгел кешті. Қырық жыл жылап, көзден айырылған әкесі Жақыпқа (а.с.) өз жейдесін жіберіп, сонымен көзін сүртсе, шипа болатындығын хабарлайды. Жейде тиер-тиместе оның көзі бұрынғыдай көреді. Бұл жейде Ибраһим (а.с.) отқа тасталғанда, Жәбірейіл жәннаттан әкеліп оған кигізіп, одан Ысқаққа, одан Жүсіпке дейін жалғасқан Алланың сыйлығы болған ғажайып мұра еді. Һұд пайғамбар. Құран Кәрімде аты аталған Һұд(а.с.) пайғамбар-дың есімі – жұмсақтық, бейбітшілік және тыныштыққа ұйытқы болушы деген мағынаға келеді. Ол Ад деген жиырма үш тайпадан тұратын үлкен қауымға пайғамбар болып жіберілген еді. Бұл қауым хазіреті Нұқтың баласы Самның әулетінен тараған, Нұқ дүниеден өткен соң 800 жылдан кейін болған оқиға. Ад қауымы қазіргі Иемен, Оман мемлекеттерінің арасындағы өлкеде өмір сүрді. Бұл өлкенің топырағы өте құнарлы, ғажайып бау-бақшаға толы болатын. Тарихтағы әйгілі «Ирам бақтары» деген сөз сол кезден қалған. Осындай бай мемлекеттің халқы сымбатты денелі, ұзақ жасайтын адамдар болатын. Олар тастарды кесіп, қашап, келісті үйлер салып, құрылыстар тұрғызатын. Ад халқы осындай дүние қызығымен Құдайды ұмытты. Хазіреті Нұқтың топан су оқиғасына көп заман өтпесе де оны естен шығарып, өз күштеріне сеніп такаппарланып кетті. Және өз қолдарымен жасаған Самад, Сада атты тас пұттарына табына бастады. Олар Құдайдан қорықпайтын өңшең қатігез еді, әлсіз адамдарды биік құрылыстан лақтырып, шашылған сүйектерін тамашалап, мәз-мейрам болатын. Һұд осы қауымнан болса да бір Құдайға құлшылық ететін ізгі әулеттен еді. Алла Тағала Ад қауымына ескерту жасау үшін, Һұдқа құдайы әуез арқылы: «Өз қауымыңның ішіне қорықпай бар! Сен арқылы оларға мұғжизалар көрсетемін» деген сәлем жіберді. Пайғамбарлық қонған Һұд патшаның қарсы алдына барып зор дауыспен: «Тек Алла Тағалаға құлшылық етіңдер! Нұқ қауымы пұтқа табынғаны үшін жойылды» деді. Адтың патшасы Халжан, баласының көптігі мен қисапсыз байлығын айтып, Һұдтың нәсихатын құлағына да ілмей, ашулы қарсы сөздер айтты. Һұд бұған қатты қапаланып, қолын көкке көтеріп, Алла Тағалаға жалбарынды. Осы сәттен бастап Ад қауымының әйелдері бала тумайтын бедеу халге түсті. Ад қауымы бұл қасі-реттен де сабақ алмады. Һұдтың көрсеткен желді қалаған жағына бұратын, тақыр жерді көз алдында көгалдандыратын ғажайып мұғжизаларына сенбей мазақ етті. Бұдан кейін құрғақшылық болып бау-бақшалар сарғайып, аштық жайлады. Һұд оларға Алладан кешірім тілеуін насихат етті. Бірақ, олар байлықтан туған рақат әдеттерінен бас тартқысы келмеді. Ақыры аспанды бұлт торлады. Олар жаңбыр келеді деп қуанды, бірақ бұл апат дауылы еді. Һұд: «Құдайға бет бұрыңдар!» деп жанашырлықпен тағы ескертті. Олар: «Сенің сөзің бос сөз, енді жаңбыр жауады» деп қасарысты. Меңіреу қауым соңғы ескертуге де селт етпеді. Сәр-сенбі күні дауыл күшейіп, боран ағаштарды түбірі-мен қопарып, адамдарды қу сабан секілді аспанға көтеріп әкетті. Жеті күн жалғасқан азап желі Адтың тұрған қаласын, олар болмағандай құм төбелерге айналдырды. Құдайға арқа сүйеген Һұдтың әулеті ғана құдірет күшімен аман қалды. Бұл оқиғалардың қасиетті Құранда баяндалуы – кейінгі замандағы қауымға да дәл сондай ескерту деп білген жөн. Шакира. Шакира Изабель Мебарак Рипалл-Латынамерикалық әйгілі әнші. Шакира 1977 жылдың 2-ақпанында порттық қала Барранкильде дүниеге келеді. Әкесі – Вильям Мебарак, ұлты араб, ал анасы – Нидии дель Кармен. Қызының болашағына зор сеніммен қарайды. Жастайынан өте зерек, алғыр болып өседі. Бір жарым жасында әріптердің бәрін танып, үш жасында оқуды үйренеді. Сегіз жасында ұлттық әндер байқауында жеңімпаз атанады. Осылайша сегіз қырлы, бір сырлы қыз он бір жасында гитарада ойнай бастайды. Он үш жасында музыкалық аспаптардың барлығын жетік меңгереді. Және испан, ағылшын, португал, итальян тілдерінде еркін сөйлейді. Ең алғашқы шығарған ән жинағы «Magia» деп аталады. Осы кезде Шакира небәрі 13 жаста еді. Осы ән-жинаққа енген көп әндердің авторы да өзі. Ал, 16 жасында Испанияда өтетін үлкен ән фестивалінде Колумбия елінің намасын қорғайды. Алайда Шакираның өнердегі алғашқы қадамы сәтсіз болып, екі ән жинағы елеусіз қалады. Өзіне сенімді, қайтпас қайсар мінезді Шакира белді бекем буып, 1994 жылы колумбиялық «El Oasis» мюзиклына қатысып, көпшіліктің көзайымы болады. Ерен еңбегінің арқасында әншінің «Laun dry Servi» альбомы көп сұранысқа ие болып, 4 миллион тиражбен таралған екен. Шакира «Грэмми» сыйлығын үш рет жеңіп алады. Қазіргі таңда Шакира тек әнші ретінде емес, биші, продюсер ретінде де танымал. Оның өз әндеріне түсірген бейнеклиптері әншінің ерекше би қимылдарымен көрерменді тамсандырады. Шакираның атақ-даңқынан басқа тұрақты өткізіп тұратын қайырымдылық шараларын ауыз толтырып айтуға болады. Әсіресе жағдайы төмен, жетім балаларға жасаған жақсылықтары көп. Әншіге бұл жақсылығы үшін өз елінде ескерткіш қойылған. Қыпшақ. XVIII ғасырдағы орыс әкімшілігінің ресми құжаттарында Қыпшақ тайпалары мен оның руларының орналасуы жайындағы мәліметтер аз. Қыпшақ руының ақсақалы Толе батыр туралы (1731 ж.), Ресей бодаидығына ант берген мырзалар мен батырлар туралы (1742 ж.), Ертіс бойында Железиика бекінісі маңында кошіп жүретін Оразмәмет тархан ақсақалдың Қыпшақ ұлысы туралы (1763), Орыс сұлтаниың ұлы, Коряков форпостысыпа жақын жерде кошіп жүретін Сұлтапмәмет сұлтан туралы (1764) айтылады. Капитан Андреевтіц «...Суреттемесінде» қыпшақтар туралы былай делінген: 2-Қыпшақ болысы Құлан-Бұлан, ұзын, Колденең, Бұлтық, Тасқор, Танабұғы, Қарабалық, Алтынбас, Шаңқалақ, Торыайғыр, Қара-Жұлба және Арық ұриақтарына бөлінеді. Ямышев бекінісінен Железинка бекінісіне дейін жайылмалар мен аралдарды қоса Ертіс өзені бойында көшіп жүреді. 5-Күрлеуіт болысының (күрлеуіт руы М. М.) бір болігі тура Песчаная станицасы тұсында жайылмалар мен аралдарда көшіи жүреді. Қыпшақтар Железинка бекінісінен Омбы бекінісіне дейінгі кеңістікте және Тобыл шебі бойында Покровск бекінісі тұсында арғындармен (Атығай руы) және керейлермен шектес көшіп жүрген. Капитан Андреевтің мәліметтерін Г. Волконскийдің материалдары едәуір толықтыра түседі, оларды оқи отырып, қыпшақтардың былайша орналасқанын аиықтауға болады. Қыпшақ руының бір атасында 1000-дай шаңырақ бар. ...Есіл, Обаған өзендері маңында және Жасыр мен Бағар жазығында көшіп жүреді. Қыпшақ руының төрт атасында 3000-дай шаңырақ бар. Жаз кезіиде Тобыл, Аят өзендері бойында және оның сағасында көшіп жүреді. Қыстыгүні Дала бекінісінен Троицкіге өтіп, Усть-Уй бекінісіне дейін, сөндай-ақ Үй өзені бойында, Тобыл өзені не қарай жәие сол бекіиістер тұсындағы даланы қыстайды. Қыіішақ руынның алты атадан тұратын Танабұғы тармағында 2000-дай шаңырақ бар. Жазғы қоныстары сол жерде. Көлденең Қыпшақ руының төрт атасында 2000-дай шаңырақ бар. Сол жерде көіпіп жүреді. Торыайғыр қыпшақ руьшыц төрт атасында 3500-дей шаңырақ бар. Олардың жазғы жайлауы шеп жақтағы Аманқарагай, Белібай жазығында, Ащыкол маңында. Қыстыгүні Үшқияқ, Торғай озеидері тоңірегін, қүмдардың ортасыи қыстайды. ұзын Қыпшақ руының алты атасында 2000-дай шаңырақ бар. Олардың жазғы жайлауы Торғай, Мойынты өзеыдерінің бөйыида, Обаған озепініц бас жағында, Еділ және Теректі жазығында. Қыстыгүні Сарыбұлақ өзенінің бас жағынан Торғай озепіне қарай, шығыс жағында Қайыңды тас өзеніне дейін қыстайды. Уақ. Уақ тайпасының рулары меи аталары жоңғарларды ігуып шығу кезеңінде қазақтардың Орталық және Шығыс Қазақстанға қайтып оралуы тұсындағы жалпы ағын бойынша қозғалған. Бастапқыда уақтардың бірнеше қауымы Ерейментау іказығына (мысалы, Тұраққопа алқабы) қоныстанған да, басқалары Ертістің оң жағалауыиа (Арқатау тауы жазығына) кеткен. Ерейментаудаи олар Ертістің сол жағалауына, Шар, Ащысу секілді өзендер бойына көшеді. Ертістің оң жағалауында уақтардың біразы жалға: 1 шаңыраққа 40 тиын, 1 ірі қараға 15 тиыи, 1 қойға 5 тиын, әрбір шаңырақтың түтін салығыиа 30 тиын төлепу кабипеттік және әскери жерлерде кошіп жүрген. Жайылым меи учаскелерді жалға алатыи ақшасы бөлмағаи кейбір қауымдар Ертістің сол жағалауына, ал басқалары Томск губерииясы меи Алтай таулы өкругінің жерлеріие кетеді. Мысалы, Жансары руы 1876 жылға дейін Алтай таулы округішң жеріиде қыстап жүргеи де, өзінің Семей облысыиа қосылуы себепті Ертіске кошіп келуге мәжбүр бөлған. XIX ғасырдың біршші жартысыида уақтар барлық округтерде қоныстанды деуге болады, алайда олар Аягоз, Амаиқарағай (Құсмұрын), Баяпауыл сыртқы округтері меи Омбы ішкі округіиде коп болган. Салық төлемеген болыстар жөиінде жасалған 1841 жылғы ведомость бойыиша, ондайлар: СарманУақ болысыпда 3220 адамы, 736 шаңырағы бар 12 ауыл, ал ШоғаУақ болысыида 3999 адамы, 913 шаңырағы бар 14 ауыл болған. Уақтардың екі болысында барлығы 26 ауыл, 1649 шаңырақ, 7219 адам есептелген. Бұл кошпенділер өздерін Уақтаи тараған сегізінші буыпбыз деп білетін ағайынды Шоға мен Сарманның ұриақтары (6кесте). Сібір шебі тоңірегінде көшіп жүрген 374 шаңырақ уақтар 7ші казак полкінің жерінен қуып шығарылып, 1844 жылы Аягөз округінің Уақ бөлыстарына қосылды. Шөға (6 ауыл, 621 шаңырақ) мен Ергенөкті уақ (5 ауыл, 430 шаңырақ) біріккеи бір Уақ болысы Томск губерниясындағы Бийск округінің жерінде, Черемухов және Белокаменный станицаларыяа жақын жерде көшіи жүрген. Ал олар барлығы 11 ауыл болып, 1051 шаңырақты біріктірген. Баянауыл, Ақмөла сыртқы округтеріне қосылған уақтардың көпшілігі Томск және Тобыл губернияларьшда көшіп жүрген. 1849 жылғы деректер бойыиша, 4 әкімшілік ауылдаң (384 шаңырақ) тұратын Баяпауыл уақтары (ергенекті уақ руының Бидалы атасы 6кесте) Томск губерииясының Бийск округіндегі Семияр станицасының маңында, Сарбеубел алқабында, сөндайақ Тобыл губерниясьшың Омбы округінде, Песчаный станицасына жақыи маңда көшіп жүрген. 1840 жылғы деректерге қарағанда, ашылмақшы болған Көкпекті округі иіегінде Делбегетеіі тауы мен Жартас алқабыпан Шар озеиіпе, ІТриказдап солтүстікбатысқа карай 150 шақырым қашықтықта көшіп жүргеп уақтардың 170 шаңырағы болған. Омбы округіндегі казак полктері жерінде көшіп жүргеи уақтар көп болған. Мысалы, 5ші, 6шы казак полктерінің жерінде (Құлаиды даласы)665 шаңырақ, Ертістің сол жағалауындағы 10 шақырымдық өңірде, 7ші полктің жерінде 909 шаңырақ кошіп жүргеп. Ақмола сыртқы округіне қөсылған 10 қауымнан тұратын (898 шаңырақ) Шөға Ергенекті уақ (Бидалы, Жансары аталары 6кесте) рулары да округтен тыс жерлерде: Томск губерииясыііың Бийск округіидогі Лебяжье, Ямышев, Семияр сташтңалары маңыида: Тобыл губерииясының Омбы округіндегі Качиры және Песчаный станицалары аралығыида, Черлак сташщасының маңыпда, сондайақ 7казак полкінің жоғарыда аталған станица л ар маңындағы Ллерінде кошіп жүргеи. Сібір ведомствосы жерінің батысында, Орынбор ведомствосының жерімен шектес, Аманқарағай уақтары орналасқан. Уақтардың шағын топтары Кіші жүздің жерінде, Тамды, Қарақобда жәие Сарықобда өзендеріиің бас жағыи мекендеген. Өз тайпаластарынан бөлініп қалғаи бұл уақтар Кіші жүз рулары (әлімүлы, байұлы тайпалары) арасында қоныстанған. Бұлар, мұнда не жоңғар шапқыншылығыиан кейін қалған немесе өз тайпаластарымен ренжісіп, өлардан айырыла көшкен болса керек. Соңғысы жиі болатыи құбылыс. Мысалы, Орта жүз тайпалары арасынан өз руластарынан бөлініп, Орта жүз қауымдарына кетіп қалғанына көп бөлғаи жағалбайлыларды, тамаларды т. б. жиі кездестіруге болады. Өскемен уезінің жерінде, Бұқтырма өзенінің бас жағыида және Аршаты тауының төңірегінде керейлермен бірге уақтардың 68 қожалығы көшіп жүрген. Семей уезінде уақтардың 5728 қожалығы болған. Төрт болыс пен Қызылқұм болысының бір бөлігі солардан құралған. Олардың орналасқан жерлері Семей қаласынан оңтүстікке қарай Семейтау, Белтерек, Арқалық тауларыиың жазығы, Ащыкөл өзенінің төңірегі және Ащысу өзенінің бас жағы. Олар Ертістің оң жағалауында уездің 10 шақырымдық өңірін бойлай және одан әрі шығысқа қарай Лебяжье, Черный поселкелері аралығындағы жазыққа орналасқан. Ертістің оң жағалауындағы Белағаш даласында қазақтар Кабинеттен, Сібір казак әскерінеи жалға алған Қараөзек, Қарағанды т. б. «бос дала» деп аталатын жерлерде тұрды. XVIII ғасырдың аяғында Жалқарағай (Шульба тоғайы) мен Қараөзе к (Ремев даласы) ормандары мүлде бос болған. Қыс кезінде бұл жерлерге сол жағалаудан мал айдап әкелініп жүрген. 1780 жылдар шамасында Уақ тайпасынан шыққан Есібар өз руластарымен Жақсы Қараөзекке (Ремев даласы) қоиыстанды. Ол кезде бұл қоныстанушылар алым төлемегеы. XIX ғасырдың алғашқы отыз жылдығында Семей округтік приказы жаңа ңоиыстанушылардан Байуақ болысын құрып, ол 1874 жылы оның аты Белағаш болысы деп өзгертілді. Бүл болыста 1444 қожалық болғап, ал оның 25,75 проценті уақтардың қожалықтары еді. Белағаш даласындағы түрлі тайпалар руларының өздеріп қырық ру деп атағанын корсете кету орынды. Павлодар уезінде уақтардың 1399 қожалығы болған. Олар Ертістің оң жағалауындағы 10 шақырымдық өңірден (Крутояр поселкесі Песчаный пөселкесі) шығысқа қарай Барабин даласымен шектесіп жатқан көптеген көлдерге дейіигі далаға орналасқан. Уақтар иелігінің оң-түстік шегі Әжі-Болат-Қарасу көлдері бойымен өткен. Ертіс өңіріие уақтардан иегізінен алғанда Бидалы (Ергенекті уақ) тармағының Әжібек, Абырай аталары мен аздаған Шоға руы (6-кесте) қоиыстанды. Қазақстанның солтүстігіиде, Петропавл уезінде, уақтар Обаған өзенінің шығыс жағалауында, Алабота, Қойбағар, Шалқар, Жарқайың, Шошқалы көлдерінің жазығында, Есіл, Қойбағар, Түнтүгір өзендөрінде көшіп жүрген. Ондағаи шаңырақ Теке өзеиі маңында қоиыстанғаи. Петропавл уезінде 221 ауыл (2260 шаруашылық) болған, бұл барлық шаруашылық саныиың 19,8 процепті болады. Уезде ергенекті уақ руының қауымдары көбірек те, Шоға руының өкілдері азырақ болған Арша. Арша. Оны кәдімгі арша, ем арша деп те айтады. Биіктігі 1-3,5 метр, қысы-жазы көгеріп тұратын, бұталы өсімдік. Қара күзде өсімдіктің піскен жемісі (қаракөк түстілері) жинап алынып, ашық жерде ептеп кептіреді. Халық емінде арша жемісі ежелден-ақ несеп айдайтын және қуықтың қабынуын басатын дәрі ретінде қолданылып келеді. Аршамен тіс тазалау пайдалы. Labview. LabVIEW (ағыл. Laboratory Virtual Instrumentation Engineering Workbench) - бұл National Instriments (АҚШ) фирмасының "G" графикалық программалау тілінде қосымшалар жазу ортасы немесе сол тілде жазылған программалардың платформасы. Гектор берлиоз. Родился в городке Кот-Сент-Андре (Изер) на юго-востоке Франции в семье врача. В 1821 Берлиоз — студент-медик, но в скором времени, несмотря на сопротивление родителей, он оставляет медицину, решив посвятить себя музыке. Первое публичное исполнение его произведения «Торжественная месса» состоялось в Париже в 1825, не имея, однако, никакого успеха. В 1826—1830 Берлиоз учится в Парижской консерватории у Жана Франсуа Лесюэра и А. Рейхи. В 1828—1830 года вновь были исполнены несколько произведений Берлиоза — увертюры «Ваверлей», «Francs-juges» и «Фантастическая симфония» (эпизод из жизни артиста). Хотя эти произведения также не встретили особенного сочувствия, тем не менее они обратили на молодого композитора внимание публики. Начиная с 1828 года, Берлиоз стал не без успеха выступать на поприще музыкального критика. Получив Римскую премию (1830) за кантату «Сарданапал», жил как стипендиат в Италии, из которой он, однако, вернулся через 18 месяцев убежденным противником итальянской музыки. Из своего путешествия Берлиоз привез с собой увертюру «Король Лир» и симфоническое произведение «Le retour à la vie», названное им «мелологом» (смесь инструментальной и вокальной музыки с декламацией), которое составляет продолжение «Фантастической симфонии». Вернувшись в Париж в 1832 году, он занимался композиторской, дирижёрской, критической деятельностью. С 1834 года положение Берлиоза в Париже улучшилось, особенно после того, как он стал сотрудником во вновь основанной музыкальной газете «Gazette musicale de Paris», a вслед за тем и в «Journal des Débats». Работая в этих изданиях до 1864 года, Б. приобрел репутацию строгого и серьёзного критика. В 1839 году он был назначен библиотекарем консерватории, а с 1856 года — членом Академии. С 1842 года много гастролировал за границей. С триумфом выступал как дирижёр и композитор в России (1847, 1867—68), в частности, наполнив публикой Московский манеж. Личная жизнь Берлиоза омрачилась рядом печальных событий, о которых он детально рассказывает в своих «Мемуарах» (1870). Его первый брак с ирландской актрисой Гарриэт Смитсон закончился разводом в 1843 году (Смитсон много лет страдала неизлечимой нервной болезнью); после её смерти Берлиоз вступал в брак с певицей Марией Ресио, которая внезапно умерла в 1854 году. Сын композитора от первого брака умер в 1867 году. Сам композитор скончался в одиночестве 8 марта 1869 года. Омбы облысы. Омбы облысы - Ресейдегі облыс, федерация буыны. Омбы облысы солтүстікте — Ресейдің Төмен облысы, Жаңасібір облысы, Томбы облысы, Қазақстан Республикасымен көріштес. Облыс орталығы - Омбы қаласы. Теніз. Каспий теңізі -Еуропа мен Азия арасында орналасқан тұйық көлдердің бірі. Бұл Каспий теңізінің тарихы керемет.Бұл Каспий атауы үш мың жылдағы өмір сүрген халықтардың қойған аттары.Каспий теңізінің жалпы ауданы -390 мың км. Мұхит денгейінен 27 м төмен жатыр.Оның суы бес мемлекттің жағалауын шайып жатыр. Ол мемлекеттер- Қазақстан мен Ресей және т.б елдер.Теңіз екі климаттық белдеуден тұрады қоңыржай және Құрғақ субтропиктер.Қыс айларында тек теңізде таяз бөлігі қатады.Каспийде ауланатын бекіре тұқымдас балықтардың 40 пайызы Қазақстан үлесіне тиеді.Каспийде өсімдіктің 500 түрі және балық пен жануарлардың 769 түрі кездеседі.Ақтау қаласында теніз суын тұщыландыратын қуатты қондырғы орнатылған.Каспий тенізінің Ақтау порты заман талабын сай жөнделді.Теңіз флоты құрылды.Теңіз жағалауында -Атырау т.б қалалар бар. Ал Арал теңізі ол Тұран тақтасының үстінде орналасқан.Қазіргі Арал Теңізінің жасы 8-10 мың жыл шамасында. Ал Балқаш көлін айтсақ Каспий және Арал теңіздерінен кейінгі үшінші көл.Ол республиканың оңтүстік-шығысында Балқаш-Алакөл ойысында орналасқан. Теңіз деңгейінен 342 м биіктікте жатыр.Балқаш Арал және Каспий теңіздерінің ең лас теңіз бұл -Арал теңізі. 1950-1990 жылдары 60 есе шаңды дауылдар көбейді.1994 жылы Орта Азия мемлекеттері Аралды құтқару үшін қор ұйымдастырды. Және арнайы " Байқоңыр" аэро-ғарыштық экологиялық аймағының басшылығымен арнайы Арал өнірінің экологиялық картасы ЖАСАЛДЫ. КӨЛДЕ КӨПТЕГЕН ҚҰСТАР ЖҮЗЕДІ ЖӘНЕ ҰЯ САЛАДЫ.ІЛЕ ӨЗЕНІНДЕ 4000 ГА ҚАМЫС АЛЫП ЖАТЫР.НУ ҚАМЫСТА ҚАБАНДАР БАР.ТМД ЕЛДЕРІНДЕ КӨПТЕГЕН ОНДАТР ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМЫҒАН. Экранас (футбол клубы). “Экранас” футбол клубы Литваның Паневежис қаласының намысын қорғайтын клуб. 1964 жылы құрылған. Ел біріншілігін төрт мәрте ұтқан. (1985, 2005, 2008, 2009) Ірі халықаралық жарыстардың қатысушысы. Үздік ойыншылары: Валдас Тракис, Мантас Савенас, Андрюс Величка Кенешов, Диас. Диас Кенешов (1985 жылы туған) - қазақ биатлоншысы. Диас жазғы биатлон спортынан 2008 жылғы әлем біріншілігінің екі мәрте жүлдегері (күміс, қола). Сондай-ақ Қазақстан кубогының иегері, ел чемпионы. Ванкувер Олимпиадасының ашылу салтанатында Қазақ елінің көк байрағын Диас Кенешов ұстап шықпақ. Допты хоккей әлем чемпионаты 2010. Допты хоккейден әлем чемпионаты 2010 жылы Мәскеуде өтеді. Кестесі. «А» тобы. Ресей, Швеция, Финляндия, Қазақстан, Норвегия, АҚШ «В» тобы. Канада, Венгрия, Латвия, Голландия, Моңғолия «А» тобы. 24 қаңтар Ресей – Қазақстан (4-1, 14-2), Швеция – Финляндия (8-1, 3-0), АҚШ – Норвегия (2-2, 5-10) 25 қаңтар Қазақстан – Норвегия, Швеция – АҚШ, Ресей – Финляндия 26 қаңтар АҚШ – Финляндия, Швеция – Қазақстан, Ресей – Норвегия 27 қаңтар Швеция – Норвегия, Финляндия – Қазақстан, АҚШ – Ресей 28 қаңтар АҚШ – Қазақстан, Финляндия – Норвегия, Ресей – Швеция 30 қаңтар.«А» тобында қалу үшін өткізілетін кездесу: А6 – В1. Жартылай финал. А1 – А4 және А2 – А3. 31 қаңтар. Финал және қола жүлде үшін матч «В» тобы. 24 қаңтар Голландия – Венгрия, Канада – Латвия 25 қаңтар Голландия – Канада, Венгрия – Моңғолия 26 қаңтар Моңғолия – Канада, Латвия – Голландия 27 қаңтар Канада – Венгрия, Моңғолия – Латвия 28 қаңтар Голландия – Моңғолия, Латвия – Венгрия Қазақстан құрамасы. Қазақстан құрамасының бас бапкері Александр Ионкин бұрыннан ойнап жүрген хоккейшілерге сенім артып отыр. Тек биыл жаңадан Новосібірдің «Сибсельмаш» командасынан Андрей Рейн ғана қосылды. Оралдың «Ақжайығынан» команда капитаны Владислав Новожилов пен 1990 жылғы жас ойыншы Ескендір Нұғыманов алынып отыр. Сондай-ақ Орал допты хоккейінің түлектері, қазір Архангельскінің «Воднигінде» жүрген Рауан Исалиев, Нижний Новгородтың «Стартында» ойнайтын Денис Максименко мен Леонид Бедарев те ел намысын қорғамақ. Бұдан бұрын екі мәрте әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанған Қазақстан құрамасы 2010 жылғы додада қаңтардың 24-інде – Ресей, 25-інде – Норвегия, 26-сында – Швеция, 27-сінде – Финляндия, 28-інде АҚШ құрамасымен күш сынасады. Бұдан кейін жартылай финалға шыққандар жүлде үшін бәсекеге түседі. Дивидендтер. Дивидендтер – акциялар, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активтері болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын табыс; қордың басқарушы компаниясы пайларды сатып алған кезде олар бойынша табысты қоспағанда, пайлық инвестициялық қордың пайлары бойынша төленуге жататын табыс; заңды тұлға өз құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетiн таза табыстың бiр бөлiгi; заңды тұлғаны тарату кезiнде, сондай-ақ құрылтайшы, қатысушы заңды тұлғаға қатысу үлесiн алып қойған кезде, құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретiнде енгiзген мүлкiн қоспағанда, мүлiктi бөлуден түсетiн табыстар. Еуровидение 2010 Ән Конкурсы. Еуровидение 2010 ән конкурсы Еуровидениенің 55-ші конкурсы болады. Норвегияның елордасы Осло қаласында 2010-шы жылдың 25-ші мамырдан 29-шы мамырға дейін өтеді. Жеңiске елдi 2009-шы Еуровиденииге Норвегиядан қатысқан былтырғы қатысушы Александр Рыбак әкелдi. Бюджет. Норвегия бюджетінен Еуровидениені өткізу үшін 150 млн.норвеж кроны (€ 17 млн.) бөлінген болатын. Тақырыбы. Share The Moment- қаз.Сәтті бөліңіз (Сәт, Мезет, Момент) т.б. Еуровидение 2010 тақырыбының арт-дизайнін әлемге танымал норвеж Госу, Хандверг және Снонетта дизайнерлік фирмасы ойлап тапты. Қатысушылар. Еуровидение 2010 ән конкурсында 39 мемлекет қатысады. Жартылай финалдар. Отыз төрт ел жартылай финалдарға қатысады. Барат Гүлназ. Өте жақсы қыз. Мінезі тамаша. Сабақты жақсы оқиды. Еуро. Еуро €, EUR - 17 мемлекетінің ұлттық валютасы: Аустрия, Алмания, Белгия, Грекия, Ирландия, Испания, Италия, Қыбыр, Люксембург, Малта, Португалия, Нидерланд, Слоуения, Словакия, Финландия, Франция, Эстония. Еуровидение ән конкурсы. Еуровидение ән конкурсы 1956 жылы, Швейцарияның Лугано қаласында бірінші рет өтті. Бірінші кезде "Гран-При Еуровидение" болып, Еуропаға танымал болған. Оның бірінші жеңімпазы Швейцарияның әншісі Лиз Ассиа «Refrain» деген өлеңмен атанған. Әр жыл сайын қатысушылардың саны өсіп жатыр. Бейжің. Бейжің - Қытай елінің астанасы. Уиган Атлетик. «Уиган Атлетик» (ағылш. Wigan Athletic Football Club) — кәсіби ағылшын футбол клубы, базасы Уиган қалада орналасқан. Бірінші рет Англияның Премьер-лигасынға 2005 жылы кірген. «Уиган» — Премьер-лигасының ең жас клубы, ол текқана 1932 құрылған. Жойылған басқарма. 1. Жойылған басқармаға жіберілетін кең таралған қызметтер Жойылған басқарма (басқаратын қызметтері) – ұйымның шек жағына менеджменттің тұрақты қызмет түрлерін жіберу тәжірибесі. Термин «аутсорсинг» сөзінің мәніне жақын болып келеді. Жүйеге немесе басқаратын ұйымға тікелей жауап беретін немесе иеленетін жеке тұлға немесе ұйым, клиент немесе тапсырушы деп аталады. Қашықтатылған басқару қызметін жүзеге асыратын жеке тұлға немесе ұйым қызметтердің жеткізушісі болады. Әдетте, клиент қашықтатылған басқару қызметінің жұмысына жауап береді де, жүйеге немесе басқаратын ұйымға жіберілетін басқармалы жауапкершілігінен бас тартпайды. Жойылған басқармаға жіберілетін кең таралған қызметтер Жойылған басқару қызметтері деп тұрақты негізінде ұсынылатын және алдын-ала төленетін кез келген проактивті қызметтер айтылсын. • Клиет-компаниясында физикалық келуін қажет етпейді. Клиент жолдың уақытын үнемдеу, өзінің офисіндегі уақытын анықтау үлкен икемділігі. IP-телефония. 1140E VoIP PhoneIP-телефония (немесе VoIp, ағылшынша Voice over ip; IP-телефония)- интернет желісі немесе басқа да IP желісі бойынша дыбыстық сигналды жіберетін байланыс жүйесі. Сигнал байланыс каналы бойымен цифрық түрде жіберіледі, және де жіберілер алдында шығынды жою үшін сығылады. Cisco 7960 IP Phone VoIP-телефоны Функционалдығы. VoIp технологиясы PSTN технологиясы бойынша қиынға және қымбатқа түсетін есептер мен шешімдерді жүзеге асырады. Жоғары жалдамдықты телефон байланысы арқылы бірден көп телефон қонырауларын жіберу. Сондықтан VoIp технологиясы үйде немесе офистегі телефон желісін қосудың қарапайым әдісі ретінде қолданылады. Қасиеттері. Қосымша телефон қасиеттері, соның ішінде қоңырау шалуды маршрутизациялау, ағып шығатын терезелер, алтернативті CSM роуминг және IVR – оңай және арзан кіріктіру мен инеграциялау. Телефон қоңырауы дербес компьютермен бір жерде орналасу фактісі көптеген мүмкіндіктерге жол ашады. Қосымша мәлімет. IP телефоняның қасиеттеріне байлынысты, тұтынушының орныласқан жерін табу қиынға соғады. Шұғыл шақыру қоңырауларын жақын жердегі қоңыруалар қабылдау орталығы маршрутизациялау оңай емес. Дегенмен Voip кейбірде шұғыл желі ішіндегі қоңырауларды шұғыл емес қоңырау шалулар желілерііне маршрутизацизация жасай алады. Сигналды жинақтау және келешектегі отчеттарды жүргізу үшін буферді қолдану. Дыбыстық сигналдармен орындалатын математикалық түрлендірулер процессорлық уақытты талап етеді. Дыбыстық сигналдарды жіберу интервалының асып кетуінен желі арқылы жіберілген пакеттердің жоғалуы. Voip-ді маршрутизацияның минималды бағасының жүйесі деп санайды, оның желі ішінде орналасу негізінде минималды траификация мүмкіндік береді. GSM- номерлерімен үйлесімдігі шартында, қазір ол кең тараған, LCR маршрутизацияның минималды бағасының жүйесі провайдерлері қонырауды қайта бағыттау үшін номердін перификсін қолдануына сүйене алмайды. Оның орнына мобильді оператордың әрбір қоңырауға оны маршрутизациялау үшін желі атауы керек. Содан шығатыны, Voip дыбыстық қоңырауды маршрутизациялаған кезде MNP мобильді номерлерімен үйлесімдігі үшін керек. Орталық базалары жоқ елдерде, Мысалға UK, кейбірде GSM- желіге мобилді телефон қандай желіге жататыны туралы сұрау жіберу керек болады, Voip-дің нарықта кең тарауы Маршрутизацияның минималды бағасының жүйесіның қолдануына байланысты, қоңырау шалудың белгілі бір тиімділік деңгейі керек. Мобилді нөмірлердің үлесімдігі ұсыныс сапасы қойылатын талаптаға тең келетінін кепілдендіру үшін. Мобилдьді нөмірлердің үйлесімдігінің тексеруін жүргізген кезде, маршрутизация алдында және қоңырау белгіленген жеріне жететініне VoIp компаниялар IP-телефония провайдерін табатынына клиенттеріне кепіл береді. Компания оператор, интернет пейджер қызметін ұсынатын,Tyntec, UK-да тіркелген, Voice Network Query (дыбыстық хаттарды жіберетін жүйе) қызметін ұсынады, бұл қызмет GSM-желіге орын ауыстырған нөмірге жергілікті желіні табу жөніндегі сұрауларды дәстүрлі дыбыстық байланыс операторларына және де VoIP операторларына да жіберуге мүмкіндік береді. VoIP кодектерін салыстыру.. Кодек Пакеттің пайдалы жүктелуі, байт Деректерді жіберу жылдамдығы, кбит/сек Алгоритмдық кідіріс Орындалатын ағым G.711 160 64 20 64,8 80 G.723.1(6.3) 24 6,3 37,5 6,9 17,1 G.723.1(5.3) 20 5,3 37,5 5,9 16 G.726-32 160 32 20 32,8 42,7 G.726-24 160 24 20 24,8 34,7 G.726-16 160 16 20 16,8 26,7 G.729(8) 20 8 25 8,8 18,7 G.729(6,4) 16 6,4 25 7,2 17,1 Хаттамалар. SIP- дауыстың, бейненің, хабарламаның тасмалдануын қамтамсыз етеді, синхронизациялау үшін 5060 UDP портын қолданады. H.323-SIP-ке қарағанда дәстүрлі телефонияға басым. Сигнализация 1720 TCP порты бойынша және гейткипердегі терминалдарға тіркелу үшін 1719 порта қолданылады. IAX2-4569 UDP порты арқылы сигнализация мен медиа трафик MEGACO/ медиашлюзді басқаратын протокол. MGCP-дің дамыған түрі. SIGTRAN- SS7/OKC7 сигнализациясын IP арқылы бағдарламалық коммутаторға PSTN туннелдеу. SCTP- Ip желіде пакетті міндетті түрде адресатына жеткізу протоколы. SCCP- терминалды басқаруға арналған жабық протокол. Unistim- Сигналдық трафикті жіберудің жабық протоколы. Дыбыстық информацияны декодтау. VoIP-тұтынушылардың көпшілігі криптографиялық шифрлеуді қолдамайды,бірақ қауіпсіз телефон байланысын дәстүрлі телефон желілеріне қарағанда VoIP да іске асыру әлдеқайда жеңіл. Соның салдарынан қоңырау шалуды заңсыз тыңдауды ұйымдастыру жеңілге түседі және оны өзгертуге де болады. Егер тұтынушы қорғалған виртуалды желі ішінде орналаспаса VLAN (VPN) желілік пакеттер анализаторы арқылы заңсыз кіретіндер, VoIP қоңырауларын қайта ұстап алуы мүмкін. Бұл қауіпсіздіктің кемшілігі тұтынушының телефонының шабуыланан кейін дұрыс жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін. Құрылғылардың жұмыс істемеуінен бүкіл желі күйреуі мүмкін. Желінің 100% қорғалуы деген ұғым жоқ. VoIP протоколын енгізу жүйеге санкциясыз қатынауды тек күрделендіре алады. Виртуалды желіге қатынауды шектеу, дыбыстық деректер мен өзінің желісін тұтынушылардын жасыру арқылы тұтынушылар өз желісін қауіпсіздендіре алады. Егер тұтынушы қауіпсіз және дұрыс конфигурацияланғын желі арасындағы интерфейс-шлюз арқылы, басқрулы қатынауы бар, онда ол көптеген хакерлік шабуылдардан өзін сақтауы мумкін.VoIP трафигінің анализін жасайтын бірнеше ашық кодты ресурстар бар. Қауіпсіздік деңгейінің төменділігі патенттік аудиокодектермен көрсетіледі, ашық кодты ресурстарда табылмайтын, бірақ бұл тиімді емес. Информацияны қайта ұстау қиын болуы үшін кейбір вендорлар осындай сығуларды қолданады. Бірақ ңағыз қауіпсіздік желіде криптографиялық шифрлеу мен криптографиялық аутентификацияны талап етеді, бірақ ол кең әзірше таралмаған. CallerId анықтау қызметі әртүрлі провайдерлерде әртүрлі болуы мүмкін, бірақ VoIP провайдерлердің көпшілігі қоңырау шалушының идентификаторын анықтау callerId шығып жатқан қоңыраулар атына бағытталған қызметін ұсынады. Қоңырау VoIp провайдерден жергілікті желінің нөміріне бағытталғанда CallerID қызметі жұмыс істемейді. Интернет-жарнама. Мелиялық жарнама – тесттік-графикалық жарнамалық материалдарды сайт беттерінде орналастыру. Көптеген белгілері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарындағы (БАҚ) жарнамаға ұқсас. Бірақ баннердің гиперсілтемесінің бар болуы жіне анимацияланған бейненің мүмкіндігі медиялық жарнаманың әсер ету мүмкіндігін аса кеңейтеді. Әдетте, медиялық жарнама баннерлік жарнаманың формасына ие болады. Контексттік жарнама - тесттік-графикалық жарнамалық материалдарды тұтынушыларға іздеу функциясын ұсынатын сайт беттерінде орналастыру. Бұл жарнама түрі іздеу нәтижелерінің жанында орналасады, ал белгілі бір жарнаманың көрсетілуі тұтынушының іздеу сұрауына байланысты болып келеді. Әдетте, контексттік жарнама тексттік жарнама формасына ие болады. Жарнаманың басқа түрлері медиялық және және контексттік жарнамалардың белгілерін біріктіреді.  Электрондық пошта желіні қолданушы тұтынушылардың барлығында бар.  Жеке тұтынушыға үндеу мүмкіндігін береді.  Тұтынушыға қызықты болып көрінген хат оның достарына жіберілуі мүмкін. Интернетте әр түрлі тақырыптарға арналаған жіберілім тізімдері көп. Бұл жіберілімді қабылдаушы тұтынушылар сол жіберілімге өздері жазылған және олар кез-келген уақытта сол жазылымды тоқтатуға құқығы бар.  Жабық (адамдардың белгілі бір тобына) Тақырып бойынша хаттардың жіберілуі адамдардың белгілі бір тобына арналғандықтан жіне де оның мыңдаған жазылушылары бар болғандықтан ол тиімді марктинг құралы болып табылады. Кейбір компаниялар өздерінің ресми сайттарында тұтынушыларға жіберілімге жазылуды ұсынады. Бұл жіберілімдер тұтынушыға сайт жаңартулары, компания жаңалықтары жайлы ақпараттар беріп, сол сайтқа тұтынушылардың келесі рет кіруіне жағдай жасайды. Жаңалық жіберілімдерінде жарнама орналастыру – көптеген жіберілімдер БАҚ-ның рөлін атқарады. Төлеу жүйелері. Төлеу жүйесi - компъютер желiсi және жүйе қатысушыларының арасындағы қаржы трансакциялары және алыс-берiстердiң пластиктен жасалған карточкалары, электрондық және ақшалай қазыналардың қолдануымен жүзеге асырылған өткiзулерi үшiн қолданылатын программалық қамтамасыз етулердiң оларымен сабақтас процедуралардың жиынтығы. Электрондық төлеу жүйесi электрондық төлемдердiң жүйесi - мәлiмет және оның автоматты өңдеуiнiң кодтау құралдарының қолдануы бар электрондық коммуникациясының 2 құралдары арқылылары дүкеншiлермен және сатып алушылармен, банктермен және олардың клиенттерiнiң арасындағы ақшасыз есептер, қазынаның контрактке қол қою және аудармасының жүйесi. Төлеулер интернет - тауарлар және қызметтердiң сатып алуға немесе сатуының жанында (қолданушылар, ұйымның интернет-дүкен, бизнес-сi, қаржы ұйымдары) коммерция интернет-нiң қатысушыларының арасындағы есептеулер интернет арқылы. Цифрларға ақшалар - ұйыммен қандай болмасын шығарылған ақшалай қазыналардың электрондық аналогi. Нақтылы номиналдарды алады, эмитенттiң олардың цифрлық қол қоюын растау жалғаннанғы (топтама, нөмiр және тағы басқалар) жеке белгiлер, қорғаудың элементтерi жолымен алады, шифрлалған түрлерде сақталады. Электрондық ақшалар - төлеу құралдары, сатып алушының ұйғарым болатын электрондық төлемдердiң мамандандырылған жүйелерiндегi жазуларын түр сақталған көрсетiлген және айналдырылатын электрондық түрлерде. Төлеу платформасы - жиын жүйесi, өңдеу және қаржы мәлiметiнiң берiлуi, процессинг және төлемдердiң төлеу жүйелерi және электрондық сауданың қатысушы бiрiктiретiн iске асырулары тiкелей. Яндекстiң серiктестiктiң әйгiлi сервистерi, интернеттiң орыс тiлдi бөлiгiндегi ең iрi ресейлiк портал және бастаушы iздестiру жүйесi электрондық төлеу жүйесi, бiр ақшалар. онлайндық төлемдердiң Googleның серiктестiк берiлетiн өңдеуi және мақсаттымен электрондық сервис Г Google Checkoutтар онлайндық сатып алуларды төлеудi процесстi ықшамдау. Қолданушыларға Google Checkoutтың жүйенiң Найдың E6ның электрондық төлемдерi өз несие картасы туралы мәлiметтiң бiрнеше рет енгiзуiн қажетсiздi сатып алуды интернет-нi жасауға мүмкiндiк бередi. Сонымен бiрге өңдеушiлер веб- төлеудiң формалары бiр ретiнденiң сервис мәлiмет қолдана алады. (таныс ағылшынша төлеуге болысушы) PayPal - дебет төлеу электрондық жүйесi ең iрi әлемде. мүмкiндiк өз қолданушыларына PayPal интернетке электрондық почтаның көмегiмен немесе рұқсаты бар жылжымалы телефонның төлеулерiн қабылдап жiберуге iлiгедi. PayPal дәл қазiр 190 елдердегi жұмыс iстейдi және 164iрек миллион тiркеулi қолданушыларды алады. 2002 жылдың қазанының eBay-ның серiктестiгiнiң бөлiмшесi болып табылады. Бұл кез келген серiктестiк немесе пошталық адрес электрондық болатын тұтынушыға мүмкiндiк бер нақты уақытта қаржы интернет арқылы e-mail арқылы қауiп-қатерсiз және тиiмдi жiберiп алынатын халықаралық төлеу жүйелерi. Moneybookers ие Gatcombe Park Venturesтың Лондон орналасқан серiктестiгi болып табылады. Қаржылардың жүйесiндегi орын ауыстыру Ұлыбританияның заңдарымен реттеледi. Қолданушының есебiндегi қаржылары тiркеудiң жанында таңдауға болатын нақтылы ұлттық валютада елестеткен. WMZ - Ақш доллары, WMZқа сомдар - әмияндар және әрi қарай. WM Keeper Mobileл-лер жылжымалы құрылымдарға арналған программа WM Keeper Light-тер веб интерфейс жұмыс істейді. Инвестициялық қор. Инвестициялық қор - инвестициялық, өзара, қоғамдық немесе бірлескен қор (Mutual fund, Investment company, Unit trust) -бұл сіздің қаржыларыңызды құнды қағаздарға және басқа да қаржы инструменттерін инвестициялаумен айналысатын инвестициялық компания. Бұл компания сіздің қаржыларыңызды басқаруға жауапкершілік алып, өз ұйғарымы бойынша инвестициялар жасайды. Инвестициялық қорға инвестиция салу арқылы сіз басқа инвесторлармен бірге осы қордың үлкен портфолио (портфелінің) бір бөлігінің иесіне айналасыз. Гаити. Гаити (; Француз тілі "Haïti,"; Haitian Creole: "Ayiti",), officially the Republic of Haiti (; ) - Америка құрлығының ең кедей елі. 10 миллион тұрғыны бар, астанасы - Порто-о-Принс қаласы. Гаити жер сілкінісі (2010). 2010 жылдың 12 қаңтарында, жергілікті уақыт бойынша сағат 16.53 -те Гаити елінде жер сілкініс болды. Гаити Үкіметі 7 балл мөлшерде болған зілзаладан 100000-нан 200000-ға жуық адам қаза тапқан десе, Халықаралық қызыл крест ұйымы зілзаладан 3 млн адам зардап шеккен дейді. Үш рет тіркелген дүмпудің алғашқысы – 7, соңғы екеуі 5,5 баллды құрады. Алғашқы дүмпудің эпицентрі ел астанасы Порт-о-Принс қаласынан 16 шақырым жерде болды. 2000 жылдардағы ең үлкен зілзала апатында Біріккен Ұлттар Ұйымының ғимараты, Елбасшысының сарайы, ауруханалар, қонақ үйлер және жұмыс орындарын қамтыған мыңдаған ғимараттар қиратылды. Гаити елінен келіп түскен ақпаратқа сәйкес осы елдің жолдары көптеген қаза тапқан және жарақат алған адамдармен толы, және кейбір азаматтар қиратылған ғимараттар қалдықтардың астында қалған адамдарды өз бетімен құтқаруға талпынуда. Құлаған Біріккен Ұлттар Ұйымының ғимаратында қызмет атқаратған 52 түрік полициясының жағдайлары жақсы екені хабарланды. Жалпы БҰҰ 36 қызметкері мерт болған. Гаитидің Хеди Аннабиде орналасқан Біріккен Ұлттар Ұйымы өкілінің құлаған ғимаратының астында 250 адам қалған. 10 миллион тұрғыны бар елдің Президенті Рене Преваль және оның жұбайы Елбасшысы сарайының құлауына қарамастан аман қалған. 7 балл зілзала Доминикан Республикасы мен Кубада да сезілді. Теленор Арена. «Теленор Арена» (норв. Telenor Arena) — универсалды, жабулы стадион, Норвегияның Осло қаласы маңында Форнебуда орналасқан. Стабек футбол клубының стадионы. 2009 жылдың 8 наурызында ашылды. Стадионның сиымдылығы 15.000 (футбол жарысы кезінде) және 25.000 (концерт кезінде) көрермен. Стадионда әлемге танымал әншілердің, музыканттардың концерттері өтті. Мысалы: AC/DC және Тина Тёрнер. 2010 жылдың 25-29 мамыр күндері стадионда «Еуровидение 2010» өтеді. Олимпиадалық рәміздер. Олимпиадалық рәміздерге ту (шығыршық), әнұран, ант, ұран, медаль, от, зәйтүн бұтағы, салют, тұмар және эмблема жатады. Олимпиадалық рәміздерді коммерциялық мақсаттарында қолдану Олимпиадалық хартиямен тыйым салынған. Ту. Ту- ақ жібек үстінде олимпиадалық эмблема тігілген бой. Эмблеманы 1913 жылы Пьер де Кубертен ойлап тапты, және Антверпене қаласында болған 1920 жылдың жазғы VII Олимпиадалық ойындарында көрсетілген. 1920-шы жылдың Антверпенеде көрсетілген туы 1988 жылы жаңа туға айырбасталды. Қазіргі кезде Швейцарияның Лозанна қаласындағы Олимпиада ойындарының мұражайында сақтаулы тұр. Олимпиадалық әнұран. Олимпиадалық әнұран Олимпиадалық туды көтергенде немесе Ойындардың ашылу және жабылу рәсімінде орындалады. Зәйтүн бұтағы. Зәйтүн бұтағы немесе "катинос", венок түрінде ораулы бұтақша. Оны жеңімпазға медальмен бірге береді. Осы дәстүр 2004 жылы Афин қаласында өткен XXVIII жазғы Ойндарда қайта тудырылды. Тұмар. Әр-бір Олимпиаданың өз тұмары болады. Тұмарды Ойындарды өткізетін мемлекеттің өз қалауынша таңдайды. Әдетте тұмар ретінде қандай болса да жануардың немесе басқа да бір стильдендірілген суретті таңдайды. Киік. 2009 жылы Қазақстанда 90 мың болыпты. Оның 45 мыңы Ырғыз-Торғай резерватында. Киіктердің көп шоғырланған тобы — Қостанай облы­сы­ның Ақкөл, Южный, Айырқұм, Ақкұм селолық округтері маңында. Күзде 70 мың бас киік келеді деп шамаланады. Себебі, киік егіз туады. Олардың лағы жалғыз болуы өте сирек. Жалпы, Ырғыз өңірін Бетпақдаланың киіктері паналайды. Қазан айынан бастап қырдағы, ойдағы бөкендердің көпшілігі ос­ын­да келеді. Киіктің басты жауы — қасқыр және браконьер емес. Бөкендер судың қайда екенін жақсы біледі. Табиғатынан бір-бірі үшін серік бо­луға, бірін-бірі қорғау үшін жаратылған си­яқ­ты. Мысалы, түйежапырақ киіктер лақ­­тайтын кезде, мамыр айында өседі. Оның үстіне түйежапырақ жазық жерлерде өседі. Ал жазық жер киіктерге өте қолайлы аймақ. Жаудан қорғану үшін бөкендер шөбі аласа жерлерде жүреді. Киіктер лақ­тарын түйежапырақтың астына жасы­рады. Жапырағының көлемі үлкен осы өсімдік лақтар жетілгенше өсу үшін жаратыл­ған­дай. Құралайлар әбден жетілген соң қурап қалады. Лақтардың жауы — жыртқыш құстар. Көздерін шұқып тастайды. Бір ап­та, 10 күннен соң лақ аяғына тұрып ке­теді, одан соң оған жету мүмкін емес Һомер. Гомер (Ancient Greek:, "Hómēros") - ежелгі грек ақыны, Илиада, Одиссея дастандарының авторы. Гомер өмірдерегін зерттеушілер оны “ионий отарларының бірінде туған болуы керек” деп, шығу тегін ионий гректеріне жақындат­қанымен, бұлтартпастай дәлел келтіре алмайды. “Кейінгі заман гректерінің өзі Гомердің қайда туғанынан бейхабар. “Грек антологиясындағы” Смирна, Хиос, Колофон, Пилос, Аргос, Итака, Афины – жеті қала Гомердің отаны деп аталады”, деп көрсетеді “Илиада” эпосын зерттеуші А.И.Зайцев (Гомер. Илиада. Л, 1990. 399-б). В.П.Яйленко: “Тағы бір ұлы ақын Гомер есімі Кіші Азия халықтарының сөзінен шыққан. Грек тіліне ауысқанда ол “соқыр” деген мағынаға ие болған” деседі. Көптеген зерттеушілер Гомер есімі ақынның шын есімі екеніне күдік келтіргенмен, ол Гомер аталса керек. Гректерде мұндай кісі аты жоқ, гректер оның мағынасын мүлде ұқпайды. Сондықтан “тұтқын”, “соқыр” деп түсіндіруге тырысады...Ұлы ақын грек болмай, жастайынан грек тілін меңгерген “варвар” болуы да ғажап емес” деп тұжырады (В.П.Яйленко...33-б, А.И.Зайцев... 400-б). Страбон мәліметінше: эолийліктердің қаласы Смирнада (Измирде): “төрт бұрышты айлақта Гомер храмы және ағаштан ойылған Гомер мүсіні бар. Гомерді меншіктеуге олардың себебі жеткілікті. Гомерик аталған мыс ақша шығарған да осылар”, деп мәлімдейді (Страбон. М, 1994. ХІV, 1, 3, 7. 604-б). Сонымен, Гомердің эолийлік (алаштық) Смирнада тууы басқа топшылауларға қарағанда негіздірек көрінеді. Ғажабы сол – Гесиод пен Гомердің айтысқаны туралы дерек сақталған. Екі ұлы ақын шақырумен Евбейге барып, Халкидон патшасы Амфидамантты жерлеу кезінде айтысқан. Оны Плутарх жазып кеткен. Амфидаманттың інісі Паниданың шешімімен жеңіс соғыс пен жаугершілікті жырлаған Гомерге емес, еңбек пен диқаншылықты дәріптеген Гесиодқа берілген. Бұл оқиғаны Гесиод “Еңбек пен күндер” поэмасында жазып қалдырған. “Алдын ала шақырылған соң, ақылды Анфидаманттың құрметіне өткізілген айтысқа қатысу үшін Халкидаға бардым. Ұлдары мол сыйлық атаған екен. Сонда құлақты аспалы ошақты жеңіп алып, Геликон лираларына сыйға тарттым” деп баяндалған (В.П.Яйленко...35 б). Сейхун-КАМ-ҚМУ. Сейхун-КАМ-ҚМУ - Қызылордалық қыздар гандбол клубы. Қазақстанда жоғары нәтижелерге жеткен команданың бірі. Олар Қазақстанның төрт дүркін чемпионы, ойыншылар арасында Азияны бағындырған, Бейжің олимпиадасына қатысқан қыздар бар. Осындай команда мерейін биіктетуге айрықша атсалысқан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Вячеслав Чан-Себович Кимнің маңдай тері аз төгілген жоқ. Жуырда Вячеслав қыздардың қол добынан Қазақстанның ұлттық командасына бас бапкер болды. Хайям, Омар. Омар Хайям - парсы математигі, астрономы, ақын, философы (толық аты — Абу-ль-Фатх Омар ибн Ибрахим аль-Хайям) шамамен 1048 жылы Хорасанның Нишапур қаласында дүниеге келген, әрі сонда қайтыс болған. Жас кезінде жақсы отбасының тәрбиесінде болған, әрі өлеңге құмартып өскен, оның кейбір өлеңдері осы күнге дейін жеткен. Нишапурда жүмыс атқарған кезінде, сол кездегі оқымыстылармен бірлесіп сол замандағы күнтізбеге өзгерістер енгізген. Оның ең негізгі еңбегі «Алгебра мәселелерінің дәлелі» атты кітап. Бұл кітаптың арабша қолжазбасы мен латынша аударма нұсқасы сақталған, әрі қазір көптеген шет тілдеріне аударлып басылды. Осы кітапта алгебраға "теңдеу шешетін ғылым" деген анықтама берген, бұл анықтама 19-ғасырдың соңына дейін сақталып келді. Кітапта тағыда тұңғыш рет өзі ашқан көнуыстық қисықтардың көмегімен үшінші дәрежелі теңдеуді шешудің әдісі берілді, бұл алгебра мен геометрияны біріктрген керемет әдіс еді. Ол тағыда екімұшеліктердің жаймасын, тарқату әдісін да зеріттеген. Евклидтің кітабын аударып және оған түініктеме берген. Оның «Еуклидтің геометрияның бастамалары кітабындағы қиын формулаларға түсініктеме» атты кітабы шығыс математикасының дамуына ерекше рөл атқарған. Ибн Сина. Сина, Әбуәли ибн () - ғалым, пәлсапашы, астроном. Толық аты-жөні Абу Али Хусейн ибн Абдаллах Ибн Сина, еуропалық дәстүр бойынша ол "Авиценна" деген атпен мәлім. Ибн Сина өзінен кейін зор шығармашылық мұра қалдырып кетті: ертедегі деректерге қарасақ, ол 456 жуық еңбек жазды, бірақ бізге дейін оның 240 кітабы ғана жетті, ол еңбектер поэзия мен философиядан бастап, геология және астрономиямен аяқталып, білімнің барлық саласына арналған. Үлкен атаққа Ибн Сина дәрігер, ғалым және фармацепт ретінде ие болды. Ол бар болғаны 57 жыл өмір сүрсе де (980-1037 жылдары), оның өмірі мен дарыны осы уақытқа дейін аңызға айналып келеді. Өмірбаяны. Ибн Сина 980 жылы 16 тамызда Бұхара маңындағы Афшана ауылында дүниеге келген. Оның өзі жазған (ол оның алғашқы 30 жылын қамтиды) және оның шәкірті Джурджани жалғастырған өмірбаяны сақталған. Өзінің шыққан тегі туралы Ибн Сина былай деп жазады: «Менің әкем Балхадан, Нуха ибн Мансураның билік жасаған саманидасы кезінде Бұхараға көшіп келіп, онда төрелер кеңесінде жұмыс істеді. Оның қарамағына Бұхара өңіріндегі ауданның орталығы Хармайсананы береді. Афшанға жақын ауылдан, менің анам Ситара – жұлдызды өзіне әйел етіп алды. Онда алдымен мен, содан кейін менің інім дүниеге келді». Хусейн 5 жасқа келгенде (Ибн Синаны ата-анасы солай деп атаған), сол кездегі Шығыстың ірі орталықтарының бірі Бұхараға көшіп келеді. Баланы бастапқы мұсылман мектеп-мактабка орналастырады. Хусейн хатыб Убайдының ең кіші шәкірті болды. Өзінің сирек кездесетін қабілетімен ерекшеленді, 10 жасқа жеткенде Құранды жатқа білді, оның ана тілі парсы-дары болса да, араб тілінің грамматикасын меңгеріп алды. Өзінің үйден оқытатын мұғалімі Абу Абдаллах Натилидің жетекшілігімен ойлау туралы ғылымды, евклидтік геогметрияны, астрономияны оқи бастады. Оқудың соншалықты табысты жалғасқаны, шәкірті мұғалімнен озып, кейде оны тұйыққа тіреп қоятын. Ибн Синаның өмірбаянындағы мынадай оқиғаны суреттейді: «Ол осыған ұқсас нәрсені естімеген, сондай талдау анықтамасын бердім. Ол маған таң қалып, менің ата-анама мені ғылымнан басқа ешнәрсемен айналыспауыма кеңес берді. Евклида кітабымен де солай болды. Мен бес-алты теореманы мұғалімнің көмегімен меңгердім, ал қалғанын өз бетіммен меңгердім. Натилидің мені оқытуға шамасы жетпеді. Мен кітаптарды өзім оқып үйрене бастадым. Осы уақытқа дейін өзі білмеген сұрақтарды, менен үйренді». Ибн Сина жаратылыстану ғылымын, әсіресе медицинаны беріліп оқыды. «Содан кейін мен дәрігерлік ғылымға еліктедім, - өмірбаянында осылай айтылды, оған арналған кітаптарды оқи бастады. Мен аз уақыт ішінде медицинада табысқа жеттім, сол кездегі атақты дәрігерлер менен кеңес сұрап келе бастады. Ауруларға баратын болдым, өзімнің алған тәжірибемнің нәтижесінде, айтып жеткізе алмайтын, маған сауықтыру қақпасы ашылды. Бұл кезде мен он алты жаста едім». Танылуы. Жас Ибн Сина сол кездегі атақты дәрігер Абу Сахлем Масихимен танысып, ғылыми хат жазысып тұрды, ортағасырлық Шығыстағы ғалым-энциклопедист Абу Райхан Бирунимен қақтығысып қалатын. Он жеті жасқа қараған кезде, Ибн Сина дәрігер ретінде Бұхарада үлкен атаққа ие болып, Бұхарадағы эмир сарайына шақырылды. Нух ибн Мансур ұзақ уақыт бойы ауырды, оны емдеген сарай маңындағы дәрігерлер оған ешнәрсемен көмектесе алмады. Ибн Сина аз уақыт ішінде басқарушыны емдеп шығарды, ол эмирдің жеке дәрігері болып сайланды, сарай кітапханасын пайдалануға рұқсат алды, ол Таяу Шығыстағы ең жақсы және бай кітапхана еді. Мүмкін, дәл сол Бұхара кітапханасында оның медицина бойынша қорытынды еңбегін жасау идеясы туындаған шығар. Бірақ ол кезде ғалымның ойлағанының бәрі орындала бермейтін. 900-ші жылдардың соңында Бұхара соңғы тыныш күндерін бастан өткізеді. Мемлекет жан-жаққа бөлініп, қарахандықтар, түрік көшпелі тайпалары астананы жаулап алды. Қала тоналып, кітапхана жанып кетті... 1002 жылы әкесі қайтыс болған соң, Ибн Сина Хорезмнің астанасы Гурганджыға (қазір Үргеніш) көшіп келеді. Жергілікті басқарушы шах сарайындағы Мамун Академиясына пікір таластыру үшін келген ғалымдарға жақтау көрсетті. Ибн Синаның соңынан Хорезмге Бируни мен Масихи келді. Біраз жыл ғалымдар тыныштық тауып, ғылыммен шұғылдануға мүмкіндік алды. Көрші Газна мемлекетінің сұлтаны Махмуд басқарушы Хорезмнің бай жерін басып алғысы келді, 1008 жылы ғалымдарды оның астанасына қоныс аударуын талап етті. Ибн Сина мен дәрігер Масихи сұлтанға барудан бас тартып, түнде қарақұм құмы арқылы қашып кетті. Аңыз бойынша үшінші күн жол жүріп келе жатқанда, дауылға тап болып, адасып, сусыз және тамақсыз қалады. Масихи шөл далада өледі. Ибн Сина оны көмеді де, өзі әзер дегенде құтылып шығады. Сұлтан Махмуд Газневи барлық қалаларға Ибн Синаның сыртқы түрін суреттеп адамдар жібереді. Кімде-кім данышпан дәрігердің тұрақтаған жерін көрсетсе, үлкен сый алатын болды. Сол кезден бастап Ибн Синаның өмірі Иранның түрлі қалаларында бітпес қаңғырумен өтті. Ғалым Хамадан және Исфаханда өмір сүрді, онда ғылыми шығармашылықпен айналысты, нысана қызметімен шұғылданып, сондағы эмирлердің сарай маңындағы дәрігері болды. Ибн Сина басынан өткізген жағдайлар қиын болды. Бірнеше рет қуғынға ұшырап, абақтыға жабылды. Үйін тонаған кезде, ғалымның көптеген еңбектері жоғалып кетті. Кейбір жұмыстарын Ибн Сина ұзақ жол жүрген кезде, ат үстінде отырып жазды. Өзінің күш-жігері және ғажап жадысы арқылы, қажетті әдебиетті пайдалану мүмкіндігінен айрылса да, Ибн Сина ғылыми, әдеби және дәрігерлік қызметін тоқтатпады. Өмірдің қиын соқпақтары денсаулығына әсер етіп, 1037 жылы 18 маусымда қайтыс болды. «Өлімнің түйінін анықтауға» талаптану, құпияны ашу, ауруды жеңіп шығу, адамдардың өмірін жеңілдету үшін, барлық мүмкін болатын нәрселерді жасау, Ибн Синамен алға басты, ол өзінің медицина бойынша басты еңбегі «Китабуль- Канун фит - тыбб» (Дәрігерлік ғылымның ережесі) жазып шықты. Бес томдық энциклопедия «Дәрігерлік ғылымның ережесі» Ибн Синаға дүниежүзілік атақ әперді, медицина тарихында атағы жайылған кітап болды. Еңбек оның мазмұны мен дәл құрылымымен ерекшеленді. «Дәрігерлік ғылымның ережесі» грек, үнді және ортаазиялық медицина білімін және тәжірибесін талдау және жүйелеуді ғана көрсеткен жоқ. Ибн Синаның қызметі дәрігерлік тактикаға жаңаша болып енгізілді. Бұрын медицина ғылымына белгісіз жаңа мәліметтерді «Ереженің» әрбір бетінен кездестіретін болды. Ибн Сина көрінбейтін жұқпалы аурулардың қоздырушысы туралы ғылыми болжамды алға тартты, бұлар ауа және су арқылы тарайтын, 800 жыл өткеннен соң ғана француз Пастер ғалымның қоздырушы микроб туралы бұл жұмбағын дәлелдеді. Ибн Сина тамыр туралы оқуды шығарды, оған әлі бір нәрсе қосу қиын болды. «Тамыр толқын тәріздес немесе ұршық тәріздес, екі соғу, ұзақ, дірілмен, қысқа, аз, баяу, құмырсқаның илеуіндей болуы мүмкін. Тамыр сонымен қоса жұмсақ, аласа, ара тәріздес, жуан, бос, қызу, күйгелек болады» - деп айтылған «Ережеде». Ибн Сина бірінші болып чума, холера, сары ауру туралы жазды, олардың шығу себептерін, нышандарын талдап шықты, мұндай ауыр ауруларды, менингит сияқты, асқазан жарасы, диабет және көптеген басқа аурулардың емдеу әдістерін талдап қарастырды. Ол көздің бұлшық еттерінің құрылысын анық түсіндіріп берді. Бәрі оған дейін көз фонарик тәрізді, ерекше сәуле шығарады деп ойлайтын: бұл сәулелер затқа шағылысып, кері кетеді және кескін береді. Ибн Сина көздің бұлағы хрусталь деген пікірді теріске шығарды, заттың кескінделуі көз торы арқылы көрінеді. «Дәрігерлік ғылымның ережесінде» Ибн Сина ерекше назарды баланы тәрбиелеу мен тамақтандыруға, физикалық жаттығулар мен дұрыс тамақтануға аударады. Ибн Синаның еңбегінің соншалықты жоғары болғаны, ол «Ережені» жазып біткен соң, ол дүние жүзінің барлық елдерінде медицина энциклопедиясы болды. 12 ғасырдың өзінде араб тілінен латын тіліне аударылып, көптеген қолжазбамен тарады. 15 ғасырда кітап басып шығаруды ойлап тапқан соң, бірінші басылымның бірі болып «Ереже» басылып шықты. Еуропада жиі басылып шығуы жағынан Библиямен бәсекелесті, ал ол бар болғаны 40 рет басылып шықты. 17 ғасырдың соңына дейін «Дәрігерлік ғылымның ережесі» студент-дәрігерлер үшін және Еуропада дәрігер үшін жетекші болуда, Шығыс елдерінде де негізі оқулық болып қалды. Орта Азияда осыдан мың жыл бұрын өмір сүрген, ұлы ғалым, дәрігер Ибн Сина адамның танымдық қабілетін, рухани өсуін көрсеткен, біздің заманымыздағы ерекше тұлға болып қалады. Дәрігерлік ғылымның ережесі. «Дәрігерлік ғылымның ережесі» (- Ибн Синаға дүниежүзілік атақ әперген 5 томдық энциклопедия, медицина тарихында атағы жайылған кітап болды. Еңбек оның мазмұны мен дәл құрылымымен ерекшеленді. Бірінші кітабі. Бірінші кітабында медицина теориясы жазылған. Бұл жерде шырындар туралы жазылған (қан, өт, лимфа) және табиғаттағы (қызу қандылық), адам денесінде мүшенің «қарапайымдылығы» қысқа анатомиялық очерк беріледі – сүйектерді, шеміршектерді, қан тамырларын, жүйкені еңбектерінде және аурулардың бөлінуінде жүргізіледі. Екінші кітабі. Екіншісінде дәрілік қаржылардың капиталды жинақ мәліметі туралы. Онда 800 аса өсімдік, жануар және минералды пайда болғандардың емдік құрамын және пайдалану әдісімен көрсетеді. Автор Орта Азияда өндірілген дәрілерді, сонымен бірге Индиядан, Қытайдан, Грециядан, Африкадан, Жерорта теңізінің аралынан әкелгендерді жазып қояды. Олардың көбі Еуропада Ибн Синаның шығармаларынан көпке мәлім бола бастады. Алғаш Ибн Сина ұсынған көптеген дәрілер қазір де қолданылып жүр. Үшінші кітабы. Үшінші кітабы адам ағзасындағы жеке аурулар жайлы Төртінші бөлімі. Хирургияға, сынық пен буын тайғанды емдеуге арналған, безгек туралы жалпы оқуды (ауру кезіндегі дағдарысты), сонымен қоса жұқпалы ауруларды емдеу жолын жазды. Бесінші кітабы. Бесінші кітабы күрделі дәрі-дәрмектердің құрамы туралы жазылды, сонымен қатар у және уға қарсы дәрілерді. Кейбір күрделі дәрі-дәрмектердің құрамына, Ибн Сина жазып көрсеткендей, 37 бөлікке дейін кіреді. Көптеген дәрілер ертедегі дәрігердің, Еуропалық және Азиялық, нұсқаларымен берілген. Қалғаны жаңадан дайындалып, оны өзі байқап көрген. «Дәрігерлік ғылымның ережесі» грек, үнді және ортаазиялық медицина білімін және тәжірибесін талдау және жүйелеуді ғана көрсеткен жоқ. Ибн Синаның қызметі дәрігерлік тактикаға жаңаша болып енгізілді. Бұрын медицина ғылымына белгісіз жаңа мәліметтерді «Ереженің» әрбір бетінен кездестіретін болды. Ибн Сина көрінбейтін жұқпалы аурулардың қоздырушысы туралы ғылыми болжамды алға тартты, бұлар ауа және су арқылы тарайтын, 800 жыл өткеннен соң ғана француз Пастер ғалымның қоздырушы микроб туралы бұл жұмбағын дәлелдеді. Ибн Сина тамыр туралы оқуды шығарды, оған әлі бір нәрсе қосу қиын болды. «Тамыр толқын тәріздес немесе ұршық тәріздес, екі соғу, ұзақ, дірілмен, қысқа, аз, баяу, құмырсқаның илеуіндей болуы мүмкін. Тамыр сонымен қоса жұмсақ, аласа, ара тәріздес, жуан, бос, қызу, күйгелек болады» - деп айтылған «Ережеде». Ибн Сина бірінші болып чума, холера, сары ауру туралы жазды, олардың шығу себептерін, нышандарын талдап шықты, мұндай ауыр ауруларды, менингит сияқты, асқазан жарасы, диабет және көптеген басқа аурулардың емдеу әдістерін талдап қарастырды. Ол көздің бұлшық еттерінің құрылысын анық түсіндіріп берді. Бәрі оған дейін көз фонарик тәрізді, ерекше сәуле шығарады деп ойлайтын: бұл сәулелер затқа шағылысып, кері кетеді және кескін береді. Ибн Сина көздің бұлағы хрусталь деген пікірді теріске шығарды, заттың кескінделуі көз торы арқылы көрінеді. «Дәрігерлік ғылымның ережесінде» Ибн Сина ерекше назарды баланы тәрбиелеу мен тамақтандыруға, физикалық жаттығулар мен дұрыс тамақтануға аударады. Ибн Синаның еңбегінің соншалықты жоғары болғаны, ол «Ережені» жазып біткен соң, ол дүние жүзінің барлық елдерінде медицина энциклопедиясы болды. 12 ғасырдың өзінде араб тілінен латын тіліне аударылып, көптеген қолжазбамен тарады. 15 ғасырда кітап басып шығаруды ойлап тапқан соң, бірінші басылымның бірі болып «Ереже» басылып шықты. Еуропада жиі басылып шығуы жағынан Библиямен бәсекелесті, ал ол бар болғаны 40 рет басылып шықты. 17 ғасырдың соңына дейін «Дәрігерлік ғылымның ережесі» студент-дәрігерлер үшін және Еуропада дәрігер үшін жетекші болуда, Шығыс елдерінде де негізі оқулық болып қалды. Троя соғысы. Троя соғысы деп гректердің Троя немесе Илион қаласына жорығы аталған. Атақты Гомердің екі эпосы да (Илиада, Одиссея) осы соғыс туралы әңгімелейді. Одиссея. Гомердің «Одиссея» (, "Odýsseia") атты екінші поэмасының тақырыбы – Троя соғысынан қайтып келе жатқан Итака аралының патшасы Одиссейдің басынан кешкен шытырман оқиғалары. «Одиссеяның» негізгі сюжеті – «күйеудің оралуы». Аңыздарда осындай сюжет көп кездеседі: күйеуі ұзақ таңғажайып саяхаттан үйіне келгенде, оның әйелі басқа біреуге күйеуге шығайын деп тұрған жерінде, тойдың бей-берекетін шығарады. Гомердің поэмасында Одиссейдің жоғында оның сенімді әйелі Пенелопаға көптеген батырлар құда түседі, сол себептен оның ұлы Телемах шыдай алмай әкесін іздеуге кетеді. Бұл жерде поэмаға екінші сюжет қосылады: «әкесін іздеген ұл» туралы. Бұл сюжет бойынша әкесінің жоғында туған ұлы оны іздеуге кетеді; әкесі мен ұлы кездеседі, бірақ бір бірін танымай, ұрыс бастайды. Бір варианттарында бұл сюжет қайғымен - әкесінің немесе ұлының өлімімен аяқталады. Басқа варианттарда екеуінің татуласуымен бітеді. «Одиссеяда» бұл сюжет жартылай берілген - әкесі мен ұлының кездесуі, ұрысқа дейінгі сюжет алынған. «Одиссея» «Илиаданың» жалғасы екені белгілі, себебі онда Троя соғысынан кейінгі оқиғалар баяндалады. «Илиададай» «Одиссея» 24 кітапқа бөлінген. «Одиссеяның» құрылысы (композициясы) «Илиададан» күрделі. «Илиаданың» сюжеті бір ізді келсе, «Одиссеяның» әңгімесі әрекеттің ортасынан басталады. «Илиададан» гөрі «Одиссеяда» бас кейіпкер бейнесіне ерекше көңіл аударылған. Лирика. Лирика – көркем әдебиет тегінің бір түрі (эпос, лирика, драма). Лирикада автордың дүниеге қатысы, көзқарасы оның сезімін, ойын, көңіл-күйін, ынта-ықыласын суреттеу, бейнелеу арқылы көрсетіледі. «Лирика» деген термин соңғы кездерде шыққан. Ерте кездерде бұл термин «мелика» деп аталған (melos - өлең). «Мелика» деп ішекті аспаппен қостап айтатын өлеңдердің түрі саналатын. Көбінесе сол өлеңдерді жетішекті лирамен қостап айтқан, сондықтан олар кейін «лирика» деп аталып кетті. Грек лирикасы. Мелика өз алдына тағы екі категорияға бөлінеді: монодикалық (жеке адаммен орындалатын) және хор лирикасы. Элегия деп Кіші Азияда жоқтауды айтатын болған, көне Ионияда элегия деп өсиет мәнді, маңызды іске шақыратын, әр түрлі ой туғызатын лирикалық өлең саналатын. Ямб деп егіншілік мейрамдарында бір топ адам немесе бір адамға қарсы айтылатын өлеңдер айтылған. Бұл өлеңдер мазмұн жағынан сайқымазақ, дөрекі болып келеді. Лириканың негізгі тақырыбы – махаббат, сүйіспеншілік. Бұл тақырып ежелгі ақын-әйел Сапфоның өлеңдерінде бейнелеуін тапты. Лесбос аралының тұрғыны Сапфо өлеңдері махаббат, сұлулық, нәзіктілік, табиғат тақырыптарына арналған. Грек лирикасының ямб түрінің өкілі – Архилох (б.з.б. 7 ғ. ортасы), көне Иония әдебиетінің ірі өкілі. Оның шығармаларының тек үзінділері ғана сақталған. Архилох туындыларынан оның жалынды жыршы болғаны байқалады. Архилох поэзиясы адамгершілік, ерлікке арналған. Өз заманында Архилох ұлы лирик деп бағаланған. Анакреонт поэзиясы. Анакреонт (б.з.б.570-478 жж.) – ежелгі грек ақыны, Кіші Азиядан шыққан. Шығармаларының тақырыбы – махаббат, шарап, сауық-сайран. Бұл тақырыптағы өлеңдер кейін Анакреонт поэзиясы атанды. Анакреонт поэзиясы – махаббатты, шарапты, шаттықты жырлайтын көңілді, жеңіл лирика жанры. Анакреонт поэзиясы Еуропа әдебиетінде Қайта өркендеу және Ағарту дәуірлерінде кеңінен тараған. Мифология. салыстырғанда, антикалық әдебиетте мифологиялық бейнелер орасан зор роль атқарады). Антикалық әдебиеттің негізін грек және римдік ақын-жазушыларының әдеби мұралары құрайды. Бірақ антик дәуірінің ескерткіштерінің көбі сақталмаған, ал сақталғандардың ішінде бізге толығымен жеткендері аз. Біздің заманымызға дейін жеткен дүниелердің ішінде – Эсхил, Софокл, Еврипидтің шығармалары. Мысалы, Эсхилдің 90 пьесасынан толығымен 7 жеткен, Софоклдың 123 драмасынан 7 қалған, Еврипидтің 92 шығармасынан 19 жеткен. Антикалық әдебиетке әр түрлі уақытта көптеген ақын-жазушылар назар аударған. Антикалық әдебиеттің сюжеттері мен сарындары орта ғасырлардағы Вергилий («Энеида» поэмасы), ХVІІІ ғасырдағы И.В. Гете, И.Ф.Шиллер (Прометей туралы поэмалары), ХІХ ғасырдағы Д.Г.Н.Байрон, П.Б.Шелли шығармаларында кездеседі. Грек әдебиеті. Грек әдебиеті грек халқының құл иелену заманында туған, Еуропадағы ең көне әдебиет. І. Архаикалық кезең. Антикалық әдебиеті дамуының бірінші кезеңі – "архаикалық кезең" (б.д.б. V ғ. басы). Бұл кезеңге халықтың ауыз әдебиеті жатады. Біздің заманымызға дейін антикалық ауыз әдебиетінің үлгілері жеткен жоқ. Бұл кезеңнен тек қана б.з.д. VI ғ. жазылған грек әдебиетінің екі ұлы ескерткіші – «Илиада» және «Одиссея» поэмалары сақталды. Екінші кезең. ІІ. "Аттикалық кезең" (б.д.б. V-VІ ғ.) – грек классикалық әдебиетінің құрылуы мен гүлденуі. Бұл кезең классикалық кезең деп те аталады. Осы кезеңде лирика, драма, прозаның көп түрі дүниеге келген. Екінші кезеңге грек философтарының, тарихшы, шешендердің еңбектері жатады. Үшінші кезең. "Эллинистикалық кезең" (б.д.б. ІV-І ғ.) – антикалық әдебиеттің эллинистикалық кезеңі. Төртінші кезең. "Римдік кезең"ге (б.д.б. І ғ. аяғы) рим әдебиеті де кіреді, сол себепті бұл кезеңді римдік кезең деп атайды. Гректердің мифиологиялық образдар мен сюжеттерді мол пайдалануы грек әдебиетінде алуан жанрлардың тууына негіз болды. Көне дәуірде яғни б.ғ.д. 97 ж. құл иеленушілік пайда болған кезден бастап грек халқының өмірі түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Оның әдебиеті туып, өркен жая бастады. Алайда, грек мифологиясы әдебиетінің негізгі арқауы болып қала берді. Бұл кезеннің ұлы ескерткіштері - «Илиада» мен «Одиссея». Ру - тайпалық қарым-қатынастардың күйреу кезінде Гесиодтың (8-7ғ.) дидактикалық поэмасы «Теогония» (құдайлардың тегі) туды. Бұл дәуірде лирика жетекшілік роль атқарды. Б.з.д. 6 ғасырда Анаксимандр, Анаксимин, Гераклит сияқты философтар сөздерінің ой-пікірлерін прозалық трактат түрінде жазды. Өмірде болғанды хроника жолымен хабарлау –тарихнаманы, ал өмір көрінісін фольклорлық сыңайда баяндау - новелланы туғызды. Құл Эзопқа байланысты аңыз-әңгімелер – осының бір көрінісі. Эзоп тек прозалық фольклордың негізгі кейіпкері ғана емес сонымен қатар талай мәнді де құмарлы мысалдардың авторы болды деген жорамал бар. Ежелгі грек әдебиетінің ең бір гүлденген шағы Аттика дәуірі, бұл кезде яғни 5-4 ғ. Афина мәдени биігіне көтерілді. Осы кезеңде Эсхил өзінің «Парсылар», «Орестея», «Данаиды», «Прометей» сияқты шығармаларымен трагедия жанрының шоқтығын көтерсе, Софокл «Антигона», «Филоктет», «Эдип патша» арқылы драма жанрын қалыптастырды. Сол дәуірдің үлкен тұлғасы Еврипидтің «Медея», «Ипполит», «Геракл» т.б. шығармаларында адамның іс-әрекетін, күйініш-сүйінішін көрсетті. Ежелгі грек мифологиясы. Эгей теңізі аймағында ежелгі тұрғындарының ой-санасында барша табиғат күштері мен құбылыстары аса құдіретті, мәңгі жасайтын тіршілік иелері құдайлар кейпінде бейнеленіп, адам баласына тән барлық сезімдермен (қуаныш, қайғы, ашу-ыза, қызғаныш, өшпенділік т.б.) керемет кіршіксіз адамдар түрінде елестеген. Ежелгі грек мифтері ішінара тәңірілік әрекеттер туралы баяндаса, ішінара ғажайып құдірет-күш, ептілік пен батылдық дарыған әр алуан ерлі-зайыпты құдайлар ұрпағы есептелетін қаһармандардың ерліктері мен бастан кешкен оқиғаларын суреттеуге арналған. Жерорта теңізі әлемі халықтарының арасында кеңінен тараған бұл бағзы хикаялар мен аңыздарды римдіктер де пайдаланған. Жаңа дәуірде ол хикая аңыздар ежелгі грек мифологиясы дейтін ортақ атаққа ие болды. Гректер құдайлар Грекияның ең биік тауы Олимпте тұрады деп сенді. Оларды Олимп құдайлары деп атады (Зевс және негізгі құдайлар). Гректер Олимптегі құдайлар тұрмысын шонжарлардың тұрмысына ұқсатты. Шонжарлар тайпаларды қалай басқарса, Зевс бастаған «Олимпиялықтар» адамдар мен табиғатты солай басқарды. Құдайлар да мансапқор, қатал, кекшіл келеді-міс. Құдайлар біреуді бай әрі шонжар, енді біреуді кедей, тағы біреуді құл етіп жаратқан. Кімде-кім құдайлар орнатқан тәртіпке қарсы шықса, ол адам құдайлардың қаһары мен аяусыз жазаға ұшырайды-мыс. «Бұлт айдаушы» Зевстің еркімен жаңбыр жауады немесе қуаңшылық болады. Өзін ашуландырған адамдар мен құдайларды құдіретті Зевс алтын жебелермен – жай оғымен жайратады-мыс. Гректер «Жерді тербетуші» – теңіз құдайы Посейдоннан қаһарлы Зевстен кем қырықпаған. Посейдон өзінің үш тісті орасан зор найзасымен жерді сілкінтіп, теңізге алапат дауыл тұрғызып, кемелерді суға батырып жібереді. Күн құдайы Гелиос ақша қардай аппақ аттар жегілген алтын арбасымен аспанда жүріп өткенде күн туады-мыс. Жарық пен өнердің құдайы – Аполлон. Күзде өсімдіктердің қурауы мен көктемде табиғаттың жандануы құнарлылықтың әйел құдайы Артемидаға байланысты болған. Адам өлген соң, оның жаны жер асты патшалығының әміршісі қатыгез Аид билік ететін, өлген адамдардың қапас жер асты патшалығына түседі-міс. Аидтың аяғының астында үш басты төбет отырады, ол жер асты патшалығына келгендерді кіргізеді де, бірақ одан ешкімді де шығармайтын болған. Гректер басты құдайларды мәңгі өлмейтін, сұлу, тұлғалы, алып адам бейнесінде елестетті. Ал орман құдайлары сатырларды үсті-бастары жүн басқан ешкі аяқты, ешкі құлақты адамдарға ұқсатты. Бұлақтардың әйел құдайларын қыз түрінде бейнелеп нимфалар деп атады. Шаруашылықтың әр саласының, егіншіліктің, мал шаруашылығының, аңшылықтың, қол өнердің әрқайсысының қамқоршы құдайлары бар деп саналды. Шарап жасау ісінің құдайы Дионис адамдарға жүзім өсіріп, шарап жасауды үйретсе керек. Оның құрметіне мейрамдар өткізіліп отырған. Гректер металл өңдеуді игере бастаған кезде ұсталардың жарылқаушысы – Гефест құдай туралы аңыз шықты. Гефест жер астындағы ұстаханада өзі жұмыс істейді екен. От пен түтін атқылап жатқан жанар таулар оның жер астындағы ұстаханасынан шығады. Гефест үстіне қолөнершілердің қарапайым киімін киеді, беті-қолы қап-қара, күйе болып жүреді-міс. Сауда-саттықтың өркен жаюына байланысты оның жарылқаушысы – Гермес құдай пайда болды. Ол Зевстің тапсырмасын орындап, бір қаладан екінші қалаға ұшып жүрген. Сондықтан көбіне ол сандал, қалпақ киген қанатты адам кейпінде бейнеленген. Зевстің әйелі Гера – неке, ана мен баланың қамқоршысы. Артемида – аңшылық құдайы, Аполлон – өнер, жарық құдайы, Афродита – сұлулық, махаббат құдайы, Арес – соғыс құдайы, Афина – қалалардың қамқоршысы, Тюхэ – бақыт құдайы, Ника – жеңіс құдайы, Фемида – заңдарды сақтаушы құдай, Мойралар – тағдыр құдайлары, өлім құдайы – Танат, ұйқы құдайы – Гипнос, Пан – орман құдайы, табиғаттың қамқоршысы, Эрида – араздық құдайы т.б.. Антикалық шығармаларда мифтік әңгімелер жиі кездеседі, әсіресе грек өнерінің көптеген шығармаларында құдайлар мен қаһармандар образы бейнеленген. Антикалық грек-рим мәдениеті осы заманғы барлық еуропалық халықтардың мәдени дамуына өте күшті ықпал жасады. Грек жазуы көптеген алфавиттерге негіз болды. Гректің толып жатқан сөздері қазіргі тілдерге де енді: «школа», «арифметика», «театр», «хор», история» т.б. Күнделікті әңгімеде ескі грек мифологиясынан алынған есімдер, атаулар, бейнелі сөздер жиі қолданылады: «титандық күрес», «молшылық мүйізі», «бүлік алмасы», «олимпиялық жайбарақаттық», «ахиллес өкшесі», «тантал азабы», «сизиф еңбегі» т.б. Грек есімдері – Петр – «тас», Алексей – «қорғаушы», Георгий – «егінші», Галина – «желсіз тымық теңіз айдыны». Қазіргі астрономиядағы көптеген планеталардың, жұлдыздар мен тұтас жұлдыздар шоғырларының аттары антикалық мифологиядан алынған. Еуропаның әр түрлі елдерінің жазушылары, суретшілері мен сазгерлері грек мифологиясының эпизодтарын өз шығармаларына сюжет етті: С.Боттичелли («Венераның тууы», «Көктем» картиналары), Рубенс («Персей мен Андромеда»), Рембрандт («Даная»), Пуссен («Спящая Венера и Амур»), У.Шекспир («Венера мен Адонис»), Глюк («Орфей» операсы), В.А.Серов («Европаны ұрлау»), М. Врубель («Пан» картинасы). Грек мифологиясының сюжеттері бойынша Мәскеуде Үлкен театр, Санкт-Петербург қаласында Мемлекеттік Эрмитаж, Петродворец т.б. (Кусково) сәулетті үйлер мен бақтар безендірілген. А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов өлеңдерінде мифологиялық кейіпкерлер жиі қайталанады. Семей полигоны. Семей полигоны - КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды стратегиялық объектісі болды.КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті. Невада-Семей полигонының инфрақұрылымы. Осынау полигонның кемел инфрақұрылымы: Курчатов қаласын (Семей – 21), реакторлар кешенін, «Балапан», «Г» (Дегелеңдегі сейсмокешен), «Ш» («Тәжірибелік алаң» дейтін) сынақ алаңдарын, толып жатқан басқа да ұсақ тәжірибелік алаңдарды қамтиды. Семей ядролық полигонның осынау тәжірибелік алаңдарында 456 ядролық жарылыс жасалды. Осынау сынақтар атом қаруының қиратқыш қаруын айтарлықтай арттыруға ғана емес, оның жаңа түрлерін де жасауға мүмкіндік берді. Семей ядролық полигонның алғашқы жүргізілуі. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды. Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды. 1949 жылғы 29 тамызда тұп-тура таңғы сағат жетіде көз ілеспес жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан отты доп кенеттен Жер денесіне қадалып, оны шарпып өтіп, аспанға көтерілген. Отты шардан соң, сұрапыл қуат пен көз қарастырар сәуле бас айналдырып жібергендей бір сәтте жер қабығының ыстық күлі мен иісі көкке көтерілген. Жер лыпасының өртең иісі қолқа атар түтіннің ащы иісін қолдан жасалған жел әп-сәтте жан жаққа таратты. Таяу жерлердегі сирек ауылдарда тұратын адамдар дір ете түскен жер мен жарты аспанды алып кеткен от-жалынға таңырқап, үйлерінен қарап тұрған. Жалғыз түп шөп қалмаған, түтігіп қарайып кеткен даланың тұл жамылғысы. Жан-тәсілім алдында жанталасқан тышқандардың, қарсақтардың кесірткелердің өлі денесі табылған. Жаңадан келгендер бұл тозақты Семей ядролық сынақ полигоны ретінде белгілі № 2 оқу полигонында РДС-1 (зымырандық көрсеткіш снаряды) плутоний зарядан жер бетінде сынақтан өткізу жарылысы деп атады. Бұл КСРО-да тұңғыш атом бомбасының жарылуы еді. Полигонда жаңа таталды жұлдыздың тууын Лаврентий Берия, Сергей Курчатов, әскери бастықтар мен атақты ғалымдар, Кеңестік атом бомбасының толып жатқан идеологиялық, идеялық және техникалық аталары тасадан бақылап тұрды. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері. Тұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық елді мекендерін жауып қалды. Көрші қонған әскери объектіде не болып жатқаны туралы титімдей түсінігі жоқ жақындағы ауылдардың тұрғындары радиациялық сәуленің сұмдық дозасын алды. Халыққа сынақ туралы ескертілмеген де еді. Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953 жылдан бастап қана ескертіле бастады. Онда адамдар мен малды радиоактивті заттардың таралу аймағынан уақытша көшіру, оларды қарабайыр қорғаныш объектілеріне, орларға немесе кепелерге жасыру көзделді. Алайда жарылыстан кейін адамдар радиациядан былғанған жерлердегі өз үйлеріне оралып отырды. Жарылыс толқыны көптеген үйлер терезесінің шынысын ұшырып жіберген, кейбір үйлердің қабырғалары қирады. Кейінірек сынақ алдында уақытша көшірілген адамдар полигон жанындағы туған жерлеріне қайтып орала бастағанда, олардың көбісі үйінің орнын сипап қалды, не қақырап кеткен қабырғаларды көрді. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері туралы алғашқы шын да жүйелі деректер Қазақ КСР Ғылым академиясы жүргізген кең ауқымды медициналық-экологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынды. Зерттеулерді, ғылыми экспедицияларды профессор Б. Атшабаров басқарды. Радиацияның адамға ықпалының механизмі қазіргі кезде едәуір жақсы парықталған. Бұл орайда ең қауіптісі – иондалатын радиацияның ықпалы гендік кодты дауасыз өзгерістерге соқтыруға мүмкін екендігі. 1949 жылғы алғашқы жер бетіндегі жарылыстан бастап Семей және Павлодар облыстарының радиациялық сәулеленудің ықпалына ұшыраған басқа аумақтардың тұрғындарының арасында сырқат санының ұдайы өсіп келе жатқаны байқалады. Бұлар өкпе мен сүт бездерінің рагы, лимфогемобластоз және басқа да қатерлі ісікті патологиялары. Жалпы алғанда рак ісігі сынақтар басталғалы бері үш есе өсті. Семей полигонына жақын нақ сол аудандарда жетілуіндегі әртүрлі ауытқулар, тәндік және естік кемшіліктер әрқилы сәбилер дүниеге ерекше көп келеді. Мамангдардың айтуынша, соны бәрі нақ қысқа мерзімді және қалдықты радиацияның кесірінен болатын генетикалық мутациямен байланысты. Адамдар ғана емес, жер де азап шегеді. Жылма-жыл радионуклидтердің жинала беруі жердің құнарлығын азайтады. Жерде орасан зор микроэлементтер: темір, мыс, магний және басқа металдар әрттүрлі дәнді дақылдар адам организміне сіңеді. Суарылған ядролық темірмен. Сутегілік құрылымы РДС-2 бұйымы дегеннің қуаты жағынан соған дейін болып көрмеген. Жарылысы 1953 жылғы 12 тамызда Семей ядролық полигонының төңірегін тетірентті. Оның қуаты 480 килотонна еді. Жарылыстан кейін пайда болған нарттай жанған радиоактивті газдардың саңырауқұлақ секілді бұлты 16 километр биіктікке көтерілді. Осы жарылыстан кейін радиусы ондаған километр болатын жерде дала шөптері бірнеше күн бойы көгілдір сәуле шығарып тұрды. 1955 жылы 22 қарашада ТУ-16А әскери бомбалағышы Семей полигонының үстінен ұшып бара жатып, жаңадан жасалған қуаты 1,7 мегатонна болатын, термоядролық РДС-37 зарядын тастады. Бомба бір жарым километрлік биіктікте жарылды. Бұл жарылыстың соққы толқыны мен жер қабатының дірілі бүкіл дерлік Қазақстан аумағы мен Ресейдің көршіліс аймақтарында сезілді. 1962-1989 жылдар арасында Семей полигонындағы Дегелең тауының жер астындағы шахталарында 340 жарылыс жасалды. Бұл арада жыл сайын 14-18 ядролық сынақ өткізіліп тұрды. Осынау жарылыстың салдарынан бір көздері жартастардан құралған Дегелең тауы іс жүзінде киыршық тас үйіндісіне айналды. Жер астындағы әрбір үшінші жарылыстан соң, жарылыс нәтижесінде пайда болған жарықтар мен саңылаулардан радиоактивті газ шығып кетіп жатты. 1989 жылы 12 ақпанда кезекті жоспарлы ядролық сынақ өткізді. Үңгірлердің бірінде қуаты 70 килотоннадан астам ядролық заряд жарылды. Соның салдарынан жер бетінде саңылаулар пайда болып, олардан екі тәулік бойы радиоактивті газдар шығып жатқан. Содан пайда болған радиоактивті бұлт 30 мыңнан астам адам тұратын аумақты бүркеді. Бұл аймақта радиациялық фон 3000-4000 микрорентгенге жетті. Бұл көрсеткіш қалыпты жағдайда сағатына 15-20 микрорентген болатын табиғи радиациялық фоннан екі жүз есе асып түсті. Невада - Семей. Бір кездері ядролық полигон нақ Семей жерінде неге құрылды деген сұрақтың жауабын іздегенде сол кезде бұл өңір Кеңес Одағының адам ең аз қоныстанған, сонымен бірге негізгі коммуникация жерлерінен оншалықты қашық емес деген сөздер шыққан. Тек осы себептерден ғана құрбандыққа шалу үшін адам саны қандай болуы керек деген сұрақ туындайды. Темір жолдың екі жүз километрін үнемдеуден гөрі, жалғыз да болса, адамның өмірі арзан бағаданғаны ма? 1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын табу үшін күресті бастауға ұйғарған «Невада - Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. Оны басқарған – белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов. Сол жылдың 6 тамызында Семей облысының Қарауыл ауылында ядролық қаруды сынауға мораторий жариялау жөніндегі ұсынысты КСРО және АҚШ Президенттеріне үндеу қабылданды. Онда былай делінген болатын: «Сайын даламыз ядролық жарылыстардан қалтырап бітті, сондықтан да онда ары қарай үнсіз қалу мүмкін емес. 40 жыл ішінде бұл арада мыңдаған Хиросималар жарылды. Біз келешекті қауіппен күтудеміз. Уайымсыз отырып, су мен тамақ ішу, өмірге нәресте әкелу мүмкін емес болып барады. Қазақстандағы ядролық қаруды тоқтату үшін, өз үйімізде бейбітшілік пен тыныштық орнату үшін, өз құқықтарымыз үшін күресу мақсатында біз «Невада - Семей» қозғалысын құрдық». Осы уақытқа дейін үнсіз тығылып келген халық бір дауыстан «ядролық қаруға жол жоқ!», «Сынақтар тоқтатылсын» деп мәлімдеді. Ядролық сынақтардың қатері жөнінде барлық бұқаралық ақпараттары құралдарында, телевидение мен газеттерде әңгіме бола бастады. Түрлі елдердің парламенттері өз сессияларында қозғалыс ұрандарын талқылап жатты. Радиациялық сәулелердің зардаптары жайлы дәрігерлер мен ғалымдардың ашық әңгіме қозғауға батылдары жетті. Бұқараның қысымымен Семей полигонындағы сынақтар саны азая бастаған еді. Халықтың бастамасымен тұңғыш ретКСРО Үкіметі ядролық қаруды сынауға тыйым салу – мораторий жасау туралы шешім шығарды. Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ел ауағы ядросыз аймақ деп жарияланды. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарған күні – 1991 жылдың 28 тамызы. Сөйтіп тиянақтылық пен елімталдық көрсеткен қазақ халқы өз мақсатына жетті: ең үлкен полигон жабылып, атом қаруынан бас тарту әрекеті жасала бастады. Семей полигоны жабылғаннан кейін Ресейдің, АҚШ пен Францияның полигондарында ядролық қаруды сынауға мораторий жарияланды. 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылып, 1992 жылдың мамырында оның базасында Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық құрылды. Сыртқы сілтемелер. КСРО полигондары Түрксіб. Түрксіб теміржолы - 1926-1931 жылдары салынған КСРО-ның ірі құрылыстарың бірі, Орталық Азия мен Сібірді қосатын темір жолы. 1941 жылы жолдың пайдаланымдық ұзындығы 2088,4 шақырымды құрады. Жамбыл – Қаратау, Көксу – Текелі жаңа желілері салынды. Стансалық жолдардың толық ұзындығы 557 шақырымға тең болды. Соғыс жылдарында Қазақстан майданның қуатты арсеналына айналды. Соғыс еліміздің бүкіл теміржолдарының, соның ішінде Түркістан – Сібір магистралінің алдына әскери жүктердің үздіксіз тасымалдарын, майданға әскери эшелондарды, әскери техниканы, ал қорғаныс өнеркәсібі үшін көмір, металл және басқа да маңызды жүктерді уақытында жеткізуді ұйымдастыру бойынша жауапты міндет қойды. 1941 жылдың 24 маусымында 18 сағатта ҚЖХК еліміздің, соның ішінде Қазақстанның теміржолдарындағы пойыздар қозғалысын айрықша әскери жұмыс кестесіне ауыстырды. Онда бірінші кезекте әскери эшелондармен, әсіресе, мобилизациялық іс шараларымен байланысты жүктердің өте жылдам қозғалысы қарастырылды. Жолаушы пойыздарының, сол сияқты қорғаныстық мәні жоқ тасымалдардың қозғалысы едәуір қысқарды. Қозғалысты ұйымдастыруда айтарлықтай құрылымдық өзгерістер болды, шикізат жүктерінің тасымалдары қысқартылды, жартылай фабрикаттарды, дайын өнімдерді тасымалдау артты, қару-жарақтар, рудалық қоспалар, вольфрам, молибден, ауыл шаруашылық машиналарын, газогенераторларды және басқаларды тасымалдау ұлғайды. Соғыстың алғашқы жылдарында Түрксіб арқылы адамдар мен материалдық ресурстарды үсті-үстіне жөнелту, Қазақстанға көшірілген кәсіпорындар мен адамдарды түсіру кезінде қиындықтар болды, тасымалдар мен вагондарға деген сұраныс нормадағыдан үш есе асып түсті. ҚЖХК мен әскери командованиенің қорғаныстық және халық шаруашылық жүктерінің тасымалдары бойынша тапсырмалар бұлжытпай уақытында орындалды. Бұл оңайға түскен жоқ, дегенмен түрксібшілер барлық қиындықтарды жеңудің жолдарын тауып отырды. Қазақстанның теміржолшылары орасан зор тасымалдар көлемін орындады. Елімізге бірнеше айлардың ішінде елдің орталығынан 220 өнеркәсіптік кәсіпорындар және 550 мың адам көшірілді. Көмір жөнелту екі есе, қара металдарды жөнелту екі еседен астам, мұнай өнімдері мен рудаларды жөнелту 4 еседен астам өсті. Жауға қарсы атылған он оқтың тоғызы қазақстандық қорғасыннан құйылып жасалған еді. Осының бәрінде де Түрксіб пен оның адамдары жетекші рөл атқарды. Мәліметтер бойынша, Ұлы Отан соғысы кезінде 1300 жедел әскери эшелон, жалпы саны 70 мың вагонды қамтыған 1700-ден астам әскери-жабдықтаушы құрам жөнелтілді. Соғыстың басынан бастап, оның соңғы күндеріне дейін магистраль саны күрт қысқарып кеткен бос вагондарға, әсіресе, жабық вагондарға қатысты ерекше ауыр қиындықтарды бастан кешірді. Жабық вагондар жетіспеген кездерде қант платформаларымен, астық жартылай ашық вагондармен үсті брезентпен қымталып жабылып тасылды. Соғыс жылдарында 240 өндірістік нысан тұрғызылып, пайдаланымға енгізілді. ҚЖХК-ның Алматыдағы электротехникалық зауыты іске қосылды, ол шағын теміржол шеберханаларының және Харьков қаласынан көшіріліп әкелінген байланыс зауытының құрал-жабдықтарының негізінде пайда болды. Сол жылдары ол жол көлігіне арналған байланыс аппараттарының кейбір күрделі түрлерін шығару жөнінен еліміздегі жалғыз зауыт болды. Сол кездері Алматыда, сондай-ақ ҚЖХК-ның ірі вагон жөндеу зауыты салынды. Түрксібтің паровоз деполарында майдан желілерінен келіп жеткен локомотивтерді қалпына келтіру үшін патриоттық қозғалыс өрістеді. Бұл депо ұжымынан үлкен күш жұмсауды қажет етті. Бомбылаудан кейін жартылай қирап қалған 58 паровоз қалпына келтірілді. Содан кейін депо ұжымы паровоз паркін жаппай ауыстыруға көшті. Олар майдан жолдарына өздерінің 314 ең жақсы паровозын жөнелтті, ал өздері батыс европалық типтегі трофейлік (соғыста жаудан түсірілген олжа) паровоздармен жұмыс істеді, оларға едәуір жөндеу жүргізу қажет болды. Осындай жолмен 460 паровоз қалпына келтіріліп, пайдалануға енгізілді. Түркістан – Сібір магистралінде құрастырылған №34 паровоз колоннасы Алматыдан Берлинге дейін 13600 шақырым жол жүріп өтті. Монша – кір жуу пойызы мен бронепойыздар құрастырылып, олар майдан алаңдарында әрекет етті. Түрксібке майданнан оралған ЭУ-№69911 сериалы паровоз Алматы-1 депосында мәңгілік тұғырға қойылды, бұл паровоз тізе бүккен Германияның астанасы Берлинге бірінші болып кірген болатын. И.В.Панфилов атындағы 28 гвардиялық атқыштар дивизиясы жауынгерлері 1941 жылдың 17 қарашасында майданға аттанған еді. Атақты дивизияда Ұлы Отан соғысының майданында Түркістан – Сібір магистралінің көптеген теміржолшылары Отан қорғауда көрсеткен ерліктері үшін марапатталды. И.Л.Шапшаев теміржолдан 1077 атқыштар полкына политрук болып Панфилов дивизиясында, жауынгер Р.Х.Вальданов 28-ші Гвардияшыл Панфиловшы барлау ротасының политругы болып, соғыс аяқталған соң, Алматыға Түрксібке келіп қызмет істеді. Кеңес Одағының батыры атағына ие болды. Мұсахан Әлімжанов, Есмұхан Таймасов, Қоңырқұлжин, Иманбековтер теміржолда жұмыс істеп жүріп, өздері сұранып, соғысқа аттанды. Әлімжанов соғыс аяқталған соң, Алматыға Түрксіке оралды, «Қызыл жұлдыз», «ІІ дәрежелі Отан соғысы» ордендерінің иегері болды. Таймасов Есмұхан – Түркістан – Сібір теміржолының бөлім бастығынан 28 Гвардияшыл Панфиловшылар дивизиясында артиллерия взводының командирі болып, барлық шайқастарға қатысып, 1943 жылдың 22 ақпанында тамаша ерлікпен қаза тапты. Өткен 2005 жылдың 7 мамырында Ұлы Отан соғысының жеңісінің 60 жылдығын, фашистік Германиямен 1941-1945 жылдардағы кеңес халқының ерлік жеңісін тойлау қарсаңында орталық мұражайда соғыс ардагерлерімен кездесу өтті. Мұражайға кірер жерде фойеде «Ешкім ұмытылмайды, ештеңе ұмыт қалмайды!» деген экспозицияда соғыстан қайтпағандарға от жалындап, екі офицер қарауылда тұрды. Кездесуге Ұлы Отан соғысының мүгедегі –Р.Тұғанбаев, С.Ф.Соколов, соғысқа қатысқан ардагерлер: Н.Д.Середенко, М.Бисимбаев, М.Мұхамеджанов, Б.Мұқажанов, В.И.Клименко, Н.П.Малахова және т.б. қатысты. Түрксіб теміржолшыларының қазақстандықтардың фашистік Германияны жеңудегі ерлігі мен іс-қимылдары мұражайдағы 4 қабырға газетінде айқын көрсетілген, яғни түрксібшілердің жеңіске жетудегі нақтылы жанқияр ерлігі бүкіл Қазақстан тарихында мәңгі қалатыны сөзсіз. 1718. 1986 жылы — Семей қаласының салынуы. 1720. 1720 жыл — Өскемен қаласының салынуы 1752. 1752 жыл — Петропавл қаласының салынуы. Дубай. Дубай () - Таяу Шығыс елінің іскери орталығы, үнемі кеңею үстіндегі Парсы шығанағына Иран, Үндістан, Шғыс Африка, тіпті шеткері Шығыс елдері үшін “ену қақпасы” болып табылады, Эмираттың астанасы – Дубай қаласы. Ол қаланы екі бөлікке бөлетін Хор-Дубай шығанағымен қиылысып жатыр. Көлемі бойынша 3885 км-ді құрайтын екінші Эмират, халқының саны – 600 мың адам. Бар-Дубай – оңтүстік бөлігінде әр түрлі компаниялар мен банктер және басқа да мекемелердің басқару іскери кеіселері орналасқан. Туристер үшін ең қызықтысы сауда орталығы, дануарлар саябағы және теңіз жағалауындағы Аль-Джумейра саябағы болып табылады. Дейра – солтүстік бөлігі – бұл бизнес пен туризмнің орталығы. Мұнда көптеген дүкендер, базарлар, мектептер, қонақүйлер, клубтар және халықаралық Дубай әуежайы бар. Бұл екі бөлік Аль-Хор шығанағымен өтетін Аль-Мактум және Аль-Гархуд көпірімен, сонымен қатар Аль-Шандага үңгіртауымен байланысқан. Джебель Али ауданы бүкіл ел үшін өндірістік және сауда-саттық аймағы болып есептеледі. Бұл жалпы Парсы шығанағындағы ең ірі тәуелсіз экономикалық аймақ. Парсы шығанағының жағалауында орналасқан Дубай Таяу Шығыстағы басты саяхат орталығы болып табылады. Жыл бойы ашық күн, ертегідей жағажайлар, демалыс үшін мүмкіндіктің молдығы, спортпен шұғылдану – мұның бәрі демалысыңызды Дубайда өткізуге қолайлы жағдай жасайды. Көптеген саяхатшылар мұнда атақта Дубай сауда орталықтарын, көз алмастыруға мүмкін емес тастар мен металлдарға толы Алтын базарды, Джумейра мешітін, Сайд патшасының сарайын тамашалау үшін дәне қаланы екі бөлікке бөлетін арналан дәстүрлі “доу” кемесімен немесе “арба” таксиімен аралау, сонымен қатар, паба, бар, түнгі клуб, дискотека секілді Дубайдың түнгі өміріне орану үшін ат терлетіп келеді. Гидросфера. Гидросфера (— су, — шар) – Биосфераның екінші қабаты. Гидросфера - табиғи су қоймаларынан (мұхиттардан, теңіздерден, көлдерден, өзендерден) құралады. Бұл құрлықтың 70 % алып жатыр. Гидросфераның көлемі 400 млн шаршы км. Ибица. География. Ибица () мен Форментера – Балеар архипелагының оңтүстігіндегі аралдар (Испания). Олар Жерорта теңізінің батыс бөлігінде орналасқан және сәйкесінше көлемінің үлкендігі бойынша үшінші және төртінші орындарды алады. Форметера Ибицадан 11 теңіз мильсындай ара-қашықтықта орналасып, таңқаларлық әсем жағажайға ұқсайды. Өлшемдері. Ибицаның ауданы шамамен 570 шаршы километрдей, арал ұзындығы 40 километрдей, ені 14 километр болады. Израиль Рельеф. Ибицада екі таулы жота бар. Олардың ең биік нүктесі теңіз деңгейінен 475 метр болады. Ибица аралының пейзажын миндаль, апельсин, фига, оливка тоғайларымен араласа өскен қарағайлы ормандар толықтырады. Аралдың оңтүстігінде ежелден бері тұз өндіруге арналған алқап бар. Аралдың бұл ауданы ЮНЕСКО-ның қоластында. ЮНЕСКО эгидасы теңіз флорасы мен фаунасына жауап береді. Арал жағалауларының ұзындығы 210 шықырым/ Ибица 69 км/ Форментерада құмды бухталар мен көркем жағажайлардың ұзындығы 18 км болдаы. Климат. Аралдар Жерорта теңізінің климаттық зонасына жақын болғандықтан, яғни, Африка жағалауларынан 200 км, ал материкті Испаниядан 87 км болғандықтан ауа-райы мұнда тұрақты. Аралда қыс мезгілі жұмсақ болады. Жазда ауа-райы құрғақ болғанмен, желдің үнемі соғуына байнанысты аса ыстық болмайды. Жылдық орташа температура – 17,5 градус Цельсия; бұл көрсеткіш тамыз айында 25,4 градус Цельсияға жетсе, қаңтар айында 11,6 градус Цельсияға жетеді. Жалпы алғанда, ауа-райының құбылып тұруы арал климатына тән, яғни, күн/түн немесе жыл мезгілдеріне байланысты. Бір жыл ішіндегі жауын-шашын мөлшері 350 м болса, шілде мен тамыз айларында 4 мм ғана түседі. Астанасы. Ибица аралының астанасы - өзіне аттас Ибица қаласы. Ибица аралындағы тұрғындар саны 86000 адам (Форментерада 6000 адам), ал былтырғы жылдың өзінде аралға демалуға келген туристтер саны – 5 000 000- ға жетті. Балеар автономиясында ұзақ өмір сүрушілер өте көп кездеседі. Тарихы. Ибица мен көрші кішкентай Форментераның тарихы біздің эармызға дейінгі 1600 жылдан басталған. Біздің эрамызға дейінгі VIII ғасырда финикиялық колонизациядан кейін аралда Карфагеннен шыққан адамдар басып алды (654 жыл б.э.д.). Олар Европадағы ең алғаш қалалардың бірі – Ибицаны басып алды. Олар қаланың, кейіннен аралдың атын көне эгипет құдайы Бесаның атымен қойды (Ол құдай сәбилердің қорғаушысы және қасырет пен қайғы-мұңды болдырмайды). Кейіннен, Гректер аралдарды қарағаймен жабылған немес Pitiusas деп атады. Б.э.д. 123 жылы аралдарды Римдіктер басып алды. Бірақ арал Рим Империясының бөлігі болған жоқ және конфедерация ретінде өз тәуелсіздігін сақтап қалды. 426 жылы аралға Вандалдар келді, ал 534 жылы оларды византиялықтар алмастырды. IX ғасырда аралды арабтар басып алды. 1235 жылы 8 тамызда аралды каталондықтар жаулап алды. Каталондықтар неше ғасыр бойы аралға жасалған шабуылдар мен пираттардың тонауларына мән бермеді. Аралдың тарихи символы барлық Құдайлардың анасы антикалық құдай Танит. Ол Жердің және тіршіліктің Құдайы. Мұндағы археологиялық мұражайда көптеген қызық артефактарды көруге болады. Олар тарихтың шым-шытырық және қызықты болғанының айғағы. Аралдың аңызындағы қамал Көне қаланы, Кафедралық жиынды, көне цивилизацияның дәлелдерін, шіркеулерін қорғап қалған. Қазіргі уақытта Перудегі Machu Pichu қаласымен және эгипет пирамидаларымен қатар арал ресми түрде ЮНЕСКО-ның қарамағында. 20 ғасырдың басынан бастап арал еркін өмір сүретін суретшілердің, жазушылардың, әртістердің және барлық творчествалық адамдардың үйі болып кеткен. Өткен ғасырдың 30-шы жылдары аралда герман, итальян, испан саяси партияларының және осы мемлекеттің творчествалық интеллегенциясы фашизмнен жасырылған. 60-шы жылдары аралға солтүстік америкадан келген битниктер мен хиппилер келді. Олар Европада жұмыс істейтін американ дипломаттарының балаларынан арал әдемілігі туралы естіп келген деседі. Арал тарихының бұрылысты моменті болып, 1987 жылы британдық супер-ди-джейлердің келуі табылды. Ибица өте қуатты энергетикамен қамтамасыз етілген. Бүгінгі Ибица тек батыс жастарының арасында ғана емес, сондай-ақ, әлемнің бүтін бір бөлігін құрайтын барлық бағыттағы суретшілердің, кино және музыка жұлдыздарының, топтық ди-джейлердің, модельдердің, журналисттердің, саясаткерлер мен бизнесмендердің арасында да әйгілі. Тағы да бір толықтыратын жайт: мұнда дүние жүзін жаулап алған нашақорлық мүмдем болған емес. Сондай-ақ, әр бұрышта және бәрінің көзінше ешкім ашаналық қатынаста болмайды. Бұл құбылыс Ресей Мәскеуінің көшелерінде аюдың жүргмеуімен тең. Аралдың клубтары. Юұл шыныменде бөлек тақырып. Демалуға келетін туристтердің 12% «клаббер» классификациясына түседі. Бұл азаматтар клубтық мәдениеттің нағыз бағалаушылары болып табылады, дұрысырақ айтсақ, қазіргі ғажап әрі сан алуан электронды музыканың (техно, хаус, техно, электро...) жан сүйерлері. Аралда дүние жүзіндегі ең жақсы би клубтары бары сөзсіз. Олар барлық континенттерді сазды әуенімен жаулап алып, адам миына жағымды әсер етіп, таңқаларлық күшпен тартады. Адамдардың бір-біріне деген бауырмашылығы, өзара теңдігі көрінеді. Мұнда мыңдаған адам бүйірлесіп би толқынына кенелген кезде, қоршаған ортаның барлық шарттары мен шекараларын ұмытып, демалып, көңіл көтереді. Клубтар ондаған мың амадға есептелген ғимарат төбесіне дейін дыбыстын және жарқырауық аппараттардың ең қуаттысымен; бассейндермен, бақтармен және галереялармен, сапалы әрі сан алуан шоу-бағдарламалармен қамсыздандырылған. Аралдада негізнен 7 супер клуб бар. Олардың бағдарламалары күн бе күн ауысып отырады және әр клуб қонақтарға және шоу-бизнес майталмандарына маусым кезінде өз алаңдарын ұсынады. Ибица клубтарының феномені аңызды және әлемнің бұл облыстағы барлық мамандарымен зерттеліп келеді. Клубтардағы адам саны кей күндері өз сыйымдылығынан 2 немесе 3 есе асып кетеді. Арал клубтары тек түнде ғана емес, күндіз де жұмыс істейді. Олардың жұмысы таңғы 6-да да, түс кезінде де, яғни, кезек келген after-party кезінде де жалғаса береді. Бір сөзбен айтқанда, үнемі қасыңнан табылатын non-stop мейрамы! Ең үлкен клуб, әрі Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген Privilege клубы; Әлемдегі ең стильді – Pacha клубы; Супер Ди-джейлердің арасындағы ең сүйіктісі - Space клубы. Сан Антонио қаласында орналасқан өте жарық және аталған клубтардан тек 30 метр қашықтақта орналасқан Es Paradise және Eden клубтары солардың қатарында. Арал суперклубтарының санын толықтыратын Amnesia және El Divino деп аталатын кішкентай клубтар толықтырады. Канар аралдары. Канар аралдары (;,;) - Испанияның 17 автономдық облыстарының бірі. Олар Еуропалық экономикалық қоғамдастыққа елдің бір бөлігі ретінде біріктірілген. Дегенмен, бұл мүшеліктің аралдардың ара-қашықтығына, экономикалық және тарихи-дәстүрлік ерекшеліктеріне байланысты өзіндік өзгешеліктері де бар. Канар астанасы Санта-Крус-де-Тенерифе және Лас-Пальмас аралдарының ірі қаларының қақ ортасында орналасқан. Автономиялық үкіметтің Президенті әр астанада 4 жыл сайын сайланады. Құрамында 60 депутаты бар Парламент Санта-Круста – қала орталығында орналасқан. Әр аралдың Сabildo insular – мәңгілік көктем аралдары деп аталатын өзіндік жергілікті үкіметі бар. Канара архепилагын құрайтын жеті арал Переней жартылай аралынан оңтүстікте шамамен 1000км-дей және африкалық жағалаудың ең жақын нүктесінен 115км қашықтықта орналасқан. Олардың сарқырамалық тегі және Атлант мұхитындағы ерекше жағдайы европалық, сонымен қатар африкалық аралдарға қарағанда геологиялық, өсімдік әлемі, сондай-ақ, табиғат көрінісі айқындалады. Мұндай табиғат ерекшеліктері әр мерзімде, тәулікте көп өзгермейтін төменгі температуралық (жағалаудағы жылдық орташа температура 220С құрайды) жағымды климатты белгілейді. Аралдардағы көктемгі климат шамадан тыс аптаптан запа шекпей-ақ жыл бойы кез келген уақытта жағажайды пайдалануға мүмкіндік береді. Мұндай климат Қанар тұрғындарының жағымды мінезін көрсетеді. Канара аралдарының жұмсақ климаты ежелден бері адамдарды өзіне тартып келеді. Гректер бұл жерлерге ғасырлар бойы “Бақытты аралдар” деп аталып келген Гесперидтер бағын тұрғызды. Қанар аралдарының даңқы саяхат мақсатында XVIII – XIXғғ. Ғылыми экспедициялар дәуірінен басталады. Бұл кездері европалық натуралистер ерекше сарқырамалық ландшафтар мен бай өсімдіктер дүниесін зерттеу үшін аралдарға қатынаған. XIX ғасырдың соңында аралдардың даңқы одан әрі күшейе түсті, олар демалыс және көптеген ауруларды емдеу орны болды. Қазіргі уақытта Қанар аралдары европалық туризмнің ең маңызды орталықтарының бірі болып табылады. Олардың жағалауында әржыл сайын 8 млн-нан артық адам тынығып, ғажайып әсереге бөленеді. Қанар жерлеріндегі тамаша сарқырамалық табиғат кез келген адамға таңқаларлық күй кештіреді. Бұл сарқырамалық көрініс әр европалық саяхатшының ең керемет демалыс орны болып саналады. Сарқырама көшкіні, құм, базальт құздары мен жартастары, көшкін даласы, сонымен қатар, сарқыраманың жарқылы, жердің ұсақ бөліктерге бөлінуі кез келген адамды қуанышқа бөледі. Қанар аралдарының негізгі байлығы, маңызды ерекшелігі табиғат екендігіне күмән жоқ. Бұл туризм бизнесінде маңызды рөл атқарады. Қанар аралдарының мұндай тартымдылығы туристер үшін өте мәнді. Мұндағы климат, 1500км-лік жағалау сызығы, салтанатты жағажай спортпен және су спортымен айналысуға мүмкіндік береді. Бұл жерлердің халқы, Еуропа, Африка, Америка мәдениетімен қосылған дәстүрлі асханасы, барлығы да ғажайыпқа толы. Бұған олардың ыңғайлылығын (ескі әлемнің ірі қалаларынан бірнеше сағат ұшу) және көптеген елдерге үлгі болатын туризмнің жақсы дамыған инфрақұрылымын да қосамыз. Соңғы онжылдықта туризм қанар аралдарының тұрғындары үшін негізгі мәселе болып келеді. Өндірістің пайыздық қатынасын талдау арқылы бұған көз жеткіземіз. ІҰӨ (ішкі ұлттық өнім): ауыл шаруашылығы – 4,13%, өндіріс – 11,28%, құрылыс – 11,56%, қызмет көрсету – 73,03%. Соңғы бөлімді (қызмет көрсету) туристік бизнес қызметтері: өзгерту жұмыстары, туристік агенттіктер, транспорттық қызмет көрсету, жатын орындары, т.б. мысалы, туристерден түсетін пайзаның есебінен дамып, өркендейтін коммерциялық орталықтарды қамтиді.1995 жылы Қанар аралдарына 4,5 миллион саяхатшы келді. Қанар аралдарының алаңы – 7,447 шаршы км, халқы – 1,700 000 адамды құрайды. Осылайша, халықтың тығыздығы 1 шаршы км-ге 230 тұрғынды құрады. Тұрғындардың көптеген бөлігі Қанар аралдырының екі астанасына шоғырланған. Эль Йерро, Ла Гомера, Лансароте және Фуэртевентура аралдары халық ең қоныстанған аралдар болып есептеледі. Тенерифе. Тенерифе – Испанияның автономиялық облыстарының бірі болып саналатын Канар архепилагының үлкен аралдарының бірі болып табылады. Тенерифе аралының керемет климаты мен табиғат ерекшеліктері оны әлемнің ғажайып дауалы жерлерімен қатар қояды. Біртектес және жұмсақ теңіздік климатына байланысты Тенерифені “мәңгілік көктем аралы” деп атайды.жыл бойы бұл тропикалық жұмаққа әлемнің әр бұрышынан мыңдаған туристер қатынайды. Тенерифе табиғаты өте бай және әр түрлі, сондықтан аралды мүсіндегі құрлықпен салыструға болады. Ұлы таулар мен өнімді дала, қою тропикалық және субтропикалық ормандар мен сарқырамалық шөлейттер, тау шатқалдары мен құм – табиғаттың барлық ерекшеліктері арал ландшафтында көрініс тапқан. Жатын орындары мен туристік кешендер л\орналасқан жағалау сызығына алтын немесе қара құмнан және кіші төмпешіктер құрайтын жартастар мен құздардан тұратын ашық жағажайлар тән. Teno, the westernmost point in the island Тенерифенің оңтүстік бөлігі солтүстік-шығыстан соққан қатты желді аралдың биік таулары ұстап қалатын жылы, жағымды климатпен ерекшеленеді. Осының нәтижесінде Тенерифенің оңтүстігі жыл бойы күннің шуағына бөленіп тұрады. Adeje және Arona провинциясында орналасқан Las Americas және Los Cristianas дауалы қалалары, сонымен қатар көптеген туристік орталықтар бар. Тенерифенің оңтүстігіндегі жатын орындардың көпшілігі 80-90жж. Пайда болды. Бұл дауалы құрылыс саласындағы жаңа жетістіктердің пайда болуына ықпал етті. Бұл отельдердің сервистік қызметінің әр түрлілігінен хабардар береді. Жаңа заманғы қонақ үй кешенінің аралдың табиғи ландшафтымен үйлесімдігін көрсетеді. Аралдың солтүстік бөлігі оңтүстігіне қарағанда дымқыл климатпен ерекшеленеді. Тұрақты температура субтропикалық өсімдіктер әлемінің кең жайылуына ықпал етеді. Valle orotana даласының ең басты қаласы Puerto de la Cruz Тенерифеде пайда болған ең алғашқы дауалы жер, бүгінгі күні халықаралық туризмнің орталығы болып табылады. Мұхит жағалауымен серуендеп жүрсеңіз, ерекше әдемілікке куә боласыз. Lagos Martlanes жасанды көлдері, Loro Parque белгілі тотықұстар саябағы балаларды да, ересектерді де мол қуанышқа тәнті етеді. Әрине, курорттық ландшафтың ажырамас бөлігі болып керемет мұхит жағажайлары табылады. Олар сарқырама құмына толы. Тенерифеде қызықты өсімдіктер дүниесі мен хайуанаттар әлемінен құралған әр түрлі мамандандырылған саябақтар орналасқан. Loro Parque – хайуанаттар және өсімдікте саябағы. Мұнда көптеген түрлі-түрлі тотықұстар бар. Саябақта сонымен бірге аквариум мен дельфинарий де бар, жануарлар мен құстардың қатысуымен әр түрлі сайыстар өткізіледі. Arona қаласының маңында бірнеше саябақтар орналасқан. Las Aquilas-del Feide - өсімдіктер дүниесі мен хайуанаттар әлемінің әр түрлі қызықты тропикалық, таулы және шөлейттік түрлерінен көрініс беретін жануарлар және өсімдіктер саябағы. Мұнда қыран, қаршығалардың қатысуымен көптеген жарыстар өткізіледі; Tenerife Zoo – сирек кездесетін экзотикалық жануарлардан тұратын (бауырымен жорғалаущылар, жыртқыштар) хайанаттар бағы; Cactus Park – ең кішісінен бастап алып кактустарға дейін мәлімет беретін саябақ. Octopus су атракциондарының саябағы Plaia de la Americas курортының орталығынан 2 км қашықтықта орналасқан. Дауалы жер орталықтарында көптген су асты жүзу клубтары да бар. Майра Мұхамедқызы. Майра Мұхамедқызы - қазақ опера әншiсi, ҚР еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Өмірбаяны. Майра Мұхамедқызы ҚХР-да өнерлі отбасында туып, өскен. Тарихи отанына 1994 жылы оралды. Әкесі Мұхамед Әбдіқадырұлы — композитор, профессор, музыка зерттеу саласы бойынша көптеген кітаптардың авторы. Анасы Камал Қуанышқызы — әнші, ҚХР Халық әртісі. Майра Мұхамедқызы Бейжің Ұлттар Университетінің Музыка Факультетін (Джоу Бен Чин сыныбы) және Пекин Консерваториясын (Го Шу Джен сыныбы) бітірген. Алматыда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында (профессор Н.А. Шариповтің сыныбы) стажировкадан өткен. Шығармашылық өмірі. Майра Мұхамедқызының (Еуропа сахнасында Майра Керей) шығармашылық өміріндегі айтулы кезеңі Францияның Гранд-опера театрымен (Opéra National de Paris) келісім-шарт жасауынан басталады. Әлем опера аренасына Пуччинидің «Богемасындағы» Мюзетта рөлімен дебют жасап, опера жұлдыздары тенор Роберто Аланья, Марселло Альварез қатарлас әншілермен бірге ән салды. Г.Доницеттидың «Махаббат дәрісі» (L'Elisir d'Amore) атты комедиялық операсында Адина рөлімен Opéra National de Lorraine, Opéra de Rennes, Théâtre de Caen, Grand Théâtre de Reims және Opéra National Bordeaux сахналарында өнерін көрсетті. Әлемдік классикалық операның үздік үлгілеріне қатысып, жетекші партияларды орындап, европадағы опера карьерасын бүгінге дейін жалғастырып келеді. a> Абай спекталінде Майра Ажар рөлінде 2005 жылы Майра Мұхамедқызы әйгілі әлем опера жұлдызы Пласидо Домингоның шақыруымен АҚШ опера сахнасына көтерілді. Вашингтон Ұлттық Опера Театрында П.И.Чайковскийдің «Орлеан Бикешінен» Агнесс Сорель партиясын орындады, аты аңызға айналған әлем опера жұлдызы Мирелла Френимен бір сахнада ән салды. Gay City News ақпарат құралы айтуынша, Майра Керей — керемет орындаушылық шеберлігімен қоса табиғат берген ажары мен өнері астасқан дарынды әнші. «Тамаша дауыстың иесі Майра Керей бірегей дарынымен, табиғи қуатты, ашық таза, жағымды да әдемі дауысымен көрермендер жүрегін жаулап алды. Майра Керей Вашингтон операсына үлкен рөлдермен қайта оралатынына кәміл сенеміз», — деп жазады The Washington Times. Майра Мұхамедқызы Қазақтың мемлекеттік Абай атындағы академиялық опера және балет театрының сопрано дауысты жетекші әрі беделді әншісі. Майраның театрдағы репертуарында Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсындағы Жібек, Жубанов пен Хамидидің «Абай» операсындағы Ажар, Вердидің «Травиатасындағы» Виолетта, «Риголеттодағы» Джильда, Бизенің «Кармен» операсындағы Микаэла, Доницеттидің «Лючия ди Ламмермурдегі» Лючия, Гуноның «Фаустындағы» Маргарита, Пуччинидің «Турандот» операсындағы Лию және басқа да партиялары бар. Соңғы опера маусымында Майра Мұхамедқызы Гуноның «Ромео мен Джульетта» операсындағы басты партияны Opéra National de Lorraine опера театрында, Доницеттидің «Дон Паскуале» операсындағы Норина рөлін Grand Théâtre de Genève және Théâtre de Caen сахналарында, Пуччини «Богемасындағы» Мюзетта партиясы және Гуноның «Фаустындағы» Маргарита партиясын Opéra National Bordeaux опера театрында, Бритиннің «Жазғы түндегі түс» операсында Титания рөлін Opéra National de Lorraine, Grand Théâtre de Тoulon және Opéra National Bordeaux сахналарында сомдады. Altamusica келесідей хабарлайды: «Қазақтың әнші қызы Майра сомдаған образдар ешкімге ұқсамайтын, ешкімді қайталамайтын өзіндік ажар-айшығымен ерекшеленеді. Кейіпкерлерінің бойына табиғи сұлулық пен ішкі жан-дүниесі мен сыртқы келбетінің астасып адамгершілік қасиеттерін сіңіріп, көрермендер жүрегін әншілік шынайылығымен, орындаушылық шеберлігімен баурап алады». Майра Мұхамедқызының концерттік репертуары бай да байсалды. Әншінің әлемдік классикалық операсынан бөлек, оперетта, мюзикл, камералық вокалды шығармалардан, халық әндерінен тұратын бай репертуары үнемі толықтырылу үстінде. Репертуарындағы көптеген шығармалар Қазақстан сахнасында бұрын соңды орындалмаған. Опералық және концерттік репертуарын асқан талғампаздықпен таңдап, үлкен еңбекқорлық пен ізденістің үлгісін көрсетіп келеді. Майраның орындаушылық тәжірибесі Бетховеннің 9-ші симфониясын, Гайдннің «Әлем жаратылысы» ораториясын, Мендельсоннің Elijah ораториясын, Моцарттың Exultate Jubilate, Перголезидің «Stabat Mater», Россинидің «Кішкене Салтанатты Месса», Вилло-Лобостың «Bachianas Brasileiras No. 5» т.б. қамтиды. Майра Мұхамедқызы жеке концерттік, гастрольдік сапарда жиі болады. Ол Пекин, Гонконг, Стамбул, Дели, Сеул, Мәскеу, Санкт-Петербург, Будапешт қалаларында және Словакияда Форе, Пуленк, Дебюсси, Рахманинов, Чайковский, сонымен қатар, қазақ және қытай халық әндерін орындады. Пекиннің «Жон Шань Ли Тан» концерттік залында орталық Пекин опера театрының симфониялық оркестрімен және Ұлыбританиядағы «Кадоган-холл» концерттік залында Лондоннің Корольдық симфониялық оркестрімен жеке концерттері өтті. 2009—2010 опера маусымында Майра Мұхамедқызы Керубинидің «Медея» операсындағы Глауче ролын сомдайды. Сонымен қатар, Opéra National de Lorraine театрының симфониялық оркестрі сүйемелдеуімен Mozart et les femmes атты жеке концерті Францияның Нанси қаласында өтеді. Қазақ мемлекеттік Абай атындағы академиялық опера және балет театры 2009—2010 маусымында Майра Мұхамедқызына арнайы Доницеттидың «Махаббат дәрісі» (L'Elisir d'Amore) атты комедиялық операсының жаңа қойылымын ұйымдастыруда. Майра Мұхамедқызы Қазақстанның өнер Елшісі болып, қазақты өзге елдерге танытып, ұлттық опера өнерінің жалауын көптеген алыс-жақын шетелдерде желбіретіп, мәртебесін көтерді, егемен еліміздің мақтанышы, қазақ халқының жұлдызды әншісіне айналды. Қазақ мемлекеттік Құрманғазы атындағы академиялық халық аспаптары оркестрімен осыған дейін орындалмаған халық әндерінен тұратын «Інжу Маржан» таспасын жазып, өнер сүйер қауымның ыстық ықыласына бөленді. Майраның өнері жайлы бұқаралық ақпарат құралдары кеңінен насихаттады. Майра тамаша әншілігімен қатар, Әмір Қарақұловтың «Жылама!» атты көркем фильмінде басты рөлді шебер орындап, жаңа бір қырынан көрінді. Марапаттары. «Алтын айдаһар» байқауында I сыйлық (Қытай, 1988 ж.); «Томаз Алкайде» байқауында I сыйлық (Португалия, 1997 ж.); Мәскеудегі П.И.Чайковский байқаунда III сыйлық, М.Я.Давыдова атындағы арнайы диплом (Ресей, 1998 ж.); Елена Образцова байқауының арнайы сыйлығы (1999 ж.); «Үміт» номинациясы бойынша «Тарлан» тәуелсіз меценаттар сыйлығының иегері (2000 ж.); «Қазақстан жыл таңдауы – 2004» байқауының «Алтын Адам» сыйлығы және атақ мәртебесі. Есмұхан Несіпбайұлы Обаев. Есмұхан Несіпбайұлы Обаев - М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының директоры – көркемдік жетекшісі,1988ж Қазақстанның халық артисі, профессор. thumb Өмірі. Есмұхан Обаев 1942 жылы Алматы облысы, Кеген ауылында дүниеге келген. Орта мектепті ойдағыдай оқып бітірген жас өрен Қазақтың Құрманғазы атындағы консерваториясының театр факультеті, режиссерлік бөліміне түсіп, оны табысты тәмамдаған. Оның шығармашылық жолы 1964 жылы М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында қоюшы-режиссер қызметінен басталды. Аталмыш сахнадағы З.Ақышевтың «Жаяу Мұса» Т.Ахтановтың «Боран», Б.Майлинның «Көзілдірік» сияқты сәтті қойылымдардан соң 1968-1970 жылдарда жас режиссер Мәскеудің М.Горький атындағы академиялық драма театрында стажировкадан өтеді. 1970 жылы Е.Н.Обаев Алматының Жастар мен балалар театрына қоюшы-режиссер қызметіне тағайындалып, Б.Майлинның «Шұға», С.Мұқановтың «Мөлдір махаббат», «Қашқар қызы», «Ботагөз», М.Кәрімнің «Ай тұтылған түн», Ә.Әлімжановтың «Махамбеттің жебесі», ҚМұхамеджановтың «Өзіме де сол керек» секілді сүйекті шығармаларды сахнаға шығарды. Қырғыздың Ош облыстық драма театрында М.Әуезовтың «Қарагөз», М.Ғапаровтың «Тұзды шөл», Ыстықкөл облыстық драма театрында М.Әуезовтың «Абай» пьесаларын сахналап, бауырлас республика театрында зор творчестволық жемістерге жетті. Талантты режиссердің күрделі де қызықты творчестволық жолы 1971-1991 жылдар аралығында ұлттық драматургиямыз бен театрымыздың ту тіккен жері – қасиетті Семей топырағында Абай атындағы Облыстық музыкалы драма театрында көркемдік жетекшілік қызметімен бедерленді. У.Шекспир («Асауға тұсау»), Н.Гоголь («Үйлену»), («Ревизор»), М.Горький («Шыңырау түбінде»), Ж.Файзи («Башмағым»), Ф.Эрве («Мадемуазель Нитуш»), М.Әуезов («Абай»), («Қарагөз»), («Айман-Шолпан»), («Еңлік-Кебек»), Ғ.Мүсірепов («Қыз Жібек»), («Ақан сері-Ақтоқты»), (Қозы Көрпеш-Баян сұлу») сынды атақты қаламгерлердің туындылары табысты сахналанып, Семей өнерпаздарының даңқы өрлеп, көркемдік табыстарының нәтижесі республика көлеміне мәшһүр болды. 1975 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері», 1988 жылы «Қазақстанның халық артисі» құрметті атақтарына ие болды. 1990 жылдар тәжірибелі сахнагер еңбек жолының өнердегі ұйымдастырушылық жұмыстарымен сәйкес келді. Ол қоғамдық, мемлекеттік қызметтерге белсене араласты. Т.Жүргенов атындағы театр және кино институтының ректоры (қазіргі Ұлттық өнер академиясы), Мәдениет министрлігінің және Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін абыроймен атқаруы оның басшылық қырларының жарқырай көрінуіне үлкен жол ашты. Профессор Е.Обаевтың дәріс алған шәкірттердің көбі республика театрарының сәні десе де болғандай. Республикамыздағы орыс, қазақ театрларының көбінде көркемдік құндылығы жоғары дерлік айшықты спектакльдер қойды. 2001 жылдан бері Қазақтың Мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының директоры және көркемдік жетекшісі қызметін жемісті атқарып келеді. Осы сахнада ол қойған классикалық драматургияның інжу маржаны Н.Гогольдің «Пара» («Ревизор»), М.Әуезовтың «Айман-Шолпан», Т.Нұрмағанбетовтың «Ескі үймен қоштасу», Ы.Сапарбайдың «Сыған серенадасы», Ә.Әмзеұлының «Қара кемпір», Б.Жәкиевтің «Жүрейік жүрек ауыртпай», Н.Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» спектакльдері дәл қазір зор табыспен жүріп жатыр. Сонымен қатар, театр репертуарының толыға түсіп, оның көркемдік көкжиегін саралауда сарабдал режиссер Есмұхан Обаевтың алдына қойған жоспары өте қомақты. 2004 жылы театр өнеріне қосқан зор үлесі үшін «Бас тарлан» (Платина) сыйлығына ие болды. Жыл сайынғы өтетін дәстүрлі «Театр көктемі» фестивалінде Ж.Шанин атындағы «Ең үздік режиссер» жүлдесінің иегері атанды. Жүнісова, Мақпал. Мақпал Жүнісова - әнші (драматикалық сопрано). 1994жҚазақстанның халық артисі, 1999ж Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. .Мақпал 1964 жылдың 2-қаңтарында Егіндібұлақ ауданының «Қазақстанның 40 жылдығы» атындағы ұжымшарда өмірге келді. Әкесі Мұхамедияр – жүргізуші, анасы Үміт – балалар бақшасында тәрбиеші болып қызмет атқарды. Ол мектепте үздік оқып, мақтау қағаздарын әр сыныпты аяқтаған сайын алдыӘкесі Мақпалды 3-сыныпта оқып жүргенінде Қарағандыдағы музыка мектебіне әкелді. А. Жұбанов атындағы қазақ музыкалық мектеп-интернатын және Әл-Фараби атындағы Шымкент мәдениет институтын бітірген. Шығармашылық қызметін “Гүлдер” ансамблінің құрамында халық әндерін орындаушы болып бастаған, мұнан соң қазақконцерт бірлестігі жанынан “Назерке” ансамблін ұйымдастырады. Оның репертуарында қазақтың халық әндері, қазіргі замандық қазақ композиторлары Ш. Қалдаяқовтың, Ә. Бейсеуовтың, Б. Тәжібаевтың, Е. Белғозиявтың шығармалары бар. Мақпал Жүнісованың орындауындағы “Ғашық жүрек”, “Қыз ғұмыр”, “Фариза қыз”, “Қоштасу” әндері халық сүйіктісіне айналды.Республиканың Жоғарғы Кеңесі Мақпал Жүнісоваға «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі» атағын беру туралы жарлығын шығарды. Оның алдында «Гүлдер» ән-би ансамблінде қызмет атқарып жүргенінде ол Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атанған еді. 1994 жылы Мақпал отыз жасқа толды – орта жастың басы, дәл осы жылы Республикамыздың Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен Қазақстанның халық әртісі атағы берілді Жұбатырова, Рахима. Жұбатырова Рахима - әнші (лирико драматикалық сопрано). Қазақстанның халық артисі. 1943 жылы Өзбек КСР-нің Андіжан қаласында туған. Алматы мемлекеттік консерваториясын профессор Н. А. Шарипованың класы бойынша бітірген. 1975 жылдан Абай атындағы қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі. Оның репертуарында: Сараның (М. Төлебаевтың “Біржан мен Сара”), Дананың (Е. Брусиловскийдің “Ер Тарғын”), Гүлбаршынның, Қамардың (Е. Рахмадиевтің “Алпамыс” және “Қамар сұлу”), Еңліктің (Ғ. Жұбанованың “Еңлік- Кебек”), Марфаның (Н. А. Римский- Корсаковтың “Царская невестасы”), Аиданың, Амелияның (Дж. Вердидің “Аида” мен “Балмаскарады”), Тоскидің, Чио-Чио-Санның (Дж. Пуччинидің осы аттас операларында) партиялары бар. Р. Жұбатырова сонымен қатар, романстарды, халықтық және қазіргі замандық әндерді орындайды. Оның таудан аққан бұлақ сынды үнін көрермен жақсы көреді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі - ҚР еңбек сіңірген ұжымы. 1958 жылы Жамбыл атындағы қазақ филармониясының құрамында ұйымдастырылды. 1983 жылдан дербес көркемдік ұжым. Қазақстандық композиторлар: А. Жұбановтың “Жігер”, Е. Г. Брусиловскийдің 7, 8 симфонияларын, Е. Рахмадиевтың “Думан”, “Құдаша”, “Дайрабай” күйлерін және т. б. шығармаларын тұңғыш орындаушы. Оркестр шетелдік музыка мәдениеті классиктерінің симфониялық шығармаларын, Д. Д. Шостаковичтің 15 симфониясын, 17-18 ғғ. ескі әуендердің (Вивальдидің, Коррелидің, Бахтың, Гендельдің) және т. б. шығармаларын орындады. 1987 жылдан Қазақстанның мемлекеттік оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Т. Әбдірашев. Құрманғазы атындағы Қазақтың Мемлекеттік халық аспаптар оркестрі. Құрманғазы атындағы Қазақтың Мемлекеттік халық аспаптар оркестрі - 1934 ж. домбыралық ансамбль ретінде ұйымдастырылған, құрамы 11 адамнан тұрады. Бірінші рет оның репертуары қазақ музыкасына құрылған. Қазір оның құрамында 90 адам бар, аспаптары домбыра, қобыз, сазген, сырнай, сыбызғы, жетіген және басқалары. Оркестрдің алғашқы жетекшісі композитор және фольклорист Ахмет Жұбанов болған. Оркестрге әртүрлі уақытта композиторлар М. Төлебаев, Н. Тілендиев, Ш. Қажығалиев дирижерлік еткен. Ансамбль репертуарында отандық және шетелдік композитор классиктердің: Құрманғазының, Дәулеткерейдің, Тәттімбеттің, Дина Нұрпейісованың, Л. Хамидидің, Ғ. Жұбанованың, Е. Брусиловскийдің, Ф. Шуберттің, М. Глинканың, П. Чайковскийдің, И. Глазуновтың, В. Брамстың және т. б. 2000 жуық шығармалары бар. Оркестрге жұмсақ дыбыстық үндестік,бай көркемдік бояу, пассаждарды орындау жеңілдігі тән. Отырар сазы. Отырар сазы - Қазақтың мемлекеттік халықтық музыкалық аспаптарының фольклорлық этнографиялық оркестрі. 1980 жылы ансамбль ретінде қазақ филармониясының жанынан құрылған. Оркестрдің ұйымдастырушысы, көркемдік жетекшісі және бас дирижері КСРО-нің халық артисі Н. А. Тілендиев. 1982 жылдан оркестр “Отырар сазы” деп аталады. Музыкалық шығармалар ерте кезден белгілі қазақтың ұлттық аспаптарында орындалады, олар музыкатанушы, жинаушы Б. Ш. Сарыбаевтың зерттеулері арқылы қалыпқа келтірілген. Оркестрдің репертуарында: халық күйлері- “Кеңес”, “Сары өзен”, “Сал күрең”, халық композиторларының шығармалары “Қосбасар”, “Саржайлау”, Тәттімбеттің “Сылқылдағы”, “Ерденнің күйі”, Ықыластың “Қамбар батыры”, М. Төлебаевтың “Еске алуы”, Н. Тілендиевтің “Ата толғау”, “Қош керуені”, К. Күмісбековтың “Қорқыт күйі”, “Фараби сазы” және т. б. бар. Рымбаева Роза. Рымбаева Роза - әнші. Қазақстанның халық әртісі, халықаралық конкурстардың лауреаты. 28 қазанда 1957 жылы Семей облысы Жаңғызтөбе станциясында туған. 1974 жылы Семейдегі музыкалық училищеге түсті, мұнда 3 жыл оқыды. Бұдан кейін Алматыдағы театралдық-көркем өнер институтында оқып, оны 1984 жылы тәмамдадыАлматы қаласындағы театрлық көркемдік институттың музыкалық драмалық комедиясы факультетін бітірген. 1976-1979 жж. Республикалық “Гүлдер” жастар - эстрадалық ансамблінің солисі,1977ж «Алтын Орфейді» жеңіп алды. 1979 жылы - “Қазақконцерт” бірлестігі жанындағы “Арай” эстрадалық ансамблінің солисі. Әншінің халықаралық белгілі болуы С. Бәйтерековтың “Әлия” әнін орындауынан басталады.1979 жылы Роза Рымбаева Ыстамбұлда өткен халықаралық әншілер байқауында лауреат атанды, 1983 жылы Кубада өткен «Гала – 83» халықаралық байқауда бас жүлдені жеңіп алды. 29 жасында Қазақстанның халық әртісі атанды.Оның орындауындағы қазақ композиторлары Т. Ерешевтің “Гүлдене бер, туған жер”, Н. Тілендиевтің “Куә бол”, Б. Байқадамовтың “Айгөлек”, Ж. Тұяқбаевтың “Атамекен”, Т. Сарыбаевтың “Отандастар” әндері тыңдаушылардың үлкен ықыласына бөленген. “Бір бала”, “Сәулем-ай”, “Кебек”, “Назқоңыр”, “Әгугай” және т. б. сияқты халық әндерін ол өзіндік ерекшелікпен орындайды. Р. Рымбаева сондай-ақ, киноактриса ретінде де танымал. Әли және Мәди атты екі баланың анасы. 2001 жылы «Парасат» орденімен марапатталынды. 2004 жылы Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері атанды. Үмбеталиев Шора. Үмбеталиев Шора - әнші (бас). Қазақстанның халық әртісі. 1941 жылы Астрахан облысында туған. 1970 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының вокальды факультетін, Н. А. Шарипованың класы бойынша бітірген. 1968 жылы Абай атындағы қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі. Оның ең жақсы партиялары: Сырттан (А. Жұбанов пен Л. Хамидидің “Абайы”), Бекежан мен Қожақ (Е. Брусиловскийдің “Қыз Жібек” және “Ер Тарғыны”,Жанбота (М. Төлебаевтың “Біржан мен Сарасы”), Мельник (А. Даргомыжскийдің “Русалкасы”) және басқалары. Шора Үмбеталиев жасаған сахналық образдарда жоғарғы артистік, көңілдің құбылмалы сәттерін дәл басатын әншілік шеберлігі бар. Шора Үмбеталиев “Япурай”, “Қараторғай”, “Бір бала”, “Қара кесек” сияқты қазақтың халық әндерін орындайды. Бағланова, Роза. Бағланова, Роза (қаңтардың 1, 1922, Қазалы, Қызылорда облысы — Ақпанның 8, 2011, Алматы) — әнші. 1955 жылы Қазақстан мен 1967 жылы КСРО-ның халық әртісі. 1996 жылы Халық Қаһарманы. Өмірбаян. 1922 жылы Қызылорда облысында туған. 1941 жылы Қызылорда педагогикалық институтын бітірген. Оның шығармашылық жолы Ұлы Отан соғысы жылдары басталды. 1945 жылы 9 мамырда Берлиндегі жеңіс концертіне қатысқан. 1947-1949 жж. Абай атындағы қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрында істейді. 1949 жылы Бухарестте өткен бүкіл дүниежүзілік жастар мен студенттердің 2-фестивалінің лауреаты атанды. 1949-1960 жж. Жамбыл атындағы Республикалық филармонияда жұмыс істеді. 1960 жылдан Қазақконцерт солисі. Роза Бағланова сирек талантты әнші, әлем халықтары әндерін шебер орындаушы. Ол бүкіл Қазақстанда, КСРО-ның бұрынғы республикаларында, шетелдерде болып, Отан, махаббат пен достық, адам мен табиғат туралы әндерді шырқады. Гастрольдік сапарға шығарда Р. Бағланова міндетті түрде сол баратын елінің тіліндегі әнді үйренеді. Бірақ, қазақтың халық әндерін оның орындауында тыңдау ләззатына ештеңе тең келмейді. 2011 жылы қаңтардың 8 Алматы қаласында Роза Бағланова қайтыс болды. Әндері. «Әдемі» — Әні Е. Хасанғалиевтікі, сөзі Ә. Тәжібаевтікі орынд. Р. Бағланова. Абдуллин Ришат. Абдуллин Ришат (1916-1988) - әнші (баритон). 1967ж КСРО халық әртісі, 1947ж Қазақстанның халық әртісі, 1978 ж мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Алматы музыкалық техникумын (қазір музыкалық училище), Мәскеу консерваториясы жанындағы Қазақ студиясын (А.И.Вишневскийдің класы) бітірген. 1939 жылдан Абай атындағы қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі. Р. Абдуллин жасаған вокальды- сахналық бейнелер қазақ опера өнерінің тарихына кірді. Оның ең жақсы опералық партиялары: Абай “Абай”, А. Жұбанов, Л. Хамиди), Тарғын (Е. Брусиловскийдің “ЕрТарғыны”), Онегин (П.И. Чайковскийдің «Евгений Онегині»), Жермон (Дж. Вердидің «Травиаттасы»). Р.Абдуллиннің ән репертуары кең және әрқилы, оған Қазақстан территориясында тұратын көптеген халықтардың әндері кіреді. Ол - өз өнері арқылы көп көңілінен айрықша орын алған тұлға. Ахмедияров Қаршымбай. Ахмедияров Қаршымбай - күйші, композитор. Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, “Парасат” орденінің кавалері. 1946 жылы Гурьев облысында туған. Алматы консерваториясын, халық аспаптар факультетін (К. Мұхитовтың класы бойынша) бітірген. Ол домбырашы, концертмейстер, Құрманғазы атындағы қазақтың академиялық халық аспаптар оркестрінің көркемдік Кеңесінің мүшесі. Ахмедияров репертуарында қазіргі және халық композиторларының шығармалары, орыс және шетелдік классикалық шығармалары бар. Ол қазақ халық композиторларының көптеген шығармаларын өңдеуші және жаңа қырынан танытушы болып табылады. Қ. Ахмедияров 50-ден аса күй шығарған, оның ішінде жақсы белгілері “Нарын”, “Қуаныш”, “Ақ қайың”, “Желдірме”, “Сағыныш” және т. б. Ахмедияров қазақ күйлерін орындау мәнерімен әлем жұртшылығын тәнті еткен өнер иесі. Есімов, Ғафиз. Есімов Ғафиз - әнші (лирикалық баритон). 1987ж Қазақстанның халық әртісі. 1947 жылыАтырау облысында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерватоиясының вокальды хорлық факультетін бітірген. 1975 жылдан Абай атындағы қазақтың мемлекеттік опера және балет театрының солисі. >Ғ. Есімов Абай (“Абай” А. Жұбанов пен Л. Хамиди), Думан (Е. Г. Брусиловскийдің “Дударайы”), Алпамыс (Е. Рахмадиевтің “Алпамыс”), Құрманғазы (А. Жұбанов пен Г. Жұбанованың “Құрманғазы”), Махамбет (Б.Жұманиязовтың “Махамбеті”), Жермон (Дж. Вердидің “Травиатасы”) және т. б. партияларды орындады. Ол сонымен бірге, қазақтың халық әндері мен қазақ композиторларының романстарын орындаушы. Ғ. Есімов творчествосы орындаудың жоғары мәнерімен, руханилығымен, нәзік лиризмімен, ашық әуенділігі, артистік темпераментімен ерекшеленеді. 1975 ж К Байсейітова, 1977 М.И.Глинкаатындағы байқаулардың лауреаты Ықылас атындағы Ұлттық Музыкалық аспаптар мұражайының ғимараты. Ықылас атындағы Ұлттық Музыкалық аспаптар мұражайының ғимараты (бұрынғы Офицерлер жиналыс үйі), 1908 жылғы, Алматы қаласы, Зенков көшесі, 24. thumb Алғашқы қолданылу мақсаты – Верный қаласының клубтық ұйымы-әскери жиналысы; 1913 жылында – Романовтар әулетінің 300-жылдығы мерейтойына орай ұйымдастырылған бірінші ауыл-шаруашылығы көрмесінің павильоны, 1918 жылдан бастап – пошта-телеграф кеңсесі. Жобаға қарағанда төртбұрыш пішінде, ағаштан жасалған және сырттан тақтайларменен қапталған ғимарат болып табылады. Терезелері сырттан ағаштан көркемдеп, ойылып жасалған. Көлемді-жобалама шешімі үш белдікті және бұл фасадтарда ризалиттермен белгіленген. Орталық ризалит үлкен шатырмен, ал шеткілері екі-жақты үшбұрыш шатырмен жабылған. Басты кіреберіс есігі, биік мәтке тәрізді шығып тұрған және ағаштан оймалы тіректерге сүйенген шықпа шатырмен жабылып, безендіріліп айрықша етілген. Ғимараттың жобасы, бүкіл қолданылған жылдар ішінде маңызды өзгерістерге ұшыраған. 1979 жылы фасадтардың әшекейлі тұрпатына, ұлттық оюлардың мотивтері негізінде ағаштан ойма элементтері қосылған. Верный үш классты училищесі. Верный үш классты училищесі - XIX ғасыр сәулет өнері үлгісі. thumb Бұл ғимарат 1890 ж. салынған. Гоголь көшесі басындағы 37 үй. Сәулет өнерінің қайталанбас тарихи ескерткіші, ғимарат қабырғалары Алатау еменімен ою өрнектеліп безендірілген. Қайта қалпына келтіру жұмыстары 2003-жылы басталған болатын, алайда қаражат жетіспеуі салдарынан 2004-жылға қалдырылды. Ағаш ғимаратқа іші-сыртына қалпына келтіру жұмыстары жасалынды. Тамғалы петроглифі. Белгілі де зерттелген петроглифтердің бірі Тамғалы болып саналады. Тамғалы шатқалы Алматы қаласынан солтүстік-батысына қарай 170 км, Алматы облысының Шу-Іле тауларының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Петроглифтер мерзімі б.э.д ХIY ғ., б.э YI -YIII ғасырлар аралығы, яғни қола дәуірден түркі халықтарының Ұлы даланы жаулап алғанға дейінгі уақытты қамтиды. Петроглифтер кең аймақта жайғасып, өлшемі 3 км х 10 км құрайды. Олардың ең маңызды бөлігі 250 м х 500 м, онда 2 000 петроглифовтер бар, жалпы Тамғалыда 5 000 суреттей бар. Тамғалы – Балқаш бассейні аймағында Семиречьядағы 50 орталықтардың бірі Орталық Азия аясында ғана емес әлемдік масштабта ауқымдылығын таралды. Тамғалы петроглифтері сұлулығымен, кеңістік көрінісінде ежелгі адамның әлемді тануын білдіртеді. 2004 жылы Тамғалы археологиялық петроглифі Юнеско Әлемдік Мұралар Тізімі енген. Юнеско қорғауындағы Тамғал ескерткіші әлемдік маңызы бар қазына болып табылады. 2006 жылдан Юнеско ескерткіш өмірінде белсенді қатысып келеді және оны сақтауда қолайлы орта туғызуда. Шатқал маңындағы қола дәуір молалары (б.э.д. ХI-Х ғғ) орналасып ертедегі көшпенділер (б.э.д III мен II ғғ.) және олардың қоныстары орын тепкен. Тамғалы шатқалында мекендеген ежелгі адамдар табиғаттың көркем жерлерінде ерекше, қайталанбас ландшфатар енгізді. Тамғалы әлемдік танымал мұражай-қорығына «RGB-Studio» ЖШС-нің мультимедийлік энциклопедиясы арналған. Қазақстанның қазіргі аймағында қырма өнерінен шыққан ежелгі ескерткіштер орналасқан. Петроглифтер (гректің «тас» пен «кесу»сөзінен шыққан) - қырма суреттер. Бейнелі өнер түрі ретінде петроглифтер Қазақстан аймағында ежелде пайда болған. Көптеген тарихқа дейінгі шығармалар біздің күнге дейін жетіп, мәдениет туралы түсінікті қалыптастыруға мүмкіндік беріп, ежелгі тайпа мен діни нанымдар рәсімін бейнеледі. Қазақстандағы қырма бейнелері туралы ХI ғасырдың ғалымы әл-Бируни атап өткен, ол қимақтар еліндегі жұмбақ суреттерге жергілікті халық табынуын айтқан. Х1Х ғасырдағы Жетісу мен Оңтүстік Казақстан петроглифтер шоғырланған ірі аудандар болып саналды. Өткен жүзжылдықтың 40-50 жылдарында республиканың шығысында республиканың шығысында Тарбағатай, Нарын, Қалба, Моңрақ, Сауыр тауларында «картиналар көрмесі» сериясы ашылады. Шығыс Қазақстан қырма суреттерге толы еді. Алайда, бұл өлкеде ешкім петроглифтермен айналыспады. Таңбалы деп шатқалды жергілікті халық атаған. Жартылай шөлейт аймақтарында орналасқан шатқалдың жылы мезгіл кезінде қалың бұтамен жабылып, көктемде гүлдерден көмкерілген кілем төселеді. Тамғалы тек табиғатымен қызықтырып қоймай, бұл жерден сирек өсімдіктер мен жабайы қасқыр, түлкі, қоян, тасбақа, жылан және балабан, сұңқар, дала бүркіті сынды құстарды кездестіруге болады. Бәрінен де адам қолынан туындаған Тамғалы петроглифы қызықтырады. Тамғалы – бұл ежелгі шығармашалық көрме, оның суреттерінде адамдар мен жануарлар, ежелгі адамдардың өмір қалпы суреттелген. Мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи «Тамғалы» қорығына 10 мультимедийлық энцеклопедиялар арналып, «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы аясында «RGB-Studio» ЖШС-і құрған «Мультимедийлық энцеклопедия коллекциясына» енді. Тамғалы шатқалындағы алғашқы петроглифтер 1957 жылы 19 қыркүйекте Қазақстанның кәсіби археологы Анна Георгиевна Максимова жетекшілігіндегі ғылыми зерттеушілер тобынан шыққан А.А.Поповпен суретке түсірілді. Ғылыми экспедиция қола дәуіріндегі Қарақұдық шатқалындағы молалар қазбасын зерттеді. Соңғы уақытта А. Г. Максимов пен А.А. Попов Тамғалы петроглифінің жерін жіті зерттеу жасап, құнды композиция ретінде суретке түсірген. А.Г. Максимов ашуға өз септігін қосқан ғалым ретінде шаттықтан күнделігінде жазбалар жүргізген. 1958 жылы А.Г. Максимовтың бірінші дүниесі «Тамғалы шатқалындағы қырма суреттер» жарық көреді, онда естеліктің жартығасырлық тарихы берілген. 1977-78 жылдары Тамғалы ескерткішін зерттеу А.Г.Максимов жетекшілігімен жалғасты. Біріншіден, Тамғалы аймағы толығымен зертеліп, петроглифтер жиналған негізгі орындардың кестесі құрылады. 1980 жылдардың аяғында ғылыми мақалалар мен қырма суреттерге байланысты Тамғалы зор танымалдыққа ие болып, шетелдік және отандық мамандардың назарын аударды. 1990-1994 жылдары Тамғалы ескерткішін зерттеген ғалымдар петроглифтерді сақтауда алға қойған есептері болды. «Тамғалы шатқалының қырма суреттері консервациясы» атты Мемлекеттік жоба қабылданып, мәліметтер қоры өңделіп, петроглифтерді суреттейтін дала бейнелірінің 3000 суреті берілген. Б.э.д, екінші мыңжылдықтың ортасындағы мерзімге жататын ерекше композициялар мен бейнелер болды. Оның бірі Күнбасты құдай. А. Г. Максимов, А.С. Ермолаев, Н. Марьяшевтың «Тамғалы шатқалының қырма суреттері» кітабында Тамғалының күнбасты алыптары ежелгі антропоморфты құдайдың бейнесі болса керек деп жазған. Петроглифтер бейнелері ішінде ежелгі құдайларды бейнелеген дөңгелек, тамға, дұға жазбалары, салттық билер көрінісі, керемет түйелер бейнесі, доңыздар болған. Қазақстан тарихында із қалдырған көптеген халықтар үшін Тамғалы шатқалы әулие жер деп саналып, салттық рәсімдер жүргізілді, құдайға табыну, ата-баба рухына тағзым жасалды. Аспан астында біріккен сарай болды. Суреттер тақырыбы әртүрлі: адамдар, жануарлар, ат шабармандар, аң аулау сәті, адам өміріндегі құрбанды шалу рәсімі, салттық-жоралғылық билер. Ежелгі шеберлер тас заттарын тегістігіне қарай қолдануда, Күнге қарай төзімділігін үнемі ескеріп жүрген. Күн сәулесінің түсуі тәулікке қарай жылжып, суреттер түрлі-түсті болып көрінген. Петроглиф орындарының ыңғайлылығы сондай, бірнеше срует көруге мүмкіндік болатын. Алқап бойында шатқалды бірнеше суреттерін топтасқан түрде көріп, күрделі композицияларға біріліктірілгенін аңғаруға болады.Сол жерде акустика мықты, дауысты қатты шығармай-ақ 100 метрден қашық жерде естіледі. Атқарылған жұмыстар Тамғалы петроглифтер кешенінің мәдени-тарихи маңыздылығын тереңдетсе керек. 1994 жылы петроглифтерді зерттеу қаржының жоқтығынан тоқтатылады. Алайда, Тамғалы петроглифтерінің танымалдылығынан 1995-2001 жылдар аралығында туристер ағымынан ескерткішті бақылау қиындап кетеді. Оның ақырында естеліктерге қауіп төнгені бар. Тек 1998 жылы Тамғалы кешенінде ғылыми-зерттеу жұмыстары жаңғырып, Қазақстанның мәдениет министрлігімен Тамғалы кешенін сақтау мен кешенді бағдарламасын өңдеу басталды. Сол жылы Тамғалыны Қазақстан атынан Юнесканың Әлемдік Мұралардың Алғашқы Тізіміне енгізу негіздемесі дайындалады. 1999 жылы Юнесконың Әлемдік Мұралар Комитеті Тамғалыны беделді ескерткіш ретінде 2001-2002 жылдарда номинацияға қосу қажет деп анықтайды. 2001 жылдың тамыз айында Қазақстан Премьер-Министрі И. Тасмағамбетов пен Юнесконың Бас директоры К. Мацуура Тамғалы шатқалында болып, ескерткіш маңздылығын бағалап, Қазақстан мамандарының ескерткішке қолайлы жағдай туғызғанын көріп, тәнті болады. 2001 жылдың 5-қазанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Тамғалы Археологиялық кешені республикалық маңзы бар ескерткіш мәртебесін алып, қорғау аймақтары белгіленіп, 2003 жылдың 14-қазанында № 1052 Үкіметтің арнайы қаулысымен Мәдениет министрлігінің қолдауымен Алматы облысы Тамғалы шатқалында 3,8 га жалпы ауданы бар «Тамғалы» Мемлекеттік тарихи-мәдени, табиғи қорық-мұражай ашылады. Ескерткіш кешенінде 2-мыңжылдық бойы адамдармен қолданған молалар, петроглифтер, діни орындар орныққан. "Материалдар Қазақстан Республикасы Мәдени саясат пен өнертану институтымен ұсынылған." Жаркент мешіті. Жаркент мешіті (1903-1905 жылдары салынған)- Алматы облысында орналасқан, сәулет көркем мұражайы, ХІХ ғасыр. thumb Құрылыс салу барысында әртүрлі материалдар қолданылған. Мысалы, мешіт, мұнара-минареттен, қақпа мұнарасы тянь-шань тасынан салынған, медресе іші кірпіштен қаланған. Портал мен жабыса салынған үшбұрышты бөлмелер-стилобаттан, қоршау болса күйдірілген кірпіштен салынған. thumb «Жаркент мешіті» сәулет көркем мұражайы - қаланың орталық бөлігінде орналасқан. Құрамына: мешіт, мұнаралы қақпа, кіші мешіт-медресе, сыртқы қақпа, тас қоршау секілді нысандар кіреді. Құрылыс қытай шебері Хон Пиканың бастамасымен салынған. Құрылыс шебердің нұсқауы бойынша жобасыз салынған, кіші мешіт медресе мен тас қоршаулар. Аяқ-Қамыр кесенесі. Аяқ-Қамыр (Бала-хан, Темір-Құтлұқ) кесенесі X-XIII ғғ. Орналасқан жері: Ұлытау ауданы, Жезді ауылынан солтүсік бастысқа қарай 9м қашықтықта. Автор, құрылысшы, тапсырыс беруші, құрылу тарихы белгісіз. Кесенені алғаш рет 1946 жылы Қазақ ССР ғылым Академиясының Орталық Қазақстан археология экспедициясы зерттеді. /Ә.Х.Марғұлан/ 1973 жылы ҚазССР Мәдениет министрлігінің экспедициясы өлшеу мен фотофиксация жұмыстарын жүргізді. (М.А.Маманбаев, М.К.Сембин, М.С.Нұрқабаев). Тікбұрышты құрылыс жоспары үш көлемнен тұрады: ғимараттың текшесі, порталы және күмбезі. Құрылысқа 27х27х6см өлшеміндегі кірпіштер пайдаланылды. Сақталған портал бөлігінің биіктігі - 6,75м. Ішкі периметр бойынша жоспардағы өлшемдері: 5,75х5,75. Сыртқы периметр бойынша жоспардағы өлшемдері: 8,0х10,0. Архитектуралық және конструкциялық шешім, құрылыс жұмыстарының сапасы ескерткішті ортағасырдағы Қазақстан территориясындағы тамаша ғимараттардың қатарына жатқызады. Ақкесене мұнарасы. Ақкесене мұнарасы - Жамбыл облысы, төменгі Талас ауданында орналасқан Қазақстан тарихында осы күнге дейін сақталған Қыпшақ дәуірінің есерткіші. (XIII-XVII). thumb Жамбыл облыстық археологиялық эспедиция басшысы Г.И.Пацевичтің пайымдауынша бұл ескерткіш кезінде қарауылдауға арналып салынған нысан. Жедел континенттегі ауа райы осы аймаққа тән, сол себепті де мұнараның негізгі келбеті сақтала қоймаған, осы соңғы он жылда ескерткіш тіптен мүжіле түсті, және жедел жөндеу жұмыстарын керек етті. Мұндай ескерткіштер республика аймақтарында аз екенін ескере отырып, оны сақтап қалу мақсатындағы жөндеу жұмыстары өте қажет еді. Оның барлық сырт келбетін ғылыми негіздеу есерткішті кешенді зерттеуден өткізгенде ғана мүмкін екендігі анықталды. 10-12, 17 ғ.ғ. (археологиялық, сәулет) Ауылдан солт-батысқа қарай 35 шақырымда, а. солт-батысқа қарай 21 шақырымдағы шөл далалы мекендегі кеуіп кеткен каналдың жағ. орналасқан. 1896 ж. В.А.Каллаурмен, 1945, 1949 ж.ж. – Жамбыл облысы тарихи - өлкетану мұражайымен (Л.И. Ремпель мен Г.И. Пацевич, өлшемдері Г.В. Исхакова), 1980 ж. «Қазжобажаңғырту» жұмыстарының нәтижесінде материктік сары топырақта іргетассыз бекіністің салынғаны анықталды. Бұрыштарымен жарық жағына қарай бағытталған, бұрыштарында мұнаралары бар, биіктігі 2,5-3 м пасхалы қабырғалармен қоршалған тік бұрышты (21 х 22 м) алаңқай, Ақ Кесене деген атымен белгілі шығыс мұнара дөңгелектеу келген, диаметрі 11 м іргедегі 14 м биіктіктегі сақталған пішінмен бөлінген; тік қимада конус тәріздес пішінге ие. Баспалдақтар мен жоғарыға қарай шығатын бұранда пішінді сатының сыртқы жиынтықтарының қалдықтары сақталған. Қалаудың жүйесі «плашмялы» үш қатарлы «қабырғалы» кірпіштік қатардың жүйелі кезектесуі. Батыс мұнара, сондай-ақ диаметрі 43 м, дөңгелектеніп келген пасха қабаттармен бір уақытта қамал қабырғасы анықталған, қалыңдығы 3 м қамал қабырғасының бір бөлігі ашылған, еңіс өрлеулі, ені 1 м бекініске кіру есігі анықталған; бекіністің мерзімі 10-12 ғ.ғ. болып айқындалған. Мұнараның құрылысы 17 ғ. қатысты. Ақ Кесенеге 2007 – жылдан бастап «Қазаққайтажаңғырту» мекемесінің шеберлері Қ. Тұяқбаевтың басшылығымен жаңғырту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл жұмыстар 2008 жылдың соңына қарай аяқталуы керек деп жоспарлануда. Жетіген. Жетіген - ескі жетішекті дыбысты аспап, түрі гуслиді немесе жатқан араны еске салады. Жетігеннің көне түрі ағаш бөлігінен ойып жасалған ұзынша жәшік тәрізді болып келеді. Мұндай жетігеннің жоғары жағында бұрандалар болмайды. Шектері аспаптың сыртқы жағына тартылады. Кейіннен жетігеннің жоғары жақ бөлігі ағаш демкамен көмкерілді. Әрбір шектің екі жағына асықтар қойылады. Оларды қозғау арқылы шекті әуенді қалыпқа келтіру іске асырылады. Егер асықтар жақындатылса, дыбыс өсіп, алыстатылса - төмендетіледі. Қазіргі кезде фольклорлық ансамбльдерде дыбыстың берілімін кеңейту үшін 15 шекке дейін өсірілген қазіргі замандық жетіген қолданылады. Шектерді қалыпқа келтіру бұрандаларды әрлі - берлі қозғау арқылы іске асырылады. Жетіген жайлы, әуезді үнді. “Аңыздар” бөлігінде жетігеннің туу тарихы туралы қайғылы оқиға әңгімеленген. Жетіген туралы аңыз. Ерте кезде ауылда бір қария тұрады. Оның жеті ұлы болған. Бір жылы қатты жұт болып, адамдар тамақсыз қалады, сөйтіп, қарияның үйіне қайғы орнайды. Аштықтан үлкен ұлы Қания өлгеннен кейін қария кепкен ағаштың бөлігін алып, оған шек салып, тиек қойып, “Қарағым” күйін орындайды, Төралым деген екінші ұлы өлгеннен кейін екінші шек тартып, “Қанат сынар” деген күй шығарды, үшінші ұлы Жайкелдіге ол “Құмарым” күйін, төртінші ұлы Бекенге “От сөнер”, бесінші ұлы Хауасқа “Бақыт көшті”, Жүлзарға “Күн тұтылуы” атты күй шығарады. Ең кіші ұлы Қиястан айрылған қария жетінші шекті тартып, “Жеті баламнан айрылып құса болдым” атты күй орындайды. Аспаптан қайғыға толы көп дыбысты ала отырып, орындаушы әртүрлі әуен арқылы өзінің балаларының бейнелерін көрсетеді. Бұл шығарылған әуендер мұнан әрі дамытылып, аспапты орындаудағы күй-пьеса түрінде бізге “Жетігеннің жетеуі” деген жалпы атпен жеткен. “Жетіген деген атау екі сөзден тұрады: жеті және ән” - “жетіген” деген ұғымды береді. Мүйіз сырнай. Мүйіз сырнай – ескі үрмелі мүйізді аспап. Ол үш тесікті мүйізден жасалады. Сырнай-сыңсымалы дыбыспен ерекшеленеді және жол сапарларда хабар беруші аспап ретінде қолданылған. Саз сырнай, үскірік және тастауық. Аспаптардың негізгі тобын балшықтан, саздан жасалған - саз сырнай, үскірік және тастауық құрайды. Аспаптарға қилы құстардың, андардың түрі беріледі. 1-3 саңыраулы, жұмсақ болып келеді. Саздан жасалған аспаптар балалар үшін ермек, ойыншық ретінде пайдаланылған. Бұл аспаптар арқылы балалар желдің, құстар мен андардың дауысын берген. thumb Сыбызғы. Үрмелі аспаптар арасында сыбызғы - халық үшін ең сүйікті аспап болып табылады. Ол халықтық музыкалық өнердің ажырамас бөлігіне айналды. Сыбызғы шопандардың отар бағып жүрген кезде жалғыздығын жебейтін аспап ретінде, ал кешкі демалыс мезгілінде музыканттар ол арқылы ескі аңыздар-жырларды айтқан. Сыбызғышылар барлық тойлар мен мерекелердегі құрметті қонақтар болған. Сыбызғының кең таралуы, қолданылуы оның қарапайымдылығымен түсіндіріледі. Сыбызғыны қуыс талдан жасаған, одан үш саңылау ойған. Сыбызғының оңай және тез жасалатынына қарамастан, ойнау жеңіл болмаған. Сыбызғылық күйлер әдетте екідауысты болып келеді. Бір дауыс аспаптан шықса, екінші дыбыс орындаушы-музыканттың тамақты дыбысынан пайда болған. Осы екі дыбысты қатар орындау техникасын меңгерген адам сыбызғыда ойнай алатын болған. Талдық сыбызғылардан басқа ағаш сыбызғылар да бар. Ұран (аспап). Ұран - әскерлер қолданатын үрмелі музыкалық аспап. Ұзындығы әртүрлі екі түтікшенің әрқайсысында үш саңылау бар. thumbОл - музыка зерттеушісі А. Эйхгонның суреті (1880-шы жылдары оны Қазақтарда кездестірген) бойынша дайындалған. Түркі халықтарындағы үрмелі аспаптар ерте кезден келеді. Зерттеушілер үрмелі аспаптардың Орта Азия халықтарынан шыққандығын мәлімдейді. Ескі үрмелі аспаптардың ойнайтын саңылауы жоқ, олар тек хабар беру үшін ғана қолданылған. Түтікшеде саңылау пайда болғаннан бастап, оның техникалық мүмкіндігі анағұрлым өскен. Шертер. Шертер – ежелгі шекті аспап. Шертерде домбыра сияқты ойнайды. Шертердің көлемі домбырадан көп кіші, бірақ сыртқы түрі қобызды еске салады, оған жұмыр түр беріп, сыртын терімен қаптайды, аттың қылынан екі шек тартылады. Аспап бір ғана бұрандалы болып келеді, шектің бір басы бұрандаға, екіншісі басына бекітіледі. Шертер аспабы аңыз, ән, ертегілерді айтқанда қолданылған. Ол бақташылар арасында кең тараған. Даңғыра. Даңғыра - қатты дыбысты музыкалық аспап. Бұл бір жағы терімен қапталған, ішкі жағынан темір алқалар сақиналар мен сылдырмалар ілінген дөңгелек шығыршық. Даңғыра шамандық әдет-ғұрыптардың бөлінбес белгілемесі болып табылды. Дабыл (аспап). Дабыл - дабылды аспап, доға екі жағынан терімен тартылған. Дабылды әдетте, әскерлер қолданылған. Бұл аса қатты дыбысты беретін аспап. Ерте кезде дабылды аспаптар (дабыл, дауылпаз, және шыңдауыл) қазақтар өмірінде кең қолданылған. Бұл аспаптардың ашық дауыстары арқылы ауыл тұрғындарын аңға, діни әдет-ғұрыптарды іске асыруға, көшіп-қону туралы хабарлар айтуға шақырған. Асатаяқ. Асатаяқ - дауысты аспап. Ол өрнектермен, темірлермен, алқалармен безендірілген, тегіс басты таяқ, ашық және қатты дауысы бар. Аспаптың дыбысын кушейту үшін бақсылар асатаяқтың басына қойылған қоңырауды пайдаланады. Аспапты сілкіген кезде темір қоңырау қосымша дыбысталу береді. Асатаяқ та, даңғыра да шамандық әдет-ғұрыптың ажырамас атрибуттары болып табылады, олар халықтың музыкалық тұрмысында жақсы қолданылған. Өткен ғасырда екі аспап та біртіндеп ұмтыла бастады, бұларды қобыз алмастырды. Бангкок. -- (тай. กรุงเทพฯ, กรุงเทพมหานคร немесе Крун Тхеп (Krung Thep) немесе Крун Тхеп Маха Накхон (Krung Thep Maha Nakhon), толық нұсқасы: Крун Тхеп Маханакхон Амон Раттанакосин Махинтараюттхая Махадилок Пхоп Ноппарат Ратчатхани Буриром Удомратчанивет Махасатан Амон Пиман Аватан Сатит Саккатхаттийя Витсанукам Прасит) — халық саны 8 160 000 адамды құрайтын (2007) Тайландтың астанасы және ең ірі қаласы. Қала Чао Прайя өзенінің шығысында, Сиам Шығанағының қасында орналасқан. Бангкок — Оңтүстік-Шығыс Азияның ең жылдам өсіп келе жатқан қалаларының бірі. Жергілікті халық қаланы жаңа өркендеп келе жатқан аумақтың орталығы ретінде, Сингапур және Гонконг секілді қалалармен бәсекелес бола алатындай қала ретінде таниды. Мұнымен қатар Бангкок әлем туристтерінің ең көп келетін қаласы болып табылады. Астаналық аймақ және көршілес бес провинциялар (Нонтабури, Самутпракан, Патумтхани, Самутсакон и Наконпатом) Ірі Бангкок агломерациясын құрайды. Тарихы. Алғашында, қала Банг Кок (Bang Kok) — зәйтүн өсетін жер («bang» — ауыл, «kok» — зәйтүн) деп аталатын кішігірім сауда орталығы және порт болды, қала сол кездегі Тайландтың астанасы - Аюттхая қаласына қызмет ететін. 1767 жылы Аюттхаяны бирмандықтар талқандағаннан кейін, астана уақытша Чао Прайя өзенінің жағасындағы Тонбуриге көшірілді — Тонбури бүгіндері Бангкоктың ауданы. 1782 жылы Рама І шығыс жағалаудан сарай салып, Бангкокты Тайландтың астанасы ретінде жариялап, оған Крун Тхеп атын берді — ауд. "Періштелер қаласы". Осылайша Бангкок ауылының аты жоғалды, дегенмен шетелдіктер Тайланд астанасын "Бангкок" деп атайды. Крун Тхеп қаласының алғашқы ресми атауы กรุงเทพมหานคร อมรรัตนโกสินทร์ มหินทรายุธยามหาดิลก ภพนพรัตน์ ราชธานีบุรีรมย์ อุดมราชนิเวศน์ มหาสถาน อมรพิมาน อวตารสถิต สักกะทัตติยะ วิษณุกรรมประสิทธิ์ немесе "Krung Thep Mahanakhon Amon Rattanakosin Mahinthara Ayuthaya Mahadilok Phop Noppharat Ratchathani Burirom Udomratchaniwet Mahasathan Amon Piman Awatan Sathit Sakkathattiya Witsanukam Prasit" болды — бұл "періштелер қаласы, ұлы қала, мәңгілік байлық қаласы, Индраның асусыз қаласы, тоғыз асыл таспен нәрленген әлемнің маңғазды астанасы, бақытты қала, Индра сыйлаған, Вишвакарма салған, адам кейпіндегі құдай билейтін, жәннаттай, молшылыққа толы керемет Хан Сарайы" дегенді білдіреді. Балалар қаланың ресми атын мектепте жаттайды, дегенмен, қаланың толық атын жатқа білетін адам көп емес, себебі атаудағы сөздердің көбі ескірген және күнделікті тілде пайдаланылмайды. Әкімшілік. Бангкок — тұрғындардың губернаторды таңдау құқығы бар екі провинцияның бірі (екіншісі — Районг), қалған 75 провинцияда губернаторлар тағайындалады. 2004 ж. Апирак Косайотин соңғы губернаторлық сайлауда сайланған. Қала аумағының өсуі Бангкок провинциясының көршілес Нонтхабури (Nonthaburi), Самут Пракан (Samut Prakan) и Ратхум Тхани (Pathum Thani) провинцияларының аумағына шығып кетуіне әкелді. Бангкок провинциясының қазіргі шекарасы Тонбури провинциясымен біріккен уақытта, 1972 жылы бекітілді. Қала таңбасында Айрават атты аңыздағы пілге ұқсас мақұлықты мініп, бұлт бетімен жүрген Индра белгіленген. Индраның қолында найзағай бар — бұл қарумен құдай құрғақшылықты қуады-мыс. Таңбадағы бейне Нарис ханзаданың (Narisaranuvadtivongs) салған суретінен алынған. Бангкоктың рәміз ағашы - Бенджамин фикусы. Қала аудандары. Бангкок 50 ауданға бөлінген («кхет» (เขท) немесе өзге провинциялардың атауы бойынша — «ампхы» (อำเภอ), олар өз қатарында 169 «кхвенгке» (แขวง) бөлінген. Экономика. Бангкок — Тайландтың экономикалық орталығы және порты. Тайландтың сауда биржасы да Бангкок қаласында. Туризм негізгі табыс көзі болып табылады. Шетке шығаратын негізгі тауарлар — бакалея, ағаш және тоқыма өнімдері. Негізгі өндіріс болып күріш зауыттары, цемент зауыттары, ағаш кесетін зауыттары, мұнай өңдеу зауыттары және кеме салу айдындары болып табылады. Мұнымен қатар қала әшекейлі өнімдерімен белгілі, күміс және қола өнімдерін сатуға және сатып алуға болады. Жезөкшелікпен айналысу заңға қайшы болғанымен, бұл іспен айналысу кең таралған, бұл Бангкокқа секс-туризм қаласы ретінде көп турист тартады. Туризм. Чао Прайя өзенінде Раттанакосин аралы орналасқан, тай тілінен аударғанда "аса қымбатты" деген мағына береді. Ол барлық жағынан каналдармен, ежелде қаланы қорғайтын қамал ретінде салынған дуалдармен және мұнаралармен қоршалған. Қазірде мұнда король мен вице-корольдің сарайы, король сопыханасы және министрліктер орналасқан. Бұл қаланың ең тыныш ауданы. Бангкоктың тарихи орталығында көптеген сопыханалар орналасқан, олардың бірі — Ват Пхо. Оның басқа аты Жатқан Будданың ғибадатханасы, ол негізінен Будданың нирвананы күтіп жатырған кейпімен белгілі, бұл жатқан кейіптегі ең ірі көрініс болып табылады (ескерткіштің ұзындығы 46 м, ені 15 м). Рядом с храмом расположена декорированная китайской мозаикой библиотека, в которой хранятся древние рукописи, и другой монастырь Ват Пхра Кео (храм Изумрудного Будды), считающийся самым священным местом в Таиланде и одним из красивейших храмов. Китайская керамика, орнаменты из бронзы и железа, разноцветные витражи, фрески, статуи — все это привлекает множество туристов. Здесь же расположен королевский Пантеон, где воздвигнуты статуи в натуральную величину восьми предыдущих королей династии Чакри. Вход в храм охраняют 6-метровые демоны-ракшасы и буддийских легенд, вооруженные пиками и раскрашенные в разные цвета, также на территории храма можно увидеть статуи гигантских змеев и птиц. Справа от этого монастыря находится Дусит Маха Прасат (Небесный дворец), построенный в тайском стиле. Здесь обычно проводятся торжественные и официальные церемонии, прием важных гостей. Ват-Ратчанадда ғибадатханасында Бангкоктағы будда сәулет өнерінің жалғыз ғана темір ғимараты бар. В центре города находятся самые лучшие отели и гостиницы, расположенные рядом с островом Раттанакосин. Один из лучших отелей Бангкока и всего Таиланда — The Oriental Bangkok. Этот привилегированный отель пользуется всемирной славой и принадлежит истории города с 1887 г. Он располагает собственным причалом на реке, садами и бассейном над рекой, с архитектурной точки зрения имеет старомодный вид. Недалеко, на берегу реки Чаопрайи находится Shangri La Hotel. Номера имеют царскую обстановку и выдержаны в тайском стиле, ванные комнаты отделаны мрамором, а холл отеля своим убранством напоминает дворец магараджи. В самом центре, рядом с храмом Изумрудного Будды располагается ещё один дорогой отель — Siam City Hotel. Многие туристы ценят его за первоклассные номера, тайское гостеприимство и утонченно-роскошную обстановку. Паттайя. Паттайя (,) - Бангкоктен мыңжырам шақырым қашықтықта орналасқан қала. Бүгін Паттая тайландтың бай тұрғындарының сүйікті орны бола отырып, «Азиялық Ривьера» деп саналады. Қала доға пішінді болып иілген жағалауда орналасқан. Демалуға келген туристтерді су бетіндегі әртүрлі демалыс түрлері кетіп тұр. Олар: малтау, су шаңғылары, скутерлерді жүргізу, балық аулау, виндсерфинг, катердің артқы жағында парашютпен ұшу, ал арал жағалауларында су астында жүзуге арналған барлық жағдайлар жасалған. Қалада тамаша отельдер желісі және толық қанды демалуға қажет ғимараттар салынған. Күн, мұхит, пальмалар, коралл аралдарындағы алтын құм, түнгі қалада шексіз көңіл көтеру, - барлығы жыл бойына созылады. Паттаядағы өмір бір сәтте тоқталар емес. Мұнда күнделікті кешкісін қала көшелерінде көңіл көтеру басталады. Көптеген барлар, дискотекалар, талғамға сай ресторандар, шоулар, кегельбандар, тирлар, садақпен атуға арналған алаңдар, теннис корттары, сауда қатарлары, дүкендер мен ашық дүкендердің сансыз қатары, әртүрлі экскурсиялар мен көңілді бағдарламалар – барлығын атап бістпеспіз. Тайландтың дәстүрлі және барлық әлемге әйгілі тайлық бокс шыныменде қызықты көрініс. Көптеген барларда әр кеш сайын күрестер ұйымдастырылады. Кеш батысымен-ақ қала бір үлкен ойын – сауық, демалыс орталығына айналады. Мұнда әртүрлі барлардың қайсысына отыруды таңдау қиынға соғады. Паттая сондай-ақ, жеміс-жидек, көкөністермен қатар қолданылатын өзінің су өнімдерімен әйгілі. Су өнімдері «Сингха» деп аталатын тайлық сырамен ішуге арналған тайлық тағамдарды жасауда қолданылады. Пхукет. Пхукет () - Тайландтағы ең үлкен арал болып табылады, сондықтан ол жеке провинция деп есептеледі. Пхукет Бангкоктен 892 километр қашықтықта орналасқан. Бангкоктен Пхукетке дейін ұшақпен ұшқандағы уақыт 50 минутқа созылады. Тура әуе қатынастары Гонгкокпен, Сингапурмен және Малайзиямен байланысқан. Пхукет материкпен автотрасса өтетін дамба арқылы байланысқан. Патонг жағажайы, 2004 желтоқсанында, цунамиден кейін Аралдың батыс жағалауы ақ кораллды құммен жабылған жағалаулардан тұрады және Андаман теңізі өтеді. өзінің инфрақұрылымымен ерекшеленетін Патонг жағажайы түнгі өмірді ұнататын туристтердің нағыз демалыс орны. Ал тыныш жағдайда демалуды ұнататын адамдар үшін Панва жағажайы ең дұрысы. Мұнда теңіз аралдарының толық көрінісін көруге болады. Жағажай аэропорттан 42 километр, ал қаладан не бары 10 километр қашықтықта орналасқан. Пхукетте қарауға болатын нәрсе көп. Арал өзінің көне архитектурасымен қызықтырады. Жергілікті табиғаттың әдемілігі Кхао Пхра Тхаю халық паркінің джунглиінен көрініс табады. Сонымен қатар, мұнда көптеген таңғажайып бұрыштар бар. Олардың ішінде, аралдың оңтүстік шеті Лаем Пхрам Тхен. Мұнда теңіз бетінен күннің батуын тамашалауға болады. Теңіз Зерттеушілерінің Биологиялық Орталығындағы аквариум ұмытылмас әсер қалдырады. Мұнда маржан плантациясы бар. Маржанды өсіру әдістері көрсетіледі. «Тайлық ауылдарда» халық мәдениетімен жақын танысуға мүмкіндік беретін фольклорлы көріністер күніне екі мәрте қойылады. Аралдағы ең әйгілі спорт түрі болып – аквалангпен сүңгу болып табылады. Тамаша теңіз және суасты пейзаждары, кораллды өсімдіктері мен үңгірлері бар Андаман теңізі суастымен жүзуді ұнататындар үшін баға жетпес орын. Пхукет – қайық орталығы, мұнда кез-келген уақытта яхталарды экипажбен немесе экипажсыз жалға алуға болады. Балық аулауға әзірленген қайықтар сіздің қол астыңызда. Теңіз каноелерінде арал үнгірлері бойынша саяхаттану мүмкіндігі тағы да бар. Спорттық ойындардың сан алуан түрі: гольф ойнау, атпен серуендеу, машинамен жарысу және басқа да қызықты ойындар түрі қалауыңызға байланысты. Самуи. Самуи аралы (,) соңғы он жыл ішінде ғана әйгілі болды. Сондай-ақ, бүгінгі күні Тайландтың Пхукет аралымен ең атақты теңіз курорты статусына бәсекелесіп келеді. Бұл идеалды арал өзінің бауырларынан табиғи қарапайымдылығы бойынша ерекшеленеді. Самуи аралы Бангкок пен Пхукеттен күнделікті авиарейспен ұшақтар ұшып жатса да, Сурат Тхани паромдары жүріп жатса да дүниеден алыс жатыр деп есептелінеді және өз бетінше күн көріп жатыр. Самуи аралы Бангкоктен оңтүстік – шығысқа қарай 560 км қашықтықта, ал материктен 80 км қашықтықта орналасқан. Аралдың өз аэропорты бар. Аэропорт рейстері күн сайын Бангкок, Паттая, Пхукет пен Сингапурге ұшады. Бұл кокос пальмаларының (мұнда 3,5 млн-нан астам) және таза тропикалық жағажайлардың аралы. Қасында ұсақ аралдар орналасқан. Тасбақалар аралы мен Анг Тхонг Теңіз Халық паркін құрайтын аралдар сіздің жадыңыздан талайға дейін кетпейді. Аралды толығымен қарап шығу оңайға соғады. Барлық жағажайға апаратын және На Торн әкімшілік орталығына апаратын 50 шақырымдық сақиналық жол жағалау бойында орнатылған. Самуи өзінің қонақтарына сән-салтанатты отельдер мен жағалауда орналасқан бунгалодарды ұсынады. Тайландытың туризм индустриясын атақты еткен ең жоғары деңгейлі курорттар қызмет көрсетудің барлық түрлерін көрсетеді. Пальма жапырақтарымен жабылған экзотикалық бунгалодар теңізді үздіксіз бақылауға мүмкіндік береді. Сіз Робинзон Крузоның орнында бола отырып, барлық жайлылықты аласыз. Шырша қайшыауызы. Шырша қайшыауызы - тау өзеніненжағалай өсетін ағаштарда жиі кездесетін торғайдың бір түрі. Қоректері- қыста пісетін шырша тұқымдары. Шырша қайшыауызының тұмсығы атына сай айқасып тұрғандықтан, ол оның жемін оңай алуына көмектеседі. Бұл құстың ерекшелігі- көктемде жұмыртқаламай, керісінше қақаған қаңтар айында жұмыртқалап, балапандарын шығарады. Қоректі олаоға үнемі аталығы жеткізіп отырады. Ал аналығы балапандарын ұядан қашан ұшырғанша шықпайды. Олар балапандарын жемсауында,ы жібіген қарағай тұқымын құсып беру арқылы асырайды. Сәуір айында балапандары өздері қоректенетін болады. Самыркеш. Самыркеш - ақшыл жолақтары бар, қоңыр қызғылт түсті орман құсы. Ол ұзақ уақыт бойы ағаш басында отыруды ұнатады. Самыркештің тұрақты- ұзақтап сәл кешірек. Ұя салар кезінде қалың орман ішіне еніп, адам көзіне түспеуге тырысады. Бұл құс көктем айларында шырша зиенкестері- бізтұмсық және қоңыздармен, ағаш қандаласымен қоректеніп, табиғатқа едәуір пайдасын тигізеді. Самыркештің бір ерекшелігі- жазды күндері ол жемін ауламай жүріп, ағаштағы жаңғақтарды біртіндеп үзіп, оны түскен жапырақтардың астына тыға береді екен. Осылайша бір құс жылы күндері бір мыңға жуық шырша жаңғағын жинап, оны суық қыс айларында азық ететін көрінеді. Қоқиқаз. Қоқиқаз () - дене бітімі ерекше, тұмсығы имек, сирек кездесетін құс. Қызыл қанат деп те аталады. Қорғалжын қорығындағы Теңіз көлінде ғана ұялап, жұмыртқалайды. Ол басын суға батырып, түбін қопарып, судағы жәндіктерді аузына толтырып сүзіп алып қоректенеді. Ұя жасауға да су түбіндегі тұнбаны пайдаланады. Қоқиқаздар жүздеп, мыңдап бір мыңға ұя салып, жұптарын жазбайды. Ұядағы 2-3 жұмыртқаны кезектесіп басып шығарады да алғашқы екі айда құрамы дәрумендерге бай құс сүтімен асырайды. Жеген тамақтарын асқазанында өңдеп, тұмсығын балапан аузына апарғанда 23-ы қаннан тұратын ашық қызыл түсты сұйықтық тамшылап ағады екен. Бұның сыры әлі күнге дейін ашылмаған. Ересектері ұшып кеткенде балапандарға қарауға қалған 1-2 тәрбиеші қоқиқаздардың мыңдаған балапанды жүзуге апарып, ұясына қайтаруды адамдарды таң қалдырмай қоймайды. Таралу аймағы шектелген сирек кездесетін түр. Әлемде ең терістіктегі ұялайтын орны Қазақстанда Теңіз көлінде (Ақмола облысы). Әр жылдары бұл жерде 5-9 мыңнан (1972-1976 жылдары) елу төрт мыңға дейін (1979 ж.) қоқиқаз ұялады. Дала мен шөлейтті жерлердегі кең байтақ су қоймаларын жайлайды. Негізгі шектеу факторлары - ұялауға жарамды жерлердің азаюы және мазалау. Қорғалжын қорығында қорғалады. Торғай өзенінің төменгі саласында қорық, сонымен қатар Каспий теңізінің солтүстік-шығысындағы Комсомол шығанағы мен Қолтық сорында қорықшалар ашу қажет. ҚОҚИҚАЗ, қоқиқазтәрізділер (Phoenіcopterіfor-mes) – қырлы төсті құстар тобының отряды. Алғашқы қазба қалдықтары эоцен, ал осы күнгілері жоғ. олигоцен кезеңінен белгілі. Қ. дүние жүзіндегі бойы ең биік және аяқтары мен мойны ұзын құстар. Дене бітімі жұмыр. Дене тұрқы ірі әрі жабайы қаздарға ұқсас, сондықтан Қ-ды халық арасында қызылқаз деп те атайды. Қораздары мекиендерінен ірілеу. Бойының биікт. 91 – 120 см-дей. Қораздарының салм. 4,5, ал мекиендерінікі – 3 кг-дай. Қанаттарының ұз. 35 – 49 см. Ересек Қ-дардың қауырсындарының түсі ақ, қызғылт, ұштары қара, ұз. 11 – 16 см, тұмсықтарының екі жақ жиегіндегі тілімденген “тісшелері” қоректенген кезде сүзгіштік қызмет атқарады. Ұшып бара жатқан Қ-дың қанаттары лапылдап жанған оттың жалынына ұқсас болғандықтан оларды кей халықтар “от немесе жалын құс” деп те атайды. Қ. топтанып тіршілік етеді. Тұмсығы орта тұсынан бірден төмен қарап иіледі де қойқиып тұратындықтан “қоқиқаз” деп аталған. Мойнының пішіні латынның “S” әрпі тәрізді. Жіліншігі сирағынан 3 еседей ұзын. Саусақтарының арасы терілі жүзу жарғағымен байланысқан. Негізінен тропиктік және субтропиктік аймақтарда тіршілік етеді. 4 тұқымдасқа бірігетін 3 туысы, 6 түрі бар. Олардың көпшілік түрі экваторға жақын белдеулерде кеңінен таралған. Орт. және Оңт. Америкада, Африкада, Еуразияда көптеп кездеседі. Қ-дың кей түрлері (кіші, анд, джеймс Қ-дары) қоныс ауыстырмай бір орында тіршілік етеді. Қазақстанда Теңіз, Шалқартеңіз көлдері мен Каспий т-нің солт.-шығыс жағалауында, Асаубалық, Қоқай, Есей, Қорғалжын, Сұлтангелді, Үлкен және Кіші Қаракөл, т.б. су айдындарында қызғылт Қ. (P. roseus) кездеседі. Қ-дар 3 жаста жыныстық жағынан жетіледі. Жұптарын жазбай таяз су жағалауына сазбалшықтан, құмнан және су өсімдіктерінің қалдықтарын араластырып ұя салады. Ұясының беткі жағы жалпақ, түбі конусқа ұқсас сүйірлеу әрі су бетінен 15 – 20 см-дей шығып тұрады. Ұясына бір, кейде екі жұмыртқа салып, оны қоразы мен мекиені кезектесіп басады. 30 – 32 күннен кейін балапандары ұядан ұшады. Балапандары тез өседі, жақсы жүзіп, сүңги де алады. Қ-дар – жыл құсы. Қазақстанға наурыз – сәуір айларында ұшып келіп, қазан – қарашада Иран, Ауғанстан, Пәкстан аумағына қоныс аударады. Қ-дар шаянтәрізділермен, ұлулармен, жәндіктердің дернәсілдерімен, балдырлардың және су өсімдіктерінің тұқымдарымен қоректенеді. Олардың тіршілігі үшін суы таяз әрі тұзды су айдындары өте қолайлы. Саны жылдан жылға азайып барады. Қазақстанда 15 – 18 мыңдай Қ. ұя салады деп есептелінеді (2002). Қазақстанда Қ-ды қорғау мақсатында Қорғалжын қорығы ұйымдастырылған. Қ. АҚШ-тың, Ұлыбританияның, Швейцарияның, Германияның зоол. бақтарында қолда өсіріліп көбеюде. Қ-ды атуға мүлде тыйым салынған. Халықар. табиғат қорғау одағының және Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Үкі. Үкі - негізінен орманды мекендеп, жемін көбіне түнде аулайтын жыртқыш құс. Басы үлкен, көздері бақырайған, қауырсындары жұмсақ. Ұшқанда дыбыссыз қанат қағады. Ұясын жасыруға болатын жерге салады. Жұптарын өмір бойы сақтайды. Дене мөлшеріне қарай 2-12-ге дейін жұмыртқа басады. Қоян, тышқан секілді кемірушілерді аулап пайда келтіреді. a> ("Bubo virginianus") sleeping at daytime in a hollow tree. Үкіні қазақ халқы қасиетті құс санайды. Оның қауырсынындағы бедер, құранның құпияланып жазылған нұсқасы деп баланың бесігіне, бас киіміне таққан. Сонымен қатар бақыт, табыс әкеледі деген сеніммен ақын, әншілер бас киімдерін, домбыраларын үкілеген. Саны кеміп келе жатқан, сирек кездесетін түр. Евразияда, сондай-ақ Қазақстанда кең тараған. Шөлді, далалы, таулы орманды жерлерді мекендейді. Санының қанша екені белгісіз, бірақ, көпшілік жерлерде сирек. Санын шектеуші себептер: электр сымдарында және уланған жемді жеп өлгенінен басқа, кауырсынынан ұлттық әшекейлер мен бой тұмарлар жасау үшін ұядағы балапандарын алудың да кері әсері үлкен. Сондықтан оны қорғаудың тағы бір жолы - оның қауырсынын пайдалану үшін қолдан өсіру керек Шұбар күзен. Шұбар күзен - Қазақстанның шөл және шөлейтті аудандарында кең тараған бірақ барлық жерлерде саны өте аз. Кейбірі құрғақшылық жылдары саны күрт өзгеріске ұшырап, мүлдем азайып кеткен. Шөлді аймақта Бетпақдалада, Балқаш өңірі, Қызылқұм қорықтарын ұйымдастыру, сонымен қатар сирек кездесетін жануарларды қорғау үшін бірнеше зоологиялық қорықшалар құры екен. Сирек, таралу аймағы тарылып, саны кемуде. Қазақстанның шөлейтті-шөлді аймақтарында - батыста Еділ-Жайықтан шығыста Зайсан ойпатына дейін таралған; жазықты тау бөктерлері мен таулы шөлейтті-шөлді және далалық биотоптарды мекендейді; 0,8-1/2 шаршы шақырымда бір аң кездеседі. Санының азаюының негізгі себептері - тың жерлерді жырту және кеміргіштермен күресу үшін улы химикаттарды кең қолдану. Қиял. Қиял — сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс: «...барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік сақталатынсөзімдік заттарды модельдендіре алады» (әл-Фараби). Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бүрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға туседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өндеу процесінде екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады. Айдаһардың бейнесін Италияның атақты суретшісі Леонардо да Винчи қиял арқылы былайша суреттейді: «Көкжал аңшы иттің не жай иттің басын аламы, оған басқа мысықтың көзін саламыз, құлағы үкінікі болады, мұрыны тазынікі секілді, қасы арыстандікі, самайы — әтештікі, мойны суда жүзетін тасбақанікі сияқты». Осы бейненің өзі шындықта бар нәрселерді топтастыру арқылы туып отыр. Бірақ осы топтастыру нәтижесінде келіп шыққан тұтас образдың өзін көре білу үшін адамға ең күшті, өрен жүйрік қиял қажет. Қиял процесінің адам әрекетінің қандай саласында болмасын зор маңызы бар. Қиялдың өзі осы әрекет арқылы өзгеріп, дамып отырады. Тіпті бала қиялындағы фантастикалық образдардың өзі де оның танымын кеңейтетіндігі, қоғамдық тәжірибені меңгеруге жағдай жасайтыны, мұның өзі баланың психологиясына қатты әсер ететіні байқалады. А. П. Чехов «Үйде» деген әңгімесінде осы жайлы өте жақсы көрсеткен. Шылым шегіп әдеттенген жеті жасар балаға ешбір сөз әсер етпей қойған. Бірде әкесі оның қиялына әсер етуді ойлайды. Ол баласына мынадай әңгіме айтады: «Кәрі патшаның патшалыққа мұрагер болатын жалғыз ғана ұлы болыпты,— өзі дәл сен сияқты кішкентай бала екен. Өзі жақсы бала екен. Еш уақытта өкпелемейді, ерте жатады, столдағы нәрселерге тимейді екен... өзі ақылды болыпты... Оның бір ғана кемшілігі — шылым тартады екен... Патшаның баласы шылымнан көкірек ауру болып жиырма жасында өліпті. Қаусаған ауру шал ешбір қолғанатсыз қалыпты. Мемлекетті басқарып, сарайды қорғайтын ешкім болмапты. Жау келіп, шалды өлтіріп, сарайды қиратып тастапты, сонымен, енді бақша да, шие де, құстар да, қоқыраулар да қалмаған...». Эмоциялы әсерге толы осы әрекеттің оған күшті әсер еткендігі сонша, бала «қараңғы терезеге ойланып сәл қарап отырып, селк етті де, мұңайған дауыспен: — Мен енді шылым тартпаймын...— деді»... Қиялдың адам қажетіне асуы, оның шындықпен байланысты болып келуі адамға ерекше қанат бітіріп, оның ілгері өрлеуіне себепші болады. Халық «Қыран жетпеген жерге қиял жетеді» деп өте тауып айтқан. Бір кезде талантты орыс ғалымы Қ. Э. Циолковский (1857-1935) космосқа ұшуды армандап еді. Космос кораблімен аспан әлеміне тұңғыш жол салған Ю. Гагарин мен қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің және басқаларының ерліктері осындай шындықпен тығыз байланысты қиялдың іске асуы болып табылады. Қиял түрлері. Қиял "актив", "пассив" болып екіге бөлінеді. Қиялдық бүтіндей пассивтік түрінің шегі - түс көру. Түс көрудің физиологиялығын жан-жақты түсіндіріп берген И. П. Павлов болды. Ұйқы кезінде ми клеткаларының бәрі тежелмейді, кейбір бөлімдері қозу жағдайында болып жүмыс істей береді. Мидың мүндай бөліктерін «күзетші пункт» деп атайды. Осы «күзетші пункттердең біздің бүрын қабылдаған, көрген, естіген, қолға үстап, дәмін татқан заттарымыздың бейнелері мида қайтадан «тіріледі». Түсте небір ақылға сыйымсыз образдардың жасалатыны белгілі. Өйткені бүл кезде мидағы сигнал жүйелерінің арасындағы байланыс әлсірейді, мүнда негізінен бірінші сигнал жүйесі ғана қызмет істейді. Екінші сигнал жүйесінің қызметі толық тежелуге үшырайтындықтан, адамның ойлау қабілеті өте төмен болады. Сөздік сигаалдардың әсер етпеуі мида кездейсоқ образдардың пайда болуына жағдай жасайды да, соның нәтижесінде түске қайдағы «кереметтер» кіреді. И. М. Сеченов осындай түстерді «болған әсерлердің болып көрмеген қиысулары» деп сипаттаған. Түсте реалдық образдар мен нәрселердің фантастикалық түрде қосылуынан ғажайып образдар жасалады. Үйқы кезіндегі осындай ғажап фантазиялық бейнелер де өмірде бар нәрселердің жиынтығынан қүралған. Бұлардың негізі — адамның ояу кезіндегі басынан кешкен оқиғалары, ойы мен мақсаты, тілегі мен арманы, естіген-көргендері, істеп жүрген қызметі, басқалармен қарым-қатынасы т. б. үйқыдағы адамның түс көруіне себепші болатын фактілердің есебі жоқ. Мәселен, ми клеткаларына көшедегі транспорттың тарсылы да, ағаш жапырағының сылдыры да, иттің шәуілдеп үргені де, есіктің ашылып-жабылуы да әсер етіп отырады. Тіпті организмнің ішкі мүшелерінің (жүрек, өкпе, асқазан т. б.) жүмысына бір жайсыздық түссе, бүл да адамның түсіне қай-қайдағы бірдеңелерді кіргізеді. Мәселен, үйқыдағы адамның жүрегіне бір салмақ түссе, оның жүрегі қатты соға бастайды. Осыған орай адам мынадай түс көреді. Өзін қуған біреуден қашады, бүдан ол ентігіп, булығады да. Түс көрудің мазмұны адамның, көбінесе, қызығуына, талғамына орайлас келіп отыратындығы да шындықпен жанасымды факт. «Егер иттің түсіне сүйек кірсе, саудагердің түсіне ақша кіреді» деген мақал да біздің осы пікірімізді қуаттайды. Өмірде ешбір естімеген, көрмеген нәрселер түске кірмейтіндігін ғылым дәлелдеп отыр. Мәселен, іштен соқыр болып туған адамның түсіне көзге көрінетін «бейнелер кірмейді, оның басқа сезім мүшелері арқылы (иіс, дәм, есіту т. б.) қабылдаған нәрселері еніп отырады. Егер соқырлық кейінірек пайда болса, онда сол адамның түсіне бүрын көзімен көрген заттарының бейнелері кіре береді. «Барлық адамдардың түсі, -деп жазды И. П. Павлов, — бірінші сигналдардың бейнелі, нақты және эмоциялық түрде жандануы». Актив қиялдың ерекше бір түрі — арман Шығармалық қиял. Шығармалық қиял - өзіндік жаңа образдар жасау арқылы өрекетте, жаңа өнімдер беруде көрінетін қиялды айтады. Жазушының, суретшінің, ғалымның, композитордың т. б. қиялы шығармалық қиялга жатады. Шығармалық қиял — қайта жасау қиялына қарағанда, әрі күрделі, әрі қиын. Абай мен Қүнанбайдың образдарын жасау, оларды сипаттап жазған шығарманы оқып, елестетуден әлдеқайда ауыр. Шығармалық қиял ақын-жазушылардың, суретшілердің, артистердің т. б. осы секілді өнер қайраткерлерінің іс-әрекеттерінде үлкен орын алады. Өнер қайраткерлері өздерінің идеясын көркем образ арқылы береді. К. С. Станиславский: «Артистің көкірегінде өзі бейнелеп түрған адамның ой-толғаныстары туғанда ғана шынайы өнер туады, нағыз жанды сезім еш уақытта зорлағаннан, қолдан жасағаннан келмейді»,— дейді. Мәселен, Чехов спектакліндегі Раневскаяның рөлін орындаушы Ольга Книппер — Чехова шие бағын сатады деп хабарлағанда шын көңілімен көзіне жас алады екен. Мұндайда актер сахнада ойдан шығарылған нәрсеге шындықтың өзіндегідей көзқараспен қарайды. Бүл - шығармалық қиялы өте бай адамның қолынан келетін касиет. Ақын-жазушылар қиялы арқылы өзінің келешек кейіпкерлерін «көреді», олардың мінез-құлықтарын «елес етеді», сөзін «естиді». Сонымен қатар, ақын-жазушылар өз геройларымен бірге өмір сүреді, олардың ойын, көңіл күйін «сезіп», қоян-қолтық араласып жүргендей болады. Мәселен, француз жазушысы О. Бальзак егер жеңі жыртық біреудің көшеде кетіп бара жатқанын көрсе, өзін сол адамға үқсататындығы соншалық,- өз жеңім де жыртық емес пе екен деп, еріксіз өз қарына қолын жүгіртіп, тесікті жаппақшы болады екен. Бақылағыштық, жеке өмірінің эмоциялық байлығы, алдын-ала орасан зор жүмыстар істей білуге қабілеттілік (мәселен, Л. Толстойдың айтуынша, «Соғыс және бейбітшілік» романын жазу үшін жинаған материалдары «бүкіл бір кітапхана» болған) адамның творчестволық қиялының самғауына күшті әсер етеді. Өмірден түйгені шамалы, творчестволық қиялы жетілмеген адамнан жақсы ақын шығуы мүмкін емес. Абай мүны өте дүрыс көре білген. Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы, Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын Бұл өлеңіне Абай «қиыннан қиыстырар», «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп», «іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын» секілді сөз тіркестері арқылы өздігінен жаңа туындылар бере алатын нағыз майталман ақындардың психологиясын, олардың творчестволық қиялындағы ерекшеліктерді көрсетіп отыр. Ғалым үшін де творнестволық қиял аса қажет. Творчестволык қиял ғалымның творчестволық ойына аса қажетті материал береді. Мәселен, ғылыми жорамал жасағанда, эксперимент жүмысын үйымдастырғанда, тапқан жаңалықтарды тексеріп сынауда ғалым өз қиялына үнемі сүйеніп отырады. Бірақ нағыз ғылыми жүмыс көп еңбектенуді қажет етеді, ол еріккеннің ермегі емес, ғы-лымның жолы ауыр. Қажымай, өнімді еңбек ете білушілік, шыдамдылық, іске мейлінше берілушілік — нағыз ғалымға тән қасиеттер. К. Маркс айтқандай, ғылымның «сәулетті шыңына шаршап-шалдығудан қорықпайтын, оның тасты соқпақтарымен тырмысып өрлей беретін адам ғана шыға алады». Шығармалық қиял әрекеттің кез-келген саласында орын алып отырады. Қоғамға пайда келтіретін нәтижелі еңбекте творчестволық қиялдың болмауы мүмкін емес. Қиялдың бүл түрі, әсіресе, мүғалімдік қызметте ерекше орын алады. А. С. Макаренко айтқандай: «жеке адамның келешегін жобалауда» мүғалім творчестволық қиялсыз әрекет етсе, жақсы нәтижеге ие бола алмас еді Генетика. Генетика — бүкіл тірі ағзаларға тән тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін биология ғылымының бір саласы. Ағзалардың тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігі туралы ғылымды генетика деп атайды (грекше “genetіkos” — шығу тегіне тән). Бұл атауды 1906 жылы ағылшын биологы У.Бэтсон ұсынды. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің заңдылықтарын ашып, оларды қоғамды дамыту үшін пайдаланудың жолдарын шешуде генетика ғылымы зор үлес қосты. Сондықтан, биология ғылымының басқа салаларының арасында маңызды орын алады. Жер бетіндегі тірі материяның дамуы олардың үздіксіз ұрпақ алмастыруымен қатар жүріп отырады. Тіршілік организмдердің көбеюімен тікелей байланысты. Сол арқылы белгілі бір биологиялық түрге тән белгілер мен қасиеттер ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Басқаша айтқанда, ұрпақтар белгілі дәрежеде өзінің ата-анасына ұқсас болып туады. Мұны тұқым қуалаушылық дейді. Көпшілік жағдайда организмнің белгілері мен қасиеттері өзгермей біршама тұрақты түрде берілетіндіктен, ұрпағы ата-аналарына ұқсас болып келеді. Бірақ олардың арасында толық ұқсастық болмайды. Бір ата-анадан тарайтын ұрпақтың бір-бірінен қандай да бір белгісі жөнінен айырмашылығы болады.Организмнің тұқым қуалаушылық қасиеті сыртқы орта факторларының әсерінен үнемі өзгеріп отырады. Оны — өзгергіштік дейді. Көбею барысында организмнің белгілі бір қасиеттерінің тұрақты сақталуымен қатар, екінші біреуі өзгеріске ұшырайды. Осыған байланысты олар жаңарып, түрлене түседі.Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік — бірімен-бірі қатар жүретін, бір жағынан бір-біріне қарама-қарсы, өзара тығыз байланысты процестер. Алғашқы кезеңдер. Тұқым қуалаушылық туралы алғашқы түсініктер ежелгі дәуірде — Демокрит, Гиппократ, Платон және Аристотель еңбектерінде кездеседі. Гиппократ жұмыртқа клеткасы мен сперма организмнің барлық бөліктерінің қатысуымен қалыптасады және ата-ананың бойындағы белгі-қасиеттері ұрпағына тікелей беріледі деп есептеді. Ал Аристотельдің көзқарасы бойынша белгі қасиеттердің тұқым қуалауы тікелей жүрмейді. Яғни тұқым қуалайтын материал дененің барлық бөліктерінен келіп түспейді, керісінше, оның әр түрлі бөлшектерін құрастыруға арналған қоректік заттардан жасалады. Бұдан кейін Ч.Дарвиннің пангенезис теориясы маңызды орын алады. Бұл теория бойынша өсімдіктер мен жануарлардың барлық клеткалары өзінен ұсақ бөлшектер — геммулалар бөліп шығарады. Олар жыныс органдарына өтеді де сол арқылы белгілер мен қасиеттер ұрпаққа беріледі. Геммулалар кейде “мүлгіген жағдайдаң болып, бірнеше ұрпақтан кейін білінуі мүмкін. Соған байланысты ұрпақтарда арғы ата-ана тектерінің белгі-қасиеттері қайталана алады деп есептелінген.ХІХ ғасырдың 80-жылдарында “пангенезис” теориясын А.Вейсман өткір сынға алды. А.Вейсман “ұрық плазмасы” туралы болжам ұсынды. Бұл болжамында тек жыныс клеткаларында кездесетін, тұқым қуалайтын заттың болатындығын айтты. Генетиканың биология ғылымының жеке бір саласы ретінде қалыптасуына ХІХ ғасырдың екінші жартысында ашылған ірі ғылыми жаңалықтар себепші болды. 1965 жылы чех ғалымы Г.Мендельдің “Өсімдік будандарымен жүргізілген тәжірибелер” деген еңбегі жарық көрді. Ол тәжірибелері арқылы тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтарын қалыптастырады. Сөйтіп, Мендель генетиканың негізін қалады. Бірақ оның еңбегі 1865 жылдан бастап 35 жыл бойы көпшілік биологтарға, соның ішінде Ч.Дарвинге де белгісіз күйде қалды.Г.Мендель ашқан тұқым қуалау заңдылықтары тек 1900 жылы ғана өзінің тиісті бағасын алды. Себебі үш елдің ғалымдары: голландиялық Г. де Фриз, неміс ғалымы К.Корренс және австриялық генетик Э.Чермак-Зейзенегг әр түрлі объектілермен тәжірибелер жүргізіп, нәтижесінде Мендель заңдылықтарының дұрыстығын дәлелдеді. Көп кешікпей бұл заңдылықтардың жануарларға да тән екендігі анықталды. 1909 жылы ағылшын биологы У.Бэтсон өсімдіктер мен жануарлардың әрқайсысының 100 шақты белгілерінің тұқым қуалауы Мендель заңдарына сәйкес жүретіндігін дәлелдейтін ғылыми деректерді жариялады. Сөйтіп, Мендель ілімі ғылымнан берік орын алды.1909 жылы дат оқымыстысы В.Иоганнсен биологияда аса маңызды болып есептелетін ген (герекше “genos” — шығу тегі), генотип және фенотип деген ұғымдарды қалыптастырды. Генетика тарихының бұл кезеңінде ағзалардың жекелеген белгілерінің ұрпақтан-ұрпаққа берілуіне жауапты тұқым қуалаушылықтың материалдық бірлігі — ген туралы ұғым қалыптасып, Мендель ілімінің әрі қарай дамуына мүмкіндік туды. Дәл сол кездегі (1901 жыл) голландиялық ботаник ғалым Х. Де Фриздің организмнің тұқым қуалайтын қасиеттерінің өзгеретіндігін көрсететін мутация теориясының ұсынылуы генетика ғылымының дамуында ерекше орын алады.Генетика тарихындағы шешуші бір кезең американдық генетик, әрі эмбриолог Т.Морганның және оның ғылыми мектебінің тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясын ашуымен тығыз байланысты. Т.Морган және оның шәкірттері жеміс шыбыны — дрозофилаға тәжірибе жасаудың нәтижесінде тұқым қуалаушылықтың көптеген заңдылықтарын ашты.Тұқым қуалайтын өзгергіштік туралы ілімді дамытуда орыс ғалымы Н.И.Вавилов зор үлес қосты. Ол 1920 жылы тұқым қуалайтын өзгергіштіктің ұқсас (гомологиялық) қатарлары заңын қалыптастырды. Бұл заң бір-біріне жақын туыстар мен түрлерде болатын тұқым қуалайтын өзгерістердің ұқсас болып келетіндігін дәлелдейді. Ғылымға енгізілген жаңалықтың бірі — 1927 жылы орыс ғалымдары Г.А.Надсон мен Г.С.Филипповтың радиоактивті сәулелердің төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарда мутация тудыра алатындығын дәлелдеуі еді. Ген теориясын дамытуда орыс биологтары А.С.Серебровский мен Н.П.Дубининнің эксперименттік және теориялық жұмыстарының үлкен маңызы болды. Сол сияқты популяциялық генетика мен эволюциялық генетиканың негізін қалауда орыс генетигі С.С.Четвериковтың алатын орны ерекше. Генетиканың даму тарихы үш кезеңге бөлінеді. Оның алғашқы екеуі 1865—1953 жылдар аралығын, яғни классикалық генетика дәуірін қамтиды. Генетика тарихындағы үшінші кезең. Генетика тарихындағы үшінші кезең 1953 жылдан басталады. Ол — химия, физика, математика, кибернетика сияқты нақты ғылымдардың зерттеу әдістері мен электрондық микроскоп, рентгенқұрылымдық анализ, т.б. қолданудың нәтижесінде молекулалық генетика негізінің қалануы.1944 жылы американдық микробиолог әрі генетик О.Эври тұқым қуалаушылықтың материалдық негізі — ДНҚ екендігін дәлелдеді. 1953 жылы американдық биохимик әрі генетик Дж. Уотсон мен ағылшын биофизигі Ф.Крик ДНҚ молекуласының молекулалық құрылымының моделін жасады.Қазіргі кездегі генетиканың дамуы тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік туралы ілімнің барлық салаларында зерттеу жұмыстары молекулалық деңгейде жүргізілетіндігімен ерекшеленеді. Мысалы, генді организмнен тыс қолдан синтездеу, дене клеткаларын будандастыру, генетикалық материалдың алмасуы (рекомбинация), геннің қайта қалпына келуі (репарация), биополимерлерді қолдан синтездеу, гендік инженерия сияқты проблемаларды зерттеу кеңінен таралып отыр.Генетика мен селекцияның дамуына Қазақстан ғалымдарының да қосқан үлесі ерекше. Алшақ будандастыру, мутагенез, полиплоидия, гетерозис, т.б. мәселелерді қамтитын генетикалық зерттеулер жүргізілуде. Дәнді және техникалық дақылдарды түрішілік және түраралық будандастырудың нәтижесінде бидайдың, арпаның, көксағыздың, жүгері мен қант қызылшасының жоғары өнімді будандары мен сорттарын алуда К.Мыңбаев, А.Ғаббасов, Ғ.Бияшев, Н.Л.Удольская және т.б. еңбектері зор. М.Х.Шығаева мен Н.Б.Ахматуллина микроорганизмдер генетикасының дамуына айтарлықтай үлес қосты. Н.С.Бутарин, Ә.Е.Есенжолов, А.Ы.Жандеркин алшақ будандастыру әдісімен қойдың архар-меринос тұқымын алды. М.А.Ермеков, Ә.Е.Еламанов, В.А.Бальмонт, т.б. қазақтың ақбас сиырын, Алатау сиырын және Қостанай жылқысын, т.б. асыл тұқымдарды шығарды. Қазақстанда тұңғыш рет М.А.Айтхожиннің басқаруымен молекулалық биология және ген инженериясы саласында көптеген зерттеулер жүргізіліп, ғылымға айтарлықтай жаңалықтар қосылды.Соңғы жылдары елімізде генетиканың аса маңызды салалары: молекулалық генетика, экологиялық генетика және радиациялық генетика бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Ұлпа сұйықтығы. Ұлпа сұйықтығы түссі, мөлдір түсті, қанның сұйықтық бөлімінен – плазмадан пайда болады, ол қан тамырлардың қабырғалары арқылы жасушааралық кеңістікке өтеді және жасушаға түсетін зат алмасу өнімдерінен пайда болады. Ұлпаның сұйықтығы организмдегі ұлпаларының барлық жасушаларын қоршап тұрады, олар одан қоректі заттарды, оттегін сіңіріп алады және көміртек диоксидің су және басқа тіршілік өнімдерін оған бөліп шығарады. Ұлпа сұйықтық пен қан (оның плазмасы) аралығында зат алмасу процесі капиллярлардың қабырғалары арқылы диффузия жолмен өтіп жатады. Қан плазмасы. Қан плазмасы ()– қанның сұйықтық бөлімі, ақуыздар коллоидты ертіндісі. Оның құрамына (90-92%) органикалық және анорганикалық заттар(8-10%) кіреді. Плазмадағы оганикалық заттардан ең көбі белоктар (орта есеппен 7-8%) – албуминдер, глобулиндер және фибриноген (фибриногені жоқ плазманы қанның сары суы деп атайды).Одан басқа, қан плазмасы құрамында глюкоза, май, майтекті заттар, аминқышқылдар, мочевина, зәр және сүт қышқылы, ферменттер,гормондар т.б. болады. Анорганикалық заттар қан плазманың 0,9-1,0% бөлімін құрайды. Бұл негізінен натрий, калий, кальций, магний т.б тұздары. Тұздардың сұйықтықтың құрамы физиологиялық сұйықтық деп атайды, оның құрамы қан плазмасының тұздар құрамына сай келеді. Медицинада физиологиялық сұйықтық ағзаға сұйықтық жеткізу үшін пайдаланады. Қан плазмасында ерітілген ақуыздар, минералды тұздар және басқа заттар арнайы осмостық қысымын белгілейді, ол ұлпамен қан арасындағы судың алмасуында үлкен рөль атқарады. Белоктар плазмаға тұтқырлық (вякость) қасиетін береді де қан ұю процесінде де маңызды рөль атқарады. Лейкоциттер. Қанның ақ түйіршіктері немесе лейкоциттер (— "ақ" және — жасуша) – ядросы бар және белменді амеба тәрізді қозғалатын түссіз қан жасушалар. Қанның 1 мм3 көлемінде 6-8 мың лейкоциттердің алуан түрлі (лимфоциттер, моноциттер, базофилдер, эозикофилдер және нейтрофилдер) болады. Олар қызыл сүйек майында, лимфа түйіндерінде және көк бауырда пайда болады. Олардың тіршілік ету мерзімі – бірнеше күн. Лейкоциттердің қорғаныш және қалпына келтіру қызметі олардың қанда антиденелерді құрып, бактериялардың өзіне сіңіріп, жою қабілетіне байланысты. Қан тамырладың қабырғалары арқылы өтіп лейкоциттер қан ағымы арқылы организмнің ұлпа, жасушалар аралығына өте алады да дененің зақымданған жерлерінде жинала алады. Бұл жерде олар жиналған аяқтарымен организмдегі әр түрлі микроорганизмдерді, көне жасушаларды өзіне сіңіріп, жойып тұрады. Оларды жою барысында лейкоциттер өздеріде өліп кетеді. Картофель. Түйнекті алқа (немесе "картофель") - Биіктігі 30-150 см жететін, көп жылдық шөптесін өсімдік. Жер астында өркені көлбей өсіп, түйнектер пайда болады. Жапырақтары күрделі: бір жапырағында 7-ден 11-ге дейін іріліүсақты жұмыртқа пішіндес жапырақтар болады. Гүлдері 5-6- дан жиналып гүлшоғырын құрады. Гүлдерінің түсі ақ түстен күлгін ашық түске дейін болады. Жемісі-көп тұқымды жидек. Таралуы. Шыққан жері Оңтүстік Америка.Еуропаға 1565 жылы әкелінген, Ресейде 1765 жылдан бастап егіледі. Қазіргі заманда дүние жүзінің бырлық елдерінде егіледі. Картоп Еуропаға қалай таралған? Ең алғаш Франция ханшайымы Мария-Антуанетта картопты насихаттау үшін оның гүлін шанына қыстырған екен. Бұл сәндік король сарайы қызметкерлерінің барлығына лезде мода болып, кеңінен тараған. Осыдан кейін Францияда картоп өсіру қолға алынады. Тіпті король ХVІ Людовик картопты кеңірек наихаттау мақсатында қала маңындағы өз бақшасына тек қана картоп отырғызып, оны күзетуді бұйырды. Бір қызығы: картоп ұрлаушыларды тек қана айыптап, «ұрыларды ұстамауға» міндеттейді. Бұл әрекет картоптың сол елде кең таралуына қолайлы жағдай туғызған. Картоптың отаны Чили болып саналады. 1560 жылдары Испанияға әкелінген картоп кейін Еуропа мен Азияға таралады. Ал Ресейге ол І Пертдің ұсынуы бойынша әкелінген. Дайындалуы. Түйнекті алқаның түйнектерін күзде қазып, жинап алады. Картоптың түйнегінде 10-28% крахмал, 15% май, 1,3% белок, A, B1, B2, C, PP, K1, Д витаминдері, натрий, калий, кальций, хлор, күкірт тұздары, микроэлементтерден мыс, қобальт, йод болады. Ануарбек бексултан. 1996жылы Алматы қаласында туылған қазақстанға көп еңбегі түскен, Жұмсақ бидай. Жұмсақ бидай - Биіктігі 50-180 см-ге жететін бір жылдық шөптесін өсімдік. Сабағы тік, жапырағы жалпақтау таспа тәрізді, сабақ бойыны қыгап арқылы орналасады. Гүл шоғыры 4-5 гүлден тұратын масақ. Таралуы. Қазақстан мен Сібірдің далалы аймақтарында көптен себіледі. Өнімділігі жоғары. Химиялық құрамы. Негізгі құрамдық бөлігі – крахмал. Одан басқа белоктық заттар, витаминдер болады. Қолданылуы. Крахмалдың өндірістік көзі болып табылады. Сонымен қатар бидай дәндерінен Митрошин сұйықтығы дайындалып, тері ауруларын емдеуге қолданылады. Егістік күріш. Егістік күріш - Биіктігі 50-150 см дейін жететін бір жылдық шөптесін өсімдік. Сабақтары бұтақталған, жапырақтары таспа тәріздес, жасыл, қызғылт, күлгін түсті. Гүлдері көп масақты сыпырғы гүл шоғырына жиналған. Күріш – астық тұқымдастарының бірі, 20 – ға жуық түрі бар. Отаны – Оңтүстік – Шығыс Азия. Қазақстанның суармалы жерлерінде өседі. Біздің еліміздің Қызылорда облысында, Алматы облысында, Бақанаста қызыл күріш егіледі. Гүлшоғыры сыпыртқы, аталығы -6, жемісі- дәнек. Жылу сүйгіш өсімдік. В дәрумені, қағаз, крахмал, сприт, бұйым, қатырма қағаз. Мал азық, азық түрінде алынады. Күріш қазақ халқына өте ұнап, оны қайткенде де Қытайдан шығармақшы болыпты, бірақ шашының арасына, киіміне тықса да шекарадан өткізе алмапты. Бір шаруа қайтсем де күрішті Қытайдан алып шығамын деп ант беріпті. Сөйтіп шаруа Қытайға барып күріш плантациясында 2 жыл жұмыс істейді. Шаруаның аяғы әбден быт – шыт болып жарылады. Сол аяғының жарылған жеріне күрішті тығып, бетін батпақпен жауып әкелген. Дәндерінде 3-12% белок, 65-70% көмірсулар, 4-6% майлар болады.Масақшалары тік өседі, қысқа гүлсағақта бір ғана гүл болады. Биік андыз. Биік андыз () - Биіктігі 1,5 м-ге жететін, тік сабақты көп жылдық шөптесін өсімдік, андыздың бір түрі. Жапырақтары ірі, сопақша-эллипс пішінді, шеттері бейтегістісті болып келеді. Тамырсабағы қысқа, Жуан, көп басты, диаметрі 6-7 см, тамырсабақтан аз санды тамырлар тарайды, ұзындығы 20 см-ге дейін, жуандығы 2-3 см болады. Гүлдері алтын-сары түсті, диаметрі 7 см-ге жететін ірі себетке жиналған. Себеттерде жалғыздан болады. Шілде-тамызда гүлдейді. Таралуы. ТМД елдерінің Европалық бөлігінің Оңтүстік және Орталық аймақтарында, Кавказда, Батыс Сібірде, Орта Азияда өседі. Қазақстанда Семей, Көкшетау, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Қарағанды, Шымкент маңайларына өседі. Дайыңдау аймақтары – Краснодар, Ставрополь өлкелері мен Қазақстан. Дайындалуы. Тамырлары мен тамырсабақтарын күзде, жемістері пайда болғаннан бастап үсік жүргенге дейін дайындайды. Өсімдік сабағының маңын 20 см радиусында қазады, одан кейін сабағының түбінен ұстап, тік тартып тамырсабағын тамырларымен бірге тартып шығарады. Топырақтан тазартады, суда тез жуады. Тамырлар мен тамырсабақтарды ұзына бойына, ұзындығы 10-15 см, жуандығы 1-2 см болатындай етіп турайды. Шикізатты 2-3 күн бойына ашық ауада қақтайды. Кептіргіштерде, 40º С – тан артпайтын температурада кептіреді. Шикізаттың сапалық көрсеткіштері. Тамырсабақтары мен тамырларының ұзындығы 2-ден 20 см-ге дейін, жуандығы 0,5 см-ден 3 см-ге дейін болады. Сынған жері бейтегіс. Сырты сұрғылт-қоңыр, іші сарғылт-ақ түсті, хош иісті, ащы дәмді. Ылғалдығы 13%-дан артпау керек, жалпы күлі 10%-дан артпау керек, солған тамырсабақтар мен тамырлар 5%-дан артпау керек, сынған жерінде қарайған тамырсабақтар мен тамырлар 5%-дан артпау керек. Органикалық қоспалар 0,5%-дан көп болмау керек. Минералдық қоспалар 1% - дан артпау керек. Химиялық құрамы. Шикізаттың құрамында 40%-ға дейін инулин болады, эфир майлары және сапониндер бар. Қолданылуы. Қақырық түсіретін дәрі ретінде қолданылады. Эфир майының антисептикалық, қабынуға қарсы әсері бар. «Аллонтон» препараты асқазан-ішек жарасын емдегенде қолданылады. Бүргелі бақажапырақ. Бүргелі бақажапырақ - Бір жылдық шөптесін өсімдік, биіктігі 40 см-ге дейін. Сабағы күшті бұтақталған, тамырсабағы үлкен емес, үршық тәрізді болады. Жапырақтары ұзынша, түк басқан, қарама-қарсы орналасқан, жиектері бүтін. Гүлдері үсақ, масақ тәрізді гүлшоғырын құрады. Жемісі эллипс тәрізді, қостұқымды қорапша. Таралуы. Шығыс Закавказьеде, Түркменияда өседі. Қазақстанда кездеспейді. Таудың етегінде өседі. Дайындалуы. Бүргелі бақажапырақ шөбін өсімдік гүлдеген кезде жинайды, орып алады да, жинап кейінгі 24 сағаттың ішінде зауытқа жібереді. Ұрықтарын жеміс піскенде жинайды. Шөбін орып алады да, кептіріп, бастырады. Шөбі. Өсімдіктің жер үсті бөліктері бұтақталған, жапырақталған, мамық басқан ұзындығы әртүрлі сабақтардан тұрады. Жапырақтарының ұзындығы 7 см-ге дейін, жиектері бүтін, қарама-қарсы орналасқан, ұзынша келген, гүлдері үсақ. Шөптің түсі сұрғылт-жасыл. Иісі жоқ, дәмі сәл ашылау. Ылгалдығы 70%-дан кем болмау керек. Табиғи түсін өзгерткен шөптің бөліктері 5%-дан артпау керек. Органикалық қоспарлары 2%-дан артпау керек. Минералдық қоспарлар 1%-дан артпау керек. Дәндері. Дәндері ұзынша-сопақтау, қайықша тәріздес, ішіне қарай қайырылған. Бір жағы дәңес, екінші жағы ойық. Дәндер жылтыраған, тегіс. Ұзындығы 1,7-2,3 мм, ені 0,6-1,5 мм. Иісі, дәмі жоқ. Химиялық құрамы. Шөбінде шырышты заттар, терпеноидтар мен флавоноидтар, иілік заттар бар. Дәндерінде шырышты заттар, гликозид аукубин, белоктар, майлар бар. Қолданылуы. Шөбінде бақажанырақ сөлін алады. Бұл сол антацидті гастриттерде, созылмалы колиттерде қолданылады. Дәндерінің тұндырмасы іш айдайтын препарат ретінде және колиттерде бүркен қаптайтын препарат ретінде қолданылады. Авиация. Авиация (франц., лат. аvis - құс) – Жер маңайындағы әуе кеңістігінде ауадан ауыр аппараттармен (ұшақ, тікұшақ, т.б.) ұшуды білдіретін ұғым. Осы аппараттардың ұшуын қамтамасыз ететін қызметтер жүйесі де авиация құрамына енеді. Авиация "азаматтық авиация" және "әскери авиация" болып екіге бөлінеді. Азаматтық авиацияға көліктік, санитарлық, оқу-спорттық, арнайы мақсатқа арналған, ал әскери авиацияға әуе күштері, теңіздік, армиялық, әуе шабуылынан қорғануға арналған ұшу аппараттары жатады. Адамның аспанға ұшу жөніндегі арманы ерте заманнан басталған. Авиация — Жер маңайындағы әуе кеңістігінде ауадан ауыр аппараттармен (мысалы, ұшақ, тікұшақ, т.б.) ұшуды білдіретін ұғым. Ол француздың avіatіon сөзінен шыққан, ал оның түп тамыры латынша avіs – құс дегенді білдіреді. Осы аппараттардың ұшуын қамтамасыз ететін қызметтер жүйесі де авиация құрамына енеді. Авиация азаматтық және әскери болып екіге бөлінеді: Азаматтық авиацияға көліктік, санитарлық, оқу-жаттығулық, арнайы мақсатқа арналған (мысалы, ауыл шаруашылығында, аэрофототүсірім, байланыс, геологиялық барлау, балық аулау кәсібін барлау үшін, т.б.) ұшу аппараттары, ал әскери авиацияға әскери әуе күштері, теңіздік, армиялық, әуе шабуылынан қорғануға арналған ұшу аппараттары жатады. Адамның аспанға ұшу жөніндегі арманы ерте заманнан басталған. Тасқа салынған қанатты адамдардың суреттері соның дәлелі болып табылады. Дүние жүзіндегі көптеген халықтардың ертегілері мен аңыздарында аспанға ұшу жөніндегі адам арманы айтылады. «Ұшар ханның баласы» атты қазақ ертегісіндегі аспанға ұшу өнері, кілеммен ұшу соның айғағы. Италияның ұлы кескіндемешісі Леонардо да Винчи еңбектерінде ұшу аппараттарының жобалық эскиздері (нобайы) кездеседі. 1754 ж. орыс ғалымы Михаил Ломоносов серіппе күшімен қозғалысқа келетін тікұшақ моделін жасап, ондай аппараттың ұша алатынын іс жүзінде дәлелдеді. 19 ғасырдың аяғында моторсыз ұшатын аппараттар – қалқыма ұшақтар жасала бастады. 1891 – 96 ж. неміс ғалымы Отто Лилиенталь бірқатар қалқыма ұшақ жасап, бірнешеуімен ұшып та көрді. 19 ғасырдағы бу машинасын жасаудың қарқынды дамуы бу қозғалтқышы бар ұшақ жасау ісіне алып келді. Ресейде теңіз офицері Александр Можайский өзі әуеде ұшатын оқ деп атаған осындай ұшатын аппаратқа патент алды. Қалқыма ұшақ 1885 ж. жасалды, бірақ ұшу кезінде апатқа ұшырады. 1894 ж. Англияда конструктор Хайрем Максим бу машиналы алапат ұшақ жасады, ол да ұшар мезетте жерге құлап түсіп, қирады. Францияда жасалған жарқанаттың қанатын көзге елестететін «Авьон» аппараты да бірнеше ондаған метр қашықтықты ұшып (1897) өтіп барып құлады. Бұл сәтсіздіктердің бәрі де, негізінен, бу қозғалтқыштарының аса ауырлығы мен ұшу талабына сай келмейтінінен болып жатты. 19 ғасырдың аяғында автомобильдерде кеңінен қолданылған іштен жанатын қозғалтқыштардың жетілдірілуі жеңіл әрі қуатты авиациялық қозғалтқышты жасауға жол ашты. Оны ұшаққа алғаш болып америкалық ағайынды механиктер Уилбер мен Орвилл Райт пайдаланды. 1903 ж. 17 желтоқсанда олардың керосинмен жұмыс істейтін қозғалтқышы бар ұшағы сәтті ұшты. Ағайынды Райттар жасаған ұшақтарын жетілдіре түсіп, 1908 ж. сенімді басқара отырып, бір жарым сағатқа дейін ұша алатын күйге жеткізді. 1909 ж. 25 шілдеде француз конструктор-ұшқышы Луи Блерио өзінің монопландық сұлбада жасаған «Блерио-11» ұшағымен Франциядан Англияға Ла-Манш бұғазы үстімен ұшып өтті. 1910 ж. Борис Юрьев Ресейдегі алғашқы тік ұшақтың жобасын жасады. Дегенмен де, бұл кезеңдегі ұшақтардың сапасы аса жақсы болған жоқ. Соның салдарынан көптеген ұшақтар апатқа ұшырап отырды. Ілгері дамыған көптеген елдердің ғалымдары авиация саласында теориялық және тәжірибелік ізденістерге кірісті. 1914 ж. басталған 1-дүниежүзілік соғыс авиацияның шұғыл өркендеуіне себепкер болды. Ол кезеңдегі белгілі ұшақтардың қатарына Ресейдің «Илья Муромец», Францияның «Фарман», «Вуазен» және «Ньюпор», ағылшынның «Coпвuч», немістің «Фоккер» ұшақтарын жатқызуға болады. Олар сағатына 90 – 120 км жылдамдықпен ұшты. Кейінірек ұшақтардың ұшу жылдамдықтары сағатына 200 – 220 км, биіктеуі 7 км-ге жетті. 20 ғасырдың 20 – 30 ж. Англияда, Францияда, АҚШ-та, Германияда және басқа елдерде әскери және азаматтық ұшақтардың бірнеше жүздеген типтері жасалып, олардың көпшілігі көп сериямен шығарылды. Англияда жасалынған «Супермарин S.6В» ұшағы айрықша болды. Онымен 1927 ж. американ ұшқышы Чарлз Линдберг алғаш рет АҚШ-тан Еуропаға Атлант мұхиты үстімен ұшып өтті. Он жылдан кейін 1937 ж. орыс ұшқыштары Валерий Чкалов, Георгий Байдуков және штурман Александр Беляков АНТ-25 ұшағымен Мәскеу – Солтүстік полюс – Ванкувер (АҚШ) маршруты бойынша 8504 км қашықтықты қонбай ұшып өтті. 1930-жылдардың 2-жартысында КСРО-да, Англияда, Германияда, Италияда, АҚШ-та, Францияда реактивті қозғалтқыштардың шығуымен авиация техникасы сапа жағынан жаңа сатыға көтерілді. 1950-жылдардың басында алғаш рет Кеңес Одағында дыбыстан жылдам ұшатын (сағатына 1450 км) бір орындық МиГ-19 ұшағы, 1960 жылдардың 2-жартысында Американың «Фантом» F-4 жойғыш-бомбалаушысы, сондай-ақ көп мақсатқа қолданылатын, бірден тік көтеріле ұшып, тік қона алатын, ұшқан кезде қанатының пішінін қажетке қарай өзгертуге болатын F-111 ұшақтары жасалды. 20 ғасырдың 60-жылдарының соңына қарай бірқатар елдерде дыбыстан жылдам ұшатын (ұшу жылдамдығы сағатына 2500 – 3000 км, ұшу қашықтығы 6 – 8 мың км) жолаушы таситын ұшақтар (Англия мен Францияда «Конкорд», КСРО-да ТУ-144) жасалды. 1990 жылдардың басында сериялы ұшақтардың ұшу жылдамдығы сағатына 3000 – 3500 км, биіктігі 30 мың м, ұшу қашықтығы 15 000 км-ден асты, тіпті әуеде жанармай құйып алатын дәрежеге жетті. Бірқатар елдерде орбиталық және әуе-ғарыштық ұшақтар жасау жұмыстары қолға алынды. Авиация мен ракеталық техникалардың дамуы ғарыштық кемелердің және қуатты көпсатылы тасығыш ракеталарды шығаруға негіз қалады. Қазақстандағы авиацияның дамуы 1926 жылдан басталады. Осы жылы Қызылорда аэропортының құмдауыт алаңынан алғаш болып аспанға ПО-2 ұшағы көтерілді. 1929 ж. Қызылорда – Мәскеу әуе жолы орнықты. Алматы – Мәскеу тұрақты әуе қатынасы 1940 ж. ПС-84 ұшағы арқылы жалғасты. 1970 ж. әуе жолының ұзындығы 75 мың км-ге жуықтады. Әуе жолы ол кезде Қазақстан астанасы – Алматыны одақтас республикалар астаналары және ірі өнеркәсіпті қалалармен байланыстырды. 1977 жылдан дыбыстан жылдам ұшатын ТУ-144 жолаушы алып ұшағы КСРО-да тұңғыш рет Алматы мен Мәскеуді жалғастырды. Республикамыздың аудан, облыс орталықтарының өзара әуе жолымен байланысы орнады. Республика әуе жолдарының ұзындығы 1975 ж. 80,0 мың км болды. Бұл сол кездегі жалпы одақтың әуе жолдары ұзындығының 11%-ы еді. Онан кейінгі жылдары ұшақ паркі сапа жағынан жаңартылып, сан жағынан өсе түсті. Республиканың әуе жолдарында Ан-24, Ил-18, Ил-62, Ту-134, Ту-154, Як-134, Як-40 ұшақтары жолаушыларға қызмет ете бастады. Жаңа техникалардың қолданылуына байланысты аэропорттар жүйесі едәуір ұлғайды. Ұшақтарды қондыру әрі қозғалысын басқарудың радио-радиолокациялық пен жарыққа негізделген техникалық құралдарын қайта құру және жаңарту жөнінде көп жұмыстар атқарылды. Қазіргі заманғы Ил-86, Ту-154, «Боинг-737», «А-320», т. б. ұшақтар 1990-жылдардан бастап тәуелсіз Қазақстан Республикасы қалаларын дүние жүзінің көптеген қалаларымен байланыстырады. Астанадан тәулігіне 150, Алматыда 200-ден аса әуе кемелері ұшады. Авиация өнеркәсібі – өнеркәсіптің арнаулы конструкторлық және өндірістік тәсілдермен авиация техникасын жасайтын саласы. 20 ғасырдың басында авиация техникасын игерудегі елеулі жетістіктер ұшу құралдарын көптеп шығаруды талап етті. Әсіресе 1-дүниежүзілік соғыс ұшу құралдарын әскери мақсатта кеңінен пайдаланудың мол мүмкіндіктерін ашып берді. Соғыста аэростаттармен қатар, ішінде зеңбіректер орнатылған, бомба салынған шағын ұшу аппараттарының қолданылуы авиация өндірісін өрістетуге кең жол ашты. Еуропаның көптеген елдерінде жаңа авиация зауыттары салынды. Ауыр ұшақтар жасаудан Ресей 1-орын алды. Авиаконструктор Игорь Сикорский жасаған (1913) төрт моторлы «Илья Муромец» ауыр ұшағы 800 кг бомба, 5 – 6 зеңбірек, 8 адам көтеретіндіктен өте тиімді болып шықты. Су бетіне қона алатын ұшақтармен қатар француздардың «Фраман», «Вуазен», «Ньюпор» ұшақтары, ағылшынның «Сопвич», немістің «Фоккер» ұшақтарының осы кезеңде көптеп шығарылуы авиация өнеркәсібінің өркендеуіне пәрменді ықпал жасады. 1914 ж. Франция 540 ұшақ, 1100 авиация қозғалтқышын шығарды. 1917 ж. Ресейде шағын 15 авиазауыт жұмыс істеді. Чехословакия, Польша, Қытай, АҚШ, Англия мен Франция жаппай ұшақ жасай бастады. 1930-жылдардан бергі жерде АҚШ-та, Ресейде, Германияда, Англияда, Италияда реактивті қозғалтқыш жасауға басты көңіл бөлінді. 1937 ж. турбореактивті қозғалтқыш жасалды. 1939 ж. неміс фирмалары шығарған сұйық отынды реактивті қозғалтқыш шығарды. Мұндай қозғалтқыш орнатылған ұшақтардың жылдамдығы сағатына 3000 – 3500 км, ұшу биіктігі 30000 м, қашықтығы 10000 км-ден асты. Әуеде жанармай құйып алатын алыс сапарға ұшатын аппараттар жер шарының қалаған қиырына бара алатын болды. 2-дүниежүзілік соғыс кезінде (1939 – 1945) авиация өнеркәсібі ерекше қызу қарқын алды. Әскери авиация Германия мен Жапония сияқты басқыншылық саясатын ұстанған елдердің қолындағы аса қуатты қаруға айналды. Олар авиация өнеркәсібін дамытуды мықтап қолға алды. Кеңес өкіметі кезінде экономикалық тұйықтықта ұсталған Қазақстанда авиация өнеркәсібін өркендетуге мүмкіндік болмады. Әйтсе де ұшақтардың корпусын, моторын, қозғалтқыштарын және басқа да маңызды тетіктерін жасауға Қазақстан металы пайдаланылды. Ондай тетіктердің көбісі Алматы, Қарағанды, Шымкент, Петропавл, Арқалық, Өскемен қалаларындағы зауыттарда жасалады. Қазір Қазақстан әскери авиация құралдары мен азаматтық авиация ұшақтарын негізінен Ресейден алады. Қазақстан азаматтық авиациясы соңғы жылдары жолаушылар таситын бірнеше «Боинг» ұшағын Америкадан сатып алды. Қазір авиация өнеркәсібі АҚШ, Канада, Англия, Францияда жақсы дамып отыр. Электрохимия. Электрохимия жаңа дамып жатқан ғылым. Тек екі ғасыр бұрын электр тогының тұздардың сулы ерітінділері арқылы өткен кезде жаңа заттар пайда болатын химиялық алмасулар жүретіні анықталды. Электрохимия ғылым ретінде ХVIII және XIX ғасырларда шет елдерде қалыптасты. Тек сол кезде шешімі электрохимия теориясын жаңа дәрежеге көтерген болатын проблемалар туындады. 1799 ж итальян физигі А.Вольттің «вольттік бағанасының»- адамзат тарихындағы бірінші тоқ көзінің пайда болуы және итальян физиологы Л.Гальванидің тәжірибелері электрохимияның ғылым ретінде дамуына бастапқы түрткі болды. Тек өткен ғасырдың басында ғана заттардың ерітінділері мен балқымаларында болатын электрохимиялық процестерді зерттеудің ғылымдық бағыты- электрохимия пайда болды. Электрохимияны 70-ші жылдардың соңында ғана екі бөлімге бөле бастады: ионика және электродика. Ионика- электр өрісінің әсерінен зарядталған бөлшектердің жүрісін және электрөткізгіштік құбылысын зерттейтін бөлім, ал электродика электрод ерітінді (балқыма) шегі арқылы өтетін электр тогының электродтар бетінде жүретін құбылыстарды зерттейді. Албан тілі. Албан тілі () — Албанияның жергілікті жұртының ана тілі, Грекия мен Македонияның, Косово, Черногория, Төменгі Италия мен Сицилияны мекендейтін халықтардың тілі болып табылады. Осы тілде сөйлейтіндердің жалпы саны— 6 млн жуық. Табиғи каучук. Табиғи каучукты кейбір тропикалық – бразиль гевеясы, каучук фикусы және т.б. өсімдіктердің сүтті шырындарынан (латекс) алады. Қазақстанда каучук өсімдіктері – көк сағыз және тау сағыз өседі. Осы өсімдіктерден Ұлы Отан соғысы кезінде каучук өндірістік жолмен алынған. Каучукты адамдар ертеден білген. Оңтүстік Америка елдерінде қазу жұмыстары жүргізілген кезде резеңке доптары табылған, олар тұрмыс – салт мақсатында қолданылған. Европалықтар каучукпен алғаш рет ХVI ғасырдың аяғында Х. Колумб серіктестерімен Оңтүстік Америкаға (Гаити) келіп түскенде жергілікті тұрғындардың доп ойнағанын көргендерінен бастап танысқан. Индейліктер сүтті шырынды «као чо» - ағаштың көз жасы деп атаған, содан каучук деген атау щыққан. Каучуктың алынуы мен қолданылуын одан әрі тереңдете зерттеу (ХVIII ғасырдың 20 – жылдарындағы Бразилияға экспидиция) каучуктың Heve ағашынан алынатынын анықтауға мүмкіндік береді. Каучукты алу үшін ағашқа кесіп тіліктер жасайды. Бөлінетін ақ сүтті шырын ауада тез қатайып қараяды да, созылғыш массаға айналады. Маталарға шырын сіңіртсе олар су өткізбейтін болады, қатып қалған щайырдан факелдер дайындалады және шашыратқы түріндігі арнайы шөлмектер алынады. Каучуктың құрамы. Табиғи каучукты ауа жібермей қыздырса диен көмірсутегі 2-метил,3-бутадиен немесе изопрен түзілетіні жөнінде анықталған. Молекулалық формуласы С5Н8. табиғи полимер каучуктың қанықпағандығын дәлелдеу үшін, оны газ өткізгіш түтігі бар тығынмен жабылған сынауықта қыздырымыз. Қыздырғында каучуктың молекулалық массалары төмендегі өнімдерге ыдырайды. Түзілген өнімдер су құйылған стақанға салынып салқындатылатын қабылдағыш-сынауыққа бромды су (немесе калий перманганатының ерітіндісін) құямыз. Бромды судың түссізденуі каучукты қыздырғанда қанықпаған қосылыс алынғанын білдіреді. Каучук ыдырауының негізгі құрамдас бөлігі, яғни мономері 2-метил-1,3-бутадиен (изопрен). Қасиеттері. Каучуктың негізгі қасиеті – оның майысқақтығы. Пішінінің түрліше өзгеруінен – қысу, созудан кейін каучук өзінің алғашқы пішініне қайта оралады. Табиғи каучук молекуласында СН2 – тобы қос байланыстың бір жағында (цисформа) орналасады, мұндай құрылыс стереоретті деп аталады. Осы құрылысы каучукке майысқақтық қасиет береді. Каучук сондай-ақ суды, газды және электр тогын өткізбейді. ХІХ ғасырдың басынан бастап каучук аяқ киім және су өткізбейтін киімдер өндірісінде қолданыла бастады. Бұл бұйымдардың пайдалылығымен қоса, айтарлықтай кемшіліктері де болады, олар салқын ауа райында қатты және морт болып, ал ыстықта жұмсарып, жабысқақ қасиетке ие болады. Каучукке беріктік, тозбау, майысқақтық, температура өзгерісіне төзімділік қасиеттерін берү үшін оны вулканизациялайды – күкірт қосып, қыздырып, резеңкеге айналдырады. Вулканизациялау кезінде каучуктың сызық тізбекті молекулалары ірі торлы молекулаларға «тігіліп» резеңке алынады. Мәдени мұра. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы – мәдени, экономикалық және әлеуметтік капитал, жалпы адамзаттық мәдениеттің құрылымдық бөлігі, этнос, қоғам, адам парасатының дамуы мен құрылуының бастауы, тарихи естеліктердің маңызды қоймасын жасау және қорғау бағдарламасы. Ежелгі тарихтың негіздерін бүгінгі күнмен қосатын жолды құрап, уақыттың үзіліссіз байланысын көрсететін қазіргі дау-дамайдағы адамзатқа қажетті көп қырлы қоғамның тарихи тәжірибесін зерттейді. Тарихи-мәдени мұрамен хабардар етіп, тек тарихты ғана емес, сонымен қатар болашақта болатын жағдайды баяндайды. Сондықтан да, Елбасымыз осыдан 6 жыл бұрын, яғни 2003 жылы сәуірде Қазақстан халқына жолдауында арнайы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Елбасының жолдауымен қабылданған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қазіргі Қазақстанның әлемдік өркендеуінің дәлелі. Тарихи-мәдени мұрамен хабардар етіп, тек тарихты ғана емес, сонымен қатар болашақта болатын жағдайды баяндайды. Сондықтан да, Елбасымыз осыдан 6 жыл бұрын, яғни 2003 жылы сәуірде Қазақстан халқына жолдауында арнайы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Елбасының жолдауымен қабылданған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қазіргі Қазақстанның әлемдік өркендеуінің дәлелі. Сонымен бірге, әлемге ұлттық рухани ескерткіштер байлығын паш етеді. Бағдарламаны қабылдағаннан кейін 2004 жылы 51 тарихи және мәдени ескерткіштің реставрациялық жұмысы аяқталып, 39 қалашық пен қорғандарға археологиялық зерттеулер жүргізілді. 218 нысанды қамтыған Қазақстанның тарихи-мәдени және тарихи ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі дайындалды. Ұлттық мәдениет үшін аса маңызды 30 сәулеттік және археологиялық қосымша ғылыми зерттеулер жүргізілді. Ұлттық мәдени мұраны толық зерттеу жүйесінің құрылуы бағдарламаны құруда аса маңызды болмақ. Республика тәуелсіздік алғаннан кейін толық гуманитарлық білім беру қорын құру мақсатында мемлекеттік тілде алғашқы қадамдар жасалды. Қытай, Түркия, Моңғолия, Ресей және Өзбекстан, Армения, Құрама Штаттар және Батыс Еуропа елдеріне ғылыми зерттеу экспедициялары ұйымдастырылды. Олардың қорытындысы бойынша ғылыми топтарда бұдан бұрын белгілі Қазақстанның сәулеті, этнографиясы, тарихы бойынша шамамен бес мың жазба және баспалар алынды. 350-ден астам кітап, олардың ішінде этнография, археология, тарих бойынша сериялар, жаңа энциклопедиялық сөздіктер шығарылды. Бағдарламаның жүзеге асуын мәдениет, әдебиет, философия, тарих, этнография, және тіл білімі т.б. бойынша академиялық институттар құрылуынан, бағдарламаның тиімді жоспарларының орындалуынан көреміз. Ұлттық кітапхана елдің жоғары оқу орындарының бірі. Нұрсұлтан Назарбаев «Мәдени мұра» бағдарламасын мемлекеттің мәдениетіне қолдау көрсететін стратегиялық ұлттық жоба деп атаған. Бағдарлама халықтың гуманистикалық курсы және потенциалын көрсетіп, оның тарихи тәжірибесін байытып, болашақтың сенімді тірегі болмақ. Қазақстан тарихында гуманитарлық акция ретінде жүргізілетін «Мәдени мұра» бағдарламасы бұдан әрі қарыштап дами бермек. Алматов Алмас. Алматов Алмас - домбырашы, жырау. 1957 жылы Қызылорда Қаласында туған. Алматовтың әуендік ортасы ұлы Қорқыт пен оның ізбасарлары Рүстембек, Көшеней, Бидас өмір сүрген мекен. Композитор М. Қалауов пен танымал фольклоршы, профессор А. Қоңыратбаевтан оның дәріс алуы творчестволық қалыптасуына ерекше ықпал етті. Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты. А. Алматовтың ұланғайыр тақырыпты орындаушылық өнері бүгінде елімізден тыс шетелдерге де танымал. Ол қазақтың жыршылық өнерін Мәскеу, Самарқант, Париж, Франция, Италия, Швейцария, Монғолия өнерсүйер қауымына адамзат мәдениетінің асыл қазынасы ретінде таныстыра білді. Ол қай жерде өнер көрсетсе де, Арал өңірінің жырлау мәнерін танытумен болды. Ол Асан Қайғыдан бастап, Қазақстанның қазіргі замандық ақындардың шығармаларын орындайды. Эпикалық жыр өнерінің адам сезіміне әсері ерекше. А. Алматов жыр өнерін жалынды жалғастырушы айрықша өнер иесі. «Тоғжанның гөй-гөйі»- Әні мен сөзі Тоғжандікі, орынд. А. Алматов. Аравин, Юрий Петрович. Юрий Петрович Аравин - музыкатанушы. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері. 1941 ж. Тверь қаласында (Ресей) туған. Новосибирь консерваториясының тарихи – теоретикалық факультетін, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының аспирантурасын (ғылыми жетекшісі – профессор Б. Г. Ерзакович) бітірген. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында, қазақтың мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында музыкалық – тарихи және теориялық пәндерден дәріс берген. Аравин педагогикалық қызметін ғылыми – зерттеу және музыкалық – ағарту жұмыстарымен байланыстырды. Ол халықтық – кәсіби композитор –күйшілердің өмірі мен творчествосына, симфонизмнің әндік бастаулары мәселелері, Қазақстан композиторларының симфониялық музыкасындағы музыкалық бейнелердің жанрлық жинағы мен бағдарламалылығына қатысты мәселелерді көтерді. Оның музыкатанулық қызметін, ғылыми және творчестволық көп қырлы ізденісін конференцияларда жасаған баяндамалары мен хабарламалары, радио мен телевидениеден берген хабарлары, филармониядағы лекциялар циклы, мерзімді басылымдарда жарияланған материалдары сипаттайды. Аравин – “Дыбыстар музейі”, “Қазақ музыкасының кіші антологиясы” сияқты танымал телехабарлардың және “Тотем” радиосындағы “Дала шоқжұлдызы” авторлық циклдық хабарлардың авторы. “Қазақстан” каналындағы оның қазақтың халықтық музыкасы туралы телехабары Қазақстандық телекөрермендердің ең сүйікті хабары болып табылады. Аравиннің “Абай жадына арналған лирикалық поэма”, “Қазақстанның симфониялық поэмаларының тақырыбы мәселесі туралы”, “Халық қаћармандары туралы үш поэма”, “М.Төлебаевтың “Қазақстан” поэмасы”, “Қазіргі замандық ұйғыр симфониясының бастама көздері”, “Әндік симфонизм тарихына”, “Дала шоқжұлдызы: қазақ музыкасы туралы очерктер мен этюдтер” және т. б. шығармалары қазақтың музыкатануына қосылған өлшеусіз үлес болып табылады. Ауғанбаев Шанақ. Ауғанбаев Шанақ - сыбызғышы. 1912 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. Сыбызғыда ойнауды бала кезден бастаған. Оның алғашқы ұстазы белгілі сыбызғышы Шерубай. Ол Шанақтың творчестволық тұлға ретінде қалыптасуына үлкен ықпал етті және күйлерді орындау жөніндегі өз өнерін табыстады. Үрмелі аспаптар ішінде сыбызғыны халық аса құрметтеген, ал сыбызғышылар барлық тойлар мен мерекелерде аса қадірлі меймандар сапында болған. Шанақ шығыс Қазақстандық сыбызғы мектебінің көрнекті өкілі, оған екі дауысты орындау техникасымен лирикалық және мазмұнды әндерді орындау тән. Ол сыбызғылық дәстүрлі өнерді, оның үлгілерін осы күнге жеткізуші тұлға. Оның репертуарында 20-дан астам күйлері бар, соның ішінде белгілері: “қазақтың күйі”, “Қалмақтың күйі”, “Қош, аман бол”, “Жамал-ай”, “Есік алды балқурай” және тағы басқалары. «Хош, аман бол»- қазақтың халық әні, орынд. Ш. Ауғанбаев. Ахметова Мәрия. Ахметова Мәрия - музыкатанушы, өнертану ғылымының докторы, Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты. 1921ж. Жамбыл облысында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын тарихи теориялық факультетін, мұнан соң П.И. Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясын бітірген. Ахметова - Қазақстан композиторларының вокальды-хорлық шығармалары және халықтық - фольклор бойынша монографиялар авторы, ол сондай-ақ, халықтық және композиторлық стильдің өзіндік жақтарын көрсете отырып, шығармалардың эстетикалық және көркемдік мәнін ашу, кәсіби музыкалық жанрдың дәстүрлі және жаңашылдық мәселелері туралы жазды. Ахметованың қаламынан сондай-ақ, қазақ халық әндерінің көкейтесті мәселелеріне арналған ірі монографиялар дүниеге келді. Шығармалары:“Қазақтың әндері”, ”Ән және қазіргі заман”, ”Қазақтың ән мәдениетінің дәстүрі”, ”Музыканың сұлу әлемі” және т. б. Бақытжан Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы. Қазақстанның еңбек сіңірген ұжымы. 1939 жылы ұйымдастырылған. Оның ұйымдастырушысы және тұңғыш жетекшісі — Қазақ ССР-нің халық артисі Б. В. Лебедев (1939-1941жж.). 1954 жылы ұжым қайтадан құрылған, 1958 жылға дейін оған Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген артисі Г. Е. Виноградова, мұнан соң ұзақ жылдар бойына ССРО-ның халық артисі А. В. Молодов басшылық жасады. Қазіргі кезде оның көркемдік жетекшісі және бас дирижері Б. Демеуов болып табылады. Ұжым репертуарында қазақтың халық әндері, күйлер, қазақ композиторларының шығармалары, орыс және шетел классиктерінің шығармалары бар. Хор капелласы үшін композиторлар Б. Байқадамов, А. Жұбанов, Ғ. Жұбанова, Б. Жұманиязов, Қ. Қожамияров, М. Төлебаев, Е. Рахмадиев, Л. Хамиди және тағы басқа шығармалар жазды. Нанотехнология. Нанотехнология - бұл көзге көрінбейтін аса ұсақ бөлшектерді ретке келтіре отырып, соның ерекшеліктерін алдын-ала белгілеп беру арқылы әлдебір құрылымды құрастыруға қажетті жекелеген атомдарды ыңғайластыра орналастыру. Нанометр дегеніміз бір метрдің миллиардтан бір бөлігі (1 "нанометр"=10-9 метр). Нанотехнология осындай ауқымды өлшемдермен айналысады. Нанотехнологияны пайдаланудың болашағы. Бұған ғылыми фантастикаға ден қойған бірқатар жаңашылдардың да сенімсіздік танытары күмәнсіз. Мәселен, Scientifus Amerika журналының болжамына сүйенсек, таяу арада көлемі почтамаркасына тең медициналық құрылғы жасалады екен. Соны жарақат алған жерге қойса жеткілікті, ол қанның құрамын, қандай дәрі қажет екенін анықтап, сол дәрі-дәрмекті қанның құрамына өзі жібереді. 2025 жылы дайын атомнан кез-келген затты құрастыруға қабілетті алғашқы нанороботтар жасалмақшы. Ауыл шаруашылығында да айтарлықтай өзгерістер болады: нанороботтар өсімдіктер мен жануарларды алмастырып, азық-түлік өндіретін дәрежеге қол жеткізеді. Осыған сәйкес экологиялық жағдай да жақсара түседі. Өнеркәсіптің жаңа түрлері болашақта қалдық заттар шығармай, оның есесіне нанороботтар ескі қалдықтарды жояды. Әуестену, еліктеу, қиялға берілу секілді адами қалыптардың бірте-бірте ел сенгісіз жаңалықтарға бастайтыны әлмисақтан белгілі. Аңыз-ертегілердегі аспанға ұшатын ағаш ат пен кілем, желаяқ етіктер, аста-төк дастархан, қияндағыны көз алдыңа алып келетін қол айна секілділер шындыққа айналып, дәл қазір "көне дүниелер" санала бастады. Нанотехнология да өмірге осындай қиял мен әуестік нәтижесінде келген еді. 1986 жылы студент Эрик Дрекслер өзінің "Жасампаз машина" аталатын футуристік эссесінде тұңгыш рет молекулярлы технология атауын қолданады. Ол фантаст-жазушы Станислав Лемнің идеяларына өз қиял-болжамдарын қосақтай отырып, "Саналы тіршілік ортасының" жалпы бет-бейнесін жасап шығады. Осы болжамға сәйкес, XXI ғасырда нанороботтар әрбір заттың, әрбір адам ағзасының ішіне енгізіледі де, адамзат қоршаған әлеммен бірге тұтастай саналы компьютерге айналады. Мұндай идея Эссе Дрекслерден бұрынырақ пайда болған көрінеді. 1981 жылы ІВМ корпорациясының швейцариялық филиалындағы екі инженер -Герд Бинниг пен Гейнрих Рорер мәнерлеп туннельдеуші микроскоп ойлап тауыпты. Микроскоптың құрылымы аса қарапайым: шамалы қысымға қосылған аса жіңішке ине бір нанометр шамасындағы қашықтықта материалдың үстімен жылжып отырады. Осы кезде инелердің өткір ұшы материалдың беткі қабатына электрондарды тесіп өткізеді де, соның нәтижесінде шамалы тоқ пайда болады, оның көлемі ине мен беткі қабаттың арасындағы қашықтыққа байланысты болады. Осылайша материалдың беткі қабатынан жекелеген атомдарды "ажыратуға" мүмкіндік туады. Тәжірибе барысында анықталғандай, тоннельдеуші микроскоптың бұрынғыларға қарағанда біршама артықшылықтары бар екен. Соның көмегімен жекелеген атомдарды "көруді" былай қойғанда, соларға әсер ету арқылы кез-келген кернеуді өзгертуге де мүмкіндік туады: қарапайым тілмен айтсақ, тоннельдеуші микроскоптың көмегімен атомды "іліп" алуға және қажетті жеріне қондыруға болады. Физиктердің атомдарды өз қалауынша орналастыруға теориялық мүмкіндіктері пайда болады, яғни соларды кірпіш секілді қалай отырып, кез-келген затты жасап шығуға болады екен. Қазір ғалымдар тұсауы жаңа кесілген нанотехнологияның үш негізгі міндеттерін айқындап алды. Біріншіден, осының көмегіне сүйене отырып, атомдарды өз қалауымызша тікелей орналастыру жүзеге асырылады, яғни ерекше қасиеттерге ие болған материалдар жасалады. Екіншіден, көлемдері жекелеген молекулаларға немесе атомдарға тең белсенді элементтері бар электрондық схемалардың өндірісін ұйымдастыру көзделіп отыр. Ақыр соңында - ғалымдар көлемі молекулаға тең механизмдер мен роботтар, яғни наномашина жасауды көздеуде. Бұл әрине, енді ғана қолға алына бастаған, тәжірибе жүзінде сынақтан өткен алғашқы қадамдар ғана. Бірақ ғылымы мен білімі дамыған бірқатар елдерде соның алғашқы үлгілері қолданысқа енгізіле бастады. Мәселен, Массачусетс технологиялық институтында қазір көлемі бақыр ақшадай өрмекші-роботтың алғашқы үлгісі жасалынды, ол бір минутта 10000-ға дейін әртүрлі қозғалыстарға келтіріледі. Бірақ көлемі үлкен болғандықтан, оны нағыз наноробот деуте ертерек секілді. Ресей ғалымдары да америкалық әріптестерінен қалысар емес. Олар нанотехнологияны медицина саласына жұмыс істету жолында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Таяудағы жылдары адамның тіндері бойымен өз бетінше қозғалып жүретін және биологиялық заттардың орналасқан әрі шоғырланған жерін анықтауға мүмкіндік беретін молекулалық құрылымдар жасауымыз мүмкін, - дейді Ресей ғылым академиясының академигі, профессор Юрий Евдокимов. Егер осыған қол жетсе, онда биохимиялық зертханалар мен медициналық-клиникалық диагностикада аса ауқымды мүмкіндіктер ашылып, адам ағзасындағы дертті дәл анықтауға және толық емдеуге мүмкіндік туады. Осындай молекулярлы машина өткен жылы Мичиган университетінде сынақтан өткізіліпті. Нанороботтар үш бөліктен тұрған екен: тасымалдағыш-молекулалар, қатерлі ісік жасушаларын барлап білетін-молекулалар (ДНК фрагменттері бар) және люминофер-молекулалар. Осындай құрылымды ағзаға енгізген кезде олар ісік жайлаған жерге орналасып, люминесценцияның көмегімен соны нақты көрсеткен. Дәл осындай амалмен ауру жайлаған жерге дәрі жіберуге болатыны да күмәнсіз. Қалай дегенмен де ғалымдар адам өмірі үшін күресті одан әрі жалғастыруда. Олардың сөзіне сенсек, таяудағы жылдары қолдан жасалған ДНК-молекуланың негізінде адам ағзасын микробтардан тазартуға немесе енді тамыр жая бастаған қатерлі ісік жасушасын жоюға жол ашылатыны сөзсіз. Харламов, Валерий Борисович. Валерий Харламов (қаңтардың 14, 1948 ж, Мәскеу - тамыздың 27, 1981 ж.) - ұлы хоккейші. 1967-68 жылғы КСРО чемпионы. 1969 жылы 21 жасар Валерий Харламов әлемдік хоккей тарихындағы дүниежүзінің ең жас чемпионы КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері Валерий Харламов 15 жылдық спорттық өмірбаянында он бір (11) рет КСРО, жеті (7) қайтара Еуропа, сегіз (8) мәрте әлем һәм екі дүркін олимпиада чемпионы атанды. Ол ЦСКА командасының сапында 438 ойын өткізіп, 293 шайба соқты. Ал В.Харламов әлем чемпионаттары мен олимпиадалық ойындарда КСРО құрамасы үшін 123 рет мұзайдынға шығып, 89 гол салды. Харламовтың ойынын көрген ұлы бапкер Анатолий Тарасовтың өзі «Мұндай ғажайып жер басып жүретін екі аяқтының қолынан келуі мүмкін емес, шамасы бұл көктен түскен шығар» деп талай мәрте таңдай қағып, таңғалды деседі. Иә, әлемдік хоккейдің арғы-бергі тарихында қаншама жарық жұлдыздар бар десеңізші. Ал Валерий Харламов бәрібір сол көп жұлдыздың ішінде ай секілді… Шұбаркөлде жанған жұлдыз. Бұл жерде Челябі (Челябинск) қаласының түбіндегі шағын шаһар Шұбаркөлдің (Чебаркуль). ЦСКА-ның жасөспірімдер тобында ойнап жүрген Валерийге негізгі құрамның есігі бірден ашыла қойған жоқ. Харламовтың шағын дене-тұрқын қорашсынған Анатолий Тарасов оны 1966 жылы Свердлов әскери округіне қарасты Шұбаркөлдің«Звездасына» аттандырды (ол кездері Тарасов Канада кәсіпқойларына, яғни Ұлттық хоккей лигасының (НХЛ) сайыпқырандарына төтеп беру үшін ел құрамасын сайдың тасындай ірі жігіттерден жасақтауға көшкен болатын). Ал «тескен тау асып, жер ауып» кеткен Харламов сол жылғы маусымда бір өзі 34 шайба соғып, айды аспаннан бір-ақ шығармасы бар ма?! Осыдан кейін басқа амалы қалмаған Анатолий Тарасов Борис Кулагиннің қоярда-қоймай ұсынуымен 19 жасар В.Харламовты кері шақырып, ЦСКА-ның негізгі тобының төрін ұсынуға мәжбүр болды. Мәскеуге оралуы 8 наурыз мерекесімен тұспа-тұс келіп, Валерий анасы мен әпкесін де ұлан-асыр қуанышқа бөледі. 1967-68 жылғы КСРО чемпионатында ЦСКА ел чемпионы атанды. Бұл жеңіске жас Харламов айтулы үлес қосты. Әрі үшбу чемпионат кейін атақ-даңқы алты құрлықты шарлап, ғасырларды аттап өтетін Михайлов-Петров-Харламов үштігінің алғашқы маусымы еді. Араға жыл салып, 1969 жылы 21 жасар Валерий Харламов әлемдік хоккей тарихындағы дүниежүзінің ең жас чемпионы атанды. Бұл жұлдызды жолдың бастамасы ғана еді. КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері Валерий Харламов 15 жылдық спорттық өмірбаянында он бір (11) рет КСРО, жеті (7) қайтара Еуропа, сегіз (8) мәрте әлем һәм екі дүркін олимпиада чемпионы атанды. Ол ЦСКА командасының сапында 438 ойын өткізіп, 293 шайба соқты. Ал В.Харламов әлем чемпионаттары мен олимпиадалық ойындарда КСРО құрамасы үшін 123 рет мұзайдынға шығып, 89 гол салды. Сондай-ақ Валерий Борисович Сергей Макаров, Владимир Крутов, Игорь Ларионов сынды кейінгі толқын жұлдыздардың қалыптасуына зор үлес қосты. Харламовтың өзінің айтуынша, ол үшін ең маңызды гол Инсбрук олимпиадасының финалында КСРО мен ЧССР құрамалары есеп 3:3 болып, итжығыс түсіп жатқанда соққан шешуші шайбасы көрінеді. Маңызы жөнінен осыған жетеғабыл шайбалардың бірнешеуін Харламов КСРО-ӘХЛ (әлемдік хоккей лигасы) суперсерия матчтарында да соқты. Орындалу шеберлігі жөнінен олардың әрқайсысы шын мәнінде бір-бір өнер туындысы деуге лайық гол еді. Сол себепті даңқты Бобби Халлдың өзінің ұсынысымен Торонтодағы (Канада) «Хоккейлік даңқ галереясында» еуропалықтардан тек Харламовтың ғана портретін көре аласыз. Шайбалы хоккейдің халықаралық федерациясының 100 жылдығына орай 2008 жылы 17 мамырда әлемнің символикалық командасы мына құрамда жасақталды: Шабуылшылар: Валерий Харламов, Сергей Макаров, Уэйн Гретцки (Канада), қорғаушылар Сальминг (Швеция) және қақпашы Владислав Третьяк. Көрдіңіз бе, тіпті шоқ жұлдыздар шоғырын да Валерий Харламов бастап тұр! Автокөлікте өмірге келіп... 1937 жылдың жазында елдегі азамат соғысының өрт-жалынынан ұл-қыздарын құтқару үшін испан коммунистерінің біразы өз перзенттерін кеме қатынасы арқылы Ресей асыруға мәжбүр болды. Солардың арасында 12 жасар Хермане Арибе Аббад та болды. Бұл қыз баланы үйіндегілер еркелетіп, Бегоня деп атайтын. Тағдырдың тезімен Бегоня Ленинград, Қырым, Одесса, Херсон, Краснодар өлкесі, Саратов, тіпті Тбилисидің де дәм-тұзын татып үлгерді. Грузияның астанасындағы авиациялық зауытта істеп жүрген испан коммунисінің қызы ақыры Мәскеудегі «Коммунар» зауытынан бір-ақ шықты. Ол осында Борис Харламовпен танысты. Өз Отанындағы соғыстан қашып, Бегоня табан тіреген елді де көп ұзамай соғыс шарпыды… ғы қаңтардың 13-інен 14-іне қараған түні перзентханаға қарай алып ұшқан автоарғымақтың кабинасында өмірге келді. Борис Сергеевич ұлына ұшқыш Валерий Чкаловтың есімін берді. Мұзайдынның болашақ рыцары салмағы 3 килограмға да жетпей, тым әлжуаз болып туылды (Азық-түлік, тіпті нанға дейін карточкамен берілетін ол жылдары балпанақтай бала қайдан туылсын?!). «Коммунар» зауытында слесарь-құрастырушы болып істейтін Борис Сергеевич Харламовтың өзі спортқа бір табан жақын адам еді. Ол футбол мен допты хоккейден зауыт командасының мүшесі еді. Ал мотоспорттан тіпті екінші разряды бар-тын. Борис Сергеевич ұлын өзімен бірге стадионға ертіп баратын. Әкесі білегін сыбанып, алаңдағы «жан алыс, жан беріс» майданға кіріскенде, кішкентай Валера өзі құралпы балалармен алаңның сыртында өз «чемпионаттарын» өткізетін. «Әке көрген оқ жонар» дегендей, алғаш рет Бористің Валерийі конькиге жеті жасында «мінді». Ол жылдары шайбалы хоккей Совет Одағының аумағында №1 спортқа айналып, бала біткеннің бәрі Всеволод Бобров немесе Иван Трегубовтай болуды армандайтын. Обалы не керек, кішкентай Харламов өзінің қабілеттілігімен бірден көзге түсті. Тіпті оны ересек балалар да өз командасына алуға құмар-тын. Алайда 1961 жылы тамақ баспасымен (ангина) ауырған Валераның денсаулығы күрт нашарлап, аталмыш кесел жүрек ревматизміне ұласып, дәрігерлер жас баланың спортпен шұғылдануына үзілді-кесілді тыйым салды. Ана байғұс қалыптасқан жағдаймен амалсыз келіскенімен, әке үшін дәрігерлердің үкіміне мойынұсыну тым қиынға түсті. Ешқандай тыйымды құлаққа ілмей есіл-дерті хоккейге ауып, аяғына коньки байлап, мұзайдында жұлдыздай аққан ұлына Борис Сергеевич әрі сүйсіне, әрі іштей қанжылай қараумен болды. Бір ғажабы, дәрігерлер спортпен айналысса көп ұзамай өліп тынады деген баланың кардиограммалық көрсеткіштері жақсарған үстіне жақсара түсті. Араға біраз жыл салып, мұзайдындағы ойын өрнегіне мұхиттың арғы-бергі жағындағылар орындарынан тік тұрып қол соғатын әлем хоккейінің болашақ жарық жұлдызы алғашқы қиындықты осылайша қаймықпай жеңген болатын. Алайда тағдыр тосқан тосқауылдар мұнымен біте қойған жоқ. Мәселенки, 1976 жылдың көктемінде В.Харламов ауыр автоапатқа ұшырады. Миы шайқалған, қос қабырғасы және екі жерден оң аяғы сынған, тағы да басқа көптеген жарақат алған хоккейшіге дәрігерлер бірауыздан спорттық карьерасын доғаруды ұсынды. Бірақ араға алты ай салып, хоккейге оралған Харламов қайтадан әлемдегі ең үздік шабуылшылардың біріне айналды… …автокөлікте өмірден озды. 1981 жылдың 27 тамызында автоапатқа ұшырап, өмірден озды. Сол күні ерлі-зайыпты Валерий мен Ирина Харламовтар өздерінің жеке меншік «Волгасымен» саяжайдан қалаға (Мәскеуге) қайтып келе жатқан еді. Жаңбыр бүркіп тұрған болатын. Автотізгінді ұстаған Ирина Харламова рульге ие бола алмай, қарсы бетке шығып кетіп, зулап келе жатқан жүк машинасына соғылады. Осылайша ерлі-зайыпты Харламовтардың ұл-қызы табан астында ата-анасынан айырылды. шақырымының тұсында бүгіндері салмағы жарты тонналық мәрмәр (мрамор) шайба қойылған. Оған «Бұл жерге әлем хоккейінің жарық жұлдызы Валерий Харламовтың жұлдызы ағып түсті» деп ойып жазылған Пияз. Пияз - асқа кеңінен пайдаланатын көкөністің түрі. Пайдалылығы. Біріншіден, ас қорытуға жақсы әсерін тигізеді. Пияздың иісі өте жағымсыз екенін бәріміз жақсы білгілі. Алайда бұл көкөністің бойындағы ең құндысы да осы. Пияздың бойындағы эфир майы ауру қоздыратын – құрт, бактерияларды жояды. Сондықтан оны салатқа, бірінші және екінші тағамға, жалпы сәйкес келеді деген барлық тағам түрлеріне қосып, үнемі пайдаланған жөн. Атересклероз, ми тамырлары ауруларына пияз сөлі мен балды араластырып (1:1), бір ас қасықтан күніне үш рет ауқаттанардан сағат жарым уақыт бұрын немесе содан екі-үш сағат кейін қабылдайды. Пияз сөлі мен кесінділері әр түрлі жараларға, соның ішінде ұзақ уақыттан бері бітіп болмаған жарақатқа, күйген жерге жақса, тиімді әсері тез байқалады. Сүйелдер мен іріңді жараларға пияздың жылытылған ұсақ кесінділерін кір сабынмен араластырып (2:1) жағып, үстінен бинтпен орап тастайды. Бинтті күн сайын ауыстыру қажет. Пияздың сөлі салқын тигеннен болатын ауруларға (тұмау, мұрынның бітелуі т.б) өте жақсы көмектеседі. Ол үшін сөл мен балды 1:1 араластырып, ас қасықпен күніне үш-төрт рет ішу керек. Егер тамақ ауырса, осы қоспаны бір шай қасықпен күніне үш-төрт рет ішеді. Тұмау болғанда пияздың сөлін мұрынның айналасына жағады немесе туралған пиязды екі-үш минут иіскеу керек. Бұл тәсілді ауру жаңа басталғанда қолданған өте тиімді. Туралған пиязды шағын ыдысқа салып, бала ұйықтаған кезде (тұмау болғанда) бас жағына қойса, мұрнының ашылып, жақсы ұйықтауына көмектеседі. Қатты жөтелден арылмасаңыз, пияздың көмегіне жүгініңіз. Ол үшін әйнек бөтелкені туралған пиязбен толтырып, бөтелкенің сыртын қамырмен қаптап, духовкаға салыңыз. Сырты пісті-ау деген кезде духовканы өшіріп, суығанын күтіңіз. Содан кейін қамырынан аршып, бөтелкедегіні үлкендер екі ас қасықтан күніне 3-4 рет қабылдайды, ал балаларға бір ас қасықтан берсе де болады. Мұндай ем созылмалы гастриті барларға да зиянын тигізбейді. Шамамен 50 грамм мейізге 200 мл қайнаған су құйып, жарты сағат қоя тұрады. Сосын оған бірнеше пияздың сығып алынған сөлін (үш ас қасық көлемінде) араластырады. Бұл тұнбаны жөтел кезінде күніне бір рет жатар алдында бір жұтым шамасында қабылдап алған жөн. Сонда жөтелден тез құтыласыз. Қан қысымы жоғары адамдарға (гипертоник) күніне бір-екі пияз жеп тұрған өте пайдалы. Бір ескертер жай, асқазаны ауыратындарға пияздың таза өзінің сөлін пайдалануға болмайды. Бірнеше пиязды ұсақтап турап, оны басыңызға қалың етіп салып, он минут шамасында ұстаңыз. Сосын басыңызды шайып алсаңыз, шаш құрамы жақсарып, шаштың түсуі тоқтайды. Сарымсақ. Сарымсақ - адамзат кеңінен асқа, медицинада пайдаланатын көкөністің түрі. Пайдасы және қолданылуы. Қарапайым сарымсақтың халықтық медицинада мың сан ауруға ем. Қытай халық медицинасы сарымсақты салқын тиюден болған аурулардың барлық түріне, тыныс жолдары ауруына, тіпті туберкулезге қарсы қолдануға кеңес береді. Бірінші күні 30 грамм сарымсақ қабылдау қажет. Осылайша ай жарым ішінде мөлшерін күннен-күнге көбейте 90-120 грамға дейін жеткізеді. Ал ай жарымнан кейін сарымсақтың мөлшерін керісінше біртіндеп азайтып, бастапқы кезеңдегі 30 грамға дейін төмендетеді. Осы кезеңде күніне бірнеше рет сарымсақ буымен дем алу қажет, ал арқа мен кеудені өсімдік майымен 1:1 араласқан сарымсақтың сөлімен сүртеді. Он шақты пиязды бір бас сарымсаққа араластырып турап, сүтке салып жұмсарғанша қайнатады. Оған аз ғана шырын немесе шөптердің қайнатпасын құйып, балды қалауынша қосады. Мұны күшті жөтел кезінде сағат сайын ішуге болады. Қатты тұмауратқанда, көп сипаттағы салқын тию белгілері (түшкіру, жөтелу, қызу көтерілу т.б.) білінгенде, тамақ ауырғанда, ангина, бұлшық ет пен сіңірлер ауырғанда бір шай қасық сарымсақ майын және 20-25 тамшы пияз сөлін қайнаған суға араластырып, жылылай бір стаканнан төрт сағат сайын ішіп отырады. Мұрынға 5-10 тамшыдан тамызу қажет. Тұмау, қолқаның қабынуы, өкпеге салқын тигенде 300 грамм сарымсақты ұсақтап, шарапқа араластырып, бетін мұқият жауып, 30 минут қояды. Сосын 200 грамдай қалдығын бір литр “Кагор” шарабына сүзіп құйып, қоспаны екі апта тұндырып қояды. Қойыртпақты мезгіл-мезгіл шайқап қойған жөн. Тұнбамен арқа мен кеудені бір-екі рет ысқылап сүртіп тұрған пайдалы. Жүрек ауруларына да сарымсақ – таптырмайтын ем. Бір литр балға он лимон сөлін қосып, оған он сарымсақты ұсақтап араластырып, тығыз жабылған ыдысқа салып қояды. Ол қараңғы, салқын жерде бір апта тұруы тиіс. Сосын күніне бір рет 4 шай қасықтан тамақтанардан 20-30 минут бұрын қабылдайды. Әр қасықты жұтқан сайын арасына бір минут үзіліс жасап алған жақсы. Бұл қоспа демікпесі бар стенокардияға өте пайдалы. Тіпті бірер адым жүрген сайын ентігіп қалып, тыныстап алатындардың өзі осындай тұнбаны қабылдағанда сауығып кеткен. Ағзадағы холестериннің деңгейін төмендетуде де сарымсақ жақсы көмектеседі. Ол үшін күн сайын өрік, шие, қара өріктен алынған қойыртпақты 15-20 грамнан қабылдап, бұған қоса, бір шай қасықтан күніне үш рет сарымсақ майын немесе 1/3 шай қасық сарымсақ ұнтағын қабылдап отыру қажет. Ал бастапқы инфаркт кезінде тамақ мәзіріне сарымсақ майын, сарымсақ шарабын, сарымсақтың өзін араластыру керек. Бұл инфаркті тежейді. Жүрек ұстамасының дамуын тоқтату үшін сарымсақтың тазаланған бір шағындау талын жұтып жіберген дұрыс. Қалтаңызда нитроглицерин болмай қалған кезде осылай істесеңіз, жүрегіңізді бүрген ауру із-қайым жоғалады. Бұрынғы өткен емшілер жүрегіне қан толып, тынысы тарылған адамға сарымсақты тұзға батырып, содан соң стакан толы шарапқа араластырып ішкізген. Бұдан кейін ауру адамның пештің түбіне жылы жерде терлеп жата тұруына мүмкіндік береді. Сол кезде қан дененің барлық жеріне тарап кетеді де, ол адам тез сауығады. Қант диабетін ауруды да сарымсақпен емдеуге болады. Сарымсақтың 100 грамм кесіндісіне бір литр қызыл шарап құяды. Қоспаны жарық түсетін жылы жерге екі апта қояды. Мезгіл-мезгіл араластырып, сүзбеден өткізіп қойған да артық болмайды. Сосын мұздатқышта сақтау керек. Дайын болған емдік тұнбаны 1-2 ас қасықпен күніне үш рет тамақ ішер алдында қабылдайды. Сондай-ақ сарымсақтың үш-төрт басына (ұсақтап туралған) 500 мл. қайнаған су құйып, бетін орап 20 минут бұқтырады. Сосын күні бойы шай сияқты іше беруге болады. Диабетке арналған емнің тағы бір түрі - ұсақтап туралған бес-алты бас сарымсақты 500 мл. қара суға салып, жақсылап араластырады. Күннің көзіне бір сағат бұқтырады. Мұны су сияқты шөлдегенде іше береді. Беттегі безеу, бөртпе, терінің тағы басқа іріңді жараларына сарымсақтан былайша емдік тұнба жасайды. Төрт жүз грамм сарымсақты ұсақтап шыны құтыға (бутылка) салады. Үстіне шамалап спирт құйып, күннің көзіне сұйықтық сары-жасыл түске енгенше (мезгіл-мезгіл араластырып) қою керек. Бұдан соң сүзгіден өткізіп алған жақсы. Оны қабылдағанда алғашқыда бес тамшыдан, сосын әр күн сайын оған бір тамшыдан қосып сумен ішеді. Осылайша күн сайын көбейтіп, 25 тамшыға жеткізгенде, керісінше, күн сайын бір тамшыдан азайтып, қайтадан бес тамшыға жеткенше қабылдайды. Қажет болған жағдайда бұл емдеу курсын қайталауға болады. Тұнбаны жараға жағып, терінің зақымданған жерін сүртсе де артық етпейді. Іш өту және жұқпалы іш аурулары өте қауіпті. Бұл ауруларға, әсіресе, балалар бейім келеді. Әрине, дәріханада іш ауруларына қарсы неше түрлі дәрмек бар. Алайда табиғи қауіпсіз ем қолданғанға жететін ештеңе жоқ. Осы ауру түрлерінен емделуге де сізге тағы сарымсақ көмекке келеді. Мұндай жағдайда бөлшектенген қараот (портулак) жапырағын (бір ас қасық) бір стакан ыстық суға салып кішкене қоя тұрады, сосын 30 минут қайнатып, оған бір-екі бас ұсақталған сарымсақ қосады. Қымтап орап, жиырма минуттай тұндырып, сүзгіден өткізеді. Жұқпалы іш ауруларында осы тұнбаны 1/2 стаканнан күніне үш рет тамақтан жарты сағат бұрын ішеді. Жұқпалы іш ауруларынан емделгенде күн сайын тәулік бойына бір бас сарымсақты тұтастай жеген дұрыс. Бұл аурудан тез жазылуға көмектеседі. Ал іш өткен кезде 2-3 грамм сарымсақ ұнтағын күніне екі рет тамақтан кейін қабылдайды. Мұның тиімді әсері бірден байқалып, іш өту тоқтайды, адамның тамаққа да тәбеті оянады. Негізінде сарымсақ ұнтағы адамды қауіпті жұқпалы іш аурулары қоздырғышынан да қорғайды. Жұқпалы іш аурулары және асқазан ішек жолдары ауруларынан емделу үшін карболен ұнтағын (дәріханалық препарат) сарымсақ сөлімен 1:1 етіп араластырып, жылы пешке (духовка) сарымсақ сөлін кепкенше ұстайды. Оны 1/3 шай қасықпен күніне үш рет тамақтан 20-30 минут бұрын қабылдау керек. Карболен ұнтағына сіңген сарымсақ сөлі тек асқазан, ішек жолдарына түскенде қайтадан жайлап бөлініп шығады. Бұл тәсіл сарымсақтың емдік қасиетін одан сайын күшейте түседі. Бұл емді сондай-ақ тамақтан, жеміс-жидектерден уланғанда, дәрі-дәрмектік заттармен өте қатты уланғанда, асқазан бүріп ауырғанда, іш өткенде күніне үш рет (тамақтан 30 минут бұрын) қабылдау керек. Ал шаш түскен кезде басты күн сайын ұстарамен тақырлап алып, бір апта сарымсақтың, бір апта пияздың сөлімен сүртеді. Сонда шаштың түсуі тоқтап, керісінше жақсы өседі. Сарымсақ – теріге сыздауық, сүйел, теміреткі, қышыма тағы басқа жаралар шыққанда да таптырмайтын ем. Мысалы, шағындау шүберекті өсімдік майына шылап алып, артық майын сығып, ортасына ұсақтап туралған сарымсақ салып, сыздауықтың (тағы басқа жаралардың) үстіне жапсырып таңып тастаса, сыздауықтың қабығы тез жарылып, қабынуы тоқтап, ауруы басылады. Жараның үстіне танған сарымсақты күн сайын ауыстырып тұру керек. Неке. Неке – отбасын құрудың негізі болып табылады. Ерлі – зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты – неке деп түсінуіміз қажет. Егер неке тіркелмесе де, бірақ еркек пен әйел бірге тұрып, балаларын тәрбиелеумен айналысып жатса, мұны да отбасы деп айтуға болады (қараңыз азаматтық неке). Егер кәмелетке толған балалары ата – анасымен бірге тұрып, оларға қамқорлық жасап, материалдық көмек көрсетсе – бұл да отбасы. Егер кәмелетке толған ағалары мен қарындастары ата – анасыз бірге тұрып, бір – біріне қамқорлық жасайтын болса – бұл да отбасы. Адамдар арасында некеден, туыстықтан, бала асырап алудан, отбасына тәрбиелеу үшін бала алудан туындайын қатынастар отбасылық қатынастар деп аталады. Бірақ отбасындағы қатынастардың бәрі бірдей құқық жөнімен реттеле бермейді. Отбасындағы қатынастар, негізінен, адамгершілік, ізгілік - өнегелік нормалары негізінде реттеледі. Бұл өзара құрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық және имандылық қолдаудың көрінісі. Отбасылық өмір қалыбы, көбінесе ұлттық дәстүрлер мен әдет – ғұрыптарға сүйенеді (үлкендерді қадірлеу, отбасын қамтамасыз ету оның басшысы ретінде толықтай ер адамға жүктеледі, туысқандарды қадірлеп, құрметтеу). Некенің құқықтық табиғаты. Заңда неке таңдауға ерік берілген, яғни некеге тұру немесе оны бұзу үшін тараптардың өзара ерікті келісімі қажет. Некеде ерлі – зайыптылардың құқықтары мен міндеттері тең, әйелдердің құқығын шектеуге жол берілмейді. Бұл әйелдердің үй шаруашылығын жүргізумен ғана айналысып қоймай, сондай – ақ ерімен бірге бизнеспен айналысуына, мансапқа талпынуына мүмкіндік береді. Ерлі – зайыптық қатынстар, әдеттегідей ғұмырлық, яки некеге тұру бегілі бір мерзім көрсетілмей жүзеге асырылады. Қазақстанда мемекеттік АХАТ органында тіркелген неке ғана танылады. Қазақстанда некеге тұрған кезде отбасылық қатынастарда әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тілдік немесе қай дінді ұстанатындығына қарай азаматтардың құқығын шектеудің кез келген түрлеріне тыйым салынады. Ерлі – зайыптылар қатынастарына туыстарының араласуына жол берілмейді. Некеге тұрудың шарттары мен тәртібі. Неке жасы.. Некеге тұру некеге тұрушы ері мен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жету болып табылады. Егер неке күш көрсету, алдау, қорқыту жолымен қиылған болса, онда ол жарамсыз деп танылуы мүмкін. Некеге тұру келісімін некені тіркеу рәсімінің барысында некеге тұрушы адамның тікелей өзі ауызша білдіреді және оның қолын қойғызу арқылы расталады. Соның өзінде ата – аналарының немесе туыстарының келісімі талап етілмейді. Дей тұрғанмен, қай жағынан алып қарағанда да ата – анасының құптауы болашақ отбасы үшін өте маңызды екендігі күәмнсіз. Отбасын құру үшін неке жасына жетудің үлкен маңызы бар. Некеге тұрушылар белгілі бір рухани және күш – қуат кемелділігіне ие болуы керек, ол белгілі бір жаспен байланысты. Біздің заңымызға сәйкес неке жасы – 18 жас. АХАТ органдары дәлелді себептері болған жағдайда неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендете алады. Неке жасына жетпеген адамдардың некеге тұруына ата – аналарының келісімі бойынша ғана рұқсат етіледі. Жүктілік немесе баланың тууы, әскери қызметке шақырылуы, кәмелетке толмағандардың нақты отбасын құруы дәлелді себептердің қатарына жатады. Соның өзінде басқа да длелді себептердің болуы мүмкін. Некеге тұратын адамдар медециналық, сондай – ақ медециналық – генетикалық мәселелер және репродукциялық денсаулық қорғау мәселелері бойынша консультациялар алып, тексеруден өтулеріне болады. Мұндай тексерулер некеге тұратын адамдардың екеуінің келісімімен ғана өткізілуі тиіс. Некеге тұратын адамдарды тексерудің нәтижелері медециналық құпия болып табылады және ол некеге тұруға ниеттенген адамға тексеруден өткен адамның келісімімен ғана хабарлануы мүмкін. Болашақ ерлі – зайыптылар АХАТ органына өздерінің некеге тұрғысы келетіндіктері туралы бірлесіп жазбаша түрде млімдеуі керек. Ал олардың біреуі АХАТ органына бірге өтініш беру үшін келуге мүмкіндігі болмаған жағдайда қалай істеу керек? Егер ол дәлелді себептермен АХАТ органына келе алмайтын жағдайда ол адамдардың некеге тұруды қалайтындытары жөніндегі нотариус куәландырған өтінішін табыс етуге заң рұқсат береді. Некеге тұратын адамның тікелей қатысуымен неке мемлекеттік АХАТ органдарында қиылады. Некені сенімхат бойынша немесе өкілер арқылы қиюға тыйым салынады. Қамауда немесе бас бостандығынан айырылғандар некеге отыра алады. Алайда оларда мемлекеттік тіркеу АХАТ – та емес, бас бостандығын айыру орнында немесе қамауда отырған жерде жүргізіледі. Заңда неке қиюға кедергілер де көзделген. Бұл өзге тіркелген некенің болуы, болашақ ерлі – зайыптылардың жақын туыстығы, некеге тұрушылардың біреуінің іс - әрекетке қабілетсіздігі, сондай – ақ бала асырап алушылар мен асырап алғандар арасында неке қию. Некелік шарт. Некелік шарт – біздің тұрмысымызға салыстырмалы түрде жақында енген ұғым. Некелік шарт деп – некеге тұратын адамдардың немесе ерлі – зайыптылардың некеде тұрғандағы немесе оны бұзған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісімдері танылады. Некелік шарт міндетті түрде жазбаша жасалуы және нотариуспен куәландырылуы қажет. Некелік шартты некеге отыратын адамдардың тікелей өздері, сондай – ақ адвокат не нотариус толтыруы мүмкін екендігін айырықша атап көрсету қажет. Некелік шартты нотариалды куәландыру үшін жекеменшік немесе мемлекеттік нотариусқа жүгіну керек. Некелік шартты некені тіркегенге дейін, сондай – ақ некеде тұрған кез келген уақытта жасасуға болады. Некелік шарттың субъектілері не ерлі – зайыптылар, не некеге енді тұруға әзірленіп жатқан адамдар болуы мүмкін (күйеу мен қалыңдық). Ерлі – зайыптылар, яғни АХАТ органдарында тіркелмеген, бірақ бірге тұратын және бір – біріне қамқорлық көрсететін адамдар некелік шарт жасаса алмайды. Некеге тұратын кәмелетке толмағандар (18 жасқа дейінгі адамдар) ата – аналарының немесе қамқоршыларының келісімімен ғана некелік шарт жасаса алады. Бұл кәмелетке толмағандардың өз бетінше некелік шарт жасасуына тыйым салынады деген сөз. Некелік шарт жасасу – некені тіркеу үшін қажетті шарт болып табылмайтындағын атап өту керек. Некеге отыратын адамдардың немесе ерлі – зайыптылардың неке шартын жасасуы немесе оған қол қоюдан бас тартуы ерікті түрде шешіледі, өйткені бұл олардың міндеті емес, құқығы болып табылады. Бірақ сонымен бірге неке шартында ерлі – зайыптылардың немесе некеге тұратын адамдардың ортақ еркі білдірілуі тиіс. Некені тоқтату және оның негізі. Ерлі – зайыптылардың жәке және мүліктік құқытық қатынастарының тоқтатылуын некенің тоқтатылуы деп түсінеді. Неке заңда айқындалған білгілі бір оқиғаардың тууына байланысты немесе ерлі – зайыптылардың біреуінің не екеуінің бірдей қалауымен тоқтатылады. Некенің тоқтату негіздерінің тізімі толық боып табылады. Ері қайтыс болған немесе ерлі – зайыптылардың біреуі өлді деп жарияланған жағдайда неке өздігінен тоқтатылады. Егер артында қалған адам жаңадан некеге тұрғысы келсе, бұрынғы неке бойынша ерінің өлгені бойынша АХАТ органдары берген куәлікті көрсетсе де жеткілікті. Соттың азаматты (ерлі – зайыптылардың бірін) өлді деп жариялау жөніндегі шешімі долбараға ғана негізделеді. Ол адамның өлгені туралы нақты ақиқат дәлелдер жоқ. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 31 – бабына сәйкес, егер азамат тұрақты тұратын жерде үш жыл бойына ол туралы ешқандай мәіметтер болмаса, егер ол өім қаупі төнген жағдайда немесе оның өлімі алты ай ішінде жазатайым оқиғадан болды деп есептеуге негіз болатын жағдайларда хабар – ошарсыз кетсе, ол азамат мүдделі адамдардың арызы бойынша сот арқылы өлді деп жариялануы мүмкін. Сот азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы шешім шығарған сәттен бастап, онымен неке тоқтатылды деп есептеледі. Кейде қайтыс болды деп жарияланған адамдардың шындығында тірі болып шығатын жағдайлары да кездеседі. Өлді деп жарияланған жұбайы тірі келген жағдайда сот әлгі шешімді бұзады, бірақ тоқтатылған неке өздігінен қалпына келтірілмейді. Ол ерлі – зайыптылардың бірлескен өтініші бойынша АХАТ органдары арқылы қалпына келтірілуі мүмкін. Егер қалпына келтіру туралы өтініш берілмесе, ерлі – зайыптылардың екеуінің де тірі екендігіне қарамастан, неке тоқтатылған деп есептеледі. Басқа жұбай жаңа некеге тұрған жағдайда, бұрынғы неке қалпына келтіріе алмайды. Жаңа некенің тағдыры түрліше шешілуі мүмкін: ол не сақталады, немесе бұзылады, бұл кейін бұрынғы жұбайымен некесін тіркеуге мүмкіндік береді. Некені бұзу, ажырасу. АХАТ органдарында некені бұзу. Ерлі – зайыптылардың көзі тірі кезінде неке, олар ажырасса ғана тоқтатылады. Ажырасу арқылы некенің тоқтатылуы, АХАТ органдары немесе сотта заңда белгіленген тәртіп бойынша іске асырылуы мүмкін. Некені бұзу АХАТ органдарында ерлі – зайыптылардың біріккен және жекелеген ерекше жағдайларда – жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша жүргізіледі. Ал сотта некені бұзу ерлі – зайыптылардың екеуінің бірлескен, сондай – ақ жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша жүргізіле береді. Некені бұзу АХАТ органдарында мемлекеттік тіркеуден өтуді қажет етеді. Тіркеу некені бұзу жөніндегі өтініш берілген күннен бастап бір ай өткенде жүзеге асырылады. Бір ай мерзім ерлі – зайыптыларға қабылдаған шешім туралы тағы да әбден ойланып – тоғану үшін беріледі. Некені тіркеу үшін берілетін мерзімнен айырмашылығы, некені бұзған кезде оның мерзімі ұзартылып не қысқартымайды. Ерлі – зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені АХАТ органдарында бұзумен қатар, заң жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша некенің бұзудың қарабайыр оңайлатылған тәртібін де белгілейді. АХАТ органдарының некенің бұзылуын тіркеу кезінде ажырасудың себептерін анықтауға, ерлі – зайыптыларға татуласу үшін мерзім беруге қақысы жоқ. Некені сот тәртібімен бұзу. Некелік одақтың тұрақты болуына мемлекет мүдделік танытады. Сондықтан да соттарға заң арқылы ерлі – зайыптыларды татуластыру жөнінде шаралар қолдану міндеттері жүктелген. Бірақ, сонымен қатар татуластыру мақсат қана емес, отбасын сақтаудың амалы ғана. Сондықтан да бұл міндетті орындау мүмкін болмаса және балаларды не жұбайларды қорғау мүдделеріне қайшы келетін болса, онда сот некені бұзады. Егер сот неке біржолата бұзылмаған деген қорытындыға келген жағдайда, ол істі кейінге қарауға қалдырып, ерлі – зайыптыларға татуласу үшін 3 айлық мерзім тағайындай алады. Бірақ сот нақты мерзімді әрбір істің жағдайына қарай бегілейді. Егер ерлі – зайыптыларды татуластыру шаралары нәтиже бермей және жұбайлардың біреуі некенің бұзылуын қасарыса талап ететін болса, некені бұзу іске асырылады. Егер айырылысатын ерлі – зайыптылардың кәмелетке толмаған балалары болып және жұбайлар ол балалардың кіммен қалатындығы жөнінде келіспеген жағдайда, бұл мәселені сот шешеді. Сот балалардың ата – анасының біреуімен қалатындығы жөнінде не баланың ата – анасының әрқайсысымен қалатындығы жөнінде (егер екі бала не одан көп болса) шешім шығара алады. Соның өзінде сот кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін ғана еске алу керек. Сондай – ақ балалардың мүдделерін және болашақ ананың денсаулығын қорғау мақсатында заңның 15 – бабында мындай қағида көзделген: «Әйелдің жүкті кезінде және нәрестенің бір жасқа толмаған кезінде әйелдің келісімінсіз некені бұзуға болмайды». Айырылысатын жұбайлар ортақ мүліктерді бөлісу жөніндегі мәселені кейбір жағдайларда өздері дербес шешеді. Бірақ ерлі – зайыптылар келісімге келмеген жағдайда мүліктерді бөлуді сот іске асырады және әдетте, оларды тең бөледі. Егерде некелік шартта мүліктерді бөлісу мәселесі қарастырылған болса, онда сот мүлікті екі жақтың не бір жағының талабы бойынша осы келісімшартқа сәйкес бөледі. Сот тәртібімен некені бұзу ерлі – зайыптылардың некені бұзу туралы өтініш берген күннен бастап бір ай өткеннен кейін іске асырылады. Некені тоқтатудың құқықтық салдары. Жоғарыда айтылғандай, некені бұзу нәтижесінде ерлі зайыптылардың некеде тұрған кездегі жеке және мүліктік қатынастары тоқтатылады. Мысалы, бірге тұруы, ортақ бірлескен меншік, өзара қамқорлық және асырау. Соның өзінде кейбір құқықтық қатынастар бірден тоқтатылады да, енді біреулерінің сақталуы мүмкін. Некеге тұрған кезінде бірлесіп жиған мүліктері бөлінген жағдайда, әдетте, некенің тоқтатылуымен байланысты ерлі – зайыптылардың ортақ бірлескен меншік тәртібі де тоқтайды, бірақ мүлік бөлінбеген жағдайдағы ажырасу өзінен - өзі жұбайлардың ортақ бірлескен меншігін үлестік меншікке айналдыра алмайды. Некенің бұзылуымен бірге жұбайы қайтыс болғаннан кейін мұрагерлік құқығы, бұрынғы жұбайы – ажырасушысының өліміне байланысты келтірілген зиянның орнын толтыру және т.б. құқығы да жойылады. Некенің тоқтатылуы жаңадан некеге тұру құқығын туғызады. Ажырасу жолымен некенің бұзылуы ата – аналарының балаларына қатысты құқықтары мен міндеттерін тоқтата алмайды. Этика. Этика (, — этос, «ғұрып») термині ежелгі грек тілінде «бірлесе өмір сүруші адамдар тобының мекен жайы» дегенді білдірді, кейін әдеп туралы ілім мағынасына ие болды. "Әдеп" термині түрік халықтарының тіліне орта ғасырлардығы араб-мұсылман мәдениетінің ықпалымен енген. Этика ұлттық сипаты айқындалған ілімдер қатарына жатады. Өйткені, әр халықтың орналасу аймағына, тіршілік салтына, өмір сүру дағдыларына байланысты ортақ мінез-құлық ережелері, жүріс-тұрысы, тыныс-тіршілігі қалыптасады. Қазақ этикасы. Қазақ этикасы – қазақ халқының ұлттық әдеп жүйесін моральды, адамгершілікті зерттейтін философиялық пән. Қазақ этикасының ежелгі бастау қайнар көздері үш мың жылдай Еуразияның Ұлы даласында өркендеген скиф-сақ, ғұн, үйсін, қаңлы мен түрік бірлестіктерінің мол мәдениетінен нәр алады. Қазақ этикасының қалыптасуына Қорқыт ата үлкен үлес қосты. Оның үлгі-өнеге, өсиет-нақыл сөздері қазақтармен қатар барша түрік халықтарында кең таралған. Қорқыт жырлары – имандылық пен ізеттілік, адамгершілік пен парасаттылыққа меңзейді. Көбіне Қорқытты күйші ретінде білеміз, өмірде... қайда барсаң да Қорқыттың көрі – деген аңыз кездейсоқтық емес, ол адам баласына айтылған ескертулер. Ата-бабаларымыз адамның ішкі дүниесіне зер сала ақтара қарай отырып, оның әлеуметтік ортадағы салмағын анықтай білген. Соңында, өздерінің көз жеткізген ой қортындыларын жасаған. Олар адамға үлкен моральдық талаптар қоя отырып, зор сенім, үлкен үміт артады. Дәстүр-салтымызда, инабаттылық пен иманжүзділікті қалыптастыру мақсатында тақырыпты халық даналығымен байланыстырудың маңызы зор. Қазақ даналарының тұжырымдауынша, ақыл-парасаттылық мынадай 10 нәрседен тұрады; біріншіден, адамдарға кішіпейіл және нәзік сезімталдықпен қараудан, екіншіден, өзінің ісінің бұрыс екенін біліп, соған орай әрекет жасаудан; үшіншіден, халқына қызмет етіп, олардың тілек-армандарын орындаудан; төртіншіден, өз сырларын басқаға білдіру-білдірмеуді білу; бесіншіден, өзінің және басқалардың сырын сақтаудан; алтыншыдан, әр жағдайда сақ бола білуден; жетіншіден, тілге ие болып, артық сөйлемеуден; сегізіншіден, мәжілістерде тыныш, үндемей отырудан, әдеп сақтап, білмейтін нәрсені айтпаудан және өкіндіретін сөздердің тілге ілігуінен сақтанудан; тоғызыншы, қатеңді бірден мойындап, кешірім сұраудан; оныншы, біреудің ісіне, өзі сұрамаса, араласпаудан, құлаққа жағымсыз сөзді айтпаудан [1]. Қазақ топырағында әдептануды арнаулы ілім ретінде қарастырған ғұлама-философ, әмбебап ғалым - Әбу Насыр әл-Фараби. Ол этиканы жақсылық пен жамандықты айыруға мүмкіндік беретін ғылым ретінде қарастырды. Оның түсінігінше, адам жаратылыстағы ең қасиетті жан. Сондықтан оған үлкен құрметпен қарау керек. Ғұлама данамыз Әл-Фараби «Қайырымды қаланың бірінші басшысы, қайырымды халықтың басшысы және жер жүзін мекендейтін елдің басшысы өз бойында туа біткен 12 қасиетті ұштастырған адам ғана бола алады деген. 1) Бұл адамның мүшелері мүлде мінсіз болуға тиіс, бұл мүшелерінің күші өздері атқаруға тиісті қызметті аяқтап шығу үшін мейлінше жақсы бейімделген болуы керек, сонда егер адам әлдебір мүшесінің жәрдемімен әлденедей бір іс істемек болса, ол мұны оп-оңай атқаратын болады; жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінетін, айтылған сөзді сөйлеушінің ойындағысындай және істің жай-жағдайына сәйкес ұғып алатын болуы керек; 2) өзі түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардан ешнәрсені ұмытпайтын болуы керек; 3) әйтеуір бір заттың кішкене ғана белгісін байқаған заматта сол белгінің ишаратын іліп әкетерліктей алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі болу шарт; өткір сөз иесі және ойына түйгеннің бәрін айдан-анық айтып бере алатын тілмар болу шарт; өнер-білімге құштар болу, оқып-үйренуден шаршап-шалдықпай, осыған жұмсалатын еңбектен қиналып азаптанбай, бұған оңай жететін болу керек; 4) тағамға, ішімдік ішуге, сыр-сұхбат құруға келгенде қанағатшыл болу керек, жаратылысынан сауыққұмарлықтан аулақ болып, бұдан алатын ләззатқа жирене қарауы шарт; 5) шындық пен шыншыл адамдарды сүйіп, өтірік-жалған мен суайттарды жек көру керек; 6) жаны асқақ және ар намысын ардақтайтын болуы шарт; жаны жаратылысынан пасық істердің бәрінен жоғары болып жаратылысынан игі істерге ынтазар болуы тиіс; 7) жаман атауға, жалған дүниенің басқа да белгілеріне жирене қарау керек; 8) жаратылысынан әділеттілік пен әділеттілерді сүйіп әділетсіздік пен озбырлықты және осылардың иелерін жек көру керек; 9) жақындарына да, жат адамдарға да әділ болып жұртты әділеттілікке баулып, әділетсіздіктен зардап шеккендердің залалын өтеп, жұрттың бәріне де өз білгенінше жақсылық пен ізгілік көрсетіп отыруы қажет; 10) әділ болу керек, бірақ қыңыр болмау керек; 11) әдептілік; 12) өзі қажет деп тапқан істі жүзеге асырғанда шешімпаздық көрсетіп, бұл ретте қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек…» - дейді [2]. Осы қасиеттердің бәрін келер ұрпақ бойына қалыптастыра отырып мінсіз адамды тәрбиелеп шығарамыз деп тұжырым жасайды ғұлама ғалым. Әл-Фарабидің «Философияны үйрену үшін алдымен нені білу керек?», «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары», «Азаматтық саясат» атты трактаттарында: ұстаз қандай болу керек, ұстаз бен шәкірттің ара қатынасындағы психологиялық мәселелер туралы көп айтылған. Ғұлама бабамыздың түсінігінше ұстаздар да, қала басшысы да тәрбиелік қызмет атқаратын адамдар: «Ұстаз баланы тәрбиелесе, қала басшысы барша халықты тәрбиелейді. Олай болса екеуі де «Сегіз қырлы, бір сырлы» халыққа қай жағынан болса да үлгілі адамдар болуы тиіс», - деді. - жаратылысынан өзіне айтқанның бәрін жете түсінетін; - өзі естіген, көрген, түсінген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, алғыр да аңғарымпаз; - өткір сөз иесі және ойына түйгенінің бәрін анық бере алатын; - тағамға, ішімдік ішуге, сыр-сұқбат құруға қанағатшыл; - жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын; - әділеттілік пен әділеттілерді сүйіп, әділетсіздік пен озбырлықты жек көретін; - жақындарына да жат адамдарға да әділ - қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ер жүрек; - бойына туа біткен он екі, сондай-ақ өмір барысында жүре қалыптасатын алты қасиетке ие болған, бұларды бір-бірімен сәтті ұштастырған адам ғана нағыз ұстаз, жұртқа жақсы басшы бола алады», - дейді [2]. Әл-Фараби болашақ мұғалім даярлауда ең алдымен еңбек етуге тәрбиелеу ең басты - қасиет деп санайды және еңбекті бірнеше түрге бөліп көрсетеді. Олар: адал еңбек, пайдалы еңбек, халықтық еңбек, көпшілік еңбек, бірлескен еңбек. Ол жастарды халықтық еңбекпен айналысуын жөн көрді, және мынадай өлең жолдарын да арнады: Халықтың қамын жесең, таза еңбек ет, Дәстүрді ұста, көксеген мұратқа жет. Болашаққа апарар бірақ жол бар, Білім, еңбек, тәрбие, ол – парасат [2. Б.92]. Бұл жерде Әл-Фараби таза, адал еңбекті – тәрбиенің алғы шарты етіп алды. «Тәрбиені неден бастау керек?» деген еңбегінде ғылымды, оқу-ағартуды меңгеруді, білім-тәрбие алу, еңбекке үйрену, философияны үйрену үшін адамның ар тазалығын, оның жеке басының тазалығын, еңбексүйгіштігі мен қызығушылығын бірінші орынға қояды. Қазақ халқының моральдық-этикалық тәрбиесінің басқа халықтарға ұқсамайтын өзіне тән мән-мазмұны, ерекшеліктері бар. Осылардың бәрі атадан-балаға жазылмаған заң ретінде халық педагогикасы құралдары арқылы өңделіп, толықтырылып отырған. Біздің пайымдауымызша: моральдық-этикалық дәстүрлер дегеніміз моральдық сана тәжірибесіне ендірілген, адамгершілік қатынас мазмұнында көрініс тапқан моральдық ережелер мен нормалар. Тарихи кезеңдердің жаңа дәуірі туғанымен ешқашан құнын жоймайтын моральдық-этикалық категорияларға: ар, ұят, намыс, абырой, ұждан, абырой, борыш, парыз, борыш т.б. жатады. Оған қазақ халқының «Ақылды болсаң, арыңды сақта, ар-ұят керек әр уақытта», «Жігіттің құны - жүз жылқы, ары - мың жылқы», «Ұят кімде болса, иман сонда», «Әдептілік, ар-ұят – адамдықтың белгісі», «Өз ұятын білген кісі, бір кісіге төрелік береді» т.б. деген мақал-мәтелдері дәлел бола алады. Қазақ халқы ар-ожданды, абыройды қатты қастерлеген, оны адамгершіліктің туы етіп көтерген, сондықтан жастарға бата бергенде «Абыройлы бол!», «А, құдай абыройыңнан айырма» - деп тілек білдіріп отырған. Ал, намыс – адамның ішкі сезімі, абыройды қорғайтын құралы. Намыс – адамның қадір-қасиетіне байланысты өте нәзік, өткір, күшті лап етпе сезім. Ол адамды жаман әрекеттерден сақтайтын таза ұлы қасиет. Қазақ халқының моральдық-этикалық тәрбиесі туған жерге, отбасына, үлкен-кішілерге, қоғамға т.б. көрініс береді. Үлкендерге деген сыйластықты орнату мақсатында қалыптасқан нормалар мінез-құлықтың қалыптасуына зор ықпал етеді. Бұған мысал: үлкеннің жолын кесіп өтпе, сөзін бөлме, үлкендерге сәлем бер, үлкендердің көңілін қалдыратындай қылық жасама, т.б. Мораль, адамгершілік, парыз деген ұғымды ең алғаш отбасынан яғни ата-анасы арқылы біліп, түсінеді. Ата-ана парызы - өтелмейтін парыз. Соның ішінде ананың орны ерекше. «Ана сүтін оны Меккеге үш рет арқалап апарсаң да өтей алмайсың», - деп халық бекер айтпаған. Халықтық тәлім-тәрбиеде әкенің де орны ерекше құрметті. Аналарының балаларына «әкең біледі», «әкеңмен ақылдас», «әкеңнен бұрын асқа отырма» деп барлық нәрсені әкесінің нұсқауымен істеуге үйретуі әкенің қазақ отбасындағы орнын көрсетеді. Мұның бәрі қазақ халқының бала тәрбиесіне үлкен мән бергенін дәлелдейді. «Он үште отау иесі» деген ұғым бойынша бабаларымыз ес білген шағынан бастап баланы өмірге даярлаған, әсіресе ер бала шыр етіп келген сәтінен он үшке дейінгі кезеңде өмірдің құпия сырын, ауыртпашылығын, тұрмыс-қарекетінің жыл мерзіміне сай ерекшелігін үйретіп, құлағына құйып отырған. Он үш жасқа дейін осынау ғаламды дұрыс игерген бала өзінің өмірін де басқара алады, елін қорғауға да ақал-парасаты жетеді деп түсінген. Халық педагогикасында ең негізгі қағида адамнан, адамның өмірінен артық, одан қымбат, одан қасиетті ешқандай құндылық жоқ деген көзқарасты ұстану және адамды айырбастайтын, оны өмірі пида боларлық дүниеде ешқандай құндылықтың жоқтығын түсіну болып табылады. «Адам деген ардақты ат», «Адам болып туған соң, адам болып өлу лазым», «Атаның баласы болма, адамның баласы бол», т.с.с. халық даналығындағы мақал-мәтелдер адамның құндылық екенін дәлелдейді. Қазақ халқының моральдық-этикалық нормалары болашақ мұғалімдерді мақсаттылыққа, ішкі сұраныспен өмір сүру және жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру ісіне, барлық жағдайда моральдық кодекс принциптері мен жоғары адамгершілік идеяларды басшылыққа ала отырып, оларды оқу-тәрбие ісінде жүзеге асыруға, кәсіби парыздылық сана-сезімінің қалыптасуына көмектеседі. Цитология. Цитология (— «қойма», бұл жерде: «жасуша» и — «оқу», «ғылым») - жасуша туралы ғылым. Цитология ғылымы біржасушалы, көпжасушалы ағзалар жасушасының құрылысын,құрамын және қызметін зерттейді.Ал жасуша бүкіл тірі денелердің ең қарапайым құрылысын,қызметін және дамуын сипаттайды. Сондықтан да цитологияның зерттейтін құрылыстары мен заңдылықтары цитология,тәнтану,эмбриология,физиология,генетика,биохимия,молекулалық биология және т.б. ғылым негіздерінің қалануына жол ашты. Цитология бөлімі -"цитохимия" пәні жасушаның химиялық құрамының құрылысын,олардың түзілуін, жасушадағы таралуы мен белсенділігін және оның қызметінің өзгеруіне байланысты химиялық қосылыстардың өзгеріп отыруын зерттейді. Цитохимияның негізгі жетістіктерінің бірі-нуклеин қышқылдары- ның ақуыз молекуласын синтездеудегі генетикалық рөлін анықтау.Жасушаның белсенді қызметіне байланысты ақуыздың өзгеріске ұшырау себептерін және олардың зат айналымындағы рөлін зерттеу де цитохимияның үлесіне тиеді. Бұдан біз цитология ғылымының көп саланы қамтитынын байқаймыз.Өзінің даму бағытында цитология тек биологиямен ғана емес,сонымен қатар медицина,ауылшаруашылық,химия,физика,математика және т.б. ғылымдармен де тығыз байланысты.Бұл ғылымдардың жетістіктері мен әдістері цитологиялық зерттеулерде кең көлемде қолданыла- ды.Сондай-ақ цитологияның жетістіктері көптеген ғылымның негізін салуда маңызды рөл атқарады. Осы ашылған жаңалық органикалық дүние бірлігінің өте нанымды дәлелінің бірі болды.Осындай дәлелді өсімдіктер мен жануарлардың жасуша құрылымының ұқсастықтарынан да көруге болады. Жасуша. Жасуша - тірі ағзалардың (вирустардан басқа) құрылымының ең қарапайым бөлігі. Жасуша теориясының ашылуы. Жасуша теориясы - тіршіліктің негізін құрайтын жасушалардың құрылымы,көбеюі және көпжасушалы ағза- ларды қалыптастырудағы қызметі туралы жинақталған ұғым. Жасуша теориясының даму тарихы 300 жылға созылды.Оны зерттеуде әр түрлі оптикалық әдістердің дамуы микроскоптың жетілдірілуіне негізделді. Алғашқы микроскопты 17 ғасырда ағылшын физигі Роберт Гук (1635-1703ж.) жасаған.Ол микроскоппен 1662 жылдан бастап түрлі объектілерді:тығын шұрықтарын (пораларын),қымыздық, қамыс және басқалардың ішкі қуыстарын көрді. Гуктің микроскопы қаралатын затты жүз еседен астам ғана үлкейтіп көрсететін болған. Роберт Гук өсімдіктерді микроскоп арқылы қарап отырып,олар- дың ұлпаларынан ара ұясы тәрізденген құрылысты тапқан.Ол осы ұяларды грек сөзімен “целлюл-ла“- “жасуша” деп атады.Бұл жерде Роберт Гук тіршілігін жойған жасушалардың ұяшығын ғана көрген еді. 17 ғасырдың 70-жылдарынан бастап голландық Антони Ван Левенгук объектіні үш есе үлкейтетін микроскоп жасап,оның көмегімен судағы біржасушалы ағза-кірпікшелі кебісшені тұңғыш рет көрді. Тірі жасушаны алғаш рет 1839 жылы чех ғалымы Ян Пуркинье көрген еді. Ол жасушаның ішіндегі сұ- йықты протоплазма немесе алғышқы плазма деп атады.Қазір протоплазма тек тарихи дерек ретінде ғана пайдаланылады,оны ғылыми тілде цитоплазма дейді. Протоплазма дегеніміз-жасуша ішіндегі сұ- йықтық пен ядро.Роберт Броун жасуша протоплазмасының тұрақты бөлігі-ядроны ашты.19 ғасырдың басында жануарлар мен өсімдіктердің жасушалары кеңінен зерттеліп,олардан алынған мағлұматтар 1838-1939 жж.ботаник Маттиас Шлейден мен зоолог Теодор Шваннға жасушалардың құрылысы ту- ралы ортақ қортынды жасауға мүмкіндік берді. Олардың тұжырымдауы бойынша,өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының құрылыстары өте ұқсас және тіршіліктің дербес иесі екендігі,тірі ағзаның ең ұсақ бірлігі,сонымен қатар жасушасыз тіршілік болмайтындығы туралы ғылымға дұрыс түсінік берді.Осыдан кейін жасушаның тіршілік үшін маңыздылығы терең және жан-жақты зерттеле бастады.Мәселен,1858 жылы Рудольф Вирхов әрбір жасуша өзіндей жасушаның бөлінуі арқылы пайда болатынын анықтады.Карл Бэр сүтқоректілердің жұмыртқа жасушасын ашып,көп жасушалардың дамуы бір жасушадан басталатынын және аталық сперматозоид пен аналық жұмыртқа қосылғанда,зи- гота түзетінін анықтады.К.Бэрдің бұл жаңалығы жасушалардың ағза дамуындағы маңызын дәлелдеді. Тірі ағзалар жасушаларының химиялық құрамы мен зат алмасуының ұқсастығының ашылуы жасуша теориясын дамытып,барлық органикалық әлемнің шығу тегі мен эволюциялық дамуының бірыңғай екенін дәлелдей түсті. 3)жасушалар бастапқы(аналық)жасушаларының бөлінуі арқылы пайда болады.Атқаратын қызметі мен құрылысына қарай жасушалардың пішіні алуан түрлі болып келеді. Ағзалар жасушаларының құрылысына қарай екі топқа бөлінеді.Оның бір тобына құрылысы өте қарапайым болып келетін бактериялар мен көкжа-сыл балдырлар жатады.Олардың толық қалыптасқан ядросы болмайды,бұларды прокариоттар деп атай- ды.Ағзалардың екінші тобына ядро және арнаулы қызмет атқаратын органоидтары болады.Мұндай ағзаларды эукариоттар деп атайды.Эукариоттарға біржасушалы жасыл балдырлар,қарапайымдар,жо-ғары дәрежелі гүлді өсімдіктер және сүтқоректі хайуанаттар,т.б.жатады. Ал вирустар-тіршіліктің жасушасыз ерекше пішіні.Қорта келгенде,жасуша теориясы”жасуша- ның“барлық тірі ағзалар құрылымының бірлігі екенін,жануарлар мен өсімдіктер жасушаларының өзара ұқсас екенін толық дәлелдейді.Бұл ұқсастық бүкіл тірі ағзалардың шығу тегінің бір екенін айқын-дай түсті.Жасуша теориясы тіршілікті материалистік тұрғыдан түсінуге,ағзалар арасындағы эволюциялық байланысты ашуға негіз болды. Микроскоп.Жасушалардың мембранасына,ядросына және цитоплазмасының құрамына кіретін молекулалар мен органоидтарды жарық немесе электрондық микроскоп арқылы көруге болады.Жарық арқылы көрсететін микроскоп зерттейтін заттарды 100-3000 есеге дейін үлкейтіп көрсетеді, ал жетілдірілген окулярды қолданып,зерттелетін объектіні экранға түсіргенде оны 100 мың есеге дейін үлкейтуге болады. Биологияның арнаулы саласы-биохимия жасушаның химиялық құрамын молекулалық деңгейде зерт- теу үшін центрифуга деп аталатын күрделі құралды пайдаланады.Ол өте жылдам айналып,жасушаның құрылымдық бөліктерін бір-бірінен бөліп алады,себебі оның бөліктерінің тығыздықтары әр түрлі болады Жасушаның аса нәзік құрылысы мен қызметін зерттек тек цитологтардың,биохимиктердің,физиологтардың, генетиктер мен биофизиктер күш-жігерін ұштастырудың нәтижесінде ғана мүмкін екені өзінен-өзі түсінікті.Жасуша теорясы негізінің қалануы және жетілдірілген техникалық құралдардың шығуы жасушаның құрылысы мен химиялық құрамын,атқаратын қызметін зерттеуге кең жол ашты. Вирустар. Дүниежүзілік микробиология тарихында орыс ғалымы Д. И. Ивановскийдің алатын орны ерекше. Ол XІX ғасырдың соңында темекі теңбілі ауруын зерттеп, ол аурудың қоздырғыштары бактериялардан да ұсақ тіршілік иесі екенін тапқан. Д. И. Ивановский ауруға шалдыққан жапырақты жуып, ол жуындыны бактерияларды сүзетін сүзгіден өткізгенде одан өтіп кеткен. Осы сұйықтықты темекіге жұқтырғанда, оның жапырағы қайтадан сарғайып, ауруға ұшыраған. Зақымданған темекі жапырағын үлкейткіш құралдармен тексергенде кристалдар байқалған. Кейіннен 1935 жылы америкалық ғалым У. Стенли бұл кристалдардың темекі теңбілі вирустарының шоғырланған жиынтығы екенін тапты. XІX ғасырдың соңында Д. И. Ивановский ашқан өте ұсақ тіршілік иесінің вирустар екендігі дәлелденді. Вирус (- «у») – тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Олар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан – кабсидтерден тұрады. Бұл қабықша вирустың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан корғайды. Кейбір вирустардың құрамында нуклеин қышқылдарынан басқа көмірсулар, май текті заттар, биотин (Н витамині) және мыс молекулалары кездеседі. Вирустар тек тірі жасушада өніп-өсіп көбеюге бейімделген. Электрондық микроскоппен 300 мың есе үлкейтіп қарағанда, оның пішіні таяқша тәрізді, жіп тәрізді немесе іші қуыс цилиндр пішінді болатыны дәлелденді. Вирустар тірі организмдердің барлығын уландырады. Қазіргі кезде вирустардың жылы қанды омыртқалыларды уландыратын 500-дей, ал өсімдіктерді уландыратын 300-ден астам түрі белгілі болып отыр. Вирустардың құрылысы мен іс-әрекетін темекі теңбілі ауруын мысалға алып қарастырайық. Темекі теңбілі вирусы темекі жапырағындағы хлоропластарды зақымдайды. Осының салдарынан жапырақ тақтасы бүрісіп, шиыршықтанады. Сонымен қатар тостағанша, күлте жапырақшалары да өзгереді. Темекі теңбілі вирусымен зақымдалған жапырақ 9-11 күннен кейін сарғая бастайды. У. Стенлидің дәлелдеуі бойынша, темекі жапырағында вирус бөлшектері алты қырлы кристалл пішінді шоғыр түзеді. Бактерияларды зақымдап, ерітіп (лизис) жіберетін вирустарды бактериофагтар деп атайды. Бұларды алғаш рет 1915 жылы Ф. Туорт сипаттап жазды. Кейбір бактериофагтың пішіні итшабаққа ұқсайды. Олардың денесі – басы, құйрығы және іші қуыс тармақталған базальді түтікшелерден тұрады. Вирусты сыртынан нәруыз қабаты қаптайды, ішінде ДНҚ немесе РНҚ болады. Басының мөлшері 40 нм, ал «құйрығының» ұзындығы 20-22 нм-ге тең. «Құйрығының» ұшы – нәруыз молекуласынан тұратын қуыс түтік. Бактериофагтарды алғаш рет 1915 жылы ағылшын вирусологі және бактериологі Ф. Туорт сипаттап жазғандығы белгілі. Бірақ бұл тіршілік иесі ерте кезден зерттеле бастаған болатын. Мысалы, топалаңды қоздыратын бактерияларды ерітіп жіберетін бактериофагтарды 1898 жылы орыс микробиологі Н. Ф. Гамалея алғаш рет анықтаған. Іш сүзегі бактериясын ерітіп жіберетін бактериофагтарды 1917 жылы канадалық бактериолог Д’Эрелль (Ф. д’Эрелль) байқаған. Зерттеушілер осындай көзге көрінбейтін бактериялардың паразитін егжей-тегжей зерттеп жазды да, оларды бактерия «жеушілер» немесе «жалмаушылар» деп атады. Бұдан кейінгі зерттеушілер басқа бактерияларды ерітіп жіберетін табиғатта көптеген бактериофагтардың бар екендігін анықтаған болатын. Олар ауру қоздырғыш бактерияларды ғана жоймай, пайдалы түрлерін де жояды. Бактериофагтар өндіріске, тамақ өнеркәсібіне және т.б. көп зиян келтіреді. Мысалы, олар пайдалы сүт қышқылы бактерияларын ерітіп жіберіп, алынған сүт тағамдарының сапасын төмендетеді. Вирус ұғымы 1899 ж. ғылымға алғаш рет голландиялық ғалым Мартин Бейеринк енгізді. 1935 ж. америкалық вирусолог Уэнделл Стэнли вирусты кристалл күйінде бөліп алды. Осы кристалдарды сау темекі өсімдігіне енгізгенде, ол теңбіл ауруымен ауыратынын дәлелдеді. 1898 ж. неміс ғалымы Фридрих Лефлер сиыр аусылының қоздырғышы аусыл вирусын, ал 1911 ж. америкалық ғалым Фрэнсис Роус тауық саркомасының вирусын тауып зерттеді. Қазіргі кезде жылы қанды жануарларда ауру тудыратын вирустардың бес жүздей, ал өсімдіктерде үш жүздей түрі белгілі. Кейбір қатерлі ісік ауруын тудыратын вирустардың адам мен жануарларда вирустық микрофлорасы қалыптасады. Вирустардың пішіні әр түрлі (мысалы, таяқша, иілгіш жіпше тәрізді, сфералық, көп қырлы, т.б.). Вирустың клеткадан тыс (вириондар) және клетка ішінде тіршілік ететін топтары бар. Барлық вирустар шартты түрде жай және күрделі болып бөлінеді. Жай вирустар – нуклеин қышқылдары мен белокты қабықтан (капсид) тұрады; бұларға таяқша, жіп және сфералық формалары жатады. Күрделі вирустар – нуклеин қышқылы мен капсидтен басқа, липопротеидті мембрана, көмірсу және ферменттерден тұрады. Вириондардың мөлшері 15 – 350 нм (кейбір жіптәрізді вирустардың ұзындығы 2000 нм-ге жетеді); негізінен вирустарды тек электрондық микроскоп арқылы көруге болады. Вирус тек бір типті нуклеин қышқылынан (ДНҚ немесе РНҚ) тұрады. ДНҚ-да вирустардың молекулалық саны 106 – 200Һ106, ал РНҚ-дағы вирустардікі – 106 – 15Һ106 болады. Вирустардың көптеген жылдар бойы тіршілік ортасында әрекетсіз жата беру қабілеті бар. Олар дамуына қолайлы жағдай туғанда бірнеше минуттың ішінде көбейіп, өзіне тән қасиеттерін көрсете алады. Адам мен жануарларда жиі кездесетін вирусты көпшілігі 60ӘС-та қыздырғанда тіршілігін немесе ауру қоздырғыштық қасиеттерін жояды. Ал темекі теңбілінің вирусы 10 минут бойы 90ӘС-қа дейін, сары ауру вирусы отыз минут бойы 80ӘС-қа дейін қыздырғанда ғана тіршілігін жояды. Вирус ультракүлгін сәулелер мен химиялық заттарға (қышқыл, сілті) төзімді келеді. Тотықтырғыш заттар вирустың белсенділігін жояды, ал барлық тотықсыздандырғыш заттар олардың тіршілігіне қолайлы келеді. Мысалы, полиомиелит вирусы фенолдың 0,5%, күкірт қышқылы аммонийдың 50%-дық ерітіндісінде сақтала береді. Ал тотықтырғыштарда, мысалы, сутек асқын тотығы немесе марганецқышқыл калий (1%) ерітіндісінде олар тіршілігін тез жояды. Вирус көбеюі бес сатыға бөлінеді: клеткаға ену; клеткада вирус нуклеин қышқылының құрылуын қамтамасыз ететін ферменттердің түзілуі; вирус құрылым бөлшектерінің жиналуы; одан вирионның түзілуі; ересек вирустың клеткадан шығуы. Вирус бактериялар клеткасына клетка қабырғасы арқылы өтсе, жануарларда клетка мембранасы арқылы адсорбцияланады. Өсімдіктерге вирус тек қана клетканың зақымдалған жерінен ғана ене алады. Бір клетканы «іштей жеген» вирустар көршілес клеткаларға ауысып, барлық организмді зақымдап, ауруға шалдықтырады. Вирустарды молекулалық биология зерттейді. Вирустар нуклеин қышқылдарының гендік қызметін ашу үшін (генетикикалық кодты анықтау) пайдаланылады. Компьютерлік вирус – компьютердегі мәліметтерді қасақана бүлдіру мақсатында жазылған арнаулы шағын бағдарлама. Ол өзінен-өзі (автоматты түрде) басқа бағдарламалардың соңына немесе алдына қосымша жасырын жазылып, оларды бүлдіруге кіріседі. Кейіннен дискідегі немесе желідегі мәліметтерді тасымалдау, көшіру кезінде, мәліметтерге ілесе отырып, басқа компьютерлерге «ауру жұқтырады». Мұндай зақымданған бағдарламаны пайдаланғанда зиянды іс-әрекеттер байқалады (мысалы, дискідегі файлдардың орналасу тәртібі бұзылады; кейбір бағдарламалар жұмыс істемей қалады; экранға әдеттегіден тыс бөтен символдар шығады; компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы баяулайды; көптеген файлдардың бүлінгені не жоғалып кеткені байқалады, тіпті компьютердің қатты дискісін қайта форматтап шығады). Қазіргі кезде компьютерлік вирустардың жүз мыңдаған түрлері белгілі. Компьютердегі вирустарды анықтап, оларды жою үшін арнайы антивирустық (вирустарға қарсы) бағдарламалар қолданылады. Тобыл ФК. Тобыл ФК —Қазақстан Премьер Лигасында, ойнайтын, Қазақстан футбол клубы. Қостанай қаласының Орталық стадионы клубтың базасы болып табылады. КСРО чемпионаты. "Тобыл" КСРО чемпионатының 14 сезоніне қатысты. Тәуелсіз Қазақстан. Қазақстан чемпионатының құрылуынан кейін, клуб 17 сезонды жоғарғы дивизионда (1992 жылдан бастап 2001 жылға дейін «Жоғарғы лига» деп аталды, 2002 жылдан 2007 жылға дейін «Суперлига» деген атпен белгілі болды, 2008 жылдан бастап «Премьер-лига» деп аталады.) Термохимия. Термохимия – химиялық динамиканың бөлімі, ол химмиялық реакциялардың жылу эффектісін және реакцияның жүру барысындағы элементтердің физико-химиялық параметрлеріне тәуелділігін қарастырады. Сонымен қатар термохимия мақсатына жылудың фазалық өтулер, ерулер, қосылу, тағы басқа процестер, жылу сыйымдылықты меңгеру және заттардың энтальпиясы мен энтропиясы кіреді. Термохимияның негізгі тәсілі – калориметрия болып табылады. Кей жағдайларда калориметриялық емес те тәсілдер (тепе-теңдік константасын өлшеу нәтижелерінен жылу эффектілерін санау) қолданылады, алайда бұл жағдайларда нәтижелер онша дәл болмайды. 1840 жылы Гесс атты химик тамаша заң ашты, кейіннен осы заңға оның аты беріліп, бұл заң реакцияның жылу эффектісін, заттардың түзілу жылулығын немесе олардың жануын есептеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар тузілуі қиын, ал кейде мүлде мүмкін емес реакцияның жылу эффектісін табуға жол ашты. Есептеуге қажетті стандартты жылу түзілулер formula_1түз о фундаменталды термохимиялық анықтамаларда жиылған. ХІХ ғасылдың ортасында Томсон және Бертло ой тұжырымдады, олардың айтуы бойынша, энергиясыз болып жатқын химиялық реакциялар максималды жылу бөлінген жаққа ағады. Олармен және олардың шәкірттерімен термохимияның негізгі эксперименталдық тәсілдері жасалды және көптеген реакциялардың жылу эффектілері өлшенді. 3 – үлгіні жағу үшін арналған спираль Жалпы алғанда Бертло-Томсеннің мәлімдемелері шындыққа сай болмады, бірақ термохимияда белгілі бір шартта химиялық реакциялардың ағу мүмкіндігін зерттеу маңызы сақталды. Сонымен, – термодинамиканың бірінші және екінші бастамасының жалпы теңдеуі болып табылып (formula_1 – энтальпия өзгеруі, formula_4 – химиялық реакция кезіндегі энтропияның өзгеруі, Т – температура, R – газ тұрақтысы), кез-келген реакцияның тепе-теңдік констартасын Кр жылулық өлшемдер арқылы есептеуге мүмкіндік береді. 2 – ампула сындыруғы арналған араластырғаш Энтальпия өзгеруін (жылу эффект) лабораторияда оңай есептеуге болады. Мұны көбіне реакция шекарасын қоршап жасайды: бұл кезде энергия алмасу жүзеге асады. Егер реакция экзотермиялық болса, онда су қызады, ал егер эндотермиялық болса, онда суиды. Егер судың температура өзгеруін өлшесе және су массасы мен оның меншікті жылу сыйымдылығы белгілі болса, бұл жағдайдахимиялық реакция кезінде жұтқан немесе бөліп шығарған энергия мөлшерін табуға болады. Басқа тәсілдер мен өлшеулерге қарағанда 1-суретте көрсетілген қондырғы көмегімен formula_1-тың нақты шамасын алуға болады. Бұл қондырғы – калориметрлік бомба деп аталады және заттардың жану жылуын өлшеуге арналған. Кейбір реакциялармен formula_1 өлшеуге болады. Мысал ретінде метанның жану реакциясын алуға болады. Бұл реакцияның formula_1 қарапайым асүйлік жабдық пен газ плитасын қолданып табуға болады. Ал басқа реакцияларға мұны орындау қиынға түседі. Мысалға, СаСО3 түзілу (еру) реакциясына 8000С-дан артық температура қажет. Бұл жағдайда берілген энергияны табу үшін суды қолдану қиынға түседі.бұл жағдайларда энтальпияның өзгеруін табу жанама жүріп, энтальпиялық циклдер қолданылуымен жүзеге асады. Жоғарыда айтылғандай, калориметрия реакцияның жылу эффектісін анықтауға, соның ішінде ол тұздардың еру жылуын немесе басқа қосылыстардың суда, не басқа еріткіштерде еруін анықтау үшін пайдаланылады. Бұл термохимияның ең қызықты мақсаты болып табылады, өйткені тұз еріген кездегі бөлінген жылу заттарды қыздыру немесе суыту үшін пайдаланылады. 1581 жыл. 1581 жылы 24 ақпанда Рим Папасы Григорий юлиандық күнтізбенің реформасын аяқтайды. Лотман, Юрий Михайлович. Юрий Михайлович Лотман (1922 жылы 28-ақпан - 1993 жыл, 28 қазан) - атақты орыс ғалымы, әдебиетші, мәдени қайраткер, семиотик. Лотман өз өмірінде көп нәрсеге үлгерді. Соғысты өз көзімен көрді. Туған қаласы Ленинградтан жұмыс таба алмаған ол, эстон қаласы Тартуда жұмыс істейді. Ол Тарту қаласында КСРО заманындағы ең мықты кафедралардың бірі орыс әдебиеті кафедрасының негізін қалады. Оның ғылыми ізденістері кеңес структуралистік мектебінің негізін қалыптастырды. Бірақ ол өз студенттері үшін әрқашанда ЮрМих болып қала берді. Студенттер оны осылай атайтын. Оның арнайы өткізетін курстарына бүкіл унивеситет қатысатын. Лотман бәріне үлгеретін: дәріс оқиды, курстық жұмыстарды басқарады, мақалалар жазады, онымен қоса Лотмановтар үйінің есігі кімге де болсын әрқашанда айқара ашық тұрды. Қашан көрсең де оның үйінде студенттер топталып жүретін: оларға шай беріп, сирек кездесетін кітаптарды оқуға беретін. Пизан мұнарасы. Пизан мұнарасы () - қоңырау мұнарасын, Пиза қаласындағы Санта-Мария Ассунта шіркеу ансамблінің бөлігі. Мұнара құрылысы 1360 жылы аяқталды. Мұнара «Құлап бара жатқан мұнара» ретінде әлемге әйгілі болд, себебі шынымен де вертикаль бағыттан ауытқып «құлағалы тұр». Мұнара ең аласа нүктесінің биіктігі жер бетінен 55,86 м болса ең биік нүктесі - 56,7 м. Табанының ені 4,09 м ал төбесінікі - 2,48 м. Массасы 14453 т. Қазіргі көлбеулігі 5 °. (4,9 м-ге жуық вертикаль бағыттан ауытқыған). Мұнарада 294 баспалдақтары бар. Құрылысы. 1964 жылы 27-ақпанда Италия үкіметі Пизан мұнарасын сақтап қалуға бағытталған ең жақсы жобаға конкурс жариялады. Пизан мұнарасының ұшар басы күннен-күнге өз негізінен ажырап барады. Сарапшылар кішкене жер сілкінісі нәтижесінде ортағасырлық іргетас опырылып түсүі мүмкін деп қорқуда. Пизанның ең басты мәдени ескерткішін сақтап қалуға бағытталған жобалар жан-жақтан келіп түсті. Тек 1999 жылы ғана инженерлік жұмыстар ойдағыдай жүргізіле бастады. Байбосынов Қайрат. Байбосынов Қайрат - әнші (баритон). Қазақстанның халық артисі. Ол Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданындағы Бастау елді мекенінде 1.6.1950 жылы туған. Әкесі Әубекір (Әукен) шаруа, қыр қазағы. Етікші болатын. Әрі домбыра мен қобызда ойнайтын, әнді де тартымды орындайтын, ауыл арасында сыйлы азамат еді. Анасы – Торғын үй шаруасында болды.1967 жылы Республикалық эстрада-цирк студиясына қабылданды. 1969 жылы қазақтың эстрадалық студиясын бітірді. Оның >ұстазы атақты әнші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚазССР-нің халық артисі Жүсіпбек Елебеков. Шығармашылық жолы “Гүлдер” жастар ансамблінен басталған. Жас әншінің мақпалдай жұмсақ, жайлы баритон даусын Қали Байжановаса жоғары бағалаған. Қ. Байбосыновтың репертуары бай және әрқилы, ол: қазақ әндері “Ардақ”, “Қарғаш”, “Сұржекей”, “Алқоңыр” халық композиторлары Біржан салдың, Ақан серінің, Мұстафаның, Естайдың, Ыбырайдың, Жаяу Мұсаның әндері, қазіргі композиторлар әндері (“Асылым”). Ол бұрын - соңды сахнада орындалмаған 60- тан аса қазақ әндерін тұңғыш орындаған әнші. Қайрат Байбосыновтың өзіндік орындау мәнері қазақтың ән өнеріндегі айшықты із, қайталанбас қолтаңба болып табылады. 1980 жылы Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы, 1981 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, ал 1990 жылы Халық әртісі атағы берілді. Шығармашылығы. «Асылым» - Әні мен сөзі І. Жақановтікі орынд. Қ. Байбосынов. Балмағанбетов Сәдуақас. Балмағанбетов Сәдуақас - домбырашы, шебер орындаушы және қазіргі замандық көптеген күйлердің авторы. 1941 жылы Ақтөбе облысында туған. 1974 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын профессор Х. Тастановтың класы бойынша бітірген. 1978 жылдан ол осы жоғарғы оқу орнында дәріс береді. Әкесі Балмағамбет, Қазанғап күйшінің дәстүрлі орындау мектебін жалғастырушы белгілі домбырашы болған. Сәдуақас домбырада ойнауды жас кезінен бастаған. Оны туысқан ағасы Матай Қуантаев өнерге баулыған (ол да Қазанғаптың шәкірті). Мұнан кейінгі жылдары Сәдуақас шеберлігін Қадірәлі; Келбет; Жалыкеш; Құрманғали сынды домбырашылардан үйрену арқылы шыңдайды.Сәдуақас Балмағамбетовтың өзіне ғана тән орындау ерекшелігі бар. Күйді шеберлікпен орындау арқылы ол халық ықыласына ие болды. «Қызылқұм»- Әні М. Қойшыбаевтікі орынд. С. Балмағамбетов. Баспаев Жамбыл. Баспаев Жамбыл - виолончелист. Қазақстанның халық артисі. 1938 ж. Мәскеу қаласында туған. Білімді П. И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесінде, П. И. Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясында (профессор С. З. Аспамазяннан және профессор М. А. Растроповичтен (аспирантура)) алған. Жамбыл Баспаевтың репертуарында музыка мәдениеті классиктерінің үш жүзден аса шығармалары бар. Оның репертуарында сондай-ақ, Қазақстан композиторларының шығармалары да ерекше орын алады. 1965 ж. Ж. Баспаев Қазақстан виолончелистерінің ансамблін ұйымдастырады, қазіргі кезге дейін өзі оған басшылық жасайды. Жамбыл Баспаев орындаушылық қызметін дәріскерлікпен тығыз байланыстырады. 1965 жылы ол Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында еңбек етіп келеді. Профессор қазақ музыкасының материалдары негізінде жазылған ғылыми-әдістемелік құралдардың авторы. «Поэма»- Әні К. Күмісбековтікі орынд. Ж. Баспаев. Бекежанов Нартай. Бекежанов Нартай - ақын, композитор. Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келген. Он жасынан ән салып, өлең айта бастайды. Бай - молдаларды шенеген (“Сараң байға”, “Мырзалық емес”), барымта әмеңгерлікті әшкерелеген. (“Жесір дауы”), жалшыларды батылдыққа, қайсарлыққа шақырған өлеңдер шығарды. Ақындар айтысында Н. Баймұратовпен,Қ. Байболовпен өнер сайысына түсті. Ақын халық әндерін шебер орындаумен қатар өзі де әндер (“Толқын”, “Нартай сазы”, “Өсиет терме”) шығарды. Нартай өмірінің соңғы кезеңіне дейін өткір идеялық құрал өнер мен мәдениетті дамыту жолында күресті. Ол туралы Мұхамеджан Рүстемов “Нартай” повесін жазды. «Өсиет терме»- Әні мен сөзі Н. Бекежановтікі, орынд. М. Рүстемов. Бисенғалиев Марат. Бисенғалиев Марат - скрипкашы. 1962 ж. Алматы қаласында туған.Мараттың әкесі Сәмет Бисенғалиевтің ата тегі Батыс Қазақстан облысының Орда ауданын мекендеген. Ол институтта жоғары білім алған соң Қырғызстанның Жалалабад облысының қаржы бөлімін басқарды. Кейін отбасы Алматыға қоныс аударғасын Сәмет Бисенғалиев қаладағы Калинин ауданының қаржы бөлімінің төрағасы қызметінде болды. Мараттың анасы – Арухан көршілес Астрахань облысынан, мамандығы – мұғалім. Сәмет пен Аруханның ұрпақтары – Ғалия, Райхан, Батима, Ғанимат, Сағадат. Олардың кенжесі – Мараттың Алматыда 1962 жылы 13 наурыз күні кіндігі кесілді. Егер де оның анасы Маратты Алматыға қонаққа келгенінде босанбаса, жолшыбай туып қалар еді. Сәмет Бисенғалиев домбыра аспабында тамаша ойнайтын. Жерлестері ортасында үлкен құрметке ие-тұғын. Оның орындаушылығында Дәулеткерей мен Сейтек күйлері әуен фирмасында кезінде таспа-ланған-ды. Мараттың музыкалық қабілеті кешірек оянды. Мектепте жүрген шағында оны алда музыка өнерпазы болады деп ешбір жан ойламаған. 1969 жылы Күләш Байсейітова атындағы музыкалық үчилищенің скрипка класында оқуды бастайды. Ол 8 сыныпта Нина Михайловна Патрушевнаның тәрбиесінде нағыз ұстазын табады. Сонда ғана скрипкада беріле ойнайды. Училищені бітірген соң ол Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, ардақты Н.М.Патрушеваның класына қабылданды. Үшінші курста П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының профессоры Борис Владимирович Беленькийдің класына ауысты. Көптеген халықаралық конкурстардың лауреаты.1988 жылы Қазақстанға келіп «Алтын алма» атты жеке батыс-тық музыка ұжымдарымен тайталаса алатын камералық концерт құрды. Дирижер Құрманғазы атындағы консерваторияның профессоры Я.Фудиман, Р.Хисматуллин, Я.Мавриди, С.Бисенғалиева, М.Бекмағанбетов сынды өнерпаздарды шақырды. Бұл Мараттың өзі үлкен қанағаттанушылықпен есіне алатын оркестрді басқару тәжірбиесі еді. Бастама Мараттың Англияға кетуіне орай тоқтап қалды. 1990 жылдан Англияда тұрады. Осы уақыттан бастап, белсенді концерт берумен айналысады.1990 жылы Англия корольдігінің оркестрімен үлкен концерт атқарды. Оның скрипкашылық өнері таныла түсті. Осы жылы «Наксос» фирмасының менеджері оны байқап, осы фирмамен бірге жұмыс істеуге шартқа отыруды ұсынады. Мұның өзі скрипкашы алдында батыстың көптеген концерттік залдарының есіктері айқара ашыларына және әлемдік жетекші маңыздағы оркестрлерде орындауына жол ашылды. Ол әлемнің ең үздік, әркімнің қолына түсе бермейтін «Карнеги Холл» және «Барбикен Холл», «Альберт Холл», «Гивен Хауз» залдарында өнерімен тамсандырды. Осылардың арқасында Марат Сәметұлының орындауындағы шығармалар жазылған үнтаспалар сатылымы молая түсті. Оның көптеген дискілері ағылшын журналы «Граммофонның» үздігі аталды. 1989 жылы Мәскеудегі «Мелодия» фирмасы да оның орындауындағы шығармаларды үнтаспалады. Оның репертуарына 80 скрипкалық концерттері мен 1,5 сағаттық камералық музыкаға арналған бағдарламалары енді. 1996 жылы Нью-Йорктің Барбикан Холында Англияның камералық оркестрімен берген концерті оның халықаралық скрипка жұлдызы ретінде қалыптасуындағы шешуші кезең болды. Ол ірі әлемдік музыка жазбаларымен айналысатын компаниялармен тұраҚты келісім шарт жасасады. Қазіргі кезде Марат Бисенғалиевті әлемнің танымал сыншылары мойындап отыр. Оны “Қазақстанның бейбітшілік елшісі” деп атайды.Марат Бисенғалиевтің тікелей ұйымдастыруымен құрылған Батыс Қазақстандық симфониялық оркестр Астана, Алматы және Орал қалаларында көмеймен ән салатын өнерпаз Еділ Құсайыновтың Финляндия хоры мен Ұлыбританиялық орындаушыларының қатысуымен өткен екі сағаттық концерті тамаша өтті. Karl jenkins Music ltd дискіде музыкалық поэманы жарыққа шығарды. Оны таспалауды Sony classic фирмасының студиясы мойнына алды. Бұл оркестрде кеңесші дирижер болуға кезінде Фуат Мансұров пен ағылшындық дирижер Джон Андерсон қатысқан-ды.Марат Бисенғалиевке ҚР еңбек сіңірген қайраткері атағы 2008 жылы берілді. Бұл хабарды Қазақстанның Англиядағы төтенше және өкілетті елшілігінен естиді. Аса шебер өнерлі скрипкашыны 2005 жылы Англияда өткен концерттің аяқталғанында үндістандық менеджер сахна сыртына көтеріліп, оған үлкен ұсыныс жасайды. Мақсаты – Марат Бисенғалиевтің тікелей көмегімен Үндістанда симфониялық оркестр құру. Бұл күндері Үндістанда сондай оркестр қанатын жая түсуде. Енді ол Францияның мәдениет министрлігінің сұранысымен Парижге қоныс аудармақшы «Ш. Гуноның «Фауст» операсынан скрипкаға арналған фантазиясы (үзінді)».- Өңдеген Г. Винявский, орынд. М. Бисенғалиев. Әбілтаев Шәміл. Әбілтаев Шәміл - домбырашы, композитор-күйші. 1948 ж. Атырау облысында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын (Қ. Жантілеуов пен К. Мұхитовтың домбыра класын) бітірген. 1944 жылдан - Құрманғазы атындағы Халықаралық қор Президенті. Әбілтаев домбырада төрт жасынан бастап, ойнап келеді. Бірінші ұстазы - әкесі болған. Әбітавқа домбырашы ретінде қалыптасуына Көшелі, Кәмеш, Серкебай сияқты белгілі күйшілер үлкен ықпал еткен. Ол Құрманғазы, Дина, Абыл, Мәмен күйлерін сауатты орындайды. Соңғы жылдарыры композитор ретінде де таныла бастады. Ол – Қазақстандықтарға жақсы танымал күйлер мен әндердің авторы. Оның “Заман-ай”, “Домалақ ана”, “Шақшақ Жәнібек” сияқты күйлері, “Күй ата”, “Ордабасы”, “Аңсау”, “Өріккүл” сияқты әндері көпшілікке белгілі. «Ақ бидай» - әні автордікі және орынд. Ш. Әбілтаев. Бәйтереков Сейдолла. Бәйтереков Сейдолла (1945-1998) - композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Шымкент музыкалық училищесін, Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясын бітірді. 1977 - 1992 жылдары С. Бәйтереков Алматы мемлекеттік консерваториясының ұстазы, “Қазақконцерт” бірлестігінің көркемдік жетекшісі, бас дирижері, Алматы қалалық музыкалық ансамбльдер бірлестігінің директоры көркемдік жетекшісі болып қызмет атқарды. 1990 жылдан өмірінің соңғы күніне дейін “Саз” дыбыстық жазба Мемлекеттік студиясының директоры болып қызмет атқарды. С.Бәйтереков кинофильмдерге, драмалық қойылымдарға музыка жазды. Оның симфониялық оркестрге, хорға жазған туындылары Қазақстан композиторларының үздік шығармаларының қатарынан берік орын алды. Оның “Әлия”, “Күнге табыну”, “Дос туралы жыр”, “Түркістан” әндері музыка сүйер қауымның рухани азығына айналды. «Әлия»- Әні С. БӘйтерековтікі, сөзі Б. ТӘжібаевтікі орынд. Р Рымбаева. Ғабдиев Рысбай. Ғабдиев Рысбай - домбырашы, дирижер. Қазақстанның халық артисі. Көптеген конкурстар мен фестивальдердің лауреаты. 1937 жылы Атырау облысында туған. Әл-Фараби атындағы мәдениет институтының сырттай бөлімін, Алматы музыкалық училищесін бітірген. 1990 жылдан - Атырау облысының Дина Нұрпейісова атындағы халық аспаптары оркестрінің бас дирижеры және көркемдік жетекшісі. Ғабдиев шығармашылығының негізін күйтабақтарға жазылған қазақ халық композиторларының (Құрманғазы, Дина, Дәулеткерей, Абыл) күйлері құрайды. Қазақ теледидарының алтын қорына оның екі концерті енген. Ғабдиев концерттік бағдарламамен Қазақстанның және шетелдердің көптеген қалаларында болды. Ол шығармашылықты дәріскерлікпен бірдей алып келе жатқан алғыр жан. Ғабдиев Атырау педагогикалық институтында жұмыс істейді және домбыра тартуды үйрету жөніндегі кө>птеген кітаптардың авторы. «Ақсақ құлан»- Халық күйі орынд. Р. Ғабдиев. Жедел лейкоздар. Жедел лейкоздар — жетілмеген бласттық қантүзу жасушаларының қалыпты сүйек миының орнын басып алуымен сипатталатын лейкоздың тез өрістейтін түрі. Жедел лейкоздар екі ірі топқа бөлінеді: жедел лимфобласттық лейкоз (ЖЛЛ) жөне жедел лимфобласттық емес (миелогендік) лейкоз (ЖМЛ). ЖЛЛ көбіне балалықшақта, ал ЖМЛ ересек жастағыларда кездеседі. Жедел лейкоздар гемобластоздардың ең ауыр және жиі түрі. Гемобластоздардың 1/3 осы лейкоздардың үлесіне тиеді. Жедел лейкоздар кез келген шақта дами береді, бірақ 3-4 және 60-69 жас аралықтарында жиілеу дамиды. Әйелдерге қарағанда, еркектер көбірек ауырады. Ертеректе бүл ауру 1-4 айда өлімге соқтыратын. Бұл кездегі емнің жетістіктері жедел миелолейкоздың 20-40%, жедел лим-фолейкоздың 50% толык ремиссияға әкеліп, науқастардың өмірін со-зуға мүмкіндік береді. Жедел лейкоздарда гемопоэздік жасушалардың ісіктік трансформациясы бастапқы ізашар бластгык жасушалардың деңгейінде. Бласттық жасушалар бүл ауруда дамып жетілмейді, дамуы жетілген жасушаларға айналмайды. Жіктемесі. Ісіктік жасушалардың түріне карай жедел лейкоздар-дың лимфобласттық және лимфобласттық емес түрлерін айырады. Лимфобласттқлейкоз жедел лейкоздардың 15% құрайды. Оның ісіктік субстраты — лимфобласт. Лимфобласттық емес лейкоздарда ісіктік процесс миелоидтық өсіндінің бласттық жасушаларынан дамиды. а) жалпы түрі ("не Т, не В емес" түрі) - ЖЛЛ-дың 70% қүрайтын); Жедел лейкоздың барысындағы сатылары. 2) ремиссия (толық немесе толық емес); 1) талақтын, бауырдың, лимфа түйіндерінің, бадамша бездердің 2) терінің, ми кабыктарының, бүйректің, миокардтың, окпенің ісіктік 3. Жаралы-некроздық (бадамша бездерінің, ауыз қуысыңың, өңештің, ішектің некроздық жаралары). 4. Геморрагиялық (терінің, кілегей қабықтардың бетіндегі петехиялық, дақты канталаулар, әртүрлі ағзалардан қан кетуі - мүрыннан, жатырдан, ас корыту жолынан, бүйректен т.б.). Аурудын бастамасы әртүрлі. Наукастардың 20%-да ауру біртіндеп баяу дамиды. Алғашқы кездерде әлсіздік, шаршағыштық, сүйектердің ауырсынуы, дене қызуының субфебрильді деңгейде әлсін-әлсін биіктеуі байқалады. Бұл кезде сүйекгердің үнемі 'қақсауы көбірск ' мазчлайды. Кейде осыған байланысты қате диагноздар қойылын, физиотерапия шаралары қолданылады. Науқастардың бірқатарыііди бүл кезде лимфа түйіндердің, талақтың үлғаюы және қанныи анализінде лейкоциттердің себепсіз көбеюі немесе азаюы, лимфоци тоз, моноцитоз, бірен-саран бласттар, анемия мен тромбоцитопенияш бейімділік анықталады. Науқастардың тең жартысыңда аурудың бастамасы жедел жүқпалі.і ауруға үқсайды - жаралы некроздық баспа, жедел респирациялык, ауру, жаралы стоматит тәрізді басталады. Кейде биік қызбамен, ауыр интоксикациямен қатар іштің ауыруы, диспепсиялық бүзылыстар бо-лады. Осыған байланысты, кейде науқастар жүқпалы аурулар ауруха-насына түседі. Науқастардың 10%-да аурудың алғашқы көрінісі қан кетуден бас» талады (мүрыннан, ас қорыту жолынан, жатырдан). Аурудың классикалық көрінісі жайылма сатысында айқын. Бүл кездв ауыр интоксикация, биік қызба, ауыз қуысының, бадамша бездерінің жаралы-некроздық зақымданулары болады. Жаралар жүтқыншакка, өңешке, ішекке де түсуі мүмкін. Наукастардың жағдайы ісіктің көлеміне және таралу деңгейіне тәуелді, мәселен аурудың жайылма сатысыида, дененің 1 м2 шакқанда, ісіктің жалпы массасы 1012 жасуша құрайды деген пікірлер бар. Метастаздық зақымданулардан болатын шағымдар әртүрлі: бастын аса қатты ауыруы, жөтел, ентікпе, омыртка бағанасы-ның "радикулит" тәрізді үнемі ауыруы, іштің өткір ауыруы, іштің өтуі, терінің қышынуы т.б. Тері, кілегей жамылғыларының аса куқылдануы тән. Терінің бетіңде петехиялық, дакты қанталаулар және ісіктің метастаздары теріге тараса, теріде суйелге үқсас, түсі қызғылт немесе қоңырлау ескеншектер -лейкемидалар болады. Лейкемидалар некроздалғанда, олардың орны түсі кара ойық жараларға айналады. Периостың астында лейкемиялық инфильтраттардың дамуынан, сүйектер қакқан кезде ауырсынады. Осылармен бірге гиперпластикалық синдромның белгілері анықга-лады: лимфа түйіндерінің (алдымен мойындардың) және талақтың, бауырдың үлғаюы. Ұлғайған лимфа түйіндер ауырсынусыз, қозғалма-лы, консистенциясы тығыздау. Гиперпластикалық синдромның лимфатүйіндердің үлгаюынан басталуы жедел лимфобласттық лейкозға тән. Ұлғайған талак ауырсынбайды, консистенциясы тығыз, шеті ба-сында 3-6 см шығып түрады, бірақ ауру өрістей келе, талак едәуір үлғаяды. Бастамасында ең аддымен талақгың үлғаюы - жедел миелолейкозға тән белгі. Ұлғайған бауырдың шеті кабырға астынан 2-4 см шығады, консистенциясы тығыз, беті тегіс. Өкпе зақымданганда пневмонияға, плевритке ұқсас жөтел, ентікпе, кан кақыру байқалады. Өкпеде (дыбыстын түйықталуы, тыныстың өзгерістері, күрғақ және ылғал сырылдар, плевраның үйкеліс шуы) есітіледі. Жүрек жағынан тахикардия, систолалық шу, тондардың әлсіздігі байқалады. Ас қорьггу жүйесінен стоматит, гингивит, жаралы некроздық баспаның дамуы тән. Науқастарды жүрек айнуы, іштің ауыруы мазалайды. Асқазан-ішектің ауыр зақымдануында іштен қан кетеді. Бұл кілегей қабықтағы қанталау дақтарының неркоздық жараларға айналуынан болады. Лейкоз көріністерінің ең кауіптісі — нейролейкемия. Бласттық жасушалар мидың қабықтарына, мидың затына, нерв бағаналарына еніп өседі. Бласттық жасушалар нерв жүйесіне екі жолмен таралады. Бірі — бас сүйегінен, омыртқалардан қатты қабыққа жанасып таралуы; екіншісі —тамырлардың қабырғасынан диапетез арқылы етуі (метастазы). Нейролейкемияның көрінісі менингиальдық синдромға, бас миінің ісігіне, түбірлік синдромға, гипоталамустың закымдануына тән белгілермен сипатталады. Менингиальдық синдромда бас аса қатты ауырады, жүрек айниды, көз коруі нашарлайды, кору нерв емізігі ісінеді, желке бүлшықеттерінің ригидтілігі пайда болады және жүлын-ның сүйықтығында бласттық жасушалар анықталады, белок кобейеді. Гипоталамус зақымданғаңда үйқышылдық байқалады, кейде қантсыз диабет дамиды, науқастардың бірқатары аса семіреді немесе кахек-сияға түседі. Толық ремиссияда аурудын клиникалық және қан анализіндегі өзгерістер толық жойылады, бірақ сүйек миында лейкоздық жасуша-лардың ошақтары сақталады. Толық емес ремиссияда лейкоздың айқ-ын белгілері жоқ, бірақ қанда, аз молшерде болса да, бласттық жасу-шалар жүреді және сүйек миынан тыс, өсуге бейімділігі жоқ бірен-саран пролифераттар болады. Аурудың рецидив кезіндегі көрінісі оның жайылма сатысына үқсайды, бірак нейролейкоз, анабезінің, жатырдың, атабезінің зақымдануы жиіленеді. Кейде аурудың рецидиві нейролейкемиядан басталады. Егер ісіктік жасушаларға бірде-бір дәрмек цитостатиктік әсер етпесе және қалып-ты қан түзілудің тежелуі қайтымсызға айналса — бүл лейкоздың ақырғы сатысы болғаны. Терминальді сатыда ірінді-сепсистік асқынулар, уьпты гепатит пайда болады, геморрагиялық сиңдром күшейеді. Диагностшасы. Лейкоздан күдіктенгенде қаннын жалпы анализін зерттейді және трепанобиопсия жасалады. Бласттық жасушалар болғ-анда лейкоздың түрін аныктау үшін морфологиялық, цитохимиялық, цитогенетикалық және иммунологиялық зерттеулерді жүргізеді. Шеттік қанда бласттардың болуы леикемиялык, ал бласттардың болмауы — лейкоздын алейкемиялык варианты аталады. Жедел лейкоздың алейкемиялық фазасында шеттік қанда бірен-саран бласттар бо-лады немесе мүлдем болмайды. Мүндай жағдайда диагнозды треиано-бионсия немесе стернальдік пункция жасау аркылы аньіқтайды. Ре-цидив кезінде бласттар шетгік қанға шығады. Қанның анализінде бла-сттар болса сүйек миын зерттеу қажетсіз саналады. Сүйек миының биоптатында түрлі дейгейдегі (кейде тотальді) бласттық метаплазия анықталады. Жетілген жасушалардың саны аз, қалып-ть: қан түзілу өсінділерінің барлығы тежеледі. Науқастардың біразында жедел лейкоздың аз пайызды аталатын, түрі болады. Бүл жағдайларда аурудың клиникалық белгілері болма-шы деңгейде, цитопенияға, эсіресе анемияға бейімділік байқалады. Қаннын анализіндегі және сүйек миындағы бластгық жасушалардың саны 10-20%-дан аспайды. Мүндай жағдай 3-4 айға ғана созылады, содан кейін жедел лейкоздың кәдімгі көрінісі өрістейді. Жедел лейкоздың түрін анықтау үшін бласттық жасушаларды цитохимиялық әдіспен зерттейді. Жедел лимфобласттык лейкоздың түрін иммунологиялық әдістермен - моновалештік аитиденелердің көмегімен лейкоздық жасушалардың кммундық фснотипін зерттеу арқылы анықтайды. Лейкоздық жасушаларды гистохимиялық, иммунологиялық зерттеулердің нәтижесінде науқастардың 8%-да жедел лейкоздың келесі рецидиБІнде жасушалық варианттың өзгеретіндігі анықталған. Көбіне лимфобласттық жасушалар миелоидтыққа алмасады. Мұндай жағдай химиотерапияның көмегімен толык жойылған бір клонның орнына, екінші ісіктік клонның пайда болуынан немесе емнің салдарынан бүдан ерте ізашарлық жасушалар дифференциясының бүзылуынан болады деген болжамды пікірлер айтылуда. Сондықтан лейкоздық клон унемі озгеріп жасарады-мыс. Жедел лейкозға қатысты ереже бойынша, науқастан алғашқы кездерде алынған қанның жағындыларын және сүйек миының препараттарын емір бойы сақтау керек, өйткені цитостатиктік емнің әсерінен жүре-бара бласттардың морфологиясы өзіеріп, лейкоздың түрін анықтау киындық келтіреді, әсіресе науқас баска мекемеде тексерілетін болса. Жедел лейкоздың болжамына ауруды неғұрлым ерте анықтап, емді кешіктірмей бастаған манызды. Сондықтан кайталанатын және емге бершмейтін баспада, ірипте, респираңиялык ауруларда, әсіресе бұлармен бірге лимфоаденопатия, геморрагиялық белгілер, артралгиялар болса, онда жедел лейкоздан күдіктеніп, қан анализін жиі қайталау кажет. Сонымен қатар лимфоаденопатия және гиперпластикалық гингивиттер болғанда да науқастарды аса сақтықпен зерттеп, емдеу қажет. Қан анализін зерттемей түрып физиотерапиялық, жылулық шараларды қолданудан сақтанған жөн. Дифференциалдық диагностика. Жедел лейкоз панцитопешшмен дамығанда аплазиялык анемиядан айырады. Аплазиялық анемияда лимфа түріндер үлғаймавды, канда бласттық жасушалар болмайды, сатыстыр-малы лимфоцитоз, гранулоцигопения болады; сүііек миы азаяды, миелофаммада бірен-саран лимфоциттер, эритробласттар анықталады, грепанатта — миелоидтық тіннін майлық тінге айналуы байқалады. Жедел лейкозды миелокарциноздан (рактың сүйек миына таралуынан) айыру кажет. Қанға шыққан метаетаздык ісіктің жасушалары лейкоздык. бласттарға үқсайды. Бүл жағдайда рактың клиникалық көрінісі, УДЗ-дің, рентгенологиялықзергтеудіңнәтижелері, КТГ, атипті жасушалардың гистохимиялық, цитогенетикалық анализдері бүл ауруларды айыруға мүмкіндік береді. Жедел леіікоздың корінісі жаңа басталған кезінде инфекциялық мононуклеозға немесе жедел инфекциялық лимфоцитозға ұқсайды. Инфекциялык мононуклеозда лимфа түйіндер ұлғаяды, гепатосплено-мегалия, фарингит хсәне геморрагиялық бөртпелер пайда болады, ал науқастардың тең жаргысында биік лейкоцитоз (20 х 109/л), сонымен қатар абсолюттік лимфоцитоз және лимфоциттердің бласпрансфор-мациясы анықталады. Бірақ, инфекциялык, мононуклеозда бластірансформашіяланған лимфоциттер бласітарға үқсамайды, анемия ментромбоцитопения болмайды. Кднда Эпстайн-Барр вирусыиа антиденелердің титрі биік. Жедел инфекңиялык лимфоцшпоз — балалык шакта дами-тын барысы қатерсіз вирустык ауру. Кднның анализінде лейкоцитоз және 70-90% шамасында лимфоцитоз болады, бірақ жедел лейкоздан аіірықша, лимфоциттердің толық жетілуі тән. Кейде эритробласттық лейкозды виіамин В12-тапшылықты анемиядан айыру қиындық келтіреді. Анемияың, панцитопения болуы осы аурулардың екеуіне де тән, және В12-тапшылықты анемиядағы мегалобласттар эритробласттарға ұқсайды. Бұларды айыру үшін В12 витаминді қолданып байқауға болады. Ретикулоцитарлық криздің дамуы, эритроциттер санынын көбеюі В12-тапшылықты анемияның болуын дәлелдейді. Емі. Жедел лейкоздың бұл кездегі емінің негізгі мақсаты — хими-отерапия әдісімен лейкоздық жасушалар клонын толық қырып жою. Ол үшін әртүрлі цитостатиктерді қосарлау арқылы лейкоздык жасу-шаларды сатылы қүрту ем бағдарламасын қолданады. Сонымен қатар, негізгі аурудың асқынуларына, қолданатын дәрмектердің жанама әсерлеріне жол бермеу шаралары қарастырылады. Қазіргі кездегі ем бағдарламалары науқастардың 60-80%-ның толық ремиссияға жетуіне, ал 20-30%-ның толық сауығуына мүмкіндік береді. Цитоетатиктерді лейкоздық жасушалардың митоздық циклына сәй-кестеп қолданады. Митоздық цикл 4 фазадан түрады: пресинтездік (О^); ДНК түзілу фаза (8); премитоздық (О,); митоздық (М). Митоз аяқталғаннан кейін жасушалардың біразы қайтадан митоз циклына түседі, ал қалғандары тыныш фазада (С0) болады. Лейкоздық жасушалардың митоздық циклы 80 сағатқа созылады. Мипюздык (М) фазада хромосомалар ажырасады, бір жасуша екіге бөлінеді. Бүл процесс митоздық циклдың 1% уақытын алады (0,5-0,8 сағ.). Бұл кезде лейкоздық жасушаларға күшті әсер ететіні — винкри-стин (винбластин). Постмитоздык фазада (О0) жасуша тыныш күйде, нуклеин қышқылдарының синтезі белсенді емес, бірақ белоктың синтезі тоқтамастан жүріп жатады. Бүл кезде преднизолон мен метотрексат күшті әсер етеді. Жасушаның синтездік фазасында (3) 12-20 сағат алатын, ДНК-ның синтезі белсенді жүреді. Бүл фазада ДНК синтезін тежейтін дәрмектерді қолданады: метотрексат, 6-меркаптопурин, рубомицин, цитозар, нитрозомочевина. Премитоздык фаза (О,) шамамен 2 сағат алады, бүл кезде жасушаның ішіндегі ДНК молшері 4 есе жоғарылайды; жасуша бөлінуге дай-ын. Осы фазаға күшті әсер ететіні - циклофосфан. Глюкокортикоидтар бласттық жасушалардың 0,-фазасында және ДНК синтезінің басталу фазасыңда әсер етіп, жасушалардың келесі фазаға түсуін бөгеп, ұстап тұрады. Сондықтан С,-фазаға келіп тоқтаған жасушалардың саны көбейеді. Преднизолонмен емнің мақсаты -осы фазадағы жасушалардың санын көбейтіп алып, келесі 8-фазада әсер ететін 6-меркаптопуриннің, метотрексаттың сокқысына салу. Винкристин лейкоздық жасушаларды митоздық фазада жояды. Бұл дәрмекті жиі енгізуге болмайды, ойткені митоздық фаза бар-жоғы 1 сағатқа созылады, ал барлық митоздық цикл шамамен 3 тәулік күрайды. Егерде, винкристинді енгізгенде, митоздық фазада жүріп жаткдн лейкоздық жасушалар болмаса, онда дәрмек сау жасушаларға әсер етеді. Винкристиннің концентрациясы 3 тәулік сақталады, сондықтан оны аптасына 1 реттен енгізеді. Митоздың әр фазасына әсер ететін дәрмектерді — преднизолонды (О,), 6-меркаптопуринді және метотрексатты (8), винкристинді (М) қосарлаумен көбейіп жатқан лейкоздық жасушаларға жан-жақгы әсер Преднизолон мен L-аспарагиназадан баскалары барлық жасушала-рға тандамастан әсер етеді (лейкоздық және сау ізашарлық жасушала-рға). Сүйек миынын қалыпты жасушаларының митоздык циклы, лей-коздық жасушаларға карағанда қысқалау (шамамен 60 сағат), сондық-тан тыныш фазаға тездеу түседі. Осыған байланысты цитостатиктік дәрмектердің лейкозға қарсы әсері, аплазиялық әсерінен гөрі, басым. Жедел лейкозда ісіктік жасушалардың екі популяциясын айырады — пролиферацияланып жатқандар және пролиферацияланбай жатқандар (көбейіп және көбеймей жатқандар). Пролиферацияланбай жатқан жасушалардың митоздық циклға кайта түсуіне 11 тәулік қажет. Сондықтан цитостатиктік ем циклының аралыктарында осыған тең ұзілістер жасалады. Сонымен, жедел лейкоздың емінде цитостатиктік дәрмектерді митоздық циклмен сәйкестеп келтірілген, синхрондалған ем әдісін қол-данады. Алдымен, жасушаларды митоздың белгілі бір фазасында блок-тап (ұстап, күткізіп) түратын дәрмекті қолданады. Осының нәтижесінде жасушалардың митоздық фазалары бір-бірінен озып кетпейді, яғни митоздың блокталған фазасында болатын жасушалардың саны кобейеді. Содан кейін, осылайша жиналған жасушаларды қыратын дәрмекті енгізеді. Жедел лейкоздың жасушалық варианттарының цитостатиктерге сезімталдығы әртүрлі. Сондықтан дәрмектердің түрін лейкоздың жасушалық вариантына карап калайды, ал дозасын дене бетінің м2 шағып есептейді. Бұл кезде полихимиотерапияның көптеген схемалары күрастырылған (оны арнайы анықтамалардан табуға болады). 1-фазасы (4 апта) — винкристин, рубомицин, Ь-аспарагиназа, преднизолон; 2-фазасы (4 апта) — циклофосфан, цитозар, 6-меркаптопурин. Ремиссияға жету емін аяқтаған соң, 4 аптадан кейін ремиссияны нығайту емін бастайды — цитозар + вепезид (екі 5 күндік ем курстары); 5 күндік курстардың аралықтарында 6-меркаптопурин беріледі. Рецидивке қарсы (сүйемелдеу) емді 2 дәрмекпен жүргізеді - метатрексат және 6-меркаптопуринмен. Нейролейкемияны болдырмау үшін метотрексатты, цитозарды немесе преднизолонды эндолюмбальді енгізеді немесе басты екі жақтан сәулелейді. Жедел лимфобласттық емес лейкоздарда ремиссияға жету үшін екі 7 күндік ем курстарын жүргізеді; цитозар + рубомицин немесе цитозар + митоксантрон немесе цитозар + рубомицин + тиогуанин. Ремиссияны нығайту үшін цитозарды баска дәрмекпен косарлап (митоксантронмен) қолданады. Сүйемелдеу емін цитозармен және рубомицинмен жүргізеді. Сүйемелдеу емін жүргізгенде үш айда бір рет сүйек миын зерттейді. Нейролейкемияны болдырмау үшін метотрексатты немесе цитозарды, преднизолонмен бірге эндолюмбальді енгізеді немесе оның орнына басты сәулелейді. Сүйек миынан тыс инфильтраттар болғанда (кеуде ортасының, жұтқыншақтың, атабезінің т.б.) осы аймақтарды рентген сәулесімен сәулелейді. Бүл кезде жедел лейкоздардың емінде сүйек миының трансплантациясы (миелотрансплантация) қолданылуда (аллогендік немесе ремис-сияның кезінде науқастың өзінен алынғаны). Трансплантацияның ал-дында лейкоздык жасушаларды толық кыру үшін 4 күн қатарынан циклофосфанды 50 мг/кг дозада енгізеді және 10 Гр дозада денені бір рет тотальді сәулелейді. Инфекциялық асқынулардан сақтандыру үшін науқастарды асептикалық палатаға жаткызады. Дене қызуы биіктесе кен спектрлі антибиотиктерді қолданады (цефалоспориндер + аминогликозидтер не-месе жартылай синтезделген пенициллиңдер + цефалоспориндер). Егер 3-4 күннен кейін антибактериялық емнен өсер болмаса, каннын себіндісін зерттейді және антибиотиктерді ауыстырады; бір аптадан соң кьізба жойылмаса, емге саныраукүлакшаға карсы дәрмектерді косады. Ауыз қуысы мен дене аса үқыпты күтілуі тиіс. Гранулоцитопения-ның ауыр түрінде, асқорыту жолынан сіңірілмейтін, антибиотиктер-мен санациялайды (канамицин, неомицинмен). Геморрагиялык диа-тез дамығанда тромбоциттік массаны немесе жас қанды кұяды. 1) толық клиникалық-гематологіиялық ремиссия — толық клиникалық компенсация; талакта, бауырда және өзге ағзаларда лейкоздык инфильтрацияның болмауы; қалыптыға жакын кан анализі; сүйек миының пунктатында бласттық жасушалардың саны 5%-дан, ал лим-фоидтык және бласттык жасушалардын жалпы саны 40%-дан аспауы; 2) толық емес клиникалық-гематологиялық ремиссия — клиникалык компенсация, жағдайдың тәуірленуі, қан анализінде жетілген жасушалар санынын көбеюі; кан анализінде және сүйек миында бласт-тық жасушалардың жойылуы немесе едәуір азаюы; 3) сауығу _ толық клиникалык-гематологиялық ремиссия, 5 жыл немесе одан да артық рецидивтердін болмауы, бірак жедел лейкоздың рецидиві 6-7 тіпті 10-15 жылдан кейін болуы мүмкін. • лимфотүйіндердің, бауырдың, талактың, өзге ағзалардың қалыптыға келуі, нейролейкоз белгілерінің болмауы, яғни сүйек миынан тыс қан түзілу ошақтарының жойылуы; • шеттік қанда — бласттардың болмауы, гемоглобин 100 г/л. нейтрофильдердің 1,5 х 109/л, тромбоциттердін 100 х 109/л кем бол-мауы; • сүйек миында бласттардың саны 5%-дан, лимфоциттер санының 30%-дан аспауы, қалған жасушалардың саны қалыптыға ясақындауы. Сүйек миында бласттардың саны 5%-дан артықкөбеюі немесе ісікгің сүйек миынан тыс өсуі рецидивтің белгісіне жатады. Ересек жастағы наукастарда ремиссігя 74-79% болады. Ремиссия-ның үзақтығы 2 жылдың шамасында. Жедел эритромиелоздың және жедел лейкоздың панцитопениямен, цитопениямен дамигын түрлерінде емнін нәтижелері бүдан да томен. Балалық шақта дамыған жедел лейкоз емінің нәтижелері бүдан тәуірлеу. Емдік бағдарламаның көмегімен балалардын 50% 5 жылға дейін сакталатын толықклиникшіык-гематологиялыкремиссияға жетеді. Дінішев Әлибек. Дінішев Әлибек - әнші (тенор). Қазақстанның және КСРО-ның халық артисі. Көптеген халықаралық фестивальдер мен сайыстардың лауреаты. 1951 жылы Алматы қаласында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының вокальды факультетін Н. А. Шариповтың класы бойынша бітірген. Жамбыл атындағы қазақтың Мемлекеттік филормониясының солисі болып жұмыс істеген, 1978 жылдан Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі. Дінішевтің орындау өнері нәзіктілігімен, даусының сұлулығымен, айрықша лиризммен ерекшеленеді. Оның репертуарында Ленскийдің (П. И. Чайковскийдің “Евгений Онегині”) Владимирдің (А. П. Бородиннің “Князь Игорі”), Айдардың (А. Жұбанов және Л. Хамидидің “Абайы”) ариялары, қазақтың халық әндері, қазақ композиторларының шығармалары, әндері мен романстары, шетел композиторларының шығармалары бар. 1997 жылы Ә. Дінішев “Әлібек Дінішевтің вокал Академиясын” құрды. «Көзімнің қарасы»- Әні мен сөзі Абайдікі орынд. Ә. Дінішев. Досымжанов Байғали. Досымжанов Байғали (1922-1998) - әнші (тенор), режиссер қоюшы. 1954ж Қазақстанның халық артисі,1949 ҚСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.1978 ҚазақстанМемлекеттік сыйлығының лауреаты.1921 ж. Семей қаласында туған. П. И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясын және Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. 1941 жылдан Абай атындағы қазақтың мемлекеттік опера және балет театрының солисі. Байғали шырқау мүмкіндігі аса жоғары әнші. Ол - М. Төлебаевтың “Біржан мен Сара” операсындағы Біржан, Е. Рахмадиевтің “Қамар сұлу” операсындағы Ахмет, А. Жұбанов пен Л. Хамидидің “Абай” операсындағы Абай партияларын орындаушы тұлға. Б. Досымжановтың әндік репертуары аса бай: Ол қазақтың халық әндері мен (“Дударай”, “Ақбақай”, “Көзімнің қарасы”, “Сырымбет”, “Бұрылтай” және т. б.) қоса, қазіргі композиторлардың әндері мен романстарын да қамтиды. «Бұрылтай»- Әні мен сөзі Біржан-салдікі, орынд. Б. Досымжанов. Дүйсекеев Кеңес. Дүйсекеев Кеңес - композитор. 1946 жылы Қызылорда облысында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын профессор А. В. Бычковтың композиция класы бойынша бітірген. Дүйсекеевтің музыкасында қазақтың ұлттық дәстүрі қазіргі замандық музыка тілімен үндесіп, жаңа сипатқа ие болады. Композитор қолтаңбасының айрықша қасиеттері көңілге қонымдылығында, музыка тілінің мәнерлілігінде. Оның шығармашылығының бұл ерекшеліктері мына дүниелерінде анық белгі береді: Камералық оркестрге арналған “Жайлаудағы таң”, “Көшу”, хор капелласына арналған “О, туған жер”. Дүйсекеев ән жанрында да өз бағын сынап, халық жүрегінен жол тапты. Оның әндерін жас та, кәрі де ықыласпен тыңдайды. Оның “Сәлем саған, туған ел” әні эстрада жұлдыздары Р. Рымбаева мен Н. Есқалиеваның репертуарынан белді орын алған. «Сәлем саған, туған ел»- әні К. Дүйсекеевтікі, сөзі Ш. Сариевтікі, орынд. Н. Есқалиева Елебеков Жүсіпбек. Елебеков Жүсіпбек (1904-1977) - әнші (тенор). 1942; Қазақстанның халық артисі. Қарағанды облысында туған. Елебеков бес жасынан ән айтуды бастаған. Ән өнеріне оны ағасы Ж. Балғабайұлы баулиды. Кейін Ғ. Айтбаевтан, Қ. Байжановтан, Ә. Қашаубаевтан дәріс алады. Елебеков музыкалық фольклордың талантты насихаттаушысы болып табылады. Халық композиторларының шығармалары (“Ардақ”, “Айтбай”, “Құлагер” және т. б.) Елебеков репертуарының негізін қалайды. Абай әндерін де ол аса шеберлікпен орындаған. Қазақ драма театрының сахнасында ол Жапал бейнесін (М. Әуезов “Еңлік-Кебек”), музыкалық театр сахнасында Әлібек (М. Әуезов пен И. В.Коцыканың “Айман-Шолпаны”), Төлеген (Е. Г. Брусиловскийдің “Қыз Жібегі”) бейнелерін сомдады. Елебеков өнері көңіл - күй иірімдері, сезім байлығымен ерекшеленеді. Атақты әнші Жүсіпбек Елебеков Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы "Мәди" ауылында 1904 жылы дүниеге келген. Қазақ ССР-інің халық артисі (1942 ж.) Бес-алты жасынан әншілік өнерге ден қойған. Ән өнерін әкесінің інісі Жақыпбек Балғабайұлынан үйренген. Әншілер Ғ.Айтбаев, Қ.Байжанов, Ә.Қашаубаев шығармашылығымен танысады. Соларды өзіне ұстаз тұтады. 1920-22 жылдары Семейдегі "Ес аймақ" труппасының спектакльдері мен концерттеріне қатысады. 1922-30 жылдары Түрксиб темір жол құрылысы мен ет комбинатында жұмыс істеді, бірақ ән өнерінен қол үзбеді. 1931-35 жылдары Қазақ мемлекеттік драма театрында (қазіргі М.Әуезов атындағы драма театры), 1935-60 жылдары Қазақ Мемлекеттік филармониясында қызмет етті. 1960 жылдан "Қазақконцерттің" әнші – солисі. 1933-38 жылдары Қазақтың Абай атындағы опера және балет театрының спектакльдеріне қатысып, "Айман-Шолпан" музыкалық комедиясынан Әлібектің, "Қыз Жібек" пен "Айман-Шолпан" операсынан Төлеген мен Арыстанның партиясын айтты. Драмалық спектакльдерде ойнаған. Ұлы Отан соғысы жылдары (1942-43 ж.) концерттік бригаданың құрамында болып, Калинин майданы жауынгерлеріне мәдени қызмет көрсетті. Осы сапарында жауынгер-композитор Р.Елебаевтың "Жас қазақ" әнін тұңғыш рет орындап, кейін халық арасында кең түрде насихаттады. 1967 жылдан Қазақ эстрадалық студиясында педагогтық қызметпен айналысты. Ж.Елебеков репертуры негізінен халықтың және халық композиторларының музыкалық құрылысы мен тілі күрделі, сыршыл әндерінен ("Ардақ", "Ағаш аяқ", "Айтбай", "Жамбас сипар", "Жиырма бес", "Қанатталды", "Құлагер", "Сегіз аяқ", "Сұржекей", т.б.) тұрады. Ол орындайтын әндерінен аса ұқыптылық, суреткерлік талғаммен қарайтын лирик әнші. Ән әуенінің терең сырын ашып, бояуын құлпырта түседі, домбра сүймелімен образ жасайды. Қазақ әдебиеті мен өнерінің он күндігінде (1936, 1949, 1958), сондай-ақ концерттік сапармен барлық республикаларда, Қытай Халық Республикасында (1950, 1955), Моңғол Халық Республикасында (1960), Үндістанда (1967) болды. Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1968). Ленин орденімен, "Құрмет белгісі" орденімен және медальдарымен марапатталған. Ж.Елебековтың құрметіне Егіндібұлақ селосындағы музыкалық мектепке, көшеге оның есімі берілген. Қазақ әнінің ардағы Жүсіпбек Елебековтің 90 жылдығы тұсында Қарағандыда дүниеге келген халық әндері мен халық композиторларының әндерін орындаушы жас әншілердің облыстық байқауы өтті. Бүгінде аймаққа ғана емес, бүкіл елімізге кең танылды. Алғашқы байқаудан кейін, араға екі жыл салып өткізген Жүсіпбек Елебеков атындағы II облыстық байқау ән әлеміне бұрын танылмай келеген талай талантты таныстырды, өнер өлкесіне сәт сапар тілеп, биіктерге самғатты… Ал, 1994 жылы Ж.Елебеков атындағы I республикалық байқау өтті. «Хаулау»- Әні Жаяу Мұсанікі, орынд. Ж. Елебеков. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерватория. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы – алпыс жыл бойы Қазақстан мен шет елдерде қажет білікті мамандарды дайындауды жоғары деңгейде қамтамасыз етіп келе жатқан Қазақстан Республикасының жетекші музыкалық жоғары оқу орны. Консерватория – Қазақстандағы алғашқы музыкалық жоғары оқу орны. 1944 жылы 24 шілдеде Қазақ КСР Халық Комиссарларының Кеңесі осы жылдың 1 қазанынан бастап Алматы қаласында Мемлекеттік өнер институтын ашу туралы қаулы қабылдады. Кейіннен ол Мәскеу және Ленинград консерваторияларының үлгісінде Алматы консерваториясы болып өзгертілді. 1945 жылы оқу орнына ХІХ ғасырдың атақты күйшісі Құрманғазы Сағырбаевтың аты берілді. Ол жылдары консерватория құрамында 5 факультет: тарихи-теория-композиторлық, вокалды, фортепианолық, оркестрлік, дирижерлі-хорлы, ұлт аспаптар бөлімі, сонымен қатар опера студиясы мен қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын жасайтын және дайындайтын ғылыми-тәжірибелік шеберхана болды. 1938 жылы салынған алғашқы ғимаратта консерваторияға дейін музыкалық-хореографиялық комбинат қоныстанған. 60-ыншы жылдардың басында тағы бір оқу корпусы мен 120 тұрғын бөлмесі, 42 репетиторилері, оқу және спорт залы бар кең дәлізді жатақхана салынды. 2000 жылдың қараша айында консерваторияға қазіргі заманғы төрт қабатты ғимарат пайдалануға берілді. (Абылай хан даңғылы 86). ...осы күнге дейін. Бүгінгі күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерватория екі оқу корпусында орналасқан. Оқу орнының студенттері мен оқытушыларына – кең оқу аудиториялары, 170 орындық Камералық зал, 236 орындық кіші Концерт залы, спорт залы, оқу залы, сынып абонементі қызмет етеді. Қазіргі ауқытта 500 орындық Үлкен Орган залының құрылысы аяқталды. Студенттер жапония және неміс фирмаларының ең жақсы жаңа аспаптарымен, сонымен қатар ішекті квартет үшін электронды аспаптарда дайындық жүргізеді. Консерватория түлектері еліміздің барлық шығармашылық ұжымдарында (Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Күләш Байсеитова атындағы Ұлттық опера театры, президенттік, симфониялық, үрмелі оркестрлер, камералы ансамбльдер, ұлт аспаптар оркестрлері), сонымен қатар білім мекемелерінде (Қазақ ұлттық музыкалық академия, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты, көптеген музыкалық колледждер, мектептер және т.б.) қызмет етеді. Қазақ ұлттық консерваторияның түлектері сонымен қатар Ресей, Германия, Грекия, Голландия, Израиль, АҚШ, Франция, Чехия, Канада, Корея, Қытай және т.б. жақын және алас шетелдегі профессиональді ұжымдарда табысты еңбек етуде. Соңғы үш жыл ішінде консерватория қабырғасында Қазақстанның музыка өнерін мақтанарлықтай танытатын жас ұрпақты - 50-ден астам халықаралық және 200-ден астам республикалық конкурстардың лауреаттарын дайындады. Ержанов Манарбек. Ержанов Манарбек (1901-1966) - әнші, актер, композитор.күйші 1938ж Қазақстанның халық артисі. Ол Ақан сері, Біржан сал (және басқалары) сияқты композиторлар - әншілердің композиторлық-әншілік мектебін лайықты тұрақты жалғастырушы болып табылады. Ол белгілі әнші және домбырашы. Күсенбайды өзінің тікелей ұстазы ретінде санайды. Ержановтың көп қырлы таланты оның әндерінен анық байқалады. Ол 150-ден аса ән мен күй шығарды. Халық арасында оның “Жарыс”, “Аманкелді туралы өлеңі”, “Қойшы әні” және тағы басқа шығармалары жақсы танымал. Ержановтың шығармашылық мұрасының маңызды бөлігін оның домбыраға арналған күйлері құрайды. Бұлар “Би күйі”, “Аққу”, “Жетісу” және т. б. Ержанов сондай-ақ, артистік өнерімен де айрықшаланады. Оның артистігі мен әншілігі “Қыз - Жібек” (Шеге), “Жалбыр”(Елемес), “Ер Тарғын” (Сахан) және т. б. опералардағы партияларды шеберлікпен орындауынан көрінеді. Ержановтың өмірін соңғы жылдары Жамбыл атындағы Мемлекеттік филормониясында белсенді концерттік қызметімен ерекшеленеді. «Жанбота»- Әні мен сөзі Біржан-салдікі орынд. М. Ержанов. Ерзакович Борис. Ерзакович Борис Гиршевич (1908-1997) – композитор, өнертану ғылымының докторы, профессор, ҚазССР-нің еңбегі сіңірген өнер қайраткері. Омбы музыкалық техникумын, сонан соң Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. Ерзакович творчестволық және ғылыми жұмысын пианист және Алматыдағы Қазақ радиокомитеті жанындағы қазақ музыкалық редакциясының музыкалық редакторы болып бастаған. Бірнеше жыл бойына ол радиодан берілген әншілер мен аспапшылар музыкасын жазып алады, Қазақстан облыстары бойынша ол екі мың жарым халықтық ән мен күйлерді жазып алып, оларға толық ғылыми төлқұжат берді. Жиналған материалдар мен оларды жүйелеу негізінде Ерзакович этнографиялық бірнеше жинақ шығарды. Қазақтың халық музыкасы Ерзаковичтің ғылыми зерттеуінің негізгі тақырыбы болды. Ол қазақтың халық музыкасының тарихы мен теориясы жөніндегі бірнеше еңбектің авторы, мұнда ол Қазақтың ән шығармашылығының жанрын жіктеп көрсетеді, музыкаға эпикалық және тарихи баяндамалар, қазақтың ән әуенінің ұлттық ерекшелігі теоретикалық негізделген, халық композиторларының көбінің шығармашылығына сипаттама берілген. Қазақтың кәсіби музыкасы туралы оның еңбектерінің маңызы аса зор. Борис Гиршевич – Қазақстанның музыкалық өнерінің тарихы жөніндегі сүбелі еңбектердің авторы, олардың ішінде – “Қазақ халқының музыкалық мұрасы”, “Қазақ музыкатанымының бастауында” монографиялары, музыкалық–этнографиялық жинақтар Абай, Ыбырай, Ақан-сері, Біржан сал, Мұхит, Жаяу Мұса және басқалар шығармаларына арналған. Борис Гиршевич ғылыми–зерттеу жұмысын композиторлық шығармашылықпен қатар алып келе жатқан тұлға. Оның симфониялық және камералық шығармалары, оның өндеуіндегі қазақтың халық әндері, спектакльдерге жазылған музыкалары көпшілікке жақсы танымал. Kuunkuiskaajat. Финландияның ән тобы. 2010 жылы Норвегияның Осло қаласында өтетін Еуровидения 2010 ән конкурсына Финландиядан қатысады. Боснақ тілі. Боснақ тілі - Босния және Герцеговинаның ресми тілі. Фин тілі. Фин тілі - Финландияның ресми тілі. Француз тілі. Француз тілі - Францияның ресми тілі. Мехико. Мехико () - Мексика астанасы. UTC+5. UTC+5 — Гринуич орташа уақытынан 5 сағатқа ығысқан уақыт белдеуі. Шымыр. Шымыр руы. Шымыр – Дулат тайпасының құрамындағы төрт рудың бірі. Ру атауының шығуы нақты тарихи тұлғаның есімімен байланысты. Шымыр Ата туралы ауызша аңыздар халық арасында сақталған, оның мазары да белгілі. Шымыр ата Ташкент аймағында өмір сүріп, сонда жерленген. Шымырата мазары – Ташкент қаласы, Сабыр Рақымов ауданы, Фараби көшесі, мазардың жалпы ауданы 4 га., ішінде Шымырата кесенесі және мешіті бар, ХІІ-ғасырдан бері белгілі тарихи орын. Ұраны. Шымырлардың рулық ұраны – «Қойгелді», Қойгелдіге дейін шымырлардың ұраны «Шымыр» болған, жалпы үйсіндік «Бақтияр» ұранын да қолданған. Қойгелді батыр (шамамен 1702-1795 ж. деп қабылданған) шымырлардың рубасы, қолбасы батыры. Қойгелді батыр қазақтардың жоңғар қалмақтарымен, ташкенттік Жүнісқожа қолымен, қырғыздармен соғыстарында дулаттарды ұйымдастырып, қол бастаған. 18-ғ. қазақ жоңғар соғыстарында жоңғарларға қарсы күресті бастаған. Кейін оның есімі ру ұранына айналған. Таңбасы. Шымырлардың таңбасы Н.И.Гродеков бойынша «ятамга» – деп көрсетеді. Қазіргі бұл таңбаның аталуы «Айшық таңба». Шежіресі. Шымыр руы - Шыңқожа, Бекболат, Темірболат ру бөлімдерінен тұрады. Үшеуінің атауын Шынболат, Бекболат, Темірболат деп бірыңғай айту да кездеседі. Шыңқожа ру бөлімі. Чимырь - Чингожа - Кунту - Маргозы - Айтимбет - Тенегь - Куттыгадам - Канкучукъ. Бекболат ру бөлімі. Бекболат Шымырдың ортаншы баласы, одан бес ұл туылған - 1.Жиеш, 2.Жиенбет (Боққайнат), 3.Қарымбет, 4.Шілменбет, 5.Мырзамбет (Бестерек). Олардың әрқайсысын біз жеке ру бөлімшелері ретінде тарқатамыз. Алғаш рет орыс зерттеушісі Н.Аристов өз зерттеуінде «Бекбулат с сыновьями Клы, Чильмамбет, Бок-кайнатом» - деп Бекболаттың Құли, Шілмембет, Боққайнат деген үш бөлімінің барлығын естігенін жазады. Бекболаттардың таңбасын зерттеуші Н.Гродековтың деректері бойынша анықтап көруге болады. Жиештен - Жаңабай руы шығады. Темір ру бөлімі. Темір ру бөлімі туралы айтылатын ауызшы аңыз әңгімелер көп. Соның бірі - «шын аты Темірболат екен, кейін болаты қалып Темір атала бастаған» - дейді. Темірші ата, Темір әулие туралы бірқатар аңыздар да осы рудың шығуына байланыстырады. Рудың аты темір ұсталығына байланысты шығуы да мүмкін. Бұл туралы зерттеулер жоқтың қасы. Темір руының шежіресі туралы Ш.Құдайбердіұлының еңбегінде, М.Тынышбаeвтың еңбегінде, Х.Арғынбаев, М.Мұқанов, В.Востровтардың еңбегінде де ештеңе айтылмайды. Бұл авторлар Шымырдың Темір деген бір бөлімі бар екенін естігенімен таратылуын білмеген соң, одан ары қарай жаза алмаған. Темір руының аталары туралы бізге мәлімет берген дерек, Н.Аристовтың «Опыт выянения этнического состава киргиз-казаков Большой Орды и Каракиргизов» атты еңбегінде: «по г-ну Южакову у Чемыра показаны сыновья Чинходжа, у него Темиръ и Чокай» - деп жазады. В.В.Радловтың «Из Сибири» еңбегінде «Западное крыло Большой орды: сихым около Чимкента, джамыс, темиръ, шымыръ, ботпай у Аулиеаты» делінеді. 1915 жылы шыққан статистикалық зерттеулер жинағында Темір руының аталарының аты жеке-жеке аталады. ХХ ғ. басындағы «Материалы по киргизскому землепользованию» статистикалық жинақ бойынша Темірдің мына аталарының аты аталынған: «Ердес-темир», «Худайсугур-темир», «Уркунчи-темир», «Акберди-темир», «Кран-темир», «Кедей-темир». Соған қарағанда Темірден таралатын ең негізгі аталар да осылар. Темірлердің негізгі бөлігі Шымкент уезінің Сарыбұлақ болысында жинақталып отырған. Ташкент уезінде біраз Темірлер мекендеді, олар өзін кейде «Темірші» деп те атаған. Темірлердің жауынгерлік ұраны мен таңбасы, малына салған ені туралы бір мәлімет Императорлық Орыс Географиялық Қоғамының Түркістан бөлімі экспедициясының мәліметінде кездеседі. Сол бойынша Ташкент уезінде Атшыбұлақ, Кемербастау деген жерлерде отырған дулаттың Темір руының ұраны «Дулат» болған. Сонымен қатар басқа да өзіндік ішкі рулық аталық ұрандары болғаны айтылады. Бувайсар Сайтиев. Бувайсар Сайтиев - Олимпиада ойындарын үш мәрте ұтқан балуан (74 кг, еркін стиль). Өз шеберлігіне дүние жүзі мықтыларын бас идіріп, алты мәрте әлем чемпионы атанған саңлақ спортшыға кәрі құрлықта да қарсы келер қарсылас табылмады. 1975 жылғы 11 наурызда Хасавюрт жерінде кіндік қаны тамған жігіт барша шешен жұртының мақтанышы болып қана қоймай, иісі мұсылман қауымының ардақтайтын ұлына айналып үлгерді. Себебі, мұсылман қауымында Бувайсардай Олимптің алтын шыңында үш мәрте ат ойнатқан балуан әзірге жоқтың қасы. Спорттық ғұмырнамасы. – Мен Красноярскіге орта мектепте білім алу үшін емес, атақты бапкер Дмитрий Миндиашвилиден тәлім алуға бардым. Жас едім, оның үстіне спорттық шеберлігім де анау айтқандай, жоғары болмады. Сөйте тұра, Миндиашвилидің назарына ілігуге тырыстым. Бірақ, бір жылға тарта уақыт бұл мүмкін болмады. Басшылықты қатар алып жүргендіктен, бапкерімнің уақыты тығыз, сол себепті жаттығуды тек өзі ғана өткізбей, өзге жаттықтырушыларға кезек беріліп тұратын. 1993 жылы мен жасөспірімдер арасындағы Еуропа біріншілігін ұттым. Міне, содан бастап Дмитрий Георгиевичтің назарына іліктім, – дейді. Бувайсар 1995 жылы алғаш рет жастардың әлем чемпионатын ұтады, содан кейін талантты жігіттің тасы өрге домалай береді. Ол бұл жетістігін 1997, 1998, 2001, 2003 және 2004 жылдары қайталап, әлемнің алты дүркін чемпионы деген құрметті атаққа қол жеткізеді. Алайда Олимпиада медалінің кез келген спортшы үшін жөні бөлек-ті. Бувайсар көп ұзамай бұл арманына жетті. 1996 жылы Атлантада өткен Олимпиада ойындарында 25 жастағы Сайтиев сол кездегі күрес ережесі бойынша 76 келі салмақта өнер көрсетіп, алтыннан алқа тағынады. 2003 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында белдесіп жатқанда Бувайсар бет сүйегін сындырып алады. Жанына батқан ауруға қарамастан, намысқой жігіт Австралия өкілі Ильсовты атойлап жеңіп, келесі айналымға жолдама алады. Жартылай финалда әлем чемпионы ирандық Хабибиді сан соқтырып, ақтық сайыста Минск өкілі Гайдаровты тізе бүктіреді. Мәскеуге оралған соң, Бурденко атындағы госпиталь дәрігерлері спортшыны операция үстеліне жатқызады. Шытынап сынған бет сүйегінің әсерінен миға қан құйылу қаупі байқалғандықтан, бет хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Труханов дейтін профессор операцияны өзі жасайды. Екі ғасыр тоғысындағы Сидней аламанында жарақаты жазылып үлгермеген спортшы ел намысын қорғамай қалуды жөн көрсін бе? Боз кілемге қайта жол алып, Сиднейде күміс жүлдеге қол жеткізеді. Олимпиаданың өз Отанында алауы тұтанған сайыста Сайтиев бабына қайта еніп, жеңіс тұғырынан қол бұлғайды. Бұл талантты балуанның Олимп тұғырының екінші мәрте бағындыруы болатын. Еркін күрес өнеріндегі даңқы жер жарған атақты Александр Медведьтен кейін батылы жетіп, Олимпиада ойындарын үш дүркін ұтқан балуан бұл кезде әлі жоқ-тын. Осы бақытқа Бувайсар Бейжіңдегі ойындары кезінде қол жеткізіп, әлемдік күрес тарихында өз есімін алтын әріптермен жазды. Әлемдегі еркін күрес балуандары арасында әлденеше рет үздік балуан атанды. Еркін күрестегі ең атақты балуан Александр Медведь екені белгілі. Ол Олимпиаданың үш дүркін, әлем чемпионатының жеті мәрте чемпионы атанған саңлақ. Бувайсар өзі жайлы Чеченский Спортивный Порталға берген сұхбатында: «Күрес – бұл менің өмірім, кәсібім. Күрестің қамытын кигеніме отыз жылдан асты. Жаттығуда тынбай еңбектенгенді жақсы көрем, боз кілемде төккен теріңнің өтелгені жақсы. Бірақ, спортта әрқашан жеңіс тұғырынан көріну мүмкін емес» деген екен. «Сіздің табысыңыздың сыры неде?» деген сұраққа «Денсаулықта. Қанмен берілген қасиетте. Отбасында дұрыс тәрбие алуда» деп түсіндіреді. Боз кілемде айбыны асқан Бувайсардың спорттық ғұмырнамасында күтпеген жағдайлар да кездесті. 1994 жылы екі дүркін Олимпиада чемпионы Иван Ярыгиннің мемориалында қызық жайт орын алды. Ол кездегі күрестің ережесі бойынша белдесу 5 минутқа созылатын. Бувайсар екінші айналымда америкалық спортшымен белдесіп ұтылып жатты. Электронды есептегіштегі уақыт – 4.56. Төрт секундтың ішінде төрт ұпай алу мүмкін емес. Оның үстіне төрешілерге 18 жастағы балуанның есімі беймәлім еді. Сайтиевке тиесілі бір ұпай берілместен қалды. Кілемдегі төрешінің ысқырығын ести сала америкалық балуан Сайтиевтің аяғына жармаса кетті. Міне, осы мезетте біздің кейіпкеріміз қарсыласын өзінен асыра лақтырып, 3 ұпайға қол жеткізді. Және тағы бір ұпайды белсенділігі үшін алды. Есеп теңесті: 7:7. Енді бір ұпай алса, келесі айналымға жолдама алмақ. Америкалықтан ес кетті. Бойын қорқыныш билеген болар сірә, кілемге бапкерінің итермелеуімен шығып, ұтылып қалды. Осы жарыста есімі күрес жанкүйерлері мен мамандарына бейтаныс Бувайсар Сайтиев алтыннан алқа тағынды. Ресей ұлтты құрамасы осыдан бастап Сайтиевті жаттығу жиындарына шақыра бастады. Бір қызығы, Сайтиев өзінің барлық белдесулерін еске сақтайды екен. Бір кездері еркін күресте ағайынды Сайтиевтердің даңқы аспандап тұрды. Бувайсардың інісі Адам Сайтиев Сидней Олимпиадасының чемпионы тәжін киген балуан. Бүгінгі таңда ол омыртқа жарығының кесірінен күрестен қол үзуге мәжбүр. Адам Сайтиевтің боз кілемге қайтып шығар-шықпасы әзірге белгісіз. Бір отбасынан шыққан балалардың спорт әлемінде құлаштап қанат қағулары бір бұл емес. Әлемдік күрес тарихындағы соңғы жайтты алып қарайықшы. Бейжің Олимпиадасында белдескен ағайынды француз жігіттері Стив пен Христоф Женолар алғашқысы чемпион атаққа қол жеткізсе, соңғысы жеңіс тұғырының үшінші сатысынан көрінді. Бұл жігіттер төрт жылда алауы бір рет тұтанатын Олимпиада ойындарында олжа салуымен ерекшеленбек, әйтпесе, бір ұядан түлеп ұшып, халықаралық деңгейге жеткен спортшылар қазақ қоғамында да бар. Жеке өмірі. Бувайсар қазіргі жары Индирамен отбасын құруды түбегейлі шешкен соң барып, танысқан. Екі жас бір жылдай телефон арқылы тілдесіп тұрды. Жаттығу жиындарынан, жарыстардан балуанның қолы босай бермейтін. Афины Олимпиадасына бір ай қалғанда 29 жастағы Бувайсар болашақ жарымен некелесті. Қазір Сайтиевтер отбасында Әбдірахым, Әлихан, Дэни атты үш ұл өсіп келеді. Төрт рет Олимпиада ойындарына қатысып, үшеуінде топтың алды болған Бувайсар екі мәрте Меккеге қажылыққа барғанын мақтанышпен айтады. «Қажылық – адамның жан-дүниесін тазартып, рухани күш береді. Ислам дінінде иман деген ұғым бар. Бойында иманы бар адам қайырсыз нәрседен аулақ жүреді. Адам баласы былайғы өмірінде күнәлі істерге көп ұрынады, Алла тағалаға құлшылық етіп отырмасақ, біз жаратушы иемнен алыстап кетеміз» деген болатын. Айтпақшы, Бувайсардың анасы да қасиетті Меккеге төрт рет сапар шеккен жан. Ол ұлының жауапты жарыстар кезіндегі қамқоршысы, сүйенері. Бүгінгі таңда күрес жанкүйерлері «Бувайсар Сайтиев Лондон Олимпиадасына қатыса ма, жоқ па?» деген сауал төңірегінде бас қатыруда. Бұл жайлы спортшы: «Мен өз өмірімде түрлі қалаларды мекен етіп, көптеген дос таптым. Боз кілемдегі жеңістеріме олар менен бетер қуанады. Мен мұны неге айтып отыр дейсіз? Күресте қалар-қалмасым ұжымдық түрде шешілмек. Ол шешімнің қашан қабылданатыны әзірге белгісіз» деген түсініктеме таратты. Бувайсар Сайтиевке Шыңғысхан кубогын Мәскеуде Ресейдегі Моңғолия елшілігі өкілдері табыстады. Аталған кубокты күрес әлеміндегі ең мықты балуанға екі жылда бір рет беруге 2006 жылы Моңғолия президенті мен Ұлттық олимпиадалық комитеті шешім шығарған болатын. Ұйымдастырушылардың назары бұл жолы Олимпиаданың үш дүркін чемпионы, әлем чемпионатының алты мәрте жеңімпазы Бувайсар Сайтиевке түскен екен. – Шынымды айтсам, айналамда не болып, не қойып жатқанын әлі түсінбей жатырмын. Әрине, Шыңғысханның кім болғанын білемін. Бала кезімде Василий Янның романын оқығанмын. Жақында Қытай мен Моңғолия бірлесіп түсірген 30 сериялы көркем фильмін көріп шықтым. Маған фильм керемет әсер етті. Маған Шыңғысхан кубогын табыстап отырған Моңғолияның ұлттық олимпиадалық комитеті мен ел президентіне алғысым шексіз. Бұл сыйлықтың неліктен маған берілгенін білмедім. Тұтастай алғанда, 2008 жыл Моңғолия мемлекеті үшін тарихи жыл болды. Бейжіңдегі ойындарда бұл ұлттың бүкіл спорттық тарихында бұрын-соңды болмаған жетістік орын алып, үш бірдей спортшы Олимпиада алтынына қол жеткізді. Шыңғысхан кубогын алуға ол спортшылардың да мүмкіндіктері бар болатын. Мені Моңғолия жерінде көп таниды, балуан достарым да бар. Аты аңызға бергісіз Хорлоогийн Баянмунхпен жақсы доспын, ол Мюнхен Олимпиадасында аса ауыр салмақта белдесіп, менің ұстазым Дмитрий Миндиашвилидің шәкірті саналатын атақты Иван Ярыгиннен ұтылған еді. Баянмунхпен бір кездескенімде, бизнесмен достарымен бірігіп, 2012 жылғы Лондон Олимпиадасы қарсаңында жүз шақты талантты жеткіншектің басын қосып, дайындағалы жатқандықтарын айтып берген-тін. Айтпақшы, көп жылдан бері моңғол жерінде менің атымда дәстүрлі турнир өтіп келеді. Бұл жарыста топ жарып, ерекше танылғандар болашақта ел намысын қолдан бермейтін тастүлектер болып қалыптасатынына сенімім мол, – деді журналистерге берген қысқаша сұхбатында Сайтиев. Шаймиев, Минтимер Шарипович. Минтиме́р Шари́пович Шайми́ев (); — саясаткер, Татарстан алғашқы президенті. Ислам Даму Банкі. Ислам Даму Банкі (ИДБ) — халықаралық қаржы даму институы, 1973 жылдың 18 желтоқсанында өткен мұсылман мемлекеттерінің қаржы Министрлерінің Бірінші Конференциясының ниеттері туралы Декларациясына сәйкес құрылған. ИДБ мақсаты — Шариат принциптеріне сәйкес, ИДБ-не мүше емес елдердегі мұсылман қауымдары мен мүше -елдердің экономикалық дамуы мен әлеуметтік прогресіне қолдау көрсету болып табылады.Ислам Даму банкінің орталық пәтері Сауд Арабиясының Джидда қаласында орналасқан. Банктің жарғылық қоры 6 миллиард ислам динарына тең. Ислам динары Халықаралық валюта қорының арнаулы несиелендіру құқығының бірлік өлшеміне парапар банктің есептік бірлігі болып табылады. Ислам даму банкі көбінесе ауылшаруашылығын сумен қамтамасыз ету, канал тарту тәрізді агротехникалық және инфрақұрылымды дамыту мақсатындағы жобаларды қаржыландыруды әдетке айналдырған. Моғолстан мемлекеті. Моғолстан — 14 ғ. орталығында құрылған мемлекет. Ол Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс бөлігінде қалыптасты. Бұл мемлекеттің негізін қалаған Тоғлық Темір (1348—1362) болды. "Моғолстан" атауы моңғол деген сөздің түркіше, парсыша атауы болып табылады. 14—15 ғғ. Моғолстан құрамына Түркістан, оңтүстік-шығыс Қазақстан және Орта Азияның кейбір аумақтары кірді. Оған кіретін тайпалар: дұғлаттар, қаңлылар, керейттер, арғындар, барластар кірді. Орталығы — Алмалық қаласы. Бұрынғы Шағатай ұлысының жерін толық билеуді көздеген Тоғылық Темір Мәуереннахрды Шыңғыс әулеті Денішмендінің атынан билеп отырған Қазағанның көзін құртуды, сол арқылы бұл өңірді Моғолстанға қосып алуды ойлады. Сөйтіп, ол 1358 ж. Қазаған әмірді өлтіртті. Бір жылдан кейін Қазағанның мұрагері Абдолла да қаза болды. Осыдан кейін Мәуереннахр тәуелсіз ұлыстарға бөлінді. Оны пайдалану үшін Тоғлық Темір жанталасты. Ал Осы кезде Ақсақ Темір өзінің шағын әскерімен Кеш қаласының әміріне қызмет етіп жүрді. Тоғылық әскерлері Кешті алады. Темір Тоғылық Темірге қызметке кіреді. 1361 ж. Мәуереннахрға екінші рет шабуылға аттанып, оны бағындырған Тоғылық темір баласы Ілияс қожаны оған билеуші етіп қалдырды. Бұл жолы ол Темірді Кеш қаласының бастығы етіп тағайындады. 1362 ж. Тоғылық Темір қаза тауып, Моғолстанда билік Ілияс қожаға көшкенде Мәуереннахрға билеуші болып Қазағанның немересі Хұсайн тағайындалды. Ақсақ Темір онымен бірге Моғолстанға қарсы шығып, Мәуереннахрды өздерінің қол астына біріктіруге кірісті. Ақсақ Темір мен Хұсайн Моғолстан әскерлерін талқандады. Енді Хұсайн мен Ақсақ Темір арасында билік үшін күрес басталды. Осындай шайқастардың бірінде Темір Балқы қаласында Хұсайнды өлтіріп, Мәуереннахрға ие болды. Моғолстанның құрылуы, жер аумағы. 14 ғ. ортасына қарай Шағатай ұлысы ыдырап, Шағатай ұлысының шығыс бөлігі – Оңтүстік шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумағында Моғолстан мемлекеті құрылады. Ал ұлыстың келесі бөлігі – Мауараннахрдың батысында Әмір Темір мемлекеті құрылған. Моғолстан аталу себебі, Шығыс деректерінде «монғол» сөзіндегі «н» әрпі түсіп қалып, «моғол» немесе «моғолстан» сөзі қалыптасып кеткен. Мемлекетті кезінде Шағатай ханға адал қызмет еткен дулат тайпасының әмірі Поладшы басқарған. Әмір Поладшы бастаған дулат ақсүйектері Поладшының хан болуға құқы болмағандықтан, өздерін тыңдайтын, Шағатай ұрпағы Дува ханның немересі, он алты жасар Тоғылық-Темірді 1348 жылы Моғолстан ханы етіп сайлайды. Ал негізгі саяси билік осы Әмір Поладшының қолында болған. Әмір Поладшы Моғолстанды Мауараннахрдан біржола бөліп алып, тәуелсіз, жеке хандық құруға бар күшін салды. Дулат тайпасы шонжарларының жаңа құрылған бұл өкіметте беделдері бұрынғыдан да күшейген. Жалпы, дулаттардың беделі Шағатай ханның кезінен белгілі. Атақшы тарихшы Мұхаммед Хайдардың жазуы бойынша, Шағатай хан өз мемлекетін үлестерге бөлгенде, өзіне адал қызмет еткен дулат әмірі Поладшыға Маңлай-Сүбе жерін берген. Маңлай-Сүбе Шығыс Түркістаннан Ферғанаға дейінгі кең-байтақ жерді алып жатқан. Осы аумақта Шағатай кезінен бері өз биліктерін жүргізіп келген дулат тайпасының өкілдері Моғолстан хандығының құрылуына да белсене араласқан. «Тарих-и Рашиди» еңбегінде былай деп көрсетілген: «… қазіргі Моғолстан деп аталатын аумақтың ұзындығы мен көлденеңі 7-8 айшылық жол. Шығыс шеті (Моғолстанның) қалмақтардың жерімен шектеседі және Барыскөл, Емел және Ертісті өзіне қосады. Солтүстігінде оның шекарасы Көкшетеңіз (Балқаш), Түркістанмен және Ташкентпен шектеседі, оңтүстігінде Ферғана уәлаятымен, Қашғар, Ақсу, Шалыш және Тұрфанмен шектеседі». Моғол мемлекетіне қазақстанның Оңтүстік және Жетісу аймақтары жа кірген. Халқының этникалық құрамы. Моғол хандығының тағына негізінен Шығыс тұқымдары мен монғол ақсүйектері отырған. Әрине, монғол шапқыншылығы кезінде келген арлат, чорас, калучи сияқты тайпалар алғашқы кезінде өздерінің басымдылығын көрсеткенмен, уақыт өткен сайын жергілікті түрік тілдес тайпалар басымдылық алып, монғолдарды өздеріне сіңіре бастаған. Ал қалғандары Шығыс Түркістанға, ұйғырларға қоныс аударып, соларға араласып, өздерінің монғол атынан мүлде айырылған. Жоғарыда көрсетілгендей, Жетісу аймағы Моғолстанның солтүстік-шығыс жағын алып жатты. Ал бұл аймақтағы түрік тілдеп үйсін, қаңлы тайпаларының біздің дәуірімізге дейінгі III – II ғасырлардан өмір сүріп келе жатқандығын білесіндер. Одан кейін V-VI ғасырларда да бұл аймаққа түрік тілдес тайпалар келіп қоныстанды. Сондықтан да орта ғасырдан дамыған кезінде құрылған Моғолстанның негізгі халқы түрік тілдес тайпалар: дулат, қаңлы, үйсін, арғын, баарын, барлас, бұлғашы, т.б. ертеден осы өңірді өмір сүрген тайпалар еді. Бұлардың қатарында осы жергілікті халықтармен араласып, түркіленіп кеткен монғол тайпалары да болды. Мемлекеттің ұлттық құрамы онда қазіргі қазақ халқының негізін құрап отырған ру-тайпалардың басым болғанын, сөйтіп бұл мемлекеттің қазақ халқының мемлекеттілігінің бастауында тұрған елдердің бірі екендігін көрсетеді. Моғолстанның ішкі-сыртқы жағдайы. Саяси тұрақсыздық орын алған күрделі кезенде билік басына келген Тоғылық-Темір хан елдің ішкі-сыртқы жағдайын жақсартып, XVI ғасырдың басына дейін билік еткен әулеттің негізін қалады. Хандықтың бүкіл аумағын біріктіріп, бір орталыққа бағындырады. Мемлекеттің орталығы Алмалық қаласы болады. Хан өзінің билігін бұрынғы қалыптасқан жүйемен жүргізеді. Оны ұлыстық басқару жүйесін сақтауынан көруге болады. Дулат тайпасының мұралық лауазымы жоғары ұлысбегі деген атағын сол қалпында қалдырады. Салық жинауда кейбір жаңа шаралар қолданылады. Мұсылман дінін мемлекеттік дін ретінде қабылдайды. Тоғылық-Темірге дейін моғол билеушілерінің ислам дініне енуі баяу жүріп келсе, енді хан бұл мәселеге ерекше көңіл бөлген. Мырза-Мұхаммед Хайдардың жазуы бойынша, бір күнде 160 мың адам ислам дінін қабылдайды. Ханның бұйрығы бойынша дінді қабылдамаған әмірлер мен бектерді өлім жазасына кескен. Сөйтіп хан ел ішінде қатал тәртіп орнатады. Тоғылық-Темір өзінің сыртқы саясатында Шағатай ұлысының кезінде орныққан Орта Азия жеріндегі билікті қалпына келтіруге әрекет жасайды. 1360-1361 жылдары Мауараннахрға екі рет сәтті жорық жасап, баласы Ілияс-Қожаны Мауараннахрдың хан тағына отырғызып қайтады. Моғолстанға оралған Тоғылық-Темір хан қаза болады. Өзінің мұрагерлік хұқын реттеп қайту үшін Ілияс-Қожа Моғолстанға кеткен кезде Орта Азиядағы жағдай күрт өзгереді. Тоғылық-Темірдің тірі кезінде оған тәуелдікті амалсыздан мойындап жүрген әмір Темір енді Мауараннахрдағы билікті өз қолына алу үшін, Ілияс-Қожаға қарсы шығады. Әмір Темір мен Ілияс –Қожа ханның арасында бірнеше рет қақтығысулар болады. Моғол ханы жеңіліске ұшырайды. Соңғы жеңілістен кейін Ілияс-Қожа Моғолстаннан жаңа әскери күш жинап келіп, қайта соғысады. Ташкент қаласының маңында 1365 жылы 22 маусымда екі жақтың арасында шешуші “Батпақ шайқасы” болады. Жазба деректердің хабарына қарағанда, кесіліскен шайқас болғаны срншалықты, екі жақтан 10 мыңға жуық адам құрылған. Шайқаста Ілияс-Қожа хан жеңіске жетіп, Әмір Темір қашып құтылады. Батпақты жеңісінен кейін Моғол ханы Самарқанға қарай аттанып, оны қоршауға алады. Бірақ халық қаланы жан аямай қорғайды. Қаланы ұзақ уақыт қоршаудан қалжыраған моғол әскерлерінің мініс аттары жамандат індетінен қырыла бастайды. Қаланы алудың мүмкін еместігіне көзі жеткен хан Моғолстанға қайтуға мәжбүр болған. Сөйтіп, Шағатай ұлысты кезіндегі билікті қайта қалпына келтіру ісінің алғашқы қадамы сәтсіздікпен аяқталады. Бұл сәтсіздіктің басты себебі, билеушілер арасындағы алауыздық, саяси феодалдық батыраңқылық еді. Ақыр аяғында Ілияс-Қожа хан да осы феодалдық талас-тартыстың құрбаны болады. Бұдан кейін де Моғол хандығындағы билікті дулат тайпасының атақты әмірлері Қамар ад-дин мен оның інісі Шамс ад-диндер жүргізген. Қамар ад-дин де өзін тыңдайтын, жас Тоғылық-Темірдің соңғы ұрпағы Қызыр-Қожа оғланды хан тағына отырғызып, дулат тайпасының әмірлері мен шонжарларының жағдайын жақсартуға күш салады. Әмір Темірдің Моғолстан хандығына жорықтары. Моғол хандығын осындай саяси бытыраңқылық жайлап жатқанда Мауараннахрдағы билікті өз қолына алып, күшейген Әмір Темір енді Моғолстанды жаулауға кіріседі. 16 ғ. аяғында Әмір Темір Моғолстан жеріне бас көтертпей, дүркін-дүркін жорықтар жасайды. Алғашқы жорығы 1371-1372 жылдары болған. Бұл жорықта Алмалық қаласына дейін жетеді, бірақ қалаға кірмейді. Жол бойындағы елді мекендерді тонап, халықтың мал-мүлкін талан-таражға ұшыратып, көптеген тұтқын алып қайтады. Екінші жорықта 1375-1377 жылдары оңтүстік Қазақстан арқылы жүріп, жетісудің Шарын өзеніне дейін жетеді. Моғол ұлысының басшысы Қамар ад-динмен шайқасып, оны жеңеді. Қамар ад-дин Шығыс Түркістанға, Үш Тұрфанға қарай қашып құтылады. Әмір Темір Моғолстанға 1380-1390 жылдары да бірнеше рет жорық жасаған. Бұл жолғы жорықтың жойқындығы соншалықты, Әмір Темір өзінің балаларының қолындағы әскерлермен қосқанда 120 мың адаммен атанған. Әмір Темір 1371-1372 жылдары Моғолстанға әскер аттандырады. Олар Моғолстанның шығыстағфы қалаларының бірі Алмалықтың жанына дейін жетіп, керейіттері талқандап, қайтып оралады. Нақ осы жылы Темірдің өзі де Моғолстанның жері Ыстықкөл өңіріндегі Сегізағашқа дейін барлаушылық жорық жасап, көптеген тұтқын алып, қыруар олжа түсіріп қайтады. Бұл жорық моғол жерінің ішкі аудандарына келешекте жасалатын жорықтардың бағдарламасы болған еді. Әмір Темір Моғолстанға 1371 жылдан 1390 жылға дейін он шақты рет жорық жасаған. Оның алғашқылары 1371-1377 жылдары Сайрам, Талас арқылы жүрген. Жетісудің ішкі аудандарына өтіп, Іле өзеніне дейін жеткен. Әмір Темір 1376 жылы көктемде моғолстанның атақты колбасшысы Қамар ад-динді талқандау үшін 30 мың адамдық әскер аттандырады. Оны кыпшақ әмірі Сасы-Бұға басқарған. Алайда Сасы-Бұға басқа әмірлермен астыртып келіседі де, Әмір Темірдің Хорезмге кеткенін пайдаланып, оған қарсы бүлік шығарады. Сасы-Бұға Ақ Орданың ханы Ұрұс пен Моғолстанның билеушісі Қамар ад-диннен көмек сұрайды. Бұл хабарды естіген Әмір Темір Мауараннахрға тез оралып, Қамар ад-динді Атбасы маңында (Қырғыз жері) қуып жетіп, талқандайды. Бұдан кейін де моғол әмірінің темірге қарсы күресінен ешбір нәтиже шықпаған. Ол 1377 жылы қаратау етегінде және Ыстықкөлге баратын жолдағы Бұғым шатқалында екі рет Әмір темір әскерлерінен күйрей жеңілген. Ақ Орда мен Моғолстан билеушілері өздерінің Әмір Темірге жеке-дара қарсы тұра алмайтындарын біліп, 1380 жылдың аяғында одақ құруға әрекет жасайды. Алайда бұл одақтан да еш нәтиже шықпаған. Өйткені одақтың құрылып жатқанын білген Әмір Темір 1384-1391 жылдардың аралығында алтын Ордаға және моғол жеріне бірнеше рет жорықтар жасаған. Моғолстанды біржолата қаратып алу үшін оның түкпір-түкпіріне 120 мың әскер аттандырады. Осы жорықтарды Темір әскерлері көп олжа түсіріп, қора-қора қой, үйір-үйір жылқы, топ-тобымен қолға түскен тұтқындарды мауараннахрға жіберіп отырған. 1390 жылдардағы жорықтардан кейін Моғолстан Темірге толық тәуелдікке түсті. Моғолстанның ыдырау кезеңі. Моғолстанның Сонымен, Әмір Темір шабуылдары әбден титығына жеткен Моғол хандығы мүлде әлсірейді. Хандық бірнеше иеліктерге бөлініп, саяси жағынан бөлшектенеді. Қызыр-Қожа хан Темірге өзінің тәуелділігін мойындайды. Моғолстан Әмір Темір қаза болғаннан кейін (1405 жылы) ғана Қызыр-Қожаның мұрагері Мұхаммед ханның кезінде (1408-1416) тәуелсіздікке қол жеткізе бастайды. Моғол ханы Темір өлгеннен кейін оның әулетінің ішіндегі талас-тартысты пайдаланып қалады. Мұхаммед хан Темірдің немерелері Ахмед мырза мен Ұлықбектің арасындағы Ферғана үшін таласта ол өзінің әскер күшімен ахмед мырзаға көмектесіп, жеңіске жеткен еді. Осы кезден бастап Моғолстан өз тәуелсіздігін ала бастаған. Мұхаммед хан қаза болған соң, Моғол хандығының ішіндегі талас-тартыс қайта басталады. Бұл талас-тартысты Темірдің немересі Ұлықбек пайдаланып, өзін жақтаушы Қызыр-Қожаның немересі Шер-Мұхаммедтің хан болуын қолдайды. Оның хан тағына отыруына көмектескен Ұлықбек енді одан өзіне тәуелді болуын талап етеді. Бұған қарсы болған Моғол шонжарлары Қызыр-Қожаның екінші бір немересі Уәйісті хан тағына отырғызады. Бұған наразы болған Ұлықбек 1425 жылы Моғолстанға шапқыншылық жасап, халықты талан-таражға ұшыратып қайтады. Моғолстандағы жағдай 1428 жылы Уәйіс хан қайтыс болғаннан кейін де сол баяғы бытыраңқы күйінде қалады. Хандық билік үшін талас енді Уәйіс ханның балалары Жүніс пен есен-бұға арасында басталады. Таластың нәтижесінде дулат әмірлерінің қолдауымен есен-бұға 1433-1462 жылдары хан тағына отырады. Бірақ Жүніс хандық өкімет үшін таласын тоқтатпайды. Ол Темір әулеті әбу Саидтан көмек сұрайды. Тартыс 1462 жылы Есен-бұғаның қаза болуымен аяқталады. Ферғана жерінде – Жетікентте билік құрып отырған Жүніс дереу Моғолстанға оралып, өзін хан етіп жариялайды. Моғолстан хандығы Жүніс ханның немересі Абдар-рашид ханның кезінде ыдырай бастайды. Оның Жетісу аймағы Қазақ хандығының құрамына енеді. Моғолстанның Қазақ хандығының құрылуындағы орны. 1456 ж. Керей хан мен Әз Жәнібек ханның Әбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті-Қыпшақтан батыс Жетісу жеріне, Моғолстан жеріне таман қоныс аударуы қазақ хандығының құрылуына мұрындық болған маңызды тарихи оқиға еді. Бұл оқиғаның мән-жайы мынадай болатын: 1428 жылы Ақ Орданың ақырғы ханы Барақ ішкі феодалдық қырқыста қаза болған соң, Ақ Орда мемлекеті ыдырап, ұсақ феодалдық иеліктерге бөлінгенде өзара қырқыс үдей түсті. Бұрынғы Ақ Орданың орнына Әбілхайыр хандығы мен Ноғай одағы құрылды. Шайбани тұқымынан шыққан Әбілхайыр хан бұрын Орда Ежен ұрпағы билеген Ақ Орда территориясы - Шығыс Дешті-Қыпшаққа 40 жыл (1248-1468) үстемдік етті. XV ғасырдың ортасында Әбілхайыр хандығында толассыз болып отырған қан төгіс соғыстар мен ішкі феодалдық қырқыстар болған сайын үдеп феодалдық езгі мен қанау халық бұқарасын ауыр күйзеліске түсірді. Аласапыран соғыстар мен феодалдық бытыраңқылық салдарынан Дешті-Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан мал жайылысын пайдаланудың дағдылы көшіп-қону тәртіптері бұзылды, көшпелі тайпалар мезгілінде жайлау-қыстауларына бара алмайтын болды. Бұл көшпенді мал шаруашылығына ауыр зардабын тигізді. Осындай ауыр тауқымет тартқан халық бейбіт өмірді, Әбілхайырдың үстемдігінен құтылып, өз алдына тіршілік етуді армандады. Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и -Рашиди» атты еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шетіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң Әбілхайыр хан дүние салды да, өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан, Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Қазақ сұлтандары 870 жылдары (1465-1466) билей бастады»… Алғашында қазақ хандығының территориясы батыс Жетісу жері, Шу өзені мен Талас өзенінің алабы еді. Міне, нақ осы территорияға деректемелерде тұңғыш рет «Қазақстан» деген атау қолданылды, ежелден осы алапты мекендеген қазақтың ұлы жүз тайпалары Дешті-Қыпшақтан қоныс аударған қазақ тайпаларымен етене араласып кетті. Әбілхайыр хандығындағы аласапыран соғыс салдарынан қанжілік болған қазақ халқы бұл араға келіп ес жиып, етек жауып, экономикалық тұрмысы түзеле бастады. Мұны көрген Дешті-Қыпшақ көшпенділері Әбілхайыр хан қоластынан шығып, бөгеуін бұзған судай ағылып қазақ хандығына келіп жатты. XV ғасырдың 50-жылдарының ортасынан 70-жылдарының басына дейін Әбілхайыр ханның қарамағынан батыс Жетісуға 200 мың адам көшіп барды. 1462-жылы Моғолстан ханы Есенбұға қайтыс болған соң, бұл мемлекетте ішкі феодалдық қырқыс күшейіп, өкіметсіздік жағдайдың өріс алуы, Амасанжы Тайшы бастаған ойрат жоңғарларының жасаған шабуылы салдарынан Моғолстан мемлекетінің шаңырағы шайқалған кезде, Жетісуды мекендеген қазақ тайпаларының қазақ хандығына келіп қосылуы үдей түсті. Бұлар жаңадан құрылған Қазақ хандығының үкімет билігін нығайтып, оның беделі мен әскери, саяси күш-қуатын арттыра түсті. КҮН ЖҮЙЕСІНІҢ ОРТАҚ КҮНТІЗБЕСІ. «Tempora mutantur et nos mutamur in illes – Уақыт өзгереді және онымен бірге біз де өзгереміз». Цицерон Белгілі бір дәрежеде тәулік, ай және жылды өзара сәйкестендіруге ұмтылу, бірнеше мыңдаған жылдар бұрын діни, салт-дәстүрлік және тұрмыстық шаруашылық қажеттілігінен күнтізбенің үш түрінің пайда болуына әсер етті: 1) мөлшері тәуліктен үлкен уақыт есебі – 29 не 30 күн бойы көзге көрініп отыратын «туар ай» болғандықтан, оның санын 12 айда бір рет түйіндеу арқылы, шамамен 5-6 мың жыл бұрын тәулік пен туар айды сәйкестендіруді көздеген Ай күнтізбесі пайда болды; 2) Ай жылы Күн жылынан 10-12 тәулік аралығында қысқа болғандықтан, таза Күннің қозғалысына негізделген Күн күнтізбесі шамамен 4-5 мың жыл бұрын пайда болып, онда тәулік пен Күн жылын өзара сәйкестендіруге ұмтылыс жасалды; 3) ақыр соңында, Ай жылы мен Күн жылын өзара сәйкестендіруге ұмтылыс жасау, шамамен 3-4 мың жыл бұрын Ай-Күн күнтізбесінің пайда болуына ықпал жасады. Уақыттың үш бірлігін (тәулік, ай және жыл) өзара сәйкестендіруге ұмтылыс жасау қазіргі уақытта да жалғасын тауып келеді. Төмендегі мақала негізінен осы тақырыпқа арналады. Ежелгі дүние тарихында бүгінгі үш күнтізбенің түрлерінен басқа күнтізбелер жүйесі болғаны мәлім, бірақ олар өкінішке орай жойылып кетті немесе ұмытылып қалды (мысалы, «Құмыран» күнтізбесі, «Майялар» күнтізбесі, ежелгі түркілердің жұлдыздық жыл (365,25636) мен сидерлік айға (27,32166) негізделген «Тоғыс есебі» және т.б.). Күнтізбелер жүйесінде әлі де қолданылып келе жатқан, ең әрісі 5-6 мың, берісі 2 мың жылдар шамасы бұрын пайда болған қайталанбалы кезеңдердің (циклдер) кейбіреулері одан әрі талдап қорытуға мұқтаж болып жатса, енді кейбіреуі адамзат баласын мүлде теріс жолға түсіріп жіберіпті. Әрине сол бір қараңғы түнек замандарда олардың ғылымға қосқан үлесі орасан зор екені дау тудырмаса керек, бірақ сонымен бір дерлікте уақытпен бірге өзгеру заңдылығын да естен шығармауымыз керек деп ойлаймын. Ай – Жерді, Ай мен Жер, басқа планеталар секілді, өзара қашықтықтарын сақтап – Күнді, ал Күн (онымен бірге біз де) – Кеңістікте айналады. Бұл – көп дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат. Аспан денелерінің ырғағы (ритм) дұрыс есептелуі үшін күллі күнтізбенің өзегін құрайтын – тәулік, ай, жыл және ғасырлардың арасы ешуақытта да «үзілмеуі» қажет. Бұл қазіргі ғылым тұрғысынан – дүдамал ақиқат. Бірақ, соған қарамастан, мыңдаған есептеулер жүргізу арқылы осыған көзіміз жетті. Сондықтан уақытты үздіксіз есептеу үшін 365,25 немесе 365 тәулік 6 сағатқа тең жыл мөлшері «ескірген» деп есептелсе де (оны қазіргі уақытта Шығыс православия шіркеуі, астрономдар мен хронологтар 7980 жылдық «Скалигер кезеңінде» ғана қолданады) таңдалып алынды. 19 ай-күн жылы (Х «икс») × 28 Күн жылы (У «игрек») = 532 жыл (Z «зет») × 365,25 күн = 194 313 күн ÷ 6580 ай = 29,53085106 күн немесе 76 Ай-күн жылы × 7 цикл = 532 жыл × 365,25 күн = 194 313 күн ÷ 7 күн = 27 759 апта Бірақ бұл теңдеу жүйесінде туар (синодтық) ай мөлшері астрономиялық дәл мөлшерден 0,00026286 күн немесе 22,7 секундқа артық болатындықтан – 1 күндік қателік 3804 айда немесе 308 жылда пайда болады! Дәл осы себеп бойынша, «Христос туылғаннан басталатын» христиандық жылсанау (биыл 2009 жылын өткізіп отырмыз!) бақандай 4 жылға қате есептелген деп сынға жиі ұшырайды, тіпті оны табиғат құбылысымен (жаңа аймен, ай немесе күн тұтылумен және т.б.) тығыз байланысы бар басқа жылсанаумен ауыстыру туралы ұсыныстар да айтылып жүр. Қанша жерден ұлы дін өкілдерін ренжіткіміз келмесе де, тіпті шектен шыққандық деп есептелсе де, осы себептен 532 жылдық циклмен байланысты айналымдарды талдап қорыту және дамытуда ешбір маңыз жоқ деп есептейміз. Егер ай-күн жылы – юлий күнтізбесіне негізделуі қажет болса, онда «Х» циклы жоғарыдағыдай (19 жыл) «тақ» санға емес, 4 санына қалдықсыз бөлінетін «жұп» санға сәйкес келуі қажет. Ал «У» циклі күнделікті тұрмысымызға сіңісіп кеткен тропиктік жылға және туар ай мөлшерімен байланысы бар «тақ» санға сәйкес келетін болуы тиіс. Егер табиғатта мұндай цикл болатын болса, ол міндетті түрде Ай-Жер-Күнді ортақ айналымға біріктіретін «Z» циклі болып табылады! Егер мақаламды осы жерден аяқтайтын болсам, әрісі астрономия, берісі күнтізбе ғылымының ұңғыл-шұңғылын зерттеген ғалымдар, бір ауыздан «бұл мүмкін емес!» деп өре түрегелері анық. Бірақ бұл жайында жарықтық Альберт Эйнштейн осыдан жарты ғасыр бұрын: «Ия, мұның мүмкін емес екендігін бәрі де біледі. Бірақ мұны білмейтін бейтаныс біреу келеді де – сол жаңалық ашады» деп өсиет сөз қалдырыпты. Өз еңбегімді аяқтағаныммен – ғылыми жаңалық аштым деп айта алмаймын. Өйткені ақиқаттың ақырғы мәйегі пікірталастар мен айтыстар болғанда ғана туылады. Сөйтсе де бірнеше мыңдаған беттен тұратын алып кестелер мен осы зерттеу барысында ашылған жаңа тұжырымдар, метрологиялық уақытта осы уақытқа дейін «мүмкін емес» деп есептеліп келген жайлардың жасырын заңдарын керісінше дәлелдеуге толық дайын екендігін айта аламын... 16 жыл × 365,4375 күн = 5847 ÷ 198 ай = 29,5303030 күн немесе 105 × 30 + 93 × 29 = 5847 күн 16 × 10 = 160 жыл × 365,25625 күн = 58 441 ÷ 1979 ай = 29,53057099 күн немесе 1050 × 30 + 929 × 29 = 58 441 күн Көріп отырғанымыздай, ежелгі грек ғалымы Эратосфеннің кеңейтілген циклін пайдалана отырып, тәулік, туар ай мөлшерін, юлий және жұлдыздық (сидерлік) жыл мөлшерлерімен жуық түрде сәйкестендіруге болады. 365 × 22 + 366 × 7 = 10592 күн ÷ 29 жыл = 365,24137931 күн 181 × 30 + 178 × 29 = 10 592 күн ÷ 359 ай = 29,504178 күн 365 × 87 + 366 × 29 = 42 369 күн ÷ 116 жыл = 365,25 күн 365 × 88 + 366 × 28 = 42 368 күн ÷ 116 жыл = 365,24137931 күн 753 × 30 + 682 × 29 = 42 368 күн ÷ 1435 ай = 29,524739 күн ҮШ ТҮРЛІ КҮНТІЗБЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ОРТАҚ «Z» ЦИКЛІ 16 жылдық Ай-күн күнтізбесінің «Х» циклі мен 29 жылдық тропиктік Күн жылының «У» циклін бір-біріне көбейтіп – 464 жылдық «Z» цикліне ие боламыз. 348  365 + 116  366 = 169 476  464 жыл = 365,25 күн 16 жыл × 10 = 160 жыл × 2 + 144 жыл = 464 жыл 16 жыл (198 ай) × 10 = 160 жыл (1980 ай – 1 ай (29 күн) = 1979 ай); 16 жыл (198 ай) × 9 = 144 жыл (1782 ай – 1 ай (29 күн) = 1781 ай); 16 жыл (198 ай) × 10 = 160 жыл (1980 ай – 1 ай (29 күн) = 1979 ай). 464 жыл × 365,25 күн = 169 476 күн ÷ 5739 ай = 29,53058024 күн немесе туар (синодтық) ай мөлшері астрономиялық дәл мөлшерден небәрі 0,00000796 күн немесе 0,6877 секунд қана қысқа болып шығады. Демек 1 күн қателік – 10 200 юлий жылы өткенде ғана пайда болады! 165  354 + 128  355 + 60  383 + 89  384 + 22  385 = 58410 + 45440 + 22980 + 34176 + 8470 = 169 476 күн Адамзат тарихында қолданылған барлық Ай-күн күнтізбе циклдері (8, 16, 19, 76, 304 жылдық) көрініс тапқан және 464 жылдық «Z» цикліне негізделген шартты Ай-күн күнтізбесінің 1-айы жуық түрде 6-желтоқсан мен 7-қаңтар аралығына, ал орташа даталары тұрақты түрде 24-25 желтоқсанға, яғни «Христостың Туылу күніне» тура келетіндей етіліп жасалды. 464 жылдық «Z» циклін – Қытай мен оңтүстік-шығыс Азияның қаңтар-ақпан айларының сәйкес келген күнінен басталатын 60 жылдық және Израйльдың (иудаизм) қыркүйек-қазан айларының сәйкес келген күнінен басталатын ай-күн күнтізбелерімен сәйкестендіру, туар айлардың қарапайым түрде орын ауыстыруларын ғана қажет етеді. 464 ЖЫЛДЫҚ «Z» ЦИКЛІНІҢ ТРОПИКТІК ЖЫЛМЕН БАЙЛАНЫСЫ 29 жыл × 4 = 116 × 4 = 464 жыл  365, 24137931 күн = 169 472 күн ÷ 5739 ай = 29,529883 күн 29 жыл × 4 = 116 × 25 = 2900 жыл  365, 242413793 күн = 1 059 203 күн; 35 868 туар (синодтық) ай × 29,5305843648 күн = 1 059 203 күн; 49 Ай жылы × 61 цикл = 2989 Ай жылы × 354,367012378 күн = 1 059 203 күн. 464 жыл  365,25 күн = 169 476 күн – 3,6 (3,65) күн = 169 472,4 (0,35) күн ÷ 464 жыл = 365,242241379 күн. 1) 464 жылдық «Z» цикліндегі 365,25 күнге тең (үздіксіз есептелетін) күнтізбе ешбір астрономиялық құбылыстарға қатыссыз, бейтарап болатындықтан, ондағы айлардың санын, құрылу жүйесін (қаңтар-31, ақпан-28 және 29, наурыз-31 = 90-91 күн) + 3 ай (көкек-30, мамыр-31, маусым-30 = 91 күн) + 3 ай (шілде-31, тамыз-31, қыркүйек-30 = 92 күн) + 3 айдан (қазан-31, қараша-30 желтоқсан-31= 92 күн) және жыл басын (1-қаңтар) бүгінгі күні қалыптасып кеткендей қалпында қалдыру дұрыс болған болар еді. 2) Тропиктік күн күнтізбесінде жыл басы мен айлар құрылымы өзгерген жағдайда, екі күнтізбедегі даталарды бір-біріне хронологиялық тәртіппен аудару кезінде, сәйкес келуіне қарай (қаңтар-31, ақпан-28 және 29, наурыз-20) – 79-80 күнді қосып есептеу қажет болады. Бұл қиын жағдайдан шығудың басқа жолы, әрбір 128 жыл өткен сайын тропиктік Күн күнтізбесінде 1 күнді ойша «бос» деп есептеп, екі күнтізбе жүйесін «теңестіріп» отыру болады... 464 ЖЫЛДЫҚ «Z» ЦИКЛІНІҢ ЖҰЛДЫЗДЫҚ ЖЫЛ ЖӘНЕ СИДЕРЛІК АЙМЕН БАЙЛАНЫСЫ 16 × 29 = 464 жыл × 365,256465517 күн = 169 479 күн немесе жұлдыздық (сидерлік) жыл мөлшері астрономилық дәл мөлшерден небәрі – 0,000099957 немесе 8,63 секунд қана артық болып шығады. 464 жыл × 365,25 = 169 476  6203 ай = 27,3216186 күн немесе жұлдыздық (сидерлік) ай мөлшері астрономилық дәл мөлшерден небәрі – 0,00004243 күн немесе 3,66 секунд қана қысқа болып шығады. 464 ЖЫЛДЫҚ «Z» ЦИКЛІНІҢ – 6 КҮНДІК АПТАМЕН БАЙЛАНЫСЫ 1) 365 күн  7 күн = 52 апта 1 күн қалдық және 366 күн  7 күн = 52 апта 2 күн қалдық 2) 365 күн  6 күн = 60 апта 5 күн қалдық және 366 күн  6 күн = 61 апта 1) 28 жыл  365,25 = 10 227 күн  7 күн = 1461 апта (7 күндік апта бойынша) 2) 8 жыл  365,25 = 2 922 күн  6 күн = 487 апта (6 күндік апта бойынша) 464 ЖЫЛДЫҚ «Z» ЦИКЛІНІҢ ҺИЖРАЛЫҚ АЙ (ҚАМАРИ) КҮНТІЗБЕСІМЕН БАЙЛАНЫСЫ 5739 ай  4 = 22 956 ай  12 = 1913 Ай жылы 1392  365 + 464  366 = 677 904  1856 жыл = 365,25 күн 1211  354 + 702  355 = 677 904  1913 жыл = 354,366963 күн  12 ай = 29,5305802 күн Соңғы нәтижеде анықталған Ай жылының мөлшері қазіргі ғылым белгілеген мөлшерден небәрі – 0,00009551 немесе 8,2525 секунд қана қысқа болғандықтан, 1 күндік қателікті тек 10 400 жыл өткенде ғана береді! Қазіргі уақытта Ислам дінін ұстанатын бірқатар елдер (Иран, Пәкістан, Ауғанстан, Түркия және т. б.) күнделікті тұрмыстарында тропиктік орташа жыл мөлшеріне негізделген Күн (Шамси) күнтізбесін тұтынады және онда жаңа жыл үнемі – 21-наурыздан басталып отыруы қажет. Жоғарыда келтірілген теңдеу жүйесі, Ай күнтізбесімен байланысы бар Һижралық жылсанауға негізделген Шамси күнтізбесінің жаңа жобасын жасауға мүмкіндік береді. 1406  365 + 450  366 = 677 890  1856 жыл = 365,242456896 күн 2784  365 + 928  366 = 1 355 808 күн  3712 жыл = 365,25 күн 2813  365 + 899  366 = 1 355 779 күн  3712 жыл = 365,2421875 күн Соңғы нәтижеде анықталған тропиктік жыл мөлшері қазіргі ғылым белгілеген мөлшерден небәрі – 0,00001129 немесе 0,98 секунд қана аз болғандықтан, 1 күндік қателікті тек 88 500 жыл өткенде ғана береді! 1380  365 + 476  366 = 677 916  1856 жыл = 365,256465517 күн немесе анықталған жұлдыздық (сидерлік) жыл мөлшері қазіргі ғылым белгілеген мөлшерден небәрі – 0,000099957 немесе 8,63 секунд қана көп! Яғни, 1 күн қателікті – 10 000 жыл өткенде ғана береді! 1913 Ай жылының ішкі жүйесін 49 (354,36734/29,53061 күн) және 50 (354,36/29,53 күн) жылдық Ай циклдері ішінара кезектесіп қайталану (49 жыл  37 + 50 жыл  2 = 1913 жыл) арқылы құрай алады. ХРИСТИАНДЫҚ ЖЫЛСАНАУ ДӘУІРІН – ҺИЖРАЛЫҚ ЖЫЛСАНАУ ДӘУІРІМЕН БАЙЛАНЫСТЫРУ ТӘСІЛІ 31  354 + 18  355 = 17 364  49 жыл = 354,36735 күн  365,25 күн = 47 жыл 197 күн 6 сағат Қаңтар-31, Ақпан-28, Наурыз-31, Көкек-30, Мамыр-31, Маусым-30, Шілде-16 = 197 күн Қандай құдірет екенін қайдам, бірақ, юлий күнтізбесінің тұп-тура б.з.д. +45 (–44) жылдың 1-қаңтар күнінен, ал Һижралық Ай (Қамари) күнтізбесінің тұп-тура б.з. 622 жылдың 16-шілде күнінен басталуы, осы екі жылсанау дәуірлерін (христиандық–мұсылмандық) бір-бірімен жігін білдірместен, тығыз байланыстыруға қолайлы жағдай тудырады. Хронологиялық есептеулер жүргізу арқылы б.з.д. +45 (–44) жылдың 1-қаңтары (жаңа ай туылған күн) мен б.з. 622 жылғы 14-шілде (жаңа ай туылған күн) аралығында тұп-тура – 243 451 күн бар екенін және оның өз кезегінде 8244 туар (синодтық) айға немесе 687 Ай (Қамари) жылына сәйкес келетінін есептеп шығу қиын іс емес (49 жыл  13 = 637 жыл + 50 жыл = 687 жыл). Һижралық жылсанау бойынша жүргізілетін мұсылмандық Ай (Қамари) күнтізбесі – Айдың жіңішке орағы (неомения) көрінгеннен бастап есептелетінін ескерсек, онда б.з.д. +45 (–44) жылдың 3-ші қаңтарынан б.з. 622-ші жылғы 16-шы шілдесіне дейін де дәл осынша уақыт (243 451 күн) өткенін білеміз. Яғни, хижралық Ай (Қамари) күнтізбесіндегі датаны 1856 жылдық Юлий немесе Һижралық Шамси күнтізбесіне аударғанда, ол үнемі 1-ші жылдың 3-қаңтармен басталып, 1856-шы жылдың 2-қаңтарымен аяқталып отырады. Мұсылмандық Һижра жылсанауын христиандық жылсанаумен сәйкестендіру үшін – Һижра жылсанауына дейінгі (Һ.ж.д.) немесе қысқаша «Жаһиллиат» деп аталатын «табиғи реттілікке қарсы есептелетін» жылсанау жүйесін ендіруге болады... 464 ЖЫЛДЫҚ «Z» ЦИКЛІНІҢ КӨМЕГІМЕН ҚАЗІРГІ ЖЫЛСАНАУ ЖҮЙЕСІН РЕТКЕ КЕЛТІРУ ТӘСІЛІ Егер адамзат өркениеті өз жылсанауын ешбір дінге қатысы жоқ, бейтарап жылсанау нүктесінен бастауды қалайтын болса, онда ол жылсанаудың «нөлінші жылына» Ислам әлемі мен Христиан әлемінің жылсанауын сәйкестендіруге ықпал еткен б.з.д. +45 (–44) жыл + 1856 жыл = б.з.д. +1901 (–1900) жылы өте дәл сәйкес келеді. Бұл жағдайда биылғы 2009 жыл дүниежүзілік күнтізбе реформасы жүзеге асырылатын болса (2009 + 1900 = 3909)... 3909 жыл болып есептеледі және қазіргі уақытта б.з.д. даталарға сәйкес келетін көне тарихы бар бірқатар ұлттарға тиесілі жылсанау жүйелері, б.з. деп есептелетін жаңа жылсанау жүйесінің ішіне кіреді. Сондай-ақ «Христостың туылу датасы» деп қате есептелген қазіргі христиандық жылсанаудың төңірегіндегі дау-дамайлардың да тоқтары даусыз! Жоғарыда келтірілген баяндаулардан – 464 жылдық «Z» циклі негізінен Жер бетінде пайда болған үш күнтізбе (Ай, Ай-күн және Күн күнтізбелері) түріне таптырмас қайталанбалы кезең (цикл) екені дау тудырмаса керек деп ойлаймыз... 46 400 ЖЫЛДЫҚ «W» ЦИКЛІНІҢ КҮН ЖҮЙЕСІНДЕГІ ПЛАНЕТАЛАРМЕН (ҒАЛАМШАРЛАРМЕН) БАЙЛАНЫСЫ Ең баста тек Жер бетіндегі үш күнтізбе түрін ғана бір-бірімен сәйкестендіруді мақсат етіп қойғанымызбен, 464 жылдық «Z» циклінің жұлдыздық (сидерлік) жыл мөлшеріне сәйкес келуі, бізді 464 жылдық «Z» циклін Күн жүйесіндегі планеталармен (ғаламшар) байланыстырып көруге итермеледі. Соңғы нәтижеде – 46 400 жылдық «W» циклінің Күн жүйесіндегі планеталардың Күнді айналу мөлшерлеріне сәйкес келетін дәлдігі анықталды. 16 жыл  29 жыл = 464 жыл  25 цикл = 11 600 жыл  4 цикл = 46 400 жыл  1856 жыл = 25 цикл немесе 2900 жыл  4 цикл = 11 600 жыл  4 цикл = 46 400 жыл 34 800 жыл  365 күн + 11 600 жыл  366 күн = 16 947 600 күн  46 400 жыл = 365,25 күн Осы амалдарға орай, бұған дейінгі тарауда жан-жақты баяндалған 464 жылдық «Z» циклін шартты түрде – «микро жоба» деп атауды, ал 46 400 жылды немесе оған сәйкес келетін 16 947 600 күнді – «W» циклі немесе «макро жоба» деп атауды ұйғарып отырмыз. 11 600 жылдық 1-кезең: б.з.д. 25 101 – б.з.д. 13 500 жж. арасын қамтиды және юлий күнтізбесі мен тропиктік орташа жылға негізделген күнтізбе арасында – 78 күн айырмашылық пайда болады. Бұл уақыт кезеңі жуық түрде «Мұз дәуіріне» тура келетіндіктен – «Қыс кезеңі» деп атадық; 11 600 жылдық 2-кезең: б.з.д. 13 501 – б.з.д. 1 900 жж. арасын қамтиды және юлий күнтізбесі мен тропиктік орташа жылға негізделген күнтізбе арасында – 86 (164) күн айырмашылық пайда болады. Бұл уақыт кезеңі жуық түрде «Мұз еру дәуіріне» тура келетіндіктен – «Көктем кезеңі» деп атадық; 11 600 жылдық 3-кезең: б.з.д. 1 901 – б.з. 9 699 жж. арасын қамтиды және юлий күнтізбесі мен тропиктік орташа жылға негізделген күнтізбе арасында – 93 (257) күн айырмашылық пайда болады. Бұл уақыт кезеңі бүгінгі күнге тура келетіндіктен – «Жаз кезеңі» деп атадық; 11 600 жылдық 4-кезең: б.з. 9 700 – б.з. 21 299 жж. арасын қамтиды және юлий күнтізбесі мен тропиктік орташа жылға негізделген күнтізбе арасында – 103-108 (360-365) күн айырмашылық пайда болады. Болашақта болатын бұл уақыт кезеңін – «Күз кезеңі» деп атадық! Осы мақалада баяндалған күнтізбе циклдерінің математикалық теориялары, егер түрлі деңгейдегі өркениет өкілдері мүдделілік танытса, оны кез келген кезде іс жүзіне асыруға болатындай етіліп жасалып отыр. 46 400 жылдық «W» циклін келтіріліп отырған тәртіппен 100 жылдық тұтас ғасырларға үздіксіз бөлу арқылы, оны түрліше ғылым (астрономия, тарих, ғарышты игеру және т.б.) салаларында қолдануды шамамыз келгенше жеңілдеттік. Егер ғылыми болжауларға сүйенсек, алдағы 50-100 жыл ішінде адамзат баласы тек телескоппен ғана көрінетін Күн жүйесінің планеталарына барып келетін, тіпті тұрақты түрде қоныстана бастайтын технологияларға қол жеткізеді екен. Демек, Күн жүйесінің БІРЫҢҒАЙ УАҚЫТЫН есептейтін ортақ күнтізбеге деген мұқтаждық күндердің-күнінде пайда болатыны сөзсіз. 46 400 жылдық «W» циклі көріп отырғанымыздай осы қажеттілікті толық өтей алады. Мысалы, аталмыш циклге негізделген Күн жүйесінің ортақ күнтізбе кестесін тайға таңба басқандай етіп, темірге өрнектеп механикалық түрде де, сондай-ақ сандық технологияны пайдаланып электронды түрде де жасауға болады. Ол үшін барлық алғышарттар жасалып қойылды. Сонымен бірге бұл ғаламат циклдің мүмкіншіліктері осы мақалада баяндалған теңдеу жүйелерімен шектеліп қалмайтынына сенімдіміз. Оның шын мәніндегі маңызының ашылуы, уақыт өте келе ғылымның жаңа салаларының пайда болуымен бірге мүлде басқа қырынан көрінуі де ғажап емес... Aximedia Movie Studio. Aximedia Movie Studio - бұл видео және аудио кез келген қалыпқа конвертациясының мүмкiндiгiмен редакциялау және монтажға арналған сервис. Сервистiң интерфейсi Silverlight-тiң негiзiнде iске асырылған. Бекнар Аманбаев. Бекнар Аманбаев (Алматы облысы, Райымбек ауданының Қақпақ ауылы, 1982 жыл) - ережесіз жекпе-жектен Еуразия және ТМД чемпионы. Джиу-джитсудан Қазақстанның екі дүркін чемпионы. Бекнар Аманбаевтың ережесіз жекпе-жекті серік еткеніне бар-жоғы бес жыл ғана болды. Соған қарамастан ол өзінің мықтылығын мойындатып, көпшіліктің көзайымына айналып үлгерді. Соңғы екі бәсекесін Алматыда өткізген қандасымыз екеуінде де айқын жеңіске жетті. 2009 жылы ресейлік Ваха Әлиевті ұтып, ТМД чемпионы атанса, 2010 жылы қаңтарда үндістандық Кумар Анаптан айласын асырып, әлемдік тәж үшін айқасу мүмкіндігіне ие болды. Өмірі. Бекнар көпбалалы қарапайым отбасынан шықты. Әкесі – Бөрібай мен анасы – Рысхан тоғыз бала тәрбиелеп өсірген жандар. Ол кісілер өмір бойы мал бақты. Ауылда еркін күреспен айналысты. Орта мектепті аяқтағаннан кейін Алматыға келіп, Қазақтың спорт және туризм академиясына оқуға түсті. Сол жерде де жаттығудан қол үзген жоқ. Алайда біраз уақыт өткеннен соң джиу-джитсуға бейімделіп, Қазақстанның екі дүркін чемпионы атанды. Кейін ережесіз жекпе-жекке аңсары ауып, осы спортқа мықтап ден қойды. Осы жолды таңдауына әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Ардақ Назаровтың ықпалы зор болды. Екеуі бір ауылдан, туысқандығы тағы бар. Еркін күрестің қыр-сырын ауылда Мұрат Бекбаев үйретті. Ережесіз жекпе-жекте әуелде Ардақ Назаровтың қол астында жаттықты. Кейіннен Ардақ оны өзінің ұстазы Сағатбек Мұсахановқа табыстады. 2007-2009 жылдар аралығында панкратионнан Бішкек пен Қарағанды, ережесіз жекпе-жектен Алматы мен Тараз қалаларында өткен халықаралық турнирлерде топ жарды. Қырғызстанның астанасында жалауы желбіреген вале тудо жарысында жеңімпаз деп танылды. 2008 жылы Еуразия және 2009 жылы ТМД чемпионы атақтарына қол жеткізді. Осы күнге дейін 24 жекпе-жек өткізіп, соның 23-ін жеңіспен аяқтадым. Андрей Шевченко. Шевченко Андрей Николайұлы (1976 жыл, 26 қыркүйек) — украин футболшысы, шабуылшы. Италия чемпионы атанып, Еуропаның ең үздік ойыншысына берілетін «Алтын доп» жүлдесіне ие болған. Қазіргі кезде Киев Динамо клубында өнер көрсетеді. Футбол клубтары — Динамо (Киев) — 1994-1998, Милан (Италия) — 1998-2007, Челси (Англия) 2007-2008, Динамо (Киев) — 2009. Өмірі. Шевченко Николайұлы Андрейдін неміс азаматы болып туылды. Оның әкесі Никалай Григорьевич Шевченко Кеңес армиясының неміс жеріндегі әскерінде кызмет ететін. Андрейдін туылуына бірнеше ай қалғанда, болашақ футбол жұлдызының шешесі Любовь Никалаевнаға отанына қайтуға кеңес береді де ол кісі аяғының ауырлылығына қарамай дереу арада отанына қайтады. Артынан күйеуі де Киев әскери бөліміне ауысуын күтеді. Әкесінің кызмет орыны ауысқанша 1976 жылдың 29 кыркүйегінде Украинаның Киев облысында, Яготинский ауданында, Двиркивщина ауылында Андрей дүниеге келеді. Балалары дүниеге келгеннен соң Андрейдиң ата — анасы көп кешікпей Киевке қоныс аударады. Сол жерде 216 орта мектептін табалдырығын аттайды. Кәзир сол мектепте Андрей отырған партаға отыру үшін оқу озаттарының ең үздігі ғана отыруға қуқылы деседі. Сыныбының физика, математика пәндерінің үздігі болмаса да, сыныптың басшысын тандағанда бір дауыспен барлығы Шеваны сайлаған екен. Андрей алғашында шайбалы хоккейге қатты әуесі ауады, бірақ әкесі оны футболға басын бұруға ыкпалын тигізеді. Ол тоғызга келгенде бапкері Олександр Шпаков оны «Динамо» Киевтін жасөспірім командасына енгізеді. 12 жасында Италия еліне жарысқа баратын құрама жасақталатын болып, Андрей жаттығуларын үдетіп, Еуропа жеріне баруға үміткерлер катарына кіруді алдына мақсат койып, өз дегеніне жетеді. Миланның әйгілі «Сан–Сиро» стадионын көріп Андрейдің бақыттан басы айналып: «Түс! Ғажайып түс!» деп ойлайды. Содан бері оның отырса тұрса арманы осындай командада ойнау еді. Бір аптадан соң қайтатын уақыт болған кезде азанғы асын ішпей,ол тағы да бір көріп кетейін деп стадионға жүгіріп келеді де бірер минут тұрады да, бес тиынды жасыл алаңға ырым етіп «Қайтып келу үшін» деп лақтырып жібереді. Содан үйге қайтысымен ол жаттығуларына аса бір үлкен ынтамен кірісіп кетеді, және өзін біржолата футболист болғысы келетінін шешеді. Жетінші сыныпта оқып жүрген шағында кезекті бір жарыстан өзі туралы жазылған бір мақаланы мұғаліміне көрсетеді. Мұғалімі оқып болысымен одан қолын қойып беруді өтінеді. Ол ойланбастан озінің «қолтаңбасын» қойып береді. Киевтін дене шынықтыру институтына бір дегеннен түсе алмай қалады. Қазір бұған сену қиын шығар, бірақ ол қабылдау емтиханының футбол тақырыбынан сүрінеді. Ал «Динамо» Киевтің бапкерлерінің ол туралы қабылдау комиссиясына қарағанда басқа ойда еді. Оны көп ұзамай Украинаның олимпиялық құрамына шакырады. Ал осыдан бір жыл өтпей жатып, әрине Киевтік «Динамо» сапында, жанкүйерлер оның Чемпиондар Лигасындагы алғашқы ойынына куә болады. Оның ойыны, соққан голдары клубына жеңістер әкеле бастады. 1997 жылы Динамоның «Nou Camp» стадионында әйгілі Испаниянын «Барселонасын» 4 – 0 есебімен ойсырай жеңгендерін футбол сүйер қауым ұмыта қойған жок шығар. Сол кездері Шеваға Еуропаның ең үздік деген клубтары өз қатарларына қосу әрекеттерін үдете түскен. Бірақ Андрейдін екінші «әкесі» (Андрей сөзінен) марқұм Валерий Васильевич Лабоновский оны басқа бапкердін қолына беруге асықпады. «Әлі ерте, күте тұр» деуші еді көреген бапкер өз шәкіртіне. Ол кезде көптеген ойыншылар үлкен ақшаның жолында Еуропаға аттанушы еді. Бірақ көбісі барған клубтарынында өз орынын таппай, футболдан тыс қалып жататын. Бәлкім дәл осындай жағдайлардан қорыққан болар, Еуропаға кетуіне үзілді кесілді қарсы болды.Тек 1999 жылы 24 жасқа толғанда, кішкентай кезінен арманы болған «Миланнан» ұсыныс түскен кезде ол бапкеріне ауысқысы келетіні туралы айтып, өз батасын беруін өтінді. Өзінің Италиядағы алғашкы маусымынында-ақ 24 голмен «А» сериясының сұрмергені атанды. Ол бірден Италия чемпионатының нөмірі бірінші футболшысы, жұлдызы бола алды. Еуропаның бүкіл спорттық газет, журналдарының беттері Шевченко суреттеріне толып кетті. Спорттық дүкендерде «Шевченко» атымен киімдер сатылымы дүкен қожайындарына табыс әкеле бастады. «Сан–Сиронын» киім шешетін жері мен көлігінің арасындағы жүз қадам жерді жүріп өту үшін оған жарты сағаттан көп уакыт кететін болды. Қолтаңба алу үшін жиылған жұрттың арасынан өтудің қиын екенін жаксы түсінетін шығарсыз. Өзiнiң «Хан» және «Солтүстіктен келген Ғажайып» деген лақап аттарын сол «Миланның» жанкүйерлерiнен алды. Мынандай құрмет, атақтан кез келген адамның басы айналып спорттық бабына әсер етуі мүмкін ғой, (әсіресе ол казақ болса) бірақ Шева үшін мұндай көпшіліктің ыкыласы одан сайын күш беретін, және осыны жасыл алаңда дәлелдеуге тырысатын.. Бір күні кешке оның телефоны шырылдап қоя берді. Телефонды көтеріп ар жақтан «Андрюша, Валерий Васильевич өмірден өтті. Тез кел.» деген сөздерді ғана естиді де, есінен танған адамдай отырып қалады. Бұл 2002 жылдың мамырының 13 жұлдызы еді. Осыдан бір апта бұрын «Мидың кан айналуының бұзылуы» деген диагнозбен Запорожье каласында емханаға түскен. Дәрігерлер бар күшін салғанымен ол кісіні аман алып қала алмады. Әрине Шева көздін жасын жасыра алмады, өйткені өмірден озған жай ғана бапкер емес, Андрейдің жақсы көрген мұғалімі еді. Валерий Васильевич Киевтің Байковский мурдесіне жерленді, және «Динамо» стадионы сол кісінің атымен аталатын болып шешілді. Сол маусымдағы Чемпиондар лигасының ақтық кездесуінің алдында ол гол ұрып, сол голды өмірден озған бапкеріме арнаймын деп уәде беріп, сөзінде тұрады. Және Андрейдің сол голы «Миланға» жеңіспен бірге Еуропаның ең беделді клубтық Кубогін алып келді. Әр жеңімпаз Кубокті өз отанына апарып келуіне құқылы болғандықтан Украинаға тартып кетеді. Кубокпен Киевке келісімен ең бірінші Байковский мүрдесіндегі бапкерінің ескерткішіне апарады. Андрейдің осы жеңісінің куәсі болуына Валерий Васильевичтің бір жыл өмірі жетпей қалды. Көп ұзамай Италия чемпионы атанып, Еуропаның ең үздік ойыншысына берілетін «Алтын доп» жүлдесіне де ие болды. Дархан Қамбышев. Дархан Қамбышев (1985 жылы туган) - Алматы циркінің әртісі Дархан Қамбышев. 2010 жылы Францияда өткен халықаралық байқауда бас жүлдені жеңіп алды. 2010 жылы Қаңтарда Мәскеуде өткен 8-ші Халықаралық цирк өнері фестивалінде де «Алтын пілді» ұтып алған. Анасы Күлтайдың айтуынша, ауылдан қаладағы циркке келген 5 жастағы Дархан сонда-ақ цирк әртісі боламын деп серт беріпті. Діттеген мақсатқа жету үшін Дархан алдымен «Динамо» спорт мектебінде, онан соң 10 жасында цирк училищесінде оқиды. Асқақ арманға қол жеткізу үшін Дархан аттай 15 жыл тер төкті. Қаңтарда Мәскеуде өткен халықаралық цирк өнері фестивалінде қазылар алқасы бірауыздан бас жүлдеге қазақтың қара баласы лайық деп тапты. 15 метр биіктікте еш сақтандырусыз еркін қалықтаған өнерпаздың талантына залдағылар түгел тәнті болды. Франциядағы мәртебелі байқауда да Дархан дәл осы трюкты көрсетті. Қос арқанды алақанға орап, жоғарыдан төменге құлдилаған әртістің сәтті шыққан нөмірін бұл жолы да майталман мамандар ең үздік деп тауып, Дарханның мойнына Алтыннан алқа тақты. Екі ай ішінде екі бірдей Халықаралық байқауда бас жүлдеге ие болған Дархан қазір келісім-шарт бойынша Германияның Варите театрында жұмыс істеп жүр. Жігерлі жігіт енді күзде Италияда, онан соң Монте Карлода өтетін цирк өнері фестивальдерінде Қазақстанның намысын қорғайтын болады. 1723. 1723 жыл — “Ақтабан шұбырындының” басталуы. Асық. Асық – төрт түлік мал мен қоңыр аңдар тілерсегінде болатын, қызметі аса күрделі, буынға біткен шымыр сүйек. Қой, ешкі, сиыр, түйе асығы үлкен-кішілігіне қарамастан бір пішіндес, мүсіндес келеді. Ал жылқы асығы басқа мүсінде болады. Асықпен «Ханталапай», «Үш табан», «Шеңбер» сияқты неше түрлі асық ойындары ойналады. Осы ойын кезінде олардың сыртқы пішіндері үлкен рөл атқарады. Денис Тен. Денис Тен (Алматы, маусымның 13, 1993 жыл) -мәнерлеп сырғанаушы. Ванкувердегіолимпиадада Денис Тен өз деңгейінде өнер көрсетіп 76.34 ұпаймен 10 орынға жайғасты. Ең жоғарғы жетістігі –ересектер арасындағы әлем біріншілігінде – 8-орын (сәуір, 2009 ж), 9-орын «Төрт құрлық біріншілігі» (ақпан 2009 жыл.), жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде 4-орын (наурыз 2009 ж), жасөспірімдер арасында «Гран При» сериясы бойынша өткен әлем кубогы кезеңінің 1 орын иегері (қазан 2008 ж.). Биылғы маусымда ересектер арасындағы «Гран-при» сынының қос кезеңіне қатысып, 7 және 10 орындарды иеленді. Әлемдік рейтингте 18-орында тұр. Ең жоғарғы ұпай көрсеткіші – 211,43 (2009 ересектер арасындағы ӘЧ). Абзал Рақымғалиев. Абзал Бауыржанұлы Рақымғалиев (Алматы, мамырдың 25, 1992 жыл) – мәнерлеп сырғанаушы. Олимпиада ойындарына тұңғыш қатыспақ. Ең жоғарғы жетістігі –ересектер арасындағы әлем біріншілігінде – 24-орын (сәуір, 2009 ж), 13-орын «Төрт құрлық біріншілігі» (ақпан 2009 жыл), жасөспірімдер арасындағы «Гран При» кезеңінде 7-орын иегері (қыркүйек, 2008 ж). Биылғы маусымда екі рет жасөспірімдер арасындағы «Гран При» кезеңінде бақ сынап, 15-ші және 14-ші орындарды місе тұтты. Әлемдік рейтингте 58-орында. Ең жоғарғы ұпай көрсеткіші –156,91 («Төрт құрлық біріншілігі», қаңтар, 2010 ж.). Карл Линней. Тірі табиғатты жүйелеуде аса зор еңбек сіңірген швед ғалымы Карл Линней (1707-1778) болды. Ол түрдің табиғи жан-жақтылығын және ақиқат барлығын айта келіп, түр-құрылысы жағынан ұқсас, көбеюі кезінде өздеріне ұқсас ұрпақ беретін көптеген туыстас ағзалар жиынтығы деді. Линней түрді латын тілінде қос атпен атауды (биноминальдық номенклатура) тәжірибе енгізіп, оны жүйелеуге негіз етіп пайдаланды. Жақын түрлер туысқа, туыстар отрядқа, отрядтар класқа біріктірілді. Линней барлық өсімдіктерді гүліндегі аталықтары мен аналығының саны, пішіні, көлемі және құрылысына қарай 24 класқа, ал жануарларды тыныс алу және қанайналым мүшелерінің құрылысына қарай 6 класқа топтастырды. Жануарлар кластарына: сүтқоректілер, құстар, сұмпайылар, балықтар, бунақденелілер және құрттарды жатқызды. Ең соңғы құрттар класына Линней қарапайымдарды, тікентерілілерді, тіпті дөңгелекауыздыларды да енгізді. Линнейдің құрастырған жүйесі жасанды деп аталады, өйткені бұл жүйе түрлер арасындағы туыстықты емес, ұқсастықты ғана көрсететін жүйе болды. Линней табиғат туралы метафизикалық, көзқараста бола отырып (түр өзгермейді деп есептегенімен) адамның жануарлар дүниесіндегі орнын дәл тауып, оны адам тәрізді маймылдармен қатар бір отрядқа орналастырылды. Тірі табиғатты жүйелеуде жіберген бірқатар кемшіліктеріне қарамастан Линней еңбектері орасан зор бағаланады. Ол өзіне дейінгі ғалымдардың барлығынан да өзгеше, жануарлармен өсімдіктердің ерекше жүйесін ұсынып, түрлердің шығу тегін анықтауға, жүйелеудің одан әрі дұрыс дамуына жол ашты. Түрлерді қосарынан латынша атауды енгізді; 8000-ға жуық өсімдіктер мен 4500-ге жуық жануарларды сипаттап, 1000-ға жуық биологиялық терминдер ұсынды. Өмірінің соңғы кезінде Линней түрлердің тұрақты еместігін мойындады. 1749 жылы Ж.Бюффон «Табиғи тарих» атты көп томдық еңбегінде «бейорганикалық заттардан тірі ағзалар (алдымен өсімдіктер, одан кейін жануарлар мен адам) пайда болды дей отырып, түрдің өзгергіштігі жайлы ілімді қолдады. Органикалық дүниенің эволюциясы жөніндегі дұрыс ой-пікірлер Д.Дудроның, Ч.Дарвиннің атасы Эразм Дарвиннің, И.Канттың еңбектерінде де жазылған». Дәрілік мелисса. Дәрілік мелисса – биіктігі 70-120 см, көп жылдық шөп тектес өсімдік. Сабағы түзу, төрт қырлы, сыртын түгелдей түк басқан, бұтақшалары көп. Жапырақтары – ақшыл-көк түсті, бір-біріне қарама-қарсы орналасқан, сағақтары – ұзын, пішіні сопақша келген, жұмыртқа тәріздес. Жапырақтарынан лимон иісіндей иіс шығып тұрады, дәмі ащылау болады. Гүлдері майда, 6-10-ы жиналып, сабақтың ұш жағына шоғырланған. Гүл тостағаншасы түтікше тәріздес, 5-6 қалақшасы бар. Өсімдік шілде-тамыз айында гүлдейді. Гүлінен де лимон иісі шығады. Жапырақтарда, гүлінде лимонның иісі болғандықтан, халық мұны лимон шөбі, лимондық мелисса деп те атай береді. Таралуы. Негізінен, Шымкент, Жамбыл, Қызылорда, Алматы облыстарының жерлерінде жиі кездеседі. Олар көбіне жабайы өсетін бұталардың арасында, тоғайлардың күн сәулесі көп түсетін тұстарында, тұрғын үйлердің, ескі мал қораларының майында өседі. Құрамы. Өсімдік жапырағының құрамында 0,3 пайызға дейін эфир майлары, 6-7 мг/пайыз шамасында протеин, 120-150 мг/пайыз аскорбин қышқылы, смолалар, илік заттар, кофеин, урсол қышқылдары және басқа да заттар болады. Пайдасы. Дәрілік шикізат ретінде сабағы, жапырағы, гүлі жинап алынады. Өсімдік гүлдей бастағанда жиналған дәрілік шикізаттың шипалық қасиеті жоғары болады. Дәрілік шикізат сапалы түрде кептіріліп, құрғақ орында сақталынады. Өсімдіктің дәрілік шикізатының құрамында эфир майлары болғандықтан, оны нерв жүйесін тыныштандыру, ауырсынуды басу үшін қолданады. Сондай-ақ, дәрілік мелиссаның жүрек жұмысын жақсартатын, орталық нерв жүйесінің қозуын тежейтін қасиеттері бар. Лаванда. Лаванда (Ағылшын тілінде оны: “lavender” деп атайды) – ерін гүлдер тұқымдасына жататын хош иісті өсімдік. Лаванданың аты шөп болғанымен, заты иісі жұпар аңқыған, күрең-көк түсті кішкене гүл. Хош иісі аңқып тұратындықтан, жұрт оны “Жым-жылас жұпар таратқыш өсімдік” деп атаған. Мекені. Лаванданың байырғы мекені – Жерорта теңізінің жағалауы және соның айналасы. Қытайдың Тянь-Шань тауының солтүстігіндегі Іле сияқты өңірлер, Францияның Пловансымен бір ендікте жатқандықтан, әрі ауа райы да, топырағының сипаты да соған ұқсас болғандықтан, Қытай лавандасының өсіп-өнген мекені осы өңір. Іле өзенінің аңғары мамыр, маусым айларында жамырай шешек атқан көктеңбіл гүлге толып кетеді. Самал жел желпіп өткенде, лаванда гүлдерінің көк теңбіл телегейі теңіздей толқып, құлпырып көз тартады. Тарихы және қасиеттері. Лаванда емшілікте көп пайдаланатындықтан “Жұпар иісті шөп дәрілердің патшайымы” атанған. Ерте заманда, емшілік пен дәрі-дәрмектің тапшы кезінде лаванда “кедейдің шөп дәрісі” деп аталған. Оның иісінің адамды тыныштандырып, көңілдің кірін кетіретін қасиеті бар. Лаванданың иісі пәле-жаладан, ұшықтан сақтайды дейтін де аңыз бар. Жұрт оның бірнеше талын киімдерінің, кітаптарының арасына салып қояды. Лаванда құрт түсірмейді, күйеден сақтайды. Хош иісі де бірнеше жыл кете қоймайды. Лаванда гүлдерінің қауашағынан алынған, лаванданың сығынды майының пайдалану аясы аса кең болғандықтан, жұрт оны “Майлардың төресі” деп атаған. XVIII ғасырдан кейін лаванданың жауһарынан алынған иісті майлар дегдар, жұпарлы болып келетіндіктен “Хош иісті майлардың әулиесі” атанған. Ертедегі гректер хош иісті бұл өсімдікті, сол заманда-ақ танып-біліп, моншаға жуынғанда иісі бұрқырап тұру үшін пайдаланған. “Лаванда” деген латын сөзінің мағынасының өзі “жуу” дегенді білдіреді. Еуропалықтар лавандадан жасалған иісті қапшықтарды киім ілетін сөрелерге қойып, киімге күл, күйе түсуден сақтануға пайдаланған. Ал, гректер лаванданы жөтелді емдеуге қолданған. Лаванданың өндірістік шумақтары аса ұзын. Лаванданың хош иістілігі, дәрілік қасиеті, табиғи күлгін түсі, азықтық қасиеті және гүл көркі осы қасиеттерінің барлығы тал бойына жинақталған. Лаванда Еуропа, АҚШ, Жапония қатарлы елдерде өнім ретінде өндіріліп, адамдардың күнделікті тұрмысының әртүрлі салаларына пайдаланылып келеді. Францияның оңтүстігіндегі Плованс пен Жапонияның хоккайдо аймағының Фурано деген өңірлері әлемдегі лаванданың ең жақсы өсетін жерлері. Шинжяң да дүниежүзі бойынша лаванданың өсуіне қолайлы аз санды өңірлердің бірі. 1965 жылы Шинжяң Франциядан лаванданың 3 түрлі тұқымын әкеліп еккен болатын, 40 жылдан бергі бағып-баптаудың арқасында, Шинжяң Қытайдағы ең ірі, әрі бірден-бір лаванда өсіретін базаға айналды. Шинжяң лавандасы қазіргі кезде әлемдегі 8 ірі маңдай алды өнімнің біріне айналып отыр. Лавандадан денсаулықты сақтайтын өнімдер, иісті материалдар, дәрі-дәрмек жасау салалары бойынша жетілдіру құндылығы аса жоғары. Лаванда гүлінің қауашағынан алынған сығынды майлардың құрамында сірке қышқылды лаванда естері, ароматты комфора спирті, ароматты фитол сияқты заттар, шампо иіс сабын, әтір сияқты күнделікті безену бұйымдарын жасауда кең көлемде пайдаланылады. Хош иісті өнімдер өндірісінің маңызды шикізаты. Лаванданың кептірілген гүлінен жасаған дәрі-дәрмектер адамды тыныштандырады, желді айдайды, несепті жүргізеді, қуат беріп, күшейтеді. Лаванда иммунитеттік жүйені күшейтіп, терінің қалпына келу функциясын жетілдіреді. Күйген, операция жасаған орындарда қалған тыртықтардың жазылуына аса пайдалы. ХХ ғасырдың 90 жылдарынан кейін Шинжяңдағы туризм зкономикасының қарқын алуына байланысты, лаванданың 3 түрлі қасиеті ұштасқан аса үлкен құндылығы адамдардың назарын аудара бастады. Лаванданың жас гүлі, сығынды майларының және кептірілген гүлдерінің базарларда қаны жерге тимей кетті. Лаванда сығынды майларының нарықтағы ең төмен бағасы әр кг-на 700 юан болды. Ішкі өлкелердегі көптеген сауда орындары Шинжяңнан лаванданы сатып алып, олардан жоғары сапалы безенетін өнімдерді туристік кәде-сыйлар мен әйелдер тұтынатын өнімдерді өндіреді. Нарықтағы сұраныстың қажетіне қарай, Шинжяң лавандасының егістік қөлемі де барған сайын кеңейіп келеді. 2005 жылы Шинжяң лауандасының егістік көлемі 21 мың муға жетіп, өнім шамасы 100 т-дан асты. Бұл Қытайдағы лаванданың егістік көлемі мен өнімінің 99 пайызын ұстайды. Лаванда қуаңшылыққа аса төзімді, Шинжяңдағы егістік жерлерді жайылымға ауыстыруға, жел мен құмды тосуға, жаратылыстық ортаны қорғауға аса пайдалы. Шинжяңдағы көптеген диқандар лаванданы байлыққа қол жеткізетін экономикалық дақыл ретінде бағалауда. Роман Креч. Роман Креч (Солтүстік Қазақстан облысы, 14 шілде 1989 жыл) - Конькимен жүгіруші. Олимпиада ойындарына тұңғыш қатыспақ. Спринтер. Жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінің үш мәрте жүлдегері:: «күміс» 500 метр (ақпан, 2008 ж.) және 1500 метр (ақпан 2009 ж.), «қола» 1000 метр (ақпан 2009 ж.). Биылғы маусымнан бастап ересектер тобына ауысып, екі рет Қазақстан рекордына түзету енгізді: 500 метр – 35,53; 1000 метр – 1.09,81. Ванкуверде 500 метрде сынға түседі. Бұл қашықтық бойынша әлемдік рейтингте 38-орында. Денис Кузин. Денис Кузин (Қостанай облысы, 12 көкек 1989 жыл) - Конькимен жүгіруші, спринттік көпсайысшы. Олимпиада ойындарына алғаш қатысушы. Биылғы жылдың қаңтар айынан бастап спринттік көпсайыста бақ сынап жүр. Спринттік көпсайыс бойынша ӘЧ 24-орынға табан тіреді. Биылғы маусымда қазақстандық конькишілердің арасынан бірінші болып, әлем кубогының А тобында сынға түсті. (1500 метр): Берлин мен Херенвен төрінде өткен әлем кубогының кезеңдерінде 19 орынға табан тіреді (қараша 2009). Ванкуверде 1500 метрде бәйгеге түспек. Осы қашықтық бойынша әлемдік рейтингте 31 орында Дмитрий Бабенко. Дмитрий Бабенко (Солтүстік Қазақстан облысы, 22 наурыз 1985 жыл) - Конькимен жүгіруші. 2006 жылғы Олимпиада ойындарында бақ сынаған: 5000 метр – 23-орын (28 қатысушы). Әлем чемпионатында (наурыз 2009.) 15-орын алған (10000 метр). Қазақстан рекордының иесі (1500, 5000 и 10000 метр). Әлем кубогы кезеңдеріндегі ең тәуір нәтижесі – 7-орын 1500 метр, және 8-орын 10000 метр (желтоқсан 2007). Ванкуверде 5000 метрде бақ сынайды. Бұл қашықтықта әлем рейтингінің 23-орнында. Екатерина Айдова. Екатерина Айдова (Қарағанды облысы, 20 қараша 1991 жыл) - конькимен жүгіруші. Олимпиадаға алғаш қатысушы. Спринтер. Жасөспірімдер арасында өткен әлем кубогы кезеңдерінің бірнеше мәрте жүлдегері. Биылғы маусымда ересектер тобына қосылып, екі мәрте ел рекордына түзету енгізді: 500 метр – 38,70; 1000 метр – 1,16,62. Ересектер арасындағы әлем кубогы кезеңдеріндегі ең тәуір нәтижесі: 500 метр – 26-орын, Берлин (қазан, 2009), 1000 метр – 24-орын, Калгари (желтоқсан 2009). Ванкуверде екі қашықтықта жарыс айдынына шықпақ (500, 1000 метр). 500 метрлік қашықтықта әлем рейтингінің ортасынан орын тепкен – 36 орын. Ал 1000 метр бойынша рейтингте – 35 орынға жайғасқан Уикижаннаме. Уикибаев Уикижан туралы халық аузынан шыққан деректі өмірнама. --Rakhimzhan 08:33, 2010 ж. ақпанның 14 (ALMT) Уики Батыр. Уики Батыр туралы ел аңызы. Индонезия. Индонезия Республикасы Малай архипелагында және Жаңа Гвинея аралының батыс жағында орналасқан Оңтүстік Шығыс Азиядағы мемлекет. 5 ірі және 30 кішігірім арал топтары (барлығы 17 508 арал) кіретін Малай архипелагы дүниежүзінің ең үлкен архипелагы болып есептеледі. Аталған архипелаг Үнді мен Тынық мұхиттарының түйіскен жерінде орналасқан, және Азия мен Австралия континенттерінің арасында көпір болуда.Ресми атауы: Индонезия Республикасы. Аумағы: 1,91 млн. кв. км.Астанасы: Джакарта (9,5 млн. адам), басқа ірі қалалары - Сурабая, Бандунг, Медан, Семаранг. Ресми тілі: индонезиялық (малай тілінің диалектісі), сонымен қатар ағылшын тілі кеңінен таралған. Ақшасы: индонезиялық рупия, 1 АҚШ доллары шамамен 9450 рупия турады. Ұлттық мейрам: 17 тамыз (тәуелсіздік жарияланған күн, 1945ж.). Халқы. Халқы: 242 млн. астам адам (әлемдегі 4-ші орын). Индонезияда 150 астам ұлттар мен этникалық топтар тұруда, соның ішінде явандықтар (45%), сундылар (14%), мадурлықтар (7,5%), малайлықтар (7,5%); қытайлықтар (шамамен 5 млн. адам), Йеменнен және Үндістаннан келген адамдар. Өмір ұзақтығының орта шеңі: ер азаматтар – 71,8 жас, әйел азаматтар – 76,3 жас. Діні. Индонезия дүниежүзіндегі ең үлкен мұсылман халқы бар мемлекеті болып есептеледі. Шамамен халықтың 87 пайызы ислам діннің суннит бағытын ұстануда, 9% - христиан діннің әр түрлі бағыттарын ұстануда, 2% - индуизм, қалғандары – буддизм, конфуцианизм және анимизм діндерінің ұстанушылары. Мемлекеттік құрылымы. Президенттік және унитарлық мемлекет. Президент мемлекет және үкімет басшысы болып есептеледі. 2004 жылдың 20 қазанынан бастап (2009 жылдың 8 шілдеде екінші мерзімге сайланды) Сусило Бамбанг Юдойоно Индонезия Президенті ретінде болуда және елдің қарулы күштерінің қолбасшысы міндетін атқаруда. Вице-президент Боэдино, «Демократтар Партиясының» өкілі. Елдің ең жоғарғы заңшығарушы өкілді органы ретінде екі палаталық Халықтың Консультациялық Ассамблеясы болып табылады (People’s Consultative Assembly). Аталған Ассамблея - Аймақтар Өкілдері Кеңесінен (Regional Representative Council) және Халықтың Өкілдер Кеңесінен (People’s Representative Council) тұрады. Бүкіл депутаттық құрылым (Аймақтар Өкілдері Кеңесі – 132 адам, Халықтың Өкілдер Кеңесі – 560 адам) тікелей парламенттік сайлау арқылы құрастырылады. Халықтың Консультациялық Ассамблеясының төрағасы - Тауфиг Киемас (2009ж. қазан айынан бастап). Ағымдағы заң шығару сұрақтарымен Халықтың Өкілдер Кеңесі айналысуда. 2009 жылдың 9 сәуірінде өткен жалпы парламенттік сайлаудың нәтижелеріне сәйкес аталған Кеңесте теқ қана 9 саяси партиялары көрсетілген: 1) Демократия Партиясы (Democratic Party - Partai Demokrat, PD) - сайлау барысында жинаған дауыс саны - 21,703,137, Кеңесте алған орын саны - 150; 2) Голкар Партиясы (Функционалдық топтардың партиясы) (Golkar, Party of the Functional Groups - Partai Golongan Karya, Golkar) - дауыс саны -15,037,757, орын саны - 107; 3) Индонезиялық күресетін демократиялық партиясы (Indonesian Democratic Party – Struggle - Partai Demokrasi Indonesia Perjuangan, PDI–P) - дауыс саны - 14,600,091, орын саны - 95; 4) Игілік пен әділеттік партиясы (Prosperous Justice Party - Partai Keadilan Sejahtera, PKS) - дауыс саны - 8,206,955, орын саны - 57; 5) Ұлттық мандат партиясы (National Mandate Party - Partai Amanat Nasional, PAN) - дауыс саны - 6,254,580, орын саны - 43; 6) Бірлік пен даму партиясы (United Development Party - Partai Persatuan Pembangunan, PPP) - дауыс саны - 5,533,214, орын саны - 37; 7) Ұлттық ояну партиясы (National Awakening Party - Partai Kebangkitan Bangsa, PKB) - дауыс саны - 5,146,122, орын саны - 27; 8) Геринда партиясы (Ұлы Индонезия қозғалысының партиясы) (Gerinda, Great Indonesia Movement Party - Partai Gerakan Indonesia Raya, Gerindra) - дауыс саны - 4,646,406, орын саны - 26; 9) Ханура партиясы (Адамдардың абырой партиясы) (Hanura, People's Conscience Party - Partai Hati Nurani Rakyat, Hanura) - дауыс саны - 3,922,870, орын саны - 18. Осы кеңестің Спикері – Марзуки Али (2009 жылдың желтоқсан айынан бастап). Аймақтар Өкілдері Кеңесі – мемлекет өкіметінің құрылымындағы арнайы орган. Аталған Кеңеске әрбір аймақ өз төрт өкілін партияляқ емес негізінде өтетін сайлауда тағайындайды. Аймақтар Өкілдері Кеңесінің айрықша құзыретіне орталық пен жергілікті басқарушы органдарының арасындағы қарым-қатынастары, әкімшілік құрылым, табиғи және экономикалық ресурстарын басқару, орталық пен аймақтар арасында қаржы-қаражатты бөлу мен қоса аймақтар автономиясына байланысты заң жобаларын әзірлеу сұрақтары кіреді. Спикері – Ирман Гусман (2009ж. қазан айынан бастап). 2009 жылдың 21 қазанда Индонезияның Президенті Сусило Бамбанг Юдойоно Үкіметтің жаңа Кабинет құрамын жария етті. Аталған құрамға сәйкес 34 министрлік портфельден тұратын Индонезия Үкіметі 70 пайызға жаңартылған. Жаңа Үкімет мүшелерінің көбісі Демократия Партиясының бастауымен құрылған Президенттік коалицияға кіреді. Аталмыш коалиция Халықтың Өкілдер Кеңесіне кіретін 560 орынның 423 ұстауда. Экономикасы. Ауыл-шаруашылық индонезия экономикасының басты саласы болып табылады. Мемлекет аумағының 25% өңдеуге жарамды. Елде жыл сайын 48 мың тонна кофе, 2 миллион тонна пальманың майын, 250 мың тонна шай жинауда. Сонымен қатар татымды, темекі, қантты қамыс, жүгері заттарымен қоса тропикалық жемістерді және көкөністерді үлкен көлемде жинауда. Ұлттық дамудың орташа мерзімді жоспарының басты салаларының бірі ретінде мұнай шығару көлемін үлкейту болып есептеледі. Оның елдегі барланған қорлары шамамен 6 млрд. баррель құрайды. Аталған қорлардың көбісі теңіз жағалауында орналасқан. Елдегі ең ірі мұнай кен орындары Дури мен Минас Орталық Суматра аралында ашылған. Басқа ірі кен орындарын жетілдіру мен мұнай шығару жұмыстары Ява аралының солтүстік-батыс жағалауында да жүргізілуде. Ява аралындағы тоқтатып қойылған Чепу мұнай кен орнын зерттеу барысында, онда шамамен 500 млн. баррель бар екендігі көрсетілді. Қазіргі таңда Индонезия территориясында жалпы қуаты 1 млн. баррель мұнайды өңдей алатын 8 мұнай өңдейтін зауыт жұмыс істеуде. Ұлттық мұнай компаниясы «Пертамина» 2012 жылға дейін әр жыл сайын мұнай шығару көлемін орташа шамамен 13-17 пайызға үлкейтуді жоспарлауда. Индонезия заттарын сатып алатын (импорттайтын) мемлекеттер - Қытай – 15,1 %, Еуропа Одағы (Германия, Франция, Ұлыбритания) – 14,4 %, Жапония – 12,2 %, АҚШ – 9,0 %, Сингапур – 7,4 %, Австралия – 5,3 %, Малайзия – 4,1 %, Оңтүстік Корея – 4,0 %, Тайвань – 2,8 %. Шетел инвестицияларының басты салалары химиялық және фармацевтикалық өндірістері, қағаз, тамақ және кен қазу өндірістері, сауда және құрылыс болып есептеледі. Шетел инвестицияларының қаражат бөлудегі басты аудандары әкімшілік округі Джакарта қаласы, Батыс және Шығыс Ява, Риау және Бантен провинциялары болып табылады. Шетел инвестицияны бөлетін басты мемлекеттер - Ұлыбритания, Тайвань, Сингапур, Жапония және Оңтүстік Корея. Территориялық-әкімшілік құрылымы. Индонезия Республикасы 31 провинцияға және 2 ерекше әкімшілік округқа – Джакарта және Джокьякарта қалаларына бөлінеді. Тарихи шолу. Кейбір тарихшылардың пікірінше Индонезия архипелагының аралдарына көшіп қону жүрістері Азия метеригінің оңтүстік бөлігінен біздің заманымыздан бұрынғы XXV ғасырда басталған. Бірінші мемлекеттік құрылымдар біздің заманымыздағы II - V ғасырлар аралығында теңіз жағалау аудандарында пайда болған. Индонезияның теңізшілері мен саудагерлері сол кездегі Шығыста сауда бітістірушілердің басты топтарына кіретін. VII ғасырдың ортасында Шривиджая деген құатты Суматриялық империя пайда болды. VIII ғасырдың бірінші жартысында Ява аралының орталығында шиваист династиясы басқарған Матарам мемлекеті құрылды. XI ғасырдың ортасында Матарам мемлекеті Ява аралындадағы сауда қалаларын өз қол астына біріктірді. XI ғасырдан бастап Ява аралы Индонезияның экономикалық, мәдени және саяси орталығына айналды. Индонезияны Ява аралығының аясында біріктіру процессы барысында Маджапахит мемлекетінің 1328-1364 жж. басшысы болып Гаджа Мади басқарған. XIV ғасырда Индонезияға ислам дінінің енуі күшейе түсті (Үндістан мен Малаккадан). XVI ғасырда Маджапахит империясы бірнеше мұсылман мемлекеттеріне бөлініп кетті. XVII ғасырдың басында Нидерландияның Ост-Инд компаниясы Молук аралдарынан португалдықтарды ығыстырды. Компания Индонезия тауарларын, оның ішінде көбінесе татымды заттардың тасымалдауын қамтамасыз етіп отырды. XVIII ғасырда компанияның құлдырауы басталды. 1780-84 жылдары болған ағылшың-голланд соғысынан кейін аталмыш компания толығымен жойылды. Компания қарамағында болған дүние-мүлігі Голландия мемлекетіне ауысты. Ұлы Шығыс Азия (Taihoa senso) үшін болған соғыстың басты себебі Суматра аралындағы мұнай қорлары болған. 1941 жылдың желтоқсан айында жапон десанты (жапон-индонезия қос жалауымен) Ява аралына түсті. Батавия қаласының атауы қайтадан Джакарта деп ауыстырылды, және голландия әкімшілігі жойылып индонезия әкімшілігі құрылды. 1945 жылғы 17 тамызда Индонезия мемлекетінің тәуелсіздігі жарияланды, алайда Нидерландия оны теқ 1949 жылы ғана мойындады. Индонезияның Ұлттық партиясы лидерлерінің бірі болған елдің бірінші Президенті Сукарно (1945-1968жж. Президент болған) 1950 жылы Индонезяны унитарлық мемлекет деп жария етті. 1976 жылы Индонезия Шығыс Тиморды (португалияның бұрыңғы провинциясы) осы елге кіретін провинция деп жария етті. 2002 жылы Шығыс Тимор Индонезия құрамынан шығып тәуелсіздігін қайта алды. Елдегі экономикалық ахуалының нашарлауы 1998 жылы жаппай тәртіпсіздікке әкеліп, оның нәтижесінде генерал Сухартоның (1968 – 1998жж. Президент болған) режимі құлады. 1970 жылдардағы ислам фундаменталистер ықпалдарының өсуі 70-ші жылдардың ортасында және XXI ғасырдың басында өкімет күштерімен ашық қақтығыстарға әкелді. Анорганикалық химия. Анорганикалық химия, бейорганикалық химия – химиялық элементтерді, солардан түзілетін жай және күрделі заттарды әрі олардың өзгерулерін зерттейтін ғылым. Көміртектің кейбір қарапайым қосылыстары (оксидтері, қышқылдары, олардың тұздары) ғана анорганикалық химияда, ал көптеген басқа қосылыстары органик. химияда зерттеледі. Анорганикалық химияның негізгі мәселелері: элементтердің атомдық құрылысын анықтау, олардың қасиеттерін атом құрылысы теориясы тұрғысынан түсіндіру, жай және күрделі заттардың молекулалық, кристалдық құрылымдарын анықтау, сондай-ақ қазіргі ғылым мен техникаға сай қажетті қасиеттері бар (мыс., беріктік, қызуға, әр түрлі сәулелердің әсеріне төзімділік, т.б.) жаңа материалдар алу. Анорганикалық химияның теориясы негізі – химияның стехиометриялық заңдары мен элементтердің периодтық жүйесі. Заттар бір-біріне айналып өзгергенде олардың сандық және сапалық қатынастарын атомистиканың негізін қалайтын заттардың масса сақталу заңы, құрам тұрақтылық заңы, еселік қатынас заңы, эквивалент заңы, сол сияқты газдардың көлемдік қатынастар заңы анықтайды. Химиялық зерттеудің негізгі әдістері – анализ бен синтез анорганикалық химияда кеңінен қолданылады. Қазіргі кезде анорганикалық химияда жүздеген мыңнан асатын заттар белгілі. Олардың маңызды кластарына элементтердің сутекпен, оттекпен, галогендермен, сол сияқты басқа бейметалдар мен металдардың өзара түзілетін қосылыстары, сонымен қатар күрделі заттар: негіздер, қышқылдар, тұздар жатады. Даму барысында анорганикалық химияның үлкен жеке салалары пайда болды: кешенді қосылыстар химиясы, анорганикалық полимерлер химиясы, шала өткізгіштер химиясы, металдар және металл органикалық қосылыстар химиясы, радиохимия, тізбекті анорганик. қосылыстар химиясы, кластерлер химиясы, анорганик. биохимия, т.б. Химия өнеркәсібінің көптеген салаларының дамуы анорганикалық химияның жетістіктеріне тікелей тәуелді. Дәстүрлі маңызды заттар өндіретін өнеркәсіптермен (мыс., тыңайтқыштар, тұздар, қышқылдар, жай заттар, т.б.) қатар, жаңа материалдар шығаратын салалар (мыс., кристалдық шыны немесе ситалл өндіру) пайда болды. Анорганикалық химияның жаңа кезеңі ядролық энергетиканың, реактивтік техниканың, ғарыштық зерттеулердің дамуына байланысты 20-ғ-дың 2-жартысында басталды. Табиғатта болмайтын әрі физика-химиялық және механикалық қасиеті жағынан ерекше талаптарға сай келетін жаңа материалдарды синтездеу (мыс., ядролық энергетикаға, ғарыш кемелеріне жұмсалатын ниобий, титан, молибден, цирконий, вольфрам, тантал сияқты сирек кездесетін металдар) пайда болды. Шала өткізгіш материалдарды тұтынатын салалардың көбеюі (микроэлектроника, компьютерлік техника, т.б.) оларға қажетті кремний, германий, иттрий, сүрме, индий, т.б. элементтерді аса таза күйінде алу әдістерін тауып жүзеге асыруды қажет етті. Ең соңғы ашылған жаңалық – асқын өткізгіштердің алынуы да анорганикалық химияның табысы болып саналады. Минералдық шикізат қорын игеруге байланысты Қазақстанда анорганикалық химияның көптеген салалары дамыған. Жүйелі зерттеулер ҚР ҒМ–Ғылым Академиясының Химия ғылымдары институтында, Химимя-металлургия институтында (Қарағанды қ.), Мұнай және табиғи тұздар химиясы институтында (Атырау қ.), сондай-ақ Қазақ ұлттық мемлекеттік университетінде, Қарағанды мемлекеттік университетінде, т.б. оқу орындарында жүргізіледі. Біздің республикамызда анорганикалық химияның қалыптасуы мен дамуы Ә.Б.Бектұров пен Б.А.Бірімжанов есімдерімен тығыз байланысты. Олар 1940 ж. фосфор тыңайтқыштарын алу, табиғи тұздар өндіру, жасанды күрделі заттарды синтездеу, т.б. бағыттардағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырумен қатар осы салаларға қажет мамандар даярлауды да жолға қойды. 1951 ж. Қазақстан Ғылым Академиясының Химия ғылымдары институтында табиғи тұздар лабораториясы ұйымдастырылды. Ондағы зерттеулер нәтижесінде натрий сульфатына бай Шөладыр кенінің хим. және геол. сипаттамасы берілді. Жалаулы көлі Өскемен титан-магний және Павлодар химия комб-тарының шикізат көзі ретінде ұсынылды. Балқаш металлургия комбинатының сульфат шикізат қорын кеңейту мақсатында 1950–60 ж. Қазақ мемлекеттік университетінде (қазіргі ҚазҰУ) табиғи сульфаттарға бай Алакөл, Балқаш, т.б. көлдердің суларының құрамы және оларды тиімді пайдалану мәселелері зерттелді. Алынған нәтижелердің негізінде континенттік тұз түзілу гипотезасы ұсынылды (Бірімжанов) және табиғи судағы микроэлементтердің таралу заңдылықтары анықталды (Бектұров, А.И.Мун, Р.А.Жаймина, З.А.Базилович). Қаратау және Ақтөбе фосфориттерін, Индер бораттарын қышқылдармен және қоспалармен айыру тәсілдері табылып, көп құрамды жүйелердің ерігіштігі зерттелді (Р.Ф.Савич, М.Р.Танашева, Г.П.Кияткин, Ө.Жүсіпбеков, М.Н.Қазова, Р.А.Қазов). Натрий-кальций силикатын, франколитті, гидроксилапатитті, т.б. жасанды минералдарды автоклавта синтездеу жүзеге асырылды (Е.А.Букетов). Органикалық емес қышқылдардың амидтермен және тиоамидтермен реакцияласуы зерттеліп, олардың арасында көптеген қосылыстардың (амидқышқылдардың) түзілетіні дәлелденді. Қоғам. Қоғам дегеніміз не? Бұл сүраққа жай ғана жауап беру қиын. Қоғам - өте нәзік әрі күрделі материя. Оны қолмен ұстауға немесе микроскоппен қарап көруге бол-айды. Олай болса, қоғамды анықтайтын өлшемді табу қажет. „Қоғам" деген сөздің мағынасы кең: алғашқы қауымдық қоғам, феодалдық қоғам, капиталистік қоғам, француз қоғамы, демократиялық қоғам т.б. Бұл арада алдымен белгілі бір қауымның немесе жеке бір елдің тарихи даму кезеңдері еске түседі. Ал осы сөзді жалпы мағынада алсақ, онда бүкіл адамзат тарихы және оның болашағы туралы ойлаймыз. Бұл - әлемнің барлық халықтарының жиынтығы жөніндегі ұғым. Басқа сөзбен айтсақ, адамдардың өзара қатынас тәсілі және бірігу формаларынан түратын, табиғаттан ерекшеленген дүниенің бір бөлігі. Қоғам туралы түсінікті нақтылай түссек, қоғам деп - бірігіп еңбек ететін жеке адамдардың жиынтығын және олардың арасындағы екі жақты қатынасты айтамыз. Біріншісі, қоғам - адамның өмір сүру тәсілі. Қоғамсыз адам жоқ, адамсыз қоғам жоқ. Екіншіден, қоғам жеке адамдардан ғана тұрмайды, ол сол жеке адамдардың өзара қатынасын көрсетеді. Жеке адам қоғамға ұжым арқылы енеді. Ол сонымен қатар бірнеше ұжымдардың мүшесі болады (еңбек, партия, кәсіподак, т.б.). Демек, қоғам - ұжымдардың ұжымы, бірлігі болып көрінеді. Адамдар қоғамда белгілі бір әлеуметтік топқа, тапқа, ұлтқа жатады. Әлеуметтік топтардың, таптардың, ұлттардың экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени өмірдегі көп салалы байланыстары мен іс-әрекеті қоғамдық қатынас деп аталады. Сонымен, қоғамды адамдардың өмір сүру тәсілі деп түсіну үшін, олардың өмір сүруін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарды білу қажет. Қоғамдық қатынас мынадай ерекшеліктерімен сипатталады: 1) қоғамға қажетті қатынас түрлері болады. 2) субьект (жеке адам, адамдар) топтық сипатта болады; 3) қоғамның обьективтік сипаты болады, яғни қоғам адамдар сол қатынасқа енгісі келе ме жоқ па, оған қарамастан өмір сүреді. Қоғамның материалдық өндіріс саласындағы қатынасы мен рухани саласындағы қатынасын ажырата білу керек. Біріншісі қоғамның өмір сүруі мен дамуына материалдық жағдай жасайды, ал екіншісі (идеологиялық, саяси, құқықтық, имандылық т.б.) - адамдардың рухани-мәдени құндылықты жасаудағы өзара байланыста-рының нәтижесі. Сонымен қатар материалдық және рухани қатынастар... Jazalab. Jazalab Дәл «Jazalab» атаулы беті бізде жоқ «Jazalab» бетін Уикипедиядан Іздеуі — ол әлдеқалай басқаша атаулы мүмкін. Осы мақаланы бастауы үшін, төмендегі аумаққа мәтініңізді енгізіңіз де, өңдеу сипаттамасын толтырыңыз да, Бетті сақта! түймесін басыңыз. Мақалаңыз дереу жарияланады. Өзіңізді ауторы деп, тізімге кіру үшін, тіркелгі жасаңыз. Уикипедияға жаңадан келдіңіз бе? Уикипедия кіріспе сөзін және бірінші мақалаңыз деген бетті оқыңыз. Басқа сынамақ мақалаңыз жойылдыртады, басқа қатысушылар уақытын зая қылып. Біріккен малай ұлттық ұйымы. Біріккен малайлық ұлттық ұйым (, БМҰҰ) - 1957 жылы тәуелсіздікті алған күнінен бері билеуші партия болып табылады. Қазіргі таңда БМҰҰ мүшелігіне 2,8 миллионнан астам адам кіреді. Партия мүшесі ретінде жасы 18 асқан, ұлты малай азаматтар бола алады. БМҰҰ құрылымы негізгі ұйымнан (40 жастан үлкен ер адамдар), «Wanita» әйел ұймынан (35 жастан үлкен әйелдер) және екі жас одақтардан – ер «Youth» және әйел «Puteri» ұйымдарынан тұрады. Ең алғашынан БМҰҰ негізгі саяси платформасы болып «малайлықтардың басымдығы» және бір қалыпты ислам пропагандасын қамтамасыз ету болып табылды. 1969 жылы Малайзияда малайзиялық қоғамның әлеуметтік-экономикалық мәселесін ушықтыра түскен этникааралық қақтығыстар орын алды: малай көпшілігі негізінен жағдайы төмен ауыл тұрғындарынан тұрды, этникалық қытайлар орта классты құрады және қалалық тұрғындар болып табылды. Малайлықтар ұлттық экономиканың 2,4%-н басқарды, қытайлықтар – 30% қамтыды, елдегі бизнестің 65%-ы шетелдік қатысумен жүзеге асырылды. Қан-жоса қақтығыстар малайлықтардың ел экономикасына қатысу талпынысының жоғарылауынан, бір жағынан қытай диаспорасының биліктегі аса ауқымды өкілеттікке ие болу мақсатынан туындады. Бұл жағдайлар саяси элитаны халықтың «малаизациясына бағытталған» ұлттық саясаттың болашағы жоқ екендігін көндірді. Нәтижесінде, 1974 жылы БМҰҰ 13 партиядан тұратын «Барисан Насиональ» басқарушы коалициясын құруды ұсынды «Ұлттық фронт». Ұлттық фронттың жетекші күші БМҰҰ, Малайзияның қытайдық ассоциациясы (МҚА) және Малайзияның үнді конгресі (МҮК) болып табылды. Партиялық коалицияның төрағасы болып БМҰҰ президенті саналды. Малайзия Экономикасы. Малайзия – қарқынды дамушы индустриалды-аграрлық мемлекет. 2008 жылдың Малайзияның ІЖӨ 5,1%-ға өсті, сөйтіп 214,7 млрд. АҚШ долл.құрады. Халықтың Адам басына бұл көрсеткіш 15 300 долл. құрайды (2008 ж.) және аймақтағы ең жоғарғы көрсеткіш болып табылады. ІЖӨ құрылымы келесі түрде бөлінген: ауыл шаруашылығы - 9,7%, өнеркәсіп - 44,6%, қызмет көрсету саласы - 45,7% (2008 ж.). Соңғы жеті жылда елдің алтын валюталық қоры үнемі ұлғайып келді және 2008 жылы 104,4 млрд. АҚШ долл.құрады (әлемдегі 14 орын). Еңбекке жарамды халықтың саны - 11,2 млн.адам (2008 жылғы мәліметтер бойынша), олардың 13%-ы ауыл шаруашылық саласында, өнеркәсіп саласында - 36%, қызмет көрсету саласында - 51%. ІЖӨ ең улкен үлесі қызмет көрсету саласына тиесілі, оның басым бөлігі үстеме және бөлшектем сату сауда, сондай-ақ қаржы қызметі; сақтандыру және жылжымайтын мүлік алу. Жұмыссыздық деңгейі 3,2% пайызды құрайды (2008 жылғы мәліметтер бойынша), үйсіз халықтың саны 5,1% пайызды құрайды. 2008 жылы бюджеттік кіріс 44,32 млрд-қа тең болды, ал бюджеттік шығыс - 55,1 млрд. АҚШ долл. құрады. Тікелей шетелдік инвестициялар ағымы 2008 жылы ІЖӨ 20,7% құрады, ал дағдарыс деңгейі 5,8% пайызды құрайды. Сыртқы қарызы – ІЖӨ 42,7% құрады (2008 ж.). Экономиканың аса қарқынды секторы – өңдеу өнеркәсібі. Ел интегралды жобалардың, кондиционерлердің, радио және телеаппаратура шығарушы әлемдік негізгі елдер қатарына кіреді. Малайзия – АСЕАН елдерінің ішінде өз автомобиль құрылысы бар жалғыз ел. («Протон», «Перодуа», «Наза», «Хайком», «Буфори» сияқты маркалар бар). Өнеркәсіп өндірісі негізінен Кланг өзенінің маңайына шоғырланған. (т.н. «Селикон даласы»), сондай-ақ Пинанг штатында. Кен өнеркәсібі көмірсутек шикізаты Теренггану және Саравак штаттарының континенталді шельфінде өндіріледі (Солтүстік Калимантан). 2008 жылы мұнай өндірісі күніне 753,7 мың. барр.құрады. Мұнайдың артық қоры 4 млрд. барр.құрайды (2008 ж.) және 15-20 жылға дейін пайдалануға жеткілікті деп саналуда. Табиғи газ өңдеуі 2008 жылы 4,5 млрд. куб. м.құрады. Табылған газ қорының көлемі 2,35 трлн. куб. м құрайды (40—50 жыл қолдануға болады). Табиғи шикізат өңдіруді «Петронас» мемлекеттік компаниясы жүзеге асырады. Компания шетелдегі мұнайгаз жобаларына белсенді қатысады: әсіресе Иранда, Мьянмада, Суданда, Вьетнаммен ынтымақтастыққа қызығушылық танытуда. «Петронас» ТМД-ның Ортаазиялық аймақтарына аса белсенділік танытуда. Мұнай көздерін зерттеу және өндіру бойынша Өзбекстанмен және Түркменістанмен бірқатар келісімдерге қол қойылған. Ауыл шаруашылығы техникалық тұқымдарды өндіруге бағытталған. Малайзия пальма майының әлемдік өндірісінің 50% пайызын қамтамасыз етеді (11,8 млн. т.), шынайы каучук шығару бойынша әлемде үшінші орынға ие (580 мың. т.). Азық-түлік өндірісі төменгі деңгейде қалып отыр, негізінен жартыаралдық Малайзияның солтүстік штаттарында табылады. Ел дамуының негізгі алғышарттары қызмет көрсету саласы болып табылады. Туристік, қаржылық, үстемелі және бөлшектеп сату саудасы, салаларының қарқынды дамуына байланысты ІЖӨ-ғы рынок үлесі 45,7%. Пайызды құрауда. Құрылысқа 3% ІЖӨ тиесілі. Қызмет көрсеті саласы және туризм маңызды рөл атқаруда. Жыл сайын елге 20 млн. турист келеді. Малайзия – Оңтүстік-Шығыс Азиядағы алдыңғы сауда державаларының бірі. Жыл сайынғы ІЖӨ-нің халықаралық сауда перспективалары туралы есебі бойынша 2008 жылы Малайзия әлемдегі жетекші экспортерлар арасында 21-шы орынды иеленді. 2008 жылы елдің экспорттық кірістері 195,7 млрд. долл.,құрады. импорт - 156,2 млрд. долл. (ФОБ индексі бойынша). Экспорттың негізгі бағыттары – электрондық бөлшектер, электротехникалық тауарлар, шикі мұнай, сұйылтылған табиғи газ, ағаш, пальма майф, каучук, текстильді және химиялық өнім болып табылады. Машина және жабдықтар, өнеркәсіпте пайдаланылатын көлік құралдары, мұнай өнімдері, пластик, темір рудасы және метал бұйымдары, тұтыну тауарлары мен азық-түлік. Басты сыртқы сауда әріптестері: АҚШ (15,6%), Сингапур (14,6%), Жапония (9,1%), Қытай (8,8%), Таиланд (5%), Гонконг (4,6%). Сыртқы сауда тасымалының төрттен үші Сингапур порты арқылы жүзеге асырылады. Кланг порты арқылы шығару талпыныстары жүк рәсімделуінің аса үлкен шығындарының себебінен қолайсыз болып табылады. Халықаралық компаниялар әлі де Малайзияны ұзақ мерзімді инвестициялар үшін қолайлы мемлекет деп есептеуде. Олай есептеулерінің себебі қолайлы инвестициялық және кәсіпкерлік климаттың, жақсарған экономикалық жағдайдың, сондай-ақ инвестициялар мен жоғарытехнологиялық трансұлттық корпорацияларды тартуға қажетті құқықтық негіздердің қамтамасыз етілуі. Бүгінгі таңда Малайзияда интеллектуалды меншік саласында халықаралық стандарттарға сай және қажетті құқықтық база құрылған. Сонымен, Малайзия Интеллектуалды меншіктің бүкіләлемдік ұйымының мүшесі болып табылады, интеллектуалды меншік құқықтарын реттеуші Париждік және Берн Конвенцияларына, сондай-ақ интеллектуалды меншіктің сауда аспектілері бойынша ІЖӨ келісіміне қол қойған. Шетелдік компаниялар тарапынан танылатын қызығушылық та бәсеке қабілеттіліктің және инвестициялық климаттың қолайлы болу себептерінен туындап отыр. Бүкіләлемдік банктің жыл сайынғы мәліметтеріне қарағанда «2008 жылғы бизнесті енгізу туралы» (Doing Business 2008) Малайзия бизнес жүргізуге қолайлы жағдайлар қамтамасыз ету көрсеткіші бойынша әлемнің 178 елдері арасында 24 орынды иеленіп отыр. Әсіресе «Кредит алу» (3 орын) және «Инвесторларды қорғау» (4 орын) бойынша. Әлсіз жағы ретінде «Лицензия алу» (105 место) атап өтсек болады. Малайзияның аса инвестициялық артықшылықтары – саяси тұрақтылық, анық іскерлік климат (деловой климат), Малайзияға аудару мүмкіншілігі, қажеттілік жағдайында Қытайдан қаржы жасау және ел халқының арасында ағылшын тілі меңгерілуінің жоғары дәрежеде болуы. Сонымен, Халықаралық Standard & Poor's рейтинг агенттігі шетелдік капиталдың орналасуы үшін нақты жер есебінде Малайзияға келесі баға берді: «Малайзияда ашық, дивеpсификациланға, мықты еңбек рыногына сүйенетін бәсеке қабілетті экономикасы, айтарлықтай деңгейде дамыған инфpақұрылымы, өнеркәсіп дамуы үшін қанағаттанарлықтай жағдайлары, сондай-ақ жоғары көлемде қорлары бар ел. Малайзия үкіметі арнайы жұмыс топтарын құру арқылы аса қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды жалғастыруда. Басты мақсаттар мен міндеттер являются эмигранттар жалдауға қойылатын шектеулерді азайту, жер беру және басқа да бірқатар процесстер мерзімін қысқарту. Үкімет аса көп шетелдік инвесторларды тарту үшін 2010 жылға дейін бизнес жүргізуге аса қолайлы 10 әлем елдерінің қатарына кіруді өз алдына мақсат қойды. Малайзия экономикасы әлеуметтік-экономикалық дамудың бесжылдық жоспарларын қабылдау негізіндегі басқару төтенше жоспарлау моделіне сүйенеді. 2006-2011 жж. Елдің экономикалық дамуының негізгі бағдарламалық әлеуметтік-экономикалық құжатта – Тоғызыншы Малайзиялық жоспар (9МЖ) құрылған. Бесжылдық Жоспардың дайындалуын және атқарылуына жауапты Үкіметтік орган – Премьер-министр кеңсесі жанындағы экономикалық жоспарлау бөлімі болып табылады (Economic Planning Unit – ЕРU). Бұл жүйе 1997 жылы құрылды және 2020 жылдарда дамыған ел мәртебесіне жету мақсатында атқарылып жатқан әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын жасау, үкімет үшін орта және ұзақ мерзімді жоспарларды әзірлеу және ең бастысы экономикалық сауалдар бойынша үкіметке ақыл-кеңес пен рекомендациялар беру сияқты түрлі шаралар ұйымдастыру арқылы қол жететін әлеуметтік-экономикалық дамуға жауапты болып табылады. Малайзия экономикасына инновациялар енгізу бойынша Приоритетті сала есебінде ақпараттық-байланыс технологияларын дамыту саласы болып табылады(АБТ). Экономиканы өндіріс пен саудада жаңа технологияларды пайдалану арқылы ақпараттандыру болашақ өнеркәсіп өндірісі дамуының негізі деп қаралады. Мультимедиялық суперкоридор (МСК) шұғыл жобасы Малайзияны жаңа технологиялық, ақпараттық-коммуникациялық, мультимедиялық инновациялар мен телекоммуникациялық қызмет ағымдарының аймақтық орталығына айналдыруды мақсат етіп отыр. (МСК) жобасын жүзеге асыру үшін Мультимедиялық даму корпорациясы құрылды. Бұл корпорация 10 жылға дейінгі мерзімде корпоративті салықтан босататын «МСК статус» компанияларға хай-тэк белгілеуге және беруге құқылы, ақпарат пен телекоммуникацияға, бизнеске қажетті жабдықтарды салықсыз кіргізуге құқылы. Малайзияның ғылыми-техникалық және кластерлық жаңа бағыттары биотехнологиялар болып табылады. Малайзия үкіметі елдің биотехнологиялық секторын жақын 10 жылда Азия-Тынықмұхиты аймағында бірінші орындарға шығаруды мақсат тұтып отыр. Бұл жоспарды жүзеге асыру мақсатында Ұлттық биотехнологиялық саясат іс жүзіне асуда. Айтылған доктринаның басты бағыттары ауыл шаруашылық саласына жетік технологияларды енгізу, табиғи ресурстарды унемді пайдалану, өндіріліп жатқан биоөнімнің қосымша құнын өсіру және елдің и азық-түлік қауіпсіздігін нығайту. Биотехнологиялық саясаттағы орталық орын биотехнологиялар саласындағы біріккен халықаралық жаңалықтар жүргізуге және бинес дамуына қажетті жағдайларды қамтамасыз ету үшін жасалған «Малайзиялық биодала» жобасына тиесілі. Нагано кубогі 2010. «Нагано кубогы – 2010» - 9-13 ақпан аралығында Жапонияда шайбалы хоккейден өткен халықаралық турнир. Аталмыш мұзайдын додасына Қазақстан, Дания, Словения және Жапония ұлттық құрамалары қатысты. Наганода Қазақ хоккейшілері 7-23 мамыр аралығында Алманияда өтетін әлем чемпионаты қарсаңындағы дайындықтарын саралап қана қоймай, 2011 жылы Азия ойындарында басты қарсыласы болатын Жапония құрамасының әуселесін байқап көрді. Шаянов жаттықтыратын Қазақстан құрамасы Жапонияда өткен “Нагано кубогын” иеленді. Соңғы кездесуде біздің жігіттер Словения құрамасына жол берді - 1:4. Алайда осы матчпен қатар өткен ойында Дания құрамасы Жапонияны жеңіп, үш кездесудегі жинаған ұпай саны бойынша Қазақстан хоккейшілері бас бәйгені қанжығалады. Жалпы есеп. Турнирдің «Ең маңызды ойыншысы» деп «Барыс» клубының ойыншысы Қазақстан шабуылшысы Вадим Краснослободцев танылды. Қазақстан құрамасы. Ұлттық құрамаға Барыстың 17 ойыншысы, және ҚХЛ-де ойнайтын тағы 8 ойыншы, және «Сарыарқа» мен «Қазцинк-Торпедо» клубтарының бір-бір ойыншылары кірді. Қорғаушылар. Савченко Роман, Казанцев Антон, Лакиза Артемий, Антипин Владимир, Васильченко Алексей бәрі — «Барыс», Ливиненко Артем «Витязь» Россия, Семенов Максим «Атлант» Россия, Фадеев Евгений «Автомобилист» Ресей, Коледаев Алексей «Металлург» Нк, Ресей Шабуылшылар. Корешков Александр, Спиридонов Андрей, Соларев Илья, Гаврилин Андрей, Старченко Роман, Шин Александр, Воронцов Алексей, Краснослободцев Вадим, Жайлауов Талгат, Рымарев Евгений бәрі— «Барыс», Бумагин Евгений, Польщук Федор, Дударев Дмитрий бәрі — «Металлург» Нк, Ресей, Касаткин Константин «Югра» Ресей, Уппер Дмитрий «Спартак» Ресей Орынбор облысы. Орынбор облысы - Ресейдегі облыс, федерация буыны. Облыс орталығы - Орынбор қаласы. 1920-1925 жылдары Қазақстан астанасы болған. Екібастұз. Екібастұз - Павлодар облысының батысында орналасқан қала. 1898 жылы негізі қаланып, қала дәрежесін 1957 жылы алды. Екібастұз деп аталу себебі. Осы өңірде тас көмір кені ашылғанға дейін, оның күншығыс жағында жатқан тұзды көл ерте заманнан бері «Екібастұз» деп мұрағаттық құжаттардан белгілі. Осыған байланысты кейін бұл жерден табылған тас көмір кені де, оның жанына орнаған қалашық пен қала да «Екібастұз»деп аталады. Екібастұз қаласы өзінің жастығына қарамастан теңдесі жоқ алып кәсіпорындарымен бүкіл әлемге танымал болып отыр.Қысқа ғана мерзім ішінде Қазақстанның «қара алтынды» жерінде пайда болған қала біздің замандастарымыз үшін аты аңызға айналған қала болып отыр. Тек қана Екібастұзда тұңғыш рет Қазақстанда көптеген алдыңғы қатарлы технология өмірге келді, жаңа үлгідегі құрал- жабдықтар зерттелді.. Екібастұз қаласы- кеншілер мен энергетиктердің мақтанышы. Қала орасан зор, әлемдегі бай тас көмірімен танылып отыр.№1, 2-МАЭС- тердің іске қосылуы арқасында Екібастұз жылуэнергетикалық кешенінің ірі орталығы болып отыр. Бүгінгі таңда үш бірдей – «Богатырь», «Солтүстік», және «Шығыс» кеніштерінде көмір өндіріледі. Екібастұз көмірі Қазақстанның, Орал, мен Батыс Сібірдің электр станцияларының жұмыстарын үздіксіз қамтамассыз етіп отыр.Қала тек географиялық орнымен ғана емес,сонымен қатар тарихи ерекшелігіне байланысты қалыптасты. Екібастұз көмірі мен электр қуаты бүкіл аймақтың кәсіпорындар: Павлодар химия, мұнай өңдеу, алюминий, трактор, Ақсу ферроқорыта зауыттары- Екібастұздағы «қара алтынның» арқасында өркендеп отыр. Сондай-ақ Екібастұз көмірі Қазақстан мен Рессейдің арасын жалғастырушы буын болып табылады.«Шығыс» кеніші -әлемдік тәжірибеде тұңғыш рет бейімделген көмір қабаты жағдайында көлденең жатқан шектеулі қуатымен жобаланды және көмір шығарудың жаңа технологиясын енгізді Абай қаласы. Абай - Қазақстандағы қала. Қарағанды облысында. Қала негізі Қарағанды көмір алыбының батыс телімдерінің игерілуіне байланысты 1949 жылы Шерубайнұра кенті ретінде қаланған.1961 жылы қалаға айналған. Біздің мемлекетімізде болған қоғамдық-саяси өмірдегі өзгерістер қаланың өміріне де өз әсерін тигізді. Нарыққа өтер тұста бүкіл еліміздегі тәрізді Абай ауданы да қиындықты бастан кешті. Ауданның көлемі қазір 653 мың гектар. Халық санағының мәліметіне сәйкес ауданда 57,3 мың адам тұрады, оның 28,3 мыңы қалалықтар, 29 мыңы ауылдықтар. Нарықтың қиын кезінде көптеген мекемелер мен кәсіпорындар жабылды. Бұрынғы 4 шахтадан біреуі ғана қалды. Басқадай кәсіпорындар мен құрылыс-монтаж ұйымдарының өнімдеріне сұраныс болмай қалды. Оның есесіне ауданда шағын және орта бизнес жақсы дамып келеді. Қазір мұнда ірі бизнестің жеті, орта бизнестің 36, шағын бизнестің 127-і кәсіпорны жұмыс жасайды. Бұлардың ішінде ырғақты жұмыс істеп жатқан «Қазақмыс» корпорациясының «Абай жылу жүйесі» ЖШС, Оңтүстік Топар кен басқармасы, жоғары коксты көмірді байытатын «Восточная» байыту фабрикасы, «Тексти-Лайн» ЖШС-ін айтуға болады. Жеке меншік кәсіпорындардың ішінде «Эдельвейс» өндірістік кооперативі, агроөндірістік ұн комбинаты, «Медео» ЖШС-ларын ерекше атап өткен жөн. Ауданда қазір 39 мектеп бар. Абай спорт мектебінің спортшылары республикалық қана емес, әлемдік жарыстарда жүлде алып жүр. 1980 жылы ұйымдастырылған Абай Құнанбаевтың мұражайы қаланың мақтанышы ғана емес, мәдени-рухани орталықтың бірі болып отыр. Денсаулық сақтау саласына да ерекше көңіл бөлініп келеді. Ауданда 3 емхана, 2 аурухана, 11 селолық фельдшерлік амбулатория, 22 фельдшерлік-акушерлік пункт, 13 дәріхана, 2 туберкулезге қарсы диспансер халыққа медициналық қызмет көрсетіп келеді. 1898. 1898 жыл —Екібастұз қаласының негізі қаланды. Қаулы. Қаулы – алқалық негізінде жұмыс істейтін мекемелерде шешімдерді, ұйғарымдарды жинақтайтын ресми құжат. Қаулы мәжілістерде, жиналыстарда талқыланатын мәселелер бойынша қабылданады, онда көрсетілген шаралардың орындалуы міндеттеледі. Ірі мекемелерде, министрліктер мен ведомстволарда ең маңызды мәселелер бойынша алдын ала анықтама және анықтама бойынша қаулының, шешімінің жобасы әзірленеді. Қаулы мен шешім тілдік құрылымы жағынан ұқсас. Қыз танысу. Ұзатылған қыз өз босағасынан аттанар бұрын туған- туыстарын аралап, көрінеді. Мұны дәстүр бойынша “қыз танысу” дейді. Қыздың барған үйі оған құрмет қөрсетіп, жақсы тілектер тілеп, бағалы киім, дүние мүлік, жақсы тағымдар беріп аттандырады. Бұл бұрын халық арасында өте жарасты дәстүр болып қалыптасқан. Құда түсу. Құда түсу - қазақтардың ертеден және қазір де жалғасып келе жатқан жақсы әрі жарасты дәстүрлердің бірі. Жігіттің әкесі немесе оның жақын туыстары қызы бар үйге құда түседі яғни бой жеткен қызын сұрайды. Құдалар құрметке лайық сыйлы адам деп жасайды саналады. Қыз әкесі келісім берген соң құдалықтың жөн-жоралғыларын. Оның түрі өте көп, мысалы: құда аттанар, құда тарту, ат байлар, құйрық-бауыр тағы басқа ырымдары мен кәде алымдары болады (“кәдеге” қараңыз). Құдалықты басқарып барған адам “бас құда” деп аталады. Тұрмыс құратын жігіт пен қалыңдықтың әкелері бір-біріне “бауыздау құда” деп аталады. Құда түсу - қазақтың мәртебелі әрі жарасты салт-дәстүрлерінің бірі. Онда түрлі ойын-сауық, әзіл-қалжыңдар айтылады. Екі жақ та бір-бірін сынап отырады. Инфляция. Инфляция (- үлкею, көпіру), қағаз ақшаның құнсыздануына байланысты болатын әлеуметтік-экономикалық құбылыс жиынтығы. Айналыстағы ақша өлшемдегі мөлшерінің бағалардың қосылуынан артып кетіп, осының нәтежесінде таурлар мен қамтамасыз етілмеген ақшалардың пайда болуы инфляцияны білдіреді. 2007 жылғы Әлемдегі инфляция деңгейі Инфляциядан өндіріс көп зардап шегеді, еңбекке деген ынта да бұзылады. Инфляция тауар тапшылығының басты себебі болып тұрып, тауар мен аз тепте – теңдікті белгіленген норма бойынша бөлуге мәжбур етеді. Құн заңы әрекетімен анықталатын тауар-ақша қатынастарының болуы инфляциялық процестерін тудырады. Инфляцияның басты ерекшелігі қоғамдық ұдайы өндірістің барлық факторларына қатысты сан алуан себептерден туады. Инфляция тарихы. 1775-1783 жылдары Солтүстік Америкада тәуелсіздік үшін болған соғыс доллардың құнсыздануына әкеліп соқты. Францияда 1784-1794 жылдары революция кезінде өндірілген қағаз ассигнаттар бір жылда 883 есе құнсызданды. Еркін бәсеке кезіндегі капитализм жағдайында инфляцияны соғыс, дағдарыстан, стихиялық апаттар кезінде болатын несие ақшаларының алтынға айрбасталуының тоқтауы кезінде пайда болды. Әуезов музейі. Әуезов музейі - Қазақстан Ғылым академиясының М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ғылыми-зерттеу, мәдени-ағарту мекемесі. 1963 жылы М.О. Әуезовті мәңгі есте қалдыру жөніндегі Қазақстан үкіметінің арнаулы қаулысы бойынша құрылған. Музей жазушының соңғы он жыл бойы (1951 - 1961) тұрған үйінде орналасқан. Онда жазушының өмірінен, шығармашылық қызметінен толық мағлұмат беретін аса бағалы тарихи, әдеби материалдарға толы мемориалдық бөлмелер бар. Онда жазушының қолжазбалары, дүние жүзінің 30 тілінде басылған "Абай жолы" эпопеясының нүсқалары қойылған. Музейде жазушы-драматургтың қазақ театрымен шығармашылық байланысын бейнелейтін қосымша павильон бар. Әуезов музейі жазушының әдеби мүрасын жинау, жариялау, зерттеу жүмыстарын жүргізеді. Музейдің негізгі қоры — Әуезовтің өзінің жеке архиві. Мүнда оның шығармаларының түп нүсқасы түгел сақтаулы. Мүсірепов мұражайы. Ғабит Мүсіреповтің мемориалдық мұражайы - 1991 жылы қазанның 9-күні Алматыда ашылды. Саңлақ суреткер артына мол өдеби мұра қалдырды. Музейдің ашылуы да осы рухани қазынаны жасаушы жазушы еңбектерін бір жерге жинастырып, жақынырақ онымен халықты таныстыру. Салтанатқа ақын-жазушылар, мәдениет, өнер қайраткерлері, студенттер мен мектеп оқушылары жиналды. Салтанатгың ашылуы сәтінде композитор Е. Рахмадиев сө йледі. Ақын Әбу Сәрсенбаев жазушының оған сыйлаған заттарын музейге тапсырды. Енді музей классик жазушының шығармашылығын зерттейтін орынға айналады. Ғабеңнің әлі де жарық көрмеген әдеби мұралары мен хаттары мол. Белл, Дэниел (әлеуметтанушы). Дэ́ниел Белл (туды. 10.5.1919 - Қаңтардың 25 2011, Нью-Йорк, АҚШ - американдық социолог (қоғамтанушы, әлеуметтанушы) және публицист, постиндустриалдық (информациялық) қоғам теориясының негізін қалаушы. Өмірбаяны. В молодости увлекался «оппортунистической» версией марксистского социализма. В начале 50-х гг. перешел на позиции либерального реформизма, сделался сторонником проведения обширных социальных реформ, стал признанным теоретиком неолиберализма. В середине 70-х гг. Б. примыкает к неоконсерватизму. В последние годы Б. призывает к укреплению политических устоев в духе либерализма, осуждая крайности «консервативного мятежа» против современности. 1960 — Концепция деидеологизации, которую обосновывал затуханием социальных конфликтов и возникновением в рамках зрелого индустриального общества общенациональное согласия интересов. В книге «Конец идеологии» Белл вынужден был признать, что его предсказания «конца идеологии» не оправдались, и подчеркнул социальную значимость идеологии, особенно религии. Концепция постиндустриального общества. В современном значении термин «Постиндустриальное общество» впервые был применен в конце 1950-х годов, а широкое признание концепция постиндустриального общества получила в результате работ профессора Гарвардского университета Дэниела Белла, в частности, после выхода в 1973 его книги «Грядущее постиндустриальное общество». Согласно концепции Белла, НТР делает излишней социальную революцию. Белл выступает против «одностороннего детерминизма» и монизма материалистического понимания истории: он противопоставляет этим взглядам свою интерпретацию всемирной истории сквозь призму технологии и знания (доиндустриальное, индустриальное и постиндустриальное общества). Постиндустриальное общество, первоначально — технократическая утопия (Технократия), потом как новая стадия антагонистического общества. Затем происходит переориентация экономики и культуры на культурные потребности, новый принцип управления (меритократия), позволяющий устранить бюрократию и технократию (благодаря избранию на руководящие посты лиц в зависимости от их заслуг и способностей). В книге «Становление постиндустриального об-ва» (1973) Б. обосновывал прогноз трансформации капитализма под воздействием НТР в новую социальную систему, свободную от социальных антагонизмов и классовой борьбы. В целом выступает против идеи общества как целостной системы отношений — ни марксистская целостность общества или технико-экономического детерминизма, ни функционалистское. С его т.зр., общество состоит из трех независимых друг от друга сфер: социальной структуры (прежде всего технико-экон.), политической системы и культуры. Эти сферы управляются противоречащими друг другу «осевыми принципами»: экономика — эффективностью, политическая система — принципом равенства, культура — принципом самореализации личности. Для современного капитализма, считает Б., характерно разобщение этих сфер, утрата прежнего единства экономики и культуры. В этом он видит источник противоречий в западном обществе. «Противоречия капитализма в сфере культуры» (1976). По своему содержанию культура имеет дело с экзистенциальными ситуациями смерти, трагедии, долга, любви и т. п. Культура изменяется иначе, чем технико-экономическая сфера. Ей чужды постулатные, линейные изменения, новое не сменяет старое (как это происходит в области технического прогресса), а происходит расширение содержания культурного хранилища. У современной капиталистической экономики и у авангардизма, как формы культуры, общим истоком которой является отрицание прошлого, — динамизм, стремление к новизне. Однако этим сферам общества свойственны разные «осевые принципы»: в технико-экономической сфере — личность и ее «роли», а в культуре — формирование цельной личности. Это приводит к острому конфликту между экономической системой капитализма и его модернистской культурой. К тому же бюрократическая система в экономике приходит в столкновение с принципами равенства и демократии в политике. Эссе «Возвращение сакрального? Аргумент в пользу будущего религии» (1980). Работа критикует секуляризацию в современной социологии. Исходя из своей методол. посылки («изменения в сфере культуры развиваются иным путем, чем в социальной сфере»), в ней (секуляризации) следует различать две стороны: изменение институтов (церкви) и изменение идей (религиозных доктрин). Изменение религии происходит на двух уровнях — социальной структуры и культуры. «Секуляризация» применима только к изменению институтов (уменьшению влияния церкви), а изменение идей — «профанация». Т.о., изменение религии на социальном уровне описывается понятиями «сакральное и секулярное», а на культурном уровне — «святое и профанное». Айналым қаражаттарын пайдалану көрсеткіштері. Өндірістік байланыс қорынының құрамында, негізгі кор және айналым қаражатты бар. Қаражаттардың айналым деп атауының себебі, табиғи-заттық формасының өзгеріп, оның өндірістік процінде айналымдылық жүруінен айтады. Бұл айналымдылық бір өндірістік цикл (жыл) бойынша жүреді, бұнда айналым қаражаттары толығымен жұмсалып өз бағасын жаңадан шығарылған өнімге ауыстырылады. Д - Т…П - Т’ - Д’. Байланыс қызметі затсыз болуы өзгешелігінен және оны өндіру кезінде шикі зат пен материалдарды қолданмағандықтан, жалпы өндірістік қорына қарағанда айналым қаражатының бағасы азырақ болады. Бірақ қызмет көрсету саласыда оның ролі азаймайды, өйткені айналым қаражаттар негізгі қорлардың шығындары мен еңбексіз мүмкін емес. Нарықтық экономика жағдайында айналым қаражаттың мағнасы артады, себебі компания активтерінің қозғалмалы бөлігігің қолдану деңгейі, олардың финанстық деңгейіне байланысты. Байланыс саласының айналым қаражаттары бір текті емес, ол өзінде өндірістік айналым қорлармен, айналу қорларды біріктіреді. Өндірістік айналым қорлары байланыс саласының пайда болуына тікелеі байланысты. Оларға көмекші материалдар запасы, күнделікті қызмет көрсету мен құрал жабдықтарды ремонттауға арналған запас бөлшектер және де отын, құны аз және тез тозатын құралдар. Соңғы тобтағы құралдар мен шаруашылық инвентарьлар кіреді, бірақ олардың бірлік бағасы мемлекеттік минималды жалақысынан 100-ден аспай және жұмыс істеу мерзімі 1 жылдан аспау керек, және де арнаулы жұмыс киімдер кіреді. Байланыс почта мекемелерінде айналым қаражатына посылка тарасының запастары кіреді. Қарастырып отырған топтың негізгі емес байланыс ұйымына шикі зат, негізгі материалдар мен бітірілмеген өндіріс. Айналым қорына кассадаға және есеп айырытын счеттағы ұйымның ақшалай қаражаты, негізгі емес ұйымының дайын өніміне қаржы бөлуі, кәсіпорын қоймаларында арнаулы жұмыс киімдер мен дебиторлық қарыздар және т.б. жатады. Айналым қаражаттың бұл бөлігі жаңа қызметтің бағасына байланысты емес. Ол жасалынған бағамен жүріп, шаруашылық ұйымын өндірістік айналым қорларының запасына керекті элементі боп, бюджетпен есептесу, кәсіпорын-жабдықтаушылармен және де басқа байланыс ұйымдармен желі арқылы қызмет көрсету процесін шығаруда өзара түсінісушілігімен жұмысшылырға жалақы төлеуде және де басқа мақсаттарда. Байланыс ұйымның айналым қаражатының жалпы бағасы өндірістік айналым қорымның бөлігіне 30% (өндірісте-70%) жатады, бірақ салалар разрезінде айналым қаражаттарың құрлымы әртүрлі. Ол техникамен жабдықтау деңгейінен, өндірістік және еңбек ұйымдар түрлерінен, желі арқылы қызмет көрсетуде қатысатын және де қызмет көрсетілген абонентермен есептеу жүргізу түрлерінен оператор арасындағы есеп жүргізу механизімінен тәуелді. Өндірістік айналым қорлармен айналым қорлардың толықтандыру мен қалыптасу бұлағы, өзіне меншікті және карызға алынған қаражаттар болады. Өзіне меншікті айналым қаражаттар (АО-да) ұйымдарда, оны құру уақытында (акционерлеу) құрамында құрылған қорлар (капиталда) пайда болады. Содан кейін олардың қаражаттары, күнделікті ұйымның қолындағы қаражаттар арқылы және өзінің ресурстарынан құрылады. Мысалы пайда. Айналым қаражаттардың түрлі-түрлерінен қанағаттандырылу, оның нормалау негізінде құралады. Байланыс қызметінің негізін нормалауына айналым қаражатының барлығы, ал негізгі емесіне соңына дейін жасалынбаған кәсіпорын (құрылыс) және ұйымның қоймаларында дайын өнімдер жатады. Айналым қаражаттарды нормалау сөзінде, пікірмен дәлелденген нормалар мен шығындарға мөлшерлеу қойылу түсініледі. Айналым қаражаттың нормасы – айналым қаражаттың әр түрлі ұйымдағы минималды тұтынудың біршама көрсеткіші. Мысалы, қосымша бөлшектің нормасы құралдың баланстық баға пайызынан анықталынады; материалдар мен отындардың нормасы оладың кәсіпорынның қоймаларында запаста болу күнімен анықталынады; жұмыс киім нормасы бір адамның киіміндей ақшалай түрде анықталынады. Айналым қаражаттарының нормалану мен түрлендіру процессі «Финансирование и кредитование преприятий связи» пәнінде оқытылады. Экономикалық аспектінің мәселесі айналым қаражаттарының бағалануы мен пайдалану деңгейлерінің жоғарлауынан тұрады, ол байланыс ұжымының қаржы жағдайына тікелей әсер етеді. өңделген жабдықтардың экономикалық мазмұнынан шыға-келе, өндірістік процестегі олардың қолдану тиімділігі айналу коэффициентімен сипатталады. Оларға бір айналымның ұзақтығы, айналу коэффициенті және өңделудегі ОС жүктеме коэффициенті жатады. Oc-қарастырылатын уақыт аралығындағы (жыл,квартал) өңделген заттардың орташа бағасы (орташа қалдық); Дусл-уақыт аралығына сәкес байланыс қызметінен түскен табыстардың қосындысы. ОС айналымының ұзақтығы аз болған сайын,байланыс қызметінің берілген көлеміне және олардың ақшалай эквивалентін алуға деген сұраныс соғұрлым аз болады. Өзінің құрамы бойынша бұл коэффициент қаратырылатын уақыт периодында және сонымен қатар бір айналымның ұзақтығы период күндерінің санына қатынасымен көрсетілуі мүмкін,Коб=Tдн/Кд. Айналым коэфицентінің мәні өскен сайын, өндірістік айналым құрамына тиімді қолданылады. Мұнда Кд1 және Кд2 – салыстырмалы периодтағы немесе бір периодтың жоспарлы және есебті мәндері бойынша бір айналым ұзақтығы. Мысал. Телекаммуникациалы компанияда табыс қызмет байланысынан бір жылда 2806,8 млн.руб. құрды.Бір айналымның нақты ұзақтығы оның жоспарлы 72 күн мәні кезінде 69 күнге тең.Айналым құралының шығару қатысы:∆Оc =(2806.8/360) (72-69)=23.4 млн.руб.Егер оператор бір айналым құрал ұзақтығын 3 күнге қысқартпағанда,оған қосымша 23,4 млн.руб.айналым құралы қажет болатын еді. Байланыс ұйымының айналым құралын қолдану деңгейіне маңызды факторлар санына объективті және субъективті сипаттамасында әсерін тигізеді.Объективті факторларға білім салалық және іс-әрекет қызметінде товарлы материалды бағалылар шығарылады.Базарлық қатынастың кіру периодына айнылым құралдарының төмендеуініңбір себебі,көрсетілген қызыметіне байланысты түгелімен көсіпорынға қарыз. Өзіндік төлемеудің себебі – жекеменшік қаржылық ресурстардың көптеген басқарушы субъектілердің болмауы,берілген аймақта заңды базаның болмауы,төмен төлеу дисцеплинасы. Акцонерлік электробайланыс қоғамында дебитарлыққарыз есептелген табыстардан 30 дан 35 пайызға дейін жетеді,сонымен қоса клиентік қарыздан 20-25 пайызды қамтиды.Бұл өз кезегінде байланыс операторлар арасында өзіндік есептер жүйесінде қиындықтар туғызады және олардың жұмыс істеу тұрақтылығын жэоғалтады. Қазіргі уақытта дебитарлық қарыздың күйі эканомикалық жалпы стаблизациясы әсерінен жақсарды және әртүрлі саладан кәсіпорындардың қаржылық күйі де жақсарды.Дебитарлық қарыздардың праблемасын шешуде нармативті заңды актілер маңызды роль атқарады.Мысалы,22.08.2004.г.№122 дан федералдық заң азамет категориясымен анықталғанбайланыс қызыметінің көрсету практикасын жояды. Өндірістік техникасымен техналогииясының жалпы деңгейі, материалдар сұранысын әртүрлі көлемде қажет ететіндер,олардың қызмет көрсетуіне энергоресерстар; Қызметті тұтынушылармен өзараісәрекеті кезінде өзіндік төмендеудің қысқарылуы,материалды ресурстарды тасмалдаушылармен; Тасмалдаушылармен тура ұзақ келісімдердің негізінде материалды техникалық жабдықтау жүйесінің толық жетілдіруі,орналастырудың әмбебаптылығы,материалдық және артық бөліктердің сапасының жақсаруы; Таварлық- материалдық бағалылардың жаңашыл іске асуы; Осы бағыттағы байланыс ұйымының жұмысы айналым қаражатының үнемді және эффективті қолданылуын қамтамасыз етеді.Байланыс ұйымының активті жұмысы негізгі экономикалық және қаржылық көрсеткіштерді өзімен бірге жақсаруын еліктіреді. Даруин, Чарлз. Чарльз Роберт Дарвин (1802-1809) - әйгілі ағылшын ғалымы, натуралист, биологиялық эволюцияның негізін салушы. Эволюциялық өзгерістердің механизмін енгізуді алғаш ұсынған ғалым. Ч.Дарвин Санк - Петербургтің ғылыми академиясының шетелдік мүше-кореспонденті еді. Өмірбаяны. Ч.Р.Дарвин дәрігер отбасыда туылған. 1831 жылы натуралист ретінде «Бигль» кемесіде 5 – ші жазғы экспедициясына қатысты. Экспедицияның басты мақсаты Оңтүстік Американың топографиялық суреттері еді. Экспедиция Чили, Галапагос, Таити аралдарынан, Жаңа Зеландия, Тасмания мен Оңтүстік Америкадан өтті. Галапагос аралдарында сол жерлердің флорасы мен фаунасының материктікіне ұқсастығы Дарвиннің назарын аударды. Осы мысал түрлердің өзгере алатындығын дәлелдеді. Англияға қайтқаннан кейін Дарвин көгершіндер мен басқа да үй жануарлардың сұрыпталуымен айналысты. Одан соң ол Т.Мальтустың шығармаларын зерттеген. Дарвин сол шығармалардағы ойларды тірі табиғатқа пайдаланды. Оның тұжырымы бойынша жануарлардың жоғары репрадуктифтік потенциалына қарамастан табиғи популяциялардың саны тұрақты болады. Түрлердің өзара бәсекелестік, күреске шыдамды, бейімделгіш түр ғана көп ұрпақ қалдыра алады. 1858 жылы тура сондай тұжырымға А.Р.Уоллес те келді. Бұны Ч.Лейлдің жұмыстары дәлелді. Ол прогрессивті өзгерістердің полеонтологиялық материалдарда болатының көрсетті. Дарвин мен Уоллес Лондондағы Линнеевтік отырысқа докладпен шықты. Ал 1859 жылы Дарвин өзінің негізгі шығармасын «Табиғи сұрыпталу арқылы өмірдің пайда болуы» жарыққа шығарады. Антропологиялық проблемаларға тікелей қатысы бар Дарвиннің екі шығармасы бар. Олар: «Адамның шығу тегі және жыныстық тандау» (1871ж) мен «Адам мен жануарлардын мінез – құлықтары» (1872ж). Осы жұмыстар Ч.Дарвиннің жалпы теориясын адамның шығутегі проблемаларын шешуде қолдануды ұсынады. Дарвиннің теориясында «адам маймылдан шықты» Дарвинизмнің ең басты қателігі оның “өмір – бұл күрес” дейтін ілімі. Осы ілім анағұрлым күшті әрі сол ортаға бейімделген органикалық заттар мен ағзаларға қолдануға жарамды, өйткені күшті әлсізді табанына басып жаныштап отыруы тиіс. Бірақ бұл идеяны адамдарға қатысты қолдануға болмайды. Дарвинге жүгінсек, “артық¬шылықты раса” өмір сүру күресінде жеңіске жетуі тиіс. Оның ойынша олар еуропалық ақ адамдар да, ал африкалықтар мен азиялықтар бұл күресте жеңіліс табуы керек. Ол тіпті бұлар көп кешікпей құрып кетеді деген тұжырым жасайды. Мысалы Дарвин былай деп жазады: “Тек ғасырлармен ғана өлшеуге болатын алдағы аз уақыттың ішінде өрке¬ниетті раса оларды сөз жоқ құртып тынады, ал бұдан кейін әлемдегі жабайылардың бәрін жояды. Сонымен бірге антропоморфты маймылдар “яғни маймылдың адамға айналу сатысындағылар” да құртылып жіберіледі. Адам мен оның жақын тектері арасындағы алшақтық жедел қарқынмен ұлғая түседі, өркениетті адамдар мен жабайылар арасында¬ғы айырмашылық мысалы Кавказ халықтары мен гиббондар арасындағы сияқты алшақтай¬ды, қазіргі кезде ол негр немесе автралия¬лықтар мен гориллалар арасындағы¬дай сипатта”. Міне, атағы әлемге әйгілі ға¬лым¬ның сөзі осындай. Дарвиннің өз теориясын жасау кезінде идеялық “серпілісті” сол кездегі зиялылар ортасында кеңінен танымал болған британдық экономист Томас Мальтустың кітабынан алғандығы белгілі. Ол жер бетіндегі адамдар саны өте көп, олардың көбеюінің жолын кесу қажет дейді. “Соғыс, аштық және жұқпалы аурулар сияқты алапат апаттар халықтың санын азайтуға қажетті механизм болып табылады, өйткені адамдардың белгілі бір бөлігі, басқаларының жақсы өмір сүруі үшін өлуі тиіс. Тек осындай “(үздіксіз) перма¬нентті соғыстың” нәтижесінде ғана адамзат өмір сүре алады”, – деп санайды Мальтус. Дарвин үздіксіз шиеленісті ауқымы зор табиғи құбылыс ретінде қарастырады. Бұл тіршілік үшін күресте әрқашан күштісі және жағдайға анағұрлым жақсы бейімделгені жеңіске жетеді, ал бұл тек солар өмір сүруге құқылы, өйткені осы заң табиғаты тұрғы¬сынан өзін ақтай алады деп мәлімдеуі содан. Өнегелік құндылықтар мен рухани жетілу оның іштен шыққан “шұбар жыланы” — “өмір сүру үшін күрес” идеясының басты жауы болды Күміс. Күміс (латынша Argentum), "Ag" – элементтердің периодты жүйесінің I-тобындағы химиялық элемент, асыл металдардың бірі. Реттік нөмірі 47, атом массасы 107, 87. Оттегі. Оттегі (латынша Oxygenium), "O" – элементтердің периодты жүйесінің VI-тобындағы химиялық элемент. Реттік нөмірі 8, атом массасы 15,999. Оттегі –химияның ең маңызды элементі және Жер бетіндегі көптеген тірі ағзалардың тыныс алуын қамтамасыз етеді. Оттегісіз біз бірнеше минут қана өмір сүре аламыз. Жасушалар мен талшықтар өмір тіршілігіне қажетті өздеріндегі энергияны босата отырып, органикалық заттарды тотықтыру үшін оттегіні пайдаланады. Оттегінің физиологиялық әсері өте көп қырлы, алайда, оның емдік әсерінде маңызды рөлді ағза талшықтардағы оттегі жетіспеушілігін орнына қайта келтіру қабілеті атқарады. Адам ағзасының барлық мүшелері мен талшықтары қалыпты жұмыс істеуі үшін біздің айналамыздағы ауаның құрамында кем дегенде 21% таза оттегі болуы керек. Үлкен қала – бұл өте жылдам өмір ырғағы (біз күн сайын энергия жоғалтамыз), газдалған ауа (созылмалы гипоксия)! Ірі мегаполис тұрғындарының оттегіне мұқтаждықтары орасан зор. Экологиялық ахуалдың жалпы деңгейде нашарлауы ірі қалаларда ауадағы таза оттегі мөлшері кейде 10-12%-дан артпауына алып келді. Осының салдарынан гипоксия (оттегі жетіспеушілігі) туындайды. Қалайы. Қалайы (латынша Stannum), "Sn" – элементтердің периодты жүйесінің IV -тобындағы химиялық элемент, асыл металдардың бірі. Реттік нөмірі 50, атом массасы 118, 710. Мырыш. Мырыш (латынша Zincum), "Zn" – элементтердің периодты жүйесінің II-тобындағы химиялық элемент, асыл металдардың бірі. Реттік нөмірі 30, атом массасы 65, 39. Көміртегі. Көміртегі (латынша Carboneum), "С" – элементтердің периодты жүйесінің IV-тобындағы химиялық элемент. Реттік нөмірі 6, атом массасы 12,011. Негізгі кристалдық модификациясы – алмас және графит. Жер қыртысындағы К-тің мөлш. 0,1%. Негізгі көміртек құрамды минералдар – карбонаттар. ENIAC. ENIAC () электронды-есептеуіш машинасы - Америка Құрама Штаттарының Пенсильвания университетінде жасалды. ENIAC - соғыстық мақсатта қолдану үшін, екінші дүниежүзілік соғыс біткеннен екі айдан кейін дүниеге келді. ENIAC-тың ұзындығы 30 м, көлемі 85 м3, ал салмағы 35 тоннаға дейін жететін. Ол 17 468 вакуумды шамнан, 7 200 кристал диодтардан және 4 100 магниттік элементтерден тұрды. ХХ ғасырдың бірінші жартысы радиотехниканың қарыштап дамыған кезеңі болатын. Сол кездегі радиоқабылдағыштар электронды-вакуумды шамдармен жұмыс істейтін. Алғашқы электрондық-есептеуіш машиналарды құрастыру үшін осындай электронды-вакуумды шамдар қолданылды. Электронды шамдармен жұмыс істейтін алғашқы электронды есептеуіш машина 1946 жылы Америка Құрама Штаттарында құрастырылды. Дж. Моучли және П. Эккерт деген ғалымдардың басқаруымен құрастырылған бұл машина ENIAC («Electronic Numerical Integrator and Computer» - Электронды санды интегратор және компьютер) деп аталды. ENIAC секундына 300 көбейту немесе 5000 қосу амалын орындай алатын. Бұл сол кезге дейін қолданылып келген Mark-1 секілді механикалық және электронды-механикалық элементтермен жұмыс істейтін машиналардың жылдамдығымен салыстырғанда мыңдаған есе артық болатын. Есепшот. Есепшот - ең алғашқы пайда болған есептеу құралы болып табылады. Кейбір деректерге сүйенсек, есепшоттың жасы 2000-5000 жылдар шамасында, ал пайда болған жері ертедегі Қытай немесе ертедегі Мысыр, тіпті ежелгі Грекия болуы да мүмкін. Бұл санау құралын гректер мен Батыс-Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суан-пан», жапондықтар «серобян» деп атаған. Бұл құралмен есептеулер оның шұңғыл тақтада орналасқан тастарын жылжыту арқылы жүргізілген. Тастар піл сүйегінен, түрлі түсті шынылардан, қоладан жасалды. Осындай есепшоттар қайта өркендеу дәуіріне дейін пайдаланылып келді. Оның жетілдірілген түрі осы күнге дейін қолданылып келеді. Паскал, Блез. Блез Паскаль (, Маусымның 19 1623 жыл—Тамыздың 19 1662 жыл) - XVII-ғасырда өмір сүрген француз математигі және физигі, пәлсапашы, әдебиетшісі. Математикалық анализ, ықтималдық теориясының, кескіндік геометрияның негізін салушылардың бірі, гидростатиканың негізгі заңының ауторы. thumb Паскаль 12 жасынан бастап ғылыммен шұғылданды. Әкесі Этьен математик және астроном болған. Әкесі баласын ғылым үйірмесіне қатыстырған. Сол кезде зерек бала сол кездегі ғалымдармен бірдей ғылым туралы пікірлескен. 16 жасында паскаль «Қима туралы» еңбегін жазады. Ол газбен сұйықтардың қасиетін көп зертттеп, заңдылығын тағайындаған және атмосфералық қысымның бар екендігін өз тәжірибесімен дәлелдеп берген.Оның атымен қысым бірлігі және информатикада программалау тілі аталған. Ол бағдарламалау тілін 300 жыл бұрын ашқан алғашқы болып ашқан. Қазақстанның сыртқы саясаты. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймактағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен ей жакты байланыс едәір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссел, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады. Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастық. Қазіргі кезде Қазақстанның көп ғасырлар бойы туысқандық, мәдени, саяси және экономикалык, қарым-қатынаста болып келген көршілес Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастығы ерекше cepпін алып отыр. Аймактың ең ipi мемлекеті ретінде ғана емес, экономикасы едәуір алға басқан Қазақстан аймақ бойынша көршілес елдермен тығыз қарым-қатынас орнатуға қызығушылық білдіруде. Біздің мемлекетіміздің ендігі жердегі қарқынды дамуы аталмыш республикалармен қалыптасатын қарым-қатынаспен де тығыз байланысты. Сол себепті Қазақстан Орта Азиялық Одақ құру идеясын алға тартып отыр. Бұл бірлестікке Қазақстаннан баска аймактың Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркменістан сияқты мемлекеттері де кipyi мүмкін. 2006 - 2007 жылдар аралығында Орталық Азия мемлекеттері президенттерінің Астанаға іс-сапарлары барысында және Қазақстан басшылығының аталмыш аймақ мемлекеттеріне ресми сапарлары барысында мемлекетаралық саяси-экономикалық және әлеуметтік-мәдени қарым-қатынастардың дамуына негіз болатын маңызды екі жақты келісімдер қабылданды. Бұл құжаттар Қазақстанның көршілес мемлекеттерімен байланысын нығайта түсіп, Орта Азиялық Одақ идеясын жүзеге асыру үшін айтарлықтай серпін беріп отыр. Ресей Федерациясымен ынтымақтастық. Қазақстанның сыртқы саясатының басты бағыттарының бipi Ресеймен қарым-қатынас болып табылады. Бұл мемлекетпен біздің ел көп жылдар бойы тығыз қарым-қатынаста болып келеді. Өзара бөлісіп жатқан мемлекеттік шекараның ұзындығының өзі 7591 шақырымға созылып жатыр. Мемлекетаралық достастық екі бipдeй президенттің және екі ел халқының өзара тығыз байланысы арқасында дамып отыр. Қазақстан мен Ресей арасында отын-энергетикалық кешен, көлік және коммуникация, әскери-техникалық және қорғаныс өнеркәсібі caлалары бойынша байланыс орныққан. Қазақстан-ресейлік қарым-қатынастың біртұтас спектрі көптеген екі жақты құжаттар және келісімдермен реттелуде. Екі жақты қарым-қатынаспен қоса екі бipдeй мемлекет аймақтағы әскери-саяси және экономикалық сипаттағы көптеген аймақтық ұйымдар шеңберінде өзара белсенді әрекеттесуде. Сөз тиегі болып отырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Еуразиялық Экономикалық Қауымдастығы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы және Коллективті қауіпсіздік туралы келісім Ұйымдары. 2012 жылы Қазақстан мен Ресей өзара дипломатиялық қарым-қатынас құрғанының 20 жылдығын атап өтеді. Кытай Халық Республикасымен ынтымақтастық. Біздің мемлекетіміздің тағы да бір көршілес елмен қарым-қатынасы серпінді даму үстінде. Бұл - Кытай Халық Республикасы. Жыл сайын екі ел арасындағы тауарайналымы өсіп, экономика, мәдени-гуманитарлық ынтымактастық салаларында көптеген ipi жобалар жүзеге асырылып отыр. Ұдайы қарым-қатынас арқасында екі ел басшылылығының арасындағы байланыс нығайып келеді. Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастық. Оған қоса Қазақстанның Америка Құрама Штаттарымен байланысы жылдан жылға нығая түсуде. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2006 жылы АҚШ-қа ресми сапары қазақстандық-американдық ара-қатынастың дамуына және нығая түсуіне септік еткен маңызды шара болды. Сапар барысында екі ел арасында болған сындарлы сұхбаттар кезінде қауіпсіздік, терроризммен күрес, энергетикалық саладағы байланыстың дамуы және Казақстан Республикасындағы жоғарғы технологиялық, инновациялық өндірістерді дамыту процесіне американдық компаниялардың ат салысуы талқыланды. Мұсылман елдерімен ынтымақтастық. Қазақстанның ислам әлемімен қарым-қатынасының тереңдей түcyi турасында 2006-2007 жылдар аралығында бұл байланыстың қарқындылығы байқалғанын атап өтуге болады. 2007 жылы ҚР Президенті Н.Назарбаев Мысыр, Иордан, Қатар, Сирия, Біріккен Араб Әмірліктерінде ресми сапармен болып қайты. Ал Қазақстанға Мысыр Президенті X.Мубарак және Иордания королі Абдалла II келді. Бұның бәрі біздің еліміздің және ислам мен араб әлемі арасындағы қарым-қатынасының жаңа деңгейге көтерілгендігінің бірден-бір белгісі болып табылады. Мысалға 2007 жылдың қараша айында Елбасының Сирия Араб Республикасына ресми сапары елеулі оқиға болды. Бұл біздің ел Президентінің араб және мұсылман әлемінде ықпалы зор Сирия мемлекетіне деген алгашқы сапары болды. Бұл мемлекет территориясында Қазақстанның тарихына тікелей байланысы бар ұлы ғұламалар жерленген. Олар қазақ даласынан шыққан бүгінде Дамаскеде жерленген ұлы ғалым, ағартушы Әбу Насыр Әл-Фараби мен аты аңызға айналған қолбасшы, әмірші Сұлтан Бейбарыс. Осы ретте тарихи және мәдени мұраларды әрдайым сақтап, дәріптеген Қазақстанның Дамаскедегі Әл-Фараби кесенесін салуға және Сұлтан Бейбарыстың кесенесінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы бөліп отырғандығы да кездейсоқтық емес. Бүгінгі күні республикамыз әлем ауқымындағы өзекті Батыстың жетекші мемлекеттері мен ислам әлемі арасындағы «Батыс — мұсылман әлемі» диалогын дамыту идеясын алға тартып отыр, әзірше бұл сыртқы істер министрлері деңгейінде жүзеге асуда. Қазақстан аталмыш идеяны әлем діндерін біріктірген және дінаралық сұхбат кұруға мүмкіндік берген өзінің халықаралық тәжірибесіне сүйене ортаға салуда. Бұған мысал мемлекетімізде 2003, 2006 және 2009 жылдарда үш рет өткен және халықаралық деңгейде жоғары бағаға ие болған Әлем және дәстурлі діндер басшыларының Съезі. БҰҰ Бас Ассамблеясының 62-i сессиясында сөйлеген сезінде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев болашақ съездің БҰҰ аясында өткізілуі туралы ұсыныс жасады. Еуропа Одағымен ынтымақтастық. Соңғы жылдары Казақстан Еуропа Одағына мүше елдер арасындағы қарым-қатынас едәуір алға басты. Бұл ретте мемлекетіміздің ЕО-мен «ЕО үштігі — Орталық Азия елдері» диалогы шеңберіндегі ара-қатынасын атап өту қажет. «ЕО үштігі — Орталық Азия елдері» аясындағы соңғы кездесу 2007 жылдың көктемінде Казақстан Республикасының Елордасы Астана қаласында өтті, оның барысында ЕО-ның Орталық Азиядағы 2007-2013 жылдарға арналған стратегаясы талқыланды. Сол жылдың 30 маусымында Берлин қаласында Еуроодақтың Орталық Азияға қатысты Стратегиясының тұсаукесер рәсімі өтті. Демократиялық реформалар нәтижесінде қол жеткізілген Қазақстанның саяси, экономикалық жетістіктерін халықаралық қауымдастықтың мойындауы және әлемдегі энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі біздің республиканың ықпалының өcyi мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың ТМД Төрағасы ретінде 2006 жылы Санкт-Петербургте өткен G-8 саммитіне қатысуға мүмкіндік берді. Саммит аясында Н.Ә. Назарбаев әлемдік және аймактық державалардың басшыларымен кездесіп, олармен болған сұхбат барысында екі жақты және көпсалалы ынтымақтастыққа байланысты көптеген мәселелерді талқылады. ТМД мемлекеттерімен интеграциялық процестері. Республиканың сыртқы саясаты стратегиясында бұрынғы кеңес кеңістігінде болып жатқан интеграциялық процестер ерекше орынға ие. Біздің мемлекет бұрынғы КСРО республикаларының басым бөлігін бірлестірген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын сақтап, оны дамыту турасында біршама ic атқаруда. 2006 жылдың мамыр айынан бастап 2007 жылдың қазан айына дейін Қазақстан ТМД-да төрағалық етіп Достастықтағы интеграциялық процесстердің дамуына жаңа серпініс берді. Төраға ретінде Қазақстан ТМД ұйымының жалпы тиімділігін арттыру мақсатында Достастықты реформалау бойынша Концепцияны жасап, ТМД мүше басқа елдердің талқылауына салды. 2007 жылдың қазан айында Душанбеде өткен ТМД саммиті барысында аталмыш Концепция қабылданды. 2007 жылдың маусым айында Санкт-Петербургте өткен Достастыққа мүше мемлекеттер басшыларының ресми емес саммитінде Қазақстан Президентінің ұсынысы республикамыздың ТМД ұйымының қажеттілік деңгейін арттырудағы тағы да бір айтарлық қадамы болды. Қазақстан басшысы ендігі жерде Достастық көшбасшылары жылына бip көкейкесті мәселені қарастыруды ұсынды. Бірінші болып ТМД мемлекеттерінің бәріне ортақ өзекті мәселе көші-қон тақырыбы қарастырылды. Ал 2008 жылы ТМД Төрагасы ретінде Қазақстан көлік және коммуникация мәселесін талқылауды ұсынды. Бұрыңғы кеңес кеңістігінде экономикалық беделі жоғары Қазақстан мемлекеті Еуразиялық Экономикалық Қауымдастыққа мүше жетекші мемлекет болып табылады. Аталмыш Ұйымға Қазақстаннан басқа ТМД-ның бес мемлекеті мүше. Олар Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь және Тәжікстан. Біздің республикамыздың экономикалық мүмкіндіктері мен белсенділігі бұл ұйымның даму қарқынына айтарлықтай септік етуде. Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық. Халықаралық коғамдастықтағы еліміздің позитивті образының қалыптасуы және оның халықаралык мәртебеге ие болуы сыртқы саясатты жүргізудегі республика басшылығының көрегендік шешімдерімен мүмкін болды. Бұл тұрғыда ядролық қаруды таратпау, діни экстремизмге қарсы тұру, әлем діндері арасында толерантты қарым-қатынас құру мәселелерін атап өтуге болады. Осының негізінде еліміз аймақтык, және ғаламдық қауіпсіздік мүддесі турасында халықаралық аренаға өз бастамаларымен шығуға мүмкіндік алды. Мысал ретінде Қазақстанның Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына (ЕКЫҰ) бұрынгы кеңес кеңістігіндегі елдердің көшбасшысы ретінде төрағалық етуге 2003 жылы өз кандидатурасын ұсынуын атап өтуге болады. Соңғы жылдары Қазақстан осы мақсатқа қол жеткізуде тиянақтылық пен қажырлық танытты. Төрағалыққа ұсынылған біздің мемлекетіміздің кандидатурасын Қазақстанның халықаралық қауіпсіздік турасында сіңірген еңбегін бағалаған көптеген мемлекеттер қолдады. Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалық етуге өз кандидатурасын ұсынуының бір ceбeбі біздің мемлекетіміздің аталмыш ұйымды қазіргі таңда оның кеңестігінде пайда болған әpi көбейіп келе жатқан түрлі қауіпке төтеп бере алатын күшті, әpi тиімді ұйым ету болып табылады. Қазақстанның ЕКЫҰ төрағалық етуге ұмтылысының қортындысы 2007 жылдың қараша айында Мадрид қаласында өткен ЕКЫҰ-на мүше мемлекеттердің Сыртқы icтep министрлері Кеңесінің қабылдаған шешімі болды. Бұл шешімнің нәтижесінде Қазақстан 2010 жылы ЕКЫҰ төраға болуда. Мадрид құрылтайының шешімі халықаралық қоғамдастықтың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде соңгы 18 жылда қол жеткізген жетістіктерінің маңыздылығын мойындағанының бірден бір дәлелі болып табылады. Бұл ретте Қазақстанның аталмыш халықаралық ұйымның төрағасы ретінде халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған өзекті мәселелерді шешу турасында бірталай ұсыныс жасай алатындығын айтып кету керек. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның салмақты тәжірибесі халықаралық деңгейде үлкен қызығушылыққа ие болып келеді және де ЕКЫҰ дамуына жағымды серпіліс беретіндігі анық. Өйткені ЕКЫҰ-на төрағалық ету - бұл Қазақстанның Еуропа қауіпсіздігі аймақтық жүйесіне интеграциялануының, ұйымның бас мүшелерімен жалпы еуропалық өзекті мәселелерді шешу турасындағы тең құқықты сұхбатты жалғастыру мүмкіндігі болып табылады. Қазақстан дипломатиясының ipi жетістіктерінің бipi Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңесті (АӨСШК) жию идеясының жүзеге асқаны болып табылады. Аталмыш идеяның Қазақстан басшысы 1992 жылдың қазанында айтқан болатын. Бұл кезден бepi Қазақстан АӨСШК мүше мемлекеттер басшыларының саммитін 2002 және 2006 жылдары екі мәрте өткізіп үлгерді. Бұл басқосулар халықаралық деңгейде үлкен бағаға ие болды. 2006 жылдың 17 маусымында Алматы қаласында өткен АӨСШК II саммитінде Азиядағы ынтымақтастық пен қауіпсіздік негізгі мәселелерін форум қатысушылары біріге шешетіндігі сипатталған декларация және де аталмыш ұйымның хатшылығы жайлы келісімге қол қойылды. Қазіргі кезде АӨСШК-не азиялық 20 мемлекет мүше, 7 мемлекет және 3 халықаралық ұйым бақылаушы дәрежесіне ие. Аталмыш форумның жұмысы Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған, бұл ұйым бейбіт сұхбат және Азия кұрлығындағы күрделі геосаясаттық мәселелерді шешу алаңына айналды. ЭСКАТО-ға мүше 62 мемлекеттен 400-ден астам делегат қатысқан Алматы қаласында өткен Азия мен Тынық мұхиты мемлекеттерінің Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (БҰҰ ЭСКАТО) 63-i сессиясы Қазақстан мен бүкіл Орталық Азия үшін маңызды шараға айналды. Бұндай дәрежедегі шара Орталық Азияда тұңғыш рет өткенін атап өту қажет. Қалыптасып келе жатқан халықаралық жағдайда халықаралық және аймактық ұйымдармен қарым-қатынасты орнату ерекше маңызға ие болып келеді. Олардың басты қызметі қауіпсіздік саласымен байланысты. Осындай ұйымдардың бipi Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы болып табылады (ШЫҰ). 2001 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын (ШЫҰ) құру бастамасына ат салысты және де дәл осы ұйым аясындағы қызметі сыртқы саясаттағы негізгі бағыттардың біріне айналды. Қазіргі кезде ШЫҰ Қазақстан, Қырғызстан, ҚХР, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның басын қосып отыр, ал бұл ұйымдағы бақылаушы мемлекеттерге Моңғолия, Иран, Үндістан және Пәкістан кіреді. ШЫҰ шеңберіндегі диалогарқасында Қазақстан саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалар бойынша көптеген мәселелерді шешуге бағытталған сындарлы сұхбат жүргізу мүмкіндігіне ие және де бұл ұйым аясында терроризм, экстремизм және сепаратизммен күресуде күш жұмылдыру мәселелері талқыланады. ШЫҰ саяси тұрақтылық және қауіпсіздік қамтамасыз етудегі маңызды рөлі оны халыкаралық деңгейдегі беделді ұйымға айналуына септік етті. Жоғарыда айтып кеткен фактілер Қазақстанның тәуелсіздік жылдар ішінде сыртқы саясатын белсенді жүргізетін нығайған, сенімді мемлекетке айналғандығын көрсетіп отыр. Бұл мемлекет басшылығының сыртқы саясатты дұрыс және тиімді жүргізуіне байланысты мүмкін болып отырғанын атап кету керек. Экономикалық жетістіктеріміз де осыны анғартады. Тәуелсіздік жылдарында республикаға $50 млрд. көлемінде тікелей шетелдік инвестиция құйылған. Мемлекеттің алтынвалюта қоры тұрақты көбеюде. 1995 жылдан 2005 жылға дейін алтынвалюта қорының көлемі 9 есеге көбейіп, ҚР Статистика жөніндегі Агенттіктің мәліметі бойынша $15 085 млн. құраған. 2002 жылдың наурызында АҚШ Қазақстанға «нарықты экономикалы мемлекет» деген дәрежені берді. Бұл республика жүргізген нарықтық реформалар жемісінің белгісі. Бүкіләлемдік экономикалық форум жария еткен 2006-2007 жж. әлемдік бәсекелестік индексіне сәйкес Қазақстан Ресей, Түркия мемлекеттерін озып 56 орынды иемденді. Бұл тізім бойынша ҚР Орталық-Азия мемлекеттері арасында көшбасшы. Кеңейген экономикалық мүмкіндіктер республика алдында жаңа сыртқысаяси мақсаттар қойып отыр. Сарапшылар көз-қарасы бойынша Қазақстанның қарқынды дамып жатқан экономикасы «тұрақтылық экспортері» ретінде бүкіл аймақ экономикасының дамуының катализаторы болуы мумкін. Бұл ретте қазақстандықтардың зияткерлік мүмккіндігі мен мемлекеттің табиғи байлыкқары негіз бола алады. Мұнай мен газдың үлкен қорлары бар республика болашақта қалыптасып келе жатқан галамдық энергетикалық қауіпсіздік жүйесінде маңызды рөл атқаратын әлемдік нарыққа көмірсутегін жеткізетін жетекші мемлекетке айналуы әбден мүмкін. Елена Хрусталёва. Еле́на Влади́мировна Хрусталёва (қыркүйектің 28 1980 жыл, Красноярск) — биатлоншы, жеке сында 15 км жарыста 2010 жылғы Қысқы Олимпиадалық Ойындардың Қазақстан атынан күміс жүлдегері. 2002 жылғы Қысқы Ойындарда Белоруссия атынан қатысқан, Ресей құрамасында жүріп үш дүркін Еуропа чемпионы. 2007 жылы Елена Хрусталёва 2007 жылы Азиа ойындарының екі дүркін чемпионы атанады, содан бері де Қазақстан құрама сапында өнер көрсетеді. Спорттық мансабында Елена әлем кубоктарында 4 рет үздік ондықта көрінеді, соның ішінде жеке сында 2009 жылы әлем чемпионатында 6-шы орын алады. Еуразиялық Экономикалық Қауымдастығы. Еуразиялық экономикалық қоғамдастық 2000 жылғы 10 қазанда Астана қаласында халықаралық экономикалық ұйым ретінде Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің басшылары қол қойған Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (бұдан әрі – ЕурАзЭҚ) құру туралы шартқа сәйкес құрылды. ЕурАзЭҚ-ты құру туралы шартта бұрын Кеден одағы және Біртұтас экономикалық кеңістік туралы 1999 жылғы [26 ақпандағы шартта айқындалған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін тығыз және тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастық тұжырымдамасы негізге алынған. Қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың ұйымдастыру-құқықтық құралдары және жасалған халықаралық шарттардың бір мезгілде және бірдей орындалуының тетіктері, қабылданған шешімдерді іске асыруды бақылау жүйесін енгізу көзделген. ЕурАзЭҚ-ны құру туралы шартта Кеден одағы шеңберінде бұрын қабылданған шарттар мен шешімдердің сабақтастығы қамтамасыз етілген, олардың ішіндегі айқындаушылары мыналар болып табылады: Кеден одағы туралы келісім; 1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Кеден одағына қосылуы туралы келісім; 1996 жылғы 29 наурыздағы Экономкалық және гуманитарлық саладағы интеграцияны тереңдету туралы шарт; 1997 жылғы 22 қарашадағы Кеден одағын қалыптастыру кезінде тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары туралы келісім; «Қарапайым адамдарға қарай он қарапайым қадам» мәлімдемесі. Мақсаттары мен міндеттері. Еркін сауда режимін толық көлемде ресімдеуді аяқтау, біртұтас кеден тарифін және тарифтік емес реттеудің біртұтас шаралары жүйесін қалыптастыру; мүше мемлекеттердің ДСҰ-мен және басқа да халықаралық экономикалық ұйымдармен өзара қарым-қатынасындағы келісілген ұстанымын тұжырымдау; Қоғамдастықтың сыртқы шекараларында экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, контрабандамен және кедендік құқық бұзушылықтың өзге де түрлерімен күрес; экономикалардың келісілген құрылымдық қайта құруын жүргізу; бірлескен бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру, әлеуметтік-экономикалық даму; көліктік қызмет көрсетулердің ортақ рыногын және біртұтас көлік жүйесін қалыптастыру; ортақ энергетика рыногын қалыптастыру; білімнің ұлттық жүйелерін үйлесімдендіру, ғылым мен мәдениетті дамыту; Қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің азаматтарына оның барлық аумағында білім және дәрігерлік көмек алуда тең құқық беру; ЕурАзЭҚ шеңберінде жасалған шарттар бойынша мемлекетішілік рәсімдерді орындау мерзімдерін үйлестіру; Қоғамдастық шеңберінде ортақ құқықтық кеңістік құру мақсатында қатысушы мемлекеттердің құқықтық жүйелерінің өзара ықпалдасуын қамтамасыз ету. Құрылымы. Мемлекетаралық Кеңес – мемлекеттер және үкіметтер басшылары өкілдік ететін жоғарғы басқару органы. Қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің ортақ мүдделеріне байланысты қағидаттық мәселелерді қарайды, интеграция дамуының стратегиясын, бағыттары мен келешегін белгілейді және ЕурАзЭҚ мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған шешімдерді қабылдайды. Интеграциялық комитет – ЕурАзЭҚ органдарының өзара іс-қимылын және Мемлекетаралық Кеңес қабылдаған шешімдерді іске асыруды бақылауды қамтамасыз ететін тұрақты жұмыс істейтін орган. Парламентаралық Ассамблея ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамаларын үйлесімдендіру (жақындастыру, бірегейлендіру) мәселелерін қарайтын парламентаралық ынтымақтастық органы болып табылады. Қоғамдастық Соты Қоғамдастық шеңберіндегі қолданыстағы шарттардың және ЕурАзЭҚ органдары қабылдайтын шешімдердің біркелкі қолданылуын қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта ЕурАзЭҚ сотының функцияларын ТМД Экономикалық Сотына жүктеу туралы шешім қабылданды. Қызметі. Еуразиялық экономикалық қоғамдастық – ТМД кеңістігіндегі ең дамыған аймақтық бірлестіктердің бірі. Аталған аймақтық бірлестік жұмысына қатысу Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтарының бірі болып табылады. 2003 жылғы желтоқсанда ЕурАзЭҚ БҰҰ Бас Ассамблеясы жанындағы бақылаушы мәртебесіне ие болды, бұл осы интеграциялық бірлестікті дүниежүзілік қоғамдастық танып отыр дегенді білдіреді. ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің өзара ықпалдастығы тауарлар аталымының басым көпшілігі бойынша ортақ кеден тарифтері енгізілген, тарифтік емес реттеу бойынша келісілген шаралар жүзеге асырылып жатқан, үшінші елдерге қатысты ортақ сауда режимдері қалыптастырыла бастаған кезеңге жетіп отырғанын атап өткен жөн. Біртұтас кеден аумағын құру басталды. Гуманитарлық салада біздің елдеріміз азаматтарының білім, мәдениет, денсаулық сақтау және әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету салаларындағы қажеттіктерін неғұрлым толығырақ қанағаттандыруға мүмкіндік беретін бірқатар нақтылы бірлескен қадамдар жасалды. ЕурАзЭҚ құру туралы шартқа қол қойылған сәттен бері ЕурАзЭҚ құру туралы шарттың нормалары мен қағидаларын нақты толықтыру, Қоғамдастықтың басқару органдарын құру және олардың қызметін реттейтін құжаттарды әзірлеу, жаңа халықаралық ұйымның лауазымды тұлғаларының құқықтық мәртебесін, артықшылықтары мен иммунитеттерін бекіту, олардың өз міндеттерін тиімді жүзеге асыруы үшін қажетті жағдайлар жасау бойынша халықаралық-құқықтық жұмыстың едәуір көлемі атқарылды. 2003 жылғы 27 сәуірде Душанбе қаласында болған ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесі барысында (мемлекет басшылары деңгейінде) ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтағы іс ахуалы және интеграциялық ынтымақтастықты жеделдету жөніндегі ұсыныстар туралы» баяндамасы қаралды, ол Қоғамдастықтың таяу болашақтағы негізгі мақсаттары мен міндеттерін белгілейді. Осы баяндама негізінде Тараптар ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттер басшыларының 2004 жылғы 9 ақпандағы №152 шешімімен бекітілген «2003-2006 және одан кейінгі жылдарға арналған ЕурАзЭҚ шеңберіндегі ынтымақтастықтың басым бағыттарын» және «2003-2006 және одан кейінгі жылдарға арналған ЕурАзЭҚ дамуының басым бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шараларын» әзірледі. ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттер осылайша Қоғамдастық шеңберіндегі интеграциялық процестерді одан әрі тереңдету мақсатында бұдан былайғы қадамдап жүретін іс-қимылдарын айқындап алды. Бұдан басқа, Қоғамдастыққа мүше мемлекеттер, экономиканың нақты секторында мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылын дамытудың маңыздылығын тани отырып, Қоғамдастық шеңберіндегі интеграциялық процестерге іскер топтарды тарту жөніндегі жұмыстарды жандандыру туралы шешім қабылдады. Осы мақсатта 2002 жылы жазда «ЕурАзЭҚ Іскерлік кеңесі» қауымдастығы құрылды. 2003 жылғы ақпанда Мәскеуде ЕурАзЭҚ-тың алғашқы Экономикалық форумы өтіп, онда ынтымақтастықтың әр түрлі бағыттары бойынша сындарлы пікір алмасулар болды және өзара қызығушылық туғызатын жобалар бойынша ұсыныстар енгізілді. 2004 жылғы қыркүйекте «ЕурАзЭҚ – Іскери әлем» Халықаралық Конгресі өтті. 2005 жылғы 22 маусымда Мәскеу қаласында ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінің (мемлекет басшылары деңгейінде) 13-ші мәжілісі өтіп, оның барысында Президенттер интеграциялық өзара іс-қимылдарды тереңдету бойынша бұдан арғы қадамдарды талқылады және Тараптар үкіметтеріне экономикадағы ынтымақтастықты жандандыру жөнінде нақты тапсырмалар берді. 2005 жылғы 27 қыркүйекте ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесі отырысында (үкімет басшылары деңгейінде) Қоғамдастық елдерінің отын-энергетикалық, көлік және т.б. салаларындағы қызметін реттейтін бірқатар құжаттар қабылданды. Сондай-ақ ЕурАзЭҚ Ортақ кеден тарифін құру процесін жеделдету қажеттігі атап өтілді. 2005 жылғы 6 қазанда «Орталық Азиялық Ынтымақтастық» ұйымы мемлекет басшылары саммитінде бұл ұйымды Еуразиялық экономикалық қоғамдастықпен біріктіру туралы шешім қабылданды. Осылайша, Қоғамдастықта Өзбекстан секілді тағы бір қатысушы мемлекет пайда болды. 2006 жылғы 25 қаңтарда Өзбекстан Республикасының Президенті И.А.Каримовтің қатысуымен өткен ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттер басшыларының кезектен тыс саммитінде 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы шартқа Өзбекстан Республикасының қосылуы туралы хаттамаға қол қойылды, осылайша Өзбекстанның Қоғамдастыққа толық құқылы мүшелігі ресімделді. Қоғамдастықтың одан әрі стратегиялық дамуын белгілеген 2006 жылғы оқиғалардың қатарына Өзбекстан Республикасының ЕурАзЭҚ-қа мүшелікке кіруін, сондай-ақ Қоғамдастық шеңберінде кедендік одақты қалыптастыру ісіндегі оң сипатты нәтижелерге қол жеткізілуін атап өтуге болады. 2007 жылы 6 қазанда Душанбе қаласында өткен ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінің (мемлекеттер басшылары деңгейінде) отырысы Қоғамдастық үшін елеулі оқиға болды, ол отырыста әзірге ЕурАзЭҚ-қа мүше үш мемлекет – Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы – қалыптастырып жатқан кеден одағының шарттық-құқықтық базасының негізі қаланды. Осындай жолмен Тараптар бұрын 2006 жылғы 16 тамызда Сочи қаласында қабылданған, Кеден одағын қалыптастыру туралы шешімді іске асырудың практикалық кезеңіне кірісті. 2008 жылғы 25 қаңтарда ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінің (үкіметтер басшылары деңгейінде) кезекті отырысы өтті, онда ЕурАзЭҚ-тың Кеден одағын қалыптастыру және біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы мәселелер қаралды және тиісті құжаттарға қол қойылды. Бұдан басқа валюта саясаты, капиталдың еркін қозғалысы және инвестициялық саясат саласында тараптардың өзара қарым-қатынасын реттейтін, сондай-ақ Қоғамдастықтағы Өзбекстан Республикасының мүшелігін түпкілікті ресімдейтін бірқатар халықаралық құжаттар қабылданды. Сондай-ақ ЕурАзЭҚ-тың 2008 жылға арналған бюджетінің жобасы және Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың «Инновациялық биотехнологиялар» атты мемлекетаралық мақсатты бағдарламасының жобасы қаралды. ЕурАзЭҚ-ты құрушылардың бірі болып табылатын Қазақстан оның қызметіне белсенді түрде қатысады және ЕурАзЭҚ-тың жарғылық құжаттарында негізі қаланған сондай-ақ Қоғамдастықтың нормативтік-құқықтық базасында пысықталған интеграциялық әлеуетті кең ауқымда пайдаланады. Рудный. Рудный - Қазақстандағы, Қостанай облысы қала. Кентау. Кентау қаласы 1955 жылы тамыз айында Оңтүстік Қазақстан облысында құрылды. Қаланың бұрынғы атауы немесе қала құрылардағы елді мекеннің атауы Мырғалымсай болатын. Мырғалымсай деген кен орны да бар. Кентау қаласын құрудағы мақсат Ащысай полиметалл кенішін байыту жұмыстары болатын. Кентау облыс орталы болып саналатын Шымкент қаласынан 260 шақырым жерде орналасқан. Түркістан қаласымен арадағы қашықтық 30 шақырымды құрайды. Кентау Қаратаудың етегінде орналасқан қала болып саналады. Кентау қаласы “Қаратау тәжі (корона)” және “Қазақстанның жасыл-желекті қаласы” деген аттарға ие. Қазіргі кезде Кентау қаласында 4 ауылдық округ, 7 елді мекен (поселка) бар. Қала халқының саны (ауылдық округтермен қоса) 88 мың адамды құрайды. Халықтың ұлттық құрамы: қазақтар 65,7%, өзбектер 25,2%, орыстар 5,4%, басқа ұлттар 3,7%. Қала алғаш құрылған кезде орыстар көптеп көшіп келді. Олардан бөлек, гректер, немістер, корейлер, шешендер де көшіп келді. Олар, негізінен, қуғынға ұшырағандардың туыстары мен арттарында қалған үрім-бұтақтары болатын. Кентау қаласында аты КСРО-ға әйгілі болған тау-кен орындары, трансформатор зауыты, экскаватор зауыты құрылды. Алайда, XX ғарыдың 80-90 жылдарындағы өндіріс ошақтары мен жұмыс орындарының жабылуы қала халқының әлеуметтік тұрмысына ауыр соққы болды. Кейіннен қайта іске қосылған экскавтор зауытының күші Кеңестік уақыттағыдай жоғары деңгейге жете алмады. Ақкөл. Ақкөл - Қазақстандағы қала, Ақкөл ауданы орталығы. Арыс. Арыс - оңтүстік Қазақстан облысындағы қала. Арыс қаласының әкімдігіне Арыс қаласы мен 6 ауылдық округ кіреді. Ауылдық округтер: Ақдала, Байырқұм, Дермене, Задария, Жиделі, Монтайтас. Қазіргі таңда Арыс қаласының аумағында 64,7 мың адам тұрады. Оның ішінде Арыс қаласының ішінде 37,6 мыңға жуық адам. Жергілікті атқарушы орган - Арыс қаласының әкімдігі. Қала әкімдігіне қарасты 13 атқарушы орган өз қызметін жүзеге асырады. Арыс қаласы құрылынуының хролоногиялық тәртібі. -1900 жылы теміржол құрылысы басталды; -1904 жылы Арыс стансасы салынды; -1928 жыл 17 қаңтарда Арыс ауданы құрылды; -1932 жыл 11 наурызда Арысқа жұмысшы поселкесі мәртебесі берілді; -1956 жыл 31 шілдеде Арыс аудандық бағыныстағы қала мәртебесіне ие болды; -1965 жыл 10 желтоқсанда Қазақ ССР-нің Жоғарғы Кеңес Президиумының Жарлығымен Арыс қаласы Бөген ауданы Чимкент облысының облыстық бағыныстағы қала болып атанды; -1988 жыл 25 шілдеде Қазақ ССР-нің Жоғарғы Кеңес Президиумының Жарлығымен Арыс қаласы мен Бөген ауданы біріктіріліп, орталығы Арыс қаласы болды; -1989 жыл 13 қарашада Қазақ ССР-нің Жоғарғы Кеңес Президиумының Жарлығымен Бөген ауданындағы Монтайтас ауылдық кеңесі мен Чардара ауданының Тахыркөл ауылдық кеңесі Арыс қаласына өтті; -1992 жылы Арыс қаласы ауылдық аймақтары бар қала болып кұрылып, қаланы басқару Арыс қаласының әкіміне өтті. Арыс қаласы Арыс қалалық әкімдігінің орталығы болып табылады. Қала Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының солтүстік-батыс жағында орналасқан. Облыстық орталық пен қаланың арақашықтығы теміржол бойымен 79 шақырымға жуық болса, көлік жолы бойымен 100 шақырымға жуық. Арыс өңірінің тарихы оның ежелгі Сырдария өзенімен де тікелей байланысты. Қала Арыс өзенінің сол жақ жағалауында, Сырдария өзенінің оң жақ ағысында орналасқан. Дарияның өн бойы тамаша мал жайылымдарына бай жер. Қала арқылы Орынбор-Ташкент бөлімшесінің теміржол магистральінің желісі өтеді, Арыс стансасы орналасқан теміржол торабының бойьша Арыс-Шымкент-Алматы теміржол магистральі қосылады. Теміржол торабының тағы да бір ерекшелігі Мәскеу, Алматы, Ташкент бағыттарына шығады. Арыс қаласын Орта Азия мен Қазақстан бағытындағы қақпа, яғни "Тоғыз жолдың торабы" деп те атайды. Қала әкімдігі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің жергілікті мемлекеттік басқару жөніндегі Жарлықтары, өзге нормативтік-құқықтық кесімдер арқылы белгіленген өкілеттіктері мен құзіретіне сәйкес қала аумағында атқарушы билікті іске асырады. Арыс қаласының қысқаша тарихы. Арыс қаласының алып өлкесінің көне тарихы, тарих қойнауыңының тереңінде жатыр. Археологтардың қазба жұмыстарына сүйенсек, біздің эрамызға дейінгі ІV-ІІІ ғасырларда Арыс өзенінінің сағасында оғыз, қыпшақ, қаңлы, дулат, найман, қоңырат және басқа да тайпалар мекендеген. Олар мал өсірумен қатар, үйлестірілген суландыру жүйелерін жасап, диқаншылықпен, жер өңдеумен, қолөнермен, сауда-саттықпен де айналысқан. Өлкенің бай тарихына сүйенетін болсақ, аумақта 3000-ға жуық қорғандар орналасқан. Біздің эрамыздағы І-VІІІ ғасырларда жергілікті жерлерде қалалар мен қалышықтар салынған, шапқыншылық кезінде қалашықтар бұзылып қайта жаңғыртып салынып отырған. Қазіргі таңда қалашықтардың қалдығы археологтардың жүргізген қазба жұмыстарына сәйкес тарихи архитектуралық ескерткіштер ретінде қаралады. Қазақ даласының халқы ұзақ жылдар бойы жоңғар шапқыншылығынан азап шекті. Шапқыншылықтың кесірінен қазақ халқының ханы Абылай орыстың патшасынан көмек сұрауға мәжбүр болды. ХVІІІ ғасырдың аяғында қазақ даласында Ресей патшасының өкілдері келе бастады, олардың мақсаты жоңғар шапқыншылығанан қорғау еді. Осы жағдай Ресеймен экономикалық, сауда-саттық қатынасты жақсартып, одан әрі қарай теміржол құрылыс жұмыстарының басталуына үлкен себеп болды. Өткен ғасырдың басында (1900 ж.) Орынбор-Ташкент теміржолы жүргізілді. Ал, 1904 жылы Арыс стансасы салынды. Станция мен поселке бойында салынған теміржол жолдары, қалада теміржол саласының дамуындағы жаңа бағыттарды айқындап берді. Революциядан кейін де Оңтүстік Қазақстан өңірінің аумағында уездер болған. Сол кезде Чимкент уездіне қарасты Арыс ауылы болып аталған. Алғаш рет 17 қаңтар 1928 жылы Арыс ауылына жақын ауылдар мен осы ауыл халқының базасында Арыс ауданы құрылды. Атбасар. Атбасар – қала, Ақмола облысындағы Атбасар ауданының орталығы (1928). Іргетасы 1846 ж. қаланған. Астана қаласынан солтүстік-батысқа қарай 232 км жерде, Жабай өзенінің (Есілдің бір саласы) оң жағалауына орналасқан. 19 ғасырдың 40 – 50 жылдары өзі аттас округтың, 1869 жылдан Ақмола облысы Сарысу уезінің орталығы. Қала халқының саны 1897 ж. 3 мың, 1997 ж. 35,3 мың, 2006 ж. 29,1 мың адам болды. Қазан төңкерісіне дейін мұнда жыл сайын Атбасар (Петров) жәрмеңкесі өткізіліп тұрды. 1928 ж. аудан орталығына айналды. Ақмола – Қарталы темір жолының салынуы (1940) қаланың одан әрі дамуына қолайлы жағдай жасады. Ұлы Отан соғысы кезінде сырттан көптеген тұрғындар мен бірнеше кәсіпорын көшіріп әкелінді. Тың жерлердің игерілуі қаланы ауыл шаруашылығы шикізатын өңдейтін ірі кәсіпорын орталығына айналдырды. Атбасарда толық механикаландырылған, жаңа техникамен жабдықталған Қазақстандағы ең ірі элеваторлардың бірі іске қосылды. Автомобиль, ауыл шаруашылығы техникасын жөндейтін, құрылыс материалдарын шығаратын, т.б. кәсіпорындар жұмыс істейді. Қалада ауыл шаруашылығын механикаландыратын және электрлендіретін мамандар даярлайтын колледж, орта және орталау, музыка мектептері бар. thumb Державинск. Державинск - Қазақстандағы қала. Жарқайың ауданының орталығы Ақмола облыстары. 1966 ға дейін поселке болды. Есілдің сызығындағы темір жол станциясы Арқалық қаласы. Қапшағай. Қапшағай - Қазақстандағы қала. Қазақстандағы құмар ойындар ойнатуға рұқсат етілген екі қаланың бірі. Қапшағай қаласы 1970 жылдары құрылған. Қапшағай 3600 шаршы м құрайды. Қапшағай қаласында кәзіргі таңда 2 округ және 11 елді мекен бар.Қапшағай бөгетінің солтүстік батысында 20 шақырым жерде Іле өзенінің оң жағасында Тамғалы Тас орналасқан. Қапшағай өңірінде 54,4 мыңнан астам адам турады. Қапшағай халықтың ең көп демалатын жерлерінің бірі болып саналады. Макинск. Макинск - Қазақстандағы қала, Бұланды ауданының орталығы. Мамлют. Мамлют - Қазақстандағы қала (1969 жылдан), Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданың әкімшілік орталығы (1932 жылдан бастап, темір жолы бекеті). Облыс орталығы - Петропавл қаласының батысына қарай 40 км, орманды дала аймағында орналасқан. Халқы 8 мың адам (2009). Ресейден қоныс аударушыларға байланысты 1814 жылы іргесі қаланды. Мамлют қаласының әлеуметтік-мәдени саласында 3 жалпы білім беретін мектеп, лицей-мектеп, 3 кітапхана, Мәдениет үйі, аудандық аурухана, 2 дәріхана, т.б. бар. Мамлют арқылы Омбы-Қорған темір жолы, Қостанай-Петропавл автомобиль жолы өтеді. Сарыағаш. Сарыағаш - Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан қала. Қала минералды суларымен және курорттарымен белігілі. Тағы қараңыз. Сарыағаш ауданы Тайынша. Тайынша – Қазақстандағы қала (1960 жылдан). Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданның әкімшілік орталығы (1932 жылдан), темір жолы торабы. Облыс орталығы – Петропавл қаласынан оңтүстікке қарай 120 км жерде, Шағалалы өзенінің сол жағалауында орналасқан. Халқы 11,7 мың адам (2009). 1997 жылға дейін Красноармейск қаласы деп аталды және бұрынғы Кокшетау облысы Красноармейск ауданның әкімшілік орталығы болды. 1996 жылға дейін Тайыншада жөндеу-механикалық, сүт-нан зауыттары, құрылыс материалдары мен құрылымдық комбинаты, тұрмыс қажетін өтеу комбинаты, жиһаз фабрикасы, т.б. болған. Нарықтық экономикаға өтуге байланысты олардың барлығы жекешелендіріліп, АҚ-тар мен ЖШС-терге біріктірілді. 2006 жылы биоэтанол өндіретін кешен «Биохим» ашылған. Тайыншада жалпы білім беретін 5 мектеп, кәсіптік-техникалық лицей, кинотеатр, мәдениет үйі, аудандық аурухана, туберкулез ауруханасы, отбасылық-дәрігерлік амбулатория, т.б. әлеуметтік-мәдени мақсаттағы нышандар жұмыс істейді. Тайынша арқылы Көкшетау – Петропавл темір жолы өтеді. Шу. Шу - Қазақстандағы қала, Жамбыл облысы. Щучинск. Щучинск - Қазақстандағы қала. Қазақстандағы құмар ойындар ойнатуға рұқсат етілген екі қаланың бірі. Бұрма. БҰРМА, ауыл, Шет ауданындағы Бұрма селолық округiнiң орталығы. Бұғылы тауының етегiнде, аудан орталығы Ақсу-Аюлының оңтүстiк-шығысында – 87 км, темiр жол бойында Қарағандының оңтүстігінде 130 км жерде орналасқан. Іргесі 1957 жылы қаланған. Округ аумағында өткен ғасырдың 40-57 жылдары аралығында «Карлаг»-тың бөлімшелері болған. Халқы 1507 (2006). 68 пайызы қазақ; 32 пайызын өзге ұлт өкілдері құрайды. 57-90 ж.ж. Бұрма кеңшарының және ауылдық кеңестiң орталығы. Шаруашылықтың мамандандырылған негiзгi бағыттары көкөнiс өсiру, қосымша саласы – сүттi iрi қара өсiру болды. Жерiнiң жалпы аумағы 124 мың га. Округтің елді мекендерінде (Бұрма, Мұхтар ауылдары) 2 мектеп, отбасылық дәрігерлік амбулатория, ФАП, клуб, кiтапхана бар. Кеншар негiзiнде 57 шаруа қожалығы құрылған (2006). Ауыл басқа елдi мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Ең жақын Жарық т.ж. станциясы 12 км жерде. Шортанбай жырау. Шортанбай жырау - Шет ауданында өмір сүрген жырау. Жидебай батыр. Жидебай батыр - Шет ауданында өміт сүрген батыр. Ақылбаев, Жамбыл Сәулебекұлы. АҚЫЛБАЕВ ЖАМБЫЛ СӘУЛЕБЕКҰЛЫ (1938 ж. т.), ғалым-физик. Тех. ғыл. докторы (1996), профессор (1990 ж.), Халықаралык Жоғары мектеп ҒА-ның академигі (1997 ж.), Университет ректорлары халықаралық ассоциациясының мүшесі (1996 ж.), Орталык Қазақстан жоғары оку орындары ректорлары аймақтық кеңесінің төрағасы (1996 ж.). Шет ауданның түлегі. Карағанды педагогика институтын бітірген (1961 ж.). 1961-1991 ж. сонда ассистент, оқытушы, ҚазМУ-де стажер-зерттеуші, аспирант, ҚарМУ-де аға оқытушы, деканның орынбасары, теориялық физика кафедрасының меңгерушісі, физика факультетінің деканы, университетің ғылыми жұмыстар жөніндегі және оқу ісі жөніндегі проректоры, Атырау педагогикалық институтың ректоры. 1991-2003 ж. Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры. 70-тен астам ғылыми және ғылыми әдістемелік жұмыстардың авторы, өнер табысы үшін 10-ға жуық авторлық куәлік алған. Негізгі ғылыми еңбектері денелердің гидроаэродинамикасы мен жылу алмасуы мәселелеріне арналған. Ақылбаев қатысуымен ұшатын аппаратгардың аэродинамикалық өндеуін өлшеудің жаңа технологиясы жасалды, ол Орталыкаэрогидродинамикалық институтпен бірлескен зертгеулерде колданылды. 1993-94 ж. 12-шакырылған ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Шет ауданның құрметті азаматы (1998 ж.). «Парасат» орденімен марапатталған. Жарық. Жарық – "1) тар мағынада – көрінетін сәуле, яғни жиілігі 7,5 •1014 – 4,0 • 1014Гц аралығындағы адам көзі қабылдайтын электрмагниттік толқын; 2) кең мағынасында — қабылданатын сәулемен бірге спектрдің ультракүлгін және инфрақызыл аймағындағы сәулелерді де қамтитын оптикалық сәуленің синонимі." Жарық дифракциясы – жарық толқындарының мөлшері сол толқындардың ұзындығымен қарайлас тосқауылды (тар саңылау, жіңішке сым, т.б.) орап өту құбылысы. Жарық дифракциясы болу үшін жарық түскен дененің айқын шекарасы болуы тиіс. Дифракция жарыққа ғана тән емес, басқа да толқындық процестерде де байқалады (мысалы, механикалық толқындардың жолында кездескен тосқауылды орап өтуі, т.б.). Жарық дифракциясы кезінде жарықтың түзу сызық бойымен таралу заңы, яғни геометриялық оптиканың негізгі заңдары бұзылады. Жарық толқындарының ұзындығы өте қысқа болғандықтан, қалыпты жағдайда жарық дифракциясы байқалмайды. Жарық дифракциясы – жарықтың толқындық қасиетін дәлелдейтін негізгі құбылыстардың бірі. Бұл құбылысты 17-ғасырда италиялық физик және астроном Франческо Гримальди ашты, ал оны француз физигі Огюстен Жан Френель түсіндірді. Жарық жылдамдығы, с – кез келген электрмагниттік толқындардың (оның ішінде жарықтың да) бос кеңістіктегі (вакуумдағы) таралу жылдамдығы; іргелі физикалық тұрақтылардың бірі. Жарық жылдамдығының шамасы материалдық дененің массасы мен толық энергиясын байланыстырып тұрады. Санақ жүйесі өзгерген кезде координатты, жылдамдықты және уақытты түрлендіру жарық жылдамдығы арқылы өрнектеледі. Жарық жылдамдығын алғаш рет 1676 ж. Юпитер серіктерінің тұтылулары арасындағы уақыт аралығының өзгеруі бойынша дат астрономы Оле Ремер өлшеді (бақылау нәтижесінде с=215000 км/с болды). Жарық көзі ретінде лазерлерді пайдаланып жүргізген өлшеулер нәтижесінде жарық жылдамдығын өлшеу дәлдігі жоғары көтерілді: с=299792,5•0,15 км/с. Қазіргі кезде жарық жылдамдығының вакуумдағы мәні үшін ресми түрде с=299792,458•1,2 м/с қабылданған. Жарық интерференциясы – жарық толқындарының қабаттасуы нәтижесінде бірін-бірі күшейтуі немесе әлсіретуі. Егер екі толқынның өркештері мен өркештері, сайлары мен сайлары дәл келсе, онда олар бірін-бірі күшейтеді; ал біреуінің өркештері екіншісінің сайларына дәл келсе бірін-бірі әлсіретеді. Жарық интерференциясы кезінде қабаттасқан жарық шоғының қарқындылығы бастапқы шоқтың қарқындылығына тең болмайды. Механикалық толқындар да интерференцияланады. Жарық интерференциясына қатысты кейбір құбылыстарды Исаак Ньютон бақылаған. Бірақ ол өзінің корпускулалық теориясы тұрғысынан бұл құбылысты түсіндіре алмады. 19-ғасырдың басында ағылшын ғалымы Томас Юнг және француз физигі Огюстен Френель жарық интерференциясын толқындық құбылыс ретінде түсіндірді. Кез келген жарық толқындары қабаттасқанда интерференция құбылысы байқалмайды. Тек когерентті толқындар ғана интерференцияланады. Жарық интерференциясының көмегімен жарық толқындарының ұзындығы өлшенеді, спектр сызықтарының нәзік түзілісі зерттеледі, заттың тығыздығы мен сыну көрсеткіші тәрізді қасиеттері анықталады. Жарық қысымы – жарықтың шағылдыратын немесе жұтатын денеге түсіретін қысымы. Күн маңынан ұшып өткен кезде құйрықты жұлдыздың (кометаның) құйрығының қисаюына жарық қысымының әсері болатындығын 1619 ж. алғаш рет неміс ғалымы Иоганн Кеплер болжаған. 1873 ж. ағылшын физигі Джеймс Максвелл электрмагниттік теорияға сүйене отырып, жарық қысымының шамасын анықтады. 1899 ж. орыс физигі Петр Лебедев жарықтың қатты денелерге, кейінірек газдарға (1907 – 10) түсіретін қысымын өлшеді. Жарық қысымын жарықтың электрмагниттік теориясы мен кванттық теориясы негізінде түсіндіруге болады. Жарық қысымы әсерінен Жердің жасанды серіктерінің орбиталары аз да болса толықсиды. Жарықтың сынуы – екі ортаның шекаралық қабатына түскен сәуленің екінші ортаға өткен бөлігінің бастапқы бағыттан ауытқуы. Жарықтың сыну заңдары былай тұжырымдалады: 1) түскен сәуле, сынған сәуле және екі ортаны бөлетін шекаралық бетке жүргізілген перпендикуляр бір жазықтықта жатады. Түскен сәуле мен сынған сәуле өзара қайтымды болады; 2) түсу бұрышы синусының (α) сыну бұрышы синусына (φ) қатынасы тұрақты шама болады:, мұндағы n – ортаның сыну көрсеткіші. Берілген заттың вакууммен салыстырғандағы сыну көрсеткіші сол заттың абсолюттік сыну көрсеткіші деп аталады. Жарықтың шағылуы – жарықтың екі түрлі орта шекарасына (кем дегенде біреуі мөлдір болатын) түсуі кезінде байқалатын құбылыс. Мөлдір ортадағы жарық сәулесі сыну көрсеткіші сол ортаға қарағанда өзгеше болатын екінші ортаға жеткен соң, оның біршама бөлігі сынып, басқа бағытпен таралады да, енді бір бөлігі бірінші ортаға қарай кері шағылады. Шағылған және сынған сәулелер қарқындылығының салыстырмалы шамасы жарық түскен дене бетінің тегістігіне, жарықтың құрамы мен түсу бұрышына, т.б. байланысты болады. Кейде жарық сәулесі толығымен кері шағылады. Жарықтың шашырауы – жарық сәулесінің бастапқы таралу бағытын өзгертіп, жан-жаққа ауытқуы. Бұл құбылыс жарықтың оптикалық жағынан біртекті емес ортада таралуы кезінде байқалады. Сол орта ішіндегі бөгде бөлшектер жарықтың таралу бағытын өзгертеді. Жарық толқынының электр өрісі әсерінен мұндай орта электрондары еріксіз тербеледі де, барлық бағытта бастапқы толқын жиілігіндей екінші реттік электрмагниттік толқындар шығарады. Жарық бөгде қоспалардан мұқият тазартылған ортадан (заттан) өткенде де шашырайды. Өйткені молекулалар мен атомдар үздіксіз қозғалыста болатындықтан, шағын көлем ішінде де заттың тығыздығы өзгеруі мүмкін. Осы өзгеріс салдарынан да жарық шашырауы байқалады. Ағадыр ауданы. Ағадыр ауданы - 1972 жылдан 1997 жылдар арасында Жезқазған облысындағы аудан. 1972 жылы Шет ауданынан бөлініп шықты да 1997 жылы қайтадан Шет ауданына қосылды. Ақшатау болысы. Ақшатау болысы - Шет ауданында Кеңес Одағына дейін болған болыс. Сарыағаш ауданы. Сарыағаш ауданы 1939 жылы құрылған. Оңтүстiк Қазақстан облысының ең iрi аудандарының бiрi болып саналады. Қазiргi кезде 7613 шаршы километр аумағы бар ауданда 40-тан астам ұлт өкiлдерiнен құралған 250,3 мыңнан астам халық тұрады. Ауданның әкiмшiлiк-аумақтық құрылымында 1 қала, 1 поселке және 24 ауылдық округтер бар. Сарыағаш аудан әкімдігі 1992 жылы ақпан айында құрылған. Бүгінге ауданда 13 бөлім қызмет атқаруда. Климаты континенталды, қысы жылы (-100С төңірегінде), жазы ыстық (+400С-қа жетеді). Өсімдіктердің өсіп-өну мерзімі 220-320 тәулік. Атмосфералық жауын шашындардың орташа жылдық мөлшері 80-300 мм-ге дейін жетеді. Аудан аумағынан сулы Келес және Құр Келес өзендері ағып өтеді. Аудан аумағында аты Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге де мәлiм «Сарыағаш шипажайы» МҚК, «Алтын-Бұлақ», «Арман» санаториясы, «Ана мен бала» шипажайы сияқты 10 демалыс аймағы бар. Ауданның бiрден-бiр табиғи байлығы жер асты минералды емдiк-ас сулары болып табылады. Қазiргi кезде 55 термальды су скважиналарының барлығы аудан мекемелерi мен тұрғындарына қызмет көрсетуде. Аудандағы ірі, орта және шағын әртүрлі меншіктегі кәсіпорындардың өнім шығарып тұрғандары 46% құрайды. Өнеркәсіп саласы бойынша негізінен Сарыағаш минералды су құю (28.4%) және жеңіл өнеркәсіп (24.7%) салалары бар. Атап айтқанда «Алекс» ЖШС-минералды су құю өндірісі, «Айша-Бибі» ЖШС-мақта талшықтары өндірісі, «АВК Капланбек» АШК-жоғары сапалы шарап өнімдері, «Сенім» ЖШС-жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндіреді. «Әуес», «Жылға-Агро» ЖШС-тері - бидай ұнын экспортқа шығаруда. «Дина-Н» ЖШС-құрылыс материалдарының 8 түрін шығаруда. Бәйдібек ауданы. Бәйдібек ауданы - Оңтүстік Қазақстан облысының орталық бөлігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. Жерінің аумағы 7,2 мың км2 (облыс аумағының 6,1%-ын қамтиды). Тұрғыны 54,7 мың адам. Аудан жерінде 52 елді мекен, 11 ауылдық округ бар. Орталығы - Шаян ауылы. Шаян ауылының іргесі 1928 жылы бұрынғы Шаян болысының негізінде Шаян ауданы болып қаланды. 1965 жылға дейін Шаян, 1996 жылға дейін Алғабас ауданы болып келді. Бәйдібек ауданы жері Қаратау жотасының оңтүстік-батыс беткейінде, қырқалы жазықта жатыр. Оңтүстік-шығысын Боралдай жотасы, Үлкентұра тауы (1425 м) алып жатыр. Жер қойнауынан полиметалл кені (Байжансай), әктас, құрылыс материалдары барланған. Климаты континентті. Қаңтар айындағы жылдық орташа температура -4-6°С, шілде айында 25-28°С. Жылдық жауын-шашынның мөлшері жазық бөлігінде 250-300 мм, таулы өңірде 400-500 мм. Аудан аумағынан Шаян, Арыстанды, Бөген, Боралдай, Бестоғай, Сасықөзен өзендері және олардың салалары Үлкен Бөген, Бала Бөген, Қошқарата, Құтырған, тағы басқа ағып етеді. Қазақта Бәйдібек аудан тұсында Шаян өзенінде Қапшағай бөгеті салынған. Аудан жерінде Арыстанды өзенінің бойында әйгілі Арыстанды - Қарабас желі соғады. Ауданның батысындағы шөлдің ашық сұр, сұр топырағында боз жусан, баялыш, бидайық, күйреуік, шығысындағы таудың сұр-қоңыр топырағында Қаратау жусаны, нарғия, т.б. шәптесіндер мен бұта аралас долана, тобылғы, жабайы алма, өрік; өзен бойларында тал, терек, жиде, қамыс өседі. Жануарлар дүниесінен тауда арқар, елік, қасқыр, жазығында қоян, қарсақ, саршұнақ; құстардан кекілік, бөдене, көкек, тағы басқа мекендейді. Елді мекендер негізінен өзен аңғарларының бойында орналасқан. Халықтың орташа тығыздығы 1 км 27,6 адамнан келеді. Халықтың негізгі бөлігі - қазақтар (53728), орыстар (78), өзбектер (29) тағы басқа 18 ұлт өкілдері тұрады. Ірі елді мекендері: Шаян ауылы, Ақбастау, Боралдай, Шақпақ, Мыңбұлақ (Таңатар), Кеңестөбе, тағы басқа ауылдары. Бәйдібек Қарашаұлы кесенесі. Бәйдібек бүгіндері қиыр шеті Алтай, Шәуешек, көршілес Қытай халық республикасының Шыңжаң өлкесімен бірге республикамыздың Алматы, Жамбыл облыстары, Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас, Төлеби, Сайрам, Бәйдібек, Ордабасы аудандарын мекендеген ежелгі Албан, Суан, Дулат, Сарыүйсін, Шапырашты, Ысты, Ошақты ру тайпаларының түпкі аталары. Шежіре деректеріне сүйенсек, Бәйдібек қазақ елінің үш ұлы бірлестігін құраған Байшора, Жаншора, Қарашора (басқа бір деректерде Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс деп аталады) болса, үш жүздің Байшорасынан ұрпағы кең тараған Майқы, оның баласы Бақтиярдан, оның баласы Үйсіннен, оның баласы Ақсақалдан туған Қарашабидің үлкен баласы. Бәйдібек баба 1356-1419 жылдары Шығыс Қаратау өлкесінде өмір сүріп, осы ауданның қазіргі Бәйдібек ата елді мекені жерінде дүниеден өткен. Сүйегі Балабөген өзенінің жағасында жерленген. Бәйдібектің өмірі, заманы, өскен ортасы жайлы тарихи деректемелер негізгі Қазақ елінің шежіресі, ел ішінде сақталған аңыз-әңгіме және әйгілі Шығыс зерттеушісі ғалым-этнограф Н.А.Аристов, Ш.Уалиханов жазбалары арқылы баяндалады. Өз заманында көшпелі елдің басын біріктіріп, елді, жерді сыртқы жау шапқыншылығынан қорғауды ұйымдастырушы және бастаушы, ақылшы, қолбасшы ретінде көрінетін аса ірі тарихи тұлға Бәйдібектің Балабөген өзеннің биік жағасында ежелден сақталған көне мазар күмбезі болған. Ескі мазар күмбез замана толқынымен қаншама рет бұзылып, қайта тұрғызылып келді. Қазіргі Бәйдібек ата күмбезі 1998 жылы облыстың бас сәулетшісі Ғабит Сұлтанғалиұлы Садырбаевтың жобасымен қайтадан тұрғызылды. Домалақ Ана кесенесі. Домалақ ана - есімі Нұрила 1378-1456 жылдары өмір сүрген. Түркістандағы Яссы қыстағында туылған. Мақтым Ағзымның жалғыз ұлы ержүрек батыр Ақсақ Темірдің қарамағында әскер басқарған Әли Сланның қызы. Шешесінің есімі Нұрбике - Уәйіс ханның апасы еді. Домалақ ананың әкесі Әли Слан 1388 жылы Ақсақ Темір әскерінің құрамында Алтын Ордаға аттанарда әйелі Нұрбике мен Нұриланы (Домала ана), Түркістандағы әкесі Мақтым Ағзам қожаның үйінде қалдырады. Бірде Түркістан маңындағы Қарашын өзенінде суға түсіп жатқанда Нұрбикені жылан шағып өлтіреді. Әкесі әскерден келмеген, анасынан тірідей айырылған Нұрила бабасы Мақтым Ағзамның тәрбиесінде өседі. Мақтым Ағзам Қожа Ахмет Яссауидің қызы - Гауһар бибінің ұрпағы еді. Нұрила- арап сөзі, қазақша «Алланың нұры» деген ұғым береді. Нұрила (Домалақ ана) - Бәйдібек бабамыздың үшінші әйелі. Тарихи жазбаларда Домалақ ананың адамгершілігі, әдептілігі, парасаттылығы мен шыншылдығы және аналық қасиетінің арқасында «Домалақ ана» аталуы жайлы көптеген деректер жазылған. Нұрила ана 1456 жылы мамырдың 28 жұлдызында қайтыс болғаннан соң, басына төрт қанатты күмбез орнатылады. 1906-1908 жылдары Ресейден қоныс аударып келген орыстардың тобыры күмбез-ескерткіштерді бұзып талқандап жібереді. 1908 жылдың жазында ақын Орынбай Тайманов (1867-1949) жаңа ескерткіш күмбез салдырады. 1942-1943 жылдары Шошқабұлақтың тұрғын орыстары, кәрістері тағы да бұзып тастайды. 1957 жылы тағы да жаңа күмбез салынады. 1998 жылы Домалақ ана кесенесі жаңартылып, 2000 жылы айналасын көркейту-көгалдандыру жұмыстары аяқталды. Кесененің құрылысын жүргізуші және жобасын жасаушы сәулетшісі - Саин Назарбеков. Аппақ Ишан мешіт - мұражайы. ХІХ ғасырдың екінші жартысында мешіт-медіресе құрылысын күйдірген қыштан салынған. Аппақ Ишан медресесі діни оқу орыны ретінде 1927 жылға дейін, Қазақстанда ірі байларды конфискациялауға дейін өмір сүреді. 1926 жылы мешітте діни мектеппен қатар тұңғыш рет қазақ бастауыш мектебі ашылған. Мектептер 1933 жылы бастауыш, 1934 жылы жеті жылдық, 1937 жылдан орта мектепке айналып, кейін жаңа жайға көшіріледі. Ал, мешіт-медіресе Шаян ауылындағы тарихи жәдігер ретінде бүгінгі күнге жетті. Мешіт - медіресе Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен «Мәдениетті қолдау жылы» деп жарияланған 2000 жылы толық күрделі жөндеуден өткізіліп, халық игілігіне пайдалануға берілді. Ақмешіт әулиев үңгірі. Қартаудың оңтүстік-шығыс беткейінде, Бәйдібек ауданындағы Бірлік (Көктерек) ауылы маңында, Ойық жарқабақты үңгір әктасы жыныстар қабатында пайда болған. Ұзындығы 254 м, ені 65 м, биіктігі 25 м, оңтүстік батыстан солтүстік-шығысқа қарай созылған. Ішінен қарағанда ернеуі киіз үйдің шаңырағы секілді. Көрінеді. Ел арасында бір кездері мұнда бір әулие әулетімен киіз үй тігіп, сатымен шығып-түсіп жүрген деген аңыз айтылады. Үңгірге перзент көрмеген ерлі-зайыптылар, ауру адамдар түнеп, мінәжат етеді. Үңгірдің туристік мәні бар. «Қызыл көпір» - тарихи ескерткіші. Қызыл көпір - 1886 жылы ескі ағаш көпірдің орнына салынған. Білікті инженерлік есеп бен құрылыс-монтаж жұмыстарының жоғарғы сапада атқарылуынан ғимараттың ұзақ уақыт сенімді жұмыс істеуіне мүмкіндік берді. Көпір 1970 жылдарға дейін қала аралық, жалпы одақтың маңызы бар автокөлік қатынасын қамтамасыз етті. Қазығұрт ауданы. Қазығұрт ауданы - Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында орналасқан әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы 4,1 мың км2. Тұрғыны 100,8 мың адам. Ауданда 61 елді мекен 12 ауылдық округке біріктірілген. Аудан орталығы - Қазығұрт ауылы. Табиғаты. Аудан жерінің көп бөлігі теңіз деңгейінен 800-1200 м биікте орналасқан. Шығысында Қаржантау (2000-2800м), Өгем (3000-3600м) биік таулы жоталары, орталығында оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай Қазығұрт жотасы (800-1700м) созылып жатыр. Батысы, солтүстік-батыс бөлігі қырқалы жазық. Жер қойнауынан минералды су, ақ құм, қиыршық тас т.б. құрылыс материалдары барланған. Климаты континеттік, қысы жұмсақ, қысқы қаңтар айының орташа жылдық температурасы 22-25°С. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 300-400 мм, тауда 500-700 мм. Аудан жерінен Келес, Өгем, Қаржансай, Мұғалысай, т.б. өзендер ағып өтеді. Таулы өңірі мен өзен бойларында итмұрын, долана, тобылғы, жабайы алма, арша, шырша, т.б. өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, таутеке, қоян, саршұнақ т.б. кездеседі. Халқының құрамы көп ұлтты, көпшілігі қазақтар (94928) одан басқа өзбек (5154 адам), татар (237 адам) т.б. ұлт өкілдері тұрады. Олардың орналасу тығыздығы орташа есеппен 1 км 224,6 адамнан келеді. Көбіне тау бөктерлері, өзен аңғарлары, автомобиль жолдары бойында қоныстанған. Ірі елді мекендері: Қазығұрт, Қақпақ, Қаржан, Шарапхана, Рабат, Тұрбат, Қызылқия, Шарбұлақ т.б. Ауыл шаруашылығына жарамды жері 3940 мың гектар, 2935 агроқұрылымы бар. Тарихы. Қасиетті Қазығұрт тауы атымен аталатын ауданымыз 1928 жылы құрылған. Орталығы Тұрбат, Шарапхана, кейіннен Ленин (қазіргі Қазығұрт) селолары болған. Ауданның мақтанышы - Қазығұрт тауы өзінің аңызға толы кереметімен тек қазақтың ғана емес, шығыс халықтарының, тіпті адамзаттың алтын бесігі деуге тұрарлық. Жер бетін топан су қаптағанда Нұх пайғамбардың кемесін әр елдер өзінің қасиетті тауларына, ал қазақтар Қазығұрт тауында қайырлатады. Қазығұрт туралы аңызда өмірге деген ынтықтық, адамзаттың шыққан түбі бір деп ынтымақ пен бірлікке шақыру басым. Қазығұрт асуынан табылған динозавр сүйегінің өзге де жаратылыстарды зерттеген дүние жүзі ғалымдарының пікіріне сүйенсек, Қазығұрт, Қаратау, Қаржан, Өгем таулары аралығында тіршілік ерте пайда болып, алғашқы адамзат баласы осы маңда тіршілік еткенін мақтанышпен айтуға болады. Асанқайғы бабамыз жырлағандай “Қазығұрт Алланың мейірімі түсіп, шапағатын шашқан тау екен. Нұх пайғамбардың кемесі қалып, бар қасиет бойыңнан табылғандай тау екенсің... Жемісі көп, жері көп, жер төресі мұнда екен, жігіті көп, ері көп, ел төресі мұнда екен”,-деп сүйсінгендей тау. Наурыз біздің нағыз төл мерекеміз. Оған дәлел 1970-ші жылдары Мәскеудегі В.И.Ленин атындағы кітапханадан А.Байтұрсынов емлесімен жазылған «Наурыз» қолжазба жыры. Онда Нұқ пайғамбардың кемесі Қазығұртқа келіп тоқтаған мезгіл дәл күн мен түннің теңескен күні, осы күні үлкен той жасалған, сол ұлы мерекеге адам мен аң құс түгел қатысқан, Нұқ ғ.с. шашу шашқан. Адам да, аң да өз-өзінің өнерін көрсеткен. Сөйтіп, бұл жаңа жылдың басы ретінде мирас болған. Аңыздан қашанда ақиқат туындайды. Ғылыми деректерге сүйенсек осыдан біраз жыл бұрын орыс ғалымдары «Топан су іздері» деген зерттеу жүргізген. Сөйтіп Орта Азия өңірінен де, Қазығұрт маңынан да топан су өткені жайлы деректер тапқан. Сол ұлы оқиғаның болып өткеніне қазірге дейін 12670 жыл толғанын есептеп шығарған. Ең бұлтартпас дәлел Тәжікстанның 3 мың метрлік биік тауының басынан акуланың тасқа айналған сүйегі табылған. Бұдан шығатын қорытынды - Нұх пайғамбар бастаған топан судан аман қалғандардың Қазығұрт тауындағы тойы - Наурыз тойының басы делінеді. Наурыз мерекесі тойланғалы 127 ғасыр өтті деуге ғылыми негіз бар. Наурыз сөзі алғаш Нұх ғ.с. аузынан шыққаны күмәнсіз. Бұл парсылардың төл сөзі болғынымен бізге де етене сөз. Жазушы Сәуірбек Бақбергенов “Басында Қазығұрттың...” атты еңбегінде аңыздағы Майқы би, Қорқыт Ата, Асан Қайғы, Аяз Би және Әбу-Насыр-Әл-Фараби сияқты ел қамын ойлаған, сол үшін бар саналы ғұмырын арнаған ардақты азаматтардың Қазығұртта тұрғанын немесе, ұзақ сапарға шығар алдында киелі тауға келіп, тәу етіп, бас игенін жазады. Тәуке хан мен Абылай хан да, Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке билер де Қазығұрттың бал ауасын жұтып, дәмін татып, талай аялдаған. Абылай хан осы тау айналасында соғысқан. Сол кезедгі оқиғаларға байланысты бүгінге дейін Қаралы төбе, Қаралықия, Хан-шейіт атайтын орындар куә. Алыстан қарағанда шөгіп жатқан қос өркешті түйені елестетін Қазығұрт тауының төбесі ойпаң, жазық. Ұзындығы 20, ені 10 шақырымдай, биіктігі теңіз деңгейінен 1768 метр. Онда “Адам Ата шоқысы”, “Пайғамбар тоқтаған”, “Пайғамбардың саусағы”, “Пайғамбар атының су ішкен жері”, “Ғайып ерен, қырық шілтен” сияқты аңыз жетегіндегі орындар бар. Мақтаарал ауданы. Мақтаарал ауданы - Оңтүстік Қазақстан облысының қиыр оңтүстік бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. Жерінің аумағы 1,8 мың км (облыс аумағының 1,5%-ы). Тұрғыны 268,7 мың адам. Аудан жеріндегі 176 елді мекен 1 қалалық, 3 кенттік және 21 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы - Жетісай қаласы. Бұрынғы Сырдария губерниясы, Ташқазақ уезінің Иіржар болысы таратылып, соның негізінде 1928 жылы 3 қыркүйекте Иіржар ауданы болып қайта құрылды. 1930 жылдан Мақтаарал ауданы. 1997 жылы 24 сәуірде мақталы үш аудан (Асықата, Жетісай, Мақтаарал) таратылып, олардың аумағында әкімшілік орталығы - Жетісай қаласы болатын Мақтаарал ауданы құрылды. Мақтаарал ауданы Мырзашөл құмды жазығының солтүстігіңде, Сырдария өзінінің сол жағалауында, абсолюттік биіктігі 150-250 метр төбелі, белесті жазықта орналасқан. Ауданның батысы, шығысы мен оңтүстігі Өзбекстанмен шекаралас. Солтүстігін түгелдей алып жатқан Шардара бөгені (1974) арқылы Сарыағаш, Шардара ауданымен шектеседі. Ауданның жер қойнауынан минералды су, құрылыс материалдары барланған. Климаты континенттік, қысы қысқа, біршама жұмсақ, жазы ыстық, аңызақты. Қаңтардың жылдық орташа температурасы -3-4°С, шілдеде 28-29°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200-250 мм. "Достық" (бұрынғы С.И.Киров атындағы) каналы - ауданның басты су көзі. Жер асты суының мол қоры бар. Ауданның жерінде эфемерлі өсімдіктер, жусан, баялыш, жантақ, қараған, жыңғыл, жиде өседі. Жануарлардан түлкі, саршұнақ, бауырымен жорғалаушылар кездеседі. Кезінде ақбөкендер болған. Аудаңда 60-тан астам ұлт бар. Қазақтар, тәжіктер, өзбектер, орыстар, тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. Облыстағы халқы ең тығыз қоныстанған аудан. Ірі елді мекендері: Жетісай қаласы, Атакент, Асықата, Мырзакент кенттері және Минералды сулар, Алғабас, Жалын, Бескетік, Қызылқұм, Сәтбаев тағы басқа ауылдары. Ауыл шаруашылық өндірісінің негізгі бағыты - шитті мақта өндіру. Оның үлесіне ауданның ауыл шаруашылық жалпы өнімінің 70,8% тиесілі, егіс аумағының 80%-ын алып жатыр. Ірі кәсіпорындарына "НИМЭКС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мақта өңдеу, "ЮТЕКС"-мақта тазарту зауыттары, "Ақ алтын", "Мақтаарал", "Мақташы", "Ынтымақ", "Мырзакент" ашық акционерлік қоғамдықдары, "Жұлдыз", "Жалын" шаруа қожалықтары, "Ақ май", "Жетісаймай" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жатады. Олар аудан экономикасының дамуына тікелей үлес қосуда. Мақтаарал ауданы республикадағы шитті мақтаның 80%-ын береді. "Молчанов және К" спирт, шарап өндіруші кәсіпорын, "Мақтаарал тәжірибе стансасы", "Оңтүстік су шаруашылығы" мемлекеттік кәсіпорындары, 2 минералды су цехы, 1 бетон зауыты, Қазақ-Қытай жіп иіру-тоқыма кәсіпорындары сияқты 37 өнеркәсіп орындары жұмыс істейді. Өнеркәсіп өнімдерінін 83%-ы тоқыма және тігін өндірісі кәсіпорындарының үлесіне тиеді. Білім беру мекемелерінен "Сырдария" университеті, гуманитарлық-медициналық, гуманитарлық-экономикалық, агробизнес колледждері, 117 мектеп, 2 кәсіптік-техникалық мектеп, 1 оқу-өндірістік комбинат, 2 музыкалық, 2 спорт мектептері, 1 көмекші мектеп-интернат, 13 балалар бақшасы бар. Денсаулык сақтау мекемелерінен "Диагностикалық орталық", 6 аурухана, 31 отбасылық дәрігерлік емхана, 87 фельдшер-акушерлік пункт бар. 2001 жылдың 1 қарашасында Сырдария өзенінің үстінен халықтарға маңызы бар, ұзындығы 400 метрлік "Тәуелсіздік" көпірі және ұсақ 5 көпір пайдалануға берілді. Ауданның орталығы - Жетісай қаласынан Шымкентке дейінгі қашықтық - 232 км. Өнеркәсіп. Аудандағы 37 өнеркәсіп орындары 2007 жылдың 1-жарты жылдығында 4 млрд 267 млн. теңгенің өнімдері өндіріліп, орта мерзімдік даму жоспары 101,6% орындалды. Ал, заттай өнімге шағар болсақ, 2006 жылдың тиісті мерзімінің деңгейіне қарағанда мақта талшығы - 644 тоннаға, мақта майы-78 тоннаға аз өндірілді. Нақты көлем индексі өткен жылдың тиісті мерзімімен саластырғанда 79,4%-ті құрап отыр. Соңғы 3 жылда өнеркәсіп өнімдері көлеміндегі мақта тазалау зауыттарының үлес салмағы жылдан жылға бәсендеп 67% дейін, ал шағын кәсіпкерлердің үлесі керісінше ұлғайып 33% дейін жетті. Ауыл шаруашылығы. 2007 жылдың 1-жарты жылдығының қорытындысы бойынша ауданда тұтас алғанда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі жоспардағы 4404,2 млн. теңгенің орнына ағымдағы бағамен есептегенде 4461,5 млн.теңгені құрады, бұл 2006 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 566,0 млн теңгеге артып отыр. Орта мерзімдік даму жоспары 101,3 пайызға орындалды. Нақты көлем индексі 2006 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 102,8 пайызды құрады. Аудан дихандары 139 мың гектар егістік жердің 122744 гектарына шитті мақта, 4834 гектарға дәнді дақылдар, 5092 гектарға бау-бақша өнімдері (көкөніс, бақша, картоп,) 860 гектарға жеміс-жидек, 566,2 гектарға жүзім, 5830 гектарға азықтық дақылдар егіп, бүгінгі таңға 1400 тонна бидай, 29000 тонна көкөніс, 37500 тонна бақша өнімдері өндіріліп алынды. Есепті кезеңде биылғы көктемгі дала жұмыстарына арзандатылған минералды тыңайтқыштар тікелей шаруа қожалықтарына жеткізіліп таратылды. Сондай-ақ, егілген дақылдардың құрылымына қарай жұмсалған жанар-жағар майға 616,6 млн. теңгенің көлемінде субсидия бөлініп отыр. Ауданда мал саны артып келеді ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша, ауданда заңды және жеке тұлғалардың иелігінде 89,1 мың. бас ірі қара мал, оның ішінде 33,4 мың бас сиыр, 203,3 мың. бас қой-ешкі, 9683 бас жылқы, 1435 бас түйе, 108,0 мың. бас құс бар. Өткен жылдың тиісті деңгейімен салыстырғанда ірі-қара мал 2312 басқа, қой-ешкі 29989 басқа, жылқы 463 басқа, түйе 3 басқа, құс 398 басқа өсті. Құрылыс. Аталған мерзімде негізгі капиталға бағытталған инвестициялар 467,0 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 823,1 млн. теңгеге кеміп отыр. Негізгі капиталға бағытталған инвестициялардың құрылымында 48,8 пайызды республикалық бюджет, 14,2 пайызды жергілікті бюджет, 37,0 пайызды кәсіпорындар мен ұйымдардың меншікті қаражаты, ал шетел инвестициясы қазірге тартылған жоқ. Ауданда тұрғын үй құрылысы бойынша 2007 жылдың 1-жарты жылдығында 139 жер учаскесі бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2007 жылдың 1-жарты жылдығында жалпы көлемі 9500 шаршы метр 104 тұрғын үй пайдалануға қабылданды. Көлік, байланыс, ауыз су. Аудандағы 3 жолаушылар тасымалдау автокөлік кәсіпорндары мен 500-ден астам жеке тұлғалар жолаушыларға аудан ішіндегі бағыт және қалааралық бағыттар бойынша қызметін көрсетуде. Аудан кәсіпорындары арқылы 2007 жылдың 1-жарты жылдығында 5,3 мың тонна жүк тасымалданды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жүк тасымалы +2,4 мың тоннаға артып отыр. Жүк айналымы 996 мың тонна км құрап отыр. Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 282 мың тонна км артқан. Сондай-ақ жолаушы тасмалдау өтен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 87 мың адамға, ал жолаушы айналымы 768 мың км/адамға артып отыр. Аудандық телекоммуникация торабы 2007 жылдың 1-тоқсанында абоненттерге 151,5 млн.теңгенің қызметін көрсетті, телефон нүктелерінің саны 13986-ға жетті. Өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда қызмет көрсету 14,5 млн. теңгеге, ал телефон нүктелердің саны 701-ге өскен. Ауданда ескі телефон станцияларын біртіндеп жаңа сандық станцияларға ауыстыру, телефон байланысының сапасын жақсарту жұмыстары жүргізілуде. Ауданның тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге 2007-2010 жылдарға арналған “Таза су” бағдарламасына сәйкес аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жылда жергілікті бюджеттен 10,0 млн. теңге қаржы бөлініп тұрады. Бұл қаржыға елді мекендердегі ауыз су құдықтарының насостарын ауыстыру мен басқа да ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Шағын кәсіпкерлік. 2007 жылғы 1 шілдесіндегі жағдай бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің саны 19299-5а жетті, оларда 76,3 мың адам жұмыспен қамтылған. Шағын бизнес өкілдері өндірген өнім көлемі 424,1 млн. теңге болды, бюджетке жалпы 140,7 млн. теңге салықтық төлемдер құйылды. Өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда шағын кәсіпкерлік саласындағы субъектілер саны 261 бірлікке, өндірілген өнім көлемі 17,1 млн. теңгеге, салықтық төлемдер көлемі 2,1 млн. теңгеге артты. Бюджет. Аудандық бюджеттің кіріс бөлігі 2007 жылдың 1-жарты жылдығында салық контингенті бойынша болжамдағы 836,9 млн. теңгенің орнына 848,2 млн. теңге яғни жоспар 98,2 пайызға орындалғанмен, өткен жылмен салыстырғанда 245,4 млн. теңгеге артық орындалды. Ал, жергілікті салық бойынша 496,2 млн. теңгенің орнына 505,1 млн. теңге (+8,9 млн. теңге) көлемінде салық пен міндетті төлемдер жиналды. Жоспар 101,8% пайызға артығымен орындалды. Былтырғы жылдың тиісті деңгейімен салыстырғанда 127,9 млн. теңге артық жиналды. Жергілікті бюджеттің шығыс бөлігі жоспардағы 3 млрд. 656 млн. теңгенің орнына 3 млрд. 635 млн теңгеге орындалды, яғни 99,4 пайызды құрайды. Негізінен қаржының қомақты мөлшері білім беру саласына (2859,3 млн) мен әлеуметтік саласына (164,6 млн) қаржыландыруға жоспарланған. Әлеуметтік сала. Ауданда жұмыссыздар саны 1472-ден 1255-ке яғни 217 адамға азайды. Жұмыссыз азаматтардың саны барлық аумақтық әкімшілік бірлікте былтырғы деңгейден азайған. Ақылы қоғамдық жұмысқа болжамдағы 292 адамның орнына 330 адам жіберілген. Жұмысқа орналастыру бойынша жоспардағы 396 адамның орнына 613 адам жұмысқа орналастырылған, бұл жоспардағыдан 217 адамға артық. Ауданымызға 2006 жылдың 6 айында құрамында 702 адамы бар 265 оралман отбасы көшіп келсе, 2007 жылдың 1-жарты жылдығында құрамында 529 адам бар 232 отбасы көшіп келді. Ал 1991 жылдан осы күнге дейін ауданға алыс және жақын шетелдерден 10542 отбасы оның құрамында 35321 адам көшіп келді. Білім. Аудан мектептеріне 2007 жылға барлығы жергілікті бюджеттен 3873,9 млн. теңге, республикалық бюджеттен 448,6 млн. теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде: мектептің материалдық техникалық базасын нығайтуға парта алуға, компьютерлер алуға, қашықтан оқыту құралдарына, мультимедиялық кабинетке, оқушылардың жазғы сауықтыру лагеріне сонымен қатар мектептердегі медициналық кабинеттерге дәрі-дәрмектер үшін қаржы қаралды. Биылғы жылғы өткізілген ұлтық бірыңғай тестілеудің нәтижесін өткен жылғымен салыстырғанда жоғары. Айтатын болсақ: 2005 жылы орташа балл 57,1 болған болса, 2006 жылы 59,1 балл, 2007 жылы 71,78 балл болды. Денсаулық. Ауданда 2007 жылдың 1-жарты жылдығында 44214 адам флюрографиялық және туберкулезге қарсы диагностикалық тексерулерден өткізіліп, ауруларын анықтап, емдеу шаралары көрілді. Әйелдердің туу көрсеткіші жылдан-жылға өсуде. Биылғы жылдың 1-жарты жылдығында 4123/15,3 абсолют нәресте өмірге келді. Табиғи өсуі 2006 жылдың 1-жарты жылдығында 13,8 болса, биыл 15,3 болды. Мәдениет, спорт. Аудан халқына мәдени қызмет көрсету бағытында 30 мәдениет үйлері мен клубтар және 36 кітапхана, жалпы 68 мәдени ошақтары жұмыс атқарады. 2007 жылы облыстық бюджет есебінен Атакент кентіндегі «Достық» мәдениет үйін 12,0 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Сонымен қатар аудандық бюджеттен мәдениет мекемелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 5,2 млн. теңге қаржы бөлінді. Атап айтқанда, 1. Қазбек би ауылдық округіне қарасты мәдениет үйіне 2. Мақталы ауылдық округіне қарасты клубқа 4. Достық ауылдық округіне қарасты мәдениет үйіне 5. Қарақай ауылдық округіне қарасты мәдениет үйіне Жалпы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 17,2 млн. теңге бөлініп отыр. Ауданда салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру мен көпшілік спортты дамыту бағытында бүгінгі таңда аудан көлемінде 272 спорт нысандары, оның ішінде: 3 стадион, 69 спорт зал, 124 спорт алаңдары, 1 теннис корты, 57 бейімделген ғимараттар және 3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді. Ордабасы ауданы. Ордабасы ауданы - Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. 1964 жылы құрылған. 1993 жылға дейін Бөген ауданы деп аталып келді. Аумағы 2,7 мың км. Тұрғыны 92,9 мың адам. Аудандағы 59 елді мекен 9 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы - Темірлан ауылы. Ордабасы ауданың жер бедері жазық. Оңтүстік бөлігі солтүстігіне қарағанда біршама көтеріңкі және бұл бөлігі Арыс өзенінің салаларымен сай-жыраларға тілімденген. Ауданның ең биік жері Қайнар ауылының шығысында (383 метр). Ауданның климаты континенттік. Қысы қысқа, жұмсақ, жазы ұзақ, ыстық және аңызақты. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы -3-5°С, шілдеде 26-28°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200-380 милиметр. Желдің басым бөлігі шығыс, оңтүстік-шығыс бағыттан соғады. Орташа жылдамдығы 3-5 м/с. Желдің әсерінен жазда ауданның гидротермиялық көрсеткіші төмендеп (0,3-0,4), ылғалдылық мөлшері кемиді де аңызақ, құрғақ және ыстық кезең қалыптасады. Аудан арқылы Арыс және оның салалары - Боралдай (оң саласы), Бөржар, Бадам, Шұбарсу, тағы басқа өзендері ағып өтеді. Ауданның орталық бөлігінде Бөген бөгені салынған. Одан Арыс-Түркістан каналы тартылған. Бөгеннің оңтүстігін бойлай Арыс каналы жүргізілген. Өсімдігі қияқ, қоңырбас, солтүстігінде бозжусан басым көкпек, сар-сазан, баялыш, күйреуік өскен. Ауданның солтүстігінде бозжусан, ши аралас эфемероидті өсімдіктер өседі. Дәрілік өсімдіктерден күріш қонағы, қара меңдуана, тұмаршөп (жұмыршақ), тағы басқа кездеседі. Аудан халқы көп ұлтты. Оның басым бөлігін қазақтар құрайды. Ірі елді мекендері: Темірлан, Төрткөл, Бадам, Бөген, Қайнар, Қарааспан, Шұбар, Қарақұм, тағы басқа. Ауыл шаруашылықтарына жарамды жердің аумағы 246,5 мың гектар. Егіс аумағының құрылымында дәнді дақылдар мен бұршақ (37,0%) басым. 24,8%-ы мақтаға тиесілі. Ауданда облыстағы барлық мүйізді ірі қараның 7,3%-ы, қой мен ешкінің 5,9%-ы, жылқының 6,6%-ы, құстың 9,1%-ы өсіріледі. Аудан орталғы - Темірлан ауылынан Шымкент қаласына дейінгі қашықтық 45 километр. Аудан аумағы арқылы Шымкент-Қызылорда темір жолы және Шымкент-Түркістан-Қызылорда автомагистралі өтеді. Бюджет. 2007 жылдың алты айында жалпы салықтардың кіріс жоспары 297392 мың теңгені құрап, оның орындалуы 369445 мың теңге болды, немесе 72053 мың теңгеге артық түсіп 124 пайызға орындалды. Республикалық бюджеттің жоспары 30426 мың теңге, түскені 44691 мың теңге болды. Облыстық контингент бойынша жоспары 266966 мың теңге, орындалуы 324754 мың теңге, немесе 121,6 пайзға орындалды. Оның ішінде жергілікті бюджет бойынша жоспар 163466 мың теңгені құраса, оның нақты түсімі 193713 мың теңге болды, бұл жоспардан 30247 мың теңгеге артық, немесе 118,5 пайызға орындалды. Ауыл шаруашылығы. Алты айда ауыл шаруашылық саласында өндірілген өнім көлемі 1878,2 млн. теңге болып, өткен жылмен салыстырғанда 113,5 пайызға артық болды. Ауыл шаруашылық жерлерінің жалпы көлемі 217299 гектар, оның ішінде егістік жер көлем 80277 гектар, мұның 48270 гектары тәлімі жерлер, 32007 гектары суармалы жерлер. Тыңайған жер 26920 гектар, жайылымдық жер 131616 гектар және көпжылдық қондырғы 514 гектарды құрайды. Барлық масақты дақылдар 20135 га, оның ішінде 19270 га жерге күздік бидай егілді. Жыртылуға тиісті 12 948 га пардың 10114 гектары немесе 78 пайызға орындалды. Мақта 12989, жаңа жоңыршқа 3465, көкөніс 1582, картоп 431, бақша 1658, мақсары 3828, жүгері 1873, күнбағыс 1803 гектар жерге егілді. Жаңадан алма 48,7 гектар, жүзім 15,2 гектар барлығы 63,9 гектар жерге 14 жеке қожалықтар бау, жүзімге құжаттарын өткізді. 2007 жылдың алты айында мал басы өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда ірі қара мал 3343 басқа көбейіп, 67531 басты құрады. Өнеркәсіп. Ауданның өнеркәсіп саласында (шағын, қосалқы, кәсіпорындарды, үй шаруашылығы секторларын қоса алғанда), қолданылып жүрген бағамен есептегенде 844,5 млн. теңгенің өнімдері өндіріліп, өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 120,3 пайызға артты. Ауданда өнөркәсіп өнімдерін өндіретін заңды тұлғалардың саны 19, оның адам саны 50-ден жоғары 3 кәсіпорын, 50-ден төмен адам санымен 10 кәсіпорын, 6 қосалқы шаруашылық жұмыс істейді. Қаржылық емес секторлық корпорация бойынша 389,4 млн. теңгенің өнімі өндірілді, бұл өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 133 пайызға артық орындалды. Шағын және орта бизнесті дамыту. 2007 жылдың алты айында шағын кәсіпкерлік саласында әр түрлі экономикалық қызмет түрлерін көрсететін 93 нүкте ашылып, 186 адам жұмыспен қамтылды. Барлық заңды тұлғалар саны 642, жеке тұлғалар саны 718, шаруашылық субъектілерінің саны 4841, барлық тіркелген 6201 заңды және жеке тұлғаларда жұмыспен қамтылған адам саны 16405. Бүгінгі таңға кәсіпкерлер банк және несие-қор ұйымдарынан 771,6 млн. теңге несие қаржы игерді. Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 217,6 млн. теңге болса, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (тұрақты бағалармен) 105,7 пайызға артты. Қоғамдық тамақтандыру қызметінің көлемі 6,9 млн. теңге болды. 2006 жылдың осы кезеңмен салыстырғанда (тұрақты бағалармен) 127,8 пайызға өсті. Инвестиция. 2007 жылдың алты айында 458,9 млн. теңге игерілді. Өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 42,2 пайызға кем. Оның 301,5 млн. теңгесі республикалық бюджеттен, 1,1 млн. теңгесі жергілікті бюджеттен, 156,3 млн. теңгесі жеке халық және кәсіпорындардың есебінен инвестицияға берілді. Елбасымыздың жыл сайынғы халқымыздың әлеуметтік жағдайын көтеруге арнап «Тұрғын үй», «Таза су», «Ауыз су» және «Ауыл» бағдарламаларының орындалуы барысында биылғы жылға су құбыры жүйесінің құрылысына 10,0 млн. теңге қаралып, қаржыландыру шілде айынан жүргізіледі Ауданда білім саласы бойынша 2007 жылға 2 мектептің құрылысына 126,3 млн. теңге қаралып (К.Омаров-72540, Жусансай 53772) 77,4 млн. теңгесі осы мерзімге қаралып игерілді. Электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамытуға 4197 мың теңге қараған, шілде айынан бастап қаржыландырылады. Тұрғын үй бағдарламасы бойынша халықтың жеке қаржысы есебінен 2642 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, жұмсалған қаржы 131359 мың теңге. Ауданда 6 азық-түлік дүкені пайдалануға берілді. Халықты әлеуметтік қорғау мен жұмыспен қамту. ҚР «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес, 163 отбасының 817 адамына 2729,8 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді. ҚР «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап 919 отбасыға 3136 балаға 16423,7 мың теңге 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы тағайындалып, төленді. Аудан бойынша демеушілердің есебінен 196 адамға 1590 мың теңгенің көлемінде көмек көрсетілді. Аудан бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері, зейнеткер жасындағы Батыр аналар мен Алтын алқа иеғерлері, соғыс жылдары тылдағы еңбегі үшін марапатталған және кемінде 6 ай еңбек еткен тыл еңбеккерлері, жасына байланысты және зейнеткер жасындағы мүгедектер азаматтарға «Ардагерлер үйі», «Сарыағаш», «Манкент», «Спутник», «Денсаулық» шипажайлары мен оңалту орталықтарына 139 азаматтарға демалуға жолдамалар берілді. 2007 жылдың алты айының қорытындысы бойынша 452 адам ресми тіркелген жұмыссыздар болып есептеледі. Ресми тіркелген жұмыссыздар-дың 235-і әйел және 217-сі ер азаматтар. 348 адам тұрақты жұмыспен, ақылы қоғамдық жұмысқа 270 адам қамтылды, нысаналы топ бойынша жұмысқа орналасқаны 66. Білім беру. Аудандық білім бөліміне қарасты 66 мектеп жұмыс істейді, оның 37 орта, 12 негізгі, 17 бастауыш мектептер. Оқушы саны 22212. Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны - 14 болса, оның 11-і мектепке дейінгі, 2-і мектептен тыс мекеме, 1-уі балалардың жазғы сауықтыру демалыс орны. Аудан бойынша қашықтықтан оқытудың спутниктік каналы 14 білім мекемесінде орнатылған. Аудан бойынша 66 мектептің 62-не телефон желісі орнатылған, оның 60 интернет жүйесіне қосылған және 2 мектепке ДАМА қондырғылары (спутник) орнатылған. 2007 жылы мектеп кітапханаларын жаңарту мақсатында республикалық бюджеттен 6541 мың теңге, облыстық бюджеттен 14369 мың теңге, барлығы 20910 қарастырылды, алты айында 10731 мың теңгеге кітап қоры жаңартылды. Үстіміздегі жылы мектептерге бюджеттен күрделі жөндеу жұмыстарына 9000 мың теңге жоспарланып, шілде айынан бастап жүргізіледі, ағымдағы жөндеуге 1887 мың теңге қаралып оның 1287 мың теңгесі игерілді.. 2007 жылғы ҰБТ қорытындысы бойынша тестке 1259 оқушы қатысып, орта балы 66,78-ді құрады, былтырғы жылмен салыстырғанда 4,78 балға өсті. Спорт. Ауданда 21 спорт зал, Д.Қонаев атындағы демалыс лагеріндегі жүзу бассейні мен стандартқа сай 1500 орындықты орталық стадион бар. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты жасөспірімдер спорт мектебінде 41 жаттықтырушы жұмыс істейді, оның 28-і штаттық, 13-і қосалқы жұмыс атқарады. Оқушылардың саны 920, топтардың саны 72. Бүгінгі таңда аталмыш мекепте спорттың 11 түрінен оқу-жаттығу сабақтары жүргізіледі, атап айтқанда: футбол, баскетбол, қазақша күрес, бокс, жеңіл атлетика, каратэ-до шотакан, самбо, дзю-до және шахматттан. Оқу- жаттығу сабақтары Темірлан, Қараспан, Шұбар, Қызыл-жар ауылдарында және Б.Оңтаева, Ерназаров, Бектаев және Шұбар-су орта мектептерде және мәдениет үйінің спорт залы мен Қажымұқан атындағы стадионда өтеді. Жыл басынан 7 спорттық жарыстар өткізіліп, оған 773 спортшылар қатысты. Денсаулық сақтау. Ауданда халыққа 1 аудандық орталық аурухана, 1 туберкулезге қарсы диспансер, 2 ауылдық аурухана, 1 БМСК Қараспан, 8 дәрігерлік емхана, 42 МБ қызмет көрсетеді. Аудан көлемінде 2007 жылдың 6 айында 1274 бала /2006 жылы 1251 бала туылған/ дүниеге келіп, былтырғыдан 23 балаға артып отыр. Өлім көрсеткіші (туылған 1000 балаға шаққанда) /2006 ж. 15-14/ 2007 ж. 24-20,6 аудан бойынша өлім 9 балаға артып отыр. Ауданымыздағы жалпы халықты флюорография-лық тексеруден өткізу жоспары 44810 болса оның 19892 адам тексеріліп 44,4 пайызға орындалды. 18 жасқа дейінгі балаларды профилактикалық тексеруден аудан бойынша 32746 бала өтуге тиісті болса, қазіргі таңда 18458 бала өтіп, 56,3 пайызды құрады. Мәдениет. Ауданда 1 мәдениет үйі мен 1орталықтандырылған кітапхана, балалар кітапханасы, 4 ауылдық мәдениет және 8 ауылдық клуб, 31 ауылдық кітапханалар халыққа қызмет етеді. Осы жылдың алты айында мәдени-ағарту мекемелерінде 152 мәдени іс-шара өтіп, оған 38250 адам қатысты. Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде 339419 кітап қоры биылғы жылы 1941 дана кітаппен толықтырылды. Жарты жылдыққа арнайы есепке 27410 теңге түсті. Материалдық-техникалық базасы нығайтылды. Аудандық мәдениет үйін ағымдағы жөндеуден өткізілуде. Байланыс. Аудан бойынша 14-АТС халық игілігіне қызмет етуде. Оның 9-ы санды, 5-і аналогты станциялар. Аудан бойынша 59 елді мекен толығымен телефондандырылған, 4033 телефон нүктесі бар, оның ішінде бес айда 274 нүктесі орнатылды. Қажымұқан, Темірлан, Аманкелді және Жеңіс ауылдарында кабілді желілерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жіргізілді. Аудан орталығында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізу арқылы 1000 м жаңа телефон канализациясы құрылды. Отырар ауданы. Отырар ауданы - Оңтүстік Қазақстан облысының батысында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. 1935 жылы құрылған. Жерінің аумағы 18,1 мың км2 (облыстың 15,4%-н қамтиды). Тұрғыны 56,4 мың адам. Аудандағы 43 елді мекен 11 ауылдық округке біріктірілген. Аудан орталығы - Шәуілдір ауылы. Аудан жері негізінен жазық. Оның басым бөлігін Қызылқұм құмды алқабы және Сыр өзенін бойлай жатқан Шардара даласы алып жатыр. Ауданның биік жері Қарақтау жотасында (Қарамола тауы, 388 метр). Ол оңтүстіктен солтүстікке қарай доғаша иіліп 50 километрге созылған. Қызылқұмда көптеген құдықтар (Қасымбет, Дүйсебай, Дәуренбек, тағы басқа) мен мал жайылымына қолайлы қоныстар (Алтынжал, Үрме, тағы басқа), қыстаулар (Есенгелді, Босаға, Орынбай, тағы басқа) көп. Ауданның қысы жұмсақ, қысқа. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы -3-5°С, шілдеде 27-29°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 170-300 милиметр. Аудандағы желдің басым бөлігі оңтүстіктен және оңтүстік-шығыстан соғады. Оның жылдық орташа жылдамдығы 4-6 м/с. Аудан арқылы Сырдария және оның оң саласы Арыс өзендері ағып өтеді. Ауданның солтүстігінде жазда құрғап қалатын шағын тұзды көлдер (Ұзынқұдық, Арыстанды, тағы басқа) мен батпақты (Шошқакөл) жерлер кездеседі. Арыс өзенінен Арыс каналы және бірнеше шағын тоғаңдар жүргізілген. Жер асты және грунт сулары 2-5 метр тереңдікте (Сырдария, Арыс өзендері аңғарында), Қызылқұм өңіріңде 5-8 метр, кейде 8-12 метр тереңдікте кездеседі. Артезиан сулары палеоген-неоген қабаттарында, олар 30-50 метр, кейде 80 метр тереңдікте жатады. Дәрілік өсімдіктерден дәрмене жусаны (Арыс өзенінің аңғарында), қара меңдуана, тұмаршөп өседі. Аудан халқының негізін осы өңірдің байырғы халқы - қазақтар. Халық негізінен Сыр бойы және ауданның шығысындағы Арыс өзенінің аңғарында қоныстанған. Ірі елді мекендері: Шәуілдір, Темір, Көксарай, Арыс, Балтакөл, Маяқұм т.б. Аудан негізінен мал шаруашылығына маманданған. 1996 жылға дейін ауданда етті-сүтті 8 кеңшар, 1 асыл тұқымды мал зауыты болған. Аудан аумағында көне калалар мен қорғандар орындары көптеп кездеседі. Әйгілі "Арыстан баб" кешені осы Отырар ауданы аумағында орналасқан. Ауданнан елімізге белгілі мемлекет қайраткерлері, ақын, жазушы, композиторлар, ғалымдар мен өнер, спорт майталмандары шыққан. Шәуілдір ауылынан Шымкент қаласына дейінгі қашықтық 142 километрді құрайды. Шағын және орта кәсіпкерлік саласы. Ауданда 2007 жылдың 6 айына 3138 кәсіпкерлік құрылым тіркелсе, оның ішінде облыстық Әділет басқармасына тіркелген заңды тұлғалар саны-564 құрылым, жеке тұлғалар саны- 2574 құрылым болып отыр. Осы құрылымдардың бүгінгі таңда 3074 жұмыс жасауда, немесе жалпы тіркелгендердің 97,9 пайызы. Жалпы кәсіпкерлік салада бүгінгі таңда 9007 адам жұмысқа тартылып, 1190,9 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, бюджетке 30,8 млн. теңгенің төлемдерін төледі. Кәсіпкерлік салада жалпы экономикалық белсенді халыққа (32236) шаққанда 28,8 пайызы жұмысқа тартылған. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда тіркелген кәсіпкерлік құрылымдар саны-98 құрылымға, оның ішінде жұмыс істейтін құрылымдар саны-96 құрылымға, осы салада жаңа жұмыс орындарының ашылуы-100 орынға көбейсе, кәсіпкерлік құрылымдардың өндірген өнімі мен көрсеткен қызмет көлемі-0,5 млн. теңгеге артып отыр. Әлеуметтік сала көрсеткіштері. Ауданда 2007 жылдың 1 шілдесіне тұрмысы төмен отбасылар саны-187 болып, жалпы отбасының 2,0 пайызын құрап отыр. Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда тұрмысы төмен отбасылар саны 138 кемігенін көрсетеді. Жанұясында бүгінгі таңда бірде-бір жұмыс істейтін мүшесі жоқ 6 отбасы есепте тұрады. Ресми жұмыссыз мәртебесін алғандар саны-357 адам болып, жалпы экономикалық белсенді халыққа шаққанда 1,1 пайызын құрап отыр. Ағымдағы жылдың 6 айында 266 жұмыссыз ақылы қоғамдық жұмысқа тартылып, 245 жаңа жұмыс орындары ашылып отыр. Сайрам ауданы. Сайрам ауданы Оңтүстік Қазақстан облысындағы ең ірі аудандардың бірі болып саналады. Жер көлемі 1760,4 шаршы километрді алып жатыр. 56 ұлттың өкілінен құрылған 250,0 мың адамнан астам мекендейді. Әкімшіліктің аймақтық құрылымында 17 ауылдық округ, 78 елді мекен және аудандық жергіліктік бюджеттен қаржыландырылатын 13 бөлімдер бар. Аудан орталығы - Ақсу кенті. Ақсу өзенінің бойына орналасқан, жүз жылдан астам тарихы бар барлық автомобиль және темір жолдары осы орталықта түйіседі. Ауданның орналасу реті де ерекше. Ол облыс орталығы Шымкент қаласының айналасын сақина тәрізді орай қоршап жатыр. Ауданның шығысында Машат өзені, орталығында Ақсу өзені, ал солтүстігінде Арыс өзені ағып өтеді. Сайрам ауданы облысымыздағы өндірістік-экономикалық потенциалы жоғары аймақтардың бірінен саналады. Аудан негізінен астық, жеміс, көкөніс, жүзім, майлы дақылдар, ет-сүт өнімдерін өндірумен және сатумен айналысады. Ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін құрылымдар кеңінен дамыған. Ауданда қуаттылығы 150 млн шартты бірлік көкөніс өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындар мен цехтар бар. Осылардың қатарында «Шымпласт» ЖШС консервілік тауарларды өндіру, «Оңтүстік құс» АҚ құс етін өңдіру, «Арай» ЖШС өсімдік майын өндіретін, «Принир 2001» ЖШС томат пастасын өндіру және тағы басқалар. Әлеуметтік-экономикалық жағдайы. 2007 жылдың алты айында ауданымызда әлеуметтік-экономикалық даму қалыпты жағдайға түсіп, жалпы экономикалық өсім байқалады. Бюджеттің кіріс бөлігі айтарлықтай ұлғайып, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салаларында жалпы өнім көлемі өсті, шағын және орта кәсіпкерлік дамыды. Аудан экономикасының сан-саласына едәуір мөлшерде инвестиция құйылды, ипотекалық тұрғын үй құрылысы сапалық жаңа сатыға көтерілді. Бюджет. -салық түсімдері - 1млрд.190 млн.880 мың теңге; -салықтық емес түсімдер - 8 млн. 656 мың теңге; -негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 258 млн. 656 мың теңге; -ресми трансферттердің түсімдері - 4 млрд. 011 млн. 359 мың теңге; 2007 жылдың 6 айында бюджеттік түсімдер контингент бойынша 1160,6 млн. теңге, соның ішінде аудан бюджеті 790,3 млн. теңге болды, өткен жылдың 6 айымен салыстырғанда 382,0 млн. теңгеге, соның ішінде аудан бюджеті 242,0 млн. теңгеге немесе тиісінше контингент 149,0 пайызға, ал жергілікті бюджет 144,0 пайызға ұлғайды. Өнеркәсіп. Ауданда жылдан жылға өнеркәсіп саласы жақсы дамып келеді. Ауыл шаруашылығына арналған машиналар және оларды күрделі жөндеуден өткізу, оларға керекті қосалқы бөлшектер шығару, көкөніс түрлерінен консервілер дайындау, шарап өнімдерін, түрлі үлгідегі электродтар жасайтын, спирт өндірісі, құс еті, жұмыртқа өндірісі және басқа да өнеркәсіп тауарларын шығаратын, қайта өңдейтін өндіріс орындары жұмыс істейді. 2007 жылдың 6 айында ауданның өнеркәсіп кәсіпорындары қолданыстағы бағамен, шағын, қосалқы кәсіпорындар мен үй шаруашылығы секторын қосқанда 3 миллиард 518 миллион теңгенің өнімін өндіріп, 2006 жылдың 6 айымен салыстырғанда 590 миллион теңгеге артық немесе 120%-ды құрады. Ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындарында 1 млрд. 856 млн.теңгенің, шағын және қосалқы кәсіпорындарда (үй шаруашылығы секторын қосқанда) 1 млрд. 662 млн.теңгенің өнімі өндірілді. 2007 жылдың 6 айында ауданның өнеркәсіп саласында өнеркәсіптік өнім өндіретін 44-тен аса түрлі меншіктегі ірі, орта және кіші кәсіпорындар жұмыс атқарып, аудан халқының 33 пайызға жуығын жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған іс шаралар жоспары туралы» №609 қаулысына сәйкес «Оңтүстік Қазақстан облысының 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында Тассай ауыл округіне қарасты Қызыл-сай елді мекенінде айына 45 тонна макарон өнімдерін шығаратын «Арай-астық» ЖШС-і іске қосылып, 79 жаңа жұмыс орны ашылса, маусым айында бұл мекеме 18 жаңа жұмыс орнына кеңейтіліп отыр. Сайрам ауыл округінде жылына 25 мың дана жылыту жүйелеріне және су құбырларына арналған полипропилен трубалар шығаратын «ПАМИР-С» ЖШС-і іске қосылып, 30 жаңа жұмыс орны ашылды. Агроөнеркәсіп. Аудан экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылатын ауыл шаруашылығы саласында ағымдағы жылдың алты айында өндірілген жалпы өнім көлемі 3616,1 млн.теңгені құрады, өткен 2006 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 381,7 млн.теңгеге, немесе 111,8 пайызды құрады. Ауданымыздағы 17 ауыл округтерінде 20 селолық тұтынушылар кооперативтері құрылып, әділет басқармасынан заңды тұлға ретінде тіркеуден өтті. Құрылған СТК-ларға 5033 шаруа қожалықтары мүше болып кірді. СТК-лар 6 айдың көлемінде барлығы 12 млн 362 мың теңгенің қызметін халыққа көрсеткен. 2007 жылғы 1 маусым күні Шымкент қаласында І-Орта Азиялық халықаралық көкөніс-жеміс Форумы өтті. Осы форумда Сайрам ауданы көрме-жәрмеңкені жоғары дәрежеде ұйымдастырғаны үшін облыс және «ҚазАгроМаркетинг» АҚ басшылығы тарапынан жоғары бағаға ие болды. Форумның қорытындысы бойынша ауданымыздың бірқатар агроқұрылымдары, атап айтсақ Ақсукент, Қарабұлақ, Қарасу ауыл округтерінің кәсіпорындары солтүстік облыстарға 8000 тонна көкөніс, 800000 банкі консерві өнімдерін жеткізу бойынша келісім-шартқа тұрды. 2007 жылы ауданымыздың ауыл шаруашылығы саласын, осы саланы көтеру үшін жылдағы дәстүрден жаңылмай жыл қорытындысы бойынша алдыңғы қатардан көріну үшін жоғары дәрежеде жұмыс істеуді мақсат етіп қойдық. Кәсіпкерлікті дамыту. Нарықтық реформалар барысында кәсіпкерлік секторы қоғамда елеулі орынға ие болды. Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға қажетті жағдай жасалды. Атқарылған оң шаралар нәтижесінде 2007 жылдың 6 айында аудан бойынша 11219 кәсіпкерлік құрылымдары тіркелген, оның ішінде 654 заңды тұлға, 6762 шаруа қожалықтары, 3803 жеке кәсіпкер тіркеліп, 45704 адам жұмыспен қамтылған. Елбасымыздың алдымызға қойған міндеттерінің бірі жаңа жұмыс орындарын ашып, тұрғындарды тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету болатын болса 2007 жылдың 6 ай ішінде 68 шағын және орта кәсіпорындар ашылып, 417 адам жұмыспен қамтамасыз етілді, бұл 2006 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 106,3% құрайды. 2007 жылы 6 ай ішінде кіші және орта бизнес субъектілерінің өндірген өнімнің көлемі 2421,0 млн теңгені құрады бұл өткен жылмен салыстырғанда 116,3% артық. Өндіріс көлемінің өсуі есебінен ауданның салық базасы ұлғайды. Егер 2006 жылдың І-ші жартыжылдығында 135,2 млн.теңге түскен болса, бұл көрсеткіш 2007 жылдың І–ші жартыжылдығында 149,6 млн.теңге немесе 110% құрады. Бүгінгі таңда туризм саласы экономикамыздың ең маңызды перспективалы салаларының біріне айналып отыр. Болашақта туристік кластер ел экономикасының шикізаттық емес саласында ұзақ мерзімді жобаларды қамтитын болады. Аудан аумағында 58 тарихи мекендер мен қалашықтар, сонымен қатар архитектура және қала құрылысының ескерткіштері бар. Бұлақ Қазақстан Республикасынан тыс, таяу және алыс шетелдерге кеңінен белгілі, мұсылмандардың қажылық жасайтын орындарының бірі болып табылады. Үстіміздегі жылдың 9-шы ақпанында аудан әкімдігінің қаулысымен «Сайрам ауданында туризмді дамытудың 2007-2010 жылдарға арналған бағдарламасы» бекітілді. Бағдарлама бойынша ауданда тиісті жұмыстар атқарылуда. Әлеуметтік сала. Бүгінгі таңда ауданда әлеуметтік сала бойынша ҚР заңдары мен нормативтік актілерінің негізінде, Сайрам аудандық мәслихат сессиясының 2006 жылғы 13 сәуірдегі шешімімен бекітілген «Халықты жұмыспен қамтудың және әлеуметтік қолдаудың», «Мүгедектерді оңалтудың» 2006-2008 жылдарға арналған аудандық бағдарламалары іс жүзіне асырып келеді. Қабылданған бағдарламаға сәйкес, жоспарланған жұмыстар аудан бойынша өз дәрежесінде атқарылып келеді. Өмірлік деңгейлері кедейшілік шегінен және азық-түлік себетінен төмен, аз қамтылған отбасыларын әлеуметтік қорғау бойынша ауданымызда нәтижелі жұмыстар атқарылып келеді. Бүгінгі таңда 777 адамға 4 млн 500 мың теңге атаулы-әлеуметтік көмек тағайындалып,толығымен төленді. Аудан бойынша өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда кедейлер саны 78,7 пайызға, ал атаулы әлеуметтік көмекке төленген қаржы мөлшері 57 пайызға кеміді. Кедейлер санының кемуіне, осы отбасыларының қосалқы шаруашылықтарын дамытуға шағын несие, мал және жер бөлу оң себептерін тигізді. Биылғы жылы облыс әкімінің орынбасары Т.К.Дүйсенованың басшылығымен, Сайрам ауданында алғашқы рет аз қамтылған отбасыларын шағын несиемен қамтамасыз ету бойынша пилоттық жоба іске асырылуда. 2007 жылдың алты айында 617 жаңа жұмыс орындары ашылып, бағдарлама көрсеткіштері 104,2 пайызға орындалып отыр, ал ақылы қоғамдық жұмысқа тарту жоспары 181 пайызға орындалды. Ахмет Әл-Исфиджаби. Ахмет Әл-Исфиджаби - Ғұламаның толық аты жөні Ахмет бин Мансұр аз-Зафарми әл-Худжанди әл-Исфиджаби. Өз аты - Ахмет. Әкесінің ныспысы - Мансұр аз-Зафарми әл-Худжанди. Әл-Исфиджаби - әдеттегідей оның туған жерін білдіреді. Әкесінің ныспысындағы әл-Худжанди деген атауға қарағанда ол Ифиджабқа Ахмет туылғанға дейін ақ көшіп келген сияқты. Сол себепті Сайрамда дүниеге келген Ахмет әкесінің есімінде Худжанди (Худженттік) деген атауды қоса көрсетуді ұмытпаған. Ахмет араб тілі мен әдебиеті, пәлсапасы мен логикасы және дін ғылымы бойынша жақсы білім алған. Бірақ, өкініше орай, қолымызда оның араб елдерінде болып, білімін молықтырғаны немесе өмірі мен қызметі жайлы деректер жоқтың қасы. Біздің заманымызға Сайрамдық ғұламаның ән-Нұғман Әбу Ханифа (699-767) мазһабы көрнекті өкілдерінің бірі, мысырлық мұсылман заңның білгірі Ахмад бин Салама әл-Аздийдің (көбінесе Әбу Джағвар ат-Тахауи (853-933) деген атпен белгілі болған) «Әл-Мұхтасар» («Қысқартылған жинақ») атты еңбегіне жазған түсіндірмесі ғана жеткен. Жерлесіміздің шығармасы «әл-Хауи шарх Мұхтасар ат-Тахауи» «Ат-Тахауидің «Мұхтасарына» жан-жақты түсініктеме» деп аталады. Түркияның Куприли кітапханасында Ахмет әл-Исфиджаби 1087 жылы қайтыс болған деп көрсетілген. Әбу-Л-Хасан Әл-Исфиджаби. Әбу-Л-Хасан Әл-Исфиджаби - Сайрамнан шыққан педагог-ғалым. Исфиджаб қаласының ғылым, білім, өнердің сан саласын қамтыған ойшылдар мен өнерпаздар мекені болғанын арабтың белгілі тарихшы-саяхатшысы Йақұт әл-Хамауи ар-Руми (1179-1249) де айтқан. Өз еңбегінің Исфиджабқа арналған беттерінде ол Сайрамнан шыққан педагог-ғалым Әбу-л-Хасан әл-Исфиджабиді атай келіп оның 989 жылы қайтыс болғанын жазған. Соған қарағанда ол отырарлық Әбу Нәсір әл-Фараби (870-950), Исхақ әл-Фараби (?-961) мен Исмаил әл-Жауһаридің (?-1008) тұстас болған. Оны педагог деуімізге себеп, ныспысындағы «муаддиб» деген араб сөзі оның оқытушы, тәрбиеші болғанын көрсетеді. Соған қарағанда ол Сайрам медреселерінің бірінде ұстаздық еткен деуге болады. Әли-Әл-Исфиджаби. Әли-Әл-Исфиджаби - сайрамдық оқымысты. Іли бин Мұхаммед әл-Исфиджаби жайлы дерек ХІІ ғасырда өмір сүрген Орта Азиялық - Әбу Омардың (1190 ж.қ.б.) «Фатауа әл-Уаттабина» («Уаттабидің бәтуасы») деген еңбегінде бар. Мұсылман діні ғылымының (фиһқ) қыр-сырын егжей-тегжейлі баяндайтын бұл еңбекте автор осы сала бойынша өзіне дейін жазылған, өзі үйреніп үлгі тұтқан зиялылардың бірқатарын атап кетіпті. Солардың арасында Сайрамнан шыққан Әли бин Мұхаммед Әл-Исфиджабидің де есімін кездеседі. Соған қарағанда сайрамдық оқымысты да әл-Уаттаби секілді мұсылман заңы білгірлерінің бірі болса керек. Бірақ, бір өкініштісі, әл-Уаттаби оның өмірі мен қызметі һәм шығармашылығы жайлы ештеңе де айтпаған. Жерлесіміздің мұрасы дін ғылымына қатысты болса оны біздіңше әлем кітапханаларының қолжазба қорларынан іздей берген жөн. Өйткені ұрпақтарына ол туралы айтылған немесе жазылған бір жол болса да аса қымбат. Созақ ауданы. Созақ ауданы - Оңтүстік Қазақстан облысының солтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. Жерінің аумағы 41,0 мың км2 (облыс жерінің 35,0%-ын қамтиды). Тұрғыны 52,1 мың адам. Аудан аумағындағы 36 елді мекен 2 кенттік (Қыземшек, Таукент), 10 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы - Шолаққорған ауылы. Аудан 1928 жылы қаңтар айыңда мекеңдеген 6 болыс ел мен Жылыбұлақ болысы негізінде құрылды. Аудан жерінің көпшілік бөлігін тасты-құмды шөлді жазық (Бетпақдала, Мойынқұм) алып жатыр. Оңтүстік және оңтүстік-батысын ала Қаратау жотасы орналасқан. Солтүстік-батысында Ащыкөл ойысы, Тамғалы соры, орталық бөлігінде Тамғалынұра қонысы, шығысында Сүмбешетарал қонысы мен сор жерлер орналасқан. Созақ ауданының ең биік жері - Бессаз (Мыңжылқы) (2176 м). Климаты тым континенттіқ. Қысы солтүстігінде суық, оңтүстігінде біршама жылы. Жазы ыстық, қуаң, аңызақты. Қаңтар айының орташа жылдық температурасы -7-12°С, шілдеде 24-27°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 150-250 мм. Қаратаудан Үшбас, Үштөбе, Торлан, Балдысу, Жылыбұлақ, тағы басқа шағын өзендер басын алады. Қызылкөл, Ақжайқын, Айдын, т.б. көлдері бар. Ауданда уран кентасы, таскөмір өндіріледі. Жерінің басым бөлігі сұр топырақты, сор, сортаңды, құмды. Өсімдіктерден жусан, бұйырғын, көкпек, жыңғыл, сексеуіл; таулы өңірде киік оты, тобылғы, қызылқайың өседі. Жануарлардан қасқыр, қарсақ, түлкі, қоян, жабайы шошқа, киік, күзен, борсық, бауырымен жорғалаушылар мекендейді. Созақ ауданының тұрғындарының құрамы көп ұлтты. Халқының 90% астамы - қазақтар, қалғаны - өзбектер, орыстар және басқа ұлт өкілдері. Аудандағы ірі елді мекендер: Шолаққорған, Созақ, Теріскей, Таукент, Қыземшек, Шақырық, Қарақұр, Құмкент ауылдары. Ауылда қаракөл қойын, түйе, жылқы, биязы жүнді қой, етті-сүтті ірі қара, астық өндіруге маманданған 10 кеңшар болған. Олардың негізінде 329 шаруашылық нысаны құрылды: 8 өнеркәсіп нысаны, 321 агроқұрылым. Өнеркәсіп кәсіпорындары облыстағы тау-кен өндірісінің негізгі (87,5%) өндірушілері. Ауыл шаруашылығының жетекші саласы - ет, сүт өндіру болып табылады. Созақ жеріндегі қарт Қаратаудың батыс сілемдерінде орналасқан Ақсүмбе елді мекені - кезінде әйгілі қала болған. Қала орнынан 500 метрдей жерде қаламен бірге ХІІ ғасырда салынған Ақбикеш мұнарасы орналасқан. Тарихи деректерде Ақбикеш мұнарасы Әмір Темірдің Тоқтамысқа қарсы жорықтарында Дешті қыпшақ даласын бақылап отыру үшін қарауыл мұнарасы ретінде пайдаланылғаны айтылады. Сондай-ақ әртүрлі аңыздарда мұнараны Ақбикеш есімді арудың атымен байланыстырады. Ақбикеш мұнарасының әдепкі көлемі - ені 14 метр, биіктігі 25 метр болса, бүгінде ені 7 метр, биіктігі 11 метрге жуықтайды. Бүгінгі күні мұнараның сыртқы және ішкі кейіпі толық сақталғанымен, архитектуралық талаптарға сәйкес реставрация жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Баба Түкті Шашты Әзіз әулие кесенесі. Аудан тереториясында орналасқан, құнды саналатын тарихи мұнаралардың бірі - Баба Түкті Шашты Әзіз мазары. Құмкент ауылының маңындағы Жылыбұлақ жерінде орналасқан Баба Түкті Шашты Әзіз кесенесі бүткіл қазақ жұрты қиын қыстауда табынатын, жауға шапқанда ұрандататын киелі әулие болған. Күш атасы Қажымұхан додаға түскенде: -«Уа аруақ, Баба түкті Шашты Әзіздің рухы қолдай гөр»-деп сыйынған. Баба Түкті Шашты Әзіздің есемі «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Шора батыр» жырларында жиі айтылады. Алтын ордаға билік жүргізген Едіге би Шашты Әзіз әулиені өзінің түп атасы санаған. Сондай-ақ тарихи деректерде Баба Түкті Шашты Әзіздің есімі Орта Азия, Қазақстан жеріне Ислам дінін уағыздаушы болып саналатын Ысқақ бабтың замандасы, үзенгілес сереге ретінде жиі айтылады. Ысқақ бап әулие кесенесі. Дала түріктеріне Ислам дінін ең алғашқы таратушылардың бірі Ысқақ бап деп саналады. Мұхаммед пайғамбардың Хазіретәлі ұрпақтарының бірі. Тарихи жазбаларда Ысқақ бап Түркістанға хижраның 150-ші жылдары, яғни қазіргі жыл санауымен алғанда 762-767 жылдары келгені айтылады. Сол кездегі дала түріктерінің ең соңғы шекарасы болып саналатын Қаратудың терістігіндегі Қаракөз бұлағының маңына қоныс теуіп, тұрақтанып қалған. Сол жерге мешіт, медресе салып, бала оқытып, қазақ тайпаларын исламға уағыздаған. Ысқақ бап қайтыс болған соң сонда жерленіп, басына сағана орнатылған. Содан бері жергілікті тұрғындар сол жерді Бабата елді мекені деп атап кеткен. Қара бура әулие кесенесі. Түркі тектес халықтардың әулие тұлғасы, Орта Азияға Ислам дінін уағыздауға елеулі ықпал еткен сахарадағы әскери ақсүйектердің абызы Қарабураның тарихымызда алатын орыны ерекше. Ислам дінін уағыздауда Қожа Ахмет Яссауи мен Қарабура тізе қосып, қажыр-қайрат, мақсат-мүдделерін ортақтастырған. Қожа Ахмет Яссауи дүние салғанда, өзінің өсиеті бойынша оның мәйітін арулап табыс ету рәсімі Қарабураға жүктеліпті. Бұл Қарабура әулиенің өз заманындағы орны мен беделін айғақтайды. Қарабура сағанасының ерекшелігі, оның сағанасына жапсара өскен қараталмен айрықшаланады. Бұл талдың қай заманнан бері өсіп тұрағанын ешкім білмейді. Аңыз деректеріне қарағанда Қарабура әулие түием шөккен жерде дүниеден өтіп жерленемін деген екен. Түйесі Созақ даласына келген уақытта шөгіп, осы жерге Қарабура қолындағы асасын қадап, дүниеден өткен деседі. Ол аса кейін көгеріп үлкен ағашқа айналады. Дауласқан екі жақ шындыққа жету үшін осы Қарабура ағашының шыбығын кесейік дейді екен. Өйткені Қарабура әулие ағашының шыбығын кескенде одан қан тамып, өтірік айтып, өміріне ант ішкен болса, ол адам кеміс немесе тіптен өліп те кетеді деседі. Санғыл би кесенесі. Бізге жеткен деректер бойынша Санғыл руының түбірі мен тегін Шыңғысты таққа отырғызып, хан көтерген тарихи қайраткерлердің бірі қоңырат Санғыл биден таратады. Ескі аңыз бойынша Шыңғысты ақ кигізге көтеріскен қоңырат Санғыл биге: «Ұраның - қоңырат, құсың - қыран, ағашың - алма ағашы, таңбаң - ай болсын» деп бата берген деседі. Түрік, Монғол шежірелерінде аты қалғанына қарап тарихшылар Саңғылды 1180 жылы туған деп тұжырымдайды. Санғылдың Шыңғыс ханға жақын жүруін оның бәйбішесі Бөртеге рулас туыстығынан деп жорамалдайды. Саңғыл руының ұраны «Мүлкаман» болуына қарап кейбір зерттеушілер Саңғылды Мүлкаман батырдың шөбересі деп те айтады. Төле би ауданы. Төле би ауданы - Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы 3,1 мың км2 (облыстың 2,6%-ын қамтиды). 1932 жылы құрылған (1991 жылға дейін Ленгер ауданы). Тұрғыны 112,8 мың адам. Аудан жеріндегі 59 елді мекен, 1 қалалық, 13 ауылдық округке біріктірілген. Аудан орталығы - Ленгер қаласы. (1945). Негізінен сүтті-етті мал, биязы жүнді қой, астық, картоп, жібек кұртын өсіруге маманданған 8 ұжымшар, 4 кеншар болған. Жер бедері таулы, дөңесті жазық. Ең биік жері - Сайрам шыңы (4338 м). Шығысыңда Талас Алатауы, оңтүстік-батыста Өгем, Қаржантау (2500 м), Қазығұрт (1200 м) тау сілемдерінің бөктерінде орналасқан. Батысындағы жазықта және тау аңғарларында егіншілікке жарамды суармалы жерлер, жайылымдар, жеміс ағаштары кездеседі. Кен байлықтарынан қоңыр көмір, құрылыс материалдары өндіріледі. Климаты континенттік, қысы жұмсақ, жазы ыстық, құрғақ. Қаңтардың орташа температурасы -3-9°С, шілде айында 24°-26°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері батысында 450 мм, шығысында 650 мм. Топырағы тауда қоңыр, сұр, жазықта саздақты. Дала өсімдіктерінен астық тұқымдас, ақселеу, жатаған, бидайық, беде, тағы басқа; тауда долана, арша, бадам, шырғанақ, итмұрын, тағы басқа өседі. Жануарлардан: қасқыр, аю, барыс, арқар, таутеке, сілеусін, тағы басқа; құстардан - бүркіт, ителгі, кекілік, ұлар мекендейді. Аудан жерімен Ақсу, Сайрамсу, Бадам (өзенде Бадам бөгені салынған) өзендері ағып өтеді. Аудан тұрғындарының орташа тығыздағы 1 км2-ге 34,6 адамнан келеді. Халқы көп ұлтты, негізгі бөлігі қазақтар 70% пайыздан, өзбектер, түріктер, әзербайжандар құрайды. Ірі елді мекендері: Ленгер қаласы, Первомаевка, Көксәйек, Сұлтанрабат, Қамшақ, Тоғыс, Ақжар, Зертас тағы басқа ауылдар. Ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері бидай өсіруге (барлық егіс көлемінің 41,7%) маманданған. Мақсары (13,3%), арпа (3,1%), көкөніс (2,3%), картоп (1,9%) өсіріледі. Облыстағы жеміс-жидектің 18,0%-ын береді. Аудандағы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің 30,0%-ын ет өндірісі, 17,5%-ын дәнді дақыл, 15,0%-ын сүт, 9,6%-ын көкөніс құрайды. «Фудмастер-Шымкент» компаниясы - сүт өнімдерін, «Ақмаржан» акционерлік қоғамы - ұн, жем, нан өнімдерін шығарады. Ұйық, тоқыма, тігін фабрикалары, машина жасау зауыты, «Оңтүстік мұнай-газ» ашық акционерлік қоғамы, Ленгер мұнай барлау скважиналарын сынау экспедициясы жұмыс істейді. Аудан жерімен Ленгер-Шымкент темір жолы өтеді. Бюджет-қаржы саясаты. Алты ай қорытындысы бойынша жергілікті бюджетке салық және міндетті төлемдер бойынша 242,1 млн теңге орнына, нақты 294,3 млн теңге түсіп, жоспар 120,2%-ға немесе 48,8 млн теңге артығымен түсті. Контингент бойынша жоспарланған 434,5 млн теңге орнына, нақтылай 479,7 млн теңге түсіп, жоспар 110,4%-ға, немесе 45,2 млн теңгеге артығымен орындалды. 2006 жылдың 1 қазанына нақтыланған аудан бюджетінің салық түсімдері 392,6 млн теңгені құраса, 2007 жылдың 30 мамырына нақтыланған аудан бюджеті 654,4 млн теңгені құрап, 7 ай көлемінде өз табысымыз 66,7 пайызға ұлғайтылып немесе 261,8 млн теңгеге артығымен түсуі жоспарланған. Салық базасын қайта инвентаризациялау нәтижесінде, 2007 жылдың 30 мамырында аудан бюджетінің кіріс бөлігі 154,0 млн теңгеге ұлғайтылды. 2007 жылы нақтыланған бюджеттің шығыс бөлігінің көлемі 2 693,1 млн теңгені құрап, оның ішінде білім саласының үлесі 71,7 пайыз немесе 1930,9 млн теңге, оның ішінде айлық жалақысы мен аударымдар 76,7 пайыз, немесе 1 481,8 млн теңгені құрады. Өнеркәсіп саласы. 6 ірі және орта, 18 кіші және 9 қосалқы шаруашылықпен айналысатын кәсіпорындарда 358 адам жұмыс атқарып, олар жыл басынан 1124,4 млн теңгенің өнімі өндіріліп, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсім 47,3 пайызға, немесе 361,1 млн теңгеге өнім артық шығарылды. Сонымен қатар біраз мекемелер өздерінің межелеген жоспарларына жетіп, жұмыстарын алға жылжытуда. Ауылшаруашылық саласы. Ауылшаруашылық саласы аудан бюджетінің тұрақты табыс көздерінің бірі. Бүгінге егілген 22933 га бидайдың және 2296 га арпаның 6736 га жерінің астық орылды, орташа түсімдігі 14,7 ц/га айналуда. Астықты толық орынлғанда оның түсімділігі 22,6 центнерден келеді деп жоспарлаудамыз. Сонымен бірге ауылшаруашылық саласында жаңа технологияларды енгізу, атап айтсақ жылыжай, тамшылатып суғару, жаңа бау және жүзімдік егуді қолға алына бастады, бұл жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табуға жұмыс жасаймыз. Кәсіпкерлік саласы. Ауданымызда жаңа шағым және орта кәсіпорындар бой көтеруде. Атап айтсақ олар: Момыный аулында орналысқан «Евротех» ЖШС күніне 7-8 мың қыш, Ленгір қаласындағы «Аққұм Астық» ЖШС күніне 26 тонна ұн шығару жоспарланып, бұл нысандар 2007 жылдың 3 тоқсанында қосылуы қарастырылуда. Зертас ауыл округіндегі «Тастық сай» ЖШС ашылып, бұл кәсіпорында болашақта күніне 10 тонна шағалтас өндіреміз деп жоспар құрып, келешекте асфальт зауытын ашуды жоспарлауда. Алдағы уақытта ұсынылған бизнес жоспарлары негізінде Ленгір қаласы мен ауылдық округтердің елді мекендерінде минералды су шығаратын, көкөніс-жеміс жидек өнімдерін өңдейтін минни цехтар салу бойынша ұсыныстар түсуде. Туризм саласы. Біздің аудан үшін туризмді дамытуға және оған жағдай жасауға мүмкіншіліктеріміз бар. Оған біздің табиғи және климаттық жағдайымыз толық мүмкіншілік береді. Бүгінге аудан көлемінде тау бөктерінде орналасқан Тау самалы, Эдельвейс, Бәйшешек, Робинзон лагерлері жұмыс атқаруда. Одан басқа «Альтекс» демалыс аймағы, «Біркөлік» сауықтыру кешені, «Тау шаңғы базасы» туристік объектілері қызмет көрсетуде. Қазіргі таңда «Алатау» шаңғы базасына қомақты инвестиция тарту мақсатында бұл нысан ауданының баланысына алынып, «Алатау» ЖШС шаңғы базасы болып жұмыс атқаруда, бұл демалыс аймағы жанындағы кезінде мақсатсыз беріліп кеткен жерлерді қайтарылып, ол жерлерге заман талабына сай демалыс орнына қызмет ететін нысандар салуды қолға аламыз. Инвестиция және құрылыс саласы. Ауданда 2007 жылдың 6 айында 1056,2 млн теңге инвестиция игерілді. Облыстық бюджеттен 204,476 млн теңге игерілді. Атап айтқанда білім саласына, денсаулық сақтау саласына және елді мекен су құбырлары құрылысына. Кәсіпорындар мен тұрғындар есебінен 575,2 млн теңге, тұрғын үй құрылысы мен басқаларға 573,2 млн теңге игерілді. Білім беру саласы бойынша облыстық бюджет есебінен Жоғарғы Қасқасу мектебін аяқталуы үшін 2007 жылы 18,8 млн теңге бөлінді. «Таза су» бағдарламасына сәйкес облыстық бюджет есебінен Алғабас елді мекеніне су құбыры құрылысын аяқтау үшін 2007 жылға 34,7 млн теңге бөлінді. Ақжар елді мекеніндегі су құбырына қайта жабдықтау жұмыстарды аяқтауға 41,9 млн теңге бөлінген, игерілгені 31,1 млн теңге. Бұл нысандардың аяқталу мерзімі 2007 жылдың ІІІ-тоқсаны. Көркейту, көгалдандыру, санитарлық тазалық және жолдарды жөндеу. Ауданда елді мекендерді көгалдандыру, көркейту, абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары бойынша біршама жұмыстар атқарылды, атап айтсақ: Панолар орнатуға 1,9 млн, ал билбордқа 839 мың теңге бөлініп, қала және ауыл округтеріне орналастырылды. Аудан бойынша 60 дана пано орнатылды. Оның ішінде 48 данасы бюджеттен, 12 данасы кәсіпкерлер есебінен. Ленгір қаласында 1,1 млн теңгеге 7-аялдама, Қазығұрт ауылдық округі аумағындағы елді мекендерде 770 мың теңгеге 7 аялдама орнатылды. Санитарлық тазалыққа 2,5 млн теңге қаралып, оған контейнер сатып алу, күл-қоқыс шығару, тұрмыстық қалдықтарды жою және қар тазалау жұмыстары атқарылады. Білім беру саласы. Аудан аумағындағы мектеп ғимараттарының құрылыстарына, күрделі және ағымдағы жөндеуге соңғы жылдары біршама көңіл бөлінуде. Құрылыс жұмыстары облыстық және Республикалық бюджет есебінен жүргізіліп келеді. Республикалық бюджет есебінен 10,9 млн теңгеге құны 5,4 млн теңгелік мультимедиялық лингофон кабинеті М.Әуезов, Қ.Тыныбеков орта мектептеріне берілді. Аудан мектептерінің бәрі компьютерлік жабдықталған, интернетке 65 мектеп қосылған. Аз қамтамасыз етілген отбасы балалардың материалдық көмек көрсету мақсатында білім беру қорына 7,4 млн теңге бөлінді. Оған 320 оқушыға киім алып беру және 653 оқушыға ыстық тамақ ұйымдастыру жоспарланған. Аудан бойынша 6 оқушы «Алтын белгі», 8 оқушы ерекше аттестат иегері болды. Аудан бойынша бірыңғай ұлттық тесттің орташа көрсеткіші 74,47 алдыңғы жылмен салыстырғанда 116 пайызға өскен. Жаз кезеңде жас өспірімдердің демалысы мен сауықтыруды ұйымдастыру үшін мектеп жанынан лагерлер құрылған. Сонымен қатар жағдайы нашар отбасы балалары мен жетім балаларды демеушілер есебінен жазғы сауықтыру лагерлеріне жібердік. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласы. 2007 жылы ауданымыздың аз қамтамасыз етілген отбасыларына көрсетілетін көмек былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда едәуір атты, бұл көмек аз қамтамасыз етіліп, көмекті қажет етіп отырған отбасыларына берілуі үшін, қала және ауылдық округтерінде тұрғындардың жағдайын анықтау учаскелік комиссиялары мен қала, ауыл әкімдеріне қайтадан әр отбасын нақтылап тапсырып, жұмыстар жүргізудеміз. Ұлы Отан соғысы ардагерлерін арнайы Астана қаласына жіберіп демалтуға және Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барып, зиярат етуге жағдай жасадық. Денсаулық сақтау мекемелерінің бүгінге материалдық, техникалық базаларын нығайту, аудан халқына медициналық көмекті жақсарту мақсатында аудан аумағында бастапқы медициналық санитарлық көмек орталықтары мен отбасылық-дәрігерлік емханалары ашылып, жұмыс жасауда, сондай-ақ Көксәйек елді мекеніндегі аудандық ауруханада күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Денсаулық сақтау жұмыстарын алға жылжыту мақсатында Ленгір қаласының Самал мөлтек ауданында жаңа аурухана қалашығы салынуы қолға алынады, қазірге бұл нысанның сметалық жоба құжаттарын дайындау жұмыстары жүргізілуде. Түлкібас ауданы. Түлкібас ауданы - Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан аудан. Тарихы. Aудан Сырдария округіне қарасты, Шымкент уезі, Майлыкент болысының аумағында, орталығы Түлкібас стансасы болып, 1928 жылы 17-ші қаңтарда құрылғандығын мұрағат құжаттары растайды. 1930 жылы 17-ші желтоқсандағы Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің қаулысына сәйкес, осы жылдың 23-ші шілдесінде Түлкібас ауданы, Жуалы ауданына қосылды. Бес жылдай Жамбыл облысының қарамағында болып, 1935 жылы 9-шы қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысының құрамында қайта шаңырақ көтеріп, орталығы Ванновка селосы болып бекітілді. 1963-1966 жылдары Сайрам ауданында болды. 1928 жылдан тәуелсіздік алған жылдарға дейін ауданды 19 азамат басқарған. Тәуелсіздік алғаннан бүгінгі күнге дейін ауданды 8 әкім басқарған. 1993 жылы 7-ші қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қазақтың қайсар ұлы Тұрар Рысқұловтың 100 жасқа толу құрметіне орай, аудан орталығы Ванновка селосы Тұрар Рысқұлов ауылы болып өзгертілді. Қазіргі таңда аудан орталығы - Тұрар Рысқұлов болып аталады. Аудан басшылары: Сарманов Ерхали Сатыбалдыұлы - аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары - Мірқадыров Мірильяз Мірсабырұлы, Көлбаев Баймбет Амзеұлы, Мамытбеков Алмасбек Кеңесбекұлы Табиғаты. Мақтан тұтар байлығыныз бірі - Ақсу-Жабағылы қорығы. Қоғамымыздың бір туар қайраткері Т.Рысқұловтың ұсынысымен жиырмасыншы жылдары Ақсу-Жабағылы қорығы жарияланды. Ақсу-Жабағылы қорығы ЮНЕСКО жасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне енген. Бұл қорық Талас Алатауының Солтүстік-Батыс бөлігінің және оған көршілес Өгем жотасын алып жатыр. Оның негізгі аймағы Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас, Төле би және Бәйдібек аудандары және Жамбыл облысы Жуалы ауданы жерінде орналасқан. Сонымен қатар, қорық құрамына екі палентологиялық бөлім кіреді. Бірі Қарабастауда жер көлемі 126 га., екіншісі - «Әулие», жер көлемі 100 га. Екеуі де Бәйдібек ауданында қорықтың негізгі аймағынан 120 шақырымдай қашықтықта орналасқан. Қорықтың қазіргі жер көлемі 85754 га. Оның ішінде: Түлкібас ауданында-21255 га., Төле би ауданында-53597 га, Бәйдібек ауданында-231 га., Жамбыл облысы, Жуалы ауданында-10682 га. Қорықтың орталығы Түлкібас темір жол станциясының шығысында, 18-20 шақырымдай жердегі Жабағылы ауылында. Қорықтағы ең ірі өзен - Ақсудың ұзындығы 120 шақырым, ені 10 метрге жетеді, тереңдігі жарты метр. Ақсу-Жабағылы қорығында аң мен құстың 550 түрі, өсімдіктің 200-ден астам түрі бар. Олардың көпшілігі Қызыл кітапқа енгізілген. Аудан орталығы Тұрар Рысқұлов ауылында 20 мыңнан астам адам тұрады. Ауылды қақ жарып өтетін орталық көше бұрын Ленин атында еді, 1994 жылы Тұрар Рысқұлов есімі берілді. Аудан орталығында бүкіл Әлемге белгілі тарихшы-ғалым, қолбасшы - қайраткер Мұхаммед Хайдар Дулати мен түрік жұртына ортақ тұлға Тұрар Рысқұловқа ескерткіш орнатылған. Көне тарих - бұрынғы ата-бабаларымыздың жолы. Өткен ғасырдан біздің дәуірімізге дейін сан қилы құпиясын қойнына алып, ежелгі дүниенің көне көз елшісіндей болған тарихи ескерткіштер біздің ауданымызда да жетерлік. Аудан аумағында бұрындары болған «Шарафкент», «Будухкент», «Томтодж», «Абардадж» деген үлкен қалалардың орны анықталған. Өнеркәсіп. 2007 жылдың I-жартыжылдық қорытындысымен өнеркәсіп кәсіпорындары-1 млрд. 967 млн. теңгенің өнімін өндірді. (2006 жылдың тиісті кезеңі-1 млрд. 732 млн. теңге). Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 113,5 пайызға артқан. Аудандағы өнеркәсіп өнімін өндірудің негізгі үлесі «Түлкібас әк зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Састөбецемент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Түлкібас мелькомбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «ЭкоПродуктГруп» акционерлік қоғамы және «Үміт СД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мекемелеріне тиесілі. Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 2007 жылдың I-жартыжылдық қорытындысымен - 2 млрд. 441 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,9 пайызға өскен. (2006 жылдың алты айында - 2 млрд. 350 млн. теңге). Ауыл шаруашылығының көрсеткіштерін статистика мәліметіне қарап, талдап өтетін болсақ: сүт өндіру 2006 жылдың I-жартыжылдығымен салыстырғанда 103,1 пайызға өсіп, 24021 тоннаны, жұмыртқа өндіру 104,4 пайызға өсіп, 9036,0 мың дананы, ірі қара мал басы 102,8 пайызға өсіп, 36641 басты, оның ішінде сиырлар саны 101,9 пайызға өсіп, 16956 басты, қой мен ешкінің басы 100,9 пайызға өсіп, 113619 басты, жылқының басы 101,7 пайызға өсіп, 10895 басты құрады. 2007 жылдың I-жартыжылдық қорытындысымен 6065 бас ірі қара мал қолдан ұрықтандырылып, бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 119,9 пайызға артқан (2006 жылдың тиісті кезеңінде 5059 ірі қара мал ұрықтандырылған). Үкімет тарапынан 2007 жылға ауданға-40 млн. теңге субсидия бөлінді. Қазіргі уақытта 816 шаруашылықтың құжаттары облыстық ауыл шаруашылығы департаментіне-34177,2 мың теңгеге өткізілді, яғни 85,4 пайызға игерілді. «Түлкібас несие серіктестігі» ЖШС арқылы аудан шаруашылықтарына-108,1 млн. теңге несие берілді. Оның-13,9 млн. теңгесі егістік жұмыстарына, мал шаруашылығымен айналысуға-94,2 млн. теңге берілді. «Ауыл тұрғындарын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы арқылы аудан тұрғындарына-13,8 млн. теңге шағын несие (60 мыңнан-130 мыңға дейін) таратылып берілді. Аудан бойынша Европалық банктің қайта өндеу саласын дамыту секторы арқылы аудандағы-14 шаруашылыққа 3-4 жылға 16 пайызбен-21 млн. теңге қаржы берілді. Шағын кәсіпкерлік. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің 2007 жылдың І-жартыжылдық қорытындысымен өнім көлемі-573,8 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 147 пайызға өсті. (2006 жылдың І-жартыжылдығы-390,72 млн. теңге). Өнім көлемінің артуынан бюджетке-93,9 млн. теңгеге салық түсімдері түсіп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда-43 млн. теңгеге өсті (185 пайыз). Келтемашат ауылында «МАSHAT Марсель» газдалмаған табиғи ауыз суы шығарыла бастады. Бұлақ суы арнайы орнатылған Қытай-Ресейдің желілерінде тазаланып 5 литрлік полиэтиленді ыдыстарға құйылады. Бұл желіден сағатына 350 ыдыс су шығаруға болады. Қазіргі уақытта жұмысқа осы ауылдың жиырма тұрғындары тартылып, екі ауысымда жұмыс істеуде. Бюджет. Аудан экономикасы дамуының негізгі көрсеткіші болып саналатын бюджеттің кіріс бөлігіне салықтар мен түсімдер контингент бойынша 2007 жылдың І-жартыжылдығында жоспарланған-402,3 млн. теңгенің орнына-416,9 млн. теңге түсіп, жоспар 104 пайызға орындалды. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 141 пайызға өсті (2006 жылдың І-жартыжылдығы-294,8 млн. теңге). Аудандық бюджетке салықтар мен түсімдер 2007 жылдың І-жартыжылдығына жоспарланған-249,5 млн. теңгенің орнына-259,3 млн. теңге түсіп, жоспар 104 пайызға орындалды. Алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 139 пайызға өсті. (2006 жылдың І-жартыжылдығында-186,3 млн. теңге). Әлеуметтік сала. 2007 жылдың І-жартыжылдық қорытындысымен жұмыссыздықты төмендету барысында аудан бойынша 303 хабарласқан жұмыссыздың барлығы жұмыспен қамту бөлімінде тіркеліп, 203 адам жұмыспен қамтылды. Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны 2006 жылдың І-жартыжылдығында 1102 адам болса, осы жылдың І-жартыжылдығында 854 адамды құрады (22,5 пайызға төмендеген). Ауданда 154 отбасыға-3 млн. 897 мың теңгеге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,6 есеге төмендеген. Ауыл округтері бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларының 18 жасқа дейінгі балаларға-15,5 млн. теңге балалар жәрдемақысы тағайындалып, төленді. Мұқтаж отбасыларына тұрғын үй көмегін тағайындау жұмыстары жүргізіліп, 238 отбасына-2 млн. теңгеге көмек көрсетілді. Аудан экономикасының барлық салаларында 2007 жылдың І-жартыжылдығында жаңадан жалпы 151 жұмыс орны ашылды. Денсаулық сақтау. 2007 жылдың денсаулық сақтау саласына жоспарланған-403,2 млн. теңгенің-387,7 млн. теңгесі игерілді. Бір тұрғынға шаққандағы бөлінген қаржы-8762 теңгені, бір күндік дәрі-дәрмек қаржысы-509,9 теңгені, бір күндік тамақ қаржысы-290,7 теңгені құрап отыр. Балалар өлімінің 1000 балаға шаққандағы көрсеткіші 83,9 пайызды құрап отыр. -аудандық аурухана ғимаратына-181,5 млн. теңге бөлініп, қазіргі уақытта 80,5 млн. теңгесі қаржыландырылды; -аудандық емхана ғимаратына-14,8 млн. теңге бөлінген. Машат ауылдық округінің Мыңбай ауылында демеушілер есебінен Машат фелдшерлік-акушерлік пунктінің құрылысы басталды. Құрылыс жұмыстарына 60 млн. теңге инвестиция тартылады деп күтілуде. Мәдениет. -Қаңтар айында «Жан азығы ән мен күй» атты концерті; -26 ақпан күні қазақ, өзбек, түрік, славян ұлттық-мәдени орталықтарының қатысуымен «Әуендері үндескен ұлттар сазы» атты концерті; -21 наурыз күні мәдениет сарайында «Наурыз аруы-2007» қыз сыны байқауы; -18 мамыр күні Қазақстан халықтарының ұлттық тілдері мен салт-дәстүрлерінің дамуына ықпал ету, өзге ұлт жастарының өз ана тілдерімен қоса мемлекеттік тілді жан-жақты меңгеруіне жұмылдыру мақсатында ұлттық ұлттық-мәдени орталықтардың арасында «Тіл - халықтар достығының дәнекері» атты аудандық байқау; -29 мамыр күні Жаскешу ауылдық округіне қарасты көл маңында «Нұр Отан» халықтық демократиялық партияның ұйымдастыруымен облыстық «Этноауыл» театрландырылған көрме байқауы; -31 мамыр күні Т.Рысқұлов атындағы тарихи-өлкетану мұражайының алдында 1937-1938 жылдары «Нәубет» қасіретіне байланысты «Саяси құғын-сүргін құрбандарын еске алу» кездесу кеші; -«1 маусым - балаларды қорғау күніне» орай асфальтқа сурет салу және спорттық ойындардан жарыстар; -13 маусым күні «Ақ халатты абзал жандар» атты медицина қызметкерлер күніне арналған мәдени іс-шаралар өткізілді. Ауданда «Жасыл ел» бағдарламасы жоспарлы түрде іске асырылуда, 2007 жылы 101550 түп ағаш отырғызу жоспарланып, бүгінгі күнге барлығы 114301 түп ағаш отырғызылды. Білім беру саласы. Бұл саланы қаржыландыруға республикалық және жергілікті бюджеттерден 2007 жылдың І-жартыжылдығында-1085,4 млн. теңге қаржы бөлінді. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 151 пайызға артық. Қазіргі кезде аудан көлемінде 57 мектеп бар болса, оның 42 орта, 5 негізгі және 10 бастауыш мектеп. Онда 19864 оқушы дәріс алуда. Аудандағы жалпы 57 мектептің 56 мектебіне телефон орнатылған. Бүгінгі таңда барлық мектептер компьютер техникасымен толық қамтамасыз етілген. Оның ішінде 49 мектеп Интернет жүйесіне қосылған, 14 мектеп мультимедиялық-лингафонды кабинеттермен қамтамасыз етілген. 18 мектепте қашықтан оқыту орталығы орналасқан. Аудан мектептерінің 11-сынып оқушыларымен өткізілген Ұлттық бірыңғай тестке 1445 мектеп бітірушілердің 1111 оқушы қатысып, орта балл 76,5 болды, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 8,4 балға жоғары (өткен жылы-68,1 балл). «Алтын белгі» белгісіне үміткер 27 оқушының 24-і, ал «Үздік аттестатқа» үміткер 16 оқушының 5-і өз білімдерін дәлелдеп шықты. Ломоносов атындағы көп салалы мектеп-гимназияның оқушысы Мансурова Алуа мен «Түркібасы» лицейінің оқушысы Сарыбаев Нұрлан Ұлттық бірыңғай тесттен 120 балл жинады. Бұл Республика бойынша ең жоғарғы көрсеткіш. ҰБТ-нің қорытындысы бойынша 244 түлек 100 және 100-ден жоғары балл жинады. Инвестиция. 2007 жылдың І-жартыжылдың қорытындысымен негізгі капиталға-436,1 млн. теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 131,6 пайызға өсті (2006 жылдың І-жартыжылдығы-331,3 млн. теңге). Оның ішінде-97,4 млн. теңгесі республикалық бюджет есебінен - 204,1 млн. теңгесі жергілікті бюджет есебінен-134,6 млн. теңгесі кәсіпорындар және халықтың өз қаржысы есебінен тартылды. Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңес. Қазақстан сыртқы саяси басымдықтары жүйесінде Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесті (АӨСШК) шақыру туралы бастаманы іске асыру айрықша орын алады. Кеңесті шақыру жөніндегі идеяны алғаш рет Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 1992 жылғы қазанда өткен БҰҰ Бас ассамблеясының 47-сессиясында ұсынған болатын. Қазақстан басшысы бастаманың негізгі мәні әлемнің өзге өңірлеріне қарағанда әлі тиісті тетігі қалыптасып болмаған Азия құрлығында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ықпалды әрі әмбебап құрылымын қайта құруға деген ұмтылыс екенін атап көрсетті. Бастапқы кезеңнің өзінде АӨСШК идеясы құрлықтағы саяси ахуалға ықпал ете алатын халықаралық ұйымдар мен бірқатар Азиялық мемлекеттер тарапынан қолдау тапты. Бастаманы іске асыру барысында 1993-1994 жылдары Азия елдері сыртқы істер министрліктері сарапшыларының үш кездесуі өткізілді. Осы кездесулер қорытындыларында Кеңес құжаттарын әзірлеумен айналысатын Арнайы жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды. Форум қызметінің негізгі бағыттары. Азиядағы бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақсыздықты қамтамасыз етуге көп жақты тәсілдер жасау жолымен ынтымақтастықты нығайту Мәртебесі: Азиядағы қауіпсіздікке қатысты мәселелер бойынша пікірлесу, келіссөздер жүргізу және келісімге келу негізінде шешім қабылдау мен шаралар қолдану жөніндегі мемлекетаралық форум, БҰҰ Бас Ассамблеясы жанында бақылаушы (2007 жылғы желтоқсан) АӨСШК құрылымы мен инститтары:. Саяси органдары: 1) Мемлекет және үкімет басшыларының кездесуі (Басқосу – ең жоғары орган 4 жылда бір рет жиналады), 2) Сыртқы істер министрлерінің кездесуі (СІМК - екі жылда бір рет жиналады), 3) Аға лауазымды тұлғалар комитеті (АЛТК – жылда екі рет жиналатын құрылым). Көмекші органдары: 1) АӨСШК Атқарушы директоры модераторлық ететін түрлі тақырыптағы Арнаулы жұмыс топтары (АЖТ) 2) Мамандырылған сарапшылардың кездесулері (МСК). Әкімшілік органы: Алматы қаласында (Қазақстан Республикасы) орналасқан тұрақты түрде жұмыс істейтін халықаралық Хатшылық. АӨСШК Хатшылығының Атқарушы директоры Д.Бақышев (Қазақстан), Атқарушы директордың орынбасары Қорхан Қаракоч (Түркия), кәсіби персонал (Қазақстан, Ресей, Үндістан, Иран және Пәкістан). Әзірлеу үдерісі. 1993-1994 жылдар аралығында Азия елдері СІМ сарапшыларының кездесулері өтіп, «Азия кеңесі рәсімдер ережелері», «Азия кеңесі принциптерінің декларациясы» және «Азия кеңесі құрылымдары мен институттары» атты Азия кеңесінің базалық құжаттарын жасап, әзірлеу үшін Арнайы жұмыс тобы (АЖТ) құрылды. 1996-1997 жылдары Азия кеңесі сыртқы саяси басшыларының орынбасарлары деңгейінде Алматыда екі Кеңес өткізілді. 1998 жылғы қазанда Алматы қаласында АӨСШК мәселелері бойынша 12 мемлекеттен келген 24 сарапшыларының қатысуымен халықаралық коллоквиум өтті. Сенім шараларын одан әрі жүзеге асыру. 2009 ж. 20 ақпанда Дели қаласында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Ермекбаевтың төрағалығымен АӨСШК Аға лауазымды тұлғалар комитетінің (АЛТК) кезекті отырысы өтті. Қатысушылар АӨСШК АЛТК алдында өткен Арнайы жұмыс тобының отырыстарының тиісті ұсыныстарын қарастырып, мақұлдады. Кеңесте 2002 жылдан бері төрағалық етіп келе жатқан Қазақстанның мандаты 2010 жылы бітеді. Осыған байланысты 2008 ж. тамызда Алматыдағы 3-ші АӨСШК Сыртқы істер министрлерінің отырысында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев бұл орынға АӨСШК-тің белсенді мүшелерінің бірі Түркия Республикасын сайлауды ұсынған болатын. Бұл екі бауырлас мемлекет арасындағы қатынастардың жоғары деңгейі және түрік тарапының әртүрлі халықаралық, аймақтық бірлестіктерде жинаған мол тәжірибесін ескере отырып жасалған еді. 2009 жылы қаңтар айында мемлекетішілік процедуралардың нәтижесі бойынша Анкара Қазақстанның ұсынысымен келісетіндігін мәлімдеді. Бұл жөнінде Түркия Президенті А.Гүлдің АӨСШК Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың атына жіберген жолдауында айтылған. Түркия АЛТК-тың осы отырысында өз кандидатурасын ресми түрде ұсынды. Ол 2009 жылғы 8 мамырда мүше мемлекеттермен келісілді. АӨСШК ережесіне сәйкес Кеңеске мүше елдердің мемлекет және үкімет басшыларының кезекті 3-ші саммиті 2010 жылы осы елде (шамамен маусым айында Стамбул қаласында) өтеді. Сенім шаралары тізбесін орындау мәселесі де жақсы жүріп жатыр. Егер бұрын АӨСШК шеңберінде жыл сайын тек 2-3 арнайы шара өткен болса, осы жылы Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Әзірбайжан, Корея Республикасы, Түркия, Иран және Израильде бірнеше кездесулер, семинарлар және форумдар өткізу жоспарланып отыр. Осылайша, үстіміздегі жыл Кеңесті дамыту кезіндегі ірі табыстарға толы жыл болғалы тұр. Қазір Қазақстанға «Әскери-саяси тұрғыдан сенім шараларын іске асыру туралы Төрағаның тұжырымдамасы» атты құжатты дайындау міндеті жүктелді. Бұдан кейін осының негізінде барлық мүше мемлекеттердің ортақ позициясын көрсететін «Ортақ ұстаным» құжаты дайындалады. Экономикалық өлшемдегі туризм бағытының үйлестірушісі (Тәжікстан) дайындаған Ынтымақтастық тұжырымдамасы бекітілді. Қазақстан адами өлшем бойынша сенім шараларын жүзеге асыру жөніндегі жобаны үйлестірушісі ретінде АӨСШК-ің гуманитарлық саладағы сенім шаралары жоспарын орындау аясында 2009 жылға арналған Іс-шаралар жоспарын таратты. Моңғолия экологиялық өлшемнің үйлестірушісі ретінде бекітілді, ал жаңа қауіптер мен қатерлерге қарсы күресуге жауапты Түркия 2009 жылы қараша айында мүше елдердің Полиция мекемелері басшыларының 1-ші кездесуін өз аумағында өткізетіндігін мәлімдеді. Қатысушылар Кеңес жұмысына қатысты жалпы мәселелерді де қарастырды. Мысалы, кездесуде 2009-2010 жылдарға арналған АӨСШК іс-шараларының күнтізбесі қабылданып, «АӨСШК-ің дамуын зерттеу» сараптамалық материалы бекітілді. 2009 жылғы 27 наурызда Бишкек қаласында АӨСШК шеңберінде «Конфессиялар арасындағы сұхбат – тұрақты қоғамдастыққа жол» атты семинар өтті. 2009 жылғы 1 мамырда Астанада жыл сайынғы Қазақстан халықтары достық фестивалі шеңберінде өтетін Азия кеңесі елдерінің халықтары этно-мәдени бірлестіктерінің форумы өтті. 2009 жылғы 9 маусымда Мәскеу қаласында АӨСШК Сенім шаралары тізімдемесін Іскерлік мүмкіншіліктеріне жәрдем көрсету және шағын және орта кәсіпорын саласында ақпаратпен алмасу салада іске асыру бойынша Мамандырылған сарапшылар кездесуі өтті. Кездесу барысында аталған саладағы АӨСШК сенім шаралары бойынша Тұжырымдама мен 2010-2010 жылдарға арналған Іс-қимыл жоспарының жобалары талқыланды. 2009 жылғы 23-24 маусымда Алматы қаласында Азия кеңесінің кезекті Арнайы жұмыс тобының (АЖТ) отырысы өтті. Кездесу барысында мүше-мемлекеттер АӨСШК Сенім шаралары тізімдемесін экологиялық, экономиқалық және әскери-саяси өлшемдегі іске асыру міселелері, Азия кеңесінің жалпы мәселелері сондай-ақ АӨСШК Хатшылығына қатысты мәселелері талқылады. Сонымен қатар АЖТ Сауд Арабиясы Корольдігінің Азия Кеңесінің бақылаушы-мемлекеті болуға өтінішін қабылдап, оны АӨСШК АЛТК-ның қарауына тапсырды. Таиланд Корольдігі АСЕАН-ның аймақтық форумының Төраға ретінде АӨСШК Төрағасымен әскери-саяси және экономикалық өлшемдегі өз көзқарасы және тәжирибесімен алмасуға ниет білдірді. Келесі АЖТ жіне АЛТК отырыстары 2009 жылғы қазан айында Пекин қаласында өтеді. Сөйтіп, Кеңеске қатысушылар 2006 жылғы 2-ші Саммит пен 2008 жылғы 3-ші СІМК шешімдерін орындау мақсатында және 2010 жылы өтетін Жоғарғы дәрежедегі үшінші кездесуді дайындау үшін осындай нақты қадамдар жасап жатыр. Сенім шараларын жүзеге асыру. 2007 жылы 12-14 наурыз аралығында Бангкок қаласында өткен АЛТК-ның отырысында «Сенім шараларын іске асыруға арналған Бірлескен ұстаным» атты құжат қабылданды. Аталған құжат АӨСШК-нің Сенім шаралары тізімдемесін және көпжақты форматтағы ынтымақтастықты нығайтуға және Тізімдеменің жеке бағыттарындағы жұмыстарды айқындауға арналған әр түрлі жобаларды іс-жүзінде іске асыруға жол ашты. 2007 жылы 22-23 желтоқсанда Тегеран қаласында наркотрафикке қарсы күрес аясында сенім шаралар жөніндегі Бірінші МСК өтсе, 2008 жылы 31 қаңтар және 1 ақпан аралығында Анкара қаласында жаңа қауіп қатерлерге қарсы күресу аясында сенім шараларды іске асыру мәселелері жөніндегі МСК өтті. Бұл іс-шараларда аталған бағыттар бойынша тұжырым жобалары әзірленді. 2008 жылы 6-7 мамырда Алматы қаласында АӨСШКның АЖТ кезекті отырысы өтті. Кездесуге қатысушылар келесі мәселелерді қарастырды: Сенім шаралары тізімдемесін іске асыру, Азия кеңесі Хатшылығының дамуы, АӨСШК IІІ-ші сыртқы істер министрлерінің кездесуіне дайындау. 2008 жылы 11 маусымда Сеул қаласында ҚР Корей Республикасындағы Елшісі Д.Бақышевтің төрағалығымен АЛТК-ның кезекті отырысы өтті. Осы кездесуде алдағы IІІ-ші СІМК-нің күн тәртібі мен бағдарламасының жобалары қабылданды, сонымен бірге IІІ-ші СІМК-нің декларациясы бойынша пікірталас болды. 2008 жылы 27-28 қыркүйекте Душанбе қаласында АӨСШК мүше мемлекеттер арасында туризм саласы бойынша ынтымақтастық жөніндегі Концепция жобасын талқылауға арналған МСК өтті. 2008 жылы 26-29 қазанда Тель-Авив қаласында Азия кеңесінің озат ауыл шаруашылығы бойынша семинар өтті. Аталған семинарда сарапшылар ауыл шаруашылығы саласындағы ұлттық тәжірибелер, жаңа технологиялар және тиімді даму әдістерімен алмасты. 2008 жылы 4-6 қарашада Алматы қаласында АӨСШК-нің Қаржы сарапшыларының кездесуі өтті. 2008 жылы 27 маусымда Алматы қаласында Қазақстан халықтары ассамблеясымен бірлесіп, Министрлік Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп, «Толеранттық және дінге еріктілік Орта Азияның жетістігі ретінде» атты халықаралық конференция өткізілді; 2008 жылғы 12 тамызда Астана қаласында Президенттік мәдениет орталығында «Орталық Азия елдеріндегі мәдениетаралық өзара іс-қимыл» атты тақырыпта халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Азия кеңесінің экономикалық, экологиялық және жаңа қауіп-қатерлерге қарсы тұру аясында жекелеген сенім шараларының үйлестірушісі болып табылатын басқа мүше мемлекеттер тиісті бағыттарда тұжырымдамаларды дайындаған: Корей Республикасы – энергетикалық қауіпсіздік, Тәжікстан – туризм, Иран – наркотиктер мен прекурсорларды заңсыз өндіру және айналымға шығаруға қарсы күрес, Ресей – шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту саласында, Түркия – жаңа қауіп-қатерлерге қарсы тұру аясындағы сенім шараларын іске асыруға арналған іс-шаралардың жоспарын әзірледі. Азия кеңесінің Бірінші СІМК-і. 1999 жылы 14 қыркүйекте Алматыда өткен Азия кеңесіне мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлерінің I-ші кездесуінде және оның барысында мүше мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін принциптер Декларациясына қол қойылуы - Азияда қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың көп жақты тетігін құру жөніндегі Президент Н.Назарбаевтың ұсынысынан бергі уақыттағы қазақстандық дипломатияның ірі жетістігі болып табылады. Осылай, алғаш рет аймақтағы бірқалыптылықты қамтамасыз ететін нақты қимылдар мен іс-шараларға негізделген азиялық қауіпсіздік жүйесінің заңдық негізі қаланды. Кездесу жемісті өтті: Кеңестің толық мүшелігіне Иордания, БАӘ қабылданды және АӨСШК-ға Қатар Мемлекеті бақылаушы ретінде қосылды. Кездесу нәтижесінде «АӨСШК-нің сенім шараларын жүзіге асырудағы ілгерілеуі» атты декларация мен Қорытынды шешімдер қабылданды. Азия кеңесі және Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы, Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастық, Халықаралық Көші-қон Ұйымы секілді халықаралық құрылымдары арасында өзара түсіністік мазмұндамаларына және Азия кеңесі Хатшылығының штаб-пәтерін Алматыдан Астанаға көшірілу көздейтін АӨСШҚ Хатшылығы туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы Хаттамаға қол қойылды. Азия кеңесінің Екінші СІМК-і. 2004 жылы 22 қазанда Алматыда Азия кеңесіне мүше мемлекеттердің II-ші Сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті. Сенім шаралары тізімдемесінің, Рәсімдер ережесінің және Азия кеңесі Министрлік кездесуінің декларациясының қабылдануы Министрлер кездесуінің басты нәтижесі болды. Бұл кездесу қарсаңында Таиланд Корольдігінің Азия кеңесіне он жетінші мүше-мемлекеті болып қабылдануы айтарлықтай оқиға болды. Қатысушылардың пікірінше, қабылданған Азия кеңесі Сенім шаралары тізімдемесінің маңыздылығына баға беру оңай емес. Қауіпсіздік пен бірқалыптылық мәселелері бойынша көпжақты қарым-қатынасты көздейтін құжаттың қабылдануы Азия құрлығының тарихында бірінші рет болып отыр. Декларацияда аймақ пен әлемдегі қауіпсіздіктің негізгі мәселелері бойынша Азия кеңесіне мүше мемлекеттердің ұстанымдары мен бір ымыралы көзқарастары көрініс тапты. Делегация басшылары шешілмеген мәселелерді және сенім шараларын іске асыру жөніндегі бағыттарды айқындау туралы тізімдемеде бекітілген ортақ әдістерді пайдаланудың маңыздылығын арнайы атап өтті. Азия кеңесінің Бірінші Басқосуы. 2002 жылы 4 маусымда Алматыда Азия кеңесінің Бірінші Басқосуы болып өтті. Осы Басқосуға Қазақстан, Ресей, Қытай, Пәкістан, Түркия, Монғолия, Қырғызстан, Тәжікстан және Ауғанстан Президенттері, Әзірбайжан және Үндістан Премьер-Министрлері, Иран, Мысыр, Палестина және Израильдің өкілетті ресми тұлғалары, бақылаушы мемлекеттер: АҚШ, Индонезия, Малайзия, Жапония, Таиланд, Вьетнам, Украина және Корей Республикасының өкілдері, бақылаушы ұйымдар: БҰҰ, ЕҚЫҰ және АМЛ басшылары қатысты. Басқосу барысында Алматы Актісіне, Лаңкестікті жою және өркениеттер арасындағы сұхбатқа қолдау көрсету туралы декларацияға қол қойылды Азия кеңесінің Екінші Басқосуы. 2006 жылғы 17 маусымда Алматы қаласында өтті. 4 жыл бұрын Бірінші Басқосуды өткізу мен Азия кеңесін қалыптастырған құжатқа (Алматы актісі) қол қоюдан бастап, Кеңестің істері мен мақсаттары әлем қауымдастығында кең көлемді қолдау мен түсінушілік тапты. Таиланд Корольдігі (2004 жылы) және Корей Республикасы (2006 жылы) сынды аймақтағы беделді елдердің Кеңеске толық құқықты мүше болып қосылуы бұған дәлел болды. Сөйтіп, Азия кеңесі диалогқа бағытталған форум ретінде Азия құрлығында үлкен сұранысқа ие болып отыр. Басқосу барысында көп ауқымды саяси құжат – Азия кеңесі Екінші Басқосуының декларациясы қабылданып, форумның институттану жолындағы негізгі құжаты – Азия кеңесі Хатшылығы туралы келісімге қол қойылды. Декларацияда Кеңеске мүше мемлекеттердің азиялық өңір және әлемдегі қауіпсіздік пен ынтымақтастық көкейкесті мәселелеріне ортақ көзқарасы, күн тәртібіндегі мәселелерді шешу барысында әмбебап ұстанымды қолдану және оны дамыту, 2004 жылғы Азия кеңесі сенім шаралары тізімдемесіне кірген шараларды іске асыру және үдерістің одан әрі дамуы қажеттілігіне көңіл бөлінді. Кеңестің тұрақты негізде қызмет ететін органы - Хатшылықты құру туралы шешім 2002 жылы II-Басқосу кезінде қабылданды. Азия кеңесі хатшылығы туралы Келісімгі сәйкес, Хатшылықтың штаб-пәтері Алматы қаласында орналасты. Азия кеңесінің Үшінші СІМК-і. 2010 жылы болатын Үшінші АӨСШК-нің Басқосуына дайындық аясында маңызды іс-шаралардың бірі - 2008 жылы 25 тамызда Алматы қаласында өткен ІІІ сыртқы істер министрлерінің отырысы болып табылады. Осы іс-шараға 19 мүше-мемлекетер, 7 бақылаушы-мемлекеттер, 6 халықаралық және өңірлік ұйымдардың делигациялары қатысты. Кездесу барысында Бірлескен тәсілді іс-жүзінде іске асыру мәселесіне ерекше көніл бөлінді. Қзақстан Президенті АӨСШК Төрағасы ретінде сенім шараларын гуманитарлық, экономикалық, экологиялық және жаңа қауіп-қатерлерге қарсы тұру саласындағы жүзеге асырудың басталуын қолдап, әскери-саяси өлшемдердегі ынтымақтастықты дамыту және нығайту жөнінде нақты жұмысты бастаған орынды және бұл ынтымақтастық болашақта Сенім шаралары каталогының маңызды бір бағыттарына айналуы тиіс, деп атап айтты. Златан Ибрагимович. Златан Ибрагимович (; 1981 жылдың қазаның 3, Швеция, Мальме қаласы) - Швеция футболшысы. Өмірбаяны. Әкесі Шефик – босниялық мұсылман болса, шешесі Юрка – босниялық хорват қызы. Сол кездегі саяси жағдайларға байланысты олар Швецияда кездесіп, үйленген. 8 жасында Златан Балқан түбегінің өкілдерініен құрылған «Балкан» деген жастар футбол командасына алынады. Бірде оны үлкендер командасына ауыстырған соң, бір ойында бапкер оны негізгі құрамға шығармай қояды. Бірінші тайм аяқталғанда балкандықтар 0:4 есебімен ұтылап жатады. Екінші кезеңде алаңға жұлқынып шыққан Ибрагимович бірінің артынан бірін 8 гол ұрады. Сөйтіп қорытынды есепте оның командасы 8:5 есебімен жеңіске жетеді. «Мальме». 1995-98-жылдары Златан «Мальменің» жастар командасына алынды. Ал 1999-жылы негізгі командада тұсаукесер жасады. Сол алғашқы жылы ол 6 ойында алаңға шығып бір доптың авторы атанады. Дәл осы жылы «Мальме» 63 жылдан соң бірінші лигадан шығып қалады. 2000-жылы ол 12 гол ұрып, командасының жоғарғы лигаға қайта оралуына үлкен көмек көрсетеді. Жақсы ойынымен көзге түскен Златанды «Арсаналдың» бапкері Арсен Венгер бірдіен өзіне шақырады. Бірақ тағы да жарты жыл Швецияда жүре тұрған Ибрагимович түбінде «Аякске» ауысады. Трансфер құны 7,8 миллион доллар ол кезде әжептәуір үлкен сома еді. Ондай ақша Швецияның деңгейінде ең қымбатқа саналатын. «Аякс». Голландияға келісімен Златан ойын тәжірибесіз қалды. Бас бапкер Ко Адриансе оны негізгі құрамға көп шығара бермеді. Бірақ ұзақ өтпей Адриансе өз орнынан босап, қызметін Рональд Куманға тапсырды. Куман Златтанның бойынан шабуылшылық талант көре білген болуы керек, әр матч сайын оны негізгі сапқа қоятын болды. 2001/02-жылғы маусымда «Аякс» Голландия чемпионы атанады. Келер жылы Ибрагимович өзін Еуропаға толықтай таныстырды. Чемпиондар лигасындағы «Лионға» қарсы өткізген алғашқы кездесуінде ол 2 гол ұрады. Жалпы сол жылы Еуропаның басты клубтың турнирінде «Аякс» ¼ финалға дейін жетеді. Онда олар болашақ чемпион «Миланға» жол береді. Ал чемпионатта «ПСВдан» ұпай санынан кемдеу қалып, екінші орынға табан тірейді. 2003/04-жылы «Аякс» қайта чемпион болады. Бірақ Чемпиондар лигасында топтық кезеңнен ары аса алмайды. 2004 жылдың 22 тамыз күні ол «Бреда» қақпасына ғаламат гол ұрады. Кейіннен оны «Еуроспорт» арнасының көрермендері жылдың ең үздік голы деп анықтайды. Трансферлік терезенің ең соңғы күні, 31 тамызда ол 19 миллион долларға «Ювентусқа» ауысады. «Аяксте» өткізген үш жыл оған екі чемпиондық атақ, бір кубок, 38 соғылған гол және Швеция ұлттық құрамасынан орын әпереді. «Ювентус». Алғашқыда ол тағы да туриндік клубтың қосалқы құрамында жүрді. Көп ойынды қосалқылар орындығынан көрді. Бірақ сол жылды ол 16 голмен аяқтады. Жаман емес. Ал келер жылы ол «Ювентус» жанкүйерлерінің ойынша команданың үздік футболшысы деген атаққа қол жеткізеді. Сондай-ақ ол Швецияның «Алтын доп» сыйлығын да жеңіп алады. Туриндік әріптестерінің қойған лақап аты бойынша «Сыған» 70 кездесуде 23 доп соғыпты. Кейін сыбайлас-жемқорлыққа жол берді деген айыппен «Юентустен» чемпиондық атақ алынып тасталды. Және клуб екінші дивизионға түсірілді. Онда ойнағысы келмеген Ибрагимович 2006 жылды «Интер» сапында бастады. Трансферлік құны – 24,8 миллион доллар. «Интер». 2006-жылдың 10 тамызынан бері Златан «Интер» сапында өнер көрсетіп келді. Ол 2007,2008,2009-жылдардың чемпионы атанды және 2008/09-жылғы маусымның үздік бомбардирі деп танылды. Сондай-ақ ол осы кездері ең үлкен жалақы алды – 12 миллион жылына. «Барселона». 27 маусым күні (2009-жылдың) Ибрагимович «Барселонамен» бес жылға келісімшартқа отырды. Миланның «Интері» шабуылшы үшін 46 милион доллар мен 20 миллионға бағаланған Самуэль Это,Оны алды. Ол келмей жатып «Барса» тарихындағы екі рекордты жаңартты. Бірінші ол – клубтың ең көп ақшаға сатып алған ойыншысы. Екінші – оның команда жанкүйерлеріне таныстыру салтанатына 62 мың көрермен келген. 2009/10-жылғы маусымның алғашқы турында Златан «Хихон» қақпасына гол соқты. Бұл сұрмергеннің «Барселона» сапында соққан тұсаукесер добы еді. Одан кейін де швед алған бетінен қайтпады. Бірінің артынан бірін 5 тур қатарынан ол қарсыластар қақапасын нысанаға дәл алып отырды. Ұлттық құрама. 2002-жылғы Әлем біріншілігінде Златан ұлттық құрама сапында небәрі 7 минут өнер көрсетті. Ол матч Аргентинаға қарсы өткен кездесу. Ал Еуро-2004-те Швецияның шабуыл өтін Ибрагимовичсіз көзге елестету қиын еді. Топтық кезеңдегі Италияға аяғының сырт жағымен соққан керемет добы командасын ¼ финалға алып шыққан-тын. Онда шведтерге Голландия қарсылас болып барлығы ойын соңындағы пенальтиден шешілді. Өз кезегінде 11-метрлікті аспанға тепкен Златан, командасымен бірге турнирмен қош айтысты. 2006-жылғы әлем біріншілігінде Златан гол ұрмады. Соның салдарынан Швеция 1/8 финалдан қайтты. 2008-дің Еуропа кубогы алдында «Сыған» тізесін жарақаттап алды. Бірақ сонда да алаңға шыққан ол гректер мен испандардың қақпаларына екі гол ұрып кетті. Ибрагимович қазіргі күннің өзінде де ұлттық құраманың негізгі ойыншысы саналады. Алдар көсе. Алдар көсе- қазақ ертегілерінің жағымды кейіпкері. Мыстан кемпір. Мыстан кемпір - қазақ ертегілерінің жағымсыз кейіпкері. Жалмауыз кемпір. Жалмауыз кемпір - қазақ ертегілерінің жағымсыз кейіпкері. Жезтырнақ. Жезтырнақ - қазақ ертегілерінің жағымсыз кейіпкері. Жанғұтты би. Жанғұтты би- Шет ауданында өмір сүрген би. Бөкетов, Евней Арыстанұлы. Бөкетов Евней Арыстанұлы (1925 ж. наурыздың 23, Қырғыз (Қазақ) АКСР Солтүстік Қазақстан облысы қазіргі Шал ақын ауданы Бағанаты ауылы - 1983 ж. желтоқсанның 13, Қарағанды) — көрнекті ғалым, техникалық ғылымының докторы (1967), профессор (1967), Қазақ КСР Ғылым Академиясының академик (1975), КСРО Жазушылар одағының мүшесі (1974). Өмір және қызметі. Қазақ тау-кен металлургия институтын (қазіргі Қазақ ҰТУ) бітірген (1950). 1951-1953 ж. осы институттың аспиранты. 1954-1960 ж. сонда ассистент, кафедра доценті, оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары, 1960-1972 ж. Қазақ КСР Ғылым Академиясының Химиялық-металлургия институтының директоры (Қарағанды), 1972-1980 ж. Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры. 1980-1983 ж. Қазақ КСР ҒА-ның Химиялық-металлургия институтында аға ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі болды. 1970 ж. Қазақ КСР Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі болып сайланған. 1969 ж. Ғылым мен техника саласындағы КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Бөкетов химия саласындағы жаңа бағыттың – халькогендер мен халькогенидтердің химиясы мен технологиясының негізін салған. Бөкетов мыс-электролиттік шламдардан селен, теллур элементтерін бөліп алудың пиро- және гидрохимиялық әдістерін жасап, Д.Менделеев жасаған Элементтердің периодтық жүйесіндегі химиялық элементтер аналогтарының жіктеліміне түзетулер енгізді. Металлургиялық тотықсыздандырғыштар арқылы көмірді сутектендіру мүмкіндігін дәлелдеді. 50 өнертабыстың, 10 патенттің иесі. Бөкетов сонымен қатар белгілі жазушы әрі аудармашы. Эссе, Қ.Сәтпаев, М.Әуезов, Ш.Уәлиханов, Д.Менделеев туралы естеліктер жазған. «Шесть писем другу», «Человек, родившийся на верблюде», «Грани творчества», т.б. повестерінің авторы. Батыс және орыс классиктерінің «Макбет», У.Шекспирдің «Юлий Цезарь», Дж.Флетчердің «Испанский священник», Д.Маяковскийдің «Клоп» атты еңбектерін, И.Василенконың «Артемка» повесін, Э.Золдің әңгімелері мен мақалаларын аударған. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. Шымбұлақ. Шымбұлақ – Алматы маңындағы Іле Алатауы шатқалының 2510 метр биіктігінде орын тепкен тау-шаңғылық курорты. Талғар асуының бөктеріндегі бұл спорттық кешен 1954 жылдан бастап тау шаңғысы спортшыларының сүйікті орнына айналған. Алғашқыда бұл кешен кеңес тау шаңғышыларының олимпиадаға дайындық базасы ретінде құрылған. Жарыс жолының ені 25 метр, еңістігі 11-29 градустардың аралығында, сондықтан шаңғышылардың ең жақсы жылдамдық көрсетуіне қолайлы. Техникалық сипаттамасы жағынан Еуропаның ең жақсы жарыс жолдарынан кем емес, көп жағдайда (қарының сырғанақтық сапасы бойынша) олардан артық. Кешенді жаңа жөндеу бойынша жалпы ұзындығы 6 шақырымнан екі есеге ұзартылды. Ал ені ең негізгі бөліктерінде 10-20 есеге кеңейтілген. Тау шаңғы трассаларының бойына қар зеңбіректері орнатылған, аспалы жолдардың болат арқандары жаңартылған. Алдағы күндері шаңғы жолдарын Қарлытау мұздығына дейін ұзарту көзделген. Осы шаралар іске асқаннан кейін шаңғы трассасының ұзындығы бойынша Шымбұлақ әлемдік жетекші курорттарымен теңесетін болды. Сондай-ақ, қонақ үйлер қайта жасақталып, мейрамханалар мен дүңгіршектер, боулинг, спа-орталықтар құрылады. Осы жұмыстардың барлығы 2011 жылғы Азия ойындарының қарсаңында аяқталмақ. Сонымен бірге мұнда соңғы үлгідегі уақыт өлшейтін құралдар, әлемдік жоғары деңгейдегі жарыстарды өткізуге лайықты ақпараттық көрсеткіштер қойылады. Тау шаңғысы мен сноубордтың халықаралық мектептері бой көтермек. 2000 автокөлікке арналған жерасты автопаркингтер, Медеу мен Шымбұлақ арасында жүретін 4,5 шақырымдық аспалы жолдар салынған. Осы жолдар арқылы тау шаңғысы кешеніне он бес минутта көтерілуге болады. Болат арқандарға секундына 5 метр жылдамдықпен жүретін 115 кабина орнатылады, яғни, олар бір сағатта 2000 адамды тауға көтермек. Курортқа балаларын алып келетін туристерге ыңғайлы болу үшін, «бэби-лифт» - көтергіші бар балалар алаңы да жасалып қойылған. 2510 метр биіктікке орналасқан бұл кешеннен таудың кереметтей көріністері, жұмсақ климаты мен шуағы мол күндерінің көп болуы, қар қабатының ұзақ уақыт жатуы (желтоқсан мен сәуір аралығында) – бұл жерге туристер мен тау шаңғы спорты әуесқойларының легін өзіне баурап тартатын болады. Мұнда демалыстың басқа түрінен гөрі, айдындай тайғанақ мұз жолдарын қалайтын шаңғышылар, шеберліктерімен деміңді ішіңе алып таң қалдыратын, экстримальді секіретін және қилы бұрылыстар жасап түсетін батыл сноубордшылар келеді. Сөйтіп, Шымбұлақ қараша – мамыр аралығында шаңғы жарыстарын өткізетін, шаңғы тебетін мекенге айналса, жаз айларында қар жамылғысы бар тауларды тамашалайтын, туристер көп келетін, қалалықтар дем алатын тамаша орынға айналмақ. Параллелограмм. Параллелограмм – қарама-қарсы қабырғалары параллель болатын, яғни параллель түзулердің бойында орналасқан төртбұрыш. Жазықтық (геометрия). Жазықтық - геометрияның негізгі ұғымдарының бірі, ол аксиомалармен анықталып қабылданады.Ж-тың жалпы (толық) теңдеуі былай өрнектеледі: Ax+By+Cz+D=0, мұндағы A, B, C, D — тұрақтылар. Үшбұрыш. Үшбұрыш - ең қарапайым көпбұрыш, үш нүктеден, үш қабырғадан және үш бұрыштан тұрады немесе бір түзу бойында жатпайтын үш нүктені қосатын кесінділер шектейтін жазықтық бөлігі. Үшбұрыштардың түрлері: тең қабырғалы, теңбүйірлі, сүйірбұрышты, тік бұрышты, доғал бұрышты. Косинустар және синустар теоремасы. Үшбұрыш қабырларары a, b жән c ал бұрыштары α, β және γ сәйкесінше. Тіктөртбұрыш. Тіктөртбұрыш - Барлық бұрыштары тік болып келетін параллелограммды тіктөртбұрыш. Ромб. Ромб () - Барлық қабырғалары тең болатын параллелограммды. Трапеция. Трапеция (от — «стол»; — «стол, ас»)деп тек қарама – қарсы екі қабырғасы параллель төртбұрышты айтады. Параллель қабырғалары трапецияның "табандары" деп аталады, басқа екі қабырғасы "бүйір қабырғалары" деп аталады, ал бүйір қабырғаларының орталарын қосатын кесіндіні трапецияның "орта сызығы" деп атайды. Раманужан сыйлығы. SASTRA Раманужан сыйлығы (SASTRA Ramanujan Prize) - негізі 2005 жылы қаланған, жасы 32ден аспаған жас математиктерге жыл сайын берілетін Раманужан атындағы сыйлық, Сыйлықты беру шартында: математиктер сөз жоқ Раманужан айналысқан саладан бір жаңалықтар ашу талап етілген. Аталмыш сыйлық үндінің атақты математигі Раманужанды еске алу мақсатында ұйымдастырылған, сыйлық әр жылдың желтоқсан айының 22 –ші жұлдызында Раманужандың туған қаласы Кумбаконамдағы (Kumbakonam) Састра университінде салтанатты жағдайда тапсырылады. Сыйлық қоры $10,000. Катрин Бриңманн. Катрин Бриңманн (Kathrin Bringmann) - Кологне университетінің (Алмания) және Миннесота университетінің профессоры. Соңғы жылдардағы функциянал жағындағы әсіресе, үндінің атақты математигі Раманужан айналысқан Тета функциясын зерттеудегі жетістіктері үшін 2009 жылы Раманужан сыйлығының иегері атанды. Голдбах есебі. Голдбах жорамалы былай дейді: Әрбір 2 ден үлкен жұп сан екі жай санның қосындысына жіктеледі. 10 = 3 + 7 = 5 + 5 14 = 3 + 11 = 7 + 7 16 = 3 + 13 = 5 + 11 18 = 5 + 13 = 7 + 11 20 = 3 + 17 = 7 + 13 Осы тұжырым дұрыс екені анық, бірақ, әлі толық дәлелі жоқ. 1742-ші жылдан бері қарай қаншама математик осы есепті шешіуге тырысқанымен әлі де болса, кереметтей дәлелін таппай келеді. Гельфанд, Израиль Моисеевич. Изра́иль Моисе́евич Ге́льфанд (Тамыздың 20 (қыркүйектің 2) 1913 жыл - қазанның 5, 2009 жыл) - бүгінгі заман атақты амтематигі (1989 жылға дейін КСРОда, одан кейін АҚШ-та еңбек еткен). Ол өз заманының математикасының дамуына аса зор ықпал еткен адам. 800- ден астам мақала мен 30 -дан аса кітаптың авторы 1913 жылы 2 қыркүйекте Урайына да дүниеге келген. (Krasnye Okny, Odessa, Ukraine). 1935 жылы кандидаттық диссертациясын Мәскеу мемлекеттік университетінде А.Колмогоровтың жетекшілігімен қорғаған ол бес жылдан кейін докторлық диссертациясын қорғаған. ММУ дың профессоры. Ғұмырында көптеген сыйлықтардың иегері болған. Олардың ішінде КСРО (1953) мемлекеттік сыйлығы,Ленин сыйлығы (1956), математиктерге берілетін Волф сыйлығы(1978), Киотто сыйлығы(1989),т.б. Оның математикадағы зерттеген салалары өте көп. Әсіресе оның дифференциялдық теңдеулер саласындағы жасаған еңбектері Қазақ математиктеріне кеңінен танымал. Ғұмырында көптеген сыйлықтардың иегері болған. Олардың ішінде КСРО (1953) мемлекеттік сыйлығы,Ленин сыйлығы (1956), математиктерге берілетін Волф сыйлығы(1978), Киотто сыйлығы(1989),т.б. Оның математикадағы зерттеген салалары өте көп. Әсіресе оның дифференциялдық теңдеулер саласындағы жасаған еңбектері Қазақ математиктеріне кеңінен танымал. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, (ШЫҰ) — 1996 жылы «Шанхай бестігі» деп атаумен құрылған халықаралық ұйым. Құрылтайшылар болып алдынан Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей және Тәжікстан кірген. 2001 жылдың маусымның 1 Өзбекстан ұйымға кіргеннен бастап Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) деген атпен тұрақты істейтін үкімет-аралық ұйым. ШЫҰ және Қазақстан. ШЫҰ – қызметі басқа мемлекеттерге немесе халықаралық ұйымдарға қарсы бағытталған әскери блок болып табылмайды. Сонымен қатар, ШЫҰ өз мүшелерінің арасында әртүрлі салаларда кең ынтымақтастықтың дамуын қарастырады. Қазақстанның ШЫҰ бойынша әріптес елдермен тең дәрежедегі диалогқа сындарлы және мақсатты қатысуы Қазақстанның өңірдегі ұстанымын күшейтеді, Ұйымның қағидаттарына толық сәйкес келетін мемлекеттер арасында өзара сенім мен түсіністіктің арта түсуіне көмектеседі. ШЫҰ-ның 2 жетекші ойыншысы – Ресей мен Қытайдың арасында орналасқан Қазақстан өңірлік ынтымақтастықтың жасампаз бастамалары мен жобаларын белсенді қолдайтын Ұйымның маңызды буыны болып табылады. 1996 жылы Шанхай үдерісі басталғалы бері Қазақстан – ШЫҰ аясында жан-жақты өзара іс-қимылдың белсенді қатысушысы болып табылады. Қазақстан Ұйымның аясында өтетін лаңкестікке қарсы әскери жаттығуларға, ғылыми конференциялар мен форумдарға тұрақты қатысып отырады, ШЫҰ құқықтық базасының нығаюына үлкен үлес қосып келеді. 2006 жылы Қазақстан Бейжіңдегі Хатшылықтың жанындағы және Ташкенттегі Өңірлік лаңкестікке қарсы құрылымның Атқарушы комитетіндегі өзінің тұрақты өкілдігінің аппаратын алғашқы құрғандардың бірі болды. 2007 жылдан бастап 2009 жылдың соңына дейін ШЫҰ бас хатшысы болып Болат Нұрғалиев (Қазақстанның өкілі), Аймақтық лаңкестікке қарсы Ташкенттегі құрылымның Атқарушы комитетінің директоры болып Мырзақан Субанов (Қырғызстан өкілі) тағайындалды. ШЫҰ-ның әрбір жұмыс органында Қазақстанның атынан 6 адам қызмет атқаруда. 2006 жылғы маусымның 15-інде Шанхайда өткен саммитте Қазақстан ШЫҰ Азия энергетикалық стратегиясын жасауға бастама көтерді. Бұл ШЫҰ-да сауда-экономикалық салада тәжірибелік ынтымақтастықтың басталуына түрткі болды. Сондай-ақ ҚР Президенті ШЫҰ аясында заңсыз көші-қонмен күрес жөнінде келісім жасасуды ұсынды. Бүгінде ШЫҰ Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастықтың барынша табысты модельдерінің бірі болып табылады. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың айтуынша, «Қазақстанның ұсынысымен жүзеге асырылған Еуразия идеясының 3 киті – ЕурАзЭҚ, АӨІСШК және ШЫҰ». Ұйымға мүше мемлекеттердің арасында қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету саласында өзара іс-қимылдың зор оң тәжірибесі жиналған, мүше мемлекеттердің арнайы қызметтері мен құқықтық органдары лаңкестік және экстремистік күштермен күресу үшін тиімді байланыстар орнатты. 2006 жылы Қазақстан Қытаймен бірлесіп, шекаралас аудандарда «Тянь-Шань – 2006» лаңкестікке қарсы жаттығуларын, сондай-ақ ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қатысуымен «Шығыс-Лаңкестікке қарсы» жаттығуларын өткізді. 2007 жылы жазда Ресейде «Бейбітшілік миссиясы – 2007» ШЫҰ-ның кең ауқымды әскери жаттығулары өтті. ШЫҰ жылдан жылға ынтымақтастықтың жаңа салаларын қамтып келеді. 2006 жылы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерінің парламенттері, жоғарғы соттары басшыларының, білім министрлерінің алғашқы кездесуі өтті. Сыртқы экономикалық және сыртқы сауда қызметіне, көлік пен мәдениетке жауап беретін бас прокурорлардың, министрлердің кездесулері тұрақты ұйымдастырылып отырады. Отын-энергетика кешені саласында өзара іс-қимыл нығаюда. 2007 жылы энергетика министрлерінің алғашқы кездесуі өтті. Жоғарыда аталған барлық фактілер Шанхай ынтымақтастық ұйымы көп жақты өңірлік құрылымға бірте-бірте ауысып келе жатқандығын айғақтайды. 2007 жылғы тамыздың 16-сында Бішкекте өткен саммитте мемлекеттер басшылары ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ұзақ мерзімге тату көршілігі, достығы және ынтымақтастығы жөніндегі шартқа қол қойды. Алты елдің көшбасшылары сондай-ақ Бішкек декларациясына қол қойып, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің халықаралық ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі Іс-қимылдар жоспарын бекітті. Тарихи шолу. 2001 жылғы Шанхай Саммитінде терроризм, сепаратизм және экстремизмге қарсы күрес туралы келісімшарт негізінде ӨТҚҚ құрылды. ӨТҚҚ-ның Атқарушы Комитеті 2004 жылдан бері Ташкентте жұмыс істейді. 2002 жылғы 7 маусымда Санкт–Петербургте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының екінші кездесуінде үш маңызды құжат жасалды: ШЫҰ-ның Хартиясы, ӨТҚҚ туралы келісім және ШЫҰ-ның мүше мемлекеттері басшыларының мәлімдемесі. 2003 жылғы 29 мамырда Мәскеу қаласында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының кездесуінде Ұйымның бюджетін қалыптастыру және орындалуының тәртібі туралы келісімге қол қойылды. 2003 жылы 23 қыркүйекте Пекинде Үкімет басшылары Кеңесінде сауда–экономикалық, көлік, энергетика салаларындағы қарым–қатынасты одан әрі дамыту туралы мәселелер талқыланды. Көп жақты сауда–экономикалық ынтымақтастықтың Бағдарламасы, ШЫҰ-ның 2004 жылғы бюджеті және тағы басқа қаржы құжаттары қабылданды. 2004 жылы 15 каңтардан бері Пекинде ШЫҰ-ның Хатшылығы жұмыс істейді. 2004 жылы 17 маусымда Ташкентте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының кездесуі өтіп, Ташкент мәлімдемесін жасады және көптеген құжаттарға қол қойылды. Соның ішінде ШЫҰ ӨТҚҚ шеңберінде құпия ақпаратты қорғау, есірткіге қарсы күрес туралы келісімдерді атап өтуге болады. 2004 жылы қыркүйекте Бішкекте Ұйымның үкімет басшылары ШЫҰ-ның көп жақты сауда–экономикалық ынтымақтастығы Бағдарламасын жүзеге асыратын шаралардың жоспарын қабылдады. 2005 жылы 5 шілдеде Астанада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының кезекті саммитінде Астана мәлімдемесі жасалды. Антитеррорлық сипаттағы маңызды құжаттар –(терроризм, сепаратизм және экстремизмге қарсы күресуде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ынтымақтастық тұжырымдамасы, ШЫҰ ӨТҚҚ жанындағы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің тұрақты өкілдіктері туралы Ережесі және ШЫҰ ӨТҚҚ Кеңесінің баяндамасы бекітілді. Сонымен қатар Пәкістан, Иран және Үндістан мемлекеттеріне ШЫҰ-ның жанындағы бақылаушы мәртебесін беру туралы шешім қабылданды. 2005 жылы 26 қазанда Мәскеуде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Үкімет басшылары Кеңесінің мәжілісінде Банкаралық әрекеттесу және Төтенше жағдайды жоюға жәрдем етуде өзара іс-қимыл туралы келісімдер қабылданды. 2006 жылғы 15 маусымда Шанхайдағы мерейтойлық саммитінде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің аумақтарында терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы, Ұйымға мүше мемлекеттердің аумағына террористік, сепаратистік және экстремистік іс-әрекетке қатысы бар адамдардың кіру арналарын анықтау және жолын кесу саласындағы ынтымақтастық туралы және 2007–2009 жылдарға арналған ШЫҰ-ның мүше мемлекеттердің терроризм, сепаратизм және экстремизмге қарсы күрестің бағдарламасы қабылданды. Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылары және бас прокурорлар жылына бір рет жүйелі түрде кездеседі. Ү.ж. 30 мамырда Мәскеу қаласында ШЫҰ-на мүше мемлекеттер парламенттері төрағаларының кездесуі өтті, Жоғарғы соттар төрағаларының кездесуі ү.ж. қыркүйек айына жоспарланған. 2006 жылы ШЫҰ-да жаңа іскерлік құрылымдар – Банкаралық Бірлестік және Іскерлік Кеңес құрылды. 2006 жылдың мамыр айынан ғылыми – саяси топтардың Форумы өз жұмысын бастады. Соңғы кездерде ШЫҰ-ның халықаралық қатынастары едәуір нығайды. Мысалы, Солтүстік Корея, Непал, ТМД және Еуроодақтың мемлекеттері, БҰҰ-ның Даму Бағдарламасы, ҰҚШҰ, ЭЫҰ, басқа мемлекеттер мен ұйымдар ШЫҰ-ның іс-әрекетіне зор ықылас қойып отыр. 2004 жылы ШЫҰ БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында бақылаушы ұйымы мәртебесін алды, ал 2005 жылдың көктемінде ОШАМҚ және ТМД хатшылықтарымен өзара түсінісу туралы меморандумы қабылданды. ШЫҰ шеңберінде гуманитарлық салаларда, яғни білім, мәдениет, туризм және спорт алаңдарында өзара ықпалдасу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2007 жылдың қаңтарынан бастап, ШЫҰ-ның Бас хатшысы – Қазақстанның өкілі Б.Қ. Нұрғалиев, ӨТҚҚ Атқарушы Комитетінің директоры – Қырғыз Республикасының өкілі М.У. Субанов. Мүшелік. Үндістанның, Пәкістанның, Иран мен Моңғолияның ШЫҰ жанында бақылаушылар мәртебесі бар. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында бақылаушы мемлекеттерді Ұйымның сауда-экономикалық саласындағы жұмысына барынша белсенді тарту жұмыстары жүргізілуде. Тараптар 2008 жылға арналған ШЫҰ жанындағы бақылаушы мемлекеттермен өзара іс-қимылды дамыту жөніндегі шаралардың тізімін мақұлдады. Қазақстан ШЫҰ мүшесі болу бақылаушы, «диалог жөнінде әріптес» ретінде Хартияда көрсетілген осындай ынтымақтастықтың формасын пайдалануды қарастыратын, кезең-кезеңмен өтіп, содан кейін ғана ШЫҰ-ның толық қатысушы болуы тиістігін негізге алады. Біртұтас экономикалық кеңістік. 2003 жылғы 19 қыркүйекте Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украина президенттері Біртұтас экономикалық кеңістікті құру туралы Келісімге келіп, оның Тұжырымдамасына қол қойды. Ол Достастық кеңістігінде экономикалық интеграцияның жаңа оңтайлы жолдары мен тәсілдерін қарастырудың нәтижесінде жүзеге асырылды. Осылайша Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (бұдан әрі – ТМД) елдері Жалпы ішкі өнімінің 90% үлесіне ие экономикалық дамыған 4 ТМД мемлекеті интеграцияның жаңа сапалы әрі жоғары деңгейіне көшу туралы шешім қабылдады. Қол қойылған құжаттар тек экономикалық сипатқа ие. Олар инфрақұрылымдық жүктемені төмендетуге бағытталған. Ал бұл өз кезегінде ортақ кеңістікте тауар өндірушілердің өзара қарым-қатынасын жеңілдетіп, бәсекелестік қабілетін көтереді. Біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыру туралы келісімде және Тұжырымдамасына енген интеграциялық үлгі әлемдік экономиканың қазіргі заманғы талабына жауап беріп, әлемдік шаруашылықтың ғаламдану үрдісіне енеді. Ресми құжаттар. Біртұтас экономикалық кеңістікті (бұдан әрі – БЭК) қалыптастыру туралы келісім 2004 жылғы 20 мамырда заңдық күшіне енді. Президенттердің 2003 жылғы 23 ақпандағы мәлімдемелеріне сәйкес БЭК-ті құру бойынша Жоғары деңгейдегі топ құрылды (ЖДТ). Жоғары деңгейдегі топтың міндетіне тауарлардың, капиталдың, қызмет көрсетудің және жұмыс күшінің еркін қозғалысын қамтамасыз етуге және экономиканың әртүрлі саладағы мемлекеттік Заңнамаларын үйлесімдендіруге бағытталған, құжаттарды, тетіктерді және институттарды дайындау кіреді. Осыған орай БЭК-ті қалыптастыру жөніндегі негізгі шаралар кешені (құжаттар 22 бөлім мен 116 шарадан тұрады), техникалық тапсырма, сонымен бірге жұмыс жоспары дайындалып бекітілген. Құжаттар өзара қарым-қатынастың негізгі бағыттарын - кедендік- тарифтік реттеуден жеке тұлғалардың қозғалыс еркіндігін қамтамасыз етуге дейінгі басты бағыттарды анықтайды. ЖДТ-да (жоғары деңгейдегі топ) Қазақстан тарапын 2006 жылғы қаңтар айынан бастап ҚР сауда және индустрия министрі В.С.Школьник басқарады. Жоғары деңгейдегі кездесулер. 2004 жылы 24 мамырда Ялтада БЭК-ке қатысушы мемлекеттер басшыларының саммиті болып өтті, онда «төрттік» басым бағыттағы келісімдерді дайындауға баса назар аударды. Әр тарап ұлттық экономикалық мүдделерді есепке ала отырып, бұдан әрі ынтымақтастық туралы пікірлерін айтты. Украина әр түрлі салада ортақ жобаларды жүзеге асыру (көлік, отын -энергетикалық кешендер) және ең алдымен еркін сауда аймағын құрайтын құжаттарды дайындауды ұсынды. Ресей, өз кезегінде, ағымдағы күрделі аспектілерді екіжақты түрде шешу және қызмет пен капитал нарығына қол жеткізу тәртібін ырықтандыруды ұсынды. Қазақстан кедендік және көлік одақтарын құруды ұсынды. Осыған байланысты президенттер ЖДТ-қа (жоғары деңгейдегі топ) бірінші кезектегі құжаттарды дайындауды тапсырды. 2004 жылы 15 қыркүйекте Астанада «төрттіктің» мемлекет басшылары БЭК құру туралы келісімді одан әрі дамытуға бағытталған шешім мен мәлімдеме қабылдады. Осылайша, бірінші кезекте қол қойылуға тиісті 29 халықаралық-құқықтық және т.б құжаттардың тізімі бекітілді. Сонымен бірге 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап тауарды өзара сатуда тағайындалған ел бойынша қосымша құн салығын салудың ортақ принциптеріне көшу туралы келісімге қол жеткізілді. БЭК мүше мемлекеттің ішкі шекаралары арқылы жеке тұлғалардың қозғалысын жеңілдету мәселесі бойынша ЖДТ-ға (жоғары деңгейдегі топ) сәйкес келісімдерді дайындау тапсырылған. 2005 жылғы 27 тамызда Қазанда БЭК-ке қатысушы мемлекеттер басшылары жаңа мәлімдемеге қол қойды. Онда ЖДТ-ға (жоғары деңгейдегі топ) 2005 жылдың 1 желтоқсанына дейін 29 келісімнен тұратын құжаттардың 1-ші пакетін қол қоюға дайындау және 2006 жылдың 1 наурызына дейін интеграциялық үрдістердің тереңдеуіне бағытталған 15 құжаттан тұратын 2- пакеттің дайындығы туралы баяндау тапсырылды. Сонымен бірге украиналық тарап өзінің ұйымға қатысу сатысын ДСҰ (Дүниежүзілік сауда ұйымы) нормалары мен ережелерін есепке ала отырып, әр түрлі деңгейлі және әр түрлі жылдамдықты интеграция принципіне сүйене отырып анықтайды делінген. 2006 жылғы 18 мамырда Минск қаласында өткен Біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі Жоғары деңгейдегі тобының кезекті мәжілісі барысында 2005 жылдың 27 тамыздағы Қазан қаласындағы БЭК-ке қатысушы мемлекеттер басшыларының Мәлімдемесін іске асырудың мәселелері талқыланды. Келісімдер. Бірінші кезектегі келісімдер пакеті бойынша (38 келісімдер пакеті), үш мемлекет форматы (Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы) бойынша қол қоюға 24 келісім дайындалды, оның ішінде Украинамен бірге төрт мемлекет форматы бойынша – 8 келісім дайындалды. БЭК Комиссиясы туралы келісімнің жобасын талқылау барысында дауыстарды бөлу мен шешімдерді қабылдау рәсіміне байланысты кереғар пікірлер болды: ресейлік тарап шешім қабылдау кезінде 2/3 бөлікті басым көпшілік қағидатын ұстанса, қазақстандық және беларустік тараптар мәмлеге келу (консенсус) принципін ұсынды. БЭК шеңберінде дауларды шешу жөніндегі органды құру туралы келісім жобасы бойынша қазақстандық тарап ескертулер мен ұсыныстар айтты, осыған байланысты, беларус және ресейлік тараптарға мемлекетішілік келісу рәсімдерін жеделдету ұсынылды. БЭК-ке қатысушы мемлекеттер азаматтарының жүріп-тұруы еркіндігі туралы келісім жобасы бойынша. БЭК қалыптастырудың ЖДТ (жоғарғы деңгейдегі тобы) жұмыс отырысының қорытындысы бойынша (2006 ж., 18 мамыр, Минск) украиндық тарап ұсынысымен Келісім аты «БЭК-ке қатысушы мемлекеттер азаматтарының еркін жүріп-тұруы туралы келісім» болып өзгертілді. Тараптардың сарапшыларымен Келісімнің мәтініне қосымша өзгерістер енгізілді және келісімге қол қоюдың үкіметаралық деңгейі айқындалды. Ресейлік тарап, сондай-ақ, БЭК-ке қатысушы мемлекеттердің шекаралары арқылы азаматтардың және көлік құралдарының қозғалысын бақылау рәсімін жеңілдету тәртібі туралы келісімнің жобасы бойынша бірқатар ескертулер мен ұсыныстар енгізді. Беларус, Қазақстан және Украина тараптары талқылау барысында ресейлік тарапқа мәжіліс кезінде тараптар жасаған ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып, өз ұстанымын пысықтауды ұсынды. Қазіргі кезеңдегі ахуалы. Қазіргі уақытта БЭК-ке қатысушы мемлекеттердің шекаралары арқылы азаматтардың және көлік құралдарының қозғалысын бақылау рәсімін жеңілдету тәртібі туралы келісімнің жобасы Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволарына мемлекетішілік келісуден өтуде. Мемлекетішілік рәсімдер аяқталған соң Келісім жобасы белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізіледі. Осы кездесулердің қорытындысы бойынша, бірінші кезектегі келісімдердің пакетін қол қоюға дайындау бойынша қажетті рәсімдердің бәрі аяқталған жағдайда Жоғары деңгейдегі топ мемлекет басшыларына ЕурАзЕҚ-тың Мемлекетаралық кеңесін өткізу барысында (2006 ж., 23-24 маусым, Минск) осы келісімдердің қол қоюға дайын екендігін хабарлайды. Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы. Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы аймақтың ынтымақтастық даму құқығына ие, 1985 жылы құрылған Үкіметаралық аймақтық ұйым болып есептеледі. ЭЫҰ үш құрылтайшысы мемлекеттің Иран Ислам Республикасы, Пәкістан Ислам Республикасы және Түркия Республикасының Измир шартының келісімі бойынша қол қойылған устав аясында әрекет жасады. Тарихи шолу. 1992 жылға дейін ЭЫҰ шеңберіндегі ынтымақтастық екі жақты қатынастағы сипатта болды. 1992 жылдан бастап Ұйым қызметі жаңа жеті мемлекеттің Қазақстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Түркменстан, Ауғанстан, Қырғызстан және Өзбекстанның қосылуына байланысты белсенді түрде дамыды. Қазақстанның ЭЫҰ-на ресми түрде қабылдануы 1992 жылы 28 қарашада Исламабад қаласында Ұйымның сыртқы істер Министрлері төтенше Кеңесінің отырысында толық мүшесі болып сайланды. Бұл күн ресми түрде ЭЫҰ күні болып есептеледі. Ағылшын тілі ЭЫҰ ресми тілі болып саналады. Бүгінгі күні ЭЫҰ мемлекеттерінің 7 млн. шаршы километр жерді алып жатқан халқының саны 380 млн. адамнан асып жығылатын, ЭЫҰ экономикалық күш-қуатының мол екендігіне көзімізді жеткізеді. ЭЫҰ шеңберіндегі ынтымақтастық, ұйым мемлекеттерінің әріптестік және өзара түсіністік сонымен бірге, тәуелсіздігі тепе-теңдік принципінде негізделген. ЭЫҰ негізгі міндеті аймақтың экономикалық дамуы үшін қолайлы мүмкіндіктер жасау, ішкі аймақтық қатынасты өзара ынтымақтасты түрде қарқынын күшейте отыру арқылы әлеуметтік-мәдени ғылыми-техникалық салаларды дамыту соның ішінде аймақтағы елді әлемдік жүйе бойынша интеграциялау болып табылады. ЭЫҰ аймағы сауда-экономикалық және мәдени – ғылыми саласында ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндігі мол. Ұйымның халықаралық беделі ұлғаюда. Осымен бірге ЭЫҰ әлі де болса, өз мүмкіндіктерін игеру мақсатында біраз қиыншылықтарға да тап болып жатады. Өткен жылдары ұйымға - мүше мемлекеттер аймақтық қатынасты дамыту үшін біраз жұмыстар атқарды. Жалпы мәдени және тарихи ұқсастықтан басқа мүше – мемлекеттер елеулі инфракструктураларды падаланысқа жіберіп және іскерлік байланысты орната білді. ЭЫҰ бірнеше жобаны бастамшылықтың ынтымақтастық энергетика, сауда, транспорт, ауыл шаруашылығы және есірткімен күрес саласына қойып отыр. Ұйымның негізгі экономикалық параметрлік қызметін екі жылда бір рет өткізетін ЭЫҰ мемлекеттер басшыларының саммитінде белгіленеді. Кездесуде ЭЫҰ саяси стратегиялық шартын қарастырады. Аталған кездесулер әр саладағы проблемалар бойынша аймақтық сипатта немесе жаһандық маңызда пікір алмасу болып табылады. 1992 жылдан бастап жоғарғы деңгейде тоғыз кездесу өткізілді. І саммит 1992 жылдың ақпанында Тегеранда; ІІ саммит 1993 жылыдың шілдесінде Стамбулда; ІІІ саммит 1995 жылдың наурызында Исламабадта; ІV саммит 1996 жылдың мамырында Ашхабадта; Кезектен тыс саммит 1997 мамырында Ашхабадта; V саммит 1998 жылдың мамырында Алматыда; VI саммит 2000 жылдың маусымында Тегеранда; VII саммит 2002 жылдың қазанында Стамбулда; VIII саммит 2004 жылдың қыркүйегінде Душанбеде; ІХ саммит 2006 жылдың мамырында Бакуде; ЭЫҰ Хатшылығы мүше-мемлекеттердің жарнасынан құралған орталықтандырылған бюджеті бар. Әр мүше-мемлекеттің жарналық бағасын жарнаны төлнй алатын қабілетін ескере отырып БҰҰ қабылдаған шкала есебінің жарнасымен (СМИД) белгілейді. 2004 жылға дейін ЭЫҰ бюджеті келесі есеппен төленніп келді, ұйымды құрушы мемлекеттер жарнаның 75% пайызын (Иран, Түркия, Пәкістан) ал қалған 25% жаңадан қосылған мүше-мемлекеттер БҰҰ қабылдаған шкала есебінің жарнасымен төлеп келді. 2005 жылдың қаңтар айынан бастап 66% және 34% жаңа бюджеттік есеп құрылымы күшіне енді. Осыған орай, Қазақстанның жарналық есебі 16% болып бекітіліп (ЭЫҰ құрушы мемлекеттерден кейін төртінші орында тұр). ЭЫҰ Хатшылығының төрағасын Министрлер Кеңесі үш жылдық мерзімге ЭЫҰ Хатшылығының бекіткен штаттық ережесіне сәйкес, екінші кезеңге тағайындалуға мүмкіндігі шектеулі болып Бас хатшылыққа тағайындалады. Бас Хатшы ұйымның негізгі басшысы болып есептеліп, Министрлер Кеңесінің алдында Ұйымның қызметі туралы толықтай жауапты және Елшінің мәртебесімен тең тұлға болып есептеледі. Кеңестің барлық отырысына қатысып өзіне жүктелген тапсырманың барлығын орындауға тиіс. Қазіргі уақытта, ЭЫҰ Бас Хатшысы болып 2006 жылы мамырда Баку қаласында СІМ 16-шы Кеңесінде Пәкістандық Өкіл Хуршед Анвар тағайындалды. ЭЫҰ Хатшылығының Халықаралық штаттық құрамы Бас Хатшы, Бас Хатшының үш орынбасары, алты басшы (директор), басшылардың үш көмекшілері, басқа да мамандар және әкімшілік – техникалық бөлімнің мамандарынан тұрады. Мамандарды тағайындау Министрлер Кеңесінің бекіткен рәсіміне сейкес штаттық ережеге сәйкес тағайындалады. Барлық мамандар халықаралық дәрежедегі шенеулік болып есептеледі және өзінің жалақысы мен жәрдемақысын Министрлер Кеңесінің бекіткен заңына сәйкес Хатшылықтың бюджетінен алады. Қызметі. Ұйым шеңберінде тағы да алты аймақтық институт құру туралы құжатқа қол қойылды: сауда және даму банкі (құрылу алдында тұр), қайта сақтандыру компаниясы (қызметте жоқ), Суда тасымалдау, әуе жолы компаниясы (аталған жобаны болашақта мақсаиқа сай еместігін туралы шешім қабалдаған), Сауда-өнеркәсіп палатасы, сақтандыру туралы колледж және мамандандырылған үш агенттік: Мәдениет институты, Ғылыми фонд (қызметте жоқ) және Білім институты (қызметте жоқ). 2005 жылы ЭЫҰ Министрлер Кеңесінің шешімімен Астанаға аймақтық институт және Инженерлік-Консалитингілік компаниясы статусын берді. 1999 жылдан бастап Хатшылықта ЭЫҰ аймағындағы заңсыз есірткіні тасымалдауды бақылау Үйлестіруші ұйымы құрылды. Ынтымақтастықтың ұстанымы. 2007 жылы ЭЫҰ аймағында тауар айналым 511.5 миллиард АҚШ долларға шықты, ал 2008 жылы 585.84 миллиард АҚШ долларына шықты. ЭЫҰ-на мүше – мемлекеттердің ішкі аймақтық тауар айналымы 2008 жылы 33 миллиард АҚШ долларына жетті, әлемдік тауар айналымның 6% құрайды. 2008 жылы шетелден келіп түскен инвестицияның жалпы көлемі 62.7 миллиард АҚШ доллары. Азиядағы Ынтымақтастық Диалогы. Азиялық Ынтымақтастық Диалогының (АЫД) идеясын Таиланд Премьер-Министрі Т.Шинаватра 2000 жылы қыркүйекте Манилада көтерді. АЫД –ны құру ресми түрде 2001 жылғы шілдеде Ханой қаласында АСЕАН Сыртқы істер министрлерінің 34-ші мәжілісінде қаралды. Басты бағыттары. Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары арасында АЫД бейресми және бейформалды диалог болып, оның ішінде олар әрдайым қажетті сұрақтар бойынша пікір алысады. АЫД-ға қатысушылардың ниеті, жалпы ортақ мәселені шешу жолындағы бірдей әдісті таңдауда өзара түсіністік ахуалын сақтау сияқты ең басты артықшылықтарға ие болып келетін АЫД, дамушы және алға ұмтылушы процесі болып есептелінеді. АЫД процесінде барлық мүшелерге тиісті жағдай жасау үшін әрбір ел өзінің қалауы бойынша ынтымақтасу саласын таңдайды. АЫД елдерінің Чаам министрлер мәжілісінде АЫД қызметінің екі, яғни: диалог және жоба бағыттар анықталады. Диалог АЫД –ға мүше елдер министрлерінің және басқа лауазымды тұлғаларының өзара әрекет жасауды қолдауға бағытталған. Тұрақты диалог өзара түсінісуді қолдаудың қажетті элементі ретінде қарастырылады. Жобалар ынтымақтастық саласындағы азиялық елдер мүддесіне бағынышты бола отырып, ерікті негізде үйлестірушілер немесе қосалқы үйлестірушілер болуды ұсынады. АЫД процесінің дамуы туралы ақпараттануды қамтамасыз ету, АЫД –ға мүше мемлекеттер арасында және АЫД-ның бас үйлестірушілері арасында консультациялар өткізу мақсатында Бангкокта тіркелінген АЫД –ға мүше мемлекеттер елшілерінің мәжілісі тұрақты түрде өткізіліп тұрады. АЫД-ға мүше елдер ынтымақтастықтың түрлі 19 саласында үйлестіруші немесе қосалқы үйлестіруші болуға шешім қабылдады. Қазақстан соның ішінде энергетика, көлік және ауыл шаруашылығы саласы бойынша қосалқы үйлестіруші ел болып табылады. Мүше елдер. Қазіргі уақытта, АЫД-ның құрамында 30 мүше мемлекет бар. 2003 жылы маусымда Чиангмайда АЫД-ның II кеңесінде, АЫД министрлері Қазақстан, Кувейт, Оман және Шри-Ланканы АЫД мүшелері ретінде қабылдауға келісті. Қазақстанның АЫД шеңберіндегі ынтымақтастығы. Осы уақыттан бастап Қазақстан Диалог жұмысына белсеңді қатысады. ҚР-ның өкілдері семинарлар, форумдар, АЫД жұмыс топтарының ынтымақтастықтың әр түрлі бағыттары бойынша кездесулер мен түрлі іс-шараларға қатысады. Сыртқы Істер министрлерінің кеңесі (СІМК) АЫД-ның маңызды іс-шарасы болып табылады. Қазақстандық делегациялар 2004 ж. 21-22 маусымда Циндаода (Қытай) АЫД СІМ-нің III-кеңесіне, 2005 ж. 5-6 сәуірде Исламабадта (Пәкістан) АЫД СІМ-нің IV-кеңесіне қатысты. Қаржылық ынтымақтастықты жандандыру үшін 2006 ж. 24-25 науырзда Бангкок (Тайланд) қаласында «Азиялық облигациялық нарық бойынша қаржылық ынтымақтастықты арттыру» атты жоғары денгейде семинар өтті. Аталған іс-шараға ҚР Қаржы министрлігінің өкілі қатысты. 2006 жылғы 23-24 мамырда Доха қаласында (Катар) АЫД-ның 5-ші Министрлер мәжілісі болды. Қазақстандық делегацияны ҚР-ның Сыртқы Істер министірі Қ.Тоқаев басқарды. АЫД-ның 5-ші Министрлік мәжілісі Өзбекстан мен Тәжікстанның АЫД-ға мүше болу өтініштерін оң шешті. Баста айтылған шараларда, АЫД сыртқы саяси ведомстволардың басшылары қатысқан мәжілісте АЫД құрамының қызметтестігіне 9 сала кірді (ауыл шаруашылық, электрондық білім алу, энергетика, экологиялық білім алу, қаржы, цифрлы технология бойынша ынтымақтастық, табиғат апаты бойынша, туризм және кедейшілікпен күрес). Министрлер басты үйлестірушілерді барлық бағыттағы қызметтестіктерде кездесулерді өткізу және болатын шараларды жоспарлап, кепілдемелерді әзірлеуге шақырды. Қ.Тоқаев өзінің баяндамасында Азия құрлығының орнықты дамуын қамтамасыз етуге Қазақстан тиесілі үлес қосуға әзір екендігін білдірді, сондай-ақ энергетика, ауыл шаруашылығы және көлік салаларындағы бұдан әрі өзара тығыз ықпалдасуға жету үшін Қазақстан Үкіметінің қолға алып жатқан нақты қадамдары туралы қатысушыларға хабарлады. Министр Энергетикалық қауіпсіздік мәселесі бойынша 2006 жылғы қазанда Алматыда өтетін семинар туралы хабардар етті. АЫД–ның келесі 6-шы Министрлік мәжілісін қатысушылар 2007 жылы Корея Республикасында өткізу жөнінде келісімге келді. Қазақстан тарапының ұсынысы бойынша АЫД-ның 7-ші Министрлік мәжілісі 2008 жылы Қазақстанда өтетін болды. Сонымен қатар, СІМ-нің V-кеңесінің қатысушылары 2007 жылы Қазақстанда АЫД-ның келесі Энергетикалық форумын өткізу туралы Қазақстан Республикасының ұсынысымен келісті. Жүгері. Еуропалықтар Оңтістік Американы ашқан кезде «манс» деп аталатын, осы күнгі жүгері дақылдарын кездестірген. Оның алғашқы өкілін Еуропаға Христофор Колумб әкелген. Бұл данасын Х.Колумб испан короліне сыйға тартады. Ал біздің жүгерінің алғаш орныққан жері Молдавия болған. Дала ауылына кең таралуына оның мол өнім, көк балаусаны аса көп беруі де себепші болды. Бір жылдық астық тұқымдас жылылықты сүйетін өсімдік. Дара жынысты, бір үйлі өсімдік. Жүгері 12-140 С-та қаулап өседі. Аталық гүлшоғыры – собық. Тамыр жүйесі – шашақ, қосалқы тамырлары болады. В,Е дәрімендері, техникалық май, линолеум, желім, жасанды жібек алынады. Азот, фосфор тыңайтқыштары қажет. Мәдени өсіру үшін сұрыпталатын экзотикалық жүгері түрлері Әлемдегі өндіріс. Әлем бойынша 2005 жылғы өндіріс Тары. Тары – жылу сүйгіш өсімдік, құрғақшылыққа төзімді. Гүлдері сыпыртқы гүлшоғырына жиналған, гүлі – қос жынысты. өздігінен тозаңданады. Сабан сабақты, шашақ тамырлы, қатар жүйкелі жапырақты. Отаны – Қытай. Тары жармалық дақыл ретінде өсіріледі. Ислам Конференциясы Ұйымы. Ислам конференциясы ұйымы (ИКҰ) 1969 жылы 25 қыркүйекте мұсылман мемлекеттерінің бастамасымен құрылған. Бүгінгі таңда 57 ел мүше, жалпы халық саны 1,2 миллиардқа жетіп отыр. Ұйымға Ресей, Босния және Герцеговина, Тайланд бақылаушы ретінде қатысады. Ұйымның штаб-пәтері Сауд Арабиясының Джидда қаласында орналасқан. ИҚҰ-ның басшысы – Бас хатшы, ал атқарушы органы – Бас хатшылық деп аталады. Бас хатшыны мүше елдер Сыртқы министрлер конференциясында бір мәрте 4 жылға сайлайды. Ұйым жанынан ашылып, дербес жұмыс істейтін төмендегідей органдар мен құрылымдар бар. Олар Ислам даму банкі, Ислам жаңалықтары агенттігі, Экономика және мәдени мәселелер жөнінде ислам комиссиясы, Иерусалим қоры, Ислам астаналары ұйымы, Ислам ғылыми-техникалық даму қоры және тағы басқалар. Тарихи шолу. ИКҰ-ның пайда болуының негізінде діни оқиға жатқанын естен шығармағанымыз абзал. Израильдің сионистік топтары Ислам әліміндегі ең қасиетті саналатын Әл-Акса мешітін өртеп жібергеннен кейін, осындай шектен шыққан оқиғалардың алдын алу үшін Ислам конференциясы ұйымы құрылғаны белгілі. Қазіргі таңда ұйымның құрамында Ислам даму банкі мен Ислам білім беру ұйымдарының жұмысы жемісті болып тұр. Ал саяси мәселелердің түйінін тарқатуға ұйымның мүмкіндігі болмауда. Ислам елдері конференциясы ұйымының қанат жаюына Батыс елдері мүдделі емес. Мәселен, Мысыр кезінде Араб әлемін айрандай ұйытатын мүмкіндікке ие болды. Өкінішке орай, олар Израильмен соғыста жеңіліп, Израиль мен АҚШ-тың құпия келісімін қабылдауға мәжбүр болғанын бәріміз білеміз. Осыдан кейін Мысыр мен өзге Араб елдері арасында салқындық пайда болғаны белгілі. Бүгінде Араб елдері арасында Израильдің тек Мысырмен ғана дипломатиялық байланысы орнаған Мүше елдер. ИҚҰ-ға 57 мемлекет мүше, 5 мемлекет бақылаушы дәрежесіне ие Қазақстанның ИҚҰ шеңберіндегі ынтымақтастығы. Қазақстан 1995 жылы Ислам Конференциясы Ұйымының мүшелігіне қабылданды. Ислам әлемімен белсенді ықпалдастық - Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі. Өз жағынан Ислам әлемі Қазақстанды мұсұлман қоғамдастығының ажырамас мүшесі ретінде қарастырады. ИҚҰ-ның қатарына енгеннен кейін Қазақстан Бас хатшылықпен, субсидиялық мүшелермен және Ұйым институттарымен қарым-қатынасын тұрақты дамытуға тырысуда. Қазақстан делегациялары ИҚҰ-ның барлық ірі шараларына қатысты, олар: (1997 ж. желтоқсанда Тегеранда (Иран) өткен ИҚҰ-ның 8-ші Саммиті, 2000ж қарашада Доха (Катар) қаласында ИҚҰ-ның 9-ші Саммиті және 2003 ж.қазанда Путраджайяда (Малайзия) 10-ші Саммит), Сыртқы Істер министірледің мәслихаттары (24-ші СІММ-нен Джакартада (Индонезия) 1996 ж. желтоқсанда өткен 33-ші СІММ-ге Бакуда (Әзербайжан) 2006 ж. маусымға дейін), осыған қоса әржылдық үйлестіру СІММ БҰҰ-ның Бас ассамблеяның жұмыс барасында. Қазақстанның мұсылман елдерімен қарым катынастарын арттыру еліміздің ұзақ мерзімді мүдделерімен қатар, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылғы 1 мамырдағы жолдауына сәйкес келеді. Қазақстан полиэтникалық және көпконфессионалдық ел бола отырып, өркениеттер мен діндер арасындағы диалогті дамытуға бағытталған глобалдық процесті толығымен жақтайды. Сондықтан, Қазақстанның ИКҰ жұмысына басқа да ірі аймақтық және глобалдық ұйымдармен қатар, белсенді қатысуы, қазіргі таңда үлкен маңызға ие. ИКҰ шеңберінде мәдениеттердің жақындасуы және өркениет диалогы дамуы мәселелерінің артуына байланысты Қазақстанның әлемдік және дәстүрлі діндердің жиналысын шақыру туралы бастамасына қолдау көрсету жөніндегі 2005 ж. маусымда ИКҰ-ның СІМ 32-кеңесінің резолюциясын қабылдау жұмыстары атқарылды. Салық. Салықтар – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер. Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық санат. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай – ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді. «Салық»ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оның құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды. Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір күрделі үлгілері болуы мүмкін. Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрлі қағидаттар бойынша жіктеледі. Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады.Мемлекет құрылымының өзгеруі,өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады. Әр бір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту,тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланылады. Салықтардың мәнін толық түсіну үшін,олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты. Салықтар қызметтері. Жоғарыда көрсетілген негізгі функциялармен қатар салықтардың ынталандыру, бақылау функцияларын атап кетуге болады. "Реттеушілік қызметі" – салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызмет арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни салықтар реттеу жүзеге асырылады. Салықтық реттеудің ең басты мақсаты - өндірістің дамуына ықпал ету. Салық түрлері,салық салу әдістері салықтық реттеудің тетіктері болып саналады. Салықтардың екінші қызметі – "фискалдық немесе бюджеттік қызметі". Бұл қызметі (функциясы) арқылы мемлекеттік бюджеттік кіріс бөлімі құрылып, салықтардың қоғамдық міндеті артады. Себебі, салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери – қорғаныс, тағы басқа да шаралардың іске асуын қамтамасыз етеді. "Қайта бөлу" қызметі арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлшегі мемлекет пайдасына өтеді. Бұл қызметтің іс - әрекетінің көлемі ішкі жалпы өнімді салықтардың алатын үлес салмағы арқылы анықтайды. Соңғы жылдардағы мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасының ішкі өнімдегі салықтардың үлес салмағы 40 проценттен көбірек болып отыр. Бұл экономикасы дамыған басқа елдерден әлдеқайда жоғары. Еліміздегі мемлекет мүддесі үшін қаржы көздерін орталықтандырудың бір айғағы осы. Мемлекет мына жоғарыда көрсетілген салықтардың қызметін (функциясын) пайдалана отырып елдің салық жүйесін анықтайды. Салық механизмінің қызмет ету жолдарын белгілейді, жалпы экономикалық саясатты негізге ала отырып салық саясатын анықтайды. Салықтардың әлеуметтік – экономикалық мәнімен мазмұны олар қарайтын функциаларда толық ашыла түседі. Кәзіргі кезде салықтар фискалдық, реттеуші және қайта бөлу сияқты негізгі үш функияны орындайды. Олардың әр қайсысы – осы қаржы санаттың ішкі қасиетін, белгілерімен ерекшеліктерін білдіреді. Фискалдық функция барлық мемлекеттерге тән негізгі функция. Оның көмегімен бюджеттік қор қалыптасады. Мұның өзі салықтардың қоғамдық міндеттерін арттыра түседі. Өйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің кірістерін толтыра отырып, экономиканы, әлеуметтік – мәдени шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Салықтардың реттеуші функциясы мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғаюымен байланысты пайда болады. Ол халық шаруашылығының дамуына қабылдаған бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді. Бұл кезде салықтардың нысандарын таңдау ставкаларының алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктерімен шегермелер пайдаланады. Бұл реттегіштер қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымына, қордалану мен тұтыну ауқыбына ықпал етеді. Қайта бөлу функциясы арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекет қарамағына өтеді. Бұл функцияның іс-әрекетінің көлемі ішкі жалпы өнімде салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады. Соңғы жылдары Қазахстанда ішкі жалпы өнімдегі салықтар үлесінің төмендеу тенденциясы орын алып отыр. Егер 1997 жылы ішкі жалпы өнімдегі олардың үлесі 19,7пайыз болса, 1998 жылы ол 16,6 пайызға,2000 жылы-22,6 пайыз,2001 жылы - 22,2 пайыз болды (салыстыру үшін: Украинада – 29 пайыз, Ресейде – 33,3 пайыз). Салық салу объектілерін есепке алу және оларды бағалау тәсілдеріне қарай салық алудың мынадай төрт әдісі қолданылады: кадастырлык, салық төлеушінің декларациясы бойынша, табысты алу көзінен ұстап қалу, патенттік негізде. Салық жүйесі және салық саясаты. Мемлекеттік "салық салу саясаты"- салық саласындағы шаралар жүйесін қоғамның оның нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік- экономикалық мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізеді. Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының негізгі бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты - салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру. "Салық жүйесі" - өзінің құрамы жағынан бірнеше компоненттерден тұратын күрделі модель. Салық жүйесі компоненттерінің құрамы мынадай: қаржы қатынастары және осы қатынасты анықтайтын салықтар; салық механизмі, яғни салық салу әдістері мен жолдары; нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар; салық салуды басқару және салық қызметі органдары. Салық салудың әдістері мен жолдары, нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар, салық салуды ұйымдастыру, салық салудың негізгі принциптері және т.б-лар салық механизміне жатады. Салық жүйесінің жақсыда, тиімді қызмет істеуіне салық салу механизмінің тигізер ықпалы өте зор. Енді осы салық жүйесінің құрамы мен салық салу механизміне кеңірек тоқталайық. Қандай да бір механизмінің құрамында бірнеше тетіктер және элементтер болады. Салық салу механизмі де сол сияқты белгілі бір салық элементтерінен құралады. Салық салу элементтері. Салық салу элементтері мыналар: Субъект, объект, салық көзі, салық ставкасы, салық өлшем бірлігі салық оклады, салық жеңілдіктері, салық төлеу мерзімі мен тәртібі, салық төлеушінің және салық қызметі органдарының құқы мен міндеттері, - салықтың төлеуін бақылау, салықтық жазалау шаралары. - салық заңдарының орындалуын қамтамасыз ету, оның тиімділігін зерделеу; - заңдардың, салық салу мәселелері жөнінде басқа мемлекеттермен жасалатын шарттардың жобаларын әзірлеуге қатысу; - салық төлеушілерге олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, салық заңдары мен салық салу жөніндегі нормативті актілердегі өзгерістер туралы салық төлеушілерге уақтылы хабарлап отыру. Қазақстандағы салық жүйесі. 1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекетті реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылданған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты. 1991 жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгіленген алғашқы құжат еді.Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылға қаңтардың 1-нен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық,18 жергілікті салықтар мен алымдар енгізді. Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу қағидаттарына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты «Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы»1995 жылғы сәуірдің 24-інде Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Енді бұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны небәрі 11 болып қалды. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы сәуірдің 24-індегі заң күші бар жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 16-сындағы № 440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және Қазақстан Республикасының заңдарымен бұл заңға өзгертулер мен толықтырулар еңгізіледі. Қазақстан Республикасы Конституциясының 35 – бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің бұрышы әрі міндеті болып табылады, - жазылған. НАТО - Солтүстік Атлантикалық Келісім Ұйымы. Солтүстік атлантикалық келісім ұйымы, НА́ТО (ағыл. - North Atlantic Treaty Organization, NATO; фр. Organisation du traité de l'Atlantique Nord, OTAN) - әскери-саяси одақ. 1949 жылы 4 сәурде 12 мемлекет (АҚШ, Ұлыбритания, Франсия, Белгия, Нидерланды, Люксембург, Канада, Италия, Португалия, Норвегия, Дания, Исландия) қол қойған Солтүстік Атлантикалық келісімшарты негізінде құрылған. Кейінірек НАТО-ға басқа да еуропалық мемлекеттер кірді. Қазіргі таңда НАТО-ға 28 мемлекет мүше болуда. 1954 жылы Кеңес Одағы мүше болып кіруге сұранады, НАТО оған бас тартады. НАТО-ның негізгі мақсаты шартқа қатысушы мем­лекеттердің саяси ынтымақтастық және ұжымдық қорғаныс негі­зінде тәуелсіздікті, егемендікті жә­не демократиялық құрылымды сыртқы агрессиядан қорғау екен­дігі 1949 жылғы Вашингтон шартында жазылған, бұл ұстаным 1990 жылғы Лондон деклара­ция­сында қуатталған. Альянстың ір­гелі мақсаттарының қатарында со­ғыстың алдын алу мен тиімді қор­­ғанысты қамтамасыз етуге жеткілікті әскери мүмкіндіктерді ны­ғайту, шарт мүшелерінің қауіп­сіздігіне ықпал ететін дағдарыс­тарды еңсеру, басқа елдермен сая­си үнқатысуды жолға қою және еуропалық қауіпсіздік саласын­дағы ынтымақтастық жолдарын іздестіру аталады. НАТО құрылымы. НАТО-ның жоғарғы саяси органын Солтүстік Атланталық Кеңес (НАТО Кеңесі) атқарады. Кеңес барлық мүше елдердің өкілдерінен (елші лауазымдары ретінде) құрылып, бас хатшының басқаруымен 2 жылда бір өз мәжілісін өткізеді. НАТО сыртқы істер министрлері және мемлекет пен үкімет басшылары деңгейінде де отырыстарын өткізіп тұрады, әйтсе де бұл отырыстары сыртқы істер министрлері отырысындағыдай ғана дәрежесі бар. Кеңес шешімдерді бірдауыстан қабылдайды. Сессиялар арасындағы уақытта Кеңес функцияларын блоктың барлық мүшелері елші ретінде жіберген өкілдерінен тұратыен НАТО Тұрақты кеңесі атқарады. Жоғарғы әскери-саяси органы қызметін 1966 жылдан бері жылына екі рет қорғаныс министрлер деңгейінде бас қосатын, бірақ тұрақты өкілдерінен тұратын Әскери жоспарлау Комитеті атқарады. Сессия-аралық уақытта бұл комитет қызметін барлық мүше елдер елші дәрежесіндегі өкілдерінен тұратын Тұрақты әскери жоспарлау комитеті атқарады. НАТО-ның жоғарғы әскери органы - Әскери комитет. Жылына кем дегенде екі дүркін жиналып тұратын бұл Комитет мүше елдер бас штаб басшылары мен қарулы күштері жоқ Исландияның азаматтық өкілінен тұрады. Әскери комитет өзіне бағынышты екі аймақты қамтиды: Еуропа мен Атлантика. Еуропадағы жоғарғы басшылықты жоғарғы қолбасшы (әрқашан – американдық генерал) басқарады. Оның қол астына үш ұрыс алаңы басшылығы кіреді: Солтүстікеуропалық, Орталықеуропалық және Оңтүстікеуропалық. Сессияаралық уақыттта бұл комитет қызметін Тұрақты әскери комитет атқарады. НАТО негізгі органдарына әдетте жылына екі рет қорғаныс министрлері деңгейінде көбінше НАТО Кеңесі мәжілісі болар алдында жиналатын Ядролық жоспарлау тобы да кіреді, Исландияның өкілі болып бұл топта азаматтық байқаушы қатысады. НАТО ресми тілдері ретінде ағылшын мен франсуз тілдері пайдаланылады. Ұйымның штаб-пәтері Брюсселде (Белгия) орналасқан. ”Бейбітшілік үшін ынтымақтастық”. НАТО осы ұйымға кіруге ұмтылатын немесе осы ұйым саясатын қолдайтын бірқатар еуропалық мемлекеттермен “Бейбітшілік үшін ынтымақтастық ” деп аталатын келісімге қол қояды. Бұл бағдарлама мүшелері: Албания, Аустрия, Әзірбайжан, Әрменстан, Гүржістан, Ирландия, Қазақстан, Қырғызстан, Македония Республикасы,Өзбекстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Украина, Финландия, Хорватия, Швейцария, Швеция. НАТО және Қазақстан. Қазақстан Республикасы және НАТО арасындағы ынтымақтастық 1992 жылы біздің елімізге 1997 жылы Еуроатлантикалық әріптестік кеңесіне (ЕАӘК) болып қайта құрған, Солтүстік Атлантикалық ынтымақтастық кеңесіне кіруімізден басталады. ЕАӘК Қазақстанға НАТО-ға қатысушы мемлекеттерімен және еуразиялық әріптестік мемлекеттерімен халықаралық қауіпсіздіктің ең өзекті мәселелері жөніндегі нәтижелі сұхбатты жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының ЕАӘК-ның жыл сайынғы Сыртқы істер және қорғаныс министрлерінің кеңесіне қатысуы ынтымақтастықтың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Саяси сұхбатты және әскери ынтымақтастықты терендету мақсатында 1994 жылы 27 маусымда Қазақстан «Бейбітшілік үшін әріптестік» (БҮӘ) атты бағдарламасына қосылған болатын. 1994 жылдың қаңтар айында қауіпсіздікті және тұрақтылықты нығайту, НАТО және әрбір қатысушы мемлекеттердің арасындағы нақты әріптестікке қол жеткізуді мақсат ететін НАТО ұсынған «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасы кең ауқымды бастамашылық болып табылады. Бұл бағдарлама өте маңызды және қазіргі қауіпсіздікті құрудың ажырамас бөлігі болды. Қазақстанның ынтымақтастығы БҮӘ бағдарламасының шеңберінде НАТО-мен ықпалдастықтың кең көлемін қамтиды, оған сондай-ақ азаматтық төтенше жоспарлау, дағдарысқа қарсы реттеушілік, қарулы күштерге және қорғаныс құрылымдарына демократиялық бақылау жасау, қорғаныс саясаты және стратегиясы, әскери оқулар және әскери білім және т.б. енеді. Сұхбаттың тереңдеуіне екі жақты байланыстардың жоғары даму үрдісі куә. 2003 – 2004 жылдары НАТО Бас хатшысының көмекшілері Г.Альтенбург және Ж.Фурне, Директораттардың басшылары Я.Сконежка және Ф.Боланд, НАТО-ның Халықаралық әскери штабы басшысының көмекшісі, генерал-майор Ф.Яниз, сондай-ақ бейтарап сарапшы топтары Қазақстанға сапар жасаған болатын. 2005 жылдың наурыз және қазан айларында, 2006 жылдың шілде және қыркүйек айларында, 2007 жылдың ақпан, мамыр және қазан айларында, 2008 жылдың сәуір айында НАТО Бас хатшысының Орта Азиядағы және Кавказдағы Арнайы өкілі Р.Симмонстың ресми сапарлары болды. 2008 жылдың 9-12 маусымда НАТО-ның Парламенттік ассамблеясының (НАТО ПА) Президенті Ж.Лелло Қазақстанға алғашқы ресми сапары болды. 2008 жылғы 11 қыркүйекте ҚР Қорғаныс министрі Д.Ахметовтың шақыруымен НАТО Бас хатшысының орынбасары Клаудио Бисоньероның Қазақстанға алғашқы сапары өтті. 2008 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі Д.Әхметов басқарған қазақстан делегациясы Бухарестте өткен НАТО/СЕАП саммитіне қатысты. 2008 жылғы шілде айында Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен Солтүстік Атлантикалық Кеңес келесі СЕАП Қауіпсіздік форумын (Сыртқы істер министрлер деңгейіндегі бейресми кездесу) Қазақстанда 2009 жылғы 24-25 маусым кезеңінде өткізу туралы шешім қабылдады. Қауіпсіздік форумы Саммиттен кейінгі НАТО-ның ең үлкен іс-шарасы. 2004 жылдың қазан айында Алматы қаласында және 2006 жылдың желтоқсан айында Брюссель қаласында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың НАТО-ның Бас хатшысы Яап де Хооп Схеффермен болған кездесулері барысында күш-жігерді біріктіру және терроризммен, экстремизммен, есірткенің заңсыз айналымымен, сондай-ақ қару-жарақ контрабандасына қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты орнату жөнінде маңызды уағдаластықтарға қол жеткізілді. Осы бағыттағы бірлескен жұмыс 2006 жылғы 31 қаңтарда қабылданған Қазақстан және НАТО арасындағы Әріптестік іс-қимылы жөніндегі жеке жоспардың (ӘІЖЖ) шеңберінде іске асырылады. ӘІЖЖ-нің қабылдануы Қазақстанның НАТО-мен өзара қарым-қатынастарын сапалы жаңа деңгейге шығарады және Солтүстік Атлантикалық Альянсімен халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің ең өзекті мәселелері жөнінде жан жақты сұхбатты тереңдетуді жәрдемдесуге бағытталған. 2006 жылы ӘІЖЖ жүзеге асыру аясында Қазақстан мен НАТО сарапшыларының жүмыс кездесулері болып өтті. Альянспен сұхбатты нығайту үдерісіндегі маңызды оқиға Қазақтан Республикасы Парламентінің НАТО-ның Парламенттік Ассамблеясындағы (НАТО ПА) бақылаушы мәртебесін алуы болып табылады. Тиісті шешімді ҚР Парламентінің қос палатасының төрағалары жасаған өтініштерінен кейін 2004 жылғы 15 қарашада Парламенттік Ассамблеясының Тұрақты комитеті мәжілісінде қабылдаған болатын. 2008 жылғы 12-13 қараша кезеңінде Қазақстан Республикасының делегациясы Мемлекеттік хатшы Қ.Саудабаевтың басшылығымен Валенсия қаласында (Испания) өткен НАТО Парламенттік Ассамблеясы сессиясының жалпы отырысына қатысты. Мемлекеттік хатшы Қазақстанның ғаламдық және өңірлік қауіпсіздік мәселелеріне және НАТО-мен қарым-қатынасына көзқарасы туралы мәлімдеме жасады. 2008 жылғы 7-11 сәуір кезеңінде Астана және Алматы қалаларында екінші «НАТО мен Қазақстан әріптестігі аптасы» өтті. Оның шеңберінде ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының негізінде НАТО-ның депозитардық кітапханасын ашылуы болды. Қазақстан НАТО-ның Білім жөніндегі комитетінің барлық шағын бағдарламаларына қатысады. Бірлескен жобалар, ең әуелі, Семейдің, Арал теңізінің, ядролық қаруды таратпау режимін нығайту және биоқауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне бағытталған. «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасының шеңберінде төтенше азаматтық жоспарлаудың саласындағы ынтымақтастық дамуда. НАТО-ның әріптестері мен қатысушылары мамандандырылған құрылымдарының төтенше жағдайларды алдын алу және жоюдың ұлттық жүйесін жетілдіру, өртпен күресу, техногендік және табиғи апаттардың салдарын жою, азаматтық қорғаныс, босқындармен жұмыс істеу саласындағы тәжірибелері ерекше қызығушылық тудырады. АСЕАН, Оңтүстiк-Шығыс Азия Елдерiнің Ассоциациясы. AСЕАН (— Оңтүстiк-шығыс Азия елдерiнің ассоциациясы) — Оңтүстiк-шығыс Азияның 10 елi кіретін өңірлік саяси, мәдени әрі экономикалық ұйым. 1967 ж. тамыздың 8 Индонезия, Малайзия, Филиппиндер, Сингапур және Таиланд негізін қалаған. Ұйым мақсаты — экономикалық өсуді, әлеуметтік, мәдени дамуды жаңғырту, аймақта бейбітшілікті қамтамасыз ету. ЮНЕСКО, БҰҰ-ның Білім, Ғылым және Мәдениет жөнідегі Ұйымы. ЮНЕСКО (United Nations Educational, Scientific and Cultural Organization — "UNESCO") — Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі Ұйымы. Ұйым 1945 жылы 16 қарашада құрылды, штаб-пәтері Францияның Париж қаласында орналасқан. Ұйым құрамына әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан 67 бюро мен бөлімшелер кіреді. ЮНЕСКО қаулысы Лондон конференциясында 1945 жыл қарашасында қабылданып 1946 жыл 4-ші қарашасында, қабылдауы туралы қол қойған 20 мемлекет актілерін сақтауға өткізгеннен кейін күшіне енеді. Бүгінгі күні Ұйымға 193 мемлекет мүше. 1972 жылы ЮНЕСКО 1975 жылы күшіне енген Бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұраларды қорғау конвенциясын қабылдайды, дәл қазір 184 елде бекітілген (КСРО — 1988 жылы). 1999 жылдан бастап ЮНЕСКО-ның бас директоры — Коитиро Мацура. 2005 жылы ол 4-жылдық мерзімге қайта сайланды. Мақсаты. ЮНЕСКО негізгі мақсаты — бейбітшілік пен қауіпсіздікті елдердің білім, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастығын БҰҰ Қаулысында айтылғандай жалпыға бірдей құрметпен қарап, әділеттілік пен заңдардың орындалуын, адам құқығы, әрі негізгі бостандықтар негізінде барлық елге, түрі-түсіне, жынысына, тілі мен дініне қарамастан қамтамасыз ету арқылы нығайту. Мүше елдер. 2009 жылдың қазан айына сәйкес ЮНЕСКО ұйымына 193 мемлекет мүше және 7 мемлекет серіктес мүше дәрежелеріне ие. ЭСКАТО, БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты өңіріне арналған Экономикалық және Әлеуметтік Комиссиясы. ЭСКАТО - (ағылшынша: United Nations Economic and Social Commission for Asia and the Pacific - ESCAP) Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия және Тынық мұхиты өңіріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы. Бұл мәртебелі комиссия 1947 жылы ЭКОСОС қарарына сәйкес Шанхай қаласында (Қытай) бекітілген еді. 1974 жылға дейін ол Азия мен Қиыр Шығысқа арналған экономикалық комиссия деп аталған. Комиссияның штаб-пәтері Бангкокта (Таиланд) орналасқан. ЭСКАТО-ға Азия мен Тынық мұхиты аймағындағы 53 мемлекет мүше болып табылады. Мақсаты. Құрылғанынан бастап ЭСКАТО ұйымға мүше-мемлекеттердің адамдар арасындағы әлеуметтік және экономикалық теңсіздікті түзетуге байланысты ынтымақтастығына ашық және тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған болатын. Өткен 60 жыл ішінде осы мақсатқа жету жолында күрделі жұмыстар атқарылды деп толық айта аламыз.Экономикалық реформалар Азия мен Тынық мұхиты өңірінің елдеріне ауқымды экономикалық дамудың негізгі тірегіне айналуына мүмкіндік берді. 2006 жылы осы өңірдегі елдердің экономикалық өсімі 8 пайызды құрап қана қоймай, әлемдегі ең жоғары өсім көрсеткішін көрсетті. Бұл экономикалық өсімді жаңа әлеуметтік проблемаларды шешуде, ЭСКАТО-ның жаһанданудың үш үрдісі барысында әлеуметтік стратегияны тиімді жүзеге асырды. ЭСКАТО шеңберіндегі Қазақстанның ынтымақтастығы. Қазақстан ЭСКАТО-ға 1992 жылдың 31 шілдесінде мүше болып қабылданды. 2007 жылдың 17-23 мамыр аралығында ЭСКАТО-ның 63-ші сессиясы Алматы қаласында өтті. Сессия ашылу салтанатында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөледі. ЭСКАТО-ның жыл сайынғы сессиясын Комиссия құрылуының мерекелі жылында Алматыда өткізу туралы біздің ұсынысымызды қабылдап, мүше-мемлекеттер елімізге зор құрмет көрсетті. Мұндай шешім ЭСКАТО-ның Орталық Азияға өз назарын аударуға деген әзірлігін де көрсетеді. Біздің өңірдің өскелең экономикалық және саяси рөлі көптеген факторларға байланысты болып отыр. Белсенді даму үстіндегі Орталық Азияның геосаяси және жаһандық энергетикалық рынок, Еуразияның елеулі бөлігіндегі қауіпсіздік пен тұрақтылық тұрғысынан стратегиялық мәні зор. Орталық Азиядағы табиғи ресурстардың байлығы көптеген мемлекеттер тарапынан осы өңірге деген жоғары қызығушылықты туғызып отыр. Өңір еуразиялық транзиттік дәліздердің тоғысында орналасқан, ауқымды көлік-коммуникациялық желілері бар және жеткілікті игерілмеген жаңа рынок болып табылады" - деді Н.Назарбаев. Осы жиында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мунның жолдауын Бас хатшының экономикалық және әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары Хосе Антонио Окампо жеткізді. Жолдауда аталған беделді комиссияның құрылғанына биыл 60 жыл толып отырғаны, осы уақыт аралығында ЭСКАТО Азия және Тынық мұхиты аймағындағы барша халықтардың тұрмыс жағдайын жақсарту жолында өзіне мүше мемлекеттермен тығыз ынтымақтастықта жұмыс атқарып, комиссия мәжілістері аймақтағы барлық елдердің бір жерде жиналып, ортақ мүдделерді қозғайтын мәселелерді талқылауға, келешекке бағытталған шешімдер бойынша келісімге келуге және аймақтың алдында тұрған қиыншылықтарды жеңу үшін ынтымақтастыққа қол жеткізуге мүмкіндік беретін бірде-бір пікірталас орнына айналғаны атап көрсетілген. БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – ЭСКАТО атқарушы хатшысы Ким Хак-Су комиссияның мәжілісі тұңғыш рет Орталық Азияда, әлемнің ең көне өркениеттері мен Шығыс пен Батыс, Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы сауда жолдары тоғысқан көркем Қазақстанда өткізіліп отыр дей келе, комиссияның мерейтойлық мәжілісін Алматыда өткізу мүмкіндігін ұсынғандығы үшін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа шексіз алғысын білдірді. Ол Қазақстанның қарқынды экономикалық дамуды қамтамасыз етуде және мығым әлеуметтік институттары бар түбегейлі жаңа экономикалық жүйесін қалыптастыруда орасан зор жетістіктерге ие екенін жақсы білетінін айтты. Қазақстанның даму стратегиясын баяндайтын Президенттің “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты жылдық Жолдауы әлемдік саясат пен экономиканы жақсы білетін адамдарға қатты әсер еткенін, бұл мақсат Қазақстанды экономикалық дамудың “аймақтық локомотивіне” және аймақтық ынтымақтастық сахнасындағы, сондай-ақ дамыған Азия-Тынық мұхиты елдерінің қатарына қосылуда сенімді әрі табысты әріптеске айналдыруды сезіндіретінін жеткізді. Кезінде Қазақстан Президентінің Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия мемлекеттеріне арналған Арнайы бағдарламасын ұсынғанын да еске салды. Бұл бағдарламаға әуелгіде Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан, кейін оған Түркіменстан, Әзірбайжан және Ауғанстан қосылған болатын. Бұл бағдарламаға мүше мемлекеттердің экономикалық даму мүмкіндіктері Азия мен Тынық мұхиты елдерінің экономикалық серпінділігімен және шапшаңдауымен арадағы байланысты нығайту арқылы кеңейте алатыны түсінікті. Ким Хак-Су дүние жүзіндегі халықтың 60 пайызы Азия-Тынық мұхиты аймағында тұрады, соңғы 20 жылдың ішінде әлеуметтік және экономикалық дамуында үлкен жетістіктер болды. Алайда бұл жалпы ілгерілеушілік үлкен теңсіздік пен терең қарама-қарсылықтарды көзден таса ете алмайды, деді. Жүздеген миллион адам кедейшіліктен бас көтерсе де бұл аймақтағы әрбір үшінші адам шегіне жеткен қайыршылықта күн кешіп отыр. Кедейшілікпен күрес жүргізу үшін, атап айтқанда, денсаулық сақтау жүйесін жақсарту өте маңызды. Әлемдегі барлық ана өлімдерінің тең жартысы әлі күнге дейін осы аймақтың үлесіне тиеді. Сондықтан да биыл 2015 жылға қарай әртүрлі міндеттерді орындау көзделген Мыңжылдық даму мақсаттарына жету жолындағы атқарылған жұмыс нәтижелеріне сын көзбен қарауда белорта кезең болып табылады. Азия мен Тынық мұхиты аймағының өңірлік ынтымақтастықты арттырудағы басым салаларын барынша тиімді түрде қарастыру біраз мәселелер бойынша мәнді әрі мазмұнды пікірталастарға арқау болуы керек деген ой түйіндеді. Министрлер кеңесінің ашылуы жиынында ҚР Сыртқы істер министрі Марат Тәжин БҰҰ ЭСКАТО 63-ші сессиясының төрағасы болып сайланды. Латын жазуы. Латын әліпбиі дүние жүзіне кең тараған әліпбидің бірі.Грек әліпбиінен бастау алады.Латын альфавитінің шығуы біздің заманымыздан бұрыңғы VII ғасырдан басталады.Бұл әліпби алғашында оңнан солға қарай жазылған,одан кейін керісінше солдан оңға қарай жазылып,жазу бағыты тұрақсыз болып, үнемі өзгеріп отырған. Австралия Одағы. Австралия, ресми атауы - Австралия Одағы (ағылшынша 'Commonwealth of Australia' - латын тіліндегі "australis - оңтүстік" деген сөзінен шыққан) - Австралия материгі мен Тасмания аралында және көптеген кішігірім аралдарында орналасқан мемлекет. Жер аумағы - 7 686 850 км², осы көрсеткіш бойынша дүниежүзінде алтыншы орынға ие. Австралия Одағы Шығыс Тимор, Индонезия Республикасы, Папуа Жаңа Гвинея, Вануату, Жаңа Каледония, Соломон Аралдары, және Жаңа Зеландия елдерімен теңіз арқылы шектеседі. Австралияның астанасы – Канберра қаласы. Ірі қалалары - Сидней, Мельбурн, Халқының саны 21 миллион аддам. Халқы. 2007 жылдың 1 шілдесіне сәйкес Австралия халқының саны 20 001 546 адам болған. Австралияның негізгі хал­қы Еуропадан, Америкадан қоныс аударған ағыл­шын тілділер, оларды австралиялықтар деп то­лық айтуға болады, өздеріне тән құн­ды­лықтары, өмір салты, мінез-құлқы, мәдениеті қа­лыптасқан. ХХ ғасырдың 70-жыл­дары демографиялық дағдарыс және эко­но­миканың дамуы шетелдің жұмыс күшін пай­далануды талап етті. Австралияға ағылып араб­т­ар, вьетнамдықтар, қытайлықтар, басқалар қоныс аудара бастады. Оларға қойылатын басты талап – Конс­титуцияны мойындау, ағылшын тілінде сөйлеу. Қоныс аударушылардың мәсе­ле­леріне бай­ланысты мемлекет қыруар қаржы бөлді: ұлттық тілдерде кітапхана, мектеп, БАҚ жұмыс істеді. Бүгін Австралияда радио 68 тілде, теледидар 60 тілде хабар таратады. Бұл аздық етіп, диаспораларға парламентте, үкіметте, оқу орын­дарында квота бөлінді, диаспора кәсіпкерлеріне салықтардан жеңілдік берілді. Әкімшілік-территориялық құрылымы. Австралия алты штатқа, екі материктік және көптеген басқа да кішкентай территорияларға бөлінеді. Әр штаттың және материктік территорияның өз заңшығарушы органдары (Парламент) бар. Солтүстік территориясыда, Австралияның астаналық территориясында және Квинсленд штатында бірпалаталық ал қалған штаттарында екіпалаталық Парламенттері бар. Төменгі палата - Заңшығарушы Ассамблеясы (Оңтүстік Австралия және Тасмания штаттарында - Заңшығарушы жиын) деп ал жоғарғы палата - Заңшығарушы Кеңес деп аталады. Штат басшылары - Премьер ал территория басшылары - Бас министр деген атақтарына ие. Штат пен территория статустарының бас айырмашылығы - федералдық Парламент, территория Парламенттерінің кез келген шешімін өзгертуге немесе күшін жоюға құқы бар. Ал штат Парламенттерінің шешімдерін тек қана мемлекет Конституциясының 51 тармағына сәйкес келсе ғана өзгерте алады. Қалған жағдайларда штат Парламенттерінің қабылданған шешімдері өз күштерінде қала береді. Тарихы. a> Австралия материгінің жағалауын Endeavour кемесімен зерттеген Ұлыбритания американдық колонияларынан айырылып қалған соң, олар Австралияны айдалып келген қылмаскерлердің колониясы ретніде пайдалана байстайды. Австралияның қазіргі кездегі көптеген ірі қалалары (Сидней, Порт Филипп, Брисбен) осы айдалып келген қылмыскерлердің колониялары ретінде қаланған. 1828 жылғы халық санауы бойынша Жаңа Оңтүстік Уэльс штаты халқының тең жартысы қылмыскерлер болған. 1901 жылдың 1-ші қаңтарында доминион құқығы бар Австралия федерациясы құрылады. 1931 жылы қабылданған (1942 жылы бекітілген) Вестминстерлік статутқа сәйкес Австралия мен Ұлыбритания арасындағы жалғыс конституциялық байланысы ретінде британдық монарх болып қалады. Австралия де-факто тәуелсіз мемлекетке айналады. Мемлекеттік құрылымы. Австралия Одағы Достастық Корольдігіне кіретін мемлекет. 1931 жылы қабылданған Вестминстерлік статутқа сәйкес Австралияның басшысы ретінде Ұлыбританияның монархы болуда. Алайда іс-жүзінде Австралия тәуелсіз мемлекет ретінде есептелуде. Парламенті. Австралия Парламенті екі палатадан тұрады: жоғарғысы - Сенат, төменгісі - Өкілдер Палатасы. Сенатта - 76 сенатор ал Өкілдер палатасында - 150 депутат бар. Өкілдер палатасына депутаттар бірмандаттық округтар арқылы 3 жылға сайланады. Парламентте әр штаттың кемінде 5 депутат өкілдері болуы тиіс. Сенаторлар партиялық тизім бойынша 6 жылға сайланады. Әр штаттың 12 сенатор және әр территорияның 2 сенатор өкілдері бар. Жетекші саяси партиялары. Австралияның Лейбористік Партиясы (Australian Labor Party) (1891 жылы құрылған), Австралияның Либералдық Партиясы (Liberal Party of Australia) (1944) және Австралияның Ұлттық Партиясы (National Party of Australia) (1916). Либералдық және Ұлттық партияларының коалициясы 1996 мен 2007 жылдар аралығында үкіметті басқарды және 2004 жылдан бастап Сенаттыда бақылауға алған. Дегенмен 2007 жылы өткен парламенттік сайлауда, төменгі палатада көпшілік дауысты Лейбористер партиясы жеңіп алды. Сонымен қатар олар елдің бүкіл штаттардың мен территориялардың Парлменттерінде көпшілік дауысқа ие. Сазан. Саза́н (латынша Cyprinus carpio) - балық. Қақпашы. Қақпашы () - футболда ойын қақпасын қорғайтын ойыншысы. Жартылай қорғаушы. Жартылай қорғаушы, футбол ойыншының позициялардың бірі. Шабуылшы. Шабуылшы, немесе форвард, футбол ойыншының позициялардың бірі. Австрия Республикасы. Австрия, Австрия Республикасы () - Eуропада oрналысқан ел. Солтүстігінде Чехия және Германиямен, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында Словения, Венгрия және Италиямен, батысында Швейцариямен шектеседі. Австрияда Моцарт, Бетховен, Шуберт, Штраус сынды атақты композиторлар тұрып, еңбек еткен. Австриялақтардың ұлттық әуендері – Вена вальстері мен иодли әндері. Австрияға жылына жергілікті халық санына жуық, яғни 7 млн. шетелдік туристер келіп қайтады. Ел жалауындағы екі қызыл белдік - мемлекеттің азаттығы үшін күрескен ерлі азаматтарының қанын бейнелейді. Ту ортасындағы ақ белдік - Дунай өзенінің белгісі. Жағрапиясы. Жерін шығыстан бастысқа қарай созылған Альп тау жоталары алып жатыр. Оның қарлы шыңдарынан жүздеген тау өзендері мен сарқырамалар бас алады. Олардың бірталайының бойына су станциялары салынған. Тау беткейлерін орман, негізінен шырша мен май қарағай жапқан. Одан жоғарыда жайқалған тау шалғыны созылып жатыр. Өзен аңғарларының климаты қоныржай жылы әрі жұмсақ. Ежелгі өзендердің ішінде кеме жүзуге жарайтын жалғыз Дунай ғана. Тарихы. Австрия атауы алғашқы рет 996 ж. 1 қарашада жазылған құжатта кездеседі. 1156 жылдан бастап Австрия — «Қасиетті Рим империясы» құрамындағы герцогтық. 13 ғасырдың соңынан онда Габсбургтер әулеті билік жүргізді, 1453 жылдан — эрцгерцогтық. 18 ғасыр Габсбургтер Бельгияны, Италияны, поляк, украин жерлеріні4 біразын өзіне қаратты. 17—18 ғасырларда Австрия монархиясы Түркиямен, Франциямен, Пруссиямен болған соғыстарға қатысты. 1804 жылдан Габсбургтер империясы болып аталды. 1859 ж. Франция мен Италияга қарсы соғыста Ломбардиядан айырылды. 1866 ж. Пруссияға қарсы соғыста жеңіліс тапты. 1156 — Австрия Бавариядан шығып тәуелсіз мемлекет болады 1526 — Австрия Хорватияны басып алады 1687 — Венгрия мен Трансильвания Австрияға кіреді 1772 — Австрия Галиция аумағын өзіне қосады 1804—1867 — Австрия Империясы 1867—1918 — Австрия—Венгрия монархиясы құрылды. 1-дүн. жүз. соғыста Австрия—Венгрия Германияның басты одақтасы болды. Австрия—Венгрия монархиясы ыдырағаннан кейін 1918 ж. карашада Австрия республикасы құрылды. 1938 ж. наурызда герман әскерлері Австрияға басып кіріп, Алманияға қосып алды (аншлюс). Австрияның фашистер үстемдік еткен 7 жылы оның тарихындағы ең қаралы кезең болды. Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарында Австрия Гитлер армиясы қарулы шабуылының алғашқы құрбандарының бірі болды. 1943 ж. Мәскеуде КСРО, Ұлыбритания, АҚШ Сыртқы істер министрлерінің кеңесінде қабылданган декларация бойынша Германияның Австрияны қосып алуы заңсыз деп танылды. 1945 ж. наурызда Кеңес әскерлері Австрия шекарасынан өтіп, 13 сәуірде Венаны азат етті. Бірақ Австрия бірден тәуелсіз мемлекет бола алмады. Бірнеше жыл бойы ол Франция, АҚШ, Ұлыбритания және КСРО арасында 4 оккупациялық аймаққа бөлінген қалпында кала берді. 1945 ж. сәуірінде Кеңес Армиясы Венаны және елдің көпшілік бөлігін азат етті. 1955 ж. 15 мамырда Венада КСРО, АҚШ, Англия, Франция, Австрия мемлекеттерінің өкілдері Австрияның тәуелсіздігін қалпына келтіру туралы шартқа қол қойды. Австриядан шетел әскерлері шығарылды, сөйтіп ол қайтадан тәуелсіз ел болып, сол жылы қазан айында елдің парламенті Австрияның тұрақты бейтараптығы туралы конституциялық заң қабылдады, ал 1955 ж. желтоқсанда БҰҰ-ға мүше болып қабылданды. Австрияның сыртқы саясаты 1955 ж. 15 мамырдағы шартта көрсетілген міндеттемелер мен тұрақты бейтараптық мәртебесіне негізделген. 1996 жылдың 1 қаңтарынан Еуропалық Одаққа мүше болып кабылданды. 1992 ж. 19 ақпанда Қазақстан Республикасымен дипломатиялық қатынастар орнатты. Экономикасы. Австрия экономикасы нарықтық қатынастар негізінде дамыған индустриялы-аграрлы мемлекет. Ел эконикасына Германия Федеративтік Республикасы компанияларының ықпалы күшті. Дамушы өнеркәсіп салаларынан қара металлургия, алюминий өнеркәсібі, машина жасау (станоктар, транспорттық машиналар, электротех. бұйымдар), химия өнеркәсібі (азот тыңайтқышы, күкірт қышқылы, жасанды талшық, резеңке шығару), ағаш өндеу және целлюлоза-қағаз өнеркәсібі өркендеген. Әкімшілік құрылымы. Елдің Конституциясы бойынша Австрия 9 жерден (немісше - Bundesland) тұратын Федеративтік Республика. Діні. 2001 жылы өткен халықтық есепке сәйкес, Австрия халқының 73,6 % — католиктер, 4,7 % — лютерандықтар, 4,2 % - мұсылмандар, 2,2 % - православиялық християндар, 0,1 % - иудаизм дінін сенушілер; барлығы 12 конфессиялары тіркелген. Халықтың 12 % өздерін ешкандай дінге жатқызбайды. (1991 жылы олар халықтың 8,6 % құраған). Ауыл құдығы/былайғылар. Құрметті, уикипедиялықтар! сіздермен қалай байланысуға болады. Кері байланыс көрсетілмеген бе, әлде біз таба алмадық па? Редакцияларыңыздың электрондық мекен -жайын берсеңіздер екен. Сіздер шығарып отырған төте жазу нұсқасы сайт бетінде қате көрініп отыр. төте қаріптері ұйғыршаға бұрылып кеткен. оның себебі қаріптерді сіздің админ танымайды деген сөз. Бір қарағанда төте жазумен тұрған секілді көрінеді. бірақ төтені білетін, оқитын азаматтар оның мүлде қате екенін біледі. осы мәселе бойынша тілдессек деп едік. байланыс телефондарыңызды немесе электрондық мекенжайларыңызды мына е-майлға: ashb@rambler.ru жазып жіберсеңіздер екен. Су. Су – бұл шексіз теңіздер мен мұхиттар, ағысты өзендер және мөлдір көлдер. Дегенмен су тек қана көре алатын, ыстық күндері сүңгіп кететін су айдындарында ғана болмайды. Судың көлемді бөлігі адам көзінен тыс жер астында жасырынған. Бұндай су айдындары жер асты сулары деп аталады. Жер асты сулары өзінің ерекшелігі және құрылысы бойынша жер үстінде орналасқан судан ерекшеленеді. Жер асты сулары жерге жауатын жауындардан толықтырылады. Дегенмен бұндай толықтырулар біркелкі емес, өйткені көп жағдайда жергілікті жердің рельефінен, жауын түрінен, сондай-ақ жақсы өткізетін және суды ұстап тұра алатын топырақтан да байланысты болады, ол астыңғы қабатқа өту үшін жол бермеуі де мүмкін. Бұдан өзге, жер асты сулары өз қорын жер үсті су айдындары есебінен де толықтырады. Өз кезегінде жер асты сулары осындай су айдындарын өздері қоректендіреді. Жер астына түсіп су, әдетте, бір жерде жинақталмайды, өзінің орналасу заңдылығы болады. Солай су ерекше жоғарғы және төменгі қабатты ұйымдастырады. Төменгі қабатта судың ең кіші көлемі болады. Үлкен көлемді су жоғарғы қабат бойынша үйлестіріледі. Бұл жердің төменгі деңгейіне судың өтуі өте қиын, ал жоғарғысында – су жинақтала алатындығмен түсіндіріледі. Жоғарғы қабат әлі де үш деңгейден қалыптасады – жоғарғы, ортаңғы және төменгі, әрқайсысы өзінің суды өткізу ерекшелігімен сипатталады. Жоғарғы аймақта адам шаруашылықта қолданатын су жинақталады. Ортаңғы аймақта, әдеттегідей минералдық сулар орналасады. Ал төменгі, іс жүзінде су алмасу болмайтын аймақта жер үсті тұздығы деп аталатын көптеген құрауыштар мен элементтер ерітілген су болады. Жер асты сулары қандай қабатта жатқанына байланысты өз сипаттамасын өзгерте алады. Осыған байланысты жер асты суларының үш түрі белгілі. Бірінші түрі жетекші деп аталады. Бұл – жер үстіне ең жақын орналасқан сулар. Дегенмен жетекші жеткілікті тұрақты емес. Бұл қабаттан құрғақ ауа-райы кезінде су толық кетіп қалуы мүмкін, ал үздіксіз жауы-шашын нәтижесінде қайта пайда бола алады. Жетекші сулардан төмен топырақ сулары орналасады. Әдеттегідей, топырақ сулары шеткі, суға берік қабатта болады. Одан төмен ағынды сулар орналасады. Екінші атауы – артезиандық сулар. Бұл жер астының су қабаты аумақ рельефіне байланысты. Өмір бойына ластанған суға тап болған адам оны ішу үшін суды қандай тәсілмен сүзу керек екендігін ойластыра бастады. Бұдан шығу жолын судың өзі көрсетті. Судың жоғары температура кезінде буға айналу қасиеті бар. Осындай тәсілмен судың құрамында бар көптеген өзге бөлшектерден бөлу шешілді. Бұндай суды тазалау үрдісі дистиляция, ал құралдың өзі дистилятор деп аталды. Тазартылған су толық сүзілген сұйықтық болып саналады. Бұнда қоспалардың, тұздар мен қатты бөлшектердің ең аз мөлшері ғана бар. Дегенмен тазартылған суда қосымша құрауыштар толық жоқ деп айтуға болмайды. Судың өзге құрауыштармен тез өзара қарым-қатынасқа түсу қасиеті бар. Ал бұл суды дистиллятор арқылы айдағанда, осы металдар атомы ең кішкентай мөлшерде суға түсуі мүмкін. Дегенмен бұл судың таза болуына кедергі келтірмейді. Су жүз пайыз ешқандай қоспасыз болуы үшін суды деиондайтын арнайы қондырғылар пайдаланылады. Сондай-ақ өте таза суды дистиллятордан бірнеше рет өткізу арқылы да алуға болады. Солайша бидистиллят алынады. Дистилденген суды, әдеттегідей, өнеркәсіпке немесе медицинаға алады. Осылай тазартылған су негізінде кейбір дәрілер жасалады. Ал кішкентай электр өткізу қабілетінің арқасында дистиденген су өндірісте таптырмайтын зат. Дистелденген суды адам үшін тұрақты түрде қолдануға қатысты әр жақты пікірлер бар. Көптеген адамдар дистилденген су адам ағзасы үшін пайдалы емес, өйткені ол пайдалы құрауыштардан толық тазартылған деген пікірде. Дистилденген су ағзадан минералдық құрауыштар мен витаминдерді алып шыққандықтан денсаулыққа зиян келтіретіндігін куәландыру да жүргізілген. Дегенмен бұл ұйғарымдары даулауға және дистилденген суды қорғауға дайын адамдар да бар. Өйткені дистилденген судың зияндылығы туралы еш жерде ғылыми дәлелденген жоқ. Шындығында да ол өз құрамы бойынша ерекшеленеді, бірақ қарапайым сумен де минерал тапшылығын толықтыру қиын. Ал дистилденген су ең болмағанда ауру қоздырғыш бактериялардан сақтай алады. Қожанасыр. Қожанасыр – түркі халықтары арасына кең тараған күлдіргі әңгімелердің кейіпкері. Әңгімелерде Қ. бірде қу, бірде аңқау, бірде өткір тілді қалжыңбас бейнесінде сипатталады. Қ. туралы әңгімелер бүкіл Орта, Кіші және Алдыңғы Азия, Арабия, Грекия, Румыния, Сербия, Еділ бойы, Кавказ халықтары фольклорында Молла Насреддин, Қожа Насреддин, Насреддин әпенді деген аттармен кең тараған. Интернеттің іздеу технологиялары. Дүниежүзілік өрмекші торы бұл - миллиондаған текстілі, аудио, видео және мәліметтер іздеп табуға мүмкіндік беретін желі. Негізінен индекс бойынша іздеуге мүмкіндік береді. Қазіргі кезде Internet технологияның дамуымен Іздеу қызметтерін атқаратын сайттар пайда болды. Интернетте миллиондаған сайттар бар, соның ішінде өзекті ақпаратпен қоса көптеген ескі қорлар орналыстырылған. Интернет – белгілі бір басқарушысы жоқ демократиялық ақпарат көзі болып табылады. Кез келген адам желіге өзінің қорын орналастыра алады. Қорытындылап келгенде, интернетте ақпараттың қайталанбауына, оның стандартқа сай келуіне көп адамдар мән бере бермейді. Желіде барлығы бар екені белгілі, бірақ желіден қажетті ақпаратты алу қиын. Яғни, мәліметті табу үшін, оны жақсы іздей білу керек. Осы бөлімде интернет желісімен жұмыс істейтін іздеу аспаптары сипатталып, іздеу жүйесінің жұмыс механизмі түсіндірілген, іздеу оптимизациясына практикалық түсініктеме берілген. Интернетте ақпаратты іздеуге арналған мынадай әртүрлі аспаптар бар: іздеу машиналары (поисковиктер), индекстелген каталогтер (рубрикаторлар), рейтингілер, метаіздеуіш жүйелер және тематикалық сілтемелердің тізімі, онлайн энциклопедиялары мен анықтамалар. Осы кезде әр түрлі үлгідегі ақпаратты табуда іздеу аспаптарының түрлі категорияларын қолдану тиімді болып келеді. Индекстелген каталогтер. Каталог дегеніміз тақырыптары бойынша топтастырылған иерархиялық құрылым түрінде берілетін мәліметтер. Иерархиялық құрылымның бірінші деңгейіндегі тематикалық бөлімі “спорт”, “демалыс”, “ғылым”, “дүкендер” сияқты кең тараған тақырыптардан тұрады. Ал әр бөлімнің бөлімшелері болады. Осылайша, біртіндеп каталог бұтақтары арқылы саяхат жасап, іздеу облысын кішірейте отырып, сіз өзіңізге керекті облысты дәл анықтай аласыз. Мысалы оқу орындарын іздеу барысында мынадай тізбек пайда болуы мүмкін: Білім-> Оқу орындары -> Жоғары оқу орындары ->Институттар. Қажетті ішкі катологты тапқаннан кейін, одан сілтемелер жинағын аласыз. Катологтерді программалар емес, адамдар құрастырғандықтан, катологтегі барлық сілтемелер профильді болып табылады. Егер сіз ортақ тақырыпта жалпы ақпарат іздесеңіз, онда каталогке қатынаған дұрыс. Ал егер сізге нақты бір құжатты табу керек болса, онда каталог тиімсіз іздеу құралы болып табылады. Желіде ортақ қолданылатын каталогтардан басқа, ерекшеленген каталогтар да бар. Егер де бір каталогта өте көп қор орналасса, онда оларды кең таралуына байланысты бірнеше бөліктерге бөлуге (ражнирование) болады. Мысалы, Яндекс каталогында бөліктеу басқа сайттардың біздің сайттағы сілтемелерінің индексімен жүргізіледі. Желіде каталогтардан басқа рейтингтер де бар. Каталогтан рейтингтің айырмашылығы, мұнда қорларды тікелей оның иесі суреттесе, ал каталогта - авторы, демек оның редакторлары суреттейді. Сілтемелердің тематикалық жинағы. Сілтемелердің тематикалық жинағы – бұл кәсіби топтармен немесе жеке жинақтаушылармен құрылған тізімдер. Шектелген кәсіби тақырыпты ірі каталогтің жұмыскерлер тобына қарағанда сол жұмыстың кәсіби маманы жақсы ашуы мүмкін. Каталог – бұл ыңғайлы іздеу жүйесі, бірақ егер сізге Intel немесе IBM компаниясының сервері керек болса, сіз каталогке қатынай алмайсыз. Сәйкес сайттардың атын табу қиын болмайды: www.intel.com, www.ibm.com. Сол сияқты, сізге егер ауа райына арналған сайт қажет болса, оны www.weather.com серверінен іздеген дұрыс болады. Көп жағдайларда кілттік сөз арқылы сайтты табу мәтінде көп кездесетін сөзден тұратын құжатты тапқаннан ыңғайлы. Іздеу кезінде танымалы емес компаниялардың адресінің атын интуитивті ойдан тергенде, бірде-бір іздеу жүйесінде тіркелмеген сервермен байланыс орнатуы мүмкін болғандықтан, ол іздеудің басқа түрлерімен табысты бәсекелесе алады. Осыған ұқсас іздеулер тиімсіз, сондықтан ізделінетін сайттың атын таба алмайтын болсаң, іздеу машинасын қолдану керек. Іздеу машиналары. Сұранысқа жауап ретінде сіз әдетте құжаттардың ұзын тізімін алаcыз, оның көбі сіздің сұрағыңызға жауап бермейді және сол тақырыпқа ешқандай қатысы болмайды. Сондай құжаттар релевантты емес (ағылшын сөзінен шыққан, relevant- лайықты, қатысты) деп аталады, ізденіс бойынша табылған құжаттар релевантты құжаттар деп аталады. Табылған сілтемелердің тізіміндегі релевантты құжаттардың проценті сұраныстың дұрыс қойылуына байланысты болады. Іздеу машинасы тапқан барлық құжаттардың ішіндегі релевант құжаттардың бөлігін іздеу дәлдігі деп атайды. Релевантты емес құжаттарды шуы бар құжаттар деп атайды. Егер табылған құжаттардың барлығы релевантты болып келсе (шуы жоқ құжаттар), іздеу дәлдігі 100% құрайды. Егер барлық релевантты құжаттар табылса, онда іздеу толымдығы 100% тең. Сайып келгенде, іздеу сапасы екі өзара тәуелді параметрлермен анықталады: дәлдікпен және іздеу толықтығымен. Толықтықтың артуы дәлдікті төмендетеді және керісінше. Іздеу машинасының жұмыс механизмі. Іздеу жүйелерін анықтама қызметімен салыстыруға болады, онда агенттер кәсіпорындарды аралап, мәліметтерді деректер базасына жинайды. Клиент анықтама қызметіне жолыққанда ақпарат сол деректер базасынан алынады. Мәліметтер базада ескіріп отырады, сондықтан агенттер оларды оқтын-оқтын жаңартады. Кейбір кәсіпорындар мәліметтерді өздері жібереді, сондықтан агенттердің оларға барудың қажеті болмайды. Басқаша айтқанда, анықтама қызметінің екі функциясы болады: жасау және деректер базасын тұрақты жаңарту және клиент сұранысы бойынша базадан хабар іздеу. Сол сияқты, іздеу машинасы да екі бөлімнен тұрады: робот - ол берілген серверлерді аралап деректер базасын қалыптастырады, және іздеу механизмі. Робот терминінің көптеген синонимдері бар, роботтан басқа оны желілі агент немесе торапта жүргеніне байланысты құрт немесе өрмекші дейді. Робот базасы негізі роботтың өзімен (робот өзі жаңа қорларға сілтемелер тауып алады) және аз дәрежеде өз сайттарын іздеу машиналарында тіркейтін қор иелерімен қалыптасады. Деректер базасын қалыптастыратын роботтан басқа табылған сілтемелердің рейтингісін анықтайтын программа бар. Іздеу машинасының жұмыс принципі пайдаланушы көрсеткен кілттік сөздер арқылы ішкі каталогтан (деректер базасы) релеванттігі бойынша сұрыпталған сілтемелер тізімін беру арқылы іске асырылады. Іздеу жүйесі тек ішкі каталогтармен операциялайтынын атап айтқан жөн. Іздеу машинасының мәліметтер базасы жүйедегі түйіндік адрестерді сұрау арқылы әрдайым жаңартылатынына қарамастан, іздеу машинасының ішкі қорларын және желі қорларын салыстыруға келмейді, сондықтан әрқашан машина ескірген адрес немесе қажетсіз ресурс табатыны өте ықтимал. Проблема тек қана ішкі қорлардың шектілігінде ғана емес, тағы роботтың жылдамдығының шектілігінде тұр. Іздеу машинасының ішкі қорларының көбеюі проблеманы шешпейді, себебі аралау жылдамдығы ақырлы.бірақ іздеу машинасының ішінде каталогтарға бөлінген Интернеттің кіріс қорларының белгілі бөлігінің көшірмесі болады деуге болмайды. Толық ақпарат (кіріс құжаттар) бәрі бірдей сақталмайды, көбіне жиі тек оның бөлігі – индекстенген тізім немесе индекс деп аталатын, құжат жолынан шағын бөлігі сақталады. Индекс құрау үшін кіріс мәліметтер қор көлемі минималды, ал іздеу тез әрі максималды пайдалы ақпарат беретіндей түрлендіріледі. Индеккстенген тізімді түсіндіру үшін оның қағаз аналогы – конкорданс, яғни сөздікті келтіруге болады, онда белгілі жасушымен қолданылатын сөздер алфавиттік тәртіпте болады, және де жазушы шығармасында келтірілгеніне сілтеме болады. Айтпаса да түсінікті, конкорданс (сөздік) шығарма тексінен шағын және одан керекті сөзді іздеген кітапты түгел парақтағаннан көп жеңіл. Индексті құру. Желілік агенттер немесе робот-өрмекшілер Желі бойымен “өрмелейді”, Web – беттердіҫ талдайды және не әрі қай парақта табылғаны туралы ақпарат жинайды. Кезекті HTML-парақтарды табысымен көптеген іздеу машиналары (әр іздеу машиналарында әртүрлі) сөздерді, суреттерді, сілтемелерді және де басқа да элементтерді белгілейді. Сөздердің парақта барлығы ғана емес, әрі оның орналасуы, яғни бұл сөздің қайда орналасқаны: тақырыпта (title), тақырыпшаларда (subtitles), метатэгте (meta tags) немесе басқа орындарда. Әдетте негізгі сөз ескеріледі де, шылау мен одағайлар: “ ал ”,“ бірақ ” және “ немесе ” еленбейді. Метатегтер парақ иелерінің өзіне сол арқылы ізделінетін кілттік сөздер мен тақырыпты анықтауға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе кілттік сөздің бірнеше мағынасы болғанда қажет. Метатегтер іздеу машинасын сөдердің бірнеше мағынасынан дұрысын таңдауға көмектеседі. Алайда метатегтер адал толтырылғанда ғана сенімді жұмыс істей алады. Web-парақтардың кейбір иелері өздерінің метатегтеріне Желіде көп аталатын өз сайт тақырыбына қатысы жоқ сөздермен толтырады, сол арқылы өзінің жаңа келушілерін тарту әрі қор қатысуы рейтингісін жоғарылату үшін жасайды. Іздеуден осы сияқты сайттарды шығару – жақсы іздеу жүйесінің тағы бір тапсырмасы. әрбір роботтың өз қараниетті жарнама үшін жазаланған қор тізімі бар. Тапсырма берілген Web-парақтарда ақпарат жиналғаннан кейін алынған мәліметтерді индекстеу жүреді. Робот-өрмекшілер Web-парақтардың ақпараттарын қарастырып, кілттік сөздер арқылы индекстенген іздеу базасын құрады, содан кейін пайдаланушы сұранысы арқылы жүйе дұрыстығына (релевантты) қарай сайттар тізімін береді. Айқын, егер сіз сайтты “гүл” деген кілттік сөзбен іздесеңіз, онда іздеу машинасы сол сөз бар парақтарды тауып қана қоймай, бұл сөздің қай жерде сайт тақырыбына қатыстылығын анықтай алуы керек. Сөздің Web-парақтың профиліне қатыстығын анықтау үшін оның парақта қаншалықты жиі ұшырасатынын, берілген сөз туралы сілтемелердің бар-жоқтығын бағалау керек. Қысқаша айтқанда, парақта табылған сөздерді маңыздылық дәрежесіне қарай рангілеу керек. Сөздерге салмақтылық коэфициенттері оның қанша және қайда кездесетініне қарай (парақ тақырыбында, беттің басы не аяғында, сілтемеде, метатегте және т.б) меншіктеледі. әрбір іздеу механизмі салмақ коэфициенттерін берудің өз алгоритмдері бар – бұл әртүрлі іздеу машиналарының бір кілттік сөз арқылы сұрауға әртүрлі қорлар тізімін берудің бір себебі. Парақтар әрдайым жаңартылып отыратындықтан, онда индекстеу үрдісі де жиі орындалып отырылуы керек. Робот-өрмекшілер сілтемелерді аралай жүріп, индекстен тұратын файлды құрады, ол үлкен болуы мүмкін. Оның көлемін азайту үшін ақпарат көлемін минимизациялау мен файлды сығуға жүгінеді. өңделгеннен кейін мәліметтер үнемі жанарып отыратын базада сақталады. Бірнеше роботтары бар іздеу машинасы секундына жүздеген парақтарды өңдей алады. Бүгінде мықты іздеу машиналары жүздеген миллион парақты сақтайды және күніне ондаған миллион сұранысты қабылдайды. Индексті құруда дубликаттардың санын азайту тапсырмасы да шешіледі – қатесіз салыстыру үшін алдымен құжаттың кодировкасын анықтау қажеттігін ескерсек, тапсырма оңай емес. Бұдан да қиын тапсырмаға өте ұқсас құжаттарды айыру жатады (оларды “дубликат дерлік” деп атайды), мысалы оларға мазмұны бір ал тақырыбы әртүрлілер жатады.Бұл сияқты құжаттар Желіде өте көп – мысалы біреу рефератты көшіріп алып өз сайтында басқа атпен басып шығаруы мүмкін. Қазіргі заманғы іздеу машиналары барлық бұл проблемаларды шешуге мүмкіндік береді. Индекс арқылы іздеу. Индекс арқылы іздеу мынадан құралады, яғни пайдаланушы сұраныс құрастырып оны іздеу машинасына береді. Бірнеше кілттік сөздерді қолдануда сұраныс тілін пайдаланған пайдалы, оның негізін буль операторлары құрайды. o AND – бұл арқылы біріктірілген барлық терминдер ұсынылған құжатта қатысуы керек. Кейбір іздеу жүйелері “+” белгісін “AND” орнына қолданады; o OR – кем дегенде бір кілттік сөз “OR ”-мен қатысты, ізделінетін құжатта болуы керек; o NOT- “NOT”-тан кейінгі кілттік сөз ізделінетін құжатта кездеспеуі керек. Кейбір іздеу жүйелері “-” белгісін “NOT” орнына пайдаланады; o FOLLOWED BY – кілттік сөздер бірінен кейін бірі кезектесіп келуі керек; o NEAR – сөздердің бірі екінші сөзден белгілі санды сөздерден кейін келуі керек; o Тырнақшалар – тырнақша ішіндегі сөздер- бұл текст фрагменті құжат немесе файл ішінде кездесуі тиіс. Айта кетейік, сұраныс тілі семантикасы нақты бір іздеу машиналарында бір біріне ұқсамауы мүмкін, әдетте ол туралы іздеу машинасының нұсқауында мәлімет келтіріледі. Шектерінде логикалық комбинация анықталатын мәтін іздеу бірлігі деп аталады. Бұл сөйлем, абзац не бүкіл құжат болуы мүмкін. Түрлі іздеу жүйелерінде әртүрлі іздеу бірліктері қолданылуы мүмкін. Сөйлем шегіндегі іздеу тек индексінде толық мекенжай (адрес) бар жүйелерде ғана мүмкін. Пайдаланушы іздеу жүйесіне сұраныс жібергеннен кейін, ол сұраныс синтаксисін өңдейді, кілттік сөздерді индекстегі сөздермен салыстырады. Содан кейін сұранысқа жауап беретін сайттар тізімі релеванттылығына қарай рангіленіп, пайдаланушыға берілетіндей іздеу нәтижесі құрастырылады. Қорыта келе қазіргі Web-те іздеу өте жоғары сатыда дамыған. Сонымен қатар не Бүгінде мықты іздеу машиналары жүздеген миллион парақты сақтайды және күніне ондаған миллион сұранысты қабылдайды. Индексті құруда дубликаттардың санын азайту тапсырмасы да шешіледі – қатесіз салыстыру үшін алдымен құжаттың кодировкасын анықтау қажеттігін ескерсек, тапсырма оңай емес. Қолданылған әдебиеттер тізімі. 1. Зверев В.С. Информатика: Учебное пособие для студентов вузов. Астрахань, 2003. 2. Фигурнов А.Э. IBM-РС для пользователя. М., 1998. 3. Всё об INTERNET. Руководство и каталог. Эд Крол. BHV, Киев. 4. Журнал по персональным компьютерам PC Magazine Russian Edition. № 1–12 за 1996 год; № 1–4 за 1997 год. Адам мен есептеуіш орта арасындағы қарым қатынас. Кіріспе. Компьютерлік жүйе интерфейстерінің кешені. Компьютерлік жүйе интерфейстерінің өзара байланыстары. Интерфейстердің анықтамасы. Интерфейстер өзектілігі. Соңғы жылдарда компьютерлік жүйелерді көптеп қолдануда. Басты себептерінің бірі пайдаланушы мен программалық қосымшаның өзара қарым-қатынас интерфейстерінің ролі зор. Жалпы алғанда, интерфейс түсінігі кең мағыналы және компьютерлік технологиялардың әр түрлі салаларында қолданылады. Аталмыш курста қарастырылатын негізгі мәселе - пайдаланушылық интерфейстер және олардың қосымша деңгейінің программалы-аппараттық интерфейстері арасындағы байланыстары болып табылады. Осы мәселеге қызығушылық тек есептеу техникасы мамандарының ғана емес, сонымен қатар эргономисттердің, психологтардың, социологтардың және графикалық жүйелерді жасаушылардың да қызығушылығын туғызып отыр. Тәжірибе көрсеткендей, компьютерлік жүйелердегі көптеген қолданбалы есептерді шешу үшін интерфейсті таңдау мен (немесе) құрастырудағы проблемаларды толығымен, жан-жақты қарастыру қажет. Пайдаланушылық және программалы-аппараттық интерфейстерді құру технологиялары кешенді түрде қарастырылуы тиіс. Адам-оператор мен компьютерлік жүйе арасындағы қарым-қатынасты іске асыратын пайдаланушылық интерфейстерді жобалау.. - пайдаланушының клиенттік программамен өзара қарым-қатынас деңгейдегі интерфейсі; - клиенттік машинамен сервер машина арасындағы өзара қарым-қатынас деңгейдегі интерфейспен; - - сервердің шеттік программамен немесе басқа сервермен өзара қарым-қатынас деңгейдегі интерфейсі; Мысалға, WEB-қосымшаны құрған кезде, бірінші интерфейс WUI (Web user interface) компонентін таңдау және негіздеумен іске асырылады. Ал екіншісі серверге сұраныс жіберу әдісін таңдаумен, үшіншісі CGI-ді (Common Gateway interface) пайдаланумен немесе SQL-сұраныстарды қолданумен іске асырылады (1-сурет). Компьютерлік жүйелер интерфейсі түсініктемесінің бірнеше анықтамасы бар, солардың бірнешеуін айтайық. Қатынас интерфейсі қандайда бір есептерді шығару үшін, адам мен ЭЕМ арасында сенімді қатынасты қамтамассыз ететін, аппаратты-программалық, ақпаратты көрсету құрылғылардың және ақпарат алмасу протоколдарының жиынтығы арқылы да анықталады. Компьютердің аппараттық интерфейсі ретінде ДК-ң кез келген периферийлік құрылғысының әр түрлі мінездемелер жинағын түсінеміз. Ол олардың арасында және орталық процессор арасындағы ақпарат алмасуды ұйымдастырады. Олар электрлік және уақыттық параметрлер, басқару сигналдар жинағы, деректер алмасу протоколы және қосылудың конструктивті артықшылықтары. Осылайша, қосымшамен жұмыс істеп отырған пайдаланушы немен түйіседі, ол оның интерфейсі. Ойланбай жасалған интерфейс оның артықшылықтарын жоққа шығаруы мүмкін. Айтылғандардың барлығы локальді қосымшалар мен пайдаланушының тораптағы жұмысын қамтамассыз ететін қосымшаларға да қатысты. Интерфейс проблемасының маңыздылығы жөнінде келесі фактілерді айтуға болады. Американың Ұлттық Стандарттар Институтында (ANSI) осы бағыт бойынша арнайы кеңесшілер тобы – Адам–Компьютер интерфейсінің стандарттары бойынша комитеті (The Human-Computer Interface Standard Committee) бар. Мұндай ұйымдар тек АҚШ-та ғана емес, басқа да елдерде де бар. Сонымен қатар осы бағытта жұмыс істейтін Халықаралық зерттеу топтары да бар, мысалы, телеграфия мен телефония бойынша халықаралық кеңес беру комитет (International Telegraph and Telephone Consultation Committee). Олар өз кезегінде интерфейстің интерактивті элементтерінің ерекшеліктерін зерттейді. Осы ұйымдардың немесе жұмыс тобының көбісімен кезінде пайдаланушылық интерфейстер стандарттары бойынша құжаттарының жобалары дайындалған және оларды жобалау мен іске асыру принциптері бар. Адам-оператордың компьютерлік жүйелердегі орны.. Есептеу техникасын басқару жүйелерінде, ұйымдастыру, басқару мен конструктрлық қызметте, оқу процестерінде және ғылыми зерттеулерде пайдалану, компьютермен жұмыс істеуге адамзат қызметінің әртүрлі салаларындағы мамандарды іске тартады. Пайдаланушылардың дайындығы мен квалификациясы әр түрлі болуы, ЭЕМ-нің дәрежесін арттыруды, олармен жұмыс істеуді жеңілдетуді және ЭЕМ-сын интеллектуализациялауды талап етеді. Интеллектуализациялауда адам мен есептеу жүйесі (ЕЖ) арасында интерфейсті жасау ерекше орын алады. Ол өз кезегінде дайындығы жоқ пайдаланушы мен компьютер арасындағы қатынасты қамтамасыз етуі тиіс. - ақпаратты енгізу мен көрсетудің тиімді түрлерін құратын енгізу-шығаруды ұйымдастыру; - диалогтың мәндік мазмұнын арттыратын және ресми емес қатынас процедураларын қолдайтын бағдарламалық қамтаманы құру. ЭЕМ-да шығарылатын кең ауқымды есептер, интерфейсті құру проблемасы компьютерлік жүйенің қай облыста қолданылуына байланысты болады. Ұшқыш пен борттық ЭЕМ арасындағы қатынас, оқушы мен оқыту жүйесі арасындағы қатынастан өзгеше ұйымдастырылуы қажет екендігі түсінікті. Соның салдарынан, адам-машина жүйесінің есептерін құру мен ондағы қатынасты ұйымдастыру түрлі дәрежедегі пайдаланушыларды тану болып табылады. Осы есептің шешуі - пайдаланушы-оператордың қызметін құрылымдауға және кез-келген адаммашиналық жүйені жобалау кезінде міндетті түрде қарастырылуы тиіс психофизиологиялық сипаттамаларды есепке алуға мүмкіндік береді. Бұл ақпарат компьютерлік жүйелерді құру кезіндегі пәндік облысты жобалау алдындағы сараптауға негізделген. Бұл сараптаудың мақсаты адам мен ЭЕМ арасында қызметтерді бөлу және аппараттық пен программалық қамтама талаптарын біркелкі ету. Осы күнде адам мен компьютерлік жүйе қатынасын ұйымдастыруда кең ауқымды програмалық және аппараттық құрылымдар бар. Қарым қатынастың салттық түрінен басқа тілдік диалог пен қарапайым тілдегі диалогтар жүйесі құрастырылуда. Осыны ескере отырып, басқа да негізгі мәселелердің бірі - қолданбалы программаларда адам мен ЭЕМ арасындағы қатынасты жобалау процесстерін ұйымдастыру болып табылады. Қолданбалы интерфейсті құру сұрақтарында инженерлік психология негізгі орын алады. Инженерлік психология – адам мен техника арасындағы ақпараттық өзара қатынас процесстерінің объективті заңдылықтарын зерттейтін ғылыми пән. Оларды “адам-машина” жүйесін (АМЖ) жобалауда, құруда және іске асыруда пайдаланылады. - АМЖ-де адамның қызметін және орнын сараптау; - Оператордың қызмет құрылымын және классификациясын зерттеу; - Басқарушы әсерлерді іске асыруда және шешімдер қабылдау кезінде ақпаратты өңдеу процесстерін зерттеу; - Оператордың жұмыс орнын ұйымдастыру принциптерін құру; - АМЖ тиімділігіне психологиялық факторлардың әсерін зерттеу; - Адамның техникалық жүйелермен ақпараттық өзара қатынасын оптимизациялау; - Операторларды кәсіби дайындаудың әдістері мен принциптерін құру; - Инженерлік-психологиялық жобалау теориясын құру және оны АМЖ құру барысында пайдалану. Адам-оператордың ақпаратты басқару мен өңдеудегі жалпы сұлбасындағы ролі мен орнын қарастырайық.(2-сурет). Оператордың ролі әр түрлі көздерден түскен ақпаратты қабылдап және оған баға беріп, соңынан шешім қабылдап, оның орындалуына командаларды қалыптастыру және іске асыру болып табылады. Оператордың жұмысына бақыланатын процесстің жағдайы туралы ақпараттан басқа, жоғарғы деңгейдегі ішкіжүйе жетекшілері мен операторларын нұсқаулары әсер етеді. Жоғарғы деңгейдегі операторлар автоматты басқару жүйелерімен бірге, басқару әсерлерін іске асыру кезінде басқару процесіне араласа алады. Операторлар айтылған функциялардан басқа басқару жүйесінің жағдайын да басқара алады. Адамның техникалық құрылғылармен өзара қатынасы кезінде, оператор қабылданып және сарапталған ақпараттың негізінде басқару бойынша қажетті шешім қабылдайды. Шешім қабылдау процедурасы ақпаратты қабылдау мен өңдеудің барлық деңгейлерінде орталық болып табылады. Шешім қабылданғаннан кейін адам-оператордан басқарушы әсер келіп түседі, өз кезегінде ол түрлендіру жолдарымен басқару жүйесіне келіп түседі. Ақпаратты басқару мен өңдеудің жалпы сұлбасы 2-суретте көрсетілген. Өзара қатынас интерфейсінің сипаттамалары.. Сапалы интерфейсті құру “пайдаланушы мүддесі бәрінен де артық” принципін және соған сәйкес бүкіл программалық өнімді құру әдістемесін іске асыруды қарастырады. Ағылшын тілді әдебиетте мұндай қарастыруды суреттеу үшін User-centered Design(UCD) – “жасалған зат пайдаланушыға арналған” термині қолданылады. Бәрінен басқа, бұл технология, интерфейсті ертерек жобалап, программалық өнімді құру кезінде ары қарай дамытуға негізделген. Пайдаланушы интерфейсінің «жақсы» құрамы мынада – пайдаланушы программалық қамтаманы басқарып отырғанын байқайды, ал керісінше емес. Қарапайым интерфейс бұл – пайдаланушының үйреншікті шешу әдістерін өзгертпейтін интерфейс. Дербес жағдайда қосымша берген жауаптар мен хабарламалар қосымша түсініктемелерді қажет етпеуі тиіс. Аталмыш пәндік облыста қолданылатын белгілеулер мен терминдер жүйесін сақтап қалу орынды болады. Пайдаланушыға таныс суреттер мен түсініктерді қолдану тапсырмаларды орындалу барысында интуитивті түсінікті интерфейсті қамтамассыз етеді. Келісімділік интерфейсі пайдаланушыларға білімдерін жаңа есептерге көшіруге және жаңа аспектілерді үйренуге мүмкіндік береді. Келісімділік интерфейстің барлық аспектілеріне маңызды. Оның ішінде команда аттары, ақпаратты визуалды түрде көрсету және интерактивті элементтердің тәртібі де бар. Жасалынып отырған программалық қамтамада келісімділік қасиетін іске асыру үшін оның әртүрлі аспектілерін ескеру қажет. Бір команда бір қызметті қай жерде кездескеніне қарамастан бірдей орындауы керек. Мысалы, егер бір диалог терезесінде “Көшіру” командасы сәйкес қызметті дереу орындауды білдірсе, онда басқа терезеде пайдаланушыдан көшіретін ақпараттың орны туралы қосымша көрсетуді талап етпеуі тиіс. Операциялық жүйемен (мысалы, OC Windows) берілген интерфейспен келісімділікті қолдай отырып, сіздің қосымшаңыз пайдаланушының басқада қосымшалармен жұмыс істегенде алған білімі мен дағдыларына сүйене алады. Әдетте пайдаланушылар жаңа программалық қамтамамен жұмысты көптеген қателер жіберу арқылы түсінеді. Жұмыстың әр сатысында программа пайдаланушыға қай қимыл жүйеге зиян келтіретінін айтып отырса жақсы болар еді, немесе қатені түзету мүмкіндігі болса тіпті жақсы. Жақсы ойластырылған интерфейс дегеннің өзінде пайдаланушылар қате жіберулері мүмкін. Бұл қателердің “физикалық” (дұрыс емес команда немесе мәліметтерді кездейсоқ таңдау) және “логикалық” түрлері (команда немесе мәліметтерді таңдау туралы дұрыс емес шешім қабылдау) болады. Тиімді интерфейс қатемен аяқталатын оқиғаны болдырмауы қажет. Ол сонымен қатар пайдаланушының мүмкін қателеріне икемделуі және қателерді жою процесін жеңілдетуі қажет Пайдаланушының кері байланыстық қатынасының мағынасы - пайдаланушы әрбір қадамы туралы визуалды, кейде дыбыстық расталуы қажет, яғни программалық қамтамаға берілген команда қабылданғаны расталуы керек. Сонымен қатар орындалған қадам табиғатын ескеруі қажет. Кері байланыс пайдаланушы мен жүйенің соңғы өзара әрекеттесуі кезінде және уақтылы орындалғанда ғана тиімді болып саналады. Компьютер түскен есепті орындап жатқанда, пайдаланушыға орындалу процесінің жағдайын, керек жағдайда процесті тоқтатуға мүмкіндік беру пайдалы. Интерфейс қарапайым болуы қажет. Қолдану және үйренуге қолайлы, жеңіл болуы көзделеді. Берілген қосымшаның функционалды мүмкіндіктеріне қатынасуға мүмкіндік берілуі керек. Кең функционалды мүмкіндікке рұқсат алу мен жұмыс істеуді қарапайымдандыру бір-біріне қарама-қарсы. Осы мақсаттарды орындау үшін тиімді интерфейсті жасау қажет. Қарапайымдылықты сақтаудың бір түрі – пайдаланушыға келесі қадамды орындауы үшін минималды мәлімет беру. Жекелей айтқанда, көпсөзді командалық атаулар мен хабарламаларды айналып өту. Ойланылмаған немесе шектен тыс сөздер пайдаланушының керекті мәліметті алу мүмкіндігін қиындатады. Қарапайым, бірақ тиімді интерфейсті құрудың басқа бір жолы – элементтерді мағыналы мәні және логикалық өзара байланысымен экранда орналастыру. Бұл пайдаланушының жұмыс істеу барысында ассоциативті ойлануына мүмкіндік береді. Тізбектелген ашылу (диалогтық терезе, меню және т.б) арқылы пайдаланушыға көмектесуге болады. Тізбектелген ашылу ақпараттың келесі қадамды орындауы үшін керекті ғана бөлігін әр мезетте экранда көрсетеді. Пайдаланушыға арналған ақпараттың көлемі азайған сайын, өңделетін ақпарат көлемі де азаяды. Осындай ұйымдастырудың мысалы ретінде иерархиялық менюді атауға болады. Оның әр деңгейі пайдаланушымен таңдалған жоғары деңгейдегі бір бөлігіне сай. Интерфейстің иілгіштігі – бұл пайдаланушының дайындық деңгейі мен өнімділік еңбегін ескеру қасиеті. Иілгіштік қасиет – енгізілген мәліметтердің немесе диалогтың құрылымын өзгертуді болжайды. Иілгіш интерфейс тұжырымдамасы қазіргі кездегі адам мен компьютер арасындағы негізгі зерттеу аумағы болып саналады. Негізгі мәселе - диалогты өзгертуді ұйымдастыруда емес, ал оған өзгерту енгізуде қандай белгілерді қолдануында. Бейімделудің үш түрі белгілі: нақты, толық және косметикалық. - толығымен, егжей-тегжейлі (бастауыш пайдаланушылар үшін); Екі деңгей ережесі N-деңгейлі диалог ережесіне дейін ұлғаюы мүмкін. - дағдының біртіндеп жиналатыны туралы факт ескерілмейді; - пайдаланушы жүйенің бір бөлігін жақсы біліп, бір бөлігін білмеуі мүмкін; - пайдаланушы өзінің дайындық деңгейін өзі айқындауы, баға берудің объективтілігін төмендетеді. Толық бейімделу кезінде диалогтық жүйе пайдаланушының моделін соңғы оқыту барысында болған өзгертулер нәтижесіне байланысты құрастырады. Өз кезегінде пайдаланушының сипаттамасын анықтау мәселесі негізгі мәселе болып табылады. Оны шешу үшін сипаттама үшін нені пайдалану керектігін анықтау керек: пайдаланушының жауап беруге кеткен уақыты, оның қанша рет көмекке жүгінгенін немесе қате сипаты және сұралған көмек түрі. Косметикалық бейімделу пайдаланушының жүрісін ескермей диалогтың иілгіштігін қамтамассыз етуі, бірақ диалогтың нақты стилін таңдамауы керек. - алдын ала келісім бойынша қабылданғандықты қолдану; біріншіден бастаушы пайдаланушы жүйенің үндеместік түрде көптеген параметрлерін қолдануға мүмкіндігі бар. Екіншіден жүйе көп қолданылатын немесе соңғы берілген мәндерді есте сақтай алады. Бастаушы пайдаланушылар жеңілдігі үшін үндеместік түрде қолданылатын мәндер экранға жүйенің сәйкесінше сұрағымен экранға шығарылуы мүмкін. Мысалы: “құжатты тіркеу күні?[ағымдағы]”. Үндеместік түрде мән қабылдаудың ең тараған түрі – нөлдік енгізу, яғни жүйе сұрағына жауап ретінде “Енгізу” батырмасын басу. Егер командалық тіл қолданылса, онда пайдаланушы үндеместік түрде қолданылатын параметрді өткізіп жібереді. Қысқартуды қолдану команданың толық атының орнына оның кез-келген мүмкін қысқартуларын, белгіленуін қарастырады. Жауаптарды озық енгізу идеясының негізі, пайдаланушы диалогтың кезекті жүрісінде бір ғана жауап емес, тізбектелген жауапты енгізуге мүмкіндігі бар. Көпдеңгейлі көмек әдіс идеясында экранға басында бастапқы деңгей туралы ақпарат шығады, сонан соң пайдаланушы кілттік сөздің көмегімен төмен деңгейге өту арқылы алынған ақпаратты нақтылай алады. Осындай приципте гипертекстік жүйеге оқытатын қазіргі Help-жүйелердің көбі жұмыс істейді. Көптілділік интерфейстің мағынасы мынада, пайдаланушы қолданып отырған құрылғыларына байланысты емес, ал пайдаланушы берген және алған ақпараттар оның ана тілінің нормаларына сәйкес болуы қажет. Көптілділікті жүзеге асырудың мүмкін жолы – пайдаланушының қозғалысына жүйенің құралдар реакциясын құру (сұраныс-ақпараттар, көмек-ақпараттар, қателер туралы ақпарат). Ол программалау тілінің (құралдық құрылғылар) синтаксисінен жеке құрылады. Интерфейстің эстетикалық тартымдылығы, визуалды компоненттерді жобалау программалық интерфейсті өңдеудің ең маңызды құраушы бөлігі болып табылады. Пайдаланатын объектілерді мүлтіксіз визуалды түрде көрсету, әртүрлі объектілердің өзара қатынасы мен жүрісі туралы өте маңызды қосымша ақпаратты жеткізуді қамтамасыз етеді. Әрбір экранға шыққан визуалды элементке пайдаланушы көңіл бөлуі қажет. Экранда берілген ақпаратты пайдаланушы түсініп қана қоймай, сонымен қатар оның маңызды аспектілеріне көңіл бөлетіндей графикалық ортаны қалыптастыру қажет. - пайдаланушы интерфейсін жобалауды, қосымшаны құруда жеке кезең ретінде қарастыруға болады. Оның орындалуы мүмкін болғанша ерте басталғаны жөн; - интерфейсті іске асыратын аппаратты-программалық құрылғылардың мүмкіндіктерін және ерекшеліктерін ескеру қажет; - құрастырылып отырған қосымша кіретін пәндік облыстың ерекшеліктері мен дәстүрлерін ескеру қажет; - интерфейсті құрастыру процессі итерациялық түрде болуы қажет. Оның негізгі элементі болып алынған нәтиженің мүмкін пайдаланушымен келісуі болып табылады; - интерфейсті іске асыру әдістері мен құрылғылары, оның пайдаланушының қажеттілігі мен сипаттамаларына бейімделу мүмкіндігін қамтамасыз етуі керек. Адам оператордың сипаттамалары.. Диалогты жүргізудің қарқыны. Жүйенің жауап беру уақыты. Түсті қабылдау сипаттамалары. Кеңістіктік сипаттамалары. - ақпартты қабылдауға және өңдеуге мүмкіншілігі; - сенсорлық және қысқауақтылы жады көлемі; - өте маңызды ақпаратқа көңілді шоғырлауға дағдылану; - ұзақуақтылы жадыдан ақпаратты шығара білу; - түстік гамма қабылдау қабілеттілігі және т.б. Жоғарыда атап өтілген пайдаланушының сипаттамалары интерактивті қосымша жасауда ескерілуі қажет. Ол экрандағы ақпараттың визуалды атрибуттарының ойланылған таңдау көмегімен пайдаланушының программалық қосымшамен ыңғайлы қарқында жұмыс істеуді қамтамасыз етуі керек. Диалогты жүргізудің қарқыны шешілетін есептің ерекшелігіне және компьютердің аппараттық және бағдарламалық құрылғыларының сипаттамасына байланысты. Диалогты жүргізу қарқынының адамның психологиялық ерекшеліктеріне сәйкестік талаптары, осы сипаттамалардың мәндеріне тек “жоғарыдан” ғана емес, сонымен қатар “төменненде” шектеулер қояды. Осы мазмұндауды түсіндірейік. Жүйенің жауап беру уақыты оқиға және жүйенің оған реакциясының аралығы ретінде қарастырады. Интерфейстің осы сипаттамасы пайдаланушының есептің келесі қадамына өтуінің бөгелісін анықтайды. 60-жылдары ең алғашқы интерактивті жүйелер пайда болғанда диалогты жүргізу қарқынын есепке алу сезілді. Жүйенің баяу жауап беруі пайдаланушының психологиялық қажеттілігіне сәйкес келмейді, ол қызметтің тиімділігін төмендетеді. Өте тез жауап қайыру жүйе туралы жағымсыз ойға әкелуі мүмкін. Жауап беру уақытына қойылатын талап пайдаланушы жүйе жұмысынан нені күтетіні және жүйемен қатынастың есепті орындалуына қалай әсер ететіне байланысты. Зерттеулер көрсеткендей, егер жауап беру уақыты күткеннен аз болса, онда менюден операцияларды таңдау дәлдігі жүйенің жауап беру уақыты өскен сайын өседі. Жүйенің тез жауап беруі пайдаланушыны асықтырады да, ол өзінен әлдеқайда епті әріптесінен қалмауға тырысады. Жауап беру уақыты пайдаланушының табиғи жұмыс істеу ритміне сәйкес болуы қажет. Жай сөйлесу кезінде адам жауапты 2-секундтай күтеді, компьютермен жұмыс істегенде де сол сияқты. Күту уақыты оның жағдайы мен мүддесіне байланысты. Пайдаланушыға оның алдыңғы жүйемен жұмыс істеу тәжірбиесі де әсер етеді. 0,1...0,2 сек – физикалық жүрісті растау үшін (батырманы басу, тышқанмен жұмыс). 0,5...1,0 сек – қарапайым командаға жауап беруі үшін (мысалы, команда беру кезеңінен, экранға жаңа бейне шыққанға дейін менюден қажетті жауапты таңдау). 1...2 сек – байланыс диалогын жүргізгенде (пайдаланушы өзара байланысты сұрақтарды ақпараттың бір бөлігі деп қарастырып, оған жауап қайтаруды қалыптастырады; бірінен кейін бірі тізбектелген сұрақтар арасындағы кідіріс көрсетілген ұзақтықтан аспауы қажет). 2...4 сек – күрделі сұраныс үшін. Кейде 10 сек дейін созылуы мүмкін. 10 секундтан жоғары – мультиесепті режимде жұмыс істеу. Пайдаланушы есепті фондық процесс ретінде қабылдаса. Егер пайдаланушы 20 сек көп жауап алмаса, онда бұл интерактивті жүйе емес. Бұл жағдайда пайдаланушы есепті “ұмытып”, басқа есепке көшіп, оған ыңғайлы болған кезде оралуы мүмкін. Бұл жағдайда жүйе пайдаланушыға жауаптың кідіруі жүйенің жұмыстан шыққаны емес екені туралы мәлімет беруі қажет. - кескінделген объектінің өзара орналасуы және көлемі; Экранда объектілердің ыңғайлы орналасуы, адам миының оң және сол жақтарының ассимметриясын есепке алуға байланысты. Себебі оң және сол жақ жарты шарлар ақпаратты қабылдауда және өңдеуде әр түрлі қатысады. Жек жағдайда, сөздерді еске сақтауда сол жақ жарты шар маңызды роль атқарады, ал образдарды сақтауда оң жағы белсенді. Экранның оң бөлігіндегі ақпарат сол жақ жарты шарға түседі, керісінше сол бөліктен - оң жаққа түседі. Кей адамдарда жарты шарларды бөлу функциясы қарама-қарсы, әйелдерде ассимметрия еркектерге қарағанда осалырақ дамыған. Бұл жағдай ақпаратты көрсету сипатын жекелендіру керектігін тағы да дәлелдейді. Хабарламалардың келіп түсу аралығы 10-сек аспаса, жады ассимметриясын ескеру маңызды роль атқарады. Сондықтанда осы ұсыныстарды нақты уақыт режимінде жұмыс істейтін программа интерфейсін құруда ескеру қажет. Тағы бір маңызды мәселе – ол оператордың бір мезетте бес-тоғыздан көп емес объектілердің қысқамерзімді жадыда сақтаудың шектілігі. Мұның бәрі экрандағы объект өлшемі мен оның сәулелену қасиетіне байланысты. Қорытынды. Қорыта келе соңғы жылдары адам-компьютер жүйесінде интерфейсті ұйымдастыру айтарлықтай дамып, логикалық аяқталуына келді. Интерфейсті жалпылама құрылым түріндегі функциясы бар бірнеше бөлікке бөлуге болады. Мұндай интерпретация әр құрылымның құрылысын түсіндіреді және оларды қолдану принциптерін негіздеуге мүмкіндік береді. Қолданылған әдебиеттер тізімі:. 1. Джеф Раскин, Интерфейс: новые напрвления в проектировании компьютерных систем.-Пер. с англ. - СПб: Символ-Плюс,2003. 2. Торрес Роберт Дж., Практическое руководство по проектированию и разработке пользовательского интерфейса. - Пер. с англ. - М. Издательский дом "Вильямс",2002. 3. Коутс Р.,Влеймник И. Интерфейс "человек - машина " - Пер. с англ. - М.:Мир, 1990. 4. Алиев Т.М., Вигдоров Д.И., Кривошеев В.П. Системы отображения информации.//М.: Высшая школа,1988. Ласло Папп. 300 pxЕң алғаш Олимпиаданы үш рет ұтқан Ласло Папп есімін венгрлер қатты құрметтейді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі бокс бәсекелерін нағыз мерекеге айналдырған даңқты боксшы Венгрия елінің ұлттық мақтанышына айналды. Кейінірек кәсіпқой бокста да бақ сынаған Паппқа мұнда да тең келер қарсылас табылмады. 1948 жылы екінші дүниежүзілік соғыстың кесірінен болған ұзақ үзілістен соң Олимпиада ойындарын қайтадан өт­кізу мүмкіндігі туды. Бұл істе белсенділік таныта білген Англия мемлекеті төрт жылда бір ұйымдастырылуы тиіс дүбірлі доданы Лондонда қабылдауға қол жеткізді. Спорттық мерекеге әбден шөліркеп қалған әлем елдерінің бар­лығы дерлік Олимпиадаға қатысуға ұмтылды. Дегенмен бұл екінің бірінің қолынан келмеді. Мәселен, соғыста мерейі үстем болған КСРО Халықаралық олимпиада комитетінің құрамына алынғанымен, оның көптеген спорт түрлері бойынша жұмыс істейтін федерациялары халықаралық спорт федерацияларына мүше болмағандықтан, жарыстан тыс қалды. Сол сияқты Израиль де Лондон Олимпиадасына қатысуға барын салды. Дегенмен араб елдері оған түбегейлі қарсы болып, «Израиль өкілдері Олимпиадаға жіберілсе - оған өздерінің қатыспайтындықтарын» мәлімдеді. Жағ­дайдың ушығып кетуінен қорыққан ұйымдастырушылар арабтардың ығына жығылып, израильдіктердің ұсынысын қабылдай алмады. Соған қарамастан, бұл ойындарға әлемнің 59 елінен төрт мыңнан астам спортшы қатысып, үлкен мерекеге айналды. Соғыстан сілесі шыққан ел еңсесін тіктеп, бір сілкініп қалды. Мұнда АҚШ спортшылары толағай табысқа жетті. Әйтсе де дүниежүзі халқы Венгрия елінің де мықты спорт державасы екеніне осы жолы куә бол­ды. Бұл бокс өнерінде Ласло Папптай жарық жұлдыздың пайда болған тұсы еді. Лондон төрінде 22 жасар венгр жігіті қарсылас шақ келтірмей, өз ғұмырындағы алғашқы олимпиадалық жүлдеге иелік етті. Әлемдік бұқаралық ақ­парат құралдарында «венгр ғажайыбы» туралы сөз қозғалды. Иә, расында да, дәл осы жылдары венгриялықтар баршаны таңғалдырды. Ласло Папптың табысымен қатар, осы елдің семсер ұстанған спортшылары да ешкім бол­жамаған жетістікке жетіп, бес бірдей жүлдені еншіледі. Әйгілі Ференц Пушкаш бастаған футбол құрамасы да жасыл алаңда жай отындай жарқылдады. Олимпиада арқылы кішкентай ғана Венгрияның даңқ-абыройы алысқа жетті. Ал былғары қолғапты Ласло Лондондағы жеңісінен соң, шеберлігін тіптен шыңдай түсті. Ол 1949 және 1951 жылдары өткізілген екі бірдей Еуропа чемпионатында топ жарып, алтыннан алқа тағынды. Дегенмен деңгейі биік боксшы үшін Олимпиададан мәртебелі жарыс жоқ. Көптен күткен 1952 жыл да келіп жетті. Олимпиада алауын Лондоннан қабылдап алған Финляндия астанасы - Хельсинкидегі бәсекелерге қатысушылар қатары бұрынғыдан анағұрлым көп еді. Халықаралық олимпиада комитетінің алға тартқан барлық талаптарын мүл­тіксіз орындап үлгерген КСРО да, әлемдік қауымдастық мойындаған Израиль де осы жолғы олимпиадалық ойындарға қатысатын болды. Спортшылар саны күрт көбейген сында, әсіресе, бокстағы бәсекелестік жұрт назарын өзіне ерекше аудартты. Өйткені мұнда жанкүйерлердің сүйіктісіне айналған жұлдыздар шоғыры топтасқан еді. Олардың арасында бірінші кезекте Ласло Папп пен америкалық шебер Флойд Паттерсонның есімі құрметпен ауызға алынатын. Тартысқа толы бокс сынын тамашалаған қалың ел бәкене бойлы венгрдің керемет қимылына тәнті болды. Барлық кездесулерін мерзімінен бұрын, нокаутпен аяқтаған Ласлоға бірінші орта салмақта тең келер ешкім табылмады. Көрген жұрттың айызын қандырған венгр боксшысына қарсы келу мүмкін емес еді. Сөйтіп, ол екі дүркін Олимпиада чемпионы атанды. Бұл жолы да Венгрия спортшылары ғажап өнер көрсетіп, командалық есепте алпауыт мемлекеттер - АҚШ пен КСРО-дан кейінгі үшінші орыннан табылды. Сәттіліктің қасынан сәтсіздікке де орын бары белгілі. 1953 жыл Папп үшін сәтсіз болды. Ол өзінің спорттық өмі­рінде алғаш рет жеңілістің ащы дәмін татты. Бұл Польша астанасы Варшавада өткен құрлық біріншілігі болатын. Екі дүркін Олимпиада чемпионы, Венгрия мақтанышы Еуропа чемпионатының финалына да жетпей, жарыс жолынан шығып қалды. Оны ұпай санымен кеңес боксшысы Борис Тишин ұтып кетті. Сәтсіздіктер мұнымен тоқ­тамады. Арада екі жыл өткенде Папп тағы да жеңілді. Атақты поляк боксшысы Збигнев Петшиковскийге есе жі­берген Ласлоның «ғұмыры» аяқталғандығын сөз етушілер көбейді. Оның өткір шабуылдары, шалт қимылдары, кез келген қорғанысты бұзып-жара алатын тегеурінді соққылары біртіндеп ұмытыла бастады. 1956 жыл. Олимпиада алауы Австралияға аттанып, Мельбурнде тұтанды. Өзінің үшінші Олимпиадасына үмітін үкілеп келген Ласло Паппты ешкім фавориттер қатарына қоспады. Отызға аяқ басқан даңқты боксшының соңғы сәтсіздіктерін алға тартқан мамандар оны қартайып қалдыға жорыды. Бұл Олимпиаданың алтын жүлдесі кезінде Паппты ұтқан және бүгінде тамаша нәтижелерге қол жеткізіп жүрген поляк Петшиковскийге бұйыратындығын айтқан сәуегейлер де табылды. Әйткенмен өзінің сәтсіздіктерінен мықтап сабақ алған Папптың осы Олимпиадаға тыңғылықты әзірлікпен келгенін ешкім біле бермеді. Мельбурн рингіндегі алғашқы жекпе-жегін аргентиналық Сайенспен өткізген ол, қарсыласын ауыр соққылардың астына алды. Қарулы венгрдiң зіл батпан жұдырығынан дұрыс жасқана алмаған Сайенс қабағының жарылуына орай, жеңіліп тынды. Ақыры Папп сарыла күткен жекпе-жегіне шықты. Үш ай бұрын өзіне опық жегізіп, жүрегіне зіл батпан жүк түсірген полякпен қайта бетпе-бет келді. Өзіне сенімді болған Петшиковский рингте еркін қимылдап, шабуылдауға кірісті. Керісінше, гонг соғылғаннан-ақ жинақы қалыпқа енген Папп аса сақ жүрді. Бірінші раундтың соңына таман әбден еркінсіген қарсыласының оң қолын сәл түсіргенін байқай қойған ол өзінің әйгілі солақайын сілтеп қалды. Поляк еденге гүрс етті. Дегенмен оны бірінші кезеңнің аяқталғанын ескерткен гонг дауысы құтқарып қалды. Бірақ осыдан кейін-ақ Петшиковский бұрынғыдай еркінси алмады. Екінші және үшінші раундтар да Ласлоның айқын басымдылығымен өтті. Ол қауіпті қарсыласынан есе қайтарды. Келесі кездесуде америкалық Жозе Торреспен бәсекеге түскен Папп жиырма жасар талантты, бірақ тәжірибесі әлі толыса қоймаған боксшыны ұтты. Жекпе-жек барысында Торрес бір мәрте нокаутқа да түсті. Осылайша үш рет қатарынан Олимпиаданы бағындырған Ласло Папптың аты аңызға айналды. Бұған дейін бокс тарихында бірде-бір былғары қолғап шебері дәл Папптай үш Олимпиаданы ұтып көрмеген еді. Тек ширек ғасырдан кейін оның бұл көрсеткішін кубалықтар - алдымен Теофилио Стивенсон, сәл соңыра Феликс Савон қайталады. Міне, осы үш саңлаққа бағынған биік әзірге өзге боксшылар үшін тек арман болып келеді. Оған шеберліктің шыңына жеткен хас мықтылар ғана қол жеткізері анық. 1957 жылы Ласло Папп социалистік жүйемен өмір сүрген елдердің өкілдері арасында тұңғыш рет өз бағын кәсіпқой рингте сынап көруге рұқсат алды. Мұнда да ұлы боксшы жеңістен жеңіске жетті. «Әуесқой бокстан ауыс­қандар кәсіпқой рингте қоңыз теріп кетеді» деген түсінікті алғаш өзгерткендердің бірі де Папп еді. Ол осы салада асығы алшысынан түскен алпауыттарды тұқыртып, алты рет Еуропа чемпионы атанды. Жұрттың бәрі оның әлем­­дік тәж үшін таласқанын көргісі келді. Бірақ осы жекпе-жектің қарсаңында венгр үкіметі күтпеген жерден Ласлоның кәсіби аренада өнер көрсетуіне тыйым салды. Кәсіпқой рингте барлығы 29 жекпе-жек өткізіп, 27 рет жеңіске жеткен, оның 21-ін нокаутпен аяқтаған, екі кездесуде тең түскен, бірде-бір жеңіліп көрмеген даңқты бокс­шы кейінірек бапкерлікпен айналысты. Оның ақыл-кеңесіне сүйенген венгр боксшыларымен әлемнің күштілері санасуға мәжбүр болды. Венгрияның ұлттық мақтанышына айналған аңыз боксшы 2004 жылы, жетпіс сегіз жасында дүниеден өтті. «Венгр ғажайыбының» негізін қалаушылардың бірі Ласло Папптың есімі әлемдік бокс тарихында алтын әріптермен жазулы тұр. Бауырсақ күні. «Бауырсақ күні» мерекесі дәстүрлі түрде Алматыда қыркүйектің 27-і күні «Астана» алаңында өтеді. Шараны «Бауырсақ күні» атты коммерциялық емес қор мен «Үлкен Алма» атты әлеуметтік жобаны қолға алып отырған ерікті топ және «Жетісу» кәсіпорны ұйымдастыруда. Алғашқысында Мереке аясында ескі дәстүрді жаңғырту мақсатында алғаш рет Отандық алма өсірушілердің алма жәрмеңкесі ұйымдастырылды. «Жеңіл форматта өтетін осы мереке арқылы әр азаматтың бойына патриоттық сезімді ұялату, Алматы қаласына «Алмалы қала» мәртебесін беру, бауырсақты ұлттық брендке айналдыру көзделген. Мерекенің негізгі мақсаты - жұртшылыққа «жабайы» орманда өсетін әлемдік сиверс алмасының мәдени құндылығынан хабардар ету, алманың жаңа түрлерін өсіру жолдарын табу, тектік қорын сақтап қалу сияқты өзекті мәселелерді көтеру жобаның негізгі идеялары болып табылады», дейді «Бауырсақ күні» қоғамдық қорының көшбасшысы Мина Бакарасова. Нан. Нан – ас атасы. Ол бидай ұнынан жасалады. Нанды жерге тастамайды, үстінен аттамайды, үстіне ешбір затты қоймайды. Нанды бір қолмен үзіп жемейді. Қазақтар нанды қасиетті санайды. Француз нанында нан қабығы қалыңдау Буханки и хлебные завитушки в булочной Таба нан. Таба нан – тапаға салып пісіріледі. Пісірер алдында қамыр бетіне бармақпен басып ойық жасайды. Қалыпқа салып пісірген наннан таба нан әлдеқайда дәмді де құнарлы. Сүт. Сүт – барлық жастағы адамдар үшін жұғымдылығы жоғары оңай сіңетін өнім. 100 грамм сүтте 3 грамға жуық белок, 3,2 грамм эмуль-гацияланған оңай сіңетін май, көптеген мөлшерде оңай сіңірілген кальций мен фосфор қосындылары, сондай-ақ белгілі мөлшерде А1, В2, Д дәрумендері бар және де жазғы уақытта сиыр сүтіндегі бұл дәрумендер қыстағыдан едеуір көп болады. 100 грамм сүт организмге 60-қа жуық килокалория береді. Сүт белогы негізінен, казеиннен (2,7 %), лактальбуминнен (0,4 %) және лактоглобулиннен (0,1%) тұ-рады. Сүт ақуызының 75-96 пайызы ағзаға сіңімді келеді. Құрамындағы лактоза не сүт қанты тез ашиды. Бұл қасиетті сүт ашытуда пайдаланылады. Минерал заттары органикалық және бейорганикалық қышқыл тұз- дары түрінде кездеседі. Сондай-ақ, 60-тан астам фермент, әр түрлі гормон (окситоцин, пролактин, фолликулин, адреналин, инсулин т.б.), иммундық заттар (антитоксин, глотинин, онсонин т,б,), газдар (СО2, О2, Н2, NH3), микроорганизмдер болады. Сүтті пісіріп, бетіндегі қаймағын алып жеп, өзін ішеді, сүттен әртүрлі тағамдар әзірленеді. Сүтті тартып, шикі қаймақ алады. Ешкінің сүтін емге ішеді. Қымыз – биенің сауылған сүті – саумалды ашытып, күбіде пісіп, дайындайды. Өте шипалы, адам жанына күш-қуат беретін сусын. Сарысу (сүт өнімі). Сарысу – ірімшіктің сары суына қант қосып қайнатады. Оны «қазақтың шоколады» деп те атайды. Адма ағзасына өте пайдалы. Түсі сарғыштау. Құрт (сүт өнімі). Құрт – қой, сиыр сүтінен әзірленеді. Ашыған сүттен іркіт жинап, керегінше тұз қосып қазанға құйып қайнатып, суыған соң қап-шыққа салып суын сорғытады, сосын әртүрлі үлгіде жасап кептіреді. Құртты жақсы көрмейтін қазақ жоқ. Құртты майлылығына байланысты "көк құрт", "майлы құрт" болып бөлінеді. Құрткөже. Құрткөже – суық суға ұн қосып араластырып, басқа ыдыста қайнаған суға тұз, күріш салып, екі сұйық- ты араластырып қайнатады, оған езілген құртты құяды. Ыстықтай ыдысқа (кесеге, тостағанға) құйып, үстіне сары май салып ішеді. Уызқағанақ. Уызқағанақ – қойдың уыз сүтін бүйенге құйып, аузын буып, бақыраштағы суға салып пісіреді. Ол – қойлы ауылдың сүйікті асы Сүт көже. Сүт көже – сүтке сөк немесе күріш қосып қайнатып жасайды. Ашыған көже – құрамында су, ұн, тұз, сүт бар сусын. Жылдың төрт мезгілінде де жасап ішуге болады. Әсіресе, күн ыстықта шөлдеп үйге келгенде, салқын ашыған көже ішсең, шөлің басылып, рахаттанып қаласың. Самұрық-Қазына. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры Қазақстандағы мемлекетке тиесілі холдинг. Холдингтің басты екі функциясы бар. Біріншіден, ол мемлекетке тиесілі компаниялар мен активтерді біріктіреді. Екіншіден, мемлекетті индустрияландыруға бағытталған ірі жобаларды іске асыратын басты институт. Қазіргі уақытта «Самұрық-Қазына» мемлекет ішінде орналасқан ірі компаниялардың басым бөлігінің акционері болып табылады. Тарихы. Холдинг құрылғанға дейін ол Самұрық және Қазына деген екі бөлек компания болды. Соның ішінде, егер Самұрық мемлекеттік активтерді ұстайтын холдинг болса, Қазына тұрақты даму қоры елдің индустияландыруына бағытталған жобаларды асыруға жауапты болатын. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры» акционерлік қоғамы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы қаулысына сәйкес «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы мен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі акционерлік қоғамын біріктіру жолымен құрылды. Құрылғаннан бері холдинг Астана қаласында локомотивтер жинайтын зауыт салу, Дайын тоқыма бұйымдарын шығаратын өндіріс және «Қазақтелеком» телекоммуникация желілерін Next Generation Network (NGN) технологиясына көшіру деген сияқты жобаларды іске асырды. Сонымен қатар холдинг өз штаты мен оған қарасты компанияларда жұмыс тиімділігін арттыруға арналған шаралар жүргізіліп жатыр. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қорына еншілес компаниялар. Назар аударыңыз: Активтер бойынша ақпарат 2008 жылдың аяғына қарай белгілі болған сандар. Сандар мың теңге ретінде көрсетілген. Алайда, "АҚШ доллары" тұрған жерлерде мың теңге емес сандар АҚШ доллары бірлігінде көрсетілген. Сын. «Самұрық-Қазына» қорына байланысты айтылатын басты сын оның жабықтығы мен жұмысының тиімсіздігі болып табылады. Түрлі бағдарламалар мен жобалардың қабылдануына қарамастан Қазақстан экономикасындағы диверсификациялау үрдісі әлі де төмен. Қыруар қаржы жіберіліп жатса да, айтарлықтай жетістік көрінбейді. Standard & Poor's фондтың ашықтығын 100-ден 24 баллға бағалап, оның жабықтығын дәлелдеп берді. Уеб-камера. Уеб-камера – бейне кескіндерді электрондық пішімге айналдыратын құрылғы. Әділ Бестібаев. Әділ Бестібаев - сазгер, «Тәуелсіздік толғауы» байқауындағы «Ең үздік балеттік шығармалар» аталымында «Жерұйық» балетімен І жүлдеге ие болған, Қазақстан Композиторлар одағының және Канада музыка орталығының мүшесі. Тоталитаризмнің солақай саясатын "Ашубасар" күйімен әшкерелеп, Желтоқсан оқиғасына қатысқандардың намысын жыртқан жан. Композитордың «Сұрапыл Сұржекей», «Қазақ тарихы» фильмдеріне арнаған музыкалары ұлттық нақышымен ерекшеленсе, 1993 жылы Австрияда жарық көрген "Азия дауысы" атты дискісі айрықша атап өтуді талап етеді. Аталмыш диск қазақ баласын әлемдік аренаға алып шығып, дүниежүзінің «мен» деген композиторларының ондығына енгізді. Қазір Әділдің үрмелі аспаптарға жазған шығармалары Алмания, Аустрия, Франция, АҚШ, Швейцария, Испания, Голландия, Ресей, Швеция, Таиланд сынды мемлекеттердің үлкен сахналарында орындалып жүр. Теофило Стивенсон. Теофилио Стивенсон (, 1951 жылы 29 наурызда ел­­дің шығыс аймағындағы Пуэрто-Падре қалашығында жүк тиеу­шінің отбасында дүниеге кел­ді) - атақты кубалық боксшы, Олимпиаданың үш дүркін чемпионы - 1972, 1976, 1980 жылдар. Үш дүркін әлем чемпионы - 1974, 1978, 1986 жылдар. Панамерикалық ойындардың екі дүркін чемпионы - 1975, 1979 жылдар Он бір миллион кубалықтың сүйіспеншілігін он миллион доллардан артық көріп, кәсіпқой бокста бақ сынау ұсынысынан бас тартқан даңқты шебер Теофилио Стивенсон туралы тебіренбей сөз толғау мүмкін емес. Олимпиада шыңын Ласло Папптан кейін үш рет бағындырған Бостандық аралының ұланы тек керемет боксшы емес, үлкен жүректі азамат ретінде де әлем жұртшылығының сүйіктісіне айналды. Аса ауыр салмақта өзге қарсыластарынан оқ бойы озық тұрғандар арасында Стивенсонға теңдесер боксшының болмағанын қадап айтатын дуалы ауыз мамандар: «Егер Куба мемлекеті КСРО-мен қосылып, 1984 жылғы Лос-Анджелес додасынан бас тартпағанында оның төрт дүркін Олимпиада чемпионы атанары сөзсіз еді» дейді. Боксқа қызығушылықтың басталуы. Куба елінде бокспен қатар та­нымал спорттың бірі - бейсбол. Тео­филионың да көптеген за­м­ан­дастары секілді спортқа де­ген алғашқы махаббаты осы бейсбол арқылы оянды. Бірін­ші кезекте жылдамдық пен қол­дың күшін арттыратын бұл спорт түрінің Теоның кәсіби бокс­шы ретінде қалыптасуына көп пайдасын тигізгені анық. Ке­йінірек әр нәрсеге әуестенгіш ол, баскетболға да құмартты. Бі­рақ бала кезінен-ақ бойының ұзын­дығымен құрдастарынан оқ­шау­ланып тұратын Теофилио бұл са­лаға терең бойлай алмады. Оған ел басшысы Фидель Кастроның кә­сіпқой спорт түрлерін жабуға пәр­мен беруі себеп болды. Балалық шағын еске алғанда Сти­венсон бір тақырыпқа орал­май кетпейді. Ол жастайынан әй­гілі жазушы Джек Лондонның «Мексикалық» деп аталатын но­велласын қайталап оқуға әуес бо­лыпты. Әлгі шығармадағы латын­аме­рикалық жарлы баланың ба­сынан кешкен оқиғалары жас Теоның санасына ерекше әсер еткен. Ондағы мексикалық жас­өспірімнің еліндегі революция ісі­не ақшалай көмектесу үшін сат­қын төрешілер мен өзінен әл­деқайда үлкендермен жекпе-жек­терге шығуы кез келген оқыр­манның рухын көтеретін еді. Шебер суреткердің қолы­нан шыққан шығарманың шы­тыр­манға толы желісіне елтіген Тео­филионың намыс деген ұлы сөздің құдіретін ең алғаш ұғын­ғаны да сол кез шығар. Бір анығы - Стивенсонның бокс әле­міне қарай аяқ басуына Джек Лон­донның «Мексикалық» атты но­велласы түрткі болды. Алғашында Теофилионың ринг­тегі жағдайы келісе қоймады. Қарсыластарынан жиі ұтылып қа­ла беретін ол. Ол дайындық жүйесін жиі бұзатын. Уақытты қызықты өткізудің жөні осы екен деп, би, сауық орындарын жиі жаға­лай­тын. Дегенмен, КСРО маманы Ан­дрей Червоненко тентектің ті­лін таба білді. - Мен ең алғаш өткізген жиыр­ма кездесуімнің он төртінде же­ңіліс таптым. Таяқ жегенді кім ұнатсын, содан бастап өз-өзіме «ен­ді ешқашан жеңілмеймін» деп уәде бердім, - дейді даңқты бокс­шы. Расында да, ол кейінірек же­ңіл­мейтін қарсыласқа айналды. Ке­ле-келе Теофилио рингте ер­кін ойқастайтын мықтылардың өз­дерін тықсыра бастады. Ел ішін­дегі жарыстарда қарсылас шы­датпайтын дәрежеге де жетті. Қы­рағы көз мамандар болашақ «жұл­дызды» дер кезінде байқап, құ­рама сапына қосты. Мюнхен Олимпиадасы. Теоның даңқын 1972 жыл­ғы Мюнхен Олимпиадасы асыр­ды. Тарих бетінде қаралы Олим­пиада ретінде сақталатын бұл доданың шырқын израиль­дік спортшыларды кепілге ал­ған палестиналық лаңкестер бұз­ды. Олармен келіссөздер нә­тиже бермей, 17 адамның өмі­рі қиылғаны мәлім. Мюн­хен­дегі қайғылы оқиға күллі әлем жұртшылығын қара жамылдырды. Әйт­кенмен жарыс жалғаса б­е­ретіні хабарланды. Бокс бәсе­ке­сін тамашалауға жиналған жан­күйерлердің аңсары бірінші ке­зекте аса ауыр салмақтағы жек­пе-жектерге ауатыны белгілі. Оның үстіне ақтық бәсекеге ку­балық Теофилио Стивенсон мен америкалық Дуану Бобик шық­қан еді. Бұл екі боксшы осы Олимпиададан бір жыл бұ­рын ұйымдастырылған Пана­ме­ри­ка­лық ойындарда кездесіп, АҚШ жан­күйерлері Американың «ақ үміті» деп еркелететін Бобик жиырма жасар кубалықтан айла­сын асырып кеткен болатын. Ал бұл жолғы жекпе-жекте Бос­тан­дық ара­лынан келген жас тар­­лан қар­сыласын нокаутқа жі­­беріп, бір жыл бұрын Калиде кет­кен есе­сін қайтарды. Тео ал­ғашқы ірі жеңісіне осылайша қол жеткізді. Стивенсон Мюн­хен Олимпиадасының ал­тын жүл­­десімен қатар, ең үз­дік бокс­­шыға берілетін Вэл Бар­кер кубогын да иеленді. Осы жер­­де айта кету керек, Баркер ку­­богы Олимпиаданы үш рет ұт­қан­дардың арасында тек Тео­фи­лиоға бұ­йырды. Ласло Папп та, Феликс Са­вон да бұл бағалы жүл­дені ие­лене алмады. Арада екі жыл өткенде бокс­тан әлем чемпионаты Кубада ұйым­дастырылды. Стивенсон дү­бірлі додада тағы да топ жарып, өзі­нің кездейсоқ чемпион емес­тігін дәлелдеп берді. Ол өз елінде өт­кен жарыстың алтын жүлдесі үшін таласта америкалық Марвин Стин­сонды ұтты. Монреаль Олимпиадасы. 1976 жылғы Монреаль Олим­пиа­дасына келген кубалық бокс­шылардың арасында аса ауыр салмақтағы Теофилио Сти­венсонның орны бөлек еді. Ол Монреальда тіптен керемет өнер көрсетті. Теоға лайықты қар­сылас табылмады. Оның осы жарыстағы үш қарсыласын но­каутпен ұтуына бас-аяғы се­гіз минут қана қажет болды. Фи­налда Стивенсон румын бокс­шысы Симонмен жұдырық тү­йіс­тірді. Монреаль рингінде Сти­венсонның зіл батпан соқ­қы­ларына ұзағырақ шыдаған да осы жігіт болатын. Бірақ оның өзі үшінші раундта нокаутқа түс­ті. Дегенмен кездесуге куә бол­ғандар кубалыққа қарсы жек­пе-жек­те аяғына дейін шы­да­ғанына қуан­ған Симонның б­а­лаша секіргенін ай­тады. Араға екі жыл салып, Бел­град­та жалауын көтерген әлем чем­пионаты да Стивенсонның же­­ңісімен аяқталды. Кубалық алып­­тың ауыр соққыларына бір­де-бір қарсылас шыдас бер­меді. Бұл екі дүркін Олимпиада чем­пио­ны атан­ған Стивенсонның әлем­­дік бі­ріншілікті екінші рет ұтуы еді. Басқа ірі додалар. Алда 1980 жылғы Мәскеу Олим­­пиа­дасы тұрды. Бай­рақты до­даға кеңестер елінің қат­ты да­йындалғаны белгілі. Әрине, бокс мамандарының ойында бір кез­­дері өздері үйреткен ку­­­балық бокс­­шыларды жүлде жа­­ғынан басып озу жоспары бол­­ды. Ең ауыр сал­мақта КСРО намысын әйгілі боксшы Петр Заев қорғады. Десек те бұл олимпиадалық ойындар да ку­балық боксшылардың ғаламат жеңісімен аяқталды. Бостандық ара­лынан келген шеберлердiң се­гізі бірдей финалға жолдама же­ңіп алды және олардың ал­тауы алтын жүлдеге қол жет­кізді. Олардың ішінде, әрине Тео­филио Стивенсонның үш дүр­кін Олимпиада чемпионы ата­ғын әперген жеңісі ерекше еді. Мәскеу Олимпиадасының финалында ол ринг иесі Петр Заевпен кездесті. Бұл жекпе-жектің қорытындысына бірқатар кеңестік бапкерлер наразылық білдірді. КСРО Олимпиада комитетінің басшысы Виталий Смирнов тіпті Халықаралық Олим­­пиада комитетінің пре­зиденті Хуан Антонио Са­ма­ранчқа төрешілердің әділетсіз шешім қабылдағанын жеткізді. Олардың пікірінше, жекпе-жек тең дәрежеде өткен. Бі­рақ көпшіліктің ойынша, бұл бәсекеде кубалық шебер қар­сыласынан басым болған. Сөз ре­тіне орай айтып өтейік, кеңестік бокс­шылардың ішінде тек Игорь Вы­соцкий ғана Стивенсонды екі рет ұтқан. 1984 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасына Стивенсон сол кездегі саясаттың кесірінен бара алмады. Коммунистік идеология құрсауындағы КСРО-мен бірге еке­нін білдірген Куба АҚШ-тағы до­даға қатысудан бас тартты. Әйтпегенде кім біледі, Стивенсон төрт дүркін Олимпиада чемпионы атанар ма еді? Өйткені ол осы Олим­пиаданың қарсаңында да бабында болатын. Онысын ке­йінірек, 1986 жылы АҚШ-та өткен әлем чемпионатында дә­лелдеп, жеңімпаз атанды. Осы же­ңісінен соң Стивенсон XX ға­сырдағы Латын Америкасы мен Ка­риб аймағының көрнекті бес тұл­ғасының қатарына енді. Үлкен спортпен қош ай­тысқан соң Теофилио Стивенсонға ұсы­ныс айтып, түрлі қызметтерге ша­қырушылар көбейді. Бірақ ол көп­шілікті таңғалдырып, Ку­ба елінің бас­шысы Фидель Каст­ро­ның жеке оққағарына айналып шыға келді. Бертініректе ол өз еліндегі бокстың өркендеп, дамуына үлес қо­сып, басшылық қызметтер ат­қарды. Әрине, даңқты Тео күні бү­гінге дейін Кубаның спорттық өмі­ріне белсене араласып келеді. Кастроның оққағары. Он бір миллион кубалықтың сүйіспеншілігін он миллион доллардан артық көріп, кәсіпқой бокста бақ сынау ұсынысынан бас тартқан даңқты шебер Теофилио Стивенсон туралы тебіренбей сөз толғау мүмкін емес. Олимпиада шыңын Ласло Папптан кейін үш рет бағындырған Бостандық аралының ұланы тек керемет боксшы емес, үлкен жүректі азамат ретінде де әлем жұртшылығының сүйіктісіне айналды. Аса ауыр салмақта өзге қарсыластарынан оқ бойы озық тұрғандар арасында Стивенсонға теңдесер боксшының болмағанын қадап айтатын дуалы ауыз мамандар: «Егер Куба мемлекеті КСРО-мен қосылып, 1984 жылғы Лос-Анджелес додасынан бас тартпағанында оның төрт дүркін Олимпиада чемпионы атанары сөзсіз еді» дейді. Ол 1951 жылы 29 наурызда елдің шығыс аймағындағы Пуэрто-Падре қалашығында жүк тиеушінің отбасында дүниеге келді. Куба елінде бокспен қатар танымал спорттың бірі - бейсбол. Теофилионың да көптеген заман­дастары секілді спортқа деген алғашқы махаббаты осы бейсбол арқылы оянды. Бірінші кезекте жылдамдық пен қолдың күшін арттыратын бұл спорт түрінің Теоның кәсіби боксшы ретінде қалыптасуына көп пайдасын тигізгені анық. Кейінірек әр нәрсеге әуестенгіш ол, баскетболға да құмартты. Бірақ бала кезінен-ақ бойының ұзындығымен құрдастарынан оқшауланып тұратын Теофилио бұл салаға терең бойлай алмады. Оған ел басшысы Фидель Кастроның кәсіпқой спорт түрлерін жабуға пәрмен беруі себеп болды. Балалық шағын еске алғанда Стивенсон бір тақырыпқа оралмай кетпейді. Ол жастайынан әйгілі жазушы Джек Лондонның «Мексикалық» деп аталатын новелласын қайталап оқуға әуес болыпты. Әлгі шығармадағы латынаме­рикалық жарлы баланың басынан кешкен оқиғалары жас Теоның санасына ерекше әсер еткен. Ондағы мексикалық жасөспірімнің еліндегі революция ісіне ақшалай көмектесу үшін сатқын төрешілер мен өзінен әл­деқайда үлкендермен жекпе-жектерге шығуы кез келген оқырманның рухын көтеретін еді. Шебер суреткердің қолынан шыққан шығарманың шытырманға толы желісіне елтіген Теофилионың намыс деген ұлы сөздің құдіретін ең алғаш ұғынғаны да сол кез шығар. Бір анығы - Стивенсонның бокс әлеміне қарай аяқ басуына Джек Лон­донның «Мексикалық» атты новелласы түрткі болды. Алғашында Теофилионың рингтегі жағдайы келісе қоймады. Қарсыластарынан жиі ұтылып қала беретін ол. Ол дайындық жүйесін жиі бұзатын. Уақытты қызықты өткізудің жөні осы екен деп, би, сауық орындарын жиі жағалай­тын. Дегенмен, КСРО маманы Андрей Червоненко тентектің тілін таба білді. - Мен ең алғаш өткізген жиырма кездесуімнің он төртінде жеңіліс таптым. Таяқ жегенді кім ұнатсын, содан бастап өз-өзіме «енді ешқашан жеңілмеймін» деп уәде бердім, - дейді даңқты боксшы. Расында да, ол кейінірек жеңілмейтін қарсыласқа айналды. Келе-келе Теофилио рингте еркін ойқастайтын мықтылардың өздерін тықсыра бастады. Ел ішіндегі жарыстарда қарсылас шыдатпайтын дәрежеге де жетті. Қы­рағы көз мамандар болашақ «жұлдызды» дер кезінде байқап, құрама сапына қосты. Теоның даңқын 1972 жылғы Мюнхен Олимпиадасы асырды. Тарих бетінде қаралы Олимпиада ретінде сақталатын бұл доданың шырқын израильдік спортшыларды кепілге алған палестиналық лаңкестер бұзды. Олармен келіссөздер нәтиже бермей, 17 адамның өмірі қиылғаны мәлім. Мюнхендегі қайғылы оқиға күллі әлем жұртшылығын қара жамылдырды. Әйткенмен жарыс жалғаса беретіні хабарланды. Бокс бәсекесін тамашалауға жиналған жанкүйерлердің аңсары бірінші кезекте аса ауыр салмақтағы жекпе-жектерге ауатыны белгілі. Оның үстіне ақтық бәсекеге кубалық Теофилио Стивенсон мен америкалық Дуану Бобик шыққан еді. Бұл екі боксшы осы Олимпиададан бір жыл бұрын ұйымдастырылған Панамерикалық ойындарда кездесіп, АҚШ жанкүйерлері Американың «ақ үміті» деп еркелететін Бобик жиырма жасар кубалықтан айласын асырып кеткен болатын. Ал бұл жолғы жекпе-жекте Бостандық аралынан келген жас тарлан қарсыласын нокаутқа жіберіп, бір жыл бұрын Калиде кеткен есесін қайтарды. Тео алғашқы ірі жеңісіне осылайша қол жеткізді. Стивенсон Мюнхен Олимпиадасының алтын жүлдесімен қатар, ең үздік боксшыға берілетін Вэл Баркер кубогын да иеленді. Осы жерде айта кету керек, Баркер кубогы Олимпиаданы үш рет ұтқандардың арасында тек Теофилиоға бұйырды. Ласло Папп та, Феликс Савон да бұл бағалы жүлдені иелене алмады. Арада екі жыл өткенде бокстан әлем чемпионаты Кубада ұйымдастырылды. Стивенсон дүбірлі додада тағы да топ жарып, өзінің кездейсоқ чемпион еместігін дәлелдеп берді. Ол өз елінде өткен жарыстың алтын жүлдесі үшін таласта америкалық Марвин Стинсонды ұтты. 1976 жылғы Монреаль Олимпиадасына келген кубалық боксшылардың арасында аса ауыр салмақтағы Теофилио Стивенсонның орны бөлек еді. Ол Монреальда тіптен керемет өнер көрсетті. Теоға лайықты қарсылас табылмады. Оның осы жарыстағы үш қарсыласын нокаутпен ұтуына бас-аяғы сегіз минут қана қажет болды. Фи­налда Стивенсон румын боксшысы Симонмен жұдырық түйістірді. Монреаль рингінде Стивенсонның зіл батпан соққыларына ұзағырақ шыдаған да осы жігіт болатын. Бірақ оның өзі үшінші раундта нокаутқа түсті. Дегенмен кездесуге куә болғандар кубалыққа қарсы жекпе-жекте аяғына дейін шыдағанына қуанған Симонның балаша секіргенін айтады. Араға екі жыл салып, Белградта жалауын көтерген әлем чемпионаты да Стивенсонның жеңісімен аяқталды. Кубалық алыптың ауыр соққыларына бірде-бір қарсылас шыдас бермеді. Бұл екі дүркін Олимпиада чемпионы атанған Стивенсонның әлемдік біріншілікті екінші рет ұтуы еді. Алда 1980 жылғы Мәскеу Олимпиадасы тұрды. Байрақты додаға кеңестер елінің қатты дайындалғаны белгілі. Әрине, бокс мамандарының ойында бір кездері өздері үйреткен кубалық боксшыларды жүлде жағынан басып озу жоспары болды. Ең ауыр салмақта КСРО намысын әйгілі боксшы Петр Заев қорғады. Десек те бұл олимпиадалық ойындар да кубалық боксшылардың ғаламат жеңісімен аяқталды. Бостандық аралынан келген шеберлердiң сегізі бірдей финалға жолдама жеңіп алды және олардың алтауы алтын жүлдеге қол жеткізді. Олардың ішінде, әрине Теофилио Стивенсонның үш дүркін Олимпиада чемпионы атағын әперген жеңісі ерекше еді. Мәскеу Олимпиадасының финалында ол ринг иесі Петр Заевпен кездесті. Бұл жекпе-жектің қорытындысына бірқатар кеңестік бапкерлер наразылық білдірді. КСРО Олимпиада комитетінің басшысы Виталий Смирнов тіпті Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Хуан Антонио Самаранчқа төрешілердің әділетсіз шешім қабылдағанын жеткізді. Олардың пікірінше, жекпе-жек тең дәрежеде өткен. Бірақ көпшіліктің ойынша, бұл бәсекеде кубалық шебер қарсыласынан басым болған. Сөз ретіне орай айтып өтейік, кеңестік боксшылардың ішінде тек Игорь Высоцкий ғана Стивенсонды екі рет ұтқан. 1984 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасына Стивенсон сол кездегі саясаттың кесірінен бара алмады. Коммунистік идеология құрсауындағы КСРО-мен бірге екенін білдірген Куба АҚШ-тағы додаға қатысудан бас тартты. Әйтпегенде кім біледі, Стивенсон төрт дүркін Олимпиада чемпионы атанар ма еді? Өйткені ол осы Олим­пиаданың қарсаңында да бабында болатын. Онысын кейінірек, 1986 жылы АҚШ-та өткен әлем чемпионатында дә­лелдеп, жеңімпаз атанды. Осы жеңісінен соң Стивенсон XX ғасырдағы Латын Америкасы мен Кариб аймағының көрнекті бес тұлғасының қатарына енді. Үлкен спортпен қош айтысқан соң Теофилио Стивенсонға ұсыныс айтып, түрлі қызметтерге шақырушылар көбейді. Бірақ ол көпшілікті таңғалдырып, Куба елінің басшысы Фидель Кастроның жеке оққағарына айналып шыға келді. Бертініректе ол өз еліндегі бокстың өркендеп, дамуына үлес қосып, басшылық қызметтер атқарды. Әрине, даңқты Тео күні бүгінге дейін Кубаның спорттық өміріне белсене араласып келеді. Олимпиаданың үш дүркін чемпионы - 1972, 1976, 1980 жылдар. Үш дүркін әлем чемпионы - 1974, 1978, 1986 жылдар. Панамерикалық ойындардың екі дүркін чемпионы - 1975, 1979 жылдар. Сергеев. Сергеев, Аютас – Қазақстандағы қала (1969 ж.), Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын атындағы ауданның әкімшілік орталығы. Есіл өзеннің оң жағалауында, облыс орталығы – Петропавл қаласынан 170 км жерде орналасқан. Халқы 7,6 мың адам (2009). Сергеев аумағы 18 ғасырда Абылай ханға жақын Күлеке батырдың руына тиесілі жер болған. 19 ғасырда Уәли ханның жесірі Айғанымның жері болды. 20 ғасырдың басына дейін Аютас қонысы деп аталды. 1896 ж. Украинадан және Ресейден қоныс аударушылар орын теуіп, Сергеев қаласының негізін қалады. Қалада темірбетон, азотты-оттекті, құрғақ сүт, нан-тоқаш өнімдері зауыттары, үш көліктік, екі жол жөндеу кәсіпорындары, ЖМК, гидроторап бар. Әлеуметтік салада 3 орта мектеп, кәсіптік-техникалық мектеп, тарихи-өлкетану мұражайы, 2 кітапхана, кинотеатр, мәдениет уйі, спорт кешені мен стадион, орталық аудандық және туберкулез ауруханасы жұмыс істейді. Экстремизм. «Экстремизм» (, — «шеттеу» яғни орталықтан ауытқу, белгіленген жерден тыс кету деген мағына береді) — жалпы тәртіпті мойындамайтын, өзінің пікірімен ғана іс-әрекет жасаушы дегенді білдіреді. Экстремизмнің пайда болу себебі, адамның надандыққа, көрсеқызарлыққа бейімделген көзқарасынан пайда болады. Яғни, тек менің ғана пікірім болуы керек деген сияқты. Бұл ең алғашқы этаптары болып саналады. Экстремизмнің тағы бір көрінісі басқа біреуді көре алмау, түсінбеу немесе түсінгісі келмейтін адамдардан шығады. Лаңкесшілер дұрыс бағытқа жол көрсететін адамдардың кеңесіне мүлдем құлақ аспайды. Олар өздерін ең таза кіршіксіз деп санап, басқаның барлығын адасушыларға жатқызып, жөн білетін адамдарды мойындамайды. Міне, осының салдарынан әлемде түрлі төңкерістер мен қантөгістер орын алуда Ельцин, Борис Николаевич. Ельцин, Борис Николаевич - Ресей Федерациясының 1-шi президенті Жаңалық. Жаңалық – салыстырмалы түрде жақында пайда болған өнім. Оны жасайды, көшіреді және екі жүз жыл бойы келе жатқан дәстүр бойынша жеткізеді. Барлық тілшілер дерлік жаңалықтың түр-сипатын уақыт өте келе сезе бастайды, бірақ бұл генетикалық деңгейде болмайды. Адамдар білімқұмар немесе алаңғасар болуы мүмкін, ал «туа біткен журналистер» болмайды. Әлемдік өрмектің дамыған болашағы. Семантикалық өрмек – байланыстыруын жақсарту және ақпараттарды әлемдік өрмек арқылы жаңа формат метамәліметтердің релеванттылығын алдағы болжайды. Социалдық өрмек – өрмектегі ақпараттарды реттеу жұмыстарыен айналысады және өрмекті пайдаланушысы өзі орындайды. Семантикалық өрмекің бөлігі болып, белсенді құрал ретінде қолданылады (RSS және басқа веб-канал форматтары, OPML, XHTML икроформаттары). Негізі барлығын қорытындылай келгенде, әлемдік өрмек “трех китах” мағынасында тұр, олар: HTTP, HTML және URL. Соңғы кездері HTML бірнеше өзінің позицияларын тапсыруды бастады және оларды қазіргі технологияларға аса белгі қоюға (разметка) жол берді: XHTML және XML. XML (англ. eXtensible Markup Language) белгі қою тілдеріне іргетас (фундамент) болып келеді. Веб визуалды қабылдануының жақсаруын технология CSS кең қолдана бастады, көптеген веб беттерге тек қана бір стиль хаттауын (оформления) рұқсат етеді. Тағы бір ескерту ол – ресурстар көрсету жүйесі URN (англ. Uniform Resource Name). Белгілі әлемдік өрмектің концепциясының дамуы – Семантикалық өрмектің дамуы. Семантикалық өрмек – желідегі орналасқан ақпараттарды компьютерлерге аса түсінікті қылдырады. Семантикалық өрмек – ол желі концепциясы, сондағы әрбір ресурс адам тіліндегідей суреттеп жабдықталуы және компьютерге түсінікті болуы. Семантикалық өрмек – қандай да бір қосымшаға айқын ақпарат құрылымына мүмкіндік ашып, платформаға және бағдарламалау тілдеріне тәуелсіз болмай.(независимо) Бағдарламалар өздері керек ресурстарды тауып, ақпараттарды өңдеп, мәліметтерді сұрыптап (классифицировать), логикалық байланыстарды әшкерелеу (выявлять), қорытынды жасау және тіпті бұл қорытындыларға шешім қабылдау. Кең тарату кезінде және сауатты енгізу семантикалық өрмек интернетте революцияны шақыруы мүмкін. Компьютерге түсінікті ресурстын сипатталуын жасау, ол семантикалық өрмекте RDF (англ. Resource Description Framework) форматы қолданылады, XML синтаксисіне негізделген және URL идентификаторы ресурстарды белгілеу үшін колданылады. Жаңаплар – олар RDFS(англ. RDF Schema) және SPARQL(англ. Protocol And RDF Query Language), жаңа мұқтаж (запрос) тілі RDF мәліметтеріне қатынау. Әлемдік өрмекті ойлап шығарушылар болып саналады: Бернерс – Ли, Роберт Кайо. Тим Бернерс – Ли HTTP, URI/URL және HTML технологияларының авторы болып табылады. «Энквайр» (англ. «Enquire», деген бағдарлама жасаған), бұл бағдарламаны мәліметтерді сақтау және әлемдік өрмекке концептуалдық негіздерді салды. 1991ж және 1993ж дейін Бернерс Ли техникалық спецификацияларды жетілдіріп және оларды жариялады. Әлемдік өрмектің ресми туған жылы 1989ж деп санау керек. Бернерс Ли әлемде 1-ші «httpd» және әлемде 1-ші гипертекстік веб-браузер, «Word Wide Web» браузер бір уақытта WYSIWWYG-редакторы (англ. What You See Is What You Get – не көріп тұрсын, соны аласын) бұл дамыту 1990ж қазанда басталып, 1991ж жазда интернетте таратылды. Әйгілі Web 2.0 0бар, бірден бірнеше бағдар әлемдік өрмектің дамуына жалпылағыш. Радио. Радио (— оқимын, сәуле шығарамын ← "radius" — сәуле) - сымсыз байланыстың бір түрі, сигнал таратушы ретінде әуе толқындары пайдаланады. Радиобайланыстың қасиеті - әуе толқындар арқылы хабарларды аса шалғайға сымсыз әдісімен жеткізу. Хабарлағышқа орнатылған ұшқындық аралық тербелмелі контур жіберіп - таратушы антеннамен индуктивті байланыста және онымен резонанстық күйге келтіріледі. Сигналды тіркеу тәсілдері әуе толқындар (радиотолқындар) арқылы жіберген сигналды (хабарды) қабылда алады. Радиобайланысты алғаш ойлап тапқан - А. С. Попов. Радиохабар - радиобайланыстың көмегімен әуе толқындары арқылы берілетін ақпараттық, қоғамдық - саяси, көркем және музыкалық хабарлар, жедел ақпарат, бұқаралық үгіт пен насихат жұртшылықты оқыту - ағарту құралдарының бірі. Демек, бұқаралық ақпарат құралдары бір түрі. Радионың негізгі жанрлары: ақпараттық, қоғамдық саяси жанрлар, көркем публицистикалық жанрлар (радиоочерк, радиофельетон, радиокомпозиция), көркем жанрлар (радиоинсценировка, радиопьеса, тағы басқа). Радио сонымен бірге өз хабарларында барлық жанрда орындалған әдеби және музыкалық шығармалардың трансляциясын да, радиоға арнайы дайындалға драмалық және опералық спектакльдерді де пайдаланады. Суық соғыс. Суық соғыс - тарих және саясаттануда қолданатын ұғым, Екінші дүниежүзілік соғысынан кейін бастап Кеңес Одағының ыдырауына дейін созылған АҚШ басқарған "батыс мемлекеттерінің" және КСРО басқарған социалистік лагерінің идеологиялық қақтығысы (яғни либерал және коммунистік екі идеологиясының қақтығысы) және сол себептен жүргізілген АҚШ пен КСРО арасында қаруландыру бәсекесі. КІРІСПЕ. Тақырыптың өзектілігі. «Қырғи қабақ соғысы» екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі кеңестер одағы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы ауқымды идеологиялық және геосаяси ұрандағы биполярлық қарама-қайшылығы болып табылады. Бұл қарама-қайшылық сферасына тек екі супер держава ғана түсіп қоймай, сонымен бірге оның ықпалына әлемнің жүздеген елдері тартылды. Мақсаты мен міндеттері. Бұл курстық жұмыстағы басты мақсатым халықаралық жағдайлардағы ең басты мәселеге арналған қырғи-қабақ соғысқа сараптамалық шолу жасап, толыққанды талдап беру. Бұл үшін мынадай міндеттерді алдыма қойдым: қырғи-қабақ соғысқа қатысушы ірі мемлекеттердің әрқайсысының өзіндік мақсат-мүдделерін ашып беру. Курстық жұмыстың мақсаты - Европа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихының деретанулық проблемаларын зерттеу. Курсты белгілеу қазіргі кезеңдегі шет ел және отандық деректанудың теориясы мен әдісін, Европа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі тарихы бойынша тарихи деректерді іздестірудің шеберлігімен белгіленеді. Осыған байланысты курста тарихи құжаттардың қалай және қайда сақталуы туралы ақпарат түсінігі беріледі, аталған мамандықтың проблемалары бойынша маңызды публикациялар мен библиографиялық дерктер бойынша анықтама беріледі. Жаңа және қазіргі замандағы Батыс елдерінің деректері аймақ және ел бойынша іріктелген. Тақырыптың зерттелу деңгейі. Зерттеуші Берге И. В. «Қырғи қабақ соғысының» туындауының себептерін көрсетуді мұнда үш басты себеп орын алған. 1) 1917 жылғы Ресейдегі Ұлы Қазан революциясы әлемді екі қарама-қайшы бөлікке (социализм мен капитализм) бөлді. Сөйтіп «Қырғи қабақ соғысының» басталуы механизмін іске қосты. 2) Екінші дүние жүзілік соғысы кезеңіндегі державалардың ықпал ету аймақтары үшін күресі.Сондай ақ осы кезеңдегі социализм мен капитализм арасындағы қайшылықтың белең алуы. 3) Ядролық жаппай құрып жою қаруының пайда болуы - әлемдік саясатқа мүлде өзгеше сипат берді. Тарих - бұл адам қоғамының өткені мен осы уақыты туралы, нақты формадағы, кеңістік-уақыттық өлшемдегі қоғамдық өмірдің дамуының заңдылықтары туралы ғылым. Тарихтың мазмұны - бұл адам өмірінің құбылыстарындағы көрінетін тарихи процесс, тарихи ескерткіштер мен деректерде сақталған мәліметтер болып табылады. Бұл құбылыстар әртүрлі, яғни шаруашылықтың дамуына, елдің ішкі және сыртқы қоғамдық өміріне, халықаралық қатынстарына, тарихи тұлғалардың қызметіне қатысты болып келеді. Тарих - ғылым бір-біріне сәйкес көп жақты, ол тарихи білімнің жеке салаларынан қалыптасады, дәлірек айтқанда: экономикалық, саяси, әлеуметтік, азаматтық, әскери, мемлекет пен құқық, дін т.с.с. Тарихи ғылымдарға халықтардың тұрмыс-салтын зерттейтін этнография, және ежелгі дәуірдің заттай деректер - еңбек құралы, үй жиһаздары, әшекей заттар, қоныстар, молалар т.б. зерттейтін археологияның да қатысы бар. Тарих объектіні зерттеу бойынша ендік жағынан да бөлінеді: әлем тарихы (бүкіл әлем тарих немесе жалпы тарих), континенттер тарихы (мысалы, Азия және Африка тарихы), жеке елдердің, халықтардың немесе халық топтарының тарихы (мысалы, Ресей тарихы). Тарихи пәндерге тарихи деректерді зерттейтін деректану және тарихшылардың көзқарастарын, идеялары мен концепцияларын суреттеу мен талдау мақсатындағы, сонымен қатар тарихи ғылымның дамының заңдылықтарын зерттейтін тарихнаманың да қатысы бар. Келесі зерттеушілер М. Бэшлосс және С. Тэлботт «Қырғи қабақ соғысы» кезеңіндегі халықаралық қатынастардағы негізгі проблемалармен тенденцияларды зерттеуге айтарлықтай көңіл бөлді. Бұл зерттеушілер әсіресе бұл соғыстың соңғы кезең деріндегі орын алған оқиғаларға назар аударып, Кеңес одағындағы жаңа басшы М.С. Горбачевтың бейбіт сүйгіштік иницативаларына жоғары баға береді. Тарихнамалық шолу. Зерттеуші Нарочницкая Е.А. 60-шы жылдардан кейінгі Францияның батыс блоктағы саясатын бастапқы кезде, яғни генерал де Голль кезінде прогрессивті сипатқа ие болғанмен, ол кейіннен агрессивті, антисоциалистік сипат алды деп пайымдады. А.М. Филатов соғыстан кейінгі кезеңнен бастап «Қырғи қабақ соғысы» аяқталғанға дейінгі аралықтағы «Герман мәселесін» және ондағы АҚШ, Франция, Англия мен Кеңес Одағының саясатына назар аударады. Зерттеуші Германияның қосылуы «Қырғи қабақ соғысының» іс жүзінде аяқталғанын білдірді деген пікірде болды. Жұмыстың құрылымы: курстық жұмыстың құрылымы әдеттегідей кіріспе, 3 тарау, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. «ҚЫРҒИ ҚАБАҚ СОҒЫСТЫҢ» ШЫҒУ СЕБЕПТЕРІ. Екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы оғы атылғанда дүние өз дамуының жаңа бір дәуіріне енгендей болды. Адамзат баласының тарихындағы ең сұрапыл, ең ауыр соғыс аяқталды. Осы сұмдықтан кейін жаңа соғыс туралы ойлаудың өзі қылмыс болатын. Ол қайталанбас үшін қолдан келгеннің бәрі істелінді. Германия талқандалып қана қойған жоқ, оны женгендер оккупациялады, енді герман милитаризмінің қайта өрлеуі туралы сөз болуы мүмкін еместей көрінді. Антигитлерлік коалиция мемлекеттерінің арасында орнаған ынтымақтастық деңгейі оптимизм сезімін ұялатты. «Үлкен үштіктің» жоғарғы дәрежедегі кездесулері үнемі өткізіліп отырылды. Соғыс қимылдарын үйлестіру, саяси қатынас келісімдері, экономикалық ынтымақтастықты кеңейте тусу жүзеге асырылып отырды. Осы қатынастардың символы ретінде «Үлкен үштіктің» үшінші кездесуін - Берлин (Потсдам) конференциясын айтуға болады. Ол Берлиннің жанындағы Потсдам калашығында 17 шілде-2 тамыз 1945 жылы өтті. АҚШ-тан 1945 жылы сәуірде қайтыс болған Франклин Рузвельттің орнына болған Гарри Трумэн, Ұлыбритания - Уинстон Черчилль, КСРО - Сталин қатысты. Алайда конференция барысында күтпеген оқиға болды. Соғыстан кейінгі парламент сайлауында Черчилль бастаған консерваторлар жеңіліс тапты. Тұңғыш рет лейбористер көп орынға ие болып, оның лидері Клемент Эттли үкіметті басқарды. Ол жаңа құраммен Потсдамға келді. Қырым конференциясымен салыстырғанда «Үлкен үштік» құрамы жаңарды, Берлин конференциясы Париж конференциясы сияқты бейбіт конференция болған жоқ. Себебі ешкіммен бітім жасалынбайтын еді. Германия оккупацияланды, оның территориясында билікті төрт оккупациялық зонаға бөліп, Ұлыбритания, КСРО, Франция, АҚШ жүргізді. Конференцияның басты мақсаты одақтас державалардын Германияға деген саясатын анықтау болатын. Конференцияның шешімі: барлық ұлтшыл-социалистік ұйымдарды тарату; бұрын тыйым салынған саяси партиялар мен негізгі азаматтық бостандықтарды қалпына келтіру; соғыс өнеркәсібін жою; нацистік Германияға қызмет еткен, өнеркәсіпті милитаризациялаудың құралы болған картельдерді тарату. Сондай-ақ одақтастар қолына түскен нацистердің ең жоғарғы басшыларын арнайы Халықаралық трибунал сотына беруге келіеті. Германияның мемлекеттік шекарасы анықталды. Германиядан Польша мен КСРО-ға Шығыс Пруссия берілді, Польшамен шекара батысқа, Одер-Нейсе өзені сызығына жылжыды. Жалпы айтқанда Германияның территориясы 1938 жылмен салыстырғанда 1/4 азайды. Германияның 1938 жылдан бастап иемденген жерлерінің бәрі ешқандай қарсылықсыз қайтарылатын болды. Конференция осы территориялардан (9 млн-нан астам адам) немістердің жаппай көшірілуіне келісті. Сондай-ақ әр зонадағы соғыс тұтқындарын өзара алмасу туралы да келісім болды. Сонымен қатар КСРО Англия мен АҚШ-ты КСРО-дан батысқа қашқан азаматтардың бәрін еріксіз болса да қайтаруға келісімдерін алды. Олардың КСРО-дағы тағдырының қандай болатындығы айқын болса да, одактастар бұл мәселе бойынша Сталинмен қақтығыскысы келмеді: Трумэн Жапония туралы ойлады, өйткен КСРО-ның қатысуынсыз оны жеңу қиынға түсетін еді, ал Эттли немістер тұтқынында болып, КСРО оккупациялаған территорияда қалған 25 мың ағылшындардың тағдыры туралы ойлады. Репарацияның жалпы сомасы 2 млрд. доллар көлемінде анықталды, оның 50%-ын КСРО алатын болды Германияда репарация төлеуін жоққа шығаратындай финанстық қиындық туғызбау үшін, репарацияны өнеркәсіп құралдарын әкету арқылы алу көзделді. Берлин конференциясында Германияны біртұтас мемлекет ретінде сақтап қалу қарастырылды. Нацизмді құртқан соң елде жалпы сайлау өткізіп жаңа демократиялық Германия үкіметімен бейбіт келісімге қол қою жоспарланды. Оған дейін Германияда билікті оккупациялық үкіметтер атқаратын болды. Осыған сәйкес Германия төртке бөлінді және Берлин Германияның астанасы болып қалды. 1945 жылы қарашада Нюрнбергте соғыс қылмыскерлеріне сот басталды. Ұлыбритания, Франция, КСРО, АҚШ-тың білікті заңгерлері рейх басшыларын соғысты дайындау мен тұтандыруға ғана емес, соғысты жүргізу заңдары мен адамгершілік принциптерін бұзғаны үшін айыптады. Сот процесі он айдан астам созылды, үш ғана айыпталушы ақталды. ЧЕРЧИЛЛЬДІҢ ФУЛТОНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ – «ҚЫРҒИ ҚАБАҚ СОҒЫСТЫҢ» БАСТАМАСЫ. КСРО-ның жүргізген саясатына Батыс елдері әр түрлі көзқарас ұстады. Бірқатар саяси қайраткерлер КСРО-мен ымырашылдықты жақтады. Әсіресе бұл позицияны АҚШ сауда министрі Генри Уоллес қолдады. Ол КСРО-ның талабы орынды деп есептеп, КСРО-ның Европа мен Азияның кейбір аудандарында басымдық құқын мойындап, дүниені қайта бөлуді жүргізуді ұсынды. У.Черчилль басқа көзқараста болды. 1946 жылы 5 наурызда президент Трумэннің туған штаты Миссуридың Фултон қаласында президенттің қатысуымен сөйлеген сөзінде Европада қалыптасқан жағдай батыс демократиясы тағдырына қауіпті деп сипаттады. Кеңес халықтарының ерлік күресі мен КСРО-ның қауіпсіз шекараға ие болу құқын мойындай отырып ол кеңес экспансионизмінің етек алуын үрейлене ескертті. Батыс демократиясын қорғау үшін, оның ойынша, АҚШ пен Ұлыбританияның күшін біріктіріп, «англо-саксон дүниесінің бар қуатымен» КСРО-ға тойтарыс беру керек. АҚШ-тың мемлекеттік департаменті де кеңестік әрекеттерге қарсы жауап іздеді. Мұнда американ дипломаты, Ресей бойынша маман Джордж Кеннан маңызды роль атқарды. 1946 жылы ақпанда, Москвада АҚШ елшілігінде жұмыс істей жүріп ол Вашингтонға жолдаған жеделхатында «тежеу» саясатының негізгі принциптерін айқындады. Оның пікірінше, АҚШ үкіметі КСРО-ның өз ықпал аймағын кеңейту әрекетінің әрқайсысына дер кезінде қатты тойтарыс беріп отыруы қажет. Коммунизмнің еніп кетуіне қарсы тұра алу үшін, Батыс елдері өзіне сенімді, қолайлы әрі толыққанды қоғам орнатуға тырысуы керек. «Тежеу» саясатына олар соғыстың алдын алу тәсілі ретінде қарады және КСРО-ны соғыста жеңу көзделмеді. Трумэн, Черчилль, Кеннан КСРО-ны тежеуде АҚШ басты рольді өзі атқаруы керек деген түйін жасады. Бұл Трумэнді қиын жағдайда қалдырды. Соғыс кезінде КСРО-ға катынастың өзгеруі, соғыс ауыртпалығынан шаршау еш нәрсеге қарамай КСРО-мен ынтымақтастықты жалғастыра беруді жақтаған Уоллес типті саясаткерлерге де көбірек қолдау көрсетілді. Осы бағытты жақтайтындар соғыс тәжірибесіне Рузвельт Сталинмен компромисске келе алған жағдайға, Рузвелытің елемеуге болмайтын зор беделіне сүйенді. Сондай-ақ «тежеу» саясатына көшу АҚШ-тың саясатын түбегейлі өзгертетіндігі анық еді, енді Америка Европаның барлық істеріне қоян-қолтық араласатын болды. Трумэн саясатта мұндай бетбұрысты жүзеге асыруға ықпалы мен беделі жетпейтіндей сезінді, өйткені 1944 жылы американдықтар президент Рузвельтке дауыс берген еді. 1946 жылы өткен аралық сайлау қорытындысы да Трумэнге 1948 жылы жеңіс әкелетіндей нәтиже бермеді. Республикандықтар 1930 жылдан кейін алғаш рет конгресте бақылауын орнатты. 1919 жылғы Париж конференциясының кезіндегідей жағдай қалыптасты: президент - демократ, ал конгресс - мемлекет басшысының кез келген сырткы саясат шараларын тоқтата алуға күші жететін республикандықтардан құралды. Трумэннің солқылдақтығын түсінуге болады: бұрынғы саясатты жалғастыру немесе жаңа саясатқа көшу. Алайда оқиғалардың барысы Трумэннің көп ойлануына мүмкіндік бермеді. 1947 жылдың ақпанында ағылшындар Түркия мен Грецияға әскери жоне экономикалық көмек беру мүмкіндігі жоқ екенін АҚШ үкіметіне мәлімдеді. Грециядан ағылшын әскерлерінін шығарылуы мен көмектің тоқтатылуы Жерорта теңізі аймағында стратегиялық жағдайды түбімен өзгертетін кеңес бақылауы орнау мүмкіндігін тудырды. Италияда коммунистердің билік басына келу жағдайы жасалды, Суэц каналына кеңеі бақылауы орнау қаупі төнді. Осы жағдайлар Трумэннің өз бағытын түпкілікті айқындауына итермелемей қоймады. 12 наурызда Трумэн Греция мен Түркияға 400 млн. доллар көлемінде әскери және экономикалық көмек көрсету ойы бар екенін жариялады. Сонымен қатар ол «сыртқы қысым мен қарулы азшылық жағынан езгіге түсіруге қарсы болған ерікті халықтарға көмек көрсетуге бағытталған АҚШ саясатының міндеттерін айқындады. Осы мәлімдемесінде Трумэн АҚШ пен КСРО арасында басталған қайшылықтың мазмұнын демократия мен тоталитаризм арасындағы қақтығыс деп сипаттады. Осылайша соғыстан кейінгі ынтымақтастықтан бәсекелестікке көшудің бастамасы болған Трумэн доктринасы пайда болды. МАРШАЛЛ ЖОСПАРЫ. Маршалл жоспары (ағылшынша: Marshall Plan, ресми атауы ағылшынша: European Recovery Program — «Еуропаны қайта құру бағдарламасы») - Батыс Еуропа мемлекеттеріне Екінші дүниежүзілік соғысынан кейін АҚШ тарапынан экономикалық жәрдем жүргізу бағдарламасы. Еуропада экономикалық тұрақтылық орнатып, батыс Еуропа мемлекеттеріне АҚШ экономикалық ықбалын жайылу үшін жүргізілген. Жоспар АҚШ мемлекеттік хатшысы Джордж Маршаллдың атымен аталған, ресми атауы European Recovery Program (Еуропаны қалпына келтіру бағдарламасы). Алғаш рет бағдарламаның идеясын 1947 жылы маусымның 5-інде Джордж Маршалл Гарвард университетінде сөйлеген кезде ұсынған. Кейін Парижде өткен Еуропа мемлекеттерінің конференциясында талқыланған. Бағдарлама 1948 жылының сәуір айында бастап 1951 жылының желтоқсанына дейін созылған. Жоспар жүзеге асыру барысында төрт жыл ішінде АҚШ Еуропа елдеріне 12,4 млрд доллар бөлініп жұмсалуға арналған. Ақшаның негізі Ұлыбританияға бөлінген. Жәрдем бөлуінің шарты бойынша Еуропаның мемлекеттері өз үкіметтерінің құрамынан коммунист-саясаткерлерін шығару міндетті еді. Осылайша, АҚШ Батыс Еуропа мемлекеттерін КСРО-ның саяси ықбалынан және коммунисттік идеологиясының әсерінен сақтап, оларды экономика тарапынан өзіне қарай жақындатқан. 1947 жылы 5 маусымда АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джордж Маршалл европалық демократияны нығайту үшін оларға тез арада финанстық және экономикалық көмек көрсету қажет деп мәлімдеді. КСРО бұл жоспарды Американың Европаны экономикалық қанауға салуға; бағытталған деп есептеп, шығысевропа елдерін Маршалл жоспарын жүзеге асыруға қатыстырмау мақсатында қысым жасады. Осы елдерде өкімет билігі коммунистердің қолына көшу процесі жеделдетілді, ол негізінен 1948 жылы аяқталды. 1948 жылдың сәуірінде 16 Батыстық елдер Маршалл жоспарын; қол қойды. Бұл бойынша олар 4 жыл ішінде АҚШ-тан 17 млрд. доллар көмек алатын болды. Сонымен бірге американдықтар көмек көрсетудің алғышарты ретінде үкімет құрамынан коммунистерді шығаруды талап етті. 1948 жылға қарай Батыс Европаның бірде-бір үкіметінде коммунистер болмады. Бұрынғы одақтастар арасындағы алауыздық Европаның бөлшектенуіне әкеліп соқты. Европада орын алған оқиғалар Германия тағдырына да әсер етті. Батыс елдер үшін олардың оккупациялық зоналары «тежеу» саясатының алдыңғы шебіне айналды. Бұл саясаттың табысты болуы немістерге байланысты екен айқын болды. Сондықтан АҚШ Маршалл жоспарының әрекет ету аймағын Батыс Германияны қосуды талап етті. Репарация алу және осы өтем үшін КСРО-ға құрал-жабдықтарды тиеу тоқтатылды. Батыс елдері Германияның экономикалық тұрақтылығына және оккупациялық үш батыстық зона негізінде мықты мемлекет құруға қол жеткізді. 20 маусым 1948 жылы онда ақша реформасы жүргізілді. Құнсызданған рейхсмарканы жаңа неміс маркасымен ауыстыру экономиканы қалпына келтірудің басталуына түрткі болды. Бірақ ол Герман проблемасын бірігіп шешу туралы келісімді ашық бұзғандық болып табылады. Берлин статусы туралы мәміледе Берлиннің батыс секторларының батыстық оккупациялық зоналармен транспорттық байланыстарын қамтамасыз ету жөнінде КСРО-ның нақты міндеті көрсетілмегендігін пайдаланып, КСРО Берлиннен Батысқа барар жолды кесіп тастады. Берлин блокадасы - КСРО-ның өзінің бұрынғы одақтастарымен алғашқы ашық конфронтациясы басталды. Бұл 24 маусым 1948 жылы басталып 324 күнге созылды. Сол уақыт ішінде Берлиндегі одақтастардың әскерін және Батыс Берлиннің 2 млн-дық халқын қажет жабдықтармен қамтамасыз етуді әуе көпірі арқылы одақтастардың авиациясы жүзеге асырды. Кеңес әскері Шығыс Германия территориясы арқылы одақтастар самолеттерінің ұшуына кедергі жасамады. Берлин блокадасы саяси аренада жаңа өзгерістер туғызды. Осы блокада тұсында 1948 жылғы қарашада өткен президенттік сайлауда Трумэн жеңіске жетті. Демократтар қайтадан конгресстің екі палатасына да бақылау орнатты. Сайлау американдықтардың көңіл күйінде болған өзгерісті айқын көрсетті: оларда Америка қорғаныс шебі Европа мен Азияда орналасқан деген түсінік пайда болды және Трумэн бастаған КСРО-мен күшпен қарсыласу бағытын қолдады. АҚШ-тың оқшаулануына соңғы нүкте қойылды. Берлин блокадасы Батыс елдерінің әскери қуатын нығайту қажеттілігін көрсетті. 4 сәуір 1949 жылы 10 Европалық мемлекет (Бельгия, Ұлыбритания, Дания, Исландия, Италия, Люксембург, Нидерланды, Норвегия, Португалия, Франция), АҚШ және Канада Солтүстік Атлант келісіміне қол қойды. Онда аталған елдер БҰҰ Жарғысы шеңберінде жау шабуылынан бірлесіп қорғануға дайын екендіктерін мәлімдеді және осы мақсатты жүзеге асыру үшін Солтүстік Атлант келісімі Ұйымы (НАТО) құрылды. Осы келісім негізінде Дуайт Эйзенхауэр басқарған біріккен қарулы күштер жасақталды. Өз тарапынан Шығыс Европа елдері өзінің топтасуын нығайта түсуді жалғастыра берді. 25 қаңтар 1949 жылы Болгария, Румыния, Венгрия, Польша, КСРО және Чехославакия Европаның бөлшектенуіне байланысты экономикалық проблемаларды бірігіп шешу үшін Өзара Экономикалық Кеңес (СЭВ) құрылатындығын жариялады. Ақпанда СЭВ-ке Албания, кейінірек ГДР қосылды. 1955 жылы осы елдер өздерінің әскери-саяси одағын -Варшава Келісімі Ұйымын (ОВД) құрды. 1949 жыл Германияның бөлшектену жылы болып табылады. Ақша реформасы жүргізілгеннен кейін көп ұзамай-ақ батыс зоналарда мемлекеттің конституциясын жасау басталды, ол осы үш зона негізінде жасалуға тиіс болды. 1949 жылы мамырда Германия Федеративтік Республикасы (ФРГ) құрылды. Сол жылы қазанда оккупациялық шығыс зонада Германия Демократиялық Республикасы (ГДР) дүниеге келді. ГДР-мен қатар Қытай Халық Республикасы жарияланды. Гоминьданмен соғыс коммунистердің жеңісімен аяқталды. Дүниежүзіндегі ең халкы көп мемлекетте өкіметтің коммунистер қолына көшуі АҚШ-та абыржу туғызды. 1949 жылы американдықтар КСРО-да атом бомбасының сәтті сыналғаны жөнінде естіді. Кеңес атом қаруы қарулануға тек 1953 жылы ғана енсе де әскери-саяси бәсекелестіктің жаңа сипатқа ие болғандығы айқын еді, өйткені осы салада АҚШ-тың монополиясы жойылды. Осыған байланысты АҚШ ядролық қару мен оны жеткізу құралдарын жетілдіру туралы шешім қабылдайды. 1952 жылы АҚШ алғашқы сутегі бомбасын сынады. Сутегі бомбасын жасау онша күрделі емес болатын, ал оның қуаты тасымалдау құралының (носитель) мүмкіндігімен шектелді. Американдықтар сынаған бірінші сутегі бомбасының қуаты 10 млн. тонналық тротилдің жарылысымен тең еді. Осындай қару он ай өткен соң КСРО-да сыналды. 50-ші жылдары екі елде де ядролық қаруды тасу құралдарының жаңа түрін тез арада жасап, жүзеге асыру жұмыстары жүрді. Соғыс кезіндегі неміс ракета құрылымы жетістігінің негізінде континентаралық баллистикалық ракета жасалынды. Алғашқы атомдық суасты ракета тасушы кемелер пайда болды. АҚШ пен КСРО-ның бәсекелестіп ракеталық-ядролық жанталаса қарулану сипатында жүргізілді. 1950 жылы АҚШ Корея жарты аралындағы жанжалға араласып, алғаш рет өзінің қарулы күштерін пайдалануға мәжбүр болды. Соғыстан соң Корея, солтүстігінен Кеңес Одағы, оңтүстігінен АҚШ оккупацияланды. Германия сияқты екі үкімет құрылды. Олардың арасындағы қайшылық американ кеңес қатынастарының шиеленісуіне байланысты күшейіп отырды. 1949 жылға қарай АҚШ пен КСРО әскерлері Кореядан шығарылды, Кореяның ек бөлігінде де сайлау жүргізілді. 25 маусым 1950 жылы Солтүстік Корея әскер 38 параллель бойынша демаркациялық шепті бұзып, оңтүстікке қарай тез жылжыды. АҚШ Солтүстік Корея әрекетін агрессиялық деп танытып Біріккен Ұлттар Ұйымына Оңтүстік Кореяға көмек көрсету туралы шешігі қабылдатты. БҰҰ туы астында Корея жартыаралына көпшілігін американдықтар құраған бірнеше елдің әскері түсірілді. 1953 жылға дейін созылған Корея соғысы басталды. Осылайша АҚШ пен КСРО арасында бітіспес қайшылық туды. Егер оның басталуын 12 наурыз 1947 жылғы Трумэн доктринасы деп, ал аяқталуы 8 желтоқсан 1991 жылы КСРО-ның құлауы десек сонда ол 45 жылға созылды. Осы жылдары АҚШ пен КСРО арасында қайшылық қанша асқынса да соғысқа ұласқан жоқ. Сондықтан да осы кезеңді «қырғи қабақ соғысы» деп сипаттауға негіз бар: екі жақ та «қанды соғысқа» дайындалды, бір-біріні жау ретінде қарады, дүниенің барлық аймақтарында және қарудың ба; түрінен бәсекелесті, қару Жер бетіндегі бар тіршілікті бірнеше рет жойып жібере алатындай көлемде жиналды, бірақ бұл қуатты бір-біріне қарсы ешқашан да қолданбады. Не себептен? Бас кезеңде екі жақ та мұндай соғыс түрін қаламады. Конфронтация шындыққа айналған кезде екі жақ та жаңа соғыс тұтана қалған жағдайда жеңетініне сенімді болмады. Соғыс қорытындысының айқын болмауы ек жақты да бір жақты басымдылыққа ұмтылдырды, алайда неғұрлым жаңа түрлерінің пайда бола беруі қақтығыстың соңының қандай боларын болжауды тіпті қиындатты. «Қырғи қабақ соғыс» бүкіл планетаны шарпыды Ол дүниені екіге, екі соғыс-саяси және экономикалық топтарға, екі қоғамдық-саяси жүйеге бөлді. Осы ауқымды бәсекелестіктің өзіндік саяси логикасы туындады - кім бізбен бірге болмаса, ол бізге қарсы. Дүние жүзіндегі барлық оқиғалар бәсекелестіктің айнасында «қара-ақ» деп қаралды. «Қырғи қабақ соғыс» бағымызға қарай «қанды соғысқа» ұласпаса да саясат пен ақыл-ойды барынша милитиаризациялады. Дүниежүзілік саясатт; барлықы соғыс қуаттылығы жағынан есептелінді. Күш қолдану қаупі БҰҰ жарғысына сәйкес болмаса да «ядролық қорқыту» саясаттың басты қаруы болып табылды. Жанталаса қарулану бейбіт кезеңде АҚШ пен КСРО-да соғыс-өнеркәсіп комплексін қалыптастырды. Осы саланы басқарған министрліктер мен ведомстволардың беделі мен саяси ролі ості. Халықтың санасын милитаризациялау жүргізілді. Соғыс қызметі ерлікке саналды Жауыз, аяусыз коммунист және дәл сондай империалист бейнесінде жаңа образы қалыптастырылды. Екі елдің мәдениетіне де осы сіңдірілді «Шпиондық» романдар дәстүрлі детективтерді ығыстырды. «Қырғи қабақ соғыс» дүниежүзілік саясаттың басым құбылысы ретінде ішкі өмірге де едәуір ықпал етті. Дүниені «қара-ақ» деп тану сыртқы дүниеге қауіп-қатер сезімін ұялатты және сыртқы жау алдында жасанды іштей топтасуға итермеледі. Алдыңғы ой-пікір арандатушылық іс-әрекет деп табылды. Осы АҚШ-та азамат құқы мен бостандықтарының жаппай бұзылуына, ал КСРО-да тоталитарлық режимнің нығаюына әкеп соқты. Сонымен қатар «қырғи қабақ соғыс» Батыс елдерінде «берекелі мемлекеті құру мақсатындағы әлеуметтік реформаларды жүргізуді аяқтау үшін стимул болды және ол коммунизм идеясы еніп кету барьері ретінде саналды. «Қырғи қабақ соғыс» қарулануға көп қаржы шығаруды талап етті, инженерлер мен жұмысшылардың ең таңдаулылары қарудың жаңа түрін шығарумен айналысты. Жанталаса қарулану адам естіп білмеген ғылыми жаңалықтар тудырды. Ол ядролық физика мен космостық зерттеулердің дамуына ықпал етті, электроника қуатының өсуі мен жаңа материалдар жасауға жағдай туғызды. Жанталаса қарулану кеңес экономикасын қанаттандырып, американ экономикасының бәсекелестік қабілетін төмендетті. Сонымен қатар кеңес-американ бәсекелестігі АҚШ-тың коммунизммен күресінің алдыңғы шебі болған Батыс Германия мен Жапонияның саяси және экономикалық позициясын қалпына келтіруге қолайлы әсерін тигізді. АҚШ пен КСРО бәсекелестігі отар мен тәуелді елдер халықтарынын тәуелсіздік үшін күресін жеңілдетті, әрі туындаған «үшінші дүниені» ықпал ету аймағы үшін аймақтық және жекелеген қақтығыстардың бітпейтін орталығына айналдырды. Былайша айтқанда, «қырғи қабақ соғыс» екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дүниежүзілік тарихқа терең және жан-жақты әсер етті. «Қырғи қабақ соғысты» болдырмауға болар ма еді? Онын пайда болуы көбіне екінші дүниежүзілік соғыс қорытындысының әр түрлілігіне байланысты болып табылады. Оның ең бастысы дүниеде ғаламдық бәсекелестікті бастай және ұзақ жүргізе алатын екі державаның ғана қалғаны еді. Басқа ұлы державалардың бұған күш-қуаты жетпеді. АҚШ пен КСРО осы жағдайда тек ұлы державалар ғана емес, басты ұлы державаларға айналды. Осылайша дүниенің екі полюстікке айналуы бәсекелестікті тудырмай қоймайтын еді. Осы тартысқа тарихи дамуы, географиялық жағдайы, экономикалық, әлеуметтік және саяси құрылысы әр түрлі ғана емес, дүниетанымы да әр түрлі мемлекеттердің қатысуы оған ерекше форма, орта ғасырлардағы діни соғыстарды еске түсіретін идеологиялық қақтығыс сипатын берді. 1947-1959 ЖЫЛДАРДАҒЫ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САЯСАТ БЕЛЕСТЕРІ. «Қырғи қабақ соғыс» жылдарында халықаралық қатынастардың дамуы ірі державалар арасындағы қатынастармен анықталды. Олардың бәсекелестігі әскери-саяси сипатта болды, солай бола тұрса да, екі жағы да оның қорытындысының қандай болатынына сенімді болмағандықтан, ашық соғыс қақтығысына бармады. Осы соғыстан кейінгі дүниежүзілік саясатқа белеңдік сипат берді. «Қырғи қабақ соғыс» халықаралық қатынастағы шиеленісу мен бәсеңдеудің алмасуы болды. Шиеленіскен жағдайда ірі державалар компромиске бару жолын іздеді. Қауіпсіздік сезіле бастасымен бәсекелестік қайтадан күшейді. 1950 жылы 15 қыркүйекте оңтүстікке кеткен Солтүстік Корей әскерінің тылына БҰҰ-ның туы астында Инчхонге әскерін түсіріп американдықтар қазанның соңында демаркациялық шепке шығып, Оңтүстік Кореяны азат етті. Біріккен күштердің бас қолбасшысы генерал Макартуі Трумэнді Солтүстік Кореядағы режимді жою мен Кореяны біріктіру мүмкіндігін пайдалану қажет деп көндірді. 1 қазанда солтүстікке шабуыл басталды, айдың соңында Солтүстік Кореяның астанасы Пхеньян алынды, американ әскері Қытай шекарасына шықты. Осы кезенде қақтығысқа Солтүстік Корея жағында Қытай араласты. 26 қарашада танкілер мен самолеттер қолдаған Қытай «еріктілері» шабуылға шығып американдықтарды шегінуге мәжбүр етті, майдан демаркациялық шептің оң жағына қарай тұрақтанды. Генерал Макартур қақтығыстың масштабын кеңейтуді, яғни Солтүстік-Шығыс Қытайды бомбылауды және оның жағалауына блокада орнатуды ұсынды. Алайда Трумэнге бұл жағдайда осы уақытқа дейін Кореяға ұшқыштарын жіберіп қана отырған КСРО-ның ашық араласатыны және соғыс аймақтық шеңберден шығатыны айқын еді. Сондықтан Макартур жоспары қабылданбады, ол жұмыстан шығарылды. 1951 жылы қаңтарда майдан демаркациялық шепте тоқтады, ал маусымда КСРО-ның инициативасымен мәмілеге келу туралы келіссөз басталды. Келіссөз американ президенті ауысқан соң (1953 жылы қаңтарда АҚШ президенті Дуайт Эйзенхауэр болды) және И.В.Сталин қайтыс болған соң аяқталды. Екі жақ соғысқа дейінгі шекараны қалпына келтіруге ризашылық білдірді. Корея Германия сияқты бөлшектенді. Осы жылдары аймақтық шиеленіс ошақтары қалыптасты. Таяу Шығыста соғыстың аяқталуы Палестина халықтары еврейлер мен арабтар арасында қайшылықтың өсуіне әкеп соқты. Палестина (Жерорта теңізі мен Аравия шөлейтті арасындағы құнарлы жер) ежелден иврий (еврей) халқы орналасқан жер. Осы халық б.э.д. XI ғасырда өз мемлекетін құрған. Палестинаны Египет, Ассирия, Вавилон сияқты күшті көршілері қайта-қайта жаулап алып отырған. Ол Рим империясының құрамына енген сон, еврейлер тәуелсіздік алу үшін бірнеше рет көтеріліске шыққан. Олардың көтерілістері аяусыз басылып отырылған. Еврейлердің діни өмірінің басты орталығы -Иерусалим храмы бұзылды. Еврейлер Палестинадан көшіп, Европа мен Таяу Шығыс елдеріне қоныстанды. Жаңа жерлерде олар өз діндерін (иудаизм) сақтады және жергілікті халықтар арасында сіңіп кетпеді. Әр елде оларға әр түрлі қарады. XIX ғасырдың соңында Европада антисемитизм (еврейлерге жау ретінде қарау) күшейді. Еврейлер қайда жүрсе де пана табуға тырысып, өз ұлттық мемлекетін құруға әрекеттенді. Олар осындай мемлекет үшін Палестинаны таңдап алды. Еврейлер Палестинаға жиналды. Осман империясы құлаған соң Палестинаны басқарған ағылшындар еврейлердің өз ұлттық ошағын құруын қолдады. Жергілікті палестиндік арабтар бұған мүлдем қарсы болды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі еврейлер трагедиясы Палестинада өз мемлекетін құру үшін қозғалысты одан сайын жандандырды. Ағылшындар Палестинада еврейлер мен арабтар арасында туындаған қайшылықты шешуге дәрменсіздік көрсетті. Соғыс аяқталған соң Палестинаға еврей эмигранттары ағылды. Олар бұл мәселені шешуді БҰҰ-на тапсырды. БҰҰ 1947 жылы Палестинаны Израиль еврей мемлекеті мен арабтық Палестина деп бөлу жөнінде жоспар жасап бекітті. Осы кезеңнен бастап онда қарулы қақтығыстар орын алды. Израиль мемлекеті құрылып, одан ағылшын әскерлері шығарылған соң жеті араб мемлекеті бірігіп Израильге қарсы шықты. Бірінші араб-израиль соғысы басталды. 1949 жылы БҰҰ-ның араласуымен мәміле жасалынды. Израиль өзінің өмір сүру құқын сақтап қалды, алайда оны араб мемлекеттері мойындамады. Араб Палестина мемлекеті құрылмады, оның территориясының біразын Израиль, біразын араб елдері басып алды. 1947 жылы Британ парламенті Үндістанның тәуелсіздікке көшу жоспарын бекітті. Жоспар елді Үндістан және Пәкістан деп екі бөлікке бөлуді көздеді. Территорияны бөлшектеуде әр түрлі халықтар орналасқан аудандарда тайпааралық қақтығыстар орын алды, оның барысында территориялық дау туды. Соның бірі - үнді-пәкістан қақтығысы. Үндіқытай түбегінде тағы да бір қақтығыс туындады. 1940 жылы француз отарларын басып алған Жапонияның капитуляциялануы Вьетнам коммунистерінің лидері Хо Ши Минге тәуелсіз Демократиялық Вьетнам Республикасын (ДРВ) жариялауға мүмкіндік берді. Алайда Франция бұл тәуелсіздікті мойындаудан бас тартып, Вьетнамға күшпен қайтадан бақылау орнатуға әрекет жасады. Осыған байланысты 1946 жылы соғыс басталды. 1949 жылға дейін басымдылық француздар жағында болды. Алайда Қытайда өкімет басына коммунистер келген соң Хо Ши Мин КСРО мен Қытайдан көмек алып басымдылық вьетнамдықтар жағына көшті. «ҚЫРҒИ ҚАБАҚ СОҒЫСЫ» ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ АҚШ ПЕН СОВЕТ ОДАҒЫ ЖӘНЕ ФРАНЦИЯ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ. Екінші дүние жүзілік соғыс әлемдегі халықаралық қатынастардағы қалыптасқан жағдайды түбірімен өзгертті. АҚШ пен Кеңестер Одағының жетекшілігіндегі екі, әскери-саяси блоктың НАТО мен Варшава пактсының қарама-қайшылығы халықаралық қатынастарда екі жүйені қалыптастырды. Екі блоктың арасындағы қайшылық барлық салаларды қамтып жатты. Кеңестер Одағы мен АҚШ-тың арасындағы қайшылық яғни «Қырғи қабақ соғыс» екі супер державаның идеологиялық күресі мен геосаяси қарама-қарсылығында көрініс алды. Деголльдік қарсыласу қозғалысының неміс фашизміне қарсы белсенді күресуінің нәтижесінде Францияның халықаралық статусы нығая түсті. Соғыс аяқталған соң Франция Потсдам конференциясында Сыртқы істер министрлігінің Кеңесіне мүше болып қана қоймай, сонымен қатар Франция Германияны оккупациялаушы державалардың қатарына ілікті. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі Америка Құрама Штаттары мен Францияның арасындағы стратегиялық одақтастық қарым-қатынасының алғы шарты 1946 жылы Вашингтон келісімінде көрсетілді. Бұл келісім бойынша АҚШ Францияға несие беру, екі жақтың экономикалық қатынастарын либерализациялау, берік үкімет аралық байланыс орнату, мәдени байланыстарды дамыту белгіленді. 1947-1948 жылдардағы Герман проблемасының өрши түсуі Франко-американ байланыстарын жақындастыра түсті. Осы кезде АҚШ-тың үкіметі соғыстан кейінгі Еуропаның экономикасы мен халық шаруашылығын қалпына келтіру мақсатында осы құрлықтың елдеріне қыруар қаржы көмегін беретінін жария етті. Бірақ осы жоба іске асу үшін АҚШ үкіметі аталған құрлықтың мемлекеттерінің басшыларынан үкімет құрамынан барлық коммунистерден тазартуды талап етті. Бұл ұсынысты 16 капиталистік ел, оның ішінде Франция, Италия, және Англия секілді ірі державаларда болды. АҚШ-тың бастамасымен іске қосылған «Маршалл жоспары» 1948-1952 жылдары қызмет етті. Осы уақыт ішінде АҚШ Батыс Еуропа елдеріне барлығы 17 млрд. доллар субсидия берді. Оның ішінде Англия 2,8 млрд, Франция 2,5 млрд. алды. Францияның «Маршал жоспарына» белсенді араласуы оның сыртқы саясатындағы «Атлантикалық ынтымақтастық» принципін нығайта түсті. Францияның көптеген жетекші саяси партиялары мұны ең маңызды бағдарламалық ұстанымдардың бірі деп есептеді. Шындығына келгенде Франция өзінің ұлттық тәуелсіздігіне нұқсан келтірді. оның бұл әрекеті франко-кеңес одағы қатынастарының нашарлауына әкеліп соқты. Сондай ақ Франция АҚШ-пен тізе қоса отырып әскери – саяси блоктарды құруға да белсенді түрде қатысты. «Қырғи қабақ соғысы» жылдарында АҚШ-тың билеушілері Еуропа, Азия мен Латын Америкасында «коммунизмге қарсы» ұранымен көптеген әскери саяси блоктарды жасақтады. 1949 жылы 4 сәуірде Франция Солтүстік Атлантикалық Одақты (НАТО) құрушылардың бірі болды. Сөйтіп қысқа мерізім ішінде Франция АҚШ-тың Батыс Еуропадағы маңызды пландарының біріне айналды. Оның территориясында НАТО-ның әскери және транспорттық инфрақұрылымының басым бөлігі орналастырылды. Ал Фонтенблода НАТО-ның бас штабы орнықты. 1950 жылғы 27 қаңтардағы келісім бойынша АҚШ Францияға қомақты мөлшердегі әскери және материалдық көмек берді. Осы жылдары АҚШ пен Франция Оңтүстік Шығыс Азия регионында коммунизмге қарсы тұру мақсатында бірқатар мәселелер бойынша бірігіп әрекет етті. Үндіқытай түбегіндегі өз отарларынан айырылғысы келмеген Франция соңына дейін қарсыласуға дайын тұрды. Бірақ 1954 жылдың 7 мамырында Дьенбенфу түбіндегі соғыста 150 мыңдық Француз корпусы жеңіліс табады. Вьетнам проблемасын шешу мақсатында КСРО, АҚШ, Франция, Англия осы жылы Женевада бас қосты. 21 шілдеде Женева бітіміне қол қойылды. Вьетнам 17 параллель бойынша екі бөлікке бөлінді. Солтүстігінде Вьетнам Демократиялық Республикасы (коммунистер), оңтүстігінде – Вьетнам Республикасы (капиталистік). Сөйтіп Франция Азиядағы өзінің орталық иелігінің ең маңызды бөлігінен қол үзді. Осы кезден бастап АҚШ Үндіқытайдағңы ықпалынан үдете түсіп, Францияның орнын басты. 1954 жылдың 8 қыркүйегінде Франция АҚШ-тың бастамасымен құрған СЕАТО әскери-саяси блогына мүше болды. Бұл блок оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Азиядағы НАТО-ның аналогы. Оның басты міндеті «Коммунизмге қарсы тұру» болды. 1956 жылы Египет Суэц каналын национализациялауы француз-британ-израиль агрессиясын тудырды. Бірақ бұл үшін агрессия ешқандай да нәтиже бермей керісінше Франция өзінің Таяу Шығыс пен Египеттегі позицияларынан айырылды. Осы жағдайдың барлығы Франциядағы ІV-ші республиканың құлауына алып келді. 1958 жылы елде V-ші Республика орнауымен Францияның сыртқы саясатында түбірлі өзгерістер орын алды. Республиканың жаңа президенті генерал Шарль де Голльдің сыртқы саяси доктринасы ұлттық мүдде мен дәстүрлі тәуелсіз дипломатияны приоритетті деп таныды. Осы кезден бастап АҚШ пен Францияның арасындағы байланыстарда да түбірлі өзгерістер бой алды. Енді де Голль «солтүстік Атлантикалық ынтымақтастық» идеясынан бас тартып, әлемдік екі қарама-қайшы полюстің үстемдігіне қарсы шықты. Франция өзін Батыс пен Шығыстың арасындағы конструктивті диалог жүргізудегі тірек ел ретінде жария етті. Бұл жағдай Франция мен Кеңес Одағының байланыстарының жақсара түсуіне ықпал етті. Президент де Голль ең бірінші болып соғыстан кейінгі Шығыс Еуропадағы қалыптасқан жағдайды танып, Герман Демократиялық Республикасының Тәуелсіздігін мойындады. Осының салдарынан 60-шы жылдары АҚШ-пен Францияның қарым-қатынасы суыйи түсті. Осында де Голль ұлттық қауіпсіздік мәселесінде Францияның саяси тәуелсіздігін қамтамасыз етуді көздеді. Алғашқы кезде ол НАТО-дағы одақтастарымен қарама-қайшылыққа барғысы келмеді. Француз дипломатиясы «триумвират» идеясының – яғни Солтүстік Атлантикалық Одақта АҚШ, Франция, Ұлыбританияның тең басшылық етуіне мүдделі болды. Париж американдықтардан НАТО-ның ядролық қаруын бақылау монополиясынан бас тартуға талап етті. Бұл саяси инициативалардың сәтсіз болуы, 60-шы жылдардың басындағы Халықаралық қатынастардағы дағдарыстың белең алуы (Берлин және Кариб дағдарыстары) де Голльді жекелей тәуелсіз ұлттық қорғаныс жүйесін құруға мәжбүр етті. 1962 жылы англо-француз және англо-американ ядролық қару жүйесін дамыту келіссөздері маңызды сәт болды. Мұнда Ұлыбритания НАТО құрамында «көпсалалы ядролық күшке» американдық проектіге және біріккен ұлттық ядролық күштерді құрудағы Францияның ұсынысын қабылдамай тастады. 1963 жылы Франция «атлантикалық курстан» толық бас тартатындығын және өзінің жеке ұлттық қауіпсіздіктегі ядролық жүйесін құратындығын жариялады. 1964 жылы президент де Голль Францияның ядролық державаға айналғандығы туралы салтанатты түрде жария етті. Осы кезден бастап Франция біртіндеп АҚШ-тың бақылауындағы НАТО-дағы әскери-саяси блоктан шыға бастады. 1965 жылы Франция СЕАТО-ның кеңесіне қатысуын іс жүзінде мүлдем тоқтатып, осы әскери-саяси блоктан шықты. 1966 жылдың наурызында фрнцуз үкіметі НАТО-ның әскери ұйымынан шығатындығын жариялады. де Голль НАТО-ның жетекшілерінен аз, қысқа мерзім ішінде басқа да Еуропалық елдердің территориясында орналастырылған 40 мыңдық американ-канадалық әскери қызметкерлерді алып кетуді талап етті. Франция НАТО-ның инфражүйесіне 2,5 млрд. доллар компенсация төлеуден бас тартты. Бұл АҚШ-тың Еуропадағы мүддесіне қатты нұқсан келтірді. Францияның территориясында НАТО-ның 46 аэродромы, жүздеген километрлік мұнай құбырлары, жүздеген километрлік телеграф және радиобайланыс желістері, теңіз докторы мен қоймалары тағы басқа стратегиялық объектілер орын алды. Сонымен қатар президент Шарль де Голль Ұлыбританияны Еуропалық экономикалық қауымдастыққа (ортақ рынок) мүше болып енуіне қарсы болды. Өйткені де Голль егер Англия бұл қауымдастыққа енетін болса, онда мұнда американдықтардың ықпалы күшейеді деп тұжырымдады. Ядролық қарулардың санын қысқарту мәселесінде де Голль бұл қаруды тек АҚШ пен КСРО ғана қатысты, ядролық қаруды осы екі Супер держава, яғни «Қырғи қабақ соғысының» негізгі қозғаушы күштері болғандықтан қысқартуға міндетті делінді. Франция өзінің Азия мен Африкадағы отарларына тәуелсіздік берді. Сөйтіп француз отарлық империясы күйреді. 1965 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымындағы (БҰҰ) француз өкілдері АҚШ-тың Доминикан Республикасы мен Вьетнамдағы әскери агрессиясын айыптады. 1969 жылы Шарль де Голль отставкаға кеткен соң, Жорж Помпиду жаңа президент болды. Ол Францияның сыртқы саяси курсына айтарлықтай өзгерістер енгізді. Осы жылы Жорж Помпиду АҚШ-пен жаңа қарым-қатынасты бастайтындығын жариялады. Ол АҚШ-тың Батыс әлеміндегі саяси лидерлігін мойындап, осының нәтижесінде американ басшылығын өзінің одақтастары мен серіктестеріне деген үстемдігін жою жетістігіне қол жеткізді. 1974 жылғы НАТО-ның қайраткерлігіндегі коллективті принциптің күшеюі туралы шарттың жаңа Атлантикалық хартияға енуі Француз дипломатиясының үлкен жеңісі болды. Осы кезден бастап Франция өзінің ұлттық мүддесіне зиян келтірмейтін жағдайда НАТО-мен қайта саяси ынтымақтастыққа түсе бастады. 1970 жылы президент Жорж Помпиду ресми сапармен АҚШ-қа келді. Мұнда АҚШ президенті Никсонмен болған кездесуде бірқатар халықаралық мәселелер қаралды. КАРИБ ДАҒДАРЫСЫ – «ҚЫРҒИ ҚАБАҚ СОҒЫСЫНЫҢ» ШЫРҚАУ БИЛІГІ. КСРО мен АҚШ теке тіресі Кариб теңізіндегі дағдарысқа алып келгені тарихтан мәлім. 1962 жылдың қазан айында «қырғи-қабақ соғыс» аяқ асты «қайнаған соғысқа» айналып кете жаздады. Оқиғаның ойда-жоқта бел алуы АҚШ пен НАТО-ның Түркияда баллистикалық зымырандарды орнатуы әсер етті. Осыған байланысты КСРО оған қарсы Кубада тактикалық зымырандарды орналастыруды жөн деп тапты. КСРО бұл кезде қарулану мәселесінде көп кейіндеп келе жатқан. Орыстар жай қарулану бойынша Орталық Еуропада зор артықшылыққа ие болды, бірақ олардың аса сенімді емес, небары 300 ғана алысқа ұшатын баллистикалық зымыраны болды. АҚШ-та керісінше, КСРО аумағына соққы жасай алатын 5000 ядролық зымыран бар-ды. Хрущев бұған «ассимметриялы жауап» ойлап тапты: орта қашықтыққа ұшатын зымырандарды коммунистік режим билеп тұрған Куба аралына орналастырды. Әрине, социализмнің жақтаушысы Кастро оған қарсы болмады. Қайта АҚШ тарапынан болатын қауіп-қатерге қалқан болатынана бек сенді. Мәскеу жауынгер саны 43 мыңдық бірнеше зениттік-зымырандық дивизияның Куба жеріне жасырын жеткізуге тырысты. Оған 270 мыңдық Куба армиясы көмектесті. Операцияның кодтық аты «Анадырь» деп аталды. 43 мың жауынгермен зениттік-зымырандық кешендерді жеткізуге 80 кеме жұмылдырылып, олар 183 рейс жасады. Операцияның жасырын жүргізілгені соншалық жағалауды күзетіп жүрген АҚШ әскери кемелері кеңестік зымырандардың Кубаға қалай жеткізілгенін білмей қалды. Тек 1962 жылдың 14 қазан күні АҚШ барлау ұшағы алғаш реет Кубада орналасқан Кеңестік зымырандарды байқап қалды. Бұл – Ақ үйге үлкен соққы еді. Ядролық зарядтармен жарақтанған Р-12 зымырандарының ұшу қашықтығы 2 мың шақырым. Бұл АҚШ үшін өте қауіпті болды. Вашингтон санаулы сағаттар ішінде 40 мыңдық теңіз жаяу әскерімен Куба территориясындағы Гуантанамо базасында орналасқан 5 мыңдық әскерін аяғынан тік тұрғызып, соғысқа сақадай сай етті. Аралды қоршай 28 шақырымдық мина алаңын жасады. Ал санаулы күндерден кейін Кубаға шабуыл жасау үшін АҚШ Флорида штатына саны бір миллионға таяу әскерін жинақтап үлгерді. Соғыс өрті әні-міні басталып кету қауіпі туындады. Кез келген сағатта АҚШ тарапынан ядролық соққы берілуі мүмкін еді. Кариб дағдарысы 11 қыркүйектен 21 қарашаға дейін жалғасты. Мұны артынан тарихшылар «ХХ ғасырдың ең қауіпті ядролық теке тіресі» деп атады. Соғыс қаупі «қаралы сенбі» атанған 27 қазан күні шырқау шегіне жетті, бұл күні кубалықтар америкалық барлаушы-ұшақты атып түсірді, ал АҚШ әскери-теңіз күштерінің кемелері кеңестік сүңгуір қайықтың су бетіне шығуға мәжбүрледі. Дегенмен сол қараша айында КСРО мен АҚШ басшылары бейбіт келісімге келіп, дағдарысқа нүкте қойылды. КСРО амалсыз қаншама шығын жасап алып барған зымырандарын Кубадан алып кетуге мәжбүр болды. Ал АҚШ оның өтеміне Түркия, ФРГ және Италиядағы КСРО-ны көздеп қойған зымырандарын шығарды. Осылайша әлем ядролық қақтығыстан аман қалды. Ол кезде байланыс құралдары жетіліп бітпегенді, сондықтан «сол жерлердегі командирлер өз еріктерімен қару қолдануға бұйрық беруі мүмкін-ау» деген қауіп туды. Дүниежүзілік соғыстан бізді жалғыз ғана зеңбіректің атылуы бөліп тұрды. «Егер сол жерде шүріппені басып жібергенде не болар еді? Қарымта әрекеттерді қиындату үшін Лондонға бомбалар 28 қазан, жексенбі күні таңғы 8-де жауар еді. Алғашқы соққылар әскери нысандарға жасалар еді, сосын іскер және өндірістік орталықтар – қалалардың кезегі келер еді. Қарашаның ортасына қарай Британияны суық пен қараңғылық жайлап тұрар еді, тырысқақтың, сүзектің және іш өтуінің індеттері асқынар еді. Әрине, Аман қалғандарды құтқаруға, бұзылған нәрселерді қалпына келтіруге, өлгендерді жерлеуге талпыныстар жасалар еді. Тонаушылар қылмыс істеген жерінде атылар еді. Радиациялық сәуледен өлушілердің саны 1962 жылдың желтоқсанында өзінің шырқау шегіне жетер еді. Ядролық жарылыстардан, радиациялық жауын-шашыннан және суықтан 18-ден 38 миллионға дейін британдық қырылар еді. 1967 жылға қарай елдегі халық саны 4-8 миллиондай ғана болар еді», дейді Индепендент газетінде өз болжамын жасаған Стивен Бакстер атты зерттеуші. 1974-1990 ЖЫЛДАРДАҒЫ «ҚЫРҒИ ҚАБАҚ СОҒЫСЫ» ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ АҚШ-ТЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ. Суық соғыс - тарих және саясаттануда қолданатын ұғым, Екінші дүниежүзілік соғысынан кейін бастап Кеңес Одағының ыдырауына дейін созылған АҚШ басқарған "батыс мемлекеттерінің" және КСРО басқарған социалистік лагерінің идеологиялық қақтығысы (яғни либерал және коммунистік екі идеологиясының қақтығысы) және сол себептен жүргізілген АҚШ пен КСРО арасында қаруландыру бәсекесі. ХХ ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап Халықаралық қатынастарда біршама өзгерістер орын алды. Екі супер державаның яғни АҚШ пен. КСРО-ның жоғары деңгейдегі кездесулері, әсіресе ядролық қарулардың санын қысқарту келісіміндегі біршама жетістіктер «Қырғи қабақ соғысының» біраз бәсеңдеуіне алып келді. Осы кезеңде Еуропа тарихындағы аса ірі оқиға Хельсинки актісінің жүзеге асуы еді. Ол бойынша Еуропадағы ынтымақтастық пен қауіпсіздік кеңеске 33 мемлекет қатысты. Онда АҚШ, Канада, КСРО және басқа да Шығыс Еуропаның социалистік елдері болды. Бұл кезеңде АҚШ пен Францияның арасында бірқатар мәселелер бойынша өзара жақындасулар байқалды. Әсіресе НАТО-дағы ынтымақтастығы нығая түсті. НАТО-дағы ынтымақтастықтың кеңейе түсуі Франко-американ байланыстарына оң әсер етті. 1975 жылы АҚШ пен Франция Еуропадағы қауымдастық және ынтымақтастық кеңесінің ақтық келісіміне қол қойды. Француз президенті Жискар д’Эстен «Қырғи қабақ соғысының» бәсеңдеуі кезеңіндегі екі супер державаның қарама-қайшылығындағы саяси және психологиялық аспектілеріне зор көңіл бөлді. АҚШ пен Францияның арақатынастарының біраз жақсаруына Париж Кэмп-Дэвидскидегі (АҚШ) израиль-египет келісіміне қарсы шығып, Таяу Шығыстағы антиизраильдік араб мемлекеттерін қолдады. 80-ші жылдардың басынан бастап Франко-американ қарым-қатынастарында бетбұрыстар байқалды. Өйткені АҚШ-та сайлау бойынша президент болған республикандық Рональд Рейган мен Франциядағы сайлау бойынша президент болып сайланған социалист Франсуа Миттеран Кеңестер Одағы мен Социалистік елдерге қатаң саясат жүргізе бастады. Бұл кезең «Қырғи қабақ соғысы» тарихындағы өрлеу кезеңі болды. АҚШ президенті Рональд Рейган Кеңес Одағын «зұлымдық империясы» ретінде жария етіп, оны экономикалық жағынан әлсіретуге өз одақтастарын шақырды. Екі супер державаның қаруланудағы жарыс жаңа, жоғары сипат алды. Рейганның тұсында қымбат тұратын зерттеу жұмысы «Стратегиялық қорғаныс бастамалары» іске асырылуға көзделді. Бұл стратегиялық жоспарды сол кездегі бұқаралық ақпарат құралдары «Жұлдызды соғыс» деп атады. Бірақ бұл бағдарламаны іске асыру жобасы дайындалмай қалуынан аяғына дейін жүргізілмей қалды. Осы кезеңде Франко-американ байланыстарындағы оң сәттер байқалды. Президент Франсуа Миттеран Францияның Батыс блогындағы жағдайын нығайтуға және АҚШ-пен қатынасын жақсартуға әрекет етті. Франция НАТО-мен ынтымақтастығын нығайта түсті. Миттеран Еуропадағы американдық ортақ қашықтыққа ұшатын ракеталарды орналастыруды қолдады. Кеңестер Одағын «зұлымдық империясы» деп жариялаған соң АҚШ-пен Франция жаңа қуатты еуропалық қорғанысты қамтамасыз етуді мақсат етіп, сол жолда әрекет етті. 1983 жылы Францияның инициативасымен ұзақ мерзімінен кейін өтіп, Франция бір жылға Кеңестің төрағасы болды. Осы кезде ресми Париж бен Вашингтон Кеңес Одағының Ауғаныстанға жасаған агрессиясын айыптап, ол жерден кеңес әскерін алып шығуды талап етті. Сонымен қатар АҚШ пен Франция Кеңес Одағынан Польшадағы әскери режимді жоюды, Кеңестік қару жарақтарды қысқартуды, Шығыс Еуропаның Социалистік елдеріне орналастырылған ядролық және басқа да қаруларды қысқартуды талап етті. Алайда АҚШ пен жақындасуда атлантикалық позицияны ұстанудағы күшейтілу әрекеті француз дипломатиясына жетістіктер әкелді. «Керемет жетілікте» экономикалық және саяси жағынан АҚШ, Жапония және Германиядан кейінгі екінші эшалонда тұрды. НАТО-мен қарым-қатынасты нығайтуының салдарынан Франция ұлттық тәуелсіздігін шектеді. Рональд Рейган екінші кезектегі сайлау нәтижесінде тағы да президент болды. Осыдан кейін АҚШ-тың сыртқы саяси курсында бетбұрыс кезеңі болды. Сондай-ақ бұл бетбұрыстың орын алуына Кеңестер одағының басшылығына жаңа тың идеямен қаруланған жас саясаткер М.С.Горбачев келді. М.С.Горбачев Батыс блогы мен және АҚШ пен қарым-қатынасын жақсартуға талпынды. Осы кезде АҚШ-тың басшылары да жаппай қаруланудың, ядролық соғыстың тек американдықтар үшін ғана емес сонымен бірге бүкіл адамзатқа өте зиянды, әрі зор қауіп екендігін түсінді. Франсуа Миттеран да сыртқы саяси курста айтарлықтай бетбұрыстардың болуын қалады. Осы жолда Франция АҚШ пен Кеңе Одағының қарым-қатынасының жақсара түсуін қолдады. Миттеран М.С.Горбачевтың «жаңаша ойлау» концепциясы мен жоғарғы деңгейдегі американ-кеңес диалогтарына зор қолдау көрсетті. Бірақ Франция жаппай қарулану инициативасына қарсы шықты. Өйткені де Голль секілді Франсуа Миттеран да жаппай қарулану тек супер державалардың міндеті деген позицияны ұстанды. Кеңес-американ байланыстарындағы қарама-қайшылықтың әлсіреуі 1986 жылғы Рейкьявиктегі келіссөздер ықпал етті. Мұнда орта қашықтықта ұшатын ракеталар мен жаппай жою қаруларын қысқартуда бірқатар келісімдерге қол жеткізеді. 1987 жылы М.С.Горбачев ресми сапармен АҚШ-қа келді. Вашингтонда М.С.Горбачев пен Рональд Рейган орта және кіші қашықтықтағы ракеталарды (әсіресе Еуропадағы) жою туралы келісімге қол қойылды. 1986-1987 жылдары Миттеран Кеңес Одағының бейбітшілік бастамаларын қолдады. Осы жылы АҚШ-Франция қатынасының суу байқалды. Франсуа Миттеран АҚШ-қа Ливияны бомбалауда өз территориясынан американ ұшақтарының ұшуына рұқсат бермеді. Миттеран осыдан кейін ұлттық және еуропалық мүдделеріндегі атлантикалық курсты қайтадан қарайтындығын ашық білдірді. 1989 жылғы М.С.Горбачев пен жаңа АҚШ президенті Джодж Буштың Мальтадағы кездесуі «суық соғыстың» немесе «қырғи қабақ соғысының» іс жүзінде тоқтағандығын білдірді. 1989 жылы АҚШ, Франция, Германия, Англия, ГДР және ФРГ-нің жоғарғы деңгейдегі кездесулерінің нәтижесінде Герман Демократиялық Республикасы мен Герман Федеративі Республикасы бір мемлекет болып бірікті. Сөйтіп социалистік лагерь біртіндеп ыдырай бастады. Қарама-қайшы екі блокты бөліп тұрған, «қырғи қабақ соғысының» символы Берлин қабырғасы құлады. Варшава пактісі мен өзара экономикалық көмек кеңесі таратылды. «Бархаттық революциялар» нәтижесінде Шығыс Еуропа Социалистік елдерінде коммунизм біржола құлады. «Қырғи қабақ соғысының» аяқталуымен бір кездері социалистік лидері болған аса ірі империя, коммунистік империя Кеңестер Одағы құлады. Оның құлауымен «қырғи қабақ соғысы» толық аяқталды. Сөйтіп Халықаралық қатынастардағы жағдай түбірімен өзгеріп АҚШ пен Франция енді әлемге басқаша көзбен қарай бастады. Еуропа территориясындағы бір-біріне қарсылас әскери-саяси блоктар ҚОРЫТЫНДЫ. Екінші дүниежүзілік әлем картасын түбегейлі өзгертіп қана қоймай сонымен қатар мемлекеттер мен адамдар арасындағы қарым-қатынас жүйесін де өзгертті. Сұрапыл соғыс аяқталғаннан кейін әлемде екі ірі держава қалды – АҚШ және КСРО. 1939 жылдың қыркүйегіне дейін едәуір дәрежеде басым болған үш европалық мемлекет – Ұлыбритания, Франция және Германия өз дәрежесі мен ықпал ету мүмкіндігін төмендетті. Осылайша АҚШ аумағында әскери қимылдар жүрмегендіктен ол әлемдегі ірі индустриалдық мемлекетке айналды. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әлемде орын алған «қырғи қабақ соғысы» негізінен социалистік және капиталистік елдердің арасында өрбіді. Коммунизм мен Кеңес Одағын тоқтату мен жою мақсатындағы негізгі әрекует етуші АҚШ және оның НАТО-дағы серіктесі болды. Кариб дағдарысы - суық соғысының тарихында әйгілі бір оқиға. АҚШ пен КСРО арасындағы қаруландыру бәсекесінің ең қауырт кезеңі. Екі мемлекеттің дипломатикалық қатынастар тарихындағы қиын кезең. Кариб дағдарысының кезінде дүниенің қауіпсіздігіне ядролық қатер туындады. Кариб дағдарысы 1962 жылы қазан айында КСРО Кубада өз ракеталарын орналастырған салдарынан туындады. Америка және Батыс Еуропаның халқы үнемі билеуші топтар тарапынан ядролық соғыстың орын алатындығы туралы үгіт-насихатынан үнемі қорқынышта болды. АҚШ «қырғи қабақ соғысы» кезінде КСРО-ға қарсы тұру үшін Батыс Еуропаның елдерімен ынтымақтастықта болды. АҚШ пен Францияның және басқа да басты державаларының «атлантикалық саясатының» немесе «атлантикалық курстарының» мәні коллективті негізде коммунизм қаупіне қарсы тұру болды. АҚШ пен Францияның осы кезеңдегі байланыстары осы және басқа да мәселелер бойынша жақсы қалыпта дамыды. 80-ші жылдардың аяғы батыс блогы үшін стратегиялық маңызды болды. Өйткені дүние жүзілік социалистік лагерь құлап, коммунизм қаупі жойылды. Біздің курстық жұмысымызда қарастырған кезеңді АҚШ әлемдік гегемонияға шешуші қадам жасаған кезең деп айтуға болады. Бұдан кейін шамамен жарты ғасырдай әлем биполярлық тепе-теңдікте өмір сүріп социалистік мемлекеттер мен капиталистік мемлекеттер жүйелері қырғиқабақ соғыс жылдарында өмір сүрді. Әл-Гавар. Әл-Гавар - әлемдегі ең үлкен мұнай кен орны. Әл-Гавар Сауд Арабиясында орналасқан. Әл-Гавар 1948 жылы ашылған. Әл-Гавардың геологиялық қоры 20 млрд тонна мұнай. Жылына 250 млн. тонна мұнай береді. Кариб дағдарысы. Кариб дағдарысы - суық соғысының тарихында әйгілі бір оқиға. АҚШ пен КСРО арасындағы қаруландыру бәсекесінің ең қауырт кезеңі. Екі мемлекеттің дипломатикалық қатынастар тарихындағы қиын кезең. Кариб дағдарысының кезінде дүниенің қауіпсіздігіне ядролық қатер туындады. Кариб дағдарысы 1962 жылы қазан айында КСРО Кубада өз ракеталарын орналастырған салдарынан туындады. Маршалл жоспары. Маршалл жоспары (, ресми атауы — «Еуропаны қайта құру бағдарламасы») - Батыс Еуропа мемлекеттеріне Екінші дүниежүзілік соғысынан кейін АҚШ тарапынан экономикалық жәрдем жүргізу бағдарламасы. Еуропада экономикалық тұрақтылық орнатып, батыс Еуропа мемлекеттеріне АҚШ экономикалық ықбалын жайылу үшін жүргізілген. Жоспар АҚШ мемлекеттік хатшысы Джордж Маршаллдың атымен аталған, ресми атауы "European Recovery Program" (Еуропаны қалпына келтіру бағдарламасы). Маршалл жоспары бойынша көмек алған елдер (қызыл баған биіктігі салыстырмалы түрдегі көмек деңгейін көрсетеді). Алғаш рет бағдарламаның идеясын 1947 жылы маусымның 5-інде Джордж Маршалл Гарвард университетінде сөйлеген кезде ұсынған. Кейін Парижде өткен Еуропа мемлекеттерінің конференциясында талқыланған. Бағдарлама 1948 жылының сәуір айында бастап 1951 жылының желтоқсанына дейін созылған. Жоспар жүзеге асыру барысында төрт жыл ішінде АҚШ Еуропа елдеріне 12,4 млрд доллар бөлініп жұмсалуға арналған. Ақшаның негізі Ұлыбританияға бөлінген. Жәрдем бөлуінің шарты бойынша Еуропаның мемлекеттері өз үкіметтерінің құрамынан коммунист-саясаткерлерін шығару міндетті еді. Осылайша, АҚШ Батыс Еуропа мемлекеттерін КСРО-ның саяси ықбалынан және коммунисттік идеологиясының әсерінен сақтап, оларды экономика тарапынан өзіне қарай жақындатқан. Үлкен Бурган. Үлкен Бурган - Кувейттің ең үлкен мұнай кен орны. Үлкен Бурган 1946 жылы ашылған. Үлкен Бурганның геологиялық қоры 13 млрд тонна мұнай. Жылына 80 млн. тонна мұнай береді. Боливар мұнай кен орны. Боливар - Венесуэланың ең үлкен мұнай кен орны. Боливар 1917 жылы ашылған. Боливардың геологиялық қоры 8,3 млрд тонна мұнай. 2008 жылы 120 млн. тонна мұнай береді. Сафания-Хафджи. Сафания-Хафджи - әлемдегі ең үлкен теңіз мұнай кен орны. Сафания-Хафджи Сауд Арабиясында және Кувейтте орналасқан. Сафания-Хафджи 1951 жылы ашылған. Сафания-Хафджидың геологиялық қоры 10,35 млрд тонна мұнай. Дацин мұнай кен орны. Дацин - Қытайдың ең үлкен мұнай кен орны. Дацин 1959 жылы ашылған. Дацинның геологиялық қоры 6,3 млрд тонна мұнай. 2008 жылына 50 млн. тонна мұнай береді. Әр-Румайла. Әр-Румайла - Ирактің ең үлкен мұнай кен орны. Әр-Румайла 1953 жылы ашылған. Әр-Румайланың геологиялық қоры 5,2 млрд тонна мұнай. 2008 жылы 65 млн. тонна мұнай береді. Азадеган мұнай кен орны. Азадеган - Иранның ең үлкен мұнай кен орны. Азадеган 1999 жылы ашылған. Азадеганның геологиялық қоры 5,7 млрд тонна мұнай. Серир мұнай кен орны. Серир - Ливиянің ең үлкен мұнай кен орны. Серир 1946 жылы ашылған. Серирдің геологиялық қоры 3,8 млрд тонна мұнай. 2007 жылы 11 млн. тонна мұнай береді. Батыс Курна мұнай кен орны. Батыс Курна - Ирактің үлкен мұнай кен орны. Батыс Курна 1999 жылы ашылған. Батыс Курнаның геологиялық қоры 3,44 млрд тонна мұнай. Джордж Маршалл. Джордж Кэтлетт Маршалл (англ. George Catlett Marshall, Jr., 1880, желтоқсанның 31 — 1959, қазанның 16, Вашингтон) - АҚШ саяси және әскери қайраткері, армия генералы (1944). Маршалл жоспарының бастаушысы еді. Нобель бейбітшілік сыйлығының иегері. АҚШ мемлекеттік хатшысы және АҚШ қорғаныс министрі болған. Пеннсильвания штатының Юнионтаун қаласында дүниеге келген. 1901 жылы Виргиния әскери институтын бітірген. Филиппинда әскери қызмет еткен. Бірінші дүниежүзілік соғысында қатысқан. 1938 жылдан бері АҚШ армиясының штаб басшысы болған. Екінші дүниежүзілік соғысы кезінде АҚШ президентінің әскери кеңесшісі болған. Хиросима мен Нагасаки атом бомбалануы, Маршалл жоспары, Солтүстік Атлантикалық Альянс (НАТО) құрылуы, Кореяда соғыс және тағы басқа маңызды тарихи оқиғалар Джордж Маршаллдың тікелей қатысуымен, ұйымдастыруымен, басқарыумен және жүзеге асыруымен өткізілген еді. Ялта, Тегеран конференцияларына АҚШ делегациясының құрамында қатысқан. Хиллари Клинтон. Хиллари Клинтон, Хи́ллари Ди́ан Ро́дэм Кли́нтон (англ. Hillary Diane Rodham Clinton; 1947, қазанның 26-сы, Чикаго) - АҚШ саясаткері, 2001—2009 Нью Йорк штатынан жіберілген сенатор еді, Демократиялық партиясының белсенді мүшесі, 2008 жылының президент сайлауына қатысу үшін өз кандидатурасын тапсыру үшін Барак Обамамен партия ішіндегі бәсекесіне қатысты. Билл Клинтон президент болған сәтінде АҚШ-тың бірінші ханымы еді. Президент болып сайланған Барак Обаманың ұсынысы бойынша және Сенаттың талқылап мақұлданғаннан кейін Хиллари Клинтон АҚШ мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды. 2009 жылы қаңтардың 22-сінен бастап АҚШ мемлекеттік хатшысының қызметін атқарады Билл Клинтон. Билл Клинтон (; толық аты Уи́льям Дже́фферсон Кли́нтон,;, 1946 жылы тамыздың 19-ы, Хоуп, Арканзас штаты) - АҚШ-тың 42-ші президенті (1993—2001) 1979 — 1981 және 1983 — 1992 жылдары екі кезең Арканзас штатының губернаторы болып сайланды. Президент кезеңі біткеннен кейін қоғамдық, саяси және қайрымдылық ұйымдарының белсенді мүшесі болып қызмет жасайды. Меркі ауданы. Меркі ауданы - Жамбыл облысының 10 аудандарының бірі. Облыстың Шу, Рысқұлов (бұрыңғы Луговой), Мойынқұм аудандарымен және Қырғызстанның Шу облысының Жайыл ауданымен шектеседі. Ахваз мұнай кен орны. Ахваз - Иранның үлкен мұнай кен орны. Ахваз 1958 жылы ашылған. Ахваздың геологиялық қоры 4,1 млрд тонна мұнай. Мұнай шоғыры 1,5-3,1 шақырымды тереңдiккеге жатады. 2008 жылы 35 млн. тонна берді. Марун мұнай кен орны. Марун - Иранның үлкен мұнай кен орны. Марун 1963 жылы ашылған. Марунның геологиялық қоры 3,5 млрд тонна мұнай. Мұнай шоғыры 2,3-3,3 шақырымды тереңдiккеге жатады. 2008 жылы 26 млн. тонна мұнай берді. Агаджари мұнай кен орны. Агаджари - Иранның үлкен мұнай кен орны. Агаджари 1963 жылы ашылған. Агаджаридың геологиялық қоры 2,7 млрд тонна мұнай. Мұнай шоғыры 2,3-3,1 шақырымды тереңдiккеге жатады. 2008 жылы 10 млн. тонна мұнай берді. Гечсаран мұнай кен орны. Гечсаран - Иранның үлкен мұнай кен орны. Гечсаран 1940 жылы ашылған. Гечсаранның геологиялық қоры 2,6 млрд тонна мұнай. Мұнай шоғыры 0,3-3,6 шақырымды тереңдiккеге жатады. 2008 жылы 24 млн. тонна мұнай берді. Дәшт-Абадан мұнай кен орны. Дәшт-Абадан - Иранның үлкен мұнай кен орны. Дәшт-Абадан 2001 жылы ашылған. Дәшт-Абаданның геологиялық қоры 4,1 млрд тонна мұнай. Самотлор мұнай кен орны. Самотлор - Ресейдің ең үлкен мұнай кен орны. Самотлор Батыс Сібірде орналасқан. Самотлор 1965 жылы ашылған. Самотлордің геологиялық қоры 7,1 млрд тонна мұнай. Жылына 30 млн. тонна мұнай береді. Солтүстік/Оңтүстік Парс. Солтүстік/Оңтүстік Парс - әлемдегі ең үлкен газ кен орны. Солтүстік/Оңтүстік Парс Қатарда және Иранда орналасқан. Солтүстік/Оңтүстік Парс 1991 жылы ашылған. Солтүстік/Оңтүстік Парстің геологиялық қоры 28 трлн м3 газ және 7 млрд тонна мұнай бар. Жылына 40 млрд. м3 газ береді. Жылына 20 млн. тонна мұнай береді. Кариока мұнай кен орны. Кариока-Сугар-Лоаф - Бразилиянің ең үлкен мұнай кен орны. Кариока-Сугар-Лоаф 2007 жылы ашылған. Кариока-Сугар-Лоафтің геологиялық қоры 11 млрд тонна мұнай. Әл-Закум мұнай кен орны. Әл-Закум - БАӘтің ең үлкен мұнай кен орны. Әл-Закум 1965 жылы ашылған. Әл-Закумның геологиялық қоры 10,7 млрд тонна мұнай. Жылына 28 млн. тонна мұнай береді. Ядаваран мұнай кен орны. Ядаваран - Иранның үлкен мұнай кен орны. Ядаваран 2003 жылы ашылған. Ядаваранның геологиялық қоры 3 млрд тонна мұнай. Интернет-аукцион. Интернет-аукцион – бұл интернет желісі арқылы іске асырылатын аукцион. Қарапайым аукционға қарағанда интернет-аукциондар ара-қашықтықта жүргізіледі, сондықтан оған қатысу үшін арнайы жерге жиналу қажеті жоқ, ал ұтыс-тігуді не интернет-сайт немесе аукционның компьютерлік программасы арқылы қоюға болады. Кейбір аукциондарда тауардың алдын-ала қойылған бағасы болады, яғни сатушы келесетін минималды баға. Интернет-аукционның аяқталуы, қарапайым аукциондарға қарағанда, сатушы тауарды саудаларға қойғанды алдын-ала сатушымен бекітіледі. Ал қарапайым аукциондар ұтыс-тігудың өсуі аяқталғанша дейін жүргізіледі. Интернет-аукцион аяқталғаннан кеійн сатып алушы сатушыға ақшаны аударуы керек(ал егер тауарды өзі алып кететін болса онда ақшаны қолма-қол бере алады), ал сатушы тауарды пошта арқылы жіберуге тиіс, ол аукционды өткізген мелекет ішнде, ал кейде бікіл әлем ішнде болуы мүмкін. Тауарды жібере алу мүмкіндік шекаралары сатушымен алдын-ала көрсетіледі. Сонымен қатар аукцион интернет арқылы жүргзілмесе, бірақ ұтыс-тігіду сатып алушының тілегі бойынша интернет арқылы қоя алатын аукциондар да интернет-аукыиондарға жатады. Бұндай жүйе «қымбат» аукциондарда жүргізіледі, себебі кейбір қатысушылар аукцион өткізілетін жерге келе алмайды. Әлемдегі ең үлкен интернет-аукцион E-Bay деп есептеледі, ол 1995 жылы құрылған және күніне оның айналымы бірнеше миллион келісімді құрайды. Соңғы уақытта электрондық коммерцияда қосымша шешімдердің қосылуының тенденциясы байқалады. Аукциондық жүйелерге төлеу жүйелері және қолданушыларды авторизациялау шешімі қосылды. Ресей интернет-аукцион жүйесінде «Скандинавиялық аукциондар» пайла бола бастады – бұл онлайн аукциондар сатып алушыларға тауарлыарды төмен бағамен ұсынады, бірақ ұтыс-тігу қою ұшын төлемді сұрайды. Ресейде Европаға қарағанда мұндай аукциондар жаңа құбылыс болып есептеледі. Соңғы ұтыс-тігуді қойған адам саудаласты жеңеды, ал егер ол төлей алмаса онда лот оның алдындағы ұтыс-тігуды қойған адамға беріледі. Өшірілген терминал. Қазіргі кезде көпшіліктің, әсіресе қолданушылар жүйесіне жаңадан қосылғандардың ойында олар Netscape Navigator немесе Microsoft Internet Explorer сияқты танымал бағдарламаларды қолдана отырып кіретін бүкіләлемдік өрмекші WWW - бұл интернет деп қалыптасуы мүмкін. Шынында, интернет желісіеің ақпараттық көздерінің басым бөлігі WWW арқылы доступно, бірақ та көп жағдайларда интернет желісіне қосылған компьютерлерге базалық және ең ескі интернеттік хаттмалардың бірі telnet-ті қолдана отырып өшірілген терминал режимінде қосылу қажеттілігі туады. telnet хаттамасымен қатынау сіздің компьютеріңіз қандай да бір уақытқа өшірілген машинаның терминалына айналады және сіз егерде өішірлген машинаға қосылып, дисплей алдында клавиатурамен отырғанда қандай мүмкіндіктерге ие болсаңыз, сондай мүмкіндіктерге ие болатыныңызды білдіреді.солай өшірілген машинада файлдарды редакторлеу, трансляция, сіздің қолданбалы бағдарламалараңыздың орындалуы, және де жүйелік әкімдеу сияқты іс-әрекеттерді орындауға мүмкіндігі туады. Әрине, бұның бәріне осы компьютердің сәйкесінше құқықтарымен тіркелген қолданушысы болуы керек және осы компьютердің операциялық жүйесі жайында хабары болуы керек (Өшірілген терминал режимінде қосылуға мүмкіндік беретін көпшілік машиналар UNIX операциялық жүйесінің басқаруымен жұмыс жасайды). Сонымен қатар, желіде бүгінгі күнге дейін қатынау тек telnet хаттмасы арқылы жүзеге асырылатын ақпараттық көздер бар (бұл жағдайда қонақтық кіру ұйымдастырылады, тіркеусіз, бірақ шектелген мүмкіндіктермен). telnet хаттамасымен жұмыс кезінде, басқа да интернет хаттамаларымен жұмыс кезінде, 2 бағдарлама қатысады: клиенттік - өшірілген терминал аталған компьютерде (мысалы, сіздің компьютеріңіз), және серверлік - өшірілген машинада әрдайым фондық режимде жұмыс жасайтын немесе қосылуға сұраныс жасағанда автоматты түрде қосылады. Бұл жағдайда, сіздің машинаңыздың өізнің жеке IP-адресі болуы керек, яғни не ол инфосызық режимінде қосылулы болуы керек, не қалған барлық әлемге инфосызық арқылы қосылған локалды желіде болуы керек. Буш, Джордж Герберт Уокер. Буш, Джодж Герберт Уокер (George Herbert Walker Bush) - АҚШ 41-ші президенті. Республикалық партиясының мүшесі. Буштың есімімен Парсы шығанағындағы соғысы (бірінші Ирак соғысы) өткізілуі және суық соңысының аяқталауы байланысты. Сабақтары құрамдас. Құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас сөйлемнің сабақтас құрмалас сөйлем дейміз Мысалы:Таңертеңгі тұнық ауа енді мұнартып, кең даланы сұлу сағым басты. Жүрек гликозидтерінің фармакокинетикалық параметрлері (көрсеткіштері).. Кесте 52. Жүрек гликозидтері препараттарының əсерінің басы, максимумы жəне ұзақтығы. бір рет енгізілген дозаның ағзада болу ұзақтығы, күндер Олардың кардиотоникалық əсері 3-10 минуттан кейін пайда болады. Бүтін терапевтік доза 2-3 күн ішінде шығарылады. Полярлы жүрек гликозидтеріне теңіз пиязының гликозиды жатады. Медицина тəжірибесінде Мепросцилларын (клифт) ішке қабылданады. Анатомия (айрық). Анатомия - биологиянын б!р саласы. Болды Молдабекұлы, Әнуар. Әнуарбек Молдабекұлы (1938 - 1985) - қазақ өнерінің аса ірі тұлғасы, көрнекті театр және кино актері, Қазақстанның халық артисі (1976), Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (1967). Алматы облысының, Іле ауданына қарасты Комсомол совхозында 1938 жылы туылған. Әке-шешесі Андрей деп ат қойған. Бірақ кейіннен жұрт Әнуарбек, одан кейін Әнуар деп атап кетті. Жас­тайынан өнерге бейім болған ол әнші болуды армандады. Дегенмен кейіннен өмір ағысы оны актерлікке алып келді. 1956 ж. консерваторияның драма бөліміне түскен. Алайда ол жерде бір оқытушының көңілге қонбайтын бір әрекетін бетіне басқаны үшін оқудан шығып қалған. Оған жасымаған Әнуар Әзірбайжан Мәмбетов «Жаңа студия ашып жатыр екен» дегенді естіп, сонда барған. 1958 ж. түсіп, екі жылда бітіріп шығады. Әнуардың сахнадағы алғашқы өмірі Қарағандыда басталды. Сонда жүріп өзімен бірге оқыған дарынды актриса Баян Имашеваға үйленді. Екі қыз, бір ұл сүйді. Сол Қарағандыда жүріп-ақ көптеген рөлдерді сомдады. 1964 ж. Алматыға оралып, М. Әуезов театрына жары Баян екеуі орналасты. Ірі талант иесінің қалған өмірі осы Алматыда жалғасты. Сахнада Әзірбайжан Мәмбетов, кинода Шәкен Айманов секілді ірі тұлғалар Әнуарды өз­деріне жақын тұтты. Табиғи талант екенін тани білді. Оның есімі халық арасында 1965 ж. «Ән қанатында» фильмінен кейін таныла бастады. Жалпы, кинодағы ақын Мұсаның (Иса Байзақов) рөлінде ойнауға көптеген актерлер шақырылды. Алайда ол орынға С. Сейфуллин атындағы Қарағанды театрының әлі кеңінен таныла қоймаған актері Әнуар Молдабеков таңдап алынды. Алғашқы роль - алғашқы жеңіс. Мұсаның бейнесі ерекше сәтті шықты. Осы үшін Әнуар аға Молдабеков Қазақ ҚСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Ол осы Мұсаны алғаш ойнағанынан-ақ өзінің алысқа баратынын, талай шыңға шығатынын танытты. 1970 ж. Республиканың еңбек сіңірген артисі, артынан халық артисі деген атаққа да қол жеткізді. Бірақ бұл жерде Әнуардың сахна мен кинода жүріп алған атақтарына тіреліп тұрған ештеңе жоқ, халық оны «Ән қана­тындағы» Мұса арқылы, «Қан мен Тердегі» - Еламан, «Қыз Жібектегі» - Шеге арқылы кеңінен білді. Тіпті «Қыз Жібек» фильмінен кейін оны біраз уақыт халық Әнуар деудің орнына Шеге деп атап жүргені де белгілі. Одан басқа А. Чеховтың «Ваня ағайындағы» бас кейіпкер Иван Войницкий ролін ойнаған. Бұл спектакль Мәскеуде де үлкен жетістікке жетті, жылы лебіздер айтылды. Булаев. Булаев – Солтүстік Қазақстандағы қала, М. Жұмабаев атындағы ауданның әкімшілік орталығы (1928). Облыс орталығы – Петропавл қаласынан шығысқа қарай 90 км жерде орналасқан. Іргесі 1894 ж. қаланған. 1940 ж. кент, 1969 ж. аудан бағыныстағы қала. Халқы 9 мың адам (2009). Қалада элеватор, «нан зауыты», «Май жасайтын зауыты» акционерлік қоғамдары, құрылыс және автокөлік кәсіпорындары, әр түрлі аудандық ұйымдар мен мекемелер жұмыс істейді. Одан басқа орталық аудандық аурухана, дәріхана, санэпидстанция, 4 орта мектеп, мәдениет үйі, 3 кітапхана бар. Булаев темір жолы арқылы Транссібір темір жолы магистралі және Мәскеу – Петропавл – Булаев – Омбы автотрассасы, т.б. автожолдар өтеді. Сібір татарлары. Сібір татарлары (татарша "Себер татарлары; Seber tatarları") - тарихтан алып қарағанда түркі тайпа тобынан шығып, жергілікті тайпалық топтармен араласып кеткен этникалық топ. Батыс Сібір татарлары деп бұрмаланып аталады (мұның астарында жалпы түркі тайпалары деген ұғым жатыр). Мындай топтарға бөлінеді: тобыл, барабин, есіл, тарлықтар және т.б. Бұлай аталу себептері орналасқан жерлерінің атауларына байланысты. Есіл өңіріндегі татарлар ежелгі уақыттан бері солтүстік жағалауға қоныстанған, яғни, Түмен, Есіл өңірінің татарлары. Бұл көп тайпалы этникалық топ болып табылады, оларға үстем болғандар ескіден керей, қыпшақ және наймандар, кейіннен арғындар. Орта ғасырда, мысалы, осы жерде керейлердің ерте кездегі феодалдық бірлестігі - Саргач княздігі болды. Тайбұға әулетінен шыққан оның әміршілері ұзақ уақыт бойы Батыс Сібір мен Есіл өңірін жаулап алуға Шыңғыс ұрпағы шайбанилермен бақталас болған. Тайбұға әулетінен шаққан соңғы түркі ханы Сейтекті орыстың әскер басы тұтқынға түсіріп, Мәскеуге жөнелткен. Саргач Есіл өңірінің хандығы жойылды, ал Сібір хандығының құрамындағы Түмен-Есіл өңірі Ресейдің құрамына қосылды. Есіл бойының көптеген ру-тайпалары төңкеріске дейін Солтүстік Қазақстан жерінде көшіп жүрді және туыстас қазақ пен татарлардың араларына сіңісіп кетті. Түмен, Омбы және Қорған облыстарында қалып қойған бұрынғы Сібір татарларының көпшілігі өздерін қазаққа жатқызады. Ал қызылжардық татарлардың бір бөлігі керісінше өздерін Қазан Поволжьесінен шыққанбыз деп қате ойлайды. Іс жүзінде олар Есіл өңірі тайпаларының тікелей ұрпақтары болып табылады. Тәңір. Тәңір (Тенгри) - ежелгі түркілер, оның ішінде қазақтардың табиғат құбылысын, әлем құрылысын мифологиялық сарында түсінуі. Жоғарында бір ғана құдай - "Тәңір" (Тенгри - аспан) жоғарғы әлем саналды. Тәңір дүние мен адам тағдырын биледі. "Ұмай" - молшылық құдай-анасы болды. Тәңір мен Ұмай туралы мифте олардың түркі қағанаты үшін табынар құдіреті боп танылғанын айтады. Орта дүние саналатын кездің бас құдайы - "ыдық Иер-су" (киелі жер-су). Төменгі дүние мифологиясы деңгейінде зиян келтіретін күш, сақтаушы кие "құт" (жан-дүниені таныту), мекендер мен кейбір жер - киелі деген ұғым кең тараған. Адам мен дүние арасында "қам" рухы жүрді. Исламдық "қам" сөзін қабылданған "бақсы" сөзі ығыстырды, "албасты" және "пері" рухының бейнесі санаға енді. Көшпелілер үнемі жол үстінде болатындықтан олардың ұғымында жол киесі бірнешеу. Мысалы, Тәңір шабармандары - "Шұбар атты жол ие" және "Қара атты жол ие", т.б. Таң және іңір. Ертедегі түркі халықтарының “Тәңірге сыйынғанын Құлтегін, Білге қағандарға арналған балбал тастардағы қашап жазылған жазулардан анық білеміз. Қазірге дейін Тәңір сөзінің этимологиясын іздеушілердің пікірлері әртүрлі болып, олар “Тәңірдің” не себепті “Тәңір” атануын ашып, дәлелдеп бере алмауда. Бірқатар жазушылар “Тәңір” “аспан”, “көк аспан” деген ұғымды білдіреді дегенді айтады. Миф­тік аңыздар бойынша, “Таң” және “Іңір” деген екі періште кезектесіп, жердегі тіршілікті күзетеді екен, “Таң” күн ұйықтар орынға кеткенде “іңір” оның орнына күзетке тұрады деген ұғым қалыптасқан. Соған орай “Тәңір” делінген дейді. Біреулері Тәңір “Таң” + “Ра” сөздерінің қосындысы, таңның атуы, ал “ра” ертедегі күннің Египеттегі діни атауы. Міне, осыдан “Танра” делініп, “күннің шығуы” дегенді білдіреді дейді. Тәңір сөзі екі түбірден: “таң” және “ертеден” деген сөздерден тұрады дейтіндер де бар. “Таң” күннің шығар уақыты, ал “ер” күллі түркі тілдерінде, ер, ержүрек, еркек, батыр деген мағынаны білдіреді десе, енді бірі тәңірі атауы екі сөзден: Таң және йер, яки кир /жер/ сөздерінің бірігуі арқылы жасалғанын жорамалдайды. “Тәңір” сөзі қытайдың “Тян” – “аспан” деген сөзінен туындаған деушілер де бар. Қытайлықтар өздерін әліге дейін “Таң елі”, “Аспан асты елі” деп атайды. Оларда цин, хан империясынан соң тан империясы болған, жазба деректерде тян империясы деп жазбаған, тан империясы деп жазылған, сонда қалайша “Аспан асты елі” болады. Меніңше олай емес, “Қытай дуалын” салуға мәжбүрлеген, оларды “таң елі” деп те атаған осы түрік, прототүріктер, олар қытайлықтарды өздерінен қарағанда таң ататын жағында орналасқандықтан “таң елі” деп атаған, ал қытайлықтар олардың “таң” сөзін өздерінше “аспан” деп түсінген болса керек. Тәңірдің дін екенін, оның “Таң” мен “Іңір” сөзінен /құралғанын/ тұратынын, әрі оның біздің аталарымыз түрік, прототүріктердің діні болғанын ашып айтқым келеді. Бұл айтқанымды, қазақ, қырғыз, хакас, бурят, чуваш, карачай, т.б. түрік, прототүріктерден таралған ұлттардың кейбір әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері, ырымдары, діни сенімдері дәлелдейді. “Тәңір” сөзі, қазақ тілінде әліге дейін өзгеріссіз қолданылатын, түрік, прототүрік сөзі болып есептелетін “Таң” және “Іңір” сөзінің қосылып, біріктіріліп айтылуы. Таң+іңір деп айтылғандағы, “іңір” сөзіндегі жіңішке дыбыстың себебінен “Тәңір” болып айтылып кеткен. Махмұт Қашқаридің “Диуани лұғат-ит-түрік” деген түрік сөздігінде: – Таң-таң – таң; таң атар шақ, таң атты. – Іңір-іңір-іңір. Жарық пен қараңғылықтың өзара шарпысып астасуы, деп берілген. Міне, көрдіңіз “Таң” мен “Іңір” сөзі қазақ тілінде өзгеріссіз сол қалпында, сол түсінігінде қолданылады. Демек, “Таң” – бұл таң атуы, ол күннің шығуы емес, оның бірінші сәулесінің, жарығының, нұрының көріне бастауы, аңғарыла басталуы. Жарықтың шығуы, көтерілуі, жоғары көтерілуі. Осы жерде, “ғалымдар мифтік аңыздар арқылы, тәңір этимонын “та” “жоғары” дегенді білдіретін тау, төбе, тақа, таңдай, тамақ, таңқы, /таңқы мұрын/ танау, тамыздық, тамшы т.б. көптеген сөздер арқылы, ал, – ің – “төмен” дегенді білдіретін: еңіс, еңкіш, еңбек, еңсесі түсу, еңіреу, /ін, үңгір/ т.б. сөздер арқылы түсіндіреді” дегенді есепке алсақ, ал “Таң” сөзіндегі “аң” – “жарық”, “сәуле”, “нұр” дегенді білдірсе, онда “Таң” сөзі жарықтың көтерілуі, шығуы дегенді білдіреді. Бұған дәлел Шумерлердің Ан, Анну деп аспанға сыйынды делі­нуі,сондай-ақ біздегі “Ана” сөзіндегі “Анның” “жарық” дегенді, ал “Ана” сөзінің “сәбиді жарық дүниеге әкелуші” дегенді білдіретіні. Алтай-саян елдері Тәңіріні “Ақ янг”, “Ақ аң” деп те атайды екен. Демек, Шумер “Анымен” біздің “Таңымызда” бірлік бардай, мүмкін ертедегі шумерлер “ан” деп жарыққа, ал анну деп аспанға сыйынған шығар. “Іңір” – бұл күннің батуы емес, оның батқаннан кейінгі қалған жарығының, нұрының, шапағының қараңғыға өтуі. Міне осылайша, жарықты қараңғыға, қараңғыны жарыққа айналдырушы таңмен іңірді, тіршілік пен өлімді реттейтін, жаратушы – ұлы күш “Тәңір” деп, оған сыйынған. Ертедегі түрік, прототүріктердің әрбір тайпа, рулары Тәңірді көз алдарында елестету үшін, өздеріне түсінікті болуы үшін, оның сыйпатына ұқсас (“Таң”-“жарық”-“ақ”, “Іңір” -“қараңғы” – “қара”) “ақ” пен “қаран­ы” теңеу етіп алған. Олар өздеріне көбірек кездесетін нәрселерден Тәңірді елестететін затты белгілеп алған. Солардың бір түрі қазақ, қырғыздағы “ақ”-“қарадан” тұратын “Ала жіп” біз қазірге дейін оны салт-дәстүр деп келдік, оның “ағы” “таңды” – “жарықты”, ал “қарасы” іңірді” – “қараңғыны” білдіріп бізге “Тәңірді” елестетеді екен. Ала жіп аттамау салты қайдан шыққан? Біздің есімізде қалғандары: біреудің “Ала жібін” аттамасын, күнә істемесін деген ырыммен, ала жіппен баланың тұсауын кесу; қараңғы түсіп, елсіз жерде, далада қалғанда ала жіпті шеңбер етіп, оның ортасында ұйықтаса тірі жан тиіспейді, ала арқанды қораның айналасына керіп қойса қораға ит-құс, қасқырлар шаппайды деген түсінік. Сондай-ақ өлген кісінің жаназасын шығарудан бұрын дәуір айналдырғанда “ала жіп”, “ала жіп” осы кісінің күнәларын ала жат” деп айтылуы; дау шешкенде, даулас­қан екі адамды татуластырғанда, бидің ала жіпті кесіп, әділ шешім шығаратыны; күнә істеді деп күдікті болған адамның кінәсін анықтау үшін “Ала жіптен аттату сияқты ырым-жырымдар. Бұл сөзіміздің бір айғағы бола алады. “Ала атылы йол тәңірі” деген көне түркі жазба ескерткіштерінде “медиатр” термині бар, ол “жол тәңірі” деген сөз екен десек, “ала тау” – оны мекендеген барша халықтар үшін Тәңіртау деген ұғымды беретінін де айта кетсек дейміз. “Көз моншақ” – оны біздің қазақтар көз тимесін деп ырымдап балаларының омырауына, бас киімінің маңдайына тағып қояды. Бұны тіл көзден сақтаушы ырым ғана емес, бұл да Тәңірдің сыйпаты екен, сол белгі арқылы Тәңірден жарылқау тілеу, жар бол деуі екен. Қазақ халқының жауынгерлік каруының бірі қолшоқпар болған, бұл қару “ақ қайың” ағашынан жасалын­ған. Міне, бұл да ала болып, Тәңірге сыйынып, соның қолдауымен жеңіске жетуге ұмтылудың белгісі. Алтай жерін мекендейтін хакастар – качиндер және бельтирлер деп бөлінеді. Біз бүгін олардың Тәңі­рісіне қалай құрбандық шалатынын айтсақ, олар да киелі ақ қайыңның ғана түбінде құрбандық шалады екен. Оған тек ер адамдар қатысып, құрбандыққа тек ғана еркек тоқты ғана шалынып, ол ақ түсті, басы, немесе бір шекесі қара болуы шарт көрінеді. Неге ақ қайың дейсіз ғой. Өйткені, “ақ қайың” басқа ағаштардай емес қабығының “ақ-қарасы” бар, яғни ала. Шу-Іле тауында, Тамғалыдағы жартастардағы тасқа қашап салынған ежелгі суреттердің бірінде екі ірі тұлға тұр: бірі, оң жағындағысы таңдидарлы адам қарап тұр, бұл “Таң” – “жарық”. Оны таңдидарлы дегенім, ол жердегі басқа тастарда адам кейіпті күн дидарлы тұлғаның суретінің бар екенінде. Күндидарлы адам кейіпті тұлғаның басы, сыртқа нұр шашып тұрған шеңберінің ішінде сызығы жоқ дөңгелекпен қоршалған. Ал Таңдидарлы тұлғаның басында ішкі және сыртқы шеңбері бар, ортасы сызықсыз дөңгелекпен салынған, ішкі және сыртқы шеңберлер майда дөңгелекшелермен бедерленген. Осы майда дөңгелекшелер күн әлі шықпаған кездегі таңның жарығын меңзеп тұр. Іңірдидарлы тұлғаның басы, азғана нұрлары шеңбер сызығының ішкі жағынан ортасына қарай сызылған дөңгелекпен сурет­телген, шеңбердің сыртында бірқатар майда дөңгелекшелер бар, бұл жарықтың қараңғыға өтуі дегенді білдірсе керек. Бұл “Іңір” — “қараңғы”. Жартастағы екінші адам кейіпті ірі тұлға осы “ІҢІР” — “қараңғы”. Екі ірі тұлғаның аяқтарының тұсында екі екіден қара малды көруге болады. Таңдидарлы тұлғаның аяқ тұсында, төменінде бұзау, одан жоғарысында семіз бұқа бейнеленген, ал Іңірдидарлы тұлғаның аяқ тұсында жоғарыда арық сиыр тұр, оның төменінде мүйізі жоқ көтерем сиыр бедерленген. Бұлардың бәрінің астында түрлі айуан бейнесіндегі он екі адам билеп жүр. “Таңның” – алдыңғы тұсындағы бұзау мен бұқа “жарықтың” құдіретінен күш алған тіршілікті – өмірді көрсететіндей, ал “Іңірдің” – алдындағы екі сиыр қартаюды – өлімді суреттегені, астындағы 12 бейне-жылдың 12 айы болса керек. Бұл тастағы көріністе “Тәңір” діні суреттелген. А.Аманжоловтың Тамғалыдағы ежелгі суреттер б.д. дейінгі 2000 жылдың аяғы – 1000 жылдың басында тасқа қашалған дегенін ескерсек, “Тәңір” діні христиан, ислам дінінен бұрын түрік, прототүріктердің діні болғаны анық. Түсініктемелер. 27 қазан 2010ж. "Егемен Қазақстан" газетінен WBA. Дүниежүзiлiк бокс ассоциациясы (WBA) - кәсіпқой бокстың халықаралық қауымдастығы. 1921 жылы АҚШ-та Ұлттық бокс ассоциациясы құрылды (National Boxing Association). Бұл қауымдастық 1962 жылы Дүниежүзiлiк бокс ассоциациясы болып қайта құрылды. Қазақстанның «Азат» Демократиялық партиясы. Қазақстанның «Азат» Демократиялық партиясы («Азат» ҚДП) Партия «АҚ ЖОЛ» ҚДП-ның бөлінуі нәтижесінде 2005 жылғы 29 сәуірде құрылған және 2006 жылғы 17 наурызда «Нағыз АҚ ЖОЛ» атауымен тіркелген. Мүшелерінің саны 97 157 адамды құрайды. Партияның барлық облыстарда, Астана және Алматы қалаларында өз филиалдары бар. «АЗАТ» - орташа таптың партиясы. Партияның мақсаттары – демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет пен ашық қоғам құру. Тәуелсіз, гүлденуші, демократиялық, еркін Қазақстан құру үшін азаматтардың күш-жігерін шоғырландыру. 2007 жылғы 23 маусымда «Нағыз АҚ ЖОЛ» ҚДП-ның III съезінде Жалпыұлттық социал-демократиялық партияға қосылу туралы шешім қабылданды. 2007 жылғы 20 қазанда «Нағыз АҚ ЖОЛ» ҚДП-ның IV съезінде «Нағыз АҚ ЖОЛ» ҚДП-ның III съезінде бұрын қабылданған ЖСДП-ға қосылу туралы қаулысының күшін жою туралы шешім қабылданды. 2008 жылғы 29 ақпанда IV съездің екінші отырысында «Нағыз АҚ ЖОЛ» партиясын «АЗАТ» ҚДП деп қайта атау туралы шешім қабылданды, осы атаумен ол 2008 жылғы 11 сәуірде қайта тіркелді. Мекен-жайы: Алматы қ., Қабанбай батыр к-сі, 58. Нидерланд буржуазиялық революциясы. Революция қарсаңындағы Нидерландия. Европейские территории под властью короля Испании в 1580 году (Нидерланды указаны светло-зеленым) на карте с указанием современных государственных границ. Діни жағдайы. a>» с изображением восставших провинций (1609). Батыс Еуропаның кальвинизм кең тараған аймақтарының бірі, Голландия жаңа еуропалық өмір салтының қызған ортасына айналады. Орта ғасырлық діни орталықтардан бұл орталықтардың ерекшелігі, олардың жердегі өмірдің, яғни — шаруашылық, өнеркәсіптік, сауда және ғылыми-техникалық қатынас әрекеттерінің орталығына айналуында еді. Протестанттар индивидуализмнің етек алуын кеңінен мақұлдап, әркім өзі үшін нысанасына жете мән беретін көзқарасты ұстанды. Осындай нысаналы ұстаным әр адамның табыс табуы мен оның жеке мүдделерін құрметтеуге жағдай жасауға жетелейтін. Адам бәрінен де бұрын өзінің жеке мүмкіндігіне арқа сүйеуі керектігі жаңа заман адамының әрбір қадамы сайын көптеген жәйттерге кез болатындығын ұғындыра, оларды үнемі өзгеріп отыратын өмір жағдайына бейімдеуге мәжбүр етті. Ревалюцияның алғышарттары (1555—1572). Енді, революцияның экономикалық және әлеуметтік себептерінен бұрын, революцияның ең негізгі, Мотлей айтқандай «бүкіл халықты көтеріліске итермелеген» - тарихи себептеріне тоқталған жөн болар. Революцияның алғы шарты XVI ғасыр бойына қалыптасты. Бургундия герцоктігінің билеушілерінің бірі Мария Бургундская XV ғасырдың аяғында құдіретті Максимилиан Габсбургпен некеге тұрды. Бұл неке оның әлсіреп тұрған билігін күшейтті. Осыдан кейін Нидерланд жері династиялық Гаубсбургтерге бағынышты болды. Карл V Габсбургтың (1500 – 1558 жж.) билігі кезінде 1548 жылы Аугсбург келісімі бойынша және 1549 жылы Прагматика санкциясы кезінде Нидерландияның 17 облысы, оның ішінде Фландрия, Голландия, Зеландия, Фрисландия және Утрехт бір тұтас мұрагерлік аймақ ретінде заңды түрде Габсбург империясына қосылды. Нидерландияның оңай қосылуы жай жасалған шешім емес еді. Нидерлан жерінің Габсбургтер құрған одақ құрамына кіруі үлкен пайда берді, нақтырақ айтқанда империя салығында жеңілдіктерге ие болды. 1555 жылы империя тарағаннан кейін, Нидерландықтар Филипп ІІ-нің билігіне өтті. Бұл ортағасырлық саяси жүйеде айтарлықтай елең еткізерлік жаңалық болмағанмен, кейін жаңа заманның қоғамдық қатнастары қалыптаса бастағанда Нидерлендияға үлкен зиян келтірді. Нидерланд жері Испанияның провинциясына айналды және испан шенеуніктері тағайындаған штатгальтерлер арқылы басқарылды. Сырттай қарағанда тек саяси орталық ауысқандай болғанмен, шындығында мәселе тереңде жатыр еді. Нақтырақ айтар болсақ, Нидерланд жерінде кімнің билігі орнаса да, тұрғылықты халық нидерландықтар еді. Шет жерлерден келген саяси билеушілердің саяси-экономикалық шешімдерді өз қалауларынша қабылдауы, жергілікті халықты төмендетуі Нидерланд тұрғындарының ұлт ретінде қалыптасуып, бірігуіне себепкер болды. Тарихтан білетініміздей кез-келген аймақтың тұрғындары ұлт ретінде қалыптасып, біріккенде өзгелерге тәуелсіз жеке мемлекет құруға ұмтылады. Бұл табиғи заңдылық. Олай болса, өндірісі дамып, экономикасы өркендеу кезеңіне аяқ басқан Нидерланд жерінің Испан карольдігінің қанауына қарсы шығуын тәуелсіздікке ұмтылу деп айтуымызға толық негіз бар. Сондықтан, Нидерландияның саяси эволюциялық дамуын буржуазиялық революцияның негізгі себептерінің бірі деп айтуға болады. Филипп патша Нидерланд буржуазиялық революциясының көтерілуіне негізгі себепші болған адам. Оның қорғанысы әлсіз, бірақ бай Нидерландықтарды тонауға бағытталған саясаты халықты қарулы көтеріліс жасауға мәжбүр етті. Филипптің бүкіл саясаты байлыққа болашақта бағынышты аймақтардан салық салу арқылы баюды көздеген ақсүйектер мен патша қаржыгерлерінің жоспарларына негізделген болатын. Оның үстіне Испанияның тоқыраған өз ішкі экономикасы Нидерландия балығын тонауына агрессивті сипат берді. Испанияның Нидерланд жерін түрлі жолдармен тонауы оның экономикалық және әлеуметтік жағдайын бірден көтерді. Жалпы испандықтар кез-келген өзге тілді өлкені шелек салып алтын ала беруге болатын ешкімнің иелігіне кірмейтін қорғаусыз құдық секілді қабылдады. Бірақ XVI ғасырда Испанияға бағынатын жерлерде Нидердандия секілді сауда арқылы экономикасы жоғары дәрежеде дамып келе жатқан өлке жоқ болғандықтан, қажетті қаржылардың барлық ауыртпалығы осы жерге салынды. Филипп Нидерланд жерінен қолы жеткеннің бәрін алуды мақсат етті. Сондықтан, темірдей тәртіп орнату қажеттілігі туған уақыттарды пайдаланып, өз ойларын жүзеге асырып отырды. Ол Нидерланд жеріне Францияға қарсы соғыс кезінде кіргізілген әскерді қалдырды. Осы әскер арқылы бағынышты өлкедегі Мемлекеттік кеңес құрамындағы өз адамдарына биліктің бар мүмкіншіліктерін жасап берді. Бұл салықтар мен баж салығын көтеруге кедергілердің барлығын жойды. Нақтырақ айтқанда, Испанияға Нидерландияны тонудың барлық жолы ашылды. Аймақта Испан әскерінің тұрақты орналасуы Филипп ІІ үкіметіне кез-келген жоспарларын жүзеге асыруға мүмкіндік жасады. Бірақ ол Нидерландияның ұлттық қорына қол салды. Барлығын заң жүзінде жасады: Филипп нидерланд қаржыгерлерінен бірнеше жылға жобамен айтқанда 3 млн. гульдендей ақша қарызға алды. Бұл ақшаның барлығы қайтаруға мәжбүр болған Филипптің шет елдегі қарыздарына төленді. Бірақ алған қарызды нидерландтық қаржыгерлерге де қайтару керек болатын. Испан каролі ақшаны қайтармау жоспарымен 1557 жылы испан мемлекетін банкрот болды деп жариялады. Бұл нидерланд қаржыгерлеріне үлкен шығын алып келді. Негізі саудасы мен өнеркәсібі жаңа дамып келе жатқан ел үшін ақшаның ел ішінде айналымда болуы үлкен маңызға ие. Ақша біріншіден, саудада керек. Сауда айналымын тоқтатпай жүргізіп отыру және жаңа сауда орындарын ашу ақшаға бағынышты әрекеттер. Ал ол кезде мұндай қолайсыз кезеңдерге арнап сақталған ақша жоқ болатын. Бұл әрекеттер өз кезегінде экономикаға серпін береді. Әр түрлі көлемдегі өндріс орындарын ашып, дамыту үшінде нақты ақшаның қолда болғаны керек. Экономика саласындағы сауда мен өнеркәсіптің дамуы кедей халықты өз жағдайларын жасауға мүмкіндік жасайтын жұмыс орнымен қамтамасыз етеді. Айналымдағы еркін ақшаның сыртқа қайтарымсыз кетуі нидерланд экономикасын апатты жағдайға алып келді. Шаруалардың кедейленгені соншалық тамақ тауып жеу үшін үйі мен дүниесін сатып, қаңғып кетті. Ол ақша экономикалық жүйеде содан кейін екінші орын алатын мануфактураның кең қанат жаюуына да мүмкіндік жасайтын. Дегенмен, XIV ғасырдан бері экономикалық даму жүйесі кең ауқымды даму арнасына түсіп алғандықтан, Нидерландия біраз есеңгіреп қалғанмен, көп ұзамай есін жинады. Бүкіл қаражатынан бір күнде айырылған қиын жағдайдан шығу нидерландияның мүмкіндіктерін айқындап берді. Филипп ІІ өзінің бұрынғы саясатын жалғастырды. 1560 жылы Испания жүн импортының баж салығын 40% көтерді. Осыған байланысты Нидерландияда импорт екі есеге қысқарды. Бұл нидерланд халқына жасалған қанаушылық әрекеттердің бірі еді. Сонымен бірге, испандықтардың нидерландықтар бұған қалай әсер берер екен деген сыни әрекеті десе де болады. Бұл сын нидерландықтарды естен тандырарлық жағдайда қалдырды. Бұл жерде мата шығаратын мануфактуралар көп пайда беретін. Енді жоғарыдағы испан қанаушыларының туғызған қиындықтарынан кейін матаға қажетті шикізат өнімдерін өздерінде өндіруде көп қиындықтар туғызды. Сондықтан мануфактуралар қажетті жүнді Испаниядан ала бастады. Нидерландықтардың басқа жолы қалмағандықтан не үлкен экономикалық аппатпен өндірісін жабады, не кез-келген шартқа келісетіндігін испандықтар өте жақсы білді. Өйткені Англия мен басқа еуропалық мемлекеттер ол уақытта нидерландияны қажетті шикізатпен қамтамасыз ете алмайтын еді. Бұл Нидерланд экономикасына үлкен соққы болып тиді. Қалыптасқан жағдай осы жерде XIV ғасырдағы Француз каролі Филипп IV-тің Фландрияны көтеріліске алып келген жағдайға ұқсас. Өндірістік қалаларға карольдің ауыр салықтар салуы халықтың наразылығын тудырған. Кароль Фландрия арқылы Англияға зиан жасамақ болған. Нақтырақ айтқанда ол Фландрия саясатына ықпал ете отырып жауына қарсы пайдаланғысы келді. Бірақ Филиппен арадағы саяси қатынасқа қарағанда Англиямен арадағы экономикалық қатынас күштірек болып кішкентай Фландрия Француз патшасынан қорықпай ашық қақтығысқа шықты. Өкінішке орай фландриялықтардың батыл әрекеті француз әскерінің қатты соққысымен басылды. Жеңістен кейін Филипп патша Фландрияның теңіз жағалауындағы бөлігін өз қарауында ұстап, Франциядан сырт жерлерден шикізат алуға тыйым салды. Бұл Нидерланд саудасының XIV ғасырдың өзінде сыртқы импорт-экспортқа тәуелді болғанын көрсетеді. XVІ ғасырда өндірістің дамуына және сауданың көлеміне байланысты бұл тәуелділік экономикалық құрылыстың негізі болып қалды. Испан каролі Филип ІІ баж салығын көтергендіктен сырттан алынатын шикізатқа тыйым салмады. Бірақ нидерландық саудагерлерге испан колонияларына баруға рұқсат бермеді. Ал англо-испан қақтығыстары Англиямен арадағы саудаға зиянын тигізді. Нидерландияның шет елдермен саудасының кең дамығандығын бұл жерде ешқашан болып көрмеген, флоренциялық дипломат және тарихшы Людовико Гвиччардини: «Нидерландияда шет елдік саудагерлер әлемнің басқа елдерімен салыстырғанда, барлық жерде еркін жүреді екен» деп жазғандығынан аңғаруға болады. Сол заманның көзі ашық адамының айтқан сөзі XVІ ғасырда нидерланд жерінде сауда орындары экономикалық жүйеде үлкен орынға ие болғанына дәлел болады. Мұндағы сауданың дамуымен бірге Филиппке осы аймақтан жылына 2 млн. флорин табыс тұрақты түсіп отырды. Бұл қаржы Испанияға бағынышты өлкелерден түсетін барлық табыстың тең жартысы еді. Мысалы: Испанияға Италиядан жылына 1 млн., Жаңа Әлемнен 0,5 млн., Испанияның өзінен 0,5 млн. салық жиналған. Кішкентай Нидерланд жері үшін бұл өте үлкен соққы болды. Филипп ІІ нің жоғарыда көрсеткен қысымдарының барлығы халық арасында үлкен наразылық тудырды. Сонымен қатар, кальвинистер мен анабаптистер өндірістік ірі қалаларда, Фландрия, Брабант, Голландия, Фрисландия және басқада провинциялардың елді мекендері мен тұрақтарында өз идеяларын жеткізуде үлкен жетістіктерге жетіп, халықтың қолдауына ие болды. Олар енді өз ойларын халық көп жиналған алаңдарда ашық насихаттай алатын дәрежеге жетті. 1561 жылы Валансьеде жаңашыл идеалистердің насихатынан кейін жандармерия мен магистрат мүшелерін қуып, өртегелі жатқан екі еретикті босатып алды. Ерестіктердің орталығы болған Антверпенде 1564 жылы монах Кристоф Фабрициюсті өлім жазасына кесу кезінде халық пен сақшылар арасында қақтығыс болды. Иконаға қарсы көтеріліс. Иконаға қарсы болған көтеріліске қатысушылар испан қанаушылығынан әбден титықтаған шаруалар мен қала кедейлері болатын. Өйткені, салықтың ауырлығнан байлардың өзі қиналып жатқанда, кедейлер мүлде далада қлған еді. Көптеген адамдар тұрғылықты мекендерінен кетіп, жат жерлік басқыншыларға қарсы соғыс бастады. Бірақ бұл көтеріліс біріншіден, көтеріліс қатарында қоғамның барлық өкілі болмады; екіншіден, қозғалыс бүкіл қоғамдық сипатқа ие болмады; үшіншіден, барлығын топтастырып, ұйымдастыратын талантты қол басшылар болмады. Осныдай әлсіздітері көп көтеріліс бір жылдан кейін оңай басылды. Көтерілісшілер не істеді? дегенге келер болсақ. Бақылаудан шығып кеткен көтерілісшілер иконалар мен католик шіркеулерін бұзды. Гент бітімі. 1576 жылы қазанда Гент қаласында билікті өз қолына алған Бас штаттың жиналысы болды. Елдегі төңкерістік жағдайға қарамастан патрициаттардың, саудагерлер, католиктер құрамы толық жиналды. Жиналыста солтүстік провинциялардан келген депутаттар пікірлерін ашық айтты. - герцог Альбаның кезінде күшіне енген еретиктерге қарсы заңдар жинағы «плакаттардың» күшін жою; - аталмыш заңдар бойынша тұтқындалған адамдарды босату және сол заң аясында тәркіленген жер мен мүліктерді қайтару; - Кальвинизмге тыйым салып, таралуына тосқауыл қою; - Бүлікшіл Испан жалдамалыларына қарсы әскери операция ұйымдастыру; - Нидерландық көтерісшілер тәркілеген шіркеу жерлерін қайтару; Сонымен қатар, келісім бойынша Голландия мен Зеландияның саяси статусы автономды болып қалдырылды. Бірақ оларға кальвинизмді таратуға және аталмыш діни ағымның басқа жерлердегі ошақтарына көмек берулеріне тыйым салды. Он сегіздер коммитеті. Наместниктің сатқындығы Фландрия, Брабант және оңтүстік провинциялардан бастау алған жаңа саяси-әлеуметтік келбеттегі революцияның басталуына себепкер болды. Нидерлан тұрғындары үшке бөлінді. Біріншісі, Испанияның саясатын қолдаушы католиктік дініндегі ақсүйектер, саудагерлер, қала патрициаттары Филипп ІІ мен келісімге келудің жолын іздеді; екіншісі, Ұлт-азаттық соғысқа бекінген кальвинистік ағымды қолдаушы ірі және ұсақ буржуазия, қала халқы шаруалар; үшінші, басқыншы Испан саясатына қарсы, бірақ елдегі түбегейлі төңкерістің бақылаудан шығып кетуін қаламайтын ханзада Оранский бастаған ақсүйектердің бір тобы бейтарап бағыт ұстанды; Сатқындыққа ашуланған халық магистраттарды орнынан алып, испандықтарды қолдаушы басшыларды тұтқындады және католик дінін таратушыларды елден қуды. Брюсельде, Антверпенде, Ипрда және Гентта революциялық бағыттағы «Он сегіздер коммитеті» құрылды. «Он сегіздің» құрамына кальвинизмді қолдаушы буржуазия өкілдері, адвокаттар, цех шеберлері, саудагерлер, қала патрициаттары кірді. Коммитет мүшелері өздерінің басты міндеттері қалалар мен елді мекендерді испан басқыншыларынан қорғау деп есептеді. Бірақ уақыт өте келе олар саясатқа араласып, қалалрды басқаруға араласып, магистраттарды қатаң бақылауға алып, өз қалағандарын жүзеге асырып отырды. Мысалы: Брюсельде «Он сегіздер коммитеті» мемлекеттік кеңес пен Бас штатқа қысым жасап мемлекеттік қызметтерде маңызды орындарда отырған испан патшасының өкілдері мен олардың жақтастарын қызметтен кетіруді және халықты қаруландыруға рұқсат беруді талап етті. Дегенмен, «Он сегіздер коммитетінің», кальвинист консисторлардың және халықтық қозғалыстың және қалталы буржуазияның әрекеттері бір мақсатта болғанмен, бір бағытта бірікпеді. Нәтижесінде ұлт-азаттық қозғалысты ұйымдастырып, басқарушы орталық болмағандықтан Нидерланд жері Испан үстемдігінен құтыла алмады. Өз билігін күшейтуді көздеген ханзада Оранский осыны пайдаланып 1577 жылы Брюссельге келіп, өз жақтастарының жанкешті әрекетінің нәтижесінде Брабант провинциясының руворды (төтенше жағдайлардағы ниместник) дәрежесіне қол жеткізді. Жан-жақты қысымға душар болған Испанияны жақтаушы ақсүйектер осы уақытта Фландриядағы билікті қолдарына алып, оның астанасы Гентті өз орталықтарына айналдыруға талпынды. Бірақ 1577 жылғы қазан айындағы Гент тұрғындарының көтерілісі олардың жоспарын іске асырмай тастады. Кертартпа ақсүйектердің басшысы герцог Арсхот пен оның жақтастары тұтқындалды. Фландрияда толығымен «Он сегіздер коммитеті» мен консисторлардың билігі орнады. Осы оқиғадан кейін «Гент бейбітшілігінің» ресми түрде күші жойылды деп жарияланбағанмен, іс жүзінде аталмыш құжат еш жерде ескерілмейтін болған еді. Нақтырақ айтқанда онда көрсетілген талаптар мен тиымдар орындалмады. Мысалы: «Он сегіздер коммитеті» кальвинистік идеядағы уағыздарын Нидерландияның барлық провинцияларында еркін жүргізе бастады. Бұрынғы билеушілерге бағынышты әскер жасақтары таратылды немесе қалалардан қуылды. Олардың орынына қалаларды қорғау үшін жаңа құрамдағы әскер жасақталды. «Он сегіздер коммитеті» шіркеу мүлкін тәркіледі және оны сатудан түскен қаржыға қаланың қажеттілігіне, әскердің шығынына, сонымен қатар, 1539 жылғы көтерілісті басу кезінде Карл V жойып жіберген цехтық-муниципальдық құрылысты қалпына келтіруге жұмсады XVI ғасырдың алғашқы жартысындағы Нидерландияның экономикалық дамуы. СXVI ғасыр Нидерландияда гүлдену кезеңі болды және Европадағы халық ең тығыз орналасқан мемлекет болды. Нақтырақ айтсақ, мәліметтерге қарағанда шағын аумақта 300-ден аса қала және 6500 дей елді мекен орналасқан. Нидерландияның экономикалық даму ерекшеліктеріне байланысты әр аймақтарға әр түрлі дамығанмен, қарқыны шамалас болды. Экономикалық даму ерекшеліктеріне байланысты былай топтасты: Фландрия және Брабант – орталық өнеркәсіптік аудан; орталығы Голландия мен Зеландия болып есептелетін солтүстік өнеркәсіптік провинциялар тобы; ауыл шаруашылғы басым дамыған – Артуа, Люксембург, Намюр, Гельдерн. Ескі Фландрия және Брабант провинцияларындағы – Гент, Ипр, Брюссель, Лувенде қалаларында ХІІІ ғасырдың өзінде дамыған цехтық қолөнер және кең салалы сауда орталығы ретінде танымал болатын. Бірақ, XVI ғасырдың ортасына қарай цехтық жүйе құлдырауға кетті. Сауда айналымында жоғары орын алатын шұға шығаратын цехтар елді мекендер мен жаңадан көркейіп келе жатқан Хондсхоте, Валансьене, Антверпене сияқты қалалардағы жүн иіретін мануфактуралық өнеркәсіппен бәсекеге қабілеті жетпей өзінің экономикалық маңызын жоғалтты. Басқа цехтарда сыртқа бейнесін сақтағанымен біртіндеп ыдырап, қатардан шыға берді. Билікте отырған цех иелері дамып келе жатқан өдірістік өнеркәсіпке қарсы қатал күрес жүргізді. Сонымен бірге, қолында билігі бар монополистердің осы әрекетінің салдарынан шеберлер жеке қолөнер шеберханасының иегері болу мүмкіндігінен түбегейлі айырылған жалдамалы жұмысшы дәрежесіне дейін төмендеді. Көптеген цехтардың шеберлері өсімқорлар мен алыпсатарлардың жемі болып кедейленіп, өз мүмкіндіктері мен саудадағы еркіндіктерінен айырылды. Есесіне мануфактура формасындағы жүннен, жібектен мата, кілем, түсті кілем, шишадан, теріден және металдан заттар өндіретін өнеркәсіп орындары жылдам дами бастады. Фландрия мен Брабант провинцияларында орталықтандырылған және сонымен қатар, үйінде жұмыс істейтін қалалық және ауылдық қолөнер шеберлері мен аралас түрдегі мануфактуралар ағынатын шашыраңқы мануфактуралар пайда болды. Брабанттың ең үлкен портты қаласы Антверпен өте маңызды сауда және қаржы орталығына айналды. Сыртқы саудадағы тауар шығаратын Брабант пен Фландрия қалаларындағы монуфактуралардың барлығы дерлік осы порт арқылы шет жерліктермен байланысты. Өте қолайлы және кең орналасқан портқа испан, партугал колонияларынан және әлемнің әр түпкірінен келген мыңдаған кемелер тоқтайтын. Антверпенге Европаның сол кездегі ірі қаржыгерлерінің барлығының конторы жиналды. Голландия, Зеландия және Утрехт провинцияларында да ескі цехтар жаңа мануфактуралық өнеркәсіптермен бәсекеге шыдамай жабыла бастыды. Бұл аймақтарда әсіресе кеме құрастыратын өнеркәсіптер қарыштап дамыды. Бұл процесстің нәтижесінде цехтардың шеберлері мен шағын жеке кәсіпкерлікпен айналысатын қолөнершілер кедейленіп мануфактураларға тәуелді жалдамалы жұмысшылар дәрежесіне төмендесе, есесіне жаңа өсіп шыққан буржуазия өкілдері, нақтырақ айтқанда мануфактура иелері одан әрі байып ірі қаржы иелеріне айналдырды. Амстердам, Антверпен секілді ірі өндірістік қалаларға ауылдық шаруашылықпен айналысушы халық тәуелді болды. Яғни, жаңа заманғы өндіріс орта ғасырлық шаруашылықты басып озды. Бұл қалаларда сауданың дамығаны соншалық шет мемлекеттерден келген саудагерлердің барлығы тек көтерме саудамен айналысты. Өйткені аталмыш қалалардың базарынан өзге жерлерде тапшы болып есептелетін кез-келген тауар алатын мұмкіндік болған. Сондықтан, тауарын жекелеп сатып уақыт өткізгеннен, келесі аялдамасында өтімді болатын затты көтерме бағада алып сапарын жалғастырған пайдалы болды. Солтүстік провинциялардың экономикалық жүйесінде негізінен балық шаруашылығы мен сауда басым болды. Амстердам, Зеландияның – Мидельбург, Флиссинген порттары Англия, Шотландия, Прибалтика, Газа және Орыс мемлекеттерімен қызу сауда жүргізді. Ауылшаруашылығы кейіндеп қалған Гельдерн, Дрент, Оверейсель провинциялары голланд және зеланд порттары арқылы мал шаруашылығы өнімдерін саудаға шығарып, сол порттар арқылы өздеріне қажетті нан және басқа да тауарлар алып отырды. Осы XVI ғасырда Фландрия мен Брабент ауыл шаруашылығында жалға беру жүйесі қалыптасты. Дворяндық жер телімдерін сатып алған фермерлер мен бай қалалықтар шаруашылқпен айналысушы дворяндарды ығыстыра бастады. Голландия мен Зеландияда батпақты жерлерді құрғатуға көп күш жұмсалды. Пельдер деп аталатын құрғатылған батпақты жерлер, көп ақша жұмсап осы жерлерде өнеркәсіп түріндегі ірі сүтті-мал шаруашылығын дамытатын фермерлерге көптеген талаптармен жалға берілді. Нидерланд экономикасында қалыптасқан жалға беру жүйесі арқылы баюды көздегендер мұнымен тоқтамады. Енді олар жер иеліктері бар шаруалар мен әлсіз дворяндары тонап мүлкін талан-таражға ұшырату арқылы қыспаққа алып жерлерін тартып алу арқылы жалға берілетін жерлердің көлемін ұлғайтып отырды. Осындай әрекеттердің салдарынан шаруалар мануфактураның тұрғылықты жері жоқ жалдамалы жұмысшыларының қатарын толықтырды. Осы процестердің нәтижесінде XVI ғасырда Нидерландияда өте бай буржуазия мен оларға жалдамалы жұмысшы тобы қалыптасты. Негізі саудасы мен өнеркәсібі жаңа дамып келе жатқан ел үшін ақшаның ел ішінде айналымда болуы үлкен маңызға ие. Ақша біріншіден, саудада керек. Сауда айналымын тоқтатпай жүргізіп отыру және жаңа сауда орындарын ашу ақшаға бағынышты әрекеттер. Ал ол кезде мұндай қолайсыз кезеңдерге арнап сақталған ақша жоқ болатын. Бұл әрекеттер өз кезегінде экономикаға серпін береді. Әр түрлі көлемдегі өндріс орындарын ашып, дамыту үшінде нақты ақшаның қолда болғаны керек. Экономика саласындағы сауда мен өнеркәсіптің дамуы кедей халықты өз жағдайларын жасауға мүмкіндік жасайтын жұмыс орнымен қамтамасыз етеді. Айналымдағы еркін ақшаның сыртқа қайтарымсыз кетуі нидерланд экономикасын апатты жағдайға алып келді. Шаруалардың кедейленгені соншалық тамақ тауып жеу үшін үйі мен дүниесін сатып, қаңғып кетті. Ол ақша экономикалық жүйеде содан кейін екінші орын алатын мануфактураның кең қанат жаюуына да мүмкіндік жасайтын. Солтүстік және орталық провинциялардың экономикалық дамуы бір негізде қалыптасқанмен белгілі бір дәрежеде өзгешеліктер болды. Уақыт өте келе бұл өзгешеліктер ұлғая түсті. Фландрия мен Брабанттағы мануфактуралар жүн өндіретін Испаниядан әкелінетін жүнге және Испанияға бағынышты сауда заңдылықтарына икемделді. Сонымен қатар бұл провинциялардағы ақсүйектер саяси ыпалды қатты пайдаланды. Жерді сатып алған қалалық байлар өз иеліктеріне өткен аумақта орналасқан шаруаларды өз қалағандарынша қанады. Шаруашылықтың жаңа үлгіге тез икемделуі мен жалға беру жүйесінің дамуына қарамастан, орталық провинциялар жерге қатысты көптеген ескі феодалдық борыштармен шатасып кетті. Сондықтан бұл провинцияларда ішкі сауда жәй дамыды. Антверпеннің саудасында алыпсатарлық басым болды. Бұл қаланың жеке кемелері болмады, жағалауда тоқтаған мыңдаған кемелердің барлығы өзге елдер мен қалалардың сауда кемелері болды. Мұның барлығы Фландрия мен Брабант экономикасын айтарлықтай әлсіретті және Испанияға бағынышты етті. Бұл провинцияларда XIV ғасырдың өзінде-ақ алғашқы мануфактуралар пайда бола бастаған еді. XVI ғасырда мұндағы жалдамалы еңбек жүйелі түрге енеді де, кең тараған тауар өндірісті-капиталистік қатынастардың дамуында алғышарттар қалыптастыра бастайды. Ірі өзгерістер Фландрия мен Брабанта провинцияларда, сондай-ақ ірі жер қатынастары түзілген салаларда жүзеге асады. Көптеген шаруалар осы кездің өзінде феодалдық құқықтағы жердің жалдаушылары мен ерікті иелері бола бастайды. Дворяндар біржолата жерді пайдаланудан алшақтай, одан жалға алынатын қаржылай рентамен де қанағаттануға төселеді. Дворяндардың шаруашылық өмірден ығыса бастауымен қатар, деревнялардың бірігу процесі де орын алып жатады. Дворяндық жерлердің бір бөлігі біріккен иеліктерге саудаланып, фермерлер мен бай бюргерлердің қолына көшеді. Ал солтүстік провинцияларда бәрі керісінше, салыстырмалы түрде артта қалған ауылшаруашылығымен айналысушы провинциялардың өзі тауар-ақша қатынасына тартылды. Голландия, Зеландия және Фрисландия жерінде ақсүйектер көп жер иеленбеді. Сонымен қатар аталмыш провинцияларда ежелден келе жатқан жекеменшік жер телімдеріне иелік ететін еркін шаруалар болды. Ішкі сауда, сонымен бірге өндірістік қатнастардың дамуы кең қанат жайды. Заманына сай жарақталған теңіз флоттары және Англиямен, Балтық жағалауы елдерімен және Ганзамен сауда қатнастарының болуы солтүстік провинциялардың экономикасын толықтай Испаниядан тәуелсіз етті. Испанияның өзі Голланд көпестері алып келетін нанды тұтынды. Солтүстік сауда орталығы ретінде Амстердам қаласы жылдам дамыды. Нидерландияның екі ірі экономикалық орталығы – оңтүстіктегі Антверпен мен солтүстіктегі Амстердам арасында үлкен бәсекелестік жүрді. Бірақ уақыт өте келе оңтүстік орталық бәсекеге қабілетсіздік танытып әлсірей бастады, есесіне солтүстік аймақтың бас қаласы күшейгеннің үстіне күшейе берді. Геннегау, Артуа, Люксембург, Намюр, Гельдерн провинцияларында ақсүйектердің ықпалы басым болды. Сондықтан бұл аймақтарда өндіріс жай дамыды. XVI ғасырдың ортасында Нидерландия жаңадан қалыптасып келе жатқан әлемдік капиталисік жүйеде жетекші орын алды. Мәліметтерге қарағанда XVI ғасырдың ортасында Нидерланд экономикасындағы импорт 20 – 22 млн., ал экспорт 16 млн. гульденді құраған. Аталған қаржыға порттарда көрсетілетін түрлі қызметтерден, баж салығы мен басқада жиналатын қаржыларды қосатын болсақ Нидерландия экономикасының қуатын байқауға болады. Біріккен Нидерланд провинциялары Республикасының тәуелсіздік алуы. Ағылшындар мен голландықтардың бәсекелесінде, Балтықта голландықтардың позициясы ерекше мықты болатын. Балтық теңізінің жағалауынан Батыс Еyропаға маңызды тауарларды: кемелік құрылыс ағаш, кенеп (кенептен, кендірден тоқылған мата және көптеген маңызды тауарларды таситын. Нақты мәліметтердің жетіспеуінен, Балтық саудасына ағылшындықтардың ену тенденциясын дәл анықтау қиын. Осыған екі көзқарас болып тұр. Біріншісі - дәстүрлі, оған көптеген зертеушілер сүйенеді, яғни ағылшындардың Балтыққа қатысуы үздіксіз өсіп отырды және егер де XV ғасырда Англияның Балтықпен саудасының маңызды бөлігі арасындағы делдал ганзейліктердің қолында болса, XVI ғасырдың екінші жартысында үкіметтің қолдауына ие болған ағылшын көпестері Балтық елдерімен сауданы өз қолдарына алды, ал бұл процестің нәтижесінде, 1579 жылы 17 тамызда Елизаветаның хартиясында жарқын көрініс тапқан Эстландия немесе Балтық компаниясының құрылуы болды. Ағылшын сауда экспансиясы XV-XVIII ғасырлардағы дәуірдің символына айналды. XV ғасырдың өзінде ақ ағылшын көпестері Ганза бақылауларынан құтылуға тырысты, XVI ғасырда олардан құтылды да, сонымен үкіметтің барлық күшінің қолдауымен Англияның коммерциялық кезеңі басталды. Балтық теңізінің аймағы ағылшындардың сауда экспансиясының бір бағыты болды, сондай-ақ 300 жылға жуық ағылшындардың қызығушылығында болды. Aғылшын үкіметі Нидерландияны өздерінің жылдам қарқынмен дамып келе жатқан болашақ бақталасы ретінде танитындықтан мүмкіндікті пайдаланып шиеленіскен саяси жағдайды өз пайдаларына шешуді көздеді. Мемлекеттің көздеген саясатын жүзеге асыру граф Лестерге жүктелді. Лестер 1587 жылы желтоқсанда Лестер провинциялар бірлестігіне келді [19. 56]. Провинцияларға Испаниямен, Франциямен және олардың одақтастарымен сауда жасасуға тыйым салды. Ол билік өкілдерінің, консисторлар мен радикалдардың арасындағы қатнастардың нашарлығын пайдаланып, оларды бір-біріне айдап салды. Испандықтармен соғыста оның әскері жеңіліс тапты. Бас штаттың бос шығындалуды тоқтатып, келісім шарттағыдай қарым-қатнасты қалпына келетіру және испандықтарға қарсы соғыста жеңуді қамтамасыз ету туралы талаптарын елемеді. Лестердің Филипп ІІ мен бейбіт келісімге қол қоюы туралы Англиядан келген құпия нұсқаулықтың қолға түсуі, Елизавета мен оның қолшоқпарының шын мақсатын әшкере етті. Осыдан кейін Амсердам мен басқа бірнеше қалада көтеріліс жасап басып алу жоспарлары да жүзеге аспай қалды. Алданғанын білген Нидерландықтар одан теріс айналды. 1587 қараша айында граф Лестер Англияға қайтып кетті. Осы оқиға мен герцог Анжуйскидің сәтсіздіктері провинциялар бірлестігін басқарушы ақсүйектерді тәуелсіздік жолында жат жерліктердің көмегіне сүйенудің мүлде пайдасыз екендігіне көздерін жеткізді. Аталмыш сатқындықтың Нидерландықтарға тигіген пайдасы олар батыл шешім қабылдап провинциялар бірлестігін республикаға айналдырды. Біріккен провинциялар республикасының жоғарғы билеуші органы – Бас Штат, ал мемлекеттік құрылысы республикалық болды. Билеуші топ саясаттың көптеген сақ қадамдарын меңгерді. Ян фан Олденбарнофелт секілді ірі ұлттық саяси қайраткерлер пайда болды. Ян фан Олденбарнофелт іс жүзінде республиканың бүкіл ішкі және сыртқы саясатына басшылық жасады. Осы кезде ханзада Оранскийдің ұлы Морис Нассауский де өзінің батыл саясаты мен қабылетті қолбасшы ретінде көзге түсіп, халықтың қолдауын тапты. Ол Лестер келместен бұрын Нидерланд жерінің статхаудері болып сайланған еді. Бірақ ол кезде оның жастығы мен тәжірибесіздігі саясатқа белсене араласып, ықпал етуіне көп кедергі болған. 1588 жылы Мористің басшылығымен Республиканың теңіз әскері Филипп ІІ нің Жеңілмес армадасына үлкен соққы берді. Ағылшындар үшін ең басты сауда тірегі Антверпен қаласы болды. XVI ғасырдың ортасында авантюристік-көпестер Компаниясы күшті болғаны соншалық, ішкі ағылшын нарығынан ганзейліктерді толығымен ығыстыруға күші жетті. Сондай-ақ дәл осы кезеңде aвантюристік-көпестер қаржысы ағылшын өкметінің несие берушісіне айналған. Сонымен бұл компанияның ықпалы үлкен маңызға ие болды. Нидерландыдан кейін ағылшын көпестерің қызығушылығында сөзсіз Балтық болды. XIV ғасырда ағылшын-балтық саудасы тек қана ганзей арқылы жүргізілді. XV ғасырдын аяғында ганзейліктердің қамқорлығы ағылшының сыртқы саудасының дамуына кері әсерін тигізді. XVI ғасырдың басында Англия өзінің сауда экспанциясын кеңейтуді белсенді түрде бастайды, ағылшын көпестері барған сайын елдің ішінде өздерінің позицияларын күшейте түседі. Ағылшын саудасынан шетелдіктерді біртіндеп ығыстыра бастайды, XVI - XVII ғасырларда Ганзaның жеңілдіктері біртіндеп жоғала бастайды, ал 1598 жылы Лондонда Болат сарайы жабылады. Осыдан кейін Англиямен қатынас тұрақты жүйеге түсті. Францияның өз ішінде қиыншылықтар туып Нидерландияға бұрынғыдай араласуына мүмкіндіктері болмады. 1592 жылы Фарнез француздық католиктерге көмекке жасақталған экспедициялық әскерге қолбасшы болып тағайындалды. Ал 1596 жылы Испания кезекті тоқырау жағдайына тап болды. Көршілес ықпалды державалардың бастарына түскен қиыншылық Нидерландияның мемлекеттік жүйесінің қалыптасып нығаюына ықпал етті. 1588 – 1598 жылдар аралығында Морис Нассауский жеті провинция мен оңтүстіктегі біршама аудандардың тұтастығын қалпына келтірді. Республиканың ішкі саяси жағдайы біршама тұрақталып, экономикасында айтарлықтай ілгерілеу болды. XVII ғасырдың басында біраз қиыншылықтар болды. Морис Нассаускийдің оңтүстікті азат ету мақсатында жасаған жорығы Голландияның бастартуынан кейін Нианортты алумен тоқтатылды. Голландияның оңтүстікті азат етуден бас тартуларының себебі, ежелгі қарсыластары Фландрия мен Брабанттың қайта жаңғыруынан қауіптенгендік еді. Испанияның экономикалық қиындықтарды бастан кешіруі, 1607 жылғы кезекті тоқырау мен Гибралтар маңында испан теңіз әскерінің Нидерланд флотынан тағыда жеңілуі оны Нидерландияның пайдасына шешілетін бейбіт келісімге көнуіне мәжбүр етті. 1609 жылы 1621 жылға дейінгі 12 жылдық бейбіт келісім жасалды. Келісімде Біріккен провинциялар Республикасының шекарасы мен тәуелсіздігі мойындалды. Революция не пайда берді дегенге келер болсақ. Нидерланд буржуазиялық революциясы жеңіске жетті. Біріккен провинциялар Республикасы құрылып, аймақта жаңа басқару формасы қалыптасты. Бірақ 1579 жылы Утрехт униясымен кепіл берілген жаңа құрылыстағы буржуазиялық-демократиялық мемлекет 1789 жылдан кейінгі Франциядағыда толыққанды республикалық келбетке өте алмады. Жоғарғы билеу құзіреті жаңа салық енгізу, заң шығару, соғыс және бейбітшілік мәселелерін шешу секілді сұрақтарды жөнге салатын билік орны – Генералдық штатқа берілді. Ондағы провинциялардың делегациялары бір дауысқа ие болды. Бірақ олардың шешімі барлығы бірдей дауыс бергенде ғана күшіне енді. Голландияда басшылықпен тек ақсүйектер айналысты. Тек Фрисландияда ғана ақсүйектермен қатар қалалықтарда дауыс беруге қатысып тұрды. Теңіз жолдары арқылы өзге жерлермен тығыз қарым-қатнастың орнауынан экономикасы мен мәдениетінде қарқынды дамулар болған Біріккен Нидерланд провинциялары Республикасы шамалы уақыттың ішінде сол заманғы Европадағы ықпалды мемлекеттердің қатарына кірді. Әдебиеттер. * 30 1648 Омбы кадет корпусы. Омбы кадет корпусы – Ресейдің ең ескі әскери оқу орны болып табылады. 1813 ж. 1 мамырда Омбы қаласында казак әскери училищесі ретінде негізі қаланған. 1826 ж. Сібір жүйелік казак әскерінің қайта құрылуына байланысты оқу орны Сібір жүйелік казак әскери училищесі болып өзгерді. 1829 жылдан бастап училище шығыс тілдері бойынша тілмаштар даярлайтын Омбы Азия мектебі болып өзгертілді. Ал 1846 ж. училище Сібір кадет корпусы болып қалыптасты. Оның мақсаты «өзінің түлектерін жүйелі батальондар мен Сібір корпусының казак әскерлерінде қызмет етуге офицерлер даярлау» болып табылды. Кадет корпусы жоғары дәрежедегі оқу орны саналды. Барлық тәрбиеленушілер рота мен эскадронға бөлінді, олардың әр қайсысында 120 шәкірт білім алды. «Сібір кадет корпусы жөніндегі Ережеге» сәйкес білім алудың 6 жылдық курсы ашылды, ол үш сыныпқа бөлінді (әрқайсысы екі жылдан). Оқу барысында әскери оқу орындарының типтік бағдарламалары басшылыққа алынды. Оқытылатын пәндердің қатарында Дінтану және Мұсылманшылық қағидалары да, сонымен қатар орыс, татар, француз, неміс тілдері, математика және геодезия, тактика, әскери кеме өндірісі және іс қағаздарын жүргізу, ұқыптап жазу және сызу болды. Бұдан басқа кадет тәрбиеленушілері дене шынықтырумен, жүзумен, бимен, ән айтумен, қылыштасумен және атқа мінумен айналысты. Дала лагерлерінде негізгі порфостық қызметтер, топографиялық суретке түсіру, саперлік және әскери-зертханалық жұмыстар жүргізілді, артиллериялық қарудан және мылтықтан оқ ату дағдылары жетілдірілді. Роталық кадетті бітіргеннен кейін офицер шеніндегілер Жекелеген Сібір корпусының жүйелік эскадронына қызметке кірді; эскадронда тәрбиеленушілер – казак полктерінде хорунжийлер мен урядниктер деп аталды. Қалған кадеттер әскери қызметке әр түрлі себептермен жарамайтындықтан әскери іске жатпайтын қызметтерге тағайындалды. 1853 ж. бастап корпуста 7 жылдық білім беру курсы ашылды, ол бір жыл бойы алдын ала осыған даярлады (әрбір сыныпта бір біреуден ғана). Осы уақыттан бастап корпуска қазақ ақсүйектерінің мемлекеттік қызметтегі балалары түсе бастады. 1866 ж. әскери министрдің жарлығымен Сібір кадет корпусы Әскери гимназия болып қайта құрылды. 1882 ж. Әскери гимназия қайтадан Сібір кадет корпусы деп аталды. Зейнолла Қабдол. Қабдолов Зейнолла (1927-2006) - жазушы, әдебиет зерттеушісі, ұстаз, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақ және Қырғыз Республикаларының еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Атырау облысы Мақат ауданының Доссор кентінде дүниеге келген. 1945 жылы қазіргі әл Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің филология факультетіне оқуға түсіп, 1950 жылы үздік дипломмен бітірген. Осы білім ордасында елу жылдан астам үздіксіз білім және ғылым жұмыстарын қатар жүргізген. Ширек ғасыр бойы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университетінің әдебиет кафедрасын басқарып, бірнеше жыл «Жұлдыз» журналы мен «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы міндеттерін негізгі қызметімен қоса атқарған. «Ұшқын» және «Жалын» романдарының, «Адам», «Сыр» атты жинақтарына енген әңгіме-очерктері мен Қазақтың М.Әуезов атындағы академиялық және бірнеше облыстық театрлардың сахналарында қойылған «Сөнбейтін от» драмасының авторы. «Менің Әуезовым» романы үшін 1998 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді. Өмірінің соңына дейін Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті жанындағы филология ғылымдары докторы дәрежесін тағайындау жөніндегі тұрақты диссертациялық кеңестің төрағасы қызметін атқарған. Тұңғыш көлемді шығармасы «Өмір ұшқыны» 1956 жылы қазақ, 1958 жылы «Искра жизни» повесі орыс тілінде жарық көрген. 1964 жылы «Адам» атты әңгімелер мен очерктер жинағы шыққан. 1967 жылы республикалық байқауда «Сөнбейтін от» пьесасы сыйлық алған. «Мұхтар аға» документалды кинофильмінің сценарийін жазған. Мұнайшылар өмірінен жазылған «Жалын» романы 1970-1971 жылдары қазақ, орыс тілдерінде жарық көрген. Бұл роман жұмысшылар табы туралы ең үздік туындылар жөнінде КСРО Жазушылар одағы жариялаған бүкілодақтық байқауда арнаулы сыйлық алған. 1964-2002 жылдары әдебиеттану ғылымы мен теориясын зерттеу, орта және жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар жазу ісінде де жемісті еңбек еткен. Оның «Арна» зерттеу-сын-эссесі, «Жанр сыры», «Сөз өнері» монографиялары, «Жебе» әдеби толғаныстар мен талдаулары, «Көзқарас» талдаулар мен толғаныстары, «Әдебиет теориясының негіздері» атты еңбектері студенттер мен мұғалімдердің және жазушы-журналистердің қажет кітаптарына айналды. Басқа да көптеген еңбектері: екі томдық шығармалары, «Елеусіз қалған есіл ер» пьесалар жинағы, «Менің Әуезовым», «Ұшқын», «Жалын» романдары, таңдамалы шығармалар, бес томдық алғашқы кітаптары «Жазушы», «Санат» баспаларынан әр жылдары басылып шыққан. Ұзақ жылдар бойы З.Қабдолов өзі дәріс алып, аялы алақанның, ыстық лебізінің шапағатын көрген ұстазы - ұлы Мұхтар Әуезовтың ғылым ордасындағы киелі орнын жоғалтпай, Әуезов кафедрасының ісін жалғастырып, отын өшірмей келген. ЮНЕСКО көлемінде әлемдік деңгейде аталып өткен М.Әуезовтың 100-жылдық мерейтойына арнайы жазылған «Менің Әуезовым» атты роман-эссесінде ұлы қаламгердің ұстаздық феноменін таныту арқылы оның әдеби бейнесін жасау тәжірибесін жаңа сапаға көтерген. Эссе әдебиетіміздің алтын қорына құнды қазына болып құйылды. Аударма жұмыстарымен де айналысып, А.Пушкиннің «Балықшы мен балық» ертегісін, Н.Гогольдің мақалалары мен хаттарын, В.Добровольскийдің «Сұр шинельді үш жігіт», В.Закруткиннің «Судағы станица» романдарын, А.Островскийдің «Ұшынған ақша», М.Горкийдің «Күн перзенттері», Н.Хикметтің «Елеусіз қалған есіл ер» пьесаларын қазақ тіліне аударған. «Халықтар достығы», «Құрмет», «Парасат» ордендерімен, көптеген медальдармен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы Бірінші дәрежелі сыйлығының лауреаты. Көркем шығармалары бірнеше шетел тілдеріне аударылған. Алматы қаласындағы мекен-тұрағы болған Желтоқсан көшесіндегі 132 үйдің қабырғасына мемориалды тақта орнатылып, қаладағы көшелердің біріне жазушының есімі берілген. Феликс Савон. Әлемде Олимпиада ойындарын үш рет ұтқан үш-ақ боксшы бар. Олар - мажарбоксшысы Ласло Папп және Бостандық аралының қос ұланы - Теофило Стивенсон мен Феликс Савон. Осы межені армандап, қол созымда сүрінгендер қаншама? Былғары қолғап киген қазақ жастары да жеткізбес асқардай көрінетін биіктен табылып жатса шіркін деп армандаймыз. Газетіміздің бүгінгі санынан бастап бокс өнерінің майталмандары жайлы әңгіме өрбітетін боламыз. Алдымен Феликс Савоннан бастасақ. 1980 жылдардың ортасына таман түрлі халықаралық жарыстарда кубалық бозбала Феликс Савон жарқырай көріне бастады. Көп ұзамай-ақ бокс мамандары Бостандық аралында тағы бір жас таланттың еңсе көтеріп келе жатқанын сөз етісті. Расында да бас-аяғы бір-екі жылдың ішінде Феликстің есімі әлемге әйгілі бола бастады. Оның салмағында өнер көрсететін боксшылар үшін осы бір кубалық шебер алынбас қамалға айналды. Даңқты бапкер Альсидес Сагаррадан тәлім алған ол алдымен 1986 жылы өткен әлем чемпионатында алтыннан алқа тағынды. Сол жылы Савон бар-жоғы он тоғыз жаста еді. Ал 1987 жылы, жиырма жасында Феликс Америка құрылығын ұлы дүбірге толтыратын Панамерикалық ойындарда тамаша өнерімен дараланып, чемпион атанды. Іле-шала Әлем кубогы жолындағы айтулы сында да оның күрзі жұдырығына шыдас берер қарсылас табылмады. Міне, бір жылдың ішінде екі бірдей үлкен додада топ жарғаннан соң Феликс Кубаның маңдай алды боксшысына айналып шыға келді. 1989 жылғы Әлем чемпионатына «алтыннан» басты үміткерлердің бірі ретінде келген ол спорт мамандарының болжамын расқа шығарып, екі дүркін әлем чемпионы атанды. Арада бір жыл өткенде Савон екінші мәрте Әлем кубогында үздік шықты. Мұнымен қоса АҚШ-тың Сиэтлінде алауы тұтанған Ізгі ниет ойындарында да Сагарра шәкірті жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтеріліп, Куба елінің жанкүйерлеріне үлкен жеңіс сыйлады. Кезекті 1991 жылғы Әлем чемпионатына қатысқан кубалықтар дәстүрлі түрде жемісті өнер көрсетті. Қалың жанкүйер қара қабыландардың қатысуымен өтетін әрбір жекпе-жекті жіберіп алмауға тырысты. Әсіресе, Феликс Савонның өнерін тамашалауға ниет еткендердің қарасы көп болды. Ал өз кезегінде Савон үміт артқан тілеулестерін жерге қаратпады. Барлық кездесулерін сәтті аяқтаған жиырма төрт жасар кубалық әлем чемпионы деген құрметті атаққа үшінші рет қол жеткізді. Сондай-ақ ол осы жылы Панамерикалық ойындардың екі дүркін жеңімпазы болып та танылды. Әлемдік додадан өзіне шендесер қарсылас таппаған Феликс Испанияның Барселонасында өтетін Олимпиада ойындарына тыңғылықты дайындала бастады. Алдын ала болжамдар жасауға құмар мамандар Барселонада топ жаратын боксшылардың арасына Савонды да енгізді. Шынында да 1992 жылғы Олимпиада Савон үшін тым сәтті аяқталды. Бұған дейін барлық дерлік атақтарды иеленіп үлгерген талантты боксшыға Олимпиада чемпионы деген теңеу ғана жетіспей тұрған еді. Куба елінің үкілі үміті 91 келі салмақ дәрежесінде қарсыластарын тегіс ұтып, аталған олқылықтың орнын толтыр ды. Жер шарының үздік боксшылары 1993 жылы кезекті әлем чемпионатында бас қосты. Бұл жарысқа әркім өз мақсат-жоспарымен келері анық. Томағасы жаңа сыпырылған жастарға ең алғашқы үлкен сынақ болса, талай сында шыңдалған тарланбоздардың кейбіреуі үшін бұл - бәлкім, Олимпиададағы сәтсіздіктің есесін қайтаруға берілген мүмкіндік болуы ықтимал. Тағы біреулер үшін ол - сол олимпиадалық додадағы жетістіктің жайдан-жай еместігін дәлелдеудің реті. Міне, Олимпиада алтынының буына масаттанған Феликстің де әлемдік сайыста бір жыл бұрынғы жеңістің кездейсоқ келмегендігін дәлелдеуі қажет еді. Ол бұл жолы да ринг төрінде еркін ойқастады. Ондағы барлық кездесулерін бір деммен табысты аяқтап, әлемді төртінші рет мойындатты. Жүлде алудан жалықпаған Феликс 1994 жылы үшінші мәрте Әлем кубогын ұтты. Ал келер жылы ол өзін ғана емес, сенім артқан күллі Куба халқын тағы да толағай табысқа кенелтті. Алдымен Панамерикалық ойындарда топ жарып, Америка құрлығы үшін маңызы аса жоғары саналар осынау жарыстың үш дүркін чемпионы атанды. Сонымен қатар Савон өзі ең алғаш он тоғыз жасында бақ сынаған Әлем чемпионатына қайта қатысып, барлық жекпе-жегін жеңіспен аяқтады. Бұл - оның әлемдік додада бесінші рет топ жаруы болатын. Осы жылы оның қан­жығасы Санкт-Петерборда өткен Ізгі ниет ойындарында да майланып, алтын жүлдеге қол жеткізді. 1996 жылғы Атланта Олимпиадасына аттанған кубалықтардың басты үміттері боксшылары болғаны сөзсіз. Бостандық аралының өкілдері кез келген салмақ дәрежесінде тек қана жүлде үшін бәсекеге түсері бесенеден белгілі. Алақандай елдің назары әсіресе Феликс Савондай ардақты ұлдарына ауғаны айдан анық. Сагарра әкел­ген шеберлердің осалы болмасы мәлім. Бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат беріп, сәуегейлік танытқандардың дені 91 келідегі бас жүлденің Савонға тиесілі боларын айтысты. Дуалы ауыз мамандар бұл жолы да қателескен жоқ. Сагарраның сайыпқыраны өзімен қолғап түйістіргеннің бәрін сабады. Атланта көгінде Кубаның жалауы желбіреп, Әнұраны қалықтады. Талай намысты жанның жанарына жас үйірілді. Савон екі дүркін Олимпиада чемпионы атанды. Сол тұста ол өзі қатысқан жарыстардың бәрінде қарсылас шыдатпай, үздік шығып жүрді. Жеңілместей көрінген Савонға да жеңілістің ащы дәмі бұйырды. Бес рет қатарынан ұтқан Әлем чемпионатын алтыншы рет бағындыру Феликстің қолынан келмеді. Барлық кездесулерін жақсы аяқтап келген ол дәл орда бұзар отыз жасында опық жеді. Чемпионаттың уыста тұрғандай болған алтын жүлдесі сусып түсіп, өзгенің бағын ашты. Осы жерде айта кету керек, көптеген дерек көздерінде Феликс Савон 1997 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы ретінде көрсетіліп жүр. Бұл қате. Өйткені осы әлем біріншілігінің ақтық сынында Савон кеңестік мектептің түлегі Руслан Чагаевтан ұтылып қалған болатын. Дегенмен кейінірек мәлім болғанындай, Чагаев жарысқа қатысудан бұрын екі рет кәсіпқой рингте жұдырықтасқан екен. АИБА тәртібіне сай сол үшін чемпион атағынан айырылды. Бірақ кейінірек ол кездесулерінің жай көрермендер қызығы үшін ұйымдастырылғанын дәлелдеп, чемпиондық атағын қалпына келтірді. Жалпы, ол Чагаевпен үш рет жұдырықтасты. Оның екеуінде жеңіліп, тек бір рет жеңске жетті. Өзбекстандықтан алғаш жеңілген кезінде ел ішінде «Савон қартайды»; «Дәуірлі шағы аяқталды»; «Бокспен қоштасқаны жөн ғой...» дегендей гу-гу әңгіме таралды. Отызға аяқ басқан боксшыға мүсіркей қарағандар да болды. Жұрттың бәрі «Ұлы боксшы енді қандай шешім қабылдар екен?» деп елеңдесті. Бірақ біраз үзілістен соң Савон ринг төрінен қайта көріне бастады. Алда 2000 жылы Сиднейде өтпек Олимпиада ойындары тұрды. Спорт сүйер қауым үшін төртжылдықтың басты оқиғасы саналар Олимпиаданың орны ерекше бөлек. Осы байрақты бәсекеде бақ сынар спортшы үшін де ол асқар шыңның ең биік нүктесі екені сөзсіз. Ал оны үш рет бағындыру - тек күштінің күштісінің ғана қолынан келер іс, маңдайына бұйырар бақ. Бокста Сидней Олимпиадасына дейін осы биікке тек екі адам ғана шыға алған еді. Оның бірі - венгрдың біртуар ұлы Ласло Папп болса, екіншісі, әрине, кубалық Теофилио Стивенсон еді. Осылайша біреулер «қартайды» деп, «сөнген жұлдыздардың» қатарына қоса бастаған Феликс Савон қайтадан дүр сілкініп, «шын мықтыға тұсау жоқтығын» дәлелдеді. Бұдан соң көп ұзамай барша спортшыларды сергелдеңге салған Сидней Олимпиадасы да басталды. Айтулы сынға Куба бокс құрамасының көшбасшысы ретінде екі дүркін Олимпиада және бес дүркін әлем чемпионы Феликс Савон да түсті. Отыз үш жасқа қадам басқан ол Австралия жеріндегі додада жігері тасыған жас жігіттей өнер көрсетті. Әрбір жекпе-жек сайын ширай түскен Савон жартылай финалда 1999 жылғы әлем чемпионы америкалық Майкл Беннотты (Хьюстондағы чемпионатта төрелікке наразылығын білдірген Феликс осы Беннотпен күш сынасуы тиіс финалдан бас тартқан болатын) ұтты. Ал ақтық бәсекеде ол ресейлік Ибрагимовты ұтты. Шәкіртіне риза болған саңлақ бапкер Сагарраның қуанышында шек болмады. Өйткені сәті түсіп, кішкентай ғана аралдың екінші ұланы күллі әлемді тамсандырды, Олимпиаданың үш дүркін чемпионы атанады. Ұлы жеңісінен соң Феликс Савон үлкен спортпен қош айтысуға мәжбүр болды. Оған AIBA-ның (Халықаралық әуесқой бокс федерациясы) ережесі себеп болды. Құзырлы орынның ережесіне сәйкес, жасы отыз төрттен асқан боксшылар халықаралық жарыстарға жіберілмейтін еді. Бірақ Савонның рингтен көтеріңкі кеудемен кеткені анық.Ол Куба бокс мектебінің абыройын аспандатып, даңқты отандасы Теоның жетістігін қайталады. Спортшы үшін Олимпиаданың үш дүркін чемпионы деген атақтан қымбат не болсын? Мичиган (көл). Мичиган Анықтама Беру. Мичиган - АҚШ көлi. Ақсуат. АҚСУАТ — Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы ауыл, Балықшы ауылдық әкімшілік округінің орталығы. Зайсан көлінің солтүстік жағалауында, аудан орталығы — Күршім ауданының оңтүстік-шығысында 50 км-дей жерде орналасқан. Іргесін 1890 ж. қалаған. Тұрғыны 1 мыңға жуық (1997). Ақсуатта Кұйған балық зауытының бөлімшесі жұмыс істейді. Тұрғындары аудан орталығымен және елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. Орта мектеп, аурухана т. б. мекемелер бар. Марченко, Григорий Александрович. Григорий Марченко Александрович (1959 жылғы 26 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келді) - Қазақстан Ұлттық Банк басшысы, банкир, қаржыгер. Мансабы. 1984 жылы Мәскеу Мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша үздік бітіріп шықты. 1979-1981 жылдары әскер қатарында қызмет етті. 1984 - 1986 жылдары Қазақ КСР-ның Түсті металдар министрлігінің: конструкторлық-технологиялық бюросында инженер-конструктор, басқарушы кадрлар бөлімі бастығының орынбасары – Министрдің кеңесшісі болып жұмыс істеді. 1986 - 1988 жылдары Ғылыми- экономикалық және техникалық-экономикалық зерттеулер Қазақ ғылыми-зерттеу институтының Маркетингтік ақпарат тобының аудармашысы, редакторы, аға редакторы, топ жетекшісі болып жұмыс істеді. 1988 - 1990 жылдары Жартылай өткізгіш машина жасау конструкторлық бюросы секторының атқарушы директоры, «АЛОЭ» ғылыми-өндірістік кооперативтік орталығында Конструкторлық бюроның төрағасы болып жұмыс істеді. 1990 - 1991 жылдары Германияда оқыды, Carl Duisberg Ges тағылымдамашысы болды. 1991 жылы «Еуразия» аймақаралық мемлекеттік экологиялық консорциумының сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі бас сарапшысы болып жұмыс істеді. 1992 - 1994 жылдары Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің көмекшісі болды. 1994-1996 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 1996 жылғы қараша - 1997 жылғы қазан аралығында Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы қызметін атқарды. 1997 жылғы қазан - 1999 жылғы қазан аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің штаттан тыс кеңесшісі болды. 1998 жылғы мамыр - 1999 жылғы қазан аралығында «Deutsche Bank –Securities (Kazakhstan)» ААҚ президенті болып жұмыс істеді. 1999 жылғы қазан - 2004 жылғы қаңтар аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы болды. 2004 жылғы қаңтар – сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болды. 2004 жылғы сәуір – қазан аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып жұмыс істеді. 2004 жылғы қазан - 2009 жылғы қаңтар аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің штаттан тыс кеңесшісі болды. 2005 жылғы қаңтар - 2009 жылғы қаңтар аралығында «Қазақстан Халық Жинақ банкі» АҚ Басқармасының Төрағасы қызметін атқарды. 2009 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы болып тағайындалды. Марапаттары. «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалі (2006) «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» ордені (2008) Орталық банктің ең үздік басшысы (2003, «Euromoney» журналы) Жылдың ең үздік қаржыгері («Қазақстан Республикасындағы 2000 жылғы таңдау», «Қазақстан Республикасындағы 2005 жылғы таңдау») Сингапур Республикасының Қазақстан Республикасындағы құрметті консулы Испания корольдігінің Алматы қаласындағы құрметті консулы. Штрих код. Штрих кодтар тауар мен оны өндіруші туралы ақпарат береді Ең кең таралған штрих кодтар – 13 санды Еуропалық код EAN-13 (European Article Numbering) және оған толығымен сәйкес келетін 13 санды Канада мен АҚШ-та қолданылатын UPC коды. 1. Штрих кодтағы жұп тізбекте орналасқан сандарды қосу: 6+0+7+2+1+0=16 2. Алынған соманы үшке көбейту: 16*3=48 3. Тақ тізбекте орналас0ан сандарды қосу(ба0ылау санынан басқа): 4+0+3+6+1+2=16 4. 2 және 3 тәсілде шыққан сомаларды қосу: 48+16=64 6. 10 санынан 5 тәсілде шыққан санды шегеру: 10-4=6 Тауардың сапасы мен штрих кодтың растығын дәлелдейтін штрих код саны есептеуден щыққан санға тең болуы қажет.. 00, 01, 03, 04, 06 АҚШ, Канада 385 Хорватия 740-745 Гватемала, Никарагуа, Коста-Рика, Сальвадор, Панама 400-440 Германия 49 Жапония 50 Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия 859 Чехия 54 Бельгия мен Люксембург Штрих кодтағы алғашқы екі сан тауар өндірілген елдің кодын білдіреді(өндіруші немесе сатушы); Келесі бес сан - өндіріс орны; Тағы бес сан Таур сапасы, салмағы, өлшемі, түсі; Соңғы қорытынды сан штрих кодтың сканермен есептелінуінің дұрыстығын тексеру үшін қолданылады. Алғаш рет штрих код тауар қаптамасында 1975 жылы 23 Қыркүйекте пайда болды. Сол кезден бері штрих кодты әлемнің 94 мемлекетінің 800-ден астам компаниялары қолданады. Джош Дубови. Джош Дубови (; 27 қараша 1990 жылы) британдық әнші. Лена Майер-Ландрут. Лена Майер-Ландрут (25 мамыр 199 жылы, Гонновер неміс әншісі. Дидрик Солли-Танген. Дидрик Солли-Танген (Didrik Solli-Tangen) норвеж әншісі. 1987 жылы 11 шілдеде Порсгрунн қаласында дүниеге келген. Айқап. Айқаптың 1911 жылғы 1 саны"Айқап" - қоғамдық-саяси және әдеби журнал. 1911-1915 жылы Троицк қаласында басында айына бір рет, кейіннен айына екі рет шығып тұрған. 1-2 мың данамен 88 нөмірі жарық көрген. Алғашқы редакторы - М.Сералин. "Айқап" қазақтың қоғамдық санасының оянуына және ұлттық мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосқан. Журналда қазақ ауылдарындағы оқу-ағарту жұмыстары, әйел теңдігі, отырықшылық өмір салтына көшу, сонымен қатар Мемлекеттік Думаға қатысу жөніндегі саяси мәселелер көтерілді. Журналды шығару жұмыстарына А.Ғалымов, С.Торайғыров қатысқан. Журналда А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердиев, Б.Майлин, Б.Өтетілеуов, С.Көбеев, Н.Құлжанов, т.б. сияқты белгілі жазушылар белсенді қызмет атқарған. Абай, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин өлеңдерімен қатар халық ауыз әдебиетінің шығармалары, шығыс, орыс және еуропа әдебиетінің туындылары жарияланған. Археологиялық ескерткіштер. Археологиялық ескерткіштер – халықтардың ежелгі тарихына қатысты материалдық мәдениетінің ескерткіштері. Оған: қалашықтар мен қалалар; ежелгі қоныстардың қалдықтары; обалар, қабір үстіне орнатылған ескерткіштер мен салт-дәстүрлік құрылыстар; адамның еңбек қызметін сипаттайтын ескерткіштер; тасқа және үңгірде қашалған жазулар; табылған жекелеген қазбалардың орындары жатады. Голланд тілі. Голланд тілі - Нидерландының ресми тілі. Надя Хаснауи. Ослода өтетін Еуровидение ән конкурсының жүргізушісі. Надя Хаснауи (1963 жылы, 10 маусым) норвеж теле жүргізуші және журналисті. Беларус мемлекеттік информатика және радиоэлектроника университеті. Беларус мемлекеттік информатика және радиоэлектроника университеті – Беларус ірі жоғарғы оқу орындарының бірі. Минскда орналасқан. Ректоры – техника ғылымдарының докторы, профессоры – Михаил Батура. Сенбілік. Сенбілік - Кеңес өкіметі еңбекшілерінің өз еркімен ақысыз еңбек етуі, коммунистік шара. Алғашқы сенбілік 1919 жылы 12 сәуірде коммунистердің бастамасы бойынша пайда болды. Алғашқы жаппай коммунистік сенбілік Мәскеу-Қазан темір жолында 1919 жылы 10 мамырда өтті. Азамат соғысы жылдарында және қайтадан қалпына келтіру кезеңінде де жалғасын тапты. Социалистік жарыс түрінің біріне айналды. Мәскеуліктердің бұл көрсеткен бастамасын бүкіл ел еңбекшілері қайталады. Таңғажайып вельвичия. Таңғажайып вельвичия немесе ерекше вельвичия (Welwitschia mirabilis) бұрынғы заманнан келе жатқан өсімдік, қазіргі кезде ол тек ғана Атлантық мұхиттің жағасында, Намибияда, Анголаның оңтүстігінде шектелген аумақтың шөлінде өседі. Ол бір қарағанда ағашқа тіпті ұқсамайды да. Өсімдік бір домалақ дің-тамырдан және үзілмей өсетін 2 жапырақтан тұрады. Жапырақтары ұзындығы 2–4 метр, 2 шалыс лентаға ұқсас, сондықтан вельвичия қоқсық үйме секілді. Былайша айтқанда, жапырақтары көктей береді, үзілмей өсіп аяғы жағында бобарап құрып жатады. Калимантан мангосы. Калимантан мангосы (Mangifera casturi) немесе жергілікті атауы Кастури – Kasturi, биіктігі шамалы 10–30 м тропикалық ағаш. Ол өсетін аймақ шағын, тек ғана Оңтүстік Барнеодағы (Үндістан) Банджармасин аумағында кездеседі. Қазырғы уақытта заңсыз ағаштарды кесу арқасында ол табиғатта жоғалып кетті. Бірақ ол өзінің дәмді жемістер үшін әлі де өсіріледі. Пепино. Пепино (ботаникалық атауы Solanum muricatum) отаны Перу немесе Колумбия болу ықтимал. Сол жерден ол бүкіл Латын Америкасында тіпті оның сыртында да таратылды. Қазырғы уақытта көбінде ол Боливияда, Эквадорда және Жаңа Зеландияда өсіріледі. Колорадо қоңызы. Колорадо қоңыздарын (Leptinotarsa decemlineata) - картопты жақсы көретін зиянкес қоңыз Черимойя. Черномойя - Колумбиядан Перуға дейінгі Анды алқаптарында теңіздің деңгейінен 1500 м биіғінде өсетін (Annona cherimola) ағаштың ең жиі пайдаланатын сауда аталымы. Ол аласа жерлердің температусынада өседі, сондықтан Сіз черномойяны дүниежүзінің талай жылы аймақтарында кездесе аласыз, мысалы, Израилде, оңтүстік Испанияда. Осы тұқымдасқа мөлшері 120 түр жатады. Кивано. Кивано ұзындығы 10–15 см қызғылт-сары (оранж түсті) асқабаққа ұқсас. Оның тікендері бар болған соң, орта ғасырлар кезіндегі қару-жарағы секілді. Ішкі жұмсағы жасыл, ішінде көптеген 5–10 милиметрлік ұрықтар бар. Жеміс піспеген болса, тікендерінің қасында жасыл сүрет болады. Үндістан лотосы. Үндістан лотосы (Nelumbo nucifera) – бұл сұр-жасыл су жұқпайтін жапырақтары және қызғылт гүрдері бар ғажайып мистикалық суда өсетін өсімдігі. Буддистер оны діни рәсімдер үшін қолданады. Өсімдік толық жеуге жарайды (алдыңғы кезегінде тамақ ретінде ұрықтарымен топырақ жаңғақтары қолданады), ол бүкіл Оңтүстік-Шығыс Азияда түрлі тағамдар жасау үшін. Бұл көз шешек секілді өсіруге болатын саздын өсімдігі. Лотосты өсіру бізде қиын емес, бірақ оны қалай істеу керегін білу қажет. Аязға төзімді пальма. Аязға төзімді пальма немесе дикобраз пальмасы (Rhapidophyllum hystrix) - ең аязға төзімді пальма түрі, сонымен бірге Rhapidophyllum монотиптік тегінің жалғыз түрі. Табиғатта ол АҚШ-ның оңтүстік-шығысындағы саздарында өседі. – 20 °C суыққа және аязға төзімділіктің арқасында бұл пальманың түрі бізде де ашық аспан астында өсіріледі. Өсімдіктің аласалығын (1–3 метрдан аспайды) және қалын тікендектері бар көз тартатын діңкегін оның артықшылығыларына косуға болады. Дикобраз пальмасы деген орыс аталуы оның латын тілінен аударғаннан келген – Rhapidophyllum = „инелі жапырақтар“, hystrix = „дикобраз“. Біздің жағдайда пальманы өсіру қиынға түспейді. Ұрықтарын өсіру нұсқауына сәйкес егіңіз, бұл пальмаға басқа тропикалық түрлеріне қарағанда, жоғары температура қажет емес екенін есте сақтау қажет. +20 °C шамасындағы температура жеткілікті. Алғашқы 3 жылда пальманы далада тек ғана жазда устау керек, қыста оны температурасы нөльден жоғары жағдайда ұстау қажет. 3 жылдан кейін ол біздің қысқа шыдау үшін жеткілікті «есееді», сондықтан оны Сіз шөпті жерге отырғыза аласыз. Басқа аязға төзімділі пальмаларға секілді, оған сумен ауаны женіл өткізетін топырақ қажет, ең жақсысы оңтүстік бауыр. Қыста аяздан қарағанда пальмаға ең зиянды топырақтың артық дымқылдығы, дымқыл топырақ тамырларды шірітеді. – 15–20 °C температурасына пальма қиыншылықсыз төзеді. Осы өсімдік шыдаған ең төменгі температурасы –28 °C. Pinus kesiya. Pinus kesiya қарағайы азиялық қарағайдың ең жылдам өсетін түрі болады, ол отанның шетінде сирек өсіріледі. Оның биіктігі 30–35 метрге дейін жетеді, ал дің диаметры 1 метрге дейін болады. Ол үш-инелі қарағай (бір уыстан ұзындығы 15–20 см 3 қылқанды жапырақтар шығады). Ісіктердің үлкендігі 5–9 см, ал ұрықтардың ұзындығы 1,5–2,5 см. Оның таралған ареалы солтүстік-шығыс Үндістандың Шығыс Гималайынан (қазырғы кезде орман азайғаны үшін тек ғана Мегхалая және Манипур штаттардың Хаси және Нага таулы массивтарында), Қытай (Юньнань провинциясы), Бирма (Мьянма), солтүстің Таиланд, Лаос және Вьетнамнан (Лайтяу, Лангшон, Каобанг, Куангнинь) Филиппинге дейін (Лусон) жетеді. Кейде Филиппиндең шыққан қарағайды Pinus insularis деп белгіленеді. Қытайда осы секілді – юньань қарағайы (Pinus yunnanensis) өседі. Устрицалық вешенка. Устрицалық вешенканың бір үлкен артықшылығы бар – оны бозарыңқы ұлы саңырауқұлагімен (бледная поганка) шаталыстыруға болмайды. Бұл саңырауқұлақ адамды токсиндардың залалдарынан қорғайтын дәрумендерге, амин қышқылдарына, минералды заттарға бай. Сонымен бірге, ол қандағы холестеринді азайтады. Саңырауқұлақ энергетик қүші төмен тамақ. Сондықтан ол төмен каллориялы диетаға жарайды. Оның құрамында қатерлі ісіктерге қарсы тұратын заттар бар деген болжама бар. Устрицалық вешенкасын өсіру. Устрицалық вешенкасын өсіретін 2 тәсіл бар – не полиэтилен пакетіне салынған сабанға, не жарылған дөмбек ағашында. Полиэтилен пакеттегі сабанға өсіру. Алдымен сабанды дайындайсыз. Сабанды егі алдында жұққыштығын жою керек. Жұққыштығын жоюдың 2 әдеті бар. Субстраттың (сабандың) егуы былай істеледі – үлкен қапшыққа біресе сабанды, біресе ұсақталған егу субстратын қабат-қабатқып салады. Егу субстраттың 1 орамасы 15–20 кг сулы сабанға жетеді, ол көлемі 50х100 см пакеттің ішіндегі сабанға сәйкес. Пакетті толтырып алған соң оны жабу керек (байландар). Пышақпен пакетті мөлшері 10 жерде тіліп алыңыз, әр тесіктін мөлшері 3–5 см. Егер Сіз егетін материалды құрғақтау жерде өсірем десеңіз, тілінген жер азырақ болуы керек (керегі болып жатса, соңыра оларды көбейтуге болады). Егілген соң пакеттерді жартылай көленкелі жерге қою керек (оған күн сәулесі тура туспеу керек). Өсірушін ең идеалды температура 15–20 °С. Температура көтерілген сайын, саңырауқұлақтың өсуі тездете түседі (әрине, онымен бірге сабандың нәрлі заттардың азаюы да жылдамдайды). Сондықтан, Сізге қанша вешенка керегіне қарай температураны корректілеу қажет. Саңырауқұлақтардың шығымы оның қажеттілігінен асып бара жатса, оны суықтау жерге қөшірініз. Демек, саңырауқұлақ қөбірек қажет болса оны жылы жерде ұстау керек. Вешенка өнімділік 2–3 ай ішінде береді, содан кейін пакеттегі нәрлі заттар таусылады. Жаңа культураны дайындауы керек (ол үшін жаңа сабанды ескі сабанға егуге болады). Бір орамадан 2–4 кг саңырауқұлақтарды жинауға болады. Кесілген ағашта өсіру. Устрицалық вешенкасы табиғатта жапырақты ағаштардың үстінде өседі. Сондықтан оны ұзындығы 30–80 см жарылған дөмбек ағаштарда өсіруге болады. Ол үшін жапырақ ағаштар түрлерінің бәрі де келе береді (қылқан жапырақ ағашы болмауы керек!). Кесілген ағаш жарты жылдан артық сақталмау керек. Жарылған ағаш дөмбектерін егу үшін талай әдістер бар. Саңырауқұлақтын талшықтары ағаштың ішінде өсуі үшін егілген материал ағашқа тиып тұру керек. Ағашта тесіктерді немесе арамен кесіктерді жасаңыз, содан соң оған егу субстратын саласыздар. Егілген ағашты қапқа саласыз да саңырауқұлақтардың талшықтары өсуі үшін 2–3 айға сонда қалдырасыз. Үстінде мицелий өскен ағаштарды бақтын көленкелі жағындағы топырақтын ішіне 1/3 бөлігін салыңыз. Құрғақтық кезде су шашып тұрыңыз. Жарылған ағаш дөмбектерінен саңырауқұлақтарды 2–5 жыл жинауға болады (ол ағаштың жұғымдылығына байланысты) Жазғы жасөспірімдер Олимпиадалық Ойындар 2010. Сингапур астанасы Сингапур қаласында өтетін I жазғы жасөспірімдер олимпиада ойындары 2010-ші жылғы тамыздың 14-і мен 26-і аралығында өтеді. Ниам Кавана. Ниам Кавана ирланд әншісі, 1993 жылы Ирландияның Миллстрит қаласында өткен Еуровидение ән конкурсында жеңімпазылықпен танымал. Еуровидение. 2010 жылы Ослода өтетін Еуровидение ән конкурсында Ирландиядан қатысатын болды. Төртжапырақты Марсилия. Төртжапырақты Марсилия (Marsilea quadrifolia) төртжапырақтылық формасы жапырақтарымен папоротник-өсімдігіне жатады. Өсімдік-папоротник және төртжапырақты деген сөздер бір-біріне келіспейтін секілді деп ойламайсыз ба? Керсінше, бұл сөздер осы кереметті, декоративті, бақбаншылыққа көбінде белгісіз өсімдікті сипаттайды. Марсилияда бәтеңкенің бауына ұқсайтың ұзың тамырсабағы бар. Тамырсабағынан төрт гүлжапыраққа бөлінетін, судын бетінде қалқып тұратын жапырақтар өседі. Формасы түзу, бір қарағанда төртжапырақты жоңышқаға ұқсайды. Күзде тамырсабағын судан шығарсаңыз, ілінген үлкеңдігі бұршақтай құрылымдарды байқайсыз. Олардың ішінде ұрықтары (ұрықтары спора болғаны соң оны папоротнике жатқызады) сақталанады. Бұл өсімдік Оңтүстік Америкадан басқа бәрі континентерінде нәрлі заттарға бай жасанды және табиғи су қоймасындарында өседі. Солтүстік Америкаға ол сырт жақтан әкелінген және бұл жерде өсімдік-агрессор боп саналады. Польшаның табиғи жерлерінде ол жойылып кетті, Гочалковицкий көлінде өсімдікті экосистемаға қайтару үшін зерттеулер өткізіліп жатыр. Словакияда Латорица өзенінің алабының 7 жерінде өседі. Кезінде ол Бодрог, Лаборец, Уг өзендердің аумағында да кездесетін. Чехияда ол өспейді. Хадди Н'джие. Хадди Н'джие (маусымның 25, 1979 жылы) Ослода дүниеге келген. Хадди Норвегияның танымал әншісі, жазушысы және журналисті. Оның әкесі Ғамбиялық, ал шешесі Норвегиялық. Хадди Н'джие, Надя Хаснауи және Эрик Сольбаккенмен 2010 жылы Осло қаласында өтетін Еуровидение ән конкурсының жүргізушілері болып тағайындалды. Эрик Сольбаккен. Эрик Сольбаккен (17 қараша, 1984 жылы Хемседал, Норвегияда дүниге келген) Норвегиялық теле жүргізушісі. Еуровидение 2010 ән конкурсындағы Молдова. =Final=. The final of "O melodie pentru Europa 2010" will be held on 6 March. 14 acts will compete - seven qualifying semi-finalists from each semi-final - and the winner will be decided by a joint jury vote and public televote. Еуровидение 2010 ән конкурсындағы Эстония. Superfinal. After two songs that got the most points were announced, voting started again, this time without the jury. Еуровидение 2010 ән конкурсындағы Финландия. Super Final. The Super Final featured the top three songs of the final: Nina Lassander, Eläkeläiset and Kuunkuiskaajat. The winners were Kuunkuiskaajat, while Nina Lassander came second and Eläkeläiset came third. Кетбұға. КЕТБҰҒА (шамамен 1150 - 1225) – жырау, күйші, аңыз кейіпкері. Қазақ. 14 ғасырда жазалған «Шаджарат әл-атрак» («Түрік шежіресі») атты кітаптағы деректер мен ел аузындағы аңыздар бойынша, Жошы хан аң аулап жүріп қаза тапқанда, Шыңғыс ханға қаралы хабарды жеткізуге ешкім бармайды. Сонда Кетбұаға бас кетер ауыр міндетті өз мойнына алады. Әуелі: «Теңіз бастан былғанды, кім тұндырар, а, ханым, Терек түптен жығылды, кім тұрғызар, а, ханым», - деп Шыңғыс ханды қаралы хабарға әзірлеп алады да, баласы Жошының өлімін күймен естіртеді. «Ақсақ-құлан – Жошы хан» күйі осылай туыпты-мыс. Бүгінге Кетбұағаның осы күйі және күй шығарар алдында айтқан бірнеше жол өлеңі ғана жетті. Басқа әдеби, музыкалық шығармасы сақталмаған. Алайда, халық жадында Ұлығ (ұлы) жыршы атанған Кетбұағаның өз кезінде шығармалары халық арасына кең тараған, көшпелілер арасында сөз өнерінің дамыуына ерекше ықпал еткен көрнекті тұлға болған. 15 ғасырдың аяғы мен 16 ғасырдың алғашқы ширегінде жасаған Доспанбет жырау Кетбұаға биді құрметпен аузына алады, оның сөздірімен өзінің таныстығын білдіреді. Халық өлеңдері мен аңыз әңгімелерде де Кетбұаға ел қамқоры, дана ақсақал ретінде бейнеленген. Дан Бэлан. Дан Бэла́н (Дан Миха́й Бэла́н, Ақпанның 6 1979) — Молдова музыкантшысы, өлеңдер авторы және продюсер, бұрын O-Zone тобының солисті болған. Қазіргі кезде Нью-Йорк қаласында тұрып жатыр. Дискурс. Дискурс () — тілдік коммуникация түрі. Кең шеңберде, дискурс дегеніміз уақыттың мәдени тілдік контексті. Оған рухани-идеологиялық мұра, көзқарас, дүниетаным кіреді. Тар мағынада, дискурс деп қандай да болмасын мағыналы, құнды іс-әрекеттің (актінің) нақты тілдік шындығын айтады. Тарихы. Дискурс ұғымы XX ғасырдың 70-жылдарынан бастап философияда кеңінен қолданыла бастады. Тұңғыш болып «дискурс» ұғымын Ю. Хабермас өзінің «Коммуникативтік компетенция теориясына дайындық» атты еңбегінде қолданған болатын. Содан бері бұл термин батыстық философияда кең қолданылып жүр. Хабермас «дискурске» мына төмендегідей белгілер тиесілі деп қарастырады — қарым-қатынасқа, сұхбатқа имманентті (іштей тиесілі), сол кезеңнің қоғамдық өмірінде қалыптасқан нормалар, ережелер және негізгі құндылықтар жинағынан тұратын идеологиялық тіл. Ондағы идеология деп отырғанымыз жалпы белгілер жүйесі деген мағынада қолданылып отыр. Салицилді қышқыл. Аспирин (,)- ауырсынуды басатын дәрі. Ғаламшардағы ең танымал, бүгінде көбіне Bayer маркасымен шығатын аспирин дәрісіне бүгін 111 жыл толады. Ежелгі римдіктер талдың қабығын (соның негізінде кейіннен аспирин жасалған) науқастар мен жаралылардың ауырсынуларын басуға пайдаланған екен. Біздің дәуіріміздің бірінші ғасырында Диоскур деген дәрігер тал қабығынан жасалған қайнатпаны тұз байланатын ауру мен сарп ауруын емдеу үшін пайдалануға кеңес берген екен. Ежелгі грек дәрігері Гиппократ та талдың қабығын ауырсынуды басатын және дене қызуын түсіретін дәрілерді жасауға пайдаланған. ХІХ ғасырдың соңында Bayer компаниясының фармацевті Феликс Хоффман сарп ауруымен ауыратын өзінің қарт әкесінің ауруын жеңілдете алатын дәрі жасау үшін зерттеулермен айналысқан. Ұзаққа созылған зерттеулерден кейін Хоффман жаңалық ашқан: ол ацетилсалицил қышқылы мен сірке қышқылынан сәтті қоспа дайындаған. 1988 жылы Берлиндегі Императорлық патенттік ведомство тіркегеннен кейін жаңа дәрі «Аспирин» деген сауда маркасымен сатуға шығарылған. Дәрінің атауы екі сөзден құрастырылған: «а» - ацетил сөзі, ал «спир» - spiraea сөзі– алғаш рет химиялық жолмен салицилді қышқыл бөліп алынған тобылғы тал сөзінің латынша атауы. Камаргу, Эбе. Эбе Мариа Камаргу (8 наурыз 1929 жылы Таубате, Сан-Паулу қаласында туды) - Бразилия актер. 2009 Азия Жекпе-жек Ойындары. 1ші Азия Жекпе-жек Ойындары Тайланд астанасы Бангкокта 2009 жылы Тамыздың 1 мен Тамыздың 9 аралығында спорттың 9 түрінен өтті. Тайландтағы саяси дағдарыс және 2009жылғы Шошқа тұмауы себептерінен Ойынды Ұйымдастыру комитеті (BAMAGOC) және Тайландтың Ұлттық Олимпиада Комитеті бұл ойындарды оның алғашқы жоспарланған уақыты Сәуірдің 25 мен Мамырдың 3 аралағынан Тамыздың 1 - 9 арасына ауыстырды. Эмблемасы. Бұл Ойындардың эмблемасындағы "A" әрпі Азия дегенді білдірсе, "M" әрпі ағылшынша Martial Arts Sports немесе қазақша Жекпе-жек спорттары деген мағынаны білдіреді. Екі әріптің бірлесуі заманауи, белсенділік пен қарапайымдылықты; сонымен қатар ой-сана мен достастықтың нышанын, әрі Азия елдері арасындағы теңдікті көрсетеді. For the overall picture, it is a mixture of contemporary art, manifesting that Thailand is to act as the host of the Games. Red is the main color of the OCA, reflecting the color of the fight, standing for the color of the heart and colorizing the Asian art. Gold is the color of brightness of the Thai Kingdom and is the color for creativity and determination to organize the 1st Asian Martial Arts Games 2009. Mascot. The Martial Arts is the fighting sports. In order to create Mascot related to the Asian Martial Arts Games, the Organizing Committee visualizes that Hanuman in Ramayana, the Great Asian epic, would be a good Mascot for the Games. Hanuman is a white – creamy super monkey and considers it as the God of the ape which has every kind of fighting skill with strong determination of great success. Being the Mighty Ape, “Hanuman” often shares in the traditional flower festival as a gesture of warm welcome and inspires friendship and unity for all the Asian peoples. The Organizing Committee uses Hanuman Yindee as the Mascot as it wants to convey the message of the word “Yindee” which means proudness and gratification. Furthermore, the Organizing Committee is using the word “Yindee” as to extend to everybody a warm welcome and a chance of making continuous friendship and solidarity throughout the entire peoples of Asia. Thailand customarily gives a garland to a distinguished, respected person. With the garland hung in Mascot’s both hands, it means a sign of firm friendship and victory, as witnessed by a bright red sunshine of rays of OCA Logo, radiating warmth covering all the Asian Contingent. Қатысқан елдер. Бұл Ойындарда Азия құрлығының 40 елі қатысқан. Жер сағаты. Жер сағаты (ағыл. "Earth Hour") – Дүниежүзілік Тұмса табиғат қоры наурыздың соңғы сенбісі күні жыл сайын өткізетін және бұқара халықты бір сағатқа жарық пен электр жабдықтарын сөндіруге үндейтін шара. Акцияны өткізудегі мақсат - әлем жұртшылығының назарын климаттың жаһандық өзгеру проблемасына аудару және адамдарды энергия мен басқа да табиғи ресурстарды үнемдеуге шақыру. «Жер сағаты» - жарықсыз терезелер, сөндірілген теледидарлар, компьютерлер мен басқа да тұрмыстық электр құралдар акциясы. Климаттың өзгеруіне қарсы бағытталған аталмыш шараға әлемнің 1,3 миллиардтан астам адам, 128 елдің 4616-дан аса қаласы, бір сағатқа электр қуатын өшіруге уәде берген, ал олардың саны күн санап өсуде. Кеңселер мен тұрғын үйлерде жарықты сөндіру арқылы Жер тұрғындары ғаламымыздың энергиясын сақтауға өз үлесін қоспақ. Акцияға Қазақстанның кез-келген тұрғыны қатыса алады. Ол үшін 2011 жылы 26-наурызда 20 сағат 30 минуттан бастап 21 сағат 30 минутқа дейін үйде, офисте жарықты сөндіріп, қордың http://www.earthhour.org/ сайтына Қазақстан белгісімен тіркелсе болғаны”, делінген онда. Тарихы. «Жер сағаты» шарасы алғаш рет 2007 жылдың наурыз айында Жабайы табиғат қорының ұсынысымен Сиднейде ұйымдастырылған болатын. Сол жылы бір уақытта Австралия астанасының 2 миллионнан астам тұрғыны мен 2 мыңнан астам компаниялардың жұмысшылары жарықты өшірді. Нәтижесінде Сидней қаласы бір сағаттық энергия шығынын 10,2 пайызға қысқартқан. Ал 2008 жылы бұл іс-шараға бүкіл әлемнің 370 қаласынан 50 миллионнан астам адам қатысқан болатын. Қазақстандағы ресми елшісі. Жас актер Тұрар Дауылбеков «Жер сағаты» акциясының ресми елшісі атанды. Ол климаттың жаһандық өзгерісі проблемасына жастардың назарын аударып, қозғалысты жақтаушылардың қатарына оларды көбірек тартуға шақырды, деп атап көрсетіледі Дүниежүзілік Тұмса табиғат қорының (WWF) баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Жер сағаты 2010 Қазақстан. Бұл бастаманы ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев та қолдап отыр. Қазақстан бойынша 90 қалалары мен елді мекендері акцияға қатыспақ, онын ішінде Астана, Алматы, Орал, Қарағанды, Шымкент, Тараз, Павлодар, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Өскемен және Семей қалалары да бұл шараға әзірленуде. Астана, Алматы және Ақтау қалалары ресми түрде бұл шараға қатысатындығын жариялаған. «Біз Қазақстан жұртшылығының назарын климаттың өзгеруі мен қуатты үнемдеп пайдалану мәселесіне аударғымыз келеді. Әсіресе электр қуатын есепсіз пайдаланудан атмосфераға тарайтын қалдық көлемі ұлғайып барады. Қазақстанда қоршаған ортаға әлі дұрыс көңіл бөлінбеуде.» «АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі аталмыш акцияға қолдау көрсетіп отыр. Біздің елшілік те осы күні көрсетілген уақытта жарығын өшіреді. Сондай-ақ біз «Жер күнін» атап өтуді жоспарлап отырмыз. Елшіліктің волентерлері мен қатысушылары осы күні елорданың орталық саябағын тазалауға атсалысады», - деді АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісінің Мәдениет мәселелері жөніндегі кеңесшісі Виктория Слоун. Тарья Халонен. Та́рья Ка́арина Ха́лонен ()); 24 желтоқсан, 1943, Каллио, Хельсинки, Финландия) — 2000-шы жылдың мамырынан бастап Финландия президенті, фин саясатшысы, заңгер. Алкоголдік ішімдіктер. Алкоголь – қосындыларды ашытудан алынатын есірткі. Ол шарапта, сырада болатын масаңдататын элементтен тұрады. Әр түрлі сусындар үшін түрлі мөлшердегі стақан пайдаланатындықтан, 1 бакал шапатағы немесе 1 кружка сырадағы алкогольдің мөлшері 1 стақан коньяктағы алкогольмен тең – 12.5 куб см. Алкоголь – күллі әлемге таралған ертеден келе жатқан есірткі. Ол әдетте қанға араласады, одан әрі миға шабады. Алкоголь адам аңзасы үшін улы. Ол уды тазартанқанда адам баырына зор күш түседі. Бір стақан алкогольді тазарту үшін шамамен жарты сағат уақыт кетеді. Алкоголь адм өміріндегі қиыншылықтарды «уақытша шешеді». Адам қаншалықты көп ішсе, соншалықты болып жатқанды және өз әрекетін бақылау қабілеті төмендейді. Адам сақтықты ұмытып «күшейе бастайды». Спиртті ішімдік адамның бақытсыздыққа ұшырау мүмкіндігін жоғарылатып, мас қылады. Осындай себептерден бұл жағдайда адамға рөлге отыру ерекше қауіпті. Адам спирттік ішімдікті шамадан тыс ішкен кезде гастрит, жүрек аурулары, дәрумен жетіспеушілік және бауыр цифрозы күрт асқынуы мүмкін. Алкоголь сонымен қатар ми жасушалары жұмысын, ойлау қабілетін бұзады. Алкоголь белсіздікке ұрындырады. Жас ағзаның өсіп, жетіліп келе жатқан кезінде алкогольді ішумен байланысты қауіпке ұрынуға бейім тұрады. Алкоголь жеке тұлғаны жойп қана қоймай сонымен қатар оның айналасындағыларға –отбасына, достарына әсер етеді. Алкоголь салынып ішуге әкеледі.Спирттік ішімдікке тәуелді болудың физикалық және психологиялық жақтары бар. Ағза белгілі бір уақыттан соңалкогольке үйір болғаны соншалықты – онсыз жүре алмайды. Бұл - дене тәуелділігі. Еге адамның мас күйіндегі өмірі соншалықты үйреншікті болса, есірткі көменгінсіз өзін жақсы сезіне алмаса, адам психологиялық тәуелділікке ұшырайды. Оның бүкіл іс-әрекетіне алкоголь басқарады. Алкогольсіз өмір мағынасыз болады. Мұндай күйде адамның өзін тоқтатуы өте қиынға соғады. «Азамат» пікір-сайыс клубы. Жалпы мағлұмат . «Азамат» пікір-сайыс клубы Ұлттық пікір-сайыс орталығы негізінде жұмыс істейтін Қазақ тілді Студенттердің қоғамдық ұйымы. Бұл клуб Қазақстандағы пікір-сайыс қозғалысының ажырамас бөлігі және барша студент қауымы үшін ашық болып табылады. Оның құрылу, әрі даму тарихы тоқсаныншы жылдардың аяғынан бастау алады. 1998 ж. білім берудің озық технологияларының бірі пікірсайысты насихаттап дамыту мақсатында Ұлттық пікір-сайыс орталығы қоғамдық қоры құрылған. Араға бір жыл салып пікір-сайыс технологияларын меңгерген қазақ жастары бас қоса отырып, қоғамның өзекті мәселелерін талқылайтын клуб құруды қолға алады. Жаңадан іргесі қаланған клубтың жарғысын қабылдай отырып, оның атын «Азамат» деп қоюды абзал көреді. Осы кезден бастап Алматы қаласының барлық дерлік ЖОО орындарының белсенді студенттері «Азамат» клубының қатарына қосылып, оның алдағы уақытта жемісті қызмет етуіне жол ашады. Алғаш 7-8 студенттен құрылған клуб студенттік толқынға байланысты 35-50 адамға дейін өсті. 10 жыл ішінде клуб қызметіне ат салысып, белсенділік танытқан жастар саны 500-ге жуықтайды. Клубтың ұйымдастырылуы мен қызметі. Негізгі институттар: "Жалпы Жиналыс, Үйлестірушілік орталық және Хатшылық" Жалпы Жиналыс – клубтың жоғарғы органы болып табылады, ол клуб мүшелерінен тұрады. Клуб Жарғысын бекітіп, оған өзгертулер мен толықтырулар енгізу; Клуб қызметінің негізгі бағыттары мен бағдарламасын анықтау; Клубқа мүшелікке қабылдау және мүшеліктен шығару сұрақтарын қарау; Үйлестірушілік орталық клуб жұмысының ұйымдастырылуы мен тұрақты жұмыс істеуіне жауапты. Ол Жалпы Жиналыста көпшілік дауыспен сайланатын Үйлестіруші және оның орынбасарларынан тұрады. Клубтың алғашқы үйлестірушісі Рауан Кенжеханұлы; кейінгі тізгінді ұстаған Лаура Жақсылық; Нартай Әшім ерен еңбегімен есте қалды; кейін үйлестіруші қызметін Әділ Абдрахман атқарды; Рақат Жақсыбай өз кезегінде бесінші үйлестіруші болды; келесі жылы үйлестірушілік Руслан Желдібайдың еншісіне тиді. Бүгінгі күні Нұрмұхамед Байғарадан кейін тізгінді ұстаған Еркебұлан Сатқанбай клубтың жұмысын ұйымдастыруға жауапты. Хатшылық клубтың әр жиналысының хаттамасын жүргізіп отыратын, клуб жұмысына байланысты құжаттар мен қағаздардың жүйелілігі мен дұрыстығына жауапты орган. Клубқа Университет қабырғасында оқитын, Клуб Жарғысын қолдайтын және оның мақсат – мұраттары мен қызметіне ат салысуға дайын кез – келген азамат мүше бола алады. «Азамат» – сұхбат алаңы. Осы күнге дейін клуб «Ұлттық пікір-сайыс орталығы» қоғамдық қорының аясында бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асырып келеді. Ең алдымен, 2001 жылы «Хабар» арнасымен бірлескен жоба – «Азамат» жастар бағдарламасы пайда болды. 8 жылдық тарихта бағдарлама форматтары бірнеше рет өзгеріске түсті, жастар тікелей эфирде де жұмыс жасады. Алғашқыда бағдарлама пікір-сайыстың американдық үлгісі: 2-2 жүйесі бойынша жүрсе, кейінірек «Конгресс», яғни студенттің сарапшылар алдында өз ұстанымын қорғауы, содан соң 1-2: белгілі бір қоғам және мәдениет қайраткерлері, саясаткерлер, әртүрлі сала мамандары мен екі жастың өзара сөз сайыстыруы түрінде жүргізілді. Ал 2006 ж. қыркүйегінен бастап, «Азамат» бағдарламасы сөз сайысының 1-1 үлгісіне көшті. 2008 ж. «Азамат» бағдарламасы қайта түлеп, «Азамат жастар парламенті» түрінде эфирге шығып жүр. Қазіргі таңда бағдарлама қатысушылары еліміздің заң шығарушы органында талқылауда жатқан заң жобаларымен тікелей жұмыс істеп, соларға қатысты өз ой-пікірлерін білдіріп келеді. Сонымен бірге, әлеуметтік, саяси, экономикалық тақырыптар да жастар назарынан тыс қалмайды. Бағдарламаның сегіз жылдық тарихында бірнеше жүргізушілер ауысты: Рауан Кенжеханұлы, Дәурен Қуат, Нартай Әшім, Орынбасар Тілепберген, Ринат Думанұлы, Әділ Абдрахман, Рақат Жақсыбай, Данияр Қанқожа. Бүгінде бұл қызметті Руслан Желдібай атқарады. Жалпы есеппен, осыған дейін 900-ден арта әртүрлі саладағы өзекті мәселелер мен түрлі бағыттағы тақырыптар талқыға салынды. «Азамат» бағдарламасы 2007 жылы Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастыруымен өткен «Мемлекеттік тіл және БАҚ» атты байқаудың және Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасының мемлекеттік тілді насихаттайтын БАҚ өкілдері арасында өткізген байқауының жүлделі бірінші орнын иеленеді. Телебағдарлама жастардың Қазақстан Республикасы Парламентімен етене жұмыс жасайтын жалғыз жобасы емес. «Ұлттық пікір-сайыс орталығы» қорының бастамасымен «Парламенттің қоғамдық көмекшілері» атты жоба соңғы 4-5 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Бұл жобаның аясында клубтың ең белсенді де қабілетті мүшелері ҚР Парламентінде іс-тәжірибеден өтуге мүмкіндік алып отыр. Қоғамдық көмекшілердің басты мақсаты талқылаудағы заң жобаларын сараптап, өз ұсыныстары мен толықтыруларын енгізу, депутаттардың күнделікті қызметімен танысу. Парламентке іс-тәжірибеден өтуге жолдама алған жастардың әрбір легі жұмыс комитеттерінің талқылауларына, хат алмасу процесіне, заң жобаларын талқылауға етене араласа отырып мол өмірлік, әрі кәсіби тәжірибе жинақтайды, өз білімдерін асыра түседі. Азамат және қоғам. «Азамат» клубының жастары ауыл мәселесіне де ден қойып, «Студенттік десант» жобасының арқасында бірқанша шараларды жүзеге асырды. Бұл жобаның мақсаты ауыл тұрғындарын азаматтық қоғамның өзекті мәселелері турасында ақпараттандырып, әлеуметтік мәселелерді шешуге жұмылдыру болатын. Осы орайда студент жастар пікірсайыс технологиясына негізделген семинарлардың модульдерін өз беттерімен жасап шығып, оларды Алматы облысындағы ауыл мектептерінің оқушыларына өткізіп қайтты. Әрбір семинар мол ақпарат пен пікірсайыс элементтерін қамтығандықтан, оқушылардың танымдық қызығушылығын тудырса, ұстаздар тарапынан семинардың педагогикалық аспектілері елеусіз қалмады. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бағытында «Мемлекеттік тіл туралы» заң жобасын әзірлеу, түрлі мекемелердегі мемлекеттік тілдің қолданылу аясын айқындауға барғытталған «100 мекеме» акциялары тәрізді іс-шаралар жүзеге асты. Жастардың арасында құқықтық сананы көтеру мақсатымен «Өз құқығыңды біл, жолаушы», «Өз құқығыңды біл, жүргізуші», «Тұтынушы, құқығыңды біл!» деген тақырыптағы акциялар жасалды. Клубтың жұмысы тек оның мүшелеріне ғана бағытталмайды. Клуб мүшелерінің жеке бастамасымен ел аузында жүрген зиялы қауым өкілдерімен, үлгі болар саясаткерлермен болған кездесулеріне әрбір жоғарғы оқу орындарының көптеген студенттері қатысып ой білдіреді. Еліміздің өзге жастар ұйымдарымен біріге отырып, өнер сайыстары, баспасөз маслихаттары, конференциялар, мәдени іс-шаралар мен бас қосулар жиі өткізіледі. Мандарин. Таралуы. Отаны Қытай, атауы да қытайлардан келген. Португалдар қытай феодал, чиновниктерді Мандарин деп атаған екен. Ал осы жеміске тек Мандариндер ғана ие болған. Кейбір елдерде Танжерин деп аталады екен, сондықтан бұл жемістің кейбір гибридтері танжело (мандарин х грейпфрут), тангор (мандарин х апельсин), ичандарин (ичанг х Сатсума мандарині) деп аталады. Сатсума - шемешкісіз мандарин сорты. Қызылорда қазақ-түрік ер балаларға арналған лицей-интернаты. Қызылорда қазақ-түрік ер балаларға арналған лицей-интернаты 1993 жылдан бері жұмыс жасап келе жатыр. Лицейде қазіргі уақытта (2009-2010) 226 бала білім алып жатыр. Хакан Канмаз Лицей әкімшілігі. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Хакан Канмаз Ибрахим Арслан Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Мехмет Бозабалы Мұғалімдер. Математика пәні мұғалімдері: Ибрахим Арслан, Бақытжан Рысбеков Мұстафа Ташкын Биология пәні мұғалімі: Мұстафа Ташкын Физика пәні мұғалімі: Мехмет Бозабалы Химия пәні мұғалімі: Хакан Канмаз География пәні мұғалімі: Ләззат Раманқұлова Қазақстан тарихы пәні мұғалімі: Әділхан Оспанов Әділхан Оспанов Дүние жүзі тарихы пәні мұғалімі: Әділхан Оспанов Ағылшын тілі пәні мұғалімдері: Медет Ахметжанов, Азамат Сауытбеков, Мистер Уилли, Луиса Тамбанган, Нұрғазы Жаппаров,Мистер Аррис Қазақ тілі пәні мұғалімдері: Базаркүл Раманқұлова, Нұрсұлу апай, Айнұр Шамшатова, Жасұлан Жолдасбаев, Гүлжан апай Түрік тілі пәні мұғалімі: Эркан Тұран Эркан Тұран Информатика пәні мұғалімі: Талғат Искаков Талғат Скаков Орыс тілі пәні мұғалімдері: Ерманова Бақыт, Дина Жолдасбекқызы Құқық негіздері пәні мұғалімі: Шайхиева Ұлмекен Дене шынықтыру пәні мұғалімдері:Төленов Талғат, Қалдыбай ағай Жетістіктер. Лицей ҰБТ – ға дайындық көрсеткіші бойынша басқа да лицейлер арасында бірінші орында тұр. Лицейіміздің мақтанышы Асет пен Нұрлыбек 2009 жылы Хьюстон қаласына барып, ISWEEEP ғылыми жоба олимпиадасы бойынша жүлделі екінші орын алып қайтты. Қазіргі кезде 10 сынып оқушылары Ұланбек пен Қонысбек әлемдік ғылыми жоба олимпиадасына баруға дайындылып отыр.Лицейіміз облыстық олимпиадада 24 орын иеленді(2009-2010). Оқушылардың әлеуметтік және мәдени дамуы үшін конференциялар, семинарлар, республика бойынша және шетелге туристік сапарлар, дискуссиялар, көрмелер, театрлар, мұражайлар және кинотеатрларға қыдыру шаралары ұйымдастырылады. Оқушылардың ақыл-өрісі мен моральдық тұрғыдан дамуымен бірге дене шынықтыруына да үлкен көңіл бөлінеді. Қазақ-түрік лицейлері жеткіншектердің қабілеттері мен бейімділіктерін анықтап, оларды жетілдіру үшін шынайы мүмкіндіктер туғызады. Лицейлердің шаңырағы астында сан-алуан спорт секциялары мен әдебиет, музыка, бейнелеу, ғылыми-практикалық және басқа да үйірмелер қызмет көрсетеді. Бұндай үйірмелердің көмегімен оқушылардың бейімділіктері мен талпыныстары артады, сондай-ақ қоғамдық өмірге дайындық үрдісі жылдам қалыптасады. Осы шаралар негізінде лицей оқушылары әлеуметтік және мәдени тұрғыдан дамыған және өздеріне сенімді тұлға болып өсе алады. Дарынды және қабілетті жастарды жетілдіру мақсатымен барлық қазақ-түрік лицейлерінде олимпиадаларға дайындық жұмыстары жүргізіледі. Халықаралық олимпиадалар туралы мәліметтер тиянақты түрде сарапталады, оқушылар барлық қажетті оқу және ғылыми материалдармен қамтамасыз етіледі. Жыл сайын лицейлер арасында негізгі пәндер бойынша олимпиадалар өткізіледі. Жыл өткен сайын оқушылар облыстық, республикалық және халықаралық пән бойынша білім олимпиадаларының жеңімпаздары болуда. Сафура Әлизаде. Сафура Әлизаде (; 20 қыркүйек 1992 жылы Баку) әзірбайжанның әншісі. 2010-шы жылы Әзірбайжаннан Еуровидение ән конкурсына қатысады. Халықаралық электр байланысы күні. Халықаралық электр байланысы күні - Мамырдың 17де аталады. Бүгінде Бүкіләлемдік телекоммуникация қауымдастығына 180 ел кіреді. Олардың қатарында Қазақстанда бар. Халықаралық электр байланысы күні Халықаралық электр байланысы одағы құрылған күні бекітілген. Бұл үкіметаралық ұйым 1865 жылы 17 мамырда Парижде құрылған болатын. Мақсаты: барлық елдер өзара біріге отырып электр байланысы салаларын тиімді пайдалануға күш салу. Байланыс алдымен ақпарат алмасу екені белгілі. Алайда ақпарат құралдарын пайдалану адамның білімділігіне, жасына, мекен жайына, тұрмысына байланысты. Халықаралық электр байланысы одағының пікірінше бұл күн бүкіл жер шары халқының ақпарат құралдарына тең құқықта қол жеткізуі жолында қоғамдық бастамалар көтеруге мүмкіндік беретін күн. Ақтөбе ФК. Ақтөбе ФК — Қазақстан Премьер Лигасында, ойнайтын, Қазақстан футбол клубы. Ақтөбе қаласының Орталық стадионы клубтың базасы болып табылады. КСРО чемпионаты. Команда 19 КСРО чемпионатына қатысты (1967—1969, 1976—1991). Тәуелсіз Қазақстан. Мемлекетің тәуелсіз болғанынан клубтың ең үлкен жетістіктері – бұл 2005, 2007, 2008 және 2009 жылдардағы Қазақстан Премьер-лигасындағы жеңістері. Із. «Із» — 2010 жылғы фильм. Фильм қазақ тілінде. Сюжет. Теглайн: "«Кейде біреудің жолында өз ізіңді кездестіресің»". Осы өмірде жасаған кез-келген іс еселеніп өзіңе қайтып келеді... АТФ Банк. АТФ Банк тарихы . «АТФ Банк» акционерлік қоғамы ҚР Ұлттық Банкі "Алматы сауда - қаржы банкін" тіркеуге алған кезде, яғни 1995 жылы маусымда негізі салынған. Сол жылы АТФ Банк Қазақстанның банкілік заңнамасында қарастырылған теңге және шетел валютасында операциялар өткізуге №59 ҚР ҰБ Бас лицензиясына ие болды. 2001 жылы "Алматы сауда - қаржы банкі" Ашық акционерлік қоғамы тіркелген, ал 2002 жыл маусымда – "АТФ Банк" Ашық акционерлік қоғамы". 2003 жылы қазанда аталмыш банк АҚ «АТФ Банк» банкі болып қайта тіркеуден өтті. Негізгі тарихи кезеңдер:. Австрияның Кредитанштальт банкі, Орталық және Шығыс Еуропадағы сауда банкілік операцияларға арналған ЮниКредит Групп бөлімшесі (UniCredit Group) «АТФ Банк» АҚ шығарған акционерлік капиталдың жалпы санының 91,8%-ын иемдену үдерісін аяқтады». Келісімнің жобаланған бағасы 2,117 млн. АҚШ долларын құрады. 2007 жылы 21 маусымда Bank Austria-Creditanstalt AG (Орталық және Шығыс Еуропадағы сауда банкілік операцияларға арналған ЮниКредит Групп бөлімшесі) мен «АТФБанк» АҚ жеке акционерлері АТФ Банк акцияларының мажоритарлық пакетіне ие болу туралы келісімге қол қойды. Жетекші дүниежүзілік қаржылық басылым «EUROMONEY» АТФ Банкке "Еуропаның дамушы елдері бойынша бірлескен басқару саласындағы ең үздік банк" атағын берді. «АТФ Банк» АҚ 2016 жылға дейін қайтару мерзімімен 350 миллион АҚШ доллары сомасына еврооблигациялар шығару бойынша келісімді табысты аяқтады. «АТФ Банк» АҚ және Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды қадағалау және реттеу агенттігі АТФ Банк қызметінің мөлдірлік деңгейін жоғарылату мәселелері бойынша ынтымақтастық және әрекеттестік туралы меморандумға қол қойды Қазақстан тұтынушыларының Ұлттық Одағы 2005 жылғы жұмыс нәтижелері бойынша АТФ Банкті «Мінсіз» Халықтық Сапа Белгісі және «Қазақстанның шағын және орта кәсіпкерлігінің дамуына ат салысқаны үшін» Сертификатымен марапаттады. Жетекші дүниежүзілік қаржылық басылым «EUROMONEY» АТФ Банкті бірлескен басқару саласындағы Қазақстан Республикасының көшбасшы қаржы институты және Қазақстанның шағын және орта кәсіпкерлігіне арналған ең үздік банк деп таныды. Ресей Федерациясы Орталық банкімен және Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды қадағалау және реттеу агенттігімен берілген Рұқсаттарға сәйкес «АТФ Банк» АҚ мен «Сибирь» ЖАҚ акционерлері (Ресей Федерациясы) арасында АТФ Банктің «Сибирь» банкінің 100% акциясына ие болуы туралы келісімге қол қойылды. Осы келісім шеңберінде АТФ Банк және «Сибирь» банкі жетекшілерінің Омск облысының губернаторы Полежаев Л.К. мырзамен кездесуі болып өтті. Мәскеуде «АТФ Банк» АҚ Ресми Өкілдігі ашылды. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды қадағалау және реттеу агенттігімен және Ресей Федерациясы Орталық банкімен берілген Рұқсаттарға сәйкес. Қырғыз Республикасының Заңнамасына сәйкес АТФ Банктің «Энергобанк» ААҚ (Қырғыз Республикасы) акцияларының, жалпы алғанда, 72,92%-ына ие болуы туралы келісімдерге қол қойылды. АТФ Банк негізі қаланғанына бірінші он жыл толуын атап өтті. Мерейтойлық кештер банктің аймақтық өкілдіктерінде өтті. Астана және Алматыда ресей эстрадасының мэтрі Игорь Николаев, аты аңызға айналған «Машина времени» тобы және жастар сүйіп тыңдайтын Глюкозаның қатысуымен концерттер ұйымдастырылды. АТФ Банк банктің бас офисында және 18 филиалында модульдік бағдарламалық қамтамасыз етудің флагманы TEMENOS T24 қызметтерін пайдаланатындығы туралы «АТФ Банк» АҚ және TEMENOS Group өзара келісімгі қол қойды. АТФ Банк» АҚ мен «Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті» АҚ арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумның басты мақсаты еліміздің қаржы және білім институттары арасындағы байланыстарды кеңейту болып табылады. «АТФ Банк» АҚ басшылығы бизнес жүргізудің жаңа әдісін таныстырды және еліміздің жетекші қаржы институтының жаңа фирмалық стилін ұсынды:«АТФ Банк – сенімді өсуге арналған банк!» «Несие бюролары және несиелік тарихты қалыптастыру туралы» заңға сәйкес Қазақстанда тұңғыш несие бюросы құрылды. «АТФ Банк» АҚ «Бірінші несие бюросы» ЖШС құрылтайшыларының бірі болды. Қазақстандық қор биржасы «АТФ Банк» АҚ бірінші эмиссия халықаралық облигацияларын «А» категориялы KASE құнды қағаздардың ресми тізіміне енгізді. АТФ Банк ««Отан» ашық жинақ зейнетақылық қоры» негізгі акционерлерінің біріне айналды. АТФ Банк банкілік заңнамада қарастырылған ұлттық және шетел валютасында операциялар жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2004 жылдың 01наурызындағы №239 жаңа Лицензиясына ие болды. АТФ Банк жаңа қызмет көрсету – «Серіктес» бағдарламасын енгізу туралы жария қылды. «Серіктес» бағдарламасы клиенттерге қызмет көрсету сапасын жоғарылатуға бағытталған. АТФ Банк 2003 ж. 11 желтоқсанынан бастап Visa Gold, Visa Business, Visa Classic, Visa Electron карталары тұтынушыларына арналған жаңа қызмет түрін енгізді. Жаңа қызмет көмегімен карта иелері шетелде болу кезінде банкомат арқылы карточкалық шоттағы ақша қалдығы туралы мәліметке қол жеткізеді. «АТФ Банк» АҚ қайта тіркелуіне байланысты банкілік заңнамада қарастырылған теңге және шетел валютасында операциялар өткізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 08.12.2003 №239 Лицензиясы берілді. Банк тарапынан жалпы мөлшері $62 млн. кезекті синдикаттық қарыз тартылды. Синдикатқа 25 шетел банкі қатысты. Ұйымдастырушы голландиялық ABN AMRO Bank. Қарыз тағы осы мерзімге ұзарту мүмкіншілігімен бір жылға берілді. Банк Қазақстандық франчайзинга қауымдастығымен ынтымақтаса отырып, Қазақстанда алғаш рет жергілікті кәсіпкерлердің белгілі дүниежүзілік компаниялардың брэндтерін пайдалануын қаржыландыру бағдарламаласын орындауға кірісті. «АТФ Банк» АҚ мемлекеттік қайта тіркеуден өтті. «АТФ Банк» АҚ «АТФ Банк» ашық акционерлік қоғамының еншілес банкі «Апогей Банкін» өзіне қосып алды. АТФ Банк Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының басшыларымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Банк атауы «Алматы сауда-қаржы банкі» ашық акционерлік қоғамынан «АТФ Банк» ашық акционерлік қоғамына өзгертілді. «Апогей» Банкі акциясының 88,15%-на қол жеткізілді. Банктің меншік капиталы 5,9 млрд. теңгеге дейін артты. VISA Virtuon виртуалды карточкалары шығарыла бастады. Алматы сауда - қаржы банкі «Қазақстан Халық Сақтау банкі» акционерлерінің біріне айналды. «Казпромбанк» АҚ Алматы сауда - қаржы банкіне қосылуы мемлекеттік тіркеуден өткізілді. Негізгі сома өтелді және 2000 жылы қазан айында шығарылған атаулы купондық облигациялар бойынша 5 000 000 USD сыйақылар төленді. Raiffeisen Zentralbank және Deutsche Bank ұйымдастырушы болған 20 000 000 USD сомасында синдикатталған қарыз тартылды. 400 млн. теңге сомасында банктің алтыншы эмиссиялы артықшылықтарға ие акцияларының табысты орналастырылуы. Қоғам түрінің өзгеруі: Банк «Алматы сауда - қаржы банкі» ашық акционерлік қоғамына айналды. Бірінші рет шығарылған 5 000 000 USD сомасындағы атаулы купондық облигациялардың табысты орналастырылуы. VISA-International халықаралық төлеу жүйесінің төлем карталары және өз логотипі басылған Altyn жергілікті карталары шығарыла бастады. Банкте есепшот ашпай-ақ жеке тұлғалардың тапсырмасымен әлемнің 170 елінде Western Union компаниясымен серіктес бола отырып, жедел ақша аудармаларын жүзеге асыру басталды. Өз логотипі басылған VISA-Classic, VISA-Gold и VISA-Business халықаралық төлем карталарын шығару басталды. Алматы сауда - қаржы банкі Германия мен Қазақстан арасындағы Үкіметаралық қаржылық ынтымақтастық шеңберінде Германия несие желісінің Қаржы операторы ретінде бекітілді. Қазақстанда алғаш рет өз логотипі басылған 10 және 20 г. салмақтағы алтын кесектерді өткізу басталды. ҚР Ұлттық банкі Алматы сауда - қаржы банкін халықаралық стандарттар бойынша жұмыс істейтін банктердің бірінші тобына енгізді. Алматы сауда - қаржы банкі Visa EuroCard/MasterCard, Diners Club, JCB, American Express төлем карталарымен жұмыс жасай бастады. «Алматы сауда - қаржы банкі» ЖАҚ Қазақстанның банкілік заңнамасында қарастырылған теңге және шетел валютасында операциялар өткізуге №59 ҚР ҰБ Бас лицензиясына ие болды. Маусым 1995 Ұлттық банк «Алматы сауда - қаражаттық банкі» ЖАҚ тіркеуге алды. Директорлар кеңесі АТФ Банк қызметіне жалпы жетекшілікті жүзеге асырады және 6 адамнан тұрады. "Директорлар кеңесі төрағасының орынбасары:" Карло Вивальди "Директорлар кеңесінің мүшелері:" Стефан Винкельмайер, Ромео Коллина "Тәуелсіз директорлар:" Роберто Тимо, Альберто Роззети Басшылық «АТФ Банк» АҚ Басқармасы оперативті басқаруды жүзеге асырады және АТФ Банктің стратегиялық жоспарларын орындайды, 6 адамнан тұрады: Александр Пикер, Фон Гляйх Кристоф Александер Ханс-Юрген, Сеитова Мухаббат Болатовна, Армин Хубер, Якупбаев Рустам Куатович, Иван Радойчич. Серіктестер. «Қазақстандық ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры» Қор 2003 жылы 10 қарашада Алматы қаласы Әділет басқармасымен тіркеуге алынған, куәлік № 59028-1910-АҚ. Қор құрылтайшысы ҚР Ұлттық Банкі төлеген жарғылық капитал 500 000 000 теңгені құрайды. Қазақстан Республикасының президенті 2004 жылы 11 маусымдағы №1388 қаулысымен бекітілген 2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында Тұрғын үй құрылысын дамыту мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында Қорды капиталдандырудың І кезеңі шеңберінде Қазақстан Республикасының Қаржы министірлігі 1 500 000 000 теңге сомасында Қордың 150 000 қарапайым акциясына ие болды. Жарғыға сәйкес Қор ипотекалық несиелеумен байланысты несие берушілер шығындарының бір бөлігіне кепілдік беру бойынша қызметті жүзеге асыратын, ұйымдық-құқықтық түрде акционерлік қоғам ретінде құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады. Ипотекалық несиелерді кепілдендіргені үшін Қорға берілетін сыйақылар және кірістер толығымен Қордың резервтегі капиталына аударылады. Қор негізгі міндеттері ипотекалық тұрғын-үй қарызын алғысы келетін азаматтардың әртүрлі категорияларына қолайлы шарттар қамтамасыз ету, несие мерзімдерін ұзарту, пайыздық мөлшерлемесі мен алғашқы жарна мөлшерін төмендету арқылы ипотекалық несиеге қол жетімділікті жоғарылату. Қор қызметінің басты бағыты қарыз алушы ипотекалық тұрғын-үй қарызы келісім-шарты бойынша өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда ипотекалық несиелерді кепілдендіру (сақтандыру) есебінен несие берушілердің қаржылық тәуекелдерін төмендету мақсатында елімізде ипотекалық несие беру жүйесін қалыптастыру, дамыту және жетілдіру. Сақтандыру қызметтері нарығының Қазақстанда қалыптасып келе жатқан қатаң бәсекелі ортасы жағдайында Қор тұрақты және сенімді қаржы институты сияқты айқын мақсатта және нәтижелі дамуда. Ипотекалық несиелерді кепілдендіру жүйесіне екінші деңгейлі және Қазақстан Республикасының компанияларының 20 банкі қатысушы болып табылады. Біздің серіктестеріміз жылжымайтын мүлікті несиелеуде өз қаржы тәуекелдерін қысқартуға арналған қор кепілдіктерін табысты қолданып жатыр. «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ (2000 жылы желтоқсанда құрылған) ипотекалық несиелердің туынды нарық операторы және тұрғындарға ұзақ мерзімді ипотекалық несиелер беретін кредиторларды қайта қаржыландыруды жүзеге асырады. Компания ақша нарығына ұзақ мерзімді қаржы тартуды жүзеге асырады және бұл ақшаны банктерден тұрғындарға тұрғын үй сатып алуға, жөндеу немесе құрылыс салуға берілген ипотекалық несиелер бойынша талап ету құқықтарын сатып алуға бағыттайды. 2001 жылы 3 шілдеде «АТФ Банк» АҚ және «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ арасында жеке тұлғаларды тұрғын үй сатып алуға, жөндеу немесе құрылыс салуға несиелеу саласындағы өзара ынтымақтастық туралы Негізгі келісімге қол қойылды. Келісімге сәйкес АТФ Банк тұрғындарға ұлттық валюта 20 жылға дейінгі мерзімде ипотекалық тұрғын үй несиелерін береді және кейіннен Қазақстандық ипотекалық компанияға шегінім жасайды. БНБ – мынау ұйым, қарыз алушылардың барлық несие транзакциялары туралы мәліметтер, сонымен қатар оның несиеге қабілеттілігін сипаттайтын басқа да ақпараттар шоғырланатын және сақталатын ұйым. Несие бюросының басты жұмыс қағидаты жүйе қатысушылары арасында ақпаратпен тең дәрежеде алмасу болып табылады. Басқаша айтқанда, кез-келген жүйе қатысушысы өзі қанша ақпарат тапсырса, басқа қатысушылардан сонша ақпарат алуына мүмкіндігі бар. Несиелік есеп беру – бұл есеп беру субъектісі тиісті несие беруші алдында өз міндеттемелерін қалай өтегендігін сипаттайтын өткен және ағымдағы несиелік транзакциялар туралы ақпарат, яғни субъектінің төлеу қабілеті, сенімділік және төлеу тәртібі туралы ақпарат. "Несиелік есеп беруде қандай ақпарат қамтылады?" Ең алдымен, сізге несиелік есеп беруде қандай болмасын жеке ақпарат ҚАМТЫЛМАЙТЫНДЫҒЫН білу қажет. Мұнда сіздің ағымдағы және өткен қаржылық міндеттемелеріңізге қатысы жоқ қандай да болмасын ақпарат орын алмайды. Сіздің несие бюросындағы несие тарихыңыздың болуы Сізге не береді? •несие бойынша шешім қабылдау уақытының қысқаруы; •шағын және орта бизнес кәсіпорындарының дамуына жағдай жасау. "Ақпарат (жағымды және/немесе жағымсыз) мәліметтер базасында қанша уақыт сақталады?" Несие бюросына тапсырылған кез-келген ақпарат 10 жылға дейін сақталады. Несие бюросы сақталынған ақпараттың жағымды немесе жағымсыз екендігін анықтамайды. Несиелік есептеулерді алушылар өз мақсаттары мен міндетеріне негізделе отырып, алынған ақпараттарды өздері бағалайды. Allianz – әлем бойынша жетекші сақтандыру компанияларының және қаржылық қызметпен жабдықтаушылардың бірі. Компания 1890 жылы Мюнхенде (Германия) құрылған болатын. Allianz бренді біртұтастық, қаржылық қуат және клиенттерге жоғары сапалы қызмет көрсету белгісі. Allianz барлық ірі және көптеген дамушы нарықтарда жұмыс жасауда. «Кез-келген бизнес жергілікті» қағидатына сүйене отырып, Allianz қызметті кеңейту және дамыту жауапкершілігін жергілікті компанияларға жүктейді. Бұл тек қана табысты бизнес-стратегия емес, сонымен қатар клиенттермен жұмыс тұрғысынан барынша нәтижелі әдіс. Еншілес компаниялардың әлімдік желісін табысты кеңейту Allianz-қа әлем бойынша 117 300 қызметкері бар көп ұлтты кәсіпорынға айналуға мүмкіндік берді. Бүгінде сақтандыру сыйақыларының жартысына жуығы Allianz-қа әлемнің 77 елінде ашылған өкілдіктер және еншілес кәсіпорындар қызметі есебінен. Allianz әрқашан уәдесін орындай отырып, 100 жылдан аса табысты қызметін жүзеге асырып келеді. Компания клиенттері Allianz ең тартымды және пайдалы қаржы өнімдерін ұсынатынын біледі. Allianz – тек қана бәсекеге қабілетті емес, сонымен қатар топтың қаржылық қуатымен бекітілген, үнемі кеңейтіліп отыратын өнімдер. Компания бірқатар ең ірі халықаралық тәуелсіз агенттіктермен бағаланған – Standard & Poor’s, Moody’s, A.M. Best. Нақ сондықтан әлемнің 70-тен астам елінде 60 миллионнан астам клиенттер Allianz-қа сенім білдіреді. - жеке тұлғаларды сақтандыруға арналған комплексті бағдарламалар - активтер және банктің мүлік мүдделерін сақтандыру қорғанысы - шетелге шығушы азаматтарды ерікті дәрігерлік сақтандыру (туристерді сақтандыру) - құрылысқа үлескерлік қатысу келісім-шарты бойынша салушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін ерікті түрде сақтандыру - келісім-шарт бойынша азаматтық жауапкершілікті сақтандыру - еңбек міндеттерін орындау барысында қызметкер өмірі және денсаулығына зиян келтірілгені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мүндетті түрде сақтандыру «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры 1997 жылы құрылған. 2006 жылдың мамырынан бастап Қор акционері «ФУР Казына» АҚ болып табылады. Қордың негізгі міндеті – шағын және орта кәсіпкерліктің, сонымен қатар Қазақстанның микроқаржылық ұйымдарының сапалы дамуына жәрдемдесу. • мәжбүрлі ликвидацияланатын банк салымшыларына кепілдік төлем төлеу; • депозиттерді міндетті түрде кепілдендіру жүйесіне банктер тізімін жүргізу; • кепілдемелік төлем төлеуге арналған арнайы ақша резервін қалыптастырады; • қатысушы-банктен барлық банкілік операциялар өткізуге лицензиясын алып қою немесе консервациялау кезінде тағайындалатын уақытша әкімшілік құрамына, сонымен қатар ликвидациялық комиссия және мәжбүрлі ликвидацияланатын қатысушы-банктің несие берушілер комитетіне. «АТФ Банк» АҚ Қазақстан Республикасы жеке тұлғаларының депозиттерін міндетті ұжымдық кепілдендіру (қамсыздандыру) жүйесінің қатысушысы болып табылады. Қатысушы куәлігі №004. Еншілес ұйымдар. «АТФ Финанс» АҚ – «АТФ Банк» АҚ 100% еншілес ұйымы 2006 жылы қарашада құрылды. Компания мақсаты " Алматы қаласындағы аймақтық қаржы орталығы туралы " (ААҚО) ҚР заңына сәйкес құнды қағаздар нарығында қызмет жасау. Компанияның басты міндеті сапалы қаржылық қызмет көрсетуде клиенттер қажеттіліктерін барынша толық қанағаттандыру, олардың өндіріс-қаржылық қызметін дамыту және оптимизациялауда, өзара тиімді әрі ұзақмерзімді ынтымақтастықты нығайтуда көмек көрсету. Компания құнды қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды қадағалау және реттеу агенттігімен берілген №0401201652, №0403200900 лицензияға ие. Бұл лицензияға сәйкес, «АТФ Финанс» АҚ құнды қағаздар нарығында номиналды ұстаушы ретінде есепшот жүргізу құқығын қоса алғанда делдалдық және дилерлік қызметті жүзеге асыруға, сонымен қатар инвестициялық портфельді басқаруға құқылы. - қаржы құралдарымен операциялар: құнды қағаздар, ақша нарығы құралдары, туынды құралдар, құрылымдық ноталар және т.б.; - клиенттің құнды қағаздарын дербес немесе эмиссиялық консорциум құрамында шығару және орналастыру бойынша қызмет көрсету; - «Қазақстандық қор биржасы» АҚ сауда жүйесінде құнды қағаздарға деген екіжақты баға белгілеуді қамтамасыз ету бойынша маркет-мейкер қызметтері; - сараптамалық қызмет, құнды қағаздар, эмитенттер, сауда нәтижелері туралы және құнды қағаздар нарығы туралы жалпы хабар беру, сонымен қатар құнды қағаздар нарығындағы жағдай туралы жүйелі сараптамалық шолулармен қамтамасыз және Клиент тапсырысына сәйкес арнайы есеп берулерді дайындау; - Құнды қағаздар нарығындағы қызмет мәселелері бойынша консалтинг. - арнайы инвестициялық портфель қалыптастыру бойынша кеңес беру (акциялар, облигациялар, жылжымайтын мүлік, қымбат металдар, өнер туындылары және т.б.); - капиталды орналастыру және пайдалану мәселелері бойынша кеңес беру; - сонымен қатар Клиент тапсырысына сәйкес басқа да қызмет көрсетулер. Компанияның мамандандырылған персоналы қаржы нарығында қаражат орналастыру мүмкіншіліктері туралы жеткілікті ақпарат береді және клиенттердің тілектері мен қажеттіліктерін ескере отырып, дара инвестициялық бағдарлама жасайды. Қолдағы ақшаны тасымалдауға қатысты өз тәуекелдерін төмендетуге арналған банкілік операцияларды жүзеге асыратын банктер мен ұйымдардың қызметтерін өркениетті түрде пайдаланғысы келетін потенциалды клиенттердің өсімін есепке ала отырып, «АТФ Банк» АҚ 2007 жылы екінші деңгейлі банктерге, әртүрлі меншік түрлері ұйымдарына, сонымен қатар жеке тұлғаларға банкноталар, тиындар және құндылықтарды инкассациялау бойынша қызмет көрсетуші «АТФ Инкассация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құрды. - ақша түсімі бар сөмкелерді инкассациялау және банкіге жеткізу; - екінші деңгейлі банктердің операциялық кассаларына; - екінші деңгейлі банктердің облыстық филиалдарына көмек жеткізу; - Қазақстан бойынша қолдағы ақшаны заңды тұлғалар бөлімшелеріне жеткізу; ««Отан» ашық жинақ зейнетақы қоры» АҚ Қазақстан - ТМД елдері арасында халықты әлеуметтік қамтамасыз ету реформасын бірінші болып іске асырды. Бүгінде біз 1998 жылы «Қазақстан Республикасындағы зейнетақылық қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңын енгізуден бастау алған зейнетақылық реформа өзінің өзектілігін және сенімділігін көрсетіп, нақты нәтижелерге қол жеткізгенін байқай аламыз. Егер қалыптасу кезеңінде ол бірсыпыра қиындықтарға тап болса, қазір жинақ зейнетақылық жүйе - ең алдымен салымшы пайдасына жұмыс істейтін жөнделген механизм. ««Отан» АЖЗҚ» АҚ еліміздің зейнетақы нарығында жетінші жыл табысты жұмыс істеп келеді және бұл уақыт ішінде – өзін тұрақты және сенімді Қор ретінде көрсетті. Қор қызметінің негізгі ұстанымдары ашықтық, мөлдірлік және профессионализм болып табылады. - акционерлердің берік құрамы – Қор тұрақтылығы және сенімділігінің кепілі; - қаржылық тұрақтылық нормаларының тұрақты орындалуы; - зейнетақылық қорлардың тұрақты өспелі табыстылығы; - қызмет басынан жоғары даму динамикасы; - қызметтердің тегін және сапалы көрсетілуі; - Қазақстанның барлық облыстарында қалыптасқан аймақтық желі. Банк жарнашылардың жалпы жиналысы шешімімен құрылған (протокол №1 09.03.1989), және 1989 жылы 20 қыркүйекте Омск кооперативті «Сибирь» банкі атауымен КСРО мемлекеттік банкімен тіркеуге алынды (тіркеу нөмір 170). Қатысушылардың жалпы жиналысы шешімімен (протокол №2 09.11.1994) Банктің ұйымдық-құқықтық түрі (Омск кооперативті «Сибирь» банкі) жауапкершілігі шектеулі серіктестік ретінде анықталған. Банкі қатысушыларының жалпы жиналысы шешімі бойынша (протокол №1 24.04.1998) Банктің құрылтай құжаттарын «Жауапкершілігі шектеулі қоғамдар туралы» 08.02.1998 мерзіміндегі №14-ФЗ Федералдық Заңға сәйкестендіру үшін жарғының жаңа редакциясы қабылданды. Банк атауы Жауапкершілігі шектеулі қоғам Омск коммерциялық «Сибирь» банкі ретінде анықталды. Қатысушылардың жалпы жиналысы шешімімен (протокол №9 03.07.2001) Банк Омск коммерциялық «Сибирь» банкі Жауапкершілігі шектеулі қоғамнан Омск коммерциялық «Сибирь» банкі Жабық акционерлік қоғамы болып қайта құрылды. 2005 жылы 11 қарашада ОКБ «Сибирь» ЖАҚ-тың жалғыз акционері «АТФ Банк» Акционерлік қоғамы болды (Қазақстан Республикасы). 2006 жылы 22 қыркүйекте ОКБ «Сибирь» ЖАҚ Жарғысында банк атауын ауыстырумен байланысты өзгертулер енгізілді. Осы уақыттан бастап Банктің фирмалық (толық ресми) атауы – «Банк Сибирь» Жабық акционерлік қоғамы. - жеке және заңды тұлғалардың қаражаттарын салымдарға тарту (талап етуге дейін және белгілі бір мезгілге); - тартылған қаражаттарды өз атынан және өз есебінен орналастыру; - жеке және заңды тұлғаларға банкілік шоттарды ашу және жүргізу; - жеке және заңды тұлғалардың, соның ішінде корреспондент-банктердің тапсырмасы бойынша олардың банкілік шоттарымен есеп-қисаптарды жүзеге асыру; - ақша қаражаты, вексель, төлем және есеп айырысу құжаттарын инкассациялау және жеке және заңды тұлғаларға кассалық қызмет көрсету; - жеке тұлғалардың тапсырмасы бойынша банктік шот ашпай-ақ ақша аудармаларын жүзеге асыру (пошталық аудармаларды есепке алмағанда); - ақшалай түрдегі міндеттемелерді атқаратын үшінші тұлғалар үшін кепілдіктер беру; - ақшалай түрдегі міндеттемелерді атқаратын үшінші тұлғалардан талап ету құқықтарына ие болу; - жеке және заңды тұлғалармен жасалатын келісім-шарт негізінде ақша қаражаты және басқа мүлікпен сенімді басқаруды жүзеге асыру; - кеңес беру және ақпараттық қызметтер көрсету; - төлем құжаты қызметін атқаратын, салымдар және банкілік шоттарға ақша қаражатының тартылуын растайтын, басқа да құнды қағаздар шығару, сатып алу, сату, есеп, сақтау және федералды заңдарға сәйкес арнайы лицензия алуды талап етпейтін басқа да операцияларды жүзеге асыру; - жеке және заңды тұлғаларды қауырт, ақылы, қайтарылатын және қамсыздандырылған негізде несиелеу; - федералды заңдарға сәйкес құнды қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыру; Баймухамбетов Кадырхан Адилханович – Басқарма Төрағасы Саброва Людмила Владимировна – Бас бухгалтер - Баймухамбетов Кадырхан Адилханович – Басқарма Төрағасы - Вандышев Андрей Юрьевич – Банк Басқарма Төрағасының Орынбасары - Гаврилов Андрей Владимирович - Басқарушы директор - Кошкимбаев Сулеймен Сапарович - Басқарушы директор - Метлина Елена Валерьевна – Басқарушы директор - Фон Гляйх Кристоф Александер Ханс-Юрген «АТФ Банк-Қырғызстан» ААҚ ашық акционерлік қоғаммен болып табылады және Қырғыз Республикасында 1992 жылы 7 мамырдан бастап өз қызметін жүзеге асырып келеді. Алғашында Банк Қырғыз кәсіпкерлікке жәрдемдесу коммерциялық банкі «Кыргызмелбизнесбанк» аталды. Құрылтайшылар құрамы өзгергеннен кейін Банк «Кыргызэнергобанк» Энергетикалық Секторды Қырғыз коммерциялық Банкі аталып, басты мақсаты Қырғыз Республикасының энергетикалық секторын қайта құру және дамытуға жәрдемдесу болды. 2001 жылы маусымда Банк қайта тіркеуден өтіп, «Энергобанк» ААҚ болып жаңадан аталды. 2004 жылы «Энергобанк» ААҚ акционерлері құрамына «АТФ Банк» АҚ кірді. 2006 жыл 20 қазанда «Энергобанк» ААҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында Банк атауын «АТФ Банк-Қырғызстан» ААҚ етіп өзгерту туралы шешім қабылданды. 2006 жылы 14 желтоқсанда «АТФ Банк-Қырғызстан» ААҚ Қырғыз Республикасының Әділет министрлігінде қайта тіркеуден өтті (тіркеу № 870-3300-АО (ИУ)). ОКПО коды 20030380. Бүгінде «АТФ Банк» АҚ акцияларының мажоритарлық пакетін Кредитанштальт Австрия Банкі (ВА-СА), ЮниКредит (UniCredit Group) бөлімшесі иемденгеннен кейін Банк автоматты түрде ЮниКредит Групп топ мүшесі статусына ие болды. «АТФ Банк-Қырғызстан» ААҚ Қырғыз Республикасының әмбебаб коммерциялық банкі және Қырғызстан банк жүйесі көшбасшыларының бірі. 17 жыл жұмыс барысында банк өз клиенттері мен акционерлерінің мүдделерін ескеретін сенімді серіктес абыройына ие болды. - активтер бойынша екінші орын, нарық үлесі 10,8%; - несиелік портфель көлемі бойынша – бірінші орын, нарық үлесі 18,6%; - жиынтық капитал бойынша – үшінші орын, нарық үлесі 9,5%. 01.01.2009 жылға қарай қаржылық көрсеткіштер бойынша Банктің таза табысы 2003 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 12,5 есеге артық, бұған себеп несие портфелінің 22 есеге және клиентік базаның 3,5 есеге өсуі. Жоғарыда көрсетілген қаржылық нәтижелер Банктің тұрақты және динамикалық дамуын сипаттайды. 2. Қарыз алушымен келісілген шарттар негізінде өз атынан меншікті немесе тартылған қаражаттарды орналастыру; 3. Азаматтар және заңды тұлғаларға шоттар ашу және жүргізу; 4. Өз бетімен корреспонденттік қатынастар орнату; 5. Клиенттердің тапсырмасымен есеп-қисаптарды 5. жүзеге асыру және банкілердің - тілшілердің және олардың касса қызмет етуі; 6. несиелік және төлем карточкаларын қоса алғанда төлем құжаттарын (чектер, аккредитивтер, вексель және басқа құжаттар) шығару, сатып алу, ақы төлеу, қабылдау, 7. Қарыз міндеттемелерін сатып алу және сату (факторинг) мен қарапайым және аударма вексельдерді есепке алу (форфейтинг); 8. Қарыздық құнды қағаздар беру (депозиттық сертификаттар, облигациялар, қарапайым вексельдер); 10. Қолдағы және қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу және сату; 11. Туынды қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асыру (дериватив). "2011 жылға дейінгі «АТФ Банк-Қырғызстан» ААҚ стратегиялық мақсаттары:" 1. 11,5% аса нарықтық үлеспен Қырғызстанның ең ірі банкі позицияларын сақтау; 2. Операциялар табыстылығының жоғары дәрежесін сақтау (ROE –12,6 % аса, ROA – 3,2 % аса); 4. Халықаралық қаржы институттарымен қарым-қатынастарды белсенді түрде дамыту. «АТФ Банк-Қырғызстан» ААҚ халықаралық стандарттарға сай жоғары дәрежедегі банкілік қызметтердің кең спектрін ұсынады. Банктің табысты жұмысының критерийлері – өспелі қаржылық көрсеткіштер, активтер көлемі, заманауи банкілік технологиялардың болуы, өнімдер мен қызметтердің тұрақты түрде жаңартылуы, үйлесімді басқару жүйесі, филиалдық желі жұмысының тиімділігі, сонымен қатар клиентік базаның толассыз артуы. Ең жаңа банкілік технологияларды қолдану, бәсеке қабілетті тарифтер енгізу арқылы жекелеген қарым-қатынас және Клиенттерге қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Жоғары мамандандырылған қызметкерлер сенімділік және өтемпаздық талаптарына жауап беретін әртүрлі қаржы құралдарына банк қаражатын пайдалы және қауіпсіз инвестицялауды қамтамасыз етеді. Бүгінде Қырғызстанның ірі қалаларында Банк өкілдіктері жұмыс істейді: Бішкек, Ош, Жалалабат, Қаракөл, Балыкчи, Талас, Карабалта, Токмок, Чолпоната, Нарын. Басқарма Төрағасы - Капышев Бейбут Сапаргалиевич, Басқарма Төрағасының Бірінші Орынбасары – Калимова Алия Толюгеновна орынбасары, Басқарушы директор, Басқарма мүшесі – Ким Александр Дмитрийұлы, Басқарушы директор, Басқарма мүшесі – Майкенов Ерлан Турсынович, Басқарушы директор, Басқарма мүшесі – Дыйканов Рустам Анатаевич, Басқарушы директор, Басқарма мүшесі – Курманбеков Бакыт Джанышбекович, Бас бухгалтер – Дюлькеева Ирина Анатольевна. Қазақстан банктері Ту-95. Туполев Ту-95 () (НАТО-дағы лақап аты: Bear («Аю»)) — үлкен, төрт турбовинтті қозғалтқышты стратегиялық бомбылауыш-ұшақ және зымыран ұшырғышы. Ке­дендік одақ. Ке­дендік одақ - екі немесе бірнеше мем­лекеттердің өз араларындағы кедендік шекараларды жою және бірыңғай кедендік тариф құру жөніндегі келісімі. Тарихи деректер. Тарихи деректерге сәйкес, ке­ден­дік одақ 19 ғасырда орныға бас­таған. Франция мен Монако ара­сындағы (1865 ж.), Швейцария мен Лихтенштейн Князьдігі ара­сындағы (1924 ж.) одақ олардың алғашқылары болып табылады. Біздің кезеңімізге жақын уақытта Еуропалық экономикалық одақ (1957 ж.) - Еуропалық одақ (1993 ж.) және Еуропалық еркін сауда ассоциациясы (1962 ж.) құрылған. Ке­ңес Одағы дәуірінде социа­лис­тік мемлекеттер арасында Эко­номикалық Өзара Көмек Кеңесі (СЕВ) аясында кедендік мәсе­ле­лер бойынша бірнеше келісімдер жа­салған. Кейбір ақпараттық агенттіктердің мәліметі бойынша, әлемде 30-дан астам түрлі си­паттағы интеграциялық бір­лес­тіктер бар көрінеді. Ресей, Қазақстан және Белорусия арасындағы КО. 2010 жылдың 1 қаң­та­ры­нан бастап үш ел - Ресей, Бе­ло­русия Қазақстан үшін бір­ыңғай кедендік тариф күшіне ен­ді. 2011 жылдың 1 шілдесінен бас­тап бірыңғай кедендік кодекс ен­гізілетін болады. 2011 жыл­дың ортасынан бастап тауа­р­лар­дың кедендік бақылауы Беларусь Рес­публикасының, ал бір жылдан ке­йін Қазақстан Респуб­ли­ка­сының сыртқы шекарасына кө­ші­рілетін болады. Үкіметтегі білікті мамандар: «То­­лыққанды және толық ауқым­дағы Кедендік 2011 жылдан бас­тап енгізіледі және Ресей мен Қа­­зақстан шекарасындағы барлық рәсімдеу шаралары шекараның сыртқы жиегіне шығарылады, оның ішінде барлық тарифтік жә­не тарифтік емес: санитарлық, ветеринарлық, фитосанитарлық реттеулер бар. Бұлардың барлығы 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап өз­гертіледі» деп атап көрсетті. Одаққа бірігудің негізгі мәні одақ­қа мүше мемлекеттер ішін­де­гі кедендік тосқауылдардың бол­мауында және кез келген сыртқы та­уарға, оның қай елге тасы­мал­данатынына және ортақ ше­карадан қай жерде өткеніне қара­мастан бірыңғай кедендік та­­лапты қалыптасуында. Ке­ле­шекте біртұтас көліктік, энер­гетикалық, ақпараттық ке­ңістік құрылуы тиіс, интег­ра­циялық процестер жеделдетіледі, то­лыққанды жалпы рынок қа­лыптасады, ұлттық экономикалар біртұтас кешенге бірігеді. Елдер әлеу­меттік-экономикалық да­мудың ортақ мақсаттарына ке­ліседі, уағдаласқан құрылымдық, ин­новациялық, сыртқы эко­но­микалық және әлеуметтік сая­сат­ты қалыптастырады. Қарамақайшылықтар. Кедендік одаққа қатысудан Ре­сей, Қазақстан және Бе­ло­руссия қандай дивидендтер ала­тын­дығы заңды сұрақ. Қазақстанда, әсіресе Белорусияда бұл КО-тан ұтыламыз деген дауыс толассыз естілуде. Олай деуге негіз бар: жаңа Одақтың заңнамалық негізі кем деген де 90% Ресей Кеден заңына негізделген, сондықтан шикізатқа негізделген экономикалы Қазақстан үшін тек Қазақ ірі шикізат өндіруші компанияларға бұл Одақ пайдалы болғанымен, қалың қазақтар үшін 3-ші елден (Қытайдан) келетін арзан тұрмыстық заттар қол жетімсіз болып қымбаттайды деген сөз. Осылайша Өмір деңгейі де кем деген де 10-20% нашарлайды, ал аяқтарына толық тұрып үлгермеген қазақ биснесі үшін де бұл Одақ өте қауіпті. Лех Качиньски. Лех Алекса́ндр Качи́ньский (; Маусымның 18, 1949, Варшава, Польша — Сәуірдің 10, 2010, Смоленск облысы, Ресей) - поляк заңгері және саясаткері, Варшаваның мэры (2002-2005), "Құқық және Әдiлдiк" партиясы жетекшiлерiнiң бiрлерi. 2005 жылдың қазанында Польшаның президенті болып сайланды, 23 желтоқсанда республиканың президентi қызметiне кiрістi. Өмірден озуы. Лех Качиньский бастаған делегация,1940 жылы Катынь орманында НКВД-ның қолынан мыңдаған поляктың қаза болғанына 70 жыл толуына орай, Ресейдің Смоленск аймағындағы Катынь құрбандарын еске алу кешеніне марқұм отандастарының рухына тағзым ету үшін ұшып бара жатқан болатын. Жыл сайын өткізілетін дәстүрлі шара биыл сәуірдің 10-да өтеді деп жоспарланған-ды.Ресейдің Смоленск облысында 2010 жылының 10 сәуiрінде әуе апатында қаза тапты. Польша Президенті. Польша Республикасының Президенті (пол. "Prezydent Rzeczypospolitej Polskiej") Пoльшa Республикасының ең лауазымды тұлғасы. Президент бес жылға сайланып, екінші рет сайлануға құқысы жоқ. Еуропалық одақ. Еуропалық одақ (Еуроодақ, ЕО) - Еуропаның "Еуропалық Одақ туралы келiсiм шарты"на қол қойған 27 мемлекетің экономикалық және саяси бірлестігі. Еуропалық одақ (ЕО) – халықаралық саяси және экономикалық бірлестік. Еуропа территориясында орналасқан Германия, Франция, Италия, Бельгия, Нидерланд, Люксембург, Ұлыбритания, Дания, Ирландия, Грекия, Испания, Португалия, Австрия, Финляндия, Швеция сияқты елдердің (1993) қатысуымен құрылған. Кейіннен бұл Одаққа – Польша, Венгрия, Чехия, Словакия, Словения, Хорватия, Эстония, Латвия, Литва елдері мүше болды. Еуропалық одақ аясындағы интеграциялық ынтымақтастықтың басты мақсаттары Бірегей еуропалық актіде (1987), Маастрихт келісімшартында (1992) және Амстердам келісімінде (1997) көрсетіліп айқындалған. 1999 жылдың бірінші қаңтарынан бастап (алғашқы кезекте он бір мемлекет: Австрия, Бельгия, Германия, Ирландия, Испания, Италия, Люксембург, Нидерланд, Португалия, Финляндия, Франция) есеп айырысу операциялары үшін тепе-теңдік қасиеті бекіндірілген бірегей еуро (1996 жылға дейін ЭКЮ) валютасын енгізді. Еуропалық одақтың жалпы органдары қатарына Еуропалық комиссия, Еуропалық парламент, Еуропалық Одақтың Кеңесі, Еуропалық сот, Аудиторлар палатасы, т.б. жатады. Еуропалық Одақ әлемдегі ең ірі сауда қауымдастығы болып табылады. 1995 жылдың қаңтарында Еуропалық Одақ комиссиясының штаб-пәтері орналасқан Брюссель қаласында Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ және оның мүше мемлекеттерінің арасында серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Үкімет түрі. Мемлекеттiк басқаруды, мемлекеттiк билiк ұйымын, жоғарғы мемлекеттiк органдардың жүйесiн мiнездейдi. Үкімет түрін мемлекеттiк құрылымның формасы және мемлекеттiң саяси тәртiбiмен шатыстырмауы керек. Барлығы, бұл үш мiнездемелер бiр-бiрлерiн толықтырады және мемлекеттiң формаларын суреттейдi. Ресми тіл. Ресми тіл - мемлекеттегі немесе халықаралық ұйымдарда ерекше құқығы бар тіл. Ерназар Тоқсанбаев. Ерназар Тоқсанбаев (1992 жылы Алматы қаласында дүниеге келдi) – қазақ балуаны. Тараз еркiн күрес мектебiнiң түлегi. Өмірі. 1998 жылы отбасымызбен Алматыдан Тараз қаласына көшiп келдi. Осында бiлiм алып, ең алғаш мектеп табалдырығын аттадым. Еркiн күреспен 2002 жылдың көктемiнен берi айналысып келедi. Отбасымда үш ағайынды, үш ұлдың үлкенi. Әкесі Тоқсанбаев Берiк – еркiн күрестен спорт шеберi, қазiргi таңда жеке бапкерi. Iнiлерi – Амангелдi, Ернар жас болса да көптеген жарыстарда жүлдегер атанып, тiптi облыс жеңiмпазы дәрежесiне дейiн көтерiлгенi бар. Бала кезiнен әкесімен бiрге жаттығу залына барып жүрдi. Артынан сол жерде жаттығу жасап, осы спорт түрiн ұнатып кеттi. Жетістіктері. 2007 жылы республикалық жарыстарда жүлдегер болды. 2008 жылы жасөспiрiмдер арасында өткен Қазақстан бiрiншiлiгiнде жеңiмпаз атанды. Сол жылы Якутияда “Азия балалары-2008” ойындарында қола жүлдегер атанды. 2009 жылғы республикалық кадеттер арасындағы жарыстың алтын медалiне ие болды. Үндiстанның Пуна қаласында өткен Азия ойындарының қатысушысы. Дүниежүзілік банк. Дүниежүзлік банк (ДБ) - БҰҰ жүйесіндегі бірнеше халықаралық қаржы ұйымдарынан тұратын топ. Оған Дүниежүзілік қайта құру және даму банкі, Даму жөніндегі халықаралық ассоциация, Инвестициялық кепілдік бойынша халықаралық агенттік және Халықаралық каржы корпорациясы кіреді. ДБ-тың штаб-пәтері Вашингтон қаласында орналасқан. Банктың қызмет түрлеріне түрлі елдерде экономикалық реформаларды жүргізуге көмектесу, нарық бәсекелестігін дамыту, кәсіпорын және қаржы секторларын реформалау, әлеуметтік қорғау жүйесін орнықтыру, экономиканың әр түрлі салаларының жұмысын жақсарту, т.б. жатады. ДБ тобына кіретін институттардың ортақ мақсаты - қаржылық және кеңестік көмек беру арқылы БҰҰ-ның дамуы артта қалған елдерінің экономикалық және әлеуметтік жетілуіне жәрдемдесу. Биотехнология. Биотехнология ("bios" - тіршілік; "thechne"-өнер, шеберлік;"logos"-ғылым) - тірі ағзалар мен биологиялық үрдістерді өндірісте пайдалану; экономикалық құнды заттарды алу үшін ген және жасуша деңгейінде өзгертілген биологиялық объектілерді құрастыру технологиялары мен пайдалану жөніндегі ғылым және өндіріс саласы. Биотехнологияның негізгі объектісі - тірі жасушалар, атап айтқанда жануар, өсімдік текті жасушалар және микробтар немесе олардың биологиялық белсенді метаболиттері. Биотехнология тарихы. Алғаш рет «биотехнология» термині 1917 жылы Карл Эреки шошқаларды қантты қызылшасымен қоректендіру кезінде олардың өнімдерінің жоғарылауы жасалған жұмыстарының нәтижесінде берілген. Биотехнологияның пайда болуы мен даму тарихында ғылыми пән ретінде голланд ғалымы Е.Хаувинк 5 кезеңді ажыратты. ірімшік алғандағы спирттік және сүт қышқылды ашытуды қолдану. Сірке қышқылын және ферментативті өнімдерді алу. Биотехнология салалары. Биотехнология ғылыми пән және өндірістік технология есебінде тірі жасушаның биоөндіргіштік белсенділігін зерттеуге, сапалы өндірушілік қабілеті бар және әртүрлі салаларда: ауыл шаруашылығында; фармацевтикада; тағам өнеркәсібінде; биоэнергетикада; қоршаған орта ремедиациясында; биоэлектроникада; тағы басқаларда қолданылады. Ауыл шаруашылық биотехнология. Бұл бағыт өсімдік және мал шаруашылығын, ветеринарияны қамтиды. Есқалиев Әзидолла. Есқалиев Әзидолла - домбырашы. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының профессоры. Ол 1.1.1934 жылы Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы Құрманғазы ауылында туды. Әзидолланың әкесі Есқали мен ағасы Әліпті халық «Өнердің шежіресі» деп атаған. Есқали әке бүкіл Батыс Қазақстан аймағына аты өрлеп шыққан Құрманғазының шәкірті, ізбасары Дина Кенжеқызы Нұрпейісованы әдейі шақыртып, бір апта үйіне қонақ қылып, оның орындауында талай сар қаймақ, өршінді күйлер – Құрманғазының «Төремұратын», «Қызыл қайыңын», Дәулеткерейдің «Топан», Наушанның «Байжұмасын», өзінің «Әсем қоңырын», «Бұл-бұл» күйлерін тыңдайды. Ара-арасында Әзидолланы сынап, ақыл кеңестерін берді. Әзидолланың алғашқы өнерге үйреткен ұстазы Дина болатын. Ол 1953 жылдың шілде айында Алматы мемлекеттік консервтаориясының халық аспаптар факультетіне құжаттарын тапсырды. Емтиханды профессор, академик Ахмет Жұбановтың өзі қабылдады Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. 1960 жылы Қазақконцерттің солист-домбырашысы болып жұмыс істейді.Оның дарынды домбырашылығы Құрманғазы атындағы оркестрде айқара ашылды. Үздік өнері, орындаушылық дархан шеберлігі қалың қауымның көңілінен шықты. Әзидолла Есқалиев деген есім қазақтың байтақ даласына танымал домбырашыға айналды. Бұл жылдарда ол өзінің қарқынды, сәнді өнерімен тек қана байтақ Қазақстан жұртшылығын сусындатып, тамсандырып қана қоймай, Германия, Франция, Чехославакия, АҚШ, Алжир, Қытай, Монғолия тағы да басқа көптеген шет мемлекеттердің сахна төрінде қазақтың күй өнерінің құдыретін жая түсті. Қазақ дейтін өнерлі ұлт, Қазақстан атты ел бар екендігін әлемге паш етті. Ә. Есқалиев орындаушылық шеберлігі жоғары; танымал концерттік орындаушы. Ә. Есқалиевтің орындауындағы музыкалық шығармалар радио мен теледидардан тұрақты беріліп тұрады. 17 күйтабағы шығарылған, олар Қазақстанның алтын қорына енген. Ә Есқалиев талантты педагог, қазақтың ұлттық музыкалық дәстүрін жетік біледі. Оның ғылыми педагогикалық қызметі домбыралық орындау шеберлігі мәселелерін, домбырада күй орындаудың жүйеленген қағидаларын қамтиды. Ә. Есқалиев көптеген өнер ұжымдары мен солистер орындайтын күйлердің авторы.Әзекең 1962 жылдан бері Құрманғазы атындағы консерваторияда ұстаз, 1998 жылдан бастап профессор. Ол көптеген шәкірттер тәрбиеледі, өнер жолына жолдама берді. Қ.Ахмедияр, А.Жайымов, А.Үлкенбаева, Қ.Қожабаев, У.Ғұбайдуллин сынды шәкірттері әлемге белгілі өнер тарландары. Әзидолла Есқалиевтың музыка өнеріндегі өнегелі, жемісті еңбегі 1993 жылы ҚР еңбек сіңірген әртісі, ал 1990 жылы ҚР халық әртісі атағымен аталып, «Озық еңбегі үшін», «Аса үздік еңбегі үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін», «Аса үздік еңбегі үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін» медальдармен марапатталды, Атырау және Исатай аудандарының құрметті азаматы атанды «Аман бол, шешем, аман бол»- Құрманғазының күйі, орынд. Ә. Есқалиев. Есқалиева Нағима. Есқалиева Нағима (1954 жылы Алматы облысында туған) - эстрадалық әнші. Қазақстанның еңбегі сіңген әртісі. thumb Нағима 3.2.1954 жылы Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Фабричный кентінде жұмысшы отбасында туды. Оның ата тегінің қонысы Ақтөбе облысы. Әкесі – Қабыл, анасы – Асыл қарапайым отбасы. Ол бала кезінен актриса болуды армандады. Қазақстанның қазіргі көптеген эстрада жұлдыздары эстрада цирк студиясында (бұл қазіргі күні Жүсіпбек Елебеков атындағы колледж) қанаттанды. Соның бірі – Нағима Қабылқызы Есқалиева. Оның ұстазы Қазақстанның әйгілі өнерпазы – Лаки Кесоглу.Ол бұл студияны 1973 жылы тәмамдады.Алматы музыкалық училищесін (хорға дирижерлік жасау бөлімін) бітірген. Есқалиеваның есімі 1979 жылы “Әнмен өрнектелген өмір” Бүкілодақтық жас әншілер сайысынан соң эстрадалық музыканы сүюшілер арасында белгілі бола бастады.Жастардың «Алло, мы ищем таланты!» сайысында дипломант атанды. Оның осы сайыста өнер көрсетуі үлкен табыспен өтті.1977 жылы П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесін бітірді. Осы жылдан бастап «Қазақконцерт» бірлестігінде екі жыл бойы әншілік жолда болды да, 1978 – 83 жылдарын «Гүлдер» ансамблінің әншісі. 1979 жылы ол әртістік күшін Бүкілодақтық жас әртістер сайысында Ленинградта сынайдыХІХ Халықаралық эстрада әндеріне арналған «Алтын Орфей» фестивалінде бірінші сыйлықты иеленді. Әнші даусының диапазоны кең, эстрадалық музыка мәнерін жақсы сезінеді. Оның репертуарында әр түрлі жанр мен бағыттағы қазақтың халық әндері мен қазіргі замандық композиторлар әуендері бар. К. Дүйсекеевтің “Сәлем саған, туған ел”, С. Бәйтерековтың “Күнге табыну” және тағы басқа әндер оның орындауында әнмен айтылған өмірге айналды. 1996 жылы ол Қазақстанның талантты балалары үшін эстрадалық шеберлік студиясын ұйымдастырды. Нағима Қабылқызы Есқалиева 1984 жылы Қазақстан комсомолы сыйлығының лауреаты атанды. Ол музыка өнерпаздары ортасында Қазақстанның халық әртісі атағы берілген ең соңғы әртіс (1999 жыл) «Сәлем саған, туған ел»- Әні К. Дүйсекеевтікі, сөзі Ш. Сариевтікі, орынд. Н. Есқалиева. Естай - Хорлан жыры. Маралды облысының (Солтүстік- Сібір өңірі) Өрік ауылында қыпшақ руынан шыққан Сұлтан деген атақты бай тұрған. Сұлтанның Хұсни және Хорлан атты екі қызы болған. Хорлан атымен жиырма жастағы жас композитор шығарған “Хорлан” әні көпшілікке жақсы мәлім. Бұл әннің шығу тарихы мынадай: Ертіс өңірінде Ақкөл ауылынан елу шақырым жерде Сүлеймен дегенбай өзінің малын ұстайды. Оның ұлы Шошанның қалыңдығы Маралдыдан болған. Қалыңдығы мен оның ата-анасын, көру үшін Шошан бірнеше атты Естайға беріп, оның қасына осы сапарда дос немесе серіктес ғана емес, үлкен рудың құрметті әншісі ретінде еруін сұрайды. Естай шақыруды қуанышпен қабылдайды. Шошанның қалыңдығының үйі Сұлтан ауылында болады. Күйеу жігіттің құрметіне барлық ауылдардан жігіттер мен қыздар жиналады. Дәстүрлі көңілді ойын-сауық басталады. Жастардың арасында Сұлтанның қыздары Хұсни мен Хорлан да бар еді. Өте сәнді киінген, басқа ақындар мен әншілерге ұқсамайтын Естай Хорланға бірден ұнайды. Естайға қыз да ұнайды. Қыз бен жігіт оңаша қалған сәтте, бір-біріне сүйетіндіктерін білдіреді. Хорлан айттырылып қойылғандықтан, үйлену туралы әңгіме де болуы мүмкін емес. Сондықтан, Естай қызды ұрлауға бел байлайды. Қыздың келісімін алған Естай туған ауылы Ақкөлге келіп, достарымен, туғандарымен ақылдасады. Достары оны қуанышпен қолдайды. Бір жыл өткен соң әнші өзінің досымен Маралдыға қайта келеді. Естай көрші ауылда қонақ бола отырып, Хорланға адам жібереді, бірақ қызға үйінен кетуге мүмкіндік болмайды. Жастардың ойлағаны туралы барлығына белгілі болады. Ашу кернеген әкесі қыз атастырылған жаққа жаушы жіберіп, “ақысы төленген” қалыңдықты алып кетулерін талап етеді. Асығыс той жасалып, Хорлан өз тағдырына мойынсұнып, алыс ауылға келін болып кетеді. Естай көзі жұмылғанша Хорланды ұмыта алмайды. Өзінің өмірлік қайғысы, орындалмаған арманы жөнінде ол атақты “Хорлан” әнін шығарады. Естай жастық махаббатына берік, адал болады. Ол ұзақ жылдар сынауынан өтеді. Алпыс жеті жасқа келген Естай “Хорлан” әнін ерекше толғаныспен орындайды. Домбыраны қолына алған ол ұзақ үнсіздіктен соң, көзінен аққан жасын сүртіп, сосын ойнай бастайды, - дейді көзі көргендер, - “Домбыра шегін ол бос қоятын, сол себепті дыбыс та төмен, аса қайғылы, тұншығып шықты. Оның әні жылдар сынағынан өткен нәзік сезіммен өрілген махаббаттың қайғысы мен азабы туралы болады. Әншінің қолындағы үлкен, алтын сақина болатын. Естай оны, “Хорланнан қалған естелік” деп ерекше бағалаған. Жақанов Илья. Жақанов Илья - композитор, жазушы, публицист, музыка танушы, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. 1936 жылыЖамбыл облысының Сарысу ауданында туған. С.М. Киров атындағы қазақтың мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Жақанов ҚазССР Министрлер Кеңесінің теледидар мен радио жөніндегі Мемлекеттік комитеті жүйесінде әдеби редактор, қазақ радиосының музыкалық редакциясында бас редактор болып қызмет атқарды. Қазіргі кезде еркін шығармашылықпен айналысуда. І. Жақановтың әндері жастар арасында жақсы танымал. Ол “Алматы кешінде”, “Асылым”, “Жайлаукөл кештері” және т.б. әндердің авторы “Екі жирен”, “Бірінші концерт” әңгімелер жинағының, “Аққулар қонған айдын көл”, “Ықылас” романының музыка және музыканттар туралы зерттеулердің авторы. «Асылым» әні мен сөзі І. Жақановтікі орынд. Қ. Байбосынов. «Асылым» - Әні мен сөзі І. Жақановтікі орынд. Қ. Байбосынов Жаманова Роза. Жаманова Роза - әнші (сопрано). ССРО-ның халық артисі. 1928ж.Ақтөбе Қаласында туған. 1954 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. Өмір баяны. Роза Үмбетқызы 1928 жылдың 16 сәуірінде Ақтөбе қаласында туды. Әке-шешесінен ерте айырылған Роза жетім балалар үйінде тәрбиеленді. Музыкаға деген сүйіспеншілікпен ол габойда ойнауды үйрене бастады. Дегенмен, оның ең ынтызарлығы фортепьяно аспабын игеруге жетеледі. Талдырмаш келген, қуыршақтай Роза оқудан бос уақытын музыка аспаптарында ойнауға арнады. Тәрбиешілер, мектеп мұғалімдері Розаның музыкаға деген жоғары қабілетін байқап, Орал музыкалық училищесіне қабылдануына жол ашты. Оның вокалдық дарындылығын сольфеджио сабағына қатысқан ұстаз А.Б. Муравьева танып Розаға бір ән айтуды ұсынды. Табиғатынан биязы қыз қанша қысылса да даусы айтарлықтай анық, жақсы шықты. Әрі қарай Роза Н.Дмитриева-Лещенконың тәрбиесіне өтеді, одан вокалдық тәжірибиенің бастапқы сабағын ала бастайды. Одан әрі ұстаздықты Б.Горский жалғастырды. Училищені үздік бітірген Роза консерваторияға қабылданды. Мұнда ол профессор А.Курганованың класынан вокалдық сабақтар алды 1953 жыл. Консерваториядағы оқу мерзімі аяқталды. Бұдан бір жыл бұрын ол дирижер Исидор Аркадьевич Зактың ақылымен Алматы опера және балет театрының дайындық тобына қабылданды. Алда опера және балет театрының солистігі өзіне тартады. Бір жыл өтер-өтпесте оған Евгений Брусиловскийдің «Ер Тарғын» операсындағы Ақжүніс партиясын орындау тапсырылды. Әрине бұл өнердегі оған артылған сенім үлкен. Театр басшылары, әртістері, тыңдармандар бірден-ақ Роза Үмбетқызының сахналық пісіп жетілгендігін, дауыс диапазонының мол мүмкіншілігін байқады. Мұқан Төлебаевтың «Біржан – Сарасында» бас партияны орындағанда оның дарынды әншілігіне жаппай танымалдық келіп жетті.Роза Жаманованың шетелдерге гастрөлдік сапарлары жемісті өтті. Шебер әншінің орындауындағы ән тілмашты қажет етпей-ақ музыка тілінің құпиялығымен халық жүрегіне жете алды. Ол Канадада, Үндістанда, Италияда, Швецияда, т.б. да елдерде қазақ музыка өнерін, классикалық операларында партияларды аса шеберлікпен танытты. Абай атындағы қазақтың Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында 1953 ж. қызмет істейді. Жаманова Жібек пен Ақжүністің (Е. Брусиловскийдің “Қыз Жібек” және “Ер Тарғыны”), Сараның (М. Төлебаевтың “Біржан мен Сарасы”),Ажардың (А. Жұбанов пен Л. Хамидидің “Абайы”), Татьяна мен Иолантаның (П. И. Чайковскийдің “Евгений Онегині” мен “ Иолантасы”), Амелияның (Дж. Вердидің “Балмаскарады”) және т. б. опералардағы басты бейнелердің қайталанбас тұлғасын жасады. Роза Жаманова күміс ырғақты өзіндік дауысы бар әнші. Өзі сомдаған бейнелерді жете сезіну, жоғарғы вокальдық мәдениет - оның орындау мәдениетінің ерекшеліктері. «Абай» операсынан Ажардың ариясы - Әні А. Жұбанов пен Л. Хамидидікі, М. Әуезовтің либреттосы, орынд. Р. Жаманова. Роза Жаманованың тағыда бір елеулі еңбегі – оның ұстаздығы. 1987 жылдан бері Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторияда профессор, вокал бойынша дәріс береді. Музыкалық жоғары оқу орындарында вокалдық әншілер үшін оқу бағдарламаларын құрастыруға қатысты, ал 2008 жылдан консерваторияда ақылшы-ұстаз. Ол 1962 – 79 жылдар аралығында Қазақ театр қоғамының төрайымы болды. 1968 жылдан Халықаралық театр институтының мүшесі. КСРО халық әртісі Роза Жаманова Еңбек Қызыл ту, Халықтар достығы, Парасат ордендерімен марапатталды. Сонымен қатар оған Моңғол мемлекетінің, Эстон республикасының, Шешен-Ингуш автономиялық республикасының құрмет грамоталары берілді. Жантілеуов Қали. Жантілеуов Қали (1902-1970) - әнші, домбырашы-күйші. Қазақстанның халық артисі. Орал облысында туған. Домбырада бес жасынан ойнады. Оның ұстазы күйші Төлеш болған. Нұртазы, Мәмен және тағы басқалары атақты күйшілерден орындау мәнерін жетілдірген. Қали домбыра құлағында ойнайтын шебер орындаушы ғана емес, керемет әнші де болған. 1934 жылы бірінші Бүкілқазақстандық халық орындаушыларының слетінде бірінші орын алып, халық аспаптары оркестріне жұмысқа шақырылады. 1944 жылдан Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының халық аспаптар кафедрасының алғашқы дәріскерлерінің бірі. Жантілеуов халықтың музыкасын жақсы білген (күйлерді), орындау мәнерін жетік меңгерген. Көптеген жас домбырашылар оның батасын алу үшін келетін болған. Оның шәкірттері Ш. Қажығалиев, Р. Омаров, Ф. Мансуров, Н. Тілендиев жӘне т. б. «Жігер»- Дәулеткерейдің күйі, орынд. Қ. Жантілеуов. Жұманиязов Базарбай. Жұманиязов Базарбай - композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, профессор. 1936 жылы Орал облысында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын (Е.Брусиловскийдің класы бойынша) бітірген. Отанға деген махаббат Б.Жұманиязов шығармашылығының басты тақырыбы. Бұлар: “Жер”, “Достық”, “Менің байтақ Отаным” кантаталары. Б.Жұманиязов сондай-ақ “Махамбет” операсының, “Менің халқым туралы ән” вокальды-симфониялық поэманың, “Дала” симфониялық күйінің, симфониялық оркестр, балетке арналған сюиталардың, көптеген әндер мен романстардың; Ш.Хұсайыновтың пьесасы бойынша “Сырымбет саласында” драмалық спектакліне, Б.Майлиннің “Шұға” пьесасына жазылған драмалық спектакль музыкаларының “Мұхтар аға”, “Достықпен қанаттанған”, “Мүслима” және т.б. Құжатты және теледидарлық фильмдерге арналған музыкалардың авторы. Б.Жұманиязов Қазақстанның танымал композиторларының бірі. «Махамбет» операсынан Махамбеттің ариясы- Әні Б. Жұманиязовтікі, Б. Аманшин мен С. Жиенбаевтың либреттосы орынд. Ғ. Есімов. Едіге Жаров. Едіге Жаров (1952 жылы 19 қаңтарда Алматы облысы, Нарынқол ауылында дүниеге келген) - спорттық гимнастикадан қазақтан шыққан ең танымал бапкер. Екі дүркін Олимпиада чемпионын тәрбиелеп шығарған. Бүгінгі күні Едіге Нұрмаханұлы спорттық гимнастикадан Канада құрамасының бапкері. Халықаралық гимнастика федерациясы техникалық комитетінің мүшесі, FIG жаттықтырушылар академиясының бас эксперті. Канада тарихында спорттық гимнастикадан Олимпиада чемпионын дайындаған тұңғыш бапке. Отбасы. Әкесі осы Нарынқол даласында 1930 жылы дүние есігін ашып, 1957 жылы өмірден озады. Ал анасы Нұри Салауатқызы 2007 жылы өмірден озды. Кейін Алматыға келіп мектеп тәмамдаған соң, Қазақ дене шынықтыру инстутынан диплом алып шықты. Бала Едіге алғаш спорт залға барып жүрген сәтте онымен бірге ғарышкер Талғат Мұсабаев та бір топта болыпты. Едіге аға зайыбы Маргарита екеуі бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған бақытты отбасы. Ұлы – Руслан 29 жаста. Оттава қаласының әкімдігінде істейді. Ал қызы Карина – 24 жаста. Монреаль университетін аяқтап, қазір ағылшын, француз тілінің маманы, аудармашы. КСРО. 1988 жыл. әйгілі КСРО-ның атын әлемге жайған Валерий Люкин Сеул Олимпиадасында екі алтынды қанжығасына байлады. Міне, сол Люкиннің томағасын сыпырған осы Едіге бапкер еді. Кейін білікті бапкерден шыңдалып шыққан Люкин талай мәрте әлем біріншілігінің шыңын бағындырды. Франция. Едіге Жаров дайындаған шәкірттері әлемде ешкім жасамаған бірнеше элементтерді дүниеге алып келді. Сол әдістердің бірі һәм бірегейі белдемеде (турник) 360 градус бұрылыспен алға бүгіліп жасайтын сальто. Бұл әдісті ойлап тапқан осы Едіге бапкер еді. Аумалы төкпелі тоқсаныншы жылдары Едіге аға Жаров Францияға кетті. Француздардың арнайы шақыруымен осы елдің құрамасын 2000 жылға дейін жаттықтырды. 1995 жылы шәкірті Жил Стабло Еуропа чемпионы атағын жеңіп алса, 1997 жылы тағы бір шәкірті Франция чемпионатында топ жарды. Бірақ Едіге аға Франция жұртынан көп кемсітушілік көріпті. Ұзақ жыл талмай баптап, жауапты сын алдында ащы терін алып, бәйгеге қосқан шәкірті шығыршықта не бел темірде шырқ үйіріліп, өнер көрсетіп жатады. Басқа бапкерлер сияқты ел қатарлы қасында отыра алмай, шәкіртінің қимыл қозғалысын бапкер бөлмесіндегі теледидардан немесе трибунадан тамашалады. Мұндай кемсітушілікке шыдамаған, Едіге бапкер 2000 жылы Канадаға кетеді. Канада. Едіге ағаның баруымен тұралап тұрған Канада гимнастикасы аяқтан тұрды. Оған дәлел, 1999 жылғы ӘЧ бар жоғы 18 орынға тұрақтаған Канада, 2001 жылы 12 орынға, ал 2003 жылы 5 орынға табан тіреді. Өсу деп осыны айтыңыз. 1976 жылдан кейін тұңғыш рет, 28 жылдық үзілістен кейін 2004 жылы Канада гимнасшылары Олимпиада табалдырығын аттады. Сол жолы канадалық Кайл Шифелт Афины ойындарының чемпионы атанды Томас Брадварди. Томас Брадварди (, шамамен 1290~1349) - ағылшын математигі, философы, кезінде шіркеуде (Христан дінінің орталығы) болған. Оксфорд университетін бітіргеннен кейін сол жерде философия және математикадан сабак берген, әрі профессор болады. 1333 жылдан өмірінің соңына дейін шіркеулер ұйымының бастығы боалады.Ол еворпадағы ең бірінші болып тригонометрияны зеріттеген математиктің бірі, ол тангенсті “кері көлеңке”(Umbra Versa), синусты”тура көлеңке”(Umbra recta) деп атап, әрі оны есептеулерге енгізгін. өзінің философиялық еңбектерінде шексіз үлкен мен шексіз кішіні талдап, кейіннен оны математиклық зеріттеуілеріне кіргізеді. Ол бірқанша математикалық еңбектер жазған. «Арифметика назариясы»(1495) кітабында сандар теориясын түсіндіреді. «геометрия теориясы»(1511) атты еңбегінде геометриялық пішіндердің қасиеттерін талдау жасай отрып, кейбір қасиеттерін көрсетіп берген. Уалбай Өмірбаев. Уалбай Өмірбаев (1960 жылы 7 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Төрткүл ауылында дүниеге келген) - қазақ математигі. 1973-1977 жылдары Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінде оқыған. 1977-1982 жылдары Новосібір мемлекеттік университетінің механика-математика факультетінің студенті болған. 1982-1985 жылдары Новосібір мемлекеттік университетінің аспирантурасында білім алған. 1986 жылы кандидаттық диссертациясын қорғаған. Еңбек жолы. Еңбек жолын 1986-1989 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жоғары алгебра кафедрасының ассистенті болып бастаған. 1989-1991 жылдары ҚазҰУ-дың аға оқытушысы, 1991-1995 жылдары доценті атанған. 1995 жылы ғылым докторы дәрежесіне қол жеткізген. 1995-2001 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіндегі информатика кафедрасының меңгерушісі болған. 2001 жылдан бастап ЕҰУ-да алгебра және геометрия кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарып жүр. 2007 жылдан бері Детройттағы Уейн университетінде сабақ береді. 1993-2007 жылдар аралығында Испанияның Овиедо, Канаданың Манитоба, Бразилияның Сан-Паулу, АҚШ-тың Вашингтон, Мичиган, Кливлен, Майами университеттерінде, Францияның Марсель-Люмини атындағы математика орталығында, Германияның Макс Планка атындағы математика институтында дәріс оқыған. 2001 жылы жапон математигі М.Нагатаның, 2004 жылы ағылшын математигі П.Конның есебін шешкен. Марапаттары. Күні бүгінге дейін талантты жас ғалымдарға арналған және ғылымның дамуына зор үлес қосқаны үшін Мемлекеттік стипендияларына, ҚР «Үздік оқытушысы» грантына ие болып, «Нұр Отан» ХДП-ның «Белсенді қызметі үшін», ҚР Білім және ғылым министрлігінің «ҚР ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» сондай-ақ «ҚР білім беру ісінің үздік қызметкері» төсбелгілерімен марапатталған. Америка математика қоғамының жоғары дәрежелі «Мур» сыйлығы мен ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді. Үйленген, 4 баласы бар. Нагата есебі. Нагата есебі - Афиндық алгебралық геометрия саласындағы күрделі проблемалардың бірі болған есеп, 3 өлшемнен тұрды. Математикадағы 1 өлшемді есеп өте оңай есеп саналса, 2 өлшемді есеп өте қиын есеп деп қарастырылады. Нагата алдыңғы екеуін місе тұтпай, 3 өлшемді есепке ден қойған. Афиндық кеңістіктегі симметрияның жауабын табуға тырысқаны үшін есепке М.Нагата есімі берілген. Есептің тарихы 1872 жылдан басталады. Ең алғаш рет 2 өлшемді кеңістіктегі есептің теоремасын М.Ньютер деген неміс математигі қалыптастырды. Теорема күні бүгінге дейін М.Ньютер есімімен аталады. Аталмыш теоремадан қате табылуына байланысты 1901 жылы итальян математигі Г.Кастельнуев есепті қайта дәлелдеп, дұрыс жауабын анықтады. Осы саладағы жетістікті 1942 жылы неміс математигі К.Юнг толықтырып, R (x,y) алгебрасының автоморфизмдері «қолдық» болатынын дәлелдеді. 3 өлшемді есеп аса күрделі болғандықтан, онымен айналысуға ешкімнің жүрегі дауаламады. Ал М.Нагата «қолдық» автоморфизмнен басқа автоморфизмдердің барлығы «жабайы» болатындығына көз жеткізу үшін өзінің гипотезасын тұрғызды. Бұған дейін Гильберттің 14-ші проблемасын шешкен атақты математик қанша тырысса да, есептің жауабын таба алмады. Есепті 2000-шы жылдары қазақ математигі Уалбай Өмірбаев шешті. Паул Ердёш. Паул Ердёш (1913 жылы 26 наурызда Будапешт -1996) - мажар математигі. Мажарстан ғылым акедемиясының акедемигі. Әкесі математика мұғалімі еді. Өмірінде тұрақты мекені не тұрақты жұмысы болмаған. 30-жылдары Еуропада, екінші соғыс басталғаннан кейін Америкада болған, соғыс аяқталған соң әлемді аралап, әр елдің математиктерімен бірлікте математикалық мәселелерді зеріттеген, ол қазырге дейін 1000 нан астам математикалық зеріттеу мақалаларын жариялаған. Зерттеу саласы негізінен сандар теориясы, жиындар теориясы, топология, ықтималдықтар теориясы және оның қолданылуы, математикалық логика т.б қамтиды. Оның осы саладағы жемісті еңбегі мен әлем математикасының дамуына қосқан ұлесі үшін 1984 жылы Волф силығына ие болды. Клеро Алекси Клод. Клеро Алекси Клод (1713 жылы 7 мамырда Парижде дүниеге келіп, 1765 жылы 17 мамырда сол жерде қайтыс болған) - Француз математигі, механигі. Тоғыз жасынан бастап акесінің тарбиесінде аналитикалық геометрия мен дифференциалды үйренген,16жасында Франция ғылым акедемиясына мүше болған. Осыдан бастап И.Нютон ілімін дамыту қозғалыстарына қатысқан.ол жердің ендік сызығының өзгеруіне байланысты өзгеретін аурлық күш формуласын(кейіннен Клеро формуласы деп аталған) ең алғаш ортаға қойады.ол аспан денелері механикасының үш дене маселесін зеріттеу барысында осы маселенің ең алғашқы болып жуық шешімін табады. 1750 жылы И.Харди «харди құйрықты жүлдызы» 1758 не 1759 жылдары көрінеді деп болжаған, ал Клеро болса1758 жылы жарты жылдық есептеу натижелеріне сүйене отрып, «харди құйрықты жүлдызының» көрінетін ай күніне дейін анық дәледеп береді, осы жетістігінің арқасында ол Петербор ғылым акедемиясының силығын алады.ол жәнеде көптеген аспан денелерін зеріттеуді қолға ала бастаған,өкініштісі аурып қайтыс болады да ол зеріттеулері аяқсыз қалған. Ол ең алғашқылардың бірі болып қос қисықтықты қисықты зеріттерен, сонымен бірге қисық беттің беттік қюшы сызығын зеріттеді. Оның «ең үлкен мән мен ең кіші мәннің кейбір маселелері» (1733) атты еңбегі вариациялық амалдың тарихтағы ең алғашқы зеріттеу мақаласы еді.1734жылы клеро дифференциялдық теңдеуін құрды.1739~1740 жылдары аралығында аралас екінші дәрежелі дербес туындының туындылаудығы реттерін алмаструдың шартын дәлелдеді, тағыда бірінші ретті сызықтық дифференциялдық теңдеудің интегралдық көбейткішінің бар болу маселесін дәлелдеі. Ариабхата Ⅰ. Ариабхата Ⅰ (476~550) - Үнді математигі, астрономы. Б.з 476 жылы музирис (Muziris) қаласында (қазіргі даиҚодунгаллоур (dayKodungallour) қаласы) дүниеге келген. Ксубуло қаласында тәлім-тарбие алған. 499 жылы «Ариабхата жинағын» шығарған. a>. As there is no known information regarding his appearance, any image of Aryabhata originates from an artist's conception. Бұл кітап көп жылдар жоғалды саналып келген, кейіннен 1864жылы Индия ғалымы Хаотанжише қолдан көшірілген нұсқасын табады. Ариабхатаның астрономиялық асбаптар туралы және бір кітабы «Ариабхата жылдар кітабы» бертін ғана табылып зерттелу үстінде. «Ариабхата жинағы»-да 121 жолдық өлең бар. Оны мадақ өлең, математика, жылнама, аспан шары деп 4 бөлімге бөлген. Ішінде,2- бөлімі математикаға арналған 33 жол бар. Негізгі мазмұны санау тәсілі, бұтін сандарды есептеу амалы, натуралы сандардың квадраттарының, кубтарының қосындысын есептеу формуласы, бөлшек санды қысқарту мен ортақ бөлімге келтіру әдісі, арифметикалық прогрессия, үшбұрышты қалқа туралы мәселелер, кері жору тәсілі,жорамалдау тәсілі,сызықты теңдеулер жүйесін шешу әдісі, сонымен қатар, бірінші дәрежелі анықталмаған теңдеулердің(жүйесі де) шешу тәсілі, пайданы есептеуді қолдану арқылы екінші дәрежелі теңдеуді шешу тәсілін (түбір табу) Пифагор теоремасын көрсетіп және оны пайдалана отырып сегменттегі хордамен векторлардың және қиылысқан екі дөңгелектің сәйкес хордалық векторларының арасындағы байланысты көрсетіп берген. Ол шеңбердің сегментінің хордаға қатынасы радиусқа тең болатынын есептейді; дөңгелектің ауданы жарты шеңбер периметрі мен радиусын көбейтіндісіне тең болатынын есептеген және 100ді 4 ке қосып оны 8 ге көбейтіп шыққан санға 6200ді қосса, диаметрі 2000 болатын шеңбердің периметрінің жуық мәні болатынын,яғни, тең деген. Көптеген геометриялық пішіндердің көлемін табу формуласын да берген, бірақ кейбірі қате берілген. Б.з Ⅹғасырда Үндістанда және бір Ариабхата атты көрнекті математик өткен, оны Ариабхата Ⅱдеп атайды. 1976 жылы ариабхатаның туғанына 1500жыл толуына байланысты Үндістан үкіметі «Ариабхата» атты бірінші жасанды жер серігін ұшырған. Қадырбекова Гүлжәмиля. Қадырбекова Гүлжәмиля - пианист, Қазақстанның халық артисі. 1949 жылы Алматы қаласында туған. 1967 ж. К. Байсейітова атындағы музыкалық мектепті бітіріп, П. И. Чайковский атындағы Москва мемлекеттік консерваториясына түскен. Профессор, РСФСР-дің еңбек сіңірген артисі Г. Акселородтың арнайы фортепьяно класы бойынша оқыған. Консерваторияны бітірген соң аспирантурада оқуын жалғастырды, 1980 жылы Верчелли қаласындағы (Италия) Виотти атындағы пианистердің Халықаралық конкурсына қатысып, 1- ші сыйлықты және лауреат атағын алды. 1993 жылы Парижде өткен Француз фортепьяналық музыкасының конкурсына жюри мүшесі ретінде қатысты. 1994 ж. Г. Қадырбекова жеке концертпен Париж қаласына шақырылды. Австрияға, Францияға, Венгрияға, Кипрға, Ресейге және Қазақстан қалаларына концерттік сапармен шықты. Қазіргі кезде Г. Қадырбекова Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваторияның арнаулы фортепьяно кафедрасында профессор және К. Байсейітова атындағы музыкалық колледждің арнаулы фортепьяно факультетінің деканы. «Домбыра туралы аңыз»- Әні Н. Меңдіғалиевтікі, орынд. Г. Қадырбекова. Қажығалиев Шамғон. Қажығалиев Шамғон - дирижер. Қазақстан менССРО-ның халық артисі, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының профессоры. 1927 жылы Орал облысында туған. Алматы мемлекеттік консерваториясының халық аспаптар факультетін, Ленинград консерваториясының дирижерлік факультетін бітірді. Ш. Қажығалиевтің шығармашылық қызметі Құрманғазы атындағы қазақтың мемлекеттік халық аспаптар академиялық оркестрімен тығыз байланысты, 1971 жылы ол оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері болып, тағайындалады. Қажығалиевтің дирижер жӘне ұйымдастырушы ретіндегі кәсіби шеберлігі қазақ мәдениетінің алтын қорына енген Құрманғазы мен Дәулеткерейден бастап, Дина мен Сүгірге дейінгі атақты халық композиторларының күйлерін, ұлттық музыкалық классиканы терең зерттеу нәтижесінде оркестр репертуарын жан жақты жетілдіруге ықпал етті. «Ақбай» - Құрманғазының күйі, орынд. Құрманғазы атындағы қазақтың мемлекеттік халық аспаптар оркестрі. Дир. Ш. Қажығалиев. Қазақтың музыкалық мәдениеті. Ұлтымыздың бүкіл рухани игілігі 20 ғасырға дейін жазбасыз түрде дамып, ауыздан-ауызға, әкеден-балаға, ұстаздан - шәкіртке, өткеннен - болашаққа жеткізіліп отырған. Шаруашылықтың көшпенді және көшпенді емес түрі ұлттық аспаптардың, музыкалық дәстүрлердің ерекшеліктерін, қазақ қоғамының өмірі мен тұрмысының, сөздік және ақындық көркемөнердің біртұтастығын көрсетеді. Музыка өзінің алғашқы кезеңінде ескі көшпелі қоғамның қажеттілігінен туып, ірі діни және тұрмыстық салт- дәстүрлермен біртұтас дүниеге айналды. Қазақ этносының қалыптасу кезеңінде пайда болған ірі эпикалық баяндаулар – жыраулар орындауындағы жырлар әртүрлі дәстүрлермен байланысты болды. Халық жадында жүзден аса эпос сақталған, олар мың өлең жолынан тұрады, қыл қобыз немесе домбыра арқылы орындалған. Халық шығармашылығының сүйікті жанры, батырлық және лирикалық – тұрмыстық эпостар қатарында “Қобыланды”, “Алпамыс”, “Ер - Тарғын”, “Қамбар”, “Қыз-Жібек”, “Қозы - Көрпеш - Баян сұлу”, “Еңлік және Кебек” жырларын айтуға болады. Бұлар қазақ тарихына қатысты нақты оқиғаларды аңыз, мифологиялық түрде жеткізеді. Халық музыка аспаптарының көне үлгісі ретінде кейін пайда болған күй де - өзінің бастапқы кезеңінде магиялық міндеттерді атқарған. Екі дәстүрдің – эпикалық және аспаптық дәстүрдің шығуы халық санасында атақты әулие – Қорқыт есімімен (бірінші жырау және шаман, “күй атасы” және қыл–қобызды жасаушы алғашқы шаман есімімен) байланысты. Қорқыт өзінің ұрпағына ұлы мұра – қобыздық күйлер - “Қорқыт”, “Желмая”, “Тарғыл тана”, “Елімай”, “Ұшардың ұлуы” сияқты және т. б. шығармалар қалдырды. Олардың бір бөлігі дыбысты беру сипатымен ерекшеленді және табиғаттың табиғи дауыстарын, өмір, өлім, тұрмыс туралы философиялық ойларды берген. Барлық шығармаларда, бір күйден екінші күйге көшкенде музыкалық әуендер бір немесе бірнеше рет қайталанады. Көк тәңіріне, рухтарға бағытталған бұл дыбыстар қобыз үнінде тірілгенде жаңа реңк алады. Домбыра мен сыбызғы аспаптарының даму тарихы да ғасырлар қойнауына кетеді. Домбыраның пайда болуы туралы мынадай археолгиялық қазбалар мәлімет береді: ежелгі қала Хорезмді қазғанда екі шекті аспапта ойнап тұрған музыканттардың терракотты бейнелері табылған. Ғалымдар екі мың жыл бұрын Хорезм қаласынан табылған екі шекті аспаптардың қазақ домбырасымен ұқсастығын және оның Қазақстан территориясында тұрған ертедегі көшпенділердің қолданған аспаптарының бірі деп бағалайды. Домбыра және сыбызғылық музыканың көне үлгілеріне құстар мен жануарлардың атауларымен күй – аңыздар жатады – “Аққу”, “Қаз”, “Нар”, “Ақсақ қыз”, “Ақсақ құлан” батып бара жатқан балалар мен аңдар туралы - “Жорға аю”, “Зарлау”, “Жетім қыз” және т. б. күй – аңыздар. Бұлар ерте кездегі діни сенім – нанымның, әдет-ғұрыптың жаңғырығын осы күнге дейін алып келген. 19 ғ. таман ғана қазақ музыкасы өзін шектеген дін мен дәстүрлерден арылып, дербес көркемдік шығарма ретінде дами бастаған. Бұл кезең – шын мәніндегі ұлттың рухани жаңаруы, аспапты, әндік, ақындық өнер сияқты негізгі халықтық өнердің даму кезеңі болды. Қазақстанның байтақ территориясында әртүрлі дербес кәсіби композиторлық және орындаушы мектептер пайда болды, әрбір аймақ өз ерекшелігін сақтап отырды. Мысалы, Батыс Қазақстанның территориясы домбыралық күй - төкпені дамытудың орталығы болып есептелсе, Сарыарқа аймағы (Орталық Қазақстан) - әндерді орындаудың орталығы, оңтүстік - батыс аймақ (Қармақшы ауданы) эпостық жырды баяндаудың бай тәжірибесін сақтаған, ал Жетісу өңірі – айтыс дәстүрін – айтысушы ақындардың жарыс өнерін дамытады. Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Қазанғап, Дина, Біржан, Ақан, Жаяу Мұса, Естай, Ыбырай,Нартай, Мәди, Мұхит, Абай, Кенен Әзірбаевтың есімдері тек қазақ мәдениетіне ғана емес, әлемдік музыка мәдениетіне енді. Бұлар – қазақ музыка мәдениетінің шоқ жұлдыздары болып табылады. Олар халықтық музыканы дамытты, дербестіктерін сақтады, халық арасында үлкен құрметке ие болды. Үздіктердің ішіндегі үздігін халық – сал, сері деп атаған. 19 ғасырдағы кәсіби музыканттардың шығармашылық қызметі орындаушылық және композиторлық саламен ғана шектеліп қойған жоқ, олар көркемдік баяндаудың барлық түрін – поэтикалық импровизация, шешендік өнер, нәзік вокальдық техника, музыкалық аспаптың құлағында ойнау, театр мен цирктік өнер ойынының элементтерін қамтиды, бұл Батыс Европаның орта ғасырлық музыканттары – жонглерлер, трубадурлар, труверлер, мейстер – миннизингерлермен ұқсастығы бар. 20 ғ. қазақ музыкалық мәдениеті жаңа әуендік және жанрлық түрімен байыды. Аз ғана кезеңдік тарихи уақытта Республика европалық классикалық музыканың көпдауыстылығы мен жанрлық арсеналын игерді. Бұл – опера, симфония, балет, аспаптық концерт, кантата, ораториялық, ансамбльдік, оркестрлік, хорлық орындау түрлері. Шығармашылықтың жазба түрінде қалыптасқан жаңа кәсіби композиторлық мектебі құрылды. Ұлттық мазмұндағы синтездік іріктеу және 20 ғасырдың 30-40 жылдарындағы европалық түрді таңдау нәтижесінде қазақ опералық өнерінің классикалық шығармалары – Е. Брусиловскийдің “Қыз Жібек”, А. Жұбанов, Л. Хамидидің “Абай”, М. Төлебаевтың “Біржан - Сара” опералары дүниеге келді. Олардың драматургиялық және музыкалық негізі – қазақ фольклоры мен ауызша кәсіби музыканың шексіз мүмкіндігі арқылы жасалған. Опералық театр сахнасы 19 ғ. ақындары Біржан мен Сара арасындағы қызу айтыс, той дәстүрі. 19 ғасырдағы ұлт - азаттық көтеріліс батырының әндері, ақын және күйші Махамбеттің және ән – жоқтаулар орындалатын аренаға айналды. 60-70 жж.. Республикада европалық аспапты музыканың күрделі жанры-симфониялық музыка өнері өте жақсы дамыды. Ғ.Жұбанованың, Қ. Қожамьяровтың симфониялары, симфониялық күй-жаңа жанрлық синтез осылай пайда болды. Ұлттық аудитория қазақтың монодикалық музыкасының оркестрлік және интерпретациясын ерекше қабылдады. “Отырар сазы” фольклорлық-этнографиялық оркестр көпшілікке жақсы танымал өнер ұжымына айналды. Б. Сарыбаев сияқты ғалым - фольклоршы қайта әкелген қазақ музыкалық аспаптары оның құрамына кірді. Күйлердің оркестрлік орындалуында батырлардың бейнелері, бәйге аттарының шабысы, кең даланың бауыры жазылған бейнесі, халықтық мейрамдар кезіндегі шерулер - барлығы бір арнаға тоғысады. Бұл ұжымның нақты бетінің танылуына осы ансамбльдің жетекшісі және дирижері, композитор және домбырашысы Н. Тілендиевтің аса көп еңбегі сіңді. Қазақстанның қазіргі даму барысында музыка мәдениетінің көп тармақты құрылымы қалыптасты. Республикада Европалық жанрдағы орындаушылық және композиторлық шығармашылықпен қоса, әуенді шығарудың жаңа дәстүрлі, әлемдік көпшілік музыка (рок, эстрада, джаз) және әлемдік концессиялардың діни музыкасы, Қазақстанды мекендеген халықтардың – ұйғырлардың, кәрістердің, немістердің, дұнғандардың, орыстардың, татарлардың ауысша кәсіби фольклоры негіз салды. Республикада әртүрлі көркемдік профильдегі орындаушы ұжымдар - Мемлекеттік симфониялық оркестр, Құрманғазы атындағы Қазақтың халық аспаптар оркестрі, хор капелласы, халық би ансамблі, Мемлекеттік квартет, эстрадалық ансамбльдер, үрмелі және джаздық оркестрі пайда болды. Қазақстан - әлемдік масштабтағы классикалық музыканы орындаушылар отаны. Ол - Е. Серкебаев, Б. Төлегенқызы, Ғ. Есімов, Ә. Дінішев, Г. Қадырбекова, А. Мұсақожаева, Ж. Әубәкірова, шетелдердегі қазақ музыкалық диаспорасының жұлдыздары – М. Бейсенғалиев, Э.Құрманғалиев, ағайынды Нақыпбековалар. Бүгінгі күні Республикада К.Байсейітова және А. Жұбанов атындағы арнаулы балалар мектебі, Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік Консерваториясы, Астанадағы Ұлттық музыка Академиясы, Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театры, Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясы, Қазақконцерт, М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер Институты және басқа да музыкалық - біліми, ғылыми және мәдени мекемелер бар. Жыл сайын біздің тәуелсіз республикамыз “Жігер”, “Алтын алма”, “Жаңа музыка күндері”, “Азия дауысы” халықаралық сайысын, ал халық музыканттарын - дәстүрлі музыканың халықаралық фестивалін, жас орындаушылар фестивалін ұйымдастырады. Музыка бүгін мен болашақты, өткенді жалғастырушы алтын буын міндетін атқарып отыр. Қарабалина Бақыт. Қарабалина Бақыт (1939-1991) - домбырашы. Қазақстанның халық артисі. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының профессоры. Атырау облысында туған. 1965 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының халық аспаптар факультетін (А. Жұбанов пен Л. Мұхитовтың класы бойынша) бітірді. 1960 жылдан бастап, Құрманғазы атындағы қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің домбырашы-солисі. Оркестрдің құрамында ол әлемге қазақтың домбыра музыкасының сұлулығын танытты, көптеген елдерде өнерлік іссапарларда болды. Ол қазақтың халық композиторлары: Құрманғазының, Сейтектің, Дәулеткерейдің, Мәменнің, Қазанғаптың күйлерін орындаушы. Бақыт Қарабалинаның орындауында күйлер ерекше тереңдігімен айрықшаланады. Оның репертуарында қазақ және шетелдік композиторлардың шығармалары бар. «16 жыл» - Д. Нұрпейісованің күйі, орынд. Б. Қарабалина. Кельберг Анатолий. Кельберг Анатолий Витальевич - музыкатанушы, лектор. 1929 ж. Ленинград қаласында туған. 1951 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын (профессор П. В. Аравиннің класы) бітіріп, 1959 ж. дейін музыка тарихынан дәріс береді. 1959 жылдан қазіргі кезге дейін – дәріскер болып еңбек етіп келеді. Кельберг классикалық және қазіргі замандық, шетел, қазақ, орыс музыкасының белсенді насихаттаушысы, шешендік өнердің шебері. Кельберг радиодан, теледидардан тұрақты түрде музыка туралы хабарлар жүргізіп тұрады, Анатолий Витальиевичті сондай-ақ, белгілі –белгісіз музыкалық шығармалар туралы қызыты және мазмұнды ңгімелерін тындау үшін ұйымдар мен мекемелерге де жиі шақырады. Кельберг уақыт пен бір үндестікте бола тұрып, еліміздің музыкалық өмірі туралы тұрақты түрде хабарламалар жасайды. Оның лекторлық тәжірибесінде композиторлық және орындаушылық шығармашылықтың көкейтесті мәселелеріне, қазақтың қазіргі замандық музыкасын танытуға айрықша мән берілген. Кельберг шығармалары тек мамандарға ғана емес, музыканы бағалаушылар мен сүюшілерге де етене жақын, себебі, олар музыкатанулық зерттеулерден гөрі көркем шығармалар сынды оқылады. Мысалы: “Е.Г.Брусиловский”, “Сиқырлы дыбыс әлемінде”, “Музыканы қалай тындауға және түсінуге үйренуге болады?”, “Вальс кеші”, радио және телехабарлар: “Музыка әлемінде”, “Біздің музыкалық галереямыз”, “Қазақ операсының тарихи жолы”, “Ұлы орындаушылар”, “Музыкалық аспаптар туралы әңгімелер”, “Музыкалық қонақжай”, “Уақыт және музыка”. Қойшыбаев Мақалым. Қойшыбаев Мақалым (1926-1986) - композитор, ҚазССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері. Доцент В.В. Великановтың композиция класы бойынша Алматы консерваториясын бітірген. Қойшыбаев өзінің шығармашылық қызметін 13 жасында орындаушы болып бастаған, ол Радиокомитет жанындағы қазақ халық аспаптары оркестрінде ойнаған. Қойшыбаев симфониялық оркестр мен қазақтың халық аспаптар оркестріне арналған “Мәншүк”, “Жастар”, “Құрманғазы”, “Естеліктер” поэмаларын жазды. Ол көптеген эстрадалық, камералық, аспаптық шығармалардың, ән романстардың, “Жастар”, “Аққу”, “Қызылқұм” күйлерінің авторы. Қойшыбаевтың шығармашылығында музыкалық фактураның екпінді толғауымен кең ауқымды ырғақ қамтылған. Халықтық әндік және аспаптық түрлерге сүйене отырып, ол оркестрлік дыбысталымның үндестігіне назар аударады. «Қызылқұм»- Әні М. Қойшыбаевтікі орынд. С. Балмағамбетов. Қойшыбаева Зейнеп. Қойшыбаева Зейнеп -әнші. Қазақстанның халық артисі. 1937 жылыАлматы облысында туған. Абай атындағы қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрының вокальдық студиясын бітірген. 1958 жылдан театр солисі. Е. Г. Брусиловскийдің “Қыз Жібек”, “Ер Тарғын”, “Жалбыр” операларында, А. Жұбанов пен Л. Хамидидің “Абайында”, М. Төлебаевтың “Біржан мен Сара” операларындағы партияларды орындады. 1967 жылдан қазақтың радио мен теледидары жанындағы камералық оркестр солисі. Қазір ол Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрадалық-цирк өнер колледжін басқарады. Оның репертуарында қазақтың халық әндері, Қазақстан композиторларының әндері бар. Зейнеп Қойшыбаеваның қайталанбас дауысы, орындау мәнерінің ерекшелігі, сахналық біліктілігі оны басқа әріптестерінен айрықша даралайды. «Шаттық вальсі»- Әні Е. Рахмадиевтікі, сөзі А. Байғожаевтікі, орынд. З. Қойшыбаева. Кәрменов Жәнібек. Кәрменов Жәнібек (1949-1992) - әнші. Қазақстанның еңбегі сіңірген артисі- жазушы. 1949 жылы Семей облысында туған. С. М. Киров атындағы қазақтың мемлекеттік университетін, Республикалық эстрадалық студиясын Жүсіпбек Елебековтың класы бойынша бітірген. Ол Жәнібекке балалық шағынан бастап, халықтық әуенге деген сүйіспеншілікті оятты. Ж. Кәрменов қазақтың халықтық орындау мектебінің көрнекті өкілдерінің бірі. Ол Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының халықтық ән кафедрасын құрудың бастамашысы және оның меңгерушісі болды. Ж. Кәрменов фольклор мен ән шығармашылығы туралы ғылымның дамуына үлкен үлес қосты. “Асыл мұра” телевизиялық хабарлар циклында қазақ музыкасы туралы әңгімелей отырып, ол жоғары шеберлікпен Ақанның, Біржанның, Мұхиттың әндерін орындады. Ақтамберді, Бұхар жырау мен Шәкәрімнің шығармаларын тұңғыш рет Ж. Кәрменов орындады. «Жамбас сипар»- Әні мен сөзі Біржан-салдікі орынд. Ж. Кәрменов. Күмісбеков Кенжебек. Күмісбеков Кенжебек (1927-1987) - композитор, ҚазССР-нің халық артисі, ҚазССР-нің өнер қайраткері, ҚазССР-нің Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор. Музыкалық білімді Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында алған, ол алғашында вокальды факультетте, кейін доцент Қ.А.Мұхитовтың домбыра класы бойынша халық аспаптар факультетінде оқиды. 1965 ж. профессор Е.Г.Брусиловскийдің композиция класы бойынша консерваторияны екінші рет бітіреді. Халық музыкасының үлгілерін жете меңгеріп, кәсіби композиторлық техниканы игеруі Күмісбеков шығармашылығының негізгі бағыттарын анықтады. “Ықылас туралы поэма”, “Қорқыт туралы аңыз”, “Ой толқыны”, “Дала сыры”, “Фараби сазы”, “Шалқыма” сияқты оркестрлік поэмалары композитордың халықтық-эпикалық бағыттағы әуен ерекшелігін көрсетеді. «Поэма»- Әні К. Күмісбековтікі орынд. Ж. Баспаев. Сарыарқа (Құрманғазының күйі). Сарыарқа - Құрманғазының күйі, қазақтың дәстүрлі музыкасының шыңында тұрған шығармалардың бірі. Ұлттық өнерімізді әлемге танытқан бұл күй ұлы күйшінің туған жеріне, қазақтың кең даласына деген махабатынан туған туынды. Қуғын-сүргінге ұшырап жүрген шағында жазылған Құрманғазының «Сарыарқасы» бүкіл қазақ халқының еркіндікке, азаттыққа деген құлшынысының көрінісіндей. Әлі түс болған жоқ, бірақ даланың ыстық күні ауаны қыздырып, күйдіріп тұр. Тып-тыныш жолмен келе жатқан жай, бірқалыпты ат тұяғының дыбысы естіледі. Құлағын қайшылап келе жатқан ат ер үстіндегі адамды тыңдап келе жатқан сияқты. Ер үстіндегі кісі анда-санда артына қарағаны болмаса, самарқау. Иықты, маңдайы кең, бет әлпеті ірі салт аттының үстінде ыстыққа қарамастан, түйе жүнінен жасалған қалың күпі, тері шалбар және малақай киген. Арқасына мылтық ілген, ал алдында қапқа салынған домбыра бар. Ол Сары-Арқа жаққа бағыт ұстаған, түске таман жасыл алаңқайға келіп жетті. Атынан түсіп, кең алақанымен оның маңдайынан сипап, шілдерлеп жайылуға жіберді. Қимылсыз ауыр ойға батқан жолаушы көкжиекке қарап ұзақ отырды, сонан соң, ұйқылы-ояу кейіппен домбыраны қолына алып, жайлап тарта бастады. Даланы домбыра үні кернеді. Ұлы күйші Құрманғазының күйі “Сарыарқа” осылай туды. Патша үкіметінің қудалауынан соң, ол туған жерінде қала алмайтын болды, “Сары-Арқа” сол туған елмен қоштасу күйі. Бірақ мұнда, халық мінезі, өмірі, қадір-қасиеті, ол мекендеген дала бейнесі - барлығы қамтылған. Құрманғазының күйі “Сары-Арқа” – халықтың, даланың өзі сияқты кең, өзі сияқты шексіздігін танытатын дауысы. Қазақ даласы байтақ. Оның көл-көсір төсінен кім өтпеген! – барлығына да орын жетті: арқасына қобызын ілген Қорқыт, қайғылы зарлы үнімен Асан- Қайғы, сараң Қарабай (“Қозы-Көрпеш және Баян Сұлу аңызындағы адам бақытынан гөрі мыңғырған малын артық санайтын бай- феодал”), Қобыланды батыр… Олардың барлығы осы Сары-Арқа даласынан өтті және халық аңызы мен өнерінде қалды. Қазір халқыңа беймәлім және панасыз Сен де халық жадында қаласың. Дала желі сенің әніңді ұрпақтарға жеткізеді». “Сары-Арқа” әуені осы мазмұндас. Кеш түсті. Атын шідерден босатып, домбырасын ерге байлаған жолаушы қайтадан жолға шықты. Енді ол артына қарайлаған жоқ. Тынығып, әл жинап алған, аты шабысын үдетті. Артта бұйра-бұйра шаң ғана қалды. Құрманғалиев Ғарифолла. Құрманғалиев Ғарифолла (1909-1993) - әнші(тенор). Қазақстанның халық артисі, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Орал облысында туған. Оның творчестволық қалыптасуына халық композиторы Мұхиттың шәкірттері Шынтас пен Шайқы үлкен ықпал еткен. Ғ. Құрманғалиев ұлттық опералық өнердің негізін салушылардың бірі. Ерекше дауысты жеке ән айтушы әртістен ол атақты опералық орындаушы дәрежесіне дейін өсті. Абай атындағы қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрында ұзақ жыл жұмыс істей отырып, ол “Жалбыр”, “Ер Тарғын”, “Қыз Жібек”, Е. Брусиловскийдің “Айман-Шолпан”, М. Төлебаевтың “Біржан-Сара” операларындағы образдардың біртұтас галереясын жасады. Оның репертуарындағы “Айнамкөз”, “Ісмет”, “Боз жорға” сияқты халық әндерінің, “Ақ Жайық”, “Нұржамал”, “Аққу” сынды өз әндерінің орны бөлек. «Көкайдай»- Әні мен сөзі Мұхиттікі орынд. Ғ. Құрманғалиев Маңғытаев Мыңжасар. Маңғытаев Мыңжасар - композитор. 1937 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын профессор К. Х. Қожамьяровтың класы бойынша бітірген. Маңғытаевтың шығармашылығының жанры әрқилы, ашық әуезділігімен айрықшаланады, оның ұлттық - бояулы мәнеріне вокальдық және халықтық - аспаптық ерекшеліктерді біріктіру тән. Маңғытаевтың мәнері әсіресе, <“Қозы мен Баян” балетінде, “Арман”, “Құлагер” симфониялық поэмаларында “Шексіз махаббат” ораториясында, “Ақсақ құлан”, “Жайлауда”, “Қаратау әуендері” сияқты хорға арналған поэмаларында, әндерінде анық із салған. Ұлы Абайдың өлеңіне жазылған “Не іздейсің көңілім” әні тек кәсіби орындаушыларға ғана емес, халық арасында да жақсы мәлім. «Не іздейсің көңілім»- Әні М. Маңғытаевтікі, сөзі Абайдікі орынд. М. Мұсабаев Меңдіғалиев Нағым. Меңдіғалиев Нағым - композитор, ҚазССР-нің еңбегі сіңірген өнер қайраткері, профессор. 1921 жылы Орал облысында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын фортепиано (доцент Е. Ф. Гировскийдің класы) және композиция (профессор Е. Г. Брусиловскийдің) екі мамандығы бойынша бітірген.Меңдіғалиев атымен қазақ музыкасында фортепианолық музыка жанрының қалыптасуындағы жетістіктер тығыз байланысты. Бірінші кәсіби пианист - қазақ, ол көптеген миниатюралардың, фортепианоға арналған алғашқы концерттердің авторы, оның шығармалары музыкалық мектептер, училищелер мен консерваториялардың оқу-әдістемелік репертуарына еніп, тыңдаушы аудиториясының ықыласына ие болды. Оның “Домбыра туралы аңыз” атты концерттік пьесасы қазақтың фортепианолық музыкасының көрнекті бетіне айналды. Оның “Дала”, “Толқын”, “Елім-ай” шығармаларына жылы және шыншыл лирика тән. «Домбыра туралы аңыз»- Әні Н. Меңдіғалиевтікі, орынд. Г. Қадырбекова. Шығармалар. «16 жыл» - Д. күйі, орынд. Б. Қарабалина. «Адай» - Құрманғазының күйі, орынд. Құрманғазы атындағы қазақтың мемлекеттік халық аспаптар оркестрі. Дир. Ш. Қажығалиев. «Әдемі»- Әні Е. Хасанғалиевтікі, сөзі Б. Тәжібаевтікі орынд. Р. Бағланова. «Ақ бидай» - Әні автордікі және орынд. Ш. Әбілтаев. «Домбыра туралы аңыз»- Әні Н. Меңдіғалиевтікі, орынд. Г. Қадырбекова. «Жанбота»- Әні мен сөзі Біржан-салдікі орынд. М. Ержанов. «Жез киік»- Әні А. Жұбановтікі орынд. Б. Қосбасаров. «Жігер»- Дәулеткерейдің күйі, орынд. Қ. Жантілеуов. «Қазақ вальсі»- Әні Л. Хамидидікі, сөзі С. Мұқановтікі орынд. Р. Жұбатырова. “Кара кесек” Муз. и сл. Мади Исп. Умбеталиев Ш. «Поэма»- Әні К. Күмісбековтікі орынд. Ж. Баспаев. «Прелюдия №4. Опус28»- Әні Ф. Шопендікі, орынд. Ж. Әубәкірова. «Сәлем саған, туған ел»- Әні К. Дүйсекеевтікі, сөзі Ш. Сариевтікі, орынд. Н. Есқалиева. «Салтанат»- Әні автордікі, және орынд. Т. Момбеков. «Саржайлау»- Тәттімбеттің күйі, орынд. М. Хамзин. «Сары Арқа» - Құрманғазының күйі, орынд. Құрманғазы атындағы қазақтың мемлекеттік академиясының халық аспаптар оркестрі. «Соната №3 скрипка және форт-ға арналған ре минор, 108-ші шығармасы». Әні И. Брамстікі., орынд. Г. Мырзабекова. Соната №9 скрипка және форт-ға арналған ля мажор, 47-ші шығармасы, «Крейцерова»- Әні Л. Ван Бетховен, орынд. А. Мұсаходжаева «Тоғжанның гөй-гөйі»- Әні мен сөзі Тоғжандікі, орынд. А. Алматов. «Төремұрат»- Құрманғазының күйі, орынд. Қ. Ахмедияров. «Хаулау»- Әні Жаяу Мұсанікі, орынд. Ж. Елебеков. «Хош, аман бол»- қазақтың халық әні, орынд. Ш. Ауғанбаев. «Хұсни-Хорлан»- Әні мен сөзі Естайдікі, орынд. Р. Абдуллин. «Шаттық вальсі» - Әні Е. Рахмадиевтікі, сөзі А. Байғожаевтікі, орынд. З. Қойшыбаева. «Шынарай»- қазақтың халық әні, орынд. Ж. Омарова. «Абай» операсынан Ажардың ариясы - Әні А. Жұбанов пен Л. Хамидидікі, М. Әуезовтің либреттосы, орынд. Р. Жаманова. «Еңлік-Кебек» операсынан Еңліктің ариясы - Әні Ғ. Жұбанованікі, М. Әуезовтің либреттосы, орынд. Р. Жұбатырова. «Алпамыс» операсынан Қаракөздің ариясы - Әні Е. Рахмадиевтікі, К. Кенжетаевтың либреттосы, орынд. Х. Халиламбекова. «Махамбет» операсынан Махамбеттің ариясы- Әні Б. Жұманиязовтікі, Б. Аманшин мен С. Жиенбаевтың либреттосы орынд. Ғ. Есімов. «Би, «Біржан Сара» операсынан»- Әні М. Төлебаевтікі, орынд. ҚР Мемлекеттік академиясының симфониялық оркестрі. «Қыз-Жібектің сыңсуы»- Әні Е. Брусиловскийдікі сөзі Ғ. Мүсіреповтікі орынд. К. Байсейітова. «Көзімнің қарасы»- Әні мен сөзі Абайдікі орынд. Ә. Дінішев. «Көкайдай»- Әні мен сөзі Мұхиттікі орынд. Ғ. Құрманғалиев «Көкіл»- Қазанғапттың күйі, орынд. Құрманғазы атындағы қазақтың мемлекеттік халық аспаптар оркестрі. «Құдаша думан»- Әні Е. Рахмадиевтікі орынд. ҚР-ның Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі. «Құрманғазыға»- М. Өскенбаевтың күйі орынд. автор. «Қызылқұм»- Әні М. Қойшыбаевтікі орынд. С. Балмағамбетов. «Қорқыттың күйі»- Қорқыт. орынд. М. Жарқынбеков. «Мақпал»- Әні мен сөзі Ақан-серінікі орынд. Ә. Нұғыманова. «Махаббат назы»- Әні С. Қайырғалиевтікі, сөзі К. Қазыбековтікі орынд. М. Жүнісова. «Назқоңыр»- қазақтың халық әні, орынд. Е. Серкебаев. «Не іздейсің көңілім»- Әні М. Маңғытаевтікі, сөзі Абайдікі орынд. М. Мұсабаев. «Өсиет терме»- Әні мен сөзі Н. Бекежановтікі, орынд. М. Рүстемов. «Ақбай» - Құрманғазының күйі, орынд. Құрманғазы атындағы Қазақтың мемлекеттік халық аспаптар оркестрі. Дир. Ш. Қажығалиев. «Аққу» - Автор және орынд. Н. Тілендиев. «Ақсақ құлан»- Халық күйі орынд. Р. Ғабдиев. «Әлия»- Әні С. Бәйтерековтікі, сөзі Б. Тәжібаевтікі орынд. Р Рымбаева. «Аман бол, шешем, аман бол»- Құрманғазының күйі, орынд. Ә. Есқалиев. «Асылым» - Әні мен сөзі І. Жақановтікі орынд. Қ. Байбосынов. «Ата толғау»- Н. Тілендиевтің күйі, орынд. Фольклорлық-этнографиялқ «Отырар сазы» оркестрі «Базар-Назар»- Әні автордікі және орынд. К. Әзірбаев. «Ш. Гуноның «Фауст» операсынан скрипкаға арналған фантазиясы (үзінді)»».- Өңдеген. «Бұлбұл»- Әні Л. Хамидидікі, сөзі Н. Әлімқұловтікі, орынд. Б. Төлегенова. «Бұрылтай»- Әні мен сөзі Біржан-салдікі, орынд. Б. Досымжанов. «Гәкку»- Әні мен сөзі Ыбырайдікі, орынд. К. Байсейітова. «Гауһартас»- Әні мен сөзі Сегіз-серінікі, орынд. Б. Төлегенова. «Елімай»- Әні С. Мұхамеджанов, сөзі К. Шаңғытбаевтікі, орынд. Б. Байқадамов атындағы «Жамбас сипар»- Әні мен сөзі Біржан-салдікі орынд. Ж. Кәрменов. Бекет- ата ескерткіші. Бекет- ата ескерткіші – Маңғыстау, Үстірт, Жем бойындағы Бекет ата есімімен байланысты жерасты ғимараттарының ортақ атауы. XIX ғасырларда Үстіртті зерттеген типограф Э. Эверсман, А. Дюгаиель сияқты ғалымдар аңыз – әңгімелерді негізінде жинаған деректерін жазып қалырған. Оғыландыдағы ғимарат жақсы сақталған. Оңтүстік Үстірттің Маңғыстау ойысына тірелген бір тұмсығының үзіліп қалған шоқысына қашалған. Үш – төрт қанат киіз үй көлеміндей үш бөлме. Бекет ата мүрдесі осы бөлмелердің бірінің іргесіне қашап орналастырылған. Жерасты ғимараты маңында Бекет ата пайдаланған, бұлақтар, құдықтар бар. Бекет ата ескерткіші – дарынды сәулеткерліктің, биік талғамның куәсі. Бегазы ескерткіші. Б.э.д. XII-VIII ғ.ғ. Орталық Қазақстанның таулы жазықтарында археологиялық ескерткіштері Бегазы-Дандыбай мәдениеті орналасқан. Олар некропольдармен, менгиірлермен, қоныстануларымен ежелгі таулы өңдеуі, ежелгі темір комплекстерімен ұсынылады. Бегазы ескерткіштері бұл мәдениеттің классикалық ескерткіштері болады. Ескерткіш Беғазы өзенінің бойында Ақтоғай районды орталығынан 40 км шақырымда орналасқан. Қызық-Арай таулары және Беғазы ең жоғары жері Арал-Ертіс сужиектенуі. Таулы аймақтың бай суы, орманды жерлерінің болуы Беғазы және Тоқыраун өзендерінің жерін көп келетін орынға айналдырған. Ежелден бай таулы жайылымдар мал өсіруші шаруашылық және мәдени қызметі үшін жақсы жағдай болатын еді. Беғазы ескерткішінің жанында көптеген су кенішінің болуы (Бесшоқы, Қарашоқы, Қызыл-Арай) мыс, қалайы кенінің, одан кейін темір кенінің орындары шығуына дәлел боларлық. Балшықтан, қыштан жасалған бұйымдардың табылуы Беғазы ескерткішінің жанында қоныстың болғанын ашады. Беғазы ескерткішінің жалпы көлемі шамамен 10 га жерді құрайды. Ең ірі және ерте құрылған кесенелері Беғазы тауының баурайында комплекстің солтүстік бөлігінде орналасқан. Беғазының таулы молашықтары– кіретін есігімен, үстіңгі айналу галереясымен, тақтайшалармен қапталған сонымен бірге бір-бірінен мөлшерінен айырмашылығы бар тіректерімен, ерекше орнатылған қабырғаларымен, кейде екікамералы бөлінуімен жалпы құрылыстық ұқсастықтары кездеседі. Барлық кесенелер квадратты түрде, жиі бөлінетін қабырғасымен және әлемнің жақтарына бағытталып салынған. Шығыс жақта кіру есігі орналасқан. Гранитпен қапталған қабырғалар тікбұрышты формасында іріпанелді тақтайшалар, әрбіреуінің салмағы 3 тоннаны құрайды. Плиталар вертикалды қатары және бір-біріне тығыздалған. Беріктік үшін плиталармен қапталған қабырғалар тереңдігі 0,8 м және артығырақ немесе үштен бір бөлігі жалпы биіктігі ғимараттың сыртқы бөлігінен 2,5-3 м құрайды. Ғимараттың жалпы биіктігі қазан шұңқыр еденінен төбеге дейін шамамен 4,0 – 4,5 м. Стресс. Стресс (ағыл. "stress") қатты куйзелу, абыржу, мөлшерден тыс ширақтылық деген сияқты бірнеше мағынаны қамтитын жалпылама сөзбен айтылған адамның ерекше куйі. Ғылымға ең алғаш ең алғаш осы ұғымды енгізген канадалық физиолог Ганс Селье. Оның анықтамасы бойынша, стресс - өте жағымсыз әсерлерге жауап ретінде туған организмнің қалыпсыз бейімделу әрекеттерінің жинағы. Адамның жеке ерекшеліктеріне, мінезіне, жоғарғы ж6йке әрекетінің типтеріне орай стрестің бірнеше түрлері байқалады. 1) үрейлену - жағымсыз тітіркендіргіш әсер еткен сәтте туатын жауаптың алғашқы кезеңі. Таңырқау іспетті сезім пайда болады; 2) төзімділік – жағымсыз тітіркендіргіш әсеріне беріліп кетпей, оған төзу реакциясы туады. Бұл кезде гипоталамус-гипофиз жуйесінің ықпалымен бүйрек үсті безінің гормондарының мөлшері қанда тез мөлшерде көбейіп кетеді. Симпатикалық жүйке жүйесінің әсерімен жүректің соғу ырғағы жылдамданады, тыныс алу ырғағы да жиілене түседі. Бұлшық еттердің жиырылу қабілеті күшейеді; 3) әлсіреу – бейімделу қорының мүикіндігі азайып, таусылады, сондықтан психологияда дезадаптация (бейімделудің нашарлап жойылуы) пайда болады. Стрестің көпке созылған ауыр түрі адамды жүдетіп, қайғыға батырады. Бұл тұрғыдан алғанда, заманында Әбу Әли Ибн Синаның қойларға қойған тәжірибесі өте қызық. Ол бір қойды қораға, басқа қойларды көретіндей етіп, жалғыз өзін қамаған. Ал екінші қойды басқа қораға қасқырдың үйшігінің жанына орналастырған. Бірінші табынға қосылғысы келіп, маңырай берген, бірақ алдындағы жем-шөпті жеп тұрған. Ал екінші қой қасқырды көрген сайын үркіп, қашпақ болған. Ол алдындағы жемді аузына да алмай, жүдеп-жадап әлсіреген. Адам да сол сияқты жақсыны көрсе жақындағысы келіп, жағымды стресс туады. Ал жаманды кездестіргенде одан жанын аулақ салып, құты қашады, жағымсыз стресс туады. Міне, осы екі мысал стрестің жағымды және жағымсыз түрлерін біршама сипаттайды. Стресті тудыратын әсерлерге қарай физиологиялық және психологиялық стресс деп екіге бөледі. Психологиялық стресті мәліметтік және эмоциялық стресс деп атайды. Тосыннан жағымсыз хабар естігенде мәліметтік стресс пайда болады. Адам дұрыс жауап таба алмай, қатты қиналады, не істерін білмей, абыржып қалады. Ал эмоциялық стресс қауып туқанда немесе оқыс қорыққанда, не біреуден қатты көңілі қалғанда байқалады. Мұндайда жоғарғы жүйке әрекетінде тежеулі серпінісі қанат жаяды. Соның нәтижесінде іс-қимыл әрекеті немесе сөйлеген сөзі бұзылады. Стрестің физиологиялық тетігі гипоталамус-гипофиз бүйрек үсті безі жүйесінің рефлекторлық қызметіне негізделген. Стресс кезінде қанда глюкокортикоидтар мен катехоламиндердің, серотониннің мөлшері оқыс көбейеді. Ғылымның жаңа деректері бойынша оған қосымша самототропин және самотомединдер де стрестің, әсіресе оның үрейлену кезеңінің өрлеуіне себеп болады. Самототропин иммундық жүйенің қызметін белсендіріп, организмнің стреске қарсы тұру төзімділігін арттырады. Бомбелли, Рафаэль. Рафаэль Бомбелли (, 1526 жылы қаңтарда Полония~1572) Италиян математигі, инженері. Италияның мәдениеттің қайта гүлдену кезеңіндегі ең соңғы алгебра зерттеушісі. Оның зерттеулері Еуропа математикасының дамуына өзіндік үлесін қосып кетті. Еңбектері. Ол уақытының көп бөлігін Италияның орта бөлігіндегі Уардижина шатқалындағы құнарлы жерлерді ашуға жұмсаған. Осы жұмыста жүріп бос уақыттарында математиканы зерттеумен айналысқан. ⅩⅥ ғасырдағы Италияда теңдеулерді шешу тәсілі ең маңызды орында тұрған кез еді. Л.Паколиден (Paciloi L 1445~1517-Италия математигі) соң Феро Дел.С(1510),Н. Тарталия,Ж.Кардано,Л.Ферари қатарлы математиктер жалғастырды. Бомбелли жоғарыдағы ғалымдардың зерттеу жұмысын ары қарай зерттеу керектігін, бұдан да жоғары нәтижелерге қол жеткізуді ойлайды. Ол Римде сапарда жүрген кезде көне гректің атақты математигі Диофанттің «Арифметика» деген кітабының колдан көшірілген көшірме нұсқасын оқып қатты әсерленеді.осы кітаптың оның соңғы зерттеуіне көмегі көп болады. Оның басты еңбегі «Алгебра ғылымы» деген атпен 1557~1560 жылдары аралағында жазылып, 1572 жылы Полония баспасынан жарық көреді. өкінішке орай, көп өтпей қайтыс болады да, кітабының соңы бөлімі жарық көрмей қалады.300 жыл өткеннен кейін ғана оның қолжазбасы табылып(1923 жылы) 1929 жылы баспадан толық шығады.«Алгебра ғылымын» бес тарауға бөліп жазбақ болған: 1-тарауда, алгебраның негізгі ұғымдары мен есептеу әдістері; 2-тарауда, әртүрлі символды енгізуден бастап, бірінші дәрежелі теңдеулерді шешуге дейінгі жолдары көрсетілген; 3-тарауда көптеген жаттығу есептері мен қолданбалы есептерді берген; 4-тарауында,геометриялық әдістің алгебрада қолданылуын көрсеткен; 5-тарауда алгебралық амалдар арқылы геометриялық есептерді шығару жолдарын түсіндірген. Соңғы екі тарауы бітпей қалған. Бомбллиден бұрынғылары 3-дәрежелі теңдеулерді шешудің әдеттегі жолдарын тапқан, бірақ, келтірілмейтін жағдайын(яғни, дискриминанты теріс болып, жорамал сандардан түбір алуға) келгенде сол замандағы математиктер амалсыз қалған. Оның ең басты еңбегі осы жорамал сандарды жаттық пайдалана білгендігі еді.бұндай жағдайды дәлелдеу үшін сөз жоқ 3 нақты түбірі болу шарт. 4-дәрежелі теңдеуде де осындай жалпы жолмен дамытады. Бельтрами, Эуженио. Эуженио Бельтрами (; 1835 жылы қарашаның 16-інде Ломбарди - 1899 жылы 4 маусымда (тағы бір деректерде 1900 жылы 18 ақпан делінген) Римде қайтыс болған.) - Италия математигі. Мансабы. 1853~1856 жылдары аралығында Павиа университетінде математика оқыған. Кейіннен темір жол инженерінің хатшысы болған, Миланда жүрген кезінен бастап математиканы зерттей бастайды, 1862 жылы тұңғыш мақаласын жариялайды. 1862 жылы Бологна университетінде сабақ берген. 1864 жылы Пиза университетінің профессоры болады. 1866 жылы Бологна университетіне қайтып барып, теориялық механика профессоры болады. 1873~1876 жылдары аралығында Рим университетінің профессоры болады. Кейіннен Павиа университетіне қайтып математикалық физиканың профессоры болады. 1891 жылдан өмірінің соңына дейін қайтадан Рим университетінде жұмыс атқарған. 1898 жылы Италия ғылым академиясының академигі болып сайланады.Бельтрамидің зерттеу саласын үлкен жақтан екіге бөлуге болады. 1872 жылдан бұрын, қисық бет пен қисықтың дифференциялдық геометриясын зерттеген, соның ішіндегі ең әйгілісі 1866 жылғы жариялаған «Эвклидтік емес геометрияның түсіндірілуі туралы» еді. Онда бірінші Лобачевскии геометриясындағы модулы-жалған шар бетінің модулын көрсетіп берген еді. Кейіннен, тұрықты қисықтыққа ие қисық беттен жоғары өлшемді кеңістікке дейін кеңейтеді әрі жоғары өлшемді Эвклидтік геометрияны келтіріп шығады. Ол бірінші болып дифференциялдық геометрияда дифференциялдық өзгермейтін өрнек(инвариант өрнек) теориясын енгізген, бұл эвклидтік емес геометрия мен дифференциялдық геометрияның дамуына үлкен әсері болған. 1872жылдан кейін,ол қолданбалы математиканы зерттеуге ден қойған. Мысалға, сұйықтық механикасы; толқын теориясы, кванттық теория т.б. осылардың ішіндегі ең маңыздысы,математикалық талдау саласына, геометриялық әдісті енгізіп, соңғы кездегі математикалық - физиканың дамуына зор үлесін қосты. Оның негізгі еңбектері «Математикалық зерттеулер»(4-том,1902~1920)да сақталған. Қарауылбек Қазиев. Қарауылбек Қазиев 1939 жылы 1 мамырда Жамбыл облысы Шу ауданындағы «Қарабұлақ» ауылында туған. Орта мектепті ауылда бітірген соң, Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факултетін бітіреді.Болашақ жазушы әуелі Жамбыл облыстық родио комитетінде жұмыс істейді. 1969 жылдан бастап өмірінің соңына дейін Оңтүстік Қазақсан Облыстық радио камитетінің бас редакторы болып қызмет істеді. Қ.Қазиевтың алғашқы әңгімелер жинағы «Ақ бантик» деген атпен 1968 жылы «Жазушы» баспасынан шықты. 1974 жылы «Иманжапырақ» повесі үшін жазушы Қазақ КСР баспа полиграфия, кітап саудасы істер жөніндегі мемлекеттік комитеті. Қазақстан ЛКСМ Орталық комитеті және Қазақстан Жазушылар одағы бірлесіп ұйымдастырған «Жалынның» жабық конкурсында бірінші орынды иеленді. Оның бірқатар әңгімелері мен повестері орыс тіліне аударылып, жеке кітап болып шыққан. Қарауылбектің «Үркер», «Кемпірқосақ», «Ақшуақ», «Іңкар дүние», орыс тілінде «Подснежник» деген кітаптары бар. Қ.Қазиев 1989 жылы қайтыс болды. Жазушының атында Шымкент қаласында көше бар. Бейіті Шымкент қаласы маңындағы зиратта. Зигмунд Фрейд. Австриялық врач психолог З.Фрейд ең атақты психологтардың біріне саналады. Ол 1856 жылы 6 мамырда Фрейбурк қаласында, қарапайым тері сатушының отбасында дүниеге келген. 1860 жылы Фрейдтер отбасы Венаға көшеді. 83жыл өмірінің 80 жылын Зигмунд осы қалада өткізеді. Үлкен отбасында 8 бала болды, бірақ Зигмунд өзінің алғырлығымен,таңқаларлық ақылымен,кітапқа деген құмарлығымен ерекшеленді. Сол себепті оған ата-анасы жақсы жағдай жасауға тырысты. Сабақ орындау барысында оған ешкім кедергі жасамау мақсатында, Зигмунд әрқашан керосинді шаммен оқитын, ал басқа балалары шам арқылы оқитын. 17 жасында гимназияны өте жақсы аяқтап, әйгілі Вен университетіне оқуға тапсырады. Университетте атақты профессорлар дәріс береді. Сол жерде оқып жүріп З.Фрейд студенттік одаққа қосымша тарих, политика, философия жайлы үйрену мақсатында кіреді. Бірақ көбірек оны жаратылыстану ғылымдары қызықтырады. Биология және физика, жаратылыстану принципі бойынша нақты тәжірибелі маман ретінде қалыптасты. Бұл үшін ол алдымен клиникаға жұмыс істеуге бару керек болды. Өйткені оның ол кезде медициналық тәжірибесі жоқ болатын. Клиникада Фрейд диагностика әдістерін миына зақым келген балаларды сондай-ақ әр-түрлі тілдік ақаулары бар балаларды емдеу әдістерін меңгерді. Оның ғылыми еңбектері медициналық зерттеулер ортасында белгілі бола бастайды. З.Фрейд жоғары білікті невропатолог дәрігер ретінде танылады. Өзіне келген науқастарды ол жылу, су, электр тогы арқылы яғни физиотерапия әдістерімен емдейді. Алайда Фрейд көп ұзамай бұл физиотерапиялық әдістерге қанағаттанбайды, өйткені емдеудің тиімділігі жақсартуды қажет етті. Ол басқа әдістерді іздестіре бастады. Соның ішінде сол кездің дәрігерлері жақсы нәтижеге қол жеткізіп жүрген гипноз арқылы емдеуді қолданады. Сол дәрігерлердің ішінде Ю.Брейрде бар. Ол жас З.Фрейдке зор ықпал етті. Олар өздеріне келген ауру адамдардың ауруларының себептерін және оларды емдеу жолдарын бірге талқылады. Көбінесе оларға қояншық ауруымен ауратын әйелдер емделуге келетін. Бұл аурудың көріну себептері – қорқыныш (фобия), сезімталдықтарды жоғалту, тамаққа тәбеті болмау, екі адам сияқты әрекет ету, елестер т.б. Жеңіл гипноз түрін қолдану арқылы (түс көру тәрізді ұйқылы-ояу күй) Брейр мен Фрейд ауру адамдарға сол аурумен ауырар алдындағы оқиғаларды айтқызды. Аурулар сол оқиғаларды есіне түсіре алса және сөзбен жеткізе алса бұл ауру шамалы уақытқа бәсеңдейді. Мұндай жағдайды Брейр көне грекше «катарсис» (тазару) деп атаған. Көне заман философтары бұл сөзді адам өнер туындыларын қабылдағанда пайда болатын және оның жанын жағымсыз күйлерден тазартатын сезім күйлерінің атауы ретінде қолданған. Ғылыми білім – бұл білім өте мұқияттылықты қажет ететін құбылыстар себебін білу. Ол құбылыстарға сипаттама беріп қана қойған жоқ, олардың себептері мен заңдылықтарын іздеді. Психология саласына көшкен кезде де ол осы принциптерді ұстанды. Ол медицина факультетінде оқыды. Оның ұстазы европаның әйгілі физиологы Эрнст Брюкке болды. Оның зертханасында көптеген елдердің ғалымдары жұмыс істеді оның ішінде орыс физиологиясы мен ғылыми психологияның негізін салған И.М.Сеченов болды. Брюккенің жетекшілігімен студент Фрейд Вена физиология институтында жұмыс істеді. Ол жерде ол күніне бірнеше сағат микроскоппен жұмыс істеді. Қартайған шағында бүкіл әлем мойындаған психолог болған ол достарының біріне зертханада жануарлардың арқа жұлынының жүйке жасушаларының құрылымын зерттеген жылдар оның ең бақытты сәттері екендігін айтты. Осы кезеңде қалыптасқан оның бойындағы ғылымға деген қызығушылық пен табандылықты З.Фрейд өмірінің соңғы 10 жылдығында да жоғалтқан жоқ. Дәрігерлік қызметінің басталуы. Вена университетін бітірген соң З.Фрейд кәсіби ғылым қызметкері болуды мақсат етті. Бірақ физиология институтында Брюккенің қол астында мұндай жұмыс орны болған жоқ. Осы кезде Фрейдтің материалды жағдайы да болған жоқ. Өзі сияқты кедей отбасынан шыққан Марта Бернейге үйленген соң қиындығы көбейе түсті. Фрейд ғылымды тастап өмір сүру үшін жұмыс істеуге мәжбүр болды. Бұдан шығар бір жол бар еді – ол тәжірибе жинақтаушы дәрігер болу. Қалайда бұл мамандыққа ол қызығушылық танытпады. Ол невропатолог ретінде жеке тәжірибе жинақтауға шешім қабылдады. Брейр бұл терминді эстетикадан алып психотерапияға ауыстырды. Адам саналы түрде сезінбейтін бұрынғы әсерлер, еске түсірулер елестетулердің адам санасына ықпалы философтар мен психологтарға бұрыннан ақ белгілі болған. Брейр мен Фрейдттің жаңа идеяларының мәні мынада: адам саналы түрде сезінбейтін күйлерге қарсылық білдіреді. Ал бұл күй сезім және қозғалыс органдарының түрлі ауруларға шалдығуына әкеледі. (тіпті уақытша дәрменсіздік күй тудыруы мүмкін). Гипноз әдісін әсіресе француз ғалымдары өте сәтті қолданған. Олардың тәжірибелерін зерттеу үшін Фрейд Парижге атақты невролог Шаркоға барады (бүгінде ол дәрігер физиотерапия әдісінің бір түрі – «Шарко жаны» әдісімен байланысты медицинада белгілі). Бұл дәрігердің «Невроз Наполеона» деген аты да бар. Ол европаның көптеген король отбасыларын емдеген. Бұл атақты дәрігерді ауруларды тексеру кезінде гипнозбен емдеу сеанстары кезінде тәжірибе жинақтаушы дәрігерлер тобы қаумалап жүретін. З.Фрейд жас веналық дәрігер сол тәжірибе жинақтаушылардың бірі еді. Фрейдті Шаркоға жақындастырған жағдай оның Шаркоға ол оқыған дәрістерді неміс тіліне аударуын өтініп жолыққан сәті еді. Бір әңгімелесу үстінде Шарко невротик мінез құлқындағы негізгі ерекшеліктердің бір көзі оның жыныстық құрылымында жатанын айтты. Осы ескертуді есінде сақтаған Фрейд бірнеше жыл өткен соң осы болжамдар мен бақылауларға сүйене отырып адам мінез құлқындағы басты қозғаушы күш ретінде оның сексуалды өмірінің рөлі туралы идеяны алға тартты. З.Фрейд адам өміріне дәл осы сексуалды бастамалардың тікелей және жанама әсер ететіндігін адам өміріндегі барлық проблемаларға әкелер жол деп ұқты. Фрейдтің осы ілімі көптеген батыс елдерінде әйгілі бола бастады, сонымен қатар психологиядан тыс ілімдерде қолданды (Ярошевский 1989 ж.). Психоанализдің туындауы. Біршама уақыттан соң Фрейд тұлға проблемаларын зерттеумен шұғылданды және неврозды емдеудің ерекше әдісін ойлап тапты. Фрейд теориясы мен практикасында санасыз күй мәселелері ерекше орын алды. Адам саналы түрде қабылдамайтын процестерге деген қызығушылық Фрейдтің бойында оның дәрігерлік қызметінің бастапқы кезеңінде пайда болды. Бұған сонымен қатар пост гипноздық күй қалыбын айқындауы әсер етті. Бір әйелге гипнозбен емделу үстінде гипноздан оянғаннан кейін бөлме бұрышында тұрған қолшатырды алу керектігін ескертеді. Гипноздан оянғаннан кейін шыныменде қолшатырды алып ашты. Ол әйелден неге бұлай істегенін сұрағанда ол қол шатырдың жөндеулі тұрғанын тексергім келді деп жауап берді. Сол гипноздан кейінгі сәтінде әйелге қол шатыр бөтен біреудікі екенін ескерткенде ол ыңғайсызданып оны орнына қойды. Бұл фактілер Фрейдке дейінде белгілі еді. Бірақ Фрейд оларға жаңаша түсініктеме берді. Осындай фактілерді талдау негізінде Фрейд өзінің санасыздық күйі теориясын жасады. Емдеуші дәрігер ретінде ол саналы түрде қабылданбайтын сезім күйлері мен уәжедері адам өмірін елеулі түрде қиындатып тіпті жүйке-психика ауруларының себебі болуы да мүмкін екендігіне бірнеше рет көз жеткізді. Бұл жағдай оның өзі емдеп жүрген ауру адамдардың саналы әрекеті мен санасыздық сезім күйі арасындағы қарама-қайшылықтан арылту жолдарын іздестіруге бағыттады. Фрейдтің адам жанын сауықтыру әдісі мен теориясы психоанализ деп аталады. ХХ ғ. психологиясында әйгілі ілім ретінде танылды. Кейінірек Фрейд тек ауру адамның емес сонымен қатар сау адамның да сезім күйімен мінез құлқын психиканың санасыздық күйі арқылы түсіндіретін теориясын құрды. Фрейд психологияға келгенде бұл ілім сана туралы ғалым деп саналды. Бұл жерде сана деп – адамның өз жанындағы (ішкі дүниесіндегі) өтіп жатқан құбылыстар туралы тікелей білуі аталады. Психологияның негізі де білудің дәл осы түрі еді. Фрейд өзінің медициналық тәжірибесіне сүйене отырып санасыздық күйкүштерін зерттей бастады. Ол емдеген адамдар өздерін не қызықтыратынын, жан дүниесін не ауыртқанын білмегендіктен ауруға ұшыраған. Тек гипноздың көмегімен сана бақылауын қадағалау арқылы тұлғаны ауруға шалдықтырған оқиғалар ізін табуға мүмкіндік туды. З.Фрейдтің бұл жердегі батыл қадамы санасыздық күйі психикасының түрі қалтарыстарын зерттеуде болды. Адамның жан дүниесінің құпияларына барар жолды ол сана психологиясынан да, физиологиясынан да емес санасыздық күйі психологиясынан іздей бастады. Емдеу процесінде санадан жасырын ойлар мен сезім күйлерін тану қажет болды. Бастапқыда ең басты және жалғыз қару гипноз болатын. З.Фрейдтің шеберлігі Брейрге қарағанда жеткіліксіз еді. Гипнозға қанағаттанбаған ол басқа құралдарды іздестіре бастады. Фрейд тапқан жаңа терапиялық құрал «еркін ассоциация» деп аталатын ассоциация түрлері еді. Олар көптеген жылдар бдойы психоанализдің негізі болып келді. «Ассоциациялар» ұғымы – психология ғылымындағы көне ұғымдардың бірі. Бұл термин Платон мен Аристотельдің еңбектерінде кездеседі. Ассоциациялардың құрылу заңдылығын ғасырлар бойы психологияда ең басты нәрсе еді. Мысалы адам бір затқа қарай отырып оның иесін есіне алады. Өйткені бұрынырақта олар бір мезгілде қабылданса олардың мидағы іздері арасында өзара байланыс, яғни ассоциация пайда болған. З.Фрейд ассоциацияларды санасыз түрдегі іс-әрекеттерді зерттеуге жол табу үшін қолданған. Бұл үшін ассоциациялар еркін болуы тиіс. Яғни сананың қабылауынан тыс болады. Психоанализдің басты үрдісі осылай туған. Емделуші адам бей-жай күйде (жатқан қалпы) ойына келген нәрсенің барлығын емін еркін айту, миында туындаған ойлар алуан түрлі болсада өз ассоциацияларын сыртқа шығаруы тиіс болды. Емделуші кедергіге тап болғанда мүдіре бастады бір сөзді бірнеше рет қайталап ойындағыны еске түсіру мүмкін еместігін айтты. Бұл жердегі Фрейдтің болжамы: Ауру адам өзінің кейбір құпия ойларына еркінен тыс қарсылық танытады. Сонымен қатар мұны ол санасыз түрде өз ырқынан тыс жасайды. Адам мінез құлқын меңгерудегі санадан тыс уәждердің атқарар рөлін анықтай отырып Фрейд психологияда жаңа бағыттың негізін салды. Бірақ оның адамға тән бүкіл қиыншылық, қызығушылық, құмарлық атаулының басты себебі адам бойындағы санадан тыс сексуалды күштердің әрекеті болып табылатындығына деген нық сенімі онық көптеген зерттеушілер ішінде өз жақтастыры мен қызметтестерінің қарсылығын тудырды. З.Фрейдтің ұстанған принциптерімен көзқарастарына қарама-қайшы пікірлер орын алды. Ал оның теориясы әуелден ақ сынға алынды, тіпті жоққа шығарылды. Бірнеше ондаған жылдар бойы күн сайын 8-10 сағаттан З.Фрейд дәрігерлік тәжірибесін шыңдады. Осы тәжірибелерінен алған фактлері арқылы ол толғақ құрылымына сипаттама берді. Тәжірибе жүргізуші дәрігер ретінде Фрейд қолда бар фактлерді өте мұқият қолданды. Бұл фактілердің білгірі деуге болады. Фактілерді жинақтай отырып олардың негізінде өз теориялық қағидаларын құрды. Алайда кейінірек ол көбінесе теория жасаумен шұғылданып оларды нақты фактлері негізінде дәлелдеуге аз көңіл бөлді. Бұл жерде Фрейд даңқы арта түскен сайын өз көзқарастары дұрыс дегенге әбден сеніп өзін жоғары бағалай бастағандай еді. Фрейдтің мінезі бір беткей болатын және оның тұжырымдамасын өзгертуге немесе толықтыруға тырысқан өз шәкірттерінің барлығын дерлік алыстатып алды. Психоанализге жолдың кең ашылуы үлкен еңбектен келгендіктен әр шегіністі Фрейд сатқындық ретінде қарастырды. Психоаналитикалық ассоциациядан өз жақтастарымен қатар Фрейдтің шәкірттері де – А.Адлер, К.Г.Юнг, К.Хорни, М.Клейн, Ж.Лакан сияқты зерттеушілер де қуылды. Мұндай атмосфера З.Фрейд салған ізге және оның беделіне мүлтіксіз бас шұлғуды танытты. Психоанализде адам ойлары мен сезім күйлерінің санадан тыс түрін анықтау әдісі ретінде түс көруді талдау әдісі табылды. Бұл әдістің мәні мынада: психоаналитик емделушінің көрген түстерін талқыға салады. Фрейдтің есептеуінше, түс көру қаншалықты бос көріністер болғанымен, оның «сценарийі» – бұл түстің бейне-белгілері арқылы қанағаттандырылатын түпкі тілек-қалаулар коды. Бұл болжамына өщзі таңырқаған З.Фрейд оның тіпті қандай жағдайда туындағанын да есіне сақтап қалады. Бұл 1895 жылдың 24 шілдесіндегі кешқұрым мезгіл, бейсенбіде, веналық мейрамханалардың бірінің солтүстік-шығыс бұрышында еді. Бұл жөнінен З.Фрейд бірде: «осы жерде дәрігер Фрейд түс көру құпиясын ашты» деген жазуы бар тақтай іліп қойса да болады», – деп әзілдей айтқан екен. 1900 жылы «Түс жору» кітабы жарық көрді. Оны З.Фрейд өзінің басты еңбегі санады. Кітапта түстегі бейнелердің қалыптасу тәсілдері: олардың кешенді қабаттасуы, тұтас бейненің бөлшек бейнемен алмасуы, кейіптеу және т.с.с. сипатталды. Осының барысында ол барлық адамдар үшін бірдей мәнге ие символдар бар деп санады. Мұндай символдар ретінде ұшу, құлау, суды, үшкін заттарды, тістің түсуін көру қарастырылды. Тәуелсіз авторлардың бұл қағиданы тексеруі мұндай тұжырымды растамады. Фрейд түс көрудегі бейнелерді эмоциалды сезім күйлерінің деңгейлері ретінде түсіндірді. Олардың туындау көздері күндізгі қалыптан тыс сезім күйлерінде, қызығушылықтарында, қорқыныш күйлері мен санадан тыс әрекеттерінде жасырылған. Олар өздері туралы ерекше символдық тілде сөйлейді. Фрейд олардың сөздік қоры мен оның құрылу тәсілін қалпына келтіруге тырысты. 1901 жылы оның «күнделікті тұрмыс психопатологиясы» кітабы жарық көрді, мұнда ол түрлі бұрыс әрекеттерді түсіндірді: есімдерді ұмыту, сөзден таю, санадан тыс уәждердің көрінуі. Фрейд бойынша, мұның себептерін санадан тыс импульстерден, шұғылданатын әрекеттерінен іздеген жөн. Бұлардан кейін оның «Даналық және оның санадан тыс құбылысқа қатынасы» (1905), «Сексуалдылық теорияисы бойынша үш очерк» (1905), «Тотем және табу» (1913) еңбектері жарық көрді. Фрейдтің халықаралық деңгейдегі атақ-даңқы З.Фрейдтің танымалдығы арта берді: халықаралық деңгейде де атақты болды. 1909 ж. оны АҚШ шақырады, оның дәрістерін көптеген ғалымдар, солардың ішінде америкалық психология атасы Вильям Джемс те тыңдаған. З.Фрейдті құшақтап тұрып ол: «Болашақ – сіздің қолыңызда», – деген екен (Ярошевский, 1989, 21 бет). 1910 жылы Нюрнбергте психоанализ бойынша Бірінші халықаралық конгресс өтті. Оған қатысушылар психоанализді психологиядан өзіндің ерекшелігі бар жеке, айрықша ғылым деп жариялады. Алайда көп ұзамай осы қоғамдастың ішінде оның таралуына әкелген қарсы пікірлер туындады. Фрейдтің көптеген жақын жүрген жақтастары онымен арақатынасын үзіп, өздерінің мектептерін ашып, бағыттарын қалыптастырды. Солардың ішінде Альфред Адлер мен Карл Юнг те бар, олар соңынан атақты психологтар болды. Олардың көпшілігі сексуалды инстинктің басым рөлге ие екендігін мойындамады. Көп ұзамай З.Фрейдтің өзі де өз тұжырымдамасына түзетулер енгізді. Бұған оны өмір мәжбүрледі. Бірінші дүниежүзілік соғыс басталды. Емдеушілердің көбі сексуалды сезім күйлеріне емес, соғыс уақытында оларды күйзелткен сынақ, қиыншылықтарға байланысты невроз ауруымен ауырды. ХIХ ғ. соңында веналық бұқара халықты емдеу кезінде туындаған З.Фрейдтің бұрынғы тұжырымдамасы кешегі солдаттар мен офицерлердің соғыс жағдайында туындаған психикалық күйзеліс күйін түсіндіруге жарамсыз болып шықты. З.Фрейдтің жаңа емдеушілерінің өлімді көп көруден туындаған психикалық күйзеліс пен соққылары ерекше инстинкт бар деген болжам жасауға себеп болды. Ол Танатос деген атауға ие болды. Бұл жерде Танатос деп не өзгелерді, не өзін өлтіруге, жоюға деген ерекше құмарлықты түсіндірді. З.Фрейдтің көзқарасы бойынша, бұл инстинкт сексуалды инстинктпен қатар мінез-құлықтың кез келген түрінің негізіне алынған. З.Фрейдт бұл мәселені зерттеуге интермелеген өз өміріндегі жағдайлар да болды. 20-жылдардың басында ол көп шылым шегуден туындаған өте ауыр ауру түрімен ауырды. Бір операциядан соң екіншісіне шыдамдылықпен төзіп, жұмыс істеуін тоқтатпады. 1915-1917 жж. ол Вена университетінде «Психоанализге кіріспе дәрістер» деген атпен жарияланған курс оқыды. Бұл курс олықтыруды қажет етті, оларды ғалым 1933 жылы 8 дәріс түрінде жариялады. З.Фрейд шығармашылығының осы соңғы кезеңінде оның «Бұқара психологиясы және «Мен» талдауы» (1921), «Мен және Ол» (1923) еңбектері жарық көрді. Бұл кітаптарында оның адамның жеке тұлғасының құрылымына деген көзқарастарының өзгергендігін көреміз (Ярошевский, 1989, 22 бет). 30-шы жылдары Европадағы әлеуметтік жағдай ушыға түсті. 1933 жылы Германияда билік басына фашизм келді. Нацистер өртеген кітаптардың ішінде Фрейдтің кітаптары да бар еді. Мұны естіген Фрейд: «Біз қандай прогресске қол жеткіздік! Орта ғасырларда олар менің өзімді өртер еді, ал бүгін олар менеің кітаптарымды өртеуге қанағаттанды!» (цит. Ярошевский, 1989 ж., 27 бет). Ол бірнеше жылдан кейін Освенцим және Майданек пештерінде миллиондаған еврей мен өзге де нецизм құрбандары қаза табатынын білген жоқ. Солардың ішінде Фрейдтің 4 қарындасы бар. Оның өзін әлемге әйгілі Фрейдті де Австрияны жаулап алғаннан кейін осы жағдай күтетін еді. Алайда Франциядағы америка елшіснің көмегімен оның Англияға қоныс аударуына рұқсат алуға қол жеткізді. Кетер алдында ол гестапоның өзімен жақсы қарым-қатынас жасағаны жоқ екендігі туралы қолхат тастауы керек болды. Қол қойып жатып З.Фрейд былай деп сұрады: «Әр адамға гестапоның бар ниетімен үлгі етпеспе екен». Англияда Фрейдті ғалымдар жақсы қарсалды, бірақ оның күні санаулы еді. Бұрынғы дерті күшейіп, оның өз өтініші бойынша емдеуші дәрігер, екі ине (укол) салды. Сөйтіп 1939 жылдың 21 қыркүйегінде Лондонда З.Фрейд қайтыс болды (Ярошевский, 1989, 28 бет). З.Фрейд теориясының әлемге әйгілі ілім ретінде танылғандығы соншалық бүгінде ғалымдар «психология – бұл Фрейдтің өзі» деген қағида қалыптасқан. Вильхельм Вундт. Вильгельм Вундт 1832 жылы 16 тамызда Неккарауға жақын Маннгейма деген жерде дүниеге келді. Отбасында төрт бала болды, олардың екеуі ерте жасында қайтыс болған. Вильгельм мен оның үлкен ағасы Людвиг қана қалады. Людвиг Гейдельбергте тұрды, оның тәрбиесімен анасының әпкесі айналысты. Сөйтіп келгенде, Вильгельм жанұясында жалғыз баланың рөлінде қалды. Вундтың әкесі пастор болған, олардың отбасы тату болып саналғанмен әкесі туралы балалық естеліктері онша жақсы болмады. Екі жыл бойы ол халықтық мектепте оқыды. Білім жағына байланысты Вундтың жанұясында нақты дәстүрлер бар болатын: оның арғы аталары іс жүзінде өз табыстары арқылы ғылымның барлық жақтарынан атағымен жер жарған. Бірақ ең кішкентай Вунд бұл керемет дәстүрді жалғастырмайтыны үйдегілеріне айдан анық көрінді. Ол бос уақытын кітап оқумен емес армандаумен өткізді, соның нәтижесінде бірінші сыныптың эмтиханынан өте алмады. Екінші сыныптан бастап, Вундтың білімі әкесінің көмекшісі – Фридрих Мюллерге тапсырыллды, оған Вильгельм барлық жанымен бауып басып қалды. Жас (священник) уағыздаушыны басқа приходқа ауыстырғанда, балаға алдағы айырылысу өте қиынға түсті. Вундт өзінің «Бастан кешкен және танылған» атты өмірбаянында: «Ол маған анам мен әкемнен де жақын болды. Мен оны сағынғаным соншалық ата-анам онымен мен гимназияға түсуге дейін қалған жылдың барысында да тұруға рұқсат етті». Демалыс күндерді санамағанда, Вильгельм барлық уақытын Фридрихтың үйінде өткізді, сөз жоқ оның педагогикалық қабілеті мол еді. Дегенмен кейінірек Вундттің еске алуына қарағанда оның ықпалының негативті жақтары да болды: программа мен дисциплинаның болмауы, ұстамсыз қиялдауы оны гимназиядағы оқу шарттарына әзірлемеді. Бала кезінде ол өзін жалғыз санады, атақты жазушы болуды армандады. 13 жасында Вундт Брухзаледегі католик гимназиясына түсті. Фридрихтың сабақтарынан кейін, Вундт үшін гимназия «қасірет мектебі» болды. Кішкентай Вильгельманның мектеп бағалары онша жақсы болмады. Гимназияда ол өз сыныптастарынан артта қалып отырды, оның үстіне мұғалімдер де оны күлкі қылды. Бір жылдан соң ата-анасы оны Гейдельбергтегі гимназияға ауыстырды. Онда жаңа достары пайда болды, оқумен айналыса бастады, көне тілдерді – латын, грек, ежелгі еврей тілдерін зерттеп, жалпы алғанда қарқынды түрде жаңа жолға түсті. Біртіндеп Вундт өз қиялдауын бақылай білді және тіпті мектепте оның белсенділігін пайдалана алды, бірақ расында ол оны ешқашан ұнаптпаған. Ол бірақ өзінің ақыл-ойы мен қабілеттілігін 19 жасқа қарай дамытты, енді мектепті бітіріп, университетке түсуге дайын болды. Осы мақсатпен ол 1851 жылы анатом ағасы Фридрих Арнольд жұмыс істейтін университетке Тюбинге келеді. Осында Вильгельм тек бір жыл ғана оқып шығады. Тюбингте ол физиолог болам деп шешім қабылдады, себебі практикалық дәрігер мамандығына қарағанда, оған осы білім аясы оның қызығушылықтары мен талабына келеді деп санады (оған дейін Г.Гельцмгольлцта осылай тұжырымдаған). Бір жылдан кейін Вундт Гейдельбергке көшіп келелді, онда ол үшін жарым жылы университетте білім алады. Алғашқы жылын Вундт анатомия, физиология, физика, химия және практикалық медицинаны зерттеуге арнайды. Бунзен атты химиктің қызықты дәрістері мен тәжірибелік көрсетулерінің ықпалымен Вундт 1853 жылы өзінің алғашқы ғылыми жұмысын орындады. Екінші жылында ол практикалық медицинаға көп көңіл бөле бастайды. Физиологияға ықыласы арта түсті. Тағы бір жылдан кейін Вундт Гейдельбергтегі емдеу мекемесінің ассистенті болады. Осында ол медицина оның кәсібі емес екендігін нақты сезеді. 1856 жылдың күзінде Вундт Берлинге «экспериментальды физиология¬ның атасы» саналатын адамның басшылық етуімен физиологияны зерттеу үшін И.Мюллерге аттанады. Онда ол Берлиндегі неміс ғылымы, оңтүстік Германиядағы университеттен ерекшеленетінін байқайды. Гейдельбергтегі ғылым оның академиялық темпераментіне өте қолайлы болатын. Берлинде ол тек керемет ғылым жүйесін ғана емес, сонымен қатар өте мықты ақыл-ойшылдарды кездестірді. И.Мюллерден басқа оған әсер еткен Э.Дюбус-Реймон экспериментальдық зерттеулерге ықыласы мен қызығушылығын тудырды. 1856 жылдың аяғында Вундт Гейдельбергке қайта оралады. Мұнда ол «жүйкені зерттеудегі оның қабынған және бітетін мүшелеріндегі жүйкелерді зерттеу» тақырыбына диссертация қорғап, докторлық дәрежесін алады, және 1857 жылдан 1864 жылдары дәріс оқиды. Дәл осы жылдары Вундт Бон университетінен Гейделльбергке ауысқан Герман фон Гельмгольцтың лаборанты болып жұмыс істейді. Мінездерінің сәйкессіздігіне байланысты араларында ешқашан достық қарым-қатынас орнықпады. Дегенмен олардың әріптестігі 13 жыл бойы 1871 жылы Гельмельц Берлинге көшкенге дейін жалғасты. 1856-1857 жылдары үш мақала жарияланды (таза физиологиялық мазмұнда), ал 1858 жылы өзінің «Бұлшықет қозғалысын зерттеу очерктері» атты алғашқы кітабын шығарды. Бұл уақытта әлі де оның қызығушылығы физиология мәселелеріне қатысты еді, дегенмен психологиялық талпыныстары ұлғая бастаған-ды. 1858 жылы Вундт «Сезіммен қабылдау теориясы бойынша очерктерінің» бірінші бөлімін жариялаған болатын. Очерктері тарау-тараумен төрт жыл бойы жарияланып жүрді. Ал 1862 жылы «Сезіммен қабылдау теоириясына қатысты» атты кітабы толығымен жарияланды. Мұнда Вундт психологияны үш негізгі бағытқа бөлген: эксперименттік, этникалық және ғылыми метафизика. 1863 жылы өте маңызды еңбегі – «Адам мен жануарлардың рухы (жаны) туралы дәрістері» жарық көрді. Оған көптеген экспериментальдық психологияның мәселелеріне кіріспелер енді. Оның талдамасы бірнеше жылдар бойы жүргізілді. Кейіннен Вундті дәрістік жұмыс жалықтырып одан бас тартты. 1864 жылы ол профессор-адъюнкті лауазымына тағайындалып, тағы да 10 жыл Гейдельбергкте қалды. 1867 жылы Вундт «физиологиялық психология» деп аталған ғылым бойынша дәрістік курс оқуды бастады. Оның концепциясының толық мазмұны «Физиологиялық психологияның негіздемелері» атты кітабында баяндалады (2 бөлімнен тұрады 1873-1874 жж.). Вундтың тірі кезінде алты рет қайталанып жарияланып тұрған. Вундт Гейдельбергте 1874 жылға дейін жұмыс істеді. Мұнда оның ғылыми қызығушылықтары нақты орын тапты, және керек бағытты психология болды. Физиологиямен айналысу барысында Вундт психологиямен дербес эксперименталды ғылым ретінде айналысуды ойластырады. 1874 жылы Вундт Цюрихтегі индукциялы философия кафедрасына шақыру алады. Философия табиғи ғылымдарға арқа сүйеу керек деген тұжырыммен Гельмгольц оған кепілдемесін береді. Дегенмен Вундт Цюрихте бар болғаны бір жыл ғана жұмыс істейді. 1875 жылы Вундт Лейпциг университетінде философия профессоры болады; осы сәттен бастап оның тамаша ғылыми қызметінің ең ұзақ және маңызды кезеңі басталады. Сол кезден бастап Лейпциг әлемдік психологияның астанасы саналды, ал университетте Вундт 45 жыл жұмыс істеді. 1879 жылы сараптама жұмыстарына арналған қарапайым құралдармен жабдықталған шағын зертхана ашылды. Сондай-ақ 1879 жыл ғылыми психологияның символды түрде туған күні саналады, өйткені дәл сол кезде Лейпцигте профессор Вильгельм Вундт эксперименталды психологияның әлемдегі тұңғыш зертханасын ашты. Вундт саналы танылатын ішкі тәжірибені талдауға нағыз ғылыми әдісті қолдануға тырысты, оның қарапайым құрылымдарын анықтауға және сипаттауға тырысты. Осылайша, материяның (заттың) атомдарға бөлінетіні сияқты, сана психикалық элементтерге жіктелді. Вундт үшін мұндай элементтер ретінде сезімдер, бейнелер және күйлер танылды. Вундтта күтпеген жағдай болды: зертханаға үлкен қызығушылық танытушылар пайда болды. Вундттың есімі мен оның зертханасының танымал болғаны сонша, Лейпцигке Вундтпен жұмыс істеуге құмартқан студенттер жан-жақтан ағылды. Олардың ішінде кейінірек психология ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан бірнеше жас жеткіншектер болды, Құрама Штаттарға оралған соң өз зертханаларын ашқан америкалықтар болды. Вундт зертханасында кейін эксперименталды психологияның дамуында маңызды рөл атқарған қызметкерлер жиналды. Бұлар Германиядан ғана емес (Э.Крепелин, О.Кюльпе, Э.Мейман), сондай-ақ Америкадан (Г.С.Холл, Дж.М.Кэттел) және өзге де елдерден, соның ішінде Ресейден барған ғалымдар болатын. Екі жылдан кейін зертхана Психология институтына айналды. Осылайша, Лейпциг зертханасы қазіргі психологияның дамуына үлкен ықпал етті – ол жаңа эксперименталды орталықтардың құрылуына үлгі болды. Вундттың бұрынғы шәкірттері сондай-ақ Италияда, Ресейде және Жапонияда зертханалар ұйымдастырды. Вундттың шығармаларының көбі орыс тіліне аударылған. Вундттың еңбектеріне тамсанған ресейлік психологтар 1912 жылы Мәскеуде Вундт зертханасының дәл көшірмесі іспеттес зертхана жабдықтады. Тағы бір дәл сондай зертхананы жапон ғалымдары 1920 жылы, Вундт өмірден өткен жылы Токио университеті негізінде құрды, бірақ 60-жылдары бұл зертхана студенттер толқуы кезінде өртеніп кетті. Лейпцигке келген студенттерді ортақ көзқарастар мен мақсаттар біріктірді. ХХ ғасырдың көптеген психологтарынан айырмашылығы, Вундт олардай жарқын, қызықты оқиғаларға толы өмір сүйрмеген, қарапайым, мәнерлі, жеткілікті деңгейде өмір сүрген. Барынша танымал дәріскер (дәрістерін ол конспектісіз оқыған) болған. Вундттың Лейпцигтегі дәрістері кең танымалдыққа ие болды. Әр дәрісіне дәрісханада 600-ден астам студент жиналған. Алайда соған қоса ол көпшілік алдында сөз сөйлеуді ұнатпаған, ал қандай да бір конгрестерге тіпті қатыспауға тырысқан. Жеке өмірінде Вундт салмақты, өздігінен күн кешетін, сабырлы адам болған, оның әр күні қатаң бекітілген тәртіппен өтіп жатқан (1970 жылы табылған Вундттың әйелі Софидің күнделіктерінде Вундттың жеке өмірі жайлы көптеген жаңа мәліметтер баяндалған). Таңертеңнен Вундт белгілі бірі кітап немесе мақаламен жұмыс істеген, студенттердің жұмыстарын оқып, өз журналын редакциялаған. Түс кезінде ол университетте емтихандарға қатысқан немесе зертханаға барып отырған. Вундттың студенттерінің бірі оның келіп-кетуі 5-10 минуттан аспайтын деп еске алады. Шындығында, өзінің эксперименталды зерттеулеріне қалтықсыз сеніміне қарамастан, «ол өзі зертханада жұмыс істеуге лайық емес еді». Күнінің екінші жартысында Вундт сейіл құрып, алдағы оқитын дәрісіне (әдетте ол дәрісі күндізгі 4-те басталған) ойша дайындалған. Әр кеш сайын оның отбасында ән айтылып, саясат жөнінде талқыланатын. Отбасының қаржылық жағдайы үйде үй қызметкерлерін ұстауға және жиі қонақтар қабылдауға мүмкіндік берді. Зертхана мен журнал негізін салып, көптеген зерттеушілік жобаларға жетекшілік ете отырып, Вундт философияға да көңіл бөлген. 1880 жылдан бастап 1891 жылға дейінгі аралықта ол этика, логика, философия салалары бойынша еңбектер жазған. 1880-1887 жж. Вундт «Физиологиялық психология негіздерінің» екінші және үшінші басылымдарын дайындады, өз журналына мақалалар жазды. 10 жыл ішінде ол мәдени-тарихи және әлеуметтік психология идеяларын дамытты. Нәтижесінде ол «Халықтар психологиясы» деген атпен 10 томдық еңбегін жазып, бұл еңбегі 1900-1920 жж. жарияланды. Қазақстан болашағы. Әрбір жүрегі елім деп соққан адамның өзінің халқына, тіліне деген ерекше сезімі болатыны сөзсіз. Ұлттық санасы ояу ғана адамның өз елінің шын жанашыры екені белгілі. Халқымыздың халықтығының басты белгісі – тілі болса, оның көркеюі үшін әлі де талай жұмыстар жасалуы қажет. Тіл – сөйлеу мен ойды жеткізудің құралы болумен қатар, өткендегі олжаларды бүгінгі күнге, ал бүгінгі пайымдарымызды келешекке жеткізу үрдісінде де өте маңызды дәнекерлік міндет атқарып келеді. Қабырғалы ел ата-бабадан мұра болып қалған және қазіргі уақытта жаңа синтезге, жаңа бейнеге, жаңа кейіптерге айналып үлгерген біртұтас зерделі, аңсар-мұратты, ғылыми жетістіктер мен байлықтарды игере алатын құдіретті тіл арқылы ғана мәңгілік тұрақтылығын сақтай алады. Себебі, халық қай деңгейде тілдің бай қоры мен көркемділігін сақтап сөйлейтін болса, соғұрлым өрелі ойлайды; қай деңгейде ойласа, сол аяда сөйлейді. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан «Мен қазақпын» деп бас көтергенен бастап, арада екі онжылдыққа жетер уақыт өтті. Осы азды көп уақытта еліміз көптеген жетістікке, биіктерге жете білді. Халықтың әлеуметтік жағдайы көтеріліп, заң, өнеркәсіп, ғылым, экономика, денсаулық сақтау салалары өз алдына даму үстінде. Алайда, «Жаман айтпай - жақсы жоқ», - дегендей бүгінгі күннің өзекті мәселерінің бірі - тіл мәселесі болып отыр. Қазақ тілін дамытуда әр сала өз үлесін қосуы керек. Тек сонда ғана әр қазақстандық қазақ тілін игеріп, еркін ойын жеткізіп, сөйлесе алатын болады. Өзіміз ана тілінде сөйлемейінше, өзге ешкім де бұл тілді құрметтемейді. Елбасы айтқандай: «Дағдарыс өтеді де кетеді. Ал, мемлекет тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар мәңгілік қалады». Әр ұлт ғасырлар бойы қалыптасқан өзіне тән тілімен, салт дәстүрімен ерекше. Біз үшін Қазақстан – біздің Отанымыз, ал Отанымыздың тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тіл мәселесіне байланысты Нұрсұлтан Әбішұлы «Мемлекет өз тарапынан тиісті нәрсенің бәрін жасап жатыр, бүгінгі күні қазақ тілінің тиісті мемлекеттік мәртебесі бар. Тиісті заң бар. Ол іс-қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге мүмкіндік береді. Ол заң кез келген жерде мемлекеттік тілде сөйлеуге, кез келген қағазда мемлекеттік тілде жазуға, қажет жерінде сол тілде жауап алуға жағдай жасайды. Әлі-ақ, қазақ тілі тіршілігіміздің барлық саласында кеңінен қолданылатын болады, тек оны насихаттай білуіміз керек. Ана тілін білмеу қазақ азаматы үшін ұят саналуы тиіс», - деді. Осы орайда, Қазақстан Республикасы Әділет министірлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Павлодар облысы бойынша басқармасында ағымдағы жылдың 8 қыркүйегінде «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты сайыс өткізілмек. Сайысқа облыстағы түзеу мекемелерден алты команда қатысады. Сайыстың мақсаты - Қазақстан халықтарының тілдері күні жалпыхалықтық мереке ретінде, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі органдары қызметкерлерінің рухани байлығын нығайтып, қызметкерлерді татулық пен бірлік идеялары төңірегінде топтастыруға, қазақстандық патриотизм мен жалпы адамзаттық ынтымақтастыққа тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту. Фридрих Вильгельм Бессел. Фридрих Вильгельм Бессел (, 1784 жылы 22 шілдеде Минден - 1846 жылы 17 наурыз КёнигсБерг) - алман астрономы әрі математигі. 15 жасында мектептен шегініп қара жұмыс істеген, әрі сырттай астрономия, геодезия және математиканы игерген. 20 жасында құйрықты жұлдыздың траекториясын есептеуге қатысты мақаласын жариялайды. 1810 жылы жаңадан ашылған Кенигсбергтегі обсерваторияның басқарушысы болады. 1812 жылы Берлин ғылым академиясының академигі болып сайланады. Бремен. Бессел ескерткіші. Оның негізгі еңбегі астрономия жағында болған. «Астрономия негіздері» 1818 жылы баспадан шығарып, астрономияның дамуына аса құнды сыйлық тарту етеді, сонымен қатар, жұлдыздар кестесін жасаған, әрі астрономияда көп қолданысқа ие Бессел формуласын қорытып шығарады. Оның математика жағындағы басты табысы – Бессел функциясы және оның көптеген қасиеттері мен түбірін табу әдістерін тауып, оны осы заман физиканың және астрономияның кейбір мәселелерін шешуге қолдануы еді. Сонымен бірге ол геодезия саласында да көптеген жаңалықтар ашып, оған да өзіндік үлесін қосқан еді. Канторович, Леонид Витальевич. Канторович, Леонид Витальевич (1912 жылы19 қаңтарда Петерборда туылған) - КСРО метематигі, 1930 жылы Лениград университетінің математика физика факултетін бітірген, 1934 жылы осы университетінің профессоры болған. Ол қазргі кездегі есептеу математикасынің негізін қалаған ғалымдардың бірі.30 жылдар басында функция құрастру теориясы мен жуықтап талдау әдісін зеріттеумен айналысып, кейіннен функцияналдық талдау идясын есептеу әдісіне қолданып, жаңадан жуықтап есептеу теориясын яғни, қазргі Нютон Канторович әдісін ашты.1939 жылы «Ұйымдасқан және жоспарлы өндірістің математикалық әдісі» атты мақаласын жариялау арқылы сызыөтық жоспарлау теориясының негізін қалайды. 1957 жылдан бастап бұрынғы КСРО ғылым акедемиясының сиберия бөлімінің математикалық экономика саласын зеріттеу тобын басқарады.1958 жылы КСРО ғылым акедемиясының корреспаендент мүшесі,1964 жылы акедемик болады.1971 жылы Мәскеуге барып халық шаруашылығын басқару институтының бір бөлімін басқарады.1975 жылы ғылымдағы елеулі еңбегі үшін Нобель экономика силығын америкалық экономист Апуманмен бірге алады. Виенер Норберт. Виенер Норберт (1894 жылы 26-қараша Миссури штаты, Колумбия - 1964 жылы 18-наурыз, Стокгольм) - Американдық математик. Тізгіндеу теориясын жасаушы адам. 12-жасында институтке түсіп, 15жасында математикадан Бакалавр атағын алған. Кейіннен Гарвард университетіне бір жыл хайуанаттарды зерттеумен айналысады, бірақ өзінің бұл салаға көп қазықпайтындықтан,ендігі зерттеу бағытын философияға арнайды. 1913 жылы математикалық логикадан жазған диссертациясымен доктор болады. 1913 жылы жазда Англияға Кембридж университетінде Расселдің жетекшілігімен зерттеумен айналысады Георг Кантор. Гео́рг Ка́нтор (, 1845 жыл 3 наурыз, Петербор - 1918 жыл, Галле) - алман математигі, жиындар теориясын ашқан математик. Өмірі. Әке-шешесі Ресейге қоныс аударған Даниялық саудагер. Кантор 11 жасында аке шешесімен бірге Алманияға қоныс аударып, сол жерде орта мектеп оқиды. 1862 жылы 17 жасында Шветцариядағы Свейш университетіне оқуға түседі. Келесі жылы Берлинге аусып келіп сол жерде оқуын жалғастрады.Е.Е Кумер, К.Вейштрас және Кронекр қатарлы үлы математиктерден сабақ алады. 1866 жылы Гюттингенге барып бір жыл оқиды.1867 жылы Кумердің жетекшілігінде сандар теориясы жағындағы диссертациясын қорғап доктор болады.1869 жылы Галле университетінде доцент,1879 жылы сол университеттің профессоры болады.Университет кезінде ол негізінен сандар теориясын зеріттеумен айналысады, бірақ кейіннен Вейштрастың ықпалымен математикалық талдау саласына ауысады. Галле университетінің профессоры Е.Х.Хайнидің жігерлендіруімен ол функционалдар теориясын зерттей бастайды. Ол 1870,1871,1872 қатарынан үш жыл тригонометриялық қатарлар туралы үш мақала жариялайды. 1872 жылғы мақаласында негізгі тізбек (Коши тізбегі) арқылы иррационал сандардың нақты сан теориясын ұсынады,әрі жоғары дәрежелі туынды жиындардың қасиетін шексіз жиындар қосындысына бөлінуінің критерн көрсетеді. Функциялар теориясын зеріттеу оның шексіз жиын мен асқын реттік сандарды тереңдей зеріттеуіне жол ашады. 1872 жылы Кантор Швецарияда Р.Дедкинмен танысады, содан бастап екеуі өзара хат арқылы зерттеулер мен талқылаулар алып барады. 1873 жылы барлық оң рационал сан мен оң бүтін сан арасына бір мәнді сәйкестік орнатқанмен барлық оң сандармен бір мәнді сәйкестік орнатуға болмайтынын болжайды.оның 1874жылы жариялаған «барлық нақты алгебралық сандардың бір қасиеті» атты мақаласында өзінің болжамын дәлелдейді,әрі барлық нақты алгебралық санмен оң бүтін сандар арасында бір мәнді сәйкестік орнатуға болатынын көрсетеді, бұл асқын сандардың бар әрі шексіз көп екенін дәлелдеп береді. Осы мақаласында бір мәнді сәйкесткті шексіз жиындарды бөліктеудің критериі деп алады. Бүтін сандармен нақтысы сандар жиыннан басқа бұдан да үлкен шексіз жиын бар ма? 1874жылдан бастап кантор беттегі нүктелік жиынмен түзу сызық бойындағы нүктелік жиын арасына бір мәнді сәйкестік орнатуды ойластрады. Үш жылдан артық ізденістердің арқасында 1877 жылы ол өлшемді дененің бойындағы нүктемен түзу сызық бойындағы нүктелерге бір мәнді сәйкестік орнатуға болатынын дәлелдейді. 1878 жылы осы мақаласы жарияланған соң көптеген күмәнді пікір туады, ең алғаш болып Кронекр және басқада математиктер қарсы болады.ал Дедекин 1877 жылы шілде айында ұқсамайтын өлшемді кеңстіктегі нүктелерге үзілісті бір мәнді сәйкестік орнатуға бірақ үзіліссіз бір мәнді сәйкестік орнатуға болмайтынын байқайды,осы мәселе тек 1910 жылы Л.Е.Блавир дәлелдеп береді, Кантордың 1878жылғы осы мақаласында «қуат» ұғымын(базис) ашық көрсетіп, әрі «өзінің ақиқат ішкі жиынымен бірмәнді сәйкестік бар» болуды шексіз жиынның мінездесесі(қасиеті) ретінде қолданады. Кантор жиындар теориясын орнатудың ең маңызды қадамы сандап ұғымын шекті сандардан шексіз санға кеңейту деп қарады. Оның 1879~1884 жылдары аралығнда жариялаған «Шексіз сызықтық нүктелік жиын»туралы алты бөлімді мақаласының бес бөлімінің мазмұны түгелдей нүктелік жиынға қатысты талдаулар ал бесінші бөлімі өтк үлкен, онда реттік қатынас(реттелген қатынас) талданып реттік жиын,реттік сан және сандар типі ұғымын енгізген.ол бірінен бірі үлкен асқын шексіз реттік санмен асықын шексіз базалық санның шексіз тізбегі ұғымын анықтайды, сонымен бірге шексіздік үғымына көптеген философялық талдаулар жасайды. Осы мақаласында толық реттелу теоремсын(әрбір жиындар толық реттеледі) дәлелсіз көрсетіп береді. 1891 жылы жариялаған «жиындар теориясының өзекті бір мәселесі» атты мақаласында ол бір жиының дәрежелік жиынының базисы әуелгі жиыннан үлкен болатынын, осыдан барлық жиындарды қамтитын жиынның бар болмайтынын дәлелдеді. 1878жылғы мақаласында кантиниум жорамалын айтады,бірақ дәлелі жоқ. Он тоғызыншы ғасырдың жетпісінші жылдары Кантор негізін қалаған жиындар теориясы математиканың аса үлкен саласына ал, өзі болса ғалам мойындаған ұлы математик болды, оның математика тарихында алатын орны ерекше. Больяй Янош. Больяй Янош (1802 жылы 15 желтоқсан, Коложварда (қазргі Клуж-Напока) -1860 жылы 27 қаңтар, Марошвашархейде (Тыргу-Муреш)) - Мажар математигі. Эуклидтік емес геометрияны ашыушылардың бірі. Оның әкесі Ф. Больяй атақты алман математигі С.Гаустың жақын досы болған. Әкесінің көмегімен кішкене кезінде дифференциал мен анализді үйренеді. Әрі сол кезден бастап математика мен музикаға әуестенеді. 1818 жылы Венадағы патшалық ғылым әкедемиясына түсіп әскери тарбие алады. Оны1822 жылы бітіріп әскерде 10 қызмет атқарады.сол аралықта математикамен айналыса жүріп эвклидтік емес геометриясын жарыққа шығарады,1833 жылы денсаулығына байланысты әскерден шегінеді, 1837 жылы әкесі екуі бірлесе отрып «дерексіз шаманың қатаң геметриялық көрсетуі» атты математикалық жарысқа қатысады, бірақ есеп шешіудегі әдіс амалы күрделі болғандықтан жарыста ілінбей қалады, осыдан кейін барып өзінің эвклидтік емес геометриясындағы нақты мәселермен айналысады, соымен бірге қоғамдық істермен де шұғылданады,әрі шығармашылықпен және музка жазыумен айналысады. Ол әкесінің көмегінің арқасында Эвклидтің «геометрияның негіздерінің» ішіндегі басқа аксиомалар арқылы параллелдік аксиомасын дәлелдемекші болады. 1820жылы жаңа бір геометрияны зеріттеуді бастайды.1823жылы ол әкесіне жазған бір хатында: параллелдік аксиомасын қолданбай-ақ басқа бір геометрияны ашқанын айтады.” жақтан бар жасап, мен бір шыт жаңа әлем ашытым ” деп жазады. 1825 жылы ол әкесіне өзінің абсллютты кеңістік назариясының қолжазбасын көрсетеді, ондағы абслют кеңістіктің құрлымы төмендегідей еді: кеңістіктегі жазықтықта, түзуден тысқары жатқан бір нүктеден өтетін бір топ түзу әуелгі түзумен қилыспайды, егер осы бір топ түзудің саны кеміп отырып бір дана болғанда ол кәдімгі Эуклидтік геометрия шығады. 1831 жылы ол өзінің қол жазбасын Гаусқа жіберіп береді, бірақ Гаус оны ашық қолдап мақтап кетпейді, үйткені бұдан біраз жыл бұрын Гаустың өзі осыған ұқсас натижеге қол жеткізген еді (бірақ ашық жарияламаған). Осыны білгеннен кейін, Больяй бұл еңбегін әкесінің элементар математика туралы жазған кітабінің қосымша тарауы ретінде басып шығарады, тақрыбы «Абсолютты ақиқат кеңістік ғылымының түсініктемесі». бұл оның көзі тірі кезіндегі жариялаған жалғыз еңбегі еді, бірақ сол зөаманда математиктердің назарын аудармаған. Осыдан кейін ол абсоютты кеістіктегі тригонометрияны және төртжақтың көлемін есептеумен айналысқан. Оның еңбектерін Э.Бельтрами (1868) мен С.Клейннің зеріттеулері арқасында математиктердің қолдауына йе болып тарихқа енген еді. Қызылағаш оқиғасы. Қызылағаш оқиғасы - 11 наурыздан 12 наурызға қараған түні Қызылағаш су қоймасындағы бөгеттің бұзылуынан Қызылағаш ауылы шайылып, шамамен 150 адам ізім-қайым жоғалған қайғылы оқиға. Бірақ ресми мәлімет 37 адамның ғана қаза болғанын растайды. Қызылағашта шамамен 3,5 мыңға жуық адам тұратын еді. Олардың басым көпшілігі, тіпті 80 пайызға жуығы – сырт елдерден келген қандас бауырлар. Дәулетке құнықпай, бейнеті көп ауылда қанағат пен тәубені ту етіп өмір сүріп жатқан бейқам ауылдың тірлігі бір мезгілде шәт-шәлекей болды. Биіктігі бес метрден асатын суық су бар баспананы бұзып-жарып, астан-кестеңін шығарды. Мал да, адам да дариямен ағып кетті. Ет жақынынан айырылмаған ауыл тұрғыны қалмады. Халықтың дені туысқандарының денесін, ең болмағанда, облыстық мәйітханадан көрсек екен деп көкірегі қарс айырылып жүр. Жоғарыдан Алматы облысындағы Қызылағаш кенті осылай көрінеді. Топан су адамдардан бастап, көліктер, үйлер мен сарайларға дейін ағызып әкеткен. Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің хабарлауынша кентте 146 үй толығымен шайылып кеткен, 251 үй қираған, 42 үйді жөндеуді талап етеді. Адамдарды іздестіру жұмыстары жалғасуда. Күн сайын топан су басқан аймақты тікұшақ шарлайды. Қазір төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшіруде. Түкіұшақпен байланыссыз қалған ауылдардың тұрғындары орталық лагерге жеткізілуде. Мұнда оларға жан-жақты көмектер көрсетілуде. Арнасынан асқан Қызылағаш су қоймасынан суы 18 минуттың ішінде өз жолындағының барлығын шайып кеткен. Алматы-Өскемен жолындағы көпір бұзылды. Пойыздар қозғалысы тоқтатылды. Құтқарушылар құтқару жұмыстарын таңертең, су ағыны азая басаған шақта бастады. Оқиға орнына құтқарушылар мен бірге әскерилер келді. Қызылағашта бұзылмаған 122 үй қалды. Полицейдлердің тәулік бойы күзету жұмыстары ұйымдастырылды. Сол үшінде мүлік ұрлау оқиғалары тіркелген жоқ. «Бізді ешкім қауіптен хабардар етпеді» дейді тұрғындар. Аяқасты ажалдан аман қалған тұрғындардың сөзіне қарағанда, суқойма бөгеті жарылардан үш күн бұрын ауылда жарық сөніп, телефон байланысы үзілген. Жан-жақпен хабарласа алмай қалған қызылағаштықтар суқойманың жарыла бастағанын тек бір-екі сағат бұрын ғана естіпті. Үрейленген тұрғындардың бірқатары ауыл басшысына хабар берген. Бірақ «отыра беріңдер, ешқандай қауіп жоқ» деген жауап алады. Ет жақындарынан, бар байлығы – малы мен баспанасынан айырылып, ашу мен көз жасына ерік берген тұрғындар мұны ашына айтты. «Бір сағат бұрын қопарылыстың боларын естіп, халық дүрлігіп, әкімге телефон шалдық. Біреулер бізге «әкім отыз шақты адамды алып, шлюзді ашуға кетті, қойманың апатқа қарсы қондырғысын іске қосып, суды тежейді», – деді. Бірақ біз бұған сенбей, өз бетімізше тау жаққа қаша бастадық. Мұнымыз абырой болған екен. Егер бізге алдын ала апаттың боларын айтқанда, малымызды, жанымызды алып үлгеретін едік қой», – дейді ауыл тұрғыны Төлепберген Оқпаев. Қызылағаштықтар суқойманың жарылуы мүмкін екенін алдын ала хабарламағанын бірауыздан қуаттап отыр. Оқиғаның мән-жайын ауыл әкімінен сұрап білмекші едік, бірақ оны апат ошағынан табу қиынға соқты. Апатқа адам да, табиғат та себепкер. Наурыздың 11-і күнгі апаттан кейін оқиғаның мән-жайын анықтауға арнайы комиссия бірден кірісті. Тұрғындардың сөзіне қарағанда, біріншіден, суқойманың шлюзі осыған дейін қыс бойы ашық жатып, тек көктем мезгілінде ғана жабылатын. Содан маусым айына дейін қар сулары, өзен ағыны толассыз қоймаға құйылып жатады. Ал бұл жолы тоспа аузы түгел бекітіліп тасталған. Жарылысқа бірнеше күн қалғанда, қойманың Қуаныш Бекеев есімді иесі қойманың шлюзін аша алмай қайтып келген. Бұл кезде 42 млн кубқа арналған суқоймада судың деңгейі 46-48 млн кубқа көтерілген болатын. «Біз «осы қойма мемлекетке қайтарылсын» деп, жоғары жаққа бірнеше рет хат жаздық. Себебі оның иесі өте ұқыпсыз адам болды. Бұл қойманы екі қойшы ғана күзететін. Апат болардан он күн бұрын әкімге хабарластық. Бірақ ол тыңдамай, бізді кері қайтарып тастады», – дейді тұрғындар. Екіншіден, үш күн толассыз жауған жауын мен еріген қар суы қоймадағы судың деңгейін асырып жіберді. Суқойма мен ауыл арасындағы 7-8 шақырым ыдырынған топанға түк болмады. Жарты сағатта Қызылағашты түгел шайып кеткен су көршілес Егінсу, Молалы,Көлтабан сынды елді мекендер мен бірнеше жайлауға да жетті. Дәл мұндай жойқын тасқын бұл өңірде бұрын-соңды болған емес. Қызылағаш оқиғасы қылмыс деп танылды. Ақордада өткен жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев құқық қорғау органдарына екі күн ішінде оқиғаны мұқият зерттеп, өлім-жітімге байланысты қылмыстық іс қозғауды тапсырған болатын. Мемлекет басшысы жұмысына жауапсыздық танытып, суқойманың жарылуына және адамдардың өліміне жол берген кінәлілер болса, жауапқа тартылуы керектігін ескертті. Көп ұзамай Алматы облыстық прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 315 (қызмет бабындағы әрекетсіздік) және 316 (салғырттық)-баптары бойынша іс қозғады. Жүздеген тұрғынның сөзі бекер емес болар. Істің қозғалуымен бірге Қызылағаш ауылдық округінің әкімі Есет Жүнісов, суқоймаға иелік еткен «Шынар» ЖШС директоры Қуаныш Бекеев, су пайдаланушылар арнаулы өндірістік кооперативінің атқарушы директоры Мұхит Жүнісов, Ақсу аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімнің бастығы Күнібек Байзақов және Алматы облысы бойынша Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент бастығының орынбасары Евгений Ениндер тұтқынға алынды. Тергеу барысы бас прокурор Қайрат Мәми мен ішкі істер министрі Серік Баймағамбетовтің бақылауында. Бұл күн облыс мәслихатының шешімімен «Азалы күн» деп жарияланды. Ауылдың бүгінгі халі. Ауылдың су шайып кеткен орнында бүгін өлім рухы кезіп жүргендей. Тұрғындардың есептеуінше, бұл табиғи зұлматтан соң, шамамен 150 адам ізім-қайым жоғалды. Бірақ ресми мәлімет әзірше 37 адамның ғана қаза болғанын растайды. Апаттан аман қалған тұрғындар әбден күйзелген. Оқыс оқиғаға ешкім де дайын болмаған еді. Қалада таныс-туысқандары болмағандықтан, тұрғындардың біразы әскери шатырларға қоныстандырылды. Киім-кешек пен тамақ жағы жетіспей жатыр. Бірақ апатты естіген көптеген мекеме-кәсіпорындар мен жеке азаматтар қайырымдылық жасауға бел шеше кіріскен. Қызылағашқа 15 наурызда 90-нан астам отбасы қайта келді. Алапат апаттан аман қалғандар тіршілігін жалғастырмақшы. Үкімет төтенше жағдайдың салдарын жоюға 600 млн теңге бөлген болатын. Оның дені материалдық көмекке, қалған 100 миллионы баспаналар салуға жұмсалады. Ал туыстарынан бір түнде айырылған отбасылардың әр жоғалтқан адамына жергілікті қазынадан 500 мың теңгеден беріледі. Қасірет шеккен отандастарымызға қол ұшын беруге жүрегінде иманы бар көптеген азаматтар бел шеше кірісті. Бірақ Қызылағаштың орнында өлім рухы кезіп жүргендей. Қайғының жарасы жазылар уақыт әлі ерте. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі. Конституциялық Кеңес Қазақстанның саяси жүйесінде айрықша орынға ие. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі өкілеттіктері алты жылға созылатын жеті мүшесінен құралған. Конституциялық Кеңестің өмір бақилық мүшелігіне Республиканың Экс-Президенттері құқылы болып табылады. Конституциялық Кеңестің Төрағасын Республика Президенті тағайындайды және дауыс теңдей бөлінген жағдайда оның дауысы шешуші болып табылады. Конституциялық Кеңестің екі мүшесі Республика Президентімен, екеуі Сенат төрағасымен, екеуі Мәжіліс төрағасымен тағайындалады. Конституциялық Кеңестің қалған мүшелері әр үш жыл сайын жаңартылып тұрады. Конституциялық Кеңестің ұйымдастырылуы мен қызметі конституциялық заңмен реттеледі. - Республикалық референдум өткізудің дұрыстығы туралы мәселеге қатысты туған таласты шешеді. - Парламентпен қабылдаған және Президент қол қойған заңдардың Конституциямен сәйкестігін; халықаралық келісімдердің Конституцияға сәйкес бекітілуін қарайды. - Республика Президентін қызметінен мерзімінен бұрын босату туралы Парламентпен тиісті шешім қабылданғанша, Республика Президентін қызметінен босату туралы соңғы шешімге келгенге дейін белгіленген конституциялық рәсімдерді сақтау туралы ұйғарым жасайды. Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімі қабылдаған күннен бастап күшіне енеді және шешім шағымдануға жатпайды, республиканың барлық аумағында жалпыға бірдей міндетті болып табылады. Басқа да шешімдердің өз күшіне ену тәртібі Конституциялық Кеңеспен айқындалады. Республика Президентінің қарсы пікірін еңсермеген жағдайда Конституциялық Кеңестің шешімі қабылданбаған болып саналады және конституциялық өндірісі тоқтатылады. Бернард Больцано. Бернард Больцано (1781 жыл, қазанның 5, Прага - 1848 жыл, желтоқсанның 18, Прага) - Чех математигі, философы. 1796 жылы Прага университетіне түсіп философия, математика, физика салаларын оқыйды. 1800 жылы дінни институтқа түсіп философияны жалғастырады.1805 жылы осы институттың дін және философия профессоры әрі 1818 жылы сол институттың директоры болады. 1819 жылы діни талас тартыс кезінде барлығынан айырылып 1825 жылға дейін саяси бақылауға алынады. Оның негізгі математикалық зерттеулері анализдің бастапқы мәселелеріне арналған. Ол өзінің 1817 жылы жазған «бір жақты талдаудің дәлелі»атты еңбегінде функцияның қасиеттерін жан-жақты ашып көрсетеді. А.-Л.Коши ден бұрын үзіліссіздік пен туындының дәл анықтамасын берген. Қатармен тізбектің жинақтылығының тура мағанадағы анықтамасын берді. 1834 жылы жазып бірақ айақтаман еңбегі «функциялар теориясында» ол үзіліссіздік пен дифференциялданудің арасындағы айырмашылықты ашып көрсетіп, математика тарихында тұңғыш рет кез келген нүктеде ақырлы туындысы болмайтын бірақ үзіліссіз функцияның мысалын келтірді (қисық арқылы функцияны өрнектейді, бірақ аналиктикалық өрнегі жоқ). Оның шексіз жиындар теориясын орнатуда да өзіндік үлесі бар. 1851 жылы жарық көрген «шексіз қарама-қайшылық» (шексіздік парадокс) еңбегінде нақты шексіз жиынның бар екенін айтып, екі жиынның тепе-теңдік ұғымын түсіндіріп берді. Әрі шексіз жиынның ішкі жиынының өзімен пара-пар болатынын байқайды. Оның еңбегі көр уақытқа дейін назардан тыс қалғандықтан соңғы кездері ғана оның аты математика тарихына ене бастады. Серік Нұртайұлы Баймағанбетов. Серік Нұртайұлы - 1958 жылы туған. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, КСРО Ішкі істер министрлігінің академиясын тәмамдаған, заң ғылымдарының кандидаты. 1980-1992 жылдары ішкі істер органдарында әртүрлі лауазымдар атқарды. 1992-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Әкім­ші­лігінде басшы лауазымдарда жұмыс істеді. 2001-2007 жылдары Ішкі істер вице-министрі, Әділет вице-министрі, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау және сот жүйелері мәселелері бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2007-2009 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы. 2009 жылғы 2-шісәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі қызметіне тағайындалды. 2001 жылдың желтоқсанында ішкі қызмет генерал-майоры атағы берілді. "Құрмет"орденімен марапатталған. Қазақстан Республикасының қорғаныс министрлігі. 1.Қазақстан Республикасының қорғаныс министрлігі қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне басшылық жасауды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. 2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес банктерде шоттары болады. Министрлік өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастар жасайды. Министрлік, егер заңнамаға сәйкес оған уәкілетті болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастарды тарап болып жасауға құқылы. 4. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша белгіленген тәртіппен Қарулы Күштердің барлық жеке құрамы үшін міндетті күші бар бұйрықтар мен директивалар түрінде актілер шығарады. Қазіргі Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков. Бойешес. Бойешес () (шамамен.480—524), Көне Римнің философы, математигі. 524 жылы(енді бір деректерде525) Италияның Павиясын деген жерінде қайтыс болған. Кезінде Аристотельдің еңбегін латын тіліне аударып, және оған түсініктеме жазған, сол үшін де ол сол кездегі Рим патшасының қолдауына ие болған. Кейіннен жала жабылып түрмеге түскен. Түрмеде жатып «философияның жұбатуы»(523~524)(The Consolation of Philosophy), «Арифметикаға кіріспе», «Геометрия» сынды кітаптар жазған. Ол кітаптарда негізінен эвклидпен Никмахостың(б.з.д 100жыл) еңбектері енген. Бойешес түрмеде (1385 жылғы "Consolation" қолжазбасынан) Бұл кітаптар сол кезде өте жоғары бағаға ие болған.Ол ғылымды төртке бөлген: арифметика, музыка, геометрия, астрономия. Бұл төртеуін біріктіріп «төрт даңғыл» (латынша quadrivium) деп атаған. Көне Юнан мәдениетінің Римдіктер арқылы орта ғасырға жеткендері санаулы ғана. Көбі осы Бойешес еңбегі арқылы жеткен. Борел, Эмиль. Борел Феликс-Эдуар Жюстен Эмиль ((; 1871 жыл, 7-қаңтар, Сент-Африк - 1956 жыл, 3-ақпан, Париж) – Француз математигі. 1889 жылы Париж жоғарғы педогогикалық институтына түседі,1893 жылы оны бітіргеннен кейін Лилле университетінде сабақ береді, 1896 жылы Париж жоғарғы педогогикалық институтына қайтып келіп оқытушылықпен айналысады. 1909 жылы Париж университеті жаратылыс тану институтын профессоры болады. Дүниежүзілік бірінші соғыс кезінде өзінің көне досы математик әрі саясаткер П.Пенлеве (Painlevé) мен бірлесе отырып соғысқа пайдаланатын зерттеу жұмыстарымен айналысады. Соғыстан кейін ықтималдықтар және математикалық физиканың профессоры болады. 1921 жылы Франция ғылым академиясының академигі болып сайланады. Осыдан кейін ол саясатпен көп айналысады, қала бастығы, жергілікті парламенттің мүшесі, теңіз армиясының бастығы сынды қызметтерді атқарады. 1928 жылы Пуанкере атындағы зерттеу орталығын ашып өзі өмірінің соңына дейін соны басқарады.Борел Ж.(Ф.П) Кантордың метрикалы жиындар теориясын өзінің классикалық талдау (анализ)мен геометриядағы білімдерімен ұштастыра отырып өзінің нақты анализ теориясын жасап шығарады. Ең маңызды еңбегі ақырлы бүркемелеу теоремасы (Хани-Борел теоремасы)(Heine-Borel theorem,) әрі өлшем ұғымын шекті аралықтан одан да үлкенірек метрикалы жиындарға (яғни Борел өлшемді(Borel measure,) жиынына) кеңейтіп өлшем теориясының негізін қалайды. Сонымен қатар ол бұтін функция мен жинақталмайтын қатарды да зерттейді. 1899жылы «жинақталмайтын қатар теориясы» Франция ғылым академиясының сыйлығын жеңіп алады. 20 ғасырдың басында ол ықтималдықтар теориясын метрика ұғымымен бірлестіре зерттеп, 1909 жылы саналымды оқиғалар жиынының ықтималдығын енгізіп, классикалық ақырлы ықтималдық пен геометрикалық ықтималдықтардың ақтаңдағын толықтарды. Борел 1899~1952 жылдары аралығында функция теориясы туралы көлемді еңбек жазып, осы теорияның дамуына зор үлесін қосады. Алгебралық геометрия. Алгебралық геометрия - Математиканың алгебралық қисықтарды(беттерді) және олардың көп өлшемді жалпыламалары­ -алгебралық көбейтінділерді зерттейтін бөлімі. Алгебралық геометрия 17ғ да геометрияға координат ұғымы енгізілгеннен кейін пайда болды. Ол негізінен 19ғ дың ортасынан бастап жеке ғылым ретінде қалыптаса бастады. Қазіргі алгебралық геометрия алгебралық қисықтар теориясы ретінде дүниеге келді. Жазықтықтағы геометрияда алгебралық геометрияның зерттейтін негізгі обьектісі-жазық аффиндік алгебралық қисық, яғни теңдеуімен берілген жиын (мұндағы-көпмүше). Түзу, шеңбер, эллипс, гипербола, парабола, декарт жапарғы, Аньези локоны және лемниската алгебралық қисықтың мысалына жатады, ал синусоида-трансценденттік қисық (яғни алгебралық қисық емес). Қисықтарды алгебралық және трансценденттік қисықтар деп алғаш жігін ашып берген Р.Декарт болды. Осыған сәйкес оларды “геометриялық” және “механикалық”қисықтар деп атаған. теңдеуімен өрнектелген қисықтар өздеріне сәйкесті дәрежелері(қисықтың реті) бойынша түрге бөлінеді. 1- дәрежелі алгебралық қисықтарға -түзулер, ал 2-дәрежелі алгебралық қисықтарға конустық қималар, шеңберлер, т.б жатады. 3-дәрежелі жазық алгебралық қисықтардың түрін 1704 жылы И.Ньютон ұсынған. Алгебрық теңдеулерді геометриялық обьектілерге (сызықтарға, беттерге т.б) сәйкестендіруді алғаш ұсынған Р.Декарт пен П.Ферма болды. Үш өлшемді геометрияда алгебралық бет деп теңдеуімен берілген жиынды айтады(мүндағы - ­координаталарынан алынған көпмүше). Алгебралық сандар теориясында, функциялық талдауда теориялық физика мен кодьау теориясында қолданылады. Әбу Әл-Каражи. Әбу Бекр ибн Мұхаммед ибн ал-Хусайн Әл-Каражи ((, 953 жылы 13 сәуірде (кейбір кітапта оны Бағдатта тулған деп есептейді) дүниеге келіп, 1029 жылдары шамасында қайтыс болған) - ірі парсы математигі. Еңбектерде оның атын екі түрлі жазады,бірақ еңбектері бірдей, кей еңбектерде ал-Каражи болып жазылса, ал Парсы тарихын зерттеген ғылыми еңбектерде оның атын ал-Карқи деп жазады. Қалай жаздаса, ғылыми еңбектері бірдей болғандықтан оның атын тек жалпы энциклопедиядағы аты бойынша жаздым. Атының жазылуына байланысты оның туған жері туралы талас бар, кейбірі оны Иранның каражи қалсынан келген деп қарса, енді бірі атының жазылуы бойынша Бағдаттың жанынадығы Карқи қаласынан келген деп есептейді, бұл әлі күнге шешімін таппаған мәселе.Қайда туылғаны белгісіз болғанымен ғұлама бір мезет Бағдатта тұрғаны анық. оның ең алгебрадағы басты еңбегі «Әл-Фақри» осы қалада жазылған. Бірақ, ол соңында белгісіз себептермен Бағдаттан кетіп, өзінің жазуы бойынща “таулы мемлекетке “кеткен. Оның айтқаны қай ел екені белгісіз. Әл-Каражидің математика дамуындағы қосқан ұлесін осы заманғы математика тарихын зерттеушілер әр түрлі бағалайды, кейбірі оның еңбегін жоққада шығарады. Кезіндегі кейбір «ғалымдар» әл-Хорезмидің еңбектерін де жоққа шығарған еді. Ал кейбір еңбектер оны геометриялық амалдардан бос алгебраны толығымен ажыратқан адам ретінде қарайды (J N Crossley, The emergence of number (Singapore, 1980)). Қалай десекте оның математикадағы ойларын мойындайтындар көп. Математикдағы еңбектері арифметикалық амалдарды, соның ішінде көпмұшеліктердің өзара көбейту амалында байланысты. Осыларға сандық жағынан мысал келтіріп отырған, бірақ дәлелдері жоқ. екінші дәрежелі теңеулерді шешудің жолдарын,көне грек ғалымы Диофантустың еңбегі негізінде жазған теңдеулерді шешу амалдарын қамтыды. Оның еңбектерінің тарихи маңызы да бар,Себебі, ғұламаның жазған еңбектерін зерделей оқу барсында біз Диофантустың жоғалған бір еңбегі мен әл-Хорезмидің кейбір еңбектерін таба алдық, сонымен қатар басқада ислам әлемінің математиктерінң еңбектері де оның трактаттарында бар. Ол бұдан да басқа кітаптар жазған болуы ықтимал, бірақ бізге жеткені осы ғана Назарбаева, Динара Нұрсұлтанқызы. Назарбаева, Динара Нұрсұлтанқызы — Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың екінші қызы. Қысқаша өмірбаяны. 1967 ж. тамыздың 19-ы дүниеге келген, қазақ. А. В. Луначарский атындағы Мәскеу мемлекеттік театр өнер университетін 1889 жылы бітірген. 1998 ж. ҚМЭБИде магистр деңгейін алған. 1998 жылдан бастап Н.Ә. Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады ҚҚ-ын басқарады. 2004 ж. — «ҚБТУ» АҚ директорлер кеңесінің төрайымы. 2007 ж. "Халықаралық типті мектептердің білім жүйесін басқаруының методологиялық негіздері" тақырыпты докторлық диссертация қорғады. 2009 жылдан бастап Н.Назарбаев атындағы Білім Ұлттық қорын басқарады. Марапаттары. «Парасат» орденінің иегері (2008) ж. Қосалқы ақпарат. 2010 жылдың қаңтар айында Женевадан 74,4 млн франкқа үй сатып алған. Үйлік жағдайы. Әкесі — Нұрсұлтан Назарбаев, анасы — Сара Назарбаева. Күйеуі - Тимур Құлыбаев, бір ұлы мен қызы бар. Назарбаева, Динара Нұрсұлтанқызы Альберт Эйнштейн. Эйнштейн туылған үй алдындағы ескерткіш Сыртқы сілтемелер. * Адамның зәр шығару жүйесі. Зәр шығару жүйесі — адамның ағзасында, дәлірек, қанда, болатын зат алмасу процесі кезінде бөліп шыққан сұйық күйдегі соңғы қалдық заттарды сыртқа бөліп шығарып, ағзадағы су мен тұздың балансын (қалыпты жағдайда болуын) қадағалайтын жүйе. Зәр шығару жүйесіне кіретін бүйректе жаңадан қан түзетін гемопоэтин гормоны мен қан қысымын реттейтін ренин гормоны түзіледі. Егер зәр шығару жүйесінде ақау пайда болса, салдары ауыр болуы ғажап емес. Асқынған түрі кейде адам өліміне әкеп соғады. Зәр шығару жүйесіне кіретін мүшелер мыналар: қос бүйрек пен қос несеп ағар (зәр ағар); қуық, несеп жолы (несеп шығатын жол). Қан тамырлары арқылы тасымалданатын қалдық заттардан бүйректе үнемі зәр түзіледі. Ол зәр несеп ағар арқылы қуыққа жетіп отырады. Қуықта жиналып қалған зәр несеп жолы арқылы сыртқа шығарылады. Тірлік етушілердің зәр шығару түтікшесі (несеп жолы) жыныс мүшесінен бөлінетін заттарды да шығаратын болғандықтан ол мүшені несеп-жыныс түтігі деп те атайды. Ұрғашыларда несеп түтікшесі (несеп жолы) қынаптың аузында (алдыңғы бөлігі — уретра) ашылады. Зәр — сабанның түсіндей ашық сары болып келетін мөлдір сұйықтық. Егер зәрдің түсі қою сары немесе қоңыр түсте болса, денсаулық тұрғысында қиындық туындағанын, яғни, ақау пайда болғандығын білдіреді. Сібір хандығы. Сібір хандығы 15 ғ.-16 ғ. Сібір хандығы — 15 ғасырда Батыс Сібірде құрылған феодалдық мемлекет. Алтын Орданың құлдырауынан және одан Шайбани ұлысының бөлініп шығуынан пайда болған хандық.Сібір ханы Көшім. Хуан Антонио Са­ма­ранч. Хуан Антонио Са­ма­ранч (, 1920 жыл шілденің 17, Барселона - 2010 жыл, сәуірдің 21, Барселона) - әйгілі испандық кәсіпкер, әрі саясаткер, Халықаралық олимпиада комитетін 1980-2001 жылдары басқарды, ХОК өмірлік құрметті президенті. Мансабы. Олимпиада қозғалысының тарихында Хуан Антонио Самаранч сөніп бара жатқан Олимпиада қозғалысын жандандырған адам ретінде кірді. Ол ХОК қызметін әлемдегі аса маңызды халықаралық ұйымдармен, соның ішінде – БҰҰ ынтымақтасуда істі бастады. 1982 жылдың 10 ақпанында ХОК рөлі мен тәуелсіздігі, сондай-ақ тараптар жағынан кез-келген саяси араласусыз әлемнің кез-келген жерінде Олимпиада ойындарын өткізу мүмкіндігі туралы жолдаумен БҰҰ Бас хатшысына қаралған болатын. ХОК халықаралық үкіметтік емес ұйым мәртебесін алған болатын. Хуан Антонио Самаранч қазіргі жағдайда спорт пен саясатқа жаңа негізделген қатынасты берді: «Әрқашанда болған саяси мәселелер Ойындар барысына әсер етеді, бірақ олимпиада қозғалысы жыл сайын күшейіп келеді, ол осындай мәселелерді шешуде әсер етуі мүмкін». Ол 1980 жылғы Мәскеу Олимпиадасы мен 1984 жылғы Лос-Анжелесдегі дағдарыс жылдардағы Олимпиада алауын «қолдады». Самаранчтың ұсынысы бойынша 1981 жылы «сүйіспеушілік» түсінігі Олимпиада хартийінен алынып тасталды. Олимпиада қозғалыс мен спорттық нәтижесінің өсуі бойынша ескірген мәртебе спортты даму кедергісіне айналады. Спорт мүддесі жеңіп шықты: XXIV Ойындарда және кейінгі Олимпиадаларда әлемнің күшті спортшылары қатыса бастады. Самаранч ХОК қаржыларын қайта құрылуын өткізеді (теледидарлық құқықтарды сатудан үлесті алу, демеушілік бағдарламаларды жүзеге асыру). "Шпорт" швейцар газетасы ХОК президентінің позициясын баяндай отыра, оны олимпиада қозғалысының бірінші кәсіби менеджері деп атады: «Самаранч ең бастыны түсінді: олимпиадалық қозғалыс саяси емес, экономикалық механизмдермен басқарылуы тиіс. Оның ұраны: саяси толқынның еркіне түспей, қаржылық күш жағынан басқарылуы тиіс». Олимпиада спортын коммерциялау шынай болды. ХОК президенті болып тағайындалғаннан кейін, Самаранч Спорттық ақпараттың халықаралық ассоциациясына (САХА) байланысты орнатты, Олимпиада ойындарын телетаратуды әлемнің ірі телекомпаниялары айналысуына қол жеткізді. Нәтижесінде телетарату масштабтары өсті, ультра қазіргі бұқаралық ақпарат құралдары, соның ішінде интернет қолданыла бастады, ол арқылы планетамыздың жартысы Олимпиада жарыстарының бағдарламаларын тамашалайды. 1986 жылы Самаранчпен басқарылатын ХОК қысқы Олимпиада ойындарының және 1992 жылға дейін кібісе жылдары төрт жыл сайын өтетін Олимпиада ойындарының мерзімдерін 91- сессияда бөлді. 1994 жылдан қысқы Олимпиада ойындары кібісе жылдары ойындар өтетін жылдардың ортасында өтетін болды. Самаранчтың бастамасымен 1983 жылдың 7 желтоқсаны Олимпиадалық филателия халықаралық федерациясы (ОФХФ) құрылды. ОФХФ мақсаты спорттық және олимпиада фиалателияның ұлттық ассоциацияларын біріктіру; олимпиада идеалдарын тарату бойынша ХОК –пен жұмыс; арнайы кітапхананы жинау; ХОК, халықаралық федерациялар мен пошталық әкімшілікті спорттық және олимпиада фиалтелиялардың ұлттық ассоциацияның қызметі туралы ақпараттандыру үшін арнайы бюллетеньді шығару болып табылады. Самаранчтың арқасында 1993 жылы Лозаннада Олимпиада атағының мұражайы ашылған болатын. ХОК кейбір мүшелерінің кесірінен ХОК дағдарыста өмір сүрген кезде, Самаранч ұйым құрылымын өзгерту бойынша негізгі реформаларды өткізді. Лозаннадағы ХОК сессиясында (1999 жылғы наурызы) олимпиадалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған бірегей шешімдер қатары қабылданды. Сессияның маңызды нәтижесі Халықаралық олимпиада комитетінің этика жөніндегі комиссиясын құру болып саналады. Өмірден озуы. Жалпы, Хуан Антонио Самаранч 2001 жылдан бері аурухананың есігін жиі жағалады. ХОК президенттігінен кеткеннен кейін-ақ 11 күн Швейцария ауруханасында ем қабылдаған. 2007 жылы Мадрид госпиталінде жүрек ауруымен жатқан. Ал өткен жылдың қыркүйегінде Монакодағы ауруханалардың біріне жеткізіліп, әзер дегенде жан сақтап қалған. Қайтыс болардан бір күн бұрын ауруханаға жүрек ауруымен өте ауыр халде жеткізілген Самаранчтың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Дәрігерлер қанша тырысқанымен, оның дүние салатыны алдын ала белгілі болған еді. 89 жастан асқан шағында Барселонаның бір клиникасында сәрсенбі күні көз жұмды. Арарай. Ер жеттің, енді келді сөз жазарым. Ананас. Ананас жемісі және ішкі көрінісі Дүниежүзлік соғыс, I. БІРІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТЫҢ ШЫҒУ СЕБЕПІЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ Империалистік дәуірде жеке елдердің біркелкі дамымауының нәтижесінде бірінші дүниежүзілік соғыс болды. ХХ ғасырдың басында халықаралық жағдай күрт шиелеңісіп, ірі мемлекеттер арасындағы бақталастық күрес күшейді. Англия дүниежүзілік шеберхана атанған дәрежесінен өнеркәсібі дамудағы бірінші орнынан айрылды. Елдің басын біріктіру арқасында және Француз–прусс соғысының нәтижесінде бес миллиард марк контрибуция алған Германия өз экономикасын жедел дамыту мүмкіндігіне жетіп, өнеркәсіп өнімдерін шығаруда Англияны үшінші орынға ығыстырып, дүиие жүзінде АҚШ-тан кейінгі екінші орынға шықты. 1912 жылы мысалы, Германияда 17,6 миллион тонна шойын қорытылса, Англияда 9 миллион тонна ғана болды. Экономикалық қуатыныц шапшаң өсуін пайдаланған жас герман империалистері жаңа нарықтық аймақтарды алуға, отарланған жерлерді қайта бөлісуге, еуропалық континентте билік жүргізуге тырысты. Германияның күшеюі Еуропадағы басқа ірі мемлекеттерді абыржытты. Әсіресе отарлап алған жері жеткілікті әрі өнеркәсібі ерте дамыған, байырғы империалистік елдерді ― Франция мен Рссейді қатты алаңдатты. Оның үстіне герман–австриялық одақ шартына қол қойылды, оған Италияның қосылуы жас герман империалистерінің Еуропадағы салмағын күшейтті. Осы құрылған үштік одаққа жауап ретінде орыс-француз одағы пайда болды. Бұл еуропалық мемлекеттерді екі антогонистік топқа бөліп, екі жақты шешуші шайқасқа дайындыққа кірісті. Алайда, британиялык басқарушы топтар осы екі тогопистік одаққа деген қарым катынасын бірден айқын ұстаған жоқ. Өйткені, ағылшын империалистерінің француз және ресейлік империалис-теріне карағанда карама кайшылықтары күрделі еді. Тіпті Англия алғашқы империалистерінің Еуропадағы ықпалының өзінің орыс және француз бақталастарын әлсіз деп ессптеді. Ресейді әлсірету мақсатымен британиялық басшылар 1902 жылы ағылшын-жапон одақ шартын жасады. Жапония мұны өзінің Ресейге қарсы соғысында шебер пайдаланды. Дегенмен, германдық сауданың өсуі, оның жаңа нарықтарды иемденіп, одан ағылшын бұйымдарын ығыстыра бастауы Англия мен Германия арасындағы қатынасты қиындата түсті. Германияның қуатты әскери-теңіз флот құру үшін бағдарлама жасауы Англияның сыртқы саясатына күрт өзгерістер енгізді. 1904 жылы бұл елде Франциямен жақындасу үшін ірі қадамдар жасалды. Бұл Англия мен Ресей арасындағы қарым-катынастардың жақсаруына алғы шарт жасадьі. Патша өкіметі Антантаға тәуелді еді. 1908 жылы оның шет елдерге борышы 8 миллиард сомға тең болды. Оның үстіне Ресей Англия меи Францияның көмегі арқасында бұғаздарды пайдалануға үміт етті. Ал Антанта Германиямен үлкен соғыс бола қалған жағдайда Ресейдің ірі -әскери күшін пайдаланбақ еді. Бірақ ағылшын-орыс қатынастарын жақсарту ісі қиындыққа түсті. Ең алдымен олар өздерінің Иран, Ауғанстан, Тибеттегі бақталасты істерін реттеді. Акырыида орыс-француз одағы мен ағылшын–француз Антантасы бірігіп, үштік келісімге айналды. Бір-біріне қарама-қарсы Үштік Одақ пен Үштік келісімнің құрылуы басты империалистік мемлекеттер арасындағы күресті одан әрі үдетті. Алайда, одақ қүрамына кірген мемлекеттер арасындағы өзара қайшылықтар жойылған жоқ. Мәселен, Италия мен Австрия–Венгрия монополистерінің өзара қақтығыстарының өршуі нәтижесінде Италия өзі кірген Үштік Одақтан 1909 жылдан бастап іргесін аулақ сала бастады. Ал, Австрия–Венгрия ақырында Герман империялистерінің жандайшабына айналды. Үштік келісімдегі жағдай да осындай еді. Өзара қырқыс тоқталмаганымен, күш алып келе жатқан жас герман империализмі алдында біршама жұптарын сақтай білді. Мысалы, Мароккадағы імпериалистік билік үшін таластың арты 1911 жылы герман-француз соғысына айналу қаупі туған кезде Англия батыл түрде Францияны қолдады. Германия шегінуге мәжбүр болды, оның солтүстік Африкада отарларға ие болу ойы іске асқаң жоқ. Антанта Үштік Одаққа жік салу арқылы әлсіретуге тырысты. Оған 1911 жылғы Түрік–Италия соғысын пайдаланды, Антанта Италияны қолдады. Ал Германия Түркияға көмек көрсете алмады. Себебі Австрия–Венгрия, Италия және Германия одақтастар еді. Соғыстың нәтижесінде Италия Ливияны билеу құкына ие болды. Екі империалистік блоктардың арасындағы күрес 1912–1913 жылдары Балқан соғыстарында жалғасып ақырында бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуын тездетті. Бірінші Балқан соғысы (9.Х.1912—30.V.1913) Балқан одағы мен Түркия арасында болды. Балқан одағының құрамына Болгария, Сербия, Греция және Черногория кірді. Оның құрылуына Ресей мен Антанта белсене қатысты. Осы Одақ арқылы олар Германияның Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы ықпалын әлсіретуге тырысты. Алайда, бұл бағытта Англия екіұшты саясат жүргізді. Ол бұл ауданда Германияны әлсіреткісі келгенімен, Ресейдің ықпалының өсуін қаламады да, Түркиядан біржола қол үзгісі келмеді және Ресейдің бұғаздарды пайдалану ниетіне онша қолдау жасамады. Ірі мемлекеттерден қолдау таппаған Түркия жеңілді. Лондон бітімі бойынша Түркия Стамбул мен Шығыс Франциядағы шағын жерден басқа барлық еуропалық аймағынан айырылды. Германия тағы да батылсыздық көрсетті. Соғыстан Балкан одағы нығайып шықты. Болгарияның шоқтығы биіктеді. Балкан түбегінде Антанта бағыты күшейді. Әйтсе дс Балкан одағының мемлекеттері өз жеңістерінің нәтижелерін бөлісе алмады. Оны Герман-Австрия топтары пайдаланып, болгар-серб одағын кұлатудын бар амалын істеді. Олар Болгарияны қолдады. Ал Сербия мея Греция оған қарсы жасырын келісімге келді. Екінші Балкан соғысына әкеп соқты (29.VI—10.VIII.1913). Онда Греция, Сербия және Черногория Болгарияға қарсы соғысты. Оларға Румыния мен Түркия қосылды. Соғыс Болгарияның женілуімен аяқталды. Бухарест бітімі бойынша Болгария Румынияға Оңтүстік Македония және Батыс Фракеяның бір бөлігін, Сербияға Солтүстік Македонияны тұтас дерлік берді. Балкан соғыстары жалықтарға қайғы-қасірет әкелді. Онда Черногория 11,9 мың, Греция 68 мың, Сербия 71 мың, Болгария 156 мың, Түркия 156 мың адамынан айырылды. Бұл соғыстың қорытындысында герман дипломатиясы жетістіктерге жетті. Балкан Одағы жойылды. Болгария Антанта ықпалынан кетті. Оның есесіне Румыния Австрия ықпалынан кетіп, Ресеймен жақындасты. Сөйтіп, Балкан түбегіндегі бірінші топ – Сербия, Черногория, Греция және Румыния Антантадан қолдау тапты, екінші топ Болгария мен Түркия Германиямен бірікті. Төніп келе жатқан соғысты АҚШ өзінің экономикалық және саяси бағытын нығайтуға пайдалануға тырысты. Олардың өкілі полковник Хауз екі блокты бір-бірінс айдап салудың бар амалын жасады. Алдымен ол АҚШ (бейтараптық сақтайды деп жариялады, ал соғыс бола қалған жағдайда Англия Ресей үшін соғысқа кіріспеуі мүмкін деген болжам жасады. Мұндай тұжырымдар Герман империалистерінің үмітін арттырып, оларды соғысқа итсрмеледі. Осы жагдайда 23 маусымда Сараевода австрия тағының мұрагері принц Франц Фердинанд өлтірілді. Венада қатты абыржушылық байқалды. Австрия үкіметі бір айға жуық үн-түнсіз жатып алды. Тек қана Германияның желпінтуінен ғана шілде айында Сербияға қарсы үзілді-кесілді талап қойылды. Ол қойылған он шарттың тоғызын қабылдайтынын мәлімдеді. Тек тергеу ісін жүргізу үшін австриялықтарды өз жерлеріне жіберуге қарсы болды да, барлық даулы мәселелердің төрелігін Гааглық трибунал шешсін деп сауал салды. Алайда Австрия–Венгрия 28 шілдеде Сербияға соғыс жариялады. Оған жауап ретінде Ресей мобилизацияға кірісті. Германия 1914 жылдың 1-ші тамызында Ресейге, тамызда Францияға соғыс жариялады. 5-ші тамызда Англия ресми түрде соғысқа кірісті. Осы жағдайда АҚШ бейтараптық сақтады. Ал Түркия мен Болгария австро-гсрмандық блок жағына шықты. Бірінші дүниежүзілік согыстың басталуына Германия мен Англия арасындағы антогонизм шешуші роль атқарды. Осы басты қайшылықпен қатар Германия мен Францияның Эльзас және Лотарингия үшін, Германия мен Ресейдің Константинополь және бұғаздар үшін, Ресей мен Түркияның Армения және Константинополь үшін, Австрия мсп Рессйдің Балкан үшін, Австрия мен Италияның Албания үшін талас-тартыстары себеп болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс сипаты жағынан әділетсіз, жаулаушылық, империалистік соғыс болды. Мемлекеттер жаулау-шылық саясат жүргізді. Соғыс ірі мемлекеттердің империалистік катынастарынан туды. Олар отарлар мен ұсақ елдерді қайта бөлісу үшін ұрыс дала ұрыс даласына шықты. Бұл соғыста екі қақтығыс алдыңғы шепте тұрды. Бірі Англия мен Германия, екіншісі Герман мен Ресей арасында болды. Осы үш ірі мемлекет бірінші дүниежүзілік соғысты бастаушылар болды. Ал қалғандары олардың одақтастары еді. Соғыс шеңберіне біртіндеп құрамында бір жарым миллиардтан астам халық бар 38 мемлекет кірді. Төрттік одаққа Германия, Германия отарларымен, Австрия-Венгрия, Түркия мен Болгария кірді. Ал Антантаға — Англия, Рессй, Франция, Бельгия, АҚШ, Португалия, (бәрінің де отарлары бар) Сербия, Жапония, Румыния, Греция, Черногория және басқа елдер енді. Империалистік соғысқа байланысты армия қатарына 77 миллион адам шақырылды. Оның ішінде Германия – 13,2 миллион, Австрия-Венгрия – 9 миллион, Түркия – 1,8 миллион, Болгария – 1 миллион, Ресей – 19 миллион, Англия – 9,4 миллион, Франция – 8,1 миллион, Италия – 5,6 миллион, АҚШ – 3,9 миллион, Румыния – 1 миллион және тағы басқалар. Кофи Аннан. Ко́фи А́тта А́ннан (; 8 сәуір 1938 жылы Кумаси қаласы, Ганада дүниеге келген) — Гана дипломаты, БҰҰ-ның 7-ші Бас хатшысы (1997—2006) Өмірбаян. АҚШ-та оқыған. Жұбайы - Нана Аннан. Ағылшын және француз тілдерін біледі БҰҰ-ның хатшы ретінде жұмысы. 1 қаңтар 1997 жылы сайланған, 29 маусым 2001 жылы қайта сайланған, 2006 жылы 31 желтоқсанға дейін жұмысын атқарды.Кофи Аннан Әлемдік Экономикалық Форумда 2001 жылғы Нобель сыйлығының иегері Қосалқы ақпарат. «Кофи» деген сөз оның ана тілінде «жұма қүні туылған» деген мағынаны білдіреді Алоэ. 'Мақаланы көшіруге тыйым салынған. Авторлық құқы бұзылған. This article was copied from http://malimetter.org/?p=1026. It's not alowed to copy. Image:Babosa1.jpg|"Aloe arborescens" Image:Aloe aristata.jpg|"Aloe aristata" Image:Köcherbaum_Köcherbaumwald_01.JPG|"Aloe dichotoma" Image:Aloe_hereroensis_Auob_C15.JPG|"Aloe hereroensis" Image:Aloe_parvula.JPG|"Aloe parvula" Image:Aloe peglerae01.jpg|"Aloe peglerae" Image:Aloe_saponaria_1.jpg|"Aloe maculata" (A. saponaria) Image:Aloe_saponaria_3.jpg|Цветок "Aloe maculata" Image:Aloe_sophie_plant_and_flowers.jpg|"Aloe sophie" Image:AloeSpeciosa.jpg|"Aloe speciosa" Image:Aloe_striatula_1.jpg|"Aloe striatula" Image:Aloe_rauhii.jpg|"Aloe rauhii Кактус. Кактус (Cactaceae) – қос жарнақты көп жылдық, шырын сабақты шөптесін өсімдік; әдетте, жуан, етжеңді, шырынды сабақтары тікенекті, түкті, қылтанақты болады. Кактустың бұта, ағаш, лиана тәріздес түрлері де кездеседі. Кактустердің Американың шөлді аймақтарында, Орта және Оңтүстік Американың ылғалды жерлерінде, тропиктік Африкада және Мадагаскар аралы мен Шри-Ланкада өсетін 220 туысы, 3000-дай түрі бар. Сондай-ақ Австралияда, Үндістанда, Жерорта теңіз жағалауындағы елдерде жерсіндірілген. Қазақстанда сәндік өсімдік ретінде үйде, не оранжереяда өсіріледі. Кактус сабағы шар, жұмыртқа, цилиндр, діңгек, жапырақ сияқты жалпақ пішінді, бунақталған болады, түсі жасыл. Сабағының биіктігі 2 – 5 см-ден 10 – 15 м-ге дейін жетеді. Сабағының қабығы мен өзегінде су жиналады, мысалы, кейбір ірі Кактустердің сабағында 2000 литрге дейін су болады. Олардың бір ерекшелігі – суды үнемді пайдалануында. Техас Кактустерін зерттеу нәтижесінде, үш ай қуаңшылық кезінде де көпқылтанды опунция (Opuntіa polyacantha) сабағының құрамында 81% су сақталғаны байқалды. Көпшілігінің жапырақтары болмайды (нағыз жапырақ тек – перескияда сақталған), кейбір түрлері біз сияқты (опунцияда) немесе қабыршақ тәрізді (рипсалисте) келеді. Гүлі дара орналасқан, алуан түске боялған. Аналығы 3, кейде көптеген жеміс жапырақтарынан тұрады. Аталығы өте көп (мысалы, карнегиде 3500-ге жетеді). Жемісі – етті, жидек тәрізді. Кактус тағам (жемісі мен шырынды сабағы), діңі – отын және құрылыс материалы ретінде пайдаланылады. Кейбір түрлерінен (лофофора, селеницереус) дәрілік препараттар жасалады. Пан Ги Мун. Пан Ги Мун (, Маусымның 13 1944 жылы Тюсюда дүние келген, Жапония, қазір Чхунджу, Корея Республикасы) — БҰҰ-ның 8-ші Бас хатшысы. Осы орынға 2006 жылдың қазанның 14 күні сайланған, ал 2007 жылдың қаңтардың 1 күні Кофи Аннанның орннына жұмысқа кірісті. Корея Республикасының Сыртқы істер министрі (2004-2006). 1970-ші жылы Сеул ұлттық университетін халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бітірген. Гарвард университетінің мемлекеттік басқару Джон Кеннеди мектебінде 1985 жылы магистр деңгейін алды. БҰҰ-ның Бас хатшы орнындағы жұмысы. 2006 жылдың желтоқсанның 14 күні Пан Ги Мун БҰҰ-ның басшысының антын қабылдады. 2007 жылдың қаңтардың 1 жұмысын бастады. Сенегал. Сенега́л (фр. Sénégal), ресми — Сенега́л Респу́бликасы (фр. République du Sénégal) — Батыс Африкадағы мемлекет, атын елдегі өзеннің атынан алып тұр. Батысында — Атлант мұхиты, солтүстігінде — Мауритания, шығысында — Мали, ал Гвинея және Гвинея-Бисау онтүстігінде. Ел ішінде Гамбия мемлекеті орналасқан. Халқы. "Толық мақалалары":Сенегал халқы Халық саны. 2009 — 13 '700'000. Бір жылда өсуі — 2,7 % Орташа өмір сүру жасы. 59 жас (57 — ерлер, 61 — әйелдер) Тұратын ұлттар. 20 шақты этникалық топтар бар. Ең ірілері: волоф (43 %), фульбе (24 %) и серер (15 %). Ақ нәсілділер (көбінесе француздар) және ливандықтар — 1 % шамасында. Халық сауаттылығы. Ерлерде — 51 %, әйелдер — 29 % (2002 жыл) Діндер. Мұсұлмандар — 94 %, христиандар — 5 %, жергілікті діндер — 1 % Колониядан бұрын. XI ғасыр шамасында араб шабуылшылары алып келген ислам елдегі ең маңызды дін ретінде саналды. XIV ғасырда Сенегал жерінде бірнеше кішкентай елдер болған. Олардың арасында ең күштісі Джолоф империясы болды. Сенегалдың Горе аралы көптеген уақыт бойы ең үлкен құл сату орталығы болып саналды. XV ғасырда бұл елде бірінші еуропалықтар келді. 1435 жылы Португалияның өкілдері келген. Ал XVII ғасырда француздар Сенегалда бірінші қаланың негізін салған. Колония кезі. ХІХ ғасырдың екінші жартысында француздар Сенегал ішкі аймақтарын басып бастады. 1860 жылы Елдің ең ірі тайпасының басшысы, Хаджи Омар, Францияның протекторатын мойындады. Ал 1890 жылы қалған тайпалардың бәріде соларға қосылды. Француздар Сенегалдан арахиспен алған, оған қоса, олар ел аумағынан алтын тапқан. 1885 жылы Сен-Луи-Дакар бірінші темір жолын құрған. 1909-1923 жылдары Дакардан көршілес Мали колониясына темір долын құрған. Сенегалдың батысындағы 4 аудан тұрғындарына Франция азаматтығы құқығын берген, Франция парламентіне олардан 1 депутат сайланған (бірінші қара нәсілді депутат — Блез Диань (1914-1934 жылдары депутат болған). Ол Франция колония министрының орынбасарыда болған). Сол кезде бірнеше оқу орындары құрылған. Олар жергілікті халықтан колония әкімшіліктеріне жұмысшыларды дайндаған. Африка жұртынан Франция әскерінің бөлімшелері құрылған. 1895-1958 Сенегал Франция Батыс Африкасының құрамына кіреді. Оның астанасы болып 1902 жылы Дакар қаласы бекітіледі. Тәуелсіздік кезеңі. Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін елдегі ұлттық қозғалыстар көбейеді. 1958 жылдың 25 қарашасында Сенегал Франция Қоғамының өз өзін басқаратын республика болып жарияланады. 1960 жылы 4 сәуір күні Сенегал мен Француздық Судан бірігіп, Мали Федерациясын құрады. Бұл ел тәуелсіздікке ие болады: 4 сәуір күні келісімге қол қойылады, бірақ ресми түрде тек 1960 жылдың 20-сы маусым күні жарияланады. Содан кейін саяси конфликттердін нәтижесінде, сол жылдың 20 тамызында екігі бөлініп, Сенегал және Мали болып тәуелсіздіктерін жариялайды. Сол кезден бастап, Сенегалда "африкандық социализм" құруы басталады. 1976 жылы Ата-заңға өзгеріс енгізіледі. Сол бойынша Сенегалда тек 3 партияның жұмысы заңды саналады. Олар: социал-демократиялық, либерал-демократиялық және марксист-лениндық. Бірақ оларға қоса елде бірнеше заңсыз партиялар жұмыс істеген — Тәуелсіздік және еңбек партиясы, Жаңа демократия үшін қозғалыс, Жұмысшылар Бірлестігі. 1980-ші жылдардың басында заңсыз партиялардың көбі заңды түрде ісін бастады. 1982 жылы Гамбиямен қосылып Сенегамбия конфедерациясын құрды. Бірақ одан ештене шықпай, 7 жылдан кейін сол мемлекет жоқ болды. Елдің онтүстігінде сепаратистік топтар өз істерін жүргізіп келе жатыр. Саясат жайғасы. Абдулай Вад, Сенегалдың қазіргі президенті Елбасы — президент — 5 жылға сайланады. Ол премьер-министрды тағайындайды. Премьер-министр министрлер кабинетін президент келісімімен құрады. Сенегал Парламенты бір палатыдан құрылған, ол Ұлттық Ассамблея деп аталады. Оның құрамына 120 сайланған депутат кіреді. 1976 жылдан бері елде бірнеше партия заңды түрде істейді. Олардың саны шектелмеген. Қазір Сенегалда 20 шақты партия бар. Сот жүйесі екі Жоғарғы соттан тұрады. Негізгі саяси партиялары — Сенегал демократиялық партия, Сенегал Социалистік партия, прогрессивтік күштер Альянсы, жұмысшылар партия қозғалысы, Африкандық демократия және социализм партиясы. Сенегалдың бірінші президенті Леопольд Седар Сенгор (1960-1980 жж.). 1981 жылы оны Абду Диуф ауыстырған. 2000 жылдан бері Сенегал президенті Абдулай Вад. Экономикасы. Табиғи ресурстар — мұнай, темір қазбалары, алтын. Сенегал экономикасы аса дамыған емес, шеттен келетін гуманитарлық көмектен тәуелді. ЖІӨ жан басына шаққанда — 1600 доллар (195 орын). Халықтың жартысынан көбі кедейлік деңгейінен төмен тұрады. 2007 Жұмыссыздық 48 % жетті. Жұмыс істеушілердің 75 % ауыл шаруашылығында істейді (ЖІӨ 14 %). Өнімдері — арахис, жүгері, күріш, мақта. Мал және құс ұстайды, балық шаруашылығы бар. Индустрия секторында (ЖІӨ 23 %) ауыл және балық шаруашылығының өнімін өндіру. Фосфат, темір, цирконий және алтын қазбаларын өндіру. Қызмет ету сферасы — ЖІӨ 63 %. Экспорт — 2,1 млрд долл. (2008) — балық, арахис, фосфаттар, мақта. Негізгі сатып алушылар — Мали 19,2 %, Үндістан 9,4 %, Франция 5,4 %, Гамбия 5,3 %, Италия 4,8 %. Импорт — 4,3 млрд долл. (2008) — тамақ өнімі, өндіріс тауарлары, т.б. Негізгі импорттаушы елдер — Франция 19,9 %, Ұлыбритания 15,3 %, Қытай 6,8 %, Белгия 4,6 %, Таиланд 4,5 %, Нидерланд 4,1 %. Білім беру. Ата заңның 21 және 22 баптары бойынша балалардың бәріде білім алуға құқығы бар. 16 жасқа дейінгі балалардың бәріде білім алуға міндетті. Сауатсыздық деңгейі жоғары, әсіресе, әйелдер арасында. 2002-2005 жылдары ЖІӨ-нің тек 5.4 %-ы білім беру саласына бөлінген. Спорт. Спорт тарихында бұл елде ең жоғары сатыны аяқдопшылар алған. Олар 2002 жылғы Жапония және Кореядағы әлем чемпионатында шерек-финалға дейін жеткен. Бұл күтпеген жағдай болған. ФИФА рейтингінде 72 орында тұр. Дакар қаласында Париж-Дакар раллиінің мәресі орналасқан. Бірақ 2009 жылдан бастап бұл дода ланкестік шабуылдарға орай Онтүстік Америкаға көшірілген. Лайка (ғарышкер ит). It's not allowed to copy from http://malimetter.org/?p=1916 Мақаланы көшіруге тыйым салынған. Авторлық құқы бұзылған. Токсикоз (жүктілік). Мақаланы көшіруге тыйым салынған. Авторлық құқы бұзылған. It's now alloed to copy from http://malimetter.org/?p=997 I've to protect my copyright. Don't think that this is vandalizm. Даун синдромы. Мақаланы көшіруге тыйым салынған. Авторлық құқы бұзылған. It's not allowed to copy from http://malimetter.org/?p=1234 Паркинсонизм. Мақаланы көшіруге тыйым салынған. Авторлық құқы бұзылған. It's not allowed to copy from http://malimetter.org/?p=299 Қорылдау. Мақаланы көшіруге тыйым салынған. Авторлық құқы бұзылған. This article was copied from http://malimetter.org/?p=1344. It's not alowed to copy. Шай. Мақаланы көшіруге тыйым салынған. Авторлық құқы бұзылған. It's now alloed to copy from http://malimetter.org/?p=942 I've to protect my copyright. Don't think that this is vandalizm. Химиялық байланыстар. It's not allowed to copy from http://malimetter.org/?p=1695 Мақаланы көшіруге тыйым салынған. Авторлық құқы бұзылған. Гелий. Гелий (лат.: Helium) —, "Не" – элементтердің периодтық жүйесінің VІІІ тобындағы хим. элемент; ат. н. 2, ат. м. 4,0026. Г-ді 1868 ж. француз астрономы Ж.Жансен мен ағылшын астрономы Дж. Н. Локьер күн сәулесінің спектрінен тапқан, 1895 ж. ағылшын химигі У.Рамзай радиоактивтік клевеит минералынан бөліп алған. Қалыпты жағдайда Г. – бір атомды түссіз, иіссіз, инертті газ, қайнау t – 268,93°С, тығызд. 0,178 г/л. Сұйық Г. кванттық сұйықтықтарға жатады, себебі оның атомдары макроскопиялық көлемде кванттық қасиет көрсетеді. Сұйық 4Не (бозе-сұйықтық) 2,17 К° темп-ра мен 0,005 МПа қысымда фазалық өзгеріске ұшырап, Не І және Не ІІ сұйықтықтарына ыдырайды. Не ІІ – аса аққыш сұйықтық, өте жіңішке түтікшелерден ешқандай үйкеліссіз ағып өтеді. Оның мұндай қасиетін 1938 ж. П.Л. Капица ашқан. Не І қатты қайнаса, Не ІІ баяу қайнайды, бұл ерекшелік Не ІІ-нің өте жоғары жылу өткізгіштігімен байланысты. Сұйық 3Не (ферми-сұйықтық) абсолюттік нөл темп-ра мен 3,4 МПа қысымда аса аққыштық қасиетке ие болады. Сұйық Г. басқа сұйықтықтарға қарағанда қалыпты қысым мен 0°К темп-рада қатпайды, оның кристалдануы үшін өте жоғары (2,5 МПа астам) қысым қажет. Газ күйіндегі Г. пластмассадан, шыныдан және кейбір металдардан жасалған қоршаулардан жеңіл өтіп кетеді. Г-ді табиғи газдар қоспасын арнаулы аппараттарда төмен темп-рада басқа газдардың барлығын сұйылтып барып алады. Газ күйіндегі Г. металдарды жоғары темп-рада кесу, пісіру, балқыту процестерінде; жартылай өткізгіштер өндіруде, тағамдарды консервілеуде қолданылады. Сұйық Г. ғыл.-зерт. жұмыстарында төмен темп-радағы процестер үшін салқындатқыш ретінде және өте төмен темп-раны өлшейтін термометрлерді толтыру үшін пайдаланылады. Ембімұнайгаз. «Ембімұнайгаз» — Қазақстандағы ең көне мұнай компаниясы. Ол алғаш рет 1922 Ембімұнай тресті болып құрылған. Қазір оның құрамындағы «Қайнармұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Доссормұқнайгаз», «Жылыоймұнайгаз» деп аталатын 4 өндіру басқармалары Атырау облысындағы 37 кен орынын игеріп жатыр. Олардың ішіндегі 15 кеніштің өнім өндіру көлемі тым төмен деп саналады. Жалпы мұнай қоры 68 миллион тоннаға бағаланған. Кәсіпорын жыл сайын 2,7 миллион тонна мұнай өндіреді. Онда бес жарым мыңға жуық адам еңбек етеді. Чернобыль апаты. 1986 жылы 26 сәуірде Украинадағы Чернобыль атом электр станциясының 4-ші блогы жарылып, реактор толық істен шықты. Апат салдарынан радиоактивті заттар, соның ішінде уран изотопы, плутоний, иод-131, цезий-134, цезий-137, стронций-90 қоршаған ортаға таралды. Радиоактивті түтін аймақтан асып, 10-нан аса мемлекеттің 145 мың шаршы шақырым жерін ластады, кем дегенде 5 миллион халық зардап шекті. Оның зардабы қаншалықты ұзаққа баратыны әлі белгісіз қалып отыр. «Мир» станциясынан түсірілген Чернобыль АЭС территориясы, Сәуірдің 27 1997 Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы апаттан төрт мыңдай адам қаза тапты деп хабарлады. Бірақ, ядролық энергия нысандарына қарсылық танытушылар 100 мың адам құрбан болды Әбіш Кекілбайұлы. Кекілбайұлы Әбіш 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрыңғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған. Арғы атасы Жаңайұлы Қожаназар қазақтар көшін Маңғыстауға бастап келген топтан. Белгілі білікті, беделді, дәулетті адам. Ата шаңырағын ұстап қалған ұрпағы Жаманқұл немересі Кекілбайды үйлендірген соң, 1924 жылы Оңдыда қайтыс болған. 1928-31 жылдары асыра сілтеу, тәркілеу кезінде Кекілбай ата мекеннен баз кешіп Түркменстанның Красноводск портында жүкші, Бекдаш химия кәсіпорнында біраз жыл жұмысшы болып істеп, елге 1937 жылы Баку мен Макачкала арқылы оралған соң Оңдыдағы колхозда колхозшы, Таушық кенішінде шахтер болды. 1942 жылы соғысқа алынып, майданда 3 рет жараланып, Сталинград маңында қайтыс болады. Әбіш Кекілбайұлының анасы Айсәуле Жұмабайқызы дәулетті, ел ішінде аты шыққан бидің отбасында дүниеге келіп, тәрбиеленген. 1936 жылы әуелі Оңдыда колхозшы, Таушықта 1942-45 жылдар аралығында стахановшы шахтер, 1945-62 жылдары «Екпінді» колхозында жұмыс істеді. Әбіш Кекілбайұлы 1957 жылы Таушықтағы мектептің 1 сыныбына барып, 1948-1954 жылдары Оңды орталау, ал 1956-57 жылдары Үштағандағы орта мектепте оқиды. Әдебиетке құмарлығы мектеп қабырғасында басталады. 1957 жылы 5 мамыр «Лениншіл Жастың» белсенді ауылдық тілшісі ретінде Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің мақтау қағазымен марапатталады. 1957 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне түседі. Университетте әдебиет бірлестігін басқарып, жас талаптар шоғырын жарыққа шығарады. Соңғы курста оқып жүріп, «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет атқарады. Мұнда ол сыншылық қабілетімен көзге түседі. «Қазақ әдебиетінен» кейін 1962-65 жылдар аралығында «Лениншіл Жас» газетінде бөлім меңгерушісі болып істеді. 1965-68 жылдары ҚазССР Мәдениет министрлігінде, 1968-70 жылдары Кеңес армиясының қатарында, 1970-75 жылдары «Қазақфильм» студиясында бас редактор, 1975-84 жылдары Қазақстан КП ОК мәдениет бөлімінде нұсқаушы, сектор меңгерушісі, 1984-86 жылдары ҚазССР Мәдениет министрінің орынбасары, 986-88 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының 2-ші хатшысы, 1989-90 жылдары ҚазССР тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамы Орталық кеңесінің төралқа төрағасы, 1990 жылы Қазақстан КП ОК бөлім меңгерушісі. 1991 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Мәдениет, тіл және ұлтаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитеттің төрағасы, 1992-93 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы, 1993-95 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі. 1994-95 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы, 1996-2002 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып істеді. 2002 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты. Әбіш Кекілбайұлы Қазақстан Жоғарғы Кеңесіне екі рет, Мәжілісіне бір рет баламалы негізде депутат болып сайланады. Әбіш Кекілбайұлының алғашқы өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» 1962 жылы, «Бір шөкім бұлт» 1965 жылы жарық көрді. Ауыл өмірінен жазылған повесть, әңгімелер жинағы «Дала балладалары» – Әбіш Кекілбайұлының кең тынысты эпик, суреткерлік болашағын танытады. 1974 жылы «Дәуірмен бетпе-бет» сын мақалалар жинағы, «Бір уыс топырақ», 1979 жылы «Тырау тырау тырналар», Маңғыстау түбегінің өткені, бүгіні, болашағы туралы «Ұйқыдағы арудың оянуы» тарихи танымдық баян, 1982 жылы «Шыңырау» повестер жинағы, 1992-93 жылдары Таңдамалы екі томдық, 1995 жылы «Заманмен сұхбат» 1998 жылы «Азаттықтың ақ таңы», публицистикалық мақалалары, толғамдары, 1999 жылы 12 томдық шығармалар жинағы жарыққа шықты. Әбіш Кекілбайұлының «Үркер» (1981), «Елең-алаң» (1984) романдары қазақ әдебиетінің үлкен табысы ретінде бағаланып, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығын алды. 2001 жылы шыққан «Талайғы Тараз», 2002 жылы шыққан «Шандоз» тарихи тақырыпты ғылыми дәйекпен, дерекпен түсінікті ұғымды етіп жеткізудің жаңа бағыт-бағдарын белгілеп берді. 2009 жылы «Сыр десте» деп аталатын автордың көп жылдық ой-толғаулары, эссе, естелік, сөйлеген сөздерінің 5 томдық жинағы жарыққа шықты. Әбіш Кекілбайұлының көптеген шығармалары ТМД халықтары мен шетел тілдеріне аударылған. Ол ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының 1986, Қазақстан Республикасы Президентінің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының 1995, «Отан» орденімен 1999, Түркі елдері қауымдастығының шешімімен «Түркі дүниесіне сіңірген еңбегі үшін сыйлығын» алады. 2003 жылы «Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапатталды. Рәбия Қадыр. Рәбия Қадыр (Қаңтардың 21, 1947) - Бүкіләлемдік ұйғыр конгресінің басшысы. Рәбия Қадыр қарама-қайшы тұлға болып саналады. Қытайдағы биліктің оны қаһарман тұтқан кездері де болған. 2000 жылы халық жауы саналып, Қытайдың ұлттық қауіпсіздігін бұзды деген айыппен түрмеге қамалған. 2005 жылы Америкаға қуылған. 2009 жылдың қыркүйегінде Рәбия Қадыр Прагаға келіп, «Азиядағы бейбітшілік, демократия және адам құқықтары» тақырыбындағы халықаралық конференцияға қатысты. Бір кездері Қытайдағы билік ұлтаралық үйлесімділікке қызмет еткен Рәбия Қадырды белсенділіктің нағыз үлгісі ретінде насихаттаған. Әйел, ұйғыр нәсілді мұсылман – бүгіндері Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы болып аталатын аумақты ғасырлар бойы мекендеп келе жатқан халықтың перзенті. 1976 жылы көп балалы ана – ол уақытта оның он бір баласы болған – Рәбия Қадыр кір жуатын орын ашты. Кәсібі нәсіпке кенелтіп, кір жуатын орыны алдымен әмбебап дүкенге, кейіннен үлкен сауда орталығына айналды. 1990 жылдардың ортасына қарай Рәбия Қадыр Қытайдағы ең бай бес адамның бірі болды. Ол кеңінен қайырымдылық шараларымен айналысып, көптеген ұйғыр әйелдеріне бизнес ашуға көмектесті. Рәбия Қадыр Қытайдағы ұйғырлар мен өзге де этникалық азшылықтардың теңқұқықтылығын қорғауда белсенділік таныта бастады. Тұтқындалу және қоныс аудару. 1997 жылы Құлжадағы ұйғырлардың наразылығын басып-жаншыған Қытай билігін Рәбия Қадыр өткір де ашық сынады. Оны қуғындау да осыдан басталды. Ол өзінің Қытай парламентіндегі депутаттық мандатынан айырылды. Сосын оның шетелге шығуына тыйым салынды. 1999 жылы Рәбия Қадыр өз мақалаларын Құрама Штаттарда өмір сүретін және ұйғыр халқының құқықтарын қорғаумен айналысатын қуғындағы күйеуіне жібермекші болды. Сол жылдың тамызында Қытайдағы ұйғыр мәселесіне алаңдаушылық білдірген америкалық Конгрестің мүшелерімен кездеспекші болған Рәбия Қадыр тұтқынға алынды. Оған мемлекеттік құпияны жария етті және ұлттық қауіпсіздікті бұзды деген айып тағылды. Рәбия Қадыр екі жыл бір адамдық абақтыда отырды, ол түрмеден тек денсаулығының нашарлауына байланысты 2005 жылы шығарылды. Басы азат болып, АҚШ-тан бір-ақ шыққан Рәбия Қадыр алдымен Ұйғыр америкалық ассоциациясының президенті, ал, бірнеше айдан кейін, 2006 жылдың қарашасында, Бүкіләлемдік ұйғыр конгресінің президенті болып сайланды. Осыдан кейін, көп ұзамай Қытайда оның екі ұлын түрмеге отырғызды. Үшінші ұлына салықтық тәртіпті бұзды деген айып тағылып, ірі мөлшерде айыппұл салынды. Рәбия Қадырдың мақсаты. 2009 жылдың шілде айында Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы ұйғырлар мен хансулардың арасында жаппай қақтығыстар болған кезде қытайлық билік Рәбия Қадырды осы жанжалдың шығуына себепші ретінде айыптады. Бейжің дәл солай ұйғыр белсенділеріне лаңкестікті теліді. Азаттық радиосының тілшілерімен болған әңгімеде Рәбия Қадыр сол айыптауларға түсініктеме берді: "«Бүкіләлемдік лаңкестік» термині пайда болып еді, қытайлық билік осы терминді бізге қарсы қолданып келеді, өйткені біз – мұсылмандармыз, өйткені біз түркі халқымыз. Олар «Шығыс Түркістанды азат ету майданы» лаңкестік әрекеттерді іске асыруды жоспарлап жатыр дейді. Олар «лаңкес» сөзін ұйғыр халқын жаныштау құралы ретінде пайдаланып келеді. Ал, «Шығыс Түркістанды азат ету майданы» деген ұйым бар ма, жоқ па, оны қазір, тіпті, батыс әлемі зерттеуде. Америка және әлемнің көптеген елдері ол ақпаратты тексеруде". Рәбия Қадыр Бүкіләлемдік ұйғыр конгресінің ұйғыр халқының бостандығы үшін, демократия үшін, Қытайдағы аз ғана түркі халықтарының құқықтары үшін күресетінін айтты. Ол үнемі Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданын бұрынғы тарихи атауымен Шығыс Түркістан деп атайды. Ұйғырлардың ұйымы «Шығыс Түркістанды азат ету майданын» Қытайдағы билік «Әл-Қаида» секілді лаңкестік ұйымдармен қатар қояды. «Шығыс Түркістанды азат ету майданы» деген ұйымның Бүкіләлемдік ұйғыр конгресіне қатысы жоқ. Бірақ, Қытайдағы билік Бүкіләлемдік ұйғыр конгресінің де «Әл-Қаидаға» қатысы бар деген емеурін танытады. Қытайдың ресми үгіт-насихатында да ұйғырлар қарсыластарына залалды сұйықтық толтырылған шприцтермен шабуылдаған деп айыптады. Бірақ, Қытайдың медицина мекемелері өкілдерінің өздері қыркүйектің ортасында өз пациенттерінің арасында ондай залалға ұшыраған адамның болмағанын мәлімдеді. Рәбия Қадыр бұларды жалған айыптаулар дейді. Жаңағыдай айыптауларды үзілді-кесілді жоққа шығарған Рәбия Қадыр мақсатының тек біреу екенін тағы да бір рет қадап айтты: мақсат – түркі халықтарына тиесілі ішкі Азиядағы дәстүрлі жерлердің қайтадан түркі халықтарының бақылауына көшуі. Суңнуң. Суңнуң күріш пісіріген қыщ кұмырадың түпте пісікілеген күріш(корея аты:нулуңжй)ті жасалған сусын. Бейбарыс (хоккей клубы). Бейбарыс - Атырау қаласының хоккей клубы, 2010 жылғы Қазақстан ашық біріншілігінің вице-чемпионы. 2009 жылы Ресейдің Серов қаласының хоккей клубы негізінен бастау алып құрылған команда. Аренасы - Атырау мұз айдыны. 2010 жыл маусымы. Бас жүлде үшін қарағандылықтар мен Атыраудың «Бейбарыс» командасы арасында текетірес ұзаққа созылды. Финалдық бәсекеде төрт кездесудің нәтижесінде тең түсіп, жеңімпазды анықтай алмаған хоккейшілер, шешуші 5-матчты өткізулеріне тура келді. Аталмыш кездесу Қарағанды қаласының «Ақжолтай» мұз айдынында орын алды. Трибуналарға лық толған халық тартысты матчты орындарына отырмастан тамашалады. Осынау қолдаудың әсерімен болар қарағандылықтар маңызды сәтте шешуші голды соға білді. Ақтық мәренің ойыны ойыншылар арасындағы келіспеушіліктерге және екі жақтан да хоккейшілерді ойыннан шығарумен есте қалды. Сонымен, шешуші матчта қанжығасын майлағандар: "Сарыарқа" сапынан Никита Смирнов 14-минутта, Рамиль Сайфуллин 23-минутта, Олег Еремеев (47-минутта; "Бейбарыс" командасынан Артем Носов 26-минутта, Максим Шарифьянов 57-минутта. Қорытынды есеп 3:2, «Сарыарқаның» мерейі үстем. Бар болғаны 2006 жылы құрылған «кеншілер қаласының» командасы өз тарихында тұңғыш рет Қазақстан Чемпионы атанды! ПетроҚазақстан. “ПетроҚазақстан” – тігінен интеграцияланған мұнай-газ тобы, оның акционерлері “Қытай Ұлттық мұнай корпорациясы” және “ҚазМұнайГаз” Ұлттық компаниясы болып табылады. “ПетроҚазақстан” компаниясының қызмет аясына кен орындарын геологиялық барлау, қазбалау, мұнай мен газды өндіру, сондай-ақ кен орындарын сатып алу, мұнайды және мұнай өнімдерін қайта өңдеу және сату кіреді. Интеграцияның нәтижесінде компанияның өз өнімінің сапасын жақсарту үшін және қызметінің тиімділігін арттыру үшін кең мүмкіндіктері бар. «ПетроҚазақстан» компаниялар тобының өндірістік құрылымының негізін «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ (ПҚҚР) және «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС (ПҚОП) құрайды. Қызылорда облысында орналасқан ПҚҚР компаниясы мұнай өндірумен шұғылданады, ал Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласында орналасқан ПҚОП компаниясы мұнайды қайта өңдеу ісімен айналысады. «ПетроҚазақстан» сондай-ақ Оңтүстік Торғай мұнайлы алабында қызметін жүзеге асыратын екі бірлескен кәсіпорындағы 50%-дық үлесті иеленеді. «Қазгермұнай» БК» ЖШС-ндегі компанияның серіктесі – «ҚазМұнайГаз БӨ» ҰК, ал «Торғай Петролеум» АҚ-ндағы серіктесі – «ЛУКойл Оверсиз Құмкөл Б.В.». «ПетроҚазақстан» компаниясының бизнесі – мұнайды геологиялық барлау мен өңдеуден бастап, оны жоғары сапалы мұнай өнімдеріне қайта өңдеу мен дамыған маркетинг пен тасымалдау жүйесіне дейінгі біртұтас технологиялық тізбек. Геологиялық барлау – компанияның болашағы, оның өсуінің қайнар көзі. Оңтүстік Торғай алабындағы геологиялық барлау жұмыстарына «ПетроҚазақстан» жыл сайын кем дегенде 50 миллион АҚШ долларын инвестициялайды. Мәселен, 2008 жылы компания 22 барлау және бағалау ұңғымасын бұрғылап, бұл орайда далалық сейсмикалық барлау жұмыстарын, сейсмикалық материалдарды егжей-тегжейлі өңдеуді және түсіндірме беруді іске асырды. Акционерлер. 2005 жылы 15 қазанда «ҚҰМК Интернешнл» (CNPCI) және «ҚазМұнайГаз» ҰК (ҚМГ) Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, ол бойынша CNPCI компаниясы ҚМГ пайдасына «ПетроҚазақстан Инк.» компаниясының шығарылған акцияларының жалпы көлемінің 33%-н табыстауға және Шымкент мұнай өңдеу зауытын ҚМГ компаниясымен бірлесіп басқаруға келісті. Мәміле 2006 жылғы 5 шілдеде аяқталды. CNPCI және ҚМГ арасындағы келісімдердің бір бөлігі ретінде 2006 жылғы 5 шілдеде CNPCI мен ҚМГ компаниялары ПҚОП-тың топшыланып отырған қайта ұйымдастырылуы турасында ПҚОП бойынша Уағдаластық туралы меморандум жасасты. Оған сәйкес 2007 жылғы 6 шілдеде ПҚҚР компаниясы ҚМГ компаниясына Valsera Holdings B.V. компаниясындағы (ПҚОП-тің негізгі қатысушысы) 50%-дық жанама үлесті аударды, ал қалған 50%-ы меморандумда көрсетілген шарттарда «CNPC Эксплорэйшн энд Девелопмент Компани Лтд» (CNPC E&D) компаниясына аударылды. «ПетроҚазақстан» компаниялар тобы одан кейін мұнай өндіруші және мұнай өңдеуші активтерді интеграцияланған түрде басқаруды жалғастырды. Біздің акционерлеріміздің, мықты ұлттық компаниялардың тәжірибесі, технологиялары мен инвестициялық мүмкіндіктері «ПетроҚазақстан» тобының дамуына жаңа серпін берері сөзсіз. Компанияның тарихы. «ПетроҚазақстан Инк.» компаниясы Канадада 1986 жылы «Харрикейн Хайдрокарбонз Лтд.» (2003 жылғы 2 маусымнан бастап Компания «Харрикейн Хайдрокарбонз Лтд» атауын «ПетроҚазақстан Инк.» етіп өзгерту мақсатында өзінің жарғысына өзгерту енгізді) құрды және 1991 жылға дейін қызметін негізінен батыс Канадада жүргізіп келді. 1996 жылы «ПетроҚазақстан Инк.» компаниясы Қазақстан Республикасымен арада қол қойылған жекешелендіру туралы келісімге сәйкес Құмкөл кен орындары тобын иеленетін және басқаратын «Оңтүстікмұнайгаз» компаниясын сатып алады. Сол сәтте Құмкөлдегі өндіру деңгейі шамамен күніне 55000 баррель мұнайды құраған еді. Аталған сатып алу мәмілесінің шеңберінде «ПетроҚазақстан Инк.» «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» (ПҚҚР) АҚ-ндағы 100%-дық үлесті; «Құмкөл-ЛУКойл» ЖАҚ-ндағы (қазіргі «Торғай Петролеум» АҚ) 50%-дық үлесті және «Қазгермұнай» АҚ-ндағы 50%-дық үлесті сатып алды. 2000 жылы Топ «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-нің (бұрынғы «Харрикейн Ойл Продактс» ААҚ, одан да бұрын «Шымкентмұнайоргсинтез» ААҚ) акцияларының 88,4%-ын сатып алуды аяқтады. ПҚОП компаниясы Шымкент қаласының жанында орналасқан Шымкент мұнай өңдеу зауытын иеленеді. Республикадағы ең алдыңғы қатарлы Шымкент мұнай өңдеу зауытын сатып алғаннан кейін «ПетроҚазақстан Инк.» (ол кезде әлі «Харрикейн») Қазақстандағы алғашқы тігінен интеграцияланған мұнай компаниясына айналады. Шымкент МӨЗ кеңес дәуірінің ең жаңа технологиялары бойынша тұрғызылып, іске пайдалануға 1985 жылы берілген болатын. Бастапқыда кәсіпорын «Оңтүстікмұнайгаздың» бір бөлігі болатын, алайда кейіннен оны бөлек жекешелендіру туралы шешім қабылданды. Зауыт 1996 жылы жекешелендірілді. Батыс Сібір мұнайын күніне 160 000 баррельге дейін қайта өңдеу үшін тұрғызылған зауыт қазір шикізат ретінде Құмкөл кен орнынан «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясы өндіретін шикі мұнайды, сондай-ақ үшінші тараптардың мұнайын қабылдайды. 2006 жылғы 31 желтоқсанда Топ ПҚОП компаниясының жарғылық капиталының 99,43%-ын иеленеді. 2005 жылғы 21 тамызда барлау мен өндіру жөніндегі Қытай Ұлттық Мұнайгаз Корпорациясы (бұдан әрі – CNODC), Қытай Ұлттық Мұнай Корпорациясының (бұдан әрі – «CNPC») 100%-дық еншілес компаниясы өзінің 100%-дық еншілес компаниясы СНПС Интернэшнл Лтд. (бұдан әрі – «CNPCI») арқылы «ПетроҚазақстан Инк.» компаниясымен келісім жасасты да, оған сәйкес CNPCI компаниясы «ПетроҚазақстан Инк.» компаниясының шығарылған жарғылық капиталының барлығын сатып алды. Мәміле 2005 жылғы 26 қазанда аяқталды. Оны CNPCI компаниясының сатып алуының нәтижесінде «ПетроҚазақстан Инк.» компаниясы CNODC компаниясының 100%-дық еншілес компаниясына айналды. Қазақстан Республикасының «Жер қойнауын пайдалану туралы» Заңына сәйкес 2005 жылғы 15 қазанда CNODC өзінің 100%-дық еншілес компаниясы CNPCI арқылы «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-мен (бұдан әрі – «ҚМГ») өзара түсіністік туралы меморандум жасасты, оған сәйкес ҚМГ АҚ «ПетроҚазақстан Инк.» акцияларының 33%-ын сатып алды. Мәміле 2006 жылғы 5 шілдеде аяқталды. CNPCI және ҚМГ арасындағы келісімдердің бір бөлігі ретінде 2007 жылғы 6 шілдеде ҚМГ тең дәрежелі шарттармен ПҚОП компаниясындағы 50%-дық иелену үлесін сатып алды. Негізгі күндер. 1986 жыл – Орталық Қазақстанның оңтүстігіндегі Оңтүстік Торғай алабында Құмкөл кен орнының ашылуы. 1986 жыл – Калгари қаласында (Альберта провинциясы, Канада) «Харрикейн Хайдрокарбонз Лтд.» компаниясы құрылды және тіркелді. 1991 жыл – Компания Қызылқия, Арысқұм, Майбұлақ және Оңтүстік Құмкөл кен орындарын қазбалаумен айналысатын бірлескен кәсіпорындағы серіктес ретінде Қазақстанның нарығына шығады. 1996 жыл – Компания «Оңтүстікмұнайгаз» компаниясы бірлескен екі кәсіпорын – «Қазгермұнай» мен «Торғай Петролеумдегі» 50%-дық үлестерімен бірге сатып алады. 2000 жыл – Компания республикадағы үш МӨЗ-дің бірін иеленетін «Шымкентмұнайоргсинтез» (ШМОС) кәсіпорнын сатып алады. 2003 жыл – компанияның қызметінің түрін және компания жұмыс істейтін елдің бейнесін айқын көрсету мақсатында корпоративтік атауының «ПетроҚазақстан Инк.» болып өзгеруі. 2005 жыл – «ПетроҚазақстан Инк.» компаниясын «Қытай Ұлттық Мұнай-газ Корпорациясының» еншілес бөлімшесі CNPCI сатып алды. 2006 жыл – Компания «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына «ПетроҚазақстан Инк.» компаниясындағы 33%-дық үлесті табыстап, өзара түсіністік туралы меморандумға қол қояды. 2007 жыл – Уағдаластық туралы меморандумға сәйкес «ПетроҚазақстан Ойл продактс» компаниясы ҚМГ және CNPC E&D компанияларының тең дәрежеде басқаруына ауысады. Асыл арна. «Асыл арна» студиясы Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасының, Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің және басқа да құзырлы органдардың тікелей қолдауымен 2007 жылы қыркүйек айында құрылған исламдық танымдық арна. «Асыл арна» телестудиясы 2008 жылы маусым айында ҚР Мәдениет және Информация Министрлігінің Информация және Мұрағат Комитетінде Бұқаралық ақпарат құралы (БАҚ) ретінде тіркелді (куәлік № 9467 – Э). Бастапқы кезеңде телеканал өз өнімдерін «Alma TV», «Секателл», «Digital TV», «ICON» секілді кабельді жүйелер арқылы Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағына таратады. Болашақта көрсетілімдерді Қазақстан республикасының барлық аумағына және аймақтарға тарату жоспарланған. Хабарлар екі тілде: қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Таратылу уақыты: тәулік бойына. Телеканалды ашудың қажеттілігі. Исламның ақиқи қағидаларын насихаттау және Қазақстан мұсылмандарының береке-бірлігін арттыру мақсатында, өз жұмысын Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасымен, Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Дін істері жөніндегі комитетімен және басқа да құзырлы органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып жүргізетін Ислам рухани-ағарту каналын ашудың қажеттілігі туды. Телеканал миссиясы. Бейбітшілік пен төзімділіктің, мейірім мен бірқұдайшыл сенімнің діні ретінде Исламның ақиқи қағидаттарын көрермендерге жеткізу. Ұлттық және адамзатқа ортақ адамгершілік құндылықтарды, мұсылмандық ұстындарға сүйенген моральдық негіздерді насихаттау. Іс-Әркект ұстындары. Көпұлтты және көпконфессиялы қоғам ретінде Қазақстан халықтарының ұлттық дәстүрлері мен мәдени өзгешеліктерін құрметтеу; елдегі әлеуметтік, саяси және қоғамдық тұрақтылықты сақтау жолында Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасымен, Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Дін істері жөніндегі комитетімен және басқа да мемлекеттік құзырлы органдармен және қоғамдық ұйымдармен қоян-қолтық араласа, бірлесе отырып әрекет ету; Исламға шақыру ісінде Құран мен пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын!) сүннеті және дәстүрлі ханафи мәзхабы негізінде қалыптасқан жұмсақ әрі икемді тәсілдерді қолдану; діни нормаларды түсіндіруде орта жолды ұстану; шынайылық пен адалдық, сенімді көздерді пайдалану; конфессияаралық толеранттылық, жекелеген адамдар мен топтардың құқықтарын, діни және ұлттық сезімдерін, қадірі мен абырой-қасиетін құрметтеу; ҚР заңдарына толық бағыну және мемлекеттік саясат ұстындары мен ҚМДБ ресми бағытына сәйкес жұмыс істеу. Құрбан Бердыев. Құрбан Бердыев (,); тамыздың 25 1952, Ашхабад) - «Рубиннің» бас бапкері. Халықаралық футбол тарихы мен статистикасы федерациясы (IFFHS) тарапынан өтікізілген әлемнің ең үздік бапкерлері тізімінде 2008-2009 маусым бойынша Құрбан Бердыевтің есімі бар. Алматы «Қайратының» құрамында жартылай қорғаушы ретінде мәскеулік «Спартак» пен «Динамо» командаларын жеңгеніне куә болғанымыз бар. «Қайраттың» сапында 159 ойын өткізіп, 33 доп соққан. Ойыншы санатында алаңмен қоштасқаннан кейін жаттықтырушылыққа ауысып, «Химик», «Тараз», «Қайрат», «Мұнайшы» командаларының тізгініне ие болғаны бар. Бірақ, отандық футболды өркендетуден гөрі өз қалтасының қамын көбірек ойлаған футбол функционерлері Бердыевті алаңның маңайынан көргісі келген жоқ-ты. Ақыры білікті бапкер жұмыссыз қалды. «Сол кездегі футбол федерациясы басшылығымен қарым-қатынасымыз қиын жағдайда еді. Сол себепті жұмыс істеуге мүмкіндік берген жоқ», дейді Құрбан Бердыев. Футбол фанатына айналған Бердыев қаржыдан гөрі кәсібіне деген адалдықты асқақ ұстады. Сол себепті ол бүгінде: «Алла әркімнің ісіне қарай нәсібесін береді. Қазақстанда жоғалтқаным Ресейде қайтып жатыр», дейді. Кезінде Алматыдан берілген пәтердің өзін сырттай басқа бір фирмаға сатып жіберген дөкейлер қазақ футболына қандай залал келтіргенін білмейді. Рубин дәуірі. Қазан шаһарының басшысы Камил Искаков бірінші лигада қалт-құлт етіп жүрген «Рубин» командасының рухын көтеруге аттай қалап, Бердыевке қолқа салған. Искаковтің ұсынысы «Рубинді» жаңа биіктерге бастады. Құрбан бапкер тізгінін ұстаған тоғыз жылдың бедерінде команда бірінші лигадан премьер-лигаға өтіп, бір командаға арман боларлық асуларды бағындырды. Жоғары лигада 2004 жылы қола медальға қол жеткізді. Татарлардың жеңісін кездейсоқ деп бағалағандар да болды. Тіпті, алып Ресейдің чемпиондық кубогын жеңіп алған 2008 жылы да «Рубиннің» мықтылығы емес, ЦСКА, «Спартак», «Локомотив», «Зенит» сынды командалардың босаңсығанынан деп құмалақ ашқандар да жеткілікті еді. Алайда, төзімі мықты Бердыев қолынан таспиығын тастамай жүріп, тағы да жеңімпаз команданың иесіне айналды. Ол іріктеген, баптаған сайдың тасындай ойыншылардың әрқайсысы да алаңда атой салады. «Рубин» ойыншылары 2009 жылғы чемпионатта қарсыластар қақпасынан 62 доп соқты: Александр Бухаров – 16, Алехандро Домингес – 16 (8), Гёкдениз Карадениз – 6, Сергей Семак – 6, Александр Рязанцев – 3, Роман Адамов – 2, Кристиан Нобоа – 2, Роман Шаронов – 2, Кристиан Ансалди – 1, Хасан Кабзе – 1, Алан Касаев – 1, Лаша Салуквадзе – 1, Макбет Сибайя – 1. Қай-қайсысы да бас бапкердің сүзгісінен өткендер. Бүгінде Бердыев орыс еліндегі ел аузынан тастамайтын, санаулы бапкердің бірі. Олай болатын да жөні бар. Өйткені, Құрбанды қазір әлем жұртшылығы қадір тұтады. Қадір тұтқаны сол, қарт құрлық Бердыевтің футбол әлеміндегі әдіс-айласына құлақ түргелі қай заман. «Барселона» командасының бас бапкері Хосеп Гвардиола, «Манчестер Юнайтед» командасының тәлімгері сэр Алекс Фергюсон, «Интер» командасының бас бапкері Жозе Моуринью сынды апайтөстермен иық тірестіріп тұр, «Қайраттың» бұрынғы қорғаушысы һәм экс-бапкері. Бердыев абыройы. Өткен жылы «Рубин» Ресейдің чемпионы болғанда, Кувейттің ханзадасы құттықтап, үшбу жеделхатын жолдапты. Қарт құрлықты айтпағанда, араб әлемі Бердыевті білетіндігін көрсетіп жатса, ғаламның төрт бұрышына аты жайылған деп қалай айтпасқа. Араб әлемі Құрбан Бердыевтің бірнеше рет қажылыққа барып келгенінен, жұма намазын қаза жібермейтінінен хабардар болса керекті. Кувейт ханзадасының ыстық ықыласы осыны мегзейді. «Рубиннің» бас бапкерінің діни ұстанымына халқының басым бөлігін православиеліктер құрайтын Ресей жұрты да мойынсына бастаған. Ол өзінің діни сенімі жөнінде: «намаз оқу аса маңызды. Рухани тәрбие көп жағдайда көңіл күйді айқындайды. Сол себепті ең маңызды нәрсенің бірі – таңдаған жолдың дұрыстығына, істеген ісімізге жаратушының мейірімі жоғары болатындығына сенімді болу. Сонда біздің жағдайымыз жақсы болады». Бердыевтің қазақ футболымен етене жақын. Алайда, оның қазақ футболына да айтар базынасы бар. Тыңдап көрелік: «Кеңес Одағы ыдыраған тұста футболды ойлау мүмкін емес-ті. Мен Қазақстанда да, Өзбекстанда да, Түркіменстанда да, Қырғызстанда да болдым. Ол кез «өлген» уақыттың санатында. Әсіресе, балалар футболын дамытуға қаржы бөлінген жоқ. Енді ғана жас өскіндер пайда бола бастады. Ташкентте амбициясы асқан «Бунедкор» командасы қалыптасты. Онда Зико мен Ривалдо жүр. Оған қоса қомақты қаржы бөлінуде. Егер де олар жоспарланғандай инфрақұрылымы мықты үлкен орталық тұрғызатын болса, керемет болмақшы. Құрылысты қолға алып жатқандармен жақын таныспын. Олардың амбициясы керемет» – дейді, Ресейдің 2009 жылғы ең үздік бапкері. Жалпы, Бердыевтің жеңімпаздық жылнамасының темірқазығы әдетте кейбіреулер ойлағандай, қаржылық қолдауда емес. Әрине, ол да өзіндік рөл атқаратыны мәлім. Әйтсе де, қаржылық қоры «Рубиннен» де қомақты командалар Ресейде жетіп артылады ғой. Алайда, олар қазандық команданың осал тұсын таппай әлекке түседі. Тізгінін Құрбан ұстаған ұжымның жетістігі – бірізділікпен жүзеге асырылып жатқан жоспарда. Оны Бердыевтің өзі төмендегіше тарқатады: «Қазанда өз арманымды жүзеге асыруға тырыстым. Уақыт өтісімен елде алдыңғы қатарлы басымдыққа ие болатын клуб құруға мүмкіндік беретін инфрақұрылым жасау еді. Түркіменстанда бастадым – аяқтай алмадым. Жамбылда да жеріне жеткізуге мүмкіндік болмады. Ал Қазанда резерв дайындаудан бастап, ақыр аяғы шеберлер командасына дейінгі аралықты қамтитын жүйені қалыптастырдым». Міне, Бердыев феноменінің кілті. Сводеш, Моррис. Сводеш, Моррис - америкалық лингвист. Ресейден көшіп келген еврейлер отбасында туған. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы - Қазақстандағы телекоммуникациялық компания. Сын. "Қазақтелеком" АҚ-ы Қазақстандағы ең ірі монополистердің бірі болып табылады. Өзінің монополиялығын пайдаланып "Қазақтелеком" АҚ Интернет және телефон байланысының тарифтерін азайтпай отыр. Қазақстан Интернеті ең қымбат елдер қатарына кіреді. Интернетті пайдаланушылар жөніненде рейтингі төмен. Қазақстандағы екі ұялы байланыс операторы(МТС АҚ, Алтел АҚ) 100 пайыз, ал біреуі(GSM Kazakhstan АҚ) 49 пайыз "Қазақтелеком" АҚ-ның иелігінде. Компания қызметкерлері қазақстан бойынша ең жоғары жалақылардың бірін алады. Мысалы 2006 ж компания президентінің жалақысы 365000 АҚШ доллары болған. Блаттер, Йозеф. Иозеф Блаттер — ФИФА ұйымының сегізінші және қазіргі Президенті. Өмірбаяны. 1936 жылдың 10 наурызында дүниеге келген. Бір қызы бар, әйелінен ажырасқан. 1956 жылы Лозанна университетінің құқық факультетін бітірді. Швейцария спорт журналисттерінің қауымдастығына мүшелікке кірген. 1948-1971 жылдары Ісуішрия әуесқой футбол клубында ойнаған. 1962 жылы туристтік фирмада жұмыс бастаған. 1964 жылы Швейцария хоккей қауымдастығының бас хатшысы болып тағайындалды. 1972 жылы Мюнхендегі Олимпиадада ұйымдастырушылар қатарында болған. 1975 жылы ФИФА-ның техникалық директоры болды. Иозеф Блаттер 1981 жылы ұйымның бас хатшысы болған. 1998 ФИФА президентін сайлауында УЕФА президенті Леннарт Юханссонды жеңді. 1999 жылы Халықаралық олимпиада комитетіне кірген. 2001 жылы Блаттер көптеген жемқорлық дауларының ортасында болды. Ол Қазақстанның ІІ деңгейлі "Достық" орденінің иегері. Лев Гумилёв. Лев Николаевич Гумилёв (1912 ж. қазанның 1, Ресей, Петербор губерниясы, Царское село — 1992 ж. маусымның 15, Санкт-Петербор) — белгілі кеңестік және Ресей этнолог-тарихшы, Қазақстанның ежелгі тарихын жетік білген. Ресей жаратылыстану ғылыми академиясының академигі, география және тарих ғылымының докторы, ұлы дала халықтарының тарихын зерттеген маман. Пассионар этногенез теориясының негізін салушы. Николай Степанович Гумилёв пен Анна Андреевна Ахматованың ұлы. 1934 ж. Гумилёв Ленинград университетінің тарих факультетіне түсіп, Батыс пен Шығыстың өздеріне тән әр түрлі мәдениеттерінің бір-бірімен байланысы, сонымен қатар ерте орта ғасырлардағы халықтардың тарихи жөніндегі мәселелер қамтылған алғашқы «Удельно-лестничная система у тюрок в VI – VIII вв.» мақаласын жаза бастайды. Бірінші рет 1935 ж. түрмеге қамалады, бірақ анасының аралсауымен көп уақыт өтпей босатылады. 1938 ж. Гумилёв қайта түрмеге қамалып, 5 жылға бас бостандығынан айрылады. 1944 ж. өз еркімен майданға кетіп, 1945 ж. Берлин операциясына қатысады. 1945-1948 ж. университетті жедел (экстерно) түрде бітіріп, «Политическая история первого тюркского каганата (546-656)» атты кандидаттық диссертация қорғады. Тұтқында жүргенде «Хунну» кітабын жазып, ол кітап кейіннен «Степная трилогия» кітабының бір бөлігі болды: «Хунну» (1960), «Древние тюрки» (1967), «Поиски вымышленного царства» (1970). Алғашқы екі кітабында Гумилёв ұлы дала этносының тарихын суреттесе, «Поиски вымышленного царства» бөлігінде еуропалықтардың Еуразия даласының тұрғындарына алдын ала жоспар бойынша жасалған қарым-қатынастарының қалай туындағаны көрсетілген. 60-70 жылдарда Гумилёвтің ғылыми еңбектерінің тарихи құрылымы жалпылама түрде қабылданған кеңестік тарихи ғылымнан түбегейлі айрықша болды, сондықтан да оның жұмыстары теріс бағаланды. Гумилёвтің зерттеу әдістері толық көлемде «Этногенез и биосфера Земли» (1989) мақаласында көрсетілген. Гумилёвтің тарих ғылымына қосқан негізгі үлесі «Древняя Русь и Великая степь» (1989) мақаласы болды. Онда IX-XII ғасырлардағы Еуразия этностарының бір-біріне өзара әсерлері қарастырылған. Автордың айтуы бойынша, тарих ұзақ уақыт бойы еуроорталықтандырушылық ұстаныммен бағаланды. Гумилёв тарихтың міндеті цивилизацияның («суперэтностармен») ауысуына қатысты, тарихи процестердің мәніне байланысты этностардың дамуын оқып үйрену деп санады. Тарихи зерттеулердегі осы бағыт қазіргі уақытта жүзеге аса бастады. 2005 ж. тамызында Қазан қаласында тарихшыға ескерткіш орнатылған. 1996 ж. Астана қаласында Еуразиялық ұлттық университетіне оның есімі берілді. Есіл (өзен). Есіл - Ертіс өзенінің сол саласы, Обь өзен жүйесіне жатады. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары және Ресейдің Түмен, Омбы облыстары жерімен ағады. Географиясы. Бастауын Сарыарқадағы Нияз тауы етегінен алып (560 м биіктіктен), Ертіс өзеніне сол жағынан құяды. Ұзындығы 2450 км (Қазақстандағы ұзындығы 1400 км). Дүние жүзінде екінші реттегі ең ұзын сала саналады. Су жиналатын алабы 177 мың км². Өзеннің бастауынан сағасына дейінгі құлау еңістігі 513 м, әр 1 км-дегі еңістігі 21 см. Гидрологиясы. Өзен негізінен қар суымен (80%-дайы) толығады. Көктемде су деңгейі көтеріліп (ең жоғарғы деңгейі сәуірдің үшінші онкүндігінде байқалады), су тасқыны болып тұрады. Шілденің ортасында су деңгейі төмендеп, үшінші онкүндігінің басында сабасына түседі. Су мол жылдары Петропавл бөгені бьефіндегі нөлдік график деңгейінен 10-11 м жоғары көтеріледі. Есіл суын бақылау кезінде 1937 ж. оның арнасы құрғап қалғаны тіркелген. Ал 1936-1939 және 1986 ж. түбіне дейін қатып қалған. Өзеннің орташа жылдық ағымы 2,5 км³. Мұз қату қарашаның екінші жартысында басталады да оның ұзақтығы 5 айға созылады. Есіл минералдылығы жоғары өзендерге жатады. Оған негізгі себеп - оның су жинайтын алабының құрғақ өңірде жатуынан және жер асты суларының тұздылығы саналады. Жалпы минералдануы 500-800 мг/л, сабасының төменгі кезінде 1200 мг/л-ге жетеді. Суы кермек татиды. 1960 жылдан бастап өзен суын реттеп отыру үшін Вячеслав, Сергеев және Петропавл бөгендері салынған. Ақшаның түрлері. Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: нағыз ақшалар (толық бағалы) және құндық белгілері (толық бағалы емес) ақшалар. Нағыз ақшалар – бұл наминалдық оны байындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін металл ақшаларды білдіреді. Mеталл ақшалар. Мұндағы металл ақшалар мыстан, күмістен және алтыннан жасалады. Металл ақшалардың монета түріндегі формасы – бұл олардың соңғы формасы болып табылады. Алғашқы монеталарVII ғасырда б.э.б. Ертедегі Қытайда және Ертедегі Лидия мемлекетінде пайда болуы IX – X ғғ. жатады. Бастапқы кездері айналыста алтын монеталармен қатар, күміс монеталар қоса жүреді. 640 Б.д.б. лидиядан жасалған тиын, үлкейтілген. Алтын айналысына бірқатар елдер де XIX ғ. екінші жартысында өтті. Бұл елдердің ішінде алтын өндіру жағынан бірінші орынды, өзінің отаралрымен бірге ағылшын елі де алған. Металл айналысына өтуге және алтынның ақша қызметін атқаруына, оның қымбат бағалы металл ретіндегі мынадай қасиеттері себеп болған: оңай бөлінетіндігі, және қасиетін жоғалтпай бірігетіндігі, сақталғыштығы, өндіріу және қайта өңдеу күрделілігі. Өздерінің тұрақтылығы арқасында толық бағалы ақшалар барлық бес қызметті бірдей атқарады. алтын өндірісін тауар өндірісі артынан ілесе алмағандықтан да айналыстағы ақшаға деген қажеттілікті толық өтей алмады. Жоғары құнды алтын ақшалар ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете алмады. Алтын стандарты, жалпы алғанда өндірісті және тауар айналымын ынталандырмады. Сонымен, алтын айналдысы бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін ғана болып, соғысушы елдер өздерінің шығыстарын жабу мақсатында құнның қағаздай белгілерін шығаруды ұлғайтты. Соның нәтижесінде, біртіндеп алтын айналыстан шыға бастайды. Нағыз ақшаның орынбасарлары (құндық белгілері) – номиналдық құны нақты құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшаларды білдіреді. Құнның металлдық белгілері – арзан бағалы металлдардан жасалған ұсақ монеталар, мысалға жез, алюминий т.б. монеталар; құнның қағаздан жасалған белгілері. Құнның қағаздай белгілері екіге бөлінеді: қағаз ақшаларға және несиелік ақшаларға. Қағаз ақшалар. Қағаз ақшалар – бұл нағыз ақшалардың өкілдері болып табылады. Тарихта олар айналыста жүрген алтын және күміс монеталардың орынбасарлары ретінде пайда болған. Бұл қағаз ақшалардың айналыста жүруінің объективті мүмкіндігі, олардың айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты болды. металл ақшалардың тасымалдап алып жүру қолайсыздығы; металл ақшалардың мемлекеттік билік органдарының жасаған әрекетінің нәтижесінде, яғни қазынаға қосымша табыс алу мақсатында металлдық құрамын төмендетуі барысында бүлінуі; бағалы металлдарды өндірудің қағаз ақшаларды шығаруға қарағанда өте қымбатқа түсуі; эмиссиондық табыс (шығарылған ақшалардың номиналдық құны мен олардың құны арасындағы айырма) алу мақсатында қазынаның қағаз ақщаларды шығаруы; қате бюдждет тапшылығын жабу мақсатында қағаз ақшалардың шығарылуы. Алғашқы қағаз ақшалар б.э. XII ғ. Қытайда, 1690 жылы.. Ұлыбритан отары болған солтүстік Америкада, 1762 жылы.. Австрияда және 1769 жылы.. Ресейде пайда болды. Бірініші дүние жүзілік соғыс жылдары қағаз ақшалар барлық елдерде шығарылды. Қазіргі кезде қағаз ақшалар қазыналық билеттер түрінде он елде (АҚШ, Италия, Индия, т.б.) ғана сақталған. Кешегі КСРО-да 1961 жылы болған ақша реформасы негізінде қағаз ақшалар, яғни 1, 3, 5 рубльдік қазыналық билет формасында соңғы рет айналымға шығарылып, кейіннен Ресейдегі 1991-1992 жж.. ақша реформасы нәтижесінде алынып тасталды. Қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) – бюджет тапшылығын жабу мақсатында қазынамен шығарылатын және металлға ауыстырылмайтын, сондай-ақ мелекет белгілеген бағамы бар құнның белгісін білдіреді. Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы және төлем құралы қызметін атқарады. Олардың айналыста ұлғаюы мемлекеттің қаржы жетіспеушілігіне байланысты түсіндіріледі. Қағаз ақшалар өзінің табиғаты жағынан тұрақсыз және құнсыздануға тез икемді болып келеді. Олардың құнсыздану себептеріне: айналысқа басы артықартық қағаз ақшалардың шығарылуы, эминентке деген сенімнің төмендеуі және төлем балансының қолайсыздық жағдайы жатады. Несиелік ақшалар. Несиелік ақшалар – тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып алу және сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілуімен байланысты пайда болады. Олардың пайда болуы ақшаның төлемқұралы қызметін атқаруымен де байланысты келеді. Бұл ақшалардың экономикалық мәні – ақша айналымын икемді етуі; нағыз ақшаларды үнемдеуі; қолма-қолсыз ақша айналымының дамуына мүмкіндік жасауымен сипатталады. Несиелік ақшалардың мынадай түрлері бар: вексель, банкнота, чектер және несиелік карточкалар. Вексель. Вексель – белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың жазбаша қарыздық міндеттемесін білдіреді. Вексельдің екі түрі бар: жай және аудармалы вексель. Трассат тратта бойынша төлеуге келісімін бергеннен бастап, борышқор болып табылады. Аудармалы вексель келесі бетіндегі индоссамент (басқа біреуге аударып жазу) көмегімен айналыста жүре берді. Аудару туралы қолдардың көбеюіне байланысты вексель айналысы ұлғая түседі және мұндағы әр индоссант вексель бойынша міндеттемеге бірлесіп жауап береді. Жай және аудармалы вексель – коммерциялық вексельдің түрлері ретінде қарастырады. Сонымен қатар, экономикалық әдебиеттердің вексельді мынадай түрлерге бөледі: қаржылық, қазыналық, достық, бронзалық. дерексіздік, яғни вексельде мәмлені нақты түрінің көрсетілмеуі; дауыссыздық, яғни протест туралы актіні нотариуспен жасағаннан кейін тиісті шара қолданылғанға дейіегі қарыздың міндетті түрге төленуге тиістігі; Айналымдылық, яғни баақа бір тұлғаларға аударып жазу арқылы (индоссамент) төлем құралы ретінде вексельдің берілуі. Қазақстанда жоғарыда аталған заң қабылданғанға дейін және одан кейін де вексель айналысы дамып келеді. Вексель айналысын бірінші болып қолданушылардың қатарына Казкомерцбанк тәжірибесін атап кетуге болады. Бұл банк 1996 жылы ҚР Үкіметінің астық жинау бағдарламасына сәйкес өзінің 500,1000 және 5000 АҚШ долларындағы «астық» вексельдерін айналымға шығарып, оларды несие құралы ретінде клиенттеріне берді. Сол клиенттерінің ішінде атап айтсақ, сыртқы астық сатумен айналысатын «Астық» акционерлік компаниясы 5000 АҚШ долларындағы вексельді тендер бойынша жеңіп алып, оны өзінің жабдықтаушылары арасында төлем құралы ретінде пайдаланды. Сонымен қатар, осы банк 2003 жылы домицилиант ретінде «Қазақстан темір жолы» ҰК-ның 200 млн теңге бағалаған вексельдерін өтеді. Мұндағы «домицилиант» – вексельде көрсетілген төлемді жүзеге асыратын, Вексельде делдал ретінде қатысатын банк. Банкнота. Банкнота (ағыл. сөзінде «bank-note» аударғанда «банк билеті») – орталық банктың айналысқа шығарған әр түрлі номиналдағы ақша бірліктері. мерзімділігіне қарай, егерде вексель мерзімді қарыздық міндеттеме болса, ал банкнота – мерзімсіз қарыздық міндеттеме; кепілдігіне қарай, вексельді айналысқа жеке кәсіпкерлер шығарады және оның жеке кепілдігі болады, ал банкнотаны қазіргі кезде орталық банк шығаратындықтан, оған мемлекет кепілдік береді. Экономикалық әдебиетте банкнотаны екі түрге бөледі: классикалық және жай. жаратылысына қарай – қағаз ақшалар ақшаның айналыс құралы ретіндегі қызметінен туындаса, ал банкнота ақшаның төлем құралы қызметінен пайда болған; эмисиалық әдісі бойынша – қағаз ақшаларды айналысқа қазынашылық шығарса, ал банкнотаны Орталық банк шығарады; қайтарылуына қарай – классикалық банкноттар вексель мерзімінің аяқталуына байланысты Орталық банкке қайтарылса, ал қағаз ақшалар қайтарылмайды, яғни олар айналыста қала береді; ауыстырылуына қарай – классикалық банкноталар банкке қайтуына байланысты алтынға немесе күміске ауыстырылып отырса, қағаз ақшалар қашаннан ауыстырылмайтын болған. Банкноталардың алтынға ауыстырылуы тоқталғаннан бастап, банкноат алтынмен қамтамасыз етілуі қысқарып, оның вексельдік қамтамасыз етілуі де күрт нашарлай түсті, себебі орталық банктің вексельдік портфелі көбірек қазыналық вексельдер мен міндеттемелерге толықты. Олар металлға алмастырылмайды, тек қана Орталық банктің барлық активтерімен қамтамасыз етіледі. Ендеше қазіргі айналыста жүрген орталық банктен шығатын жай банкноталар алтынмен қамтамасыз етілмейді, бірақ олардың белгілі бір дәрежеде тауарлық немесе несиелік негізі сақталған, сондай-ақ олар қағаз-ақша айналысының заңдылықтарына бағынады. мемлекетті несиелеу, яғни мемлекеттік қарыздық міндеттемелердің орнына банкроттардың шығарылуы барысында. Шынында да, еліміз тәелсіздік алған жылдардың басында экономикадағы тұрақсыздықтың нәтижесінде 1993 – 1998 жж. мұндай көріністің куәсі болдық. Айталық, 1995 – 1996 жылдары бөджет тапшылығы ЖІӨ-нің 5,5%-на дейін жетті, ендеше сол уақыттары республикалық бюджет тапшылығының 80%-ға жуығы Ұлттық банкінің Үкіметке берген несиелері есебінен жабылғаны белгілі. Әрине бұл жолдың теріс жақтары да болды, оның бірі елімізде гиперинфляцияның орын алуы; ұлттық валюта бағамының тұрақтылығын қамтамасыз ету және еліміздің сыртқы қарыздарды өтеу үшін мемлекеттің валюталық резервтерін арттыру мақсатында айналысқа қосымша ақша эмиссиялау жолымен. Чек. Чек вексель мен банкнотаға қарағанда коммерциялық банктердің құрылып, олардағы ағымдық шоттарда бос ақшалай қаражаттардың жинақталуына байланысты несиелік және айналыс құралы ретінде біршама кеш пайда болды. Алғашқы чектер 1683 жылы Англияда пайда болды. Чек – ағымдағы шот иесінің чекті ұстаушыға белгілі бір ақшалай соманы төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзінің банкісіне берген жазбаша бұйрығы. ордерлі чек – бір тұлғаның атына толтырылған, бірақ индоссамент бойынша басқа бір тұлғаға беруге құқық береді; Электрондық ақшалар. Электрондық ақшалар – компьютер торабының, ақпараттарды автоматты түрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы. Дебеттік (төлем) карточка – банкте арнайы карточкалық қаражаты бар, клиент арасындағы келісімшартқа сәйкес шоттағы қаражатты пайдалануға, банкомат арқылы қолма-қол ақша алуға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер үшін төлеуге арналған төлем құралы. Кредиттік карточка – оның эмитенті менкарточка иесі арасындағы келісімшартқа сәйкес, несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін төлемді жасауға, не қолма-қол ақша алуға арналған карточка. Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер дебеттік және кредиттік карточкалардың отандық және халықаралық түрлерін кеңінен қолдануда. Оларға «Eurocard», «Master Card», «Visa», «ALTYN», «Maestro» және т. б. жатады. Қазіргі кезде жалақы алуға арналған дебеттік карточкалар да кеңінен қолдануда. Мұндай карточкалардың шоттары көбіне теңгемен ашылады. Несиелік карточкалар бөлшек сауда айналымында және қызмет көрсету сферасында қолданылады: банктік, саудаға арналған, бензин сатып алуға арналған, туризм және ойын-сауық шараларын төлеуге арналған. Біршама кеңінен таралған түріне сауда карточкаларын жатқызуға болады. Сергеев су қоймасы. Сергеев су қоймасы – Қазақстандағы су қоймасы. Сергеев қаласы маңындағы Есіл өзені жайылмасында 60- жылдары салынды (1969). Қазақстанның ірі жасанды су айдындарының бірі. Жалпы ұзындығы 30 км, ені 4-8 км, ең терең жері 32 м, су көлемі 85 млн. м³. Бөген Сергеев қаласын, аудан шаруашылықтары мен кәсіпорындарын, елді мекендерін сумен қамтамасыз етеді. Биіктігі 33 м болатын бөгет жергілікті қажеттіліктерге электр энергиясын өндіреді. Су айдынында балықтың бірнеше түрі бар. Қобуқсон. Черепаха Қобуқсон, династии Чосон в. Командующий корейского флота Йи Незадолго до вторжения японцев в Японское вторжение в принятии с первого вступления в бой Японский флот который стал синонимом ужаса. Республика Корея в сентябре 1973 года на лицевой стороне 500 выиграл счета и положить корабль-черепаха, 5 выиграл монеты, выпущенные с 1966 года в передней части черепа корабль проекта. Структура и эффективность. Так как корабль-черепаха, по оценкам, считается находящимся в конфликте с противником и победить в ключевых сражениях, ведущих к роли боевой корабль был сильный корабль. Он положил доску на лодке в форме креста на узкой дороге сделал много остальных подключить нож и шило не мог перерыва. Полный год головы дракона перед рот сделав отверстие в хвост черепахи весом. Формы формы и смотрел, как черепаха, так назывался именем Қобуқсон. (На корейском произношении черепаха Қобуқ) Аполлониус. Аполлонуис (, 262~190 б.д.б.)-Көне Юнанның Еуклид, Архимедтермен бірге аты әлемге танылған Аристотелден бұрынғы 3 үлкен математиктерінің бірі. Кіші Ящияның оңтүстік жағалауындағы Пержада дүниеге келген. Жас кезінде Еуклидтен тәлім алып, кейіннен оқытушылықпен айналысқан жері-Александыря қаласы. кіші Ящияның батыс жағалауындағы Пажарма патшалығына барып, сол жерде оқыу ордасын жане кітапхана салған. Оның ең үлкен еңбегі «Цилиндрлік қисықтар теорясы»-ертедегі ғылымның жауһары спетті. Бүл еңбек цилиндрлік қисықтарды жан-жақты, тереңінен зеріттеп бергені соншалық, оған 17-ғасырда В.Паскаль мен Р.Декарт жаңа идеяларды қосқанға дейін ешкім өзгеріс енгізбеген. «Цилиндірлік қисықтар теорясы» 8 том, алдыңғы 4 томы Грек тілінде, одан кейінгі 3 томы араб тілінде сақталған, соңғы 1 томы жоғалған. кітап алдыңғылардың ойларын қортып қана қоймай, көптеген жаңа теоремаларды дәлелімен енгізген. Гипербола, элипстердің анықтамасын берген. Кітапта координаттық әдістің кейбір ойлары да айтылған. Ол цилиндрлік қисықтың табанындағы диаметырын бас өсі, төбеден өтетін перпендикулиар түзүді тік өсі ретінде алған, бұл соңғы дәуірдегі координаттық геометрияның қүрылуына зор әсерін тигізді. Аполлонуистың бұдан басқа “От айнаны алыу”, “Жанасу” секілді кітаптары бар. “Жанасу” атты кітабында “Аполлонуис есебі “деп аталатын атақты сурет салыу есебін ортаға қояды. Ол жане де астырономиа саласында да біраз еңбектер істеген. Алфорс Ларс Валериан. Алфорс Ларс Валериан (, 1907 жылы сәуірдің 18 күні Финляндияның Хелсинкы қаласында туылған.~1996.10.11) - Атақты финн және американдық математик. 1930 жылы Хелсинкы университетінің докторлық атағын алған. 1932 жылы іркес-тіркес Хелсинкы мен Гарвард университеттерінің порфессоры болды. 1938 жылы Хелсинкы университетіне қайтып оралып сабақ берумен айналысты. 2 дүние жүзілік соғыс кезінде АҚШ қа кетіп, Гарвардте сабақ берді. 1953 жылы АҚШ мемлекеттік ғылым акедемиясының акедемигі болып сайланады. Алфорыстың математикадағы негізгі жетістігі жай көмплекс айнымылы сандар теориясы жағында болды.1929жылы Денжой жорамалын (Denjoy’s conjecture бұтін функцияның үқсамайтын шекті жуық мәнінің саны бүтін функцияның өлшемінің 2 есесінен артық болмайды) шешеді. 1935 жылы бүркеу беті назариясын ортаға қойып, осы еңбегі үшін 1936 жылғы тұңғыш таратылған Фиелдз сыйлғын(Fields prize) алады. Кейіннен ол Риман қыйсығын зеріттеуге ауысады. 1981 жылы геометриялық функция назариясы жағындағы өнімді жаңа әдістерінің құруы мен түбегейлі байқауы арқасында Волф сыйлығын(Wolf prize) алады. Ол осы кезге дейін әлем математикасының ең жоғары 2 сыйлығын бірдей алған 2 математиктің бірі. (бірі кодайра кунихйко) оның «Көмплекс талдау»атты атақты кітабі бар. Жак Адамар. Жак Соломон Адамар (1865 жылы 8-желтоқсан Версал -1963 жылы 17-қазанда Париж) - Француз математигі. 1888 жылы Париж жоғары педогикалық университетін бітірген,Париждегі Бупен мектебінде,Бардоли инистутында жане Париж жаратылыс таныу акедемиясында қызыметтер атқарған. 1909 жылдан өмірінің соңына дейін Франс инистутында оқытушылықпен айналысқан. 1912жылы Франция ғылым акедемиясының акедемигі болып сайланған,ол сонымен қатар бұрынғы КСРО, Америка, Англия, Италия сынды мемілекеттердің ғылым акедемиясының акедемигі жане корольдіқ ғылыми бірлестіктің мұшесі әрі көптеген мемілекеттердің құрметті докторы болған. Ол ең алдымен А.‐кошыйдың талдау (analysis) саласындағы аймақтық назариясын жалпы жағыдайға дейін кеңейтті.өзіның докторлық дисертациясы «тейлор қатарымен анықталған функциясының аналиктикалық ашлыуында»(1892) бірінші рет жиындар теориясын көмплекіс аналиыз теориясына енгізеді,әрі қайтадан қарапайым түрде Кошыйдың жинақталыу радиусы туралы натижены дәлелдейді, жане де тақ нүктелердің жинақталу шеңберіндегі орынын жане қасиетын жан-жақты зеріттеу арқасында жинақталу шеңберінің сыртының аналиктикалық ашлыуын одан да ары нақтылай түседі.Бұл еңбектер әлікүнге дейін көмплекіс аналиыз теориясының негізгі мазмұны болып саналады.ол жане өзінің шәкірті S-Мандерболоймен бірлесе жазған«тейлор қатары жане оның аналиктикалық ашлыуы»(1901)атты кітәбі классиык еңбек болып саналады.ол функцияның ең үлкен модулын зеріттеу барысында атақты үш шеңбер теоремасын байқайды әрі оны бүтін функцияның(integral function)теилор қатарының коэфисентінң ең үлкен модулының біртіндеп кемуімен осы фунуцияның қатарларының арасындағыбайланысқа қолданып,Қ.Пуанкаре(Jules-Henry poincare 1854~1912) нәтижесін аяқтап,1892жылғы франция ғылым акедемиясының силығын жеңіп алады. ол тағыда Риманның(Georg Fridrich Bernhard Riemann 1826-1866) ξ функциясының 0 екнін есептеп(1896),Риман жорамалының шешілуіне үлесін қосады.жәй сандар теоремасын яғыный дәлелдеп, Аналиктикалық сандар теориясының (analytic number theory) негізін қалады. Нақты сандар көлемінде оның еңбегі тұрақты көэфициентті дифферециалдық теңдеулердің тұрақтлығы туралы, функциялық аналиыз, екінші ретті сызықтық дифферециалдық теңдеулердің шешімдерінің тұрақтылығы туралы жане сүйық денелердің күш үғымы туралы болды. тұрақты көэфициентті дифферециалдық теңдеулер де, ол үқсамайтын тәсілдер арқылы А.М.Ляпуновтан(Александр Михайлович Ляпунов Alexander. M.Liapunov 1857-1918) кейін дербес дүрде тұрақтылық туралы натижені дәлелдеп шықты. Пойнкардің тұрақтылық назариясы тұрақты көэфициентті дифференциалдық теңдеулердегі кошидің мәселесінің аймақтық натижесін жалпы жағдайға дейін кеңейтті.Адамард бұл кеңейтудің мүмкін болуының себебі Э.Галуанің (E.Galios 1811-1832) топтар арқылы алгебралық теңдеулерді шешуіндегі идиясын Пуарнкердің қолданыуының түріткі болуы деп есептеген. мүндай ой оның функциялық аналиызға назар аударуына көп әсерін тигізген.оның сызықты функциядағы бейнелеу туралы маселесіндегі қортындысы, рисз(Frigyes Frèdèric Riesz 1880-1956) теоремасының дәлелденілуінің алғы шарты болды. оның 1908 жылғы функцияның дифференциалдық қалдығы туралы мақаласы Франция ғылым акедемиясының сыйлығын алған, ол осы мақаласында болатын Грин функцсиясының(George Green 1793~1841) бір сызықты емес интегіралдық теңдеуінің маңызды натижесын алады,ол бүл теңдеудің шегера S пен қатысты екекніне байқайды.1920жылы функцияналдық талдау жиынында жасаған «функцияналдық талдаудың ғылымда қолданылуы»атты баяндамасы маңызды мақалалардың бірі болып саналады. Оның анықтауыштар туралы теоремасы Е.І.Фредколымны Erik lvar Fredholm (1866-1927)дәлелдеуінде маңызды орын алады.оның сүйық денелердің күшін зеріттеу жағындағы еңбегі негізінен «толқынның таралыуы» атты кітәбінда көрінеді.кітәпта ол түрақты шешім мәселесі арқылы толқын үғымын енгізудің маңызын айтады.Гилберт (David Hibert 1862-1943) үлкен еңбігіндегі лейбір мәселелерді қарапайымдастырып жане толықтырды, мінездемелік теориясын жан жақты зерттеп талдау жасау арқылы теңдеулер жүйесі мен жәй теңдеулердің түбірінен ұқсамайтынын түсіндіріп береді. соңғы қосымшасында сүйық денелердің сырғанауы мүмкін екенін көрсетеді.бүл еңбектер соңғы кездегі газдің механикасының зор көлемді зеріттелуне әсер етті. Құпия патшалық (фильм). Құпия патшалық фильмінде () шығыс жекпе-жегінің ең үздік, ең танымал майталмандары, атақты киножұлдыздар Джет Ли мен Джеки Чан алғаш рет «төбелесті». Бұл олардың бірге түскен тұңғыш фильмдері. Аталған фильмде Джеки Чан кунг-фудың мас әрі қас шебері, ал Джет Ли жұмбақ монахтың рөлін сомдайды. Картинаның режиссері бұған дейін «Король-лев» мультфильмінде режиссерлік еткен аниматор - Роб Минкофф. «Құпия патшалық» таңғажайып ертегісінің сценарисі барлық кейіпкерлерді қытайдың көне аңыз-ертегілерінен алған. Онда орындалатын төбелес тәсілдерінің өте жылдамдықпен атқарылатындығы сондай, көрермен кемшіліктерді аңғарып та үлгермейді. Қытайлық қос киножұлдыздың жекпе-жегі мен орындайтын «трюктері» кинода ғажап көрініс тапқан. Ерекше атап өтетін жағдай, бұл Джеки Чанның төбелес тәсілдерін өзі емес, оның орнына каскадер орындаған алғашқы фильм. Танымал актер бұған дейін түскен киноларында барлық «трюктерді» өзі орындаушы еді. Осы жасына дейін кинодағы тәсілдерді орындау кезінде 32 рет жарақат алған Джекидің енді төбелесуге шамасы келмейтін сияқты. Айтпақшы, егер сіз осы «Құпия патшалықты» көруге кинотеатрға бара қалсаңыз, фильмдегі Лупоның рөлін сомдайтын Морган Бенуаға назар аударыңыз. 28 жастағы Морган кунг-фудың қас шебері. Оның кунг-фумен айналысып келе жатқанына 15 жылдан аса уақыт болған. Төбелестің осы тәсілін жетік меңгеріп, өзінің шеберлігін шыңдай түсу үшін Морган АҚШ-тан Қытайға кетіп, Джет Ли оқыған спорт академиясында білім алды. Кунг-фумен қоса қытай тілін де жетік меңгерген Морган аспан асты елінің телевидениесінде асқан танымалдылыққа ие болды. Көп ұзамай кионға түсу үшін АҚШ-қа қайта оралды. «Құпия патшалық» фильмінің тағы бір ерекшелігі мұнда үнемі аса салмақты рөлдерді сомдайтын Джет Ли мүлдем басқа образда ойнайды. Қытайлық кино жұлдыздардың ішінде бұған дейін Джеки Чан өзінің көңілді, сайқымазақ қылықтарымен ерекшеленсе, бұл жолы Джет Лидің қисаңдаған қылықтары мен көңілді жүріс-тұрысы көрермен қауым үшін күтпеген сый болары анық. Ерлер мұзды хоккей әлем чемпионаты, 2010. 2010 жылғы ерлер мұзды хоккей әлем чемпионаты 7-23 мамыр аралығында Германияда. Әлем чемпионаты немістің Кёльн және Манхейм қалаларында өтеді. Қазақстан құрамасы 1 сәуірден бері Астанада жаттығу жиынын өткізіп, осы біріншілікке дайындалуда. Қазақстан құрамасы «А» тобында бақ сынайтын болады. Бұл топта Қазақ хоккейшілерінен басқа Ресей, Словакия және Беларусь құрамалары бар. «А» тобының ойындары Кёльнде өтеді. Қазақстан құрамасын бастайтын байрақты бәсекеде Андрей Шаяновқа және оның шәкірттеріне қойылған мақсат – 16 команданың ішінде, үздік ондықтан көріну. Әлем чемпионаты алдында шәкірттерін Италия құрамасына қарсы екі жолдастық кездесу өткізеді. Қазақстан қарсыластары – Ресей, Словакия және Беларусь командасы. Англия. А́нглия (ағылш. England [ˈɪŋɡlənd]) — Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Патшалығының ең ірі және әкімшілік орны. Ұлыбритания аралында орналасқан (ағылш. mainland). Ұлыбританияның халқының 83 % Англияда тұрады. 927 жылы Англия бірнеше жергілікті графстволардың бірігу нәтижесінде пайда болды. Өз атын V-VI ғасырда құрылған англ деген герман тайпасынан алады. Ал Англия астанасы Лондон Еуроодақтағы ең үлкен қала болып саналады. Англия — қазіргі көптеген жақанды нәрселердің шыққан жері. Олар ішінде ағылшын тілі, Англикан шіркеуі, Парламент негіздері. Ол Өндіріс революциясының отаны болып саналады. Аты. ТацитАнглия деген аты герман тайпаларының бірінен шыққан. Бұл тайпа 5-6 ғасырларда пайда болған. Ғалымдар оларды Ангелн түбегінен шыққан деп ойлайды. Бұл түбек қазіргі Дания және Алмания жерінде орналасқан. Англдар туралы бірінші жазбаша құжаттар 98 жылы шыққан. Оны сол кездің тарих зерттеушісі Тацит өзінің «Алмания» деген кітабында жазған. Ал Ұлыбританиядағы англдар туралы бірінші рет 897 жылы жазған. Бұл мәлімет Оксфордтың ағылшын тілі сөздігінде бар. Өкінішке орай Англия деген сөзді жалпы Ұлыбританияға қолданылады. Бұл жай елдің басқа ұлттарын ренжітіп, көптеген қайшылықтарға алып келеді. Жері. Англия Ұлыбритания аралының үштен екі бөлігін алып тұр. Солтүстігінде Шотландиямен шекаралы болса, батысында Уэльс орналасқан. Жер көлемі аз болғанымен, Англияда бірнеше үлкен қалалар бар. Олар: Лондон, Бирмингем, Лидс, Шеффилд, Ливерпуль және Манчестер. Тарихы. Б.ғ.д. 55 жылда Юлий Цезарь қазіргі Англия жеріне шабуыл жасаған. Ол кезде сол аумақта көптеген кельт тайпалары тұрған. Олар өздерін бритт деп атаған. Сол кездерден бастап қазіргі Англия және Уэльс аумақтары Рим империясының құрамына кірген. Рим империясының құлдырауы Англия тұрғындарына басқа мәселелер тудырды. Көптеген көршілес тайпалар Аглия жеріне басып кіре бастады. Олар ішінде герман, кельт тайпалары болған. Шабуылшылар бұл жерде өздерінің кішкене мемлекеттерін құра бастады. Сондықтан, Англияның түгелдей қосылған дәл уақытын атау өте қиын. Бірақ Англия патшасы деген титул Ұлы Альфред (871—899) кезінде пайда болған. Тарихшылардың біреулері Англия билеушілерін 1066 жылы норман шабуылынан санап бастайды. Патшалардың нөмірлерін де бұл оқиғадан бастап санайды (мысалы, ХІІІ ғасырдағы Эдуард І 1066 жылдан бастап бірінші Эдуард есімді патша болған) Бірақ Шапқыншы Вильгельм мемлекетті құрып, біріктірген емес. Ол тек бар Англия жаулап алып, оған франк-романдық басқару қойған. ХІІІ ғасырдың соңында Уэльс княздігі жаулап алынып, Англия патшалығының құрамына түгелдей кірді. Тәуелсіз Англия тарихы Орта ғасыр және Жандану ғасырдан кейінгі Тюдор әулетінің Елизавета І-ден басталады. 1707 жылы Англия мен Шотландия одақ құрып, Ұлыбритания Патшалығының негізі қаланды. Саяси құрылымы. 1990-шы жылдарда Солтүстік Ирландия, Уэльс және Шотландия елдерінде өз парламенті мен үкіметін құрып алды. Дэвид КэмеронАл Англия қазіргі уақытқа дейін өз парламенті мен үкіметін құрмай, олардың міндеттерін Ұлыбритания парламенті мен үкіметі жасайды. Англия өз парламентін және үкіметін құруды қалайтын қозғалыстар бар. Атқарушы үкіметтің жұмысын Ұлыбритания премьер-министры істейді. Қазір үкімет басында Консерваторлар партиясының өкілі Дэвид Кэмерон отыр. Әкімшілік бөлінуі. Қазіргі уақытта Англия 45 графтықтан құрылған. Оған қоса Үлкен Лондон бар. Осы ел тарихында басқа түрлі бөлімдер болған. Англия құрамында, мысалы, патшалықтар (Сассекс және Эссекс), герцогтық (Йоркшир, Корнуолл және Ланкашир) және басқа бөліну түрлері болған. Ұлттық киім. Англияның бай ұлттық дәстүрлер болғанына қарамастан, бұл халықта өз ұлттық киім жоқ. Тек қана моррис халық биін билегенде, бірдей киім киетіні бар. Қазір де Англияның үлкен қаладарын да моррис киіміне ұқсайтын киім киіп жүрген кісілерді кездестіруге болады. Оған қоса Англияда ортағасырлық дәстүрлерге сай бірнеше шараларда ескі киімдерді киеді. Олардың ішінде: патша отбасы, парламент үшелері, сот кезінде, ежелгі университеттердің профессорлары мен студенттері және Патша гвардиясы. Моррис. Морристі ауылдарда жазда билейді. Бұрын оны діни мақсаттармен билеген. Бірнеше кісі ақ шалбар, ақ көйлек киіп, аяғына қоңырау байлап, басына сабан қалпақ киіп, ортаға шығады. Бұл биді бұрын тек ер кісілер билесе, қазіргі уақытта әйелдер де билеп жүр. Костя ЦЗЮ. Костя ЦЗЮ (1969 жылдың 19-қыркүйегінде бұрынғы Свердлов облысының Серов қаласында туды) - Әуесқойлар арасында әлем чемпионы (1991), Еуропаның екі дүркін чемпионы (1989, 1991). Әлем чемпионатының қола жүлдегері (1989). Кәсіпқойлар арасында WBC, WBA және ІBF сынды ең белді тұжырымдар бойынша әлемнің абсолютті чемпионы. Талай жылдар ол бірінші орта салмақтағы ең мықты боксшы саналды. Кәсіпқой рингте 34 жекпе-жек өткізіп, 31-ін жеңіспен аяқтады. 25 рет қарсыласын нокаутпен ұтты. Бойы – 170 сантиметр, салмағы – 63 келі. Үйленген, үш баласы бар. Бұл күндері Австралияның Сидней қаласында тұрады. Саңырауқұлақтар. Саңырауқұлақтар – төменгі сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі ең көп тарағаны, олардың 100000-дай түрі кездеседі. Басқа өсімдіктер типтерінен басты айырмашылықтары пластидтері, хлорофилі болмайды. Бұлар дайын органикалық заттармен қоректенуге бейімделген гетеретрофты өсімдіктер. Олардың вегетативтік денесі тарамдалып матасқан гифалардан (жіңішке жіпшелерден) тұрады. Бұлар бір-бірімен матасып грибница немесе мицеллий деп аталатын саңырауқұлақтың денесін құрайды. Гифаралдың жуандығы 1-ден 10 кейде 20 микронға дейін барады. Олардың көбісінің мицелийлері субстраттың ішінде жатады. Субстраттың бетінде жемісті денелері немесе спора тасушы органдары орналасады. Олардың пішіндері шар тәрізді, таға, қабық сияқты, қалпақты түбірге ұқсас және басқаша түрлі болып келеді. Гифалар төбе клеткалары арқылы ұзарып өседі және моноподиальды бұтақтанады. Бүйірлік мицелийлер негізгі мицелийлерге ұқсайды. Тек паразит саңырауқұлақтардың көбісі иесінің клеткасының ішіне еніп жататын бүйірлік мицелийлері әрі қарай өспей, клетка ішінде шар, алмұрт, немесе тарамдалған гаусторияға айналады, сөйтіп иесінің клеткасындағы қоректік заттарды сорып, тіршілік етеді. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың кейбіреулерінде мицелий болмайды, вегетативтік денесі жалаңаш не қабықшасы бар протоплазмадан тұрады. Мұндай саңырауқұлақтардың клеткаларынан тарамдалған, өте жіңішке, ядросы жоқ қысқа жіпшелер өседі, оны ризомицелий деп атайды. Ол мицелийдің алғашқы нышаны болып есептелінеді. Жоғары сатыдағы саңырауқұлақтардың мицелийлері – көлденең перделерге бөлінбеген, көп жасушалы. Олардың перделерінде клеткаларды бір-бірімен байланыстырып тұратын өте ұсақ поралары болады. Саңырауқұлақтардың клетка қабығы құрамында насекомдар қабықтарының хитиніне ұқсас, хитин заты және полисахаридтер болады. Олардың клеткасы протоплазмадан, бір, екі, кейде одан да көп ядродан және вакуолядан тұрады. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың мицелийлері көп ядролы, ал жоғары сатыдағылардікі бірнеше ядродан тұрады. Клекта ядролары саңырауқұлақтардың көпшілігінде өте кішкентай 1-3 микрондай болады. Ірі ядролар жыныс процесімен байланысқан органдарда ғана болады да, кейде олардың мөлшері 10 микронға жетеді. Ірі ядроларда ядрошықтардың бар екендігі байқалады. Протоплазма жас клеткалардың – гифалардың ұштарын толтырып тұрады. Бояп қарағанда олардан ұсақ дөңгелек көпіршік тәрізді вакуолялар көрінеді. Ересек клеткаларда протоплазма клетканың қабығына қарай жақын орналасады. Клетканың ортаңғы бөлімін ірі вакуоля алып жатады. Одан клетканың жан-жағында жіңішке протоплазма жіпшелері тарайды. Вакуоля клетка шырынына толы болады. Клетка шырыны түссіз, тек ағзадан саңырауқұлақтарда антоциан пигментінің болуына байланысты, қызғылт тартып тұрады. Саңырауқұлақ клеткаларында қор заты ретінде еш уақытта крахмал жиналмайды, май тамшылары мен гликолен, ал біраз саңырауқұлақтарда волютин жиналады. Кейбір саңырауқұлақтарда әр түрлі улы заттардың жиналуы да жиі кездеседі. Саңырауқұлақтардың түсі – клетка қабығында, протоплазмада, вакуоляда болатын пигменттерге байланысты. Пигменттер әр түрлі химиялық процесстер нәтижесінде түзіледі. Саңырауқұлақтардың жоғары сатыдағы өсімдіктердегідей нағыз талшықтар болмайды. Алайда жалған талшықтар жиі кездеседі, олар өз ара матасып жататын, бірақ плазмодесмамен жалғаспайтын гифалардан құралады. Жалған ткань гифалардың құрылысы әр түрлі болады және түрліше орайласып келеді, демек олардың физиологиялық маңызы да өзгеше. Оларды кейде жалған түзуші, жабындық, механикалық, өткізгіш тканьдер деп бөледі. Кейбір саңырауқұлақтардың ризоморфтар деп аталатын. Мицелийлердің матасуынан құралған, жуандығы бірнеше миллиметрге жетіп, ұзындығы бірнеше метрге дейін баратын суды өткізу қызметін атқаратын ұзын қоңыр түсті жуан жіптері болады. Мицелийлердің сыртқы – экзогенді және ішкі эндогенді болып екіге бөлінеді. Экзогенді мицелийлер субстраттың үстінде, эндогенді мицелийлер субстраттың ішінде, өсімдік қалдықтарының арасында, тірі өсімдіктер денесінің ішінде жатады. Эндогенді мицеллилер табиғатта жиі тараған, олар сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан жақсы қорғалады және қоректік заттармен мол қамтамасыз етіледі. Мицелийлер субстраттың ішіндегі эндогендік тіршілігіне байланысты, көп жылға дейін паразиттік не сапрофиттік тіршілік етеді. Саңырауқұлақтар де вегетативтік, жыныссыз және жынысты жолдармен көбейеді. Бұлардың көбею органдарының құрылысы алуан түрлі, осыған негіздей отырып, оларды классификациялайды. Саңырауқұлақтар мицелийлерінің жеке бөліктерге және клеткаларға бөлінуі арқылы вегетативтік жолмен көбейеді. Ашытқы саңырауқұлақтары клетканың бүршіктенуі, ал басқа саңырауқұлақтар артроспоралар (оидия) және хламидоспоралар арқылы да вегетативтік көбейеді. Артроспора арқылы көбейгенде мицелийлер жұқа қабығы бар клеткаларға ыдыраса, хламидоспора арқылы көбейгенде, қалың қоңыр түсті қабығы бар клеткаларға ыдырайды. Қаракүйе саңырауқұлағының белгілі даму сатысында хламидоспора шартты түрде болып отырады. Бұлар – қолайсыз жағдайларға жақсы бейімделген, қор заттармен қамтамасыз етілген споралар. Әр түрлі спора тасушы органдарының құрылуы арқылы саңырауқұлақтар жыныссыз жолмен жиі көбейеді. Бұл споралар өздерінің шығу тегі жағынан эндогендік (ішкі) және экзогендік (сыртқы) болып екіге бөлінеді. Барлық төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар эндогендік споралар арқылы көбейеді. Олар гифаларының ұшынан өсетін спорангияларда түзіледі. Кейбір төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың споралары балдырлардың зооспораларына ұқсас, қозғалғыш келеді, оны зооспора деп атайды, олар зооспорангияларда көп мөлшерде түзіледі. Зооспоралар суда талшығы арқылы еркін қозғалады. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың көпшілігі зооспоралармен көбеймей, қозғалмайтын қалың қабығы бар споралар арқылы көбейеді. Мұндай споралар, спорангии сағағы деп аталатын ерекше мийелийлердің ұшынан дамитын спорангийлердің ішінде өседі. Экзогендік спораларды конидия деп атайды. Бұлар моншақ тәрізді тізбектеліп келіп, ерекше тарамдалған конидия сағағы деп аталатын мицелийлердің ұштарында дамиды. Саңырауқұлақтарды конидиялардың пішіндерінің әр түрлі болуына және олардың ерекшеліктеріне қарай бір-бірінен ажыратады. Жыныссызға қарағанда, жынысты көбею әр түрлі болып келеді. Қарапайым саңырауқұлақтар хологамия, изогамия және гетерогамия жолдарымен көбейсе құрылысы күрделілерді оогамия және тіркеспелі балдырлардың коньюгациясы сияқты, зигогамиялы жолмен де көбейеді. Барлық төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарда зигота біраз уақыт тыныштық күйде болады. Ол өсер алдында редукциялы бөлінеді. Зиготадан не зооспорангииі, не спорангиі, не конидиялары бар қысқа гифалар түзіледі, олардың әрқайсысынан өздеріне тән споралар піседі. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың барлық тіршілік жағдайы гаплоидты, ал диплоидты болып тек зигота есептеледі[2,3]. Жоғары сатыдағы саңырауқұлақтардың көбісі жеке гаметангияларға бөлінбеген, сыртқы құрылысы жағынан әр түрлі жыныс органдарының ұрықтануы қозғалмайтын спермациялар арқылы болады. Олар несекомдармен немесе ауаның ағынымен таралады. Жоғары сатыдағы саңырауқұлақтардың біраз түрлерінде нағыз жыныс процесінің жойылғаны байқалады. Ұрықтану көпшілік жағдайда бір вегетативтік клетканың протопласты екінші бір клеткаға жылжып барып құйылуы, яғни соматогамия арқылы болады. Мұнда ядролар бір-біріне бірден қосылмайды, олар тек жұп-жұбымен жақындасып, дикарион түзіледі. Содан кейін әр түрлі жынысты ядролар бір-бірмен қосылып, диплоидты ядро – кариогамияға ауысады. Ядролар жынысты жолмен қосылғаннан кейін, тыныштық кезеңінен өтпей-ақ, редукциялы жолмен бөлініп, гаплоидты жынысты көбею спорасына айналады. Сонымен көпшілік жоғары сатыдағы саңырауқұлақтардың даму циклында гаплоидты, дикарионды және диплоидты үш фаза алмасып отырады. Диплоидты фаза аз уақыт, ал гаплоидты және дикарионды фазалардың ұзақтығы саңырауқұлақ топтарына байланысты әр түрлі болады. Жыныс процесінің нәтижесінде пайда болған споралар біреулерінде эндогенді жолмен ерекше қалталарының ішінде 8-ден түзілсе, екінші біреулерінде базидия деп аталатын клеткалардың үстінде 4-тен экзогенді споралар түзеді. Эндогендік спораларды аскоспора, ал экзогендік спораларды базидиоспоралар деп атайды. Жынысты және жыныссыз көбеюлер саңырауқұлақтардың даму циклында заңды түрде ауысып отырады да, жынысты көбею арқылы даму циклы аяқталады. Біраз саңырауқұлақтарда бір-бірінен айырмашылықтары бар бірнеше жыныссыз спора түзу органдары болады. Ондай саңырауқұлақтар спора түзу кезінде сыртқы түрін өзгертіп жібереді, егер оның генетикалық байлынысын білмесе, оны басқа саңырауқұлақ деп ойлауға болады. Сөйтіп, саңырауқұлақтардың плеоморфизмдік қасиетінің бар екендігі, яғни бір түрге жататын өсімдіктің әр түрлі болып пішінін өзгерте алатына байқалады. Саңырауқұлақтар хлорофилі болмағандықтан сапрофитті, не паразитті жолмен тіршілік етеді. Сапрофитті саңырауқұлақтар өлі субстраттар мен органикалық қалдықтарға шоғырланады. Паразитті саңырауқұлақтар кейбір пішімдері де табиғатта кең таралған. Олар көбінесе шірінтінділерде көп кездеседі және тірі ағзалардың өмірімен байланыста болып, ол қашан иесі тіршілігін жойып, қурап біткенге дейін онымен бірге тіршілік ете береді. Саңырауқұлақтардың өсіп-өнуі үшін, қолайлы ылғалды субстрат қажет. Субстраттың ылғалды болуы мицелийдің түзілуіне, ал құрғақ болуы – спора құру органдарының өсіп дамуына себеп тигізеді. Олардың көпшілігі оптималды температураны +20-250С, ең төменгі +1-50 температураны да жақсы көтереді. Біраз саңырауқұлақтарда бір-бірінен айырмашылықтары бар бірнеше жыныссыз спора түзу органдары болады. Ондай саңырауқұлақтар спора түзу кезінде сыртқы түрін өзгертіп жібереді, егер оның генетикалық байланысын білмесе, оны басқа саңырауқұлақ деп ойлауға болады. Ертеде мұндай әртүрлі жаныссыз көбею органы бар саңырауқұлақты әр түрге, тіпті кейде әр туысқа жатқызған. Сөйтіп, саңырауқұлақтардың плеоморфизмдік қасиетінің бар екені, яғни бір түрге жататын өсімдіктің әр түрлі болып пішінін өзгерте алатыны байқалады. Жоғарыда айтып кеткендей, клавициалды саңырауқұлақтар қалталы саңырауқұлақтар класына жатқызылады. Бұлардың басты ерекшелігі – көп клеткалы мицелийдің және жыныс процесінің нәтижесінде түзілетін қалталарының (аскаларының) болуында. Олардың ішінде қалыпты жағдайда 8 эндогенді спора түзіледі, оларды аскоспоралар деп атайды. Аскомицеттердің жынысты көбеюімен бірге конидиялар арқылы жыныссыз көбею де көп таралған. Мұнда конидия споралары экзогенді жағдайда конидия сағағының үстінде түзіледі. Жыныссыз процесс қалталы саңырауқұлақтарда көбеюдің негізгі тәсілі болып есептеледі, оның себебі жынысты қалта құру процесі даму циклінің аяғында, қолайсыз жағдайлар туғанда ғана болады[1,2]. Мицелийлері көп түрлерінде субстраттың ішіне еніп жатады, ал оның үстінде спора тасушы органдары түзіледі. Конидиялар субстарттың бетінде ұлпа, қатпар, нүкте, дақ және басқа пішінді болып келеді. Кейбір түрлерінде қалталы спора тасушы органдар шашылып жатса, ал көбісінде - әр түрлі пішіні бар жемісті дене түрінде болады. Жыныс процесі әр түрлі топтарда, тіпті бір топтың өз ішінде де әр түрлі жағдайда өтеді. Мұнда мицелийлердің 2 клеткасы қосылады, сөйтіп ядролары бірігіп зигота түзіледі. Ол тыныштық күйге көшпей-ақ қосылған ядро редукциялы жолмен 3 рет бөлініп, гаплоиды 8 ядро түзеді. Ядроның айналасындағы протоплазмалардың бір бөлімі қатайып спора қабығында, ал зигота қабығы қалтаға айналады. Сөйтіп, гаплоидты ядродан қалталы 8 аскоспора түзіледі. Бұл жағдайда зиготадан бір ғана қалта дамиды. Мұнда геметаларға бөлінбеген екі жыныс органдарының клетка ішіндегі заттары бір-біріне құйылады. Жыныс органдары дамыған мицелийлердің бір бөлімі оның айналасына тоқылып жеміс денесінің тканін түзеді, одан пішіні әр түрлі жеміс денесі өсіп жетіледі. Сөйтіп, олардың жемісті денесі мицелийдің үстінде немесе строма деп аталатын тығыздалып өрімделген гифалардың ішінде дамиды. Клавициалды саңырауқұлақтар табиғатта кеңінен таралған. Ботаника ғылымының қалыптасуыннан-ақ бастап бұл саңырауқұлақтар ботаниктер мен энтомологтар сияқты зерттеушілердің көмегімен ажыратылды. VІІ қысқы Азия ойындары. VII Қысқы Азия Ойындар немесе Азиада 2011 жылы 30 қаңтар мен 7 ақпан арасында Қазақстанның екі қалаларында (Алматы мен Астана) өтеді. Жалпы алғанда, 7-қысқы Азия ойындарына Қазақстанда 17-ден астам ел қатысады, жарыстар спорттың 11-түрінен өткізіледі және 59-дан астам медаль жиынтығы ойнатылады. Тек оңтүстік мегаполистің өзіне 60 мыңнан астам турист келетінін атап өту керек. Елордада мәнерлеп сырғанаудан, хоккейден, конькиде жылдам жүгіру және шорт-тректен жарыстар өтеді. Қалған ойындардың барлығы Алматы қаласында өткізіледі. Ойындар елдің атын шығарып қана қоймай, қысқы спорт түрлерінің дамуын жаңа дәрежеге көтермек. Әлемге әйгілі “Медеу” мұз айдынында бір сырғанап өту бүкіл әлемнің коньки тебушілері үшін арманға айналған заман да болған. Азияның көптеген елі Азия ойындарын Олимпиада ойындарымен қатар қояды, сондықтан осы көлемді іс-шараны дайындау және өткізу Қазақстанның түрлі саладағы көшбасшылық орнын тағы бір көрсетіп, ел жетістігінің түрлі қырын көрнекі түрде растау болады. Азия ойындарына шамамен құрлықтың 45 елі қатысады деп жоспарланып отыр. VІІ қысқы Азия ойындарының бойтұмары ретінде мемлекетіміз «қар барысын» таңдады. Сақтардың мифологиясында барыс әділдіктің қорғаны ретінде бейнеленеді, ол төреші ретінде алдында өтіп жатқандарға биіктен көз салады. Сондай-ақ, барыс жиі ғарыштық әлем тәртібін қорғау белгісі, әлем құрылуының тұрақтылығының кепілі болып табылып, өмір ағашының қорғанышы ретінде көрінеді. Осының барлығы өз кезегінде олимпиада қозғалысының негізгі идеяларымен қиюласады. Ойындар Алауы. 2010 жылғы 31 желтоқсаннан 2011 жылдың 1 қаңтарына қараған түні Азиялық Олимпиада кеңесінің штаб-пәтері орналасқан Эль-Кувейт қаласында біздің эстафетаның алауы жағылады. Алау 2 қаңтар күні 6-шы қысқы Азия ойындары өткен Қытайдың Чангчун қаласына әкелінеді. 3 қаңтар күні Қазақстан Республикасы, Алматы қаласына жеткізіледі. Алауды қарсы алуға арналған салтанатты рәсімнен соң эстафета қала көшелерін жүріп өтіп, аймақтарда сапарын жалғастырады. 27 күн ішінде Алау Қазақстанның барлық аймағын аралап, 30 қаңтар күні Астана көшелерімен өтіп, Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда Азия ойындарының ашылу салтанатында мәресіне жетеді. Жоспарланған маршрут бойынша республикамыздың әр аймағында екі күндік эстафета алауының сапары көзделген. Эстафета тек облыс орталықтары ғана емес, ауылдарды, республикамыздың көрікті туристік жерлерін де басып өтеді. Эстафета қыс мезгілінде өтетін болғандықтан Алауды алып өту үшін автокөлік, шаңғы, коньки, ат, түйе, тікұшақ сияқты тасымал құралдары қолданылады. Спорт түрлері. Азия ойындарының жалпы жарыстары Астана мен Алматы қалаларында спорттың 11 түрінен өткізіледі. Олар: конькимен жүгіру спорты, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей, допты хоккей, шаңғы жарыстары, биатлон, шаңғымен тұғырдан секіру, тау шаңғысы, фристайл, шорт-трек, шаңғыда қысқы бейімделген спорт түрі. Тарихы. Қазақстан – 2011 жылы өтетін қысқы Азия ойындарын өткізу құқығын бірінші рет алған ел. 2006 жылы, 5 қаңтарда Алматы қаласы ойындар өткізу орны ретінде қабылданды, ал 2007 жылғы 29 қазанда жарыстардың бір бөлігі Алматыдан Астанаға ауыстырылды. 2006 жылы, 4 наурызда Кувейтте осы елдің президенті Шейх Ахмад Аль-Фахад Аль-Сабах басқаратын Азиялық Олимпиада кеңесі мен сол кездегі Алматы қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов пен бүгінгі туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов мырза басқарған Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті арасында үш жақты келісім – ұйымдастырушы қаламен келісімшартқа қол қойылды. Мұндай жауапты сайысты өткізуде таңдаудың Қазақстанға түсуі тегін емес. Бұған отандық спортшылардың әлемдік ареналардағы жетістіктері де айтарлықтай әсер еткені анық. Алматы қаласында 2011 жылы 7-қысқы Азия ойындарын өткізу туралы келісім шартқа 3 жыл бұрын Кувейтте Азия Олимпиадалық кеңесінде қол қойылған болатын. Бұған дейінгі алты қысқы ойындардың ұйымдастырушылары – Жапония, Қытай және Оңтүстік Корея сияқты үш держава болды. Енді Қазақстанға қысқы ойындарына маңызды үлес қосу мүмкіндігі туындап отыр. Аталған жарыстарды өткізу Қазақстан үшін беделді оқиға болып табылатынын ескеру қажет. Азиада 2011-дің алдын ала дайындалған бағдарламасына сәйкес ашылу және жабылу салтанаты, мұздағы спорттың бірнеше түрлері бойынша жарыстар Астана қаласында өтеді, ал Алматы қаласында қар спортынан жарыстар өткізіледі. О баста бұл ойындарды өткізу мәртебесіне Алматы қаласы ие болғанымен қазақ шенеуніктер Астана мәртебесін көтеру идеясымен ойындарды Астанаға көшіруді меңзеді. Дегенмен Астана әлі ірі деңгейлі Ойындарды өткізуіне әлі қауқары аз болғандықтан ойындарды екі қалада өткізу жоспарланды. Әйтсе де, бірде бұлай, бірде олай болады деп Ашылу салтанатын Астанада, ал жабылу салтанатын Алматыда өткізіледі деп келген шенеуніктер 2010 жыл басында Жабылу салтанаты да Астанада өтетін болды. Ареналар. Алматы қаласының нысандары Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы, “Медеу” биік таулық спорт кешені, халықаралық шаңғы трамплиндерінің кешені, “Шымбұлақ” биік таулық база. Осы нысандар 2011 жылғы қысқы Азия ойындарының жарыстарын жүргізуге қызмет етеді. Астана қаласының нысандары жабық футбол стадионы, жабық конькимен сырғанау стадионы, «Қазақстан» Cпорт сарайы. Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы. Аталған нысана шайбалы хоккей (әйелдер) бойынша жарыстарды өткізуде пайдаланатын болады. 2011 жылғы қысқы Азия ойындарын өткізуге Спорт және мәдениет сарайын қайта құру тек ірі спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шараларды ғана емес, сондай-ақ қалалықтар мен қонақтарға спортпен, дене тәрбиесімен және қызықты уақыт өткізуге ашылады. Қайта құрудан кейін Сарайдың сыйымдылығы 5000 орынды құрайды. Қосымша 1000 орын орнатылады. Барлық инженерлік-техникалық коммуникацияларды ауыстыру жоспарланды, шешінетін жер, медико-қалыптастыратын кешендер, демалыс бөлмелері, баспасөз орталығы, комментаторлық кабинкалар орналасатын қосалқы орындардың аумағы ұлғаяды. Ең соңғы модификациядағы электрондық табло орнатылатын болады. Сондай-ақ 850 машинаға парковка ұйымдастыру жоспарланған. «Медеу» жоғары таулы спорт кешені. «Медеу» Азия ойындары үшін шешуші мағынаға ие болады. Бұнда бенди- допты хоккей бойынша жарыстар өткізу жоспарланған. Әлемге атақты жоғары таулы мұз айдынын қайта құрудың масштабты жобасына бірнеше кезеңдер кіреді. Біріншіден, ескі машина залын – оның шамамен 3300 шаршы метр алаңын толық ауыстыру жүргізіледі. Қайта құрудан кейін бокс, күрес, баскетбол, минифутбол – әр түрлі бағыттағы спорт залдары, сондай-ақ жаттықтыру залдары мен скалодром орналасады. Сонымен қатар, қоғамдық қолдану орындары – буфет, баспасөз орталығы, жаппай сырғанау вестибюлі және мұражай өзгертіледі, сондай-ақ мұз айдының әкімшілігі мен қызметшілеріне арналған қосымша орындар ашылатын болады. Спортшылардың уақытша демалысы үшін орындар да жөндеуге жатады – олар спортшылар тұру қажетті қазіргі тиісті талаптарына сай деңгейге дейін жеткізіледі, ал олардың жалпы саны 130-дан 150-ге дейін өседі. Трибунадағы көрермендер үшін орындықтар толығымен жаңаға ауыстырылады, ал трибуналардың өзі гидро бөлектенеді. Жылу, желдету, сумен жабдықтау және канализация, энергиямен жабдықтау сияқты кешеннің инженерлік-техникалық жүйелері толық ауыстыруға жатады. Қазіргі технологиялық жүйелердің халықаралық стандарттарға сәйкес келуі үшін жаңалар, - мысалы, мұз аренасын жарықтандыру жүйесі, теледидарлық жүйесі, күзет жүйелері және бейне бақылау құралдары, электрондық табло, фотофиниш жүйесі және әділ-қазылар жүйесі, сағатты бекіту жүйесі, мұз оқиғаларын хабарлау жүйесі, мұзды орналастыру жүйесі қосылатын болады. Мұз айдынының өзі де өзгеріске ұшырамақшы. Коньки тебу спорты, канада хоккейі, керлинг, мәнерлеп сырғанау және допты хоккей сияқты спорт түрлерін аймақтық және халықаралық деңгейінде жаттығулар мен спорт іс-шараларын өткізуге толығымен дайындалады. Сонымен қатар, суық кезеңдерде мұз жабындысын және жазғы уақытта қосымша жабындыны қолданумен жаппай сырғанау мен мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу режимінде пайдаланылатын болады. Қазақ спортшылары мақсаттары. 2011 жылы елдегі қысқы Азия ойындарында Қазақстан 3 орынды иеленуден үміткер. Қытайда өткен алдыңғы ойындарда Қазақстан жалпы командалық есепті Қытайға, Жапонияға және Оңтүстік Кореяға жол бере отырып, төртінші орынды иеленді. Азия ойындары. Қысқы және жазғы Азия ойындары – төрт жыл сайын 1951 жылдан бері Азия елдерінің барлығында өткізілетін спорт жарысы. Ойындардың жалпы ұзақтығы – ашылу және жабылу салтанатын қоса алғанда, кем дегенде 7 және 16 күннен артық емес. Ойын Халықаралық Олимпиада комитетінің қадағалауымен Азиялық Олимпиада кеңесімен реттеледі. Азия ойындарының эмблемасы, туы, ұраны мен әнұраны осы кеңес меншігі болып табылады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Азияның бірнеше елі тәуелсіздік алды. Көптеген жаңа ел өзара түсіністікті нығайтуға көмектесетіндей жарыстардың жаңа түрлерін жасағысы келді. 1948 жылғы тамыз айында Лондонда ХІV Олимпиада ойындарының барысында Үндістан Олимпиада комитеті өзінің басшысы Гуру Дутт Сонди тұрғысында Азия спорт командаларының басшыларына «Азия Атлеттік Федерациясын» құруға келіскен Азия ойындарын өткізу идеясын талқылауды ұсынды. 1949 жылы ақпанда «Азия ойындарының федерациясы» құрылды. Бірінші Азия ойындарын Нью-Делиде өткізуге шешім қабылданды. 1962 жылы федерацияда Тайвань және Израильді қабылдау мәселесі бойынша дау туындады. Ойынды қабылдаушы Индонезия аталған елдерді федерацияға қабылдауға қарсы болды. 1970 жылы Оңтүстік Корея Солтүстік Корея тарапынан болатын қауіпке байланысты ойындарды жүргізе алмады, ойындар Корея қаражатын пайдаланып Таиланд астанасы – Бангкокта өткізілді. 1977 жылы Пәкістан Бангладеш пен Үндістан арасындағы қақтығыс салдарынан ойындарды өткізе алмады. Ойындар тағы Бангкокқа ауыстырылды. Осы оқиғалардан кейін Азияның Ұлттық Олимпиада комитеттері Азия ойындары федерациясының жарғысын өзгерту туралы шешім қабылдады. «Азиялық Олимпиада кеңесі» деп аталған жаңа бірлестік құрылды. Осы кеңес 1986 жылдан бері ойындарды қадағалайды. Тайвань федерацияға қабылданды, бірақ АОК ХОК стандарттарына сәйкес оны «Қытай» (Тайпэй) деп атайды. Израиль шығарылып тасталып, еуропалық жарыстарға қосылды. 1994 жылы бірнеше елдің қарсы болуына қарамастан АОК бұрынғы кеңес республикаларын ойындарға шақырды. Олар: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Тәжікстан. Ең бірінші және екінші қысқы Азия ойындарын жапон мемлекеті қатарынан екі рет 1986-1990 жылдары өткізді. Алғашқыда спорттың 7 түрінен жарыстар болса, төрт жылдан кейін спорттың 6 түрінен өткізді. Бұдан кейін Қытай мемлекетінің Харбин қаласында 1996 жылы спорттың 7 түрінен 10 мемлекет қатысқан ойындар ұйымдастырылды. Төртінші Азиада алауы 1999 жылы Корей елінің Кангвон қаласында тұтанды. Бесінші Азиада ойынының жалауын желбірету 2003 жылы Жапон мемлекетінің еншісіне тиді. Азиада ойындарын өткізу мәртебесі Қытай еліне 2007 жылы қайта оралды. Енді міне, жетінші алау 2011 жылы Қазақ елінде маздамақ. Қазақстан Қысқы Азия Ойындарында. 1996 жылы Қытай жерінен 14 алтын, 9 күміс, 8 қола медальмен оралған. Ал 1999 жылы Кореяда 10 алтын, 8 күміс, 7 қолаға қол жеткізсе, 2003 жылы Жапонияда 7 алтын, 7 күміс, 6 қола жүлдені еншіледі. Қытайда өткен алтыншы қысқы Азия ойындарында да қоржынымыз бос қайтпады. Онда спортшыларымыз 6 алтын, 6 күміс, 6 қоланы жеңіп алған болатын. Майданов, Қайырболат Сайынұлы. Майданов Қайырболат (Николай) Сайынұлы (07.01.1956 - 29.01.2000) - Батыс Қазақстан облысы бұр. Жымпиты ауд. Тасқұдық ауылында дүниеге келген. Кеңес – Ауған соғысына қатысқан, Кеңес Одағының батыры, Ресей Батыры. 1973 ж. Ақжайық (қазіргі Теректі) ауданының Шағатай ауылындағы орта мектепті тәмамдады. Содан соң бұрынғы Чапаев аудандық ДОСААФ комитетінің жанындағы курсты аяқтап, жүргізуші болды. Кеңес Әскері қатарында қызымет атқарған соң Саратовтағы Жоғарғы әскери ұшқыштар даярлайтын училищеге оқуға түсті. Ауғаныстанда көрсеткен ерлігі үшін қызыл Жұлдыз, қызыл Ту, 3 дәрежелі «КСРО қарулы Күштері қатарында Отанға қызыметі үшін» ордендерімен марапатталды. Ауғанда 50 рет әуеге көтеріліп, ауыр ұрыстарға қатысқан. Кейінгі жылдары Ресей қарулы Күштеріне қызмет етіп, Шешенстан соғысында ерлікпен қаза тапты. Қоспаев Қасен. Қоспаев Қасен. 1924 жылы Батыс Қазақстан облысы Чапаев ауданының Мерген ауылында туған. Қаршы орталау мектебінде 8 сыныптық білім алды. 1942 жылы Кеңес Әскері қатарына шақырылып, I Украина, I және II Белоруссия майдандарында, 28-гвардиялық мотоатқыштар бригадасында, 8 – гвардиялық танк корпусында барлаушы болып, Батыс Украинаны, Польшаны азат етуге, Кенингсберг, Моблин, Люблин, Данциг қалаларын алуға қатысты. Соғысты аяқтап, елге оралғаннан кейін Қаршы орталау мектебінде оқытушы болды. Ұстаздық ете жүріп, әуелі сырттай Орал педагогикалық училищесін, кейін педагогикалық институтты бітірді 1954 жылдан бастап 25 жыл бойы партия, Кеңес, шаруашылық органдарында қызмет етті. Соғыс жылдарындағы және бейбіт кезеңдегі ерлігі мен еңбегі үшін Қасен аға екі рет I дәрежелі «Отан соғысы», екі рет «Қызыл Жұлдыз», «Октябрь Революциясы» ордендерімен, көптеген медальдармен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Құрмет Грамотасымен» 2 рет марапатталды. Қасен ақсақал бір қыз, бір ұл тәрбиелеп өсіріп, 10 немере сүйіп отыр. Соңғы 10 жылдың үстінде қоғамдық негізде Ақжайық ауданы ардагерлер ұйымының төрағасы жұмысын атқарып келеді. Абдолов Михаил. Абдолов Михаил. 1918 жылы Батыс Қазастан облысы Ақжайық ауданының Бітік ауылында дүниеге келді. 1938 жылы қызыл Армия қатарына шақырылды. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда Михаил ысылған жауынгер болатын. Сондықтан ол қанды шайқастың алғашқы күндерінен-ақ өжеттік пен жүректіліктің үлгісін көрсетті. Майдан даласында жеті рет жараланса да жауға деген өшпеншілігі мұқалған емес. Әсіресе 74 атқыштар дивизиясының құрамында Дунай өзенінен өтерде көрсеткен ерлігі оның есімін тарихта мәнгі қалдырды. 1944 жылдың 7 қарашасына қараған түнде М. Абдолов бастаған барлаушылар тобы екі балықшы қайығымен Дунайды кесіп өтіп, жау тылына тұтқиылдан соққы берді. Сол түнде барлаушылар немістердің қару-жарақ қоймасын жарып, жау офицерін тұтқындады. Қайтар жолда қарсыластарының төрт самолетін жойып жіберді. Осы ерлігі үшін аға сержант М. Абдоловқа Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, бұрынғы жауынгерлік наградалары - Қызыл Ту, Кызыл Жұлдыз ордендерінің қатарына Ленин ордені мен Алтын Жұлдыз қадалды. Бүгінде Венгрия елінде Батыр есімі берілген мектеп, Мәдениет үйі, көше бар. Сарсенғалиев Қаби. Сарсенғалиев Қаби – 1925 жылы 6 маусымда Батыс Қазақстан облысы Орда ауданының Жиекқұм ауылдық Советінде дүниеге келген. Ауыл мектебінде 7 жылдық білім алып, ерте еңбекке араласады. 1943 жылы қаңтарда Қызыл Әскер қатарына алынып, Отан соғысы аяқталғанша 5 -ші Гвардиялық Танк әскерінің барлаушы полкінде болады. Соғыстан кейінгі жылдары Германия, Польша, Белоруссия жерінде, Москвада әскери қызметін жалғастырады. 1948 жылы елге оралып, милиция қызметіне орналасады, ішкі істер бөлімінде 35 жыл абыройымен еңбек етіп, аға сержант шенінен милиция полковнигіне дейінгі жолдан өтті. 14 жыл Чапаев аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, 11 жыл өрт сөндіру бөлімің бастығы қызметін атқарды. Білімі жоғары. КСРО Ішкі Істер Министрлігінің Москвадағы Жоғарғы Мектебін бітірген. 3 дәрежелі Даңқ, 2 дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен, құрмет грамоталарымен марапатталған. Молдағали, Жұбан. Молдағалиев Жұбан (05.10.1920 – 1988) – ақын, Қазақстанның Халық жазушысы (1985), КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1978). Молдағалиев Жұбан - Батыс Қазақстан облысы бұр. Тайпақ ауданы, Жыланды ауылында дүниеге келген. 1940 жылы Орал ауылшаруашылық техникумын бітіріп, 1940 – 47 жылдары әскер қатарында болды. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1948 – 52 жылдары «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде жауапты қызметкер атқарған. 1958 – 63 ж «Жұлдыз» журналының бас редакторы болған. Бірнеше жыл Қазақстан Жазушылар Одағын басқарды. КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы әдебиет, көркем өнер және арихитектура саласындағы Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комитетінің, «Новый мир» журналының редколлегиясының және библиотека «Библиотека почта» басылымы редколлегиясының мүшесі болды. 1949 жылы алғашқы жыр жинағы «Жеңіс жырлары» шықты. Содан бергі уақытта 60 -тан астам кітабы, әр кезеңде қазақ және орыс тілдерінде таңдамалы шығармаларының бірнеше томдары жарық көрді. 1970 жылы Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының, содан кейін КСРО қорғаныс Министірлігі сыйлығының лауреаты атанды және А. Фадеев атындағы алтын медальды иеленді. Жұбан — өзінің атақты "Мен — қазақпын" деп аталатын поэмасымен қазақ әдебиетінің ірі тұлғасына айналған, отансүйгіштік жырларымен халық жүрегінен орын тепкен ақын. Ол — Ұлы Отан соғысы жылдарында келген ұрпақтың ірі талантты өкілдерінің бірі. Бұл жылдары жыр әлеміне келген ақындар шығармашылығында Отанға деген ерекше махаббат, халықты ерлікке шақыру, жеңіске деген үлкен сенім жатты. Сондай-ақ азаматтық намыс, кек, елге, жерге деген сағынышқа толы болды. Осы ерекшеліктер Жұбан Молдағалиевтің 1949 жылғы "Жеңіс жырлары" кітабында анық байқалады Ж. Молдағалиевтің ақындық даңқын көтеріп, оның есімін әдебиет әлеміне енгізген шығармасы — "Мен — қазақпын" поэмасы (1964). Бұл поэмада ақын қазақ халқының өткен өмірі мен тағдыры жайлы лирикалық-публицистикалық стильде толғана жырлады. Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін ашуда, оның ерлік дәстүрі, туған жер мен ел, оның байлығы, адамдары жайлы асқақтата көркемдеп жырлай білді. Мен — қазақпын, мың өліп, мың тірілген, Мен — қазақпын, ажалсыз анамын мен, Дәуірлермен құрдаспын, данамын мен, — деген өлең жолдарынан-ақ ақынның қазақтық азаматтық, патриоттық намысын бірден танимыз. Өзінің "қазақ" екенін ағынан жарыла ерекше шабытпен жырлауы — оның ерлігінің бір көрінісі десек қателеспейміз. Гимбап. Гимбап немесе Кимбап Корей асханасының аса танымал тағамдарының бірі, буланған ақ күріштен (бап) және көптеген басқа ингридиенттер қосылып "гимға (кептірілген балдыр) оралады, мәзір дастарханға жылы күйінде бір тістейтіндей үзім болып ұсынылады. Гимбапты данмуджи немесе кимчимен косып береді, көбіне табиғатқа серуенге шыққанда,таза ауада, немесе кішігірім таңғы асқа жейді. Япониялық күрішпен жасалатын сушидын көптеген түрінің бірі - макизушиға ұқсайды, бірақ өзгеше келген. Гимбап компоненттерінің ішіне ең бастысы күріш, ет және тағы да басқа аққуызға толы ингридиенттер көкөністер: тұздалған, қуырылған және жас көкөністер кіреді, Дәстүрлі Гимбап аздап тұздалып күнжіт майымен қуырылып, балық,танқышаян еті, жұмыртқа және/немесе сиыр етінің қабырғасы сиякты танымал ақуыз қоспаларымен жасалынады. Көкөністері көбіне қияр, саумалдық, сәбіз және данмуджи (ашытылған тұрып) қосылады. Содан соң Гимбап оралып, айтылғандай бөлшектеліп данмуджимен беріледі. Дипломатиялық қатынастар. Дипломатиялық қатынастар – халықаралық құқық нормалары мен халықаралық қарым-қатынастар тәжiрибесiне сәйкес мемлекеттер арасындағы ресми қатынастарды қамтамасыз еудің негiзгi формасы. Дипломаттық қатынастар мемлекеттер арасындағы тату қатынастардың дамыту, бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiкті сақтауға жәрдемдеседі. 1961 жылғы дипломаттық қатынастар туралы Вена конвенциясына сәйкес, дипломатиялық қатынастардың орнатылуы өзара келiсiм арқылы жүзеге асады. Дипломатиялық қатынастар орнатылуы алдында әдетте мемлекет пен оның үкіметі басқа мемлекет тарапынан іс жүзінде немесе заңды түрде мойындалады. Дипломатиялық қатынастар мүдделес мемлекеттер өкілдері арасында тікелей немесе үшінші жақ арқылы келіссөздер нәтижесінде орнатылып, мемлекет және үкімет басшылары немесе сыртқы істер министрлері арасында жолдау, хаттар, ноталар алмасу түрінде ресімделеді. Тараптар дипломатиялық қатынастардың орнатылу фактісі, дипломатиялық өкілдіктер деңгейі (елшілік немесе миссия), келісімнің күшіне ену уақыты, оны жариялау мерзімі мен тәртібі туралы келіседі. Потанин Григорий Николаевич. Потанин Григорий Николаевич (1835 ж.қазанның 4, Павлодар қаласы маңындағы Ямышев кенті — 1920 ж. маусымның 30, Ресей (РКФСР), Томск қ.) — географ, этнограф, фольклоршы, Орталық Азия мен Сібірді зерттеген. Өмірбаяны. 1852 ж. Омбы кадет корпусын бітірген. 1853-1858 ж. Семейде және Омбыда әскери қызметте болады. Оқуын Санкт-Петербор университетінде жалғастырған. Студенттік қозғалыстарға және үкіметке қарсы жасырын жұмыстар жүргізгені үшін қуғынға ұшыраған: 1865-1874 ж. қамауда, содан кейін айдауда болып, жер аударылған. 1863-1899 жылдар аралығында Зайсан өзеніне, Тарбағатай тауына, Моңғолияға, Тыуаға, Тибетке, Қытайға, Үлкен Хинганға бірнеше ірі экспедициялар жасаған. Потанин маңызды этнографиялық материалдар, коллекциялар мен гербарийлер жинаған, флора мен фаунаның бірнеше түрін анықтап, 235 кітап пен ғылыми мақалалар жарияланған. Қазақ фольклоры мен эпостарын жетік білген және зерттеген. Қазақ тілін білетін Потанин қазақтардың 300-ден аса аңыздарын, ертегілері мен әндерін жазып алып, өңдеген, аударма жасаған. Ш.Уәлихановтың жақын досы. 1895 ж. әлемнің жартысын аралап шығады. Өмірінің соңғы жылдары Томск қаласында тұрып, ғылыми жұмыстармен айналысуын жалғастырады. Потанин есімімен өзі ашқан өсімдіктердің бір түрі, Тянь-Шань тауының бір жотасы, Табын-Богдо-Ода таулы ауылында (Моңғол Алтайы) бір мұздық аталады. Мухаммад Саид Тантауи. (Қазанның 28 1928 – Наурыздың 10, 2010) - Ислам дүниесіндегі айтулы тұлғаның бірі, әлемдегі ең көне және ең ірі “Әл-Азхар” ислам университетінің ректоры, Мысырдың бас муфтиі болған. Шейх Мухаммад Саид Тантауи лаңкестікке қарсы идеологиялық күреске айрықша мән берген және өзі соның басында болған қайраткер еді. Оның пікірінше, ислам әділет­сіздікпен, басқын­шылық­пен, жазықсыз адамдарды қырып-жоюмен үйлеспейді. Мұндай пікірді ислам діни қайраткерлерінің көбі айтады, бірақ сол араб, мұсылман елде­рі­нің талайында бар лаңкестік ұй­ымдарға қарсы пәрменді күрес жүргізе қоймайды, ислам оларды қолдамайды деумен шектеледі. Ал Тантауи болса, лаңкестерді айып-тау­мен қатар, өзінің құзыры жет­кен дәрежеде әкімшілік, діни мекемелерден лаңкестерге қарсы пәрменді күрес жүргізуді талап етіп отырды. Жоғары биліктік, рухани қызметтері. Ол 1986 жылы Мысыр елінің бас мүфтиі болып сайланды, ал 1996 жылы президент Хосни Мү­бә­рәктің жарлығымен атақты “Әл-Азхар” университетінің рек­торы, сондай-ақ Каирдегі атақты “Әл-Азхар” мешітінің ұлы имамы болып тағайындалған. Ислам атын жамылған лаң­кестік ұйымдар негізінен осынау қасиетті дінді ұстанған елдерде әрекет етеді. Билік орындары мен діни құрылымдар сөз жүзінде оларды айыптаған болып, олар­мен исламның жолы бір еместігін мәлімдеумен шектеліп жүргені де белгілі. Кезінде Саддам Хусейн сияқты диктатор экстремистік ұйымдарды ашық қолдап, шахид­тер­ге ескерткіш орнатқанын да жұрт ұмыта қойған жоқ. Тантауи ашық лаң­кестермен қатар, экс­тремистік ба­ғыт­тағы ұйым­дарды да қатты сынға алды. Сол үшін де ол фун­да­менталистер мен радикалды діндарлар тарапынан қатты сынға ұшырап жүрді. Соған қарамай, ис­лам­ның тазалығы үшін, оның атын жамылған экстремистік күш­термен күресін тоқтатқан емес. Бәлкім, оның жүрек тал­ма­сынан қайтыс болуына да сол кү­рес­тің жүйкеге тиген әсері себепші болған шығар. Ерекше тоқталатын бір жай, Тантауи ислам әлеміндегі әйел­дердің құқы мен бостандығы үшін батыл күрес жүргізген қайраткер. Біршама ислам елдерінде ресми талаптарда әйелдердің құқы, оның қоғамдағы орны шектеулі екені белгілі. Тіпті көп жерде соңғы кезге дейін әйелді сүндеттеу (хитана) жүзеге асып келді. Тан­тауи­дай үлкен беделді қайрат­кердің мақұлдауы арқасында ғана денсаулық сақтау министрінің оған тыйым салу жөніндегі жарлығы жүзеге асты. Көп жерде, тіпті Қазақстанда да, қыздардың бетін жауып тұратын орамал (никаб) тартуы жөніндегі мәселе айтарлықтай дауға барып тіреліп жатады. Түркияда ол мемлекеттік, саяси деңгейге дейін көтерілді. Ал Тантауидің өзі басқаратын “Әл-Азхар” ислам университетінде никабпен жүруге тыйым жөніндегі пәтуасын ерлік санасақ, оған қарсы консерваторлардың шулап қарсы шығуын да түсінуге болар. Тантауи исламға қарсы әрекет­тердің барлығына қарсы пәр­менді күрес жүргізді. Данияда Мұ­хаммед пайғамбарды әж­уа­лаған карикатура жарияланғанда БҰҰ-ға дейін хат жазып, ұлы дінге ара түскені бар. Ең бастысы – ол өздерінің жосықсыз әрекеттерімен ислам дінінің беделін түсір­ген­дерге қарсы белсенді күреске шықты. Мұндай қадамға бару көп адамның қолынан келе бермейді. Өмірден озуы. 82 жастағы діни және саяси қайраткер құрметті қонақ ре­тінде король Фей­сал­дың “Исламға сіңір­ген еңбегі үшін” деп аталатын ха­лы­қа­ра­лық сыйлығын тап-сыру рәсіміне қатыспаққа бара жатқанда Сауд Арабиясына сапары кезінде қайтыс болды. Жұрт оның исламның рухани орта­лығына келген сәтінде дүниеден озуының өзін қасиеттілікке жорыды. Бұрын айтқан өсиетіне орай ғұлама ғалым, таза исламның жаршысы Мәдинеде жерленді. Теренсе Тау. Теренсе Тау (,) (17 шілде 1975 жыл) осы ғасырдағы математикада жеткен жетістігі ең көп жас математик ретінде саналады. Жастайынан математикамен айналысқан осы бір талантты жастың математикадағы жетістіктеріне қайран қаласың. Тоғызыншы класта жүріп халқаралық математика олимпиадасының жеңімпазы болған жас математик орда бұзар отыз жасында көп математиктің қолы жете бермейтін Филдс математика сыйлығын алды. Қазір 35 жастағы математиктің алған асуы ақсақалды математиктердің де алдын орап кетті. Математикадағы зерттеу салалары: Гармоникалық талдау, Жай дифференциялдық теңдеулер, Комбинаторика, Аналитикалық сандар теориясы, Көрсету теориясы т.б. Жүлделері. Теренсе Тау 2010 жылғы математиктер мен экономистерге берілетін Неммерс сыйлығының иегері атанды. Сыйақысы 175,000 Ақш долларын құрайтын сыйлық Таодың соңғы кездегі математикадағы жеткен жетістіктерінің, әсіресе сандар теориясындағы атақты Венгр математигі Ердоштың жорамалының дербес жағдайдағы шешімін тапқаны үшін беріліп отыр. (Green–Tao theorem). Сыйлық иегерінің бұдан да басқа математиканың салаларында жеткен жетістіктері ұшан теңіз. Шренк қызғалдағы. Шренк қызғалдағы () — лалагүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық баданалы өсімдіктер туысы. Баданасы жұмыртқа тәрізді, жуандығы 3 сантиметрге дейін жетеді. Сағағы жіңішке, биіктігі 30 см. Жапырақтары 3-4, ланцет тәрізді, жіңішке сопақша келген гүлінен сәл ұзын. Гүлдері ірі, ақ, қызыл не сары түсті. Гүлдерінде қара, ақ немесе сарғыш дақтар болады. Дәндерімен көбейеді. Мамырда гүлдейді, маусымда жемісі пісіп жетіледі. Қауашағы доғал пішінді. Тасты-қиыршықты жерлерде және беткейлерде өседі. Қазақстанның барлық өңірінде өседі. Шренк қызғалдағы — әсемдік өсімдік, алқабы жылдан-жылға қысқарып келеді. Жер жырту және егісті жедел игеру салдарынан оның қоры жылдан-жылға азаюда. Қызғалдақ Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген. Табиғат ескерткіші. right Табиғат ескерткіші — ғылыми, мәдени-танымдық немесе эстетикалық жағынан бірегей және құнды табиғи ескерткіш. Ауқымы жөнінен шағын табиғи кешен немесе жасанды жеке табиғи нышан деп бөленеді. Су шылымы. Су шылымы — суда өсетін біржылдық шөптесін өсімдік. Су астындағы жапырақтары ықшамдалған (кішірейген), жүзіп жүргендері жертаған жапыраққа жиналған, жапырақ сағағы үрленген қап тәрізді, жапырақ алақаны ромб тәрізді. Гүлдері жалғыз, су үстінде өседі. Тұқымынан көбейеді. Шілдеде гүлдеп, тамыз айында жеміс береді. Жемісі — тығыз сүйекжеміс. Ол ағын сумен, жабайы аңдар мен суда жүзетін құстардың көмегімен таралады. Су түбіне түскен жемісі өнгіштігін 50 жылға дейін сақтайды. Жыл сайын суы жаңарып отыратын жайылнама көлдер мен суларда, өзендердің 50—100 сантиметрге дейінгі тереңдіктерінде өседі. Жаңа өскін қалыптастырады немесе басқа су өсімдіктерімен өседі. Су шылымы — реликт өсімдік. Өсімдік ядросының бағалы тағамдық қасиеті бар. Халық медицинасында қолданылады. Жасыл шөбі ауыл шаруашылық малдарының азығы. Су шылымы таралу аймағы мен саны азайып бара жатқан сирек кездесетін түр. Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген. Орман сусары. rightОрман сусары () — сүтқоректілер тұқымдасы, сусарлар отрядына жататын жыртқыш. Дене тұрқы 43-58 см. Салмағы 1,8 кг. Иілгіш денелі, қысқа аяқты аң; терісі қара, омырауында ақ дағы бар. Жайық бойында және оның төменгі ағысында кездеседі. Түн мен кеште ғана шығады. Сәуірде күшіктейді. Тышқан тәрізділер мен кішігірім құстары жеп қоректенеді. Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген. Орман сусары - Сирек. Жайық өзенінің жайылмалары мен Солтүстік Қазақстан ормандарында таралған; жапырақты және қылқан жапырақты ормандарда мекендейді. Қазақстанда жалпы саны 200 бастың шамасындай; санының азаюының негізгі себептері - орман алқабының қысқаруы және қасақылық. Қолда ойдағындой өсіп-өнеді. Үш қорықшада қорғалады. Жайық өзенінің жайылмасы мен Солтүстік Қазақстан ормандарында мекендеуге жарайтын учаскелерді сақтау қажет. Көктерек. Көктерек () — жапырағын тастайтын тал тұқымдасына жататын ағаштар туысы. Діңі колонна тәрізді, биіктігі 35 метрге, диаметрі 1 метрге жетеді. Сыртқы қабығы жылтыр. Оның түсі жасыл-сұртүсті. Жапырақтары дөңгелек келген, сәл иректі, сағаты ұзын, жас жапырақтарының астында шырын бездері бар. Дәнінен және тамырымен көбейеді. Қошқыл түсті қылқан жапырақты ормандарда, кесілген, күйген орман орнында, шоқ қарағайлы жерлерде, орман шеттерінде, өзен жағалаулары мен батпақты-сазды жерлерде өседі. Әдетте, 80-90 жыл (кейде 150 жыл) өмір сүреді. Жұмсақ келген ақ ағашын қағаз, сіріңке, токарлық бұйымдар, сондай-ақ бөшке жасауға пайдаланады. Жоңқасы орауыш материал саналады. Орманшылық. Орманшылық — орман шаруашылығындағы аумақтық-өндірістік бірлік. Орманшылықтың міндетті қызметіне: орманды жаңарту, сақтау мен қорғау, ағаш дайындаушылар мен халыққа орман жерін бөліп беру, босату, ағаш дайындау мен қосалқы пайдалану барысының дұрыстығын бақылау, орман шаруашылығы тағы басқа жұмыстарды жүргізу, орманды күту шарасы ретінде ағаш дайындау, тағы басқа жатады. Орманшылықаумағы телімдерге, телімдер орманшылар аралап шығатын жолдарға бөлінеді. Ақ тырна. Ақ тырна () — тырналар тұқымдасының бір түрі. Сирағының төменгі жағы қауырсынсыз, құйрығы қысқа. Мойны, аяғы ұзын. Қанатының қарымы 2 метрге, салмағы 10 кг-ға дейін жетеді. Қанаты ақ, қанатының ұшы қара, тұмсығы қызыл. Суат маңын, көбінесе батпақты жерлерді мекен етеді. Өсімдік дәнімен, ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Ұясын шөп арасына, кейде тайыз су бетіне салады. Сәуір—мамырда 2-3 шұбар жұмыртқа туып, оларды мекиені 1 айға жуық басады. Жыл құсы. Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген. Жойылып кету жағдайында тұрған түр, Солтүстік Азияның әндемигі. ХТҚО-ның Қызыл кітабына тіркелген. Ресейдің солтүстігінде ұялайды, Қазақстанда наурыз-мамыр және қыркүйек-қараша ойларында, ондада республикамыздың батыс жағынан ұшып өтеді. Түрдің жалпы саны 1,5 мыңнан аспайды. Қазақстанда ұшып өтетін ақ тырналар тек Наурызым мен Қорғалжын қорықтарында ғана қорғалады. Ақ тырнаның қоныс аудару жолында орналасқан Торғой қорығын құруды тездету қажет. Ұлттық парк. Ұлттық парк — ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бiрегей табиғи кешендерi мен объектiлерiнiң биологиялық және ландшафтық саналуандығын сақтауға, оларды табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристiк және рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Сібір қырғыздарының облысы. Сібір қырғыздарының облысы — Орта жүздегі хандық үкіметті жою және оның орнына күшті басқару жүйесін құру мақсатында 1822 ж. «Сібір қазақтары жөніндегі Жарғыға» сәйкес құрылған әкімшілік-аймақтық бірлік. Жаңа реформаға сәйкес құрамына Тобыл, Томск губерниялары мен Омбы облысы енген Батыс-сібірлік генерал-губернаторлық басқару әкімшілігі құрылды. Оған Ресей боданына айналған Орта жүз халықтары да кірді. Сібір қырғыздары туралы Жарғы. Ауылдық старшиналар 3 жылдық мерзімге сайланды, әрі ол округтік бұйрықпен бекітілді. Болыстарды басқаруға сұлтандардың құқығы өзге де сұлтандарды сайлай алатын қауымның келісімімен тікелей төменгі желі бойынша және туысқандарына жүрді. Осындай жағдайда оны облыстық басқарма бекітті. Болыстарды басқармайтын сұлтандар өзінің дәрежесін сақтап қалды, басқаруға араласпады, хандардың үкіметін жоюмен бірге патшалықтың қазақ ақсүйектерінің құқығы мен артықшылықтарын шектеуге ұмтылысы байқалды. Барлық сот істері қылмыстық, арыз және шағым бойынша басқару болып бөлінді. Біріншісіне отанын сату, кісі өлтіру, тонау, барымта, үкіметке ашықтан ашық бағынбау жатты. Осы істердің барлығы империяның заңдарымен округтік бұйрықтарда қарастырылды. Құқық бұзушылықтың қалған түрлері арыз болып табылды да оны ауылдар мен болыстарда жергілікті ғұрып бойынша билер қарастырды. Жарғыда мыналар болды: халықты нанмен қамтамасыз етуді, өнер-кәсіптің, сауда-саттық дамуы жөніндегі шараларды, кедендік және баж алымын сақтау жөніндегі шараларды белгілейтін мақалалар қамтылды. Құжатта патшалықтың отарлау саясатына бағытталған істерінің бірі — халықты орыстандыру көрсетілген. Бұл саясатта халықты шоқындыру, поптарға Құдай сөзін оқыту үшін шіркеулер ашуға кеңес беріледі, оқу, жазу, арифметика қамтылған. Сұлтандар мен старшиналардың балалары қазына есебінен ашылған әскери бөлімдеріне оқуға түсулеріне рұқсат етілді, бітірген соң олардың қалаулары бойынша қызметке тағайындалды. Әрбір отбасы өз баласын империяның ішкі жағындағы оқу орнына түсіруге құқық алды. Жарғыны қабылдау кезеңінде құлдар бұрынғы күйінше қалып қойды, жаңадан құлдар сатып алуға катаң тыйым салынды. 1822 ж. Жарғы Қазақстанды отарлау саясатына қатысты күш ала бастады. Дегенмен хан үкіметін жою, сұлтандардың құқықтарын шектеу, құлдықтан бас тарту, алға қозғалудың еркіндігі, білім берудің дамуы Қазақстанның тарихи дамуына жағдай жасады. Батыс-Сібір генерал-губернаторлығы. Батыс-Сібір генерал-губернаторлығы — аумақтық-әкімшілік бірлік, оған Қазақстанның Орта және Ұлы жүздерінің едәуір аумағы енді. 1822 ж. Сібірді Шығыс Сібір және Батыс Сібір генерал-губернаторлығы әкімшілік жағынан бөлуге байланысты пайда болды. Оның соңғысы Тобыл мен Томск губерниясы құрамына кірді, орталық 1824 жылдан Тобыл қаласы, Омбы облысы, 1839 жылдан Омбыда орналасты. 1822-1844 ж. «Сібір қазақтарының жарғысы» бойынша қазақтарындың аумағы 8 сыртқы округ бөлінді: Ақмола, Қарқаралы, Баянауыл, Көкшетау, Құсмұрын, Аманқарағай, Атбасар, Аягөз, бұл аумағы Омбы облысын құрады, ол «Сібір қырғыздарының облысы» деп аталды. Сонымен бірге оған Омбы, Петропавл, Семей және Өскемен сыртқы округ жатқызылды. 1838 ж. Омбы облысы қысқартылды. 1867-1868 ж. Ереже бойынша Батыс-Сібір генерал-губернаторлығы құрамында Ақмола (Омбы), Семей (Семей), Жетысу (Верный) облыстары болды. Олар уездерге, болыстарға, ауылдарға, станицаға бөлінді. Шекаралары үнемі ауысып тұрды. 1891 ж. Ереже бойынша Батыс-Сібір генерал-губернаторлығы бұрынғы әкімшілік шекараны сақтай отырып, Дала генерал-губернаторлығы болып қайта құрылды, ол 20-ғ. бас кезіне дейін болды. Осындай әкімшілік-аумақтық қайта құрулар қазақтардың этникалық және мәдени тұтастығын бұзуға бағытталған отарлық жүйені басқаруды жеңілдету мақсатында жүргізілді. Жүз. Жүз — Орда, қазақ халқының үш рулық-тайпалық бірлестіктерінің ортақ атауы. Жүз — қазақ тайпалары қоныстанған, салыстырмалы түрде оқшалауланған шаруашылық-географиялық аймақ. Жүз Қазақ хандығы аумағында өзінің атауын шамамен 16-ғасырда алды. Қазақ халқы Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз болып үшке бөлінеді. Оған мемлекет аумағында қоныстанған рулар мен тайпалардың саяси, экономикалық және географиялық жағдайы алғы шарт болып табылды. Қар жамылғысы. Қар жамылғысы — жылдың суық кезеңінде атмосфералық жауын-шашынның жиналуы есебінен жердің беткі қабатында қалыптасатын қар қабаты. Қосшығұлов Шаймерден. ҚОСШЫҒҰЛОВ ШАЙМЕРДЕН . Қосшығұлов Шаймерден, (Шахмерден) (шамамен1869/1874-1932) - қоғам қайраткері. Қазіргі Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданының Қоғам ауылында туған. Науан хазретінде, Бұқара медресесінде оқыған. 1903 жылы Көкшетау уезінде Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы күреске шақырған үндеу хат таратқаны үшін Сібірге айдалып, 1905 жылы бірінші орыс революциясы дүмпуімен айдаудан қайтқан. 1906 жылы қаңтарда Санкт-Петерборда өткен Бүкілмұсылмандар съезіне делегат болды. Съезде мұсылмандардың халықтық саяси партиясын құру қажеттігін қуаттаған. Партия бағдарламасын жасау жөніңдегі комиссия құрамына кірген. 1906-1907 жылдары 1 Мемлекеттік думаға Ақмола облысынан депутат болып сайланған. 1906 жылы Нижний Новгород қаласында өткен Бүкілресейлік мұсылмандардың үшінші съезіне қатысып, оның төралқасына сайланады, съездің ағымдағы саяси ахуал, оқу және дін істері жөніндегі қаулыларын әзірлеуге қатысқан. Съезде құрылған «Ресей мұсылмандар одағы» ұйымының Орталық Комитетінің құрамына сайланған. Екінші Мемлекеттік думаның депутаты болды. Мұсылман фракциясының құрамына енген. 1907 жылы Санкт-Петербор қаласында шығатын «Серке» газетін қаржыландырып, демеушілік жасаған. Діни және ағартушылық істермен шұғылданған. Кеңес өкіметі тұсында молда ретінде ұдайы қуғын көріп, саяси қыспаққа ұшыраған. Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы Қоғам ауылындағы орта мектепке қоғам қайраткері Шәймерден Қосшығұловтың есімі берілген. Әбубәкір (Әубәкір) Қары. Әбубәкір қары: бұл есімді, «ол кісі айтыпты» деген әңгімені Оңтүстік өңірінде естімеген адам кемде-кем. Туған жері – қасиетті Түркістан қаласы. 1890 жылдың 10-наурызы күні фәниге келіп, 82 жасында, 1972 жылдың 10 наурызы күні бақиға өткен Әбубәкір Қары орта жүз ішіндегі Қоңыраттың Жетімдер тақтасынан. Әбубәкірдің әкесі Айтжан Дамолла айтқаны айна қатесіз келетін Әулие кісі болыпты. «Жақсыдан жақсы туар жарқылдаған» деген даналық сөзді қазақ текке айтсын ба?! «Әбубәкір жастайынан аса дарындылығымен, зеректігімен, алғыр, зерделілігімен ауыл аймақты таңдандырған» дейді Б.Нұржанов, «Әбубәкір қары айтыпты» деген кітабында. Бала Әбубәкір алғашқы сабақты өз әкесінен алады. Одан әрі Қарнақ медресесінде оқиды. Осы медресе қабырғасында жүріп Құран Кәрімді жатқа білген Қары 12 жасынан бастап, Өзбекстандағы Бесағашта, Бұқарада оқып, білімін жетілдіреді. Әбубәкір Қарының талай кереметтерін көрген халқы, тіпті оның боқтық сөздерді көп айтатындығына қарамастан, көзінің тірісінде-ақ оны Әулие, яғни Құдайдың досы санап, құрметтейтін болған. Ал, ол кісінің көпшіліктің көзінше, олардың кім екеніне қарамастан, боқтық сөздер, адамның әуретті жерлерін, жыныс мүшелерін өз аттарымен атап жүре беретін болғаны рас. «Неге бұлай?» деген адамдар сол кезде де болған, қазірде болуы мүмкін. Бұл, әрине, Құдай мен досының арасындағы бір сыр. Бірақ мұның бір себебі Әбубәкір Қары өмір сүрген сүреңсіз заманда жатқандай да көрінеді. Ол бір діннің жолы әбден тарылып, дін ұстаған адамның қиындыққа тап болған кезі еді ғой. Құдайдан безген қоғамда өмір сүріп, жер басып жүру Құдай досына «оңай болмаған». Ол боқтық сөз айтпаса, көкке ұшып кете береді екен. Әбубәкір Қарымен Бұқарада бірге оқыған бір кісі қажылық сапары кезінде Меккеде түркістандық азаматқа жолығып қалады. «– Ниетің қабыл болсын! Ал енді Әбубәкір Қарыны білемісің? – дейді. – Ол мүмкін емес, Әбубәкір қарының алған білімі жер басып жүргізбесе керек, ол әлдеқашан «періште» болып ғарышқа ұшып кеткен шығар деуші едім. Әлде арақ ішіп кетті ме, әлде зинақорлық жолға түсті ме? – дейді таңданып. – Жоқ, ондай жаман жолдан аман, бірақ келін-кепшік демей, көп көзінше ұятты сөзді айта беретіні бар, – депті түркістандық. – Е, онда түсіндім,– дейді әлгі кісі» («Әбубәкір қары айтыпты», Б.Нұржанов). Мұндай мысалдарды көптеп келтіре беруге болады. Осылайша Алла Тағала Өз досын лас сөздерден өрілген арқанмен лас қоғамның ішіне байлап қойған сияқты. Құл сүйгіш Алла Тағала Өзінің досы Әбубәкір р.ғ. арқылы талай кереметтерді көрсетіп, Құдайдан безген қоғамда өмір сүріп жатқан халқымыздың Жаратушы Иесіне, Оның достарына деген сенімінің сетінемеуін қамтамасыз етті. Бағасын білгенге бұл – үлкен нығмет. Менің Әбубәкір Қары р.ғ. жөнінде жұрт аузынан естіп-білгенім, ол кісі жайлы тереңірек білсем деген ниетім ғана болмаса, ол туралы қалам тартып, жұртқа таныстыру біз ойлаған жұмыс емес еді. Ал, қолыма қалам алғызған – таяуда ғана болған жағдай. Енді соған келейін. – Мен бұл әңгімені қырғыз Дамолла Ералыдан 1979 жылы естіген едім. Біртуған қырғыз Дамолла Ералы бүгінгі Қырғыз Республикасы, Қадамжай ауданы, Айдаркан ауылында туылып, сол жерде 56 жасында қайтыс болды. Ол кісі Қырғыздың ішіндегі Чайырчы руынан. Дамолла өте шыншыл, ақкөңіл, сопымінез, тазалығымен, әулиелігімен халық арасында танылған кісі еді. Ол заманындағы әр түрлі саяси қысым-тыйымдарға қарамастан Құдай деген адамдарды өз елінің арасынан да, алыс-жақын шет елдерден де іздеп тауып, танысып, сұхбаттасқан кісі. Дамолла Ералы кеңес дәуірінде Ферғана ойпатында өмір сүрген көнекөз бірнеше дін ғалымдарынан сабақ алған. Кәсібі – ағаш ұстасы, көп жылдар бойы мектепте сабақ берген. Бірде Дамолла Ералы қасына бір өзбек молданы ертіп Түркістанға келеді. Мақсаты Әзірет Сұлтан бабамызға зиярат жасап, сол өңірде өмір сүрген, әулиелігі шартарапқа тараған Әбубәкір қарымен кездесіп, сұхбаттасу. Сұрастырып жүріп Қарекеңнің үйін тауып алады. Ол кісі бақшасында жұмыс жасап жүрген екен. Бұлар сәлем береді. Қарекең сәлемдерін алып: «… басына құсап ол жерде қақайып тұрмай ішке кіріңдер!» – дейді. Алыстан келген қонақтар «Мұнысы несі, біз бұл кісіні әулие деп іздеп келсек…» деп қалады. Сонда ертіп барған кісілер «Көңілдеріңізге алмаңыздар, ештеңе етпейді, ол кісінің әдеті сондай» деп сабырлылыққа шақырады да, ертіп ішке кіреді. Қарекең қонағасын беріп, танысып-біліседі, сыр алысып, тіл табысады. Түнде жатар кезде Қарекең қонақтардан «Сендерге қай жерге төсек салсын?» деп сұрайды. Ол кісілер «Рұқсат етсеңіз, сіздің жаныңызда жатсақ» – дейді. Себебі ол кісілер Әбубәкір Қарының ұйықтап жатып Құран оқитынын талай жұрттан есітіп, соны өздері көзімен көру үшін әдейілеп келген. Бірге жатады. Қарекең басын жастыққа қоя салысымен ұйқыға кетеді де «Ағузу… Бисмилланы…» айтып, Құранның бірінші бетіндегі «Фатиха» сүресінен оқып бастайды. Қонақтардың да күткені осы, екеуі атып-атып тұрады да, қолдарына Құранды алып, салыстырып қарап отырады. Ақыры «…минал жиннати уаннас» деген «Нас» сүресінің соңғы аятын оқып, Құранды тұтас хатым етіп аяқтайды. Әбубәкір Қары ұйқыдан оянып, дәрет алып, құлшылығын жасап, таң намазға әзірлікке кіріседі. Ол кез сахар мезгілі болған екен. Мұны көрген екі қонақ Әулие Қарекең туралы естіген кереметтерінің бірі – «ұйықтап жатып Құран хатым еткенін» көзбен көріп, ол кісінің нағыз Алла Тағаланың досы екеніне көздері жетіп, көңілдегі күдіктері кетіп, өмір бойы айналасындағы қауымға айтып өтті. «Біз Құдай алдында да, халық алдында да Әбубәкір Қарының сол кереметіне куәлік бере аламыз» деп үнемі айтып жүретін, – деп әңгімесін тәмамдады Дамолла Мұзаффархан ата. Әулиенің бұл кереметіне жергілікті тұрғындар да талай куә болған. Яғни, әр түні бір хатым Құран түсіретін кереметі болған. Сондай-ақ Имам Ағзамның кереметін қайталап, бір аяқта тұрып Құранды бастан аяқ оқып шыққанын да көргендер бар. Тіпті «екі аяғы да жерге тимейтін еді» дейді көрген көнекөздер. Әбубәкір Қарының басқа да кереметтері жайлы ел аузында әңгіме көп. Оларды қал-қадірінше жинақтап, кітапша етіп шығарғандар да бар. Мысалы біз білетін Балтабай Нұржанов («Әбубәкір қары айтыпты»), Құралбек Ергөбек («Түркістандық Әбубәкір қарының кереметтері») сондай азаматтар. Әйтседе, Құдай досының мұралары, өмір жолы атүсті қарамай, терең зерттеуді қажет етеді… Жайық. Жайық – "Каспий алабындағы өзен. Оңтүстік Орал тауы және Каспий ойпаты, Ресей Федерациясының Башқортостан Республикасы, Челябі, Орынбор және Қазақстанның Батыс Қазақстан, Атырау облыстары жерінен ағып, Атырау қаласы тұсында Каспий теңізіне құяды." Жалпы ұзындығы 2428 км, су жиналатын алабының ауданы 237 мың км2, Қазақстан жеріндегі ұзындығы 1084 км. Орал тау жотасынан басталып, жоғарғы бөлігінде Оңтүстік Оралдың шығыс беткейін бойлай тар аңғармен ағып, Верхнеуральск қаласынан төмен қарай жазықпен ағады. Магнитогорск металлургия комбинатын сумен қамтамасыз ету үшін қала маңында бөген салынған. Бөгеннен төмен қарай өзеннің жағасы жарқабақ, арнасында қайраңдар бар. Ресей жеріндегі Орск қаласына дейінгі бөлігінде Жайыққа оң жағынан Таналық, сол жағынан Ор салалары құяды. Орск қаласынан төменде өзен батысқа бұрылып, Губерли шатқалымен (ұзындығы 45 км) өтеді. Жазық даламен ағатын тұсында сол жағынан Елек өзені құяды. Жайыққа оң жағынан Кіші Қызыл, Үлкен Қызыл, Сакмар, Таналық, Шаған; сол жағынан Шыңғырлау (Утва), Гумбейка, Үлкен Қараған, Сүйіндік, Қомақ, Ор, Елек, Барбастау салалары құяды. Орал қаласынан төменгі бөлігінде Жайықтың аңғары тағы да кеңейіп, жайылмасы тармақталады. Қаладан өткеннен кейін өзенге Көшім бөгені салынып, Жайық-Көшім суғару-суландыру жүйесі тартылған. Жайық көбіне қар суымен (80%) толығады. Су тасу кезінде орта ағысы тұсында арнасы 10 км-ге, ал атырауында бірнеше ондаған км-ге дейін жайылады. Өзен жоғарғы ағысында – қарашаның басында, орта, төменгі бөлігінде қарашаның аяғында қатып, мұзының еруі төменгі бөлігінде наурыздың аяғында басталып, жоғарғы бөлігінде сәуірдің ортасына дейін созылады. Өзеннен бекіре, шоқыр, майшабақ, көксерке, Каспий қаракөзі, табан балық, сазан, жайын ауланады. Жайықтың бойында орналасқан Ресей қалалары: Верхнеуральск, Магнитогорск, Орск, Новотроицк, Орынбор, Қазақстан қалалары: Орал (кеме қатынасы басталатын жер), Атырау. Еуропа мен Азияның шартты шекарасы Жайық өзені бойымен өтеді. Ливерпуль ФК. Англиядағы ең атақты футбол клубтарының бірі. Манчестерден озған клуб Челси мен Арсенал талай рет ойсырата ұтуымен 2009-10 жылғы нашар маусым кешіріледі. Dynamic random access memory. Әдетте ЖЕСҚ DRAM (Dynamic Random Access Memory-динамикалық ЖЕСҚ) жадының микросхемаларынан орындалады. DRAM микросхемалары жадтың басқа түрлерінен баяулау жұмыс істейді, бірақ бағасы арзандау болады. DRAM-дағы әрбір ақпараттық бит жартылай өткізгіш кристалл құрылымында жасалған кішкентай конденсатордың электрлік заряды түрінде сақталады. Ағып кету салдарынан бұндай конденсаторлар кезенді түрде разрядталады, сондықтан оларды арнайы құрылғылар мепериоды түрде(шамамен әрбір 2 миллисекунд сайын) зарядтап тұрады. Бұл процесс жадтың регенерациясы(Refresh memory) деп аталады. Диабло. Әлемге RPG жағынан геймерлерге әйгілі стратегиялық ойын. Сізде сол жақ домалақ шарда қызыл - өмір деңгейі ал оң жағындағы мана яғни сіздің магияны қолдануға жұмсалатын өнім. ортасында ақ-сары ол сіздің әліңіз, аз болса шаршадыңыз дегенді білдіреді. Ол сіз көп жүгірсеңіз ғана азаяды. Жол өтудің екі түрі бар: жүгіру жяне жай жүру, оны сіз "R" батырмасына басып шешесіз. Оның үстінде жіңішке ақ түсті жол - даму деңгейі, ол толған сайын сіздің де деңгейіңіз " уровень" өседі. Сонымен қатар сізде 2 таңдайтын характеристика бар: 1:персонаж - кейіпкер (5 характеристика болады, живучесть, энергия, сила, ловкость. әрқайсысы белгілі пайда белгілі бір жақтан тигізеді. Оны ойын барысында түсінерсіз), 2: умения - қабілет(Әр кейіпкердің өз стилі болады, соған байланысты ол стилін "выражает" дәлелдейді, көрсетеді күш-әлімен) Ойын барысы. Сіз ойнды 6 кейіпкер түрімен бастайсыз. Олар: Амазонка, Ассасин, Өлшірік(Некромант), Далалы(Варвар), Палладин, Волшебница(мыстан), Друид. Друид: Табиғыт аясында бейімделген, қасқыр-аюды аға-бауыр туыс тұтатын, отпен мұзбен шебер қолдана алатын кейіпкер. Өзі шын өмірде тек гном-эльфтармен қатар Ирландияда ертегі-аңыздарда ғана есімі, атауы естіледі. Сіз бұл кейіпкерді таңдасаңыз жақын ұрыстан гөрі алсытан немесе аралас төбелес стилін жүргізуіңіз қажет. Бірақ бұл көзқарас пен сіздің характеристика түрін таңдауыңызға тәуелді. Чхонан(әскер кеме)(PCC-772). Чхонан корветі . Оңтүстік Корея флотының әскер кемесі. 1989 жылы жасалған. 2010 жылғы 26 наурызда солтүстік Корея тарапынан жасалған шабуылдан қирады. Кеменің батырылyы. 2010 жылғы 26 наурызда Оңтүстік Корея әскери-теңіз флотының құрамындағы "Чхонан" корветінің артқы бөлігінде жарылыс болды. 1200 тонналық корвет 21:20-да (Корея уақыты бойынша) Сары теңіздегі Пэннён аралының маңында су түбіне кетті. Пэннён аралы оңтүстік Кореянің солтүстік шекара сызығында орналасқан. "Чхонан" корветінде жалпы 104 адам бар еді, бірақ бар болғаны 58 адам ғана құтқарылды. Нәтиже. 2010 жылғы 26 наурызда Оңтүстік Кореянің әскери министрі Ким Те Уең: "Чхонан корветінің апатының себебі торпедоның тиюі болуы мүмкін" деп айтты. және жағдай мырзалар Чхонан корвет апатты зерттеу үшін Кореяда келеді. 2010 жылғы 10 мамырда Оңтүстік Корея үкіметі "Чхонан корветінің апаты Солтүстік Кореянің торпедо шабуылы себебінен болды" -деп жариялады. жағдай мырзалар тағы мына оңтүстік Корея үкіметтің хабарламада келісіді. декларация. 24 мамыр 2010, Корея республикасы преэиденті Ли Мён Бак солтүстік Кореяңің шабуыл туралы декларация мәлімдеді. Корея республикасы преэиденті декларацияда "солтүстік Корея шабуылның міндәт сақтау керек, солтүстік Кореянің кемелер Корея республиканың тәңіз тыйым салады" деп айтады. Және екеуі мемлекеттің сауда тастайды. солтүстік Корея Корея республиканың жерні жаңадан бұзса, Корея республиканың әскер тез атысып қарсыласу. Және Корея республикасы-АҚЩ туысқандық қорғаныс нығайту. Д дәрумені. Д дәрумені (Витамин D) — дәрумені. Соқыр ішек. thumb Соқыр ішек (лат.: Caecum, Coecum немесе Cecum) — ас қорыту жүйесіне кіретін ішкі мүшелердің бірі. Соқыр ішек аш ішектің аяқталып, тоқ ішектің басталатын алдыңғы бөлігінде орналасқан. Ол кішкене қапшық тәрісздес мүше. Соқыр ішектің аппендикс деген өсіндісі болады. Ол қабынған кезде Соқыр ішек ауруы (Аппендицит) пайда болады. Суретте: 1) соқыр ішек, 2) соқыр ішек өсіндісі (аппендикс) Соқыр ішектің қапшығы 3-8 см ұзындықты құрайды. Аш ішектің тоқ ішекпен түйісетін жерінде илеоцекальді қақпақша болады. Илеоцекаль сөзі латынша ileum — бүйір (аш ішектің төменгі бөлігі) және caecus — соқыр ішек деген сөздерінен шыққан. Өттас ауруы. Өт тастарының құр-амына көптеген органикалық және бейорганикалық заттар кіреді. Олардың негізгі компоненттеріне: холестерин, билирубин, өт қышқылдары, ақуыздар, гликопротеидтер, түрлі тұздар, кальций және басқа да органикалық және бейорганикалық қосындылар енеді. Өт тастарының дамуында холестерин және өт пигменттері негізгі орын алады, сондықтан тастардың барлығының негізгі екі тобын: холестеринді және пигментті түрлерін ажыратады. Холестеринді – бұл, негізі холестериннен тұратын, ал пигментті – билирубин және оның полимерлерінен тұратын тастар. Өттегі тастар. Тастардың құрылысы олардың құрамына байланысты. Холестеринді тастар дөңгеленген түрде болады. Тастың көлденең кесіндісінен шеткері бөліктерінде орналасқан радиалды жолақтануды көруге болады, себебі холестерин шеткері радиальды жолақтар түрінде, пигмент және кальций тұздарының айқын көрінетін кристалдарын (холестерин-пигмент-әк тастары) түзеді. Пигментті тастар – бұл, гомогенді, қатты, сынғыш, қара түсті тастар. Көп жағдайда олар қырлы болады, және көптеп кездеседі. Кальций тастары әдетте ақшыл-қоңыр немесе қошқыл-қоңыр түсті, кальций карбонатынан тұратын тастар. Жиі олардың тікеншелер тәрізді өсінділері болады. Еуровидение 2011 Ән Конкурсы. Еуровидение 2011 ән конкурсы Еуровидениенің 56-ші конкурсы болады. Алманияда 2011-ші жылдың 17-ші мамырдан 21-ші мамырға дейін өтеді. Жеңiске елдi 2010-шы Еуровиденииге Алманиядан қатысқан қатысушы Лена Майер-Ландрут әкелдi. Avtorlyk kukykty saktanyzdar. Wikipediaga makala kosar aldyn istep jatkandarynyz durys pa burys pa nazar audarynyzdar. Ruhsatsyz kowiruge bolmaidy. Jane baska saittardy ainytpai koshirgennen ne paida? Kerek adam sol saittardan-ak okyp alady. Baska saittarda jok makalardy jazynyzdar. Sol paidaly barine. ЭЛЕКТРОДИНАМИКА. электродинамическим задачам. Их можно классифицировать как задачи Задачи анализа предполагают исследование полей в пространстве, или каких либо технических характеристик устройства при известном Задачи синтеза предполагают создание определенного распределения источников, либо создание технического устройства, обеспечивающего заданное распределение полей в пространстве, либо заданные технические характеристики. Задачи синтеза являются существенно более сложными, зачастую реализация их решения технически невозможна, и в данном курсе Задачи анализа можно разделить на внутренние и внешние. Внутренняя задача формулируется следующим образом: необходимо отыскать решение уравнений Максвелла или соответствующих им волновых уравнений в области V, ограниченной поверхностью S, удовлетворяющее на этой поверхности граничным условиям. При решении внутренних задач различают два решения – отыскание собственных функций, что соответствует решению однородных волновых уравнений, и отыскание полей заданных источников, соответствующих решению неоднородных волновых уравнений. Примером подобных задач является задача отыскания полей в объемном резонаторе. Решение однородного волнового уравнения позволяет найти свободные колебания резонатора, а решение неоднородного уравнения – вынужденные колебания. Доказано, что решение обеих задач существует и при выполнении граничных и начальных условий является единственным. Среди внешних задач наиболее простой является задача излучения заданной системы источников в однородном безграничном пространстве. Она формулируется следующим образом: в свободном безграничном пространстве необходимо найти решение неоднородного волнового уравнения, удовлетворяющее условию излучения на бесконечности (которое является эквивалентом граничных условий для внутренних задач). Доказано, что решение задачи существует и является единственным. Другим, несколько более сложным, примером внешней задачи электродинамики является задача излучения заданной системы источников в безграничное, неоднородное пространство. Задача формулируется также как и предыдущая, только предполагается дополнительно, что функция, описывающая распределение параметров среды, является непрерывной и имеет Все методы решения задач электродинамики можно разделить на строгие и приближенные. Если результат решения задачи любым из строгих методов является одинаковым, то результаты решения приближенными методами, различаются, и степень их строгости зависит от характера -метод скалярного и векторного интеграла Кирхгофа. Метод разделения переменных применим в любой ортогональной системе координат, выбранной таким образом, чтобы граничные поверхности тела (либо области пространства) совпадали или были параллельными координатным поверхностям. Решение однородного волнового уравнения в диэлектрической среде (уравнения Даламбера) методом разделения С = С1ехр(–j(кхх +куу +кzz)) + С2ехр(j(кхх +куу +кzz)). (3.1) Здесь: С – любая из проекций любого вектора электромагнитного поля кх,ку,кz- проекции волнового числа (постоянной распространения) на В (3.1) первое слагаемое описывает уходящую волну, а второе – приходящую. Исходя из физической специфики задачи, одно из них (чаще Более подробно данный метод решения на конкретном примере плоской волны рассматривается в следующем разделе письменных лекций. Решение волнового уравнения методом запаздывающих потенциалов основано на том физическом представлении, что электромагнитное возмущение, созданное источниками, сосредоточенными в некоторой области пространства, достигает точки наблюдения не мгновенно, а с некоторым запаздыванием, величина которого определяется скоростью распространения возмущения v и расстоянием до точки наблюдения r. Это означает, что интересующая нас характеристика электромагнитного поля в точке наблюдения в настоящий момент времени t обязана своим существованием вариациям источника поля в предшествующий (более ранний) момент времени – (t -). Кроме того, амплитуда рассматриваемой характеристики поля, в соответствии с условиями излучения, физический смысл которых состоит в том, что на бесконечном удалении от источника амплитуда поля должна стремиться к нулю, убывает пропорционально первой степени расстояния. Т.о. решение волнового уравнения методом запаздывающих потенциалов будет - для вектора напряженности магнитного поля, когда источники - для скалярного потенциала при тех же условиях Аналогичным образом могут быть записаны решения волновых уравнений и для других характеристик электромагнитного поля, рассмотренных ранее. В тех случаях, когда источники электромагнитного поля распределены не в объеме, а на поверхности или линейно, интегрирование распространяется на соответствующие поверхности или линии при сохранении Для гармонических полей эти решения принимают вид (на примере записи решения для векторного потенциала при распределении источников по & µ δ&э ст exp(− jkr) В выражениях (3.2, 3.3, 3.4) r – расстояние от каждой точки рассматриваемого объема (поверхности, кривой), где распределены источники, δ э ст, ρ ст − функции координат, описывающие распределение источников (токов, зарядов) внутри рассматриваемого объема (на поверхности, по линии). Метод решения волновых уравнений с помощью скалярного либо векторного интегралов Кирхгофа в данном разделе рассматриваться не будет, поскольку применение их в качестве строгих методов весьма ограничено и гораздо чаще (особенно это относится к скалярному интегралу Кирхгофа) они Говоря о приближенных методах решения задач электродинамики, прежде всего нужно определить области их применения. В зависимости от соотношения геометрических размеров области пространства L, где требуется найти решение, и длины электромагнитной волны λ принято рассматривать три В квазистационарной области решение задач базируется на методах электро- и магнитостатики. В резонансной – на строгих методах. Приближенные методы используются в квазиоптической области. К числу геометрической оптики, волновой (физической) оптики, краевых волн, геометрической теории дифракции. В перечисленной последовательности приближенные методы позволяют получить более точное решение, Метод геометрической оптики является предельным при решении волновой задачи, когда длина волны λ стремится к нулю. Это означает, что здесь не учитывается волновой характер поля. Этот метод применим при определении электромагнитного поля (чаще всего при решении задач на отражение электромагнитных волн) когда размеры отражающего тела и минимальный радиус кривизны его поверхности велики по сравнению с длиной волны. Кроме того, необходимо, чтобы источник поля находился на достаточно большом расстоянии от поверхности тела. электромагнитная энергия распространяется внутри лучевых трубок; поток энергии внутри каждой лучевой трубки постоянен; амплитуды векторов поля в каждой точке пространства определяются из постоянства потока энергии внутри лучевой трубки; фазы электромагнитных колебаний в каждой точке пространства определяются длиной пути от источника до точки наблюдения и изменяются вдоль луча линейно; если через точку наблюдения проходит несколько лучевых трубок, то результирующее поле определяется как Следует иметь в виду, что понятие лучевой трубки применимо, когда амплитуды векторов поля и параметры среды мало изменяются на расстоянии длины волны, что в однородной среде лучи являются прямыми линиями, а в неоднородной – плавными кривыми, что перераспределение энергии между соседними лучевыми трубками отсутствует и векторы Ε и Η перпендикулярны В геометрической оптике предполагается, что поле в точке наблюдения определяется значениями его векторов в тех точках отражающей поверхности или волнового фронта поля источника, из которых лучи приходят в данную точку. Иными словами, метод геометрической оптики дает решение только в «освещенной» области пространства. В тени он не работает! Метод волновой оптики (физической оптики), в отличие от предыдущего, учитывает волновой характер электромагнитного поля и базируется в соответствии с принципом Гюйгенса на представлении поля точечного источника в виде волновой функции Ψ = Ψ m exp /r, где Ψ- любая составляющая вектора поля; r - расстояние до точки наблюдения; Этот метод применим при тех же ограничениях, что и метод геометрической оптики, т.е. для больших, гладких тел, когда точка наблюдения находится на достаточном расстоянии от источника. Однако метод волновой оптики позволяет определять электромагнитное поле и в области геометрической тени (иными словами при использовании этого метода области тени за объектом не существует, что реально и наблюдается за счет эффекта Амплитуда поля в точке наблюдения определяется вкладом всех участков волнового фронта поля источника, как геометрическая сумма колебаний с учетом амплитуды и фазы каждого в зависимости от расстояния до точки наблюдения. Строгая математическая формулировка метода волновой оптики с точностью до постоянного фазового множителя exp(jπ/2) совпадает с формулой скалярного интеграла Кирхгофа. В то же время метод волновой оптики смыкается с методом геометрической оптики в том отношении, что значения волновой функции реально могут быть заданы строго только в пределах освещенного (полем источника) участка волнового фронта, а в теневой области полагаются равными нулю. Это же обстоятельство не позволяет в интеграле Кирхгофа задать строго значения всех подинтегральных функций и использовать этот интеграл в качестве строгого решения задач Метод краевых волн является развитием метода волновой оптики применительно к телам, поверхность которых имеет изломы, ребра и т.д. Он используется при тех же ограничениях, что и предыдущий метод, только позволяет несколько ослабить требования по соотношению размеров тела, радиуса кривизны его поверхности и расстояния до точки наблюдения и длины Суть метода краевых волн состоит в том, что в отличие от предыдущих методов, где на теневой части тела, либо волнового фронта источника поле полагалось равным нулю, поле источника на теневой поверхности вблизи краев тела (ребер, изломов) отлично от нуля. Это отличие связано с появлением вблизи границ тела дополнительной (возмущенной) составляющей поверхностного тока, вызванной влиянием края тела. Эта составляющая отличается от нуля на расстояниях порядка длины волны от края тела, носит характер краевой волны и может быть определена как результат строгого решения задачи дифракции электромагнитной волны на клине. Т.о. более точное задание волновой функции на фронте волны источника, либо более точное задание подинтегральных функций в интеграле Кирхгофа позволяет получить более строгое решение электродинамической Метод геометрической теории дифракции представляет собой развитие метода геометрической оптики применительно к решению задач дифракции электромагнитных волн на больших (по отношению к длине волны) телах сложной геометрической формы. Он также базируется на предположении, что энергия распространяется внутри лучевых трубок с теми же особенностями, что и в методе геометрической оптики, однако в отличие от метода геометрической оптики, кроме падающих, отраженных и преломленных лучей вводятся в рассмотрение дифрагированные лучи. Для определения амплитуды поля в каждой точке пространства необходимо найти все лучи, проходящие через эту точку, вычислить поля, соответствующие каждому лучу и просуммировать их. При определении поля дифрагированного луча предполагается, что оно пропорционально в точке дифракции (точке соприкосновения падающего луча с краем тела) полю падающего луча. При этом коэффициент пропорциональности называют коэффициентом дифракции. Предполагается также, что фаза дифрагированного луча меняется линейно вдоль луча, а характер изменения амплитуды устанавливается на основе постоянства потока энергии внутри лучевой трубки. Характерные картины распределения в пространстве дифрагированных лучей приведены ниже на рис. Метод геометрической теории дифракции позволяет получить результаты, при решении задач дифракции на телах сложной конфигурации, которые хорошо согласуются с результатами строгого решения и результатами экспериментальных исследований. Однако применение этого метода достаточно затруднительно, когда необходимо найти поле в области каустики (область куда приходит очень большое число лучей – например фокальная область). В этих случаях применяются специальные методы, которые здесь не 1. Как формулируются внутренние и внешние задачи электродинамики? 2. В чем состоит роль условия излучения при решении внешних задач? 3.Как формулируется теорема единственности решения задач электродинамики? 4.При каких условиях справедлив принцип суперпозиции решений? 5.Для каких сред выполняется теорема взаимности и в чем заключается ее сущность? 6. Какова роль теоремы эквивалентности при решении внешних задач 7.Что лежит в основе решения задач методом запаздывающих потенциалов? 8. При каких условиях метод Кирхгофа может рассматриваться как строгий метод 9. Сформулируйте условия применимости методов геометрической и волновой оптики. 10. В чем состоит сущность методов краевых волн и геометрической теории Всякое распространяющееся в пространстве электромагнитное поле принято называть электромагнитной волной. Если векторы Е и Н электромагнитной волны изменяются во времени по гармоническому закону, то она называется гармонической. В настоящем разделе мы будем В каждой точке пространства в фиксированный момент времени составляющие векторов поля гармонической волны имеют определенные амплитуды и фазы. Поверхность, во всех точках которой составляющие векторов поля изменяются синфазно, называется поверхностью равных фаз или фазовым фронтом. Поверхность, во всех точках которой составляющие векторов поля имеют равные амплитуды, называется поверхностью равных Электромагнитные волны принято классифицировать по виду поверхности равных фаз. Различают плоские, сферические, цилиндрические и другие волны. Простейшими из них являются плоские волны. Плоской называется волна, у которой поверхности равных фаз – параллельные плоскости. Если поверхности равных амплитуд плоской волны совпадают с поверхностями равных фаз, то такая волна называется однородной. В однородной плоской волне векторыЕ иН изменяются в пространстве только вдоль одного направления, перпендикулярного фазовому фронту этой волны и Плоская волна, в которой поверхности равных амплитуд не плоскости или плоскости, не совпадающие с поверхностями равных фаз, называется неоднородной. В настоящем разделе мы будем рассматривать только Источников, возбуждающих плоские волны, в природе не существует, соответственно физически не существует и плоских волн. Все реальные излучатели на расстояниях, значительно превышающих их линейные размеры, создают сферические волны. Однако, при определенных допущениях ограниченный участок сферы можно считать плоским. Следовательно, электромагнитную волну, возбуждаемую реальным излучателем, в ограниченной области пространства, находящейся на достаточном удалении от этого излучателя, можно рассматривать как плоскую. Кроме того, любую электромагнитную волну можно представить в виде суммы элементарных плоских волн, что в ряде случаев существенно упрощает анализ. Строго говоря, плоская волна – некая математическая абстракция! 4.1 Решение уравнений электродинамики для плоской волны Получим решение системы уравнений Максвелла, соответствующее гармонической, однородной плоской волне, распространяющейся в однородной среде с параметрами εа, µа, γ. Будем считать, что сторонние токи и сторонние заряды в рассматриваемой области пространства отсутствуют. При принятых допущениях первое и второе уравнения Максвелла в комплексной форме будут rot Η = jω ε а Ε; rot Ε = - jω µa Η, (4.1) где ε а = εа – j γ / ω - комплексная диэлектрическая проницаемость. Совместим ось 0z декартовой системы координат с направлением, вдоль которого изменяются векторы Е и Н, т.е. с направлением распространения волны. Тогда частные производные этих векторов по пространственным переменным x и y будут равны нулю. В этом случае продольные (вдоль оси 0z) составляющие векторов rot Η и rot Ε оказываются равными нулю, а значит (см.(4.1)) окажутся равными нулю и продольные rotz Η = ∂ Η y/∂x - ∂ Η x /∂y = jω ε а Ε z = 0 rotz Ε = ∂ Ε y/∂x - ∂ Ε x/∂y = - jωµa Η z = 0 Так как составляющие векторовЕ иН плоской однородной волны, параллельные направлению ее распространения, равны нулю (Еz = Нz = 0), то волна является поперечной – т.е. волной, векторыЕ иН которой целиком лежат в плоскости ее фазового фронта. В принятой системе координат отличными от нуля могут быть только составляющие Еx Нx Еy Нy этих векторов. Поперечные волны обозначаются символом Т, принятым, для краткости, вместо применявшегося ранее символа ТЕМ (transverse electromagnetic). От уравнений (4.1) можно легко перейти к волновому уравнению для комплексной амплитуды вектораЕ, которое в рассматриваемом случае (δст = ∇2 Ε + k 2 Ε = 0, (4.2) где k - комплексное волновое число, которое может быть найдено k = ω ε а µа = ω εаµа - jωγµа. (4.3) Будем пока рассматривать плоскую волну, в которой векторы Е иН в каждой точке пространства изменяются во времени вдоль одного направления (линейно поляризованная волна). Совместив ось 0х с направлением, вдоль которого изменяется векторЕ, будем иметь Еy = 0. В этом случае векторЕ При этом трехмерное волновое уравнение в частных производных (4.2) переходит в одномерное волновое уравнение относительно составляющей Ε x, d2 Ε x/dz2+ k 2 Ε x = 0. (4.4) Общее решение такого уравнения хорошо известно и может быть Εx = Ε0 exp(-j k z) + Ε 0отрexp(j k z), (4.5) где комплексные в общем случае величины Ε 0пад и Ε 0отр являются Ε0 = Е0падexp(jψпад); отр отр отр Ε 0 = Е0 exp(jψ). (4.6) Имея решение для вектора Е, значение вектора Н можно найти из Η = - rot Ε /jωµa. Η = - (1/jωµa)d Ε x/dzy0 = Η yy0, откуда, принимая во внимание (4.5) и (4.3), находим Η y = (k /ωµa)(Ε 0 exp(-j k z) - Ε 0отрexp(j k z)) = ε а / µ а (Ε 0падexp(-j k z) - Ε 0отрexp(j k z)). (4.7). Проведенные вычисления показывают, что вектор Н имеет только одну составляющую, параллельную оси 0y, и, следовательно, векторы Е иН в плоской однородной волне взаимно перпендикулярны (ортогональны). Ζ0 = µ а / ε а, Ом, (4.8) запишем общее решение системы уравнений Максвелла для однородной Ε = Ε xx0 = (Ε 0 exp(-j k z)+ Ε 0отрexp(j k z))x0 = Ε пад+ Ε отр; (4.9) Η = Η yу0 = (1/ Ζ 0)(Ε 0 exp(-j k z)- Ε 0отрexp(j k z))у0 = Η пад+ Η отр, где символами Ε пади Η падобозначено первое частное решение, а символами Ε отр и Η отр – второе. Величину Ζ 0, имеющую размерность сопротивления, называют характеристическим сопротивлением плоской волны. Согласно (4.9) характеристическое сопротивление равно отношению комплексных амплитуд векторов напряженности электрического и магнитного полей в падающей и Ζ0 = Ε / Η пад = - Ε отр/ Η отр. (4.10) 4.2 Распространение плоских волн в различных средах Плоские волны в идеальном диэлектрике. В случае идеального диэлектрика (γ = 0) характеристическое сопротивление Z0 и волновое число k являются вещественными величинами. Учитывая это, перейдем от комплексных амплитуд к мгновеным значениям векторовЕ и Н. Для этого умножим выражения (4.9) на exp(jωt) и возьмем от полученных произведений Е(z,t) = Епад(z,t) + Еотр(z,t) = Е0падcos(ωt–kz+ψпад)+ Н(z,t) = Н (z,t) + Н (z,t) = (1/Z0)(Е0 cos(ωt–kz+ψ) - где Z0= µ а / ε а. Убедимся, что первые слагаемые в этих выражениях определяют волну, распространяющуюся в положительном направлении оси 0z. Действительно, если время t будет возрастать, то для того, чтобы значение косинуса было постоянным, необходимо, чтобы его аргумент (фаза волны) также оставался Условие (4.12) может быть выполнено только в том случае, если вместе с t растет и координата z. Это означает, что фиксированные значения Епади Нпад(соответствующие фиксированным значениям фазы) с течением времени перемещаются в положительном направлении оси 0z. Cкорость этого перемещения может быть найдена из уравнения (4.12), представляющего собой уравнение поверхности равной фазы. Дифференцируя его по времени, V = dz/dt = ω/k. (4.13) Эту скорость называют фазовой скоростью плоской однородной волны. Для идеального диэлектрика k = ω ε а µ а и фазовая скорость в нем зависит V = 1/ ε а µ а (4.14) Волну, распространяющуюся в положительном направлении оси 0z, называют падающей. Рассуждая совершенно аналогично, придем к выводу, что вторые слагаемые в формулах (4.11) определяют волну, распространяющуюся в Шапшаң есептеу. Кез-келген санның квадратын шапшаң есептеу әдістері. Көбейту, бөлу таблицасын білгеннен кейін сандарды көбейтудің, бөлудің, дәрежелеудің оң тәсілдерін үйрену мақсат. Әдетте 10, 20, 30, 40, 50......, 100 оңай есептеледі. Ал 192, 292, 392, 492......, 992 – ын табу бір жаңа есептеуді қажет етеді. Сол әдістерге тоқталайық. 192 = 361 шығару үшін 9 х 19 көбейтіндісінің 202 – нан 20+19=39 – ды шегеру жеткілікті 400-39=361 Ал 182, 282, 382, 482...... 172, 272, 372, есептеп табу үшін Енді 152, 252, 352, 452......, 952 есептейік. 152=225 – ті шығару үшін бірлік 52=25 – тың алдына ондық 1-ге, өзінен бір сан үлкен 2-ні көбейтіп алдына жазу керек Ондық цифры 5 болатын екі орынды сандарды шапшаң квадраттау әдісі 25 санына санның бірлік разрядындағы цифры қосылады, оның оң жағынан бірлік разрядтағы сан квадратталып тіркеліп жазылады, төрт таңбалы сан шығатындай тәртіп сақталады. Бұл әдіс мына тепе-теңдікке негізделген: (50+а) =100(25+а)+а Соңғы цифры 5 болатын сандарды шапшаң квадраттау әдісі Соңғы 5 цифрын квадраттап, оның алдына келесі разрядтағы санды өзінен 1-ге артық санмен көбейтіп, 5-тің квадраты 25 санының алдына жазады. Мысалы: 25*25=625 а)5*5=25 б) 2*(2+1) = 6 305*305=93025, а) 5*5=25 б) 30*(30+1) =930 Логикалық есептер және оларды тез есептеудің жолдары. Арнайы формуланы қолдануға келмейтін әрқайсысына өзінше талдау жасауды қажет ететін есептерді логикалық есептер деп атаймыз. • Логикалық есептерді таблициалық тәсілмен шешу Мысал: Көшеде төрт қыз Анар, Марал, Нұргүл, Гүлнар дөңгелене тұрып әңгімелесті. Көк көйлекті қыз (Анар Марал емес) көгілдір көйлектегі қызбен Нұргүлдің арасында тұр. Ақ көйлекті қыз қызғылт көйлекті қызбен Гүлнардың арасында тұр. Әрбір қыз қандай көйлек киген? Мұрағат. Мұрағат — мұрағат құжаттарының жиынтығы, сондай-ақ мұрағат мекемесі немесе мекеменің, ұйымның немесе кәсіпорынның пайдаланушылар мүдделері ушін мұрағат құжаттарын қабылдау мен сақтауды жүзеге асыратын құрылымдық, бөлімшесі. Фатиха сүресі. Фатиха, Аль-Фатиха () — Қасиетті Құрандағы бірінші сүре, жиыны жеті айаттан тұрады. Қазақ халқы арасында айтылатын "Бисміллә басы Әлхам-ды" деп келетін сөз міне осы Фатиха сүресінің Құрандағы 1-сүре екенін меңзейді. Сондықтан да Фатиха сүресі әлхам сүресі деп те аталады. Бұл сүре намаздың әр рәкәғатында оқылуы керек. Бақара сүресі. Бақара сүресі () Қасиетті Құрандағы екінші және ең ұзын сүре. Жиыны 286 айаттан тұрады. Сүреде, Алланың барлығы, бірлігі, пайғамбарлық, қиямет күні тәрізді негізгі сенім мәселелері, және Намаз, Ораза, Зекет, Хаж сияқты құлшылыққа тән нұсқаулар сондай-ақ үйлену, ажырасу, (қысас) кек алу, өсиет, аманат, қарыз өсім және нафақаландыру т.б. күрделі қоғамдық қарым- қатынасқа тығыз байланысты ережелер және сенбеушілердің, әсіресе Яһудилердің қылықтары баян етілумен қатар, қорытып айтқанда бір қатар маңызды мәселелер кіріспе түрінде осы сүреде қамтылған деуге болады. Ардақты пайғамбарымыз: «Әр нәрсенің бір шоқтығы бар. Құранның шоқтығы Бақара сүресі» деген. Сүре. 2:2 ذَلِكَ الْكِتَابُ لاَ رَيْبَ فِيهِ هُدًى لِّلْمُتَّقِينَ 2:3 الَّذِينَ يُؤْمِنُونَ بِالْغَيْبِ وَيُقِيمُونَ الصَّلاةَ وَمِمَّا رَزَقْنَاهُمْ يُنفِقُون 2:4 والَّذِينَ يُؤْمِنُونَ بِمَا أُنزِلَ إِلَيْكَ وَمَا أُنزِلَ مِن قَبْلِكَ وَبِالآخِرَةِ هُمْ يُوقِنُونَ 2:5 أُوْلَـئِكَ عَلَى هُدًى مِّن رَّبِّهِمْ وَأُوْلَـئِكَ هُمُ الْمُفْلِحُونَ Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. Қазақ Инженерлер Бірлестігі. Қазақ Инженерлер Бірлестігі (KIB) - Қазақстан инженерлерінің коммерциялық емес қоғами бірлестігі. KIB 2010 жылдың қыркүйек айынан бастап Бүкіләлемдік Техникалық Ұйымдар Федерациясының корреспонденттік мүшесі. 2010 жылы Бірлестіктің интернет сайты AWARD.kz-2010 атты қазақстандық ең жақсы интернет-сайты конкурсына қатысты. Бүгінгі күнде бұл бірлестік қазақ техникалық мамандарының қамын ойлап, олардың құқықтарын қорғайтын тұңғыш және жалғыз ұйым болып табылады. Миссия. Бірлестік өзінің миссиясын ашық, икемді, алғыр, заманға лайық ғылым және техникалық қызметкерлерді біріктірген қоғамын құруында деп біледі. Қазансев (Шүшән ауданы, Краснояр өлкесі, Ресей Федерациясы). Қазансев, Казанцев ауылы () - Ресей Федерациясында, Краснояр өлкесінде, Шүшен ауданында ауылы, Қазансев ауылдық кеңесі орталығы. Қазансев (Романов ауданы, Алтай өлкесі, Ресей Федерациясы). Қазансев, Казанцев ауылы () - Ресей Федерациясында, Алтай өлкесінде, Романов ауданында ауылы, Қазансев ауылдық кеңесі орталығы. Перм. Перм, Перім () - Ресейдегі қала. Перм өлкесінің орталығы. Бірәбижан. Бірәбижан () - Ресейдегі қала. Еврей автономиялы округінің орталығы. Амурдағы Комсомол. Амурдағы Комсомол () - Ресейдегі қала. Хабаров өлкесінде орналасқан. Балашық. Балашық () - Ресейдегі қала. Мәскеу облысында орналасқан. Балықшы. Балықшы () - Ресейдегі қала. Ярослав облысында орналасқан. Корей түбегі. КОРЕЯ ТҮБЕГІ — Шығыс Азиядағы түбек. Ұзындығы 600 км, ені 200 км, ауд. 150 мың км2. Шығысы мен оңтүстігін Шығыс Корея таулары (биікт. 1915 м), орта бөлігін аласа таулар, жағалауға қарай ойпат алып жатыр. Климаты қоңыржай муссондық, оңтүстігі — субтропиктік; жылдық жауын-шашын мөлш. 900 — 1500 мм. Орман, субтропиктік мәңгі жасыл бұталар өседі. Әбдіуақап ҚАРА. Doç. Dr. Әбдіуақап ҚАРА, (d. 1961, İstanbul) Мимар Синан университетінің доценті, тарих ғылымдарының докторы. Уэйн Руни. Руни, Уэйн Марк – ағылшын футболшысы. Туған жылы: 20 қазан 1987 жыл Жастайынан "Эвертон" командасына жанкүйер болған Руни, кейінде осы команданың басты футболшысы болды. Бірақ 1,5 жылай уақыт қана бұл команда сапында ойнаған Руни, кейін "Манчестер Юнайтед" командасына өтіп кетті. 2002 жылы 17 жасқа толуына 20 күн қалған Уэйн Руни "Арсенал" командасына гол салды. Сөйтіп, премьер лигадағы гол салған ең жас футболшы атағына ие болған Уэйннің кейін атағы көкке көтеріледі. 28 қыркүйек 2004 жылы манчестерліктердің құрамында ойынға тұңғыш рет шыққан Уэйн, бірден хет - трик жасап елдің жылуына кенеледі. Қазіргі үздік футболшылардың қатарында жүрген Уэйн, ағылшындықтар үшін өзінің үлкен үлесін қосатыны анық. Нағыз мықты, қайсар футбол көрсететін футболшы ретінде танылған Рунидің бізге берер тосын сыйы болатын шығар деп үміттенеміз. Төреқұлұлы, Нәзір. Төреқұлұлы, Нәзір (1892-1937) – өткен ғасырдың басында ұлт үшін өлшеусіз қызмет жасаған Алаш қайраткерлерінің бірі, КСРО-дағы тұңғыш қазақ елшісі. Ол Қоқандағы жәдидтік мектепте және екі жылдық орыс-түзем мектебінде бастауыш білім алды. 1913 жылы сондағы коммерция училищесін бітіріп, Мәскеудегі коммерция институтына оқуға түсті. Бірақ, 1916 жылғы маусымның 25-індегі патша жарлығы бойынша майданның қара жұмысына алынған жерлестеріне көмек көрсету мақсатымен оқуын тастап, Батыс майданға барды. Минскіде Земство одағына нұсқаушы болып жұмысқа кіріп, тыл жұмысына алынғандарға тілмаштық қызмет көрсетіп, олардың мүддесін қорғау бағытындағы іс-шараларға белсене ат салысты. Сонда жүріп қазақ жастарының «Еркін дала» атты астыртын ұйымын құруға жетекшілік етті. 1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейін Орынборға оралып, «Еркін дала» ұйымының алғашқы құрылтайын ұйымдастырды. 1918 жылы сәуірдің 16-ында «Қазақ мұңы» газетін шығаруды қолға алды. Осы жылы жазда Қоқанға оралып, сонда жұмысшы, диқан және солдат депутаттары кеңесіне қызметке тұрып, оның органы болып табылатын «Халық газетін» және Түркістан КП органы «Инқилоб» (Революция) журналын шығаруға араласты. Н.Төреқұлұлы Ресей отаршылдығының Түркістан халықтарына қаншалықты қасірет алып келетінін жан-жүрегімен сезінді. Бұл туралы ойларын ол Ташкентте, Мәскеуде шығатын басылымдарда жарияланған мақалалары мен баяндамаларында бүкпесіз айтты. Патшалық Ресей мен большевиктер иеленген Ресей Түркістанды шикізат өндіретін ел ретінде санап, оның мәдени өркендеуіне мүдделі болмағанын, қайта халықтың өсіп-өркендеуін тежеп, кедергі келтіріп отырғанын тұңғыш рет ашып, аяусыз әшкереледі. Қоғам қайраткері көп ұлтты Түркістан Республикасының саяси тынысында партиялық және мемлекеттік жоғары билік тұтқаларын ұстады. Жергілікті ұлт өкілдерінің алғашқылары қатарында Түркістан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшылығына сайланды. Одан кейін де Түркістан Республикасы Орталық атқару комитетін, Оқу-ағарту халық комиссариатын басқарды. Осы кезеңде ол көрнекті қоғам қайраткерлері Т.Рысқұлұлы, С.Қожанұлы, М.Тынышбайұлы, Х.Досмұхамедұлылармен бірге оқу-ағарту ісіне аса мән беріп, Ташкентте тұңғыш қазақ жоғары оқу орнын ашуға ұйытқы болды. Лауазымды қызметтер атқара жүріп дін мәселесіне де көп көңіл бөлді. Түркістан ОАК-нің төрағасы ретінде барлық мекемелерде демалыс күнін жексенбіден жұмаға ауыстыру туралы және Құрбан айттың үш күнін демалыс күндері деп жариялау туралы қаулыларға қол қойды. 1921 жылы «Қызыл байрақ» журналында «Ислам және коммунизм» атты мақала жариялап, онда исламның қоғамдағы атқарып отырған рөліне оң баға берді. 1922-1928 жылдары Мәскеуде КСРО ОАК жанындағы Орталық баспа басқармасының төрағасы қызметін атқарды. Бұл қызметке кіріскеннен кейін В.Лениннің қабылдауында болып, автономия алған халықтардың тілін мемлекеттік тілге айналдыру мәселесін көтерді. Түркі тілдес халықтардың ортақ әліпбиін жасау жөніндегі комисияға төрағалық етіп, араб әліпбиінен латын әліпбиіне көшуді жақтады. Аталған басқарма төрағасы ретінде қазақ тілінде «Темірқазық» атты журнал шығаруды ұйымдастырып, оған Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабай секілді қазақ зиялыларын тартты. Шығыс еңбекшілерінің коммунистік университетінде дәріс оқып, біраз уақыт осы оқу орнында проректорлық қызмет атқарды. 1928 жылы небәрі 36 жасында ол Хиджаз (Сауд Арабиясы), әрі қосылған аймақтардағы КСРО-ның өкілетті уәкілі болып тағайындалды. Ол кезде мұндай жауапты қызметке жас адамның тағайындалуы дипломатиялық тәжірибеде өте сирек кездесетін жайт болатын. 1932 жылы Нәзір Төреқұлұлы КСРО-ның Сауд Арабиядағы өкілетті елшісі болып тағайындалды. Жаңадан іргесі қаланып, әлемді тек мұнайымен ғана емес, рухани байлығымен де аузына қаратқан Сауд Арабиясына КСРО-ның елшісі болу кезекті қызмет емес еді. Бұл елге елші таңдаудың өзі үлкен саясаттың жемісі болатын. Тағайындау алдында мұсылмандығы, қабілеті, білім дәрежесі, қазақ халқының өкілі екендігі ескерілген. Н.Төреқұлұлының 1932 жылы маусымда Сауд Арабиясы королінің мұрагері Фейсал әл-Саудтың КСРО-ға 10 күндік сапарын ұйымдастыруы елшілік қызметіндегі үлкен табысы, айрықша қайраткерлігі еді. Ол елші болған жылдары араб тілін жетік меңгеріп, бірнеше мәрте кіші және үлкен қажылық рәсімін орындады. Елшілік қызметін аяқтағаннан кейін КСРО Ұлттар кеңесінің жанындағы Орталық тіл және жазу ғылыми-зерттеу институтына қызметке орналасты. Н.Төреқұлұлы қазақ, өзбек, тәжік тілдерін «ана тілім» деп білген, татар, башқұрт, қырғыз, әзірбайжан тілдерінде оқыған, ағылшын тілін игерген, аз уақытта араб тілін меңгерген полиглот, алған білімін іске жаратқан үлкен ғалым болды. Өмірінің соңында түрік тілдерін салыстыра морфологиялық зерттеу жүргізді. «Түрік халықтары кіндік баспасы» бас редакторы кезінде 12 тілде кітап ұйымдастырып, басып шығарып отырды. Халық даналығы дерлік түркі халықтары мақал-мәтелдерін, жұмбақтарын кітап етіп бастырды. Оның «Бұхара Советтік Халық Республикасы», «Қоқан автономиясы», «Ферғана мәселесі» деген тарихи шығармалары бар. Сонымен қатар ол өзбек мектебі үшін алғашқы оқулықтар жазды. Көрнекті қоғам қайраткері 1937 жылы «алашордашыларды» қамқорлығына алып, қолдау көрсеткені үшін ұлтшыл деген айыппен тұтқындалып, ату жазасына кесілді. 1958 жылы қаңтардың 28-інде КСРО Жоғарғы сотының шешімімен ақталды. 2001 жылы танымал дипломат Т.Мансұрұлының «Елші Н.Төреқұлұлының Арабия дастаны» атты кітабы жарық көрді. Бүгінде Алматы, Шымкент, Қызылорда қалаларында Төреқұлұлы есімімен аталатын көшелер бар. Оның есімі Шымкенттегі, Түркістандағы және Шолаққорғандағы орта мектептерге берілген. Түркістан қаласында мұражайы істейді. Ақсүйек. АҚСҮЙЕК — ұлттық ойын. Жігіттер мен қыздар жиналып, жаздың айлы түнінде ашық далада ойнайды. Ақсүйек ойнына малдың ақсөңкелеп қураған жілігі немесе қабығы аршылған, ұзындығы екі қарыстай жұмыр ақ таяқша пайдаланылады. Жиналғандар екі топқа бөлінеді. Ойынды бастау жеребе тастау арқылы анықталады. Содан кейін ойын бастаушы ақсүйекті бар пәрменімен алысқа лақтырады. Жастар таяқты іздеуге кіріседі. Оны тапқан ойыншы өз серіктеріне дыбыс беріп, сөреге қарай жүгіре жөнеледі. Серіктері оның тосқауылға тап болмауына көмектеседі. Қарсыластары қалайда ақсүйекті тартып алудың амалын жасап бағады. Ақсүйекті тартып алса, өздері де біріне-бірі қол жалғап, сөреге жетуге ұмтылады. Бұл тартыста ақсүйекті сөреге жеткізген топ жеңген саналады. Ойын шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа баулиды. Ақсүйек бірін-бірі ұнатқан жастардың оңаша кездесуіне дәнекер де болған. Өте көне дәуірден келе жатқан, қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі-«Бес тас». Ол еңбек құралдары ағаш, тас, сүйек болып келетін ғасырларда пайда болған. Жасөспірімдерден бастап ересек адамдарға дейін ойнайтын ойын. Ойынға керекті зат бес асық немесе кішірек бес домалақ тас. Ойынды кімнің бастайтынын шешу үшін ойынға қатысушылар кезектесіп бес асықты алақандарына салады да, жоғары серпіп жіберіп, алақандарының сыртымен тосып алады. Сөйтіп, қайта серпіп алып, ендігі кезекте қолды серпе қақшып алады. Ең көп қағып алған ойыншы бірінші кезек алады да, қалғандары да сол ретпен кезекке тұрады. Ойынға қатысушылар дөңгелене отырады. Бірінші тәсіл. Ойыншы бес тасты еденге шашырата тастайды да, ішінен бір тасты таңдап алады. Алған тасын жоғары серпіп жіберіп, жерден бір тасты іліп алып, лақтырған тасын қайта қағып үлгереді. Жерден алған тасын жанына қойып, сол тәсілмен, екінші, сонан соң, үшінші, төртінші тастарды бір-бірлеп іліп алып отырады. Екінші тәсіл. Бес тасты еденге шаша тастап, ішінен өзіне қолайлы бір тасты алады да, жоғарыдағы тәсілмен жерде жатқан тастарды екі-екіден жиып алады. Үшінші тәсіл. Еденге бес тасты шашып тастайды да, ішінен біреуін алып, лақтырған тасын тосып алады да, сонан соң жерде жатқан үш тасты сол тәсілмен бірден жиып алу керек. Төртінші тәсіл. Бес тасты қолына алып, біреуін жоғары серпіп жіберіп, қолындағы төрт тасты жерге қойып, жоғары серпіген тасын қағып алады. Содан соң ол тасты жоғары қарай қайта лақтырып, жерге қойған төрт тасты жинап алып, жоғары лақтырған тасты қоса қағып алады. Барлық тәсілдерді мүлтіксіз өткізген ойыншы өзіне жазылатын ұпайды екі жолмен белгілейді. Бірінші жол: бес тасты уысына алады да, жоғары лақтырып, қолының сыртымен қағып алуы керек. Әр тас он ұпайдан есептеледі. Екінші жол:бес тасты жоғары лақтырып, жоғарыдан төмен қарай қақшып, қарпып қағып алады. Мұнда бір тас он ұпай. Әр тәсілді орындаған кезде қойылатын шартты бұзған ойыншы кезегін келесі ойыншыға береді. Кезегі келгенде қателескен жерінен бастайды. Қайнар көзі: «Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» -Атамұра,2010 Ақтайлақ. АҚТАЙЛАҚ Байғараұлы (18 ғ-дың орта тұсы, қазіргі Оңтүстік Қазақстан обл. Сыр бойы — 19 ғ-дың орта шені, Семей обл. Аягөз ауд., Сарыарқа а.) — би, шешен, жырау, қоғам және мемлекет қайраткері, дипломат. Қу дауысты Құттыбай бидің немересі. Әкесі Байқара би. Ақтайлақтан Сабырбай ақын туады. Сабырбайдың қызы Қуандық ақын. Ақтайлақ жастайынан шешендігімен көзге түсіп, үлкен жиындарда бір ауыз мақалмен немесе толғау-жырымен даулы істерді әділетті шешкендіктен “қазақтың қара тілі, қас биі” атанған. Мемлекет ісіне ерте араласқан. Абылай хан Көкшетауға үш жүздің елу биін шақыртып, қазақ руларының шежіресін жаздырған, оның ішінде Ақтайлақ бар бес биге соңғы нұсқасын жасатқан. Ақтайлақ 1773 ж. Болат ханның атынан Қытай императоры Цяньлунға елші болып барып, келіссөз жүргізген. Бұл туралы Шың патшалығының шежіре кітабында жазылған. Ақтайлақтың Бопы төремен, Қанай, Тіленші, Балпық және басқа билермен шешендік айтыс, қағыстары ел арасына кеңінен таралған. Ақтайлақ ел арасындағы дау-шарларды шешу мақсатында билік айтып та, заманының келеңсіз көріністерін сынап та өлең шығарған, өмір туралы, адамгершілік асыл қасиеттер жайлы филос. толғаулар мен адам жасы жөнінде, үй-іші, ошақ басы, ата-ана тағлымы мен жас ұрпақ тәрбиесі туралы тәрбиелік ғақлиялары да бар. “Ердің құны — екі елу” атты ұзақ толғауы — Өскенбай тұсында Тобықты мен Керей арасында болған құн дауында парақор билердің құлқын қамын ойлаған қылмысын аяусыз әшкерелеген терең ойлы, өткір философиялық шығарма. Ақтайлақтың ел бірлігін сақтауды көздеген әділ билігі кейінгі елге нұсқа болып, сот ісінде негізге алынған. Мұхтар Әуезов осы биліктің шағын нұсқасын “Таң” журналында (1925 ж. №2) жариялаған. Ақтайлақ қазақ әдебиеті тарихында Жанақпен айтысқан “Сыбаннан шыққан он жеті ақын” деген атпен белгілі ақындар тобының көшбасшысы әрі ұстазы болған. Шығармалары. Ел аузынан, А., 1985, 1989; Ақтайлақ би, А., 1991. Аягөз. АЯГӨЗ — қала, Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының орталығы. Облыс орталығы Өскемен қаласының оңтүстік-батысында, Нарын өзенінің Аягөз өзеніне құятын тұсында орналасқан. Іргесі 1831 ж. қаланған. 1847 ж. Ресей патшасы Александр ІІ-нің ұлы Сергей князьдің құрметіне Сергиополь болып аталды. Аягөз сыртқы округінің, кейіннен Аягөз уезінің, Аягөз ауданының орталығына айналды. 1929—30 ж. Түркістан-Сібір темір жолының салынуына байланысты Аягөз ірі темір жол стансасы болды. 1939 ж. қала мәртебесі берілді. Тұрғыны 35,3 мың адам (1997). Аягөзде автомоб. жөндеу, темір-бетон бұйымдарын шығаратын зауыттар, ет комбинаты, май зауыты, ірі тепловоз және вагон деполары, баспахана, тұрмыс қажетін өтеу комбинаты бар. 1942 ж. Мәскеуден көшіріліп әкелінген жіп иіру фабрикасы негізінде үлкен жіп иіру кәсіпорны жұмыс істейді. Қалада орта мектептер, мәдениет үйі, кинотеатр, қонақ үйі, ауруханалар, перзентхана, дәріханалар бар. Аягөз арқылы Алматы—Семей—Өскемен автомобиль жолы өтеді. Аягөз ауданы. АЯГӨЗ АУДАНЫ — Шығыс Қазақстан облысының батыс жағында орналасқан әкімшілік ауданынан 1928 ж. құрылған. Жері 49,5 мың км2. Тұрғыны 88,2 мың адам (1997). Аудан орталығы — Аягөз қаласы Ірі елді-мекендері: Дөненбай, Қарағаш, Майлин, Баршатас, Сарыарқа, Сергиополь, Тарлаулы, Тарбағатай аудандары, Ақтоғай кенті. Аягөз ауданының солтүстігі сай-жыралы, өзенді, көлді, оңтүстігі Балқаш-Алакөл ойысымен астасқан жазық болып келеді. Климаты тым континенттік, жазы ыстық, қысы суық. Қаңтардағы орташа ауа темп-расы — 170С, шілдеде 220С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 200 — 400 мм. Қар қазанның ақыры — қарашаның басында түсіп, сәуірге дейін жатады. Аудан аумағынан Аягөз т.б. кішігірім өзендер ағып өтеді. Топырағы сортаң, кей жерде қоңыр және сұрғылт. Табиғи өсімдіктерден боз, бетеге т.б. өсімдіктер өседі. Жабайы аңдардан: арқар, қасқыр, аю, түлкі, борсық, қоян, сартышқан, құстан: қаз, үйрек, шағала т.б. мекендейді. Тұрғындарының орташа тығызд. 1 км2 жерге 2 адамнан келеді. Автомоб. жөндеу з-ты, т.ж. торабы, вагон, локомотив депосы, тұрмыс қажетін өтеу комбинаттары, жүн өңдеу ф-касы, “Аягөз — нан”, “Аягөз — көлік”,“Аягөз — астық” акционерлік қоғамдары, баспахана, қалалық жылу орталығы т.б. жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жер аумағы 4452,8 мың га (1997). Аягөз ауданында клубтар, мәдениет үйлері, халық театры, мұражай, кітапханалар, бастауыш және орта мектептер, ауруханалар т.б. мекемелер бар. Аудан жерін Түркістан — Сібір темір жолы басып өтеді. Тұрғындары елді-мекендермен автомоб. жолдары арқылы қатынасады. Аудан аумағында 18 тарихи ескерткіш, оның ішінде “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” ескерткіші бар. Аяз Би. АЯЗ БИ, Жаман — қазақтың аңыз әңгімесінің аты әрі кейіпкері; ел басшысы, қоғам қайраткерінің халық қиялынан туған үлгілі бейнесі. Аяз би өзінің ақылдылығы, даналығы арқасында уәзір болады. Мадан хан сынынан өтуі, оған шөп жаманы — қоға, құс жаманы — сауысқан екенін дәлелдеп беруі, ханның тұлпарының сиырға, өзінің қара халыққа шатыстығын айыруы, ханның шартты жұмбағын шешіп, Меңді сұлуға үйленуі, күншіл, ақылсыз қырық уәзірді өлімнен құтқаруы, оның даналығын, достыққа адал, сертке беріктігін, әділдігін хан мойындап Жаманды хан көтеруі сөз болады. Аңыз әңгімеден халықтың өз сүйікті кейіпкерін өзі сомдап, қиял арқылы мұратқа жетуі, жақсылыққа деген мәңгі ұмтылысы аңғарылады. Хан болған Аяз би өзінің қой баққандағы жыртық шапанын хан сарайы босағасына ілдіріп, соған көзі түскен сайын тәубасына келуі халық даналығының көрінісі болып табылады. Майқы бидің қасынан орын алған екі бидің біреуі (екіншісі — Құмырсқа) деген халық аузында аңыз бар. Майқы би оны бір топта сөйлеген сөзінен танып, қасына алдырған деседі. Әділдігі үшін жақсы көрген. Майқы би оларға билікте көп ерік беріп, елшілік-жаушылық жұмыстарға жиі жұмсаған, халықтан қол үзіп кетпесін, мұң-зарын, тұрмысын біліп отырсын деп ауық-ауық ел аралатып отырған, оларды уақытында тоқтата да білген делінеді. “Аяз би, әліңді біл, Құмырсқа жолынды біл” деген мәтел содан қалған деседі. Аяз бидің есімі мыңдаған жыл өтсе де өшкен жоқ. Ол туралы ертегілер, аңыз-әңгімелер ел арасында көп сақталған. Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана. Кітапхана тарихы . Қазақстандағы ең көне кітапханалардың бірі – Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы. Мыңдаған оқырмандардың ыстық ықыласына бөленген мәдениет ошағының шаңырақ көтергеніне ғасырдан артық уақыт өтті. 1992 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің шешімі бойынша кітапханаға қазақтың кемеңгер ақыны Абай есімі берілді. Себебі, Семей тарихы мен мәдениетінің жарқын беттерінен маңызды орын алатын кітапхана тарихы ұлы ақынның есімімен тығыз байланысты еді. ХIХ ғасырдың екінші жартысында Семей жері патшалық Ресей үшін саяси айыптыларды жазалау орындарының біріне айналғаны тарихтан мәлім. Қалада саяси жер аударылғандардың болуы қаланың мәдени - рухани өміріне тың өзгерістер әкелді. Саяси жер аударылғандар Е.П. Михаэлис, П.Д.Лобановский, Н.И.Долгополов, С.С.Гросс, А.Л.Леонтьев, А.Блектердің Семей қаласының рухани өміріне сіңірген еңбектері бір төбе. 1869 жылы Е.П.Михаэлис Семей қаласына жер аударылып келеді. Ол жазасын өтей жүріп үлкен әлеуметтік жұмыстармен айналысып, түрлі зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Зерттеулерінің нәтижесін мақала етіп, Орыс география қоғамының «Известиясына» бастырып отырған. Е.П.Михаэлистің ұсынысымен 1878 жылы Семей қаласында Облыстық санақ комитеті ұйымдастырылады. Бұл комитет қазақ өлкесіндегі экономика, тарих, шаруашылық және табиғат мәселесін зерттейтін ғылыми мекеме болды. Евгений Петрович сол комитеттің тұңғыш секретары болып қызмет атқарады. 1883 жылы ресми түрде қазан айында [Облыстық санақ комитетінің] жанынан Е.П.Михаэлис бастаған саяси жер аударылғандардардың ұйымдастыруымен кітапхананың негізі қаланды. Кітапхананың ең алғашқы кітапханашысы саяси жер аударылған тарихшы, этнограф [Н.Я.Коншин] болды. Кітапхана туралы деректерге көз жүгіртсек, алғаш ашылған уақытында небәрі 274 дана кітап болып, оны 130 оқырман пайдаланған көрінеді. Әр жылдары кітапханаға қала тұрғындары мен П.Плещеев, Г.В.Юдин, А.И.Деров сияқты ауқатты көпестер қайырымдылық көмек көрсетіп, оның іргелі мәдениет ошағына айналуына ықпал етті. Өлке тарихына байланысты жарық көргенИмператорлық Орыс Географиялық қоғамы Батыс-Сібір бөлімінің Семей Бөлімшесінің Запискилерінде қала тарихы мен мәдениеті туралы өте қызықты да маңызды мәліметтерді табуға болады. Мысалы, кітапхана қорында сақталған «Семипалатинский областной статический комитетъ за 1894 год» деп аталатын кітапқа назар аударсақ: «Бастауыш білім беру қоғамының 1893/94 жылдарғы жұмыс есебінде» кітапханадағы 130 оқырманның 30-ы жоғары білімді, оның ішінде 3-еуі әйел адам; 38-і орта білімді, оның ішінде 13-і әйел, әйел адам болған көрінеді. 130 оқырманның 111-і орыс, 9-ы поляк, 1-еуі неміс, 5-еуі еврей, 4-еуі қазақ ұлтынан екен. Абай және кітапхана. Кітапхананы пайдаланушылардың бірі – қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев болды. 1959 жылы «Қазақ мемлекет баспасынан» жарық көрген Ә.Жиреншиннің «Абай және орыстың революцияшыл демократтары» атты кітапта мынадай мағлұматтар берілген: «Михаэлис пен Абай тұңғыш рет осы кітапханада кездесіп танысады. Алғашқы рет Михаэлис пен Абай өте бір қызық есте қаларлық жағдайда кездеседі. Абай Семейдегі кітапханаға келіп, Л.Н.Толстойдың бір шығармасын сұрайды. Ол кітап Михаэлистің қолында еді, Абайдың сұрағанын көріп, Михаэлис Абайға келіп кітапты оған беріп, тұңғыш рет екеуі танысып, тіл қатады. Олардың алғашқы танысулары кітапхана ішінен басталады. Ол кезде кітапхана Семей жұртшылығының үлкен мәдениет ошағына айналып еді. Абай орыстың, батыстың классикалық әдебиетімен осы кітапханада танысады. Михаэлиспен кездесу Абайдың өмірге, дүниеге деген көзқарасын шыңдай түседі, ал Евгений Петрович оның танып оқуға, білім алуға деген зор талабын көріп, кітапты көп оқуға кеңес береді. Абайдың өмірбаянын жазған Кәкітай Ысқақұлы былай дейді: «Абайды орыстың белгілі жазушылары Пушкин, Лермонтов, Некрасов, Салтыков-Щедрин, Тургенов, Белинский, Добролюбов және Писаревтың шығармаларымен таныстырған адам Михаэлис еді. Ол туған әкемнен де артық еңбек етіп, менің дүниеге көзімді ашты деп отырушы еді». Абай мен Е.П. Михаэлистің бұл танысуы зор достыққа айналып, ақын өмірінде өшпес із қалдырды. Ғұлама ақынның қоғамдық кітапхананың оқырманы болғанын тарихта қалдырып, әлемге әйгілеген Ресей түрмелерін зерттеу мақсатында Сібір мен Алтайға саяхат жасаған американ публицисіДж.Кеннан болды. XIX ғасырдың аяғында Патшалық Россияда әр түрлі тәсілдермен жер аударылған саяси қайраткерлерді көзбен көріп, материал жинап, кітап жазбақ болған тәуелсіз журналист - жазушы Джордж Кеннан 1864-1890 жылдар аралығында Сібір, Алтай өлкесіне 4-5 мәрте саяхат жасайды. 1885 жылдың жазында Дж.Кеннан суретші Фрост екеуі Семейге келіп, Сібірдің алыс бір түпкіріндегі құм басқан қала ортасында, шағын ағаш үйде орналасқан қорында Спенсер, Бокль, Льюис, Милль, Тэйлор, Уоллэс шығармаларымен әлемдік көркем әдебиеттің тамаша үлгілері бар кітапхана көргенін, сот мекемесінде қызмет ететін А.А.Леонтьевпен әңгімелесіп, кітапхананы жергілікті қазақтар да пайдаланатынын естіген. Осы сапардан кейін жазылған, 1906 жылы[«Сибирь және ссылка»] деген атпен орыс тіліне аударылған кітабында Дж. Кенан Семейге жер аударылғандармен бетпе-бет жүздескенін, қазақ даласына айдалған орыс революционерлерінің тұрмысы, қызметі туралы жазады. Сондай-ақ, бұл кітапта Абай Құнанбаев туралы қызықты деректер де бар. Аталған кітапта Семейде Леонтьевтің үйінде қонақ болған кезіндегі әңгімесінде ол былай дейді: «...Менің кейбір сұрақтарыма жауап бере отырып, Леонтьев маған Семей қаласы кітапханасының қалай жұмыс істей бастағанын баян етті. Кітапхананың жер аударылып келген мұңдықтарға ғана уаныш емес екенін, қала халқының ой-өрісін кеңейтерлік рухани азығына айналғанын айтып өтті». Сирек басылымдар қоры. Халыққа ғасырдан артық қызмет көрсетіп, әр оқырманның жанына рухани азық беріп келе жатқан бұл рухани білім ордасында сақталған әр кітаптың өз тарихы бар. Кітапхананың сирек басылымдар қорында сақталған 4 500 ге жуық әдебиеттер қоры кітапхананың алтын қорын құрайды. Кітапхананың сирек басылымдар қоры XVIII ғасырдың 2-ші жартысынан бастап ХХ ғасырдың бас кезіндегі Ресейлік кітап баспа туындыларынан, ХХ ғасырдың бас кезіндегі өлкетану әдебиеттерінен, XIX ғасыр мен ХХ ғасырдың басында жарық көрген ресейлік және өлкемізге қатысты Императорлық Орыс Географиялық қоғамы Батыс-Сібір бөлімінің Семей Бөлімшесінің Запискилері мен кеңестік дәуірдегі мерзімді басылымдардан тұрады. Кітапхананың сирек қоры ұлы жазушылар шығармаларымен және қазақ зиялылары туындыларымен ерекше құнды. Сирек қордан Абай үшін таным баспалдақтары болаған Г.Спенсер, Милль, Дж. Г.Льюисъ, А.Уоллэсъ В.Уэвелль сынды батыс Еуропа ойшылдарының еңбектерін, Семей өңірін зерттеген зерттеушілер Б.Герасимовтың, Е.П.Михаэлистің, Н.Я.Коншиннің, Г.Н.Потаниннің, Ф.Зобниннің, А.Седельниковтың, Е.Шмурлоның, В.Сапожниковтың, қазақ зиялылары Ә.Бөкейхановтың, Ж.Ақпаевтың т.б. ғылыми-зерттеу мақалаларын табуға болады. Батыс классикалық әдебиетімен, орыс әдебиеті алтын ғасырындағы жазушылардың бай туындалары, кезінде солақай саясаттың құрбаны болған Е.Бекмаханов, С.Асфендияровтай ұлт зиялыларының ірі ғылыми монографиялық еңбектері мен қазақ әдебиетінің алтын ғасырын құраған қоғам қайраткерлері С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, Ә.Ермеков, Х.Досмұхамедов, Ж.Күдериннің көзі тірісінде жарық көрген еңбектері кітапхана сөрелерінде сақталған. Сонымен қатар, ресейлік [«Современник», «Вестник Европы», «Русский Вестник», «Педагогический сборник»], өлкетануға байланысты «Социалды Шығыс», «Екпінді», т.б. мерзімді басылымдардың бай қоры сақталынып отыр. Кітапхананың бүгінгі қызметі. Сонау XIX ғасырдан бері ғұламалар мұрасын ғасырдан ғасырға дейін сақтап, талай оқырман үшін білім ордасы болған киелі шаңырақ бүгінде жаңа заман талаптарына сай қызмет көрсетуде. Бүгінгі кітапхананың мақсаты қала жұртшылығының сұранысын қамтамасыз ету үшін өз ақпараттық әлеуетін нығайту, оқырман қауымның ақпараттарды білуге деген талап-тілектеріне қолдау көрсету, электрондық ресурстарды тиімді қолдануға үйрету. Жалпы оқырман сұранымына жауап беретін ақпараттық орталық ретінде кітапхананың алар орны ерекше. Қазір кітапхананың кітап қоры 340 мыңнан асып, оны 17 000-ға жуық оқырман пайдаланады. Жыл сайын 400 мыңға жуық кітап өз оқырманын тауып, кітапханаға келушілер саны 176 000 оқырманды құрап отыр. Жылына кітапхана 200 тарта мерзімді басылымдарды жаздырып алады. Әдебиеттер. 1. «Семипалатинский областной статический комитетъ за 1894 год» 2. Жиреншин Ә. Абай және орыстың ұлы революцияшыл демократтары. Алматы, Қазақ мемлекет баспасы, 1959 ж. 3. Әуезов М. Уақыт және суреткер. Алматы, Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1962 жыл Абайұлы Мағауия. Өмірбаян. Мағауия Абайұлы - ұлы ақын Абайдың бәйбішесі Ділдәдан туған кенже баласы. Жасында молдадан оқытқаннан кейін, Семейдегі Городское училищесіне орысша мектепке оқуға түсіреді, бірақ Мағауия екі-үш жыл оқығаннан кейін науқасқа шалдығып, ауылға қайтады. Осыдан кейін де әкесінің қасында жүріп, өздігінен ізденіп білімін толықтыра береді. Әкесінің ақындық қасиетін қадірлеп, өзі де ақындыққа беріледі. Мағауия әдебиет тарихында абайлық дәстүрді бойына мол сіңірген ақын болып қалыптасты, нәзік лирикалық өлеңдер шығару, сюжетті поэмалар жазуды әкесі Абай ақынның өнегесінен алды. Шығармашылығы. Абайдың ақылының арқасында бірнеше поэма жазады. Ол жазғандары: «Еңлік-Кебек», «Абылай» және «Медғат-Қасым». Өз махаббаты үшін күресіп, құрбан болған Еңлік пен Кебекті келер заман жастарына үлгі етіп жырлайды. «Еңлік Кебек», «Абылай» поэмалары қолжазба күйінде қалып, оқушыларға таралмаған. «Медғат-Қасым» поэмасының тақырыбы қазақтан жырақ, алыс елдерден, яғни Африка өмірінен алынған.Сол елді мекендеген адам қауымын реалистік шындық түрғысынан көрсетеді. Осылайша поэзияның үлкен үлгісін шебер танытқан Мағауия осындай романтикалық поэманы қазақ әдебиетіне кіргізді. Сол кездегі өнерлі жастар осы поэманы жаттап алып, әнге қосты. Осыдан кейін де қазақ өмірінен алып, тағы бір поэма жазды. Ол «Еңлік-Кебек» жайындағы коспа поэма болды. Бұл поэмада Кеңгірбай бидің бейнесін шебер керсете білген. Еңлік-Кебектің өліміне себепкер биді кіналайды. Осылайша, образдарды бейнелеуде, өткеннің қараңғылығын сынауда адамгершілікті ең үлкен максат етіп қойған Мағауияның поэмасы өз уақытындағы бағалы еңбек болды. Өмірінің соңы. Небәрі 34 жыл жасаған Мағауия шағын ғұмырында қазақ әдебиетіне мұра боларлық тамаша туындылар тастап кетті. 1904 жылы 14 мамырда қайтыс болған Мағауия Ақшоқы мекеніндегі Құнанбай бейітіне жерленді. Рахимов Тұрсынғазы. Өмірбаяны. «Өнер – тәңір сыйы» десек, бойға біткен қасиетті танып, оны дамыту, жан дүниені тебіренткен ерекше сезімнен туған ән ырғағын тыңдаушыға жеткізіп, көкірек көзін ояту екінің бірінің қолынан келе бермейді. «Сәби болғым келеді» әнімен танымал, отыз жылдай қазақ даласын шарлап, өз өнермен қалың қауымды сүйсінтіп жүрген, Семейлік әнші, сазгер, Қазақстанға еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Тұрсынғазы Рахимов - міне осындай өнер иесі. «Үш бақытым» деп Мұқағали жырлап өтсе, «үш ұстазым бар» деп Тұрсынғазы әркез мақтанышпен айтады. Өнер жолында үш дарын иесінен тәлім-тәрбие алғаны жайлы сөз кезегін сазгердің аузынан тыңдасақ: "Мен Жүсіпбек Елебековтың шәкірті болғаныма бақыттымын. Ол кісі үнемі айтатын, «сен сазгерлікпен айналысасың» - деп. Ол кісінің көрегендігі ме, мен он жылдан кейін ән шығара бастадым. «Сені асырайтын қара домбыраң» дейтін екінші ұстазым [Есімхан Обаев]. Ол маған талай роль беріп сахнаға шыңдады. Сахнаға шығу үшін де шеберлік керек. Үшінші ұстазым – композитор Теміржан Базарбаев.1979 жылы алғаш әнім «Сәби болғым келедіні» жазғанда ақ батасын беріп, көп тәрбиелеген тәлімгерім еді...» 1993 жылы желтоқсан айының басында Алматыда сазгердің шығармашылық кеші өтті.1994 жылы Тұрсынғазының «Сәби болғым келеді» деген атпен әндер жинағы шықты. Жинаққа «Әнге ғашық жүрек» деген алғысөз жазған ғалым, зерттеуші Төкен Ибрагимов.Осы жылы әнші Қытай еліне арнайы шақырумен барып, Үрімжіде өнер көрсетіп қайтты. Әр әннің өз тағдыры, өз дауысының бояуы, жүрек лүпілі болады. Иісі қазақ жұртының қан тамырындай бүлкілдеген сол бір нұрлы айшықтың ішінде сазгердің де өз үні бар. Оның әндерінің жол табуына себепкер болған адам – Мұқағали Мақатаев. Арқалы ақынның аруағы Тұрсынғазының талантын әлі күнге жебеп келеді. Осы уақытқа дейін ақынның он беске жуық өлеңін әнге қосты. Оның «Дариға, домбырамды берші маған», «Отыздан асып барамын», «Мен сені сағынғанда», «Санаулы күн», «Нені аңсаймын», «Я, жаратушы Аллам», «Қазағым-ай», «Аягөз ару» т.б. әндері жан дүниеңді тебірентетін дүниелер. Әр әннің өзінің шығу тарихы болады дегендей, сазгердің «Батыр баба - Қабанбай», «Ән атасы - Әміре», Әсетке арналған «Сағынбасқа не шара», Кейін Жәнібектен көз жазып қалған шақта Несіпбек екеуі «Ақбөкен» әнін шығарса, бертінде Есенғали Әділбековтың өлеңіне «Әнің қайда, Жәнібек» әні туды. 2004 жылы Тұрсынғазы Рахимовтың «Нені аңсаймын» деген ән жинағы жарық көрді. Жинақта ақын-журналистердің Тұрсынғазы жайлы туындылары орын алады. Жүсіпбек Елебековтың әншілік мектебін ұрпаққа үйретіп, Семейдегі Мұқан Төлебаев атындағы музыка колледжінде ұстаздық етіп жүрген Тұрсынғазы Рахимов - өнер шырағын келер ұрпаққа жеткізген тәлімгер. Бір ел - бір кітап (акция). "Бір ел - бір кітап" акциясының тарихы. Жобаның идеясы АҚШ-та өте танымал болған. Бір кітапты жалпы қала болып оқу идеясы АҚШ-тың солтүстік-батысындағы ірі қала Вашингтон штатына қарасты – Сиэтл көпшілік кітапханасының кітап орталығы тарапынан ұсынылған. 1998 жылы «Егер Сиэтлдің бүкіл тұрғыны бір кітапты оқыса» тақырыбымен алғаш өткізілген акцияның мақсаты – Сиэтл халқының бірлігін нығайту және оларға оқуды насихаттау. Бұдан соң осыған ұқсас мәдени шаралар Чикаго, Буффало, Рочестер қалаларында да ұйымдастырылды. «Бір кітап, бір Чикаго» бағдарламасы Чикаго көпшілік кітапханасында басталды. Оның негізгі мақсаты қаланың ересек тұрғындары мен жастарын бір кітапты бір уақытта оқуға және оны ұжым болып - отбасында, жұмыста жолдастары мен таныстары арасында, кітапханаларда, оқу мекемелерінде, кітап дүкендерінде, діни ұйымдарда, кафелерде және басқа да қоғамдық орындарда талқылауға ынталандыру болып табылады. 2000 жылдың қазан айында Чикаго қаласында «Чикагода кітаптар апталығы: Оқуға құмар қала» тақырыбымен тұңғыш рет қалалық фестиваль өтті. Осы фестиваль аясында қоғамдық талқылаумен және авторлар баяндамаларымен бірге кітап тұсаукесерлері, сондай-ақ семинар, экскурсия секілді басқа да шаралар ұйымдастырылды. 7 апта бойы Чикагоның он мыңдаған халқына ауқымды іс жүргізіліп болған соң, американ жазушысы Харпер Лидің (1926 ж.) «Убить пересмешника» (1960 ж.) атты романы талқылауға түсті. Кітап авторы бүкіл әлем мен осы замандық Чикаго үшін өзекті болған толеранттық және нәсілшілдік сияқты маңызды мәселелерді алға тартады. Бүгінде «Бір ел – бір кітап» жобасының идеясы әлемдегі көптеген елдерге кең тараған (Испания, Латын Америкасы елдері және Корея т.б.). авторы Испанияда Габриэль Гарсиа Маркестің 80 жылдығына арнап «Сто лет одиночества» романынан оқу марафоны өткен еді. Қалаушылар романды бірнеше күн бойы үздіксіз дауыстап оқыды. Осы марафонды Испания Үкіметі басшысының орынбасары Мария-Тереса Фернандес де ла Вега ашты. Бұдан дәл 40 жыл бұрын жарыққа шыққан романды 7 бетке сыйғызып айту үшін әрбір қатысушыға 15 минуттан уақыт бөлінген. 2003 жылы Кореяда бірлесе оқуға негізінен балалар кітабы таңдалды. Бұл жоба одан кейін «Бір кітапхана – бір кітап», «Бір ауыл – бір кітап» деген жобалар түрінде көрініс тапты. «Жаппай оқу оқиғасы» жыл сайын Англияның оңтүстік-батысында өткізіліп тұрады. Мұнда әр жылдың қаңтарынан наурыз айына дейін бір кітап оқуды қолға ала бастады. Абайұлы Тұрағұл. Өмірбаяны. Турағұл Абайұлы- бұл Абай балаларының ішінде орны ерекше жан десе болады. Оның өмірі мен шығармашылық асулары сан алуан тараулардан тұрады. Қазақ әдебиетіне қосқан үлесі өте зор. Артында өлмес мұрасы қалды. Абайдың екінші әйелі Әйгерімнен туған тұңғыш баласы- Тұрағұл. Еркелетіп Тураш деп те атайды. Тұрағұлдың аты елге мәлім болғанымен оның өмірбаяны әлі күнге толық зерттеліп жазылған жоқ, - деп жазады белгілі ғалым, Абайды зерттеуші Қайым Мұхаметханов. Турағұл жайында сөз қозғасақ, әдеби мұрасы – аудармамен байланысты. Ол осы бір әдебиеттегі аудармаларына қаншама жанын салып еңбек етті. Бала Турағұл әкесі Абайдан үлгі алды. Абай салған жолды жалғастырды. Әдебиеттегі аударма ісімен әкесі Абайдың да ара-қатынасы, байланысы, шиеленісі біршама. Осы ретте Абай туралы да айтпасқа болмайды... Абайдың аудармалары жайында құнды зерттеулер жасап, еңбек жазған З.Ахметов Абай аудармаларына бүгінгі күн тұрғысынан келіп қарау еместігін айта келіп, былай деп ой тұжырымдайды: «... Абай болса, ол қазіргі аудармашылардай тек түп нұсқасы бар қалпында жеткізуді ғана мақсат етпеген. Қай шығарманы болсын өз көңіл күйіне үйлестіре, қысылмай, қымтырылмай еркін тәржімелейді. Сонда да кейбір аударма өлеңдері түпнұсқамен өте жақын келіп, мейілінше үндес шығып жатса, ол оның ақындық шеберлігінің бір қырынан көрінуі, қызықтап, қазақшалап отырған түпнұсқаның сарыны мен өз ой-сезімінің арасындағы үйлестіктің нәтижесі». Біз Турағұлдың аудармасы жайлы әлі алдағы тарауда жекелеме тоқталамыз. Ақынның шыққан ортасы. Біз бұған қарап Турағұл Абайұлының орысшаға өте жақсы болғанын білеміз. Нақты дәйек үшін, естелігіндегі Көкбай ақынның айтқанын келтірейік: «Абайдікіне келген орыс досы сол тобықты ішінде Мамай руына бармақ болады. Абай қасына Көкбайды қосып береді. Көкбай орысша сауатты кісі. Олардың қасына Тұрағұлды да ертіп жібереді.Ауылдан шыға бере әңгімеге кірістік, орыс ортамызда, мен өзімше орысшаға тәуірмін ғой деп сөйлесе бастаған соң, Турағұл да араласты. Орыс тілін «білгіш» мен елеусіз қалып, қонағымыз Турағұлмен сөйлесіп кетті. Сөйтсем, ол орыстың жазушыларын жақсы біледі екен. Ақырында мен жанторсық сияқты босқа салақтап барып қайттым. Абай ауылында жиі болып, бірге өскен Турағұлдың орысшаға жетік екенін бірінші рет естіп таң қалдым» деген Көкбай. Турағұл әкесі туралы естелігін үлкен әңгіме етіп жазып қалдырған. Ол естелігінің көп қысқартылған шағын нұсқасы ғана 1933- 1940 жылдарда шыққан Абай жинақтарында жарияланған. Естеліктің толық нұсқасының қолжазбасы сақтаулы. Біз Турағұлдың нақтылы туған жылы туралы мағлұмат, аталған естелік әңгімесінің қолжазба нұсқасында айтылған, Тураштың өз сөзінен келтіреміз: «Мен әкемнің отыз екі жасында, жастықтың алғашқы ағыны басылып, жігіт ағасы болып қалған кезінде тудым» - дейді. «Мен әкемнің 32 жасында... тудым» деген сөз болуы керек-ті, дұрысы: «1889 жылы менің 14 жасымда» дегені болады. Олай дейтініміз Турағұл дүниеден көшкенде (1934) қасында болып, өз қолынан ақырғы сапарына аттандырған, қазір көзі тірі, қызы- Мәкен (1911 жылы туған): «Әкем 59 жасында қайтыс болды» - дейді. Сөйтіп, Турағұлдың дүниеге келген нақтылы уақыты 1875 жыл болады. Тураш жас шағынан әкесі Абайдың қолында болып, тәлім-тәрбиесін көп көріп өскен баласы болды. Мұхтар Әуезов былай дейді: «... 1891 жылға шейінгі өмірі Абайдың ең мағыналы өткізген жылдары болды... Сол уақыттарда жас шәкірт болып әкесінің қолында тұрып, оқып жүрген Тураш деген баласы мынаны айтады: «Осы жылдарда мәжілісінде ілім сөзінен басқа сөз жоқ болды. Бастығымыз Шәһкәрім болып шәкірт секілденіп сөзін тыңдап, медреседегі шәкірттерінше: ақиқат олай емес, бұлай болады деп, бір-бірімізбен дауласып жатушы едік.... Ұстаздық қылып отырғанда біздің жүрегімізге мал құмар, мансап құмар адам емес деп егуші еді. Әрдайым сағынып көксеп, кезікелгенде қуанып қатты рахаттанатын уақыты: сөзді ұғар-ау деген адамдарды, іні, балалары секілді жастарға ілім сөзін сөйлеп, насихатын айтып отырған кезі болушы еді» (Абай Құнанбайұлы). «Толық жинақ», Қызылорда, 1933, 372 бет). Турағұл бала жасынан зерек, ұғымтал, зерделі болған. Әкесінің қадір қасиетін ерте түсініп, табиғи ақындық қуатын ерте танып өскен, Абайдың ең талапты, әрі талантты баласының бірі. Абайдың барлық ақындық өмірінің ең мағыналы, ең жемісті кезеңі 1889 жыл болғанын, сол жылы жиырмадан астам өлең жазғанын Мұхтар Әуезов ерекше атап айтады. Дәл сол жылы он төрт жастағы бала Тураш, әкесінің өзіне тән ерекше мінезін, ақындық шабыт үстіндегі тұлғасын терең түсініп, шебер суреттеп береді. 1889 ылы менің 14 жасымда туған үлкен шешемнің (Ділдә) Райхан деген деген апамды Найман Серікбай баласы Құдайбергенге беріп ұзатып, үйдің ішінің бәрі жолаушы кеткенде, әкеммен екеуіміз ғана үйде қалдық. Бұл жылы әкемнің белсеніп ғылым жолына кіріскен жылы екен, артынан байқасам... Таңертеннен кешке дейін көбінесе, орыстың кітабын оқиды да, ара-тұра жастықты баурына басып, алдында ақ қағазы, қолында қарындаш, күңіреніп отырып, өлең жазып тастайды. Сол өлең жазардағы түрі: Бір Мұсаға мінген кісідей өңі қашыңқырап, естілер-естілмес қылып күңіренгеннің ішінде, күбірленкіреп кеп жазып кеп тоқталып, ойлан бермейді де, қайта сызып түзетпейді, жазып кеп тоқталып, ойлан бермейді де, өлеңнің тығыны суырылып кеткенге ұқсайды, - дейді Тураш. Тұрағұл әкесі өмірден қайтқанша, сол кісінің қолында болып, тәрбие алды. Әкесі өлген соң, немере ағасы Кәкітай Ысқақұлымен бірге, әдеби мұрасын жедел жинап, баспаға әзірлеу ісіне кіріседі. Ең алдымен Абайдың өлеңдерін, өмірбаяны туралы мағлұматтарды, өздеріне бұрыннан таныс, Әлихан Бөкейхановқа тапсырды. Әлихан орыс тілінде: «Абай (Ибрагим) Құнанбаев (некролог)» деп атап мақала жазып, 1905 жылы «Семипалатинский листок» газетінде (1905 №250-252) және 1907 жылы «Записки Семипалатинского подотдела Западно-Сибирского отдела Русского географического общество» (выпуск,3, 1907) атты кітапта жариялады. Мақаласының соңында Ә.Бөкейханов «Оригинальные сочинения Абая и его переводы из Пушкина (отрывок из Евгения Онегина), Лермонтова и Крылова собраны его сыном Турагулом и в непродолжительном времени будут изданы Семипалатинским Подотделом императорского Русского географического общества под редакцией А.Н. Букейханова» деген. Бірақ, Ә.Бөкейханов айтқан кезде Абай жинағы шыққан жоқ. Турағұл мен Кәкітай жинап, баспаға әзірлеген Абай өлеңдерінің алғашқы жинағы 1909 жылы Петербургте басылып шыққаны мәлім. Турағұл осы жылдары Әлихан Бөкейхановпен сонан кейін Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсыновтармен жақсы танысып, сырлас дос, тілектес, ниеттес болып кетеді. Кейін, 1917 жылы Алаш партиясы құрылғанда, Турағұл Алаш партиясының Семей облыстық комитетінің мүшесі болған. Ол туралы «Қазақ» газетінің 1917 жылы, желтоқсанның 2 күнгі 253 санында жарияланған хабар бар. Абай балаларының, жалпы Құнанбай ұрпақтарының сонау 1900 жылдардан бастап, Алаш көсемдері Әлихан, Ахмет, Міржақыптармен жақсы таныс болғанын бұл арада атап айтуымыз керек. Мәселен, Әлихан Бөкейханов Кәкітайдың қазасына байланысты «Қазақ» газетінде жарияланған мақаласында: «... 1908 жылы Семейде абақты борышымды күтіп жүргенде Шәкәрім, Кәкітай, Тұрағұл әдейі қалаға келіп, тағы біраз күн көңіл көтеріп, шат болған едік. Мен абақтыда жатқанымда олар тағы келіп амандасқан. Бұған өзге қазақ жарамады-ау деймін» деп еске алады. Міне, Турағұлдың Алаш қайраткерлерімен арадағы достық қарым-қатынасы ол қашан ақтық демі таусылып, қайтыс болғанға дейін үзілмейді. Турағұл Абайұлының алғаш Алаш тілегінде болып, оны ашықтан ашық қолдап шығуы 1916-1917 жылдардағы Ресейдегі саяси оқиғалар кезінде айқын байқалды. Алаш қайраткерлерінің ақ патшаның тыл жұмыстарына қазақтан солдат алу жөніндегі июнь жарлығына қара халық қарсы шығып, босқа қырылып қалмасын деп қолдау көрсеткенін білеміз. Ол туралы Әлихан, Ахмет, Міржақып үшеуі бірлесіп «Қазақ» газетіне жазған «Алаш азаматына» мақаласында: «... Қазақ шын қарсылық қылатын болса, ел-елге отряд шығады. Отряд шықса, елдің берекесі кетеді, бас пен малға әлегі бірдей тиеді, елдің іргесі бұзылады» деп айқын айтылады. Ұлт тағдыры таразыға түскен осындай қысылтаяң шақта бұл істен Турағұл Абайұлының шет қалмағаны аңғарылады. Мысалы, 1916 жылы «Қазақ» газетінде Семей жақтан жарияланған шағын хабарда: «31 июньде Семей уезінің 7 болыс (Шыңғыс, Шаған, Мұқыр, Қызыладыр, Беген, Семейтау және Бұғылы) ақсақалдары хакімдердің рұқсатымен Семей қаласында бас қосып кеңесті. Қазақтан соғыс майданына кісі жіберу жайын сөйлесті. Мәжіліске председатель болп Турағұл Ыбрайұғлы Құнанбаев, секретарлыққа Сыдық Дүйсенбіұғлы сайланды. Мәжілістегілер тегіс патша жарлығына елдің қарсылығы жоқтығын білдірді» дейді. 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейінгі кезеңде де Турағұл Абайұлының Алаш қайраткерлерімен бірге ұлт мүддесіне қатысты істердің бел ортасында жүргенін көреміз. Мәселен, ақ патша тақтан түсіп, Мемлекеттік Дума таратылған тұста бүкіл билік Ресейде Уақытша Үкіметке тиіп, Учредительное собраниеге депутат сайлау мәселесі қызу көтеріледі. Міне, осы мәсееге Әлихан Бөкейханов бастаған қазақ зиялылары да белсене араласады. Ә.Бөкейханов 1917 жылы «Қазақ» газетіне жариялаған «Қазақ депутаттары» атты мақаласында: «Мұнан бұрын «Қазаққа» жазылған еді: «Учредительное собрание құдайдан соңғы күшті, мұның ісін бұзатын хүкімет жоқ» деп. Бұл барша Россия мемлекетінің негіз законын басқарады екен. Мұнда барша қазақтың да ісі қаралады деп. Біздің алаштың баласы учредительное соьраниеге партия жасалмай, барша алаштың шешенін, білгішін, таза пікірлісін сайлағаны алаштың пайдасы болады. Осы ақыл жұрт пайдасы-ау деп, біз жалпы қазақ съезінің бюросы қазақ жұртынан депутат болатын жігіттердің атын атамақ болдық» дей келіп, Бүкілресейлік учредительное собраниеге депутаттыққа 43 адамның кандидатурасы ұсынылғанын жазады. Ал осы депутаттар тізімінде Семей облысынан Міржақып Дулатов, Халел Ғаббасов, Биахмет Сәрсенов, Райымжан Мәрсековтармен қатар Турағұл Абайұлының есімі де қатар аталады. 1917 жылы күз айында Семейде Алаш партиясының облыстық комитеті құрылған уақытта оған Турағұл Абайұлының мүшелікке сайланғанын біз жоғарыда айттық. Ол осы Алаш партиясының бастауыш ұйымдарын құрысуға, сондай-ақ жалпы қазақ съездерінің жұмысына және ел өміріндегі тағы басқадай саяси-қоғамдық істерге қызу атсалысады. Сөйтіп, Семейде Алашорда үкіметі өмірге келген кезде, оның белсенді әрі беделді мүшелерінің біріне айналады. Осы орайда Турағұл Абайұлының Алашорда үкіметіндегі қызметіне қатысты бірер дерек келтірейік. 1918 жылы «Қазақ» газетіне Орынбор жақтан жарияланған мынашағын хабарда: Түркістан қазақтарын Алаш автономиясына қосу жайынан сөйлеуге «Алаш Орда» тарапынан жіберілуге тағайындалған Бақтыкерей Құлманов, Міржақып Дулатов, Турағұл Абайұлы Түркістан шаһарында болатын Сырдария қазақтарының облосной съезіне баруға 30 декабрьде жүріп кетті» делінген. Сірә, бұл Сырдария облысы қазақтарының Түркістан автономиясына бағынудан бас тартып, Алашорда үкіметіне ниет білдірген кез болуы керек. Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың арнайы тапсырмасымен барған олар сол жолы аталмыш съезге қатысып, өз пікірлерін білдіріп қайтады. Сол сияқты Гүлнар Міржақыпқызы өз естелігінде: «Бұл енді 1917-1918 жылдар болуы кере. Байтұрсынұлы Ахмет атам мен әкемнің Орынборда «Қазақ» газетін шығарып тұрған уақыты. 1917 жылы шілде айында өткен «Алаш» партиясының ІІ- съезіне қатысқан ұлы Абайдың баласы Турағұл біздің үйге келіп түсі. Сол кезде есінде қалса керек, бертін (1925-1926 жылдары) келе, Шыңғыстауға барып жүргенімде Тураш ата (Турагул) менің татарша сөйлегенімді есіне алып күлетін» дегенді айтады. 1917 жылдың күз айларында Семейде уездік және облыстық Земстволарына депутаттар сайлау науқаны, әсіресе, қазақ жұртшылығы тарапынан өте қызу әрі тартысты өтеді. Бір жағынан оның солай болатын да жөні бар еді. Алаш қайраткерлерінің елдегі билік тізгінінен айрылып қалмайық деген үндеуі мен ұйымдастыру шараларына байланысты бұл іске қазақ зиялылары белсене қатысады. Біз қазақтың ойшыл ақыны Шәкәрім Құдайбердіұлының да Семей уездік Земство жиынына депутат болып сайланғанын бұдан бұрын жазған едік. Настоящим УЗУ сообщает, что гласными в облземсобрании от УЗ.собранием избраны граждане: Ляшкевич Константин Павлович, Сарсенов Бияхмет, Молдабаев Анияр, Алимбеков Имам, Ибрагимов Турагул, Есенгулов Курман и Проськов Михайл Степанович, кандидатами: Аймухаметов Ермухамет, Муздыбаев Курманбай, Мухамедуалиев Мухамеджан, Утепов Толумхан, Казангапов Иманбазар и Шахворстов Дмитрий Семенович. Демек, мұның өзі Турағұл Абайұлының Алаш қайраткерлерімен бірге ХХ ғасыр басында-ақ болашақ тәуелсіз қазақ мемлекетінің іргетасын аласуға елеулі үлес қосып, қызмет атқарғанын айғақтайды. Турағұл Абайұлының Алашорда үкіметі өміріндегі саяси маңызы зор істерге үнемі араласып отырғанына тағы да мынадай құнды деректер дәлел болады. Мысалы, соның бірі- Турағұл Абайұлының Алаш атты әскерін құрудағы қызметіне қатысты. 1918-1919 жылдары ел іші ақ пен қызылға бөлініп, азамат соғысы жүріп жатқан кезде Алашорда үкіметінің атты әскері мен милициясы қара халықты көптеген қантөгістерден қорғап қалуға көмек болғанын қазір алаштанушы ғалымдар ашық айтады. Жалпы, сол кездің өзінде-ақ Алаш көсемдерінің бірі Міржақып Дулатов: «Бізбен туысқан мынау башқұрт халқы біздің үш бөлігіміздің біріндей-ақ.Осы күні осылардың әскері бар. Сондықтан басқалар башқұртты елеулі ел көріп отыр. Әйтпесе, әскер жинап башқұрт ешкіммен соғысып отырған жоқ. Біз де соғыспаймыз. Сөз байлауы сол, әскеріміз болмаса, қазынамыз болмаса, біз автономия ала алмаймыз. Автономия ала алмасақ, жұрт бола алмаймыз. Қайтсек жұрт боламыз дегенді ойласақ, жауап беру-ақ, әскеріміз болса ғана жұрт боламыз» деп жазды. Ал енді Алаш атты әскерінің құрылу тарихына қатысты деректерге келсек, Семейдегі жаңа тарихи құжаттама орталығындағы «Список организаторов Алашского конного партизанского полка, участников организации против Советской власти в 1918 г. Правительсва Алаш-Орды» деген ресми құжатта Әлихан Бөкейханов бастаған қырыққа жуық адамның тізімі ішінде Турағұл Абайұлының есімі де аталып көрсетіледі. Сонымен бірге Семейде Алашорда үні болған «Сарыарқа» газетіндегі Алаш атты әскерінің алғашқы жеңістерінің біріне арналып жазылған мақала туралы айта кетпесе тағы болмайды. Онда 1918 жылы Алтай губерниясы бағытында большевиктерді өкшелей қуған Алаш әскерінің жеңспен оралғаны, бұл әскерге Турағұл Абайұлы, Биахмет Сарсенов, Қаражан Үкібаев және тағы басқалардың басшылық жасағаны айтылады («Сарыарқа» 1918, №44). Семейде Кеңес үкіметі орнағаннан кейінгі кезеңде Алаш қайраткерлерінің алғашқыда кешірім жасалғанымен алайда мұның бәрі большевиктердің уақытша елді алдап-арбауға құрылған қулығы еді. «1922 жылы Семейде Әлихан Бөкейханов пен Міржақып Дулатов тұтқынға алынғанда, Турағұл да түрмеге жабылып, төрт айдай отырып шыққан. Содан кейін, елмен араласпай, Ақшоқыдағы мекен-жайында жатып, жазумен шұғылданады» дейді. Алаш қайраткерлері Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Турағұл Абайұлының 1922 жылы Семей түрмесінен босап шығуына сол бір кезеңде Семей губревкомының төрағасы қызметін атқарған қазақтың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Смағұл Сәдуақасовтың (Әлихан Бөкейхановтың болашақ күйеубаласы) үлкен көмегі тигенге ұқсайды. Бұл іске, сондай-ақ Мұхтар Әуезовтың да елеулі қатысы болды деп ойлаймыз. Өйткені олар жаңағы Алаш қайраткерлері Семей түрмесіне қамауға алынар тұста, яғни 1921 жылы осы аймақтағы ең жоғарғы билік органы – Семей губерниялық революциялық комитетіне басшылыққа тағайындалды. Мысалға, Семейде шығып тұрған «Степная правда» газетінде осы үкімет органының жаңадан құрылуы туралы Семгубревкомының жарлығы беріліпті. Онда: «Приказ Семипалатинского Губерненского Революционного Комитета от 3-ого июня 1921 года. Согласно постановлению Президиума Киргизского Центрального Комитета Советов от 18 мая с.г. Семипалатинский Губисполком в связи с переходом губаернии к Киргизской республике распускается и назначается Губревком в составе: председателя т. Садвакасова, заместителя т.Левитана и членов т.т. Большакова, Ауезова, Нурмакова, Полозова и Глинского Ссего числа вся полнота власти в губернии переходит Губревкому и все приказы, обязательные постановления и распоряжения последнего подлежат безпрекословному исполнению всем советским учреждениям губернии. Все приказы, обязательные постановления и распоряжения быв. Губисполкома остаются в силе. Председатель Губревкома Садвакасов. Секретарь Полозов» делінген. Өкінішке қарай, кеңес үкіметі Алаш идеясына тілектес Смағұл Сәдуақасов, Мұхтар Әуезов, Нығмет Нұрмақов сынды қазақ зиялыларын бұл қызметте ұзақ тұрақтап отырғызбады. 1923 жылы Мәскеуден Сталиннің арнайы жарлығымен семей губеревкомына басшылыққа қанғұйлы Николай Ежов келді. Ол Қазақстанда, соның ішінде Семейде қызмет атқарған осы үш-төрт жылдың айналасындағы талай жазықсыз жандардың түбіне жетті. Дәл осы жылдары Әлихан Бөкейханов бастаған Алаш қайраткерлері Семейден еріксіз басқа жерлерге кетуге мәжбүр болды. 1927 жылы жазғытұрым Тұрағұлды тағы тұтқынға алып, 1928 жылдың көктеміне шейін түрмеде жатады. Түрмеден шыққан соң конфескеленіп, Шымкентке жер аударылды. Оның бұдан былайғы өмірі ауырып азап, қайғы-қасіретпен өтеді. Оны ешбір жер жұмысқа алмайды, жазған еңбектері басылмайды. Абай мен Әйгерімнің туған тұңғышы Турағұл болса, одан кейінгі баласы Мекайыл (Мекеш), кенже баласы- Ізкайыл еді. Турағұл айдалып кеткенде, елде екі інісі қалады. Ізкайыл кетіп, Семейде тұрған Мекайылды түрмеге жауып, 1931 жылы Тобықтының 70 адамымен бірге атып өлтіреді. Сол айтылғандардың ішінде: Оразбайдың баласы Медеу (Турағұлдың құдасы), Медеудің баласы Санияз (Турағұлдың Ақыш (Ақылия) деген қызының күйеуі), Мәукіл (Медеудің үлкен баласы) болатын. Сол 1931 жылы Шаһкәрім де атылды. Айдауда жүрген Турағұлдың басына төнген қайғының қара бұлты қоюлана түсті, қабырғасын қайыстырып, өзегін өртеді. Бұдан бір жыл бұрынғы көрген қайғысы бәрінен ауыр еді. Турағұлдың Сақыпжамал деген әйелінен туған [Жебрәһил (Жебеш)] атты ең жақсы көретін баласы, Семейде орысша орта мектепті бітіріп, Томскі институтында оқып жүрген шағында, Тобықтының шолақ белсенділерінің бірі 1928 жылы «Турашы кеткен соң, Жебеші де қалмасын» деген атпен газетке мақала жазып, институттан қуғызады. Сонан соң, Жебеш әкесінің артынан Шымкентке келіп, одан Ташкентке барып, Мұхтардың (Әуезовтің) үйіне тоқтайды. Ол кезде Даниал Кәкітайұлы Ысқақов та Ташкентте тұратын. Жебештің жазылмасына көздері жеткен соң, Мұхтар мен Даниал Жебешті ауруханадан алып шығып, бір оңаша үйге орналастырады. Дәл сол күні Мұхтар мен Даниал тұтқынға алынып, түрмеге жабылады. Бірнеше күннен кейін Жебеш қайтыс болады. Сөйтіп, Жебешінен өлі айырылып, Мұхтардан тірі айырылған Турағұл қалың қайғыға батып, қан жылап құлазып қалады. Талантты өнерпаз, тамаша әнші Жебеш 26- ақ жыл өмір сүріпті. Жебешті Мұхтар ерекше жақсы көрген. Турағұлдың Миса деген бәйбішесінен туған баласы Зүбайыр 1933 жылы екі баласымен Қырғызстанда өледі. Турағұлдың үлкен баласы (1900) Ақыш (Ақалия) 1985 жылы 1 маусымда маған жазған хатында әкесі (балалары Турағұлды аға дейді) туралы былай дейді: «Мұқаң (Мұхтар Әуезов) пен Тураш ағамның ақырғы кездесуі 1933 жылы болатын. Сол жолы Мұқаңның үйіне түскен. Алматыға келген соң Исаевқа (Ораз Исаев, Совнорком бастығы, Қ.М.) арыз жазып: алаларым жоқ, өзіме жұмыс бермейді, рқсат жоқ дейді. Аудармаларым басылмайды. Қалай күн көрем, не істеуім керек? Десе Исаев: Әзір ештеңе дей алмаймын. Кейін көрерміз деп қайтарған. Тураш ағам туралы көп не айтайын... Ол кісі өмірдің көп қиындығын көріп, қиналып кетті ғой. Ал Мекеш ағадан қалған екі баласы болатын. Үлкен Ғұзайыр, кішісі-Ғалиге. Екеуі де соғыстан келмеді. Ізкайыл ағамыздан Тоқташ деген баласы бар еді. Өлеңді жаңа айтып жүргенде, соғысқа кетіп, келмеді. Ақыры біз біткен ауыл болдық қой...» - дейді Ақыш марқұм. Ақыш 1990 жылы 90 жасында Алматыда қайтыс болды. Турағұлдың қызы, әкесін өз қолынан ақырғы сапарына аттандырған Мәкен. Ол былай деп жазды: «Тураш ағам, шешеміз Сақыпжамал, немересі Алпаш (Жебештің баласы) үшеуі Шымкент қаласында бір сарттың үйінде пәтерде тұрды. 1934 жылы қатты ауырып жатты. -Оны кейін білерсің, - деді де, басқа ештеңе айтпады. Ақыры айтқаны 37 жылы келді ғой. Тураш ағам 1934 жылы 6 наурыз күні, елу тоғыз жасында, қайтыс болды. Шымкент қаласының ортасындағы мұсылман зиратына жерленді. Кейін сол зираттың үстіне химзавод салыныпты. Завод салынарда Тураш ағаның сүйегін алатын жанашыр жақыны болмай, завод астында қалды. Ол кезде біз Шымкенттен ауысып, басқа жаққа кеткен болатынбыз», - дейді Мәкен апамыз. Абайдың сүйікті баласы, ең соңғы мұрагері, талантты ақын, жазушы, мәдениет қайраткері, Алаштың ардагер асыл азаматы- Турағұлдың әзірге бізге мәлім, қысқаша өмір тарихы осы. Турағұл Абайұлы Құнанбаевтың өмірбаяны терең зерттеліп жазылуы керек. Бенетице. Бенетице - мынау орнында болған ауыл Высорчина (Чехия) жағында Светла-над-Сазавоу қаласының солтүстік - батысында, 555 метр теңіз деңгейінің үстінде. Шалқар (көл). Шалқар көлі, АйыртауШалқар — Солтүстік Қазақстан Есіл алабындағы тұзды көл. Айыртау ауданындағы Шалқар ауылының солтүстік-батысына қарай 7 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 309,7 м биіктікте жатыр. Аумағы 35,5 км², ұзындығы 15,0 км, су айдынының көлемі 267,0 млн. м³, су жинайтын алабы 209 км². Шоқылар арасындағы аңғардағы көл қазаншұңқырында жатыр. Оңтүстік жағалауы көктеректі-қайынды шоқ тоғайлармен көмкерілген, жағаның қалған бөлігі ашық. Су жинайтын алабының 30%-ы жыртылған, кей бөлігіне бетеге-боз өскен. Көлге 5 кішкене өзен құяды. Суы минералданған, мал жаю үшін пайдаланылады. Ақтан Бабиұлы (1897-1973). Моңғолиядағы жазба әдебиеттің негізін салушы – Ақтан Бабиұлы (1897-1973). Ол МХР мәдениеті мен өнеріне еңбегі сіңген қайраткер, ақын әрі драматург, сонымен бірге ауыз әдебиетінің белді өкілі. Жас кезінде айтыскер ақын ретінде елге танылған ол 1919 жылдан бастап “Кедей күні”, “Сары Мешелге”, “Қарау байға”, “Жөргем салға”, “Халел мен Мәлік молдаға” секілді өлеңдерімен сол кездегі мешеулікті сын тезіне салып, тілі уытты сыншыл да шыншыл ақын ретінде халыққа танылады. Оның Ұмсындық, Ғазиза, Ақбалалар мен айтысы сол кездегі қазақ өмірінің айнасы деуге болады. А.Бабиұлы 1940 жылдан бастап “Өркендеу” газетіне өршіл үнін қосып, жаңа заманның жаршысы болумен бірге мәдениет пен өнерге қарымды үлесін қосқан сергек саналы қайраткер болды. Оның оннан астам жинақтары жарық көріп, драмалық туындылары театр репертуарының мәйегіне айналды. Ақынның 1940-1960 жылдарда жазған өлеңдері үгіт-насихат сипатында болып, халықты жаңа қоғам құруға уағыздады, ескі мешеулікті қатты сынауға бағытталды. Ол достық тақырыбында “Орыс даласы”, “Москвам”, “Қанды соғыс”, “Отан жыры” секілді туындылар, “Қыс”, “Жазғы мысал”, “Қобда өзені”, “Бесбоғданың қойыны”, “Бөкентау” секілді табиғат лирикаларын жазды. Ақынның “Бүркіт” (1959), “Досымбек-Балқия” (1964), “Өмір жолы” (1970) секілді поэмалары оның қаламгерлік қарымын жалпақ елге танытқан шоқтығы биік туындылар болумен бірге поэма жанрының қалыптасуына негіз болды. Арғынбай Жұмажанұлы. Арғынбай Жұмажанұлы 1954 жылы Алматыда Абай атындағы қазақ педагогика институтының филология факультетін бітірген соң туған жеріне қайтып оралып, Баян-Өлгей аймағындағы мәдени-ағартушылық істердің тізгінін қолға алып, ел-жұрттың рухани толысуына тегеуірінді ықпал еткен адам. Өнер бердің, жыр төгіп шалқып барам. Кешір мені туған жер — Моңгол елім, Ол орта мектепте мұғалім, директор, аймақтық оқу бөлімінің меңгерушісі, аймақтық партия комитетінің хатшысы, "Жаңа Өмір" газетінің редакторы, қатарлы қызметтерді абыроймен атқарып, құрметті демалысқа шыққан. Монғол Халық Республикасы халық ағарту ісінің үздігі, 1950 жылдан Монголия Жазушылар одағының, 1971 жылдан Монғолия Журналистер одағының, 1993 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, көрнекті жазушы драматург, Монғолия Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты. Өлең, дастан, драмалық шығармаларының он шақты жинағы қазақ тілінде, төрт кітабы монғол тілінде басылған. Шығармалары орыс, украйн, болғар, тува, алтай тілдеріне аударылып жарық көрген. "Талаптылар мен табынушылар", "Ертіс әуендері", "Бірлестікшілер", "Сандуғаш" пьесалары театр сахнасында қойылып, "Шайқас алдында", "Домбыра әуендері" атты көркем және деректі фильм сценарилері кино болып шыққан. Монғолия Үкіметі Арғынбай Жұмажанұлының ұстаздық және жазушы-журналистік еңбегін жоғары бағалап, "Еңбек қызыл ту", "Алтын жұлдыз" ордендерімен және мерекелік медалдармен марапаттаған. "Көшпенділер" фильмінде айтылатын "Балапан қаз" әнінің сөзін жазған осы Арғынбай Жұмажанұлы. Ақыт Үлімжіұлы (1867-1940). Ақыт Қажы Үлімжіұлы - атақты қазақ ақыны, діни қайраткері, халық ағартушысы. Шығыс Түркістандағы Алтай аймағының Көктоғай ауданында кедей отбасында дүниеге келді. Бала кезінен бастап ауыл молдасынан, одан кейін Бұқар медресесінде дәріс алып араб, парсы тілдер, сондай-ақ шариғат пен тәжуитті үйренген. 1908 жылы Алтай, Қобда аймақтары қажылар тобының аудармашы ретінде Меккеге қажыға сапар шегіп барады. 1910 ж. елге қайтып келген соң, Сарытоғай ауылында мектеп ашып мұғалім болады. 1939 жылы Шэнь Шицайдің үкіметіне наразы шыққан халық көтерілісіне белсене қатысқаны үшін ұсталып қамалды да, 1940 жылы абақтыда қаза болды. Ақыт Үлімжіұлы. Ақыт Қажы Үлімжіұлы - атақты қазақ ақыны, діни қайраткері, халық ағартушысы. Шығыс Түркістандағы Алтай аймағының Көктоғай ауданында кедей отбасында дүниеге келді. Бала кезінен бастап ауыл молдасынан, одан кейін Бұқар медресесінде дәріс алып араб, парсы тілдер, сондай-ақ шариғат пен тәжуитті үйренген. 1908 жылы Алтай, Қобда аймақтары қажылар тобының аудармашы ретінде Меккеге қажыға сапар шегіп барады. 1910 ж. елге қайтып келген соң, Сарытоғай ауылында мектеп ашып мұғалім болады. 1939 жылы Шэнь Шицайдің үкіметіне наразы шыққан халық көтерілісіне белсене қатысқаны үшін ұсталып қамалды да, 1940 жылы абақтыда қаза болды. Ақыт Қажы атамыздың “Жиһанша”, “Ахиретбаян”, “Сәйпілмүлік - Жамал” дастандары Қазан баспасында бірнеше рет жарық көрді. Оның “Абақ керей шежіресі”, “Ер Жәнібек”, “Алтай” сияқты толғау өлеңдері қолжазба түрінде кең тараған. Ақын Ақыт Үлімжіұлы Қарымсақовтан бастап 30-дан астам халық ақындарының шығармалары жинастырылып, зерттеліп, ел игілігіне айналды. Ақтан Бабиұлы. Моңғолиядағы жазба әдебиеттің негізін салушы – Ақтан Бабиұлы (1897-1973). Ол МХР мәдениеті мен өнеріне еңбегі сіңген қайраткер, ақын әрі драматург, сонымен бірге ауыз әдебиетінің белді өкілі. Жас кезінде айтыскер ақын ретінде елге танылған ол 1919 жылдан бастап “Кедей күні”, “Сары Мешелге”, “Қарау байға”, “Жөргем салға”, “Халел мен Мәлік молдаға” секілді өлеңдерімен сол кездегі мешеулікті сын тезіне салып, тілі уытты сыншыл да шыншыл ақын ретінде халыққа танылады. Оның Ұмсындық, Ғазиза, Ақбалалар мен айтысы сол кездегі қазақ өмірінің айнасы деуге болады. А.Бабиұлы 1940 жылдан бастап “Өркендеу” газетіне өршіл үнін қосып, жаңа заманның жаршысы болумен бірге мәдениет пен өнерге қарымды үлесін қосқан сергек саналы қайраткер болды. Оның оннан астам жинақтары жарық көріп, драмалық туындылары театр репертуарының мәйегіне айналды. Ақынның 1940-1960 жылдарда жазған өлеңдері үгіт-насихат сипатында болып, халықты жаңа қоғам құруға уағыздады, ескі мешеулікті қатты сынауға бағытталды. Ол достық тақырыбында “Орыс даласы”, “Москвам”, “Қанды соғыс”, “Отан жыры” секілді туындылар, “Қыс”, “Жазғы мысал”, “Қобда өзені”, “Бесбоғданың қойыны”, “Бөкентау” секілді табиғат лирикаларын жазды. Ақынның “Бүркіт” (1959), “Досымбек-Балқия” (1964), “Өмір жолы” (1970) секілді поэмалары оның қаламгерлік қарымын жалпақ елге танытқан шоқтығы биік туындылар болумен бірге поэма жанрының қалыптасуына негіз болды. Құрманхан Мұқамадиұлы. Құрманхан Мұқамадиұлы – (1923-1964) әдеби қызметін өлең жазумен бастады. Оның “Құттықтау”, “Қыс”, “Октябрь тойына”, “Қазақстандық достарға” “Тау қойнында жеке дара” секілді өлеңдері бар.Әйткенмен ол қаламгерлік қабілетін драма саласында көрсете білді. Қажығұмар Шабданұлы. Қажығұмар Шабданұлы - 1925 ж. қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Таңсық елді мекенінде дүниеге келген. 1930-шы жж. басында ашаршылықтан бас сауғалап, ата-анасымен Қытайдың Шыңжаң өлкесіне қарасты Дөрбілжін ауданына ауып барған. Жергілікті халықтардың мәдени-ағарту көтерілісі кезеңінде Дөрбілжіндегі «Қазақ-қырғыз ұйымын» басқарған. Алғаш рет 1958 ж. «оңшыл», «солшыл» деген саяси айыптаулармен сотталып, 22 жылға бас бостандығынан айрылған Қажығұмар жазасын Такламакан шөліндегі Тарым лагерінде толық өткеріп, 1980 ж. бостандыққа шығады. 1986 ж. желтоқсанында ұлттық дербестікті көздейтін «Үміт» атты партия құрды және Қазақстанның астыртын ұйымдарымен байланыс жасады деген айыптаулармен, шетел жансызы деген желеумен 13 жылға екінші мәрте түрме жазасына кесіледі. Бұл жаза мерзімін ол Үрімжі қаласының №1 түрмесінде өткізеді. Қытай өкіметі тарабынан саяси себептерге байланысты қудаланғаны үшін Қажығұмар Шабданұлы қамауда отырған кезде адам құқығын қорғау жөніндегі «Халықаралық рақымшылық» (Амнести интернешнл) ұйымы оны «ар-ождан тұтқыны» деп танып, Қытайдың құзыретті ресми орындарынан ол кісіге байланысты әділ тергеу мен ашық сот жүргізуін жүйелі түрде талап еткен. Асқар Татанайұлы. Өзінің саналы ғұмырын қазақ жазба әдебиетінің дамуына арнаған Асқар Татанайұлы, Қытай Халық Республикасының Алтай аймағында дүниеге келген. Оннан астам дастан, жиырмаға жуық пьеса, мыңнан астам өлең, көптеген тарихи әңгімелер жазған қаламгер солақай саясаттың салдарынан он сегіз жылдай қуғынға ұшырап, көп қиындық көрген. 1933 жылы Шәрiпхан Алтай аймағының уәлиi шекара комиссарының бастығы болып белгiленгеннен кейiн, халық ағарту жұмысына кiрiсiп, қысқа мерзiмдi мұғалiмдер жетiлдiру курсын ашты. Сол кезде Асқар алғашқылардың бiрi болып оқуға түскен. 1934 жылы Шәрiпхан өзi ашқан мектептен түлеген түлектерiн халық ағарту жұмысына салып, әр ру өздерi мектеп салдырып балаларын оқытуға бұйрық шығарып, қадағалауға кiрiседi. Сөйтiп жер-жерден мектеп ашыла бастады. Асқар оқу бiтiрген кезде, Қазыбек руының салдырған мектебi бiтпей қалып, әрi қарай оқу үшiн Алтай қаласына көшiп барады. Сол тұста Шәрiпхан Сәбеттен бала оқытып тұрады екен, әкем сол жақтан оқуды ойластырып жүргенде, Шәрiпхан Семейден баспа машинасын алдырып, “Асқар сен осы баспа жұмысын атқарасың, бұл ең үлкен оқу” деп баспаның тұтқасын ұстатады. Сонымен Ахмет Байтұрсынның емлесiнде шығатын баспаны алғаш рет Алтайда iске қосты. Сол тұста Сәбетте Ахмет Байтұрсын емлесi қолданыстан қала бастаған едi. Баспа машинаны Коновалов деген орыстың үйретуiмен, Ғалым Құсайынов деген кiсi екеуi алғашында түрлi ұқтырулар мен жарнамаларды шығарып, 1935 жылы “Шыңжаң Алтай газетiн” алғаш шығарды. 1938 жылы “Жаңа Алтай” журналын қосып шығарды да, алғашқы баспа технигi, алғашқы бұқаралық ақпарат құралын шығарушы редактор ретiнде де тарихта өз iзiн қалдырып кеттi. МХР Жазушылар Одағының қазақ бөлімшесі. 1968 жылы 28 желтоқсанда МХРП ОК-нің саяси бюросы арнайы қаулы қабылдап, МХР Жазушылар Одағының қазақ бөлімшесін ресми құрды. Мұның бәрі ұлттық мәдениеттің түлеп жаңғыруына, әсіресе жаңа жазба әдебиеттің қалыптасуына зор әсерін тигізді. Соның нәтижесінде бүгінге дейін әдебиет саласында 400-дей қаламгер еңбек етіп, олардың қатарынан 20-дан астамы МХР Жазушылар Одағының мүшесі шығып, 70-тей талант иелері аймақтың жазушылар бөлімшесіне мүше болып, 1957-жылдан кейінгі кезеңде ақын-жазушы, драматургтер алды 10, арты бір кітаптан шығарма жазып, барлығы 300-ге тарта әдеби шығарма, зерттеу, 40-тан астам біріккен жинақ, моңғол тілінде 30 жинақты жарыққа шығарды. Әдебиеттің жаңа мазмұны мен түрі пайда боп әңгіме, повесть, роман, драма, кинодрама, поэма, сатира, фантастика секілді барлық жанрды қаламгер қауым игеруге атсалысты. Б.Ақтан. Моңғолиядағы жазба әдебиеттің негізін салушы – Ақтан Бабиұлы (1897-1973). Ол МХР мәдениеті мен өнеріне еңбегі сіңген қайраткер, ақын әрі драматург, сонымен бірге ауыз әдебиетінің белді өкілі. Жас кезінде айтыскер ақын ретінде елге танылған ол 1919 жылдан бастап “Кедей күні”, “Сары Мешелге”, “Қарау байға”, “Жөргем салға”, “Халел мен Мәлік молдаға” секілді өлеңдерімен сол кездегі мешеулікті сын тезіне салып, тілі уытты сыншыл да шыншыл ақын ретінде халыққа танылады. Оның Ұмсындық, Ғазиза, Ақбалалар мен айтысы сол кездегі қазақ өмірінің айнасы деуге болады. А.Бабиұлы 1940 жылдан бастап “Өркендеу” газетіне өршіл үнін қосып, жаңа заманның жаршысы болумен бірге мәдениет пен өнерге қарымды үлесін қосқан сергек саналы қайраткер болды. Оның оннан астам жинақтары жарық көріп, драмалық туындылары театр репертуарының мәйегіне айналды. Ақынның 1940-1960 жылдарда жазған өлеңдері үгіт-насихат сипатында болып, халықты жаңа қоғам құруға уағыздады, ескі мешеулікті қатты сынауға бағытталды. Ол достық тақырыбында “Орыс даласы”, “Москвам”, “Қанды соғыс”, “Отан жыры” секілді туындылар, “Қыс”, “Жазғы мысал”, “Қобда өзені”, “Бесбоғданың қойыны”, “Бөкентау” секілді табиғат лирикаларын жазды. Ақынның “Бүркіт” (1959), “Досымбек-Балқия” (1964), “Өмір жолы” (1970) секілді поэмалары оның қаламгерлік қарымын жалпақ елге танытқан шоқтығы биік туындылар болумен бірге поэма жанрының қалыптасуына негіз болды. Ақыт Қажы. Ақыт Қажы Үлімжіұлы - атақты қазақ ақыны, діни қайраткері, халық ағартушысы. Шығыс Түркістандағы Алтай аймағының Көктоғай ауданында кедей отбасында дүниеге келді. Бала кезінен бастап ауыл молдасынан, одан кейін Бұқар медресесінде дәріс алып араб, парсы тілдер, сондай-ақ шариғат пен тәжуитті үйренген. 1908 жылы Алтай, Қобда аймақтары қажылар тобының аудармашы ретінде Меккеге қажыға сапар шегіп барады. 1910 ж. елге қайтып келген соң, Сарытоғай ауылында мектеп ашып мұғалім болады. 1939 жылы Шэнь Шицайдің үкіметіне наразы шыққан халық көтерілісіне белсене қатысқаны үшін ұсталып қамалды да, 1940 жылы абақтыда қаза болды. Ж.Кәкей. Кәкей Жаңжұңұлы Ырысым сай нүр жері кең Қазақпын Қала салып, білім алып өскен Қазақ Пейілі түссе бір атын түсіп беріп Ойда баққан бір өңкей қой бақпаған Баянауыл. Алтын арқаның құтты мекені атанып жүрген бай қазыналы, көгілдір таулы көрікті өңірлердің бірі. Баянауыл ауданы Павлодар облысындағы ең ірі аудандардың бірі болды. Ол 18,5 мың шаршы шақырым жерді алып жатыр. Кезінде 83 елді мекені, 12 селолық, 3 кенттік кеңес болды. Тұрғындарының саны 38,1 мың адамға дейін өсті. Бүгін Баянауыл ауданында 40 елді мекен, 14 селолық, 1 кенттік округ бар. Аудан бойынша халық саны – 28900 адам. Қазіргі кезенде мұнда 8 мәдениет үйі, 27 кітапхана, Қ.Сәтбаев, С.Торайғыров, М.Ж.Көпеевтың атындағы мұражайлар жұмыс істейді. 32 жалпы білім беретін мектептердің 8- бастауыш, 3-уі негізгі, 21-орта мектептер. Жаяу Мұса атындағы 1 өнер мектебі және жасөспірімдердің спорт мектебі бар. Қазір ауданда 3 аурухана, 11 селолық дәрігерлік амбулатория,11 фельдшерлік-акушерлік пунктер бар. Оларда 200-ден аса медицина қызметкері қызмет көрсетеді. Халық шаруашылығының басқа салаларында жоғары білімді 1000-нан аса маман еңбек етеді. Ауданның экономикасы сан-салалы. Ең ірі өндірістік кәсіпорын –Майқайың алтын кен басқармасы.Ол мемлекетке өндірістікөнімнің 14 түрін береді.Баянауыл ауданы облыстағы ірі мал шаруашылығы базасы болып табылады. 1931 жылдан бері ауданда “Баянтау” газеті екі тілде шығып тұрса, 2005 жылдан бастап “Баянаула баурайы” атты екінші аудандық газет шыға бастады. Баянауыл орталығында автотранспорт, өндірістік жол учаскесі, мәдениет, байланыс,денсаулық сақтау,қазпошта, әлеуметтік қамтамасыздандыру, экология, ішкі істер, қорғаныс істері бөлімдері, сауда, тағы басқа мекемелер орналасқан. Баянауыл өлкесінің бүгінгі тыныс-тіршілігінен жаңа заманға бейімделу бағытына бет түзегенді аңғару қиын емес. Тарихы. Баянауыл тарихы бастау алғанына екі ғасырдан асып кетті. Қазақ халқының болашағын болжаған, дала данасы Асан Қайғы бабамыз Баян тауын көргенде “Ат ерін алмайтын жер екен. Бір түней кетемін деген адам, бір жұма тоқтап қалады” деген екен. 1730 жылы Баянаула тауларында жоңғар басқыншыларына қарсы үлкен ұлт азаттық көтеріліс басталған. Қазақтың ұлы қолбасшысы Бөгенбай мен Олжабай батырлар бастаған қол, Баянаула тауларында бекініс құрған. Олар осы жерде Халден – Сереннің алдыңғы қолына үлкен тойтарыс берген. Содан “қалмаққырған” тауында жауын жойып, жеңіске жетіп, қалын қолымен түстікке барып, Қабанбай қолына қосылған. 1734 жылы Абылайдың қатысуымен Сабындыкөл жағасында үш жүздің төбе билері мен батырлары жиналып, қазақ елінің сыртқы бейбітшілік саясатын дамытуға қатысты өзекті мәселелер төңірегінде жиын өткізді, соңы үлкен тойға ұласты. 1752 жылы 17 қазанда ру басылар мен батырлардың Баянауылда бас қосып, жасаған құпия байламдары Ресей мен Қытай императорларын да ойландырды. Олар қазақтардың кімге қосылатынын біле алмай дал болды. Екі арыстан бірін-бірі алыстан аңдып, арадағы елді өзіне бұрып әкетудің әртүрлі саясатын жүргізе бастады. Баянаула өңіріндегі осы дүрбеленнен кейін 1800-ші жылы, бейбіт кезеңі сияқты көрінді. Ел ру-румен ата-қоныс мекен жайына орналасты. 1826 жыл Ресейдің Сібірлік әкімдері осы жылдың он төртінші ақпанында Шөң биге “Төртұлы одағына” арнап (Шөң бидің хандарға билік бермеуі үшін он екі рудың басын қосып құрған одағы) дербес округ ашуды ұсынады. Сол жылы Баянауыл қазақ станицасы ретінде Сабындыкөл жағасында, Ақбеттеу етегінде пайда болды. 1830 жылдың қыркүйек айында қазақ-орыстар болашақ Дуанның тұңғыш үйін салады. 1833 жылы наурыз айында Сібір комитетінің Омбы облысында екі округ құру жөніндегі ережесіне сәйкес Баянауыл кең-байтақ сыртқы округтің орталығына айналды. Оның аумағына қазіргі облысымыздың - Баянауыл, Екібастұз, Май, Краснокутск, Ақсу және Ертіс аудандарының жерлері кіреді. 1833 жылы тамыз айының 22 күні Баянауыл сыртқы округі “Сібір қырғыздары” облысының құрамына кірді. 1868 жылы Баянауыл округі далалық облыстар ережесіне сәйкес таратылып, жаңадан құрылған Павлодар уезінің құрамына енді. Баянауыл селосы казак станицасына айналды. Оның басына атаман тұрды. Революциядан бұрын мұнда шіркеу, приход училищесі, мешіт, медресе, телеграф,12 кереуеттік лазарет, азық-түлік дүкені, көпестердің лавкелері болды. Сауда негізінен жекеленген адамдардың қолына топтастырылды. Тұрғындар дән себумен, жүк тасумен,орман және балық кәсіпшілігімен айналысты. 1920 жылы Совет үкіметі орнады. 1920 жылы Революциядан кейінгі алғашқы халық санағы Баянауылда 319 аула, 1620 тұрғынды тіркеді. 1920 жылдың сонында,1930 жылдың басында қазақ тұрғындарының негізгі көпшілігі отырықшылық өмір салтына көшті. 1927 жылы І қаңтарда Баянауылдағы тұрғындардың саны 1807 адамға, ал отбасы саны 387-ге жетті. 1928 жылы аудан құрылып, Павлодар округінің құрамына кірді. Аудан орталығында 280 орындық мектеп –интернат ашылды. 10 аттың күшіне тең двигателмен жұмыс істейтін диірмен болды. 1941-1945 Ұлы Отан соғысы жылдары. 1942 жылға астық жинау науқаны кезінде аудан облыс бойынша 1-ші болып, мемлекетке астық тапсырудың жоспары мерзімімен бұрын орындалды. 1954-60 жылдар. Тың және тыңайған жерлерді игеру басталды. 1960-1965 жылдар. Аудандық партия комитеті селолық-өндірістік партия комитетіне айналды. Ал 1965 жылы қайтадан аудандық партия комитеті болды. 1970 жыл. Басты назар-ауыл шаруашылығын өркендетуге, оның ішінде қой шаруашылығының өнімдерінің сапасын арттыруға арналды. Осыған байланысты ауданда қой өсіруші комсомол-жастар бригадалары құрылды. 1985 жылы Баянауыл аймағында республикада алғаш рет 49 мың гектар алқапты алып жатқан мемлекеттік табиғи ұлттық парк құрылды. Ол өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғауға бағытталды. Табиғаты. Баянауыл тау-орман жыңғылында 270 өсімдіктің түрі, сүткөректі жануарлардың 40 түрі, құстың 54 түрі бар. Олардың арасында архар, бүркіт және өсімдіктің 4 түрі Қызыл кітапқа еңгізілген. Сабындыкөл, Жасыбай көлдері, көптеген археологиялық ескерткіштер, палеолит, дәуірінің үңгірлері, табиғи байлықтың мол қоры – ежелден-ақ көрнекті ғалымдар мен геологтардың, этнографтардың назарын аударды. Әр уақыттта мұнда Г.Н.Потанин, Ш:Ш: Уәлиханов, Ф.А.Обручев, Томск университетінің профессорлары В.В.Сапожников, П.Л. Драверт, И.А. Усов және басқалары да болды. Туристердің құмарта баратын жерлері –палеолит дәуірінің үңгірі, қорған бейіттері, қазақтың ауыз әдебиетінің көрнекті өкілдері – абыз, әулие, ақындардың қойылған жері, халық батыры Жасыбайдың қаза тапқан орны және т.б. Баянауыл тұлғалары. Баянауыл жері көптеген ғалымдардың, жазушылардың, ақындардың және қоғам қайраткерлерің Отаны. Бұл даңқты Бұқар жыраудың, Шоң бидің, он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысындағы және жиырмасыншы ғасырдың басындағы композитор Жаяу Мұса Байжановтың, алғашқы қазақтан шыққан тарихшы, ағартушылардың бірі- Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтың және қазақ әдебиетінің классигі, ақын, ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың, тағы басқа зиялылардың Отаны. Баянауылдан 30-дан аса ғылым докторы және 200 ғылым кандидаты шыққан. Олардың арасында геолог Қаз ССР ғылым академиясының тұнғыш президенті, Лениндік және мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың орны ерекше. Қазақстан ғылымының дамуына үлес қосқан академиктер – Ш.Шокин, А.Х.Марғұлан, ғылым докторлары –А.Бектұров, Е.Бекмаханов, С.Бейсенбаевтар, т.б.. Баянауылдық ақын-жазушылар Ж.Аймауытов, Д.Әбілев, З.Шашкин, З.Ақышев, Қ.Исабай, хылық артистері Ш.Айманов, К.Кенжетаев, алғашқы қазақ режиссері Ж.Шанин, т.б. кенінен танымал. Баянауылдан шыққан өнер қайраткерлері. Баянауылдан шыққан өнер қайраткерлері Халықаралық Таншонняты Әуежайы. Халықаралық Таншоннят Әуежайы () Виетнамдағы ең үлкен әуежай. Ол Хошимин 7 километр қашықтықта орналасқан. Әуежай арқылы Виетнам бойынша жолаушылардың жартысы мен жүктірдің 50% өтеді. 2009 жылы әуежай 13.5 миллион жолаушыға қызмет көрсеткен (2005 жылмен салыстырғанда 23%тік өсім). Донгхой Әуежайы. Донгхой Әуежайы () Виетнамдағы ең үлкен әуежай. Ол Донгхой 6 километр қашықтықта орналасқан. Балапан қаз. Қазақ кино өнерінің белесті туындыларының бірі -"Көшпенділер" фильмінің өмірге жолдама алғанына да көп бола қойған жоқ. Жылға толмайтын уақыт аясында тек қана Қазақстанда қазақ тілінде көрсетілген бұл фильм қазірдің өзінде 100 миллион теңгеден астам қаржы түсіріп үлгерді. "Көшпенділер" фильміне деген әлемдік прокаттың да ынта-ықыласы айырықша. Осы фильм туралы, ондағы оқиғалар мен тарихи тұлғалар жөнінде, кино түсірушілер мен актерлер жайында алуан турлі сұраққа толы хаттар легі редакциямызға да толассыз келуде. Сондай хаттардың бір парасы "Көшпенділер" фильмінде айтылатын "Балапан қаз" әні туралы. Көпшілік осы әннің тарихын, әуені мен сөзінің авторларын, кімнің айтатынын білгісі келеді. Кино өнері мейлінше көп қырлы синкретті өнер ғой. Сол көп қырлардың ішіндегі аса мәнділерінің бірі - музыкасы. Сәтімен шығарылған немесе ұрымтал таңдалған музыка кино өнерінің эстетикалық-эмоциялық әсерін күшейтіп, төлтума қадір-қасиетін арттырып, бағын ашады. "Көшпенділер" фильмін тусіру барысында толғандырған проблемалардың бірі музыкасы болды. Былай қарасаң, композиторға кенде емес сияқтымыз. Алайда, кешегі өткен Ахмет Жұбанов, Мұқан Төлебаев, Сыдық Мұхамеджанов, Нұрғиса Тілендиев қатарлы композиторлардың қазақ кино өнеріндегі қолтаңбаларын еске алып, көңіл шіркіннің қоңылтақси бергені рас. Қоңылтақсытатыны бүгінгі композиторларымыздың шығармаларында ұлттық әуен-саздың солғын тартып жататыны, қазақ халқының музыкалық ұлы дәстүріне табан тіреп тұрған төлтума бітімдегі шығармалардың селдіреп бара жатқаны. Ақиқатын айтқанда, қазақ халқының тілі мен ділі ғана емес. музыкалық мәдениетінің де көз алдымызда дүбераланып бара жатқаны жасырын емес. Осындай ахуалда қай композиторға "ұрынарыңды" білмей дал боласың. Нағыз өнердің болмысы ұлттық төлтумалықтан жаралатыны аян. Ал, қазіргі композиторларымызда сол төлтумалық жетіспей жатса не шара? "Көшпенділер" фильмінің режиссері Талғат Теменов "жілігі татиды-ау" деген бірнеше композиторларымызға өтініш жасап, тіптен, байқаудан өткізіп те көрді. Бірақ амал қанша, жүрекке қонар шабытты дүниенің төбесі көріне қоймады. Содан, өрмектің жүзі ауып, "Көшпенділер" фильмін дендеңкіреп қалған кезде Әбілқайыр ханның ордасы түсірілетін болды. Бұл - ел тағдырының тізгінін қарына ілген қазақтың жақсысы мен жайсаңы бас қосатын, салиқалы сұхбат құрып, пәтуалы сөз байласатын сәт еді. Сый-сыбаға, көкпар, күрес, алтыбақан, ән-күй... салтанатты сәттің айғағындай болуға тиіс. Осы кезде режиссер Талғат Теменов: "Фильмге арнайы жазылар музыканы көре жатармыз, дәл қазір алтыбақанда қазақтың аяулы бір әнін шырқатуымыз керек" деп ұсыныс жасады. Сол жерде, "Елім -ай", "Екі жирен", "Сырымбет", "Дариға-дәурен", "Балапан қаз" сияқты бірнеше ән аталды. Осылардың ішінен "Балапан қаз" әні таңдалды. Әннің әуені де, сөзі де ел мен жердің қадір-қасиетін көкірекке қонақтатуға ұрымтал болып көрінді. Ақыры, алтыбақан әні ретінде осы "Балапан қаз" әніне тоқтадық. Әнді шетелдік кино мамандары да жақсы қабылдады. Енді осы "Балапан қаз" әнінің тарихына қатысты дерекке тоқталайық. Ел ішінде бұл ән "Балапан қаз", "Ахау сабаз", Бұл өлке" деген әр түрлі атаумен аталып жүр. Әннің дұрыс атауы- "Балапан қаз". Шығарушысы белгісіз. Яғни, халық әні деуге болады. "Балапан қаз" әні туралы жалғыз ғана дерек Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданына қарасты Пугачев ауылының тұрғыны, домбырашы Қилыбаев Арғынбек ақсақалдан жеткен. Арекеңнің айтуында "Балапан қаз" әнін Найман еліне келін болып түскен керей қызы шығарған. Бұл қыз ата-анасының оң жағында отырғанда сүйген жігітінен екіқабат болып қалса керек. Ол кез құдандалықты кие тұтып қалыңдыққа ие болатын заман ғой, керей қызы аяғы ауыр қалпында ұзатылады. Кейін перзентті болған керей қызы көкірегіне қамалған мұңын бесік жыры етіп айтады екен. Содан, былайғы жұртқа жайылған. Өкініштісі, әннің сөзі ұмыт болып, ел есінде "Е-е-й, ахау сабаз, Ұшырдым ұясынан балапән қаз " деген қайырмасы ғана қалған. Ел жадындағы жақсы әннің қайта жаңғыруына өзіндік үлес қосып, жаңадан сөзін жазып, "Балапан қаз" әніне екінші өмір сыйлаған адам — көрнекті ақын, драматург, Моңғолия Жазушылар одағының лауреаты Арғынбай Жұмажанұлы. Өнер бердің, жыр төгіп шалқып барам. Кешір мені туған жер — Моңгол елім, Арекең 1954 жылы Алматыда Абай атындағы қазақ педагогика институтының филология факультетін бітірген соң туған жеріне қайтып оралып, Баян-Өлгий аймағындағы мәдени-ағартушылық істердің тізгінін қолға алып, ел-жұрттың рухани толысуына тегеуірінді ықпал еткен адам. Бұған ол кісінің мектеп директоры, Аймақтың партия комитетінің хатшысы, "Жаңа өмір" газетінің және "Жаңа талап" журналының алғашқы редакторы, Аймақтағы тұңғыш Жазушылар одағының бөлімшесін ұйымдастырушы сияқты жауапты қызметтер атқаруының өзі-ақ жарқын айғақ болады. Арғынбай Жұмажанұлы онға тарта әдеби-көркем және аударма кітаптардың авторы. Жиырмаға тарта пьесасы сахнаға шығарылып, киносценарийлері бойынша көркем және деректі фильмдер түсірілген. Мұның сыртында "Әліппе", "Ана тілі" және IV - V сыныптарға арналған әдебиет оқулықтарын жазған. Арекең 60 жасқа толғанда белгілі қаламгер Кәкей Жаңжұңұлы былай деп жазды: "Моңғолия Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты, ақын, драматург Арғынбай Жұмажанұлы жазба әдебиетіміздің туып-қалыптасуына бастау кезеңінен бері жүрдек қаламымен де, әдеби-насихаттық белсенділігімен де зор еңбек сіңіріп келеді. Ол - әдебиетіміздегі көптеген бастамалар мен жанрлардың алғашқы бораздасын тартты. Атап айтсақ: тұңғыш реткі жеке жинақтың авторы, тұңғыш реткі әдеби аударма кітаптың құрастырып аударушысы, тұңғыш рет әдебиет үйірмесін құрап-ұйымдастырушы, әдеби журналымыздың алғашқы ресми редакторы және киносценарий тәрізді кейбір әдеби жанрларды әдебиетімізге әкелуші болды. Сондықтан да біз әдебиетіміз тарихындағы Ж.Арғынбайдың сіңірген қаламгерлік және ұйымдастырушылық еңбегін ескере отырып, Моңғолия қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, оның күні бүгінге дейінгі сарабдал сарбазы ретінде танимыз" (К.Жаңжүңұлы.Түрен сап әдебиет тыңдарына. "Шұғыла" журналы. 1989. №2. 82-бет). Моңғолия мемлекеті Арғынбай Жүмажанұлының ерен еңбегін ескеріп, лайықты құрмет көрсеткенін атап өткен жөн. Арекең Моңғолия Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты болды, "Еңбек Қызыл ту", "Алтын жұлдыз" ордендерімен марапатталды, Аймақтың "Құрметті азаматы" атағы берілді. Осындайда "айтпаса сөздің атасы өледі". Қазақ халқы XX ғасырда әлемнің қырык, шақты еліне тарыдай шашылды. Осылардың ішінде медени-рухани өнім беріп, өнер туындата алғандары - төрт-ақ елдегі қазақ диаспоралары. Олар: Қытайдағы, Моңғолиядағы, Өзбекстандағы, Түркиядағы қазақтар. Ресейдегі миллионға жуық қазақ соңғы бір ғасыр аясында мәдени-рухани "бедеулікке" ұшырағанын көз көріп отыр. Бұл - қазақ диаспораларының тағдыр-талайына барометр болатын мысал. Еліміздің әлеуетін бекемдеуге барлық жағынан ең сенімді, ең адал тірек болатын шет елдердегі қазақ диаспораларын тәуелсіз Қазақстанның ұлы көшіне ілестіруде біз әлі де болса сылбырлық, самарқаулық, тіптен немкеттілік танытып келе жатқанымыз қынжылтады. Әсіресе, мәдени-рухани құндылықтарымызды түгендеудегі салғырттық алаңдатады. Бұл ретте, шет елдердегі қазақ диаспоралары туындатқан мәдени-рухани құндылықтар да қазақ мәдениетінің құрамдас бөлігі екенін терең сезінетін уақыт жетті. Сезіне отырып, сол құндылықтарды жытқырлықпен жинақтай білу, жинақталған құндылықтардың парқын бағамдау, одан әрі ұлттың рухани айналымына түсіру қажет-ақ. Отаршылдықтан жұққан "дерттен" айығудың бір емі — осы. Бар өмірін халқының мәдени-рухани құндылықтарын еселеуге арнап, от пен судан өтіп келіп, еш міндетсіместен елеусіз ғана ғұмыр кешіп, содан уақыты жеткенде атамекенінің топырағын жамылып, "қисая кеткен" Арекең марқұмды еске алғанда айтылып жатқан сөз ғой. Арекең сияқты, елеусіз-ескерусіз жүрген азаматтарымыз қаншама десеңізші!.. Сонымен, "Балапан қаз" әнінің сөзіне қатысты ойымызды сабақтайық. 1973 жылы Тұлба сұмынның Баян-Өлгийдегі мәдени күндері өтеді. Бұл шараның ойдағыдай өтуіне Арғынбай Жұмажанұлы белсене атсалысып, концерттік бағдарламаларға тікелей бас-көз болады. Жаңадан арнайы ән-күйдің шығарылуына, драмалық қойылымдардың көрсетілуіне күш салады. Осы жолы ел жадында сақталған "Балапан қаз" әніне салып айту ұшін арнайы төрт шумақ өлең жазады. Сөйтіп, мәдени күндердің беташары ретінде "Балапан қаз" әні Арғынбай шығарған жаңа мәтінмен алғаш рет айтылады. Әнді киномеханик Қапсөк деген жігіт айтады. Әннің де, мәтінінің де жұрт көңілінен шыққаны сонша, сол күндердің өзінде-ақ бүкіл Өлгий қаласы жастарының сүйіп айтатын әніне айналады. Бұл өлке — біздің ауыл жайлаған жер, Бұл өлке — біздің ауыл күздеген жер, Бұл өлке — біздің ауыл қыстаған жер, Бұл өлке — ата-бабам көктеген жер, Бұл өлке — біздің ауыл күздеген жер, "Балапан қаз" әнін қазақстандық әншілердің ішінде алғаш айтушы Жанар Айжанова. Жанар бұл әнді 1991 жылы Моңғолияға барғанда үйреніп қайтқан. Кейін "Балапан қаз" әнін Роза Рымбаева, Бағдат Сөмединова сияқты жез таңдай әншілеріміз де келістіре шырқады. Ал, "Көшпенділер" фильмінде "Балапан қаз" әнін белгілі әнші Ұлту Қабаеваға айтқыздық. Ұлтудың айтуындағы далалық табиғилық және әннің иірім-қайырымына, саз-сарынына сәтті нақыс дарытып айтушылық бізге ден қойғызды. Міне, "Балапан қаз" әнінің жай-жапсары қысқаша осындай. Бірлестікшілер. Төрт перделі, алты суретті музыкалы драма Жұрағат - жас қойшы, оның інісі Қойшыбай - екеуінің әкесі, қойшы 70-терде Дәрігер- Мал дәрігері, жас жігіт, тұқым станциясында -Оқиға ауыл шаруашылық бірлестігінің бір бригадасында алпысыншы жылдарда болады, Шаттық музыка ойналып, ойнақы ән басталады. Шымылдық ашылғанда шаппа алаңы, жастар ән айтып, сауық құрып жүр. Жастар әні. Жұрағат-(алға жүгіре шығып) қыздар, жігіттер, міне Күлпәнді дәл осы әнмен қабылдаймыз. (Ду күлкі). Дауыстар -Дәл, дәл. Осы өлең лайықты. (Қанағат келе жатады, жастар ойындарын тиып, түгел тайсап кетеді. Бәрі шаруасына кіріседі. Жұрағат тұрып қалады). Қанағат- (Жұрағатка тебітіп келіп) Жеті жыл оқыған қойшы, оның мұндай сауық думаны болмаса, бұл бригаданың қойы қайырусыз қалатын еді, көрсоқыр, (Шөпте жүрген Қойшыбай келе жатады). Өзіңмен бірдей оқыған жаман Топайдың қызы анау, оқуын бітіріп келе жатқан, сен мынау қойшы болған. Оқу оқып Қойшыбайдың сонысы бар дегізіп, әйтеуір сырмақ шетінде жүре ме десем, жанбай жатып сөнген, шірік! (Жұрағат шағынғандай әкесіне қарайды). Қойшыбай—Бар бол, Қанағат! Менен екеуің де туғаның рас. Бірақ атыңды Қанағат қойғаным болмаса, мен саған қанағаттанып көрген емеспін. Бұл жолы да сол жерімнен шықтың. Қанағат- (әкесінің сөзін бөліп) Сізге қойдың семіргені керек, көрсоқыр! (кекетіп) Оқыған қойшы қойды отармен семіртеді. Мынаның алдына қойын салып, басына қосын тігіп беріңіз де, ертең таңмен Күреңқасқырға отарға жөнелтіңіз. (Жұрағатка) Ұғып тұрмысың! Ертең мұнда бірде табын қалмайсыңдар. Отарға кетесіңдер. (Жұрағат әкесіне қарап аңырып қалады). Қойшыбай-(үнсіз біраз тұрады. Еңсесін көтеріп ап байсалды сөйлейді)...Аяғыңа тұсау болар әке емеспін, балам. Асусыз Алтайдың жонындай алдыңа көлденең шөгіп жатқым келмейді. Оқуға түсетін жолын тапсаң әлі де кеш емес, жолыңнан қалма, бара бер, балам. Ал бақытты басқа жолмен іздеймін десең, ол да талап қуғанға табылады. Талабы зор қайда да тау басында, талабы жоқ жар астында, балам. Оқымаған мен де жетпіс жыл Қойшыбай атанып келдім. Кеше Тондыбайдың Қойшыбайы едім. Бүгін құдайға шүкір бірлестіктің Қойшыбайымын. Бүтіл бірлестігім болып, елім хан көтереді. Ұшпаққа қой жеткізбесе бұл не? Жүгініп отырғанша, жүріп дем ал дегендей, әлі де қазанынан ас-су дәметіп, Қанағатқа телім бола алмаймын. Тәңір өзімді алса да, қорамнан қойымды алмасын. Қойшыбай боп туғам, Қойшыбай боп өлем! (Кетеді). Жұрағат-(Тұрып қалады, қобалжиды, толғанады, бір шешімге келгендей белбеуін тартып буынып, әкесінің. сөзін қайталайды). Талабы зор тау басында, талабы жоқ жар астында! (Киіміне келіп, үстінде жатқан кітабын қолына алады. Кітапты қолына ұстап тұрып, әртістерше беріле тебіреніп, оқи жөнелді, Сөзінің алдында музыкада өршіл жастың арманы, қиялы бейнеленеді)... Зина Алексейге көзін алмай ұзақ қарады. Зинаның бет ажары алыстағы қыздардың әсем әндері сияқты сүйкімді әрі мұңды еді. Алексей оны сүйіп алды. (қуланып) Өртеніп кет, Алексей! Өртеніп кеткір! Қапысын таптың-ау (қыз дауысқа салып) Алексей біз бөлек тұруға тиіс емеспіз. Мен сенімен бірге кетем. Сені қайда жіберсе мен сонда барам. (Дән риза боп) Әттең Зина-ай, сендей ақылды қызға жолықсам, мен бүйтіп жүрем бе? Құдай-ау, біздің мына қырдың қыздарын айтсайшы, бар болғаны 4-кластың куәлігі болса біткені, қойшы десе ат бойын ала қашады. Шоферге ме, есепшіге ме, әйтеуір қаланың жігітіне, тіпті қаланың шабарманына болса да еріп жүре береді. (Залға қарап) Осы қойшыдан солардың қай жері артық ей.(Аз кідіріп) Бұлар бүйтіп тоқырамай тұрғанда, сонау Ұлаанбатырда, техникумда төрт жыл оқып, міне енді бүгін оқуын бітіріп келе жатқан Күлпән қолға қалай түссін, ә! Сен үшін қаңтарда қар жонда тоңсамшы, Маған деп асыңнан бір үзім қойсаңшы. Сен үшін жағадан гүл теріп қойсамшы, Құрмаш-(Ән арасында келіп қалады. Әнді үзбей, қызыға тыңдайды. Үстіне Қойшыбай келеді. Көтерген сарымсағын тастап, үсті-басын қағып, Құрмашқа қарай беттейді). Уа, қойшы аға, сәлеметсіз бе? Келіңіз ән тыңдайық. (Олар күлісіп алады). Жұрағат-(абыржып) Жо-жоға, Құрмаш аға, әншейін мына қырдың қыздарын айтам. Құрмаш-Қырдың қыздары сені неге ренжітті. Біреуі ме, бәрі ме? Жұрағат-(күмілжіп) Бәрі. Қойшыны алымсынбайды емес пе? Қайдан көрсеңіз 20-25-ке келгенше келіншек іздеп жүрген қойшыны көресіз. Қыздар ғой жасы толар толмаста, ана әпекеме, мына жездемдікіне деп Өлгийге тайып отырады. Сонан бірер жылдан соң, қайсыбірі бірнеше айдан соң-ақ пәлен деген қаланың жігітіне тұрмысқа шығыпты деп естисіз. Осы қырдың қыздарының аяғына бір тиым болмай-ақ қойды ау, Құрмаш-аға. Құрмаш- (Қарқылдап күледі. Келе жатқан Балауса бәйбішені көріп.) Япыр-ау, мына Балауса шешей де келді ғой, бәріңіз түп қопарылып бірақ аттанғансыздар ма? Қойшыбай-Иә, бізге сусын жеткізуге келді ғой. Отыр, балам, мына кемпірдің ас-суынан ауыз ти. (Балауса келеді, Құрмаш сәлемдеседі. Балауса келе дастархан жайып сусын құяды.) Құрмаш-(Сусын іше отырып) Міне, нағыз малшы ауылдың шаруа қамын ойлаған адамдары. Жақсының жасы қартайса да, жігері қартаймайды. Сіздің осы бір қасиетті ұқыбыңыз бен өнегеңіз жұққан. Жұрағат-Бірлестігіміздің озат төлшісі. Биыл жоспарлы міндеттемеден де көзге түсіп отырсыздар. «Қарт үлгісі ұрпаққа, қыс ажары бұрқақта» деген осы, Қойшы аға. Тек Еңбек Ері болуға талпын, Жұрағат! Жолыңда үлкен сындар кездесер. Оған мұқалып, суынба, рухың қартаймасын. Ауыл қыздарының аяғына да, жігіттің сондай жігер-талабы ғана тұсау сала алады. (Бәрі күліседі.) Балауса - Құдай қабыл көрсін, шырағым. Қойшыбай - Иә, жігіт жанған шоқ болсын, шоқ болмаса жоқ болсын деп неге айтты дейсің. Жігітті талапсыздан сақтасын. Жігітің қойшы сияқты қойшы болсыншы, ауылдың қызы түгіл, қаланың қызын өңгеріп әкелер еді. (Күлкі). Мен мына кемпірді қой бағып жүріп-ақ алғам. Міне, алпысқа келіп алжығанына қарамай, артымнан ас-су тасып жүгіріп жүр. (Құрмаш қарқылдап күледі.) Балауса - Саған келіппін бе? Мына қарғам Жұрағат күні бойы шөп шауып шаршаған соң, таңдайын жібітейін деп келдім. Жұрағат - (Алдыңғы жаққа көз тігіп.) Мынау өзіміздің мал дәрігері ғой. Мишиг ағай келеді. Мишиг - (Келеді.) Орта толсын. Сәлеметсіз бе, Қойшы аға. Қойшыбай - Айтсын, балам. Төсекте бас қосылған, төскейде мал қосылған Мишигім екенсің ғой кел, кел балам. Құрмаш - Міке, тосын кеп қалдыңыз ғой. Жол болсын? Мишиг - Иә, өзіңді тосуға тағатым жетпеді. Бұзуға бар да түзеуге жоқ. Қанағат тісі барда ысқырып мұрны барда пысқырып болды ғой. Мына Қанағаттың бассыздығын тимай тұрып, ешқайда аттанам деп ойлама, Құрмаш! Құрмаш - Е, мен қайда аттанушы ем? Мишиг - Өзің айпарткомның пленумына қатысатын болдың. Пленум қой шаруашылығы туралы сөйлесетін көрінеді. Өзіңді бүгіннен қалмай аймаққа жүрсін деп жатыр. Қойшыбай - Иә, иә, жеке батырдан жеті қол артық. Кеңеспен кескен қол ауырмас деп кеңесіп шешіңдер, қарағым. Мүмкін, әлгі саржан қошқарлар туралы да сөз болар. Бар, Құрмаш балам, бар. Мишиг - Мәселен сол сараджин қошқарлар турасында сөз болып отыр. Күлпан жолдан тұқым станциясын соғып, қошқарларды ала келетін болыпты. Соны естіген жерден Қанағатты құдай төбеден ұрды. Сұмынға телефонмен сөйлесті де, оларды қалай көндіре қойғанын білмеймін, біткен саулық табынын тұтас Күреңқасқырға айдататын бола қалды. Мишиг - Не сосыны бар. Кешеден төменгі табындарды түгел көшіріп жіберді. Бүгін осындағы ауылдарды үркітуге кеткен. Қойшыбай - Иә, келген. Мұнда келеді. (Қанағат келе жатады.) Құрмаш - Сұмдық екен! Шопандар көшіп кетті деймісіз.? Мишиг - Қанағат желіксе Қаратауда кім тұрушы еді, шопандар таңнан үркіп көшіп кетті. Қойшыбай - (Орнынан тұра беріп.) Ау, кемпір, сен анау қаптағы сарымсақты бөктере кет. Жүр мың болғыр, өзім бөктеріп берейін. (кетеді.) Құрмаш - (Байсалды сөйлейді.) Қанағат, ойда, түсте жоқ жерде бұл көшегіңіз не? Қоныс сырын, осында аз болса алпыс жыл қоныстаған мына Қойшы ағаңнан артық білеміз бе? Бұл адамдарды зорлауға қалай болады. Қанағат - Е, суыққа жонға жаралған сараджин қошқарлар келе жатқан жоқ па? Немене, әлде қаланың тоңсирақ зоотехниктері тоңады екен деп, отарлатқанды қоямыз ба!? Құрмаш - Орынсыз егес сайламаңыз, Қанағат. Шаруаның қамын шаруа тілімен сөйлесейік. Қанағат - Е, солай деші. Онда әлімізге қарай әндетіп, шама- шарқымызға қарай шарықтайық. Қаз боламыз деп аяғын үсіткен қарға болып жүрерміз. Он сараджинді басқа бригадаға бергізуге Балданның дәті жетпей отыр деймісің, көрсоқыр! Ол кәрі түлкі, ертең екемізге қамшысының ұшын да бермейді. 3-бригаданың саулығы тұтас қысырап қалды. Жаңалыққа бой ұрмайды дейді де қарап отырады. Сонда не істейміз, өлдік пе, жоқ па, көрсоқыр? Құрмаш - Ұрыс ырысты қашырар, ынтымақ халықты асырар деген, Қанағат істің болмас жағына тұрмайық. Еті де, жүні де мардымсыз мына томаршадай қойлармен қайда барамыз. Ауылға келген жаңалықтан ат бойьмызды ала қашып отырсақ, мал шаруасының жайы не болмақ. Мишиг - Ой, осының жүрегін апташы, Кұрмаш! Сол қошқарлардан осы шіріктің өзі қорқып тұр. Қанағат - Тауықтын түсіне тары кірер деген осы-ау, сендей ажал айдаған тышқан мысықтың құйрығымен ойнар. Құрмаш - (сөзін жалғап) Қысыратпау турасына келсек, мына ескілі-жаңалы мал мамандарымен ақыл қимыл қосқанымыз жөн. Қанағат—Түу,бала екенсің ғой, Құрмаш. Саулыққа керегі мал мамандары емес, қошқар ғой. Ал онысы енелік басынан бірден қозы боп туа ма, жоқ па, оған көзің жете ме? Сұмынның, қала берсе бригаданың намысы дейтін бар емес пе? Өзге жастарды қойшы, осы Балдан, Мишиг төртеуіміз осыдан неге беземіз, көрсоқыр! (Қойшыбай келеді). Құрмаш - Иә, намысты ұмытуға болмайды, Ол үшін саулық ұрықтандыру жұмысын бір күнде кешіктіруге қақымыз жоқ, Қанағат. Ренжісеңіз де айтайын, сіздің әлгі сөзіңіз ғылымға сенбестік, барып тұрған кертартпалық. (Қанағат кекетіп күледі). Қойшыбай - (Сөзге араласады) Саулықты қарлы жонға апарып күйек алғанды қай атаңнан көрдің, бар болғыр. Әлде қошқар танымайтын мені алғалы жүр деймісің. Қозының сирақты денелісіне жүндес, құйрықтысына, бас бітісіне қарап елу жыл қошқар таңдағанмын. Сондағы іздегенім осындай қошқар болатын. Қораға келген бақты қолыңмен неге тасалайсың бар болғыр! Жұрағат- Шіркін, десе дегендей қошқардың егейі екен. Тұмсықтарының өзі Қаратаудың бір-бір жүрекшесіндей күп-күрең боп дөңкиіп тұр. Құйрығы тегенедей жүнін айтсаңыз ол былай жатыр. Енді олар Қанай ағама қалай ұнамайтынына қайранмын. Қанағат-(күйгелектеніп) Әй, шірік, сен шаранаң кеппей жатып шамаң жетпейтінмен алыспа. Қошқардың сыртын көрмесен, одан туған қозыны сен қайдан көрдің, көрсоқыр. (Қойшыбайға) Істің бәрі сіздің ойлағаныңыздай бола бермейді. Есіңізде болсын, олар қойға артылатын қошқарлар емес, қуыс резинкаға артылады. Содан оны қойдың артынан құяды. Енді ұқтыңыз ба? Қойшыбай - Қайда артылса, сонда артылсын, әкел ана сараджин қошқарларды, қосамын қолымдағы табынға! Құрмаш - Міне, Қанағат, бұл елу жыл қой баққан қойшының сөзі. Бүкіл шопандардың талабы да осы. Енді уақытты кеш қылмай шешімге келейік. Көшіріп жіберген шопандарыңыздың артынан дереу кісі аттандырасыз. Бәрін қайтарсын да, осы Қаратауға түсірсін. Сосын бұл ауылдарды қозғаушы болмайсыз. Ана қолға келген қошқарларға бір жақсы бақташы тағайындаңыз. Қошқарлар жемімен бақташысымен мына Қаратаудағы пунктке жеткізілсін де, ұрықтандыру жұмысы бүрсікүні осы қойшы ағаңның саулығынан басталсын. Шешіміміз осы болсын, Қанағат! (Мишигке) Міке, міне осылай істейсіздер. Мишиг- Қанағат сауықса, біздің сырқатымыздың емі осы болатын. (Құрмаш кетеді, Қанағат аяңдап дөңге таман беттейді). Ж ұрағат - (Қойды бағдарлап) Әке, қой ащы жеп қайта беттеді. Қойшыбай—Иә, балам, мен барайың, шөбіңді жинай бер. (Тарақ ағашын тастап, солай кетеді. Жұрағат шөп жинай бастайды. Аз үзілістен соң машинаның гүрілдеген дауысы естіле бастайды). Мишиг- (орнынан тұрады) Жұрағат, мынау әлгі тұқым станциясының «жаран гурвасы»* ғой, ішінде Күлпән болсын де. Қанағат қанша үркек болса да төзгенсіп бағар еді. Жұрағат – Иә, Күлпән екен. Қошқар артып апты. (Кетеді. Үзіліс. Күлпәнды екеуі ортаға алып келеді. Кезек-кезек құттықтайды.) Күлпән - (разылық білдіріп) Рахмет, көп рахмет! Мишиг - Дипломың құтты болсын, қарындасым, сараджинің мол ақтылы қой боп өрсін, мына Қаратау қойнынан. Күлпән - Рахмет, Міке, көп рахмет. Мишиг - Енді батыл бол, қарындасым. Әсіресе ана, Қанай ағаңның алдында батыл болғайсың (Олар күледі, Қанағат келе жатады). Күлпән - (Қуанышты, деміге, алқына сөйлейді). Қанағат ағай да алдымнан шықты. Меңің келетінімді бәріңіз қалай білгенсіздер. (Қанағаттың алдынан жүгіріп шығады). Ағай, сәлеметсіз бе? Қанағат - (қолын солғын алады), Сәлемет бала, сау келдің бе? Күлпән - Ағай қажетті сараджиндеріңізді де ала келдік. Әзірше өзім бас-көз бола тұрмақпын. Қанағат- Солай, бала. Мен де зоотехниктің көзінен таса қылмауды ойлап, бақташыға өз әкең Топай ақсақалды ұйғарып Жұрағат - Міке, Топаң қалай бақпақшы. Күлпән - (Күмілжіп қалады). Апырай, әкем өзі сырқат, оның үстіне малға тым жайсыз адам еді. Қалай болар екен? Қанағат - Қалай болары жоқ. Топай да мал баққан қазақтың баласы. Күтімсіз етпейді. Көреді, ұғады өзіңнен. Сосын мұнда кешікпейміз. Саулық түгел отарда, сонау Күреңқасқырда. Бәріміз сонда барамыз. Мишиг - (Ащы әжуаға басып) Бұл дертті кездегі сөзің ғой, Қанағат. Жаңа ғана шипасы табылғандай болып еді ғой. Сол саушылықтағы сөзіңді естиік. Қанағат - Жоқ! Бұл - сұмынның шешімі. Сұмынның шешімін екі ететін менде бас жоқ, көрсоқыр! Мишиг - (Өрши түседі) Бұл – қой отарлату көшегі емес, Қанағат, сенің сараджин қошқардан қашқан көшегің. Қанағат - Сен мал отарына іріткі салма, көрсоқыр! Онда бұл бригадада екеміздің біріміз ғана тұрамыз. (Жұрағатқа) Ана әкеңе айт, елге мұрындық болмасын. Көшсін де! Ертең мұнда қалушы болмаңдар! (кетеді. Күлпән үшеуіне кезек қарайды, аң-таң). Жұрағат - Міке, енді қайттік. (Қынжылып). Мишиг - (Күлпәнға) Жүр, қарындасым, ендігі концертті кейін көре жатарсың, әуелі ауылға барып Топан ақсақалды қуантайық. (кетеді. Күлпан сахнаны көңілсіз тастап шығады), Жұрағат - (Жалғыз қалып қояды).Қырсық. Қырсық-ай! Е, Күлпан, қарлы жондағы отарда, қойшының қостарында болсаң, қайтып қойды да, қойшыны да көрместей боларсың. (Ауыр күрсінеді). Шымылдық ашылғанда, қарлы жон, қора-қора қойлар, бертінде заңғар тау, оның етегінде құлаған ескі тас қорашықтың бір қанаты көрінеді. Сахнаның ортасында кішілеу ескі киіз үйдің іші. Оң жақта бір екі адамның жатар орны. Төрде құрулы шымылдық, оның тасасында стол үстінде зоотехникалық жабдықтар. Қазан жақта кішілеу сөре, онда бірнеше ыдыс аяқ. Ортада пеш. Қойшыбай - (Кішкентай тас қорашықтың ішінен денесі көрінеді. Көгендеген саулықтарын санап жүр..) 18,19, 21 Ау, балам, күйіті келген басқа саулықтарың жоқ па? Жұрағат- Жоқ, әке, бар болғаны сол ғана. (қорашықтың кетік жеріне толтырып тас қалап жүр.) Қойшыбай - (қорашықтан шығып келеді) Бүгін тағы мандымады ғой, әлгі балалар кешікпесе жарар еді. Жұрағат - (тасты қалап бітіріп, қорашықтан шығып, оған қарап күледі) Қанай ағамның жасатқан мәнежі! (үйге кіріп, айнала қарайды, шымылдықты ашып, көреді, қайта есікке оралып) Е,е, Күлпан, мұндай ғажап пункт түсіңе де кірмеген болар. Әттең Рахила-ай, Қанай ағамды келістіріп-ақ түйредің-ау. (Қанағат келе жатады. Сыртта тұрып қалады) Жұрт ауыздан-ауызға таратып әкетті. (Рахиланың ойнақы әуеніне салып өлеңдете жөнеледі.) Қанағат- (қамшысын білеп келеді) Әй, әулекі неме, не көкіп тұрсьң. Жұрағат - (шошып қалады) Пешті айнала қашады, Мен емес, мен емес, Қанай аға, мен емес. Қанағат - (тап-тап береді) Өлеңшілін бұ неменің. Жұрағат - Рахила, Рахила, замандасыңыз мұны шығарған. (есік жаққа кеп қалады) Қанағат - Екінші тісіңнен шығаршы, аузыңа шоқ басып алайын. Жұрағат - Қаншасын тиясыз. Жұрттың бәрі айтып жүр. Қанағат - Не дейсің? (Жұрағат есіктен ыти жөнелді. Қанағат қуа шығып, келе жатқан Топайды көріп, тоқтай қалады). Топай - (қабат-қабат киінген иліге алмайды, күрк-күрк жөтеліп қояды...Қарағым, Қанай-ау, өткен түні ел ұйқыда жатқанда Жапар, Байсал деген қойшылар менің әлгі саржан қошқарларымды қорадан шығарып ап, қойларына қоя беріпті. Қанағат - (оның сөзін тоспай) Немене, қошқар артылған саулықтан өлгені барма? Қанағат - Е, онда күйіп-пысар ештеңе жоқ. Бізге керегі тұлданған қошқар емес, қозы керек, қозы, көрсоқыр, қозы! (Топай үндемей қалады, тағы бір қойшы келеді). 1-Қойшы - (келе байбаламдайды) Ойбай Қанеке-ау,мына Мишигті өстіп төбемізге ойнатып қоясыз ба? Қошқарларымды бөліп әкетті. Күйегін аударып жіберіпсің дейді. Қорамнан ұрық алған саулық әлі саусақпен санағандай. Ал қошқарлардың күйегін аударып байқасам, өзіңіз айтқандай саулықтарым шетінен күйлеп жатыр. Қанағат - Әй, ынжык неме, болмаса ана Жапар мен Байсалдай болмадың ғой. Олар сараджиндердің өзін түнде қорадан шығарып ап, қойларына қосып үлгірген, 1-Қойшы - (екіленіп қалады, еріп бара жатыр) Е, бәсе! Мына қызыңыздың қошқары болар болмасына мен күмәндімін, Қанеке (кетеді Күлпан, Мишиг, Жұрағаттар келе жатыр. Арттарында Қойшыбай, Топайлар көрінеді), Күлпән - (сөйлеп келеді) Тұқым станциясының зоотехнигі мұнша неге кешікті? Әлде келмейтін болғаны ма? Мишиг - Иә, мұнша кешігетін жөні жоқты. Олар әлі де Құрмаштың шешімін малданып, саулықтың Қаратауға түсуін тосып отыруы да ықтимал. Күлпан- Ұрық алған саулық саусақпен санағандай. Жемі келіспеген қошқарлар күн санап азғындап барады. Бригадир ағайдың істеп жүрген сенімсіздігі мынау. Енді қайтеміз, Міке. Не ақыл ойлап келесіз. Мишиг - Әуелі қойшы ағаңның мына саулықтарын ұрықтандырып бітейік. Жұрағат, сен бізге көмектес. Сосын біріміз аттанып бірлестікке бұл жайды түгел жеткізуіміз керек. Күлпән - Дұрыс, Міке. Сөйтіп станциядан зоотехник келтіруді ойлайық (Мишиг, Қойшыбай, Топайлар мәнежге кетеді. Күлпанмен Жұрағат лабораторияға кіріп халат киеді).Әуелі мәнеждегі екі қош-қардың ұрығын алайық. Жұрағат - Жарайды кеттік. (екеуі үш қынап алып,мәнежге кіреді. Қойшыбай мен Топай мәнеждің сыртынан қызықтап қарап тұрады) Қойшыбай - Өй, мың болғыр-ау, мыналарың да баяғы саулықтың басын ұстап тұрып қошқар артылта ма? Қойшыбай - Өй, мың болғыр-ау, көрмеймісің әне, сары қошқарды апарып, ана қарабас саулыққа артылтып жатқанын. Топай - Жоқ, қойшы аға, астынан резеңке тосады. Қойшыбай - А? әне (көзін сүртіп-сүртіп ап, анықтап қарайды, Күлпән мен Жұрағат мәнежден шығып, лабораторияға келеді. Қойшыбай, Топайлар да кетеді Күлпәндар бір-бірден қошқардың ұрығын тексеруге кіріседі. Әйнекшелерге жете үңіліп қарасады). Жұрағат - Күлпән, мынау қалай? Таңертеңгі қошқарлардан алған ұрық жарамсыз ғой. Күлпән - Иә, мен де қайранмын. Мұнда да бірнеше ұрық жарамсыз. Кәне? (Өз қолына алып қарайды) Иә, жарамсыз ұрықтар...Жүр жарамды ұрықтарды ғана керектенеміз. (Кете береді алдарынан Топай жүгіріп келеді). Топай - Ойбай, Күлпән қарағым-ау, енді не болдық?! Топай - Таңертең ұрығы алынған жеті қошқар түгел дөңбекшіп жатыр. Іштері басынан асып кетті. Күлпән - Е, бәсе, (Жұрағатқа) Мә, сен бара бер (қынапты ұстата сап) Міке-ау, Міке. Күлпән - Жүгіріңіз, мұнда келіңіз.(Өзі жүгіре жөнеледі.) Мишиг - (Мәнежден шыға) немене, не болды? (Топай ере жүгіріп барады). Топай - Ойбай, Мишиг қарағым-ау, әлгі таңертең ұрығы алынған 7 қошқар тұтас іштері кеуіп дөңбекшіп жатыр. (Мишиг лабораторияға кіреді, халат киіп ем, дәрілерін алып солай жүгіріп кетеді. Соңынан Топай кетіп барады.) Жұрағат - (Үш қынапты алып). Әке, қойдың басын ұстап бересіз. Қойшыбай - Әйтсем, әйтейін балам. (Екеуі мәнежге барып кіреді. Қынаптарды қораның үстіне газетке орап, қояды. Екеуі ғанасы дыбыр-дыбыр сөйлесіп жүр. Қынаптарды кезек -кезек апарып құйып жатқанға ұқсайды. Үлкен үзіліс. Асығыс басып Күлпән келе жатыр. Қойшыбай мен Жұрағат қорадан шығып келеді.) Қойшыбай - Не сұмдық, сараджиндарға не бопты, балам? Жұрағат - Иә, не болған екен? Күлпән - Құрыдық қой, Жұрағат! (Бетін басады) Түнде біз отар аралап кеткенде, әкем сұлыны бөрттірмей беріп қойыпты. (Ернін тістеп) Темпанит боп қапты. Күлпән - Өле бастады. Күпті боп қалыпты. Қойшыбай - Бар бол, Топай бар болғыр. (Жүгіре басып, солай кетеді). Күлпан - Япыр-ау, мені аямады-ау,бәрі жек көреді екен ғой. Жұрағат - (Алдына тесіле қарайды) Құрмаш! Күлпән, Құрмаш келді. Күлпән - Кәне! (қарайды) Иә, сәт! (Екеуі солай жүгіре жөнеледі. Ұзақ үзіліс.) Қанағат- (келе жатады, алдынан 1-қойшы шығады) Мыналарың қаңырап иен қалыпты ғой. Анда не болып жатыр. 1-қойшы - Қанеке-ау, сіз білген жоқсыз ба? Әлгі сараджин қошқарлар ауырып, қазір екеуі өліп қалды. Қанағат - Не дейсің, көрсоқыр! Не бопты? Емші қайда!? 1-қойшы - Мишиг пен Күлпән жанталасып емдеген боп жатыр. Топалаң ба деймін, қалар емес. Қанағат - Не дейді мына, көрсоқыр! (кете береді.) 1-қойшы - (Ере жүгіріп барады.) Айтпақшы Құрмаш келген. Соған бәрі баяндасып жатыр. Қанағат - Ә, ә, солай де. Әлгі зоотехнигі келмеп пе? 1-қойшы - Жоқ. Қанеке. Үлкен қошқарымыз келмепті. (Қанағат зілді басып солай кетеді. Күлпән жүгіре басып кеп, лабораториядан шприц т.б. дәрі-дәрімектер алып қайта кетеді Жұрағат, тағы бір қойшы келеді. 1-қойшы да соларға беттейді. Олар өзара кеңесіп қалады.) Күлпән - (асығыс, қайта оралады) Жұрағат, табын басынан бір-бір қойшы келтіретін болдық. Сен жоғарғы табыннан бір қойшы ертіп кел. Күлпән лабораторияға қайта келіп дәрі-дәрімектер алып жатыр.) Мишиг - (Ол да асығыс) Күлпән, лизол бар ма? Күлпән - Бар, бар, табылды, міне (береді.) Міке, креолин құйсақ қайтеді. Мишиг - Оның да жөні бар сөз, креолин далада ғой. Содан, алайық (кетеді.) Құрмаш келеді. Жанында Қойшыбай, соңында Қанағат және Топай бар.) Күлпән - (Алдынан жүгіре шығады.) Міне, ағай, мәнежіміз анау. Ал мына тұрған лаборатория, әрі тазалық бөлмесі,онын үстіне жатар орнымыз. Кұрмаш - (ашулы да зілді, әуелі мәнежге көз тастап, сосын лабораторияға кіреді. Аз үнсіз тұрып). Неге әкеп соқты, көзсіз билігіңіз?! Не күйде тұрмыз, Қанағат! (ұзақ үнсіз тұрып шешім айтады.) Тұрыстан өнер жоқ. Дағдарыс жетеді. Қазір қойшылар келісімен таңнан тұтас көшуге міндет беріледі. Олар саулықты жайымен Қаратау қойнауына жеткізеді. Күлпән, Мишиг екеуің қошқарлармен осында қала тұрасыңдар. Тірісін өлтірмеуге қолдан келген шараның бәрін істеп бағыңдар. Мен қазір бірлестікке аттанамын. Машина шығарып, мал дәрігер, ем-дәрі алып ертең түнімен оралуға тырысам. Сол машинамен Қаратауға жетеміз. Онда тұқым станциясының жолдастары да сіздерге алаң боп, төзімдері таусылып отыр. Жолдас, Қанағат, Қаратаудағы пунктті әлі де жайлап жабдықтауға қазір тап өзіңіз аттанасыз. Шешім-осы! (Бәрі кетеді, Күлпән тағы бір ем, дәрілерін алып, жүгіре жөнеледі.) Канағат - (қайта оралады.) Қайтсем екен. Тіресуге келмейтін боп қалды. Бірге құтылу қамын ойлауым керек.. Өзге жол жоқ. Бригадирдің конторы. Сырттан Қанағат пен жас мал дәрігері кеп кіреді. Дәрігер мас, Қанағат та қызулау. Олар отырады. Қанағат - Қонақасың келіспеді, бауыр. (Қалтасынан бөтелке арақ, екі рюмка шығарып, дәрігердің алдына қояды.) Осы бір көк суды да жарытқанды қойды ғой. Келгенін сұмындағы құмайлар жұтып алады да қарап отырады. (Арақ құяды.) Кәне, жұтып қояйық. (Екеуі тастап алады) Дәрігер - (Сөмкесінен бір шумақ қағаз алып шығады.) Акт -мынау. Қанағат - (Үңіліп) Қолың қойылдыма, бауырым? Дәрігер- Міне қолым. (қолын қояды.) Комистер түгел қол қойсын? Дәрігер -Бұл сіздер үшін аса тиімді жазылған акт. Дәрігер -Сараджиннің алты қошқарын өлтіргенсіздер. Бүл орны толмайтын шығын. (Үзіп-үзіп сөйлейді.) Шын мәнісінде, мына сіздер өлтіргенсіздер. Қанағат-Олай дей көрме, бауырым. Ауру, аурудан деші! (Тағы құяды, көтеріп қояды) Дәрігер -(Сенделектеп) Өлген қошқарлардың енді сізге ешбір байланысы жоқ. Тұқым станциясының ветринарный врачының актісі-акт! (Столға етпеттеп жығылады. Қанағат жайғастырады.) Күлпән - (кіреді.) Сәлеметсіз бе, ағай? Күлпән -(Дәрігерге, бригадирге кезек қарайды.) Мені шақырттыңыз ба? Қанағат -Иә, бала, шақыртқам. Кешегі эксперттің ішінде болдың ғой. Соны сөйлесіп отырмыз, Міне, тұқым станциясының мына врачы өз қолымен жазған акт. (Үзіндіні оқиды) «Қарасты тұқым станциясынан осы бірлестіктің 3-бригадасының саулықтарын ұрықтандыруға уақытша келтірілген сараджиннің он қошқарының алтауы аурудан өлгенін растаймын. Диагнозы: қошқарлар энтротексемия дейтін жұқпалы аурудан өлген». Қанағат- Иә, иә, енді тек қолыңды қойсаң болғаны. Күлпән-Кәне! (актіні қолына алып ұзақ оқиды.) Қанағат-(Үстел тартпасынан қағаз алып шығады.) Мишиг екеуіңнің мына жазған актларыңды дәрігердің өзі қабылдамай тастады. Аурудың диагнозы дұрыс қойылмаған. Әрине, сен дәрігер емессің. Ал Мишиг жай ғана бір кіші дәрігер, білімі жетіспеген. Сол үшін кіналау да қиын. Сонымен бұл анықтамаларың енді қажетсіз. (жыртып тастайды.) Күлпән-(Ұмтылып барып қалады, абыржып.) Менің қолымның қажеті қанша, ағай? Қанағат-Қажеті қаншасы қалай? Сұмыннан тағайындалған комиссияның бірісің. Сонда немене, анау алжыған әкеңді сотқа шақыртқың келе ме? (Күлпән қатты абыржып жалтақтап, дірілдеп кетеді. Қолын қояды.) Мишиг бізді, ана жаман әкеңді жығып бермекші. Құрмаш та қорқақтық істеп оның сөзін сөйлеп шығуы да ықтимал. Біз мына актілерге жазылған нақты-пактілерге сүйенеміз. Дәрігер үшеуіміз бұл актіні қорғауға тиістіміз. Ол есіңде болсын, бала. Күлпән-(теріс айналып) Қап! (Үзіліс. Құрмаш, Мишигтер келеді. Соңынан Жұрағат, Топай, Қойшыбай тағы бірер қойшылар кіреді. Дәрігерге қарап бәрі аң-таң. Дәрігер орнынан тұра беріп қайтадан құлап түседі.) Қанағат-Сырқаттандым деп отыр еді. (Жұрағатқа әмір етіп) Әй, мұнда кел, үйге жеткізейік, жайлап дем алсын. Жұрағат-(Қолтықтап тұрғызбақ боп біраз әуреленеді) Қанай аға, мына жігітіңіз қып-қызыл мас қой! Күлпән-Акті жазылыпты. Міке. Әне акт, жұқпалы аурудан, энтретексемиядан өлген дейді. Мишиг-Ә, ә, солай де. Қанағат бізді қияметтен осылай құтқарды деші. Бірақ бұл құдай жолы емес, сайтан жолы ғой. Дауа бола қойса игі еді. Қанағат-Ол-дәрігердің диагнозы. Дәрігердің өз қолымен жазылған акт, көрсоқыр! Құрмаш-Жоқ. Ол ішімдіктің әмірімен жазылған акт. Актіні арақ жазбайды, ес-ақыл дұрыс, ар-ұжданы таза адамдар жасайды. Біз жауапкершіліктен жалтарып мұндай екіжүзділікке бара алмаймыз. (Отырғандарды нұсқайды.) Біздің актіміз-мыналар. Жұрағат-Иә, қошқарлар шикі сұлыдан іші кеуіп өлген. Қойшыбай-(Таяғымен жер түйгілейді.) «Үйді қорлаған желбегей кірер, жылқыны қорлаған жүгенсіз мінер» деп, мынау кімді қорлағаның, Қанағат? Бүйтіп масқара боларыңды білгенде, көптің ақылына көлденең тұрмасаң еді ғой. Көп үніне үн қосып, атыңа қамшы болсаң еді ғой. Сен жаңылып тұрсаң мен айтайын. Қошқарлар күпті боп өлген. Қанағат-Ә, ә қостағы сояу көзді аңдиды деген, ана шіріген екеуің екенсің ғой, көрсоқыр! Төскейдің ызғарынан төсектің ызғары қиын, Құрмаш! Мен енді мұнда тұра алмаймын. (Демігіп кетеді.) көкірегін ашып тастайды, Құрмаштарға Қарынымның ашқаны емес, кәдірімнің кеткеніне жылаймын. Қойшыбай мен Жұрағатты қырғи ғып салып отырғандарың батады маған. Менің қорғаштағаным ыстығына он жыл өртеніп, суығына 15 жыл үсінген бірлестіктің бері болса осы бригаданың намысы болатын. (Мишигке) Құрмаш екеуің біткен іске мінші болғанша, бітпегеніне басшы болмадың. Айналдырып, мені төңіректей бердіңдер. Сондағы қызыққандарың-мендегі мына көздей мөр болса, мә! Алыңдар! (Қалтасынан кілтін алып, Мишигтің алдына лақтырып тастайды. Қойшыбайға) Мына шірік туған күшігің екеуіңді жағаммен жағаластыра алмаймын, көрсоқыр! Бөлдім іргемді, Қойшыбай! Мишиг-Екеміз мұнда бар боп тығын, жоқ боп шығын емеспіз, Қанағат! Өзің айтатын намысты ойласақ арыстандай айбатың болғанда, сондай тағатың да болсын. Батырдай тұлғадағы намысқа, торғайдай жүрек қашан араша тұрушы еді. Басымен істегенді мойнымен көтеру керек, Қанағат. Құрмаш- Қой, қойыңыз, Қанағат, бүйтіп морт сынбаңыз. Қанағат- Жоқ, бұл менің сынатын кезім емес. Тепсем темір үзетін жасым. Көресіңдер, көрсетемін мен сынар-сынбасымды! (Есікке қарай беттейді) Күлпән-(Жүгіріп, барып аяғына орала кетеді.) Кетпеңіз, кетпеші ағай. Алысырақ бригаданың таныс орталығы, бертінде үлкен кереге тас.Сол жақ түбінда себет қораның бір қанаты. Оң жақ шетте Қойшыбайдың ақ үйінің бір бүйірі. Сахнаның сол жақ алдында туатын саулықтарға арналған терезелі ашық үй. Мишиг,Жұрағат, Күлпән үшеуі оқшауырақта төл аптекасын ашып қойып, құрғақ емдерді өлшеп, буып отыр. Балауса көк шөп минерал дақылдарды араластырып бунақтап буып отыр. Күлпән-(Қиялданады).Шіркін осы кезде Қанай ағай да келіп қалмайды-ау. Сапырылып туып жатқан мына сараджин қозыларды көріп, ренішті көңілі осы бір тұнық аспандай айығып, бізге разы да болар ма еді, қайтер еді?! Балауса -Е, е, қайда жүрсе де аман жүрсін,қарағым, қатыгез бала еді, қайрылмады ғой. Мишиг-Қанағатпен келісе алмағанымызды жасырамыз ба, Күлпән, Ол келмес, келсе іштей болса да сынай келер, Өткен жылы келе қалса, ұялып та қалатын едік. Әлі де күпіршілік ойламағанымыз жарар. Канагаттың сынына толарлықтай ісіміз болуын ойлайық Балауса -Қайдан білейін. Жат жерде жасып, жабырқап жүр ме? Жасы үлкен ағаларың ғой, балам. Біреулерің барсандаршы? Марсиып қалсын. Бәріміз де сағындық қой, табысып шұрқырасып қалайық. Дауыс -(Қойшыбайдың даусы, қора ішінен шығады) Топай, өй, Топай! Ана қара саулықтың арыстай қоныр қозысын өлтіріп тастап, Бибіке екеуің неге үнсіз отырсыңдар. Қара саулықты әкел мұнда. Мына қозының шаранасын жалат. Сосын теліп қоясың. Күлпән -(жүгіре шығады) Әйе, міне мен келе жатырмын. Жұрағат -(ашық терезеден) Бұл да арыстай күрең қозы екен. Күлпән -Кәне! (Үйді айланып кіреді. (Үзіліс.)Козыны кереқапқа салып, таразыға іліп, көтеріп тұр) Қарашы, Жұрағат 5 кило 500 грамм. Күлпән -Әже, қозыны қалай телуші еді, көрсетінізші! Балауса -Ауыздансын, балам. Әлі өзім теліп берейің. Келіншек -Кәне, сақ болыңдар! Жүзігім кімде? Күлпән -(жүгіріп шығады) Ал, жігіттер, Жұрағат әндеріңді айтыңдар. Өзгелер — Иә, ұпайын бер. Ән айт! Баста Жұрағат. Дауыс — (ашық терезеден Балауса шешейдің, қой төйгелеген әуенді даусы естіледі. Бәрі тынып тыңдаса қалады.) Әне, менің әнімді әжем бастады. Бәрі ду күліседі. 1-шумақ аяқтала бергенде, бәрі жүгіріп кеп сахна алдына келіп, ілесіп билеп айтады.) Дауыс-(Қойшыбайдың даусы үй жақтан шығады) Ау, балалар, анау қораны, қозыны ұмытып кетпеңдер. (Бәрі ду күледі.) Біреуі -Ал, бәріміз, қораны бір айналып шығамыз. Басқалар -Иә, сөйтеміз, сөйтелік. (Бәрі кетеді. Жұрағат пен Күлпән оңаша қалады. Екеуі отырады. Музыкада жас қойшының өр қиялы, тәтті арманы бейнеленеді.) Жұрағат —-Күлпән, мен бір түс көрдім айтсам, жоримысың.. Күлпән -(Өтіне сұрайды) Айт, айтшы, Жұрағат. Жориын. Жұрағат -(Қиялдана, тебірене сөйлейді) Шіркін, Еңбек Ері болсам екен деймін. Жоқ. Түсімде Еңбек Ері болған екем деймін, (Бұдан былайғы сөздері микрофон арқылы плёнкамен беріледі. Түсте айтылатын суреттер жарықпен боялған қараңғы сахнада дәкі перденің ішінде елестеп ойналады.) ...Содан әншейінде жер ғып жүретін Қанай ағам, осында әлі бригадир екен деймін. Бригаданың біткен қойшысын тап осы қораға жинап аіп: Ал жолдастар, МХР Еңбек Ері Жұрағат сіздерге өз тәжірибесін айтып береді деп тұр. Мен қойшылардың алдында көсіле сөйлеп тұрмын. Қысы-жазы соны отарда боп, мал семіртуді Еңбек Ері Очир мен Серікбай ағадан үйрендім. МХР Еңбек Ері Нұқ әр саулықтан 3 кг жүн алған болса, мен 600 саулықтың әр қайсысынан 3 кг 300 г жүн алдым деп желдіртіп барамын. Жұрағат-Содан Жұрағат Ұлы Хуралдың депутаты бола қапты. Астанаға сессияға барған бетім екен деймін.Төсімде Еңбек Ерінің жұлдызшасы мен Сүхэбатыр ордені қоса жарқырап, Өлгий аэродромында «АН-24» самолётінен түсіп келе жатырмын. Күтіп тұрған өлгийліктер -Бәріне қол беріп, жылп-жылп сәлемдесіп жатырмын. Күтіп тұрғандар қолымды таласа кеп ұстайды. Құттықтаймыз, орденің Құтты болсын, жас депутат деп қояды. Жұрағат -Сосын бір жерден аймақ басшылары кез бола кетіп, қолды аяққа тоқтатпай ерте жөнелді. Ұзын қара «Волгаға» отырғыза сап, зулатып келеді. Тура драма театрына алып келді. Театр іші лық тола ел. -Жас депутат, МХР Еңбек Ері, қойшы Жұрағатпен кездесуге арналған сауықкешімізді бастаймыз,-деп бір сұлу келіншек үзіліп тұр. Сауықкешімізді «Орденді қойшы» туралы әнмен бастаймыз демесі бар ма!? Күлпән -Сонсын, сонсын, Жұрағат тағы айтшы. Жұрағат -(қуланып) Әнді дәл сол кезде менің алдымнан шығуға Өлгийге бара қалған жас зоотехник Күлпан бастай жөнелді. (Сахна жарық бола қалады) Күлпән -(Дән риза боп қатты күледі) Жұрағатты құшақтап барып қоя береді.) Өзің қыздан да өткен арманшыл екенсің-ау, Жұрағат! Жұрағат, -Немене, қыздар да қойшы болуды арман ете ме?! Күлпән -Әрине, жо, жоқ, қойшы болғысы келмесе де қойшының осындай тәтті арманын естігісі келмей ме?! Жұрағат -Бұл, жай ғана түс емес қой. Өзіңді сүйетін болған соң.. Жұраға т -Күлпән, ойын жөні бір басқа ғой. Шыныңды айтшы! Күлпән -Шыным, Жұрағат! (Залға қарап батылдана сәйлейді) Зоотехниктің бақшасы қой болса, бақыты қойшыда болғаны, менің бақытым сенде, Жұрағат. (Күлпән толқып кетеді.) Айналасына жалтақ-жалтақ қарап ап, қораға қарай жүгіре жөнеледі. Жұрағат аңырып тұрып қалады. Жылқы шұрқыраған, құлын кісінеген дауыстар естіледі. Шымылдық ашылғанда, отардағы жылқышының қосы. Қанағат құрығын, ер-тоқым көтеріп атқа қарай беттейді. Тосын кеп қалған жүргіншілерді көріп, тоқталып қалады. Жүргіншілердің сәлемін алады. Жігіт -Міне тілші жолдас, біздің «Алтай» бірлестігінің озат жылқышысы,-Қанағат жолдас, енді өзімен сыр шертіңіз. Тілші -(магнитофонын алып құрып, жайғастырған соң) Иә, Қанеке, аймақтық радиомыз -Жұрағат қатарлы үздік шопан-төлшілермен қатар, қыста мұз жастанып, қар төсенген, жазда асау үйретіп, құлын қунатқан жылқышыларын да ұмытқан жоқ. Естуіңізше қырыққа келген жасыңда қайратқа мініп, қолына құрық алған сіздің үніңізді эфирге шашпақпыз. Қанағат -Әуелі мынаны айтшы, ол, қай Жұрағат бауырым. Тілші -Ә, ә, жақсыны білмекке деген. Айтайын. (Қоржынынан газет алып шығады, Қанағатқа жайып ұсынады. Газеттегі суретті саусағымен нұсқап) Міне, «Жеңіс» бірлестігінің жұлдызы, аймағымыздың үздік төлшісі, сараджин мен ұрықтандырылған 600 саулықтан 612 төл алған Қойшыбайұлы Жұрағатты айтам. Мынау сол еңбегі үшін өкіметіміздің сыйлыққа тапсырған алты қанат ақ отауын қабылдап тұрған тұрысы. Жігіт -(Газетке үңіле түсіп) Бұл да жігіт екен. Қанағат -(Газетке қадала қарап, тілшінің сөзін үнсіз тыңдайды. Газетті тілшіге қайтарып, үнсіз ойланып қалады.) Қанағат -Әуелі қоятын шартым бар, бала. Сөзімді үзіп-жұлып, құтын кетіруші болма. Айтқан қалпымда шығарасың. Замандастарым, достарым мен табашыларым естіп, мынау Қанағат екен дейтін болсын. Тілші -Құп жарайды. Қанеке, уәдеміз осы болсын. ...Жылқы жасым-да көп баққан, сонсын өзім бір сүйетін малым еді. Оқып ұстаз болмадым. Біргадір болып билікке жарамадым. Қой бағып, төл туғызып, етегімді шаранаға толтырып тоңғак ұстағым келмеді. Ердің намысын қорғап, ер азаматтың ісін істегім келді. Қолыма құрық ұстап, жылқыға шықтым. Бірлестігімнің намысы қыс аязға, түн күзетке төздірді. Биыл 126 биеге 125 құлын ерттім. Өзім баптап қосқан бірлестігімнің құла жүйрігі қазір бәйге бермей тұр. Тілші -(магнитофонын жабады) Рахмет, Қанеке, көп рахмет. Үніңізді осы қалпында еститін боласыз. (Бәрі орындарынан тұрады, бұрылысқа көз жіберіп. Мынау азаматыңыз кім? Жаңылмасам мана сұмын орталығында жолықтым-ау деймін. Жігіт- Бұл да жылқышы. Мына Қанекеңнің көмекшісі болады. Қанағат -Иә, сұмынға кетіп еді. Содан оралғаны ғой, Жылқышы —Сүйінші, сүйінші, Қанеке, сүйіншімді әзірлеңіз. Жылқышы -Телеграмма. Міне, мүмкін тілшіге бұл да қажет болар. Құрметті тілшіге оқытайық. (Телеграмманы тілшіге ұсынады). Тілші -(Ашып, дауыстап оқиды.) «Алтай» бірлестігінің жылқышысы Қанағатқа. Құрметті Қанай аға, Қаныша жеңге! Сіздерді қатты сағындық. Көргіміз келеді. Келіңіздер. Біз екеуіміз, өзіміздің үйлену тойымызға шақырамыз. Шақырушылар: «Жеңіс» бірлестігінің шопаны Жұрағат, зоотехник Күлпән. (тілші таңырқағандай Қанағатқа қадала қарап тұрып қалады.) Қанағат -(ауыр дем алады. Тұрғандарды көзімен сүзіп, қарап шығады, ілгері аттап барып.) Өңім бе, түсім бе? Тілші -(таңданып) Міне қызық, бұл қалай Жұрағат, Қанеке? Қанағат -(Артына бұрылып.) Бұл да Қойшыбайұлы Жұрағат. Шаттық музыка ойналады. Шымылдық ашылғанда, Қойшыбайдың үлкен ақ үйі, жанында Жұрағаттың отауы. Сахна үсті жасыл шалғынды жазды бейнелейді. Далада жайып тастаған кілем-кілше, түсті сырмақтар. Үстінде қариялар, бәйбішелер, ауыл адамдары т. б. тойға жиналғандар. Алдарында кең де толы дастарқан. Сапырулы қымыз. Ортада қызыл пүлістен жапқыш жабылған кішілеу неке үстелі. Жұрағат пен Күлпәнды ортаға алған жастар тобы отау алдынан өте бергенде Балауса шешей мен тойшы бәйбішелер-шашу жаудырады. Жастар ұлар-шу боп қалады. Дыбыр басыла бере жастар тобы «Ауылым қандай тамаша» әнін оркестр әуенімен төңкеріле билеп орындайды, Той басқарушы -(жүгіріп келеді көпшілікке) Біздің бұрынғы бригадиріміз қазір «Алтай» бірлестігінің озат жылкышысы Қанағат ағамыз келеді. (өзі бүтіл денесімен солай бұрылады, Қанағат көрінеді). Кұрмаш -(тұра ұмтылып) Келіңіз кұрметті қонағымыз! Мишиг -(алдынан барып) Кел, Қанағат, кел! Жастар -(бәрі жүгіріседі) Қанай аға төрлетіңіз. (Қанағат әуелі Кұрмашпен құшақтасып көріседі. Жұрағат пен Күлпанды құшып, маңдайларынан иіскейді, екеуін екі қолтығына алып ілгері жүреді). Балауса—(еміреніп келеді) Айналайын, қарағым. (бетінен, маңдайынан иіскеп, сүйеді, Балауса шешей босата бергенде Құрмаш пен Мишиг екі қолтығынан алып төрге әкеледі. Қанағат төрдегі қариялар мен көрісіп амандасады. Төрден орын алады). Мишиг—(топ ортадан түрегеледі)...Жұрағаты ер қимылымен еліне танылып, бүгін қолына Күлпәндай қаршыға қондырған, Қанағаты қалтарыста намыс құрықтап, абырой құшақтап қайта оралған бірлестік ауылының бұл салиқалы тілеуінде жастардың неке куәлігін қадірлі сауыншымыз, аймақтық депутат Балжан апай тапсырады. (ду қол шапалақтау. Топ ортадан сәнді де сыпайы киінген Балжан апай тұрып неке үстеліне келеді. Неке үстелінің үстінде үш шыны аяқта қымыз және қызыл батсайынмен* қаптаулы альбом, оның үстінде неке куәлігі. Жұрағат пен Күлпән екеуі жастар ортасынан жарылып шығып, Балжан апайдың қарсы алдына келіп тік тұрады. Ол мейірлі де әмірші ана жүрегімен байсалды да тебірене сөйлейді). Балжан—...Жүздеріңде шат заманымыздың мұраты, көздеріңде нұр болашағымыздың шуағы, көкіректерінде жас махаббаттың оты ойнаған өрендерім! Сендер-осы сәулетті заманды қолмен жасаған ата-бабаларыңньң жүрегінің жылы қаны тамған жердің тебіндеп өскен бәйшешектерісіңдер. Сенің табиғатың да, көрікті өмірің мен көркем күлкің де ағаларың мен әпекелеріңнің төгілген тері, көзінің жасы, мұңы мен зары бар. Сол бір тамшы қандардың, сол бір қаһармандар табытының алдында, Отан алдында борыштысыңдар. Бұған сен отбасыңның бақытымен, жанқияр ерлік еңбек, өршіл біліміңмен, ұрпағыңның тәрбиесі, оның болашағымен, бүтіл ар ұжданыңмен борыштысың. Жақсы кыз жағадағы құндыз, жақсы жігіт—жердегі жұлдыз деген бар. Абай атамыз айтқандай: Атаңның ғана баласы болма, еліңнің ер азаматы бол! Мұны каһарман халқымыз монғолдың дархан Отаны атынан тапсырам Қазақ ата-бабамыздың қасиетті ақ дәміне тапсырам. (Үшеуі үш шыны аяқтағы қымызды қолдарына алып, таусып ішеді. Балжан апай куәлікті жігітке, альбомды алып қызға тапсырады. Екеуінің қолдарын алып, маңдайынан иіскейді. Той жалғаса береді). Массаж. Массаж – француз сөзінен шыққан, ысқылау деген мағынаны білдіреді, оның түпкі тамырын араб тілінен алған (арабша «масс» - жақындау, сипалау). Тарихы. Осыдан 4000 жыл бұрын Египетте емдеу әрекеті басталған, оның ішіне массаж да кірген. Оған айғақ 1841 жылы Египет қолбасшысының табытының ішінде папирус жапырағына жазылған массаждың тәсілдері табылған. Массаждың ең көне түрі Берлинде үлкен музейде сақталған. Көз тартарлық дүниенің ішінде, екі адамның бірін – бірі сипалап отырған көрінісі ерекше көзге түседі. Бұл сол кездегі Ассирия патшасы Санхерибаның (біздің дәуірімізге дейінгі 705-681 жж.) дүниесі еді. Ежелгі гректер массаж арқылы денеге әр түрлі майларды уқалап жағуды египеттіктерден үйренген екен... Ежелгі Греция халқының спортшылары сайыстың алдында және соңынан денелерін майлатып, артынан Ніл өзенінің жағасынан әкелінген ұсақ құммен ысқылатқан екен. Ең алғашқы массажды қолдануға ұсыныс берген гректің атақты дәрігері Геродикос. Оның оқушысы Гиппократ ауруларға массаждың илеу – жұмсарту – мыжу тәсілдерін кеңінен қолданады. Массаж ертедегі Грециядан Ежелгі Римге өтеді. Дәрігер Акслепиад (біздің дәуірге дейінгі 156-128 жж.) массажды құрғақ және майлы, күшті және әлсіз, ұзақ және қысқа деп әр түрге бөлген. Корнелий Цельс оны әрі қарай дамытып, массаждың қасиетіне тереңірек көңіл бөлген. Өзінің «Медицина туралы» кітабының бір тарауын массажға арнаған. Массаждың өрлеуіне ұлкен көмегін тигізген дәрігердің бірі Гален (біздің дәуірімізге дейінгі 131-120жж.). Итальяндықтар массажды тек тұрмыс жағдайында ғана емес, тіпті әскери жағдайда да кең қолданған. Массаждың етек алып, дамуына дүние жүзіне әйгілі ғалым, жазушы, астроном, орта ғасырдағы үлкен тұлға Әбу Әли – Ибн Сина (Авиценна) көп ықпал жасады. Ол массаждың әрбір түрін талдап берді. Мәселен, күшті массаж – денені қатайтады, әлсіз – босатады, ұзақ – адамды арықтатады, орташа – құлпыртады, даярлық – дене тәрбиесіне икемдейді. Ғалымның берген осындай анықтамалары – емдік, спорттық массаждың негізін құрады. Шығыс елдерінде массаж өз ерекшелігімен көзге түседі. Өйткені ол қолмен емес,аяқпен де жасалады. Массаждың шыққан тегі өткен ғасырларда екенін білдік. Оның ең бір кең тараған, алғаш агылған жері Қытай елі болатын. «Най – цзин! (ішкі құрылыс туралы кітап) атты қолжазбада (осыдан 3000 жыл бұрын жазылған) және көп ескі әдеби еңбектерде массаждың қандай ауруларға қолданылғаны туралы жазылған. Массаждың техникасы, методикасы, әдісі, тәсілі осыдан 100 жыл бұрын реттеліп, баспа бетінде берілген. Ежелгі Үндістанда «Аюр Веды» (ғылыми өмір) атты үш кітаптың біздің дәуірімізге дейін, 1800 жыл бұрын шыққан бөлімінде массаж туралы толық жазылып, оны қандай ауруға қалай қолданатыны жайлы атап көрсетілген. Славян елдерінде массажды моншада бейнке (сыпырғыш) арқылы сабалап жасаған. Массаж туралы туындылар көп болғанымен, бізге жеткені шамалы. Қазірдің өзінде біреу білсе, екіншісі білмейді. Тек ХІХ ғасырдың екінші жартысында массаждың физиологиялық қасиетін ашпақ болған. Оның әсерін, ғылыми тұрғыда, тек И. П. Павловтың жоғары нерв жүйесінің теориясы жарық көрген кезде ғана айта алатын халге жетті. Массаж халық медицинаның үлкен бір бөлігі. Ол барлық же шарына кең тараған, сондықтан емдеу әдістерінің ең негізгі тарауы болып құрамына кіреді. Қазіргі кезде шығыс және батыс массажы деп екіге бөледі. Батыс массажына классикалық және сегментарлық, ал шығыс массажына нүктелі (бір нүктеге қадап) және жүйелі (дененің бөлігіне жасау) массаждар жатады. Массаждың денеге тигізетін әсері. Массаж дегеннің өзі адам денесіне мөлшермен берілетін механикалық тітіркендіру. Ол массажистің қолымен немесе арнайы аппаратпен орындалады. Осындай тітіркендіруге ішкі ағзалар, мүшелер қарап қалмай, өз қызметтерін өзгертіп, массажға қарсы «жауабын» береді. Массаждың денеге әсерін, оның физиологиялық қасиетін атақты ғалымдар И. М. Сеченов, И. П. Павлов, Н. Е. Введенский, Н. А. Ухтомский т.б. өз еңбектерінде айқын көрсеткен. Массаждың әсері өте тереңде жатыр. Ол – нервті-рефлекторлы, гуморалды және механикалық ықпал жасау. Массаж жасағанда теріде, бұлшыұ етте, буындарда жатқан нерв талшықтары тітіркенеді. Ол тітіркеністер ми қабығына беріледі. Әрбір нерв талшықтары ұштарының өз аттары бар. Мәселен, теріде – экстрорецептор, бұлшық ет, сіңір, шандырдан шыққандар – проприоцептор, қан тамырларынан кеткендер – ангиорецептор және ішкі ағзалардағы – интерорецептор деп аталады. Осы рецепторлардың бәрі тітіркеністен бірлесіп, миға әсер етеді. Ал оның өзі жоғарғы реттеуіш күштің қызметіне әсерін тигізіп «қарауындағы» барлық мүше ағзаларға жауап реакция келіп түседі. Содан денеде әр түрлі қимылдық өзгерістер туады. Жауап реакциясының күші, айқындалуы жоғарғы нерв жүйесіне тікелей байланысты, сол сияқты, тітіркенген жердің көлеміне, массаждың методикасы мен тәсілдеріне, аурудың біліну белгілеріне де тығыз байланысты. Тағы бір көңіл аударатын мәселе – массаждың тиімділігінде үлкен роль атқаратын – гуморалды фактор. Массаждың әсерімен тканьдердің ішінде жоғарғғы активті (белсенді) зат құрылады. Ол қан айналымын және зат алмасуын үдетеді. Міне, соны гуморалды зат дейді. Массаж денедегі барлық сұйық заттардық қозғалысын арттырады. Мәселен: қан, лимфа, тканьаралық сұйықтың, тканьдердің өзара созылуы, орын ауыстыруы т.б. Механикалық фактор зат алмасуын арттырып, денедегі тоқыраушылыққа жол бермейді. Массаж жасаған жердің ыстығын көтереді. Сонымен массаждан нерв импульстары ағындап, мми қыртысына келеді. Онда қоздыру және тежеу сияқты екі түрлі толқын пайда болады. Олар сол нерв талшықтары арқылы денедегі мүшелерге беріледі. Олардың жауап реакциясы бойындағы аурудың өршуіне не өшуіне әсер етеді. Осыған орай емдік массажды тек тәжірибелі маман жасау керек деген ұғым туады. Массаждан кейін адамның денесі сергіп, рахатттанып, көңіл – күйі көтеріліп, жылынып, ауырған жері басылады. Кейбір кезде бойда ширақтық аңғарылса, басқа жағдайда керісінше, ұйқы басып кетеді. Массаж дұрыс орындалмағанда, массаждың өзіне тән талаптары бұзылғанда немесе аурудың асқынып, массаж болмайтын кезінде организм массажды көтере алмайды. Сондықтан массажды аурудың ерекшелігіне лайықтап жасау керек. Кейбір ғалымдар массаждан кейін дененің қызарып, талаурап, қаты ауыратын жағымсыз реакцияларын көрсеткен. Бұл көбінесе жасы келген қарияларда байқалады. Сол сияқты науқас адамды дұрыс отырғызбасане дұрыс жатқызбаса да осындай жағымсыз реакция береді. Мысалы, жүрегі ауыратын адамның белінде құяң болса, оны етпетінен жатқызғанда жүрек нашарлап кетеді. Сондқтан ондай ауруға массажды отырғызып жасаған абзал. Ішкі ағзалардың функционалды қызметін, науқастың ауырған жерін анық білмей массаж жасауға болмайды. Массажды зерттеген ғалымдар оның орталық нерв жүйесіне, қан тамырына, теріге, бұлшық еттерге, буындарға, зат алмасуына үлкен әсер ететінін айқын көрсетеді. Массаждың зат алмасуына әсері. Зертеуге қарағанда, массаж адам денесінде болып отыратын зат алмасулардың бәріне әсер етеді. Организм мен оны қоршаған орта арасында үздіксіз зат және энергия алмасу процесі жүреді. Сыртқы ортамен зат алмасу организмге су және азқтық өнімдердің түсуінен басталады. Олардың бір бөлігі ас қорыту жолында едуір қарапайым заттарға ыдырап, организмнің ішкі ортасы – қан мен лимфаға өтеді. Заттар қанмен бірге клеткаларға түседі. Мұнда олар химиялық өзгерістерге ұшырайды. Организмге тән белок, май, углевод түзетін биосинтез және күрделі органикалық қосылыстардың ыдырау процесі жүреді. Заттардың өзгеруі ферменттердің әсер етуі арқылы жүреді де, нервтік – гуморалдық жолмен ретеледі. Зат алмасу процессінің ақырғы өнімдері несеп, нәжіс, тер арқылы және тыныс шығарғанда ауамен бірге сыртқа шығарылады. Сонымен заттардың организмге сыртқы ортадан енуінен бастап, ыдырау өнімдерін шығаруға дейінгі күрделі өзгеру тізбегін зат алмасу деп атайды. Массаждың негізін салып, оның қасиетін түбегейлі тексерген ғалымдардың бірі И. М. Саркизов – Серазини (1963 ж.) массаждың әсерінен зат алмасудың барлық түрі өзгереді деген. Оның айғағы – массаждан соң несептің ұлғаюы, оттегінің 10 – 15 процентке көбеюі. Сол сияқты массаждың әсерінен денедегі тұз, азоттық затттар, сүт қышқылы көп бөлініп шығады. П. С. Васильев, Н. И. Волков және А. В. Троицкий (1961 ж) өз еңбектерніде ауыр жұмыстан соң шаршаған бұлшық еттерге жиналған сүт қышқылын шығару үшін массаждың өте қажет екенін анықтаған. Аламсу процессі клеткаларда үлкен қарқынмен жүріп, ыдырау өнімдері мен артық су организмнен бүйрек, тері және өкпе арқылы үлкен жылдамдықпен шығарылады. Зат алмасу туралы сөз болғанда, денедегі су мен тұздың пайдасы зор екенін айтпаса болмайды. Адам денесінің 2/3 бөлігі судан тұрады. Қанда, лимфада, ас қорыту сөлінде өте су көп. Сыртқа шығарылатын су организмге кіретін су мөлшерімен үнемі толықтырылып отыруы керек. Адам сусыз бірнеше тәулік қана өмір сүре алады. Денеге минералды тұздар да өте қажет. Солардың негізінде ішкі ортадағы тұрақтылық сақталады. Мысалы, қанның ұюы үшін онда кальций тұздары қажет. Сүйек тканінің едәуір мөлшері осы тұздардан тұрады. Организмге қажетті минералды тұздардың бәрі дерлік күнделікті жейтін тағамдарда болады. Онда натрий хлориді ғана жетіспейді. Сондықтан тамаққа ас тұзын ғана қосады. Массаждың әсерінен денеде су мен минералды тұздардың алмасуы аса қарқынды өтеді. Массаж тіпті ішкі секреция бездерінің қызметіне де өз ықпалын тигізеді. Барлық ішкі секреция бездері зат алмасуды реттеу ролін атқаратыны белгілі. Қалқанша безінің гармондары организмнің өсіп – дамуына әсер етеді. Қалқанща безінің қызметінің бәсеңдеуі микседема аурувна әкеп соғады. Сол сияқты балалардың өсуі мен дамуын баяулатады. Егер қалқанша безінің қызметі шамадан тыс күшейіп кетсе, онда безедов ауруы пайда болады. Мұндай адам ашушаң әрі тез шаршағыш келеді. Жүректің жиырылу жиілігі, қан қысымы, нерв жүйесінің қозғыштығы артады. Безедов ауруына шалдыққан адам үнемі ашқарақтанып, тамақты көп ішеді, бірақ бойға қонбайды, өте арық болады. Олардың қалқанша безі ұлғайып, мойынның сәнін кетіреді және көзі бадырайып сыртына теуіп кетеді. Осындай ауруға шалдыққан адамдар үшін гармондардың түзілуін тежейтін дәрілермен бірге массаж қолданылады. Массаж денедегі тотығу процесін реттеуге, нерв жүйесінің қозғыштығы мен тежелуін теңестіруге көмек жасайды. Адам организмінде бүйрек безінің де орны ерекше. Ол бірнеше гармондар түзеді. Олар углевод, белок, май алмпсуын бақылап белоктың углеводқа айналуына себепші болады, тұз бен судың алмасуын реттейді. Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда, массаждың әсер етпейтін жері жоқ. Ол орталық нерв жүйесіне, гуморалды механизмге, бұлшық ет қан тамырларына, организмнің өзге жүйелеріне үлкен әсер етеді. Массажды физиотерапия немесе емдік гимнастикамен қоса қабылдаса, оның нәтижесі бұрынғыдан да аса түседі. Өйткені ол адам денесіне жан жақты күш түсіреді. Сондықтан массажды қолдану техникасын әр түрлі ауруларға пайдаланады. Өйткені науқастанған мүшенің орталық нерв жүйесімен үзіліп қалған байланысын жалғастырып, жандандырады. Көптеген ғалымдардың айтуынша, массаж әлсіреген денеге әл береді, шаршаған организмге күш қосады, бұзылған мүшені қалпына келтіреді. Тек методикасын дұрыс білу керек. Массаждың түрлері. Массаж бірнеше топқа бөлінеді. Олар емдеу, гигиеналық, косметикалық және спорттық массаждар. Сондай-ақ осыларға қосылатын массаждың тағы бір түрі — адамның өзіне-өзі массаж жасауы (самомассаж). Емдік массаж. Бұл емдеу әдістерінің ішінде өзінше оқшау тұрған ерекше түрі. Оны тек дәрігер тағайындайды. Ал орындағанда білгір мамандар ғана жасайды. Олар емханада, санаторин-профилакторий сияқты медициналық-мекемелерде аурудың жағдайын тыңғылықты қадағалап отырады. Ол басқа комплексті емнің құрамына кіреді. Мысалы дәрі-дәрмекпен, физиотерапиялық емдік гимнастикалармен бірге жүріп отырса, аурудың жылдам айығып кетуіне толық мүмкіндік бар. Емдік массаж өзі жеке бірнеше топқа бөлінеді. Ол аурудың түріне, зақымданған не жарақаттанған жерге байланысты. Мәселен жүрек-қан тамыр ауруларына (жүрек ақауы, миокард инфаркты, гипертония, гипотония ауруларында) бір түрлі массаж, тыныс алу жолдары ауырғанда — басқа түрі, орталық не шеткері нерв жүйесі зақымданғанда тағы бір түрі қолданылады. Сол сияқты массаж операцияға дейін, одан кейін де кең қолданылады. Қысқасы, әр аурудың өзіне тән қолданатын массаждың тәсілдері, методикасы бар. Сондықтан емдік массажды тек медициналық білімі бар адамдар ғана жасай алады. Гигиеналық массаж. Массаждың бұл түрі сау адамдардың денсаулығын сақтау үшін, аурудың алдын алу үшін, ерте қартайып — тері солып қалмау үшін қолданылады. Ол барлық денеге немесе жеке бір мүшеге жасалады. Сол сияқты оны маман, әйтпесе әркім өзіне - өзі жасай алады. Гигиеналық массаж, ертеңгі жаттығулар сияқты таңертең орындалады. Қай мезгілде жасаса да оның артықшылығы жоқ, дегенмен таңертең ұйқыдан оянған сәтте денені сергітуге арналған. Себебі адам организмі бірден құлшынып тіршілікке ене қоймайды, ол күні бойы (ең болмаса түске дейін) біртіндеп таратылады. Әсіресе, қан қысымы төмен не буындары ауыратын адамдарға ертеңгі массаждьң көмегі өте қажет – ақ. Сегменталды массаж. Жұлыннан шыққан нерв талшықтары ішкі ағзаларға және дененің бір бөлігіне (тері, бұлшық ет, тканьдер т.б.) бірдей әсер етеді. Сонда адамның сыртқы және ішкі органдарының арасында тығыз байланыс болады. Осындай сезімтал аймақты ең алғаш орыс дәрігері А.А.Захарьин ашады. Ол жүрек ауырған кезде арқаның терісін сипалай отырып осы рефлексогендік белдеуді анықтайды. Кейін ішкі органдар мен сыртқы терідегі сезімтал аймақтың өзара байланысын неміс дәрігері Х.Гед тиянақты тексере отырып, анықтап шығады. Сондықтан осындай сезімтал рефлексогендік аймақты ашқан авторлардың құрметіне Захарьин Гед белдеуі не аймағы деп атайды. Көп ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда, осы Захарьин Гед аймағы мен ішкі ағзалардың байланысы жұлыннан шыққан бірыңғай нерв талшықтары және шеткері вегативтік нервтер арқылы іске асады Дененің белгілі бір бөлігін деп тері, бұлшық ет, тері астындагы шелді қабат, дәнекер ткань, тамырлар, сүйек — барлығы нерв талшықтары арқылы ішкі ағзалармен байланысты. Сондықтан ішкі органдардың біреуі ауырса, бірден терінің бір жеріне беріледі. Мысалы, жүрек ауырғанда, оның әсері сол жақ иыққа, жауырынға, қолға беріледі. Егер сол жерлерді зер салып қараса, өзіне тән өзгерістері байқалады. Басқа қоршаған жерден гөрі бұл белдеуде электроөткізгіштік қасиет жоғары, терінің, температурасы көтеріңкі, бұлшық еттер қатты ауырып, сіресіп, өте сезімталдық байқалады. Осы анықталған белдеуге массаж жасағанда, науқасқа шалдыққан ішкі органда әжептәуір жеңілдік анықталады. Ол жерде қан айналымы жақсарып, зат алмасуы күшейеді. Сондықтан ішкі ағзалардың, әрқайсысына лайықты сезімтал белдеулері болады. Жұлынның арнайы сегменттері соған арналған. Массаждың түрлі тәсілдерін осы арнайы сезімтал белдеулерге колдана отырып, закымданған мүшені қалпына келтіруге болады. Ол үшін жұлынның сегменттерін анық білу керек. Барлығы жоғары реттеуші күштің қарамағында өтетінін еш уақытта естен шығармаған дүрыс. Нүктелі массаж.. Массаждың бұл түрі басқалардан өзгеше. Нүктелі массаж организмнің биологиялық активті нүктелеріне әсер етеді (2— 10 мм). Клиникалық тәжірибе және эксперименталды зерттеулер нүктелі массаждың әсерінен организмде айтарлықтай өзгерістер болатынын дәлелдеді. Массаж жасаған нүктеде терінің температурасы көтеріліп, электр өткізгіш қабілеті жоғарылайды. Оны жылжымалы тобископ деген прибор арқылы оңай анықтауға боладьі. Нүктелі массажды басқаша акупунктура немесе акупрессура деп те атайды. Нүктелі массаж инемен емдеу әдісіне ұқсас, нерв ұштарын тітіркендіреді. Биологиялық активті нүкте Захарьин-Гед белдеуімен үнемі сәйкес келмейді. Нүктелі массаж жасағанда әр түрлі тәсілдер қолданылады. Оның екі түрі бар: қоздыру және тежеу. Тежейтін нүктелі массаж бұлшық етті босатуға және ауырған жерді басуға бағытталады. Ол үшін бір нүктені—1,5 минут саусақпен нығарлап басып отырып. оң жаққа бұрайды (бұранда кіргізгендей), одан соң керісінше 6ұрап саусақты босатқандай басады. Арасында сәл кідіреді. Қоздыратын нүктелі массаж. Бұлшық етті қатайту үшін (әлсіреп босап кеткенде) колданылады. Ол үшін саусақты бір нүктеге қадап 20—30 секунд дірілдетеді. Әрбір осындай қимылдан соң қолды жылдам жұлып алады. Әрқайсысын 3 —4 рет қайталайды. Қазіргі кезде ғалымдардыд айтуынша, адам бойынан 695 нүкте табылған. Олардың тек 140— 150-ін ғана массажға колданып жүр. Соньң өзінде көптеген нүктелер өте сирек пайдаланылады. Нүктелі массаждың қасиеті нүктенің орналасқан жеріне, күшіне және ұзақтығына тікелей банланысты. Ол бір, екі, үш... саусақтармен немесе вибрациялық аппаратпен орындалады. Нүктелі массаж әр түрлі ауруларды емдеуге, спортта тірек-қимыл, буын зақымданған кезде немесе классикалық массаждың алдында денені босаңсытуға, биологиялық активті нүктелердің, тиімділігін арттырьш, басқа бір нүктелердің жұмысын тежей тұру тәсілімен қолданылады. Галерея. Image:Le massagr au Hamam par Edouard Debat-Ponsan 1883.jpg Испания ұлттық футбол құрамасы. Испания Ұлттық футбол құрамасы - Футболдан халықаралық матчтарда өнер көрсетіп жүрген Испания құрамасы. Корольдық испан футбол федерациясының бақылауында. Соңғы Әлем Чемпионатының жеңімпаздары. ФИФА рейтингінде бойынша 1 орында тұр. Құрылуы. 1909 жылы өз Корольдық испан футбол федерациясының құрып, 1920 жылы Олимпиялық ойындарға қатысты. Онда екінші орын алып, күміс жүлдегер атанды. Жиырма бірінші ғасыр. 2008 жылы Аустрия және Швейцарияда ұйымдастырылған Еуропа чемпионатын жеңді. Екі жыл соң Африкада өткізілген Әлем Чемпионатынында финалда Нидерланд командасын 1:0 есебімен жеңіп, ФИФА тарихында бірінші рет Әлем чемпионы атанды. Acura. Акура (Acura) — спорттық және өкілетті типтегі автокөліктерді шығаруға мамандандырылған Honda концернінің солтүстікамерикалық бөлімшесі. Жинау зауыты American Honda Motor Co. 1986 жылдың 27 наурызда Калифорнияда ашылған болатын. Акура атауы 1989 жылы пайда болып, АҚШ-та сатылатын Honda-ның аса престижді модельдеріне жатқызылады. Акура маркасы автокөліктерінің тактикалық-техникалық сипаттамалары әдетте, Honda фирмасы модельдерінің арақатынасты параметрлерінен аса ерекшеленбейді. Бұған қарамастан модельдерінің атауы ұқсас болып та келеді. Модельдерінің көпшілігі тікелей Солтүстік Америкада өндіріліп (TL мен CL сериялары), ал бөлек модельдер — RL мен NSX аса аз сұраныс себебінен Жапониядан әкелінеді. Акураның тек қана америкалық модельдерінің шығарылуы 1999 жылы 101,3 мың данаға жетті. Акура маркасы модельдерінің барабар Honda автокөліктерінен негізгі ерекшелігі — спорттық кейіпі мен сериялық жабдықталуының әлдеқайда жоғарғы деңгейде болуы. Осыдан басқа, Акура Honda-ның америкалықтарға ұсынбайтын АҚШ-та аса престижді модельдер TL мен RL-ға өкілеттік етеді. Василий Ломаченко. Василий Ломаченко (17.02.1988 ж.,Туған жері: Одесса облысы Белгород-Днестровский қаласы) - Украин боксшысы. Лақап есімі: Хай-тек Бойы: 169 см. Салмақ дәрежесі: 60 кг. Бокстан Украинаның бірнеше дүркін чемпионы. 2006 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы. 2007 жылы АҚШ-тың Чикаго қаласында өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері. 2008 жылы Англияның Ливерпуль қаласында өткен Еуропа чемпионатының жеңімпазы. 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының жеңімпазы. Олимпиада ойындарындағы ең үздік боксшыға берілетін Вэла Баркер кубогының иегері. 2009 жылы Миланда өткен әлем чемпионатының жеңімпазы. Өртембаев, Мұрат Қалмухаметұлы. Өртембаев, Мұрат Қалмухаметұлы - тұңғыш қазақ және КСРО хакер. 1955 жылы дүниеге келген. Алматы физика-математика мектебін бітіріп Мәскеу мемлекеттік университетін тамамдаған. Сол университетте оның болашағы жарқын болады деп жорамалдап отырғанына елемеп Тольятти қаласындағы АвтоВАЗ зауытының Автоматты Басқару Жүйесі бөлімінде жұмысқа орналасады. 1983 ж. кезегінде Құрметті мадақтама бермеген үшін Автоматты Басқару Жүйесінің бағдарамалық жасақтамасына ақаулықтар енгізген. Үш күн бойы бас конвейер Өртембаев кезекті демалыстан келгенше дейін тоқтаған. Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті өткізген тергеуде ақаулықтардың туындыгері Өртембаев болып шықты. Ол кездегі қылмыстық заңнамасында компьютерлік қылмыстар ұғымы болмаған. Заңгерлер араласында үлкен пікірсайыс көтеріліп бұқаралық ақпаратқа дейін жеткен. Қорытында Өртембаевқа қаскөйлік бұзақылығы үшін бір және жарты жыл шартты түрде аыйптау және зиянын өтеу үшін Жигули мәшинәсінің екі есе құнын төлеуді кесім шығырған. Инженер-бағдарламашы лауазымынан түсіріп бас конвейерге сілесір-жинақтаушы орнына қойған. Жазасы біткен соң отбасымен бірге Қазақстанға оралған. 2000 жылдарда Қазпошта акционерлік қоғамының Ақпараттық технологиялар департаментінің меңгерушісі болып жұмыс атқарған. Күле білудің пайдасы. Атқан таңмен күліп оянудың Сіздің денсаулығыңызға қаншалықты пайдасы мол екенін білесіз бе? Таңертең айнадан өз келбетіңізді көріп, жай ғана жымиюдың сол күнгі көңіл-күйіңізге тигізер ықпалы мол. Күлу – адамдар қатынысының да маңызды бөлшегі екенін ұмытпаңыз. Мысалы езудегі жымиюдың өзі адамның өзіне сенімділігі, еркіндігі, достығы, мейрімділігі, ләззаты, қуанышы, келісімі, тіпті бақытын білдіреді. Ал күлкі иесінің жанына - тыныштық, жылу, деніне - саулық сыйлайды. Күлу мен жымиюдың – ашық, кең, әдемі, сыңғырлаған, әуезді және тағы басқа түрі болады. Дана Абайдың төртінші қара сөзінде - «Үнемі уайым-қайғыға жан шыдай ала ма екен? Үнемі күлмей жүре аламыз ба, үнемі күлмей жүруге жөн шыдай ма екен? Жоқ, мен үнемі уайым-қайғыменен бол демеймін...» деп күлкінің маңызын атап өткен. Ал Лев Толстой күлкіні әсемдік деп бағалап, оның 97 түрін анықтаған екен. Адамның күлкісіне қарап оның жандүниесін де бағалаймыз. Мысалы, ашық күлкі иелері бауырмал, ақ көңіл келеді. Психология және медицина саласы мамандары күле білмеген адам депрессия мен тұйықтануға ұшырайтынын анықтаған. Осы тұста қытай даналығы «ашулы жұдырық жымиған жүзге соқтықпайды» дейді. Ал күлу үшін біз бет пен бастың 15 бұлшықетін қимылдатады екенбіз. Сондықтан күлкі өмірді ұзартатыны да шындық. Адам жүзіндегі күлкі бүгінде Голливуд жұлдыздарының бір «белгісіне» айналған. Сонымен қатар, өмірде сәтті, бақытты адамдарды да әдемі күлкісіз елестете алмайсыз. Дегенмен, күлкінің де шегін ұмытпаған абзал. Мәселен, орынсыз және шамадан тыс күлкінің ұяты мен зияны да мол. Қазақта мөлдір күлкі, теңгедей сыңғырлаған күміс күлкі бар. Ол сұлуларымызды одан да ажарландыра түседі. Ал халқымыздың «қыздың күлгені-өлгені, жымиғаны-күлгені» дегені қыз баласының ибасы мен ізетін көрсетеді. Өзіңіздің көңіл күйіңіздің құлы емес, иесі болыңыз. Сонда Сіз күліп қараған әлем - Сізге де күліп қарайды! Қоштасу. Қош есен бол, туған жер Монғол елім, Қуат беріп қолдай гөр, жолымды ашып, Өнер бердің, жыр төгіп шалқып барам. Кешір мені туған жер, Монғол елім, Жамау да боп жыртыққа жетпек емен. КВМ. KVM схемасы. Перифериялық құрылғылар оң жақтағы компьютерге жалғанған. KVM-ауыстырғышы (қысқартылған — пернетақта, видео, тышқан) — енгізу-шығару құрылғыларының бір жинағын бірнеше компьютер арасында коммутациялауға арналған құрылғы. Әуел баста KVM-ауыстырғыштары, өз атына сәйкес, монитордың, пернетақтаның және тышқанның сигналдарын ауыстырып қосуға пайдаланылған болса, кейінгі кездері дыбысты және USB-ді ауыстырып қосу мүмкіндіктеріне ие KVM-ауыстырып-қосқыштары пайда болды. Сигналды тікелей ауыстырып қосумен қатар, KVM-ауыстырғышы сөндірілген порттарда құрылғыларды эмуляциялай алады, соның арқасында ол құрылғыларды іздеу кезінде ол машиналарда қате пайда болмайды. Бұған D-Sub, PS/2 және USB шиналары бойынша мәлімет тасымалдау протоколдарының ортақ стандарттарының болуы өз пайдасын тигізді. KVM-ауыстырғыштарының типтері. KVM-ауыстырғыштарының алғашқы түрлері механикалық болатын. Олар сыртына стандартты ұяшықтары шығарылған корпус ішіндегі пакеттік ауыстырғыш түрінде болды. Олардың негізгі артықшылықтары - қарапайымдылығы және сенімділігі болатын. Негізгі кемшіліктері - "активті емес" порттардағы пернетақтаны эмуляциялаудың жоқтығы, жалғанатын құрылғылардың арасындағы тікелей гальваникалық байланыс, басқару қиындығы (Пакеттік ауыстырғыш бір уақытта 20-дан астам контакттарды ауыстырып-қосуы керек болатын), кеңейту мүмкіндігінің жоқтығы. Кейінгі түрлері электрондық коммутацияны пайдаланып, ауыстырып-қосу процессін пернетақтадан басқаруға мүмкіндік беретін еді (әдетте KVM басқару режимін активті ету үшін Scroll Lock пернесін екі рет басу керек). Электрондық ауыстырғыштардың алғашқы нұсқалары сыртқы тұтыну көзін қажет етсе, соңғы нұсқалары PS/2 немес USB портының тұтыну шинасын қолданады. Одан кейін сигналды алыс қашықтықтарға тасымалдай алатын KVM-ауыстырғыштары пайда болды. KVM-ауыстырғыштарының соңғы нұсқалары бейнесигналды және пернетақта/тышқан сигналдарын IP-протоколы көмегімен желі арқылы тасымалдай алады (бұлар IP-KVM деген атпен белгілі). IP-KVM ауыстырғышымен жұмыс жасау үшін, жұмыс станциясында Java виртуалды машинасы немесе пайдаланушы мониторына бейнесигналды жеткізіп отыратын арнайы windows-бағдарламасы қажет болуы мүмкін. IP-KVM шығаратын компаниялар, әдетте, бағдарламалық жабдықтың екі нұсқасын да қолданады: Linux/MacOS/*BSD жүйелері үшін java-клиент және Microsoft Windows операциялық жүйесінің басқаруындағы жұмыс станцияларына арналған windows-клиент. KVM ауыстырғыштарының заманауи нұсқалары аудиосигналды, қосымша USB құрылғыларды, цифрлық бейнесигналдарды (DVI, Display Port секілді) коммутациялауға мүмкіндік береді. Қазіргі заманғы KVM-ауыстырғыштарын қолдану кезіндегі басты мәселелердің бірі - әртүрлі стандартты емес USB-құрылғыларды (мысалы, сымсыз тышқанды немесе принтерді) коммутациялау болып табылады. Себебі, көптеген өндірушілер қарапайым электронды нумерацияны немесе қарапайым эмуляцияны пайдаланады, сондықтан, бұндай құрылғыларды бір компьютерден екінші компьютерге ауыстырған кезде - ол құрылғы анықталмай қалады. Бұл мәселені True emulation USB (өндіруші-компания) технологиясын қолдану арқылы шешеді. KVM ауыстырғыштарының өндірушілері. - Emerson Network Power халықаралық бөлімі KVM және алыстан басқару. Алыстан басқару сервистерімен (SSH, Remote Desktop) салыстырғанда, IP арқылы сигнал тасымалдайтын KVM ауыстырғыштары, операциялық жүйеге тәуелсіз құрылғы болғандықтан, қосымша операцияларды атқаруға мүмкіндік береді (мысалы BIOS-ті басқару немесе операциялық жүйені қондыру). Сонымен қатар, KVM-ауыстырғышы операциялық жүйелердің саясатына бағынбайды (мысалы, Active Directory немесе /etc/passwd жүйелерінде пайдаланушы тіркелгісін блоктау арқылы ол пайдаланушының KVM-мен жұмысына тосқауыл болу мүмкін емес). KVM IP өнімдерінде Virtual Media сияқты технологияны айта өткен жөн. Бұл технология KVM құрылғыға мәліметтерді IP протоколы бойынша тасымалдап, осының арқасында бағдарламаларды немесе операциялық жүйені қашықтан орнатуға мүмкіндік береді.. Remote Desktop Protocol. RDP (— қашықтағы жұмыс үстелі протоколы) — Microsoft компаниясы жасап шығарған қолданбалы деңгейдегі протокол. Бұл протокол терминалдық қосылымдар сервисінің көмегімен, серверді және пайдаланушыны байланыстыруда қолданылады. Клиенттер барлық дерлік Windows нұсқаларында (Windows CE және Mobile жүйелерінде де), Linux, FreeBSD, MAC OS X жүйелерінде бар. Әдетте 3389 TCP порты қолданылады. Клиенттік бағдарламалық жабдықтың ресми атауы - Remote Desktop Connection немесе Terminal Services Client (TSC), мысалы, Windows 2k/XP/2003/Vista/2008/7 жүйелеріндегі клиент mstsc.exe деп аталады.. Windows Server 2008 және Windows Vista жүйелерінде протоколдың жаңа нұсқасы - RDP 6 қолданылады. RDP әдетте виртуальды консольдар құрмайтындықтан, оларға емес, тікелей 0 консоліне (негізгі консоль - тышқан/пернетақта) қосылу үшін, RDP-клиентті console параметрімен іске қосу керек. Нұсқалар тарихы. Консольмен жұмыс істеу жақсаруымен қатар, бұл нұсқа Windows Server 2008де пайда болған жаңа функционалдық мүмкіндіктерді қолдады (мысалы, Terminal Services Easy Print Driver, принтерді қайта бағыттау клиенттік жүйесі - серверде принтер драйверін қондырмай-ақ бағдарламалардан локальді баспаға шығару мүмкіндігі). SSH. SSH (— «қауіпсіз қабықша») — операциялық жүйені қашықтан басқаруға және TCP-байланыстарды туннельдеуге (мысалы, файлдарды тасымалдау үшін) мүмкіндік беретін сеанстық деңгейдегі желілік протокол. Қызметі жағынан Telnet және rlogin протоколдарымен ұқсас болғанымен, олардан айырмашылығы - барлық трафикті, парольдерді шифрлейді. SSH әртүрлі шифрлеу алгоритмдерін таңдауға мүмкіндік береді. Желілік операциялық жүйелердің басым көпшілігінде SSH-клиенттер және SSH-серверлер бар. SSH қорғалмаған ортада басқа кез-келген желілік протоколды тасымалдауға мүмкіндік береді, осылайша, қашықтағы компьютермен командалық қабықша арқылы ғана емес, сонымен қатар, шифрленген арна арқылы дыбыс ағынын немесе бейнені (мысалы, веб-камерадан) тасымалдауға болады. Сонымен қатар, SSH тасымалданатын мәліметтерді шифрлеу алдында сыға алады, бұл мүмкіндік X Window System клиенттерін қашықтан қосуға ыңғайлылық тудырады. Көптеген хостинг-провайдерлер клиенттерге олардың үй каталогымен SSH арқылы жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндікті пайдаланатын клиенттер бұйрықтық қатармен жұмыс жасауды жеңілдетіп қана қоймай, бағдарламаларды (графикалық бағдарламаларды қоса алғанда) қашықтан іске қосуға мүмкіндік алады. Стандарттары және бағдарламалық жүзеге асырылуы. Протоколдың алғашқы нұсқасын (SSH-1 атына ие болған) 1995 жылы Финляндиялық Хельсинки Технологиялық университетінің зерттеушісі Тату Улёнен ойлап тапқан. SSH-1 протоколы rlogin, telnet және rsh протоколдарына қарағанда құпиялылықты жоғары сақтай алатын еді. 1996 жылы протоколдың қауіпсіздеу нұсқасы SSH-2 жасап шығарылды, ол SSH-1 протоколымен сәйкес жұмыс жасай алмады. Протокол кеңінен таралып, 2000 жылы оның екі миллионға жуық пайдаланушысы болды. Қазіргі кезде "SSH" термині көбіне SSH-2 протоколына қатысты айтылады, себебі протоколдың алғашқы нұсқасы өз кемшіліктеріне байланысты қазіргі кезде тіпті қолданылмайды десе де болады. 2006 жылы бұл протокол IETF жұмыс тобымен Интернет‐стандарт ретінде бекітілді. Алайда, кейбір мемлекеттерде (Франция, Ресей, Ирак және Пәкістан) шифрлеудің белгілі бір тәсілдерін қолдану үшін қажетті құрылымдардан арнайы рұқсат алу керек, бұл тәсілдер ішінде SSH да бар. Ресей Федерациясының «О федеральных органах правительственной связи и информации» заңын қараңыз. SSH протоколының екі нұсқасы кең тараған: жеке коммерциялық және тегін. Тегін реализация OpenSSH деп аталады. 2006 жылы Интернет желісінің 80 % компьютерлері OpenSSH қолданды. Коммерциялық нұсқаны жасаумен ұйымы айналысады, бұл нұсқаны да коммерциялық емес мақсаттарда тегін қолдануға болады. Бұл нұсқалардағы бұйрықтар тізімі шамамен бірдей. Іс жүзінде, көптеген хакерлер желідегі, әсіресе хостинг-провайдерлердің адрестеріндегі ашық SSH-портының бар-жоғын тексереді де, сосын суперпайдаланушының паролін табуға тырысады. Telnet протоколына қарағанда, SSH-2 протоколы трафикті зерттеу шабуылдарына ("снифинг") төтеп бере алғанымен, «man-in-middle» шабуылдары кезінде тұрақсыз болып табылады. SSH-2 протоколы, сонымен қатар, орта жолдан қосылу арқылы шабуылдауға да () төзімді - орнатылып қойылған сессияға орта жолдан кіруге немесе оны тартып алуға мүмкіндік жоқ. «man-in-middle» шабуылдарына тойтарыс беру үшін, клиентке кілті әзір белгісіз хостқа қосылған кезде, клиенттік бағдарламалық жабдық пайдаланушыға "кілт бастырмасын" (key fingerprint) көрсетеді. Клиенттік бағдарламалық жабдық көрсетіп отырған "кілт бастырмасын" (key fingerprint) серверлік кілттің бастырмасымен салыстырып отырған дұрыс. Серверлік кілт бастырмасын байланыстың сенімді желілері арқылы немесе жеке өз қолыңызға алып тексерген дұрыс. SSH қолдауы барлық UNIX‑типтес жүйелерде жүзеге асырылған, олардың басым көпшілігінде стандартты утилитилар арасында ssh клиенті және сервері бар. SSH-клиенттердің UNIX типтес емес операциялық жүйелер үшін де клиенттері көп. Бұл протокол трафик талдаушылары және локальді желінің жұмысын бұзудың тәсілдерінің кең тарауынан кейін, қауіпсіз емес Telnet протоколына альтернатива ретінде пайдаланылып, кеңінен тарады. SSH арқылы жұмыс жасау үшін SSH-сервер және SSH-клиент қажет. Сервер клиенттік машиналардан келіп түскен байланыстарды тыңдап отырады да, байланыс орнатылған кезде аутентификация жасайды, одан соң клиентке қызмет көрсете бастайды. Клиент қашықтағы машинаға кіру және бұйрықтарды орындау үшін қолданылады. Байланыс орнату үшін, сервер және клиенттің әрқайсысы кілттер жұбын - ашық және жабық - құрып, ашық кілттерімен алмасулары керек. Әдетте пароль де қолданылады. SSH қолдану мысалдары. $ puttygen -t rsa -b 4096 -o sample Кейбір клиенттер, мысалы, PuTTY, пайдаланушының графикалық интерфейсін де қолданады. SSH протоколын Python жүйесінде қолдану үшін python-paramiko және python-twisted-conch модульдері бар. SSH-туннельдеу. SSH-туннель — бұл SSH-байланыс көмегімен құрылған, мәліметтерді шифрлеуге арналған туннель. Интернетте мәлімет тасымалдау қауіпсіздігін арттыру үшін қолданылады (IPsec секілді мақсатта қолдану). Ерекшелігі - белгілі бір протоколдың шифрленбеген трафигі SSH-байланыстың бір шетінде шифрленіп, екінші шетінде қайта дешифрленеді. Протокол туралы техникалық ақпарат. SSH — бұл қолданбалы деңгей (бағдарламалық деңгей) протоколы. SSH-сервер әдеттен 22-ші TCP-портқа келген байланыстарды күтіп отырады. SSH-2 протоколының спецификациясы RFC 4251 құжатында көрсетілген. Серверді аутентификациялау үшін SSH протоколында RSA немесе DSA электрондық-цифрлық қолтаңбасы алгоритмдері негізіндегі аутентификация протоколы қолданылады. Клиентті аутентификациялау үшін де RSA немесе DSA ЭЦҚ, сонымен қатар, пароль (Telnet протоколымен сәйкестік) және тіпті хосттың ip-адресі (rlogin протоколымен сәйкестік) қолданылуы мүмкін. Пароль бойынша аутентификациялау кеңінен таралған; ол қауіпсіз болып табылады, себебі пароль шифрленгене виртуалды арна арқылы тасымалданады. IP-адрес бойынша аутентификациялау қауіпсіз емес болып табылады, бұл мүмкіндікті әдетте ажыратып тастаған дұрыс. Ортақ құпияны (сеанстық кілтті) құру үшін Диффи — Хеллман алгоритмі (DH) қолданылады. Тасымалданатын мәліметтерді шифрлеу үшін симметрлі шифрлеудің AES, Blowfish немесе 3DES алгоритмдері қолданылады. Тасымалданған мәліметтердің дұрыстығы SSH1 жүйесінде CRC32 арқылы немесе SSH2 жүйесінде HMAC-SHA1/HMAC-MD5 арқылы тексеріледі. Шифрленген мәліметтерді сығу үшін LempelZiv (LZ77) алгоритмі қолданылады. Бұл алгоритм ZIP архиваторымен шамалас сығу деңгейіне ие. SSH сығуы клиенттің сұранысы бойынша іске қосылады да, іс жүзінде сирек қолданылады. Xırwats tild. Ресми Хыруатс тілд (en:Croatian language, hr:hrvatski jezik) Хыруатстан. Жас Отан. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының «Жас Отан» Жастар қанаты 2008 жылғы 14 мамырда Астана қаласында «Жас Отан» ЖҚ I Съезінде қоғамдық бірлестік тұлғасында құрылған. Ұйымның облыстық, Астана және Алматы қалалық филиалдары, сондай-ақ, қалалық және аудандық деңгейде бөлімдері бар. «Жас Отан» Жастар қанатының Орталық кеңесіне Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, Үкіметтік емес ұйымдардың жастар көшбасшылары, жас спортсмендер мен мәдени қайраткерлер кіреді. Жастар қанатының құрамын 2010 жылғы есеп бойынша 170 мың адамды құрайды. «Жас Отанның» тарихы. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының жастар қанаты 2008 жылға дейін өзіндік заңды тұлғаны иеленбеді. 2006 жылғы 26 қарашадағы «Отан» Республикалық саяси партиясының саяси кеңесінің отырысында партия төрағасының міндетін атқарушы Б. Т. Жұмағұлов өз баяндамасында өткен 1,5 жыл ішінде «Жас Отан» Жастар қанатының бірде-бір Республикалық кеңесінің отырысы өтпеді, ал оның басшысы өз араларында байланыстары жоқ, әртүрлі іс-шаралар өткізді, - деп атап өтті. Партияның саяси кеңесінің, орталық аппаратына, барлық филиалдар мен өкілдіктері алдына тез арада жастармен жұмысты күшейту мәселесі мен аталған бағыт бойынша Іс-әрекеттер бағдарламасын ұсынуды міндеттеді. 2008 жылдың 17 қаңтарында Президент Н. Назарбаев «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінің отырысында көктемде «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының «Жас Отан» Жастар қанатының съезін өткізу туралы ұсыныс берді. 2008 жылдың 14 мамырында Мемлекет басшысы, партия төрағасы Н. Ә. Назарбаевтың қатысуымен «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының «Жас Отан» Жастар қанаты» I Съезі өтті. «Жас Отан» ЖҚ I Съезіне дейін «Нұр Отан» ХДП бастамасы бойынша «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңды талқылау бойынша парламенттік тыңдау өткізілді. Съезге қатысатын делегаттардың тізімі бекітілген, еліміздің барлық облыстарында жастар конференциясы өткізілді. Сондай-ақ, съезге Қазақстанның жастар ұйымдарының көшбасшылары мен партия және Саяси кеңестің бюро мүшелері мен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшылары және Парламент депутаттары мен Үкімет пен Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері және БАҚ, ҮЕҰ мен шетелдерден жас қонақтар келді. I съезд делегаттарымен қоғамдық бірлестіктің жарғысы мен 2008-2011 жылдарға арналған Іс қимыл стратегиясы қабылданып, ұйымның Атқарушы хатшысы болып, Нұрлан Өтешев сайланды. Мемлекет басшысы өз баяндамасында ұйым алдына кезек күттірмейтін, яғни, әрбір қазақстандық өз әлеуетін жүзеге асыра алатын, бәсекеге қабілетті азамат болып қалыптасу үшін қажетті жағдайлар жасау туралы міндеттер қойды. 2009 жылдың қаңтар айында «Жас Отан» «Қара таңба» атты жобасының тұсауын кесті. Жоба «Нұр Отан» ХДП Қоғамдық қабылдауына 2008 жыл мен 2009 жылдың бірінші жартыжылдығында келіп түскен барлық азаматтардың шағымдары мен үндеулеріне талдау жасайды. Мониторинг жасап болғаннан кейін партияға сыбайлас жемқорлыққа қатысты шағым ең көп түскен мемлекеттік органның көше жақтағы қақпасына «Қара таңба» белгісін орнатады. Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың 2009 жылғы 12 ақпанда «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының Саяси кеңесі Бюросының кеңейтілген мәжілісінде партия жастар қанатының қиын-қыстау кезеңде студенттерді қолдау үшін жалпықазақстандық марафон өткізу бастамасын қолдау қажет екендігі туралы нақты тапсырмасы бойынша «Жастар жалыны – Отанға, жомарт жүрегі – жастарға!» атты ұранмен жалпықазақстандық марафонын өткізіп, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-мен Меморандумға қол қойды. 2010 жылдың сәуірінде «Жас Отан» «Тарбағатай мұңы — бүкіл Қазақстанның мұңы» атты Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданынан су тасқынынан зардап шеккендерге киім мен азық-түлік өнімдерін жинауға арналған акциясын өткізді. Көмек ретінде «Жас Отан» Жастар қанатының аймақтық филиалдары КАМАЗ бен ГАЗельмен қажетті заттарды жөнелтті. 2010 жылдың сәуір айында «Жас Отан» ЖҚ «Біз қазақстандықпыз! Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты Республикалық акциясын ұйымдастырып, акция шеңберінде «Біз» деген сөзде – «140 МЕН!» тақырыбындағы бір шаңырақ астында 140 этностың бейбіт өмір сүріп жатқандығын көрсету мақсатында фотокөрме ұйымдастырды. Идеология. «Жас Отан» Жастар қанаты «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының идеясын қолдайды. Ұйымның мәлімделген міндеті - мемлекеттің дамуды жаңашылдыққа ұмытылуды қамтамасыз ету мақсатымен елбасының саяси платформасының негізінде Қазақстан жастарын біріктіру. Мақсаты - өзінің cоңынан жастарды тартып, қабілетті, мықты және абыройлы саяси жастар ұйымын құру. «Жас Отанның» құрамы. «Жас Отанның» атқарушы хатшысы Нұрлан Өтешев. «Жас Отан» Жастар қанатының мүшелігіне 16 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы өз еркімен жазбаша түрде өтініш жазу арқылы кіреді. Жастар қанатының мүшесі «Жас Отанның» мақсаттары мен міндеттерін қолдап, жүзеге асыруға ат салысуы керек. «Жас Отан» Жастар қанатының мүшесіне куәлік пен есеп карточкасы жазылады. «Жас Отан» Жастар қанатының жоғары басшылық органы «Жас Отан» ЖҚ Орталық кеңесінің шешімі бойынша төрт жылда бір рет немесе қажеттілігіне қарай шақырылатын Съезд болып табылады. Съезд делегаттары облыстық,астана және Алматы қалалық конференцияларда сайланады, бөлек жағдайда – «Жас Отан» ЖҚ филиалы кеңесінің отырысында барлық қалалық және аудандық филиал өкілдерінің қатысуымен сайланады. Съезд қатысып отырған делегаттардың дауыс беруімен шешім шығарады. «Жас Отанның» басшылық органы съезд аралығында жастар саясатын жүзеге асыратын және жастар қанатының филиалдарына басшылық ететін Орталық кеңес болып табылады. Орталық кеңестің мүшелеріне облыстық, Астана және Алматы қалалық филиалдың өкілдері мен басқа да жастар ұйымдарының белсенділері мен көшбасшылары кіреді. Съездің өкілетті мерзімі – төрт жыл. Облыстық, Астана және Алматы қалалық (аудандық) филиалдың жоғары басқарушы органы облыстық кеңестің шешімі бойынша екі жылда бір рет шақырылатын конференция болып табылады. Облыстық филиал конференциясының делегаттары, сондай-ақ, Астана және Алматы облысы «Жас Отанның» қалалық (аудандық) конференцияларында, бөлек жағдайда аймақтық атқарушы хатшының шешімі бойынша сайланады. Облыстық, Астана және Алматы қалалық филиалдарының басқарушы органы облыстық, Астана және Алматы қалалық филиалдарының конференциясында «Жас Отан» ЖҚ Атқарушы хатшысының келісімі бойынша сайланған Кеңес болып табылады. Қалалық филиалдың кеңес құрамы «Жас Отан» ЖҚ облыстық, Астана және Алматы қалалық филиалдарының атқарушы хатшыларының келісімі бойынша конференцияда сайланады. «Жас Отанның» атрибуттары. «Жас Отан» Жастар қанатының съезде бекітілген өзінің эмблемасы, әнұраны, туы, «Жас Отан» ЖҚ мүшелігін білдіретін төс белгісі, бланкісі мен басқа да атрибуттары бар. Эмблемада Қазақстан Республикасының картасы ортасында ұйымның атауы – «Жас Отан» бейнеленген. Эмблемада үш түс – көгілдір түс, көк аспанның мәңгіліктің, адалдықтың, сенімділіктің, рухани және интеллектуалдық өмір мен ертеңге деген жарқын болашақты білдіреді; сары түс – синтез, жаңарту, шешім, құру, туылу, өсу, күнді бейнелеу; қызыл түс – жылы сезім мен махаббат, қуаныш пен қуатты білдіреді. Ұйымның эмблемасы «Жас Отан» ЖҚ мүшелік билеті мен ұйымның басқа да баспалық өнімдерінде міндетті түрде қолданылады. Егемен Қазақстан газеті. «Егемен Қазақстан» - 1919 жылғы 17 желтоқсаннан бастап шығатын жалпыұлттық аптасына 5 рет шығатын газет. «Егемен Қазақстанның» алғашқы саны 1919 жылдың аяғында Орынборда жарыққа шықты. Содан бері ұжымдастыру кезеңі де, сталиндік қуғын-сүргін кезеңі де, соғыс жылдары мен соғыстан кейінгі қиын кезең де газеттің тұрақты түрде жариялануына кедергі бола алмады. Тек атауы ғана «Ұшқын», одан кейін «Еңбек Туы», «Еңбекші қазақ», «Социалистік Қазақстан» және соңғы жылдары «Егемен Қазақстан» болып өзгерді. Бұл газетте қазақ зиялы қауымының негізгі шығармашылығы жинақталған. Олар газетте алғашқы күндерден бастап-ақ жұмыс істеді: алғашқы кезде газетте қазақ зиялыларының күшті шығармашылық тобы жинақталды. Газеттің алғашқы редакторларының бірі Сәкен Сейфуллин болды. Мұнда Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Ғабит Мүсірепов, Ілияс Жансүгіров секілді біртуарлар жұмыс істеді және шығармаларын жариялады. «Егемен Қазақстан» мектебінен сандаған журналистер өтті. Әрине, уақыт өткен сайын республикада заман талабына сай және күшті болуы мүмкін қазақ тілді жаңа газеттер пайда болды, бірақ «Егемен Қазақстан» әрдайым тұрақты жариялануы мен объективтілігімен ерекшеленеді. 86 жылдың ішінде газеттің кеңсесі түрлі қалаларда орналасты, ең алдымен Орынборда, Қызылордада, содан кейін Алматыда, ал қазір тарихы газеттің сарғайған беттерінде сақтаулы тәуелсіз мемлекетіміздің бас қаласы – Астанада. С.Абдрахманов Оңтүс тік Қазақстан облысының Қазы ғұрт ауданында өмірге келген. Бұрынғы Келес ауда нындағы С.Сей фул­лин атын дағы орта мек тепті бітіріп шыққан соң 1970-1975 жыл­дарда Қазақ мемлекеттік универ сите тінің журналис тика факуль­тетінде оқыды. Университетті бітірген жылы “Социалистік Қазақ стан” газетіне жұмысқа шақы рылды. Осы жерде жұ мыс істеген 12 жыл ішінде тілші, бөлім меңгерушісі, редакция лық алқаның мүшесі қызмет терін атқарды. Одан кейінгі кезеңде Қазақстан Компар тиясы Орталық Комите тінде нұсқаушы, сектор меңгерушісі, Қазақ стан Рес­публикасы Прези дентінің, Министрлер Ка бинетінің аппараттарында аға референт, бөлім меңгеруші сінің орын басары, бірінші орынбасары болды. 1995-1997 жылдары рес публика Мәде­ниет минис трінің бірінші орынбасары, ал 1997-2000 жылдары “Қа­зақстан теле дидары мен радиосы” республикалық корпорация­сының бірінші вице-президен ті қызметтерін атқарды. 2000 жылдың желтоқса нында республика Үкіметі “Егемен Қазақстан” респуб ли калық газеті” ашық акционерлік қоғамын құру жөнінде шешім қабылдады, қоғамның президенті болып С.Абдрах манов тағайын далды. 2003-2004 жылдарда Қазақстан Республи касының Ақпарат министрі қызметін атқарды. 2004 жылғы 14 шілдеден бастап — “Егемен Қазақ стан” республи калық газеті” ашық акционерлік қоғамының президенті. С.Абдрахманов – Пре зидент сыйлығының лау реаты. Қазақстан Респуб ликасының еңбек сіңірген қызметкері. Филология ғылымдарының докторы. Әдебиеттану және тарихнама жөніндегі бірнеше кітаптың авторы. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» ашық акционерлік қоғамының басшылық құрамы мен шығармашылық ұжымының мүшелері Карабах (Футбол клубы). Карабах (Футбол клубы) — (Azərbaycanca: "Qarabağ" futbol klubu") Әзірбайжанның футбол клубы. Қысқы Олимпиадалық Ойындар 2022. Қысқы Олимпиада Ойындары — 2022 жиырма төртінші қысқы Олимпиада ойындары, 2022 жыл өтеді. Үміткер-қалалар Олимпиаданы өткізуі туралы ресми мәлімдемелерді 2013 жылға дейін беруі тиіс, ал 2015 жылы ХОК 2022 жылғы Олимпиада астанасын жариялайды. Жазғы Олимпиадалық Ойындар 2024. Жазғы Олимпиадалық Ойындар 2024 - Отыз үшіншілер олимпиада ойын жазғы. Жазғы Олимпиадалық Ойындар 2028. Жазғы Олимпиадалық Ойындар 2028 Әдеттегі отыз төртіншілер олимпиада ойын жазғы Келесі қалаларды айтыды 2021. өз тілегін олимпиаданы қабыл алып жатқанда әдеттегі қаланы тамызда таңдалған болады Жазғы жасөспірімдер Олимпиадалық Ойындар 2014. Қытай астанасы Нанкин қаласында өтетін II жазғы жасөспірімдер олимпиада ойындары 2014-ші жылғы тамыздың 16-і мен 28-і аралығында өтеді. Қысқы жасөспірімдер Олимпиадалық Ойындар 2012. Австрия астанасы Инсбрук қаласында өтетін I қысқы жасөспірімдер олимпиада ойындары 2012-ші жылғы кантардің 13-і мен 22-і аралығында өтеді. Гүлнар Дусматова. Гүлнар Дусматова - актриса,тележүргізуші ҚР халық әртісі, СССР халық әртсі. Гүлнар Дусматова 1964 жылы 5 қарашада дүниеге келген, 1989 жылы Киров атындағы қазақ университетін бітіреді. Гүлнардың ең алғашқы фильмі кішкентай Айгерімнен басталды, оның ең алғашқы фильмі - "Бандыны қуған хамит". Сол фильмнен Гүлнар кішкентай болғанымен де бірден атақты бола шықты. Дусматоваға киноға түсу көптеп ұсыныс жасай бастады. Ал 1982 жылы оны диктор болуға телевизияға шақырылды. 1985 жылы Қазақфильм студиясында жұмыс істей бастады. Отыз жылда 20 сериал, фильмге түсті. "Человический фактор" фильміндегі ролі үшін бүкілодақтық ең нағыз үздік әйел ролі деген номинацияға ие болады. Оны атақты қылған фильмдер: «Бегущая мишень», «Сон во сне», «Кардиограмма» және де Хуат Ахметовтің режиссерлігімен түсірілген "Человек ветер" фильмі. 2000 жылы үздік актриса деген номинацияға ие болды. Залесский, Бронислав. Бронислав Залесский (; 1819 или 1820 –) поляктің революционері, саяхатшы. Орынбор корпусында қатардағы солдат болған. 1865 жылы айдаудан Парижге қайтып оралғаннан кейін, ХІХ ғасырдың орта тұсындағы қазақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен тұрмыс-тіршілігін, этнографиясын, кең-байтақ өлкенің жері мен табиғи ерекшелігі туралы альбом-кітап басып шығарған зерттеуші. Залесскийдің қазақ ұлты туралы айтқан пікірі, қазақ даласында жүргенде салған суреттері ешқашан маңызын жоймайтын құнды дүние болып қала береді. Казақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, фольклорын Еуропаға таныстырған адам. Ол өз еңбегінде Мұғалжар тауынан бастау алатын Ащысай, Қайыңды, Атжақсы, Қайрақты, Темір өзендерін суреттей отырып, Мұғалжар тауы маңында өсетін жабайы өрік ағашын көргенін және ол ағашты жергілікті халық киелі деп танығаны туралы айтады. Ақшоқы. АҚШОҚЫ, ауыл, Шет ауданындағы Ақшоқы селолық округiнiң орталығы. Аудан орталығы Ақсу-Аюлының шығысында 100 шақырым, Қарағанды қаласының оңтүстік шығысында 160 шақырым жерде орналасқан. Іргесі колхоздастыру кезеңінде 1928 қаланған. Халқы 840 (2006). 99 пайызы қазақ; 1 пайызын өзге ұлт өкілдері құрайды. Округ аумағында өткен ғасырдың 30 жылдарында «Беталыс» «Құрама» «Р.Люксембург» «Кең өлке», «Қаражал», «Сары-өзек» колхоздары ұйымдастырылған. 40-60 ж.ж. Балқаш өндірістік құрлысының қосалқы шаруашылығы болған. 60-90 ж.ж. Ақшоқы кеңшарының және ауылдық кеңестің орталығы. Шаруашылықтың мамандандырылған негізгі бағыттары- қазақтың ақбас сиырының тұқымын өсіру, қосымша саласы-егін шаруашылығы болды. Жерінің жалпы ауданы 140 мың га. Округтің елді мекендерінде (Ақшоқы, Ақбауыр ауылдары) 2 мектеп, ФАП, клуб, кітапхана бар. Кеңшар негізінде 52 шаруа қожалығы құрылған (2006). Ауыл басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Ең жақын Қарамұрын т.ж. станциясы 160 км. жерде. А?шо?ы ауылды? округі бойынша жер к?лемі – 139676 га, осы т??іректе екі елді мекен А?шо?ы, А?бауыр ж?не 8 ?ыста? орналас?ан.Округ бойынша 150 ?й, 160 отбасы, жалпы халы? саны – 675 адам, я?ни орталы? басында – 90 ?й, 105 отбасы, 448 адам.А?бауыр елді мекенінде 43 ?й, 55 отбасы, 227 адам. Былтыр?ы жылмен салыстыр?анда 31 адам, я?ни 9 отбасы бас?а жа??а ?оныс аударды, к?шіп келген 3 отбасында 7 адам тіркелді.Биыл?ы жылы 7 адам ?айтыс болды. Ер адамдар саны – 360, ?йел адамдарды? саны -315. 675 адамны? 210-ы экономикалы? белсенді халы??а жатады. Зейнеткерлер саны – 60 адам оны? ішінде- 7 адам тыл е?беккерлері, м?гедектер саны - 12 оны? ішінде бір адам бірінші топта?ы -7 адам екінші топта?ы, бір адам бала жасынан м?гедек, 3 адам -3 топта?ы м?гедек. Орны?ты экономикалы? дамуды ?амтамасыз ету ?шін халы??а білім беру денгейін арттыру ?те ма?ызды.?азіргі та?да округте 1 негізгі мектеп, 1 орта мектеп ж?йелі т?рде ж?мыс ат?аруда. Б?л мектептерде 104 о?ушы, 44 м??алім д?ріс беруде. Жалпы округ бойынша білім саласы ?з ж?мыстарын ж?йелі т?рде ат?арып отыр. Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті. Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті (ҚарМТУ) – Қазақстандағы жоғары білікті мамандарды дайындайтын жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Университеттің ең маңызды ғылыми жұмыс – әрекеті 16 мамандық бойынша магистратура, 14 мамандық бойынша аспирантура, 4 мамандық бойынша доктарантура арқылы жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық мамандар даярлау болып табылады. Университет Қазақстан өнеркәсібі үшін мамандарды жоғары сапада даярлағаны үшін өнеркәсіпке көмек беруқоғамдастығы атынан Алтын белгімен (Франция, Парижқ., 2003 ж.) және іскерлік тәжірибесінінің жоғары сапалығы үшін халықаралыққор атынан Алтын белгімен (Швейцария, Женевақ., 2005 ж.) марапатталды. 2003 жылы ҚарМТУ СМЖ-н жасау және енгізуге кірісті және де ҚР жоғары оқу орындарының арасынан бірінші рет 32 дамыған елдерде танымал IQ NET (халақаралық куәландыру желісі) және «Русский регистр» куәландырулар жүесінің ИСО 9001:2000 халықаралық стандарты талаптарының сапа менеджменті жүйесіне сайлығы негізінде куәландыратын тыңдаудан табысты етті. ҚарМТУ ішінде дәрісханалар, арнаулы жұмыс бөлмелері мен зертханалар, INTERNET жүйесінеқосылған 45компьютер сыныптары бар,қазіргі заманға сай бағдарламалар,құрылғыларменқамтамасыз етілген ақпараттық есептеу орталығы жалпы көлемі 72,2 мың шаршы метрдіқұрайтын 7 оқу ғимаратында орын тепкен. Жақсы жабдықталған жатақханасы мен асханасы бар. ҚарМТУ-да 1,6 млн. дана кітапқоры бар. Республикадағы ең үлкен кітапханалардың біріне ие. Университеттің әскери кафедрасы – Қарағандағы 4 әскери мамандық бойынша запастағы офицерлер дайындайтын бірден-бір кафедра. Түлектер офицер атағын алғаннан кейін ҰҚК, ІІМ органдарында, кеденқызметі бөлімшелерінде, төтенше жағдайлар жөніндегі министірлікте және т.б.жерлерде жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Университеттің спорт кешені Қарағандықаласындағы ең үлкен кешендердің бірі. 7 арнаулы залдар мен шағын стадиондарданқұралған. Қарқаралықаласындағы ұлттық паркте оқытушылар,қызметкерлер және студенттер үшін демалыс орындары, сонымен бірге тау-кен, геология, экология және геофизика мамандықтарын үйренуші студенттердің тәжірибе базасы орналасқан. ҚарМТУ жоғары мектеп халықаралық ғылым академиясының ұжымдық мүшесі (ХҒА, ЖМ) автоматтандырылған анализ саласында инженер-аналитиктер халықаралық Ассоциациясының NAF EMS Ұлыбритания), Геотехниқалық ассоциация мүшесі болып саналады. ҚарМТУ Қазақстан жоғары оқу орындарының Ассоциациясын Орта Азия, Орал мен Сібірдің техникалық оқу орындарының ұйымдастырушысы болып табылады. Оныңқұрамына 15 техникалық жоғары оқу орындары кіреді. Қазақстандағы ANSYS (АҚШ) және CADFEM(Германия) автоматтандырылған анализқұралын өңдейтін мамандандырылған фирмалардың ресми өкілі болып табылады. Университет базасында ҚР Инженерлік Академиясының Қарағандыдағы бөлімі, ҚР жаратылыстану ғылымының Академиясы, Халықаралық информатизациялау академиясының Орталық Қазақстандағы бөлімі, Қазақстан дәнекерлеушілері Ассоциацияларықұрылған. Жоғарғы оқу орнына дейінгі – «Байт» балалардың компьютерлік мектебі, техникалық лицей, ақпараттық технология мен бизнес колледжі; орта мектепті, лицейді, колледжі, гимназияны бітірушілер үшін дайындық факультеті; 11 сынып оқушыларына арналған бастауыш инженерлер мектебі және дарынды балаларға арналған «Мұрагер» мектебі бар. Жоғары оқу орнында дайындық жұмыстары 9 басты факультеттерде (тау-кен, электромеханика, геоэкологиялық, машина жасау,инженерлік-құрылыс,ақпараттық технология, кәсіпкерлік және басқару, экономика және менеджмент, жол- көлік) жүргізіледі. Жоғары оқу орнынан кейін актуальды білім беру және біліктілікті көтеру факультеттерінде жоғары білімді мамандарды даярлау жәнеқайта даярлаудықамтиды. Шортанбай Қанайұлы. Шортанбай Түркістан жерінде Қаратауды жайлаған шаруа Қанайдың отбасында дүниеге келген. Жас шағынан мұсылманша оқып замандастары қатарлы білім алмаған. Бұрыннан қазақ халқының қасиетті астанасы есепті Түркістан қаласы, оның сол тұстағы шар тарапқа жайылған даңқы жас талапқа әсерсіз болмаған. Қиялына қанат бітіріп, өнер-білім биігіне талпыған алғашқы тәлім-тәрбие ұясындай ізгі әсер еткен, парасатты ақыл иелеріне жақын жүріп, жақсылар қатарына ерте ілескен. Көзі ашық, сауатты, білімге құштар жасқа үлгі-өнер боларлық ойлы орта, тәлімге - ұстаздар да кезіксе керек-ті. Көкірегі ояу, көркемдікке әуес сезімтал жас естіген есті сөздерін құлағына құйып, көрген ғажайыптарың ойына орнықтырып, шама-шарқынша ақылға салып, санамен салмақтайды. Жас талап тұстастарының бірі аллатағала әмірімен, діни түсіністіктермен баланыстырса, екіншісі Яссауи қалдырған парасат сөздерін тақпақтап, ауызға-өсиетке негізделген "Диуани Хикметтен" үзінділер келтіріп, көкеге ой салар сырлы сөзжинағын ауызға алар еді. Жалғыз ғана емес, одан бергі Түркістандық өнерпаздар. Мұсылмандық жолындағы оқудың нәтижесі оның қолын ишандық дәрежеге жеткізді. Бұл жолда қызмет атқару үшін Түркістаннан Арқаға, Қарақаралыға қарасты Бесата жайлаған Жамантай төренің мекеніне қоныс аударуға тура келеді. Одан кейін Аюлы-Ақсу бойын қоныстанған Жанғұтты бидің қарамағанан шағын мешіт салдырып, медресе ашады. Өле-өлгенше осы биді төңіректеп, өмір кешеді. Ер жетіп, еркінше еңбек етуге бел буған талабы зор, талғамы қалыптасқан Шортанбай жаңа ортаға, өзге өлке жағдайына кезігеді. Жігіт жасындағы Шортанбай мешіт ашы, діни жұмысатқара бастағанмен, оған мүлде беріле алмайды. Тіршіліктің талабы, өмірдің рухани азығы, дүниенің қызығы оны тәубасынан жаңылдырады. Қызойнақ пен Алтыбақан кештеріне бірден барып, жастарға араласып кеткісі-ақ келеді. Амалын тапса, екеуін де қолданып, өзі де елден шеттемей, жастарға да, үлкендерге де үйір боп, солардың ортасында өмір сүру, мүмкін болғанынша сезімге бой алдырмай, ақыл мен парасатқа жүгіну қажет. Осылайша ой түйген Шортанбай өзін еркін ұстайды. Жастық шақтың қызығы оны ойын-сауыққы жетелейді. Елдегі әр қилы дәстүрлі той, жиын, келін түсіру, қыз ұзату салттарына байланысты думандарға еліктемеу мүмкін емес. Ел толған төкше ақындардың айтыстары, жыршы-жыраулардың тамаша толғау, жырлары өнерге әуес, сөзге жүйрік, тілге шешен Шортанбайдың жанына жағады. Біраздан кейін өзін-өзі билей алмай, бойын кернеген ақындық өнердің аузын қалай ашып жібергенін өзі де сезбей қалады. Енді ел-жұрт Шортанбайды ишан деуден көрі төкпе ақын деп атап кетеді. Міне, ғажап! Қазақтың бір өлкесі бір Шортанбайды тақуа ишан етіп тәрбиелесе, екінші өлкесі оны тамаша ақын етіп шығарды. Асылы, адамды – жасаған ортасы тәрбиелейді, - дейтін қағида дұрыс. Оған Шортанбайдың өсу, жетілу жолы бірден-бір куә. Еліне ақын боп танылған Шортанбайдың өнерлік жолына шолар болсақ, онда да өзіндік сыр жоқ емес. Қазақта, бұрын-соңды, не көп десе, ақын көп деп жауап берілер еді. Бұл жауаптың екі мағынасы бар. Ақынның көптігі, ең алдымен, халықтың талантқа бай екенін көрсетеді. Екіншіден не нәрсе көп болса, онда құнсыздық та орын алып, яғни, ақын емес, елде ақындыққа жақындар да көбейер еді. Кез келген ұйқас сөз өлең емес, өлең ол Абайша айтқанда, "сөз сарасы" немесе "өлең сөздің патшасы". Ал оны жасаушы "Ер данасы" - шын мәніндегі ақын. Ойын-сауықта екінің бірі елдің алты аузын айта алады. Бірақ ол нағыз ақын ба, жоқ, ол сөзге әуестердің бір ғана. Нағыз ақын өзінің ішкі жан сезім дүниесін нәзік те, нәрлі сөздермен суреттейді. Ішкі сезімге құрылған тамаша лирикалар жасайды. Бұл – жеке адамдар өміріне, сезіміне байланысты лирикалық туындылар. Сол адамдар сезімін әсем табиғат құбылыстарымен де көмкеріп, жыр төгеді. Табиғат лирикасын дүниеге әкеледі. Тылсым табиғатты қыз-бозбала ғашықтығымен ұштастырса, тамаша сурет туындайды. Осылайша лирикалық нәзік те әсерлі тағы бір саласы дамиды. Шортанбай - өз заманының жалынды ақыны, ақылғой шешен жырауы. Өзі өмір кешкен замана шындығын барлық көрінісімен айқын да дәл бейнелеп, әлеуметтік маңызы зор шығармалар жазды. Шортанбай творчествосы ХІХ ғасырдағы қазақ өмірінің айнасы, әсіресе, кедей – кеншік, момын шаруаларының тұрмыс тіршілігінің шынайы куәгері. Жан-жақты талан- таражға душар боп жатқан туған елінің ауыр тағдырын тайға таңба басқандай бейнелей білген білгір жазушы. Шортанбай шығармалары өткен ғасырдың соңғы ширегінде кейбір жинақтарда баспа бетін көре бастады. 18882 жылдардан бастап, өлең, толғаулары жинақталып, бөлек кітап көлемінде жарық көреді. Көрсетілген жинақтарға ақынның "Тар заман", "Опасыз жалған", "Байды құдай атқаны", "Атамыз Адам пайғамбар", "Өсиет – насихат сөздер", "Айттым сәлем", "Асан қожаға" т.б. енген. Шортанбай шығармаларының лейтмотиві – заман, қоғам, халық тұрмысы, ел өмірі, жер, қоныс қысымы, отаршылар мен жергілікті әкімдердің озбырлығы, жаңа қарым-қатынастан туындаған тонаудың жаңа түрлері, сатқын ел билеушілер, бұзақы топта, т.б. Елді қанаушылардың жаңа тобының ақшалы байлар, алыпсатарлар, саудагерлер екенін ақын айқын суреттейді. Оларды нағыз ел ырысын еміп, сездірмей сорып жатқан араны толмас алпауыттар деп бейнелейді. Ақшаға байланысты елдегіқайғы қасіреттің де шынайы суреті жасалады. Қазақ қоғамын билеп-төстеген сол тұстағы әкімдер тобы – халыққа арсы боп, елдің басына зобалаң орнатып жатқан қу мен сұмдар. Халықтың бұрын-соңды болған дәстүрлі билігі жойылды. Елдің өзіндік салты, өнегелі басшы адамдары ығысты. Ел билегенде титтей де адалдық қалмады деп өз сынын күшейте түседі. Халық қайғысының қалыңдауына негізгі себеп – отаршыл патша өкіметінің озбыр саясаты және оны жүргізіп жатқан жергілікті әкімдер. Генерал, майор, князь, тілмәш, дуанбасы, оның соты, әскері, түрмесі, т.б. Бұлар елді еркіндіктен айырған, дәулетін судай шашқан аждаһа іспетті. Халық қайғысының негізгі себепкерін "Жалмауыз болда ұлығың", - деп әкімдерден көреді. ХІХ ғасырдың көптеген ақындары қазақтың тәуелділікке душар боп, қоныс қысымына ұшырағанын күйіне жырлады. Қолынан шығып кеткен мекендеріне іштері қазандай қайнап, жоқтау айтып, зар жылады. Патшалықтың ең ілкі тырнағына ілінген Сарыарқа, Еділ, Жайық, Есіл, Ертіс жер суларының шұрайлы бойларынан айрылу шымбайына қатты батты. Шортанбай туралы пікір айтқан кейбір зерттеушілер оны өмірден түңілген жігерсіз, қайғы мен зардың ақыны деп келді. Жоғарыда келтірілген өлең жолдары ақынның бойындағы басым күш – түңілу емес, жігерлілік, үмітсіздік емес, батыл күреске үндеу, оптимистік, патриоттық сезім екенін көрсетеді. Шортанбай жасаған заманда бұдан артық елі мен халқының қамы үшін адал қызмет ету акі талай. Біздіңше, халқының тағдырын ойлаған ақынның жарғақ құлағы жастыққа тиген жоқ. Ел-жұртының қасіретін арқалап, бойындағы бар күшін сол үшін сарп етті. Сол тұстағы қоғамның жай-жапсарына қарай әрекет жасап, жатпай-тұрмай халқын үгіттеп, ілгері жетеледі. Ел ішіндегі әр түрлі жетесіздіктерге, талан-таражға, алуасыздыққа, берекесіздікке, ойсыз опасыздыққа қарсы шықты. Әуелі өз елінің мінезін, мініп түзетпек болды. Жігерін оятып, тәуелсіздігі үшін аянбай күресуге шақырды. Оны ақын жақсы түсінді. Отаршылар мен оның қазақ жеріндегі сыбайластары билеген заманды ол халық басына түскен ақырзаман, елдің береке-бірлігін кетірген тар заман, жұрт болашағын тұйыққа тіреген зар заман деп өзінше қорытты. Бұл заманның енді бір кесапаты ол халықты өзінің ғасырлар бойы қалыптастырған кәсібінен, тіршілік қамынан, үйреншікті, сүйегіне сіңген әдет-ғұрпынан, наным-сенімнен, иманнан, дағдылы ел билеу салтынан айырды. Осылайша халықтың ұлттық тұрпаты, елдік сипаты бұзылды. Адамы, азаматы, оларды мінез-құлқы, іс-әрекеті өзгерді. Олар тәуелсіздігінен айрылды. Құлдық тәуелсіздік қамытын киді. Өзіндік дербестігі жойылды. Міне, осының бәрі ақынның зарлы-шерлі толғаулары арқылы сыртқа шықты. Шортанбай шығармаларының негізгі арқауы деп, оның жырларының ақылғой, өсиетшіл келетінін айтқан жөн. Адамгершілік ақыл айтып, халықты түзу жолға салуды өзінің зор мақсаты санағандықтан болса керек. Ақын әр түста терең толғап, өрнекті де өнерлі сөз термелейді. Ақылдар айтады, нақылдар қалдырады. Шортанбайдың ерлерде айтып кеткен өсиет сөздері де бар. Ол өсиеттерін қалың қазаққа, оның басшы адамдарына, ұл-қызына, кәрі-жасына арнайды. Өз атынан барлық қауымға сәлем жолдап, бақұлдасқандай болады. Келтірілген ақынның қоштасу сөздері, өсиеттері мәнсіз емес. Елдің бас көтерген адамдарын тәубаға шақырып, мал, дүние үшін қор болмай, халық үшін, бір құдай үшін қызмет етуін тілейді. Ізгілік, әділет жолынан тайынбай іс қылып, саналы, салихалы өмір кешуін уағыздайды. Ақырет жолы мен адамгершілік, әділет жолдарын тең ұстап, ешкімге обал, қиянат жасамай, тек қана ізгілік жасап өткенін тілейді. Әрбір адамға үлгі боларлық нақылдар тізбектеліп, өзінің өмір тәжірибесін жинақтайды. Тойымсыздыққа, опасыздыққа қарсы күресуге, қанағат, рақым сияқты адал жан айналысар істерге меңзейді. Ақын адамның мінезіне ерекше көңіл бөледі, жақсы адам өз мінезіне қарауыл қойып, жауап беріп отыру керек дейді. Бұл мәселеде кейде ол Абайдың "мінезді түзелмейді дегеннің тілін кесер едім" дегеніне қосылмайтын сияқты. Адам санаулы өмір жолын есепсіз, мәнсіз өткізіп алмай, нәтижелі, нәрлі, пайдалы өткізуі абзал. Керексіз, өнімсіз іспен шұғылданбай, еліне, халқына, өзіне, жақын-жуығына керекті тиімді әрекеттер істей білуге дағдыланғаны жөн деп термелейді. Жамандық пен жақсылық, адамдық пен арамдық арасын ажырата білуге, достық пен қастық, шындық пен жалғанды айырып, бірін жақтап, екіншісіне қарсы тұруға шақырады. Талапты жас, ең алдымен оқуға әуес болуы керек. Өнер, білім тек оқумен келеді. Тәлім-тәрбие алған жас ойлы, өнерлі боп өседі. Арамдыққа, зұлымдыққа бармайды. Олар құдай жолына да, адам үшін де аянбай еңбек етуге тиіс. Дүние, өмір қызығына алданбай, қиындыққа төзіп, ізденуді қолдайды. Жылы үй, сәнді киім, мұқтажсыз өмір жастарды бейқам өсіреді. Асылы, болам деген жас еңбекке, өнерге әуестеніп, аң аулап, құс салып, кәсіппен айналысуы керек. Шындығында да ақын туындылары әсерлі, мәңгі жасарлық мәнді. Көп жылдар өтсе де жырау сөздері өзінің құнын жоймай, халық мақсатына қызмет етіп келеді. Әсіресе, адамгершілік ақыл, өнегелі өсиет сөздері, шебер де шешен тұжырымдары құнды. Басына қайғылы, ауыр күн туған азамат, ел-жұрт Шортанбай толғауларынан өз ойына үндес сөз табады. Оның өлең жолдарын жиі қайталайды. Күйзелген жанына жай тауып, көкірегін кергеген қасіреттерді жеңілдетіп, рухани күш табады. Шортанбай сөздерін тек қасіретті адамдар үшін пайдалы туынды деп біржақты түсінікке жетелеуден аулақпыз. Керісінше, оның шығармалары – алуан салалы, өміршең, адамның бойына жігер, қуат құярлық оптимизмге де толы, оқушысын өз ырқына бірден көндіріп, ілестіріп кетерлік логикасы мықты туындылар. Сондықтан да әрбір дәуір ол туралы әр түрлі пікірлер айтып, кейде айтыстар туғызып келеді. Шортанбай туралы осы соңғы жылдарға дейін етек алып келген кереғар пікірлердің орын алу негізі де оның талғамының күрделілігі, күштілігі демекпіз. Шортанбай – бір топтың не бір таптың ақын ы емес. Ол жалпыға ортақ өз елінің, халқының жырауы. Сонысымен де құнды. Шортанбай шығармаларын бастан-аяқ дидактикалық сарында келеді деуге болмайды. Ірі талант иесі, ұлы жырауға тән ақынның өзіндік көркемдік стилі қалыптасқан. Ақын айтар ойын жай баяндай сала бермейді. Әр тұста ақылға бай, ойлы сөздер ұшқыр да өткір тілмен өрнектеліп, көркем бейнеленіп, өрелі туынды боп шығады. Ақындық шалқар шабыт пен төгілген сөз нөсерлері қазіргі оқушыларына да әсер естіледі. Ақын 1881 жылы қазіргі Қарағанды мен Жезқазған облыстарына қарасты Шет ауданы жерінде қайтыс болды. Ол - өлерде үстіне ескерткіш орнатпауды, үлкен ас бермеуді тапсырып, оған шыққан шығындарды елдегі жоқ-жітік, кемтарларға үлестіруді өсиет еткен. Ақын көз жұмғалы ғасырдан астам уақыт өтсе де, оны халық қастерлеп, шығармаларын жадында ұстап, қымбат мұра ретінде қадірлеп келеді. деген ақынның өз сөзіне назар салайықшы. Асылы, "қияға қанат қағар сұңқар едім" - деп бекерге айтпайды. Шортанбай творчествосы да әдебиетіміздегі ақтаңдақтардан қатарында жөнді зерттелмей, жабулы тақырыптар қатарында келеді. Сеңкібай батыр. СЕҢКІБАЙ ОРАЗҒҰЛҰЛЫ (1707-1786 ж.), Қаракесектің Қарашор руының Қожас батырының шөбересі. Сеңкібай 18 ғасырдың 20-жылдарының екінші жартысынан бастап Қанжығалы қарт Бөгенбайдың қасына ілесіп, Алакөл, Бұланты, Аңырақай шайқастарына қатыскан белгілі батырлардың бірі. Сеңкібайдың жоңғар батыры Ноян Қоренге қарсы жекпе-жекке шығып, жеңіске жеткені аңыз, деректерден мәлім. Аңыз бойынша ақиық кыран көріпкелі бар батыр ұлт тәуелсіздігі үшін аянбай күрескен, Абылай ханның сенімді қолбасыларының бірі болған адам. Айсыз түнде, нөсерлі жаңбырда, калың қамыс арасынан адаспай жол тауып, Абылай хан ордасын қоршаған жаудың торынан талай рет аман-есен алып шыққан. Жұртшылык Сеңкібайды киелі батыр деп әулие тұтады. Талды өнірінің бойында дүние салған. 1986 ж. Талды аулының тұрғындары батырдың басына күмбез орнатқан. Байжанов, Аппақ. АППАҚ БАЙЖАНОВ, (Апақ; 1824-1887 жж.), Қарағанды көмір бассейнін алғаш ашушы, кен білгірі. Нұра ө-нің оңтүстігінен 25 км жердегі Қарағанды мекенінде туып-өскен. Аппақ жастайынан жергілікті болыстың қойын бақты. 1833 ж. ол жер бетіне шығып жаткан тас көмір қабатын тапты (қазіргі «Северная» шахтасының жері). Көмірдің жанатын қасиетін білетін Аппақ оны өндіріп, жақын маңайдағы ауылдарды отынмен қамтамасыз ете бастады. Аппақ жаңалығы ол кездері іскер топтардың назарына шалынбады, оның үстіне жергілікті бай-шонжарлар шаруашылықтың дәстүрлі үрдісін бұзғысы келмеді. Қарағандыда тек 23 жыл өткен соң ғана көмір өндіру басталды. Қарағандыда көмір бассейнін алғаш ашушыға ескерткіш орнатылды (1999 ж.). Аппақ есімімен Қарағандыда көше аталған. А.Байжанов Қарағанды көмір бассейнін алғаш ашушы, кен білгірі 1824 жылы Нұра өңірінің оңтүстігінен 25 км. жердегі Қарағанды мекенінде туып-өскен. Ол жастайынан жергілікті болыстың қойын бақты. 1833 жылы ол жер бетіне шығып жатқан тас көмір қабатын тапты (қазіргі "Северная" шахтасының жері). Көмірдің жанатын қасиетін білетін Аппақ оны өндіріп, жақын маңайдағы ауылдарды отынмен қамтамасыз ете бастады. А.Байжановтың жаңалығы ол кездері іскер топтардың назарына шалынбады, оның үстіне жергілікті бай-шонжарлар шаруашылықтың дәстүрлі үрдісін бұзғысы келмеді. Қарағандыда 23 жыл өткен соң ғана көмір өндіру басталды. 1856 жылы Қарағанды петропавлдық көпес Н.Ушаковтың қолына өткеннен кейін бұл жерде көмір өндіріле бастады. Қарағанды көмір бассейнін алғаш ашушыға 1999 жылы 29 тамызда кеншілердің кәсіби мерекесін және Қарағанды қаласының 65 жылдығын тойлау кезінде А.Байжановтың ескерткішін ресми ашу рәсімі болды. Ескерткіш облыстық тарихи-өлкетану мұражайының алдына орнатылды. Тастан ойылып жасалған, басында тымағы бар балаң жігіттің тізерлеп отырған, оң тізесінің үстінде қойылған қолында көмірдің сынығы бар ескерткіштің авторы скульптор Ю.Гумель. Аппақ есімімен Қарағандыда көше аталған. Аппақ Байжанов туралы аңыз Қарағанды көмір кенішін алғаш ашушы Аппақ Байжанов, ол 1833 жылы Нұра өзенінен оңтүстікке қарай Қарағандыбасы деген жерде тас көмір кесектерін табады. Ел ауызындағы аңызға қарағанда, Қазіргі Қарағандыдағы Ескі қаланың орнында қалы қараған өседі екен. Сол қарағанның ішінде соңында екі тазысы бар Аппақ деген бір байдың қойшысы қой жайып жүреді. Бір кезде қойдың бір шеті дүр ете қалады. Жалт қараса бір суыр қашып бара жатыр екен. Тазылар тұра бастыртады, бірақ, суырдың іні таяу екен, ініне қояды да кетеді. Ол күнү–күн кешкіріп қалғандықтан Аппақ суырдың інінің аузын таспен бекітіп кетеді. Келесі күні ерте келіп, суырды інінен қазып алады. Сол күні ін түбінен көмір шыққан екен дейді. Әуелде Аппақ оның не екенін білмейді… Қара бояу ма деп ойлайды. Бірсыпырасын үйіне алып келіп жүн бояп көреді. Жүнді тек кірлеткені болмаса жүнге бояу болып қаппайды. Содан ауыл ақсақалдарына көрсетеді. Олар да шеше алмайды. Бір күні кешкілікте тезектің маздап жанған отын айнала қоршап отырғандар тағы да сарапқа салады. – Бірақ бұл алтын да емес, күміс те емес, жез де емес, ал жәй тас та емес. Не екенін "бір Алла" өзі білсін, - деп отырғанда, бір тас отқа түсіп кетеді. Ол жана бастайды. Отырғандар: – Тас жанып жатыр, тас жанып жатыр!- деп шу ете қалысады. Басқалар қолындағы тастарын отқа салады, әлгі тас онан сайын қыза жанады. Сол жерде "бұл жәй тас емес", "Жанатын тас" болды деседі. Ертеңінде-ақ сол "Жанатын тас" туралы хабар жоғарғы жерге жеткен екен. Сол тасты тапқан Аппақты бір төре іздеп келген дейді. Аппақ әлгі төреге тасты тапқан жерін көрсетеді. Ол үшін Аппаққа ат тұяғындай алтын, қой тұяғындай күміс берген екен. Карағандыдағы тұңғыш рет ашылған "Қаразабой" деген шахта сол Аппақтың көмірін тапқан жерінен ашылған дейді. Әбдіров, Нүркен. ӘБДІРОВ НҮРКЕН (1919-1942 жж.), әскери ұшкыш-штурмовик, сержант, Кеңес Одағының Батыры (1943 ж. қаза болған соң берілген). 1939 ж. Қарағанды аэроклубының ұшқыштар курсын бітіріп, запастағы пилот мамандығын алды. Қызыл Армия қатарына 1940 ж. шақырылды. Орынбор авиация училищесін бітіргеннен кейін (1942 ж.), 267-ші авиация дивизиясының 808-ші полкіне жіберілді. Шайқаста ержүректілігімен, іскер қимылдарымен көзге түсті, жаудың оқ-дәрі, қару-жарақ қоймаларын, адам күші мен ұрыс техникасын жойды. 16 рет әуе шайқасына қатысып, фашистердің 12 танкісін, 28 жүк автомобилін, оқ-дәрі тиеген 18 машинасын, жанармай құйылган 3 цистернасын, 3 зеңбірегін жойып, 50-ден астам неміс солдаты мен офицерін жер кұштырған. 17-жауынгерлік тапсырмасын алған (19. 12. 1942 ж.) Н. Әбдіров жаудың Сталинград шебіне енетін Боков-Пономаревка аудандағы қорғаныс бекінісі мен шоғырланған танкілерін жою үшін әуеге көтерілді. Тапсырманы орындау кезінде Н. Әбдіров бірнеше дзотты, зенит артиллериясының 2 нүктесін, 6 танкті жойды, бірақ өзінің ұшағы да зақымданды. Жалын шарпыған ұшағын жау техникасы шоғырланған тұсқа бағыттап, капитан Н.Ф. Гастелло сияклы қаһармаңдықпен қаза тапты. Ростов облысының Вешенск ауданның Н. Әбдіров жерленген Коньки хуторында, Қарағанды қаласында, сондай-ақ өз есіміндегі ауылда (батырдың туған жерінде) Н. Әбдіровке ескерткіштер орнатылған. Қарағандыда Н. Әбдіров атындағы даңғыл бар. Жыл сайын Н. Әбдіров атыңдағы жүлде үшін еркін күрестен жарыс өткізіледі. Волгоградтағы Мамаев қорғанының етегінде Н. Әбдіров бейнелі зираты жасалған. Қарағандыдағы кеншілердің Мәдениет сарайының репертуарына Нүркен Әбдіров туралы балет енгізілген (музыкасы А. Руденскийдікі). Н. Әбдіров туралы Г. Якимов жазған «Мәңгілік өмір шыңына» («Пике в бессмертие») атты деректі повесть (Алматы, 1966 ж.) бойынша «Қазақтелефильм» студиясы фильм шығарды. Әбдіров Нұркен 1919 жылы Қарқаралы өңірінде бұрынғы 5-ші ауыл, қазіргі Нұркен атындағы шаруашылық аумағында шаруаның отбасында дүниеге келген. Кейін ата–анасымен бірге Қарағандыға қоныс аударып, осы қалада әуе клубында үшқыш мамандығын игерген. Соғыс басталғанда Нұркен Орынбор әуе училищесінде оқитын. Ол майданға аттануға ұмытыла берді, сондықтанда оны алдымен Ташкенттегі, одан кейін Сібір қалаларының біріндегі шабуылшы әскери үшқыш дайындайтын курстарға жіберді. Оқуды тәмамдағаннан кейін ол 267 әуе дивизиясының 808-ші шабуылшы полкы құрамында майданға аттанды. Н.Әбдіров талай әуе шайқасына қатысып, ерлік пен өжеттік, әскери шеберлік танытты, әр тапсырманы мұқият орындап отырды. Қазанның 23 күні тұңғыш рет әуе шайқасына аттанар алдында Нұркен былай деп жазған екен: "Егер біз фашистерді құртпасақ, олар біздің түбімізге жетеді. Сөйтіп қуанышты, бақытты өмірмен қоштасамыз..." Барлығы 17 рет әуе шайқасына қатысқан Нұркен жаудың 18 танкісін, 46 жүк машинасы мен көлігін, оның ішінде оқдәрі тасыған 18 керуенді, жанар май құйған 3 цистернаны талқандап, зенит қондырғыларының бесеуін, бірнеше жабық атыс ұясын, талай жау әскерін құртты. 1942 жылы желтоқсанның І9-да біздің батыр жерлесіміз өзінің серігі, атқыш әрі байланысшы Саша Комиссаров екеуі соғыс аспанына соңғы рет самғап шыққан еді. Боков - Пономорев станциясы маңайында олар тас құрсанған жаудың үлкен алты танкін, бірнеше атыс ұясын, зенит артиллериясының екі қондырғысын жойып жіберді. Жау оғы самолетке дөп тиіп, өртене бастады. "Өзекті жанға бір өлім" деген ой шарпып өткен ұшқыш, отқа оранған күміс Қанат сұнқарды фашист танктері шоғырланған тұсқа қарай бұрды. Осылайша құлдилай құлаған самолет ішіндегі Нұркен мен оның қандыкөйлек серігі Александр Комиссаров екеуі ақырғы рет қаншама жауды қырып, жастықтарын бірге ала кетті. Осынау теңдесі жоқ ерлігі үшін Нұркен Әбдіровке 1943 жылғы наурыздың 31-де еліміздегі ең мәртебелі атақ – Кеңес Одағының Батыры атағы берілген еді. Сарыарқа сұңқары осылай мерт болды. Оның қаһармандығы бүкіл елге жайылды. Қарағанды енбеккерлері, олардың ішінде кеншілер Нұркен Әбдіров атындағы самолетке қаржы жинап, жауға аттандырды. Бұл самолет кейін Жеңіске дейін қатарда болды. Ростов облысындағы Боков станциясының іргесіндегі Конек ауылында жерленген Нұркеннің басында қызыл тастан қашалған ескерткіш бар. Қарағандынын қақ ортасында батыр Нұркен бейнесі мәнгілікке орнықты, Нұркен ауылында да ескерткіш орнатылды. Кеншілер астанасының әсем спорт сарайы батыр жерлесіміздің есімін иеленген. Қазақ батырының ерлігі қанша жыр - хикаяға, ән мен әңгімеге арқау болды. Боков орта мектебіндегі отрядтардың бірі Нұркен атында. Батырдың анасы Бағжан бәйбіше Боков станциясының құрметті азаматы болып табылады. Вешенскаядағы мекенінде М.А.Шолохов Нұркеннің анасын мейман еткенін білеміз. Қарапайым қазақ баласы Н.Әбдіровтың өмірі мен ерлігі қаһарман, қаншыл қазақ ұлтының бойындағы игі қасиеттердің айнасындай әлемге шұғыла шашып тұр. Байдалы би. БАЙДАЛЫ БИ БЕКШЕҰЛЫ (шамамен 1727-1822 ж. ө. с), дуалы ауыз би болған адам. Руы — Арғын тайпасының ішіндегі Мойын Алтайдың Бекше бұтағы. Қазіргі Жаңаарка ауданы өңірін мекен еткен. Қабірі Шідерті өңірінің жағасында төбешік болып жатыр. Байдалы би Абылай және Уәли хандардың тұсында өмір сүрген. Орта жүзге билік айтып, хандар саясатына бағдар беріп отырған. Билер кеңесінін ішінде Байдалыны Абылай хан ерекше кұрметтеген. Байдалы биден калған нақыл сөздері мен толғаулар әр түрлі жинақтарда («Ел аузынан», «Сөз тапқанға колқа жоқ», «Шешендік сөздер», «Қазақтың 100 би-шешені») және С. Сейфуллин шығармалары мен Қазақ Кеңес энциклопедиясында (Алматы, 1973, 2-т., 84-бет) жарық көрген. Жазушылар М. Тиесов пен А. Жұмаділдиннін «Байдалы би» атты кітаптары шықты. Байдалы би құрметіне Жаңаарка ауданында ауылдық округ аталады (2002 ж.). Бәпиұлы, Мәди. 1880 жылы қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. Ақьн, әнші-композитор. Арғы аталары атақгы би Қазыбек екен. Болашақ сазгердің балалық шағы әсем табиғат аясында өтеді. Алғашқы өлеңдерінің тақырыбы туған жер, шетсіз де шексіз кең дала болуы кездейсоқ емес. Әнші әрі дәулескер күйші ретіңде де, Мәди ерте танылады. Ақан сері, Біржан сал, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай сияқты еаңлақтармен кездесіп, өнер сайысьша түседі, өнеге алады. Сол кездегі үстем тап өкілдерінің "ұры" деген жалған жаласымен Атбасар, Карқаралы, Семей, Омбы түрмелеріңце болады. Қамауда елін, жерін сағынып, әділетсіз заманға налыған Мөди өзінің атақты "Қаракесек" әнін шығарады. Бүл ән мен өлеңнен адам рухының қайтпас қайсарлығьш аңғарамыз. Түсініктеме беріп жатудың қажеті шамалы. 1915 жылы Мәди түрмеден қашьш шығады. Бүл кезде оның әндері халыққа тарап кеткен еді. Мәди жөнінде талай аңыздар да айтыла бастаған. Атқамінер жандайшаптардан жасырынып, ұзақ уақыт туған жерге ат ізін сала алмайды. "Шіркін-ай" әні осы кезде туған. 1916 жылы ол еліне оралады. 1917 жылы болыс билеуші Айтқожа Теміржанов Мәдиді "жылқы ұрлады, түрмеден қашты" деп айыптап, тағы да түрмеге жөнелтеді. Қазан төңкерісін Мәди Қарқаралы абақтысыңда отырып қарсы алады. 1918 жылы бостандыққа шығады. Кеңес өкіметін қуанышпен қарсы алып, қолынан келгенше көмек етсем деп ойлайды. Композитордың халық арасына кең тараған атақты "Мәди" әні осы кезең жемісі. Кеңес өкіметін Мәди ән-жырмен ғана емес, қолына қару алып тағы да қорғады. 1919 жылы Колчакқа қарсы соғыеты. Ақ гвардияшыларды Қарқаралыдан қуып шығысымен, жаңа өмірді нығайтуға кіріседі. Ал кеңес қызметіне кіріп алған жаулары оны ебін тауып өлтіруді үйғарады. 1921 жылдың ақпан айында Мәди қаза табады. Атақты әнші-композитор Мәди Бәпиұлы өз шығармаларынца бостанцықты, адам жанының тереңдігін, қазақ халқының тамаша дәстүрлерін жырға қосады. Кең тынысты, салтанатты, шаттыққа толы оның әңдері күні бүгінге дейін ел аузында. Олар опералардан, сиюталардан, кантаталардан тұрақты орын алды. Композитордың тағдыр-талайынан терең еыр қозғайтын Мәди Бәпиүлының әндері талайларды тебірентумен келеді. Ерубаев, Саттар. ЕРУБАЕВ САТТАР (1914-1937), жазушы. Ленинград философия, лингвистика және тарих институтын бітірген (1933). 1934-35 ж. қалалық «Қарағанды пролетариаты» (қазіргі облысы «Орталық Қазақстан», газеті) редакторының орынбасары. Қарағанды жұмысшы табының қалыптасуы жайындағы «Үш шахтер туралы баллада», «Меруерт алқа» балладалардың, «Бақыт», «Өмір көркемдігі» новеллалардың авторы. «Менің кұрдастарым» романында (1939 ж. жарияланған, 1957 ж. орыс тіліне аударылған) Қазақстанның көмір орталығы Қарағандыны кұрушы жастардың тұрмысы мен еңбегін суреттейді. Қарағандының бір көшесіне Ерубаевтің есімі берілген. Қазақ әдебиетінің аспанына жарқ етіп көтеріліп, бірақ лезде жалт етіп ағып түскен жұлдыздарының бірі, өмір дегенде өксігін баса алмай, өнерінің барлық гүлін аша алмай арманда кеткен жас талант Саттар Асқарұлы Ерубаев қазіргі Шымкент облысы, Түркістан ауданында 1914 жылы дүниеге келген. Ауыл балалары сияқты молданың солқылдаған көк шыбығына көнбестен Саттар Түркістандағы бастауыш мектепке ашып кетеді. Мұны бітіргеннен соң жетіжылдық орыс мектебінде оқып, оны үздік аяқтап шығады. 1930-шы жылы Саттардың белсенді комсомол мүшесі және зейінді жас екені ескеріліп, жоғары оқу орындарына даярланатын Алматыдағы дайындық курсына жіберіледі. Сол жылы ол Қазақстан оқу Комиссариатының арнайы жолдамасымен Ленинград тарих, философия және лингвистика институтына түседі. Институтты Саттар 1933 жылы үздік бағамен бітіріп шықты. Ол дипломдық жұмысын өте жақсы қорғайды және және осы еңбегі үшін бәйге алады. Сөйтіп, бұл жұмыс баспасөз бетінде жариялансын деген қаулы шығарылады. Ұстаздарының ұсыныстары бойынша С.Ерубаев аспирантураға қалдырылған екен. Бірақ Қазақстан өлкелік комсомол комитеті арнайы жеделхат жолдап, С.Ерубаевты шұғыл түрде Қазақстанға шақыртады. Осыған байланысты Саттар, оқуын қалдырып, елге оралады. Алматыда Саттар 1933-1934 жылдары "Ленинская смена" газеті әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі, "Лениншіл жас" газеті редакторы; мәдениетте 1934 жылы бірер ай музыка театрының директоры; білім беру саласында 1933-1934 жылдары Жоғары ауыл шаруашылық мектебінде философия кафедрасының ұстазы қызметтер атқарды. Қазақстан өлкелік партия комитетінің "Қарағанды полетариаты" газетінің жауапты редакторының орынбасары болып істейді. Қаламы ұшқыр, пікірі таза, дарынды қаламгер С.Ерубаев сол кезде Қазақстан Жазушылар одағының бірінші сьезіне қатысып, одақ мүшелігіне алғаш қабылданғандардың бірі болды. 1935 жылдың жазында С.Ерубаев Ленинград университетінің аспирантурасына түседі. Бірақ мендеп кеткен өкпе ауруы оған бар болғаны бір-ақ жыл оқуға мүмкіндік береді. Осыдан соң Саттар Алматыға қайтуға мәжбүр болады. Мұнда ол 1936-1937 жылдары Қазақстан педагогикалық институтына қазақ әдебиетінің тарихы мен теориясынан лекциялар окиды. Бірақ бойын әбден мендеп алған ауыр дерт Саттарды 1937 жылдың екінші маусымында Алматы қаласындағы Турксиб ауруханасында көз жұмғызды. Онда ол бар болғаны 24 жаста еді. С.Ерубаев әдеби ортаға тұлпар шабыспен екпіндеп, жарқырап кірді. Ол астанадағы зиялы қауымды жан-жақты біліммен, журналистика саласындағы білікті ізденістермен әдебиеттегі жаңашыл сыни ой-пікірмен, жаңаша жазылған өлең, баллада, пародиялырымен елең еткізді. С.Ерубаев 1934 жылы Қарағандыға, қайнаған еңбек ортасына келгеніне қатты қуанған. Сол тұста жазған бір күнделігінде Саттар: "Мен Қарағандыға ризамын, ол мені жазушы етіп шығаратын болды!" депті. Қарағанды оны жазушы етіп шығарды. Саттар әдебиет сүйер қауымға мәлім "Менің құрдастарым" ромнын дәл осы кезде жаза бастаған еді. Бұл роман қазақ жұмысшы табының қалыптаса бастау тарихынан, 30-жылдарғы Қарағанды сынды ірі өнеркәсіп ошағының тыныс-тіршілігінен сыр шерткен, алғашқы ұлттық техникалық интеллигенция өкілдерінің бейнелерін сомдаған туынды. Қарағандыда болған кезінде С.Ерубаев басқа да көптеген новеллалар, балладалар, өлеңдер, очерктер, сын мақалалар жазады. Оның қаламынан "Бақыт", "Мәңгілік өмір", "Өмір көркемдігі", "Келесі соғыс туралы" новеллалары, "Өмір туралы рапорт", "Үш шахтер туралы баллада", "Меруерт алқа" тәрізді балладалары, алуан өлеңдері мен сын мақалалары, очерктері мен эпиграммалары өзіндік өзгеше үнімен, жүрек жарды лебімен, мөлдір сыршылдығымен. Қалтқысыз шыншылдығымен қазір де қайран қалдырады. Аяқталмаған "Менің құрдастарым" романы бүгінгі күні де халқымыз сүйіп оқитын жаңашыл мәңгі жас шығарма. Саттар шығармаларынан рухани нәр ғана емес, Саттардың өзі жайында да көп мағұлмат табуға болады. Жарық жұлдыздай жарқырай ағып өткен қас-қағым тіршілігінде ол өзін халқының адал перзенті ретінде көрсетті. Артына көлемі шағын болса да салмақты, құнды әдеби мұра қалдырды. Оның қазақ кеңес әдебиетінде бірінші болып игерген жаңа жанрдағы шығармалары – балладалары, новеллалары, пародиялары мен эпиграммалары қазіргі әдебиеттің алтын қорына енді. С.Ерубаев М.Жанғожинмен бірігіп мектеп оқушыларына арналған қазақ әдебиеті хрестоматиясын құрастырды. Сонымен қоса аудармашылықпен де шұғылданған. Ол К.Чуковскийдің, Ю.Березиннің, А.Суриковтың, И.Эренбургтің кейбір шығармаларын қазақ тіліне аударған. 1966 жылы Саттар Ерубаевқа Қазақстан Ленин комсомолы атындағы сыйлық берілді. Түркістан қаласында Саттар мұражайы бар. Қарағандыда Саттар Ерубаевтың аты мектепке, үлкен көшелердің біріне берілді. Жалаңтөс батыр. ЖАЛАҢТОС БАТЫР (1696-1769 ж.), қазақтың тарихында үш Жалаңтөс батыр болғаны мәлім. Бірі — қалмақ пен қазақтың теке тіресі Орбұлак шайқасына жиырма мың қолмен келген Самаркан билеушісі. Екіншісі — атақты тарихшы-галым Әлкей Марғұлан айтып кеткен Жалаңтөс. Ал үшіншісі - казіргі Актоғай ауданы жерінде туып, сол өнірде өмір сүрген Арғын тайпасы, Қаракесек руының Сарым бұтағынан шыққан Жалаңтөс. Жалаңтөс батыр — Балқаш көлінен бастап, Коңырат, Әулие ата, Тоқырауын мен Нұра бойын, Ұлытау мен Қарқаралы аралығындағы сайын даланы қалмақтардан азат етуге қатысады. Жалаңтөстің ерлігі мен шешендігін Қаз Дауысты Қазыбек ерекше бағалаған. Жалаңтөстін артына қалдырып кеткен ақыл-өсиет ізгі тілегі, батасы мол Айтулы ерге оқ тисе, қиналғанын білдірмес» (т. б.). 1996 ж. Актоғай ауданының жұртшылығы Жалаңтөстін 300 жылдығын атап өтті. Оның мазары Қарағанды қаласының оңтүстік-шығысындағы «Сарыарқа» әуежайына баратын үлкен даңғылдың оң жағында, Соқыр өзенінің жағасында орналасқан. Жангелдин, Әліби Тоғжанұлы. ЖАНГЕЛДИН ӘЛІБИ ТОҒЖАНҰЛЫ (1884-1953 ж.), мемлекет қайраткері. Торғайдағы кәсіптік училищеде, Қостанайдағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесінде оқыған. 1903 ж. Орынбордағы діни училищені бітіріп, Қазандағы мұғалімдер семинариясында екі жыл окыған соң, 1905 жылғы революцияға қатысты деген айыппен оқудан шығарылады. Сол жылы Мәскеудегі діни академияға оқуға түсіп, 1906 ж. «сенімсіз студент» деп танылып, академиядан қуылган. 1909-1912 ж. шет ел халықтарының тұрмыс-салтымен танысуды (кейбір деректерде діни уағыздарды насихаттауды) мақсат еткен Ж. Еуропа, Африка, Таяу Шығыс, Азия елдерін жаяу аралап, 1913 ж. Жапония арқылы туған жерге оралады. Ел аралап, киноаппаратпен шет ел халықтарының өмірі мен тұрмысына байланысты фильмдер көрсетіп, жергілікті халықтың саяси сауатын көтеруге ыкпал етті. 1915 ж. Ресей большевиктер партиясының қатарына өтіп, Қырымда астыртын революциялық қызмет атқарды. Жангелдин Ресей патшасының 1916 жылғы маусым жарлығына қарсы Торғай қазақтарының көтерілісін қолдап, Торғай қаласын қоршауға қатысты. 1917 жылғы Ресейдегі Ақпан төңкерісінен кейін 7 наурызда Петроград жұмысшы және солдат депутаттары кеңесіне «Торғай облысында ескі үкіметтің жазалау отрядтары осы уақытка дейін өзінің зорлык-зомбылығын және қырып-жою сияқты сұрқия әрекеттерін әлі де жүргізіп отырғанын» баяндап, бұл жүгенсіздікті тыюды талап етті. РКФСР Халық комиссарлар кеңесінің шешімімен Торғай облысының төтенше соғыс комиссары болып тағайындалды. 1918 ж. 21 наурыз — 3 сәуірде Орынборда өткен Торғай облыстық кеңестерінің 1-съезінде облыс атқару комитетінің төрағасы болып сайланды. Жангелдиннің ұсынысымен Торғай облысы атқару комитеті ұлт істері жөніндегі комиссариат кұрылды және Ұлттар халық комиссариаты жанынан тұңғыш ұлттык бөлім ұйымдастырылды. РКФСР Халық комиссарлар кеңесі Қазақстанда ақ гвардияшыларға түпкілікті соққы беріп, Кеңес өкіметін қалпына келтіру мақсатымен қару-жарақ, азық-түлік, әскери көмек беру туралы шешім кабылдады. Осыған байланысты Жангелдин Далалық өлкенің төтенше комиссары болып тағайындалды да, өлкеде алғашқы Ұлттық әскери отрядтар құрып, ақ гвардияшыларға қарсы күресті. Ресейдің орталық аудандарында арнаулы қарулы отрядтар жасақтап, бірнеше қалада Кеңес өкіметін қалпына келтірді. 1918 ж. тамыз-қазан айларында Актөбе майданының әскерлеріне қару-жарақ, дәрі-дәрмек, азық-түлік жеткізген арнаулы отрядты басқарды. 1920 ж. қазанда өткен Қазақ АКСР Кеңестерінің құрылтай съезінде алғаш құрылған үкімет мүшесі болып сайланды. Қазақ АКСР Орталық атқару комитеті президиумы төрағасының орынбасары және Қазақстан Қамсыздандыру халық комиссары болды. Съезден кейін Қазақ Орталық атқару комитеті Жангелдинді Шығыс халықтарының насихат және іс-кимыл кеңесіндегі қазақ халқының өкілі етіп тағайындады. 1922 ж. 20 мамырда Орынбордан шығып, 9 тамызға дейін Жаманқала, Торғай, Атбасар, Ақмола, Павлодар, Семей бағытында үш мың шақырымдай жол жүріп өткен Жангелдин басқарған қызыл керуен Азамат соғысынан зардап шеккен халық ш-н калпына келтіру, ауылдарда мәдени ошақтар ашу, мектеп, аурухана жұмыстарын жандандыру ісінде бірқатар шаралар атқарды. Жангелдин 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында халықты күреске жұмылдыру, соғыс жүріп жаткан аймақтардан көшіріліп әкелінген кәсіпорындарды орналастырып, іске қосу, соғыс аяқталған соң зардап шеккен аймактарға материалдық көмек көрсету, мал-мүлік жеткізу жұмыстарына белсене араласты. Жангелдин 1920 жылдан РКП (б) Қырғыз (қазақ) облысы комитетінің және Қазақ АКСР Орталық атқару комитетінің мүшесі, 1938 жылдан ҚазКСР Жоғары Кеңесінің депутаты болды. Қостанай облысының бір ауданы, Қарағанды облысында көшелерге, елді мекен мен мектептерге Жангелдин есімі берілді. Ол туралы бірнеше көркем шығарма жарық көріп, кинофильм түсірілген. Алматы, Ақтөбе, Торғай қалаларында ескерткіштер орнатылған. Жапақов, Маясары. Жапақов Маясар (1889-1965), төкпе ақын. Шет ауданы түлегі. Жастайынан өлең шығарып, домбырамен ән салған. Ыбырай, Мәди, Мұхит тәрізді әнші-ақындарды ұстаз тұтқан. Жапақов Кеңес өкіметі кезіңде Қарағанды кеншілерінің өмірі мен еңбегін жырлаган акын ретінде танылды. Ұлы Отан соғысы кезінде «Атыңнан атам қазақ айналайын» деген патриоттық толгауы қазақ жауынгерлері арасына кең тарады. 1943 жылы Болман, Нұрлыбек ақындармен, 1961 жылы республикалық акындар айтысында Көшен, Қайып т.б. ақындармен, өнер сайысқан. «Октябрьге», «8 мартқа», «Мәскеуге», «Г.Титовқа», «Сайлау күніне» деген өлеңдер, Ұлы Отан соғысына арналған жырлары бар. Жапақовтан кезінде Шортанбайдың «Қаракесек», «Ағыбай батыр» дастандары мен өлеңдері, сондай-ақ «Шөже мен Кемпірбайдың айтысы», «Шал мен қасқырдың айтысы» атты ауыз әдебиетінің үлгілері жазылып алынды. ЖАРЫЛҒАП БАТЫР. ЖАРЫЛҒАП БАТЫР (Ж а с ы л т у л ы Ж арылғап батыр;1735-1786 ж.).Күні бүгінге дейін ата сөзін жаттаған аксақалдар бұл батырлар туралы кезінде айтылған «Қарашорда Сеңкібай, Әлтекеде Жидебай, Тобықтыда Қараменде, Кернейде Жарылғап» деген мәтелді көкірегі ояу жастарға жаттатып келеді. Жарылғап батырдың аты шыға алғашқы көрінуі Абылай ханның Қалба жорығына байланысты. 1753 ж. Қалба өзені бойында жатқан жоңғарға Абылай хан жорық жасаған кезде 18-ден жаңа асқан Жарылғап батыр бірге аттанады. Сол жорықта жас батыр жонғар ноянымен жекпе-жекке шығып, жеңіске жетеді. Жарылғап батырдың ерлік жорықтары жөнінде ел ішінде небір аңыздар сақталған. Онда «Найзакескен» деген жерде қалын жауды ойсырата женуі, батырдың бүркіт бейнесінде аруағы болғаны айтылады. Жарылғап батыр Бөгенбай батырмен құда болған. Жарылғаптан Қырбас, онан Байсейіт би туған. Жарылғап батыр 51 жасында Айыртауда қайтыс болып, денесін ұлы Жәнібек Әзірет сұлтанға апарып жерлеген. Иманжүсіп Құтпанұлы. ИМАНЖҮСІП ҚҰТПАНҰЛЫ (1863-1929 ж.), белгілі әнші-композитор, төкпе ақын. Жаңаарқаның түлегі. Иманжүсіп жас кезінен-ак жырға, шешендік сөзге кұмар болып, сал, серілер дәстүрін ұстап, саятшылық құрып, балуан атанды. Ол суырыпсалма ақын болған, өмірден көрген, білгендерін әнге қосып айтқан. Біржан сал, Акан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Мәди әндерін тамылжыта шырқаған, Жарылғапберді, Естай тағы басқа әншілермен дос, сырлас болған. Ал Жаяу Мұса Иманжүсіппен талай рет жүздесіп, ақыл-кеңес берген, оған өлен де арнаған. Ертіс бойының ұлықтары қуғындай берген соң ол Ақмолаға келеді. Мұнда да әкімдердің зорлығына, әділетсіздігіне шыдамай, оларға шығарған өткір өлендерін айтады. Жалған жаламен тағы да қуғынға түседі. 1905-1912 ж. Өскеменге, 1914 ж. Жетісу жеріне айдалады; Шұбарағаш, Ойжайлау, Лепсіде тұрады. Октябрь революциясы қарсаңында Иманжүсіп айдаудан құтылып, өмірінің қалған уақытын Сарыаркада өткізеді. Иманжүсіп — Жаяу Мұса, Мәди сияқты әділет, тендікті жырлаған күрескер әнші. «Сармойын», «Бұғылы мен Тағылы», «Ішім өлген дүние-ай, құр сыртым сау», «Әкем Құтпан болғанда, ағам Шоңай», «Қысырақтың үйірі жирен ала», «Мен қалайша жалғанда тұрақтайын» т. б. әндері асқақ үнді әншінің азаматтығын танытады. Оның әндерін А. В. Затаевичке Қ. Байжанов, Қ. Байсейітов, И. Байзаковтар нотаға түсірткен. «Сармойын» әні Е. Г. Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсында (Бекежанның ариясы) пайдаланылды. Қазір Иманжүсіп әндерін Қ. Байбосынов, Б. Тілеуханов т. б. әншілер орындайды. Кейкі батыр. КЕЙКІ БАТЫР (Нұрмағамбет) Көкембайұлы (1871-1923 ж.), 1916 жылғы Торғай көтерілісінің батыры. Орта жүз құрамындағы Қыпшақ тайпасының Құланқыпшақ руынан шыққан. Тұрмыс тапшылығын ерте көрген Кейкі Жыланшық болысының алпауыты Р. Шашамбайұлының малын қорып, дұшпандарына аттандыратын жігіті болған. Жастайынан аңшы, мергендігімен, өжеттігімен аймаққа танылған. Оның құралайды көзге атқан мергендігіне сай ел аузында «Амангелдінің көзі мерген, Кейкінің қолы мерген» деген сипаттама сақталған. Ресей патшасының 1916 жылғы маусым жарлығы себеп болған Торғай қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісіне алғашкы күндерден-ақбелсене араласып, оның негізгі қарулы күші — мергендер жасағын басқарды, көтеріліс штабынын, ең кауіпті тапсырмаларын орындап, жиі-жиі барлауға шығып тұрды. Күйік қопасындағы соғыста, Торғай қаласын қоршау кезінде және жазалаушы отрядқа қарсы соңғы ұрыс — Доғал шайқасында ерекше ерлік көрсетті. 1919 ж. 13 мамырда Торғай ояздық соғыс комиссары, халық батыры Амангелді Иманов өлтірілгеннен кейін Кейкі қудалауға ұшырап, Ұлытау, Қызылқұмға бой тасалауға мәжбүр болды. Бұл сүргін Торғайда Кеңес өкіметі орнағаннан кейін де толастамады. Ақыры, 1922 жылдың көктеміңде комиссар Александр Токаревті атып кеткен Кейкіні 29 наурызда қызыл әскерлер айуандықпен өлтірді. Олар мергеннің екі қолы мен басын кесіп алып, басын бір ай бойы Торғай қаласының орталық аланына сырыққа шаншып қойды. Кейін мергеннің бас сүйегін Орынборға, ал 1926 ж. республика астанасы Қызылордаға көшуіне байланысты, Санкт-Петербургке алып кеткен. Ол қазір Санкт-Петербургтегі антропологиялық қордың кунсткамерасында сақтаулы. Кейкі мергеннің ұрпақтары Қостанай облысының Амангелді аудандағы Ақтас, Тасты елді мекендерінде тұрады. 1996 ж. батырдың 125 жасқа толуына байланысты ас беріліп, ескерткіш орнатылды. Жазушы А. Нұрмановтың «Құланның ажалы» романындағы Құлан, Ғ. Мүсіреповтің «Амангелді» пьесасындағы Кете батырлардың көркем тұлғалары осы Кейкі мерген өмірінен сомдалған. Күзембаев, Түсіп. КҮЗЕМБАЕВ ТҮСІП (1890-1958 ж.), шахтер, Социалистік Еңбек Ері (1948 ж.). 1908 жылдан Қарағандынын «Джимми» шахтасында шанашы, тіреуші болып істеді. Қарағандының көмір кенішіндегі ереуілге қатысушы (1910 ж.). Т. Күзембаев — алғашқы стахановшы және бассейндегі стахановшылар козғалысын ұйымдастарушылардың бірі. 1933-37 ж. забойшылар бригадирі, 1937-1942 ж. «Қарағандыкөмір» комбинатындағы № 1 көмір шахтаның, «Сталинкөмір» тресінің 44-45 шахтасының бастығы. 1935 жылдың 26 кыркүйегінде Т. Күзембаев басқарған бригада (құрамында 6 адам) әр забойшыға тәулігіне мөлшер бойынша 11 вагон-арба орнына 220 вагон-арба көмір өндіріп, республика рекорд жасады. Жанқиярлық енбегі арқасында көмір өндіруде, жаңа шахталарды салуда және еңбектің озық әдістерін игеруде үздік табыстарға жетті. Т. Күзембаевқа әкімшілік қызметтің 1-дәрежелі кен директоры атағы берілді (1948 ж.). БК(б)П 18-съезінің, Қазақстан Компартиясы 1-4-съездерінің делегаты. Қазақстан Компартиясы ОК-нің мүшесі (1937-1940 ж.). 1-сайлау КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты. 3 мәрте Ленин орденімен, 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған. Т. Күзембаев есімімен Қарағандыда шахта (бюсті койылған), көше аталады. Шахтерлер арасында арнайы жүлде тағайындалған. Қуанышбаев, Қалибек. ҚУАНЫШБАЕВ ҚАЛИБЕК (1893-1968 ж.), актер, қазақ ұлттық профессионалды театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі, КСРО халық артисі (1959 ж.), КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1952 ж.). 1922-25 ж. Қоянды жәрмеңкесі думаншылары ұйымдастырған ойын-сауыққа қатысып, өнер көрсетгі. 1926 ж. Қызылордада қазақ драма театрын кұруға қатысушылардың бірі болды. 1927 ж. Мәскеудегі этнография концертке қатысты. 1928-64 ж. М.О. Әуезов атындығы қазақ драма театрының (Алматы) актері. Театрдағы таңдаулы рөлдері Нысан Абыз, Тәнеке. Абай (М.О. Әуезовтің «Енлік-Кебек», «Түнгі сарын», «Абайыңда»), Балуан (Ғ.М. Мүсіреповтің «Ақын трагедиясында»), Городничий (Н.В. Гогольдің «Ревизорында»), Брабапцио, Баптиста (У. Шекспирдің «Отелло», «Асауға тұсауында»), 1937 жылдан киноға да түсті; Байбол («Амангелді»), Абай («Абай әлемінде»), Берғалиев («Алтын мүйізде»), Шыңғыс («Шоқан Уәлихановта»). Педагогика қызметпен де айналысты. Қыска пьеса, әзіл әжуа сықақтардың авторы (жинақтар: «Острие», 1936; «Шаншарлар», 1962). 2-4-сайлау КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты, 2 рет Ленин ордені, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған. Қуанышбаев құрметіне Қарағанды, Қарқаралы қалаларында көшелер аталған. Қарқаралыдағы ол тұрған үйге мемориалдық тақта қойылган. Мамраев, Мартбек. МАМРАЕВ МАРТБЕК (1908-1989 ж.), гвардия аға сержант, Кеңес Одағының Батыры (1944 ж.). Еңбек жолын 1924 ж. Қарқаралы ауданында бастап, кейін Қарағандыда жұмыс істеді. 1931-34 ж. забойшы, 1934-38 ж. электрослесарь-механик, 1938-1940 ж. К. О. Горбачев атындағы №8/9 шахта кәсіподақ комитетінің председателі. 1940-42 ж. «Кировкөмір» тресі №3-бис шахтасында партия жұмысын ұйымдастырушы. 1942-44 ж. Кеңес Армиясы қатарында. 1943 ж. қыркүйекте Днепр өзеннен өтерде 12-атқыштар дивизиясы 32-атк.ыштар полкінің пулемет расчетының командирі М.Мамраев асқан ерлік көрсетгі, фашистердің шабуылына тойтарыс беріп, бөлімшенің өзеннен өтуін қамтамасыз етгі. Ұлы Отан соғысынан кейін Қарағандыда кеңес және шаруашылық қызметінде болды. 1944-45, 1952-54 ж. 1 маусымға дейін М. Мамраев шахтада партия жұмысын ұйымдастырушы, 1945-1952 ж. Ленин ауданың партия комитетінің 1-хатшысы, 1955-58 ж. Қарағанды қалалық Кеңесі аткомы төрағасының 1-орынбасары, 1958-1972 ж. химия-металлургия институты директорының орынбасары. 1972-1985 ж. осы институтта патент-информация бөлімінің инженері. Ленин ордені, «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған. Қарағанды қаласының құрметті азаматы (1971 ж.). Химия металлургия институтының әкімшілік үйінде М. Мамраевтің бюсі орнатылған. Сеңкібай Оразғұлұлы. СЕҢКІБАЙ ОРАЗҒҰЛҰЛЫ (1707-1786 ж.), Қаракесектің Қарашор руының Қожас батырының шөбересі. Сеңкібай 18 ғасырдың 20-жылдарының екінші жартысынан бастап Қанжығалы қарт Бөгенбайдың қасына ілесіп, Алакөл, Бұланты, Аңырақай шайқастарына қатыскан белгілі батырлардың бірі. Сеңкібайдың жоңғар батыры Ноян Қоренге қарсы жекпе-жекке шығып, жеңіске жеткені аңыз, деректерден мәлім. Аңыз бойынша ақиық кыран көріпкелі бар батыр ұлт тәуелсіздігі үшін аянбай күрескен, Абылай ханның сенімді қолбасыларының бірі болған адам. Айсыз түнде, нөсерлі жаңбырда, калың қамыс арасынан адаспай жол тауып, Абылай хан ордасын қоршаған жаудың торынан талай рет аман-есен алып шыққан. Жұртшылык Сеңкібайды киелі батыр деп әулие тұтады. Талды өнірінің бойында дүние салған. 1986 ж. Талды аулының тұрғындары батырдың басына күмбез орнатқан. Шал Құлекеұлы. ШАЛ (Тілеуке) ҚҰЛЕКЕҰЛЫ (1748-1819 ж.), төкпе ақын. Әкесі Құлеке батыр Абылай ханның жақын серігі болған. Шалдың өлең, жырларынан өз дәуірінің өмір көріністері айқын аңғарылады. Бұлардың бәрінде дерлік жақсылық пен жамандық, әділдік пен зұлымдық, ынсап пен тойымсыздық, ақылдылық пен аңғалдық, ізгілік пен надандық, байлық пен кедейлік тәрізді кереғар жайттар кең қамтылып сөз болады («Ата-ананың кадірін», «Жігіт туралы», «Жігітгің өзін білем дегені», «Әйел сыны», «Қыздар туралы» т. б.). Шалдың енді бір алуан жырларында жас пен кәрі сипаттарынан тыс, моралдық, этикалық қатынастар да ұтымды бейнеленеді («Кәрілік туралы», «Жастықты көксегені», «Он бес деген жасым-ай», «Елу ердің жасы екен», «Жаманға дәулет бітсе ауа айналар», «Екі арыстан жабылса дәуді өлтірер», «Айтайын бір аз кеңес» т. б.)- Шал кезінде ел өмірінде елеулі орын алған айтыс-кағыстарға қатысып отырған. Бұлардан оның ұшқыр киялды тапқырлығы мен от ауызды, орақ тілді алғырлығы да мол көрінеді («Шал мен қыз», «Бәйбіше мен шал», «Шал мен жігіт», «Шал мен келіншектер» т. б.). Бір топ жырлары «XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары» (1962 ж.), «Үш ғасыр жырлайды» (1965 ж.), «Алдаспан» (1971 ж.), «ХV-ХVII ғасырлардағы қазақ поэзиясы» (1982 ж.), «Бес ғасыр жырлайды» (1984 ж.) жинақтарына енді. Шөже Қаржаубайұлы. ШӨЖЕ ҚАРЖАУБАЙҰЛЫ (1808-1895 ж.), халық ақыны, жыршы. Қазіргі Нұра ауданның жерінде кедей шаруа отбасында туған. Өлең шыгару дарыны жас кезінен-ақ байқалған, бала кезінде аурудын салдарынан зағип болып калған. Айтыстарға қатысқанда қалыптасқан әлеуметтік-философия көзқарастары болды. Адамгершілікке жат кеселді кемшіліктерді әшкерелейді (Кемпірбай,Тезекбай, Жәмшібай, Келдібай, Балта, Орынбай, Серәлі, Шортанбай және басқаларымен айтысқан). Үлкен айтыстарда 17 рет жеңіп шыққан. Өзінің асқан шешендігімен, суырыпсалма төкпелігімен, көкейкесті мәселелерді козғауымен және ауылдағы ат төбеліндей бай-шоңжарлардың екі жүзді зұлымдығы мен парақорлығын жұрт алдында батыл аяусыз әшкерелеуімен кеңінен танымал болған. Асқақ жыршы, лирикалық, эпикалық дастандарды шебер орындаушы болған. Абаймен кездесіп, халық эпостарын, әндері мен аңыздарын білетіндігімен оған зор ықпал жасаған. Ш. Ш. Уәлиханов 1864 ж. 5 наурызда өзінің Омбыдағы пәтерінде Шөже орындаған «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» дастанының ең тандаулы нұсқаларының бірін жазып алып, Шөженің ақындық шеберлігіне жоғары баға берген. Тайынша ауданы. Тайынша ауданы - Солтүстік Қазақстан облысы Ауданның аумағы 11,43 мың шаршы километр. 2010 жылғы 1 қаңтарға халқының саны 56,6 мың адамды құрады. Халықтың тығыздығы (бiр шаршы километрге) 5,0 адам. Аудан орталығы - Тайынша қаласы. Облыс орталығымен аралығы 150 километр. Аудан орталығында 20 ауылдық округ, 90 ауылдық елдi мекен бар. Аудан негiзiнен дала зонасында орналасқан, ал оңтүстiгi және оңтүстiк-шығысы орманды дала зонасында орналасқан. Жердiң үстiңгi қабаты қара топырақты. Ауданда 2010 жылғы 1 қаңтарға 475 кәсiпорын тiркелген, оның iшiнде 8 - iрi, 60 - орта, 407 - шағын кәсiпорындар. Олардан 171 заңды тұлға мемлекеттiк меншiк нысанына, 302 - жеке меншiк, 2 - заңды тұлға шетел меншiгi нысанына жатады. Ауданда облыстың ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң 13,5%-ы (32 237,5 млн.теңге) өндiрiлген. Өнеркәсiп кәсiпорындарымен (қаржылық емес корпорация секторы) 6 355,0 млн.теңгенiң өнiмi өндiрiлген, облыстағы үлесi 9,3%. Өнеркәсiп өнiмiнiң физикалық көлемiнiң индексi 123,0% құрайды. Бөлшек тауарайналымының көлемi (қоғамдық тамақтандырусыз) 703,8 млн.теңге сомасын құрайды. Тауарайналымның физикалық көлемiнiң индексi 80,2% құрады. 2009 жылдың басына аудан кәсiпорындарының негiзгi құрал-жабдықтары 36 552,7 млн.теңге сомасын құрап, тозу деңгейi 18,8% болды. Негiзгi капиталға салынған инвестиция көлемi 3 825,3 млн.теңге құрады. Пайдалануға 7,7 мың шаршы метр тұрғын үй берiлдi. Ауданның экономикасында 34,2 мың адам жұмыс iстейдi. Орташа айлық жалақы (кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын шағын кәсiпорындарсыз) өткен жылмен салыстырғанда 13,1% өсiп, 35 807 теңгенi құрады. Нақты жалақы 5,7% өстi Орташа жан басына шағып есептегенде атаулы ақшалай табыс 26 863 теңге құрады. Орташа жан басына шаққандағы күн көрiстiң ең төменгi деңгейiнiң шамасы жыл аяғына 11 375 теңге құрады. Айыртау ауданы. Аудан Солтүстiк Қазақстан облысының оңтүстiгiнде орналасқан, 1928 жылы құрылған. Ауданның аумағы 9,6 мың шаршы километр. 2010 жылғы 1 қаңтарға халқының саны 47,8 мың адамды құрады. Халықтың тығыздығы (бiр шаршы километрге) 5,0 адамды құрады. Аудан орталығы - Саумалкөл селосы. Облыс орталығы мен Саумалкөл ауылының ара қашықтығы 250 километр; ең жақын темiр жол станциясына дейiн 0,4 километр. Ауданда 15 ауылдық округ, 88 ауылдық елдi мекен бар. Аудан батысында 1170.Мүсiрепов және Шал ақын аудандарымен, солтүстiгiнде - Есiл ауданымен және шығысында Ақмола облысымен шектесiп жатыр. Аудан аумағы орманды дала зонасында орналасқан. Жердiң үстiңгi қабаты қара топырақты. Аудан аумағының рельефi қара топырақты жазық дала, сортаң топырақты жерлер де кездеседi. Ауданда 2010 жылғы 1 қаңтарға 396 кәсiпорын тiркелген, оның iшiнде 2 - iрi, 45 - орта, 349 - шағын кәсiпорындар. Олардан 169 заңды тұлға мемлекеттiк меншiк нысанына, 227 - жеке меншiк нысанына жатады. Ауданда облыстың ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң 8,4%-ы (20 106,0 млн.теңге) өндiрiлген. Өнеркәсiп кәсiпорындарымен (қаржылық емес корпорация секторы) 1 451,8 млн.теңгеге өнiм өндiрiлген, облыстағы үлесi 2,1%. Өнеркәсiп өнiмiнiң физикалық көлемiнiң индексi 115,8% құрайды. Бөлшек тауарайналымның көлемi (қоғамдық тамақтандырусыз) 612,8 млн.теңге сомасын құрады. Тауарайналымның физикалық көлемiнiң индексi 138,1%. 2009 жылдың басына аудан кәсiпорындарының негiзгi құрал-жабдықтары 16 788,3 млн.теңге соманы құрап, тозу деңгейi 35,6% болды. Негiзгi капиталға салынған инвестиция көлемi 1 983,5 млн.теңге құрады. Пайдалануға 12,5 мың шаршы метр тұрғын үй берiлдi. Ауданның экономикасында 28,4 мың адам жұмыс iстейдi. Орташа айлық жалақы (кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын шағын кәсiпорындарсыз) өткен жылмен салыстырғанда 23,9% өсiп, 37 330 теңгенi құрады. Нақты жалақы 15,8% өстi. Орташа жан басына шағып есептегенде атаулы ақшалай табыс 26 922 теңге құрады. Орташа жан басына шаққандағы күн көрiстiң ең төменгi деңгейiнiң шамасы жыл аяғына 11 513 теңге құрады. Аққайың ауданы. Аққайың ауданы - Солтүстік Қазақстан облысы. Аққайың ауданы 1928 жылы құрылды. Аудан аумағы 4,71 мың шаршы километр. 2010 жылғы 1 қаңтарға халқының саны 26,9 мың адамды құрады. Халықтың тығыздығы (1 шаршы километрга) 5,7 адам. Ауданның орталығы - Смирнов кентi, ол аудан-ның оңтүстiк-шығыс бөлiгiнде, темiр жол бойында орналасқан. Петропавл қаласы мен Смирново кентiнiң ара қашықтығы 60 шақырым. Ауданда 12 ауылдық округ, 33 ауылдық елдi мекен бар. Аудан орманды дала зонасында орналасқан. Негiзiнен жер көңдi қара топырақтан тұрады. Аудан аумағының 13 516 га жер көлемiн көлдер алып жатыр, өзен жоқ. Ауданда 2010 жылғы 1 қаңтарға 216 кәсiпорын тiркелген, оның iшiнде 3 - iрi, 31 - орта, 182 - шағын кәсiпорын. Олардан 97 заңды тұлға мемлекеттiк меншiк нысанына, 118 - жеке меншiк, 1 - заңды тұлға шетел меншiгi нысанына жатады. Ауданда облыстың ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң 5,7%-ы өндiрiлген (13 520,0 млн.теңге). Өнеркәсiп кәсiпорындарымен (қаржылық емес корпорация секторы) 568,4 млн.теңгенiң өнiмi өндiрiлген, облыстағы үлесi 0,8%. Өнеркәсiп өнiмiнiң физикалық көлемiнiң индексi 103,2% құрайды. Бөлшек тауарайналымының көлемi (қоғамдық тамақтандырусыз) 229,1 млн.теңге сомасын құрайды. Тауарайналымның физикалық көлемiнiң индексi 68,0% құрады. 2009 жылдың басына аудан кәсiпорындарының негiзгi құрал-жабдықтары 6 337,7 млн.теңге сомасын құрап, тозу деңгейi 29,8% болды. Негiзгi капиталға салынған инвестиция көлемi 1 464,0 млн.теңге құрады. Пайдалануға 0,1 мың шаршы метр тұрғын үй берiлдi. Ауданның экономикасында 15,7 мың адам жұмыс iстейдi. Орташа айлық жалақы (кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын шағын кәсiпорындарсыз) өткен жылмен салыстырғанда 16,3% өсiп, 33 895 теңгенi құрады. Нақты жалақы 8,7% өстi. Орташа жан басына шағып есептегенде атаулы ақшалай табыс 25 472 теңге құрады. Орташа жан басына шаққандағы күн көрiстiң ең төменгi деңгейiнiң шамасы жыл аяғына 11 195 теңге құрады. Қызылжар ауданы. Қызылжар ауданы - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы 1997 жылы Бескөл және Соколов аудандарының қосылу нәтижесiнде құрылған. Ауданның аумағы 6,15 мың шаршы километр. 2010 жылғы 1 қаңтарға халқының саны 49,3 мың адамды құрады. Халықтың тығыздығы (бiр шаршы километрге) 8,0 адам. Аудан орталығы - Бескөл селосы. Облыс орталығымен аралығы 12 километр. Ауданда 20 ауылдық округ, 72 ауылдық елдi мекен бар. Қызылжар ауданы қалаға жақын, негiзiнен Есiл өзенiнiң бойында орналасқан. Оңтүстiгiнде Есiл және М.Жұмабаев, шығысында Аққайың, батысында Мамлют аудандарымен және солтүстiгiнде Ресей Федерациясының Түмен облысымен шектеседi. Аудан негiзiнен орманды дала зонасында орналасқан. Жердiң үстiңгi қабаты қара топырақты. Ауданда 2010 жылғы 1 қаңтарға 434 кәсiпорын тiркелген, оның iшiнде 5 - iрi, 34 - орта, 395 - шағын кәсiпорындар. Олардан 162 заңды тұлға мемлекеттiк меншiк нысанына, 264- жеке меншiк, 8 - заңды тұлға шетел меншiгi нысанына жатады. Ауданда облыстың ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң 7,6%-ы (18 060,0 млн.теңге) өндiрiлген. Өнеркәсiп кәсiпорындарымен (қаржылық емес корпорация секторы) 3 206,8 млн.теңгенiң өнiмi өндiрiлген, облыстағы үлесi 4,7%. Өнеркәсiп өнiмiнiң физикалық көлемiнiң индексi 101,6% құрайды. Бөлшек тауарайналымының көлемi (қоғамдық тамақтандырусыз) 306,4 млн.теңге сомасын құрайды. Тауарайналымның физикалық көлемiнiң индексi 59,3% құрады. 2009 жылдың басына аудан кәсiпорындарының негiзгi құрал-жабдықтары 13 314,4 млн.теңге сомасын құрап, тозу деңгейi 29,3% болды. Негiзгi капиталға салынған инвестиция көлемi 4 061,5 млн.теңге құрады. Пайдалануға 14,3 мың шаршы метр тұрғын үй берiлдi. Ауданның экономикасында 29,2 мың адам жұмыс iстейдi. Орташа айлық жалақы (кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын шағын кәсiпорындарсыз) өткен жылмен салыстырғанда 12,5% өсiп, 39 913 теңгенi құрады. Нақты жалақы 5,1% өстi. Орташа жан басына шағып есептегенде атаулы ақшалай табыс 25 912 теңге құрады. Орташа жан басына шаққандағы күн көрiстiң ең төменгi деңгейiнiң шамасы жыл аяғына 11 063 теңге құрады. Мамлют ауданы. Мамлют ауданы - Солтүстiк Қазақстан облысының солтүстiк-батысында орналасқан, 1932 құрылды. Аудан аймағы 4,10 мың шаршы километр. 2010 жылғы 1 қаңтарға халқының саны 25,1 мың адамды құрады. Халықтың тығыздығы (бiр шаршы километрге) 6,1 адам. Батысында Жамбыл ауданымен, солтүстiгiнде Ресей Федерациясының Қорған облысымен, шығысында және оңтүстiк-шығысында Қызылжар ауданымен, оңтүстiгiнде Есiл ауданымен шектесiп жатыр. Аудан орталығы Мамлютка қаласы, облыс орталығына дейiнгi қашықтық 41 километр. Ауданда - 11 ауылдық округ, 43 ауылдық елдi мекен бар. Аудан өсiмдiктерi бiркелкi емес: дала, дала-шалғынды, орманды болып келедi. Топырақтың негiзгi түрi қара топырақты. Ауданда 2010 жылғы 1 қаңтарға 219 кәсiпорын тiркелген, оның iшiнде 3 - iрi, 17 - орта, 199 - шағын кәсiпорындар. Олардан 93 заңды тұлға мемлекеттiк меншiк нысанына, 125 - жеке меншiк, 1 - заңды тұлға шетел меншiгi нысанына жатады. Аудан облыстың ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң 3,9%-ын өндiрген (9 338,7 млн.теңге). Өнеркәсiп кәсiпорындарымен (қаржылық емес корпорация секторы) 1 370,6 млн.теңгенiң өнiмi өндiрiлген, облыстағы үлесi 2,0%. Өнеркәсiп өнiмiнiң физикалық көлемiнiң индексi 108,0% құрайды. Бөлшек тауарайналымының көлемi (қоғамдық тамақтандырусыз) 962,2 млн.теңге сомасын құрайды. Тауарайналымның физикалық көлемiнiң индексi 109,2% құрады. 2009 жылдың басына аудан кәсiпорындарының негiзгi құрал-жабдықтары 4 629,4 млн.теңге сомасын құрап, тозу деңгейi 28,7% болды. Негiзгi капиталға салынған инвестиция көлемi 2 172,4 млн.теңге құрады. Пайдалануға 3,2 мың шаршы метр тұрғын үй берiлдi. Ауданның экономикасында 13,9 мың адам жұмыс iстейдi. Орташа айлық жалақы (кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын шағын кәсiпорындарсыз) өткен жылмен салыстырғанда 24,4% өсiп, 40 315 теңгенi құрады. Нақты жалақы 16,2% өстi. Орташа жан басына шағып есептегенде атаулы ақшалай табыс 25 686 теңге құрады. Орташа жан басына шаққандағы күн көрiстiң ең төменгi деңгейiнiң шамасы жыл аяғына 11 530 теңге құрады. Тимирязев ауданы. Тимирязев ауданы- Солтүстік Қазақстан облысы. Аудан облыстың оңтүстiк-батысында орналасқан, 1963 жылы құрылды. Аудан аймағы 4,51 мың шаршы километр. 2010 жылғы 1 қаңтарға халқының саны 17,1 мың адамды құрады. Халықтың тығыздығы (бiр шаршы километрге) 3,8 адам. Аудан орталығы - Тимирязев селосы, облыс орталығымен аралығы 236 километр. Ауданда - 16 ауылдық округ, 25 ауылдық елдi мекен бар. Аудан орман зонасында орналасқан. Жердiң үстiңгi қабаты қара топырақ. Аудан аумағында 10 көл бар, олардың көлемi 85,5 м2. Москворецкий селолық округiнiң аумағында аудандағы ең үлкен көл "Как" көлi (37,5 м2) орналасқан. Ауданда 2010 жылғы 1 қаңтарға 190 кәсiпорын тiркелген, оның iшiнде 1 - iрi, 10 - орта, 179 - шағын кәсiпорындар. Олардан 97 заңды тұлға мемлекеттiк меншiк нысанына, 93 - жеке меншiк нысанына жатады. Ауданда облыстың ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң 5,2%-ы өндiрiлген (12 499,1 млн.теңге). Өнеркәсiп кәсiпорындарымен (қаржылық емес корпорация секторы) 512,8 млн.теңгенiң өнiмi өндiрiлген, облыстағы үлесi 0,7%. Өнеркәсiп өнiмiнiң физикалық көлемiнiң индексi 101,9% құрайды. Бөлшек тауарайналымының көлемi (қоғамдық тамақтандырусыз) 251,6 млн.теңге сомасын құрайды. Тауарайналымның физикалық көлемiнiң индексi 79,8% құрады. 2009 жылдың басына аудан кәсiпорындарының негiзгi құрал-жабдықтары 8 002,7 млн.теңге сомасын құрап, тозу деңгейi 19,1% болды. Негiзгi капиталға салынған инвестиция көлемi 2 172,4 млн.теңге құрады. Пайдалануға 1,5 мың шаршы метр тұрғын үй берiлдi. Ауданның экономикасында 9,6 мың адам жұмыс iстейдi. Орташа айлық жалақы (кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын шағын кәсiпорындарсыз) өткен жылмен салыстырғанда 14,8% өсiп, 36 363 теңгенi құрады. Нақты жалақы 7,3% өстi. Орташа жан басына шағып есептегенде атаулы ақшалай табыс 25 987 теңге құрады. Орташа жан басына шаққандағы күн көрiстiң ең төменгi деңгейiнiң шамасы жыл аяғына 11 820 теңге құрады. Уәлиханов ауданы. Уәлиханов ауданы - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы 1928 жылы Қызылту ауданының негiзiнде құрылған. Аудан аймағы 12,88 мың шаршы километр. 2010 жылғы 1 қаңтарға халқының саны 23,2 мың адамды құрады. Халықтың тығыздығы (бiр шаршы километрге) 1,8 адам. Әкiмшiлiк орталығы Кiшкенекөл кентi, облыс орталығы Петропавл қаласына дейiнгi қашықтық 340 километр. Ауданда - 11 ауылдық округ, 33 ауылдық елдi мекен бар. Аудан Солтүстiк Қазақстан облысының оңтүстiк-шығысында орналасқан. Солтүстiгi мен солтүстiк-шығысында Ресей Федерациясының Омбы облысымен, шығысында Павлодар облысымен, оңтүстiгi мен оңтүстiк-шығысында Ақмола облысымен, батысында Ақжар ауданымен шектесiп жатыр. Аудан аумағы орманды дала зонасында орналасқан. Аудан аумағының топырағының бедерi негiзiнен әдеттегi оңтүстiктiң қара топырағы болып келедi. Ауданда 2010 жылғы 1 қаңтарға 192 кәсiпорын тiркелген, оның iшiнде 2 - iрi, 12 - орта, 178 - шағын кәсiпорындар. Олардан 89 заңды тұлға мемлекеттiк меншiк нысанына, 103 - жеке меншiк нысанына жатады. Ауданда облыстың ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң 5,3%-ы өндiрiлген (12 612,2 млн.теңге). Өнеркәсiп кәсiпорындарымен (қаржылық емес корпорация секторы) 139,7 млн.теңгенiң өнiмi өндiрiлген, облыстағы үлесi 0,2%. Өнеркәсiп өнiмiнiң физикалық көлемiнiң индексi 135,3% құрайды. Бөлшек тауарайналымының көлемi (қоғамдық тамақтандырусыз) 151,3 млн.теңге сомасын құрайды. Тауарайналымның физикалық көлемiнiң индексi 75,1% құрады. 2009 жылдың басына аудан кәсiпорындарының негiзгi құрал-жабдықтары 8 163,7 млн.теңге сомасын құрап, тозу деңгейi 29,9% болды. Негiзгi капиталға салынған инвестиция көлемi 910,1 млн.теңге құрады. Пайдалануға 4,6 мың шаршы метр тұрғын үй берiлдi. Ауданның экономикасында 11,9 мың адам жұмыс iстейдi. Орташа айлық жалақы (кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын шағын кәсiпорындарсыз) өткен жылмен салыстырғанда 21,5% өсiп, 40 123 теңгенi құрады. Нақты жалақы 13,6% өстi. Орташа жан басына шағып есептегенде атаулы ақшалай табыс 21 995 теңге құрады. Орташа жан басына шаққандағы күн көрiстiң ең төменгi деңгейiнiң шамасы жыл аяғына 11 272 теңге құрады. Шал ақын ауданы. Шал ақын ауданы - Солтүстік Қазақстан облысы 1928 жылы Шал ақын ауданының қазiргi аумағында Рыков және Төңкерiс аудандары құрылды. 1930 жылы Төңкерiс ауданына жартылай таратылған Рыков ауданы қосылды. 1940 жылы аудан аты Октябрьский болып ауыстырылды, ал 1963 жылы Сергеев және 1999 жылғы 15 желтоқсанда Шал ақын ауданы болып қайта аталды. Аудан аймағы 4,84 мың шаршы километр. 2010 жылғы 1 қаңтарға халқының саны 26,3 мың адамды құрады. Халықтың тығыздығы (бiр шаршы километрге) 5,4 адам. Ауданда - 12 ауылдық округ, 43 ауылдық елдi мекен бар Облыс орталығы Петропавл қаласынан аудан шекарасына дейiн 138 километр, ал Сергеевка қаласына дейiн 174 километр. Солтүстiк аумағы - Жамбыл, батысы - Есiл, шығысы - Тимирязев, ал оңтүстiгiнен Айыртау және 1170.Мүсiрепов аудандарымен шектесiп жатыр. Ауданның аумағы арқылы Есiл өзенi ағып өтедi, оның бойында Сергеев су қоймасы орналасқан. Аудан аумағы орманды дала зонасында орналасқан, ол өзiнiң әр түрлi шөптерiмен және шала құрғатылған тегiс жазығымен әйгiлi. Жердiң үстiңгi қабаты қара топырақты болып келедi және шалғынды қара топырақты қабат та кеңiнен орын алады. Ауданда 2010 жылғы 1 қаңтарға 261 кәсiпорын тiркелген, оның iшiнде 2 - iрi, 16 - орта, 243 - шағын кәсiпорындар. Олардан 120 заңды тұлға мемлекеттiк меншiк нысанына, 139 - жеке меншiк, 2 - заңды тұлға шетел меншiгi нысанына жатады. Ауданда облыстың ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң 5,3%-ы өндiрiлген (12 637,9 млн.теңге). Өнеркәсiп кәсiпорындарымен (қаржылық емес корпорация секторы) 963,5 млн.теңгенiң өнiмi өндiрiлген, облыстағы үлесi 1,4%. Өнеркәсiп өнiмiнiң физикалық көлемiнiң индексi 106,6% құрайды. Бөлшек тауарайналымының көлемi (қоғамдық тамақтандырусыз) 341,9 млн.теңге сомасын құрайды. Тауарайналымның физикалық көлемiнiң индексi 82,4% құрады. 2009 жылдың басына аудан кәсiпорындарының негiзгi құрал-жабдықтары 5 217,4 млн.теңге сомасын құрап, тозу деңгейi 37,9% болды. Негiзгi капиталға салынған инвестиция көлемi 1 185,7 млн.теңге құрады. Пайдалануға 5,3 мың шаршы метр тұрғын үй берiлдi. Ауданның экономикасында 16,5 мың адам жұмыс iстейдi. Орташа айлық жалақы (кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын шағын кәсiпорындарсыз) өткен жылмен салыстырғанда 19,4% өсiп, 39 373 теңгенi құрады. Нақты жалақы 11,6% өстi. Орташа жан басына шағып есептегенде атаулы ақшалай табыс 27 836 теңге құрады. Орташа жан басына шаққандағы күн көрiстiң ең төменгi деңгейiнiң шамасы жыл аяғына 11 673 теңге құрады. Ғабит Мүсiрепов ауданы. Ғабит Мүсiрепов ауданы - Солтүстiк Қазақстан облысы Аудан 1969 жылы құрылып. Солтүстiк Қазақстан облысының оңтүстiк-батысында Есiл жазығында орналасқан. Аудан аймағы 11,09 мың шаршы километр. 2010 жылғы 1 қаңтарға ауданның халқының саны 48,2 мың адамды құрады. Ха-лықтың тығыздығы (бiр шаршы километрге) 4,3 адам. 1997 жылы Целинный ауданына үш аудан қосылды, ал 2002 жылы ол 1170абит Мүсiрепов ауданы болып қайта аталды. Аудан орталығы - Новоишимка кентi, облыс орталығынан қашықтығы 270 километр. Ауданда 19 ауылдық округ, 68 ауылдық елдi мекен бар. Аудан дала және орманды дала зонасында орналасқан. Жердiң үстiңгi қабаты қара топырақты. Аудан аумағында (Есiл (ұзындығы 130 километр), Шырақ, Ақан-Бұрлық, Битүк, Шанақсай) өзендер және екi үлкен (Қалмакөл - 1258 га, Ұлыкөл - 1640 га) көл бар. Ауданда 2010 жылғы 1 қаңтарға 383 кәсiпорын тiркелген, оның iшiнде 9 - iрi, 48 - орта, 326 - шағын кәсiпорын. Олардан 150 заңды тұлға мемлекеттiк меншiк нысанына, 231 - жеке меншiк, 2 - заңды тұлға шетел меншiгi нысанына жатады. Ауданда облыстың ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң 13,7%-ы өндiрiлген (32 742,1 млн.теңге). Өнеркәсiп кәсiпорындарымен (қаржылық емес корпорация секторы) 5 918,1 млн.теңгенiң өнiмi өндiрiлген, облыстағы үлесi 8,6%. Өнеркәсiп өнiмiнiң физикалық көлемiнiң индексi 110,7% құрайды. Бөлшек тауарайналымының көлемi (қоғамдық тамақтандырусыз) 1 705,4 млн.теңге сомасын құрайды. Тауарайналымның физикалық көлемiнiң индексi 132,4% құрады. 2009 жылдың басына аудан кәсiпорындарының негiзгi құрал-жабдықтары 34 367,2 млн.теңге сомасын құрап, тозу деңгейi 40,1% болды. Негiзгi капиталға салынған инвестиция көлемi 6 835,0 млн.теңге құрады. Пайдалануға 11,2 мың шаршы метр тұрғын үй берiлдi. Ауданның экономикасында 28,1 мың адам жұмыс iстейдi. Орташа айлық жалақы (кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын шағын кәсiпорындарсыз) өткен жылмен салыстырғанда 13,5% өсiп, 41 195 теңгенi құрады. Нақты жалақы 6,0% өстi Орташа жан басына шағып есептегенде атаулы ақшалай табыс 28 174 теңге құрады. Орташа жан басына шаққандағы күн көрiстiң ең төменгi деңгейiнiң шамасы жыл аяғына 11 810 теңге құрады. Мағжан Жұмабаев ауданы. Мағжан Жұмабаев ауданы - Солтүстік Қазақстан облысы Аудан Солтүстiк Қазақстан облысының солтүстiк-шығысында орналасқан, 1928 құрылды. 1997 жылы Возвышен ауданымен бiрiккен. 2000 жылы Булаев ауданы М. Жұмабаев ауданы болып қайта аталды. Ауданның аумағы 7,81 мың шаршы километр. 2010 жылғы 1 қаңтарға аудан халқының саны 41,8 мың адамды құрады. Халықтың тығыздығы (бiр шаршы километрге) 5,4 адам. Аудан орталығы Булаев қаласы 1893 жылы құрылған, 1969 жылы қалалық статус алды. Булаевтан облыс орталығына дейiнгi қашықтық 106 километр. Ауданда 24 ауылдық округ, 69 ауылдық елдi мекен бар. Солтүстiгiнен және шығысынан Ресей Федерациясының Омбы және Түмөн облыстарымен, батысынан - Аққайың және Қызылжар, оңтүстiгiнен - Тайынша және Ақжар аудандарымен шектесiп жатыр. Топырағы қара топырақ және сортаң топырақ болып таралған. Өсiмдiктер негiзiнен орманды далалы. Ауданда 2010 жылғы 1 қаңтарға 313 кәсiпорын тiркелген, оның iшiнде 2 - iрi, 25 - орта, 286 - шағын кәсiпорындар. Олардан 176 заңды тұлға мемлекеттiк меншiк нысанына, 133 - жеке меншiк, 4 - заңды тұлға шетел меншiгi нысанына жатады. Ауданда облыстың ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң 10,5%-ы (25 101,6 млн.теңге) өндiрiлген. Өнеркәсiп кәсiпорындарымен (қаржылық емес корпорация секторы) 570,6 млн.теңгенiң өнiмi өндiрiлген, облыстағы үлесi 0,8%. Өнеркәсiп өнiмiнiң физикалық көлемiнiң индексi 102,8% құрайды. Бөлшек тауарайналымының көлемi (қоғамдық тамақтандырусыз) 255,9 млн.теңге сомасын құрайды. Тауарайналымның физикалық көлемiнiң индексi 52,5% кұрады. 2009 жылдың басына аудан кәсiпорындарының негiзгi құрал-жабдықтары 6 146,9 млн.теңге сомасын құрап, тозу деңгейi 37,3% болды. Негiзгi капиталға салынған инвестиция көлемi 1 558,5 млн.теңге құрады. Пайдалануға 8,5 мың шаршы метр тұрғын үй берiлдi. Ауданның экономикасында 24,4 мың адам жұмыс iстейдi. Орташа айлық жалақы (кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын шағын кәсiпорындарсыз) өткен жылмен салыстырғанда 18,2% өсiп, 38 250 теңгенi құрады. Нақты жалақы 10,5% өстi. Орташа жан басына шағып есептегенде атаулы ақшалай табыс 25 963 теңге құрады. Орташа жан басына шаққандағы күн көрiстiң ең төменгi деңгейiнiң шамасы жыл аяғына 10 952 теңге құрады. Есіл ауданы (Солтүстік Қазақстан облысы). Есiл ауданы - Солтүстік Қазақстан облысы Аудан 1928 құрылған. 1997 жылы мамырда Ленин және Москва аудандарының қосылу нәтижесiнде қайта құрылып, Есiл ауданы деп аталды. Ауданның аумағы 5,14 мың шаршы километр. 2010 жылғы 1 қаңтарға халқының саны 33,0 мың адамды құрады. Халықтың тығыздығы (бiр шаршы километрге) 6,4 адам. Аудан орталығы - Явленка селосы - Есiл өзенiнiң оң жағында, Мусинов көлiнiң оңтүстiк жағасында орналасқан. Облыс орталығымен аралығы 74 километр. Ауданда 16 ауылдық округ, 60 ауылдық елдi мекен бар. Аудан орманды дала зонасында орналасқан. Аудан аумағымен плотина және Есiл су қоймасы (110 ш) орналастырылған Есiл өзенi ағып өтедi. Аудандағы көлдердiң жалпы аумағы 7 мың гектардан асады. Ең үлкен көл Үлкен Тораңғұл көлi. Аудан аумағының рельефi қара топырақты жазық дала, сортаң топырақты жер де кездеседi. Ауданда 2010 жылғы 1 қаңтарға 286 кәсiпорын тiркелген, оның iшiнде 1 - iрi, 34 - орта, 251 - шағын кәсiпорын. Олардан 130 заңды тұлға мемлекеттiк меншiк нысанына, 156 - жеке меншiк. Ауданда облыстың ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң 7,2%-ы (17 095,6 млн.теңге) өндiрiлген. Өнеркәсiп кәсiпорындарымен (қаржылық емес корпорация секторы) 364,8 млн.теңгенiң өнiмi өндiрiлген, облыстағы үлесi 0,5%. Өнеркәсiп өнiмiнiң физикалық көлемiнiң индексi 109,0% құрайды. Бөлшек тауарайналымының көлемi (қоғамдық тамақтандырусыз) 228,0 млн.теңге сомасын құрайды. Тауарайналымның физикалық көлемiнiң индексi 64,5% құрады. 2009 жылдың басына аудан кәсiпорындарының негiзгi құрал-жабдықтары 7 930,5 млн.теңге сомасын құрап, тозу деңгейi 29,9% болды. Негiзгi капиталға салынған инвестиция көлемi 1 146,2 млн.теңге құрады. Пайдалануға 5,1 мың шаршы метр тұрғын үй берiлдi. Ауданның экономикасында 20,0 мың адам жұмыс iстейдi. Орташа айлық жалақы (кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын шағын кәсiпорындарсыз) өткен жылмен салыстырғанда 30,5% өсiп, 40 770 теңгенi құрады. Нақты жалақы 22,0% өстi. Орташа жан басына шағып есептегенде атаулы ақшалай табыс 27 004 теңге құрады. Орташа жан басына шаққандағы күн көрiстiң ең төменгi деңгейiнiң шамасы жыл аяғына 11 495 теңге құрады. Риддер. Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласы 1786 жылы Риддер кенті ретінде негізгі қаланған және кен орнын бірінші ашқан инженер Филипп Риддердің есімі берілген. ХХ ғасырдың басында кенттегі халық саны 4 мың адам болды, ең көп шоғырланған кезең 70-ші жылдары- 72 мыңнаң артып түсті. Бүгінде қалада 61,5 мың адам тұрады. Қазіргі Риддер қаласының аумағы 3387220 шаршы километрді құрайды. Әкімшілік аумағына 19 елді мекен, бір ауылдық және бір кенттік аймақ кіреді. Риддер қаласының әкімшілік аумағы кенді Алтайдың орталық бөлігінде, Лениногор «шұңқырында», таулы орманды дала өңірінде орналасқан. Лениногор ойпаты оңтүстік шығыста «Иванов белдеуі» жотасымен, оңтүстікте-«Проходной белдеуі» беткейлерімен, батыста және оңтүстік-батыста «Синюхин белдеуі» беткейлерімен шектелген. Риддер қаласы Өскемен агломерат құрамына кіреді, түрлі түсті металдардың кен орындарымен, су және орман, құрылыс материалдарын өндіру қорларымен қамтамасыз етілген. Түрлі түсті металдар кен орындарының ішінде алтын араласқан қорғасын-мырыш кендері, күміс, кадмий, сүрме, күшәлә, қалайы, темір, күкірт және басқа элементтер басым. Құрылыс материалдарының ішінде кірпіш шикізаттары, түйіршек-құмқоспалары және құмдар мол. Лениногор «шұңқыры» таулы, орманды дала ландшафт өңіріне жатады: қоңыр-қылқанды тайга, аралас ормандар, бұталар және әртүрлі шөп түрлері көп. Риддер қаласы маңайының басым бөлігін шыршалы орман алып жатыр. Жер бедері таулы болғандықтан шаруашылық мақсатында кеңінен пайдалануға қиындық келтіреді. Негізгі өзендері Тихая, Филипповка, Быструха, Громотуха, Журавлиха, Шаравка, басқа да өзендер таудан ағатындықтан ағыны қатты, жағалаулары тасты болып келеді. Өлкеде суық родон суы көздерінің бар екендігі анықталды, емдік мақсатта пайдалануға болады. Риддерде кен өндіру және түсті металдар өнеркәсібінің салалары дамыған. Қалада көлік және байланыс кәсіпорындары, құрылыс фирмалары, тамақ және күту саласындағы кәсіпорындар табысты қызмет атқаруда. Риддерді қоршаған тамаша табиғат туристік саланы дамытуға, оған тек қана қала тұрғындары емес, облыс, республика, алыс және жақын шет елдердегі туристік ұйымдарды қатыстыруға алғы шарттар толығымен бар. Қала аймағында бірнеше туристік және спорттық базалар орналасқан. Шемонаиха ауданы. Шемонаиха ауданы - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы 1928 жылы ұйымдастырылған, Шығыс Қазақстан облысының солтүстiгiнде орналасқан. Глубокий және Бородулиха аудандарымен және Ресейдiң Алтай өлкесiмен шектеледi. Ауданның аумағы 4 мың шаршы шақырым. Ауданда жалпы саны елу мың адам тұрады, бiр шаршы метрде халықтың тығыздығы - 13 адам. Шемонаиха қаласы әкiмшiлiк орталығы болып табылады, он жетi мыңнан астам адам тұрады. Елдi мекендер келесi тұрпатта көрсетiлген: бiр қала, екi кент, 37 ауыл. Ауданда 11 әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк, оның iшiнде 8 ауылдық округ, 2 кенттiк және 1 қалалық округ. Аудан халқының ұлттық құрамы жыл басында келесi арақатынаста берiлiп отыр: қазақтар - 9,9 пайыз, орыстар - 82,4 пайыз, басқа ұлттар - 7,7 пайыз. Ауданда минералды-шикiзаттық қоры бар, атап айтқанда полиметалдық кендер, құрамында мыс, мырыш, алтын, қорғасын бар. Ауданның базалық салалары - ауыл шаруашылығы және кен өндiру саласы. Экономика құрылымында өнеркәсіп 45 пайызды, ауыл шаруашылығы 34 пайызды, сауда 12 пайызды, қаржы салымы 9 пайызды құрайды. Ағымдағы жылғы 5 айдың қорытындысы бойынша өндiрiлген өнеркәсiп өнiмiнiң жалпы көлемi 2 миллиард 931 миллион теңге құрады. Мыс-химиялық комбинат ауданның негiзгi өнеркәсiптiк кәсiпорыны болып табылады. Бұданда басқа өнеркәсiп салалары да ауданда жақсы дамыған. Қайта өңдеу өнеркiсiбi нан өндiру, сүт және ет өнiмдерi кәсiпорындары бойынша көрсетiлдi. Ауданның екi кәсiпорыны - Ертiс сирекжер компаниясы және Казниобий ИХМЗ - сирек кездесетiн металдар және сирекжер өнiмдерiн өндiрумен айналысады. Ауданның агроөндiрiстi кешенi төрт жүз жетпiс төрт ауыл шаруашылық қалыптастықтарынан құрылған, оның iшiнде төрт жүз жетпіс сегіз шаруа қожалығы, 37 жаупкершiлiгi шектеулi серiктестiк, 1 коммандативтік серіктестік, 2 өнеркәсiптiк кооперативi бар. Жарты жылдықта ауданда 23 мың тонна сүт, 3 мың тонна ет өндiрiлдi. Аудан 134 мың гектар жерге тұқым себілді, соның ішінде астық-86 мың, кұнбағыс – 30, көп жылдық шөп – 9. Ауыл шаруашылық тауарлық өнiмдерiн өндiру өткен жылы бес миллиард екi жүз жиырма бес миллион теңге құрады. Аудандағы негiзгi көлiк түрi автомобиль болып табылады. Аудан арқылы негiзгi темiр жол тармағы өтедi: Защита - Локоть, Семей - Алматы. Ауданда қалааралық, халықаралық және ұйалы телефон байланысы бар. Ауданның бiлiм беру саласында 32 жалпы бiлiм беру мектептерi, 5 балалар бақшасы, 2 колледж, 2 кәсiптiк-техникалық мектеп бар. Ауданның емдеу-алдын ала емдеу мекемелерi 40 объект, оның iшiнде 3 аурухана, 5 емхана, 10 дәрігерлік амбулатория, 17 фельдшерлiк-акушерлiк пункт, 5 тiс дәрiгерлерi кабинеттерi бар. Мәдени мекемелердiң тiзбесi келесi тұрпатта берiлген: 1 тарихи - өлкетану мұражайы, 1 мәдениет үйi, 15 клуб, 19 кiтапхана, 2 стадион, 3 спорт кешенi. Бiздiң ауданда тұратын әр ұлтты халықтың мәдениетiн және салт дәстүрiн тереңдете зерделеу мақсатында аудандық Достық Үйi жұмыс iстейдi, оны базасында ағымдағы жылы қазақ тілін оқыту Орталығы ашылады. Гребенщиков Георгий Дмитриевич (1882 - 1964 жж.) - жазушы. АҚШ Оксфорд университетiнiң философия докторы, белгiлi қоғам қайраткерi. Николаев кенi ауылында (қазiргi Шемонаиха ауданы) дүниеге келген. ХХ ғасырдың басында Ресейдiң саңлақ беллетристиктерiнiң қатарында саналған. В.Шишков, М.Горький, И.Бунин, Н.Рерихтермен достық қарым-қатынаста болған. 1920 жылы Америкаға қоныс аударған, өмiрiнiң соңына дейiн осы жерде тұрған. 1933 жылы Нобелев сыйлығына ұсынылған, бiрақ-та И.Буниннiң пайдасы үшiн одан бас тартқан. Оның шығармаларының iшiнде "Чураевы", "Гонец", "Письма с Помперага", "Моя сибирь", "Егоркина жизнь" және тағы басқалары бар. Иванов Анатолий Степанович (1928 - 1999 жж.) - жазушы. Шемонаиха ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. 1950 ж. Қазақ мемлекеттiк университетiн бiтiрген. Журналист мамандығын алғаннан кейiн "Прииртышская правда" газетiнде, "Сибирские огни" газетi редакторының орынбасары болып жұмыс iстеген. 1972 ж. - "Молодая гвардия" журналының редакторы. Жазушы ретiнде атақты "Алкины песни" шығармасы алып келдi, кейiнiрек "Вечный зов", "Тени исчезают в полдень", "Повитель" романдары жарық көрдi. "Вечный зов" фильмiнiң сценариi үшiн А.Ивановқа "Социалистiк еңбек ерi" атағы, СССР мемлекеттiк сыйлығы берiлдi. 1926 жылы Шемонаиха ауданы Выдриха ауылында дүниеге келдi. 1935 жылы отбасымен Алматыға көшiп барды. 1946-1951 жж. Гоголь атындағы көркемсурет училищесiнде оқыды. Суретшi орындаушы және сурет салу мен сызу оқытушысы мамандығын алды. Жұмыс жолын 1951 жылдан Шемонаиха ауылының № 1 орта мектебiнде сурет салу мен сызу пәнiнiң мұғалiмi болып бастады. Оқытушылық қызметке 24 жылын арнады. 10 жыл ағымында балалардың бейнелеу студиясын басқарды. Аудан, облыс, республика деңгейiнде бiрнеше рет көрмелерге қатысты. 2001 жылы Шығыс Қазақстан облыстық өнер мұражайында А.Г.Поповтың соңғы жеке көрмесi болып өттi. 1944 жылы Песчанка ауылында дүниеге келдi. Москва қаласы Н.Крупская атындағы халықтық Бүкiлодақтық өнер университетiнiң түлегi, сурет және бейнелеу өнерi факультетiнде оқыған. 1969 жылы Қазақстан Республикасы суретшiлер Одағының мүшесi атағына ие болды. Облыстық, республикалық және бiр халықаралық Германия, Чехословакия, Венгрия, Болгарияда экспонатталған көрменiң қатысушысы. 30 жылдан астам уақытта балалардың "Ласточка" бейнелеу өнерi студиясын басқарады. Шығыс гуманитарлық колледжi филиалында оқытушы. "Бейнелеу өнерi" номинациясында мәдениетке қосқан үлесi үшiн Шығыс Қазақстан облысы әкiмi сыйлығының 2005 жылғы жүлдегерi. 1954 жылы Қырғызстанда Қара-Балта қаласында дүниеге келдi. 1962 жылы отбасымен Шемонаиха ауданы Первомай кентiне көшiп келедi. Әскери мiндетiн Потстдамда советтер әскерi тобында өтедi. 1975-1977 жж. Томск политтехникалық институтында оқыды. 1986 ж. М.Горький атындағы әдеби институтын бiтiрiп, "Әдеби жұмысшы" мамандығын алды. Бүкiлодақтық жас ақындардың 8 және 9 кеңестерiнiң өкiлi. өлеңдерi аудандық, облыстық, республикалық, бүкiлодақтық басылымдарда ("Простор", "Сибирские огни", "Ленинская смена", "Октябрь", "Истоки", "Моладая гвардия", "Студенческий меридиан") жарияланды. Первомай кентiнде тұрады. Бесқарағай ауданы. Бесқарағай ауданы - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы – Шығыс Қазақстан облысының 19 аумақтық бірліктерінің бірі, облыстың солтүстік бөлігінде орналасқан аудан болып саналады. Әкімшікліктік бірлік ретінде 1926 жылы Павлодар облысының құрамында құрылған. Аудан қазіргі уақытта солтүстігінде Ресей Федера-циясының Алтай өлкесінің Углы және Михайловка аудан-дарымен 89 ұзындықта, батысында Павлодар облысының Лебяжі ауданымен, оңтүстік –батысы Курчатов қаласымен және оңтүстік –шығысы Қазақстан Республикасының Семей қаласымен шекаралас орналасқан. Аудан 1959 жылға дейін Павлодар облысы құрамына, 1997 жылға дейін Семей облысының, 1997 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысының құрамына енгізілді. Аудан ауыл шаруашылығы бағытында жұмыс істейді, астық, майлы және бақша дақылдарын өндірумен, сүтті мал шаруашылығымен, халық тұтыну тауарларын, орман шаруашылығы кәсіпорындарының өнімдерін өндірумен айналысады. Ауыл шаруашылығы алқаптары бұрынғы 13 кеңшарлар мен 1 ұжымшардың базасында құрылған 633 шаруа қожалықтарына бекітілді. Аудан аумағында 6 «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты мемлекеттік мекемесі-390,8 мың га алқаппен, «Дорожник» ЖШС, аудандық электр жүйесі, Қазақтелеком, Қазпошта, мемлекеттік көп салалы коммуналдық кәсіпорны орналасқан.Тарихқа көз жүгіртсек, ХҮІІІ ғасырдың басында І Петр кезіндегі орыс мемлекеті Шығыс елдерімен экономикалық және саяси байланыстарды нығайтты. 1714 жылы Ертісте қорғандардан, форпостар мен бекіністерден тұратын Пайдалы қазбалары рудты емес қазбалардан тұрады, олар отқа төзімді саз балшық, ірі құм, құрылыс құмдары, жылтыр тас, әк, әртүрлі бояулар және ауданның солтүстік қапталының бөлігінде сирек жер темірлері табылды, бір-ақ жер қоймалары төмен зертелуде. Аудан климаты құбылмалы, құрғақ. Қысы ұзақ және суық. Қаңтар айында орташа температурасы-17С, кейде-45С-дейін жетеді. Жазы ыстық, құрғақ. Шілде айында орташа температурасы-21 градус ыстық. Қысы-қатты боранды, жазы-шаңды дауылды. Орташа жылдық ылғалы 275-300 мм. Өсімдіктердің өсіп-өнуі және даму кезеңі 140 күн, бұл көптеген дәнді дақылдар мен көкөністердің және бақша дақылдарының пысуына қолайлы.Су қоры Ертіс өзені. Аудан аумағындағы Ертіс құйылы-мының кейбір жер асты және жер үсті бұлақтары ғана бар. Кіші және үлкен Канонерка көлі, үлкен, кіші және шағын Шошқалы (Теңгіз соры) көлдері емді, олар Пав-лодар облысының Моялды көліне ұқсас. Тұзды суда 70 пайыз хлорлы –натрилы қоспа, 40 пайызы борма –терапия-лық маңызды негізі бар. 164 г/л балшықты минералдан құралады, судың қысымы +38, +42 градус. Бұл көлдің қасиетті суы әлемдік курортарға теңестрі-леді: «Трускавец», «Новая Русса» және басқалары, бұлар әр түрлі аурулар үшін емді.Ауданның табиғи аумағы – дала - шөпті және орман алқапты. Ертістің сол қапталында Қазақтың төбешіктер басталады. Ауданның гидрогеологиялық ерекшелегі ол тұщты жер асты суларының жиналған жерінде орналасқан.Өсімдік әлемі (өсімдіктер) бай және әр түрлі. Ертіс маңында бос терек, қара терек, көк терек, тал шыбық, аққайын, черемуха, долона, ырғай, шәңгіш жидек және басқа да өсімдіктер. Дәрлік шөптер күнделікті өседі. Белдеулі орманда аққайын - көк терек алқаптарында қарағай, аққайын, көк терек, қарағаш, итмұрын, тобылғы, үйеңкі өседі. Жануарлар әлемі (жануарлар) әр түрлі. Дала алқаптарында: атжалман, мұжыма тышқан, орман тышқандары, қояндар мен ақтиындар мекендейді. Күнделікті салпан құлақ кірпі, қасқыр, түлкі, сұр күзен, борсық, саршұңақ және басқалар кездеседі. Жер бауырлы кесіркелер, улы сұр жыландар, сарбас жыландар топтары және басқалар кездеседі. Белдеулі ормандарда орманның жануарлары да кездеседі, олар ұшатын тиындар, қояндар, түлкілер, қасқырлар, еліктер, бұландар мекендейді және сілеусіндер кездеседі. Құстар әлемі бай және әр түрлі болып кездеседі. Боз торғайлар, лашындар, қара тағандар, боз торғайлар, сасық көктер, сауысқандар, қарғалар, көгершіндер, торғайлар, ұшатын құстар: қаздар, аққулар, үйректер және басқа да құстар мекендейді. Ертіс жағалауларында, су айдындарда, көлдерде ондатырлар кездеседі. Ертіс және Канонерка көлде-рінде балықтар дамыған, табанды, қара балықтар, ала бұғалар, шортандар, шабақтар, лақалар, сүйріктер ме-кендейді, тұқылар жасанды дамытылған. Бесқарағай ауданда аумағында 25472 адамдар тұратын, 24 ұлттар өкілдері мекендейтін 10 ауылдық округ бар. Аудан халықтарына АОА, өкпе ауруына қарсы аурухана, 10 отбасылық –дәрігерлік амбулатория, 20 фельдшерлік – акушерлік пункті, фельдшерлік пунктер, 16 кітапханалар, 182 сауда орындары, 21 қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары қызмет көрсетеді. Аудан ауылдарында 28 жалпы білім беру мектептері жұмыс істейді, онда 4842 оқушылар білім алады, барлық мектептер компьютарландырылып, Интернетке қосылған. Саз мектебі, балалар-жасөспірімдер мектебі, шығарм-ашылық үйі жұмыс істейді. Жазғы кездерде ауданда Ертіс жағалауында 150 балаларға арналған сауықтыру - спорт лагері жұмыс істейді. 2004 жылы Большая Владимировка ауылында балалар садының 1 тобы ашылды. Ауданда екі тілде 1600 дана басылыммен «Бесқарағай тынысы» қоғамдық – саяси газеті шығарылады. Аудан сүт, ет, картоп, көкеніс, бақша дақылдарымен және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерімен Семей қаласының халықтарын қамтамасыз ететін қала маңындағы аудан боп табылады. Ауданның басты байлығы, оның адамдары, олардың арқасында ол туралы Қазақстан ғана емес басқа да мем-лекеттер біледі. Ұлы Отан соғысы жылдары Отанды мыңнан аса бес-қарағайлықтар қорғады. Олардың үшеуі Кеңес Одағының Батырлары атанды, олар Елистратов С.А., Корнев И.И., Қайырбаев М. Мұнда Социалистік еңбек ерлері – Жин-гелбаев К., Қонақов Е, Щевцов С.И. еңбек етті. Аудан тұр-ғындары жерлестері, капитан Гастеллоның ерлігін қай-талаған А.Г.Белоусовты естен шығармайды. 54 адам Тәжік – Ауған шекараларында өз борыштарын атқарды, олардың ішінде өлгенен кейін ордендермен марапатталғандар - Қалтаев К.М. – «Қызыл жұлдыз» орденімен, Белякин Н.Г. – «Қызыл жұлдыз» орденімен, Диц И.А. - «Қызыл жұ-лдыз» орденімен, Нұртазин К.Т. - «Қызыл жұлдыз» орденімен, «1,2 дәрежелі шекара әскерлерінің ең үз-дігі» төс белгісі, «Ауған халықтарынан интернацио-налис-жауынгерлер» медалімен, «Қазақстан Демокра-тиялық Ауған Республикасынан әскерлерді шығарға-нға 15 жыл» өлгенен кейінгі куәлігімен марапатталды. Ертістің сол жағалауындағы Бөдене ауылында өзінің ақындық талантын дарын еткен Әмре Қашау-баев өмір сүрді.Елуінші жылдары өзінің жерін Мәскеу, Алматы қалаларында өткен ақындар айтысында танытып, жеңімпаз атанған халық ақыны Нұрлыбек Баймұратов өмір сүрді. Өздерінің шығармашылық дарындарын өз өлке-леріне деген сүйіспеншілігін таныта білген ақындар Канонерка ауылынан Михаил Балыкин, Беген ауылы-нан композитор Төлеген Мұхамеджанов және Болат Қабылбаев Семияр ауылынан, Өндіріс ауылынан Жолон Дастенов, Беген ауылынан киноартисі Ментай Утепбергенов және басқа да ғалымдар және ғылыми қызметкерлер. Аудан орталығында кәсіптік - техникалық мектеп жұмыс істейді, онда тігінші, киім пішуші, механиза-торлар, слесарлар дайындайды, автомобиль мектептері және «Отан» қоғамдық ұйымы жұмыс істеп, одан барлық категориялар бойынша жүргізушілерді шығарады. Бүгінгі уақытта аудан орталығында композитор және ақын, 50-ден аса өлендердің авторы Қайлаш Нұ-рғазин тұрады. Бұл жерден 50 жылдары Рим қаласын-да өткен Олимпиадалық ойындарда КСРО- ның құрама командасының құрамында 4х100 метр қашықтық эстафетасы бойынша қатысқан күміс жүлдегері Гусман Косанов, жетпісінші жылдары Мюнхен Олимпиадасында жеңіл атлетикаға қатысқандар Анатолий Бадранков және Анатолий Микетенко, жеңіл атлетика бойынша КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы Александр Довбенко шықты. Халықаралық республикалық, облыстық жарыстарда бірнеше дүркін жүлдегер атанған біздің жерлестеріміз спорт шеберлері – күресші Изатов Е.Т., Кирибаев Т., Яма-литденов Х., Махамбетов Д., оқ ату бойынша Касатчиков В.А., шаңғы бойынша Баяндилов В., жеңіл атлетика бой-ынша Ә. Зиаданова және басқалары. Ауданның волейбол құрама командасы 2000 жылы Астана қаласында Қазақ-стан Республикасының жазғы ауылдық ойындарында Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғап, үшінші орынды иеленді. 20 жыл ішінде аудандық Мәдениет үйі-нің «Экситон» би тобы «Халық» белгісінің иегері, бұл атақты 2004 жылы «Черодей» би ансамблі «Үлгілі» бел-гісін алды. Қазақстан Репсубликасының Тәуелсіздігі жылы бесқа-рағайлықтар «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» жоғары үкіметтік наградаларымен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтой меда-льдарымен 33 адам, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен 1 адам, 14 бесқарағайлықтар Қазақстан Рес-публикасы Президентінің алғыс хатымен марапатталды. 3 дәрежелі «Айбын» орденімен-54 өрт сөндіру бөлімінің маманы Сергей Владимирович Белякин орман күзеті және жануарлар әлемі жөніндегі Беген мекемесінің аумағында 2002 жылы 27 мамырда болған ірі өртті сөндіру кезіндегі батылдығы үшін марапатталды. Ол өзінің антын және қызметтік парызын аяғына дейін, қызметтік автокөлікті және ондағы адамдарды құтқара адал атқара білді. «Ерлігі үшін» медалімен Беген орман шаруашлы-ғының жұмысшысы Зайкенов Дүйсембай Төленбекұлы (өлгенен кейін), 54-ӨБ маманы Изатов Мақсат Алтайұлы осы ірі өртті сөндіруге қатысқан-дары үшін мараптталды. «Ерен еңбегі үшін» медалімен фермер және кәсіп-керлікті дамытудағы жетістіктері үшін «Восток» ша-руа қожалығының басшысы Тұнғұшпаев Мұхтар Сұл-танұлы марапатталды. Қазақстан Республикасы Пре-зидентінің 2003 жылғы 8 желтоқсандағы №1246 Жар-лығымен «Ерлігі үшін» медалімен 54-ӨБ бастығы Панюков Дмитрий Валерьевич. «Ерен еңбегі үшін» медалімен фермер және кәсіпкерлікті дамытудағы жеткістіктері үшін «Лана» шаруа қожалығының басшысы Әділев Теміржан Ертайұлы марапатталды. Аудан аумағында өз жұмысын «Отан», «Асар» партиялары, «Ақ жол» өңірлік өкілеттілігі іске асырады. «Отан» партиясы қоғамның әр түрлі санаттарының өкілдерін біріктіреді – қызметшілер, зейнеткерлер, жастар, жұмыссыздар. «Отан» партиясының мүшелерінің жалпы саны 506 адамнан тұрады. Ауданда 8 мұсылман мешеті жұмыс істейді, 1 Свято-Успенский храмы, 1 Свято-Троицкий приход және христиан-баптистердің евангелдік қоғамы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өз қызметтерін іске асырады. Аудан аумағында «Арна», «Микрокредит» үкіметтік емес ұйымдар, «Бесқарағай әйелдері» қоғамдық ұйым, «Бе-реке», «Арна», «Бірлік», «Рамадан», «Белуха» белсенді топтары тіркеліп, өз қызметтерін іске асыруда. Олардың міндеттері әлеуметтік проблемаларды шешу, әйелдер инициативтерін жандандыру, жас ұрпақтармен жұмыс жасау, патриоттыққа тәрбиелеу, балалардың дене шынықтыру, мәдениеттілік, адамгершілік қасиеттерін дамыту. Ауданда өткізілген әлеуметтік талдаудың және өткен сайлаулардың нәтижелері бойынша ел Президентіне, үкіметтің және биліктің республикалық құрылымынының қызмет істеп жүрген құрамына деген халықтың сенімі өте жоғары екені айқындалды. Әлеуметтік –экономикалық жағдайларды дамыту мен артыруға бағытталып жергілікті жерлерде жүргізіліп жатқан саясат электораттың жоғары бағасына ие. Әкімшіліктік орталығы Большая Владимировка ауылы (Борас), халықтар саны 5050 адам, аумағы 11,4 мың қашықтық немесе 4,1 пайыз Шығыс Қазақстан облысынан. Облыс орталығынан арақашықтығы – 320 км. Ең жақын темір жол станциясының арақашықтығы 80 км, Семей қаласы. Бородулиха ауданы. Бородулиха ауданы - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха селосының іргесі ХІХ-шы ғасырдың екінші жартысында қаланған. 1917 жылдарға дейін Бородулиха уралдан Шығысқа дейін созылып жатқан көптеген селолардан айырмашылығы жоқ үлкен село болған. Сонымен қатар, бұл жерлердің өзіне тән ерекше колориттері бүкіл кеңес заманына үлкен әсер еткен. Бұл ерекшеліктерге біріншіден, селоның әкімшілік шеткері орналасуы, екіншіден, көп ұлттылығы, үшіншіден, шағын аудандардың географиялық орналасуына байланысты жер қолдану сипаты. Әкімшілік орналасуы жағынан Бородулиха Томск губерниясына, Змеиногорск уезіне қатысты болған және болыс орталығы болған. Сондай ақ, егер Сібір түгелімен хандық Ресейдің шеті болса, Бородулиха одан да шеткері орналасқан. Экономикалық жағынан село Змеиногорск, Томск қалаларына қарағанда Семей қаласына жақын болған. Ол кездері Змеиногорск шаруалар қатынамайтын шағын уезд болған. Сібірдің барлық шаруалары сияқты Бородулиха селосының тұрғындары жерді жеке меншікке алуды білмеген. Жер жеке қолданыста болғанымен қоғамдық ұйғарымда табылған. Жалпы мәліметтер: Бородулиха ауданы 1944 жылы құрылған. Әкімшілік орталығы – Бородулиха селосы. Аудан Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде орналасқан. Аудан орталығы облыс орталығынан (Өскемен қаласынан) 200 км. қашықтықта орналасқан, ең жақын темір жолға дейінгі қашықтық 25 км. Жалпы алаңы – 7,2 мың шаршы метр, оның ішінде 87773 га жерді орман, 14301 га жерді су алып жатыр. Бородулиха ауданы солтүстігінде Ресей Федерациясының Алтай өлкесімен, шығысында Шемонайха қаласымен, батысында Бесқарағай ауданымен, оңтүстігінде Семей қаласымен шекаралас. Аудан арқылы республикалық маңызы бар темір жол және автомобиль жолдары өтеді. Бородулиха ауданының жер қабаттарында жартылай металлды қазбалар бар. Қоспаларда мыс және мырыштан басқа алтын, күміс, кадмий, сондай ақ, сирек және шашылған элементтер кездеседі. Аудан территориясында құрылыс материалдарын – кірпіш және тас, ұсақ тас өндіру үшін негіз болып табылатын шикізат қоры бар. Бородулиха ауданының ормандарында көптеген жеміс-жидектер, саңырауқұлақтар, дәрілік шөптер өседі. Жыл сайын 50 мың кубметр ағаш дайындалады. Орманда жабайы аңдардан сілеусін, қасқыр, қарсақ, түлкі, тиін, аққұлақ, борсық, сасық күзен, ондатра, қоян, тұяқтылардан бұлан, елік мекендейді. Континенттік климаты – күрт. Қысы аязды, жазы салқын. Жылдық орташа температура қаңтар айында -17 градус, шілде айында +20 градус. Елді мекендер – 72. Ауданның әкімшілік құрамында 18 селолық және 1 кенттік округ бар. Ауданда тұратын 44,8 мың адамның ауыл тұрғындары 34,2 мың, қала тұрғындары 10,6 мың құрайды. Ауданда 9035 зейнеткер, 134 Ұлы Отан соғысына қатысушылар. Ауданда 30-дан астам ұлт өкілдерәі тұрады. Халықтың жалпы санының 28,4 % қазақтар, 55,6 % орыстар, 11,1 % немістер құрайды. Өнеркәсіп: Бородулиха ауданының өнеркәсібін «Жезкент ТКК» АҚ және қайта өңдеу кәсіпорындарының тармақтары ұсынады. Бүгінде Жезкент тау кен байыту комбинаты тек қана Шығыс Қазақстанның емес Қазақстан Республикасының түсті металлургиясының флагманы болып табылады. «Жезкент ТКК» Қазақстанның Ресей Федерациясының Алтай өлкесімен қиылысқан жерінде орналасқан. Кенді алғаш рет өндіру 1977 жылы басталған. 1988 жылдың желтоқсан айында мыс және мырыш қосындысын алу үшін алғашқы кешен іске қосылған. Жезкент ТКК 1994 жылдың 25 қаңтарынан бастап акционерлік қоғам болып қайта құрылған. 1997 жылдың ақпан айынан бастап комбинат «Самсунг Дойчланд ГмбХ» сырттай басқаруына берілген және «Қазақмыс» корпорациясының құрамына енеді. («Самсунг Дойчланд ГмбХ» корпорациясы 2001 жылдың сәуірінен бастап Жезкент ТКК-ның акциясының 90% сатып алған). 1999 жылы Шульба ГЭС-нан электр беру жүйесінің тартылғанына байланысты Ресейден электр алу тәуелділігі жойылды, үстіміздегі жылы фабриканың қалдықтарын қолданатын бетон – қалау кешені ашылды, бұл да Ресей жерінен құм қалдықтарын алудан бас тартуға мүмкіншілік берді. Комбинат 1992 жылдан бастап өзі жүретін тау-шахта құрылғылары паркін «Тампак» фирмасының машиналарымен ауыстыруда. Қазіргі кезде комбинат кен өндіруді көтеріп шығару тәсілімен, мыс және мырыш қосындысын шығарып және оны байытумен айналысады. Комбинат 3,5 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отыр, олардың орта айлық жалақысы 23 мыңнан асады, бұл бүгінде аудан да ғана емес, облыста да ең жоғарылардың бірі болып есептеледі. Комбинат барлық әлеуметтік және коммуналдық саланы қамтамасыз етіп отыр, кәсіпорынның балансында 500-ден астам бала баратын екі бала бақша, бассейн, металлургтер сарайы, кафе, профилактикалық қызмет көрсету мекемесі, жаз кезеңінде балалардың демалуы үшін жұмыс істейтін лагерь бар. Бородулиха ауданының агроөндіріс кешені: Агроөндіріс кешені – бұл дегеніміз өзінің басты мақсаты дән және май тұқымдығын өсіру, ет және сүт беретін мал шаруашылығын дамыту болып табылатын 12 жауакершілігі шектеулі серіктестік, бір ұжымдық кәсіпорын, 518 шаруа қожалықтары. Агроөндіріс кешені халықтың азық-түлікке деген сұранысын қанағаттандырады. 2004 жылы егіс алаңы 210 000 га. құрады. Алаңның 65 % жаздық бидай, 7 % дәнді дақылдар және 19% жем-шөп егуге берілген. Күнбағыс алаңы – 58 900 га. Атақты жерлестер: Ауданда, ауданның тұрғындары да ерекше. Олардың көзге түсер қасиеті – ынталылығы және қаракетшілдігі. Екінші дүниежүзілік соғыс майданында және еңбекте өзін көрсете білген ауылдастардың арасында соғыс ардагері, Социалистік еңбек ері, Бородулиха ауданының құрметті азаматы В. Еременконың аты аса құрметпен және сүйіспеншілікпен аталады. Ол кісі ауыл шаруашылығының көтеріліп өркендеуі жолында 44 жыл қызмет етті. Қазақ ССР-ның Жоғарғы Кеңесінің бес орденімен, үш құрмет грамотасымен марапатталған. Василий Васильевич ұзақ жылдар бойы басқарған ұжымшарға бірнеше рет Д. Қонаев, Н. Назарбаев келіп қайтқан. Жерлестеріміз ұзақ жылдар бойы Алматы қаласындағы Краснознаменное жоғары әскери шекара училищесін басқарған Кеңес Одағының Батыры, генерал-лейтенант М. Меркулов туралы құрметпен сөз етеді. Мәдениет: Ауданда жұмыс орындары бар, халқы қонақжай, мәдени орталықтар әрқашанда қызу жұмыс үстінде. Ауданда 24 мәдени объект жұмыс істейді. Олар аудандық мәдениет Үйі, 1 аудандық және 18 селолық кітапханалар, олардың 14 мектеп кітапханаларымен біріккен. Бүгінде кітапхана жүйесі – бұл кітап қоры 350 899 бірліктен асатын бірыңғай ақпараттық-әдістемелік орталық. Күрделі жөндеуден кейін аудандық мәдениет үйі жұмыс істеуде. Мәдениет үйінде балалар мен үлкендерге арналған эстрадалық, хореографиялық, қуыршақ (қазақ тілінде), домбыра, хор үйірмелері жұмыс істейді. Жастар би кеші жұмысын қайта жандандырды. «Искорка», «Фигаро» бишілер ұжымы, «Арна» вокалды-аспапты ансамбль жұмыс істейді. 2004 жылы аудандық мәдениет үйінің екі ансамблі – «Гәкку» қазақ этнографиялық, фольклорлық ансамблі және «Русские узоры» фольклорлық ансамблі Қазақстан Республикасының мәдениет және қоғамдық келісім Министрлігінің «Халық ансамблі» атағын алды. Дарынды және кедей отбасының балалары үшін «Әкім шыршасы» мерекесін өткізу дәстүрге айналды. Білім: Ауданда 7842 бала білім алатын 37 жалпы білім беретін мектеп бар. Осы мектепте жұмыс істейтін 807 мұғалімдердің 504 жоғары білімі бар. Барлық мектептер компьютерленген. Балаларды мектепке жеткізу үшін 14 автобус сатып алынды. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл толған жылы аудан орталығында үшінші қазақ мектебі ашылды, осы мектепте балалардың бірінші сыныптан бастап ана тілінің рухани байлығын ұғынып, ұлттық мәдениетпен танысуына мүмкіншілік бар. 2002 жылы аудан орталығында балалар спорт мектебі және Жезкент кентінде әуен мектебі ашылған. Ауданның барлық педагогтарының 58-і «Қазақстан Республикасының оқу үздігі» атағына ие, 57-і Қазақстан Республикасының білім Министрлігінің құрмет грамотасымен наградталған. Спорт: Аудан көлемінде 34 спорт ғимараттары бар, олар 1 спорткешені, орта мектептердегі спорт залдары, ашық алаңдар, Новая Шульба селосындағы ауыр атлетика арнайы залдары, Новопокровка селосындағы жеңіл-атлетикалық манеж, Жезкент кентіндегі жүзу бассейні. Глубокое ауданы. Глубокое ауданы - Шығыс Қазақстан облысы Глубоков ауданы – Шығыс Қазақстан обл-ндағы әкімш. бөлініс. Жер аум. 7,3 мың км2. Тұрғыны 66,0 мың адам, орташа тығызд. 1 км2-ге 9 адамнан келеді (2006). Облыстың солт. жағының орт. бөлігінде, Ертіс өз-нің салалары Оба мен Үлбі өзендері аралығында орналасқан. Аудан орт. – Глубокое кенті. Аудан құрамында 5 кенттік, 11 ауылдық әкімш. округ бар. Ауданның жер бедері өте күрделі. Солт.-батыс жағын Оба мен Үлбі өзендерінің аралығындағы Оба жотасының батыс бөлігі мен Тікирек (Тигирец) жотасының оңт. беткейі және олардың шоқылы сілемдері, ал оңт.-батыс жағын Үлбі (Иванов) жотасының батыс бөлігі алып жатыр. Жер беті Ертіс өз. және оның салаларымен тілімденген. Кен байлықтарынан полиметалл кентастары, әктас, құрылымдық құм мен саз, қиыршықтас және тас көмір бар. Климаты тым континенттік, қаңтар айының орташа темп-расы –18°С, шілдеде 20°С шамасында. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 600 – 700 мм. Жер беті сулары Ертіс өз-нің орт. бөлігі мен оның Оба, Үлбі, Қарақожа, Қызылжар, Глубочанка атты салаларынан және оларға құятын сай-жыралардан тұрады. Аудан жерінде негізінен сұр, карбонатты күңгірт-қызғылт және қызғылт топырақтар, қыратты жерлерде қара және шалғындық топырақтар тараған. Далалы ашық жерлерде жусан аралас селеу, бетеге, қыратты (таулы) өңірде бұта тектес өсімдіктер, қарағай, майқарағай, терек, қайың, шетен аралас ормандар өседі. Жануарлар дүниесінен қасқыр, аю, сілеусін, түлкі, бұлғын, борсық, бұғы, таутеке, елік, күзен, сарышұнақ; өзен-көлінде су құстары, шабақ, алабұға, шортан, қарабалық және т.б. мекендейді. А. ш-на пайдаланылатын жер аум. 248,9 мың га, оның 100,4 мың га-сы егістік, 31,6 мың га-сы шабындық, 104,4 мың га-сы жайылым. Аудан жері арқылы Өскемен – Лениногор, Өскемен – Шемонаиха автомоб. жолдары, Өскемен – Локоть т. ж. өтеді. Ертіс өз-мен шағын кемелер қатынайды. Глубокое ауданы 1964 жылы 31 жетоқсанда құрылды. Әкімшілік орталығы - Глубокое кенті, облыс орталығынан қашықтығы (Өскемен қ.) 27 км. Көлемі - 7,3 шаршы км., үштен екі бөлігін таулы-орманды жер алып жатыр. Елді мекендері - 46, соның ішінде бес кент. Әкімшілік құрамында 12 ауылдық және 4 кенттік округ бар. Халық саны - 65900 (2004 ж. 1 желтоқсанына). Ауылдық жерлерде 40800 адам, жұмысшы кенттерінде -25100 адам мекендейді. Экономикалық белсенді халықтың саны 34564 адам, зейнеткерлер -12124, мүгедектер - 1920. Халықтың ұлттық құрамы: орыстар 76,4%, қазақтар 17,5 %, басқа ұлттар 6,1%. Аудан тиімді географиялық аумақта орналасқан.Ол Шемонайха, Ұлан және Зырян аудандарымен, Өскемен және Риддер қалаларымен шекаралас. Аудан аумағынан республикалық маңызы бар автомобиль трассалары мен темір жол өтеді. Солтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс желдері басым. Үсіктер мамыр айының соңында аяқталып, тамыз айының аяғында басталады. Қар қарашаның бірінші жартысында түсіп, сәуірдің екінші жартысында кетеді. Қыстың соңына қарай қар қалыңдығы 90 см. жетеді. Глубокое ауданының қойнаулары полиметалды рудаларға бай. Қорғасын, мырышпен қатар құрамында алтын, күміс, кадмий, сурьма, мышьяк, темір, күкірт, селен сынап, мыс және басқа да элементтер бар. Өзінің тазалығы жөнінен Березовка, Белоусовка, Ертіс және Ново-Березовка кен орындарының металдары әлемдік стандарттан кем түспейді. Аудан аумағында 23 жерде құрылыс материалдарына қажетті тастар, әктас, кірпіштік топырақ, құрылыс құмдары бар. Гранит, диодориттер мен кварцальбитофирлер құрылыс тастарын өндіретін шикізат ретінде қызмет етеді. Глубокое ауданының ормандарында саңырауқұлақтар, жидектер, балдық және емдік шөптер көп. Ашық ормансыз жерлер жоғары түсімді шабындықтар мен жайылымдар ретінде пайдаланылады. Таулы тайгада аю, сілеусін, құндыз және т.б. аңдар мекендейді. Жартасты жерлерде қабырға, қыраттарда сібір тауешкісі кездеседі. 1730 жылы штейгер Иван Чупоршнев бай Березовка кенішін ашты. 1731 жылдан Демидов Невьян заводынан әкелінген жұмысшы кадрлар күшімен бұл телімді пайдалана бастады. Нан мен жарма алыстағы сібір мен орал уездерінен әкелінді. Азық-түлік проблемасын шешу үшін 1760 жылы «Өскмен қамалына орналасу және Уба өзенінің арғы жағына, Ертістің оң жағалауына Березовка, глубокое Улбьба және басқа да Ертіске құятын өзендер жағалауына қамалдар салу мен екі мыңға дейін орыс әкеліп қоныстандыру туралы» Сібір жарлығы шықты. 1761 жыл Глубокоенің туған жылы. Ескі көздердің айтуы бойынша осы жылы Петушок жотасының етегіне Игнатий Губин отбасымен қоныстанған. Глубокое тұрғындары егіншілікпен, мал шаруашылығымен айналысты, таулы-завод халқын және Ертіс казактары әскерлерін азық-түлікпен қамтамасыз етті. Алғашқы қоныстанушылар әкімшілік есепте өскменде тұрды. Шаруалар міндеттеріне егіншіліктен басқа жолдарды жөндеу мен кеніш жұмыстарына жас жігіттерді қосу болды. Барлық жүктер атпен тасылды, сондықтан жылқы ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМЫДЫ. 1747 жылы Секисовка ауылы пайда болды (Секисовка редутының орнына), 1767 жылы Бобровка пайда болды, 1797 жылы Белоусовка. Глубокое ауданы – Кенді Алтайдағы ара шаруашылығының отаны. 1786 жылы алғашқы аралар Бобровкаға әкелінді, кейін Глубокоеде, Прапорщиковода пайда болды, одан бүкіл Алтайға тарады. Ертіс мыс балқыту зауытының тарихы 1920 жылдарынан басталады, «Лена-Лимитед-Голфилдс» ағылшын компаниясы Глубокое кентінде шағын қорғасын зауытының құрылысын бастады. Зауыт 1931 жылы күзде іске қосылды. Бұл компаниямен келісім-шарт бұзылғаннан кейін орталығы Глубокое кентінде «лена-Банк» Алатай комбинаты құрылды. 1932 жылдың сәуірінде комбинат Ертіс тау-өнеркәсіптік кешен болып қайта құрылды, құрамына Белоусовка мен Березовка кеніштері енді. 1937 жылы 26 мамырда Ертіс мыс балқыту зауыты жұмысын бастады. 1935 жылғы мамырда Глубокое арқылы Рубцовск – Защита темір жол магистралі салынды. Глубокое жері 10 Кеңес Одағының батырын және 19 Социалистік Еңбек Ерін шығарды. Жарма ауданы. Жарма ауданы - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданында 22 әкімшілік-аумақтық бірлік, 83 елді мекен бар, оның 4-і ірі елді мекендер: аудан орталығы Георгиевка селосы, Шар қаласы, Әуезов және Жаңғызтөбе кенттері. Өлке табиғаты бай әрі алуан түрлі. Өзен-сулар, көгілдір жоталар, тау шатқалдары әсемдігімен көз тартады. Бұл өңір табиғи байлықтарға да кенде емес, мұнда алтын, қымбат бағалы және әрлеуші тастар, қара мәрмәр, әк тас қоры бар. Аудан аумағы арқылы мемлекеттік мәндегі теміржол желісі, Алматы – Лениногорск, Омбы – Майқапшағай автомобиль жолдары өтеді. Жарма жері ертеден-ақ оңтүстік пен солтүстікті керуен жолдарымен байланыстырып жатыр. Бұл өлке саяхатшылар мен географтарды қатты қызықтырған, олардың көпшілігі жергілікті жердің табиғат көркі, тұрғылықты халықтың тұрмысы мен шаруашылық ерекшеліктері туралы мәліметтер қалдырған. Мәселен, бұл жерлерде Ш.Уәлиханов, П. Семенов-Тян-Шанский, Г.Потанин, В. Обручев, А. Янушкевич сияқты басқа да көптеген атақты ғалымдар мен зерттеушілер болған. Ауданның тарихи және мәдени мұрасы ретінде 89 ескерткіш сақталған, олардың 54-і археологиялық, 7-і тарихи және 28-і мәдени. Олардың барлығы да мемлкеттік қорғауға алынған. Өлкенің тарихы мен мәдениетінің құжаттары және мұрағаттары аудандық тарихи-өлкетану мұражайында және 10 мектеп мұражайында жинақталған. Жарма жері өзінің бай тарихын орынды мақтан етеді. Ел мен жерді қорғаудың өшпес үлгісін көрсеткен Еспенбет пен Боранбай би, Қонақай мен Нарбота, Қарақожа мен Жәнібек, Жалаңаш пен Бекжан, Ақтамберді, Итқара, Барақ және басқа да батырлар осында жоңғарлармен соғысқан. Жарма - әйгілі ақындар мен әншілер елі. Ақтайлақ би бастаған Сыбанның Байғара руынан 17 ақын шыққан. 19-шы және 20-шы ғасырларда есімдері өлкеден алыс жерлерге белгілі болған Әріп Тәңірбергенов, Сапарғали Әлімбетов, Төлеу Көбдіков, Қалихан Алтынбаевтың дәстүрлерін кейіннен Кеңесбек Қалиев, Дәмеш Омарбаева сынды ақындар жалғастырды. Халық сталиндік репрессияның құрбандары болған Әзімбай Лекеров, Ыдырыс Мұстанбаев, Тұрлыхан Хасенов тәрізді жерлестерін, көрнекті қоғам қайраткерлерін, ағартушыларды еш уақытта ұмытпайды. Евразияның дәл орталығынан орынтепкен осынау кішкене ғана жердің көптеген тамаша таланттар сыйлау құдыретіне таңданбасқа болмайды. Кембридж Халықаралық өмірбаяндық орталығы «Планетаның көрнекті адамы» деп таныған атақты жазушы, белгілі қоғам қайраткері Әди Шәріпов немесе Қазақстанның халық жазушысы, Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұршайықов сынды жерлестерімізді неге мақтан тұтпасқа. Талант пен атақ-даңқ жармалық әйелдерді де айналып өтпепті. Жұртшылыққа Қазақстанның халық жазушысы, ақын Тұрсынхан Әбдірахманованың, республикалық хор капелласының бірінші әйел-дирижері Гүлжазира Ахметованың, қазақ әйелдерінен шыққан бірінші биология ғылымдарының докторы, академик Нәйла Базанованың есімдері жақсы таныс. Ал, Роза Рымбаеваның кристалдай таза дауысы эстрададан естілгенде, бүкіл ел қалт етпей «Әлияны» тыңдады емес пе! Тентектеу өскен Шардың шалдуар ұлы Бари Алибасовтан есімі әлемге танымал продюсер шығады деп кім ойлаған. Сұрапыл соғыс жылдарында жармалықтар Отан қорғаушылар сапында жауға қасқая қарсы тұрды. Тоғыз жармалыққа Кеңес Одағының Батыры деген жоғары атақ берілді: олар – Қ.Ысқақов, И.И.Варепа, И.М.Ландышев, Г.Д.Будник, П.Г.Карелин, Н.Е.Лут, П.И.Теряев, К.Шәкенов, В.А.Шулятиков. Ф.Әділбаев пен Н.И.Киселев Даңқ ордендерінің толық иегерлері атанды. Көптеген жармалықтар халық шаруашылығының әр түрлі салаларындағы жемісті еңбегі үшін Отанның жоғары наградаларына ие болды. Балғабек Сүлейменов Социалистік Еңбек Ері атанса, Қабылқақ Сүтбаев пен Федор Васильевич Будник Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мұғалімдері болды. Асқар Темірханов пен Сағындық Қараханов, Манап Кәріпжанов пен Ахметхан Ботаханов – құрметті теміржолшылар; Жұбайхан Шекембаев – КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты; Қызырхан Ағымбаев – Қазақ КСР-і мемлекеттік сыйлығының лауреаты; Жұмағазы Келденов, Ережеп Жұртбаев – ауыл шаруашылығына еңбегі сіңген қызметкерлер атғына ие болды. Кәми Уәлиева мен Зағипа Ағайсенова КСРО Жоғары Кеңесінің детутаттығына сайланды. Өлке спортшыларымен де даңқты. Қазақстандағы еркін күрестен тұңғыш спорт шебері, Қабден Байдосовтың, КСРО-ның жеті дүркін чемпионы, Европа, Азия және әлем чемпионы, олимпиада ойындарының жүлдегері Дәулет Тұрлыхановтың есімдері кеңінен танымал. Ауданда екі газет: "Рауан - Восход", "Шар тынысы - Шарский вестник" газеттері шығарылады. Бірнеше қоғамдық бірлестіктер жұмыс істейді: "Отан" республикалық саяси партиясының аудандық өкілдігі, аудандық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесі, «Келешек – Будущее» (Шалабай селосы), «Ауғанстан соғысы ардагерлерінің Жарма ауданындағы ұйымы», «Қарасу» бірлестікті дамыту қоғамдық қоры». 4 діни бірлестік тіркеліп, жұмыс істейді: Георгиевка селосы мен Шар қаласындағы мұсылмандар мешіті, рим-католик шіркеуі, "Рахим - Благодать" қайырымдылық миссиясы. «Иман жолы» Інжіл Баптис мәсіхшілерінің қауымы» діни бірлестігінің Георгиевка аулындағы филиалы. Зайсан ауданы. Зайсан ауданы - Шығыс Қазақстан облысы «Зайсан» деген жер ежелден дүние жүзі ғалымдарының, саясаткерлерлерінің, елбасыларының назарын аударған екен. Орыстың ұлы патшасы Петр I бұдан 280 жыл бұрын Зайсан жағынан бекініс салуды міндеттеп, әскери экспедиция жіберген. Оның бұл мақсаты 140 жылдан кейін жүзеге асты, 1860 жылдарда Зайсан қаласының іргесі қаланды. Содан бері, ел - мемлекеттің аса маңызды стратегиялық орны болып саналады. Зайсан - Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік аудандарының бірі, облыстың оңтүстік – шығысындағы – Сауыр мен Тарбағатай тауларының солтүстік сілемдерімен, Зайсан қазан шұңқырының оңтүстік жағы мен Қара Ертіс өзенінің солтүстігіне дейін созылған алқапта орналасқан өңір. Әкімшілік бірлік ретінде 1928 жылы Семей облысының құрамында құрылған. Ол кезде ауданға 70-тен астам елді пункттер қарады. Бұл - қазіргі 6 ауданға қарасты ірі елді – мекендер. Батысында – Тарбағатай, солтүстігінде – Күршім аудандарымен, шығысымен мен оңтүстігінде – Қытай Халық Республикасының Синьцзян өлкесімен шекаралас орналасқан. 1939 жылдан бастап, Зайсан ауданы Шығыс Қазақстан облысына қарады. Зайсан ауданынан бұдан кейін, Тарбағатай, Марқакөл, Күршім, Ақсуат және Көкпекті аудандары бөлініп шығып, жеке аудандар болып бекітілді. Ауданның жер көлемі: 1 миллион 43 мың гектар. Өлкеге 42 ірі елді – мекен қарайды. Сондай – ақ, Зайсан қаласының әкімшілігі мен 8 ауылдық әкімшілік қамтылған. Зайсан қаласы – ауданның әкімшілік орталығы болып саналады. Өңірде - қазақтың орта жүзінің найман, керей руларынан тараған меркіт, тұзақшы, уақ, төртуыл, ақболат, қожанбет, қожан, санияз ата – баба ұрпақтары жоңғар шапқыншыларынан бұрын тұрып, көшпелі өмір сүрген. Зайсан жерінде өзіндік сәулеткерлік нақышымен айшықталған, осы күнге дейін көрік беріп тұрған Татанов, Бекшентаев, Әбілханов, Мергенбаев, Манапов, Ерзин, Тоқсанбаев, Бобкин салдырған үйлердің салыну өрнегі ғажап-ақ. Бір ғасырдан асса да сыр бермеуде. Бұл құрылыстарды салуда біртуар тұлға, асқан шебер, талантты сәулеткер, бұл өңірде бұрын-соңды болмаған Баязит Сәтпайұлының басшылығымен салынған. Оның жобасымен 30-дай тамаша үй салынған. Баязит Сәтпайұлы Бұтабай қажының ұлы Зейнолла болыстың кесенесін де салған. Оны суреттеудің өзі оңай емес. Аудан - ауыл шаруашылығы бағытында жұмыс істейді. Мал, егін шаруашылықтарымен қоса, ірі бау – бақша мен жеміс – жидек дақылдарымен өркендеп, мол табыстарға ие болған өлке. Сонымен қатар, халық тұтынатын тауарлардың бірі – көмір мен минералды емдік су өндірумен айналысады. Ауыл шаруашылығы алқаптары бұрынғы 9 кеңшарлардың базасында құрылған 358 шаруа қожалықтарына техника, шабындық, жайылымдық жерлері бөлініп берілді. 1918 жылы Зайсан шекарашылар отряды құрылып, Қытаймен арадағы шепті қырағы қорғауда. 1922 жылы Зайсанда уездік арухана ашылып, кейіннен 60-жылдардың басында дәрігерлік емдеу орындарына кеңейтілді. 1930 жылы 1 қазаннан бастап аудан газеті жарыққа шықты. Оның алғашқы редакторы: Ж. Ыбыраев, Ғ. Әміров болды. 1932 жылдан бастап, Зайсан педучилищесі ашылды. Онда Семей, Шығыс Қазақстан Облыстарына қарасты – Зайсан, Тарбағатай, Ақсуат, Марқакөл, Күршім, Ұлан, Катон – Қарағай аудандарының жастары білім алды. 1945 жылы кәсіптік – техникалық училище ашылды. 1946 жылы Зайсанда кәсіби театр құрылып, оның бірінші директоры - Мейірман Спамбетов тағайындалды. 1960 жылы аудандық мәдениет үйінің жанынан халық театры құрылды, оған «Халық театры» деген атақ беріліп, ауданның бір топ талантты жастары Москвадағы Кремль сахнасында да өнерлерін көрсетіп қайтқан. 1962 жылы балалар музыка мектебі ашылды. 1975 жылы Зайсан өлке-тану мұражайы ұйымдастырылып, ауданымызға байланысты көптеген тарихи құжаттар осында жинақталған. 1993 жылы Мемлекеттік архивтің филиялы құрылды. Зайсан жері шұрайлы, суы мол, жайылымы керемет (Сауыр, Сайқан, Маңырақ, Ертіс, Ақжан, Қабырғатал) сияқты киелі жер. Оның жер асты қазбасы – мұнайға, көмірге, жанатын сланецке, жоса – бояуға, құрылысқа жарамды әкке, құм мен топыраққа толы, жасыл алқапты орманы бар өңір. Аудан климаты құбылмалы, құрғақ. Қысы ұзақ және суық. Жаздағы ауаның температурасы жоғары және ыстық. Атмосфералық орташа жылдық жауын – шашындары 120-180 мм. Тау беткейлеріне көтерілген сайын ылғалдылық артып, ауа температурасы кемиді. Тау басында ол таулы тундралық климатқа дейін өзгерген. Өзендердің ірілерінен: Бұғаз, Базар, Қандысу, Кендірлік өзендерін атауға болады. Сонымен бірге, Зайсан деген көлде бар. Зайсан – суармалы өңір. Мұнда 1967 жылы сыйымдылығы -75 млн.м куб Үйдене су қоймасы жүйесі, 1956 жылы Кендірлік және 1984 жылы Жеменей су қоймалары салынып, іске қосылған. Сондай–ақ, өлкеде жер асты және жер үсті бұлақтары бар. Минералды емдік сулар өндіруде, әсіресе, Ащылы, Әулие бұлақ, Арасан Талды қойнаулары пайдаланылады. Жерімізде емдік шөптер көп. Мәселен, таулар мен ой-қырында алтын тамыр, марал тамыр, қарандыз, шай шөп, долана, рауағаш, шырғанақ, өгей шөп, тағы басқа дәрілік шөптер кездеседі. Жанурлар әлемі әр түрлі. Дала алқаптарында: атжалман, мұжыма тышқан, аса құнды америка жануары – ондатра, дала алақоржыны,су егеуқұйрығы, қосаяқтар және басқалар мекендейді. Салпан құлақ кірпі, қасқыр, таулы тайганың қара түлкісі, бұлғын, сұр күзен, борсық, саршұнақ және басқалар кездеседі. Бауырмен жорғалаушылардың ішінде: кесірткелер, үлы сұр жыландар, сарбас жыландар және басқалар кездеседі. Белдеулі ормандарда: қоян, түлкі, қасқыр, елік, бұландар, аюлар, маралдар, сілеусіндер, барыс, борсық мекендейді. Орман шекараларындағы биік шыңдар мен құздарда арқар, таутеке, ақбөкен, киік және жайран кездеседі. Құстардан: боз торғайлар, лашындар, қара тағандар, сасық көктер, сауысқандар, қарғалар, көгершіндер, торғайлар, қаздар, аққулар,үйректер, бүркіттер, ұлар, кекілік, бұлдырық,қырғауылдар, тағанақтар және басқа да түрлері мекендейді. Зайсан көлінде, Ертіс жағалауларында, су айдындарында: шортандар, қара балықтар, ала бұғалар, сазандар, шабақтар және басқада түрлері кездеседі. Зайсан ауданында негізінен қазақ, орыс, украин, татар, өзбек және тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. 2006 жылдың 1-қаңтарынан бастап, жергілікті халықтың саны -38 мың адамға жетті. Этникалық құрамы жағынан: қазақтар – 35,2 мың адам, орыстар –2,1 мың адам, басқа ұлттар – 0,7 мың адам. Жергілікті халыққа бай аумақты аймақтар: Қаратал, Сарытерек, Шілікті, Дайыр, Қарабұлақ ауылдары. Аудан орталығы мен облыстың ара – қашықтығы - 465-тей шақырымдық жер. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуымен елімізде кеден қызметі жолға қойылған. 1992 жылыдың мамыр айынан бастап, Шығыс аймақтық кеденіне қарасты «Майқапшағай» кеден бекеті құрылды. Ал, 1992 жылдың 22 желтоқсанынан бастап, Майқапшағай кедені болып бекітілді. Сондай-ақ, 2006 жылдың сәуір айынан бастап, «Майқапшағай-Жеменей» шекара сауда орталығы ашылған. 2003 жылы Зайсан өңірінің Шілікті ауылында Қазақстан археологтарының қазба жұмыстарының негізінде, «Шілікті қорғаны» табылды. Онда ежелгі Сақ тайпасының «Алтын адамы» жауынгері табылды. Аудан экономикасының негізгі рөлін – агроөнеркәсіп алады, өйткені, маңызды орынды ауыл шаруашылығына береді. Осы кәсіптің шығарылатын өнімінің көлеміне байланысты, ауыл шаруашылығында мал шаруашылығы мен дәнді – дақылдар шаруашылығы өте қарқынды дамуда. Осының маңыздылығынан импорттық тауарлар азаюда. Ең бастысы, жергілікті халық өзін-өзі етпен, сүтпен, өсімдік майымен,жеміс-жидекпен, дәнді-дақылдармен, бау-бақша өнімдерімен, ұнмен тағы басқа өнімдермен қамтамасыз етуде. Ауданның жер асты байлығы зерттелген – қоңыр көмір мен жанатын сланецке бай. Бұл - өмір сүрудің, өндірісті өркендетудің негізі. Қазіргі таңда, Кендірлік жеріндегі «Аққойын» атты елді-мекенінде қара көмір игеріледі. Көмір өндіру ЖШС «Сайхан» ісі терең шахталық-техникалық әдіспен жолға қойып, одан жоғары химиялық өнім алумен қамтамасыз етілуде. Ол тек отынмен, ауданымызды ғана емес, сондай-ақ, көрші аудандарды да қамтамасыз етуде. 2005 жылдан бастап, ЖШС «Балық өнім Шығыс» зауыты жұмыс істеуде. Сол сияқты минералды емдік сулар өндіруде. Әсіресе, Арасан-Талды, Ащылы жерлеріндегі сулардың көздері ашылып, игеру жолдарына қойылған. Онымен ЖШС «Зайсан сулары» айналысуда. Қазіргі таңда, біздің емдік ас-суымызға Өскемен, Семей, Қарағанды қалаларынан сұраныстар түсуде. Көршілес Қытай еліне де шығару көзделініп отыр. 2006 жылдың шілде айында облыстық көрмеде «Зайсан» минералды суы жүлделі бірінші орын мен хрусталь кубокқа ие болды. Сондай-ақ, республикалық көрмеге қатысуға жолдама алды. Аудан халықтарына АОА, өкпе ауруына қарсы аурухана, отбасылық – дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік – акушерлік пунктілер, 11 дәріхана, 7 базар, 100 шақты дүкен түрлері, 8 АЗС, 25 тамақтандыру жерлері және халыққа түрлі көмек көрсету орындары бар. Аудан бойынша білім беретін мектептердің саны – 30, ал олардағы шәкірттер құрамы – 7994, ауыл мектебі – 24 болса, шағын комплетілі мектептер -17, мектепке дейінгі 3 бала мекемесінде 203 бүлдіршін тәрбиеленсе, мектептен тыс мекемелерге 809 бала қамтылған. Мектептер компьютерлендіріліп, Интернетке қосылып, мультимедиялық кабинеттер де ашылған. Жазғы каникул кезінде балалар мен жасөспірімдерді демалдыру мен сауықтыру орындары қызмет көрсетеді. Өнер мектебі, балалар мен жасөспірімдір мектебі, спорт мектептері бар. «Ақынның хаты өлмейді, жақсының аты өлмейді» дейді дана халқымыз. Өмірдің өзі дәлелдеген ақиқат. Тарихы әріден басталатын біздің Зайсан өңірінде де халықтың құрметіне, қошаметіне бөленген талай ізгі жақсылар өткен. Мәселен, күркіреп күндей өткен соғыс кездері. Жалпы, аудан өміріндегі ең ауыр және жауапты болған кезең – Ұлы Отан соғысы жылдары болды. Майданға – 6569 және еңбек армиясына – 1099 зайсандықтар аттанған. 2595 адам майданда қаза болды, 238 госпитальда жарадан өлді, 1339-ы хабар – ошарсыз кетті., 175 адам әр түрлі аурудан қайтыс болды, 3 адам неміс тұтқынында каза болған. Басқалары жараланып, мүгедектікке душар болып, аман – есен туған елге оралды. Полковник В.Е.Головченко Кеңес Одағының Батыры атағын алса, сержант Манап Әубәкіров Даңқ орденінің толық иегері болды. Ғ.Сәрсекеев, К.Қызымбаев,Е.Бексейітов, С.Жырымбаев, А.Дүйсежанов, Ә. Дәніков, А.Ыдырышев, Қ.Боқажанов және тағы басқалар жауынгерлік ерліктері үшін жоғары үкімет наградаларына ие болды. Зайсан жері дарындылардан ешқашан кенде болмаған. Бізде ел басқарған Халит, Бұтабай, Зейнолла, Ақбай тәрізді болыстар, Шұлғаубайдай шешен, Бұланбайдай палуан, Қоңыр, Ақыштай қажылар, елді аузына қаратқан билер шыққан. Жыр алыбы Жамбылдың өзі Шөжемен қатар қойған Ноғайбай ақынды Мәскеу университетінің профессоры Ивановский бүкіл Ресейге әйгілеп, талантына тәнті еткен. Ал, бүгіндер Зайсан тумалары Есет, Әубәкір, Тоқтарбек, Ұлықбек, Асқар, Нұрлан, Марат, Кәдірбек, Гүлнәр, Советхандар қазақ әдебиетінің алғы легінде тұр. Сондай-ақ, Зайсан тумасы Леонид Хохлов Парижде дүние жүзіне әйгілі ғалым Пастердің лабороториясында қызмет істеген, ақын Павел Васильевтің есімі орыс әдебиетінің алыптары Сергей Есенин, Владимир Маяковскиймен қатар аталады. Жарсу ауылында туып өскен Гүлнәр, Эльвира Сахатовалар дүние жүзіне танылған шахматшылар. Салтанат Камалиева дүние жүзі сұлуларының байқауында жеңімпаз атанған. Зайсан тумасы генерал ұшқыш Қамза Ерзінұлы Зайсанов Моңғол мемлекетінің әуе күштеріне қолбасшылық жасаған. Ауданымыздың ардагері Байғанбек Құдабаев пен Майшекер Қорабаева Қазақстанның «Құрмет» орденімен награтталған. Мыңнан астам күрделі операция жасаған марқұм Халел Қалимолдин Еңбек Қызыл Ту орденімен ардақталған. Ауданның рухани өмірінде өзіндік орны бар - айтыс өнерінің таланттарының ішінде: Абаш Кәкенов, Серікхан Жақиянов, Меделхан Хасенова, бүгінде Павлодардың бас ақыны болып жүрген жерлесіміз Серік Қосанбаев. Ауданда орталық мәдениет үйі, кітапхана қалыпты жұмыс істеуде. Зайсан халық театры, «Айнакөл» ансамблі, «Ақ әже» топтары, Дайыр, Қаратал, Сарытерек, Қарабұлақ, Кеңсай өнерпаздары жұртшылықты өнерлерімен сусындатуда. Зайсан өңірінде дене – шынықтыру мен спорт салалары өте қарқынды дамуда. Мәселен, жерлестеріміздің ішінде: қол тірестен Азия чемпионы Ермат Ермекбаев, Европа чемпионы Қасымжанов Нұрлан сияқтылар ауданымыздың мақтанышы. Аудан аумағында «Отан» РСП, «Ақ жол», «Ауыл» өңірлік өкілеттілігі өз жұмыстарын іске асыруда. Сондай-ақ, 7 мұсылман мешіттері, 1 Свято – Александровский храмы өз кызметтерін іске асыруда. Үкіметтік емес ұйымдарға: «Қазақ тілі» қоғамы, мүгедектерді қорғау ұйымы, ақсақалдар алқасы, әйелдер кеңесі, «Жас өркен» жастар қоғамдары бар. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде: «Әрбір адам біздің мемлекетімізге, оның бай да даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай іс-қимыл жүйесін талдап жасау қажет. Елдің проблемалары да, келешегі де барлық адамға жақын әрі түсінікті болуға тиіс»,- дейді. Елбасының алға қойған міндеттерін зайсандықтар қызу қолдап, жүзеге асыруға бір кісідей жұмылуда. Қиындықты еңбекпен жеңу қажеттігін жақсы сезінеді. Әркім өз бақытының, болашағының бапкері болу керектігі санаға сіңірілуде. Зайсан Қазақстанның қиыр шығысындағы шуақты, шырақты аудан ретінде әрқашан көріне беретініне күмән жоқ. Зырян ауданы. Зырян ауданы - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы- Зырян қаласы әкімі аппаратының электрондық мекен- жайы 1747 жылы Елизавета императрицасының Жарлығымен барлық демидов кендерi мен зауыттары оның жеке меншiгiне тартылып алынды. Змеиногорск кенi байлығы бойынша бiрiншi болып саналған, бiрақ бұл кен орны өндiрiле бастады. Зерттелмеген болып Бұқтырма даласы ғана жатты. 1791 жылы Өскемен қамалынан Бұқтырма кенiне кезектi бергайерлер жасағы жөнелдi. Олардың арасында Зырянов Григорий Григорьевичте болды, Зырян кен орнын тұңғыш-ашушысы. Зырян кен орнынан кейiн тағы көп ашулар болды.1801 жылы бұрынғы қашқын Мамонтов Хаир-Кумин өзенiнiң оң жақ жағалауында Зырян кенiнен 20 шақырым жерде қорғасын кен орнын тапты. 1810 жылы кендi ашқан Малеев Зырян маркшейдерiнiң атымен осы күнге дейiн Малеевка селосы атанып жүр. 1818 жылы Иван Заводин Кондратьево селосының маңында тағы бiр кен орнын тапты. Бұл кен орны -бұрынғы ҚСРО-ның теллурист күмiсi мен қорғасыны бар кендердiң жалғызы. ХIХ ғасырдың басында Зырян кенi күмiс кенiн өндiрудiң iрi орталығына айналды және жалғыз Ресейде емес белес те де белгiлi болды. Аудан Шығыс Қазақстан облысының солтүстiк -шығысында орналасқан, солтүстiк пен солтүстiк-батыста Риддер қаласының аумағымен, солтүстiк -шығыста және шығыста Ресей федерациясымен (Алтай өлкесi), оңтүстiк-шығыста Катон-Қарағай ауданымен, солтүстiк-батыс шекарасы Ұлан ауданымен, батыста -Глубокий ауданымен шектеседi. Аудан аумағы 10,5 мың шаршы км тең. Климаты шұғыл континенттiк, ортажылдық температурасы 0,3 Цельсии градусы, абсолюттiк максимумы:+40 С, абсолюттiк минимумы-51 С. Зырян қаласы аудан орталығы болып табылады, ол 1791 жылы орнатылған. Қазiргi шекарасында Зырян қаласы 1941 жылғы 17 қаңтардағы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесi Президиумы Жарлығының негiзiнде 1941 жылы орнатылған. Ауданның құрылу уақыты- 1977 жылдың 23 мамыры. Зырян ауданы 1988 жылдың шілдесінде Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесi Президиумы Жарлығының негiзiнде Зырян қаласымен бірлесті. 1997 жылы Зырян ауданының құрамына Серебрянка ауданы кiрдi. Зырян кен ауданы- Рудный Алтайдың тау-кен аудандарының негiзгi және көнелерiнiң бiрi, Лениногорск-Зырян тәуелдi аймақтың солтүстiк-шығыс жағында, Ревнюшенск горстантиклинальмен аймақтық түйiседi. Ауданда жүз елуден астам полиметалдық, колчедандық-полиметалдық, мыс-колчедандық орындар, кенкөрiнiстерi мен минералдау нүктелерi белгiлi. Қорғаныс, мырыш, мыс, алтын, күмiс және басқа да құнды құрамдас бөлiктерi бар кен орындарымен ғана бай емес, аудан табиғи құрылыс материалдарымен- құм-iрi құм қоспасымен, құқрылыс құмдарымен, кiрпiш саздақтарымен де бай. Өнеркәсiп -өңiр экономикасының негiзi болып табылады. Пайдалы қазбалардың барлығы өнеркәсiптiң салалық бағытын белгiлейдi. Базалық сала- тау-кен өндiру саласы. Осы саланың бас кәсiпорны - "Қазмырыш" ААҚ Зырян тау-кен байыту кешенi -Зырян қаласында орналасқан. Ауданда цемент өндiру бойынша Қазақстанның iрi кәсiпорны жұмыс iстейдi- "Бухтарминская цементная компания" ААҚ (Октябрьск кентi). Жеңiл өнеркәсiптi "Зыряновская швейная фабрика" ЖШС, "Рассвет" ЖШС, "Универсал Вектор" ЖШС ұсынады. Тiгiн бұйымдар-арнаулы киiм, әйелдер және балалар ассортиментi бұйымдары осы кәсiпорындардың өнiмi болып табылады. "СЗНП" ЖАҚ бума-сүзгiш материал, кәсiпорындар мен халыққа арналған демалу органдарын қорғау құралдары, ассортименте пластмастан жасалған бұйымдар өндiрiледi. Электр энергиясының өндiрiмi Серебрянка қаласының маңында орналасқан "Қазмырыш" ААҚ Бұқтырма Гидроэнергетикалық кешенiнде өндiрiледi. Кешенмен бiр жылда сағатына 2,5 млрд. квТ астам өндiрiледi. Аудан көлiгiнiң негiзгi түрлерi: темiр жолы және автомобиль жолы. Қатты жабуымен жалпы пайдалану автомобиль жолдарының ұзындығы 387,5 км (2003 жылы 143,5 км иесiз санынан тапсырылды). Бұдан басқа аудан аумағында 191 км ұзындығымен Өскемен-Зырян автожолы, тұйықтама болып саналатын Защита ст. Зырян ст. дейiнгi темiр жол учаскесi өтедi.Бұқтырма су қоймасында Бұқтырма шлюзы, Бұқтырма кемежайы жұмыс iстейдi. Аудан ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiру саласында, оның iшiнде басқа өңiрлермен салыстырғанда, өнiмдiлiгi едәуiр жоғары дәндi дақылдарымен негiзгiлердiң бiрi болып саналады. Ауыл шаруашылық мекендердiң, табиғи жағдайларының барлығы ауыл шаруашылық дақылдарының кең спектрiн, оның экономикалық жоспарында дәндi, майлыларды артық көретiнi, өсiруге мүмкiндiк бередi. Жетекшi сала-өсiмдiк шаруашылығы-(өндiрiс құрылымында 66%). Ауданда мал мел құстың дәстүрлi түрлерiнен басқа "Марал-сервис" ЖШС марал өсiрумен шұғылданады. Тамақ және өңдеушi өнеркәсiпте ауыл шаруашылық өнiмдерiн өңдеу жөнiндегi шағын, орта бизнес кәсiпорындары және жеке кәсiпкерлер басым. Кәсiпорындардың өз қаражаттары және халықтың қаржысы құрылысқа қаржы салымының негiзгi көзi болып қалды. Негiзiнде аудан бюджетiнен әлеуметтiк сала объектiлерi мен жолдардың күрделi жөндеуi қаржыландырылады. Ауданда әлеуметтiк сала жеткiлiктi дамыған- жергiлiктi бюджет қаражатының есебiнен қаржыландырылатын бiлiм беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт мекемелерiнiң торабы. Емдеу -профилактикалық мекемелер жүйесi 13 емхана-поликлиникалық ұйымдарды, оның iшiнде 12 мемлекеттiк отбасылық дәрiгерлiк емханаларды, оның 7 селолық, енгiзедi. Бұдан басқа 9 ауруханалық ұйымдар (оның 7 мемлекеттiк, оның iшiнде 1 селолық), 6 фельдшерлiк-акушерлiк пунктер және 31 фельдшерлiк пункт. Аудан аумағында 12 мәдениет үйi және клубтар, оның 11 мемлекеттiк, 24 мемлекеттiк кiтапхана, бұдан басқа соқырлар мен саңырауларға арналған 2 мамандырылған кiтапхана. 50-жылдары салынған "Горняк" МҮ сәулет ескерткiштерiне жатады.123 спорт құрылысы, 3 балалар- жастар спорт мектебi жұмыс iстейдi. Негiзгi республикалық және облыстық өкiмет құрылымы - құқық қорғау және фискальдық органдары ұсынылған. "Қазақстанның халық банкi" ААҚ, "Наурыз Банк Қазақстан" ААҚ филиалдары, "Валют- Транзит Банкi" ААҚ, "Тұран Әлем банкi" ААҚ, "Центркредит банкi" ААҚ, "Алматы Сауда-Қаржы банкi" ААҚ, Альянс Банкi" ААҚ филиалдарының бөлiмдерi, сақтандыру компаниялары жұмыс iстейдi. Катонқарағай ауданы. Катонқарағай ауданы - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы 1928 жылы 1 тамызда құрылған, бір жылдан кейін 1929 жылы 20 қыркүйекте Шыңғыстау ауданы Катонқарағай ауданының құрамына енді. 1932 жылы Катонқарағай ауданы Шығыс-Қазақстан облысының құрамына кірді. 1935 жылы Катонқарағай және Зырян аудандарының құрамынан Большенарым және Бұхтарма аудандары бөлініп шықты. 1954 жылы аудан көлемі Алтай өлкесі Таулы-Алтай автономдық облысы Усть-Коксинский ауданы «Жоғарыкатон» совхозының қосылуы есебінен кеңейді. 1963 жылғы 1 қаңтарда Катонқарағай ауданы Большенарым ауданымен біріктіріліп, аудан орталығы болып Большенарым селосы анықталды. 1970 жылы 4 желтоқсанда Катонқарағай ауданы орталығы Катонқарағай селосы болып қайтадан құрылды. 1997 жылы 23 наурызда Большенарым ауданы жойылып, Катонқарағай ауданының әкімшілік орталығы Большенарым селосына көшірілді. Аудан облыс аумағының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Аудан солтүстік және солтүстік-шығыста Ресей Федерациясының Алтай Республикасымен, оңтүстік-шығыста Қытай Халық Республикасымен, оңтүстікте Күршім ауданымен, солтүстікте-Зырян ауданымен шекаралас, ал батыста Бұхтарма бөгенінің суымен шектесіп жатыр. Әкімшілік орталығы болып, облыстың орталығы Өскемен қаласынан 263 км қашықтықта орналасқан Большенарым селосы табылады. Облыс орталығы мен ауданның көлік байланысы Өскемен қ. – Зырян -Большенарым автомобиль жолдарымен жүзеге асады. 2002 ж. 1 қаңтардағы Шығыс-Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық бөлінуіне сәйкес, аудан 54 елді мекеннен, 44226 тұрғыны бар 13 ауылдық округтан тұрады. Биік таулы және таулы-орманды аймақтың ауа-райы өте ылғалды, қоңырсалқын суық, кей жерлерде өте суық. Аймақтың солтүстік жартысында бір жылда 550-560 мм ылғал түседі. Шілделік ылғалдың ызғары әсіресе анық сезіледі. Желдің орташа айлық жылдамдығы бір жыл ішінде 1,7 м/сек құрайды. Қатты желді күндер саны жылына 7 күнді, ал шаңды боран -10 күнді құрайды. Өсімдік жамылғысы өз таралымында, ауа райы мен жер жамылғысы тәрізді вертикалды аймаққа бағынады. Биік таулы тундралық аймақтарда жасыл қыналар, тал-шілік, бұталар басым. Биік таулы шалғынды аймақ дәнді өсімдіктер, сан алуан шөп түрлерінің басымдығымен ерекшеленеді. Альпі белдеуінде өсетін өсімдіктер жерге жақын, аймақта тақыр жерлер көбірек, ал субальпілік белдеуде өсетін өсімдіктер неғұрлым жиірек және биік болып өседі. Биік таулы альпі шалғындары Оңтүстік Алтай мен бір бөлігі орталыққа кіретін, атмосферасы ылғалмен жақсы ылғалданатын аймақтарда орналасқан. Таулы-тайга және шалғынды - тайга аймақтары өсімдік жамылғысында қою қылқан жапырақты және ашық қылқан жапырақты тайга ормандарының басымдығымен ерекшеленеді. Орман арасындағы ашық жерлерде жылы және құрғақ ауа райына өсіп үйренген шөптер және қыналы шөптер, әр түрлі дәнді өсімдіктер, шөптер, бұталар және сирек орман таралған. Таулы тайга ормандарында шөптің орташа биіктігі 120-150 см болса, қалыңдығы 80 100 % құрайды. Ірі шөптердің үлесі басым болғандықтан, шөптердің азықтық құндылығы төмен, мал жөнді жемейді және улы деуге де болады. Таулы және орманды-шалғын-дала аймағы тайга ормандарынан қырға ауысады. Ол өсімдік жамылғысында ормандар, орман шалғындары, дала шалғындары мен шалғындық-дала бұталық -шөп тоғайлары өседі. Бұл аймақтағы ормандар ұсақ жапырақты, көк теректі және ақ қайыңды болып келеді. Оңтүстікте, батыста, аздап шығыста, әсіресе тік тау баурайларында –шалғындар, шалғынды далалар, тал шілік тоғайлары секілді ашық ландшафтылар салтанат құрған. Орманды далалы және орманды-шалғын-дала (Нарым және Бұхтарма өзендері бассейні) белдеуінің төменгі бөлігінде негізінен қайыңды-бал қарағайлы және бұталы-шөпті ормандар орын алған. Ашық алаңқайларда және орман алаңдарында бұрынғыдай сансыз көп орман бұталары (кәдімгі мойыл, орта таволга, тікенді және қылқанды итмұрын, татар бөріжидегі және т.б.) және әр түрлі орманды шалғын шөптері өседі. Аумақтың оңтүстік-шығыс бөлігінде шөпті –бұталы- қарағайлы ормандар таралған, онда қарағайлы орманның бір бөлігі аралас, кей жерлерде тұтас шөпті-бұталы тоғайлар. Таулы және далалы аймақтардың өсімдік жамылғысын дала дәнді өсімдіктері, даланың әр түрлі шөптері құрайды. Большенарымның тау арасындағы алқабында, оның шығыс (жоғары) бөлігінде әр түрлі шөпті- бетегелі, ал батыста (төмен) – бетегелі құрғақ далалар жатыр. Аудан аумағының топырақ жамылғысы әр түрлі және негізінен жердің бет-бедеріне тәуелді. Тау жамылғылары 30 %-ға дейін тамырлы жыныстар арқылы шыққан таулы-тундралы, 50 %-ке дейін альпілік және субальпілік таулы- орманды, 30 %-ға дейін кәдімгі таулы қара топырақты болып келеді. Бұл жамылғылар жоғары таулы рельефі жағдайында 2500-2800 м-ден жоғары биіктікте қалыптасқан. Тау жамылғылары жазғы отардағы жайылым ретінде, мал күтуге қысқа мерзімге пайдаланылады. Ауданның гидрографикалық желісі сансыз көлдер, өзендер, бұлақтардан тұрады. Аудан аумағының солтүстік шекарасынан ағып өтетін Бұхтарма өзені - ең ірі су ағымы болып табылады. Ауданды шығыстан батысқа қарай қиып өтетін Нарым өзені – екінші ірі су ағымы. Көптеген бұлақтар басын таудан алып, үлкен жылдамдықпен ағысы 1-2 м/сек ағады. Дария тау мінезді. Судың сапасы жақсы, тұрмыста және ауыл шаруашылығында қолдануға жарамды. аумақтың аудан және облыс орталығына, өнім сату базарына, жабдықтау қорына, техникалық қызмет көрсету орталығына қатысты орны; өнімді сату- базарлары, жабдықтау қорлары, техникалық қызмет көрсету орталықтарының жақындығы. жердің сату базарларынан, жабдықтау қорларынан алыста орналасуы; аумақтың транспорт желілерімен аз қамтылуы, жолдың нашар жағдайы. Жайылымдар көбінесе тасты аймақтарда, таудың биік құламасында орналасқан. Жайылымдық жерлердің ортақ ауданы 108,0 мың гек.-16 %, 200-245,6 -ға дейін -36,8 %, 200-313,4 -тен жоғары 47 %-ды құрайды. Аудан аумағының ауданы облыстың ортақ ауданының 4,7 %-ын құрайды. Ауыл шаруашылығында жайылым жерлер 81%, егістік жерлер 11% орын алады. Аудан аумағы 13167 кв. км (1319075 га). Аудан тұрғындарының саны 01.01.05 жылы 41000 адамды құрады, басым бөлігі- қазақтар (87 %), орыстар, татарлар, немістер және басқа ұлт өкілдері. Аудан – ауыл шаруашылықты. Ауданда мың екі жүзден астам шаруашылықпен айналысатын субъектілер бар. Олар егін және мал шаруашылығымен айналысады. Егістік ауданы 60818, 5 га жер, соның ішінде: 23613 га- дәнді дақылдар. Ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өндіру 2004 жылы-134 млн 366 мың тенгені құраса, өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерінің көлемі- 2 млрд 768, 6 млн. тенгені құрады. Марал және ара шаруашылығы дамуда. Барлық шаруашылық категорияларында мал басы саны өсуде. Аудан аумағында «Большенарымдық лесхоз» Катонқарағайлық ГНПП жұмыс істейді. Өз заманында ауданда Шыңғыстау болысының болысы Әбдікерім Ережепов тұрып, қызмет атқарған. Дамыған көзқарас адамы 20 ғасырдың басында ақ, Шыңғыстаулық екі сыныпты қазақ-орыс мектебінің негізін қалады. Көптеген танымал катонқарағайлықтар, өз кезеңінде осы мектепте дәріс алған. Солардың арасында, қолбасшы генерал-лейтенант И.Д. Копылов, Ленин орденінің иегері, танымал ұстаз-ағартушы С. Түкебаев, СССР Халық мұғалімі Қ. Нұрғалиев, Социалистік еңбек ері Б. Кітапбаев және тағы басқалар. Аудан өз жерлестері, Совет Одағының Батырларын мақтан тұтады: И.В. Топорков, А.Г. Огнев, В.Р. Спиридов, В.Ф. Величко, В.А. Шулятиков, Т.М. Клименко, үшінші дәрежелі Даңқ орденінің иегері А. Құсметов. Социалистік еңбек ерлері С.К. Слабодчиков, А.Е. Сычук қоғамдық өмірге ат салысуда. Ең үздік 12 катонқарағайлықтарға «Катонқарағай ауданының құрметті азаматы» деген жоғары атақ берілді. Олар: О. Бөкей, К. Искаков, Б. Кітапбаев, К. Кулженов, К. Баекин, А.Е. Сычук, С.К. Слабодчиков, Н. Кубинов, Ф. Тумарбаев, К. Базарбаев, Е. Ретивых және басқалар. Жерлес-жазушылар: О. Бөкей атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары К. Искаков, Д. Ашимханов, А. Асқаров, танымал журналистер – К. Назырбаев, Ермұхан Абдрахманов, М. Алипинова өз заманында аудандық және облыстық газеттерде еңбек еткен. Көптеген Катонқарағайдан шыққан -ғалымдар еліміздің әр түрлі ЖОО-да еңбек етуде. Көкпекті ауданы. Көкпекті ауданы - Шығыс Қазақстан облысының орталық бөлігіндегі әкімш. бөлік. Алғаш рет 1932 ж. құрылды. 1997 ж. аудан құрамына Самар ауданы енді. Тұрғыны 41,0 мың адам (2004). Жер аум. 14,6 мың км2. Аудан жеріндегі 66 елді мекен 16 ауылдық округке біріктірілген. Кен байлы Күршім ауданы. Күршім ауданы - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы 1927 жылы құрылған. 1997 жылдан бастап бұрынғы Марқакөл және Күршім аудандарын біріктіреді. Әкімшілік орталығы Күршім ауылы облыс орталығынан 220км қашықтықта орналасқан. Күршім ауылында 2005 жылдың 1-қаңтарына 11,6 мың адам немесе аудан халқының 29,8 пайызы тұрады. Ауданның аумағы 23,2 шаршы километрге тең. Ауданның әкімшілік-территориялық құрылымы 12 ауылдық округ немесе 61 ауылдық елді мекеннен тұрады. Аудан халқы 40,2 адамды құрайды, тығыздығы – 1 шаршы километрге 1,7 адамнан келеді. Аудан Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті, Катон-Қарағай аудандарымен және Қытай Халық Республикасымен шекараласады. Климаты шұғыл континентті. Қыста аяз 0-ден төмен 50 градусқа дейін жетсе, ал жазда термометр бағанасы, керісінше, 50 градусқа дейін көтеріледі. Тамылжыған табиғат аң мен құстың, дәрілік шөптер мен ағаш түрлерінің мәңгілік ордасындай. Азу таудан әрі асып, Мәрмәр таудан қиялай өтсеңіз көз жасындай мөлдіреп атақты Марқакөл жатыр. Аудан су қорлары мен 1588,6 мың гектарды алып жатқан жер алқаптарына бай, оның ішінде 29,4 мың гектары егістік жерлер. Аудан халқының негізгі бөлігі ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және өңдеумен айналысады. Ауданда алып орман массивтері бар, сапалы ағаш негізінен қарағайдан дайындалады. Ағаш дайындаумен «Күршім орманы» және «Марқакөл орманы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері шұғылданады. Күршімнің тау сілемдері мен «Күршім» өзенінің бассейні мен тармақтары ертеден тек табиғи сұлулығымен ғана емес, сонымен қатар, полиметалл қазба байлықтарымен белгілі. Өткен ғасырдың ортасында-ақ «Күршім», «Шырдаяқ» рудниктерінен алтын шығаратын. Бүгінгі күнге дейін күміс, қорғасын, молибден, мыс қазбалары қозғалмаған күйінде. «Артель старателей «Алтай» ашық акционерлік қоғамы 2004 жылы 75,2 млн.теңгенің алтынын өндірді, бұл ауданда шығарылған өнеркәсіп өнімдерінің 32,3 пайызын құрайды. Электр энергиясымен аудан халқын «Шығысэнерготрейд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің екі филиалы қамтамасыз етеді. Ауданда 4767 телефон байланысының абоненттері тіркелген, оның 4326-ы пәтерлердікі. 1998 жылдан бастап ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруінің құлдырауы тоқтатылды. Табиғат жағдайы бақша және көкөніс өндіруге қолайлы. Ауылшаруашылығының бұл бағытындағы алғышарттарды байқаған Халықаралық Реконструкциялау және Дамыту Банкі Сарыөлең ауылдық округінде суармалы жүйе құруға 11миллион америка долларын бөлді. 2003 жылы бұл жоба толығымен аяқталды. Бетегелі алқаптар мен субальпілік шабындықтар, тау қорлары мал басының барлық түрлерінің тұрақты түрде көбеюіне, қазақи қой өсіруге өте қолайлы. Жыл өте ет, сүт, жүн өндірісі өсуде. 2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы ірі қара мал басы, қой мен ешкі 0,1 пайызға, жылқы 2,6 пайызға, құс 6 пайызға көбейді. 2004 жылы 12833,4 тонна тірі салмақтағы ет, 53961,5 тонна сүт, 4935 мың дана жұмыртқа және 281 тонна жүн өндірілді. Облыстағы жалғыз балық шаруашылығы Бұқтырма су қоймасына жыл сайын 10 миллион карп-сазан құртшабақтарын шығарады. Ауданда орта және шағын бизнес қарқын алуда, шаруа қожалықтары дамып, өнім дайындау және өңдеу кәсіпорындары көбеюде. Бұл үлкен дәрежеде ауданның ұнға, макарон өнімдеріне, күнбағыс майына, балыққа және құрама жемге сұранысын қанағаттандырады. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің есебінен авто- және жүк тасымалдау қамтамасыз етіледі. 2005 жылдың 1-ақпанына 1614 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, оның 858-і шаруа қожалықтары болса, 756-ы жеке кәсіпкерлер. Ауданда 246 сауда объектілері, 17 қоғамдық тамақтандыру орындары, 4 базар, 18 жанар-жағармай құю стансалары және 53 шикізат өңдеу цехтары жұмыс істейді. Шағын кәсіпкерлік субектілері халықтың өндірістік және азық-түлік тауарларына сұранысын толығымен қанағаттандырады. Ауданда 55 жалпы білім беру мектебі бар, онда 8075 оқушы тәлім алуда. Барлық мектептерді компьютер сыныптарымен қамсыздандыру бағдарламасы толығымен аяқталды. Интернет жүйесіне 22 мектеп қосылған. Республикада бірінші рет өткізілген Бірыңғай Ұлттық Тестілеуді мектеп бітірушілер ойдағыдай тапсырды. Аудан бойынша 2 аурухана, 11 жанұялық-дәрігерлік амбулатория, 34 фелдьшерлік пункт және 5 фельдшерлік-акушерлік пункт қызмет атқарады. 7 мәдени ошақтары, 8 кітапхана және 1 тарихи-өлкетану мұражайы бар. 2 спорт алаңы және 18 спорт залдары жұмыс істейді. Күршімдіктер тек асыл қазыналы жерін, сұлу табиғатын мақтан тұтпайды. Сонымен қатар, олардың негізгі мақтанышы – осы аймақтан шыққан, әйгілі азаматтар. Олардың ішінде – қазақтан шыққан тұңғыш ұшқыш Ж..Малдыбаев, қазіргі Парламент Мәжілісінің депутаты Т.Нұрахметов, Тарбағатай ауданы. Тарбағатай ауданы - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы 1928 жылы құрылды. Аудан Шығыс-Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында Тарбағатай тау жоталары мен Зайсан шұңқырының аралығында орналасқан. Аудан аумағы 23,8 мың кв. км-ге тең, солтүстіктен оңтүстікке қарай 500 км-ден артық созылып жатыр. Аудан шығыста Зайсанмен, батыста Үржар мен Аягөз, солтүстікте Көкпекті және Жарма аудандарымен шекаралас. Ауданның оңтүстігінен ұзындығы 300 км болатын, ҚХР –мен мемлекеттік шекара өтеді. Ауа-райы қатты- континентті, аздаған ылғалды және жылы болып келеді. Аудан аумағында өсімдіктер екі жерде өседі: тауда және ойпаң жерлерде. Тау өсімдіктері - сабақты, әр түрлі шөптер, дәнді өсімдіктер, ойпаң жер өсімдіктері- құрғақ жусандар. Негізгі су көздері- Қандысу, Теріс-Айрық, Боғас өзендері. Ірі өзендері- Базар, Қарғыба, Тебіске, Ласты. Негізгі су айдындары- таулы және Зайсан су жүйесіне жатады. Аудан аумағында көмір және сапалы бентонит пайдалы қазба кен орындары байқалған. Ауданның әкімшілік орталығы- Ақсуат селосы. Ақжар с. және Тұғыл кенті – ірі елді мекендер. Ауданда барлығы 71 елді мекен бар. Ақсуат селосы мен облыстық орталықтың ара қашықтығы 350 км, Аягөз, Жанғызтөбе теміржол станцияларына дейін 220-350 км, Тұғыл кеме айлағына дейін 270 км. Аудандағы көліктің негізгі түрі- автомобиль. 2005 жылғы 1 қаңтарда аудан халқының жалпы саны 61,6 мың адамды, соның ішінде: әйелдер-30060, 5 жасқа дейінгі балалар- 5010, 6-дан 18-ге дейін - 15818, 18-ден 63-ке дейін – 35302, зейнетақы алушылар саны 9034 адамды құраған. 2005 жылғы 1 қаңтар бойынша аудан халқының этникалық құрамы 98,4 % -қазақтар, 1,6 % - басқа ұлттар. Шаруашылығы бар субъектілер саны-2113, 36- ЖШС, 519-жеке кәсіпкерлер, 1393- шаруа қожалықтары. Сала бойынша: 12- өнеркәсіпті, 1409- агроөнеркәсіпті, 2- қайта өңдеуші, 515- сауда-саттық. Түрік қағандығы Балбал Кіндікті мүсіні, б.э.д VII-VIII Кіндікті мүсіні сынтасы. Таңбалы тас суреті. XIX ғ. ескерткіштері Ойшілік с. Сасан би мазары, Тана Мырза мазары және XIX ғ. Қожагелді с. Қожагелді батыр мазары. XX ғ. Ерназар с. Ырғызбай әулие мазары, XIX ғ. Уан Төре елді мекеніндегі Уан Төре мазары. XIX ғ. Қызыл кесік с. Шәкі би мазары. Ұлан ауданы. Ұлан ауданы - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының сипаттамасы: - тарихи анықтама: Аудан 1928 жылы құрылған. - географиялық орналасуы: Ұлан ауданы, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Аудан аумағы Қалба тауының тау бөктерінде орналасқан, ауданның барлық аумағы таулы рельефпен сипатталады, оны абсолюттік биіктікке байналысты екіге бөлуге болады: орта және төмен таулы. Орта және таулы ойпатты аумақ негізінде жайылым алаптарымен қамтылған. - климаттық жағдайы: тау бөктеріндегі аймақ, қоңыржай ылғалды және жылы, оңтүстік қоңыржай ыстық климатпен сипатталады. Ең суық айдың (қаңтар) орта темпетатурасы -14-18 градусты, ең ыстық (шілде) + 20+21 градусты құрады. Аудан үш климаттық аумақта орналасқанымен, құрғақ далалы табиғи шаруашылық аймағында орналасқан. - ауқымы: аудан аумағы 9610 шаршы метрді құрады Ауданның әкімшілік орталығы Молодежный кенті, ол облыс орталығынан 10 километр қашықтықта, ең жақын теміржол станциясына дейін 15 километр. - тұрғындар: тұрғындар саны 42,7 мың адамды құрады, олар 14 ауылдық округтерінде және 4 кенттерде 49 елді мекендерде тұрады. Әлеуметтік демографиялық дамуы төмендегідей: ауданда туу - 400 адамды, өлім - 451, көші-қон сальдосы - 312 адамды құрады. Соңғы жылдарда көшіп кетушілер саны төмендеді, облыстың басқа аудандарынан көшіп келушілер саны көбеюде. Ауданда ауылшаруашылық өндеріспен 812 ауыл шаруашылық құрылымдары айналысады, олар 805 шаруа қожалықтары және 7 түрлі қалыптағы шаруашылық субъектілері. Ауданның ауыл шаруашылық құрылымдарына 398,3 мың гектар ауыл шаруашылық белгідегі жерлер бекітілген. Негізінде, ауыл шаруашылық азық түліктерін өндерүшілері болып шаруа қожалықтары және жеке қосалқы шаруашылықтар саналады, оларда жалпы ауыл шаруашылық азық-түлік 85 пайзға дейін өндіріледі. Ауданың жалпы ауыл шаруашылық азық-түлігінің көлемі 5 219274,0 мың теңгені, мал шаруашылығы өндірісінде 3 945718,0 мын теңгені, өсімдік шаруашылығында 1 273556,0 мың теңгені құрады. 2003 жылдың жалпы азық-түлік өндірудің өсу көлемі 3,8 пайызды құрайды. Аудан бойынша 2004 жылы бидайдың орта өнімділігі гектардан 9,9 центнерді құрады. 2005 жылдың 1 қантарына қарағанда ірі қара малдын саны 50,3 мын, шошқа саны – 12,0 қой және ешкі - 61,8 жылқылар – 7,6, құстар - 188,3 түйелер – 13 бас, маралдар – 60, түйеқұс – 6. 2005 жылдың 1 қантарына қарағанда өндірілген азық-түлік сомасы – 2682457,5 мың теңге, онын ішінде ірі шаруашылықтар бойынша – 2635860,5 мың теңге, шағын өндіру цехтары бойынша – 46597,0 мың теңге, 34 қайта өңдеу кәсіб орындары және шағын цехтар жұмыс істейді. Аудан аумағында екі ірі өнеркәсіп орындары бар: «Өскемен құс фабрикасы» ААО, «Огневка» ЖШС. Өнеркәсіптік азық-түлік өндіру көлемі 2003 жылдың құндылығымен салыстырғанда 108,3 пайызға өсті, 2004 жылдың индикативтіқ жоспарын орындау 107,1 пайызды құрды, немесе өндірілген азық-түлік 3 537027,0 мың теңгені құрады. «Өскемен құс фабрикасы» ААО шығаратын негізгі азык- түлік түрлері мынадай: бройлер балапан еті, дүмбілі құс еті, консервілер, сүрлендірген еттер шұжық бұйымдары. Кұс фабрикасы жалпы аудандағы өндірілетін еттерден 61,5 пайызын өндіреді. Кәсіпорындарда жұмыс істейтіңдер саны 1137 адам құрайды. «Огневка» ЖШС. Бүгінгі күні кеніште қайта құру жұмыстарі жүргізілуде. Жалпы жұмыс істейтіндер саны 350 адам. Огневка кентінде № 2 консервациялық және жанарту аяқталды. 2004 жылы бөлшек сауда бұйымдарының саны 190 құрды. Осы кәсіпорындар бойынша тауар айналымының көлемі 765,2 млн теңгені құрды, жұмыспен қамтылғандар саны 770 адам. Аудан аумағында 49 елді мекендері облыс орталығымен тасымалдау қызметімен 22 қамтылған. Жолаушылдарды және жүктерді тасымалдау автокөлікпен жүзеге асырылады. Ауданда 537 км жолдар жергілікті маңызда жұмыс істейді, оның ішінде асфальть-бетондық жабынмен - 24 км, қара қиыршық тасты 300, ұсақталған тасты – 204, табиғи топырақты жабын – 9 км. Аймақтық «2003-2010 жылдарындағы ауыз су» бағдарламасына сәйкес Саратовка ауылының су құбыры желілеріне 16 799,6 мың теңгеге іргелі түзету жұмыстары жүргізілді. Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында ауданда бюджет есебінен, 778,5 мың теңгеге Бестерек ауылында жаңа скважина тесілген, 820, 01 мың теңгеге Таврическое ауылының су құбыры желілеріне ағымдағы түзету жұмыстары жүргізілді. Бозанбай, Каменка ауылдарында, Огневка кентінде көше жарықтандыру жүргізу бойынша жұмыстар ұйыидастыру, ол үшін аудан бюджетінен 244,01 мың теңге бөлінді. Сонымен қатар көше жарықтандыру жұмысы Таврия, Ұлан, Жанузақ ауылдарында, Молодежное кентінде жүргізілді. 2004 жылы Молодежный кентінде қосымша 15 жарықтандыру белгеліңді. Қала арасы және халықаларық телефон байналысы «Қазақтелеком» ААО жүзеге асырады. Ауданда 2000 нөмірлерге жеті автоматтандырылған жүйелі телефон станциясы жұмыс істейді, 1 – электронды автоматтандылған телефон станциясы 2000 мыңға, 200 нөмірге 19 - автоматтандырылған жүйелі телефон станциясы, 29 сөйлесу пунктері. 2004 жылы телефон нөмірлерінен жалпы саны 5231 құрды. 38 мектеп, 6576 оқушы оқумен қамтылған, 1 мектепке дейінгі мекеме, 1 БЖСМ, 1 БММ. Аудан аумағында ауыл шаруашылық колледжі бар және оның қасында лицей жұмыс істейді. 6 фельдшерлік акушерлік пункт, 18 фельдшерлік пункт, 3 мемлекеттік емхана, 8 елді мекендерді тұрғындарға медицина қызметкелеріне жайсыз (үйлерінде) қызмет көрсетеді. 2004 жылы денсаулық сақтау бойынша кызметкелерінің саны 198 адам құрады. 2005 жылдың 1 каңтарда қарағанда аудан аумағында 24 мәдениет мекемелері, оның ішінде: мәдениет үйлері – 2, аудандық мәдениет үйі – 1, клубтар – 13, кітапханалар – 8, халық ұжымдары – 3. 2004 жылға бюджеттің кіріс бөлімі 271,2 млн теңгені құрды. Жергілікті бюджет бойынша субвенция – 542,5 млн теңге құрды. Дамыту бюджеті 70846,0 мың теңгені құрды, оның ішінде 3700,0 мың теңге республика бюджетінен басқару органдарына, олар ауылды дамытуға, денсаулық сақтауға және білім беруге жұмсалды. Мекенжайы: Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Молодежный кенті, 1. - өтініштер және бланктер үлгілері: азаматтар өтініштері ерікті түрде. Үржар ауданы. Үржар ауданы - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік шығысында орналасқан, 1928 жылы ұйымдастырылған. Үржар ауданының орталығы Үржар ауылы (селосы) Тарбағатай тауының оңтүстік етегіне қоныс тепкен. Семей қаласынан 512 шақырым қашықтықта. Ең жақын Аягөз темір жол станциясы 175 шақырым. Бұл елді мекен 19-шы ғасырдың елуінші жылдары қазақ (казачье) поселкесі ретінде пайда болған. Әрі бұл арада 1867-79 жылдар аралығында Қытайдың сауда өкілдігі жұмыс істеген. Үржар арқылы Ташкент және Семей керуен жолы өткен болатын. Сондай-ақ 1905-15 жылы Қоныстандыру басқармасы орналасқан. Үржар аймағының тұрғындары Кеңес Үкіметінің құрылуына белсене қатысты. Коммунистік партияның 1-ші аудандық комитеті 1922-ші жылы 1-ші ақпанда, 1-ші болыстық Кеңестер съезі 1922 жылы қазан айының 6-да ашылды. Үржар ауданы Қазақстанның шығысындағы ең үлкен аудандардың біріне саналады. Осы өлкеде талай бір қиын да қилы кезеңдерде ерлігімен көзге түсіп, ел есінде қалған айтулы тұлғалар көп деп айтуға болады. Бұл арадан екі мыңдай жыл бұрын Ұлы Жібек жолы өткен әрі осы замандардан бері құрыштай берік дала халқы өсіп-жетілді. Бұл өлкеде баланы ерте жасынан ат ертоқымына отырғызып, оларды мықты отыруға үйретті, егер керек болса, қиын кезеңдерде өз жерін, анасы мен қарындастарын қорғауға қалыптастырды. Тағдырдың ауыр замандарында, аймақтың би мен батырлары салиқалы шешімдер қабылдап, ақындары ел бірлігін қолдаған өлең – жырлар шығарып, халықтың рухын көтерген. Жарбұлақ елді мекенінде туып-өскен Қабанбай батыр – сардарды тарих мәңгі ұмытпайды. Бүгіндері аса бір сүйіспеншілікпен қазақ халқы оны «Дарабоз», «Хан батыры» - деп атайды. Тарбағатай алқабы, суықты да, аштықты да, соғыстыда, күштеуді де көп көрді. Үржар өңірі табиғаттың анық бояуы деуге әбден болады, бір жағы жазиралы дала, енді бір жағы көкжиекке көлденең түсіп жатқан Тарбағатай асулары. Қыс алдымен тауда басталып,алғашқы қар құзарт белдерде жатады. Көктем болса ең бірінші бауырындағы алқапқа келеді, ал шыңдар жаздың ыстығына дейін қармен демалады. Бұл жақтың адамдарыда еңбекқор және олжалы. Үржар станицасы 1854 жылы құрылған. Бұл арада бірінші болып Сібірден қоныс аударғандар, онан кейін Жетісу қазақтарының әскерлері тұрған еді. Кейінен Батыс Сібірдің шаруаларына бұл жаққа көшіп келуіне рұқсат берілді. Қазіргі уақытта облыс бойынша аудан – ең үлкен ауданның біріне жатады. 1999 жылғы санақ бойынша мұнда қазір 95350 адам тұрып жатыр. Қазір ауданда ауыл шаруашылығының жақсы жолға қойылуынан жергілікті экономиканың көтеріле бастағаны байқалады. Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу жоғары деңгейде дамып, дүкендерге жергілікті өндірістің тамақ өнімдері көптеп түсуде. Сауда мен тұрмыстық қызмет көрсету, кәсіпкерлік кеңейе түсуде. Ауданның одан әрі өркендеп, дамый түсуіне, жаңа заманның құрылымдары; ЖШС «Юбилейный» - Т. Қарашев, «Келдімұрат» К. Қасенов, АҚ «Үржар-Астық» - Н. Коваленко, «Атамекен» фирмасының президенті - Ә. Садықов, «Бәкей» шаруа қожалығының жетекшісі – Т. Жирентаев, үлкен үлес қосуда. Бұлар 2000 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоғары наградаларының иегері атанды. Аудан басшылығы Үржар тұрғындарының денсаулығы мен білім алуына айтарлықтай қамқорлық көрсетуде. Қазіргі заманның медициналық құрал-жабдықтары мен компьютерлеріне жеткілікті түрде қаражат жұмсалуда. Соның арқасында ауданның мектеп бітірушілері Қазақстан мен Ресейдің жоғары оқу орындарына көптеп түсуде. Ал бұлар Үржардың және еліміздің болашағы. Аудан экономикасының дамуы, жергілікті жердің мәдениеті мен спортының жедел дамуына әсер етуде. Тұрғындарға кеңінен танымал «Сонар», «Сельские зори», «Көңіл толқыны» ән-би ансамбілдері жұрт алғысын алуда. А. Найманбайұлы атындағы Мұражай аудан мақтанышы деп айтуға болады. Жыл сайын аудан көлемінде «Жауқазын», «Тарбағатай – 2000» фестивалі жас дарындарды анықтау конкурсы өтіп тұрады. Бұған жеті мыңдай жас таланттар қатысады. Бұл өлкеде өзіндік тарихи бар қазіргі спорт түрлері де өте жақсы дамуда. Әрбір жылдарда әлем, Европа, бұрынғы Кеңес Одағы және Қазақстан чемпиондары түлеп ұшты. Егер айтар болсақ, Д. Тұрлыханов, Н. Яковлева, М. Майфат, Б. Қоңыратов, Г. Панина, Б. Битебаева, В. Камсулова және Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген тренер Қ, Дүйсенова. Ауданның олимпиадалық резерв мектебі, Қазақстан Республикасының, халықаралық жарыстарының, Азиялық және олимпиадалық ойындардың чемпиондары болған талай мықты спортсмендерді өсірді. Олардың ішінде: Д. Тұрлыханов, О. Яцкая, А. Иманбаев, Д. Баяхметов, А. Назаров, А. Шира, Е. Слямов және басқаларды айтуға болады. Олардың алтын және күміс медалдары Республикамызға әлемдік даңқ әкелді. Үржар, Кеңес Одағының батыры В. Колесников және он сегіз Социалистік Еңбек ерінің шыққан аймағы. Аудан жұртшылығы шынайы құрметпен және мақтанышпен академик Л. Садықованы, Ұлттық техника университетінің ректоры, Қазақстан Республикасы ғылым Академиясының корресппондент мүшесі М. Смайыловты, Қазақстан Республикасы ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, медицина ғылымының докторы С. Байжановты, генерал – лейтенант И. Артемовты, қазіргі уақыттың үлкен жазушыларының бірі, К. Жұмәділовты, оның әріптесі А. Сәдуақасұлы, сазгер С. Тұрысбековты, Ғ. Даукенованы айта алады. Бұл аймақтың ауа-райы қатал және әдемі. Сонымен қатар облыс көлеміндегі, толған алма бақтары гүлден десте жамылған жалғыз ғана аудан. Мамыр айында Тарбағатай биіктерінен алқызыл қар тау етектеріне қарай жылжығандай болады. Аудандық саз мектебі туралы Үржар аудандық балалар саз мектебі 1973 жылы құрылған. Мектеп қабырғасында 272 оқушы білім алса, 43 ұстаз еңбек етуде. Мақаншы, Жарбұлақ, Қарақол ауылдарында филиалдар жұмыс істейді. Мектепте фортепиано, скрипка, басқобыз, домбыра, қобыз, баян аспабы мамандықтары бойынша оқушыларды даярлайды. Мектеп өзінің: ҚР еңбегі сіңген әртіс композитор Г. Дәукенова, «Отырар сазы» оркестрінің музыканттары Қойлышев С., Нұрақов А. музыка аспабын жасау шебері Сатыбалдинов С., әншілер М. Нұрмұхаметова, Г. Темірбекова сынды түлектерін мақтан тұтады. Ұстаздар ұжымы П-ші облыстық «Шығармашылықтар бірлестіктер» конкурсының лауреаты. Жоғарғы білімді 10, орта арнаулы 33,1 категориялы 8, П-категориялы 22. 1991 жылдан КСРО халық әртісі, композитор Е. Рахмадиев атында. Музыка мектебінің ұстаздары «Көңіл толқыны» халық аспаптар оркестрінің құрамында аудан, облыс көлеміндегі барлық мәдени шараларға белсене қатысады. Музыка мектебінің оқушылары облыстық «Жас музыкант» конкусының жүлдегерлері. Мектеп мүдірінің орынбасары Кебіспаева М.Х. осы мектептің түлегі. Мектеп мүдірі: Өмірбаев Бақыт Әбенұлы. Аудандық ардагерлер кеңесі туралы Үржар аудандық ардагерлер Кеңесінде 26 мүше бар, ревкомиссияда 3 адам (төрағасы Жабаев Нақысбек, 3 тұрақты комиссия бар. аудандық ардагерлер ұйымында селолық округтар бойынша – 27, Мақаншы ішкі істер бөлімінде, Үржар кісі тасу паркінде барлығы 29 бастауыш ұйымдар бар. Аудандық ардагерлер Кеңесі өз жұмыстарын жоспар бойынша жүргізіп отырады. Жылына бір рет пленум, 4 рет әр тоқсан бойынша президиум мәжілістері. Аудан Әкімі Селиханов Д.М. ұйғаруымен барлық соғыс ардагерлері аудан Әкімінің орынбасарларынан бастап, бөлім меңгерушілері, мекеме басшылары, ауыл әкімдеріне, мектеп мүдірлеріне бекітілген. 2004 ж. Алматы қаласының ардгерлер кеңесінің, қалалық Акиматтың ұйғаруымен барлық соғыс ардагерлері мен оған теңестірілгенді аралап, олардың тұрмыс, әлеуметтік жағдайларын тексерген бастамасын біздің облыс аудандарында да жүргізді. Бұл істі атқару үшін аудандық ардагерлер кеңесі, аудандық жұмыспен қамту әлеуметтік қорғау, денсаулық қорғау бөлімдерінің бірлескен мәжілісінде қарап іс-шаралары белгіленді. Селолық округтер бойынша кімге қандай көмек беру мәселелері белгіленіп олар іс жүзіне асырылуда. Бүгінде ауданда 103 соғыс ардагері, 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы жылдарында екпінді еңбегі үшін медальмен марапатталғандар – 130, армияда болғандар – 23, соғыста қаза тапқандардың жесірлері – 17, соғыс жылдары кем дегенде 6 ай тылда жұмыс істегендер – 1087 адам анықталды. Абай ауданы (Шығыс Қазақстан облысы). Абай ауданы - Шығыс Қазақстан облысының оңт.-батысындағы әкімш. бөлініс. 1928 ж. құрылған. А. а. 1993 жылдан ҚР Президентінің Жарлығымен Абыралы ауданы болып, ол 1997 ж. таратылды да, бұрынғы атауымен қайта аталды. Жер аум. 20,0 мың км2. Тұрғыны 16,1 мың адам, орташа тығызд. 1 км2-ге 1,2 адамнан келеді (2006). Аудан орт. – Қарауыл а. А. а-ның жері ойлы-қырлы болып келеді. Оңт.-батысын Ханшыңғыс (1152 м) және Шыңғыстау (1077 м), шығысын Дегелең, Ордатас, батысын Дос, Мыржық таулары алып жатыр. Кен байлықтарынан мәрмәр, гранит, қиыршықтас, құм, т.б. өндіріледі. Климаты континенттік, қысы суық, жазы ыстық, құрғақ. Орташа ауа темп-расы қаңтарда – 15,5°С, шілдеде 20,5°С. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлш. 250 – 350 мм. Аудан аумағынан Шаған, Ащысу, Бөкенші өзендері ағып өтеді. Жазда құрғап қалатын ұсақ өзендер мен жылғалар, ащы және сор көлдер көп. Жері қоңыр және сортаң топырақты келеді. Өсімдіктерден далалық өңірде селеу, бетеге, жусан, ши, таулы өңірлерде терек, қайың, өзен бойларында тал, қарақат, мойыл өседі. Жануарлардан арқар, елік, қасқыр, түлкі, ор қоян, қарсақ, борсық, күзен, тиін, сарышұнақ; құстардан дуадақ, құр, бұлдырық, бөдене, тырна, қаз, үйрек, бүркіт, т.б. мекендейді. А. ш-на пайдаланатын жер аум. 3271,2 мың га (2006), оның ішінде егістік жері 66,6 мың га, шабындық 61,4 мың га, жайылым 3141,1 мың га (2001). Тұрғындары облыс орт. – Өскемен қ-мен және көрші аудандармен автомоб. жолдары арқылы қатынайды. Ауданда Абай Құнанбаев пен М.О. Әуезовтің мұражайлары, Жидебай қорығы, Сарыкөл, Қоңыр әулие үңгірлері, Еңлік – Кебек зираты, т.б.тарихи орындар мен туристік маңызы бар көрікті жерлер бар. Баянауыл ауданы. Баянауыл ауданы - Павлодар облысы Баянауыл ауданы 1928 жылы құрылған, солтүстігінде Екібастұз қаласының ауылдық аймақтарымен, оңтүстігінде және батысында Қарағанды облысымен, шығысында Май ауданымен шектесіп жатыр. Жалпы жер көлемі 1850,7 мың.га, соның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 1492,2 мың га, оның 50,42 мың гектары егістік, 148,96 мың га тыңайған жер, 3,8 мың гектары шабындық, 1,2 мың гектары жайылым жерлер. Аудан аумағында көлемі 50,5 мың гектарды алып жатқан Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи парк орналасқан. Аудан аймағында 32 мектеп, 34 денсаулық сақтау объектісі, 128 спорт зал, 36 кітапхана, 13 клуб жұмыс істейді. Аудан халқының саны 2009 жылдың 1 сәуіріне 28,6 мың адамды құрады. Аудан құрамына 14 селолық округі және Майқайың поселкесі 40 елді мекен кіреді. Аудан орталығы - Баянауыл селосынан облыс орталығына дейінгі ара қашықтық 230 шақырымды құрайды. Баянауыл ауданы бойынша қолданыстағы 7 аймақтық бағдарлама іске асырылуда. Май ауданы. Май ауданы - Павлодар облысы Қазақстанның Ресеймен қосылғанына дейін, ауданның жер көлемі Орта Жүзге қарады. ХІХ ғасырда аудан Омбы облысына қарады. 1833 жылынан 1868 жылға дейін Баянауыл аймағына қарады. Павлодар уезі құрылғаннан кейін, ауданның көп жері Павлодар уезіне кірмей Семей уезіне қарады. Ал Белогорье мен Қызыл-құрама ауылдары Павлодардың Ақсу болысына қарады. 1928 – 1929 жылдары болыстардың орнына аймақтар құрылды. Осы жылдары ауданның жер көлемі Семипалатинск аймағына қарап, орталығы Малдар ауылы, Қызылтаң ауданы болып бекіді. 1932 жылы ауданның бір бөлігі Павлодар облысының Бесқарағай ауданына қараса, екінші бөлігі Баянауыл ауданына қарады. 1938 жылдың 15 қаңтарынан бастап Павлодар облысы құрылғандықтан Ертіс өзенінің оң жақ және сол жақ жағалаулары Павлодар облысына қарады. 1939 жылдың 16 қазанында Қазақ ССР Жоғары Президиумы Кеңесінің Жарлығымен Май ауданы құрылды. Май ауданына Баянауыл ауданының 2 ауылкеңесі мен Бесқарағай ауданының 6 ауылкеңесімен қатар Каганович ауданының Жалтыр ауылкеңесі кірді. Май ауданының орталығы, Май ауылы болды. 1963 жылдың 2 қаңтарында Қазақ ССР Жоғары Президиумы Кеңесінің Жарлығымен Май ауданы таратылды. 1964 жылдың 31 желтоқсанында Қазақ ССР Жоғары Президиумы Кеңесінің Жарлығымен Май ауданы қайта құрылды. (1992 жылдан бастап Көктөбе селосы) Бекішев Алтайдың моласы (1906 – 1942 жылдары), Май аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, 1942 жылы қарақшылардың қолынан қаза тапты (Май ауылы) 1930 жылы Май отқа төзімді саз шығару орталығы. Археологиялық орта ғасырдағы ескерткіштер, қорғандар, жоңғарлардың «Қарабалағасұн» қирандылары. Академик Ж. Әбдилдин, суретші Н. Нұрмаханбетова, ақын Н. Баймұратов пен әнші Б. Жылқыбаевтардың отаны. Ертіс ауданы. Ертіс ауданы - Павлодар облысы Ертіс ауданы 1928 жылы құрылды. Павлодар облысының солтүстік-батыс жағында, Ертіс өзенінің сол жағасында орналасқан. Аудан солтүстікте Ресей Федерациясының Омбы облысымен, шығыста облыстың Железинка, Қашыр аудандарымен, Оңтүстікте Ақтоғай ауданымен, батыста Ақмола облысымен шектеседі. Әкімшілік орталығы-Ертіс ауылы. Аудан тұрғындарының жалпы саны 26700 адамды құрайды. Аудан бойынша барлық елді мекендер саны – 34, ауыл және ауылдық округтер-18. Аудан орталығы мен облыс орталығының аралығы - 167 км, ең жақын темір жол станциясына дейін ара қашықтық – 156 км. Ауданда қыс суық, жаз ыстық. Аудан экономикасының басты бағыты – астық өндірісі. Негізгі өндіріске дәнді дақылдар құрылымында 90 % құрайтын бидай жатады. Ауданның жалпы аумағы – 1019020 га, оның ішінде ауыл шаруашылық жерлері -499999 га, жайылымдар – 102986 га, пішен шабу – 5298 га. Ағымдағы жылдың 1 қарашасына арналған мәліметтер: аудан бойынша зейнеткерлер саны-2737 адам, ҰОС қатысушылары-17 адам, мүгедектер-700 адам. Жұмыспен қамту орталығында тіркелген жұмыссыздар-193 адам, аз қамтамасыз етілген азаматтар – 287, жалғыз тұратын зейнеткерлер саны-190. Мемлекеттік мекемелер саны-57, жеке кәсіпорындар саны-63. Ірі қара мал саны-31211 бас, оның ішінде сиырлар-11099 бас, жылқы-9060 бас, қой, ешкі-30606 бас, шошқа-7879 бас, құстар-68632. Шағын бизнес субъектілер саны-984, дүкендер және қоғамдық тамақтандыру пунктері – 198, базар-1, тұрмыстық қызмет көрсетудің басқа объектілері-31. 9 мешіт және 1 шіркеу бар. Ауданда 31 жалпы білім беру мектептері, олардың ішінде орта – 23, негізгі-5, бастауыш-3 және саз, спорт, кәсіптік мектептер. Емдейтін мекемелер саны-35, оның ішінде аурухана, поликлиника, туберкулезге қарсы аурухана. Клубтар саны-22, кітапханалар саны-19, музей-1. Екі аудандық газеттер бар, олардың біреуі мемлекеттік тілдегі «Ертіс нұры», екіншісі - орыс тілдегі «Иртыш». Ағымдағы жылдың 1 қаңтар ахуалына 457 шаруа қожалықтары, 23 ауыл шаруашылық кәсіпорындар, оның ішінде 23 ЖШС қызмет етеді, жеке аулалар саны 6286. Қашыр ауданы. Қашыр ауданы - Павлодар облысы Әкімшілік орталық – Қашыр с., облыс орталығына дейін (Павлодар қ.) 112 километр. Аудан аумағы 6,8 мың шаршы километр құрайды. 2009 жылдың басына аудан халқының саны 23,7 мың адам құрады. Ауданда 9423 (39,8%) қазақ, 10352 (43,8%) орыс, 1612 (6,8%) украин, 284 (1,2%) белорус, 1287 (5,4%) неміс, 193 (0,8%) татар және 509 (2,2%) өзге ұлт өкілдері тұрады. 2009 жыл басына тіркелген кәсіпорындар саны 168-ді құрайды, оның 128-і жұмыс істейтіндер. Ауданда шығарылатын µнеркәсіп және ауыл шаруашылық негізгі өнім түрлері: дәнді дақылдар өсіру, ет өнімдерің өндіру. 2008 жылғы орташа жан басына шаққандағы ақшалай табыс (бағалау бойынша) - 20250 теңге. 2008 жылы облыс көлемінде ауыл шаруашылық өнімдерінің сыбағалы салмағы: дән – 15,5%, ет – 8,0%, сүт – 8,3%, жұмыртқа – 5,0%, жүн - 5,7% құрады. 2008 жылдың егін шығымына арналған ауыл шаруашылық дәнді дақыл егіс аумағы 184,8 мың га құрады, соның ішінде дәнді дақылдар – 104,4 мың га, күнбағыс – 51,3 мың га, картоп – 1,1 мың га., көкөніс – 122 га, азықтық дақылдар – 27,9 мың га. 2008 жылы 28,8 мың тонна дәнді дақыл өндірілді, 5,5 мың тонна күнбағыс, 11,8 мың тонна картоп, 2,9 мың тонна көкөніс, 5,9 мың тонна ет, 28,1 мың тонна сүт, 6,7 млн. дана жұмыртқа, 52 тонна жүн. 2009 жылдың 1 қаңтарына ірі қара мал саны 24,3 мың бас құрады, қой мен ешкі 23,2 мың бас, шошқа 4,5 мың бас, жылқы 4,4 мың бас, құстар 66,0 мың бас. 2009-2010 оқу жылының басына ауданда оқушы саны 3220 адам 33 мемлекеттік күндізгі жалпы білім беру мектебі, оқушы саны 245 адам 1 кәсіптік-техникалық мектеп жұмыс істеді. Ауданда 2 аурухана және 11 дәрігерлік амбулаторлық-емхана ұйымдары бар, ондағы дәрігерлер және орта медициналық қызметкерлер саны сәйкесінше 29 және 133 адам. Ауданда 15 кітапхана және 15 клуб мекемесі бар. 2008 жылғы бір қызметкердің орташа айлық атаулы еңбекақысы – 29175 теңге (деректер филиалдарды қоса алғанда ірі және орта кәсіпорындар тобы, сондай-ақ санына қарамастан Басқару органдары, білім беру, денсаулық сақтау, қоғамдық, банк, сақтандыру ұйымдары бойынша келтірілген). 2008 жылғы тұтастай өнеркәсіп бойынша өнеркәсіп өнімінің (жұмыс, қызмет) көлемі 997,4 млн. теңге құрады. 2008 жылы бөлшек тауар айналым көлемі 414,3 млн. теңге құрады, көрсетілген қызмет көлемі – 92,4 млн. теңге. 2008 жылы негізгі капиталға түскен инвестициялар – 5137,9 млн. теңге. Барлық қаржыландыру көздері есебінен тұрғын үйлерді іске қосу – жалпы алаңы 316 шаршы метр. Шарбақты ауданы. Шарбақты ауданы - Павлодар облысы 1928 жылы 17 қаңтарда құрамында сол кезде Володарский деп аталатын біздің аудан бар, барлығы 9 ауданды қамтитын Павлодар округы құрылды. Біздің ауданның орталығы Вознесенка селосы еді. 1930-шы жылдардың басында ауданымыз Шығыс-Қазақстан облысының құрамына кірді. 1938 жылдың 15 қаңтарынан бастап Павлодар облысының құрамына енді. 1930-шы жылдардың басынан бастап шекаралар ұдайы өзгеріске ұшырап отырды да ауыл-советтерге бөлінді. 1944 жылдың 8 мамырында аудан Цурюпинский және Галкинский болып екіге бөлінді. 1963 жылдың 2 қаңтарында ауданымыздың аты Цурюпиский ауданынан Щербактинский болып өзгертілді. Орталығы Щербакты селосы Павлодар қаласынан солтүстік –шығыста 85 шақырым қашытықта орналасқан. Аудан орталығын қақ жарып темір жол көрші Ресей мемлекетіне өтіп жатыр. Ауданның тарихы мемлекетіміздің тарихын толық қайталайды. Мысалы, 1920-шы жылдары коллективтендіру, артельдер мен колхоздардың құрылуы, МТС-тардың ұйымдастырылуы біздің ауданның тарихында кеңінен орын алды. Бірақ аудан соғыс уақытында да бұзылған жоқ. Ауданда 66 колхаз, 4 МТС, орман шаруашлығы, май зауыты, «Интернационал» өнеркәсіп артелі, электростанция, темір-жол станциясы, кірпіш зауыты, байланыс жүйесі, типография, 67 мектеп жұмыс істеді. Соғыс жылдары ауданда өнеркәсіп комбинаты, қосымша сабын қайнататын цехтар ашылды, доңғалақ майын, тігін, тоқу, ұсташлық аспаптарын шығаратын цехтар ашылды. Соғысқа ауданнан 5062 адам кетіп, оның жартысы қайтпады. 2798 шарбақтылық соғыста қайтыс болған және із-түзсіз жоқ болып кеткен болып есептеледі. Ауданымызда Сталиндік қуғын-сүргін, халықтардың жаппалй көшірілуі сияқты үлкен қоғалыстар айналып өткені жоқ. 1941 жылдың өзінде ауданға түрлі ұлттар мен халықтардан 12500 кісі көшіріліп келді. Аудан тарихында тыңды игеру өзіндік орынға ие. Бірніші тыңды игерушілер 1954 жылдың 28 ақпанында келді. Олар Хмельницкий, Қарабидй совхоздарының негізін қалады. Лебяжі ауданы. Лебяжі ауданы - Павлодар облысы Лебяжі ауданы 1939 жылы құрылған, Павлодар облысының Оңтүстік-шығысында орналасқан және Оңтүстік-шығысында Ресей федерациясының Алтай өлкесімен, солтүстікте Шербақты ауданымен шектесіп жатыр, батыста аудан шекарасы Ертіс өзені арқылы өтеді. Ауданның аумағы 806,1 мың шаршы метрді құрайды. Павлодар қаласына дейін ара қашықтық 120 км. Аудан орталығы Аққу ауылы. Аудан аумағында 27 елді мекендердін тұратын 11 селолық округтер орналасқан. Тұрғындар саны 15131 адамды құрайды. Ауданның негізгі бағыты – мал шаруышылығы, сонымен қатар бақша дақылдарын өндіру болып табылады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен 5 ЖШС, 172 шаруа қожалықтары айналысады. Сонымен қатар ауданда ақ басты асыл тұқымды мал өсіру бойынша 2 асылтұқымды шаруашылық бар. Аудан бойынша өтетін автомобиль жолдарының ұзақтығы 602 шақырым (республикалық маңыздағы 135, аудандық маңыздағы 203, кіре беріс және ауыл арасындағы жолдар 264 шақырым). Жер құрамы бойынша 606793 га ауыл шаруашылығы пайдаланатын жерлер, 20092 га егіндік, 512607 га жайылым, 175722 га орман алқабы, 645 га су қоры. Аудан аумағында 27 білім беру мекемелері бар, оның ішінде 1 арнайы орта, 18 орта, 4 негізгі, 1 бастауыш, 3 мектеп жасына дейінгі. Сонымен қатар 6 бөлімшесі бар 305 адам айналысатын балалар-жасөспірімдер спорт мектебі бар. Денсаулық сақтау объектілері 24, оның 1 орталық аудандық аурухана, 1 туберкулезге қарсы аурухана, 8 дәрігерлік амбулатория, 14 медициналық пункт. Аудан бойынша 18 мәдениет объектілері, 24 кітапхана және 1 жылжымалы «Бұлақ» кешені қыөмет атқарады. Павлодар ауданы. Павлодар ауданы - Павлодар облысы Павлодар ауданы 1928 жылы бұрыңғы Павлодар уездінің болыстарынан құрылды. 1930 жылға дейін аудан Павлодар округінің құрамында болған. Ефремовка ауылында машина-трактор станциясында 1 трактор 9 ұжымдық шаруашылыққа қызмет көрсетіп, 1213 шаруашылықты біріктірген. МТС дәнді дақылдар бағыты бойынша жұмыс істеген. 1931 жылы 17069 га жаздық дақылдар егілді. МТС-тан басқа, Ленин машина-шөп станциясы жұмыс істеді, 1931 жылы 193700 га жинады. Ауданда бірнеше кәсіпорын жұмыс істеді: Коряковка өзенінде “Казсольтрест” тұз кәсібі, пар диірмені, ет комбинаты, кірпіш және сыра зауыттары. Коряковка тұз кәсіпорнында 1931 жылы 1061 мың рубльге тұз алынды, сыра зауыты 516 мың рубльге өнім берді, кірпіш зауыты – 103 мың рубльге өнім шығарды. Наркомирос желісі бойынша 1931-1932 оқу жылдары бірінші сатыдағы 119 мектеп - онда 7218 оқушы оқыды және 16 жоғары типті мектеп болды. Саяси ағарту жұмысын 15 клуб, 16 оқырман, 3 жылжымалы кино құрылғысы, 12 қызыл бұрыш және 4 кітапхана жүргізді. Емдеу желісі жақсы дамыды. 1931 жылы 90 орынды 4 аурухана болды. Оның үшеуі Павлодар қаласында орналасты. Ауданда 15 дәрігерлік және 15 фельдшерлік пункті жұмыс істеді. Павлодарда әйелдер–балалар консультациясы, санитарлық-бактериологиялық зертхана, пастеров станциясы, балалар мен жасөспірімдерді сауықтыру пунктісі. 1932 жылғы ақпанда Павлодар ауданы Шығыс-Қазақстан облысының құрамына кірді. Сол жылы партия ұйымын Қазақстанның мемлекеттік қайраткері А.Розыбакиев басқарды. 1935 жылғы 31 қаңтардағы РСФСР ВЦИК қаулысына сәйкес Шығыс-Қазақстан облыстық депутаттар кеңесінің 1935 жылғы 1 ақпандағы атқарушы комитеті Павлодар ауданының құрамына 23 ауылдық кеңестерін бекітті. ҚазОАК Президиумының 1938 жылғы 4 ақпандағы қаулысымен Павлодар ауданы қайта құрылған Павлодар облысының құрамына берілді. Павлодар облысының жаңа құрылуына байланысты Павлодар аудандық КП(б)К комитеті КП(б)К қалалық комитетіне қайта құрылды. Сонымен, Павлодар қалалық кеңесі аудан құрамынан шығып, Павлодар ауданы ауылдық аудан болды. 1939 жылғы 16 мамырдағы бірінші аудандық партия конференциясында аудандық партия комитетінің хатшысы болып М.Михайлов сайланды, ал аудандық атқарушы комитетінің төрағасы болып Ш.Досов сайланды. 1940 жылғы 15 наурыздағы жағдай бойынша Павлодар ауданының құрамына 11 ауылдық кірді: Ақтөбе, Гаврилов, Григорьев, Жана-ауыл, Жертұмсық, Петров, Роте-Фан, Романов, Чернорецк, Шақат және Ямышев. 1930-1935 жылдары егіншілік сала ретінде нашар дамыды, 13 шаруашылықта техника саны аз болды, дәнді дақылдар шығымдылығы екі центнерге де жетпеді. Жемшөп, жүгері өндірісімен айналыспады. Табиғи шабындыққа негізгі сенім артылды, себебі мал шаруашылығы үшін шемшөп дайындалды. Сонда да мал шаруашылығы өнімін өндіру төмен деңгейде болды, себебі мал жемі болмады. Ұрықтандыру және тұқымдық жұмысы сол уақытта жүргізілмеді. Алғашқы соғыстан кейінгі жылдары ауылдықтар өндіріс жоспарын орындау және өнім тапсыру үшін көп күш-жігер жұмсады. 1946-47 жылдары диқаншылар еңбегінің арқасында аудан егін шығымдылығы бойынша жоғары көрсеткішке жетті. Сол жетістіктері үшін КСРО Жоғарғы кеңесі Президиумының 1947 жылғы 9 сәуірдегі Жарлығымен көптеген еңбеккерлер үкімет наградаларын алды. 1947 жылғы егін көп шаруашылықтарға мал өнімділігін көтеруге ықпал етті. Кейінгі жылдары ауыл шаруашылығы өндірісінің соғыстың алдындағы деңгейі қалпына келтірілді және оданда жоғары деңгейге де жететін болды. Аудан еңбекшілері мал басын көбейту және дәнді, жемшөп дақылдарының шығымдылығын арттыру бойынша жоғары көрсеткіштерге жетті. Ұжымдық және кеңестік шаруашылықтардың жұмысы жылдан жылға жақсаруына байланысты, аудандық партия комитеті мен аудандық атқарушы комитеті ауылдықтардың мәдени сауығына, ең алдымен біліміне ерекше назар аудара бастады. Ірі кенттерде он жылдық мектептер, ал басқа жерлерде – жеті жылдық және бастауыш мектептер жұмыс істеді. Ауылдарда оқу залдары мен жылжымалы кино құрылғысы жұмыс істеді. Әр ауылда кітапханалар жұмыс істеді, ал шағын ауылдарда қызыл бұрыштар ұйымдастырылды. Аудан тарихындағы бет-бұрысты сәт – тың және тыңайған жерлерді игеру. 1954-1955 жылдары Павлодар ауданында тың және тыңайған жерлерді жырту кезінде дәнді дақылдардың алқаптары 3-4 есеге көбейді. Тың кезінде аудан аумағында жаңа кеңшарлар ұйымдастырылды: Ямышев, Преснов, Жаңа-Ауыл, Восточный, Кубанский. 1955 жылғы 20 қарашада ХІІІ аудандық партия конференциясында аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып Н.Кузин сайланды. Астық танабының кеңеюіне және егін шығымдылығының көтерілуіне байланысты 1956 жылы аудан бойынша өте жақсы астық егіні жиналып, сонымен қатар мал өнімділігі жоғарылады. 50-ші және одан кейінгі жылдары аудан облыс ішіндегі негізгі астық және мал шаруашылығы аудандары болып табылды. Сол жылдары аудандық комитет Ертіс өзені жағалауында орналасқан шаруашылықтарда көкөніс пен картоп егісін кеңейту, сондай-ақ көкөністің ерте егілетін сорттарын өсіру үшін жылыжайлар мен көшетхана шаруашылықтарын құру жөнінде шешім қабылдады. Жаңа кеңшарларда көптеген мәдени-ағарту мекемелері салынды: мектептер, мәдениет үйлері, дәрігерлік амбулаториялар. Ұжымдық шаруашылық маңындағы базаларда “Пресновский” және “Ямышевский” кеңшарлары ірілендірілді. “Жаңа-ауыл” мен “Павлодарский” кеңшарлары бірігіп “Павлодарский” кеңшары болды. 1962 жылдың басында ұжымдық шаруашылықтар мен кейбір кеңшарлар бөлімшелерінің базасында тағы да үш жаңа кеңшар құрылды: “Заря”, “Маяк” және “Маралды”. Ефремовка ауылында Павлодар МТС базасында жаңа мамандандырылған шошқа өсіретін “Ефремовский” кеңшары құрылды. Пресное ауылында “Авангард” құс кеңшары, ал Мичуринде – “Плодопитомник” қоян өсіру кеңшары ұйымдастырылды. Сонымен, ауданда 14 кеңшар мен 2 ұжымшар – Киров және Тельман атындағы ұжымшар болды. 50-ші жылдардың ортасында және 60-шы жылдардың басында құрғақшылық пен жаппай жер жыртуға байланысты дәнді дақылдар егістерінің көптеген бөлігі жел эрозиясына ұшырады. Осындай қиыншылық жағдайда Красноармейка ауылында “Кубанский” кеңшарының негізінде топырақты эрозиядан қорғау жөніндегі Тәжірибелік станциясы ұйымдастырылды. Ғылыми станциялар жел эрозиясымен күресу үшін алқаптық топырақ қорғау жүйесі мен жерді өңдеуді қолдануды ұсынды. Бұл шаралардың арқасында бірнеше жылдардан кейін егіншілік саласы жақсарып, астық шығымдылығы артты. 80-ші жылдарда ауданда бірқатар ірі сүт-мал шаруашылығы кешені және мамандандырылған сүт бөлімшелері жұмыс істеді. Ауданның озат шаруашылықтары – Киров атындағы және Тельман атындағы ұжымшарларда, сондай-ақ басқа да шаруашылықтарда бір сиырдан шыққан сауын үш мың килограмнан асты. Павлодарды көкөніспен қамтамасыз ету үшін Черноярка суару жүйесінде “Черноярка” жаңа кеңшары құрылды. Сол жылдары Павлодар ауданында облыс арасында ең үздік аудан қатарынан табылды. Ауданда сүт өңдеу, агротехника, дәнді және техникалық дақылдарды өңдеу, эрозияға қарсы шараларды ұйымдастыру ісімен облыстың барша ауыл шаруашылығы қызметкерлері айналысты. Аудан шаруашылықтарында мәдениет үйлері, типтік бала-бақшалар мен мектептер, амбулаториялар мен фельдшерлік пунктілер, тұрғын үйлер көтерілді. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері қоғамды демократияландыру және әлеуметтік-экономикалық реформалар бағытына бет алды. Аудан аумағында Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың саясатын жүзеге асыру ең алдымен аудан әкімшілігінің басшысына жүктеледі. 1994-1996 жылдары ауыл шаруашылығын реформалауға байланысты кеңшарлар мен ұжымшарлардың орнын акционерлік қоғамдар, өндірістік кооперативтер, шаруа қожалықтары басты. Жоғары көрсеткіштермен ерекшеленетін “Луганск” өндірістік кооперативі (төрағасы П.П.Кузьменко), “Кирова” ЖШС (директоры Н.И.Плевако), “Пресновское” шаруа қожалығы (С.Х.Байболатов), “Жаңа-Қала” ШҚ (Қ.Қ.Тұрлыбаев), “Омаров” ШҚ (К.К.Омаров) және бсқалары. Биыл ауданның құрылғанына 80 жыл толып отыр. Аудан әкімімен аудан әкімдігінде және ауылдық округтер мен ауылдарда жұмыс топтары құрылды, олар аудан тарихы туралы кітап шығару үшін материалдар жинақтап, әзірлеуде. Жер-жерлерде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қомақты үлестерін қосқан адамдарды құрметтеу шаралары, концерттер, дөңгелек үстелдер, түрлі көрмелер ұйымдастырылып, өткізіледі. Аудандық “Нива” газеті өз жұмысын 1930 жылы бастады, аудан тарихымен тікелей байланысты, ауданның, аудан халқының әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени өмірінің айнасы болып табылады. Успен ауданы. Успен ауданы - Павлодар облысы Успен ауданы 1935 жылдың 31 қаңтарында құрылған. 1935-1963 жылдары аралығында Лозовский ауданы деп аталған. Павлодар облысының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Аудан аумағының көлемі 5,5 мың шаршы километр. Ауданда 13 селолық округ, 22 елді мекен бар. Халқының саны 14707 мың адам. Успен ауданының әкімшілік орталығы – Успен селосы. Ауданда 2 аудандық бағдарлама және облыстық бағдарламаларды жүзеге асырудың 4 шаралар жоспары істейді. Экономика және ауыл шаруашылығы салаларының дамуы Аудан экономикасының басты саласы ауыл шаруашылығы болып табыла-ды. Өндірістік қызметтің басты бағыты - өсімдік және мал шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен 4 ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер (80%), 220 шаруа қожалықтары (92,8%), 4268 жеке аулалар (98,6 %) өндіреді. 2009 жылдың 1 сәуірінде қой мен ешкі саны 22,5 мың бас (113,1%), жылқы -4,3 мың (115,4%), шошқа -7,1 (102,3%), ірі қара мал саны 24,4 мың бас (100,7%), құс -52,9 бас (100,6%). 2008 жылмен салыстырғанда ет өндіру 7,8 мың тоннаны құрап, 0,6% артты, сүт өндіру 36,2 мың тонна (2008 ж. 100%), жұмыртқа 893,0 мың дана (2008 ж. 102,5%). Ауданда 12 қолдан ұрықтандыру пункттері жұмыс істейді. 2009 жылдың 3 айында 869 бас қолдан ұрықтандырылды, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 10 % артық. Қолдан ұрықтандыруға жалпы мал санының 10,6% тартылды (2008 жылы 9,8%). Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен 10 объекті айналысады (2008 жылы 13 объекті): 2 – шұжық өнімдерін, 1 – өсімдік майларын өндіреді, 1 диірмен, 6 наубайхана. Ағымдағы жылдың 3 айында қайта өңделген өнім көлемі: ұн - 44 тонна (110%), нан тоқаш бұйымдары 105,6 тонна (103,5%), өсімдік майы - 3,1 тонна (129,2%), шұжық өнімдері 5,0 тонна (111,1%). Ауданда 17 дайындау пункттері бар (121,4%) оның 8- ет дайындау бойынша, 9- сүт дайындау бойынша. Дайындалған өнімнің көлемі: ет – 314 тонна (103,3%), сүт – 961 тонна (100,7%), жұмыртқа – 497,0 мың дана.(104,6%). Успен ауданы аумағында автомобиль жолдарының ұзындығы 748,7 шм. Құрайды. Аудандық бюджеттен автомобиль жолдарын күтіп ұстауға 8,5 млн. теңге бөлінді (188,9%). Аудандық маңызы бар жолдарды орташа жөндеуге және күтіп ұстауға 9,6 млн.теңге бөлінді, Богатырь-Қаратай (0,6 шм), Успен селосының солтүстік кіре берісі (0,5 шм), Успен селосының оңтүстік кіре берісі (0,6 км) жолдарын жөндеу жоспарлануда. Ауылдық округтердің орталықтары аудандық және облыстық орталықтарымен автобус байланыстары бар. Ауданда 3766 нөмермен 18 АТС орнатылған. Аудан орталығында сөйлесу пункты бар. Успен селосында 2 таксофон қойылған. Барлық елді мекендерде телефон орнатылған. 100 адамға шаққанда телефон саны 25,4 (107,6%) құрайды. Ауданның барлық елді мекендері почта байланысымен қамтылған, 16 байланыс бөлімшелері мен пункттері бар. Аудан орталығына почта аптасына 5 рет, ауылдық округтерге 3 рет жеткізіледі. Елді мекендерге зейнет ақы мен жәрдем ақылар жеткізу жүзеге асырылады. Успен, Галицк, Ольгин, Тимирязев, Константинов ауылдары сумен орталықтандырылған түрде қамтамасыз етілген, қалған ауылдық округтерде –жеке құдықтар бар. Су құбыры желісінің жалпы ұзындығы – 45,1шм. 2009 жылы сумен жабдықтау желісінің жұмыс істеуіне 2,7 млн.теңге бөлінді. Су жинау колонкалары мен су құбыры желісін жөндеу жөніндегі жұмыстар жоспарлануда. 2009 жылы Тимирязев селосында су құбырын қайта жөндеу басталды, республикалық бюджет қаражаты есебінен 84,8 млн. теңге бөлінді, Су тарту мұнарасын, тереңдегі скважинаны, 2 су тарту станциясын қайта жөндеу жоспарланған, 58 үйге су тартылатын болады. Кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны 1.04.2009 жылы 519 құрады (99,4%). Аталған кәсіпорындарда 1324 адам жұмыс істейді, бұл халықтың экономикалық белсенді жалпы санының 12,7 %. 1.03.09 ж. Шағын және орта бизнестің сатылған тауарларының, жұмыс пен қызметтің көлемі 61,3 млн.теңге (96,8%). Бюджетке салық төлемдері 6,2 млн.теңге (159%). Жыл басынан бері 94 жаңа жұмыс орындары ашылды (2008 ж.-60). Ашық еңбек рыногында жұмыссыздық деңгейі 3,9 (2008 жылы 4,4). Жұмыссыздар санынан 46 адам (36 адам) немесе жұмыс іздеп келгендердің 57,5% жұмысқа орналастырды. Ауданда әлеуметтік көмек көрсетілетін 288 аз қамтылған отбастары есепте тұр (282 адам). Көмек алушылардың саны 6 адамға немесе 2,1% артты, 2242 мың теңгенің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі тағайындалды және төленді. Балалар жәрдемақысы 95 отбасына (191 бала) төленеді, 2008 жылы 93 отбасы (257 бала). 678,2 мың теңге сомасында балалар жәрдемақысы төленді. Бір қызметкердің орташа еңбек ақысы 2009 жылдың қаңтар айында 25293 теңгені құрады (117,9%). Нақты еңбек ақының индексі – 119,3%. Ауданның білім беру жүйесін 20 жалпы орта білім беру мектебі құрайды, оның 17 орта, 2 негізгі және 1 бастауыш мектеп. Мектеп жасындағы 1924 бала мемлекеттік міндетті білім алуға тартылған. Ауданда мемлекеттік тілде оқытатын 1 мектеп бар. Ауданда бір кәсіби мектеп бар, онда 215 оқушы ауыл шаруашылығы өндірісінің мастері, тағам кәсіпорнының маманы, тігінші мамандығы бойынша білім алады. 2009 жылы МТБ нығайтуға облыстық бюджеттен жатақхана үшін жихаз және оқушылар жихазын сатып алуға 1,1 млн.теңге бөлінді. Ауданда 3 бала бақша жұмыс істейді, Успен ауылындағы «Балапан» бала бақшасында-156 бала, Констанинов ауылындағы «Айгөлек» бала бақшасында -25 бала, Галицкое ауылындағы «Ақбота» бала бақшасында- 35 бала бар. «Тілдер туралы» Заңды орындау үшін «Балапан» бала бақшасында екі топ мемлекеттік тілде тәрбиеленеді және оқытылады. Ауданның педагогикалық ұжымдарында 418 мұғалім бар (94%),олардың 249 жоғары білімді, 142 орта білімді, 27 орта білімді. Барлық мектептерде заман талабына сай компьютерлік сыныптар бар, 20 мектеп Интернет желісіне шыға алады. Ауданда психологиялық-педагогикалық коррекциия кабинеті жұмыс істейді, оның мақсаты мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педаго-гикалық оңалту болып табылады. Кабинетте педагог-психолог, педагог-логопед и дәрігер-психолог мамандар жұмыс істейді. Ауданның 20 мектебінде оқушыларға ыстық ас ұйымдастырылған. 1924 оқушының 1617-сі ыстық аспен қамтылған. 814 оқушы тегін тамақтанады, соның ішінде 560 бала жаппай оқу есебінен және 254 демеушілер есебінен тамақтанады. Мектептердің материалдық техникалық жайын қолдау үшін ағымдағы жылы күрделі жөндеуге 34,4 млн.теңге бөлінді, қазандарын ауыстырып, қазандықтарды күрделі жөндеуден өткізу, жылыту желісін жөндеу, жарық беру, ғимараттардың сыртқы келбеттерін жөндеу жоспарлануда. Сонымен қатар білім беру ұйымдарының материалдық – техникалық базасын нығайтуға -33,9 млн.теңге бөлінді, 8 оқушылар жихазын, компьютер сыныптарын, химия және физика кабинеттерін сатып алу жоспарланған. Ауданда 40 орындық Успен аудандық орталық ауруханасы, 25 орындық Константиновка селосының учаскелік ауруханасы, 15 орындық туберкулезге қарсы аурухана, 4 дәрігерлік амбулатория, 14 медициналық пункттер, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық станция және 7 жеке меншік дәріхана бар. Төсек орны соңғы үш жылда артқан жоқ және 2009 жылы 80 орынды құрады, 10 мың адамға шаққанда төсекпен қамтамасыз ету 54,4. Ауданда медицина қызметкерлерінің кадрлық құрамын 14 дәрігер, 73 орта буын медицина қызметкерлері құрайды. Денсаулық сақтау саласын дамытудың негізгі міндеті көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру болып табылды, бұл жоғары білікті мамандарсыз мүмкін емес. Аудан тұрғындарының 10 мыңына шаққанда 9,5 құрайды, орта буынды персонал 49,6. Туберкулез ауруының көрсеткіші 100 мың тұрғынға 59 промилле (2008 жылы 69 промилле). Онкоауруының көрсеткіші 100 мың тұрғынға 72,8 (2008 жылы -59,6). Ауданда мәдениет ошақтарының желісі 37 бірлік, соның ішінде 18 ауылдық кітапхана, 19 ауылдық клуб мекемелері 1 мұражай. «Бұлақ» бағдарламасына сәйкес Константинов АМҮ 9,9 млн.теңге, Ольгин АМҮ-2,8 млн.теңге, Ковалев АМҮ – 2,0 млн. теңге күрделі жөндеу өткізу жоспарлануда. Аудандық бюджеттен материалдық –техникалық материалдық базаны нығайтуға 0,9 млн. теңге бөлінді, костюмдер сатып алу жоспарланған. Ауданда 30 спорт залы бар, БЖСМ жұмыс істейді, 2612 адам спортпен айналысады (2008 жылы 2602). Областық бюджеттен материалдық –техникалық материалдық базаны нығайтуға 1,0 млн. теңге бөлінді, жаңа спорт инвентарларын сатып алу жоспарланған (55 шаңғы жиыны). Аудан бюджетінің көлемі 2009 жылы 1111,6 млн.теңгені құрады, соның ішінде бюджеттің жалпы көлеміндегі трансферттің үлес салмағы - 88,6% немесе 984,5 млн. теңге, оның субвенциясы – 837,7 млн. теңге. Жыл басынан аудан бюджетіне жоспар 28,7 млн. теңге болғанда 35,0 млн. теңге өз кірісі жұмылдырылды, жоспардан тыс түсім 6,3 млн.теңге немесе 121,9%. 2008 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда бюджеттің кіріс бөлігі 279,4 млн. теңгеге ұлғайды немесе 33,6%. Аудан бюджетінің шығыс бөлігі жоспар 234,9 млн. теңге болғанда 94,2% орындалды, нақты орындалу 221,3 млн. теңгені құрады. Железин ауданы. Железин ауданы - Павлодар облысы Әкімшілік орталық – Железинка а., облыс орталығына дейін (Павлодар қ.) 188 километр. Аудан аумағы 7,7 мың шаршы километр құрайды. 2009 жылдың басына аудан халық саны 19,7 мың адам құрады. 2009 ж. басына жынысы және жеке жас топтары бойынша Ауданда 8094 (41,0%) қазақ, 8815 (44,7%) орыс, 942 (4,8%) украин, 220 (1,1%) белорус, 1053 (5,3%) неміс, 236 (1,2%) татар және 365 (1,9%) өзге үлт өкілдері тұрады. 2009 жыл басына тіркелген кәсіпорындар саны 146-ны құрайды, оның 125-ы жұмыс істейтіндер. Ауданда шығарылатын өнеркәсіп және ауыл шаруашылық негізгі өнім түрлері: сүт өндіру, дәнді және техникалық дақылдарды өсіру. 2008 жылғы орташа жан басына шаққандағы ақшалай табыс (бағалау бойынша) 22140 теңге. 2008 жылы облыс көлемінде ауыл шаруашылық өнімдерінің сыбағалы салмағы: ет - 8,0%, сүт – 8,0%, жұмыртқа – 6,1%, жүн - 7,0% құрады. 2008 жылдың егін шығымына арналған ауыл шаруашылық дәнді дақыл егіс аумағы 120,5 мың га құрады, соның ішінде дәнді дақылдар – 107,3 мың га, күнбағыс – 8,7 мыңңга, картоп - 1,1 мың га, көкөніс - 78 га. 2008 жылы 44,9 мың тонна дәнді дақыл өндірілді, 1,0 мың тонна күнбағыс, 6,3 мың тонна картоп, 2,1 мың тонна көкөніс, 5,9 мың.тонна ет, 27,2 мың тонна сүт, 8,3 млн.. дана жұмыртқа, 64 тонна жүн. 2009 жылдың 1 қаңтарына ірі қара мал саны 21,0 мың бас құрады, қой мен ешкі 23,7 мың бас, шошқа 9,2 мың бас, жылқы 5,7 мың бас, құстар 82,3 мың бас. 2009-2010 оқу жылының басына ауданда оқушы саны 2354 адам 38 мемлекеттік күндізгі жалпы білім беру мектебі, оқушы саны 232 адам 1 кәсіптік-техникалық мектеп жұмыс істеді. Ауданда 2 аурухана және 7 дәрігерлік амбулаторлық-емхана ұйымдары бар, ондағы дәрігерлер және орта медициналық қызметкерлер саны сәйкесінше 24 және 108 адам. Ауданда 16 кітапхана, 9 клуб мекемелері бар. 2008 жылға негізгі еңбек нарығының индикаторлары 2008 жылғы бір қызметкердің орташа айлық атаулы еңбекақысы – 30777 теңге (деректер филиалдарды қоса алғанда ірі және орта кәсіпорындар тобы, сондай-ақ санына қарамастан Басқару органдары, білім беру, денсаулық сақтау, қоғамдық, банк, сақтандыру ұйымдары бойынша келтірілген) 2008 жылғы тұтастай өнеркәсіп бойынша өнеркәсіп өнімінің (жұмыс, қызмет) көлемі 708,9 теңге құрады. 2006 жылға бөлшек тауар айалым көлемі 321,2 млн. теңгені құрастырды, көрсетілген қызмет көлемі – 115,3 млн. тенге. 2006 жылы негізгі капиталға түскен инвестициялар – 362,4 млн. теңге. Ақтоғай ауданы (Павлодар облысы). Ақтоғай ауданы - Павлодар облысы Орталығы – Ақтоғай селосы (3775 адам.) Ауданның құрылған күні – 1938 жылдың 2 қаңтары Аумағы мың ш.км. – 9,78 мың ш.км. Халық саны мың адам. – 16 607 адам Солтүстікте Ақтоғай ауданы Ертіс ауданымен, шығыста – Қашыр ауданымен, оңтүстікте – Ақсу ауданымен, батыста – Ақмола ауданымен шектеседі. Павлодар қаласына дейін қашықтық- 120 км. Ауыл шаруашылық алабының аумағы соның ішінде егістік жерлер – 36,4 мың га, шабындақ жерлер – 34,1 мың га, жайылымдар – 594,1 мың га, тыңайған жерлер – 246,0 мың га, бау-бақшалар – 0,45 мың га, көпжылдық өсімдіктер – 0,05. Аграрлық сектордың негізгі бағыттары астық өндірісі және мал шаруашылығы болып табылады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен ауданда – 7 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 102 шаруа қожалығы және 4142 жеке аула шаруашылығы айналасады. Кәсіпкерлік - аудан экономикасының маңызды құрамдас бөлігі және жаңа жұмыс орнын құрудың негізгі құралы болып табылады. Қазір ауданда 364 шағын бизнес субъектілері қызмет істейді. Ағымдағы жылдың басынан елді мекендерде көшелерге жарық беру, көріктендіру, көгалдандыру, санитарлық тазалықты қамтамасыз етуге - жергілікті бюджет есебінен – 18,3 млн.теңге жұмсалды. Аудандық маңыздағы жолдарға – 23,4 млн.теңге жұмсалды, оның ішінде, Қараоба және Әуелбек ауылдарына кіре беріс жолдардың орташа жөндеуі жүргізілді, аудандық маңыздағы жолдардың шұңқырлары тегістелді. Ақтоғай-Шолақсор автомобиль жолында 386,9 млн.теңгенің күрделі жөндеуі жүргізілді, облыстық маңыздағы жолдың орташа жөндеуі және күтіміне 43,7 млн.теңге жұмсалды. Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау. Президент Жолдауындағы кедейшілік пен жұмыссыздықты азайту жөніндегі жұмыстарды орындау үшін, аудан халқының табыстарын тұрлаулы өсіру тенденциясы сақталуда. Халық табысының негізгі көзі - бұрынғысынша еңбек ақы болып табылады. Орташа айлық жалақы – 30146 теңгені құрап, 2007 жылмен саластырғанда 3,5 %-ға өсті. 2008 жылы 179 отбасына 10,0 млн. теңге сомада атаулы әлеуметтік көмек төленді. 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасылардағы 1065 балаға мемлекеттік жәрдемақылар 10,0 млн.теңге сомада төленді. Денсаулық сақтаудың материалдық-техникалық базасын нығайту үшін 2008 жылы 519 мың теңге игерілді. Орталық аудандық аурухананың, туберкулезге қарсы аурухананың, 3 дәрігерлік емхананың күрделі жөндеуі – 16,7 млн.теңгеге жүргізілді. 2008 жылы 205 бала өмірге келді, бұл өткен жылдағыдан 7-ге артық, адамдар қайтыс болу көрсеткіші төмендеді. Қазір аудандағы 31 жалпы білім беретін мектеп 2736 оқушыны қамтып отыр (2006-2007 оқу жылы оқушылар контингенті 2884 болатын). 2008 жылы Ақтоғай ауылында 520 оқушыға арналған мектеп құрылысы аяқталды. Ауданда білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жалғастырылуда. 2008 жылы бағдарламаны жүзеге асыру үшін, материалдық техникалық базаны нығайту және күрделі жөндеу жұмыстарына 52 млн.теңге бөлінді. Мәдениетті қолдаудың аудандық кешенді бағдарламасы аясында 2008 жылы мемлекеттік және басқа мерекелерге арналған іс-шаралар өткізіліп отырылды. Материалдық - техникалық базаны жабдықтауға 10 млн. 500 мың теңге жұмсалды, аудандық клубтар үшін жиһаздар, сахналық костюмдер, музыкалық аппаратуралар сатып алынды. “Бұлақ” бағдарламасы бойынша Қожамжар, Шолақсор, Мүткенов ауылдарындағы мәдениет үйлеріне 10,6 млн.теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қараоба ауылындағы мәдениет үйіне аудан бюджеті есебінен 10,0 млн. теңгеге жөндеу жұмысы жүргізілді. Ауданның клуб мекемелерінде 18 көркемөнерпаздар үйірмелері жұмыс істейді. Қарасу ауданы. Қарасу ауданы - Қостанай облысы Қарасу ауданы Қостанай облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Аудан Солтүстік-Қазақстан және Ақмола облыстарымен, сондай-ақ Қостанай облысының Сарыкөл, Әулиекөл, Алтынсарин, Науырзым аудандарымен шектеседі. Қарасу ауданы 1939 жылы құрылды. Аудан аумағы 12,8 мың шаршы шақырымды құрастырады. Ауыл шаруашылығы алқаптарының жалпы жер алаңы 956230 га, соның ішінде егістік – 830244 га, пішен шабындығы – 2906 га, жайылымдар – 123013 га құрайды. Қостанай ауданы. Қостанай ауданы - Қостанай облысы Қостанай ауданы Орынбор-Торғай губерниясының Қостанай уезінің болыстарынан және Қостанай губерниясының құрамындағы жаңадан құрылған Свердлов облысынан (орталығы – Қостанай қаласы) 1921 жылы 1 сәуірде құрылды. 1922 жылы 21 шілдеде Қостанай ауданы жойылып, Қостанай уезіне қайта құрылды (1923 жылы 5 шілдеде Қаз. ССР ЦИЬС бекітілген). ВЦИК Қаулысының негізінде 1925 жылы 14 қыркүйекте Қостанай уезі Қаз. ССР ЦИК-ке тікелей бағынатын Қостанай округіне қайта құрылды. Затобол ауданы 1928 жылы 17 қаңтарда Қостанай округінің құрамындағы Больше-Чураков, Затобол, Боровской және Павлов болыстарынан құрылды. (Орталығы - Қостанай қаласы). «Красный пахарь» кенті. 1930 жылы 17 желтоқсанда Қостанай округі жойылды, Затобол ауданы Қостанай және Семиозер аудандарына қосылды. 1930 жылы 17 желтоқсанда Қостанай ауданы Аман-Қарағай, Боровой, Затобол, Меңдіқара, Обаған аудандары және Қостанай округінің Қостанай қаласы бөліктерінен қайта құрылды. (орталығы – Қостанай қаласы). 1932 жылы 20 ақпанда Ақтөбе облысы құрылды. Қостанай ауданы Қостанай қаласы орталығымен соның құрамына кірді. 1936 жылы 29 шілдеде Қостанай облысының құрылуымен Қостанай ауданы (Орталығы – Қостанай қаласы) соның құрамына кірді. Қостанай қаласы орталығымен Қостанай ауданы Нариманов кенті Қаз. ССР Жоғары Кеңес Президиумының Жарлығымен 1963 жылы 2 қаңтарда Қостанай облысы құрамында бұрынғы Затобол (1928ж)), Қостанай (1930ж) аудандарынан, және Обаған (1928) ауданының бөлігінен Қостанай селолық ауданы құрылды. Орталығы Затобол кенті. Еңбекшілер депутаттарының Қостанай селолық облыстық Кеңесінің 1964 жылғы 14 мамырдағы № 252 шешімімен Қостанай селолық ауданының Затобол елді мекені қалалық кенттердің санатына жатқызылды. Затобол кенті алғаш рет «Обзоры Тургайской области» басылымында 1890 жылы шығады. Затобол кентінің құрылу күніне байланысты бұдан артық нақты мәлімет жоқ. Затобол кентінің құрылуы туралы тарихи мәліметтер Қалалық типтегі біздің кент өз тарихын кең қазақ жерлеріне Ресейдің орталық облыстарынан қоныс аударушылар келе бастаған уақытта, ХІХ ғасырдың аяғынан бастайды. Көптеген ресейліктер Орал тауларының ар жағына кетті, басым көпшілігі Солтүстік Қазақстанда тұрақтанды. Осы кезеңде ол уақытта асау болған Тобыл өзенінің оң жақ жағалауына аздаған қоныс пайда болды. Бұл 1881 жыл болатын, бұнда Тамбов, Саратов облыстарының, Воронеж губерниясының шаруа отбасылары келді. Барлығы алты отбасы тұрақтанды: Шерниндер, Карагодиндер, Дреевтер, Ерохиндер, Сложеникиндер, Барышевтар. Олар қазақ даласы ішінде орыс кентінің негізін қалады. Олардың артынан басқа да қоныстанушылар келді. Алғашқы қоныстанушылар Ширниндер, Карагодиндердің немерелері, шөберелерінің айтуы бойынша алғашқы қоныстанушыларды қажеттілік, жақсы өмірге деген ұмтылыс осында алып келген. Жергілікті Ново-Николаевск билігінің шешімімен оларға Боровой, Татьяновка және Янушевкадан таңдауға жерлер бөлінсе де, олар өз еріктерімен Қостанайдан бес километр жерде Тобылдың оң жақ жағалауында қоныстанған. Өзара ақылдаса келіп, олар 1881 жылы жаз бойы жер үйлер тұрғызып, қыстап қалады. Билік өкілдері тәртіп орнатуға тырысады және «делқұлыларға» тиісті шаралар қолданамыз деп қорқытады. Уезд басшысы қоныстанушылардың ісін дәл осылай сипаттайды. Алайда «делқұлылардың» қатарына қосылғысы келгендердің саны көбейе береді, ал олармен қоса көшеге ұқсас жер үйлердің қатары пайда болады (сол жағы Ленин көшесі). Барлық қоныс аударушылар бұрын орталық Ресейде тұрған. Ағаш үлерге, ұлкен ауылдарға үйреніп қалған. Ал бұнда Тобылдың жағасында олар бірнеше жер үйлерді көрді. Бір жаз ішінде қазір Озерный көшесі тұрған жерге саманнан және пласттан тағы бірнеше жер үйлер тұрғызды. ХІХ ғасырдың аяғы, ХХ ғасырдың басына қарай кенттің өскені сондай, ауланың саны сегіз жүзге дейін жетті. Ол Қостанайға және Тройцкіге балық, нан, ет керуеніне, қара мал айдау пунктіне айналады. Және барлық жолаушылар бұнда пана мен жылу тапқан. Қазіргі №2 мектептің орнына бақшалықпен айналысқан, қарбыз, қауын еккен. Шөп шабатын жерлер орманға дейін жеткен. Елді мекеннің айналасындағы жерлер құнарлы болды, оған шаруалар бидай, картоп, қара бидай өсірді. Жергілікті жерлерге қоныстану жоспарсыз жүрді, жер бөліп алуды әрбір жаңа қоныстанушы өз бетімен жүзеге асырды. Сондықтан қоныс аударушылар алғашында өз қонысын Самодуровка деп атады. Самодуровканың тұрғындары жергілікті тұрғылықты халықпен тату тұрды, жерді сатып немесе бір ондықты үш рубльге жалға алды, шөп шабу үшін шабындық жерлерді жалға алды. Тәртіпті Илья Павлович Ширнин бақылады. Затобол кентінің негізін қалаушылардың ұрпақтарының бірі, Михайл Иванович Ширнин құрметті демалысқа шыққанға дейін қазір Мичурин кентінде тұратын кенттік округтік әкімнің орынбасары болып қызмет атқарды. Заңсыз пайда болған кенттің қоныстанушыларының таңданарлық еңбекқорлығы мен табандылығы уезд басшылығының жүрегін тебірентті, сөйтіп ол: «Бұл «делқұлыларға» не істерсің енді» деген сөздермен Қостанайдағы жаңа кенттің пайда болу фактісімен келісті. Кентте өзін өзі басқару жүйесімен сайлау болды, Михайл Иванович Иосифтің арғы атасы жүзбасы болып сайланады. Сол уақыттан бастап қазір қала типіндегі кентке айналған Затобол ірі елді мекен ретінде қалыптасуын бастайды. ХХ ғасырдың басында үйлердің көпшілігі қамыспен жабылған ағаш үйлер болды, шет жағында жер үйлер де кездесті. Үй екі бөлікке бөлінді. Үйде орыс пеші, күн шығыстың бергі бұрышында қабырғалардың бойында икона болды. Аулалар тоқыма шарбақпен қоршалды, үй-жайдың артында мал қамайтын албар болды. Қақпалар жұқа тақтайдан, бірақ басым бөлігі өрілген шарбақтан жасалды. Селода бір дүңгіршек, екі кабак боолды, басқа керек-жарақтарды алуға халық қалаға қатынады. Патшалық үкімет мұнда саяси тұтқындардың келуіне мәжбүр етті, негізінде село тыныш өмір сүрді. Төңкерістен бұрын ауқаттылау адамдар үйлерінің шатырларын темірмен қаптап, биік қақпалар орнатып, техника сатып ала бастады. Артылғандарын қаладағы базарға шығарып, сонда сатты. Жиі-жиі бидай алуға Тройцкіден көпестер келіп тұрды. Қалада Петров және Покров күндеріне, жылына екі рет жәрмеңкелер ұйымдастырылды, онда селолықтар барып тұрды, ал төңкерістің алдында Жаңа жылға жәрмеңкелер Самодуровта өткізілді. 1905 жылдың мамыр айында Қостанайда ұйымдасқан түрде әлеуметтік-демократиялық топ ресімделді. Төңкерістік көңіл-күй Самодуров шаруаларына ықпалын тигізді. Төңкеріс бұл жаққа 1918 жылдың наурыз айында келді. Бірақ ақ казактар топтарына жаңа билік ұнаған жоқ. Аз уақыт өткеннен кейін олар Тобылдан өтетін көпірді, паромдарды басып алды және шаруаларды күштеп өз топтарына тартты, жылқыларын, шөптерін тартып алды, бағынбағандарын өлтірді. Ерлердің Колчак әскеріне жазылуын талап етті. Бас тартқандарын шетінен атты. Қарт Шустов ұлын ақтардың тобына қосуға беруден бас тартты, бұл үшін оны шетке алып кетіп, атып тастады. Бағынбаған Черноситовпен, Ждановпен және тағы басқаларымен де осылай істеді. Аға ұрпақтың өкілдері жаңа өмір үшін табанды күрестің барлық ауыртпалықтарын көтерді. Жаңа өмірге деген олардың жолдары оңай болған жоқ. Қажеттілік шаруаларды әуре-сарсаңға салды. Зауыт пен фабрикалардың тұрбалары түтіндеген жоқ. Кенттің нағыз тарихы басқалардікі сияқты Ұлы Қазан жеңісінен кейін басталды. 1919 жылдың басында Қызылдар тобы совет үкіметі үшін күресті бастады. Село үш мәрте қолдан-қолға өтті. Тек 1919 жылға тамыз айының екінші жартысында Қостанай уездінің барлық тұрғындарымен біздің кент ақ казактардың езгісінен Тухачевский басқарған Бесінші армиясының 111-полкімен азат етілді. 1920 жылы селода совет үкіметі түпкілікті орнады, кент Затоболовск деп аталатын болды, ал 1963 жылдан бастап Затобол деп аталды. Кенттің, сондай-ақ барлық ауданның экономикасын қайта қалпына келтіру бұл жылдары өте ауыр болды. 1920 жылғы кейбір жерлерге егін шықпауға 1921 жылғы аптап ыстық қосылды. Совет үкіметі жауларының қарақшылары мейірімсіздік істеді. Кент тарихына жерді бірлескен өңдеу бойынша «Заря» және «Восток» деген екі серіктестік тамаша шежіре қалдырды. Кооператив мүшелері негізінен кедейлер болды. Ақыр соңында бұл екі серіктестік «Заря Востока» деген бір колхоз болып біріктірілді. Жас колхоздың экономикасы өте әліз болды. Ол кездегі механизацияның деңгейі қуаттылығы аз екі «Фор-дзон» тракторларымен өлшенді. Жер мен ауыл шаруашылығы дамуының социалистік даму жолына түскен шаруалар өздерінің түпкі мақсаттарына жетіп, өз өмірлерін бақытты, қамсыз етті. Сельхозартельдің алғашқы басшылары Георгий Кондратович Ткаченко мен Степан Никифорович Стручков болды (кейіннен біріншісі автотрест басқарушысы, екіншісі аяқ киім фабрикасының директоры болды). Олар колхоз экономикасын көтеру үшін көп күш жұмсады. 1957 жылы бұл шаруашылық бұрынғы ат зауытының құрамына енді (облыстық тәжірибелік станция). Жаңа билік халық сауаттылығының дамуына көңіл бөле бастады. Жергілікті билік депутаттары кенттің байырғы тұрғыны Мария Матвеевна Гвоздеваның басшылығымен панасыздарды балалар үйіне анықтау, жаңа төрт сыныптық мектеп құрылысы бойынша үлкен жұмыс атқарды. Олардың бастамасымен оқушыларға арнап ыстық тағамдар даярлана бастады. Халық сауатсыздығын жою науқаны басталғанда да депутаттар өз күштерін жұмсауға аянып қалған жоқ. Бұл кезеңде ауыл мұғалімдері ерекше үлкен белсенділік танытты. Төңкеріске дейін кентте екі мектеп, оның біреуі шіркеулік болса, 1926-1927 жылдары төрт сыныптық мектеп ашылды, оның бір сыныбында 1-3 сынып оқушылары оқыса, екіншісінде 2-4 сынып оқушылары оқыды. Жеті жылдық білімі бар екі-ақ мұғалім болды. Бұл мектеп Ленин көшесінде орналасқан бұрынғы аудандық қаржы бөлімінің аумағында болды. Жоғары сынып оқушылары Қостанай қаласындағы мектепке қатынады. Қазір Затоболда төрт орта мектеп, музыка мектебі және балалар-жасөспірімдерге арналған спорт мектебі бар. Тек соңғы 10 жыл ішінде №3 орта мектеп, Нұржан Наушабаев атындағы қазақ орта мектеп-интернаты, музыка мектебі, ауыл шаруашылық колледжі ашылды. Аудан орталығында еңбектері мемлекет тарапынан жоғары бағаланған еңбегі сіңген педагогтар аз емес. Олардың қатарында Мац Зинаида Георгиевна, Сотникова Мария Петровна, Майко Валентина Михайловна, Мураева Надежда Александровна, Задорожная Тамара Николаевна, Сартов Жанғұтты Құттығожаұлы, Романенко Надежда Ивановна, Николенко Зоя Николаевна, Комасов Александр Павлович бар. Аудан орталығының мектептеріне беделді әрқашан оның мұғалімдері әкелді: ағарту ісінің үздіктері Е.Т. Тищенко, К.Ф. Дубынина, Н.В. Волынчук, Л. Петренкова, Е.К. Дощанова. Алыс сол жылдары мәдени-бұқаралық мекемелер бірен-саран болды. Затобол кентінде олар тіпті болған жоқ. Еңбек ардагері А.Семенкова біраз уақыт «Чебурашка» балалар бақшасы ретінде қызмет етіп келген Почтовый тұйық көшесі мен 40 лет Октября көшесінің бұрышында орналасқан шіркеу мектебінің клубқа қайта құрылғандығын айтады. Бұнда комсомолдар мен жастар спектакльдер, концерттер қойды, лекциялар, әңгімелер жүргізді, түрлі тақырыптық кештер ұйымдастырды. Кейіннен Ленин атндағы көшедегі Затобол кулактарының бірінің қайта құрылған үйі клуб болды. Бұл клубта кент тұрғындары алғаш рет таңғажайып тілсіз киноны көрді. Клуб жанында екі кішкентай бөлмеден тұратын шағын кітапхана жұмыс істеді. Бүгінгідей есімде, 1955 жылдың қысында осы жартылай бұзылған клубта бұрынғы Обаған, кейінгі біздің Қостанай ауданының үгіт-насихат жүргізуші бригадасына сөз сөйлеуге тура келді. Бүгінгі «Золотой Колос» Мәдениет үйін мәдениеттің бұрынғы ошағымен салыстыра алмайсыз. Біздің кент тарихи мұраға бай. Аудан орталығының мәдениет үйі жанында Қазақстандағы жалғыз «Земля целинная» суретті галереясы жұмыс істеді, онда алғашында 93 сурет, 2 мүсін болды, галерея Мәскеуге көрмеге барып келді. Аудан орталығында Ұлы Отан Соғысы жылдарында майданда қаза болған жауынгер-жерлестерімізге мемориал, халқының бақыты үшін өмірлерін қиған азамат соғысы батырларының құрметіне обелиск орнатылған. Затобол Адександров, Жуков, Давыденов, Рязанов, Владимиров, Нечаев, Шувалов және басқа да көптеген селолар сияқты Қостанай жеріндегі партизандық қозғалыстың шежіресіне енді. Затоболдың жанында біздің жерлесіміз, ұлы қазақ ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің кесенесі орналасқан, 2001 жылы педагогтың туғанына 160 жыл толуы аталып өтілді. Біздің кенттен үлкен өмірге көптеген талантты, жаны бай ғалымдар, қоғам қайраткерлері, көрнекті спортшылар шықты. Олардың арасында докторлар, ғылым кандидаттары, еңбегі сіңген мұғалімдер, абзал жанды хирургтар бар. Денсаулық сақтау саласы 1940 жылға дейін аянышты халде болды. Затобол халқына медициналық көмек көрсету мүлдем жоқ болды деуге болады, тұрғындарға Қостанай қаласының емдеу мекемелеріне баруына тура келді. Затоболдағы алғашқы медициналық пункт 1940 жылы 14 маусымда ашылды, оны Шатская Татьяна басқарды. Стационарлық көмекті халық бұрынғыдай Қостанай қаласының ауруханалық мекемелерінен Владимир селосындағы 10-кереуеттік учаскелік ауруханасынан алып тұрды. 1941 жылы 1 сәуірде кенттегі медициналық пункт дәрігерлік амбулаторияға қайта ұйымдастырылды. Соғыс жылдарында Затобол кентінде жұмыс істеген алғашқы дәрігерлер О.В. Мыльницкая мен Р.А. Слободян болды. Рахиль Абрамовна Слободян 1941 жылғы 1 қыркүйектен 1945 жылғы 15 маусымға дейін дәрігерлік амбулаторияның меңгерушісі болды. Ол жылдары оның көмекшілері патронаждық медбике Н.Стеблякова, акушер Н.Степаненко, фельдшер А.Ширнина, тіс дәрігерлері В.Ложминская мен Т.Пронина болды. 1942 жылы дәріхана, кейін аудандық санитарлық эпидемиялық станция ашылды. 1950 жылдың 1 ақпанынан бастап кентте балалар-әйелдер консультациясы жұмыс істей бастады, онда педиатр дәрігер Р.М. Воскобойникова, дәрігер-акушер-гинеколог М.П. Митясова, акушер А.П. Белова, патронаждық медбике Е.К. Летова жұмыс істеді. 1956 жылы 29 желтоқсанда 26 кереуеттік аудандық аурухана ашылып, кейіннен Орталық аудандық аурухана деп аталды, оның дәрігерлері қазіргі уақытта жеткілікті біліктілік пен үлкен жұмыс тәжірибесіне ие. Біз шын мәнінде кентімізді, оның тарихы мен қазіргі өмірін мақтан етеміз. Өткен мен бүгіннің қол жеткізген жетістіктерін көбейту, адал еңбек етіп, тәртіп пен жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің арасындағы өзара түсінушілікті, біздің тәуелсіз Қазақстанымыздың гүлденуіне мемлекетімізде тұрып жатқан барлық ұлт өкілдерінің бірлігі мен достығын нығайту қазіргі тұрғындар мен болашақ ұрпақтың міндеті. Сарыкөл ауданы. Сарыкөл ауданы - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы 1919 жылы құрылды. Аудан орталығы - Сарыкөл кенті. Аудан аумағы 6 мың 116 шаршы километрді алып жатыр. Аудан тұрғыны 24 мың 407 адамды құрайды, олар 41 елді мекенде тұрып жатыр. Аудан құрамында 13 ауылдық округ бар. Ауыл шаруашылығы аудан экономикасында 94 пайызын құрайды. Тауар өнімінің негізгі түрі – бидай. Аудында 21 ЖШС, бір өндірістік кооператив және 775 шаруа қожалықтары бар. Ауданымызда элеваторлар және нан қабылдау пункттері, шұжық цехтары, шағын наубайханалар, ағаш өңдеу цехтары, макарон және жиһаз жасау цехтары, төрт диірмен бар. Шағын кәсіпкерліктің субъектілері 1405 кәсіпорындармен және жеке кәсіпкерлермен ұсынылады. Ауданның әлеуметтік саласы- бұл аудандық орталық ауруханасы, 8 дәрігерлік амбулаториясы, 18 медпункттері 20 орта, 8 негізгі және 6 бастауыш мектептер, Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі, балалар-жасөспірімдер спорттық мектебі, өнер мектебі. Мектептердің оқу жабдықтары қазіргі заман талабына сай. Сарыкөл агробизнес және құқық колледжінде жеті мамандықтар бойынша білім алуға болады. Сарыкөл аудандық мәдениет үйінде жас жұбайлар некелерін тіркейді. Аудан орталығының балалар бақшасында мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілерді тәрбиелеу және оқыту үшін барлық жағдайлар жасалған. Ауданда дене шынықтыру мен спорт кеңінен дамыған. Федоров ауданы. Федоров ауданы - Қостанай облысы Федоров ауданы 1928 жылғы 17 қаңтарда құрылды Аудан Қостанай облысы солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан Аудан орталығы – Федоров селосы 1900 жылы құрылды. Аудан аумағы 7,2 мың шаршы метрді құрады. Ұлттық құрамы: қазақтар – 16,9 % Аудан бойынша тұрғындар тығыздығы – 1 шаршы метрге 3,94 адам Экономикалық белсенді тұрғындар – 16,8 мың адам, олардың ішінде: жұмыспен қамтылған тұрғындар – 15,93 мың адам, оның ішінде, өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар – 8,6 мың адам. Жұмыссыздар саны – 970, олардың ішінде ресми тіркеуден өткен – 128 адам. Жұмыссыздықтың ресми деңгейі – экономикалық белсенді тұрғындар санынан 0,8 % Жалпы жұмыссыздық деңгейі – 5,7 % ҰОС қатысушылары – 42, оның ішінде 8 – ҰОС мүгедектер Мүгедекетер – 977, олардың ішінде балалар – 80 Ауылшаруашылық алқаптар алаңы – 656,3 мың га Оның ішінде: Егістік – 416,1 мың га «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының аудандық филиалы– 1763 адам, бастапқы ұйымдар – 23 «Ауыл» партия облыстық өкілеттігінің аудандық филиалы – 628 адам «Аңшылар мен балық аулаушылар одағы» ҚБ – 1 «Федоров ауданының жастар орталығы» ҚБ – 1 «Мұрагер» облыстық балалар ұйымының аудандық филиалы – 1 Әлеуметтік саладағы барлығы мекемелер – 135 Білім беру мекемелер – 45 (4526 оқушы) Жалпы білім беретін мектептер – 39 (3552) орта мектептер – 17 (3131 оқушы), негізгі мектептер – 5 (246 оқушы), бастауыш мектептер – 17 (175 оқушы), мектепалды даярлау сыныптар – 41 (341 тәрбиеші), шағын орталықтар – 35 (615 тәрбиеші), мектепке дейінгі мекемелер – 2 (165 орын) Мектепке дейінгі тәрбиелеумен қамтылу - 91,4 % Ауданда жұмыс істейтін барлығы педагогтар саны – 495 адам Жоғары білімді – 354 (71,5 %) Орта кәсіптік білімді – 141 (28,5 %) Жоғары санатты – 43 (8,6 %) 1 санатты – 127 (25,7 %) 2 санатты – 177 (35,8 %) ҰБТ – 78,53. Сапа – 27,88 % Мектептердің 100 % Интернетке қосыла алады 1 компьютерге келетін оқушылар саны – 7,8 Түзеу сыныптар – 11 (85 оқушы) Жазғы демалыспен сауықтырылған – балалардың 73 % (4054,0 мың теңге) «Жан-Ана» акциясы - 320 бала (2769,0 мың теңге) «Мектепке жол» - 257 оқушы (1309,5 мың теңге) Ағымдағы жөндеуге 53371,2 теңге, оның ішінде бюджеттік қаражаттардан 85243,8 мың теңге және тартылған қаржаттардан 63720,0 мың теңге бөлінді Материалдық техникалық жабдықтандыру – 44707,5 мың теңге Педагогтардың орташа айлық жалақы – 45,2 мың теңге Өнер мектебі – 1, оның оқушылар саны – 260 БЖСП – 1, оның оқушылар саны – 574, Қосымша біліммен қамтылу - 23,1 % № 14 кәсіптік лицей – 1 Жыл ішінде ұстауға бөлінетін қаражаттар көлемі – 28259 мың теңге (облыстық бюджет), оның ішінде ағымдағы жөндеу мен ауласын абаттандыруға – 1093 мың теңге аудандық орталық ауруханасы (120 төсек-орын) – 1 емхана (ауысымда 250 келіп-кетулер үшін) – 1 аудандық орталық ауруханасы жанындағы дәріхана – 1 ауданаралық туберкулезге қарсы аурханасы (30 төсек-орын) – 1 жеке меншікті гинекологиялық кабинеті – 1 адандық емхана мен дәрігерлік амбулаториялар жанындағы күндізгі стационарлар – 9 ауданаралық жоспарлы және жедел хирургиясы орталығы (жылына 1200 операция) – 1 Орта медициналық қызметкерлер саны – 182 – орта медқызметкерлер – 46130 теңге 2009 жылға арналған қаржыландыру жоспары – 310 млн. теңге. 2009 жылы меджабдықтарға қаржы бөлінген жоқ. Амбулаториялық ауруларды тегін және жеңілдікпен берілетін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге бөлінген трансферттердің 16 млн. теңгеден 8,5 млн. теңге пайдаланылды Клубтық мекемелерде жұмыс істейтін қызмтекерлер саны – 71 адам Оның ішінде мамандар саны – 29 адам Жұмыс істейтін барлығы кітапхана қызметкерлері – 29 адам ішінде салынған спорт залдар – 4 спортпен шұғылданатындар саны – 3597 адам спорт мекемелерінде жұмыс істейтін қызметкерлер саны – 46 адам мектептерде жұмыс істейтін мұғалімдер саны – 30 адам Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі үй-интернаты – 1 Тұратындар саны – 46 адам; жыл ішінде ұстауға бөлінетін қаражаттар көлемі – 74,913 млн. теңге (облыстық бюджет) Жұмыс істейтін қызметкерлер саны – 37 Тұратындар саны – 179 адам, жыл ішінде ұстауға бөлінетін қаражаттар көлемі – 127,676 млн. теңге (облыстық бюджет), оның ішінде аымдағы жөндеуге – 15,0 млн. теңге Жұмыс істейтін қызметкерлер саны – 93 Адандағы әлеуметтік қызметкерлер саны – 35 132 адамға, олардың ішінде: 30 мүгедек балаға қызмет көрсетіледі «Капитал» ауыл несие серіктестігі жұмыс істейді – 1 Өңдеуде болған барлығы жер алаңы – 484 мың га Оның ішінде: шаруа қожалығының өңдеудегі – 205 мың га ЖШС өңдеудегі – 252,8 мың га 2009 жылғы сүрі жерлер алаңы – 88,7 мың га 2009 жылы аудан бойынша жазғы егістер алаңы – 368,7 мың га Олардың ішінде: ЖШС – 202,2 мың га, ШҚ – 166,5 мың га, 2009 жылғы 01 шілде жағдайына мал мен құс саны (басы) нның ішінде сиыр басы – 16930 ЖШС бойынша жалақы орташа алғанда 38530 мың теңге құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштерден 17 %-ға артық Қолданыстағы бағаларда 840,6 млн. теңге сомасында өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Физикалық көлемінің индексі 91,9 % құрады. Қазандық шаруашылықты ағымдағы жөндеуден өткізуге бөлінетін қаржы – 15 млн. теңге Жылу трассасын жөндеу (жылыту) – 1 млн. теңге Су құбырының жалпы ұзындығы – 53,7 км. Оның ішінде: магистральдық желілер – 19,2 км. 2008 жылында 102 млн. 461 мың теңге сомасына желілердің 10 км жөндеуден өткізілді 2009 жылғы 1 шілде жағдайына Федоров селосындағы су құбырының тарату желіліерін қайта жаңартудың (2-кезек) ЖСҚ әзірлеу жөніндегі 18 млн. теңгені құратын көлемінің 9,0 млн. теңге сомасына іс-шаралар өткізілді. «ФСҚБ» МКК үшін облыстық бюджеттен 16,6 млн. теңге қаражат бөлінді, экскаваторды сатып алу жөнінде 15,77 млн. теңгені құратын конкурсы өткізілді. Экскаватор сатып алынды. Шағын кәсіпкерлік сбъектілер саны – 1267, оларда 2705 адам жұмыс істейді, оның ішінде шағын кәсіпорындар саны 44, оларда 315 адам жұмыс істейді Кәсіпкерлік белсенділігі 1 мың тұрғындарға 43 субъектісін құрады. Оның ішінде: жартылай дайындалған ет өнімдерді шығару цехі – 5 өсімдік май шығару цехі – 2 наубайхана – 12 (шағын наубайханасын ашылу жоспарланып жатыр) оның ішінде шағын наубайханалар – 8 ІҚМ терін қабылдау пунктер – 2 7. 2009 жылғы 1 шілде жағдайына инвестициялар көлемі 321,9 млн. теңгені құрады, бұл 2008 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 27,8 %-ды құрады (754,4 млн. теңгеге төмендеу). Ақжайық ауданы. Ақжайық ауданы - Батыс Қазақстан облысы Ауданның аумағы 25,2 мың шаршы км тең. 2006 жылдың 1 қаңтарына қаланың халқы 44,8 мың адамды құрады. Халықтың орташа тығыздығы (1 шаршы км аумақта) 1,8 адамды құрайды. Аумақтың бедері – мезо- және микрорельефті кішігірім ойпаң қыратты болып келеді. Топырақ құрамы сортаң жерлері бар сұрғылт топырақты, дәнді-жусанды өсімдіктер өседі. Ең ірі өзен – Жайық өзені (жалпы ұзындығы 279 км). Аудан орталығы Чапаев кентінде орналасқан, ол 1939 жылы құрылған. Аудан орталығынан Орал қаласына дейінгі қашықтық – 125 км. Ауданда 18 поселкелік және ауылдық округтар бар. Шаруашылықтардың негізгі бағыты – етті ірі қара және жүнді-майлы қой шаруашылығы дамыған мал шаруашылығы. Мал шаруашылығымен қатар астық бағытындағы дала шаруашылығы дамыған. Жер аум. 13,8 км2. Аудан 1 қалалық, 14 ауылдық-әкімш. округке бөлінеді. Тұрғыны 46,0 мың адам (2003). Орт. – Чапаев а. Климаты континенттік. Орташа ауа темп-расы қаңтарда – 13 – 14ӘС, шілдеде 23 – 25 Бөрлі ауданы. Бөрлі ауданы - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы 1935 жылы 30 маусымда құрылған, 1965 жылы бар шекарасы бойынша аудан қалыптасты және Батыс Қазақстан облысының Солтүстік-Шығыс бөлігінде орналасқан. Аудан Батыс Қазақстан облысының үш ауданымен және солтүстігінде Орал өзенінің бойымен Ресей Федерациясының Орынбор облысымен шектеседі. Аудан аумағы 5556 мың шаршы метр алаңды алып жатыр. Ауданның құрамына 15 селолық округ және Ақсай қаласы кіреді. Аудан тұрғындарының саны 2009 жылғы 1 мамыр айына көрсеткіш бойынша 53341 адамды құрайды, оның ішінде Ақсай қаласында 32935 адам, халықтың тығыздығы 1 адамға 9,9 шаршы метрден келеді. Аудан орталығынан облыс орталығына дейінгі арақашықтық 120 км. Аудан аумағынан 85 км темір жол өтеді, ол облыс жолдары ұзындығының 17,1 % құрайды. Автомобиль жолдарының ұзындығы 465 км, оның ішінде 240 км қатты жабындымен, 220 км қиыршық тас жабындымен және 5 км топырақ жабындымен жабылған. Аудан аумағында пайдалы қазбалардың 10 кен орны белгілі, олардың біреуі - көмірсутекті шикізат, тоғызы - құрылыс материалдары. Кен орны қорының мөлшері, өнімділігі және қызмет мерзімі бойынша бірегей болып табылады. Бөрілі ауданы – Батыс Қазақстан обл-ның солт-ндегі әкімш. бөлініс. 1935 ж. құрылған. Жер аум. 5,5 мың км2. Тұрғыны 55,2 мың адам, орташа тығызд. 1 км2-ге 8,8 адамнан келеді (2006). Аудан 1 қалалық, 12 ауылдық әкімш. округке біріктірілген. Аудан орт. – Ақсай қ. Аудан жері өзен, сай-жыралармен тілімденген, қыратты, көтеріңкі жазық. Климаты тым континенттік. Жазы ыстық, қысы суық. Қаңтарда ауаның орташа темп-расы –15°С, шілдеде 24°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 200 – 250 мм. Б. а-ның жері шөлейт белдемде жатыр. Аудан аумағынан Жайық, Ақжайық, Елек, Шыңғырлау өзендері ағып өтеді. Жері негізінен қоңыр және сортаң топырақты. Кен байлықтарынан мұнай, газ (Қарашығанақ газконденсат кені), табиғи құрылыс материалдары кездеседі. Өсімдік негізінен өзен жайылмаларында өседі. Ағаштардан емен, шегіршін, терек, ырғай, т.б. бар. Жануарлардан түлкі, қарсақ, қабан; құстардан дуадақ, безгелдек кездеседі. Б. а. негізінен астық және мал ш-мен шұғылданады. А. ш-на пайдаланатын жері 553,2 мың га, оның ішінде егістігі 86,3 мың га, жайылым 56,2 мың га, шабындық 9,7 мың га. Б. а. арқылы Саратов – Елек (Илецк) т. ж., Ақсай – Жымпиты – Шыңғырлау автомоб. жолдары өтеді. Жаңақала ауданы. Жаңақала ауданы - Батыс Қазақстан облысы Ауданның аумағы 20,8 мың шаршы км тең. 2009 жылдың 1 ақпанына ауданның халқы 23,9 мың адамды құрады. Халықтың орташа тығыздығы (1 шаршы км аумақта) 1,1 адамды құрайды. Аудан аумағы Каспий маңы ойпатында орналасқан. Жердің беті негізінен тегіс, бірақ Каспий жағында, оңтүстікке қарай болмашы төмендейді. Аудан аумағы жер бедеріне қарай солтүстік, оңтүстік бөліктерге бөлінеді. Солтүстік бетте жер бедері негізінен тегіс, оңтүстік жағы құмды, құмайтты келеді. Көшпелі құмдардың ауданы көбіне 2 шаршы км дейінгі көлемді құрайды. Шағылдардың биіктігі шамамен 3-6 метр. Ірі өзендер: Үлкен Өзен - ұзындығы 70 км, Кіші Өзен - ұзындығы 60 км, Көшім - жалпы ұзындығы - 90 км, Мұқыр -ұзындығы 25 км. Ауданның негізгі топырағы ашық, сұрғылт топырақты, сортаң, сорлы, боз топырақты болып келеді. Өсімдіктер, негізінен бидайық, ақселеу, сүттеген араласқан сұрғылт жусан шөптерінен тұрады. Аудан орталығы 1972 жылы құрылған Жаңақала кентінде орналасқан, аудан орталығынан Орал қаласына дейінгі қашықтық - 252 км. Ауданда 9 поселкелік және ауылдық округтар бар. Шаруашылықтардың негізгі бағыты - мал шаруашылығы. Қысы жұмсақ, қар аз түседі, ол қой, етті ірі қара және жылқы шаруашылығын дамытуға өте қолайлы. Дала шаруашылығының жем-шөп, азықтық маңызы бар. Жаңақала ауданы - мал шаруашылығы бағытындағы жартылай шөлейтті III ауыл шаруашылық аймағына жатады (облыстың оңтүстік бөлігі). Бұл аймақ азықтық-жемдік дақылдар, күздік қара бидай мен арпа өсіре отырып, топырақ қорғау жүйесімен айналысады. Көкөніс-бақша өнімдері ішкі қажеттілік және оларды базарларға өткізіп сату үшін өсіріледі. Етті ірі қара, етті-майлы қой тұқымдары, түйе, табынды жылқы шаруашылығы мал шаруашылығы өнімдерін өндірудегі басымды бағыттар болып табылады. Ауданда асыл тұқымды Еділбай қойының Бірліктік типі және Көшім тұқымдас асыл тұқымды жылқы малдары өсіріледі. Жәнібек ауданы. Жәнібек ауданы 1922 жылы құрылған. Аудан аумағы 8,2 мың шаршы шақырымға тең. Аудан халқының саны 2009 жылдың 1 мамырына 17421 адамды құрады. Халықтың тығыздығы орташа аудан бойынша (1 шаршы шақырымға) 2,1 адамды құрайды. Аудан орталығы Жәнібек ауылында орналасқан. Аудан орталығынан Орал қаласына дейінгі ара қашықтық 500 шақырым. Ауданда 9 ауылдық округ бар. Шаруашылығының негізгі бағыты мал шаруашылығы болып табылса, соның ішінде етті мал және етті-жүнді қой шаруашылығы. Мал шаруашылығымен қатар тауар өнімдерінің белгілі бөлігін егін шаруашылығы бағытындағы өнімдер құрайды. Жәнібек ауданының 2009-2010 жылдарының әлеуметтік-экономикалық төлқұжаты Жәнібек ауданының 2010 жылдың 1 шілдесіне әлеуметтік-экономикалық төлқұжатына түсініктеме Аудан аумағы 8,2 мың шаршы шақырымды құрайды. Ауданда 17394 адам тұрады, алдыңғы жылдың осындай кезеңмен салыстырғанда халық саны 26 адамға азайып отыр. Аудан бойынша экономикаға белсенді араласушылар 9352 және араласпайтындар 8042. Былтырғы жылмен салыстырғанда экономикаға белсенді араласушылар 16 адамға және араласпайтындар 10 адамға,бұл көрсеткіш ауданның халық саны азаюна байланысты. Халық құрамы өзгерген жоқ.. Ауданның әкімшілік-аумақтық құрылымы 9 ауылдық округінен тұрады және осында 20 елді мекен бар. Жергілікті өкілетті органдардың барлық депутаттар 13 соның ішінде 1 облыстық депутат,өткен жылмен өзгерген жоқ.. Аудан әкімі аппаратының сапалы құрамы 13 адам бәріде жоғары білімді, өткен жылмен салыстырғанда ер адамдар көбейген. Ауылдық окруктер әкімшіліктерінің сапалық құрамы 43 адам, соның ішінде жоғары білімдісі 30 адам. Аймақтық жалпы өнім 612,3 млн. теңге өткен жылмен салыстырғанда 102,4 пайызға өсіп отыр. Негізгі капиталдағы инвестиция көлемі 282,2 млн. теңге өткен жылмен салыстырғанда 134,8 пайызға өсіп отыр. Өнеркәсіп өнімінің көлемі жеке секторды қосқанда 168,5 млн.теңге немесе 101,9 пайызға өсті. 2010 жылғы 1 шілдеге есеп бойынша ірі қара 30613 бас өткен жылмен салыстырғанда 102% артып отыр, соның ішінде сиыр- 5 % артық. Жылқы (4906 бас)+11% артып, түйе-(62 бас) 17% артып, құс (22048 бас)+4% көбейіп, ал қой мен ешкіде (56941 бас)+5% артып отыр. Ет былтырғы кезеңімен салыстырғанда +3% артып отыр (1734,8 тонна), сүт +2% артып (4056,8 тонна), жұмыртқа +4 % (753103 дана) артып отыр. Биылғы жылы 10467 га жаздық егіс егілді. Соның ішінде 8175 га жаздық ақбидай, 2272 га арпа. Бұл көрсеткіш өткен жылғыдан 5193 гектарға аз. Себебі қаражаттың тапшылығына байланысты «Жұма»,» Қуан» шаруа қожалықтары биыл егін екккен жоқ.. Картоп 60 га,көкөніс-130 га, бақша-60 га өткен жылға сай толық егілді. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін арттыру мақсатында аудан орталығында жеке кәсіпкер Кдыров әр қайсысының ауданы 500 шаршы метр болатын 2 жылыжай құрылысын салуда. Ол іске қосылғанда жыл бойы көкөніс өнімдерімен қамтамасыз етіп, оның бағасын тұрақтандыратын болады. Бүгінгі күні аудандық кәсіпкерлік бөлімі екі шағын несие ұйымымен тығыз байланыста жұмыс істеп отыр. Олар «Орал ШНҰ» ЖШС-гі және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» Батыс Қазақстан облыстық филиалы. Жылдың басынан «Орал» шағын несие ұйымынан 6 кәсіпкер жалпы сомасы 12000,0 мың. теңге мөлшерінде несие алды. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан бүгінгі күнге 9 алушыға 5310,0 мың теңге несие берілді. Алынған несиелердің негізгі мақсаты мал шаруашылығы мен тауар айналымын толықтыру болып табылады. 2010 жылғы 1 шілдесіне аудан бойынша аудандық салық комитетінде 644 жеке субъектілер,оның қатарында 1075 адам жұмыс істейді және 21 заңды тұлғалар тіркеліп тұр. Есепті кезеңде өткен жылмен салыстырғанда шағын кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнім мен жұмыс көлемі көрсеткіші 574106,0 мың теңгені құрады.Соның ішінде өндеу цехтардың атқарған жұмыс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 120 % көп, немесе 8161,0 мың теңге болды. Салық төлемі 25587,2 мың теңгені құрады. Бүгінгі күнге аудан бойынша шағын кәсіпкерлік саласында 1183 адам жұмыс істейді. Ауданда 85 дүкен, 5 кафе, 5 дәмхана, 3 дәріхана, 4 жанар май құю стансасы, 2 техникалық қызмет көрсету стансасы, 2 шаштараз, 2 киім тігу-жөндеу ательесі, 1 монша-сауна, 1 қонақ үйі халыққа қызмет көрсетуде және 1 орталық базар. Жәнібек аудандық телекоммуникациялар торабында 1 аудандық орталық АТСК-100/2000 және 8 ауылдық бөлімшеде АТСК-50/200 станциялары жұмыс істеп тұр. Аудан бойынша 2247 абонент байланыс қызметімен қамтылған. Аудан бойынша 2009 жылдың 1 шілдесіне кедей отбасының саны - 193, оның ішінде 898 адам. 2010 жылы 1 шілдесіне кедей отбасы - 74, оның ішінде 324 адам құрайды. Былтырғы жылмен салыстырғанда, 119 отбасына және 574 адамға азайып отыр. 2010 жылдың 1 шілдесіне мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 200 отбасына, 868 адамға 8615,2 мың теңге төленді, былтырғы жылмен салыстырғанда 29 отбасына 153 адамға азайып, 2004,8 мың теңгеге кем төленіп отыр. Атаулы әлеуметтік көмекпен бірге тұрғын үй көмегі де жүзеге асырылып отыр. 2010 жылға кіріс пен шығыс бөлігі бойынша аудан бюджеті 1523,2 млн.теңге көлемінде бекітілген оның ішінде 1359,6 млн теңге ресми трансферттердің түседі деп көзделген. Есепті кезеңге үш рет нақтыланып 1730,6 млн.теңге немесе 207,4 мың тенгеге көбейтілді, соның ішінде өз кірістер көлемі 150454,0 мың теңге. Ауданымызда 2009 жылдың 1 шілдесіне 3181 оқушы болған болса, 2010 жылдың 1 шілдесіне ауданымызда 17 жалпы білім беретін мектеп, олардың 11 жалпы орта білім беретін, 1 негізгі және 5-і шағын құрамды бастауыш мектеп жұмыс жасайды. Оларда 3071 бала оқып тәрбиеленуде. МКҚК «Жәнібек аудандық орталық аурухана» бойынша 22 медициналық мекемелері бар.Атап өтсек, оған аудандық орталық ауруханасы жатады және оның құрамында 3 аурухана,8 ауылдық дәрігерлік амбулатория 11 мед-қ пункті кіреді.Аудан бойынша 27 дәрігер,142 медициналық персонал қызметкерлері қызмет етеді. 100 мың адамға шаққанда аурулардың саны -29724,9 соның ішінде: жүрек-тамыр аурулары 1100,2 туберкулез-5, қатерлі ісік -12. 1000 дүниеге келген сәбилердің өлімі -32,6 пайыз. 2010 жылдың 1 шілде айына халықтың саны 17394 адамды құрайды, соның ішінде әйел адамы 8761, ер адамы 8633. Аудан орталығында 7793 адам (44,8%) және 9601 адам (55,2%)- ауылдық округтер тұрғындары. Бүгінгі таңға табиғи өнім 34 адамды құрады, немесе 101 адам дүниеге келіп, 67 адам қайтыс болған. Ол өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 29 адамға кеміп отыр немесе 132 адам дүниеге келіп 69 адам қайтыс болған. 2010 жылдың 1 шілдесіне 159 адам келіп, 200 адам басқа жерге қоныс аударды. Аудан бойынша 17 кітапханалар /соның ішінде 1- аудандық орталық, 1- аудандық балалар, 8-ауылдық, 7 бөлімше /мен 11 клуб мекемелері/ 1 аудандық мәдениет үйі, 8 ауылдық мәдениет үйлері, 2 ауылдық клуб/, 1 аудандық Мәдениет және Демалыс Саябағы, 6 ауылдық киноқондырғы халыққа қалыпты қызмет көрсетуде.Аудан кітапханаларына облыстық Ж.Молдағалиев атындағы кітапханадан құны 685326 тенге құрайтын 707 дана/ қаз/т- 587/ кітап келіп түсті. Кітапханаға қажетті кеңсе тауарларына 25 мың теңге жұмсалды. Аудан кітапханалары бойынша өткен көпшілік шаралар саны-75, оған қатысқандар саны-2000 адам. Клуб мекемелері бойынша 78 мәдени - бұқаралық шаралар өткізіліп, 14.230 көрермен қамтылды. Аудан тұрғындарын киномен қамтуда 6 киносеанс қойылып, 66 көрермендер тегін қамтылды. Зеленов ауданы. Зеленов ауданы - Батыс Қазақстан облысы Аудан облыстың солтүстік бөлігінде орналасқан, 1939 жылы құрылды,1997 жылы аудан құрамына Приурал ауданы енді. Ауданның жалпы көлемі - 7,4 мың шаршы шақырым. Аудан тұрғындары 2009 жылдың 1 қаңтарына 55,2 адамды құрайды.Аудан бойынша орташа халық тығыздығы (1 шаршы шақырым аумаққа) 7,4 адамды құрайды. Әкімшілік-аумақтық бөлінуі: 24 ауылдық округ және 77 елді мекен бар. Аумақ бедері оңтүстігінде өзен, сайлар және құрғақ аңғарлар кесіп өтетін және солтүстігінде 100 және одан аса метр биіктікті құрайтын толқынды жондары бар (Үлкен Сырт сілемінің суайрығы) ойпат жазықтан тұрады. Ауданның негізгі табиғи су ресурстары Шаған саласымен (116 шқм) Орал өзені (184 шқм), Көшім (48 шқм), Ембулатовқа (99 шқм) Рубежка (82 шқм), Быковка (90 шқм) және сондай-ақ Киров бөгенімен Орал-Көшім суармалы құлақарық-суландыру жүйесі және негізінен ауданның солтүстік бөлігінде орналасқан 99 әуіт пен апандар болып табылады. Топырағы саз бен саздақтан тұрады, кей жерлерінде құм және сор топырақ кездеседі.Солтүстігінде жері қара топырақты. Аудан орталығы 1989 ж. құрылған Переметный кентінде орналасқан, Переметный темір жол стансасы 1894 жылы салынған. Аудан орталығынан Орал қаласына дейін -38 шқм. Шаруашылықтағы негізгі бағыт - егін шаруашылығы. Егін шаруашылығымен қатар, негізінен ет-сүт бағытындағы мал шарушалығы дамыған. Зеленов ауданы I ауылшарушылық аумаққа жатады- далалық, дән- мал шаруашылығы (облыстың солтүстік бөлігі). Бұл аумақта дәнді, майлы дақылдар, жемшөптер, қартоп және көкөніс, жеміс-жидек екпе ағаштары жинақталған. Мұнда сүтті мал шаруашылығы, шошқа және құс өсіру және ет-жүнді қой шаруашылығы жақсы дамыған. Казталов ауданы. Казталов ауданы - Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Батыс Қазақстан облысының оңтүстік - батыс аумағында орналасқан. Оңтүстігінде Нарын құмына шектесе Бөкей ордасы, оңтүстік - батысында Жәнібек, батысында, солтүстік батысында Ресейдің Саратов облысы Александров-Гай, солтүстігінде Тасқала, солтүстік - шығысында Ақжайық, шығысында Жаңақала аудандарымен шектесіп, 48о солтүстік ендік, 49о шығыс бойлық аралығын алып жатыр. Жері солтүстіктен оңтүстікке қарай 190 км, ал батыстан шығысқа қарай 230 км. созылған. Еділ, Жайық өзендері аралығында орналасқан жері шөлді, шөлейтті аумаққа жатады. Негізінен жазық дала болғанымен, ойдым-ойдым сорлары, жайылымы өте мол, өзендерінің жайылмаларында мол шабындық көлдері бар ежелден мал шаруашылығы дамыған атақоныс. Ауданның жалпы аумағы 1 860 581 га. Аудан орталығы Казталов ауылы Орал қаласынан оңтүстік батыс бағытында 330 км жерде орналасқан. Аудан аумағымен Чапаев-Жалпақтал-Казталов-Жәнібек республикалық автомобиль жолы, ИнтерГаз Орталық Азия жоғары қысымды газ магистраль желісі өтеді. Аудан орталығы Казталов ауылы Сарыөзеннің жағасында Қарасу иінінде орналасқан. Казталов ауылының солтүстігінде 14 км жерде РФ шекарасы өтеді. Ауданда 16 ауылдық округ, 54 елді мекен бар. Аудан халқы 01.01.2009 жылғы мәлімет бойынша 33277 адам. 1997 ж. 1 маусымда Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығымен бұрынғы Жалпақтал ауданы Казталов ауданына қосылды. Ауданның ауыл шаруашылық телімдерінің көлемі -1769200 гектар. Негізгі саласы-мал шаруашылығы. Аудан бойынша 455 шаруа қожалығы, 1 өңдірістік кооператив, 6 шектеулі серіктестігі, 782 жеке кәсіпкер тіркелген. Сондай-ақ халыққа қызмет көрсеттетін 11 шағын цех, 3 наубайхана жұмыс істейді. Аудан бойынша 47 мектеп, (24 орта, 5 негізгі және 18 бастауыш) 1 кәсіптік мектеп, жасөспірімдер спорт мектебі бар. Сонымен қатар, жыл сайын ауданда мектепке дейінгі мекемелер желісі кеңейтіліп, күні бүгін 9 балабақша мен 15 шағын орталықтарда 3-5 жас аралығындағы балалардың 86 % тәрбиеленіп отыр. Ауданда тәрбие жұмыстар орталығы және балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы жұмыс істейді. Жалпы мектептерде 6549 оқушылар оқиды. Тегін ыстық тамақпен 3311 оқушы қамтылып отыр. Балалардың жазғы демалысын пайдалы әрі көңілді өткізу үшін ауданда «Ақкөл», «Ақпәтер», «Қайыңды» демалыс лагерлері және «Алау» туристік лагері жұмыс жасап келеді. Барлық жалпы орта білім беретін мектептер электронды оқулықтармен қамтылған. Сонғы жылдары 9 мекетеп мультимедиалық кабинетпен жабдықталып, 26 физика, 18 химия және биология кабинеттеріне жаңа көрнекі құралдар алынды. Аудан бойынша 14 мектепке интернатқа оқушыларды тасымалдау үшін автокөлік алынып берілді. Денсаулық сақтау саласы бойынша ауданда 2 орталық аурухана, 1 туберкулезге қарсы ауруханасы, 14 дәрігерлік амбулатория, 33 медициналық пункт бар. Оларда 43 дәрігер, 248 орта буын медицина қызметкерлері жұмыс істейді. Ауруханалар мен дәрігерлік амбулаториялар соңғы заманға медициналық жабдықтармен қамтамасы етілген. Барлық дәрігерлік амбулаторияларда «Жедел жәрдем» автокөлігі бар. Аудан бойынша 46 кітапхана, 28 мәдениет үйі мен клубтар, 7 киноқондырғы және 1 облыстық тарихи өлкетану мұражайына бағынысты Көктерек ауылдық мұражайы халыққа мәдени қызмет көрсетеді. Соңғы үш жылда аудан көлемінде 10 мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілді. 2009 жылы Ақпәтер, Әжібай, Болашақ, Қараоба мәдениет үйлері күрделі жөндеуден өткізілмекші. Аудан аумағында 18 елді мекен табиғи газбен, сондай-ақ 9 ауыл «Таза су» бағдарламасы бойынша ауыз сумен қамтылған. Осы өңірден еліміздің көрнекті мемлекет, қоғам қайраткерлері өсіп шықты. Олардың қатарында ғалымдар Сухан Камалов, Қажым Басымов мемлекет қайраткері Кенжебек Меңдалиев, өнер тарландары Хадиша Бөкеева, Жайсаң Ақбай, Қатимолла Бердығалиев, және басқа да белгілі адамдарды атауға болады. Қаратөбе ауданы. Қаратөбе ауданы - Батыс Қазақстан облысы Аудан облыстың оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан, 1928 жылы құрылған. Ауданның аумағы 10 мың шаршы км тең. 2006 жылдың 1 қаңтарына қаланың халқы 19,6 мың адамды құрады. Халықтың орташа тығыздығы (1 шаршы км аумақта) 2 адамды құрайды. Аудан аумағы Каспий маңы ойпатының солтүстік-шығыс жағында орналасқан, оның негізін Нарынқұм-Аққұм шағылдары құрайды. Орталық және оңтүстік бөлігі жалпы тегістік жерлер, солтүстік те тегіс, бірақ жекелеген ойпатты жерлер кездеседі. Аудан аумағында Қалдығайты өзені ағып жатыр (жалпы ұзындығы 242 км, аудан шегінде – 130 км). Көлдердің жалпы ауданы 36,5 шаршы км құрайды, содан тұщы көлдер – 6,8 км. Жері қара топырақты, ашық, сортаң топырақты. Аудан аумағы өсімдік жамылғысына қарай құмды-далалық аймаққа жатады. Солтүстік-шығыс бөлігінде әртүрлі-дәнді шөптер өседі, батыс бөлігінде – бидайық-дәнді шөптер өседі. Аудан орталығы Қаратөбе кентінде орналасқан, Аудан орталығынан Орал қаласына дейінгі қашықтық – 260 км. Ауданда 9 поселкелік және ауылдық округтар бар. Шаруашылықтардың негізгі бағыты – мал шаруашылығы, атап айтқанда етті ірі қара, қой және жылқы шаруашылығы дамыған. Дала шаруашылығының жем-шөп, азықтық маңызы бар. Сырым ауданы. Сырым ауданы - Батыс Қазақстан облысы 1886 жылы Өлеңті өзенінің жағасында Жымпитының іргетасы қаланды. Көнеден Жымпиты атанған бұл ел осы атаумен-ақ бойына бойтұмарындай терең сырын сақтап, сан ғасырлар бойы жинақталған бай шежіре сандығымен мақтан етеді. Батыс Қазақстан облысының шығыс жағында орналасқан әкімшілік бөлік бұрын Жымпиты ауданы (қазіргі Сырым ауданы) деп аталып келді. Сонау ерте заманда осы біздің топырағымызда Қобыланды батырдың, Ер Тарғын мен Едігенің жауына қаһарлығы, асқан ерлігі, Қыз Жібек пен Төлегеннің мәңгілік махабаты аңыз-жырға, халықтың ерлік эпосының өзегіне айналған. Тәуелсіздікті сақтау жолында Әбілқайыр ханның Ресеймен әскери одақ құруы негізінде басталған қазақ жерін отарлау саясатына қарсы күрестің өзі - бір шежіре. Солардың бірі 1773 - 1797 жылдары кіші жүзде Сырым батыр бастаған ұлт - азаттық қозғалысы болды. Осы өңірде Байбарақ батыр, Тайлақ батыр, Бұлан би, Есенгелді бай өмір сүрген. Қабанбай - Қақпақтыны мекендеген Қаратай сұлтан әулеті, соның бір ұрпағы Мұхит Мерәлы ұлы екені әлі зерттеуді қажет етеді. Белгілі қайраткер Халел Досмұхамедов: "Кіші жүздің жүз жарым жылдай тарихы қанмен жазылған" - дейді. Шынында да патша үкіметі қолға түскен қазақ басшыларын құртумен болды. Хан Нұралы тұтқындалып Уфада өлді.Оның баласы Орман Петербор түрмесінде қаза тапты. Орманның баласы Күсеп бүкіл ұрпағымен жер аударылды. Патша тәртібіне қарсы шыққан Байбақты руынан 400 адам каторгіге айдалды. Белгілі би Жүніс пен Сәнгерәлі батыр Орынбор түрмесінің құрбаны болды. 1805 - 1818 жылдары Қайыпқали Есімов бастаған көтеріліс болды. 1829 - 1836 жылдары Беріш Исатай Тайманов көсемдік еткен шаруалар көтерілі, 1847 - 1858 жылдары Есет Көтібаров бастаған шаруалар көтерілісі болды. ХХ ғасырдың басында Жымпиты өңірі үлкен дүрбелеңдердің орталығына айналды. Жымпиты жерінде Күнбатыс Алашорда үкіметі ту тігіп, тұңғыш қазақ мемлекеттілігі идеясының негізі қаланып, үш жылға жуық жұмыс жасады. Мұнда қазақ зиялыларының бір тобы шоғырланды. Олардың көзқарастары әртүрлі болғанымен, жалпы бағыты тәуелсіз қазақ елін құру болатын. Солардың қатарында Жымпиты өңірінің азаматтары: Бақытжан Қаратаев, Жаһанша мен Халел Досмұхамедовтар, Молдағали Жолдыбаев, Меңдігерей Имағамбетов, Иса Қашқынбаев, Дәулетше Күсепқалиев, Ғалиасқар мен Ғұбайдолла Әлібековтер, Ахмет Мәметов, С.Қожболатов, Кафи Мырзағалиев біз үшін мақтаныш болып табылады. 1919 жылы қарашаның 19 жұлдызында Жымпиты кеңес өкіметі орнады. 1920жылы қазанның 12 жұлдызында Орал губерниясы құрылып, оның құрамында Жымпиты уезі де болды. 19 болысты біріктірген уездің жер көлемі 38500 шаршы километр, халқының саны 78861 адамды құрады. 1928 жылы қаңтардың 17 жұлдызында уез таратылып, 6 болыстан Жымпиты ауданы құрылды. Жер көлемі 1093920 гектар, әкімшілік бөлінуі 24 ауылдық Советтен тұрды. Әрбір ауылдық советте орта есеппен 1089 адам бар деп есептелінді. 1933 жылы аудан көлемінде " Сарыой", "Игілік", "Қызыл таң", "Социализм", "Калинин", "Сталин", "Жұмыскер", "Төңкеріс","Сәуле", "Бірлік", "Ұмтыл", "Кедей", "Алға", "Тамды", "Жұлдыз", "Иса" атты 16 колхоз ұйымдастырылып, олардың төңірегінде 40 серік (ТОЗ) құрылды. 1934 жылдан бастап Жымпиты ауданында Патша үкіметінің репрессиялық саясаты кеңінен етек алды. Қазақ зиялыларына «Халық жауы» деген кінә тағылды. Жазықсыз жапа шеккендердің басым бөлігі кейін ақталып, олардың аты-жөндерін ұлықтау мақсатында 2008 жылы «Алаш қозғалысының 90 жылдық мерейтойына орай» Жымпиты ауылынан саябақ ашылып, олардың есімдері ескерткіш тақтаға жазылды. Ұлы Отан соғысы қарсаңында ауданда 41 колхоз, 5 совхоз, 2 МТС болған. Аудан шаруашылықтары 1940 жылы мемлекет есебіне 13100 центнер астық, 16740 центнер ет, 607 центнер жүн дайындап берген. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында ер адамдар соғысқа аттанып, ауылда қалған қарт адамдар, қыз-келіншектер мен жас балалар тылда еңбек етті. Осы жылдары Жымпитының Ақ тарысының атағы шықты. Ақ тарының анасы болған Майра Зияшеваның еңбегі тек аудан емес, бүкіл Одаққа мәлім болды. М.Ешмұханова, Ү.Қобдабаева, К.Нұрмұханова, ақын Ж.Жармұғамбетова сияқты өжет қыздарымыз трактор жүргізуді меңгеріп рульге отырды. 1941-1945 жылдары Жымпиты ауданынан майданға 4600 адам жіберілді, олардың 1972-сі елге қайтып оралмады, соғысқа Жымпитыдан бес қыз аттанды, олардың үшеуі соғыста құрбан болды. Ал елге аман оралған Ә.Ниязғалиева, М.Үмбетова көп жылдар ел игілігіне еңбек етті. 1941 жылы неміс автономиясынан көптеген неміс жанұялары әкелініп аудан көлемінде орналастырылды. Содан олар 1991 жылдарға дейін осы өлкеде тұрып жергілікті қазақтармен бауырласып кетті. Олардың тағдыры туралы жерлесіміз Ғаділше Өтебалиев "Жымпитылық немістер " атты кітап жазып, екі халықтың татулық өнегесін көпшілікке паш ете білді. 1947-1957 жылдары колхоздар ірілендіріліп, кейіннен совхоздар болып қайта құрылды. 1990 жылы ауданда он совхоз, бір колхоз болды. Оларда 45240 бас ірі қара, 168500 бас қой, 4400 бас жылқы есепте тұрған. 1989 жылдың қорытындысы бойынша өндірілген ет 94757, сүт 14452, жүн 3984 центнер болғаны айтылады. Ал, астық көлемі 1228456 центнерге жеткен. Сол кезде аудан халқының саны 34534 адам болып, 17 ұлт өкілдері көрсетілген. 1992 жылы жерлесіміз Сырым Датұлы бабамыздың туғанына 250 жыл толуын атап өтуге байланысты аудан тұрғындарының сұранысына орай, Жымпиты ауданының аты Сырым ауданы болып өзгертілді. Бүгінгі таңда аудан өңірінің аумағы 11,9 мың шаршы километр, тұрғындар саны - 2010 жылдың 1 мамырына 23052 адам. Аудандағы халықтың басым көпшілігі қазақтар. Тұрғындардың орташа тығыздығы 1 шаршы километрге 2,6 адамнан келеді (Жымпиты (5,8 мың адам) Бұлдырты (2,0), Алғабас (1,8), Аралтөбе (1,6), Қоңыр (1,2)). Аудан аумағынан Бұлдырты, Өлеңті, Шідерті, Жымпиты өзендері ағып өтеді. Орталығы - Жымпиты ауылы Өлеңті өзенінің жағасында орналасқан. Тұрғындарының саны шамамен 7,5 мың адам. Іргесі 19 ғасырдың аяғында Жымпиты уезінің құрылуына байланысты қаланған деп есептелінеді. Аудан орталығы - Жымпиты ауылы облыс орталығынан 140 км. қашықтықта орналасқан. Ауданның құрамына 12 ауылдық округ кіреді, оның ішінде 38 елді мекен бар. Аудан әкімі - Нысанғалиев Ерлан Беркінұлы. Нысанғалиев Ерлан Беркінұлы - Қасиетті Сырым Баба топырағынан түлеп ұшқан азамат, 1970 жылдың 6 қарашасында дүниеге келген. Білімі жоғары. Осы лауазымда 2006 жылдың 20 қазан айынан бастап қызмет істейді. Ауданда қазіргі кезде 16 орта, 6 негізгі, 6 бастауыш барлығы 28 білім беру мекемесі және 1 мемлекеттік «Балдырған» балабақшасы, 1 «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» және 1 «Балалар мен жасөспірімдер туризмі және Тәрбие орталығы» мекемесі, 1 саз мектебі, 1 кәсіптік техникалық лицей, 1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті бар. Жалпы білім беретін Абай, Қособа, Бұлан, Тасқұдық, Сырым, М.Қаналиев атындағы Алғабас, А.Жұмағалиев атындағы Жосалы, Талдыбұлақ орта мектептері жанында мектеп-балабақша, Көздіғара, Көгеріс, В.И.Шубин атындағы орта мектептері мен Жаңаөңір, Жамбыл, Ақырап, Қазақстан, Қызылағаш негізгі мектептері жанында және Қарағанды ауылында шағын орталықтар жұмыс істейді. Жоғарыда аталған мектептердің материалдық техникалық базасына тоқталатын болсақ: 28 мектептің 14-і типтік жобамен салынған мектеп, ал 14-і бейімделген үй-жайларда орналасқан. Денсаулық сақтау объектілерінің саны - 35, онда 28 дәрігер, 178 медбике тұрғындардың денсаулығын сақтау бағытында жұмыс жасайды. Денсаулық саласы бойынша 1 аудандық орталық аурухана, 1 туберкулезге қарсы аурухана, 10 дәрігерлік амбулатория, 24 медициналық пункт халыққа қызмет етеді. Мәдениет саласында 23 кітапхана, оның ішінде 21 ауылдық кітапханалар, 1 аудандық балалар кітапханасы, 1 аудандық кітапхана, 1 аудандық мәдениет үйі, 8 ауылдық мәдениет үйі, 8 ауылдық клубтар және бұның ішінде 2 халықтық театр, 2 музей және 2 үлгілі би тобы, 1 орталық стадион халыққа рухани байлығымызды жеткізу бағытында сапалы қызмет көрсетуде. Сырым аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі мемлекеттік мекемесіне қарасты 23 кітапхана ауыл тұрғындарына кітапханалық, анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсетіп отырған бірден-бір мәдени ошақ болып табылады. Заман талабына сай Интернет желілеріне қосылып, автоматтандырылған кітапханаларда оқырмандарға қызмет көрсетудің өркениеттілігі дамуда. Аудан бойынша 2010 жылдың І тоқсанында барлығы 798 шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi тiркелген, оның 46 заңды тұлға, 752 жеке тұлға. Соның ішінде 701 шағын кәсіпкерлік субъектілері жұмыс жасайды, бұл барлық тіркелген шағын бизнес субъектілерінің 87,8 пайызы. Жұмыс жасайтын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң саны 2009 жылмен салыстырғанда 10,9%-ға көбейiп отыр. Былтырғы жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда шағын кәсіпкерліктің сауда-саттық, құрылыс, көлік тасымалы және басқа салаларында шағын бизнес субъектiлерi тиiсiнше 8,4%, 20,0%, 25,0% және 11,5% көбейдi. Шағын кәсiпкерлiк саласында 2010 жылы 3 айда 1998 адам жұмыс жасады. Соның iшiнде 1465 адам ауыл шаруашылығында, 95 адам құрылыста, 65 адам көлiк және байланыс саласында, 280 адам саудада, 11 адам қоғамдық тамақтандыруда және 82 адам басқа салаларда жұмыстануда. Аудан экономикасы негізінен ауыл шаруашылығына бағытталған. Ауданның әкімшілік шекарасындағы барлық жер көлемі 1 188843 гектар болса, соның ішінде: 77572 гектар егістік, 107657 гектар тыңайған жер, 42847 гектар шабындық, 894591 гектар жайылымдық, 17 гектар көпжылдық өсімдік. Осы жер көлемінің 436016 гектары шаруа қожалықтары, 117546 гектары серіктестіктер, 7165 гектары мемлекет меншігіндегі кәсіпорындар, 5103 гектары орман қоры, 37 гектары су қоры, 140017 гектары елді мекендердің пайдалануына берілді, ал қалғаны 477020 гектары талап етілмеген жер ретінде аудан әкімшілігінің қарамағында қалды. Бүгiнгi таңда ауданда 337 шаруа қожалықтары тiркелiп, олардың 278-і жұмыс жасайды, немесе 82,5%. Шаруа қожалықтарда қазiргi уақытта 1228 адам жұмыс жасайды. Жыл басынан шаруа қожалықтарда жұмыс жасайтын адамдар саны 4 адамға көбейдi. Тасқала ауданы. Тасқала ауданы - Батыс Қазақстан облысы Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында орналасқан Тасқала ауданы 1933 жылы 8 қараша айында құрылды. (1996 жылға дейін Каменка). Ауданның аумағы-806805 гектар. БҚО-сы аумағының 5,3 % құрайды. Тұрғындар саны 2007 жылы 1 қаңтарында 19,2 мың адам құрап, тығыздығы 1 шаршы метрге 2 адамнан келеді. Шекарасы Ресей Федерациясының Саратов облысы аумағымен, БҚО-ның Зеленов, Ақжайық, Казталовка аудандарымен шектесіп жатыр. Ауданның орталығы Тасқала селосы, облыс орталығы Орал қаласынан 80 км жерде орналасқан. Ауданның жалпы жер қыртысы тегіс. Ең биік төбесі Ешкітау (Ичка), теңіз деңгейінен биіктігі 259 мерт. Бұл облыстағы ең биік нүктесі. Ауданның гидрографиялық жүйесінде Деркөл, 1-Шежін, 2-Шежін шағын өзендері бар. Шежін, Мереке, Қазақстан, Қосшы, селолық округтері аумағынан, Киров су қоймасынан өз бастауын алатын Жайықбай каналы өтеді. Шежін селолық округінің аумағында «Бірқазан» атты мемлекеттік қорығы бар. Онда, су құстары мен жыртқыш аңдары мекендейді. Құрылыс материалдары жасақталған - ақ балшық, құм және гравиі бар, ауданда 5 пайдалы кен орындары және күйдірілген, отқа тұрақты селикат тасын дайындауға арналған цемент қоспасына бай тас шығару шикі заты бар 3 кен орны ашылған. Зерттеу барысында анықталған өндіріс әйнёгіне жарамды кварц құмы, тау тектес өндіріске пайдалы шебін. Сонымен қатар аудан аумағында көгілдір газбен мұнай қоры орналасқан жері анықталды. Аудан, Қазақстан мен Орталық Азияны Европаның бөлігі Росеймен жалғайтын темір жол және Орал-Саратов автокөлік трассасы бойында орналасқан. - Селолық округ-9 (Ақтау, Амангелді, Достық, Қазақстан, Тасқала, Қосшы, Мереке, Мерей, Шежін) Теректі ауданы. Теректі ауданы - Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Батыс Қазақстан облысы құрамында 1933 жылы құрылды. Әкімшілік орталығы - Федоров селосы, облыстың орталығы - Орал қаласынан 46 км. жерде орналасқан. Ауданның аумағы - 8.4 мың кв.км., Батыс Қазақстан аумағының 5.6 % бөлігін құрайды. Аудан аумағы Орал өзенінің сол жағалауында, облыстың солтүстік - шығыс бөлігінде орналасқан. Ауданның солтүстік шекарасы Орал өзені, батысы Орал қаласы жерлері, шығысы Бөрлі ауданы жерлері және оңтүстігі Сырым және Ақжайық аудандары жерлері. - ауылдық елді мекендер - 58 1.01.2009 жылға ауданның тұрғындар саны - 41035 адам болды. ауыл шаруашылық кеңістік - далалық дәнді дақылдық - мал шаруашылығы (ауданның солтүстік бөлігі,онда бонитет балы 20 дан 36 ға дейін қара - каштанды және каштанды топырақ таралған); ауылшаруашылдық кеңістік - сырталды, малшаруашылық - дәнді дақылдар аумағы (ауданның оңтүстік бөлігі, онда бонитет балы 16 дан 28 ге дейін болатын ақшыл - каштанды топырақ таралған). Аудан аумағында Батыс Қазақстан облысындағы ең үлкен Шалқар көлі (360 ш.км.) орналасқан. Шыңғырлау ауданы. Шыңғырлау ауданы - Батыс Қазақстан облысы Ауданның аумағы 7,2 мың шаршы км тең. 2006 жылдың 1 қаңтарына қаланың халқы 19,2 мың адамды құрады. Халықтың орташа тығыздығы (1 шаршы км аумақта) 2,7 адамды құрайды. Ең ірі өзендер: Елек, Утва, Ащы, Шилі, олардың жалпы ұзындығы 350 км. Тұщы және тұзды көлдер: Сұлукөл, Қонақай, Соркөл (278 шаршы км). Аудан аумағында дәнді-жусан шөптері бар қара топырақты жерлер басым. Аудан орталығы Шыңғырлау кентінде орналасқан, Аудан орталығынан Орал қаласына дейінгі қашықтық – 225 км. Ауданда 9 поселкелік және ауылдық округтар бар. Шаруашылықтардың негізгі бағыты – астық бағытындағы дала шаруашылығы болып табылады. Дала шаруашылығымен қатар ет-сүт бағытындағы ірі қара шаруашылығы дамыған. Безгелдек. Безгелдек ("Otis tetrax") – тырна тәрізділер отрядының дуадақ тұқымдасына жататын кішкентай құс. Қанатының ұзындығы 23-28 см, салмағы 700-900 граммдай. Арқасы сұрғылт қоңыр, бауыры ақ, қара түсті мойнында сақина тәрізді екі ақ жолағы бар. Ұшқанда қанаттарын жылдам қағып, ерекше дыбыс шығарады. Мекиені ұясын жерге салады, 3-9 жұмыртқасын 20-22 күн басады. Балапандары 25-30 күнде ұшуға жарайды. Жыл құсы. Орталық Азияда, Африканың солтүстігінде қыстайды. Түрлі жәндіктермен және өсімдіктермен қоректенеді. Оңтүстік Қазақстанның тау бөктеріндегі далаларда, шалғындарда, өз жағаларында кездеседі. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Осының аз-ақ алдында жойылып кетуге жақындаған, ал, кәзір өзінің санын шамалап көбейтіп келе жатқан түр. Бұрын республикамыздың далалық аймағының барлық жерінде кездесетін, әсіресе, ақ селеулі және бидайықты аудандарын ұнататын. Тыңды жаппай игергеннен кейін, негізінен батыс облыстарда сақталып қалды. Қәзіргі сақталған аудандарында жүздеп кездеседі, жалпы саны мыңдап есептелінеді. Барлық жерде де саны көбейіп келеді, кейбір бұдан 20-30 жыл бұрын жойылып кеткен жерлерде де кездсетін болды. Бұл турдің жиі мекендеген жерінде оны корғайтын қорықшалар ұйымдастыру қажет. Альпі астрасы. Альпі астрасы ("Aster alpinus") — астра тұқымдасына жататын күрделі гүлді көпжылдық шөптесінді өсімдік. Тамыр сабағы жуан, бұтарлы, түк басқан сабағының кейбірі 20 см-ге дейін бойлап, тік өседі. Түбіріне жақын тұстағы жапырақтары сопақша, шеті бүтін, ұзындығы 2-10 см, ені - 4-15 мм, сабақ жапырақтары өте майда әрі жіңішке. Гүлдері ірі бүршікке топтасқан - көк-күлгін, орта түсі - сары. Жемісі түкті, сопақ. Бағалы дәрілік өсімдік. Көктем жанаргүлі. Көктем жанаргүлі — сарғалдақтар тұқымдасына жататын бір немесе көпжылдық шөптесін өсімдік. Биіктігі 20 см-ге дейін. Сабағын қоңыр қабыршақтар жауып тұрады, қабыршақтарына жаңару бүрлері орналасады. Жапырақтары сағақсыз, ашық сары түсті үлкен гүлкүлтелі гүлдері жалғыз, қоңыр тамыр сабағы бар. Тұқымынан және тамырсабағы арқылы вегетативті жолмен көбейеді. Мамыр айында гүлдеп, шілдеде, жеміс береді. Жемісі күрделі, көптеген біртұқымды жаңғақшалардан тұрады. Көктем жанаргүлі - сирек кездесетін еуроазиялық далалық түр. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Корей тілі. "Хангуко"(한국어) және "Чосоно" (조선어)Корей тілі ([хангуко/чосонмаль]) — КХДР мен Корея Республикасының мемлекеттік тілі. 78 миллионға жуық адам сөйлейді. Қытай, Жапония, АҚШ, Ресей, Қазақстан, Өзбекстан елдерінде таратылған. Солтүстік Кореяда "чосонмаль" (조선말) немесе "чосоно"(조선어), ал Оңтүстік Кореяда "хангунмаль/хангуго" (한국말/한국어) немесе "куго" (국어, мемлекеттік тіл) деп атаулары қолданылады. Корей тілі тарауыҰлттық жазуы "хангыль" (한글 - корей жазуы) деп аталады. Мұхамеджан Рүстемов. Рүстемов Мұхамеджан – 1932 жылы 15 мамырда Қызылорда обл., Шиелі ауданы, бұрынғы «Үлгілі» колхозы, қазіргі Нартай Бекежанов аулында туылған. Өмір жолы. М. Рүстемов зерттеуші, әдебиетпен, музыкамен, журналистикамен айналысып, домбырада, мандолинде, аккордеонда ойнайды. Елге танымал композитор, әнші, термеші. Елуден астам әндер шығарып, «Өмір гүлі» (1979), «Ақ босаға» (1992) атты әндер жинағын, өзінің әндерін орындап, «Ақ босаға» атты 45 минуттық стереокүйтабақ шығарды (1985). Оның әндері басқа да ұжымдық жинақтарға енген. М. Рүстемов халық ақыны, жез тадңай әнші, Қазақстан өнеріне еңбек сіңірген қайраткер Нартай Бекежановтың өмірін, өнерін, мұрасын зерттеп, «Нартай» атты деректі повесін (1990), Нартайдың терме әндерін игеріп, «Өздерің білер Нартаймын» атты 45 минуттық стереокүйтабақ шығарды (1983). 1930 жылы ақпан айында Созақ ауданында болған шаруалар көтерілісін түбегйлі зерттеп, ол көтерілістің шаруаларға жасалған қияаттан, зоплық-зомбылықтан туындағанын, оған тарихи әділетсіз баға берілгенін дәлелдеп, облыстық, республиелақ хазеттерде мақалалар жариялап, «Созақ қасіреті» атты (1993) тарихи-деректі кітап шығарды. Г. Байдуковтың «Чкалов» атты кітабын қазақшаға аударды (1983). Бұлардан басқа «Табиғат ғажайыптары» (1976), «Советы на каждый день» (1988), оның қазақша аудармасы «Кәдеге жарар кеңестер» (1991), «Атақты адамдардың өмірінен» (1992), ұмыт болған залқымыздығ салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрптарын жинастырып, 5 кітапты жарыққа шығарды. М. Рүстемов В.И. Лениннің 100 жылдығына орай «Еңбектегі ерлігі үшін», «Еңбектегі ерен еңбегі үшін» медальдармен марапатталған. «Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» деген)1992) жоғары атаққа ие, облыс әкімінің «Зерде» стипендиясының иегері (1998), Қазақстан Республикасының Жазушылар, Журналистер одақтарының мүшесі, Шиелі қытағының «Құрметті азаматы» (1992), «Республикалық дәрежедегі зейнеткер». Отбасы. Жұбайы, дәрігер Дәмира Халдарбекқызы Тұрғынбаевамен Қанатжан, Жанат, Болат атты балаларды тәрбиелеп өсірді. Телефон. Телефон. Телефо́н («алысдауыс» грек. τῆλε — алыс және φωνή — дауыс) — Электр сигналдар арқылы дауысты қашақтаққа жіберуге және қабалдауға арналған құрал. Зілді бұйрық. «Отыз бір - он тоғызды алад» деген «Кеткен соң қолдан шығып, келмес қайтып», - Ел жатыр бермейміз деп қойдай шулап. Жігіттер тұр: «Бармаймыз, қаламыз, - деп. - Басыңа бір ойранды саламыз!» - деп. Ел-ел боп жиылды кеп әрбір сайға, Бір сая бола ма деп шыбын жанға. Пристав кетті: «Еріксіз аламын, - деп, - Көресің бұл істі! - деп, - кезегінде!». Бәрін де ол пристав жаттап алды, Күн ыстық, қайнап тұрған сарша тамыз, Келді де, алып кетті жақсыны айдап, Күн ыстық, қайнап тұрған сарша тамыз, Сырттағы жұр: «Біз енді қайтеміз?» - деп, «Жайлауда ту көтеріп шапқан кім?» - деп. Ешқайсысы айтпаған соң, айғай сап кеп, Бұйрық қылды: «Дараға асып, тарт!» деп. Бір болыс ел жиналып барған екен. Ала алмай күні бойы әлек болды, Кезсе де бұл маңайды әбден шолып. Не боларын бұл істің біле алмастан, Сол ұрыста топ басы Саттар өлді. «Саттар өлді, ел қашты» деген хабар «Шапшаң түсіп, келсін» деп хабар салды. Көп ерлер қаза тапты жауға аттанып Маңғыстау ауданы. Маңғыстау ауданы 1928 жылы құрылған. Аудан орталығы - Шетпе селосы. Ақтаудан Шетпеге дейінгі ара қашықтық–159 км., аудан көлемі 47,9 мың ш. км. тең. 2005 жылдың 1 қаңтарына ауданда 28,7 мың адам тұрған. Аудан құрамында 22 ауыл кіретін 11 ауыл әкімшілігі бар. Түпқараған ауданы 1992 жылы құры-лған. Аудан орталығы аудан қарамағындағы Форт-Шевченко қаласында орналасқан. Ақтаудан Форт-Шевченкоға дейінгі ара қашықтық - 132 км., аудан көлемі 12,6 мың ш.км. тең. 2005 жылдың 1 қаңтарына ауданда 15,4 мың адам тұрған. Аудан құрамында 5 ауыл кіретін 3 ауыл әкімшілігі бар. Бейнеу ауданы. Бейнеу ауданы – Маңғыстау обл-ның солт-ндегі әкімш. бөлік. 1973 ж. құрылған. Аудан орталығы - Бейнеу селосы. Ақтаудан Бей-неуге дейінгі арақашықтық - 470 км., аудан көлемі 40,5 мың ш. км. тең. 2005 жылдың 1 қаңтарына ауданда 34,6 мың адам тұрған. Аудан құрамында 10 ауыл кіретін 12 ауыл әкімшілігі бар. Мұнайлы ауданы. Ауданның құрылуы. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Маңғыстау облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгеріс туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы №338 Жарлығына сәйкес 2007 жылдың 1 шілдесінен Маңғыстау облысының құрамында жаңа әкімшілік-аумақтық бірлік Мұнайлы ауданы құрылды. Аудан әкімі – Қазақбаев Оспан Дәденұлы. Жалпы аудан аумағының көлемі- 492 189 га (жалпы облыс (16564191,2 га) аумағының 3%. Аудан орталығы – Маңғыстау селосы, облыс орталығынан қашықтығы 20 км. Облыс орталығы және басқа да аудандармен теміржол және автомобиль жол қатынастары бар.Халық саны. Аудан халқының саны 2010 жылдың 1 қаңтардағы жағдайына 67,0 мың адамды (облыс халқының 13,9 пайызы), жақында өткізілген халық санағы бойынша жобамен 75 мың адамды (облыс халқының 15,2 пайызы) құрап отыр.Әкімшілік-аумақтық бөлінісі. Аудан құрамына Ақтау қаласының Маңғыстау, Баянды, Қызылтөбе ауылдары және Өмірзақ ауылы жерлерінің бір бөлігі, сондай-ақ Маңғыстау облысы Маңғыстау, Қарақия және Тұпқараған аудандарының жер бөліктері кірді. Аудан Маңғыстау, Баянды селолары және Қызылтөбе, Дәулет, Атамекен, Басқұдық селолық округтерінен құрылған.Өнеркәсіп. 2009 жылдың қаңтар-желтоқсан айындағы шығарылған өнеркәсіп өнімдері қолданыстағы бағамен 18 355,6 млн.тенгені құрады, бұл 2008 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 152,7 пайызды құрайды.Ауданда жобамен 2,4 млрд.теңгенің даму инвестициялық жобалары іске асырылды. Оның ішінде республикалық, облыстық және жергілікті бюджеттер есебінен 1,7 млрд. теңге, жерқойнауын пайдаланушы компаниялар есебінен ауданның әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуына 0,7 млрд.теңге бағытталған. Жерқойнауын пайдаланушы компаниялар есебінен Басқұдық, Атамекен ауылдарындағы газдандыру және электр желілерін қайта жарақтандыру жұмыстарына 0,4 млрд. теңге, Маңғыстау селосынан 50 пәтерлік тұрғын үй құрылысына 0,3 млрд. теңге қаржы жұмсалды.Негізгі капиталға инвестиция көлемі 13,7 млрд.теңгені құрады.Кәсіпкерлік Жергілікті кәсіпкерлікті дамыту және қолдау көрсету мақсатында «Тұран микрокредиттік ұйымы» ЖШС-не облыстық бюджеттен 70 млн. теңге қаржы бөлініп, жыл бойына 78 кәсіпкерге 97,8 млн. теңге несие берілді. 285 жаңа жұмыс орны ашылды. 2009 жылға аудандық салық басқармасында 1910 шағын кәсіпкерлік нысаны тіркелген, соның ішінде жұмыспен қамтылғандар саны 3115, бұл 2008 жылмен салыстырғанда шағын кәсіпкерлік нысандарының орташа есеппен 1,6 есеге артқанын көрсетеді. Аудан бойынша азық-түлік бағалары үнемі бақылауда. Қазіргі таңда «Берекет» МКМ-імен шартқа отырған 9 сауда нүктесі бар, оның ішінде Маңғыстау селосында-1, Қызылтөбе селосында-2, Дәулет селосында-1, Басқұдық селосында-3, Баянды селосында-1 және Атамкен селосында-1 нүкте. Сонымен қатар әр сенбі күні Маңғыстау селосында, жексенбі күні Қызылтөбе селосында нарық бағасынан төмен сату мақсатында азық түлік пен көкіністердің жәрмеңкесі ұйымдастырылып келеді. Күнделікті халыққа қажетті азық-түлік қамтамасыз етілген. Ауданға қарасты азық-түлік өнімдерін өндірушілермен, ет, сүт өнімін өндірушілермен және жеміс-жидек өндіруші ауыл шаруашылығы қожалықтарымен өнімдерін төмен және бірқалыпты бағада сату үшін үш жақты меморандум жасақталды. Ауылшаруашылық тауарын өндірушілерге «Маңғыстауагросервис» МКК, «Қаржылай қолдау қоры» және «Казагрофинанс» акционерлік қоғамдары арқылы тауарлық несиелендіру жұмыстары жүргізілуде, осыған орай 23 ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге 86,3 млн. теңге несие берілді. Аудан климатының ерекшелігін ескере отырып 4 шаруа қожалығы 12 га жерге тамшылата суару технологиясын нығайту бойынша жұмыстар жүргізуде.Салық салу мақсатында Қызылтөбе, Маңғыстау, Атамекен, Басқұдық селоларының жерлерін аймақтарға бөлінді және алты селоның шекарасы анықталып, жер-шаруашылық орналастыру жұмыстары жүргізілуде.Мал шаруашылығы бойынша статистикалық мәліметтерге сәйкес ауданда мал басы саны – 23388, яғни 2008 жылмен салыстырғанда 2,5 есе өскендігі байқалады, соның ішінде: ірі қара мал – 433 (2008 жылы - 245), жылқы – 1079 (2008 жылы - 437), түйе – 1563 (2008 жылы - 683), қой – 16942 (2008 жылы - 5955), ешкі – 3371 (2008 жылы - 1986). Халықты әлеуметтік қорғау. 2010 жылдың 1 қаңтар жағдайына 466 жаңа жұмыс орны құрылды, ақылы қоғамдық жұмысқа 276 адам тартылып, қайта даярлауға 42 жұмыссыз жіберілді, республикалық бюджет қаржысы есебінен «Болашақ» оқу орталығында әр түрлі мамандықтарға 16 адам оқытылуда. Жыл басынан бері жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен «Жол картасы» жобасы бойынша 401 адам әлеуметтік жұмыс орнына жіберіліп, 98 адам жастар тәжірибесіне тартылды. Алынған шаралардың нәтижесінде жұмыссыздардың жалпы деңгейі 0,7%-дан 0,4%-ға дейін түсті немесе облыс бойынша бірінші орындағы көрсеткіш. Аудандағы 3012 адаммен қамтылған 37 кәсіпорынмен Меморандум жасалынды. Ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жанынан 97 баланы қамтитын оңалту бөлімшесі өз қызметін бастады.Есепті кезеңде 857 аз қамтылған азаматтарға 15,2 млн.теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі 763 балаға 5,0 млн.теңге көлемінде балалар жәрдемақысы, 1336 отбасына 13,3 млн. теңге көлемінде тұрғын үй жәрдемақысы төленді. Аз қамтылған отбасыларынан 18 студент Қазақстан Республиканың жоғарғы оқу орындарында облыс әкімінің грантымен оқуда. Жалпы халықты әлеуметтік қорғау бағытында ауданымызда әлеуметтік көмектің 15 түрі бойынша қаржылай көмек көрсетіліп келеді. Аталған бағытта 2009 жылғы бюджетте 90, 3 млн.теңге жоспарланған.Бюджет. Биылға нақтыланған аудан бюджеті 3 541,4 млн. теңгені құрайды, соның ішінде облыстық бюджеттен бөлінген субвенция 309,8 млн теңге, республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер сомасы 1892,0 млн. теңге. Бұл 2008 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,3 есе ұлғайғандығын көрсетіп отыр. Аудан бюджетінің ұлғаюы, ауданның әлеуметтік экономикалық жағдайын жақсарту бағытында бірқатар ірі жобалардың іске асырылуда екендігінің айғағы. Ағымдағы жылы қаржыландырудың барлық көздерінен 2435 млн. теңгенің 67 жобасы іске асырылды. Сонымен қатар Елбасының 6-наурыздағы жолдауына сәйкес «Жол Картасы» жобасын іске асыру мақсатында Мұнайлы ауданына республикалық бюджеттен үш бағытта 468,7 млн. теңге трансферт бөлінді. Бірінші бағыт – мектептерді және басқа да әлеуметтік объектілерді жөндеу, екінші бағыт - село, селолық округтерде әлеуметтік жобаларды қаржыландыру, оның ішінде мәдениет объектілерін күрделі жөндеу, елді мекендерді көркейту және тазалығын қамтамасыз ету. Үшінші бағыт - әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар тәжірибесі бағдарламсын кеңейту.Осы жобаларды іске асыру барысында 1434 жұмыс орнын құру жоспарланып, есепті кезеңге 1221 адам жұмысқа тартылды.«Жол Картасы» жобасы аясында Маңғыстау селосындағы №1 орта мектеп пен 90 орындық балабақша ғимараты, Қызылтөбе селосындағы №2 орта мектептің ғимараты мен жылу трассасы және Баянды селосындағы №3 орта мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге мәдениет объектілерін, Қызылтөбе селосындағы 210 орындық «Маңғыстау» мәдениет үйі мен Баянды селосындағы ауыл клубын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Елді мекендер тазалығын қамтамасыз етуге бөлінген қаржы есебінен Қызылтөбе, Атамекен, Даулет, Баянды селоларындағы стихиялық қоқыстарды шығару, көркейтуге бөлінген қаржы есебінен Маңғыстау, Қызылтөбе, Даулет селоларында спорт алаңдарын жасақтау жұмыстары жүргізілді. Дегенменде жыл қорытындысы бойынша жергілікті бюджеттің шығындары адам басына шаққанда 52,0 мың теңгені құрады, бұл облыс бойынша ең төменгі көрсеткіш. Аудан құрылған екі жыл ішінде жергілікті бюджетке түсетін түсімдер көлемін ұлғайту мақсатында салық басқармасымен заңды және жеке тұлғаларды тіркеуге алу жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Сонымен бірге аудан көлемінде ірі өндірістік кәсіпорындар тіркелмеген. Қазіргі таңда салықтың негізгі бөлігі шағын кәсіпкерлер субъектілері есебінен түскен түсімдер құрайды. Осы екі жыл ішінде аудан халқы 49 мыңнан 68 мың адамға өсіп отыр. Білім беру. 2009 жылы білім саласы бойынша шығындар 1 178 млн. теңгені құрады немесе аудан бюджетінің 48%. Ауданға қарасты селолық округтердегі жасөспірімдер саны – 22740, соның ішінде мектеп жасындағылар – 14867, оның 7446-ы аудан мектептерінде; 4790-ы Ақтау қаласының мектептерінде; 2631-і кәсіптік мектептер мен колледждерде білім алуда. Жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру бағытында Қызылтөбе, Атамекен селоларында аула клубтарының жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге клубтарда 7 үйірме жұмыс жасайды, оған 500 бала тартылған. Биылғы жылы аудан бойынша жалпы білім беру орта мектептерінің түлектері арасында өткен Бірыңғай Ұлттық Тестілеу көрсеткіші 69,1 баллды құрады. Бұл көрсеткіш 2008 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 6,3 баллға жоғары, ал 2007 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 12,8 баллға жоғары болды.2009 жылы Дәулет селосынан және Қызылтөбе-2 тұрғын үй массивінен 960 орындық орта мектептер салуға облыстық бюджеттен 1 000,0 млн. теңге, Лицей мектебіне спорт залқұрылысының ЖСҚ жасақтауға аудандық бюджеттен 6,5 млн. теңге қаржы бөлінді. Сонымен қатар «Нұрлы Көш» бағдарламасына сәйкес Батыр селосынан салынатын 960 орындық орта мектеп пен 280 орындық балабақша құрылысына ЖСҚ жасақтауға қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Маңғыстау селосының Маңғыстау-4 тұрғын үй массивінен салынатын 1200 орындық орта мектептің құрылысы басталды.Білімді ұрпақ тәрбиелеудің алғашқы сатысы мектеп алды тәрбиелеу ошақтарынан басталады десек, аудан көлеміндегі балалар бақшасы тұрғындар сұранысын қанағаттандырмайды. Аудан бойынша мектепке дейінгі балаларды бала бақшамен қамту – 4%. Алдағы уақытта бала бақша желісін көбейту масатында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Маңғыстау селосындағы бұрынғы Ақтау қаласының бой үйрету орталығы орналасқан ғимаратты 100 орындық балалар бақшасына қайта жарақтандыру жұмыстары басталды. Ал қолданыстағы «Балдырған» балалар бақшасы «Жол картасы» жобасы бойынша күрделі жөндеуден өткізілді. Сонымен бірге 2010 жылға Баянды, Қызылтөбе ауылдарында 280 орындық балалар бақшасын салу және аудандағы 3 жалпы орта білім беру мектептері жанын 150 орындық шағын орталықтар ашу жоспарлануда.Аудандағы жалпы білім беру мектептерінің материалдық-техникалық базасын заман талабына сай жабдықтау мақсатында жыл сайын республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржы тұрақты бөлініп келеді. Ағымдағы жылы бұл бағытта 9,6 млн.теңге қаржы бөлінді. Сонымен бірге облыстық бюджеттен оқу әдістемелік кітаптармен және оқулықтармен жабдықтауға 11,8 млн.теңге қаржы қарастырылған. Денсаулық сақтау саласында аудан бойынша туу көрсеткіші 1718, яғни өткен жылмен салыстырғанда туылған сәби саны 193 балаға өскені байқалады.Ауданға келген халықты тексеру нәтижесі бойынша, өткен жылмен салыстырғанда өкпе ауруымен ауыратындар құрамы 14 адамға көбейді. Бұл соңғы жылдарда ауданға отандастарымыздың келуінің күрт өсуімен түсіндіріледі. Елді мекендердегі тұрғындар санының ұлғаюы денсаулық саласы бойынша қызмет көрсету орталықтарын көбейтуді қажет етеді. Осыған орай, аудан орталығынан қашық орналасқан Маңғыстау-5 және Қызылтөбе-2 тұрғын үй массивтерінде қызметтік орын жайды жалдау арқылы бастапқы медициналық қызмет көрсету орталықтары ашылды. 2009 жылдың қортындысы бойынша ана мен бала өлімі және туберкулез ауруы көрсеткіші облыс көлемінде ең төменгі нәтижені көрсетіп отыр. Кемшілікті мамандар ауданда демографиялық өсімнің жоғарылығынан, медициналық мекемелердің және дәрігерлердің аздығынан деп түсіндіруде. Осыған орай, халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету мақсатында, облыстық бюджеттен 150 төсек –орындық аудандық аурухананың, 250 келушілерге арналған аудандық емхананың және Қызылтөбе-2, Маңғыстау -5 тұрғын үй массивтерінде медициналық пункттің құрылыстары үшін ЖСҚ жасақтауға қаржы бөлу қарастырылды. Мәдениет және спорт. Биылғы облыстық «Маңғыстау жұлдыздары» фестивалінде аудан көркемөнерпаздары, өздерінің кәсіби деңгейлерінің жоғары екендігін тағы бір рет дәлелдеп, арнайы Қаржау Тұрсынұлы атындағы жүлдемен марапатталды. Ауданымыздың көркемөнерпаздарымен қатар спортшыларымыз да биік тұғырлардан көрініп облыс, аудан көлеміндегі жарыстардан жүлделі орындардан көрінуде. Ауданда құқықтық тәртіпті күшейтуге үлкен көңіл бөлінуде. Азаматтардың тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін полицияның материалдық техникалық жағдайын нығайту мақсатында аудандық ішкі істер бөлімінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Штат саны 40 бірлікке көбейтілді. Сонымен қатар Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Мұнайлы аудандық бөлімшесіне жаңа ғимарат пайдалануға берілді. Ағымдағы жылы ауданымызда қорғаныс істер жөніндегі бөлімі құрылып, жалпыға бiрдей әскери мiндеттi атқару шеңберiндегі iс-шараларды ұйымдастыруда. Қарақия ауданы. Қарақия ауданы 1973 жылы құрылған. Аудан орталығы - Құрық селосы. Ақтаудан Құрыққа дейінгі ара қашықтық - 72 км., аудан көлемі 63,3 мың ш.км. тең. 2005 жылдың 1 қаңтарына ауданда 25,0 мың адам тұрған. Аудан құрамында 8 ауыл кіретін 4 ауыл әкімшілігі бар. Түпқараған ауданы. Түпқараған ауданы 1992 жылы құры-лған. Аудан орталығы аудан қарамағындағы Форт-Шевченко қаласында орналасқан. Ақтаудан Форт-Шевченкоға дейінгі ара қашықтық - 132 км., аудан көлемі 12,6 мың ш.км. тең. 2005 жылдың 1 қаңтарына ауданда 15,4 мың адам тұрған. Аудан құрамында 5 ауыл кіретін 3 ауыл әкімшілігі бар. Жаңаөзен қаласы. Облыс қарауындағы қала Жаңаөзен***1968 жылы құрылған. 2005 жылдың 1 қаңтарына қалада 60,7 мың адам немесе облыстың барлық халқының 17% тұрған. Ақтаудан Жаңаөзенге дейінгі ара қашықтық - 150 км. Жаңаөзен қалалық әкімшілігіне кіретін ауыл-дар: Теңге (тұрғындарының саны 12,7 мың адам) және Қызылсай (4,0 мың адам) ауыл-дары кіреді. 2004 жылы қала мұнайшылары 6,2 млн. тонна шикі мұнай немесе облыс бойынша шығарылған көлемінің 39%, 0,9 млрд. текше метр табиғи газ шығарған. 818 тонна сүт өнім-дері, 5,1 мың дана жұмыс киімі шығарылды. Жылыой ауданы (Атырау облысы). Жылыой ауданы 1928 жылы 6 мамырда Қазақ Орталық Атқару Комитетінің қаулысымен құрылған. Жер көлемі 29,3 мың шаршы км құрайды. 2009 жылы өткізілген санақ бойынша аудан халқы 72938 адам болса, оның 51720 қала халқы, 21218 адамы поселке, селолық округ тұрғындарын құрады. Жылыой ауданы Атырау облысының шығыс бөлігіндегі Каспий теңізінің солтүстік шығыс жағалауымен Жем, Қайнар өзендерінің сағалық бойын қамтиды. Жерінің орналасуына қарай солтүстігінде Мақат ауданымен, шығысында Ақтөбе облысының Байғанин ауданымен, батысында Каспий теңізімен, оңтүстікте Маңғыстау облысының Бейнеу ауданымен шектеседі. Климаты қуаң, континенттік, жазы ыстық, қысы суық. Қаңтардың орташа температурасы теңіз жағалауында -8 градус, солтүстігінде -14, кейде -30 градус дейін аязды күндер болады. Шілденің орташа температурасы +22-24 градус аралығында. Жауын-шашынның орташа мөлшері 150-200 мм, ал булану мөлшері 1000 мм-ге жуық. Жер рельефінің ерекшелігі – оның ойпатты, жазық болуында. Жер бетінің биіктігі теңізге қарай көлбейлене, кеми береді. Жылыой ауданының шаруашылығы 1930-шы жылдарға дейін балық және ауыл шаруашылығымен шектелді. Аудан орталығы балықшылардың мекені Қаңбақты (Жылыой) поселкесі болды. Жылыой өңірінде алғаш мұнай тапқан Қызылбаев Бешім ақсақал.Ол жер бетіне шығып жатқан мұнайды барлаушы-геологтарға апарып көрсеткен. Мұнай халық комиссары Қызылбаев Бешімге осы еңбегі үшін өмірлік зейнетақы тағайындаған. 1930 жылдан бастап ауданда мұнай іздеу жұмыстары қолға алынып, Қаратон, Иманқара, Қарашүңгіл, Қосшағылға бұрғы салынды. 1935 жылы Қосшағыл кен орны игеріліп, басқа да мұнай алаңдары ашылғанан кейін, аудан орталығы Қаңбақты (Жилая каса) поселкесінің экономикалық, әкімшілік орталығы ретінде қалу мәні кете бастады. Аудан орталығы 1938 жылы Қосшағыл поселкесіне ауыстырылды. Енді Жылыой өңірінің болашағы мұнаймен байланысты болды. Аудан өнеркәсіппен, ауылшаруашылық бағытында дами бастады. Ауданда бұрғылау жұмыстары кеңінен етек алды. Ұлы Отан соғысы жылдарында жылыойлықтар «Бәрі де майдан үшін, бәрі жеңіс үшін» деген ұранмен бүкіл күш-жігерін жеңісті жақындатуға жұмсады. Аудан еңбекшілері майданға жылы киімдер жіберді. «Қазақстан», «Жаңа жол» колхоздарының төрағалары Қалдан Өмірбаев, Батырбай Бөлекбаев, Атыраубай Танкиевтер 100 мың сомнан, Абай атындағы орта мектеп мұғалімдері мен оқушылары 25 мың сом қаражат жинап, майдан жеңісіне үлес қосты. Сол үшін ауданға Жоғарғы Бас қолбасшы И.В.Сталиннен алғыс жариялаған хат келді. Соғыс жылдарындағы ерен еңбегі үшін ферма меңгерушілері Ж.Мергенбаева, С.Шәкірова, шопан Н.Арқабаев, жылқышы Т.Дешенов 1947 жылы Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды. Жылыой ауданынан Ұлы Отан соғысына 3550 адам шақырылды. 1944 жылы 2 мамырда мұнай құбырларын жару мақсатында Киров колхозының маңына жау ұшағы 13 адамнан тұратын Агаев бастаған десанттық топ түсірді. Осы топты жедел жою шаралары ұйымдастырылып, оны аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Шәкір Ғазизов басқарды. Жау десантының қолынан колхозшы Байжан Атағозиев қаза тапты. Отан соғысынан 3192 жылыойлық оралмады. ХХ ғасырдың 50-90 жылдары аудан экономикасы қарқынды дамыды. Мұнай өндіру күрт өсті. Оған Мұнайлы (1948), Қаратон (1949), Кәкімбет (1955), Тереңөзек (1956), Төлес (1958), Тәжіғали (1960), Прорва (1962), Қара-арна (1974) мұнай кеніштерінің берілуі ықпал етті. 1954 жылы аудан орталығы Құлсары поселкесіне көшірілді. Поселке атауы бұрын осы өңірді мекендеген, бейіті сақталған Құлсары деген кісінің есімімен аталған.80-жылдардың ортасынан бастап бірегей Теңіз кенішін игеру жұмыстары кеңінен жүргізілді. 60-80 жылдар аралығында «Құлсарымұнайгаз», «Прорвамұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары, «Оңтүстік мұнай барлау канторы», Ұңғыларды күрделі жөндеу канторы мұнай зерттеу, өндірумен шұғылданса, Теңіз кенішін игеруге байланысты «Теңізмұнай» мұнай-газ өндіру басқармасы пайда болды. 80-90 жылдары 3 өндірістік бірлестік («Теңізмұнайгаз», «Теңізмұнайгазқұрылыс», «Теңізэнергоқұрылыс»), 13 трест, ондаған басқармалар жұмыс істеді. Еліміздің тәуелсіздік алуымен бірге бұл мекемелердің көпшілігін қаржыландыру тоқтатылып, кейін 1993 жылы қазақ-американ біріккен «Теңізшевройл» кәсіпорны құрылды. Шетелдік мердігерлік мекемелер мұнай өндіру, газ айыру жұмыстарын үйлестіру мақсатында мұнай айыру зауытын салудың жаңа кезеңдерін іске қосты. Осының нәтижесінде ауданда мұнай өндіру 2004 жылы 13 млн. тоннаға жетті. Кең көлемде жол қатынасы жүйесінде Құлсары темір жол станциясы, №11 жол дистанциясы, 2 сигнал және байланыс дистанциясы, Орта Азиядан, Теңіз кенішінен келетін газды жөнелтетін Құлсары компрессор станциясы (ЛПУ), Өзен-Атырау-Самара мұнай құбырын айдайтын Құлсары мұнай құбырлары басқармасы, «Теңізавтокөлік», «Казпетротранс» ЖШС қызмет етеді. Сонымен қатар, қазіргі таңдағы аудандағы ірі кәсіпорындарға «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ, «Бақай» корпорациясы, «НСС» ЖШС, «Теңізмұнайқұрылыс» ЖШС, «КОССК» ЖШС, «Атырау-Жарық» ЖШС, «Казкомсервис», «АБТ-ЛТД», «Мако», «Транс», «Олжа» ЖШС-тері т.б. жатады. Аудан жерінен Атырау-Маңғыстау темір жолы, Доссор-Құлсары-Бейнеу тас жолы өтеді. Ауданда бір қалалық (Құлсары қаласы), бір поселке (Жаңа Қаратон), бес селолық округтік (Қосшағыл, Жем, Қара-арна, Ақкиізтоғай, Майкөмген) әкімшілік аумаққа бөлінген. Аудан орталығы Құлсары поселкесіне 2001 жылғы 22 қыркүйекте қала атағы берілді. Құлсары қаласы облыс орталығы Атырау қаласынан 230 шақырым қашықтықта орналасқан. Ауыл шаруашылығымен айналысатын 244 шаруа қожалығы және «Жаңа таң» ЖШС бар. Аудан бойынша барлық шаруашылықтарда 15819 мүйізді ірі қара, 87138 бас қой-ешкі, 5132 бас жылқы, 7654 бас түйе, 3492 дана құс өсіріледі. Өндірісі негізінен: мұнай және газ өндіру саласы. 2009 жылдың 1-ші қаңтарындағы есеп бойынша аудан жылына 19028,8 мың тонна мұнай, 8995,6 млн.куб.м газ өндіреді. Ауданда 4354 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, оның ішінде 549-і заңды тұлғалар, 244-і шаруа қожалықтары, 3561-і жеке кәсіпкерлер. Бүгінде 20 мектеп, 5 балабақша, №9 кәсіптік лицей, Құлсары гуманитарлық-техникалық коллежді, 2 балалар мен жасөспірімдер мектебі, 1 өнер, 2 саз мектебі, 1 жас техниктер станциясы, 3 аурухана, 2 емхана, 1 аудандық өлкетану мұражайы, орталықтанған кітапхана мен 16 бөлімшесі, «Мереке» кинотеатры, 2 мұнайшылар клубы қызмет етеді. Бұқаралық ақпарат құралдары әртүрлі атпен 1933 жылдан бері шығатын «Кең Жылой», 2002 жылдан апталық «Көкжиек-Горизонт», 2003 жылдан «Құлсары» газеттері шығады. Ауданан шыққан белгілі адамдар ішінде 11 Социалистік Еңбек Ері – бұрғышылар Мұханбет Ақаш, Махутов Әбілғазым, Балгенжиев Зейнел, мұнайшы Әбдірахманов Ұлықпан, ауылшаруашылығынан Дощанов Татан, Арқабаев Нұрмағанбет, Шәкірова Сәли, Мергенбаева Жанбөпе, Дүйсенбеков Әбді, Асабаев Кісенбай, Еңбек Даңқы орденінің толық иегері Кенжеғариев Аманжол, 80-ге жуық Ленин ордені иегері, 30-дан астам әр салада ҚР-ның еңбек сіңірген қызметкерлері, 5 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты бар. Ауданды басқарған аудандық партия комитетінің бірінші хатшылары: Сапарғалиев Аман (1928 ж), Сағиденов Р(1928-1929 жж), Теңізбаев (1930-1932 жж), Жиенғалиев С (1933-1938 жж), Сағындықов Н (1938-1939 жж), Айтмұханов Меңдіғазы (1939 – 1940 жж), Ғазизов Шәкір (1940-1944 жж), Өтебаев Сафи (1944 – 1951 жж), Оспанов Құлқайыр (1951 – 1953 жж), Балғымбаев Өтеп (1953 – 1958 жж), Тауманов Ерғожа (1958-1959 жж.), Өтесінов Рахмет (1959-1961 жж), Мұқашев Саламат (1961-1970 жж), Сағынбаев Мұсабай (1970-1975 жж), Беклиев Әбутай (1975-1977жж), Ізтілеуов Беркін (1977-1986 жж), Түгелбаев Сағат (1986-1987 жж), Думчев Владимир (1987-1988 жж), Еламанов Болат (1988-1991), Түсіпқалиев Бақтығали (1991-1993). Еліміздегі басқару жүйесінің өзгеруіне байланысты 1992 жылдың басында атқарушы орган – аудандық әкімшілік құрылды. Жылыой ауданы әкімшілігінің алғашқы әкімі Түсіпқалиев Бақтығали, кейін аудан әкімшілігі аудан әкімі аппараты болып өзгертіліп, әкімдікке Саппаев Меңдіғали (1993-1994 жж), Қилыбаев Мақсот (1994 ж), Жұмағұлов Төкен (1994-1998 жж), Артығалиев Рзабек (1998-2001 жж), Бисенов Асқар (2001-2002 жж), Мұхтаров Нұртас (2002-2005 жж), Нақпаев Сәлімжан (2005-2006 жж), Еңсегенов Сәрсенбай (2006 ж), Бекенов Асхат (2006-2007 жж), Дүйсенғалиев Саламат (2007-2009 жж), Нұғманов Рахметолла 2009 жылдың маусынан Жылыой ауданының әкімі болып қызмет етеді. Индер ауданы (Атырау облысы). ИНДЕР АУДАНЫ – Атырау облысының солтүстігіндегі әкімшілік бөлініс. Жер аумағы 10,9 мың км2. Тұрғыны 30,7 мың адам, орташа тығыздығы 1 км2-ге 2,8 адамнан келеді (2007). Құрамында 1 кенттік, 6 ауылдық әкімшілігі округі және оларға қарасты 21 ауыл бар. Аудан орталығы – Индербор кенті. Индер ауданының жері Каспий ойпатының солтүстігін алып жатыр. Ауданды екіге бөліп жатқан Жайық өзенінің батыс жағы, негізінен, жазық құмды шөл болып келеді, ал шығыс жағы үстіртті (Индер мен Жамантау тауларының теңіз деңгейінен биіктігі 52 және 26 м). Одан әрі сортаң топырақты жазыққа айналады. Индер тауында карстық опырылымдар мен үйінділер өте жиі тараған. Индер көлінің жағасындағы төбешіктердің асты күмбез пішінді тұздардан тұрады және көлдің өзі әр түрлі шикізатқа бай. Мұнда борат, калий, магний және ас тұзының аса күшті рапа тұздығы, гипс, қиыршықтас, ұлутас, т.б. Құрылыс материалдары бар. Тек гипстің жалпы қоры 10 – 15 млрд. тоннадай. Индер көлінің солтүстік-шығысында минералды су көздері мен шипалы балшық та көп тараған. Оларды жергілікті тұрғындар ежелгі заманнан бері әр түрлі сырқаттарды емдеуге пайдаланып келеді. Индер ауданының климаты тым континенттік: қысы біршама жылы, жазы өте ыстық. Қаңтарда ауаның орташа температурасы – 12,3°С, шілдеде 25,3°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200 мм шамасында. Жер беті сулары жайық өзенінің орталық бөлігі мен оның екі жағындағы өзен арналары арқылы салынған Бағырлай, Алғабас және Қурайлы каналдарынан, ауданның шығыс жағындағы Индер және Ойыл өзендерінің аңғарындағы Ақтөбе, Отаркөл, Бөлекаяқ, т.б. көлдерден тұрады. Индер ауданының жері, негізінен, сортаң қоңыр топырақтан, өзен жайылымдары шалғынды топырақтан тұрады. Өсімдіктерден қара жусан, көкпек, изен, еркек шөп, қияқ, т.б. өседі. Жайықтың екі жағы қалың тоғай. Жануарлар дүниесінен қасқыр, түлкі, борсық, ақ бөкен, жабайы шошқа, өзен бойларында су құстары, сондай-ақ бозторғай, сауысқан, қарға, т.б. мекендейді. Жайық өзенінде балықтың бірнеше түрі, оның ішінде бекіре тұқымдас балықтар да бар. Ең ірі елді мекендері: Индербор кенті, Кулагино, Өрлік, Елтай, Зеленый, Жарсуат және Бөдене ауылдары. Индер ауданының Атырау облысындағы өнеркәсіпті және ауыл шаруашылықты аудандардың бірі. Өнеркәсібі түгелдей дерлік «Индерборат» және «Индертұз» акционерлік қоғамына қарасты борат карьерлері мен байыту фабрикасынан, нан мен сүт зауыттарынан тұрады. Мұндағы өнеркәсіп орталығы – Индербор кенті. Ауыл шаруашылығы негізінен қаракөл қойы мен сиыр, жылқы, түйе өсіруге маманданған. Ауыл шаруашылығы жерінің аумағы 987,9 мың га. Оның 1,3 мың га-сы егістік, 3,4 мың га-сы шабындық, 983,2 мың га жайылым. Аудан жері бойынша Жайық өзенінің екі жағасын бойлай ең ірі елді мекендерді қамтып республикалық маңызы бар Атырау – Орал автомобиль магистралі өтеді. Жайық өзенінде өзен су жолы бар. Аудан аумағымен Орта Азия – Орталық газ құбырынан тартылған тармақтар арқылы газ тасымалданады. Бұлардың негізінде ауданда автокөлік колоннасы, екі өзен айлағы, «Индергаз» желісі мекемесі жұмыс істейді. Аудан 1933 жылы құрылған. Оның аумағы 10,9 мың ш.км. 2009 жылғы 1 қазанға аудан халқының саны 31,4 мың адамды құрады. Аймақ рельефі жазық, топырағы сазды. Индер ауданын Орал өзені қиып өтеді. Аудан орталығы Индер поселкесінде орналасқан, ол 1935 жылы құрылды. Индер поселкесінің Атырау қаласынан қашықтығы - 200 км. Ауданда поселке әкімі - 1, селолық округ әкімдері - 6. Негізгі айналысатын шаруашылығы - мал шаруашылығы, дәлірек айтқанда қаракөл тұқымдас қой түрін өсіру. 2009 жылы (қаңтар - қазан) 3,8 мың тонна (тірі салмақта) ет, 6,1 мың тонна сиыр сүті, 288 мың дана жұмыртқа өндірілді. 2009 жылдың 1 қарашасына ауданда 20,4 мың бас ірі қара, 104,4 мың бас қой мен ешкі, 6,3 мың бас жылқы, 2,7 мың бас түйе болды. Сондай-ақ, мал шаруашылығымен бірге егін шаруашылығы да дамыған. Индер ауданында «ИСИ - Гипс - Индер», «Индергаз» ЖШС-рі, «Есбол», «Жарсуат» К-рі, «Қазақтелеком» АҚ-ның аудандық филиалы, Индер желілік- өндірістік басқармасы, Индер мұнай айдау стансасы, Индер орман шаруашылығы мекемесі бар. Атырау облысы статистика департаментінің мәліметі бойынша экономиканың нақты секторында 2009 жылдың қаңтар-қазанына 2008 жылғы қаңтар - қазанға %-бен кен өндіру өнеркәсібі -80,5, электр энергиясын, газ бен су өндіру және бөлу - 97,8, ауыл шаруашылығы - 102,5. Исатай ауданы (Атырау облысы). Аудан 1928 жылы құрылды. Аудан аймағы 14,7 мың ш.км. жерді құрайды. Ауданда 2009 жылғы 1 қазанға 25,3 мың адам орналасқан. Аймақ жері - жазық, Каспий жағалауына орналасқан, шөлейтті, жазық, топырақтың қабаты тұзды, сортаң, құрғақ. Аудан орталығы Аққыстау селосында орналасқан, оның негізі 1973 жылы қаланды. Аудан орталығының Атырау қаласынан қашықтығы - 85 км. Ауданда селолық округ әкімдері - 7. Айналысатын негізгі шаруашылығы - мал шаруашылығы, малдың етін өндіру. 2009 жылы (қаңтар-қазан) өндірілген ет 4,4 мың тонна (тірі салмақта), сиыр сүті - 3,4 мың тонна, жұмыртқа - 154 мың дана өндірілді. 2009 жылдың 1 қарашасына аудандағы мүйізді ірі қара саны - 11,6 мың бас, қой мен ешкі - 50,9 мың бас, жылқы - 8,8 мың бас, түйе - 7,4 мың бас болды. Ауданда «Жайықмұнайгаз» басқармасынан басқа «Сазанқұрақ» қазақ американ бірлескен кәсіпорны, «Прикаспиан Петролеум», «Потенциал Ойл», «Жанбай», «Светланойл», «НБК» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері орналасқан. Сонымен қатар Аққыстау селосында «Әдемі үй» ЖШС-гінің қарамағындағы кірпіш зауыты жұмыс жасайды. Атырау облысы статистика департаментінің мәліметі бойынша экономиканың нақты секторында 2009 жылдың қаңтар-қазанына 2008 жылғы қаңтар - қазанға %-бен кен өндіру өнеркәсібі -97,0, ауыл шаруашылығы - 104,7 Исатай ауданы – Атырау облысының солтүстік-батысындағы әкімшілік бөлініс. 1997 жылы облыстың Құрманғазы және Махамбет аудандары жерлерін қосу негізінде құрылды. Жер аумағы 14,7 мың км2. Тұрғыны 24,3 мың адам, орташа тығыздығы 1 км2-ге 1,6 адамнан келеді (2008). Аудандағы 25 елді мекен 6 ауылдық әкімшілік округке біріктірілген. Аудан орталығы – Аққыстау ауданы Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданымен, батысында Атырау облысының Құрманғазы, солтүстігінде Индер, шығысында Махамбет аудандарымен, оңтүстігінде Каспий теңізімен шектеседі. Исатай ауданының жері түгелімен Каспий ойпатының орталық бөлігінде, шөлдік белдемде орналасқан. Батысының басым бөлігін төбешікті Нарын, Бозанай және Меңтеке кұмдары, шығыс бөлігін Жайық алабы және Каспий жазығы алып жатыр. Негізгі кен байлықтары – мұнай мен газ. Олардың кен орындары ауданның оңтүстік-шығыс жағында, Каспий теңізінің жағалауына таяу орналасқан. Барланғандары: Забурунье, Сазанкұрақ, Октябрь, Мартыши, Ровное, Камышитовое, Батыс және Оңтүстік-шығыс Новобогат кен орындары. Жер беті сулары ауданның тек оңтүстік-шығыс жағында кездеседі. Оның қиыр солтүстік-шығыс жағымен Жайық өзені ағып өтеді. Исатай ауданының жері құмдақ және сортаң сұр топырақты болып келеді. Өсімдіктері құмды жерлерде сораң шөптер, сортаң жерлерде сораң, жусан, бұйырғын өскен. Теңіз жағасында қамыс, құрақ, т.б. өседі. Жануарлар дүниесінен ақ бөкен, қасқыр, түлкі, қоян; суында қаз, үйрек, шағала, қызғыш, шымшық, т.б. мекендейді. Каспий теңізінде бірнеше бағалы балық түрлері бар. Ең ірі елді мекендері: Аққыстау, Ақтоғай, Жанбай, Манаш, Исатай, Х.Ерғалиев, Чапаев аудандары. Исатай ауданы өнеркәсіпті және мал шаруашылықты аудан. Өнеркәсібі 1968 ж. Мартыши мұнай-газ кен орнын игеру негізінде мұнай кәсіпшілігін құруға байланысты дамыды. Бұдан кейін пайдалануға Забурунье, Октябрь, Ровное мұнай-газ кен орындары берілді, ұзындығы 85,6 км Атырау – Мартыши мұнай құбыры іске қосылды. Ауданның оңтүстік жағымен Атырау – Астрахан т. ж. мен автомобиль жолы, Қиғаш – Атырау өзен су құбыры өтеді. Мақат ауданы (Атырау облысы). Аудан 1924 жылы құрылды. Оның көлемі 4,9 мың ш.км. жерді қамтиды. 2009 жылғы 1 қазанға ауданда тұратын халық саны 29,4 мың адам болды. Аймақ жері жазық, тегіс. Аудан орталығы Мақат поселкесінде орналасқан, оның негізі 1924 жылы құрылды. Аудан орталығының Атырау қаласынан ара қашықтығы - 130 км. Ауданда 2 поселке және 4 селолық округ бар. Мақат ауданын Сағыз өзені қиып өтеді. Аудан аумағында «Доссормұнайгаз» басқармасы, «Доссормұнаймаш» ЖШС-гі, «Мақат газ айдау стансасы», «Мақат энерго жөндеу» мекемелері, Мақат локомотив пайдалану депосы, «Мақат сервис - 2004», «Локомотивтік сервис орталығы» ЖШС-гі жұмыс жасайды. Статистика мәліметтері бойынша экономиканың нақты секторында 2009 жылдың қаңтар-қазанына 2008 жылғы қаңтар - қазанға %-бен кен өндіру өнеркәсібі -100,2, электр энергиясын, газ бен су өндіру және бөлу - 101,9, ауыл шаруашылығы - 102,5. Құрманғазы ауданы (Атырау облысы). Аудан 1928 жылы құрылған. Аудан көлемі - 20,8 мың ш.км. Халық саны 2010 жылғы 1 қаңтарға 59,2 мың адам болды. Аймақ рельефі жазық тегістік. Аудан орталығы Ганюшкин селосында орналасқан, ол 1793 жылы құрылды. Аудан орталығының Атырау қаласынан ара қашықтығы 260 км. Ауданда 19 селолық округ әкімдігі орналасқан. Құрманғазы ауданын ірі өзендердің бірі - Қиғаш өзені қиып өтеді. Айналысатын негізгі шаруашылық бағыты - қой шаруашылығы, әділбай қой тұқымын өсіру. Сонымен бірге егін шаруашылығы да дамыған. 2009 жылы (қаңтар - қазан) 8,2 тонна ет (тірі салмақта), 10,2 тонна сиыр сүті, 128 мың дана жұмыртқа өнімдері алынды. 2009 жылғы 1 қарашаға мүйізді ірі қара - 41,6 мың бас, қой мен ешкі - 174,6 мың бас, жылқы - 16,7 мың бас, түйе - 6,6 мың бас болды. Аудан көлемінде жұмыс жасап тұрған ірі кәсіпорындар бар, олар «Мақаш» ӨК-і, «Сүйіндік» ААҚ-ы, «Ақжонас» ЖШС-і, «Құрманғазы» ӨК-і, «Каспий балық» К-і және т.б. «Мақаш» ӨК-і, «Құрманғазы» ӨК-і, «Сүйіндік» ААҚ-ы, «Ақжонас» ЖШС-і мал шаруашылығымен, малдарды асылдандандыру жұмысымен айналысады. «Каспий балық» ӨК-і балық аулау және оны өңдеумен айналысады. Cтатистика мәліметі бойынша экономиканың нақты секторында 2009 жылдың қаңтар-қазанына 2008 жылғы қаңтар - қазанға %-бен кен өндіру өнеркәсібі -71,7, электр энергиясын, газ бен су өндіру және бөлу - 102,7, ауыл шаруашылығы - 100,5, құрылыс - 131,7 Жамбыл ауданы (Жамбыл облысы). Жамбыл ауданы– Жамбыл обл-ның оңт.-батысындағы әкімш. бөлініс. 1928 ж. құрылған. Жер аум. 4,3 мың км2. Тұрғыны 77,4 мың адам, орташа тығызд. 1 км2-ге 18 адамнан келеді (2008). Аудан аумағындағы 45 елді мекен 9 ауылдық округке біріктірілген. Аудан орт. – Аса а. Аудан жері таулы (Қаратау мен Қырғыз Алатауының түйіскен жері), қыратты (орт.), солт-ке қарай жазық келеді. Климаты континенттік, қысы жұмсақ, жазы ыстық. Ауаның орташа темп-расы қаңтарда –6 – 7°С, шілдеде 22 – 26°С. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлш. 250 – 400 мм. Аудан жерімен Талас, Аса өзендері ағып өтеді; Бөгеткөл, Сұлукөл, Сеңгірбай, Көкіш көлдері бар. Жері таулы-шалғынды, шалғынды-сұр, шалғынды-батпақты келеді. Онда жусан, жантақ, сораң шөп, қамыс, құрақ, бұталы өсімдіктер, т.б. өседі. Ақ бөкен, арқар, қоян, түлкі, қасқыр, шиебөрі, қырғауыл, т.б. мекендейді. Жер қойнауынан құрылыс материалдары (гипс, әктас, т.б.) өндіріледі. А. ш-на жарамды жері 412 мың га, оның ішінде жыртылған жері 156,4 мың га, шабындығы 7,2 мың га, жайылымы 325,5 мың га. Аудан жерімен Шымкент – Тараз, Тараз – Қаратау – Жаңатас т. ж., Шымкент – Тараз, Тараз – Ақкөл – Саудакент автомоб. жолдары өтеді. Тарих. 1932 жылдың 20 ақпанында Сырдария өлкесі Қызылорда, оңтүстік Қазақстан облысы болып екіге бөлініп Әулиеата ауданы Оңтүстік Қазақстан облысының құрамында қалды. Ал, 1936 жылдың 10 қаңтарында Әулиеата ауданы сол кездегі Қазақстанның басшысы Мирзоянның есімімен аталды. Қазақтар «Мырзажан» немесе «Мырзабала» атаған. Мирзоян 1938 жылы халық жауы болып ұсталып кеткен соң, ауданға осы жылдың 1 шілдесінде қазақ халқының Гомері атанған ұлы Жамбылдың есімі берілді. «Ұлы жұт» - ашаршылықтан кейінгі 1933 жылы аудандағы колхоздардың саны 60-қа жетті. Алайда ауыл шаруашылығы өндірісін жетік білетін маман кадрлар, құрал-сайман жетіспеді. «Жүк ауырын нар көтереді» деген, осы тұста елдің белін көтеріп, колхоз қабырғасын өруге Құлманбаев, Б.Кейкиев, Б:Тайшапов, А.Байзақов, Үкібаев сияқты арда азаматтар келіп, қыруар шаруаның қыл-шылбырын есті, үлкен ұйымдастырушылық іс жүргізді. 1938 жылдың наурызында Жамбыл ауданының құрамынан Свердлов, Луговой аудандары бөлініп шықты. Сол кезде ауданда 6 селолық совет, 40 колхоз, 4 совхоз, 2 МТС болды. Колхоздар мен МТС-терді ұйымдық жағынан нығайту, олардың материалдық-техникалық базасын күшейту нәтижесінде егіс көлемі, мал саны едәуір көбейді, ауыл шаруашылығы өнімі арта түсті. 1939 жылдың 14 қазанында Жамбыл облысы оңтүстік Қазақстан облысынан бөлініп шығып, өз алдына облыс болып құрылды. Жамбыл ауданы осы облыстың құрамында қалды. Орталығы да Жамбыл қаласының өзінде болды. Осы жылы ауданның құрамында Ақбұлым, Ақжар, Ақкөл, Аса, Берікқара, Бесағаш, Билікөл, Головачевка, Гродеково, Есентөбе, Қаратөбе, Қараөзек, Қостөбе, Полатқосшы сияқты 15 ауылдық кеңес жұмыс істеді. Елуінші жылдары экономикасы әлсіз колхоздар ірілендіріліп, 1956 жылы техникамен жарақтанған қуатты 14 колхоз аудан әлеуетін дамыту жолына түсті. Ал жетпісінші жылы ауданда даму жолынан өткен 6 колхоз, 11 совхоз болды. Шаруашылықтардың барлығы қуаттана түсті. Мысалы «Ақкөл» колхозының өзінде 30-дан астам трактор, 15 комбайн, 40 автомашинасы мен басқа техникасы жыл сайын қыруар пайда табуға мүмкіндік берді. Киелі топырақ ұлылық туғызбай қоймайды. Ауданды әр кезеңде қазақтың озық ойлы, зиялылары басқарып, ауданның экономикасының көтерілуіне үлестерін қосты. Х.Баймуханбетов – аудандық партия комитетінің алғашқы бірінші хатшысы. Одан кейінгі аудан тізгінін ұстаған Күләш Әскеева кейін облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары және басқа да басшы қызметте болды. Өткен ғасырымыздың елуінші жылдарының соңына қарай аудан тізгігін ұстаған Т.Ақбозовты, одан кейін аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болған Ш.Қалдыбаевты аудан халқы үнемі еске алып, олардың жақсы істері жайлы әлі күнге әңгімелеп отырады. Алпысыншы жылдардың басында Жамбыл ауданы таратылып, Жуалы, Байзақ (ол кезде Свердлов) аудандарының құрамына берілді. Арада екі жыл өткеннен кейін 1966 жылдың қысында Жамбыл ауданы қайта құрылды. Аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Н.Ыбыраев, аудандық Кеңес атқару комитетінің төрағасы болып Ә.Сандыбаев тағайындалды. Жаңадан құрылған ауданды бұлар қысқа мерзім ішінде аяғына қойып, облыстағы алдыңғы қатарлы аудандарының санатынан көрінді. А.Аширов, В.И.Ким, А.Л.Костянкин сияқты білікті азаматтар өздеріне сеніп тапсырған ұжымшарлардың дәулетін шалқытып, бай шаруашылықтар қатарына жеткізді. Әнуарбек Сандыбаев аудан тізгігін он жылдай ұстады. Ол кісі тынымсыз еңбек етіп, ауданның әлеуметтік жағдайын көтерді. Әнекеңнен кейін ауданды С.Қожақанов, Т.Б.Мүсіралиев, Зайцев, Ю.Н.Морозов, В.И.Синельников, Д.Тоқбергенов, Ә.Әсілбеков, М.Байгедиевтер басқарды. Халықтың ажары осындай халық бағбаны атанған зиялы азаматтармен ашық екен. Бұлардың қай-қайсысы болмасын өздеріне тапсырылған жұмыстарды мінсіз атқарып, аудан жұртшылығының есінде қалды. Қазіргі таңда ауданды Жуалы ауданының перзенті М.А.Дүйсембаев басқаруда. Бұлардың қай-қайсысы болмасын аудан экономикасын көтеріп, халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеруге күш салды. Жамбыл ауданы әу бастан-ақ мал және егін, бау-бақша дақылдарын өсіруге мамандандырылған. Ауданның өндірістік-экономикалық даму қарқынының артықшылықтарына оның қалаға таяу орналасуы игі әсер етіп келген. Мұнда 1930 жылдың өзінде бірден-бір ең үлкен машина-трактор (МТС) станциясы ашылып, ауыл шаруашылығына жұмыс істей бастаған. 1930 жылғы санақ деректері бойынша ауданда 33 012 бас ірі қара мал, 298 067 қой, 267 шошқа болған екен. Алғашында аудандағы он сегіз ұсақ ұжымшардың мүшесі 258 адамға жеткен. 1930 жылы ұжымшар саны 94-ке жетіп, колхозшылардың саны 7905 адамға артқан. Ал қазір аудан көлемі 41 500 кв.км, халқының саны 75 803, 45 елді мекен, 10 өндірістік кооператив, 4 ЖШС, 1772 шаруа қожалығы, 751 жеке кәсіпкерлік, 117 шағын кәсіпкерлік, 13 өнеркәсіп орындары еңбек етуде. Өткен ғасырдың отызыншы жылдарындағы құйынды да дүрмекті күндерді, дүние тамұқтың отына оранған зұлмат кезеңді, аудан халқының бастан кешіргені белгілі. Ел енді-енді еңсесін көтеріп, жағдайы түзеле бастағанда батыстан соққан қара дауыл талай кеудедегі көктемнің қызғалдағын жұлып кетті. 1941 жылдың 22 маусымы күні басталған қанқасап соғыстың салған лаңын күні бүгінге дейін кәрі де, жас та ұмытқан жоқ. 1418 күн мен түнге ұласқан, өмір мен өлім айқасқан, бораған оқ ішінде жүріп, сол соғыстан елге аман оралған ардагерлеріміздің қатары да жылдан жылға сиреп келеді. Сол сұрапыл жылдары ерен ерлік үлгісін көрсетіп, есімі бүкіл одаққа тараған аудан азаматтары да болды. Құралайды көзден атқан мерген Ыбырайым Сүлейменов Қазақстанда жасалған 101 бригада құрамында соғысып, Новель қаласының түбінде ерлікпен қаза тапты. Бір өзі 280 немістің көзін жойды. Қайтыс болғаннан кейін оны Кеңестер Одағының Батыры атағын беруге ұсынды. Қазір батыр атында Таразда үлкен көше бар. Ыбырайым Сүлейменов соғысқа дейін Жамбыл МТС-де тракторшы болып жұмыс істеген. Жыл сайын жазда егін орағына қатысып, тындырылымдығымен, өжеттілігімен ұжымшар басшылары мен колхозшылардың көңілінен шығып отырған екен. Оны көзі көргендер күні бүгінге дейін жыр етіп әңгімелейді. Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін ел еңсесі көтеріліп еңбекке деген құлшынысы артты. 1949 жылға дейін 16 адамға Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, 54 еңбеккер Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. 21 адамның омырауында Ленин ордені жарқырады. 103 адам «Еңбектегі ерлігі үшін» медалінің иегері атанды. Бәйгелді Кейкиев басқарған «Кеңестөбе» колхозының өзінен 8 Социалистік Еңбек Ерінің шығуы ауылдың даңқын аспандатып тастады. Олар: Науат Егембердиева, Міртай Бейсалиев, Рысқұлбек Тұрғынбаев, Шынтас Тілеубаев, Күртібай Жанбосынов, Тастемір Дәуренбеков, Поштабай Қырбасов. Осы кезеңде ауданның басқа ұжымдарынан да одақтағы ең құрметті атақты иеленгендер аз болған жоқ. Солардың қатарында Күлімжан Күтімова, Сейдуалы Есімов, Әзімбек Ысмайылов, Мариям Мырзахметова, Түйте Пірімқұлов, Ысқақ Сүлейменов, Серафима Васильевна Таркаева, Әжібай Тілеубердиев, Патыш Юнусова, Жәнібек Жанталиев, Ақын Жақсылықов, Мария Тимофеевна Енькова (Радченко), Сәрсен Қазанғапов, Әбден Батыров сынды қиын шақта ел байлығын еселеген абзал азаматтар бар. Жібек жолының бойына орналасқан Жамбыл ауданы соғыстан соң ел экономикасын көтеруге, халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға бір жола көшті. Ұсақ шаруашылықтар біріктіріліп, ірілендірілді. Аудан орталығы Аса ауылына көшіріліп әкелініп, енді жұмыс істей бастаған шақта, 1963 жылы Қазақ ССР Кеңес Президиумының Жарлығымен аудан таратылды. Ауданның Аса, Бесжылдық, Билікөл, Головачевка, Ерназар, Есентөбе, Қаратөбе және Көлқайнар селолық кеңестері Жуалы ауданына, Бесағаш, Гродеково, Қостөбе, Полатқосшы селолық кеңестері Свердлов (қазіргі Байзақ) ауданының құрамына берілді. 1966 жылдың 31 қаңтарында Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Жамбыл ауданы қайта құрылып, орталығы Жамбыл қаласы болып белгіленді. Ауданның құрамына Аса, Головачевка, Ерназар, Қаракемер, Қаратөбе селолық кеңестері Жуалы ауданынан, Бесағаш, Гродеково, Жамбыл, Көлқайнар, Пионер және Полатқосшы селолық кеңестері Байзақ ауданынан қайтарылып берілді. Аудандық партия комитетінің 1-хатшысы болып бұған дейін облыстық тәжірибе стансасының директоры болған Нұртаза Ыбыраев сайланды. Аудандық атқару комитетінің төрағасы болып бұрын Жуалы аудандық партия комитетінің, кейіннен ауатком төрағасының бірінші орынбасары болған Ә.Сандыбаев аудан экономикасын жақсарту жұмысын білікті маман кадрлар дайындаудан бастады. Ауданда 6 ұжымшар, 10 кеңшар және 1 тәжірибе стансасы жұмыс істеді. Іргелі шаруашылықтардың бірі – Крупская атындағы ұжымшарды Бейсенбек Тайшапов 25 жыл басқарды. Ол ауданда бірінші болып Өрнек ауылының орталығына жаңа мектеп ғимаратын салғызды. Қазір сол мектепке екі дүркін Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған Тайшаповтың есімі берілген. Табыстың тай қазанын қайнатуға ХХІІ партсьезд атындағы ұжымшардың тізгінін ұстаған Арнольд Лазаревич Костянкин, «Октябрь» ұжымшарын отыз жылдай басқарған Махмуд Искакұлы Аширов, «Ақкөл» ұжымшарындағы қожырап кеткен жұмысты жолға қойған Виктор Илларенович Ким, «Жасөркен» кеңшарын біліктілікпен басқарып, қазіргі Қызылқайнар ауылын гүлдендірген Әзімбек Жанболатов, «Қызыл Октябрь» ұжымшарына абырой әперген С.Дауылбаев, Аманкелді атындағы ұжымшарға ырыс әкелген Б.Шаханов қомақты үлес қосты. Жыл сайын аудан жас кадрлармен толықтырылып тұрды. Ауданды Т.Б.Мүсіралиев басқарған кезеңде Е.Жатқанбаев, М.Сыздықов, С.Мұсабеков, Н.Тілегенов, М.Байгелдиев, С.Садықов сияқты мамандар шаруашылықтарды басқаруға жіберілді. Қатардағы еңбек адамдары арасынан да республикаға танымал болғандары аз емес. Олардың қатарында Айша бибі ауылының тұрғыны, КОКП ХХV сьезінің делегаты, екі дүркін Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты Бегай Кабашева бағалы техникалық дақыл өсіруден биік көрсеткішке қол жеткізгені үшін Еңбек Қызыл Ту, Октябрь Революциясы ордендерімен марапатталса, ауданымыздың құрметті азаматының бірі, сүт бұлағын ағызған балды бармақ сауыншы Валентина Ивановна Иванова Еңбек Даңқы орденінің толық иегері атанды. «Октябрь» кеңшарының сауыншысы өзі еңбек еткен 25 жыл ішінде ерен еңбектің үлгісін көрсетті. Ортақ табысқа өзіндік үлес қосқан шопандар пионерлік Құрманбек Тубаев пен қаракемерлік Оразғали Ақыновтың есімдері елге ерте танылды. Ауданымыздан Ж.Хаппаев, Х.Миссиров, Ә.Бейсенов және тағы басқа жайылымды төрт-түлік малға толтырған еңбек майталмандары көптеп шықты. Тәуелсіздік жарияланғаннан бері ауданымызда мақтануға тұрарлық, еңбектерімен еленіп жүрген азаматтар бар. Олар – Президент Жарлығымен жоғары марапаттарға лайық деп танылған «Құрмет» орденінің иегерлері – Ұлы Отан соғысының ардагері Ә.Кемпіреков, «Пионер» асыл тұқымды қой зауыты өндірістік кооперативінің төрағасы А.Жұмақанов, «Астана», «Ерен еңбегі» медальдарының иегерлері «Амангелді», «Юнчи» өндірістік кооперативінің төрағалары Р.Бегалиев, Т.Аширов, «Ерен еңбегі» медалінің иегері - «Атамекен» шаруа қожалығының басшысы Ж.Жапаров, «Шапағат» медалінің иегері – «БМ» ЖШС бас директоры С.Махмадов, ҚР Құрмет Грамотасымен марапатталған «Шайқорық» шаруа қожалығының жетекшісі Е.Дадабаев және М.Төлебаев атындағы аудандық саз мектебінің директоры С.Күзербаев. Президент Н.Ә.Назарбаевтың назарына ілініп, жоғары мемлекеттік марапаттарға ие болған бұл азаматтар аудан абыройын арттырса, аудандағы қалыптасқан жағдайлар жақсы жағдайлар жоғары көрсеткіштер оларды құрметке бөлеп отыр. Ел экономикасының дамуы материалдық жағдайдың жақсаруына, адамдардың әл-ауқатының, тұрмыс-тіршілігінің жаңа сипат алуына мүмкіндік туғызатын болса, саясат, білім, әдебиет пен мәдениет осынау саланың өркендеуіне өзіндік үлесін қосады. Осы орайда біздің ауданымыздан шыққан қоғам, ғылым, мәдениет және әдебиет қайраткерлері баршылық. Бұл ретте бірінші кезекте Тәуелсіз Қазақстан тұсында дүниеге келген қос палаталы Парламенттің тұңғыш Сенат төрағасы Ө.Байгелдиев. Қарапайым ауыл азаматы саяси қызметте ел тағдырын шешуге, мемлекет аралық мәселелерді орнықтыруға өзінің өлшеусіз үлесін қосқаны мәлім. Ол қазір де заң шығарушы орган басшыларының бірі. Ауданымызда археологиялық ескерткіштердің ең көнесі біздің заманымызға дейінгі VІ-ХІІ ғасырларды қамтиды.????? Қазіргі уақытта аудан көлемінде 89 археологиялық 2 сәулет, 1 монумент, 17 тарихи-мұра обьектілері бар. Соның ішінде ЮНЕСКО-ның республикалық мәні бар Айша бибі және Бабаджа-хатун кесенелері. Айша бибі ауылына орналасқан Айша бибі кесенесінің сырт жағы өсімдіктермен, жұлдызшалармен өрнектеліп, плиталармен көмкерілген. Бағананың 3,4 метр биіктігінде арабша «Күз... туман... Жер тамаша...» деп жазылған. Мавзолейдің салыну тарихы және Айша бибінің жеке тарихы туралы осы кезге дейін жазып қалдырылған дерек кездестірілген жоқ. Тек халық аузындағы аңыз бойынша орта ғасырда өмір сүрген ғалым, әрі ақын, Хакім атаның қызы Айша сұлуға салынған кесенесі. Аңыз негізі бойынша өзі сүйген жігітіне келе жатқанда жылан шағып өлтірген. Айша осы жерге жерленіп, оған мавзолей салынды. Оның қасында Айшаның күтушісі Бабаджа-хатун мавзолейі орналасқан. Құрылыс күйдірілген кірпіштен жасалынған. Кесенеге араб тілінде былай деп жазылған: «Бұл ұлы бейіт Абаджа-хатун. Оны соққан..» Одан әрі қарай жазылған жазуы өшіп қалған. Әулие бастау, Дех-Нуджикес, Бектөбе, Ақтөбе, Атлах, Жікіл, Адахкес қалашықтарының қалдықтарының ішінде Жікіл, Әулие бастау, Бектөбе қалашықтарына ғана қазба жұмыстары жүргізілген. Ескі қорған, обалар Аса, Қаратөбе, Қаракемер, Қызылқайнар округтерінде орналасқан. Ауданның ақпараттық әлемінің айнасы «Шұғыла-Радуга» газеті 1966 жылдың 1 шілдесінен бастап шығады. «Шұғыла» өз тарихының ішінде талай-талай тарландарды қанаттандырып, ұясынан ұшырды. Кезінде аудандық «Шұғыла-Радуга» газеті кадрлар дүкеніне айналған. Атап айтар болсақ ҚР Парламенті сенатының депутаты болған Жандар Кәрібаев, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты болған жазушы, ақын Арғынбай Бекбосынов осы газеттің редакторлары. Облыс әкімі ішкі саясат департаментінің директоры Масат Беріков, облыстық телерадио хабарларын тарату жөніндегі комитеттің төрағасы Бекет Момынқұлов, «Знамя труда» газетінің бас редакторы Владимир Козыренко, «Жамбыл-Тараз» газеті редакторының орынбасары Сапарғали Әлібаев, республикаға танымал сатирик-ақын Толымбек Әлімбеков, ақын Серік Қалиевтер «Шұғыла-Радуга» газетінің шекпенінен шыққандар. Өмірден өткен Тынышбай Рахымов, Совет Әлімқұлов, Мұса Рахманбердиев, Шаймерден Дәуренов, Базар Қилыбаев сынды ақын-жазушыларымыз осы ауданда тұрып, «Шұғылада» қызмет етіп қолтаңбаларын қалдырған. Жуалы ауданы. Жуалы ауданы 1928 жылы қыркүйек айының 3-ші жұлдызында Шымкент облысының құрамында құрылды және 1951 жылдың наурыз айында Жамбыл облысының құрамына берілді. Аудан орталығы Бауыржан Момышұлы ауылы- облыс орталығы Тараз қаласынан 60 шақырым жерде, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында орналасқан. Ауданның жалпы жер көлемі - 421 мың 283 га., оның ішінде, егістік - 102 мың 759 га., жайылымдық жері - 219 мың 963 га., шабындық жері- 7458 га., көп жылдық ағаштар көлемі - 715 га. Халқы 51915 (52615) адамды құрайды. Аудан бойынша аула саны -10478 бірлік. Халқының тығыздығы 1 шаршы шақырымға 12 адам. Ауданда мекен ететін ұлт өкілдерінің басым бөлігін, яғни, 87 % қазақтар, 8,1 % орыстар, 1,06 % шешендер, 1,04 % әзербайжандар, 1,9 % басқа да ұлттар құрайды. 26159 ер, 26456 әйелдер. Ауданды солтүстік жағынан Қаратау таулары, батысынан Боралдай, оңтүстігінен Талас-Алатауы, шығысынан Қырғыз Алатауы қоршап жатыр. Аудан аумағын "Алматы-Ташкент" халықаралық трассасы және теміржол магистралы қиып өтеді. Аудан аумағында Теріс, Ақсай, Көксай, Бахаты, Боралдай және Қошқарата өзендері, сонымен қатар, Билікөл көлі, Теріс-Ащыбұлақ су қоймасы бар. Су қоймасының сыйымдылығы 158 млн. куб және ол Жамбыл ауданының 23000 га. жерін суландырады. Аудан аумағы 15 ауылдық /селолық/ округтерге бөлінген. Ауданда барлығы 52 елді- мекен бар. -46-сы жалпы білім беретін мектеп (30 орта, 7 негізгі, 9 бастауыш) Жалпы аудан мектептерінде 1502 ұстаз оқушыларға білім мен тәрбие беруде. Олардың: 1295-і жоғарғы, 207-сі арнаулы орта білімді мамандар. Оның ішінде жоғарғы санаттысы-194, бірінші санаттысы-429 екінші санаттысы -628. Ауданда 2 балалар -жасөспірімдер спорт мектебі бар. Спорттың бокс, еркін қазақ, дэю-до күрестері, тоғызқұмалақ, футбол, волейбол, баскетбол, кір тасын көтеру түрлерінен үйірмелер ашылған. Б.Момышұлы ауылы аумағында үлкен, кіші футбол, баскетбол, волейбол алаңдары орналасқан. 1500 орындық 1 стадион іске қосылған. Сондай-ақ, аудан аумағындағы елді -мекендерде жалпы 24 спорт залдары, 85 спорт алаңдары, 10 тир және 1 бильярд залы бар. - 1 аудандық Халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы; - 8 ауылдық мәдениет үйі, 11 ауылдық клубтар; - 1 аудандық, 1 ауылдық балалар кітапханасы; Сондай-ақ, «Халықтық» атағы бар 3 ұжым бар, олар «Қызғалдақ» ән-би ансамблі, «Жуалы», «Мыңбұлақ» халық театрлары. 1924 жылдан бастап аудандық "Жаңа Өмір" газеті жарық көреді. Ауданда негізгі екі бағыттағы конфессияда: ислам және христиан діндері бойынша діни орындар жұмыс істейді. Барлығы 25 мешіт, 1 шіркеу және 3 діни танымдық үйлері бар. Бүгінгі мәлімет бойынша діни орындарға келушілердің жалпы саны 589 адамды құрап отыр. Ауданда қазақ, славян, өзбек, әзірбайжан және шешен- барлығы 5 мәдени-ұлттық орталықтары жұмыс атқарады. Олардың барлығы 1993 жылы құрылып, өз ұлтының салт-дәстүрін, мәдениетін және тілін насихаттау бағытында қызмет етуде. Бүгінгі таңда ауданда 174 төсектік орталық аурухана, 25 төсектік туберкулез ауруханасы, 250 адам қабылдауға арналған емхана, бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсетумен айналысатын 10 дәрігерлік амбулатория және 38 медициналық пункт жұмыс істейді. 1. Мүйізді ірі қара -41989 оның ішінде сиыры -14289; 2. Қой-ешкі-187644 оның ішінде саулығы - 80680; 3. Жылқы - 8256 оның ішінде бие -3262; 4. Шошқа - 5822 оның ішінде негізгі аналығы-515; Ет өнімі (тірі салмағымен) - 108140 цн. (10814 тн.); Сүт - 329272 цн. (32927,2 тн.); Мойынқұм ауданы. 1964 жылы 31-ші желтоқсанда Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының Қаулысына байланысты, бұрынғы Көктерек ауданының аумағында қазіргі Мойынқұм ауданы құрылды. Аудан орталығы Фурмановка селосы болды. Мойынқұм ауданы Оңтүстік Қазақстанның орталығына жуық 40-46 градус солтүстік енділікпен 68-74 градус шығыстық-бойлық аралығына орналасқан. Ауданның шығысынан-батысына дейінгі қашықтық 330 шақырым болса, ал оңтүстігінен-солтүстігіне дейін 275 шақырым қашықтықты алып жатыр. Аудан солтүстік жағынан Қарағанды облысынан 190 шақырым қашықтықты қамтитын аумағымен шектессе, Солтүстік Шығыс бөлігінде Балқаш көлінің 115 шақырым жиегін қамтитын жерлерді басып өтеді. Ауданның оңтүстік-шығыс шекарасы Алматы облысының 140 шақырым жерімен шектесіп жатыр және 40 шақырым қашықтықта облысымыздың Қордай ауданының жерін жиектейді. Оңтүстік шекара қашықтығы 180 шақырым Шу, 120 шақырым Т.Рысқұлов аудандарының жерімен шектеседі. Ал оңтүстік-батыс және батыс жағынан қашықтығы 250 шақырым созылған жерлерде Талас ауданының шекарасымен, батыс және терістік-батыс бөлігінде ұзындығы 250 шақырымға шамалас Сарысу ауданының жерімен шектеседі. Жалпы алғанда ауданның шекарасының ұзындығы 1285 шақырымға жетіп, территориясының жалпы көлемі 59 330 шаршы км-ге тең. Аудан бойынша 1-ші қаңтар 1970 жылға халықтың саны-46 517 адам болды. Мойынқұм ауданы облыс территориясының 42 пайызын алып жатыр,яғни жер көлемі бойынша облыста бірінші орында,ал халқының саны жағынан сегізінші орында. Аудан территориясының көлемі Батыс Европадағы Голландия, Бельгия, Люксембург және Манако сияқты майда мемлекеттердің жерімен тең деуге болады. Мойынқұм ауданының жер қыртысы әртүрлі. Ауданның оңтүстік –шығысы мен батыстарында жоталармен қыраттар биік үстірттер кездеспейді. Оның есесіне жал-жал боп жатқан құмды төбешіктер, бұйраттар кездеседі, ал солтүстік-шығыспен Балқаш көлінің оңтүстік жиегін алып жатқан алқапта Шу-Іле тауының сілемдері көп жерді алып жатыр. Қырғыз Алатауының бір тармағы болған, теңіз деңгейінен 1800 м биік. Айтаудан биіктігі 1053 метрлік Хантау бөлінеді. Бұл таудан Жиек деп аталатын қырат басталып, бірнеше ондаған шақырымнан кейін Желтау және биіктігі 947 метрлік Жамбыл тауымен жалғасады. Одан әрі Қойжарылған, Майжарылған, Байғара, Шағырлы деген шөлейтті әр қыратты жерлермен ұштасады. Аудан көлемінде Шудан басқа да өзеншелер кездеседі. Олар Былқылдақ, Сарыбұлақ, Ақсүйек, Қияқты, Қарасай, Шынтас,бұлардың қайсысы болса да мал суаруға пайдаланылады. Алайда олардың көбісінің суы ашқылтым немесе тұзы аздау өзеншелер. Тек Сарыбұлақ пен Қарасайдың суы ғана тұщы. Дегенмен жаз айларының соңына таман бұл өзеншелер жылғалардың көпшілігінің суы тартылып қалады. Мойынқұм ауданында көлдер көп. Олардың ішіндегі ең үлкені әрине Балқаш көлі. Оның ауданға қарайтын бөлігінің жалпы көлемі 304 шаршы км, тереңдігі 8-12 м. Көлдің батыс жағалаулары құламалы жартасты болып келеді. Олардың ішінде әсіресе Қарақамыс, Қашқантеңіз, Шөмпек деген шығанақтар басқалардан гөрі көлемді. Көлдің жағалауларындағы мүйістер- аралдарда пішендер аз емес. Көлден ешбір өзен немесе өзенше мен жылға ағып шықпаса да, жаз айларында күннің ыстығынан Балқаш көлі аздап тартылады. Дегенмен оған келіп құятын Іле, Қаратал, Лепсі және Аякөз өзендерінің суы молдығынан Балқаш көлі көп болғанда өз арнасынан 0,40-0,77 мм-ге ғана төмендейді. Оның өзі де маусым-шілде айларында ғана, Балқаш көлі көбінесе желтоқсан айының орта шенінен мұз боп қатып, сәуір айының аяқ шені еріп түсіп кетеді. 1903 жылы Гуляевкада қазіргі Мойынқұм ауданының орталығы Фурмановка селосында 4 үй болған. Олардың ең алғаш қоныстанған орта дәулетті шаруа Гуляев Федор Яковлевич деген кісі. Бұған дейін Ф.Я.Гуляев Қырғызстандағы Шалдуардан жыл сайын жаз айларында малын айдап келіп осында бағып жүрген. Кейін осы маңайда қоныстанып бір-жола тұрып қалады. Гуляевкамен қатар пайда болған Алексеевка селосы. Фурмановка селосының батысында 30 шақырым жердегі қазіргі «Маяк» участогі. Жергілікті халық ондағы немістердің көптігіне байланысты көбінесе оны неміс селосы, ал ондағы базарды неміс базары деп атап кеткен. 1925-1926 жылдары уақ болыстарды ірілендіру, болыстық советтің атқару комитеттерін ұйымдастыру, әкімшілік басқару орындарының аумақтарын белгілеу істері жүргізілді. Сол жылдары 18 старшин елді / кейін ауыл советі аталды/ қамтитын Аққолтық, Ағашақ, Жалайыр болыстары біріктіріліп Гуляев сельсоветі құрылды. Оның орталығы бұрынғы Гуляевка / қазіргі Фурмановка селосы болды/. Селода сол кезде 40-50 ғана үй болған. Бұл сельсовет алғашқыда Гуляев сельсоветі, кейіннен Гуляев подрайоны деп аталған. Сельсоветтің подрайон болып ресми аталғандығы жөнінде мұрағаттық құжаттар сақталған. Гуляев подрайон болған жылдары Гуляевка селосы өзінше бір ауыл / село/ болып, оның алғашқы басшылығына Василий Гуляев сайланған. Гуляев селолық Советіне немесе подрайонына 6 ауылдық Совет қамтыған бұрынғы 18 старшина ел қараған. 1925 жылдың аяғында Көктерек болысындағы елдерде – Көкірек ауыл Советі құрылып, Жетісу облысы, Алматы уезі Шоқпар подрайонына қараған. Жалайыр болысы да ауылдық Совет болып қайта құрылды. Бұл ел Совет Өкіметінің алғашқы жылдары қазіргі Жамбыл атындағы совхоз орталығы маңында Алайғыр тоғанын қазып, қырықшақты үй егін егіп, мал шаруашылығымен айналысқан. 1922-1925 жылдары №4 ауылда «Союз» қосшы ұйымы құрылған. Қазіргі «Талдыөзек» совхозының «Шорман аралы» деп аталатын жерінде халық жиі қоныстанғандықтан, бұрынғы мешіті 1927 жылы мектепке айналдырып, онда 30 шақты бала оқыған. Қазіргі «Фурманов» атындағы совхоздың «Ерназар» участогіндегі елді мекенде сол жылы бастауыш мектебі ашылған. Қазіргі «Талдыөзек» совхозының территориясында Қылышбай деген әрі ақын, сөзге шешен адам болған. Жамбыл атындағы совхозда Бектас деген жыршы, Зікір деген балуан, «Құмөзек» совхозының территориясында Дүрмішев Молдабек деген ақын болған. «Көктерек» совхозынан арғы елдерде Кенжеқожа, Сауытбек, Жидебай деген ақындар болған. Олар төменгі Шуды жиі-жиі аралап өз өнерлерін ортаға салып жүрген. Сауытбек әрі әнші, композитор болған. Оның «Ақбөпе» деген әні Мойынқұмның «Бескепе» деп аталатын жерінде шығарылған. Белгілі қазақ-совет ақыны Иса Байзақов Сауытбектің «Ақбөпе» әнін шығарудағы оқиғасын «Ақбөпе» поэмасын жазуға сюжет етіп алған. Сонымен қатар қазіргі «Мойынқұм» совхозының орталығынан шығысқа қарай 14-15 шақырым жердегі «Құралай сұлудың бейітіне» байланысты «Құралай сұлу» поэмасын жазған. Шу бойындағы осындай өнерпаздардың өнерінің дамуына Октябрь революциясының алдында ғана келіп қайтқан композитор әрі әнші Балуан Шолақтың ықпалы өте күшті болған. Ол Көкшетау шонжарларының қуғындауынан бой тасалап Шу бойына, Сәмбет елінде 3-4 жыл жүріп қайтқан. 1928 жылдың басында Сырдария губерниясы жойылып, оның орнына территориясына аздаған өзгешеліктер ендіріліп, Сырдария округі құрылды. Бұл округке ендірілген 21 аудан қарады. Соның бірі 1928 жылғы 23 маусымда құрылып, орталығы қазіргі Новотроицк болған Мойынқұм ауданы еді. 1924 жылдан бастап болыс деген ат жойылды. Ауыл немесе селолық Совет атқару комитеті деген атқа ие болды. Әкімшілік, басқару орындары, соның ішінде Гуляев подрайоны 18 ауылды қамтыған 6 ауыл Советі біріктірілді. Ірілендірілген бұл селолық Совет атқару комитетіне немесе подрайонына қазіргі Шу ауданының батыс бөлігін, төменгі Шу өзенінің сол жағасындағы елді мекендердің барлығы да кірді. Жаңа құрылған Мойынқұм ауданына Гуляев подрайонына қарасты 6 ауыл Совет 18 елді мекенінен басқа 31 елді мекен қараған 12 ауыл Совет қарады. Аудан Сырдария округіне бағынды. Ал Шу өзенінің оң жақ бетіндегі елді мекендер Алматы округіне қарасты Шоқпар ауданына қарады. Бұл ауданның орталығы алғашқы кезде Көктөбе ауылы, кейіннен Воскресенское / қазіргі Ленинское / селосы болды. Сол кездегі мұрағаттық құжаттарына қарағанда 1929 жылы Шоқпар ауданына Мойынқұм жеріндегі Көкірек ауыл Советі қарап келген. Шоқпар ауданына ол жылдары қазіргі Мыңарал кентінің халықтары да қарап келген. 1930-1931 жылдары көшпелі елді отырық тандыру, әкімшілік-басқару органдарын жетілдіру, территориялық шекараларды анықтау істері барған сайын маңызды іске айналды. Сондықтан жеке қожалықтарды жаппай коллективтендіру, партия Совет органдарының экономикалық және мәдени құрылыс ісіне басшылығын барынша арттыру мақсатында 1930 жылы тамыз айында СССР Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлар Советі округтерді жою, оның орнына ірілендірілген аудандар құру туралы қаулы алды. Осыған байланысты Қазақстандағы 13 округ, оған қараған 193 ауданның орнына орталыққа тікелей бағынатын ірілендірілген 121 аудан құрылды. 17 желтоқсан 1931 жылы Сырдария округі мүлдем жойылды. Сол аудандастыру кезінде 10 артель, бірнеше серіктері бар бұрынғы Мойынқұм мен Шоқпар аудандары 1931 жылдың аяғында бірігіп, Новотроицк селосы аудан орталығы болып қала берді. 49745 адамы бар бұл аудан 20 ақпан 1932 жылдан бастап, 1939 жылдың 14 қазанына дейін, яғни Жамбыл облысы құрылғанға дейін Алматы облысының аумағына енді. Өйткені аудандарды басқару жұмысын жеңілдету үшін 1932 жылдың қаңтарында ВКП /б/ Орталық Комитеті Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарын құру туралы қаулы қабылдаған болатын. Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің екінші сессиясы 1932 жылы аталған қаулының жүзеге асуын қамтамасыз етті. Гуляевка селосынан 30-35 шақырым төмен №18 ауылға қарасты бұрынғы Алексеевка селосында 1926 жылы ұйымдасқан бұл серіктіктің негізгі шаруашылығы мал өсіру болды. «Маяк» серіктестігі 1932 жылға дейін өмір сүрді. 1928 жылдың күзінде Мойынқұм ауданындағы ірі оқиғаның бірі орталықтан Ораз Жандосов, Жүсіпбек Арыстанов, Қаратаев, Есболов деген коммунистердің келуі болды. Олар Шу бойындағы елдерді аралап колхоз, «ТОЗ», малсеріктік ұйымдастыруға елді үгіттеп, «Союз қосшының» жұмысын жақсартуға бағытталған практикалық көмек көрсетті. Шу өзенінің ар жақ-бер жағындағы Гуляев селолық, Қызылтал ауылдық Советтері мен Төменгі Шудағы халықтардың өкілдерін жинап, қазіргі «Құмөзек» совхозы орталық шығысындағы 10-15 шақырым жердегі «Ботабай» күмбезінде 3 күндей мәжіліс өткізді Гуляевка селосының төңірегіндегі 4 «хозауыл» ұйымдастырылды. Олар көбінесе Құмбел, Желдиірмен, Қоралас деп аталып жүрген серіктіктер еді. Бұлардың барлығы да 1931 жылы «Семейсозақ» деген артельге келіп бірікті. Ораз Жандосов Көкірек ауыл Советіне қарасты Жиекті мекендеген елдерді аралап, ол жерлерде де мәжілістер өткізіп, комиссиялар құрған. Ораз Жандосовтың Шу өңірінде болуы конфискация мен шаруашылықты коллективтендіру ісін жеделдетуге үлкен әсер етті. 1929-1930 жылдары бұрынғы №6 ауыл /қазіргі Бірлік селосы/, «Ұзынтоған» деген жаңа серіктік ұйымдастырылды, ол 1932 жылы «Коминтерн», «Көркей», «Көлтабан», «Бірлік» деген колхоздардың ірге тасын қалады. Қазіргі «Айдарлы» совхозының орталық усадьбасы бұрынғы №1 ауыл 1920-1925 жылдары Көкірек болысына, 1925-1930 жылдары Көкірек ауыл Советіне қарап, шаруашылықты коллективтендіру ісін қолға ерте алды. 1929 жылы бұл жерде «Айдарлы» деп аталатын 27 жеке қожалықтан серіктік ұйымдастырылды. Бұрынғы Сталин атындағы артель болған жерге қайтадан біріктіріп, «Кеңес» деген колхоз ұйымдастырды. Бұл колхоз «Биназар» тоғанынан су шығаруға қолайлы «Айдарлының» 3-4 шақырым батысында, Шу өзенінің оң жақ жағалауына келіп түпкілікті қоныстанды. 1930 жылы Қызылтал ауыл Советіне қараған қазіргі Жамбыл атындағы совхоздың «Ынталы» участогіндегі Жәнібек деп аталатын ел артельге ұйымдасты. Артельдің негізін сол жерде 1928 жылы ұйымдасқан серіктігі қалады. Қазіргі Аманкелді атындағы кеңшарын мекендеген елдерде 1930 жылға дейін-ақ серіктіктер ұйымдаса бастаған. Кеңшардың қазіргі Қызылту селосында, яғни бұрынғы Ақдала ауылында, оның оңтүстігінде Шу өзеніне таман 3-4 шақырым жердегі елді мекенде 1929-1932 жылға дейін «Қызыл жұлдыз» және «Ұмтыл» деп аталатын мал серіктері болды. 1932 жылы бұл серіктіктер бірігіп «Қызыл октябрь» артелін ұйымдастырды. 1930-1931 жылдары қазіргі «Талдыөзек» совхозынының аумағында Карл Маркс атындағы және «Талдыөзек» серіктігінің ұйымдастырылған. Осы күнгі «Құмөзек» совхозының аумағындағы серіктіктер 1929-1930 жылдары ұйымдасқан. Совхоз орталығы тұрған жерде ерте кезде №19 ауыл болған. 1928-1930 жылдары қазіргі «Қарабөгет» совхозының территориясында №20 ауыл тұрған. Айдарлы колхозына жалғас жатқан «Кеңес» колхозы 1933 жылдың көктем айында 31 үйден қайта құрылып, жыл өткен сайын экономикасы нығайды. «Жаңатірлік», «Ынталы» колхоздарының, «Қызыл Октябрь» колхозының ірге тасын қалаған бұрынғы «Қызыл жұлдыз», «Ұмтыл», «Кеңес» серіктестігінің, «Қызылотау», «Қызылту» колхоздарының жерлері Қызылтал советіне енді. 1930-1936 жылдардың арасында серіктестік болған «Кеңес» 1937 жылдары «Амангелді» атындағы колхозбен біріккен. Осы күнгі «Талдыөзек» совхозының аумағындағы 1935-1936 жылдары бұрынғы майда серіктіктерден қайта ұйымдастырылып, «Алға тарт», «Жаңа талап», «Алға», «Ерназар» және Карл Маркс атындағы колхоздары болып қайта ұйымдастырылды. 1937 жылдың аяғында Гуляевка селосына қиыр шығыстан қоныс аударған кәрістер көшіп келе бастады. Сарқырама ауыл советінің территориясында оларды түпкілікті тұрақтандыру және колхозға біріктіру ісі қолға алынды. 225 жаны бар 56 үй кәрістерге бұрынғы «Маяк» серіктігінің жері берілді. 1938 жылы қаңтарда құрылған бұл серіктік «Маяк» болып аталды. Қазіргі «Құмөзек» кеңшарының аумағын ертерек мекендеген №19 ауыл 1936 жылдары бірнеше артельдерге біріктірілді. «Қызыл қоян», «Қызылту», «Қоқи», «Алға тарт» колхоздары ұйымдастырылып, бұлар алғашқыда Қызыл арна, кейіннен Қоқи ауыл Советіне қарады. 1928-1930 жылдары қазіргі «Қарабөгет» совхозының территориясында бұрынғы №20 ауылда құрылып 1932 жылы тарап кеткен серіктіктер 1933 жылы қайта бірігіп, «Қызыл қоян» артелін құрды. Кейін бұлар ірілендірген «Қоқи» артелінің және 1940 жылы құрылған Жамбыл атындағы колхоздың негізін қалады. 1934-1935 жылдары Қызыл қоян артелінде 50-ге тарта үй болды. 1939 жылы Қоқи колхозында ертеректе тұқымдыққа берілген жеке қожалыққа мал жинап алынып, ферма ұйымдастырылды. Қазіргі Жамбыл атындағы совхоздың терістік-батысында,орталықтан 19-20 шақырым жерінде «Молдияр» тоғанының басына алғашқыдан 15-16 үй Қызыл қояндықтар, артынша басқалары да көшіп келіп басы құралған 60-шақты үйдің адамдары тоғанды қазып су шығарды. Сөйтіп 1940 жылы көктемде осы жерде Жамбыл атындағы колхоз құрылды. Кейбір деректерге қарағанда 67 үй «Құмнан» көшіп келіп, 1934-1935 жылдары қазіргі «Қарабөгет» совхозының маңында «Ынталы» деп аталатын серіктік құрылған. 1931 жылы Бурыл байтал балық зауытына балық өткізетін «Балық одағы мекемесі» ашылған. 1934 жылы Мыңарал балық консерві зауытын салуын қажет етті. Алайда 1935 жылы Мыңаралда балық консерві зауыты салынбай, балық қабылдау пункті ұйымдастырылды. Мыңарал пунктіне таяу «Достижение», «Пасет», «Новый путь» артельдері 1940 жылы тек балық аулаумен айналысатын шаруашылықтар болып қайта құрылды. 1939 жылы қараша айында Жамбыл облысында 10 аудан құрылды. Соның бірі қазіргі Мойынқұм ауданының барлық дерлік аумағын қамтыған Көктерек ауданы еді. Бұл аудан Шу ауданынан бөлініп шықты. Аудан еңбеккерлері халық шаруашылығын қалпына келтіру, Төрт жылға созылған сұрапыл соғыс халық шаруашылығына орасын зиян келтірді. Соғыс зардабын жою үшін бүкіл совет халқы сияқты Көктерек ауданының еңбеккерлерің де өндірістік майданға шықты. Қоғамдық мал басын арттыру, егістік жер көлемін көбейту сияқты күрделі істер атқарыла бастады. Фурмановка селосындағы үш колхоздың бірі Чапаев атындағы колхозда 1946-1951 жылдары И.В.Похаленко, 1951-1953 жылдары арасында Федор Радай колхоз басқармасының председателі болып істеді. Бұл уақыт ішінде колхоз шаруашылығы соғыс қарсаңындағы экономикалық дәрежесіне жетіп одан да асып кетті. Осы селодағы «Семейсозақ» және «Фрунзе» атындағы колхоздардың өндірістік табысы аз болған жоқ. «Бірлік» колхозында да осындай өрлеу туғызуда көптеген жұмыстар атқарылды. «Айдарлы», «Амангелді» атындағы т.б. колхоздардың қайсысы болмасын 1946 жылдан бастап бесжылдықтың жоспарларын орындауға атсалысып, көптеген игілікті істер жүргізілді. 1896 жылы қазіргі Жамбыл атындағы совхоздың территориясында Жазылбек Қуанышбаев 1930 жылдан бастап алғашқы құрылған «Кеңес» мал серіктерінде, 1956 жылы «Көктерек», кейіннен «Айдарлы» совхозында үнемі шопан болып істеді. 1936 жылы Ж.Қуанышбаевты «Кеңес» колхозы қатарындағы малшы ретінде Алматыда алғашқы рет ашылған Қазақстан ауыл шаруашылығы көрмесіне жіберді. Осы сапардан оралысымен аға шопан мал тұқымын асылдандыру ісімен шындап айналысы бастады. Ж.Қуанышбаевтың жергілікті қылшықты жүнді қоймен будандастыру (шағылыстыру) ісі жүргізілді. Бірақ 1941 жылға соғыс бұл істі жүргізуге мүмкіндік берген жоқ. Бұл отардағы әр жүз саулықтан Ж.Қуанышбаев 1947 жылы 130-дан қозы алды. Оның осы еңбегін үкімет пен партия зор бағалап, Ж.Қуанышбаевқа 1948 жылы Социалистік Еңбек Ері атағын берді. Даңқты шопан селекционерлік ісін одан әрі жүргізе берді, қаракөл елтірісінің сапасын арттыруда жақсы нәтиже берді. Оның отарынан алынған қаракөл елтірілері халықаралық көрмелерге қойылып, Дели, Бухарест, Познань және Нью-Йорк қалаларындағы жәрмеңкелер мен аукциондарда жоғары бағаланды. 1958 жылы тәжірибелі аға шопан Ж.Қуанышбаев әр 100 саулықтан 145-тен қозы алып, әр қойдан 3,3 кг жүн қырықты. СССР Жоғары Советі Президиумы 1958 жылға 29 марттағы Қаулысымен Ж.Қуанышбаевты екінші рет «Орақ пен балға», Алтын Жұлдыз орденімен марапатталды. Социалистік Еңбек Ерінің еңбек еткен жерінде Бірлік селосында 1960 жылы шілдеде қола бюсті орнатылды. Орталығы- Ақбақай кенті. Халық саны-1478 адам. Мойынқұм ауылынан солтүстікке қарай 270 шақырым жерде, Желтаудың оңтүстік-батыс беткейінде орналасқан. Қияқты теміржол станциясы 137 шақырым жерде орналасқан. Орталығы-Ақсүйек кенті. Халық саны-1416 адам. Мойынқұм ауылынан шығысқа қарай 220 шақырым жерде Ақсүйек өзені бойында орналасқан. Іргесі 1959 жылы уран кен орнын игеруге байланысты қаланған. Бурыл байтал теміржол станциясы-65 шақырым жерде орналасқан. Кентте орта мектеп, клуб, кітапхана, бала-бақша, фельдшерлік-акушерлік пункт т.б. мекемелер бар. Орталығы- Биназар. Халық саны-1340 адам. Мойынқұм ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 63 шақырым жерде орналасқан. 1957-1997 жылдар аралығында қаракөл қойын өсіретін «Көктерек» кеңшары ретінде қаланған. Оның негізінде Бірлікте шаруа қожалықтары мен бірнеше –өндірістік кооператив жұмыс істеген. Орта мектеп, саз мектебі, клуб, кітапхана, дәрігерлік амбулатория т.б. мекемелері бар. Бірлік ауылдық округінен Тараз-Қарағанды автомобиль жолы өтеді. Орталығы-Бірлік. Халық саны-3154 адам. Мойынқұм ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 55 шақырым жерде орналасқан. 1957-1997 жылдар аралығында қаракөл қойын өсіретін «Коминтерн» кеңшары ретінде қаланған. Биназарда шаруа қожалықтары мен бірнеше өндірістік кооператив жұмыс істеген. Орта мектеп, клуб, кітапхана, дәрігерлік амбулатория т.б. мекемелері бар. Биназар ауылдық округінен Тараз-Қарағанды автомобиль жолы өтеді. Орталығы-Жамбыл ауылы. Халық саны-1152 адам. Шу өзенінің оң жағалауында орналасқан. Іргесі 1957 жылдан Жамбыл атындағы қаракөл қойын өсіретін кеңшардың орталығы ретінде қаланған. Оның негізінде Жамбыл кеңшарында шаруа қожалықтары ұйымдастырылған. Ауылда орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт т.б. мекемелер бар. Орталығы-Кеңес ауылы. Халық саны-1984 адам. Мойынқұм ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 77 шақырым жерде орналасқан. Іргесі 1961 жылы «Айдарлы» қаракөл қойын өсіретін кеңшар ретінде қаланған. Оның негізінде Кеңес ауылдық округінде «Айдарлы» өндірістік кооперативі және бірнеше шаруа қожалықтары құрылған. Ауылда орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт бар. Орталығы-Қарабөгет. Халық саны-1541 адам. Мойынқұм ауылынан батысқа қарай 77 шақырым жерде орналасқан. 1955-1997 жылдары Қарабөгет қаракөл қойын өсіретін кеңшардың орталығы болған. Ауылда орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт бар. Орталығы-Қызылту. Халық саны-846 адам. Мойынқұм ауылынан шығысқа қарай 32 шақырым жерде орналасқан. 1957-1997 жылдары Амангелді-1 атындағы қаракөл қойын өсіретін кеңшардың орталығы болған. 1996 жылға дейін ауыл Амангелді-1 совхозы деп аталған. Кеңшар негізінде Қызылтуда 1997 жылдан шаруа қожалықтары құрылған. Ауылда орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт бар. Орталығы-Қызылотау. Халық саны-574 адам. Мойынқұм ауылынан шығысқа қарай 18 шақырым жерде орналасқан. 1965-1997 жылдары Амангелді-2 атындағы қаракөл қойын өсіретін кеңшардың орталығы болған. 2004 жылға дейін ауыл Амангелді-2 совхозы деп аталған. Кеңшар негізінде Қызылтуда. Ауылда орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт бар. Орталығы-Қылышбай ауылы. Халық саны-967 адам. Мойынқұм ауылынан батысқа қарай 18 шақырым жерде Шу өзенінің төменгі тарамдары жағалауында орналасқан. 1997 жылға дейін Карл Маркс ауылы деп аталып келген. 1969-1997 жылдар аралығында қаракөл қойын өсіретін Талдыөзек кеңшарының орталығы болып келген. Оның негізіндн Қылышбайда 1997 жылдан 30-дан астам шаруа қожалықтары құрылған. Ауылда орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт бар. Орталығы-Мирный кенті. Халық саны-825 адам. Аудан орталығы Мойынқұм ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 142 шақырым жерде, Қарасай өзенінің салалары аралығында орналасқан. Кеңес үкіметі кезінде мұнда уран кені өндіріліп келген құпия қала болған. Мирныйда №21 геологиялық-барлау экспедициясы орналасқан. Кентте орта мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, отбасылық дәрігерлік-амбулатория бар. Орталығы- Мойынқұм ауылы. Халық саны-7954 адам. Тараз қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 375 шақырым жерде, Шу өзенінің сол жағалауындағы бозжусан, баялыш, күйреуік т.б. шөл өсімдіктері өскен құмдақты, шалғынды-сұр топырақты шөлді белдемде орналасқан. 1997 жылға дейін Фурмановка селосы болған. 1957-1997 жылдары қаракөл қойын өсіретін Фурманов кеңшарының орталығы болып келген. Оның негізінде 1997 жылдан «Мойынқұм өндірістік кооперативі» және 23 шағын кәсіпорын, жүзден астам шаруа қожалықтары ұйымдастырылған. Ауылда 5 орта мектеп, спорт мектебі, бала-бақша мәдениет үйі, балалар мен жасөспірімдер орталығы, музей, 2 кітапхана, аудандық аурухана, аудандық туберкулезге қарсы аурухана, оқу-ағарту, мәдени және денсаулық сақтау мекемелері бар. Орталығы-Мыңарал кенті. Халық саны-1474 адам. Мойынқұм ауылынан солтүстік-батысқа қарай 245 шақырым жерде, Балқаш көлінің оңтүстік-батыс жағалауында орналасқан. Кентте балық аулаумен айналысатын кәсіпорын бар. Кенттен 10 шақырым батыста Мыңарал теміржол станциясы орналасқан. Орта мектеп, кітапхана, фельдшерлік пункт бар. Сарысу ауданы. Сарысу ауданы 1928 жылы 3 қыркүйекте Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесінің «Қазақстанда көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы аудандарды белгілеу туралы» қаулысына сәйкес құрылған. Осы қаулыға сәйкес Сарысу ауданы Қызылқұм, Созақ, Шу аудандарымен бірге Сырдария округына қаратылған. 1928 жылғы Қазақстанда өткізілген ірі байларды тәркілеу науқанының көшпелі халыққа тигізген зардабы шексіз ауыр болды. Бұдан өзге 1932-1933 жылдары ғасырлар бойы көшпелі тірлікпен күн кешіп, еркін шаруашылықпен, мал өсірумен айналысқан халықты күштеп ұжымдастыру салдарынан болған нәубет Сарысу халқын аяусыз қырғынға ұшыратты. Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданындағы Сарысу өзенінің бойынан 6000-дай шаңырақ үдере көшіп, Қаратау бойына шұбырды. Голощекиннің солақай саясаты салдарынан бір ғана Сарысу ауданында сол алты мың шаңырақтан екі-ақ мыңдайы арып-ашып Қаратау алқабына тұяқ іліктірді. Арқадан арып-ашып жеткен адамдар Қаратау бойындағы шұрайлы жерлерден өзендер мен көлдердің бойынан қоныс тепті. Бұл жақтағы байырғы ел-жұрт та солақай саясаттың зәбірін тартқан екен. Сан түрлі салықтар бұл жақтағы ағайындарға да оңай тимеген. Десек те, отырықшылық дәстүрден қол үзбей, диқаншылық кәсіпті серік еткен қаратаулықтар ұзақ көштен шаршап-шалдыққан, әбден әлсіреген ағайындарға қолдан келген қамқорлықтарын аяған жоқ. Сол кездегі Қазақстан үкіметінің өкілдері, қоғам қайраткерлері, Ораз Жандосов, Жанайдар Сәдуақасовтар нәубетке ұшыраған сарысулықтардың алдынан шығып, халықтың аман қалған бөлігінің осы өңірге аман-есен жетуіне көп күш салды. Әсіресе Ораз Жандосовтың сіңірген еңбегі зор болды. Кейіннен Қаратау алабынан қоныс тепкен халықтың басым көпшілігінің ұсыныс-талаптарын зор түсіністікпен қабылдап, ауданның тарихи «Сарысу» атының сақталып қалуына қамқор болды. Есін жиып, етегін жапқан халық төрт түлік мал өсіруге ден қойды. Мысалы, 1934 жылғы шілде айындағы санақта ауданда ұсақ мал саны 7651 бас болса, 1935 жылы 18875-ке жетті. Сол жылы Сарысу ауданында 12 ауылдық кеңеске біріктірілген 47 артель болған. Сарысу ауданының тарихы да Қазақстан тарихының кішігірім құрамдас бөлігі екендігін ешкім жоққа шығара алмайды. Еліміздің басынан кешкен тарихының жаңғырығы жаңа құрылған ауданды да айналып өткен жоқ. Отыз жетінші-отыз сегізінші жылғы қанқасапта да Сарысудың талай боздақтары репрессияға ұшырап, тас абақтыларда күн кешіп, қорғасын оқтың бейкүнә құрбаны болды. Ұлы Отан соғысынан 2700-ден астам сарысулықтар туған топырағына қайта оралмады. Амантай Дәулетбеков, Берген Исаханов секілді Кеңес Одағының Батырларының, даңты мерген, батыр Ыбырайым Сүлейменовтің кіндік қаны сонау Сарысу өзенінің бойында тамғандығын ұрпақтары мақтан етеді. 1950 жылы Сарысу ауданында қой-ешкі саны 183320 басқа, мүйізді ірі қара 11355-ке, жылқы 4130 басқа жетті. Мал шаруашылығын өркендетудегі үздік табыстары үшін ауданның 15 малшысы 1949 жылы Социалистік Еңбек Ері атағын иеленді. 1954 жылы түгін тартсаң, майы шыққан Жон өңірінде «Түркістан» совхозы бой көтерді. 1957 жылы аудандағы колхоздар ірілендіріліп, 7 совхоз құрылды. Осы кезде ұсақ мал саны 280 мыңға жеткен болатын. 1962 жылы Сарысу ауданының Талас ауданынан қосылуының тиімді болмағандығын өмірдің өзі көрсетіп берді. 1967 жылы Сарысу ауданы қайта құрылды. Бұрын Мойынқұм ауданына қарап келген «Сарысу», «Шығанақ», «Қамқалы» совхоздары Сарысу ауданына қосылды. 1990 жылы ауданда қой-ешкі саны 300 мың басқа, мүйізді ірі қара 10500, жылқы 10000, түйе 1800 басқа жетті. Ауданның әлеуметтік-мәдени саласы жылдан жылға жақсарды. Мектептер, мәдени үйлері көбейді. Қазақстанның егемендік алуымен, тәуелсіздікке қол жеткізуімен бірге аудан тарихының жаңа парақтары ашылды. Қоғам дамуының осы бір күрделі кезеңінде тәуелсіздіктің, егемендіктің, дербес дамудың дәмі қанша тәтті болғанмен де, осы сара жолға түсудің халық үшін қиындығы мен шырғалаңы аз болған жоқ. 1997 жылы Сарысу ауданы мен Жаңатас қаласы біріктіріліп, аудан орталығы Жаңатас қаласы болып белгіленді. Бүгінде ауданымыздың экономикалық әлеуеті біршама өсті. Халқымыз тәуелсіздіктің шынайы нәтижесін айқын сезінуде. Соңғы жылдардың өзінде ауданда жаңадан осы заманғы үлгімен екі мектеп, бір аурухана салынды. Жаңатас қаласындағы сәулетті мәдениет үйі жеке қолдан мемлекет меншігіне қайтарылды. Саудакент, Тоғызкент ауылдарындағы мәдениет үйлері толықтай қалпына келтіріліп, ішкі жиһаздары мен музыкалық аспаптары, ұлттық киімдері жаңадан сатып алынды. Бұрын жұмысын тоқтатқан екі кәсіптік-техникалық училище кәсіптік лицей болып Жаңатас қаласы мен Саудакент ауылынан қайтадан ашылды. Жаңатас қаласында мемлекеттік көпсалалы колледж жұмыс істей бастады. Тек соңғы жылдардың өзінде бес балабақша ашылды. Жаңатас қаласындағы екі көпқабатты үй қайта қалпына келтірілді. Енді қаланың жылу және су жүйелерін қайта қалпына келтіру қолға алынуда. Саудакент, Тоғызкент ауылдарында ауыз су жүйесі іске қосылды. Жаңатас қаласы мен Саудакент ауылында сандық телефон байланыс жүйесі енгізілді, жаңа пошта ғимараттары салынуда. Жыл басынан аудан экономикасының нақты секторында өндірілген өнімнің көлемі 882 м.л.н. 246,8 мың теңгені құрап, былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 1,7 есеге артты. Өнеркәсіп кәсіпорындары ағымдағы бағалармен 642 м.л.н. 383 мың теңгенің өнімдерін өндіріп, физикалық көлем индексі 127,5 пайызды құрады. Шағын кәсіпорындардың өнім өндіру көлемі 1 м.л.н. 40 мың теңге болып қалыптасты. Ауыл шаруашылығы бойынша өндірілген өнім бағалармен есептегенде мал шаруашылығында 192 м.л.н. 600 мың теңгені құрап, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 9,9 пайызға артты. Бүгінгі таңда ауданда 6 өндірістік кооператив, 1 акционерлік қоғам, 4 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, 714 шаруа қожалықтары, ауыл шаруашылық өнімдерін өндірумен айналысуда, осы аталған жұмыс орындарында 5121 адам жұмыспен қамтылған. Төрт түлік мал басы жылдан-жылға өсуде. Бүгінгі күні ауданда мүйізді ірі қара – 16040 бас, қой-ешкі – 217175 бас, жылқы – 4082 бас, түйе – 1415 басқа жетті. Мал тұқымын асылдандыру қолға алынуда. Ауданда 1 Жаңатас мемлекеттік көпсалалы колледжі, 2 кәсіптік-техникалық лицейі, 28 жалпы білім беретін мектеп, 1 интернат, 1 кешкі орта мектеп, 1 мектепаралық оқу-өндірістік комбинаты, 3 балалар өнер мектебі, 3 балалар саз мектебі, 4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, 1 балалар-жасөспірімдер орталығы, 7 балабақша және 6 аула клубтары өскелең жас ұрпақ шәкірттерге білім, өнер және дене тәрбиесі салалары бойынша дәрістер берумен айналысады. Аудандағы аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына арналған Байқадам орта мектебі жанынан ашылған интернатта 52 бала тәрбиеленуде. Аудан аумағында қазіргі таңда 2 мәдениет үйі, 19 ауылдық клуб, 26 кітапхана, 1 жылжымалы автоклуб халыққа мәдени, рухани тұрғыда қызмет көрсетуде. Олардың ішінде халықтық атағы бар 4 мәдени ұжым бар. Былтырғы 2007 жылдың өзінде 3 клуб және 1 кітапхана жаңадан ашылып, өз жұмысын бастады. Денсаулық саласы бойынша Жаңатас қаласында орналасқан аудандық орталық аурухана мен аудандық аумақтық емхана, Саудакент ауылында орналасқан ауылдық аурухана мен аудандық туберкулезді емдеу диспансері, 6 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 19 медициналық пункт халық денсаулығы күзетінде абыройлы қызмет атқаруда. Осы медицина саласында барлығы 690 адам қызмет жасайды. 2008 жылы Жайылма – Маятас ауылдары бағытында ауыз су жүйесін іске қосу, үш ауылдық жерде дәрігерлік пункт ғимаратын салу және Көкдала елді мекеніне электр желісін тарту жұмыстары жүргізілді. Ауданымызда тәуелсіздік жылдарында халықтың жаңа әлеуметтік тобы – кәсіпкерлердің үлкен шоғыры қалыптасты. Орта және шағын кәсіпкерліктің дамуы экономиканың негізгі қозғаушы күшіне айналып, әлеуметтік-экономикалық өрлеуге өзіндік үлесін қосуда. Ауданымыздың бірден-бір өндірістік саласы «Казфосфат» ЖШС, «Қаратау» Тау-кен өңдеу кешені бүгінде өндіріс көлемін қарқындатып, даму үстінде. Жаңа жұмыс орындары ашылуда. Фосфор өндірісінің қарқыны бұлыңғыр болашақтан жарқын келешекке қарай аршынды қадам басуда. Бір сөзбен айтқанда, Сарысу ауданының тарихы қандай тамыры тереңге бойлаған шежірелі де, сырлы болса болашағы да сондай арайлы шапағын айналасына шашқан нұрлы да, жарқын екендігін атап көрсетуге болады. Шу ауданы. Шу ауданы тоғыз жолдың торабына ораласқан. Аудан орталығы – Төле би ауылы Шу қаласы мен темір жол бекетіне тиіп тұр. Шу бекетінің өзі саудамен шұғылданайыншы деген халықтың нәсібіне айналған жер. Мұнда шулық диқандар ары-бері өткен жолаушыларға өнімдерін өткереді. Тамақтың түр-түрін пісіріп сататындар да көп. Тоғыз жолдың торабында өмір сүрген соң, мұндай кәсіп те керек шығар-ау деп ойлайсың. Дегенмен, бүгінде өркендеген ел экономикасы ауылға да үлкен-үлкен жобаларды әкеле бастады. Бұл тұрғыда Шу ауданындағы ірі инновациялық жобалардың бірі деп “Қазақтың оңтүстік ет компаниясы” ЖШС-ін мысалға келтіруге болады. Осы ет өңдейтін кешеннің жобасы бойынша 1 901 миллион теңгенің жұмыстары атқарылуда. Айналымдағы қаржысы да қомақты. Ет комбинаты толық іске қосылған уақытта ол ауданның негізгі экономикалық діңгектерінің біріне айналмақшы. Өңірдегі бүгінгі жұмыстардың бір бағыты мектеп пен аурухана құрылысына арналған. Бұл тұрғыда Елбасының “100 мектеп, 100 аурухана” бағдарламасына байланысты Оразалы ауылында 200 оқушыға арналған жаңа мектеп салынып, пайдалануға беріліпті. Төле би ауылындағы жаңа мектеп 180 оқушыны қабыл­даған. Ауданда балабақша мәселесі де дұрыс шешіліп келеді екен. Былтыр 4 балабақша ашылыпты. Қазір балғындар бағының жалпы саны 13-ке жетіп отыр. – Далақайнар, Шоқпар ауылдарында балабақша, мектеп жанындағы интернат ашылды. Жол жөнделді, биыл оның қалған бөлігі жөнделейін деп жатыр, – деген. Әлбетте, ауылдың мәселесін бірер жылда шешіп тастаймыз деу ақылға сыймайды. Сондықтан Бөлтірік шешен және Сауытбек ақын ауылдарындағы өткен ғасырдың 40-60-жылдарында салынған мектептердің орнына заман талабына сай жаңа мектеп салу үшін алдағы уақытта жобалар жасалып, тиісті деңгейде қаржы қарастырылса деген пікірі де орынды деген жөн. Бұл мәселе Жиенбет ауылындағы ескі мектепке де тән екен. Шу қаласындағы Қосқұдық шағын ауданында үлкен мектеп құрылысы жүріп жатыр. Шу қаласының тұрғыны А.Слободчиков жергілікті биліктің қамқорлығының арқасында кәсіпкерлікпен шұғылданыпты. Алғашында құс өсірумен айналысса, былтырдан бері жылыжай салып, көкөніс өндіруді қолға алған. Бүгінде оның 160 шаршы метр жылыжайы бар екен. Өткен жылы ауыл шаруашылығын дамыту қорынан 2 миллион теңге несие алып, 170 шаршы метр жерге екінші жылыжайын салып алған. Есепке жиналғандар бұл сөзді кәсіпкердің өз аузынан естіді. Іске деген ынтасы зор кәсіпкердің әңгімесі әсер еткен облыс әкімі Б. Жексембин оның не өсіріп жат­қанын сұраған. Жылыжай иесі, негізінен, қияр өсіреді екен. Алғашқы өнімді жинап, өткеріп те үлгеріпті. “Әр үш-төрт күнде қияр жинап, бір килограмын 20 теңгеден өткіземін”, – деген ол облыс әкіміне. Облыс әкімі соңғы кезде жылыжай салу, оның өнімдерін көбірек өсіру арқылы облыс тұрғындарын арзан көк-сөкпен қамтамасыз ету туралы жиі айтып жүр. Оны ауылдағы тұрғындар да қолдап, міне, соның біреуі елде еңбек етуге болатынының үлгісін көрсетіп отыр. Өйткені, бүгінгі заман арқаны кеңге салатын заман емес. Кәсіптің көзін табу ғана ауыл адамдарының көсегесін көгертпек. Шу қаласындағы “Мақсат-А” тепловоз жөндеу акционерлік қоғамында бүгінде 1200 адам жұмыс істейді. “Қысқарту” қаупі төнген 400 жұмысшы былтыр облыс, аудан басшыларының қамқорлықтарының арқасында алаңсыз еңбек етіп жүр. Мұндағы орташа жалақы былтыр 42000 теңге болса, биыл 49000 мың теңгеге өскен. Аудан әкімі Б.Қарашолақов бұған дейін облыстың Мойынқұм, Меркі сияқты іргелі аудандарын басқарған тәжірибелі басшы. Ол Шу ауданына да ел айта жүретін еңбек сіңірді. Өткен жылы аудан бойынша өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің көлемі 7 911 050 мың теңгені құрапты. “Ауыз су”, “Тұрғын үй” бағдар­ламалары да жолға қойылған. Шағын және орта кәсіпкерліктің де табысы мол. Өндіріс ауылдық округіне қарасты Абай ауылына баратын жеті шақырым “Қарабас” каналын ағымдағы жөндеуден өткізу де маңызды мәселенің бірі екен. Бұл канал “Тасөткел” су шаруашылығы кәсіпорнының балансында. Мәселе, каналдың бірнеше жылдан бері тазаланбауына байланысты тұрғындар мен шаруа қожалықтары ағын суды қажетті мөлшерде ала алмай отыр. Бұл аумақта 263 түтін, 41 шаруа қожалығы бар. Олар, негізінен, мал және егін шаруашы­лығымен айналысады. Жергілікті депутат Ә. Есіркепов осы мәселеге орай об­лыстық бюджеттен қаражат қарастыруды сұрады. Шу ауданы тоғыз жолдың торабына орналасқан десек те, осы уақытқа дейін таби­ғи газ жеткізілмеген. Бұл мәселені облыс әкімі ылғи көтерумен келеді. Соның нәтижесінде алдағы уақытта ол оң шешімін табатын сияқты. Оған жергілікті басшылардың Қытайға қарай тартылатын газ құбырының Шу өңірінен өтуіне мүдделілік танытуы оң ықпал етпек. Ауданға газ келсе, жүз мыңға жуық халқы бар өңір үшін көп көмек болады. Жамбыл ауданы (Солтүстік Қазақстан облысы). Жамбыл ауданы - Солтүстік Қазақстан облысының солт.-батысындағы әкімш. бөлініс. Бұрынғы Преснов және Жамбыл аудандарының қосылуынан (1997) пайда болды. Жер аум. 7,46 мың км2. Тұрғыны 32 мың адам, орташа тығызд. 1 км2-ге 4,2 адамнан келеді (2009). Аудандағы 63 елді мекен 16 ауылдық әкімш. округке біріктірілген. Ж. а. Батыс Сібір ойпатының оңт-ндегі Есіл мен Обаған өзендерінің суайрығы болып табылатын жазықты алып жатыр. Жер бедеріне көл қазаншұңқырларымен кезектесіп жатқан дөңді белестер тән. Климаты тым континенттік. Қысы суық ызғарлы, жазы біршама ыстық. Қаңтарда ауаның орташа темп-расы –18 – 19°С, шілдеде 20°С. Кей жылдары қыста –40°С аяз, ал шілдеде 40°С-тан астам ыстық болып тұрады. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 300 мм-ден 350 мм-ге дейін барады. Оның басым бөлігі жылдың жылы мезгілінде жауады. Желсіз күндер аз. Жазда солт. және батыс желдер, қыста оңт.-батыс желдер басым келеді. Олардың орташа жылд. 4 – 4,5 м/с, ал жазда ыстық күндері соғатын аңызақ желдің жылд. 6 – 10 м/с, қысқы бұрқасын күндері 15 м/с-қа дейін барады. Ж. а-ндағы көлдердің жалпы саны 150-ден астам және басым бөлігінің суы тұщы. Қуаңшылық жылдары кейбір көлдерде тұз байланады, олардың кейбірінің емдік қасиеттері бар. Ж. а. орманды және орманды-дала белдемдерінде орналасқан. Топырағы қызғылт қоңыр, карбонатты қара топырақты және шала күлгін топырақты. Мұнда қайың мен терек аралас ормандар, кейде қарағай аралас қайың шоқтарына және әр түрлі шөп аралас өскен селеулі-бетегелі далаға ауысады. Жануарлар дүниесінен орманды алқапта бұлан мен елік, қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, борсық, далалы өңірде суыр, сарышұнақ, көлдерде ондатр, сан алуан су құстары (шағала, қаз, үйрек, аққу), жыртқыш құстардан бүркіт, кезқұйрық, күйкентай, тұрымтай, жағалтай, көл жағаларында қызғыш, тауқұдірет, жылқышы мекендейді. А. ш. жерінің аум. 600 мың га, оның ішінде жыртылған жері 228,1 мың га, 69 мың га шабындық, 278,1 мың га жайылым. Негізінен егіншілік және мал ш-мен айналысады. Аудан жерімен батыстан шығысқа қарай мемл. маңызы бар Қостанай – Петропавловск автомоб. жолы, солт-тен оңт-ке қарай Қорған – Новоишим т. ж. өтеді. Ауданның аумағы 7,47 мың шаршы километр. 2010 жылғы 1 қаңтарға халқының саны 31,3 мың адамды құрады. Халықтың тығыздығы (бiр шаршы километрге) 4,2 адам. Аудан орталығы - Пресновка селосы. Облыс орталығына дейiнгi қашықтық 136 километр. 1997 жылы Преснов және Жамбыл аудандарын бiрiктiргеннен кейiн 1928 жылғы шекара қалпына келтiрiлген. Аудан солтүстiгiнде Ресей Федерациясының Қорған облысымен, шығысында Мамлют және Есiл, оңтүстiгiнде Шал ақын және Тимирязев аудандарымен, батысында Қазақстан Республикасының Қостанай облысымен шектеседi. Ауданда 16 ауылдық округ, 60 ауылдық елдi мекен бар. Ауданда 2010 жылғы 1 қаңтарға 225 кәсiпорын тiркелген, оның iшiнде 1 - iрi, 28 - орта, 196 - шағын кәсiпорындар. Олардан 126 заңды тұлға мемлекеттiк меншiк нысанына, 98 - жеке меншiк, 1 - заңды тұлға шетел меншiгi нысанына жатады. Ауданда облыстың ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң 6,4%-ы (15 188,0 млн.теңге) өндiрiлген. Өнеркәсiп кәсiпорындарымен (қаржылық емес корпорация секторы) 110,0 млн.теңгенiң өнiмi өндiрiлген, облыстағы үлесi 0,2%. Өнеркәсiп өнiмiнiң физикалық көлемiнiң индексi 119,6% құрайды. Бөлшек тауарайналымының көлемi (қоғамдық тамақтандырусыз) 228,1 млн.теңге сомасын құрайды. Тауарайналымның физикалық көлемiнiң индексi 66,2% құрады. 2009 жылдың басына аудан кәсiпорындарының негiзгi құрал-жабдықтары 11 542,0 млн.теңге сомасын құрап, тозу деңгейi 7,1% болды. Негiзгi капиталға салынған инвестиция көлемi 1 889,0 млн.теңге құрады. Пайдалануға 4,4 мың шаршы метр тұрғын үй берiлдi. Ауданның экономикасында 18,6 мың адам жұмыс iстейдi. Орташа айлық жалақы (кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын шағын кәсiпорындарсыз) өткен жылмен салыстырғанда 25,9% өсiп, 38 892 теңгенi құрады. Нақты жалақы 17,7% өстi. Орташа жан басына шағып есептегенде атаулы ақшалай табыс 25 945 теңге құрады. Орташа жан басына шаққандағы күн көрiстiң ең төменгi деңгейiнiң шамасы жыл аяғына 11 805 теңге құрады. Джей-Зи. Шон Кори Картэр (1969, 4 желтоқсанында туған), Джей-Зи атымен атақты американ рэппер және кәсіпкер. Дүниеде қаржылықты ең сәтті хип-хоп әртісі болып саналады. 2009 жылында дәулеті $150 миллионнан астам есептелген. Джей-Зи өз мансап замаңында дүние бойы 40 миллион альбом сатқан және де 10 Грэмми марапатына ие болған. Джей-Зи The 40/40 Club спорт барының иелерінің бірі, NBА-дегі New Jersey Nets команданың ішінара иесі және Rocawear киім фирмасының қалаушысы. Бұдан бұрұн Def Jam Recordings дыбыс жазу компаниясынің президенты болған. Джей-Зи Roc-A-Fella Recordс-тің үш қалаушылардың бірі және 2008 жылында ашылған Roc Nation компаниясының орнатушысы. Қазақстан Ұлттық футбол құрама командасы. Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы - Футболдан халықаралық матчтарда өнер көрсетіп жүрген Қазақстан құрамасы. Қазақстан Футбол Федерациясының бақылауында. 2010 жылғы тамыздың 10 күні ФИФАның белгіленген рейтингі бойынша 126-шы орында. ФИФА рейтингінде тіркелген рекорды 2001 жылдың желтоқсаны - 98 орын. Тарихы. Ең алғашқы ресми кездесуін Қазақстан құрамасы 14.06.1996 жылы 1996 жылғы Азия Кубогының іріктеу турнирінде өткізді. 7-ші топта Сирия және Катар құрамаларымен бір топқа түсіп, алғашқы кездесуінде Катар құрамасын 1-0 есебімен жеңді. Бұл осы іріктеудегі құраманың соққан жалғыз добы болатын. Одан кейін олар қалған үш кездесудеде бірде-бір доп соға алмай, қақпасына барлығы алты доп жіберіп алып, жеңіліп қалды. 1998 жылғы ӘЧ-ның іріктеу кезеңінде Қазақстан, Ирак және Пәкістан құрамаларымен 9-шы топқа түсті. Алғашқысын 2-1, 3-1 есебімен жеңсе, екіншісін 3-0, 7-0 есебімен жеңді. Екінші раундта Оңтүстік Корея, Жапония, БАЭ, Өзбекстанмен бірге В тобына түсіп соңғы орын алды. Біреуінде жеңіп, үшеуінде тең түсіп, төртеуінде жеңіліп қалды. 2000 жылғы Азия Кубогының іріктеуінде Катар, Иордания, Палестна, Пәкістан құрамаларымен бір топқа түсіп екінші орын алды. Топ жеңімпазы Катардан 1 ұпай қалып қойды. 2002 жылғы Әлем Чемпионатына іріктеуде Ирак, Непал, Макао құрамаларымен бір топқа түскен Қазақстан Ирак құрамасымен ұпайы тең түсіп, қосымша көрсеткіші бойынша қалып қойды. 2000 жылы ҚФФ Азиялық аймақтағы футболдың даму перспективасы төмен деген көзқараспен Евро аймаққа өтудің жолдарын іздеді.Қазақстанның географиясындағы Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстары Европаға кіріп тұрғандықтан, 2002 жылы Қазақстан УЕФАға қабылданды.Сондықтан Қазақстан өту кезеңінде болғандықтан 2004 жылғы Азия Кубогы мен Европа Чемпионатының іріктеу турниріне қатысқан жоқ. 2006 жылғы ӘЧ-на іріктеуде Қазақстан тұңғыш рет Евро аймақта өнер көрсетті. Украина, Түркия, Дания, Грекия, Албания, Грузия құрамаларымен бір топқа түсіп, 12 ойында 1 ғана ұпай жинап соңғы орын алды. 2008 жылғы Европа Чемпионатына іріктеуде Польша, Португалия, Әрменстан, Әзірбайжан, Финляндия, Сербия және Бельгия құрамаларымен А тобына түсті. Ал бұл жерде Қазақстандықтар 8 құраманың ішінде 6-шы орын алды, 10 жинап, 2 ойында жеңіске жетті. Қазақстан УЕФА аймағындағы алғашқы ресми жеңісіне 2007 жылдың 24-ші наурыз күні Сербия құрамасымен болған ойында қол жеткізді (2-1). Dota. Бұл WarCraft 3: The Frozen throne платформасында жазылған карта Adamant Astana. Адамант Астана. 2010ж Ахметжанов Серік Әлібекұлы-мен құрылған Жеке Кәсіпорын. Бұл кәсіпорын, негізінен дербес компьютерлерді конвейерлік жинаумен айналысады. Ахметжанов Серік Әлібекұлы. "Ахметжанов Серк Әлібекұлы" 1988 жылы шілде айының 26-шы жұлдызында, Қазақстан Республикасы, Торғай обылысы, Арқалық қаласында дүниеге келген. 1995 жылы Қазақстанның 4-атаулы мектебінің бірі, Арқалық қаласындағы Абай Құнанбаев атындағы №6 шы мектептің табалдырығын аттап, 2001-ші жылған дейін 6 сыныбын үздік оқып шықты. Жамбыл Көкеев. Жамбыл Мұхитұлы Көкеев - Қазақстан футболшысы.Локоммотив футбол клубы мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы. 1988 жылы қыркүйектің 20-сы күні Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақстан құрамасында 20ойын өткізіп 1 доп соққан. 2006 жылы Астана сапында Қазақстан чемпионы атанды. Таңат Нөсербаев. Таңат Әкімжанұлы Нөсербаев (қаңтардың 1-і 1987) - Қазақстан футболшысы.Қазақстан құрамасының шабуылшысы.Қазақстанның ең жылдам ойыншыларының бірі. Тарихы. 2005 жылы Шымкенттің «ААЭиС» әуесқой клубында жарқын ойынымен көзге түскен Таңат, Ордабасының жастар командасына ілінді. Кейін 2006 жылы негізгі құрамда алғашқы кездесуін өткізіп, аз ғана уақыттың ішінде Ордабасының ең басты шабуылдаушы күші болып үлгерді. 2008 жылдың Ақпанның 20-сында Қазақстанның жастар құрамасында алғашқы кездесуін өткізді. Польшамен болған ойында Таңат дубль жасады. 2008 жылдың қазанында Қазақстанның Ұлттық құрамасында алғашқы кездесуін өткізді. Құраманың жейдесін Таңат алғашқы рет Уэмбли стадионында Англия құрамасына қарсы ойында киді. Сол ойында Таңат ең үздік ойыншылардың бірі болды. Жастар құрамасындағы жарқын ойынынан кейін Таңатқа шетелдік клубтар қызығушылық тынытты. Соның ішінде Швейцарияның Янг Бойзыда бар. Таңаттың ойынын көруге шақырған Янг Бойз, дербес шарттардың келіспеуіне байланысты Таңат Ордабасыда қала берді. Таңаттың трансферлік құны 500 мың еуро 2010 жылғы маусымның ортасында жарақатына байланысты Ордабасыдан кетті. Мұрат Тілешев. Мұрат Тілешев - Қазақстан футболшысы.Ақтөбе ФК мен Қазақстан құрамасының шабуылшысы. 1980 жылы сәуірдің 12-сі күні Тараз қаласында дүниеге келген. Қазақстан Премьер Лигасы. Футболдан Қазақстан Премьер Лигасы - Қазақстан футболының ең жоғарғы дивизионы. 2010 жылдан бастап турнирде 12 команда өнер көрсетеді. Әр маусымның соңында ең төменгі орын алған 2 команда бірінші дивизионға кетеді, ал олардың орнына ол жақтағы ең жоғарғы орын алған 2 команда келеді. Жәнеде 2008 жылдан бастап қосалқы құрамдар турнирі өткізілуде. Лига 1992 жылы құралды. Маусымы: Көктем - Күз. Басқарушы - Қазақстанның Футбол Федерациясы. 2008 жылдың ақпанында Қазақстанның Футбол Федерациясы жоғарғы лигаға бірнеше өзгерістер жасады. Жәнеде 2008 жылдан бастап Қазақстанның жоарғы лигасы - Қазақстан Премьер Лигасы деп аталатын болды. Турнирдің соңғы чемпионы - Тобыл ФК. Қазақстан Премьер Лигасы 2010. Ағымдағы маусымда Премьер Лигаға қатысып жатқан клубтар Қазақстан Кубогы. Футболдан Қазақстан Кубогы - Қазақстанның Футбол Федерациясы ұйымдастыруымен болатын жыл сайынғы Қазақстан футбол клубтары сарапқа салатын турнир. Жеңімпаз атанған команда келесі жылдың басында Қазақстан чемпионына қарсы суперкубокта ойнайды. Жәнеде Европа Лигасына жолдама алады. Қазақстан бірінші Лигасы. Қазақстан бірінші Лигасы - Қазақстан футболының деңгейіне қарай екінші дивизионы. 2010 жылдан бастап турнирде 18 команда өнер көрсетеді. Әр маусымның соңында ең жоғарғы орын алған 2 команда Премьер Лигасына жолдама алады, ал олардың орнына ол жақтағы ең төменгі орын алған 2 команда келеді. 2002 жылы турнир Жоғарғы Лига болып аталды, 2003 жылдан бастап Бірінші Лига. 2003-2007 жылдар аралығында бірінші лига Оңтүстік-Батыс, Солтүстік-Шығыс боп 2 топқа бөлінді. Қатысушы командалар саны бірнеше рет өзгертіліп тұрды. 2002 жылы - 7 команда, 2003 - 23 команда, 2004-2005 - 26 команда, 2006-2007 - 27 команда, 2008-2009 - 14 команда, 2010 - 18 команда. Теңіз көлі. Теңіз көлі - Қазақстанның көл. Қазақстан Супер Кубогы. Футболдан Қазақстан Супер Кубогы - Қазақстан чемпионы мен Қазақстан Кубогының иегері арасында өтетін матч. Қазақстан Супер Кубогы 2008. Футболдан Қазақстан Супер Кубогы 2008 - 2008 жылдың 2 наурызында Қазақстан чемпионы Ақтөбе мен Қазақстан Кубогының иегері Тобыл командалары арасында өтті. Матч Алматыдағы Орталық стадионда өтті. Бұл матчты 12 мың жанкүйер тамашалады. Қазақстан Супер Кубогы 2010. Футболдан Қазақстан Супер Кубогы 2010 - 2010 жылдың 14 наурызында Қазақстан чемпионы Ақтөбе мен Қазақстан Кубогының иегері Атырау командалары арасында өтті. Матч Астанадағы жаңа стадионАстан Аренада өтті. Бұл матчты 8 мың жанкүйер тамашалады. Қазақстан жастар құрама командасы. Футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан Жастар құрамасы - Футболдан халықаралық матчтарда өнер көрсетіп жүрген Қазақстан жастар құрамасы. Қазақстан Футбол Федерациясының бақылауында. 8-наурызға сценарий. Мақсаты:ана жайлы тамаша сөздер,өлеңдер,мақал-мәтелдер арқылы анаға сүйіспеншілікпен қарау. 1-жүргізуші:Қазақ әйел затын ерекше қадірлеген.Міне жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін «8 наурыз» мерекесі құтты болсын. 2-жүргізуші:Осы жерде отырған барлық әйел адамдарына отбасына береке,бірлік тілеймін. 1-жүргізуші: «Ат биеден туады,алып анадан туады.» дейді ғой халқымыз.Дүниеде анасыз адам жоқ.Қаламы жүйрік жазушыда,данышпан ғалымда,күміс көмей әнші мен мың бұралған биші де анадан туған. 2-жүргізуші:Олай болса ардақты аналарымыз үшін және қыздарымызға арналған тәрбие-сағатымызды бастаймыз. 1-жүргізуші:Бір күні бір сахаба пайғамбардан өмірде бірінші кімді құрметтеу керек десе пайғамбар ананы депті.Одан кейін кімді сыйлау керек десе ананы депті.Жоқ одан кейін кім десе ананы депті. 2-жүргізуші:Олай болса біздің сыныбымыздың ер жігіттерінің аналарына деген ыстық лебізін тыңдасақ.(Франковский) 1-жүргізуші:дүниедегі жылылық пен сұлулық атаулы ана мейрімділігінен жаралған. 2-жүргізуші:Жәннат деген ананың аяғының астында емеспе.Аналарға баласы қартайса да сәбидей көрінеді.Түн ұйқысын төрт бөліп баласын жетілдірген ана. 1-жүргізуші:Мерекелеріңізге арнап сыныбымыздың әншісі Жансая бір ән шырқасын. 2-жүргізуші:Ана -әрбір адамның жарық дүниедегі қамқоршысы,ақ сүтін аямаған ардақтысы. 1-жүргізуші:Қай елде мейілі қай жерде әлемнің мәні әйелде. 2-жүргізуші:Өміріміздің мәні де,сәні де сіздерсіздер құрметті біздің аналар мен қыздар. 1-жүргізуші:Біз енді тәрбие-сағатымызды әрі қарай ойынмен жалғастырайық. 2-жүргізуші:Ол үшін оқушылар 2 топқа бөлінеді.1-ші топтың аты «Бәйшешек»,2-ші топтың аты «Қызғалдақ» болады. 1-жүргізуші:1-ші сайыс «мақал-жарыс».Бұл жарыста ана туралы мақал айтып жарысасыздар.1 мақалға 10 балдан беріледі. 2-жүргізуші:2-ші сайыс «жұмбақ шешу».Мен сіздерге жұмбақ қоямын. Жұмбақты шешкен топқа 10 балдан беріледі. 1-жүргізуші: 3-ші сайыс «шығармашылық жұмыс».Бұл сайыста оқушылар аналарына арнаған өлеңдері мен шығармаларын оқиды. 2-жүргізуші:4-ші сайыс ата- аналарға арналған сұрақтар.Ата-аналарда оқушылардың 2 тобына бөлінсін. 1-жүргізуші:Ал енді ойынды бастайық.1-ші топ «Бәйшешек» тобы бастасын. (ойын ойналады) 2-жүргізуші:Екінші ойын басталды.Мен сіздерге жұмбақ қоямын.Қай топ бірінші жауап берсе 10 бал беріледі. 2.Таптым,таптым тап жорға табаны жалпақ боз жорға.(Түйе) 3.Дүниедебір дария беті қайтқан Құр қалмас сол құдықтың дәмін татқан (Кітап) 5.Бір таудың басында бар бір тоғай Сол таудың етегінде бір сарай бар Жүк әкеп түсіреді он бай ноғай.(бас,ауыз,қол) 6.Бір көлден он екіден қаз ойнайды Бір демде жер түбінен хабар алдым.(радио) Қазақстан футбол клубтары еврокубоктарда. Қазақстан футбол клубтары еврокубоктарда. Бұл бет Қазақстан клубтарының Европа турнирлерінде қалай өткізгендігі жайында. Ол Қазақстанның Футбол Федерациясы 2002 жылы УЕФАның 52-нші мүшесі болған кезден басталды. Астана ең бірінші болып 2007 жылыҚазақстан клубтарының ішінен Чемпиондар Лигасында келесі айналымға жолдама алған болатын, дәл сол жылы Тобыл ТМД елдерінің ішінде ең бірінші және ең соңғы болып Интертото Кубогының жеңімпазы атанған. Барлығы Қазақстан клубтары Чемпиондар Лигасында 3 рет келесі айналымға жолдама алса, Европа Лигасы мен УЕФА Кубогында әлі ондай жеңістерге жете қойған жоқ. Қазақстанның ең үздік футболшылары. Қазақстанның ең үздік футболшылары - Қазақстанның ең үздік футболшысы атағы 1992 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұл жүлде Қазақстанның журналистері, жаттықтырушылары, Премьер Лигада өнер көрсететін командалардың капитандарың дауыс беруі арқылы жеңімпазды белгілейді. Бұл жүлде 2 версия бойынша тағайындалады. Біріншісі - Футбол Федерециясы (1992-2005, 2008), екіншісі - GOAL журналының (1999 жылдан бері) версиясы бойынша. Қазақша Уикипедия. Қазақша Уикипедия — Уикипедияның қазақ тіліндегі бөлімі. Ол Маусымның 3 2002 жылы пайда болды. Бұл Уикикпедияның ерекшелігі — 3 түрлі әліпбимен жазылады: кирилл жазуы (Қазақстан, басқа Орталық Азия елдері, Ресей, Моңғолия), төте жазу (Қытай, Таяу Шығыс елдері) және латын жазуы (Түркия және батыс елдері). Бірнеше әліпбимен жазатын тілдер қазақ Уикипедиясының тәжірибесіне жүгінуде. Қазір 3 әкімші бар. 2011 жылдың сәуір айы бойынша 13417 мақала бар. Мақала саны бойынша 91 орында тұр. Тарихы. Уикипедиян тіркеуі 2002 жылы болды, ал мақалаларды жазу 2005 жылдың сәуір айынан басталды. Дьяченко Сергей Александрович. ДЬЯЧЕНКО Сергей Александрович. 1952 жылы Қазақ КСР Целиноград облысының Шортанды кентінде туған. Куйбышев жоспарлау институтын, Алматы жоғары партия мектебін бітірген. Саяси ғылымның докторы. Еңбек жолын 1973 жылы инженер-экономист болып бастаған. 1975-1991 жылдары комсомол, партия және кеңес жұмыстарында болды. 1991-1993 жылдары Қазақ КСР Жастар, дене шынықтыру және спорт істер жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасының Туризм, дене шынықтыру және спорт министрінің орынбасары болып жұмыс істеген. 1993-1999 жылдары қоғамдық ұйымдарда жұмыс істеді. 1999 жылы екінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болып сайланды. 2004 жылдың қазанында екінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары болып сайланды. Көпеев Мұхамбет Жұманазарұлы. КӨПЕЕВ Мұхамбет Жұманазарұлы. 1949 жылы Жезқазған облысының Рудник кентінде туған. В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, Алматы жоғары партия мектебін бітірген. 1972-1976 жылдары – Жезқазған шахтабұрғылау трестінде шахтаның тау-кен шебері, комсомол комитетінің хатшысы. 1976-1991 жылдары – партия және кеңес жұмыстарында болған. 1991-1995 жылдары Қаражал қалалық әкімшілігінің басшысы – Жәйрем-Атасу жиынтық экономикалық аймақтың әкімшілік кеңесінің төрағасы болды. 1995-1999 жылдары – бірінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі. 1999 жылы Мәжіліс депутаты, екінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары болып сайланды. Депутаттық өкілеттіктерін 2004 жылдың қазанында тоқтатты. Қайырбекова Салидат Зекенқызы. 1961 жылғы 1 тамызда Қарағанды облысында дүниеге келген. 1984 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген. 2002 жылы Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «құқық тану» мамандығы бойынша бітірген. 2001–2006 жылдары – Қазақ мемлекеттік медицина академиясының қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтауды басқару кафедрасының ізденушісі. 1984–1998 жылдары Қарағанды облысының медицина ұйымдарында дәрігер-невропатолог, Қарағанды көп бағдарлы емдеу-диагностикалық бірлестігі бас дәрігерінің орынбасары болып жұмыс істеді. 1998–2001 жылдары – Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімінің бастығы, Қарағанды облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының № 5 медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының төрайымы. 2001–2004 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бөлім бастығы, басқарма бастығы, Емдеу-профилактикалық жұмыс департаменті директорының орынбасары, Министрліктің Аппарат басшысы қызметін атқарды. 2004–2006 жылдары Қазақ мемлекеттік медицина академиясының проректоры болды. 2006–2008 жылдары – Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің бас сарапшысы, бас инспекторы, әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі. 2008 жылғы 4-желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің төрайымы. 2009 жылғы 5-қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің төрайымы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2010 жылғы 23 сәуірінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды.Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі, елдің әлеуметтік – экономиялық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін 2009 жылында Қазақстан Республикасы мемлекеттік «Құрмет» орденімен марапатталды. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2010 жылғы 7 қазанда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды. Сапарбаев Бердібек Мәшбекұлы. 1953 жылы туған. Алматы Халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымының кандидаты. Институтты тәмамдағаннан кейін Мемлекеттік еңбек жинақ кассасы республикалық басқармасында экономист, Қаржы министрлігінің жүйесінде экономист, жетекші, бас экономист, бөлім бастығының орынбасары, Бас жоспарлау -экономикалық басқарманың бастығы қызметтерін атқарған. Білім министрінің орынбасары, Президент Аппараты және Министрлер Кабинеті Бөлім меңгерушісінің орынбасары, Министрлер Кабинеті Іс Басқармасының Бөлім меңгерушісі, Министрлер Кабинеті Аппаратының Басшысы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімі, Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы, Қаржы вице-министрі – Кедендік бақылау комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары – Үкіметтің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Өкілі, Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі болып тағайындалған. 2007 жылғы тамыз айынан 2009 жылдың наурыз айына дейін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі. 2009 жылдың наурыз айынан бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімі. Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов. 1948 жылы туған. Уфа Мұнай институтын бітірген. Техника ғылымдарының докторы. Еңбек жолын "Ембімұнай" бірлестігінде бұрғылаушы болып бастады. Қазақ мұнай геологиялық-барлау ғылыми-зерттеу институтында әр түрлі қызметтер атқарды. 1983 жылдан 1987 жылға дейін Йеменде іссапарда болды. Атырау тәжірибе-әдістемелік экспедициясының бас технологы, бастығы болды. 1991-1993 жылдары Геология және жер қойнауын қорғау министрлігінде бөлім, басқарма бастығы болып жұмыс істеді. “Қазақтүрікмұнай” бірлескен кәсіпорнының, “Қазмұнайтеңіз” теңіз мұнай компаниясының бас директоры, “ҚазМұнайГаз” ұлттық мұнай компаниясының атқарушы директоры, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар бірінші вице-министрі болып тағайындалды. 2006 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрi қызметінде болған. 2007 жылдың тамыз айынан бастап Батыс Қазақстан облысы әкімі қызметіне тағайындалды. Асқар Исабекұлы Мырзахметов. 1962 жылы дүниеге келген. Ауылшаруашылығы және экономикалық мамандықтары бойынша білім алған. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты. Аспирантураны аяқтаған соң 1988-1991 жылдары Бүкілодақтық ауылшаруашылығы ғылымдары академиясының шығыс бөлімшесі жүйесінде кіші, кейіннен аға ғылым қызметкер болып жұмыс істеген. 1991-1997 жылдары шаруашылық субъектілерде мен қоғамдық ұйымдарда (Орта Азия және Қазақстан биржа Қауымдастығы Басқармасының, Қазақстандағы Кәсіпкерлері Форумы Кеңесінің төрағасы) басшылық қызметтерін атқарған. 1997 жылдан 2006 жылдың қаңтарына дейін Қазақстан Премьер-Министрінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі, бірінші вице-министрі және Ауыл шаруашылығы министрі лауазымдарында қызмет атқарған. 2006 жылдың сәуірінен 2007 жылдың қыркүйегі арасында Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі. 2007 жылдың қыркүйегінен 2009 жылдың наурызы аралығында – «Оңтүстік» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы. 2009 жылдың наурызынан бүгінгі күнге дейін – Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі. Азат Нұрғалиев. Нұрғалиев, Азат Маликұлы (1986), - Қазақстан футболшысы. Азат Нұрғалиев 1986 жылы маусымның 30 жұлдызында Шымкент қаласында дүниеге келген. Бойы 1 метр 73 сантиметр. Салмағы 67 килограмм. Жартылай қорғаушы. Қазірде Қостанайдың "Тобыл" футбол клубында жартылай қорғаушы болып ойнайды. Қазақстан ұлттық құрамасында ойнаушысы. Карьерасы. Команданың жақсы ойыншыларының бiрi Азат. ол жетінші нөмiрдiң ойнайды. 117 жарыстар ойнады және 20 бастарды ұрды. Ұлттық құрама сапында. Футболдан Қазақстан Ұлттық құрама сапында 200 жылы қазанның 1 жұлдызында Белорусь құрамасына қарсы алғашқы кездесуін өткізді. Компьютерлік вирус. Компьютерлік вирус — арнайы жазылған шағын көлемді (кішігірім) программа. Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды "бүлдіруге" кіріседі, сондай-ақ компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған программа "ауру жұққан" немесе "бүлінген" деп аталады. Мұндай программаны іске қосқанда алдымен вирус жұмысқа кірісіп, оның негізгі функциясы орындалмайды немесе қате орындалады. Вирус іске қосылған программаларға да кері әсер етіп, оларға да "жұғады" және басқа да зиянды іс-әрекеттер жасай бастайды (мысалы, файлдарды немесе дискідегі файлдардың орналасу кестесін бүлдіреді, жедел жадтағы бос орынды жайлап алады және т. с. с.). Өзінің жабысқанын жасыру мақсатында вирустың басқа программаларды бүлдіруі және оларға зиян ету әрекеттері көбінесе сырт көзге біліне бермейді. Оның кері әсері белгілі бір шарттарды орындағанда ғана іске асады. Вирус өзіне қажетті бүлдіру әрекеттерін орындаған соң, жұмысты басқаруды негізгі программаға береді, ал ол программа алғашында әдеттегідей жұмыс істей береді. Сөйтіп ол программа бұрынғы қалпынша жұмысын жалғастырып, сырт көзге "вирус жұққандығы" бастапқы кезде байқалмай қалады. Вирустың көптеген түрлері ЭЕМ жадыда ВОВ-ты қайта жүктегенше тұрақты сақталып, оқтын-оқтын өзінің зиянды әсерін тигізіп отырады. Вирустың зиянды іс-әрекеттері алғашқы кезде жұмыс істеп отырған адамға байқалмайды, өйткені ол өте тез орындалып әсері онша білінбеуі мүмкін, сондықтан көбінесе адамдардың компъютерде әдеттегіден өзгеше жағдайлардың болып жатқанын сезуі өте қиынға соғады. — кейбір программалар жұмыс істемей қалады немесе дұрыс жұмыс істемейді; - экранға әдеттегіден тыс бөтен мәліметтер, символдар, т. б. шығады; - компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы баяулайды; — көптеген файлдардың бүлінгені байқалады және т. с. с. Компьютерге вирус жұққанын байқаған кезде кейбір файлдар мен каталогтар, дискідегі мәліметтер бұзылып үлгереді, оның үстіне пайдаланылған дискеттер арқылы немесе жергілікті байланыс желілері бойымен компьютердегі вирус басқа компьютерлерге таралып кеткені байқалмай да қалады. Вирустардың кейбір түрлерінің кері әсері тіпті одан да терең болады. Олар бастапқы кезде өзінің жұққанын ешбір әсерімен білдіртпей, көптеген программалар мен дискілерге үндемей таралып кетеді де, сонан соң бірден бел шешіп зиянкестік жасауға кіріседі, мысалға, компьютердегі қатгы дискіні өздігінен қайта форматтап шығады. Ал зиянкестік әсерін программаларға аз тигізіп, бірақ қатты дискідегі мәліметтердің ішіен "мүжіп", құртып жататын вирустарға не істеуге болады?! Осының бәрі вирустан дер кезінде қорғанбасақ, оның келешекгегі әсері керекті мәліметтерді жоғалтуға душар ететіні талас тудырмаса керек. — резиденттік (компьютер жадында тұрақты сақталатын) вирустар; Вирус жұққан программа іске қосылғанда резвирустар әсерлене әрекет етеді, олар жедел жадқа көшіріліп жазыльп, алғашқы бірсыпыра уақытта әсері сезілмегенмен, соңынан бірден іске қатты кіріседі. Бұл вирустарды тез анықтау ісін қиындатады. Дискілерге мөлімет жазу кезінде вирус өзінің жабысуына қолайлы сәт іздеп негізгі операциялар орындалып жатқанда солармен қосылып дискіге жазыльп алады да, оның қалай "жұққанын" адамдар білмей де қалады. Ал, резидентгік емес вирус жедел жадқа тұрақты күйде жазылмайды, бірақ вирустың әсері тиген программа іске қосылғанда ол екпіндене түседі де, өзі жұмыс істеп тұрған каталогтан немесе РАТН командасында көрсетілген каталоггардан өзі ішіне байқаусыз еніп кететін файл іздейді. Ондай файлды тауып, оның ішіне кіріп алып, ол кейін жұмыс істейтін кезде соған зиянды әрекетін тигізеді. 1. Бірден орындалатын файлдар, белгілі бір іс-әрекет істейтін кеңейтулер (заты).сот жөне.ехе болып келген файлдар, сондай-ақ басқа программаларға қажет кезінде қосылатын оверлейлік файлдар. Файлдарды зақымдайтын мұндай вирустарды файлдық деп атайды. Вирус жұққан файлдар өздерінің кері өсерін жұмыс істейтін, іске қосылған сәттерде жасанды. Ең қауіпті вирустарға резидентгік түрде жедел жадта сақталып, орындалатын әрбір программаны зақымдап отыратындары жатады. Ал егерде олар АЦТОЕХЕС.ВАТ жөне резиденттік СОЗЧҒЮ.8Ү8 арқылы іске қосылатын программаларға жұқса, онда компьютер өшіріліп қайта іске қосълған сайын вирустар өз әсерлерін тұрақты қайталап жүргізіп отырады. 2. Операциялық жүйенің жүктеуіші мен қатты дискінін ең басты мәлімет жүктеу жазбасы. Бұл аумақтарды зақымдайтын вирустар "жүктегіш" (загрузочная) немесе Вооі - вирустар деп аталады. Мұндай вирустар өз қызметін компьютерді іске қосқанда, яғни операциялық жүйені жүктегенде бірден бастайды жөне әрдайым компьютердің жедел жадында тұрақты сақталады. Бұлардың таралу тәсілі — компъютерге салынған дискеттердің алғашқы жолдарына жазылған жүктегіш мәліметіне зақым келтіру болып табылады. Әдетте мұңдай вирустар екі бөліктен тұрады, өйткені дискеттің жүктеуіш жазбасы мен операциялық жүйенің басты жазбасы өте шағын көлемнен түрады, сондықтан вирус бірден түгелдей олардың ішіне орналаса алмайды. Вирустың екінші бөлігі дискінің түпкі каталогының соңына немесе мәліметгер кластерлеріне жазылып қалады. 3. Құрылғылар драйверлері, яғни СОКҒІО.8Ү8 файлының шеткері құрылғылар көрсетілетін Оегізе деген сөз түрған жолында жазылған файлдар. Ондай файлдағы вирус сол қүрылгыны іске қосқан сайын қызметке кіріседі. Бірақ драйверді бір компьютерден екінші компьютерге кешіру өте сирек болатындықтан, мүндай вирустар көп тарала қоймаған. ОО5 жүйелік файлдарьша (М5 ОО5.8Ү5 жөне ІО.8ҮЗ) да вирус жүқтырылуы теория жүзінде мүмкін болғанымен, олардың таралуы іс жүзінде өте сирек кездеседі. Әдетге әрбір вирус түрі файлдың бір немесе екі типіне (түріне) ғана "жүғады". Көбінесе бірден орындалатын файлдарға "жүгатын" вирустар жиі кездеседі. Дискінің жүктегіш аймагын зақымдайтын вирустар екіниіі орында деп айтуга болады. Шеткері қүрылғылар драйверлерін зақымдайтын вирустар сирек кездеседі, өдетте олар бірден орындалатъш файлдарға да зиянын тигізеді. Соңгы кезде вирустің жаңа түрлері - дискідегі файлдық жүйені өзгертетін вирустар көбейіп таралуда, оларды қысқаша ВІК-вирустар деп атайды. Мұндай вирустар өз мөтінін дискінің белгілі бір бөлігіне (әдетте дискінің сощы кластеріне) жасырьш жазып қояды да, оны дискінің файлды орналастыру кестесіне (ҒАТ) файлдың соңы ретінде белгілейді. Барлық.СОМ жөне.ЕХЕ типті файлдар үшін — каталоггағы файлдың ажашқы мәлімеіі көрсетілген орынға вирус жазылған қате орын көрсетіліп, ал дүрыс көрсеткіш — таңбаланған (кодталган) түрде каталогтың пайдаланылмайтын бөлігіне жасырылады. Сол себепті кез келген программаны іске қосқанда дискіден бірінші вирус оқылады да, ол түрақты ЭЕМ жедел жадында сақталып файлдарды өңдейтін ВОЗ программаларына жабысады. Бірақ жалгіы көрініс каталог дұрыс жүмыс атқарған сияқты болып сырт кезге мұның әсері білінбей түрады. Тек вирусы бар дискетгерден программалық файл оқитын сәттерде оның нақты көлемі қысқарып небәрі 512 не 1024 байт қана болып қалады. Бірақ атқарылуға тиіс вирусы бар әрбір программа іске қоспағанда оның дұрыс емес екендігі байқалмайды. Міне осылай "ауырған" дискілерді дұрыс қалпына келтіру үшін тек арнайы антивирустік программалар қажет (мысалы, Аіс&еБІ программасының соңғы нұсқалары). 5. "Көрінбейтін" жәие өздігінен өрбитін вирустар Өзін жай көзге сездірмес үшін кейбір вирустар жасырынудың қилы-қилы тесілдерін пайдаланып жүр. Осындайлардың екі түрін — "көрінбейтін" жөне өздігінен өрбитін вирустарды қарастырайық. Көптеген резңдештік вирустар былай жасырынуды әдетке айналдырған, олар ОО8 жүйесінің вирус жұққан файлдарды шақыруын өзгертпей дұрыс күйінде қалдырады. Бірақ бұл эффект тек вирус жұққан компьютерде ғана байқалады, ал вирус жұға қоймаған компьютерлерде файлдар мен дискілерді жүктеуіш аймақтарының өзгеруін байқау қиын емес. Өздігінен өрбитін вирустар. Вирустардың жасырыну жолының екінші тәсілі өзін-өзі аздап өзгертіп, өрбіп толықтырылып отыруы. Көптеген вирустар жасайтын кері әсерін байқамас үшін өз көлемінің бір сыпырасын таңбаланған жасырын күйде сақтайды. Бірте-бірте өрби отырып, олар таңбалану тәсілін де, таңбаланбаған алғашқы бөлігін де аздал өзгертіп отырады. Осының арқасында вирусты іздеп табатын тұрақты байттар тізбегі болмай, оларды ұстайтын детектор-программалар жұмысы қиындайды. Сұраныс. 1.2 Сұраныс көлемі және оның өзгеруі 2.2 Сұранысқа жер етуші фактарлар қортынды Қазіргі таңдағы нарыққа байланысты, Елеулі мәселелердің бірі тұтынушылардың сұранысымен ұсынысын қанағаттандыру. Осы курстық жұмыста талқыланатын мәселеде сұраныс туралы болмақ. Онда сұраныс, сұраныс заңы және оған жер етуші факторлардың түрлері түгел талқылынбақ. Сатылатын тауар біртектес \ стандартты\ және тауардың әр данасы бірдей бағамен сатылады деп жүрміз. Тауардың бағасын жеке адам белгілей алмайды. Ол \баға\ нарықтағы сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы өзара бәсекенәтежесінде тағайындалады. Осы заманғы нарықтағы бәсенелестік өз шарықтау шегінің шыңында. Бәсеке жағдайында бағаның қалыптасу механизімін түсіну үшін сұраныс және ұсынысқа негізгі талдау жүргізуіміз қажет. Бағалардың қалыптасуына негізгі ықпал ететін – тұтыну суына негізгі ықпал ететін – тұтынушы қауым. Әрине мұнда нарық зерттілеушілірінің де еңбегі зор. Бұл талдау кезінде сатылатын және сатып алынатын тауарлардың көлемі мен бағаларының арасындағы байланысқа көп көңіл бөлеміз. Сонымен қатар тауарлардың бағасы мен көлеміне басқа да факторлардың қалай жер ететінің қарастырып талдау жасалады. Айта келгенде, талдаулардың соңғы нәтижесінде тұтынушылар бәріне сыншы болады. Расындан алғанда адамдарға тауар ұнаса сұраныс та ұсыныстың да деңгейі төмен болады. Ал бугінгі қарайтын тақырып сұраныс болғандықтан, сұраныстың бүкіл оңды – солды жағынан талдай, ашуға тырысып көрейін. I бөлім. Сұраныс түсінігі және мәні. 1.1 Сұраныс деп тұтынушылардың белгілі бір өнімді таңдау және сатып салу қабілетін айтады. Сұраныс тауардың бағасы мен көлемінің арасындағы тікелей байланысты көрсетеді. Олардың бірнеше баламалы мүмкіндіктерін кесте түрінде былай көрсетеді. 1- кг бағасы \тенгемен\ Сұраныс көлемі \1 айға, кг\ 1- кестеде тағамның бағасы өзгерген кезде \басқа факторлар тұрақты деп ұйғарғанда\ оны сатып алу көлемін қалай өзгеретінін көрсететін мәліметтер берілген. Бұл сұраныс кестесі деп аталады. Онда бағаның өзгеруіне байланысты тұтынушылардың қалауы мен сатыпалу қабілеті де өзгеретінін көрсетіп тұр. Тұтынушының таңдауы және сатып алу қабілеті деп неге айтамыз, мысалы нарықта бір тауарды немесе өнімді қалап, таңдауына болады, бірақ оны сатып алатын ақшасы болмаса, онда ол ойы іске аспайды. Сондықтан тұтынушы тауардың бағасы өзгеруіне және өзінің сатып алу қабілетіне қарай бірнеше мүмкіндіктерін қарастырады. 1-кестеге қарасақ баға неғұрлым төмендеген сайын тауарға деген сұраныс көлемі соғұрлым көбейіп отыр. Майдың 1 кг. Бағасы 900 теңге болса, онда тұтынушы айына 3,5 кг. Май ала алады, ал егер 400 теңге болса, онда ол айына 6 кг. Май алуға шамасы келер еді. Бұл сұраныс кестесі осы 4 мүмкіндіктің қайсысы нарықта нақты бар екенің көрсетпейді, ол сұраныс пен ұсынысқа байланысты. Сұраныс – бұл тұтынушының сатып алушының бір тауардан сатып алу ойымен жасайтын жоспарын кесте түрінде көрсету. Бұндай жағдайда белгілі бір уақытты көрсету керек. Мысалы күніне, айына, жылына және товардың сұраныс деңгейі көрсетілуі керек. Сұраныс кестесін нақты түсініктірек болуы үшін суретке түсіріп көру қажет. Жалпы берілген кестедегі барлық көрсеткіштерді /1-кесте/ координаттар өсіне түсіріп, бейнелеуге де болады. Бұл қисықты С әрпімен белгілеп, оны сұраныс қисығы деп атаймыз. Сұраныс қисығы зерттеліп отырған тауардың сатып алынатын бағас мен оның сұраныс көлемінің арасындағы тәуелділікті көрсетеді. Егер баға 700-ден 800 теңгеге дейін жоғараласа, онда сұраныс көлемі 4,5 кг. 4 кг№ дейін төмендейді. Бағаның төмендеуі сұраныс көлемін көбейтеді, ал көтерілуі сұраныс көлемін азайтады. 1.2 Сұраныс көлемі және оның өзгеруі. Сұраныс көлемі дегеніміз- сұранысқа әсер ететін басқа факторлар тұрақты деп ұйғарғандағы, әртүрлі бағамен сатып алынатын тауарлар санын көрсетеді. 1-суреттегі сұраныс қисчығы майдың бағасы мен тұтынушылардың бір айда сатып алатын оның саны арасындағы қатынасын көрсетеді. /сұранысқа әсер ететін факторлар өзгермеген жағдайда/. Егер де берілген факторлардың кез-келген біреуі өзгерсе баға мен сұраныс көлемі арасындағы тәуелділікте де сәйкесінше өзгеріс болады, сондықтан қайтадан жаңа сұраныс кестесін құрып, жаңа сұраныс қисығын сызу қажеттілігі туады. Сұраныс қисығының бойымен қозғалу сұраныс көлемінің өзгерісі деп аталады. Ол бағаның өзгерісіне байланысты сатып алынатын тауар көлемінің өзгеруін анықьайды. Р – зерттеліп отырған тауардың бағасы. Біз бұдан бұрын келтірілген мысалымызда қарастырып отырған тауардың бағасы мен осы тауарға деген сұраныс көлемінің арасындағы байланысты зерттедік және сұраныс көлеміне әсер ететін басқа факторлар өзгермейді деп ұйғардық. Ал енді сұраныс көлеміне басқа да факторлар ықпал етеді дейік. Мысалы басқа тауардың бағасының өзгеруі 2 суретте екі тауарға деген сұраныс қисығы көрсетілген. Сиыр етінің 1 кг. Бағасы 150 теңге ьолып, белгілі бір уақыттын кейін 200 тенгеге жоғарылады дейік. Соның нәтижесінде, сиыр етіне деген сұраныс 1 айда 30 кг. 20 кг дейін келеді, а суреттен көріп отырғанымыз. Басқа факторлар тұрақты болғанда, сұраныс көлемі А нүктесінен В нүктесіне жылжыды және осы тауарың бағасы жоғарылығын уақытта сұраныс зақына сәйкес көлемі азаяды. Сиыр етінің 1 кг бағасы 150 тенгеден 200 ге дейін жоғарылап, басқа факторлар тұрақты болғанда сұраныс көлемі азаяды /2 а - сурет/, қозғалыс сұраныс қисығы боймен А нуктесінен В нүктесіне дейін болады. Құс етінің бағасы өзгермейді деп ұйғарғанда тұтынушылар сиыр етінің орнын құс етімен толтырады, сұраныс қисығы /2 ә - урет/ түгелмен онға жылжиды. Ал 2 ә- суретте осы жоғырыда айтылған жағдайдың салдарынан құс етіне деген сұраныс қалай өзгеретіні көрсетілген. Сиыр етінің қымбаттауына байланысты, құс етіне деген сұраныс көбейді, сұраныс қисығы түгелімен С –ден С –ге дейіноңға жылжиды. Бұл жерде ескеретін нәрсе, құс етінгің бағасы тұрақты деп ұйғарамыз. Сиыр етінің бағасы тұрақты деп ұйғарамыз. Сиыр етініңбағасы 150 теңге болғанда, тұтынушылар айына 20 кг құс етін алатын болған /С / қисығының бойындағы А нүктесі, ал сиыр еті 200 теңгеге дейін қымбаттағанда олар айына 40 кг№ құс етін сатып алған /С қисығындағы В нуктесі/ 2а-суреттегі сұраныс қисығының бойымен жылжуды экономистер сұраныс көлемінің өзгеруі деп, ал 2ә-суреттегі сұраныс түгелімен жылжуын сұраныс өзгеруі қарастырып отырған тауардың бағасының өзгеруі нәтижесінде болады. Сұраныс өзгеруі графикте көрсетілмеген бағадан басқа факторлар әсер еткенде болады. Келтірілген мысалымызда тұтынушылар сиыр еті қымбаттаған уақытта құс етін көп алатын болды, себебі бұл тауарлар бір – бірімен аустырылады. Сонымен, егер бір тауардың бағасы қымбаттаған уақытта екінші тауарға деген сұраныс көбейіп тұрса, онда мұндай тауарларды экономистер бірін- бірі аустыратын немесе субститут тауарлар деп атайды. Мысалы: сарымай және маргарин, пиджак және свитер, тағы басқалар. Тұтынушылар бірге қолданылатын тауарлардың бағасы өзгерген жағдайда басқаша іс-әрекет жасайды. Мысалы, автомобиль мен бензинді қарастырайық. Бензиннің 1 литрінің бағасы 30 тенгеден болғанда тұтынушы 1 жетіде 40 литр алады десек, ал баға 40 тенгеге дейін көтерілгенде, сұраныс көлемі 30 литрге дейін кемиді. 3 а- сурет. Өзгеріс сұраныс қисығының бойында болады. Бензиннің 1 литрінің бағасы 30 теңгеден 40 тенгеге дейін жоғарылағанда оған деген сұраныс көлемі 40 литрден 30 литрге дейін төмендейді. Бұл жағдайда / 3 а-сурет/ сұраныс қисығының бойында болады. Ал енді осы уақытта автомобиль нарығында да өзгеріс болады. Ал енді осы уақытта автомобиль нарығында да өзгеріс болады /3 ә-сурет/ басқа факторлар тұрақты деп ұйғарғанда автомобильге деген сұраныс азайып, сұраныс қисығы түгелімен солға жылжиды. Сorel Draw. Сorel Draw – машиналық графиканың нағыз шедеврлерін жасау үшін қолданылатын компьютерлік дизайнердің құралы. Түрлі-түсті көркемдеулерді; күрделі сызбаларды, кітаптар мен журналдар мұқабаларының фигуралық кітапталарын, фотографиялық шын және фантастикалық шын емес бейнелейлерді; дайын бейнелеулерді редакциялау үшін, графикалық Web-беттерді құру үшін, т.б. жасау үшін қолданылатын қолайлы игеруге қарапайым құрал. Векторлық графика да қолданылады, оның көмегімен сапаны жоғалтпай, бейнелеуді бірнеше есе көбейтуге болады, ал мысалы Paint редакторында суреттерді растрлық берілуі кезінде ондай мүмкіндік жоқ. Сorel Draw винчестерде жадының 120-дан 700 МБ алады. Векторлық графика безендіру және сызба бейнелеулерін құру үшін пайдаланылады. Векторлық графикада Қисық негізгі объекті болады. Оны көбейткен кезде векторлық бейнелеулердің сапасы өзгрмейді. Мысалы, Сorel-де машина жазба бетінен бірнеше метрлік плакаттарға дейінгі көлемде бейнелеулерді құруға болады. Сorel-ге кіруде экранның ортасында тікбұрыш орналасқан, мұнда өз объектінді құруға болады. Объектті беттің сыртында құруға да болады, ал бетте таңдаған беттін форматына өз объектілерінді орналасуын және көлемін өлшеу үшін қолдануға болады. Сorel Draw – бірнеше беттен тұрады, оны толықтыру, жою, басқа атымен атауға болады. Клон – оригиналға еңгізелген барлық өзгерістерді қабылдайтын объекттің дубликаты. Свиток – вкладка - әр түрлі эффектерді: бұрылыстарды, айналуларды, түсте өзгертуді, т.б. құру үшін аспаптардың қосымша панелі. Объект – құжаттың фрагменті. Объекттер бір-бірімен қиылысу, бір-біріне үстіне жапсырылуы мүмкін, олардың көмегімен түрлі-түсті мәтіндердің комбинацияларды, суреттерді жасауға болады. Интерактивтілік – басқарылатын режім. Интерактивті құралдар өте қарапайым және қолдануға тиімді. Бұрынғы кезде қызметіне бірнеше меню мен терезелерді ашу жатса, бүгінгі күні интерактивті панель көмегімен екі объекттің арасында өткелді құру үшін тышқанмен бір объекттен екіншіге жүргізу жеткілікті. 1) RGB – (қызыл + жасыл + синий) – бейнелеулерді экранға шығару үшін 2) CMYK – (көгілдір + қызыл + сары + қара) – баспа өнімін жасау үшін 3) HSB – (рең + қою бояу + жарық) – жеке көркем шығармаларды жасау үшін Сorel үйреніпалу, тышқанның оң жакты кнопканы қолданыпалыңыз. Бүкіл кнопкаларда, аспаптарда, объектлерде, экранның элементерде шертеңіз. Контексті-тәуелділікті меню шығады, қажетті әрікеттерді іздеп аласыз. Дайынды файлды.CDR расширение Сorelде басқа форматта файлдардың өңдеуге болады:.CPT.TIF.PCX.BMP.GIF.PCD.JPG.IMG.ICO және басқалар. Әр түрлі өзгерісте объект немесе объектірінің топты дайындау үшін – форматты, түсті, орналастыру, өзгерту үшін ерекшелеу қажет болады. 1) Объекті ерекшелеу – Таңдау (выбор) кнопканы шерту 2) Бірнеше объекттерін ерекшелеу – Таңдау шерту, Shift ұстап, барлық объекттерді шерту 3) Айырылық, маңызбен бірдей объекттерін ерекшелеу (мысалы, барлық эллипстер, барлық фигурлік мәтідерін) - Правка – Найти и заменить – Найти объект – Начинать новый поиск – Далее – Типы объектов – Выбрать тип объектов, мысалы Эллипс – Далее – Далее – Готово – Найти все. Барлық біртиптері объекттері бірлестірілген маркерлерін алады. 4) Беттін барлық объекттер бір мезетте ерекшелеу – Ctrl + A немесе Правка – Выделить все 5) Бірлестікті топтадан бір объекті ерекшелеу – Ctrl ұстап – объектте шерту 1) Суреттілген объекттерінін жасау үшін аспап панелімен пайдалану қажет, мысалы Овал, Прямоугольник, Многоугольник. Қара маркерлермен бейнелеутін өлшемді өзгертеді, кішкентай ақ маркерлермен – объектінін формасы өзгертеді – мысалы, айналдыру оны. Тұйықты (замкнутый) объектінің заливканы түсті панелімен алу қажет. Контурдын түсті және қалыңдық Перомен өзгерту керек. 2) Автофигураны суреттеу – Простые формы кнопканы шерту. 3) Объекті жою – ерекшелеу және Del шерту. 4) Бірлестікті топтадан айырылық объекті жою үшін, Монтаж – Разгруппировать командаларын алдын ала орындау. 5) Объекті көшіру – ерекшелеу оны, “+” пернені цифр пернетақтасында және көшірме ауыстару немесе Правка - Дублировать Қытайдың сыртқы саясаты. І тарау. Қытай сыртқы саясатының идеологиясы мен механизмі 1.1 Қытай Халық Республикасының ресми сыртқы саяси доктринасы 1.2 Халықаралық қатынастардағы проблемалы мәселелер: Пекин позициясы 1.3 ҚХР-дағы сыртқы саяси шешімдерді жете зерттеудегі ықпал ІІ тарау. Қытай және Батыс қатынастары 3.1 ҚХР және Азия -Тынық аумағы (АТА) 3.3 ҚХР-ның сыртқы саясатының моңғолиялық бағыты 3.5 Азиялық мықты державалар: Қытай мен Үндістан 3.6 Қытай мен Иран Ислам Республикасы (ИИР) 4.1. Ресеймен қарым-қатынастарының қазіргі кездегі қытай интерпретациясы және проблемалары 4.2. Қытайдың Орталық Азия елдерімен қарым-қатынасы Қазіргі кезеңдегі геосаясатта Қытай Халық Республикасына теңдесі жоқ экономикалық өсу есебімен құрылуда. Осы ғасырдың бірінші онжылдығында Қытай жалпы ұлттық өнімнің көлемі бойынша АҚШ-ты басып озады деген жорамал бар. «Үлкен Қытайдың» (ҚХР, Гонконг, Тайвань) экспорты жапондықтардан асып түсті. Қытайдың қаржы резерв көрсеткіштері (403,3 млрд доллар) дүние жүзі бойынша тек қана Жапония мен Тайваньға орын береді. Қытайдың глобальды стратегиясының басымдылығында жақын көршілерімен қарым-қатынас тұрақтандыру және глобальды лидерлермен бейбіт қарым-қатынаста болуын ескере отырып, қытайлық реформалар мен ашық саясат жүргізуде халықаралық қолайлы жағдайлар қамтамасыз ету орын алады. Ху Цзиньтао жаңа басшылығымен ҚХР-ң алдында «тарихи әділеттілікті қайта жаңғырту және Қытайдың маңыздылығын жандандыру» міндеті тұр. Сонымен қатар әскери-саяси міндеті – Отан аясына Тайваньды қайтару, Қытайдың Тибет пен Синьцзян (Шығыс Түркестан) тәуелсіздігіне кепілдік беру; ұлттық территория шеңберінен Қытайдың стратегиялық шекарасын көшіру. Сол арқылы, ҚХР сыртқы саясаты тікелей елдің ішкісаяси және экономикалық дамуымен байланысты. Теңдесі жоқ Қытайды экономикалық деңгейі Пекиннің сыртқы саяси және геосаяси амбициясын ынталандырады. Шын мәнінде, бұл процесс басталды. Осы курс жұмысымыздың өзектілігі – экономикалық және саяси қатынастарда глобальды және аумақтық жүйеде ҚХР рөлі өсуі қазіргі таңда өте актуалды. Курс жұмысты жазу барысында осындай тарихнамалық базаға сүйендік: «Современные международные отношения», «Мировая политика после 1945г.» және «Политика КНР на современном этапе: реалии и перспективы», сонымен қатар «Преодоление» кітаптарындағы мағлұматтармен және көптеген авторлардың «ҚХР сыртқы саясаты туралы» мақала-зерттеулерімен толық таныстық. 1. Глобальды – Қытайдың глобализацияны бағалауы және өз орны мен мәнін анықтау; қытай-американ қарым-қатынасы; Батыс пен ҚХР қарым-қатынасы, БҰҰ және халықаралық сауда, геоэкономикалық мәселелер, Азия-Тынық Аумағындағы (АТА) ҚХР стратегиясы, қауіпсіздіктің Қытай саясаты. 2. Азиядағы ҚХР саясаты – Қытай-Үндістан, Қытай-Пакистан қарым-қатынастары, ҚХР-ң сыртқы саяси стратегиясындағы Оңтүстік-Шығыс Азия мен Оңтүстік Азия, Солтүстік-Шығыс Азия мен Қытай мүдделері, Орта және Таяу Шығыс. 3. Қытай мен Евразия – Қытай-Ресей қарым-қатынастары, Орта Азиядағы Қытай стратегиясы, ішкі Евразиядағы энергетикалық пен коммуникациялық жобалары. Курстық жұмысымыздың мақсаты - осы ҚХР-ң үш сыртқы саяси бағыттарына сипаттама беру. Осы мақсатқа жету үшін қойылған міндеттер: тарихнамалық базаны қолдана отырып, ҚХР сыртқы саясатынының даму барысына жан жақты талдау жасау. Курс жұмысының құрылымы: кіріспеден, 4 тараудан, қорытынды және қолдыналғын әдебиеттер тізімінен тұрады. І тарауында Қытай сыртқы саясатының идеологиясы мен механизмі туралы, ІІ тауарында Қытай және Батыс қарым-қатынастары туралы, ІІІ тарауында Қытайдың Азиялық стратегиясы туралы, IV тарауында Евразиядағы ҚХР стратегиясы туралы мәселелер қарастырылған. І тарау. Қытай сыртқы саясатының идеологиясы мен механизмі 1.1 Қытай Халық Республикасының ресми сыртқы саяси доктринасы Қытайдың қазіргі сыртқы саясаты елдің қазіргі ішкі саясаты мен стратегиялық міндеттерімен тығыз байланысты. Өзгеріс сипаты төмендігі жағдайлармен сипатталады. Бірінші. Қытай жаңа басшылық бағытының басты мақсаты экономикалық деңгейінің жоғарғы темпін сақтаумен қатар қоғамның әлеуметтік рухани-өркениетті құрылымын сапалы жетілдіру, «реформа мен ашық» саясатты тереңдету және жалғастыру. Екінші. Бүкіләлемдік экономикалық жүйеге белсенді түрде интеграцияға және жаһандық ортақ дүниежүзілік тенденциясына енуі. 2001 жылы ҚХР ресми түрде Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына (БСҰ) мүше болды. ХХІ ғасырдың бірінші жылдары Қытай экономикасы үшін сәтті болды. 2002-2003 жылдары болжамда көрсетілгендерден ерекше қолайлы болды. Ең алдымен, экономикалық деңгейдің (жылдық өсім 8,7% және 9,1%), сыртқы сауда көлемі мен сыртқы сауда балансының сальдосының, тікелей шетел инвестицияларын тарту мен қолданудың, валюта резерв көлемі мен басқа көрсеткіштердің өсу қарқынымен байланысты. Мысалы, жалпы ішкі өнім 2003 жылы 11,67 трлн юань, сыртқы сауда айналымы 851,2 млрд долл, жылдық өсім – 37 % және осы көрсеткіш бойынша ҚХР дүниежүзінде 4 орынға ие. Осының бәрі реформа мен ашық сәтті саясатының нәтижесінде Қытай мен дүниежүзінің өзара тәуелділігінің тереңдей түсуін дәлелдейді. Үшінші. Халықаралық жағдайға баға бере отырып, Қытай басшылары қазіргі кездегі дүниежүзлік саясаттың көзі бейбітшілік пен даму мәселесінде деп түсінеді. Яғни, халықаралық жағдай разрядка тенденциясын толығымен көрсетеді, басты державалар арасында қарым-қатынас тұрақтандыру жағына дамуда және саяси диалог пен ынтымақтастық негізі бірте-бірте нығаюда. 2003 жылдың соңындағы Компартияның Орталық Комитетінің жаңа мақсаттарымен қатар 2005 жылы ресми түрде жаңа басшылық елдің бейбіт түрде жандану туралы жаңа сыртқы саяси концепциясын жарияланды. Қытай қайтадан тек бейбіт жолмен жандана алады. Соңғы жартымыңжылдықта басты державалардың (мысалы, Испания, Ұлыбритания, СССР мен АҚШ, т.б.) көтерілуі мен құлдырау тарихына салыстырмалы анализ жасай отырып, Қытай сарапшылары осы державалардың соғыс нәтижесінде өз гегемондықтарын жаулап алды және жоғалтты деген шешімге келді. Қытай қазіргі кездегі бейбітшіл халықаралық жағдайдағы мүмкіндіктерді қадірлеуі керек. Оның алдында екітұтас міндеті тұр: өз экономикасы мен әлеуметтік инфрақұрылымның сапалы түрде дамуына осы мүмкіндіктерді қолдануға тиіс, сонымен қатар бейбітшілікті нығайтуға барлық күшін салуға тиіс. Қытай дамуының тірегі - өзінің жеке күші. Ол ішкі және сыртқы саясаттың кең көлемді ішкі қытай нарығына, жұмыс күшінің таусылмацтын резервтеріне, тұрғындармен жиналған валютаның үлкен қорына, жаңа социалистік тәртіптің тиімділігіне және Қытай халқының мықты шығармашылық күшіне сүйене отырып, бағыты мен тәуелсіз түрде даму жолын таңдауы керек. Қытай өзін-өзі изоляция аясатын жүргізбеуі керек. Төртінші. 80 жылдардан бастап Қытай белсенді түрде бейбіт сыртқы саясат жүргізе бастады. Оның жағдайы мен мүмкіндіктеріне байланысты халықаралық рөлін нығайтуға ниет етті. Қытай үкіметінің сыртқы саясатының ұзақ мерзімді мақсаты елдің модернизациясын сәтті алға басуындағы бейбіт халықаралық жағдайын сақтау болып табылады. Азия-Тынық аумағында (АТА) көпжақты дипломатияның принциптеріне сүйене отырып, қытай үкіметі «бейбіт жандану» стратегиялық концепцияның басты бөлімі – қытай-американ қарым-қатынасының дамуы. Бейбіт жандану процесінде таяудағы 20-50 жыл Қытайға американ инвестицияларын, американ нарығына шығу мүмкіндіктерін, ғылым мен техниканың басты жетістіктерін, экономикалық дамудың тәжірибесін қолдану қажет. АҚШ-ң жау мемлекетке айналдыру ҚХР үшін қолайлы емес. Осы мәселе ІІ тарауда қарастырылады. 1. Вашингтон мен Пекин арасындағы саяси-идеологиялық келіспеушілік. АҚШ-тың дәстүрлі антикоммунизмі адам құқығы, сөз бен дін бостандығы, т.б. түсініктердің интерпретациясы туралы баяғыдан дискуссиялардан көрініп жатыр. 2. Қытай экономикасының динамикалық дамуы мен ішкі жалпы өнімнің тез өсуімен қатар АҚШ пен Қытай арасындағы сауда-экономикалық қақтығыстар, әсіресе юанның конверсиялау мәселесімен қатар дами түсуде. 3. Тайвань мәселесі бойынша келіспеушілік. Пекин бейбіт бірлестікке ұмтылады, ал Тайбэй «бейбіт бөліну». 1. Қытай мамандарының ойынша Жапония агрессиясының мысалы болып келетін әскери тарих эпизодтарының жапон интерпретациямен Қытай келісе алмайды. 2. Дяоюйдао (Сэнкаку) аралы маңындағы территория шиеленісі. Тарих бойынша, сонымен қатар халықаралық құқық нормаға сәйкес бұл қытай территориясы болып табылады. 1951 жылы АҚШ Қытай халқын кемсіту мақсатында заңсыз түрде Жапонияға берді. 3. Тайвань статусы жөніндегі мәселеде Жапонияның тұрақты және жүйелі болмауы. Сонымен қатар, Қытайдың оңтүстік-шығыс көршілерімен қарым-қатынасының территориялық дауына жататын тағы бір проблема бар. Бұл шиелініс - халықаралық қатынастар туралы әдибиетте Спратли аралдары деп аталатын аралдарының тиістілігі. Тарихи тұрғыда бұл аралдар ҚХР-ға жатады. Аумақта бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау үшін Қытай тәуелсіздік туралы дауды тоқтатып, ресурстарды өзара эксплуатациялауды ұсынды. 1.3 ҚХР-дағы сыртқы саяси шешімдерді жете зерттеудегі ықпал Қытай Компартиясың 16 съезі, Орталық Комитетінің бірінші пленумының шешімі бойынша Цзэн Цинхун ҚКПОК тұрақты комитеті Политбюрода халықаралық қатынастарға жауап береді. Сонымен қатар, оныншы шақырудың ВСНП бірінші сессиясында ол ҚХР төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Бұл Пекиндегі шетел дипломатиялық корпус өкілдерімен қатынаса отырып, мемлекеттің сыртқы саясатына ықпал ету мүмкіндігін береді. Мемлекеттік Кеңес премьерінен Вэнь Цзябао сыртқы экономикалық саясатын жүргізуге өкілдік берілді. 28-30 сәуірде 2003 жылы пневмония мәселесі бойынша Оңтүстік – Шығыс Азия елдерінің Ассоциациясы (АСЕАН) мемлекеттері Қытай басшыларының төтенше саммитіне қатысу үшін Бангкокқа визиті болды. Осы форумда Вэнь Цзябао жаңа Қытай үкіметінің «Қытай –АСЕАН» еркін саудаға біртұтас зона құрылуының жоспарларын қолдайтындығы және «Оңтүстік-Шығыс Азиядағы достық және ынтымақтастық туралы келісімге» қосылатындығы жайында мәлімдеді. Сонымен қатар АҚШ әкімшілігінің басшыларымен қарым-қатынас жүргізу Вэнь Цзябао басшылығында. Ол сянгандағы (Гонконг) демократиялық қозғалыстың басшыларымен өзара қарым-қатынас мәселесін қарастырады. Сыртқы Істер Министрлігіне ықпалы бар, халықаралық қатынастарға жауапты, Мемлекеттік Кеңес премьерінің орынбасары қызметін 2003 жылдың наурызынан бастап атқарып келе жатыр. Ол 2003 жылдың қараша айында қытай делегациясын басқарып ресми емес американ-қытай диалогы шеңберінде Тайвань мәселесін талқылауға АҚШ-қа визиті болды. Сыртқы саяси басымдылықтарды анықтауда қытай лидерлерінің қазіргі кездегі тәсілдерінің негізінде жаһандануға деген прагматикалық қатынас жатыр. Глобализацияға деген қытай тәсілі екі жақты қабылдау негізінде құрылған. Бір жағынан, реформа мүддесінде глобализация мүмкіндіктерін қолдануға ұмтылу, екінші жағынан – оның қытай экономикасы мен әлеуметтік-саяси тұрақтылығына деген қаупінен қауіпсіздендіру. Бұл тәсіл саясат пен экономиканы бөлу принципіне негізделген. Глобализаця процесіне ҚХР-ң тарту бағыттарының бірі аумақтандыруға қатысу, бұл интеграцияға бағытталған экономикалық глобализация этапын көрсетеді. Қытай аумақтық және субаумақтық ынтымақтастыққа, әсіресе мемлекеттің шығыс азиат тобының жұмысына қосылуы керек. Осылай, глобализация жағдайында Қытай өзінің шекарасы шеңберіндегі жағдайды тұрақтанлдыру мен қарым-қатынас орнатылмаған мемлекеттермен дипломатиялық келісімдер жүргізу және басқа елдермен, әсіресе Ресеймен жақсы қарым-қатынасты қолдау үшін барлық мүмкіндіктерді жасайды. Бірінші принцип: дамып жатқан елдер Оңтүстік линиясы бойынша ынтымақтастықты кеңейту, яғни өсу деңгейінің жеке ресурстарын қолдана отырып, глобализацияның қатеріне жауап бере алу. Екінші принцип: Солтүстік-Оңтүстік бағыты бойынша қарым-қатынасты дамыту. Сонымен қатар Қытай бысшылығының айтуынша кедей мемлекетіндегі тұрмыс жағдайын жақсаруы барлық елдердің, ең алдымен дамыған қамқорлығы болып табылады. Үшінші принцип: Адал бәсекелестік пен теңдік негізіндегі халықаралық істерде барлық мемлекеттердің қатысуын болжайды. Төртінші принцип: Теңсіздік пен өзара пайда мүддесінде тұраты әріптестіктің ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнату. Глобализация жағдайында, сыртқы саясаттың басты міндеті мемлекеттік тәуелсіздікді қорғау болып табылады. Шын мәніндегі жаңа жаһанданып келе жатқан Қытаймен АҚШ, Жапония мен Оңтүстік Корея өз қарым-қатынастарының стратегиясын өзгертуге объективті түрде міндетті. Яғни, олардың Қытай мемлекетінің өсіп келе жатқан экономикалық пен саяси роліне деген әсер тигізуіндегі бағыттары. Дүниежүзілік саясатта қазіргі күннің өзінде де халықаралық режимдер мен механизмдердің құрылуын қиындататын батыс деморкатиясына жат болса да, Қытай өз аумақтық және глобальды мүдделерін ескеруді міндеттей отырып мықты күшке айналуда. ІІ тарау. Қытай және Батыс қатынастары АҚШ пен ҚХР арасындағы екі жақты қарым-қатынас «өзара қауіптену» және өзара пайда негізінде баяғыдан қалыптасқан. АҚШ өз әскери жцне экономикалық күшін арттыра отырған Қытайды болашақта өзінің жаңа глобальды бәсекелес мемлекет ретінде көреді. Қазіргі кезде Қытай мен АҚШ тікелей әскери қауіптің көзі ретінде бірін-бірі танымайды. Тайвань мәселесі мен Тибеттегі адам қарым-қатынастары және тәуелсіздік мәселесі осы екі мемлекет арасында қарам-қайшылық туғызуда. ҚХР-ға байланысты АҚШ ұзақ мерзімді стратегиясының бөлімі ретінде «стратегиялық ұстаным» доктринасы болып табылады. Вашингтонның бұл стратегиясын Евразиялық стратегиясы бекітуі керек. Көптеген сарапшылардың пікірінше, Ауғанстан мен Ирак – осы доктринаны іске асырудың бөлігі болып табылады. Негізінен АҚШ-ң глобальды міндеті - жыл сайын күшейіп келе жатқан Қытайды нейтрализациялау. Екі жақты қарым-қатынас мәселесіне өсіп келе жатқан сауда экономикалық қарама-қайшылығын жатқызуға болады. 2000 жылы АҚШ Конгресі оның Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына мүше болғаннан кейін тұрақты сауда қатынас режимін Қытайға беру шешімін қабылдады. Осы арқылы АҚШ 90 жылдары қолданған Қытайға мықты қысым көрсеткен рычагтардың бірінен айырылды. Сонымен қатар, АҚШ пен ҚХР өзара авиа-нарығын ашуға келісімге келді. 2010 жылы екі ел арасында авиакомпаниялардың саны екі есеге өседі, ал рейс саны бес есеге көбейеді. 2010 жылына қарай келісім бойынша әрапталық рейс саны 249 дейін өседі. Екі ел арасында тауар айналымы 10 есеге – 1980 жылғы 4,8 млрд долл. бастап 2004 жылы 170 млрд долл. 2004 дылы мамырда Пентагон АҚШ Конгрессіне Қытайдың қарулы күштерінің жағдайы мен даму перспективасы туралы жылдық баяндама тапсырды. Американ әскери ведомстволардың аналитиктері Тайвань және салынып жатқан «Үш шатқал» ГЭС туралы мәселе қозғалды. Американдық ГЭС-ті атып жіберу туралы ұсынысы Қытайды ашуландыру жоспары бойынша ГЭС 2009 жылы салынып біту керек. Ол дүниежүзілік ең үлкен ғимарат болады. Құрылыс құны 25 млрд долл. бағаланды, ал станция қуаттылығы 18 200 мегаватт. Оның іске қосылуы жылдық су тасқынын тоқтатады және электроэнергиядағы өсімді сұранысты қамтамасыз ете алады. 2004 жылы маусымды американ-қытай экономикалық қатынастарын тексерісі бойынша екі партиялық комиссия қазіргі тенденцияның американ экономикалық мүдделері ен ұлттық қауіпсіздік үшін ұзақ мерзімді қауіпке әкелетіндігі туралы әскертті. Американ-қытай экономикалық қатынастарында АҚШ-ң ұзақмерзімді мүдделеріне қайшы келетін маңызды дисбаланс қалыптасты. 2003 жылы Қытаймен саудадағы дефицит 124 млрд долл. жетті, ал қытай импорты Қытайдағы американ экспортының көлемінен 5 есе асып түсті. Қытай экономикалық дамуға уақыт пен кеңістік жеңу мақсатында АТА-да дипломатиялық шабуыл жүргізіп отырды. Сонымер қатар, комиссия төрағасы ҚХР-да мықты экономикалық даму тез әскери модернизацияға айналуын ескертті Әскери модернизация бағдарламасын жылдамдату үшін Қытайдың технологиялық мүмкіндіктерді қолдану деңгейі тікелей АҚШ-ң ұлттық мүддесін тежейді. Басқа жағынан қарағанда, Қытай Солтүстік Кореяның жеке атомдық арсеналының дамуына мүмкіндік бермеуге бағытталған келіссөздерде АҚШ-қа көмектесе алатын негізгі мемлекет болып табылады. ҚХР АҚШ-пен саудадан үлкен кіріс алатындығы даусыз. Бірақ бұл АҚШ-пен қарым-қатынастарында ешқандай кепілдік бермейді. Саяси шиеленіс өзара тәуелділікті әр жақтың кімге жол беретіндігінде келісушілікке емес, қақтығысқа әкеледі. Американдық сарапшылар айтуынша, АҚШ геосаяси мақсаты үшін тек экономикалық стимулмен ғана қанағаттана алмайды. Соңғы жылдары екі жақты қатынас тағы да қайшылыққа тап болды: 2004 жылы қыркүйектің соңында АҚШ 14 қытайлық компанияларға қарсы Иранға әскери технология мен қару-жарақ қамтамасыздандыруы туралы санкция енгізді. Қытай саясатында стратегиялық тұрақтылық пен аумақтық шиеленістер мәселесі бойынша АҚШ-пен келіссөздер жүргізуге ұмтылыс бар. Стратегиялық тұрақтылықты қолдауда АҚШ тарапынан көңіл бөлуге түсінік бере отырып, космос пен қарулы күштердің техникалық жабдықталуы туралы жаңа амбициялық бағдарламалардың жетістіктерін жариялауда. Қытай АҚШ-ң қару-жарақ таратылмауыныңы толық жойылу шараларына қосылуын дайын, егер оның қатысуы үшін құқықтық базаны тапқан жағдайда. Осындай ынтымақтастықтың теоретикалық негізі көпжақты жауапты күш салуды талап ететін «қауіпсіздік мәселесінің глобализациясы» туралы қытай басшылығының жаңа тезисі болып табылады. Әскери-стратегиялық диалогқа АҚШ-ң араласуына стратегиялық тұрақтылық, жаңа қауіп пен Орталық Азиядағы жағдай мәселелері бойынша Қытай НАТО диалогының құрылуы туралы, сонымен қатар Корея мәселесі жөнінде алтыжақты кездесудің Шығыс Азия қауіпсіздігі туралы органға айналуы туралы идеясы бағытталған. Қытай НАТО мен АҚШ-пен әскери-саяси және әскери-техникалық ынтымақтастық мүмкіндіктерін іздейді, яғни Шығыс Азияда көпжақты әскери-саяси құрылымдарды құру АҚШ қатысуынсыз мақсат қою мүмкін еместігін Пекин түсінеді. АҚШ-пен экономикалық қарым-қатынасқа келетін болсақ, Пекин сауда дауын тудырмауға тырысады. Мысалы, Валюта мәселе бойынша (юань курсы) АҚШ қысымына американ тауарын, әсіресе АҚШ үшін өте маңызды самолет құрылысындағы тауарларды сатып алуының кеңеюі деп жауап берді. «Буш доктринасы» кезіндегі АҚШ жаңа саясаты Қытай алдына екі маңызды проблема қойды. Біріншісі, қытай шекарасына жақын американ қарулы күштерінің алдыңғы қатарлы базалық құрылымдарының құрылуымен байланысты, екіншісі, парсы шығанағы елдерінен қытайлық мұнай импортына қаупінің өсуімен байланысты. Осылай американ-қытай қатынастарының шиеленісуі орта мерзімді перспективада қауіпті. Жағдайдың дамуы экономиклық, геосаяси, аумақтық факторларға байланысты. Евразияға АҚШ-ң шабуыл стратегиясының іске асуы болашақта Вашингтон пен Пекин арасында кең көлемді дағдарысқа әкеп соқтырады. Ұстаным факторы Ресей пен Қытай арасында, сонымен қатар ШЫҰ-мен әскери-саяси ынтымақтастық болып табылады. Тәжірибелік дипломатияда Пекин қытай-американ қатынастарында гиеленіс туғызатын халықаралық шешімдерге араласпайды. Тайвань мәселесі Қытай-американ ынтымақтастығына басты қауіп болып қала береді. ҚХР жаңа басшылығы «бір мемлекет – екі жүйе» ресми шешімінде тұрады. 2003 жылдан бастап Қытай мен Евро Одақ стратегиялық серіктестік қарым – қатынас орнатты. 2005 жылдың қазн айында ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао және ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Вэнь Цзябао Европаға сапар шекті. Сауда көлемі 2005 жылы 217 миллиард 300 миллион АҚШ долларын құрған болатын. ЕО Қытайдың ең үлкен сауда саласындағы серіктесі болып қалыптасты. Еуропа АҚШ-тың Қытаймен саудадағы жетекшілігін басып алғысы келеді. Американ саясаткерлері мен бизнесмендері Пекиннен арзан тауарлар конкуренциясына наразылық білдіріп жатса, Еуропалық Одақ қауіпсіздік тарапынан Қытай компанияларының қатысуын қаламайтын областарында Қытаймен ынтымақтастықты нығайтуда. Қытай ғалымдары 2003 жылы GPS американдық жүйенің бәсекелесі «Галилео» спутникалық еуропалық жүйені құруға қатысты. 3,25 млрд долл. құнындағы жобаға Қытай салымы 200 млн евро. Пекиндегі ЕО өкілдерінің жорамалы бойынша, 2006 жылы ЕО Қытайдың ең мықты сауда серіктестігі ретінде АҚШ-тың орын ауыстырады. 2004 жылы европа-қытай тауарайналымы 230,14 млрд долл. жетті, тек АҚШ пен Қытай сауда көлеміне ғана жол берді. Қазіргі кезде ЕО деген Пекин қызығушылық өсуде. ҚХР өзінің өспелі экономикасына қажет жаңа өтім нарығын жаулап алуға және жаңа саяси одақтастар табуға тырысады. Қытай – европалық қарым – қатынастарға Ли Жуйюй жағымды баға беруде. Қытай Халық Республикасы мен Франция арасында 27 қаңтар 2004 жылы жаңа өзара декларацияға қол қойылды. Бұл декларацияда бірнеше табысты жағдайлар, яғни көпжақты қарым – қатынас, қару – жарақтың жойылу өрісі кеңейтілмеген және адам құқығы саласы кең дәрежеде қарастырылған. Сауда айырбасы бағдарламасының саласында мыңға жуық француз кәсіпорындарының қатысуымен іске асуда. Екі жақ та мәдени, ғылыми – техникалық ынтымақтастық пен өзара білім жүйесімен алмасуда анағұрлым жетістіктерге жетті. Бұл жетістіктер Франциядағы Қытай жылы (2003-2004жж.), және Қытайдағы Франция жылы (2004-2005жж.) болып бекітілген периодта франциялық және қытайлық мәдениеттің зор байлығымен және оның құндылығымен танысты. Финляндия - Қытаймен дипломатиялық қарым – қатынас орнатқан ең алғашқы мемлекетердің бірі. 56 жылға созылған дипломатиялық өзара тану бүгінге дейін екіжақты жағымды түрде дамуда. Соңғы жылдары екіжақты ынтымақтастық сауда, ғылым мен техника, орман шаруашылығы, байланыс жүйесі, мәдениетпен білім саласында кең түрде тереңдетіліп дамып келеді. Қытай Финляндияны сенімді серіктес ретінде танып, барлық сферада онымен әрі қарай өзара тиімді және достық ынтымақтастық орнатуға дайын. Жақын арада болатын Вэнь Цзябаоның финляндияға жасайтын сапары 1992 жылдан кейін бірінші балмақшы. Қытай үкіметінің төрағасы президент Тарья Халонен және өзінің серіптесі Матти Танели Ванханенмен болашақтағы екіжақты қарым – қатынастың дамуы және ғылыми- техникалық жаңа тәжірибе сферасында өзара позицияларымен айырбас жүргізуді жоспарлайды. Ұлыбританияға жасаған сапарында Лю Жуйюй қытай – ұлыбритания қарым – қатынасының дамуына жақсы тенденцияның күтіп тұрғанын атап көрсетеді. Сонымен қатар, ол екі мемлекет арасындағы әр жыл сайын өтетін премьер – министрлер кездесуінің механизмі орнатылғаны туралы өзгеше тоқталып кетті. Екі жақ та 8 маңызды сфераларда, яғни сауда мен инвестиция, финанс, энергоресурс, ғылым мен техника, қоршаған ортаны қорғау, күнделікті даму, Олимпиаданы өткізу және денсаулықты сақтау сияқты жаңа прогрестерге жетуде. Ли Жуйюй қытай – германдық қатынастарды жағымды бағалады. 2004 жылдың мамыр айынан бастап екі жақ қытай – европалық стратегиялық серіктестік қатынастарында глобалдық жауапкершілік ынтымақтастығын орнатты. 2005 жылдың қараша айында ҚХР төрағасы Ху Цзиньтаоның Германияға мемлекеттік сапары өтті. 2006 жылдың мамыр айында канцлер Ангела Меркель Қытайға сәтті сапармен барып келді. Екі мемлекет арасында сауда – экономикалық ынтымақтастық әрдайым даму үстінде. 2006 жылдың алғашқы 7 айында екіжақтың сауда байланысының көлемі 41.98млрд. долл. құрап, 2005 жылға қарағанда 23,7% - ке өсті. Ғылым және техника, құқық, қоршаған ортаны қорғау, мәдениет, білім саласында да біршама жетістіктерге жетті. Вэнь Цзябаоның Германияға сапары Қытай премьері төресінде отырғалы екінші рет болуда. Ол президент Хорст Келермен және канцлер Ангела Меркельмен кездесулер жүргізіполармен қытай – европалық қатынастар,сонымен қатар халықаралық және аймақтық проблемаларды, екіжақты қатынастарды қарастыратын болады. Вэнь өзінің сапарын өткізген кезде Евро Одақпен үш мемлекеттің басқарушыларымен ынтымақтастық және коммерциялық байланыстар туралы келісімге қол қойған кезде церемонияға қатысады. Қытай – европалық қатынастардың стратегиялық ынтымақтастығын және Қытай –Франция, Финляндия, Ұлыбритания және Германия қатынастарының дамуына европалық сапар мықты импульс ретінде болатынына Ли Жуйюй сенімділікпен айтты. Пекиннің Гонконг, Сингапур, Тайванмен қарым-қатынастары – ҚХР ішкісаяси ісі ретінде қарастырылатын бағыт болып табылады. Тарихи біртұтас территориялық жерлердің бірігу мәселесі қазіргі таңда АТА ғана емес, бүкіл дүние жүзінде толқылануда. ҚХР сыртқы саясатының бұл бағыты Пекин үшін геосаяси мәнге ие. Бірігу нәтижесінде Пекин аумақта қаржылық және экономикалық лидер болуымен қатар, АТА мемлекеттерін геосаяси тұрғыдан басқару бастайды. Шын мәнінде, Шығыс-Қытай теңізіндегі теңіз бен ауа кеңісітігі Пекин қол астында болады, ал бұл АҚШ пен Жапония мүдделеріне тікелей қайшы келеді. Пекин 2004 жылы наурыздағы Тайванда президенттік саулауғы байланысты арал жағалауларында ВМС (француз әскери корабльдерімен бірге) демонстративті маневрін ұйымдастырды. Тайванда сайлаудан кейінгі толқу басталған сәтте, Пекин шекаралық ауданда төтенше жағдайды жариялады және ҚХР бірлестігі мен бөлінбеушілігі туралы қауіпті өтініштерімен қарсы шыға бастады. Пекин ҚХР провинциясы деп санайтын Тайванға байланысты жағдайлардың болашақта дамуының «жағымды» және «жағымсыз» жақтарына дайын. «Жағымды» жағы тәуелсіздікке ұмтылған Тайванды қолдаудан АҚШ-тың бас тартуын болжайды, бұл Пекиннің Тайбэймен жақындасуын жеңілдетеді. Яғни, Шығыс Азиядағы жаңа стратегиялық жүйе АҚШ-тан және оның Азиядағы әскери қатысуынан байланысты болмас еді. «Жағымсыз» жағы Қытайдан Тайвань тәуелсіздігін дариялауын болжайды. Осы кезде ҚХР Шығыс Азия аумағында АҚШ-қа қарсы тұру үшін өзінің әскери күшін нығайтуға дайын. 2004 жылы шілдеде «Сянган вэньхуэйбао» гонконг газеті ҚХР ОРталық Әскери Кеңесінің отырысында Цзян Цзэминь: 2020 жылға дейін барлық әдіс-амалдарды, әсіресе әскер қолдана отырып, Қытай қараунына Тайваньды қайтару керектігін жариялады. Кеңес төрағасының сөзіне қарағанда, Пекин АҚШ-пен тікелей шиеленіс алдында да тоқтамай, өз мақсатына жетуі. Қазіргі таңда Тайвань мәселесі Пекин мен Вашингтон қарым-қатынастары арасында басты проблема болып табылады. 2005 жылы АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Кондолиза Райстың ҚХР сапарында Қытай басшылары Ақ үйдің Тайваньға қару жарақтың үлкен партисын сату мақсатын жауап ретінде Райс АҚШ-тың арал тәуелсіздігін қолдамайтындығы туралы ескертті, бірақ әскери шиеленіс кезінде АҚШ әскери көмек көрсетуге міндетті болады. Бүгінгі күнде ҚХР тәелсіздікке ұмтылуыға әрекет жасаудағы Тайвань президенті Чэнь Шуйбянға АҚШ тарапынан қысым көрсетуіне үміттенеді. ҚХР премьер-министрі АҚШ-ты американ жоғары технологияларын Қытайға қамсыздандырушылығының эмбаргосын алып тастауға шағырды. Американ заңы бойынша Қытайдың қорғаныс мүмкіндіктерін жоғарлатын суперкомпьютерлер жеткізіп берілмейді. 3.1 ҚХР және Азия -Тынық аумағы (АТА) Қытай аумақтық лидер роліне үміттеніп Азияда өз позициясын нығайтуда. Пекин Оңтүстік Корея мен АСЕАН елдерімен 2002 жылы олардың экспорт өнімінің басты тұтынушы бола отырып және «АСЕАН-Қытай» еркін сауда зонасын құру мақсатында өз қарым-қатынастарын тұрақтандырды. Сонымен қатар, Үндістанмен қарым-қатынасты нығайтты. Осындай дамып келе жатқан азиялық стратегиясының мүддесі негізінде Қытай экономикалық факторларға көп көңіл бөледі. Пекин еркін сауда зонасын (ЕСЗ) құрудағы жапон-оңтүстік корей келіссөздеріне қызығушылық туғызады және үшжақты келіссөздің қатысушысы болуға дайын. Қытай сарапшылары Солтүстік-Шығыс Азияда біртұтас экономикалық кеңістік туралы, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея мен АСЕАН елдері қатысуымен Шығыс Азияда валюталық одақ туралы және Еуропалық Одаққа ұқсас аумақтық бірлестік құру перспективасы туралы концепцияларды зерттеп дайындап жатыр. Қытай белсенді түрде АСЕАН + 3 (Жапония, Қытай, Оңтүстік Корея), АСЕАН + Қытай форматтарындағы АТЭС, АСЕМ аумақтық форумдарында жұмыс істейді. Қытайдың геосаяси амбициясының күшеюі көбінесе мәдени-өркениетті факторымен байланысты. Қытай дәстүрі Қытай континентінінде басым қыьайлық өркениетіне жатады, яғни Тайвань мен Сингапурдың қытайлық тұрғындары, Тайланд, Малайзия, Индонезия мен Филиппиныдағы қытайлық анклав, Синьцзян мен Тибеттегі қытайлық емес азшылық және «конфуциялық туыстары» - корейліктер мен вьетнамлдықтар. Қытай Сингапур, Бангкок, Куала-Лумпур, Манил, Джакартадағы бай елеулі диаспорлар тарапынан экономикалық, саяси қолдауға ие. Қытайдың конфуцилік әлемі мен аймаөтағы қытай қоғамы өзара жақындасу потенциалына тап болды. Оңтүстік-Шығыс Азиядағы қытайлықтардың 500 ең үлкен компаниялардың жалпы активтері – 540 млрд долл. қытайлықтар Таиланд тұғындарының 10 % құрайды және оның ЖІӨ-ның жартысын бақылайды; Малайзия халқының 1/3 құрайтын, хуацяо-қытайлықтары ел экономикасының 80 % ие; Индонезияда қытай қоғамы тұрғындардың 3 % аспайды, бірақ экономиканың 70 % бақылайды, Филиппинде қытайлықтар 1%, бірақ оларға елдің өндіріс өнімінің 35 % келеді. АТА байланысты, қытай саясатын «басып алушылық» ретінде сипаттауға болады. Қытай Жапония экономикалық стагнация мен Токионың дипломатиялық белсенділігі түсу жағдайларында экономикалық күшін нығайтып, аумақтық экономикалық лидерге айналуда. Пекин үшін солтүстік-шығыс бағыт өте маңызды. Сонымен қатар бұл зонада АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея мен Ресейдің ұлттық мүдделері бар. Осы кезде Пекинннің міндеттерінің бірі - әлсіреу, нәтижесінде АҚШ пен Жапония серіктестігінің күйзеліске ұшырауы. Пеикн беделі Солтүстік Кореяға қатысты ескертпелі соққы беруден құтылуыға мүмкіндік берді. Сонымен қатар Пекинге ядролық дағдарыс кезіндегі алдын ала жоспарланған шешімдермен келіссөздер жүргізе алумен қатар, Пхеньянға қатысты халықаралық ұйымдар тарапынан санкцияға жол бермеді. Қытай өз үстемділігінің бекітілуі мен кеңеюінде мүдделі. Ос ыбағытты Кореяның қосылу процесінде лидер позициясын ұстану қажет. Істің сәтті аяқталуында Пекин аумақта артықшылықтарға ие болды. Басқа жағынан, Кореяның қосылуы Жапонияға қарсы тұра алатын аумақта жаңа геосаяси күштің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Осы кезде Қытай үш мақсатқа жетеді: аумақтағы лидер позициясын бекітеді; аумақтағы Жапонияның сыртқы саяси әсерін шек қоюға жағдай туғызады; Вашингтон-Токио әскери-саяси блоктың таратылуына алғышарттар қалыптастырады. Сонымен қатар, Пекин үшін негізгі мақсат осы блоктың құлдырауымен қатар АҚШ-ты аумақтан ығыстыру. Бұл процесс көп уақыт алады, бірақ Пекиннің сыртқы саяси істерін бағалай отырса, бұл маңызды фактор болып табылмайды, ҚХР мен Жапония арасында экономикалық қарым-қатынас дамып жатса, олардың арасындағы қарама-қайшылықтар территориялық мен табиғат ресурстары үшін күрестен бастап, қарулы күштердің жарысына дейінгі көп мәселелер бойынша тууда. Екі елдің Үкіметі Окинава мен Тайвань (Сенкаку немесе Дяоюйдао) арасында аралдар үшін қатаң дау жүргізуде. Аралдар жүз жылдан астам Жапондықтардың бақылауында болса да, Қытай иелікке ниеттенеді. Сонымен қатар, Сібірден үлкен мұнай ресурстарына күрес жүргізуде. Пекин Дацин қ. дейін 3 млрд долл. құнында Ресейдің құбыр өткізуін қалайса, Жапония Жапон теңізіндегі портқа дейін 7 млрд долл. құнында мұнай құбырының салынуын қаржыландыруды ұсынады. Жапонияда 2009 жылға дейін есептелген және елдің үкіметі мен қолданған жаңа концепция өңделді. Біріншіден, соғыстан кейінгі кезеңде Жапония тек өзін-өзі қорғауға негізделген қорғаныс доктринасынан баст тартты. Концепцияда шетелден қарулы күштер экспортына тыйым салуының бәсеңдеуін қарастырылды. Бұл АҚШ-пен бірге ПРО жүйесін зерттеп өңдеуге мүмкіндік береді. ҚХР мен КХДР бірінші рет Жапонияның ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін мемлекет ретінде ашық жариялады. Олардың тарапынан жапон күштерінің өзін-өзі қорғауында бақылау бекітіледі. Токио мен Пекин арасында бәсекелестік, АҚШ-ның аумақта тұрақтылықты қамтамасыз ететін күш ретінде қажеттігіне кепілдік береді. Бірақ АҚШ екі мықты шығыс азия державалардың конфронтацияға түсуіне мүмкіндік бере алмайды. 3.3 ҚХР-ң сыртқы саясатының моңғолиялық бағыты Қытайдың жаңа белсенді – шабуыл сыртқы саяси стратегиясы Моңғолиямен қарым-қатынастары байқалып жатыр. Моңғол тәуелсіздігін мойындамау туралы «Моңғолия- Қытайдың жоғалған территориясы» концепциясы моңғол-қытай қарым-қатынастарының елеулі факторы болып табылады. Қазіргі таңда Моңғолия, құрлық шекаралас басқа 13 ел ретінде Қытайға мықты шетел инвесторы және негізгі сауда серіктестігі ретінде қатынасады. Моңғолия Канаданның Америкаға солтүстік ресурстық база ретінде сияқты Қытай үшін қалыптасуда. Сонымен қатар, ҚХР саяси және экономикалық аспектте прагматикалық саясат жүргізеді. Көрінісі ретінде Моңғолиядағы ҚХР ресми делегациясының құрамына Ішкі Моңғолия өкілдері қосыла бастады. Ішкі Моңғолияның шекаралық жерлері еркін сауда зонасына айналуда. Моңғолияда Қытайлық компаниялар мыс, цинк, алтын, көмір алуда қаржылық қолдау көрсетеді және мұнай жерлерін зерттеп өңдеуді жоспарлайды. Қытай Ұлан-Батордағы инфрақұрылым модернизациясына 7 млн долл. жұмсады. Моңғолиядағы Қытай елшілігінің мәлімдемесі бойынша елде 1100 қытайлық компаниялар тіркелген. Дүниежүзілік мыс пен алтынның ең үлкен кен орындардың үшітігіне кіретін «Ойя Толгой» («Бирюзовая Гора») кен орнын зерттеп өңдеудегі үлесін «Джанси Коппер» қытайлық компаниялардың сатып алу туралы алдын-ала келісімге қол қойылды. Жоба құны 1 млрд долл. Бағаланды. Басты дүниежүзілік мыс тұтынушы Қытай болып табылады. Моңғолия шикізат көзі ғана емес, сонымен қатар Пекин үшін стратегиялық сипатқа ие. Батыс Қытайда ресейлік Новосибирскпен қосу болжанған, Моңғолияның орталық жерінде қытай концеяссиясында орналасқан мыс пен көмір шахталарын қосатын темір жол салу жобасы іске асуда. Қазіргі таңда Моңғолияның тоқыма өнеркәсібінің 50 %-і қытайлық болып табылады. Қытай Моңғолиямен шекарадағы өзінің батыс аудандарының дамуына қаржы салуда. Моңғолия тұрғындары Қытайға визасыз баруына болады. Моңғолия Қытаймен экономикалық қатынастарынан тәуелді болмас үшін АҚШ- Жапония, Оңтүстік Корея мен ЕО-пен еркін сауда туралы келісімдерге қол қойды. Моңғолияның Қытайдан «экономикалық тәелділігі» біріншіден Ресей мүддесіне қайшы келеді, сонымен қатар Орталық Азия ледрінің әсіресе Қазақстанның мүддесіне қайшы келеді. Шын мәнінде, Моңғолия Сібір мен Орталық Азияда экономикалық және демографиялық экспансия моделін тексеру үшін плацдарм болып табылады. Басқа жағынан, АҚШ пен Жапония осы елде Қытай үстемдігіне қызығушылық танытпайды. Вашингтон Улан-Батормен әскери-саяси қарым-қатынастарын, ал Токио экономикалық қарым-қатынастарын дамытуда. 50 жылдардың ортасынан бастап, Индияға өзара дұшпандыққа негізделген әскери-стратегиялық серіктестік Пакистан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастарды біріктіреді. Пекин Делимен конфронтацияда Исламабадқа әрқашан саяси және әскери-техникалық көмек көрсеткен. Қытай (сонымен қатар, КХДР) көмегінсіз Пакистан өзінің ракета-ядролық бағдарламасын іске асыра алмас еді. Пакистан мен ҚХР келіске отырып, Ауғанстанда СССР-ға қарсы шыққан. Бірақ та соңғы оңжылдықта екі ел арасында қарым-қатынастарында өзгеріс байқалды. СУАР-дағы ұйғыр-мұсылман сепаратизмін жақтаған «талибанды» қолдауымен Исламабад Пекинмен қарым-қатынастарын суытып алады. Сонымен қатар, 2001 жылы антитеррористік операциядан кейінгі қалыптасқан Пакистан - АҚШ қарым-қатынасы Қытай тарапынан ұстамдылық танытады. Азиядағы жағдай «үшаралы комбинация» ретінде «екіжақты өлшем» (ҚХР мен Индия арасындағы) шеңберінен шыға бастады. Үшінші жақ Қытайдың тұрақты одақтасы Пакистан болып табылады. Кашмир мәселесі бойынша Индиямен қайшылық туады. Болашақта бұл даудың бейбіт шешімі байқалмайды. Қытай жағынан да кашмир проблемасын тұрақтандыру перспективасы бағаланады. Пекин оларды достасуға шағырады, бірақ Пакистанды өз одақтарыс ретінде санаудан бас тартпайды. Елдер арасындағы тауар айналымы 1 млрд долл. деңгейінде ьұрақты емес, әрі қытай жағымды сальдоға ие. Қытай баяғыдан Пакистанға ауыр өнеркәсіп салалары мен инфрақұрылымының дамуына көмек көрсетуде және басқа да инфрақұрылым объектілерінің іске асуына 1 млрд долл. қаражат көмек көрсетпек. 90 жылдардың соңына дейін Қытайда Пакистанмен қарым-қатынас ерекше бағаланатын: «мемлекетаралық қатынас моделі», «әртүрлі қоғамдық құрылысымен мемлекеттің бейбіт өмір сүруіндегі айқын мысал», «қандай да болсын ауарайындағы достық» сияқты.  Қытай Пакистанға әртүрлі көмек көрсетуі – моральды және материалды  Екі жақта бейбіт өмір сүрушіліктің бес принципін ұстанады, әсіресе әрқайсысының ішкі саясатына араласпауы мен тәуелсіздікті өзара құрметтеу принципі  Пакистан жағы Қытайдың экономикалық және әлеуметтік дамуын «дүниежүзілік дамуындағы маңызды кіріс» ретінде қарастыруы қажет.  Пакистан жағы толығымен халықарлық аренада ҚЫтайдың белсенді ролін қолдау 1999 жылы Пакистанның Кашмирдегі татуласуды бұзуы ҚХР саясатында Пакистанмен қарым-қатынастарында ерекше өзгерістер туғызды. Өзгерген халықаралық жағдайда, әсіресе Оңтүстік Азиядағы ҚЫтай өз бағытын таңдап алуы міндетті болды, толығымен Пакистанды қолдау немесе «жаңа ядролық елдер» арасындағы шиеленістегі басты державалардың (АҚШ, Жапония, ЕО елдері, Ресей) бағытына қосылу, яғни келіссөздер арқылы үнді-пакистан шиеленісінің саяси реттеу. Қытай екінші бағытты таңдады. 2001 жылғы 11 қыркүйек қоғасынан кейін Пакистан басшылары өз позициясын анықтауда және АҚШ-қа ресми түрде қолдау көрсету алдында Пекинмен кеңес өткізді, яғни «террористерге қарсы американ әскери акциясын қандай формада қолдайтындығы» туралы Пакистанның шешім қабылдауы. Сонымен, Исламабадқа қатысты Пекин саясаты Қытай шеңберіндегі ислам сепаратистік қозғалыстарда тұрақтандыру үшін Пакистан әсеріне сенеді, Индияны стратегиялық бәсекелес ретінде қарастырады. 3.5 Азиялық мықты державалар: Қытай мен Үндістан Үндістан Қытай сияқты мықты держвалардың бірі, ядролық клубта мүшелік, тұрғындарының саны,өнідірістің дамыған салалары және көптеген мәселелер бойынша ортақ мүдделері. Бірақ көп уақыт бойы Үндістан мен Қытай арасында Тибет туралы дипломатиялық популяризация; территориялық және шекаралық мәселелер, сонымен қатар қытай-пакистан яәкери-стратегиялық одақ проблемасы бар. Мемлекет арасындағы ең басты проблема – даулы шекаралық территория мәселесі. Соңғы кезде Сиккима проблемасы тағыда қытай-үнді қарым-қатынастарында ушықты. 1962 жылы ҚХР «Гималай мемлекеттерінің конфедерациясы» құрылуына өз ұсынын білдерген. Мүшелері болып мемлекеттік діні буддизм болып табылатын Непал, Сикким, Бутан елдері болады. 1998 жылы мамырдағы үнді ядролық сынақтары үнді-қытай қатынастарының жақсартуына өз әсерін тигізді. Бұл сынақтың Оңтүстік Азиядағы бейбітшілік пен тұрақтылық үшін қауіптілігін Қытай жариялады. Үндістанның екінші ядролық сынақтарына Қытай қатаң қарады. 1999-2002 жылдары екіжақты қатынастар біршама тұрақталды. 2003 жылдан бастап жақсара бастады. 2003 жылы Қытайдың жоғарғы басшылары Пекинде үнді парламентінің өкілдерімен жеке кездесу өткізді. Қытай Үндістанмен экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге шақырады, қазіргі өзара сауда көлемі 3 млрд долл.-дан 10 млрд долл көтеру. Саяси жағынан Қытай Үндістанмен халықаралық терроризмге қарсы ынтымақтасуды қалайды. Бірақ, Үндістанға қарсы террористерді қолдап отарған Пакистанға Қытай қатаң позиция ұстанбаса, терроризмге қарсы ынтымақтастық толық түрде болмайды. Оңтүстік және Оңтүстік-шығыс Азиядағы ҚХР мен Үндістан әріптестігі әр жақтың ұллтық мүддесін көздейді. Мысалы, осындай саясатқа Қытайдың Мьянмадағы (Бирма) экономикалық және стратегиялық мүддесі. Мьянма Үнді мұхитына жол ашады және Оңтүстік пен Оңтүстік-шығыс Азия арасындағы сауда үшін құрлық көпірі болып табылады. Сондықтан, ҚХР-ң шаруашылық дамуына халықаралық ынтымақтастық керек. Үндістанмен қарым-қатынастың нығаюы ҚХР-ға мұнай келуінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Соңғы кезде әскери жағынан сенімділікті нығайтуға екі жақ тарапынан бағытталған шаралар жүргізілуде. 2003 жылдың қарашанда бірінші рет екі ел өзара теңіз оқуларын жүргізді. 3.6 Қытай мен Иран Ислам Республикасы (ИИР) Қытай мен Иран халықаралық және аумақтық мәселелер бойынша ұқсас позицияда болатын. Таяу Шығыс пен орталық Азиядағы геосаяси жағдайдың өзгеруі Қытай мен Иранды саяси және экономикалық қатынастарды кеңейтуге шақырады. Пекин мен Тегеран арасындағы қатынастардың нығаюы жаңа сауда жолдарының ашылуына әкеледі, нәтижесінде европалық нарыққа қытайлық тауарлардың өткізілуіне мүмкіндіктің болуы. Қытай-Иран қатынастарының кеңеюінің негізгі факторы болып «біржақтылық» саясатты жүргізіп отырған АҚШ-қа деген ортақ туындап отырған мәселелер. Яғни, американ күштерінің «қоршап алу» мүмкіндігі, қазіргі кезде Иракта, Ауғанстанда, Қырғызстанда және Өзбекстанда базаларының болуы. Ирак диктаторы Саддам Хусейнді билік басынан кетірген АҚШ бастаған әскери қозғалыстардың коалициясы Пекин мен Тегеранды өзара келіссөздер жүргізуге және өзара кеңесуге міндеттеді. Қазіргі таңда, екі жақты БҰҰ-ң Ирактың қалпына келуінде маңызды рол ойнауы қажеттігін жариялайды. Иран Қытай екі себептер бойынша қызықтырады: Тегеран Таяу Шығыс пен Орталық Азиядағы геосаяси ойында дипломатиялық негіз және Пекин тез дамып жатқан экономикасына энерготасымалдаушылардың басты көзі бола алады, сонымен қатар қытай тауарларының экспорты үшін жаңа маршрут бекітуіне мүмкіндік туғызады. Жоғары деңгейдегі кездесулер – Иран Президенті Мохаммад Хатами және Иран Парламентінің спикері Мехди Каррубидің Пекинге сапары және Қытайдың бұрынғы Президенті Цзян Цземиньнің Тегеранға сапары – екі мемлекет арасындағы саяси және экономикалық қатынастардың негізін салды. 2002 жылы Қытай мен Иран арасындағы сауда көлемі 4,5 млрд долл. жетті, ал 2003 жылы 5,6 млрд. өсті. Қазігі таңда 40 астам қытайлық компаниялар үлкен энергетикалық, өнеркәсіптік және құрылыс жобаларында қатысады, сонымен қатар Қазақстан мен Түркменстан арасындағы мұнай саудасының кеңеуі мақсатында 400 млн. долл. құнындағы Нека – Тегеран мұнай құбырының құрылысына қатысады. Тағы да бір Қытай қатысуымен үлкен жоба Тегеранда жаңа метро станцияларының құрылысы болып табылады. Иран Үкіметі Қытай ұсынысын Тегерандағы тұтынушы тауарлардың магазин жүйесінің ашылуы ретінде қарастырады, осындай тауарлардың нарықтағы бөлігі 40 % тең. Сонымен қатар, Қытай Рианның автомобиль нарығына қызығушылық тудырады. Бірінші рет қытайлық SAIC Chery Automobile Co автомобиль құрылысы Иранда ирандық автокомпаниямен автомобиль өндірісінің SKT зауытының құрылуын жариялады. Зауытты Иранның солтүстік-шығысында салынады, жылына 30 00 автомобиль шығарады. Шығыс-қытайлық провинция Аньхойда орналасқан Chery компаниясы өзінің ирандық серіктестеріне қажет технологиялармен қамтамасыз етеді. Ирандағы Қытайлық компания келешекте қытайлық автоөндірісіне дүниежізілік нарыққа шығуға мүмкіндік береді. Қытай-иран қатынастарының дамуы «Солтүстік-Оңтүстік коридоры» деп аталатын жаңа сауда жолының құрылыуына көмектеседі. Бұл Индия, Иран және Ресей сауда маршруттарын қосып, Суэц каналына бәсекелес бола алады. Пекиннің қатысуы жобаның іске асуына үлкен әсерін тигізеді. Солтүстік-Оңтүстік коридоры екіжақты иран-қытай қарым-қатынастарында жоғары басымдылық болып табылады. Қытай Иранның атом энергиясының бейбіт қолдануын мойындайды. 90 жылдардағы атом энергетика саласындағы Иран мен Қйтый ынтымақтастығының тоқтатылуы АЭС құрылысының орны мен жоба құны жөніндегі позициялардың алшақтауымен байланысты. 90 жылдар шеңберінде АҚШ атом энергетика саласындағы Қытай-Иран ынтымақтастығынан қауіптенді. Американдықтардың пікірінше, бұл Иранда ядролық қаруды жасауға мүмкіндің тұғызады. 1992 жылы қыркүйекте Пекинде ИИР мен ҚХР арасында атом энегетика саласындағы ынтымақтастық туралы протоколға қол қойылды. Келісім бойынша Қытай Исфахандағы Ядролық зерттеу орталығында әртүрлі құралдармен қамтамасыз етті. Ынтымақтастықтың маңызды нәтижесі Иранда екі реатордың құрылысы туралы Келісімге қол қоюы. Бірақ оның құрылсы басталған жоқ, себебі АҚШ Қытайға үлкен қысым көрсетті, нәтижесінде бұл келісімнен Пекин бас тартты. Батыс пен АҚШ Қытайға ирандық ракеталық бағдарламаны қолдайтынына сенімсіздік білдіреді. Қытай Таяу Шығыс мемлекеттермен қарым-қатынас әрқаша нығайтуда, 1977-90 жылдар аралығында Қытай көптеген Таяу Шығыс елдерімен: Иордания, Оман, Ливия, Біріккен Араб Эмираты, Катар, Бахрейн, Сауд Аравиясы және палестиндықтармен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. 1992 жылы қаңтарда ҚХР Израильмен қарым-қатынас орнатты. Қазіргі кезде Қытай барлық таяу шығыс елдерімен, Американың жақын одақтастарынан (Израиль, Сауд Аравия мен Турция) бастап антиамерикандық бағытындағы мемлекеттерге дейін, жақсы қарым-қатынасты ұстанады. Қытай АҚШ сияқты стратегиялық мүддесі жоқ, сондықтан осында басты жетекші ролді ұстауға талпынбайды. Және араб әлемімен проблемасы жоқ, бұл арабтармен тұрақты қатынаста болу шарты. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшес ретінде таяу шығыс саясатына белсенді түрде араласады. Қытай үкіметі өз саясатын төрт негізгі бағыттары бойынша жүргізеді, олар – мұнай, қару-жарақ сату, Ирак пен Иран және араб-израиль шиеленісі. Қытайдың мұнай экспорттаушы мемлекеттермен қарым-қатынас нығайтуда. Ұзақ мерзімді жоспарда энергия сферасындағы жағдай Қытайды Таяу Шығыстағы өз әскери күш салуын іске асыруға итермелеуі мүмкін. Бірақ жақын арада қаржылық және техникалық қиындылықтар Қытайға Таяу Шығысқа бағытталған теңіз жолдарын қорғау үшін океан флотын құру мүмкіндігін бермейді. Қытай үкіметі Таяу Шығыстағы күштерінің теңділігін бұзатын қару-жарақ сатпауы туралы өз сөзін бекітті. Осы мәселе бойынша АҚШ пен ҚХР арасындағы көп келіссөздер жүргізді. Екі фактор бойынша Қытай-араб қарым-қатынастарында қайшылық тууы мүмкін: Израильмен жақын ҚХР-дың қарым-қатынасы және Тайваньның араб елдерімен ресми қатынасы. 4.1 Ресеймен қарым-қатынастарының қазіргі кездегі Қытай интерпретациясы және проблемалары ҚХР «бейбіт жандану» сыртқы саяси концепциясы қытай ресми қарым-қатынастарының саяси негізі болып табылады. Қытай екі ел арасында стратегиялық серіктестікке үлкен үміт артады, Ресемен көпжақты ынтымақтастықтың нығаюына барлық күшін салады. Мәне бойынша Пекин үшін қытай-ресей ынтымақтастығы тек қытай американ қарым-қатынастарына жол береді. Бұл қарым-қатынас конфронтация мен үшінші елге қарсылықтың болмауымен сипатталады. Ол екі елдің ұлттық мүдделерінің негізінде құрылады және қырғи қабақ соғыстың аяқталуынан кейін халықаралық қатынастардың өзгеруін көрсетеді. 2001 ж, 16 маусымда Қытай мен Ресей арасында тату көршілік, достық пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, яғни екі халықтың «жау емес, мәңгілік достық» бейбіт идеологиясы бекітілген. Ресей АҚШ-пен қарым-қатынас белсенді түрде жақсартуда. 2001 жылы терроризмге қарсы афган соғысы кезінде ол АҚШ үшін әуе коридорын ашты және орталық азия мемлекеттерінде американ әскери базалардың құрылуына өз келісімін берді. Ресей НАТО-ң Шығысқа кеңеюінде саяси дағдайына және ПРО бойынша келісімнен АҚШ шығуын сабырлықпен қабылдады. Ресей сыртқы саясаты тежелеуі Еуропада, оның геосаяси, геоэкономикалық мүдделері мен қауіпсіздік қажеттілігіне негізделеді. Қытай сарапшылары Ресейдің Батыспен қарым-қатынастарындағы қайшылықтарға көңіл бөледі. Мысалы, НАТО-ға қатысты Ресейдің сенім дағдарысы, сонымен қатар Ресей-американ қарым-қатынастарындағы белгісіздік. Мәскеу Ресейдің ұлттық мүдделерін құрметтеуге үміттенеді, ал АҚШ Ресейді Закавказье, Каспий теңізі, Орталық Азия мен ТМД-дан шығарып тастаудан тырысып жатыр. Осы тұрғыдан Қытай мен Ресей арасында саяси келіспеушілік тумайды. ҚХР жаңа сыртқы саяси концепциясынан сай Ресей Қытай артықшылықтарының ішінде ерекше мәнге ие. ҚХР мен РФ позициялары қазіргі таңда жаңа халықаралық тәртіптің орнауы, АТА ынтымақтастық мен қауіпсіздік, сонымен қатар Корей аралдарындағы мәселелердің халықаралық шешімдері үйлесімді. Бірақ қытай-орыс қарым-қатынастарында жасырын мәселелері қала береді. Тарихта патшалық Ресей, Сталин мен Хрущев қытай халқының мүдделерімен келіскен жоқ. Қазіргі таңда Ангарск – Дацин мұнай құбырының жоспарлық құрылысынан Ресейдің бас тартуы Пекинді алаңдатады. Бұл қытай-ресей қарым-қатынастарын қиындатады. Келіспеушілік Ресейге кіріс әкелетін қару-жарақ пен әскери техникалардың қытайлық сатып алу көлеміне өз әсерін тигізеді. Маңызды қарама-қайшылық - территориялық мәселелер. 90 жылдары РФ мен ҚХР арасында шекараға байланысты 5 келісімдерге қол қойылды. Бірақ 2002 жылы Қытайда орта мектептің тарих оқулықтары ресей территориясымен шекарасы 1,5 млн кв. деп бекітілген. Ресейде демографиялық жағдай соңғы онжылдыққа төмендеуде, ал Қытайда керісінше өсуде. Қытай миграциясына байланысты Ресей Қиыр Шығыс пен Сібірдің жартысын жоғалтып алады деген ресей саясаткерлері мен сарапшылары қауіптенеді. Қытай саясаткерлері мен ресей басшылығы барлық мәселерді жан-жақтан талқылау керек, яғни Қиыр Шығыстың кейбір аудандарының депопуляциясына қытайлықт еңбек ресурстарды қолдана отырып жұмыс күштерінің жаңаруы қажет. Және де, Экономика мен сауда облысында проблемалар бар. Мысалы, осындай көршілес державалар арасындағы сауд айналымы өте төмен деңгейде – 16 млрд. АҚШ долл. аспайды. Сонымен қатар, көп уақыт бойы Ресей жағына жағымды сальдоның сақталуы. Пекин пікірінше, осы проблемалардың басты себебі – қытай-орсы қарым-қатынастарындағы саяси өзара сенімділік пен өзара түсінушіліктің жоқтығы. Экономикалық пен техникалық сферадағы ынтымақтастықты дамыту керек. Екі ел арасында энергетика, машинақұрылыс, химия өнеркәсібі бен ядролық энергияны бейбіт қолдану облыстарындағы ынтымақтастықтың перспективасы бар. ҚХР мен Ресей аумақтық ұйымдар шеңберінде белсенді түрде ынтымақтасу керек. Мысалы, Экономикалық ынтымақтастық Азия-Тынық ұйымы (АТЭС), АСЕАН аумақтық форумы (АРФ), Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) және т.б. Ынтымақтастық экономикалық, саяси және гуманитарлық, сонымен қатар қауіпсіздік облыстарында жүргізіледі. ШЫҰ-на көп көңіл бөлінеді, бұл Қытай мен Ресей мүдделері негізінде құрылған. Халықаралық аренада ҚХР мен Ресей әріптестігін нығайту керек. Яғни, дүниежүзінде БҰҰ мәні мен ролін арттыру, жаңа халықаралық тәртіп орнату, халықаралық қатынастардың демократизациясын іске асыру. Солтүстік Корея ядролық дағдарыс, Ирактың соғыстан кейінгі жағдайын қалпына келтіру және Таяу Шығыстағы тұрақтылық пен халықаралық терроризммен күрес, т.б. проблемалары шеңберінде мемлекетаралық ынтымақтастығын нығайту. АҚШ-тың шабуыл стратегиясы мен жаңа интервенционизмі қазіргі күндерді жаңа қарулы қақатығыстарға әкелуде. Сонымен, Пекин пікірінше, бейбітшілікті қолдау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету ҚХР мен Ресей алдындағы маңызды міндет болып табылады. Қытай сыртқы саяси стратегиясының қысқа және орта мерзімді перспективасында Ресей ерекше мәнге ие. Қытай үшін Ресей посткеңестік жеріндегі энергетикалық, т.б. ресурстардың көзі ретінде және келешекте демографиялық және экономикалық экспансия үшін объектісі ретінде болып табылады. Қазіргі таңда екі елде БҰҰ-ң қауіпсіздік кеңесі мен ШЫҰ-ң тұрақты мүшелері, Солтүстік Кореяның ядролық проблемасы бойынша алтыжақты келіссөздерге қатысады. Қытай өзінің ресейлік саясатында келесі мақсаттарды алға қояды: өз тынық мұхит жағалауына Шығыс Сібірден құбұр өткізу жобасын іске асыру, РФ территориясы арқылы Жапон теңізіне жолды қамтамасыз ету, өзіне қолайлы шартта (бартер, тексеріссіз ресурстардың кедендік импорты) трансшекаралық сауданы интенсифициялау, қытай саудасын кеңейту және Ресей ішкі аудандарында қытайлық экономикалық қатысушылық, Ресейге қытайлық еңбек ресурстарының экспорты туралы мәселенің саяси шешеміне қол жеткізу, Ресейден жаңа территориялық жол берушілігі, демографиялық экспансияны бастау, ШЫҰ-да өз әсерін күшейту, Орталық Азияд проблемаларын шешуде Мәскеуді ығыстыру, АҚШ-пен қарым-қатынасында ресейлік факторды қолдану. Ресей өзінің қытайлық саясатында келесі мақсаттарды алға қояды: бартерден валюта-қаржылыққа сауда қатынастарын ауыстыру, Қиыр Шығыс пен Сібірдегі ресурстарды иемденудегі қытайлық инвестициялар, демографиялық экспансияны қауіпсіздендіру, өзара энергетикалық және құбыр өткізу жобалары үшін гарантия алу, қарулы күштерінің экспорты үшін маңызды нарық ретінду Қытайды сақтау, Солтүстік-Шығыс Азиясындағы саяси проблемаларды шешуге Пекинмен тең түрде қатысу, ШЫҰ мен Орталық Азияда Қытай үстемдігін болдырмау және АҚШ-қы қарсылық ретінде Қытайды қолдану. Қазірге таңда қытай-орыс қатынастарында маңызды проблема – Ангарс- Дацин құбырын өткізу. 2001 жылы Ресей мемлекетаралық келісімде ҚХР-да 2003-2005 жылдары мұнай құбырын салуға міндетті болды және 2010 жылы жылына 30 млн. тонна мұнай жеткізу. Бірақ дау пайды болды: «Транс мұнай» Ангарск пен Находка арқылы жапон марштрутын жақтады, ал ЮКОС қытай Дацинді ұсынды. Бұл геосаяси деңгейге көтерілді. Яғни, жапондықтар Сібір мұнайы Қытайға емес өздеріне жеткізілуі мақсатында үлкен ақша (4-7 млрд долл.) төлеуге дайын. АҚШ «жапон марштрутын» қолдап отыр. Қытай өз тарапынан 2010 жылға дейін ресей экономикасына 12 млрд. долл. инвестиция салуға сөз берді. Тағы маңызды шиеленіс потенциалын ресейлік Қиыр Шығыстағы жағдай туғызады. Шығыс Ресей аудандары мен Солтүстік-Шығыс Қытайдағы демограциялық фактор екі ел арасындаға маңызды проблемаға айналуы мүмкін. 4.2 Қытайдың Орталық Азия елдерімен қарым-қатынасы Орталық Азияда Қытай мүддесі бірнеше факторлармен анықталады. Біріншіден, Пекин «Шығыс Түркестандағы» сепаратистік күштерді шешуге ұмтылу, екіншіден, стратегиялық жоспардағы тұрақты тың ретінде Орталық Азияның сақтау, энергоресурстарды потенциалды қамтамасыз ететін аумақ ретінде және экономикада өзінің әріптестігі ретінде мемлекеттерді қарастыру. ҚХР басты мақсаты – осы аумақтың Қытай шеңберінен шығыс-түркестандық күштердің базасы және олардың халықаралық терроризм байланысындағы каналы болуына жол бермеу. Сондықтан Қытай Орталық Азия мемлекеттерінің үкіметтеріне өз территорияларында сепаратистердің жұмысын шектеу және ҚХР-на территориялары арқылы террористік және экстремистік құрылымдардың өкілдерінің өтуіне жол бермеуді ұсынады. СУАР мен ОА мемлекеттерінің қауіпсіздігі өзара байланысты және ОА тұрақсыздық жағдайы Солтүстік-Шығыс Қытайдағы қауіпсіздігіне өз әсерін тигізеді. Қытай коллекивті қорғану шеңберінде аумақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ОА елдері мен Ресеймен өзара ынтымақтастыққа талпынады. Бұл ШЫҰ негізгі міндеті болып табылады. Қытайдың тұрақты стратегиялық тыңы ретінде ОА сақтау – Пекиннің глобальды стратегиясы мен геосаясатында маңызды аспект болып табылады. Қытайдың оңтүстік-шығысында орналасқан аумақ Қытай сыртқы саясатында бірінші орынға ие. Жақындағы онжылдықтағы Қытай сыртқы саяси стратегиясының мақсаты – Тайвань тәуелсіздігін алмауға жол бермеу. Осыған байланысты АҚШ-ң Тайбэйді қолдауы мен ҚХР-ң экономикалық өсуін ұстау саясаты негізгі проблеманы тудырып отыр. Осы екі фактор қытай-американ стратегиялық конфронтациясының нығаюына мүмкіндің туғызады. Біріншіден, Қытай мен аумақ елдері арасындағы шекаралары туралы даулы мәселелерді шешу және шекара аудандарында қауіпсіздік орнату. Екіншіден, ҚХР байланысты ОА мемлекеттерінің сыртқы саясатын жүргізуі. Үшіншіден, ОА басқа державалардың қол астында болмау керек. Бұл Орталық Азияда ҚХР саясатының негізг принципі мен міндеті. ҚХР Үкіметінің мақсаты – энегротасымалдаушыларды жеткізу, бұл елдің тұрақты экономикалық дамуының алғышарты. Осы мақсатта ОА мемлекеттерімен және Ресеймен ынтымақтастығын нығайту. ОА Қытайдың саяси әсері басқа державалармен салыстырғанда әлсіз, яғни АҚШ сияқты экономикалық көмек көрсете алмауы. Және ҚХР мәдениеті мен саяси моделі ОА үшін тартымды емес. ШЫҰ құрылуы Қытайға Орталық Азияға стратегиялық жол ашты. ШЫҰ Қытай үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету механизмі, ОА елдерінің істеріне араласу каналы және көпжақты қатынастар негізін қалайды. Сонымен қатар, ШЫҰ Қытай мен Ресейдің Стратегиялық компромиске келуі мен өзара стратегиялық ынтымақтастықты жақсартуды білдіреді. Бірақ, Батыс БАҚ пікірінше, осы ұйымның құрылуы ОА-ға АҚШ пен НАТО-ны кіргізбеуге мүмкіндік туғызбауы. Бүгінгі күндегі Қытайдың «Батыстың дамуы» саясаты – ОА елдерінің экономикасы мен ҚХР экономикасы интеграциясының басты құралы. Бұл қазіргі Ресейдегі мұнай алу үрдісіне байланысты Қытайлық запастардың 2040 жылда таусылуынан шығып отыр. Сондықтан ОА энергетикалық ресурстар ХХІ ғасырда Қытайдың даму стратегиясы қамтамасыз етудегі үлкен мәнге ие. Даму жағдайы осы аумақтағы АҚШ-ң әскери қатысуына байланысты. Сондықтан ҚХР ШҰЫ шеңберінде өзінің орталықазиялық стратегиясын нығайтуда. 1. Әр жақтың мүддесін ескере отырып, баланс жағдайын сақтау. АҚШ, жалғыз гегемон ретінде, БҰҰ-ң шешімі мен рөлі және халықаралық нормаларды ескереді. Глобальды проблемалар бойынша халықаралық шешім қабылдаған кезде Вашингтон Мәскеумен талқылайды, Пекин жағына құлақ асады. 2. Державалардың қақатығысуы мен конфронтациясы. Терроризмге қарсы күрес шеңберіндегі жағдай американ-ресей қатынастарына кері әсерін тигізууі және конфронтацияға әкелуі мүмкін. Бұл ОА елдеріне өз әсерін тигізеді. Ресей үшін АҚШ пен Қытайдың жақындасуы жағымды емес. ШЫҰ шеңберінде Пекин мен Мәскеу ынтымақтастығы Вашингтонның ОА саясатына қарсылық білдіруі болып табылады. 3. Аумақта күш балансын сақтауда державалардың бас тартуы. Ресей өзінің басымдылық жағдайынан бас тартады. Бірақ қазақстандық саясаттың басымдылығынан бас тарпайды. ШЫҰ-ындағы Ресейдің позицясы аумақта Мәскеу әсерін сақтауға мүмкіндік жасау. Сонымен, Қытайдың ОА негізгі мүдделері: терроризм, сепаратизм мен экстремизммен күрес; аумақты тұрақтылықты сақтау; ОА экономикалық дамуын көтеру; ОА елдерімен достық қарым-қатынас; аумақта Пекинге қарсы әскери блоктардың орналасуына жол бермеу; энергоресурстарға ҚХР үшін жол ашу. ХХІ ғасырдың бірінші жартысында Қытайдың халықаралық мәні жаһандық саясат пен аумақтарда үстемдік жүргізуіндегі ерекше күшеюімен сипатталады. Орталық Азия бойынша Қытай Халық Республикасының АҚШ, Евро Одақпен және Ресеймен қатар толық геосаяси күші ретінде болады. - терроризм, сепаратизм мен экстремизммен күрес; - Орталық Азиямен экономикалық дамуын көтеру; - Орталық Азия елдерімен достық қарым-қатынас; - аумақта Пекинге қарсы әскери блоктардың орналасуына жол бермеу; - энергоресурстарға Қытай Халық Республикасы үшін жол ашу. - біріншіден, бейбітшілікті сақтау мен елдердің дамуының көпжақты моделін сақтау; - екіншіден, саяси және қауіпсіздік мәселелерін қару-жарақ қолданбай және қауіп-қатер туғызбай кеңес беру жолымен шешу; - үшіншіден, экономикалық ынтымақтастық бірлесіп даму және өзара өркениетті және мәдени баю деп түсіндіріледі. Осыдан, «әр елдің мәселесі өзінің халқымен шешіледі», ал «жершарының мәселесі барлық елдердің толық құқылы кеңес беру негізінде шешіледі» деген принцип туады. Осының бәрі Ресей мен Қытайдан қолдау тапқан «қалыптасып жатқан көпжақты қарама-қарсылық» концепциясына жатады. Оның басты идеясы Қытайдың басты потенциалды дұшпаны ретіндегі Америка Құрама Штаттарының «гегемондық ұмтылысын тоқтату» болып табылады. 2020 жылда, американдықтардың жорамалдары бойынша, Шығыс Азия дүниежүзілік жалпы өнімнің 40 % шығарады. АҚШ-ң барлау қауымдастығының бағасы бойынша, Қытай екі-үш онжылдықтан кейін жалпы өнімнің көлемі бойынша Америка Құрама Штаттарын басып озады, әскери технологияда үлкен жетістіктерге жетеді, экономикалық-геосаяси жалғыз мықты держава АҚШ-қа қарсы шығып, өсіп келе жатқан Шығыс Азия аумағында өз үстемдігін жүргізе алады. Жаһандық экономиканың бөлігі болуға бағытталған Қытай Халық Республикасының жаңа экономикалық стратегиясына жаңа сыртқы саяси бағыт сәйкес келеді. Оның мазмұны жалғыз держава ретінде АҚШ-пен әріптестік стратегиялық қарым-қатынас орнату мен көпжақты дипломатия механизмінің көмегімен Қытайдың глобальды және аумақтық мәнін өсіруінде орын алады. 1. «Китайско-Пакистанский договор о добрососедстве, дружбе и сотрудничестве» http://ru.china-embassy.org/ 2. «Совместная декларация Китайской Народной Республики и Российской Федерации» http://russian.china.org.cn/ 3. Брук Дж. Монголия: больше Китая, меньше России// The New York Times. – 9.07.2004.- 9p. http://www.ny.com/ 4. Ванг Гуанчэню Китайская политика «добрососедства» // International Politick.- 2002. - №2. – 69-77бб. http://www.inter.pol.com/ 5. Волохова А. Китайские политологи об отношениях между КНР и Пакистаном на современном этапе// Проблемы Дальнего Востока. – 2004. - №4. – 53-58бб. 6. Гао Шуцинь. Глобализация: взгляд из Китая//Азия и Африка сегодня. – 2004. - №11. – 9-10бб. 7. Гребенщиков Э. Россия – Китай. На перекрестках азиатской дипломатии//Азия и Африка сегодня. – 2004. - №9. – 9-12бб. 8. Дагбин Б. Россия – Китай: демографическая проблема может стать политической//Азия и Африка сегодня. – 2004- №11. – 33б. 9. Зиновьев Г. Отношения в треугольнику Вашингтон – Пекин - Тайбэй: политические аспекты (2000-2003гг.)// Проблемы Дальнего Востока. – 2004. - №2. – 30-47бб. 10. Зиновьев Г. Стратегическая неопределенность в тайваньском вопросе//Мировая экономика и международные отношения. - 2003. - №7. – 57-66бб. 11. Китайский информационный Интернет – центр. Отношения Китая со странами Европы. http//ru.china-embassy.org/ 12. Кайзер К. Китай как стратегический партнер// International Politick.- 2002. - №2. – 25-26бб. http://www.inter.pol.com/ 13. Кальвокоресси П. «Мировая политика после 1945г.». – М.,2000. – 589б. 14. Кузнецов В. КНР – Индия: трудный путь к взаимоотношению//Азия и Африка сегодня. – 2004. - №5. – 2-10бб. 15. Ли Лифань, Дин Шиу. Геополитические интересы России, США и Китая в Центральной Азии//Центральная Азия и Кавказ. – 2004. - №3. – 161-169бб. 16. Лузянин С. Новые контуры восточное – азиатской безопасности//НГ «Дипкурьер» - 26.01.2004. – 14-17бб. 17. Лю Цинцай. Современная внешняя политика Китая и китайско – российские отношения.// Проблемы Дальнего Востока. – 2004. - №5. – 84-89бб. 18. Лю Цзайци. Внешняя политика КНР и перспективы китайско – российских отношений//Мировая экономика и международные отношения. – 2003. - №9. – 84-90бб. 19. Михеев В. Внешняя политика Китая и современные вызовы для российско – китайских отношении// Проблемы Дальнего Востока. – 2003. - №6. – 48-56бб. 20. Михеев В. Китай: новые компоненты стратегии развития//Мировая экономика и международные отношения. – 2002. - №7. – 16-30бб. 21. Мукимджанова Р. Государств Центральной Азии и Китай: проблемы и перспективы сотрудничества//Центральная Азия и Кавказ. – 2004.№8. – 66-76бб. 22. Политика КНР на современном этапе: реалии и перспективы./Под ред.М.С.Ашимбаева – Алматы: Казахстанский Институт Стратегических Исследовании при Президента Республики Казахстан, 2005. – 231б. 23. Синьхуа о расширении НАТО на Восток: Китай надеется на бдительность России//Синьхуа. – 01.04.2004. – 4б. http://www.china-sin.com/ 24. Современные международные отношения./Под ред. А.В. Торкунова,-М.,1999.-583б. 25. Солодовник С. Китай в Евразии//Время. – 2002. - №3.-6б. 26. Тимофеев О. Группы влияния на разработку внешнеполитических решений в КР//Азия и Африка сегодня. – 2004. - №11. – 28б. 27. Токаев К.К. «Преодоление». – Алматы, 2003. – 463б. 28. Хольбинг Х. Меняется ли курс Китая на международной арене? http://www.inter.pol.com/ 29. Хьюз Д. Факторы Китая и России в американской внешней политике//Christian Science Monitor. – 24.03.2004. – 10б. http://www.scm.com/ 30. Цян Сяоюнь. Война в Ираке – вызов системе международных отношений//Азия и Африка сегодня. – 2004. - №1. – 58-61бб. 31. Чжао Хуашэн. Китай, Россия, США: интересы, позиции, взаимоотношения в Центральной Азии//Центральная Азия и Кавказ. – 2004. - №5. – 131-140бб. 32. Sheng Lijun. China’s Dillemma: the Taiwan Issue. – Singapore: ISEAS, 2001. – 240б. http://www.asiapacific.narod.com/ Болат Әбділманов. Болат Әбділманов-ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері,актер 1982-жылы Т.Жүргенов атындағы академияға актер мамандығы бойнша оқуға түседі. 1993-2006 жылдары аралығында қазақ театрында істейді. Кенан имирзалиоглу. Түркияның белгілі актері әрі моделі ол 18 маусым 1974 жылы анкара қаласы илчиский ауданы учем,бэйла деген жерде дүниеге келген,йылдыз техникалық унивирситетін математика бөлімі бойынша бітіріп,1995 жылдан бастап сәндік салонында жұмыс істеп 2001 жылы Best Model Of Turkey" және Best Model Of The World". Деген байқаудың жеңімпазы болады,содан Осман Сынав деген режиссер Отчаянное сердце" (1999-2002) деген фильмге түсіруге шақырады және ол өз келісімін беріп алғашқы киносына түседі, Угура Юджела деген режиссер екі фильмге түсіуге шақырады оғанда өз келісімін береді фильмнің аттары "Alacakaranlık" және "Ejder Kapanı" деген фильмдер және Кенанды осындай еңбегі үшін алтын колон деген сыйлық тартады, Дильназ ахмадиева. Дильназ Ахмадиева белгілі әнші, Көшпенділер фильмінде ойнаған актриса. Шахтер (футбол клубы, Қарағанды). Шахтер футбол клубы —Қазақстан Премьер Лигасында, ойнайтын, Қазақстан футбол клубы. Қарағанды қаласының Шахтер стадионы клубтың базасы болып табылады. Тәуелсіз Қазақстан. Қазақстан чемпионатының құрылуынан кейін, клуб 19 сезонды жоғарғы дивизионда (1992 жылдан бастап 2001 жылға дейін «Жоғарғы лига» деп аталды, 2002 жылдан 2007 жылға дейін «Суперлига» деген атпен белгілі болды, 2008 жылдан бастап «Премьер-лига» деп аталады.) өткізді. Қайрат ФК. Қайрат футбол клубы —Қазақстан Премьер Лигасында, ойнайтын, Қазақстан футбол клубы. Алматы қаласының орталық стадионы клубтың базасы болып табылады. КСРО чемпионаты. 1954-1991 жылдар аралығанда КСРО чемпионатында өнер көрсетті, оның 24-нде жоғарғы дивизионда ойнады. Ең үлкен жетістігі 1986 жылы жетінші орынға ие болды. 2008 жылы спонсорлардың бірі қаржы жағынан келіспей қалып клубпен келісім шартты бұзған болатын. Премьер Лигада ойнауға қаржы таба алмаған клуб бірінші дивизионда ойнауға бел буды. 2009 жылы Бірінші Лигада жеңіске жетіп Премьер Лигаға қайта оралды. Тәуелсіз Қазақстан. Қазақстан чемпионатының құрылуынан кейін, клуб 17 сезонды жоғарғы дивизионда (1992 жылдан бастап 2001 жылға дейін «Жоғарғы лига» деп аталды, 2002 жылдан 2007 жылға дейін «Суперлига» деген атпен белгілі болды, 2008 жылдан бастап «Премьер-лига» деп аталады.) өткізді. Менің отбасым фильм. Менің отбасым көп сериалды Қазақстанның киносы.Бұл киноның картинасында бақыт,қайғы,қуаныш барлығыда болады.Басты рөлде Маржан(Меруерт Өтекешова).Бір отбасы Қарағанды қаласынан Алматыға көшіп келеді,Және де Алматыға көшіп келгеннен бастап бәріде болады бақыт,қайғы,мұн жәнеде қуаныш. Екі жұлдыз. «Екі жұлдыз» - еліміздің басты думанды жобасы. Бұл жерде барлығы ән айтады, тіпті қолына микрофон ұстап көрмегендер де бар. Отандық шоу бизнестің қарыштап дамуы үшін қолына микрофон ұстағандар мен даусын сынап дүйім елді дүрліктіргісі келетін түрлі салада қызметкерлер қауымы да бұл жобадан тыс қалған жоқ. Бір қолына гүл бір қолына дауыс зорайтқыш ұстаған қос жұлдыз жайлы тереңірек білгіңіз келсе әр сенбіде ұлттық арнаны қосыңыз. «Екі жұлдыз» -бұл жұлдыздар жұлдыздарға ән айтуды үйрететін жоба. Жобада 16 жұп, халықтың 16 сүйікті әншісі және осы уақытқа дейін сахнада кәсіби түрде ән айтпаған 16 танымал тұлға. Өзіндік ерекшелегімен көрерменді тәнті етіп, көпшіліктің ықыласына бөленген бұл жобаның қатысушылары елімізге кеңінен танымал түрлі саланың өкілдері. Олар шырқап ән салғанда жиылған жұрт шапалақпен қошеметтеп, залды өзгеше үнге бөлейді. Олар салған ән тыңдарманның құрышын қандырады. Өйткені олардың әрқайсысы «Екі жұлдыз» жобасының жеңімпазы атануға лайық. Сенбесеңіздер Ұлттық арнаның алдынан табылыңыз. «Екі жұлдыз» - бұл вокалды жарыс. Бұл жерде ешқандай фонограмма қолданылмайды. Тек жанды дауыс. Жұлдыздардың орындаған әрбір әнін Артур Оренбургский бастаған оркестр сүйемелдеп отырады. Бастапқы кәсібі басқа болғанымен, бағын ән әлемінде сынағысы келгендер осы жобадан табылады. Елдің ерекше ілтипаты мен тыңдарманның талғамына сай ән таңдап, табиғи дауыспен тарту ете білуде кәсіби емес әншілер үшін шын шеберлік. Олар салған әннің шырқау шегі биікте болмағанымен, жүректен шыққан жүрекке жетпек. Ендеше әр сенбінің кешінде Ұлттық арнамен ән әлеміне саяхат жасап, жұлдыздармен жүздесуге асығыңыз!!! Кәмел Жүністегі. Жазушы Кәмел Жүністегі 1939 жылы 27 қаңтарда Шет өңірінде, Ақсу-Аюлы селосында туған. Орта мектепті 1956 жылы ойдағыдай бітірген К.Жүністегі 1959 жылы аудандық комсомол комитетінің бөлім меңгерушісі болып еңбек жолын бастаған. 1960 жылы Қарағанды Педагогика институтының тарих факультетіне оқуға түседі. Осы кезде-ақ, асқақ қиял жетегінде жалынды жас К.Жүністегі елдің тарихын білу мен қоғамдағы сол кездегі саяси-әлеуметтік қатынастарға араласу қызықтырған еді. 1962 жылы қазақ жастары арасында құрылған, "ЕСЕП" (Елін сүйген ерлер партиясы) партиясын ұйымдастырушылардың бірі ретінде, жерлес досы, ақын Зейнолла Игілікұлы екеуіне саяси айып тағылып, Сібірдегі лагерьде болған. Жазасын өтеп оралған соң, 1966 жылы қайтадан институттағы оқуын сырттай жалғастырып, 1977 жылы ойдағыдай бітірген. Сол, 1966 жылдан 1984 жылға дейін аудан орталығындағы М.Горький атындағы мектепте тарих пәнінің мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі, 1984-1989 жылдары аудандық білім бөлімінде әдіскер болып қызмет еткен. 1989 жылдан 1992 жылға дейін аудандық мұражай директоры, 1992-2005 ж. аудандық "Заман" газетінің редакторы болып қызмет атқарды. К.Жүністегі Қазақстан Жазушылар Одағының басқарма мүшесі, С.Сейфуллин атындағы сыйлықтың иегері, "Дос көңілі", "Көне хикая", "Көксеу", "Құба белдер" кітаптарының, "Тар заман" спектакілінің авторы. Әуесқой композитор ретінде танымал "Арқа самалы", "Аяулым", "Домбыра", "Туған жер", "Жаз келді", "Жас алаш", маршы әндерін шығарған. Өлкетанушы ретінде көпшілікке мәлім. Шет өңірінен шыққан ұмыт болған Шортанбай жырау, Диа қажы, Қақпан ақын, Төлеубек, Хасен, Жәкен, Тәшен, Маясар, Түсетай, Сәрінжіп, Оқа ақындардың шығармашылығын зерттеп, аудандық, облыстық, республикалық басылымдарға жариялады. Қыздарбек, Әбди, Сембек күйшілердің, Абылай ханның күйін зерттеуде көп еңбек еткен. Осы өңірде кезінде әділдігімен аты шығып, өз заманынан озық туған дуалы ауыз Бәйсейіт би, Жанқұтты шешен, Дүйсенбай, Қара билердің өмір жолын, ұлағатты ісін зерттеп жарыққа шығарды. Елін қорғаған дуылғалы батырлары Жидебай, Сеңкібай, Жарылғап, Ағабай, Дәріпсалы, Сазанбай батырлар жайында алғаш қалам тартқан. Осы өңірде өмір сүріп, заманында елге үлгі бола білген, тарихта ізі қалған әз аналар Қарқабат, Борсылдақ (Қырғи), Құрақ, Дәрі, Талмойын, Баршын қыз, Шеруке қыздың есімі мен қасиеттерін келешек ұрпаққа жеткізу де осы кісінің талмай ізденісінің нәтижесі. К.Жүністегінің ұсынысы ынтасы арқылы "Зұлмат жылдары", "Кенесары жұртында", "Тасқа тұнған құпия", "Дойыбы тас", "Қыздарбек күйші", "Шортанбай жырау", "Жәкен ақын" бейнетаспалары жазылып, деректі телефильмдер дүниеге келді. К.Жүністегі қандай шығарма жазбасын, қандай жиында сөз сөйлемесін, айтар ойының түпкі түйіні–ұрпақ тәрбиесі, ұлттық салт-дәстүрінің, әдет-ғұрыптың тиімді тұстарын қазіргі жастардың санасына сіңіріп, имандылыққа, жан тазалығына биік адамгершілікке шақыру. К.Жүністегі өлке тарихын зерттеу, насихаттау ісіне қыруар еңбек сіңірді. Кенесары ханның патша әскерлерімен соғыс алдында салдырған қамалының қалдығын тауып, сол жөнінде газет-журналдарға ғылыми мақалалар жариялады. Тиышбек Аханұлы Аханов. Тиышбек Аханұлы 1924 жылы 28 маусымда Қарағанды облысының Победа совхозында дүниеге келген. 1941 жылы N1 ФЗО-ны тамамдағаннан кейін "Кировкөмір" тресінің N31 шахтасында электровоз машинисі болып жұмысқа түседі. 1942 жылдың басында өз еркімен комсомолдың шақыруымен майданға атанады. Мәскеу түбінде 316–дивизия құрамында әскери шұғыл дайындықтан өтіп, Клин, Ржевтегі ауыр ұрыстарға қатысады. 1944 жылы ауыр жарақатанып, госпитальде емделеді. Қарағанды мұғалімдер институтын бітіріп, N2 мектепте сабақ береді. 1947 жылы Қарағанды облыстық комсомол комитетіне хатшы болады. 1948 жылы Қарағанды қалалық партия комитетінде кадр бөлімінің меңгерушісі болады. 1977 жылы Алматы ауыл шаруашылық институтын бітіреді. Қарағанды қаласындағы Киров, Ленин ауаткомдарының төрағасы, Қарқаралы аупарткомының бірінші хатшысы, Қарағанды облатком төрағасының орынбасары, облаткомның еңбек және баға бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1987 жылдан республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер. Еңбек жолын электровоз машинисінен бастаған Тиышбек Аханұлы ұйымдастыру қабілетінің арқасында көзге түсіп, қоғамдық өмірге белсене араласуымен комсомол, партия. Кеңес органдарына жауапты жұмыстарға жоғарылытады. Ол Қарағанды мен Теміртау қалаларының өркендеуіне үлкен күш-жігер жұмсады және бірнеше орден мен медальдар игері. 1-дәрежелі Отан соғысы, 3 мәрте "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған. Қарағанды қаласының құрметті азаматы. Аханов Тиышбек Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред.А. Абдулин.- Алматы: Атамұра, 2006.- 133 б. Алпысбайұлы С. Қоғамның қайыспайтын қара нары // Орт. Қазақстан.- 2004.-26 маусым. 6 б. Нұралы С. Ардагерді ардақтады Баспасөз мәслихаты // Орт. Қазақстан.- 2004.- 1 шілде. Жәмила Нұрмағанбетқызы Шашкина. С.Сейфуллин атындағы Қазақ драма театрының іргесін қалап, шаңырағын көтеріскен өнер саңлақтарының бірі Жәмила Нұрмағанбетқызы Шашкина 1914 жылы 2 қазанда Қарқаралы ауданы М.Мамыраев атындағы ауылда дүниеге келген. Балалық шағын өнерлі ортаның тәлім-тәрбиесін көре жүріп өседі. Он саусағынан күй төгілген әкесі Нұрмағамбеттің атақты домбрашы болуы, қоңыр даусымен іркілмей әуелетіп ән етпей қалған жоқ. Жәмила Нұрмағанбетқызы Шашкина – қазақ совет актрисасы, әнші, Қазақстанның халық әртісі (1962; 1944 жылдан Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі). 1935-36 жылдары Москвадағы Мемлекеттік театр өнері институтының қазақ студиясында оқыды. Сахналық өнер жолын 1932 жылы Қарағанды облыстық қазақ драма театры труппасынан бастады. Алғашқы ойнаған ролі – А.Т.Шаниннің "Көмір майданындағы" шахтер қызы Гүлсім. 1936 жылы Москвада өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің өнкүндігіне қатасты. 1937 – 38 жылдары Қазақтың опера және балет театрында әнші болды. 1938 – 82 жылдары Қарағанды облыстық қазақ драма театрында қызмет етті. Ол көбіне лирикалық және драмалық рольдерде ойнаған. Еңлік, Қарлыға, Айман, Жүзтайлақ (М.О.Әуезовтің "Еңлік-Кебек", "Қара қыпшақ Қобыланды", "Айман-Шолпан" және "Түнгі сарында"), Баян (Ғ.М.Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш – Баян сұлуында"), Қыз Жібек (Е.Г.Брусиловский мен Мүсіреповтің осы аттас музыкалық драмасында), Кручинина (А.Н.Островскийдің "Жазықсыз жапа шеккендерінде"), Луиза (Ф.Шиллердің "Зұлымдық пен махаббатында"), Бәтес (С.Мұқановтың "Мөлдір махаббаты" бойынша), Шәрбан (З.Ж.Шашкиннің "Ақын жүрегінде"), Толғанай (Ш.Т.Айтматовтың "Ана – Жер-анасында"), Таңқабике (М.С.Кәрімнің "Ай тұтылған түнінде"), Ана (Б.Тәжібаевтың "Ана жүрегінде") т.б. 1975 жылы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының құрамымен Алматыда өнер көрсетті. Еңбек Қызыл Ту орденімен және медельдрымен марапатталған. Қарағанды қаласының құрметті азаматы. Бір театрда 50 жылға жуық қызмет істеп, сахна саңлағы атанған Жәмила Шашкинаның 2004 жылы 3 наурызда 90 жылдық мерейтойын тойлады. Бүркіт Ысқақов. Қатал тағдырға мойымаған ақын – жерлесіміз, ғалым, филология ғылымының кандидаты Бүркіт Ысқақов 1924 жылы 4 қарашада Қарағанды облысының, Нұра ауданына қарасты "Көкмөлдір" деген жерде туған. Ол жастайынан қиялшыл, арманшыл болған екен. Зерек жас ел аузындағы қисса дастандарды зейін қоя тыңдап, жаттап алып жүреді. Соның әсері болса керек, кейін өзі де өлең шығара бастайды. Оның ең алғашқы өлеңі "Ана туралы жыр" деп аталады. Одан соң "Қарағанды комсомолы" газетінде әр түрлі тақырыпқа жазған өлеңдері жарық көре бастайды. Сондай өлеңдерінің бірі ақынның туған жерге арнаған "Көкмөлдір" деген жыры. Б.Ысқақовтың шығармашылық өмірге кең құлаш ұруы 1940 жылы Қарағанды мұғалімдер институтына түсуінен басталады. Сол жылдары жазған өлеңдері "Советтік Қарағанды", "Қарағанды комсомолы" газеттерінде үзбей жарияланып тұрады да, оқуын бітірген соң 1942 жылы "Советтік Карағанды" газетіне қызметке келеді. Сол жылы әскерге алынып, соғысқа аттанады. 1946 жылы еліне жеңіспен оралған жауынгер ақын еңбек жолын бұрынғы өзі істеген газетте жалғастырады да, көп ұзамай, Алматыға барып, "Пионер", "Білім және еңбек" журналында, "Лениншіл жас" газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарады. 1948 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітіріп, Ғылым Академиясының аспиратурасына түседі. Бүркіт Ысқақов саяси көзқарасы үшін қудалауға ұшырады. Айыптау үкіметінде Б.Ысқақовтың ертеректе "Жас қалам" үйірмесі мен "ЕСЕП-ке" (елін сүйген ерлер партиясы) қатысына қосымша, "Үндістан" деген өлеңді С.Сейфуллиннің "Азия", І.Жансүгіровтың "Гималай" өлеңдеріне еліктеп жазғансың деп кінәлаған. Содан 1951 жылы жаппай қуғын-сүргін тұсында "Үкіметке қарсы үгіт жүргізіп жүр" деген жаламен жазықсыз жазаланып, 25 жылға бас еркінен айырылады. Сөйтіп 27 жасар жігіт 30 жылдық жазаны арқалап кете барады. Лагерьде, тозақ отының төрінде жер қазып, шаң жұтып, шаршап–шалдығып, титықтап жүрсе де өлеңді қоймайды, өлең-жыр өңешінен түйдік-түйдік құйылды. Ол қазақ поэзиясында "Тұтқын жыры", "Лагерьдегі өлеңдер" деп аталатын поэзияның жаңа түрін бастады. Ұлы соғыстың оты мен суығынан аман оралған ақын қапаста көрген қайғы-қасіретін бүркемей, бүкіл үнімен шырқап жүрді. "Тас өзеннің ызғары" өлеңдер циклі оқырманның ойынан шыққан дүние. Ақылды ағамыз, академик М.Қаратаевтың "Ақындарымыздың абақтыда отырып жазған өлеңдері бізге жеткен жоқ, сол олқылықтың орнын олардың ақын ұрпағы – Б.Ысқақовтың жырлары торлтырғандай. Оның бұл өлеңдерінен Сәкеннің сыры, Бейімбеттің мұңы, Ілиястың үні естілгендей болады" деуі тегін емес. Қапаста бес жыл қасірет шеккен Б.Ысқақов КСРО Жоғарғы сотының 1956 жылы 20 қарашадағы қаулысы бойынша толық ақталып, еркін өмірге оралды да, сүйікті кәсібін жалғастырды. Журналистика, әдебиет, ғылым саласында жемісті қызмет атқарды. Қазақ СССР Ғылым Академиясының М.О.Ауезов атындағы әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болып, 1991 жылы дүниеден өткенге шейін ұзақ жылдар еңбек етті. Ақынның шығармалары 1938 жылдан бастады. Тұңғыш өлеңдер жинағы – "Сенің Отаның" 1958 жылы шықты. Қарағандылықтардың еңбектегі ерлігі жырланатын "Москваны тыңдаймын", "Жылдар жырлайды", "Шабыт шуағы", "Әлемнің әлегі", "Өлеңді жылдар", "Шындық дауысы" атты поэзиялық жинақтардың, "Қазыналы Қарағанды", "Арқаның алып жүрегі", "Нұрлы Нұра бойында" көркем очерктердің авторы Б.Ысқақов аудармашы ретінде де белгілі. Ол А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, В.В.Маяковский, И.Франко, Н.Хикмет, С.Вургун тағы да басқа авторлардың шығармаларын қазақ тіліне аудыруға қатысқан. Ал, әдеби зерттеу саласында "Қазақ–татар әдеби байланысы", "Қазақ-башқұрт әдебиет қатынастары тарихынан" атты монографиялардың авторы. Оның құрастыруымен "Орта Азия Қазақстанның ұлы ғалымдары" атты көлемді кітап жарық көрді. Бүркіт Ысқақов Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Ұлы Отан соғысы орденінің, көптеген жауынгерлік медальдардың иегері болып, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Жанболат Башар. Жанболат Башар 1949 жылы 25 қарашада Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының "Қоңырат" колхозында дүниеге келген. 1967 жылы Ақтоғай қонысында орта мектепті, 1981 жылы ҚарМУ-ді бітірген. Балқаш қалалық Советінің депутаты болып сайланды. Республикалық "Қазақ тілі" қоғамының бірінші делегат болып қатысты. 1981 жылы Балқаш қалалық телестудиясында аға редактор, 1991 жылы Балқаш қалалық "Қазақ тілі" қоғамының төрағасы, аймақтық "Балқаш өңірі" газетінің редакторы болып қызмет істеді. 1998 жылдан бастап облыстық "Орталық Қазақстан" газетінің аймақтық тілшісі. Жанболат Башар өлеңді мектепте оқып жүрген кезден бастап жаза бастаған. Алғашқы өлеңдері аудандық "Арқа еңбеккері" газетінде жарық көрді. 1991 жылы "Шашубай" атты естеліктер жинағын құрастырып шығарған. 1990 жылы "Балхашский рабочий" газетінің айына бір рет шығатын қосымша беті ретінде "Балқаш жұмысшысы" газетін қоғамдық негізде шығарып тұрды. Ж.Башардың проза саласында бірталай әңгімелері облыстық, аймақтық баспа беттерінде жарық көрген. "Ақ әже", "Қос боз аңызы", "Кек пен шер", "Апандағы айқас", "Шырғалаң" тағы басқа әңгімелер. Өлеңдері республикалық, облыстық, аймақтық баспа беттерінде жарық көріп жүр. 1999 жылы "Үкілі үміт" жыр жинағы жарық көрген. Тайжан Қалмағамбетұлы. 1879 жылы осы күнгі Қарағанды облысы, Ұлытау ауданындағы Айыртау бөктерінің Қаратал деген елді мекенінде дүниеге келді. Ақынның әкесі Қалмағамбет елге сыйлы, Ұлытау төңірегіне беделді болып, молдалық құрған тақуа адам. Анасы Мейіз қазақтың ұлы сазгері, әйгілі "Гәкку" әнінің авторы, сыршыл ақын, қайталанбас әнші Үкілі Ыбырайдың туған әпкесі. Тайжан - суырып салма ақын. Жастайынан ән-жырға, шешендік сөзге әуес болған. Алғашқы өлеңдерінде ауыл адамдары арасындағы қайшылықтар, оқиғалар жырланады. Ақындық атыншығарған өлеңі – "Сегізден бастап сенделдім" (1892). Өз тұсындағы көптеген ақындармен айтысқан. "Октябрь құдіреті", "Дем алдым салқындап", "Мен қайттым Мәскеу барып", т.с.с. өлеңдерінде кеңестік өмірді жырға қосады. К.Алтайскийдің аудармасымен ақынның бірнеше шығармасы "Правда", "Известия" газеттерінде жарияланған. Сарыарқаның дүлдүлі, Ұлытаудың бұлбұлы, Қарсақпайдың ақыны Тайжанның ерекше дәуірлеген кезі 1934 жылдан басталады, сол жылы республикалық көркемөнерпаздар құрылтайында ең биік дәрежеге жетті. Топқа түссе шашасына шаң жұқтырмай өткен өнер иесі – Тайжан 1936 жылы Мәскеуде Қазақстанның өткен онкүндігіне қатысып, қазақ өнерінің мәртебесін көтерген көрнекті қайраткерлердің бірі. Тайжан ақын қазақтың үш жүзіне де танымал асқан әнші, ақын, сазгер болып қалыптасты. Тек аумалы-төкпелі заманда, 1937 жылы халық жауы атанып, ұсталып, нақақтан атылып кетті. Тайжан Қарсақпай поселкесіндегі түрмеде қабырғаға жаза берген өлеңдерін сол бөлмеге келіп қамалған бір туысы жазып алып, өзі түрмеден босағасын жиналған жұрт ортасында ақынның осы туындысын оқып отырғанда "біреу" қолынан жұлып алып, отқа салып жіберген көрінеді. Өлең өте ұзақ. Соның 1-2 шумағы ғана сақталған. Қуғын-сүргінге ұшыраған сонау қандыбалақ 1937 жылдан 1958 жылы Хрущевтың "жылымығы" жеткенше Тайжан "халық жауы" атанды, аты аталудан, еңбегін ел көруден қалды, туған-туыстары қуғын-сүргінге ұшырады. Тек 1970 жылдардан бастап ақынның асыл бейнесін айқын сипаттауға жол ашылды. 1972 жылы жас талапкер филолог Шамқан Қыстауұлы Рахметов Тайжан поэзиясы тақырыбына диплом жұмысын қорғады. Тайжан айтқан өлең-жырлары көбінесе ауызекі қалпында айтқан, тек өнерсүйгіш қауым, ақынның жанашырлары жаттап алып, ұрпақтан-ұрпаққа шығармаларының біраз бөлігін жеткізген. Қазақстан республикасының еңбек сіңірген қайраткері К.Салықовтың құрастыруымен 2004 жылы Алматыдағы "Қазығұрт" баспасынан Т.Қалмағамбетұлының "Сақ-сақ күлсін сырнайым" атты жинағы жарыққа шықты. Сонымен қатар Алматыдағы "Үш қиян" баспасынан К.Салықовтың "Ақын Тайжан" атты кітабы шықты. Бұл екі кітап Тайжан Қалмағамбетұлының 125 жылдық мерейтойына арналған. Жұмағали Сәрсеков. Ж.Сәрсеков 1899 жылы Орал облысының Жәнібек ауданында туған. Азамат соғысы жылдарында Батыс Қазақстанда жасақталған атты әскен полкының құрамында ақ гвардияшылар мен интервенттерге қарсы күрескееді. 20-жылдарда басшы комсомол қызметінде, сонан соң бірқатар уездік, аудандық партия комитетінің бөлім меңгерушісі, хатшысы, Ақтөбе округтік аткомы төрағасының орынбасары, БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің нұсқаушысы болады. 1932 жылы бүкілодақтық 17 партия коференциясына делегет болып қатысады. 1937 жылдың 4 мамырынан газет ҚК (б)П Қарағанды облыстық, қалалық комитеттерінің және облыстық Кеңестің органы болды. Газеттің редакторлығына тағдыры қиыншылықта өткен жазушы Жұмағали Сәрсеков тағайындалды. Сәрсеков Жұмағали (1899-1963), публицист, аудармашы. 1932-37 ж. Семейде облыстың газеттің редакторы, "Социалистік Қазақстан" газетінің бөлім меңгерушісі. 1937-38 ж. "Қарағанды пролетариаты" газетінің редакторы. Публицист, аудармашы Ж.Сәрсеков "ұлтшылдығы" үшін жазаланып, қуғын-сүргінге ұшырады. Ж.Сәрсековты Қарағанды қалалық партия комитеті 1938 жылдың 23 қарашасында, обкомның партколлегиясы сол жылғы 20 желтоқсанда, ал Орталық комитет 1940 жылдың 20 сәуірінде "саяси қыралығы бәсеңдегені үшін" СОКП мүшелігінен шығарған, оған сондай-ақ "1924-1938 жылдары СОКП-ге қарсы белсенді күрес жүргізген Меңдешевтің буржуазиялық-ұлтшылдық тобының құрамында болды" деген де айып тағылған. Сәрсеков бұл топта өзінің болғандығын жасырмаған, 1926 жылы оның құрамынан шыққаннан кейін осы ағымға қарсы белсенді күресте жүргізген. Тек "жылымық" кезеңі басталған шақта ғана, яғни 1956 жылдың 31 тамызында ақталып, партиялылығы қалпына келтірілді. "Бажалар мен балдыздар" (1960), "Зәуреш"(1959), "Сапарластар"(1961) атты драматургиялық шығармалар жазды. И.Тургеневтің (Рудинін", Ж.Верннің "Су астында 20 мың льесін" және т.б. шығармаларын қазақ тіліне аударды. Оның есімімен Қарағанды қаласында бір көше аталады. Рамазан Баймағамбетов. Рамазан Баймағамбетов 1949 жылы Абыралы ауданының "Дегелең" совхозында дүниеге келген. Атамекені "Дегелең" совхозында алғаш рет атом бомбасын жаратын тұста бұлар өре көшіп, Егіндібұлақ ауданындағы Комсомол совхозының "Айнабұлақ" бөлімшесіне келіп коныстанады. Ата-анасы оқыған зиялы азаматтар болды, екеуінің де мамаңдығы ұстаздық. Жастайынан домбыраға қосылып Мәдидің, Ақан сері мен Біржан салдың өлеңдерін орындап жүрді. Мектептегі көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысып, аудандық, облыстық бәйгелерде көзге түсті. Рамазан бабасы Тәттімбеттей күйші, Мәди ағасындай әнші болуды армандады. Сегіз жылдық мектепті "Айнабұлақ" бөлімшесіңде тәмамдаған соң, он жылдықты Егіндібұлақтан бітіріп, Қарағандының Тәттімбет атындағы музыкалык училищесіне оқуға түседі. Осы оқу орнында жүріп, ол баян, фортепиано, виолончель, мондалинде ойнауға үйренеді. Ән мен жырға шебер, музыкалық ерекше қабілеті бар жігітті Сәкен театры жаңадан қойылғалы жатқан С.Жүнісовтың "Ажар мен Ажал" спектакліндегі Олжабай деген баланың ролінде ойнауға шақырады. Ол кезде театрдың бас режиссеры Мұхтар Қамбаров болатын. Сөйтіп музыка училищесінде оқи жүріп, драма театрында өнер көрсете бастайды. Бойындағы қабілеті мен дарынын ерте аңғарган өнер саңлақтары мен театр басшылары оны драма актеры болуға үгіттейді. Рамазанның өз көңілі де бірте-бірте осы актерлыққа құлай берген. Екінші ойнағаны Арман атты баланың ролі болды. Қадамын енді бастаған "бала қыранның" арқасынан қағып, театрдың мұзбалақ актерлері Әндекең, Мұздекең, Зекең, Ағдекеңдер қанаттандырып, төбесін көкке жеткізгендей етіп қойды. Оған жас актер де имандай сеніп, жігерлене түсті. Ақыры "менің театр актеры болуым керек" деп шешіп, осыған бел байлады. Бұл 1972 жылдың жазы болатын. Сөйтіп, 19 жасар балғын жігіттің өнердегі өмір жолы басталып кетті. Бұл тұста жерлес жазушымыз Саттар Ерубаевтың "Менің құрдастарым" атты қойылымы дайындальш жатқанды. Ауыр да болса балаң жігітке әке образын сомдау тапсырылды. "Ұядан жаңа шыққан сары ауыз балапан" тәрізді Рекең алғашқыда қатты састы. 19 жасар жігітке әкені ойнау қалай болмақ? "Менен де үлкен кісілер де жүр ғой, соларға неге бермеген" деп кейіген сәттері де болды. Бұл образды әйтеуір ойнап шықты, қалай ойнағаны есінде жоқ. Сахнаға шыкқанда қол-аяғы дірілдеп, "безгек" ауруы ұшырағандай күй кешкені есінде әйтеуір. Бұдан кейін жас актерге тіптен сенім артып, "Қозы Көрпеш-Баян сұлудағы" адам баласының тағысы, мейірімсіз, адамдықтан безінген көрсоқыр Қарабай ролін берді. Жас та болса, Қарабайды Рамазан өзінің түсінгенінше ойнап шықты. Рамазан бойындагы өзге актерлерге ұқсамайтын керемет бір қасиет образдың ішіне түсіп, сеніп, беріле ойнайтындығы. Оны сүйретіп жүрген бір құдыретті күш бар. Ол - дарын. табиғат сыйға тартқан талант. Өзгелер секілді институт бітіріп. "Станиславскийдің" жүйесін оқымаса да, кез-келген кейіпкер жандандырьш, құлпыртып жібереді. Рекең денесінің ауырлығына қарамай, сахнада өзін жеңіл сезінеді. Қай жанрға салсаң бәрібір, күй талғамайтын актер. Рамазан әріптесін жырақта қалдырмай, өзімен бірге "қара өгіздей" ертіп, сүйретіп алып шығады. Сән-саталтанаты келіскен, құйрық-жалы төгілген шоқтығы биік кейіпкерлері баршылық. Олар "Дос - Бедел Достағы " Жаппас, "Ақкемедегі" Момын шал, "Жақсы кісідегі" Ахмет Хазин, "Мұрагерлердегі" Сызғанов, "Ата парызындағы" Өсербай, "Құлыным меніңдегі " Бозтайлақ, "Отыз ұлың болғаншадағы" Агабо, "Волоколамсктас жолындағы" Панфилов, "Үлпандағы" Есеней, "Алдар Көседегі" Шықбермес Шығайбай, "Күйеу болса, қыз дайындағы" көрші," Әділет азабындағы" Бостон, "Таңғы жаңғырыктағы" Жарасбай, т.б. бейнелер. - Сәкен театрында тамаша-тамаша актерлер бар екен. Бұл режиссердың бақыты. Анау Қарғаш, Әсия, Шәміл, Рымкештердің өкшесін басып келе жатқан Рамазан Баймағанбетовтей талантты көріп, өз басым қатты қуанып отырмын. Не деген шалымы кең, орамы мол, шиыршықатқан актер. Талабың таудай болсын,- деп батасын берген болатын. "Адасқаннын алды жөн, арты соқпақ" дегендей, Рамазан Сәкен театрынан бес-алты жыл қол үзіп, Ақмоладағы Қуанышбаев атындағы музыкалық драма театрына кетіп қалған болатын. Ол оның адасқандығьнан емес, жақсы режиссер іздеп, тау мен тасқа бас ұрғандығынан еді. Тағы басқа өкпесі болғандығы да рас еді. Өнерді уақтылы бағаламағаннан кейін "қайран сөзім қор болды, тобықтының езіне" деп не қылсын! Атақты да абыройды да Ақмоладан тапты. Сол театрда жүріп республиканың еңбек сіңірген әртісі деген атақ алды. Рамазан актерлікпен қоса режиссерлік мамандықты игеру үстінде жүріп, "Көңілашар" атты жаңа бағдарламасы, көрермен көңілін шын мәнісінде аша алды. Бұдан кейін қойған М.Шахановтың "Танакөз" музыкалық спектаклі де көп көңілінен шығып, өзінің әділ бағасын алды. Бесаспап өнерпаз-әнші, режиссер "Ғашықтар болмайтын ғасыр", "Қаздауысты Қазыбек", "Алпамыс", "Танагөз", "Мазар", "Әйел махаббаты" сияқты спектакльдерді сахналады. Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Рамазан Рымбекұлы Баймағанбетов 2008 жылдың 2 шілдесінде пәниден бақиға аттанды. Сүйіндік Жанысбай. Журналист-қаламгер С.Жанысбай облыстық "Орталық Қазақстан" газетінде көп жылдан бері қызмет істеп келеді. Сүйіндік Жанысбай 1949 жылы 13 ақпанда Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданына қарасты "Қызыларай" ауылында туған. Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Қазір "Орталық Қазақстан" гезетінің құқық және бұқаралық жұмыс бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс атқарады. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. С.Жанысбай өлең жазуды мектеп қабырғасында оқып жүрген кезінің өзінде бастаған. Негізінен көркем аудармамен айналысады, бірнеше повесть, көптеген әңгіме жазған. Оның республикалық баспалардан шыққан "Құрыш қолтаңба" ("Жалын", 1983 ж.), "Өрлеу" ("Қазақстан", 1978 ж.) жинақтарына очерктері, "Көңілді көшенің жігіттері" атты жинаққа ("Жалын", 1981 ж.) Оның қаламынан туған әңгімелері мен әзіл-сықақтары "Жалын" баспасынан "Адамша кел" атты сықақ әңгімелері 1991 жылы кітап болып жарық көрді. "Жазушы" баспасынан шыққан "Орман үстіндегі түн" (1990 ж.) атты жинаққа әңгімесі енген. Социалистік Еңбек Ері С.Тоқымтаевтың атынан "Өнімді еңбек көздері" деген кітапша ("Қазақстан", 1981 ж.) шығарды. "Жалын" баспасынан (1989 ж.) эстон жазушысы Эллен Нийттің "Пилле-Рийн" атты балаларға арналған кітапшасын аударып бастырды. "Адамша кел" атты әзіл-сықақ әңгімелері ("Жалын", 1991 ж.) кітап болып жарық көрді. Той басқаратын асабаларға арналған "Ақ босаға" атты кітапша құрастырып шығарды. Милиция өмірі жайлы әңгімелері мен очерктері және сұхбаттары "Өкініш" және "Взятка" деген атпен облыстық "Полиграфия" бірлестігінен, "Кездесу" повестер мен әңгімелері "Астана" баспасынан 2007жылы, "Сарыарқаның самалы" атты туған жер, табиғат, экология мәселелері туралы кітабы Қарағанды: АРКО баспасынан 2003 жылы жеке кітап болып шықты. Мақалалары мен көркем очерктері, новеллалары өзі еңбек ететін "Орталық Қазақстан" газетінде үзбей жарияланып тұрады. 2001 жылы "Ауылымды аңсадым" атты өлеңдер жинағы жарық көрді. Тараз ФК. Тараз футбол клубы —Қазақстан Премьер Лигасында, ойнайтын, Қазақстан футбол клубы. Тараз қаласының орталық стадионы клубтың базасы болып табылады. Тәуелсіз Қазақстан. Қазақстан чемпионатының құрылуынан кейін, клуб 17 сезонды жоғарғы дивизионда (1992 жылдан бастап 2001 жылға дейін «Жоғарғы лига» деп аталды, 2002 жылдан 2007 жылға дейін «Суперлига» деген атпен белгілі болды, 2008 жылдан бастап «Премьер-лига» деп аталады.) өткізді. Стиль. «Стиль» - стилистиканың негізгі орталық ұғымы. Стилистика ғылымында оның көптеген түсінігі бар. Олай болу себебі, біріншіден, стилистика ғылымының тарихи даму жағдайымен түсіндірілсе, екіншіден, «стиль» ұғымының күрделілігінен туындайды [1;22]. Стиль – латынша stylos (қазақша – жазу құралы) деген сөз. Латын тілінде кейіннен стиль сөзі «жазу мәнері» деген мағынада қолданылатын болған [2;4]. Стилистика – ең алдымен стиль туралы ғылым. Стиль деп белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің қолданылу принциптерін айтамыз. Бір ұғымды айтып, не жазып жеткізу үшін қажетті тілдік тәсілдерді сұрыптап қолдануға болады [2;5]. Дәстүрлі практикалық стилистикада «стиль» термині тілдің нормативті-стилистикалық ережелеріне сәйкес келу дәрежесін білдіреді (мысалы, «жақсы стиль», «жаман стиль»). Стиль терминінің кең мағынасы – сөйлеу мәнерін білдіріп келсе, тар мағынасы – жеке шығарманың немесе жазушы шығармашылығының тілдік ерекшелігі (көркем әдебиет стилистикасы тұрғысынан алғанда) дегенді білдіреді. Соңғы мағынасында «стиль» термині әдебиеттік стилистикада да қолданылады. Барлық жағдайда да «стиль» термині тәлдәк қолданымға байланысты айтылады. Стильді тілдің стилистикалық бояуға ие құралдарының жиынтығы ретінде түсіну тілдік құрылымның стилистикалық белгілеріне арнайы назар аударудан туған түсінік. Ғылымда «тіл стилі», «сөйлеу стилі» ұғымдары да бар. Тіл стильдері мен сөйлеу стильдерінің ерекшеліктері тіл мен сөйлеудің ерекшеліктеріне сәйкес келеді. Тіл – қатынас құралы, сөйлеу – сол құралдың іске асуы, яғни белгілі бір қызметтегі көрінісі. Сондықтан сөйлеу стильдері дегенді тіл стильдерінің іске асуының нәтижесі, іс жүзіндегі көрінісі деп қарауға болады. Сөйлеу стильдері әр уақытта жанрлармен байланысты болып келеді. Тіл стильдері, сөйлеу стильдері, сөйлеу жанрлары арасындағы тәуелділікті мынадан байқауға болады. Тіл стильдері сөйлеу стильдерімен сәйкесті болса, соңғыларының нақты көрінісі сөйлеудің әртүрлі композициялық формаларында немесе жанрларында жүзеге асады. Бұқалар және сиырлар. «Бұқалар және сиырлар» аталған ойын «Mastermind» үстел үсті кисынды ойынның сандық бір түрі болады. Орысша бүл ойын «Быки и коровы» аталынат. Екі бетті ойын. Ойынның мақсаты — бірінші болып қарсыластың жұмбақ төрт-таңбалы саныңды табу керек. Ойынның классикалық ережелері. Берілген төрт-таңбалы санның белгілер жұмбақ санның белгілермен және орынмен сәйкес келсе, «Бұқа» болып есептеледі (бірдей шеберлікпен). Егер тек санның белгілермен сәйкес келсе, ал орынмен сайкес келмесе, «Сиыр» болып есептеледі (әртүрлі шеберлікпен). Esc key. Escape Батырмасы жайлы және F1-F12ге дейін мағыналарын табу Ганюшкино. Ганюшкино немесе Ганюшкин - Қазақстандағы село. Атырау облысы, Құрманғазы ауданының орталығы. Ганюшкин селосының негізі 1793 жылы қаланған. 2007 ж. 1 қаңтар күнгі дерек бойынша Ганюшкинде 13,1 мың адам мекендейді. Село облыс орталығы Атырау қаласынан 244 км қашықтықта, Ресей Федерациясымен шекараға жақын орналасқан. камжол елди мекени орналаскан№ камжолда 7 000 халык бар.Абу Сарсенбаев атындагы орта мектеп 1992 жылы ашылды. Директоры Кабдрахман Бисенгалиев."КАМЖОЛ"орталыгы "КАЗпошта" Батырбек датқа. Батырбек датқа туралы мәліметтер. Батырбек датқа. Дулат тайпасының Сиқым руынан шыққан. Қоқан хандығы тұсында оңтүстік өңірде билік жүргізген әйгілі датқа.Патша генералы Черняев өзінің рапортында Батырбек датқа туралы былай деп жазады: "Батырбек датқа - мен үшін өте құпия тұлға. Ислам дініне, салт-дәстүріне өте берік. Орыстарды жатдінділер дейді. Басқа датқаларға қарағанда Оңтүстік өңірде, халық арасында атақ-абыройы өте зор, бұларды өзге датқалар да ашық мойындайды. Оңтүстік өңір Батырбек датқаның ықпалында болған. Өз қаражатына жергілікті халық үшін, өңірдің бірнеше елді мекендерін­де, Самарқандтан құрылысшылар, күйдірілген кірпіштер алдыртып, зәулім, сәулетті мешіттер (біздіңше, храм) мен медреселер (школа) салдыртқан. Бұлар қазір халыққа қызмет жасауда. Школда жас туземецтер Ислам дінінде білім алуда. Бірнеше шақырым каналдар, көптеген су қоймаларын (тоған) салдыртқан, талдар еккізіп, жергілікті халықты ауыл-ауыл (село) етіп орнықтырып, тамдар салдыртқызып, халықтың тұрақты отыруына жағдай жасаған. Жергілікті халық каналдарды пайдаланып, бидай, тары, жүгері, т.б. азық-түліктерін егіп, дайындап алуда. Бұрынғыдай Иран, Қоқан, Самарқанд саудагерлерінен қымбат бағаға азық-түліктерін сатып алмайды. Осы еңбегі үшін оңтүстік өңір халқы Батырбек датқаны қатты қадірлейді. Батырбек датқа жөнінде барлық ақпаратты замандастары Байзақ датқа, Шоқай датқа, Сапақ датқалардан біліп алған соң, екінші рет ол кісіні өзіме тағы да шақырып сөйлестім. Бірінші кездесуімізде әңгімеге ротмистр Ш.Уәлиханов қатысқан болатын. Екінші кездесуімізге ротмистер қа­тысқан жоқ, ол маған ренжіп экспедициядан кетіп қалған. Рот­мистрдің маған ренжіп кетуіне, ест­уімше, Батырбек датқаның тікелей қатысы бар, себебі екеуі оңаша кездескен, ротмистрді жатдінділерге көмектесіп жүрсің деп кінәлаған, өз халқына қарсы соғысып жүрсің деп айыптаған көрінеді. Осыларға шыдамаған ротмистр Ш.Уәлиханов экспедициядан кетті. Батырбек датқа кездесуге баласы, тағы да 4-5 кісімен келді. Ешнәрсе сездірмейді. Бағынған пішін көрсетеді. Бірақ сенбеймін. Өте айлакер, ұстамды, шебер саясаткер, бәрін бейбіт жолмен шешуді қалайды. Сарбаздарға азық-түлік беремін деп алдында уәде бергенімен, дәлелді себептер айтып, ешқайсысын орындаған жоқ. Ашық жазалайын десем, халықтың толқуынан қауіптенемін. Өз билігіндегі халықты, алдын ала біздің экспедиция әскерлері жүретін жол бойынан, ұрыс болатын жерлерден алысқа көшіріп жіберген.Әулиеата бекінісін алу кезінде біздің экспедиция құрамы біраз шығынға ұшырадық. Шымкент бекінісін алуда шығынға жол бермес үшін, бекініс басшысынан (гарнизон) бекіністі бейбіт жолмен беруді талап ету үшін келіссөзге датқаларды жіберу үшін Байзақ, Шоқай, Сапақ, Батырбек датқаларды шақырттым. Бұл шақыруыма тек Байзақ датқа баласымен келді, ол Әулиеата бекінісіне жақын тұратын. Қалған үш датқалар кездесуге келмеді. Оңтүстік өңірдің көсемдері Шоқай, Сапақ, Батырбек датқалар арқылы әрекет етуіміз керек. Алдында Шоқай, Сапақ, тірі кезінде Байзақ датқаларға офицерлік атақтар, (майор) басқа да сый-сияпат жасадық, олар риза. Батырбек датқа ол кезде бұл сыйлықтардан бірден бас тартты. Батырбек - ақылды, көреген тұлға, бәрін ой таразысынан өткізіп, елі­нің Ресейдің қарамағына өткендігін уақыт өте өзі де түсінеді. Бірден болмаса да, біртіндеп мойындайды. Батырбек қазір 70-тен асқан, ары кетсе 10-15 жыл өмір сүрер, діндері, салт-дәстүрлері, мешіт-медреселері бұрынғыдай қалулары қажет, араласпауымыз керек. Иелігіндегі бар жерлерді мәңгілік өзіңіздің, ұрпақтарыңыздың иелігінде деп куәландырып беруіміз керек. Бар­лық мұсылман мемлекеттеріне барып келуіне еркіндік беруіміз керек, Мекке мен Мединеге де. Батырбек датқаға басқа дат­қаларға қарағанда өзгеше сыйлық тартуымыз керек. Бәсекелес датқа­ларды араздастыру үшін. Мәртебелі соғыс министрі, сіз патша ағзамға менің өтінішімді жеткізіп, Батыр­бектің өзіне полковник шенін бергіздіріп, арнайы мундир тіккізіп, қылыш (есімі жазылған) жасаттырып жіберсеңіздер екен. Батырбек бұл атақтарды, сыйлықты бәрібір қабылдамайды. Бірақ халық арасына патша ағзам мен соғыс министрі Батырбекті ерекше еңбегі үшін осындай атақ, сыйлықтармен марапаттады деп сөз таратамын. Бәрібір ол атақ пен сыйлықтар Батырбектің өзі қайтыс болған соң балаларының еншісінде болады ғой. Жергілік­ті халықтың көсемдеріне түрлі дәрежедегі атақтар мен сыйлықтар жасау арқылы араздастырып, бір­тіндеп өзімізге тәуелді етеміз. Патша ағзамымыздың, ми­нистр­лердің білгірлікпен жасаған жоспарлары, айла-тәсілдері, саясаты кезінде солтүстік өңірді мекендеген қыр­ғыз-қайсақтардың көсемдерінің алауыздығын өршітіп, Ресей қа­рамағына өтулерін қамтамасыз еткен жоқ па? Осы саясатты, әдіс-айланы оңтүстік өңір халқының көсемдерін араздас­тыру мақсатында сіздердің қам­қорлықтарыңызбен тездетіп іске асыруым керек». Батырбек датқа өмірі мен қызметі. Черняевтың осы рапортынан патшалық Ресейдің қандай зымияндық саясат ұстан­ғаны, экспеди­циялық әскери корпусының бас­шысы генерал Черняевтің оңтүстік өңірді жаулап алу кезінде қандай айла-тәсіл қолданғаны архив деректерінен белгілі болып отыр.Билік басында болған датқа­лар­дың туған-туыстарын, ұрпақ­тарын, бір-бірлерімен қалай жау­ластырғанын архивтегі дерек ай­ғақтайды. Кеңес өкіметі Черняевтің Оңтүстік өңірде уақытында жүргізген, іске асырған айлалы саясатын одан әрі дамытып, өз мақсаттарына шебер пайдаланды. Кеңес өкіметінің саясаты, үгіт-насихаты бір мақсатты көздеді, ол - қазақ халқы Ресейге өз еріктерімен қосылды, отарлау, зорлық-зомбылық болған жоқ.Черняевтің оңтүстік өңір­ді басып алу кезінде, әскери экспедициясына азық-түлікпен, сарбаздары­мен көмектескен датқалар, билер, т.б. Ресейдің достары деп есептелді де, Исламды, мұсылман бауырларын жақтаған, халқы мен елін жатдінділердің отарлауына ашықтан-ашық қарсы болған Батырбек датқа мен оның туған-туыстары, ұрпақтары патшалық Ресейдің кейін Кеңес өкіметінің жаулары деп есепке алынып, жасырын қудалауға ұшырады. Кеңес өкіметі Батырбек датқаның оңтүстік өңірде, билік басында болған уақытында өз қаражатына тұрғызылған Жуалы ауданындағы Батырбек датқа сазындағы (Күрең­бел ауылы), Қошқарата өзені бо­йындағы Қошқар ата ауылы, Талас ауданындағы Көктал, Қызыләуіт, Сай­рам ауданындағы Қайнарбұлақ, Қарабұлақ елді мекендерінде күй­дірілген кірпіштен тұрғызылған зәулім, сәулетті мешіт-медреселері аяусыз талқандалды. Өзінің күмбезі де қиратылды. Түлкібас, Сайрам, Жуалы аудандарындағы қаздыртқан су каналдары, Талас ауданындағы Көктал (қазір шипажай), Қызыләуіт су қоймаларын салдыртқан, (тоған) қаздыртқан су каналдары, халықты ауыл-ауыл етіп, орнықтырған, тамдар салдыртқан, тал-ағаштар еккізген, т.б. еңбектерін Кеңес өкіметі халықтың жадынан өшіруге тырысты. Батырбек датқаның ұрпақта­рын қудалауға ұшыратып, күн көрсетпеді. Лауазымды қыз­мет­терге алмады. Т.Рысқұлов­тың қамқорлық көрсетуінің нәтиже­сінде үрім-бұ­тақтары аман қалды. Батырбек датқа мен Құнанбай қажы 1874 жылы қажылыққа бар­ғанда, Меккеде өзге де қазақтың игі жақсыларымен бірігіп, қаражат шығарысып, үш қонақүй (тәқия) тұрғызған. Батырбек датқа қазақтың 19-ғасырда өмір сүрген беделді игі жақсыларымен араласып, сыйлас болған. Датқаның үйінде (Датқа сазындағы қыстауы) Кенесары хан, Құнанбай қажы, Мұса Шорманов, Тезек төре, Сыпатай батыр, датқалар, атақты билер, ақын-жыраулар, қырғыз манаптары бір­неше рет қонақта болған. Батырбек датқа - ұлтымыздың тарихи тұлғасы. Осы уақытқа дейін Егемен Қазақстан, Жамбыл облыс­тық Ақ жол газеттерінде тарихи тұлғаның еңбегінің ескерусіз қалып келе жатқандығы туралы филолог-ғалымдар, тарихшылар, жазушылар, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, ақсақалдар, т.б. атынан бір­неше көлемді мақалалар жазылды. Батырбек датқаның есімі өзі туып-өскен Күреңбел елді мекеніне (Жуалы ауданы), мектепке, Тараз қаласының бір көшесіне берілсе, тарихи орын негізінде қыстауы мен мешіті орналасқан орынды «Мәдени мұра» бағдарламасы негізінде мемле­кеттік тізімге енгізіп, тарихи орын деп жарияланса деген зиялы қауымның, халықтың, мәслихат депутат­тарының, т.б. (бас­пасөз беттерінде жариялаған) өтініштері Жамбыл облысының Жуалы ауда­нының басшылары тарапынан қолдау тапты. Дереккөз. Батырбек датқаның бұл ең­бектері жазушы М.Қалдыбаев­тың «Бәйдібек баба арманы» атты кітабында нақты деректермен көрсетілген. Дулат. Дулаттардың ежелгі бабалары Үйсін (усун) мемлекетінің тарихымен тығыз байланысты. Өйткені, ежелгі Қытай деректерінде Дулат бірлестігін негіздеген Дулының үйсін күнбиі Елжау бидің баласы болып табылатындығы туралы деректер бар. Осы мәліметтерге сүйенген Н.Мыңжанұлы кезінде былай деп жазған болатын: «Үйсін күнбиі Елжау бидің он ұлы болған. Олардың ішінде Дулы (Датлұқ, Дұғлұ) деген ұлы қабілетті де, қайратты, соғыс өнеріне шебер қолбасы еді. Ол он мың аты әскермен өз алдына ауаша тұратын. Күнбидің тақ мұрагері ерте қайтыс болып кетіп, оның Жөнші (Күнсүй) би деген баласы жетім қалады. Күнбидің тақ мұрагері қайтыс боларда, әкесі Елжау биге: Жөнші биді тақ мұрагері етіп бекітуді өтінеді. Елжау би бұл өтінішке разылық білдіріп, Жөнші биді тақ мұрагері етіп бекітеді. Тақ мұрагері бола алмағанына наразы болған Дулы Жөнші биді өлтіруге сұқтанады. Бұл жағдайды байқаған күнби Елжау би Дулының өлтіріп тастауынан қауіптеніп, он мың әскермен Жөнші биді бөлек қояды. Елжау би он мың әскермен өзін қорғап ортада тұрады. Сонымен Үйсін елі өз ішінен үш ұлысқа бөлінеді, бірақ барлығы күнбиге бағынады». 1. Нәнді би (б.з.б. 177-жылдан бұрын)→ 2. Нәнді бидің баласы Елжау би (б.з.б. 177 – б.з.б. 104-жылдар шамасында) → 3. Елжау бидің немересі Жөнші би (б.з.б. 104 – б.з.б. 93-жылдар шамасында) → 4. Елжау бидің немересі, Дулының баласы Оңғай би (б.з.б. 93 – б.з.б. 60-жылдарда)→ 5. Жөнші бидің ғұн әйелінен туған баласы Най би (б.з.б. 60 – б.з.б. 53-жылдарда)». Н.Мыңжанұлы үйсіндер туралы қытай дерегін қазақ тілінде айналымға қосқан алғашқы зерттеушілеріміздің бірі. Ол өзінің аталмыш еңбегінде осыған байланысты мынадай пікір айтқан еді: «Үйсін тарихының ең алғашқы дерегі «Хәннама. Дад-уан баянында» кездеседі. Бұдан соң «Хәннама. Батыс өңір баянында» «Үйсін елі» деген арнаулы тарау енгізіліп, үйсіндердің тарихы баяндалған. Үйсіндер Іле өзені алқабына қоныс аударудан бұрын, Дұнхуаң мен Чилян (Келен, Шүлен) тауы аралығын (қазіргі Хыши дәлізін) мекен етіп, көшпелі өмір өткізген, бұл кезде олар «Ғұндардың батыс жағындағы шағын ел еді». Осы келтірілген қытай мәліметтері бойынша тарихшылар Т.Омарбеков, Н. Мұқаметқанұлы Дулаттардың арғы тарихы ежелгі үйсіндердің этнонимімен тығыз байланысты екенін дәлелдеді. Ежелгі қытай деректерінде «Жұңгоның V- VІІІ ғғ. жазба деректерінде «дулат» деген ат дулу түрінде жазылған. Осы V- VІІІ ғғ. Жұңго тарихшылары дулу деп жазған халықты парсы авторлары «дұғлат», яки «дүкүлат» деп жазған. Дулу деген сөзді кейбір зерттеушілер тұғлұқ, дұғлы дегеннен шыққан деп топшылайды. Атақты шығыс зерттеушісі Н.Я. Бичурин мен Г.Е. Грумм-Гржимайлоның жазғанына қарағанда, біздің жыл санауымыздан 2 ғасыр бұрын өз алдына хандық құрған үйсін тайпалар одағында дулу тайпасы да болған. Үйсіннің күнмуы (күнбиі) қартайған шағында он ұлының үлкенін өз орнына тағайындайды, бірақ ол көп ұзамай дүниеден қайтады. Өлерінде ол орнын өзінің тұңғыш баласына беру туралы әкесіне тілек білдіреді. әкесі оның орнына әрі батыр, әрі тапқыр баласы Далуды қойғысы келсе де, көңілін қимай, уәде етеді. Қарт күнму тақ үшін таласта немересін Далу мерт етер деп ойлап, екеуіне де елмен қоса он мыңнан аса атты әскерді еншіге беріп... біреуін (немересін) Ыстықкөлге, Далуды Іленің бойына қондырады. Содан соң Далудың еншісіне тиген ел Дұлұ, Далұғ, Дулұғ аталып кетеді. Олар кейін дұғлат, дулат атанған». Қазақ ру-тайпаларының шығу тарихын шұқшия зерттеген Н.А. Аристов дулаттардың атауы басқа да Алтайдағы түркі ру-тайпалары тәрізді өзендердің атымен байланысты деп ойлайды. Оның айтуынша, дулаттар атауы осындағы Чарыш өзенінің солтүстік тармағы болып табылатын Тулат өзенінің атынан шыққан. Сондықтанда дулаттар Чарыш өзенінің солтүстік тармағынан ағып шығатын Кан өзенінің атымен аталған қаңлыларға жақын әрі туыс болып келеді және Үлкен ордадағы шежіре тарихы бұл екеуін әрқашан туыстар ретінде қарастырып келді. Н.А. Аристов дулулардың өте ертеректе пайда болғанын болгар (былғары) княздерінің тарихын мысалға келтіре отырып, дәлелдемек болады. Тегінде, - деп ойлайды ол, дулу руы б.з.дейінгі кезеңде өмір сүрсе керек, өйткені оның бір бөлігі екінші жүзжылдықта христиан дәуірінен кейін хундармен бірге Қытай аймағынан, қазіргі батыс Моңғолия аймағынан көшіп, батысқа ғұндармен бірге кеткен. Аттилланың патшалығы ыдырағаннан кейін дулулардың көсемдері ғұндардың және түркіленген угро-фин руларының одағы болып табылатын болгарлардың бір бөлігін басқарып, Дунай бойында Болгар патшалығын құрған. Ал V ғ. Батыс Моңғолияда Тянь-Шань мен Монғол Алтайының арасында қалған сол дулулардың бір бөлігі қытай тарихшыларының гаогюйлер ұрпақтарын баяндаған еңбектерінде тулу деген атпен көрініс береді. "«Дулу» этнонимін айтқан кезде онымен бірге «ашына» (ашина) және «түрік» атаулары қоса жүреді. Aшыналардың (ашиналардың) 500 отбасының Алтын тауға, яғни Алтай өңіріне барып нөнелерге бағынғаны белгілі. Ашыналар кезінде Үйсін одағымен көрші болған, бірге көшіп-қонған түркі тайпалары еді. Осыған байланысты қытай деректерінде ашыналардың көк бөріден шығуын көрсететін аңыздар қайталап беріледі. Оларды біз жоғарғы тараушада келтірдік. Нақтырақ айтар болсақ, қытай деректерінен мынадай жолдарды оқимыз: «Түріктердің арғы аталары Батыс Теңіздің оң жағын мекендеп, өз алдына ұлыс құрды. Олар Ғұндардың бір тармағы болса керек. Әулет есімі – Ашна... Кей деректерде: Түріктер асылында Пинлянда тұрған кірме ғулар еді. Олардың әулет есімі Ашна еді. Уй әулетінің патшасы Тәй-у сақаларды қырғанда, Ашна 500 отбасыны ертіп, нөнеге кірімтал болып, Алтын тауды мекендеді де, оларға темірші болды. Алтын таудың пішіні дулығаға келіңкірейді. Дулыға Түрік деп те аталады. Сондықтан Түрік олардың аты болып қалды дейді»". Бұл деректен байқайтынымыз, дулыға сөзімен түрік атауы бір болып шығады. Алайда, дулыға атауын ашина атауының орнына қолданатын зерттеушілер де бар. Біздің ойымызша, нөнелерге бағынышты болған аз үйлі ашыналарды кезінде Алтайдағы (Алтын таудағы) бірқатар түрік тайпалары қолдаған. Ашыналармен басқа тайпалардың одағы біресе түрік, біресе дулу немесе дулыға деп аталған болса керек. Алайда кейініректе, түріктер мен қаңлылар Алтай өңірінен батысқа қоныс аударған кезде, Жетісу бойындағы үйсін-сақ тайпаларын дулу деп атау әдетке айналған тәрізді. Дулу атауының Алтайдағы түріктерде емес, Үйсін елінде орнығу себебі, екі түрлі мәселемен байланысты деп ойлаймыз. Біріншіден, Үйсін елінің билік жүйесінде Дулы (Датлұқ, дұғлу) мемлекеттік билеу жүйесінде ең жоғарғы билеуші күнбиден кейінгі мансап болды. Қытай деректерінде бұл туралы былай деп жазылған: «2. Дулы, (Датлұқ, дұғлу) – Хән патшалығының бас уәзірі дәрежелес лауазым, Үйсін елінің әкімшілік бастығы, бұл лауазымға бір адам тағайындалды». Бұл деректен аңғаратынымыз, дулы немесе дулу атауы Үйсін мемлекетіндегі ең жоғарғы билеушіден кейінгі мемлекет басқарушысының мансап дәрежесі екен және бұл қызметке бір-ақ адам тағайындалған. Кейініректе Үйсін мемлекеті күйреп, оның орнына Түрік қағанаты және кейінірек Батыс Түрік қағанаты құрылған кезде мемлекетті күнбидің орнына ашинадан шыққан қағандар билейтін болды. Осындай жағдайда байырғы дулу қызметі енді қағанға бағынышты ұлыс басқарушысының немесе бірнеше ұлыстың басын біріктірген, алайда қағанатқа бағынышты ұлыстар одағының, конфедерациясының билеушісінің мансабын аңғартатын болды. Талас өзенінің бойындағы бес түріктердің одағы сондықтанда дулу деп аталды деген ойдамыз. Дулулар сонымен бірге кейініректе алашылар (Aлаш) деп аталса керек. Өйткені, Бестүрік немесе дулулар одағына кірген, кейіннен осы конфедерациядағы билікті басып алған түркеш тайпасы құрған ұлыс қытай тарихи деректерінде кейде Алаш ұлысы деп аталды. Үйсін елінде дулы немесе дұғлы қызметі екінші дәрежелі бірақ, мемлекетті қағаннан кейін басқаратын тұлғаның іс-әрекетін аңғартатын мансап болды. Сонымен бірге Үйсін елінде б.з.б. ІІІ ғ. – б.з. алғашқы ғасырларына дейінгі аралықта мемлекеттің билігін күнбилер әулетінің 10 ұрпағы болғанын қытай деректерінен біліп отырмыз. Ол деректерді кезінде Қытайдағы зерттеушілер пайдаланған болатын. Алғашқы күнбилер әулетін атап көрсеткен кезде алдымен ауызға Нәнді би түседі. Ол б.з.б. 177-жылдан бұрын билік жасаған екен. Одан кейін билікті Нәнді бидің баласы Елжау би алып, б.з.б. 177 – б.з.б. 104 жылдар шамасына дейін өз қолында ұстаған. Содан кейін билік басына Елжау бидің немерелері келген. Алғашқы немересі Жөнші би б.з.б.104 – б.з.б. 93-жылдар шамасына дейін билесе, одан кейін билікке келген екінші немере Дулының баласы Оңғай би б.з.б. 93 – б.з.б. 60-жылдар аралығында билікте болған екен. Осылайша үйсін тағын иемденуші күнбилер әулеті созылып кете береді. Бұл деректен байқап отырғанымыз, кезінде үйсіндерді билеушілер арасында Елжаудан тараған Дулының ұрпақтары тұр, яғни Дулы деген кісінің Үйсін мемлекеті құрамындағы билеушілер әулетінің қатарына жатқаны күдік тудырмайды. Тегінде үйсіндер шығыстан Іле бойына қоныс аударған кезде осы үйсін Дулыдан тараған ұрпақ өзінің мемлекеттік биліктегі ықпалын және беделін сақтап қалды. Нәтижесінде, жаңа қоныста үйсіндер сақтармен және ұлы иозілермен араласқан кезде, Дулының ұрпақтары жаңа тайпалар бірлестігін ұйымдастырған деуге негіз бар. Алайда, өздері түрік қағандарын тағайындайтын ашына әулетінен шықпағандықтан, Дулы әулетінен шыққан байырғы күнбилердің ұрпақтары екінші қатардағы билеушілер ретінде Батыс түрік жерінде өздерінің тайпалық одағын құрды. Дулулар Ашина әулетінен шыққан қағандар тұқымымен ежелден-ақ олар үйсіндермен бірге көшіп-қонып жүргенде, аралас-құралас болды. Ашыналардың Моңғол Алтайына барып темір қорытып, жужандарға (нөнелерге) тәуелді болуы дулыларға да таныс нәрсе еді. Түрік деп аталған қауымның Алтай тауының дулығаға ұқсас болуына байланысты дулылар немесе дулығалар аталып кеткені тарихи деректен айқын болып отыр, яғни «түрік» деген сөздің балама атауы «дулы» болып қалыптасып кеткен еді. Бұл туралы біз жоғарыда нақтырақ айттық. Түріктердің дулы аталуы кейініректе Батыс Түрік қағанатын негіздеген ру-тайпалардың бұл атауды өздерінің ортақ есімі ретінде жатсынбай қабылдауларына алып келді деп ойлаймыз. Оның үстіне Іле бойына көшіп келген үйсіндердің бір бөлігі жоғарыда айтқанымыздай, Елжау бидің немересі Дулыдан тараған ұрпаққа бағынып үйренген еді. Осындай екі жақты себептер Шу және Талас бойын мекендеген түрік тайпаларының бір бөлігін дулулар атануға итермеледі. Байқайтынымыз, дулу атанған тайпалар конфедерациясы бұл атауды ортақ есім ретінде қабылдап, өздерін дулулармыз деп атай бастады. Бұл кездегі дулулардың үстемдікке ие болуы туралы Қытайдағы Н.Мыңжанұлы былай деп жазғанын тағы да еске саламыз: «Заманымыздың VІ-VІІ ғасырынан бастап бұрынғы Үйсін ордасына бағынған дулат тайпасы осы одақта үстем орынға шығып, бұл одақ дулаттар, яғни бес тайпалы дулаттар деген жаңа атпен аталды. Сонда да үйсін аты сақталып отырды, бірақ бұрынғы дәуірдегілерге қарағанда, жазба деректерде сирек кездесетін болды». Дулулар мекендейтін аймақ тарихи деректерде Батыс Түрік деген атпен белгілі. Тегінде дулулар үйсіндерден кейін юебань бірлестігінде болып, онан соң Іле бойына қоныс аударған тәрізді. Қытай деректері бойынша юебань мемлекетінің территориясы үйсіндердің солтүстік-батыс жағында бұрын хунну билеушісіне тәуелді аймақта жатты. Ғалымдар осы деректі зерттей келе, батысқа қарай жылжыған хұндардың қалдықтары осында өздерінің юебань деп аталатын мемлекетін құрған. Бұл шамамен б.з. ІV ғ. немесе V ғасырдың басында өмір сүрген мемлекеттік бірлестік болса керек деген қорытындыға келіп отыр. Белгілі қазақ ғалымы С.Аманжолов зерттеулерінде: «Ежелгі дәуірде дулаттар үйсіндер және қаңлылар тәрізді дербес өмір кешті; оларда аса қуатты тайпалық патшалық (хандық) болған»,- деп тұжырымдай келе, Аристовтың «дулат» этнонимі Алтайдағы Тулат өзенінің атауымен шықты деген пікірін алға тартады. Өз пікірін дәлелдеу үшін ол белгілі шығыстанушы Н.Ф.Катановтың 1894 жылы Қазаннан жарық көрген «Этнографический обзор турецко-татарских племен» деп аталатын дәрістер жинағындағы мынадай пікірге жүгінеді: «Дулгасское царство существовало с VІ века до VІІІ в. по Р.Х., около 200 лет, в Тарбагатае и Южной Монголии. Столица этого царства находилась у подошвы Алтая. Руны или сибирская писаница, о которых я говорил вам... сегодня, принадлежали именно дулгассам. Дулгассы частью покорили, частью вытеснили племя жужан известных в Европе под именем обров или аваров, которые в ҮІІІ веке беспокоили даже Францию. Дулгасское царство сменилось уйгурским». Сонымен қатар С.Аманжолов өзінің зерттеулерінде 1894 жылғы Аристовтың зерттеу жұмысында айтылған дулулардың Аттилланың бастауымен болгар руларын басқарып, Дунайда патшалық құрғанын, сонымен бірге дулаттардың Моңғол Алтайындағы гаогюй тайпалары құрамында тулу деген атпен кездесетінін, ал VІІ ғасырдан бастап Батыс түріктің бес аймағын билеген бірлестік болғанын, сонымен бірге бұдан сәл бұрынырақ юебань деген түрік елінің құрамында үстем роль атқарғанын атап көрсетеді. Ол өзінің еңбегінде юебаньдар туралы хабардың жоқ болып кетуі гаогюйлердің батысқа жылжуымен және осы юебаньдықтарды басып алуымен байланысты екенін, мұнда да гаогюйлердің құрамындағы тулулардың аталатындығын атай келе, Тянь-Шань және Алтай таулары аралығындағы ҮІІ ғасырдағы Чуюе, Чу-ми, Чу-му-гунь, Чу-бань және тағы басқа руларды қытайлықтардың атап көрсететініне назар аударып, «тегінде бұл рулар ерекше шулықтар тобын ұйыстырып, бұрын дулулардың басшылығымен юебань халқын құраған» деген пікірге тоқталады. Осы мәселеде ғалым тағы да бұл рулардың дулу аймақтарына кіргендігін айта келе, қытай деректерінде шуншин-чубань тайпасының кейінгі дулаттардағы жаныс атауының байырғы түбірі, ал «чубань» этнонимінің кейінгі дулаттарға жақын албан және суан руларының түп қазығы болып табылатынын, бұл кейінгі чуй рулары қатарына жатқандығын чубань деген атпен олардың дулаттар билеген аймақтың құрамында болуы мүмкін екендігін Н.Аристовтың зерттеулеріне сүйене отырып мақұлдаған еді. Бұл пікірлерге ден қойғанда дулаттың жаныс және албан мен суан рулары ҮІІ ғасырда-ақ негізделген еді, - дегендей біржақты тұжырым жасау дұрыс емес. Аталған қазақ рулары ХІV-ХV ғасырларда негізделіп, ХҮ ғасырдан бері қарай қазіргі этноним-атаулармен атала бастағанын ұмытпағанымыз жөн болар. Егер Н.Аристовтың өзін сөзбе-сөз қазақ тіліне аударып оқыр болсақ, мынадай пікірге кездесеміз: «Юебань мемлекеті қытай деректеріне қарағанда V ғ. батысқа І ғ. осы жер арқылы көшіп кеткен ғұндардың қалдықтары мекендеген ел еді. VІІ ғ. бұл аймақты ерекше түрік тайпаларына жататын, сондықтанда чулықтар деп аталған чу-юе, чу-ми, чу-мугунь, чу-бань ұрпақтары мекендеген еді. Көп кешікпей-ақ түрік-тукюлардың күшеюіне байланысты олардың хандарының ұрпақтары және олардың кең иеліктері екі бөлікке – шығысқа және батысқа бөлінді. Жоғарыда аталған шулық түркі тайпалары және олар мекендеген жерлер Шығыс түрік хандарына бағынды. шулықтар билеген батысқа қарай жатқан жерлер, сондай-ақ, Монғол Алтайының батыс қыраттарында көшіп жүрген кейбір теле тайпалары Батыс түрік хандарына бағынды және дулулардың бес аймағы құрамына кірді. Болгар княздерінің әйгілі олардың Именигі бойынша дуло руына жатуы, гаогюй руларының ішінде Ү ғ. тулу руының өмір сүруі, VІІ ғ. Бес Батыс түрік аймақтарының дулу аймақтары деп аталуы және онан соң қазіргі кезеңде көп санды дулаттар ұрпақтарының болуы – осының бәрі дулулардың қуатты ұрпақтары және одағы хұндардың кезінде-ақ олардың батыс бөлігіндегі иеліктерінде өмір сүрген деп айтуға жеткілікті негіз береді. Олардың құрамындағы шу рулары хұнндар батысқа кеткен соң І ғ. соңында немесе ІІ ғ. осында қалып қойған дулу рулары юебань иеліктерін құрады. Олардың күштілігі сондай, жужандарды жаулап алды және V ғ. оларға қарсы Қытаймен одақтасты. V ғ. соңында юебаньдарға басып кірген гаогюйлер бұл иеліктің өз бетінше өмір сүруіне мүмкіндік бермеді және сондықтанда гаогюй руларының құрамында тулу қалып қойды. Түрік тукюлардың күшеюіне байланысты гаогюйліктер Селенгаға және Хангайға қайтып келді, Юебанның байырғы халқы түргештердің, кергештердің және тағы басқа дулулардың бес аймақтарының араласқан тайпаларын құрады». Жалпы С.Аманжоловтың бұл пікірлері негізсіз емес, өйткені осыған ұқсас тұжырымдарды белгілі зерттеуші Г.Е. Грумм-Гржимайлоның да айтқанын білеміз. Оған назар аударған С.Аманжолов белгілі ғалымның чуюэ тайпасының кейінгі қазақ наймандарының садыр руында, ал чуми тайпасының Кіші жүз қазақтарындағы шөмекейлерде атау ретінде кездесетінін және дулулардың, қазіргі дулаттардың және шатолардың бұрынғы атауы болып табылатындығы туралы пікірлерін мақұлдау түрінде тұжырымдар жасаған еді. Бүгінгі күні тарихымызда тәуелсіз ойлау орныққан жағдайда кейінгі қазақ ру-тайпалары қайдан, нақты алғанда қандай ежелгі тайпалық бірлестіктерден шыққан?- деген сауалға жауап іздейтін уақыт туды. Онсыз біз қазақ халқының этникалық қалыптасу процесіндегі үздіксіз жүйені анықтай алмаймыз. Осыған келісетін болсақ, С.Аманжоловтың орыс ғалымдарының зерттеулеріне сүйене отырып, ру-тайпаларымыздың түркілер дәуіріндегі тамырларын іздестіруге жасаған әрекеттері әрине мақұлдауға тұрарлық. Алайда бұл айтылғандар сонымен қатар белгілі ғалымның ұсыныстарын және болжамдарын тереңдете зерттеуге де бағыт береді. С.Аманжоловтың зерттеулеріндегі аса бағалы тұжырым – оның академик В.В.Бартольдтың дулуларды моңғолданған тайпалар қатарына жатқызған пікіріне қарсы айтылған қорытындылары дер едік. Ол өзінің пікірін мынандай топшылаумен аяқтаған болатын: егер де дулу немесе тулу тайпасы V-VІ ғасырларда-ақ Жетісуда өмір сүріп және қазір де сонда мекендеп жатқанын ескерсек, және чу-бань, чу-му-гунь, чу-ми атты шу тайпаларымен одақта болғанын және оларды қазіргі дулат тайпасының бұтағы болып табылатын суандармен, сондай-ақ Кіші жүздегі шөмекейлермен, Орта жүздегі шимойындармен салыстыра қарастырар болсақ, онда меніңше, қазақтың дулат тайпасының моңғолдардан шыққаны туралы мәселе өзінен-өзі жоққа шығарылады, және сөз жоқ академик В.Бартольдтың пікірі негізсіз болып шығады деген еді. Сонымен қатар С.Аманжолов Махмұд Қашқаридың ХІ ғасырдағы еңбегінде кездесетін «чигиль» этнонимін кейінгі Шапыраштының бұтағының немесе Дулаттың өзіндегі Шымырлардың түп атаулары ретінде қарастырған пікірі де назар аудартады. Мұндайда соңғы жылдары Қытайдағы қазақ тарихшылары жазып жүрген еңбектерде айтылған ой-пікірлер де еріксіз еске түседі. Кезінде Қытайдағы тарихшы ағамыз Н.Мыңжан қытай деректерінде аталатын жаныс, ысты, шығыл-шыбыл (Шуйе), шымыр, ботбай, шимойын және тағы басқа тайпалардың орналасу аймақтарын айта келе, олардың бәрін байырғы қазақ шежіресінде айтылғандай, үйсіндерден және дулаттардан тарайтын тайпаларға жатқызған еді. Сонымен бірге ол қойлау және шимойын атты кезінде Бес түріктің, яғни Бес дулаттың құрамына кірген тайпалардың кейіннен қазақтағы абақ-керейдің ішіндегі белді тайпаларға айналғанын атап көрсеткен болатын. Қазақстанда тарих ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін Түргеш қағанаты тарихынан диссертация қорғаған Ә.Дәулетхан Бес түріктің немесе Бес дулаттың құрамына кіретін ру-тайпалардың атын қытайшадан аударып, мүмкіндігінше қазіргі қазақ руларының атауына бейімдеп берді. Ә.Дәулетхан зерттеуінде Шимойын (Шу мукүн), Қойлау (Ху Лушы), Ысты (Ш Шыти), Туркеш-Алаш (Ту Шишы Хелошы), Жаныс-Шопан (Шу Нишы Шубан) тәрізді ұлыстар аттары айтылған. Зерттеушінің мұндай деректерінен кейінгі қазақ ру-тайпаларының арғы бабаларын ежелгі түркі тайпалары арасынан іздестіру әрекетін айқын байқаймыз. Ол өзінің зерттеулерінде жоғарыдағы Н.Мыңжанның пікіріне сүйене отырып, «Қазақ шежіресінен хабардар адамдар бұл тұжырымға күмәнмен қарай алмас, өйткені арғы тарихты айтпағанның өзінде Алтын Орда дәуірінен бері қарайғы халықтар мен ұлттардың қалыптасуында көрнекті рөл ойнаған ноғай, өзбек, шағатайлардың ұлттар мен ұлыстарға ат болып қалғаны көз алдымыздағы өмір шындығы емес пе еді», - деп атап көрсетеді. Ежелгі заманда Дулаттың сөзі «Дулу» («Дуло») аталып, кейініректе, «т» көптік жұрнағы жалғанып, қазіргі заманға монғол дәуірінен беріде ғана «Дулат» болып жетті. ҮІ-ҮІІ ғасырларда дулулар бірлестігін қазіргі дулаттың Сиқым, Жаныс, Шымыр, Ботпай аталатын төрт атасы құраған жоқ. Бес түрік тайпасы кірген бұл одаққа мүлде басқаша аталатын тайпалар кірді. Мынаны да ескермеске болмайды, түркілердің ғана емес, тұңғыс-манчжур, моңғол, қарақытай, араб, соғды-парсы тайпаларының ықпалына түскен дулаттарды құраған әртүрлі рулық-тайпалық бірлестіктер зерттеушілер еңбектерінде этникалық тұрғыдан басқа этностарға жатқызылып жүр. Мұның өзі байырғы дулу құрамындағы рулар мен тайпалардың басқа этностарға уақытша болса да бағынышты болуымен тікелей байланысты екендігі түсінікті. Бұл мәселенің маңыздылығы сондай, Түркі дәуіріндегі дулулардың тарихын зерттеумен айналысқан ғалымдардың бәрі осы айтылғандарды өз еңбектерінде талдауға мәжбүр болды. Мысалға, профессор С.Аманжоловтың пікірлерін алайық. Оның ойынша, дулаттар Ү-ҮІІІ ғғ. Орхон-Енисей түріктерінің моңғол дәуірінен бұрын дулу деп аталған тайпалық бірлестігінің тікелей мұрагерлері және олар өздерінің есімін Батыс түріктің қағаны 653 ж. өлген Дулудың атынан қабылдаған. Өзінің бұл тұжырымын негіздегенде ғалым, кезінде академик В.Бартольдтың осы Дулу қағанға көптеген тайпалар, сондай-ақ қырғыздар да бағынғандығын атап көрсететіндігін дәлел ретінде көлденең тартады. Бұл айтылған пікірлер шын мәнінде негізсіз емес. Алайда, мұндай мақұлдаудан кейінгі дулаттар құрамындағы немесе қазақ дулаттарына жақын албан, суан тәрізді тайпалар және тағы да басқа жоғарыда аталған қазақ тайпаларындағы рулық тармақтар ежелгі түркі дәуіріндегі ру бұтақтарынан ешбір өзгеріссіз, жүйелі түрде келіп шыққан деген біржақты пікірді туындату тарихи шындыққа қиянат болар еді. Дегенменде С.Аманжолов айтқандай, кейінгі қазақ тайпаларының түп тамырының бұрынғы түркі этностарына алып баратынын, кейінгі қазақтардағы тарихи шежіреде айтылатын тарихи сананың негіздері бұрынғы түркі этнонимдерінен бастау алатындығын теріске шығару әділетсіздік болар еді. Сондықтанда ҮІ-ҮІІ ғғ. дулулар одағында негізінен алғанда бес ұлыс бас қосқан болса, ал кейінгі ХҮІ ғ. басталатын дулаттар шежіресінде бұл тайпадан 4 атаның тарайтынын байқаймыз. Кейінгі қазақ шежіресіндегі 4 атаны дәлірек айтсақ, Сиқым, Жаныс, Ботбай, Шымыр. ХҮ-ХҮІ ғғ. кейін қалыптасқан Дулат құрамындағы аталар бабаларының түп тамырын баяғы Дулулардан ала тұрса да, олардың Қазақ хандығы тұсындағы рулық-тайпалық құрылымы әртүрлі үрдістер барысында мүлде өзгеріп кеткен болатын. Сондықтанда Түркі дәуіріндегі ежелгі дулулардан кейінгі қазақ Дулатындағы 4 атаны айна қатесіз іздестіру тарихи нәтиже бере қоймайды. Жалпы алғанда, осындай ерекшеліктерді ескере отырып, ежелгі түркі дулуларымен кейінгі қазақ дулаттарының арасында этникалық тұрғыдан да және орналасу аймағы жағынан да тарихи сабақтастықтың байқалатындығын мойындағанымыз жөн деп ойлаймыз. Тегінде дулулар батысқа Іле, Шу бойына жылжыған кезде осы юебаньдардың мемлекетінің территориясынан өткен. Дулулар одағы Түрік қағанаты жойылған соң, яғни 535-551 жылдар аралығында батысқа ауған түрік тайпаларын біріктіріп, Батыс Түрік деп аталды. Түріктердің бұрынғы жерлерін құйғырлар (ұйғырлар) басып алды. Қытай деректерінде батыс түріктердің, яғни дулулар одағының құрылуының алғышарттары біршама жақсы баяндалған. Оларда мынадай жолдар бар: «Батыс түріктің арғы атасы – Нағыд Түрік шадтың немересі Тұрұм. Лауазымы Тай Ябғұ. Оның үлкен ұлы Түмен Ел қаған, екінші ұлы – Істемі. Істемінің ұлы – Тарду қаған, Бұқа қаған деп те аталады. Бастапқыда Шығыс түрікпен бірге Үйсіннің байырғы мекеніне бөлініп қоныстанды. Шығыс жағы Түрікке, батысы Лейжу теңізіне, оңтүстігі Шәлік еліне, солтүстігі Қаңғайға тіреледі, астанаға солтүстігінен жеті мың ли қашық. Агни елінен солтүстік-батысқа қарай жеті күн жүргенде, оның күнгей ордасына, солтүстікке қарай сегіз күн жүргенде, оның теріскей ордасына (Бесбалыққа) жетуге болады. Түрік, Нүшбе, Қарлық, Чоңұт, Чұмұл, Үбір сияқты аталар аралас қоныстанды. Ғұрып-салты Түріктермен барандас, тек тілдерінде болар-болмас айырмашылық бар». Міне, Батыс түріктің орналасқан аймағы қытай деректерінде осылайша айқын көрсетілген. Бұл аймақтың шығыс бөлігінде дулу одағына қарайтын түркі тайпалары қоныстанған болатын. Қытай деректерінде түрік деп Бес түрік-Дулу одағын айтып отыр. Қытай деректерінде осы түркі тайпаларының салт-дәстүріне байланысты төмендегідей деректер сақталған: «Олардың салты: мал шаруашылығымен шұғылданады, тұрақты қонысы болмайды, судың тұнығын, шөптің сонысын қуып көшіп отырады. Күмбез пішінді киіз үйде тұрады. Шаштарын жайып, етегін сол жағына қайырып жүреді. Ет жеп, ақ ішеді. Теріден тігілген, жүннен тоқылған киім киеді. Қарттарды сыйламайды, қару-қайраты барларды қадірлейді. Ұлықтарының үлкені – ябғұ, одан кейінгісі – шад-тегін, одан кейінгісі – елтебер, одан кейінгісі – тұдынбер. Барлығы төменгі шенділермен қосқанда 28 дәреже. Олар бұл шенге мұрагерлікпен ие болады. (Қару-жарақтан) мүйіз нақышты садақ, ысқырма жебе, сауыт, найза, қылыш, семсер бар. Атқа мықты, садақ тартуға шебер. Табиғаты – жауыз. Жазуы жоқ. Ағашқа кертілген белгі куәлік етіледі. Жорыққа немесе барымтаға шығу үшін айдың толуын күтеді. Олардың заңында бүлік жасағандар, кісі өлтіргендер өлім жазасымен жазаланады. Зинақорға ақтау жазасын және белін үзу жазасын бұйырады. Көз шықса, айыпты қызын береді. Егер қызы болмаса, әйелінің дүние-мүлкімен құн төлейді. Ал дененің басқа бір мүшесін зақымдаса, онда жылқы төлейді. Зат ұрлаушы сол ұрлаған нәрсесінің құнын он есе етіп қайтарады. Өлген адамның мәйіті киіз үйге жайғастырылады. Үй ішіндегілермен жақын туыстары құрбандыққа мүйізді ірі қара, жылқы шалып, дауыс сала үйді айналады. Теміртекпен беттерін жыртады. Қанмен жас қосыла төгіледі. Жоқтау рәсімін жеті реттен кейін аяқтайды. Содан кейін күннің сәтін таңдап, мәйітті атының үстіне қойып өртейді де, сүйек күлін жиып алып, жерге көмеді, қабір басына белгі ретінде қадақ орнатылады. Оның үстіне үй тұрғызылып, оның ішіне, өлген адамның бейнесі және оның тірі кезінде өткерген шайқастары баяндалған суреттер салынады. Әдетте егер ол бір адам өлтірсе, онда бір тас қойылады. Кейбіреуінде ондай тастар жүзге, тіпті мыңға жетеді. Әкесі, ағасы қайтыс болса, баласы, аға-бауырының баласы, бауырлары өгей шешелеріне жеңеше-жеңгелеріне үйлене береді. Мамырдың ортасында құрбандыққа көп қой және жылқы шалады. Ерлері чупу дейтін ұтысты, әйелдері тепкіш ойнағанды ұнатады. Қымызды мас болғандарынша ішеді, дәурігіп өлең айтысады. Жын-шайтан дегендерден қорқады, аруақты сыйлайды, бақсыға сенеді. Соғыста өлгенді даңқ, ауырып өлгенді намыс санайды. Олардың салты жалпы ғұндармен бірдей». Көшпелі түріктердің дәлірек айтсақ, байырғы дулулардың мінез-құлқындағы ғұрып-әдеттер қытайлар тарапынан негізінен алғанда жағымсыз бағаланып, олар өздерінің сипаттамаларын сыни тұрғыдан жазған. Себебі түріктер өздерінің этникалық болмысы жағынан мүлде басқа, оның үстіне көшпелі халық болды, қытаймен көбіне жаулық қатынаста болған. Суицид. БӘДСҰ (Бүкіл әлемдік денсаулықты сақтау ұйымы) берген мәлімет бойынша дүние жүзінде жыл бойы 500 мың адамдар өз өмірлерін қияды. Ең жоғарғы суицид көрсеткіші ол ФРГ, ГДР, Австралия, Швецария, Венгрия, Чехославакияда болса, ең төменгі көрсеткіш ол Болгарияда, Ирландияда және Индияда. АҚШ-та өзін-өзі өлтіру деңгейі 100 мың адамға орташа алғанда 25-29 адамнан келсе, СССР-де шамамен 23-24 адамнан келеді. ХХ ғасырда дүние жүзінің ғалымдарын толғандыратын мәселе ол қазіргі кезде жасөспірімдер арасында жиі кездесетін-суицид. БӘДСҰ-ның соңғы мәліметтері бойынша 15-24 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында өзін-өзі өлтіру екі есе артып кетті. Ол мемлекеттегі экономикалық жағдайларға байланысты. Мәселем Францияда соңғы 10 жылда суицидттен өлген балалар саны үш есе артқан. Енді бұл өлімдер жол апатынан қайтыс болған адамдар санымен теңеліп отыр. АҚШ-та 15-19 жас аралығындағы өзін- өзі өлтіру саны 1 жылда 5000-ға дейін көтерілді. Қазіргі кезде АҚШ-та ең маңызды өлімдердің арасында суицид 10-шы орында тұр. Онда 1978 жылда 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында 29000 суицид тіркелген. Бұнда соңғы 30 жылда суицид 15-19 жас аралығындағы қыздар арасында 200%, ал бозбалалар арасында 300%-ға дейін көтерілген. Суицид термині итальян психологы Г. Дэзен 1947 жылы енгізіп, оны “өзін-өзі өлтіруге әрекет ету” - деп түсіндіреді. Қазіргі кезде Суицидалогия деп аталатын үлкен бір ғылыми бағытты бар, ол социология, психология, медицина, демография, психиатрия тоғысында пайда болып осындай әрекетке баратын тұлғалардың ерекшелігін, әрекетін, себептерін зерттеуге тырысты. Суицидалды мінез-құлық – адамның саналы түрде өзін-өзі өлтіргісі келетін тұлғаның мінез-құлқының бір түрі деп есептеді. Адамзат тарихында өзін-өзі өлтіру әрекеті әртүрлі бағаланады. Европа халқында өзін-өзі өлтіретін адамдар - вампирға айналады деген. Ал көне Греция, Спарта, Афинада өзін-өзі өлтірген адамдардың мәйітін өртеп жіберген. Орта ғасырда Австрия, Пруссия, Францияда өзін- өзі өлтіруші адамдарды діни көзқарас бойынша – қылмыскерлер деп санаған. Суицидальді мінез құлықтың белгілі бір формасы, тәсілі, даму стадиясы, тәуекел факторлары болады. Суицидальді мінез-құлыққа адамның жас ерекшелігі, жынысы, кәсіби ерекшелігі, өмірлік жолының ерекшелігі де әсер етеді. Әр бір жас кезеңдеріне сай суицидальді белсенділік тән болады. - Балалық шақ – 12 жасқа дейін; - Жеткіншектік кезең – 12-17 жас; - Жастар арасы - 17-29 жас; - Ересектер арасы – 30-35 жас; - Қарттық кезең – 55-70 жас. 5 жасқа дейінгі балаларда өзін-өзі өлтіру әрекетіне бару өте сирек кездеседі. Жанұялық қақтығыстарға байланысты 9 жасқа дейін 2,5%, ал 9 жастан кейін 80% өзін-өзі өлтіру әрекетіне барады екен. Жеткіншек кезеңінде суицидалды әрекеттің себебі болып ата-анасымен мұғалімдерімен қақтығысқа бару салдары болып табылады. Жастар арасында әсіресе қыздар арасында әсіресе қыздарда өздерінің жігітеріне байланысты суицидальді әрекеттерге баратыны анықталды. Суицидтың ең жиі кездесетін кезі 15-24 жас аралығы. Өзін-өзі өлтіруге бармас бұрын, суициденттердің көбі дайындық кезеңі – суицидалды кезеңінен өтеді, ол адамның бейімделу қабілетінің төмендеуімен сипатталады. Ол қызығушылық деңгейінің төмендеуі, қарым-қатынастың шектелуі, мазасызданғыш, эмоционалды тұрақсыз болуы т.б. Японияда тек 1986 жылы ғана 25524 жағдай тіркелген. Швейцарияда әскер қатарына шақырылған боз балаларды психологиялық тексеруден өткізген кезде олардың 2% өзін- өзі өлтіруге барған, ал 24%- де суицидальді ойлар айқын көрінгені мәлім болған. Польшада соңғы 10 жыл ішінде 12-20 жас арасындағы суицидтен өлген балалар саны 4 есеге көтерілген, ал оның 21% қыздар алса, қалған 79% ұлдар құрайды. Дюркгейімнің суицид теориясына байланысты адам бір проблемаға тірелген кезде немесе ол бейімделген орта немесе әлеуметтік топ одан бас тартқан кезде ол өзін- өзі өлтіруге барады деген. Әлеуметтік байланыстардың ерекшеліктерін ескере отырып ол келесі суицид түрлерін бөліп көрсетті: эгойсттік және альтруисттік. Тағы да психопаталогиялық жағдай негізінен балалармен жас өспірімдердің социолизация деңгейімен қоғамда алатын орнына байланысты да болады. Психоанализдік зерттеулер барысында суицид ол жеке тұлғаның сексуалды бұзылысына байланысты деген тұжырымдарға келді. Өзін-өзі өлтіру оның ішкі қақтығыстарын өткізу жағдайларындағы әлеуметтік психология дезадаптация салдары деп Бачериков қарастырады. Суицидогенді жағдайлар тұлғаның ерекшелігіне, оның өмірлік тәжірибесіне, интелектісі және мінез- құлығымен анықталады. Суицидогенді қақтығыс шынайы себептер арқылы жүзеге асады. Ол тіпті сау адамда кездесуі мүмкін. Қақтығыс себептері субьект үшін ылғи да шынайы болады, сондықтан ол субъектіні ауыр уайым – қайғымен депрессияға ұшыратады. Сол проблемалардың шешілмеуіне байланысты адамдар өз- өздеріне қол жұмсауы мүмкін. А.Г. Амбрумова суицидальді мінез-құлқы бар 770 балалармен жасөспірімдерді зерттей келе пубертантты жасқа дейінгі балалар арасында (13 жасқа дейін) - 14,4%, пубертанты жастағы балалар арасында (13-16) - 51%, пубертантты жастан асқандар арасында (17-18) - 33,8% кездеседі. Суицидке барған көптеген қыздар дәрі ішіп уланып өлсе, ұлдар асылып немесе тамырларын кесіп өледі. 13 жастағы қыздардың өзін-өзі өлтіру себептері ол көбінесе аяқтарының ауыр болып қалуына байланысты. Осы жасқа байланысты Железова бұл балалардың көбінің мінез- құлқында ауытқулары бар және олардың 70% шизофрениямен ауыратын балалар құрайды деген. А.Г. Абрумова және В.А. Тихоненко суицидалды әрекеттің екі негізгі типін көрсетеді: шынайы әрекет және демонстративті-шантажды. Демонстративті-шантажды әрекетте - өміріне сондай қауіпті емес әрекеттерге барады; денеде ірі веналар жоқ жерлерді кескілеу, онша қауіпті емес дәрілерді ішеді. А.Е. Личко мен А.А. Александров 14-18 жастағы жас өспірімдерді зерттей келе олардағы суицид мінезі көбінесе аффект жағдайында және ол балалардың осы жаста өте сезімтал болатындығына байланысты жиі кездеседі деген тұжырымдарға келді. Бірақ көбінесе бұл кезде балалар арасында кездесетін суицид ол демонсративті әрекет түрінде болады. Шынайы суицидальді мінез- құлық деп тұлғаға деген шынайы немесе қиын проблемалары шешілмеген кезде өзін- өзі өлтіруін айтамыз. Ал жалған шантажды мінез-құлық деп ол адам өзі ойлаған ойын жүзеге асыру үшін, оны қоршаған адамдарға қысым көрсеткен кезде және басқалардың сезімін манипуляциялаған кезде бұл әдісті қолданады. Ол көбінесе оны ренжіткен адамның алдында жасалады. Бұнда олар өздерін өлтірмейді тек, өзінің өлгісі келетіндігін демонстрациялайды. Шантажды мінез- құлық көбінесе бала кезден пайда болады. Мысалы, Лилияны алатын болсақ ол кішкентай кезінен бастап барлығына да истерика арқылы қол жеткізетін. Ол төрт жасынан бастап- ақ дүкеннен ұнаған нәрсесін алмай кетпейтін. 13 жасында ол мен ешқашан мектепке бармаймын деп әке- шешесін қорқытқан ол музыкалық орталық саттырып алады. 15 жасында әке-шешесі оны туған күнге жібермеген үшін ол терезеге шығып өлемін деп шошытқан. Шошыған әке-шешесі оны туған күнге жіберіп қана қоймай оның қолына ақша да ұстатқан. Уақыт өткен сайын Лилияда шантажды мінез-құлық пайда болған. Өзіне қолайлы жағдайда ол өзін өлтірем деп барлық адамдарды манипуляциялау арқылы өз мақсатына қол жеткізген. Алайда, бұл «өзін-өзі өлтіру ойыны» көбінесе қайғылы болып аяқталады өйткені өліммен ойнамайды. Қазіргі кездегі жастардың суицидке бару себебі, олардың өмір тәжірибелерінің болмауына, олардың алдарына қойған мақсаттарына жете алмау себептеріне байланысты және өмір қиындықтарына шыдамауына байланысты болады. И.П. Павлов өзін-өзі өлтіруді «мақсат рефлексін» жоғалту деп түсіндірген. Осыған байланысты ол: «Мақсат рефлексі әр адамның өмір мәні және энергия көзі. Өмір қызығы бір мақсатқа жетуге талпыну, егер сол мақсатқа жете алмаса басқа мақсатты көздеп соған қол жеткізу, қызығу, ұмтылу. Соған байланысты біздің өміріміз гүлденеді және мәндене түседі. Егер адамның өмірінде мақсат жоғалса оның өмірі мәнсіз болады. Сол себепке байланысты біз өлген адамдар артынан қалған қағаздардан, олардың өмірлерінің мәні жоғалғанына байланысты олар өз- өздерін өлтіруге мәжбүр болғандарын ұғынамыз. Бірақ адам өміріндегі мақсаттар саны шексіз...» Тек И.П. Павлов суицидке барған адамдардың ешқайсысында психикалық ауытқуы жоқ деген. Суицидалды мінез-құлық соматикалық, психикалық ауытқуы бар, тіпті сау адамдарда да кездеседі. Сондықтан өзін- өзі өлтіретін адамдардың барлығының психикасында ауытқуы бар деуге болмайды. Медициналық статистикаға байланысты адамдардың бір жартысын ақыл- ойы кеміс адамдар, бірін жүйке-жүйесі тозған адамдар, бірін мазасыз адамдар десе, енді бірін өз эмоцияларын басқара алмайтын адамдар құраса, қалған бөлігін ешқандай психикалық ауытқуы жоқ адамдар құрайды екен. Суицидальді мінез-құлық тағыда балалар үйінде және толыққанды емес отбасында өскен балалар арасында жиі кездеседі. Сонымен қатар отбасы аралық қақтығыс, әке-шешесінің айырылысуына да байланысты болады. Көктем, жаз жыл мезгілдерінде сейсенбі күні суицид жасалу күні жоғары болады. Күз, қыс мезгілдерінде сәрсенбі, бейсенбі күндері суицидтің жасалуы төмен болады деп қарастырады. Суицидальді мінез-құлық көбінесе депрессия кезінде, алкогольдік токсикомания, психопатия және аффект кезінде жиі кездеседі. Өзін-өзі өлтіруге көбінесе индивидуалды проблемалар итермелейді. Қазіргі кезде жастар өздерінің өмірлерін бағалай алмайды. Егер бір проблеманы шеше алмай жатса, олар өз өмірлерін қиюға даяр болады, өйткені олардың ойларынша олар тек осылай ғана тыныштық, уайым-қайғысыз өмір және махаббат табатын сияқты. Көбінесе жасөспірімдер мен балалар жерлеу рәсімін көз алдарына елестетіп, ата- аналарының жылағандарын елестетіп, олардан өш алмақ болады. Адам өліміне әлеуметтік жағдайлар, жалғыздық та үлкен әсерін тигізеді. Бірақ кей біреулер ұрсысып өзін- өзі өлтіретін болса, енді біреулері түрмеде отырып бостандықты аңсайды. Сондықтан қоғамда өмір нашарлаған сайын суицидте көбейе түседі. ЭТА. Э́ТА ( — «Басктер елі және еркіндік») — басктердің солшыл сепаратисттікя ұйымыя, Басктер елінің тәуелсіздігі үшін күреседі— ол Испанияның солтүстігінде және Францияның оңтүстік батысында орналасқан.1959 жылы құрылған. Ирландия республикалық армиясы. Ирландия республикалық армиясы, ИРА (,) — Солтістік ирландияны Ирландия қосу үшін күресетін әскери ұйым. «Жеті жарғы». «Жарғы» сөзі қазақша әділдік, шешім деген ұғымды білдірген. Түпкі мәні жарудан, нәрсенің салмағын бір жағына аудармай, дәл де әділ айырудан шыққан. Дауды әділ, тура шешкен билерді халық: «Қара қылды қақ жарған» деп мадақтайды. Ол заманда бас кетсе де әділ сөйлеген. Бізге белгілі, «Қысам ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» және Тәуке ханның «жеті жарғысы» осы хан кеңсінің шешімі арқылы жарыққа шығып, елге таралған. Жәңгір ханның ұлы Тәуке «Қасым ханның қасқа жолын», «Есім ханның ескі жолын» өз дәуіріне сай етіп, сондағы ережелеродің жеті түріне күрделі өзгеріс енгізгендіктен, ол өзгерістер «Тәуке ханның Жеті жарғысы» («Жеті жарлығы») аталып кеткен делінеді. Бірінші жарлығы: «Халықтың ханы, сұлтаны, пірі-әзіреті қастан өлтірілсе, олардың әрқайсысы үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн төленсін». Екінші жарлығы: «Төрелер мен қожалардың жай қатардағы біреуі өлтірілсе, олардың әрқайсысына («ақсүйектің, пірдің тұқымы деп) екі кісінің құны төленуі тиіс». Үшінші жарлығы: «Сырттан келген адам үйге кірерде мініп келген атын босағаға байлағандықтан біреуді теуіп өлтірсе «бүтін құн», үйдің жапсарына байлаған ат теуіп өлтірсе «жарты құн», ал үйдің артына байлаған ат теуіп өлтірсе тек «ат-тон» айып тартады». Төртінші жарлығы: «Ата-анасын туған баласы ренжітіп, қарсы келіп қол жұмсаса, онда ол баланы ата-анасы өлтіремін десе де ерікті, сұраусыз болады». Бесінші жарлығы: «Кәмелетке жеткен баласы туған ата-анасына тіл тигізіп сөккені үшін (қол тигізбесе) – қара сиырға немесе қара есекке теріс мінгізіп, мойнына құрым іліп, бүкіл ауылды айналдыру керек». Алтыншы жарлығы: «Құда түсіп, құйрық-бауыр жескеннен соң – ақ баталы жесір басқаға кетсе, оған берілген қалың мал жесір иесіне түгел қайтарылып, оның үстіне қалыңсыз қыз немесе бір қыздың қалың малы төленсін». Жетінші жарлығы: «Ұрыдан айыр түйеге – нар, атқа – аруана, тайлаққа – атан, тайға – ат, қойға – тана төлетеді. Оның үстіне үш тоғыз айып төлейді». Н.Өсерұлы «Жеті жарғы» Алматы «Жеті жарғы» 1995 жыл Жоғарғы Қайрақты. ЖОҒАРҒЫ ҚАЙРАҚТЫ, кент, Шет ауданындағы Жоғарғы Қайрақты кентiнің орталығы, аудан орталығы Ақсу-Аюлының батысында-70 км, Қарағанды қаласының оңтүстігінде 170 км жерде орналасқан. Халқы 313 (2006). Ұлттық құрамы: 98 пайызы қазақ; 2 пайызын өзге ұлт өкілдері құрайды. Жерiнiң жалпы ауданы 224 мың (2006). Кентте 1 мектеп, ФАП, клуб, кiтапхана бар. Кентте 6 шаруа қожалығы құрылған (2006). Қатпар кен орны бар. Ауыл басқа елдi мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Ең жақын Жарық т.ж. станциясы 60 км жерде. Көктіңкөлі. КӨКТІҢКӨЛІ, ауыл, Шет ауданындағы Көктіңкөлі селолық орталығы. Көктіңкөлі ауылы аудан орталығы Ақсу-Аюлының батысында 200 км, Қарағанды қаласының оңтүстік батысында 290 км жерде орналасқан. Халқы 1391 (2006). Ұлттық құрамы: 72 пайызы қазақтар, 28 пайызын өзге ұлт өкілдері құрайды. 60-90 ж.ж. Көктіңкөлі атындағы кеңшардың және ауылдық кеңестiн орталығы. Шаруашылықтың мамандандырылған негiзгi бағыттары–мал шаруашылығы, қосымша саласы –сүттi iрi қара өсiру болды. Жерiнiң жалпы ауданы 300 мың га. (2006). Округтің елді мекендерінде (Көктіңкөлі, Алихан, Жыланды, Көктіңкөлі станциясы, Целинное ауылдары) 5 мектеп, ФАП, мәдениет үйі, кiтапхана, пошта, жанұялық дәрігерлік амбулатория бар. Кеншар негiзiнде 33 шаруа қожалығы құрылған (2006). Көктіңкөлі ауылы басқа елдi мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Ең жақын Ақадыр т.ж. станциясы 60 км жерде. Үңірек. ШЕТ,Үңірек ауыл, Шет ауданындағы Шет селолық округiнiң орталығы. Үңірек өзенiнің бойында, Бұғылы тауының етегiнде, аудан орталығы Ақсу-Аюлының солтүстік-батысында 65 км, Қарағанды қаласының оңтүстігінде 180 км жерде орналасқан. Іргесі 1932 жылы Нұраталды кеңшарынан бөлініп, қаланған. Халқы 1160 (2006). Ұлттық құрамы: 98 пайызы қазақ; 2 пайызын өзге ұлт өкілдері құрайды. 60-90 ж.ж. Шет атындағы кеңшардың және ауылдық кеңестiң орталығы. Шаруашылықтың мамандандырылған негiзгi бағыттары – мал шаруашылығы, қосымша саласы –сүттi iрi қара өсiру болды. Жерiнiң жалпы ауданы 147 мың га. Округтің елді мекендерінде (Үңірек, Қармыс, Құттыбай, Тұмсық ауылдары) 4 мектеп, пошта, ФАП, клуб, кiтапхана бар. Кеншар негiзiнде 107 шаруа қожалығы құрылған (2006). Ауыл басқа елдi мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Ең жақын Жарық т.ж. станциясы 12 км жерде. (Қатпар кең орны бар). Батық. БАТЫҚ, ауыл, Шет ауданындағы Батық селолық округінің орталығы. Аудан орталығы Ақсу-Аюлының солтүстік-батысында – 120 км. Қарағанды қаласының оңтүстігінде 150 км жерде орналасқан. Іргесі 1978 жылы Просторненский асыл тұқымды мал зауытының бөлімшесі негізінде қаланған. Халқы 800 адам (2006). Ұлттық құрамы: 98,7 пайызы қазақ; 1,3 пайызын өзге ұлт өкілдері құрайды 60-90 ж.ж. Батық асыл тұқымды мал зауыты және ауылдық кеңестiң орталығы.. Шаруашылықтың мамандандырылған негiзгi бағыттары қазақтың ақбас тұқымды iрi қара өсiру. Жерiнiң жалпы аумағы 98 мың га. Батық ауылдық округінде орта мектеп, ФАП, пошта бар. Кеншар негiзiнде 34 шаруа қожалығы құрылған (2006). Ауыл басқа елдi мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Ең жақын Жарық т.ж. станциясы 50 км жерде. Тағылы. ТАҒЫЛЫ, ауыл, Шет ауданындағы Тағылы селолық округiнiң орталығы. Аудан орталығы Ақсу-Аюлының оңтүстiк-батысында- 35 км, Қарағанды қаласының оңтүстігінде 150 км жерде орналасқан. Іргесі колхоздандыру кезінде 1933 жылы қаланған. Халқы 2010 (2006). 95 пайызы қазақ; 5 пайызын өзге ұлт өкілдері құрайды.Округ аумағында өткен ғасырдың 30-60 жылдары аралығында Қызылту, Қарасаз, Абай колхоздары ұйымдастырылған. 60-90 ж.ж. Октябрдiң 40 жылдығы атындағы кеңшардың және Тағылы ауылдық кеңестiң орталығы. Шаруашылықтың мамандандырылған негiзгi бағыттары – еттiк мүйiздi iрi қара өсiру, қосымша саласы жылқы шаруашылығын өсiру болды. Жерiнiң жалпы ауданы 500 мың га. Округтің елді мекендерінде (Жұмыскер, Қойтас, Қызылту, Төменгi Қайрақты ауылдары) 4 мектеп, ФАП, клуб, кiтапхана бар. Кеншар негiзiнде 52 шаруа қожалығы құрылған (2006) Ауыл басқа елдi мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Ең жақын Ақадыр т.ж. станциясы 60 км жерде. (Төменгi Қайрақты кен орны бар). Қызылтау. ҚЫЗЫЛТАУ, ауыл, Шет ауданындағы Қызылтау селолық округінің орталығы. Қызылтау, Ақтау, Ортау тауларының етегінде, аудан орталығы Ақсу-Аюлының оңтүстік – батысында 170 км, Қарағандының оңтүстік батысында 250 км жерде орналасқан. Іргесі 1953 жылы қаланған. Халқы 400 (2006). Ұлттық құрамы: 99,7 пайызы қазақ; 0,3 пайызын өзге ұлт өкілдері құрайды. Округ аумағында өткен ғасырдың 40-53 жылдары «Карлаг» бөлімшесі болған. 1953 жылы жабылған «Карлагтың» қосалқы шаруашылығы негізінде кеңшар құрылған. 53 – 95 жылдары Кәрім Мыңбаев атындағы кеншардың және Қызылтау ауылдық кеңесінің орталығы. Шаруашылықтың мамандандырылған негізгі бағыты – еділбай тұқымды қой шаруашылығы, қосымша саласы асыл тұқымды мұғалжар жылқысын өсіру болды. Округтегі қой тұқымы мен жылқы тұқымын асылдандырудың негізін қалаған академик Кәрім Мыңбаев. Осы мақсаттарда бетпақдала тәжірибе станциясы жұмыс атқарған. Жерінің жалпы ауданы 401 мың га. Округтің аумағында мал өсірумен отырған шаруақожалықтарының 15 қыстағы бар. Округ орталығында 1 мектеп, 1 ФАП, мәдениет үйі, пошта бөлімшесі, кітапхана. Кеншардың негізінде 25 шаруа қожалығы құрылған (2006). Академик Кәрім Мыңбаев Бетпақдала тәжірибе станциясының негізін қалап еңбек еткен, округ орталығы Қызылтауда Кәрім Мыңбаевтың гранит тастан қажалған ескерткіші бар. Округ аумағында, ауыл орталығының оңтүстігінде ақжолтай Ағыбай батырдың кесенесі орналасқан. Ауыл басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Ең жақын Ақадыр темір жол станциясы 78 шақырым жерде. Өспен. ӨСПЕН, ауыл, Өспен селолық округінің орталығы. Аудан орталығы – Ақсу-Аюлының батысында 110 км., Қарағандының оңтүстігінде 200 км. жерде орналасқан. Іргесі 1845 жылы орыс көпесі Ушаков ашқан мыс кен орнының негізінде қаланған. 1936 жылы Нілді руднигі деп өзгертіліп аталды. Халқы 2316 (2006) 99,3 пайызы қазақ; 0,7 пайызын өзге ұлт өкілдері құрайды. Округ аумағында өткен ғасырдың 30 жылдарында «Ленин», «Еңбек», «Еркіндік» колхоздары ұйымдастырылған. 1905 жылы желтоқсанда «Орыс-қырғыз жұмысшылар одағы» ұйымдастырған жұмысшылар ереуілі болған. Петицияда қойылған талаптар: а) жұмысшылар жалақысын көтеру; б) қырғыз жұмысшылар казармасын жөндеу, в) земство мектебін ашу т.б. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі аясында Ақмола болысы Еркесей, Нілді болыстарында Әмет қажы Қойқынбекұлы хан сайланған. Өспен мыс руднигінің орны (шахта, карьер), Сарысу кен байыту фабрикасын-19 ғасырда ағылшындар салған, 1906-1909 жылдары Өспенде С.Сейфуллин оқыған «Успенское одноклассное училище» ғимараты, Тобыршақ батыр мазары, Байғозы батыр мазары, «Қос там», «Қандықараша», Әмет қажы, Жантай, Айса, Мұқыр мазарлары бар. 1960-1992 жылдарда Өспен кеңшарының және Өспен ауылдық кеңесінің орталығы. Шаруашылықтың мамандандырылған негізгі бағыттары ірі қара малы қосымша саласы егін шаруашылығы болды. Жерінің жалпы ауданы 315 мың га (2006). Округтің елді мекендерінде (Өспен, Еркіндік, Айғыржал, Айса ауылдары) 3 мектеп, 1 отбасылық дәрігерлік емхана, 3 ФАП, мәдениет үйі, кітапхана бар. Кеншардың негізінде 66 шаруа қожалығы құрылған (2006). Округ орталығындағы мектеп 1993 жылдан бастап Сәкен мектебі деп аталады. Совет Одағының батыры В.Агеев Өспенде мектеп бітіріп соғысқа аттанған. Округке қарасты Айғыржал ауылында қазақтың халық ақыны Маясар Жапақов туып, өскен. Айғыржал ауылындағы негізгі мектеп Маясар Жапақов атымен аталады. Ауыл басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Округ жерінен ауыл орталығы арқылы Екатеринбург – Алматы теміржолы өтеді. Ауыл орталығында Нілді станциясы бар. Нұраталды. НҰРАТАЛДЫ, ауыл, Шет ауданындағы Нұраталды селолық округінің орталығы. Аудан орталығы Ақсу-Аюлының солтүстік батысында 45 км, Қарағанды қаласының оңтүстігінде 90 км жерде Астана-Алматы автожолдары бойында орналасқан. Іргесі 1931 жылы Нұраталды кеңшары болып құрылды. Халқы– 2010 (2006). Ұлттық құрамы: 97 пайызы қазақ; 3 пайызын өзге ұлт өкілдері құрайды. 60-90 ж.ж. Нұраталды кеңшарының және ауылдық кеңестің орталығы. Шаруашылықтың мамандандырылған негізгі бағыттары – сүтті ірі қара өсіру, қосымша саласы-егін шаруашылығы. Жерінің жалпы ауданы 109 мың га. Округтің елді мекендерінде (Ақсу, Аққияқ, Шопа, Қызылқой ауылдары) 4 мектеп, 2 клуб, кітапхана, отбасылық дәрігерлік амбулатория, ФАП бар. Кеңшардың негізінде 103 шаруа қожалығы құрылған (2006). Ұлы Отан соғысында Даңқ Орденінің толық иегері атанған Ботай Байзақов тұрып, еңбек етті. Оның атында көше бар. Ауыл басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Ең жақын Қарамұрын т.ж. станциясы 45 км жерде. Ортау. ОРТАУ, ауыл, Шет ауданындағы Ортау селолық округiнiң орталығы. Ортау тауының етегiнде, аудан орталығы Ақсу-Аюлының батысында 135 км, Қарағанды қаласының оңтүстік батысында 240 км жерде орналасқан. Халқы 620 (2006). Ұлттық құрамы: 95 пайызы қазақ: 5 пайызын өзге ұлт өкілдері құрайды. Округ аумағында өткен ғасырдың 30-50 ж.ж. аралығында «Карлаг» бөлімшелері болған. 60-90 ж.ж. Ортау атындағы кеңшардың және ауылдық кеңестiн орталығы. Шаруашылықтың мамандандырылған негiзгi бағыттары–қой шаруашылығы, қосымша саласы жылқы шаруашылығы болды. Жерiнiң жалпы ауданы 204 мың га. Округтің елді мекендерінде (Ортау, Босаға, Жартас, Сарыбұлақ ауылдары) 4 мектеп, ФАП, клуб, кiтапхана, пошта бар. Кеңшар негізінде 71 шаруа қожалығы құрылған. Сәкен Сейфуллиннің туған жері Қарашілікте Сәкеннің бюсті орнатылған. Ауыл басқа елдi мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Ең жақын Ақадыр т.ж. станциясы 35 км жерде. Босаға. БОСАҒА, ауыл, Шет ауданындағы Босаға селолық округiнiң орталығы. Шалтас тауының етегiнде аудан орталығы Ақсу-Аюлының оңтүстiк-шығысында – 170 км, Қарағанды қаласының оңтүстігінде 280 км жерде орналасқан. Іргесі 1937 жылы Қарағанды-Мойынты темір жолының құрылысы бойында Босаға стансасының ашылуына байланысты қаланған. Халқы 1099 (2006). Ұлттық құрамы: 97 пайызы қазақ; 3 пайызын өзге ұлт өкілдері құрайды. Округ аумағында өткен ғасырдың 40 жылдарында Балқаш өндірістік құрлысының қосалқы шаруашылығы ұйымдастырылған. 60-90 ж.ж. Босаға кеншарының және ауылдық кеңестiң орталығы. Шаруашылықтың мамандандырылған негiзгi бағыттары қой шаруашылығы, қосымша саласы-жылқы, iрi қара өсiру болды. Жерiнiң жалпы ауданы 302 мың га. Округтің елді мекендерінде (Босаға, Бестамақ, Жұманбұлақ, Жылыбұлақ) 4 мектеп, мәдениет үйі, ФАП, кітапхана бар. Кеңшар негiзiнде 88 шаруа қожалығы құрылған (2006). Соғыс жылдары әскери-дала эвакогоспиталінің бастығы болған, ғылым докторы, профессор Шет ауданының «Құрметті азаматы» Гүлімжан Қарсыбекованың туған жері. Ауыл басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Ақой. АҚОЙ, ауыл, Шет ауданындағы Ақой селолық округiнiң орталығы. Аудан орталығы Ақсу-Аюлының солтүстік батысында 110 км, Қарағанды қаласының оңтүстік батысында 130 км жерде орналасқан. Іргесі «Карлаг»-тың қосалқы шаруашылығы ретінде өткен ғасырдың 40 жылдары қаланған. Халқы 749 (2006). 60 пайызы қазақ; 40 пайызын өзге ұлт өкілдері құрайды. 1958 жылы «Просторное» кеңшары құрылған. Просторное елді мекенінің бұрынғы атауы, 2001 жылы Ақой елді мекені болып өзгертілді. 60-90 ж.ж. Просторненский атындағы асыл тұқымды мал зауыты және ауылдық кеңестiң орталығы. Шаруашылықтың мамандандырылған негiзгi бағыттары қазақтың асыл тұқымды ақбас сиыр тұқымын өсiру, қосымша саласы көкөнiс, картоп өсiру болды. Жерiнiң жалпы ауданы 98 мың га. Округ елді мекенінде (Ақой ауылы) мәдениет үйі, кітапхана, орта мектеп, пошта, байланыс бөлімшелері бар. Кеңшар негiзiнде 38 шаруа қожалығы құрылған (2006). Ауыл басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Қарағанды-Жезқазған автожолдары округ орталығы арқылы өтеді. Ең жақын Жарық т.ж. станциясы 30 км. жерде. Красная Поляна. КРАСНАЯ ПОЛЯНА, ауыл, Шет ауданындағы Красная Поляна селолық округінің орталығы. Нұра өзенiнiң бойында, аудан орталығы Ақсу-Аюлының оңтүстiк-батысында 75 км, Қарағандының оңтүстігінде 95 км жерде орналасқан. Іргесі 1956 жылы қаланған. Халқы 1450 (2006). Ұлттық құрамы 40,5 пайызы қазақтар, 59,5 пайызын өзге ұлт өкілдері құрайды. Округ аумағында өткен ғасырдың 30-50 жылдары «Карлаг» бөлімшелері болған. 56-90 ж.ж. Красная Поляна кеңшарының және ауылдық кеңестің орталығы. Шаруашылықтың негізгі бағыттары – асыл тұқымды мүйiздi iрi қара төлдерiн өсiретiн шаруашылық, қосымша саласы көкөнiс, картоп өсiру болды. Жерiнiң жалпы ауданы 350 мың га. Округтiң елдi мекендерiнде (Пикет, Деріпсал, Қарамұрын, Байқара, Сұлу-Мәдине ауылдары) 3 мектеп, УДА, мәдениет үйі, кiтапхана, пошта бар. Кеңшар негiзiнде 5 ЖШС-і, 29 шаруа қожалығы құрылған (2006). Ауыл басқа елдi мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Ең жақын Қарамұрын т.ж. станциясы 2 км жерде. Институт ақпараттық, телекоммуникациялық және құқық медиа. Институт ақпараттық, телекоммуникациялық және авторлық құқықтың (), қорғауы жеке алғанда ақпараттық құқықтың сұрақтарының зерттеу шұғылданатын тәуелсiз құрылымдық бөлiмшенi құқық медиа Вестфаль университетiнде және жапсарлас дұрыс айтады, ашылудан, сонымен бiрге ақпараттық сала пайда болатын тағы басқа құқықтық қатынастарды құқықтың интернет-нiң ерекшелiктерiмен оңаша мәлiметтiң қорғауымен. Институттың ғылыми кеңестiн құрамасында − Еуроодақ сонымен бiрге АҚШ және Канададан он сегiз ғылым докторлары бар. Еврокомиссиянын тiкелей тапсырыспен бойынша бойынша iске асады. Мақсат. Институттың мақсаты заңға сүйенген қағида ақпараттық қоғамындағы зерттеу болып табылады. Басқа елдердiң тәжiрибесiн ойдағыдай үлгi үйрену үшiнерекше iлтипат заң салыстыруының әдiсiнде назар аударады. Сол, институттың ғылыми қызметкерлерiнен тысқары жаңалықтарға тұрақты үйренудi процессiнде ақпараттық, телекоммуникациялық болады және медиа − құқық. ғылыми жаңалык. Ақпараттық, телекоммуникациялық және медиа − құқық − бұл қай заңға сүйенген реттеудi ерекше сала тiптi жуық шамамен өз қамтуын масштабқа және реттелетiн құқықтық қатынастардың сипаты бойынша, үш классикалық заң пәндерi бiрмен − азаматтық, қылмыстық және әкiмшiлiк құқық салыстырылмайтын. Сонымен бiрге, сондықтан ITM дербес ғылыми пәнмен бұл саласын болуы мүмкiн деп жасауға ұмтылады ол жетiлдiре барынша. Веб шолғыш. a> веб шолғышындағы ағылшын Уикипедияның басты беті. Веб шолғыш () — интернеттегі не басқа кез-келген желілердегі http/https веб сайттарын, яғни веб парақтарын (html, php және т.б.) қарап шығу, өңдеу және араларымен өту әрекеттерін орындауға арналған бағдарлама. Кейбір шолғыштар электрондық поштамен, ftp протоколымен, жаңалықтар тобымен жұмыс істеуге, сондай-ақ веб парақтағы дыбыстық және бейне файлдарды сияқты мультимедиа құрамасын ойнатуына мүмкіндік береді. Локомотив (футбол клубы, Астана). Локомотив Астана футбол клубы —Қазақстан Премьер Лигасында, ойнайтын, Қазақстан футбол клубы. Астана қаласының Астана Арена стадионы клубтың базасы болып табылады. Тарихы. 2009 жылы Алматы мен Мегаспорт клубтарының қосылуымен пайда болды. Клубтың тұңғыш жаттықтырушысы Вахид Масудов болды. Одан кейін клубты Сергей Юран жаттықтырды. Қазіргі және клубтың үшінші жаттықтырушысы болып Хольгер Фах болып табылады. 2009 жылғы Қазақстан чемпионатының бірінші айналымын клуб Алматыда өткізді. одан кейін клубтың базасы болып Астанада жаңадан салынған Астана Арена стадионы болып табылды. Клубтың бас демушісі болып Қазақстан темір жолы болып табылады. Жетісу ФК. Жетісу футбол клубы —Қазақстан Премьер Лигасында, ойнайтын, Қазақстан футбол клубы. Талдықорған қаласының Жетісу стадионы клубтың базасы болып табылады. Клубтың тарихы мен жетістіктері. Қазақстан чемпионатының құрылуынан кейін, клуб 14 сезонды жоғарғы дивизионда (1992 жылдан бастап 2001 жылға дейін «Жоғарғы лига» деп аталды, 2002 жылдан 2007 жылға дейін «Суперлига» деген атпен белгілі болды, 2008 жылдан бастап «Премьер-лига» деп аталады.) өткізді. Ордабасы ФК. Ордабасы футбол клубы —Қазақстан Премьер Лигасында, ойнайтын, Қазақстан футбол клубы. Шымкент қаласының Қ.Мұңайтпасов атындағы стадион клубтың базасы болып табылады. Клубтың тарихы мен жетістіктері. 1998 жылы Жігер мен Томирис клубтарының қосылуымен пайда болды.Қазақстан чемпионатының құрылуынан кейін, клуб 11 сезонды жоғарғы дивизионда (1992 жылдан бастап 2001 жылға дейін «Жоғарғы лига» деп аталды, 2002 жылдан 2007 жылға дейін «Суперлига» деген атпен белгілі болды, 2008 жылдан бастап «Премьер-лига» деп аталады.) өткізді. Оқжетпес ФК. Оқжетпес ФК —Қазақстан Премьер Лигасында, ойнайтын, Қазақстан футбол клубы. Көкшетау қаласының Оқжетпес стадионы клубтың базасы болып табылады. Клубтың тарихы мен жетістіктері. Қазақстан чемпионатының құрылуынан кейін, клуб 13 сезонды жоғарғы дивизионда (1992 жылдан бастап 2001 жылға дейін «Жоғарғы лига» деп аталды, 2002 жылдан 2007 жылға дейін «Суперлига» деген атпен белгілі болды, 2008 жылдан бастап «Премьер-лига» деп аталады.) Шотан батыр. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына байланысты Маңғыстау ауданының қарашаңырағы болып есептелетін Тұщықұдық жерінде халықтың ұмытылмас тұлғаларының қатарындағы, жоңғарлармен шайқаста қазақ жерін қасықтай қаны қалғанша қорғаған халық батыры Шотан Назарұлына және Ұлы Отан соғысында бастан-аяқ болып, елге аман оралып, халық шаруашылығын қалпына келтіруде қажырлы еңбек еткен Иса Жанәділұлы, Қалмырза Жұмалыұлы, Шаңытбай Ибаұлына көше аттары беріліп, дүбірлі той өткізілмекші. Халық өзінің ерен тұлғаларын қаншама тауқымет тартса да, ес­терінен шығарған жоқ. Жұртымыз талай рет небір басқыншылықты басынан өткізіп, шаңырағы ортасына түсіп, құрып кетуге айналды. Сол бір кездерде: «Жаным – арымның садағасы, арым – халқымның са­да­ғасы» деп елін сүйген, жанын шү­берекке түйген, небір жүрек жұт­қан батырлар, қазақ елінің қай жерлерін­де де атқа қонып ерлік істері мен даң­қын паш етті. Біздің бүгінгі әңгімеміз­дің арқауы – жоңғарлармен жан алып, жан беріскен сұрапыл жылдарда жасақтың бас сардары болған Шотан Назарұлы. Шотан 1705 жылы Әзіреттің Ала­тауының Қазығұртқа қараған беткейін жайлаған Адай ауылының белгілі биі және батыры Назардың шаңырағында дүниеге келген. Шотанның әкесі Назар – 1684 жыл­дардың шамасында туған, әрі би, әрі батыр, халқының алдында үлкен беделге ие болған тұлға. Адай тайпасында Қыдыр көрген үш Назар бар деп атайды. Олардың бірі – осы Жары Назар, Ескелді Саназар, Жаңай Қожаназар делінеді. Жары Назар Әйтеке бидің жиені және айырылмас досы болған. 1722 жылдың көктемінде Әбіл­қайырдың өткізген жиынында туған жерді уақытша жауға қалдырып, елді аман алып қалуды, ол үшін қыс түсіп, мұз қатқасын Сырдан өтіп, малды түгелдей өткізіп, жаз шыға қозғалу мәселесін бірінші Назар ұсыныпты. Әскер ісімен айналысуға табын Бөкенбай мен Көкінің Есеті бөлінген. Әбілқайыр өзінің сөзінде белді бекем буатын мезгілдің келгенін, сондықтан да Еділ мен Жайықтың арасына сұғынып торғауыт пен башқұртты ығыстыруды нысана етпесе болмайтынын айтып, шешім қабылдайды. Мінеки, Әбілқайыр осылай өзіне қарасты халықты жұрт аударуға тас-түйін даяр етіп қояды. Айтқандайын 1723 жылдың ерте көктемінде Сыбан-Раптан жүз мыңның үстінде мұздай қаруланған әскерін қазақ еліне төгіп жібереді. Әбілқайыр қалмақ қолымен Қара­таудың Сұғындық асуында кездеседі. Осы соғыста Шотан өзінің ерекше ерлігімен көзге түскен болатын. Соғысты алыстан бақылап тұрған Әбілқайыр астында жүйткіген шұбар аты бар, өте жылдам қимылдайтын бір жігіттің қалмақтың ұйыққан ортасына қойып кетіп, жайратып шығып жүргенін көріп және артындағы бес жүздей нөкерінің одан екі елі қалмай жауға үлкен шығын келтіріп, жапырып бара жатқанына қуанып, қасындағылардан сұрағанда, қасында тұрған Мырзатай: «Ол Назар ағаның баласы Шотан ғой, үлкен ұрысқа бірінші кіруі», – дейді. Сонда Әбілқайыр: «Бірінші соғысып тұрғаны мынадай болса, бұдан кейінгі соғыстарда аман болса қалмақтарға жіберген Алланың жаналғышы десейші», – деп басын шайқап, күліп ризалығын білдіреді. Сол соғыста Бөкенбайдың ту сыртынан есік пен төрдей жерден келіп найза ұрғалы жатқан еңгезердей қалмақты байқап қалған Шотан шалт қимылмен қолындағы найзаны одан бұрын сілтеп, найза кеңірдектен шаншылып, өкіріп арт жағындағы құлап бара жатқан қалмақты енді аңғарған Бөкенбай найзасын суырып алып жатқан Шотанды көргенде өзін ажалдан арашалаған жасқа риза болады. Сол жерде шатқалға қамап, он мыңдай қалмақты біреуін қалдырмай қырған Әбілқайыр қолының ішінде асқан ерлік көрсеткен Шотанды табын Бөкенбайдың ұсынысымен он екі ата Байұлының «Бас сардары» етіп бекітіпті. Сол жерде Әбілқайыр Шотанға «Жұлдызың жарқырай берсін, Шотаным», – деп батасын беріпті. Он екі ата Байұлының Шотан басқарған қолы Жем бойын жағалай қоныстанып отырған Лекбай тайшының әскерін талқандап, бес жүз үймен отырған ауылын шауып, үлкен олжа түсіреді. «Қалмақ қырған» деген атау бұл жерде қалған. Сонымен қатар Шотан Ақтабан шұбырынды кезінде башқұрттар иеленіп ал­ған Ырғыз, Елек, Ор, Қарғалы, Қара­бұтақ жерлерін дұшпанның қарсылық­тарына қарамастан қайтарып алды. Әбілқайыр бастаған қалың қол 1728 жылдың көктемінде Сарысудың оңтүстік батысындағы Бұланты өзе­нінің жазығында қалмақтың үлкен қолымен кездеседі. Сол кезде қалмақ жағынан шыққан батыр: «Осында Саңырық бар ма, батыр болса менімен жекпе-жекке шықсын, егер қорықса ең мықтысын жіберсін», – деп айқайды салып ортаға шыға келіпті. Атын атап шақырғасын жекпе-жекке шықпай қалуға болмайтынын білетін Ұлы жүздің бас сардары Саңырық атынан түсіп, айылын қайта тартып жатқанда Әбілқайыр келіп: «Саңырық атыңды атай берсін, ол жоңғар қолының бас сардары емес қой, сіздің орныңыз басқа ғой, басқа жас нояндардың бірі шығар», – деп еді, Саңырық: «Көптен бері жекпе-жекке шықпап едім, Құдай бергенін қайтып алмаса желкесін үзіп келейін», – деп атына міне бергені сол еді, қалың қол шу ете түсті. Әбілқайыр да, Саңырық та жекпе-жекке шақырған қалмаққа қарай оқша ұшып бара жатқан адам ба, үлкен шұбар жолбарыс па айырып жатуға болмайтын біреудің жылдамдықпен барып өте шыққанда қалмақтың атынан қалай құлағаны байқалмай қалыпты. Қайта оралған бетінде жығылған қалмақтың басын Саңырықтың алдына әкеліп тастап, өзі ортаға кіріп, көрінбей кетіпті. Жаңағы адамның кім екенін Әбілқайыр ғана танып қалыпты. Ол дулығасының астынан ақ жібек орамалмен бетін тұмшалап алған Шотан еді. Таңғалып тұрған Саңырыққа қарап Әбілқайыр: «Сәке, кешірім өтінемін, сіздің сыбағаңызды рұқсатсыз пайдаланып кеткен біздің бір жас сарбазымыз», – дегенде, Саңырық: «Ойпырмай, өзі адам ба, мен көмекке келген пірлердің бірі шығар деп едім», – деп күледі. Шотан бұл соғыста да он екі ата Байұлы жасақтарын бастап, қалмақ қолын бөліп, қоршап алып қырып тастайды. Бұланты соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін барлық әскерді сапқа тұрғызып, алдына Саңырық шығып, Шотанға: «Өркенің өссін, інім, жаудан сағың сынбасын, даңқың арта берсін», – деп күмістелген ер-тоқымды күрең арғымақты және алтын балдақты алмас қылышты сыйға тартыпты. 1730 жылғы соғыста да Шотан ерекше көзге түседі. Қалмақтар тау шатқалында бекініп алып, қазақ қолы жазық далада, күннің астына қалған жерде Шотанның ақылымен жауды жеңіп шығады. 1754 жылдың басында Абылай үш жүздің біріккен құрылтайын шақырады. Абылай сөзінде жоңғар үшін, қала берді, қазақ үшін ең қауіпті жау өзін жарым дүниенің әміршісі деп есептейтін Қытай мемлекеті екенін ашық айтады. Сол кезде қазақ елінің кейбір жерлерін жоңғарлар иемденіп отыр­ған болатын. Кеңестің белгілеуі бойынша қазақ қолы мамыр айының ортасында Аягөз өзеніне – Ақшәуліге жиналуға сөз байласады. Бұл соғыста бес мың қолды бастап Ералы сұлтан мен Шотан келеді. Абылай әскербасыларымен жиын өткізіп, жауға үш бағытта аттана­тын болады. Хан жасағын қосып Абылайдың өзі жүреді. Соғыс басталғанда Абылай мен Ералы сұлтан азғантай нөкерлерімен биіктеу жерге шығып, соғыстың барысын бақылай бастайды. Шотан бастаған топтың жоңғарды қынаша жайпауы назарды бірден аударды. Абылай Шотанға садақтан атылып жатқан жебелер мен мылтық оқтарының біреуі дарымай, сілтеніп жатқан шоқпар мен айбалтаның біреуі тимей жатқанына таңғалғаны сондай: «Мына Шотан батыр құдіреттің өзі екен ғой, тусаң ту», – депті. Шотанның оққағарының бар екендігіне, қасиетті батыр екендігіне Абылайдың көзі жетіпті. Шотанның қолы қалмақтарды тұ­тастай қоршауға алғанда қалмақтар ақ жалау көтеріп, бас сауғасын сұрап­ты. Шотан Абылайға қараған екен, Абылай: «Жауды жеңген сіз, билік жеңген адамдікі, сондықтан ше­шімді өздеріңіз алыңыздар», – дейді. «Егер олай десеңіздер, қал­мақ­тардан бұдан былай қазаққа қол көтермейміз деген антын алып, қару-жарақтарын алып, өздеріне екі адамға бір ат-көліктен беріп, елдеріне қайтарамыз және елін көшіріп, жоңғар қақпасынан әрі кететін болады» депті. Шотанның керемет ерлігіне және оның қанқұмар еместігіне, үлкен ақылдылығына Абылай іштей разы болады. Адайлардың негізгі тайпалары 1740-41 жылдардың шамасында Доңызтау, Желтау, Қарақұм, Аспантай-Матай, Сам құмдарын қыстап Маңғыстауға қарай бағыт алған. Өткен тарихи деректерді азды-көпті айтып кеткен ақындар Абыл, Нұрым, Ақтан, Қалнияз, Мұрат, Аралбай, Сәттіғұл, Сүгірлерден, Айтқұл, Шамығұлдардан қалған әңгімелер бар. Кәрі Маңғыстау – талай аузы дуалы билерінің кесімді адал биліктеріне, түмен-түмен қол ер­тіп, терлігін терге шірітіп, елін қорға­ған ерлердің ерліктеріне, малы­ның көптігінен көшкенде жұртына желідегі елу құлынды бие, қырық боталы түйені ұмытып тастап кетіп жүрген байлардың байлықтарына, таңды-таңға ұластырып жырлаған жыршыларға, олардың әр қилы тағ­дырларына куә болған өлке. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұ­ламаның кезінде Маңғыстауға Адай елін бастап келген батырлардың басында да Шотан тұр. Маңғыстау – үш қиянның өткен жері, Суы сүт, шөбі шүйгін, бал татиды деп, Ел болып ірге қоныс тепкен жері. Ер Шотан шұбар атты ұстап мініп, Той жасап Адай туын тіккен жері… Би Әжібай Шотанға бата берген, – депті. Осындай тарихи жазбаларға сү­йенсек, Адай тайпасын Маңғыстауға бастап келген Шотан, Есболай, Есек мерген, Атағозы, Өмір, Лабақ, Ақпан батырлар екеніне күмән тумайды. Сөйтіп, Керелге Есболай бірінші болып орналасса керек. Көшке жол бастап Өрмелі арқылы құлатқан Қосай Есенқұлұлы Есек батыр делінеді. Есболай бірге келген екі үй екен, Алғашқы кездерде қазақтардың келіп қоныстануын жақтырмаған түрікмен ағайындардың ішіндегі пейілі тарлары Хиуа хандығына қазақ босқындары келіп рұқсатсыз жер-суымызды басып алып, иеленіп жатыр деп хабар жеткізіпті. Осыған байланысты Хиуа ханы келіп, қоныстанып жатқан ауылдарды шұғыл көшіруге, егерде қарсылық жасаса түгелдей қырып тастауға тапсырма беріп, Бектұрлы деген батырын бес жүз адамдық жасақпен жібереді. Азғантай жасағымен жауды күтіп алған Шотан жекпе-жекте Бектұрлы батырын өлтіріп, қалғандары жеңіліп, еліне қашыпты. Одан кейін Маңғыстауды жайлап отырған түрікмен Аннасейіттің ауылын Еділ-Жайық арасындағы тор­ғауыттар тұтқиылдан келіп шабуыл жасап, көптеген адамдарын тұтқын етіп, дүние-мүлік малдарын олжалап кеткен жерінен Шотан жасағын шұғыл ұйымдастырып, жауды талқандап, тұт­қын болып бара жатқан түрікмен аға­йындарын, мал-мүліктерді және қал­мақтардың көптеген малдарын олжалаған. Одан кейін де Хиуа ханы Нәдір­шахтың салған салығын төлеуден бас тартып, сол үшін Хиуа ханына қа­райтын түрікмендердің басшылары Оғылша, Сейітқұтылықтармен соғы­сып, оларды жекпе-жекте өлтіріп, жасақтарына тимей Нәдіршахқа са­лық төлеудің қажеті жоқ екенін түсіндіріп, таратып жіберген. Міне, осы кезден бастап біршама уа­қытқа дейінгі Маңғыстаудағы түрік­мендер мен қазақтар арасында ты­ныштық орнаған. Соңынан он екі ата Байұлынан үш мыңға тарта жасақ ұйымдастырып, Жем, Сағыз, Жайық бойындағы торғауыттарға қарсы соғыс ашып, оларды Еділ бойына толықтай ығыстырып барып, елін қоныстандырғаны жазба деректерде сақталған. Шотанның құба қал­мақ­тармен соңғы соғысы 1771 жылы болды. Онда Еділ қалмақтары толықтай жойылды. Қазақ тарихын зерттеуші, ғалым, Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің зерттеуінде былай деп көрсетіледі: «Қалмақтардың басым бөлігін құрайтын торғауыттар Еділдің сол жағасын, яғни шығыс бетін қоныстанатын. Дүрбіттер мен Хоша­уыттар оң жағада жатқан. Бүкіл қал­мақ жұрты түп көтеріле көшетін 1771 жылдың бесінші қаңтарында қатты аяз болып, Еділдің мұзы жарылады, мұз үстіне қызыл су жүреді, сөйтіп, сол жақ қабақтағы 11198 шаңырақ Еділ­ден өте алмай, салқар көштен бөлі­ніп, біржола Ресей шегінде қалады. Еділ дариядан өтіп үлгерген, үйі­мен, үйелменімен, мыңғырған малымен жоңғарға бет қойған қалың елдің нақты саны 30 999 шаңырақ екен. Шамамен 170-180 мың адам. Қарулы әскер де аз емес – 40 мың қол. Бір ғана кілтипан – қалмақ көші қазақ қоныстары арқылы өтуге тиіс еді». Осындай үлкен қозғалыс қазақтың көптеген ауылдарын тапап өтеді. Нұралы хан бастап, шұғыл түрде үлкен жасақ ұйымдастырып, бас сардар Шотанның бастауымен алғашқы ұрыс Жем бойында болыпты. Нұралы хан қалмақтардан кейін қайтуды талап еткен. Қалмақтардың басшысы Үбашы бітім сұрап, зиян тигізбей өтіп кетулеріне рұқсат сұраған, бі­рақ қазақтар жағы келіспеген. Ол кезде кешегі Ақтабан шұбырынды уақытындағы қалмақтардың тарапынан аяусыз қырғынды көрген адам­дардың көбінің көзі тірі болатын. Олар қалмақ көрсе қандары қарайып тұратын. Міне, осындай бұрыннан өшіккен қазақ қолы алға басқан сайын қалмақтарға ауыр соққыны үсті-үстіне берумен болды. Өкшелей тықсырып, кейде қос қанаттан кезек соғып, жауды үлкен қырғынға ұшыратады. Осылай күнде қасқыр тиген қой отары сияқтанумен маусым айының аяқ шенінде Балқашқа жақындап, Мо­йынты өзеніне келгенде Абылай хан бастаған әскер жетіп, қалмақтың қалың көші қоршауға түседі. Сол соғыста қалмақтар тұтасқа жуық қырылады. Жоңғарға 15-20 мың адам ғана қансырап зорға жетеді. Олар да алдарынан жарылқайтын жағдай таба алмады. Қытай басшылары оларды да бөлшектеп құл етіп жойып жіберді. Шотан жүрек жұтқан батырлы­ғымен қатар, елге ақыл айтып, жөн сіл­тейтін ел ағасы болды десек те қателеспейміз. Ол барлық соғыста да қолына түскен тұтқындарды өлтір­меген, соғыспалық, дос-жаран, туыс болалық деп елдеріне қайтарып отыр­ған. Ағайындар арасында туындайтын түсінісбестіктер мен даулы жағдайлардың талайын әділетті түрде билік айтып, татуластырып жіберген. 1750 жылдардың орта шенінде Маң­ғыстауда тұтастай қуаңшылық болып, ел жаппай қоныс іздеп, көшуге ыстық түсіп кетіп және жөнді қоныс болмай өте қатты қиналып қалыпты. Мал апарайын десе, су жоқ. Сол кезде Шотан қасына ерткен азғантай нөкерімен далаға түнеп, таңертең ерте бір жолдасын атына мінгізіп, сол қонған жерін шаптырып, өзі құлағын жерге төсеп, тың тыңдап, әлденеше жерге келіп, осы жағдайды қайталапты. Содан кейін тап осы жерден құдық қазылады деп бір жерді белгілепті. Өзі отауын көшіріп алып келіп, құдықты қазуға кірісіп кетеді. Шотан құдықтан қазған топырағын он метр тереңдікке барғанша сыртқа өзі лақтырып тұрыпты. Он метрден әрі қарай Шотанның қазып шығарған топырағын он жігіт шығыр салып, зорға үлгеріп төгіп тұрыпты деген әңгіме ел аузында күні бүгінге дейін сақталған. Сөйтіп, құдықшылар бір жылда қазатын тереңдігі 75 метр құдықты бір айда қазып бітіріп, сол маңдағы елдің малы су ішіп, қонысы бар жерге жайылып, күзге жетіпті. Қазірде Шотан шымырауы деген бар. Күні кешеге дейін отар-отар мал суарып, қалың ел жайлап отырды. Жекешелендіруден кейін мал басы күрт азайып, қырдың үстіндегі шымырауларға баратын мал болмай, құлазып қалды. Мал басы тағы да өсіп келеді, болашақта Шотанның шымырауынан малдарымызды суарып, жаз жайлауға қайтадан шығарамыз деген үміт бар. Шотанның әкесі Назар Жарыұлы 1684 жылы туып, 1771 жылы өлген. Қазіргі Құлсары кентінен көп қашық емес жердегі Бақашы деп аталатын қорымда жерленген. Шотан 1786 жылдың қыркүйек айында орталық Үстіртте жасы жетіп, өз ажалынан қай­тыс болған. Сисем ата қорымда жерленген. Батыр Шотан туралы жазылған «Бас сардар» атты еңбек баспаға берілгеннен кейін, Маңғыстау облысынан әдейі делегацияны бастап Бекбол Қартбаев Балқаштың айналасындағы жоңғармен соғыс болған белгілі жер­лерді аралады. Карағанды облы­сының Жаңаарқа ауданындағы Шотанның атымен аталған елді мекенге, Шотан­ның атымен аталған көлге барып ондағы жасы үлкен қарт адамдармен әңгімелесіп, Шотанның Абылай ханның қарауында қол басқарған батыр екендігін анықтаған. Сол жердің ең жасы үлкені, 90 жастағы Әукен деген қария 1940 жылдардың екінші жартысына дейін тау сілемдерінде қырылған адамдардың қу сүйектері топырақтың астынан шығып, шашылып жатқанын және сол жердің «Шотан қырған» деп аталатындығын әңгімелеп берген. «Шотанның шайқасқан жерлерін бұрын дүниеден өткен ақсақалдардан естіген едім», – деп өзі бастап жүріп көрсетіпті. Бекбол Қартбаев бастаған бір топ маңғыстаулықтар Шотанның шай­қас­қан жерлері мен күні бүгінге де­йін оның атымен аталып отырған елді мекенді, көлді суретке түсіріп әкелді. Бұл материалдар «Жұлдыз» журналының 2006 жылғы № 1 санында жарияланды. Тұлғаларды еске алып, оларға көше атақтарын бергізуде үлкен еңбек еткен ауыл әкімі Аманқос Қодаров пен ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Жұмақалиевқа көптің айтар алғысы зор. Дайындаған Искендер Карбаев - Шогы ұрпағы Досан батыр. Иә, Иса-Досан бастаған Маңғыстаудағы шаруалар көтерілісіне биыл 140 жыл толып отыр. Сондағы көтерілісшілер ұрпақ­тары­ның алды бес-алты атаға ұласты. Қоғамдық фор­мация үш дүркін эволюциялық дамуын ба­сынан өткерді. Ресей империясын билеген пат­шалық режім өзегіне құрт түскен терек­тей құлады. Оның орнын Кеңес Одағы бас­ты. Араға 70 жыл салып Кеңес Одағы тара­ды. Қазақ халқы 1991 жылы ата тари­хында тұң­ғыш рет тәуелсіз мемлекет құрғанын жа­рия етті. Исі қазақтың, соның ішінде Маң­ғыс­тау шаруаларының да 1870 жылы жалау­латып ту көтеріп, ұрандатқан қасиетті кө­те­рі­лісінің түп мақсаты да осы тәуелсіздік еді. М.Тұрсынова өз кітабында өзінен бұ­рынғы ғалымдардың зерттеулеріне сүйеніп, осы шаруалар көтерілісіне әділ баға беруге сәтті талпыныс жасаған. Мысалы, 1869 жыл­ғы патша әкімшілігінің ұлы даладағы басқару­дың жаңа формасын енгізуі қазақ халқының өз тәуелсіздігі жолындағы күресі­нің маңызды кезеңі болды, ал 70-ші жыл­дар­­дағы Маңғыс­таудағы көтеріліс өзінің қуат-күші жөнінен бұған дейін болмаған жаппай халық көтерілісіне айналған еді. (М. П. Вяткин “Очерк и по истории Казахской ССР, Москва, “Политиздат”, 1941 ж. Москва). Ал, ғалым М. Г. Глаузо Маңғыстаудағы халықтың 1870 жылғы көтерілісін бірінші орынға қойды және оның халықтың шын мәніндегі азаттық күресі деп бағалады. (П. Г. Глаузо, “Революция в Средней Азии”, Ташкент, 1929 ж.). Рас, Иса-Досан бастаған халық көтерілісі жеңіліс тапты. Бірақ, шаруалар жеңіле отырып, жауын жеңді. Озбыр, отаршыл саясатты өздерімен санасуға мәжбүр етті. Ендеше, бұл көтерілісті халқымыздың тәуелсіз ел болуының рухани нұрлары, сана-сезім қалғытпай, әрдайым жоғары ұстауы­мыздың сарқылмас қайнары деген жөн. Ата-бабаларымыз өткен қастерлі жолдың тәр­биелік тағылым күш-қуатын жас ұрпақ­тың бойына сіңіру – бүгінде баршамыздың пары­­зымыз. Солай істегенде ел тәуелсізді­гінің халқымызға ешқашан оңайға түспе­геніне кейінгі толқын ұрпақтың жете зерде­леріне сенеміз. Иса-Досан бастаған халық көтерілісінің 140 жылдығын атап өтудегі негізгі мақсат та осы болатын. 1868 жылы Ресейде патша үкіметінің “Жаңа низам” саясаты жарияланса, ол Маңғыстау қазақтары үшін 1870 жылы қолданыла бастайды. Адайларға салық салы­нады, ол өзге елдерге қарағанда көп болады және екі жылдың салығын бірге төлеу мін­деті қойылады. Оған көпшілік отбасы­лардың мүмкіндігі келмейді. Тіпті мүмкіндігі барлар да бұл салықты төлей қоюға ниет етпейді. Билер мен ел бас­қарушылардың талай рет бастары қосылып, кеңес құрса да, ол салықтан төлемей құтылудың басқа жолын таба алмайды. Билер кеңесі Маяның ұлы Бәймембетті Петербургқа барып, жарлық шығарушымен тікелей кездесіп, 1731 жылғы Әбілхайыр мен Ресей патшасы Анна Иоа­нов­наның жасасқан шарты бойынша мына шешімнің заңсыз екендігіне көзін жеткізіп қайтуға жұмсайды. Әбілхайыр мен Анна Иоановнаның 1831 жылы қол қойған шарты бойынша кіші жүз қазақ­тарынан солдатқа адам алынбауы керек, салық салынбауы тиіс. Бәймембеттің бұл сапары­нан ел күт­кендей нәтиже шықпайды. Керісінше, Ресей патша­лығы­ның жергілікті орындары бас­шыларының адайларға көзқарасы шие­ленісе түседі. Соның ызғарлы боранындай 1870 жылы наурыздың айында Форт-Александровскіден Рукин бастаған жазалау отряды шы­ғарылады. Бұл отрядтың шыққалы жатқаны старшина Гафур Кал­бинге белгілі болады, ол Исаға хабар береді. Иса Форттағы Құнан­орыс Шабай­дың баласы Сүгірге, Бозжігітке, Қаратаудағы Бәубек Айназар мергенге, Қатқылтүптегі Дәулеталы Досан мен Алғиға, Ауызорпадағы Тоқтамыс Ораққа және тағы да басқа адайдың сол кездегі белгілі батыр­лары мен тұлғалы азаматтарына хабар бергі­зіп, шақыртады. Соның нәтижесінде үлкен қол жиналады. Сан жағынан бұл қолдың көлемі жазалаушы отрядтан бірнеше есе көп болған. Қол құрамында Жәдігерден Өтенұлы Ділман, Жаманғара Мұсаұлы Мошандар бар. Қолды Иса, Досан басқарады. Жаза­лаушы отряд Форттан шығып көлікпен Түбіжік, Қаңға, Борлы, Суат, Құнансу, Сартас арқы­лы Бозашыға бет алатын болып, Ұшауызға орналасады. Бұл кезде Исалар аласа Ақтың астына бірнеше ақбоз үй тіктіріп, қонақ етуге дайындық жүргізеді. Отряд Шығанақ теңіз-айналмадан өтеді. Ояз Рукин жан-жаққа қарауыл қойып, отрядына демалыс береді. Бұлардың мақ­саты, бағыты адайларға толық белгілі емес, сондықтан отрядтың бір адамын қолға түсіріп, құпияны ашу қажет. Қарауылда тұрған бір солдат шылым тұтату үшін от жағады, осы сәтті пайдаланған тіл алуға шыққан Өтенұлы Ділман бір жолдасымен әлгіні дыбысын шығармастан алып кетеді. Ол орыс екен, Форттан келген Құнанорыс руының жігіттерін тілмаш ету арқылы тұт­қынмен сөйлеседі. Сөйтіп, жазалаушы отрядтың бағыты Бозашы түбегін аралау, мақсаты елден салық жинау, төлемесе қару­лы күшпен жазалау екендігін анықтайды. Қару, көлік, адам саны жөніндегі мәлі­мет­терге қанығады. Осыған сәйкес тактик­алық шаралар жасақталады. Осындай дайындықтан кейін, яғни 1870 жылғы Маңғыстау шаруаларының Ресей патшасы үкіметіне қарсы көтерілісі басталады. Халық жасақтары жазалаушы отрядтың көліктерінің көпшілігін айдап кетіп, отрядты жаяу қалдырады, жаяу отрядты қамауға алады. Олар теңізге беттегенде теңіз жағы бөгеді. Көліксіз, ас-сусыз қалған жаза­лаушы отрядтың басшысы Рукин 24 наурыз күні түнде Маяұлы Бәймембетті адайларды үгіттеуге жұмсайды. Ол өз лагерінен шыға бергенде атылған мылтық оғынан қаза табады. 25 наурыз күні таңда Рукин адай­лармен келісім жүргізуге өзі шығады да, көліктерін қайтарып беруді сұрайды, Фортқа қайтып кетеміз деп уәде етеді. Оның бұл өтінішін орындауға көтерілісшілер келісім береді де, өз талаптарын жеткізеді: казактар атуын тоқтатсын, үш офицер кепілдікке (заложник) берілсін, жазалаушы отряд көліктерін алуға адай отрядының қосына келсін деп шарт қояды. Рукин казактарын ертіп келеді. Сол кезде Иса казактар қару­ларын тастасын деп талап қояды. Рукин казактардың қарсылық етуіне қарамастан, қаруларын тастауға бұйрық береді. Казактар қылыштарын кең шалбардың ішіне байлап алады, қалған қаруларын тастайды. Осы сәтте Исаның белгісі бойынша жасырынып дайын тұрған адай қолы қимыл жасап, отрядты талқандайды. Бұл соғыс 4 күнге созылады. Осы ұрыста жүзбасы (сотник) қашып кетеді, оны Мошан қуып жетіп, басын шауып, жүзбасының өзінің қызыл көйлегіне орап алып келеді. Отряд тілмашы Қосым Мырзабаев қашып құтылып, Фортқа барып хабар береді. Көтерілісшілер Форт­тағы қамалды қоршап ала алмайды. Зең­бірек, от қаруы маңына жолатпайды. Көтерілісшілер Хиуа бетіне ойысады. Хиуадағы жағдайдың қиындауынан Иса мен Досан өз жасақтарымен бөлініп, Досан қырға шығып кетеді де, Иса Хорезм ойында қалып қояды. 1873 жыл Хиуа хандығын Ресей патшалығы өзіне көндіріп алған кез. Иса өз ауылдастарымен бір тоғайдың ішінде ерулеп отырған. Бір кезде ақ есекке мінген ақсақал қосқа жақындап тоқтайды. Оған Исаның әйелі Сарығыз сәлем етеді. Иса анадай жерде мылтығын кезеп тұрғанда әлгі ақсақал: “Иса, жат жерде шығандама, елге қайт”-дейді де, көмескіленіп, елес болып көрінбей кетеді. Ертеңіне Иса Маңғыстауға бағыт ұстап жүріп кетеді. Иса сол бетінде Фортқа келеді. 1874 жылы Қарағантүп болысының басқарушысы болып тағайындалады. Исаның осы қызметі 1909 жылы өзі қайтыс болғанға дейін жалғасады. Бұдан бірнеше күн бұрын “Иса-Досан” көтерілісінің 140 жылдығы қарсаңында Ақтауда шығатын “Лада-ТВ плюс” “Гибель отряда Рукина в 1870 году” деген мақала-очерк жариялады. Бұл очерк бұдан бақандай 110 жыл бұрын, Мәскеуде шығатын “Исторический вестник” журналында нақ осы тақырыппен жарық көріпті. Очерк авторы патша әскерінің генерал-лейтенанты Василий Александрович Потто делінеді. Осы В. А. Потто қазақ даласын шаруалар көтерілісінің от-жалыны шар­пыған тұста майор шенінде Орынбор казак училищесінің директоры болып қызмет істеген екен. Өмірінің соңғы жылдарында Кавказ әскери округінің штабы жанындағы әскери-тарихи бөлімді басқарған. “Мне случилось путешествовать в 1871 г. по казахский степи … Из сопоставления рас­сказов со сведениями, добытимы мною от очевидцев, с рассказами казаков, вер­нув­шихся из пленов, с теми немногими све­де­ниями, которые хранятся еще под толс­тым слоем пыли оренбургских архивов, вос­соз­дается ясная картина того, что прои­схо­дило в степи в роковое время 1869 и 1870 годов”. Осыдан кейін очерк авторы В. А. Потто қазақ жеріне енгізіле бастаған уақытша “Жаңа низамның” мақсат-мәніне, оған жергілікті тұрғындардың неге наразы болға­нына сипаттама береді. “И вот в исходе 1868 года появилось так называемое”, “Вре­менное положение” об управлении в об­ластях Тургайской и Уральской”. Султаны – правители с их кочевыми ставками были упразднены, и отошли в область преданий. Их заменили губернаторы со всеми губерн­скими атрибутами: присутственными места­ми, вице-губернаторами, прокурорами, судьями, уездными начальниками и т. д. Естественно, что такое выборное начало, легщее краеугольным камнем в основу нового положения, вконец подрывало зна­чение и власть степной аристократии. Вот почему новая реформа встретила силь­ней­шее противодействие со стороны приви­ле­гированных сословий. Но и простой народ отнесся к ней весьма недоверчиво. Новое по­ло­жение, обявлявшие что земли, зани­маемые казахскими кочевьями, становятся землями государственными, предоставлен­ные киргизам лишь в общественное поль­зование, что права самих киргизов прира­вниваются к правам обыкновенных сельских обывателей, свалилось на них, как снег на голову. И народ, игнорируя те хорошие стороны “положения” которые в нем заключалось, понял только одно, что подать ему придется с кибитки вместо полутора рубля два рубля семьдесят копеек. Вооруженный мятеж в Уральской об­ласти подавлен был чрезвычайно быстро, но он долго еще продолжался в соседнем Мангышлакском приставстве где небольшой казачий отряд подполковника Рукина был истреблен самым изменическим образом. Надо сказать что, “новое положение”, вво­див­ших среди Оренбургской степи, на первых порах совсем не коснулось адаев­цев… Они жили слишком далеко, кочевали в соседстве с Хивой и Туркменией. Зато ког­да вооруженный мятеж в степи был подавлен, военный губернатор Уральской области тот час потребовал к себе, в Уральск, Мангышлакских начальников, Маяева и Калбина. Им дали инструкции и отправили обратно уже с подполковником Рукиным, которому на правах уездного на­чаль­ника подчинялось все Мангышлакское пространство”. Бұдан әрі очерктегі Рукиннің өлімі, өрбіген қарулы қақтығыстар бұдан бұрын келтірілген күйінде дерлік баяндалған. Біздіңше, В. А. Поттоның бұл тарихи очеркі өз зерттеушілерін күтуде. Ата-баба аруағы алдындағы парызымыз әлі мойнымыздан түсіп болған жоқ. Соның бірі – ел мен жер тарихын зерделеуде орын алып келе жатқан “ақтаңдақтар” сырының ашылмай келуі болып табылады. Өткеннің қасиетті киесін, сөздің жүйесін терең білетін дүлдүлдердің өзіне тұзақ салынып, тосқауыл қойылды. Мәселен, тегеуріні бөлек тұлпар ақын Сәттіғұл атамыздың 1939 жылы жазылған “Досан батыр” дастанын сол кездегі аудандық партия комитеті қарап, қырық жыл болыстық қызмет атқарған Исаны дәріптеп, қаһармен тұлға етіп көр­сетудің социалистік реализм әдісіне мүлдем қайшы келетіндігін ескерткен. Сөйтіп, өмір шындығын қапысыз жеткізген құнарлы шығарма ажарынан айрылып, жұқарған, жүдеген күйінде 1940 жылы оқырмандар тал­ғамына ұсынылған. Бірер сөз “Иса-Досан” дастаны жайында айта кетсек, оны Сәттіғұл Нұржанов ақсақал өз естелігінде былайша әңгімелейді. “Мен сияқты сөз шығаратындар артына атаулы еңбек қалдырып жатыр, мен де сөйтсем қайтеді деп, біраз ойландым. Менің әкем Жанғабыл Иса-Досан көтерілісіне бастан-аяқ, Досанның жерленуіне дейін қатысқан адам еді. Сондағы көрген- білгендерін бірнеше рет түгелдей айтып отыратын. Халық үшін болған үлкен оқиға ғой, осыны жыр қылып қалдырайын деп шештім де “Иса-Досан” деген еңбегімді шығарып, қағазға түсірдім. Біраздан кейін райком шақырады, “Иса-Досан” дастанын ала келсін, деген хабар келді. Келдім. Бір­неше адамдар отырып, менің дастанымды талқылады. Біраз жерден Исаны алып тастады. Маған “40 жыл болыс болған адамды соншалықты дәріптеуіңіз қате, олай етуге болмайды”, – деп ескертті. Біраздан кейін тағы шақыртты. Исаға байланысты біраз жерін тағы өзгертті. Енді менің еңбекті шығарудағы мақсатым өзгеріп кетті. Сөйтіп жүргенде Гурьевте ақындар айтысы болады деп шақырды. Оған “Иса-Досанды” ала бару тапсырылды. Гурьевке келдім. Қарсы алды. Оспанов Жәмек деген жас жігіттің үйіне орналастырды. Жақсылап әңгіме айтатын шалы бар үй екен, өте жақсы болды. Бір күннен кейін обкомге шақырып жатыр, жырыңызды ала жүріңіз деп Жәмек мені обкомге алып келді. Бұнда да обкомы бар, КГБ-сы бар оншақты адам отырып, менің жырымды талқылап, Исаны жырдан мүлдем алып тастады. Мен қайтерімді білмей қиналып шықтым. Әрі ойлап, бері ойлап, не де болса өз еңбегім ғой, ізсіз қалмасын деп, “Досан батыр” деп өзгертуіме тура келді. Көтерілістегі негізгі тұлға Исекем атаусыз қалды. Менің де уақытым жақындап қалды. Қабірге түскеннен кейін Исекем мені қайтер екен деген уәйім ойымнан кетпейді”. Обкомдағы соңғы Иса-Досанды талқы­лаудағы адамдардың ішінде газет қызмет­керлері С. Хайдаров, Ж. Оспанов та (мар­құм) болған екен. Хайдаров айтады: дастан-жырдан Иса сызылып, талқылау аяқталғанда Сәтекеңнің өңі өзгеріп кетті дейді. Ал Жә­мек Оспанов айтады: талқылау бітіп, адам­дар тарай бастағанда мен де Сәтекеме жа­қын­дап келіп, “жүрелік” десем, үнде­мейді. Өзі орнына қозғала алмай отырған сияқты. Әрең дегенде тұрғызып, қолтығы­ның асты­нан тірей, құшағыма алып, зорға далаға шық­тық. “Кішкене отырайықшы” деді, бі­раз отырдық. Әрі-беріден кейін біраз дема­лып алғасын менің әкеме мұңын шаққандай болып болған жайтты айтып берді. Досан Форт абақтысында қайтыс бол­ғанда да сол шаруаның бас-аяғында Жан­ғабыл болған. Досанды елге апарып жер­леуге бер­мегенде Жанғабыл Исаға хабар беріп, Исаның келіп араласуымен Досанның мүрдесін берген. Мүрдені арбамен Қара­төбеге әкеліп жерлегеннен кейін Жанғабыл Досан­ның туған ағасын үйіне қонаққа ша­қы­рады. Келсе, Жанғабылдың әйелі жас босанып отыр екен. Ұл балалы болыпты. “Ал мына­дай жақсы­лықтың үстіне келдің, маған құрдас, дос болғандықтан сен де бұл бала­ның әкесісің ғой, енді атын қою саған міндет”, дейді Жан­ғабыл. Сонда қонағы: “Біздің бұған дейінгі ісіміз сәтсіз болды ғой, ендігі ісіміз сәтті болар ма екен. Ұлыңның есімі Сәттіғұл болсын”, – деп ақ батасын берген екен. Бұны да Сәтекеңнің өз аузынан естідік. М.Тұрсынова аталған еңбектерінде: До­сан Тәжиев өмірінің соңғы деміне дейін патша әкімшілігіне және жергілікті феодал­дарға қарсы күресті. Көтерілістің бел орта­сынан көрінді. Көтерілістің табанды басшы­лары мал­шы Досан батыр Тәжіұлы, Алғи Жал­маған­бетов, Ержан және Ермәмбет Құ­лов­тар еді деген бағасы ешқашан ескір­мек емес. Міне, жергілікті, көзі тірі шежіреші аталардың әңгімелерінің, басқа да дерек көздерінің ұзын-ырғасы осындай. “Иса-Досан” көтерілісін тарихи сомдауда Әбіш Кекілбаев, Қабиболла Сыдиықов, Хисмет Табылдиев, Есбол Өмірбаев, Естерек Жаман­баев, Сайын Әділханов, Әбілхайыр Спанов, т. б. тарихшылар мен қаламгерлер айтулы еңбектерімен дараланды. “Ел тәуелсіздігі үшін күрестегі Иса-До­сан көтерілісінің тарихи маңызы” атты ғылыми-теориялық конференцияға қатыс­қан зиялы қауым өкілдері бұл тарихи проблемаға тың серпін, соны леп қосарына сенеміз. Өйткені, бұл мәртебелі форум шаруалар көтерілісінің бесігі болған 360 әулиелі Маңғыстау өлкесінде өтіп отыр. Иса-Досан батырлар қашанда халқы­мыздың есінде десек, ақиық ақынымыз Сәттіғұл Жанғабылов “Досан батыр” жыр дастанымен өшпес із қалдырды. Сондай-ақ Иса мен Досанға арналған монументті ескерткіш кешені дайындалып, Форт-Шевченко қаласы іргесінде орнатылды. Әйтсе де “Иса-Досан” көтерілісін біз әлі толық танып болған жоқпыз. Олай болса, бүгінгі ғылыми-теориялық конференция “Иса-Досан” көтерілісін танудың бір белесі болар деп ойлаймыз. Ақжайық ФК. Ақжайық футбол клубы —Қазақстан Премьер Лигасында, ойнайтын, Қазақстан футбол клубы. Орал қаласының П.Атоян атындағы стадион клубтың базасы болып табылады. Клубтың тарихы мен жетістіктері. Қазақстан чемпионатының құрылуынан кейін, клуб 6 сезонды жоғарғы дивизионда (1992 жылдан бастап 2001 жылға дейін «Жоғарғы лига» деп аталды, 2002 жылдан 2007 жылға дейін «Суперлига» деген атпен белгілі болды, 2008 жылдан бастап «Премьер-лига» деп аталады.) өткізді. Стокгольм. Стокгольм - (Stockholm) — Швеция елінің астанасы. Спартак (футбол клубы, Семей). Спартак футбол клубы —Қазақстан бірінші Лигасында, ойнайтын, Қазақстан футбол клубы. Семей қаласының Спартак стадионы клубтың базасы болып табылады. Тарихы. Қазақстан чемпионатының құрылуынан кейін, клуб 13 сезонды жоғарғы дивизионда (1992 жылдан бастап 2001 жылға дейін «Жоғарғы лига» деп аталды, 2002 жылдан 2007 жылға дейін «Суперлига» деген атпен белгілі болды, 2008 жылдан бастап «Премьер-лига» деп аталады.) өткізді. Копенгаген. Копенгаген - (Copenhagen) — Дания елінің астанасы. Беріш руы. Кіші жүздің саны ең көп руларының бірі беріш руы болып табылады. П. Кеппеннің деректері бойынша (1851 ж.) Бөкей ордасында ғана оның 3600 шаңырағы болғанын, бұл (әр шаңыраққа 5 адамнан деп есептегенде) 18 мың адам екенін айтудың өзі жеткілікті. Бізге белгілі деректемелерде бұл ру бірінші рет Кіші жүз қазақтарының рулықтайпалық құрамының А. И. Тевкелев жасаған тізбесіңде 1748 жылы ауызға алынады. Беріш руы шенеунік Ларионовтың 1829 жылға қатысты рапортында да, А. Левшин келтірген рулар тізімінде де айтылады. Неғұрлым кейінгі деректемелерде (соның ішінде архивтерде, сондайақ әдебиетте де) бұл ру үнемі кездесіп отырады. Рудың мынадай тоғыз бөлімшесі бар: жайық, есенғұл, қаратоқай, құлкеш, бегіс, есен, жаңбыршы, себек, басқасқа. Н. Ханыков пен М. Тынышбаев келтірген мәліметтерден айырмашылығы, бұл деректерді дұрыс деп санаймыз. Алайда, бұл рудың өзімізге белгілі барлық шешірелерінен оның бірқатар бөлімшелерінің негізін ңалаушы Байбақты болып табылады. Байбақты руының шығу тарихын қарастыра келіп, біз оның тегі, сірә, қышпақ тайпасынан (Орта жүз) басталуы мүмкін деп анықтадық. Беріш руында байбақтының болуы негізінен алғанда бір кездерде байбақтылардың бір бөлігі одан бөлініп шығып, дербес руға айналғанын дәлелдейді. Осылайша, байбақты және беріш руларының жақындығын анықтай келіп, біз беріш руының өзі де қыпшаң тайпасынан шыққан деп едәуір дәрежеде анық пайымдай аламыз. Бұл пікірдің дәлелін біз С. А. Аманжоловтан табамыз, ол араб жазушысы әлАйнидің деректеріне сілтеме жасай отырып. «мысыр» (мамлюк) сұлтандары Бейбарыс (12601279) пен Қалауын (12741290) біржолғы руынан шыққан қыпшақтар болған дейді. Мұның үстіне олардың біреуі берген айғақ былай деп жазылған: «Мен түріктердің беріш руының ұлымын». Біз қазір С. А. Аманжоловтың XXI ғасырларда қыпшақтардың бір бөлігі батысқа бет алып, Мысырға дейін барғаны туралы пайымдауын дәлелдеуге немесе теріске шығаруға бармайық, бұл біздің міндетімізге кірмейді. Бірақ қыпшақтың беріш руы туралы ауызға алынуының өзі бұл рудың (берчберіш) XII XIII ғасырлардың өзіндеақ болғанын және қыпшақтар құрамына енгенін дәлелдейді. Осының бәрі біздің Байбақты және Беріш рулары туыс, демек, олардың екеуі де қыпшақтар тайпасынан шыққан деген пікірімізді растайды. Беріш руының құрамында бессары бөлімшесі бар. Бессары руы қарақалпақтардың қытай тайпасьг руларының арасында да ұшырасады. Беріш руының таңба белгісі (Гродеков, Аманжолов, Кеппен, Ханыков бойынша). Бұл таңбаны біз әулеттік меншік заттарынан ғана емес, сонымен қатар ру өкілдерінің құлпытастарынан да кездестірдік. Алаш руы. Жөғарыда біз Кіші жүз руларының тағы біреуі алаш руының, дұрысырақ айтқанда, оның бір бөлігінің, егер таңбаларының ұқсастығы жағынан алсақ, наймандардан (бағаналылардан) шығатынын айтқан да болатынбыз. Демек, шекті руы сияқты оның да тегі біршама жақын уақытта жатыр. Ол туралы алғашқы хабарлардың XVIII ғасырдың орта кезінен ғана кездесетіні кездейсоқ емес. Бұл рудың наймаң құрамында тағы да таңбаларыпың бірнеше түрлерінін болуы дәлелдейді. Мәселен, «Қазақ КСР тарихы жөніндегі материалдарда» таңбалардың мынадай үш түрі: () келтіріледі. Архив деректерінде болса, мынадай төрт таңба туралы айтылады. М. Тынышбаев та шамамен алғанда нақ осындай белгілерді келтіреді. «Қазақ КСР тарихы жөніндегі материалдардағы» бірінші таңбаның дулат немесе албан таңбасы екені анық. Мұны алаш руында қоңырбөрік бөлімшесі, ал албан тайпасында қоңырбөрік руы бар екені дәлелдейді. Басқа екеуі сызықша қосылған әдеттегі найман таңбалары. Архив материалдарынан алынған алғашқы таңба алаш руының Гродеков келтірген таңбасына ұқсайды, екіншісі мен үшіншісі бағаналылардыкі (бақан) және соңғысы жалпы найман таңбасы. Сонымен, алаш руы таңбаларының осы барлық әр алуан түрлері оның негізгі бөлігінің өз тегін наймандардан бастайтынын ғана дәлелдейді. Алтын руы. Біздің бұдан бұрын айтқанымыздай, Кіші жүздің басқа бір руы Алтынның да тегі найман болуы ықтимал. Біздің қолымызда бар барлық деректемелерғе қарағанда, бұл рудың мынадай екі таңбасы бар: олардың негізінде жалпы найман таңбасы жатыр. Бұл ру, біздіңше, біршама жақында пайда болған сияқты, өйткені А. Тевкелевтің деректерін негізге алғанда, ол туралы алғашқы хабарлар XVIII ғасырлардың ортасында ұшырасады. Одан неғұрлым ертеректегі деректемелерде бұл ру айтылмайды. Үйсін руы. Көптеген тарихи деректемелер бір ауыздан үйсіндер-дің қазақтардың ғана емес, күллі Орта Азия аймағында-ғы басқа түркі халықтарының әтникалық тарихында үлкен маңыз атқарған Жетісудағы көне түрік руларының бірі екенін айтады. Жетісу үйсіндері туралы тұңғыш мә-ліметтер біздің дәуірге дейінгі II ғасырдағы қытай жазба деректерінде кездеседі, олардың түтін басы сол кездің өзінде 120 мыңға жетіп, 630 мың адам және 188 800 әскер шығара алатыны шежіреге түскен. Бұның бәрі олардың үлкен де күшті халық болғанын көрсетеді, тіпті олармен қытайлар да, ғұндар да есептесіп отырған. Қытай императоры үйсіндермен үнемі елшілік алмасып келді. Бірде Үйсін әміршісі (Гуньмо) Шын еліне жаңа елшілік жібе-ріп, қытай ханшасын айттырып, оған қоса 1000 жылқы беруін талап етеді. Оның тілегі орындалып, ханша үйсін-дердің қартайған патшасына тоқалдыққа ұзатылады, ал оның бәйбішесі ғұн билеушісінің қызы еді. Өмірде басқа әдет-ғұрыптарда тәрбиеленген ханша далада құса болып, киіз үйде тұрып, ет жеп, сүт ішетін қарт патшаға тигеи мұңын шағыгг. тағдырын өлецге қөстьт. Бұдан біз Үйсін әміршісінің патшалармен неке байланыстары, олардың ғұндармен тығыз тізе қосып, ңатар ғұмыр кешуін көреміз. Олардың озара соғысып, бірақ бейбіт күндері неке одақтарын жасауға дейін келісіп, патшалар отбасы араласқаны және олар көбінесе саяси сипат алатыны аян. Бичуриннің дерегі бойынша, үйсіндер әуелгіде Булунцзир өзенінің алқабында Дун-Хуан мен Унлян-шань маңында көшіп-ңонып жүрді. Бұл өлке Жетісудан недәуір шығысқа қарай жатыр, біраң Қазақ ССР тарихы 1-томының авторлары ңазіргі археология мен палеантропология жетістіктеріне сүйеніп, сақтар мен үйсіндердің тамырластығын дәлелдеп, күмәнді сейілтіи, Жетісудың кең-байтақ жері олардың ата жұрты деп есептейді. Ңытай деректері бойынша, Жетісу үйсіндері туралы біздің дәуірімізге дейінгі II ғасырдан бастап мағлұмат жетіп отыр, әйтсе де бұл бұған дейін үйсіндер болмады деген сөз емес. Қазақ ССР тарихы авторларының пайымдауынша, үйсіндердің күшті тайпалары Жетісу өңірінде біздің дәуірімізге дейінгі II ғасырларда өмір сүрді, ал лингвист С. Аманжолов «Қыпшаңтар, қырғыздар және қаңлылармен қатар үйсіндер де түріктердің ежелгі тайпасы болып табылады. Олар қаңлы және қыпшақтармен қатар, біздің дәуірімізге дейінгі IVII ғасырларда белгілі бола бастады» деп есептейді. Әрине, үйсіндердің қонысы ол кезде ұзыннан-ұзақ созылып, Жетісудан шығысқа қарай Шығыс Түркістанға дейінгі кең-байтақ жерді алып жатты. Оның үстіне кеңес археологы, профессор Н. А. Бернштам Жетісу тарихы жайындағы өз зерттеулерінде шығыс үйсіндерінің көші-қоны туралы пікірді мүлде жоққа шығарып, Жетісудағы Саң пен Үйсін тайпаларының тұрғылықты екенін алға тартады. Бұл тұжырымды Қазақстан археологтары К. Ақышев пен Г. Кушаев та қуаттайды. Белгілі саяхатшы Г. Грумм-Гржимайло мен Қазақстан тарихшысы 10. Зуев өз еңбектерінде үйсіндердің отаны алыс шығыс жақта болғанын атап өтіп, олар біздің дәуірімізге дейінгі II ғасыр ортасында батысқа қарай ойысып, Жетісуды жаулап алды деседі. Белгілі шығыстанушы С. Малов та Жетісудан шалғай шығыстағы коне түріктің тасқа басқан жазбаларында, Тоныкөк туралы жыр ескерткішінде үйсіндер жөнінде де жазылғанын, Рашид ад-Диннің шежіресінде үйсіндер ордасы туралы хабарлайтынын сипаттайды. Сондықтан бірқатар әдеби деректер үйсіндердің Жетісудан тарайтынына ден қойса да, коне жазуларды да назардан тыс ңалдыруға болмайды. Соған байланысты В. Востров пікірінің жаны бар. «Жетісу үйсіндерінің пайда болуы туралы ойға келсек, үйсіндердің шығыстан шығуы жайындағы көне жазбалар қалай айқын және дәл болса, Жетісу үйсіндері туралы мағлұматтар да сондай. Шынында да бұл өте күшті өніп-өскен ру, нақты айтқанда, еркіп де кең қанат жайған тайпалар одағы болып табылады» деп жазды ол. Қалай дегенде де, біздің дәуірімізге дейінгі III ғасырда үйсіндер Жетісу өңіріндегі Сақтар одағына енді. Бұдан кейін әр түрлі тарихи жағдайлар, өзара шапқыншылық пен қантөгіс соғыстардың салдарынан үйсіндердің әскери-саяси маңызы әсіресе, Жетісуда жужандардың билігі тұсында (б. д. IVVII ғасыры) әлсіреп, Тянь-Шань тауларына қарай ысырылып, біздің дәуіріміздің V ғасырынан бастап, В. Бартольд тұжырымдап, А. Бернштам куәландырғандай, үйсіндер туралы әдебиетте VI ғасырда ешқандай мағлұмат келтірілмейді. Демек, бұл үйсіндер басқа әтносаяси бірлестіктердің, нақтыласақ, Батые түрік қағанаты және одан кейінгі ерте феодалдық мемлекеттердің құрамына кірді. Шығыс Жетісу өңіріндегі археологиялық қазбаларға (Аңтас-2 мекені, Ақтас-1, 4, 6, Ақтау қорымдары) қарағанда, үйсін мәдениеті бұрынғы үйсіндер мекен еткен жердің бәрінде дәуірледі, тіпті X ғасырдан бастап, қытайдың жазбаларында үйсін рулары туралы қайтадан мәліметтер кездесіп отырады. Қазақстандағы уйсіндер елі туралы XV ғасырда араб жићанкезі Мосуди де жазды. М. Тынышбаев өз еңбегінде V ғасырдан бастап жазба деректерде үйсіндер туралы кездеспейді деген тұжырымға келеді. В. Бартольдтің пікіріне қарсы шығып, Қазақстан аумағында басқалармен қатар үйсіндер және олардың ұрпақтарының бертінге дейін өмір сүріп келгеніне дәлел келтіреді. Біріншіден, шежіре бойынша ежелгі дулулардың тікелей үрім-бұтағы дулаттар сол аймақта өмір сүріп, Ұлы жүз ңұрамына ене, саны көп ру ретінде қалыптасып, мәшћүр тұлғалардың бастауымен түрлі-түрлі тарихи оқиғаларға қатысқан. Бұдан тыс ол XIII ғасырдың ортасында Персияға өткен Құлағу ханның әскерімеи бірге барған мөңғолдардың аузынан жазылып алынған Рашид ад-Диннің «мопғол тарихын» келтіреді. Құлағу ханның сарбаздары Жетісуды көктей өткенде Шағатай әулетіне бағынатын Шу бойындағы үйсіндерді ұшырастырады. Оған қоса Ташкент маңайында XX ғасырдың басында тұрғындары үйсін деп аталатын үйсін қыстағы болғанын атап өтеді. Сонымен, Ұлы жүз құрамыиа кірген бүкіл руларды қазақ шежіресі үйсіндер деп атайды. Біздегі қолда бар мағлұматтарға қарағанда, Ұлы жүзден (Ақарыс, Ақшора, Байшора, Үйсін) Жұман тарайды, одан Кейкі би, одан Төбе би, одан Майқы, Қоғам, Қойылдыр мен Мекрейіл. Ал, Майқыдан Бақтияр, Қырық жүз, Мың жүз, Бақтиярдан Ойсыл мен Үйсін. Ойсылдан Сіргелі, ал Үйсіннен Ақсақал мен Жансақал шығады. Жансақалдан Жалайыр, Ақсақалдан Қараша би, одан Бәйдібек. Бәйдібектің бірінші әйелі Сары бәйбішеден Сарыүйсін, екінші әйелінен Жалмамбет, үшінші әйелінен Жарықшақ. Жалмамбеттің бірінші әйелі Мапыраштан Шапырашты, екінші әйелі Сыландыдан және үшінші әйелінен Ошақты мен Ысты атты ұлдар тарайды. Жарықшақтан Албан, Суан мен Дулат атты ұлдар өрбиді. Қоғамнан барып Қаңлы, Шанышқылы мен Қатаған өніп-өседі. Ұлы жүз құрамына енетін бүкіл рулардың алтын діңгегі осындай. М. Тынышбаев осы үрім-бұтақпен сәйкестей отырып, бұл руларды басқаша топтауды ұсынады Ұлы жүз үш тармаққа бөлінеді: 1. Үйсін. 2. Жалайыр. 3. Қаңлы. Үйсіндерге Албан, Суан, Дулат, Сарыүйсіпдер және өған қосылатын Шапырашты, Ошақты, Ысты, Сіргелі жатады; Жалайыр оқшау да, Қаңлыға Шанышқылы мен Қатағандәр қосылады. Бұдан байқалғандай, Ұлы жүздің құрамында тарих пен аңызға сүйенсек, ежелгі және бертініректегі үйсіндердің тікелей жалғасы Сарыүйсін тайпасы болып есептеледі. Сарыүйсіндердің шығу тегі туралы И. Казанцев пен Н. Аристов аңыз-әңгімелер келтіреді. Н. Аристов бойынша, Сарыүйсіннің Қалша және Жақып деген екі ұлы бар. Қазақтың пайда болуына байланысты аңыз соған қатысты. Аңыз айтатындай, Қалша Қадыр деген біреу қазақ даласын көктей өтіп бара жатқан жаулаушының әскербасы болыпты; әбден қалжырап аштан бұралып, шөлден қаталаған кезде, оны аспаннан түскен қаз (ақ қаз) ажалдан құтқарыпты, сөйтсе ол мейірбанды перінің қызы болып шығып, Қалша Қадырмен некелескен екен. Олардың үрім-бұтағы қазақ аталып кетіпті. В. Бартольдтің мәліметі бойынша, Қалша Қадыр тарихи тұлға, бұл татар ханын 1218 жылы бір жағынан Шыңғыс-хан, екінші жағынан Хорезм сұлтанының әскері қуғынға ұшыратады. Үйсіндер мен Сарыүйсіндердің ежелгі татарлармен жақындығыи сөз жоқ мойындамасқа болмайды. Бұл аңызға байланысты С. Аманжолов «Қазақтардың тегінде, жоғарыда көрсеткеніміздей, үйсіндер, демек, қазақ халқы өзінің бергі атасы Сарыүйсін руынан шықты дегенге ишара жоқ» деп нақты атап өтеді. Әрине, Сарыүйсіндер бір ата болғапымен Ұлы жүз құрамына енетін ру, соғаи қарамастан С. Аманжолов ескертпесінің дұрыстығын атап өткен жөн. Сарыүйсін руының әтникалық құрамы жайында мәлімет там-тұм. Сондықтан әдебиеттегі небәрі кейбір деректермен шектелеміз. Сарыүйсіндер Ұлы жүздің басқа руларына қарағанда, онша көп емес. Мәселен, Н. Аристов XIX ғасырдың 60-жылдарында Сарыүйсіндер Жетісу облысы, Верный уезінің Сарытауқұм болысында 1200 шаңырақ, олардың аздаған бөлігі Сырдария уәлаятының НІымкент пен Әулиеата уездерінде тұрады деп хабарлайды. 1897 жылғы мәлімет бойынша, Сарытауқұм, Мойынқұм, Шу мен Қарақатты өзендерінің бойында тұратындарының түтін саны 1700-ге дейін жеткен, ал М. Тынышбаевтың келтіруінше, 1917 жылы Жетісу уәлаяты Верный уезін 10 мың Сарыүйсіндер қоныстанған. Көптеген авторлар (М. Тынышбаев, С. Аманжолов, В. Востров) Сарыүйсін руы тегінің құрамы туралы айтқанда оның екі ұлы болғанымен шектеледі: Сарыүйсіндердің екі атасы Қалша мен Жақып есімімен аталады. Сарыүйсін руының тегі туралы деректі Алатау округтік басқармасының 1865 жылғы тізімінің негізінде жасаған жұмысында Н. Аристов келтіреді, Сарыүйсіннің Қалша мен Жақып атты екі ұлынан басқа «қазіргі кезде Сарыүйсіндер 1200 шаңырақ, олар Жетісу уәлаяты Верный уезінің Сарыүйсін болысын құрайды, сөйтіп Іле өзенінің оң жағасындағы Күрті өзенінің солтүстігінде Қаратораңғы шатқалындағы Сарытауқұм қонысын Көкімбет (100 үй), Жанай (100 үй), Жолай-Танай (100 үй), ЖанДосай (200 үй), Құлыке-Қырық (200 үй)бәрі 700 үй аталары жайлайды. Бұл Сарыүйсіндердің негізгі тобы, ал жекелеген бөлігі Шымкент пен Әулиеата уездерінде шашырап өмір сүріп жатыр. Жоғарыда аталғаы Сарыүйсін рулары бұрын Іле өзенінің оң жағын қоныстанып келсе, Түркістан генералгубернаторлығы құрылғаннан кейін Қапал мен Верный уезінің шекарасын Іле өзені бөліп тұрғандықтан, түбі бір туыс Дулаттарға жақындап, сол жағалауға өтті. Сөйтіп, бізге мәлім әдеби деректерді салыстыра қарап, мойындауымыз керек, өте-мөте жадағайлау Қалша мен Жақып атты екі үлкеи атаға бөлінетіп Сарыүйсіндер руы түп-тегін толық жасай алганымыз жоқ. Қалша өз кезегінде екі: Қайқы мен Сопы аталарына жіктеледі, ал Жақып жеті атадан тұрады: Кәкімбет, Жанай, Жолай-Танай, Жандосай, Күлеке-қырық, Баба мен Солтанқұл. Өкінішке қарай, деректердің аздығынан үрім-бұтақтың тұтас кестесін жасаудың мүмкіндігі болмады. Сарыүйсіндердің де ұраны «Байтоқ». Дулаттарға алтыншы атадан баръш қосылады. Сарыүйсіндердің рулық таңбасы астында айқышы бар (), төртбұрыш болыпкеледі. Сарыүйсіндердің осы рулық ұраны мен таңбасы бізге белгілі күллі деректер мен ел арасынан жинағаи жазбаларда бір ауыздан мақұлданады. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Сарыүйсін руы Іленің оң жағасындағы Күрті өзенінің сағасындағы Сарытауқұм ұшы-қиырсыз өңірін қоныстанған болатын. Сарыүйсіндердің тұрмыс тіршілігі мен өмір деңгейі Верный уезіндегі өз ата қонысының ауа райына байланысты болып келді. Сарыүйсіндердің Әулиеата уезін жайлаған аздаған тобының қоньгсьг Құлдауыт, Шу мен Талас өзендерінің бойындағы Мойынқұм. Сондықтан Верныйдың да, Әулиеатаның да Сарыүйсіидері негізінен малмен айналысты. Олар қыстауларда қора-қопсы салған емес, қой мен енгкіге сексеуілден ашық шарбақ жасап, өздері киіз үйде тұрып жатты. Түйе, ңой, епгкі, жылқы өсіріп, ірі қара малды аз ұстады. Көші-ңонда түйені, жылңыны пайдаланды, ілуде бірен-саран жарлы-жақыбайлар лауға өгізді жекті. Суды құдыңтардан тартьгп, мүмкіндік болған тұста өзен суаттарын, ал қысты күні қарды тұтынды. Қысқа қарай арнайы жем-шөп әзірлеген жоқ. Егіншілік кәсібімен айналыспады. Там-тұм егін өнімдерін (тары, бидай) көрші диқандардан айырбастап алып отырды. Сарыүйсін руларының (Қалша меп Жақып) қыстауы Күрті өзенінен басталып, Іленің оң жағалауына дейін созылып жатқан Тауқұм, Бұйратқұм, Ұялыкесік, Жиек, Ақкесік, Жусан, Жолбарысты-раңды, Ақтоғай, Қарашеңгел, Көкжиде, Шоқсуат өңіріне орналасып жүрді. Көктем меп күзде Сарыүйсіидер Іле озенінің жағалауын қоныстанып, көп шаруашылық сол жерді жайлады, тек ірі байлар жазғытұрымға қарай қойнау-қойнауға көшіп кететін. Мәселен, Сарыүйсіннен шыққан мыңғырған бай Қали Қарой шатқалында 12 мың бас қой өргізді, бірнеше әйел алып, қыстауда бірнеше қора салдырып, тіпті Верныйдың өзінде үлкен әулеті бар үйі бөлды. Оның тоқалынан туған Қазақстан Республикасының халық әртісі Гүлжаћан Ѓалиева Алматыда дүние салған. Қали Орта Азия, Сібір мен Орынбор арасында қоймен сауданы кеңіпен жолға қойды. Қазан төңкерісінен кейін ол бүкіл мал-жанын Кеңестерге өткізіп, отбасымен Қытайға кетіп, соида айтыс болды.Қалша руынан тараған кішігірім шаруашылықтар Сарыүйсіндердің оңтүстік шекарасында көктем мен күзде өз отарын Желбұлақ, Айдарлы, Аяққұдық, Қапшағай, Жиек, Күрті, Қаратораңғы маңайында өрістетіп, көбісі осында жайлап, ең ауқаттылары Қараойға дейіи көшіпңонып жүрді. Әулиеата уезіндегі Сарыүйсіидер Құрағаты өзенінің Шуга құятын сағасының сол жағалауына қыстап жүрді. Ал, Сарыүйсіндердің екінші бір шағын тобы бұл уақытта Талас өзені бойында қоныс тепті. Сарыүйсіндердің көктемгі-күзгі қонысы Шу мен Талас, Мойынқұм өңірінде болып, жазда Іле Алатауының альпі шабындыңтарына бауыр басатын. Шу мен Таластың Сарыүйсіндері ішінара егіншілікпен айналысты. Негізінен қыстауларға жақын жерде кедей жатақтар қалып, егін салып, тары, бидай мен бау-бақша өсірді. Сарыүйсіндердің өмірінде бәрібір мал шаруашылығы онімдері айрықша маңыз алды. Күллі заттық мәдениеттің нышандарында, азық-түлік, киім-кешек, үй-орман, тұтынатын бұйымдарға дейін үй жануарлары ерекше орын алатын еді. Сонымен, түріктің ежелгі руларының бірі үйсіндер қазақ халқының ғана емес, басқа да түрік хальгқтарының әтникалық тарихында үлкен маңыз атқарды. Бұл жөнінде төңкеріске дейінгі де, одан кейінгі де зерттеушілер дер кезінде жазды. Мәселен, Н. Аристов қырғыз бен өзбек халықтарының құрамында үйсіндер мен сарыүйсіндердің болғанын атап өтсе, М. Тынышбаев үйсіндер қырғыздар, ңарақалпақтар, өзбектер, түрікмендер мен қырым татарлары, қашғарлар мен ауғандықтардың әтникалық құрамында да бар деп есептейді, ал С. Аманжолов үйсіндердің қырғыздар, өзбектер, қазақтар, татарлар, ноғай және тіпті монтолдар арасында болғаны туралы дерек келтіріп, В. Востров үйсіпдер мен сарыүйсіндердің қазақтардан басқа қырғыздар және өзбектердің ішінде болғанын көрсетеді. Бұл үйсіндер мен сарыүйсіндердің өзге түрік халықтарының әтникалық құрамында болғанын айғақтайтын авторлардың түгел тізімі емес, үйсіндердің ықпалын сезіиген халықтар тізімі түгел деп әлі айта алмаймыз. Суан. Суандар жайында көне деректерде мүлде ешнәрсе ұшыраспайды. Алайда, бұл бағытта жоғарыда келтірілген Н. Аристовтың сілтемесі аса құнды дерек көзі болып табылады. Бұл мәліметті келтіре отырып, С. Аманжолов Н. Аристовтың пікіріне жан бітіріп, Албан мен Суан Дулат руының одағында болды дегенді қостайды. Қазақ шежіресі де ежелден Дулат, Албан мен Суан руларының түп тамырластығынаи, тіпті ол үшеуінің Жарықшақтың баласы екенін дәлелдейді. Суандар Албандарға, әсіресе, Дулаттарға қарағанда онша көп емес. Сондықтан олар көп жагдайда қысымдық көріп, ең бастысы, жер тәлімі мен жайылымнан шеттетілді. Бұл жәйт әлі күнге дейін айтылып келе жатқан аңызбен де расталады. Онда бауырлар арасында сұр бұқаның ені үшін (ал кезде бұқа ені желінеді екен) дүрдараздық шығып, сыбаға тимеген Суан үлкен ағалары Албан мен Дулатқа өкпелеп, шалғай шығысқа көшіп кеткені әңгімеленеді. Шынында да, Суан руының қонысы Қытай шекарасындағы Іле өзенінің оң қабағында, үш ағайындылар Дулат, Албан, Суан жайлаған аймақтың ең шығыс жағында жатыр. Суаныың ата тегі туралы мәліметтер әдебиеттерде біршама. Бұндай деректер көзіне Н. Аристов, М. Тынышбаев, В. Востровтың бізге белгілі еңбектерімен қатар Жетісу облысының байырғы тұрғындарын зерттеген жұмыстарды жатқызуға болады. Оларда Суандардың екі ата Тоқарыстан мен Байтөгейге бөлінетіні айтылады. Бұның бәрі рас болғанмен, әлгілерде үрім-бұтақтың тыңғылықты кестесі жоқ болып шықты. Біз осы кем-кетікті толтырып, өз пайымдауларымызбен салыстыра отырып, Суандар туралы тармақтардың таралуын бір ізге салдық. Суан руының шежіресі туралы біздің мәлімет берушілеріміз онша көп емес, дегенмен, солардың ішінде Талдықорған облысы, Киров аудаиының тұрғыны 1892 жылы туған (Суаннан) Кінәз Дәуітәлиев пен сол облыстың Жаркент қаласының тұрғыны 1937 жылы туған (Суан нан) Нұрахан Хабимолдаевтан жинан алған деректерді құнды деп есептейміз. Сонымен Суаннан ірі төрт ата тарады: Тоқарыстан, Байтөгей, Бағыс, Жесегір (соңғы екеуі Көпбағыс пен Досбағыс деген атпен Алматы айналасындағы дулаттарға сіңіп кеткен). Тоқарыстан мен Байтөгей ұдайы көше отырып, ңазіргі қонысы Іле өзенінің оң жағасымен Қорғас өзеніне дейін жетеді. Суан руының негізгі ірі атасы төртке: Тұрдымбет, Мұрат, Бердіке мен Баубекке бөлінетін Тоқарыстан болып есептеледі. Тұрдымбет өз кезегінде үш тармақ: Бөргелтай, Есет, Тұрсынға тарайды. Есеттен Қошқар, одан Жанқозы, Бөлек, Одыр, Мейіз. Одырдан Сүйімбай, Сабаз, Қабай. Шежіреде айтылатындай, Мұраттың алты баласы болыпты: Орыс, Қараменде, Шегірен, Қарабек, Әбдісүгір, Байтөгей. Ел аузында Байтөгейден басқаларын Бес Мұрат деп те атайды. Мұраттың үлкен ұлы Орыс, одан Мырзагелді, Хангелді. Соңғының екі ұлы бар Сұлтанқұл мен Ақша. Мырзагелдінің ұрпақтары недәуір болып, жеті атаға жіктеледі: Қожеке, Тілеке, Кебенек, Олдақсан, Туматай, Еділбай, Мәмбет. Мәмбеттің бірінші Қарлығаш есімді әйелінен Мақпал туса, ал екішпі әйелі Желкілдектен жеті ұл көрген: Сүттібай, Құттыбай, Медеубай, Мес, Айдабол (Сондықтан оларды анасының атымеп Желкілдектің Жеті тазы деп те атайды). Айдаболдан Сабалы, Бабалы, Баба, Байшымыр. Соңғыдан Тұрғынбай, одан Жақып, Іркітбай, Бүркітбай. Соңғыдан Қайынолда, Қатша, Әбділда, Қабимолда. Соңғыдан Нұрсапа, Нұрахан (мәлімет беруші, 1937 жылы туған), Айдархан. Біз келтірген үрім-бұтақ кестесінде мәлімет беруші Нұрахан Қабимолдаев пен Суанның арасында 11 ата жатыр. Байтөгей үш атаға бөлінеді: Елтінді, Молақ пен Жылгелді. Кейбір әдеби деректерге қарағанда Байтөгейдің ұрпақтары оның екі әйелінің атымен: Нөкейтін мен Сарықыз деп тарайды, біраң, олар қалай бөлінетіні нақты көрсетілмегендіктен, түп- тұқиянын дәл анықтау мүмкін емес. Молақтан Құртымбет, Сексен, Шоқа, Қасаболат, Сүйімбай, Еркебай. Жылгелдіден Аққабақ, Алдияр, Елшібек. Аққабақтың екі ұлы бар: Құдайберді (Аманқұл, Ақбура, Көтен) және Сатай (Абылай, Көпес, Бектемір, Досқұлы, Нәуке, Ақылбек, Әбдіке, Жетімқозы). Сатайдың бес әйелі болды, деп ел айтады. Төртінші әйелінен Әбдіке туыпты, одан Әділбек, одан Дәуітәлі, одап Кінәз (біздің мәлімет берушіміз, 1892 жылы туған). Біздің кестеміз бойынша, ол он екі атадан барып Суанға қосылады. Алдиярдан Есалы мен Дат. Елшібектен Құлжыкей, Алакүшік, Шабар, Алшор т. б. Сонымен Суан руы екі ата: Тоқарыстан мен Байтөгейге бөлінетінін қайта пысықтаймыз. Алайда, мағлұматтар тапшылығынан үрім-бұтақ кестесінде бүкіл буын қамтылмай қалды. Соған қарамастан екі ата туралы недәуір мәлімет алуға бөлады, өйткені біздің кестемізде Суан руының (5-қосымшаны қараңыз) бұл екі тармағының үрім-бұтағы біршама зерттелді. XIX ғасырдың аяғындағы Суан руының қанша болғанын Н. Аристов еңбегінен табамыз, онда 4000 шаңырақ десе, М. Тынышбаев олар 1917 жылы 40 мыңға жетті деп нақтылайды. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Суан руына жататын қазақтар негізінен Жетісу уәлаяты Жаркент уезінде тұрып жатты. Олар оңтүстікте Іле өзепінің оң қабағын, шығыста Қытай шекарасына дейіи, ал солтүстікте Жоңғар Алатауының тау шабындықтары мен Батыста Верный уезінің шекарасындағы Көктерек өзенінің бөйын қоныстанып жүрді. Демек, бұл Суандар көрсетілген жерлердегі құнарлы да шұрайлы топырақты аймақты алып жатты деген сөз, онда жер де, су да, ну да жеткілікті еді. Бұрхан, Үлкен және Кіші Үсек (Өсек), Шыпжың мен Қорғас өзендерінің алқабы мен Алтыңкөл көлінің маңайындағы құмда Байтөгей руының қыстаулары бар болатын. Өсек көлінің айналасында, Іле өзені мен Үсек өзенінің орта шенінде, сонымен қатар Көктерек бойында Тоқарыстан руының қысқы қонысы орналасты. Суан рулары мал және егін салумен айналысты. Төрт түлік өсіріп, бидай, арпа мен тары екті, сөйтіп негізінен жартылай көшпелі өмір сүрді. Ірі байлар Жоңғар Алатауындағы альпі шабындықтарына шығып кетіп, шағын дәулеттілері тау етегін төңіректеп, жарлы-жақыбай, жатақтар қыстауларда қалатын. Сіргелі. Қазақ шежіресінде Сіргелі Ұлы жүздің құрамындағы ежелгі тайпалардың бірі. Мәселен, біз келтіріп отырған ата-тегінің таралуына қарағанда (1-қосымша), Сіргелі Бақтиярдың немересі, Үйсінге бауыр болып келетін Ойсылдың ұлы. Сөйтіп, қазақтың шығу тарихы сіргелілерді үйсін дәуіріне дейін апарады. Алайда, зерттеушілер коне деректерден Сіргелі туралы мәлімет тапқан жоқ. Кеңес кезеңінде бір топ зерттеушілер Н. А. Баскаков пен С. К. Ибрагимов XVXVI ғасырға жататын Рузбехан еңбектерінен Сіргелі руы туралы мәліметтер тапты. Рузбеханның көрсетуінше, қазақтар жазда Еділ бойын жайлап, қыста Сырдария жағасына, Түркістан төңірегіне қарай көшіп кетіп жүрген. Қазақстанның батыс аудандары бір кезде Ноғай ордасына қарады. Ноғай ордасы ыдырағаннан кейін олардың бір бөлігі солтүстік Кавказға кетіп, басым көпшілігі жаңа құрылған қазақ хандығының құрамына енді. Бұл туралы қазақ ру-тайпаларыпың көбісінің (наймандар, қыпшақтар, қоңыраттар, үйсіндер, ергенекті, ашамайлы, телеу), сонымен қатар солтүстік Кавказда ноғайлар ішінде сіргелілердің үштаңбалы руларының болуы көп жайды аңғартады. В. Востров бұл мәліметтерді өз еңбегінде келтіре отырып, «бұл екі ру мен аталардың тек жай ұқсастығы емес, сөз жоқ, ноғай ордасы ыдырағаннан кейін екі туысқан халықтың құрамындағы сол ру мен тайпа» деген қорытынды жасайды. Сөйтіп, сіргелілер Батыс Қазақстаннан Сырдария мен Түркістанға, Талас пен Шу бойына Жәнібек және Керей сұлтандармен бірге келген рулар құрамында осы маңда ңалып кетуі де ғажап емес. Қалай дегенде де XVXVI ғасырларда Сіргелі руларының аталары Талас пен Түркістан төңірегін мекендеді. Әдеби деректерде Сіргелі руының ата-тегі туралы деректер азын-аулақ. Мәселен, орыс шығыстанушысы Н. Аристов өз еңбегінде Сіргелі руы сегіз ата: Байжігіт, Қарабатыр, Батырлар, Үштаңбалы, Айтбозым, Елібай, Төрттаңбалы, Жаңабайға бөлінетінін тұңғыш рет айтады. Оған іле шала М. Тынышбаев та Сіргелі руы (манат) төменгідей болып жіктелетінін дәлелдейді: Төрттаңбалы, Үштаңбалы, Батырлар, Қарабатыр, Жанай, Бөдене. Біздің ғасырдың 20-жылдарының басында Шымкент уезінде жүргізген зерттеуіпің нәтижесінде Э. А. Шмидт Байұлы мен Үштаңбалыға бөлінетін Сіргелі руының ататегінің толық таралуын көрсетеді. Байұлы өз кезегінде Елібай, Айтбөзым, Шақабай, Шалдар (Қойсой, Шоман, Қөңыр), Жайдақ (Алпар, Тұрсынай, Итемген), Батыр (Құдаиберді, Бердібай) болып келеді. Үштаңбалы болса: Ақкеңірдек (Шеңгелді, Маңдай, Үшңара, Қожамберді, Құдыс), Тутаңбалы, Қайшылыға бөлінеді. Бұл мәліметтер тек қана Шымкент уезіндегі Сіргелілер тегі туралы ғана сипаттама беретіндіктен, Әулиеатадағы бұл аталар жайында ешнәрсе жоқ. Сондықтан оны түгел емес деп есептейді. Үлы жүздің тегін қарастыратын В. Востров өз еңбегінде Сіргелілер туралы тек қана Н. Аристов деректерімен шектеледі, сол себепті оның зерттеулері Н. Аристов мәліметтерімен дәл келетіндей. Бұл әдеби мағлұматтарды аз болса да өз байқап-түйгенімізбен салыстыра отырып, Сіргелінің ата-тегін жасауға тырыстық (10-қосымпіаны қараңыз). Сіргелі шежіресі бойынша, біз біраз мәлімет берушілерден құнды мағлұмат жинап алдық. Олар: Шымкент облысы, Созақ ауданы Жуантөбе қеңшарының тұрғыны 1893 жылы туған (Тама) Әбдуәлі Қондыбаев; сол облыстың Бабаата ауылының тұрғыны, 1892 жылы туған (Дулат) Жұматай Тоқбаев; Шымкент облысы, Алғабас ауданы, Майбұлақ кеңшарының тұрғыны, 1888 жылы туған (Байжігіт) Тәжібай Бердібаев пен Төрткүл ауылының тұрғыны, 1888 жылы туған (Қарақойлы) Қожатай Төлековтер еді. Олардың ішінде Сіргелі ата-тегі туралы ең білгірлер бізге бұл рудың этнонимі жайында қызық аңыз айтып берген Бердібаев пен Төлеков. Мәселен, Тәжібай Бердібаевтың айтуынша, Жәнібек ханның замандасы, бақуатты Бақтиярдың ұлы Ойсылдың бірнеше әйелі және 30 ұлы болыпты. Олардың арасында ақылмандары да, көрікті еркетотайлары мен іскерлері де бар екен. Солардың бірі Жәнібек ханның сұлу қызына ғашық болып, ол қыз екіқабат болып қалады. Бұны білген хан ашулапып, Ойсылдың барша ұлдары мен келіндерін қонаққа шақырып, бәрін қырып тастапты. Тек қана Ойсылдың қырда жылқы бағып жүрген ұлы Өтеп пен оның Ізбике атты екіқабат әйелі Ошақтыда төркіндеп жүріп, аман қалып, Манат атты ұл туыпты. Ол ес жиып, ат жалын тартып мінуге жараған кезде оған сіргелі тай мінгізіп, еліне шығарып салыпты. Ол ата-жұртына жеткенде көкпардың үстінен шығып, бұл дөдада өзінің епті әрі күшті екенін танытып, тайының да тұлпар тектес топжарғандығын көрсетіп, жипалған ел-жұртты таңғалдырыпты. Оны енді байқап, бір-бірінен сұрастырып, «сіргелі тай мінген мына мықты бала кім?» дегенге келеді. Тойдан кейін әкесі Өтептің ағасымен көрісіп табысады, ол әмеңгерлік жолмен Ізбикеге үйленіпті. Өтептің ағасынан Тутаңбалы мен Қайшылыны табады; ал ханның еқіқабат қызы егіз Ақкеңірдек пен Қаракеңірдекке босанғаішап кейін, оларды Өтеп пен Ізбике асырап алыпты. Ал Манат есімі ел ішінде ұмьгтылып, «Сіргелі» атымен әтноним тұраңталып, бүкіл кейінгі әулетке көшіпті. Бұлардың төңірегінде тікелей ұрпақтары ғана емес, басқа да туысқандары, тіпті кірмелер де топтасыпты. Аңыз бойынша Сіргелі дәулетті кісі болып, бірнеше әйел алып, көптеген бала-шаға өрбітіпті. Мәлімет беруші Тәжібай Бердібаевтың айтуынша, Сіргеліден Байұлы тарайды, одан Айтбозым, Жаңабай, Елібай, Батыр, Қарабатыр, Жайдақ, Құлшығаш, Шалдар. Өтептің ағасының балалары Тутаңбалы, Қайшылы, Ақкеңірдек, Қаракеңірдек те кейіннен Сіргелінің құрамына кіреді. Қожатай Төлековтен жазып алған аңызда Сіргелінің әкесі өте дәулетті кісі болып, бірнеше әйел алып, ешкімге де, тіпті ханның өзіне де бағынбайтын 30 ұлы бар екен деседі. Олардың қаңлы мен қатағанның ханы Тұрсынмен жұлдызы ңарсы болыпты. Бірде Тұрсын хан Ойсылдың балаларының бәрін үй-ішімен шақырып, өлтіріп тынады. Одан әрі оқиға алғашқы аңызбен сәйкес келеді. Бұдан көрінгендей, алғашында тарихи тұлға Жәнібек бейнесі айтылса, кейінгі аңызда Тұрсын ханның тұлғасы алға тартылады. Аңыз айырмашылығы да осында. Аңыз түрлері уақытқа байланысты айрықша болып көрінеді. Аңыз бойынша Жәнібек хан XV пен XVI ғасыр аралығында өмір сүрсе, Тұрсын хан Жәнібектің немересі, Есім ханның тұрғыласы. Есім хан ңұба қалмаққа қарсы жорықта жүргенде Ташкентте отырған Тұрсын хан елін шапқаны үшін, оны өлтіріп жібергені тарихтан мәлім. Бұдан басқа біз Қажытай Төлековтен Сіргелі руының ата-тегі туралы мол мағлұмат алдық. Оның дерегі бойынша, Сіргелінің 6 әйелі болып, әрқайсысынан бірнеше бала көріп, олардан бірнеше ата тарайды, ал олардан бертініректе оның мәліметі болмай шықты. Бірінші әйелінен - Батыр мен Байжігіт, екінші әйелінен Қарабатыр, Байіуған, Шоқай, Ақпан, Қаракемпір, Шыбыт, Дәушауқар, Есім мен Досшабақ; үшінші әйелінен Сәмен, Шақаман, Өтеу, Бекбау, Ізбасар, Қоттақбай, Мамыр мен Ботбай; төртіиші әйелінен Жаңабай мен Айтбозым, бесінші әйелінен Қаракеңірдек, Ақкеңірдек, Шалдар; алтыншы әйелінен Тутаңбалы мен Қайшылы. Әрине, бұл ата-тектің тізімі түгел емес, әсіресе онда бізге басқа деректерден мәлім ірірулар ұшыраспайды. Бұлардаи басқа біздің мәлімет берушілеріміз жеткізгендей 2 және 3- әйелден тараған рулар Алғабас ауданында тұрып, бір-бірімен қыз алыспайды. Демек, олар өзара әлі жеті атаға жетпеген болып есептеледі. Қазақтар арасында бұл салт бүгінге дейін бұзылмай келгендіктен, олар деректерде кейінгі ұрпақ болып саналады. Төлекөвтың мағлұматтарын басңа деректермен салыстырғанда, Сіргеліні 1, 4, 5 жәпе 6-әйелінен тарағандар бірінші, екінші ата, ең әрі кеткенде үшінші атадан келіп ңосылады. Әдеби деректер мен біздің шежірені зерттеуімізді салыстыра талдағанда, Сіргелі руы: Батыр, Құлшығаш, Қарабатыр, Айтбозым, Үштаңбалы, Жайдақ, Елібай, Жаңабай, Қаракеңірдек, Ақкеңірдек, Шалдар, Ақсирақ, Қарасирақ, Тутаңбалы, Қайшылы, Торттаңбалы, Жанай, Бөдене болып келеді. Сіргелінің бұл аталары ел ішінде руға бөлініп, өзара қыз алыса беруіне рұқсат етіледі. Бұл, демек, олардың әрқайсысы әкзогамдық кедергіден өтті. Осынау 18 ру алғашқы ата болып есептелмейтін шығар, алайда Сіргеліден бастап екінші, тіпті үшінші буыи болғанмен, олар коп ұрпақты рулар болып саналады. Бұл аталардың әрқайсысы туралы тыңғылықты тектаиу құрастырмасаң та, кейбірі жайында толық мәлімет беруге тырысамыз. Мәселен, Құлшығаштан Байжігіт атасы, одан Амалдық, Оразымбет, Келімбет, Көшімбет, соңғыдан Сары, одаи Сайдуалы, одан Шақан, одан Байдәулет, одан Таңсық, Желкен, Дербісәлі, соңғыдан Бәсібек пен Бердібай, Бердібайдан Тәжібай (мәлімет беруші, 1888 жылы туған). Шежіре бойынша Сіргеліден Тәжібайға дейін 11 ата. Батыр екі ата: Құдайберді мен Бердібайға ажырайды. Шалдар руы үгн ата: Қойсой, Шоман, Қоңыр. Жандақ руы үш ата: Алпар, Тұрсынай, Итемген. Аңкеңірдектен бес ата тарайды: Шеңгелді, Маңдай, Үшқара, Қожамберді мен Құдыс. Бөдене екі ата: Жәлмәмбет пен Қарқыи, соңғыдан Кошек, Артық. Артыңтан Меңдіқожа, Меңай. Бұдан тыс біздің зерттеуімізде Шымкент облысы, Алғабас ауданында өз дамуында әлі әкзогамдың кедергіні өтпеген бірнеше ата тұрып жатыр. Оған Байтуған, Шоқай, Ақпан, Қаракемпір, Шыбыт, Дәушауңар, Есім, Досшабақ, Сәмен, Шақаман, Өтеу, Бекбау, Ізбасар, Қонаңбай, Мамыр, Ботбай, Шақабай жатады. Олар Сіргелінің анық қай атасына жататыны туралы мәлімет болмады. Сіргелі руының жауынгерлік ұраны «Бақтияр», ал кейбір аталардың өз ішінде басңа да ұраны бар. Мәселен, Елібайдың ұраны «Елібай», Айтбозым «Байтемір», «Жаңабайда «Жаңабай», Шалдарда «Тоғанас», Жайдақта «Даубай», Батырда «Есболат», Ақкеңірдекте «Тайлақ», Тутаңбалыда «Ақшабдар», Қайшылыда «Ақшабдар» болып жалғасады. Әдетте қазақ рулары мен тайпаларының ұраны түп атасының немесе ұлт тарихында маңызды орын алатын батырлар мен билердің атымеп аталады. Кейде сирек болса да ұранға арғымақтардың аты айпалады. Бұл жерде Тутаңбалы руыпың ұраны «Ақшабдар» мысал бола алады. Сіргелі руларының таңба белгісінің әдеби деректерде бірнеше түрі келтіріледі. Гродеков, Аристов, Тынышбаев, Шмидт, Аманжолов пен Востров бойынша Бәлкім, халық арасында басңа да түрлері бар шығар. Бұл таңбалардың алғашңы екеуі бұзау мен құлын енесін ембеу үшін тұмсығына кигізетін «сіргені» елестетсе, соңғы екеуі сол күйі «қурай таңба» аталады. Соңғы Шмидт бойынша, үштаңбалы руының белгісі. Сіргелі руы мен аталарының таңбасын Н. Аристов та, одан кейін В. Востров та өзге қазақ руларының таңбасымен ұқсас, немесе кейбір шығу тегінің нышандары дәл келетінін мойындауға бейім. Рулар мен тайпалардың әтногенезін анықтау шындыққа жиі келе бермейді. Кейде таңбаларды сол күйі көшіре салуға болмайды, сондықтан алыс аталарды бір-бірімен туыс деу жаңсақ секілді. Мысалы, Ұлы жүзде Сіргелі руының, Орта жүзде ерейдің. Кіші жүзде Телеудің таңбалары +х бірдей, сәйкес келеді, алайда олардың тегінің туыстығы ешқаидай ежелгі деректерде айтылмайды. Біздің зерттеуімізде аңыз түрінда болса да олардың туыстығы туралы мағлұмат жоқ. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Сырдария уәлаятының Шымкент, Ташкент және Әулиеата уездерінде тұратын Сіргелілер 7000 үйден астам болды. Олардың 4871 үйі Шымкент уезінде (Гродековтың көрсетуінше), 1410 үй Ташкент (Макшеев), ал басқалары (Смирнов) шағын топпен Әулиеата уезінде қоныс тепті. М. Тынышбаев өз еңбегінде 1917 жылы Сырдария уәлаяты Шымкент уезіндегі Сіргелілер 70 мың жан деп жалпы санын көрсетсе, Әулиеата бойыиша ешбір мәлімет бермейді. Сіргелілердің ат төбеліндей тобы Шу өзеніиің орта ағысының оң жағында Ақмола мен Қарқаралы уездерінің түйіскеіг жерінде қоныстанды. Олардың Шу өзеніндегі қыстаулары Жалайыр руы қонысының батыс жағьш алый жатты. Шу озеиінің сол жағасындағы Сіргелілер қыстауының қарсысыпда Шапыраштылар көшш жүрді. Сіргелілердің көктеуі мен күзеуі Шудың шалғай солтүстігіндегі Бетпақдалаға кірігіп жатты. Жарлы-жақыбайлар қыстаулардан алые ұзамай, жаз бойы суармалы жерде егіс егіп, күзеу мен көктеуді тоңіректеп, малдылары Бетиақдалаға ендей еніп, өзі үшін де, торт түлік үшін де құрақтарды пайдаланды. XIX ғасыр мен XX ғасырдың тоғысында Сіргелілердің басым көпшілігі Сырдария өблысы, Шымкент уезінде отырықшыланып қалды. Олардың қыстаулары Бөген, Шаян мен Боралдай өзендерінің бойында ориаласты. Тұрақты тұрмыс кешіп, жартылай көініп-қоиып жүрді. Егін суғарып, сүдігерді де іске асырды. Онда бидай мен арпа егіп, өзепдер аңғарындағы суармалы алқаптарда тары, жүгері мен бақша өнімдеріы өсірді. Диқаидардың құралы қарапайым болатын (жерағаш, уа, пал, ағаш тырмалар мен орақ). Егіншілікпен тек қолы қысқалар ғана айиалысты. Олар күнкөріс қамы үшін байлармен ортақтасып, олардан тұқым, сауыиға сиыр мен түйе алып, күш көлігі үшін өнімнің жартысын беріп отырды. Сіргелілердің жатақтарыпда тігерге тұяқ аз болды. Олар торт түлік өсіріп, әсіресе қой мен түйені ұстады. Қысқа қарай жем-шөп дайындады. 100 басқа дейін малы бар қөжайыпдар малдарын қорада ұстады. Ал, байлар әдетте Мойынқұм қөйнауын қыстады. Сіргелілер ішінде отбасылық ұсталардың әр түрлі кәсібі өркендеді, әсіресе, ағаш, сүйектеи, темірден зергерлік бұйымдар жасалды. Бұған өзбек ағайындармен қоңсы қону да недәуір әсер етті. Мәселен, XIX ғасырдың екінші жартысында Шаян өзенін мекендейтіп Сіргелі руының Байжігіт атасынан ағаш пен темірден түйін түйіп, «бес ұста» аталған шеберлер шықты. XIX ғасырдың 60-жылдарында Қаратау күнгейіндегі диқаи Сырымбеттің Құлжан, Батырқұл, Байлар, Айдарқұл, Құрманқұл атты бес баласы болды. Көп ұзамай әкесі өліп, шешесі іпиеттей бала-шағасымен Қазығұрт тауының баурайына көшіп барып, балалар ағаш пен темірді өңдейтін кәсіп үйренеді. Ағайындылар недәуір шеберленіп алған соң еліпе оралып, үйінде отырып, тұтас жасау-жићаздар жасап, көрік басып, зергерлікпөн айналысыпты. Олар бірге өмір сүріп, ерінбей еңбек етіпті, әлгілерді өнері үшін «бес ұста» деп атайды. Олар дайындаған жасау-жићазға, киіз үйдің әшекейлі есігі, сандық, жүкаяқ, піспек, төсағаш, кебеже мен адалбақан кіретін болған. Олардың бүйымдары әдемі өрнек пен нәзік нақыштармен ерекшеленетін. «Бес ұстаның» заттары Шымкент пен Әулиеата уездеріне кеңіпен тарады. Сіргелілер қыстауда жертөле қазып, бір бөлмелі үйлер тұрғызып, қора-қопсы салды. Жазда киіз үйде өмір сүрді. Сиқым. Сиқым Дулат руының төрт атасының бірі (№ 3 қосымшаны қараңыз). Қазақ шежіресі бойынша, Сиқым негізінен он атаға бөлінеді: Борас (Қарақойлы), Тоғатай, Шуылдақ (Байсейіт), Буас, Құлсейіт (Қусирақ), Ақылбек, Құттыбай, Есбол (Аққойлы), Есенгелді (Аққойлы мен Қарақойлы). Түрікмендер ішінде де Аққойлы, Қарақойлылар бар. Олар XIVXV ғасырда Азербайжан мен АрменияДа билікке таласты. М. Тынышбаевтың ескертуінше, оларды да Дулаттан шыққан деп шамалауға болады. Ел аузында Борас, Тоғатай мен Буасты Байсейіт атымен атайды. Байсейіттің шын есімі Шуылдақ. Есбол мен Есенгелдінің ұрпақтарын жай ғана «Естілер» атандырған. Бәлкім, олар бір-біріне рухани жақын болған соң басқа аталастары мен көршілер солай жақауратын атаған шығар. Сиқым руының жоғарыда аталған аталарының тегі туралы толық мағлұмат жоқ. Соыдықтан қолдағы бар деректерге сүйеніп, таратып отырмыз. Сөйтіп, халықта Қарақойлы аталатын Борас негізінен бес үрім-бұтаққа бөлінеді: Қораз, Рүстем, Әжі, Наурызбай мен Томай. Бұл буыннан әрі қарай жіктеуге деректер жеткіліксіз. Буас атасы бес бұтақтан тұрады: Боса, Борық, Құл, Есторы мен Қызылқармыс. Боса Құдайберді мен Алакүшікке бөлінеді. Құдайбердіден Жарымбет, Сайкөк және Сары тарайды. Есторының екі ұлы бар: Тойшы мен Тілеуқабыл, Тойшыдан Қараби, ал одан Сүйіндік пен Аталық. Тілеуқабылдан үлкен үрімбұтақтың атасы болып есептелетін төрт ұл өсіп жетілді: Жаушы, Таңат, Көске, Қосмұрат. Ал, Көскедеи Есті мен Шотке. Естіден Қарабатыр, одан Шенет батыр; Шенет батырдан Тұрыс би мен Рысбек батыр. Тұрыс бидөн Батырбек датқа, одан Тастамбек, Қожай мен Иса; Тастанбектен Белқожа (М. Тынышбаевпен кездескенде 1925 жылы 50 жаста екен). Қосмұраттан Шахмұрат, одан Қараби, одан Мәлік би, одан Асыл би, одан Әлжібек датқа, одан Байсейіт. Ақылбек үш ата: Ағабек, Мырзабек және Атайысқа бөлінеді. Құттыбай тармағынан Бағлан өрбиді. Есболдың (Аққойлы) екі ұлы бар Омар мен Сатыбалды. Омардан Қаржау мен Қайқы. Сатыбалдыдан екі ұл: Елтүзер мен Бөрі. Елтүзерден Рысбай мен Құттыбай. Бөріден Елке мен Естембай. Ал, Есенгелдіден (Ақңойлы) төрт ата: Үлебай, Сырлыбай, Төле мен Болат бөлініп шығады. Сонымен, Сиқымға кіретін 10 атаның тек алтауының тегін түгел болмаса да таратып, төртеуіне мәліметтер жетіспегендіктен, тоқталғанымыз жоқ. Соған ңарамастан, келтірілген мағлұматтар Дулат руының Сиқым атасы туралы неғұрлым анық деректер береді. Сиқым руының жауынгерлік ұраны «Сиқым» (Н. Аристов, М. Тынышбаев, С. Аманжолов) және «Рысбек» (Н. Аристов, М. Тынышбаев бойынша). Рысбек XVIII ғасырда өмір сүрген әйгілі батыр. Сиқымдардың рулық таңбасы - бұл алғашңыда Н. Гродековтың еңбегінде көрсетіліп, кейіннен Н. Аристов, М. Тынышбаев, С. Аманжолов пен В. Востров оз жұмыстарында содан алып пайдаланады. Үшінші таңбаны жалпы Дулаттың белгісі О түрі деп есептеп, ал алғашқы екі таңба сиқымдардың құрамына енген кірме басқа бір аталардың еншісі деуге әбден болады. Шанышқылы. Шаныпщылы да Ұлы жүз құрамына кіретін ру. Бұл рудың шығу тегі мен тарихы жайында көне деректерде ешнәрсе жоқ. XVIII ғасырдың ортасынан бастап, орыс деректерінде (П. И. Рычков, А. И. Тевкелев, А. Левитин, Ш. Уәлиханов) «ол (шаныпщылы) Ұлы жүз құрамына кіріп, Қаратау мен Талас өзенінің күнгейінде көшіп жүреді» деген мағлұмат бар. Алғаш рет Шанышқылы руының тарихы мен шығуы туралы Н. Аристов өз жорамалын келтіріп, Шанышқылының отаны Алтайдағы Бийдің бір саласы Аққу өзені мен Шошқалы, Шаңғылбүлақ, Қалжыр өзені ағып шығатын Марңакөлдің сағасындағы құмандар арасында деп тұспалдайды. Қаңлы мен Шанышқылының шығу тегі жоғарыдағы келтірілген аңызда Бақтиярдың өкіл баласы Қатағанмен байланыстырыла ңарастырылып, Шанышқылының ежелгі мекені ретінде Алтай өлкесі айтылады. Қатағандар туралы Әбілғазы еске алый, өзі (Әбілғазы) қазақтар арасында 1632 жылы болғанда қазақ ханы Есім хан Ташкент билеушісі қазақтан шыққан Тұрсын ханды өлтіріп, Қатағандарды тонап, ңысымшылық көрсеткенін айтады. Ол Қатағандарды Алұн-гоаның үлкен ұлы Бұқым-Қаттаннан шығарады. Ал Рашид ад-Дин Қатағандарды көшпелі ру Қатақин деп атап, оларды Алұн-гоаның үлкен ұлы Бу гунхатақидан таратады. Сол себепті қатағандар Түркістанда тек Шыңғыс дәуірінде, Шағатай сарбаздарының құрамында соларға қызмет етіп, пайда болды деп топшылауға болады. Әрине, олардың саны онша көп емес еді. Сырдарияда қатағандар жергілікті Қаңлы мен Шанышқылылар құрамынан тұрып, әлде бір қатағанның әйгілі бегін қорғау үшін соларға қосылғандар болатын. Одақтың ыдырап, Есім ханның қудалауының салдарынан Сырдарияның оң қабағындағы Қатаған руы да ізім-ғайым жоғалады. Олардың қалған-құтқан бөлігі басқа тайпаларға қосылып, немесе шанышқылы руларына сіңіп, шанышқылы болып кетті. Қатағандардың басым көпшілігі Шайбани әулетімеп бірге Мауараннахрға кетіп, бір бөлігі Қазақстан аумағын мекендеп ңалды. XIX ғасырдың екінші жартысында қатағандар (қораластар) Әулиеата уезінде тұрып келді (Мақашев пен Смирнов көрсетуінше). Қатағандардың көпшілігі басқа қазақ руларымен мидай араласып кетті, мәселен, Ысты аталарының ішінде Асанқараған мен Байқараған әлі күнге Шымкент уәлаятында тұрып келе жатыр деседі. М. Тынышбаев қатағандардың бір бөлігі Шанышқылы болып, Қаңлы руына қосылып кетті деп есептейді. Шанышқылы руы туралы тағы бір жорамалды Н. Аристов алға тартып, ол: «Шанышқылы атауын сонымен қатар монгол дың «Юактгаоми-шиде» айтылатын Чаншиут, әйтпесе Чанкшикит рулары профессор Березин Рашид ад-Дин бойынша қияттардың тармағы Женшқұт есіміне сай келеді. Олай болса. Шанышқылы ұрпағы Шағатай кезінде Қаңлының жергілікті руьшан қалыптасып, Шағатай монғолдарынан шыққан Чаншиут немесе Шанышқылы атасының атын иемденіп, одақ түрінде құрылды»,деп есептейді. Біздің қолымызда Шанышқылы руының шығуы мен тарихы туралы бұл жорамалды нақтылайтын жазба, немесе басқа деректер жоқ болғандықтан, осымен шектелуге мәжбүрміз. Соған қарамастан, Шанышқылы руы туралы Н. Аристовтың пайымдаулары көңілге қонымды екенін айта кеткен жөн. Шанышқылының Алтайдан шыққаны туралы топонимдер мен әтнонимдер негізіндегі ой, атаулардың кейбір монгол әтнонимдерімен сәйкестігі туралы, олардың жергілікті қаңлылар мен қатағандармен байланысы туралы тағы басқа мәліметтер толық назар аудартады. Шанышқылының ата-тегінің құрамы хақында М. Тынышбаевтың шағын мақаласынан басқа әдеби деректер некен-саяқ. Тынышбаевтың зерттеуінше, Шанышқылыдан Сымыршық, одан Айрылмас (шанышқылылардың ұраны); одан Құрбақа (Балық, Саңырау, Мамыт), Дарқан, Қырықсадақ, Бектау (Қырпық, Арапшы, Сырдым), Жойсын, Бағыс (Қырғызтекті). Біздің зерттеуімізде де Шанышқылы туралы жарияланымдар жарытымсыз. Біз тек бір ғана мәлімет беруші Алматы облысы, Шелек ауданы Жарсу кеңшарының тұрғыны 1928 жылы туған (Шапырашты) Қожахмет Кәрібаевтың берген мағлұматтарына сүйене аламыз. Оның айтуынша, Қоғамнан үш ұл: Қаңлы, Шанышқылы, Қатаған туады. Шаиышқылыдан Балық, Күрпік, Дарқан, Саңырау. Балықтың кіндігінен торт бала бар: Торқыс, Көңсалық. Балта, Ақкерей. Күрпіктен Мамыт, Араншы, Әжіке, Бесауыл, Сұрым, Кият. Дарңаннан Құлтума, Еңкеш, Шотым, Оршақ. Саңыраудан Көкмойын, Сәрке, Бақа, Жаңбыршы. Бұл Шанышқылының ата-тегі туралы мәліметтер, әрине. аталарды ажырату үшін салыстыру мен айқындау үшін жеткіліксіз, алайда, барын қанағат тұтуға тура келеді. Шанышқылы руының жауынгерлік ұраны бәйгеде «Айрылмас», ұрыс-қақтығыста «Шанышқылы». Бұл туралы Гродеков, Аристов, Тынышбаев пен Востров жазды, ал Аманжолов «Айрылмас» пен «Бәйтерек» деп есептейді. Бұл кейбір шанышқылы аталарының қаңлылар құрамына кіргендіктен, олар «Бәйтерек» ұранын пайдаланатын болар. Шанышқылының рулық таңбасы (қолтаңба). XIX ғасырдың аяғына таман (Мақашевке сүйенгенде) шанышқылылардың аз бөлігі Жетісу өлкесі, Верный уезінің Түрген өзенінің бойында ғұмыр кешкен. Сырдария уәлаяты Ташкент уезінде 2000 түтін, Верный, Қапал, Әулиеата, Шымкент және Ташкент уезінде барлығы 10 000 түтін болған. М. Тынышбаевтың дерегінше, 1917 жылы қаңлылар мен шанышқылылар Верный уезінде 10 мың жан, Әулиеатада 20 мың жан, ал Ташкент уезінде 160 мың жан өмір сүрген. Тағы да сол көрсету бойынша, жоғарыдағы үш уезд көлемінде 190 мың жан шанышқылылар қоныстанып жүрген. Қаңлылар мен шанышқылылардың саны туралы мәліметтер олардың негізінен Қазаңстанның оңтүстігіне таралғанын көрсетеді. Бұл барша уездерде қаңлылар мен шанышқылылар төрт маусым бойы қоян-қолтық көшіп-қонып жүргендіктен, олар бірге саналады, бірақ жан басы жағынан тепе-тең емес еді. Қапал. Верный, Әулиеата уездерінде шанышқылылардан гөрі қаңлылар басым болатын, ал Ташкент уезінде жоғарыда айтылғандай, шанышқылылар 2000 түтін құрады. Қаңлылар мен шанышқылылардың Қапал уезіндегі ата-қонысы Алтынемел тауларының етегінде, Верный уезінде Түрген өзенінің аңғарында, Әулиеата уезінде Талас өзенінің аңғарында және Ташкент төңірегінде Келес пен Шыршық өзендері бойында орналасты. Шанышқылы руының негізгі кәсібі төрт түлік мал өсіріп, суармалы егіншілікпен айналысу болатын. Олар жартылай отырықшы және отырықшы ғұмыр кешті. Әлбетте, отырықшылар егін салып, бидай, арпа, тары мен ңауын-қарбыз еккен. Сонымен, біз Ұлы жүздің ірі-ірі он бір руының рулықтайпалық құрылымы, олардың Жетісудың Қапал, Жаркент пен Верный уездеріндегі, Сырдария уәлаятының Әулиеата, Шымкент пен Ташкент уездеріидегі XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы қоныстануы туралы қысқаша шолуымызды аяқтаймыз. Әдеби деректер мен біздің зерттеулеріміздің негізінде 11 рудың 20 ата-тегі туралы кесте жасалды. Олардың тұтастығы мен толықтығы бойынша бұл тектану кестесі әр түрлі болды. Кейбір рулар мен аталар бойынша, олардың әтникалық құрылымы жайында әлдеқайда мол қамтылды. Жалайыр, Албан, Шапырашты, Дулаттың кейбір аталары бойынша біздің зерттеулеріміз тектану кестесіне енбей, орташа мағлұматпен шектелінді, ал Сарыүйсіндер мен Шанышқылы жайында деректеріміз тақұлтұқыл болды. Соған қарамастан, біздің тектану кестемізден Ұлы жүздің рулары мен аталық құрамы туралы белгілі жүйеде түсінік алуға мүмкіндік бар. Рулардың рулық құрылымы туралы мағлұмат бермей тұрып, алдымен мүмкіндігінше ежелгі рулар: Үйсін, Дулат, Жалайыр мен Қаңлылардың шығуы мен тарихы жайында деректер беру қарастырылды. Содан соң біздің кестемізге сәйкес, рулық-тайпалық құрамы келтірілді. Одан кейін рулар мен аталардың қоныстануы, көші-қоны да қағажу қалған жоқ. Ауа райы мен жер ыңғайына байланысты жеке рулар, аталар мен қауымдастықтың негізгі кәсібінің бағыты атап өтілді. Қал-қадарынша әр аудандардағы тұрғындардың тұрмыс-тіршілігі де тілге тиек етілді. Сарыүйсін. Халық жадында сақталып, атаданбалаға мирас болып келе жатқан шежірелерде Сарыүйсін тайпасы Бәйдібек бабаның Сары бәйбішесі Марау анамыздан таратылып, тіркестегі "Сары" сөзін, бір деректе Гүлжамал, бір деректе Марау аталатын, анамыздың түрімен байланысты шыққан дейді. Ал ғылыми деректерге сүйенсек, Қойшығара Салғариннің "Династии ханов" деген еңбегінде Сарыүйсіндердің Түргеш хандығын қүрғандығы айтылады. Осы деректі "Таң патшалығының жаңа тарихы" атты кітаптағы деректер де қолдайды. Десек те шежіренің негізі ауыз екі айтылатын аңыз болғандықтан біз аңызда айтылып, соңғы ғасырларда санаға сіңген деректерді негізге алуды жөн көрдік. Себебі Бәйдібек бабаның өзін бір деректер Ақсақ Темір көреген (хан тұқымынан қыз алған адамға берілген атақ) заманында ғүмыр кешкен десе, бір деректер (шежірелерде айтылатын аталар өмір сүрген уақытына дәлірек келтіру үшін) XII ғасырда, ал бір деректер біздің дәуіріміздің VIVIIғасырларында өмір сүрді деп дәлелдейді. Осының барлығы, біздің ойымызша, үстірттікген шыққан сияқты. Бәйдібек бабаның тарихта болғаны бұлжымас ақиқат, әруақты бабаның қай дәуірде өмір сүргендігін дәлелдеп айтуды тарихшылардың үлесіне қалдырайық. Бірақ, түркі тілдестер әлемінде "Аталық" деген ұғым бар. Осы ұғымға сәйкес Алаша хан туралы аңызда айтылатын, ханның ала шықты деген жорамалмен елден шығарылып жіберген баласын іздеп баратын жүздерді (ұлы, орта, кіші) айналып өтуге болмайтын сияқты. Сол аңызда алғашқы жүз жігітті бастап барып, хан баласын қайтып елге көшуге үгіттеген Ақарыс Бекарыс өзіне ергендердің, Жанарыс та, солар сияқты, қасына ергендердің атасы болып шығады. Осы үш адамға бөлекбөлек еріп барған бір қазақтың балалары, үш батырға еріп хан тапсырмасын орындауға бөлекбөлек барғаны үшін, үш жүзге бөлініп шыға келеді. Бұдан шығатын қорытынды ой, халқымыздың көшпенді тірлігінде жаугершілік заманда қол бастап, бейбіт заманда топ бастап, қысылтаянда сөз бастай алатын адамдарға сол кездегі ел билеушісі "аталық" дәрежесін берген. Сол себептен де Бәйдібек бабаның аталық болғандығын мойындау керек сияқты. "Аталық" дәрежесін алғандардың айналасындағы бірбірімен туыстас халық сол адамның еліміз дегенді бір ауыздан мойындайтын болған. Елдің аты аталғанда "Аталық" атын алған адамның есіміне қосылып айтылу дәстүрі болған. Сол дәстүр ақыраяғында бүкіл елді сол адамның баласы деп ататқызған сияқты. Бұл мәселе де шешімін болашақтан күтіп жатқан күрделі зерттеулерді талап ететін дүние. Егер Ақарыс, Беқарыс, Жанарысқа ергендердің барлығы да қазақ деген халықтың балалары екендігі, олардың тегі, тілі, генетикалық сәйкестігі бірдей екендігін болашақ дәлелдеп көрсетсе, қазіргі қазақтардың арасында тамтумдап болса да бой көтеріп қалып жүрген "Мен сенен гөрі қазағырақпын" деген сасық пікір жоққа шығарылып, халқымыздың ынтымағы арта түсер еді деген ойымыз да жоқ емес. Бүл мәселенің жауабының ұштығы Н.Аристовтың "26поколение тюркоязычных племен" деген еңбегінде жатқан сияқты. Түркі, қазақ жүртын көп зерттеген ғалым, қазақтың жүзжүзге бөлініп, ырыңдырыңға кіргенін Үлы Шыңғыс хан мемлекетінің іргесі сөгіле бастаған XIIXIII ғасырларға жатқызып, дәйектеп дәлелдейді. Бір деректе Бәйдібек бабаның әкесі Қараша би Арыстан бидің ару қызы Марауды ұлына айттырып әпереді. Бәйдібек баба бір деректе Марау анамыздан он үл, бір деректе тоғыз үл көрген делінеді. Сол тоғыз үл ержетіп, дүшпанына жүмылған жүдырықтай уйымдасып шабар жасқа келгенде, еншісі мен жері Бәйдібек бабаның басқа әйелдершен бөлек жатқан Сары бәйбішенің ауылын жау шабады. Еркектері жорықта жүрген қорғансыз ауылдың бар малый айдап, жөңкілтіп жүріп береді. Бүл хабар құлақтарына жеткен тоғыз үл (Қазыбек, Жәнібек, Толыбек, Тайлыбек, Әлібек, Тастанбек, Сенбек, Қарабек, Сарыбай) оздерінің күшіне сеніп ешкімді көмекке шақырмастан жауды өздері ғана қуады. Әккі жау жалтаң жолмен жүріп, тоғыз батырды ел арасынан ұзап шығуға мәжбүр етеді. Ақыры қуып жеткендер олармен қазіргі Шымкент маңындағы Ақсу бойында арпалысады. Сол жерде үш ұл мерт болады. Қалған алтауы жауды соғыса отырып қуып, қазіргі Күйік асуына таяу жерге жеткенде мерт болады. Ол жерлер күні бүгінге дейін "Алты сары" деп аталады. Өсіп, өркендеп қалған үлдарынан айырылған Сарыбәйбіше мосқал тартқан жасында тағы бір үл көреді. Туғаннан аяққолдарында кемістік бар баланы бай мен бәйбіше алласына шүкірлік айтып, елеусіздеу Сирақты деген есіммен атапты. Сапсары үлпек шашы мен, сергек мінезі баланы кейінірек ел арасында Сергек сары атандырыпты. Бір деректерде, алланың берген сиы дегенді меңзеп, Сыилық сары деп те атайды. Үйсін деген сөздің түбірі ырыс, байлық дегенге сайғандықтан, оның байлығына сай халық өз ішінде сары үйсін атап кетіпті. Ал енді бір деректе Марау ананың кенжесі жау шапқан кезде жеті жастарда екен. Сол Сарыбай ер жетіп, ағаларының кеткен кегін қайтару үшін, жаумен болған бетпебет қан майданда жекпежекке қарсы шыққандарды қылышпен шауып, қауынша айырып, шоқпармен соғып бастарын мылжалап, найзамен бауырсақты шиге шаншығандай іліп тастай беріпті. Жапатармағай елдің барлығы араласқан қоянқолтық соғыста айналасын балауса құраққа шалғы түскендей жайпапты. Бүны көрген жау нояны: "Анау жүрген сары үйсінді жыға алмасақ, бізге жеңіс жоқ" деп айқай салыпты. Содан бастап бәйбішенің кенжесі Сарыбай Сарыүйсін аталып кетіпті делінеді. Содан бастап үйсіндердің басқыншыларға қарсы болған сол соғысында ерекше ерлік көрсеткен Сарыбайдың атағы Сарыүйсін болып тарап, өз аты үмтыла бастапты. Тағы бір деректе үш жүздің басы қосылған үлкен жиынтойда Үргеніш жақтан келген түйе балуанға ешкімнің дәті барып, күресуге шықпай қойыпты. Түйе балуан өзіне тағылып әкелінген темір шынжырды быртбырт үзіп, күресуге шықпай жатқан қарсыластарының апшысын онан сайын қуырып, түрып алыпты. О сы кезде ортаға Үйсін бабаның әруағына айқайлап сиынып бір жас жігіт шыға келіпті. Балуандар қол алысып, күресе бергенде түйе балуан қолын қүрғату үшін ысқан топырақтың алақанында іркіліп қалғанын балаң жігіттің кезіне байқатпай шашып жіберіпті. Бұндай әділетсіздікті күтпеген жас балуан сасып қалғанда, түйе балуан енкейіп жауырынынан қапсыра құшақтап басынан асырып атып жібермек болып шалт қимылға кешіпті. Балаң балуан бұға қалып, оның екі аяғының арасынан өтіп бара жатып, кетеріи төңкеріп түсіпті. Әнеміне дегенше басынан аттап, жеңісті иеленіпті. Қолпаштаушылар оны тілкөзден сақтау үшін басына шапан бүркеп ел арасына алып кіріп кетіпті. Күрестің тез біткеніне таң қалған елі "Кім жықты?", "Жыққан кім?" деп ду ете түскенде бір ақсақал: "Үйсін бабасының әруағын шақырып ұрандап шыққанына қарағанда, Үйсіннің бір сары баласы жықты" депті халыққа. Сол кезден бастап Сарыбай Сарыүйсін аталып кетіпті. Қалай десек те Сарыбайдың Сарыүйсін аталуына әкелетін осындай аңыздар көп. Олардың кейбіреуінде санаға симайтын, "дәлелсымақтар" келтіруге тырысады. Біз жоғарыда негізге алған деректеріміздің барлығы аңыздардан алынып отыр. Кезкелген аңыз өзі туған заманның саясатына сүйене отырып дүниеге келеді. Өздеріңіз байқағандай, аңыздардың негізгі мақсаты ел бірлігі. Ел бірге болуы үшін түбі бір болуы керек деген қағиданы негізге алған аңыздарда кейкейде қисынға симайтын бүрмалаулар да аз кездеспейді. Сондықтан да тарихи деректердің орны әрқашан да ерекше болып шығады. Осыған орай жоғарыда аталған еңбектерде негізін мақүлдатқан, Әлкей Марғүлан еңбектерінде, жалпы дүниежүзілік тарихта аты аталатын Тургештер хандығы жайлы мағлүматтардың айтары көп сияқты. Біздің дәуіріміздің 699766 жылдары билік қүрған Тургеш қағанатының қүрамына кірген халықтар өздерін сарыүйсіндерміз ден атағаны тарихтан белгілі. Олай болса, Тургеш қағанаты тарих сахнасынан кеткен кезде, оның орнында қалған халықтың Сарыүйсіндер аталуы санаға қонатын сияқты. (Тургештер туралы мақаланы осы кітаптан оқисыз). Ендеше тарих сахнасында өз кезімен шығып, батысындағы, терістігіндегі байтақ өлкені билеген тургештердің басынан билік кеткенде, сол қағанаттағы халықтың бытырауы занды қүбылыс. Осының нәтижесіңде сонау ішкі Қытайға сіңіп кеткен сарыүйсіндер туралы деректер біздерге орыс тарихшыларының, қытай жылнамашыларының жазбаларында, Казбек бек Тауасарұлының "Түптүкияннан өзіме шейін" кітабында айтылады. Аңыздағы үрпақсыз қалды деген тоғыз ұлдың жержерге тарап кеткен ұрпақтарының он тармақтан бір ғана бүтағы қалуынан бүгінгі сарыүйсіңдердің таралуы сонау, алыстан басталса да, сан жағынан кенжелеп қалуына әкеліп соқтырған. Өзімен бірге өскен аталар арасында осы себептерден саны жағынан бірнеше есе кем болуы заңды. Мұндай мысалдарды Қоңырат тайпасының таралуынан да көруге болады. Олардың шежіресінде 34 атаның аты аталып, осы күні төртеуінен ғана тараған ұрпақтар туралы деректер бар. Қалғандары көршілес халықтарға сіңіп кеткен дейді аңыз. Мүндай жайт ескіден келе жатқан қазақ тайпаларының барлығына да сай қүбылыс. Осы орайда Үлы жүздегі Төбейдің төрт баласы Майқы, Қоғам, Мекірейіл, Куйылдыр туралы да айта кеткен жөн сияқты. Үйсін тарихында Мекірейілден тарайтын Мың жүзден тоқсан баулы қыпшақтар Қара Қыпшақ Қобыландының елі тарайды делінеді. Ал Куйылдырдың балалары Кырық жүз аталып Қоқандық сарттарға сіңіп кетті делінеді. Жалпы, тарих тереңіне көз салар болсақ сонау заманнан аты белгілі тайпалардың қазіргі саны тым аз болатындарын көптеп көруге болады. Мысалға тарихта ерте аталатын Чігілдің тікелей ұрпақтары Шапыраштыдағы Шыбыл мен Албан, Арғындар ішіндегі шыбыл тармақтары деп айтар болсақ, бұл үшеуінің де қазіргі үрпақтары басқа тайпалармен салыстырғанда, аз. Ал, бүдан 1012 ғасыр бүрын өмір сүрген айтулы жүрттың үрпақтары осы он ғасыр ішінде көбейіпкөбейш барып, қанша болатынын елестету қиын. Алайда, тарихтың дөңгелегі небір дүрілдеген мемлекеттердің өздерін шаңына жұтып кетті емес пе? Сол секідді біздің заманымыздан бүрынғы 15 ғасырларда белгілі болған қаңлы, үйсін одақтарының кейінгі тағдырын көріп отыр емеспіз бе? Тарап, бөлшектеніп, бөлініп сайын сахара төсінде қаншама елге айналып кетті. Міне солардың бір бөлігі Сарыүйсін. Өйткені Сақтар мен Үйсіндер бір заманда ғұмыр сүріп, кейінгісі дәуірлеп бел алғанда Сақтардың бір бөлігі Үйсін қүрамына сіңген соң, сол алдыңғысының ішінде жүрген бірліжарым топтар Үйсін құрамында өз әтнонимдерін өз аттарын сақтап қалды. Сондай әтнонимнің бірі Сақ яғни, сары. Міне сол Сақ тайпасы Үйсін тобында жүріп, Үйсіннің Сақысымыз яғни Сарыүйсінбіз (Сары) деп өздерін атап кетті. Осыны" нәтижесінде казаққырғыз шежіресінде Сарыүйсін есімі пайда болды. Сонымен, Үлы жүздегі Бәйдібек бабаның Бәйбішесі Марау анамыздан тарайтын Сарыүйсіндер шежіресін бастамас бүрын, жоғарыда айтылған жайларға сүйене отырып, төмендегідей қорытындыға келуіміз керек. Сарыүйсіндер Бәйдібек бабаның бәйбішесі Марау анамыздан тарайтын ұрпақтар. Олардың қазақ тарихында алар өз орыны бар. Сарыүйсіндерден Сары би, Алтай шешен, Қүрақ, Қошқар, Жандосай, Елемес, Турды сияқты батырлар шыққан. Ел арасында "Дәу Қали", Сарыүйсін Қали аталған атақты ел ағасы Ордабайдың Қалиы сияқты, ардалар шыққан. Сарыүйсіндердің қазіргі мекендері Алматы облысы Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ, Балқаш, Жамбыл, Қарасай батыр аудандары, Жамбыл облысының Шу, Талас, Құлан аудандары, Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам, Қазығүрт, Сарыағаш, Келес аудандары. Үраны Байтоқты, таңбасы Абақ. Ошақты. Ошақты руы туралы да көне жазба деректерде ешқандай мәлімет жоқ. Тек қана орта ғасырдағы бір мағлұматта Ошақты емес, оның бір Байлы руы жөнінде XV ғасырға жататын араб саяхатшысы Масуди «Тарихи Абулхайырхани» шығармасында там-тұм ескертіп өтеді. Орыс әдеби деректерінде XIX ғасырдың 70-жылдарына дейін де Ошақты руы туралы бірде бір сөз айтылмайды. Тек 1867 жылы Ю. Южаковтың еңбегі жариялаиып, онда Ошақты мен Шапырашты Суанның баласы деп қатеге ұрынады. Бірақ, Ю. ІОжаков Ошақты руының тегі туралы ешқандай мәлімет бермейді, Н. Аристов та ңолында дерек жеткіліксіз болғандықтан, бұл ірі қауымдастықтың ата тегі туралы епщандай ауыз тұшытарлық мағлұмат келтірмейді. Тек М. Тынышбаев қана Ошақтылардың рулық құрылымы туралы біраз хабардар етеді, сол біздің ата тек тарату жұмысымызда біршама бағдар болды. Қазақ шежіресі бойынша, Ошақты Үйсінге шөбере болып келеді. Оның әкесі Жәлменде үш әйел алады: біріпшісі Мапыраштыдан Шапырашты, екіншісі Қарашаштан Ошақты және үшінші әйелі Сландыдан Ысты. Демек, қазақ шежіресі олардың туыстық байланысын айқындап береді. Оыың үстіне, В. Востров Қоңыр атасының Ошақты мен Ысты құрамында болуының өзі олардың туыстық қатынаста болғанын көрсетеді деп есептейді. Огнаңты руының тегін тарқатуда бізге мәлімет беруші Жамбыл облысы, Талас ауданы, Үшарал ауылының тұрғыны 1889 жылы туған (Ошақты) Мықтыбай Ма хамбетов көп көмектесті. Қарапайым әдеби деректер мен біздің зерттеулеріміздің негізінде Ошақты руының тегін жүйелеп, олардың қоныстанған ауданын айқындаудың мүмкіндігі туды (№ 8 қосымшаны ңараңыз). Сонымен, Ошақты руы алты атадан тұрады: Байлы (немесе Байназар), Қоңыр (Қойназар), Аталық (немесе Бекназар), Тасжүрек (Ақназар). Байлы төрт атаға бөлінеді: Сүзік (Созақ), Байсары, Қасқа, Қабыл. Соңғыдан Қосберді, Есенғұл, Есберді. Есбердінің үш ұлы бар: Ауызек, Есенәлі, Мүсірәлі. Соңғыдан Бекен, одан Панг батыр (К. Қасымовтың ізбасары). Қоңыр руы төрт тармақ: Шуылдақ, Алданар, Жамантымақ, Түлкіші. Аталық атасы да беске бөліиеді: Орақ (Төртауыл, Қарсақ), Жалмәмбет (Берді, Сүгір, Төбет, Тас). Көп аталы Тасжүрек он екіге тарайды: Қосаң, Солақай, Сейіт, Тоқтыауыл, Қараман, Келмембет, Бөлек, Тас, Тілеу, Қайқы, Таз, Кенже. М. Тынышбаевтың мәлімдеуінше, Тасжүрек руынан әйгілі Саурық батыр шығып, 1725 жылы Торғайда Бұланты, Бөленті өзендерінің жағасында ңалмақтармен болған соғыста жеңіске жетіп, ол ара әлі күнге Қалмаққырған деп аталады. Айта берсе, Аңназар, Ңойназар, сонымен ңатар көп аталар, Қоңыр, Аталың, әсіресе Тасжүрек жайында мағлұматтар аз болғандықтан шектелуге тура келді. Ошақтылардың рулық айрықша жауынгерлік ұраны жөнінде ешқандай деректер жоқ, сондықтан оларда үйсіндерге ортақ ұран «Бақтияр» деп шамалауға болады. Аристов, Тынышбаев, Аманжолов пен Востровтың айтуынша, рулық белгі (Тұмар таңба). Ошақтылар онша көп емес, Н. Гродеков, И. Смирнов мәліметтерін негізге алып, Н. Аристов олардың жалпы санын шамамен XIX ғасырдың аяғында Әулиеата, Шымкент, Ташкент уездерінде 2000 үй деп көрсетеді. М. Тынышбаев 1917 жылы Әулиеата уезінде 60 мың жан, Шымкентте 10 мың жан, екі уездегі олардың бәрі 70 мың жан болды деп тұжырымдайды. Ошақтылар Талас өзенінің төменгі ағысында екі жағаны қоныстанды. Бұл тұрғындар көпшілігінің қыстауы Әулиеата уезінде де, шамалы бөлігі Шымкент уезінің жерінде орналасқан. Талас өзені Шымкент уезіне мүлде жетпеді, бірақ онда басқа өзендер бар болатын. Ошақтылар да өз қандастары сияңты отырықшы және жарты лай отырықшы өмір кешті. Отырықшылар деп жылдың төрт маусымында да Талас өзенінің алқабында қалып, суармалы егін шаруашылығымен айналысқан жатақтарды атайтын. Ал, көшпелі тұрғындар, оның ішінде малы коп байлар Мойынқұм құмын қыстап, киіз үйде тұрып, сексеуілден қора-қопсы жасап, таластағылар жертөле қазып, шошала тұрғызып, қамыс пен сексеуілден ашық немесе жабық мал тұратын шарбақтар құрады. Малға арнайы азық дайындалған жоқ, көктеу мен күздеу қысқы жайылымнан алыс емес бөлатын, ал жайлау Қаратау қойнауында еді. Төрт түлік мал түгел сай болып, өрісте жататын. Көшіқонда түйеге жүк артатын, жылқы мен өгіз де пайдаланылатын. Қаңлы руы. Қаңлы Ұлы жүз құрамына кіретін ежелгі түріктің руы (тайпасы ред.) болып есептеледі. Бұл рудың (тайпаның ред.) әтногенезі мен тарихы туралы жазба деректер аз емес. Сондықтан біз олардың кейбіреуіне толық тоңталамыз. Олардың ішінде а умақты тұтас зерттеу орыс шығыстанушысы Н. Аристовтың еңбегі болып табылады. Онда аталмыш авт ор былай деп жазады: «Қаңлылар дулаттар тәрізді ежелгі түрік руы. Бәлкім, Авеста пен Махабхаратта Қаңқа деп еске алынатындар солар шығар. Қытайлар бізді ң жыл санауымызға дейінгі бір жарым ғасыр бұрын Сырдариядағы, Зеравшан мен Әмударияның төменгі ағысындағы ұсаң отырықшы аймақтар бағынатын Кангюйдың ұлан-байтақ иелігіне кез болады. Кіші хандар дәуірінде (25221 ж.ж.) Кангюй мен Қаңлылар Арал мен Каспий теңіздерінің аралығындағы аландарды биледі. 568 жылы Византия елшісі Земарх Дзивул түрік ханына келіп, бұл кезде Холиат аталатын түрік қаңлыларының жерін басып өтеді. XI ғ асырда Мауараннахр мен Батыс Азияны жаулаи алған селжүктердің өздері қаңлы болмаса да, Р ашид ад-Дин атап көрсеткендей, олардың әскерінің негізгі сүйегі қаңлылардан тұрды. Бал асағұндағы соңғы ңарлұқ билеушісі XII ғасырдың екінші ширегінде өзін қаңлы шабуылынан қорғау үшін Қарақиданның Гурханын шақырды. Сұлтан Мұхаммед Хорезмшахтың қосынында Таластан келіп он мыңдаған Қа ңлы ңызмет етті. 1200 жылы Гинь елшісі Буксин Шыңғыс-ханға келе жатқан жолында Мауараннахрда кездескен Қаңлы руының санын айтады. Плано Карпини құмандардан (қыпшақтардан) кейін Қаңлы елімен жүріп өтті. Рубрук та 1258 жылы бұл көшпелілердің (саngle) ата-жұртын басып, сапар шекті. Ақсақ Темірдің кезінде қаңлылар Сырдың оң жағасын жайлады, бірақ саны көп емес еді. Ѓасырлар бойы ортасынан оңтүстік пен батысқа басым көпшілікті аттандырып отырды, өйткені Европаға құйындай тиген ғұндар мен қыпшақтардың жауынгерлері өздерімен бірге қаңлыларды ілестіре кетіп, барған сайын олар азайып, өз ата-жұрттарында билігі әлсіреп, шығыстан дулаттар мен солтүстіктен қыпшақтар қы спағына ұшырап, Сырдарияның орта ағысындағы жағалауларға ығысты. Қазақ-қырғыз одағына қаңлылар аз ру болып қосылады, себебі олардың көпшілігі Шайбани әулетімен Мауаранахрға кетіп қалған еді. Қырғыз-қайса қ хандары мен сұлтандарына жеке, сарай күзетшілері мен қосы ндардың басты құрамын (төлеңгіттерді) бере отырып, қаңлылар бүкіл қазақ даласына таран кетіп, қазіргі кезде жекелеген рулық топ ретінде тек Ташкент уезінде ғана кездеседі. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында, Н. Аристов көрсеткендей, қаңлылардың рулық тобы Ташкент төңірегінде ғана емес, сонымен бірге Жетісу уәлаятының Қапал мен Верный уездерінде де қоныстанды. Қаңлы руының тегі туралы орыс әтнографы А. Харузин өз еңбегінд е ғажайып аңыз мәлімет береді. «Қаңлы тайпасы...» бір кездерд е Жалайырлар сияқты жеке ру болып өмір сүрді. Қаңлы атын, Рашид ад-Диынің айтуынша, Оғыз ханның (түрік тердің атасы) өз туыстарымен күресінде оның жағына шыққан түрік рулары алды: олар «малды жегіп, өз қал- қадарынша арба жасады және түріктер арбаны қаңлы дейді» деп жазды ол. Қаңлылардың шығу тегі туралы Әбілғазы төмендегідей аңызды келтіреді: «Оғыз х ан барып, татарларға тиді. Татар ханы сан мың әскерімен оған қарсы шықты; олар шайқасып, Оғыз хан кенет шабуыл жасап, оның (татар ханының) қолын быт-шыт қылды. Оғыз ханның қолына көп олжа түсті, оларды тиеп алып кетуге лау жетпейді. Олардың қасында қолы епсекті бір шебер кісі болып, ол ойланып-толғанып арба жа сады. Оған қарап, бәрі де арба құрастырып, оған олжаны тиеп, бәрі үйіне қайтып келді. Арбаны «қаңлы» деп атады. Бұған дейін оның (арба) аты да, заты да болған емес, ол қозғалғанда қа ңқ деп дыбыс шығаратын себепті оны «қаңқ» атады. Оны жасаған адамды «қаңқылы» деді. Бүкіл Қаңлы елі сол адамның үрім-бұтағы». Академик В. В. Бартольд те қаңлылар туралы құнды мағлұмат беріп кетеді: «Құмандар мен қыпшақтардың түйісуі, соңғылардың қаңлылармен жақын туыстығы күмән туғызбайды. XII ғасыр мен XIII ғасырдағы мұсылман жылнамашылары қаңлы мен қыпшақ сөздерін синоним ретінде қолданады. Егер кангюй мен қаңлы атауларын өзара жақ ындастыру мүмкіндігі болса, онда бір кезде түрік халқының ең баты сын жайлаған ежелгі тайпа қаңлылар болып табылады». Одан әрі оқымысты: «Бәлкім, қаңлылардың өнері шығар, қара қырғыздардың сөз саптауы қырғыз-қайсақтарға Енесай түрік терінің тіліне қарағанда әлдеқайда жақын тұрады». Қара қырғыз халқының құрамына енген қаңлы мен қыпшақтар туралы Аристов жазды, одан басқа Қаңлы жұртының мекені бір кезде қиыр шығысқа қарай созылып жатқаны жайында бірқатар тарихи деректер келтіруге болады. XII ғасыр басында қаңлылар қарлұқтармен бірге Баласағұнға қатер төндірді (Джувейни); XIII ғасырдағы Алмалықта құрылған түрік иел ігін қаңлылар құруы да ғажап емес, ең ақырында Рашид ад-Дин қаңлылар Найманд ар жерінде, Ертістің жоғары жағында тұрды деп көрсетеді. Қалай болғанда да, деп жазады С. Аманжолов, М. Қашғари (XI ғасыр) өзінің әйгілі еңбегінде қаңлыларды ру ретінде еске алмайды. Ол: «Қаңлы қыпшақтардың ұлы адамдарының бірі» деп жазады. Бұл тұжырым қыпшақтар мен қаңлылардың бірлігі туралы академик Бартольдтің ойына жан бітіреді, сондықтан қаңлылар хақ ында арнайы айтылмайтын шығар. Алайда, бұндай бірлік уақытша да болуы кәдік. XI ғасырда н кейін қыпшақтар мен қаңлылардың жеке өмір сүруі көп жайды аңғартады. Басқ а қырынан қарағанда, М. Қашғари дәуірінде қаңлылардың көбісі Кіші Азияд а болғаны себеп шығар дейтін ой келеді. Соңғы ұйғарым академик Г ордлевскийдің зерттеулерімен пысықтала түседі, ол «оғыздан көп бұрын, елді түріктендіру жүрді. Қалаш, Қарлұқ, Қаңлы, Қыпшақтар көптен бері елдің түз тұрғындарын бағындырып жатты» деп жазады. Қаңлылардың мүлде жоғалып кетуі туралы әңгіме туыидамайтыны айқын. Махмұд Қашғари XI ғасырда ғұмыр кешкен қаңлылардан басқа, Қазақстанмен қоса, Орта Азияда өмір сүрген көптеген руларды суреттеп, қамти алған жоң. Дегенмен, басқа деректер бойынша қаңлылардың дені Қазақстан мен Орта Азияны өте ертеден мекендеп келеді. Бұл, біріншіден, Монғол шапқыншылары (XIII ғасырдың басы) Самарқанға тигенде бұл шаћарда 40 000 қаңлы мен парсы сарбаздары бар еді. Одан әрі Темір жорыңтарында айтылғандай, өла р Жошы ұлысында Сырдария мен Талас арасында (Әбілғазы Баћадүр хан) ұ шырасады. Қазақтардан басқа түркі халықтарының арасында ңаңлылардың бар екенімен е септеспеуге болмайды. Мәселен, Алтай мен Енесай түріктерінің ішіндегі, сонымен ңатар сақалар арасындағ ы кангаластарды өз қандастарынан өте ертеде бөлініп кеткен ежелгі ңаңлылар деп қабылдамай отыра алмаймыз. М. Тынышбаев өзінің «Қырғыз-қазақ халқының тарихына ңосымшалар» деген құнды, шағын еңбегінде қысқаша, бірақ толық қисынымен Қаңлы тарихын зерттейді. Ол «Қаңлы қытайларға кангюй атымен б. ә. дейінгі II ғасырда мәлім болды» деп жазды. Дау жоқ, Қаңлы Сырдария өзенін мекендеген түрік руы. Самарқан, Бұхара мен Хорезм өңірі де қаңлыларға бағынып отырды. Б. ә. алғашқы жылдарында қаңлылар ғұндармен бір ігіп, үйсіндер және қытайларға қарсы шайқасты. VI ғасырда қаңлыларда төрт дөңғалақты арба болды. X ғасырда қаңлылар арасынан Селжүк әулетінің негізін салған Селжүк деген әлдекім қара үзіп шығып, XII ғасырдың екінші жартысы мен XIII ғасырдың бірінші жартысына дейін Сырдарияның жоғары жағы мен Кіші Азияда билік құрды. XI ғасырдың басында бұл рудың халарлы атты бір бөлшегі Арменияға қоныс аударды, соның негізінде XIII ғасырда болашаң Осман империясының ұйтңысы құрылды. XII ғасырда ңаңлылар Шу өзенінің бойында ұшырасады. X ғасырда Мауараннахрды баса-көктеген түрік тердің ең көбі ңаңлылар еді. Содан бастап, Мауараннахр Түркістан деп ата лады. Хорезмшах (Мұхаммед Хорезмшах) дәуірлеп тұрғанда, Түркістанда қаңлылардың дегені жүріп тұрды; Хорезмшахтың анасы Түркен-қатын қаңлыдан шыңңан болатын. Отырар ңамалының әміршісі Қайыр хан оның жиені. Хорезмшахтың Шыңғыс-ханға қарсы қойған басты күші ңа ңлылар болыпты. XIII ғасырда Плано Карпини мен Рубрук қаңлылар жерімен өтіп, олардың ңонысын Сырдарияның төменгі ағысы мен Қарақұмда кездестірсе, Темір жорықтарынан біз олардың XIV ғасырдың аяғында Жошы ұлысының бір бөлігін құрап, Сырда рия мен Талас арасында көшіп жүргенін түсінеміз. XVII ғасырдың басында Ташкент уезінде тұратын қаңлыл ар мен қатағандарды Тұрсып хан жеке билеп-төстеді. 1629 жылы «Еңсегей бойлы ер Есім» оңтүстік өңіріидегі қазақтарды тонағаны үшін Тұрсын ханды өлтіріп, қ аңлы мен қатағандарды қуғындады. Олардың бір бөлігі Сырдың арғы бетіне бас сауғ алап, қалғандары «Шанышқылы» атымен қаңлыларға қосылды. В. Востров өз еңбегінде қаңлылардың ежелгі тайпа және олардың түркі т ілдес екенін үзілді-кесілді мойындап, көрсетілген деректер негізінде рудың қысқаша тарихын шолып. ол не себептен екені белгісіз, Қаңлы руының аталың құрамы жөнінде ешқандай мәлімет бермейді. Қаңлы руының әтногенезі мен әтникалық тарихы, тайпалың құрылымы мен ерекшеліктері туралы академик Ә. Қайдаровтың Қазаң әнциклопедиясында мақаласы жарияланған. Бұл мақаланы жазу үстінде ол жоғарыда көрсетілген және көрсетілмеген лингвистикалық деректерді мұқият зерттеген. Ә. Қайдаров Н. Аристов және басқ алардың ізін алып, басқа мағлұматтарда кездеспейтін Қаңлы ру ының тайпалық құрылымын беріп, қысқаша тарихына тоқталып, олардың ежелгі түркі тілдес екенін салмақты дәлелдейді. Ә. Қайдаровтың тектану кестесінде қаңлылардың атасы Майқы би болып саналады. Қаңлы руы Сары-қаңлы мен Қара қаңлы болып екіге бөлінеді, оның үст іне Сырдария мен Жетісу қаңлылары да осылай жіктеледі. Ұлы жүз Төбейден таратсақ, одан Байтерек, одан Қаңлы, одан Қанқөжек, Келдібек. Келдібектің бірінші әйелі Сары бәйбішеден Сары қаңлы ұрпақтары, ал екінші әйелінен Қара ңаңлы ұрпақтары өрб иді. Сырдария қаңлылары Сары ңаңлы (олар бес ата: Аңбота, Ақынқожа, Телқожа, Омыртқа, Миям) мен Қара қаңлы (олар 6 ата: Тоғызбай, Оңбай, Тоғанай, Бақа, Батырақ, Қара). Жетісу қаңлылары да Сары-қаңлы (бес ата: Әлсейіт, Түрке, Шоқпар, Құйысқансыз және Шанышқыл ы) мен Қара ңаңлы (6 ата: Ерезен, Қаспан, Еңке, Танта, Оразымбет, Бақа) болып тарайды. Бұл ата-текті салыстырып, Ә. Қайдаров Жетісу қаңлыларының атасы Сырдария қаңлылары болып табылады деген дұрыс қорытындыға келеді. Біздің зерттеулеріміз де соған сәйкес. Жетісуда қоныстанған қаң лының кейбір рулық тобы«Ақ қаңлы» және «Қызыл қаңлы» деп те бөлінеді, соңғылары Сар ы қаңлының бір тармағы Телқожа атасының ұрпақтары болып есепт еледі. Соныменқатар Ә. Қайдаровтың «Сары-қаңлы», «Қара-қаңлы», «Аққаңлы», «Қызыл-қаңлы» әтнонимдерінің бірігу салдары туралы пікірі де орынды. Ол әлгілер ата-бабаларының өз есімдері түр-түсі мен киіміне байланысты емес деп санайды. Бәрінен бұрын бұл ңырғыздағыдай кейбір рулардың «сол ңанат» пен «оң қанат» аталатын бір-бірімен қатысты географиялың орнын анықтайды. Жоғарыдағы деректерге сүйеніп, Қаңлы руының әтногенезі мәселелерін қозғап, ол арды ежелгі кангюй-түріктердің тікелей тұқымы деп с анаймыз. Қаңлы руының шығу тегі туралы әлгі авторлар пікіріне қарам а-қарсы тұжырым да айтылып қалады. Мәселен, белгілі әтнограф, Т. А. Жданко біздің дәуірімізге дейінгі II ғасырдағы кангюларды XIXII ғасырдан кейін пайда бөлған қаңл ылармен түйістіру дұрыс емес деп есептейді. Одан әрі ол кангюлер «тек қана ңаңлылар ғана емес, ертедегі ә тникалық қабат» деп түсіндіреді. Қаңлылардың тілдік тәуелділігіне тоқтап, «Арал маңында ғы тұрғындарңаңғар-ңыпшаңтар әтногенезінің негізіне жатады «оларды түркілендіру тек біздің дәуіріміздің IVVIII ғасырында жүрді, сондыңтан еже лгі кантюлерді түркі деп атауға негіз жоқ» деп түйеді. Бұл автордың көзқарасын толық сыйлай отырып, деп жазады В. Востров, ежелгі кангюлер мен ңаңлылардың әтникалық астасуын көрмеу дұрыс емес деп есептейміз. Ондай ұласулар сөз жоқ болды. Шьш мәнінде біз қаңлылардың Орта А зия мен Қазақстанның қазақ, өзбек, қарақалпақ халықтарының саяси және әтникалық тағдырында маңызы ерекше екенін білеміз. Т. А. Жданко пікірінше, XIXII ғасырдан бұрын пайда б олған аздаған ңаңлы ру- тайпалың бірлестігінің ңолынан ондай әлуетті тіршілік келер ме екен? Оның үстіне Әбілғазы көрсеткендей, бұл қаңлылардың басым көпшілігін Шу мен Талас өңірінде монгол басқыншылары талқандап жіберген болатын. Бұл жерде біз кейінгі уақыттағы қаңлылардың әтникалың негізін құрайтын ежелгі әрі саны көп (20 мың шаңырақ) кангюй халқ ымен тоқайласып отырмыз. Біз В. Востровтың ежелгі кангюйлер мен қаз іргі қаңлылардың терең жалғастығы бар деген толық дәлелі бар дәйектемесі н құптаймыз. Әдеби деректерден тыс Қаңлы руының ата-тегінің к естесін жасауға өзіміздің зерттеуіміз көмектесті. Қаңлылардың шығу тегі туралы бізге мәлімет берушілеріміз де құ нды мағлұматтар берді, олар: Талдықорған облысы, Қоғалы ауылының тұрғыны, 1906 жылы туған (Жалайыр) Әбілқасым Жантайлаңов; Алматы облысы, Шелек а уданы Қызылжиде кеңшарының тұрғыны 1905 жылы туған (Қаңлы) Нұрыш Нүсіпов; сол кеңшардың т ұрғыны 1938 жылы туған (Қаңлы) Стан Мұқашев; Алматы облысы, Шелек ауда ны Ащысай кеңшарының тұрғыны 1924 жылы туған (Найман) Файзолла Балмағанбетов; Алматы облысы, ПІелек ауданы, Жарсу кеңшарының тұрғыны 1928 жылы туған (Шапырашты), Қожахмет Кәрібаев аз көмектескен жоң. Бұлардың ішінде қолы нда жазба шежіресі бар білгірлер, әрине, болған жоң, соған қарамастаи олардың әрңайсысы есте қалғанда рымен Қаңлы туралы недәуір мәліметтер берді. Әйтсе де, көптеген рулар, аталар мен топтар туралы толың тектану кестесін бере алған жоқпыз (№ 11 ңосымшаны ңараңыз). Ұлы жүздің Төбейдеп басталатын шежіресінде, қайталап айтамыз, Төбейден Бәйтерек, одан Қаңлы, одан Қанкөжек, одан екі әйел алған Келдібек аталады. Бірінші қосағы Сары бәйбішеден Сары қаңлы ұрпақтары, ал екінші әйелінен (әлде бір хан қызынан) Қара ңаңлы аталары өніп-өсті. Бұл әрбір төп тіршілік ету аясын а байланысты екіге бөлінеді. Мәселен, Сары қаңлылар да, Қара ңаңлылар да Сырдария және Жетісуда екі атад ан тұрады. Сырдарияның Сары қаңлылары бес а та: Ақбота, Аңынқожа, Телқожа, Омы ртқа, Миям; Жетісудың Сары қаңлылары 6 ата: Әлсейіт, Ақбарақ, Құйысқансыз, Бозым, Ешкілі, Шанышқылы. Сырдарияыың Қара қаңлысы 6 ата: Тоғызбай, Онбай, Тоған бай, Бақа, Бадырақ, Қара; Жетісудағылар да 6 ата: Ерезен, Қоспан, Еңке, Танта, Оразымбет, Бақа. Бұл тізімнен Қызыл қаңлы мен Қаңлы рулық құрылымын қоспағанда, жоғарыда көрсетілген төрт топтан 23 ата тарайтынының өзі бұл тайпалардың бұрын көптігін көрсетеді. Ә. Қайдаровта алғашқы бірінші буындағы аталар 22-ге жетеді. Ә. Қ айдаров деректері мен біздің зерттеуіміздің айырмашылығы тек Жетісу Сары қаңлыларының ә тникалық жағдайына саяды. Оның Жетісу Сары қаңлылары бес атадан: Әлсейіт, Шоңпар, Түрке, Құйысқаисыз, Шанышқылыдан тұрса, біздіңше олар 6 атадан құралыпты: Әлсейіт, Ақбарақ, Құйысқансыз, Бозым, Ешкілі, Шанышқылы. Біздің дерегіміз бойынша, Ақбараңтан Шоңпар, одан Түрке, демек, бұнда айрықгда қайшылық жоқ. Қаңлының бұл 23 атасы туралы түтел ата-тегінің кестесін жасадық. Кестеден көрінгендей, біз онда Шанышқылы, Онбай, Ерезен, Қоспан аталары, әсіресе, бүгінге дейінгі Жетісу Сары қаңлыларына кіретін Ақбарақ руының таралу тегін мәлімет беруші 1938 жылы туған Стан Мұқашевтан жазып алып, толық келтіріп отырмыз. Оның айтуынша, оны түпкі атасынан 12 ұрпақ бөліп тұр. Біздің басқа бір мәлімет берушіміз 1905 жылы туған Нұрыш Нүсіпов өз атасы Ерезениен бастап, тікелей тұқым қуалап, өз баласына дейін жеті ата өтті деп есептейді, біздіңше, бұл жеткіліксіз болып көрінеді, өйткені Ерезен Ақбарақпен бірдей бірінші ата, одан бері 12 ұрпақ ауысқан. Сонымен, біздің Қаңлы руының тегі туралы жасаған кестеміз мүлде толық болмаса да, ол айқын суретті көз алдыңа келтіреді. Көне түрік тен бір кездегі қуатты Қаңлы руы ғасырлар бойында көптеген тарихи оқиғаларды бастан кешіріп, бізге дейін б ірсыпыра түрік халықтары: қазақ, өзбек, қарақалпақ, қырғыз, башқұрт және басқалардың құрамында жеке әтникалық төп болып жетіп отыр. Ңаңлылардың жауынгерлік ұраны «Байтерек», «Айрылмас» (Аристов, Аманжолов, Тьшышбаев, Қайдаров бойышна), ал рулық таңбасы жоғарғы деректерде I (көсеу таңба). XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Қаңлы руының аталары Жетісу уәлаяты Қапал мен Верный уездерінде, Сырдария уәлаяты Әулиеата, Шымкент пен Ташкент уездерінде қоныстанып жүрді. XIX ғасырдың аяғында Н. Аристов Қаңлының шағын тобы Верн ый уезінде (300 үй) кездесетінін хабарлайды (Қайдаров). Әулиеатада350 үіі (Мұ қашев), Шымкентте 478 үй (Гродеков), Ташкент уездерінде 1650 үй (Мұқашев) мекендеді. О л тағы бір тұста қаңлылар мен шанышқылардың жалпы саны10 000 үй болды деп көрсетеді. Ә. Қайдаров Қазақ әнциклопедиясында 1885 жылы Ташкент уезінде құрамал ардың 24 400 түтіні болып, олардың ішінде қаңлылар мен шанышқылылар 14 мың түтін екенін айтады. М. Тынышбаев өз еңбегінде қаңлылар мен шанышқылардың 1917 жылғы жалпы саиын уездер бойынша береді. Мәселен, Ташкент у езінде 160 мың жан, Әулиеатада 20 мың жан, Верный уезінде 10 мың жан өмір сүрген. Жоғарыдағы үш уезде барлығы 190 мың жан тұрып жатты. Жетісу уәлаятындағы каңлылар Қапал мен Верный уездерінде қоныстанды. Сойтіп, Ңаңлы руының үш атасы Қапал уезінің жерінде Алтынемел тауларын қыстады. Қызыл қ аңлы руының қауымы Арқарлы, Қоғалы, Байжанбастау, Мамырх анбастау мен Дөненбайбастау шатқалдарында қоныс тепті. Қапсан қаңлы руы Қарабастау, Қа сқажол, Құмалақты мен Майбұлақ қойнауларын жерсінді. Бадырақ қаңлы Құрөзек, Пішен сай, Шөладыр, Қоянкөз, Ұзынбұлақ, Майтөбе мен Манас маңайын жайлады. Бұл аталардың көктеуі мен күзеулері өздері жеке пайдаланатын жердің төңір егінде жатты. Ол мекенге жаңын тұста Шетенсай, Үшбұлаң, Қарағайлыбасы мен Долана лы шатқалдарында жайлауы орналасты. Жетісудың өзге қаңлыла ры Верный уезінің шығыс жағындағы Албан руы Сегізсарылармен, батыста Іле өзенінің сол жағасындағы ІПапырашты руының Шыбыл аталарымен қоян-қолтық тұрып жатты. Сырдария қаңлыларының аздаған тобы Әулиеата уезінің Талас ө зенінің алқабында, Шымкент уезінің Арыс және Келес өзенінің құйылыстарында қоныстанды. Бұл өлке қаңлыларының көпшілігі Сырдың орта ағысындағы Ташкент уезінде орналасты. Сырдария қаңлыларының негізгі шаруашылығы суармалы егіншілік болды, ал жетісулықтар егін салса да төрт түлік өсірумен шұғылданды. Ысты. Ыстылардың ежелгі этникалық тарихы, оның үстіпе әтногенезі жайында айтудың жөні келмейді. Өйткені, көне деректерде ол туралы ештеңе жоқ. Тек Фахреддин Мүбәракшахтың «Тарихында» XIII ғасырда қазіргі Қазақстанның жерінде басқа рулармен көшіп-қонып жүргеп Ысты руының Тілік тұқымы туралы сілтеме бар. Сол мәліметке сүйеніп, В. Востров «ЬІсты рулары Шу мен Талас өзендерінің арасын мекендеп, XV ғасырда Қазақ хандығының құрамына еніп, ал сонан соң басқа рулар мен аталарға еріп, шығысқа жылысып, Іленің сол жағасына қоныс тепті» деп атап өтеді. Ысты руы туралы орыс деректерінде алғашқы мәліметтер А. И. Тевкелевтің Ұлы жүз руларын санамалаған еңбектерінде, сонымен қатар Ұлы жүзді Ресей боданына алу туралы Ұлы жүз сұлтандары мен билерінің қол қойған өтінішінің тізімінде еске алынады, онда Ысты Ойық және Тілік деп екіге бөлінеді. Әйтсе де бұл мәліметтерді В. Востров өз зерттеуінде келтіреді. Ыстының түп-негізі туралы бергі әдеби деректер де бар. Оған ең алдымен қырғыздардағы жер пайдалану туралы Н. Аристов, М. Тынышбаев және В. Востровтың жарияланымдарын жатқызуға болады. Осылардың бәрін есептей келіп, әдеби деректерді біздің зерттеуімізбен салыстыра отырып, Ысты руының толық тегін жасауға мүмкіндік туды (№ 7 қосымшаны қараңыз). Ең білікті мәлімет берушілеріміз: Жамбыл облысы, Талас ауданының тұрғыны 1909 жылы туған (Ойық) Жаңабай Балтабаев; Жамбыл облысы, Сарысу ауданының тұрғыны 1895 жылы туған (Ысты) Орынбай Тұрысбеков; Алматы облысы, Жарсу кеңшарының тұрғыны 1928 жылы туған (Шапырашты) Қожахмет Кәрібаев; Алматы об лысы, Жарсу кеңшарының тұрғыны 1905 жылы туған (Шапырашты) Ыдырыс Сүлейменов; Шымкент облысы, Төрткүл ауылының тұрғыны 1888 жылы туған (Қараңойлы) Қожатай Төлеков және басқалар. Сонымен, қазақ шежіресінде қатталғандай, Ысты Бәйдібекке немере, ал Бәйдібектің өзі Үйсінге шөбере болып келеді. Соған сәйкес Бәйдібек Ұлы жүздегі жеті рудың (Сарыүйсін, Дулат, Албан, Суан, Ысты, Ошақты және Шапырашты) атасы. Аңызға қарағанда ЬІсты Жәлменденің екінші әйелі Сландыдан (бұрынғы күң) туады. Шежіре бойынша Ысты екі ата: Ойық пен Тілікке тарайды. Ойықтан төрт тармақ: Есім, Малай, Таз, Құлаышы. Есімнен Алакөз атасы шығады. Малайдан Бәйтік, Сүйіндік, Қалжан, Қара мен Жантүгел; Таздан Әлмамбет, Байменбет мен Сарыкемпір; Құланшыдан Амантай мен Жамантай. Тілік руы бірнеше тармақ: Тазша, Таздар, Асанқараған, Сексен, Байқараған, Қоңыр, Жырымсыз бен Ақмолда. Қоңырдан Ахметей, Құралай мен Қамыс. Ахметейдің үш ұлы бар: Қожамқұл, Сүйші. Қозықырған. Қожамқұлдың жеті ұлы болды: Өтес, Бойша (Тойбай), Шөтен, Сартақ, Айдарбек, Қолсадақ (Алай, Байшехан), Қожансүгір. Құралайдан екі ұл: Аққойлы, Қарақойлы. Соңғыдан Төбе би, өдан Қарақораз бен Жайлау, соңғыдан Көглей (Рүстем) мен Когдімбет (Әжі, Наурызбай, Томай). Ақмолда атасы беске бөлінеді: Есеншора, Ожырай, Боқмұрын, Итаяқ, Сүлгетай. Соңғыдан Бекбауыл, Төртсары, Итемген, Көзтаңбалы (№7 қосымшаны қараңыз). Үрім-бұтақтың кестесінде көрінгендей, көптеген аталар, тармақтар мен ұрпақтарға келгенде, деректер жетпегендіктен көп жайды таратып бере алмадың. Соган қарамастан, біз ұсынып отырған ата-тек тарату Ысты рулары, оның рулың құрылымы жайыпда недәуір толық түсінік береді. Ыстының рулық жауынгерлік ұраны «Жауатар», ал таңбасы | (көсеу). Бұл ұран мен таңбаны бізге белгілі бүкіл әдеби деректер бір ауыздан мақұлдайды. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Ысты рулары үш уезде: Верный (Жетісу), Әулиеата мен Шымкентте (Сырдария) қоныстанды. Н. Аристовтың көрсетуінше, бұл уақытта Верный мен Әулиеата уездерінде 1500 шаңырақ, ал Шымкентте 3500 шаңырақ, М. Тынышбаевтың мәліметі бойынша 1917 жылы Ыстылар Верный уезінде 10 мың жан, Әулиеатада 20 мың, Шымкентте 20 мың жан болса, бұл өлкеде барлығы 50 мың жан Ысты түтін түтетіп отырды. Бұл мәліметтер, әрине, бұлтартпайтын дәлел болмаса да, үш уездегі ола рдың қоныстапуы туралы біршама түсінік бере алады. Мәселен, Верный мен Әулиеата уездерінде Ойьщ руының көптеген өкілдері қоныс тепсе, ал Шымкент өңірінде Ысты руының Ойық та, Тілік те аталары қанат тас өмір сүріп жатты. Демек, бұл Ойың руы сан жағынан Тілік руынан басым түсіп жатқанын көрсетеді. Верный уезінде тұратын Ойықтың әр түрлі қауымы негізінеп үш жерге топтасты. Бірінші топ Іленің төменгі ағысында Жалайыр руының Байшегір атасымен араласыпқүраласып, Астау, Қара, Көкібай құмында, Маңдай, Құдық, Қарағайқұдық шатқалында, Топар мен Көкталдың Ілеге құятын тармағында, Көкшекпен, Киікбай, Байтайлақ, Бескемпір мен Шоғырлы қойнауында тұрып жатты. Ойық руының қауымдастығының екінші тобының Аңырақай тауының етегі, Жыңғылды, Еспе, Ашқұдық пен Қопалы өзені аңғарынд ағы Айтақсай, Райсай, Құрмансай, Қарасай шатқалдарында қыстаулары болды. Ойың руының қауымдастығының үшінші тобы уездің ең қиыр оңтүстігінде Кіші Алматы, Тереңқарасу мен Исатайқарасу өңірінде қыстады. Күзеу мен көктеулері Қарой шатқалының маңайында болды. Бұл топтың көптеген малшылары жайлауда тауға кетіп, баз біреулері қыстаудың қасын төңіректеп қалды. Бұл топтардың қауымдастығы қай жерде болса да, олардың әр қайсысы жалпылай ортақтасып пайдаланатын жайылымы мен шағын жері болды. Мал өсіріп, егін салды. Әулиеата уезіндегі Ойың руы қауымдастығының тобы, негізінен екі жерде тұрақтады. Бір тобы Шу өзенінің төменгі жағында, сол жағалау ды Шымкент уезінің шекарасына дейін жайлап, төлеңгіттер және дулаттармен қанаттас қоныстанды. Мейлінше шоғырланған екінші тобы Талас өзені ағысының ортасында екі жағалауда: Ащыкөл мен Ақкөл көлдерінің атырабыида, сөнымен қатар Әулиеата айналасында өмір сүрді. Ойық руыиың бұл қауымдастығының топтары суармалы жерді баптап, оған қоса төрт түлік өсіріп, отырықшы және жартылай отырықшы күн кешті. Дәулетті шаруашылықтар жайлауы алыстағы Қаратау қойнауына немесе Алатау аясына еніп кететін. Дәнді дақылдар егіп, баубақшамен айналысты. Шымкент уезінің жерінде Ысты руының Ойық және Тілік аталары кең тараған. Егер Верный мен Әулиеата уездерінде тек Ойықтар тұрса. Шымкент уезінде Ойықтан басқа Тіліктер де қоныстанды. Айта кету керек, бұндағы Ойықтар саны аз болса, Тіліктер Ысты жұртының шамамен үштен төрт бөлігін құрады. Ойық қауымдастығының шағын тобы Шымкенттің батыс жағында Арыс өзенінің сол жағасында, Сырдарияның оң жағасында қыстайтын Жаныс қыстаула рына дейін барып жүрді. Ысты руы қауымдастығы Тілік атасының үлкен екінші тобы Әулиеата уезінің шығыс шекарасына дейінгі орасан үлкен алқаптағы Боралдай, Бөген, Шаян, Мыңбұлаң, Арыстанды, Шалдыөзек пен Қарабас өзендерінің бойында орналасты. Бұнда Қызылжар, Ақтас, Қайнар, Майбұлақ шатқалдары бар еді. Бұл осы өлкені жайлаған Ысты руы Тілік аталарының ең саны көп, шоғырланып отырған тобы болатын. Ысты руының Тілік атасы қауымдастығының шағын тобы Шу өзенінің сол жағалауында солтүстік шекарага дейін көшіп-қонып жүрді. Тіліктердің қыстаулары Шу өзені мен батыста Мойынқұм құмының шегіне дейін жетіп, шығыста солтүстік-шығыс бұрыштағы Төлеңгіттермен қоңсы қонды. Ысты руының бұл қауымдастарының тобы өз ағайындары сияқты отырықшы және жартылай отырықшы болып күн кешіп, мал өргізіп, суармалы жерлерді игерді. Егістік қыстау қасындағы өзендер жағасында, күзеулер мен көктеулер де алысқа кетпей, Мойынқұм маңайында болатын. Жазғы жайлау Қаратаудың теріскейі мен күнгейінде Қазығұрт беткейінде орналасты. Сонымен, Іле, Шу, Талас, Арыс және өзге де оңтүстік өзендерінің жағасын жайлаған Ысты руының қазақтары қысқа қарай түндігі ашық бірнеше қанатты шошала тігетін. Оларды қамыстан, тас пен шикі кірпіштен тұрғызатын. Бұл үйлер ортал ықтағы ошақпен немесе бұрыштағы қазандықпен жылытатын. Жылытатын пешті ілуде біреу болмаса, көпшілігі білген жоқ. «Жатақ» аталатын жарлыжақыбайлар, көбінесе, жеркепелерде тұрды. Ысты руының малы көп ірі байлары Қызылқұм мен Мойынқұм құмдарын жиі қоныс аударып мекендеді, жазда да, қыста да ыңғайлы киіз үй тұтынды. Албан руы. Дулаттар одағының бір руы. Қытай деректерінде ежелгі дулулармен қатар албандар мен суандар да аталып кетеді. Бұл туралы орыс шығыстанушысы Н. Аристов былай деп жазады: «Қытайлар Хантәңірі мен Алтай арасын VII ғасырда м екендеген рулардың атын сақтап ңалды: шу-юс, шу-ми, шу-мугун, чу-бан және басқалар. Мүмкін, Дулу бастаған бұл рулар ертеректе юсбан тұрғындарын ңұрайтын айрықша Шу тобын құраған шығар. Бұл атаулардан мәні чу- бан мағынасы қырғыз-қазақтар қастер тұтатын дулаттарға тамьгрлас ад-бан (ал бан) мен су- бан (суан) шулықтардың рулары болатынына негіз бар, б әлкім, шу-бан есімімен Дулу аймағының. қүрамында болған шығар». Бұл қытай қолжазбаларының деректері қазіргі Албан мен Суан Дулат одағына кіргеніне дәлел бола алады. Қазақ шежіресі бойынша, Албан Суан мен Дулат Бәйдібектің пемересі болып келіп, Үйсінге алтыншы атадан барып қосылады. Бұл мәлімет олардың арасында туыстық-тамырластық қарым-қат ынастар бөлғанын көрсетеді. Көптеген ғасырлар бойы олар Дулат басқарған Одаң та болады. Ал, гаын мәнінде дулаттар албандар мен суандарға қарағанда сан жағынан к өп, олар Ташкенттен Алматыға дейінгі аймақты алып жатыр. Албандар болса, Верны й уезінің нгығыс жағында тұрақтады, қазір Алматы облысының Кеген мен Райымбек аудандарында қоныс теуіп отыр. Албан руының ата тегі туралы XIX ғасыр мен XX гасыр басындағы әдеби деректер мен ңазіргі зерттеушілердің еңбектерінде кесте бар. Бұлард а мағлұматтар жиі қайталанса да толың емес, ең дұрыс дегенде жалпы Албан атадан бері қарай 34 буын тармағы дәл. Солар дың ішінде М. Тынышбаевтың деректері толық болып саналады. Оған қоса біз 1968 бен 1975 жылдары жинаған мағлұматтар оған қосымша болып есептеледі. Бұл Албан ата тег і туралы деректер салыстырылып, кейбір жағдайлард а бұрын жіберілген сәйкессіздік толықтыра зерттелді. Бәрібір біз қаншама күш салып, бүкіл рулар, аталар, үрімбұтақтар жайында мол мағлұматтар бергіміз келгенімен, деректер жетпегендіктен, ол мақсатымыз орындалған жоқ. Соның нәтижесінде Албан руының кейбір аталарын бүгінге жеткізіп, 1013 атаға дейін ғана таратып әкелсек, кейбіреуі бойынша 34 ат амен шектелдік (4а, ә, б-қосымшаларын ңараңыз). Бізге толығырақ мағлұмат беріп, көптеген құнды деректерге қол жеткіздірген мәлімет берушілердің есімдерін атай кетуді парыз деп білеміз. Олар: Шелек ауданындағы 1938 жылы туған (Сарыңаңлы) Отан Мақашев; Шелек ауданындағы 1924 жылы туған (Найман руынан) Файзолла Балмағамбетов; Шелек ауданындағы 1897 жылы туған (Албан) Алмабай Шынәсілов; Кеген ауданындағы 1885 жылы туған (Албан) Әкімбай Сөкеев; Таутүрген тұрғыны 1889 жылы туған (Албан) Әжімұрат Жапаров; Шелек ауданындағы 1910 жылы туған (Қ ызылбөрік) Көмек Жаныманов; Шелек ауданындағы 1940 жылы туған (Албан) Байділдә Әнесов; Кеген ауданындағы 1891 жылы туған (Албан) Көпбосын Тұрсынов. Қазақ шежіресі бойынша, Албан руы үлкен екі тармақ: Шы был мен Сарыға бөлінеді. Шыбыл өз кезегінде екі ата: Қызылбөрік (шын ат ы Бөтей), Қоңырбөрікке (шын аты Өтей) бөлінеді. Қызылбөріктің екі ұлы: Молболды және Жолболды. Молболдыдан Тотас пен Есен. Тотастан Торғай мен Байназар. Есеннің бес ұлы бар: Базаркелді, Қазым бет, Еламан, Құланаяқ, Марша. Еламаиның бес ұлы бар Қонақ бай, Шағаман, Сапы, Шоқай, Найманбай. Шағаманнан Арыстанбай, Атымтай, Майрық пен Бисары. Бисарыдан Жанбота, Көбек, Маңғыл. Жанботадан Мойнақ, Бекберген, Тоқберген. Мойнақтан Қүрман, Жәнібек, Сәке. Сәкеден Әкімбай (біздің мәлімет берушіміз, 1885 жылы туған). Шежіре бойынша, Әкімбайдан Албанға дейін 12 ата. Найманбайдан Қожамжар, Байназар, Сүгір, Алтай, Әжібай. Әжібайдан Құдайберді, Қыдырәлі, Мәуке, Байыс, Жалбы, Бердіқожа, Айдар, Алқазы. Қызылбөріктің екінші тармағы Жолболдыдан екі ұл туады: Сақау (Қонақкелді), Кереқұл (Ағай). Сақау мен Кереқұлдан өсіп-өрбіген ұрпақ көп болғандықтан, біздің мәлімет берушілеріміз оларды таратып бере алмады. Сондықтан біз Са қау мен Кереқұлдан бері ңарай 12 ата шығарамыз: Әзет, Нәзет (Абыз), Еспер, Мәмбет, Бе рдікей, Тілеу, Дәуетек, Байжан, Жапалақ, Тұманбай, Өтес, Қожас. Албан руының ірі тармағы Қоңырбөрік үшке топтасады: Қа лқаман, Бойдақ, Жарман. Қалқаманнан Біте, Базар, Майлы, Тама. Бойдақтан Құртқа мен Мамай. Жарманнан Қараңұл, Сарықұл. Қарақұлдан Естемес, Кешкіл. Бұдан Қоңырбөріктің үрім-бұтағы туралы біздегі мағлұматтардың аздығы көрінеді. Біздің мәлімет берушілеріміз дің арасында бұл рудың бірде-бір өкілі болтан жоқ. Шежіре бойынша, Албанның Сары руы екіге айыры лады: Сүйерқұл мен Таубұзар (Сүйменді), бірақ, бұл есімдер халық ішінде ата болып атал май, олардың балалары атында бергі рулар кездесетіндіктен, әтноним ретінде алынбайды. Мәселен, Сүйерқұлдың төрт ұлы: Шоған Абыз, Досалы, Қожбанбет, Жарты мен қызы Әлжан (Алжан) б ар. Әлжан кірме Мәмбетке тиіп, ата-анасының қолында қалып, төрт ұл табады: Сырымбет, Шег ір, Аламан мен Хангелді. Әлжанның жоғарыдағы төрт бауыры мен оның ұлы ел аузында «С егіз сары» деп аталады. Бүкіл дерлік әдеби деректерде Албанның тегін таратқанда «Сегіз сары» Қызылбөріктің бөлек атасы ретінде көрсетіледі. Иә, «Сегіз сары» атауының өзі де бұлардың Сары ұ рпақтары екенін айқындайды. Албан тегінің бұл иірімін М. Тынышбаев өз кезінде анықтады, біздің зерттеулеріміз де оны пысықтай түседі. Алжан ұрпақтары да әдетте қазақ арасында халықта сіңісті болғандай әкесінің емес, анасыныц атымеп аталады. Алжан балала рының бір үрім- бұтағы Хангелдіден XVIII ғасырда Жоңғар басқыншыл арына қарсы белсенді күрес жүргізген атақты Райымбек батыр шықты. Кейіннен бұл есім күллі албандықт ардың жауынгерлік ұранына айналды. Райымбекті халық қасиетті әулие тұтып, оның есімі ел аузында аңызға айналып жүр. Онда ол өлер алдында ө сиет етіп, өзін дүние салғанда денесін ақ киізге оран, ақ аруанаға артып, оған ңай бағытта да жүр уіне бөгет жасамай, өзін інген шөккен жерге жерлеуді өтінді деседі. Мәйіт артылған ақ аруана ңазіргі Алматы қаласына келіп шөгіп, өсында Райымбекті арулап көміп, сабан кі рпіштен ескерткіш тұрғызылады. Қазір мазар орнында белгі орнатылып, үлкен даңғылға Райымбек ата есімі берілгенінің өзі оғ ан деген халық ңұрметі мен махаббатын көрсетіп, аруағын асқақтатады. Сегіз сарылар ішінде үлкені де, беделдісі де Сүйе рқұлдың үлкен ұлы Шоған Абыз Тұғыжым (Айтбай, Сиқымбай) мен Дәулет (Аманңұл, Жәдік) болды. Досалыдан Шажаның көптеген ұрпақтары (Тыныбек, Жәнібек, Қалматай, Жәд ік), Жансадық (Нияз, Шағыр, Рыскелді) мен Құлсадық (Баймен, Қуат, Биеке, Байсейіт, Еспенбет) өрбиді. Шажа ұрпақтарынан бізге мәлімет берген Ысңақ Мамаділов (1905 жылы туған) сегізінші ата болып келеді. Қожбанбеттен Тілеу (Қалдау, Тұрсын), Сағым (Балта, Қанай) мен Ағьгм (Бишал, Сары). Жартыдан Тілеуберді, Еспер мен Жақоз. Бұл Сүйерқұлдан шыққ ан Сарының ұрпақтары түгел ел аузында «Сегіз сары» деп аталады, ал шындығында бұндай ата б өлған емес. Сүйменді деп аталатын Таубұзардан да аз ұрпақ тараған жоқ. Одан екі тармақ тарайды: Айт пен Бозым. Ел ішінде оларды жиі қосып айтып, Айтбозым атайды. Соған ңарамастан, олар мүлде әр түрлі Албанның ірі аталарын ңұрайды. Сонымен, А йттан Жанбаба (Қалдыбай), Абата (Брідайшы), Сүйіндік (Сайынбөлек), Маматайыр (Таңа тар, Қалыбек, Жорт) мен Қарашаш атты қызы туады. Аңыз бойынша, ол әлде бір сұлтан ның (төренің) баласына айттырылып ңойылыпты. Бірде күйеу жігіт ө з қалыңдығының аулына ресми ұрын барып, еліне оралған соң ол қайтыс болып, құдалар жағынан ешқандай хабарошар түспейді. Әйтсе де, Қарашаш өзінің атастырған жігітінен ұл тауып, есімін Жиенқұл деп қояды, бірақ оны әлденеге «Қыстық» деп атап, тараған ұрпақтары да солай аталып кете барады. Жиенқұлдан екі ұл қалып, бірі Ақназар ел аузында «Ақңысты қ» деп аталып кетеді. Ақназардан Құлақай (Майлы, Сарман) мен Тілес (Шойқара, Жайын, Оңт ағар, Бегім мен Таңат). Біздің мәлімет берушіміз Алмабай Шынасілов (1897 жылы туған) Аң назарға тоғызыншы атадан ңосылады. Қарақыстық деп аталған Тоңтамыстан Бектемір, Қарақұс, Ескене мен Мәлике. Бұл Жиенқұлдың күллі ұрпақтары шежіреде қазірге дейін Қыс тық деп аталып келеді. Аңызға сәйкес Қарашаш ұлы Жиенқұлды төркініне тастап, Жалайыр жаққа күйеуге шығып кетеді. Бозымнан үш ұл бар: Жаншық (Әлмірек, Беснайза мен Олжай), Шобалтаз (Боздақ, Ноғай) және Сарыбай (Өтеп, Дәуіт). Біздің мәлімет берушіміз Көпб осын Тұрсынов (1888 жылы туған) Бозымға 9 атадан барып қосылады (Албан руларының т олық ата тегін 4- қосымшалардан қараңыз). Албандар ішінде бүкіл Ұлы жүзг е ортаң «Баңтияр» деген жауынгерлік ұраннан басқа XVIII ғасырда өткен атақты Ра йымбек батыр атымеп «Райымбек», «Райымбек ата» дейтін ұраны бар. Албандардың рулық таңбасы Дулаттың шеңберінің бір түрі секілді Н. Аристов, Н. Гродековтың есеп-қисабына сілтеме жасап, XIX ғасырдың аяғындағы албандардың саны 15500 шаңырақ болғанын келті ріп, олардың негізінен Жетісу облысы, Верный, Жаркент уездерінде тұратынын атап кетеді. Бұл екі уезде қазақ халқы Ұлы жүздің бірнеше руларынан, атап айтсақ, Сарыүйсінде р, Дулаттар, Шапыраштылар, Ыстылар, Жалайырлар, Қаңлылар, Суандар мен Ал бандардан тұрады. Албандар бұл өлкенің өңтүстік-шығыс жағын алып, Іле өзенінің оң жағасын жайлап, Қытай шекарасына дейін Жаркент уезінің оңтүстік-батысын, Іленің сол және оң жағасын біртұтас мекендеді. Верный уезінің көлемінде негізінен Қ ызылбөрік пен Сегіз сарылар орын тепті. Алғашқылары таудың оңтүстік аудандарын, ал кейінгілері уездің солтүсті к-шығысындағы Іленің сол жағалауын ата қонысқа айналдырды. Сегіз сарының рулық бірлігінің қыстауы Алабайтал, Сарыбұлақ, Асы сағасы, Сауысқан, Сарымсақты, Шөладыртеріскей, Сөгеті мен Бөгеті шатқалдарын, одан қалса, бір бөлігі Серектес пен Көктерек тау шатңалдарына орналасты. Жайлауы альпі шабындығы Асы мен Қарқарада бөлды. Қызылбөріктердің тұрағы Сегіз сарылардан күнгейге қарай ж оғарғы Шелек өзені, Далашың, Биесимес, Айдасу, Жая, Қызылмойнақ, Қараарша, Қон дық, Сарыбұлақ, Қызылауыз бен Бақалы шатқалдарын да орналасты. Жаркент уезінде Албан руының көп атасы шашыраңңы орналасқан. Іле өзенінің сол жағасындағы оңтүстік бөлігіыде шығыста Қытай шекарасына дейін, оң түстігінде Іле Алатауының биік жөталарына дейін, батыста Верный уезінің жеріне дейін Қоңырб өрік рулары, Қызылбөріктің шамалы бөлігі, Сегіз сары, Айт, Бозым, Қ ұрман мен Әлжандардың аталары қоныстанды. Осы кең-байтақ өлкеде қыстаулар, күзеулер, көктеулер мен жайлаулар шоғырландырылып отырды, өйткеиі онда өзеннің құнарлы алқаптары, тау өзендерінің шатқалдары мен аса биік тау шабындықтары болды. Мәселен, Іле өзенінің сол жағасын Қытай шекарасына дейін және батыста Шарын өзеніне дейін көптеген Сегіз сары атасының қауымдастығы мен Қоңырбөрік руы иелік етті. Олардан батысқа қарай Верный уезінің шекарасына дейін Айт пен Бозым аталары, ішінара Қызылбөріктер, ал Текес пен Шалқыдысу өзендері бойында Алжандар мен Құрман аталарының қыстаулары қанат жайды. Кеген мен Меркі өзендерінің алқабында, тау баурайларында Қоңырбөрік, Айт пен Бозым руларының қыстауы ірге көтерді. Күнгей Алатауының теріскейіндегі тау өзендерінің шатқалдарында Қызылбөрік рулары мекендеді. Іле өзенінің оң жағасында Жаркент уезінің қарамағын да Қоңырбөрік руы қыстаса, Айттар Алтынемел қыратының шатқалында, Алтынемел, Тізгін, Шылбыр, Үшбұлақ, Айнабұлақ өзенінің бойында, сонымен қатар Іле бойындағы Қар атөбе, Қызылжиде, Үшқоңыр, Қоянды мен Айдарлы шатқалдарында қоныстанды. Бұл екі уездегі Албан руларының күзеу, көктеулері қыстаудан онша алшақ емес еді, ал жайлауы таудағы альпі шабындықтарында болатын. Албан руына жататын қазақтардың басты кәсібі мал мен егін, қой-ешкі өсіріп, ірі қара мен жылқы бағып, шамалы түйені кіреге жіберіп, отырықшы және жартылай отырықшылық өмір кешіп, егін салды. Дәнді дақылдан кең тарағаны бидай, сұлы, арпа мен тары еді. Өз қыстауларының маңында қалып, телімдерінде егін өсірген жатақтар да аз болмаған. Ботбай. Ботбай Дулат руының төрт атасының бірі (№ 3, За қосымш аларды қараңыз). Қазақ шежіресі бойынша Ботбай бес атаға бөлінеді: 1. Құдайқұл өз кезегінде төрт арысқа тарайды, төрт ұлдың ұрпақтары төрт арыс аталады: Әлімжан. Бесторсық, Сиыршы, Есбер (Байтүгел, Байкісі (Байшат) Жиенбай мен Бұқар); 2. Шагай келе-ке ле алты арысқа ажырайды, Шағайдың үш ұлы Байкүшік, Есенгелді мен Кішкентай бар. Алғашқы екеуінің ұрпақтарын ел аузында «Кішкентай ботбай», ал кейінгісін «Шоң ботбай» дейді. Олардың әрқайсысынан екі ұл өрбіді, Шағайдың бүкіл алты немересінен тараған көптеген ұр пақтарды «Алты арыс шагай» дейді. Байкүшіктен екі ұл: Асан мен Тайлақ, Тайлақтан Жауыр, Мұрат; Мұраттан Қанат. Есенгелдіден екі ұл: Ақша мен Қожай; Қожайдан Жақсылық, Әлібек, Жазық, Қыдыр; Қыдырдан Жарас, Өтеп, Малғар, Мамыр, Өтеулі; Өтеуліден Өмірбек, Әлібек; Әлібектен Өлмес батыр, одан Сыпатай батыр. Кішкентайдың е кі ұлы бар: Жанқойлық пен Есенбай; Есенбайдап Дода, Шағатай; Шағатайдан Ауан, одан Сәмен батыр; Сәменнен Қапселем батыр. Өлмес пен Сәмен батырлар Ботбай руының азаткерлеріне бас болып, 1798 жылы ташкенттіктерге қарсы шайқасқа қатысты. Сәмен батыр бот байлықтардың жауынгерлік ұранына айналды. Ал, Сыпатаіі батыр болса; Кенесары Қасымовты мойындаудан бас тартты, оның зираты Меркіден шығысқа қарай 15 шақырым үлкен жол бойында жатыр. 3. Бидас (кірме). Өкінішке қарай, оның тегі туралы бізде де, әдебиетте де деректер жоқ. 4. Қоралас (кірме, 12 арысқа бөлінеді) одан Жанат; Жанаттан Қалыбай; Қалыбайдан Қарақойлы мен Қарақосай; Қарақойлыдан алты ұл бар: Есен, Ырыс, Мәмбетай, Бекшора, Қауғаяқ пен Шауқар; Қарақосайдан алты ұл бар: Итім, Сарым, Мырза, Бура, Тамай мен Қосан. Міне, олар Қораластан кейін 12 атаға бөлініп, «Қораластың он екі арысы» деп аталады. Тынышбаевтың айтуынша Қоралас кірме, монгол тектес. СанонСисен бойынша, ол жеке ру болып есептеледі, аңызда одан атақты Алангова шығады, одан Шыңғыс-ханның ата бабалары тарайды. 5. Көкірек (кірменің есімі Текежан). Көкіректен төрт ата ажырайды: Қара, Бұлантай, Бесбала (Бестерек деп те аталады), Туаш. Бұл жерде Бесбала жетім қ алып, оны Көкірек асырап алып, халықта «Бестерек» деп атап кетеді. Қазақ шежіресінде Бесбаланы бес баласы бар Бестеректің (Теріскей, Әйтек, Жоламан, Шақабай және бесіншісі белгісіз) кейінгі атасы дейді. Текежанды неліктен Көкірек деп атағанын біз де, әдеби деректер де таратып бере алмадық. Ботбайлардың өзінің жауынгерлік ұраны «Ботбай» атасының а тымен аталады, бәйге кезінде өз руының өмірінде маңызды орын алатын атақты батыр «Сәмен» есімі қолданылады. Бір ғажабы, олардың таңбасының бірнеше түрі бар. Сонымен, Ботбай руының таңбасы () (Гродеков бойынша), (Аманжолов бойынша), (Тынышбаев бойынша). Бұның барлық түрі Дулаттардың негізгі рулық таңбасы дөңгелектен тарап, кейбір жекелеген сипаттармен толыңтырылып отырғаны байқалады. Жалайыр. Зерттеушілер атап көрсеткеніндей, Жалайыр руы туралы көне қытай жазбаларында да, тіпті IXX ғасырдағы араб деректерінде де айтарлықтай мәліметтер жоқ. Ол жайындағы алғашқы мағлұматтар монгол дәуіріндегі XIIIXV ғасырдағы жазбаларда ғана бар. Мәселен, Рашид ад-Дин ежелден жалайырлар көп өніпөскен ру деп көрсетеді. Сондай-ақ, ол: кезінде жалайырлар Тұран мен Иранда өмір сүргенін, оларды қытайлардың күйретіп, біразының монғолдарға «Шыңғыс-хан бабаларына» тұтқынға түсіп, ол Шыңғыс-хан кезінде көбісі бек аталып, қоғамда құрметті орын алғаньш жазады. Оған қоса Рашид ад-Дин Жалайыр руының 10 ірі атадан тұратыныи нұсқайды: Жәйіт, Қоң-қауыт, Оят, Көркін, Торы, Тоқырауыт, Құмсауыт, Нілкін, Төлеңгіт, Саңғыт. С. Аманжолов Рашид ад-Дин көрсеткен Жалайыр аталарының кейбір тегі қазіргі қазақтар ғана емес, өзге де рулың тармаңтарда барын аңғарады. Мәселен, осы рулардан, деп жазады ол,- Қоң-қауыттан қаңлыны, Санқауыттан саңғылды, Жәйіттен Жүйді (Кіші жүз), сонымен қатар қырғыздарды (шайтейіт руы) көруге болады. Қазіргі заманғы қазақ пен алтай төлеңгіттері ежелгі Жалайырдың төлеңгіттеріне сәйкес келеді. Тордан «торғұлдар» (Алтайдағы татарлар) таныл ады. «Тоқырауыт» пен «Нілкін» сөздерінен Нілкі немесе Нылқы (Іленің бір тармағы) мен Тоқырауын (Жезқазған) өзендерін аңғарамыз. Бәлкім, Көркін Құрыған, немесе Үшқұрыған (Орхон жазуында) сақалардың ата-бабаларының түп тамыры шығар. Сөйтіп, әзірше Оят пен Құмсауыт өз төркінін таппай өтыр, әйтсе де олардың анық түрік сөзі екенін мойын дамай қала алмаймыз. Соған қарамастан Рашид ад-Дин өз еңбегінде XIII ғасырларда Жалайырлар монгол тілдес деп тұжырымдайды. Бұл орайда екі ұштылың жоқ деп ойлаймыз, өйткені әуелгіде монғолдарға тұтқынға түсіп, одан соң Шыңғыс-хан мен оның балалары әскерінің құрамына еніп, XIII ғасырда монғолша сөйлеуі де мүмкін. Бәлкім, осы мәліметтерге сүйеніп, Ш. Уәлиханов пен академик В. Бартольд Жалайырларды монгол рулары деп есептегеп шығар. Олардың ізінше М. Тынышбаев монгол тарихшысы Соном Сесеннің еңбегіне сілтеме жасап, «Жалайырлар Еке-монғол (ұлы монгол) деп аталатын саны көп, күшті монгол тобынан шықты» деп есептейді. Шыңғыс-хан қаз-қаз тұра бастағаннан жалайырлар оны жақтап, оның Қытай, Тибет, Түр-кістан мен Персияға жорықтарын қолдап отырды. Қытайды жаулап алған Шыңғыс-ханның әйгілі қолбасшысы Мұқылы-Тобан Жалайыр руынан шыққан. Шыңғыс-хан тұсында да, кейініректе де Жалайырлар төрт атаға топтасады: біріншісі Монголия мен Қытайда қалды; екіншілер Жошының балаларына беріліп, Шу өзенінің орта ағысынан шығысқа қарай қоныстанып, ІП у-манақ деп аталды; үшіншілер Шыршық пен Ангрен алқабында қоныс теуіп, Жалайыр ордасы аталуымен мәлім (Сырманаң); төртінші топ Гулагу ханмен Персияға кетті. Одан әрі М. Тынышба ев жалпы нышандармен жалайырдың соңғы үш тобының негізгі тарихи белестерін қуалайды. Мәселен, Ақсақ Темір көтеріліп келе жатқанда оны қолдап, 1370 жылы олар оның қарсыластары Дулаттар жагына шыгып кеткені үшін жалайырлар талқандалып, бытырай қоныстандырылды. Парсы тобы Иранда негізгі маңыз атқарды; жалайыр әулеті тіпті Солтүстік Иранда, ал бір кезде Багдатта да патшалық құрды. Жалайырлардың басты бөлігін 1370 жылғы қашқын Сыр-манақтар келіп қосылған Шу-манақтар түзеді. Бұдан әрі М. Тынышбаев Жалайырлардың Жошы ұлысынан шығысқа қарай ойысып, Ежен ханның Ақ ордасына тірек болғанын, Орыс ханның кезінде олар әмірші әскерінің үйтқысына айналғанын айтады. XVI ғасырдың аяғында жалайырлардың қалың көпшілігі Ұлы-Тауя ауданында болған деседі, осы кезде Оразмұхамет сұлтан өзінің жақыны Қадырғалимен орыстардың тұтқынына түсіп, Мәскеуге жөнелтіліп, Борис Годунов патша оларға Қасымов (Касимово) ңаласын беріп, Қадыргали Жалайыри онда Оразмұхаметтің ата- тегінің шежіресін жазды. XVIII гасырдың басындағы Жоңғар шапңыншылығына дейін Жалайырлар Шу өзенінің орта ағысына оралып үлгіреді, бірақ «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламада» қайтадан Бетпақдала шөліне қарай се рпілді. Одан кейін Жалайырлар XVIII ғасырдың ортасында Қазақ жерін азат етуге белсене араласып, қытайлар Жоңғарияны біржола күйреткенше, Аягөз өзеніне дейін жетті. Соның нәтижесінде азаттық алғаннан кейін, Жалайырлар Жетісудың Қаратал өзені жағасы мен Іле сағасын мекендеп қалды. Дегенмен, зерттеушілердің ішінде бірінші болып Н. Аристов Жалайыр руларыныңаттары негізінде олардың монгол тектес емес, арғы тегінің аралас түркі- монғолдан шыңқанын ұсынды. Н. Аристовтың пікірін растай отырып, С. Аманжолов оның тұжырымын нақтылап, кемшіліктерін корсетіп, Жалайырлардың ежелгі түріктерден тарайтынын сенімді түрде дәлелдейді. «Мен Аристовтың пікіріне қосыламын, деп жазады С. Аманжолов, Жалайыр руы мен аталары Ұлы жүзде дс әр текті рулар одағының бөлігі. Бірақ, бұл, меніңше, бүкіл қазақ, қырғыз, өзбек руларына да тән. Нағыз жалайыр деп ол, бәлкім, монғол нышандарын айтатын шығар. Бұл тағы да халықтардың қоныс аударуына байланысты қате көзңарас. Жалайырдың бүкіл рулары кейін түріктеніп кеткен монғол тектес дегенге итермелейді». Ал, жағдаяттар басқаша баяндайды. Жалайырлар тармағының ішінде монғол билігіне дейін көптеген ежелгі түрік руларыыың болып, басқа да Ұлы жүз бен қырғыздар руларының құрамында олардың таңқаларлықтай мидай араласып кетуі, ол ардың (Жалайырлардың) монғол шапқыншылығына дейін түркі тектес болғанын көрсетеді. Хиуа ханы Әбілғазы Баћадүрхан Жалайырларды монғолдың Хайду ханының тұтқыны болғаннаы кейін ғана монғол атанды деп есептейді. Бұдан Жалайырлардың басым көпшілігі монғол емес, небәрі олардың (500 «бүлікшілері») құлдыққа түсіп, монғолданып кеткен аз бөлігі деп түйіндеуге болады. Ежелгі монғолдардың салт-дәстүрі бойынша, олар өз мырзаларының қосынында қызмет етіп, «күнәдан» арылып, жоғары шен, ат ақ-дәрежеге (бек немесе қолбасы) жетуіне болатын еді. Сондықтан Қытайды жаулап алғаыдардың ішінде Жалайыр Мұқа-ноянның болуы таңғаларлық емес (Әбілғазы). Одан әр і С. Аманжолов Жалайыр руы ата-тегінің құрамын талдай келіп, олардың Сы р-манақ пен Шу-манақ тармақтарыыа айрықша назар қойып, бұлар ежелг і Дулудың бес аймағын тағы да қайталайтынын еске салады: шу-ми, шу-му ғун, шу-бань және басқалар. Олармен, бәлкім, қырғыз-қыпшақтарының қырғыз аталары: жаманақ пен омана қ та байланысты болуы мүмкін. Диалектілерді зерттеу барысында біз Арал теңізі аймағындағы Шектілердің өздерін Жаманақ деп атайтынын анықтадық. Осыдан қазақ пен қырғыздардың ода и да жақын туыстығы мәселесі туыидайды, меніңше, «манақ» өң әуелі рулық атау емес, ол тіршілік ету сипатына байланысты белгілі мекендердің тұрғындарына берілуден шығатын ат секілді. Шу- маиақ сөзін «Шу бақташылары» (егер монғолдың «ман ақ» сөзін негізге алсақ бағу, қарауылдау, сақтау) және «Шу бағбандары» (егер түр іктің «манау» бағбан») деуге болатындай. Әрі қарай С. Аманжолов өз еңбегінде деректер негізінде Жалайырлардың қо ныстануын қадағалайды. Жалайырлардың басым көпшілігі бар уақ ытта Жетісудағы Қапал уезінде тұрды, деп жазады ол, Бәлкім, біраз бөлігі Зеравшан алқабына қөныс аударған шығар. Жорықтарға ңатысушылар, әулеттер мен хандарды көт ерген жалайырлар (Қытай, Персия, Мысыр, Ресейдің оңтүстігі мен Сібірде), бәлкім, Шыңғыс-хан мен ұлдарына қ ызмет еткен жоғарғы әскери топтың өкілдері болуы мүмкін. Жалайырлардың мүлде аздаған тобы бурят-монғолдар ішінде де бар. Олар мүмкін Әбілғазы жазған Хайду хан құлда рының ұрпақтары шығар. XVIII ғасырдың ортасынан бастап, орыс деректерінде жалайырлар туралы құнды-қ ұнды мағлұматтар кездеседі, солардың негізінде бұл рудың әтникалық құрамы жайында недәуір мағлұмат табамыз. М. Тынышбаев қазақ халқ ының үш жүзінің тегі туралы, соның ішінде Жалайырлар жайында да орасан еңбек жариялады. Бұл деректе рдің бәрін зерттеп, өз жинағын мағлұматтарымен салыстыра отырып, жалайырлардың рулық құ рамы мен қоныстануын В. В. Востров монографиялық жұмысында ашып берді. Алайда, Жалайырдың бұл рулың ңұрамында оның 13 атасының ғапа тізімі беріледі. Салыстырмалы түрде біз Жалайырлардың тегін сәл де бо лса анықтайтын қолда бар деректердің бәрін зерттеп, өз бақылауларымызбен толықтырып, қал-қадарынша Жалайыр руының қомақтық құрамының таралуы жайын түздік (9 а, ә, б, в-қос ымшаны қараңыз). Экспедициялық зерттеулер кезінде бізд ің мәлімет берушілеріміз: Жамбыл облысы, Жамбыл атындағы кеңшардың тұрғыны 1891 жылы т уған (Жалайыр) Кама л Дүйсенбаев; Талдықорған облысы, Киров ауданы, Куйбышев атындағы кеңшардың тұрғыны 1899 жылы туған (Жалайырдың Мырзабәйбіше руынан) Қожахмет Нұрлыбаев; Т алдыңорған облысы Киров ауданы, Ленин атындағы колхоздың тұрғыны 1910 жылы туған (Жалайырдың Андас атасынан) Нұрғазы Иманғазиев; сол облыстың Гвардия ауданы, Кир ов атындағы кеңшарының тұрғыны 1906 жылы туған (Жалайырдың Андас атасынан) Әб ілқасым Жантайлақов; Талдықорған облысы, Киров аудапы, Мұсабек атындағы кеңшардың тұрғыны 1906 жылы туған (Жалайырдың Орақты атасынан) Әлд ибек Естаев; Талқорған облысы, Киров ауданының тұрғыны, 1909 жылы туған (Жалайыр) Байжомарт Дәндебаев; сол облыстың Киров ауданының тұрғыны 1904 жылы туған (Жалайырдың Андас атасынан) Шайық Самалтыров; Талдықорған облысы, Киров ауданынан 1901 жылы туған (Жа лайырдың Сыпатай руынан) Бекмұхамбет Байтұрбаев; Талдыңорған облысы, Киров ауданы, Октябрь аулының тұрғыны 1891 жылы туған (Сыпатай руынан) Әбділда Боранбаев; Талдыңо рған облысы, Киров ауданының Бозтоған аулының тұрғыны 1900 жылы туған (Жалайыр) Бекқожа Біләлов; сол облыстың Киров ауданы, Кеңарал аулының тұрғыны 1896 жылы туған (Жалайырдың Қарашапан руынан) Сапарғали Майсүтов; Алматы облысы, Баңанас аулының тұрғыны 1916 жылы туған (Жалайырдың Күшік руынан) Керім Байжомартов; Алматы облысы, Бақанас аулының тұрғыны 1888 жылы туған (Жалайырдың Күшік руынан) Мезет Жиенбаев; Алматы облысы, Бақанас аулының тұрғыны 1890 жылы туған (Жалайырдың Күшік руынан) Қосбай Кенжебаевтар қол ұшын аз берген жоқ. Бұл ақсақалдар Жалайыр руының қоныстануы, ата тегі, көші-қонның өтетін жолдары туралы біраз мағлұмат берді. Ал, кейбір қазақ ш ежіресінің білгірлері Жалайыр руының тұтас ата-тегі туралы жаңсы мәлімет түсірді. Солардың санатына Қожахмет Нұрлыбаев, Медет Жиекбаев пен Нұрғазы Иманғазиевты жатқызуға болар еді, олар бү кіл Жалайыр руының жіктелуі және соған байланысты әтникалың тарихы жөнінде көптеген аңыз жазып берді. Сонымен, қазақ шежіресінде қатталғандай, жазба деректерде саңталғандай, Жалайыр руы жерсінуіне байланысты екі ірі аймақты қ топқа Сырманақ пен Шуманаққа бөлінеді. Біздің мәлімет берушілеріміз Нұрғазы Иманғазиев және басқалардың көрсетуінше тағы бір Бірманақ тобы болған, алайда ол сыртқы жаулаушының қолына түсіп, сонда қалып кетеді. Ол жергілікті қызға үйленіп, одан Қосай және Њосым бет қалады. Балалары жас кезінде Бірманақ дүние салып, өлер алдында: «Тарақ таңбалы елдеріңді табыңдар» деп өсиет айтады. Жалайырдың рулық белгісі (тарақ таңба). Әкесінің аманатын орындап, балалары қандастарына қайтып оралады. Аңызда айтылғандай, жасөспірім Њосайды Шуманақтың ұлы Андас, ал Қосымбетті Сырманақтың ұлы Байшегір паналат ады. Сөйтіп, олар Жалайыр руының ңұрамына Күшік (Қосай) пей Арықтыным (Қосымбет) болып енеді. Ұлы жүздің басңа рулары арасында, Жалайырдың өз ішінде де жалайырларды «Он екі ата Жалайыр» деп атайды. Алайда, жеме-жемге келгенде әуелгі атағанның өзінде олар 13 ата болып келеді. Ең алғашқы Жалайырдың рулық құрылысы жөніндегі мәліметті біз 1825 жылғы архив деректерінен табамыз, онда жалайырдың он екі атасы: Андас, Мырза, Күшік, Сыйерке, Қалпе, Балехлы, Қарашапан, Сыпатай, Байшегір, Қайшылы, Ларақтынауыл мен Қығысылдар. Бұнда көптеген бұрмалаулар болғанмен, қазіргі әтно нимдерді оңай ұғуға болады: Андас Мырза, Күшік, Сиыршы, Сыпатай, Байшегір, Қайшылы, Арықтын ым мен Қырғыздар. Алайда, бұл жерде де аздаған дәлсіздіктер бар, біріншіден, әуелг і атадан тарайтын екі ру Орақты мен Ақбұйым жоқ, екіншіден соңғы ру Қырғыздар Андасқа кіреді, сондықтан ол ата болып есептелмейді, кейіигі үрім-бұтақтарға жатады. Келесі Жалайырлардың ру-тайпалық құрылымы жөнінде толық та дәл сипаттама беретін дерек көзі XIX ғасырдың 60-жылдардың ортасында пайда болды. Н. Абрамов өзінің бұл еңбегінд е: Жалайырлар басты 12 атаға бөлінеді, олар бейне бір Шуманақ мен Сырманақтан т арайтындай. Шуманақтан жеті ата: Андас, Мырза, Қарашапан, Орақты, Ақбұйым, Қалпе мен Сыпатай; Сырманақтан бес ата: Арықтыным, Байшегір, Сиыршы, Балғалы мен Қайшылы. 13 ата кейінірек Балғалымен ңосылды. Оның кіріккен аты Н. Абрамовтың ойынша, Күшік болып саналады. Бұл автордың жоғарғы әтнонимдердің ңазақша баламасын дәл бергендігін атап өту ләзім, себебі тек қана Қайшылыны «Қалшылы» деп біраң рет жаңсақтық жіберген. Бұдан Н. Абрамовтың ата тегін таратуда біздің зерттеуімізде айтылғандай, үшініш «Бірманақ» тармағы жоқтығы көрінеді. Бірманақ рулық бірлестігі жалғыз Н. Абрамовта ға на емес, бүкіл орыс деректерінде кездеспейді. Әрине, бұл жағдай біздің мәліметшілеріміздің деректеріне күмән туғызбай тұра алмайды. Байыпты тұрғыдан Н. Абрамов өз пайымдауларының негізінде жалайырлардың қандай атаға бөлінетінін келтіреді. Мәселен, Анд ас Қалқа мен Тұлымбек болып екіге бөлінеді. Олардың ага сұлтаны би Тіленші Балпықов болды. Қалқа жеті атад ан тұрады: Дүйсенбі, Андабай-Тоңат (600 үй), Қанай-Қонай, Қырғыздар, Жомарт, Айтымбет пен Қарақұс (600 үй). Тұлымбек төрт топқа таралады: Меңлібай, Кенжеке, Шүре к пен Қошқар (350 үй). Мырза атасы үшке бөлінеді: Әліке (500 үй), Бәйбіше (150 үй), мен Аман (660 үй). Олар дың аға сұлтаны Жайнақ Темірбеков. Қарашапан атасы үш тармақтан тұрады: Тәңірберген, Баташы мен Қалжамбет (500 үй). Аға сұлтан Тәжі Қанхожин. Ораңты руы екі топ: Жайықбай мен Көкшекөз (300 үй). Аға сұлтан Шынәсіл. Ақбұйым (230 үй) атасының аға сұлтапы Елшін Құлмамбет ов, Қалпеде (200 үй), аға сұлтаны Қамбар Аланов, ал өлар қандай атаға бөлінетінін Н. Абра мов айтпайды. Сыпатай руы алтыға жіктеледі: Ақ марқа, Қара марқа (300 үй), Сау ық (150 үй), Шылымбет (180 үй), Есеней мен Күшік (200 үй). Олардың аға сұлтаны Қамбар Аланов бөлып есептеледі. Арыңтыным үш атаға бөлінеді: Өтес, Сүтісіңген мен Өміржан (600 үй). Аға сұлт аны Тілегіүшел Тілеубаев. Байшегір екі атаға ажырайды: Тыныш пен Жамбет (700 үй). Аға сұлта ны Бақай би. Сиыргпы руы екі тармаққа тарайды: Сырымбет пен Бәйімбет (800 үй). Аға сұлта ны Тілеуберді Ескелдин. Балғалы руы төртке бөлінеді: Құлым (240 үй), Шағыр (80 үй), Өгіз (55 үй), Нияз-Бараң (55 үй). Аға сұлтаны Тысыбаев Бөлек би мен құрметті сұлта н Жиқы Айдаров. Қайшылы руы (200 үй). Аға сұлтаны Ұйықтүс Будабаев. Күшік руы төрт тармаққа тарайды: Таз, Жабысңан, Қарасақал мен Маржа (700 үй). Аға сұлтаны Есен Дәулетов. Осылай келіп, Н. Абрамов Жалайырды 12 негізгі атаға бөліп, 13-ата Күшікті кейіннен қосылған деп санайды. Н. Аристов Абрамовпен іле-шала Жалайырдың негізгі 12 атасын санамалап, Күшік оған кейіп келіп, балғалы қо-сылатынын нұсқайды. М. Тынышбаев 12 атаны екі тармақтан Шуманақ пен Сырманақтан қарастырып, Андастың орнына МаңғытайКүшікті атайды, себебі, опың мәлі мдеуінше, Маңғытай Андастың атасы, ал Күшік бұл руға қосылған болып есептеледі. Бұл орайда К үшік руының тегі туралы аңызды айта кету артық емес. Оның тағы бір түрінде Шуманақ Ахметқожаның екі ұлы болыпты: Маңғытай мен Барақ. Маңғытайдан Андас, ал Барақтан Наркелді, одан Қосай мен Қосымбет шығады. Наркелді ерте өліп, оның жетімектері Қосайды Андас, ал Қосымбетті Байшегір бауырына басады. Қосайды Андас «Күшік», Қосымбетті Байшегі р «Арық» деп еркелетеді. Қосымбет кішкентай, әлжу аз, бір жағынан ңартайған Байшегірге қамқор болғандықтан, ол әрқашан «Арығым» деп еркелетеді. Осыған байланысты тағы бір аң ызды айта кеткен жөн. Қосымбеттің ңызы Арғынға күйеуге шығып, ол төркініне Әлмамбет деген баласын жетелей, екіңабат болып оралады. Көп ұзамай ұл бала дүниеге келіп, оны Т ыным ден атайды. Есі кірген Әлмамбет әкесіне кетіп, Тыным нағашыларына сіңіп, Байшегірдің бір а тасы болып кетеді. Кейіннен Арық (Қосымбет) п ен Тынымның ұрпақтары ңосылып, өз алдына жеке Жалайырдың Арыңтыным атасын құрайды. Аңыз бойынша Күшік Андастың тұстасы, сондықтан біз Күшіктің Жалайыр руының 12 атасына кірмейді дегенге күмәнданамыз. Оның үстіне Н. Аристов Жалайыр күшіктерінің ңұрамында ежелгі қырғыздар болғандыңтан, оларды қ арақырғыздардан шықты деп есептейді. Біздің мәлімет берушілеріміздің бәрі бір ауыздан «12 ата Жалайыр» деп мойындай отыра, Жалайыр руының бірінші буынын міндетті түрде 13-ке жеткізеді. Ал, біздің бұл сәйкессіздік себептерін сұраған сауалымызға ешкім тиянақты жауап бере алған жоқ. Әлбетте, біз Жалайыр тегінің аралас шығып, ежелден келе жатқан р у екеніне күмәнданбаймыз. Бұл туралы Рашид ад-Диниің ізінше Аристов те, Аманжолов та атап өтеді. Демек, ең әуелі жалайырлар әлде бір көсем мен күшті рудың бастауымен біріккенде 12 ата болған, ал сонан соң табиғи өсім нәтижесінде әлде бір тайна суырылып шығып, өзінен өзі бірінші буынға қосылады, әйтпесе сырттан әлде біреулер киіп-жарып енсе, ол халық зердесінде қалмай ңоюы да ғажап емес. Бұл орайда, Н. Аристовтың Жалайыр рула рының кейбір аталарының шығуы туралы оның: «Күшік пен Арықтыным ңарақырғызда н шығуы мүмкін, өйткені Күшік пен Арықтың сүйегі ежелгі қараңырғыздар руына жатады. Б ұған қоса, Жалайыр рулары Дулат ішінде де кездесе ді (Саршалар Ботбай руында, Шығыр Жаныстарда, Байшегір Жалайырда, Албандарда Сырымбет пен Қошқар). Андас руындағы Қараңырғыздар (Қырғыздар) олардың құрамына бертініректе енуі де мүмкін. Жалайыр руындағы Сыпатай, Ақмарңа мен Қарамарқа өз есімдерімен Алтайдың Марңакөлін еске салып, олар осы есімді Қарлұқ руының бір ңалдығы ма де ген ойға да түрткі береді; Қарлұқтар Батыс Хантәңіріне оңтүстік-батыс Алтайдан келіп, бұнда Марқа есімін таратуы да мүмкін... Жалпы, Ұлы жүздің Жалайыр тармағы әр түрлі рулардан шығып, бас құраған о дақтың бөлігі, олар бастапқыда Жалайырдың әлдебір көсемінің бастауымеи алғ ашқы кезде Жалайырлардың нағыз өзі аз болғанымен бірігіп, әр түрлі жағдай дың әсерімен күшейіп, мызғымастай тұтасып кетуі мүмкін» деген пікірге ден қойғызады. Қалай дегенде де Ұлы жүз руларының ішінде Жалайы р иоқта ағасы, ең үлкені, құрметтісі және жауынгері болып есептел еді. Жалайырлардың жауынгерлігі жайында коптен бері қалыптасқан «Әзірейіл барда жаным бар деме, Жалайыр барда малым бар деме» деген қазақтың халық мәтелі де растайды. Жалайыр руы өкілдерінің а ғалығы мен құрметтелетінін Н. Гродеков та қуаттайды. Ол: «Жалайырлар қазір иоқта ағасы болып есептеледі. Жиын-тойда, табақ тартқанда рулардың үлк ені Жалайыр бар ма деп сұрайды. Жалайырлар жоқ болса, құрметке Ошақты руы ие болады» деп жазды. Сонымен, әдеби деректер мен қазақ шежіресіне сәйкес, жалайырлар Сырманақ жә не Шуманақ болып екіге бөлінеді. Аңыздағы Бірманақ пен оның ұрпақтары (Қ осай мен Қосымбет) туралы жоғарыда айтылғандықтан, оған қосыпаларымыз жоқ. С ырманақ тармағы бесеу: Арықтыным (Қосымбет), Байшегір, Сиыршы (Байкөбен), Балғалы мен Қайшылы. Аңыздағы Бәйшегір «Арьгқ» деп атайтын Қосымбеттен Қауыс, Жылкелді, Өміржан, Алтын Базар мен Қытай ұрпақтары өрбиді. Тыным Қосымбеттің жиені, тағдырдың а йдауымен нағашысында қалып, одан Майемген, Етемген мен Сүтемген енші алды. Соңғыдан Омажан мен Тілес, кейіннен Арық пен Тыным ұрпақтары қосылып, Сырманақ ішінде бір р у Арықтыным аталып, ақырында 12 ата Жалайырға еніп кетті. Біздің мәліметіміз бойынша, Байшегірден көп ата бөлінеді: Жиембет, Бекпенбет, Нұрымбет, Тынымбет, Абыс, Қобыс, Мыржық, Итай, Есқара, Ақтеке, Атайбоз, Дәулендабыл, Ақша мен Есімбол. Біз Байшегірден бүкіл алғашңы 14 атаны таратқа нмен, бәлкім, олардың кейбіреуі кейінгі буындар болып кетуі де кәдік. Алайда, олардан басңа салыстыру үшін деректер жоқ болғандықтан, ататек кестесінде бұл әтнонимдерді Байшегірден тараған бірінші ата деп көрсетуге тура келді. Ал, олардың Байшегір руына жататынына күмән жоқ. Сиыршы (жанама аты) руы аталмыш шежіреде Байкөбен деп аталады. Бұл есім халық арасы мен ғылымда кеңінен тарағандықтаы, бұдан былай қарай да осы әтнонимді қолданамыз. Сиыршы алты атаға ажырайды: Сырымбет, Шәлімбет, Жақсымбет, Тоқымбет, Жолымбет, Бәйімбет. Тоқымбеттен әйгілі ақын Бақтыбай Жолбарысұлы (18351903) шықты. Бәйімбеттен Жылгелді мен Ескелді би туды. Балғалы екі атадан тұрады: Құлымбет пен Құлын. Құлымбе ттен алты ұл өпіп-өседі: Шағыр, Дәулетай, Қаракөз, Тоқбай, Өгіз, Ниязбара ң. Құлыннан бес тармақ: Шоқы, Алдаберді, Жарым, Ақжол, Барлы. Өкінгенмен, қолымызда Қайшылы руы туралы әдеби де, зерттеу де деректері жоң (9а қосымшаны қараңыз). Жалайыр тайпасының Шуманақ рулық бірлестігі сегіз і рі атаға айырылады: Андас, Күшік (Қосай), Мырза, Қарашапан, Орақты, Ақ бұйым, Қалпе, Сыпатай. Шуманақтардың ішіндегі ең көбі мен ірісі Андас руы, ол 10 атаға бөлінеді: Қырғыз, Қалқа, Ақтолымбет, Қаратолымбет, Құттық, Байқара, Жұман, Меңдібай, Алқұлы, Кенже. Қалқа атасынан Дүйсембай, одан Қайдауыл мен Дәрбісәлі. Қайдауылдың 4 ұлы болды: Түрке, Саурық, Аспан, Сайбақ. Дербісәліден де 4 ұл тараған: Балпық би, Салпық, Білдебай, Кешубай. Ел арасында әулие саналатын Балпық бидің есімі Андас руының жауынгерл ік ұранына айналады. Ақтолымбет үш атадан тұрады: Қошқар, Шүрек, Төлек. Қошқар өз кезегінде екі тармаққа тарайды: Төлебай мен Құлболды. Шүректен Сәмен мен Есімбек. Кейінгіден Таймөңке мен Тәттібай батыр (Абылай ханның заманд асы). Таймөңкеден көп ұрпақ өрбіді: Кембала, Көбес, Айдар, Бектас, Жантас, Бейбіт, Бекқалы, Ералы, Байтас, Байыс, Тоқтауыл, Тоқтамыс, Қылыш, Қарамырза. Тәттібай батырдың үш ұлы болды: Түйте, Қаңтарбай, Қарымбай би, соңғыдан Назарбай, одан Керімқұл (1925 жылы ол 65 жаста болған). Қаратолымбеттен екі бұтақ: Аңңау-Абыз бен Лаулык-Абыз. Құттьгқтан да екі ата бөлініп шығады: Қарақұс, Саттар. Байқарадан да е кі бұтақ: Андабай мен Таңат; Жұман атасынан төрт үрім-бұтақ кетеді: Әйтімбет, Жомарт, Шәкі мен Шүкі. Меңдібайдан Көтен мен Бөрте. Кенжеден, біздің қолымыздағы мәлімет көрсеткендей, екі бұтаң өрбиді: Арқар мен Құлжа. Қырғыз бен Алңұлы аталарының тегі туралы біздің ңолымызда әдеби де, зерттеу де деректері болмады. Күшік (Қосай) руы беске бөлінеді: Таз, Жабысқақ, Қарасақал, Самбақ, Сары -Бөкенбай. Таздан Байқара Есентүгел. Есентүгелдің төрт ұлы болды: Майқы, Марңа, Бек назар, Асан. Еспенбеттің бес ұлы атқа қонды: Баба, Досай, Жаманқара, Бақы, Сира қ. Қарасақал бес атаға айырылады: Дәулет, Бекбау, Ырысымбет, Әділ, Жа рмұқан. СамбақтанМолдас пен Сүйіндік. Молдастан төрт ата: Қараменде, Сырымбет, Жалаңтөс, Қойгелді. Сүйіндіктен Байсары, Байтоқ, Өтебай. Орақтыдан бес тармақ кетеді: Әжіке, Тоқа, Кенже, Кокшекөз, Жайықбай. Әжіке екі атаға: Сауыр мен Көшейге бөлінеді. Көкшекөзден Өстемір мен ПІынтемір, Жайықбайдан Қарабай, Алшынбай, Ақша. Ақбұйым атасы екі атадан тұрады: Құяс пен Сары (9-қосымшаны қараңыз). Мырзадан Бәйбіше (Бәйдек), Аман, Әліке. Бәйбішеден (Бә йдек)- Тонды, одан Тағайбек, одан Бегім. Бегімнің екі ұлы болды: Асыр мен Жәнібек. Ас ырдан Төлебай, Қалыбай, Керік (Сақау). Керіктен Алқазы, одан Телбай, одан Жұмыр, одан Қалжатай, одан Нұрлыбай, одан Қожахмет (мәлімет беруші 1899 жылы туған). Біздің мәлімет берушімізден Жалайырға дейін 15 ата. Жәнібектің бес ұлы болған: Сойырғас, Жарылғас, Жайыл мас, Борсық, Мама-Тайыр. Аман Қожаназар, Есберді мен Артық болып бөлінеді. Со ңғыдан Ораз бен Жанақ. Қожаназардың ұрпағы көп: Сәбден, Њалыбек, Есенбай, Есенқабыл, Есқара, Есберлі, Дәулетбай, Асан, Тілеубай, Үсен. Әліке атасы 6 буын: Сүйінішәлі, Қадам, Қожамқұл, Сарыбай, Жиенәлі, Шұңғыр. Сүйінішәліден екі ұл: Сары мен Амандық; Жиенәліден үшеу: Үшқара, Сарғалдақ, Байгелді; Шұңғырдан Сатыпалды мен Қараша. Сатыпалдыдан екі бұтақ тарайды: Өмірұзаң пен Тауасар; ал Қарашадан Маясар, Тақабай, Дуан. Қожахмет Нұрмановтан жазып алға н қолжазбамызда Мырза руының тегі бүгінге дейін жетеді. Бірақ, б із одан бері 34 атамен шектелдік. Қарашапан руы 8 ата: Тәңірберген, Боташы, Қалмамбет, Айтңұл, Кен тай, Қуат, Еспен, Дәулет. Соңғыдан Кішкенебай, одан Шәрілдей, одан Мақабай, одан Майсүт, одаи Сапарғали (мәлімет беруші 1897 ж. туған). Сыпатай руы үш бөлек: Саулық, Шілімбет, Марқа. Шілі мбет атасы үш тарау: Бекбау (Бәйімбет, Майлыбай, Жолдыбай, Шымырбай, Көзайдар), Есенәлі (Байсейіт-Айдарке, Елмәмбет, Байқара, Едіге) мен Кенже (Байдәуле т, Үзбасар, Бекмырза, Сасық). Марқа руынан үшеу: Өтеп, Есеней, Көшек. Көше ктен Есназар, Ерназар, Маматай. Соңғыдан Есенгелді, Байжігіт, Мәуке. Қалпе руының әтыикалық құрылымы бойынша әдеби деректерден де, біздің зерттеуде де ешнәрсе табылмады. Жалайырдың рулық жауынгерлік ұраны жалпы Ұлы жүз бен Дулатқа тән«Бақтияр» (Гродеков, Аристов), «Бақтияр» мен «Қоблан» (М. Тынышбаев), «Бөрібай» (С. Аманжолов), «Қоблан» (Востров пен біздің зерттеуімізше). Бұлардан басқа кейб ір аталардың өз ұраны болған. Сиыршының ұраны«Ескелді» (Ескелді би есі-мімен), Андаста«Балпық» (Б алпық би есімімен), Ақбұйым, Сыпатай мен Қалпеде ортақ ұран «Бекбау». Мырза мен Арыңтынымның, сонымен қатар жалпы ру ұраны «Әдіке». Бұндай рулың ұрандардың жақындығы олардың әлде бір туыстығын танытады. Жалайырдың рулық таңбасы немесе (Гродеков, Аристов пен Аманжоловтың көрсетуіпше), (М. Тынышбаев). Бұл белгілердің түрлері тарақ таңба делінеді. XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында Жалайыр рула ры Жетісу уәлаятының Верный мен Қапал уездерін қопыстанды, ішінара топтары С ырдария уәлаятының Шымкент, Әулиеата уездерінде жайлап жүрді. Бұл уездердегі Жалайырлардың саны әр түрлі дерек-терде өткен ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында келтірілгенмен шамалас. Мәселен, Н. Абрамов XIX ғасырдың екінші жартысының басында Жалайыр лардың рулың құрамы, саны мен қонысы туралы 1867 жылы мақала жариялады. Онда Қапал уезіндегі Жалайырлардың санын 13 атамен береді. Андас (1550 үй), Мырза1310, Қарашапан 500, Орақты 300, Қайшылы 200, Ақбұйым 230, Қалпе 280, Күшік 700, Сыпатай 830, Арықтыным 660, Байшегір 700, Сиыршы 800, Балғалы 430 үй бәрі 8410 үй. Бұл мәлімет бәлкім дәл болмас, дегенмен, ру аталарының ара-қатысы жайында жақсы мағлұм ат танытады. Н. Аристов өз еңбегінде басқа құрылымды келтіреді, онда 1889 жылғы жалайырлардың сапы айтылады. Ол бойынша бүкіл Жалайыр 17 000 шаңырақ. Солардың 16 098-і Жетісу уәлаятының Қапал уезінде, қалғандары Сырдария уәлаятының Әулиеата, Шымкент пен Ташкент уездерінде мекен еткен. М. Тынышбаев 1917 жылғы Жалайырлардың санын есептеп, онда Қапал уезінде 120 000 жан, Әулиеата 10 мың, бәрі 130 мың жаи болғанын тайға таңба басқандай етіп көрсетеді. XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында Жалайыр руының ең көп атасы Андастың қыстаулары үш қонысты алып жатты. 1) Қаратал Тентек аралығынан бастап Қараталдың Балқаш көліне құяр жеріндегі Аралөткел, Еспай-Төлебай, Жаршаған, Үшмола, Жалғызтораңғы, Ақжал, Тентек, Мақаншы қойнауы; 2) Малайсары мен Желдіқара таулары, Құлөзек, Шөладыр, Ашудасты, Қарасу шатқалдары; 3) Верный уезінің оңтүстік батысындағы Бесмойнақ шатңалы мен Бұғымүйіз жазығы. Аз ата Мырзаның қы стауы әр жерге орналасты. Қауымиың көпшілігі Қаратал, өзенінің оң жағасындағы Қарақөй, Б урақой, Дауылбай мен Қайрақты жоталарында, Сарыбастау, Қызылауыз, Қарашоқы мен Шаңырақ шатқалдарында; басқа бөлік Қаратал өзенінің сол жағасындағы Шөпадыр, Достарболды мен Жоса лы шатқалдарын сағалады. Мырзаның кейбір атасы Сарыкөл жағалауында ңыстады. Мырза руының жалпы ортақ жайлауы қыстаудан қашық емес Дегерес, Сарыжазық қойнауларында еді. Қарашапан қыстаулары Њаратал өзенінің жағасындағы Кеңарал, Көксу өзенінің Шолақ, Желсаз шатқалдарында, сонымен қатар Алатау баурайына кірігіп жатты. Орақты руының қыстаулары Қаратал өзенінің орта ағысының батысындағы Жуанқұм мен Жетіжал, Биже өзенінің жоғары жағындағы Ақжал шатқалдарын, сонымен бірге Малайсары тауындағы Өгіз ұшырған қойнауларын алып жатты. Ақбұ йым руьшың қыстаулары Алтынемел тауларында, Қызыл мен Тамшыбұлақ, Іленің төменгі тұсындағ ы Шарқат шатқалдарында ірге көтерді. Қалпе руы Биже мен Тентек өзендеріні ң сағасында, Баулыбай, Аралқұм, Ақжал, Жаманқұм мен Бестас құмдарын қыстады. Сыпатай руының біраз қауымы зерттеушілердің көрсеткеніндей, үш жерде тұрақтады көпшілік бөлігі Ешкіөлмес, Мүқыр, Лабасы тауларының Бөлекші, Дүңгене, Алтыбай, Киден шатқалдарын қыстаса, басқалары Алтынемел тауының Ащыбұлақ, Қызылбұлақ шатқалдарын, ақырыпда үшінші топ олардан солтүстікк е қарай Жертоған, Қарағайлы, Үшөзек қойнауларында қоныс тепті. Арықтыным руының қыстаулары Қаратал мен Іленің сағаларында, өзендердің екі жағасындағы Қаратал-Қаракөл, Майлыбай, Балқожа, Іленің оң жағындағы Жиделі, Көкөзек, Құрөзек, Ақсақал, Бозтөбе, Есенқожа, Құрлы шатқалдарында болд ы, ал сонымен бірге кейбір топтар Оңтүстік Балқаш құмын, Бақанас өзенінің құр табанын қыстап жүрді. Байшегір руының көптеген қауымдастығы Арықтынымдықтармен қоңсылас Іле өзені сағасының екі жағын алып жатты. Қапал мен Верный уездерінің шекарасы Іле арқылы өткендіктен, Байшегірлер Балқаш көліпің оңтүстігіндегі байтақ жермен қоса Верный уезінде де тұрып жатты. Байшегір руының көпшілік қауымы Қапал уезінде Іле өзенінің оң жағасыида қоныстанды. Бұл қауымдастық та үш жерде топтасты: байшегірліктердің шағын қауымдастығы балғалылықтармен бірге Аққаптал шатқалында қыстаса, басқа бір бөлігі Іле өзенінің оң жағасында Қараөзек, Көкөзек, Күркі жә не басқа шатқалдарда, ал үшіншілер Балқаш көлінің жағасында Іле сағасындағы құм жиек терінде өмір сүрді. Көктеу мен күзеулер де қыстаулар маңайында орналасты. Жайлауға оңтүхтікке қар ай ойысты, Балықты, Сарыноқай, Қазыбек, Қоскөл қойнауларына дейін жетіп, жарлы-жақ ыбай жатақтар Іле сағасындағы Балқаш көлінің бұғаздарында тіршілік етті. Байшегір руыиың егістігі қыстаулар қасындағы Іледен шыққ ан арық, тоғандар төңірегінде жатты. Жаныс. Жаныс Дулат руы төрт атасының бірі (3 в-қосымшаны қараңыз). Қазақ шежіресі бойынша, Жаныс сегіз атадан тұрады. Олар: Жарлықамыс, Шегір, Өтей, Жалмәмбет (Бөгетжайлы), Жантай, Жанту, Оймауыт (кірме) пен Жантақ. Өкінішке қарай, біздің құзырымызда Жаныс руының төрт атасы туралы мәлім ет бар да, басқалары жайында деректер жетіспейді. Олардың екеуі Жарлықамыс пен Жанту туралы мағлұмат толығырақ. Сонымен Жарлықамыс екі бұтаққа: Байыс пен Қасқарауға (Бейімбет) бө лінеді. Байыс өз кезегінде бес ата: Қарымсақ, Назар, Жолсейіт, Қайыпберді, Байсейітке жатады. Қасқарау үш ата: Ораз (оның Сұлтанкелді, Бөкен атты ұлдары болды), Бұқар (Баба, Сырымбет, Құлболды мен Тілеуімбет) және Елтүзер (Төке, Туыс). Өтей атасы екі бұтаңтан өрбиді: Мәуетей мен Мау за. Жалмәмбетке (Бөгетжайлы) Бесқалмақ жатады. Бұл әтноним жеке тұлғаның есімі емес, ол әлдебір себептермен Жанысқа қосылатын кірме қалмақтардың тобы деп түюге болады. Ал, Жалмәмбет (Бөгетжайлы) атауының қалай, қайтіп шыққаны жайында нақты деректер қолымызға түспеді. Бүкіл Жаныс кіндігінен өрбіген аталардың ішінд егі ең көбі жетіге бөлінетін Жанту: Жайылмыс, Ақберді, Өтеміс, Жаңабай, Құдайберді, Құжақ пен Қожамберді. Бізде бұл жетеудің үшеуі туралы ғана мағлұмат бар. Сонымен, Жайылмыстан жалғыз Қыбырай батыр (ол Төле биден жасы үлкен, Ташкенттен жоғары Шыршық өзенінің оң жағасында тұрды), ал Ақбердіден жалғыз Шынәлі, одан үш ұл бар: Ақыл, Жандар, Қонысбай би; соң ғыдан Ақжейде батыр. Біздің қолымызда Құдайберді ұрпақтары тегінің бір бұтағы туралы ғанамәлімет толық. Сонымен, Құдайбердінің жеті ұлы бар: Әлібек, Тоқпан, Түгел, Данай, Аңтай, Баңыбек, Құдайбек; Әлібектен атақты Төле би мен бесеу: Елі би, Өтебай би, Тыныбек, Ақтобат пен Шора; Төле биден Әуезбек, Сүйіндік, Қожабек, Ниязбек батыр мен Қожаберді батыр. Соңғыдан Дербісәлі, одан Шойбек би және одан Момбек датқа. Ниязбек батыр Ташкенттен жоғарырақ «Ниязбек» қамалын салса, Момбек датқа Кенесары Қасымовтың қолдаушысы болған еді. Жантақтан екі ұл: Қадыке (Ерубай) мен Еламан. Соңғыдан екі ұл: Қотыр мен Жуанбек; одан Қасқа батыр. Көрініп отырғанындай, Өтей мен Жалмәмбет аталары туралы біздің мәліметіміз тапшы, ал Шегір, Жантай мен Оймауыт батырдың тегі туралы мүлде бейхабармыз. Соған ңарамастан, тұтастай алғанда Жаныс руының шығу тегі жайында недәуір мағлұмат алуға болады. Тіпті, XIX ғасырдың алға шқы жартысында өмір сүрген Момбек датқаға дейін туыстық жүйе аңғарылады. Жанысқа ол оныншы атадан барып қосылады. Жауынгерлік ұраны «Жаиыс» болғаиымен, кең ауңымда жалпы дулат ұраны «Бақтиярды» да қолданады. Оның үстіне ішкі рулар арасында, әсіресе, бәйгелерде атақты Төле би есімін атап, «Төле» деп шабады. Жаныстың рулық таңбасы Дулаттың да, басқа туыс аталары Ботбай, Шымыр, Сиқымдардың дөңгелек О. белгісіне жақын таңбаларынан да басқашалау - (Гродеков пен Аристов), (Аманжолов, Востров бойынша), бірақ, бұнда тұрған қым- қиғаш айырмашылың жоқ, бәлкім, әлдебір автор кішігірім өрнектеуде дате жіберіп алуы да кәдік, оның үстіне Н. Аристов бұл таңбаны келтіріп отырып, Гродековңа сілтеме жасайды, В. Востров болса өз жорамалында Гродеков пен Аманжоловқа нұсқайды. Дулат рулары XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында негізінен Жетісу облысы Қапал, Жаркент, Верный уездерінде, соным ен ңатар Сырдария облысының Шымкент, Әулиеата, Ташкент уездерінде тұрып келеді. Ұлы жүз руларының саны жағынан ең көбі дулаттар. Оның ең ірі аталары (Ботбай, Шымыр, Сиңым мен Жаныс)Верный, Әулиеата мен Шымкент уездерінде қоныстанды. Әрбір рудың уездерде қалай тұрғанын білу үшін ең алдымен, сол кездегі есеп-ңисапқа жүгінген абзал. 1867 1884 жылдардағы көші-қо н жағдайын қаз-қалпында беретін А. Макшеев, Гродеков, Смирнов пен М. А. Терентьевтің ңомаңты кітаптарынан цифр-мағлұматтарды алатын Н. Аристовтың еңбегінде қызғылықты нақты деректер ұшырасады. Әрине, ол мәліметтердің дәл екендігіне ешкім кепілдік бере алмайды, өйткені оларды әр кездегі адамдар (жиырма жыл бедерінде) әр ресми мағлұматтардан алып отырды. Әйтсе де, олар рулардың қоныстану барысын белгілі жағдайда аның көрсетеді. Сонымен, сол мәліметтер негізінде Дулат руларының Верный, Әулиеата мен Шымкент уездеріндегі санын келтіре кету жөн. Бұлардан тыс Н. Аристов Смирновқа сүйеніп, дулаттардың Перовский мен Ташкент уездерінде тұрғанын көрсеткенімен, олардың санын келтірмейді, ру-руға бөлмейді, өйткені бұл аймақта аз қоныстануға байланысты болуы керек, оны Макшеевтің Ташкент уезі бойынша жасаған мәліметі де растайды. Кестеден көрінгеніндей, бүкіл дулаттардың саны 18 682 үй болса, сол беттердің тағы бір тұсында Н. Аристов Іле мен Шыршық өзендерінің арасында шамамен 40 мың үй Дулат тұ рып жатқанын атап кетеді. Бұл сан айырмасы 20 мыңнан астам шаңырақ, сол себепті оны біз білетін деректер көзімен түсіндіру оңай емес. Әйткенмен, кестеде келтірілген есеп-қисап дулаттар руының үш уезде қалай қоныстанғанынан біршама хабар береді. Мәселен, егерде XIX ғасырдың екінгпі жартысында Ботбай руының көпшілігі (78%-і) Верный мен Әулиеата уездерінде тұрса, қалған жартысы (49 процент) бір ғана Шымкент уезінде ңоныстанды. Егер Сиқым руының басым көпшілігі (75 процент) Шымкент уезінде болса, төрттен бірі Верный мен Әулиеата уездерінде (25 процент); ал егер Жаныс руы негізінен (83 процент) Шымкент уезінде, аздаған бөлігі (17 процент) Верный мен Әулиеата уездерін жайлады. Сөйтіп, Дулат руының торт атасы XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Верный уезінің қазақтары арасында аралас-ңұралас жүрді. Верный уезі Қапал уезінің оңтүстік-батысындағы Іле өзенінің сол жағасында орналасқан. Оның жері ыңғайына қарай жаратылыс - географиялың жағынан оңтүстікте тау етегі қыраттар мен солтүстігінде жазық далаға ұласады. Верный уездерінің қазақ тұрғындары толығымен Ұлы жүздің құра мына енетін Сарыүйсін, Дулат, Албан, Ысты, Шапырашты, Жалайыр мен Қаңлы руларының өкілдерінен құралады. Солардың ішіндегі ең көбі Дулат руының төрт атасы (Ботбай, Шымыр, Сиқым мен Жаныс). Сан жағынан басымы шығыста Сарыүйсіндер мен батыста Ыстылардың қыстауларының арасында орналасқан Ботбайлар болатын. Олардың арнайы пайдалапатыи ұланбайтақ қыстаулары бар еді. Ботбайлардың бір қауьгмы Аңырақай тауының атырабында Сұмса өзенінің бойындағы Айдарке, Бесқауға, Ақсеңгір мен Доланқара шатқалдарында қыстады. Басқа бір қауымы Ащысу, Алмалы, Қызылсай мен Үзынбұлақ шатқалдарын мекендеді. Үшінші бір қауымы Белбүлақ-Қарасу-Кө тентай басы, Көлтоған, Қарағайлы, Сарыкемпір шатқалдарында ңыстап жүрді. Ботбай қауымдастығының төртінші тобы Ақсай, Қаскелең, Қоралы, Бескөл шатқалдарын иемденді. Ботбайлар жайлауға Қастек, Қараңастек шатқалына шығып кетіп, көбісі ңыстаудан жырақ кетпей, көктем, күз маусымында өз қыстауларының қасында қоныс тепті. Сиңым руының аздаған қауымы Қараой, Қаскелең шатңалдары, Кіші Ақсай, Кіші Алматы өзені мен Қарасу бойында қыстады. Жайлауы сол маңайдағы Алатау жоталарында болды. Шымыр руының қауымы да аз еді, біреулері Қараой, Қызылеспеде қыстаса, екіншілері Ақжар мен Жалғызағашты мекендеп, жаздыгүні Алатаудың жонын жайлады. Верный уезіндегі Дулат руларының ішінде Ботбайлардан кейін көп тарағандар Ж аныс атасы болып келеді. Олардың бірсыпырасы Қарашеңгел шатқалын қыстады, біразы Есік өзенін, Көжентай шатқалын, қалғандары Қарасу» үлкен Алматы өзендерін, бірнеше топ Ақши, Шамалған мен Көктөбені мекен етті. Жаныстардың үлкен бір тобы уездің батыс шекарасын жайлап, Жамақты, Балажал, Сарықайық, Дөңгелексаз, Боқтозақ, Айғыржалға, Шетенді, Күркіреу, Қордай, Қоянды, Ақтерек," Талдыбұлақ өзендері бойына қыстау салды. Жа ныс руының жайлауы Алатаудың алып шабындықты аймағында болды. Дулат руларының көп бөлігі төрт түлік өсіріп, сонымен қатар, суармалы жер мен сүдігерге егін салды. Сарыүйсіндермен салыстырғанда оларда түйе мен қой өте аз болды, ірі қара мен жылқы басым түсті. Верный уезіндегі дулаттар жартылай отырықшы өмір кешіп, негізінен қыстауларынан онша алысқа ұзаған жоқ. Мүмкіндігі бар дәулетті адамдар жазға салым солтүстіктен тіке күнгейге қарай көшіп, түпкілікті тау шабындықтарын жайлап, күзге қарай қайтадан теріскейге қарай көшіп отырды. Суармалы жермен негізінен тау өзендерінің алқаптарында айналысты. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Сырдария облысы, Әулиеата уезі қазақтарының басым көпшілігі негізгі рулардан (Сарыүйсін, Шапырашты, Ысты, Ошақты, Жалайыр мен Дулаттар) тұрса, ал Қарқаралы уезімен шектесетін Шу өзенінің оң саласының орта тұсында шамалы арғындар өмір сүрді. Бұл бір тектес рул ар тобы Шу мен Талас өзендерінің бойында топтасын қоныстаиды. Олардың бәрі белгілі айрықша қыстауларды иемденді. Көктемгі, күзгі қоныстары да, қысқы тұрақтарынан ұза май, ең бастысы Мойынқұм өңірінің, орталығына таман орналасты. Ал жайлауы, аймақтың оңтүстік жағындағы Тянь-Шань мен Талас Алатауының етегіндегі шұрайлы жерлерде созылып жатты, солтүстігінде Қарқаралы уезіндегі көптен бері өзара бөлісіп қойған телімге тірелді. Осы орайда бізді Дулат руларының төрт атасы Ботбай, Шымыр, Сиқым мен Жаныстың көшіп-қонып таралуы қызықтырады. Олардың ішінде бұл уезде ботбайлар мен шымырлар көбірек те, өзге екі ата бұнда салыстырмалы түрде өте аз тұрады. Сонымен, дулат руларының қыстаулары негізінен Шу мен Талас өзендерінің бойында қоныс тепті. Олар Шу өзенінің сол жағасынан, Верныйдан, Шымкент уездеріне дейінгі алқапты алып жатыр. Ботбай руы қауымдастығының мекені Шу өзенінің төмөнгі сағасында, оларға көлденең Шымыр мен Сиқымдардың қыстаулары жалғасты, одан әрі Шапыраштылар орналасқан. Сиқымдар, ал одан соң жалайырлармен қоңсы қонатын Жаныс рулары жайғасты. Шу өзенінің оң жағасында Дулат руының төрт атасы осылай қоян-қолтық тұрып жатты. Дулат руының басқа бір шамалы тобы Талас өзенінің жоғарғы тұсыида орын тепті. Шынтуайтында, жоғарғы Таластың оң жағалауында, Талас Алатауының баурайында Шымыр қауымдастығының қыстауы, ал сол жағасындағы ыстылардыц ата қонысында Ботбай мен Сиқымдардың қыстаулары мидай араласып жатты. Сөйтіп, төңкеріске дейін қазақтар Әулиеата уезінде Шу мен Талас өзендерінің бойында, олардан тарайтын кішігірім бұлақ пен бастаулардың аңғарында тұрақтап жүрді. Бұндағы елді мекендер, қазақ ауылдары қомақты еді, ондағы шаңырақ саны 15-тен 5О-ге дейін жететін. Бұндағы тұрақ-жайлар шағын болатын, ал суармальг жерді жаппай ұжымдасып пайдаланатын. Ол қауымдасқан егінжайды бірлесіп, арық тартып, ескі су жүйелерін жөндеп, әркім өз әлінше, қал-қадарынша еңбеккерлердің санына қар ай игерді. Сүдігерге егін салу көп жағдайда әрбір шаруашылықтың мүмкіндігіне қарай жүргізілді. Қыстаулар қасындағы жайлау да ауыл-ауыл болып, немесе қауымдасып пайдаланылды. Шаруашылықтардың көбісі қауымдастықтың қыстауларында жайласа, малы көп байлар Қырғыз бен Талас Алатауының қойнауына кіріп кетіп, баз біреулері тіпті атақты Сусамырға дейін өрлеп кететін. Күздеуле р мен көктеулер, жайлау жолында, қыстаулар ңасында, ең бастысы, Мойынқұм мен оның ңойнауында болатын. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Шымкент уезінің ңазаңтары әтникалың тұрғыдан үш жүзді түгел ңамтыды. Кіші жүзден мұнда тамалар, жағалбайлылар мен шеркештер тұрды; Орта жүзден қоңыраттар; ал Ұлы жүзден Ысты, Ошаңты, Сіргелі мен Дулат руы төрт атасының басым бөлігі мекен етті. Сондықтан ңазаң халңының мұндағы басым бөлігі Ұлы жүз өкілдері болып есептеледі. Сонымен, Шымкент уезіндегі, Ұлы жүз руларының ішіндегі ең көп тараған әтникалық топ дулаттар. Бұл жерде де біз солардың арақатысын қарастырамыз. Біз кестеден көргендей, бүкіл дулаттарды ң үш уездегі саны 18 682 шаңырақ болса, Шымкент уезінде солардың 11 782 түтіні тұрады, бұл аталмыш рудың 65 процентін құрайды. Егер Аристов көрсеткен басқа санға жүгінсек, онда олардың ара салмағы 30 процент болып, соңғы мәлімет Шымкент маңайындағы дулаттардың санын көбейте түседі. Сол себепті қалай дегенде де «65 проценті» шындыққа жақын деп есептейміз. Олай болса, Шымкент өңіріндегі Дулат руы төрт атасынан сиқымдар 4570 шаңыраң, жаныстар 3 374, шымырлар 3 334; ботбайлар 274 шаңырақ болып, түтін түтетіп отырды. Шымкент уезінде Дулаттар жинақы отырып, оңтүстік-батыс жақты қоныстанды. Айта кету керек, олардың мекен еткен жері ауа райы жағынан өте қолайлы еді. Мәселен, Дулат руларының ңыстаулары, ең бастысы, ежелден суармалы егіншілік өрбіген, отырықшылық пен жартылай көшпелі өмір ошақтары өркендеген Сырдария, Арыс, Келес, Бөген, Арыстанды, Боралдай, Шаян, Иқансу, Бадам, Ақсу т. б. өзендердің екі жағалауын алып жатты. Дулаттар ұлылы-кішілі көптеген өзендердің жайылымында қысқа қарай малға жем-шөп әзірлейтін. Ал, Қызылқұмға жақын Сырдария өзенінің сол жағасында дәулеттілер отар-отар қой өргізіп, келе-келе түйе бағып, көшіп-қоиып жүрді. Шымкент уезіндегі ңазақтар, әсіресе дулаттар шаруашылығының бір ерекшелігі бұл диқандардың қауымдастығы ірі болып келеді, мұнда орташа ауыл 30 және одан да көп болып, ынтымақтасып, су көзін пайдалануда, суармалы ж ер мен шабындықтарды игеруде тығыз байланысып, бірлікпен тіршілік етті. Мәселен, көптеген жаныстар Ташкент уезінің шекарасынан бастап, Арыстың Сырдарияға құяр сағасына дейін екі жағалауда, Келес, Бадам өзенінің жоғарғы жағында тұрақтады. Арыс өзенінің оң жағында, Боралдай, Бөген бойында Шымыр руының өкілдері аумақ-аумақ болыи отырса, Сайрамның солтүстігінде ботбайлардың аз бөлігі мекендеді. Арыстың төменгі саласында ең көп Сиқым руының өкілдері тұрып жатты. Бұл уездегі Дулаттар руының шаруашылық пен тұрмыс тіршілігінде суармалы жер, диқаншылық пен баубақша маңызды орын алды. Жартылай көшпелі мал шаруашылығы, түрлі үй кәсіптері мен ңолөнер де олардың арасында кең тарады. Сөйтіп, Ұлы жүздің саны ең көп Дулат рулары Сырдария облысының Шымкент пен Әулиеата уездерінде, Жетісу облысыньгң Верный уезінде орналасты. Оның үстіне, бұл уездерде шама-шарқынша Дулаттың төрт атасы да бар еді. Кете. Әлімұлы ұрпағында Кете руы бар. Бұл ру туралы алғашқы мәліметтер XII ғасырға қатысты, онда қидандарға бағынышты, 1120 жылы бекзадалары ЕлюйДаши қоластына жиналып, содан соң қараханидтерге қарсы жорықңа қатысқан 18 тайпа арасында кити (һіtі) тайпасы айтылады. Біршама кейініректе, Мүбәрәкшах тізімінде келтірілген тайпалар арасынан біз хита тайпасын көреміз, ол ңазіргі кетелердің атабабасы болуы мумкін. Кете руы туралы келесі ретте Кіші жүз руларының 1748 жылы А. Тевкелев жасаған тізіміпде айтылады. Кете руының этникалық тегін айта келгенде, бұл мәселеде бір пікір жоқ екенін көрсету қажет, Г. ГруммГржимайло олардың тегі аралас, динлиндер мен түріктердің, угрофиндердің (остяктардың) және алтайлықтардың буданы деп санаған. Мүбәрәкшах оларды түріктерге жатқызады. Бізге ертедегі кете (һіtі) тайпасы негізінде түріктер болған тәрізді. Рудың таңба белгілеріне зерттеушілер назар аудармаған: ол Левшинде де, Гродековта да, Тынышбаевта да жоқ. «Қазақ ССР тарихы жөніндегі материалдарда» ғана ру тармағы қаракетенің таңбасы келтірілген. Ел арасынан жинаған мәліметтер кете руының таңбасын анықтауға мүмкіпдік берді. Ол мынадай белгі. Егер бұл белгілі ру тармағы ңаракетснің екітшті белгісімен салыстырсақ, біз олардың бірдей және тек түрліше ор-иаласқан айқыш сызықты таңба екенін көреміз. Қызылқұрт руы. Біз бұл руды Кіші жүз құрамында алғаш рет А. Левшиниен кездестіреміз. М. Тынышбаев келтірген шежіре бойынша, біз қызылқұрт руында емірей, олжашы, ерші деген үш тармақ болғанын көреміз. Бламбергтің материалдары мен ел арасынан біз жинаған мәліметтерге қарағанда, онда үшеу емес. қайта төрт тармақ кездеседі. Жоғарыда аталғандарынан басқа тағы да төртінші тармақ сүбе (саба) бар, мұны біз ең дұрысы деп санаймыз. Қызылқұрт руының таңба белгісі (Мейер бойынша), (Тынышбаев және архив материаддары бойынша), ұраны «Жиенбай». Таңбалардың әр түрлі болуы бұл рудың шықңан тегінің аралас екенін дәлелдейді. Ал оған қандай компоненттер кірген? Бұл жөнінде ең алдымен тым болмағанда қызылқұрттың тармақ ретінде Кіші жүздің тама руында бар екені және дәл сондай тармақтың ысты тайпасының (Ұлы жүз) ойық руында бар екені бойынша пікір айтуға болады. Бұл ретте олардың соңғылармен тіпті таңбасы да ұқсас (көсеу). Бұл екі жайт Қызылқұрт руы ысты тайпасынан шыққан және оның бір кезде бөлініп кеткен бөлігі Тама руына тармақ ретінде қосылған деп кейбір анықтық үлесімен жорамалдауға мүмкіндік береді. Әрине, бұл ру қалыптасуының басқа нұсқалары да болуы мүмкін, өйткені оның шыққан тегі туралы біздің қолымызда анық мәліметтер жоқ, бірақ қандай жағдайда да Қызылқұрт, Тама және Ысты арасында туыстық барын теріске шығаруға болмайды. Қырғыздардың сару тайпасында, жетауру бөлімшесінде қызылқұрт руы ұшырасады. Этнонимдердің сәйкес келуі кездейсоқтық па, әлде олардың туыстығын дәлелдей ме қазір мұны айту қиын. Бұл болашақтағы зерттеулердің мәселесі. Қызылқұрт руының басқа таңбалары ең алдымен басңа рулардан, атап айтқанда, таңбасы болып табылатын байбақты руынан, таңбасы болып табылатын масқар руынан және т. б. шыққандар да бар. Масқар. Тарихи әдебиетте Масқар руының да шыққап тегі беймәлім. Біздің ол туралы ғылыми іздеиістеріміздің бәрі ешнәрсе бермеді деуге болады. Біз дон қойған бірденбір дерек мынадай. Батыс Монғолия халықтарының арасында хотондар (дорбет тайпасыиың бір бөлігі) тұрған. А. Н. Самойлович оларды түріктер деп санаған. Хотондардың оздері де оздеріи түріктер деп санайды. Потанин жазын алған хотондардың жеті руының арасында масқар руы кездеседі. Осы түрік руының бір бөлігі батысқа кетіп, сонан соң өз атымен қазақ халқының құрамына қосылуы әбден мүмкін. Масқар руында қырықсадақ бөлімшесі бар. Қарақалпақтар тайпасының кендеклі руы, өзбек локайлар бөлімшесі және шанышқылы тайпасының бір руы да (Ұлы жүз) дәл солай аталады. Масқар руының, Кеппен иайымдағандай, үш емес, құттықадам және масақ деген екі тармағы бар. Рудың таңбасы (Левшин, Гродеков, Мейер бойынша). Ұраны «Қаратай» (Тынышбаев бойынша); Кеппен «Майлыбай» деп атайды, бірақ бұл дұрыс емес. Рамадан руы. Ерте кезеңдегі Рамадан руы туралы біздің қолымызда тарихи дерек жоқ. Ол туралы алғаш рет Кіші жүз руларының 1748 жылы А. Тевкелев жасаған тізімінде айтылады. Содан соң ол А. Левшиннің деректері мен басқа да материалдарда кездеседі. Жорамалдау тұрғысынан болса да туыстық байланыстарды, демек, ішінара рудың шығу тегі мәселесін де анықтауға мүмкіндік беретін бірденбір нәрсе таңба мен ұран болып табылады. Рамадан руының таңбасы ()(Гродеков пен Тынышбаев бойынша), ұраны «Дулат». Бұл таңбаны қарау бізді Ұлы жүзге әкеледі, онда дулат және албан тайпаларының кейбір руларындағы таңба Рамадан руының таңбасымен өте ұқсас. Оның үстіне Рамадан руы ұранының Дулат аталуы да дулаттардың немесе оларға туыс албандардың әлдебір бөлігі бөлініп, қазіргі Қазақстанның батысына барған да, содан соң Кіші жүздің құрамына дербес ру ретінде кірген, сөйтіп өз атабабаларының таңбасын, ұран ретінде Дулат атын сақтап қалған болуы мүмкін деген жорамал болуы ықтимал және мұның бірліжарым жағдай емес екенін Кіші жүздің басқа бір өте ірі руы Табын руының құрылу тарихы растайды. Шекті. Кіші жүзде Шекті (Жаманақ) руы өте ірі және саны көп ру болған. Ол туралы ертеректегі мағлұматтарды таба алмадық. Шекті аталатын бұл ру алғаш рет XVIII ғасырдың ортасынан бастап орыс деректемелерінде Әлімұлына кіретін ру ретінде айтылады. Ол туралы П. И. Рынков пен А. Левшинде де мәліметтер бар. Біздің бірқатар хабарламашылардың айтуымен жазып алған шежіреміз бойынша, Шекті руы Айт, Бұжыр, Орманбай, Жақайым, Ожырай, Байкөбек, Жанқылыш және Орыс деген сегіз бөлімшеге бөлінетіні көрінеді. М. Тынышбаев келтірген шежіре бойынша, Шектінің Арыс, Баубек және Жақайым деген үш. бөлімшесі ғана бар. «Қырғыздардың (қазақтардың Ред.) жер пайдалануы жөніндегі материалдарда» келтірілген шежірелер біздің мәліметтеріміздің дәл екенін растайды, дегенмен, мұнда да алшақтықтар бар. «Қырғыздардың (қазақтардың Ред.) жер пайдалануы жөніндегі материалдарда» біз айтқан сегіз бөлімшеден басқа тағы да Жекей және Шірен деген екі бөлімше көрсетілген. Шынына келгенде, олардың екеуі де Бұжырдан тарайтын келесі буынға жатады. Шектінің рулық таңбасы Рудың таңбалары туралы «Қазақ КСР тарихы жөніндегі материалдар» неғұрлым толық түсінік береді, онда он екі белгі келтірілген, олар: Бұл белгілерді салыстыра келгенде, біз олардың көпшілігінде тек ұсақтүйек айырмашылықтар бар екенін көреміз. Мәселен, біріншісі, екіншісі, үшіншісі, жетшшісі, сегізіншісі, тоғызыншысы мен оныншысы ұқсас, жалпы белгісінен шығады және С. А. Аманжоловтың келтіргеніне сәйкес келеді. немесе белгілері де ұқсас. Олардың айырмашылығы қосымша тік сызықтың болуында немесе болмауында және оның орналасуында ғана. Ожырай руының таңба белгісі ерекше тұр, Сонымен, іс жүзінде шектінің негізгі үш таңбасы бар. М. Тынышбаев келтірген таңбалар басқа деректермен дәлелденбейді. Бұл таңбаларды басқа рулар мен тайпалардың таңбаларымен салыстыра келгенде, біз біріншісі (Шекті руының негізгі үш таңбасынан) Алаш руының (Кіші жүз) таңбаларына және Найман тайпасының (Орта жүз) бағаналы руының таңбаларының біріне өте жақын келетінін байқаймыз. Екінші таңба жалпы Найман таңбасымен, ал оның бір түрі (сызықша қосылған) Шөмекей және Алтын (Кіші жүз) руларының таңбаларымен бірдей. Бұл фактілер, айтар болсақ, Алаша сияқты, Шекті руының да негізгі бөлігі Найман тайпасынан шыққандардан тұрады деп жорамалдауға мүмкіндік береді. Кезінде С. А. Аманжолов та осылай болуы мүмкін деп көрсеткен еді. Шектілердің соңғы таңбасы өз тегін Арғын тайпасының (Орта жүз) Қаракесектерінен бастайтын Қаракесек руының таңбасымен жақын, сондықтан да Шектілердің бір бөлігінің, атап айтқанда Ожырай бөлімшесі атабабаларының Арғындардан шығуы мүмкін екенін теріске шығармайды. Шөмекей. Шөмекей руының да тарихы едәуір ертеден келеді деп санау керек. Н. Аристов пен Г. ГруммГржимайло шығыс деректемелері негізінде оларды VI ғасырда Барлық пен ТяньШань арасында мекендеген, шу тайпаларына жатқан чумугунь тайпасының ұрнак,тары деп санайды. Өкінішке қарай, бізде бұл рудың тарихы жөнінде қандай да болсын басқа бір деректер жоқ, сөндықтан Н. А. Аристовтың болжамын қабылдаймыз. Шөмекей руы туралы алғашқы аиық мәліметтер орыс деректемелерінде бар және XVIII ғасырдың Шөмекей руы туралы келесі мағлұмат П. И. Рычковта бар, ол бұларды «осы ордадағы аса атақтылар» деп санаған. Чумугунь тайпасыиың VIVII ғасырларда дулаттардың (Ұлы жүз) атабабасы болған дулу тайпалар одағына кіргені мәлім, алайда шөмекей руының таңба белгілері де, ұраны да олардың туыстығын дәлелдемейді. Сонымен бірге шөмекейлердің негізгі таңбасы () (Аманжолов бойынша) немесе (Гродеков пен Тынышбаев бойынша) жалпы алшындардың таңбасына (әсіресе біріншісі) ұқсас. Бұл шөмекей руының алшындар құрамына ерте кезден енгенін дәлелдейді. Осыған байланысты бұл рудың шыққан тегі туралы А. Левшиннің біршама аңғал түсінігі ықылас қоярлық. Ол былай деп жазады: «Кіші орданың шөмекей руы бұрып қырғызқазақтарға жатпаған... өз атауын олар Шыңғыспен жауласқан кезде одан бөлініп шығып, өзін жақтаушылармен бірге қазір Орта орда алып жатқан жерге келген өз ханы Шөмекейден алған деп санайды. Оның ұрпағы АюСырым Сарысу өзенінің төңірегіне ие болып алып, өзінің жалғыз мұрагер қызын Әлімиің (Әлімұлы ұрпағының бабасы) ұлыпа күйеуге берген, содаи барып оның бодандары қыргызқазақтармен біріккен». Шөмекей руының басқа бір таңбасы (И Мемср мен Аманжолов бойынша), біздің төмеиде көретініміздеті, Кіші жүздің Қаракесек руының таңбасына жақын. Шөмекей руының ұраны Дейт (Гродеков, Тынышбаев және Аманжолов бойынша). М. Тынышбаев жазып алған шежіре мен ел арасынан жиналған мәліметтердің деректері бойыиша, Шөмекей руының көнек, тоқа, аспан және бозғұл деген төрт гармағы бар. Т. А. Жданко келтірген аңыздарға қарағанда, біз қарақалпак,тар арасынан Шөмекей руынан шыққан, ашіа, құйын, әйтеке және шеруші руларының бабасы болған Тәңке есімді көсемінің бар екенін көреміз. Жоғарыда біз шөмекей рулары таңбаларының бірі, атан айтқанда, таңбасы қаракесек руының таңбасына ұқсас дедік. Бізге белгілі тарихи әдебиеттерде Кіші жүзге кіретін Қаракесек руы туралы мәліметтер жоқ. Сонымен бірге Орта жүзде аса ірі тайпалардың бірі (аргын) құрамында Қаракесек руы бар. Кіші жүздің Қаракесек руының өкілдері Орта жүздің қаракесектеріне туыс деп жорамалдауға болады. Кезінде Н. А. Аристов та осындай пікір айтқаи. Төртқара. Төртқара (Қарамашақ) руы туралы да біз бірінші рет А. Тевкелевтің деректерінен білеміз. Сонан соң бұл ру А. Левшинде айтылады. Барлық деректерге қарағанда неғұрлым соңғы кезеңде Төртқара руы Кіші жүздің Әлімұлы ру бірлестігінің құрамында үнемі кездесіп отырады. Рудың таңбасы (Гродеков, Мейер, Аманжолов бойынша) және (Тынышбаев бойынша); ұраны «Алдияр» (Гродеков бойынша) және «Айыртау» (біздің мәліметтеріміз бойынша). Бұл рудың шыққан тегі туралы мәселеге қайтып орала отырып, осының алдындағы сияқты Төртқара руының да жақында (ерте дегенде XVIXVII ғғ.) пайда болғанын және біздіңше, оның негізгі көпшілігі әлдебір бедгісіз себептермен Найман тайпасынан (Матай руынан) бөлініп шыққан тәрізді, өйткені оның құрамында да Төртқара бөлімшесі бар. Рудың бір бөлігінің керей тайпасынан шыққаны күмәнсіз, оның таңбасы олардың таңбасымен бірдей. Басқа, неғұрлым ұсақ компоненттерінің бөлуы да ықтимал. Астана ФК. Астана ФК —Қазақстан Премьер Лигасында, ойнайтын, Қазақстан футбол клубы. Астана қаласының Қ.Мұңайтпасов атындағы стадионы клубтың базасы болып табылады. Клубтың тарихы мен жетістіктері. Қазақстан чемпионатының құрылуынан кейін, клуб 17 сезонды жоғарғы дивизионда (1992 жылдан бастап 2001 жылға дейін «Жоғарғы лига» деп аталды, 2002 жылдан 2007 жылға дейін «Суперлига» деген атпен белгілі болды, 2008 жылдан бастап «Премьер-лига» деп аталады.) Панфилов ауданы (Алматы облысы). Алматы облысының Панфилов ауданы 1928 жылы құрылған. Орналасқан жері- облыстың оңтүстік-шығыс жағы. Аудан аумағы 10,58 мың шаршы шақырымды құрайды. Шығысында- Қорғас өзені бойымен Қытай Халық Республикасымен, оңтүстігінде- Іле өзені бойымен Ұйғыр ауданымен, ал батысында – Кербұлақ ауданымен шектеседі. Ауданда бір қалалық, он үш ауылдық округ бар. Аудан орталығы - Жаркент қаласы. Ол облыс орталығы-Талдықорған қаласынан 290, Сарыөзек темір жол стансасынан 196 шақырым жерде. Ауданда қазақ халқымен бірге 34 ұлттың өкілінен құралған 117,6 мың адам тұрады. Оның ішінде қазақтар 63,3%, ұйғырлар 29,1 %, орыстар 4,8 %, басқа ұлт өкілдері 2,8 %. Қалалық тұрғындар 33,0 мың, ауылдық тұрғындар- 83,8 мың адам. Тұрғындардың орналасу тығыздығы 1 шаршы шақырымға 10,7 адам. Жалпы пайдаланудағы қатқыл жол ұзындығы -385 шақырым. Ауданның табиғи жағдайы әр алуан әрі бай. Суармалы жер қорының басым бөлігіне астықтық, техникалық және көкеніс дақылдары егіледі. Бау-бақша өнімдерін және жүзімді өсіруге, ет бағытындағы мал бағуға толық жағдай бар. Жоңғар Алатауындағы, Үйтастағы, Ойжайлаудағы көркем көріністер еріксіз тәнті етеді. «Кермеағаш», «Жаркент- Арасан» шипажайлары, көлдеріндегі емдік балшық, Тышқан және Сұлубақан орындарындағы көмір кеңдері, Құндызды теліміндегі мұнай қоры ауданның мәртебесін асыра түседі. Нарын, Шежін, Қорғас өзендері бойынан алтын табылды. Айдарлы ауылдық округіндегі «Ақтау» телімінде бронды әйнек жасауға жарайтын кварц құмы бар. Қоңырөлең ауылдық округіндегі «Қату» телімінен құрылысқа қажетті жасыл тас өндіріледі. Өсек өзенінде гидроэлектрстансасын салу мүмкіндігі бар. Аудан аумағы арқылы Ұлы Жібек жолы өтеді. Жаркент қаласында бірегей тарихи ғимарат- «Жаркент мешіті» сәулет – көркемөнер мұражайы орналасқан. Ауданда 275 заңды тұлға, 4839 жеке шаруа қожалығы, 1409 жеке кәсіпкер тіркелген. Өнеркәсіп саласында 18 кәсіпорын жұмыс істейді. 3 көлік мекемесі, оның ішінде 2 жолаушылар тасымалдайтын, 1 жүк тасымалдайтын ұйым қызмет етеді. Ауданда «Қазтелеком» АҚ-ның аудандық бөлімшесі және аудандық мемлекеттік пошта торабы жұмыс істейді. Аудандық «Жаркент өңірі» газеті үш тілде шығып, халықты ақпараттандыруды қамтамасыз етеді. Ауданда 8 мектепке дейінгі балалар мекемесі, жалпы білім беретін 50 мектеп, 1 физика-математика лицейі, педагогикалық колледж, Талғар дәрігерлік және Талдықорған заң колледждерінің филиалдары, құрылыс-экономикалық колледжі, кәсіптік- техникалық мектеп бар. 29 Мәдениет үйі мен клуб қызмет етеді. Тұрғындарға дәрігерлік кепілді қызмет көрсететін 49 емдеу мекемесі жұмыс істейді. Онда 156 дәрігер және орта дәрігерлік буындағы 472 маман емдеу ісімен шұғылданады. Жамбыл ауданы (Алматы облысы). Жамбыл ауданы Іле Алатауы сілемдерінің оңтүстік батыс бөлігінде орналасқан. 1928 жылы құрылған. Аумағы 19320,72 шаршы шақырымды құрайды. Ауданда 24 ауылдық кенттік округтер, 61 елді мекен бар. Аудан орталығы - Ұзынағаш ауылы. Аудан халқының саны 124,4 мың адам, оның 1,6 мыңы қалалық, 122,8 мыңы ауылдық тұрғындар болып есептеледі. Ауданда 30-дан астам ұлт өкілдері тұрады: қазақтар 78%, орыстар 12,7%, түріктер 2%, уйғырлар 2.9%, немістер 0.9% және өзге ұлттар 3%-ды құрайды. Ауданда 4 балабақша, 58 мектеп, 1 кәсіптік-техникалық оқу орны бар. 12 мәдениет үйі, 3 мұражай, 22 кітапхана халыққа қызмет атқарады. 61 медициналық мекеме, соның ішінде 4 аурухана, 17 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 39 медициналық қосын, 1 өкпе ауруларын емдейтін аурухана жұмыс істейді. Ауданның солтүстігінің климаттық жағдайы қатал, жоғары континенталды және құрғақ. Топырақты аймағы таулы қара жерден бастап құрғақ топырақты қуаң далаға дейін созылып жатыр. Солтүстігі үлкен құмды аймақ. Аумағында көлемі 503 мын гектарлық Балқаш жағалауы мемлекеттік қорығы бар, онда қабан, бірқазан, қоқиқаз, тырна өсіріледі. Пайдалы қазбалары бар: Қастек, Шынасылсай кен орындарында алтын, күміс, қорғасын, цинк қоры мол. Шилібастау кен орнында малтатас, цемент шикізаты шығарылады. Негізінен аграрлы аудан. Тәлімі және суармалы егіншілік дамыған. Дәнді дақылдар, картоп, қант қызылшасы, темекі егіледі. Қой шаруашылығы және ет-сүт өндіру дамыған. 44 өнеркәсіп орны жұмыс істейді. Қарғалы ауылында облыстағы ірі тоқыма өнеркәсібінің бірі - "Қаргалы" АҚ орналасқан. Өнеркәсіп орындарынан "Жартас" ЖШС-нің болашағы зор. Ауыл шаруашылық кәсіпорындар – 59, өндірістік кооператив – 9, ЖШС - 30, мемлекеттік кәсіпорын - 3. Шаруа қожалығы - 3200. Ауыл шаруашылығына жарамды жерлердің жалпы көлемі 975472 га. Тіркелген шағын кәсіпорын - 293, оларда 2117 адам жұмыс істейді. Жеке кәсіпкерлікпен 1337 адам шұғылданады. Өткен жылдың бюджет түсімі 1061,0 млн. теңгені құрады. Экономикаға 22595,4 млн. теңге инвестиция тартылды. Қазіргі уақытта ауданымызды іскер, білімді басшы Бигелдиев Махаббат Садуақасұлы басқарады. Уақыт пен кеңістік сахнасындагы сан жылдар бойғы сарғайған мұрағаттарға зер салсақ, біздің ауданның ең алғашқы орталығы - Тарғап қыстағы деп есептеледі. Себебі, ол 1890 жылы Жетісу уезінің Қастек болысына қарасты Верный-Қарабалта пошта-байланыс жолында бекет болып ашылған және «Жетісу» естелік кітабында жазылғандай, сол жылы Сәке Ниязбекұлы болыс сайланып, ол өңірдің Батыс-Қастек болысы атанғанын көреміз. Осы кезеңде орыс келімсектері мен «қара шекпенділері» ойсырата орнығып, біржолата бекінген Ұзынағаш та өзінің ежелгі атауынан айрылып, Казанско-Богородское станицасы болып шыға келеді... «Жердің аты - тарихтың хаты» демекші, атамекенге сұқты көзін қадаған сыртқы жауларға қарсы қаншама қаһарман бабаларымыздың әділетті соғыс жүргізгені белгілі. Әрине, олардың арасында даңқты Қарасай баба мен оның ерлік дәстүрін лайықты жалғастырған Қараш, Қастек, Қазыбек бек, Қасқары, Наурызбай, Өтеген, Райымбек, Ботбай, Сәмен, Көкбарақ, Саурық, Сұраншы, Сыпатай, Бекболаттың есімдері бүгінгі ұрпақ үшін ұранға айналып, рухы ұлы істерге ұмтылдыруда. Алматы облысы мемлекеттік мұрағатының жәдігерлеріне жүгінсек, Жетісу губерниялық атқару комитеті төралқасының 1928 жылғы наурыздың 27-29 күндері өткен кезекті мәжілістің II хаттамасында «Аудандастыру жобасын анықтау туралы» мәселе қаралған. Онда Қордай ауданын Қордай және Қастек аудандарына бөліп, Қастек ауданына 1-7 ауылдарды, Майтөбе болыстығының Қарабұлақ, ауылын, Ұзынқарғалы болыстығының 1-5 және 10-12 ауылдарын қалдыру, сондай-ақ Қастек ауданының орталығы – Тарғап қыстағы деп белгілеу туралы айтылған. Тағы бір деректе Қастек ауданының 1928 жылғы қыркүйектің 3-індегі Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің арнайы Жарлығымен құрылып, шекаралары бекітілгені жайлы бұрыңғы құжаттарға сілтеме жасалған. Негізінен алғанда, қыркүйектің 3-ші жұлдызын ауданның ресми түрде құрылған күні деп санаған дұрыс сияқты. Арада тура он жыл өткеннен кейін, яғни 1938 жылы ұлы жырау – бабамыз Жамбылдың шығармашылық қызметіне 75 жыл толуы құрметіндегі мерейтойға байланысты Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Орталық Атқару Комитеті Төралқасының 1938 жылғы мамырдың 19-дағы Қаулысымен Қастек ауданының атауы Жамбыл ауданы болып өзгертілген. Ұйғыр ауданы (Алматы облысы). Ұйғыр ауданы 1935 жылы Қаз ОАК шешімімен құрылған, 2005 жылы 70 жылдығын атап өтті. Аудан Алматы қаласының солтүстік-шығыс жағынан 243 шақырымында, ал Талдықорған қаласының оңтүстік-батысынан 365 шақырымында орналасқан. Жалпы аумағы 878,7 мың га немесе 8,8 мың шаршы шақырым, халықтың 1 шаршы шақырымға сыйымдылығы – 7,2 адамды құрайды. Ауданда 14 селолық округтегі 25 елді-мекен бар. Аудан топырағы биік таулы аумақтардың қара топырағымен, оның ішінде суармалы жер көлемі 380 га құрайды, тау маңындағы аймақтарда тауға жапсарлас және таулық ашық қызыл қоңыр сұр топырақ (8100 га), орталық аймақтарда ұсақ тасты сұр топырақ (2500 га), төменгі аймақтарда сұр қоңыр топырақты жерлер орналасқан (10500 га). Ауданда құм-тасты қазба жерлер бар, сонымен қатар «Қазбұлақ» құрылыс тасты және Қалжат көмір қазбасы, «Кетпен» - әктасы, Қарадала массивіндегі минералды ыстық су көздері орналасқан. Аудан аумағында көлемі 5,0 мың га болатын «Емен тоғайы» және жасы 30 млн. жыл болатын «Шарын шатқалы» бар. Климаттық жағдайы өте қатал, континентальді, қысы қарсыз, жазы құрғақ әрі ыстық. Жалпы халық саны 63870 адамды құрайды. Оның ішінде қазақтар 26,4 мың адам (41,2%), ұйғырлар 34,9 мың (54,7%), 2,6 мыңы басқа да ұлт өкілдері. Ауданның өндірістік бағыты – ауыл шаруашылығы, яғни мал шаруашылығы мен суармалы жерді қолдану болып табылады. Ағымдағы мерзімде ауданда 202 заңды тұлға субъектілері тіркелген, оның ішінде 74 шағын кәсіпкерлікте, ал жеке кәсіпкерлікте 3461, оның ішінде 2457 шаруа қожалықтары. Шағын кәсіпкерлік саласында 6205 адам жұмыс істейді. Жеке секторда 264 дүкен, 7 киоск, 17 кафе-бар, 70- ке жуық тұрмыстық қызмет көрсету субъектілері, 47 диірмен, 11 май шығаратын, 5 нан пісіретін орындар және басқалары жұмыс жасайды. Экономикалық белсенді халық саны – 33403 адам. Оның ішінде жұмысты 30640 адам. Жетісу ауданы. Бұл қаланы республика тарихының негізі болуына өмірдің өзі итермеледі. Астана міндетін атқарып болғаннан кейін, енді еліміздің қаржылық орталығы мәртебесін алған Алматы еш қаламен салыстыруға болмайтын, өмір сүруге қолайлы, әсем бейне-бедерін бұзған жоқ. Мұндағы әрбір түпкір қаланың бар сүйіспеншілікпен, талғаммен салынғанын айтып тұр. Түп түзу, сырттай сызылған даңғылдар, тұманға оралған таудың иірілімдерін қоюландыра түсетін тәрізді. Қаланың сұлулығынан шабыт алған ақындар, мәңгі ерімейтін қар басқан шыңдардың баурайынан сарқырап құлай аққан өзендерді, субұрқақтардың шығыстық әуезін мейлінше жырлаған... Алматы өткен ғасырдың отызыншы жылдарынан бастап-ақ, Қазақстанның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы бола бастады. 1936 жылға қарай, ескі кәсіпорындарды қалпына келтіру және қайта салумен қатар, жаңа өнеркәсіптік база да құрылды. Бірінен соң бірі - биокомбинат, аяқкиім, тігін, кілем тоқу фабрикалары, құю механикалық зауыты, кітап-жорнал баспаханасы, көркем қыш бұйымдары зауыты, құрылыс материалдары комбинаты, ет комбинаты, ұн тарту комбинаты мен зауыты қатарға қосыла берді. Коммуналдық шаруашылық та қосарлана дами бастады. 1934 жылға қарай жиырма бес шақырым су, кәріз құбырлары тартылды. Бір жылдан кейін Алматы ЖЭО бірінші кезегі іске қосылды. Трамвай желілері пайда болды. Қазақстан қалалары мен Мәскеуге тұрақты әуе сапарлары жаңа әуежайдың алабы арқылы ұшырылатын болды. Қала тұрғындары мәдениет және демалыс саябақтарында демалып, Дзержинский атындағы балалар саябағы, аналардың балалармен серуендейтін орнына айналды. Сол кездің өзінде-ақ, қала өзінің келешектегі зияткерлік және мәдени негізін қалады. 1934 жылы Алматының картасында ССРО Ғылым Академиясының Қазақ бөлімшесі, отыз екі ғылыми-зерттеу институты мен зертханалары, он төрт жоғары оқу орындары пайда болды. 1936 жылы ауданның құрдасы болып табылатын, Ленин ауданының №15 мектебі, қазіргі №15 лингвистикалық лицей салынды. Жарқағаздарға белгілі театрлардың репертуарлық алдын-ала жарнамалары да іліне бастады. Қала 4467 гектар аумаққа қарқынды түрде салынды. 1936 жылы Алматы қалалық кеңесінің заңдық үкімінде дамыған өнеркәсібімен, ғылымымен, білім беруімен, коммуналдық шаруашылығымен, ауқымды құрылысымен, денсаулық сақтау объектілері желісімен, қала ғана емес, қырық жеті мың тұрғыны бар сегіз селолық кеңестер де кірді. Енді аудандық кеңестердің қажеттілігі айқын көріне бастады. 1936 жылы 14 қыркүйекте қаланы аудандарға бөлу туралы шешім қабылданып, ол сол жылғы 29 қыркүйектегі Қаулымен бекітілді. Алматы аумағы үш қалалық, аудандық кеңестері қарамағына берілді, олар: Ленин, Сталин, Фрунзе аудандары. Пролетар аудандық кеңесі Пролетар кенттік кеңеске қайта құрылып, Ленин аудандық кеңесінің қарамағына өтті. Ленин ауданының әкімшілікті қарамағындағы – «Өжет», «Боралдай», «Заря Восток» елді мекендері және колхоздары, орталығы Өжет кенті болып бекіген, Боралдай селолық кеңесіне қарап, ол дербес әкімшілік бірлік болып қалды. Әрбір ауданның өз ерекшеліктері болды. Ленин ауданының аумағы оған жалғасып жатқан 8 колхозбен бірге 30 мың гектарды құрап, аудан қаланың солтүстік және солтүстік-батыс шет жағын алып жатты. Оған Алматы-1 және Алматы-2 стансалары, және де ҚСРО жабдықтау Халық комиссариатының (1931 ж.) "Одақет" ет өнеркәсібі, Бүкілодақтық бірлестігінің Қазақ өлкелік кеңсесі Алматы ет комбинаты, қазіргі "Құлан" АҚ, машина жасау зауыты (1935 ж.), бүгінгі С.М. Киров атындағы Еңбек Қызыл Ту орденді машина жасау зауыты, Ленин аудандық тұрғын үй басқармасы (1932 ж.), қазіргі "Жетісу" АҚ бар өнеркәсіптік аймақтың біраз бөлігі кірді. ҚазССР жабдықтау Халық Комиссариатының Алматы мемлекеттік темекі фабрикасының (1934 ж.) құрамына Алматы ферментациялық зауыты (1934-1973 ж.ж.), Алматы темекіферментациялық зауытының Еңбекшіқазақ дайындау бекеті (1933-1974 ж.ж.), Қордай аудандық темекі дайындау бекеті (1944-1960 ж.ж.), бүгінде "Алматы темекі компаниясы" АҚ кірді. Сол жылдардағы объектілердің арасында "Қазжәбжет" Шығыс-Қазақстан облыстық кеңсесі (1933 ж.), бүгінде "Алматыөнеркжабдықтау" ААҚ, Шарикті және роликті мойынтіректерді жөндейтін шеберхана (1938 ж.), қазіргі "Мойынтірек - жөндеу зауыты" болды. 1937 жылы Ленин ауданының халық ағарту Бөлімі (1937 ж.), қазіргі Жетісу аудандық білім беру бөлімі, Ленин ауданының әлеуметтік қамтамасыз ету Бөлімі (1937 ж.), қазіргі Жетісу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасы құрылды. Бірінен кейін бірі мектептер іске қосылып отырды, олардың бірі - №54 орта мектеп, қазіргі №54 Панфилов атындағы Қазақ-Ресей гимназиясы. 1937 жылдың аяғында Ленин аудандық денсаулық сақтау бөлімінің №5 емханасы алғашқы емделушілерді қабылдады. Қаланың жаңа инфрақұрылымдары жасалды, 1939 жылы Алматы қаласы нан комбинатының Тасымал-экспедициялық кеңсесі, қазіргі "Жорға" АҚ, ҚазИЗО, қазіргі "Алматы қалабезендіру" ЖАҚ, ЖЭО-1 орталық электростансасы, жаңа Алматы әуежайы ашылды. Тамақ өнеркәсібінің алғашқы қарлығаштары - қала нан комбинатының №1 Алматы нан зауыты (1940 ж.), қазіргі "№1 Нан зауыты" ЖШС болды. 1936 жылдың қазан-қараша айларында аудандық кеңестерге сайлау жүргізгенге дейін аудандық атқару комитеттерінің қызметін атқаратын, әрбір аудандардан Қалалық кеңестің ұйымдастыру комитеттері қалыптастырылды. Алматы қаласының жаңа әкімшілік-аумақтық құрылымы 1936 ж. 9 қазанда Қаз ОАҚ қаулысымен бекітілген болатын. 1937 жылдың 26 наурызында Қазақ ССР Төтенше съезі орталық және жергілікті үкіметтің құрылымын анықтай келе, Қазақ ССР Конституциясын қабылдады. Қазақ Советтік Социалистік Республикасының астанасы болып Алматы қаласы жарияланды. Қаланың мемлекеттік билік өкілдікті және өкілетті органы ретіндегі - жұмысшы, шаруа және қызыл армия депутаттарының Алматы қалалық кеңесі енді, еңбекшілер депутаттарының Алматы қалалық кеңесі деп аталатын болды. Оның атқарушы органының қызметі Төралқаға жүктелді, ол 1939 ж. желтоқсан айынан бастап - қалалық атқару комитеті болып қайта аталды. Қалалық кеңестің құзырына жергілікті маңызы бар барлық мәселелер, мемлекеттік, шаруашылық және әлеуметтік-мәдени құрылыстарға басшылық ету кірді. Аудандарда қалалық кеңестің ұйымдастыру комитеттері және Пролетар кенттік кеңесі жұмыс істеді. 1939 жылы желтоқсан айындағы сайлаудан кейін аудандық кеңестер және олардың аткомдары заңды әрекет ете бастады. Қала өсе берді, тұрғындар саны көбейді. Жер пайдалануды реттеу үшін қала шегін кеңейту және рәсімдеу қажет етілді. 1938 ж. 29 мамырда Қазақ ССР Халық Комиссарлар Кеңесінің "Жоспарлаудың бас жобасы және қала шегін кеңейту туралы" қаулысы қабылданып, қаланың шегарасы едәуір кеңейтілді. 1939 жылдың 1 қаңтарына Алматы қаласында 4 аудан болды, олардың арасында құрамына Боралдай селолық кеңесі кірген Ленин ауданы да болды. 1947 жылдың аяғына қарай қала халқы үш жүз мыңға жетті, олар тоқыма, тігін және мата тоқу, машина жасау, металлөңдеу, тері және аяқ киім, тамақ, темекі, ұн тарту және жарма тарту кәсіпорындарында жұмыс істейтін болды. Осы кезеңде Ленин ауданында "Қазтұрмыстехника" МӨБ, қазіргі "Тайқазантехносервис" ЖШС, "Алматы қалалық тамақ сауда", қазіргі "Алтын дән" АҚ, "Алға" қайталама шикізатты дайындау және өңдеу фабрикасы Артелі, қазіргі "Бірлесу" АҚНМ РЖАҚ және де сегізжылдық білім беретін мектеп, қазіргі №3 орта мектеп өз жұмыстарын бастады. 1940 жылдар аяғындағы Ленин ауданының негізгі магистралдары Ташкент, Капал жолы, Пастер, Өзбек көшелері болды. Жалпы қалалық және әкімшілік орталық Фурманов және Мир көшелерінің, Алматы-2 стансасы мен Арық көшесі, қазіргі Абай даңғылы аралықтарында қалыптасты. 1950 жылы балалар мен жасөспірімдер Театрының гүлзарында 1916 жылғыТорғай ұлт-азаттық қозғалысын басқарған, Қазақстандағы Кеңес үкіметін орнату үшін күреске белсене араласқан Аманкелді Имановқа (1873-1919 ж.ж.) ескерткіш орнатылды. Білім беру мекемелерінің тізімін №150 орта мектеп толтырды. Одан кейінгі мектеп жеті жылдан кейін ашылып, оған К.Маркстың аты берілді (қазіргі №43 орта мектеп). Әрі қарай арасына бір-екі жыл салып №2, 102, 103, 108 мектептері ашылды. 1957 жылы республиканың экономикалық әкімшілік аудандары құрылды. Алматы қаласы Алматы, Жамбыл, Талдықорған облыстары мен қаланың өзінің өнеркәсібі мен құрылысын біріктіретін орталыққа айналды. 1958 ж. 25 маусымында Ленин ауданына Белинский көшесінен (Жансүгіров көшесі) шығысқа қарай және колхоз кентінен оңтүстікке қарай жатқан "Красный трудовик" колхозынан; қала бейітінен батысқа қарай және Ташкент көшесінен (Райымбек даңғылы) солтүстікке қарай орналасқән "Заря Восток" колхозынан; Тастақ кентінен солтүстікте және Үлкен Алматы өзенінен батысқа қарай және Ташкент жолының солтүстігіндегі - Ленин атындағы колхоздан аумақтар берілді. Алматы қаласында шамамен төрт жүз қырық өнеркәсіп кәсіпорындары жұмыс істеді. 1967 жылы "Қазқұрылысөнеркәсібі" құрылыс-құрастыру тресінің, қазіргі "Алматықалақұрылыс" ХАК", 1971 жылы - "Асфальтбетон" зауытының құрылған жылы болды. Жоғары, орта, арнаулы оқу орындары, ғылыми-зерттеу мекемелері, кітапханалар, театрлар, филармония, ондаған кинотеатрлар мен клубтар, мәдениет үйлері, мұражай, ғылыми және спорт қоғамдары, лекторий, стадиондар рет-ретімен жұмыс істей бастады. 1960 жылы "Қазақстан", қазіргі "Жетісу" қонақ үйі қоныс тойын жасады. Қала аудандарының айтарлықтай ерекше белгілері айқындала бастады. Ленин - солтүстік-шығысты алып жатқан аудан, негізінен қаланың ең ескі бөлігі болатын. Онда тұрақты дамыған көлік және өнеркәсіп салалары орналасты. Ташкент жолынан солтүстікке қарай Үлкен Алматы өзенінен шығыстау орналасқан аумақ, 1960 жылдың 13 шілдесінде еңбекшілер депутаттары Ленин аудандық кеңесі атқару комитетінің әкімшіліктік қарамағына берілді. Сол жылдардағы ірі өнеркәсіптік, әлеуметтік-мәдени объектілердің арасында аэровокзал (1978 ж.), АуырқұрылысМин ҚКТУ, қазіргі №6 кәсіптік лицей, №87 орта мектеп (1983 ж.), кеңес беретін емхана, қазіргі қалалық Адам ұрпағын өрбіту Орталығы болды. "Алматықұрылысмеханизация" және "Алматыөнеркмемқұрылыс" екі мамандандырылған тресінің базасында "Алматыинжқұрылыс" акционерлік қоғамы құрылды (1986 ж.). 1990 жылдың 25 қазанында Қазақ ССР Жоғары Кеңесі Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы Декларация жариялады. 1990 жылы 1 желтоқсанда еліміздің алғашқы Президенті сайланды. 1991 жылы желтоқсаннан бастап Қазақ Советтік Социалистік Республикасы Қазақстан Республикасы болып аталатын болды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Конституциялық Заңы қабылданды. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін жергілікті жердің мемлекеттік билік органдары - ҚР Министрлер кабинетіне бағынатын жергілікті әкімшілік басшылары болды. Халық депутаттары кеңесі әкімшіліктің жұмысын бақылай отырып, жергілікті жердегі өкілетті органдар болып қала берді. ҚР Президентінің 1992 ж. 7 ақпандағы Жарлығына сәйкес, Алматыда қалалық әкімшілік құрылып, оның басшысы сайланды. Сол кезде 1992 жылы сәуірде өзінің қызметін тоқтатқан, қалалық атқару комитетін жою жөніндегі комиссия жұмысын бастады. 1992 жылы 18 ақпанда аудандық әкімшілік басшылығы жанынан аппараттар құрылды. Қалалық әкімшілікке жергілікті маңызы бар мәселелердің бәрі де бағынышты болды. Әкімшілік басшысының шешімі мен өкімі Алматы қаласының барлық кәсіпорындары, мекемелері үшін міндетті болып есептелді. Халық депутаттарының қалалық кеңесі Алматы қаласы билігінің заңдылықты органы мәртебесін алды. 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы, астананың орысша жазылуын тарихи қазақша Алматы атына сәйкестендірді. 1993 жылы қарашада халық депутаттары қалалық Кеңесінде өзін-өзі тарату жүрді. 1993 жылы 25 қарашада ХХІ шақырылған халық депутаттары қалалық Кеңесінің XV сессиясында "Алматы қалалық халық депутаттары кеңесінің өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы" қаулы қабылданды. Қалалық Кеңес өз тарихына соңғы нүкте қойды. 1994 жылы наурыздан бастап, биліктің өкілетті органы Алматы қаласының мәслихаты болды. Оның жанынан сайланған қалалық ономастикалық комиссия көшелер, гүлзарлар, алаңдар, аудандар атауы, қайта атауы бойынша жұмысқа бар ынтамен кірісіп кетті. Жас республика барлық тарихи ескерткіштер бастауына қайта орала бастады - бұрынғы Ташкент көшесінде 1981 жылы, жоңғар басқыншыларымен күрескен әйгілі Райымбек батырға орнатылған ескерткішке тағы да жаңа ескерткіштер қосылды. 2000 жылы Алматы-2 темір жол вокзалы жанындағы алаңға мемлекет қайраткері Абылай ханға (1711-1781 ж.ж.) ескерткіш орнатылды. 2001 жылы балалар мен жасөспірімдер Мемлекеттік Академиялық театрының алдындағы алаңға көрнекті қазақ жазушысы, ҚР ҰҒА академигі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қоғам қайраткері Ғабит Мүсіреповке ескерткіш қойылды. 2002 жылы 16 желтоқсанда Желтоқсан көшесіндегі гүлзарда белгілі қазақ ақыны Мұқағали Мақатаевқа (1931-1973 ж.ж.) ескерткіш орнатылды. Алматы қаласы мен Жетісу ауданы көшелері мен гүлзарларына ажар беріп тұрған еліміздің осындай тарихи куәлары, оның мәдениетінің ажырамас бөлігі болып қалып отыр. "Қазақстан Республикасындағы тарихи-мәдени мұраларды пайдалану және қорғау туралы" ҚР Заңына сәйкес, олар мемлекет қорғауына алынды. Республика астанасы сонымен қатар, Алматы облысының әкімшіліктік-аумақтық орталығы болып қалды. Республика астанасын кешенді дамыту мақсатында, 1992 жылы 16 сәуірде ҚР Министрлер Кабинеті Алматы қаласының Бас даму жоспарын бекітті, онда қала аумағын одан әрі кеңейту қарастырылды. 1995 жылы 23 наурызда "Қазақстан Республикасының астанасын Ақмолаға көшіру туралы" Заңы күшіне енетін ҚР Президентінің Жарлығы шықты. ҚР Парламенті мен Үкіметі Ақмолаға көшкенге дейін, Алматы қаласы Республика астанасы мәртебесін сақтап қалды. 1995 жылы 15 қыркүйектегі Жарлық Ақмоланы 1997 жылы 20 қазаннан бастап, Қазақстан Республикасының астанасы етіп ресми түрде жариялады. 1995 жылы 30 тамызда қабылданған, ҚР Конституциясына сәйкес, жергілікті органдардың өкілдіктері мәслихаттар, ал мемлекеттік билік атқару органдары - әкімдіктер болды. Оларды Республика Президенті мен Үкіметінің өкілдері -әкімдер басқарады. 1995 жылы 12 желтоқсанда Алматының аудандары қайта аталып, Ленин ауданы Жетісу болып өзгертілді. 1997 жылы 28 қаңтарда қаланың Мәскеу және Алатау аудандары таратылды. Алматы енді 6 аудандарға - Алмалы, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу, Түрксіб болып бөлінді. ҚР Президенті 1997 жылы 20 қазанда "Алматы қаласының мәртебесі және оны әрі қарай дамыту шаралары туралы" Жарлыққа қол қойды, ол бойынша Алматы республикалық маңыздағы қала болып қалды. Оны ғылыми, мәдени, тарихи, қаржылық және өндірістік орталық ретінде сақтау және дамыту маңыздылығы ерекше атап көрсетілді. 1998 жылдың 1 шілдесінде осы жағдайлар "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" ҚР Президентінің Заңында одан әрі дамытылды. Құжат қаржылық, экономикалық және әлеуметтік ынталандыру шараларын жүзеге асыру арқылы оның әрі қарай дамуына кепілдік бола алатын, ғылыми, мәдени, тарихи, қаржылық және өндірістік орталық ретіндегі ерекшелігінен шыға отырып, Алматы қаласының ерекше мәртебесіне заңды негізді белгілеп берді. Алматының айрықша мәртебесі әкімдік пен мәслихат өкілеттілігін біраз кеңейтті. 1998 жылдың 1 қаңтарында Алматы қаласының аумағы 23 300 гектарды құрады. 1998 жылы 2 қазанда ҚР Президентінің 1998 жылы 29 сәуірдегі Жарлығына сәйкес, Жетісу ауданының аумағына Іле ауданынан 445 гектар жер қосылды. 2003 жылдың 1 қаңтарына Жетісу ауданының аумағы 53 мың шаршы шақырымды алып, халық саны 141,4 мыңға жетті. 2003 жылы 11 маусымдағы екінші шақырылған Алматы қаласының мәслихаты мен Алматы қаласы Әкімінің бірлескен XXV сессиясының шешімімен, Жетісу ауданының елді мекендері ықшамаудандар болып өзгертілді: Қарасу кенті - "Қарасу" ықшамауданы болды. Бұндай әкімшілік реформалар Өжет ("Өжет" ықшамауданы), Заря Восток ("Заря Восток" ықшамауданы), Красный Трудовик ("Трудовик" ықшамауданы), Құрылыс ("Құрылысшы" ықшамауданы) кенттерін де қамтыды. Бүгінде Жетісу ауданы өз келбетін өзгерткен, онда қазіргі заманғы модерн элементтері басым. Қала салушылардың қазіргі ұрпақтары ұлттық шығыс бояуларын еуропалық үлгімен араластыра, сәулеттік ойдың ең соңғы жетістіктерін батыл енгізетін болып жүр. Аудан көшелерін соңғы он жылдарда әлемдік атағы бар кеңсе тауарларын өткізетін, Сейфуллин даңғылындағы "Әбді" супермаркетінің алып құрылысы, барлық аумағы 24 мың шаршы метрге жететін, Солтүстік айналымдағы "Әдем-2" сауда үйі көркейтіп тұр. "Құлагер" және "Айнабұлақ" ықшамаудандарының тұрғындарына қолайлы жағдай жасау үшін, күнделікті сұраныс тауарларын сататын "Оптима" және "Рамстор" супермаркеттер желісі ашылған. Ресейде жасалған автомобильдерді Райымбек даңғылында орналасқан "Вираж" жаңа автосалонынан табуға болады. Сейфуллин даңғылында "Еzрегапzа" ойын-сауық орталығы пайда болды. Коммуналдық бейіндегі обьектілердің арасынан 2006 жылы наурыз айында Жетісу ауданының аумағында алғашқы рет қоқыстарды өңдейтін зауыттың ашылуын атап кетуге болады. Ауданның мәдени инфрақұрылымында қоғамдық-саяси маңыздағы оқиғалардың құрметіне арналған мейрамдарды қажетті деңгейде өткізуге мүмкіндік беретін дамыған желілер де жеткілікті. Жаппай шаралар өткізетін, халық серуендейтін орталық - Жібек жолы даңғылы болып табылады. Ауданның осы бір әдемі жері алматылықтардың мақтанышына айналған. Мереке күндері мұнда киіз үй тігіледі, әр түрлі бейнелеу және ұлттық қолданбалы өнер көрмелері ұйымдастырылады, отандық жұлдыздар ғана емес, көркемөнерпаздар ұжымдары мен көркем шығармашылық топтардың қатысуымен өткізілетін концерттік бағдарламалар қойылады. Осындай шаралар адамдарды біріктіреді, оларды сүйікті республикаға және туған қалаға деген отан сүйгіштік және мақтаныш сезімді тәрбиелейді. Алматының және оның бір бөлігі Жетісу ауданының тарихы мен келбеті міне, осындай. Ал ертең, әп-сәтте ақ өзгеретін және өтіп кететін уақыттың бір кездері жетістігі болатын, оқиғалар туралы жаңа беттерді жазатын жаңа күн де келмекші. Райымбек ауданы (Алматы облысы). Алматы облысының Райымбек ауданының жер аумағы 14,2 мың шақырымды құрайды. 2002 жылғы есеп бойынша ауданда 82,6 мың адам тұрады. Аудан бюджетінің шығысы биыл 2 млрд 520,6 млн теңге көлемінде жоспарланған. Бұл өткен жылғыдан 14,9 пайызға жоғары. 2009 жылы 2 млрд 968,0 млн теңгеге жетсе, 2010-2011 жылдары 3 млрд теңгенің үстіне шығады деп көзделуде. Бұл бірқатар әлеуметтік мәселелердің шешілуіне алып келері анық. Райымбек ауданы табиғатқа ғана бай емес, тарихы да тереңнен сыр шертеді. Ежелгі сақ дәуірінің, үйсіндер мәдениетінің белгілері қалған Қарашоқы, Таңбалы тас, Тұйық, Ақтастының алтыны, Байынқол мен Шалкөденің көнерген алтын кеніштері, Жібек жолы, Шығу, Құмтекей қаласының орындары бар. Шоқан Уәлихановтың Қашғарияға сапары осы өңір арқылы өткен. 1997 жылы Нарынқол мен Кеген аудандарының біріктірілуінен Райымбек ауданы құрылды. Бұл таулы өңірге өзіндік қиындықтарын ала келді. Ел-жұрттың, әсіресе, шекараға жақын жердегі мекендерін тастап, аудан орталығына, Алматы қаласына қарай көшуіне алып келді. Айта кету керек, Нарынқол 1936 жылдан 1997 жылға дейін аудан орталығы болды. Еліміздің оңтүстік-шығысындағы ең шеткі аймағы. Кегеннен шығысқа қарай 98 шақырым жерде, Нарынқол мен Байынқол өзендерінің қосылған тұсында, Меридианальный жотасының солтүстік баурайында, тау алдының қоңыржай ылғалды агроклиматтық белдемінде орналасқан. 2004 жылғы мәлімет бойынша Нарынқол ауылында 8,8 мың адам тұрады. Бұл елді мекеннің іргесі 1872 жылы аңшылар тұрағы ретінде қаланған. «Ел боламын десең – бесігіңді түзе» дегендей, мемлекет болған соң, есігің құлыптаулы, шекараң қырағы күзетте болғаны жөн. Алдағы уақытта шекара маңындағы ауылдардың жағдайын дұрыстау арқылы сол жердің тұрғындарын тұрақтандыруға қол жеткізгеніміз абзал болар еді. Ол үшін сол өңірді жан-жақты дамытуға көңіл бөлу қажет. Аудан экономикасын ілгері бастырып отырған мал шаруашылығы мен егін өндірісі болып келеді. Облыста бұл аудан дотациялық аудан болып саналады. Жаңа кәсіпорындар мен жұмыс орындарының ашылуы ауданның Алматыдан және облыс орталығы Талдықорғаннан жол қашықтығына көп байланысты. Осындай табиғаты сұлу өңірде еліміздің келешегі үшін аянбай еңбек етіп жүрген азаматтар қаншама?! Алайда, олардың бүгінгі таңда көріп отырған қиындықтары да аз емес. Таулы өңір көркем болғанымен, жол қатынасын дамытуда өзіндік проблемалары да бар екені даусыз. Бүгінде бірқатар өңірлерде автокөлік жолына, ауыз суға қатысты әлеуметтік мәселелер шешіліп жатқанымен, ауылдықтарды толғандыратын жайттар әлі де аз емес. Оған шалғай ауылдарды аралау барысында көз жеткіздік. Біріншіден, көлік инфоқұрылымының жағдайын атап өткім келеді. Райымбек ауданының аумағындағы 810 шақырымдық автокөлік жолының 273-і республикалық маңызы бар жолға жатқызылса, 537 шақырымы облыстық және жергілікті жолдар болып есептеледі. Басқа жол түгілі, аудан орталығынан ең шалғай орналасқан Жалаңаш-Саты-Күрметі-Көлсайға алып баратын республикалық маңызы бар автокөлік жолының жағдайы да сын көтермейді. Аталған жол 1980 жылдан бері күрделі жөндеуден өтпеген. Жол азабы халықтың жанына қатты батып отыр. Бұл аймақта орналасқан 9 елді мекеннің тұрғындары аудан орталығына – 3-4 тіпті 5 сағат, Алматыға - 7 сағат жол жүреді. Ойылған жолдар жүйкесін жеген автокөлік иелері жұмсақ жерлерді қуалап жүріп, бос жатқан мыңдаған жайылымдарды таптап, жасыл жайлаулардың берекесін қашырып, мал санының артуына кедергі келтіруде. Сонымен қатар аталған автокөлік жолының және бір аса маңыздылығын айтқанымыз жөн. Сол жол табиғи мол байлығының арқасында Қазақстанның інжумаржаны атанған Көлсай көліне алып барады. Тек қана 2007 жылдың өзінде Көлсай көліне 20 мыңнан астам саяхатшы келген. Жол қатынасы жақсарса, бүл аймаққа саяхаттап келіп демалушылар саны әлдеқайда көбейіп, туризмнің дамуынан облыс, аудан бюджетіне қыруар пайда түсірі даусыз. ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі көлік инфоқұрылымын дамыту комитетінің Алматы облыстық басқармасының мәліметіне сүйенсек, аталған автокөлік жолының қашықтығы 89 шақырымды құрайды. Осы жолды бастан-аяқ орташа және күрделі жөндеуден өткізіп, ал кейбір жекелеген бөліктерінде қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізу қажет деп есептеймін. Үстіміздегі жылы бастапқы 21 шақырымға, одан кейін 78-ші шақырымнан 89-шы шақырымға дейін, яғни, барлығы 32 шақырымдық жолға орташа жөндеу жүргізуге қаржы бөлінді. Алайда, бұл жол азабын шегіп жүрген ауыл тұрғындарын қанағаттандырмай отыр. Бүгінгі таңда 21-ші шақырымнан 43-ші шақырымға дейінгі жолды жөндеу үшін және және темірбетон құбырын салуға республикалық бюджеттен жалпы көлемі – 1 млрд 057 млн 242,0 мың теңге қаржы бөлінуі керек. Жобалау-сметалық құжаты 2006 жылы дайындалған және ол қазір ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінде. Сондай-ақ Жалаңаш елді мекенінен Көлсай көліне дейінгі (43-ші шақырымнан 89-шы шақырымға дейінгі бөлік) жолды күрделі жөндеуден өткізуге және қалыпқа келтіру үшін жобалау-зерттеу жұмыстарын жедел жалғастыру қажет. Бұл жобаның құны 4,5 млрд. теңге көлемінде болмақ. Жылдар бойы қордаланған мәселелер бір күнде шешіле қалмайтыны белгілі. Алматы облысының Райымбек ауданын аралап, сайлаушылармен кездесіп келгеннен кейін жоғарыда аталған өзекті мәселелерді қозғап, әріптесім Е.Омаров екеуіміз Премьер-министр Кәрім Мәсімовтың атына депутаттық сауал жолдадық. Енді бұл мәселелердің жүйелі түрде күн тәртібіне қойылуын үнемі назарда ұстап, оң шешімін табуы үшін атсалысымыз деп ойлаймын. Сол секілді Көкпек – Кеген – Қырғызстан шекарасына дейінгі жолды күрделі жөндеуден өткізудің жобасы 2006 жылы жасалғанмен, жұмыс жоспарына енгізілмей қалып отырғаны қынжылтады. Біздің жолымыздың ойылып жатқаны, қырғыз жағының жолы жөнделіп тұрғанын көргенде, елдік намыстың да оянатыны анық. Келесі мәселе – аудан орталығы Кеген селосында спорт кешенін салу. Спорттық сауықтыру кешенінің құны – 1,0 млрд теңгеге жуық. Аталған жоба жүзеге асса, буыны қатпаған жасөспірімдер жоғары биік нәтижелерге қол жеткізері анық және жастардың ауылда тұрақтауына зор ықпал жасайтыны сөзсіз. Әрі көптеген дарынды спортшылардың тұсауын кесіп, үлкен спорттық жолға салады. Ең бастысы, жұмсалған шығынды ақтайтыны анық. Ауданнан тәлім алған жас спортшылардың өсе келе Алматы қаласындағы байырғы спорт мектептерінде, жоғарғы оқу орындарында жан-жақты кәсіби жетілуін жалғастыруына да мол мүмкіндік ашылады. Өйткені Райымбек ауданы ақындар мен батырлар ғана емес, талантты спортшылар өскен өңір. Ауылдардағы қарапайым жаттығу залдарында алғашқы қадамдарын бастаған Ардақ Назаров – ережесіз жекпе-жектен әлем чемпионы, Айсара Керімбекова – дзюдан әлем чемпионы, Руслан Жұмабеков – классикалық күрестен Азия чемпионы, Бауыржан Тәліпов – қазақша күрестен әлем чемпионы атанды. Халықаралық жарыстарда осы спортшылардың құрметіне Мемлекетіміздің Әнұранымыз шырқалып, көк байрағымыз биікте желбіреді. Жоғарыда есімдері аталған спортшылар тәуелсіз еліміздің мақтанышы. Райымбек ауданында тұрғындардың жағдайын жақсарту мақсатында таза мал өнімдерін өндіруге жол ашу керек. Бұл өңірде жылқы, сиыр малын көптеп өсіруге мүмкіндік бар. Сонымен қатар арқар миреносты қойлар да осы жердің табиғатына жақсы бейімделген. Мал өнімдерін, яғни, еті мен сүтін, жүні мен терісін іске асыратын шағын өндіріс орындарын ашу жөнінде нақты жобалар жүзеге асырылғаны абзал. Ол үшін Үкіметтік деңгейде мәселе көтерілуі қажет. Әлемде тек қана туризмнің қаражатымен байып отырған елдер аз емес. Алматы өңірінің тұма табиғатын сақтап, туризмді жедел қарқынмен жүйелі түрде дамытар болсақ, жер жанаты – Жетісу талайды тамсандырар аймақ болатынына кәміл сенемін. Қызылжар ФК. Қызылжар ФК —Қазақстан бірінші Лигасында, ойнайтын, Қазақстан футбол клубы. Петропавл қаласының Авангард стадионы клубтың базасы болып табылады. Клубтың тарихы мен жетістіктері. Қазақстан чемпионатының құрылуынан кейін, клуб 12 сезонды жоғарғы дивизионда (1992 жылдан бастап 2001 жылға дейін «Жоғарғы лига» деп аталды, 2002 жылдан 2007 жылға дейін «Суперлига» деген атпен белгілі болды, 2008 жылдан бастап «Премьер-лига» деп аталады.) Тарих. Тарих (грек. Ιστορία, «исследование») - гуманитарлық білімнің бір сферасы. Тарих дегеніміз рухтың қолтаңбасы, ел жанының талпынысы. (Гегель) Әзірбайжандар. Әзірбайжандар (әзірб. azərbaycanlılar, azərilər, Azərbaycan türkləri) - этнос және ұлт, Әзірбайжанның байырғы және негізгі халқы. Әлемде шамасында 24 млн. адам құрайды. Т.Омарбеков. Қызметі. Тарихшы. Қазақстан Республикасы Әлеуметтік Ғылымдар Академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор. Қазіргі кезде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Тарих факультеті, Қазақстанның ежелгі және орта ғасырлардағы тарихы кафедрасының меңгерушісі болып қызмет істейді. Өмірбаяны. Талас Омарбеков 1948 жылы 29 мамырда Жамбыл облысының Байзақ ауданында дүниеге келген. ҚазПИ-дің тарих факультетін бітірген соң 1972 жылдан бастап 1977 жылға дейін мектепте мұғалімдік қызмет атқарады. 1977 жылы Абай атындағы ҚазПИ-дің аспирантурасына қабылданады. 1982 жылы кандидаттық диссертациясын ҚазМУ-де қорғады. 1991-1995 жылдары Қазақ Ұлттық университетінің (ҚазМУ) тарих факультетінде доценттік қызмет атқарады. 1994 жылы докторлық лауазым алу үшін академик К.Нұрпейісовтың жетекшілігімен "Қазақ шаруаларын меншігінен айыру және күшпен ұжымдастыру" тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. Проф.док. Талас Омарбековтың қазақ тарихының өзекті мәселелеріне арналған 7 монография кітабы мен 200-ден астам ғылыми еңбектері жарық көрген. солардың ішінде "20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті" (1997), "ХХ-ғасырдағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері"(2001), "Қазақстан тарихына және Қазақстан тарихнамасына ұлттық көзқарас"(2004) атты танымал еңбектері бар. Шымыр-шоқай. = Шымыр-шоқай руының тарихы =. Шымыр-шоқай руы "Дулат" тайпасының "Шымыр" руының құрамындағы белгілі ру тармағы. 1917 жылғы Большевиктік төңкеріске дейін Сырдария облысы, Шымкент үйезінің, Боралдай және Қошқарата болыстарында отырғандары тарихи құжаттарда тіркелген. Сол кездері ер әйелі және 5 жастан асқан балаларды қосып санағанда кісі саны 3000-ға жуық болған. Шымыр-шоқай руының шежіресі. 'Дулат' - 'Шымыр'- 'Шыңқожа' - Қобыланды - Алдияр - Сүгірәлі, жанама есімі 'Шоқай' болып таратылады. Шоқайдың үш ұлынан үш ата ел тарайды - Ұрысқара-шоқай, Құлатай-шоқай, Жиен-Шоқай ВИА Гра. ВИА Гра (англ. NU Virgos, укр. ВІА Гра) — ресейлiк-украиндiк әйел поп-тобы. Өзi табысты орыс тiлдi музыкалық жобалардың жаңа ғасырындағы бiр. 5 студия альбомдары, 4-шi - теледидар мюзиклдерiндегi түсiруiн Гра ВИА топтар активте, (ағылшын тiлiнiң қандайға 4i) 28 бейнеклип. Топ сый ақылардың жиынының лауреаты болып табылады, соның iшiнде Алтындай диск, Алтындай граммофон. Техника философия. Философия техниктер — бірінші себептердің зерттеуі техниктер. Философия мына бөлімі негізін салушысымен Эрнст Капп келеді, жазған «философия негізгі бағыттары техниктер»(1877). философия әртүрлі аспектілері техниктер рассматриваются марксизмде, транс адамгершілікте және басқа бағыттардың қатарында. Негізде техниктерді Органо проекция жатады яғни техника тірі организм үлгісімен жасалады. Жасау техниктер жаңа жасау бармау, бірақ организм табиғи мүмкіншіліктерінің жазып жіберуі. Техника - мынау күн көріс жаңа көкжиектеріне жол. Энгельмейер Клементьевич Петр (1895-1939)- техника аспап сияқты алға басудың. Эспинас Альфред техниктерді сакральді тегіні ойды (1844-1922)- қорғады. Чиммер Эберхард (1873-1940)- техника аспап сияқты босатудың. Дессауэр Фридрих құдайдың шығармашылық адамымен жалғасының аспап сияқты (1881-1963)- техника алға шығады. Ортега - және - Гассет Хосе (1883-1955)- техника құрал сияқты адам босатуы. Хайдеггер Мартин (1889-1976)- техника тәсіл сияқты само күн көріс жазып жіберуінің. Эллюль Жак - анықтама техниктер қалай «әдістердің тотальностисі, орынды бағытталғандардың нәтижелілікке». Ясперс Карл Теодор - техника құру құрал және адамдық күн көріс жеңілтуі бар. Дариға қыз. Дариға қыз Өз кезінде ел арасына кеңінен мәлім дастан «Дариға қыз» кітап болып таралған. Уақиға хазрет Галидың күш қайратына арналған.Ислам дінінің қасиеттері, Мүхаммед пайғамбардың сипаты да қамтылады.Шығарманың негізін құрышының кім екні белгісіз... Ал бастырып шығарушы қазақтың белгілі баспагері әрі ақын Жүсіпбек қожа Шайқысламов.Жырдың соңы былай аяқталады. Кей кезде тән қысылған жан қысылған Уақиға желісінің араптан келгені анық. Алайда баяндалуы,ой үйтқысы таза қазаққа тән, қазіргі ұрпақтарға рухани қазынамыздан сусындаул үшін осы дастанды ықшамдап үсынып отырмыз. Көңілі ерге тиер барма екен?» Деп «Бір іске жазған шығар ием» деді «Теңін тапқан кісі азбас деген сөз бар, Бір күні әкесі өліп, Дариға қыз, Таудай боп Зәңгі келді пілге мініп, «Жан болса іздеп келген күресем» деп - Рұқсат тілеп сізден келдім,- дейді Сол қызбен мен де барып күресейін, Иа, баба, маған рұқсат берген,- дейді Пайғамбар: - барма,- дейді тілімді алсаң, Ұят қой өзі келмей, іздеп барсаң Нар тасың ауыр азап болып сарсаң «Қой балам, мақтан құмар мұндай істі Барған соң әтей іздеп, жықсаң жақсы, Мағфузда бұл нендей іс құдай жазған? Жал екен алты айшылық екі арасы, Құдай білер кім артық, кімнің келін. Анау тұрған кім екен, біліп кел»деп, Сен неден қорқып келдің, кіммен қашып, Нұрма әлде бұл шіркінді қара басып? Түсі суық кісі екен, бек айбатты, - Сені де еркек деп тапты-ау анаң деді, Ұйалмай не деп келдің маған деді. Ол өзі адам ба екен, пері ме екен, - Кім недің, қайдан жүрсің, айтшы маған, Бүл елден өңің бөлек жан екенсің, Көрмеп ем түсі суық сендей адам. Сен рас Ғалимысың, енді – деді. Құдай айдап өзіңді келді, - деді Жиналды қалың қауым бір неше жүз. Ат жүріп қадам жерге бара алмады. Намазы он бес күндік қаза болған, Қыз айтты – Ғали саған құмар едім, Ас ішпей әлде болса шыдар едім. Ғали жалғыз бір үлкен тауға келді. Жәрдем бер, жаннан артық ағам едің. Ғали ер жатыр еді зарлық қылып, Палуан қызда кеп түміп отыр еді. Қапы қалмай ендеше, берік бол» деп, «Иа аннан иа менен» деп айғай салды. Доптай қып қызды орнынан жұлып алды. Шын дінге қосатұғын күн бар бізді», Ғали ер алты ай түрды Самарқанда, Бір күні Ғали ұйықтап жатыр еді, -Бай едм, патша едім, болдым жарлы Деді де Дариға қыз қылды зарды. Ғали айтты: қой енді тілді алсаң, Деді де, Ғали Хайдар түсті жолға. Көп халық артта қалды зарлық етіп, Отыз үш мың сахаба, төрт шаһариар, Көз жасы Ғалиды ойлап көл боп ақты. Дариға күні жетіп бір үл тапты. Он бес жасар жігіттен артық еді. Бір күні келе жатса көше бойлап, Бір кемпір отыр екен өрмек тоқып Тажал болдың сен де бір қарғыс алмай, Әкенді ізде, боп жүрмей тірі жетім. Кемпір зарлап, солай деп жылай берді, Менің әкем қайда деп сүрай берді. Жас басыңнан болдың ғой пейілің тар. -Иа ана, әкем менің кім, қайда?-деп Тірі жүрсең көрерсің ер жеткен соң, Мен үшін басқан ізін тауап етіп, Сиынып, иа бабам деп, өзің қолда. Иа баба, жол көрсеткен маған деді. Жас бала кім екенін білмей қалды. Ешбір таныс таба алмай неше күндей. - Күрессем қалай болар екен, - деді Ендеше күресе ғой балам, - деді, Күреспе деп қайтейін саған, - деді -Ал қане көрелік- деп Қасен барды, Тік көріп алды да жерге ұрды. Сол кезде де Ғали Хайдар өзі барды, Намыс қысып Бек қатты кейіп қалды. -Балалардың бәрін де жықтың гой, - деп, Ғали ер көрген емес мұндай істі, Ойлады неткен жан деп мұнша кұшті. Кез болды тамам палуан осы арада, Қолдай гөр һәм Дариға анам едің. Ғали ер мына созге қайран қалды. -Балам, әкең менмін! - деп құшақтады. - Қой балам, деп бетінен Ғали сұйді. Сол ұшін Мәди бала төкті жасты, -Не бетіммен қараймын сіздегрге, - деп Жете алмай Ғали келді жаны мұңды, Қашап барып бір үлкен тауға кірді. Дерек іздеп сай – сайын аралады -Бір ақ көріп айырылдым, - деп –өкініп, Әр істі өзі қылған бір құдайы. Сол тауды мекен етіп тұрар деді. Оған дейн оқ жонар тау ішінде, Екібастұз ФК. Екібастұз футбол клубы —Қазақстан футбол клубы. Екібастұз қаласының Шахтер стадионы клубтың базасы болып табылады. Клубтың тарихы мен жетістіктері. Қазақстан чемпионатының құрылуынан кейін, клуб 14 сезонды жоғарғы дивизионда (1992 жылдан бастап 2001 жылға дейін «Жоғарғы лига» деп аталды, 2002 жылдан 2007 жылға дейін «Суперлига» деген атпен белгілі болды, 2008 жылдан бастап «Премьер-лига» деп аталады.) өткізді. СКИФ-Ордабасы (футбол клубы, Шымкент). СКИФ-Ордабасы футбол клубы —Қазақстан футбол клубы. Қазір клуб жабылып қалған. Клубтың тарихы мен жетістіктері. Қазақстан чемпионатының құрылуынан кейін, клуб 5 сезонды жоғарғы дивизионда (1992 жылдан бастап 2001 жылға дейін «Жоғарғы лига» деп аталды, 2002 жылдан 2007 жылға дейін «Суперлига» деген атпен белгілі болды, 2008 жылдан бастап «Премьер-лига» деп аталады.) өткізді. Горняк (футбол клубы, Хромтау). Горняк футбол клубы —Қазақстан футбол клубы. Клубтың тарихы мен жетістіктері. Қазақстан чемпионатының құрылуынан кейін, клуб 4 сезонды жоғарғы дивизионда (1992 жылдан бастап 2001 жылға дейін «Жоғарғы лига» деп аталды, 2002 жылдан 2007 жылға дейін «Суперлига» деген атпен белгілі болды, 2008 жылдан бастап «Премьер-лига» деп аталады.) өткізді. Қайсар ФК. Қайсар футбол клубы — Қазақстан Премьер Лигасында ойнайтын, Қазақстан футбол клубы. Қызылорда қаласының Ғ.Мұратбаев атындағы стадион клубтың базасы болып табылады. Клубтың тарихы мен жетістіктері. Қазақстан чемпионатының құрылуынан кейін, клуб 15 сезонды жоғарғы дивизионда (1992 жылдан бастап 2001 жылға дейін «Жоғарғы лига» деп аталды, 2002 жылдан 2007 жылға дейін «Суперлига» деген атпен белгілі болды, 2008 жылдан бастап «Премьер-лига» деп аталады.) өткізді. Әшірбаев ЕРлан. Ерлан. Әшірбаев Ерлан (Ashirbayev Erlan)1991 жылы 9 нурыз күні КСРО,Казақ КСР, ОҚО мақтарал ауданы Винсовхоз ауылында дүниеге келген. Балалық кезі Әкесіз өсті. 1991 ден 2000 жылға дейн балалық кезін сол ауылда өткізді. Анасы Аширбаева Бейсенкул Жасузаковна, атасы Жасыұзақ, әжесі Аманкүл және нағашысы Қыдарбай тарбиелеп өсірді. 4 жасында жазуды окуды тез үйреніп 5 жасында Винсовхоз ауылының №24 Гагарин атындағы мектепке 1-сыныпқа барды. Сабақты үздік оқыды. Алматы ФК. Алматы футбол клубы —Қазақстан футбол клубы. Қазір клуб жабылып қалған. Клубтың тарихы мен жетістіктері. Қазақстан чемпионатының құрылуынан кейін, клуб 5 сезонды жоғарғы дивизионда (1992 жылдан бастап 2001 жылға дейін «Жоғарғы лига» деп аталды, 2002 жылдан 2007 жылға дейін «Суперлига» деген атпен белгілі болды, 2008 жылдан бастап «Премьер-лига» деп аталады.) өткізді. 2008 жылы клуб қаржы жағдайына байланысты таралып кетіп, Мегаспорт клубымен қосылып, жаңадан Локомотив клубы құрылды. Асылбек Еңсепов. Еңсепов Асылбек (1980 жылы Ақтөбе қаласында туған) - домбырашы. А. Жұбанов атындағы музыкалық мектепті бітірген. Қазір Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының студенті. Асылбек - көптеген фестивальдер мен конкурстардың лауреаты (Түркияда, Францияда). 1992 жылы ол "Жаңа есімдер" Қазақтың мәдениет қорының стипендиаты болды. 1998 жылы "Ыстық көл" эстрадалық және фольклорлық халықаралық музыка сайысының Гран - приі, 1998 жылы Құрманғазы атындағы Халықаралық конкурстың сыйлығын алды. 1998 жылы "Шабыт" Республикалық шығармашылық жастар фестивалінің жеңімпазы болу - оның көп қырлы талантын танытады. 1998 жылы Еңсепов Асылбекке Қазақстан жастар Одағының сыйлығы берілді. Бауыржан Исаев. Исаев Бауыржан - әнші. 1979 жылы туған. 1998 жылы Оңтүстік Қазақстан музыкалық колледжінің, дербес әншілік бөлігін бітірген. Жас әншінің талантын төмендегі жүлделері арқылы білуге болады: "Арай" жас орындаушылардың облыстық конкурсының Гран-приі, "Жас қанат" республикалық жас орындаушылар конкурсының көрермендер сүйіктісі сыйлығына және II жүлдесі, Түркияда өткен "Памукале" халықаралық фестивалінің дипломы, Азия - дауысы - 96 халықаралық фестивалінің Гран-приі. Бауыржан Исаев Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында оқиды. "Аяулым" деген атпен оның алғашқы ән альбомы жарыққа шықты. Айгүл Қосанова. Қосанова Айгүл - домбырашы. 1974 жылы Маңғыстау облысында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын домбырада халық әндерін орындау класы бойынша бітірген. Әміре Қашаубаев пен Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Республикалық конкурстың І-ші сыйлығының лауреаты. Қазіргі кезде Президент оркестрінің солисі болып жұмыс істейді, сондай-ақ, Жүсіпбек Елебеков атындағы Республикалық эстрадалық - цирктік колледжде дәріс береді. Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясы аспирантурасының негізгі бөлімінде оқиды. 1999 жылы "Дарын" Мемлекеттік сыйлығын алды. Израиль, Ақш, Австрия, Германия, Түркия, Малайзия және әлемнің тағы басқа елдерінде өнерлік іссапарда болды. Қазақстан Премьер Лигасы 2010. Футболдан Қазақстанның XIX чемпионаты - 2010 жылы наурыздың 22 мен қарашаның 6 күндері аралығында өтті. Турнирге 12 команда қатысты. Өз тарихында тұңғыш рет Қостанайдаң "Тобылы" Қазақстан чемпионы атанса, былтырғы чемпион "Ақтөбе" күміс жүлдеге қол жеткізді, ал қола медель Павлодардың "Ертісіне" бұйырды. Былтырғы маусыммен салыстырғандағы өзгерістер. Былтырғы маусыммен салыстырғанда турнирге қатысушы командалар саны 14-тен 12-ге қысқартылды. Осыған байланысты 2009 жылдың қорытындысы бойынша Қызылжар (Петропавл), Қайсар (Қызылорда), Қазақмыс (Сәтбаев), Оқжетпес (Көкшетау) командалары Премьер Лигадан шығып қалды. Бірақ турнирде 10-шы орын алған Восток (Өскемен) командасы аластатылып, оның орнына 2010 жылы Оқжетпес өнер көрсететін болды. 2009 жылдың қорытындысы бойынша бірінші лигадан Қайрат (Алматы) мен Ақжайық (Орал) командалары қосылды. Екінші кезең. Бірінші кезеңнен кейін командалар 2 топқа бөлінді. Бірінші топты 1-6 орынды алған командалар құраса («Тобыл», «Ертіс», «Ақтобе», «Шахтер», «Локомотив» және «Атырау»), екінші топта 7-12 орын аралығындағы командалар бақ сынады («Жетісу», «Ордабасы», «Тараз», «Қайрат», «Ақжайық» және «Оқжетпес»). Восток ФК. Восток футбол клубы —Қазақстан бірінші Лигасында, ойнайтын, Қазақстан футбол клубы. Өскемен қаласының Восток стадионы клубтың базасы болып табылады. Клубтың тарихы мен жетістіктері. Қазақстан чемпионатының құрылуынан кейін, клуб 18 сезонды жоғарғы дивизионда (1992 жылдан бастап 2001 жылға дейін «Жоғарғы лига» деп аталды, 2002 жылдан 2007 жылға дейін «Суперлига» деген атпен белгілі болды, 2008 жылдан бастап «Премьер-лига» деп аталады.) өткізді. Ең үлкен жеңілістері. 2010 жылдың 2-ші ақпанында Восток қаржы жағдайына байланысты Премьер Лигадан шеттетілді. Математика тарихы. Математика (грекше: μάθημα — ғылым, білім, оқу; μαθηματικός — білуге құштарлық) — әлдебір әлемнің сандық қатынастары мен кеңістіктік формалары, оның ішінде — структуралар, өзгерістер, белгісіздік жөніндегі ғылым. Ол абстрактілендіру және логикалық қорыту, есептеу, санау, өлшеу және физикалық нәрселерді жүйелі түрде орнықтыру, бейнелеу мен өзгерістерді оқыту арқылы көрініс табады. Математиктер жаңа тұжырымдамаларды сипаттайтын осы түсніктерді ретімен таңдалып алынған аксиомалар мен анықтамаларды пайдалана қорыта отырып зерттейді.Мазмұны [жасыр] 5 Шамс ад-Дин ибн Ашраф Ас-Самарқанди Көне Мысыр әлемдегі ең байырғы мәдениет ошақтарының бірі. Ніл өзенінің екі жағалауына орналасқан бұл ел б.з.б. 3200-ші жж біртұтас мемлекет болып бірікті. Ніл өзені әр жылда тасып, жағалаудағы егістік жерлерді шайып кетіп отырған, тасу мезгілі аяқталған соң тұрғындардың жерін қайта өлшеп бөлу керек болады, ұзақ жылғы жер өлшеу тәжірибесінің арқасында геометрия ғылымы пайда болған (геометрия – грекше сөз, гео — жер, метро — өлшеу деген мағына береді). Көне Мысырдың Ахмосе немесе Райнд папирусы Б.з.б. 2900-шы жж кейін патшаларының мазары ретінде көне мысырлықтар көптеген алып пирамидаларды тұрғыза бастаған. Пирамидалардың құрылысына қарай отырып, сол кездегі көне мысырлықтардың геометрия мен астрономияны аз білмегенін аңғаруға болады. Мысалға, пирамида табаны мен бүйір бет ауданы арасындағы қатынас пен табанындағы бұрыштарды атауға болады. Қазіргі кездегі Көне Мысыр математикасы туралы зерттеулер негізінен, сол кездегі монахтар жазуы және руни жазуымен жазып қалдырған екі кітапқа сүйенеді: бірі Лондонда (1858 жылы ағылшын жинаушысы Райнд тауып, өз меншігіне алған, сондықтан көбінесе Райнд папирусы (жоғарғы суреттегідей) деп аталады, ол папирус б.з.б. 1700 жылға жатады, бұл Мәскеу папирусына қарағанда үлкенірек). Енді бірі Москвада сақтаулы. «Мәскеу папирусы» деп аталады. (суреттегідей) Оны 1893 жылы ескі заттарды жинақтап сақтаушы орыс әуесқойы Голенищев сатып алған, ал 1912 жылы ол Мәскеудегі әсемдік өнерлер мұражайына берілген. Папирус — қамыс текті өсімдік. Мысырда, Ніл өзенінің жағалауында өседі. Оның өзегін тілімдеп алып, тілімдерді қатарластра орналастырады. Олардың үстіне көлденең осындай тілімдердің екінші қабатын салады. Қысқышпен екі қабатты біріктіріп жаныштағанда тілімдерден шығатын желім сияқты шырын қабаттарды тұтастырып қағаз түріне келтіреді. Папирустар 9 ғ.-дан бастап мүлде қолданылмайтын болған, оның орнына қағаз пайдаланылады. Қағаз ең алғаш бұдан 2000 жыл бұрын, Қытайда шыққан, оны Чай Лунь деген адам ойлап шығарған деп жазылады Қытай тарихнамаларында. Қағаз жасауды қытайлардан Орталық Азия халықтары үйренген. 7 ғ. Самарқандта қағаз өндірісі болған. Осыдан арабтар үйренген, олар арқылы Еуропаға тараған. Көне Мысырдың ертедегі әріптері сурет пішіндес әріптер болған, соңынан ретке келтіріліп демотикалық жазу пайда болған. Осы екі кітаптан басқа да кітаптар теріге, тастарға ойылып жазылған, олар қазір дүнйенің түкпір-түкпірінде сақтаулы. Екі кітаптың жазылған уақыттары шамамен б.з.б. 1850-1650 жж. сәйкес келеді. Көне мысырлықтар ертеден ондық санау жүйесін қолдануды білген, бірақ оның әрбір орындағы сандардың жазылу ережесін білмеген, мысалға 111-ді жазу үшін, 1-ді үш рет қайталап жазбаған, керісінше әр орындағы 1-лерді әр түрлі белгілермен бейнелеген. Көне мысырлықтардың негізгі амалы қосу болған, ал көбейту қосудың қайталанып келуі ретінде есептелген. Олар бір айнымалысы бар бірінші дәрежелі теңдеулерді шеше алған, әрі арифметикалық, геометриялық прогрессиялардың қарапайым есептерін шеше алатын болған. Сол кітапта («Мәскеу папирусы») және де шеңбердің ауданын есептеуді де көрсеткен: диаметрінің -ін алып тастағаннан кейін квадраттаған. Есептеу нәтижесінде π=3. 1605 болып шыққан. «Мәскеу папирусында» жазылғаны бойынша олар дұрыс төрт жақтың көлемін есептеуді білген. Қорыта келгенде көне мысырлықтар көптеген нақтылы тәжірибелер топтаған, бірақ оны бір тұтас теорияға айналдырмаған. Көне Мысырда математиканың туумен қатар ертедегі Бабыл тұрғындары және шумерлер мен аккадтықтар өз алдына өздерінің дербес математикасын жасап шығарды. Бұл халықтар сына сияқты сызықшалардан құралатын таңбалар арқылы (19 ғ-да археологиялық қазбалар кезінде табылған) күн көзіне қойғанда тастай қатайып қалатын, балшықтан жасалған саз балшықты тақталарға (плиткаларға) білімдерін жазып қалдырған. Мұндай балшық тақталар Бабыл жерінен мыңдап табылады. Бабылдықтардың барлық математикалық жетістіктері жинақталып жазылған (шамамен айтқанда б.з.б. 200-шы ж., яғни Бабыл мәдениеті өркендеп өзінің ең жоғарғы сатысына көтерілген кезге жатады) қырық төрт кестеден құралған бабылдықтардың математикалық энциклопедиясы табылған. Бұл энциклопедиядан бабылдықтардың сол ертедегі заманда күнделікті мұқтаждықтары алға қойған практикалық есептерді: егіншілік, жер суаруды реттеу, сауда жасаудағы есептерді шешудің бірсыдырғы тиімді тәсілдерін білгендігі көрінеді. Бабылдықтар астрономия ғылымының негізін салған. Бір аптаны жеті күнге бөлу, шеңберді 360 градусқа, сағатты 60 минутқа, минутты 60 секундқа, секундты 60 терцияға бөлу солардан бізге мирас болып қалған. Жұлдыздарға қарап болашақты болжау, яғни астрология да солардың арасында туған. Бабылдықтар санаудың негізіне қазіргідей 10-дық жүйе емес, көп жағдайда арифметиканың аса қиын амалы — бөлу амалын жеңілдететін 60-тық санау жүйесін қолданған. Мысалы: 1 574 640 санын алпыстық жүйеде өрнектесек: 1 603 + 57 602 + 46 60 + 40, яғни қосындысы 424000 етіп жазылады. Әрбір өлшеуіш алдыңғысынан 60 есе артық болып келіп отыратын өлшеуіштер мен таразылар жүйесін де солар жасаған. Біздің қазіргі уақыт өлшемдеріміз — сағатты, минутты және секундты 60 бөлікке бөлуміз содан басталады. Бабылдықтар екінші дәрежелі теңдеулерді, ал арнаулы кестелер арқылы үшінші дәрежелі теңдеулерді шеше білген. Б.з.б. екінші мыңжылдықтың орта шенінен бастап бір жағынан Бабыл патшалығына, кейіннен оның орнына келген Ассирия патшалығына, екінші жағынан Кавказ сыртына шектескен территорияда Ван патшалығы немесе Урарту патшалығы болды, бұл патшалық 8 ғ-да Кавказ сыртының оңтүстік облыстарын жаулап алды. Урарту халықтары Бабыл математикасын меңгеріп, қазіргі позициялық ондық (тұрған орнына қарай бір цифрдің өзі әр түрлі разрядтардың белгісі болатын) нумерацияға жақын және позициялық принципті білмейтін, мысырлық ондық нумерацияға мүлде ұқсамайтын, ондық нумерацияға көшкендігі анықталған. Урарту арифметикасы көбінесе ертедегі Армян арифметикасына ұқсас. Бұлай болса ертедегі бабылдықтардың математикасы Урарту халықтары арқылы Кавказ сыртындағы халықтардың, әсіресе армяндардың өте ерте замандағы математикалық мәдениетіне ықпалын тигізіп математиканың ауқымды дамуына зор үлесін қосқан. Орта ғасырдағы Орта Шығыс, Солтүстік Африка және Испания сынды мұсылман мемлекеттеріндегі араб жазуы арқылы жазылған математикалық шығармаларды айтады. Араб математикасының дамуына арабтар ғана емес, парсылар, сүриянилер, т.б. үлес қосты. Бұл шығармалар қолжазба түрінде осы күнге жеткен, олар әлемнің әр түкпіріндегі кітапханаларда сақтаулы тұр. 8 ғ. бастап 9 ғ-дың ортасына дейін әл-Мансұр халиф Бағдатта ішінде телескоп пен кітапханасы бар «Даналық үйін» (арабша: بيت الحكمة Bait al-Hikma) ашып, оған сол кездегі Сүрия, Үндістан т. б мемлекеттерден ғалымдарды жинайды, бұл кезең негізінен басқа тілдегі математикалық шығармаларды аударып, оны үйрету кезеңі деп айтуға болады. Ең алдымен Евклидтің «Геометрияның бастамалары», одан кейін үнді математигі Брахмагупта еңбегі араб тіліне аударылады. Содан бастап Архимед, Аполлониус, Диофант, Птолемей сынды ертедегі гректің ұлы математиктерінің шығармалары іркес-тіркес араб тіліне аударылды. Бұл дәуірдегі атақты математик әл-Хорезми болды. Ол тек аудармамен айналысып қана қоймай, сонымен бірге «Хорезми арифметикасы» (көптеген кітаптарда «Liber Algoritmi» деп аталынып жұр), «Әл-жәбр уә-л-Мұқабала» т. б атты атақты кітаптары бар. Қазіргі кездегі математиканың маңызды бір саласы болып табылатын алгебраны осы әл-Хорезми енгізген. IX-ғасырдың ортасынан XIII ғ-ға дейін араб математикасының гүлдену дәуірі деп қарауға болады. Осы кезеңде Бағдадта, Бұхара, Қаһира және Испанияның Кордова және Толедо қалаларында көптеген ғылыми зерттеу орталықтары пайда болды, бұл дәуірдегі атақты математиктерден Батани, Әбу-Уафа, Карачи, әл-Бируни, Омар Хайям, Насыреддин Туси, Банналарды атауға болады. XIV ғ-дан соң XV ғасырдағы Әмір Темірдің Самарқандтағы телескоп мен сонда зерттеумен айналысқан әл-Кашиды айтпағанда, бүкіл араб математикасының құлдыраған кезеңі болып табылады. Араб математикасының негізгі жетістіктерінен, арифметика жағында: ондық санау жүйесі, жазбаша есеп (бұл екеуіне Үндістанның тигізген әсері бар), дәрежеге көтеру, біріз қатарлардың қосындысын табу формуласы, т. б. Ал алгебра жағында: бірінші және екінші дәрежелі теңдеулерді шешу, үшінші дәрежелі теңдеудің геометриялық шешу әдісі, екімүшеліктің жіктелуіндегі коэфициенттері т. б; геометрия жағынан: Евклидтің «геометрияның алғашқы кітабының» аудармасы, парралелдік туралы аксиоманың тереңдей зеріттелуі, π санының мәні (әл-Каши 16-орынға дейін дұрыс есептеген) т. б; тригонометрия саласы да ертедегі грек пен үндіге қарағанда анағұрлым толық зерттелген. 12 ғ-дан бастап, араб математикасы Солтүстік Африкадағы Жерорта теңізі жағалау арқылы өтетін мәдени жолдары арқылы Испания мен Еуропаға тараған. Әсіресе ондық санау жүйесі мен жазбаша есеп, Евклидтің «Геометрия бастамалары» кітабының аударма нұсқасы т. б. бұлар бүкіл Еуропаның, тіпті дүние жүзінің математикасының дамуына орасан зор ықпал еткен. Бірак, араб математикасының керемет туындылары латын тіліне аударылып Еуропаға тарамаған, тек 19-ғасырдан кейін араб математикасы реттеліп бір жүйеге келтіріле бастаған. Араб математикасы ертедегі гректің, Индияның, Қытайдың, Шығыс пен Батыстың математикалық жетістіктерін пайдаланып және оларды бір қалыпқа түсіріп Еуропаға таратқандықтан мәдениеттің қайта гүлденуі кезеңінде математика керемет дамыды, сондықтан да араб математикасы әлемдік математика тарихында ойып тұрып орын алады Математика ғылымының кіндігі де, тұсауыда кесілген жері ертедегі шығыс(Қытай, Үнді, Бабилон, Мысыр). Онан кейін, ол Бабилон мен Египет, Грецияға ауысады. Греция математиктері математиканы өзінің нәтижелері мен түпкі қағидаларын логикалық қортынды арқылы келтіріп шығаратын дедукциялық ғылымға айналдырды. Гректер әсіресе бастапқы геометрияға жататын мәселелерді түгел зерттеді деуге болады. Жаңа заманнан ілгері 47 ж. Рим әскерлері Грекияны басып алып Александрия портындағы Мысыр кемелерін өртегенде, өрт кітапхананы да шарпып, натижеде екі жарым ғасыр бойы жинап сақтаған кітаптар мен 500 мың парша қолжазба күйіп түгейді. 4 ғ. Христандар Грекия пұтханаларын өртеген кезде Серапис пұтханасындағы 300 қолжазба күйіп түгейді. Міне осындай тарихи себептерден, әрі Грек математикасының өзіндегі олқылықтар себебінен, ежелгі Грекия математикасы тоқырайды. Осыған байланысты бүкіл Еуропада ғылым дамымақ түгіл, уақытысында болған ғылымдардың өздері жоғалып, Еуропаны қара түнек басады. Ақыл берген ғасырлардың орынына мың жарым жыл бойы үздіксіз созылған оянбайтын ұйқыға батқан «Ақыл-ой» ғасырлары келді. Адамзат тарихында мұнан үлкен, бұдан ғаламат ауыртпалық болған жоқ. Шығыс математикасы 5 ғ-дан 15 ғ-ға дейінгі мың жылдан астам уақыт аралығында есептеудің әсіресе астрономияның қажетінен шұғыл дамыды, бұрынғы Грекия математиктерінің көпшілігі философ болса, кейінгі шығыс мәдениетінің көбінің астроном болуы міне осы себептен болса керек. Матемактика тарихында, Гректердің мұрагерлері Индиялықтар делінеді. 200-жылдан 1200 жылға дейін Индия математикасы жоғары толқынға көтерілген дәуір есептеледі. Бұл дәуірдің бастапқы мезгілінде, олар Гректерден геометрияны Вавилоннан алгебраны ұйренді. Әрі Қытайдан үлгі алып арифметика мен алгебраны одан ары дамытты. Индия астрономиясы мен астрономиясын дәуір биігіне көтерген ғалымдар: «Ариабхатия» атты астрономиялық шығарманы авторы Ариабхатия (476-550) оның тригонометрияға қосқан үлесі төтенше зор. Брахмагупта (598-?), ол отыз жасында «Арифметикадан лекциялар» және «Анықталмаған теңдеулерден лекциялар» қатарлы арнаулы тарауларды өзі ішіне алған, «Брахма-сыбхута-ситханда» (брахманың түзетілген жүйесі) атты әйгілі шығарма жазған. Ең алғаш теріс сандарға төрт амалды қолданған міне осы Брахма гупта. Махавира (850-жылдар) «Есептеу жауһары» атты шығарнма жазған, кейбір тарихи деректерден қарағанда Қытайдың математикаылық кітаптаырынан пайдаланғандығы мәлім. Үндіс математика тарихындағы ең биік тұлға Быхаскара Акария (1114-1185) Быхаскара астрономия, арифметика, өлшеу алгебраға қатысты көптееген шығармалардың авторы, солардың ішінді қызының атын қойған арифметика мен есептеуге жататын әйгілі шығармаысы «Лайлауати» (көрікті). Алгебралық шығармасы «Вижаганита» (түбірлерді есептеу) де теріс сандарды біршама кеңірек қарнастырған. Гректеер өлшемдес емес кесінділерді ең бұрын тапсадағы бірақ оның бір сан емес екенін мойындамады. Быхаскара басқа барлық индия математиктерінен асқан кереметтігі иротционал сандарды сан деп қарап, иротционал сандар мен ратционал сандар арасындағы қатаң шекараны бұзып тастағандығы. Сандардың ондық системасын Үндиялықтар алтыншы VІ ғасыырда игерді. ІХ ғасырға келгенде математик Махавира нөлді бір сан деп қарайды. Содан бастап ондық система одан ары кемелдене түседі. Қазіргі күнде бүкіл дүние жүзі қолданатын арғы түп төркіні Индыстан екендігі математика тарихынан азда болса хабары бар адамға белгілі болса керек. 773 жылы Үндыстаннан Бағдатқа көрнекті бір астроном келеді. Ол арабтарға одан 150 жыл бұрын жазылған Брахмабуттаның «Брахма-сутта-сиддыханта» атты кітабының санскирт тіліндегі нұсқасын береді. Бұл кіпты Мұхаммет Ибын Ибраһим әл-Фараби араб тіліне аударады. Араб астрономиясы міне осы кезден басталады. Хорезмидің редекциясымен ол екі рет шыққан. «Сиддыхантха» Хорезми көлемді теориялық кіріспе жазған. Хорезми өзінің «Китап әл-джам уат тафрих би хисап әл-үнді» атты кітабын үнеділердің үлгісімен жазады. Онда санау тіртібі, сандардың он сифыры арқылы жазылуы, аталуы, төрт амал, түбір шығару, жәй бөлшектерді есептеу айтылған. Бұл кітап 1150-жылы латын тіліне аударылған. Еуропалықтар Үнді сифырларын араб тіліндегі кітаптардың аудармаларынан көргендіктен араб сифыры деп атағаны мәлім. Тарих жылжып өтіп жатты, хандықтар ара бақталасы, хандық ішіндегі тах таласынан талай хандық ауысып, ғылым ордалары ойрандалып, адамзат ақыл ойының алыптары құғын-сүргін көрседағы ғылыми мұраларды халық көзінің қарашығындай сақтап өзигіліктеріне айналдырып отырды. ХІІІ ғасырға келгенде шығыс Қытай, Батыс орта азия, таяу және орта шығыс елдері манғол билеушілернің қлдарына өтті. Осы елдер ара барыс-келіс, сауда мәдениет ауысу онан ары күшеюдің сыртында Юан патшалығы дәуірінде мұсылмандар ерекше мұрсатты жағдайларды болады, ордада әр қайсы өлке аймақтарда саяси, әскери, экономика және ғылым-техника орындарында негізгі басқару, манғолдардан қалса мұсылмандардың қолында болады. Мұсылман елдерінің көптеген астроном-математиктері хан ордасына келіп жылнама (календар) жасау қызметімен шұғылданды. «Юан патшалығы тарихындағы» деректерден қарағанда Құбылайхан таққа шағар алдында (Құбылайдың хан болған кезі 1260-1294) жылдар аралығы) Жамалиддін бастаған бір топ мұсылман астрономадары сол кездегі манғол хандығының астанасы Шаңдуға (Ішкі манғолдың Долы ауданының шығыс оңтүстігі) шақырылады. Құбылайхан «Жамалиддін қатарлы мұсылман астрономадарын қабылдап олардың білім-өнерін пайдалану туралы жарлық түсіреді. оларға ешқандай мансап берілмеген» («Юан тарихы». 90-шиыршық). Мұсылман елдерінің астрономиясы мен математикасы міне осы кезден бастап Қытайға кірнеді. Құбылай орталықты Бей жиңге (Ханбалық) көшіргеннен кейін Жамалиддін Ханбалықта бақылау стансияяысын құрады. 1267-жылы төмендегідей жеті түрлі астрономиялық асбап жасайды. 1. көпшеңберлі асбап: арабша аты Dhatuhalag - датухалық. Мыстан жасалған аспан денелері мен күннің өз өсінің маңайындағы айналуын бақылауға қолданған. 2. Азимот аспабы: арабша аты Dhatu sumut - датусмуд жұлдыздарды бақылайтын аспаб. 3. көлбеу ендікті аспаб: арапша аты Luhma - I - muwaji - лахмуммуж. Күннің көлеңкесін өлшеу арқылы көкткем мен күзді айыратын аспап. 4. горизонтал ендікті аспап: luhma-i- mustawi - лахмомустави. Қыс -жаз маусымдарын айыратын аспап. 5. аспан глобусы: арабша аты -Kurai - Sama - Курасма, оған 28жұлдыз және 12мүшел ойылған, аспан күмбезі деседе болады. 6. жер шары глобусы: арабша аты -kura- i- ardz-курай арзұ. Жер шары қаритасы десе де болады. 7. тәуліктік уақыт анықтау аспабы: арабша аты, usturlab - устырлаб мыстан жасалған. Оған 12 шақ сызылған. («Юан тарихы! 48-шиыршық). «Мұндай таңғажайып тамаша аспаптардың Қытай астрономдарының аспан денелерін, аурарайын бақылауда керемет қолқабысы болғандығын ешкімде теріске шығара алмайды» дейді еліміздің ғылым тарихшысы Мажань өзінің «Мұсылман астрономисының Қытай астрономиясына ықпалыә атты мақаласында. «1297 жылы Жамалидын, Айшуе қатарлы асторономдарры «ұзақ жылдар» атты календар жасап ордаға ұсынады, Құүбылай хан бұл календарды ішінара райондардың қолдануы туралы жарлық түсіреті.» («Юань тарихы» 52-ширшық). 1271жылы ханбалыққа ханзу обсерваториясы (расатханасы) және мұсылмандар обсеоваториясы(расатхана) құрылып, тең дәрежелі орган болады. Ханзулар обсерваториясының бастықтығына Гу Шу Жин тағайындалады. Тағы бір мұсылман астрономы Айшуе абсерваториясына бақылау жіне есептеу жұмысына жауапты болады. Құбылай хан 1276жылы еліміздің атақты астрономия математигі Го Шук Жин (1231-1316) мен Уаң Шунь (1236- 1282) ды қабылдап, Юань патшалығының жаңа календарын жасауды бұйырады. Сонымен олар 1280жылы «мезгіл календары» атты біршама кемелді календар жасап ортаға ұсынады. Құбылай хан бұл календарды бүкіл мемлекет бойынша қолдану туралы жарлық түсіреді. Ал календардың кемелділігін содан байқауға болады, 1644жылы елімізгі батыс календары кіргенге дейін жиыны 364 жыл қолданылады, сонымен бір уақытта еліміздігі халықтардың қолдануы үшін арнаулы мұсылмандар календарын жасайтын мемдекет дәрежелі жылнамалар меңгермесі құрылады. 1288-1291жылдар Жамлид дін Айшуенің мұсылмандар календарын басқару қызметін Салмень мен әл Ахун Сәли (1243-1307) өткізіп алады, әрі ұзақ жылдар календарына өзгерістер енгізеді. 1313жылы астроном Кламадін ұзақ жылдар календарына өзгерістер енгізеді өзгеріс енгізілген бұл нұсқа үлкен жіне шағын екі түрлі формада жылнамалар меңгермесі жағынан баспада басып таратылады, жекелердің басып таратуына тийым салынады. 1328жылға келгенде басып таратылға нмұсылман календары 5257 нұсқаға жеткен. Алып жүруге қолайлы болу үшін шағын нұсқасын да басып таратады, Минң патшалығы дәуіріне келгенде яғни 1368 жылы жылнама меңгермесінің басшылары Қыдыр, Әділ және Ыдырыш қатарлы 14 астрономды патшалық үкімет шақырып әкеліп календарға түзетулер жасатады. Патшалық өкімет 1369жылы тағы да ЖАнали қатарлы 10адамды шақырып әкеліп календар туралы арнайы талқы ұйымдастырды. Юань патшалығы дәуірінде, Шань Чи Гунь жазған «Юань патшалығы хатшылары шежіресінің» жетінші ширшығындағы «мұсылмандар кітабы» атты тармағында «1273жылы мұсылмандар расатханасы пайдаланған кітаптар 242 кітап, расатхана бастығы Жамалиддіннің үйінде 47 кітап сақталған болып жиыны 13 түрлі» оның ішінде 4 математика кітабы бар. Өкінерлігі бұл кітаптар біздің дәуірімізге келіп жетпей жоғалгған, оның үстіне жоғарыдағы 4 кітаптың аттары араб тіліндегі аталуының дыбыстық атаулары болғандықтан, олардың мазмұндары жөнінде дәп басып бірдеме деу қиын. Солайда бұл кітаптың кейбіреулерінің аттары жөнінде өз тұспалымды ортаға қоя кетпекшімін.Мұсылман астрономдардың елімізге келуімен бірге Юань патшалығы дәуірінде араб цифрының кірігендігі де анық. 1956жылы, Ши ань қаласы маңынан Юань патшалығы дәуіріндегі Әнши Уаңның ордасының көне орнынан бетіне араб цифрлары ойылған бірнеше төртбұрышты кішкене темір тахташалар табылды. Бұл араб цифрфынфң елімізге кіруі жөніндегі ең алғашқы заттыұ айғақ болып табылады. Әл- Хисса, «хатшылар шежіресіндегі» деректерден қарағанда, «1278жылы Жмалидын Әнши каңға календар есептеп берген кезде расатханадағы үш қызметкерді бірге ертіп жүріп жаттықтырған». Бұл тахташаларды жасаған болуы мүмкін. Тағы бір тарихи деректерден қарағанда, Жамалидин астрономиялық жіті аспапты жасаған кезде араб тіліндегі Фтолемейдің «астрономия жинағы» қатарлы 3 түрлі ғылыми кітап әкелді делінген. Жамалидын атақты астроном-математик болудан сырт әйгілі теңдессіз геогроф және тарихшы. «Юань патшалығының хатшылар шежіресіндегі» деректерден қарағанда, 1288жылы Жамалиддін Құбылай ханаға жазған хатында «мемлекетіміз теңдессіз бірлікке келді, территориясы кеңейді, басты жұмыстар ретке түсті, хан, патшалар әділ ел билеп, өткен әрқандай заманға қарағанда қой үстіне бөз ьорғай жұмыртқалаған заман болды. Соған, сен ұлы бірлікке қарасты ел -аймақтардың тарихын жазып шығуға бел байлап отырмын…» деген. Құбылай хан Жамалиддінның бұл ұсынысын қолдағанның сыртына қажетті адамдарды қосып беретіндігіне кепілдік еткен. Сонымен Жамалиддін бірқанша ғұлама ғалымдардың көмегімен 15 жыл бойы материал жинау, реттеу, түрге айыру, көшіру арқылы 1303-жылы 600 бөлім, 1300 шиыршық келетін 200 реңді қыстырма суретті «Ұлы Юан патшалығының ұлы бірлік шежіресі» атты тарихи-жағрапиялық әйгәлә шығармасын жазып бітіреді. Патша Темір (1294-1307) Жамалиддінді осы еңбегі үшін неше мың қадақ алтын-күміспен силайды. Өкінерлігі бұл кітап Миың патшалығы дәуіріндегі аласапыран соғыста ойрандалып, жекелердің қолына сақталған азнаулақ бөліктері ғана біздің дәуірімізге келіп жетеді. Азаттықтан кейін Жау уан ли деген адам оның 10 шиыршығын «Юан патшалығы дәуіріндегі бірлік шежіресі» деген атпен баспаға береді. 1966-жылы Жұңхуа кітап мекемесі жағынан басылып таратылады. Юан патшалығы дәуірінде тағы бір мұсылман математик әрі сушылық инженері Сакыш 1321-жылы «Тасқыннан сақтану туралы масылихат» атты кітап жазады. Оның бұл кітабында бір белгісізі бар теңдеулерден пайдаланып, су құрылысындағы төтенше күрделі есептерді шешеді. Қорыта айтқанда, Юан патшалығы дәуірінде, және одан кейінгі дәуірлерде ислам елдерінен неше жүздеген ғұлама ғалым, астроном-математиктер жылнамалар меңгермесінде, расатханада жұмыс істеген. Бұлармен бірге көптеген математикалық білімдерде кірген. Солайда орта ғасырдағы ислам елдері математикасының еліміз математикасының дамуына жасаған ықпалын әлі де ішкерлей зерттеуге тура келеді. 'Осы кезеңдегі математиктердің жалпы өмір баяны туралы толық ақпарат жоқ. бізге жеткені, мәлім болғаны тек осы кезеңдегі математиктердің аттары мен кейбір ғылыми еңбектері ғана. Олардың ортақ бір ерекшелігі математика және астрономиялық трактаттарды тек қана араб тілінде жазған, кейігі кезінде ғана үнді математиктерінің шығармасын араб тіліне аудара бастаған. Осы дәурдегі кейбір математикалық амалдар Қытай математикасынананда көрініс табады. Ибрахим әл-фазариәбу ишах Ибрахим ибн Хабиб ибн Сүлеймен ибн Самура ибн Жүндаб. тулған жылы белгісіз, 777 жылы қайтыс болған. Араб астрономы, математигі. Астролабияны бірінші болып ойлап табушы және бірнеше астрономиялық трактаттар жазған. Яқұб ибн тарихШашамен Персияда тулыған, кейіннен бағдатта болған(767-778), 796 жылы шамасында қайтыс болған. өз заманының ең мықты астрономы және математигі болғын. Араб әлеміне үнді сандарын ең алғаш болып таныстырған ғұлама. 767 жылдары Бағдаттың заңгері әл-Мәнсүрмен кезігіп, одан үнді астрономдары Канхах (немесе Манках?) деп атаған трактатты үйренеді, кейіннен оны Мұхаммед бұйрық беріп арабшаға аударған. Ол сфераның қасиеттері туралы трактат жазған. Мұхаммед Ибн Ибрахим әл-Фазари Әбу Абдаллах Мұхаммед ибн Ибрахим әл-Фазари. Ол Ибрахим әл-Фазаридің ұлы. Кейде зерттеушілер астролябияны Мұхаммед әл-Фазари жасаған деп те жазады, туған жылы белгісіз, шамамен 796-806 жылдары қайтыс болған. Мансұр халифтың бұйрығымен 772-773 жылдары санскрит тілінде жазылған астрономиялық еңбек Сиддхантаны арабшаға аударған. Бұл үнді сандарының арабтарға, мұсылман әлеміне таралуының бастауы еді. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 араб сандары деп аталады. Олар ондық санау системасы бойынша сан жазудың негізі. Араб сандарын үнділер тапқан, кейін келе ол арабтардың арасына тараған. 12 ғ-дың басында Италия ғалымы Фибоначчи (Leonardo Fibonacci, 1170-1250 жж.) латын тілінде жазылған «Есеп шот» деген кітабында үнді сандарын еуропалықтарға таныстырған. Еуропалықтар бұл сандарды арабтардан қабылдағандықтан, мұны араб сандары деп атап кеткен. Әбу Абдолла Мухаммед ибн Мұса әл-Хорезми әл-Мәжухи 787 жылы шамасында Хиуада туып, 850 жылы шамасында Бағдатта қайтыс болған. Әл-Хорезми Орта Азияның ұлы математигі, әрі астрономы, жиырма жасында ғылым қуып Бағдатқа келіп, сол жерде өмірінің көп уақытын сол жерде өткізген. Бағдатта өздігінен грек тілін үйренеді, сол жердегі кітапханадан грек пен үндінің ғылыми мұраларын меңгереді. Сол заманда Бағдаттағы кітапханалармен обсерваторияларды басқару ісін өзі қолына алған. Обсерваторияда аспан денелерін зеріттеп, зеріттеулер нәтижесінде әйгілі «Астономиялық кестелер» атты еңбегін жариялады. Осы еңбегінде аспан денелерін бақылау нәтижелерімен қатар тригонометриялық функциялардың кестелері, шеңбердің қасиеттері, шеңбер доғасының бөліктерінің қасиеттерімен қатар градус, минут, секунд ұғымдарының анықтамалары да бар еді, оның «Жер түрлері жайындағы кітабы» араб тілінде жазылған, онда сол заманда белгілі елді мекендер мен мемлекеттер, таулар мен теңіздер мен көлдер және олардың табиғи сипаттары суреттелген. Хорезмидің атын әлемге әйгілеген еңбегі екі кітап болып шыққан математикалық еңбегі: «Үнді есебі бойынша қосу мен азайту» («Kитaб aл-жaм 'а бил хисаб aл-Хинди») мен «Әл-Жебр мен әл-Мұқабала есебі жөніндегі кысқаша кітап» («Aл-Maкaлa фи хисаб aл-жaбр вa aл-Mұқaбалa»). 12-ші ғасырда латын тіліне аударылған, ол кітаптың ұқсамайтын екі түрлі аудармасы XVI-шы ғасырға дейін сақталған). Біріншісінде арифметика, екіншісінде алгебра баяндалған. Бұл кітап математика тарихындағы алгебраға арналған тұңғыш шығарма, сондықтан да әл-Хорезмиді кейде «Алгебраның атасы» деп те атайды. әрі оны геометриялық жолмен шешеді. «әлховарезм» деген сөз кейіннен алгоритм деген сөзге айналып кеткен, яғни қазргі қолданыстағы математиканың бір ережесі алгоритм термині де осы әл-Хорезмидің атымен аталады. Оның бұдан басқа еңбектерінен «Тарих кітабы» ("Kитaб aт-Тaрих"), «Жер бейнесі туралы кітап», «Астролябияның құрылысы туралы кітап»; «Астролябияның көмегімен жасалатын нәрселер туралы кітап»; «Еврейлердің заманын анықтау және олардың мейрамдары туралы кітап» Толық аты: Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн ал-Хасан ат-Туси. Оның аты тарихта бірнеше атпен сақталған, мысалға Хожауи Туси, не Қожа Насыр. 1201 жылы 18 ақпанда қазіргі Иранның Хорасанынна қарайтын Тус қаласында дүниеге келген, Ол тулған кез Монгол империясының бар әлемді жаулап жатқан кезіне тура келеді, ол кезде империяның құрамына Қытайдан бастап шығыс Еуропаға дейінгі елді мекеннің бәрі қарап болған кез еді, Монғол империясы қол астына қараған жердегі мәдени ошақтармен ғылым ордаларының біразын қиратты, әсіресе, сол кездегі ислам әлемінің ғылым ордалары көп зардап шекті. Ат-Тусидың әкесі сол жердегі он екінші медресенің заң жөніндегі кеңесшісі болған, он екінші медіресе сол кездегі шиит мұсылмандарының діни оқуы мен уағыздарын жүргізетін маңызды орын болған, Туси осы жерде діни сауатын ашады, сонымен бірге өзінің нағашы ағасынан көптеген жаратылыс тану саласының сабақтарын үйренеді, Бұлардың ішінде логика, физика, метафизика және математика бар, ерекше ден қойып үйренгені алгебра мен геометрия болды. 1214 жылы Шыңғысхан соғыс бағытын Қытай мен шығыс Еуропаны жаулауға жұмсады да, осы кезде ислам әлемінде біраз кеңшілік болды, осыны жақсы пайдалаған Туси 13 жасында, Тус қаласынан 75 км қашықтықтағы Нишапурға барады, Нишапур білім қуған жасқа шөлін басар бұлақ іспетті болды, қалада көптеген оқымыстылармен қатар көптеген материялдар, математикалық трактаттар молынан табылатын, осы жерден ол медицина, философия және математиканы беріле оқиды. Шығыстың атақты ғұламалары әл-Фараби, әл-Бируни, әл-Хорезми, Омар Хайямның және басқа да даналардың шығармаларынан сусындайды. Оған математиканы Камал ад-Дин ибн Жүніс (атақты математик Шараф ад-Дин ат-Тусидің оқушысы) үйретеді. Кейіннен 1256 жылдары ол Аламут қаласына келіп, сол жерде ғылыммен және орда жұмысымен айналысады. Ол біраз шығарма жазған, бірақ, өмірінің көп бөлігін көшіп-қонумен өткізген ғұламаның бізге жеткен шығармасы аз, ең алғашқы трактаты 1232 жылы жазылған «Ахлақ-и насири» (Akhlaq-i nasiri), бұл трактатта математика, философия, логика мәселерімен қатар астрономия мәселелері де қаралған. Ғұлама 1274 жылы 26 маусымда Бағдатка жақын жердегі Кадхимаин деген жерде қайтыс болған. Шамамен 1250 жылы Самарқандта (Өзбекстан) туған, 1310 жылдары шамасында қайтыс болған. Толық аты жөні: Шамс ад-Дин Мұхаммед ибн Ашраф ал-Хусаини ас-Самарқанди Оның нақты қай жылы туып нақты қай жерде қайтыс болғаны туралы толық мәліметтер жоқ, тек бізге мәлімі 1276 жылы «Рисала фи адаб ал-Бағс» деген еңбегін жазып бітіргені ғана белгілі, оның бұл еңбегі механика, логика, философия, математика, және астрономия саласын қамтыған сонымен бірге өз заманында бірге жасаған ғұламалар туралы үлкен еңбек еді, еңбек көне грек оқымыстыларының еңбектері секілді түгелдей диалог ретінде құрылған. Ол және де 1266-77 жылдары аралығындағы аспан денелерін зерттеуі туралы мәліметтерге толы «Астрономияға түсінік» атты еңбегі бар. Математикаға келер болсақ, оның бізге жеткені 20 беттен ғана тұратын Евклидтің 35 теоремасын түсіндірген кітабы ғана бар, бірақ, оның бұл еңбегі өз заманындағы Евклидтің еңбегін жан жақты зерттеген ең мықты еңбек болған. Толық аты Абу Махмуд Хамид ибн ал-Қидар ал-Қужанди. Шамамен 940 жылы қазіргі Хужанд (Тәжікстан) қаласында дүниеге келген. Қужанди туралы біздің білетініміз өте аз, ол туралы тек ат-Тусидің еңбектерінен ғана мәліметтер алуға болады, ат-Тусидің жазбаларында, оны Сырдария бойындағы Хужанд қаласынан келгендігі, ал оның әкесінің моңғолдардың бір тайпасының басшысы екені айтылады, осы айтылғандарға қарап, және оның Сыр бойынан кеткендігін ескерсек, оның біздің Қазақстан жерінен барған деуге де болады, ал шетел басылымдарында оны тәжікстандық деп жазады. Ол жастайынан ғылымға құштар болған, оның ғылым жолына Буид ру басыларының көп көмегі тиген. Буид руы сол жердегі билік басына 945 жылы Ахмад ад-Дауланың Бағдатты өзіне қаратқан соң келген. Ал осы Ахмад ад-Дауланың билігі Буид руымен тығыз байланыста болған, сол себептен. Қужанди 976-997 жылдар аралығында Ахмад ад-Даулахтың сарайында ғылыммен айналысқан. Ахмад ад-Даула оны сол жердегі ең үлкен обсерваторияның басқару жұмсын беріп оған астрономиялық бақылау жүргізуіне көптеген қолайлы жағдай жасап отырған. Осы жерде ол күн траекториясын бақылауға алады, әрі бір жылдық бақылау нәтижесінде жердің өз өсінен ауытқу бұрышының 23 32' 19"болатынын есептейді. Көптеген астрономиялық бақылаулар мен зерттеулер де жасайды, астрономиялық бақлауларға керек деген ниетпен геометриялық трактаттар жазады. Оның басты еңбектерінің барлығы астрономияға арналған, ал сонымен қатар аздаған математикалық жұмыстарды жазғанын ат-Тусидің жазбаларынан біле аламыз. Aбу Жафар Мұхаммед ибн aл-Хасан Aл-Қaзиннің сандар теориясына қатысты кітабында мынадай сөз бар «... менен бұрын жасаған... ғалым Aбу Мұхаммед ал-Қужанди екі санның кубтарының қосындысы бір санның кубы болмайтынын көрсеткен, бірақ дәлелі қате...» (бұл атақты Ферманың ұлы теоремасы) міне осы сөзден де ал-Қужандидің сандар теориясымен де айналысқанын көреміз. Өкініштісі ғұламаның толық еңбегі мен өмірбаяны туралы ақпараттар өте аз болғандықан оның басқа да қандай еңбектерінің барлығы бізге белгісіз. Бір елдің ең үлкен обсерваториясын басқарған ғұламаның басқа да еңбектері болуы бек мүмкін. Әл-Қужанди шамамен 1000 жылы қайтыс болған, қайтыс болған жері белгісіз Арифме́тика (грекше: ἀριθμός «сан») — математиканың, қарапайым сандар түрлерін (натурал сандар, бүтін сандар, рационал сандар) және оларға қолданатын қарапайым арифметикалық операцияларды (қосу, алу, көбейту, бөлу) зерттейтін саласы. Планиметрия (латынша: planum — жазықтық, көне грекше:) — екі өлшемді фигураларды, яки жазықтықта жатқан фигураларды, олардың қасиеттерін зерттейтін геометрия бөлімі. Планиметрия туралы алғашқы жүйелі түрде зерттелген шығарма Евклидтің «Бастамалар» (латынша: 'Elementa') атты еңбегі болып табылады. Исаак Ньютонның «Табиғи пәлсапаның математикалық бастамалары» атты кітабының мұқабасы. Алгебра (арабша әл-жәбр)-Математиканың теңдеулерді шешу жөніндегі есептерге байланысты дамыған негізгі бөлімдерінің бірі. Алгебра атау және жеке ғылым саласы ретінде Әбу Абдаллаһ әл-Хорезмидің 1-ші, 2-ші дәрежелі теңдеулерге келтірілетін есептердің жалпы шешімі көрсетілген «Әл-жәбр уә-л-Мұқабала» атты еңбегінен бастау алады. Ал, Омар Хайям(1038/48-1123/24)— 3-ші дәрежелі теңдеулерді зерттеуді жүйелеп, өзінің «Алгебрасын» жазған. Орта ғасырлық шығыс ғұламалары гректер мен үнділердің математикасын түрлендіріп, қайта өңдеп Еуропаға табыс еткен. Амалдарды белгілейтін таңбалар енгізу нәтижесінде алгебра одан әрі дамыды. 17-ғасырдың ортасында қазіргі алгебрада қолданылатын таңбалар, әріптер толық орнықты. Ал 18-ші ғасырдың басында алгебра математиканың жеке бөлімі ретінде қалыптасты. 17-18—шің ғасырларда теңдеулердің жалпы теориясы (көпмүшеліктер алгебрасы, т. б) қарқындап дамыды. Оған сол кездегі ірі ғалымдар — Рене Декарт, Исаак Ньютон, Жан Даламбер мен Жозеф Лагранж үлкен үлес қосты. Неміс математигі Карл Гаусс кез-келген n дәрежелі алгебралық теңдеудің нақты не жорамал n түбірі болатындығын анықтаған (1799). 19-шы ғасырдың басында норвег математигі Нильс Абель және франсуз математигі Эварист Галуа дәрежесі 4 тен жоғары болатын теңдеулердің шешуін алгебралық амалдар көмегімен теңдеудің коэффиценті арқылы өрнектеуге болмайтындығын дәлелдеген. Algebraic expression Саны шекті әріптермен сандардан құралған және бір–бірімен қосу, азайту, көбейту, бөлу бүтін санға дәрежелеу сондай ақ түбір табу амалдарының таңбалары арқылы біріктірілген өрнек. Еген өрнекке енетін әріптер түбір астында болмаса, онда алгебралық өрнек сол әріптерге қарағанда рационал алгебралық өрнек деп аталады.(мысалға өрнегі ға қарағанда рационал алгебралық өрнек). Егер белгілі бір әріптер енетін өрнекте бөлу амалы болмаса,онда алгебралық өрнек сол әріптерге қарағанда бүтін алгебралық өрнек деп аталады. Егер кейбір әріптерді(не бәрін) айнымалы деп санасақ онда алгебралық өрнек алгебралық функцияға болады. Indeterminate equation Сандар теориясының аса маңызға ие, бай тарихы бар, мазмүны мол саласының бірі. Анықталмаған теңдеу деп белгісіздің саны теңдеудің санынан көп болатын теңдеулер жүйесін не теңдеуді айтамыз. Көне Гректің атақты математигі Диофант сонау Ⅲғысырдың баснда-ақ осындай түрдегі теңдеулерді зеріттей бастаған, сондықтан кейде анықталмаған теңдеу Диофант теңдеуі деп те аталады. 1969жылғы, Л.Ж.Модердің «Диофант теңдеуі» атты кітабы осы саладағы зеріттеулердің натижесін бір ретке келтіріп берді. Соңғы он жылда осы салада аса зор дамушылық байқалады. Дегенменен, жалпы жағдайға алып қарағанда, екінші дәрежеден жоғары анықталмаған теңдеулер туралы адамдардің білері шамалы. Енді бір жағынан, анықталмаған теңдеумен математиканың басқа салалары, мысалға, алгебралық сандар теориясы, алгебралық геометрия, терулер математикасы қатарлылармен тығыз байланысы бар, шекті топтар мен көркем модудауға да осы анықталмаған теңдеулерді қолдануға болады, осы себептен де математиканың осы бір көне саласы әлі де көптеген математиктердің назарын өзіне аударуда. Бірінші дәрежелі анықталмаған теңдеу: ең қарапайым бірінші дәрежелі анықталмана теңдеу екі айнымалысы бар бірінші дәрежелі теңдеу мүндағы дер берілген бүтін сандар,әрі 17ғасырда, ①теңдеудің шешімінің бар болуының қажетті әрі жеткілікті шартының ді нің қалдықсыз бөлуі болатынын білген, әрі ①дің шешімі болған кезде, жалғасты бөлу тәсілі арқлы теңдеудің бір жұп шешімін иапқан. болсын, онда ①дің барлық бүтін сан шешімін арқылы өрнектеуге болады, мүндағы ①дің бір жұп шешімі, кез- келген бүтін сан. ② ні ①дің жалпы шешімі деп атайды. Әдетте, элеменітті бірінші дәрежелі анықталмаған теңдеу деп, Түріндегі теңдеуді атайды, теңдеудегі барлығы берілген бүтін сандар. Екі элеменітті жағдаймен ұқсас түрде, ③теңдеудің бүтін сан шешімінің бар болуының қажетті және жеткілікті шарты ді нің қалдықсыз бөлуі болады. ② теңдеудің жалпы шешімінде бір параметр бар, ал ③теңдеудің жалпы шешімінде параметр бар. Мысалға, болған жағдайнда, болсын, ④ анықталмаған теңдеуінің жалпы шешімін арқылы өрнектеуге болады. өрнектегі –④ теңдеудің бір жұп шешімі, саны шарытн қанағаттандырады, ал кез-келген бүтін сан. Archimedes's axiom Ұзіндіқтарі әр тұрлі екі кесіндінің ұзінірағі мейлі қанша ұзын, қысқасы мейлі қанша қысқа болсада, ұзінірақ кесіндінің бойынан қысқарақ кесіндіге тең кесіндіні ұздіксіз қыйып алыуға болады, әрі мәлім рет кесіп алғаннан кейін мынадай жағдайдың біреуісөзсізкеліпшығады: а-сурет не асып қалмайды, не қысқарақ кесіндіден де қысқа кесінді қалады. AB кесіндісі ұзінірақ кесінді, CD кесіндісі қысқарақ кесінді болсын, AB нің бойынан CD нің ұзіндіғіна тең болатын кесінділер қыйып алсақ, онда не AB=n CD (а -сурет),не nCD, өз қатарындағы ең сәтті үлгісі. Автомат қару қолданылу мақсатына қарай автомат пистолет, автомат (пистолет-пулемет), автомат винтовка (карабин), өздігінен оқталатын винтовка, қол пулемет, станокты пулемет, ірі калибрлі пулемет, автоматты зеңбірек түрлеріне бөлінеді. Автомат қару 19 ғасырдың 2-жартысында пайда болды. Америкада 1883 ж. автомат мылтық жасалды, сондай-ақ сол жылы америкалық Хайрем Максим жасаған станокты пулемет (Максим) пайда болды. Автомат қарудың жеңіл түрі 1-дүниежүзілік соғысқа дейін-ақ жасала бастады. Қару-жарақ ғылымы мен техникасының дамуына орай 2-дүниежүзілік соғыста тамаша жетілдірілген түрлері қолданылды. Автомат қаруды жасаушы конструкторлар: Михаил Калашников, Николай Макаров, т.б. Дамыған мемлекеттердің армияларында тек автоматты және өздігінен оқталатын қарулар ғана қолданылады. Автомат қарудың кейбір түрлері Қазақстанда Орал қаласындағы «Металлист» зауытында жасалады. Агрономия. Диханшылықтың тарихы өте ертеден басталды. Агрономия agrуs – танап, егіс және nуmos – заң дегенді білдіреді. Шығыс елдерінде (Мысыр, Үндістан, Қытай, т.б.) дихандар егіншілік ережелерін, астрономиялық білімдерді, күнтізбені пайдаланған. Оны ұрпақтан-ұрпаққа ауызша жеткізіп отырған. Қазақстан аумағында неолит дәуірінен бастап егіншілік дами бастады. Мәселен, Усть-Нарым қонысында (Шығыс Қазақстан) табылған қыстырма орақтар егіншіліктің болғанын көрсетеді. Негізінде бидай, қара бидай, тарыны өзендердің жайылмаларындағы шағын алқаптарға еккен. Біздің заманымыздан бұрынғы 1 мың жылдықтың аяғында мал өсіретін ірі-ірі қауымдармен бірге егіншілікпен айналысатын адамдар қоныстары да пайда болды. Астық тұқымдас дақылдарды таулы және жазық жерлерде өсіре бастады. Сырдария өзенінің жағалауында, сақтардың Шірік-рабат, Бәбіш-Молда, Баланды тұрақтарында суару жүйелерін (арналарды) пайдаланған. 60 шаршы м-ден 150 шаршы м-ге дейін өңделген шағын танаптардың іздері Жоңғар Алатауы, Шолақ (Іле аңғарларында) және Шу-Іле (Шу аңғары) тауларының қойнаулары мен баурайларында Қырғыз Алатауының (Талас аңғарында) кездеседі. Жетісуда суармалы егіншілік қана емес, сонымен қатар суарылмайтын тәлімі егіншілік түрі де қолданылған. Біздің заманымыздың 3 ғасырында қазақ жерінде бау-бақша және тәлімі егіншілік дами түсті. Ал грек және рим философтары (Гесиод, Аристотель, Варрон, Колумелла, т.б.) Біздің заманымыздан бұрынғы 8 – 4 ғасырларда топырақ өңдеу, дақыл өсіру, ауыл шаруашылық ұйымдастыру ережелерін жазбаша жинақтай бастады. Сол еңбектердің кейбір қағидалары: арамшөптермен күресу, тыңайтқыштар қолдану, агротехниканың топырақ, климат жағдайына, өсімдіктің түрі мен сортына байланыстылығы кейін агрономия ғылымының негізгі болып қаланды. Орта ғасырларда Батыс Еуропаның кейбір елдерінде егіншіліктің тыңайған жүйесі дәнді, сүрі жер жүйесімен алмастырылды. Америка құрлығы ашылып, Батыс Еуропаға картоптың, жүгерінің, темекінің жаңа сорттары әкелінді. 18 ғасырдың 2-жартысында Антуан Лавуазье, Джозеф Притсли, т. б. өсімдіктер көмір қышқыл газымен тіршілік ететінін ашты. Сол кезеңде Англияда егіншіліктің сүрі жер жүйесі егіншіліктің ұрық алмастыру жүйесіне ауыстырылды. Агрономия 19 ғасырдың 2-жартысынан бастап тез дами бастады. Осы кезеңде өсімдік физиологиясы, химиясы, кейіннен микробиологиясы өз алдына ғылым саласы болып бөлінді. 20 ғасырда Батыс Еуропа, Америка, Ресей елдерінде топырақ эрозиясымен күресу, тыңайтқыштар шашу, ауыл шаруашылық өсімдіктерінің жаңа тұқымдарын шығару ғылыми жолға қойылды. Агрономияның міндеті: өсімдіктің өсуіне қолайлы жағдай туғызу, олардың өнімділігін арттыру, өсімдік селекциясын жақсарту, топырақ құнарлылығын қалпына келтіру және арттыру екендігі айқындалды. Қазақ жерінде агрономиялық ғылми-зерттеу жұмыстары Темір (1907), Семей (1911) тәжірибе танаптары ашылғаннан кейін кәсіби жолға қойылды. 1925 – 32 ж. Қазақстанда өлкені зерттеу қоғамы құрылды. Алматы, Семей, Орал, т.б. қалаларда ауыл шаруашылық мамандарын дайындайтын мектептер, курстар, техникумдар ашылды. Оларда оқу-ағарту ісімен бірге ғылыми-зерттеу жұмыстары да жүргізілді. 1924 ж. өсімдік қорғау стансасы (1958 жылдан Қазақ өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институты), 1926 ж. Тыңайтқыш және агрономиялық топырақтану институты (1934 жылдан Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институты) және 1929 ж. құрамында ботаника бөлімі бар Топырақтану институты (1934 жылдан Қазақстан Ғылым академиясының Топырақтану институты) ұйымдастырылды. Қазақ ауыл шаруашылық институты (1930) және ВАСХНИЛ-дің Қазақ филиалы (1940) құрылғаннан бастап агрономия ғылымы бір жүйеге түсіп зерттеле бастады. Соның нәтижесінде Қазақстан ғалымдары егіншіліктің топырақ қорғау жүйесінің негізі – топырақты су және жел эрозиясынан қорғайтын сыдыра жыртып өңдеу әдісін тапты. Кезінде сол үшін бір топ ғалымдарға (Александр Бараев, т.б.) Лениндік сыйлық (1972) берілді. 1939 – 45 жылдары Ақтөбе облысының Ойыл ауданындағы «Құрман» ұжымшарының диханы Шығанақ Берсиев тары шығымдылығын арттыруда дүниежүзілік рекорд жасады. Ол әр гектардан: 1940 ж. 155,8 ц; 1941 ж. 165 ц; 1942 ж. 175 ц; ал 1943 ж. 201 ц өнім жинады. Сондай-ақ Ыбырай Жақаев (Қызылорда облысы, Шиелі ауданы) бекітілген егістің әр гектарынан орта есеппен 80 – 90 ц (1942 – 66), ал тәжірибе телімшесінің әр гектарынан 171 ц күріш алды. Қазақстанда агрономия ғылымының салалары: егіншілік, агрохимия, топырақтану, өсімдік өсіру, т.б. өз алдына жеке сала ретінде дамыған. Адам Ата. Адам Ата — (Hebrew: אָדָם‎, Arabic: آدم‎, Тәурат, Інжіл, Забур секілді діни кітаптарда Адам) – Құран дерегі бойынша Алла тағала өз құдіретімен жаратқан ең алғашқы адамның аты. Тәуратта адамзаттың түпкі бабасының неден жаралғанын таратып айтпай, «топырақтан жаралғансың, топыраққа қайта айналарсың» (Тәурат, 3:19) деп қысқа ғана қайырады. Құранда бұл тақырып әр тұста шашырай айтылғанмен, кеңейтіле баяндалған: «Сыңғырлап тұрған кепкен балшықтан тиісті мүсінге келтіріп, адамды Біз топырақтан жараттық» (Құран Кәрім, «һижір» сүресі. 15:26), «Адамды Ол ұйыған қаннан жаратты» («Алақ» сүресі, 96:12), «Біз сендерді (Адам атаны) әуелі топырақтан жараттық. Оның нәсілін (рухтан) жыныстық тамшыдан, кесек еттен (құрап) жараттық. Біз мұны тектеріңді білу үшін айтып отырмыз» («Хаж» сүресі. 22:5). Тәуратта Құдай әмірі Адам Атаны жаратумен шектелсе, Құранда Алла әмірі адамзат ұрпағының бір-бірінен өрбіп дүниеге келуін түгел қамтиды. Сондай-ақ Тәуратта «Құдай адамды өзіне ұқсас қып жаратты» (Тәурат. 1:27) делінген. Уақыт жағынан дүниеге кейін келген Інжілде Иса (Йисус) пайғамбардың адам кейпіндегі Құдаймен жүздесуі осы тұжырымнан бастау алған. Еуропада Құдайды адамға ұқсатып суретін салу – бәрі-бәрі осыдан. Ал Құранда «Адамды біз сөз жоқ, әдемі мүсінде жараттық» («Тин» сүресі. 95:4) деумен ғана шектелген. Бұл мәселе де дін әлемінде тоқтаусыз талас тудырумен келеді. Алайда, «Ықылас» сүресінде (112:1-4) «Сен айт: Алла жалғыз де, Алла – мәңгілік. Ол тумаған да туылмаған. Оған ешбір теңдес жоқ» деген аят тәураттық, інжілдік тұжырымдарға қарама-қарсы, яки Алла Адам Атаға не Адам Ата Аллаға ұқсас болуы мүмкін емес. Адам Ата ұжымақта жаратылып, ұжымақта ғұмыр кешті. Аспаннан түсті делінетін киелі кітаптардың қай-қайсысы да ұжымақтың жан рахат ғажабын тамылжыта жазған. Жәннат бағында адамға қорек болатын жеміс ағаштарымен қатар өмірлік мәні зор киелі ағаштар да жеткілікті. «Өмір ағашы», «әлемдік діңгек ағашы», «қайырымдылық ағашы», «қуаныш ағашы», «мерей ағашы», «билік ағашы», т.б. Адам Ата ұжымақта жай ғана серуендеп жүрмейді, жеміс ағаштарын бағып-күтіп бағбандық қызмет те атқарады. Құдіреті күшті Алла оны алғашқыда бағбан етіп жаратқан еді, кейін бақташылық жұмысты да қосып беруді қолай көрді. Алла өзінің сүйікті жаратқанын сыртынан бақылап жүріп, оның сұхбаттасатын серігі болмағандықтан көңілі жүдеп жалғызсырайтынын аңғарды. Алла тағала оны ұйықтатып тастады да, қабырғасын шығарып алып, Хауа Ананы жаратты. Аңыз бойынша Адам Атадан әлемдегі барша адамзат ұрпақтары тараған. Алла тағала Адам Атаға ерекше ілтипат көрсетіп, кеудесіне жан кіргізген соң, ілім-білімге, зиялылыққа үйретеді. Барлық періштелерге оның алдында бас иіп, бағынуға бұйырады. Бірақ Ібіліс Адам Ата мен Хауа ананы өз үгітіне иландырып, ақыр соңында олардың пейіштен қуылуына себепші болады. Бір күні олар серуендеп келе жатқанда ән-жыр, зәйтүн (Тәуратша – ізгілік пен зұлымдықты тану) ағашының бұтағында ширатылып жатқан жылан – Ібіліс Хауа анаға қарап тіл қатып, не себепті мына ағаштардан дәм татуға тыйым салғанын сұрады. «Біз күнәһар болмасын дегені ғой (Тәуратша: «Өліп қалмасын»), – деп жауап қатады Хауа Ана. Жылан кейпіндегі Ібіліс жымысқы жымиып, жанашыр қамқоршыдай жәдігөйлене сөйледі. «Бұл ағаштың жемісін жеуден тыюы – Тәңір сендерді періште болып кетпесін, ұжымақта мәңгі қалып қоймасын дегеннен басқа түкте емес» («Әғраф» сүресі. 7:12). Сөйтіп ол әзәзілденіп, Алла тағаланың өзі жаратқан пендесін күнәдан сақтамақ болған ниетін тонын теріс қаратып басқаша түсіндірді... Ібіліс жемісті үзіп алып аузына салып, құмардан шыққандай сүйсіне талмады. Осы тұстарды көне кітаптар әр түрлі уәждейді: бірі – жемісті үзіп алып берген жылан не жылан кейпін киіп, жыланша сөйлеп тұрған Ібіліс десе, екіншісі – қол созып жемісті үзіп алған Хауа Ананың өзі дейді. Үзіп жатқанда Әзірейіл періштенің елесін көрген. Алайда көңілі шын құлап кеткендіктен нәпсісін тыя алмаған. Тыйым салынған ағаштан өзі жегенімен тұрмай, Адам Атаға да жегізген... Ауызекі әфсаналар Адам Ата жемісті талмап жұта бергенде, бір періште жұтқызбаймын деп тамағына жармасқан. Ер адамның кеңірдегіндегі түйіншек тұрып қалған сол жемістің дәні екен-мыс деп хикаялайды. Іле-шала ерлі-зайыпты екеуінің көзінен жанарларын көлегейлеген перде сыпырылып түскендей болғанда, олар алғаш рет бір-бірінің жалаңаш тәнін көріп, ұялғаннан жапырақтармен әбүйірлерін жасырған. Жаратушы жәннат бағына серуенге шықанда оның келе жатқанын аяқ тықырынан естіген Адам Ата мен Хауа Ана бұтаның тасасына бой бұғып, жасырынып қалады. Ол «Қайдасың?» деп Адам Атаны дауыстап шақырғанда бұлар тасада тұрып: «Ұжымақты аралап келе жатқан аяғыңның сыбдырын алыстан-ақ естідім. Бір жағынан қорқып, бір жағынан жалаңаштығымнан ұялып, жасырынып тұрмын», – деп тіл қатады Адам Ата. «Жалаңаш екеніңді қайдан білдің? Мен тыйым салған ағаштан дәм татқаннан саумысың?» – деп қайыра сұрады Алла. Адам Ата болғанды болған күйінде баян етіп, кінәні әйеліне жапты. Ал Хауа Ана болса азғырып, жолдан тайдырған жылан екенін айтып қарғанады. Болған жағдайды есітіп қаныққан Алла қаһарын тігіп, қатты ашуланады. Адам Ата мен Хауа Ана: «Тәңіріміз! Біз өзімізге өзіміз кесір жасадық. Егер бізге өзің кешірім етіп, рақым қылмасаңыз, онда біздің сөзсіз құрығанымыз» («Әғраф» сүресі. 7:23) деп жазықты екендерін мойындап, өлердегі сөздерін айтып, Жаратушыға жалбарынған. Періштелер де күбір-сыбыр үндерімен бұлардың жағында екендерін сездіріп, Алла тағаланың қас тіккен қаһарын жұмсартуға тырысқан. Алды кенен, шексіз мейірімді құдіретті ием күнәһарлардың шын тәубелеріне келгенін көріп, алғашқы райынан сынып, тәубелерін қабыл алған. Оны «Та-һа» сүресі (20:22) растайды: «Сонан соң Алла оны тағы да бағалап, тәубесін қабыл етіп, оған кешірім жасады». Алайда Адам Атаны зайыбымен ұжмақтан аластау ниетінен танбаған. Адам Ата жар қосағына Хауа деп ат қойды. Онысы «өмір бастауы» деген мағына еді. Жаратушы аң терісінен киімнің репетін істеп, олардың ашылған әбүйірін жапты да, ұжмақтан қуып шықты. Адам Ата мен Хауа Ана иіндері еңкейіп, пұшайман халде бұрылып кете бергенде, Алла ақтық кеңесін айтты: «Алда-жалда мен сендерге бір тура бағыт жібере қалсам, кімде-кім сол тура жолмен жүрсе, ол адаспайды, Қияметте қасірет шекпейді. Егер кімде-кім менің насихатыма теріс қараса, онда оның өмірі таршылыққа түседі. Қияметте Біз оларды көр соқыр қалпында жинаймыз» («Та-һа» сүресі, 20:123). Алла күнәһарларды ұжымақтан аластады да, жәннат бағы қақпасының алдына оттан өрілген алапат қылышы бар қанатты періштені күзетке қойды. Кейін бұл әңгімені таратып, баяндаған дін тарихшылары жәннат бағынан аттап шығысымен-ақ Адам Атаның қайғыдан бойы шөгіп, аласара берген деп хикаялайды. Пейіштен қуылған соң Адам Ата Хауа Анамен Мекке атырабында кездескен. Адам Ата үшін көктен қара тас түсіріліп, ол сол жерге каһба тұрғызады. Олардың екі ұлы, екі қызы болған екен. Ер жеткен соң екі ұлы (Әбіл мен Қабыл) қарындастарының біреуіне таласып, бірін-бірі (Әбіл Қабылды) өлтіреді. Содан бері Адам баласы өлетін болыпты. Аңыз бойынша Адам Ата бабамыз 930 жыл өмір сүріп, дүниеден өткен. Адам ата мен Хауа Ана Мекке төңірегіндегі Қазына өңіріне жерленген делінеді. Азамат соғысы. Азамат соғысы — мемлекет ішіндегі әлеуметтік топтар мен таптар, діни ағымдар мен кландар арасындағы өкімет билігі жолында жүргізетін қарулы күрес. Англияда «Алқызыл және ақ раушан» (1455 – 58), АҚШ-та буржуазиялық Солтүстік пен құл иеленуші Оңтүстік (1861 – 65), Францияда монархистер мен республикашылдар (1871), Испанияда фашистер мен демократтар (1936 – 39) арасындағы азамат соғыстары болып өтті. 1918 – 20 ж. Кеңестік Ресейде орын алған Азамат соғысы Қазақстанды да қамтыды. Ол іс жүзінде 1917 жылғы Қазан төңкерісінің жалғасы болды. Азамат соғысы жылдарында қарулы күрестің бір жағында Қазан төңкерісі жеңісі нәтижесінде жеңіліс тауып, саяси және экономикалық биліктен айырылған күштер тұрды. Оларға АҚШ, Англия, Франция, және Жапония мемлекетінің үкіметтері жан-жақты көмек көрсетті. Күрестің екінші жағында Қазан төңкерісі нәтижесінде өкіметті өз қолына алған большевиктер партиясы бастаған күштер тұрды. Олар большевиктік ұрандар мен Кеңес өкіметі жариялаған социализм идеяларына сенген жұмысшылар мен шаруалардың айтарлықтай бөлігінен қолдау тапты. Большевиктер мен Кеңес өкіметін жақтаушылар «қызылдар» деп аталса, оларға қарсы тұрғандар «ақтар» деп аталды. Қазақстанда Кеңес өкіметіне қарсы қарулы күрестің негізгі күштері Орынбор, Сібір, Орал, Жетісу казак әскерлері, өнеркәсіп орындарының бұрынғы қожалары, кезінде Ресейден қоныс аударып келушілердің ауқатты топтары, қазақ ауылының бай-шонжарлары және солардың мүдделерін қорғайтын саяси партиялар мен ұйымдар (кадеттер, эсерлер, ұлттық және діни саяси ұйымдар) болды. Алашорда үкіметі азамат соғысының алғашқы кезінде Кеңес өкіметіне қарсы күштермен байланысып, қазақ халқының мүддесін қорғауға тырысты. Қазақстанда азамат соғысының Ақтөбе (немесе Солтүстік Түркістан), Орал және Жетісу майдандары құрылды. Қазақстандағы шешуші соғыс қимылдарына «қызылдар» жағынан Михаил Фрунзе, Валериан Куйбышев, Василий Чапаев, Иван Белов, т.б., ал «ақтар» жағына Александр Дутов, Владимир Толстов, Борис Анненков, т.б. басшылық етті. Торғай далаларында «ақтарға» қарсы күресте Амангелді Иманов, Батыс Қазақстанда Хамит Чурин, Бейсен Жәнекешев, т.б. көзге түсті. Ал Әліби Жангелдин азамат соғысы қызу жүріп жатқан кезде (1918 жылдың күзі) Мәскеуде жасақталған қару-жарақ керуенін Түркістан майданына жеткізді. 1920 жылдың көктемінде Қазақстандағы азамат соғысы Кеңес өкіметінің жеңісімен аяқталды. Айдаһар. Айдаһар — қабыршақтылар отрядына жататын ең үлкен жылан. Айдаһардың (грекше drakon Boіdae) 3 тұқымдас тармағы (айдаһарлар, питондар, болиериндер) бар. Олардың ең ірі түрлері: анаконда, торлы жылан, т.б. айдаһарды кейде жалғанаяқтылар деп те атайды, себебі оларда жамбас сүйегі мен ортан жіліктің қалдығы аналь тесігінің екі шетінде сақталып қалған. Айдаһардың 25 туысының 85 түрі субтропикалық, тропикалық аймақтарда кеңінен таралған. Денесінің ұзындығы 0,5 – 10 м, ірілері 11 м-ден асады. Көз қарашығы тік орналасқан. Үстіңгі жақ сүйегі қозғалмалы, жақ, таңдай, қанат тәрізді сүйектерінде тістері болады. Бұлшықеттері жақсы дамыған айдаһар өз қорегін денесімен орап, тұншықтырады да, өлтіріп барып жұтады. Қазақстанда айдаһардың 2 түрі бар. Бірінші түрі – құм айдаһаршасы (Eryx mіllіarіs) Қазақстанның оңтүстік-батыс өңіріндегі құрғақ далалы, шөлейтті жерлерде таралған. Бұларды жергілікті халық құм жылан деп атайды. Екінші түрі – шығыс айдаһаршасы (Eryx tatarіcus) Арал маңынан Зайсан қазаншұңқырына дейінгі аралықтағы құрғақ далалы, шөлейтті, шөлді өңірде кездеседі. Олардың ұзындығы 80 – 90 см, түсі қоңыр, бауыры қара қоңыр не қара дақты болады. Жылына бір рет 10-20 ұрпақ береді. Кейбірі жұмыртқа салып, кейбірі тірі туып көбейеді. Айдаһар – улы жылан емес. Ол ұсақ кемірушілермен, жәндіктермен қоректенеді. Айдаһар кейде «аждаһа» деп аталып, халықтың қиял-ғажайып ертегілері мен аңыздарында аузынан жалын атқан көп басты, қанатты, үлкен «жыртқыш жылан» түрінде суреттеледі. Аспан әлеміндегі Темірқазық жұлдызының маңындағы шоқжұлдыз да «Айдаһар» деп аталады. Канар аралында «Айдаһар ағашы» деген ағаш өседі. Айман-Шолпан. «Айман-Шолпан» — лиро-эпостық жыр. Алғаш жазып алып, баспаға ұсынған – Жүсіпбек Шайхысламұлы. 1896, 1898, 1901, 1906, 1910, 1913 жылдары Қазан баспасынан жеке кітап болып басылып шықты. Төңкерістен кейін де бірнеше қайтара (1939, 1957) басылды. Жырдың оқиғасы, негізінен, 19 ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ елінің әлеуметтік-қоғамдық тіршілігін, тұрмыс-салтын қамтиды. Кейіпкерлердің ішінде тарихта болған адамдардың есімдері (Көтібар, Арыстан, Есет, т.б.) кездеседі. Жырда жеке бас бостандығы көтеріледі. Айман тек жеке басының азаттығын көксеген қыз емес, ел тыныштығын, қауым ынтымағын ойлаған ақылды да айлалы, өжет мінезді адам ретінде көрінеді. Жырда Көтібар бейнесі де шебер берілген. Бұрыңғы батырлықтың азып, ел ішіндегі ұсақ-түйек тентектікке айналғаны осы бейне арқылы көрсетіледі. Мұхтар Әуезовтің «Айман – Шолпан жыры бойынша жазған музыкалық драмасы (1934) Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының репертуарынан көп жылдар бойы түспей келді. 1960 жылдан драмалық театрлар сахналарында да қойыла бастады. Аккумулятор. Аккумулятор — энергия жинауға арналған құрылғы. Латын тілінде accumulator жинақтауыш дегенді білдіреді. Ол жиналатын энергия түріне сәйкес электр аккумуляторы, гидравликалық аккумулятор, пневматикалық аккумулятор, жылу аккумуляторы, бу аккумуляторы және инерциялық аккумулятор болып бөлінеді. Электр аккумуляторы – электр энергиясын жинап (химиялық энергияға айналдыру арқылы), қажет болғанда сыртқы тізбекке бере алатын химиялық ток көзі. Ол ішінде электролит (қышқыл не сілті) және электродтары бар оқшаулағыш материалдан (эбонит, шыны, пластмасса) жасалған ыдыстан тұрады. Электр аккумуляторы тұрғылықты және тасымалды болып бөлінеді. Тұрғылықты аккумулятор электр, радио, телефон және телеграф стансаларында тұрақты ток көзі ретінде, тасымал аккумулятор көшпелі қондырғыларда (көшпелі радиоаппаратураларда, автомобильдерде, ұшақтарда, электркарларда, т.б.) қолданылады. Гидравликалық аккумулятор гидравликалық қондырғылардағы сұйық заттың шығыны мен қысымын реттеп отыруға арналады. Құрылымы цилиндр мен плунжерден тұрады. Ол сорғылардан (компрессорлардан) келетін артық сұйық затты (газды) өз қысымымен жинап, шығын көбейгенде оны жұмыс машиналарына беріп отырады. Мұндай аккумулятор гидравликалық және пневматикалық қондырғылардағы сұйық заттың қысымы мен шығынын реттеп отыруға пайдаланылады. Пневматикалық аккумулятор пневматикалық қондырғылардағы ауа шығыны мен қысымын реттеу мақсатында сығылған ауа энергиясын жинауға арналады. Ол ауа құбырына жалғанған резервуардан тұрады. Артық ауа резервуарда жиналады да, шығын көбейгенде ауа таратқыш жүйеге беріліп отырылады. Пневматикалық аккумулятор ірі пневматикалық желілерде, жел электр стансаларында, т.б. қолданылады. Бу аккумуляторымен көбінесе пайдаланылған буды жинау үшін қуаты аз бу қозғалтқыштары жабдықталады. Одан бу әр түрлі технологиялық мақсаттарға (мысалы, кептіру камералары), сондай-ақ сантехникалық қондырғылар қажетіне жұмсалады. Жылу аккумуляторы жылу қондырғыларында жылу жинауға арналған. Олар айнымалы қысымды және тұрақты қысымды болып бөлінеді. Көбінесе бу-сулы аккумулятор деп аталатын айнымалы қысымды жылу аккумуляторы қолданылады. Онымен бу шығыны тұтынуға байланысты күрт өзгеріп отыратын кішігірім және орташа қуатты жылу электр стансалары жабдықталады. Тұтыну кеміген кезде бу қазанынан жылу аккумуляторына жіберілген артық бу ондағы суға өзінің жылуын береді. Бу шығыны көбейгенде, жылу жүйесіндегі бу қысымының төмендеуі салдарынан қызған су буға айналады. Соның негізінде тұтынушылар буды жалғыз бу қазанынан емес, жылу аккумуляторынан да алады. Тұрақты қысымды жылу аккумуляторы резервуарындағы суды тікелей бу қазанының өзінде де және артылған бумен де қыздыра алады. Жылу аккумуляторы қазандағы бу қысымынан төмен қысымды бумен де жұмыс істей береді. Жылу аккумуляторы жылу қондырғыларының пайдалы әсер коэффициентін көбейтеді, өндіріс цехтарын бумен үзіліссіз бірқалыпты қамтамасыз етеді, ондағы еңбек өнімділігін арттыруға жағдай жасайды. Инерциялық аккумулятор қызметін айналып тұратын маховик атқарады. Маховик салмағы мен оның айналу жылдамдығы неғұрлым көп болса, онда жиналатын энергия мөлшері де соғұрлым мол келеді. Инерциялық аккумулятор жел электр стансаларында генератордың, сондай-ақ штамптау станогы, механикалық балға, поршеньді сорғы, т.б. жұмыс қалпын тұрақтандыру мақсатында қолданылады. Қазақстанда 1970 жылдан Талдықорған қаласында сілтілі және қорғасынды аккумулятор шығарылып келеді. 1975 – 85 ж. Талдықорған аккумулятор зауыты қайта жабдықталды. Бүгінде аккумуляторлар зауытта жартылай автоматты желімен құрастырылады. Акрополь. Акрополь — ежелгі гректердің биік төбе басына салған бекінісі. Бекіністі қоршай қала үйлері орналасқан. Акрополь (грекше аkroctіchіc, akroc- биік, polіc- қала) – өзге үйлерден шоқтығы биік, қабырғасы қалың, қала халқының жаулардан қорғаныс табатын бекінісі, қасиетті орны болған. Дүние жүзіне әйгілі Афина, Парфенон, Эрехтейон, Ники-Аперос сияқты акропольдерінде сәулет өнерінің тамаша үлгілері сақталған. Актерлік өнер. Актерлік өнер — адам бойындағы қабілеттерінің көмегімен белгілі бір кезең мен уақытқа тән тірі образ жасау өнері. Актерлік өнер шабыт күшін, қиял қуатын, ыстық сезімді талап ететін ерекше қабілет. Негізінде салт-дәстүрлік рәсімдерден басталған актерлік өнер жан-жақты өнер түрі болып қалыптасты. Салт-дәстүрлік рәсімдерде ән, би, музыка, сөз, грим, киім, т.б. қолданылатын. Бертін келе актерлік өнердің балетте – бимен, операда – әнмен, ал драма театрында – сөзбен тығыз байланысты үш түрі айқындалды. Драмалық спектакльдерде де би мен ән болады, бірақ ол қосымша құрал ғана. Актерлік өнердің «таза түрі» де бар, ол – пантомима. Әсерлі сезімге толы қимыл пантомиманың негізін құрайды. Сондықтан пантомима актерлік өнердің негізі саналады. Актерлік өнердің бір құралы – тапқырлық. Сахнада тапқырлық автор мен режиссердің жүктеген міндетін орындай отырып, рөл табиғатын сақтап, әсерлендірудегі актердің шеберлігінен байқалады. Актерлік өнердің алғышарттарының бәрі қазақ тұрмысында болған. Мысалы, айтыстағы шұғыл, тапқыр әрі әсерлі сөз сайысы әдемі қимыл, орынды мимикамен бірге көрінеді. Әзіл айтыс болса, айтысушылар түр-әлпетін сайқымазақтарша өзгертіп отыратын болған. Ал, қазақтың қыз ұзату, келін түсірудегі дәстүрлі ырымдар, ән мен бидің, күлдіргіштердің әрекеттері сол бойы сахнаға сұранып тұрған көріністер. Жәрмеңкедегі ағашаяқтардың, жарапазан айтушылардың, көкпар мен қыз қуудағы әрекеттердің бәрінде актерлік өнердің элементтері молынан кездеседі. Қазақ театрының іргесін қалап, шаңырағын көтерген актерлердің бәрінде де актерлік өнерге қажетті қабілеттер мол болатын. Біресе қыздың, біресе кемпірдің, біресе шалдың рөлін орындайтын, тіпті сиыр мен лақтың үнін де айнытпай салатын Қалыбек Қуанышбаев, бір спектакльде қыздың, кемпірдің және жас жігіттің рөлін қатар ойнайтын Елубай Өмірзақов, бір өзі бүкіл ансамбльге тұратын Иса Байзақов, аққуға үн қосқан Әміре Қашаубаев, т.б. нағыз халық арасынан шыққан актерлер болатын. Актер кадрларын 1932 жылдан театр студиялары, ал 1978 жылдан Темірбек Жүргенов атындағы театр және кино институты (қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясы) даярлайды. Ақ бөкен. Ақ бөкен, киік — "жұп тұяқтылар отрядының бөкендер туысына жататын, тұлғасы ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмсықты, күйіс қайыратын түз жануары." Ақ бөкеннің (Saіga tatarіca) қазба қалдықтары плейстоцен қабатынан Батыс Англиядан Шығыс Аляскаға дейінгі аралықта табылған. Ақ бөкендер Монғолияда, Қалмақ даласы мен Қазақстанда ғана сақталған. Республикамызда ақ бөкендердің бір-бірінен жеке дара бөлінген Бетбақдала – Арыс, Үстірт және Еділ – Жайық деген топтары мекендейді. Текелерінің дене тұрқы 126 – 150 см, салмағы 37 – 49 кг, ал ешкілері кішірек, дене тұрқы 109 – 127 см, салмағы 22 – 37 кг-дай болады. Үстіңгі ерні салбырап, етті тұмсыққа айналған. Текесінің мүйізі қайқылау келеді, ешкісінде мүйіз болмайды. Жаз айларында арқа түсі сарғыш тартады, қыста түсі ақшылданады. Ақ бөкендер шөл, шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Олардың қоныс өзгертуі ауа райына, жайылымға байланысты болады. Ақ бөкен қыстың суық, қарлы болатындығын немесе көктемнің кеш шығатындығын алдын ала болжай алады. Ақ бөкен жұп тұяқты жануарлардың ішіндегі ең өсімталы, жылына бір рет көбейеді. Жаппай төлдеуі мамырдың алғашқы жартысында өтеді. Бұл кезде күн салқындап, жауын-шашын көп болады да, оны қазақ халқы «Құралайдың салқыны» деп атайды. Көбіне егізден, кейде үш лақ та туады. Ақ бөкендер өсімдіктердің сексеннен астам түрімен қоректенеді. Ақ бөкеннің негізгі жауы – қасқыр, ал жас төлдеріне бүркіт, дала қыраны мен қарақұстар да шабуыл жасайды. Ол аусыл, пастереллез ауруларымен ауырады. Ақ бөкен – дәмді еті, құнды мүйізі мен тұяғы, әдемі терісі үшін ауланатын кәсіптік маңызы бар жұп тұяқты жануар. Қазақстанда 1921 ж. ақ бөкенді аулауға тыйым салды. 1957 – 58 ж. олардың саны 2 млн-нан асқаннан кейін, кәсіптік жолмен аулауға рұқсат берілді. Оның мүйізінен пантокрин дәрісі алынады. Ақ бөкеннің тұяғын күйдіріп, одан алынған күлді денедегі теміреткіге жағады, сусамыр ауруына шалдыққандарды емдеу үшін пайдаланады. Осы қасиеттерін дәріптеп, қазақ киікті «Киелі», «Қасиетті аң» деп бағалайды. Ақтабан шұбырынды. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама — "қазақ халқының тарихындағы ащы қасірет, Отан басына күн туған аса қайғылы кезең (1723 – 25)." Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін Үш жүздің дербестеніп, бір-бірінен алшақтануы Қазақ хандығының әскери-саяси қуатын әлсіретті. Құба қалмақтар 18 ғасырдың басында өздерінің ішкі қайшылықтарын реттеп, әскерін жарақтады. Орыс елімен қатынасын жақсартып, көрші мемлекеттерден қару, оқ-дәріні көптеп сатып алды. 1715 ж. орыстарда тұтқында жүрген швед шебері Ренатты қолдарына түсіріп, зеңбірек құю технологиясын меңгерді. 1723 жылдың көктемінде жайлауға көшуге қамданған бейқам қазақ еліне жоңғарлардың қалың қолы тұтқиылдан шабуыл жасады. Тарихшы Алексей Левшиннің жазуынша және қазақ жырауларының куәлігіне қарағанда Жоңғария қалмақтары әрқайсысы 10 мың жауынгері бар 7 қолмен қазақтарды шапқан. Олар Балқаш, Қаратау бағытымен жылжып (қолбасшысы Қалдан Серен), Алтай асып, Көктал өзені бойымен өрледі (қонтайшы Құлан Батур), Нұра өңірін қанға батырып (Әмірсана), Шелек өзені (Доржы), Есік көлі (Лама Доржы), Шу өңірін таптап (Дода Доржы), тоқтаусыз Іледен өтіп (Севан Рабдан) қарудың күшімен, найзаның ұшымен қазақ жерлерін иемденді. Екпіні қатты шапқыншылар Қазақстанның оңтүстік аудандарындағы бейбіт елді аяусыз қырғынға ұшыратып, Түркістан, Сайрам, Ташкент қалаларын басып алды. Жоңғарлардың жойқын шабуылының нәтижесінде қазақтар шайқас даласында 100 мыңға жуық жауынгерлерінен айырылды, ал қорғансыз халықтың шығыны одан әлде қайда көп болды. Абылай ханның айтуынша, сол кезде әрбір он адамның төртеуі қаза тапты. Бұл деректі Шәкәрім Құдайбердіұлы да қостайды. Қорғануға мұршасы келмеген ел әсіресе Талас, Боралдай, Арыс, Шыршық, Сырдария өзендері бойында көп қырылды. Тірі қалғандар ата мекенін тастап шықты. Тарихта бұрын болып көрмеген алапат құбылыс – қазақ халқының үдере қашқан босқыншылығы туды. Тоз-тоз болған Ұлы жүз, Орта жүздің шағын бөлігі Сырға Шыршық құятын тұстан сәл жоғары өткелден өтіп Ходжент, Самарқан иеліктеріне көшті. Кіші жүз Сауран қаласын айналып, («Сайран айналған») Бұқараға ауды. Шұбырған халықтың басым көпшілігі Сырдан өтіп, Алқакөлге жетіп құлады. Кейбір тайпа-рулар Қызылқұм, Қарақұм ішіне сіңді. Осы тұста халықтың жүрегінде мәңгі сақталған ащы зар мен ауыр мұңға толы «Елім-ай» әні дүниеге келді. Жоңғар шапқыншылығынан күйзелген қазақ жеріне Еділ бойы қалмақтары (торғауыттар), Жайықтың казак-орысы, Орал башқұрттары, Қоқан бектері, Бұқар мен Хиуа хандары тұс-тұстан шабуыл жасады. Қазақ елі өз тарихында алғаш рет қасіретті зардабы өте зор зұлматқа тап болып, жер бетінен ұлт ретінде жоқ болу қаупіне ұшырады. Қазақтар бұл апаттың сырын түсінді, жасанған жауларына қарсылық жасап бақты, ұрпағын қырғыннан аман алып қалудың амалын іздеп қарманды. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның» шырғалаңы мен аласапыраны қазақтардың еркіндік пен ерлік рухын шыңдады. Ұлт перзенттері бардың басын қосып, халық бірікпей тірлік болмайтынын түсінді. Бөгенбай, Қабанбай, Саурық, Жәнібек, Малайсары, Абылай, Әбілқайыр бастаған қалың ел жоңғарларға қарсы майдан ашып, Бұланты мен Бөленті өзендерінің жағасында, Аңырақай даласында ұлы жеңіске жетті. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» қазақ халқының есінде ұлы қасірет болып мәңгі тарихқа хатталды. Ақын. Ақын — поэзиялық туындыларды (өлең, жыр-дастан, поэмаларды) ауызша айтып не жазып шығаратын өнер иесі, халықтың көркемдік талғамын қалыптастырып, жалғастыратын сөз шебері. Ауыз әдебиетінде ақын өлең, жыр-дастандарды шығарушы да, айтып таратушы да болған. Халықтың сөз өнерінде ертеден қалыптасқан дәстүр бойынша шынайы ақындар өлеңді табан астында суырып салып айтқан. Ондай жағдайда өлеңді, жырды домбыра немесе қобыз сияқты музыка аспаптарына қосылып орындаған. Оларды халық әдебиетінің дәстүрлерін сақтайды деген мағынада біздің заманымызда «халық ақыны» деп атайтын болды. Қазақ халқының Жамбыл, Нұрпейіс, Кенен, т.б. ақындары көптеген мұра қалдырған. Олар жыршылық өнерді де меңгеріп, кейде ұзақ дастан-жырларды жатқа айтқан. Мұндай ақындар тек қазақ халқында ғана емес, туысқан қырғыз, қарақалпақ халықтарында да кездеседі. Ақын деп жазба әдебиетінің өкілін де атайды. Қазақ әдебиетінде жазба әдебиетінің дәстүрін жан-жақты қалыптастырып дамытуға Абайдан бастап, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров сияқты көптеген ақындар өз үлесін қосқан. Сөйтіп, ақын деген сөздің мағынасы өте кең, ол поэзиядағы әр түрлі тарихи кезеңдердегі, әр қилы дарын иелерін қамтиды. Ауызекі тілде әнші ақындар, айтыскер ақын, т.б. деп бөлу де қалыптасқан. Алдаркөсе. Алдаркөсе — қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері, ақылды айлакердің, зерделі қудың жиынтық бейнесі. Алдаркөсе өзінің асқан айлакерлігі арқылы мұратына жетіп отырады. Оның мақсаты – сараң байды, пайдакүнем саудагерді, озбыр ханды, т.б. әжуа ету. Мысалы, ол асқан сараңдығы үшін халық Шықбермес Шығайбай атаған байдың асын ішіп, атын мініп, қызын алады; алыпсатар саудагердің алдынан өгіздерін айдап кетеді; оның бұл әрекетін халық айыптамайды, қайта құптап, қошеметтеп отырады. Өйткені, Алдаркөсе әділетсіз билік иелерінен қиянат, қорлық көрген қарапайым халықтың өкілі. Алдаркөсе түркі тілдес халықтар (қырғыз, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, т.б.) әдебиетінің көбіне ортақ тұлға. Бұл Алдаркөсе жайындағы аңыз әңгімелердің ежелден келе жатқан көнелігін, әлеуметтік мәнділігін көрсетеді. Оның өмірде болғанын, қай заманда өмір сүргенін дәлелдейтін тарихи дерек жоқ. Алдаркөсе бейнесі қазақ театр және кино өнері туындыларында да көрініс тапқан. Шахмет Хұсайынов «Алдаркөсе» пьесасын (1942) және «Алдаркөсе» фильмінің (1964, режиссері Шәкен Айманов) сценарийін жазды. Алмас. Алмас — минерал, көміртектің (С) кристалл түрі, табиғаттағы ең қатты зат. Грекше adamas деп аталады; ол бұзылмас, жеңілмес деген ұғымды білдіреді. Алмас кубтық сингонияда кристалданады. Куб, октаэдр, ромбододекаэдр, тетраэдр, сондай-ақ олардың араласқан түрінде кездеседі. Алмас біздің заманымыздан бұрын белгілі болған. 19 ғасырдың 70 жылдарына дейін ол тек кен қайраңдардан өндірілді. Табиғатта кездесетін алмас түйіршіктерінің салмағы әдетте 0,1 – 1,0 караттан аспайды. Салмағы 100 караттан (20 г) астам ірі кристалдары өте сирек кездеседі және оларға жеке ат беріледі. Мысалы, 1905 ж. Оңтүстік Африкада табылған дүние жүзіндегі ең ірі «Куллинан» алмасы кристалының массасы 3106 карат (621,2 г) болған. Кейін одан әр түрлі пішінді 105 бриллиант алынды. Алмастың меншікті салмағы 3,5 – 4,0 г/см3, қаттылығы 10. Морт сынады, сынған жері бұдыр келеді, электр тогын нашар өткізеді. Түссіз, ақ, көгілдір, жасыл, сарғылт, қоңыр, қызғылт, қара сұр түсті болып келеді. Алмастың түсі әр түрлі болуы құрамындағы қоспаларға (5%-ға дейін Sі, Al, Ca, Mg, Tі, Co, Cr, Fe т.б) байланысты. Бұлардан басқа оның құрамында қатты (оливин, пироксен, гранаттар, хромшпинелидтер, графит, кварц, темір оксидтері, т.б.), сұйық (су), газ (азот, т.б.) күйіндегі қоспалар да болады. Алмас қышқылдар мен сілтілер ерітіндісінің әсеріне берік, селитра мен соданың қоспасында 500ӘС-та ериді, ауада 850 – 1000ӘС-та, оттекте 720 – 800ӘС-та жанады, вакуум мен инертті газда 2000ӘС-та 15 – 20 минутта түгелдей графитке айналады. Графит немесе көмір сияқты жұмсақ тектестерімен салыстырғандағы алмастың орасан қаттылығына оны құрайтын көміртек атомдары арасындағы өте берік ковалентті байланыс себепші болады. Алмас үлкен тереңдікте, жоғарғы мантия аумағындағы зор температура мен қысым әсерінен пайда болады. Ол қопарылыс түтіктерін толтыратын кимберлит құрамында кездеседі. Басқаша айтқанда қопарылыс түтіктері алмас кендерін іздестірудің негізгі сілтемесі болып табылады. Сапасына және нарықтық сұранысқа байланысты алмас кристалдары зергерлік алмас және техникалық алмас болып ажыратылады. Зергерлік алмас мөлдір, ақаусыз (қуыссыз, жарықшасыз, сызатсыз), қоспасыз, аса берік болуы шарт. Өйткені ол – әсемдік бұйымы болумен бірге капитал сақтаудың сенімді тәсілі. Техникалық алмас ұнтақ немесе тиісті пішінге келтірілген кристалдар түрінде қолданылады. 1990 – 95 ж. дүние жүзінде 100 млн. карат алмас өндірілді. Оның ішіндегі жоғары сапалы зергерлік алмастың үлесі 15%, жартылай асыл түрі 40%, абразив материал ретінде қолданылатын техникалық алмас 45% болды. Жылдық тұтынудың үнемі 10%-ға өсіп отыруына байланысты 20 ғасырдың 50-жылдарынан бастап жасанды (синтетикалық) алмас өндірісі (жылына 250 млн. карат) жолға қойылған. Алмастың ірі кендері Оңтүстік Африкада, Австралияда, Бразилияда, Үндістанда, Канадада, Ресейде (Саха-Якутия) орналасқан. Қазақстанда аса ірі Құмдыкөл алмас кені зерттеліп, өндіріске қосуға дайындалған (1997). Ондағы техникалық алмастың 1 т кентастағы орташа мөлшері 23 карат. Алпамыс батыр. «Алпамыс батыр» — "қазақ халқының қаһармандық эпосы." Терең мазмұны, көркемдігі мен тарихи шындықты қамтуы жағынан «Одиссея», «Манас», «Калевала», «Қобыланды батыр», т.б. жырлар секілді әлемге танымал эпостық жыр. «Алпамыс батырда» халықтың басынан өткен қаһармандық оқиғалар эпикалық әсірелеу заңдылығымен берілген. Жырда талай заманның түсінігі, дүниетанымы, шындығы қат-қабат қорытылып, полистадиялы түрде жинақталған. Мұнда түрік қағандығы дәуіріндегі (5 – 7 ғасырлар) азаттық үшін күрестің сарындарынан бастап, 17 – 18 ғасырлардағы қалмақ шапқыншылығына қарсы қаһармандық ұрыстардың нақтылы елестері де сезіліп отырады. Зерттеуші-ғалымдар «Алпамыс батыр» жырында көне дәуірдің салт-санасы, ғұрпы, неғұрлым айқын бейнеленгенін атап өткен. «Алпамыс батыр» жыры алғаш рет 1899 ж. Қазан қаласында жарық көрді. Қазан төңкерісіне дейін бұл жыр 7 рет қайталанып басылып шыққан. Жырдың ел арасындағы түрлі нұсқаларын іздеп тауып, хатқа түсіріп орысша мазмұнда бастырған атақты фольклоршы Әубәкір Диваев. Ол бұл жырдың бір нұсқасын қарақалпақ бахшысы Жиемұрат Бермухамедовтен алған. Оның тарихи, көркемдік мәні мен орны туралы Мұхтар Әуезов, Сәкен Сейфуллин, Қажым Жұмалиев, Әлкей Марғұлан, Мәлік Ғабдуллин, Нина Смирнова, Тұрлыбек Сыдықов сынды зерттеушілер арнаулы еңбектер жазды. Сұлтанбек Аққожаевтың жазып алған нұсқасы «Алпамыс батыр» жырлардың ішіндегі ең толық әрі көркем түрі болып табылады. «Алпамыс батыр» күйтабаққа да жазылған. Өзбекстан мен Қарақалпақстан қаламгерлері осы жыр негізінде пьеса жазды. Ал қазақ композиторы Еркеғали Рахмадиевтің «Алпамыс» операсы мәдени құндылықтарымыздың қатарына қосылды. Алтыбақан. Алтыбақан — қазақтың ежелгі ұлттық ойыны. Тымық кеште, айлы түнде, ауыл сыртында ойналады. Алтыбақан құру үшін 6 бақан немесе 6 сырық, үш арқан керек. Бақандарды үш-үштен бір басын буып, аралығын үш-төрт метр етіп, мосы тәріздендіріп орнатады да жоғары жағы сырықпен жалғастырылады. Бақандардың жоғарғы ашаларына екеуі жоғарырақ, бірі төмен етіліп үш арқан тартылады. Жоғарғы екеуі отыруға немесе бел сүйеуге арналады, төменгі арқанға табан тіреледі. Қыз бен жігіт қарама-қарсы орналасып, бел арқанның екі жақтауынан бекем ұстап, үшінші адамның демеуімен тербетіледі. Тербелушілер қосылып ән бастайды да оған тамашалаушылар қосылып, думандатып әкетеді. Бел, табан арқандарының орнына соңғы кезде жеңіл тақтайлар қолданылып жүр. Алтыбақан ойыны ежелгі көшпелі елдің бәріне кең таралған. Отырықшы халықтарда ол әткеншек деп те аталады. Алтыбақаннан айырмасы ол тұрақты орнатылады және жалғыз адамға арналады. Алтыбақанның қажетті заттары – тез құрастырылып, жиналатын үй мүліктері. Ойын көпшілікке арналған. Жастарды әріптес таңдауға, ептілікке, тапқырлыққа, өнерлілікке бейімдейді. Алтыбақан көріністері театр өнерінде халықтың ұлттық тұрмыс ерекшеліктерін көрсету, сахнаны әсерлендіру тұрғысында да лайықты орын алды. Қазақ телевизиясы 1970-жылдары көгілдір экраннан жүйелі түрде «Алтыбақан» сауықкешін ұйымдастырып тұрды. Алтын қима. «Алтын қима» — гармониялық бөлу, шеткі және орта қатынаста бөлу – берілген АВ кесіндісін оның үлкен бөлігі (АС) сол кесінді (АВ) мен оның кіші бөлігінің (СВ) пропорционал ортасы болатындай етіп екі бөлікке бөлу. Ал АВ =а кесіндісінің Алтын қимасын алгебралық жолмен табу a:x = x (a-x) теңдеуін (мұндағы х=АС) шешуге келіп тіреледі. Бұдан х=(√5-1)а/2≈0,62 а болады. х-тың а-ға қатынасын шамамен 2/3, 3/5,5/8, 8/13, 13/21... т.б. бөлшектер арқылы өрнектеуге болады, мұндағы 2, 3, 5, 8, 13, 21..., – Фибоначчи сандары. Алтын қима ертедегі грек ғалымдарына белгілі болған. Евклидтің «Негіздерінің» 2-кітабында алтын қиманы геометриялық салу жолы x(a+x) = a2 квадрат теңдеуін шешумен пара-пар екендігі көрсетілген. Евклидтен кейін алтын қиманы Гипсикл (біздің заманымыздан бұрынғы 2 ғасыр), Папп Александрийский (біздің заманымыздан бұрынғы 3 ғасыр), т.б. зерттеген. Алтын қима немесе оған жақын пропорционал қатынастар көптеген әлемдік өнер туындыларының композициялық құрылымына негіз болған. Сондықтан алтын қима 15 – 16 ғасырларда өнерде, әсіресе сәулет өнерінде, т.б. кеңінен қолданыла бастады. Алтын қима терминін 15 ғасырдың аяғында Леонардо да Винчи енгізген. Альпинизм. Альпинизм — спорттың тауға, шыңға жаяу жүріп, өрмелеп көтерілу түрі. Атауы Еуропа құрлығындағы «Альпі» тауынан шыққан. Алғаш 1786 ж. швейцарлық Мишель-Габриэль Паккар мен Жак Бальма Альпі тауындағы Монблан шыңына (биіктігі 4807 м) көтерілді. Қазақстанда альпинизмнің дамуы 20 ғасырдың 30-жылдарынан басталады. Тұңғыш рет 1930 ж. 17 шілдеде қазақстандық альпинистер Іле Алатауының Кіші Алматы шыңына (4376 м) көтерілді. Еліміздің альпинистері 1982 ж. КСРО командасы құрамында Эверест шыңына (8848 м) шықты. Ал 1991 ж. альпинист Қазыбек Уәлиевтің жетекшілігімен Қазақстан альпинистері Гималайдағы Дхаулагири (8176 м) шыңын бағындырды. Альпі. Альпі, Альпі тау жүйесі – Еуропадағы ең биік таулар. Ол – Жерорта теңізінің солтүстігінде Легури теңізі жағалауынан Орта Дунай жазығына дейін оңтүстік-шығысқа қарай доғаша иіліп жатыр; доғасының сыртымен есептегенде ұзындығы 1200 км-ге жуық, іш жағы 750 км, ені 50 – 60 км-ден 240 – 260 км-ге жетеді. Ең биік нүктесі – Монблан шыңы (4807 м). Альпі (кельтше – alp биік тау, ежелгі түркі тілінде – алып-заңғар, биік дегенді білдіреді) ірі жоталар мен тау сілемдерінен тұрады. Сілемдер аралығын Рона, Рейн, Бодо – Комо тау аңғарлары бөліп жатыр. Тас және темір жолдар өтетін Сен-Готард, Симплон, Миоан-Ромодоссола, Бриг – Лозанна, Үлкен Сен-Бернар (2400 м) туннельдері аймақтағы бірнеше мемлекетті байланыстырады. Тау жүйесі орографиялық жағынан Батыс Альпі және Шығыс Альпі болып бөлінеді. Олардың арасындағы шартты шекара солтүстігінде Боден көлінен, оңтүстігінде Комо көліне дейінгі тектоникалық аңғармен өтеді. Батыс Альпінің сырт жақ беткейі кең әрі біршама жайдақ, ал ішкі жақ беткейі жарқабақты болып келеді. Тау жүйесінің ең биік шыңдары (Монблан, Монте-Роза, Пельву) осы бөлігінде орналасқан. Тау жүйесінің орталық торабына альпілік жер бедері тән. Ландшафтысында биіктік белдеулер айқын байқалады. Тау етегі мен тау беткейлері (800 – 1000 м) мен таулық белдеу (1800 м) климаты қоңыржай және ылғалды. Бұл белдеулер жалпақ жапырақты ормандармен көмкерілген. Түлкі, қасқыр, бұғы, тиын, жабайы мысық кездеседі. Жаз айларының орташа температурасы 10 – 15ӘС, қыста -4 – 8ӘС. Субальпілік белдеудің (2300 метрге дейін) климаты суық, желі қатты болады, қары қалың түседі. Тау беткейлері тік жарлы. Белдеуде биік таудың бұталы және шалғынды өсімдіктері өседі. Қысы қатаң, 6 – 8 айға созылады, жазы қоңыр салқын әрі қысқа. Одан жоғары биік таулы альпілік белдеудің (2500 – 3000 м) климаты қатал, біршама құрғақ. Онда қоңыраубас, қоғажай, көкнәр, т.б. өсімдіктер өседі. Одан әрі нивальдық белдеу орналасқан. Бұл белдеу тасты, мұзды болып келеді. Альпіде антропоген дәуірінде 4 рет мұз басу болды. Мұздықтың жалпы ауданы 4140 км2, 1200-ге тарта аңғарлы, қарлы мұздықтар бар. Тау жүйесі альпілік қатпарлану кезінде түзілген. Қатпарлану жүйесінің негізі кембрийге дейінгі кристалды жыныстардан (гнейс, слюдалы тақтатас) және жоғары протерозой мен төменгі палеозойдың кварц-бриллитті тақтатастарынан тұрады. Жер бедерінің қалыптасуында антропоген дәуірінің су және мұздық эрозиясы үлкен рөл атқарған. Кен байлықтары: темір, мыс кентастары, қоңыр көмір, тұз. Солтүстік Батыс бөлігіндегі жоталарда жылына 1500 – 3000 мм жауын-шашын түседі. Ауа райы көбіне бұлтты, тұманды болып тұрады. Ішкі жоталарда, қазаншұңқырлар мен аңғарларда жауын-шашын 1000 мм-ден аз. Альпі – Батыс Еруопаның аса үлкен су торабы. Өзендер өте көп. Олар қар, мұз, жаңбыр суымен толығады. Аса ірі өзендері: Рона, Рейн, По. Көлдері: Боден, Цюрих, Комо, т.б. Топырақ жамылғысында негізінен орманның қоңыр түсті топырағы, күлгін және таудың сұр топырағы басым. Амазона. Амазона — "Оңтүстік Америка құрлығында орналасқан, дүние жүзіндегі ең ірі өзен." Өзеннің сағасын 1500 ж. испан теңізшісі Висенте Пинсон ашқан. Өзен арнасымен 1541 ж. алғаш рет испан конкистадоры Франсиско де Орельяна (1541) саяхат жасаған. Жергілікті тұрғындар оны Парана-Тинга (Ақ өзен) және Парана-Туасу (Ұлы өзен) деп атайды. Алабының ауданы 7,2 млн. м2, ұзындығы Укаяли бастауынан есептегенде 7000 км-ден асады. Амазонаның (ағылшынша Amasonas) негізгі ағысы экватор мен 50 оңтүстік ендік аралығында, яғни біркелкі әрі аса ылғалданған аймақта (жауын-шашынның жылдық мөлшері 1500 – 3000 мм) жатыр. Анд тауынан өткен соң өзен Амазона ойпатына шығып, оң жақтан келген Укаяли өзенімен қосылып, Ұлы Амазона өзені басталады. Ол батпақтанған жазықпен, ылғалды экваторлы ормандардың арасымен ағады. Мұхиттан 350 км қашықтықта әлемдегі ең үлкен атырау түзеді (аумағы шамамен 100 000 км2). Өзенге көптеген салалар құяды, олардың 20-ға жуығының ұзындығы 1500 – 3500 км болады. Укаяли мен Мараньон өзендері қосылғаннан соң оның арнасының ені 2 км, орта ағысында 5 км, сағасында 80 – 150 км-ге жетеді; суының тереңдігі орта ағысында 70 м, Обидус қаласы тұсында 135 м-ге, ал сағасында 15 — 45 м-ге дейін барады. Амазонаның салалары бір-бірінен тек мөлшері мен сулылығы жөнінен ғана емес, суларының түсімен де ерекшеленеді. Өзеннің гидрологиялық режимі өте күрделі әрі ерекше келеді. Алаптары екі жарты шарда орналасқандықтан жылдың түрлі мезгілдерінде жауын-шашынның аз не көп жаууына байланысты әр түрлі тасқындар болып тұрады. Оңтүстік салалары сулылығының молдығымен ерекшеленеді, сондықтан мамыр, шілде айларында Амазонаның ең жоғары деңгейі байқалады. Орташа су шығыны 175 000 м3/с ал орташа жылдық ағындысының көлемі 5520 км3 шамасында. Әлемдегі өзендердің жалпы жылдық ағындысының 15 — 17%-ы осы өзеннің үлесіне тиеді. Амазона өсімдік және жануарлар әлеміне өте бай. Балықтардың 2000-ға жуық түрі бар (жер шарының жалпы тұщы су фаунасының 1/3 бөлігі). Өзеннің басты арнасы сағасынан 4300 км-ге дейін (Понго де Мансериче шатқалына дейін) жүзетін болса, сағасынан 1690 км қашықтыққа (Манаус қаласына) дейін үлкен мұхит кемелері жүзе алады. Амазонаның энергетикалық мүмкіндігі өте мол (қуаты 280 млн. кВт шамасында бағаланады), бірақ ол пайдаланылмайды. Ана тілі. Ана тілі — "белгілі бір этностың қалыптасып, ұлт деңгейіне дейін үздіксіз дамуына ұйтқы болып келген және сол этностың негізгі тілі саналатын, өзара қауымдаса тіршілік етуіне қажетті тіл." Этникалық тегі географиялық қоныстану аумағы, шаруашылық жүргізу тәсілдері ортақ адамдар қауымы мен мүшелерінің ана тілі арқылы ортақ дүниетанымы, ұғым-түсінігі, мінез-құлқы, наным-сенімі, сезіну қасиеттері – бір сөзбен айтқанда, ұлттық ділі қалыптасады. «Ана тілі» ұғымы не оған жақын түсінік барлық этносқа тән, бірақ этностық көзқарас тұрғысынан бұл ұғым әр түрлі («туған тіл», «ұлт тілі», «ата-баба тілі», «ана тілі», т.б.) атала береді. Қазақ этносының дәстүрі бойынша, шыр етіп дүниеге келген нәрестенің құлағына алғаш шалынған ананың үн-әуезі оның ақ сүті арқылы баланың бойы мен барша болмысына дарып, адамға ғана сыйланатын құдіретті күш – тілге ұласады, сондықтан оның тілі ана құрметіне бағышталып, «ана тілі» аталып кеткен. Қазақ тіл білімінде ана тілі терминін алғаш ұсынып, ғылыми айналымға енгізген Ахмет Байтұрсынов. Қазіргі уақытта (1998) қазақ халқының үштен бірі, яғни 4 млн-ға жуығы, Қазақстаннан тыс (Қытай, Монғолия, Ауғанстан, Иран, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, т.б.) жерлерде диаспора болып отыр. Бұл топтар қандай тілдік ортада (қытай, ұйғыр, монғол, пүштүн, парсы, түрік, өзбек, орыс, қырғыз, түрікмен, т.б.) өмір сүрсе де, ол тілдердің қанша әсері болса да қазақ тілі олар үшін ана тілі болып саналады. Қазақ диаспорасы үшін ана тілінің сақталу, сақталмауы, қолданыс аясының кең, тарлығы, сайып келгенде, олар тұратын мемлекеттердегі тіл саясатына, тілдік ортаға, диаспораның шоғырланып немесе шашыранды түрде орналасуына, сондай-ақ ана тілін қайткен күнде де сақтап қалуға деген саналы әрекетіне де тікелей байланысты. Әрбір азаматтың ана тілін қастерлеуі оның мемлекеттің биік мәртебесіне қатысты қоғамдық көзқарас пен қамқорлыққа да тікелей байланысты. Сондықтан әркімнің өз ана тілін құрметтеуі тек анасының ақ сүтін өтеу ғана емес, қоғам алдындағы азаматтық абзал парызын ақтау, сол арқылы елдің елдігін сақтау болып саналады. Анд таулары. Анд, — Анд таулары, Анд Кордильерасы – Жер шарындағы ең ұзын (9000 км) тау сілемі, ең алып кордильера тау жүйесінің оңтүстік Америкадағы бөлігі. Ол Оңтүстік Американың Тынық мұхит жағалауын бойлай, солтүстіктен оңтүстікке қарай созыла жатқан тау тізбектен тұрады. Олар Анд (Кордильера) геосинклинальдық қатпарлану белдеуінің (альпілік қатпарлану кезінде) қайта көтерілген кезіндегі жас таулар. Сондықтан қазіргі кезге дейін жиі болып тұратын күшті жерсілкінулер олардағы тектоникалық процестердің әлі де тоқтамағанын көрсетеді. Мұнда бірнеше сөнбеген жанартаулар бар. Олардың ішінде Жер шарындағы ең биік сөнбеген жанартау ошағы – Льюльяйльяко (6723 м) осында орналасқан. Жер бедерін меридиан бойымен созылып жатқан, ішкі тау аңғарлары мен үстірттерден тұратын жоталар тізбегі құрайды. Олар табиғи ерекшеліктері мен геоморфологиялық құрылысына қарай: Кариб Анд таулары, Солтүстік-Батыс Анд таулары, Эквадор Анд таулары, Перу Анд таулары Чили-Аргентина және Патагония Анд таулары болып бөлінеді. Бұл таулардың қатпарлы-жақпарлы тік құламалы шатқал беткейлерін көптеген өзен аңғарларымен тілімденген. Орта тұсында ені кең болып келген Пуна таулы үстірті орташа биіктігі 4000 м болатын ішкі аймақты құрайды. Анд тауының осы тұсында тектоникалық процестер нәтижесінде пайда болған көлдер жиі кездеседі. Жер шарындағы теңіз деңгейінен ең биік орналасқан Титикака көлі (3812 м) осында орналасқан. Анд таулары 6 климаттық белдеуде (экваторлық, солтүстік және оңтүстік субэкваторлық, тропикалық, субтропикалық және қоңыржай) жатыр. Тау жүйесі арқылы Амазона, Парана, Ориноко, т.б. өзендер бастау алатын мұхитаралық суайрық өтеді. Экваторға жақындау орналасқан климат белдеуі аймағында жауын-шашын өте көп жауады (3000-6000 мм). Анд таулары – хин ағашының, кок, картоп, т.б. құнды да дәрілік өсімдіктердің отаны. Анд таулары жануарлар дүниесіне өте бай. Антенна. Антенна — радио, телехабар толқындарын тарататын және қабылдайтын құрылғы. Антеннаны (латынша antenna – діңгек, сырық) жасау теориясы мен әдістері 1889 ж. неміс физигі Генрих Герц жариялаған қарапайым электрлік вибратордың толқын таратуы теориясына негізделеді. Кез келген антенна бірнеше қарапайым вибраторлардың жиынтығы. Симметриялы емес вибратор түріндегі алғашқы антеннаны тәжірибе жүзінде 1895 ж. орыс өнертапқышы Александр Попов ұсынды. Таратқыш антенна радиотаратқыштың шығардағы тербеліс тізбектеріне жинақталатын жоғары жиіліктіэлектр магниттік тербеліс энергиясын тараған радиотолқын энергиясына айналдырады. Ал қабылдағыш антенна радиотолқын энергиясын қабылдағыштың кіреберістегі тербеліс тізбегіне жинақталатын энергияға түрлендіреді. Антенналар: таратылатын (қабылданатын) радиотолқындардың диапазонына, жиілік қамтуына (жиілікке тәуелсіз, ауқымды және тар ауқымды), тарату немесе қабылдау бағыттылығына (бағытталмаған, сәл бағытталған, дәл бағытталған), әсерлік принципі мен құрылымына (кесінді сым, металл айналар, рупорлар, спиральдар, саңылаулар, рамалар, дипольдар, диэлектрлік стержень комбинациялары түрінде) қарай ажыратылады. Антеннаның негізгі параметрлері мен сипаттамалары: бағыттық әсер коэффициенті, бағытталу диаграммасы, қамтитын тиімді ауданы (бірден бірнеше мың м2-ге дейін жетеді), таратудағы кедергісі (көбінесе 100 Ом шамасы), толқынның полярлану түрі (сызықтық, шеңберлік, эллипстік), т.б. Антеннаның толқын тарату бағыттылығы толқынның таралу бағытындағы толқын өрісі кернеуін жоғарылатады. Сөйтіп, таралған толқынның қуатына шамалас толқын қуаты пайда болады. Тарату қуатындағы эквиваленттік ұтымдылықты санмен бағалау үшін бағыттылық әсер коэффициенті (БӘК) енгізілген. Антенна бойындағы толқын қуаты кеңістікке түгелдей таралмайды. Толқын қуатының біршама бөлігі антенна сымы мен оқшаулағышқа (изоляторға) және антенна бекітілген құрылымға кетеді. Тараған толқын қуатының антенна сымдарына кететін қуатына қатынасын антеннаның пайдалы әсер коэффициенті дейді. Ал БӘК-тің пайдалы әсер коэффициентіне көбейтіндісі күшейту коэффициенті (КК) деп аталады. Кез келген антеннаның бағытталу диаграммасының пішіні, БӘК-і мен пайдалы әсер коэффиенті қабылдау режимінде де, тарату режимінде де бірдей. Ұзын толқында радиохабар таратуда (Т, Г әріптері тәрізді антенналар қолданылады) толқындық кедергіні азайту үшін антенналарға көлденеңінен және тігінен бірнеше қатар сым қосады. Орта толқында радиохабар қабылдауға рама тәрізді антенна, магниттік антенна, сондай-ақ рама тәрізді антенна мен симметриялы тік вибратордан тұратын композициялық антенна қолданылады. Қысқа толқын таратуға арналған антенналар тарату қашықтығына лайықталып жасалады. Қысқа қашықтықтағы байланыс (бірнеше ондаған км-ге дейінгі) жер бетімен көлбеу таралатын толқын арқылы жүзеге асады. Мұндай қашықтыққа антенна ретінде орта және ұзын толқындарға арналған вибраторларға ұқсас симметриялы емес және симметриялы тік вибраторлар пайдаланылады. Алыс қашықтықтағы байланыс (50 – 100 км және онан да алыс) ионосферадан бір немесе бірнеше рет шағылысып, қайтқан радиотолқын арқылы жүзеге асады. Қысқа толқынды алысқа таратқанда байланыс желілеріне БӘК-і жоғары антенна қолданылады. Мұндай антеннаға симметриялы вибраторлардан тұратын жазық торлы синфазалық (бірнеше антенналардан тұратын жүйе) антенна жатады. Тарату аясы кең болу үшін антенналар жерден 100 – 300 м және онан да биік діңгек немесе мұнараға орнатылады. Қазақстандағы ең биік теледидарлық мұнара (теңіз деңгейінен 1000 м, мұнарасының биіктігі 372 м) Алматыдағы Көктөбе беткейіне тұрғызылған. Теледидарлық хабар жеке үй шатырына немесе биік сырықтарға бекітілетін симметриялық вибратор, «толқынды каналы», т.б. осы типтегі антенналар, ал көп пәтерлі үйлерде жоғары жиілікті күшейткіш пен одан шығатын жоғары жиілік энергиясын теледидарларға тарататын фидерлер жүйесінен тұратын ұжымдық антенналармен қабылданады. Аса жоғары жиілікті толқындарда (дециметрлік, сантиметрлік және миллиметрлік) жұмыс жасайтын синфазалық антенналар радиорелелі байланыс жүйесінде, радиолокацияда, ғарыштық байланыс желісінде, радиоастрономияда, т.б. қолданылады. Жұмыс принципі жағынан синфазалық антенналар көп вибраторлы торға ұқсайды. Мұндай антенналардың басқа антенналардан басты ерекшелігі – оларда дискретті таратқыш элементтер (вибраторлар) болмайтындығы. Аса жоғары жиілікті диапазонда рупорлы антенна, линзалы антенна, қос айналы антенна, саңылаулы антенна, сондай-ақ жүгірме толқынды антенна, спиральді антенна, «толқынды канал» типіндегі антенна, диэлектрлік антенна, т.б. қолданылады. Антенналар техниканың сан-саласында (автомобильдерде, ұшақтарда, ғарыш кемелерінде, қалта радиоқабылдағыштарында, радиотелефондарда, техникалық модельдерде, т.б.) басты қызмет атқарады. Үлкен радиотелескоптардың (мысалы, РАТАН-600) антенналары – алюминий айналары мен табақтары. Ондай антенналар арқылы алыс галактикалардан радиодабылдар қабылданады. Антропология. Антропология — адамның шығу тегін, дамуын, дене құрылысын, нәсілдік ерекшеліктерін зерттейтін жалпы биология ғылымының қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысы бар саласы. Антропология (грекше arthropos – адам, logos – ілім) терминін алғаш рет Аристотель енгізді. Антропология ұғымы көне грек дәуірінен бастап белгілі болғанымен орта ғасырдың аяғына дейін адамның физикалық құрылысын зерттейтін, ішінара адам психологиясы мен этнография ерекшеліктерін сипаттайтын да ғылым саласы болып келді. 19 ғасырдың ортасынан, антропологияның жалпы ғылымдағы орны, мазмұны, анықтамасы жөнінде екі түрлі көзқарас қалыптасқан. Оның бірі – 18 ғасырдағы франция ойшылдарының пікірлеріне сәйкес адамның тән құрылысын, тіршілік-әрекетін, тілін, мінез-құлқын, материалдық және рухани қазыналарын, т.б. зерттеу. Қазіргі кезде мұндай көзқарасты АҚШ, көптеген Батыс Еуропа елдерінің антропологтары қолдайды. Ал 2-көзқарас – адамның дене құрылысы ерекшеліктерінің уақыт, кеңістік бойынша өзгерісіне ерекше мән беру. Қазіргі кезде антропология 3 түрлі өзекті мәселеге – адамның дене құрылысы ерекшеліктеріне, шығу тегі мен оның дамуына, этникалық құрамының қалыптасуына ерекше көңіл бөледі. Осыған байланысты эволюциялық антропология, физикалық антропология, этникалық антропология болып бөлінеді. Антропология ғылымында кеңінен қолданылатын әдістің бірі – антропометрия, яғни тірі адам денесінің түрлі мүшелерінің өзгерісін өлшеу. Сонымен қатар антропологиялық мәліметтерді қолдану (биометрия), биохимиялық, генетикалық, иммунологиялық, т.б. әдістер де пайдаланылады. Антропология ғылымына Поль Брока, Рудольф Мартин, Луис Лики, Анатолий Богданов, Дмитрий Анучин, Виктор Бунак, Яков Рогинский, Валерий Алексеев, т.б. ғалымдар ерекше үлес қосты. Орыс ғалымы Николай Харузиннің «Бөкей ордасының қырғыздары» (1889) деген антропологиялық очеркінде 400-ден астам қазақтың (ерлер ғана) морфологиялық бейнесіне (фенокейпіне) алғаш рет ғылыми сипаттамалар берді. Қазақ халқының жалпы антропология типі еуропеоид және монғолоид тектес расалардың қосындысынан пайда болған деп тұжырымдалған. 20 ғасырдағы Қазақстан жерінен табылған палеоантропологиялық материалдар қазақтардың ежелден автохтон халық екендігін толық дәлелдеді. Ғылымда қазақтың антропология типі метистік топқа жатқызылып, оған тұрандық түр (тұраноид) деген нәсілдік атау берілді. Қазақтар арасында арнайы антропологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізген Ресей ғалымы Аркадий Ярхо. Оның қолжазба түрінде сақталған «Алтай – саян түріктері» деген очеркін антрополог Георг Дебец өңдеп, 1947 ж. Абаканнан бастырып шығарды. Бұл зерттеуде Алтай – Саян өңіріндегі түркі халықтары антропологиялық тұрғыдан үш топқа (кіндіказиялық, алтайлық және оралдық) бөлініп жүйеленген. Бірінші топтың антропологиялық өкілдері ретінде моңғолдар мен буряттар, екінші топқа қазақтар мен қырғыздар, үшінші топқа – шорлар алынған да, барлығы монғолоид расасына жатқызылған. Тек, 1950 ж. ғана соңғы 2 топтың антропологиялық типі аралас екені, яғни өздерінше бөлек метистік топтарға жататындығы анықталды. 1947 – 48 ж. КСРО ғалымдары Дебец, Михаил Левин, т. б. арнаулы антропологиялық экспедициялар ұйымдастырып, қазақтар арасында кең зерттеулер жүргізді. Осының нәтижесінде «Қазақстанның антропологиялық очеркі» жарыққа шықты. Онда қазақтың антропологиялық типінің қалыптасуы қола дәуірде осы жерді мекендеген тайпалардан басталатындығы көрсетілді. Гинзбург қазақ жеріндегі ертедегі тайпалардың антропологиялық ерекшеліктеріне сүйене отырып, осы күнгі қазақтарға тән морфологиялық ерекшеліктер біздің заманымыздан бұрынғы 10 – 8 ғасырларда Қазақстанның солтүстік аймақтарында қалыптасқанын анықтады. Қазақтың тұңғыш антропологі Оразақ Смағұлұлы 1960-жылдары республиканың әр өңірінен қазақтардың бас сүйегі мен қаңқа сүйектерін жинап, Санкт-Петербургтегі антропологиялық және этнографиялық мұражайына тапсырды. Ол ұзақ жылдар (1977 – 96) зерттеулер жүргізіп, қазақ халқы жайлы (қола дәуірінен қазіргі кезең аралығын қамтитын) көлемді антропологиялық деректер жинап, құнды еңбектер жариялап келеді. Ғалым антропометрия, одонтология, краниология, т.б. әдістерді пайдаланып, қазіргі қазақ халқының арғы тегі қола дәуірінде Андрон мәдениеті қалыптасқан әрі еуропеидтік әрі монголоидтық сипаты бар тайпалар болғандығын дәлелдеді. Ара балы. Ара балы, бал – жұмысшы бал арасының гүлді өсімдіктердің шырынынан өңдеп шығарған өнімі, қоймалжың, тәтті сұйық. Ара балы бір шырынды және көп шырынды болып бөлінеді. Бір шырынды бал – тек өсімдіктің бір түрінен ғана жиналған шырын. Оны өсімдіктің түріне (қарақұмық балы, жөке ағаштың балы, т.б.) қарай атайды. Көпшырынды бал – өсімдіктердің бірнеше түрінен жиналған шырын. Мұндай балды табиғи бал беретін өңірлерге байланысты (дала балы, тау балы, бақ балы, т.б.) әр түрлі атайды. Балдың химиялық құрамы шырын жинаған өсімдіктердің түріне, топырағына, ауа райының жағдайына және балдың түрлеріне байланысты болып келеді. Ара балының сапасын негізінен хош иісі, дәмі, түсі, тығыздығы, ылғалдылығы, қоректік және жабысқақтық қасиеттері арқылы ажыратылады. Бал –қуаты жоғары тамақтық азық. Оның 1 кг-ы 3250 кал. қуат береді. Бал адам организмін витаминдермен, белокпен, ферменттермен, т.б. тіршілікке қажетті заттармен байытады. Сондай-ақ балды асқазан, бауыр, бүйрек, жүрек, өкпе, жүйке ауруларын емдеуге және суық тигенде қолданады. Ара балын косметикада, дәрі жасау өндірісінде пайдаланады. Балды құрғақ, жақсы желдетілген бөлмеде 5ӘС-тан 10ӘС-қа дейінгі температурада сақтайды. Араб өркениеті. Араб өркениеті— ислам дінін ұстанып, араб тілін ғылыми және әдеби тілге айналдырған араб және басқа да халықтар өркениеті. Ғылымда «араб мәдениеті» деген атпен белгілі. Орта ғасырларда Таяу және Орта Шығыста, Солтүстік Африка мен Оңтүстік-Батыс Еуропада өркен жайған. Ғылымды дамытуға және оны басқа елдерге таратуға тікелей әсер еткен араб өркениеті Батыс, Оңтүстік және Солтүстік Арабияда туып, қалыптасты. Бұрын сабей тілінде сөйлейтін Оңтүстік Арабия халқының көне мәдениеті, өзіндік жазуы болған. Сирия, Ливан, Палестина, Ирак елдеріндегі арамей халықтарының мәдениеті сияқты сабей мәдениеті де араб өркениетінің дамуына негіз болды. 4 ғасыр шамасында пайда болған араб жазуы, арамей жазуының дамытылған түрі еді. Шапқыншылық соғыстар нәтижесінде ұлан байтақ империяға – халифатқа айналған Арабиядағы қатынас құралы осы жаңа жазуы бар араб тілі болды. Исламды енгізген Мұхаммед пайғамбардың уағызы бойынша барша қауым осы жаңа дінді мойындай отырып ілгері дамуға, жаңа аймақтарға осы бағыттың артықшылығын түсіндіруге, уағыздауға тиіс болды. Халифат құрамына Шығыс, Солтүстік Африка, Ирак, Ауғанстан, Пиреней түбегінің басым бөлігі, Кавказдың оңтүстігі мен Солтүстік-Батыс Үндістан кірді. Осы жерлердегі халықтардың мәдениетімен қоса көне грек, эллин, рим, үнді мәдениетінің жетістіктерін бойына сіңірген, анағұрлым озық мәдениет жасалды. Оған парсылар, сириялықтар, Орта Азия мен Кавказ халықтары зор үлес қосты. Осылайша қалыптасқан араб мәдениеті Батыс Еуропа халықтарына және дүниежүзілік мәдениетіне игі әсер етіп, оған орасан зор үлес қосты. Арабтардың астрономия саласындағы еңбектері Еуропа астрономиясының негізін қалады. Осы күнге дейін көптеген жүлдыздардың аттары, ғылыми, мәдени терминдер араб тіліндегі атауын сақтап қалған. Араб өркениетінің негізі де, қайнар бастауы да араб философиясы болды. 827 ж. араб ғалымдары меридиан шеңберін өлшеп, жердің көлемін анықтады. Негізін үндіден алып, санаудың ондық жүйесін, оның сәйкесті цифрлары мен нөлді пайдаланудың жолын тапты. Тригонометриялық функцияны (әл-Баттани, 858 – 929) енгізді. 1- және 2-дәрежелі алгебралық теңдеуді шығарудың бірнеше жолын тауып, бүкіл математиканың дамуына жол ашты. Медицина ғылымына, оның ішінде офтальмология саласына айрықша үлес қосты. Соның нәтижесінде геометриялық оптика үлкен жетістіктерге жетті. Медицинаның, онымен тікелей байланысты фармакологияға қажетті химияның дамуына жағдай жасады. Алхимия кең тарады. Қатты денені буға, буды қатты денеге айналдыру, кристалдандыру, сүзу тәсілдері де арабтардан бастау алады. Шығыста пайда болған компас, қағаз, оқ-дәрі, т.б. арабтар арқылы Еуропаға тарады. Осы сан салалы ғылым Орта Азияның ұлы ғалымдары Әбу Әли ибн Сина мен Әбу Райхан Бирунидің араб тіліндегі еңбектерінде одан әрі дамытылды және басқа елдерге танылды. Араб өркениетінің дәуірлеген шағы 8 – 11 ғасырлар болды. Оның көрнекті үлгілері сәулет және бейнелеу өнерінде көрінді. Мешіт, медресе, тұрғын үйлердің жаңа үлгілері жобалық шешімімен, айшықты өрнектерімен, эстетикалық әсемдігімен ерекшеленді. Ислам діні адамдар мен жануарларды бейнелеуге тыйым салды. Меккедегі Қағба ғибадатханасы, Иерусалимдегі 692 ж. салынған әл-Ақса мешіті (1969 ж. Израиль фанатиктері өртеп жіберген), Дамаскідегі Бани-Омейя мешіті (8 ғасыр), тұрмыс-салт тақырыбында әшекейленген Кусейр-Әмре қамалы мен Әмре мешіті (641 ж.). Араб өркениетінің сәулет өнеріндегі озық үлгілеріне жатады. Батыста (Алжир, Испания, Марокко, Тунис) Мавритания өнері аталған сәулет өнерінде тамаша үлгілер туғызды. Оның осы кезге дейін сақталған озық туындысы Гранададағы Альгамбра қамалы. Азиядан тыс жерде араб өрикениеті Египет пен Сирияда өте жоғары дамыды. Әсіресе, Египетте күні бүгінге дейін сақталған ибн Тулун (876 – 879 ж.), әл-Әзхар (970 – 972), әл-Хаким (990 – 1013 ж.) мешіттерінің жобалық үлгісі, әшекей-нақышы, құрылыс бөлшектерін өрнек түрінде пайдалану тапқырлығы қазірге дейін таңқалдырады. Каир қаласындағы осы үш мешітке жұма намазға жиналған бүкіл қала халқы сыйған. Ал 15 ғасырда әл-Әзхар мешітінде ашылған кітапханада араб Шығысының мәдениеті мен тарихына байланысты 60 мыңнан астам кітап пен 15 мыңдай қолжазба сақталған. Бұл кезеңде мешіттермен қатар керуен-сарайлар, моншалар мен тұрғын үйлер салынған. Орта ғасырдағы араб музыкасы Испанияның, Португалияның музыка өнеріне, кейбір Еуропа елдерінің музыка аспаптарының қалыптасуына әсер етті. Бұл кезде арабтардың музыка ғылымы да жақсы дамыды. 11 ғасырдың ақырына таман халифаттың ыдырауы, салжұқтардың жаугершілігі мен крест жорықтарына қарсы күрес, 13 ғасырдағы моңғол шапқыншылығы, 16 ғасырдың басындағы түрік жаугершілігі, 19 – 20 ғасырдағы Еуропа отаршылдығы араб өркениетінің дамуын күрт бөгеді. Бірақ кезінде қатты дамып, жан-жақты қалыптасқан араб өркениетінің Батыс пен Шығысқа еткен әсері өзіндік өшпес ізін қалдырды. Арба. Арба — ертеде әскери көлік ретінде қолданылған, кейін жол жүруге, жүк тасуға, сондай-ақ уақытша жылжымалы тұрғынжай ретінде пайдалануға арналған көне көлік түрі. Соғыс қимылдарына, әр түрлі рәсімдер атқаруға, спорт жарыстарына қолданылған әскери арбалар Вавилон өңіріндегі көне Киш қаласы орнынан (қазіргі Охеймир қалашығы, Ирак), шумерлердің қала-мемлекеті Үрімнен (Ур, қазіргі Тель-Мукайяр қалашығы, Ирак), Кавказдан, т.б. жерлерден табылды. Олар біздің заманымыздарн бұрынғы 3-мыңжылдықтың ақырында, тіпті одан да бұрын қолданылған. Әскери арбалар Шығыстағы ежелгі мемлекеттерде (Мысыр, Ассирия, Персия, Қытай, Үндістан, т.б.) ұрыс кезінде кеңінен пайдаланылды. Әскери арбаның бірнеше түрі болған. Жалғыз не екі ат жегілген қос доңғалақты арбада екі жауынгер – ат айдаушы және найза, қылыш, садақпен қаруланған сарбаз отырған. Төрт ат жегілетін төрт доңғалақты әскери арбалардың тертесіне найза, дөңгелек оқтықтарына шалғы бекітілген. Аттарға сауыт-жабу жабылған. Арбалы әскер алдыңғы шепте әрекет етті. Жаяу әскер олардың соңынан жүріп отырды. Көшпелі халықтар арбаны қорғаныс құралы ретінде де пайдаланды. Арбалы көш жау шабуылы кезінде дөңгелек шеңбер жасап, қорғаныс шебін құрған. Ат жалын тартып міне алатындар «қорған» сыртында тұрып айқасқа кіріседі. Бұл сонау сақ, ғұн дәуірлерінен бері келе жатқан үрдіс. Ертедегі сақ-скифтер жазда жайлауға, күзде күзеуге, қыста қыстауға арбамен көшіп-қонды. Жеңіл арбаларға (күймелердің әуелгі түрі) парлап ат жекті, ал жүк арбаларына мойынтұрықты қос өгіз жегілді. 568 ж. Батыс түрік қағанатының билеушісі Дизабул Истеми қағанның қабылдауында болған Византия елшісі Земарх, қағанның ою-өрнектермен безендіріліп, жібек маталармен әсемделген шатыр ішінде, доңғалақты биік тақта отырғанын жазады. Бұл қағанның көші-қонда, жорықта қолданатын тақ орнатылған күймелі арбасы болса керек. Күйме – арба үстіне ағаштан қиып жасаған, ішін киізбен қаптаған терезелі, доңғалақты әрі көлік, әрі үй. Оған екі не бірнеше ат жегеді. Арбаның ағаштан қиып жасаған әр түрлі күймесі болады. Күймені ішінен киізбен не басқа нәрсемен қаптап қояды. Күйменің ішінде ұйықтауға да, тамақ ішуге де, жазуға да болады. Орта Азия мен Таяу Шығыс елдерінде арық-атызды жерлермен жүк тасу үшін доңғалақтарының диаметрі 2 м-ге дейін жететін қос доңғалақты арбалар пайдаланылған. Оларды қазақтар «қоқан арба» деп атаған. Сол «қоқан арбалардың» бірі Қожа Ахмет Иасауи кесенесі жанындағы мұражай-үйде тұр. Жеңіл арбалар негізінен жол жүруге арналады. Арба түрлері шаруашылық, тұрмыс қажеттіліктеріне байланысты үнемі жетілдіріліп отырған. Қазіргі кезде де жер-жерде жеміс, көкөніс, сүт, жұмыртқа, т.б. азық-түлік өнімдерін тасу үшін пневматикалық шиналармен, шарикті подшипниктермен жабдықталған қос доңғалақты, төрт доңғалақты жүк арбалары қолданылады. Арийлер. Арийлер — ежелгі тайпа. Біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың басындағы Қазақстанды мекендеген тайпалар тарихы арий (ежелгі иран) және үнді Карий (ежелгі үнді) тайпаларымен байланысты айтылады. Олар үндіеуропа тілдері шоғыры мен мәдени қауымдастығына жатқызылып, қазақдаласындағы Андрон мәдениетінің өкілдері ретінде танылуда. Олардың жиынтық атауы – «арья». Біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың екінші ширегі аталмыш тайпалардың ұлы қоныс аудару дәуірі болды. Бұлар оңтүстік-шығысқа қарай бет алып, Солтүстік Үндістанға, Иран мен Месопатамия жеріне барып тоқтады. Үнді Карилер тілінің жұқаналары хеттердің (қазіргі Түркия жерінде) қыш тақталарындағы таңбаларда ізін қалдырған. Арийлер көшпелі тіршілік етіп, мал шаруашылығымен айналысқан, ұрыстарда әскери арбаларды пайдаланды. Арбаға жегу үшін жабайы жылқыларды ұстап, қолға үйреткен, металл өндіріп, әр түрлі тұрмыс құралдарын, қару-жарақтар соққан. Мұздай қаруланған далалық жасақтар табыс табу әрі даңқын асыру үшін көршілес елдерге жорықтар ұйымдастырды. Ұлы қоныс аудару кезеңінде арийлердің бәрі ауып кеткен жоқ. Қазақстан жерінде қалғандары біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықтың ортасында Ұлы Даладағы көшпелі – сақ, сармат, скифтерге араласып, сіңісіп кетті. Арийлер өзін қоршаған орта, әлемнің тылсым сырларын түсінуге ұмтылды: тылсым күштердің иесі құдай деп танып, әрбіріне ат таңды, құдаймен тілдесуге ұмтылып, табыну мінәжаттарын тудырды. Әлемдегі жалғыз Жаратушыға ғана табынуды қолдаған дін Ұлы Даладағы көшпелілер ортасында туып, өзге халықтар арасына тарап, насихатталды. Бұл діни ілімнің негізін салушы – Заратуштра пайғамбар, ал оның діни ілімі қазіргі ғылымда заратуштрашылдық (зороастризм) деп аталады. Арифметика. Арифметика — сандар (бүтін және бөлшек) және оларға қолданылатын амалдар туралы ғылым (грекше arіthmetіke, arіthmos – сан). Алғашқыда санау мен өлшеудің (мысалы, қашықтықты, уақытты, ауданды, т.б. өлшеу) қажеттілігінен туған. Ежелгі мәдениет белгісі болған Мысыр мен Вавилонда дербес ғылым болып қалыптасқан. Қазіргі араб цифрлары деп аталып жүрген цифрлар мен ондық санау жүйесі Үндістанда шыққан. Біздің заманымыздан бұрынғы 7 – 4 ғасырларда грек ғалымдары Пифагор, Евдокс (біздің заманымыздан бұрынғы 408 – 355), Евклид, Эратосфен (біздің заманымыздан бұрынғы 276 – 194), Архимед, т.б. арифметика мәселелерін терең зерттеген. 7 – 15 ғасырларда арифметика амалдарын жетілдіруде Шығыс ғалымдары да қомақты үлес қосты. Әл-Хорезмидің «Үнді есебі» атты еңбегі қазіргі бастауыш кластағы математикаға ұқсас. 15 – 17 ғасырларда Еуропа ғалымдары қазіргі қолданылып жүрген арифметикалық белгілеулер мен таңбаларды қалыптастырды, теориялық арифметиканы одан әрі дамытты. Ресейде Леонтий Магницкийдің «Арифметика» атты тұңғыш оқулығы 1703 ж. басылып шықты. 18 ғасырда Леонард Эйлердің және оның шәкірттерінің (Семен Котельников, Степан Румовский) еңбектерінде арифметика қазіргі түрге келді. 19 ғасырдан бастап арифметиканы аксиомалық түрде құру зерттелді (Готфрид Лейбниц, Герман Грассман). 1866 ж. Ресейде шыққан «Арифметика оқулығы» мен «Арифметика есептерінің жинағы» 1917 жылға дейін қолданылып келді. Ал Андрей Киселевтің 1884 ж. шыққан «Арифметикасы» кеңес мектептерінде пайдаланылды. Қазақ тіліндегі арифметика оқулықтары 20 ғасырдың 20-жылдарынан бастап шыға бастады. Бірыңғай бағдарлама мен тұрақты оқулықтарға көшуге байланысты, 1933 жылдан бастап, қазақ мектептерінде аударма оқулықтар қолданылатын болды. Тек 1996 жылдан бастап, Қазақстанда арифметикадан жаңа оқулықтар жасау ісі қолға алынды. Алгебра – математиканың алгебралық шешу жөніндегі есептерге байланысты дамыған негізгі бөлімдерінің бірі. Алгебра (арабша әл-джәбр) атау және жеке ғылым саласы ретінде Мұхаммед әл-Хорезмидің (9 ғасыр) 1-, 2-дәрежелі теңдеулерге келтірілетін есептердің жалпы шешімі көрсетілген «Әл-джәбр уә-л-муқабәлә» атты еңбегінен бастау алады. Ал Омар Һайям 3-дәрежелі теңдеулерді зерттеуді жүйелеп, өзінің «Алгебрасын» жазған. Орта ғасырлық Шығыс ғұламалары гректер мен үнділіктер математикасын түрлендіріп, қайта өңдеп Еуропаға табыс еткен. Амалдарды белгілейтін таңбалар енгізу нәтижесінде алгебра одан әрі дамыды. 17 ғасыр ортасында қазіргі алгебрада қолданылатын таңбалар, әріптер толық орнықты, ал 18 ғасырдың басында алгебра математиканың жеке бөлімі ретінде қалыптасты. 17 – 18 ғасырларда теңдеулердің жалпы теориясы (көпмүшелер алгебрасы) шапшаң қарқынмен дамыды. Оған сол кездегі аса ірі ғалымдар – француз ғалымы Рене Декарт, ағылшын ғалымы Исаак Ньютон, француз ғалымдары Жан Даламбер мен Жозеф Лагранж үлкен үлес қосты. Неміс математигі Карл Гаусс кез келген n дәрежелі алгебралық теңдеудің нақты не жорымал n түбірі болатындығын анықтаған. 19 ғасырдың басында норвег математигі Нильс Абель және француз математигі Эварист Галуа дәрежесі 4-тен жоғары болатын теңдеулердің шешімін алгебралық амалдар көмегімен теңдеудің коэффициенті арқылы өрнектеуге болмайтындығын дәлелдеген. Теңдеулердің радикалда шешілуінің шарттары туралы мәселенің түбегейлі шешімін Галуа берді. Норвег математигі Софус Ли зерттеулері үзіліссіз топтар теориясына жол ашты. Ағылшын ғалымы Уильям Гамильтон мен неміс математигі Герман.Грассман еңбектерінен гиперкомплекс жүйелер теориясы (алгебралар теориясы) бастау алды. 20 ғасырда алгебраның өрістер теориясы, сақиналар теориясы мен топтардың жалпы теориясы, топологиялық алгебра мен құрылымдар теориясы, 1940 – 50 жылдары жартытоптар мен квазитоптар теориясы, әмбебап алгебралар теориясы, категориялар теориясы сияқты жаңа бөлімдері пайда болды. Артиллерия. Артиллерия — жаудың атыс құралдарын, соғыс тех-сын, қорғаныс құрылыстарын, адам күшін, т.б. нысандарын жоюға, ұрыста барлық әскери бөлімдер мен құрамаларды қолдауға арналған әскер түрі. Ол француздың atіllіer, яғни дайындау, оқтау деген сөзінен шыққан. Барлау, байланыс, көлік құрал-жабдықтарымен, атысты басқару аспаптарымен жабдықталады. Осы заманғы артиллерия батальондық, полктік, дивизиялық, корпустық, армиялық түрлерге бөлінеді. Әскери артиллерия құрамына енбейтін артиллериялық құрамалар мен бөлімдер Жоғарғы Бас қолбасшылықтың резервінде болады. Қолданылу мақсатына қарай артиллерияның гаубицалық, зеңбіректік, реактивті, өздігінен жүретін зенитті және минометті түрлері болады. Оның арнаулы түрлеріне атомдық, танктік, таулық, казематтық артиллерия жатады. Әскери-теңіз артиллериясы корабльдік және жағалық артиллерия түріне бөлінеді. Ал қару түріне зеңбіректер, гаубицалар, мортирлер, өздігінен жүретін артиллерия және реактивті қондырғылар, минометтер; олардың оқ-дәрілері – патрон, снаряд, миналар; қозғалысқа келтіретін құралдары – өздігінен жүретін моторлы лафеттер, доңғалақты және жылан бауырлы тягачтар (сүйретпелер), темір жол платформа-лафеттері, атысты басқарудың түрлі аспаптары мен көздеуіш тетіктері, т.б. жатады. Археология. Археология — тарих ғылымының ежелгі дәуір мен орта ғасырдағы адамзат қоғамы дамуының заңдылықтары мен негізгі кезеңдерін зерттейтін саласы. Басты зерттеу нысаны алғашқы қауымнан, ерте заман мен орта ғасырлардан қалған материалдық ескерткіштер: еңбек құралдары, қару-жарақ түрлері, мекен-жай, қоныстардың, керуен сарайлар мен әскери бекіністердің жұрты, үй-іші заттары, зираттар, обалар, т.б. Бұл заттар ғылымда археологиялық ескерткіштер деп аталады. Олар топыраққа көміліп, жер астында қалып, қалалар мен бекіністердің қираған орындарында бірнеше қабаттардан тұратын төбелер пайда болады. Мұндай қатпарлар археологияда мәдени қабаттар деп аталады. Қазақстан жеріндегі ең үлкен қала болып есептелетін Отырардың мәдени қабатының биіктігі 18 м. Кейбір обалардың биіктігі 20 м-ге, аумағы 100 м2-ге дейін жетеді. Қазба жұмыстары кезінде табылған материалдық деректерге ғылыми түсініктеме беру үшін археологияда антропология, этнология, геология, ботаника, зоология, палеонтология, физика, химия, топырақтану ғылымдарының зерттеу әдістері кеңінен пайдаланылады. Археология (ол гректің archaіos – ескі, logos – ғылым деген сөздерінің қосылуынан шыққан) термині біздің заманымыздан бұрынғы 4 ғасырда көне заманды зерттейтін ғылым ретінде (Платон) қолданыла бастағанымен, ғылыми археологиялық зерттеулер Еуропада қайта өркендеу дәуірінде ғана жүргізілді. 15 – 16 ғасырларда Италияда ежелгі сәулет өнерінің мұраларын іздеуге, 18 – 19 ғасырларда Қосөзен бойында көне мәдени мұраларды зерттеуге бағытталған қазба жұмыстары жүзеге асырылды. 19 ғасырдың 1-жартысында Ресейде Қара теңіз жағалауындағы көне грек қалаларының қалдықтары мен скиф обаларын жүйелі түрде зерттеу басталды. Қазақстан мен Орта Азияда археологиялық зерттеулер 19 ғасырдың 70-жылдарында бастау алды және олар Василий Радлов, Николай Веселовский, Петр Лерх, Василий Бартольд есімдерімен байланысты. 1920 – 30 ж. Әлкей Марғұлан, Сергей Руденко, Александр Бернштам, т. б. басқарған экспедициялар Қазақстан жерінде күрделі археологиялық барлау, қазба жұмыстарын жүргізді. 1946 ж. Қазақстан Ғылым академиясының құрамында Тарих, археологиялық және этнографиялық институты, ал 1991 ж. археология бөлімі негізінде жеке Археология институты (1973 жылдан археология мұражайы жұмыс істеді) құрылды. Ол республикадағы археологиялық зерттеулердің орталығына айналды. Орталық Қазақстанда қола дәуіріне жататын Беғазы, Ұлытау, Беласар зираттары, Атасу, Бұғылы, т.б. қоныстар зерттелді. Жетісуда Бесшатыр, Кеген маңында табылған обалар сақ-скиф мәдениеті жөнінде көптеген мағлұматтар берді және олардың Алтай мен Днепр бойында кездескен скиф обаларымен «туыстас» екендігі дәлелденді. Оңтүстік Қазақстанда палеолит қоныстары тыңғылықты зерттеліп, оның Андронов мәдениетінің негізгі аймақтарының бірі болғандығына ғылыми тұжырым жасалды. Солтүстік Қазақстанның қола дәуірінің хронологиялық классификациясы жасалды. 1970 жылдан Қазақстан мен Орта Азияның мәдени орталықтарының бірі болған Отырар алқабының ескерткіштерін зерттеу қолға алынды. Шығыс Қазақстандағы Шелекті сақ обаларындағы, Жетісудағы Есік қорғанында, қала мәдениеті жөнінде мол мағлұмат берген Отырар мен Құйрықтөбеде жүргізілген қазба жұмыстары қазақ халқының көне және орта ғасыр кезіндегі тарихы, тайпалар мен ұлыстардың материалдық мәдениетінің сабақтастығы жөнінде дәйекті ғылыми тұжырымдар жасауға негіз қалады. Архитектура. Архитектура, сәулет өнері – құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері. Архитектура латынша archіtectura, ал грекше аrchіtekton, яғни құрылысшы деген мағынаны білдіреді. Архитектура туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік ортасын қалыптастырады. Олар: әр түрлі қажеттіліктерді атқаруға арналған және адамның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай болып салынған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер. Сәулет өнері – техниканың, ғылымның және өнердің тоғысқан жері. Адамзат баласы көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан. Адамдар неолит кезінде үйді ағаштан, қамыстан, талдан және балшықтан салды. Су айдынында, қағылған қазықтың үстіне тұрғызылған үйлер де болған. Біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың ортасында ірі тастардан қаланған монументті құрылыстар: кромлехтер, менгирлер мен дольмендер пайда болды. Менгирлер тігінен қойылған биік тастар тізбегінен тұрады. Дольмен – қатар қойылған екі тастың үсті үшінші таспен жабылып, біріне-бірі жалғасып келетін дәліз іспеттес. Ал шеңбер жасап, төбелері жабылған тас құрылыстарды кромлех дейді. Ніл, Евфрат, Тигр, Үнді, Ганга, Чанзен өзендерінің сағаларында көне заманда Мысыр, Месопотамия, Үндістан және Қытай сияқты ірі мемлекеттер пайда болып, ғаламат сәулет туындылары дүниеге келді. Мардук атты құдайға арналған Вавилон мұнарасы іргетасы 250 м биік тұғырға орнатылды. Анығында бұл жеті қабатты, ұшар басына қарай баспалдақтап жіңішкере беретін зиккурат еді. Месопотамияда ежелгі заманның өзінде-ақ біздің заманымыздан бұрынғы 5000 – 1800 ж. каналдар, су қоймалары, акведуктар, көпірлер мен бекіністер салынды. Тигр мен Евфратты қосқан ұзындығы 400 км каналды техникалық зор жетістік деп айтуға болды. Біздің заманымыздан бұрынғы 2700 – 2200 ж. салынған Мысыр пирамидалары мен ғибадатханалары зерттеушілер мен мамандарды әлі күнге дейін таңдандырып келеді. Месопотамияда ғимараттар балшықтан, күйдірілген кірпішпен салынып, сырты қапталып отырса, Мысырда олар сом тастан қаланды. Біздің заманымыздан бұрынғы 2200 – 1500 ж. Фивы қаласы астана болған тұста, жартасқа жартылай үңгіп салынған ғимараттар пайда болды. Жаңа патшалық (біздің заманымыздан бұрынғы 1500 – 1100) кезінде Карнак пен Луксордағы ғибадатхана кешендері салынды. Мысырдағы ең үлкен Карнак ғибадатханасы перғауын Сети І тұсында тұрғызылған. Сәулет өнерінің дамуына зор үлес қосқан, елдің бірі – Грекия. Көне грек архитектурасының ең күшті дамыған кезі – біздің заманымыздан бұрынғы 5 ғасырдағы Периклдың билік құрған тұсы. Алдымен, Афина қаласының ең биік жеріндегі жартасқа ауданы 300Ч130 м жерге Акрополь салынды. Ортасында сәулетшілер Иктин мен Калликрат Парфенон ғибадатханасын ұзындығы 70 м, ені 31 м (біздің заманымыздан бұрынғы 448 – 438) тұрғызды. Ғимарат шатырын биіктігі он метрге жуық, 136 (периметріне қойылған) бағана ұстап тұрды. Ішіне Фидий жасаған Афина мүсіні орнатылды. Грек сәулетшілерінің дүниежүзілік архитектураға қосқан бір жаңалығы – архитектуралық ордерлер жүйесі. Ордерлік жүйе бірнеше құрамдас бөліктен тұрады және олардың өзара орналасу тәртібі бар. Ең басты белгісі – бағана, олардың ұшар басы капитель деп аталады. Бағаналар – антаблементті (арқалықты) көтеріп тұрады. Ордерлік жүйенің үш негізгі түрі болған: дори, ионика және коринф ордерлері. Рим сәулет өнері дамудың үш кезеңінен өтті: патшалық дәуір (біздің заманымыздан бұрынғы 8 – 6 ғасырлар); республика кезеңі (біздің заманымыздан бұрынғы 5 – 1 ғасырлар) және императорлық дәуір (біздің заманымыздан бұрынғы1 ғасыр – біздің заманымыздың 5 ғасыры). Римнің дүрілдеп тұрған кезінде туған құрылыс – Пантеон, құдайлар құрметіне орнатылған ғимарат. Оны сәулетші Аполлодор Дамасский 118 – 125 ж. салған. Диаметрі 43 м. дөңгелек қабырға тұңғыш рет күмбезбен жабылды. Кірпіш аралас бетон қабырға алтын түсті сарғылт мәрмәрмен қапталды. Пантеонның диаметрі мен биіктігі бірдей – 43,5 м. Жарық жоғарыдан диаметрі 9 м тесіктен түсіп тұрады. Римнің таңқаларлық құрлыстарының бірі – 80 мың адам сиятын Колизей амфитеатры, онда ордерлер жүйесі қолданылды. Термы моншалар кешені салынды. Каракаллы моншасына үш мың адам бірден кіре алған. Римдіктер тамаша тас жолдар, су құбырларын, акведуктар және көпірлерді сала білді. Еуропа елдерінде бес түрлі архитектуралық стиль бірінен соң бірі орын алмастырды. Олар: роман стилі, готика, ренессанс, барокко, классицизм. Роман стилінің дамуына Франция көп ықпал етті. Мұның басты ерекшелігі – қабырғалары сом соғылған бітеу, салмақты болып келеді. Терезелері енсіз, тар, бекініске ұқсайды. Готика стилінің ерекшелігі – құрылыс композициясы жоғары созылып, салмақ көтеретін құрылыс қаңқасы күрделі болып келеді, терезелері сүйір етіп ойылады, күмбезі қиық болып келеді де қырлары бүріледі. Қиық күмбездің арқасында салмақ құрылыс қаңқасына түседі. Сырттағы тіреулер арқылы қабырғаға түсетін салмақ азаяды. Готиканың алғашқы туындысы Париждегі Нотр-Дам соборы (12 ғасырдың 2-жартысы – 13 ғасырдың басы). Бір келгенде 9 мың адам сияды. Әрбір тетігінде готикаға тән ерекшеліктер сақталған. Готиканың гүлденген шағы – 13 ғасыр. 100 жыл бойы салынған Реймс соборы (1212 – 1311) соның дәлелі. Собордың бір де бос жері жоқ, бәріне мүсіндер қойылған. Терезелердегі түрлі-түсті витраждар көздің жауын алады. Ренессанс стилі 15 ғасырда Италияда пайда болды, оны ежелгі дәуір өнерінің қайта жаңғыруы деп қарауға болады. Ренессанс, яғни Қайта өркендеу дәуірінде архитектураның алатын орны ерекше болды. Бұнда құрылыс тым биіктетілмей айнала кеңістікке бауыр жазды. Ренессанс архитектурасы ежелгі дәуір архитектурасынан ордерлік жүйені ғана алған. Еуропа елдерінде 17 ғасыр мен 18 ғасырдың 1-жартысына дейін дамыған барокко стилінің басты ерекшелігі сәулеттік туынды тіп-тік, тақтадай жазық болмайды, оның әр қыры мүсіндік, болмаса әшекейлі әлеміштермен өрнектеледі, сәулетші мүсінші сияқты кең тыныспен, қиялға еркін беріліп жұмыс істейді. Еуропа елдерінде 17 – 19 ғасырларда классицизм стилі дамыды. Бұл бағыт, ежелгі дәуір архитектурасы мен ренессанстық архитектураның композициялық әдістері мен түрлерін жетілдіруден туған. Шығыс архитектурасының тарихы біздің заманымыздан бұрынғы мыңыншы жылдардан басталады. Үндістанда мінажат үйлерінің сәулетті нұсқалары: ступалар, үңгір-ғибадатханалар және жер үсті ғимараттары салынды, зәулім сарай кешендері пайда болды. Үнді архитектурасы композициясының байлығымен, түрінің әсемдігімен және мүсіндік бейнелердің әсерлілігімен көз тартады. Олар: біздің заманымыздан бұрынғы 1000 ж. салынған Каджураходағы, 14 ғасырда салынған Танджордағы ғибадатханалар. Қытай архитектурасының басты ерекшелігі өз елінің сенім-нанымынан туып, тұрмыс-тіршілігіне және табиғатына сай келеді. Жалған монументалшылдық пен бос әлеміштер кездеспейді. Әр тетік лайықты орнында тұрады, бар нәрсенің қолданыс табуы ақылға сыйымды. Әлемге әйгілі Ұлы Қытай қорғаны біздің заманымыздан бұрынғы 3 ғасырда салынған, Цзяюйганьнан (Ганьсу провинциясы) Ляодун шығанағына дейін созылған. Ежелгі Жапония архитектурасының жетістіктері ғибадатхана кешендерімен байланысты. Атап айтқанда олар: Нарадағы (көне астана) Хорюдзи (7 ғасыр), Якусидзи (7 – 8 ғасырлар), Удзидегі Бедоин (11 ғасыр), Киото қаласының түбіндегі Дзиседзи (15 ғасыр) ғибадатханалары. Бұл көне құрылыстардың кейбір композициялық құрылымы 14 – 18 ғасырларда өз жалғасын тапты. 19 ғасырдың 2-жартысынан бастап, 20 ғасырдың басында әлемде өндірістің жаңа түрлерінің пайда болуына байланысты фабрикалар, зауыттар, электр стансалары, вокзалдар, аңғарлар, гараждар, элеваторлар салынды және банктер, биржалар, фирмалар жұмыс істей бастады. Қалаларда көп қабатты үйлер бой көтерді, театрлар, музейлер, ауруханалар, ғылым және оқу ғимараттары салынды. Құрылыс техникасының дамуына байланысты бұл кезеңде металл, әйнек, темір-бетон кеңінен пайдаланылды. Үлкен кеңістіктерді жаба алатын, зәулім үйлер тұрғызуға мүмкіндік беретін жаңа жүйелер мен тәсілдер туды (ірі блокты, ірі панельді қабырғалар, тақия-күмбездер, ванттық құрастырмалар, т.б.). Инженер Александр Эйфель металдан 1889 ж. биіктігі 312 м Эйфель мұнарасын орнатты. Америкада көп қабатты зәулім үйлер пайда болды. Алғашқы биік үй 1880 ж. салынды. 55 қабат «Булворт-билдинг» 1913 ж., 77 қабат «Крайслер – Билдинг» 1932 ж. салынып бітті. 30-жылдардағы ең биік (380 м) 102 қабат «Эмпайр стейт билдинг» ұзақ уақыт биіктігі жағынан 1-орында тұрды. 1971 – 73 ж. Нью-Йоркте архитектор Минору Ямасакидің жобасы бойынша Халықаралық сауда орталығының призма тектес екі үйі іске қосылды (биіктігі 412 м, 110 қабат). Қазіргі әлемдегі ең биік ғимарат – «Сирс-Орбак» Чикагода, биіктігі 442 м, 109 қабат. Дүние жүзі архитектурасының дамуында көптеген бағыт болды: конструктивизм, функционализм, метаболизм, модерн, халықаралық стиль, органикалық архитектура, рационализм. 20 ғасыр архитектурасының дамуына зор үлес қосқан Огюст Перре бірінші болып қаңқалық құрылымдарды, темір-бетонды қолданды, құрылысқа стандарттауды және өнеркәсіптік әдістерді кіргізді. Италия инженері әрі архитектор Пьер Нерви армоцементті ойлап тауып, темір-бетонды тиімді және көркемдік тапқырлықпен пайдаланды. Ол Римде Спорт сарайын, Флоренцияда еңселі биік стадионды салды. Функционализмнің негізін қалаушылар Вальтер Гропиус пен Мис ван дер Роэ «Баухауз» көркем құрылыс мектебін басқарды, архитектуралық формалардың қалыптасу заңдылығын зерттеді. Америка архитекторы Франк Райт органикалық архитектураның (Пенсильваниядағы «Су үстіндегі үй», Нью-Йорктегі «Гуггенхейм» музейі) негізін қалады. Француз Ле Корбюзьенің архитектура тарихында алатын орны өте зор (Роншандағы капелла, Марселдегі тұрғын-үй, Чандигархтың жобасы, ондағы тұрғын және қоғамдық үйлер). Жапон сәулетшісі Кэндзо Тангэ жас кезінде Ле Корбюзьенің әсерінде болған, кейін өз жолын, шеберлік арнасын тапты. Оның Олимпиялық спорт кешені «Йойоги» 22 мың адам сиятын стадионнан, төрт мың адамдық жабық спорт залынан тұрады. Бұл спорт кешені мүсіндік сұлулығымен, батыл инженер-конструкторлық шешімімен, көлемінің динамикасымен ерекше көзге түседі. Тарихшыларымыздың айтуынша қазіргі уақытта Қазақстан жерінде 600-ден астам неолит және энеолит дәуірінің ескерткіштері мәлім. Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай – бұлақ, өзен, көл, үңгір тұрағы деп төрт түрге бөлінеді. Орталық Қазақстанда да кромлехтер, менгирлер, дольмендер болған. Бұлардың қойылу ретінде де Мысырдағы, Орталық Америкадағы құрылыстар сияқты астрономиялық заңдылықтар ескерілгендігі, сол кездегі діни-нанымдарға орай салынғандығы байқалады. Қазақстан жерінде біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықта тиграхауда сақтары тайпаларының үлкен тобы қоныстанған. Олар Қазақстан жерінің оңтүстік-шығысы мен оңтүстігін толық игерген. Сырдария, Іле, Талас, Лепсі, Есік, Шелек, Шарын, Кеген өзендері аңғарларында көптеген үлкенді-кішілі обалар шоғырланған. Биіктігі 20 м-ге дейін жететін «патша» обалары Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда өте көп. Біздің заманымыздан бұрынғы 5 ғасырға жататын Бесшатыр қорымынан («сақ пирамидаларынан») бөренелерден тұрғызылылып, жақсы сақталған ірі құрылыстар табылды. Бұлар Орта Азия мен Қазақстанда ағаштан салынған сәулет өнерінің ең ежелгі бірегей ескерткіштері болып табылады. Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң жағасында. Ол 31 обадан тұрады, олардың 21-і таспен, ал 10-ы қиыршық таспен және топырақпен жабылған. Үлкен обалардың диаметрі 45 м-ден 105 м-ге, биіктігі 6 м-ден 18 м-ге дейін жетеді. «Алтын адам» табылған Есік обасы үлкен қорымның оңтүстік шетінде орналасқан. Біздің заманымыздың 6 – 7 ғасырларында керуен жолының үстінде, Қазақстан жерінде Тараз, Құлан, Сайрам (Исфиджаб) Отырар, Сығанақ, Құмкент, Созақ, Алмалық сияқты ірі қалалар, Ақыртас, Баба Ата, Ақсүмбе сияқты қорған-бекіністер болған. Оңтүстік қалалары бекініс, шаһристан, рабаттан тұрған, су құбырлары болған. Торғай, Жыланшық, Кеңгір, Жезді, Сарысу өзендері бойынан 10 – 11 ғасырларда өмір сүрген алпысқа жуық қалашық орындары анықталды. Бабаджа хатун күмбезі, Айша Бибі мазары, Жұбан ана күмбезі, сәулет өнерінің күрт дамығанын көрсетеді. Қарахан әулеті тұсында Алаша хан күмбезі, Жошы хан күмбезі, Аяққамыр күмбезі, Қожа Ахмет Иасауи кесенесі 10 – 14 ғасырлардағы Қазақстандағы сәулет өнерінің жоғары деңгейін танытады. Арыстан баб. Арыстан баб — әулие. Діни аңыздар бойынша Қожа Ахмет Иасауиге алғашқы ұстаз (пір) болған. Арыстан баб есімі Отырар, Сайрам, Иасы өңіріндегі сопылардың рухани ұстазы ретінде кеңінен жайылған. Оның ұрпақтары да кейін Иасауи құрған сопылық ұйымдар жетекшілері болды. Арыстан бабтың әулиелігін халық мойындаған. Сондықтан зиярат етушілер бейсенбі сайын әулие басына түнеп, ғибадат етеді. Ел арасында «Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле» деген ұлағатты сөз бар. Ғылыми әдебиетте Арыстан баб жайлы мағлұматтар көп кездеспейді. Дегенмен Арыстан баб есімі Қожа Ахметтің «Диуани Хикметінде» жиі аталады. Өлең жолдарынан Арыстан бабтың ұстаздық қызметі айқын байқалады. «Диуани Хикмет» бізге Арыстан бабтың тәлім-тәрбиесінің мазмұны сопылық, ал ол адамның рухани жағынан жетілу жолы екенін уағыздайды. Арыстан бабтың қабірі ежелгі Отырар қаласы маңында. Арыстан баб кесенесі — көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші. Түркістан халқының арасында мұсылман дінін таратушы Қожа Ахмет Иасауидің ұстазы болған Арыстан баб ата қабірінің басына салынған. Кесене дәлізхана, мешіт, құжырахана, азан шақыратын мұнара сияқты жеке бөлмелерден құралған. Кешеннің ең көне бөлігі қабірхана болуы тиіс. Қазір де оның едені басқа бөлмелермен салыстырғанда едәуір биік. Қабір үстіне алғашқы белгі 12 ғасыр шамасында салынған. Мазар 14 ғасырда қайта жөнделген. Кесене мемлекет қорғауына алынған. Асбест. Асбест — силикаттар класының серпентиндер мен амфиболдар топтарындағы аса жіңішке талшықты минерал. Асбест грекше asbestos – сөнбес, бұзылмас дегенді білдіреді. Химиялық құрамы жөнінен магний мен темірдің, ішінара натрийдің сулы силикаты болып табылады. Серпентин тобындағы хризотил абсеттің химиялық формуласы: Mg6[Sі4O10] [OH]8. Ол монклиндік сингонияда кристалданады, кесектерінің түсі жасыл, сұрғылт сары келеді, ажыратылған талшықтары – ақшыл, боз, жібектей жылтыр. Қаттылығы 2 – 2,5, тығыздығы 2,4 – 2,6 г/см3, талшықтары иілгіш, майысқыш, балқу температурасы 1500ӘС-қа жуық, жылу мен электр тогын нашар өткізеді. Талшықтарының ұзындығы 50 мм-ге, кейде 250 мм-ге жетеді. 14 минералды қамтитын амфибол асбесттің қышқылға төзімділігі мен жылуға беріктігі аса жоғары. Олардың ішіндегі ең маңыздылары әрі көбірек пайдаланылатындары – крокидолит, антофиллит, амозит, родусит. Хризотил-асбест гидротермалдық ерітінділердің әсерінен серпентинденген, магнитке бай ультранегізді жыныстарда, доломиттенген әктастарда, ал амфиболасбест шөгінді және метаморфтанған магмалық жыныстарда кездеседі. Хризотил-асбесттен отқа, ыстыққа төзімді тоқыма бұйымдары, құрылыс материалдары, қағаз, резина, пластмасса, электр техникасы, асбестцемент бұйымдарына толтырма дайындайды. Амфибол асбестті жылу мен отқа, жебір ортаға (қышқыл, сілті, теңіз суы) төзімді бұйымдар жасауға қолданады. Қазақстандағы Жітіқара хризотил-асбест, Бөгетсай антофиллит-асбест, Қумола родусит-асбест кендерінің өндірістік маңызы зор. Ассирия. Ассирия — "біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың бас кезінде Тигр өзенінің орта ағысы тұсында (қазіргі Ирак аумағы) құрылған ірі мемлекет." Ассирияның болашақ астанасы Ашшур қаласы маңызды сауда жолдарының бойында орналасты. Біздің заманымыздан бұрынғы 16 ғасырда осы қала басшылары көрші территорияларды жаулап алып, Ассирия мемлекетінің негізін қалады. Көп ұзамай Вавилон ықпалына түскенімен, ол әлсірей бастаған уақытта қайтадан тәуелсіздікке қолы жетті. Біздің заманымыздан бұрынғы 14 ғасырда Митанияны жаулап алып, қуатты мемлекетке айналды. Хет патшалығы құлағаннан кейін Ассирия билеушісі Тиглатпаласар І (біздің заманымыздан бұрынғы 1115 – 1077) бірнеше сәтті жорықтар нәтижесінде мемлекет шекарасын Вавилоннан Мысырға дейін кеңітті. Бірақ Арабиядан келген арамейлердің шапқыншылығына ұшырағандықтан бір жарым ғасыр бойы құлдырау кезеңін бастан кешірді. Тек біздің заманымыздан бұрынғы 10 – 9 ғасырларда ғана мемлекеттің жағдайы тұрақтанып, күш-қуаты арта түсті. Тиглатпасар ІІІ билігі кезінде Вавилон жаулап алынып (біздің заманымыздан бұрынғы 729 ж), империя шекарасы Жерорта теңізінің жағалауына дейін жетті. Ассирия Саргон ІІ билігі кезінде Урарту мен Израильді, оның немересі Асархаддон патшалық құрған уақытында Мысырды талқандады. Ашшурбанипалдың кезінде (біздің заманымыздан бұрынғы 7 ғасырдың ортасы) Ассирия өзінің күш-қуатының шырқау шегіне жетті. Оның шекарасы Мысырдан Мидияға, Жерорта теңізінен Парсы шығанағына дейін созылып жатты. Мемлекет астанасы Ниневия өзінің сән-салтанатымен, архитектурасымен әйгілі болды. Қала кітапханасында түрлі мәтіндер жазылған 20 мыңнан астам бедерлі тақталар сақталды. Бұл бедерлерде, көбінесе, жорықтар, жеңілген елдердің қалаларын ойрандау, т.б. бейнеленген. Тұтас жартастардан патшаларды дәріптейтін мүсіндер тұрғызылды. Орта Азиямен, Арабиямен сауда қатынастары дамыды. Жол құрылысы кеңінен өрістеді. Ассирия әдебиетінің төл жанры – патша анналдары (жылнамалары). Соның бір құнды үлгісі – Саргон ІІ-нің біздің заманымыздан бұрынғы 714 ж. Урартуға жорығы туралы арамей тілінде жазылған «Ахикар туралы жыр». Бірақ Ашшурбанипалдан кейін басталған елдегі дағдарыс, оны пайдаланған Мидия мен Вавилонның біріккен күштерінің соққысы нәтижесінде біздің заманымыздан бұрынғы 607 – 605 ж. Ассирия құлады. Ежелгі заманда Алдыңғы Азияны, Месопотамия мен Иранды мекендеген және сына жазуларды қолданған халықтардың (шумерлердің, вавилондықтардың, ассириялықтардың, т.б.) тілін, тарихын, мәдениетін зерттейтін ғылым саласы – ассиорология (ассириятану) қалыптасты. Ол, әсіресе, Англия, Франция, Ирак пен Ресейде жақсы дамыған. Астрахан хандығы. Астрахан хандығы — "Алтын Орда ыдырағаннан кейін құрылған дербес мемлекеттердің (1465 – 1556) бірі." Тақ үшін күресте туысы Ахмет ханнан жеңілген Үлкен Орда ханы Махмуд (1459 – 65) ата-бабасының иелігі Қажы Тарханға (Астрахан) қашып келіп, дербес хандық құрды. Оның аумағына Каспийдің солтүстік-батыс жағалауы, төменгі Еділ бойы, Солтүстік Кавказ енді. Халқы 100 мың адам шамасында болды, түркі тілдес тайпалардан тұрды. Көшпелі мал шаруашылығымен, аң, балық аулау, тұз өндіру, қолөнер, Бұзан бойындағылар аздап егіншілікпен айналысты. Батыс пен шығысты жалғастырған Астрахан хандығы Русьпен, Қазанмен, Қырыммен, Хорезммен, Армениямен, Иранмен, Әзербайжанмен, Сібірмен, Ноғай Ордасымен, Қазақ хандығымен, Түркиямен саяси және сауда байланыстарын орнатты. Билеушілер Жошының кіші ұлы Тоқа-Темір ұрпақтары болды. Астрахандық ханзадалар Қазан мен Русьте маңызды қызметтерге ие болып, олардың тарихына елеулі ықпал етті. Бай сауда орталығы болғандықтан Қажы Тархан көршілерінің шапқыншылығына жиі ұшырап отырды. 1492 ж. қаланы Сібір билеушісі Айбек хан басып алды. Үлкен Орда, Ноғай Ордасы мен Қырым хандығы да Астрахан хандығының ішкі істеріне араласып отырды. 16 ғасырдың ортасында Астрахан хандығын Ресей жаулап алды. Астық. Астық — 1) астық және бұршақ тұқымдас дақылдар дәні; 2) Астық өндірісінің өнімі: ұн, жарма, крахмал-сірне, сыра қайнатылатын шикізат; 3) мал-азықтық құрама жем. Асық ойыны. Асық ойыны — "қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойыны". Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды. Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арнап арнайы қорғасын құйылып жасалғаны – сақа, жақсылары – оңқай аталады. Асық ойынының мынадай түрлері бар: құмар,тәйке,омпы, алшы, хан (хан ату), қақпақыл, т.б. Мысалы, құмар ойынға 2 – 4 адам қатысады. Олардың жақсы жонылып, табаны қайралған төрт асығы болуы керек. Ойыншылар өзара келісіп жеңімпазға жүлде тағайындап алады да кезек-кезек төрт асықты иіреді. Егер иіруші: төрт бүк, не төрт шік, не төрт алшы, не төрт тәйке түсірсе, жүлденің жартысын алады, төрт асық төрт түрлі түссе, онда тігілген жүлдені түгелдей алады. Осылайша ойын жалғаса береді. Асықты мұртынан не жамбасынан тұрғызуды омпы дейді. Омпы ойыны тегіс алаңда, жазық жерде, тіпті үлкен бөлме ішінде де ойнала береді. Ойыншы саны неғұрлым көп болса, ойын соғұрлым қызықты өтеді. Мақсат – көп асық ұтып алу. Ойнаушылар арасы 20 қадам екі көмбе сызады да көмбенің тең ортасына сызық бойына әрқайсысы екі асықтан тігеді. Тігілген асықтардың тап ортасына бір асықты омпысынан тұрғызады. Балалар кезек-кезек сақаларымен он қадам жердегі омпыны атып түсіріп, асық ұтып алуға кіріседі. Егер атушы омпыға бірден тигізсе, онда тігілген бар асықты сол алады, ал омпыға тигізе алмай, тұрған асықтардың біреуіне тигізсе, сол асықты ғана алады. Асық жаңартыла тігіліп, ойын жалғаса береді. Асық ойынының халық арасына кең тараған, басқа да түрлері бар. Асыл металдар. Асыл тастар — минералдар мен тау жыныстарының көркем бұйымдар және зергерлік әшекей заттар жасауға пайдаланылатын ерекше тобы. Оларға өрнекті, түс бояулары қанық, мөлдір әрі жарық сәулесін сындырып, шашырата алатындай оптикалық қасиеті бар көптеген минералдар мен тау жыныстары жатады. Мұндай тастардан жасалынған бұйымдар атадан балаға мұра болып қалып отырады, сондықтан олар механикалық және химиялық әсерлерге төзімді болуы керек. Асыл тастарды Қазақстан жерінде адамдар бағзы заманнан танып, қолдана білгені археологиялық мәліметтерден белгілі болып отыр. Мысалы, Солтүстік және Батыс Қазақстанда біздің заманымыздан бұрынғы 3-мыңжылдықта тастан жасалған тас білезіктер мен әр түрлі әсем бұйымдардың бөліктері табылған. Бесшатыр зираты және Есік қорғанынан табылған моншақтар қызғылт-сары ақықтан жасалған. Батыс Қазақстан облысында табылған сармат мәдениетіне тән моншақтар тау хрусталі мен кәрібтастан тұрады. Түрлі-түсті нефрит, ақық және т.б. тастардан істелінген зергерлік бұйымдардың бөліктері Отырар мұражайына қойылған. Асыл тастар ретінде құрамы мен тегі әр түрлі 100-ге жуық минералдар мен тау жыныстары пайдаланылады. Бұл тізім әшекейлік жаңа тастармен үнемі толықтырылуда. Асыл тастардың құндылығына көптеген жағдай әсер етеді. Біріншіден, олардың таралу дәрежесіне байланысты. Мысалы, өте әдемі деген тастың өзі табиғатта кең таралған жағдайда құнсызданады. Бір кездердегі иризаттық қасиеті бар асыл тас – лабрадор Канада мен Украинада үлкен кендерінің ашылуына орай, қаптама тастар қатарына түсті. Екіншіден, әсемдік әлеміндегі өзгеріске байланысты бұйымдардың түр-түсінің өзгеріп отыруы әр түрлі сұраныс тудырады. Мұнымен қатар, кейбір тастарға қатысты ұлттық және діни ғұрыптар сақталады. Үшіншіден, асыл тастардың кен орындары әлемдегі санаулы елдердің еншісіне тиіп отыр. Асыл тастардың құндылығына байланысты зергерлік, зергерлік-әшекейлік және әшекейлік болып, 3 топқа бөлінеді. Өз кезегінде зергерлік және зергерлік-әшекейлік тастар бірнеше қатарға жіктеледі. Зергерлік тастар: І қатар – қызыл лағыл (рубин), зүмірет (изумруд), алмас, көк жақұт (көк сапфир); ІІ қатар – александрит, қызғылт-сары және күлгін жақұт (сапфир), асыл қара опал, асыл жадеит; ІІІ қатар – демонтоид, шпинель, ақ және оттай қызыл опал, көгілдір зүмірет (аквамарин), топаз, родолит, турмалин; ІV қатар – хризолит, циркон, кунцит, ай тас (адуляр), күн тас (ферриортоклаз), сары, жасыл және қызғылт берилл, пироп, альмандин, бирюза, аметист, хризопраз, цитрин. Зергерлік-әшекейлік тастар: І қатар – лазурит, жадеит, нефрит, малахит, янтарь, түтін түстес және түссіз тау хрусталі; ІІ қатар – агат, амазонит, күрең қызыл гематит, родонит, құбылма дала шпаты, обсидиан, эпидот. Әшекейлік тастарға яшма, мәрмәрлі оникс, обсидиан, гагат, тасқа айналған ағаш, лиственит, өрнекті кремень, пегматит, авантюринді кварцит, флюорит, селенит, агальматолит, түсті мәрмәр, т.б. жатады. Тастың мөлдірлігі (тазалығы) мен ақаусыздығының да үлкен мәні бар. Бұл қасиеттері бойынша І қатардағы тас ІІ қатарға немесе одан да төмен түсуі мүмкін. Ал зергерлік бұйымдарда асыл тастың өңделу дәрежесінің күрделілігі мен сапасы есепке алынады. Асыл тастар кендерінің әлемдегі таралуы біркелкі емес. Мысалы, алмас негізінен Оңтүстік Африкада өндіріледі, онда тағы зүмірет, көгілдір зүмірет (аквамарин), аметист, малахит кездеседі. Азияда қызыл және көк лағылдың, жадеиттің, бирюзаның, ақықтың әлемдік қорлары бар. Австралия асыл опат, родонит, хризопраз және көк лағылымен әйгілі. Солтүстік Америкада бирюза, нефрит, турмалин кендері тараған. Оңтүстік Америка зүмірет, топаз, ақық және аметист кендеріне бай. Геологиялық құрылымының күрделілігіне байланысты Қазақстанда асыл тастардың көпшілігі кездеседі. Олардың ішіндегі ерекшелері: Делбегетейдің зүміреті (Шығыс Қазақстан), Сарыкөлболдының хризопразы (Орталық Қазақстан), Итмұрындының жадеиті (Орталық Қазақстан), көптеген кен орындарын түзейтін түрлі-түсті ақық, тау хрусталі, малахит, бирюза, т.б., сондай-ақ әшекейлік тастардың түр-түрлері Қазақстанның барлық аймақтарында кеңінен таралған. Олардың ішінде түрлі өрнекті әрі түсті яшма, тасқа айналған ағаштар, родусит, флюорит, лиственит, т.б. бар. Қазіргі кезде жоғарғы температура мен қысымда жасанды жолмен алмас, лағыл, сапфир, шпинель, көк шпинель, мөлдір александрит, зүмірет, т.б. алынады. Атасу. Атасу – Сарысу өзенінің сол жақ саласы. Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданы аумағымен ағады. Ұзындығы 177 км, су жиналатын алабы 5920 км2. Қызылту, Ұзынжал (Өзенжал) тауларындағы бұлақтардан бастау алып, Сарысуға құяды. Негізгі салалары: Былқылдақ, Қарақоға, Қарқымбай, Исабек Қарасуы, Боранбай. Қар суымен толысады. Жазда ағыны тоқтап, жекелеген қарасуларға бөлініп қалады. Орташа жылдық су ағыны мөлшері 0,66 м3/с Қаражал қаласының тұсында Атасуға Қылыш бөгені салынған. Атасу қонысы – қола дәуірінен сақталған біздің заманымыздан бұрын 14 –12 ғасырлардағы ірі елді мекен орны. Қарағанды облысы Шет ауданы Қызылтау ауылының оңтүстік-шығысында 35 км жерде, Атасу өзеніне құятын Мыңбай сайының бойында орналасқан. Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы 1952 ж. (жетекшісі Әлкей Марғұлан), 1975 – 82 ж. (жетекшілері Мир Қадырбаев, Жолдасбек Құрманқұлов) зерттеген. Атасу қонысында 27 үй мен қораның орны бар. Ол жерден 3 төртбұрышты, дөңгелек пішінді 12 ғимарат және мыс балқытуға арналған 7 шеберхана орны табылды. Үлкен үйлер екіге бөлінген. Бір жағы – тұрғын үй, екінші бөлігі – шеберхана. Атасу қонысы орталығында ғибадатхана болған. Үйлер арасынан ішін таспен шегендеген құдықтар, көзе ыдыстар күйдіретін пештер ашылды. Атасу қонысы тұрғындары негізінен мыс балқытып, қоладан бұйым құю, мал бағу, егін егу, аң аулаумен айналысқан. Қола дәуірінің соңғы кезеңінде өмір сүрген тұрғындарының үйлері шошала сияқты дөңгелек, құрастыруға оңай болған. Олар да қолдан сайман жасаған, негізінен мал шаруашылығымен айналысқан. Атасу қонысынан кен үгіп, мыс балқытып, құюға арналған құрал-саймандар мен қалыптар, топырақ қопсытатын тас кетпен, түрен, тастан, қоладан, сүйектен жасаған жебе ұштары, өрнек салынған саз ыдыстар, мал сүйектері, саз ыдыстар бетін тегістейтін, өрнек салатын құралдар, қола пышақтар, орақ, сүңгі, т.б. көптеген бұйымдар табылды. Атасу тас қорғаны – 18 ғасырда салынған бекініс орны. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Айшырақ елді мекенінен солтүстік шығысқа қарай 10 км жерде, Атасу өзеніне құятын Талас өзенінің оң жағасында орналасқан. 1997 ж. Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі Жолдасбек Құрманқұлов) зерттеген. Бекініс доғаша иілген, ортасы тегіс, табиғи төбе үстіне салынған. Пішіні төртбұрышты. Қамал қабырғалары тастан қаланған. Оның бұрыштарында 2 – 4 мұнара орындары сақталған. Қазіргі кездегі қабырғалардың биіктігі 0,3 – 1 м, қалыңдығы 4 – 6 м. Әр қабырғасының ұзындығы 400 – 600 м. Қамалдың оңтүстік жағы тегіс, биіктігі 2 м-ден асады, топырақ дуалмен қоршалған. Дуалға топырақты сыртқы іргесінен алып, терең әрі кең ор жасаған. Қақпасы оңтүстік-батыс жағында. Оған қатарластыра қорған ішінде ортасынан қақпа қалдырып, екінші дуал үйген. Дуалдар арасында, қорған ішінде үй орындары жоқ. Соған қарағанда мұнда киіз үйлер мен шатырлар тігілген. Халық арасында оны Кенесары қорғаны деп те атайды. Осы жерден 55 км қашықтықта орыстар салған Ақтау бекінісі орналасқан. Атасу кенті. Атасу – кент, Қарағанды облысындағы Жаңаарқа ауданының орталығы, темір жол стансасы. Облыс орталығы – Қарағанды қаласының оңтүстік-батысында 200 км жерде, Сарысу өзенінің салалары – Жақсы Сарысу мен Жаман Сарысу өзендерінің қосылған жерінде орналасқан. 1929 жылдан аудан орталығы, 1941 жылдан кент. Тұрғыны 14,9 мың (1997), 14,0 мың (2005) адам. Атасуда локомотив депосы, астық қабылдау пункті, сүт зауыты, агроөнеркәсіптік бірлестік, тұрмыстық комбинат, баспахана, 7 жалпы білім беретін және спорт мектептері, кәсіптік-техникалық училище, мәдениет үйі, 4 клуб, стадион, емхана, аурухана, санэпидстанса бар. Атасу арқылы Жезқазған – Жарық – Қарағанды темір жолы, Қарағанды – Жезқазған, Жезқазған – Балқаш автомобиль жолдары өтеді. Атбасар өңірі. Атбасар өңірі – Сарыарқаның қуаң дала белдеміндегі көтеріңкі келген жазық. Оның солтүстігінде Көкшетау қыраты, оңтүстігінде Теңіз-Қорғалжын артезиан алабы, батысында Терісаққан өзені және шығысында Нұра өзені жатыр. Абсолюттік биіктігі 450 м. Палеозойдың эффузиялық шөгінді жыныстарының жер бетіне жақын жатуына байланысты онда жер асты суы мол. Жазықта оңтүстік қуаң дала белдеміне тән қара және кәдімгі қара топырақ қалыптасқан. Қара топырақты жерлері толығымен игерілген. Табиғи өсімдік жамылғысы негізінен бетеге, боз, бөдене шөп, қызыл бояу, қырғыз бетегесі, көде, еркек шөп, т.б. өсімдіктерден тұрады. Атбасар мәдениеті – төменгі палеолит дәуірінен сақталған ескерткіштердің жиынтық атауы. Осы мәдениетке жататын тұрақтар мол шоғырланған Атбасар ауылының (Ақмола облысы) атымен аталған. Біздің заманымыздан бұрынғы 7-мыңжылдықтың аяғы мен 6-мыңжылдықтың басында Арал өңірінде өркендеген Келтеминар мәдениеті мен Ойық мәдениеті негізінде қалыптасқан. Атбасар мәдениетіне жататын 20-ға жуық тұрақ зерттеліп, қазылған. Көптеген тұрақтар Солтүстік Қазақстанның Есіл мен Шағалы өзенінің ескі арналары жағалауларында орналасқан. Табылған еңбек құралдарының арасында жебенің ұштары көп. Бұл мәдениет тұсында үлкен қырғыштар мен пышақтар, шомбал балталар пайда болған. Ыдыстардың сырты өрнектермен безендірілген. Қыш ыдыстардың сынықтары тым аз табылды. Остеологиялық қалдықтар (адам сүйектері) да көп емес. Тек соңғы және ортаңғы неолит тұрақтарында жылқының, ірі қараның сүйектері кездеседі. Табылған заттардың жиынтығы Солтүстік Қазақстанда біздің заманымыздан бұрынғы 3-мыңжылдықтың басында өндіруші шаруашылықтың қалыптаса бастағанын көрсетеді. Атбасар сыртқы округі – Ресей үкіметінің «Сібір қазақтары туралы Ережесі» (22.7.1822) негізінде қазақ даласында құрылған (1859) әкімшілік-территориялық бөлік. Батыс Сібір губернаторлығы территориясында ашылған ең соңғы (8) округ. Қазақ даласын отарлауды одан әрі тереңдете түсу үшін Аманқарағай округінің дуаны Құсмұрын көлінің жағасына көшіріліп, ол Құсмұрын округі деп аталған болатын. Құсмұрын дуаны Омбыдан 900, өзінің шеткі болыстары мен басқа округ дуандарынан 600 – 800 км қашықтықта жатты. Мұндай жағдайда даланы басқару қолайсыз болғандықтан он жылдан астам уақыттан кейін Омбы облыстық басқармасы округ дуанын Атбасарға көшіруге шешім қабылдады. Атбасар сыртқы округі 1859 жылы ашылды. Құрамына Қызылтас, Қоқан, Жырық, Бекназар, Қарабала, т.б. болыстар енді. Ресей императоры қол қойған «Далалық облыстарды басқару туралы Ереже» (21.10.1868) бойынша округтер таратылғанда бұл болыстар жаңадан құрылған Ақмола облысының құрамына қосылды. Атбасар жәрмеңкесі – 19 ғасырдың ақыры мен 20 ғасырдың басында Атбасар қаласының маңында жыл сайын өткізілген дәстүрлі жазғы жәрмеңке. Ежелгі керуен жолында орналасқан, қазақтар мен Ташкент, Бұхара көпестерінің сауда орталығына айналған бұл жәрмеңкеде фабрика-зауыт өнімдері мал шаруашылығы өнімдеріне айырбасталған. Атжалман. Атжалман — кеміргіштер отрядының аламан тәрізділер тұқымдасына жататын сүтқоректі мақұлықтар. Атжалман республикамыздың барлық аймақтарында кездеседі. Оның Қазақстанда дауыр атжалманы, сұр атжалман, эверсман атжалманы, жоңғар атжалманы, Роборовский атжалманы, кәдімгі атжалман сияқты түрлері мекендейді. Дене тұрқы 7 — 28 см-дей, салмағы 17 — 540 г-дай болады. Құйрықтары қысқа келеді, ұрт қалталары жақсы жетілген. Жүні ала күреңдеу, екі бүйірі қызғылт, аузының айналасы, алқымы ақ болады. Шөптесін өсімдіктер мен бұта арасында, бау-бақша маңайларында тіршілік етеді. Күндіз інінде жатады және онда оның азық сақтайтын бірнеше қоймалары болады. Өсімдіктердің тұқымдарымен, жапырақтарымен және ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Ініне азықтық қор жинайды. Қысқы ұйқыға жатады. Ауық-ауық ұйқысынан оянып, жинаған азығымен қоректеніп алады. Атжалмандар жылына 3 — 4 рет, 3 — 13-тен балалайды. Бір рет түлейді. Атжалмандар ауыл шаруашылығына көп зиян келтіреді. Оба және туляремия ауруларын таратады. Кейбір түрлері лабораториялық жануарлар ретінде қолда өсіріледі. Атлантида. Атлантида — ежелгі грек аңызы бойынша Ат-лант мұхитында болған құрлық немесе арал. Алғашқы деректер біздің заманымыздан бұрынғы 4 ғасырда жазылған Платонның «Тимей» және «Критий» диалогінде Геркулес бағанасының (қазіргі Гибралтар бұғазы) артында, теңіз суының ортасында орналасқан құрлық ретінде айтылады. Құдайлар жерді бөліскенде, Атлантида теңіз құдайы және жер сілкінісін тудыратын құдай Посейдонның иелігіне берілген. Ондағы тұрғын халық – атланттар Посейдонның жұбайы Клериодан туғандар деп есептелген. Табиғаты бай, жері шұрайлы құрлықтың мәуелі бай сыйын жергілікті тұрғындар пайдаланып отырған. Биік таулар Атлантиданың солтүстігінен келетін суық желдерден қорғаған. Шұратты да құнарлы жерлерін әр түрлі жан-жануарлар жайбарақат мекендеген. Қабырғасы алтыннан, күмбезі күмістен жалатқан қалаларында жоғары мәдениетті, ізгі, рақымшыл адамдар өмір сүрген. Олар жақсы шабандоз, шебер теңіз саяхатшылары болған. Осылай жылдардан жыл, ғасырлардан ғасырлар жайбарақат өте берген. Күндердің күнінде, табиғаттың миуалы сыйына тойынған немесе алып жатқан аумағы таршылық жасаған, билігін бүкіл әлемге жүргізбек болған. Олардың осындай іс-әрекетіне қарсы шыққан көршілері – афиналықтар ұрыста Атлантиданы жеңіп шыққан. Бұған ашуланған Посейдон өзінің бар ашуын бақытсыз аралдан алмақ болып Атлантиданы су астына жібереді. Бұл қайғылы оқиға біздің заманымыздан бұрынғы 9500 ж. болған. Құрлықтың гүлденіп, одан апат болып жер бетінен жойылып кетуі жайлы аңыз-әңгімелер адам баласының ой-жорамалы мен қиялын сарп етті. Жоғалған құрлықты іздеуге, табуға шабыттандырды, рух берді. Нәтижесінде жер туралы ғылымды одан әрі дамытуға үлкен ықпал етті. Атлантида туралы екі мыңнан астам кітап жазылған. Қазірге дейін жұмбақ болып келген Атлантиданың қай уақытта және қай жерде орналасқаны жайлы жаңа болжамдар жасалуда. Өзен атырауы. Атырау — ірі өзендердің көлге немесе теңізге құяр жерінде өзен шөгінділерінен пайда болатын, тарамдар мен тармақтарға тілімденген ойпат. Ол өзен ағыны, теңіз толқуы, желқума-желбөгет ағысы, судың толығуы мен қайтуы, т.б. құбылыстардың өзара күрделі әрекеттесуінің нәтижесінде қалыптасады. Атыраудың беті негізінен тегіс, ортасы дөңестеу болып келеді. Оның өсу жылдамдығы әр өзенде әр түрлі болады және жылына бірнеше метрден жүздеген метрге жетеді. Атырау пішіні үш бұрышты (Ніл, Іле өзендері), қалақ (Миссисипи өзені), доға (Лена өзені), құстұмсық (Тибра өзені) болады, кейде бөлініп (Камчатка өзені) не ілгері (Еділ, Жайық өзендері) шығып тұрады. Амазона, Ганга өзендерінің атырауы 100000 км2, Еділ өзенінде13000 км2, Іленің Атырауы 5,0 мың км2-ге жетеді. Аукцион. Аукцион — көпшілік алдында кім артық төлем ұсынса, бұйым және т.б. зат соған сатылатын бәсекелес, жария сауда. Бұл латынның auctіo, яғни бәсеке сауда деген сөзінен шыққан. Аукцион тұрақты не уақытша белгіленген орында, алдын ала хабарланған уақытта аукциондық сауда кезінде бұйым көрмеге қойылады. Аукцион тауарлардың, бұйымдардың белгілі бір түрлері бойынша өткізіледі. Аукционның бағаны көтеріп немесе бағаны төмендетіп жүргізетін түрлері бар. Бағаны көтеріп саудаласу ашық және құпия түрде жүргізілуі мүмкін. Ашық түрінде аукционшы лот (сапасы біркелкі тауар тобы) нөмірін, бағасын алушылар алдында жариялап, «кім көбірек», «кім артығырақ» деп сұрақ қояды, ал алушылар тауардың алғашқы бағасынан сату ережесінде белгіленген мөлшерден әрдайым арттырып, өз бағаларын атайды. Егер кезекті баға арттыру ұсынылмаса, сұрақ үш рет қайталанғаннан кейін, аукционшы балға соғып тауардың ең жоғарғы баға ұсынған кісіге (мекемеге) сатылғанын хабарлайды. Аукционның жабық түрінде сатып алушы аукционшыға баға көтеруге келіскені туралы шартты белгілер береді де, аукционшы сатып алушының атын атамай-ақ жаңа бағасын хабарлайды. Бағаны бір ыңғай төмендету арқылы жүргізетін аукционда тауар тобын (лотты) кім бірінші «иә» десе, сол алады. Бағаны төмендететін аукциондарда бағаның өзгеруі циферблат тілімен көрсетіледі. Кім бірінші кнопканы басып циферблат тілін тоқтатса, лотты (тауар тобын) сол сатып алады. Ауыз су. Ауыз су — органолептикалық қасиеттері (иісі, дәмі, мөлдірлігі, т.б.) және химиялық құрамы адам организмі үшін қауіпсіз болып табылатын табиғи су. Адам денсаулығы ауыз судың сапасына тікелей тәуелді. Осыған байланысты ауыз суға мемлекеттік санитарлық талаптар қойылады. Олардың негізгілері: иісі мен дәм көрсеткіші 2 балдан аспауы керек; түсі 200-тан төмен, мөлдірлігі 30 см-ден артық; лайлығы 2 мг/л-ден аз, кермектілігі 7 – 100 ммоль болуы керек. Ауыз судың кермектігін анықтайтын кальций, магний тұздары аз болса, адам сүйегінің морттылығы өсіп кетеді. Фтордың ауыз судағы мөлшері 0,7 – 1,5 мг/л-ден төмен болуы – флюороз және кариес, темірдің, кобальт, мыстың жетіспеуі – анемия, бордың аз болуы асқазан, никельдің кем болуы – көз ауруларына шалдықтырады. Ауыз судың температурасы 8 – 15ӘС аралығында, минералдығы 1 г/л-ге дейін болуы тиіс. Ауыз суға сондай-ақ нитраттар мен нитридтердің мөлшері, 1 л судағы ішек таяқшаларының саны (коли-индекс) бойынша т.б. талаптар қойылады. Ағын сулар, көлдер мен бөгендердің ластануына, олардың табиғи гидрологиялық және гидрохимиялық режимдерінің антропогендік өзгеруіне байланысты Қазақстанның көптеген өлкелерінің (Арал өңірі, Батыс, Орталық Қазақстан) тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі өткір қойылып отыр. Ауыр атлетика. Ауыр атлетика — әр түрлі салмақ дәрежелерінде ауыр зат (штанга, кір) көтеріп, күш сынасатын спорт түрі. Ауыр атлетикадан ең алғашқы жарыс 1860 ж. АҚШ-та өтті. Олимпиялық ойындар бағдарламасына 1896 ж. енгізілді. Ауыр атлетикадан дүниежүзілік (1898 жылдан), Еуропа (1896 жылдан) чемпионаттары өткізіледі. Халықаралық Ауыр атлетика федерациясына (1920) Қазақстан 1993 жылдан мүше. Ауыр атлетика бойынша халықаралық жарыстар штанга көтерудің екі тәсілі (жұлқа және сілке көтеру) бойынша, 52 кг-нан басталатын 10 салмақ дәрежесіндегі спортшылар арасында өтеді. Жұлқа көтеру кезінде штанга кідіріссіз бірден жоғары көтеріледі. Сілке көтеруде штанга алдымен кеудеге алынып, содан кейін жоғары көтеріледі. Қазақстанда ауыр атлетика бойынша алғашқы чемпионат 1937 ж. өткізілді. Қазақстан спортшылары ірі жарыстарға 1954 жылдан қатысады. Теміртаулық Юрий Зайцев (1976, Монреаль), шахтинскілік Виктор Мазин (1980, Мәскеу), ақмолалық Анатолий Храпатый (1988, Сеул), қызылордалық Илья Ильин (2008, Пекин) ауыр атлетикадан Олимпия чемпиондары атанған. Афрасиаб. Афрасиаб — Тұран патшасы, қолбасшы, түркі жұртының ұлы тарихи тұлғасы. Ол 4 – 6 ғасырлар аралығы шамасында өмір сүрген. Бұхара қаласында жерленген. Афрасиабтың есімі Әбу Райхан әл-Бируни, Мұхаммед Хайдар Дулати, Махмұд Қашқари, Әбу Бәкр Мұхаммед Наршаһи, Хамза Исфаһани, Рашид ад-Дин, т.б. ғұламалардың еңбектерінде кездеседі. Тарихи шығармаларда Афрасиабты түркілердің Тоң Алып деп атағандығы айтылып, оның теңдессіз әскери қайраткерлігі, жеке басының батырлығы мадақталады. Араб, парсы тарихшылары Афрасиабты Пайкент, Бұхара, Самарқан (алғашқы атауы Афрасиаб), т.б. салған делінеді. Иран деректерінде Афрасиабтың Тұран аталған аса қуатты мемлекеті Әмудариядан Енисейге дейінгі жерді алып жатқан. Афрасиабтың есімі Фирдаусидің «Шаһнамасы» арқылы жұртшылыққа кеңінен танылды. «Шаһнамада» Афрасиабтың әкесі Бошан (Пышан), балалары Барысхан, Қарахан, Шиде (Шайда батыр), немересі Аржасып туралы мол деректер келтіріледі. Шығармада Рүстем батыр бастаған парсылар мен Афрасиаб билігіндегі түркілердің ұзаққа созылған соғысы барысында Иран билеушісі Надир шаһты Афрасиаб өлтіреді, сол сияқты Кейқауыстың баласы Саяуыш (Сиявуш) батырды жеңеді. Саяуыштың баласы Кейхосроу Афрасиабты және оның ұлы Шайда батырды өлтіреді. Афрасиабтың немересі, Тұран патшасы Аржасып парсылармен қиян-кескі соғыс жүргізгенімен түпкі жеңіске парсылар жетеді. Фирдаусидің әдеби сюжеттері мен пайымдаулары тарихи жазбалардағы Афрасиаб туралы тұжырымдармен үндес келеді. Әуежай. Аэропорт, әуежай – әуе көлігі құралдарымен тұрақты түрде жолаушыларды, жүк пен пошта тасымалдауды қамтамасыз етуге арналған кәсіпорын. Бұл ұғым гректің aer – ауа, француздың port және латынша portus, яғни айлақ деген екі сөзінің бірігуінен шыққан. Құрамына аэродром, аэровокзал, т.б. ғимараттар, техникалық қызметтер, құрал-жабдықтар енеді. Жабдықталу және тасымалдау дәрежесіне қарай халықаралық және жергілікті аэропорттар болып ажыратылады. Аэропорт радиолокатормен, автоматты радиотехникалық құралдармен, жарық сигналы жүйесімен, навигациялық құрылғылармен, т.б. жабдықталады. Аэропорттың орнын таңдағанда оның қалаға қатынауға ыңғайлы болуы, қалада шуды көбейтпеу мақсатында едәуір қашықтыққа орналастыру, грунттық және гидрогеологиялық шарттардың орындалуы, аэропорт жанында биік кедергілердің болмауы, т.б. ескеріледі. Аэропорттың негізгі бөлігі – аэродром. Онда ұшақ ұшатын және қонатын жолақты жолдар, бағдарлану жолы, ұшақ тұратын орындар, т.б. болады. Ал аэропорттың қызмет көрсету-техникалық аймағына жолаушылар кешені (аэровокзал, аэровокзал алаңы, перрондар, қонақ үй, т.б.), радионавигациялық және ұшақтарға техникалық қызмет көрсететін т.б. ғимараттар, сондай-ақ жүк тиеу және түсіру кешені жатады. Ірі аэропорттардың аумағы мыңдаған гектарға жетеді (мысалы, Нью-Йорктегі Кеннеди аэропорты) және оларда бір мезетте бірнеше ұшақ қонып және ұшып жатады. Қазақстанның барлық облыс орталықтары мен ірі қалаларында аэропорт бар. Алматы аэропортында тәулігіне, орташа есеппен 4 мың (жаз айларында 6,5 мыңға дейін) жолаушыға қызмет көрсетіледі. Аю. Аю — жыртқыштар отрядына жататын аң. Олардың денесі шомбал, басы үлкен, құлағы кішкентай, құйрығы қысқа (қалың жүнінен көрінбейді). Жүні бір түсті, қоңыр, қара не ақ, аяғы бес саусақты, тырнақты болады. Иіс сезу қабілеті жақсы жетілген. Қазір олардың ақ аю, ақтөсті аю, қоңыр аю, барибал, ерінді аю, малайзия аюы және көзілдірікті аю деген 7 түрі кездеседі. Ақ аю Солтүстік-Мұзды мұхит жағалауында тіршілік етеді. Оның дене тұрқы 3 м-дей, салмағы 400 – 700 кг-дай. Суда өте жақсы жүзеді, сүңгиді, табаны жүнді болғандықтан мұз үстінде таймайды. Ит балықпен, әсіресе каспий итбалығымен (нерпа) қоректенеді. Ақ аю екі жылда бір балалайды, қонжықтары енесімен 1,5 жылға дейін жүреді. Ақ аю Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген (1976 ж.). Ал Қазақстанда Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай, Сауыр және Алтай тауларында аюдың 2 түр тармағы (қоңыр аю, Тянь-Шань аюы) мекендейді. Қоңыр аюдың дене тұрқы 2 м-дей, салмағы 150 – 200 кг-дай, түсі қоңыр, қара қоңыр болады. Өзінің мінез құлқы жағынан бейқам, момын, қорқақтау келеді, орман ішінде адам көзіне көрінбейді. Ол адамның өмірі үшін қауіпті емес. Қорек талғамайды. Аюлар үш жасында жыныстық жағынан жетіледі. Ұйығуынан 7 ай өткен соң, 2 – 4 қонжық табады. Қаңтар, ақпан айларында жаңа туған қонжығының салмағы 300 – 600 г болады. Енесінің сүтімен 4,5 – 5,5 айға жуық қоректенеді, бір-екі жыл енесімен бірге жүреді. Аюлар 30 – 40 жылдай тіршілік етеді. Буаз аю жеке жүреді, қыста үңгірінде жалғыз жатады. Күзге таман бойына 50 кг-ға жуық май жинап, қатты семіреді де, қысқа қарай ұйқыға кетеді. Егер қажетті май қорын жинай алмаса, ұйқыға жатпайды. Аю – бағалы аң. Ол майы және шипалық қасиеті бар өті үшін ауланады. Семіз аюдан 120 кг ет, 50 кг-дай витамині мол май алуға болады. Аю жабайы тұяқты аңдарға, үй малдарына, сондай-ақ адамға да шабуыл жасайды. Бал омартасына түсуді жақсы көреді. Қоңыр аюлар кәсіптік аң ретінде ауланып келді. Қазір оларды аулауға тыйым салынған. Әбу Әли ибн Сина. Әбу Әли ибн Сина, Әбу Әли Хусейн ибн Абдаллах – ортағасырлық ғалым, философ, дәрігер. 980 ж. қазіргі Бұхара қаласының маңында дүниеге келген. Оның есімі ғылым тарихында латынша транскрипциясы бойынша Авиценна деген атпен белгілі. Орта Азияда және Иранда түрлі әмірлер тұсында дәрігерлік және уәзірлік қызметтер атқарған. Ғалымның басты философиялық еңбектері – «Дауа кітабы» («Құтқару кітабының» қысқаша мазмұндамалық нұсқасы), «Өсиеттер мен кеңестер кітабы», «Білім кітабы» (парсы тілінде, «Даныш-наме»). Метафизика, гносеология және логика салалары бойынша шығыс аристотелизмі дәстүрін дамытты. Әбу Әли ибн Синаның философиялық және жаратылыстану ғылымына арналған трактаттары бірнеше жүздеген жылдар бойы Шығыс пен Батыста кең таралған тарихи мәні зор мәшһүр еңбектер қатарында келеді. Оның араб және парсы тілдерінде азын-аулақ өлеңдері де сақталған. Парсы тіліндегі өлеңдерінің басым бөлігі рубаяттар түрінде жазылып, ортағасырлық парсы, араб, өзбек және еврей әдебиетіне елеулі ықпал жасаған. Әбу Әли ибн Сина дәрігерлік кәсіппен 16 жасынан бастап шұғылданды. Жергілікті тәбиб әдістерін үйренген ғалым-дәрігер кітаптардан ескі грек, руми, үнді, парсы, қытай медицинасын зерттеді. Әсіресе, Гиппократ пен Галеннің еңбектерімен толық танысумен қатар олардың айтып қалдырған қағидаларының ескірген ұғымдарын алып тастады. Соның нәтижесінде Гиппократ пен Галеннің даңқы қайта жаңғырды. Оның күрделі туындысы – «Дәрігерлік ғылымның каноны» («Китаб әл-қанун фи-т-тибб») араб тілінде жазылған 5 кітаптан тұратын медициналық энциклопедия. Латынша аудармасы 12 ғасырда жарық көріп, аз уақытта бүкіл дүние жүзіне таралды. Осы кітап арқылы Әбу Әли ибн Сина «Медициналық ханзада», «Шейх-ур-райс» деген ұлы есімге ие болды. Ол келте кесу (ампутация), шекебұрғылау (трепанация), қуықтан тас алу, онымен қатар жара таңу, білтелеу, сынық салу амалдарын және дәріні кең қолданды. Дәрілердің көбі өсімдіктерден алынды. Әбу Әли ибн Сина 1037 ж. 18 маусымда Хамаданда дүние салды. Әбу Райхан әл-Бируни. Әбу Райхан әл-Бируни, Әбу Райхан Мұхаммед ибн Ахмед әл-Бируни – ортаазиялық энциклопедист-ғалым. Әбу Райхан әл-Бируни 973 ж. қазан айының төртінде Қият қаласының маңында өмірге келген. Негізгі еңбектері тарих, математика, астрономия, география, топография, физика, медицина, геология, минералогия, т.б. ғылым салаларын қамтиды. Ол Орта Азия мен Иран қалаларында болып, атақты астроном, математик Әбу Наср Мансур ибн Ирактан дәріс алды. Әбу Райхан әл-Бируни – парсы, араб, грек, үнді (санскрит) тілдерін меңгерген оқымысты. 995 – 1010 жылдары Иранда тұрды. Ол 1000 жылы орта ғасыр ғылымының энциклопедиясы аталған, өзінің әйгілі «әл-Асар әл-Бақйия ән әл-Құрұн әл-Халийа» («Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші») деген еңбегін жазды. 1010 ж. Хорезм әкімі Мамун ибн Мұхаммед ұйымдастырған Үргеніштегі ғылыми орталықта Әбу Райхан әл-Бирунидің басшылығымен Әбу Әли ибн Сина (Авиценна), Әбу Саһл Массих, Әбу-л-Хасан ибн Хаммар, ибн Мискуайх, т.б. көрнекті ғалымдар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Әбу Райхан әл-Бирунидің ғылыми мұрасының бірсыпырасы бізге жетпеген, сақталып қалған шығармаларының көпшілігі толық жиналып жарияланбаған. Жалпы алғанда ол жүз елу еңбек жазған, олардың қырық бесі астрономия мен математикаға арналған. Астрономиялық шығармаларында Әбу Райхан әл-Бируни дүниенің гелиоцентрлік жүйесін (Коперниктен 500 жыл бұрын), денелердің Жерге қарай тартылуын (Галилей мен Ньютоннан 600 жыл бұрын) болжаған. Арал теңізінің жағасында, Үндістанда, Ауғанстанда астрономиялық бақылау жұмыстарын жүргізіп, жер мөлшерін дәл анықтаған. Әбу Райхан әл-Бирунидің географиясында сол кездегі белгілі жерлердің бәрі айтылған, сонымен қатар мұхит, теңіз, тау, өзен, шөл, мемлекеттер мен халықтардың аттары толық келтірілген. Әбу Райхан әл-Бирунидің картасы Тынық мұхиттан Атлант мұхитына, Үнді мұхитынан Солтүстік мұзды мұхитқа дейінгі жерлерді қамтыған. Әбу Райхан әл-Бируни түрлі өсімдіктерді, дәрілік шөптерді, сан алуан жануарлар тіршілігін зерттеген. Әбу Райхан әл-Бируни топографияға байланысты «Геодезия» атты үлкен еңбек жазды. Онда Әмударияның бұрынғы кездегі ескі арналары жөніндегі зерттеулері аса қызғылықты баяндалған. Әбу Райхан әл-Бирунидің тарихи-географиялық еңбектерінде Орта Азия мен Шығыс Сібірдің тарихи этнографиясы, сондай-ақ Орта Азия көшпелі тайпаларының батысқа, Шығыс Еуропаға дейін қоныс аударулары, Қазақстан географиясы, оны мекендеген түркі тайпалары, олардың әдет-ғұрпы, салт-жоралғылары жөнінде құнды деректер беріледі. «Үндістан»(1031), «Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші» (1048), «Масғуд каноны», т.б. еңбектері ағылшын, неміс, орыс, парсы, т.б. тілдеріне аударылған. Ол 1048/50 ж. желтоқсан айының он біріне қараған күні Ғазни қаласында қайтыс болған. Әдет-ғұрып. Әдет-ғұрып – белгілі бір қоғамдық-әлеуметтік ортада пайда болып, оның мүшелерінің мінез-құлқының, тұрмыс-тіршілігінің бұлжылмас қағидаларына айналған жөн-жосық, жол-жоралғы. Қазақы әдет-ғұрыптар (арабша адәт және урф) көшпелі тұрмыстың дәстүрлі дүниетанымынан бастау алады. «Табиғаттан еншісі бөлінбеген» сахара жұрты өзін қоршаған ортаның ажырамас бір бөлшегі ретінде сезініп, жарық дүниенің жалғыз жаратушысы – Тәңірге табынған; Көк аспан – Қара жердің киесін қастер тұтып, ата-баба аруағына сиынған. Жүйелі мерзімдік ретпен қайталанып отыратын түрлі табиғи құбылыстардың (күн күркіреуінің, жерсілкінуінің, найзағай ойнауының), маусым алмасымдарының, т.б. сырын анық аңдай алмай, аспан асты, жер үстіндегі күллі тіршілік ағымы, адамзат тағдыры Көк иесінің ырқындағы нәрсе – жазмыш екеніне шүбәсіз сенген. Табиғат заңдылығын қоғам өмірінің, адам тұрмысының тәртібіне айналдыруға тырысу, кие тұту түйсігі қазақ халқының, жалпы түркі милләтінің түп-тегінде – ғұн, сақ тайпаларында болғаны мәлім. Олар көктегі Тәңірді «бабай баба», «Көк ата» атап, оның құдіретіне бас имеу – күпіршілік, ата-баба жолын бұзушылық деп санаған. Осы түсінік дәстүрлі қазақ қоғамындағы құқықтық мәдениеттің алғышарты – әдет-ғұрыпты адамдар арасындағы қарым-қатынастардың негізгі реттеушісі ретінде қалыптастырады. Ол, негізінен, жеке тұлғаларды белгілі бір әлеуметтік және мәдени тағлымдарға үйретіп, оны ұрпақтан ұрпаққа таратуға жәрдемдесті, жеке адамдардың, әлеуметтік топтардың мінез-құлқын тәртіпке келтіріп қана қоймай, қауымішілік тұтастық пен ұлттық мүдделікті нығайтуға септігін тигізді. Қазақ тарихында ежелгі мемлекеттілік нышандарының пайда болуына орай табиғат және өмір құбылыстарын тұтас қалпында, әр алуан қағидаға жіктемей зерделеудің немесе тәңіршілік дүниетанымның жемісі – әдет-ғұрып сенімдері бірте-бірте дәстүрлі құқықтық сана-сезімге ұласып, ел билеудің арнаулы заң нормалары мен институттары ретінде қолданыла бастаған. Әліпби. Әліпби, а л ф а в и т – жазуда қолданылатын әріптердің белгіленген тәртіп бойынша орналасқан жиынтығы. Әріптердің рет тәртібін де білдіреді. Ұғымды белгілейтін идеограмма жазудан, сөзді бейнелейтін логограмма жазудан әліпбилік жазудың жүйесі мүлде бөлек. Жазудың әліпбилік үлгісін, яғни таңбаның бір ғана дыбысқа (фонемаға) сәйкес келуін біздің заманымыздан бұрынғы 3-мыңыншы жылдардың ортасында семит халықтары ойлап тапқан. Семит тілдерімен туыстас көлбеу сызықты (курсив) арамей (көне семит тілі) әліпбиі Таяу және Орта Шығыс елдерінің бәріне дерлік тарады. Біздің заманымыздан бұрынғы 6 – 4 ғасырларда Кіші Азиядан Үндістанға дейінгі билік құрған Ахемен әулеті билеген парсы мемлекетінде қолданылған парсы-арамей жазуы (парфян, соғды, хорезм жазуларына негіз болған), еврейлердің шаршы жазуы, сирия-арамей жазуы (манихей, несториан, яковит жазуларына негіз болған), жол асты, жол үсті дәйекшелерімен толықтырылған араб жазуы, т.б. арамей жазуының жергілікті тармақтарына жатады. Түзу сызықты финикий әліпбиі бастапқы түрінде Кіші Азия, Грекия, Италия, т.б. елдерде қолданылды. Ал көне грек әліпбиі бірнеше тілдердің жазу-сызуына негіз болды. Византия жазуы, копт (христиан мысырлықтар), гот, славян жазулары көне грек әліпбиінің Шығыс тармақтарына жатады. Ал италий, этрус, көне герман сына жазуы, т.б. батыс грек әліпбиінің тармақтары болып саналады. Бұлардың ішінде этрус әліпбиі латын әліпбиіне негіз болған. 8 – 13 ғасырларда Орталық Азиядағы түркілердің арамей-сирия тармағынан тараған несториан, манихей жазуларымен жазған жазба ескерткіштері болды. Сондай-ақ парсы-арамей тармағына жататын соғды әліпбиі Шығыс Түркістанда кеңінен қолданылған көне ұйғыр әліпбиіне негіз болған. Ал көне ұйғыр әліпбиі негізінде 13 ғасырдан кейін тұңғыс-манжұр жазулары қалыптасты. Түркі халықтарының әлемге әйгілі Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінің әліпбиіне соғды жазуы негіз болған деген де пікір бар. Ал орыс шығыстанушысы Николай Аристов түркі әліпбиін ешбір бөгде әліпбидің ықпалынсыз, түркі таңбалары негізінде туған төл жазу деп санайды. Жазу-сызу мен сауаттылық дінмен тығыз байланысты болды. Арамей жазуы зороастрашылдық, сирия-арамей жазулары яковит, несториан (христиан секталары), манихей діндерімен байланыста тарады. Араб әліпбиі мұсылман дінінің, ислам мәдениетінің кеңінен таралуына байланысты көптеген түркі халықтарының жазу-сызуына негіз болды. Қазақ жазба мұраларының көпшілігі араб әліпбиі арқылы біздің заманымызға жетті. 1912 ж. Ахмет Байтұрсынов араб әліпбиіне негізделген қазақ жазуына алғаш реформа жасады. Ол қазақ жазуы тарихында «жаңа емле» (төте жазу) деп аталып, халықты сауаттандыруда ірі бетбұрыс жасады. Әліпби 1913 жылдан бастап мұсылман медреселерінде, 1929 жылға дейін кеңестік мектептерде қолданылды. 20 ғасырдың 20-жылдары аяғында әліпбиді ауыстыру жайлы түркі, қазақ зиялылары арасында айтыс жүріп, Байтұрсынов реформалаған әліпби қолданыстан шығарылды. Шығыс Түркістандағы (ҚХР) – Шыңжаң автономиялық ауданындағы қазақтар Байтұрсынов әліпбиін қазіргі кезге дейін қолданып келеді. 1929 ж. КСРО құрамындағы түркі халықтары латын әліпбиіне көшірілді. 1940 ж. Кеңес Одағы халықтары біртекті әліпбиді қолдануы қажет деген саясатпен орыс әліпбиі қолданысқа енгізілді. Орыс тілінде жоқ қазақ тілі дыбыстарының таңбалары кирилл таңбаларына ұқсастырылып (қ-к, ғ-г, ө-о, ң-н,) қабылданды. Бұл әліпбидің қазақ тіліне тән ерекшеліктердің бәрін толық таңбалай алмауына байланысты кейінгі жылдары қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру мәселесі көтерілуде. Әмудария. Әмудария – Орталық Азиядағы ең ірі және суы мол өзен. Пяндж және Вахш өзендерінің қосылған жерінен Әмудария (ежелгі атаулары Әму, Оксус, Балх, Жәйхун) деп аталады. Ұзындығы 1415 км (Пяндж өзенінің бастауынан есептегенде 2540 км), алабының ауданы 309 мың км2. Әмудария Гиндукуштың солтүстік беткейінен бастау алады. Негізгі салалары: Гунт, Бартанг, Язгулем, Ванч, Қызылсу, Кафирниган, Сурхандария, Құндыз, Шерабад. Жазыққа шыққаннан кейін 1100 км бойы Тұран ойпатының шөлді аймағын басып ағады. Бұл бөлігінде өзенге бір де бір сала қосылмайды. Арал теңізіне құяр жерінде тарамданып (Талдық, Қазақдария, т.б.) кетеді де зор ауқымды атырау (7000 км2) құрайды. Ағыны таудағы мұз бен қар суынан түзіледі. Өзен көктем мен жазда тасиды және өте лайлы болып келеді. Ең төмен деңгейі қаңтар мен ақпан айларына келеді. Деңгейдің жыл ішіндегі ауытқуы 2 – 3 м-ге дейін барады. Булануға, сіңуге және жер суаруға пайдалануына байланысты Нөкістің тұсына барғанда ағын 40%-ға азаяды. Төменгі ағысында 2 – 2,5 ай қатады. Арнасы жұмсақ тау жыныстарынан құралған. Әмудариядан Қарақұм, Әму – Бұхара, Қаршы каналдары бастау алады. Төменгі саласында балық шаруашылығы дамыған. Чарджоу қаласы тұсынан бастап кеме жүзе алады. Әмудария бойындағы ірі қалалар: Термез, Керкі, Нөкіс. Өзен аңғарындағы Қызылқұм және Әмудария қорықтарында қабан, шиебөрі, қоян, қырғауыл, Бұхара елігі, қарақұйрық, т.б. сирек кездесетін жануарлар мекендейді. Әулие. Әулие – дін жолына кіршіксіз берілген ерекше діндарлығымен халық сеніміне ие болған қасиетті тұлға. Әулиелер туралы түсінік барлық діндерде кездеседі. Мысалы, христиан дінінде «великомученик» (ұлы қасірет шегуші), «апостол» (пайғамбар), «мученик» (қасірет шегуші), «монах», «блаженный» (дәруіш), т.б. ретінде кездеседі. Ислам дінінде де әулие ұғымы бірден орныққан. Мұхаммед пайғамбардың серіктерін, туыстарын, үрім-бұтақтарын, кейінгі діни қайраткерлерді әулие тұту, оларға құлшылық ету дәстүрі барлық мұсылман елдерінде бар. Кейде оларды жинақы түрде «әулие-әнбиелер» деп те атайды. Қазақ халқының дүниетанымында әулиеге табыну дәстүрі ежелден бар. Тәңірге сенген ежелгі түркілер Ұмай ананы, Қызыр атаны, ата-баба аруақтарын желеп-жебеуші санап, оларға үнемі сыйынып отырған. Күнге, Айға, Отқа табыну, ел иесі Көкбөріні қасиет тұту, су иесі Сүлейменге жалбарыну, тіршілігінің негізі төрт түлік малдың иелері – Қамбар атадан, Шопан атадан, Ойсыл қарадан, Зеңгі бабадан, Шекшек атадан жәрдем күту, т.б. ислам дініне дейінгі ежелгі нанымдар қазақ халқының дүниетанымында күні бүгінге дейін сақталған. Бұл бағытта, әсіресе, қазақ даласына ислам дінінің сопылық ілім түрінде енуі үлкен әсер етті. Баба түкті Шашты Әзіз, Арыстан баб, Баб ата, Қожа Ахмет Иасауи, Бекет ата, Сопы Әзіз, Оқшы ата, т.б. әулиелер білімпаз діндарлығымен де, қарапайым ізгілігімен де халық жадында мәңгілік сақталған. Қазақ халқы, сондай-ақ ел қорғаған батырларды, ұлт бірлігін сақтаған билерді, ақыл-парасатымен тұтас аймаққа үлгі болған аналарды әулиелер қатарына қосып, олардың аруақтарына табынып келеді. Әшекей. Әшекей — бұйымға салынатын әдемі ою-өрнек, нақыш. Ежелгі сақ дәуіріндегі бұйымдар аң суреттерімен безендірілген. Кейін әшекейдің қошқар мүйіз, жылан бауыр, ай мүйіз, орама, шиыршық, ирек, айқыш, оймыш сияқты түрлері пайда болған. Қазақ әшекейлерінің негізі қошқар мүйіз; үш, төрт, сегіз өрім; шиыршық, т.б. болып келеді. Зергерлік, тігіншілік, ұсталық өнерде әшекей тұрмыстық және сәндік бұйымдарға, киім-кешекке, ер-тұрманға салынады. Бадминтон. Бадминтон – "воланмен және ракеткамен ойналатын спорт түрі. Бадминтон ойналатын алаңның ұзындығы 13,4 м, ені 6,1 м, дәл ортасынан қақ бөліп тұратын торының биіктігі 1,55 м. Бадминтон ойыны алғаш Үндістанда пайда болып, 19 ғасырдың 2-жартысында Ұлыбританияға ауысты." 1872 ж. Бадминтон қаласында (аты осыдан шыққан) алғашқы жарыс ұйымдастырылды. 1934 ж. құрылған "Халықаралық бадминтон федерациясына" қазір сексеннен астам ел (1997) мүше. 1968 жылдан бастап Еуропа, ал 1997 жылдан дүние жүзі чемпионаттары өткізіліп келеді. Олимпиада ойындары бағдарламасына 1992 ж. енгізілген. Қазақстанда бадминтон спорты 1964 жылдан дами бастады. Байырғы қазақ өлшемдері. Байырғы қазақ өлшемдері – қазақ халқының тұрмыс-салт ерекшеліктеріне, кәсіптік қажеттілігіне байланысты қалыптасқан өлшем бірліктері. Мысалы, «бір қыдыру жер», «түстік жер», «айшылық жол» деген сөз тіркестері қашықтықты білдіреді. Шығыс халықтарының көбісінде ең кіші салмақ өлшеміне арпа дәні алынған. Кейбір жазба әдебиеттерде сақталған мәліметтер бойынша арпа дәні алтын мен асыл тастардың салмағын теңеуге арналған қазыналық өлшем ретінде қолданылған. Оған қарағанда бір арпа дәні шамамен 45 мг болған. Басқа жерде осы арпа дәні ұзындық өлшемі ретінде де пайдаланылған. Ал арпаның алты дәнінің еніне тең өлшем бармақ деп аталған. Сондай-ақ уақыт мөлшерін болжауға Күннің, Айдың немесе басқа да аспан шырақтарының көкжиекпен салыстырғандағы орны алынған. Егін шаруашылығымен айналысатын аймақтарда уақыт мөлшерін судың белгілі бір ыдыстан ығысып шығу мерзімі бойынша анықтаған. Жетілдіріле келе бұл ыдыстар су сағатына айналған. Мұндай бірліктердің басым көпшілігі адамның көзбен шамалауымен, жұмсалған күш сезімімен, белгілі бір қашықтықты жүріп өту мерзімімен мөлшерленген. Сондықтан халық арасында жылқыға байланысты «ат шаптырым жер», «бие сауым уақыт», «екі елі қазы» тәрізді қашықтықты, уақытты, қалыңдықты білдіретін өлшемдік мәні бар сөздер жиі айтылады. Халық арасында сұйықтықты (қымыз, шұбат, т.б.) сақтайтын көнек, жанторсық, торсық, мес, саба тәрізді мал терісінен жасалған ыдыстар сол сұйықтықтың мөлшерін шамалауға жиі қолданылған. Мысалы, торсыққа жеті – сегіз аяқ (литр) қымыз сыйса, местің сыйымдылығы екі жарым – үш торсыққа тең. Заманында ата-бабаларымыздың кеңінен қолданған «қолдың қары» өлшемі ағылшын «ярдымен» шамалас. Ал Ресейде 17 – 20 ғасырларда қолданылып келген ағылшын футы (foot – табан) байырғы қазақ өлшемі «табанға» жуықтау келеді: «табан» өлшеміне қазақ табанның енін алса, ағылшын футы – табан тұрқына тең. Сондай-ақ ағылшынның дюйм (голландша – үлкен саусақ) өлшемі қазақ халқының байырғы «бармақ» өлшеміне («Бармақ елі қазы») сәйкес келеді. Орыстың «верстасы» мен қазақтың «шақырымы», орыстың «долясы» мен қазақтың «мысқалы», сондай-ақ ағылшынның «фунты» мен қазақтың «қадағы» шығу төркіні, атқаратын қызметі жағынан төркіндес, тектес деуге әбден болады. Орта Азия мен Қазақстанда ұзындықтың ең көп тараған байырғы өлшемдері қолдың қары немесе қары – кеуденің орта тұсынан кере созылған қолдың ортаңғы саусағының ұшына дейінгі аралыққа (80 – 85 см шамасы) тең ұзындық бірлігі. Кейде оң иықтан бүкіл кеудені бойлай өтіп, кере созылған сол қолдың ортаңғы саусағының ұшына дейінгі аралық та (шамамен 1 м) қары ретінде алынады. Қарыс – толық жазғандағы бас бармақ пен шынашақ ұштарының арасына тең ұзындық (шамамен 19 – 20 см) бірлігі. Ол тұрмыста, құрылыс жұмыстарында пайдаланылған. Мысалы, киіз үйдің уығы он екі – он алты қарыс мөлшерінде жасалады. Қарыстың туынды бірлігі – сүйем, ол кере созылған бас бармақ пен сұқ саусақ ұштарының арасына тең (шамамен 17 – 18 см). Ал бармақ пен бүгілген сұқ саусақтың арасына тең өлшемді сынық сүйем дейді. Сүйем – шамамен аршынның ширегіне (төрттен бір бөлігіне) тең. Елі – сұқ саусақтың еніне тең ұзындық бірлігі (шамамен 2 см). Қазы майының қалыңдығы, ою-өрнектің мөлшері, т.б. елімен өлшенген. Буын – ортаңғы саусақтың ұшынан оның ортаңғы буынына дейінгі аралыққа тең ұзындық (шамамен 5 – 6 см) бірлігі. Сәулетті сарайлар мен түрлі ғимараттардағы ою-өрнектің мөлшері осы буынмен өлшенген. Ол тігін, киім пішу жұмыстарында да қолданылған. Қадам – адамның бір адымына тең ұзындық (шамамен 60 – 70 см) бірлігі. Құлаш – иық деңгейіне сәйкес кере созылған екі қол ұшының арасына тең ұзындық бірлігі. Орта Азия мен Қазақстанда кеңінен тараған кейбір салмақ өлшемдері: Табақ – шамамен он екі орыс фунтына тең салмақ бірлігі. Ол үлкен табақ (шамамен 11,7 – 12 кг) және кіші табақ (шамамен 3,9 – 4 кг) болып екіге бөлінеді. Үлкен табақ астық салығын төлеу кезінде, ал кіші табақ сауда-саттық, алыс-беріс жұмыстарында қолданылған. Қап – негізінен астық мөлшерін өлшеуге арналған салмақ бірлігі. Ол Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс аудандарында шамамен 65 – 66 кг-ға, ал кей жерлерінде алты пұтқа (96 кг), тең болған. Батпан – Ресейдің шет аймақтарында (негізінен азиялық бөлігінде) пайдаланылған салмақ бірлігі. Көне орыс жазбаларында ол 10 фунтқа тең делінеді. Қадақ – ертедегі шығыс елдерінің көбісінде қолданылған салмақ бірлігі. Ол Еуропада кең тараған фунт өлшеміне сәйкес келеді. Мысқал – Шығыс елдерінде кең тараған салмақ бірлігі. Мысқал араб елдерінде, Үндістанда, Шығыс Африкада, Орта Азия мен Қазақстанда қазыналық өлшем ретінде пайдаланылған. Мысқал 4,31 г-ға тең болған, алтын мен күміс ақшалардың, бағалы заттар, дәрі-дәрмектер мен бояулардың өлшемі ретінде қолданылған. Қазақ халқының егін шаруашылығымен айналысқан жерлерінде жер аумағын өлшеу үшін қолданған өлшем бірліктерінің ішінде ең көп тарағаны – танап. Қазақстанның суармалы егіншілік аудандарында (Тараз, Қазалы, Шымкент, т.б.) 1820,83 шаршы метрге тең. Алайда түрлі тарихи себептерге байланысты өлшемдік мәні бар терминдеріміз нақты мәнге ие бола алмаған. Мұның үстіне уақытпен бірге өлшемдер жиі өзгеріске ұшырап отырған. Бактрия. Бактрия, Бактриана, Бактра – біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықта Орталық Азияда орналасқан мемлекет. Бактрия атауы парсы тілінде «Шығысқа қарайғы өлке» мағынасын береді. Аумағы қазіргі Тәжікстанның батысын, Өзбекстанның Сурхандария облысы мен Түрікменстанның шығыс өңірін, Ауғанстанның солтүстігін қамтыған. Бактрия туралы жазба мәліметтер «Авеста» кітабында, парсы патшасы Дари жаздырған «Бехистун» және «Нақш-и Рүстем» жазуында, т.б. кездеседі. Халқы негізінен егіншілікпен айналысқан. Бактрияны біздің заманымыздан бұрынғы 329–21 ж. Ескендір Зұлқарнайн жаулап алды. Кейіннен оның мемлекеті ыдырап, бактрияны біздің заманымыздан бұрынғы 250 ж. шамасында жаңа Тохарстан мемлекеті құрылды. Батыс Еуропа тарихшылары оны Грек-Бактрия патшалығы деп атады. Ол Орталық Азиядағы ежелгі ұлы мемлекеттердің бірі (біздің заманымыздан бұрынғы 250 ж. шамасы – біздің заманымыздан бұрынғы 140/30 ж. шамасы) болды. Біздің заманымыздан бұрынғы 2 ғасырдың ортасында Шығыс Түркістаннан келген Юечжи тайпалары Грек-Бактрия мемлекетін жойып, Кушан патшалығын орнатты. Бактрияда ірі қалалар, дәрісханалар, ғибадатханалар көп болған. Сол үшін ол «мың бір қала» мемлекеті деп аталған. Археологтардың жүргізген қазба жұмыстары нәтижесінде Бактрияның Бактрия (Балх), Деметриас (Термез), Мараканда (Самарқанд), Антиохия-Эехата (Тәжікстан), т.б. үлкен қалалары білім және мәдениет орталықтары ретінде танылған. Онда Орталық Азия мен Грекия мәдениеттері тоғысып, жаңа (эллиндік) өркениет туындады. Бактрияда теңгелер құйылды, олардың бір жағына патша портреті, екінші жағына Рим құдайларының бейнесі бедерленіп, аты жазылды. Алтын және күміс қасықтар, легендер, алқаларда да құдайлар, өсімдіктер мен аңдар бейнеленді. БАҚ. Бақ –" жеміс-жидекті қолдан өсіретін орын. Оған орын таңдау, жерді тегістеу, белгіленген орынның топырағын құнарландыру, отырғызылатын дақылды, сортты, бұламаны анықтау, оларды ретімен орналастыру, отырғызу сұлбасын белгілеу, қоректік заттардың мөлшерін, уақытын, суару тәсілдерін белгілеу сияқты дайындық шаралары жүргізіледі." Әдетте бақ өсіретін шаршының пішіні тік бұрышты, ұзын жағы желдің өтіне қарағаны, ені ұзынынан бір жарым – екі есе қысқа болғаны дұрыс. Оның қолайлы аумағы 400Ч200 м; 500Ч200 м; 600Ч300 м болады. Таулы аудандарда шаршыларды жер бедеріне қарай ұйымдастырады және оған бір дақылды екі – үш сортын кезектестіріп орналастырады, сонда жеміс ағаштары жақсы тозаңданады. Балет. Балет – сахналық өнердің бір түрі, мазмұны музыкалық-хореографиялық образдар арқылы ашылатын спектакль. Балет – ой мен жан құбылысын қозғалыс, дене қимылымен көрсетеді. Мұнда либретто жазушы сценарист, музыка шығарушы композитор, билерді қоюшы балетмейстер және суретші еңбегі тоғысып, ортақ арнаға саяды. Балеттің арқауы би мен пантомима. Балеттің дәстүрлі музыкалық-хореографиялық формалары қалыптасқан: екі кісілік би (па-де-де) және көпшілік биі (па-де-труа, па-де-катр, гран па). Соңғысын кордебалеттер орындайды. Балеттің негізгі элементтері халықтың музыка-би шығармаларымен тікелей байланыста туған. Еуропада (Италия, Франция, Англия, Испания, т.б.) балет Қайта өрлеу дәуірінде дүниеге келді. 17 ғасырдың 2-жартысында өмірге опера-балет және комедия-балет келді. 18 ғасырда Англия, Австралияда, кейінірек Францияда балет өнердің жеке бір саласы болып қалыптасады. Содан соң ұлттық балет мектептері (француз, италиялық, т.б.) шыға бастады. Келе-келе балет техникасы жетіліп, айналма, секірме қимылдардың ой емеурінін берудегі мәні тереңдей түсті. 20 ғасырда балет Шығыс елдерінде (Египет, Түркия, Жапония, т.б.) дами бастады. Орыстың балет өнері 18 ғасырдың екінші жартысынан қалыптасып, ыңғайымен жүйеге түсті. Балет өнері мен музыкасының ілгері дамуына кезінде зор үлес қосқан орыстың ұлы композиторы Петр Чайковский болды. Балетмейстерлер Мариус Петипа мен Лев Иванов орыстың халық билерін классикалық би үлгілерімен ұштастыра отырып, оның «Ұйқыдағы ару», «Аққу көлі» және «Щелкунчик» (1890 – 95) балеттерін қойды. Чайковскийдің балет музыкасында игі дәстүрін жалғастырып, одан әрі дамытуда Александр Глазунов, Игорь Стравинский, Сергей Прокофьев, т.б. көптеген композиторлар елеулі еңбек етті. Орыс бишілері Анна Павлова, Вацлав Нижинский, Тамара Карсавина, Екатерина Гельцер, Михаил Мордкин, Василий Тихомировтар балет өнерінің өркендеуіне үлкен үлес қосты. 20 ғасырдағы орыстың балет өнері Англия, Францияда балеттің қайта өркендеуіне, ал АҚШ-та балеттің тууына игі әсер етті. Галина Уланова, Марина Семенова, Наталья Дудинская, Ольга Лепешинская, Майя Плисецкая, Вахтанг Чабукиани, Гамэр Алмасзаде, Бибісара Бейшеналиева, Зайтүнә Насретдинова, Мүкәррәм Тұрғынбаева, Лариса Сахьянова, Шара Жиенқұлова секілді бишілер есімі өнер әлеміне мәшһүр болды. Балет өнерінің кадрларын бұрынғы Мәскеудегі Театр өнері институты мен Мәдениет институты, Санкт-Петербург консерваториясы, Қазақстанда Алматы жоғары би өнер мектебі даярлады. Қазақ балеті әуелде драмалық, опералық спектакльдер ішіндегі би көріністері ретінде қалыптаса бастады. Тұңғыш қазақ режиссері Жұмат Шанин ұлттық балетті халық топырағында бар элементтер негізінде, туыстас елдер пластикасына негіздеп жасау керек деген ойын «Қоян-бүркіт», «Киіз басу», «Өрмек би», «Шашу» секілді билерді сахнаға шығаруда іске асырған. Қобыз, домбыра ырғақтары, күй әуезі балет музыкасына арқау болып, оның ұлттық, даралық ерекшелігін айқындады. 1938 ж. қазақ музыка театрында қазақтың тұңғыш балеті «Қалқаман – Мамыр» қойылды. Жер-жерде балет спектакльдерін қоятын халық театрлары («Алматының жас балеті», Қарағандының мәдениет сарайы, т.б.) құрылды. 1986 ж. құрылған «Алтынай» мемлекеттік халық би ансамблі қазақ би өнерінің жаңа белесі болды. Балқытып біріктіру. Балқытып біріктіру, пісіру – металл бұйымдарды балқу температурасына дейін қыздыру немесе пластикалық күйге дейін келтіру арқылы бір-бірімен біріктірілетін денелердің аралығында атомаралық (молекулааралық) байланыстардың түзілуі нәтижесінде оларды ажырамайтындай етіп біріктіретін технологиялық процесс. Металдар мен қорытпалар, сондай-ақ пластмасса, шыны, керамика және әр текті металдар балқытып біріктіріледі. Балқытып біріктіру кезінде қыздыру көздерін пайдаланып біріктіруге кері процесс те (мысалы, металдарды отпен немесе термиялық кесу) жүзеге асырылады. Балқытып біріктірудің қарапайым тәсілдері біздің заманымыздан бұрынғы 8 – 7 мыңыншы жылдары белгілі болған. Мысалы, Мысыр пирамидаларынан қалайымен біріктірілген алтын бұйымдар, ал Помпей қаласын қазу кезінде жапсарлары біріктірілген қорғасын су құбырлары табылды. Оларда қосылатын бөлшектер алдын ала қыздырылып, одан әрі бір-біріне жанши отырып біріктірілген не қыздырылған бөлшектердің арасына балқыған металл құйылған. Ал темір мен оның қорытпаларынан жасалған бұйымдар ұсталық көрікте «шоқтануға» дейін қыздырылып, одан әрі олар бір-біріне соғу арқылы біріктірілген. 19 ғасырдың соңына дейін тек осы екі тәсіл ғана іс жүзінде кеңінен таралды. Балқытып біріктірудің жылдам дамуына 1802 ж. орыс ғалымы Василий Петров ашқан электр доғасы (доғалық разряд) себепші болды. 1882 ж. орыс инженері Николай Бенардос балқымайтын электродпен (көмір немесе графит) балқытып біріктіру тәсілін, ал 1888 ж. орыс инженері Николай Славянов балқитын электродпен балқытып біріктіру тәсілін ұсынды. 1949 ж. электр шлагымен балқытып біріктіру тәсілі Украинада Электрлік балқытып біріктіру институтында жасалды. Осы институтта академик Евгений Патонның жетекшілігімен флюс қабаты астында және ғарыш кеңістігінде балқытып біріктіру жұмыстары жүзеге асырылды. 20 ғасырдың 50-жылдарының аяғында Францияда металдарды тығыз электрондар шоғының көмегімен балқытып біріктіру тәсілі, ал соңғы жылдары балқытып біріктіру процесінде оптикалық кванттық генератор-лазер пайдаланыла бастады. Қазіргі уақытта балқытып біріктірудің алпыстан астам тәсілдері бар. Қосылыс аймағындағы материалдардың физикалық күйіне байланысты балқытып біріктірудің барлық тәсілдерін шартты түрде: балқыту арқылы балқытып біріктіру және қысым арқылы балқытып біріктіру деп бөлуге болады. Балқытып біріктіру тәсілдерінің ішінде пісірілген жапсар сапасының жоғарылығына, қарапайымдылығына, т.б. қарай электр доғасымен балқытып біріктіру ең көп тараған. Электр доғасымен балқытып біріктіру тәсілінде металды қыздыруға қажетті жылу электродтан немесе электрод пен металл арасында түзілетін доғадан алынады. Электр доғасымен балқытып біріктіруде балқитын және балқымайтын электродтар қолданылады. Балқымайтын электродтардың (көмір, графит, вольфрам) диаметрі 5 – 30 мм, ұзындығы 200 – 300 мм болып жасалады және ол металды тұрақты токпен балқытып біріктіру кезінде пайдаланылады. Балқитын электродтар металдың химиялық құрамына, пайдалану мақсатына, т.б. сәйкес болат, шойын, мыс, жез, қола, т.б. металдар мен қорытпалардан жасалады. Олардың ұзындығы 300 – 450 мм, диаметрі 1 – 12 мм болып, жалаңаш және сырты қапталған түрлерге ажыратылады. Металды терең балқытып біріктіру тәсілінде электродтың сыртқы беті балқу температурасы жоғары қабатпен қапталады. Үш фазалы токпен балқытып біріктіруде ток көзінің екі фазасы параллель екі электродқа, үшіншісі металға жалғанады. Екі электрод пен металдың және электродтардың өз арасында үш доға пайда болады. Доғаның бірі сөнсе де, қалған екі доғаның балқытып біріктіру мүмкіндігі бар. Сондықтан оның еңбек өнімділігі жоғарырақ болады. Қорғағыш газ қабаты астындағы балқытып біріктіру тәсілінде газ балқыған жапсардың атмосферамен жанасудан және металды тотығудан сақтайды. Қорғағыш орта ретінде аргон, гелий, сутек, т.б. газдар пайдаланылады. Электр шлагымен балқытып біріктіру тәсілінде қажетті жылу мөлшері электр өткізгіш шлакпен ток өткізу арқылы алынады. Бұл тәсілмен қалыңдығы әр түрлі гидравликалық турбина, жоғары қысымды бу қазандары, мартен пешінің қаңқасы, т.б. күрделі әрі ірі бұйымдар балқытып біріктіріледі. Қысым арқылы (қыздырылып немесе қыздырылмай) балқытып біріктіру кезінде біріктіретін бөлшектердің материалдары сырттан қысушы күштердің әсерінен деформаланып, берік қосылыс түзеді. Қысым арқылы балқытып біріктірудің түйіспелік, конденсаторлық, ультрадыбыстық, диффузиялық, т.б. тәсілдері бар. Балқытып біріктірудің қажетті тәсілі біріктірілетін материалдардың физикалық-химиялық қасиеттеріне, қосылатын бөлшектердің қалыңдығына және қосылыстың құрылымына, т.б. қарай таңдап алынады. Балқытып біріктірудің өнеркәсіпте алатын орны орасан зор. Ол металды және басқа да қатты материалдарды өңдеумен айналысатын барлық өндірісте кеңінен қолданылады. Көптеген балқытып біріктіру жұмыстары автоматтандырылған. Балық. Балық – хордалылар типінің жақтылар тобына жататын омыртқалы су жануарлары. 20 мыңнан астам түрі белгілі, олардың 97 – 98%-ы сүйекті балықтарға жатады, қалғандары шеміршекті балықтар. Қазақстанда жүз сексендей түрі мен түр тармақтары кездеседі. Балық (Pіsces) девон кезеңінен белгілі. Қазіргі көптеген түрлері бес жүз мың жылдан бері өзгерместен тіршілік етіп келеді. Балықтың мекен ету аумағы биік тау су қоймаларынан мұхиттың терең су түбіне дейінгі ауқымды қамтиды. Олар –2ӘС-тан (арктикалық суда) 50ӘС (ыстық бұлақтарда) температура аралығында тіршілік ете алады. Тұздылығы 70‰ болатын суға төзетін балықтар да бар. Балық дене тұрқы, түсі, құрылысы, физиологиясы жағынан айтарлықтай ерекшеленеді. Олардың дене тұрқы 1 см-ден 20 м-ге дейін болады, ал салмағы 1,5 г-нан 12 – 14 т-ға дейін жетеді. Олардың пішіндері де әр түрлі: ұршық, жебе тәрізді, екі бүйірінен немесе арқасынан бауырына қарай қысыңқы, жылан, таспа, шар тәрізді, дөңгелек, т.б. болады. Балықтың денесі үш бөліктен (бас, кеуде, құйрық) тұрады. Олардың жұп танау тесігі мен көзі, жұп (кеуде, құрсақ) және дара (арқа, құйрық, құйрық асты) қанаттары болады. Кейбір балықтың қанаттары жетілмеген, ал кейбір түрлерінде өте жақсы (мысалы, албырттардың май қанаты) жетілген. Денесін қабыршақ жапқан, бірақ қабыршақсыз немесе сүйекті қылтан жапқан түрлері де бар. Желбезекпен тыныс алады, ауамен тыныс алуға бейім органы бар балықтар да кездеседі. Балық жыныстық қабілеті жетілгенше тез өседі, олардың өсуі көбіне жыл маусымына, тіршілік жағдайына байланысты. Бір-екі жыл (кейбір бұзаубас балықтар), тіпті жүз жылға дейін (қортпа) тіршілік ететін балықтар да бар. Көптеген балықтардың иіс сезу, сезім, есту, көру (өте терең және жер асты суларында тіршілік ететіндерінде болмайды) мүшелері жақсы жетілген. Олардың бүйір сызығы судың қозғалысын қабылдайды. Сүйекті балықтардың көпшілігінде торсылдақ болады, ол дене тепе-теңдігін сақтау қызметін атқарады, ал кейбір балықта торсылдақ – тыныс алу органы; балық торсылдақ арқылы өзі шығаратын дыбысты күшейтеді. Қорегінің түріне қарай балық: фитофаг, планктофаг, бентофаг, детритофаг, жыртқыштар болып бөлінеді. Балық әдетте дара жынысты, сондай-ақ қос жынысты түрлері де кездеседі. Балықтардың көпшілігі сырттай ұрықтанып, уылдырық шашу арқылы көбейеді. Сондай-ақ іштей ұрықтанып, тірі шабақ немесе ұрықтанған уылдырық туатын түрлері де (мысалы, акулалар, гамбузия, т.б.) болады. Тіршілігінде олар бірнеше рет уылдырық шашады, бір рет қана уылдырық шашатындары да (мысалы, қиыр шығыс албырты, кета, т.б.) болады. Уылдырығын судағы өсімдікке, тасқа жабыстырып қоятындары, көміп тастайтындары, тіпті моллюскілердің денесіне тығып сақтайтындары да кездеседі. Балық жыл маусымына сәйкес қорегін, қыстауын немесе уылдырық шашатын жерін іздеп, кейде мыңдаған киллометрге дейін өрістейді. Балық – адам үшін қажетті белокқа бай тағам көзі. Оның еті, уылдырығы, ал кейбір түрінің терісі де пайдаланылады, олардан балық майы алынады. Ішінде улы түрлері де кездеседі. Балық аулау шаруашылығы ертеден белгілі, дегенмен оның шарықтау биігі 20 ғасырдың 70-жылдарына тура келеді. Осыған байланысты кейбір кәсіптік маңызы зор балықтың санын азайтпау үшін, олардың табиғи көбеюіне қосымша әр түрлі қолдан өсіру әдістері жасалады. Саны өте азайып кеткен, айрықша қорғауға алынған балық түрлері мен түр тармақтары халықаралық және ұлттық «Қызыл кітапқа» енгізілген (мысалы, ақ балық, нельма, Арал албырты, Арал бекіресі, Каспий албырты, көкбас, т.б.). Ғылыми мақсат үшін кейбір балықты лабораторияда өсіреді. Балықты аквариумда өсіру кең өріс алуда. Балық туралы ғылым ихтиология деп аталады. Балық аулау құрал-жабдықтары – мұхит, теңіз, көл, өзен, т.б. су алаптарынан балық аулауға арналған құралдар мен жабдықтар. Оған трал, сүзекі, қалталы жылымдар, ығызбай және құрма аулар, қабадан, қармақ, жарық түсіріп аулайтын құралдар мен электр қондырғылары жатады. Ертеде балықты сүңгі, шанышқы, гарпун (ұшы тастан, сүйектен, темірден жасалған), қаза (қамыстан тоқып таяз суларға салынады), т.б. құралдармен, түнде – буылған қамыстан жаққы жағып та аулаған. Кейін синтетикалық материалдардан тоқылған құралдар кеңінен пайдаланыла бастады. Балық аулау құрал-жабдықтары балық түрлерінің мекеніне, ерекшеліктеріне сай жасалынады. Мысалы, трал конус қалта пішінінде жасалып, оны сүйретіп жүру, көтеріп алу үшін кемеге арнайы қондырғылар орнатылады. Трал үйір-үйір боп жүретін треска, камбала, майшабақ аулауға қажет. Осындай шоғырланып жүретін балықтарды сүзекі және қалталы жылымдармен де аулайды. Сүзекі-жылымды суға тастап, кемемен біраз сүйретіп барғаннан кейін, табандық арқанын лебедкамен тартқанда, астыңғы жағы бүріліп қалталанады да, балық ішінде қалады. Оны кемеге тартып алу, көтеру, трюмге төгу жұмыстарының бәрі механикаландырылған. Ағынды суларда ығызбай аулар пайдаланылады. Ағын судың еніне қарай әрқайсысы 25 м болатын бірнеше ауды бір-біріне жымдастыра жалғап, өзенге көлденең салады. Бір жақ шетінің арқалығына қалтқы-бояқ, табандығына салдауыр байлайды да, арқалықтың екінші ұшын қайықтағы адам ұстап отырады. Мөлшерлі жерге дейін ығып барған соң, балығымен қоса тез суырып алады. Қос қанатында балық кірсе қайтып шыға алмастай етіп, бір-бірінің ішіне кигізіле бекітілген, конус тәрізді бірнеше қалтадан тұратын (әр қалтаның ауыз жағында оны керіп тұратын шеңбер шыбықтары бар) құрал түрлерін құрма тор, қабадан (не нәрете) деп атайды. Мұндай құралдар жағалауда өскен қамыс жиегіне, өзекшелерге құрылады. Электр жарығын су астына жіберіп, шоғырланған балықтарды сумен қоса кеме үстіне шығару үшін қуатты сорғылар орнатылған конус тәрізді шағын жылымдарды қолдану да жиі кездеседі. Шағын көлдер мен теңіз қолтықтарынан жарық түсіру тәсілімен аулағанда, электр жарығының орнына буылған қамысты жағады. Оның жарығына жиналған балықтарды ұзын сапты, жеңіл де ауқымды сүзекімен сүзіп не шанышқымен шаншып алады. Мұны жаққы жағу дейді. Ірі балық шоғырларын іздестіру үшін гидроакустикалық локатор қолданылады. Балық өңдеу – балықты сақтау және балықтан дайын өнім алу жұмыстарының жиынтығы. Өңделген балықтың дәмдік, тағамдық қасиеттері жақсарады, сақтау мерзімі ұзарады әрі тасымалдауға да қолайлы болады. Балық өңдеудің кең тараған әдісі – оны тоңазыту, суықта сақтау және мұз етіп қатыру. Балықты тоңазыту үшін көбіне мұз қолданылады, контейнердің ішіне балықтарды қаз-қатарымен қойып, арасына ұсақталған мұз (балық массасының 30 – 40%-ы) салады. Тоңазытылған балықтың дене температурасы –1 – 5ӘС болады. Мұндай күйде балықты сегіз – он бір тәулік сақтауға болады. Ұзақ мерзімге (4 айға дейін) сақтау үшін балықты арнаулы тоңазытқыштарда –18 – 40ӘС температурада мұз етіп қатырады. Балықтың дәмдік, тағамдық қасиеттерін жақсарту үшін тұздау, кептіру, қақтау, ыстау, консервілеу сияқты балық өңдеу тәсілдері қолданылады. Тұздау – балық өңдеудің ежелден келе жатқан, кең тараған әдісі. Тұз мөлшері балық етінде 10 – 15%-ға жету керек, мұндай жағдайда шіріткіш микроорганизмдердің өсіп-өнуі тоқтағанымен, балықты сақтау үшін қосымша антисептикалық заттар мен салқын температура қажет. Ыстау – тұздалған балықты 40ӘС-тан аспайтын температурада түтінмен өңдеу әдісі. Ыстау барысында балық кебеді, түтін балық етінің терең қабатына дейін сіңеді. Ыстауға көбіне арша, қарағай, емен, жаңғақ ағаштарының жаңқаларының түтіні қолданылады. Кептіру – тұздалған балықты одан әрі өңдеу әдісі. Балықты табиғи жағдайда немесе арнайы кептіргіш қондырғыларда кептіреді. Балықты консервілеу – балыққа томатты тұздық қосып немесе майға араластырып, қаңылтыр қалбырда ұзақ мерзім сақталатын дайын тағам алу әдісі. Балықтан жасалған консерві құрамында белок, май, кальций, фосфор, А, В, С, Д витаминдері бар. Консервілеу процестерінің қалдықтарынан жануарлар жеміне қосылатын балық ұны жасалады. Қазақстанда балық өңдейтін Атырау және Балқаш балық комбинаттары бар. Балық өсіру – балық шаруашылығының балықтарды жерсіндіретін, олардың жаңа тұқымын шығаратын, қоректендіретін, судағы қорын молайтып, сапасын арттыратын саласы. Балық негізінен табиғи сулар мен тоғандарда өсіріледі. Табиғи суда балық өсіру – өзен, көл, су қоймалары мен теңіздердегі балық түрлерінің сапасын арттыруға және оның қорын молайтуға бағытталған. Адамның іс-әрекетінің нәтижесінде (мысалы, су құрылыстарының салынуы, судың ластануы, т.б.) табиғи сулардағы балықтардың өсіп-өнуі нашарлап, тіпті кейбір түрлерінің жойылуына апарып соқты, сондықтан олардың өсіп-өнуін қамтамасыз ету, сапалы балық түрлерін көбейту сияқты жұмыстардың қажеті туды. Адам әрекетінің кері ықпалы, әсіресе, жартылай өткінші (көксерке, тыран, сазан, торта, т.б.) және өткінші балықтарға (бекіре тәрізділердің, албырттардың көпшілігі, т.б.) қатты тиді. Жартылай өткінші балықтар көлдерде, өзендерде және оның сағасында, ал өткінші балықтар теңіздерде тіршілік етіп, уылдырығын шашу үшін өзен арнасымен жоғары өрлейді. Балықтардың өрлеу жолында кездесетін кедергілер жойылады; мысалы, жыртқыш балықтар ауланады, жыртқыш сүтқоректілер мен құстар үркітіледі, уылдырық шашатын балықтарды аулау уақытша тоқтатылады. Сондай-ақ суда балық жемінің мол болуы мен судың тазалығы қадағаланады. Балық уылдырық шашатын жерлер табиғи қалпында сақталуы керек. Көктемгі су тасқынынан өзен жайылымдарында майда шабақтардың біразы қалып қояды да, су тартылғаннан кейін қырылып қалады. Мұны болдырмау үшін арнайы канал қазылып, шабақтар өзен-көлдерге ағызылады немесе шабақтар ауланып, өзенге қолдан жіберіледі. Кәсіптік маңызы бар балық түрлерінің әр түрлі себептерден табиғи көбеюі жоғары деңгейде болмаса, олардың шабағы қолдан өсіріліп, есейген соң, табиғи суға жіберіледі. Балық ауланатын сулардағы ихтиофаунаның сапасын арттыру үшін кәсіптік маңызы бар балық түрлерін жерсіндіреді. Мысалы, кезінде Каспийге Қара теңізден кефал, Аралға Балтық теңізінен салака, Қара теңізден камбала, Аралдан Балқаш көліне арал бекіресі мен қаязы, т.б. әкелінген. Тоғанда балық өсіру, арнайы қазылған су қоймаларында жүргізіледі, сондықтан мұндағы балықтар ұрықтануынан бастап үлкейгенге дейін адамның бақылауында болады. Тоған шаруашылықтарында ежелгі тұқыдан басқа көптеген балық түрлері (ақ амур, дөңмаңдай, табан, оңғақ, бахтах (форель), бестер, т.б.) өсіріледі. Балықтарды қоректендіру үшін құрама азық қолданылады. Қазақстанда жалпы аумағы үш мың гектардай тоғыз тоған шаруашылығы (Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қызылорда облысында), он үш питомник және бірнеше арнаулы шаруашылықтар (Атыраудағы бекіре шабағын өсіретін шаруашылық, т.б.) бар. Банк. Банк – ақша қаржылары мен қорларын жинақтау, кредит беру, мемлекеттер, кәсіпорындар (фирмалар), мекемелер және жеке адамдар арасындағы өзара төлемдер мен ақшалай есеп айырысуда делдалдықты жүзеге асыру, ақшаның белгілі бір түрін айналымға қосу, ақша мен құнды қағаздар шығару, алтынмен, шетелдік валютамен түрлі операциялар жасау және басқа да қызметтер атқаратын қаржы мекемесі. Банктің пайда болуы мен дамуы тауар-ақша қатынастарының дамуымен тығыз байланысты. Банктер кәсіпорындардың, фирмалардың, компаниялардың, сонымен қатар тұрғындардың уақытша пайдаланылмай бос тұрған қаражаттарын жинақтап, қажет етушілерге өсіммен уақытша несие беру арқылы қаржы мұқтаждығын өтейді. Банктер уақытша пайдаланылмай тұрған бос ақша қаражаттарын өзіне жинақтау, клиенттерге есепшот ашып, кассалық қызмет көрсету, қысқа және ұзақ мерзімге несие беру, бөлу, инвестициялық қызмет атқару (ұзақ мерзімді күрделі шығындарды қаржыландыру, құнды қағаздар шығару), сияқты өзіндік арнаулы қызметтерге қоса, нарықтық экономика жағдайында лизингтік, факторингтік, трастық, кеңесшілік, ақпараттық, т.б. қызметтерді де атқарады. Атқаратын қызметі мен сипатына қарай – орталық эмиссиялық (Ұлттық банк, оның жергілікті бөлімшелері), коммерциялық, инвестициялық, салалық, ал меншік түріне қарай мемлекеттік, акционерлік, корпоративтік, аралас, мемлекетаралық банктер болып бөлінеді. Алғашқы банктер орта ғасырда Солтүстік Италияда, кейінірек Германия мен Нидерландтың сауда орталықтарында пайда болды. Банк ісінің ілгері дамуына, әсіресе, 1716 – 20 ж. Франциядағы Джона Ло банкінің ықпалы зор болды. Ол алғаш рет ақша эмиссиясын жүзеге асырды. 20 ғасырдың басында банк ісі мен өнеркәсіптің шоғырлануы және монополиялануы банкттердің рөлін едәуір өзгертіп, банк белгілі бір салаға не кәсіпорынға жүйелі түрде несие беруге көше бастады. Олар көбінесе, ұзақ мерзімді қарыз беруге (сегіз – он жылға дейін) ұмтылды. Өнеркәсіп, көлік (транспорт), сауда және басқа да акционерлік қоғамдардың құнды қағаздарын (акциялар, облигациялар) рынокқа шығару және орналастыру нәтижесінде банк өнеркәсіппен етене жақындасып, кәсіпорындардың құнды қағаздарының бақылау пакетін өз қолына шоғырландырды. Барсакелмес. Барсакелмес – Арал теңізінің солтүстік бөлігіндегі түбек. Қызылорда облысының Арал ауданында орналасқан. Теңіз суы тартылғанға дейінгі ұзындығы 28 км, енді жері 8 км, ауданы 133 км2 (1987) арал болған. Түбек ендік бағытта созылып жатыр. Жер қыртысы неоген шөгінділерінің сазды тақтатас және мергель тау жыныстарынан тұрады. Оның бетін төрттік кезеңнің шөгінділері жапқан. Жер бедері дөңесті-белесті болып келеді. Абсолюттік биіктігі (Шағалалы төбесі) 113 м. Құмды жерлерінде шағылдар мен құм төбешіктер бар. Барсакелместің батыс бөлігінің жағалауы жартасты, жарқабақты, шығысы жазық, жайпақ келген. Климаты тым континенттік, шөлдік. Қысы суық, жазы ыстық. Қаңтардың орташа температурасы –10ӘС, кейбір күндері –35ӘС-қа дейін төмендейді. Шілдедегі орташа температура 26,5ӘС, кейде 40ӘС-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 100 – 120 мм. Жер асты суы ащы. Топырағы сұр, сортаң және құмдақ. Өсімдіктен сексеуіл, бұйырғын, теріскен, жусанның бірнеше түрі, адыраспан және әр түрлі сораң шөптер кең тараған. Теңіз суының тартылып қалуына және топырағының кебірленіп тұзға айналуына байланысты түбектегі жануарлар (ақбөкен, құлан, қарақұйрық, ор қоян, т.б.) Қапшағай аңшылық-қорық шаруашылығына және Үстірт қорығына көшірілген. Барсакелмес – Арал теңізінің солтүстік батыс бөлігіндегі Барсакелмес аралында (қазір Барсакелмес түбегінде) 1939 ж. ұйымдастырылған мемлекеттік қорық. Жерінің аумағы жиырма мың гектар. Қорықтың мақсаты жануарлардың кейбір түрлерін сақтау және олардың өзін қоршаған табиғатқа бейімделуін зерттеп, саны азайып бара жатқан ақ бөкен мен қарақұйрықты қорғау болды. Қорық жерінің негізі – құммен қоршалған саз топырақты сортаң шөл. 1965 жылға дейін мұндағы тұзды көлдерде аққу, бірқазан, су құзғын ұялайтын. Теңіз суының тартылуына қарай қазір қорықта көл де, құстар да жоқ. Мұндай жағдай қорықтағы өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік етуіне өз әсерін тигізіп отыр. Бұрын аралда жоғары сатыдағы өсімдіктердің екі жүз елуден аса түрі өссе, бауырымен жорғалаушылардың сегіз түрі (тасбақа, қалқантұмсықты жылан, қарашұбар жылан, жұмырбас кесіртке, жүрдек кесіртке, ысылдағыш жармасқы, т.б.), жыл құсының екі жүз он бір түрі (дуадақ, қылқұйрық, шіл, жылқышы, шүрілдек торғай, көк торғай, т.б.) болды; 1970 – 90 ж. олардың саны күрт азайып, тіпті кейбір түрлері жойылып кетті. Бидайық, жусан, сексеуіл сияқты өсімдіктер сиреп барады. Қорықта негізінен ақбөкен, қарақұйрық және құлан қорғалады. Тік жартастарда дала қыраны, бөктергі және ителгі ұялайды. Қорықта 1950 ж. құланды жерсіндіру басталды. 1953 – 65 ж. Түрікменстанның Бадхыз қорығынан осында он тоғыз құлан әкелінді. 1976 ж. Барсакелмес қорығында құланның саны бір жүз елу жеті болса, соңғы кездегі Арал теңізіндегі экологиялық жағдайдың аса нашарлауынан, олардың саны күрт төмендеді. Сақтап қалу үшін құландар Қазақстанның басқа қорықтары мен қорықшаларына көшірілді. Баспа. Баспа – кітап, газет, журнал, плакат және т.б. баспа өнімдерін шығаратын кәсіпорын. Ол шығаратын өнім түрлеріне қарай кітап баспасы және газет-журнал баспасы, сипаты мен бағытына қарай ғылыми баспа, бұқаралық баспа, балалар баспасы болып жіктеледі. Көпшілікке арналған алғашқы баспа өнімдері (діни уағыздар, қолжазба кітаптар) ағаш қабығына, теріге, кейіннен қағазға қолмен көшіріліп жазылған. Көп данамен тарататын баспа тарихы Қытайда кітап көбейтудің жаңа әдісі – ксилографияның (ағаштан ойылған қалыппен басу) пайда болуынан (8 – 9 ғасырлар) басталады. 1040 – 48 ж. Би Шен жылжымалы қаріптерді, құйма әріптермен теру процесін ойлап тапты; Еуропаға бұл жаңалық 4 ғасырдан кейін келді. 14 ғасырда Қытайда түрлі-түсті баспа пайда болды. Еуропада 1445 ж. неміс өнертапқышы Иоганн Гутенберг кітап басуға алғаш рет жылжымалы құйма әріптерді пайдаланды. Ал Ресейде 1564 ж. Иван Федоров пен Петр Мстиславец орыс тіліндегі тұңғыш кітап «Апостолды» басып шығарды. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында баспалар өз ішінен кітап, газет-журнал баспаларына жіктеле бастады. Қазақ тіліндегі тұңғыш кітап – Қазан гимназиясы баспаханасы шығарған «Сейфүл-мәлік» қиссасы (1807). 1917 жылға дейін қазақ тілінде жеті жүзге жуық кітап басылды. Қазан төңкерісінен кейін кітап басу ісі бірден мемлекет иелігіне алынды. «Мемлекеттік баспа туралы» қабылданған декрет бойынша 1917 жылдың аяғында Бүкілресейлік атқару комитетінің жергілікті кеңестерінің жанынан баспа бөлімдері ашылды. 1920 ж. үшінші қарашада Қырғыз (Қазақ) АКСР Орталық атқару комитеті «Қазақ мемлекеттік баспасы туралы декрет» қабылдады. 1921 – 22 ж. Қазақстанда жиырма тоғыз баспахана, бір литография жұмыс істеп, таралымы жиырма жеті мың дана жиырма кітап шығарды. 1941 жылдың басында республикадағы барлық баспалар қосылып, Қазақ біріккен мемлекеттік баспасы (Қазақ БМБ) аталды. Соғыстан кейін баспалар қайтадан даралана бастады, кейбірі жаңадан ашылды. 1968 ж. «Қазақ энциклопедиясы» баспасы дүниеге келді. Қазақстан тәуелсіздік алып, нарықтық экономикаға көшуімен байланысты республикадағы баспалар қызметі түбірлі өзгерістерге ұшырады. Бұрынғы «Қазақстан», «Жазушы», «Жалын», «Рауан», «Өнер», «Қайнар», «Ғылым», «Білім», «Санат», «Балауса», «Ана тілі», «Қазақ энциклопедиясы», «Дәуір», «Сарыарқа» баспаларымен бірге, жаңадан ондаған жекеменшік баспалар пайда болды. Батырлық. Батырлық, қаһармандық – "дәстүрлі қазақ қоғамында болған ерекше әлеуметтік топ – батырларға тән қасиеттер мен өмір салты. Қазақ батырларының өзіндік қоғамдық қызметі, басқа қоғамдық топтармен ара-қатынасын реттейтін этикасы, т.б. ерекшеліктері болған." 1) Тек әскери кәсіппен айналысу. Батырлар елді басқыншылардан құтқаруды, жау қолынан қаза тапқан ата-баба кегін қайтаруды өмірлік мақсат тұтынған; 2) Батырлар әулетінде туған бала жастайынан әскери кәсіппен айналысуға міндетті болды. Тұқым қуалаған батырлар «шынжырлы тұқым» деп аталған. Мұндай батырларды бала кезінен әскери өнерге баулып, он үш – он бес жасынан-ақ шайқастарға қатыстырған. Көшпелі түркі халықтарының жазба және ауыз әдебиетінің деректерінде алғаш ерлік көрсеткен батырға лақап ат қойылатыны айтылады. Ерасылдың Қабанбай, Дарабоз; Әбілмансұрдың Абылай; Еспембеттің Адақ аталуы, Ағыбай батырдың есіміне Ақжолтай атының қосылуы – сол көне дәстүрдің жалғасы. Әскери әулеттен болғандықтан батырлар алғашқы ерлік жолын көбіне соғыста өлген әкесінің, туысының кегін алудан бастаған. Әке кегін қумау батыр үшін ұят. Артында ұл болмаса, кек алу қызына да міндет болған. Батырлар ата кегін қууды кең ұғымда, жалпы халықтың, елдің кегін қуу мағынасында да түсінген. 3) Көшпелі халықтарда хандар, әміршілер, ел билеушілер батырлар әулетінен шыққан, осы қоғамдық топтың өкілі болған. Шыңғыс хан, Әмір Темір, Едіге, Мамай, Абылай, Кенесары, т.б. батыр болған және батырлар әулетінен шыққан. Олар өздерінің жұрттан асқан ерлігінің арқасында билеушілік дәрежеге көтерілген. 4) Батырлар меншік иелері болған. Олардың меншігіне қалалар, елді мекендер, ұлыстар, аймақтар қараған. Бірақ батырлардың бәрі бірдей байлық иесі болмағанын да айта кету керек. 5) Батырлардың өздеріне тән жауынгерлік этикасы, адамгершілік ережесі, діни ырымдары мен салттары болған. Жауынгерлер қару-жарағын, киімдерін өз руларының, өз әулеттерінің тотемдік бейнелерімен әшекейледі. Батырлардың, жалпы аруақты адамдардың киесіне сену халық жадында әлі күнге сақталып келеді. Батырлардың қаруы өзіне арналып соғылып, түрлі магиялық ырымдар жасалып, кететін уақытты анықтауға киелі сандарды қолданған. Мысалы, қырық ұстаға соқтыру, қырық күн кептіру, қырық түрлі сұйыққа суару, т.б. Ата кәсіп ұрпаққа жалғасатындықтан, батырлар әулетінің қару-жарағы атадан балаға мұра болып, егер мұрагері қалмаса, батыр өлгенде қаруын бірге жерлеген. Үлкен айқастар әрқашан жекпе-жекпен басталатындықтан, жекпе-жекке шығу батырлардың басты міндеттерінің бірі саналған. Жауынгердің шын мәніндегі батыр атануы осы жекпе-жекте жеңіске жетуден басталды. Бәйдібек би. Бәйдібек би, Бәйдібек Қарашаұлы – "қазақ халқын құраған тайпалардың аумақтық және этникалық тұтастығын қалыптастыру жолында көп еңбек сіңірген тарихи тұлға. Оның нақты туған-өлген жылдары белгісіз." Шежіре бойынша, Ұлы жүздің үйсін бірлестігіне кіретін албан, суан, дулат, сарыүйсін, шапырашты, ысты, ошақты тайпаларының түп атасы. Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и Рашиди» атты тарихнамасында осы елге бірінші болып билік жүргізген арғы бабасы Бәйдібек екен, одан бері қарай елдің билігі өзінің аталарына өткенін атап көрсетті. Бәйдібек бидің әкесі Қараша Қытай жылнамасында жазылып, билік жүргізген жылдары нақты көрсетілген. Осы деректер Бәйдібектің 6 – 7 ғасырларда өмір сүргенін дәлелдейді. Шежіре бойынша оның үш әйелі болған. Бірінші әйелі Сары бәйбіше Байтоқты атты ұл туып, одан Түргеш (Сарыүйсін) дүниеге келеді. Екінші әйелі Зеріптен туған Жалмамбеттен Шапырашты, Ошақты, Ысты өрбиді. Үшінші әйелі Домалақ ана деген атпен белгілі Нұриладан Тілеуберді (ел арасында Жарықшақ немесе Жарықбас), одан Албан, Суан, Дулат тараған. Басқыншылармен бір шайқаста Бәйдібектің Сары бәйбішесінен туған алты ұлы қаза тапқан Шығыс Қаратаудағы Қошқарата өзенінің бойында «Алты Сары бейіті» деген киелі жер қалды. Бәйдібек сүйегі Балабөген өзені жағасында жерленген. 1998 ж. Бәйдібектің Қарахан дәуірі үлгісіндегі бұрынғы кесенесінің орнына жаңа Бәйдібек және Қасиетті бес ана тарихи ескерткіш кешені салынды. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Алғабас ауданына Бәйдібек есімі берілді. Бетон. Бетон, құйматас – жасанды тас материал; байластырғыш заттар (цемент, гипс, алебастр, әктас, т.б.), су (кейде сусыз) және толтырғыш материалдар (құм, малтатас, қиыршықтас, т.б.) кейде арнайы үстеме заттар қоспасының қатаюы нәтижесінде алынады; маңызды құрылыс материалы. Қоспа қалыпқа құйылғанға дейін бетон қоспасы деп аталады. Бетон (французша beton, латынша bіtumen – тау шайыры) құрамындағы байластырғыш түріне қарай: органикалық емес байластырғыштармен алынған бетон (цементті бетон, гипсбетон, силикатты бетон, т.б. арнайы бетондар) және органикалық байластырғыш заттармен алынған бетон (асфальтбетон, полимербетон) болып жіктеледі. Орташа тығыздығына (көлемі бойынша) байланысты аса ауыр (2500 кг/м3-ден жоғары), ауыр (1800 – 2500 кг/м3), жеңіл (1800 – 500 кг/м3), өте жеңіл (500 кг/м3-ден төмен) болып бөлінеді. Қолдану түріне қарай құралымдық, құралымдық-жылу оқшаулағыш, жылу оқшаулағыш және арнайы жасалған бетондар (отқа төзімді, қышқылға төзімді, жолға төсеуге арналған, т.б.) болып ажыратылады. Бетонның ең басты қасиеті оның беріктілігінде. Беріктілігі негізінен байластырғыш материалдардың түрі мен сапасына, бетонның орташа тығыздығына байланысты. Сондай-ақ ол бетон бұйымдарының маркасымен (сығымға беріктілік шегімен, осьтік созылуымен немесе иілу кезіндегі созылуымен) сипатталады. Бетонды алғаш рет ертедегі римдіктер күмбез, арка сияқты әсемдік-сәндік құрылыстарда пайдаланған. Рим империясының күйреуімен бетонды пайдалану тоқтап, тек 18 ғасырда Батыс Еуропа елдерінде қайта қолданылды. 20 ғасырдың 40-жылдарынан бастап құрылыстың қарқынды дамуына байланысты Қазақстанда бетон кеңінен пайдаланыла бастады. Қазіргі уақытта Теміртау мен Павлодарда кеуек бетон, Астана, Алматы, Семей, Шымкент, Атбасар қалаларында керамзит бетон, ал Теміртау қаласында отқа төзімді бетон өндіріледі. Бетон құралымдар мен бұйымдар – үйлердің, ғимараттардың және құрылыстардың бетоннан жасалған арматурасыз не жеңіл арматураланған құралымдық элементтері. Бетонның созылу беріктігі аз болғандықтан, бетон құралымдар мен бұйымдар, көбінесе, сығушы күштер түсетін жерлерде қолданылады. Бетон құралымдар мен бұйымдардың кең тараған түрлеріне: іргетастар, тастар мен қабырғалық блоктар, гидротехникалық құрылыстар, бағандар, күмбездер, көпірлік тіректер, жол және тротуар төсеніштері, т.б. жатады. Ал құралымға созу күші түсетін жағдайда бетон құралымдар мен бұйымдарға болат арматура қосылады. Бетон мен арматура қосылып жасалған құралымды темір-бетон құралымдар дейді. Зауыттарда дайындалатын бірдей стандарт элементтерден (іргетастық және қабырғалық блоктар мен тастар, т.б.) құралған құрама бетон құралымдарды құрылыстарда пайдалану өте тиімді болып есептеледі. Ірі құрылыстар мен ғимараттардың (мысалы, бөгеттің, ірі іргетастың, сүйеме қабырғаның) құралымы әдетте тұтас бетоннан жасалады. Бетон құралымдар мен бұйымдарының көпшілігі жоғары механикаландырылған және автоматтандырылған кәсіпорындарда дайындалады да құрылыс алаңына арнайы автокөлік түрлерімен жеткізіледі. Бидай. Бидай – астық тұқымдасына жататын аса маңызды дәнді дақыл. Қазақстанда алты түрі (Еділ бидайы, Польша бидайы, көже бидай, жұмсақ бидай, қатты бидай, көбен бидай) өседі, жабайы түрлері сирек кездеседі. Биіктігі 40 – 130 см, тамыр жүйесі – шашақты, тарамданған. Сабағы қуыс, жұмыр, жапырағы таспа тәрізді, сағағы сабағын орай орналасқан. Гүл шоғыры – күрделі масақ, оның қынабында екі масақша қабыршағынан тұратын масақтар орналасқан, ал олардың аралығында үш – бес гүлдері болады. Масақтың пішіні ұршық тәрізді, түсі ақ, қызғылт кейде қара, ішінде қылтанағы болады. Тұқымы – ұзына бойына тартылған сызаты бар, беті жылтыр дән. Масақ қылтығына, түсі мен масақша қабыршағының түк басуына, қылтықтары мен дәндерінің түсіне, т.б. байланысты бидайдың түрлері түршелерге бөлінеді, ал әрбір түрше сорттардан тұрады. Қазақстанда негізінен жұмсақ және қатты бидай өсіріледі. Жұмсақ бидайдың масағы да жұмсақ, дәні жұмыр әрі жылтыр, сабағы қуыс. Оның ұнынан көбіне нан пісіріледі, ол нәрлі және жоғары сапалы болып саналады, құрамында 16%-дай белок болады, жылтырлығы 70%, дән уызы серпімді әрі созылмалы келеді. Жұмсақ бидай Қазақстанда егіс көлемінің негізгі бөлігін алып жатыр. Табиғаттың әр түрлі жағдайына ыңғайлы, өсу қабілеті жоғары болуына байланысты оны көптеген аймақтарда өсіреді. Бидайдың дәнінен жарма, ұнынан нан, макарон, кеспе жасайды, кондитер өнеркәсібінде кең пайдаланады. Қатты бидайдың дәні ірі, сопақша, жылтыр. Оның дәнінде 24% белок бар, ұнының сапасы жақсы, одан кеспе және макарон жасайды, бірақ жұмсақ бидайға қарағанда наны онша көтерілмейді. Жаздық бидай көктемде, күздік бидай күзде егіледі. Күздік бидай, көбінесе, оңтүстік облыстарда өсіріледі. Егіс көлемі, түсімі, дәнінің сапасы жағынан жаздық бидай бірінші орын алады. Ол, көбінесе, Қазақстанның солтүстік, солтүстік-шығыс, орталық облыстарында өсіріледі. Арамшөптері аз, жатып қалмаған, біркелкі пісіп жетілген астықты тікелей комбайнмен шауып бастырады. Ал арамшөбі көп, біркелкі пісіп жетілмей, жатып қалған бидайды әуелі шауып дестеге түсіреді, содан кейін комбайнмен жинап бастырады. Бидай – негізгі азық-түліктік дақыл. Оның дәні, кебегі, сабаны құнарлы мал азығы, құрама жем өнеркәсібінің шикізаты. Бидай зиянкестері мен аурулары оның өніміне үлкен шығын келтіреді, олардың зиянкестеріне гессен және швед шыбындары, дәннің сұр көбелегі, барылдауық қоңыз, астық қандаласы, бүргесі, биті, обыр шегірткелері, т.б. жатады. Аурулары: қаракүйе, тат, ақұнтақ, септориоз, тамыр шіруі, т.б. Оларды болдырмау үшін бидайды сепкенге дейін, өсіп тұрған кезінде және жинап алар алдында әр түрлі химиялық препараттар шашады. Есек. Есек – жылқы туысына жататын сүтқоректі тақ тұяқты жануар. Жабайы африкалық есектен шыққан. Қолға бұдан бес – алты мың жыл бұрын үйретілген. Дене бітімі шымыр, шоқтығына дейінгі биіктігі 1 – 1,2 м, түсі қоңыр, күңгірт, азық талғамайтын, құрғақшылыққа төзімді көлік малы. Есектің айғырын әңгі, биесін мәші, құлынын қодық деп атайды. Жабайы есек үйірлері Африкада (Сомали, Эфиопия) тіршілік етеді. Оның әр үйірінде бір әңгі, бір – екі жасар қодығын ертіп жүретін бес – алты мәші болады. Жабайы есекті Сомали есегі және Нуби есегі деп аталатын екі түр тармаққа бөледі. Әр түрлі жабайы есектерді қолға үйреткеннен кейін ұзақ уақыт сұрыптау және оларды бір-бірімен будандастыру арқылы күш көлігі ретінде тиімді тұқымдары (Иранда хомад, Испанияда каталон, Орта Азияда бұқар) шығарылды. Есек үш жасында жетіледі. Көктем, жаз айларында үйірге түсіп, 12,5 ай көтеріп, бір қодық туады. Қодығын алты ай сүтімен қоректендіреді. Есек он сегіз – жиырма жыл тіршілік етеді. Жылдан-жылға санының күрт азаюына байланысты Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген. Бизнес. Бизнес – пайда табуға бағытталған әрекеттің, экономикалық қызметтің бір түрі; жеке кәсіпкердің не фирманың іскерлік қызметі. Бизнес (ағылшынша busіness – кәсіпкерлік, сауда-саттық) адамның табиғи қасиеттеріне, біліміне негізделе отырып, қандай да болмасын бір істен кіріс кіргізуге, өзінің материалдық, рухани қажеттілігін қанағаттандыруға, сонымен қатар қоғамға пайда келтіруге де мүмкіндік береді. Бизнес қоғам мүшелерінің сұранысы мен ұсынысын есепке ала отырып, экономикалық жүйенің барлық саласын дамыту арқылы бизнестен түскен табыстан салық және басқа да алымдар төлеу әрі оларды қоғам дамуына, халық игілігіне жарату, әлеуметтік көмек көрсету нәтижесінде қалыптасады. Іскер орта көптеген әлеуметтік және басқадай проблемаларды өкімет бағдарламаларының шеңберінде, сонымен қатар дербес шешуге де қатысады. Бор Нильс. Бор Нильс Хенрик Давид – д"аниялық ғалым, қазіргі заманғы физиканың негізін салушылардың бірі, Дания корольдік қоғамының мүшесі (1917) және 1919 жылдан оның президенті. Нильс Бор (Bohr) 1885 ж. жетінші қазанда Данияның Копенгаген қаласында туған." Копенгаген университетін (1908) бітірген соң 1911 – 12 ж. Кембриджде физик Джозеф Томсонмен, 1912 – 13 ж. Манчестерде Эрнест Резерфордпен бірге ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. 1916 жылдан Копенгаген университетінің профессоры. 1920 жылдан өмірінің соңына дейін Копенгагендегі Теориялық физика институтын (қазіргі Нильс Бор институты) басқарды. 1943 ж. Данияға фашистердің жаулап алу қатері төнгенде, ол АҚШ-қа кетуге мәжбүр болды. АҚШ-та алғашқы атом бомбасын жасауға қатысты, кейін оны шығаруға қарсы шықты. Соғыс аяқталған соң Данияға қайта оралды. Бор – атомның алғашқы кванттық теориясын жасаушы, кванттық механиканың негізін қалаушылардың бірі. Ол Бор қағидалары (постулаттары) деп аталған тұжырымдар негізінде атомның орнықтылығын және сутек тәрізді атомдардың спектрлік заңдылықтарын түсіндірді. Бор теориясы бойынша атомның орнықты (стационар) күйдегі энергиясының үзілісті (дискретті) мәндерге ие болатындығы алынғанымен, электрон шеңбер не эллипс тәрізді орбита бойымен қозғалатын классикалық бөлшек ретінде қарастырылады. Бұл теорияда Луи де Бройль ашқан микробөлшектердің толқындық қасиеті ескерілмейді. Атом құрылысының және оның ішінде өтетін түрлі процестердің толық теориясы кванттық механика заңдары ашылған соң ғана жасалды. Бор 1923 ж. классикалық және кванттық ұғымдар арасындағы сәйкестік принципін ашты. Сол жылы өзі жасаған атом моделі негізінде, алғаш рет Дмитрий Менделеевтің элементтердің периодтық жүйесіне ғылыми түсініктеме берді. 1927 ж. микродүниенің ең маңызды принциптерінің бірі – толықтырғыштық принципін тұжырымдады. Мұның философия ғылымы үшін маңызы зор болды. Ол құранды ядро теориясының авторы (1936). 1939 ж. американ физигі Джон Уилермен бірге ядроның бөліну механизмін түсіндірді. Уран ядросының өздігінен бөлінуін болжады. Бор 20 ғасырдың 40 – 50-жылдары негізінен, элементар бөлшектердің белгілі бір ортамен әсерлесу мәселесін зерттеді. Ол дүние жүзі физиктерінің (Феликс Блох, Оге Бор, Виктор Вайскопф, Лев Ландау, т.б.) үлкен мектебін ұйымдастырды, олардың арасындағы ғылыми шығармашылық байланысты дамытты. Бор – Нобель сыйлығының лауреаты (1922), дүниежүзіндегі жиырмадан астам Ғылым академияларының, оның ішінде бұрынғы КСРО Ғылым академиясының да (1929) құрметті мүшесі. Ғалым Нильс Бор 1962 ж. 18 қарашада Копенгаген қаласында дүние салды. Бор қағидалары, Бор постулаттары – даниялық физик Нильс Бордың атомның орнықты (стационар) күйін және спектрлік заңдылықтарын түсіндіруге арналған негізгі болжамдары (1913). Бірінші қағида немесе орнықты күйлер қағидасы: атомдағы электрондар кез келген энергиясы бар орбиталармен емес, тек белгілі бір энергиясы бар орбиталар бойымен қозғалады. Оларды орнықты орбиталар деп атайды. Орнықты орбиталардың энергиясы тек белгілі бір дискретті (үзікті) мәндерді ғана иеленеді. Электрондар мұндай орнықты орбита бойымен қозғалып жүргенде сәуле шығармайды. Екінші қағида немесе сәуле шығарудың жиіліктік шарты: атом бір орнықты күйден екінші бір сондай күйге ауысқанда ғана жарықтың бір фотонын жұтады не шығарады. Шығарылған не жұтылған фотонның энергиясы (һν) екі орнықты күй энергияларының (Е1 және Е2) айырымына тең (һν = Е1 – Е2, мұндағы ν – шығарылған не жұтылған сәуле фотонының жиілігі, һ – Планк тұрақтысы). Осы қағидалар негізінде құрылған Бор теориясы тек сутек және сутек тәріздес атомдардың құрылысын түсіндіруге қолданылады. Бор қағидалары классикалық физика заңдылықтарына толығымен қайшы келеді. Бұл қағидалар – микродүние қасиеттерін түсіндіру үшін табылған алғашқы тұжырымдар. Атом құрылысы кванттық механика арқылы ғана толық түсіндіріледі. Ботаникалық бақ. Ботаникалық бақ – ғылыми-зерттеу, мәдени-ағарту, іс-тәжірибелік оқыту мақсаттарымен өсімдік өсіріп, оны зерттейтін, ботаникалық білімді насихаттайтын мекеме. Негізгі ғылыми бағыттары: жергілікті және сырттан әкелінген өсімдіктерді өсіру, жерсіндіру, олардың биологиясын, экологиясы мен физиологиясын, өсіп-өнуін, селекциясын зерттеу; ботаникалық ілімді дамыту, оның жетістіктерін жалпы халыққа тарату; республикамызда азайып бара жатқан, жойылу қаупі төнген өсімдіктерді қолдан өсіріп көбейту, биологиялық, экологиялық ерекшеліктерін зерттеу, оларды сақтап қалудың, табиғи таралған орталықтарына қайтарудың жолдарын қарастыру; қала, ауыл, елді мекендерді көгалдандыру; бақ өсіру; гүлзар салу бағыттарында ғылыми-ағарту жұмыстарын жүргізу; өсімдіктердің жаңа түрлерін іздестіру, олардың пайдалы қасиеттерін анықтап, адам қажетіне жарату; өсімдіктер әлемін қорғау, көркейту. Ботаникалық бақтың негізгі бөлігін – шет жерлерден әкеліп отырғызылған өсімдіктер құрайды. Олар биологиялық ерекшеліктеріне қарай ашық далада, оранжереяда, жылыжайда өсіріледі. Қазір Қазақстанда әр түрлі табиғи-климаттық жағдайда орналасқан алты ботаникалық бақ – Бас ботаникалық бақ (Алматы), Маңғыстау тәжірибелік ботаникалық бағы (Ақтау), Жезқазған ботаникалық бағы, Алтай ботаника бағы (Лениногор), Іле ботаникалық бағы (Бақанас), Қарағанды ботаникалық бағы бар. Бөдене. Бөдене – тауықтәрізділер отряды, қырғауыл тұқымдастарына жататын құс. Қазақстанда шөл дала мен биіктігі үш мың метрден жоғары таулардан басқа жерлердің бәрінде ұялайды, бірқатары республикамыздың қиыр оңтүстігінде қыстап та қалады. Дене тұрқы 20 см-дей, салмағы 80 – 150 г шамасында. Ақшыл жолақты кішкене сұр құс. Мекиенінің тамағы ақ, жемсауы мен көкірегі теңбіл болады. Бөдене – жыл құсы, соның ішінде түнде қоныс аударатын жалғыз бір түрі. Бөдене ұялайтын жеріне көктемде ұшып келеді де, қыстау үшін Оңтүстік Азия мен Африкаға ұшып кетеді. Далада, шабындықта, егістікте жерді шұңқырлап, құрғақ шөп төсейді де, жетіден жиырмаға дейін шұбар жұмыртқа салады, оны мекиені он бестен он жеті күнге дейін басады. Бөдене өсімдік тұқымымен және өркенімен кейде жәндіктермен қоректенеді. Әуесқой аңшылық мақсатта көп ауланады, сондай-ақ үйде де ұсталады. Будда. Будда – будда дінінің негізін қалаған әулиенің лақап аты. Шын есімі – Гаутама Сиддһартһа. Солтүстік Үндістанда (бүгінгі Непал жерінде), шак (сақ) халқы патшасының отбасында дүниеге келген. Будда (біздің заманымыздан бұрынғы 623 – 544 ж.; санскритше Буддһа көкірегі ояу, көзі ашық деген ұғымды білдіреді) сол кездері Үндістанда үстемдік құрған Веда ілімін мойындамай, аһимсаны (тіршілік иелеріне жамандық жасамауды) уағыздаған. Бузьдозер. Бузьдозер – 1) аспалы жұмыстық тетігі – қалқаны бар өздігінен жүретін жер қазғыш трактор не сүйреткіш. Ол кен байлықтарын аршу, арна қазу, жол салу, сондай-ақ гидротехникалық құрылыстарды, т.б. жүргізу үшін топырақты қабат-қабатымен ығыстыру және оны тегістеу, үю сияқты жұмыстар кезінде қолданылады. Бульдозер (ағылшынша bulldozer, bulldoze – ірі кесектерді жару, ұсақтау) қалқаны бұрылмайтын бульдозер, қалқаны бұрылмалы бульдозер және қалқаны әмбебап бульдозер болып ажыратылады. Олардың барлығы да гидравликалық, канатты (болат арқанды) не электрмеханикалық жетектермен жабдықталады. 2) Әр түрлі қималы дайындамадан жасалған бөлшектерді (қапсырма, кронштейн, бұрыштық, т.б.) штамппен июге арналған пресс. Оның кривошипті және гидравликалық түрлері бар. Ұсталық-штампты өндірісте горизонталь кривошипті бульдозер кеңінен қолданылады. Бурабай көлі. Бурабай – Көкшетау қыратындағы тұйық көл. Ақмола облысының Шучье ауданында, Көкше тауының шығыс баурайында, теңіз деңгейінен 320,6 м биіктікте орналасқан. Ұзындығы 4,5 км, ені 3,9 км, орташа тереңдігі 4,5 м, ең терең жері 7 м, жағалауының ұзындығы 13,6 км, су жиналатын алабы 164 км2. Тектоникалық ойыста жатқан көл дөңгелек пішінді, табаны тегіс, солтүстікке қарай еңістеу келген. Солтүстік, батыс және оңтүстік жағалаулары граниттен түзілген, шығысы – құмдауытты. Бурабайдың суы жұмсақ және мөлдір, түбіне дейін айқын көрінеді. Жақын жатқан көлдерден (Үлкен және Кіші Шабақты, Шортанды, Қотыркөл, Жөкей, т.б.) аласа жоталармен бөлінген. Көлдің солтүстік-батыс бөлігінде жартасты-жарқабақты келген кішігірім «Жұмбақтас» аралы орналасқан. Оның шоқтығы айдын бетінен 20 м көтерілген. Солтүстік, батыс және оңтүстік жағалауларын айнала қоршаған әр түрлі пішіндегі жартастар мен жарқабақтар, көлге сұғына енген әсем мүйістер (Қызылтас, т.б.), сыңсыған қарағайлы-қайыңды ормандар Бурабайға ерекше көрік береді. Төңірегінде Бурабай курорты, «Оқжетпес» және «Голубой залив» демалыс үйлері орналасқан. Көл суында алабұға, шабақ, сазан, шортан, табан балық бар. Бурабай табиғатының ерекше сұлулығы көптеген әдебиет және көркемсурет шығармаларына арқау болған. Бурабай курорты. «Бурабай» – Ақмола облысының Щучье ауданындағы қымызбен емдейтін республикалық маңызы бар курорт. Щучинск қаласынан 20 км жерде, Бурабай көлінің жағасында орналасқан. Көкше тауы (абсолюттік биіктігі 947 м) солтүстіктен соғатын өкпек желге тосқауыл болады, оның баурайында қарағайлы, қайың аралас ормандар өскен. Ауаның орташа температурасы: қаңтарда –16ӘС, шілдеде 19ӘС; жауын-шашынның жылдық мөлшері 400 мм-дей. Бурабайда қымызбен емдейтін тұңғыш емхана 1910 ж. ашылған. Курорт 1920 жылдан жұмыс істей бастады. Қарағайлы орман ішінде екі санаторий (екеуі де «Бурабай» деп аталады) орналасқан: біреуінде ересек адамдар, екіншісінде балалар емделеді. Екеуі де жыл бойы жұмыс істейді. «Бурабайдағы» негізгі ем – қымыз, сондай-ақ климаттық факторлар (қарағайлы орман, шипалы таза ауа, сұлу табиғат) кеңінен пайдаланылады, физиотерапия тәсілдері, Балпашсордың тұзды балшығы, Майбалық көлінен тасылатын хлорлы-натрийлі-магнийлі минералдық су, т.б. қолданылады. Бұғы. Бұғы, бітеумүйізділер —" жұп тұяқтылар отрядына жататын жануарлар тұқымдасы." Бұғының отыз түрі бес тұқымдас тармағына бөлінеді: құдырлар; мунтжактар; су бұғылары; нағыз бұғылар; Америка бұғылары. Бұғы Азия, Еуропа, Америка және Солтүстік Африкада тараған. Қазақстанда бұғы екі тұқымдас тармағына жататын төрт түрі (құдыр, елік, марал, бұлан) Алматы, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының орманды алқаптарын мекендейді. Бұғылардың көпшілігі орташа немесе ірі денелі, сымбатты келеді. Барлық түрінің дерлік (су бұғысын қоспағанда) еркегінің тармақтанған сүйекті, қуыс мүйізі болады. Ұрғашысында мүйіз тек солтүстік бұғысында ғана болады. Бұғының мүйіздері жыл сайын қыста немесе көктемде түсіп, қайта өсіп шығады. Өсіп келе жатқан мүйізінің терісінде түгі болады, бірақ ол мүйіздің өсуі тоқтағаннан кейін түсіп қалады. Бұғылар орманда, орманды далада, тундрада, тауда кездеседі. Ағаш, бұта жапырағын, қабығын, шөптесін өсімдіктерді, қынаны, мүкті, т.б. қорек етеді. Ұрғашылары мамыр – шілде айларында бұзаулайды. Бұғының барлығы дерлік кәсіптік маңызы бар аң. Олардың терісі және етін пайдаланады. Теңбіл бұғы мен маралдың еркегінің мүйізінен дәрі жасалады. Бұлбұл. Бұлбұл – "торғайтәрізділер отрядының сайрауықтар тұқымдасына жататын әнші құс. Қазақстанда екі түрі – кәдімгі немесе шығыс бұлбұлы және оңтүстік не зортұмсықты бұлбұл кездеседі." Оңтүстік бұлбұлы Сырдария, Шу, Іле, Қаратал өзендерінің бойындағы тоғайларды, үлкен бау-бақшаларды, қалың бұталы өсімдіктерге бай саябақтарды мекендейді. Кәдімгі бұлбұл Жайық пен Ертіс өзендерінің бойында, Көкшетау өңіріндегі қыраттарда ұялайды. Дене тұрқы 160 – 190 мм, қанатының ұзындығы 90 мм-дей, салмағы 17 – 26 г. Арқасы қара-сұр, қоңыр-сұр, бауыры ақшыл болады. Бұлбұл – жыл құсы. Сәуірдің аяғы мен мамырдың басында ұялауға ұшып келеді. Ұяларын жерге, шөп арасына немесе ағаштардың төменгі бұтақтарына салады. Мамыр – маусымда ұяларына үш не бес қоңыр түсті жұмыртқа салып, оны мекиені он үш – он төрт күндей басып, балапандарын өрбітеді, жұптасып қоректендіреді. Бұлбұл жәндіктермен, өрмекшілермен, тұт ағашының жидегімен және өсімдік тұқымдарымен қоректенеді. Тамыздың аяғы, қыркүйектің басында Африканың тропиктік аудандарына қыстауға ұшып кетеді. Бұлбұл әр түрлі жәндіктермен қоректеніп, орман шаруашылығына көп пайда келтіреді. Әнші құстар ретінде эстетикалық маңызы да бар. Бұхара. Бұхара – Өзбекстан Республикасындағы қала, Бұхара облысының орталығы. Қызылқұм шөлінің оңтүстік шетінде, Зарафшан өзенінің батысында теңіз деңгейінен 226 м биіктікте орналасқан. Халқы 237,6 мың адам (1995). Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықтың орта шенінде іргесі қаланып, бастапқы кезде соғды тілінде Нумижкат деп аталған. Бұхара атауы жазба деректерде 5 ғасырдан бастап кездеседі. 709 ж. арабтар басып алған кезде, ол Орталық Азиядағы ірі сауда және мәдениет орталығы болған. 8 – 10 ғасырларда Самани әулеті мемлекетінің астанасы болды. 10 ғасырдың аяғында Қарахан әулетіне, 12 ғасырдың ортасында қарақытайларға бағынды, 13 ғасырдың басында Хорезмшаһы Мұхаммедтің иелігіне айналды. 1220 ж. Шыңғыс хан әскерлері жаулап алды. 1370 жылдан Темір, ал 16 ғасырда Шайбани әулеті мемлекеттерінің құрамына кірді. 16 ғасырдың ортасынан 1920 жылға дейін Бұхар хандығының, 1920 – 24 ж. Бұхар Халық Кеңес Республикасының астанасы болды. Қазіргі Бұхара – ірі өнеркәсіп және мәдени орталық. Бұхарада әлемдік ғылым мен мәдениетке үлкен үлес қосқан Әбу Әли ибн Сина, Бұхари, Рудаки, т.б. өмір сүрген. 1996 ж. ЮНЕСКО Бұхараны әлемдік мәдениет ошағы болған қалалардың қатарына қосып, оны өз қамқорлығына алатынын мәлімдеген. Бұхарадағы медреселерде бірқатар қазақ зиялылары білім алған. Қалада тарихи өлкетану, халық өнері мұаржайлары, ибн Сина мұражайы бар. Бірқазан. Бірқазан – "ескекаяқтылар отрядына жататын құстар." Қазақстанда екі түрі: бұйра бірқазан және қызғылт бірқазан тараған. Олар Каспий және Арал теңіздерін, Балқаш, Сасықкөл көлдерінің алабын мекендейді. Дене тұрқы 1,8 м-дей, салмағы 13 килограмға дейін жетеді. Тұмсығы өте ұзын, төменгі жақ сүйегінің астында созылмалы тері қапшығы болады. Бұйра бірқазанның тұмсығының астындағы қапшығы әдетте ақшыл сары, ал көбейер кезде қызғылт сары болады. Аяқтары қысқа, қанаттары ұзын (60 – 80 см) және жалпақ, ал қауырсындары қызғылт немесе күміс түсті болып келеді. Бұйра бірқазанның желке қауырсыны жалданып, бұйра келеді, аты осыған сәйкес қойылған. Бірқазан – топтанып жүретін құстар. Олар қоректерін (балықтарды) көбіне су құзғындарымен бірлесіп аулайды. Суда жақсы жүзгенмен, сүңги алмайды, жемін суға басы мен мойнын батырып жіберіп ұстайды. Бірқазан – жыл құстары, наурыз айында ұшып келіп, өніп-өсіп, қараша айында жылы жаққа ұшып кетеді. Жерорта, Каспий теңіздерінің оңтүстік жағалауында, Оңтүстік Азияда қыстайды. Судың тереңірек жеріне салған көлемді ұяларына бір – бес жұмыртқа салып, оны қоразы мен мекиені жұптасып басып, отыз – отыз бес күнде балапандарын өргізеді. Балапандары жетпіс – жетпіс бес күн өтісімен ұядан ұшады. Олар саны аз құс болғандықтан, Қорғалжын қорығы мен Наурызым қорығында және Сарықопа, Торғай қорықшаларында қорғауға алынып, халықаралық табиғат қорғау одағының және ұлттық «Қызыл кітапқа» (1996) енгізілген. Бірліктер жүйесі. Бірліктер жүйесі – физикалық шамалардың негізгі бірліктерінің кейбірін ғана (ұзындық, масса және уақыт) қамтитын, ал қалған өлшеу бірліктері сол негізгі бірліктердің туындысы ретінде анықталатын жүйе. Бірліктердің абсолюттік жүйесіне енетін кез келген физикалық шаманың туынды бірліктерін анықтағанда, сол шаманы негізгі бірліктер арқылы өрнектелетін шамалармен байланыстыратын формула қолданылады. Бұл формуладағы пропорционалдық коэффициент бірге тең деп ұйғарылады. Бірліктердің абсолюттік жүйесін ғылымға тұңғыш рет 19 ғасырдың 30-жылдары неміс ғалымы Карл Гаусс енгізген. Ол негізгі бірліктер ретінде: ұзындық бірлігіне миллиметрді, масса бірлігіне миллиграмды және уақыт бірлігіне секундты алған. Бірліктердің абсолюттік жүйесі қазіргі уақытта ескірген жүйе болып саналады. Бірліктердің СГС жүйесі – үш негізгі өлшем бірлігінен (сантиметр, грамм, секунд: СГС) тұратын физикалық шамалардың бірліктер жүйесі. Ол 1881 ж. электриктердің Парижде өткен 1-халықаралық конгресінде қабылданған. Бірліктердің СГС жүйесі механиканың және электр динамикасының өлшем бірліктерін қамтиды. Алғашында электр динамикасы үшін электрмагниттік (СГСМ) және электрстатикалық (СГСЭ) деп аталатын бірліктердің СГС жүйесінің екі түрі қолданылды. СГСЭ жүйесінің негізіне электр зарядының өзара әсерін, ал СГСМ жүйесінің негізіне магнит зарядының өзара әсерін сипаттайтын Кулон заңы алынады. бірліктердің СГСМ жүйесінде вакуумның магниттік өтімділігі (магнит тұрақтысы): Ұ0 = 1, ал электрлік өтімділігі (электр тұрақтысы) ε0 = 1/с2 с2/м2, мұндағы с – жарық жылдамдығы. Бірліктердің СГСМ жүйесіндегі магнит ағынының өлшем бірлігі – максвелл (Мкс), магнит индукциясының өлшем бірлігі – гаусс (Гс), магнит өрісі кернеулігінің өлшем бірлігі – эрстед (Э), магнит қозғаушы күшінің өлшем бірлігі – гильберт (Гб). Бұл жүйеде электрлік өлшем бірліктеріне атау берілмейді. Ал бірліктердің СГСЭ жүйесінде ε0 = 1, Ұ0 = 1/с2 с2/см2 және онда электрлік бірліктердің атауы болмайды; олардың мөлшерін өлшеу қолайсыз, сондықтан бұл жүйенің бірліктері көбінесе теориялық еңбектерде қолданылады. 20 ғасырдың екінші жартысынан бірліктердің симметриялық (аралас) СГС жүйесі (немесе Гаусс жүйесі) кеңінен қолданыла бастады. Бұл жүйеде Ұ0 = 1 және ε0 = 1. Бұл жүйенің магниттік бірліктері бірліктердің СГСМ жүйесінің бірліктерімен, ал электрлік бірліктері бірліктердің СГСЭ жүйесімен бірдей болып келеді. Бірліктердің СГС жүйесінің негізінде жылу (Цельсий градусын қоса отырып; СГСӘС), жарық (люменді қоса отырып; СГСЛ), радиоактивтілік және иондағыш сәуле (рентгенді қоса отырып; СГСР) бірліктерінің жүйесі құрастырылады. Бірліктердің СГС жүйесінің өлшеу бірліктері физика мен астрономияның теориялық жұмыстарында ғана қолданылады. Бірліктердің табиғи жүйесі – негізгі бірліктер ретінде іргелі физикалық тұрақтылар қабылданған (мысалы, гравитациялық тұрақты – G, вакуумдағы жарық жылдамдығы – с, Планк тұрақтысы – һ, Больцман тұрақтысы – k, Авогадро саны – NА, электрон заряды – е, электронның тыныштық массасы – me, т.б.) жүйе. Бірліктердің табиғи жүйесінің негізгі бірліктерінің шамасы табиғат құбылыстарына байланысты анықталады; бұл оның – өлшем бірліктерін таңдау практикалық өлшеу талабынан туатын басқа жүйелерден өзгешелігі. Бірліктердің табиғи жүйесінің алғашқы нұсқасын 1906 ж. неміс физигі Макс Планк ұсынған. Планк негізгі бірліктерге һ, с, G, k сияқты бірліктерді алды. Бұл бірліктер жүйесі жер жағдайына тәуелсіз әрі ғаламның барлық уақытына және кез келген бөлігіне жарамды болып есептеледі. Кейін Планктің жүйесінен басқа да табиғи жүйелер (мысалы, Льюистің, Хартридің, Поль Дирактың, т.б. жүйелері) құрастырылды. Бірліктердің табиғи жүйесінде ұзындық, масса және уақыт сияқты өлшем бірліктерінің шамасы өте аз болса (мысалы, Планк жүйесіндегі ұзындық 4,03Һ10-35м, масса 5,42Һ10-8 кг және уақыт 1,34Һ10-43 с), керісінше, температураның өлшем бірлігі өте үлкен шама (3,63Һ1032К) болады. Мұның үстіне бұл жүйенің өлшем бірліктерінің бірліктердің халықаралық жүйесінің (СИ) негізгі өлшем бірліктеріне қарағанда қайталау дәлдігі бірнеше есе төмен. Сондықтан бірліктердің табиғи жүйесі практикалық өлшем жүргізуде кең қолданыс тапқан жоқ. Дегенмен, бұл жүйені теориялық физикада пайдалану кейбір физикалық теңдеулерді қарапайым түрге келтіруге мүмкіндік береді. Бірліктердің халықаралық жүйесі (SІ;CИ) Өлшем мен салмақ жөніндегі 11-Бас конференцияда (1960) қабылданған физикалық шамалар бірліктерінің жүйесі. Кейін ол Өлшем мен салмақ жөніндегі 12 – 18-Бас конференцияларда дәлдене түсті. Оны КСРО-да қолдану 1963 жылдан (ГОСТ 9867 – 61) басталды, ал 1982 жылдан ол міндетті түрде қолданыла бастады. Бірліктердің халықаралық жүйесінің артықшылығы – оның ғылым мен техниканың барлық саласын қамтитын әмбебаптығы және пропорционалдық коэффициенттері болмайтын теңдеулер негізінде құрылатын туынды бірліктерінің бір-бірімен үйлесімділігі. Сондықтан есептеу кезінде егер барлық шамалардың мәнін бірліктердің халықаралық жүйесінің бірліктері арқылы өрнектейтін болсақ, онда формулаға бірлік таңдауға тәуелді емес коэффициeнттерді ендірудің қажеті болмайды. Берілген кестеде бірліктердің халықаралық жүйесінің негізгі, қосымша және кейбір туынды бірліктерінің аталуы мен белгіленуі келтірілген. Алғашқы үш негізгі бірлік (метр, килограмм, секунд) механикалық табиғаты бар барлық шамалардың үйлесімді туынды бірліктерін құрастыруға мүмкіндік береді. Ал қалған төрт негізгі бірлік (ампер, кельвин, кандела, моль) механикалық табиғаты болмайтын шамалардың үйлесімді туынды бірліктерін құрастыру үшін қосылған (мысалы, ампер – электрлік және магниттік, кельвин – жылулық, кандела – жарық, моль – молекулалық физика мен химия саласындағы шамалар үшін). Ондық еселік бірліктер мен үлестік бірліктердің аталуы арнаулы қосымша жалғаулардың көмегімен құрастырылады. Вавилон. Вавилон, Вавилония – ежелгі мемлекет. Даму тарихы төрт кезеңге бөлінеді: 1) ерте Вавилон патшалығы (біздің заманымыздан бұрынғы 1894 – 1518); 2) касситтер дәуірі (біздің заманымыздан бұрынғы 1518 – 1204); 3) саяси құлдырау дәуірі (біздің заманымыздан бұрынғы 1204 – 626); 4) жаңа Вавилон патшалығы (біздің заманымыздан бұрынғы 626 – 538). Месопотамияның оңтүстік бөлігінде (қазіргі Ирак жері) біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың басында пайда болған бұл мемлекет өзінің басты қаласының атауымен аталды. Ол алғашында (біздің заманымыздан бұрынғы 24 – 22 ғасырлар) Аккад мемлекеті патшаларының, кейіннен Ур әулетінен шыққан (біздің заманымыздан бұрынғы 22 – 21 ғасырлар) патшалардың қол астына қарады. Біздің заманымыздан бұрынғы 1894 ж. аморит тайпасынан шыққан Сумуабум әулеті Вавилон патшалығының негізін қалады. Хаммурапи патша (біздің заманымыздан бұрынғы 1792 – 50) тұсында Вавилон нығайып, ірі мемлекетке айналды. Біздің заманымыздан бұрынғы 16 ғасырда елді касситтер жаулап алды. Касситтер дәуірінде сыртқы саясат айтарлықтай табысты болмады. Дегенмен, елдің шаруашылығы қайтадан өркендеп, жылқы өсіру жақсы дамыды. Касситтер әулеті құлағаннан кейін Навуходоносор І (біздің заманымыздан бұрынғы 1146 – 25) патша мен оның мұрагерлері тұсында Вавилон қайтадан күшейіп, Ассирия мен Эламды өзіне бағындырды. Бірақ кейіннен патшаның билігі әлсіреп, бөлініп шыққан Ассирия мен Эламның жасаған шабуылдары шаруашылықты мүлдем құлдыратып жіберді. Ассирия әскерлері қаланы екі рет қиратты, бірақ екі ретінде де Вавилон қалпына келтірілді. Біздің заманымыздан бұрынғы 626 ж. халдей тайпасынан шыққан Набопаласар Ассириядан бөлініп, өзін Вавилонның патшасымын деп жариялады. Ол мидиялықтармен одақтасып, Ассирия патшалығын талқандады да, территориясын бөліп алды. Сөйтіп, Жаңа Вавилон кезеңі басталды. Навуходоносор ІІ (біздің заманымыздан бұрынғы 604 – 562) патша тұсында көптеген аймақтар жаулап алынды. Осы кезде Вавилонның экономикасы да күшейіп, Алдыңғы Азиядағы негізгі сауда орталығына айналды. Навуходоносор ІІ өлгеннен кейін сарай төңкерістері болып, мидиялықтармен үздіксіз соғыс жүргізілді. Біздің заманымыздан бұрынғы 538 ж. парсылардың патшасы Кир ІІ Вавилонды басып алды. Осыдан кейін Вавилон патшалығы өзінің өмір сүруін мүлдем тоқтатты. * Веспуччи Америго. Веспуччи Америго – теңіз саяхатшысы. Ол 1454 ж. Флоренцияда туған, 1512 жылдың жиырма екінші ақпанында елу сегіз жасында Севильяда дүние салды. Біраз уақыт Медичи банкісінің кіші қызметкері, кейіннен осы фирманың Севильядағы агенті болып жұмыс істеген. Веспуччи алғашқы теңіз саяхатын 1497 – 98 ж. Канар аралдарына жасады. 1499 – 1500 ж. Испанияда, 1501 – 04 ж. Португалияда теңізші болды, 1499 – 1504 ж. Жаңа Дүние жағалауын зерттеген экспедицияларға қатысты. Бұл саяхаттары туралы жазылған оның еңбектері кезінде әйгілі болды, бірнеше рет (1505 – 10) қайта басылды. Лотарингия картографы Мартин Вальдземюллер Колумбтың ашқан «дүниенің төртінші бөлігін» Веспуччидің табысы деп жариялады; оның құрметіне жаңа құрлықты – Америка деп атауды ұсынды. Оңтүстік Америкаға бұл ат тез сіңді, ал Солтүстік Америка үшін алғашқы рет 1538 ж. Меркатордың картасында қолданылды. Витамин. Витамин – адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың организміндегі зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар. Витамин (латынша vіta – тіршілік) туралы ілімнің негізін 1880 ж. орыс дәрігері Николай Лунин салды. 1912 ж. поляк дәрігері Казимеж Функ сол кезге дейін жасалған тәжірибелер нәтижесін қорытындылап, ғылымға витамин терминін енгізді. Витаминдердің көпшілігі ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Организмде үздіксіз жүріп жататын химиялық реакциялар, мысалы, ішкен тағамның, мал азығының ыдырап, қорытылуы, ферменттердің қызметіне байланысты. Тағамның құрамында витамин жеткіліксіз болса, адам әр түрлі ауруға шалдығады. Ал витаминді (әсіресе, А және D витаминдерін) шамадан тыс көп қабылдау организмнің улануына (гипервитаминоз) соқтырады. Ол көбінесе, жас балаларда жиі кездеседі. Қазір барлық витаминдерді суда еритін витамин, майда еритін витамин және витамин тектес заттар деп бөледі. Витаминнің мал үшін де маңызы зор. Мал азығында витамин жеткіліксіз болса, малдың өнімі төмендейді, олар жүдеп, әр түрлі ауруларға шалдығады. Мал азығында А, Д, Е, К витаминдері жеткілікті мөлшерде болуы қажет. Мысалы, А витамині жетіспеген жағдайда сиыр не бие көз ауруына шалдығады, сүті кемиді, сондай-ақ олар қысыр қалуы, іш тастауы мүмкін. Малға қажетті витамин балауса шөпте, жоңышқада, сүрленген шөптерде, т.б. болады. Қыста авитаминозға шалдыққан, т.б. түрлі жағдайлармен жүдеген малға витамин концентраттарын, сәбіз, балық майы, т.б. витамині мол азық беру керек. Мал азығындағы витамин мөлшерін көбейту үшін арнайы витамин препараттары мен құрғақ ашытқылар шығарылады. Витамин жетіспеушілік, авитаминоз – күнделікті ішетін тағамда витаминдердің жетіспеуінен, олардың бойға сіңуінің бұзылуынан не витамин синтезделуінің тежелуінен туатын аурулар. Егер адам үнемі витамині аз, бірыңғай тағаммен (консервіленген, кептірілген, рафинадталған) тамақтанса, организмге, негізінен көмірсулар (қант, т.б.) ғана түсіп, белок пен майлар аз түссе, ал көкөніс пен жеміс-жидектер мүлдем болмаса витамин жетіспеушілік дамиды. Сондай-ақ азық-түлік дұрыс сақталмаса немесе олардан сапасыз тағам дайындалса, азық-түлік құрамындағы витаминдер бұзылады. Мысалы, құрамында никотин қышқылы (РР витамині) аз дәнді дақылдармен ғана қоректену пеллагра ауруына, ал қауызы алынған күрішпен және өте ұнтақталған бидай ұнынан жасалған нанмен ғана тамақтану бери-бери сырқатына әкелуі мүмкін. Тағамда витаминдердің жеткіліксіз болуы, адам организмін әлсіретеді. Мұндай жағдайды гиповитаминоз деп атайды. Оған ауа райының қолайсыз жағдайы, ауасы лас жерде ұзақ уақыт жұмыс істеу, сондай-ақ гастрит, асқазан ісігі, гельминтоз, лямблиоз, т.б. аурулар себеп болады. Витамин жетіспеушілік болғанда организмде зат алмасу процесі бұзылып, оның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті нашарлайды. Сондай-ақ, адамның көңіл-күйі күйзеліске ұшырағанда, ауа-райының құбылмалы кезеңдерінде, әйелдердің жүктілігі не сәбиін емізуі, т.б. жағдайларда организмде витамин жетіспеушілік артады. Мұндай жағдайда дәрігерге қаралып, арнаулы витаминдер қабылдап, көкөніс пен жемістерді көбірек пайдалану қажет. Витамин жетіспеушілік және гиповитаминоз жануарларда да болады. Мал авитаминозбен, көбінесе көктемде ауырады. Витамин жетіспеушіліктен аналық мал қысыр қалады, төл нашар өседі. Мысалы, В витамині жетіспеген жағдайда құс полиневритпен, шошқа пеллаграмен ауырады. D витамині жетіспесе, төл қатпа болады, ірі мал сүйек ауруына шалдығады. Газет. Газет – мерзімді, уақытша не бір рет қана шығатын басылым. Ежелгі Шығыс қалаларында көпшілік орындарға ілінетін хан жарлықтарынан бастау алады. 16 ғасырда Венецияда «жаңалық жазушылар орталығы» құрылып, арнаулы ақпараттарын «газета» (италияша gazzetta – базар нарқы туралы ақпарат сатып алуға арналған ұсақ ақша) деп аталатын тиынға сатты. 1631 ж. француздық «La gazzette» мерзімді басылымының шығуына байланысты «газета» термині осы заманғы мағынасына ие болды. Қазақ тіліндегі тұңғыш басылымдар «Түркістан уәлаятының газеті» (1870 – 82) мен «Дала уәлаятының газеті» (1888 – 1902). 20 ғасырдың басында қазақ зиялылары ұлттық мүддені көздеп, бұқаралық сананы оятуға ұмтылған «Қазақ» газеті, «Серке» басылымдарын шығаруды қолға алды. Қазіргі кезде қазақ тілінде 100-ге тарта газеттер шығарылады. Олар шартты түрде: ресми, тәуелсіз, партиялық, т.б., сондай-ақ орталық (республикалық), облыстық, қалалық, аудандық газеттерге бөлінеді. Газеттің шығармашылық-шаруашылық жұмыстарына бас редактор басшылық жасайды. Галактика. Галактика – құрамына Күн жүйесі енетін алып аумақты жұлдыздық жүйе. Ол шамамен екі жүз миллиард жұлдыздан, сондай-ақ жұлдыз шоғыры мен тобынан, газ бен тозаң тұмандықтарынан және жұлдызаралық кеңістікке таралған жеке атомдар мен түйіршіктерден құралған. Бұлардың үлкен бөлігінің пішіні линза тәріздес, оның көлденеңі шамамен 30 кпк, ал қалыңдығы 4 кпк. Кіші бөлігінің пішіні сфера тәріздес, оның радиусы шамамен 15000 пк. Галактиканың (кейінгі грек тілінде galaktіks – сүт тәрізді, грекше gala – сүт) барлық құраушылары кіші симметрия осінен айналатын, бірыңғай динамикалық жүйе болып байланысқан. Жердегі бақылаушыға аспандағы мыңдаған жеке жұлдыздар Құс жолы тәрізді көрінеді. Осыған байланысты галактика құс жолы жүйесі деп те аталады. Құрамына Күн енетін галактиканы басқа галактикалардан ажырату үшін, оны кейде «біздің галактика» деп те атайды. Құс жолы – кең, ақшыл жолақ болып тұтасқан орасан көп жұлдыз шоғыры. Алайда аспан сферасына қатарласа проекцияланатын жұлдыздар кеңістікте бір-бірінен алшақ орналасқан. Сондықтан әр түрлі бағытта секундына ондаған, жүздеген километр жылдамдықпен қозғалатындығына қарамастан, олар бір-бірімен ешқашан соқтығыспайды. Жұлдыздардың кеңістікте таралу тығыздығы Галактика полюстерінің бағытында тым аз болады. Жұлдызаралық зат та кеңістікке бір қалыпты таралмаған, олардың басым көпшілігі жеке бұлттар мен тұмандықтар түрінде галактикалық жазықтықтың маңына шоғырланған. a> Жерден 60 млн жарық жылы қашықтықта орналасқан спиральді галактика Құс жолының жұлдыздық табиғатын тұңғыш рет 1610 ж. Галилео Галилей байқаған. Бірақ Галактика құрылысын жүйелі түрде зерттеуді 18 ғасырдың аяғында Уильям Гершель бастады. Ол өзінің жүргізген зерттеулері негізінде бақыланған жұлдыздар пішіні сопақ, алып жүйе құрайды деген болжам айтты. Василий Струве 1847 ж. көлем бірлігіндегі жұлдыздар саны галактикалық жазықтыққа жақындаған сайын көбейетіндігін, ал Күннің галактика ортасында орналаспағандығын анықтаған. Ол 1859 ж. бүкіл Галактика жүйесінің осьтен айналу ықтималдығын көрсеткен. Галактиканың мөлшері жөнінде 20 ғасырдың 1-ширегіндегі неміс астрономы Хуго Зелигер мен голланд астрономы Якобус Каптейн дәлелді пікір айтты. 20 ғасырдың 20-жылдарында америкалық астроном Харлоу Шепли Галактика орталығының бағыты Мерген шоқжұлдызында екендігін анықтап, күннің галактика орталығында орналаспағандығын дәлелдеген. Швед астрономы Бертиль Линдблад жұлдыздар жылдамдығының әр түрлі болатындығына сүйене отырып, Галактиканың динамикасы мен құрылысын зерттеген, Галактика құрылысының күрделі екендігін ашқан. 1927 ж. голланд астрономы Ян Оорт жұлдыздардың сәулелік жылдамдығы мен меншікті қозғалысын зерттеу кезінде Галактиканың меншікті кіші осінен айналатындығын дәлелдеді. Галактиканың ортасына жақын бөліктері сыртында жатқан бөліктеріне қарағанда жылдамырақ айналады. Галактиканың орталығынан күнге дейінгі қашықтық 10 кпк. Күн 250 км/с жылдамдықпен галактика орталығын екі жүз елу миллион жылда (айналу периоды) толық бір рет айналып шығады. Галактикалар – біздің Галактикадан тыс орналасқан алып жұлдыздық жүйелер. Олар аспанда Құс жолынан тыс жарық тұман түрінде көрінеді. Сондықтан оларды галактикадан тыс тұмандықтар деп те атайды. Америка астрономы Эдвин Хаббл 20 ғасырдың 20-жылдарында бізге ең жақын Галактика өте әлсіз көптеген жұлдыздардан тұратындығын, оның ішінде цефейлер типтес айнымалы жұлдыздардың болатындығын байқаған. 20 ғасырдың 30-жылдары эллипстік ергежейлі Галактика, ал 60-жылдары көптеген сақина, дискі тәріздес Галактика және алыс орналасқан жинақы Галактика ашылды. Қуатты радиосәуле шығаратын топтасқан галактика N-галактикалар қатарына жатады. Осындай радиосәуленің жұлдыз тәріздес көзі квазарлар деп, ал қуатты радиосәуле шығаратын бұрыштық өлшемі бар Галактика радиогалактикалар деп аталады. Темірқазық маңындағы M 82 бұрыс галактиканы зерттеу нәтижесінде америкалық астрономдар мынадай қорытындыға келді: оның орталығында осыдан бір жарым миллион жыл бұрын жарылыс болған, соның салдарынан ыстық сутек ағыны 1000 км/с жылдамдықпен ұшып шыққан. Бұл жарылыс электрондар ағынын тудырған. Радиосәуленің жылулық табиғатының шығуына осы себеп болған. Астрофизик Виктор Амбарцумянның пікірі бойынша, мұндай жарылыстар қазір де жүріп жатыр. Бұрынғы КСРО-да жасалған Галактика каталогында он бесінші жұлдыздық шамадан жарығырақ отыз мыңдай Галактика бар. Олар барлық аспанның төрттен үш бөлігін қамтиды. Бес метрлік телескоппен жиырма бірінші жұлдыздық шамаға дейінгі бірнеше миллиард Галактикаларды көруге болады. Ген. Ген, Гендік код – тұқым қуалаудың қандай да бір элементар белгісін қалыптастыруға жауапты материалдық бірлік. Генде клетканың құрылымы мен қызметін анықтайтын генетикалық ақпарат болады. Бір организмнің гендер жиынтығы оның генотипін құрайды. Ген (грекше genos – тұқым, тек) терминін алғаш рет 1909 ж. дат ғалымы Вильгельм Иогансен енгізді. Барлық гендер ДНҚ-дан (дезоксирибонуклеин қышқылы) тұрады және әрбір жеке клеткадағы мыңдаған осындай гендер жеке ДНҚ молекуларының үзіндісі түрінде емес, хромосома деп аталатын, ірі құрылымдық бірлік құрамында болады. Клетканың бөлінуі кезінде бұл хромосомалар екі еселенеді және жаңа түзілген жас клеткалар осындай ата-аналық гендер жиынтығының көшірмесін алады. Соның нәтижесінде клетканың барлық белгілері (қасиеттері) ұрпақтан ұрпаққа беріледі, яғни тұқым қуалайды. Әр түрлі организмдердегі геннің орташа ұзындығы 1000 нуклеотид негіздерінің жұбынан құралады деп есептеуге болады. Мысалы, адамның гаплоидты клеткасы 100000 – 500000 гендерден тұрады. 1865 ж. австрия ғалымы Грегор Мендель организм белгілерінің жеке тұқым қуалайтынын және шағылысу (будандастыру) кезінде ұрпақтарында жоғалмай сақталатынын анықтады. Будандардың бірінші ұрпағында ата-ананың біреуінің ғана белгісінің басым болуы доминанттық деп аталады. ДНҚ-да «жазылған» (кодталған) тұқым қуалау туралы генетикалық ақпарат РНҚ (рибонуклеин қышқылы) молекуласына беріледі де, белок биосинтезі (трансляция) нәтижесінде белок молекулалары құрылымынан көрініс табады. Генетикалық ақпараттың ДНҚ-дан РНҚ арқылы полипептидтер мен белоктарға тасымалдануы экспрессия немесе гендердің көрінуі деп аталады. Гендік код – тірі организмдерге тән нуклеин қышқылдары молекуласындағы тұқым қуалаушы (генетикалық) ақпараттың нуклеотидтер тізбегі түріндегі біртұтас «жазылу» жүйесі. Бұл – барлық тірі организмдерге ортақ заңдылық. Гендік код бірлігі – ДНҚ мен РНҚ молекуласындағы үш нуклеотид (триплет) тізбектерінен тұратын кодон (РНҚ нуклеотидтерінің триплеттері) болып табылады. Гендегі кодондар тізбегі осы генді «жазатын» (кодтайтын) белоктағы амин қышқылдары тізбегін анықтайды. Гендік кодтың бір ерекшелігі, әмбебап екендігі, яғни барлық организмдерде белгілі бір үш нуклеотид (триплет) белгілі бір амин қышқылдарын «жазады» (кодтайды). Бір амин қышқылы бірнеше триплетпен «жазылуы» (кодталуы) мүмкін. Кодондар арасында «үтір» болмайды, яғни олар бір-бірінен бөлінбеген. Ол бір геннің аймағында белгіленген нүктеден бастап, бір бағытта есептелінеді. Геном – хромосомалардың гаплоидты (сыңар) жиынтығында шоғырланған гендердің бірлестігі. Геном (ағылшынша genome, грекше genos – шығу, тек) терминін 1920 ж. неміс биологы Ганс Винклер енгізді. Гаплоидты жиынтық көбінесе жыныс клеткаларына тән, ал сомалық (дене) клеткаларында хромосомалардың диплоидты (екі еселенген) жиынтығы болады. Кейде хромосомалардың саны қалыпты диплоидты жағдайдан артып кетеді. Егер гаплоидты жиынтықтан геном үш не төрт есе артық болса, триплоидты және тетраплоидты, бір геном организмде бірнеше рет қайталанса ол, автополиплоидты, ал әр түрлі біріккен организм аллополиплоидты деп аталады. Хромосомалардың жиынтығы еселеніп, артқан сайын геном саны да өсіп отырады. Әдетте диплоидты клеткада хромосомалар жұп болып келеді. Себебі, ұрықтану кезінде оның бір сыңары аналық гаметадан, екіншісі – аталық гаметадан беріледі, яғни бұл геномдар сәйкес (гомологты) болады. Сөйтіп екі гаплоидты клеткадан бір диплоидты клетка түзіліп, жаңа организм қалыптасады. Организм эволюциялық дамуында неғұрлым жоғары сатыда тұрса, соғұрлым олардың геномында ДНҚ көбірек болады. Генотип – тірі организмдердің көбеюі кезінде ата-анадан берілетін клеткадағы барлық гендердің жиынтығы. Оған барлық геном (ядролық гендер) мен плазмогендер (цитоплазмалық гендер) жатады. Генотип организмдегі тұқым қуалаушылық қасиеттің негізі болып есептеледі. Генотип (ген және грекше typos – пішін, үлгі) болашақ организмнің дамуында, құрылысында, тіршілігінде, яғни барлық белгілерінде, қасиеттерінде, фенотипінде көрінеді. Организмнің тұқым қуалау белгісі немесе қасиеттері, оның дамып қалыптасуы генотиптің құрамындағы белгілі бір геннің қызметіне байланысты болады, сондықтан бір геннің қызметі өзін қоршаған генетикалық ортаға байланысты. Генофонд – бір популяциядағы не бір түрге жататын организмдегі әр түрлі гендердің саны мен құрамы. Генофонд терминін 1928 ж. орыс ғалымы Александр Серебровский ұсынған. Генофонд (ген және французша fond – жиынтығы) термині бөлек бір популяцияның немесе бір түрге жататын барлық организмдердің аллель (сәйкес) құрамын көрсетеді. Табиғатта түр тармағындағы организмдер әр түрлі тіршілік ортасы жағдайына тап болып, өсіп-өнуіне байланысты олардың генофондтары өзгеріп, табиғи сұрыптау нәтижесінде жеке және өзге генофондтары бар басқа түрлер түзеді. Тұрақты генофонд жынысты жолмен көбейетін популяцияларда кездеседі. Генофонд – түр және нәсіл түзілу процесінің негізі. Өсімдіктер мен жануарлардың табиғи және жасанды популяцияларының генофондын қорғау – тірі табиғатты қорғаудың маңызды мәселесі болып есептелінеді. Геометрия. Геометрия – математиканың кеңістіктік пішіндер (формалар) мен қатынастарды, сондай-ақ оларға ұқсас басқа да пішіндер мен қатынастарды зерттейтін саласы. Фигуралар кеңістіктік пішіндер болып есептеледі. Геометрия тұрғысынан сызық – «сым» емес, шар – «домалақ дене» емес, олардың барлығы да – кеңістіктік пішіндер. Ал кеңістіктік қатынастар – фигуралардың мөлшері мен орналасуын анықтайды. Мысалы, центрлері ортақ, радиустары 3 см және 5 см шеңберлер қиылыспайды, «біріншісі екіншісінің ішінде жатады» дегенде – шеңберлердің мөлшері мен орналасуы жөнінде айтылып тұр. Мұнда бірінші шеңбер – кішісі, екіншісі – үлкені, біріншісі екіншісінің ішінде орналасқан. Осыған орай кеңістіктік қатынастар «үлкен», «кіші», «ішінде», «сыртында» сөздері арқылы анықталған. «Тең», «параллель», т.б. сөздер де кеңістіктік қатынастарды сипаттайды. «Геометрия» (грекше geometrіa, ge – Жер және metrso – өлшеймін) атауы дәл аударғанда «жер өлшеу» болады. Бұл ғылымның алғашқы нұсқалары Ежелгі Мысыр (Египет) елінде шыққан. Бұл жөнінде, біздің заманымыздан бұрынғы 4 ғасырда өмір сүрген грек математигі Евдем «Жер телімшелерін өлшеу нәтижесінде мысырлықтар геометрия ғылымын шығарды» деп жазған. Жер өлшеу өнерін мысырлықтардан үйренген ежелгі гректер оны алғашқы кезде өз тілінде «геометрия» деп атаған. Осы сөз кейін көптеген халықтардың тіліне еніп, ғылыми термин болып кеткен. Геометрия заңдылықтарын жер телімшелерін өлшеуде қолдануға әбден болады, бірақ геометрияның негізгі арнасы ол емес. Геометрияда қолданылатын мәселелер сан алуан. Сондықтан геометрия ерте заманның өзінде-ақ кеңістіктік пішіндер мен қатынастар жөніндегі ғылым ретінде қалыптасқан. Жер өлшеу ғылымын, соңғы мағынадағы геометриядан айырып айту үшін, Аристотель геодезия деп атаған. Геометрияны тек жер өлшеу жұмыстары ғана тудырған жоқ. Бұл бағытта ғылыми-практикалық деректердің молайып, қорлануына үй, көпір, пирамида, әскери бекіністер, т.б. құрылыстар салу, арналар қазу, ыдыстардың сыйымдылығын өлшеу, құрылыстарға қажетті материалдардың шамасын алдын ала есептеу елеулі әсер етті. Геометрия ұғымдары дүниеде кездесетін заттардың дербес физикалық қасиеттерін еске алмай, абстракциялап (яғни, дерексіздендіріп), олардың тек мөлшері мен өзара орналасуын ғана қарастыру нәтижесінде пайда болған. Қалыпқа салынып соғылған кірпіштердің, құрылысқа арналып шабылған қырлы тастардың, шеберлердің кесіп, сүргілеп тегістеген бұйымдарының сыртқы тұрпаты – пішіні бірдей болады. Мұндай пішін төрт бұрышты призма деп аталады. Үш бұрышты, бес бұрышты, т.б. призмалар болады. Геометрияда призманың қандай материалдан жасалғандығы есепке алынбайды, оның тек мөлшері мен орналасуы ғана зерттеледі. Цилиндр, конус, шар, т.б. ұғымдар да осылай қалыптасқан. Сонымен геометриялық денелер – температурасы, массасы, жасалған материалы мен жеке қасиеттері қарастырылмайтын физикалық денелер. Жіңішке жіп, бір тал қыл, сәуле, сым, т.б. негізінде шектеусіз жіңішке сызық ұғымы шыққан. Геометриялық денелерді ойша топшылап, шектеусіз кішірейте беруге болады. Осыдан нүкте ұғымы шығады. Нүкте дененің әбден кішірейіп, тоқтаған шектік жағдайы деп есептеледі. Геометрия тұрғысынан алғанда нүктені одан әрі кішірейтуге болмайды. Геометриялық денелердің, беттердің, сызықтардың және нүктелердің кез келген жиыны фигура деп аталады. Геометрия алғашқы кезде фигуралардың мөлшерлерін, өзара орналасу тәртібін, бір түрден екінші түрге көшу жолдарын зерттейтін ғылым болды және геометрия математиканың көптеген саласымен астасып жатады. Геометрия – ерте замандарда шыққан ғылымдардың бірі, оның тарихы да әріректен басталады. Сапалық өзгерістерге ұшырап, жаңа сатыларға көтерілу дәрежесіне қарай геометрияның даму жолын төрт дәуірге бөлуге болады. Бірінші дәуір өте ерте заман мен біздің заманымыздан бұрынғы 5 ғасыр аралығын қамтиды. Қарапайым геометриялық ұғымдар әр кезде және әр жерде шыққан. Алғашқы мәліметтер Ежелгі Шығыс елдерінде – Мысыр мен Вавилонда, Грекияда, кейінірек Үндістанда пайда болған. Ертедегі мысырлықтар Нілдің жағасындағы құнарлы топыраққа бидай егіп күнелткен. Ніл жыл сайын тасып, жағадағы телімшелердің белгіленген шекараларын бұзып кетіп отырған. Ал шаруалар су қайтқан сайын өз жерлерін өлшеп барып, айырып алатын болған. Телімшелердің ұзындығын, енін, жиек сызығын үнемі өлшеу нәтижесінде қарапайым ережелер пайда болған. Нілдің таситын және қайтатын уақыттарын бақылау нәтижесінде Мысыр күнтізбесі шыққан. Уақыт есебі жұлдыздардың өзара және көкжиекпен жасайтын бұрыштарын (бұл бұрыштардың төбелері бақылаушы тұрған жерде болады) өлшеуді қажет етеді. Мысыр патшалары – перғауындар (фараондар) өздеріне ескерткіш және зират ретінде, тірі күндерінде, зәулім құрылыстар – пирамидалар салдырған. Пирамида салу жұмыстары өлшеу әдістерін бірсыдырғы жүйеге келтіре отырып, кеңістіктік геометрия мен механиканың дамуына ықпал етті. Бізге жеткен математикалық папирустар Ежелгі Мысыр математикасының бертінгі ғасырларына жатады. Папирустардағы аудан мен көлем жөніндегі есептердің көпшілігі дұрыс шығарылған. Бірақ ережелердің ешқайсысы дәлелденбеген. Үшбұрыштың, трапецияның, дөңгелектің ауданы жуық түрде есептелген, табандары квадрат болып келген қиық пирамиданың көлемі дәл табылған. Ежелгі Вавилон геометриясының деректері балшықтан иленіп жасалған тақташаларға жазылып қалған. Оларға қарағанда ұзындық, аудан, көлем жөніндегі мысырлықтар білген есептерді вавилондықтар да шығара білген. Вавилондықтар кейбір дұрыс көпбұрыштарды, қиық конусты, т.б. қарастырған, шеңберді 360 градусқа бөлуді шығарған, есептерді теңдеулерге келтіруді жақсы білген, геометрияны астрономияға қолдана бастаған. Вавилондықтарға Пифагор теоремасы да белгілі болған. Кейбір геометриялық деректер Ежелгі Үндістан мен Қытайда да кездеседі. Екінші дәуір – Евклидтен Рене Декартқа дейінгі кезең; ол екі мың жылға созылды. Евклид геометрияның өзіне дейінгі табыстарын жинап, талдап, қорытып, бір ізге түсіріп, біздің заманымыздан бұрынғы 300 ж. шамасында «Негіздер» атты, он үш бөлімнен құралған шығарма жазды. «Негіздерде» 121 анықтама, 5 қағида, 9 аксиома, 373 теорема келтірілген. Осы күнгі элементар геометрия, жалпы алғанда, Евклид қалыбынан шыққан. Геометрияға Архимед пен Аполлоний де ірі үлес қосты. Астрономиямен шұғылданған – Гиппарх, Клавдий Птолемей, Менелай, т.б. сфералық геометрия мен тригонометрияны қалыптастырды. Евклид, Архимед, Аполлоний заманы грек геометриясының «алтын ғасыры» болған еді. Орта Азия мен Қазақстан оқымыстыларынан геометриямен шұғылданғандар: Ғаббас әл-Жауһари, Әбу Наср әл-Фараби, Әбу Райхан әл-Бируни, Ғийас әд-Дин Жәмшид әл-Кәши, т.б. болды. Екінші дәуірдің аяғында геометрия Батыс Еуропада жандана бастады. Бұл кезде Иоганн Кеплер мен италия математигі Бонавентура Кавальеридің еңбектері тарихи белес болды. Үшінші дәуір Рене Декарттан Николай Лобачевскийге дейінгі екі жүз жылды қамтиды. Бұл дәуірде аналитикалық, проективтік және дифференциалдық геометриялар пайда болды. Аналитикалық геометрия координаттар әдісіне сүйенеді. Онда нүктенің орны сандар арқылы, ал сызықтар мен беттер теңдеулер арқылы анықталады. Геометрияның бұл саласының іргесін Декарт пен француз математигі Пьер Ферма қалады, ал оны француз математигі Алекси Клеро мен Леонард Эйлер кемелдендірді. Фигураларды проекциялар арқылы түрлендіру жолдарын зерттеу нәтижесінде проективтік геометрия қалыптасты. Бұл бағытта француз математигі Жерар Дезарг, Блез Паскаль, француз математигі Жан Понселе, т.б. жемісті еңбек етті. Кеңістіктегі фигураны жазықтықта кескіндеу жолдарын талдап, француз математигі Гаспар Монж сызба геометрияны жасады. Сызба геометрия проективтік геометрияның тарауы болып саналады. Эйлер мен Монж дифференциалдық есептеу әдістерін геометрияға қолдана бастаған болатын. Карл Гаусс бұл мәселені одан әрі дамытып, классикалық дифференциалдық геометрияны қалыптастырды. Төртінші дәуір Лобачевский еңбектерінен басталады. Өз зерттеулерінде Лобачевский үш принципке сүйенді. Олар: Евклид геометриясы болуға тиіс және ол бірден-бір геометрия емес; аксиомаларды өзгертіп, жаңа геометрия жасауға болады; нақты кеңістікке қандай геометрия сәйкес келетіндігін тәжірибе көрсетеді. Лобачевский Евклидтің бесінші қағидасын (постулатын) өзінің басқа аксиомасымен (Лобачевский аксиомасы деп аталатын) ауыстырып, жаңа геометрия жасады. Бұл геометрияға Гаусс пен венгр математигі Янош Больяй да жақын келді. Бесінші қағида орнына өз аксиомасын (Риман аксиомасы деп аталатын) алып, Бернхард Риман эллипстік геометрияның негізін салды. Риман кеңістікті кез келген біртектес объектілер мен құбылыстардың үздіксіз жиыны ретінде түсіну қажеттігін көрсетті. Бұл идеяның құлашы кең болды. Соның арқасында кеңістіктің көптеген математикалық теориялары жасалды. Лобачевский идеялары геометрия негіздемелерінің шығуына, геометриялардың жалпылануына және олардың одан әрі дамуына жол ашты. Кейін геометриялар бірқатар арнаулы салаларға бөлініп кетті. Қазіргі геометрия, кеңістік пен фигураны жиын ұғымы арқылы анықтайды. Геометрия табиғатты зерттеуде, техниканы дамытуда қуатты құрал болып табылады. Ол математикалық анализге, механикаға, физикаға, астрономияға, геодезияға, картографияға, кристаллографияға, т.б. ғылымдарға елеулі ықпал етеді. Геотехнология. Геотехнология – бұрғыланған ұңғыма арқылы кен байлықтарын жер астынан жылу, масса алмасу, химиялық, микробиологиялық немесе гидродинамикалық процестер көмегімен алу (адам қатысуынсыз) тәсілдері. Жер астында еріту тәсілі қатты тұздарды алу кезінде ертеден бері қолданылып келеді. Көмірді жер астында газдандыру идеясын Дмитрий Менделеев, ал жер жылуын пайдалануды Владимир Обручев ұсынды. Қазақстанда кен байлықтарын алудың геотехнологиялық тәсілдерінің теориялық және практикалық мәселелерін ғалымдар (Шауқат Алтаев, т.б.) мен өндіріс қызметкерлері (Сауық Тәкежанов, т.б.) 1970 жылдардан бастап қарастырды. Балқаш кен-металлургия және Шығыс Қазақстан мыс-химия комбинаттарында металдарды шоғырлы ажырату жөнінде өнеркәсіптік тәжірибе сынақтары жүргізілді. Текелі қорғасын-мырыш комбинатында металдарды жер астында ерітіп ажырату, ал Жезқазған кен-металлургия комбинатында металдарды шоғырлы ажырату тәсілдерінің өнеркәсіптік технологиясы жасалды. Геотехнология, негізінен, минералды-шикізат базасын кеңейту, қазіргі бар технология мен техниканы жетілдіре отырып, аса тиімді жаңа технология мен техниканы қарастыру, қалдықсыз технология жасау, іс жүзіне қолданудың техникалық-экономикалық тиімділігін арттыру бағытында дамуда. Герб. Герб – мемлекеттің, әулеттің, т.б. дәстүрлі ерекшеліктерін бейнелейтін, оларды әлеуметтік-тарихи тұрғыдан даралау мақсатында жасалатын айырымдық белгі, рәміз, таңба. Қолданылу аясына орай әулеттік герб (немісше erbe – таңба), топтық герб, жергілікті (қалалық, облыстық, аймақтық) герб және мемлекеттік герб болып бөлінеді. Қазақ тілінде мемлекеттік гербті «Елтаңба» деп те атайды. Қазақстан Республикасының дербес ел ретіндегі айбынын бейнелейтін Мемлекеттік Гербі 1992 ж. 4 маусымда ресми түрде бекітілді. Оның жобасын – архитектор Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков жасаған. Елімізде аймақтық (қалалық, облыстық) гербтер жасау үрдісі де берік орныққан. Әсіресе, Астана, Алматы қалаларының гербтері бірегей нышандық сипаттарымен ерекшеленеді. Гербарий. Гербарий – зерттеу және жүйелеу мақсатында арнайы жиналып, кептірілген өсімдіктер коллекциясы; олар сақталатын мекеменің аты. Алғашқы гербарийлер (латынша herbarіum, herba – шөп, өсімдік) Қайта өркендеу дәуірі кезінде пайда болған. Бұл атауды 18 ғасырдың басында француз ботанигі Жозеф Питтон де Турнефор алғаш рет қолданды. Ал гербарий ұғымының кең таралуына әсер еткен Швеция Ғылым академиясының тұңғыш президенті Карл Линней еңбектері болды. Гербарий үшін жиналатын өсімдіктер пышақпен, қайшымен кесіліп немесе кішкене күрекшемен қазылып алынып, гербарийлік папкаға қатталып, престерде кептіріледі, содан соң қатты қағаз бетіне тігіліп немесе желімделіп, астына өсімдіктің атауы, қай жерден, қашан, кім жинағаны жазылады. 16 ғасырда тұңғыш рет өсімдіктерді осындай тәртіппен кептіріп сақтаған Болонья университетінің профессоры Лучо Гини. Алғашқы гербарийлердің басым көпшілігі көп томдық кітап сияқты қатталынып сақталған. Гербарий – ботаникалық зерттеулердің негізі болып табылады. Қазіргі кезде гербарийдің төрт түрі бар: 1) жалпыға ортақ немесе халықаралық гербарийлер – құрамында бүкіл дүние жүзінен жиналған 4 млн-нан астам биологиялық таксондардың жиынтығынан тұрады. Дүние жүзіндегі ең ірі гербарий (6 млн-нан астам өсімдік жиналған) Кью қаласындағы (Ұлыбритания) ботаникалық бақта сақталған; 2) ұлттық гербарийлер; 3) аймақтық гербарийлер; 4) арнайы гербарийлер (оқу құралына, белгілі бір жұмыстарға, арнайы зерттеу бағдарламаларына арналған). Қазақстанның ұлттық гербарийі Ботаника және фитоинтродукция институтында сақталған. Ол – Жер шарындағы ірі гербарилердің бірі. Қазақстанның ұлттық гербарийінде саңырауқұлақтар мен қыналардың жүз елу мың, мүк, қырыққұлақ тәрізділердің, ашық тұқымдылар мен гүлді өсімдіктердің екі жүз елу мың үлгісі жинақталған. Қазақстандағы ірі аймақтық гербарийлер қатарына Батыс Қазақстан гуманитарлық университетінің, Алтай ботаника бағының, Қарағанды ботаника бағының, Қостанай мемлекеттік университетінің гербарийлерін жатқызуға болады. Германий. Германий, Ge – элементтердің периодтық жүйесінің ІV тобындағы химиялық элемент, атомдық нөмірі 32, атомдық массасы 72,59. 1871 ж. орыс ғалымы Дмитрий Менделеев элементтердің периодтық жүйесіне сүйеніп, германийдің (латынша Germanіum) табиғатта бар екенін (экасилиций деп атаған) болжаған, кейін 1886 ж. немістің химик-ғалымы Клеменс Винклер аргиродит минералы құрамын химиялық талдау арқылы бұл элементті тауып, атын туған елі германия құрметіне қойған. Германий – морт сынғыш, күміс түсті кристалл зат, тығыздығы 5,35 г/см3, балқу температурасы 958,50С, қайнау температурасы 28500С. 5 изотопы бар. Табиғатта жеке күйде кездеспейді. Оның негізгі минералдары: германит, аргиродит, рениерит, плюмбогерманит. Германийді өз минералдарынан және түсті металдарды өңдеу, көмірлерді жағу процесінде алуға болады. Ол үшін құрамында германий бар шикізаттарды әр түрлі жолдармен концентратқа айналдырады. Германий – өте тұрақты элемент, қыздырса ауада қос тотық қабыршағымен қапталады, галогендермен, күкіртпен әрекеттеседі. Су, сілті, қышқылмен әрекеттеспейді, тек азот қышқылы оны тотықтырып германий оксидіне (GeO2) айналдырады. Германий шалаөткізгіш болғандықтан радио, электр техникасында кең қолданылады, сондай-ақ арнаулы құймалар жасауда пайдаланылады. Таза германий монокристалл түрінде вакуумда алынады. Геродот. Геродот – ежелгі дәуірдегі грек тарихшысы, «тарихтың атасы» деп танылған жиһанкез. Ол шамамен біздің заманымыздан бұрынғы 484 – 425 жылдары өмір сүрген. Геродот Кіші Азиядағы Каликарнас қаласында дүниеге келіп, жас кезінде әміршілерге қарсы топта болғаны үшін елінен қуылған. Біраз уақыт Самос аралында тұрып, көп жерлерді аралаған, Қара теңізге дейін жеткен деген мәлімет бар. Геродот көрген, естіген, оқыған материалдарын жинақтап, артына «Тарих» атты үлкен еңбек қалдырды. Кейіннен александриялық ғалымдар оның еңбегін тоғыз музаға сәйкестендіріп, тоғыз кітапқа бөлген. Геродот алғашқы төрт кітабында Лидия, Мидия мемлекеттері, Ахемен әулеті жөнінде жазып, олардың Мысырға, Вавилонға, сақтарға қарсы жорықтарына тоқталады. Қалған бес кітабы грек-парсы соғысына (біздің заманымыздан бұрынғы 500 – 449) арналған. Онда халықтардың тарихымен қатар этнографиясы, діні, әдебиеті, мемлекеттердің ішкі-сыртқы саясаты, экономикасы берілген. Шығарманың төртінші кітабында парсы патшасы Дарий Гистасптың сақтарға қарсы жорығы баяндалған. Онда сақтар елі жөнінде аса құнды мәліметтер ұшырасады. Қолжазбаларының ішінде бізге жеткен Флоренция нұсқасы ағылшын, орыс, т.б. тілдерге аударылған. Гигиена. Гигиена – денсаулықты сақтау, аурулардан алдын ала сақтану туралы ғылым; медицинаның бір саласы. Гигиена сөзі грекше hygіeіnos, яғни ол дені сау деген ұғымды білдіреді. Қоршаған ортаның адам организміне (денсаулығына, оның еңбек ету қабілеті мен өмірінің ұзақтығына) тигізетін әсерін зерттейді; елді мекендерді таза ұстау, мұндағы адамдардың тұрмысы мен қызмет жағдайын жақсарту жөнінде түрлі нормативтер мен ғылыми талаптар, санитарлық шаралар жүйесін жасайды. Біздің заманымыздан бұрынғы 1500 ж. Мысырда, Хорезмде тазалық сақтау шаралары қолданылған. Адам денсаулығын жақсартып, нығайтатын – таза ауа мен су екенін сол кездің өзінде ежелгі грек дәрігері Гиппократ атап көрсеткен. Гиппократтың сол көзқарасын ортағасырлық ғұлама ғалым Әбу Әли ибн Сина жалғастырды. Оның әлемге әйгілі «Дәрігерлік ғылымның каноны» деген энциклопедиялық еңбегінде денсаулықты күні бұрын сақтап, дұрыс тамақтана білудің теориялық негіздері баяндалған. Сол кезде Үргеніш, Самарқан, Отырар, Тараз, т.б. қалаларда мал сою, сүт сату, балық сақтау, ауыз суды тазарту істеріне жергілікті билік органдары тарапынан бақылау жасалып отырған. Қазақ халқы ежелден денінің саулығын, тазалығын сақтап, дұрыс тамақтануға қатты көңіл бөлген. Қазақ жерінде тазалық сақтау туралы мағлұматтар да ертеден белгілі. Атап айтқанда 15 ғасырда жазылған Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты энциклопедиялық-анықтамалық қолжазбасында халық медицинасы, адамның он екі мүшесін күту (мысалы, тері, көз, т.б.), тазалық сақтау туралы мол мәліметтер келтірілген. Осындай мәліметтер, сондай-ақ Халел Досмұхамедұлының «Оқушылардың саулығын сақтау» (1925), «Адамның тән тіршілігі» (1927) атты еңбектерінде айтылған. Гигиена ғылымы эксперименталдық және клиникалық медицина, оның ішінде кәсіби аурулар мен жұқпалы ауруларды зерттейтін ғылыми бағыттарды, биология, химия, физика, климатология, т.б. ғылым салаларының жаңалықтары мен жетістіктерін пайдаланады. Гигиена саласындағы зерттеулерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау агенттігі, Профилактикалық медицина академиясы үйлестіріп отырады. Гимнастика. Гимнастика – арнайы жаттығулар жүйесінен тұратын, адам денсаулығын нығайту және оның денесінің үйлесімді дамуы үшін қолданылатын дене шынықтыру мен әдістемелік тәсілдер. Қазақстанда гимнастиканың (грекше gymnastіke, gymnazіo – жаттығу жасаймын, жаттықтырамын) акробатика, көркем гимнастика және спорттық гимнастика сынды түрлері жақсы дамыған. Гимнасшылардың халықаралық одағы (FІG) 1897 ж. ұйымдастырылған. Қазақстан оған 1994 жылдан мүше. Гиппократ. Гиппократ – ежелгі грек дәрігері, көне медицина реформаторы. Ол Ежелгі Грекияның Кос аралында біздің заманымыздан бұрынғы 460 ж. туып, 377 ж. (басқа мәліметтер бойынша 356) Фессалияда дүние салған. Гиппократ Грекияда, Кіші Азияда, Ливияда, сондай-ақ Қара теңіз жағалауындағы сақтар арасында болып, Азия және Мысыр халық медицинасымен танысқан: ол науқасты емдегенде, аурудың пайда болу жолдары мен негізгі даму кезеңдерін анықтау керек екенін айтып, «Адамзатты табиғат емдейді. Дәрігер – табиғаттың көмекшісі ғана» деген тұжырым жасады, сондай-ақ ауыр халде жатқан науқастың кейпіне сипаттама да берген, оны медицинада «Гиппократ кейпі» (Facіes Hіppokratіca) деп атайды. Гиппократ жараны таңу, буын шығуын және сүйек сынуын, геморройды, т.б. жараны емдеу әдістерін тапқан. «Гиппократ анты» деп аталатын дәрігерлік моральдік-этикалық ант мәтінін жазған. Осы еңбектеріне орай, Гиппократты «медицинаның атасы» деп атайды. Гипс. Гипс, ғаныш – сульфаттар класының минералы. Химиялық формуласы CaSO4Һ2H2O. Моноклиндік сингонияда кристалданады. Гипстің (грекше gypsos – бор) жеке кристалдары қалақша, баған, призма пішінді, ал минерал агрегаттары ұсақ түйіршік (алебастр) немесе талшық (селенит) масса түрінде кездеседі. Гипс ақ, мөлдір кейде қоспаларына байланысты түрлі түсті, шыныша жылтыр; қаттылығы 1,5, меншікті салмағы 2,3 г/см3, балқу температурасы 32 – 41ӘС. Құрғап келе жатқан тұзды көл мен теңіздерде шөгеді, басқа сульфаттармен бірге мұнай және күкірт кендерінде түзіледі, шөгінділер арасында ангидриттің гидратталуынан тұз кендерінің бұзылу-тозу қабаттарында суға ерімейтін үгінді түрінде шоғырланады. Гипс құрылыста, хирургияда, металлургияда, қағаз, бояу, цемент өнеркәсібінде, мүсін өнерінде, оптикада және ауыл шаруашылығында (тыңайтқыш) қолданылады. Гипстің ірі кен орындары Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Алматы (Үлкен Бұғыты, Кіші Бұғыты) облыстарында бар. Гироскоп. Гироскоп – шапшаң айналатын және айналу осі (симметрия осі) өзінің кеңістіктегі бағытын өзгерте алатын симметриялы қатты дене. Оның қарапайым мысалына балалар ойнайтын зырылдауық жатады. Гироскоптық әсер аспан денелерінде, кемеге орнатылған турбина роторында, ұшақ винтінде, т.б. байқалады. Егер гироскоптың осіне моменті M=Ph-қа тең Р қос күші (h – қос күштің иіні) түсірілсе, онда гироскоп х осінің бағытымен емес, күтпеген бағытта, яғни у осінің бағытымен айнала бастайды. Сыртқы күштер әсер етпесе, гироскоп (грекше gyros – дөңгелек, gyruo – айналамын және skop – көремін, бақылаймын) еркін гироскоп деп аталады. Мысалы, ұшақпен, кемемен, ракетамен, т.б. қатынас көліктерімен тек кардан ілмесінің сақиналары арқылы байланысатын гироскоп еркін гироскоп болып саналады. Гироскопты әр түрлі қозғалыстарды басқару үшін қолдануға болады. Бірақ дәл теңгерілген гироскопты жасау – өте күрделі жұмыс. Гироскопты теңгеру, яғни оның ауырлық центрін кардан ілмесінің центрімен бір нүктеге келтіру өте үлкен дәлдікті қажет етеді. Қосымша жүк арқылы гироскоптың горизонталь осінің дүние тараптарына қарағандағы бағытын өзгертпеуге болады. Гироазимут деп аталатын мұндай гироскоп компас қызметін атқара алады. Гироазимут ұшақтарда, дәлірек айтқанда, магниттік компастың көрсетуі сенімсіз болатын полярлық аймақтарда ұшатын ұшақтарда (полярлық авиацияда) кеңінен қолданылады. Гироскоп ракета жылдамдығын анықтау үшін де пайдаланылады. Ішпектегі үйкеліс әсерінен дәл теңгерілген гироскопта да прецессия құбылысы пайда болады. Бұл прецессияның бұрыштық жылдамдығы ілме осіне әсер ететін үйкеліс моментінің шамасымен анықталады. Гироскоптың ең маңызды қызметінің бірі – оның көмегімен қозғалыстағы нысан үстіндегі денелердің ырғалуын тыныштандыру. Гироскоптық тыныштандырғыш құрылғылар автоұшқыштар мен авторульдерде пайдаланылады. Күрделі гироскоптар кеме сияқты үлкен нысандардың ырғалуын тыныштандыру үшін қолданылады. Гоби. Гоби – Моңғолияның оңтүстік-шығысында және оған іргелес Қытай жерінде жатқан шөлейтті және шөлді аймақ, Азиядағы ең ірі шөл, аумағы 2 млн. км2-ге жуық. Шөл 900 – 1200 м-лік таулы үстірттер мен көтеріңкі жазықтардан тұрады. Климаты тым континенттік, қысы суық, құрғақ, жазы ыстық, қуаң. Қаңтар айының орташа жылдық температурасы –26 – 28ӘС, кейбір күндері –47 – 50ӘС-қа дейін төмендейді. Шілденің орташа жылдық температурасы 26 – 28ӘС. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 50 – 200 мм аралығында. Ылғалдың басым көпшілігі жазда түседі. Аймақта тұрақты өзен арналары жоқ, сондықтан жер асты суларының маңызы зор. Тау етегінен ағып шығатын бастаулардан шағын шұраттар (оазистер) түзіледі. Олардың ең жиі шоғырланған жері Хангай тауы мен Гоби Алтайы аралығындағы «Өзендер аңғары». Құмды жерлерде сексеуіл, қараған, жүзгін, ал құрғақ өзен арналары бойында шағын тоғайлар өседі. Жануарлар дүниесінде тұяқтылар мен кемірушілер басым. Бөкеннің бірнеше түрі, Пржевальский жылқысы, жабайы түйе мен есек кездеседі. Гоби тұрғындары әр түрлі моңғол тайпаларынан құралған, негізінен мал өсірумен айналысады. Гольф. Гольф – ең ежелгі спорттық ойындардың бірі. Ол арнайы таяқпен допты соғу арқылы ойналады. Гольфтің отаны – ежелгі Грекия елі. Орта ғасырларда Данияда гольф ойыны қайта жанданып, арнаулы ережесі (1440) жасалды. Ойын құралдары салмағы, көлемі жағынан бірнеше рет өзгеріске ұшырады. Қазіргі кездегі гольф добының салмағы 50, 22 г (1,62 унция), диаметрі 4,68 см (1,68 дюйм). Гольфті әр жастағы ерлер мен әйелдер ойнайды. Ойын АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Австралия, Жаңа Зеландия, Уэльс елдерінде жақсы дамыған. Гольф ойыны арнайы жасалған жасыл алаңда өтеді. Алаңның аумағы 91 м-ден 546 м-ге дейін жетеді. Ойыншылардың мақсаты – допты таяқпен соғып, шұңқырға түсіру. Доп түсіретін шұңқырдың диаметрі 11 см, ал тереңдігі 10 см. Доптың ұшу қашықтығы мен ұру күшіне байланысты он екі арнайы таяқша (ұзындығы 1,1 м) қолданылады. Гольф екінші және үшінші Олимпиялық ойындар (1900, 1904) бағдарламасына енген болатын. Соңғы кезде гольф ойыны Қазақстанда да дами бастады. Горилла. Горилла – понгидтер тұқымдасына жататын ең ірі маймыл. Еркектерінің дене тұрқы 180 – 200 см, салмағы 200 – 250 кг. Ұрғашылары еркектерінен екі есе кіші. Терісі, шашы қара түсті, еркектерінің арқасындағы түгі жасы өскен сайын күміс түске өзгереді. Артқы аяғы алдыңғы аяғынан едәуір қысқа. Бас сүйегі ірі, маңдайы кіші, көзінің үстінде үлкен доғасы бар. Ми сауытының көлемі 600 см3-дей. Бас сүйегінің ұзына бойында, шүйдесінде жалы болады. Көзі, құлағы онша үлкен емес. Бет бөлімі алға шығыңқы, астыңғы жағы үлкен, тістері ірі, танау тесігінің айналасында шеміршекті доғасы бар. Бір ғана түрі – кәдімгі горилла Батыс, Орталық Африканың қалың тропикалық орманында (Конго өзені мен Танганьика көлінің маңы, Вирунга тауында) кездеседі. Гориллалар шағын топ құрып тіршілік етеді. Қауіп төнгенде еркегі қатты дыбыс шығарып, айбат көрсетеді. Жеміс, жидек, жаңғақтарды жейді. Әрбір үш – бес жылда бір рет балалайды. Саны өте аз, горилланы қорғау мақсатында жеті ұлттық саябақ ұйымдастырылған, ішіндегі ең ірісі – Конгодағы Вирунга ұлттық саябағы. Горилла жойылып бара жатқан аң түрі болғандықтан, Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген. График. График – 1) қандай да бір шаманың (мысалы, жолдың) басқа бір шамаға (мысалы, уақытқа) тәуелділігін көрнекі түрде бейнелеуге қолданылатын сызба, яғни функцияның өзгеру сипатын көрнекі түрде көрсететін сызық. 2) Өндірістік график (грекше graphіkos – сызылған) – кәсіпорынның не оның жеке бөлімшелерінің өнім шығаруының графиктік не басқа түрдегі (мысалы, кесте) күнтізбелік жоспары. 3) Көлік графигі – көлік құралдары қозғалысын (қатынасын) бейнелеудің ерекше тәсілі. 4) Тораптық график – тораптық жоспарлау мен басқаруда технологиялық байланыстардың және әр түрлі жұмыстардың реттілігін бейнелейтін сұлба. Тораптық графиктің негізгі элементтеріне: мысалы, жебе сызықшалармен белгіленетін «жұмыстар» (амалдар) және нүктелер не дөңгелекшелер арқылы белгіленетін «оқиғалар» жатады. Тораптық график жұмыстың жүру жағдайын, оның қамтамасыз етілуін және аяқталғандығын айқынырақ бейнелейді. Графит. Графит – минерал, көміртектің (С) Жер қыртысында ең жиі кездесетін әрі тұрақты гексагондық полиморфтық түрі. Гексогональдік сингонияда кристалданады. Табиғатта кристалы жетілген графит (грекше grapho – жазамын) сирек ұшырайды, көбінесе, қабыршақ, түйіршік, кейде домалақ агрегаттар күйінде кездеседі. Түсі қара, сұр, қара сұр, ұстағанда май сияқты, қолға жұғады, металдай жылтыр. Қаттылығы 1, ал қабат ішінде 5,5 және одан артық, меншікті салмағы 2,2 г/см3. Балқу температурасы 3850Ғ500С. Электр тогын, жылуды жақсы өткізеді. Қышқылға төзімді, жоғары температурада ғана тотығады. Отқа берік, балқыған металға салса еріп, амфотерлік қасиеті бар оксидтер түзеді, балқыған селитрада жанады. Жеңіл өңделеді, жұмсақ, майысқыш. Нейтрон сәулесімен әсер еткенде графиттің электр тогын өткізгіштігі, майысқыштығы, қаттылығы артады, ал жылу өткізгіштігі күрт төмендейді. Құрылымы жағынан графит айқын кристалды, жасырын кристалды және графитоидтар болып бөлінеді. Графит, негізінен, құрамында битумды зат бар саздардың қатты метаморфтануға шалынуынан түзілген кристалды тақтатастардан алынады. Олардағы графит мөлшері 20%-ға жетеді, кейде одан да асады. Кентастағы графит қабыршағы флотация әдісімен ажыратылады. Графитті жасанды жолмен де алуға болады. Электр пешінде 22000С-тан астам қыздырғанда тас көмір (антрацит) графитке айналады. Домна пештерінде балқыған шойынды баяу салқындатқанда графит алынады, оны домналық графит деп атайды; карбидтерді термиялық жолмен ажыратқанда карбидтік графит бөлінеді. Графиттің физикалық-химиялық қасиеттерінің ерекшелігі оны өнеркәсіптің алуан саласында қолдануға мүмкіндік береді. Графиттен отқа төзімді материалдар мен бөлшектер (құйма қалыптары, балқыту тигельдері, ракета қозғалтқыштарының кейбір бөлшектері, т.б.) жасалады; электртехникада (гальваникалық элементтер, сілті аккумуляторлары, электродтар, т.б.), химия өнеркәсібі машиналарын жасауда қолданылады. Өте таза жасанды графит блоктары ядролық техникада нейтрондарды баяулатқыш ретінде пайдаланылады. Графиттен карандаш пен бояу жасалады. Гүл. Гүл – гүлді өсімдіктердің жыныстық жолмен көбею мүшесі. Ол сабақ не жанама бұтақ ұшында өседі. Гүл бірнеше бөлімнен тұрады. Гүл жапырақшалары гүл шығатын буыннан өсіп, гүлге қорғаныш болып тұрады. Гүл орналасатын сағақтың ұшы гүл табаны (кіндігі), сабақтың гүл орналасқан бөлігі – гүл сағағы (егер ол болмаса, отырықшы гүл), барлық гүлдер орналасатын өсімдік сабағы – гүлсидам, жабық тұқымды өсімдіктердің тостағаншасы мен күлте жапырақшаларынан құралған гүл орамы – гүл серігі деп аталады. Гүлге түс беретін – күлте жапырақшалар. Оның түсі әр түрлі болады. Гүлдің негізгі мүшелері: аналық (өсімдіктер гүліндегі жыныстық көбеюге қатысатын бөлігі, ол аналық аузынан, мойнынан және түйінінен тұрады) және аталық [өсімдіктер гүлінің аталық жыныс клеткалары (тозаңдар) өсіп жетілетін бөлігі, ол тозаңқаптан, аталық жіпшеден тұрады]. Егер гүлде аталық та, аналық та болса – қос жынысты гүл, ал олардың тек біреуі ғана болса – дара жынысты гүл деп аталады. Аталық және аналық гүлі екі бөлек, бірақ екеуі де бір өсімдіктің бойында кездессе – бір үйлі (жүгері, қияқ, қайың, емен, т.б.), аналық және аталық гүлі жеке орналасса – қос үйлі (терек, тал, зығыр, т.б.), қос жынысты, дара жынысты гүлдері де кездессе – көп үйлі (үйеңкі, шетен т.б.) деп аталады. Өсімдіктің гүлдеу мерзімі жарыққа, температураға, ауаға, топырақ ылғалдығына байланысты. Көптеген өсімдіктердің гүлі күндіз ашылады. Дәрілік, дәм-татымдық өсімдіктерді жинауда, пішен шабуда гүлдеу мерзімін білудің маңызы зор. Ғарыш кемесі. Ғарыш кемесі – адамның ғарышта ұшуына арналған ғарыштық аппарат. Оның негізгі ерекшелігі – ғарышкердің өмірін сақтауға арналған тұмшаланған кабинасының болуы. Геоцентрлік орбитамен ұшуға арналған ғарыш кемесі Жер төңірегіндегі ғарыш кемесі деп, ал басқа аспан денесіне ұшуға арналған ғарыш кемесі планетааралық (экспедициялық) ғарыш кемесі деп аталады. Бұрынғы КСРО-да бір рет пайдаланылатын (ұшырылатын) «Восток», «Восход», «Союз», т.б. ғарыш кемелері, ал АҚШ-та бір рет пайдаланылатын «Меркурий», «Джемини», сондай-ақ экспедициялық «Аполло» сияқты ғарыш кемелері және көп рет пайдаланылатын «Спейс шаттл» ғарыш кемесі жасалып, ұшырылды. Ұшқышпен басқарылатын ғарыш кемесі бірнеше бөліктен тұрады және ол қозғалтқыш қондырғылармен, сондай-ақ ғарышкер өмірін сақтайтын, қозғалысты басқару, энергиямен қоректендіру, байланыс жүйелерімен, т.б. жабдықталады. Ғарыштық аппарат – белгілі бір мақсатты орындау үшін ғарышқа ұшырылған әр түрлі техникалық құрылғылардың жалпы аты. Кейде ғарыштық аппарат терминінің орнына «Ғарыштық ұшу аппараты» термині де қолданылады. Ғарыштық аппаратты ғарышқа ұшыруға қажетті жылдамдыққа жеткізу ракета тасығыш (ғарыштық ракета) арқылы атқарылады. Ғарыштық аппарат Жер төңірегіндегі ғарыштық аппарат (Жердің гравитациялық әсері аймағынан шықпай, геоцентрлік орбитамен айналатын) және планетааралық ғарыштық аппарат, автоматтық ғарыштық аппарат (Жердің, Айдың, Марстың, Шолпанның, Күннің жасанды серіктері), ұшқышпен басқарылатын ғарыштық кемелер, ішінде адам тұрып, жұмыс істеуге арналған орбиталық стансалар, планетааралық ғарыштық кемелер, т.б. болып ажыратылады. Ұшқышпен басқарылатын ғарыштық аппаратқа жүктерді жеткізу үшін автоматты көліктік ғарыштық аппараттар (мысалы, «Прогресс», «Спейс шаттл») пайдаланылады. Ғарыштық кеңістіктегі ерекше факторлардың (вакуум, метеор бөлшектер, радиация, салмақсыздық) әсерлері кезінде ұзақ уақыт бойынша өздігінше жұмыс істеуді қамтамасыз ету үшін ғарыштық аппаратта жылу режимін реттеу, борттық аппаратураны энергиямен қоректендіру (мысалы, Күн батареясы, т.б.), Жермен радиобайланыс, т.б. жүйелер болады. Экипажы бар ғарыштық аппараттың герметикалық кабинасында адам өмірін сақтау және оның жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар (температура, ылғалдылық, ауа қысымы, т.б.) жасалған. Ғарыштық аппаратты Жер бетіне (не басқа планетаға) қондыру екі тәсілмен: тежегіш ракета көмегімен (атмосферасы жоқ аспан денелеріне) немесе аэродинамикалық тежеу арқылы (Жерге, Шолпанға қондыру кезінде) атқарылады. Дүние жүзіндегі тұңғыш ғарыштық аппарат – Жердің жасанды серігі 1957 ж. төртінші қазанда, ал ұшқышпен басқарылатын тұңғыш ғарыштық аппарат – «Восток» кемесі 1961 ж. он екінші сәуірде Байқоңыр ғарыш алаңынан ұшырылған. Ғарышкер. Ғарышкер, астронавт (Батыс елдеріндегі баламасы: астро... және nбutēs – теңізде жүзуші).), космонавт (ТМД елдерінде - Космонавт: грек. kosmos –ғарыш және nautes – теңіз жүзушісі)– ғарышқа ұшу кезінде ғарыштық техниканы сынақтан өткізетін әрі оны пайдаланатын адам; адамның ғарышқа ұшуынан кейін (1961) пайда болған мамандық. Алғашқы ғарышкерлер әскери ұшқыштар мен ұшқыш-сынақшылар қатарынан таңдалып алынды. Өйткені ғарышқа ұшуға қажетті қасиеттер (ұшу шеберлігінің жоғары деңгейде болуы, апатқа ұшырау жағдайында жылдам шешім қабылдауы, шу, діріл, үдеу, т.б. әр түрлі факторларға төзімді болуы, бақылау жұмыстарын жүргізіп, оны қорытындылай білуі, т.б.) осындай мамандыққа лайықты еді. Кейінірек КСРО-да да, АҚШ-та да ғарыштық кеме экипажына қажетті арнайы білімі бар инженерлер мен ғалымдарды қоса бастады. Ғарышкерлерді дайындау ісі бұрынғы КСРО-да 1960 ж., ал АҚШ-та 1959 ж. және 1962 ж. жүргізіле басталды. Тұңғыш ғарышкер Юрий Гагариннен (1961) бастап ғарышқа үш жүзден астам адам ұшты. Олардың ішінде қазақ ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров (1991), Талғат Мұсабаев (1994, 1998, 2001) бар. Ғимарат. Ғимарат – сәулет өнерінің белгілі бір үлгі-тәсілімен салынған құрылыс, үй. Оған түрлі үлгідегі (жеке, көптекшелі, т.б.) тұрғын үйлер, қонақ үйлер, әр түрлі мақсатқа арнап салынған сарайлар (мәдениет сарайы, спорт сарайы, оқушылар сарайы, т.б.) мен мәдени-қоғамдық құрылыстар (театр, клуб, т.б.), мекеме үйлері, балабақша, мектеп үйлері мен басқа оқу орындары үйлері, кесенелер мен ғибадатханалар, дүкендер мен сауда үйлері, әр түрлі тұрмыстық қызмет көрсету орындарының үйлері, т.б. архитектуралық құрылыстар жатады. Ғимарат (парсыша – үй деген ұғымды білдіреді) салыну мақсатына және әр елдің ұлттық, тұрмыс-салт, кәсіби-мәдени, діни-қоғамдық, шаруашылық жүргізу ерекшеліктеріне сәйкес, сондай-ақ салынатын орнының табиғи жағдайына, сәулетшінің талғамы мен жобасына да байланысты қилы-қилы үлгі мен түрлі кейіпте бола береді. Қазақстандағы көрнекті көне және жаңа ғимараттардың үлгілері ретінде Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесі, Алматы қаласындағы Республика сарайы, Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мұражайының үйі сияқты оқшау архитектуралық үлгіде салынған құрылыстарды атауға болады. Дала. Дала – Жер бетіндегі, негізінен, шөптесін өсімдіктер, оның ішінде шым топырақтық астық тұқымдастары (селеу, қау, боз, бетеге, қоңырбас, т.б.) өсетін ландшафтық-белдемдік өңірлердің жалпы атауы. Дала жер шарының қоңыржай белдеулеріне, қара және қоңыр топырақты аймақтарға тән. Жауын-шашын мөлшеріне байланысты даланың өсімдік жамылғысы тез өзгеріп, түрленіп отырады. Дала климаты негізінен қуаң, жазда ыстық әрі құрғақ, қыста суық және желді болады. Астық тұқымдастары аралас шөптердің ара қатысына қарай дала бірнеше типтерге ажыратылады: астық тұқымдhttp://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%94%D0%B0%D0%BB%D0%B0&action=edit&redlink=1астары басым шымтопырақты кәдімгі дала; шалғынды немесе аралас шөпті дала және шөлдің шала бұтасы (көбінесе жусан) басым өсетін шөл дала. Жер бедеріне қарай ойпатты, қыратты, үстіртті және таулық жазық дала болып жіктеледі. Солтүстік Америкада даланы прерия, Оңтүстік Америкада – пампас, Оңтүстік Азияның (Иран, Пәкстан, Ауғанстан) үстіртті жерлеріндегі даланы – дешт деп атайды. Еуразия құрлығының оңтүстік-батысынан (Пиреней түбегі) Манчжурияға дейін (солтүстік-шығыс Қытай) далалық өңірлер жиі кездеседі. Құрлықтың батысы мен шығысындағы далалардың аумағы шағын. Даланың климат жағдайы (буланудың көп болуы, жауын-шашынның аз түсуі), топырағының физикалық-химиялық құрамы, тұздылығы ағаштардың өсуіне қолайсыз келеді. Дала өсімдіктері сан алуан (кейде бір шаршы метр жерде елуден астам түрі кездеседі) және көп сатылы болып келеді. Өсімдік түрі маусым ішінде де өзгеріп отырады. Көктем мен күз аралығында селеу, көде, қоңырбас, бидайық, сұлыбас және көп жылдық шөптесін дақылдар, эфемерлер (қызғалдақ, шытыр, т.б.) мен эфемероидтер (бір жылдық жуа тұқымдас өсімдіктер) мүк, қына өседі. Кейбір далаларда ешкісабақ, қараған, тобылғы, жабайы шие сияқты бұталар кездеседі. Қара топырақты шалғын далада қуаңшылыққа біршама төзімді өсімдіктер (өлеңшөп, боз, т.б.) және мүк өседі. Шөл далада бетеге, боз, қылқан селеу жартылай бұталармен (жусан, изен, шытыр, қараған) аралас кездеседі. Қына көп тараған. Еуразияда климаттық ерекшеліктерге байланысты батыстан шығысқа қарай дала өсімдіктерінің құрамында айырмашылық байқалады. Осыған байланысты Еуразиядағы дала төмендегідей бөліктерге ажыратылады: 1) Дунайдың төменгі ағысы мен Алтай-Сауыр таулары аралығын қамтитын Қара теңіз – Қазақстан бөлігі. Бұл аймақ шығыс еуропалық орманды дала, Қара теңіз маңындағы дала, Қазақ даласы алқаптарына бөлінеді; 2) Орталық Азия немесе Даур-Моңғол аймағы. Бұл аймақ Хангай – Даур және Манчжур орманды далалары болып ажыратылады. Таулы далада өсімдіктердің жазықта өсетіндерінен басқа типтері де кездеседі. Мұндай ерекшеліктер, әсіресе, Орталық Азия тауларында байқалады. Далалар Солтүстік Америкада, Оңтүстік Америкада және Австралия құрлығында үлкен аймақтарды қамтиды. Далалардың көбісі жыртылып, егістікке айналған, қалған жерлері шабындық ретінде пайдаланылады. Көптеген елдерде табиғи дала қорықтарда ғана сақталған. Дастан. Дастан – әдеби-эпикалық жанр. Шығыс халықтары, әсіресе, парсы және түркі әдебиеттерінде кең тараған. Дастан белгілі бір сюжетке құрылады. Құрылымында кейде өлең мен қара сөз араласып келе береді. Дастанның классикалық үлгілері: «Ләйлі – Мәжнүн», «Хұсырау – Шырын», «Мұңлық – Зарлық», т.б. Дастан өлең өрнегі жағынан он бір буынды болады, кейде жеті-сегіз буынды болып келеді. Дегелек. Дегелек – дегелек тәрізділер отрядына жататын құстардың бір тұқымдасы. Дегелекті кейбір зерттеушілер «ләйлік» деп жазады, қазақ халқы оны «дегелек» деп атайды. Қазақстанда дегелектің екі түрі: ақ дегелек, қара дегелек бар. Олардың санының жылдан-жылға азаюына байланысты, қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Дельфин. Дельфин – сүтқоректілер класының кит тәрізділер отрядына жататын тісті киттер тобының бір тұқымдасы. Дельфиндер тропиктік және қоңыржай белдеулердің теңіздерінде таралған. Кейбір түрі полюстік белдеу теңіздерінде де кездеседі. Көбіне топ құрып тіршілік етеді. Дельфиндердің жиырма туысының елудей түрі бар. Бұлардың дене пішіні жұмыр, ұзындығы бір – он метр. Көпшілік түрлерінің басы жұмыр және тұмсығы алға қарай шығыңқы келеді. Кей түрлерінің арқасында орақ тәрізді арқа қанаты бар. Жалпақ құйрық қанаты денесімен горизонталь бағытта орналасқан. Алдыңғы аяғының сүйектері қысқарып, саусақ сүйектері тұтасып ескекке айналған. Артқы аяғы мүлдем жойылған. Дельфиндер ескек аяқтарымен суда өте жеңіл әрі жылдам (сағатына елу километрге дейін) жүзеді. Жалғыз танау тесігі төбесінен ашылады, сол арқылы дельфиндер оқтын-оқтын су бетіне көтеріліп, ауамен тыныс алады. Етті еріндері жақсы жетілген. Тістері көп. Терісінде түктері болмайды, терісі өте серпімді келеді. Тері астындағы май қабаты жақсы дамыған. Дельфиннің қанының құрамында гемоглобиннің, бұлшық еттеріндегі ерекше белокты зат – миоглобиннің көп болуы денесіндегі газ алмасуға қолайлы жағдай жасап, су астында ұзақ уақыт тыныс алмай тіршілік етуіне септігін тигізеді. Олардың жүйке жүйесі өте жақсы дамыған. Миы үлкен, алдыңғы ми сыңарларының сырты көптеген сайшалар мен иірімдерге бөлінген. Дельфиндерде әр түрлі дыбыс толқындарын шығаратын және қабылдайтын өте күрделі есту жүйесі (эхолокация) жақсы дамыған. Олар өздерінен өте нәзік ультрадыбыс толқындарын шығарып, оның кері қайтқан жаңғырығын қабылдай алады. Сол арқылы қорегін ұстайды, өз үйірін табады, судағы әр түрлі кедергілерді алдын ала сезеді. Дельфиндер екі жылда бір-ақ рет ұрпақ береді. Ірі түрлері елу, ұсақтары отыз жылға жуық тіршілік етеді. Қолға тез үйренеді, адам үйреткен жаттығуларды шебер қайталайды. Дельфин туралы жазылған аңыздар, деректер (адамды судан құтқарған, кемелермен қатар жүзіп серуендеген, т.б.) көп. Ертедегі грек, италия теңгелерінде дельфиннің бейнесі соғылған. Аспандағы жұлдыздардың бірі дельфин аталады. Мұның бәрі дельфин мен адам арасындағы жақын қарым-қатынасты аңғартады. Өзен дельфиндері – жеке бір тұқымдас, оның бес – алты түрі бар. Олар Амазона, Ориноко, Ганг өзендері мен Қытайдағы Дунтинху көлінде кездеседі. Қазір дельфиндерді мұхитариумдарда, дельфинариумдарда қолдан өсіріп, түрлі ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Дельфиннің кейбір түрінің Жапонияда, АҚШ-та, Соломон аралында кәсіптік маңызы бар. Олардың табиғатта санының азаюына байланысты 1966 жылдан аулауға тыйым салынған. Мысалы, Калифорния теңіз доңызы деген түрі Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген. Дендрарий. Дендрарий, "дендрологиялық бақ" – өсімдіктерді жүйеленімдік, географиялық, экологиялық, әсемдік, т.б. белгілеріне байланысты өсіретін жер телімі, арнайы бақ. Дендрарийдің (грекше "dendron" – ағаш) ғылыми, ғылыми-тәжірибелік және ағартушылық мәні зор. Ауданы көбіне жүз гектарға дейін болады. Дендрарий шет жерлерден әкелінген және жергілікті өсімдіктерден құралады. Дендрарий өсірудегі негізгі мақсат – ағаш өсімдіктерін жерсіндіру, елді мекендерді көгалдандыру, қорғаушы екпе орман алқаптары мен орман шаруашылығы үшін әрі төзімді, әрі әсем түрлерді сұрыптау, тарату. Жақсы жоспарлап салынған дендрарийдің эстетикалық маңызы зор. Қазіргі уақытта Қазақстанда Есік және Шымкент дендрарийлері жұмыс істейді. Есік дендрарийі – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тәжірибелік-көрсеткіш питомнигі. Ол Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан, 1959 ж. ұйымдастырылған. Аумағы 360 га. Ағаш, бұта көшеттерін өсіреді. Ал Шымкент дендрарийі 1979 ж. құрылған. Аумағы 173 га. Ағаш, бұта, әр түрлі гүл көшеттерін өсірумен айналысады. Денсаулық. Денсаулық – адам организмінің қалыпты жағдайы. Адамның денсаулығын биологиялық (іштен туа біткен және жүре пайда болған сырқат белгілеріне қарап) және әлеуметтік факторларды ескере отырып, кешенді түрде анықтайды. Денсаулықты жеке адамның денсаулығы және жалпы халықтың денсаулығы деп бөледі. Жеке адамның денсаулығын, яғни оның организмінің клиникалық, физиологиялық және биохимиялық көрсеткіштерінің жиынтығын адамның жынысына, жасына, сондай-ақ климаттық және географиялық жағдайларына байланыстыра отырып анықтайды. Ал жалпы халықтың денсаулығы санитарлық-статистикалық кешенді көрсеткіштермен, яғни халықтың өсімі, өлуі, балалар өлімі, әр түрлі ауруларға шалдығуы, адамның дұрыс өсіп дамуы, орташа жасы, т.б. факторлар арқылы анықталады. Жалпы халықтың денсаулығының қалыпты болуы – жеке адамдардың ай сайынғы алатын еңбек ақысына, жұмыс уақытының ұзақтығына, еңбек және тұрмыс жағдайларына, дұрыс тамақтануына, денсаулық сақтау ісінің даму барысына, елдің жалпы санитарлық жағдайына тікелей байланысты. Адам денсаулығының мән-маңызына қазақ халқы ежелден көп көңіл бөлген; күнделікті өмірде денені күтіп ұстауға, тазалық сақтауға, дұрыс тамақтануға да өте қатты мән берген. Қазақ халқының «"Бірінші байлық – денсаулық"», «"Дені саудың – жаны сау"», «"Жаны саудың – тәні сау"» деген мақал-мәтелдері адам денсаулығын күтуде терең тәрбиелік және философиялық маңызын осы күнге дейін жойған жоқ. Денсаулық журналы. Денсаулық – қазақ тілінде ай сайын шығатын республикалық ғылым-көпшілік журнал. 1-саны 1990 ж. қаңтарда Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі мен республикалық кәсіподақтар кеңесінің басылымы ретінде жарық көрді. 1999 ж. «Денсаулық» ЖШС-не айналды. Журнал қазіргі заманғы медицина проблемаларына, әсіресе, аса көп тараған аурулар мен қауіпті індеттерге баса назар аударып, олардың алдын алу, емдеу шараларын дер кезінде көтеріп келеді. Қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру, судың, ауаның, топырақтың ластануы, биосферада экол. тепе-теңдіктің бұзылуы, Қазақстанның әскери сынақ алаңдарына айналған аймақтарындағы (Семей, Батыс Қазақстан, Қызылорда) радиация кесапаты журналдың негізгі тақырыбына айналды. Медицина тарихына, дәрігерлердің еңбек жолына арналған, дәрі-дәрмектерді қолдану туралы материалдар арнаулы айдарлармен беріледі. Дизайн. Дизайн – көркемсурет және сәулет өнерінің өнеркәсіп бұйымдарының ең үздік үлгілерін жасау және заттық ортаны үйлестіру шараларын қамтитын бағытының атауы. Дизайн қызметінің ерекшелігі – әсем әрі көркем жасалған тұтыну заттары мен бұйымдардың қоршаған ортаға лайық үйлесімін жүзеге асырып, ұдайы олардың жаңа үлгілерін ойлап табу. 1928 ж. АҚШ-та пайда болды. Терминдік атауы жаңа болғанымен, оның негізі ерте замандарда-ақ қалыптасқан. Мысалы, қазақ халқының қолөнер бұйымдарының (қобыз, домбыра, сандық, ожау, торсық, қару-жарақтар, сәндік әшекейлі бұйымдар, т.б.) қайталанбас түрлері этнодизайндық үлгіде жасалған. Безендіру өнерінде де дизайнның әдіс-тәсілдері мен тәжірибесі кең қолданылады. Дизайн өнері заман талабына орай үнемі өзгеріп, дамып отырады. ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстанда дизайн өнері 1960 жылдан бастап жүйелі түрде қалыптасып, дами бастады. 1987 ж. Қазақстан Дизайнерлер одағы құрылды. Дизайн өнері қазіргі өскелең тұрмыстық жағдайлар мен талап-сұраныстарға байланысты жаңа сипаттарға ие болуда. Жарнама, плакаттар, кітап безендіру, өндіріс бұйымдарын жасау, жиhаз бұйымдарының жаңа үлгілерін өмірге әкелу, т.б. қазіргі заманғы кәсіптердің дамып-жетілуі дизайн өнерімен тығыз байланысты. Ұлттық этнодизайн да өзіндік қолтаңбасы бар өнер ретінде заман талабына сай даму үстінде. Дизель. Дизель – іштегі ауаны сығу нәтижесінде тұтанатын іштен жанатын қозғалтқыш. Дизель цилиндріндегі тұтану процесі поршеннің сығуы нәтижесінде жоғарғы температураға дейін қызған ауаға жанар май (керосин, т.б. мұнай өнімдері) бүрку кезінде жүреді. Дизель іштегі ауаны сығу нәтижесінде тұтанатын алғашқы қозғалтқышты жасаған (1893) неміс инженері Рудольф Дизельдің есімімен аталған. Дизель бензиннен біршама арзан отынмен жұмыс істейді. Сондай-ақ, дизель циклімен жұмыс істейтін газдық қозғалтқыштар да бар. Дизель ең үнемді жылулық қозғалтқыштардың қатарына жатады. Ең жақсы деген дизельдің меншікті отын шығыны оның ең үлкен қуаты кезінде 155 г/кВтҺсағ шамасында, ал көптеген басқа түрлерінде 270 г/кВтҺсағ-тан аспайды. Дизель су кемелерінде (негізгі және қосымша қозғалтқыштар ретінде), орнықты қондырғыларда, тепловоздарда, танктерде, тракторларда, автомобильдерде қолданылады. Дизельді электр стансасы – электр генераторларының жетегі ретінде дизель қозғалтқыштарын пайдаланатын жылу электр стансасы. Дизельді электр стансасы дербес жұмыс істейді әрі икемді (іске қосу, жүктеу режимдерін реттеу және тоқтату жылдам орындалады) болады. Сондықтан олар біртұтас электр тораптары тартылмаған шалғай аудандарда, орман шаруашылығында, көлікте және ауыл шаруашылығында тұтынушыларды электрмен жабдықтау үшін негізгі, резервтік немесе апаттық, тұрғылықты немесе жылжымалы электр энергиясының көзі ретінде қолданылады. Сонымен қатар олар ірі конденсациялық және атом электр стансаларының резервтік апаттық қорек көздері ретінде де пайдаланылады. Дизельді электр стансасының негізгі элементі – балқытып біріктірілген рамаға орнатылған дизель-генератор. Дизель қозғалтқышы мен генератор, әдетте, бір-бірімен муфтамен жалғастырылады. Дизельді электр стансасының құрамына, дизель-генератор агрегатынан басқа, дизель қозғалтқышын отынмен жабдықтау, дизельді майлау, түтін шығару, ауа тазарту, жылыту жүйелері; басқару, қорғаныс және белгі беру қалқандары; дизельді от алдырып жіберу мен стансаны басқару, сондай-ақ белгі беру мен қоздыру тізбектерін қоректендіруге арналған аккумуляторлар және стансаның электр энергиясын тұтынушыларға тарату құрылғылары кіреді. Жылжымалы дизельді электр стансасы автомобиль тіркемесіне, автомобильдің қорабына немесе жабық вагонға орнатылады. Дизель отыны – сұйық мұнай отыны. Оған, негізінен, мұнайды бірден айдау арқылы алынатын керосин-газойль фракциялары (шапшаң жүрісті дизельдер үшін) және одан гөрі ауыр фракциялар немесе мұнай өнімдерінің қалдықтары (баяу жүрісті дизельдер үшін) жатады. Дизель отыны – қайнау температурасы 180 – 3600С, тығыздығы 0,790 – 0,860 г/см3, тұтқырлығы 1,5 – 8,0 мм2/с, қоспа мөлшері (көмірсутектің күкіртті, азотты және оттекті туындылары) 4%-ға дейін болатын сұйықтық. Әр түрлі климаттық аймаққа арналып және жұмыс істеу жағдайына қарай дизель отынының арктикалық, қыстық және жаздық үш түрі шығарылады. Олар бір-бірінен қату температурасымен, фракциялық құрылымымен, т.б. көрсеткіштерімен ажыратылады. Моторлық дизель отыны: отынды қолдануға дайындау жүйесімен (қыздыру, тұндыру, айыру) жабдықталған дизельдерге және мұндай жүйемен жабдықталмаған дизельдерге арналып жасалған екі сортпен шығарылады. Дипломатия. Дипломатия – мемлекет пен үкімет басшыларының, мемлекеттің сыртқы істер органдары қызметкерлерінің сыртқы саясат саласындағы саяси іс-әрекеттері. Бұған қоса дипломатияға халықаралық ынтымақтастықты орнату, кеңейту, сақтау, ұлтаралық жанжалдарды болдырмау және оны реттеу мақсатында жүргізілетін келіссөздер, халықаралық конференциялар жұмысына қатысушы делегациялардың қызметі, сондай-ақ мемлекеттің шет ел азаматтары мен мекемелерінің құқықтарын, мүдделерін қорғауы да жатады. Президент не үкімет өз мемлекетінің дипломатиялық бағыт-бағдарын белгілейді, ал сыртқы істер мекемелері осы бағдарды жүзеге асырып отырады. Көптеген әдебиеттерде дипломатияны «сыртқы қатынастар ғылымы» немесе «келіссөздер жүргізу өнері» деп те атайды. Дипломатия алғаш рет шығыс елдері (Мысыр, Вавилон, Қытай, т.б.) мен Ежелгі Грекияда пайда болды. Түркі елдері, оның ішінде Қазақстан туралы жазбалардың авторларының көпшілігі (Карпини, Рубрук, Ибн Фадлан, т.б.) – осы өлкеге дипломатиялық қызметпен келгендер. Қазақ хандығы тарихында да дипломатиялық келіссөз жүргізу шеберлігінің сан түрлі үлгілері туралы деректер мол. Ежелгі заманда дипломатиялық елшіліктер белгілі бір жағдайларға байланысты (бітімге келу, одақ құру, дау-дамайды шешу, т.б.) бір елден екінші елге барып, келісім жасалынғаннан кейін көп ұзамай елдеріне қайтып отырған. 15 ғасырдың орта тұсынан бастап кейбір мемлекеттер шет елдерде тұрақты елшіліктер ұстай бастады. Халықаралық құқық дипломатиялық қызметкерлердің өздері жүрген елдің ішкі істеріне араласуларына тыйым салады. Бұл заңдылық бұзылған жағдайда ол қызметкерлер жылдам елден қуылады. БҰҰ, ЕҚЫҰ, т.б. халықаралық ұйымдардың құрылуына байланысты дипломатия көп жақты сипат алып, жаңа мәнге ие болды. Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің құқықтық негізін еліміздің Конституциясы, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң, «Дипломатиялық қызмет туралы заң», Қазақстан Президентінің Елшіліктер ашу, елшілер тағайындау және олардың міндеттері жөніндегі жарлықтары құрайды. Дискі. Дискі – 1) есептеуіш техникада – жазылған ақпаратты ұзақ уақыт есте сақтай алатын магниттік қабыршақпен қапталған дөңгелек пластина түріндегі дерек жинақтауыш құрылғы. Ақпарат пластина бетіне шеңбер бойымен жазылған жолсызықтар арасындағы секторлар бетінде сақталады. Дискінің (ағылшынша dіsk) дискіқозғалтқыш (дискіжетек) құрылғысы болады. Ол дискіні айналдырып, деректі дискіге жазуды, қажет кезінде оны оқуды атқаратын бастиекті керекті сектор маңына жеткізіп тұрады. Компьютерлер қатты, иілгіш және жинақы (компакт-диск) дискілермен жабдықталады. Қатты дискіде немесе винчестерде магниттік қабықша көлемдірек металл тұғырға жағылып, дискіқозғалтқыш құрылғысымен ауа кірместей етіп, тұмшаланған (герметикалық) бір қорапта орналасады. Винчестерлік дискілер сыртқы көлеміне (форм-факторына) және сыйымдылығына қарай бөлінеді. Форм-факторы 3,25 дюйм болып келетін дискілер дербес компьютерлердің көпшілігінде қолданылады. Биіктігі 1,6 дюйм винчестерлер қуатты компьютерлерде (серверлерде), жұмыс стансаларында пайдаланылады. Винчестерлік дискілердің сыйымдылығы 5 – 50 Гбайт және одан да жоғары, ал мәліметтерді оқу-жазу жылдамдығы 10 – 20 Мбайт/с. Иілгіш дискі (флоппи-диск), дискет – компьютерлердің сыртқы жады ретінде пайдаланылатын, магниттік қабықша жалатылған табақша түрінде жасалып, қорапқа салынған алмалы-салмалы шағын есте сақтау құрылғысы. Негізінен, 3,5 дюймдік (88 мм), сыйымдылығы 1,5 Мбайт (1,5Һ106 таңба) дискеттер кеңінен таралған. Дискет мәлімет жазуға, оқуға арналған ұзынша ойығы бар пластмасса қорапқа салынып, ортасында оны айналдыруға арналған кіндікшемен жабдықталады. Сондай-ақ оның мәлімет жаздыруды болдырмас үшін ашылып-жабылып тұратын қосымша төртбұрышты ойығы болады. Дискет компьютердің негізгі блогындағы дискіжетектің ұясына салынады. Оның кіндікшесіндегі ойыққа айналдыру діңгегі енеді. Дискі қозғалысқа келісімен оқу-жазу ойығына магниттік бастиек жанасады. Дискетке қатты дискідегі ақпараттың архивтік көшірмесін сақтап қояды, сондай-ақ дискетке жазылған деректі, бағдарламаны, суретті, дыбысты, сандарды немесе мәтіндерді басқа компьютерге ауыстыруға болады. Компьютерлер желісі, электрондық пошта кең қолданыс тапқанша, дискет деректерді бір машинадан екінші машинаға ауыстырудың негізгі тәсілі болды. Дерек алмалы-салмалы болып жасалған жинақы дискіге (компакт-дискі) лазерлік сәуленің көмегімен арнаулы жазу құрылғысында бөлек жазылады. Жазылған дерек жинақы дискі оқитын құрылғымен (CD-ROM) жабдықталған кез келген компьютерде оқыла береді. Оған өшірілмейтін көлемді (650 Мбайт) дерек бір-ақ рет жазылып, ұзақ уақыт бойы тек оқу арқылы пайдаланылады. Компакт-дискіге ойындар, әуендер, кино, әр түрлі электрондық оқулықтар жазылып таратылады; 2) спортта – лақтыруға арналған жеңіл атлетикалық снаряд. Оның негізі ағаштан жасалынып, жиегі металмен көмкеріледі. Ерлер үшін диаметрі 221 мм (массасы 2 кг), ал әйелдер үшін диаметрі 182 мм (массасы 1 кг) дискілер қолданылады. Дифференциал. Дифференциал (латынша dіfferentіa – айырма, айырмашылық), 1) математикадағы дифференциал – функция өсімшесінің басты сызықтық бөлігі; 2) техникадағы дифференциал, дифференциалдық механизм – автомобиль, трактор, т.б. көліктік машиналардың жетекші доңғалағының жетегіне орнатылған механизм. Ол бір оське орнатылған доңғалақтардың әр түрлі жылдамдықпен айналуына мүмкіндік береді. Машиналарда конус тісті дифференциал ең көп тараған. Дифференциалдық есептеу – математиканың туынды мен дифференциалды зерттейтін және оларды функциялардың қасиеттерін зерттеуге қолданылуын қарастыратын бөлімі. ∆х нөлге ұмтылғанда, функцияның ∆y=y1-y0 өсімшесі аргументтің ∆x=x1–x0 өсімшесіне қатынасының шегін (егер ол шек бар болса) y=f(x) функциясының туындысы деп атайды. Ол fӨ(x)-пен не yӨ-пен белгіленеді, яғни: Ал f(x) функциясының дифференциалы деп dy=yӨdx өрнегін айтады, мұндағы dx=∆x – x аргументінің өсімшесі. Сөйтіп yӨ= dy/dx. dy/dx қатынасы, көбінесе, туынды белгісі ретінде қолданылады. Туынды мен дифференциалдық есептеу дифференциалдау деп аталады. Егер fӨ(x) туындысының тағы бір туындысы болса, онда ол f(x) функциясының 2-реттік туындысы деп аталып, f˝(x) не y˝ арқылы белгіленеді, т.б. Дифференциалдық есептеудің негізгі ұғымдары бірнеше айнымалысы бар функцияларға да қолданылады. Егер x және y екі айнымалысы бар z =f(x, y) функциясы берілсе, онда у-тің қандай да бір мәнін белгілеп алып, z -ті х аргументі бойынша дифференциалдауға болады. туындысы z -тің х бойынша алынған дербес туындысы деп аталады. Осы тәріздес болып туындысы, сондай-ақ жоғары реттік дербес туындылар, дербес және толық дифференциалдар анықталады. Дифференциалдық есептеудің геометрияда қолданылуы үшін жанаманың бұрыштық коэффициентін, яғни Ox осі мен y=f(x) қисық сызығының M(x0, y0) нүктесі арқылы жүргізілген жанамасының арасында α бұрышының тангенсін білу қажет. Ол функцияның x=x0 болғандағы туындысының мәніне, яғни fӨ(x0)-қа тең. Механикада түзу сызықты қозғалған нүктенің жылдамдығы жолдың уақыт бойынша алынған туындысы ретінде түсіндіріледі. Дифференциалдық есептеудің дамуы интегралдық есептеудің дамуымен тығыз байланысты болып келді. Олардың мазмұны да бір-бірінен ажыратылмайды. Дифференциалдық есептеу мен интегралдық есептеу – жаратылыстану мен техника үшін ерекше маңызы бар математикалық анализдің негізін құрайды. Дифференциалдық есептеудің құрылуында негізгі алғышарт математикаға айнымалы шамаларды енгізу (Рене Декарт) болды. Ал жалпы түрдегі дифференциалдық және интегралдық есептеулердің құрылуы 17 ғасырдың соңындағы Исаак Ньютон мен неміс математигі Готфрид Лейбництің еңбектерінде аяқталды. Дифференциалдық теңдеулер – ізделінетін функцияны оның әр түрлі ретті туындыларымен (немесе дифференциалдарымен) және тәуелсіз айнымалылармен байланыстыратын теңдеулер. Дифференциалдық теңдеулер 17 ғасырдың соңында механика, т.б. жаратылыстану пәндерінің талабына сәйкес интегралдық есептеу және дифференциалдық есептеумен қатар пайда болды. Қарапайым дифференциалдық теңдеулер Ньютонның және неміс математигі Лейбництің) еңбектерінде кездеседі. “Дифференциалдық теңдеулер” терминін ғылымға Лейбниц енгізген (1676). Тәуелсіз бір айнымалыға тәуелді бір немесе бірнеше функциялардың туындылары бар дифференциалдық теңдеулерді жай дифференциалдық теңдеу деп, ал тәуелсіз бірнеше айнымалыға тәуелді функциялардың дербес туындылары бар дифференциалдық теңдеулерді дербес туындылы дифференциалдық теңдеу деп атайды. Дифференциалдық теңдеулерге енетін туындылардың реті дифференциалдық теңдеулердің реті делінеді. Бір белгісіз функциясы бар 1-ретті дифференциалдық теңдеулер деп х айнымалысының, y ізделінетін функциясының және оның туындысының арасындағы мынадай қатысты: F(x, Егер y, yӨ)=0 (1) теңдеу туындыға қатысты шешілетін болса, онда мынадай теңдеу алынады: yӨ=f(x, y). (2) теңдеуінің дербес бір түрі болып есептеледі (мұндағы х және y айнымалылары – бір-біріне пара-пар айнымалылар). F(x,y,yӨ, y˝..., y(n–1), y(n))= 0 (3) белгісіз функцияларды қосымша енгізсек, онда (3) теңдеуді n белгісіз функциялары бар 1-ретті n теңдеулер жүйесімен алмастыруға болады. Осындай жолмен жоғары ретті теңдеулер жүйесі де 1-ретті теңдеулер жүйесіне келтіріледі. u(t, x)=f(x+t)+g(x–t) өрнегі есептеледі, мұндағы f және g – кез келген функциялар. Бұл жерде екі айнымалы u(x, y) функциясы бір айнымалы кез келген екі f(z) және g(z) функциялары арқылы өрнектеліп тұр. Диірмен. Диірмен – 1) әр түрлі дақылдар дәндерін майдалауға арналған машина. Алғашқыда қолмен не жануарлар күшімен айналдырылды. Кейіннен су және жел күші пайдаланылды. 19 ғасырдың басында ұн тарту үшін бу қозғалтқышы пайдаланыла бастады. Қазіргі диірменде жеке процестер мен машиналар, сондай-ақ тұтас кәсіпорын түгелдей автоматтандырылған; 2) қатты материалдарды ұнтақтайтын машина. Өнімді ірі бөлшектерге бөлетін ұсақтағышпен салыстырғанда диірмен материалды ұлпалап майдалайды. Кейбір диірмендер материалды 0,001 – 0,5 мм-ге дейін ұнтақтай алады. Олар химия, құрылыс материалдары, тау-кен, тамақ, дәрі-дәрмек, т.б. өнеркәсіптерде қолданылады. Дойбы. Дойбы – спорт түрі. Дойбыны алпыс төрт (орыс дойбысы) не жүз (халықаралық дойбы) шаршыға бөлінген тақтада он екі (орыс дойбысы) не жиырма (халықаралық дойбы) таспен екі адам ойнайды. Ойынның мақсаты – қарсыласының тастарын түгел жою немесе жүріс жолдарын бөгеп тастау. Дүниежүзілік дойбы федерациясы (FMІD) 1947 ж. құрылған. Оған отыздан астам ел мүше. Дойбы біздің заманымыздан 2500 жыл шамасы бұрын Мысыр елінде пайда болған. Қазіргі таңда дүние жүзінің он үш елінде әр түрлі атаумен, өзіндік ережемен ойналады. 1894 ж. дойбыдан (орыс дойбысынан) алғашқы дүниежүзілік чемпионат өтті. Дүниежүзілік олимпиада 1986 жылдан (халықаралық дойбыдан), дүниежүзілік чемпионат 1984 жылдан (халықаралық дойбыдан, ал орыс дойбысынан 1985 жылдан) өткізіліп келеді. Қазақстанда дойбыдан ресми жарыстар 1935 жылдан бері өтіп келеді. Кейбір деректерге қарағанда дойбы қазақ жеріне 1740 жылдар шамасында келген. Абайдың атасы Өскенбай, өз әкесі Құнанбай, атақты Кемпірбай ақын және олардың көптеген замандастары дойбыны құмарта ойнаған. Абайдың Жидебайдағы мұражайында ұлы ақынның дойбысы әлі күнге дейін сақтаулы тұр. 1956 жылдан бастап жүз шаршылы дойбыдан Қазақстан чемпионаты өтіп келеді. Домалақ ана. Биографиясы. Шын есімі Нұрила – есімі ел ұранына айналған абыз аналардың бірі. Түркістандық Мақтым Ағзам қожаның немересі. Ол 1378 ж. Түркістан қаласында өмірге келген. Атасы Мақтым Ағзамның өсиетімен Домалақ ана он тоғыз жасында (1397) Бәйдібек биге тұрмысқа шығады. Ел ішіндегі деректерге қарағанда, оған «Дихнат мама» деген атауды түп тегі түрікпен Қара Хайдар деген кісі қойған. «Дихнат мама» – парсы сөзі. Қазақ тілінде «Әулие ана» деген мағына береді. «Дихнат мама» сөзі уақыт өте келе дыбыстық өзгерістерге ұшырап, «Домалақ анаға» айналған. Одан тараған ұрпақтарының бәрі де білімімен, ақылымен ерекшеленіп, ел билеген. Жарықшақ деген ұлы Жетісу өлкесінің ұлысбегі болған. 1429 ж. Уәйіс хан қайтыс болып, әке тағына ұлы Есенбұға отырады. Сол күннен бастап Жарықшақ Есенбұға ханның бас уәзірі болады. Домалақ ана өмірінің соңғы жылдары Ташкент қаласында өтеді. Алайда ері Бәйдібектің түсінде берген аяны бойынша, өздерінің ескі қонысы Қаратауға барып тұруға қамданып, жол шегеді. 1456 жылдың жиырма сегізінші мамырында көш Балабөген өзенінің жағасына жеткен кезде Домалақ ана сол жерде намаз оқып тұрып көз жұмады. Өзінің тілегі бойынша Домалақ ана сол жазыққа жерленеді. Кесенесі. Немересі Дулат Бұхарадан Абдулла Шери ұстаны алдырып, Домалақ ананың басына төрт қанатты, төбесі күмбезбен көмкерілген кесене там (1456) тұрғызады. Домалақ ана кесенесі бірнеше рет бұзылып, қайта өңделген. 1957 ж. қайта жаңартылған кесене де көп уақыт сақталмаған. 1996 ж. Маңғыстаудан арнайы әкелінген ақ таспен жаңадан 12 м биіктікте сегіз жапырақты етіп өріліп, негізгі бөлігінің үстіне күмбез орнатылған. Бұл күмбез-зират елдің арнайы келіп зиярат ететін орнына айналған. Домна пеші. Домна пеші, домна – темір кентасынан шойын қорытуға арналған шахталық пеш. Ол темір-бетонды іргетасқа орнатылған көлденең қимасы дөңгелек биік шахта түрінде жасалады. Домна пешінің сыртқы беті қалыңдығы 30 – 35 мм темірмен тысталған, ішкі беті отқа төзімді материалдармен (жоғары бөлігі шамот кірпішімен, ал төменгі бөлігі, негізінен, көміртекті болат блоктармен қаланған) астарланған. Пештің ішкі бетінің балқымауы үшін және пеш қорабын (қаптамасын) жоғары температурадан қорғау мақсатында домна пешінде суы айналып тұратын салқындатқыштар пайдаланылады. Пештің сыртқы қорабы мен колошниктің құрылғысы іргетасқа орнатылған бағаналарға бекітіледі. Шихта (кентас, агломерат, кокс, флюс, т.б.) пеш колошнигіне скиптермен (сусымалы материалдар салынатын ыдыс) беріледі. Ауа үрлеуіш машинадан шыққан үрлеу пешінің горнына (көрігіне, яғни пештің төменгі бөлігіне) айнала орналасқан қыздырғыштар (мұнда ауа 1000 – 1200ӘС-қа дейін қызады) мен фурмалық приборлар арқылы жіберіледі. Сонымен қатар пешке фурмалар арқылы қосымша отын да (табиғи газ, мазут немесе көмір тозаңы) енгізіледі. Қорыту өнімдері горнның төменгі бөлігінде орналасқан балқыма ағатын науалармен шойын және шлак тасығыш шөміштерге жіберіледі. Пеште пайда болатын колошник газы пеш күмбезінде орналасқан газ шығарғыштар арқылы әкетіледі. Шойын ағатын науаның осі мен кентас тиегіш үлкен конус жиегінің аралығы домна пешінің пайдалы биіктігі, ал оған сәйкес келетін көлем оның пайдалы көлемі деп аталады. Домна пеші үздіксіз жеті – он жыл бойы жұмыс істей алады. Қазіргі кездегі домна пештерінің биіктігі жүз метрге дейін жетіп, ал пайдалы көлемі 5000 м3-ден асып, тәулігіне 6000 т шойын қорыта алады. Қосалқы бөліктерін қоса есептегенде домна пеші күрделі инженерлік құрылыс болып табылады. Домна пештеріне қажетті шикізат – кентастарды ұсақтау, агломерат жасау, шихтаны тиеу, ауаны қыздыру және оны үрлеу, қорыту процесінің өнімдерін жинау, сақтау, тасымалдау процестері күрделі механизмдермен, автоматты құралдармен жабдықталған. Қазақстанда Теміртау қаласындағы «Испат – Кармет» акционерлік қоғамы құрамында төрт домна пеші бар. Доңыз. Доңыз, қ а б а н – сүтқоректілер класының жұптұяқтылар отрядына жататын жабайы шошқа. Доңыздың үш түрі, ал Қазақстанда бір ғана түр тармағы бар. Қазақстанның барлық жерінде таралған. Негізінен, Еділ – Жайық атырабында, Каспий теңізінің жағалауында, Сыр бойында кездеседі. Қамыс-құрақты қопалар мен батпақты жерлерді мекендейді. Бірақ доңыз орманды-бұталы, шөлейт аймақтардағы өзен-көл маңынан да кездесе береді. Олардың саны ауа райының қолайлылығы мен аулану мөлшеріне байланысты жылма-жыл өзгеріп отырады. Қазақстандағы доңыздардың саны шамамен 12 – 15 мыңдай. Қабандарының дене тұрқы 125 – 175 см, шоқтығының биіктігі 80 – 100 см, салмағы 95 – 200 кг. Мегежіндері кішілеу келеді. Имек келген азу тістері сыртқа шығып тұрады. Доңыз қорек талғамайды. Әр түрлі өсімдіктермен, жәндіктермен қоректене береді, өлексені де жейді. Мегежіндері наурыз айы мен маусым аралығында торайлайды. Олар төрт – он торай туады. Доңыз – кәсіптік аң, еті, терісі, қылы пайдаланылады. Орта есеппен әр доңыз 50 кг ет, 10 кг май, 250 дм2 тері және 0,5 кг қыл береді. Дүние бөліктері. Дүние бөліктері – Жер бетіндегі құрлықтардың (төңірегіндегі аралдарымен, ішкі теңіздерімен қоса) тарихи қалыптасқан бөліктері. Олар алтау: Азия, Австралия, Америка, Африка, Антарктида, Еуропа. Жер бетін бұлай бөлу құрлықтарға сәйкес келе бермейді. Солтүстік және Оңтүстік Америка бір дүние бөлігі, бірақ екі құрлық болып есептеледі. Ал Азия мен Еуропа Еуразия құрлығын құрайды. Дүрбі. Дүрбі – алыстағы нәрселерді ұлғайтып көруге арналған оптикалық прибор. Дүрбіні бинокль (французша bіnacle, латынша bіnі – жұп, екі және oculus – көз) деп те атайды. Ол оптикалық осьтері параллель болатындай етіп бір-бірімен жалғасқан екі көру түтігінен тұрады. Оптикалық сұлбасы объектив (желімделген екі линза жүйесі) пен окулярдан құралған. Дүрбінің негізгі сипаттамасы – үлкейту, көру өрісі бұрышы және ажыратқыштық шама. Дүрбіде, объективтің фокаль жазықтығында не оған жақын орналасқан алыстағы нәрсенің шын, кішірейтілген және төңкерілген кескіні, окуляр арқылы лупа тәрізді қаралады. Кеплер түтігі типтес көру түтіктері бар дүрбіде де окуляр – жинағыш жүйе әрі ол төңкерілген кескін береді. Сондықтан тура кескінді алу үшін, объектив пен окулярдың арасына, төңкергіш жүйе орналастырылады, мысалы, Малофеев – Порро жүйесі екі шағылыстырғыш жақтары бар, бір-бірімен 90Ә бұрыш жасай орналасқан екі тікбұрышты призмадан тұрады. Мұндай жүйе аспаптың ұзындығын азайтуға да мүмкіндік береді. Дүрбінің бұл типі, көбінесе, призмалық дүрбі деп аталады (үлкейтуі алты – он бес есе). Ал, Галилей дүрбісі типтес көру түтіктері бар дүрбінің окуляры – шын кескін жазықтығы алдына орналасқан шашыратқыш линза. Мұндай дүрбінің көру түтігінің ұзындығы объективтің фокус аралығынан кіші, кескін жорымал әрі тура, құралымы қарапайым, көру бұрышы шектеулі (үлкейтуі екі – төрт есе, мысалы, театр дүрбісінде) болып келеді. Дыбыс. Дыбыс, кең мағынасында – газ, сұйықтық немесе қатты күйдегі серпімді орта бөлшектерінің толқын түрінде таралатын тербелмелі қозғалысы; тар мағынасында – адамдар мен жануарлардың арнаулы сезу органымен субъективті түрде қабылданатын құбылыс. Адам 16 Гц-тен 20 кГц-ке дейінгі жиіліктегі дыбысты ести алады. Дыбыс жөніндегі физикалық ұғым адам құлағына естілетін, естілмейтін дыбыстардың барлығын қамтиды. Жиілігі 16 Гц-тен төмен болатын дыбыс инфрадыбыс деп, 20 кГц-тен жоғары болатын дыбыс ультрадыбыс деп аталады. Ал 109 Гц-тен 1012 – 1013 Гц-ке дейінгі ең жоғары жиіліктегі серпімді толқындар гипердыбысқа жатады. Дыбысты қарапайым гармониялық тербелістерге жіктеу (жиіліктік дыбыс талдау) нәтижесінде алынатын спектр – дыбыстың маңызды сипаттамасы болып табылады. Егер дыбыс тербелісінің энергиясы жиіліктің кең аймағында таралып жатса, онда ол тұтас спектр деп, ал дискретті (үзілісті) жиілік құраушыларының жиынтығы болса, онда ол сызық спектр деп аталады. Тұтас спектрі бар дыбыс шу (мысалы, ағаштардың желдің әсерінен болатын сыбдыры, механизмдер дыбысы) ретінде қабылданады. Музыкалық дыбыс еселі жиіліктері бар сызықты спектрге жатады; мұнда естілетін дыбыстың негізгі жиілігі – дыбыс биіктігін, ал оның гармониялық құраушыларының жиыны – дыбыс тембрін анықтайды. Сөйлеу кезіндегі дыбыс спектрінде форманттар болады. Форманттар – белгілі бір фонетикалық элементтерге сәйкес келетін жиілік құраушыларының тұрақты тобы. Ішіндегі қысымы не механикалық кернеуі өзгерген денелер (газ, сұйықтық, қатты) дыбыс көзіне айналады. Практикада қатты денелердің тербелісі түріндегі дыбыс көздері (мысалы, дыбыс зорайтқыштың диффузоры мен телефонның мембранасы, музыкалық аспаптардың ішектері, пьезоэлектрлік немесе магнитострикциялық материалдардан жасалған пластинкалар мен стерженьдер) кең тараған. Ортаның шектелген көлемінің тербелісі де (мысалы, орган түтіктерінде, үрлемелі аспаптарда, ысқырғыштарда, т.б.) дыбыс көзі бола алады. Адамдар мен жануарлардың дыбыстық аппараты күрделі тербелмелі жүйеге жатады. Дыбыс көздерінің тербелісін қоздыру, көбінесе, соққы (мысалы, қоңырау, шектер) арқылы жүзеге асырылады. Мұнда автотербеліс режимі (мысалы, үрлемелі музыкалық аспаптарда ауа ағыны есебінен) ұсталуы мүмкін. Табиғаттағы дыбыс, ауа ағыны қатты денелерді орай аққанда, құйындардың түзілуі және құйындардың сол денелерден бөлінуі (мысалы, жел соққан кездегі сымдар мен құбырлардағы дыбыс, т.б.) кезінде пайда болады. Төменгі және инфратөменгі жиіліктегі дыбыс жарылыс, опырылыс кезінде туады. Қазіргі кезде адам организміне және техникалық жабдықтарға зиянды әсері болатын өнеркәсіптік, көліктік шуларды және аэродинамикалық шу көздерін зерттеуге үлкен көңіл аударылып отыр. Дыбыс қабылдағыштар қабылдаған дыбыс энергиясын энергияның басқа түрлеріне түрлендіреді. Мысалы, адамдар мен жануарлардың есіту аппараты дыбыс қабылдағышқа жатады. Техникада дыбысты қабылдау үшін, көбінесе, электр акустикалық түрлендіргіштер (мысалы, ауада микрофон, суда гидрофон, ал жер қыртысында геофон) пайдаланылады. Дыбыс толқындарының таралуы, ең алдымен, дыбыс жылдамдығымен сипатталады. Газдар мен қатты денелерде қума толқындар (бөлшектердің тербеліс бағыты толқынның таралу бағытымен бағыттас) тарай алады. Ортаның біртекті болмауы да дыбыс толқындарын (мысалы, су көпіршігіндегі, теңіздің толқынданған бетіндегі, т.б. дыбыстың шашырауы) шашыратады. Дыбыстың таралуына атмосфера, теңіздегі қысым, температура, желдің күші мен жылдамдығы да әсер етеді. Адам өміріне дыбыс толқындарының, сондай-ақ, оларды зерттейтін ғылым – акустиканың атқаратын рөлі орасан зор. Дыбыстың барлық сипаттамаларын зерттеу ақпарат берудің (жеткізудің) жетілген жүйелерін жасауға, сигналдау жүйесін дамытуға, жетілдірілген музыкалық аспаптарды жасауға мүмкіндік береді. Дыбыс толқындары су асты байланысында, навигацияда, локацияда қолданылады. Төменгі жиілікті дыбыс жер қыртысын зерттеудің негізгі бір әдісі болып есептеледі. Ультрадыбыстың практикада қолданылуы қазіргі техниканың тұтас бір саласы – ультрадыбыс техникасының пайда болуына ықпал етті. Қазіргі кезде жоғары жиілікті дыбыс толқындары, әсіресе гипердыбыс, қатты дене физикасында зерттеулер жүргізудің аса маңызды құралы болып отыр. Дін. Дін – адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Діннің басты мақсаты – адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдайға сенімі. Ислам философиясының түсіндіруінше, дін дегеніміз – әлемді байланыстыратын күш Алланың барлығына сенім. Ислам тұжырымдамасы бойынша, рухани жетілу сатысының бірінші деңгейінде тұрған адамның алғашқы махаббаты, таза құлшылығы, қорқынышы Аллаға арналады. Сөйтіп,шынайы діндар болып, жас кезінен Алланың ғана бұйрығын орындаушы болып өседі. Барлық тіршілік құбылыстары Алла Тағаланың қолында екеніне және күнәлі істері үшін оның қарғысына ұшырайтынына мұсылман кәміл сенеді. Осы сенім – оны жаман істерден тежеуші және дұрыстықтан, имандылықтан шықпауына себепші. Иманын жоғалту адамның дінін жоғалтуына алып келеді. Діни тұрғыдан, дін – бүкіл болмыстың түпкі себебі барын, дүние-болмыст ың жаратылу мақсатын, оның сыр- сипатын түсіндіріп, танып-білуге және адамның рухани жетілуіне мүмкіндік жасайтын әдіс-әрекеттер мен бүкіл дүниетанымды болмысты, толық қамтитын өте кең, ауқымды ұғым. Қазіргі ғылымның зерттеулері бойынша дін қырық – елу мың жыл бұрынғы палеолит кезеңінде шыққан. Аталмыш кезеңнің мәдениет ескерткіштері жан-жануарлар культі мен аңшылыққа қолданған сиқыршылық белгілерін сақтаған. Сондай-ақ діни наным-сенімдердің болғандығын сол ежелгі дәуірлердегі өлген адамды еңбек құралдары және әшекей бұйымдармен бірге жерлеу дәстүрінің белгілері де дәлелдеді. Діннің неғұрлым ертедегі көріністері – сиқыршылық, тотемизм, ғұрыптық жерлеу культі және шамандық болып табылады. Құдайды тұлғалық Бастау ретінде мойындау қазіргі діндерден ислам, христиан, иуда діндеріне тән, ал будда, даосизм діндеріне тән емес. Халықты қамтуы жөнінен діннің тайпалық-халықтық (мысалы, иудаизм) және ұлтаралық немесе әлемдік (будда діні, христиандық, ислам) түрлері белгілі. Әлемдік діндердің әрқайсысы түрлі ағымдар мен конфессияларға бөлінеді. Мысалы, ислам дінінің сүнниттік, шииттік ағымдары, христиан дінінің католиктік, православие және протестанттық конфессиялары, т.б. діннің екі сипаты бар. Төменгісі – сыртқы, ғибадат ету, ал жоғарғысы – имандылық. Имандылық барлық дерлік діннің ішкі мәнін білдіреді, сондай-ақ ғибадатты да қамтиды, адамның сыртқы және ішкі болмысын тәрбиелейді. Барлық діндердің ұқсастығы және негізгі мақсаты – бір Жаратушыға деген сүйіспеншілікке жету және оның мейірімі мен кешіріміне ие болу, рухани тазарып, жетілу. Олардың ішкі мәнінде ғана емес, салт-рәсімдерінде де көптеген ұқсастықтар бар. Мысалы, тасбих тартып, Құдайдың қасиетті есімдерін қайталау; ән айтып, билеп, зікір салып Құдайды мадақтау, ғибадат ету, дұға оқу, т.б. Дүние жүзі халқының дені, негізінен, әлемдік үш дінді (ислам, христиандық, будда) ұстанады. Сонымен қатар, маркстік атеизм және бүкіл дін атаулыны теріске шығаратын басқа да көзқарастар жүйесі ғылымда кейде шартты түрде теріс таңбалы діндер деп аталынады. Қазақстан Республикасының Конституциясында азаматтардың діни сеніміне еркіндік берілген. Вакцинация. Егу, вакцинация – адам организміне вакцина немесе арнайы тәсілмен дайындалған антигендік қасиеті бар заттарды енгізу арқылы белгілі бір жұқпалы аурудан алдын ала сақтандыру үшін қолданылатын әдіс. Бұл термин алғашында нағыз шешектен сақтану үшін қолданылды. Жұқпалы ауруларға қарсы тірі қоздырғыштардан дайындалған вакцина қолдану тәсілі ерте заманнан бері белгілі. Мысалы, Қытайда біздің заманымыздан бұрынғы 11 ғасырда дені сау адамдардың танауына шешекпен науқастанған адамның іріңді қабыршағын салатын болған. Үндістанда теріні сызаттап, сол жерге шешек қабыршағын ысқылаған, Грузияда шешек іріңі жұқтырылған инемен теріні шаншып егетін болған. Еуропада мұндай әдісті 17 ғасырдың аяғына дейін қолданып келген. Бірақ егудің мұндай әдісі ауыр асқынулармен аяқталып, кейде өлімге де әкелген, ал егілген адам айналасындағыларға жұқтырушы болған. 1796 ж. ағылшын дәрігері Эдуард Дженнер шешекке қарсы вакцина тапқанын жариялады. Жұқпалы ауруларға қарсы егудің бірнеше түрі бар: 1) міндетті егу – балаларға (туберкулез, қызылша, күл, сіреспе, көкжөтел, гепатит, т.б. ауруларға қарсы), нәрестелі бола алатын әйелдер және қыздарға қызамыққа қарсы; 2) жоспарлы-кәсіби егу – мал шаруашылығымен айналысатын немесе олардың өнімін өңдейтін адамдарға күйдіргіге қарсы; 3) эпидемиялық көрсеткіш бойынша егу – нақты аймақтағы тұрғындар арасында індет қаупі төнген кезде жүргізіледі. Егу көбінесе инфекциялық тәсілмен (тері астына, бұлшық етке) атқарылады. Қазіргі кезде алдын ала егудің нәтижесінде көптеген жұқпалы аурулар (мысалы, шешек) жойылды. Егіншілік. Егіншілік – 1) ауыл шаруашылық дақылдарынан тұрақты, сапалы, мол өнім алу үшін жерді өңдеп баптау тәсілдерінің жүйесі. Ежелгі арийлердің (біздің заманымыздан бұрынғы 2 – 1 мыңжылдықтар), сақтардың (біздің заманымыздан бұрынғы 9 – 2 ғасырлар), үйсін, қаңлы мемлекеттері тұрғындарының, ғұндардың, түркілердің мал шаруашылығымен бірге өзен аңғарларында, тау бөктерлерінде суармалы егіншілік – диқаншылықпен де айналысқаны белгілі. 20 ғасырдың басында Қазақстандағы егіс көлемі күрт көбейіп, 4,1 миллион гектарға жетті. Егістіктің басым көпшілігі (96%) дәнді дақыл болатын. Оның жартысынан көбі Ақмола, Торғай аймақтарында, қалғаны Қостанай, Ақтөбе, Жайық, Павлодар, Семей өңірінде егілді. Сырдария өзенінің төменгі жағында күріш, Жетісуда мақта егілді. Қазақстанда егін шаруашылығын одан әрі дамыту жолында, әсіресе, соғыс жылдары, одан кейін де көптеген жұмыстар атқарылды. Машина-трактор стансалары құрылып, егістікті күтіп-баптау жұмыстарын барынша механикаландыруға мүмкіншілік туды. Егістіктің 96,5%-ы тұқым сепкішпен себіліп, 97%-ы комбайнмен жиналды. Үш дақыл бойынша Қазақстанда өнімділіктің дүниежүзілік рекорды тіркелді. Шығанақ Берсиев басқарған звено тарының әр гектарынан (тәжірибелік телімде) 125 ц өнім алды. Ыбырай Жақаевтың звеносында күріш өнімділігі бір гектарынан 174 ц-ге жетті. Ольга Гонаженко звеносы қызылшаның бір гектарынан 1515 ц-ден өнім алды. 1954 ж. тың және тыңайған жерлерді жаппай игеру басталды. Алғашқы бес – алты жыл ішінде-ақ республика бойынша 25 млн. гектар тың жер игерілді. Оның 17 млн. гектары еліміздің солтүстігінде (Қостанай, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар) орналасқан. Егіншіліктің экстенсивті және интенсивті түрлері бар. Экстенсивті түрінде егіншіліктен өнім алу үшін қосымша қаражат көп жұмсалмайды. Жалпы түсімнің артуы, көбінесе, топырақ құнарлылығына және егін егетін жер көлемінің жаңадан кеңейтілуіне байланысты. Өндірістік күштердің және ғылымның дамуына байланысты егіншілік экстенсивті түрден интенсивті түрге ауысты. Егіншіліктің интенсивті түрінде пайдаланылып жүрген жерге қосымша еңбек, қаржы (механикаландыру, суландыру, тыңайту, агротехникалық шаралар жүйесін көтеру, т.б.) жұмсап, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін арттырады. Қазақстанда егіншіліктің құрғақ, суармалы, тәлімі және таудағы түрлері қалыптасқан. Құрғақ егіншілік жауыны аз, желді, құрғақ далалы аймақтарда орналасқан. Бұл жерлерде құрғақшылыққа төзімді дақылдар өсіріліп, топырақта ылғал сақтаудың агротехникалық шаралар жүйесі (қар тоқтату, топырақты аудармай жырту, егісті қысқа мерзімде себу, т.б.) қолданылады. Суармалы егіншілікте, көбінесе, мақта, қант қызылшасы, дәнді дақылдар, көп жылдық жемшөптер, күріш өсіріледі. Тәлімі егіншілікте астық, жемдік дақылдар өсіріліп, құрғақ егіншілікке тән агротехникалық шаралар қолданылады. Таудағы егіншілік тау баурайын, тау аралығындағы ойпаң жерлерді қамтиды. Мұндағы агротехникалық шаралар топырақты су эрозиясынан қорғау мақсатында жүргізіледі; 2) ауыл шаруашылық дақылдарын егіп-өсірудің және топырақ құнарлылығын жоғарылатудың жалпы тәсілдерін зерттейтін агрономия ғылымының саласы. Егіншілік ғылым ретінде топырақ құнарлығын арттыру, оны эрозиядан қорғау, топырақ пен өсімдіктің өзара әсерін, топыраққа механикалық, биологиялық және химиялық әдістермен әсер ете отырып жоғары әрі тұрақты өнім алу, егістікті зиянкестер мен арамшөптерден, қолайсыз жағдайлардан (құрғақшылық, аңызақ, үсік) қорғау мәселелерін зерттейді. Егіншілік агрономияның басқа салаларымен (агрохимия, агрофизика, селекция, т.б.) тығыз байланысты. Ежелгі дүние. Ежелгі дүние – тарих ғылымында адамзат қоғамы дамуының Рим империясы құлағанға дейінгі (біздің заманымыздың 5 ғасыры) кезеңін сипаттау үшін қолданылатын термин. Алғашқы адамдар туыстық байланыстар бойынша (ру мен тайпа) бірлесіп өмір сүрген. Бірте-бірте рулар мен тайпалар арасындағы өзара соғыстар нәтижесінде қоғам мүшелері арасынан ақсүйектер мен құлдар келіп шықты. Біздің заманымыздан бұрынғы 4 – 3-мыңжылдықта Тигр мен Евфрат өзендері аралығында шумер мәдениеті пайда болды. Шумерлердің Орталық Азиядан бұл өлкеге қалай, қашан көшіп келгені ғылымда әлі анықталған жоқ. Кейіннен Месопотамияда шумерлердің орнына Вавилон мемлекеті (оңтүстікте) мен Ассирия мемлекеті (солтүстікте) құрылды. Шумерлермен қатар Ніл өзені жағалауында ежелгі Мысыр мемлекеті (шамамен біздің заманымыздан бұрынғы 3000 жыл) дүниеге келді. Б.з.б. 2000 ж. Қытайда да алғашқы мемлекет құрылып, Ся әулеті билік құрды. Шамамен осы мезгілде Крит мәдениеті мен Хетт патшалығы өмір сүрді. Тайпалардың шығыстан батыс пен оңтүстікке жаппай қоныс аударуы нәтижесінде Кіші Азия, Сирия, Палестина, Мысыр халықтары толығымен жаңарып, адамзат тарихында темір дәуірі басталды. Таяу Шығыста шығу тегі белгісіз «теңіз халықтары» пайда болып, Жерорта теңізі жағалауларына өз бақылауын орнатты. Біздің заманымыздан бұрынғы 2500 ж. шамасында Инд өзені бойында үнді мәдениетінің негізі қаланды. Көп ұзамай Үндістанға Орталық Азиядан арий тайпалары басып кіріп, шамамен біздің заманымыздан бұрынғы 1500 ж. бүкіл Солтүстік Үндістанды басып алды. Біздің заманымыздан бұрынғы 6 ғасырда Инд өзенінен Қара және Каспий теңіздеріне, сондай-ақ, Мысыр мен Грекияға дейін созылып жатқан парсы патшалығы (Ахемен әулеті мемлекеті) құрылды. Біздің заманымыздан бұрынғы 336 – 321 ж. онан да алып Александр Македонский империясы құрылып, грек-македон және шығыс мәдениеттері араласа бастады. Шамамен осы кезеңде Орталық Азияны мекендеген ғұн тайпалары бірлесіп алып мемлекет құрды. Олар шығыста Қытайды Ұлы қытай қорғанын тұрғызуға мәжбүр етті. Біздің заманымыздан бұрынғы 6 ғасырда Рим күшейіп, Италиядағы латын мемлекеттерін өзіне бағындыра бастады. Императорлар Цезарь мен Августин тұсында Рим Жерорта теңізі жағалауларына толық өз үстемдігін орнатқан әлемдік державаға айналды. Біздің заманымыздың 3 ғасырынан бастап империя әлсіреп, 395 ж. Батыс және Шығыс Рим империяларына бөлінді. 3 ғасырдан бастап Орталық Азияны мекендеген көшпелі ғұн тайпалары жаппай батысқа жылжып, Балтық және Қара теңіздердің аралығын мекендеген герман тайпаларын әрі қарай ығыстырды. Ғұндардан ығысқан германдықтар Батыс және Шығыс Рим империяларына басып кірді. Кейбір герман тайпаларымен одақтасқан ғұн тайпалары да Аттиланың (Еділдің) басшылығымен Батыс Рим империясына басып кіріп, 452 ж. Рим қаласын қоршауға алды, бірақ төлем алғаннан кейін қаланы қиратпай, кері шегініп кетті. Көп ұзамай Батыс Рим империясы біржолата (476) жойылды. Осы империяның жойылуымен ежелгі дәуір тарихы да аяқталды. Емен. Емен – шамшат тұқымдасына жататын, жапырақ тастайтын не мәңгі жасыл ағаштар. Емен баяу (жиырма – сексен жылдай) өседі. Жарық сүйгіш ағаш. Он бес – алпыс жылда жеміс бере бастайды. Әрбір төрт – сегіз жыл сайын жаңғағы көбейе береді. Бес жүз – мың жыл және одан да көп уақыт (мысалы, Литвадағы Стелмужи табиғи саябағындағы еменнің жасы – екі мың жылға жуық) өсіп тұрады. Оның дүние жүзінде төрт жүз елудей (кейбір деректер бойынша алты жүздей) түрі кездеседі. Жайық өзенінің аңғарында емен орманы кездеседі. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында көгалдандыру мақсатымен егіледі. Қазақстанда сирек кездесетін бір түрі – кәдімгі емен бар. Оның биіктігі 40 – 50 м. Діңі бірнеше жуан бұтақтан тұрады, тілім-тілім болып жарылған, қоңыр сұр түсті қалың қабықпен қапталған. Жас өркені жапырақсыз, қызғылт-қоңыр болып келеді. Жапырағы ірі (ұзындығы 7 – 20 см-дей), дөңгелек, қою жасыл түсті. Реңсіз гүлдері дара жынысты, аталық гүлі сырға тәрізді, аналық гүлі жеке-жеке не екі – үштен бірігіп, гүл сабағына шоғырланған. Сәуір – мамырда гүлдеп, қыркүйек – қазан айларында жеміс береді. Тұқымы – жаңғақ. Жаңғағынан мал азығы және кофе қоспасы дайындалады. Емен қабығының құрамы илік зат – танинге бай, олар медицинада, тері өнеркәсібінде қолданылады. Сүрегі қатты әрі берік, аса бағалы құрылыс материалы ретінде өнеркәсіпте (мысалы, кеме, вагон, жиһаз жасау, т.б.) пайдаланылады. Еңлік-Кебек. «Еңлік-Кебек» – екі жастың махаббатын жыр ететін шығарма. Еңлік пен Кебек туралы хикаялар оқиға болған 18 ғасырдан бастап ел арасына кең тараған. Алғашқы жазба дерек 1892 ж. «Дала уалаяты» газетінің отыз бірінші және отыз тоғызыншы сандарында жарияланған «Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз» деген мақалада келтіріледі. Бүгінгі күнде жыр түрінде жеткен «Еңлік – Кебек» дастанының екі нұсқасы белгілі. Оның біріншісі – 1912 ж. Семейдегі «Жәрдем» баспасынан жеке кітап болып жарық көрген, Абай ұсынған тақырып бойынша Шәкерім жазған «Жолсыз жаза яки кез болған іс» деген шығарма да, екіншісі – Мағауия Абайұлы жазған «Еңлік – Кебек» дастаны. Шәкерім нұсқасы 1988 ж. қайта жарық көрді. Бұл поэма 652 жолдан тұрады. Мұхтар Әуезовтің жеке кітапханасында сақталған Мағауия Абайұлы дастанын 1941 ж. Қайым Мұқаметханов баспаға әзірлеген. Бұл қолжазба тек 1960 ж. баспадан шығарылған «Дастандар» деген жинақта алғаш рет жарияланды. Жазушы Әуезов осы дастанның арқауымен осы аттас трагедия жазды. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында дастан кейіпкерлері Еңлік пен Кебекке ескерткіш орнатылған. Ер төстік. «Ер төстік» – қазақ батырлық ертегілерінің ең көне үлгісі. «Ер Төстікте» ерте дәуірдегі халықтың мифтік танымы, ырымдары мен әдет-ғұрыптарының бәрі бар: Төстік қиял-ғажайып жағдайда дүниеге келіп өседі. Жылан Бапы ханның жұмсауымен Төстіктің Темір хан еліне барып, онда қалыңдықты алу үшін сайысқа түсуі, осы сайыста кейіпкердің өз күшімен емес, керемет достарының арқасында жеңуі – қиял-ғажайып ертегінің заңдылығы. Мысалы, Шалқұйрық – тек жүйрік ат қана емес, алдағыны болжай алатын қабілеті бар, неше түрлі сиқырды білетін, адамша сөйлеп, адамша іс-әрекет қылатын қасиетті жануар. Ал жер астында Төстікке дос болатын Желаяқ, Таусоғар, Көлтауысар сияқты кейіпкерлер – ертедегі адамдардың мифтік түсінігі бойынша, желдің, таудың, судың «иелері». Ер-тұрман. Ер-тұрман – атқа салт мініп жүруге қажетті жабдықтардың жиынтық аты. Ер-тұрманға ерден басқа тоқым, желдік, тебінгі, үзеңгі, үзеңгі бау, таралғы, тартпа, айыл (төс айыл, шап айыл), өмілдірік, құйысқан, жүген, шылбыр, тізгін, ат көрпе, көпшік, пыстан, кежім, қамшы, шідер, тұсамыс, кісен, қанжыға жатады. Әйелдерге арналған ер-тұрман (тоқым, үзеңгі, үзеңгі бау, таралғы, ноқта, жүген, сулық, айыл, өмілдірік, құйысқан, пыстан, шеттік, сауырлық, салпыншақ) әшекейленеді. Ерлерге арналған ер-тұрман жеңіл, ықшам, көбінесе мүйіз, сүйекпен, әшекейленеді. Ер-тұрман «ер-тоқым» деп те аталады. Ислам Діні. 1. Ислам дінінің пайда болуы және дамуындағы тарихи әлеуметтік, саяси жағдайлар Басқа да барлық дүниежүзілік діндер сияқты Ислам дінінің де өзіндік ұзақ тарихы бар. Ол тарих дүниежүзілік әлем тарихымен ұштасып, жұптасып, шамдасып жатады. Бірақ, ислам дінінің шығу дәуіріне, уақыт талабына, оны ұстанған халықтардың тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрпына байланысты, психологиясына, көңіл-күйіне қарай өзіндік ерекшеліктерінің бар екенін аңғарғанымыз жөн. Ислам діні – дүние жүзілік діндердің ішінде ең кеш шыққан жас дін. Ол біздің заманымыздың VII ғасырында арабия түбегін мекендеген тайпалар алғашқы қауымдық қатынастардан таптық қатынастарға көше бастаған кезде құл иеленушілік идеологиясы ретінде дүниеге келді. Тарихи деректерге, әдеби аңыздарға сүйенсек, Ислам діні Арабиядағы Хиджаз өлкесінің ең ірі қаласы – Меккеде шықты. Арабия елі бірқатар бай елдердің орталығы болды. Олар: Рим, Византия, Египет, Иран және басқа елдер бір-бірімен сауда қатынасын жасаған кезде Арабия жерін басып өтетін. Осыған байланысты Араб феодалдары жер келері боуымен бірге, құл жұмсаудан, құл сатудан орасан зор табыс түсіріп отырды. Сонымен бірге, Мекке ерте уақыттан бастап-ақ діни орталық болып саналатын. Меккенің орталығындағы Зәмзәм су сөзі, оның жанындағы Әулиелі қагатас Қаабы Храмы көшпелі бадауиелердің өз құдайына табынатын орны болды. Бұл кезде әрбір рудың өздерінің рулық құдайы болды. Олардың бейнесі Қаабаның маңдайына орналасқан болатын. Кейбір мұсылман аңыздарында Кааба мен Зәмзәм су көзін Ибрагим пайғамбар мен оның ұлы Исмаил салған деген деректі де кездестіреміз. Меккенің орналасқан жері егін шаруашылығымен де, мал шаруашылығымен де айналсуға қолайсыз болды. Сондықтан меккеліктер шамаларына, қолдарындағы қаражаттың мөлшеріне қарай Мекке шонжарларына сауда керуендеріне қосылатын. Тез дамыған сауда алғашқы қауымдық қоғамның ыдырауын тездетіп6 тайпалардың тайпалық одаққа бірігуін қажет етті. Ны қуаттайтын көп құдайға сенудің орнына бір құдайға сенуді уағыздайтын діни идеология керек болды. Сол сияқты Арабия жеріндегі алғашқы монотеистік дін – ханффизм бытыраңқы араб тайпаларын біріктіруде көптеген топтардың идеологиясы түрінде шықты. Ханифтер сол уақытқа дейінгі үстем болып келген политеизмге қарсы күресті. Тайпалық көп құдайлардың орнына тек бір құдай рахманға жалбарыну керек деп уағыздады. Бірақ ханифистік діни ілім Меккеде де, басқа жерлерде де қолдау таппады. Әлеуметтік-экономикалық теңсіздікке қарсы күреске шыққан араб қоғамының жарлы, кедей көпшілігі сагуктар ханифизмнен көксеген мақсатын көрмеді. Өйткені бұл діни идеологияның үйретуінше анық өмір, шын бастандық о дүниеде ғана, бұл үниеде қызығы жоқ, өткінші деп уағыздады. Ақыр заман боладыдан басқаға шақырмаған ханифизм езілгендер мен қаналғандар арасында тарай алмады. Бірақ, Ханифизм Ислам дінінің идеологиялық алғы шарты болды. Жаппай, жалпылама уағыздан гөрі құдайды адамдар арасында жіберген өкілі (рассул алла) бар деу арқылы монотеистік дінді уағыздау ұтымдырақ еді. Ол өкілдің ролін меккелік орта саудагер Мухаммед атқарды. Құдайдың пайғамбарлық сүрелерінің мазмұнына қарағанда, Мұхаммед Ханифтер табынан шыққан. Ол 610 жылы жаңа дінді уағыздай бастады. Бірақ, Мұхаммед пен оның серіктестіктерінің араб тайпаларының діни сенімдері мен ұғымдарына өзгеріс енгіземіз десек ойлары Меккеде сәтсіздікке ұшырайды. Меккедегі үстем тайпа басшыларының құғынына түскен Мұхаммед тобы 622 жылы Ярсиб (Медине) пайғамбар қаласына көшеді. Оны мұсылман жыл санауының басы Хиджра деп атап, мұсылмандар өздерінің жаңа жыл санауын бастайды. Ислам дінін уағыздаудың алғашқы жолдары сәтсіздікке ұшырауына бұл діннің әлеуметтік мазмұны тікелей әсер етеді. Құлдық, кедейлік, аштық, жалаңаштық құдайдың маңдайына жазғаны, тәуір өмір о дүниеге барғанда болады, бұл дүниеге көнгіш болған дұрыс деп уағыз айтылған жаңа дін араб қоғамының жырларына, көшпелі бәдауилерге ықпал жасай алмайды. Сондықтан, құранның алғашқы сүрелерінде байлықты сынау кездеседі. Бұл мәселелер ру, тайпа шонжарларына тиімді болмады. Қысқасы Меккеде дін тарау үшін: 1) Ислам дінінің әлеуметтік тірегі болмады; 2) Меккеліктер үшін политеизмнің сақталуы пайдалылырақ болды. Бірақ Меккенің мұсылмандар қауымымен келісімге келуінің маңызды себебі бар еді: 1) Ислам дініндегі жалғыз құдай – алла – күрейшт тайпасының құдайы болатын; 2) Мұсылмандардың аллаға тағзым ететін орталығы Кааба храмы болды. Бұл жағдай Меккенің жаңа дін үстемдік жасаған уақытта да өз саясатын жүргізуге толық мүмкіндігін сақтады. Осы біз жоғарыда көрсеткен сбептердің нәтижесінде Меккенің мұсылмандық орталыққа айналуымен Ислам діні араб тайпаларының басым көпшілігіне тарады. 632 жылы Мұхаммед өлгеннен кейін мұсылман қауымын Абу-Бекр (632-634) басқарды. Ол Халиф (пайғамбардың орынбасарлары. Өкіметті әскери, саяси және дін жағынан басқарушы адам) деп аталды. Алғашқы үш халифтің: Абу-Бекрдің, Омардың (634-644) және Османның (644-656) тұсында Мекке-Медина әскери күштері көрші елдерге ауыз сала бастады. VII-VIII ғасырлар ішінде арабтар Сирияны, Иранды, Египетті, Солтүстік Африканы, Пиреней түбегін, Орта Азияны жаулап алды. Араб халифатының идеологиясы ислам діні болды. Кейіннен ислам діні Үндістан, Африка елдерінің бірсыпыра жерлеріне тарады. Барлық жерде ислам діні қамшының астымен, қарудың күшімен арабтардың жаулау процессі кезінде таралды деу дұрыс болған болар еді. Қазақстанда Волга бойындағы халықтар арасында бұл дін бейбіт жолмен Миссионерлердің үгіті негізінде жергілікті феодалдардың ислам діни идеологиясынан өз мүддесін қорғай алатын одақтасын іздеу негізінде таралды. Қазіргі уақытта Ислам діні араб елдерінде, Албания, Болгарияда, Түркида, Югославияда, Африкадағы Мавританың, Тунис, морокоо, Сомали, Ливия, Занзибар, Алжир т.б. елдерінде орын алды. Біздің елімізде Ислам діні Орта Азия Республикаларында, Қазақстанда, Азербайжанда, Башқұрт, Татар, Дағыстан республикаларында орын алды. 1. Ислам – ілім (учение) бағыну, бас ию, нану (покорность) 2. Мұсылман алланың нағыз – құлы, алланың нағыз құлы 3. Хиджра – жаңаша мұсылман жыл санауының басы 4. Алла – күреншит руының жеке құдайы 5. Күреншит – Мұхаммедтің шыққан руының аты 6. Политеизм – көп құдайлы дін 7. Монотеизм – бір құдайлы дін. Қазіргі кейбір статистикалық әрекеттерге түгінсек дүние жүзінде мұсылмандардың саны – 1 миллиард адам екен. 2. Ислам дінінің әдет-ғұрпы, мейрамдары, догмалары, негізгі бағыттары 1. Міндетті түрде орындауға тиісті шаралар: бұған бес парыз (иман, бес уақыт намаз, ораза, зәкет-ұшыр, қажыға бару) жатады. Шариғат бойынша бұл парыздарды мұсылмандар бұлжытпай, мерзімінде орындап тұруға тиіс. Діни уағыз бойынша «құдай-тағаланың әмірін орындап, құлшылық еткендер», яғни намаз оықп, ораза ұстап, қайыр-садақа бергендер ғана «жұмақтың» тәрінен орын алады да, ал оларды орындамағандар «тозаққа» барады. Дін иелері, молда-ишандар діни парыздарды, әдет-ғұрыптар мен мейрамдарды дінге сенушілердің мүлтіксіз орындап отыруын талап етеді. 2. Ерікті түрде орындалатын шаралар жатады. Олар уәжіп, сүннет, Мұстахб, Мухаб, Нәпіл. Соңғы үшеуі қазақтан арасында тарамаған. 1. Иман-нану, сену деген сөз, яғни «Бір алладан басқа құлдық ететін күш жоқ. Мұхаммед алланың бізге жіберген елшісі» - дегенге сену. 2. Намаз – таң, бесін, екенді ақшам және ясих намаздары болып бөлінеді. Оларды оқу ислам дініне вороастризмнен (ерте Иран діні) енген. Араб тілін білмейтін дінге сенушілер намаз сөздерін де құдай атынан айтылатын керемет күш бар деп ұғады. 3. Ораза (сауым) ұстау исламнан бұрынғы діндерде де болған. Олардың ораза ұстауы күнаға, үш күнде бір, үш айлық және т.б. әртүрлі болып келген. Рамазан июль айында отыз күн ораза ұстаудың түбі ертедегі арабтардың шаруашылық-тұрмыс жағдайының қиындығына байланысты туған. Ислам дінінен көп бұрын арапбар жанып тұрған шілдеде күн бұрын нәр тартпай көкке қарап, жаңбыр тілеумен болған. Тіршіліктің қамын кешке және түнде ғана ойлап, жетімсіз азық-түлікті тек түнде ғана ойлап, ішетін болған. «Рамазан» айының аты арабша «Рамад» - ыстық кез деген»мағына береді. Ал ислам діні оразаға жаңаша мән беріп, оның кейбір шарттарын өзгертумен шектелді. Оразаның мәні адамдарды бір аллаға құлшылық етуге, тір өмірдегі жалған өмірге қызықпай, келешек мәңгілік «О дүниенің» қамын ойлауға баулиды. Рамазан айында мұсылмандар дін басшыларына жыл сайын жан басына бес қадақтан ақ бидай, немесе оның ақшалай құнын беруі керек. Мұны пітір деп атайды. Айт намазын оқығанға дейінгі пітір төленбесе, адамның отыз күн ұстаған оразасы зая кетеді. Онымен бірге рамазан айында түнде ымырт жабылғаннан кейін ислам дінін дәріптейтін «тарауық» намазы оықлады. Дін иелері ораза ұстайтын Рамазан айын Құран аяттарын алла тағаланың Мұхаммедлке жібере бастаған айы, сондықтан бұл айда барлық тілектер орындалады – мыс деп үйретеді. 4. Зекет – малға, ғұшыр астыққа салынатын діни салықтар. Кезінде бұлар Мұхаммедпен оның ізбасарларының әскерлерінің жабдықтау мақсатында жиналатын. Кейін дін иелерінің табыс көзіне айналды. Зекеттің мөлшері 40 қойдан 1 қой, 30 сиырдан 1 тайынша, 5 түйеден 1 қой, жылқы ақшаға шағылып, 40 сомнан 1 сом есебінде төленіп отыруы тиіс. Ғұшырдың мөлшері жиналған өнімнің табыстың 10 проценті болып белгіленеді. Дін иелері бұл салықтарды уақытылы төлемегендердің мал-мүліктері арам болады, өздері тозаққа барады деп қорқытады. 5. Қажы (поломничество) мұсылмандар үшін бірінші парыз. Әрбір мұсылман күші жетсе өмірінде бір рет Мекке мен Мединеге барып, Каабаны айналып, намаз оықп, Мұхамедтің бейітіне намаз оқып, құрбан шалып, қайтуы тиіс. Сонда ғана бұндай адамға қажы атағы беріледі. 6. Құрбан шалушылық араб тайпаларының алғашқы діни ғұрыптарынан алынған. Ерте кезде олар Меккеге келіп, Кааба құрбандық жасаған құдайларынан малдарын аман сақтауды, төлін көбейтуді, егін шығымын жақсартуды сұраған. Кейін келе осы ғұрып жаңа мағынаға ие болды да, Ибрагим пайғамбардың жалғыз баласы Исмаилды алла жолына шалмақ болыпты-мыс деген аңызбен ұштасады. Құрбанның мөлшері әртүрлі. Мысалы, бір адамға ұсық мал, 7 адамға сиры, 9 адамға түйе шалуға рұқсат етіледі. Құрбандық малы жоқтарға – тауық-қаз союға, оларда болмаса ақшалай құдайы беруге рұқсат етіледі. Құрбандыққа тек аша тұяқ малдар сойылған. Құрбандыққа шалынған мал «О дүниеге барғанда қыяметтің қыл көпірінен қиып өтетін пыраққа айналады-мыс. Ал күнәсі көп адамдар қыяметтің қыл көпірінен өте алмай – тозақ отына жанады-мыс». 7. Сүннет екі түрлі. 1. Намазға байланысты орындалады. Өйткені шариғат бойынша намаз парыздан және сүнеттен тұрады. Сүниттер екеуін де оқиды, ал шиитер сүнетін оқымайды. 2. Сүнеттің екінші түрі – балаларды сүндетке отырғызу. Молдалар бұл ғұрыпты Мұхаммед пайғамбар өсиет еткен дейді. Баланы сүндетке отырғызуды алғаш рет діни кәдеге еврейлер айналдырған. Содан кейін ол ислам дінінен орын тепкен, жаңа мазмұн алған. Яғни сүндетке отырғызу дінге сенушіліктің сырт көрінісі мен мұсылмандарды басқа діндегілерден оқшаулайтын және дәріптейтін құралға айналды. Ислам дінінің бірнеше мейрамдары бар. Оларды дерлік барлығы, оның әдет-ғұрыптары және догмаларымен тығыз байланысты. Солардың ішіндегі кең тарағаны ораза мен құрбан айттары. Бұл айттардың алғашқы түрлері ислам дінінен көп жылдар бұрын пайда болған және ораза ұстау мен құрбан шалу әдет-ғұрыптарына байланысты орындалып отырған. Ислам дінінде ораза және құрбан мейрамдары жаңа мәнге иен болды. Ораза мейрамы ораза біткеннен соң Рамаза айынан кейінгі Шаввал айының бірінші күні басталатын ауыз ашу (айт) мейрамы. Бұл мейрам кезінде мұсылманда ислам дінінің талаптарын толық орындауы тиіс. Кімде-кім ораза ережесін бұзса немесе ораза ұстамаса, ол күнәлары үшін айып тартуы – пітір-садақа беруі тиіс. Құрбан мейрамы ораза мейрамынан кейін 70 күн өткеннен соң жасалады. Айт мейрамы күндерінде дінге сенушілердің іс-әрекеті тек дін жолымен ғана өлшенетін өмір нормаларының орындалатынын баса айтамыз. Себебі – догма бойынша бұл күндері әр адам өз бойындағы күналарынан арылу үшін құрбан шалуға тиісті. Ислам діні тараған кездерде шариғатқа сүйеніп істелетін халық арасына сіңісті болып кеткен ескілікті әдет-ғұрыптардың басқа да түрлері бар. Мысалы, жеке адам өміріне байланысты орындалатын жанұя тұрғысынан алынған бала туу, үйлену, өлім және т.б. құбылыстарымен байланысты мейрамдар мен қайғылы-қаралы күндерді өткізу дәстүрлері. Әулиелер аруағына табыну өте көне әдет-ғұрыптардың бірі. Бұл мәселенің де әлеуметтік мазмұны, саяси бағытының болғаны мәлім. Себебі, мұсылмандық әулиелер қатарына халифтер, сұлтандар, хандар мен билер, яғни өмірдегі алған орнын ол өлгеннен кейін де дәл айқындығынан айырамыз. Сол үшін олардың табытын сақтайтын күмбездер, мазарлар, табыттар ислам діні тараған барлық жерлерде орын алды десек, қазіргі Қазақстан территориясында оның мәні мазмұн-мақсаты өте жоғары. Мысалы – Қазақстан жеріндегі ерте дәуірдегі ірі қалалар Тараз, Сайрам, Түркістан т.б. көптеп саналатын әулие жерлер мен орындардың өзі осы ойымыздың айғағы деп түсуініміз керек. Сонымен бірге, ислам дінінің алғашқы шаққан уақытынан бастап-ақ, оны қостаушылардың және қарсы жақ өкілдерінің арасында түсініспеушіліктер болғанына тарихтың өзі куә. Соның нәтижесінде ерестік, еркін ойлық пікірлердің қалыптасуы, әлеуметтік-саяси қайшылықтардың шығуы, ресми, табиғи ислам дінінің сунизм және шиизм сияқты екі бағыттың дүниеге келуін, ықпал үшін күрестің әсері деп білуіміз керек. Сунизм – қоғам дамуының талаптарына байланысты үстем тап қажетін өтеуге құрандағы догмалар жеткіліксіз болды. Сондықтан, заман ағысына қарай адамдардың өзара қатыынасын, халифтің ірі феодалдардың ісін растайтын Мұхаммед пайғамбардың тірі кезінде айтқан сөздері, жарлықтары, істеген істері, дағдылары туралы қасиетті аңыздар деген хадистер жинағы есунна шықты. Сунна жекелеген топтардың үстем таптардың мүдделерін қорғауға айналады. Біріне-бірі қайшы келетін хадистердің көбеюі оларды ретке келтіріп, жинақтауды қажет етті. Оныі ішінде бізге белгілі алты сүнну жинағы, осы күнге дейін қадірлі деп саналатыны Бұхари Имам құрастырған жинақ «ас-Сахих». Сөйтіп, сүннәні құранмен бірдей мойындаған көпшілік мұсфлмандар ахль-ас сүннә яғни сүниттер деп атады. Шиизм (арабтың ши,-партия, топ деген сөз) ислам дінінің алғашқы уақытында ортодоксальды сүннизм бағытына қарсы шыққан діни бағыт. Алғашқы шиизм партиясының, тобының өкідері төртінші халиф Әлидің (Ғалидің) маңайына жиналды. Шиналар сүннәні мойындағанымен құранмен қатар өздерінің аңыздар жинағы хабарды пайдаланды. Құранға екі «Нұр» дейтін сүре қосты. Ол екі Нұры – Мұхаммед пен Әли. Шиналар қазір Иранда, Иракта, Йеменде, Кенияда, Азербайжанда кездеседі. Сопылық (дәруіштік) – Ислам дінінің алғышқы жылдары пайда болған аскеттік ағым ретінде IX ғасырда пайда болды. Дегенмен бұл бағыттың алғашқы көріністері араб қоғамында VIII ғасырдың өзінде-ақ кездесетін. Ал кейіннен аскеттер киетін күн шанның «Сүфи», одан «софылық» деген атына байланысты ол сопылық деп аталды. Олардың негізгі мақсаты – шектен шыққан кедейлік, баспанасыздық, ауыр экономикалық жағдай, қарапайым адамдардың ауыр халден шығатын жол іздеуі керек екендігін көрсетті. Ол жолды олар аскеттік өмірден көрді фатализм – тағдырға сену, бұл дүние қызығын қабылдамау, жаман киім кию - алғашқы сопылықтың әлеуметтік саяси қанауға қарсы қойғандары болды. Сопылардың фанатик-діншіл болуды үгіттеуі билік қолдарында тұрған дін иелеріне ұнады да. Кейіннен сопылар қауымы шығып, оны басқаратындарды Шейх деп атады. Беделді Шейхтар өз жандарында оқушыларды ұстайтын. Олар Мюридтер (Мұрт) деп аталатын болды. Сопылар мектебі бірнеше ағымдарға бөлінді. Орта Азия мен Қазақстанда сопфлар мектебінің Ясевизы, Нақшбандизм сияқты ағымдары орын алды. Сопылықтың ең күрделі түрі Дершивизм, диванизм түрінде қазіргі Тәжікстан аймағында көптеп кездеседі. Сопылық XI-XII ғасырларда ислам дінінің негзгі бағыттарымен тоғысып кеткенімен, өзінің дербестігін сақтап қалды. Сопылық қауым байыған Шйхтарға және бұрынғыша аскеттік өмір жасайтын, араларында арамтамақ, алдауыштарды көп дәруіштерге бөлінеді. Дегенмен, олар да феодал дана бастап, әсіресе нахшбандия ағымының ірі өкілі Ахрардан кейін Шейхтар арасынан қарамағында мыңдаған Морид-құлдары бар феодалдар шыға бастады. Ислам дінінің басты уағыздары мұсылмандардың «Қаиметті» - кітабы аталған құранда жинақталып берілген. Ол уағыздар Мұхамедтің аңыздары түрінде айтылады. «Құран» деген сөз қазақ тілінде «оқу» деген ұғымды білдіреді. Құранда арабтардың сол кездегі феодалдық құрылысының идеологиясы жинақталған. Бұл идеология мұсылмандардың азаматтық, қылмыстық заңдары мен әдет-ғұрыптарының негізі болды. Ол қасиетті кітапта егін салған халықтардың әр дәуірдегі өмірінен алынған заңдар мен шежірелердің, ғұрыптар мен салттардың және астарлы сөздердің алуан түрі кездеседі. Мұнда өткен өмір мен болашақ заман туралы аңыздар да толып жатыр. Осындайлық діни қағида, заңдармен қатар, құранда құдай мен оның пайғамбарлары туралы адамның, жалпы әлемнің жер үстіндегі тіршіліктің жаратылуы да көптеген жорамалдар бар. Дін құранның негізгі нұсқасы жеті қабат аспан үстінде мәңгібақи сақталады дейді, Әзірейіл періште құранды көктің бірінші қабатынан түсіріп, бір оқиға боларда, не бір жағдай туарда оның үзінділерін Мұхаммедке мезгіл-мезгіл жіберіп тұрыпты, пайғамбар мұны жазып отырыпты. Құдайдың берген өмірі, өткендігі оқиғалар мен қазіргі мен болашақ оқиғалардың барлығы осы кітапта жазылған. Сол жазудың мазмұнын перілерден қорғап тұрады екен. Құдай сөзі болғандықтан құран-өмірдің шын мәнісіндегі ережесі және кез-келген діндар мұсылман үшін болашақтағы барлық үміттің көзі. Бұған ешбір де ешбір шек келтіруге тиіс емес, өйткені оны құдадың өзі көктен аян етіп, адамдарға сыйға тартты делінеді. Мұсылмандар құранның өзін ғана емес, мазмұнын ғана емес, әрбір әріпі мен қағазын да қасиетті санайды, құран сөзіне еш нәрсені теңімейді, құраннан асыл, онан артық бұл дүниеде ештеңе жоқ деп біледі. Құран ұстап ант береді. Бірақ қазақ арасында құраннан нанды жоғары қою дәстүрі бар. Егер нанға қолың жетпесе, құранды аяғыңның астына қойып, нанды алуға болады, ал нанды басып құранды алуға болмайды. Құранның 12 сүресінің 2 аятында құдай атынан: «мен оны (құранды) сендерге түсінікті болсын деп араб тілінде жібердім» делінген. Кейін ислам діні басқа елдерге тарай бастаған кезде мұсылман дін басшылары құранды бөтен тілге аударуға тыйым салады да, «құран оқу құдайға құлшылық ету араб тілінде болсын» деген тәртіб енгізеді. Мұның араб тілін білмейтін мұсылмандар арасында «құран қаисетті кітап» деген сеніп орнап, оған сиынып, жалбарынды. Құран орта ғасырдың бас кезінде таяу шығыс елінде көптеген авторлардың көмегімен бірте-бірте жазылды. Оны жазуға, іріктеп өлшеуге, толықтырып-түсіндіруге ғасырлар бойы діншіл ұрпақтың бірнеше өкілі қатысты. Құранның соңғы түрі ислам діні шыққаннан кейін белгіленеді: Мұхамедтен кейін болған халифтер тұсында құран жинағы болмады. Құранның ұмыт болу қаупінен сезіктенген халиф Әбу-Бекір құран үзінділерін жинақтауды әмір етті. Халиф Омардың тұсында ғана Мұхаммедтің өсиеттерін Медина мұсылмандары жинай бастады. Олар Мұхаммедтің ел аузында жүрген аңыздарын қағазға, тастарға, сүйектерге азылып қалған үзінділерден, ауыз-екі айтылып жүрген әңгімелерден жинап құрастырды. Бұрын Мұхаммедтің хатшысы болған Сәбит-ибн-сейт халиф Осман тұсында құранның төрт данасын құрастырып шығарды. Оның бір данасы Мединада қалдырылды да, қалғандары Куфаға, Басыраға және Дамаскіге жіберілді. Құранның басқа даналары алауыздық туғызбас үшін құртылды. Бізге жеткен сол Сәбит-ибн-сейт құрастырған жинақ, ол «Осман шығарған құран» деп те аталады. Құран тіл байлығы өте кедей ертедегі араб тайпасы Куфа тілінде, қара сөзбен жазылған. Бұл тілді білмейтіндер оның әсерлі үнінен ғана үрей көреді. Құранда барлығы 114 сүре, 6225 аят бар. әр сүредегі аят саны біркелкі емес: кіріспеден екінші сүреде 286 аят, ал 110 сүреде не бары 3 аят бар. Осы кездегі құранның өзі де әртүрлі. «Медина құранында» аяттардың саны 6000. «Куфа құраны» мен үнді мұсылмандарының құранында 6232 аят бар, шиитер қолданып жүрген құранда 115 сүре бар. Сүрелер көлеміне қарай орналысқан, басында ұзақ сүрелер, одан кейін орта ақырында қысқа сүрелер. Сүрелердің аттары өздерінің мазмұндарымен анықталады. Бірақ біраз жағдайларда сүренің аты өз мазмұнына сәйкес келмейтіні де бар. Кейде сүре тақырыбына осы тарауда кездесетін кейбір сөздер алына салынған. Құран сүрелері мен аятары ешқандай тарихи тәртіптілік сақталған. Сонымен бірге, оларда бірімен-бірі қайшы келетін пікірлер де кездеседі. Құран аяттарынан араб жұртының бағзы бір замандарындағы тұрмыс ерекшеліктері, табиғат құбылыстарына бағынулары байқалды, құран ертегілерінің ішінде ежелгі арабтардың да, Януди дінінің де, христиан дінінің де, парсы жұртының өте көне дінінің бірі зороастризмнің де, қиял-ғажайып аңыздарының да үзінділері кездеседі. Құран мазмұнынынң төрттен біріне жуығы таурат пен інжілден алынған пайғамбарлар жайындағы аңыз – ертегілер. Бұлар – Мұса (Моисей), Жүсіп (Иосиф), Ғайса (Иисус), Жеқып (Якуб) т.б. Жоғарыда атап өткен пайғамбарларды құран «алланың әділ сөзін» адамдарға жеткізу үшін, оларды «алла тағаланың ең қалаулы діні-ислам діні» жолына түсіру үшін келген көктегі құдайдың өкілдері деп жариялайды. Ислам діні көбінесе үгіттен гөрі соғыспенен таратылып, күшпен мойындатылады да, жаппай үрей тудырып, адамның ақыл-ойын шандып, матап тастайды. Испанияның футбол Чемпионаты. Приме́ра Дивизио́н () профессиональной футбольной лиги Испании (), известный также как "Примера" и "Ла Лига" (), является профессиональным футбольным турниром клубов высшего уровня в системе футбольных лиг Испании. Ла Лига считается одной из лучших футбольных лиг в мире. Первым и ныне действующим чемпионом Испании является «Барселона». Девять клубов становились победителями Ла Лиги. Начиная с 1950-х годов доминирующими клубами являются «Реал Мадрид» (всего 31 чемпионский титул) и «Барселона» (20 чемпионских титулов). В 1930-х и 1940-х годах с «Реалом» и «Барселоной» успешно конкурировали «Валенсия», «Атлетико Мадрид» и «Атлетик Бильбао», а в 1990-х и 2000-х годах — та же «Валенсия» и «Депортиво Ла-Корунья». На конец еврокубкового сезона 2008—2009 годов Ла Лига занимает второе место в рейтинге национальных футбольных ассоциаций УЕФА, который используется для определения представительства стран в еврокубках. В сезоне 2005/06 клубы Ла Лиги завоевали еврокубковый «золотой дубль» — «Барселона» выиграла Лигу чемпионов, а «Севилья» — Кубок УЕФА. До этого последний раз клубам из одной страны такое удавалось в сезоне 1996/97. Құрылуы. Впервые идею национальной футбольной лиги в Испании предложил в апреле 1927 года Хосе Мария Ача, директор клуба «Аренас» из Гечо. После длительных дискуссий относительно размера лиги и критериев допуска клубов, в конечном итоге Королевская федерация футбола Испании определила десятку первых участников "Примера лиги" 1928 года. «Барселона», «Реал Мадрид», «Атлетик Бильбао», «Реал Сосьедад», «Аренас Гечо» и «Реал Унион» (Ирун) вошли в число участников на правах предыдущих победителей Королевского кубка. «Атлетик Мадрид» (тогдашнее название клуба «Атлетико Мадрид»), «Эспаньол» и «Эуропа» (оба — Барселона) получили право участия в качестве предыдущих финалистов кубка, а «Расинг» из Сантандера завоевал место в лиге путём победы в переходном турнире. По состоянию на конец 08 только три клуба из числа основателей, «Барселона», «Реал Мадрид» и «Атлетик Бильбао», ни разу не выбывали в низшие дивизионы. 1930-шы жылдар. Несмотря на то, что первый чемпионский титул выиграла «Барселона», а «Реал Мадрид» побеждал в 1932 и 1933 годах, в первые годы лидером испанского футбола был «Атлетик Бильбао», занявший первое место в 1930, 1931, 1934 и 1936 годах и второе — в 1932 и 1933 годах. В 1935 году чемпионом впервые (и пока что единственный раз) стал «Реал Бетис», который тогда ещё выступал под названием «Бетис Баломпие». Игры Лиги были приостановлены на период гражданской войны в Испании, но клубы республиканской территории (кроме двух мадридских), разыграли между собой "Средиземноморскую лигу", чемпионом которой в 1937 году стала «Барселона». 1940-шы жылдар. После возобновления Лиги в 1940-х годах вначале сильнейшими клубами были «Атлетико Авиасьон», «Валенсия» и «Севилья». «Атлетико Авиасьон» (тогдашнее название клуба «Атлетико Мадрид») получил право участия в 40 лишь в качестве замены «Реалу Овьедо», чей стадион был разрушен во время войны. Мадридский клуб праздновал победу в первый же сезон, а также защитил свой титул в 1941 году. Другие клубы тогда потеряли множество игроков, покинувших страну, казнённых или погибших на войне, но «Атлетико», наоборот, усилился, во многом благодаря слиянию «Атлетико Мадрид» и «Авиасьон Насьональ» из Сарагосы. Молодой довоенный состав «Валенсии» был также сохранен, и в послевоенные годы добился успеха, выиграв чемпионский титул в 1942, 1944 и 1947 годах, а также заняв второе место в 1948 и 1949 годах. «Севилья» также переживала подъём, заняв второе место в 1940 и 1942 годах и завоевав свой пока что единственный чемпионский титул в 1946 году. В конце десятилетия «Барселона» начала понемногу перетягивать на себя мантию лидера, став чемпионом в 1945, 1948 и 1949 годах. Ди Стефано, Пушкаш, Кубала және Суарес. Хотя «Атлетико Мадрид» (вновь сменив название) стал чемпионом в 1950 и 1951 году под руководством вдохновителя катеначчо Эленио Эррера, 1950-е годы были началом эры доминирования «Барселоны» и «Реала». На протяжении 1930-х, 1940-х и 1950-х годов существовали суровые ограничения на количество иностранных игроков. В большинстве случаев клубам позволялось заявить лишь трех иностранных футболистов на игру. Но в 1950-х годах «Реал» и «Барселона» нашли возможность обойти правила, натурализовав Альфредо Ди Стефано, Ференца Пушкаша и Ладислао Кубалу. Вдохновлённая игрой Кубалы, «Барса» получила титул в 1952 и 1953 годах. Ди Стефано, Пушкаш и Франциско Хенто были ядром состава «Реала», который доминировал во второй половине 1950-х годов. «Реал» выигрывал лигу в 1954, 1955, 1957 и 1958 годах, уступив титул «Атлетику» в 1956 году. «Барселона» выиграла чемпионат в 1959 и 1960 годах под руководством Эленио Эррера и с Луисом Суаресом в составе. Мадридтің басымдылығы. Между 1961 и 1980 годами в Примере доминировал «Реал Мадрид», ставший чемпионом 14 раз, включая пять побед подряд между 1961 и 1965 годами и две серии из трех побед подряд (1967—1969 и 1978—1980 гг.). Лишь «Атлетико Мадрид» смог составить достойную конкуренцию «Реалу» на протяжении этого периода, победив четыре раза (в 1966, 1970, 1973 и 1977 годах). Ещё два титула достались «Валенсии» в 1971 году и «Барселоне» с Йоханом Кройфом в составе в 1974 году. 1980-ші жылдар. В конце концов доминированию двух клубов из Мадрида временно был положен конец двумя клубами из страны Басков. «Реал Сосьедад» выиграл титул в 1981 и 1982 годах, а «Атлетик Бильбао» — в 1983 и 1984 годах. Терри Венейблс привёл «Барселону» к одному титулу в 1985 году, после чего «Реал» снова становился победителем пять раз подряд (1986—1990 гг.) под руководством голландца Лео Бенхаккера. В составе мадридцев играли Уго Санчес, Эмилио Бутрагеньо, Мануэль Санчис, Мартин Васкес, Мичел и Мигель Пардеса. 1990-шы жылдар. Йохан Кройф вернулся в «Барселону» в качестве тренера в 1988 году, собрав легендарную «Команду-мечту» с такими игроками, как Хосеп Гвардьола, Хосе Мари Бакеро, Чики Бегиристайн, Гойкоэчеа, Рональд Куман, Микаэль Лаудруп и Христо Стоичков. Эта команда выиграла титул четыре раза подряд между 1991 и 1994 годами и выиграла Кубок чемпионов в 1992 году. После конфликта с Кройфом Лаудруп перешёл в стан главного соперника «Барсы», — «Реала» — и помог тому прервать победную поступь «Барселоны» в 1995 году. После этого чемпионами стали «Атлетико Мадрид» под руководством серба Радомира Антича в 1996 г. и снова «Реал Мадрид» в 1997 году. После успеха Кройфа ещё один голландец Луи ван Галь прибыл на Камп Ноу, и с помощью таких игроков, как Луиш Фигу, Луис Энрике и Ривалдо, «Барселона» снова выиграла титул в 1998 и 1999 годах. Жаңа мыңжылдық. В новом тысячелетии «Реал» и «Барселона» столкнулись с новыми вызовами. Между 1993 и 2004 годами «Депортиво Ла-Корунья» финишировал в тройке призёров десять раз — больше, чем «Реал» или «Барселона», а в 2000 году, под руководством Хавьера Ируреты, «Депор» стал девятым чемпионом в истории лиги. «Реал Мадрид» завоевал титул в 2001 и 2003 годах, но все большую конкуренцию мадридцам составляла «Валенсия», которая переживала возрождение под руководством Эктора Купера, дойдя до финала Лиги Чемпионов в 2000 и 2001 году. Его преемник Рафаэль Бенитес продолжил начатое дело и привел клуб к чемпионству в 2002 году и к «дублю» в Лиге и Кубке УЕФА в 2004 году. «Барселона», вдохновлённая игрой Роналдиньо, завоевала титул в сезонах 05 и 06 (во втором сезоне вместе с Лигой Чемпионов). Одновременно вновь взошла звезда «Севильи», которая, хотя и не выиграла лигу, дважды подряд победила в Кубке УЕФА (2005/06 и 2006/07 — во втором случае, победив в финале ещё один испанский клуб, «Эспаньол»). Но в конце десятилетия «Реал» вернул себе потерянные было позиции, став чемпионом в сезонах 07 и 08.Основные конкуренты мадридцев не отставали. В сезоне 2008/09 «Барселона» вновь стала чемпионом, оставив соперников далеко позади и обыграв «Реал» на «Сантьяго Бернабеу» со счётом 6:2. А в сезоне 2009/10 конкуренция «Реала» и «Барсы» достигла такого пика, что даже 96 очков, набранных «Реалом», не хватило для чемпионского титула, ибо «Барселона» набрала 99 очков, и проиграв по ходу чемпионата всего один раз ("Атлетико Мадриду"со счетом 2-1). Испания Чемпиондары. Мадридский «Реал» и «Барселона» являются самыми успешными клубами чемпионата Испании — по состоянию на 2010 год на двоих они выиграли 51 титул: 31 раз побеждал «Реал» и 20 раз — «Барселона». «Атлетик Бильбао» и «Барселона» по пять раз делали «Золотой дубль» (выигрывали чемпионат и кубок Испании). «Барселона» — единственный испанский клуб которому удалось сделать Золотой хет-трик и к титулам чемпиона и обладателя кубка Испании прибавить победу в Лиге чемпионов УЕФА. Жеке марапаттаулар. Существует большое количество индивидуальных наград, вручаемых футболистам Примеры, из их числа главными являются «Трофей Пичичи» (или просто "Пичичи") лучшему бомбардиру лиги и «Трофей Заморы» — лучшему вратарю (им награждается вратарь с наименьшим количеством голов, пропущенных в среднем за игру). Обе награды присуждаются крупнейшей спортивной газетой Испании — "Marca". В 2008 году была учреждёна новая награда — «Трофео Ди Стефано», вручаемая лучшему футболисту Примеры в целом. Эта награда присуждается путём опроса читателей "Marca", еженедельно выдвигающих кандидатов на попадание в финальную часть выборов, где затем ведущие футбольные эксперты Испании выбирают лучшего на их взгляд игрока года в лиге. Кобальт. Кобальт дербес күйде жер қыртысында болмайды, метеориттерде кездеседі. Табиғатта күкіртті мышьякты қосылыстар түрінде, никельдің, темірдің сондай қосылыстармен аралас кездеседі, мысалы кобальт CoAs2, шмальтит СоАs2. Кобальтты алу өте қиыню Өйткені ең алдымен никельмен екеуін темірден б сонан соң бірінен бірін ажырыту керекб сонымен қатар бұл үш металдың қасиеттерінде көп ұқсастыық бар. Кобатльт күміс тей ақ, жылтыраған металл. Ауа мен судың әрекетіне берік. Сұйық қышқылдарға ериді. Кобальттың радиоасктивті изотопы Со – 60 бар жартылай ыдырау мерзімі 5 жыл. Бұл к обальттан –те күшті түрде ү - сәулелері шығады, сондықтан металдың дефектоскопиясында (металдардың қалың қабатындағы ақауларын табу), медецинада қауіпті ісіктерді емдеуге қолданады. Таза түріндегі кобальт - қызылдау түрі бар қатты ақ металл, ол мұнымен қатар соққыланғыш, созылғыш және магнитті. Табиғи кобальт тұрақты бір изотопты Со тұрады, ал жасанды жолмен алынған радиобелсенді изотоптардың маңыздысы СО. Осының негізінде біраз аспаптар құрастырылған, өйткені ол еүшті ү- сәуле шығарғыш. Бұл изотопты медецинада әсіресе зиянды ісіктерде анықтау және емдеу үшін пайдаланады. Кобальт химиялық белсенділігі бойынша темірден гөрі әлсіздеу. Өзінің қосылыстарыңда +2 және +3 валенттілік көрсетеді. Алдын ала ұнтақтадалған кобальт қыздырғанда өздігінен тұтануы мүмкін. Ол көміртекпен, кремн иймен, бормен бірге балқытылғанда карбитті,силицитті және боридті түзеді. Гологендермен жеңіл әрекеттеседі, бірақ оттекпен тек 300 C тотығады. Кобальт сілтілермен іс жүзінде әрекеттеспейді, ал сұйытылған қышқылдарда (тұз, және күкірт, азот және қымыздық) бау ериді. С о +4НNO3 () = C(NO3)+ 2NO2+ 2H2O Кобальт карбанилы Co(CO)4 – ол сарғылт қызыл к ристалл, тек оргоникалық ерткіштерде ғана ериді. Кобальттың тетракарбонилы 60 С кезінде ыдырайды Со(CO)4 көміртек оксидінің атмосферасында кобальтты қыздырумен алады. Кобальт (II) оксиді C0O – суда және сілтілерде ерімейтін көк – сұр ұнтақ. Кобальттың нитратын не карбонатына термиялық ыдыратумен, сол сияқты жоғары температура кезінде оттекпен металды тотықтырумен түзіледі. Бұл оксид қышқылдарда жеңіл ериді де тұзар түзеді. Егер бұл реакция салқында жүрсе, онда көк,ал қыздырғанда – қызғылт түрөзгерісі алынады. Хлорлы кобалыт CoCl2.6H2O қызғылт – қызыл түсті, оның қызғылты ерекшелігі бар кристаллизациялық суды жоғалтқан кезде түсі өзгереді. Мысалы, осы тұзбен өңделіп, ауада кептірілген қағаз, fef-hfqsy болжамдау 89ш3н гигрометр рет3нде пайдаланыла алады, өйткені бұл қағаз ылғалды ауда қызара бастаиды, ал құрғақ ауада – көгереді. Егер сұиытылған кобалыт хлоридінің ертіндісімен жазса, онда ондаи жазуды баиқау мұмкін емес, бірақ қағазды қыздірғнан тұста әріптер қөк болады – ол тұздың дегидратсиалну натижесі. Кобалыт нитраты Co(No3)2.6H2O ауда қызыл тұске аиналып, балқитын кристалл тұрінде болып келеді. Кобалыттың купрос CoSo4.7H2O – қызғылт тұсты кристаллдық тұз, ауада тұрақты жане суда жеңілериді. сусыз кұиде – ол қызыл кристалдар суда баиау ериді. Co2 O3 катализатор ретінде жане әинекті көктұске боиау (кобалыттық аинек) үшін паидаланылады. Кобальт – ол тез кесетін болаттың басты бес (темір, Кобалыт, вольфрам,хром және ванадий) құрамдастыі бірі. Оны жоғарғы отқа төзімділігімен және химиалық енжарлығымен сипатталынатын қортпаларды (виталиум, стели және т.б.) дәиіндеу кезінде қолданылады. Кобалттың қосылыстары көктұсті әинекті, минералды боиауларды және креукелерді (эмаль) дәиіндеуға жұмсалады. Кобалттың биологиялық рөлі. Кобалт тірі организім үшін тіршіліктік маңызды елеменіт. ол қан жасау, гемоглобинның тұзілу процсіне қатынасады және В12 витаиниің (Дәруменнің) негізгі құрамдас бқлігі болып келеді. Оның жетіспеушілігі жануарларда әр тұрлі ауыруларды туындатады. өсімдік массасындағы когалыттың керекті мөлшеріне жетіу үшін микротыңаитқыш ретінде жер қыртысына кобалыт сульфаты мен хлоридың қосымша қорек ретінде береді. Мұхамеджанов, Сыдық. С. Мұхамеджанов 1924 жылы, Қарағанды облысындағы Шет ауданының Үлкен бұлақ деген жерінде дүниеге келді. Оның балалық шағы дарынды адамдардың ортасында өтті, туған өлкесінен шыққан атақты Тәттімбеттің, Ақанның, Естайдың әндері мен күйлерінің әсем үндері балаға үлкен әсер қалдырды. Оның музыкаға деген әуестігі өзінің анасынан дарыған.1947 жылы ол киноактерлер мектебін бітіріп, музыка училищесінің тарихи – теориялық бөліміне оқуға түсті. Денсаулығына байланысты училищедегі оқуын тоқтатып, мектептерде, музыкалық үйірмелерде жұмыс істейді.Тек Алматы консерваториясына түскеннен кейін композициямен шұғылданып, профессор Е. Брусиловскийдің класында оқиды. Оқу жылдарында композитордың негізгі көркемдік ерекшелігі –тамаша әуендік дарындылығы және ұлтымызға тән үнділігі байқалды. Консерваторияны бітірмей-ақ, талай шығармалар жазды: скрипка, мен фортепианоға арналған соната, қобызға, фортепианоға арналған пьесалар, хорлар, драмалы қойылымдарға музыка, әндер мен романстар.Бұл жылдары қазақтың халық оркестріне арналған музыкасы мен осы ұжыммен тығыз байланысының шығармашылығында мәні зор болды. Оркестрге арнап «Балқадиша» әніне Вариациялар, «Қыз қуу» симфониялық суреттемесін және «Домбыра туралы баллада» поэмасын жазды. Сонымен қатар, осы кезеңдегі тамаша шығармаларының бірі- «Қуаныш Отаны» атты симфониялық поэмасы. Бұл туынды жастар мен студенттерінің Бухаресте өткен Бүкіл әлемдік фестивалінде орындалып, Қазақ ССР-інің Жамбыл атындағы Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Бұл шығарма С. Мұхамеджановтың есімін тыңдаушы қауымға әйгілі етті. 50-60-шы жылдары, консерваторияны бітірген соң С.Мұхамеджановтың шығармалары тыңдаушы қауымды өзіне тарта түседі. Оқып жүрген кезінен тың жанрларды меңгерген композитор ірі-ірі шығармалар жазуға кіріседі. 1964 жылы «Айсұлу» атты қойылған күлдіргі операсы Қазақстанның опера өнерінің дамуындағы маңызды оқиға болды. С. Мұхамеджановқа вокалды жанрлар жақын. Бұл жылдары ол адамның дауыс мүмкіндігін толығынан пайдалануға тырысады. Ол Қазақстанның қазіргі өмірін, революция жетістігін, Советтік өмірді ашатын тақырыптарға көбірек жүгінеді. Сондықтан, осы кезеңде шыққан туындылары көбінесе вокалды-симфониялық жанр болды. Олар: М. Мақатаевтың өлеңіне жазылған «Ленин туралы» кантата, Н. Шакеновтың өлеңіне жазылған «Ленин туралы поэма». Вокалды-симфониялық жанрда жазылған ірі туындыларына «Ғасырлар үні» ораториясы жатады. III бөлім – Ұлы апат жылдары Барлық бөлімдер арқылы, халық атынан түрлі оқиғаларды баяндап отырған ғасырлар үні тәрізді лейтмотив өтеді. Кіріспенің өзінен-ақ лейтмотив басында салтанатты түрде, одан кейін екінші бөлімнен алынған күңгірт әуен сарынымен алмасады. Мұнда дыбыс қатайып, тағдыр үні тәрізді өтеді және көбінесе фа минор әуезділігінен сақтайды (I – IV және VI бөлімдерінде). Кейбір бөлімдерінде лейтмотив естілмейді. Оның кварта көлемінде төмен қарай жылжыған әуені қарама – қарсы бейнелеуге негіз тудырады. Бесінші бөлімінде сопрано және тенор хордың сүйеме ерекшелігі арқылы, басында жеке одан кейін қосылып, ұлына арнаған бесік жырын айтады. «Әлди - әлди» деген тербелмелі сөздерінде лейтмотивпен байланысы байқалады. Жетінші бөлімінде еңбек өмірінің тамыр соғысы бейнеленеді. Оркестр партиясы поездың жүрісі тәрізді моторлы қимылға негізделген. Хордың алға қарай ұмтылған әуенінде лейтмотив өзгертіліп берілген. Соңғы бөлімінде лейтмотив хор қайырмасында өтеді. Бұл бөлімнің пунктирлік марш ырғағы салтанатты мерекелік шаттық үнін естіртеді. Ораторияда екі әнді сырттан алып пайдаланған. Бұлардың біреуі-«Жас қазақ» әні. Мұны алтыншы бөліміне кіргізген. «Жас қазақ» әнін Ұлы Отан соғысы кезінде өз еркімен майданға аттанған композитор шығарған. Бұл ән Совет Одағының батыры Төлеген Тоқтаровтың қазасына арналған, бірақ сонымен қатар автордың өзінің өмірімен қоштасу - әні тәрізді естіледі, өйткені Р. Елубаев Отаны үшін ерлік көрсетіп, кешікпей қаза табады. Бұл ән, батырдың ең соңғы – анты және реквиемі тәрізді. Әннің әуені өзгеріссіз, ми бемоль минор күңгірт сарынды мақам жүйесінде беріледі. Әуеннің қайғылы сарындылығын оркестр қоюландыра түседі. Сонымен қатар композитор әнін лирикалық жағын айқындай түседі. Жалғыз шумағынан кейін «Ай» буынына созылған әуенді хор сүйемелдейді. Қарама – қарсылық принципінде құрылған бөлімдердің ішінде, «Жас қазақ» бөлімі Бесінші («Бесік жыры») және Сегізінші (мерекелік) бөлімдеріне қарама – қарсы келуі анық байқалады. Ораторияның әуендік материалында халық әні «Елім - айды» да пайдаланады.Мұнда халықтың өмірі, оның қайғысы, өмір үшін күресі бейнеленген. Үшінші «Ұлы апат жылдары» бөлімінде қаналған халықтың қайғы – мұңы көрсетіледі. Мұнда «Елім - ай» әні өзгеріссіз беріледі. Күй ырғақты оркестр сүйемелінің сыртында ән, басында сопранода, одан кейін екінші шумағы хор партиясында өтеді. «Зар қосбасар» күйінің елес әуенінде әннің қайғылы үні қоюлана түседі. Тақырыптық әуен дами келе, хор партиясында халықтың күйінішті үні тәрізді естіледі. «Жырау балладасы» бөлімінің үндік құрылымы эпикалықбаяндау тәсілін енгізеді. «Елім - ай» әуені ораторияның көптеген тақырыптық әуендерін бірлестіріп тұрады. «Октябрь» атты бөлімінің әуені марш екпінді жинақы келеді және революциялық әндерге жақын. Мұны «Еңбек мейрамы» бөлімінде хордың партиясынан естуге болады. Төмен қарай жылжыған әннің үні, лейтмотивке үндес әуендерді біріктіріп тұрады. Бұл шығарма қазақ музыкасындағы алғашқы оратория болып табылады. 80-ші жылдары С. Мұхамеджанов аспаптық жанрға көбірек көңіл бөледі. 1982-1984 жылдары композитор үш симфониясын тәмәмдайды. Бұлар: Екінші – си минор; Үшіншісі – үш бөлімді Е. Брусиловскийге арналған фортепианоның жеке орындауы басымдау; Төртінші – төрт бөлімді «Бейбітшілікті қорғаймыз» атты симфониялары. Бұл кезеңде қазақтың халық аспаптар оркестріне арнап талай музыка жазды. Бұлар: «Дархан дала» симфониялық күйі, 1987 жыл; домбыраға арналған концерт, 1985 жыл; қобызға арналған концерт, 1988 жыл. Симфониялық музыкадағындай мұнда композиторға тән бейнелік және музыканы мәнерлеу тәсілдері ерекшеліктері сақталған. С. Мұхамеджановтың 30 жылдан астам шығармашылығы барлық негізгі жанрларды қамтыды, Қазақ музыка тарихына айтарлықтай үлесін қосты. Оның дарындылығы көркем шығармаларының әуезділігімен, кейіпкер бейнелерінің нақтылығы, бүкіл шығармашылығы толық гүлденіп ашылған лирикасынан байқалды. Еліміздің композиторлық шығармашылығы дамып, қатарына жаңа талантты ұрпақтар қосылды. Бұл жылдары С. Мұхамеджановтың музыкасы дәстүрлі музыкаға айналып, бізге 60-шы жылдарғы өнер үлгілерін есімізге салады және қазақтың профессионалды музыкасының жазба дәстүрінде ұлттық классикалық стильдің өз уақытында дамуына үлесін қосады. Сыдық Мұхамеджанов талантты композиторлардың бірі, оның тамаша әуендері әр қырлы шығармашылығы, аға буын композиторлар мектебінің негізін қалаушы және 60-шы жылдары шыққан композиторлардың арасында байланыс түйін болып табылады. ФИФА 100. ФИФА 100 тізімі () — 2004 жылдың 4 наурызында, Лондон қаласында өткен ФИФА-ның 100 жылдық мерейтойына орай арнайы жасалды. Тізімді әйгілі Бразилия футболшысы Пеле құрды. Бұл тізімге125 ең үздік ойыншылар енді. ФИФА 100 деп аталуының себебі де осы иерейтойға байланысты. 125 ойыншының 2-еуі әйел адам қалғаны ер адамдар, олардың ішінде 75-і 2004 жылы карьерасын аяқтаған еді. BarCamp. Баркемп (ағылш. "BarCamp") — қатысушалардың өздері ұйымдастыратын халықаралық бейресми конференция желісі. Бейресми- Конференциясына барша жұрт қатысуға мүмкіндік бар, ол презентация, баяндама, тренинг және тақырып бойынша талқылау үлгісінде өтеді. Мәліметтер қатысушылардың өздері ұсынады. Осындай шаралардың жиі кездесетін тақырыптар: жаңа медиа, әлеуметтік желі, блогтар, Веб 2.0, стартапы, open-source және т.б. Электр-ток көздері. Ом заңы. Бұл жерде / = 1 / T – основная частота. (гармоника), а және b синус пен косинустың амплитудасы п гормоникасы, ал с константа функциясының осы жолмен қойылуы Фурье қатары деп аталады. Фурье қатарына қойылған функция осы қатардағы элементтермен қайта қалыптасып отырады, яғни бұл жердегі Т периодты гормоника амплитудасы белгілі, осыдан шыққан функцияның қорытындысы қатар сомасымен қайта қалыптасып отырады. (2.1) Соңы созылмалы ақпараттық сигналды (барлық ақпараттық сигналдардың соңы созылмалы болады) Фурье қатарына қоюға болады, егерде сигнал шексіздік күйінде қайталанып отыратын болса (яғни Т дан екі Т ға дейінгі интервал толығымен 0ден Г дейін қайталанып отыратын болса және т.б) Бұдан бір қатар қалатын болғандықтан: а мен b қатары толығымен бірге жойылып кетеді. Сондай ақ, (2.1) cos көбейтіп 0ден Т дейінгі уақытты интеграттап b - ның тауып аламыз. Егер тендеудің екі жағын интеграттасақ оны өзгертпей ақ, онда с константаның мәнән табуға болады. Бұлардың қорытындысы төмендегідей болады. Орта квадратты амплитуда бірінші алдынғы гормоника сазанына арналады (2.1) a. оң жақтағы. Бұл мән көрсетілген желіде жіберілетін пропорционалды энергияның квадраты болып табылады. Ешбір канал сигналдарды қуаттылығын жоғалтпай жібер алмайды. Фурье қатарының барлық гармоникалары тең дәрежеде жібергенде азаймайды, онда сигнал амплитуда бойынша азаятын еді, бірақ таусылмайды (яғни онда тікбұрышты форма болатын еді 2.1, а) өкнішке орай Фурье қатарының гармоникасы барлық каналдың байланысын азайтады әртүрлі дәрежеде, сол себептен жіберілетін сигналды баяулатады. Ереже бойынша амплитудалар жиілік диапазоны 0 ден f азаймай жіберілінеді (секундтпен немесе герцпен (Гц) өлшенеді) сонымен жоғары желідегі сигналдың күші азаяды. Бұл диапазонның желісі жіберу жолы деп аталады. Тәжірибе жүзінде тоқтау (кесу) анағұрлым қатты болмайтындықтан жіберу жолынан 50% аспайтын желілер күштін жоғалуымен болады. Жіберу жолының ортасы мәліметтерді жіберудің физикалық сипаты әдетте конструкцияның ұзындығы мен жалпақтығына байланысты болады. Кейде жіберу жолын әдейі азайту үшін абоненттерге мүмкін жеңіл қолда болатын арнайы құрылғы фильтр болады. Мысалы, кабильде телефон үшін қолданатын аз қашықтықтағы жіберу жолы 1 МГц бар, бірақта телефон компаниялары желісін фильтр арқылы оны кеседі тұтынушыларға тек 3100 Гц ті береді. Мұндай жіберу жолы арқылы мәліметтерді анық жіберуге болады, өйткені әрбір абоненттің ресурстарының азаюы мен жалпы жүйенің тиімділігі артады. Енді 2.1 а) суретіндей сигналдың қандай екендігін қарастырайық егер тек ең төменгі желілер ғана өтетіндей болса жіберу жолы (яғни g(t) функциясы аппроксимировталған тек алдыңғы бірінші қатардағы теңдеудегі болса (2.1) 2.1, б суретінде каналдың шығатын жерінде сигналы көрсетілген, тек бірінші смигналдың гармоникасын өткізеді. Ұқсастығы бойынша 2.1 в-g спектрды көрсетеді де сигналдарды қайта қалыптастырады кең жіберу жолы бар каналдар үшін. Берілген жылдамдықтың жіберілуі битпен өлшенгенде bбит / с тең, уақыт, жіберуге тиісті 8бит, 8/b секундына тең болады. Бірінші гармониканың желісі b/8 Гц тең қалыпты телефон линиясы сөздік канал деп аталатын 3000 Гц жасанды жасалған желісі бар. Бұл шектеулі түрде көрсететін ең жоғарғы гармониканың номері телефон каналымен өтетін, ол 3000(6/8) немесе 24000/6 тең болады. 2.1 кестесінде көрсететіндей кейбір жылдамдықтағы мәліметтерді беруі көрсетілген. Айтылған мысалдан көріп тұрғанымыздай сөздік канал арқылы 9600 бит/с жылдамдығы мен жіберу 2.1 а суретінде көрсетілген. Анығында 38400 с/бит жылдамдығымен жіберілген сигналдың ешбір амалы жоқ ол сөздік канал арқылы линияға ешбір кедергі болмаған жағдайда өте алмайды. Басқа сөзбен айтқанда шектеулі жолдағы желілер екінші мәліметтерді жібере алмайды, тіпті ешбір кедергі болмаған жағдайдың өзінде өтуі мүмкін емес. Кесте 2.1. Гармоник сандары мен жіберу жылдамдығының арақатынасы. Ең жоғарғы жылдамдықта мәліметтерді канал арқылы жәберу(максималды) 1924 жылы АТ&T компаниясының ағылшын ғалымы Х. Найквист (H. Nyquist) қандай да бір күшті жылдамдық бар екені дәлелденді. Ол ең жоғарғы яғни максималды жылдамдықтағы мәліметтерді жіберудің теңдеуін ойлап тапты. Дыбыссыз каналдар мен шектеулі жіберу жолы бар желілер үшін.1948 жылы Клод Шеннон (Claud Shannon) Найквисттің бастаған жұмысын жалғастырып және оның ауқымын кеңейтті. Ол кездейсоқ дыбыстарға да (яғни термодинамикалық) қатысы бар екенін көрсетті. Біз бүгінгі күнде классикалық түрге айналған Найквист пен Шеннонның жұмыстарын қысқаша қарастырайық. Егерде өзіндік сигнал төмен жиілігі фильтрдан Я жіберу жолы арқылы өтетін болса, онда ондай фильтрленген сигнал түгелдей қалпына келе алады, 2# секундына желісімен өлшенетін сигналдың дискриттің мәнімен анықталатын Найквис дәлелдеген болатын. Сигналды 2 Я секундына артық өлшеу керек емес, өйткені сигналдың жоғарғы желімі компоненттері фильтрленген болатын. Егер Vсигнал дискреттік өлшенеді тұрса онда Найквистің теңдеуі былай болады. Ең жоғарғы жылдамдықта мәліметтерді жіберу = 2H/log V, бит/с Мысалға дыбыссыз канал 3кГц желісімен жіберу жолы арқылы екінші сигналды 6000к бит/с жылдамдығымен жібере алмайды. Сонымен біз дыбыссыз канал арқылы өту сигналын қарастырдық. Каналда қандайда бір дыбыстар пайда болатын болса жағдай күрт нашарлайды. Термодинамикңалық шудың көрсеткіш сигнал қуаты шу қуатының қатынасымен өлшенеді бұл өлшем сигнал/ шуылға қатынасы деп аталады. Егер сигналдың қуаты S,ал шуылдың қуаты N деп белгіленсе, онда сигналды/ шуға қатынасы S/N тең болады. Әдетте бұндай жағдайда көлемнің қатынасы қолданбайды оның орнына ондық логарифм қолданады 10:10 lg S/N көбейтілген. Бұл сандық өлшем децибел (decibel, dBgБ) деп аталынады. Сөйтіп 10 сигналдың/ шуылға қатынасы, бұл 10 gБ қатысты 100 дің қатынасы 20 gБ, ал 1000 қатынасы 30 gБ және т.с.с. стереусилительді шығаратындар көбінесе желімі жолындағы, аппаратурада сызықтық амплитуда желімін сипатты 3 gБ болады. 3gБ ауытқып кетсе сигнал кеі есеге нашарлап кетеді (өйткені log 3 = 0.5) Мәліметтерді ең жоғарғы жылдамдықта жіберу= Hlog (1 + S/N) Мысалы, жіберу жолы арқылы 3000Гц сигналдың термальды 30 gБ/ шуылға қатынасы ешқашанда 30000 бит/с аса алмайды сигнал модуляциясына қарамастан. Шеннонның қорытындысы ақпараттық теория постулаттары қайсыбір каналы Гаусовский (термалдық) шумен өте алады. Бұған қайшы теорияны дәлелдеу мүмкін емес. Бірақта айта кететін т бұл берілген жоғарғы теорема, ақпараттық каналдың теоретикалық жіберу жолы арқылы өткенде нақты жетуі кейбір жағдайда ғана болады. Физикалық өлшемді көрсеткіші желідегі битті бір машинадан екінші машинаға жіберегенде пайда болады. Жіберу үшін әртүрлі ақпараттық басқару құрылғыларын қолдану үшін сигналды тарату аумағы деп аталатын. Бұлардың әрбіреуін жіберу жолы спатына ие болады оларды қолдану өте оңай болып табылады. Ақпаратты жіберу құрылғыларын екі топқа бөлуге болады: ақпаратты басқару құрылғылары, тез сым, кабель, радиоақпарат және лазерлік жолмен кабель арқылы жіберу болып табылады. Мәліметтерді бір компьютерден екінші компьтерге жіберудің ең қарапайым тәсілі ол мәліметтерді магнитті лентаға немесе басқада алынбалы құрылғыға жазып алу арқылы оларды осы лентаға жазып алып екінші компьтерден оқу болып табылады. Бұл тәсіл өте қарапайым болғандықтан геостационарлық спутниктің байланыста да экономикалық тұрғыдан тиімдірек болып табылады. Лентаның жұмысын бақылауға келесі қиын емес теңдеулер көмектеседі. Ultrium деген жалпы касеталы лентаның сиымдылығы 200Г байт 60x60x60 размерлі қобдишаға 1000 кассета сияды, олардың жалпы сиымдылығы 1600 Т бит (1.6 П бит) құрайды. Federal Express компаниясы арқылы АҚШ аумағына 24 сағат ішінде осындай қобдишалар жіберіліне алады. Тиімді жіберу жолы мұндай жіберуде 1600 Т бит/86400 с, немесе 19 Г бит/с болады. Егерде жіберілетін жер белгіленген жерден бір сағаттық жерде болса онда, жіберу жолының қуаттылығы 400 Г бит/с асады. Ешбір компьтерлік желі бұл көрсеткіштерге жетіп көрген емес. Егерде біз ойлап елестетсек банктен көп гигабайтты мәліметтерді күнделікті архвировакттай отырсақ, магниттік лентаға жететін ешқандай технологияның жетпейтінін көрсетеді. Егерде бұл жағдайды экономикалық тұрғыдан қарасақ онда магниттік кассетаның төмен бағамен есептегенде құны 40$ доллар. Ал магниттік лента салын кардиналар 4000$, бір лентаны оншақты рет қолдануға болатындығына қарамастан. $ 1000 доллар тасымалдау үшін. 200 Т бойынша жіберу үшін 5000$ доллар кетеді. Елімізде ешқандайда желі бұл жүйенің бәсекелесе алмайды. Бұдан ұғатын бір жайт ол: кассета толған автомавильдің дауысының шуына жоғарыдан қарамақ. Магниттің лентамен мәліметтерді жіберу жылдамдығының өте жоғары болғанымен, жіберу жолында бөгделіктердің болуы мүмкіндігі де өте жоғары болатынын ұмытпау керек. Жіберу уақыты сағат пен минутпен өлшенеді, минисикундпен емес. Жіберуде көп қолданатын әдістердің бірі Битая пара болып табылады. Бұл құрылғы екі диаметрі бір мм ді құрайтын изоляцияланған жез сымнан құралады. Сымдағы қозғалыстар спераль түрінде қозғалып отырады. ДНК малекуласына ұқсас. Витый пардағы элекромагниттік қатынасты азайтады. Витый пардың көп тараған түрі ретінде телефон линиялары танылады. Барлық телефон компаниялары осы құрылғы арқылы қолданады. Витая пара бірнеше километрге дейінгі жерге сигналды қуатының азаймай жібере алады. Көп километрге алшақ жерлерге жіберуге Витая параға кабьел жалғанып сыртынан қорғаныс қабықшасымен қапталады. 3 категориялы Витая пара 2 түрлі сымнан құралады бір біріне изоляцияланған. Осындай 4 сым платикалық сырттың қорғаныстың ішінде болады. 1988ж. дейін кеңселерде 3 категориялы кабельдер қолданған болатын. 1988 жылдан бастап кеңселерде Б категориялы Витая параға ұқсас бірақ оған қарағанда көбірек виталары бар және ұзындығы ұзынырақ болады. Бұл оның ұзақ қашықтыққа мәліметтерді жібергенде сапасы жоғары. 5 категориялы витые пара жоғары жылдамдықты компьютерлік ақпаратты жіберуге қолайлырақ болып келеді. 250, 600 МГц ті жіберу жолы бар 6,7 Категориялы витая паралардың ойлап табылынуы мүмкін. Осы типтер көп жағдайда UTP (unshielded twisted pair экрандалынбаған витая пара) қосылуы деп аталады. IBM корпарациясының витые парасына қарама-қарсы, 1980 жылы қолданысқа енген. IBM нің шеңберінен шыға алмай қалған. UTP әртүрлі схеманық түрде 2.2. ceретінде көрсетілген. Басқада көп қолданысқа ие мәліметтерді жіберудің түрі ноаксимальды кабель болып табылады. Ол витая параға қарағанда экрандалған сол себептенде ол алшақ қашықтыққа жоғары жылдамдықпен жіберілінеді.2 типті кабель кең ауқымда қоланылады. Солардың ішіндегісі 50 омдық цифрлық мәліметтерді жіберу үшін қолданылады.Екіншіс 75 омдық ол ақпатаратты жіберуге және де кабельдің телевидианада мәләметтерді жіберуге қолданылады. Коасикольды кабель изоляциямен қапталған қатты жез сымнан, кабельдің ортасында орналасқап тұрады. Ұсақ жез сетка сияқты безендірілген целиндірлік изоляциямен қапталған. Ол сыртқы изоляциялық қапташаман қапталған кабельдің суреті. Коаксикальды кабельдің арнайы экрандалған типі кабельге жоғарғы жіберу жолын қамтамасыз етеді. Қазіргі кездегі кабельді 1ГГц жіберу жолы бар. Коаксикальды кабель телефон жүйесінде қолданған, бірақ қазіргі күнде осы оптоволоконды кабельдермен алмастырылған. Бірақта коаксикальды кабельді телевидения жү.йесінде және кейбір аумақтық жүйелерде кең ауқымда қолданылады. Кампьютерлік технологияның ауқымды дамуы осы индустрия саласының қызметкерлерін қуантады. 1981жылы IBM фирмасының алғашқы компьютері 4,77 МГц желісімен құрылған. 20жыл өткеннен кейін ол көрсеткіш 2 ГГц дейін өскен. Оптоволоконды мәліметтерді жіберу жуйесі үш манызды компоненттерден тұрады. Сәулелі импульсті бір десек, ал импульстін жоқтыгын нольмен белгілейміз. Сәуле өте жұқа шыны волокон арқылы тарайды. Детекторға сәуленін түсуі электорлық импольсті генеруривать етеді. Оптикалық волокнаны сәуленін шығу тетігіне, ал екінші жағын детекторға жалғасақ бір жүйелі мәләметтерді жіберуге болады. Бұл жүйе электрондық сигналдарды сәулелік имплюске жіберіп оны волоконға қосады. Бүгінгі күндегі бірлік волокондар 50 Гбит / жылдамдықпен бір секунтта 100 км қашықтыққа дейін жіберіледі. Лабороторияда бұдан да жоғары аз қашықтыққа көп жылдамдыққа ие болған. Оптикалық волокон шыныдан жасалынады, ол өз кезегінде қымбат емес материал мен құмнан жасалынған. Шыны жасау ежелгі Египетте пайда болған, бірақта сәуле шыныдан өту үшін оның қалындығы 1мм болу керек болды, ол кезде бұны істеу мүмкін емес болатын. Шынының мөлдір болуы, қайта өрлеу дәуірінде пайда болды. Қазіргі кездегі оптикалық кабельдегі шынылар мөп мөлдір. Ақпарат жүйесінде үш диопозонды толқын ұзындығы болады олар: 0,85, 1,30, және 1,55 мкм соңғы екеуі жақсы ауытқушылықтарға ие болып келеді. 0,85 мкм диапазоны жоғарғы ауытқушылыққа ие болып келеді, осы ұзындық үшін лазерлік электроникалық толқындар бір материалдан жасалынуы мүмкін. Барлық үш диапазонда 25000,30000 Гц дейінгі жіберу жолына ие болып келеді. Сәулелі импульстер толқын мен қозғалуына байланысты ұзарып отырады. Бұл ұзаруды сәулелі дисперсия деп атайды. Ұзарудың көлемі толқынның ұзындығына байланысты. Жанындағы импульстің өсуі басқасын жауып тастамау үшін олардың арақашықтынын көбейтуіміз керек бірақта оның жіберу жылдамдығы азаяды, егер импульске арнайы қалып беретін болсақ. Бұл жағдайды импульсті бірнеше мың километрге дейін қалыптың ешбір толаусыз жіберуге болады. Мұндай импульсті бірыңғай толқындар. Зерттеушілердің көбі бірыңғайландырылған толқындарды лабараторияда зерттелгеннен гөрі қолданысқа беруді айналыстырады. Волоконды оптика халықаралық байланыста қолданылуы мүмкін локомды жүйе үшін де, бірақ оны орнату Ethernet не қосылуға қарағанда анағұрлым қиынырақ болады. Оптикалық кабельді локальды жүйеге қосудың бір түрі ол сақина, оны «нүкте-нүкте» деп 2.7. суретінде көрсетілген қосындылар деп қарастыруға болады. Әрбір компьютердің Интерфейсі сәулені сақинаға өткізеді, жәнеде Т компьютерге мәліметтерді алуға жіберуге көмекткседі. Бұнда интерфейістің екі типі қолданылады. 2.7 суреттегі көрсетілген интерфейсте активті повторитель деп аталады. Кіретін сәулелі импульсты электрик сигнал бар, онда керісінше алып сосын ол сәулелі пучокқа айналады. Компьютердің интерфейсі қарапайым жез сымнан сигналды ренераторлап қосатын сымнан құрылған. Таза оптикалық қайталанушыларды қазіргі жағдайда қолданылуы мүмкін. Бұл құрылғылар жоғары жылдамдықтан жұмыс істей алады. Белсенді қайталайтын сақина бұзылып қалса онда барлық жүйе жұмысын тоқтатады. Басқа жағынан қарағанда сигнал әрбір иноперфейспен регенеризеция компьютермен километрлік ұзындықты жалғайды, ол өз кезегінде сақинаны қандай үлкендікте жасай алатындығын көрсетеді. Белсенді емес интерфейс сигналдың ішіндегі қосылымдарға әсер етеді, ол компьютерлермен сақиналардың жалпы санын шектейді. Сақиналық топология лоркальдік жүйедегі оптикалық кабельді қолданудағы жағымсыз схема болып табылмайды. Белсенді емес жұлдыз топологиясын құрастыра отырып кең ауқымды оптовороконды кабельді құрастыруға болады. Ол 2.8 суретінде көрсетілген. Мұндай конструкцияда әрбір интерфейс оптикалық волокнадан құралады. Оптикалық волокна мен жез сымның сипаттамасын салыстыру Біріншіден, оның жез сымға қарағанда мәліметтерді жіберудегі жылдамдығы жоғарырақ. Осыған байланысты оптикалық волокно жоғары сапалы мамандандырылған жүйеде жақсы жұмыс істейді. Ауытқудың төмен коэфицентінің болғаны үшін, 50 км сайын оптовокнды байланыс қайталанып отырады. Оптикалық волокнаның тағы бір басымдылығы болып оның электромагниттік күйзелістің толерантностқа қатынасы. Ол коррозияға ұшыраған жоқ себебі, шыны химиялық нитрал болып табылады. Оптоволокнаның бұл қасиеті химиялық кәсіпкерлерде қолдануға өте тиімді болып келеді. Бұл өте қызық болып естілуі мүмкін, бірақ телефон компаниялары оптикалық волокнаны тағы бір қасиеті үшін қолданады ол жеңіл әрі жұқа. Кабельге арналған каналдар толып тұр, сол себептен де жаңа кабельді қоятын жер жоқ. Ал, егер сондай каналдардан жез кабельді алып тастап оны оптикалықпен алмастырса ана ғұрлым көп бос орын болатын еді, ал алған жезі түсті металл алатындарға сатып жіберуге болады. Сонымен қатар оптикалық кабель жезге қарағанда анағұрлым жеңілірек. Бір километр мың жез виты пардың салмағы 8000 кг. Оптоволоконды кабельдің салмағы анағұрлым азырақ. Соңында айтатынымыз оптоволоконды кабель сәулені жоғалтпайды және оған қосылу қиынға түседі ол осының тиімділігімен сақталуын арттырады. Оптоволоконды технологияның жағымсыз жағы болып онымен жұмыс істеу үшін арнайы қабілеті бар адамдар керек. Өкінішке орай барлық инженерлер онымен жұмыс істей алмайды. Кабель аса жұқа болғандықтан майыстыратын жерлерде сынып қалуы мүмкін. Сонымен қатар мәліметтерді оптикалық жолмен жіберу қатаң түрде бір бағыттық болады. Ал екі бағыттық байланысқа екі кабель керек немесе бір кабель екі желімі жолда болуы керек. Сонымен оптикалық интерфайс электрлікке қарағанда бағасы қымбат тұрады. Соған қарамастан цифрлік байланыста болашақта оптикалық волокнаны қолданады. Мәнерлеп сырғанау. Мәнерлеп сырғанау — Олимпиялық ойындар бағдарламасына кіретін қысқы спорт түрі. Ыстық ұя. Ыстық ұя (корейше 풀하우스, Pul-hauseu) - 2004 жылғы Оңтүстік Кореялық теледидар драмасы. Барлығы 16 сериядан тұрады. Басты рөлдерді атақты кореялық актерлер Сонг Хйо-Го мен Джун Джи-Хун сомдаған. Лизинг. Лизинг сөзі «to lease» ағылшын етістігінен аударғанда «жалға беру» беруде екі тарап қатысса: жалға беруші және алушы болса, ал лизингте үш қатысушы:лизинг беруші, лизинг алушы және жабдықтаушы болады. Лизинг — бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты. Банктердің лизингтік операциялары несиелік операциялармен ұқсас болып келеді. Алайда, лизингтің несиеден бір айырмашылығын келісімшартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады. Тарихта лизингке ұқсас операцияның б.э.2000 жылдай бұрын ертедегі Вавильонда жасалғандығы белгілі болғанмен, шетелдік зерттеушілер лизинг операциясының жасалғандығы туралы нақты зерттеулер ретінде 1877 жылы «Белл Телефон Компани» деген американдық компанияның телефондарды сатудың орнына жалға бергендігін тілге тиек етеді. «Юнайтед Стейтс лизин корп.» атты алғашқы лизингтік компания 1952 жылы Сан Францискода (АҚШ) құрылған. Европада 1962 жылы «Дойче лизинг ГМ6Х» деген бірінші лизингтік компания Дюссельдорфта (Германия) пайда болыпты.1972 жылдан бері еуропа лизинг нарығы дамып келеді. Лизингтік мәмілелердің бірнеше түрлері бар. Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер. 1. Шұғыл лизинг – бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін сипаттайды. 2. Қаржы лизингі – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады. Ішкі лизинг – бұл өзінің қатынасушыларының бір елден болып келуімен байланысты сипатталады. Халықаралық лизинг – бір тарап немесе барлық тараптардың әр елден болып келуін сипаттайды. Банктердің лизингтік операциясы несиелік операциялармен ұқсас болып келеді. Алайда лизингтің несиеден бір айырмашылығын келісімшартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады. - лизинг алушылар(жалға алушылар) болып табылады. - лизинг беруші сатып алушыдан лизинг бұйымын лизинг келісім шарты бойынша өз меншігіне алуды, сосын оны лизинг алушыға белгілі бір ақыға, белгілі бір мерзімге, белгілі бір уақытта иелік ету жағдайына және кәсіпкерлік мақсаты үшін пайдалануына беруді міндетіне алады. Бұл кезде лизинг бұйымы лизинг алушыға берілгенде, оның мерзімі амортизацияланатын мерзіммен шамалас немесе оның 80% бөлігіне сәйкес келуі тиіс; - лизинг алушы келісімшартқа сәйкес төленуге жататын төлемдерді кезеңімен тиянақты түрде төлеп тұруды өз міндетіне алады. Келісімшарттың мерзімі өткен соң, лизинг бұйымылизинг алушының меншігіне өтуі мүмкін, егер бұндай жағдай шартта қарастырылған болса. Лизинг бұйымдарына: ғимараттар, қондырғылар, машиналар, құрал-жабдықтар, транспорт құралдары, жер телімі т.б. мүліктер жатады. Лизинг бұйымына бағалы қағаздар, табиғи ресурстар жатпайды. - қайтарылатын лизинг – лизингтің бұл түрі, онда сатушы осы бұйымды кері қайтарыпала алатын болса ғана лизинг алушыға лизинг ретінде сатады; - банк лизингі – лизингтің бір түрі, онда лизингті беруші ролін банк атқарады; - толық лизинг – лизингтің бір түрі, онда лизинг беруші ағымдағы жөндеу және оның лизинг бұйымына техникалық қызмет көрсету жұмысын атқарады; - таза лизинг – лизингтің бір түрі, онда лизинг алушы ағымдағы жөндеу және оның лизинг бұйымына техникалық қызмет көрсету жұмысын атқарады. Батыс Африка елдерінің экономикалық қауымдастығы. Батыс Африка елдерінің экономикалық қауымдастығы (ЭКОУАС) () — Батыс Африка елдерінің аймақтық ұйымы. Қауымдастық 1975 ж. 28 мамырда аймақтың 16 мемлекеті Лагос келісіміне қол қоюы арқылы дүниеге келді. 2000 ж. ЭКОУАС құрамынан Мауритания шығып кетті. Жоғарғы саяси органы - жыл сайын өтетін Мүше елдердің мемлекет және үкімет басшыларының конференциясы. Министрлер кеңесі жылына екі рет шақырылады. Оған әр мемлекеттен екі өкіл қатысып, кеңес ағымдағы аса маңызды мәселелерді қарастырады. Қауымдастықтың негізгі мақсаты - аймақтағы елдердің экономикалық интеграциясын жүзеге асыру. Жабағылы. ЖАБАҒЫЛЫ –" Арыс" алабындағы өзен. Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы жерімен ағады. Ұз. 36 км, су жиналатын алабы 222 км2. Бастауын Талас Алатауының солт. батыс беткейіндегі бұлақтардан басталатын Сарқырама, Құрсай, Көксала жылғаларының қосылған жерінен алады. Алатау, Кіші Ақсу таулары аралығындағы арнасы тік жарлы тар шатқалмен ағып, Жабағылы а. тұсында ағысы баяулап, бірнеше салаларға тармақталады. Азаттық а. маңында Арыс өзеніне құяды. Қар, жер асты суларымен толығады. Егін, мал суаруға пайдаланылады. Сауытбек Әбдірахманов. ӘБДІРАХМАНОВ Сауытбек (1951, Оңт. Қазақстан обл. Қазығұрт ауд.) — журналист, кино сыншысы. Әл-Фараби атынд. ҚазМУ-ді бітірген (1975). Респ. “Егемен Қазақстан” газетінде әдебиет және өнер бөлімінің тілшісі, бөлім меңгерушісі, редакциялық алқаның мѕшесі (1975 — 87), Қазақстан Компартиясының Орталық комитетінде нұсқаушы, мәдениет секторының меңгерушісі (1987 — 90) қызметтерін атқарды. ІР Президентінің, Мин. Кабинетінің Аппаратында аға референт, ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары (1990 — 95), ІР Мәдениет Министрлігінің бірінші орынбасары болды. 1997 жылдан “Қазақстан теледидары мен радиосы респ. корпорациясының” бірінші вице-президенті. Ә. — кино өнері туралы мақалалардың, шығармашылық портреттердің, Ғ. Мѕсірепов, Ш. Айтматов, Н. Жантөрин, Л. Чурсина, И. Смоктуновский, А. Райкин, М. Есенбаев, С. Бондарчук, Г. Товстоногов, Л. Зыкина, К. Ярматов, Б. закиров, Е. Матвеев, М. Ульянов, Н. Михалков, Е. Лебедев, В. Әбдірәшитов т.б. танымал суреткерлермен сұхбаттардың және бірнеше деректі фильмнің авторы. М. Әуезов шығармаларының экрандарлуы, А. С. Пушкиннің “Евгений Онегин” романының аударылуы туралы зерттеулер жазды. Сонымен қатар “Отбасы өміріндегі әдеп пен психология” оқулығын, Д. Кобалевскийдің “Сырлы сазбен сезім сұлу” кітабын, арабтың “Бейбарыс сұлтан” атты халықтық орманын аударып, 40-қа жуық көркем фильмді қазақшалады. Ә. — Б. Бұлқышев атынд. респ. сыйлықтың, Киноматографистер, Журналистер Одағы сыйлықтарының иегері. ӘБДЕСТЕ. "құманның" бір түрі. Жезден істеледі, мойны жіңішке, шүмегі қаз мойынды келеді. Беті-қол жууға пайдаланылады. Кейде сәндік мүлік түріне жүреді. Ә. тәрізді құман түркі халықтарында, Үндістан, Иран елдерінде де көп кездеседі. ӘБДУЛЖӘЛЕЛОВ Фазыл. ӘБДУЛЖӘЛЕЛОВ Фазыл "(1913 — 1974)" — ноғай қаламгері, қазіргі заманғы ноғай әдебиетінің негізін салушылардың бірі. Ол шығармашылық жолын өлең, әңгіме жазудан бастап, ірі прозалық туындылар жасауға көшті. Оның “Жеңілген жаулар” пьесасы (1936) мен “Көптің ішіндегі екеу” повесі ноғай әдебиетіне қосылған зор үлес болды. Ә. ноғай әдебиетіндегі ірі эпик. жанрлардың қалыптасып, дамуына үлкен еңбек сіңірді. Оның “Асантой” повесінде (1955) ноғай халқының аянышты тұрмысы мен аяусыз қанауға қарсы үні көрініс берсе, “Қатты ағын” (1960), “Ұжымның егіндігі жақсы” (1966) романдарында ноғай ауылдарындағы ұжымдастыру қамы, ал “Мықтылар әулеті” (1950), “Әкесінің баласы” (1968) повестерінде халықтардың фашизммен күресі шынайы суреттеледі. Ноғай халқының қазіргі тұрмысы мен қажырлы еңбегі, мәдени өмірі “Шұғыл бұрылыстар” (1961), “Жақсы нышан” (1962), “Ақсу жағасында” (1962), “Жолдар, жолдар...” (1964), “Көктем келгенде” (1967), “Сұр тозаң” (1970) повестерінде жан-жақты қамтылған. Отанды сүю, халықтар достығы, ерлік дәстүрі, замандастарының қажырды еңбегі, бейбітшілік үшін күрес — Ә-тің “Кубань шулайды” (1955), “Кубань — менің әнім” (1957), “Іалам қайралғанда” (1969) атты жыр жинақтарының негізгі тақырыбы болды. Житс. Жүре пайда болған (ЖИТС,) иммундық дефицитiнiң синдромы - Вич фонында дамитын күй - лимфоциттердiң құлау сипаттайтын CD4+нiң саны, көптiк оппортунистiк инфекциялар, инфекция емес және iсiк ауруларымен (Human immunodeficiency virus, HIV ағылшынша) инфекция. Мысалы, Вич шырышты қабықтардың байланысуы немесе ұрықпен, қынаптың құпиясын қанмен вирус болатын биологиялық сұйықтары бар қанның түзуiнде берiледi немесе емшектегi сүтпен. Вич - инфекция сiлекейдi және жастан кейiн берiлмейдi, сонымен бiрге тұрмыстық жолымен. Вич берiлу көтеншек, вагиналық немесе ауыз секс, қан құю, қағынған тебен инелердiң қолдануында бола алады және шприц; жүктiлiктер анамен және бөпенiң аралығында уақытында, туу немесе емшектегi асырауда көрcетiлген жоғары биологиялық сұйықтар арқылы.спид Вич жантәсiлiм сатысы болып табылады - инфекция. Вич тарату дәл қазiр болып есептеледi - инфекция пандем сипаты алды.Вичпен өмiршең адамдардың санын 2008 жылда 2 шақты, 7 миллион, және 2 миллион адам жаңа инфекциялардың миллион адам, санын 33 шақты, 4 құрады спидқа қатысты аурулардан өлдi. Молекулалық филогенияның әдiсiмен Вич соңында он тоғызыншы немесе басында жиырмасыншы ғасырдың батыс - Орталық Африкасында iркiстенгенiн көрсетiлген.спид 1981 жылда АҚШ ауруларын бақылауға және профилактика бойынша орталықтармен тұңғыш рет сипатталды, оның қоздырушысы, Вич, басында 1980-шi сипатталды. Вич емдеу бiр жағынан - инфекция және спид аурудың барысын едәуiр баяулатады, Вичқа қарсы вакцина, сонымен бiрге ауруды толық емделудiң белгiсiз жағдайлары жасалмаған. Дәрiнiң Антиретровирусныесi Вич өлiм-жiтiмдер төмендетедi - инфекция, бiрақ мұндай дәрiлер өте қымбат тұрады және әлем барлық елдерде емес түсiнiктi. сондықтан Вич емдеу болған, - инфекция едәуiр қиналған, Вич/спид лаптың бақылауындағы маңызды рөлдi қорғал қалған секс және бiр рет қолданудың насихаттауында болады шприц жұқтыруды профилактика ойнайды. Адам анатомия. Адам анатомиясы – адам денесінің құрылысын, пішінін, қимылдарын, мүшелердің өзара қарым-қатынасын зерттейтін жаратылыстану ғылымының бір саласы. Адам анатомиясының (латынша anatome – кесу, бөлшектеу деген ұғымды білдіреді) негізін салушы – ежелгі рим дәрігері Гален, одан кейін шығыс ғалымдары: ар-Рази, ибн-Рушд, Әбу Әли ибн Сина адам анатомиясына елеулі жаңалықтар қосты. Қазақ даласында адам анатомиясы мәселелері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (15 ғасыр), Халел Досмұхамбетұлы (20 ғасыр) еңбектерінде баяндалды. Бүкіл тірі организмдер сияқты адам денесі торшадан (клеткадан) тұрады. Торшалар торшааралық затпен қосылып тін (ткань) құрайды. Тін: эпителиалдық, дәнекерлік, бұлшық еттік, жүйкелік болып 4 топқа бөлінеді. Тін қосылып ағзаларды (орган) құрайды. Жалпы құрылысы мен дамуы біртектес және ортақ қызмет атқаратын ағзалар – ағзалар жүйесіне біріктіріледі. Шығу тегі мен құрылыстары ұқсамайтын, бірақ ортақ қызмет атқаратын ағзалар – ағзалар аппараттары деген топқа бөлінеді. Ағзалар жүйесі мен аппараттары адам организмін құрайды. Ағзалар бірнеше жүйеге бөлінеді: 1) тірек-қимыл аппараты; 2) ас қорыту жүйесі; 3) тыныс алу жүйесі, 4) несеп-жыныс аппараты; 5) жүрек-тамыр жүйесі (бұл жүйе өз ішінде қан жасап шығаратын және иммундық жүйе ағзалары болып бөлінеді); 6) сезім ағзалары; 7) эндокриндік бездер; 8) жүйке жүйесі. Осылардың бәрі бірігіп, адамның қоршаған ортамен арақатынасын жүзеге асырады. Адам денесі бас, мойын, тұлға, қол және аяқ бөліктерінен тұрады. Адам қаңқасына тұлға қаңқасы (омыртқа бағанасы және кеуде клеткасын құрайтын сүйектер), бас сүйек және қол-аяқ қаңқалары жатады. Бас сүйек: ми сауыт пен бет сүйектеріне бөлінеді. Ми сауытының ішінде ми, есту және тепе-теңдікті сақтау, көру ағзалары орналасқан. Омыртқа бағанасы: мойын (7 омыртқа), кеуде (12), бел (5), сегізкөз (5) және құймышақ (3 – 5) бөліктерінен тұрады. Омыртқа бағанасының кеуделік бөлігіне 12 жұп қабырғалар бекиді. Олар алдыңғы жағында төс сүйекпен қосылып кеудені құрайды. Кеуде қуысында өкпе, жүрек, кеңірдек, өңеш, тамырлар мен жүйке талшықтары орналасқан. Омыртқа бағанасының бел бөлігі іш бұлшықеттерімен бірге іш қуысын түзеді. Yстіңгі жағында іш қуысы кеуде қуысынан көк ет арқылы бөлінеді. Іш қуысында бауыр, асқазан, талақ, ішек, ұйқы безі, бүйректер, тамырлар, жүйке талшықтары орналасқан. Іш қуысы төменгі жағында жамбас астауы қуысына жалғасады. Бұл қуыста несеп қуығы, тік ішек және жыныс ағзалары жатады. Қол қаңқаларын жауырын, бұғана, тоқпан жілік, шынтақ жілік, кәрі жілік, қол басы сүйектері құрайды. Аяқ қаңқасына жамбас сүйектері, ортан жілік, асықты жілік (кіші жілік) және аяқ басы сүйектері жатады. Сүйектер өзара буындар, шеміршектер арқылы жалғасады. Оларды бұлшықеттер жауып жатады. Адам анатомиясы зерттеу ерекшеліктеріне байланысты бірнеше салаларға бөлінеді: жүйелік немесе қалыпты анатомия – адам денесінің құрылысын ағзалар жүйелері бойынша баяндайды; патологиялық анатомия – ауруға шалдыққан ағзаларды зерттейді; топографиялық анатомия – денедегі ағзалардың, тамырлардың, жүйке талшықтарының өзара орналасуын, арақатынасын талдайды; пластикалық анатомия – адам денесінің сыртқы пішіні мен құрылысы туралы ілім; салыстырмалы анатомия – дамудың әр түрлі сатысында орналасқан тіршілік иелерінің дене құрылысын салыстыра зерттейді. Айға сапар. Айға сапар – сериялы «Аполло» ғарыш кемелерімен Айға ұшуды жүзеге асырған адамдар тобының сапары. Әр сапарға үш астронавт қатысты, оның екеуі Айға арнаулы кабинамен қонып, біреуі орбитадағы негізгі бөлікте қалып, айналып ұшып жүрді. Бортында астронавтар бар «Аполло-8» кемесі 1968 ж. 24 желтоқсанда Айдың жасанды серігі орбитасына шығарылды. Қонатын орын сайлау мақсатында Ай беті жақыннан суретке түсірілді, телевизиялық репортаж жүргізіліп, Айдың жасанды серігі орбитасынан Жерге қарай ұшатын жолға қайта түсу, Жер – Ай жолында ұшу, екінші ғарыштық жылдамдықта атмосфераға ену жұмыстары атқарылды. Ұшу бас-аяғы 6 тәулік 3 сағат, 42 минутқа созылды. 1969 ж. 18 майда аттандырылған «Аполло-10» кемесімен астронавтар Ай кабинасына өтіп, Жер серігінен 12,8 км биіктікте 4 айналым жасап, аман-есен Жерге оралды. Ұшу 8 тәулік 3 минут 23 секундқа созылды. 1969 ж. 16 шілдеде Гринвич уақыты бойынша 13 сағат 32 минутта «Аполло-11» ғарыш кемесі Айға аттанды. Ай кабинасы негізгі бөліктен бөлінгеннен кейін, автоматты режимде құлдилау басталды. Қонуға жақын қалғанда Армстронг кабинаның көлемдері 3 м-ге дейін жететін тастарға толы қазаншұңқырға тап келгенін дер кезінде байқап қалады, автоматты режимді өзгертеді де басқаруды өз қолына алып, Ай кабинасын қазаншұңқырдан 330 м шалғайға апарып қондырды. 1969 ж. 20 шілдеде Гринвич уақыты бойынша 20 сағат 17 минут 42 секундта кеме табаны Тыныштық теңізі тегісіне тиді. 1969 ж. 21 шілдеде 2 сағат 56 минут 20 секундта Армстронг адамзат тарихында тұңғыш рет Ай үстіне аяқ басты. «Бұл – адамның қарапайым қадамы, бірақ адамзат үшін ғаламат секіріс» – деп бастады, ол алғашқы толқулы сөзін. Астронавтар Ай үстінде жүруді меңгерді, бірқатар ғылыми приборлар орнатты, 22 кг Ай жынысының үлгісін жинап, суретке түсірді. Олар Ай үстінен Жермен телевизиялық байланыс жасап, қайтыс болған бес ғарышкердің (Юрий Гагарин, Владимир Комаров, Вирджил Гриссом, Эдвард Уайт, Роджер Чаффи) бейнесі бедерленген медальдарды қалдырды. Сыртта Армстронг 2 сағат 31 минут 40 секунд, Эдвин Олдрин 2 сағат 15 минут болды. Ай кабинасына әуелі Олдрин оралып, арада он минут өткен соң Армстронг мінді. 1969 ж. 24 шілдеде кеме Жерге қайтып оралды. Ұшу 8 тәулік 3 сағат 18 минут 35 секундқа созылды. «Аполло-12» ғарыш кемесі астронавтары алдарына қойылған мақсат – Айды зерттеу, Ай бетіне изотопты генератордан ток алатын ғылми құралдарды орнату, Жерге Ай жыныстарының үлгілері мен сонда 1967 жылғы 20 сәуірден жатқан «Сервейер-3» автоматты ғарыш аппаратының кейбір бөлшектерін Жерге алып келу болды. Қонғаннан кейін астронавтар кемеден 450 м қашықта жұмыс жасады. Ұшу 10 тәулік 4 сағат 36 минут 25 секундқа созылды. «Аполло-13» кемесі Жерден 330 мың км алыстап, Айға 91 мың км қалғанда оттекті-сутекті жанармай элементтері батареясына арналған оттегі бар қалбыр жарылып, кеменің негізгі бөлігі электр қуатынсыз қалды. Екі астронавт Ай кабинасына өтті, үшіншісі экипаж бөлімінде болды. Ай кабинасынан экипаж бөліміне оттек келіп тұруы үшін екі арадағы люктер ашық қалдырылды. Ғарыш кемесі эллиптикалық геоцентрлік орбита бойынша Айды үлкен эксцентриситетпен айналып ұшып өтіп, Жерге оралды. Ұшу 5 тәулік 22 сағат 54 минут 41 секундқа созылды. «Аполло-14» кемесінің қонатын аймағы «Аполло-13» орындай алмаған Фра Мауро қазаншұңқыры төңірегі болды. Әдеттегі міндеттерге қоса астронавтарға бұл жолы шағын магнитометрдің көмегімен локальды магниттік өрісті зерттеу, Айдың жасанды серігі орбитасындағы негізгі бөліктен Ай үстін радиозондтау, Жер мен Ай арасындағы ұшу жолында технологиялық тәжірибелер жасау, «Аполло-12» ғарыш кемесі астронавтары орнатып кеткен сейсмометрмен сейсмологиялық дірілді тіркеу мақсатында «Сатурн-5» ракета ұшырғышының соңғы сатысын орбитадан Ай бетіне тастау ісін жүзеге асыру жоспарланды. Қонғаннан кейін астронавтар сыртқа екі рет шығып, алғашқысында 4 сағат 48 минут, кейінгісінде 4 сағат 35 минут уақыт болып, кемеден 1,2 км-ге дейін қашықтай алды. Зерттеу жүргізген аймақтың кедір-бұдырлығынан магнитометр салынған салмағы 9 кг екі дөңгелекті арбаны көп жағдайда астронавтардың өз қолдарымен көтеріп алып жүрулеріне тура келді. Айдан ұшып шығу және Жерге оралу алдын ала жасалған штатты бағдарлама бойынша жүзеге асырылды. Ұшу 9 тәулік 1 минут 57 секундқа созылды. «Аполло-15», «Аполло-16» және «Аполло-17» ғарыш кемелерінде Айды жасанды серігі орбитасынан зерттеуге арналған приборлар кешені, кемеден бөлек ұшып жүріп зерттейтін автономды Айдың жасанды серігі, ал Ай кабинасында астронавтар айдап жүретін «Ровер» Ай электромобилі болды. «Аполло-15» ғарыш кемесі негізгі бөлігінен ажыраған Ай кабинасы қонғаннан кейін екі астронавт кемеден сыртқа үш рет шықты. Алғашқысы 6 сағат 33 минут, екіншісі 7 сағат 12 минут, үшіншісі 4 сағат 50 минутқа созылды. Астронавтар зерттеу жұмыстарын Ай электромобилімен жүргізді, олар 27,2 км аймақты шарлап, Ай тастарын жинады, тас жынысы үлгісін алу үшін және Ай қыртысынан шығатын жылу ағынын өлшейтін құралдарды орнату үшін 2,7 м тереңдікте бірнеше оқпан қазды. Айдан Жерге оралу негізгі бағдарламаға сай өтті. Ұшу 12 тәулік 7 сағат 11 минут 53 секундқа созылды. Кейбір технологиялық және биологиялық тәжірибелер «Аполло-16» астронавтарына жүктелген жаңа міндеттер болды. Астронавтар қонғаннан кейін кемеден Ай бетіне 7 сағат 11 минут, 7 сағат 23 минут және 5 сағат 40 минуттан үш рет шықты. Олар кемеден 5 км қашықтықта ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізді. Ай электромобилі ылдилы жерлерде сағатына 17 км жылдамдыққа дейін алып отырды. Олар 27,1 км жол жүріп, 3 м тереңдікте оқпандар қазды. Ай бетінде қалған Ай электромобиліне орнатылған телекамера арқылы ұшып шығу сәті телекөрініске түсірілді. Жерге оралу ойдағыдай өтті. Ұшу 11 тәулік 1 сағат 51 минут 5 секундқа созылды. «Аполло-17» ғарыш кемесінің Ай кабинасы негізгі бөліктен бөлініп, Ай бетіне қонғаннан кейін кеме басшысы мен Ай кабинасының ұшқышы кемеден сыртқа 7 сағат 12 минут, 7 сағат 37 минут және 7 сағат 15 минуттан үш рет шықты. Ай кабинасынан 7 км қашықтықта астронавтар Ай электромобилімен 35,7 км жол жүрді, ғылыми-зерттеу ісін жүргізді. Ылдилы жерлерде Ай электромобилі сағатына 18 км-ге дейін жылдамдық алды. Тереңдігі 3 м оқпандар қазды, Ай тастарының үлгісін жинады. Жерге оралу негізгі бағдарламаға сай өтті. «Аполло-17» кемесінен кейін Айға сапар тоқтатылды. Аквариум балықтар. Аквариум балықтары – үйдегі, хайуанаттар паркі мен ғылыми мекемелердегі арнайы ыдыста – аквариумде өсірілетін балықтар тобы. Аквариум балықтары табиғи жағдайда тропикалық және субтропикалық (Африка, Америка, Австралия, Оңтүстік-Батыс Африка) тұщы су қоймаларында, ал кейбіреулері ащылау суда және теңізде мекендейді. Олар – таңғажайып түрімен, ашық түрлі-түсті бояуларымен және мөлшерінің (массасының) кішілігімен ерекшеленеді. Олардың дене тұрқы 1,5 – 30 см болады, кейде 1 м-ге жетеді. Шабақтарын тірі табатын (мысалы, гамбузия, гуппилер, семсерқұйрық, маллинезия) түрлері бар. Аквариум балықтарының жүздеген түрі кездеседі. Олардың көбі сүйекті балықтар (мысалы, майшабақ, мормиро, тұқы, саргоно, алабұға, кефаль, т.б.). Ең кең тараған түрлері – гуппилер, семсерқұйрық, сотқар балық, горамиллер, хромис, скалярия, жайыншалар, барбус, кардинал, алтын балық, комета, шілтеқұйрық, құбылмалы балық, т.б. Қазақстанның өзен-суларында тіршілік ететін сазан, қоңыржан, майшабақ, құйын балық, шортан, алабұға, мөңке, қызыл қанат шабақтарды аквариумда ұстауға болады. Аквариум балықтарын гибридтеу жұмыстарының нәтижесінде балықтардың көптеген жаңа тұқымдары шығарылды, соның негізінде генетикалық зерттеулер жүргізілді. Ақпараттану. Ақпараттану, информатика – ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиетін, сондай-ақ ақпаратты жинақтау, сақтау, іздеу, қайта өңдеу, түрлендіру, таратумен және оны адам қызметінің әр түрлі саласында пайдалануға байланысты мәселелерін зерттейтін ғылым саласы. Ақпараттану, информатика француз тіліндегі іnformatіon – информация және automatіgue – автоматика сөздерінен шыққан, яғни ақпаратты автоматика деген ұғымды білдіреді. Ақпаратты жинастыру, өңдеу және тарату мәселелері адам баласының даму тарихының барлық сатысында көкейкесті мәселелердің бірі болып келді. Жазу мен кітап басу ойлап табылғаннан кейін ақпаратты жинастыру мен таратудың жаңа технологиясы жасалды. 20 ғасырдың басында Бельгияда ғылыми құжаттарды жинақтау, өңдеу, сақтау, іздеу мен таратудың кешенін біріктіру ұсынылды. Дегенмен, олардың ақпаратты өңдеу саласына тікелей қатысы болмады. Кейбір жеке өңдеу операцияларын механикаландыру ешқандай ақпараттануға елеулі өзгеріс енгізе алмады. Электронды есептеу машинасының (ЭЕМ) пайда болуы бұл жағдайды түбірімен өзгертті. ЭЕМ-ды жеке есептерді шығаруға пайдаланудан кешенді автоматтандыруға пайдалануға көшу жаңа, негізгі қадам болды. КСРО-да ақпараттану дербес пән ретінде 1950-жылдардың басында қалыптасты. Ал ақпараттану Қазақстанда 1957 ж. басталды. Сол жылы Қазақстан Мемлекеттік жоспарлау комитетінің жанынан ғылыми-техникалық ақпарат және техника, экономика ғылыми-зерттеу институты ашылды. Ондағы зерттеулердің негізгі бағыттары: ғылыми-техникалық ақпарат мәселелерін зерттеу, ақпараттық қызмет көрсету әдістерін дамытып жетілдіру, автоматты түрде ақпаратты жинау, өңдеу, іздеу, сақтау, тасымалдау. 1991 ж. Қазақстан Ғылым академиясының Ақпараттану мен басқару институты ашылды. Оның лабораторияларында іргелі зерттеулер жүргізіліп келеді. Ақтау (тау). Ақтау — тау. Маңғыстау тауларында, Маңғыстау ауданында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 325 м. Ақтау тау жыныстарының ағарған түр-түсіне қарай аталған. "Ақтау — Маңғыстау облысының орталығы (1973 – 88 жылдары және 1990 жылдан), қала, теңіз және әуе порты." Каспий теңізінің шығыс жағасында орналасқан. Қаланың шығысында 40 км жерде әйгілі Қарақия ойысы жатыр. Маңғыстау түбегінде мұнай, газ, уран, т.б. қазба байлықтарының ашылуына байланысты іргетасы 1959 ж. қаланған. 1963 ж. оған қала мәртебесі берілді. Ақтау біраз уақыт Шевченко аталып (1964 – 91), кейіннен тарихи жер атауы қалпына келтірілді. Ақтау қалалық әкімшілігінің құрамына Маңғышлақ және Өмірзақ кенттері кіреді. Тұрғыны 187,6 мың (2006). Қалада қазақтардан да басқа көптеген ұлт өкілдері тұрады. Ақтауда облыстың басты кәсіпорындары шоғырланған. Химия өндірісі дамыған, газ өңдеу, пластмасса зауыттары, металлургия комбинаты бар. Олардың негізгі өнімдері: минералдық тыңайтқыштар, күкірт қышқылы, жасанды аммиак, полистирол болып табылады. Тамақ, жеңіл өнеркәсіп, тұрмыстық қызмет кәсіпорындары жұмыс істейді. Қаланың құрылыс ұйымдары Ақтау өңіріндегі қиыршық құм қоспалары, құрылыс құмы, ұлутас пен керамзит шикізаты кен орындарын пайдаланады. Ақтауда 1972 ж. дүние жүзінде тұңғыш рет нейтрондарға негізделген БН-350 реакторы бар энергия комбинаты іске қосылды. Соның нәтижесінде қала мұнай өнімдерімен бірге, атом энергиясын да пайдаланады. Атом электр стансасының қуатымен теңіз суын тұщылайтын қондырғы жұмыс істейді. Ақтау республиканың батысындағы ғылыми және мәдени орталықтардың бірі. Мұнда Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясына қарасты Ботаника бағы, мұнай-газ ғылыми-зерттеу және жобалау институты, университет, Қазақ ұлттық техникалық университетінің бөлімшесі, арнаулы орта оқу орындары, музыкалық, спорт, жалпы білім беретін мектептер, Абай атындағы мәдениет сарайы, облыстық театр, тарихи-өлкетану мұражайы, телерадиостудия, кітапханалар, қонақ үйлер, медициналық мекемелер бар. Қаланың бас жоспары 1968 ж. бекітілді. Теңіз жағасы халықтың демалуына және су спортын дамытуға қолайлы. Ақтау қаласының архитектуралық ансамблін жасаушы сәулетшілер конструкторлар мен құрылысшылар тобына Лениндік (1966), КСРО Мемлекеттік (1977) сыйлықтары, қатал табиғат жағдайында адамдар тұрағын әсем көгалдандырғаны және сумен қамтамасыз еткені үшін халықаралық архитекторлар одағының алтын медалі мен Патрика Аберкромби атындағы сыйлық берілді. Әсемдігі жөнінен қала Кавказдың Қара теңіз жағалауындағы көптеген курортты орындардан кем түспейді. Ұлутастан тұрғызылған көп қабатты үйлер өзінің сыртқы әдемілігімен және ішінің көркемдігімен көз тартады. Су тапшылығына қарамастан, қала жақсы көгалдандырылған. Көшелерде әсем бұталар көп, үйлердің аралығына шағын скверлер, гүлзарлар жасалған. Каспий теңізінің жағалауында профилакторийлер, әсем коттедждер, қоғамдық тамақтану, тынығушыларға мәдени қызмет көрсету орындары бар жақсы жабдықталған демалыс аймағы құрылған. Жоңғар Алатауы. Жетісу Алатауы, Жоңғар Алатауы – Қазақстандағы ірі әрі құрылымы жағынан күрделі тау жүйелерінің бірі. Ол солтүстігінде Балқаш-Алакөл ойысы, оңтүстігінде Іле аңғары аралығында батыстан шығысқа қарай 450 км-ге созылып жатыр. Жетісу Алатауы Сарқанттау мен Бежінтаудың басталар жерінен шығысқа қарай Солтүстік және Оңтүстік Жетісу Алатауы болып екі жотаға бөлінеді. Жетісу Алатауының ең биік шыңы – Бесбақан орналасқан (4464 м). Жетісу Алатауының жер бедері мен геологиялық құрылысы өте күрделі. Төменгі палеозой қабаттары кристалдық тақтатас, кварцит, гнейс, әктас, мәрмәр жыныстарынан құралған. Биік тау басында және беткейлерінде көп жылдық омбы қар мен мұздықтар жатыр. Бұл өлкенің Жетісу атанып, суы мол өзендердің ағып шығуы осы мұздықтармен байланысты. Жетісу Алатауы кен байлықтарына бай. Мұнда алтын, қорғасын, мырыш, т.б. кентастары өндіріледі. Күнгей Алатау. Күнгей Алатауы – Тянь-Шаньдағы тау жотасы. Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы аралығында. Оңтүстігінде Ыстықкөл қазаншұңқырымен шектеседі, солтүстігіндегі Іле Алатауынан оны Шоңкемін және Шілік өзендері бөледі. Орташа биіктігі 3800 – 4200 м. Ең биік жері Шоқтал шыңы (4771 м). Ұзындығы 280 км. Күнгей Алатауы граниттерден, төменгі палеозойдың құмтастарынан және әктастардан түзілген. Шатқалдарында Тянь-Шань шыршасы өседі. Жалпы ауданы 237 км2 болатын мұздықтары бар. Қырғыз Алатауы. Қырғыз Алатауы – Қырғызстандағы таулы жота. Батыс бөлігінің солтүстік беткейі Қазақстан жерінде (Жамбыл облысы). Жалпы ұзындығы 375 км. Жотаның ең биік жері шығысындағы Батыс Аламедиан шыңы (4875 м). Қырғыз Алатауы метаморфты жыныстардан, шөгінділерден және профирит, граниттен түзілген. 2500 – 3000 м-ге дейін биік таулы шалғынды дала белдемі орналасқан. 3700 м-ден жоғарыда көп жылдық қар және мәңгі мұздықтар кездеседі. Мұздықтардың аумағы 223 км2. Талас Алатауы. Талас Алатауы – Тянь-Шаньның батыс сілеміндегі жота. Қазақстан мен Қырғызстан жерінде. Орташа биіктігі 4000 м, ең биік жері Манас шыңы (4484 м). Қазақстандық бөлігінде Талас Алатауы Ешкіөлмес, Алатау, т.б. бірнеше аласа тау сілемдеріне тармақтаналады, ең биік жері Ақсуат тауы (4027 м). Көп жылдық қар жамылған мұздықтары бар. Метаморфтанған тақтатас, құмтас, әктастан түзілген. Етегінде дала өсімдіктері, шырша, т.б. өседі. Жотаның батыс бөлігінде Қазақстандағы алғашқы қорықтардың бірі – Ақсу-Жабағылы орналасқан. Іле Алатауы. Іле Алатауы – Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстігіндегі жота. Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында. Ұзындығы 35 км. Бірқатар шыңдары 4500 – 5000 м биіктікке жетеді (Талғар шыңы, 4973 м). Қазіргі мұздықтар да сонда шоғырланған. Іле Алатауы кембрийге дейінгі дәуірдің және төменгі палеозойдың гранит, конгломерат, әктас, құмтас, тақтатастардан түзілген. Іле Алатауында жалпы ауданы 478 км2 болатын 381 мұздық бар. Тау бастарын мәңгі қар мен мұз басқан. Жотаның солтүстік бөктерінде Алматы қаласы, солтүстік беткейінде Іле Алатауы ұлттық табиғи саябағы орналасқан. Алтынемел. Алтынемел — "Жетісу Алатауының оңтүстік-батыс сілемдерінің бірі, Іле мен Қаратал өзендері аралығындағы суайрық жота." Ол шығыстағы Қояндытау жотасын бөліп тұратын Үйгентас асуынан Іле аңғарындағы Шолақ тауына дейін (Алтынемел асуы) доғаша иіліп жатыр. Ұзындығы 65 км, ені 6 – 15 км, ең биік жері 2931 м. Жота палеозойдың қатпарлы шөгінділерінен түзілген. Жотаның солтүстік беткейі тік, оңтүстігі көлбеу келген. Топырақ пен өсімдік жамылғысы биіктік белдеу бойынша орналасқан. Етегінде әр түрлі бидайық тұқымдас шөптер өседі. Алтынемел асуы – Жоңғар Алатауының оңтүстік-батыс сілемдері – Алтынемел жотасы (2928 м) мен Матай тауының (2880 м) арасында, теңізі деңгейінен 1711 м биіктікте орналасқан асу. Алтынемел асуы өтетін орталық қырқа палеозой және пермь дәуірлерінің гранитті, эффузивті, базальтті, андезитті, туфты жыныс шөгінділерінен құралған. Асу қызғылт-қоңыр, қара топырақты және бұталар араласқан бозды, бетегелі, шалғынды болып келеді. Асу үсті жылына 4 – 5 ай салқын болады. Бірақ соған қарамастан ол қолайлы өткел саналады. Шоқан Уәлиханов 1858 ж. Қашқарияға сапарында осы асу арқылы құрамында 43 адам, 101 түйе, 65 салт және жүк тиеген аты бар керуенмен өткен. Асудың солтүстік-батыстағы Қоғалы тауаралық ойысынан оңтүстік-шығыстағы Қоңырөлең тауаралық ойысына қарай Алматы-Сарыөзек-Жаркент автомобиль жолы өтеді. «Алтынемел» ұлттық табиғи саябағы – Алматы облысының Кербулақ ауданының аумағында 1996 ж. ұйымдастырылған ұлттық саябақ. Іле өзенінің солтүстігінде орналасқан. Ауданы 460 мың гектар. Оның құрамына Жоңғар Алатауының сілемдері: Шолақ, Дегерес, Матай, Алтынемел, Қояндытау таулары, Үлкен Қалқан, Кіші Қалқан, Ақтау жоталары және өте сирек кездесетін табиғат ескерткішінің бірі – «Әнші құм» (жергілікті тұрғындар «Айқай құм» деп атайды) енеді. 3 ландшафты – таулы-далалық, құмды-шөлді және қиыршық тасты белдеулерден тұрады. Саябақ археологиялық ескерткіштер мен ежелгі таңбалар және суреттер салынған үңгірлер мен тастарға бай. Сақ дәуірінде салынған «Бесшатыр» қорғанының маңызы үлкен. Шоқан Уәлихановтың тарихи-мемориалдық мұражайы да осында орналасқан. Саябақта өсімдіктердің 1800 түрі: балқаш сексеуілі, баялыш, шырша, үйеңкі, тораңғы, қызыл тал, жиде, жыңғыл, сексеуіл, қылша, т.б. өседі. Саябақтың жануарлар әлемі де алуан түрлі: сүткоректілерден – құлан, қарақұйрық, арқар, түлкі, тас сусары, қоян, т.б., құстардың 15 түрі: бүркіт, тазқара, ителгі, кекілік, қырғауыл, бұлдырық, т.б., балықтардан – сазан, көксерке, ақмарқа, табанбалық, т.б. кездеседі. Омыртқасыз жануарлар дүниесі толық зерттелмеген. Саябақта қазіргі кезде жан-жақты жабдықталған 17 қорықшы бекеті және 3 туристік маршруттар жұмыс жасайды. Аңшылық. Аңшылық – түз жануарларын аулау кәсібі. Қазіргі Қазақстан жерінде адамдар аңшылықпен ежелгі палеолит дәуірінен айналысқан. Мысалы, Үшбұлақ қойнауында (Қаратау қаласының солтүстік-батыс жағында 36 км жерде) мустье дәуірінде өмір сүрген аңшылардың шағын топтарының қысқа мерзімді тұрақтарының ізі сақталған. Ондай тұрақтар суатқа келетін аңдарды (бизон, бұғы, киік, жылқы) аңдуға қолайлы бұлақ түбіне салынған. Соңғы палеолит дәуірінде ірі жануарларды аулау, адам қорегінің басты негізі болды. Мысалы, адамдар Жайық өзенінің бойынан мамонттар мен жүндес мүйізтұмсықтарды аулап, олардың сүйектерінен әр түрлі кескіштер, қырғыштар, найзалар мен сүңгілердің ұштары, шанышқылар, лақтырылатын найзалар, сүйек инелер, біздер жасаған. Сонымен қатар адамдар аң терісінен киім тігуді де үйренген. Аң аулау дәстүрлері мен тәжірибелері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, аң аулау шаруашылығы дамыған. Соған байланысты қазақтар арасында аңшылықты жақсы меңгерген мамандар – аңшы (аңды аулаушы), аңкөс (аң аулаудың сырларын жетік меңгерген аңшы), құсбегі (қырандарды түрге, топқа жақсы ажырататын), бүркітші (бүркітті баптай алатын) және қағушы (бүркітшілерге қолғанат болатын) пайда болды. Олар аң аулаудың айла-шарғыларын (ор қазып, ұшпалардан ұшырып, қарға омбылатып аулау, тасқақпанмен, тормен, құмқақпанмен, тұзақпен ұстау, құспен, итпен қуу, түтін, жемтік салу, мұзға отырғызу, т.б.) жетік меңгерген. Аңшылық мақсатына қарай кәсіптік, спорттық-әуесқойлық және ғылыми болып бөлінеді. Кәсіптік аңшылықтың мақсаты – аңдар мен құстардан ет, тері, мамық, қауырсын, мүйіз, т.б. өнімдерін алу. Өнімнің сапасы аңның түлеуіне, балалау мерзіміне байланысты белгіленеді. Спорттық-әуесқойлық аңшылық аңдар мен құстарды белгілі тәртіппен аулап, табиғат саясында дем алу. Әуесқой аңшыға мемлекет тарапынан шек қойылады. Ғылыми аңшылықтың құрамына: аң шаруашылығының экономикасы, кәсіптік аңдар мен құстардың биологиялық ерекшеліктерін зерттеу, олардың сан мөлшерін көбейту, алынатын өнімді арттыру және сапасын жақсарту, аң аулау әдістерін, құралдарын жетілдіру мәселелері жатады. Арал апаты. Арал апаты – Арал теңізінің тартылуына байланысты Орта Азия мен Қазақстанның үлкен аймағындағы адамдарға, табиғатқа, өсімдіктер мен жан-жануарлар дүниесіне келген экологиялық, әлеуметтік-экономикалық үлкен апат. Соңғы 40 жылда сол өңірдегі суармалы жер көлемінің ұлғаюы, суды қажет ететін кәсіпорындардың көбеюі, Арнасай, Шардара, Сарықамыс сияқты көптеген жасанды су қоймаларының пайда болуы – Арал айдынының аумағын, көлемін, тереңдігін азайтты. Ауаның ылғалдылығы (жаз, күз айларында 9%-ға дейін) азайып, жазы құрғақ та ыстық (шілдеде 45ӘС-қа шейін, 1985), қысы суық (47ӘС-қа шейін, 1986) болатын жылдар мен күндер көбейді. Өзен жағалауындағы суармалы егістерде (негізінен мақта мен күріш) және өнеркәсіп орындарында пайдаланылған сулар Арал теңізіне құйылып, теңіз түбіне 1 млрд. т-дан астам улы шөгінділерді әкелді. Сөйтіп су тұздылығының артуы (1 литрде 35 мг, 1996) нәтижесінде су түбіне шөккен тұз шөгінділері пайда болды. Көлемі 4 млн. гектарға жуық жалаңаштанған теңіз түбінен көтерілген (жыл сайын теңіз түбінен көтерілетін 70 млн. т) улы шөгінділер тұзды шаңға айналып, жайылымдар мен егістіктерді улап, үлкен апат әкелді. Бағалы балықтардың түрлері (бекіре, сазан, шоқыр, қаяз, ақмарқа, алабұға, т.б.) құрып кетті. Осыған орай, теңіз жағалауындағы балық зауыттары, ауыл кеме көлігі кәсіпорындары, мал, егін, балық шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтар, Барсакелмес аралындағы хайуанаттар қорығы, Возрождение аралындағы кәсіпорындар жабылды. Арал апаты аймағынан жүздеген мың адам өскен жерін тастап, өзге өлкелерге қоныс аударуға мәжбүр болды. Ғарыштан қарағанда, теңіздің жиегінен 400 км-ге дейін созылған «тұзды бұлт» өсімдік пен жануарлардың түрлерін азайтты. Бұрын теңіз маңында мекендеген су құстары түгелге жуық, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген жануарлардың кейбір түрлері (итала қаз, бұлдырық, жидек, арал шағаласы, ондатр, т.б.) құрып кетті. Арал апаты сол өңірдегі 60 мыңға жуық тұрғынының денсаулығына зиянды әсерін тигізді. Алгебра. Алгебра – математиканың алгебралық шешу жөніндегі есептерге байланысты дамыған негізгі бөлімдерінің бірі. Алгебра (арабша әл-джәбр) атау және жеке ғылым саласы ретінде Мұхаммед әл-Хорезмидің (9 ғасыр) 1-, 2-дәрежелі теңдеулерге келтірілетін есептердің жалпы шешімі көрсетілген «Әл-джәбр уә-л-муқабәлә» атты еңбегінен бастау алады. Ал Омар Һайям 3-дәрежелі теңдеулерді зерттеуді жүйелеп, өзінің «Алгебрасын» жазған. Орта ғасырлық Шығыс ғұламалары гректер мен үнділіктер математикасын түрлендіріп, қайта өңдеп Еуропаға табыс еткен. Амалдарды белгілейтін таңбалар енгізу нәтижесінде алгебра одан әрі дамыды. 17 ғасыр ортасында қазіргі алгебрада қолданылатын таңбалар, әріптер толық орнықты, ал 18 ғасырдың басында алгебра математиканың жеке бөлімі ретінде қалыптасты. 17 – 18 ғасырларда теңдеулердің жалпы теориясы (көпмүшелер алгебрасы) шапшаң қарқынмен дамыды. Оған сол кездегі аса ірі ғалымдар – француз ғалымы Рене Декарт, ағылшын ғалымы Исаак Ньютон, француз ғалымдары Жан Даламбер мен Жозеф Лагранж үлкен үлес қосты. Неміс математигі Карл Гаусс кез келген n дәрежелі алгебралық теңдеудің нақты не жорымал n түбірі болатындығын анықтаған. 19 ғасырдың басында норвег математигі Нильс Абель және француз математигі Эварист Галуа дәрежесі 4-тен жоғары болатын теңдеулердің шешімін алгебралық амалдар көмегімен теңдеудің коэффициенті арқылы өрнектеуге болмайтындығын дәлелдеген. Теңдеулердің радикалда шешілуінің шарттары туралы мәселенің түбегейлі шешімін Галуа берді. Норвег математигі Софус Ли зерттеулері үзіліссіз топтар теориясына жол ашты. Ағылшын ғалымы Уильям Гамильтон мен неміс математигі Герман.Грассман еңбектерінен гиперкомплекс жүйелер теориясы (алгебралар теориясы) бастау алды. 20 ғасырда алгебраның өрістер теориясы, сақиналар теориясы мен топтардың жалпы теориясы, топологиялық алгебра мен құрылымдар теориясы, 1940 – 50 жылдары жартытоптар мен квазитоптар теориясы, әмбебап алгебралар теориясы, категориялар теориясы сияқты жаңа бөлімдері пайда болды. Артезиан құдығы. Артезиан құдығы – жер астынан артезиан суын алу үшін бұрғыланған ұңғыма немесе қазылған құдық. Артезиан құдығы біздің заманымыздан бұрынғы Мысырда, Қытайда пайдаланылған. Қазақстанда артезиан құдығы 19 ғасырдан бастап қазылды. Қазіргі кезде арнаулы қондырғылармен бұрғыланады және оның тереңдігі жүздеген метрге жетеді. Су арыны әлсіз болып, өздігінен шықпаса, артезиан құдығына сорғы орнатылады. Жер асты қабаттары берік тау жыныстарынан тұратын болса, артезиан құдығының қабырғасы шегенделмейді. Борпылдақ, сусымалы жыныстардағы (қиыршық тас, құм, малта тас, т.б.) артезиан құдығының қабырғалары темір, темір-бетон құбырлармен немесе ағашпен шегенделеді. Суды механикалық қоспалардан (лай, саз, т.б.) тазарту үшін артезиан құдығының түбіне түрлі сүзгілер қойылады. Олар тоттанбайтын материалдардан жасалады. Аспан аңыздары. Аспан аңыздары, астрономиялық аңыздар – аспан денелерінің (жұлдыздар, планеталар, т.б.) кейбір ерекше қасиеттері мен таңғажайып көріністерін бейнелейтін халық аңыздары. Қазақ аңыздарына тән ерекше құнды қасиет – шынайы аспан көріністерін поэзиялық түрде бейнелеу. Бұл аңыздардың басым көпшілігі – діни нанымдарынан аулақ нағыз халық шығармалары. Шөбі шүйгін шырайлы жер іздеп, ен даланы сыпыра көшкен халық, көктегі самсаған шырақтардың ішінен батырларды, мергендерді, қарақшыларды, сұлу бикештерді, сәйгүлік аттарды тауып, қиялмен қиыстырып сюжет ойлап, оларды аңыздарға арқау еткен. Аспанның солтүстік жартысындағы жұлдыздардың тәуліктік көрінерлік қозғалысы Жетіқарақшы аңызына арқау болды. Темірқазық – қозғалмайтын полярлық жұлдыз. Құрамындағы жұлдыздардың кейбіреулері шұбатылған арқан тәрізді, ал екіншілері арқандаулы атқа ұқсас. Олар Темірқазықты үнемі айнала қозғалады. Бұлардың сыртын ала, арқандаулы аттарды торуылдап, Жетіқарақшы айналады. Көкжиектен төмен түспей түні бойы айналып жүретін бұл жеті жұлдыздың қозғалысы, күндіз тасаланып, түнде ұйқтамай, қолайлы сәтті күтетін ұрының әрекетіне ұқсайды. Аңыз желісі бойынша Жетіқарақшы – Қырыққарақшының (сол маңдағы майда жұлдыздар) барлаушысы. Олар Вега мен Капелла жұлдыздарындағы батырлардың аттарын (Ақбозат пен Көкбозат) қолға түсіріп алмақшы. Шынында да Вега мен Капелла – аспанның Солтүстік жарты шарындағы көзге түсетін батырларға лайық жарық жұлдыздар. Жетіқарақшының топ басшысы қыранқарақшы (Мицар) Үркердің қызы Үлпілдекті (Алькор) мінгестіріп алған. Үркер Жетіқарақшыдан үнемі қашып жүреді. Өйткені егер Жетіқарақшы Ақбозат пен Көкбозатты ұстап мінсе, Үркердің Сүлусарысын (Альдебаран) ұрламақшы. Бұл аңыздан көшпелі ел тұрмысының сарыны байқалады. Ежелден белгілі Үшарқар-Таразы шоқжұлдызы жөніндегі бір аңыз Маралбай есімді аңшының тағдырын суреттейді. Ол биік шың басындағы жартаста тұрған үш арқарға оқ атып барып аяғы сәл тайып кетеді. Алтындалған жалпақ белдігі үшкіл тастың біріне оралып қалады. Мерген сол белдіктен ұстап қайта шығады. Белдігін қайта тағып, жоғары қарағанда таудан да биіктей қашып, аспанға шығып кеткен үш арқарды, атылған мылтығынан шыққан көк түтінді көріп санын соғады. Содан бастап ол үш арқар түн мезгілінде көктен шоқжұлдыз болып көрінетін болыпты. Бүркіт шоқжұлдызын да қазақ халқы ерте аңғарған. Бір аңызда аңшы жігіт арқардың киелі құлжасын (қошқарын) атамын деп өзі қапыда терең құзға құлайды. Сол замат томағасы сыпырылған Бүркіт ұшып шығып, қос қанатын жігіттің астына тосады, шама-шарқы келгенше демеп, құз түбіне жете бере тайқып ұшып, қайта көкке көтеріліп кетеді. Жігіт тасқа соғылмай, қатты құламай аман қалады. Бүркіт жігітті елдегілер қашан тауып, шыңыраудан шығарып алғанша қоян, құс әкеліп тастап тұрады. Кейіннен ол Бүркіт әлдекімдердің оғына ұшырайды. Жігіт қатты қайғырады, жоқ Бүркітін көктен іздейді. Дәл соған ұқсаған шоқжұлдызға Бүркіт атын береді. Торпақтағы Сұлусарының өзі жөніндегі аңызда өжет жігіттің өз махаббаты үшін күресіп, патшаны жеңіп, сүйгеніне қосылғаны айтылады. Келесі аңызда Қарақұрт баланы ажалдан құтқарады. Тұманда адасып, қойды тас ығына иіріп, өзі шағын тас інге тығылған баланы жемекке ұмтылған көкжал қасқырдың тұмсығын қарақұрт шағады. Бала да, қой да аман қалады. Ел көктегі бес жұлдызды оның құрметіне Қарақұрт шоқжұлдыз деп атайды. Аққу шоқжұлдызы аңызында Шынболат есімді жігіт өзінің сүйіктісі Айгүл екеуінің махаббатына дәнекер болған Аққуды атқан адамды жазалап, өлген Аққудың ақ бейнесін қиялмен көкке шығарады. Тазылар шоқжұлдызы жайлы аңызда тұманды күні әлдеқандай дыбысқа қарай айтақтап жіберіп, өзі тауда мерт болған аңшы тазыларының көкке шығып кетіп, жұлдыздарға айналғаны жөнінде баяндалады. Күн сияқты жылт етіп көкжиектен шыға келгенде қой үрке жөнелетін Сүмбіле жұлдызы аңшылық аңыз әңгімелерде жиі кездеседі. Ғылым тілінде Арыстан аталатын Қамбар шоқжұлдызының айбарлы арыстан сияқты пішінін елестетеді халық. Ертеректегі қазақ жұлдызшылары Күн жолындағы зодиактік он екі шоқжұлдыздың бірі – Тоқтыға ереше назар аударған. Күн шоқжұлдызға жерде көк шығып, мал жайыла бастағанда келіп жететін болғандықтан Тоқты делінген. Одан екі жарық жұлдыз көзге бірден шалынады. Күндізгі іңірде шайдай ашық аспанға қарағанда бозарған қылаң жолақ – Құс жолын көреміз. Қазақ аңызында бұл ғаламат тамаша ақ жолақ алланың ақ жолы деп айтылады. Бір дана кісіге алла сол жолымен келіп, «Адам қай кезде де адамның ақ жолын кеспей жүрсін деп жұлдыздардан осы жолды салдық» деп тіл қатыпты делінеді. Күн мен Ай аңызда егіз туған ғажайып сұлу қыздар екен. Әсіресе, Ай сұлуырақ болғандықтан Күн қызғанып, оның бетін тырнап алса керек. Ай Күннен шалғайда жүргенде, Күнді ерегістіріп, толық Ай түрінде анық көрінсе, Күнге жақындағанда, тағы тырнап ала ма деп бетін бүркеп жасырады. Шолпан аңызда емші қыз болып айтылады. Әрі мейлінше сұлу. Ол бар ғұмырын ауру-сырқауларды емдеп, жазуға арнамақшы болады. Бірақ оның бұл ойы жүзеге аспай қалады: өзі сұлу, өзі ақылды емші қызға жігіттер бірінен соң бірі сөз айтып, ақыры оның соңы үлкен дау-жанжалға айналады. Ел арасында іріткі туа бастайды. Мұның бәрі өзінің сұлулығы мен ақылдылығына байланысты болғанын сезген қыз елден алысқа кетіп, халыққа нұрын биіктен шашқысы келеді. Сөйтіп, таң қылаң бере ол аспанға ұшып шығып, таң жұлдызына айналады. Халық оны Шолпан жұлдызы деп атап кетеді. Қызыл планета – Марсты қазақ шарт аяздың хабаршысы деп есептеген. Өйткені ол шарықтағанда суық күшейетін болған. Қызыл шұнақ аязбен бірге шығыстан қызыл оттай жұлдыз көтеріледі. Текке көтерілмей өңменнен өтетін аязын әкеледі. Күн жүйеміздегі алып ғаламшар Юпитер аңызда асқақ жұлдыз. Өзін мейлінше асқақ ұстайтын Асқар есімді жігіт тауда оңаша тұрады. Кейіннен далада адасып қалған Гүлдана есімді қызбен танысып, оның әке-шешесінің рұқсатымен жанұя құрады. Сол оңаша патшалықта он алты перзент сүйеді. Бірақ Гүлданадан кезінде айырылып қалған Қожабай есімді бай жігіт ұмыта алмай, бірде үйін тауып барып, ауласында Гүлдананы пышақтап өлтіреді. Асқар онан ақысын алады. Бірақ қайғы шыдатпайды. Он алты перзент шүпірлеп жанында қалады. Елден, жерден бөлек кету үшін ол аллаға күні-түні жалбарынып, көктен орын сұрайды. Өз алдына жеке патшалық құрғысы келеді. Алла ол тілегін қабыл алып, аспанға шығарып, бір бөлек жұлдыз жүйесі етеді. Жігіт алып ғаламшарға, перзенттері он алты серігіне айналады. Құйрықты жұлдыз аңызда белгілі бір мерзімде Күнге жақындап, жеріміздегі күллі тіршілікті бақылап, адамзаттың тілеуін тілеуші, алланың көмекшісі, ақ сақалы тұла бойына шұбатылған қарт болып айтылады. Көктен кенеттен көзге шалынатын Ақпа жұлдыздарды көргенде «Өз жұлдызым жоғары болсын» деп бата жаса дейтін наным оны киелі деп санайтын ырымнан туған. Атасу қонысы. Атасу қонысы – қола дәуірінен сақталған біздің заманымыздан бұрын 14 –12 ғасырлардағы ірі елді мекен орны. Қарағанды облысы Шет ауданы Қызылтау ауылының оңтүстік-шығысында 35 км жерде, Атасу өзеніне құятын Мыңбай сайының бойында орналасқан. Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы 1952 ж. (жетекшісі Әлкей Марғұлан), 1975 – 82 ж. (жетекшілері Мир Қадырбаев, Жолдасбек Құрманқұлов) зерттеген. Атасу қонысында 27 үй мен қораның орны бар. Ол жерден 3 төртбұрышты, дөңгелек пішінді 12 ғимарат және мыс балқытуға арналған 7 шеберхана орны табылды. Үлкен үйлер екіге бөлінген. Бір жағы – тұрғын үй, екінші бөлігі – шеберхана. Атасу қонысы орталығында ғибадатхана болған. Үйлер арасынан ішін таспен шегендеген құдықтар, көзе ыдыстар күйдіретін пештер ашылды. Атасу қонысы тұрғындары негізінен мыс балқытып, қоладан бұйым құю, мал бағу, егін егу, аң аулаумен айналысқан. Қола дәуірінің соңғы кезеңінде өмір сүрген тұрғындарының үйлері шошала сияқты дөңгелек, құрастыруға оңай болған. Олар да қолдан сайман жасаған, негізінен мал шаруашылығымен айналысқан. Атасу қонысынан кен үгіп, мыс балқытып, құюға арналған құрал-саймандар мен қалыптар, топырақ қопсытатын тас кетпен, түрен, тастан, қоладан, сүйектен жасаған жебе ұштары, өрнек салынған саз ыдыстар, мал сүйектері, саз ыдыстар бетін тегістейтін, өрнек салатын құралдар, қола пышақтар, орақ, сүңгі, т.б. көптеген бұйымдар табылды. Атасу тас қорғаны. Атасу тас қорғаны – 18 ғасырда салынған бекініс орны. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Айшырақ елді мекенінен солтүстік шығысқа қарай 10 км жерде, Атасу өзеніне құятын Талас өзенінің оң жағасында орналасқан. 1997 ж. Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі Жолдасбек Құрманқұлов) зерттеген. Бекініс доғаша иілген, ортасы тегіс, табиғи төбе үстіне салынған. Пішіні төртбұрышты. Қамал қабырғалары тастан қаланған. Оның бұрыштарында 2 – 4 мұнара орындары сақталған. Қазіргі кездегі қабырғалардың биіктігі 0,3 – 1 м, қалыңдығы 4 – 6 м. Әр қабырғасының ұзындығы 400 – 600 м. Қамалдың оңтүстік жағы тегіс, биіктігі 2 м-ден асады, топырақ дуалмен қоршалған. Дуалға топырақты сыртқы іргесінен алып, терең әрі кең ор жасаған. Қақпасы оңтүстік-батыс жағында. Оған қатарластыра қорған ішінде ортасынан қақпа қалдырып, екінші дуал үйген. Дуалдар арасында, қорған ішінде үй орындары жоқ. Соған қарағанда мұнда киіз үйлер мен шатырлар тігілген. Халық арасында оны Кенесары қорғаны деп те атайды. Осы жерден 55 км қашықтықта орыстар салған Ақтау бекінісі орналасқан. Атбасар сыртқы округі. Атбасар сыртқы округі – Ресей үкіметінің «Сібір қазақтары туралы Ережесі» (22.7.1822) негізінде қазақ даласында құрылған (1859) әкімшілік-территориялық бөлік. Батыс Сібір губернаторлығы территориясында ашылған ең соңғы (8) округ. Қазақ даласын отарлауды одан әрі тереңдете түсу үшін Аманқарағай округінің дуаны Құсмұрын көлінің жағасына көшіріліп, ол Құсмұрын округі деп аталған болатын. Құсмұрын дуаны Омбыдан 900, өзінің шеткі болыстары мен басқа округ дуандарынан 600 – 800 км қашықтықта жатты. Мұндай жағдайда даланы басқару қолайсыз болғандықтан он жылдан астам уақыттан кейін Омбы облыстық басқармасы округ дуанын Атбасарға көшіруге шешім қабылдады. Атбасар сыртқы округі 1859 жылы ашылды. Құрамына Қызылтас, Қоқан, Жырық, Бекназар, Қарабала, т.б. болыстар енді. Ресей императоры қол қойған «Далалық облыстарды басқару туралы Ереже» (21.10.1868) бойынша округтер таратылғанда бұл болыстар жаңадан құрылған Ақмола облысының құрамына қосылды. Атбасар жәрмеңкесі. Атбасар жәрмеңкесі – 19 ғасырдың ақыры мен 20 ғасырдың басында Атбасар қаласының маңында жыл сайын өткізілген дәстүрлі жазғы жәрмеңке. Ежелгі керуен жолында орналасқан, қазақтар мен Ташкент, Бұхара көпестерінің сауда орталығына айналған бұл жәрмеңкеде фабрика-зауыт өнімдері мал шаруашылығы өнімдеріне айырбасталған. Атмосферадағы айналым. Атмосферадағы айналым – Жер шарын қоршап тұрған бүкіл ауа қабатының қозғалыс жүйесі, яғни ауа массасының көлденең және тік бағытта алмасуына себепкер болатын негізгі ауа ағындарының жиынтығы. Жердің тәуліктік айналуы, Күн сәулесі энергиясының (радиациясының) жер бетіне біркелкі таралмауы, мұхиттар мен құрлықтардың өзара орналасуы, құрлық бетінің бедері, т.б. атмосферадағы айналымды тудырады. Айналым жылы және салқын ауа массаларын араластырып, ылғал тасымалдайды, нәтижесінде ауа райы өзгереді. Тропосфера қабатында оған циклон және антициклонмен тығыз байланысты пассаттар мен муссондар, тропосфераның жоғарғы қабаты мен стратосфераның ауа ағыны өте қатты жүретін төменгі қабаттары жатады. Атмосферадағы айналым бірнеше ірі көлемдегі ауа қозғалыстарын қамтиды, соның ішінде ең ірісі – ауа массасының батыс тасымалы. Сонымен қатар, атмосферада кіші көлемді жергілікті ауа айналымдары (бриз, бора, фен және тау аңғарлық желдер) мен күшті құйындар (тромб, торнадо, қарадауыл) да байқалады. Атмосферадағы айналымды синоптикалық, статистикалық және гидродинамикалық әдістермен зерттейді. Бактериялық сілтісіздендіру. Бактериялық сілтісіздендіру, бактериялық шаймалау – кентастар құрамындағы бағалы кендерді (уран, мыс, алтын, т.б.) микроорганизмдер көмегімен ерітінділеп алу әдісі. Металдарды бактериялық сілтісіздендіру арқылы бөліп алу әдісімен өндіру 16 ғасырдан белгілі болған. Бірақ ол кезде бактериялардың металдарды сілтісіздендірудегі рөлі белгісіз болды. 1947 ж. американың микробиологтары Холмер мен Хинкелл кеніш суында бұрын белгісіз Thіobacіllus T. ferrooxіdans бактериясының бар екенін анықтады және оның сульфидті минералдардың барлық түрін, күкіртті, темірді, сондай-ақ Сu+, Se2-, Sb3+, U4+ элементтерін қышқылдығы (рН) 1,0 – 4,8, температурасы 5 – 35Ә болатын ортада тотықтыра алатынын дәлелдеді. Бұл бактериялардың 1 г кендегі, немесе 1 мл кен суындағы мөлшері 1 млн-нан 1 млрд-қа дейін болады. 1958 ж. АҚШ-та мысты T. ferroоxіdans бактериясымен сілтісіздендіру әдісі патенттелді. КСРО-да бұл жөніндегі зерттеулер 20 ғасырдың 50-жылдарында басталды. Оның нәтижесінде зерттеушілер сульфидті минералдарды, темірді, күкіртті тотықтыратын бактериялардың жаңа (Leptospіrіllum L. ferrooxіdans, Thіobacіllus organopatus, Thіobacіllus thіooхіdans, т.б.) түрлерін ашты. Түсті металдарды кеннен бактериялық сілтісіздендіру әдісімен алуда бактериялардың тиондық түрі – T. ferrooхіdans көбірек қолданылады. Бактериялық сілтісіздендіру процесін жылдамдату үшін кенді ұнтақтап немесе кен үгіндісін (концентратын) жете араластырып, алынған қойыртпақты аэраттап және бактериялардың әрекетке жарамдылығы толық сақталатындай температура мен қышқылдылықты (рН-ты 1,5 – 2,5 шамада) біркелкі ұстау қажет. Бұл жағдайда 1 мл концентраттағы бактерия клеткаларының саны 109–1010 жетеді. Бір сағат ішінде, осындай мыс концентратынан 0,7 г/л, мырыштан 1,3 г/л; қалайыдан 0,2 г/л өнім ерітіндіге түседі. Қалайы мен алтыны бар үгіндіден 70 — 80 сағат ішінде 90% пайдалы кенді (металды) бөліп алуға болады. Бактериялар сульфидтерді жүздеген, мыңдаған есе тез тотықтырады, ал екі валентті темірдің (Fe2+) тотығуын химиялық әдіске қарағанда 2Һ105 есе жылдамдатады. Ашық әдіс үш валентті (Fe3+) темір және бактериясы бар әлсіздеу күкірт қышқылының (H2SO4) судағы ерітіндісін үйіндідегі кенге шашыратып себу арқылы іске асырылады. Жер астылық әдісте ерітінді айдау ұңғымасы арқылы кенге жеткізіледі, ал құрамында металы бар ерітінді ұңғыма арқылы жер бетіне шығарылып, гидрометаллургия зауытына жіберіледі. Бактериялық сілтісіздендіру әдісімен алған металдың өзіндік құны химиялық сілтісіздендірумен салыстырғанда бір жарым – екі есе төмен болады. Бактериялық сілтісіздендіру әдісі Қазақстанда алғаш рет Қоңырат, Николаев кеніштерінде қолданылды. Балық өңдеу. Балық өңдеу – балықты сақтау және балықтан дайын өнім алу жұмыстарының жиынтығы. Өңделген балықтың дәмдік, тағамдық қасиеттері жақсарады, сақтау мерзімі ұзарады әрі тасымалдауға да қолайлы болады. Балық өңдеудің кең тараған әдісі – оны тоңазыту, суықта сақтау және мұз етіп қатыру. Балықты тоңазыту үшін көбіне мұз қолданылады, контейнердің ішіне балықтарды қаз-қатарымен қойып, арасына ұсақталған мұз (балық массасының 30 – 40%-ы) салады. Тоңазытылған балықтың дене температурасы –1 – 5ӘС болады. Мұндай күйде балықты сегіз – он бір тәулік сақтауға болады. Ұзақ мерзімге (4 айға дейін) сақтау үшін балықты арнаулы тоңазытқыштарда –18 – 40ӘС температурада мұз етіп қатырады. Балықтың дәмдік, тағамдық қасиеттерін жақсарту үшін тұздау, кептіру, қақтау, ыстау, консервілеу сияқты балық өңдеу тәсілдері қолданылады. Тұздау – балық өңдеудің ежелден келе жатқан, кең тараған әдісі. Тұз мөлшері балық етінде 10 – 15%-ға жету керек, мұндай жағдайда шіріткіш микроорганизмдердің өсіп-өнуі тоқтағанымен, балықты сақтау үшін қосымша антисептикалық заттар мен салқын температура қажет. Ыстау – тұздалған балықты 40ӘС-тан аспайтын температурада түтінмен өңдеу әдісі. Ыстау барысында балық кебеді, түтін балық етінің терең қабатына дейін сіңеді. Ыстауға көбіне арша, қарағай, емен, жаңғақ ағаштарының жаңқаларының түтіні қолданылады. Кептіру – тұздалған балықты одан әрі өңдеу әдісі. Балықты табиғи жағдайда немесе арнайы кептіргіш қондырғыларда кептіреді. Балықты консервілеу – балыққа томатты тұздық қосып немесе майға араластырып, қаңылтыр қалбырда ұзақ мерзім сақталатын дайын тағам алу әдісі. Балықтан жасалған консерві құрамында белок, май, кальций, фосфор, А, В, С, Д витаминдері бар. Консервілеу процестерінің қалдықтарынан жануарлар жеміне қосылатын балық ұны жасалады. Қазақстанда балық өңдейтін Атырау және Балқаш балық комбинаттары бар. Балық өсіру. Балық өсіру – балық шаруашылығының балықтарды жерсіндіретін, олардың жаңа тұқымын шығаратын, қоректендіретін, судағы қорын молайтып, сапасын арттыратын саласы. Балық негізінен табиғи сулар мен тоғандарда өсіріледі. Табиғи суда балық өсіру – өзен, көл, су қоймалары мен теңіздердегі балық түрлерінің сапасын арттыруға және оның қорын молайтуға бағытталған. Адамның іс-әрекетінің нәтижесінде (мысалы, су құрылыстарының салынуы, судың ластануы, т.б.) табиғи сулардағы балықтардың өсіп-өнуі нашарлап, тіпті кейбір түрлерінің жойылуына апарып соқты, сондықтан олардың өсіп-өнуін қамтамасыз ету, сапалы балық түрлерін көбейту сияқты жұмыстардың қажеті туды. Адам әрекетінің кері ықпалы, әсіресе, жартылай өткінші (көксерке, тыран, сазан, торта, т.б.) және өткінші балықтарға (бекіре тәрізділердің, албырттардың көпшілігі, т.б.) қатты тиді. Жартылай өткінші балықтар көлдерде, өзендерде және оның сағасында, ал өткінші балықтар теңіздерде тіршілік етіп, уылдырығын шашу үшін өзен арнасымен жоғары өрлейді. Балықтардың өрлеу жолында кездесетін кедергілер жойылады; мысалы, жыртқыш балықтар ауланады, жыртқыш сүтқоректілер мен құстар үркітіледі, уылдырық шашатын балықтарды аулау уақытша тоқтатылады. Сондай-ақ суда балық жемінің мол болуы мен судың тазалығы қадағаланады. Балық уылдырық шашатын жерлер табиғи қалпында сақталуы керек. Көктемгі су тасқынынан өзен жайылымдарында майда шабақтардың біразы қалып қояды да, су тартылғаннан кейін қырылып қалады. Мұны болдырмау үшін арнайы канал қазылып, шабақтар өзен-көлдерге ағызылады немесе шабақтар ауланып, өзенге қолдан жіберіледі. Кәсіптік маңызы бар балық түрлерінің әр түрлі себептерден табиғи көбеюі жоғары деңгейде болмаса, олардың шабағы қолдан өсіріліп, есейген соң, табиғи суға жіберіледі. Балық ауланатын сулардағы ихтиофаунаның сапасын арттыру үшін кәсіптік маңызы бар балық түрлерін жерсіндіреді. Мысалы, кезінде Каспийге Қара теңізден кефал, Аралға Балтық теңізінен салака, Қара теңізден камбала, Аралдан Балқаш көліне арал бекіресі мен қаязы, т.б. әкелінген. Тоғанда балық өсіру, арнайы қазылған су қоймаларында жүргізіледі, сондықтан мұндағы балықтар ұрықтануынан бастап үлкейгенге дейін адамның бақылауында болады. Тоған шаруашылықтарында ежелгі тұқыдан басқа көптеген балық түрлері (ақ амур, дөңмаңдай, табан, оңғақ, бахтах (форель), бестер, т.б.) өсіріледі. Балықтарды қоректендіру үшін құрама азық қолданылады. Қазақстанда жалпы аумағы үш мың гектардай тоғыз тоған шаруашылығы (Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қызылорда облысында), он үш питомник және бірнеше арнаулы шаруашылықтар (Атыраудағы бекіре шабағын өсіретін шаруашылық, т.б.) бар. Бес қару. Бес қару –" қазақ батырлары қолданған жауынгерлік қарулардың жалпы атауы." Оған соғыста кесу, шабу, түйреу, соғу, ату арқылы жауына жарақат салатын, өзіндік қолдану әдісі бар қылыш, айбалта, найза, шоқпар, жақ (садақ) сияқты қарулар жатады. Әр қарудың өзінің бірнеше түрлері, үлгілері бар. Мысалы, кесу қаруына қылыш, семсер, сапы, т.б. үлгілері; шабу қаруына – айбалта, жауынгерлік балта, оның өзге де түрлері; түйреу қаруына – найза, сүңгі; соғу қаруына – шоқпар, күрзі, босмойын шоқпар, т.б.; ату қаруына – жақ, кейін шыққан мылтық түрлері жатқызылады. Бес қару қасиетті, киелі саналып, оларды қастерлеу нәтижесінде көптеген әскери салт-дәстүрлер қалыптасты. Бетон құралымдар мен бұйымдар. Бетон құралымдар мен бұйымдар – үйлердің, ғимараттардың және құрылыстардың бетоннан жасалған арматурасыз не жеңіл арматураланған құралымдық элементтері. Бетонның созылу беріктігі аз болғандықтан, бетон құралымдар мен бұйымдар, көбінесе, сығушы күштер түсетін жерлерде қолданылады. Бетон құралымдар мен бұйымдардың кең тараған түрлеріне: іргетастар, тастар мен қабырғалық блоктар, гидротехникалық құрылыстар, бағандар, күмбездер, көпірлік тіректер, жол және тротуар төсеніштері, т.б. жатады. Ал құралымға созу күші түсетін жағдайда бетон құралымдар мен бұйымдарға болат арматура қосылады. Бетон мен арматура қосылып жасалған құралымды темір-бетон құралымдар дейді. Зауыттарда дайындалатын бірдей стандарт элементтерден (іргетастық және қабырғалық блоктар мен тастар, т.б.) құралған құрама бетон құралымдарды құрылыстарда пайдалану өте тиімді болып есептеледі. Ірі құрылыстар мен ғимараттардың (мысалы, бөгеттің, ірі іргетастың, сүйеме қабырғаның) құралымы әдетте тұтас бетоннан жасалады. Бетон құралымдар мен бұйымдарының көпшілігі жоғары механикаландырылған және автоматтандырылған кәсіпорындарда дайындалады да құрылыс алаңына арнайы автокөлік түрлерімен жеткізіледі. Бор қағидалары. Бор қағидалары, Бор постулаттары – даниялық физик Нильс Бордың атомның орнықты (стационар) күйін және спектрлік заңдылықтарын түсіндіруге арналған негізгі болжамдары (1913). Бірінші қағида немесе орнықты күйлер қағидасы: атомдағы электрондар кез келген энергиясы бар орбиталармен емес, тек белгілі бір энергиясы бар орбиталар бойымен қозғалады. Оларды орнықты орбиталар деп атайды. Орнықты орбиталардың энергиясы тек белгілі бір дискретті (үзікті) мәндерді ғана иеленеді. Электрондар мұндай орнықты орбита бойымен қозғалып жүргенде сәуле шығармайды. Екінші қағида немесе сәуле шығарудың жиіліктік шарты: атом бір орнықты күйден екінші бір сондай күйге ауысқанда ғана жарықтың бір фотонын жұтады не шығарады. Шығарылған не жұтылған фотонның энергиясы (һν) екі орнықты күй энергияларының (Е1 және Е2) айырымына тең (һν = Е1 – Е2, мұндағы ν – шығарылған не жұтылған сәуле фотонының жиілігі, һ – Планк тұрақтысы). Осы қағидалар негізінде құрылған Бор теориясы тек сутек және сутек тәріздес атомдардың құрылысын түсіндіруге қолданылады. Бор қағидалары классикалық физика заңдылықтарына толығымен қайшы келеді. Бұл қағидалар – микродүние қасиеттерін түсіндіру үшін табылған алғашқы тұжырымдар. Атом құрылысы кванттық механика арқылы ғана толық түсіндіріледі. Қайнар. Қайнар – жер қойнауындағы терең қабаттардан тектоникалық жарықтар арқылы жер бетіне табиғи жолмен шығып жатқан арынды жер асты су көзі; арынды бұлақ. Қайнар суының өнімділігі жыл маусымдарының барлық кезінде, негізінен, тұрақты болып келеді. Жазық жерлерде – өзен аңғарлары мен қыраттар беткейінде оның тәуліктік су өнімділігі көбінесе ондаған текше метрден аспаса, тау бөктерлерінде, тауаралық ойыстарда жүздеген, мыңдаған, биік таулы аймақтарда одан да мол болады. Әктасты таулы өлкелерде кейбір арынды бұлақтардың тәуліктік өнімділігі бірнеше миллион текше метрге жетеді. Қазақстанда мұндай мол өнімді арынды бұлақтар Қаратау (Оңтүстік Қазақстан) мен Ерейментауда (Орталық Қазақстан) кездеседі. Олардан өзендер бастау алады, ауыз су алынады, жер суарылады, мал жайылымдары суландырылады. Қайнар бастау алып шығып жатқан қабаттардың тереңдігіне қарай жылы және ыстық, ал жанартаулы өңірлерде (Ресейдегі Камчаткада, Куриль аралдарында, т.б.) тіпті ыстық бұлақ сулары жер бетіне шығып жатады. Мұндай ыстық арынды сулар – жылу мен энергия қуатын алуға пайдаланылады. Таулы аймақтардағы (Жетісу мен Іле Алатауларында, Алтайда, т.б. өңірлерде) табиғи газға, денсаулыққа пайдалы аз мөлшерлі химиялық элементтерге қанық жылы, ыстық сулы қайнар бұлақ сулары санаторий, курорттарда қолданылады. Каспий бойындағы кейбір тұзды бұлақтардан ас тұзы өндіріледі. Бүркітшілік. Бүркітшілік – бүркітті баулып, онымен аң аулау кәсібі, саятшылықтың бір түрі. Бұл кәсіппен ертеде көшпелі түркі тектес халықтар шұғылданған. Тарихи деректер бойынша Жошы ханның 3 мың бүркітшісі болған. Бүркітті екі түрлі жолмен ұстайды: біріншісі – балапанын ұядан алып, қолдан баулу. Ондай бүркітті қолбала дейді. Екіншісі – бүркітті тағы күйінде ұстап үйрету. Бұлар – тірнек, тастүлек, мұзбалақ сияқты түз құстары. Бүркіт балапанын жем беру арқылы баулиды. Тұғырға отыруға жарасымен томаға кигізіп, балақ бау тағып, қолға қондыра бастайды. Ұшуға жараған кезде етке қант бүркіп, қоян, түлкі, қарсақ сияқты аңдардың терісіне орап, шыжым жіппен сүйретіп жүріп жегізеді, мұны «шырға тарту» дейді. Алдымен жас бөлтірік, көжек, түлкінің күшігі сияқты әлсіз аңдарды тірідей шоқытып ауыздандырады. Бұл – құсты «аңға баулу» деп аталады. Ал түз құсын ең алдымен томағалайды да, ырғаққа отырғызады. Ұйқыдан қалжыраған бүркіт бірте-бірте адамның ыңғайына көне бастайды, сол кезде қолдан жем беріп, дыбыс шығарып, басынан, қанат қырынан, арқасынан, жемсауынан сылап-сипап үйретеді. Түз құстарын елу – алпыс күннен кейін ұшырып, ұсақ аңға салады. Бүркіт біршама қоңды, жемге шабытты, сергек күйде болу керек. Сондықтан әр бүркіттің тегіне, қырандығына, жасына қарай әр жағдайда берілетін жемдері болады. Мысалы, «қан соқта», «жылы жұмсақ», «қызыл», «тоят» деп аталатын жемдер семірту мен түлекке отырғызғанда, құстың еті төмендеп кеткенде беріледі. «Тартпа», «толарсақ» дейтін жемдер бүркітті ширықтыру үшін берілсе, «сарбөртпе» (туралған ет бір – екі рет суға шайылады) құстың етін бір қалыпты ұстау үшін, «ақ жем» (суға сығымдап, қан-сөлі алынған, туралған ет) құстың етін төмендету және ашқарақтануы үшін беріледі. Бүркітшінің түлекті осындай түрлі жеммен баптауын «қайыру» дейді. Наурыз, көкек айларынан бастап, бүркітші құсты тойғыза жемдеп түлекке отырғызады. Ол бүркіт алатын аңдардың жатағын, өрісін, ізін танып, білетін байқампаз да болады. Аңға шығарғанда бүркітшінің жанында аяқ бау, балақ бау, тұғыр, балдақ, томаға, сапты аяқ, биялай, жеңсе бұрау (түлкі бұрайтын айыр бас шыбық), жем қалта, шыжым, пышақ, ине, тарамыс, бөлеу (бүркіт бесігі) сияқты қажетті жабдықтары болады. Бүркітші саятшылыққа бірнеше кісімен шықса, оны салбурынға шығу дейді. Салбурын. Салбурын – аңшы, саятшылардың топталып, бірнеше күнге аң аулауға шығуы, яғни топтық аң аулау. Салбурын аңшылардың мерекесі тәрізді, негізінен қыс мезгілінде өтеді. Мұнда ауланған аң бәріне бірдей тең бөлінеді. Ауыл ақсақалдарының үлесі бөлек есептеледі. Салбурын аңшылардың ерлігі мен ептілігін, азаматтығын сынайтын жол. Аңшылардың қысты күні күтетін сәті – сонар. Қансонарда қыстың тынық күні ұлпа қар жерге түскен кезде аңның ізі тайға таңба басқандай анық көрініп жатады. Аңшылар осындай сонарда салбурынға шығады да, ізіне түскен аңды қаумалап жүріп, соғып алады. Салбурын кезінде інінде, апанында тығылып жатқан аңды аңшылар дабыл қағып, айғайлап, қиқулап, ит қосып үркітіп шығарады. Витамин жетіспеушілік. Витамин жетіспеушілік, авитаминоз – күнделікті ішетін тағамда витаминдердің жетіспеуінен, олардың бойға сіңуінің бұзылуынан не витамин синтезделуінің тежелуінен туатын аурулар. Егер адам үнемі витамині аз, бірыңғай тағаммен (консервіленген, кептірілген, рафинадталған) тамақтанса, организмге, негізінен көмірсулар (қант, т.б.) ғана түсіп, белок пен майлар аз түссе, ал көкөніс пен жеміс-жидектер мүлдем болмаса витамин жетіспеушілік дамиды. Сондай-ақ азық-түлік дұрыс сақталмаса немесе олардан сапасыз тағам дайындалса, азық-түлік құрамындағы витаминдер бұзылады. Мысалы, құрамында никотин қышқылы (РР витамині) аз дәнді дақылдармен ғана қоректену пеллагра ауруына, ал қауызы алынған күрішпен және өте ұнтақталған бидай ұнынан жасалған нанмен ғана тамақтану бери-бери сырқатына әкелуі мүмкін. Тағамда витаминдердің жеткіліксіз болуы, адам организмін әлсіретеді. Мұндай жағдайды гиповитаминоз деп атайды. Оған ауа райының қолайсыз жағдайы, ауасы лас жерде ұзақ уақыт жұмыс істеу, сондай-ақ гастрит, асқазан ісігі, гельминтоз, лямблиоз, т.б. аурулар себеп болады. Витамин жетіспеушілік болғанда организмде зат алмасу процесі бұзылып, оның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті нашарлайды. Сондай-ақ, адамның көңіл-күйі күйзеліске ұшырағанда, ауа-райының құбылмалы кезеңдерінде, әйелдердің жүктілігі не сәбиін емізуі, т.б. жағдайларда организмде витамин жетіспеушілік артады. Мұндай жағдайда дәрігерге қаралып, арнаулы витаминдер қабылдап, көкөніс пен жемістерді көбірек пайдалану қажет. Витамин жетіспеушілік және гиповитаминоз жануарларда да болады. Мал авитаминозбен, көбінесе көктемде ауырады. Витамин жетіспеушіліктен аналық мал қысыр қалады, төл нашар өседі. Мысалы, В витамині жетіспеген жағдайда құс полиневритпен, шошқа пеллаграмен ауырады. D витамині жетіспесе, төл қатпа болады, ірі мал сүйек ауруына шалдығады. Вольфрам кентастары. Вольфрам кентастары – вольфрам алынатын табиғи шикізат. Негізгі минералдары: вольфрамит, шеелит, гюбнерит. Сондай-ақ вольфрам кентастарында молибден, қалайы, бериллий, мыс, висмут, кейде сурьма, сынап, алтын, күміс, мышьяк, күкірт, тантал, ниобий, скандий кездеседі. Қоспа компоненттердің басым көпшілігі байыту барысында коллективтік және селективтік концентраттарға бөлінеді. Вольфрам кентастары түзілуіне байланысты эндогендік және экзогендік болып бөлінеді. Эндогенді кентастардың генетикалық типтері пегматиттік, скарндық, грейзендік және гидротермальдік болып үш кентастық формацияға бірігеді: қалайы-вольфрамды, молибден-вольфрамды және полиметалл-вольфрамды. Пегматиттерде вольфрамит пен шеелит сирек кездеседі, олар касситерит, берилл, сподумен және тантал-ниобаттар өндірілгенде бірге алынады. Скарнды-шеелит кентастары плита тәрізді қабаттар немесе линза және түтік тәрізді денелер түрінде кездеседі. Грейзенді-вольфрамды кентастар граниттік интрузивтердің шет жақтарымен тығыз байланыста түзіледі. Кен денелері бағана тәрізді және түрлі пішінді штокверктер түрінде кездеседі. Қазақстанда вольфрамның ірі кен орындары Сарыарқада, Таулы Алтайда, (Қалба, Нарын), Бұғытыда ашылған. Газ тәрізді күй. Газ тәрізді күй – заттардың (жұлдызаралық заттар, тұмандықтар, жұлдыздар, планеталардың атмосферасы, т.б.) ғаламдағы ең көп таралған күйі. Химиялық қасиеттері бойынша газдар және олардың қоспалары (активтілігі аз инертті газдар мен қопарылғыш газдар қоспасына дейін) сан алуан болып келеді. Газға атомдар мен молекулалардан тұратын жүйе ғана емес, кейде басқа бөлшектерден – фотондардан, электрондардан, броундық бөлшектерден, сондай-ақ плазмадан тұратын жүйелер де жатқызылады. Нақты газдар. Нақты (реал) газдар. Газдың тығыздығы артқан сайын оның қасиеттері идеал газ күйінен ауытқи бастайды. Бұл жағдайда соқтығысулардың рөлі артып, молекулалардың мөлшерлері мен олардың өзара әсерлерін ескермеуге болмай қалады. Мұндай газды нақты (реал) газ деп атайды. Газ алмасу. Газ алмасу, биологияда – организм мен оны қоршаған орта арасындағы газ алмасу процесі. Адам мен жануарлар организмі тыныс алу кезінде сыртқы ортадан оттекті сіңіріп, өзінен көмі қышқыл газын және зат алмасу нәтижесінде пайда болатын әр түрлі газ қоспаларын сыртқа шығарады. Газ алмасусыз тірі организмде зат және энергия алмасуы дұрыс жүрмейді. Зат алмасу процесінің нәтижесінде организм сіңірген қоректік заттардың (белок, көмірсу, май) құрамындағы химиялық энергия бөлініп, организмнің тіршілік әрекетіне қажетті энергияға (мысалы, 1 л оттек 4,7 – 5,0 ккал жылу береді) айналады. Организм пайдаланатын оттек пен одан бөлініп шығатын көмір қышқыл газдың мөлшері адамның жасына, тіршілік әрекетіне, атқаратын қызметіне, сыртқы ортаның температурасына және тағамның құрамына байланысты өзгеріп тұрады. Адам жұмыс істегенде, ауа райы салқындағанда, калориялы тамақ ішкенде организмдегі газ алмасу күшейе түседі. Демалыс кезінде, ұйықтағанда газ алмасу төмендейді. Газ алмасу арқылы организмдегі энергия мөлшерін анықтауға болады. Газ алмасу процесі кезінде организм оттекті көп мөлшерде пайдаланса, барлық дене мүшелерінің қызметі артып, тыныс алу және қан айналысы жақсарады, осыған байланысты қанның физикалық-химиялық құрамы да өзгереді. Газ алмасу бір клеткалы қарапайымдыларда, олардың бүтіндей денесі арқылы, көп клеткалы жануарларда арнаулы тыныс мүшелері (кеңірдек, желбезек, өкпе) арқылы жүреді. Өсімдіктердегі газ алмасу жануарлар мен адам организміндегіден өзгеше болады. Тірі организмдер сияқты өсімдіктер де барлық мүшелері арқылы тыныс алады, тыныс алу процесі өсімдіктің өсіп келе жатқан жас мүшелері мен тіндерінде, әсіресе, жапырақтарында күшті, ал сабағы мен тамырында баяу жүреді. Өсімдіктер тыныс алған кезде, керісінше, ауадан көмір қышқыл газ сіңіріліп, оттек бөлінеді. Галактикалар. Галактикалар – біздің Галактикадан тыс орналасқан алып жұлдыздық жүйелер. Олар аспанда Құс жолынан тыс жарық тұман түрінде көрінеді. Сондықтан оларды галактикадан тыс тұмандықтар деп те атайды. Америка астрономы Эдвин Хаббл 20 ғасырдың 20-жылдарында бізге ең жақын Галактика өте әлсіз көптеген жұлдыздардан тұратындығын, оның ішінде цефейлер типтес айнымалы жұлдыздардың болатындығын байқаған. 20 ғасырдың 30-жылдары эллипстік ергежейлі Галактика, ал 60-жылдары көптеген сақина, дискі тәріздес Галактика және алыс орналасқан жинақы Галактика ашылды. Қуатты радиосәуле шығаратын топтасқан галактика N-галактикалар қатарына жатады. Осындай радиосәуленің жұлдыз тәріздес көзі квазарлар деп, ал қуатты радиосәуле шығаратын бұрыштық өлшемі бар Галактика радиогалактикалар деп аталады. Темірқазық маңындағы M 82 бұрыс галактиканы зерттеу нәтижесінде америкалық астрономдар мынадай қорытындыға келді: оның орталығында осыдан бір жарым миллион жыл бұрын жарылыс болған, соның салдарынан ыстық сутек ағыны 1000 км/с жылдамдықпен ұшып шыққан. Бұл жарылыс электрондар ағынын тудырған. Радиосәуленің жылулық табиғатының шығуына осы себеп болған. Астрофизик Виктор Амбарцумянның пікірі бойынша, мұндай жарылыстар қазір де жүріп жатыр. Бұрынғы КСРО-да жасалған Галактика каталогында он бесінші жұлдыздық шамадан жарығырақ отыз мыңдай Галактика бар. Олар барлық аспанның төрттен үш бөлігін қамтиды. Бес метрлік телескоппен жиырма бірінші жұлдыздық шамаға дейінгі бірнеше миллиард Галактикаларды көруге болады. Геном. Геном – хромосомалардың гаплоидты (сыңар) жиынтығында шоғырланған гендердің бірлестігі. Геном (ағылшынша genome, грекше genos – шығу, тек) терминін 1920 ж. неміс биологы Ганс Винклер енгізді. Гаплоидты жиынтық көбінесе жыныс клеткаларына тән, ал сомалық (дене) клеткаларында хромосомалардың диплоидты (екі еселенген) жиынтығы болады. Кейде хромосомалардың саны қалыпты диплоидты жағдайдан артып кетеді. Егер гаплоидты жиынтықтан геном үш не төрт есе артық болса, триплоидты және тетраплоидты, бір геном организмде бірнеше рет қайталанса ол, автополиплоидты, ал әр түрлі біріккен организм аллополиплоидты деп аталады. Хромосомалардың жиынтығы еселеніп, артқан сайын геном саны да өсіп отырады. Әдетте диплоидты клеткада хромосомалар жұп болып келеді. Себебі, ұрықтану кезінде оның бір сыңары аналық гаметадан, екіншісі – аталық гаметадан беріледі, яғни бұл геномдар сәйкес (гомологты) болады. Сөйтіп екі гаплоидты клеткадан бір диплоидты клетка түзіліп, жаңа организм қалыптасады. Организм эволюциялық дамуында неғұрлым жоғары сатыда тұрса, соғұрлым олардың геномында ДНҚ көбірек болады. Генотип. ГЕНОТИП (ген және грек. typos – пішін, үлгі) – тірі организмдердің көбеюі кезінде ата-анадан берілетін клеткадағы барлық гендердің жиынтығы. «Генотип» терминін 1909 жылы даниялық генетик В.Иогансен ұсынған. Оған барлық геном (ядролық гендер) мен плазмогендер (цитоплазмалық гендер) жатады. Генотип ағзадағы тұқым қуалаушылық қасиеттің негізі болып есептеледі. Генотип болашақ организмнің дамуында, құрылысында, тіршілігінде, яғни барлық белгілерінде, қасиеттерінде, фенотипінде көрінеді. Организмнің тұқым қуалау белгісі немесе қасиеттері, оның дамып қалыптасуы Генотиптің құрамындағы белгілі бір геннің қызметіне байланысты болады, сондықтан бір геннің қызметі өзін қоршаған генетикалық ортаға байланысты. Мысалы, өсімдік жапырағына жасыл түс беретін пигмент хлорофилдің түзілуін белгілі бір ген анықтайды. Ал ол ген өз қызметін атқару үшін оған қолайлы жағдай, яғни жарық қажет. Сонда ғана жапырақ жасыл түске боялады. Егер өсімдікті қараңғы жерде өсірсе, ол бозарып кетеді, себебі, ген өзінің қызметін толық атқара алмағаны. Генофонд. Генофонд – бір популяциядағы не бір түрге жататын организмдегі әр түрлі гендердің саны мен құрамы. Генофонд терминін 1928 ж. орыс ғалымы Александр Серебровский ұсынған. Генофонд (ген және французша fond – жиынтығы) термині бөлек бір популяцияның немесе бір түрге жататын барлық организмдердің аллель (сәйкес) құрамын көрсетеді. Табиғатта түр тармағындағы организмдер әр түрлі тіршілік ортасы жағдайына тап болып, өсіп-өнуіне байланысты олардың генофондтары өзгеріп, табиғи сұрыптау нәтижесінде жеке және өзге генофондтары бар басқа түрлер түзеді. Тұрақты генофонд жынысты жолмен көбейетін популяцияларда кездеседі. Генофонд – түр және нәсіл түзілу процесінің негізі. Өсімдіктер мен жануарлардың табиғи және жасанды популяцияларының генофондын қорғау – тірі табиғатты қорғаудың маңызды мәселесі болып есептелінеді. Ғарыштық аппарат. Ғарыштық аппарат – белгілі бір мақсатты орындау үшін ғарышқа ұшырылған әр түрлі техникалық құрылғылардың жалпы аты. Кейде ғарыштық аппарат терминінің орнына «Ғарыштық ұшу аппараты» термині де қолданылады. Ғарыштық аппаратты ғарышқа ұшыруға қажетті жылдамдыққа жеткізу ракета тасығыш (ғарыштық ракета) арқылы атқарылады. Ғарыштық аппарат Жер төңірегіндегі ғарыштық аппарат (Жердің гравитациялық әсері аймағынан шықпай, геоцентрлік орбитамен айналатын) және планетааралық ғарыштық аппарат, автоматтық ғарыштық аппарат (Жердің, Айдың, Марстың, Шолпанның, Күннің жасанды серіктері), ұшқышпен басқарылатын ғарыштық кемелер, ішінде адам тұрып, жұмыс істеуге арналған орбиталық стансалар, планетааралық ғарыштық кемелер, т.б. болып ажыратылады. Ұшқышпен басқарылатын ғарыштық аппаратқа жүктерді жеткізу үшін автоматты көліктік ғарыштық аппараттар (мысалы, «Прогресс», «Спейс шаттл») пайдаланылады. Ғарыштық кеңістіктегі ерекше факторлардың (вакуум, метеор бөлшектер, радиация, салмақсыздық) әсерлері кезінде ұзақ уақыт бойынша өздігінше жұмыс істеуді қамтамасыз ету үшін ғарыштық аппаратта жылу режимін реттеу, борттық аппаратураны энергиямен қоректендіру (мысалы, Күн батареясы, т.б.), Жермен радиобайланыс, т.б. жүйелер болады. Экипажы бар ғарыштық аппараттың герметикалық кабинасында адам өмірін сақтау және оның жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар (температура, ылғалдылық, ауа қысымы, т.б.) жасалған. Ғарыштық аппаратты Жер бетіне (не басқа планетаға) қондыру екі тәсілмен: тежегіш ракета көмегімен (атмосферасы жоқ аспан денелеріне) немесе аэродинамикалық тежеу арқылы (Жерге, Шолпанға қондыру кезінде) атқарылады. Дүние жүзіндегі тұңғыш ғарыштық аппарат – Жердің жасанды серігі 1957 ж. төртінші қазанда, ал ұшқышпен басқарылатын тұңғыш ғарыштық аппарат – «Восток» кемесі 1961 ж. он екінші сәуірде Байқоңыр ғарыш алаңынан ұшырылған. Өзен дельфиндері. Өзен дельфиндері – жеке бір тұқымдас, оның бес – алты түрі бар. Олар Амазона, Ориноко, Ганг өзендері мен Қытайдағы Дунтинху көлінде кездеседі. Қазір дельфиндерді мұхитариумдарда, дельфинариумдарда қолдан өсіріп, түрлі ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Дельфиннің кейбір түрінің Жапонияда, АҚШ-та, Соломон аралында кәсіптік маңызы бар. Олардың табиғатта санының азаюына байланысты 1966 жылдан аулауға тыйым салынған. Мысалы, Калифорния теңіз доңызы деген түрі Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген. Дизельді электр стансасы. Дизельді электр стансасы – электр генераторларының жетегі ретінде дизель қозғалтқыштарын пайдаланатын жылу электр стансасы. Дизельді электр стансасы дербес жұмыс істейді әрі икемді (іске қосу, жүктеу режимдерін реттеу және тоқтату жылдам орындалады) болады. Сондықтан олар біртұтас электр тораптары тартылмаған шалғай аудандарда, орман шаруашылығында, көлікте және ауыл шаруашылығында тұтынушыларды электрмен жабдықтау үшін негізгі, резервтік немесе апаттық, тұрғылықты немесе жылжымалы электр энергиясының көзі ретінде қолданылады. Сонымен қатар олар ірі конденсациялық және атом электр стансаларының резервтік апаттық қорек көздері ретінде де пайдаланылады. Дизельді электр стансасының негізгі элементі – балқытып біріктірілген рамаға орнатылған дизель-генератор. Дизель қозғалтқышы мен генератор, әдетте, бір-бірімен муфтамен жалғастырылады. Дизельді электр стансасының құрамына, дизель-генератор агрегатынан басқа, дизель қозғалтқышын отынмен жабдықтау, дизельді майлау, түтін шығару, ауа тазарту, жылыту жүйелері; басқару, қорғаныс және белгі беру қалқандары; дизельді от алдырып жіберу мен стансаны басқару, сондай-ақ белгі беру мен қоздыру тізбектерін қоректендіруге арналған аккумуляторлар және стансаның электр энергиясын тұтынушыларға тарату құрылғылары кіреді. Жылжымалы дизельді электр стансасы автомобиль тіркемесіне, автомобильдің қорабына немесе жабық вагонға орнатылады. Дизель отыны. Дизель отыны – сұйық мұнай отыны. Оған, негізінен, мұнайды бірден айдау арқылы алынатын керосин-газойль фракциялары (шапшаң жүрісті дизельдер үшін) және одан гөрі ауыр фракциялар немесе мұнай өнімдерінің қалдықтары (баяу жүрісті дизельдер үшін) жатады. Дизель отыны – қайнау температурасы 180 – 3600С, тығыздығы 0,790 – 0,860 г/см3, тұтқырлығы 1,5 – 8,0 мм2/с, қоспа мөлшері (көмірсутектің күкіртті, азотты және оттекті туындылары) 4%-ға дейін болатын сұйықтық. Әр түрлі климаттық аймаққа арналып және жұмыс істеу жағдайына қарай дизель отынының арктикалық, қыстық және жаздық үш түрі шығарылады. Олар бір-бірінен қату температурасымен, фракциялық құрылымымен, т.б. көрсеткіштерімен ажыратылады. Моторлық дизель отыны: отынды қолдануға дайындау жүйесімен (қыздыру, тұндыру, айыру) жабдықталған дизельдерге және мұндай жүйемен жабдықталмаған дизельдерге арналып жасалған екі сортпен шығарылады. Сүгір жырау. Сүгір Бегендікұлы (1894-1974) "(күйші Сүгірмен шатыстырмаңыз)". Маңғыстау топырағында дүниеге келген белгілі ақын-жыраулардың бірі Сүгір Бегендікұлы өріне табиғат берген өнер дарынын халыққа сыйлап,оның ыстық ықыласы мен құрметіне бөленген,бар парасатты ғұмырына еліне қызмет етумен өткізген асыл перзенті. Сүгір Жырау 1894 жылы Маңғыстауда Өгіз-Өреуіл деген жерде дүниеге келген. Сүгір Адайдың Мұңалы, оның ішінде Жаулыдан таралатын Ескелді ауылының перзенті. Әкесі Бегендік ескіше оқыған сауатты, діндар адам болған. Сүгірдің өз айтуы бойынша, әкесі екі рет Меккеге барып “Хажы” атанған кісі. Бейіті Бекет-ата зиратына қойылған. Сүгірдің ауылдары қыста Аққуыс-Шөшік, Ақпан, Ажырықтыой, Қызылсу, Сенек-Сұмсасы, Аққұдық өңірлерін қыстап, жазда Үстіртте Ұзын, Уәлі, Дүңгірлек, Дауысты, Жүзадын шыңыраулары маңын, Жем бойын жайлаған. Сүгір жасында саздыдағы Бәли Нұрнияз ақынның мектебінде білім алған. Жас кезінен-ақ өнерге жаны құмар болып өскен ол домбыра тартып, жыр үйреніп айтып, жиын-тойларда жиі-жиі көрініп, елге танымалы бола бастаған.16 жасынан бастап халық ауызына ілініп, өнері бағалана бастаған Сүгірді, үлкен-үлкен жиын-мерекелерге шақырып ән салдырып, жыр айтыратын болған. Ол “Қарасай Қарлы”,”Едіге”,тағы басқа жыр-дастандарды жырлап айтуға машықтанады, өзі де өлең шығарумен айналасады. деп жыр арнапты. Сол жиында жас Сүгір үздік өнер көрсетіп, халықтың жоғарғы бағасына ие болған. Оған сый-сияпат көрсетіліп, атағы жоғарғы, төменгі Адай еліне кеңінен таралған. Осыдан кейін-ақ Сүгір өзінің келешек ғұмырын өнер жолына біржола бағыштаған. “Сүгірдің термесі”,”Сүгірдің әні”, ”Сүгірдің жыр-сазы”,тәрізді әуендері ел арасына жайылады. Сүгір бір шығарманың өзін, өзі шығарған бірнеше әуенмен құбылта орындап, тыңдаушыны баурап алатын қасиетке ие болған, жыршылық, ақындығымен қоса композиторлық дәрежеге көтерілген дарынды өнер иесі. Маңғыстау өңірінің халқына тұрмыс ауыртпалық тауқымет түскен отызыншы жылдардағы елдің етегі сөгіліп, ”Балапан басына, тұрымтай тұсына” кеткен заманда Сүгір ауылдары күнелтіс қамы үшін Бесқала бетіне ауыл көшіп кетеді. Сүгірдің үйі Қоңырат, Хожелі, Нөкіс, Көне, Шаржау, Ташауыз, Байрамалы,Тәжен, Ашқабад, Шағадам қалаларында болып, көбірек мезгілін Қоңырат өңірінде өткізген. Сүгір кейіннен яғни 1967 жылы ата қонысы Маңғыстауға бағыт алып, Ақжігіт кентіне үйімен көшіп келіп, сонда 3-4 жыл қоныстанып отырады да, 1971 жылы Өзендегі Қызылсайға көшіп келіп тұрақтайды. Сол жерде 1974 жылы сексен жасында көз жұмады, оны Шопан-ата қауымына жерлейді. Сүгір Мұрын, Қашаған, Сәттіғұл жыраулармен тұз-дәмдес болған, олардың үлгі-кеңестерін алған. Өзінен бұрын өткен ақын-жыраулардың шығармаларымен бірге өзі шығарған терме, толғауларын да халық арасына тынбай насихаттап өткен. Сүгір жырау Абылдың, Ақтанның, Нұрым мен Қашағанның, Әбубәкір мен Сәттіғұлдың, тағы да басқа ақын-жыраулардың шығармаларын елге таныстырумен қатар, оларды өз шығармаларында мадақтап жырға қосқан. Хорезм жағында жүріп “Арман”, “Елді сағыну”, ”Қоштасу”, ”Терме”, атты толғау жырларын шығарған. ”Октябрь”, “Беташар”, ”Тойбастар”, “Сәттіғұл ақынға”, тағы басқа да өлеңдері жергілікті газеттерге басылып жарияланған. Ұлы Отан соғысы кезінде "Аттандыру”, ”Аманат”, ”Жоқтау” тәрізді патриоттық рухтағы жырларын шығарады. Сүгір жырау тек қана өз елінде емес, Қарақалпақстан, Түрікменстан, Өзбекстанның батыс облыстарын аралап, халық арасында өнер көрсетуге жарты ғасырлық ғұмырын арнаған. Қырықмылтық Бүркітбай, қазіргі белгілі Жыршы Жақсылық Елеусіновке батасын беріп, оларға ұстаз болған. Сүгірдің ұрпақтары туралы сөз етсек, тұлабойы тұңғышы Есқуат Ұлы Отан соғысы кезінде Сталинград түбінде шайқаста қаза болған, екінші ұлы Өтелген қазір зейнеткер. Өзенде тұрады, балалы-шағалы. Сүгір Бегендікұлының ғұмырының көп бөлігі Бесқала жағында өткендіктен Маңғыстау өңірінде оның төл туындылары естілгені болмаса, баспа беттерінде жарық көрген жоқ. Тек соңғы 2-3 жылдан бері жыршылардың орындауындағы шығармалары жазылып алынып газет беттерінде жарияланып жүр. Сүгірдің өлеңдері мен арнау-толғаулары, жырлары жүйеленіп жарияланбай, оқырмандар қолына жетпей келеді. Алдағы уақыттарда Сүгірдің саздарын нотаға түсіріп композиторлық, сөздерін жүйелетіп, жинақтап, ақындық мұраларын ұрпақтар игілігіне жарату міндеттері тұр,бұл өнерді қадірлей білетін баршаға ортақ парыз. Лубянка. Лубянка . 1919 жж. - 1991 жж. аралығында КСРО және РСФРО Мемлекеттік қауіпсіздік органдарының орналасқан басты ғимараты. Қазіргі кезде Большая Лубянка көшесінің басында (нөмір 2-нші үй), Лубянский алаңында орналасқан бұл ғимараттар кешені Ресейдің Федералдық Қауіпсіздік Қызметінің қарамағында. Қазіргі кезде Ресейдің Федералдық Қауіпсіздік Қызметінің басты ғимараты, құрылысы 1980 жж. аяқталған сұр түсті үйде орналасқан (Большая Лубянка көшесі, үй 1/3). ӘБДУОВ Мұхаммадғали Ілияұлы. Heading text . ӘБДУОВ Мұхаммадғали Ілияұлы (9.5.1958 ж.т., Қарағанды обл. Шет ауд. Кеңшоқы а.) – филол. ғыл. докт. (2007). Қарағанды мемл. ун-тін бітірген (1979). Осы ун-тте ізденуші (1990–96), доцент (1999–2002), филол. ф-ті деканының орынбасары (2002–05), ал 2008 жылдан декан қызметін атқарады. Оның ғыл. еңбектерінің негізгі зерттеу бағыты – халық ақындарының шығармаларындағы фольклорлық дәстүр мен әдеби мұраларындағы ислам тағылымы, ұлттық діни эпостың генезисі, типологиясы және поэтикасы мәселелері. Ә. 100-ге жуық ғыл. еңбектің, оның ішінде 2 монографияның («Поэзия және дін», 2004; «Қазақтың діни эпосы», 2006) авторы. ГАГАРИНИТ. ГАГАРИНИТ – "фторидтер тобының минералы." Хим. формуласы Na2Ca2V3 (FClOH)15•H2O. Гексагональдық сингонияда кристалданады, көбіне алты қырлы призмалар, түйірлі агрегаттар түрінде кездеседі. Түсі сарғыш, қызғылт сары, кейде түссіз болады. Қатт. 4,5, менш. салм. 4,21 г/см3. Альбиттенген граниттерде және олардың арасында тараған кварц-микроклинді желілерде түзіледі. Тотығу белдемдерінде тез өзгеріп, тангерит, синхизит және иттрофлюорит минералдарына ауысады. Минерал алғаш Қазақстан жерінде табылған (1961). Тұңғыш ғарышкер \ Абай энциклопедиясы. Абай энциклопедиясы – ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өмірі мен ақындық жолына арналған энциклопедия. Қазақстан үкіметінің 1990 ж. 22 ақпандағы «Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толуына әзірлік және оны өткізу туралы» қаулысына сәйкес шығарылды. Кітапты «Қазақ энциклопедиясы» әзірледі. 1995 ж. қазақ тілінде жарық көрді. Энциклопедияға жинақталған материалдарда ақынның төл шығармалары мен аударма туындыларына, қара сөздері мен тарихи-зерттеу мақалаларына жан-жақты талдау жасалған. Ұлы ойшылдың филос., әлеум., діни, психол., пед., экон., этик., эстет. көзқарастары мен дүниетанымына кең орын берілген. Абайдың өмір жолы мен ортасы, ұстаздары мен шәкірттері, ата-тегі, кейінгі ұрпақтары, шығармаларында аталатын жер-су атаулары мен есімдер туралы мағлұматтар да мол. Энциклопедияда ақын шығармалары тақырыбында күрделі зерттеулер жүргізген ғалымдар, оның өлеңдерін аударған шетелдіктер туралы да деректер бар. Ақынның әр жылдары жарық көрген басылымдары мен Абай туралы жеке ғыл.-зерт. еңбектеріне қысқаша анықтама берілген. Кітапты әзірлеуге Қазақстан ғалымдары мен көрнекті абайтанушылар, шетелдік авторлар тартылған. Абай энциклопедиясының авторлары мен шығарушылардың бір тобына (З.Ахметов, М.Мырзахметов, Р.Сыздықова, М.Құл-Мұхаммед) 1996 ж. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді. Абай жолы. Абай жолы – Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің әлемге әйгілі роман-эпопеясы. «Абай жолы» – қазақтың көркем прозасын классикалық стиль деңгейіне көтеріп, әлем әдебиетіне биік эстетикалық талғам, көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан энцик. деңгейде жан-жақты ашып көрсеткен. Қазақтың дана ұлы Абай образын, мәңгілік тұлғасын сөз өнерінде өзгеше даралықпен сомдаған. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы әлемдік деңгейде: «ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі» (Луи Арагон), «Бұл тамаша эпопея бізге тұтас бір әлемді сыйға тартты, табиғаттың, тұрмыстың небір ғажайып картиналарымен, адам құштарлықтарын сипаттауымен бізді іңкәр етті (Н.Тихонов). «Шынында, бұл қазақтар – неткен ғажайып халық! Осы кереметтік «Абай» романында қандай тамаша суреттелген!» (Б.Матип) деген жоғары баға алды. Сондай-ақ бұл роман-эпопея қазақ халқын, қала берді бүкіл түркі әлемін дүние жүзіне танытқан ұлы шығарма ретінде де танылды. Ш.Т.Айтматовтың «Өз басым өзге елге сапарға шығып, өзге жұрттың табалдырығын аттай қалсам, әрқашан қасиет тұтып, өзіммен бірге қастерлеп ала жүретін екі түрлі асылым бар: бірі – Манас, бірі – Мұхтар Әуезов деуі осыны айғақтайды. «Абай жолы» роман-эпопеясы жазушының ұзақ жылғы ғылыми ізденістері мен көркемдік танымының жемісі. 30-жылдарда Абай мұрасына әр қилы баға беріліп, қым-қиғаш пікірлер айтысы туғанына қарамастан Әуезов Абайдың өмірі мен ақындық жолына байланысты зерттеулерін тоқтатқан жоқ. Л.С.Соболевпен бірігіп жазған «Абай» трагедиясын 1939 ж. Мәскеуде бастырды, кейін ұлы ақынның өмірін бейнелейтін опера либреттосын, киносценарий жазды. «Абай» трагедиясында оның жанрлық ерекшелігіне байланысты ақын өмірінің соңғы кезеңі, яғни хакім Абай бейнеленген. Бұл трагедияға дейін-ақ Әуезов Абай жайында роман жазуға бел байлаған. Әуезов алғашқыда екі кітаптан тұратын «Абай», одан кейін мұның жалғасы болып табылатын «Абай жолы» (бұл да екі кітаптан тұратын) романын жазды. 1-кітабы 1942, 2-кітабы 1947, 3-кітабы 1952, 4-томы 1956 ж. жарыққа шықты. Алғашқы екі кітаптан тұратын «Абай» романы үшін жазушыға КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1949) беріліп, төрт томдық «Абай жолы» роман-эпопеясы жарық көргеннен кейін ол Лениндік сыйлық лауреаты (1959) атанды. Абайдың заманы, өмірі мен өнерпаздық, қайраткерлік, ұстаздық өнегесі жайында кесек көркем шығарма жазуға Әуезов мол дайындықпен келді. «Абай жолында» қазақ қоғамының алуан түрлі топтары кең қамтылып, сан қырлы тұтас галерея жасалған. Аса мол өмірлік материалды, әдеби, этнографиялық мұраларды алғырлықпен игеріп, көркемдік әр берген. «А. ж.» роман-эпопеясында қазақ халқының этногр., діни, жалпы мәдени-танымдық дәстүрлері: жаз жайлауға көшу, құдалыққа бару мен той жасау, кісі өлімі мен аза тұту, ас беру, жұт, болыс сайлауы, дауға билік айту, аң аулау мен табиғат көріністері, т.б. – бәрі бар. Жазушы Абай дәуірін көркем суреттеуде тарихи процестер мен құбылыстар мәніне терең енуі арқылы ғыл. зерделілік пен көркемдік танымды шеберлікпен ұштастырады. «Абай жолында» жай ғана тарих емес, көркемдік ойдың көрігінен өткен, сомдап бейнеленген өмір шындығы, халықтың тағдыры, өткені мен келешегі жайындағы терең толғаныс. Қоғамдық мәселелерді толғайтын жазушы өз дарынына қарай – ойшыл, тарихи жанрда жазса – тарихшы, сан алуан адамдардың қарым-қатынасын, мінезін, құлқын, ісәрекетін терең ашып көрсете алса – психолог. Сондықтан да эпопеяда тарихи шындық, өмір философиясы мен поэзиясы суреткерлік шеберлікпен әдемі ұштастырылған. «Абай жолы» эпопеясының танымдық мәні туралы айтқанда Абай заманын, сол ортаны, Абайдың ақындық, азаматтық тұлғасын, өнерпаздық жолын танытуы арқылы әдебиеттану, соның ішінде абайтанудың өзінің одан әрі өрістеп, дамуына әсер-ықпалы да аса зор болды. Эпопеяның кең мағынасында тарих, этнография секілді ғылымдар тұрғысынан қарағанда да танымдық мәні аса күшті екенін кезінде акад. Қ.И. Сәтбаев атап көрсеткен болатын. Ал жалпы халықтық мүдделер тұрғысынан келгенде, «Абай жолы» эпопеясының ұлттық әдебиетіміз бен мәдениетімізді, ана тілімізді өркендетудегі орасан зор рөлін баса айтуымыз қажет. Эпопея дүние жүзі халықтарының 116 тіліне аударылған. 200 томдық «Әлем әдебиеті кітапханасы» топтамасында 2 том болып басылды. Қолданылған әдебиеттер: Нұрқатов А., Мұхтар Әуезов творчествосы, А., 1965; Қаратаев М., Эпостан эпопеяға, А., 1968; Ауэзова Л.М., Исторические основы эпопеи «Путь Абая», А., 1969; Қабдолов З., Мұхтар Әуезов және оның әсемдік әлемі, А., 1986. Абай планетасы. Абай планетасы – Күн жүйесіндегі шағын планета. Марс пен Юпитер планеталары аралығында қозғалады. Оны украиндық астроном Н.С. Черных ашып (1979), Абай есімін берген. Халықараралық планеталарды зерттеу орталығы Абай планетасын 4466-планета ретінде тіркеп, каталогқа енгізді. Абай планетасы Күнді әр бес жылда төрт күнде бір айналып шығады. Абайтану. Абайтану — қазақ әдебиеттану ғылымының саласы. Абайтану Абайдың өмірі мен шығармашылық өнері, философиясы, қоғамдық, эстететикалық көзқарастары, қазақ поэзиясындағы өлең жүйесін, ақындық тілді дамытудағы үлесі, музыкалық мұрасы жайлы сан-салалы зерттеу еңбектерін қамтиды. Абайдың өмірі мен шығармашылық мұрасын зерттеу шын мәнінде Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы мақалаларынан басталды деуге болады. Ахмет Байтұрсынұлы 1913 ж. «Қазақ» газетінде басылған «Абай – қазақтың бас ақыны» атты мақаласында «Одан асқан бұрыңғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» – деп Абайды аса жоғары бағалады. Абай шығармаларын жинап, қағазға түсіріп, реттеп баспаға дайындау ісі ақын қайтыс болған соң ұзамай-ақ қолға алынғанын дәлелдейтін нақтылы деректер жетерлік. Жарық көруінен бірнеше жыл бұрын құрастырылып, 1909 ж. Санкт-Петербургте басылған Абай өлеңдерінің жинағында ақынның жүз қырықтай өлеңі (аударма өлеңдерін қосып санағанда) мен «Ескендір», «Масғұт» поэмалары басылғаны, яғни осы күнгі белгілі поэзиялық шығармаларының көрнектілері түгелге жуық қамтылды. Бұл тұңғыш жинақты дайындаған, бастырып шығарған Кәкітай Ысқақұлы мен Абайдың баласы Тұрағұл болатын. Абайдың бастамасы, алғашқы деректік арнасы ретінде осы 1909 ж. жарық көрген Абай шығармаларының тұңғыш жинағын, оған кірген Кәкітай жазған ақынның тұңғыш өмірбаянын айтуға болады. Абайдың көзі тірісінде жарық көрген шығармалары бірлі-екілі ғана екенін және ақынның өз қолжазбалары сақталмай, шығармалары түгелдей дерлік Мүрсейіт Бікеұлының қолжазбалары арқылы жеткені ескерілсе, бұл тұңғыш жинақтың мәні зор екені анық. Басқа жекелеген қолжазбалардың көлемі шағын, оларда Мүрсейіт қолжазбасында жоқ өлеңдердің орны көп толыға қоймаған. Сондықтан олар қосымша деректер ретінде бағалануы орынды. Ал кейінгі жинақтарды айтқанда, бір топ бұрын жарық көрмеген жаңа өлеңдері 1916 ж. Орынборда Самат Әбішұлы бастырған «Абай термесі» атты кітап та жарияланды. 1922 ж. Ташкентте, Қазанда басылған жинақтар бұрын жарияланған шығармаларды қамтиды. Ташкентте шыққан жинаққа сын пікір ретінде Ілияс Жансүгіров 1923 ж. «Тілші» газетінде «Абай кітабы» атты мақала жазып, бір алуан қате басылған сөздерді қалай дұрыстап оқу керек екендігін нанымды дәлелдеді. Ақынның көзі тірісінде 1903 ж. Санкт-Петербургте Бөкейханов берген мағлұматтар бойынша басылған «Ресей. Біздің Отанымыздың географиялық баяны» атты көптомдық жинақтың 18-кітабында А.Сидельников жазған мақалада: «Абай – қазақ әдебиетіндегі жаңа бағыттың өкілі» деген баға берілгенін көреміз. Абай шығармалары жеке кітап болып басылғанға дейін-ақ халық арасына қолжазба түрінде және ауызша тараған. Байтұрсынов ақын өлеңдерімен 1903 ж. қолжазба арқылы танысқанын айтады. 1914 ж. Мәскеуде жарық көрген «Восточный сборник» атты кітапта Абайдың өмірі мен шығармалары туралы мағлұмат келтіріліп, бірнеше өлеңінің мазмұны орыс тілінде қара сөзбен берілген. 1914 ж. Санкт-Петербургте шыққан «По киргизской степи» деген кітабында Дмитрий Львович (Иванов Дмитрий Львович) «Татьяна хаты» ел ішінде әнге салып айтылып жүргенін ескертеді. Абай өлеңдері төңірегінде 20-жылдарда, одан кейінгі кездерде айтыс-тартыс көп болды. Осыған орай Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны» атты 1913 ж. жарияланған мақаласындағы Абайға берген бағасы, ұлы ақынның қазақ әдебиеті тарихындағы алатын орнын анықтауы, өнерпаздық өзгешелігін, асқан шеберлігін тануы шынайы ғұлама ғалымға тән айрықша көрегендіктің, білгірліктің, өлең сөздің қадірін терең бағалай алатын ақындық сезімталдықтың, талғампаздықтың үлгісі деуге лайық. Бөкейханов, Байтұрсынов, Дулатовқа ілесе Абай шығармашылығы жайында үлкенді-кішілі мақала жазып, ақын өлеңдерін жұртшылыққа танытуға Н.Рамазанов, Ғ.Сағди, Ы.Мұстамбайұлы және Н.Н.Белослюдов, т.б. ат салысты. Абай шығармашылығына қайтадан жүйелі, дәйекті түрде дұрыс көзқарастың қалыптаса бастағанын 1933 ж. М.О.Әуезов бастырған жинақтан (мұнда Әуезов жазған ақынның өмірбаяны берілген) және 1934 ж. жарық көрген Жансүгіров, А. Жұбанов секілді белгілі әдебиет, ғылым қайраткерлерінің мақалаларынан байқауға болады. Әуезов Абайтануды дербес ғылым саласы дәрежесіне көтерді. Ол «Абай жолы» эпопеясымен ұлы ақын, ағартушының алып тұлғасын дүние жүзі оқырмандарына танымал әдеби бейне қатарына жеткізсе, ғылымда да сондай күрделі еңбек атқарды. Оның Абай жөніндегі зерттеулері осы ғылымның мызғымас негізі болып табылады. 1933–57 ж. аралығында ақын шығармаларын жариялауда, олардың ғылыми басылымын жасауда орасан зор еңбек етті. Бұл басылымдар ақынның 1909 жылғы жинағы мен Мүрсейіт қолжазбалары негізінде жүзеге асырылды. Әсіресе, 1957 ж. «Ғылым» баспасынан жарық көрген, Әуезовтің басшылығымен және тікелей қатысуымен дайындалған Абай шығармаларының екі томдық толық жинағының Абайтану ғылымындағы елеулі табыс болғанын атау қажет. Әуезов ұзақ жылдар бойы ізденіп, сан алуан деректерді зерттеп, жүйеге түсіріп, Абайдың ғылыми өмірбаянын жазып шықты. 20 ғасырдың 40–60-жылдарында Абай өмірі мен шығармашылығын зерттеу ісі кең көлемде жүргізіліп, жаңа белеске көтерілді. Абайдың қоғамдық, эстетикалық, философиялық көзқарасын, психологиялық және педагогикалық пікірлерін, ақындық тілін, композиторлық өнерін, аудармаларын тереңдеп тексерген еңбектер жарық көрді. Солардың ішінде С. Мұқанов, Қ. Жұмалиев, Б. Кенжебаев, М.С. Сильченко, Қ. Мұқамедханов, Ы. Дүйсенбаев, Т. Тәжібаев, Б.Г. Ерзакович, Х. Сүйіншәлиев сынды ғалымдардың еңбектері бар. 1970 ж. Абайдың туғанына 125 жыл толуына орай шығармаларының жинағын шет тілдерде кітап етіп бастыру ісі жандана түсті. Орыс тілінде Абай шығармалары 1940 жылдан бастап он бес рет жеке кітап болып басылды. 1945–60 жылдардың басында Абай шығармалары жеке жинақ болып өзбек (Ташкент), татар (Қазан), түрікмен (Ашғабад), қырғыз (Бішкек), моңғол (Улан-Батор), қытай (Пекин), чех (Прага) тілдерінде басылып шықты. 1970 ж. украин (Киев), армян (Ереван), беларусь (Минск), молдаван (Кишинев) және латыш (Рига) тілінде жарық көрді. Сол жылы Мәскеуде «Прогресс» баспасында араб, ағылшын тілдерінде шығармаларының жинағы басылды. Абайдың өмірі мен шығармалары туралы жазылған зерттеу еңбектерді, монографияларды, диссертацияларды түгелдей алғанда Абайтану сан алуан маңызды мәселелерді қамтитын, көп салалы ғылым болып қалыптасты. Басты мәселелер қатарында алдымен Абайдың өмір жолын зерттеу, оның шығармашылық жолының халықтық негіздерін, ұлттық сипатын айқындау, лирикалық шығармаларының, дастандары мен қара сөздерінің тақырыптық, идеялық, жанрлық, тілдік ерекшеліктерін, ақындық тұлғасын, суреткерлік әдісін, көркемдік шеберлігін тереңдеп ашып көрсетуге қатысты мәселелерді, сондай-ақ ұлы ойшыл ақынның дүниетанымын, қоғамдық, философиялық, эстетикалық көзқарастарын зерттеу мәселесі жатады. Бұларға қоса Абайдың шығыс, орыс, еуропа әдебиетімен шығармашылық байланысы, ақын шәкірттері, өнерпаздық дәстүрлерінің қазақ әдебиетінде жалғасуы секілді мәселелерге де үнемі назар аударылып келеді. Кейінгі жылдарда Абай шығармаларын Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов секілді терең зерттеле бастаған әдебиетіміздің ірі өкілдерінің өнерпаздық жолымен жалғастыра қарастыруға мүмкіндік туды. Бұл ақынның 150 жылдық мерекесі қарсаңында жарық көрген еңбектерден анық байқалды. Осы мереке тұсында басылып шыққан ондаған іргелі зерттеулер Абайтанудың ғылыми-теориялық деңгейі бұрынғыдан да биіктей түскенін айқын танытты. 1995 ж. жарық көрген «Абай» энциклопедиясында ұлы ақынның өмірі мен шығарм. жолына қатысты қыруар деректер, құнды ой-пікірлер жинақталып, жүйелі түрге түсірілген. Абай шығармаларының ғылыми толық жинағы басылып шықты. Р.Сыздықова, Т.Әлімқұлов, А.Нұрқатов, М.Мырзахметов, Ж.Ысмағұлов, З.Ахметов, З.Қабдолов, Ғ.Есім, Т.Қожакеев, Ғ.Мұқанов және басқа да ғалымдардың зерттеулері Абайтану ғылымына елеулі үлес болып қосылды. Абай шығармаларын жариялау, зерттеу ісіне шет елдерде айрықша мән берілді. Қытайда профессоры Қабайдың «Абай және Абай шығармашылығы» атты еңбегі (Пекин, 1987), кейін Су Чжоусюннің зерттеу еңбегі мен Абайдың қара сөздерінің аудармасы жарияланды. Чех ғалымы П.Гржебичек Абайдың ақындық жолын арнайы зерттеді. 1995 ж. ұлы ақынның 150 жылдық мерейтойы барысында шет елдердің көптеген әдебиетшілері, қоғам қайраткерлері Абай шығармалары жайлы мақалалар, баяндамалар жасады. Парижде, Түркия қалаларында, Мәскеуде, Санкт-Петербургте, Киевте, Минскіде, Вильнюсте, Ташкентте, Бішкекте, Қазанда ұлы ақынға арналған салтанатты мәжілістер мен ғылыми конференциялар өткізілді. Абай шығармалары Түркияда, Пәкстанда, Иранда, Қытайда басылды, француз, ағылшын, неміс және басқа тілдерге аударылды. Абайтану тарихы – бүгінде үдере дамып, өсу, өркендеу жолында қызу түрдегі пікірталас үстінде қалыптасқан Абайтанудың іргелі саласының біріне айналды. Абайтану жөніндегі ой-пікірлер арнайы түрде зерттеу нысанасына алынбаса да зерттеушілер тарапынан Абай мұрасының бір саласын зерттеу үстінде жанама түрде айтылса, екіншілері оған арнайы тоқталып пікір айтса, үшіншілері Абайтану саласының жалпы қалыптасу жолына орай қарастырса, соңғылары Абай мұрасының жариялану тарихына орай пікір қозғады. Ал Абайтанудың негізін салушы Әуезов болса Абайтану жөніндегі ой-пікірін елуінші жылдар ішінде Абайтанудан оқыған дәрістерінде сөз ете бастаған еді. Абайтану тарихында хронологиялық, тақырыптық жүйедегі дербес библиотекалық көрсеткіштерді құрастыру айрықша мәнге ие болуы себепті де 1946 ж. Н.Сәбитовтің тақырыптық жүйеге негізделген «Абай», 1965 ж. хронологиялық жүйедегі Мырзахметов, тағы басқалардың «Абай Құнанбаев», 1998 ж. тақырыптық жүйеде жасалған «Абайтану», 1995 жылы «Абай Құнанбаев» деген атпен төрт рет дербес толық библиографиялық көрсеткіштер жарияланды. 1) Абайды танудың алғашқы кезеңінде Абай мұрасының Қазан төңкерісіне дейінгі жариялану, танылу, таралу жолдарын қамтумен бірге алғаш рет ақын мұрасын танып насихаттаушылар мен ол мұраның орыс тілінде танылу мәселесі қарастырылған; 2) Абай мұрасының жаңа заманда зерттелуі, яғни 1918–26 және 1926–40 ж. аралығында зерттеліп тану жолы негізінен таптық, партиялық принцип тұрғысынан қаралып, тұрпайы социол. дүниетанымның үстемдік етуі бұл кезеңде басым жатты; 3) Абайдың 100 жылдық мерекесіне орай 1940–45 ж. аралығында жазылған зерттеу еңбектері мен насихаттық тұрғыдан Әуезовтің «Абай» романы мен Абай оқу орындарында Абайтанудың арнайы курсы мен семинар сабақтарын өткізу және өзге де зерттеушілердің монографиялық еңбектері айғақтай түседі. Абайтанудың Әуезовтен кейінгі дәуірдегі даму жолы 1995 жылғы Абайдың 150 жылдық мерейтойы мен Әуезовтің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында жарияланған ғылыми монографиялық зерттеулер мен әр түрлі тақырыптарға жазылған кітаптарда өз көрінісін толық берді. Жүз жылдан астам Абайтану тарихи ғылыми-зерттеу жұмыстарының нысанасына алынып, қорытындылану үстінде. Абайтану бүгінде арнайы курс пен семинар сабағы ретінде Халықаралық қазақ-түрік университетінде оқытылады. Әдебиет: Әуезов М., Әр жылдар ойлары. А., 1959; Мұқанов С., Жарқын жұлдыздар, А., 1968; Мырзахметов М., Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары, А., 1989; соныкі, Абайтану тарихы, А., 1994; Ахметов З., Абайдың ақындық әлемі, А., 1995. Абай тілінің сөздігі. Абай тілінің сөздігі – ғылыми-зерттеу еңбегі. 1968 ж. жарық көрген «Абай тілі сөздігінің» (көлемі 54 б.т.) жалпы редакциясын басқарған – А. Ысқақов. Сөздікте ақын шығармаларында қолданылған сөздер мен фразеологиялық тіркестер әліпби ретімен жүйеленген. Олардың мағыналық реңктері түсіндіріліп, әр сөзге нақты мысалдар келтірілген. Сөздікке адам есімдерін, жер-су атауларын, ұлт және ру аттарын білдіретін жалқы есімдер де енген. Ақын колданған қазақ әдеби тіліне сіңе қоймаған араб, парсы, орыс сөздері мен түрік тілдерінен алынған сөздер мен сөз тіркестеріне түсініктеме беріледі. Бұлардың тізімі сөздік соңына қосымша ретінде тіркелген. Сөздік ғыл. қызметкерлерге, әдебиетшілер мен тіл мамандарына, баспасөз бен ағарту саласының қызметкерлеріне, аспиранттар мен студенттерге, көпшілік оқырмандарға арналған. ӘБДІҒАПАР Жанбосынұлы. ӘБДІҒАПАР Жанбосынұлы (1870; бұрынғы Торғай обл. Торғай у. Іараторғай болысы — 21.11.1919, сонда) қазақ халқының — 1916 — 17 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстың Торғай даласындағы басшысы. Тілеулі батырдың ұрпағы. Арғы атасы Нияз би — Абылай ханның сенімді серігі, әкесі Жанбосын (1847 — 95) көп жылдар болыс болған. Анасы — Алуа Ақтасқызы (1840 — 1934) (Ақтас — Ахмет Байтұрсыновтың әкесінің ағасы). Ә. ауылында бастауыш мектеп ашқан. Ағаштан ою ойған шебер болған, суармалы егіншілікпен айналысқан, ақыл-парасатымен ел ағасы атанған. 1916 жылдың жазында Іараторғай болысының, кейін бүкіл Торғай уезінің көтерілісшілері Ә. маңына топтасты. Сол жылғы 21 қарашада Жалдама өз. бойында 13 болыс ел өкілдерінің құрылтайы Ә-ды хан көтеріп, Кенесары қолбасшыларының бірі Иман батырдың немересі Амангелдіні Сардарбек етіп сайлады. Ә. ел билігін соғыс жағдайына бейімделген дала демокр-сы негізінде қайта құрды. Алдымен Ә. өзін хан деп атамай, әмір деп есептеді. Ол өзі басқарған Торғай елін бүкіл қазақтың тәуелсіз мемл-ті құрылғанға дейін метрополияның билігін мойындамайтын, жаугершілік заманда уақытша өмір сүруге құқылы автон. аймақ деп санады. Ә. көтерілісшілерді 20 адамнан тұратын халық өкілдерінің кеңесі арқылы басқарды. Бұл кеңес әскери, әкімш., шаруашылық мәселелерін шешетін басшы орталық болды. Жергілікті жерлерде Ә-дың жарлығымен елбегілер сайланды. Көтерілісті жақтаған болыстар өз орындарында қалдырылды. Көтерілісшілер ежелгі шығыс дәстүрімен ондық, жүздік, мыңдықтарға жіктелді. Ә. жасақтаған әскери құрылым империяның қарулы күштеріне аса тегеурінді қарсылық көрсетті. Оның қоластына Қазақстанның көптеген аймақтарынан көтерілісшілер жасақтары келіп қосылды. Сөйтіп Торғай өлкесі Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың ең ірі орталығына айналды. Ә. Кеңестердің Торғай обл. І-съезіне (Орынбор, 1918 ж. наурыз) қатысып, кейін Кеңес өкіметінің саясатын жүргізуден бас тартты. Қызыләскерлер қолынан Зәуре қаласында қаза тапты. Ұрпақтары “хан тұқымы” ретінде аяусыз қуғынға ұшырады. Әдеб.: Байтұрсынов А., Ақжол, А., 1991; Сүлейменов М., Әбдіғапар хан, А., 1995; Іаһарлы 1916 жыл. Іұжаттар жинағы, 2-т., А., 1998. ӘБДІЖӘЛИЛ БАБ. ӘБДІЖӘЛИЛ БАБ — Әли Абу Тәліптің ӘБДІЖӘЛИЛ БАБ — "Әли Абу Тәліптің" (Әзірет Әлінің) жетінші ұрпағы, Хазірет имам Хұсайын әулетінен. 8 ғ-дың 2-жартысында Йеменде патшалық құрған. Сол заманда бауыры Ысқақ бабпен (қ.Баб Ата) бірге, 150 мың әскермен дін жолындағы жорыққа аттанады. Шам қ-сынан Бағдатқа, Исфаханға, одан Мазандеран, Серахс, Балх, Бұхара, Шахрисябзь, Самарқан, өзгент және Ош шаһарларына келеді. Екі ықылымды бағындырған арабтар Ферғанаға жеткен соң, мұндағы жұртты түгел исламға мойынсұндырып, енді үш бағытқа бөлінеді: бірі Іашқар мен Жәркентке, 2-сі Сырдың сол жағасымен Жетікентке және Отырарға (8 ғ-да Отырар Сырдың сол жағында болғаны туралы бірден-бір мәліметсіз), ал 3-сі Сырдың оң жағасымен Шаш (Ташкент) және Исфиджап (Сайрам) шаһарларына қарай аттанады. Ә.б. Сырдың сол жағымен жүретін 2-бағытқа, Ысқақ баб 3-бағытқа басшылық етеді. Ә.б. Ходжендті (Сырдың өзгенті немесе Іырғыз өзгент) қоршау кезінде қаза болады. Мұны естіген бауыры Ысқақ баб әскерімен келеді де Ходжентті алып, өтеміс ханды өлтіреді. Тұрғындарына мұсылмандықты қабылдатады. Аңыз бойынша оның лақап аты Хорасан екен. Хорасан аталуына себеп болған жәйт: шешек шыққан жанның үстінен аттаса — ауру көп ұзамай сауығып кететін көрінеді. Хорасан ата (Ә.б.) мен оның ұлы Хұсайын баба (Хұсайын Ғази) зираттары Сырдың ежелгі Баршындария алабы, өгіз жылғасы деген ескі арна бойында (қазіргі Қызылорда обл., Жаңақорған ауд. Задария ұжымшары маңында) жатыр. Ә.б. зираты басына кезінде күмбез тұрғызылып, уақыт өте ол бұзылған соң, 11 — 12 ғ-лар шамасында шикі қыштан қайта көтерген. Бүгінгі күнге жетіп тұрған қос күмбезді мавзолей 14 ғ-дың соңында салынған. Ғимарат төрткүл пішінде. Екі бөлмеден тұрады. Негізгі фасады мен үлкен бөлме есігі шығысқа, кіші бөлме есігі оңт-ке қараған. Үлкенінде Ә.б. (Хорасан ата), кішісінде ұлы Хұсайын жерленген. Бөлмелердің үстінен қос белдеулетіп алты қырлы барабандар өрілген де, олардың үстінен күмбездер шығарылған. Кірпіш үлгілері осы маңдағы өзгент, Сығанақ секілді көне шаһарлар жұртынан, Мейрамтөбе, Аққорған қамалдары орындарынан ұшырасады. Ә.б. пен оның ұлы Хұсайын баба жатқан жер “Хорасан әулие” аталып, бірнеше ғ-дан бері зиярат ету орнына айналып келеді. Олар жайлы ел аузында таңғажайып аңыздар сақталған. Алматы обл. Жамбыл ауд. жерінде Хорасан ата намаз оқыған және сол кісінің қасиетімен ашылған бұлақ көзі бар. Әдеб.: Кастанье А., Древности кирг. степи и Оренбургского края, Оренбург, 1910. ҚОЖА АХМЕТ ИАСАУИ. ҚОЖА АХМЕТ ИАСАУИ, Әзірет Сұлтан [шамамен 1093, кейбір деректерде 1103, 1041, Сайрам (Исфиджаб) – 1166, Түркістан (Иасы)] – түркістандық ғұлама, әулие. Қ.А.И-дың арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі – Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Кейбір деректерде Қ.А.И-дың Ибраһим атты ұлы мен Гауhар Хошназ (Жауhар Шахназ) атты қызының болғандығы айтылады. Қ.А.И-дың ұрпағы негізінен осы қызынан тарайды. 9 ғ-да Отырар, Исфиджаб, Баласағұн, Иасы, Сауран, Сығанақ, Шаш, Сүткент, Жент, Кудур, Отлук, Өзкент, т.б. Мауераннахр қ-ларында ислам діні уағызшыларының белсенді әрекеттері саяси сипат алған болса, 10 ғ-дан бастап ислам ілімі жолындағы тәлім-тәрбиелік ордалар – медресе-теккелер түбегейлі орнығып, исламдық-руханияттық ахлақи (моральдық) ұстанымдар қалыптаса бастады. Қ.А.И. дүниеге келмей тұрып, Исфиджабта исламдық фикһ (құқық) мектебі ханафи мазһабының ондаған өкілдері өмір сүрді. Иасауи ілімі осы саяси-әлеум., тарихи шарттарға байланысты қалыптасты. Қ.А.И. ұстаздарының көшбасшысы – Арыстан баб. Кашифи “Рашахат-ул айн-ил хайат” атты еңбегінде Қожа Ахметтің Арыстан бабтың шәкірті болғандығы, одан заһир және батин ілімдерінің сыры мен мәнін үйренгендігі, оған 16 ж. қызмет еткендігі туралы мәлімет береді. Иасауидың “Диуани хикметінде” де Арыстан баб жиі ауызға алынады. Қ.А.И-дың өмірі мен қызметі туралы Жазба деректерде (Хазини, “Жауаһир-ул Абра Мин Амуаж-ил Биһар”) оның Юсуф Хамаданидың шәкірті екендігін көрсететін деректер болғанымен, соңғы зерттеулерде оны теріске шы-ғаратын тұжырымдар айтыла бастады. Қ.А.И-дың алғашқы шәкірті – Арыстан бабтың ұлы Мансұр Ата, екінші шәкірті – Сайид Ата Хорезми, үшінші шәкірті – Сүлеймен Бақырғани. Осылардың ішіндегі ең көрнектісі – Бақырғани (Хакім Ата) (Кашифи, “Рашахат-ул айн-ил хайат”). Тағы бір танымал шәкірттерінің бірі Мұхаммед Данышменди сопы Қ.А.И-дың “Мират-ул Қулуб” атты мұрасын хатқа түсірді. Сондай-ақ Садр Ата, Бадр Ата, Қажы Бекташ Әулие, Сары Салтұқ, Шейх Лұқпан Перенде сияқты тұлғалар да Қ.А.И-дың шәкірттері саналады. А.Беннигсон Қ.А.И-дың Шопан Ата және Зеңгі Баба атты да шәкірттерінің болғандығын айтады. Иасауи шәкірттері жөнінде Фуат Көпрулу: “Мутасаууфтардың (сопылардың) өмірбаяны жайлы еңбектерде Ирак, Хорасан және Мауераннахр сопыларынан басқа түркі шейхтары деп жүрген сопылардың барлығы дерлік Қожа Ахмет Иасауи тариқатының шейхтары еді” дейді. Жалпы дәстүрлі түркілік сопылық рух пен Қ.А.И. дүниетанымы, оның ілімінің мәні мен маңызы “Диуани Хикмет”, “Мират-ул Қулуб”, “Пақырнама” сияқты мұраларынан көрінеді. Қ.А.И. сопылық ілімінің, дүниетанымы мен философиясының негізін моральдық-этик. және сопылық хикметтер деп жіктеуге болады. Иасауи іліміндегі парасат ұғымы адамның адамгершілік ахлақи мәртебесіне және “инсани камил” дәрежесіне жету мәселесін қарастырады. Қ.А.И-дың дүниетанымдық тұжырымдамасының теор. негізін шариат пен мағрифат құраса, ал тәжірибелік негізін тариқат белгілейді. Қожа Ахмет дүниетанымының мәні – “адамның өзін-өзі тануы” арқылы “Хақты тануы”. Бұл жолдың алғашқы мақамы (басқышы) – “тәуба”, соңғысы “құлдық” (убудийат, абд). Бұл жолдағы адам “жаратылған – мен” екендігінің ақиқатына, жаратылыс сырына көзі жеткенде, өзінің адамдық парызы – “Алла мен адамның және адам мен қоғамның” арасында “көпір – жол” болу екендігін ұғынады. Иасауи хикметтерінің мәні, философиясының өзегі – адам. Адам “кемелдікке” жетуі үшін қажетті білімді игеруі керек. Бұл білімнің қайнары – хикмет. Хикметтерде адам жаратылысы – Жаратқан иенің ұлылығын көрсететін, көркемдігі жағынан ең жоғарғы кейіпте жаратылған болмыс екендігі айқын көрсетілген. Қ.А.И. хикметтерінде адамның табиғаты Құранда айтылғандай – су мен топыраққа телінеді. “Асылың білсең су уа кил (топырақ) және килге (топыраққа) кетер йа” – дейді ол. Сопылық мағынада “топырақ” – адамның жаратылыс табиғаты, парасаттылық пен қарапайымдылық. Ал, нәпсіқұмарлық, менмендік, өркөкіректік – адамды адамшылықтан кетіретін қасиеттер. Қ.А.И-дың кейбір хикметтерінде өзінің бүкіл болмысымен топыраққа айналғандығын білдіретін символдық ұғымдар қолданылады: “Басым топырақ, өзім топырақ, тәнім топырақ; Хаққа қауышар ма екем деп – рухым муштақ”. Бұл сопылық мағынада “уисал” (Хаққа қауышу) мақамын білдіреді. Топырақ болу, нәпсіден арылу – Хаққа қауышудың бірінші шарты. Осыдан кейін адам ақиқатқа жетіп, инсани кәміл дәрежесіне ұласып, өзінің Хаққа бастар “жол” екендігінің мәніне қанығады. “Топырақ болғыл әлем сені басып өтсін” дегендегі мақсат осыған саяды. Өйткені сопылық атауда әулиелер мен пірлердің қабірін де “топырақ” дейді. Қ.А.И. дүниетанымында әулие – даңғыл жол, өйткені ол – халқына жақсы мен жаманның, ақиқат пен жалғанның арасын айыруға жөн сілтейтін, Алла рахметінің қоғамдағы көрінісі болып табылатын дана тұлға. Қ.А.И. ілімінде Хаққа қызмет ету халыққа қызмет етуден басталады. Ал, халыққа, ұлтына қызмет етудің шарты – топырақ сипатты болу, нәпсіні тыю. Топырақ сипатты болып, өзін халқына арнау кемелдікті білдіреді. Қ.А.И. кемелдікке жету үшін адамда ашқ (қуатты махаббат) пен дерт болу керек дейді. “Дертсіз адам адам емес, мұны аңла; Ашқсыз инсан хайуан жынысы, бұны тыңда”. Осы хикмет жолындағы “дертсіз адам” адамдық сезімнен жұрдай, өз ұлтының, қоғамының, Отанының алдында жауапсыз, мұңсыз, қара басының қамын күйттейтін жан. “Ашқсыз адам” – илаhи фитраттан, яғни Алла тарапынан адамға берілген құдайлық сыйдан мақрұм қалған, өзінің адамдық қадірін бағалай алмайтын, парасаттылыққа ұмтылмайтын, өзін қоршаған әлемге, адамға, табиғатқа, осының бәрін Жаратушы иеге мән бермейтін жан. Дертті адамның Қ.А.И. іліміндегі алатын орны ерекше. Ол хикметінде “Білімің – шырақ, халің – пілте, көз жасың – жағатын май” болсын дейді. Дертті, шерлі адам пілте болып жанып, ашқ отына түсіп, қоғамның кемшілік тұстары мен ақсаған руханиятын көріп, көз жасы, қайрат-жігерімен одан шығар жол, дауа іздейді. Шынайы ашққа осы дерт арқылы ұласады. Ал ашқ кемелдікке жетелейтін күш-қуат көзі. Қ.А.И. ілімінде адамның жаратылыс мақсаты – Хаққа құлшылық ету (ибадат), ол “Сізді, бізді Хақ жаратты ибадат үшін” – дейді. Бұл ибадат (убудийат) – Хақты тану жолындағы ең жоғарғы мақам. Құдайлық ашқты, Аллаға деген махаббатпен тұтастықта көретін Қ.А.И. дүниетанымы Алла жаратқан адам баласын кемсітпей, өзімен тең дәрежеде құрметтеуді парыз деп қарайды. “Сүннет екен кәпір де болса берме азар, Көңілі қатты ділазардан Құдай бизар” деген хикмет адамның тегі мен түсіне, діні мен діліне қарамастан оған құрмет көрсету, адам ретінде ардақтауды пайғамбарлық сүннет (жүйе, заң, қағида) ретінде танытады. Өйткені Қ.А.И. ілімі – дін, мазһаб аясына сыймайтын шексіз ашқ (махаббат) жолы. И. дүниетанымында “дертті адам”, “топырақ адам”, “кемел адам”, сондай-ақ, “ғарип адам” тұлғалары да дәріптеледі. Ғарип адамды кемелдік мәртебесіне жеткізіп, пайғамбардың қоғамдағы өкілі, ізбасары ретінде бағалайды (қ. Сопылық). Қ.А.И. өзін де ғарип ретінде көрсетеді: “Ғариппін ешкімім жоқ, бейшарамын hәм пақыр, Сенен басқа кімім бар, рақым ет Сен (Алла) таң сәріде” – деп рақымды тек Алладан ғана күтеді. Өйткені оны Алладан басқа шын ұғатын, қолдайтын ешкім жоқ. Оны ғарип қылып, жалғыздыққа итермелейтін күш оның дүниеге деген көзқарасы, илаhи ашқ – Хақ жолына деген ұмтылысы мен махаббаты. Ғариптік – адамның өз-өзімен іштей күресіп, санасын сансыратқан мәселелердің шешімін табу жолында рухымен тілдесу, өз әлімен ғана ләззат алу сияқты көңіл-күйді білдіретін психол. хал. Сондықтан да Қ.А.И. “Қай жерде ғарип көрсең һем дем бол-ғыл” дейді. Яғни оларға дем бер, қолдау көрсет, қасынан табыл, құрметте дегені еді. Қ.А.И. дүниетанымында өмір мен өлім мәселесінің мәні өзгеше. Ғазали “өлімнің ақиқатын түсіну үшін, өмірдің мәніне жету керек, ал рухты білмей тұрып, өмірді тани алмайсың” дейді. Оның ілімінде нәпсі – жамандықтың, рух – жақсылықтың қайнар көзі болып табылады. Жақсылық пен жамандық секілді нәпсі мен рухтың да қатар өмір сүруі мүмкін емес. Рухтың өмір сүруі үшін нәпсінің өлуі шарт. Өйткені өмірдің мәні рухтың тазалығында, яғни көңіл айнасының сафтығында жатыр. Рух тазалығын мақсат тұту “ашқ” мәртебесіне ұласып, Хақ дидарын көру болып табылады. “Муту қабла ан тамуту-топырақ болмақ; Ашқтар өлмес бұрын өледі екен...” “Құл Қожа Ахмет, нәпсіні тептім, нәпсіні тептім, Өлмес бұрын жан берудің дертін шектім, Дидар тілеп тәрк етсем масиуаны; Өлмес бұрын болмысыңды айла фани...” Бұлар – “өлмес бұрын өлу” философиясына тән хикметтер. Қ.А.И. мұнда масиуаны (Хақтан басқа барлық дүниені) тәрк ету арқылы шынайы өмір мәнін ұғынуға шақырады. Оның көзқарасы бойынша, “шынайы өмір” деп, рухтың нәпсіден арылып, илаhи нұрлармен шайылуын айтады. Бұл ілім негізінде адамдарды “өлілер” және “тірілер” деп қарауға болады. Бұл жердегі “өлі” және “тірі” ұғымы рухқа байланысты. “Өлілер” – дүниеде нәпсінің құлы болып өткендер, олар тірі болса да өлікпен тең. “Тірілер” – нәпсілерін жою арқылы рухтарына “өмір” сыйлағандар, олар өлсе де мәңгілік өмірмен қауышқандар, бақи мәртебесіне жеткендер. Қ.А.И. дүниетанымында физ. өлім жоқ. Ол жай ғана рухтың тәннен айырылып, басқа бір халге ауысуы. Аллаға құлшылықтың ең жоғарғы халі – еркіндік. Рухани өмір ішкі рухқа қатысты болғандықтан, Қ.А.И. іліміндегі еркіндік мәселесі де адамның “ішкі еркіндігі” шеңберінде қарастырылады. Ішкі еркіндікті ислам ахлағында “моральдық еркіндік” дейді. Яғни, Хаққа толық құл болған адам ғана толық еркін, азат. Демек, Алладан басқа барлық нәрседен тазару шынайы еркіндікке ұласады. Сопы Хақ алдында құл, халық алдында азат, еркін. Рухани өлімнің нәтижесінде нәпсі үстемдік құрып, адамды өзіне құл етеді. Адам өзінің жаратылысын, табиғатын жатсына бастайды. Нәтижесінде рух еркіндіктен айырылады. Қ.А.И. әдісі бойынша, рухты еркіндікке қауыштырудың жолы – зухд. Қ.А.И. ілімінде ішкі еркіндікке жетудің дәрежелері мен басқыштары айтылады. Бұлар сопылық дүниетанымдағы “халдер” мен “мақамат” категорияларының рет-ретімен жалғасуы арқылы жүзеге асады. Ішкі еркіндік жайындағы мәліметтің негізі – дін. Ал дін адамзатқа “ішкі құлдықтан” құтылу және “ішкі еркіндікке” жетудің жолын көрсететін Алла тарапынан берілген илаhи жол. Қ.А.И. ілімі бойынша, “өлілер” мен “тірілер” ұғымына сәйкес, еркіндік мәселесінде де адамдарды екі топқа бөліп қарауға болады. Бірінші топ – “еркіндікті аңсаушылар”. Бұлар тек қана Хаққа табынып, құлшылық етеді. Екінші топ – “еркіндіктен қорқатындар”. Бұлар – нәпсі, мансап, байлық, атақ, дүние, адамға, т.б. табынып, құлдық ұрады. Хикметтің басы – Алланы бар және бір деп білу. Қ.А.И. адам баласы осы шындықтан бейхабар қалғанда өзінің негізінен алыстай бастайтындығын айтады. Осы ақиқатты адам баласына ескертіп, тікелей еске салып отыратын таным көзі – Құран деп біледі. Сонымен қатар, Алланы танудың негізгі сыры адамның өзінде екендігін айтады. Адам – микрокосмос болса, рух, бүкіл әлем, болмыс – макрокосмос, Алланың аяттары, яғни белгілері. Адам – рух әлемінде Алламен болған сұхбат-антты бұзбай “Зікір” арқылы үнемі есте сақтаушы. Қ.А.И. іліміндегі зікір, уажд (экстаз), сама сияқты әдістер Алламен болған сертті ұмытпау үшін қолданылған. Адамның арабша “инсан”, яғни “ұмытшақ” екендігін ескергенде, Құранның бір аты болып табылатын зікір (еске алу) адамдық болмысты толықтырып, кемелдендіріп отыратын әдіс екендігі белгілі. Осы тұста “қалу бәла” серті (“...мен сендердің Жаратушың емес пе едім” деген Тәңірінің сұрағына рухтардың “Ия, әлбетте” деген жауап-серті) мен рух әлеміндегі онтол. және туыстық бірліктің адамзат арасында осы кезге жалғасып, сақталуына деген ұмтылыстың, тілектің жатқандығын байқау қиын емес. Жалпы сопылық дүниетанымға тән бұл теор.-тұжырымдамалық ұстанымды Қ.А.И. түркілік дүниетаным негізінде жаңғыртты. Ислам тарихында дінді ұғынудың, қабылдаудың ерекше түрі ретінде пайда болған “сопылық ағым” ресми діндегі (қалам мен фикһ) қасаңдыққа қарсы бағыт ретінде бой көрсетті. Сол секілді Қ.А.И. ілімі де түркілік дүниетанымның негізгі категориясы болып табылатын әмбебаптыққа сай дамыды. Тәңірді жазалаушы, қорқыныш иесі ретінде ғана емес, Тәңірді сүю және оның үкімдерін құрметтеу арқылы Аллаға махаббатпен қауышу-ұласу әдістерін қалыптастырды. Өйткені сопылық дүниетанымда Алла – ғашық (сүюші), мағшуқ (сүйілуші) әрі ғашықтықтың өзі болғандықтан да, ғашықтық болмыс жаратылысының ең негізгі мұраты. Бұл адам бойында махаббат, жауапкершілік сезімді, иман, т.б. асыл құндылықтарды қалыптастырады. Адам хикмет арқылы, оның нәтижелі жемістерінің негізінде ғана мәнді, мағыналы өмір, “адамша тіршілік ету өнерін” меңгере алады (қ. “Диуани хикмет”). Қ.А.И. ілімінің танымдық тірегін құрайтын адамгершілік қағидалардың өзегі – ахлақ (мораль). Ахлақ – хикметтің нәтижесінде қалыптасқан рухани құндылықтар жиыны. Адам ахлақ арқылы адамдық болмысқа, мәнге ие болады. Яғни, адам ахлақтық-рухани құндылықтарды бойына сіңіргенде ғана “шындыққа”, “жан тыныштығына” қауышады. Қ.А.И. ілімінде “жан тыныштығы”, “шындыққа жету” адамгершілік қасиет пен сипатқа ұласу арқылы тариқатта жүзеге асады. Аллаға қауышудың жолы қоғамға, адамға қызмет ету – тікелей ахлақтық кемелдену арқылы өтеді. Нәтижесінде рухани тазалыққа, өзін өзі меңгеруге қолы жетіп, “Кемел адам” тұрпаты қалыптасады. Көшпелі түркі қауымын имандылыққа шақыру арқылы Қ.А.И. ілімі барша түркі халықтары мәдениетіне үлкен өзгеріс енгізді. Дәстүрлі түркілік дүниетанымның негізі сыршылдық (мистик.) дін екендігін ескерсек, сопылық танымның түркі мұсылмандығының ең маңызды ерекшелігін қалыптастырудағы себептерін ұғыну қиын емес. Бұл құбылыстың табиғилығын дін феноменол-сы тұрғысынан қарасақ, діндердің таралуындағы ескі ұстындардың толығымен жойылмайтынын, жаңалары сол құндылықтар, түсінік, ұғымдар негізінде өз орнын табатынын көруге болады. Көбінесе діндерде ескі ұстындар мистик. ин-ттармен тұтасып, “халық діндарлығы” түрінде тіршілігін жалғастырады. Бұл құбылыстың көрінісін Қ.А.И-дың сопылық-моральдық ілімінен көруге болады. Оның “құрма” символизмі арқылы Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбарға байлануы, осы құбылысқа Арыстан бабтың “себеп” болуы, өмірін пайғамбар өміріне ұқсатуға тырысуы, пайғамбарға ұқсаудың ишараты ретінде ұлының атын Ибраһим қоюы, пайғамбар жасына келгенде тірідей “жерасты мешітіне”, яғни қылуетке түсуі, осының бәрі оның іліміндегі көшпелі түркілерге исламды таратудағы маңызды әдістемелік, құбылыстық ерекшелік әрі жаңалық болып табылады. Жергілікті халықтың салт-санасы мен сенім-нанымына, әдет-ғұрпына қайшы келмейтін діни-мистик. мектептің негізін қалаған Қ.А.И. шығарм-ы сопылық ағымның түркілік дәстүріне даңғыл жол салды. “Ислам дінін тек араб тілі арқылы ғана тануға болады” деген түсінікті теріске шығарып, сопылық әдебиет ұстанымдарын көне түркі әдеби тіл – шағатай тілінде сөйлетті. Қасиетті кітаптың арабша мағынасын толықтай түсіндіру, шариаттың қыр-сырын, дін қағидаларын қалың қауымға өз тілдерінде тереңнен таныту мақсатында хикметтерін жергілікті халыққа жақын айшықты поэзия тілімен жазды. Қ.А.И. түркі тілінде жатық әрі бейнелі жыр жазудың үлгісін жасап, түркі тілдерінің көркем шығармалар тудыру мүмкіндігінің мол екендігін дәлелдеді. Оның жазба әдебиет үлгісіндегі шығармалары түркі топырағында ертеден қалыптасқан суырыпсалмалық дәстүрдегі әдебиетке жаңа серпін, тың мазмұн алып келумен қатар, оны түр жағынан көркейтіп, кемелдендіре түсті. Сөйтіп, бұрыннан дидактик. сипаты басым түркі әдебиеті насихаттық ой тұжырымдармен толыға түсті. Ол фольклор мен жазба әдебиеттің өзара жақындасуының, толысып, көркеюінің дәнекері бола отырып, Шығ. әдебиетінде ертеден қалыптасқан, Құран Кәрімде баяндалатын тарихи аңыздар мен пайғамбарлар, әулие-әнбиелер жөніндегі әпсаналарды хикметтерінде ұтымды пайдаланды. Қ.А.И. шығарм. түркі-мұсылман әлеміне кеңінен танылып, Иасауише хикмет жазу дәстүрге айналды. Кіші Азияда Қажы Бекташ, Жүніс Әмре, Сүлеймен Бақырғани хикметтерінен Қ.А.И. сарыны байқалды. 12 ғ-дан бері түркі халқының дүниетанымына елеулі ықпал еткен Қ.А.И. сарыны Асан Қайғыдан Абайға, сондай-ақ, күні бүгінге дейінгі қазақ ақындары шығармаларында көрініс тапқан. ӘБДІҚҰЛОВ Қанат. ӘБДІҚҰЛОВ Қанат (22.6.1952, Оңт. Қазақстан обл. Түлкібас ауд. Рысқұлов а. – 2002, Алматы қ.) – мед. ғыл. докт. (1992), проф. Алматы мемл. мед. ин-тын (1975, қазіргі Қазақ ұлттық мед. ун-ті) бітірген. 1975–83 ж. Жамбыл қ-лық т. ж. ауруханасында, Қазақстан ҒА-ның Хирургия ин-тында хирург, Онкология және радиология ин-тында аға ғыл. қызметкер, 1983–92 ж. Мәскеудегі Орт. дәрігерлер білімін жетілдіру ин-ты мен Бүкілодақтық онкол. ғыл. орт-та қызметтер атқарды. 1992 ж. Қазақ ұлттық мед. ун-тінде проф., 1995–2000 ж. Алматы обл. клиник. ауруханасында хирургия бөлімінің меңгерушісі, бас хирург, 2000 жылдан Алматы көп салалы клиник. ауруханасында директор. Ол 120-дан аса ғыл. жұмыстың, 4 монографияның, 5 өнертапқыштық және 4 рационализаторлық ұсыныстың авторы. «Құрмет». орденімен марапатталған. ҚОЖА АХМЕТ ИАСАУИ КЕСЕНЕСІ. ҚОЖА АХМЕТ ИАСАУИ КЕСЕНЕСІ – ортағасырлық сәулет өнері ескерткіші. Түркістан қ-нда орналасқан. 1396 – 99 ж. Әмір Темірдің бұйрығымен Қожа Ахмет Иасауи қабірінің басына тұрғызылған. Қ.А.И. к. – үлкен порталды-күмбезді мемориалдық құрылыс. Архит. жергілікті дәстүрді жете меңгерген парсылық шеберлердің жобасы құрылысқа негіз етіп алынған. Кесене оңт.-шығыстан солт.-батысқа қарай созылып жатыр. Ені – 46,5 м, ұз. – 65 м. Күйдірілген шаршы кірпіштен өрілген. Кесене жобасының ерекшелігі – онда Орт. Азия сәулет өнерінде бұрын-соңды ұшыраспаған шатыр жабу тәсілдері қолданылған. Ескерткіште күмбезді, аркалы элементтер мол. Сәулетші-шеберлер тек аркалы күмбезді жүйенің өзіне сан түрлі әдістерді қолданған. Кесенеде аса үлкен портал (ені – 50 м-ге жуық, порталдық арканың ұз. – 18,2 м), бірнеше күмбез, 35 бөлме бар. Ғимараттың биікт. – 37,5 м. Сыртқы қабырғалардың қалыңд. – 1,8 – 2 м, қазандық қабырғаларының қалыңд. – 3 м. Қ.А.И. к. мешіт, медресе қызметін де атқарған. Кесененің үш қабырғасының үстіңгі жағымен өтетін эпиграфтық фризде Құран Кәрім сүрелері мен аяттары жазылған. Жазулар көгілдір қышпен өрнектелген. Жазулардан “Алла”, “Мұхаммед”, “О, жарылқаушы”, “Билік Аллада”, “Алла менің әміршім”, “һижраның 800 жылы” деген сөздерді оқуға болады. Қоладан соғылып, алтын, күміс жалатылған есік тұтқалары мен алты шырағдан да сәулет өнерінің інжу-маржандарының қатарына жатады. Бұларда оны жасаушы исфаһандық шебер Тадж әд-Дин Изеддиннің есімі жазылған. Қола шырағдандағы жазулар һижраның 799 ж. 20-рамазанында жасалғандығын көрсетеді. Бүкіл құрылыстың мағыналық кіндігі – қабірхана ортасында Қожа Ахмет Иасауиге құлпытас қойылған. Қабірхана есігі жұқа темірмен қапталып, оған алтынмен жазулар түсірілген. Кесене мешітінің 16 терезесі, қос қабат күмбезі бар. Мешіттің батыс жақ қабырғасына Меккедегі Қағба іспетті 3,5 – 2,5 м-лік мозаикалық михраб орнатылған. Кесененің оңт.-батыс жағындағы Аллаға құлшылық етуге арналған жер асты ғибадатханалары Иасауидің тірі кезінде жасалып, кейін қайта жаңғыртылған. 16 ғ-дан кесенеде және оның төңірегінде қазақ халқының атақты адамдары (Жолбарыс хан, Есім хан, Абылай хан, Қаз дауысты Қазыбек би, Жәнібек батыр, т.б.) жерлене бастады. 19 ғ-дың алғашқы ширегінде Қоқан билеушілері кесенеге жөндеу жұмыстарын жүргізіп, оның төңірегіне қамал-бекіністер салуды қолға алды. 1864 ж. Түркістан қ-н жаулап алған Ресей отаршылары зеңбірекпен атып, кесененің 11 тұсына зақым келтірген. 19 ғ-дың соңына қарай Қ.А.И. к. тарихи-мәдени мұра ретінде ғыл. тұрғыдан зерттеле бастады. 1978 ж. қыркүйекте Қожа Ахмет Иасауи респ. мұражайы ашылды. 1989 ж. 28 тамызда ҚР Үкіметінің шешімімен “Әзірет Сұлтан қорық-мұражайы” ұйымдастырылды. Түркия елімен арадағы келісім бойынша жүргізілген ғимаратты қалпына келтіру жұмыстары 2000 ж. аяқталды. 2003 ж. маусымда Парижде өткен ЮНЕСКО-ның 27-сессиясында Қ.А.И. к. дүниежүз. мәдени мұралар тізіміне енгізілді. ӘБДІЛДИН Жабайхан Мүбәракұлы. ӘБДІЛДИН Жабайхан Мүбәракұлы (16.2.1933 ж.т., Павлодар обл. Май ауд. Майтүбек а.) – филос. ғыл. докт. (1968), проф. (1970), Қазақстан ҒА-ның акад. (1983), Қазақстанның еңбек сің. ғыл. қайраткері (1993). ҚазМУ-ды (1954, қазіргі ҚазҰУ) және Мәскеу мемл. ун-тінің аспирантурасын (1958) бітірген. Қазақстан ҒА-ның Филос. және құқық ин-тында кіші (1958–60), аға ғыл. қызметкер (1960–65), бөлім меңгерушісі (1965–96), ин-т директоры (1973–84) қызметтерін атқарды. Қазақстан ҒА Қоғамдық ғылымдар бөлімшесінің акад.-хатшысы (1984–86), ҒА-ның вице-президенті (1986–95) болды. 1968 ж. «Теориялық танымдағы бастама мәселесі» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Ә-нің ғыл. еңбектері негізінен диалект. логиканың өзекті мәселелерін зерттеуге арналған. Соның ішінде, әсіресе, нақты ұғым, бастама мәселелерін терең зерттей отырып, олардың филос. тарихы тұрғысынан негізделген диалект. анықтамасын жасады, логик. және гносеол. функцияларына сипаттама берді, қазіргі ғылым мен практикадағы логик.-әдістемелік рөлін айқындады. Оның басқаруымен диалект. логиканың категорияларын, заңдарын, принциптерін жан-жақты зерттеуге арналған ұжымдық монографиялары («Диалектикалық логика» аталатын 4 томдық іргелі еңбегі) жарық көрді. Мұнда диалектиканың логик. функциясы анық дәлелденіп, категорияларының ғыл. жүйесі жасалды әрі олар қазіргі жаратылыстану ғылымдарының методол. мәселелерімен ұштастырылды. Ә. белгілі қоғам және мемлекет қайраткері. 1990 ж. Қазақстан Жоғ. Кеңесінің депутаты болып сайланды. 1994 ж. ҚР-ның тұңғыш Парламентіне депутат болды. 1995 жылдан қазірге дейін ҚР Парламентінің сенаторы, Сенаттың Халықар. істер, Қорғаныс және қауіпсіздік к-тінің төрағасы. Ш.Ш.Уәлиханов атынд. (1974), Қазақ КСР-і Мемл. (1984) және ҚР Президентінің Бейбітшілік пен рухани татулық (1994) сыйлықтарының лауреаты. 2-дәрежелі «Барыс», Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған. Ш ы ғ.: Проблемы начала в теоретическом познании, А.-А., 1967; Диалектика Канта, А.-А., 1974; Ой әлемінен сөз, Аст., 2002; Время и культура. Размышления философа, Аст., 2002. Ғаббасов араб. Ғаббасов Араб Мақаұлы (12.12.1903 ж.т., Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы – 2002) – ғылым докторы (1945), профессор(1954), Қазақстан Ғылым Академиясының корр. мүшесі (1946), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961). Мәскеу ауыл шаруашылық академиясын бітірген (1930). 1932–41 ж. педагогтік қызметте, 1941–46 ж. КСРО Ғылым Академиясының Қазақ бөлімшесінде аға ғылым қызметкер, Қазақстан Ғылым Академиясының бөлімшелері мен базалары кеңесі төрағасының орынбасары, 1946–50 ж. Қазақстан Ғылым Академиясының Шөл игеру ин-тының директоры, 1951–77 ж. Ботаника институтында бөлім меңгерушісі болды. Өзі ұйымдастырған және басшылық еткен Шөл игеру институтында, Жезқазған, Іле ботаникалық бақтарында алыс текті будандастыру және мутагенез әдістері арқылы бидай мен жүгерінің түраралық және туысаралық будандарын алды. Олардың селекциясы мен генетикасын зерттеді. Табиғи жайылымдарды пайдалану шараларын белгілеп берді. Бидай мен қарабидай буданының (тритикале) коллекциясын жасады. ӘЛПЕНШЕК. ӘЛПЕНШЕК (Pododendron) — көкбұта тұқымдасына жататын бұталы өсімдік. Еуразия, Солтүстік Америка елдерінде таулы, орманды жерлерде кездеседі. Бұталарының биікт. 2 — 6 м, түсі сарғыш-қоңыр, не қара-қоңыр, ал жас бұталары жасыл келеді. Жапырақтары қалыңдау, ұзынша, түкті. Гүлдері ірі, ақ сары, қызыл, қызғылт түсті болады, ал күлтесі қызыл болып ашылады. Олар шатырша гүлшоғырына топталған. Қазақстанда Ә. тек қана гүл шаруашылықтарында, ботаник. бақтарда өсіріледі. Ә. қалемшелеу әдісімен көктем-жаз айларында, арнаулы жылыжай, көшетханада көбейтіледі. өсіп шыққан жас көшеттерді жәшіктерге, кейіннен қыш құмыраларға отырғызады. Олардың күтімі жақсы болса, 1 — 2 жылдан кейін гүлдей бастайды. Ә. — сәндік өсімдік. ӘЛПЕТ. ӘЛПЕТ — түр-сипатты, сыртқы көріністі білдіретін эстетик. ұғым. Болмыс түрін білдіретін төрт ұғымның (атау, сапа, әлпет, мағына) бірі. Болмыс түрінің Ә-іне оның сапасы мен мағынасы әсер етуі мүмкін. Адамның көңіл-күйі, ішкі сезімі, ең алдымен, оның бет-әлпетінен көрінеді. Ә. жеке адамның өзіне тән сыртқы сипатын көрсетеді. Адам Ә-інен ақыл нұры, жан сұлулығы, мейірімділігі, сабырлылығы немесе қатыгездігі, үрейі, қуанышы байқалады. Д. Омаров ҚОЖА АХМЕТ ИАСАУИ ТАРИҚАТЫ. Қожа Ахмет Иасауи негізін салған діни-сопылық мектеп. Қ.А.И. т. түркі сопылық дүниетанымы ерекшеліктеріне негізделген жалпы ислам сопылығының ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл тариқаттың қалыптасу кезеңі Аббаси халифатынан бөлінген тәуелсіз жекелеген саяси биліктердің қалыптасу дәуіріне сай келеді. Екінші кезең Иасауи өмір сүрген дәуір мен Алтын Орданың құрылуы арасындағы Түркістандағы сопылық дүниетаным мен тариқаттардың даму дәуірі. Қ.А.И. т. қалыптасуының алғышарттары туралы әр түрлі көзқарастар бар. Қ.А.И. т-ның негізі “мубаййадун” және “карматтық” доктриналардан бастау алады деген тұжырым Бағдад пен Хорасан сопылық ағымдарының оның қалыптасуына айтарлықтай ықпалы болмағандығына сүйенеді. Яғни, оған Түркістан аймағындағы дуалистік бағыттағы манихей ілімі мен дәстүрлі секталар негізінде қалыптасқан мубайидиттер ілімінің табиғи жалғасы ретінде қарайды. Түрік тарихшысы Зәки Уәлиди Тоған Иасауи ілімінің манихейлік пен шафиилік негізде қалыптасқандығын, сондай-ақ оның қарахан әулетінен шыққандығын айтады. Теор. тұрғыдан Иасауи ілімі қалб, зауқ, илһам жолы арқылы мағрифатқа және батинға ден қояды. Яғни, оның ілімі рух пен нәпсіге мән беретін болса, карматилер толығымен саяси бағытта, сырт көрініске мән беретін акаидтық (ақаидтық) доктринаға негізделген. Карматилер секталық мазһаб, табиғаты жағынан саяси, қағидалық (шариаттық) сипатта болса, Қ.А.И. т. толығымен рухани бағытта өрбиді. Қ.А.И. т. Халлаж әл-Мансұр жолының жалғасы деушілердің қатарында француз шығыстанушысы Массиньон Луис бар. Оның “Халлаж әл-Мансұр” атты еңбегінде Халлаждың түркі мұсылмандығында алатын орны кеңінен сөз болады. Иасауи Халлажды ислам әулиелерінің пірі деп таныған. Исбатийиа сопылық ағымының өкілі Мансұр әл-Халлаж ілімінің негізгі ерекшеліктерін сопылық дүниетаным категориялары (“фана фи Аллах” (Аллаға еру), “мухаббатуллах” (Аллаға ғашықтық), “тарк-и дүния” (Алладан басқаны тәрк ету), “хикмет” (даналық), “ғашықтық (ашқ)”, “мурақаба” (өзіне сын көзбен қарау), “тасфийиа-и қалб” (жүректі арылту) деп айқындайды. Кейбір ерекшеліктері болмаса, Иасауи ілімінің мазмұны Халлаж іліміне сай келеді. Дегенмен бұл ілімнің теор. негізінде исбатийаға қарағанда, Маламийа ағымының белгілері басым. Солай бола тұра, Иасауи хикметтерінде Мансұрдың аты мен жолы көп дәріптеледі. Маламийа доктринасы [негізін салушы Баязид Бистами (874 ж.ө.)], жалпы алғанда, дәстүрлі түркілік дүниетаным негізінде қалыптасқан. Адамның психол. халін зерттеуге бағытталған маламийа дүниетанымы тәңірге ішкі сезім мен түйсік арқылы “зауқ”, “уажд” және “истиғрақ” халдерімен ұласып жатады. Бұл – Аллаға мойынсұнудың жолы. Маламийада Хаққа қызмет – халыққа қызмет ету болғандықтан, негізгі талап адамды сүюге негізделген. Иасауи ілімінің өзегі маламийадағы сопылық психол. халдердің бастысы – маһу, адамның нәпсілік, хайуандық сипаттарын жоюы; сакр – адамның ашқ (қуатты махаббат) және уирд (зікір) арқылы фана мақамына (еркіндік мақамына) жетуі; елту, ләззат алуы; сатр – адамның ибадаты мен амалдарын жасыруы; уажд – адамның “өзін” жоғалтып, Хақты тауып, Аллаға қауышуы сияқты халдер мен мақамдар. Маламийа табиғатының барлық ерекшеліктерін “Диуани Хикмет” пен “Мират-ул Қулубтан” көруге болады. Мұндағы маламийлік – сопылық филос. ілім (доктрина), оны кейінгі ғасырларда тариқат ретінде пайда болған маламийлікпен шатастырмау керек. Қ.А.И. т-ның негізгі ерекшеліктері, кемелдікке жету жолында шәкірттерге қойған талаптары туралы Хазини өзінің “Жауаһир ул Абрар мин Амуаж-ил Биһар” (“Теңіз толқындарындағы ізгіліктің гауһарлары” немесе “Хақ жолындағы әулиелердің сырлары”) деген еңбегінде мол дерек қалдырған. Онда Қ.А.И. т-ның он негізгі этик. (адаб) ұстанымдары қамтылған: 1) Ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым-қатынас: мүрид (шәкірт) ешкімді өзінің шейхынан (ұстазынан) артық санамауы және мойынсұнуы қажет (өйткені тариқатқа, рухани кемелдік жолына кірген шәкірт ұстазынан бөлек, өз бетімен жүріп – тұратын болса, оның рухани даму жолы жабылады); өз шейхының халі мен ишараттарын түсіне білуі үшін ақылды, сезімтал болуы; шейхының сөзі мен ісіне мұқият болуы; адал қызмет етуі, жалған айтпауы, сертінде тұруы тиіс; қажет болса, мүрид өзімен қоса барлық мал-мүлкін шейхының қажетіне беруге дайын болуы керек, өйткені “батин (ішкі) көзі” басқаша ашыла алмайды; шейхының сырларын сақтауы, барлық насихаты, уағызы мен нұсқауларын орындауы тиіс; Хаққа қауышу жолында шейхы үшін жанын беріп, оның досымен дос, дұшпанына дұшпан болуы қажет (бұл шарттар психол. негізде). 2) Түпкілікті алты үкім (аһкам): а) Алланы тану; ә) жомарттық; б) шынайы адалдық; в) йакиннің (шексіз таным) мәніне қанық болу; г) тәуекел; ғ) тафаккул (терең ой). 3) Шейх болушы: дін ғылымына қанық, жұмсақ мінезді, сабырлы, ықыласты, Хақ ризалығымен қауышқан, Хаққа жақын болуы тиіс. 4) Тариқаттың алты міндеті (уажиб): а) кемелдікке жетуге талаптану; ә) Хаққа жақындауға тырысу; б) Хаққа қауышу үшін жан сала ұмтылу; в) Хақ жолында қауіп пен үміт халінде болу; г) үнемі зікірде болу; ғ) үнемі Хақиқат туралы сөйлеу. 5) Тариқаттың алты түрлі дәстүрлі жолы (сунна): а) көппен бірге намаз оқу; ә) таң сәріде ояу болу; б) үнемі дәретті, таза болу; в) өзін үнемі Алланың құзырында сезіну; г) Алланы ешқашан естен шығармау (зікір ету); ғ) салиқалы және кемел адамдарға, билеуші-әмірге тағатты болу. 6) Тариқаттың алты ерекше қасиеті (мустаһаб): а) қонақжайлылық; ә) жағдайына қарай қонақ күту; б) қонақтың көп қонуын ырыс деп білу; в) қонақтың көп болуына көңіл бөлу; г) қонақтың тілегін орындау; ғ) Қожа Ахмет Иасауиге және өз уақытының шейхына дұға, тілек ету. 7) Тариқаттың алты этик. тәртібі: а) екі тізерлеп, қарапайым, әдепке сай отыру; ә) өзін барлық адамнан төмен санау; б) барлық адамды өзінен артық санау; в) ұстаздарды құрметтеу; г) шейхтардың алдында рұқсатсыз сөз сөйлемеу; ғ) олардың айтқан ақылдарын естен шығармау. 8) Тариқатқа кірген мүридтің кемелдікке жетуінің төрт шарты: макан (кеңістік), заман (уақыт), ихуан (бауырмалдық – өзара ынтымақтастық), рабт-и Султан (мемл. басшысына риясыз берілгендік). Яғни, бірінші саликтердің (мүрид) ойы бөлінбеуі (тафрика-и хатр); зікірмен айналысуы үшін (аурад), ең алдымен, ыңғайлы мекен (кеңістік) болуы керек. Екінші, талибтер (шәкірттер) арасында және мемлекетте жұмыссыздық, соғыс, т.б. келеңсіз оқиғалар орын алмауы қажет. Мұндай құбылыстар шәкірттің кемелденуіне кесірін тигізеді. Үшінші, барлық “мақамат” (ахлақи-этик. асулар), “халуат” (қылует) және “арбаиндерде” (шілдехана) “шауқ-и мужиб” болуы үшін “факр-у фана” (кемелдік) мақамына ұмтылған шынайы серіктері, достары болуы керек. Төртінші, мемлекет басшысына адал болулары қажет. Иасауидің жолында шәкірттіктің соңы, яғни кемел адамның рухани асуларының мақсаты – “факр (кемел адам) жолы” болуы керек. 9) Қ.А.И. т. – дауыстап зікір салатын “жаһри тариқат”. Кейбір зерттеушілер – жаһри тариқаттың негізін салған Қожа Ахмет Иасауи деген пікірде. Қ.А.И. т. салатын зікір түрі сопылық әдебиеттерде көбіне “ара зікір” деп те аталады; 10) Қ.А.И. т-ндағы қылует – мүридтің бар ықыласын белгілі мақсатқа бағыттауы және кейбір арнайы зікірлер арқылы риязаттарды орындау үшін шейхтың мүридінің рухани халін қараңғы, сыртқы әлемнен жырақ орындарда, яғни, жерден қазылған мекенде, белгілі уақыт ішінде тәрбиелеуі. Қ.А.И. т-ндағы рухани ұстаздардың тарихи “Насабнама” нұсқаларындағы сабақтастық силсиласы (тізбегі) төмендегіше таратылады: 1) Хазіреті Әли Мұртаза; 2) Хусайн бин Әли; 3) Зайн ал Абидин; 4) Әли; 5) Зайд; 6) Йахийа; 7) Исхақ ат-Турки; 8) Харун Шейх; 9) Мумин Шейх; 10) Мұса Шейх; 11) Исмаил Шейх; 12) Хасан Шейх; 13) Усман Шейх; 14) Омар Шейх; 15) Мұхаммед Шейх; 16) Ифтихар Шейх; 17) Махмуд Шейх; 18) Ілияс Шейх; 19) Ибрахим Шейх; 20) Қожа Ахмет Иасауи. Силсила, негізінен, хал ілімінің ұрпақтар арасында берілуінің, ондағы кемел шейхтардың тізімі ғана. Силсилада кемел шейхтардың орын алуы бұл ілімнің ақиқат екендігін көрсететін дәлел саналған. Қожа Ахмет Иасауиден кейінгі тариқат силсиласы (тізбегі): 1) Суфи Мұхаммед; 2) Хакім Ата; 3) Зеңгі Ата; 4) Садр Ата; 5) Айман Баба; 6) Жамал Ша-ши; 7) Шейх Али; 8) Маудуд Шейх; 9) Хадим Шейх; 10) Шейх Жамал Бұхари; 11) Шейх Сүлейман; 12) Шейх Хұдайдад; 13) Шейх Матин; 14) Шейх Амин; 15) Саид Мансұр ата; 16) Хасан Хазини (Асан Қайғы). Қ.А.И. т. екі үлкен салаға бөлінеді, олардың силсиласы: 1) Иқани (Қамал шейх); 2) Шейх Али Абади; 3) Шейх Шаме Өзкенти; 4) Абдал Шейх; 5) Шейх Абд-ул Уаси; 6) Шейх Абд-ул Мухаймин (16 ғ.), т.б. ә) 1) Азизан (Шейх Харидар Азизаги); 2) Маулана Кухи Зарини; 3) Шейх Қасым Кермини; 4) Мұхаммед Мүмин Самарқанди; 5) Шейх Ахунд Молла Хұрд Азизан, т.б. Қ.А.И. т-нан бөлініп шыққан тариқаттар: Бекташийа және Нақшбандийа. Қ.А.И. т. 12 ғ-да Мауераннахр, Түркістан, Ферғана, яғни қазіргі Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан мен Тәжікстан аумақтарына таралды. Осы жерлерде Иасауидің ілімі мен рухани құндылықтарын жалғастырушылар өзіндік із қалдырды. Cондай-ақ түркі мәдениеті негізінде құрылған барлық тариқаттар осы тариқат негізінде қалыптасты. Мұны Нақшбандийа мен Кубрауийа (Нажмаддин Кубра) силсиласында Қожа Ахмет Иасауи шәкірттерінің кезігуінен көруге болады. Иасауи ілімінің Үндістандағы мұрагерлері – Хайдарийа тариқаты. Бұл туралы деректер 14 ғ-да Ибн Баттутаның саяхатнамасында, кейіннен Симон Дигбу, Терри Зарконье сияқты батыс шығыстанушыларының еңбектерінде кездеседі. Онда Иасауи дәруіштерінің 16 ғ-ға дейін Синд, Пенджаб аймақтарында өз ілімдерін таратқандығы туралы мәлімет бар. Кіші Азия, Анадолыға Иасауи ілімі 13 ғ-дың алғашқы жартысынан бастап, Хайдарийлік тариқат арқылы ене бастады. Құтб-уд-дин Хайдар (13 ғ.) кейіннен 16 ғ-дың басында құрылған Бекташийа тариқаты да Иасауи ілімінің жалғасы. Алтын Орда дәуірінде Өзбек ханның (1313 – 1341) исламның ресми дін ретінде танылуы нәтижесінде сопылық Еділ бойына тарады. Бұл кеңістікте Иасауи ілімі исламның өзегі ретінде қабылданып, 12 – 14 ғ-ларда Орт. Азия, Таяу Шығыс, Үндістан жерлеріндегі саяси оқиғалар негізінде Хорезм, Хорасан, Әзербайжан арқылы Кіші Азия – Анадолы жерлеріне, одан Балқан, Еділ-Оралға дейінгі аймаққа жайылды. Қ.А.И. т-ның ықпалы қазақ арасында кейінгі дәуірлерде шектеліп қалды. Иасауи жолы 16 ғ-ға дейін Ферғана, Ош өңірлерінде кеңінен танылып, 19 ғ-дан 20 ғ-дың 70-жылдарына дейін сақталып келді. Қазіргі уақытта Орт. Азияда Қ.А.И. т-ның қайта жандана бастағандығы байқалады. ӘЛПІГҮЛ. ӘЛПІГҮЛ (Lomatogonіum) — көкгүлдер тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанның таулы аймақтарының биік тау белдеулерінде, өзен, көл жағаларында мәңгі мұздар маңайында өседі. Оның карантий Ә. (L. carіnthіacum) және дөңгелек Ә. (L. rotatum) деген түрлері кездеседі. Олардың биікт. 5 — 30 см-дей келеді. Сабақтары тықыр, жіңішке болады. Қандауыр пішіндес жапырақтары қарама-қарсы орналасады. Көкшіл, кейде қоңыржасыл гүлдері масақ гүлшоғырына топтасқан. Жемісі қорапша тәріздес. Шілде — тамыз айларында гүлдейді. Тамыз — қыркүйекте жеміс береді. С. Арыстанғалиев ӘЛСІЗДІК. ӘЛСІЗДІК — адамның психологиялық және физиологиялық күйін білдіретін ұғым. Психологиялық ә. адамның таным, ақыл-ой, сезім қабілеттерінің нашарлығын аңғартады. Физиологиялық ә. адамның жүйке жүйесі қызметінінің осалдығын білдіреді. Ә. әр түрлі себептерге байланысты пайда болады. Оған биологиялық факторлар (қартаю, сырқаттану, организмнің тозуы т.б.) және психологиялық факторлар (күйзелу, қайғылану, шаршау т.б.) себеп болуы мүмкін. Ә. ауыспалы мағынада адамның материалдың және рухани тұрғыдан жұтаңдығын да білдіреді. Ә. Алдамұратов ӘЛСІЗ ӨЗАРА ӘСЕР. ӘЛСІЗ ӨЗАРА ӘСЕР — элементар бөлшектер арасында болатын іргелі төрт өзара әсердің бірі. Ол күшті өзара әсер мен электр магниттік өзара әсерден әлсіз, ал гравитаттанған өзара әсерден әлдеқайда күшті әсер болып саналады. өзара әсерлердің күші (пәрменділігі) олардың әсерінен болатын реакциялардың өту жылдамдығын салыстыру арқылы анықталады. Мыс., энергиясы 1 ГэВ болатын реакциялар кезінде күшті өзара әсер тудыратын процестер 10-24с, электр магниттік өзара әсер тудыратын процестер 10-21с, ал Ә. ө. ә. тудыратын процестер 10-10с ішінде өтеді. Сондықтан элементар болшектер әлеміндегі әлсіз процестер өте жәй жүреді. Ә. ө. ә-дің әсер ету радиусы өте аз (шамамен 210-16 см). өзара әсерлердің тағы бір сипаттамасы — бөлшектердің зат ішінде еркін өту жолы (еркін жол ұзындығы). Күшті әсерлесетін бөлшектерді (адрондарды) оншақты см темір қабаты тоқтататын болса, Ә. ө. ә-лесетін нейтрино ешбір кедергісіз мұндай заттың миллиардтаған километрін тесіп өтеді. Дегенмен Ә. ө. ә-дің әлемде атқаратын ролі орасан зор (мыс., онсыз Күн энергия шығаруын тоқтатқан болар еді). Ә. ө. ә. қатысатын ең көп таралған процесс — радиоактивтік ядролардың -ыдырауы. Оның тұңғыш теориясын 1934 ж. Италия ғалымы Э.Ферми жасады. Н. Қойшыбаев ӘЛ-ШАРХИЯТ. “ӘЛ-ШАРХИЯТ”, Шығыс жинағының 43-басылымы (1914) — Абай мен М.Дулатов өлеңдері тұңғыш рет орыс тілінде жарияланған кітап. Қазақтың ұлы ақындарының шығармаларын басқа тілге аударып басудың алғашқы тәжірибелерінің бірі. Мәскеудегі Шығыс тілдері (Лазарев) ин-ты дайындаған бұл жинақ В.А. Гордлевскийдің басшылығымен көрнекті шығыстанушы А.Н. Веселовскийдің құрметіне шығарылды. Жинаққа Абайдың “Жаз”, “Желсіз түнде жарық ай”, “Адамның кейбір кездері”, “өлсем орным қара жер сыз болмай ма?”, Міржақыптың “Мұң”, “Қазақ халқының бұрынғы мәслихаты”, “Қазақ жерлері” деген өлеңдері енген. Аудармашылар — Мәскеудегі Петров-Разумов а.ш. академиясының студенттері Сатылған Сабатаев пен Нұх Рамазанов. өлеңдер жартылай қарасөзбен аударылған. Аударманың көркемдік дәрежесі қанағаттанарлықтай болмағанымен шығармалардың рухы шыншылдықпен жеткізілген. Бұған қоса Рамазанов Ә.Бөкейхановтың Орыс геогр. қоғамының Семей бөлімшесі жазбаларында жарияланған (1907, 3 басылым) мақаласы негізінде Абайдың өмірбаянын берген. М. Әбдеш ӘЛІБЕК. ӘЛІБЕК Зілқараұлы (шамамен 1815 — 1876) — би, батыр. Ақан серінің өкіл әкесі. Арыстан, Біржан, Орынбай ақындармен дос болған. Әлсіздерге қорған болып, әділеттілігімен аты шыққан. Озбырлардан жапа шеккендер келіп паналаған. Ақан сері Ә. өлгенде көпке белгілі “Қараторғай” әнін шығарған. “Арысым, ел қорғаны, батырым-ай, Айырылдым қапияда сенен неғып?! Тәңірдей сыйынатын Әлекем-ай, Жүргейсің әруағыңмен елді қорғай” деген жолдары Ә-ке арналған. Ә-тің Біржанға айтқан: “Батыр жүрегін еліне береді, жанын құдайға береді, ал намысын ешкімге бермейді”, Орынбайға айтқан “Тірілердің өлмейтін жері, өлілердің мекені — кітап” деген қанатты сөздері күні бүгінге дейін ел жадында сақталған. Е. Әлімжан ҚОЖА АХМЕТ. ҚОЖА АХМЕТ Хасен Кәрімжанұлы (9.8.1949 ж.т., Алматы обл. Ақсу ауд. Матай кенті) – қоғам қайраткері, сазгер, публицист. Алматы муз. уч-щесін (1972), ҚазМҰУ-ды бітірген (1993). 1990 – 93 ж. “Желтоқсан” қоғамдық қозғалысын басқарды. 1993 жылдан Қазақстанның азаматтық “Азат” қозғалысының төрағасы. Кеңестік тоталитарлық жүйеге, ұлт саясатындағы теңсіздіктерге қарсылық білдіріп, 1977 және 1987 ж. саяси айыппен сотталды. Публицистика саласында қалам тартып, 200-ден астам мақала жазды. 300-ге тарта ән мен муз. аспаптарға арналған 50 шақты шығарманың авторы. “Құрмет Белгісі” орденімен марапатталған (2000). ҚОЖАБАЙ. ҚОЖАБАЙ Тоқсанбайұлы (1841, қазіргі Қарағанды обл. Ұлытау ауд. Балажезді мекені – 1918, сонда) – ақын. Бауырына басқан Тайлақбай атасынан ерте айрылған бала Қ. 6 – 7 жасында-ақ ауызша мұңлы өлеңдер шығара бастаған. Ауыл молдасынан сауат ашқан. Баршылық пен жоқшылық, қоғамдағы әлеум. әділетсіздіктер Қ. жырларының өзекті тақырыбына айналды. Ол “Бай болмақ, кедей болмақ – бір Алладан” деген қалыптасқан қағидаға адал еңбек пен қажымас талапты қосады. Қ. “Кел, Қожабай, сөз сөйле заманыңның зарынан” деген толғауында қоғамдағы кереғар құбылыстарға көзқарасын айқын танытса, “Қазақ баласына” атты жырында Сыр бойын жайлаған елдің кәсіп-тіршілігін салыстыра отырып ой түйеді, ел бастаған жақсылардың игі істеріне ризашылығын білдіріп, кейінгілерге үлгі етіп ұсынады. Қ-дың Амангелді Имановқа хат ретінде жазған жыры болашаққа деген үміт пен жақсы тілекке толы. Ақынның “Ортадан асып барады менің жасым” деген ұзақ толғауы өмір мен өлім, баршылық пен жоқшылық, әділдік пен зұлымдық туралы филос. ой түйетін күрделі туынды. Шығармадан Қ-дың Шығыстың классик. әдебиетімен жақсы таныс болғаны аңғарылады. Ақын шығармалары хақында ғалым М.Жармұхамедов жүйелі зерттеулер жүргізген. Евклидке түсініктеме. «ЕВКЛИДКЕ ТҮСІНІКТЕМЕ», «Евклидтің 1-және 5-кітаптарының кіріспесіндегі қиын жерлеріне түсініктеме» – Әбу Наср әл-Фарабидің көрнекті шығармаларының бірі. Евклид «Негіздерін» түсіндіруге, сынауға, кемелдендіруге арналған. Арабша түпнұсқасы табылмаған, көне еврей тіліндегі аудармасы бар. Мұнда геометрияның басты ұғымдарын негіздеу, баяндау мәселесі сөз болады. әл-Фарабидің анықтауы бойынша, геом. дене – физ. дененің ең бірінші, бет – одан кейінгі, сызық – одан соңғы, ал нүкте – дененің ең жоғ. абстракциясы. Осыған байланысты геометрияның нүкте, сызық, бет, дене сияқты бастапқы ұғымдарын баяндаудың екі жолы бар екенін көрсетті. Оның біріншісі – ең әуелі түйсікке, сезімге жақын ұғымдардан бастап баяндау, екіншісі – ақылға жақын ұғымнан бастау. Ол бұл еңбегінде Аристотельдің көзқарасын дамыта отырып, нүктені сызықтан, сызықты беттен, ал бетті денеден бөліп алуға болмайды, матем. ұғымдар ақиқат нәрсені түрліше дәрежеде абстракциялау жолымен шыққан деген қорытындыға келген. әл-Фараби Евклид «Негіздерінің» 1-және 5-кітаптарында келтірілген кейбір анықтамаларды сынға алады, түсіндіреді, түзетеді (мыс., нүкте, түзу сызық, жазық бет, жазық бұрыш, үлес, бөлік қатынас, т.б.). «Е. т.» геометрияны негіздеу мәселелерімен шұғылданушы Шығыс математиктері мен философтарына үлкен әсер етті. Мыс., Омар Һайям «Е. т.» әсерімен «Негіздердің» 1-кітабына түсініктеме жазып, параллель түзулер теориясында үлкен жетістікке жеткен. ЕГЕУБАЕВ Арынғазы Әбутәліпұлы. ЕГЕУБАЕВ Арынғазы Әбутәліпұлы (7.5.1941 ж.т., Қостанай обл. Қостанай ауд. Тұңғыш а.) – а. ш. ғыл. докт. (1995), проф. (1997), Қазақ КСР-і Халық ағарту ісінің еңбек сің. қызметкері, ҚР Жаратылыстану ғыл. академиясының акад. (1995). Алматы зоотех.-малдәрігерлік ин-тын (1968) және аспирантурасын (1974) бітірген. Еңбек жолын веттехник (1961–63) болумен бастаған Е. ин-тта комсомол к-тінің хатшысы, ассистент, аға оқытушы, доцент (1975–86), кафедра меңгерушісі, декан, проректор (1986–96) қызметтерін атқарды. 1996 жылдан Қазақ ұлттық агр. ун-тінде кафедра меңгерушісі, Жоғары фермерлер мектебінің жетекшісі. 1995 ж. «Микроминеральное питание жвачных животных в никеловой биогеохимической провинции Республики Казахстан» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Е. 80-нен астам ғыл.-зерт. еңбектің авторы. Ш ы ғ.: Кормление сельскохозяйственных животных, А., 1993. ӘЛІБЕКМОЛА МҰНАЙ КЕНІ. ӘЛІБЕКМОЛА МҰНАЙ КЕНІ, Ақтөбе обл. Темір ауд-ндағы кен орны. Ақтөбе қ-нан оңт-ке қарай 240 км жерде орналасқан. Кен орны 1988 ж. ашылған. Ол тектоник. бұзылыс нәтижесінде оқшауланған антиклиналдық иілімді алып жатыр. Сейсмикалық зерттеу бойынша құрылым өлшемдері 17 х 5 км, биікт. 450 м. өнімді қабаттар карбон кезеңінің әктасты шөгінділерінде түзілген. Коллектордың кеуектілігі 6,5 — 12,1, мұнай сіңімділігі 70 — 81,8. Бастапқы қабат қысымы 31,3 МПа, темп-расы 700С. Ұнғыманың тәуліктік өнімд. 269 м3. Мұнайдың меншікті салм. 0,845 г/см3, құрамында күкірт (1,31), парафин (8,08), шайыр (5,61) бар. Мұнайлы қабаттардың режимі — арынды серпінді-сулы келеді. Кен орны игерілуге дайын. ӘЛІКЕ БАТЫР. ӘЛІКЕ БАТЫР (19 ғ.) — Кенесары ханның қозғалысына қатысқан батыр, Базар батырдың туған бауыры. Руы — Қуандық. Әкесі — Ес батыр, шешесі — Кіші жүздегі Мамай батырдың қарындасы. Ағыбай, Байтабын батырлар сияқты Базар батырмен бірге көтерілісшілердің жекелеген қолын бастап, ханның жауапты тапсырмаларын орындап тұрған. Зираты Қарағанды обл. Теңіз ауд. “Сарыөзен” а-ның батысындағы Тікенекті қорымында. Ә. Дүйсенбек ӘЛІМ. “ӘЛІМ” — дастан. Авторы Досымхан Төлебайұлы туралы еш дерек жоқ. Он бір буынды қара өлең үлгісімен жазылған дастан екі жастың махаббатына арналған. Шығарма оқиғасы ақ пен қызыл боп шайқасқан азамат соғысы кезінде болады да, Баттал деген байдың қызы Рәзия мен кедей баласы Әлім арасындағы махаббат иірімдері арқылы өрбиді. Дастан Баттал байдың опасыздығы салдарынан болған екі жастың өлімімен аянышты аяқталады. Жыр идеясы — сүйгеніне қосыла алмаған қыз тағдыры арқылы әйел теңдігі мәселесін көтерген. Дастан толық емес, бұрын еш жерде жарияланбаған. Түпнұсқасы ҚР ҒА ОҒК қорында сақтаулы. С. Қорабай ӘЛІМБЕКОВ Имам. ӘЛІМБЕКОВ Имам (1883 — 17.09.1937) — “Алаш” партиясының қайраткері, ағартушы, публицист. Қарқаралыдағы орыс-қазақ уч-щесін, Семей мұғалімдер семинариясын бітірген. Қазан төңкерісіне дейін Семей мектептері мен гимназияларында мұғалім болды. 1917 — 18 ж. Семей өңірінде “Алаш” партиясының обл. және уездік ұйымдарын құруға белсене қатысты. Обл. қазақ к-тінің мүшесі, “Алаштың” Семей обкомы төрағасының орынбасары, “Қазақ” газеті басқармасның қызметкері, “Сарыарқа” газетінің редакторы, Алашорда атты әскерлер полкін жасақтаушылардың бірі, Семей уездік Кеңесінің мүшесі болды. 1919 ж. көктемінде колчакшылардың абақтысында отырып шықты. Кеңес үкіметі кезінде Ә. ағартушылық қызметке ден қойды. 1920 жылдан бастап Қарқаралы педтехникумында, Бесоба, Милыбұлақ, Қу болыстарындағы, Ақтоғайдағы мектептерде, Қызылжар а.ш. техникумында оқытушы болды. 1933 ж. “Алаш ісі” бойынша Мағжан Жұмабаевпен бірге 10 жылға сотталып кетеді, бірақ 1935 ж. босанып шығады. Қарқаралыға қайтып, бір кездері өзі ашқызған Бесоба мектебінде оқытушы болып істеп жүргенде қайта ұсталады. Семей обл. УНКВД үштігінің үкімімен 1937 ж. 17 қыркүйекте ату жазасына кесілді. 1990 ж. 15 наурызда ақталды. Ж. Сүлеймен ӘЛІМБЕТ. ӘЛІМБЕТ — Ақтөбе обл-ның Қарғалы ауд-ндағы ауыл, ауылдық әкімшілік округінің орталығы. Тұрғыны 2 мың адамға жуық (1997). Аудан орталығы — Бадамшы кентінен 55 км жерде, Қаңдыағаш — Орск т.ж. бойында орналасқан. Қргесі 1929 ж. қаланды. Ауылда орта мектеп, аурухана, клуб бар. А. Омарбекова ӘЛІМҚҰЛОВ Мәлік. ӘЛІМҚҰЛОВ Мәлік (1978 ж.т., Қаратау) — спортшы, халықар. дәрежедегі спорт шебері (1996), Әлем чемпионатының жеңіл салмақ дәрежесіндегі (60 кг) күміс жүлдегері (Минск, 1996). Кір көтеру спортымен 1989 жылдан бастап айналысты. 1990 ж. өткен Қазақстан бірінішілігінде алғаш көзге түсті. Жаттықтырушысы — Филикиди П.П. Ж. Жүнісұлы ЕДІГЕ БАТЫР. «ЕДІГЕ БАТЫР» – батырлық жыр. Тарихта болған атақты батыр, ел билеуші Едігенің ерлік істерін жырлауға арналған. «Едіге батыр» жыры қазақтарда ғана емес, түркі тілдес халықтардың біразында кездеседі. Жырда тарихи оқиғалар мен эпостық-ертегілік сарындағы қиял-ғажайып, әсірелеу сарындары араласа келеді. Эпоста тарихта есімдері мәлім Әмір Темір, Тоқтамыс хан жайлы да сөз болады. Жыр қазақ даласына кең тарап, халықтың сүйікті шығармасына айналған. Жырдың қазақ тілінде бірнеше нұсқасы бар. Олардың ішінде құндылары – Шоқанның әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы жазып алған нұсқа. 1905 ж. ғалым П.М.Мелиоранский осы нұсқаны Санкт-Петербург қ-нда жеке кітапша етіп шығарды. Акад. Қ.И.Сәтбаев жас кезінде ел аузынан жазып алған жыр нұсқасын 1927 ж. Мәскеуде «Ер Едіге» деген атпен бастырды. Ол осы жыр үшін кейін, 1950 ж. қуғынға ұшырады. «Едіге батыр» жыры жарты ғасырға жуық уақыт баспа бетін көрмеді. 1989 ж. «Қазақ халық әдебиеті» көп томдығының батырлық жырларға арналған топтамасында Мұрын жырау жырлаған «Қырымның қырық батыры» циклі бойынша «Едіге» жыры 5-томда жарияланды. Сәтбаев жариялаған жыр нұсқасы 1995 ж. «Ер Едіге» деген атпен қазақ және орыс тілдерінде жеке кітап болып жарық көрді. 1996 ж. ғалымдар Р.Бердібайдың алғы сөзімен және О.Ә.Нұрмағамбетованың құрастыруымен «Едіге батыр» жинағы басылды. ЕЛЕМЕСОВ Көпмағамбет. ЕЛЕМЕСОВ Көпмағамбет (8.2.1938 ж.т., Түрікменстан, Мары обл. Сақаршаға кенті) – а. ш. ғыл. докт. (1988), проф. (1989), Қазақстан ҒА-ның акад. (1996), Қазақстанның еңб. сің. қызметкері (1996). Түрікмен а. ш. ин-тының зоотех. ф-тін (1965), Мәскеу малдәрігерлік академиясының аспирантурасын (1971) бітірген. Түрікменстанның «Равнина» кеңшарында зоотехник (1962–66), Оңт. Қазақстан обл-ның Созақ ауд-ндағы «Тасты» кеңшарының аға зоотехнигі (1966–68), Қазақ қаракөл ш. ғыл.-зерт. ин-тының ғыл. қызметкері, хатшысы, бөлім меңгерушісі (1971–76), Оңт. Қазақстан обл-ның Қызылқұм ауд-ндағы «Шәуілдір» кеңшарының директоры (1976–80), Қазақстан А. ш. мин-лігі Бас басқармасының бастығы (1980–88), «Қазруноқаракөл» ғыл.-өндірістік бірлестігінің президенті (1988–97), Түрікменстандағы Қазақстан Республикасының елшілігінде кеңесші (1997–99) қызметтерін атқарды. 1999 жылдан Қазақ а. ш. ғыл. академиясының вице-президенті, Ұлттық академиялық агр. зерттеулер орт. бас директорының орынбасары. «Теоретические основы и практические приемы повышения племенных и продуктивных качеств каракульских овец в Казахстане» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Оның негізгі ғыл.- зерттеулері қаракөл қой тұқымын асылдандыруға және қой ш. өнімдерін өңдеу технологиясын жетілдіруге арналған. Қазақстанда ең алғаш қаракөл елтірісінің әр түрлі сорттарын өңдеу және сақтау технологиясын жасап, олардың физ.-хим. қасиеттерін, параметрлерін анықтады. Осы салада мех. конвейерді пайдалану, қаракөл шикізаттарын консервілеу, шаруашылықтарда жүнді сұрыптау, өңдеу орындарына өткізу ережелерін тұжырымдап, өндіріске енгізді. Е. 120 ғыл.-зерт. еңбектің, оның ішінде 8 монографияның авторы. «Құрмет Белгісі» орденімен (1982), медальдармен марапатталған. Абақанов, Таңатқан Досқараұлы. Абақанов Таңатқан Досқараұлы – инженер-құрылысшы, сейсмолог, техникалық ғылымдар докторы (2000), Қазақстан Республикасының Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі (2009). Қазақ политехникалық институтын (1972, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) және Мәскеу қаласындағы КСРО Мемлекеттік құрылысының орт. құрылыс конструкциялары ғыл.-зерт. ин-тының аспирантурасын (1983) бітірген. Алматы қалалық жобалау ин-тында инженер, аға инж., топ жетекшісі (1972–78), Қазақ өнеркәсіп құрылысының ғыл.-зерт. ин-тында кіші ғыл. қызметкер (1978–80), Орта Азия мемл. астық өнеркәсібін жобалау ғыл.-зерт. ин-тында сектор, бөлім меңгерушісі (1978–80), Қазақстан ҒА-ның Сейсмология ин-тында аға ғыл. қызметкер (1986–91), бөлім меңгерушісі (1991–2006), 2007 жылдан ин-т директоры қызметтерін атқарады. «Динамика повреждений и модели сейсмостойкости сооружений» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Ғыл. жұмыстарының негізгі бағыты – жер сілкіністерін алдын ала болжау және оның салдарын бағалау мәселелері. А. 130-дан астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 5 монография («Қазақстан село құрылысын жақсартудың кейбір мәселелері», 1980; «Наперекор стихии. Землетрясение и его последствия», 1991; «Прогноз и снижение повреждаемости сооружений при землетрясениях», 1999) мен 7 патенттің авторы. Абаш мәдениеті. Абаш мәдениеті (Абашев мәдениеті) – қола дәуірінде (б.з.б. 2-мыңжылдықтың 2-жартысында) орманды-далалы Дон және Еділ бойларынан бастап Оңтүстік Оралға дейінгі кең алқаптарда қоныстанған тайпалардан қалған археологиялық ескерткіштердің ортақ ғылыми атауы. Мамандар ескерткіш түрлерінің молдығын және олардың сан түрлі күрделілігін ескере отырып «Абаш мәдени-тарихи қауымдастығы» деген қосымша термин де қолданады. Алғаш 1920 ж. Чувашияда В.Ф.Смолин ашты. Сол уақыттан бастап ғалымдар (О.А.Кривцова-Гракова, М.С.Акимова, А.Х.Халиков, И.Я.Мерперт, К.В.Сальников, А.П.Смирнов, А.Д.Пряхин, т.б.) жүйелі түрде зерттеп келеді. Негізгі деректер ірі зираттар мен қоныстардан табылған. Еділ-Дон, Орта Еділ, Орал нұсқалары тайпалардың шаруашылығында мал бағу кәсібі үстем болғанын, одан төмендеу деңгейде егіншілік, металлургия мен металл өңдеу ісі де жақсы дамығанын көрсетеді. Тайпалар қоныстары негізінен мүйістерде орналасқан. Олар – уақытша тұрақтар, ірі қыстаулар және металл балқыту мен өңдеу кәсіптері дамыған өндірістік кешендер. Жақсы зерттелген үлкен зираттар (Абашево, Пикшик, Тауышкасы, Виловатов-2, т.б.) дөңгелек не дөңес пішіндес топырақ обалардан тұрады. Түбіне қайың қабығы төселіп, қабырғалары аракідік ағаш кесінділерімен шегенделген, топырақ қабірлерге мүрделер тізесін бүгіп, шалқасынан жатқызылған, жанына қыш ыдыстар, шақпақтастан істелген қырғыштар, мыс пышақтар, балықшы құралдары секілді бұйымдар қойылған. Көп кездесетін мал сүйектері абаштықтардың сиыр, қой, шошқа және жылқы ұстағанын көрсетеді. Абаш қышы – түбі тегіс не дөңес келген, үшкір қабырғалы және пішіні төңкерілген қоңырауға ұқсас ыдыстар; «қалбыр» үлгісіндегі қарапайым көзелер; түбі дөңес, бүйірі шығыңқылау, ернеуі сыртқа қайрылған ыдыстар. Оюлысы да, оюсызы да кездеседі. Негізгі ою түрлері – сызу немесе дайын қалыппен басу арқылы түсірілген толқынды көлденең және көлбеу тік ойықтар. Қазба барысында қола балта, найза ұштары, қанжар сияқты қару-жарақ бұйымдары, көптеген тұрмыстық заттар табылды. Бұл кезеңге жататын ескерткіштер ішінен Орта Еділ нұсқасына тән жақсы безендірілген әйел киімі табылды. Киімде мыс пен қоладан жасалған көптеген әшекей түрлерімен ерекше безендірілген әйелдің бас киімі, білезіктер мен бұрама жүзіктер, басқа да түрлі бұйымдар бар. Әдеб.: Сальников К.В., Абашевская культура на Южном Урале. СА. 1954, №21; Абашевская культура в среднем Поволжье, МИА, №97, М., 1961; Пряхин А.Д., Абашевская культура в Подонье, Воронеж, 1976; соныкі, Погребальные Абашевские памятники, Воронеж, 1977; Горбунов В.С., Абашевская культура Южного Урала, Уфа, 1986. Аналық тақта. (chipset ағылшынша) жүйелiк логиканың жиыны - ОЗУға және шеттегi құрылымдардың контроллерлерiне Цпу қосу қамтамасыз ететiн микросхемалардың жиыны. Әдеттегiдей, жүйелiк логиканың қазiргi жиындары екi сбистi базаларында салады: «солтүстiк және оңтүстiк Көпiрлердi. (ағылшынша Northbridge) солтүстiк Көпiрi, (Memory controller hub) MCH, жүйелiк контроллер - жоғары өнiмдi шина қолданушы түйiндерге Цпу қосуды қамтамасыз етедi: ОЗУ, график түрiнде контроллер. Жүйелiк контроллерге Цпу қосулар үшiн мұндай FSBлар қолданыла алады - Hyper-Transport және SCI шина. Қазiргi аналық тақтадерге график түрiнде контроллердiң қосулары үшiн шина ретiнде PCI Expressтi қолданылады. (ISA, VLB, PCI) ортақ шина және AGPның шиналарын бұрын қолданылды. АБД ӘЛ-ҒАФУР ӘЛ-КЕРДЕРИ. АБД ӘЛ-ҒАФУР ӘЛ-КЕРДЕРИ, Абд әл-Ғафур бин Лұқман бин Мұхаммед Әбу-л-Мафахир әл-Кердери (шамамен 1166 ж.ө.) – қазақ даласынан шыққан ғұлама. Әл-Кердери оның Кердері руынан шыққандығын көрсетеді. Абд әл-Ғафур әл-Кердери Бағдад, Басра, Дамаскіде білім алған. Мұсылман заңының, оның ішінде ислам туы тігілген көптеген өлкелерге кеңінен тараған ән-Нұғман Әбу Ханифа негізін салған мектептің теориялық тұжырым-қағидаларын басшылыққа алып, зерттеулер мен түсіндірмелер жасаумен айналысқан. Абд әл-Ғафур әл-Кердери – «Интисар ли Аби Ханифа фи ахбарихи уә ақуалиһи» («Әбу Ханифаның хабарлары мен айтқандарындағы жеңісі»), «Муфид уә-мазид фи шарх ат-Таджрид» («Таджридке» (абстрактілендіруге) түсіндірме жасаудағы пайдалы толықтыру»), «Шарх «әл-Джамиғ ас-Сағир» («Кіші жинаққа түсіндірме») атты бірқатар кітаптар жазған. Абдоллаев, Марат Шәдібайұлы. Абдоллаев Марат Шәдібайұлы (28.3.1957 ж.т., Қызылорда қ.) – хирург, медициналық ғылымдарының докторы (1997), профессор (1998). Алматы мемлекттік медицина институтын (1980, қазіргі Қазақ ұлттық медициналық университеті), Мәскеу қаласындағы Проктология ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын (1987) бітірген. Қызылорда облыстық ауруханасында (1980–83) және Алматы қаласындағы №1-клиникалық ауруханасында хирург, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында аға лаборант (1987–89), Алматы қаласының орталық клиникалық ауруханасында проктология бөлімінің меңгерушісі (1989–2005) қызметтерін атқарды. 2005 жылдан Қызылорда облыстық денсаулық сақтау департаментінің директоры. Қазақстан проктолог-дәрігерлер қауымдастығының президенті (1998). «Медицинская реаблитация женщин с заболеваниями промежности неопухлевой эрпологии» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 2 монографиясы мен 107 ғылыми мақаласы жарық көрген. «Құрмет» орденімен (2004) марапатталған. Абдлоллаев, Шәдібай Нұрғазыұлы. Абдоллаев Шәдібай Нұрғазыұлы (5.2.1928 ж.т., Қызылорда обл. Сырдария ауд. Қарауылтөбе а.) – хирург, медициналық ғылымдарының докторы (1971), профессор (1981), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген дәрігері (1966). Алматы мемлекеттік медициналық институтын (1956, қазіргі Қазақ ұлттық медициналық университеті) бітірген. Қызылорда облытық ауруханасында хирург (1956–58), облыстық аурухананың бас дәрігері (1958–76), Алматы қаласындағы Өлкелік патология ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары әрі республикалық клиникалық аурухананың бас дәрігері (1976–77), медицина институтының кафедра меңгерушісі (1977–95), профессор (1995) қызметтерін атқарды. Абдоллаев Шәдібай Нұрғазыұлының негізгі ғылыми-зерттеулері жедел хирургияның мәселелеріне, әсіресе, ерте кезеңдегі релапаротомияны хирургиялық жолмен қайта емдеуге, жүкті әйелдерге хирургиялық көмек көрсеткенде эхолокация, инфрақызыл термография, лапароскопия әдістерін қолдануға арналған. Абдоллаев Шәдібай Нұрғазыұлы Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. Шығ.: Некоторые вопросы классификации и лечения перитонитов, Алматы, 1964; Релапаротомия. Руководство по неотложной хирургии органов брюшной полости, под редакцией академика В.С.Савельева, М., 1976; Очерки по неотложной хирургии, Алматы, 1986. Жедел жады. Жедел есте сақтайтын құрал, ОЗУ - жедел жадтың функция iске асыратын техникалық құрылым. Мысалы, ОЗУ жеке блоктен сияқты өндiрiлуге немесе бiр кристалды ЭЕМ немесе микроконтроллердiң конструкциясына кiре алады. Жедел жадтың қазiргi компьютерлерiнiң көпшiлiгiнде кез келген рұқсаты бар құрылымдардың қағидасы бойынша ұйымдастырылған жартылай өткiзгiш бистер ЖҚ болатын жадтар динамикалық модулдар болады. Динамикалық түрдiң жады статикалыққа қарағандасы арзандау және оның тығыздығы кремилiк төс етегiнiң кеңiстiгi сол жад ұяларын көбiрек орналастыруға мүмкiндiк бергенi жоғары, бiрақ оның жылдамдығы сонымен бiрге төменде. Статикалық, керiсiнше, жылдамырақ жад, бiрақ ол және қымбаттау. Осыған байланысты жаппай жедел жад динамикалық жад модулдарында салады, статикалық түрдiң жады Кешалардың құрастыруы үшiн қолданылады - микропроцессордағы жад. Кулер. Құрылымның атауы қарамастан ол (cool - тоңдырттыру, салқын) ағылшын тiлiнен, орыс тiлiнде келдi мәндi тарлау алады. Мысалы, компьютерде ұқсас құрылым ағылшын тiлiнде and fan (кейде қосылып - heatsink) heat sinkтiң құрама бөлiктерi бойынша деп аталады - желдеткiшпен c (радиатор) жылу қайтарғыш, cooler астында сонда қорытып айтқанда кез келген суытқыш жиi жобаланады ауыз суды суу үшiн аппараттар деп атайды. Орыс тiлiндегi сөздiң қолдануын ең үлкен жиiлiк бiрақ желдеткiш және радиатордың қарсылық бiлдiрудi мақсаты бар дербес компьютердiң орталық процессорына ерекшеленетiн жылу болуға орнатылатын құрастыруы өзiмен болып табылатын құрылымға дәл келедi. Абдолланаме. Абдолланаме – Хафиз Таныш ибн Мир Мұхаммед әл-Бұхаридың (16 ғ-дың соңы мен 17 ғ-дың басы) тарихи шығармасы. Автордың Бұхара ханы Абдолла хан ІІ-ге арнаған бұл шығармасы «Шәрәф наме-ий шаһи» («Шаһтар даңқы кітабы»), «Зафарнаме» («Жеңіс кітабы») деп те аталады. Тәжіктің әдеби тілімен (парсыша) ұйқасты қара сөз үлгісінде жазылған. «Абдолланамеде» автордың өзі куә болған Абдолла ханның Хорезмге, Дешті Қыпшаққа, Хорасанға, Батыс қырғыздарға, Орта Азия мен Иранның бірқатар аймақтарына жасаған әскери жорықтары сипатталады. Орта Азия халықтары мен Қазақстанның этникалық құрылымы, соның ішінде қаңлы, қыпшақ, қарлұқ, ұйғыр, қоңырат тайпаларының әдет-ғұрпы, шаруашылығы туралы мәліметтер бар. Қазақ хандығының 16 ғ-дың 2-жартысындағы сыртқы саясаты, Шығай, Тәуекел, Ақназар хандар туралы деректер, қазақтардың Шайбани әулеті мен Сыр бойындағы қалалар (Сауран, Созақ, Иасы, т.б.) үшін күресі, оның идеологиялық, саяси мәні көрсетілген. Еңбекте қазақ халқының сыртқы саясаты мен дипломатиялық қатынасы жөніндегі құнды деректер келтірілген. Автор Әбу Бәкр Наршаһидың «Тарих-и Бұхара», Рашид әд-Диннің «Жамиғ ат-Тауарих», Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашиди», Мирхондтың «Раузат әс-Сафа», т.б. тарихи еңбектерін пайдаланған. Эквалайзер. Кәсiби аудиотехникке, тұрмыстық эквалайзерлер кездестiруге болады. Эквалайзерлер әр түрлi аудио және ойнатқыштар, редакторлар және тағы басқалар дыбыстың өңдеуiмен и/или көшiрмеге қатысты көпшiлiгiнде компьютер бағдарламаларын қосылған. Сонымен бiрге көп электро музыкалық аспаптар, аспапты күшейткiштер және эффекттердiң педальсi эквалайзерлермен жабдықталады, ең болмаса және функционалдықтан кем. Абдраман, Шәмшиден Абдраманұлы. Абдраман Шәмшиден Абдраманұлы (19.10.1937 ж.т., қазіргі Қарағанды обл. Ұлытау ауд. Қаратал а.) – кен инженері, жазушы, техникалық ғылымдарының кандидаты (1981), педогогикалық ғылымдарының докторы (2000), ҚР Педогогикалық ғылымдар академиясының академигі (1960). Қазақ кен-металлургия институтының (қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) кен факультетін бітірген. Шығыс Жезқазған кенішінде кен инженері, өндіріс бөлімінің басшысы (1964–66), Алжирде кен байыту комбинатының бас инженері (1969–72), ал 1973 жылдан Қазақ ұлттық техникалық унивеситетінде оқытушы, аға оқытушы, доцент, проф. қызметін атқарды. «Жоғары техникалық оқу орындары студенттердегі кәсіби-техникалық бағыттылықты қалыптастырудың дидактикалық негіздері» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Ол ғылыми-фантастикалық «Елгезек электр» (1963), «Көрінбес қорған» (1969), «Сахара гүлі тас Раушан» (1980) атты көркем, «Кен қазудың технологиялық негіздері» (1990), «Жер астында руда қазу процестерін есептеу» (1991), «Кен технологиясының негіздері» (2003) оқу құралдарының және «Ақжан Машани» (2007), «Машанитану» (2009), т.б. кітаптарының авторы. Органайзер. Органайзермен 21 ғасырда ДК және жылжымалы құрылымдар үшiн программалық қамтамасыз ету жиiрек ұғылады. Олардың сөзсiз артықшылықтарымен ендiрiлетiн мәлiметтердiң iс жүзiнде шексiз көлемi, автоматты еске салуларды қоюлар болып табылады. Органайзердiң формалары әртүрлi бола алады. Бар, мысалға, тар мамандандырылған органайзерлер: рецепттердiң органайзерi, қаражаттардың органайзерi, музыкалық коллекцияның органайзерi. Жылжымалы құрылымдар үшiн типтi органайзерлерге Pocket Informant және Agenda Fusionдердi жатады. Мысалы, бар және Speereo Voice Organizer дауыс басқаруымен органайзерлерi. Осылай бұл салаға программалар жиыны өзi үшiндi программалық қамтамасыз ету тап таңдауға болады ретiнде кең. Барлық қолданушылар емес керек функциялардың үлкен жиынның бiр бағдарламалары кейбiр енгiзiлген мәлiметтердi ыңғайлырақ бейнелейдi басқа үлкен жылдамдықтағы мәлiметi, және тағы басқаларларды ендiруге мүмкiндiк беруге алады. Органайзер уақытты басқару құралы болып табылады. Iстердiң алдын ала жоспарлауы эффективносты жоғарылатуға көмектеседi Абдрахимов (Әбдірақымов), Орал Тұтқабайұлы. Абдрахимов (Әбдірақымов) Орал Тұтқабайұлы (22.9.1953 ж.т., Жамбыл облысы, Мерке ауданы, бұрынғы Киров ұжымшары) – механик, техникалық ғылымдарының докторы (1993), профессор (1995), ҚР Инж. академиясының корр. мүшесі (1995). ҚазМУ-ды (1976, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Құрылыс ин-тында ассистент, аспирант (1976–82), Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс ин-тында аға оқытушы, Қазақстан ҰҒА-сында жетекшілік (1982–95) қызметтерін атқарды. 1995 жылдан Жезқазған пед. ин-тының (қазіргі Жезқазған ун-ті) ректоры. «Численные методы анализа многоконтурных механизмов высоких классов» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. А-тың 80-нен астам жарияланған ғыл. еңбегі, оның ішінде 2 монографиясы («Многоконтурные механизмы высоких классов и методы их исследования»; Дрезден, 1991; «Плоские пространственные манипуляторы высоких классов с двумя степенями свободы», 1991), 16 өнертабысы бар. Абдрахманов, Махмұд Хабайдоллаұлы. Абдрахманов Махмұд Хабайдоллаұлы (20.6.1934 ж.т., Алматы обл. Еңбекшіқазақ ауд. Ташкенсаз а.) – ақын, филол. ғыл. докт. (1994), проф. (1994), ҚР Әлеум. ғыл. академиясының акад. ҚазМУ-дың филол. ф-тін (1958, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. «Коммунизм туғи» газеті редакциясында Қазақстан ҒА-ның Ұйғыртану секторында (1958–83), сондай-ақ Қазақ ұлттық пед. ун-тінде ұйғыр тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі (1984–2000, 2000 жылдан проф.) қызметтерін атқарған. «Ұйғыр поэзиясының даму жолдары мен ерекшеліктері» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Ғыл. жұмысының бағыты – ұйғыр және түркі әдебиетінің мәселелері. Оның 300-ден астам мақалалары мерзімді басылымдар мен ғыл. жинақтарда ұйғыр және қазақ тілдерінде жарық көрген. А-тың әдебиеттану саласында «Өрлеу жолында» (1979), «Ұйғыр совет әдебиеті тарихы» (1986), т.б. кітаптары бар. Сонымен қатар 8 және 10-сыныптарға арналған «Ұйғыр әдебиеті» оқулығы мен хрестоматия авторларының бірі. Абдрахманов, Оспан Құдайбергенұлы. Абдрахманов Оспан Құдайбергенұлы (24.3.1943 ж.т., Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті) – биология ғылымдарының докторы (2002). ҚазМУ-ды (1961, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1969–74 ж. Мәскеу обл. Пущино қаласындағы КСРО ҒА-ның Микроорганизмдер биохимиясы және физиологиясы институтының ординатурасы мен аспирантурасында оқыды. Қазақстан ҒА-ның Ботаника институтында лаборант, аға, жетекші (1999 жылдан) ғыл. қызметкер, лаборатория меңгерушісі (1994–99) болып жұмыс істеді. Абдрахманов Оспан Құдайбергенұлы 60-тан астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 3 монографияның авторы. Абдулин, Айтмұхамед Абдоллаұлы. АБДУЛИН Айтмұхамед Абдоллаұлы (29.11.1924 ж.т., Қарағанды обл. Ұлытау ауд.) – геол.-минерал. ғыл. докт. (1971), проф. (1973), Қазақстан ҒА-ның акад. (1979), Қазақ КСР-інің еңбек сің. ғыл. қайраткері (1982). 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. ҚазМУ-ды (1953, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Қазақстан ҒА-ның Геол. ғылымдар ин-тында аспирант, лаборант, инж., кіші, аға ғыл. қызметкер, лаборатория меңгерушісі, ғалым-хатшы (1953–64), ин-т директорының орынбасары (1964–74), директоры (1974–95) әрі 1987 жылдан Қазақстан ҒА Төралқасының акад.-хатшысы, 1988 жылдан вице-президенті болып қызмет атқарды. 1995 жылдан ҚР ҒА-ның Геол. ғылымдар ин-тының құрметті директоры. Ғыл.-зерттеулерінің негізгі бағытты – жалпы және аймақтық геология, тектоника, металлогения, мұнай және газ геологиясы. А. Орт. Қазақстанда алтын, мыс, турмалин кендерін зерттеумен шұғылданды. Мұғалжар кешенді экспедициясын басқарды. Бірнеше кен орындарын (Самар алтын-мыс кені, Құмкөл, Арысқұм, Нұралы мұнай кендері, т.б.) ашты. А-нің тапқан нақты мәліметтері бойынша республиканың тектоник. картасы жасалды. Орал, Тянь-Шань және Орт. Қазақстанның тектоник. құрылымдарының байланысы жөніндегі теор. мәселелері жаңа тұрғыдан шешілді, геол. дамудың ерекшеліктері айқындалды. Қазақ КСР-і Мемл. (1978) және КСРО Мемл. сыйлықтарының (1985) лауреаты. Қазан революциясы, 1-дәрежелі Отан соғысы, 2 рет Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет» ордендерімен марапатталған. Шығ.: Тектоническая карта каледонских структур Казахстана и прилегаюших территорий, М., 1977; Геодинамика земной коры Казахстана, А., 1980; Геология Казахстана, А., 1981; Металлогения и минеральные ресурсы Казахстана, А., 1983. Абдулкабирова, Маухида Атнағұлқызы. Абдулкабирова Маухида Атнағұлқызы (4.11.1917 ж.т., Башқортостан, Уфа ауданы, Нурлино ауылы) – геол.-минерал. ғыл. докт. (1973). Қазақ тау-кен металлургия ин-тын (1941, қазіргі Қазақ ұлттық тех. ун-ті) бітірген. 1943–93 ж. Қазақстан ҒА-ның Геол. ғылымдар ин-тында кіші, аға ғыл. қызметкер, арнаулы металдар секторының меңгерушісі, ғыл. кеңесші болды. 1993 жылдан осы ин-ттың жетекші ғыл. қызметкері. Ғыл.-зерттеулері геол. және металлогения мәселелеріне арналған. А. Солт. Қазақстанда жер қыртысы дамуының жаңа формаларын анықтап, оның кен түзілуі мен таралуындағы рөлін және кен орындарының орналасуының жаңа заңдылықтарын дәлелдеді, бұл аймақтың болжамдық геол. карталарын құрастырды, кен іздеу жұмыстарының бағытын көрсетті. Ол Солт. Қазақстанда алмас іздеудің теор. негіздерін жасады. Оның болжамы бойынша Құмдыкөл алмас кені ашылып, барланды. КСРО Мемл. сыйл. лауреаты (1990). Шығ.: Рудные формации, месторождения руд золота, А.-А., 1980; Сводово-глыбовые структуры и металлогения золота Казахстана, А.-А., 1982; Тектоника и глубинное строение Северного Казахстана, А.-А., 1988; Алмазы Казахстана. Справочник, А., 1996 (в соавт. с А.А.Заячковским). Абдуллабекова, Раиса Мұсылманбекқызы. Абдуллабекова Раиса Мұсылманбекқызы (16.6.1954 ж.т., Қытай халық республикасы, Алтай қаласы) – медицина ғылымдарының докторы (2003), ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі (1999). Алматы мемл. мед. ин-тын фармацевт мамандығы бойынша (1982, қазіргі Қазақ ұлттық мед. ун-ті) және Мәскеу мед. ин-тының аспирантурасын (1986) бітірген. Оңт. Қазақстан мемл. мед. академиясында ассистент (1982–83), аға оқытушы, доцент, деканның орынбасары, декан (1986–2002), Қарағанды мемл. мед. академиясында декан, кафедра меңгерушісі (2002–04), Қазақстан фармацевтика ин-тының ғыл. және ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректоры (2004–07) қызметтерін атқарды. 2007 жылдан «Болашақ» Қарағанды ун-тінің біліктілікті арттыру ф-тінің деканы. Абдуллабекованың ғылыми еңбегі Орталық Қазақстан өңіріндегі өсімдік өнімдерінен дәрілік препараттар жасау, оларды тәжірибе жүзінде сынап, денсаулық сақтау саласына енгізу мәселесімен айналысады. Абдуллаев, Кенже Қожахметұлы. Абдуллаев Кенже Қожахметұлы (26.12.1962 ж.т., Оңтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Ордабасы ауданы, Төрткүл ауылы) – агроном, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (1997), профессор (1999). Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтытын (1984, қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) мен Қазақ егін ш. ғыл.-зерт. ин-тының аспирантурасын (1989) бітірген. Оңт. Қазақстан обл. Көкарал ауд-нда бригадир, лаборант (1986–89), Қазақ егін ш. ғыл.-зерт. ин-тының «Генофонд» ассоциациясында ғыл. қызметкер (1889–92), «Агробиотех» корпорациясы (1993–95) мен «Асыл тұқым» ассоциациясының (1995–98) вице-президенті, Алматы обл. ауыл шаруашылығы департаменті бастығының орынбасары (1992–2002) қызметтерін атқарды. 2002 жылдан Павлодар ауыл шаруашылығы ғыл.-зерт. ин-тының директоры. «Эколого-генетические основы селекции твердой пшеницы в Казахстане» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Шығармалары: Пути повышения эффективности создания исходного материала для экологической селекции твердой пшеницы в Казахстане, Алматы, 1993; Создание исходного материала для селекции озимой пшеницы путем биотехнологии, Алматы, 1998. Мұқаба. Мұқаба - қағаздар үшiн кеңсе жабдығы, тыс, конверт. Мұқаба - тiркеушi - құжаттарды сақтау үшiн қақпалы тетiгi бар канцелярия мұқаба. Мұқаба - тiзбе немесе директориясы оған қоса: тағы басқа тiзбелердiң файлдарының сақтауы үшiн файл жүйесiнiң элементi, құрылым; графикалық интерфейстердегi мұндай құрылым рұқсат беретiн экрандық объект сонымен бiрге. Заңгер. (Juristтiң немiсi, Jurist ағылшынша) (jus латынша - құқық) заңгер - құқықтануға, заң ғылымдары бойынша c пециалист; [1] құқықтың төңiрегiдегiн жаттығу қайраткерi. ЕЛЕУКЕНОВ Шериаздан Рүстемұлы. ЕЛЕУКЕНОВ Шериаздан Рүстемұлы (3.9.1929 ж.т., Шығыс Қазақстан обл. Ұлан ауд. Аршалы а.) – филол. ғыл. докт. (1988), проф. (1990). Қазақ КСР-інің еңбек сің. мәдениет қызметкері (1981). ҚазМУ-ды (1951, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Шығыс Қазақстан обл. «Коммунизм туы» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі (1951–59), ҚазМУ-дың журналистика ф-тінде аға оқытушы (1959–63), Қазақстан Компартиясы ОК-нің аппаратында нұсқаушы, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары (1967–71), Қазақстан Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемл. к-тінің төрағасы (1971–86), Әдебиет және өнер ин-тының директоры (1986–88), осы ин-ттағы орыс әдебиеті бөлімінің меңгерушісі (1988–96) қызметтерін атқарған. 1997 жылдан аталған ин-тта бас ғыл. қызметкер және ҚазҰУ-дың журналистика ф-ті кітаптану кафедрасында проф. Ғыл. еңбектері қазақ әдебиетінің тарихы мен теориясы мәселелеріне арналған. «Қазақ романы және қазіргі дәуір» (1968), «Замандас парасаты» (1977), «Фольклордан роман-эпопеяға дейін» (1987), «Мағжан» (1995, Қазақстан Мемл. сыйл., 1998), «Әдебиет және ұлт тағдыры» (1997), т.б. зерттеу кітаптары жарық көрген. Е. «Мағжан» монографиясында ұлы ақынның шығармаларына жан-жақты талдау жасап, байыпты баға берген. «Қазақ романының идеялық-эстетикалық және жанрлық өзгешелігі» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Оның «Кітаптану негіздері» (1997), өзге авторлармен бірігіп жазған «Газет жанрлары» (1964), «Қазақ кітабының тарихы» (1999) кітаптары баспагерлер үшін құнды оқулықтар болып табылады. «Құрмет Белгісі», «Парасат» ордендерімен және медальдармен марапатталған. Неке (неке қию). Свадьба - салтанатты рәсiм, арнаулы некелесуге. Өмір. В.Н.Пармон келесi опредедение бердi: «Өмiр - бұл фазалық - химия мутацияларына табиғи таңдау ұзақ эволюцияны арқасында жеткiлiктi шыдаған қабiлеттi жұмыс iстейтiн аутокатализаторлардың болуын оқшау форма. Өкпе. Жеңiл ауаның аралығында газ алмастыру iске асады жеңiл және өкпе капиллярлар бойынша ағатын қанмен мүшенiң үлпершектi бөлiк болатын. Желбезектердiң жеңiл, соңғысы қосымша тыныс мүшелерi болып табылуға және су тынысының органдарымен қатар жұмыс iстеуге болатын балықтарында. Бауырымен жорғалаушылар және құстарда жеңiлi дененiң ортақ қуысының емшектегi бөлiмдерiнде жайғастырылады, сүтқоректi малдарда және адам - көкiрекқұрсақ тосқауылын құрсақ қуысынан бөлiнген ерекше көкiрек қуысында. Жеңiлi булы органдармен болып табылады: сырттан жабулыл сiрi қабықпен едожұЄй сүтқоректi малдарда және адамда көкiрек қуысы және көкiрекқұрсақ тосқауылының (адамда - жоғарғы) iлгергi бетiн сонымен бiрге төсейтiн көкiрекпердемен. Жеңiл жер бетiндегi омыртқалы жануарлардың Құрылысында (постоянножаберныхта қос мекендi, көп қауырсындар) қап тәрiздi тегiс қабырғалы жеңiл қабырғасы бар болудың арқасында жеңiл көп ағаш бездерiнде және көпiршiктердiң бiлiктi онына күрделi кеуек және кеуек Құрылыстарды алатын жеңiлдерiнегi барлық өткелдерi тыныс беттi (көпшiлiкте сүтқоректi) жеңiл өршiтушi альвеолалар бақылауға болады. ӘБУ НАСР әл-ФАРАБИ. Әбу Наср әл-Фараби, Әбу Наср Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби – "қазақ даласынан шыққан ұлы ғалым, ойшыл философ, математик, астролог, музыка теоретигі. Ол 870 ж. Отырарда әскербасының отбасында дүниеге келген." Отырар, Самарқан, Бұхара, кейіннен Мысыр, Халеб (Алеппо), Бағдад шаһарларында білім алған. Әбу Наср әл-Фараби – түркі ойшылдарының ең атақтысы, «Әлемнің екінші ұстазы» атанған ғұлама. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, 150-ге тарта трактат жазып қалдырды. Шығармаларында көне грек оқымыстыларының, әсіресе, Аристотельдің еңбектеріне талдау жасады. Алғашқы кезде Әбу Наср әл-Фараби өзін ақын, әнші, күйші ретінде танытып, одан соң ежелгі грек ғалымдарының қолжазбаларын оқу арқылы күрделі ғылыми зерттеулермен шұғылдануға кіріскен. Ғалым философияны қоғамды оятатын зерде, парасат шамшырағы, халықты әділетті қоғамға жеткізетін негізгі бағыт, ұрпақтар арасындағы рухани-мәдени сабақтастықты ғасырларға жалғастыратын құрал, әлеуметтік-этикалық күрделі мәселелердің шешімін, уақыт талаптарының жауабын табатын әдіс деп түсінді. Әбу Наср әл-Фараби ілімі шығыс ойшылдарына, аристотельдік және жаңа платоншылдық көзқарастарға сүйенеді, оларға жаңа сипат береді. Әбу Наср әл-Фараби өз заманындағы ғылымның барлық салаларынан, әсіресе, математика, астрономия, физика,жаратылыстану ғылымдарынан көп мұралар қалдырды. «Ғылымдар тізбегі» деген еңбегінде сол кездегі ғылымды үлкен-үлкен бес салаға бөледі: 1) тіл білімі және оның тараулары; 2) логика және оның тараулары; 3) математика және оның тараулары; 4) физика және оның тараулары, метафизика және оның тараулары; 5) азаматтық ғылым және оның тараулары, заң ғылымы және дін ғылымы. Ғалым бұл ғылымдардың бәрінің пәнін анықтап, қысқаша мазмұнына тоқталады. Ол – алгебраны математиканың дербес бір саласы ретінде қарастырып, алгебра пәнін алғаш анықтаған оқымыстылардың бірі. Осыған байланысты Әбу Наср әл-Фараби сан ұғымын оң нақты сан ұғымына дейін кеңейту туралы аса маңызды идея ұсынды. Ол өзіне дейінгі және тұстас математиктердің еңбектеріне сүйене отырып, тригонометриялық сызықтар жөнінде өз ілімін жасады. Мұндағы негізгі бір жаңалық Әбу Наср әл-Фараби синус, косинус, синус-ферзус, тангенс, котангенс сызықтарын бірыңғай радиусы тұрақты шеңбер ішінде қарастырды. Олардың арасындағы бірсыпыра қатынастарды ашты, кейбір қарапайым қасиеттерін айқындады. Физика саласындағы Әбу Наср әл-Фарабидің көрнекті еңбегі «Вакуум туралы» деп аталады. Мұнда ол вакуум мәселесінен басқа да физиканың әр түрлі мәселелерін қарастырып, сол кездегі ғылымның дәрежесіне сай өз шешімдерін (дененің жылудан ұлғаюы не кішіреюі, түсірілген кернеуге, қысымға байланысты ауа көлемінің ұлғаю немесе кішірею заңдылықтары, ауаға түсірілген кернеудің берілуі, т.б.) дұрыс тапқан. Әбу Наср әл-Фараби химия, медицина, география, минерология, т.б. жаратылыстану ғылымдары бойынша да шығармалар жазған. Оның таразы туралы, механизмдер және оптика мен бос кеңістік (вакуум) туралы көптеген құнды тұжырымдары әлемге әйгілі. Сәуленің жиналу, сыну, тарау, шоғырлану заңдылықтарын геометриялық дәл әдістермен тапқан Әбу Наср әл-Фарабидің шұғыла туралы түсінігі Еуропа ғылымына 17 ғасырда ғана мәлім болды. Ғұламаның ғылыми-философиялық еңбектерін байыптап қайта қарау барысында оның педагогика тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі болғандығы айқын байқалады. Ол – шығыс елдерінде тұңғыш сындарлы педагогикалық жүйе жасаған ағартушы оқымысты. Этиканы ол ең алдымен, жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарады. Сондықтан оның этика жөніндегі тұжрымдамаларында жақсылық, мейірбандық категориясы басты орын алады. Әбу Наср әл-Фараби әмбебап музыкант та болған. Саз аспаптарында ойнап, ән салған, өз жанынан ән, күй шығарған. «Музыканың ұлы кітабы» – ғұламаның әрі музыка жайында, әрі физика-математика жайында жазған тарихи үлкен туындысы. Мұнда музыкалық акустика мәселелері барынша кең қамтылып, дыбыстың табиғаты, тегі, таралуы, т.б. жайында көптеген дұрыс, соны пікірлер айтылған. Ол 950 ж. Сирияның Шам шаһарында қайтыс болды. Әбу Наср әл-Фараби мұраларының Қазақстанда түбегейлі зерттелуі 20 ғасырдың 60-жылдарында ғана қолға алынды. Оған алғаш бастамашы болған қазақ ғалымдары Ақжан әл-Машани (Машанов) мен Қаныш Сәтбаев еді. Әбу Наср әл-Фарабидің 1100 жылдығына орай шығарылған ЮНЕСКО шешімі бойынша 1975 жылы Алматыда халықаралық конференция өткізілді. ӘДЕТ-ҒҰРЫП. Әдет-ғұрып – "белгілі бір қоғамдық-әлеуметтік ортада пайда болып, оның мүшелерінің мінез-құлқының, тұрмыс-тіршілігінің бұлжылмас қағидаларына айналған жөн-жосық, жол-жоралғы." Қазақы әдет-ғұрыптар (арабша адәт және урф) көшпелі тұрмыстың дәстүрлі дүниетанымынан бастау алады. «Табиғаттан еншісі бөлінбеген» сахара жұрты өзін қоршаған ортаның ажырамас бір бөлшегі ретінде сезініп, жарық дүниенің жалғыз жаратушысы – Тәңірге табынған; Көк аспан – Қара жердің киесін қастер тұтып, ата-баба аруағына сиынған. Жүйелі мерзімдік ретпен қайталанып отыратын түрлі табиғи құбылыстардың (күн күркіреуінің, жерсілкінуінің, найзағай ойнауының), маусым алмасымдарының, т.б. сырын анық аңдай алмай, аспан асты, жер үстіндегі күллі тіршілік ағымы, адамзат тағдыры Көк иесінің ырқындағы нәрсе – жазмыш екеніне шүбәсіз сенген. Табиғат заңдылығын қоғам өмірінің, адам тұрмысының тәртібіне айналдыруға тырысу, кие тұту түйсігі қазақ халқының, жалпы түркі милләтінің түп-тегінде – ғұн, сақ тайпаларында болғаны мәлім. Олар көктегі Тәңірді «бабай баба», «Көк ата» атап, оның құдіретіне бас имеу – күпіршілік, ата-баба жолын бұзушылық деп санаған. Осы түсінік дәстүрлі қазақ қоғамындағы құқықтық мәдениеттің алғышарты – әдет-ғұрыпты адамдар арасындағы қарым-қатынастардың негізгі реттеушісі ретінде қалыптастырады. Ол, негізінен, жеке тұлғаларды белгілі бір әлеуметтік және мәдени тағлымдарға үйретіп, оны ұрпақтан ұрпаққа таратуға жәрдемдесті, жеке адамдардың, әлеуметтік топтардың мінез-құлқын тәртіпке келтіріп қана қоймай, қауымішілік тұтастық пен ұлттық мүдделікті нығайтуға септігін тигізді. Қазақ тарихында ежелгі мемлекеттілік нышандарының пайда болуына орай табиғат және өмір құбылыстарын тұтас қалпында, әр алуан қағидаға жіктемей зерделеудің немесе тәңіршілік дүниетанымның жемісі – әдет-ғұрып сенімдері бірте-бірте дәстүрлі құқықтық сана-сезімге ұласып, ел билеудің арнаулы заң нормалары мен институттары ретінде қолданыла бастаған. Мүше. (қол, аяқ, саусақ, құлақ және бұйрық) дененiң органы, жыныс мүшесi мәнде бүгiн жиi пайдаланылады. сөйлем мүшесi - сөздердiң ұсынысындағы синтаксистiк функция. мүше - грамматикада артикльсi оған қоса. мүше - сомадағы қосынды немесе басқа ұқсас өрнектiң бөлiгi, сонымен бiрге қара: бiр мүше, екi мүшелiк, үш мүше және тағы басқалар.; көпмүшелiк. функция - мүше - әдiсi оған қоса. айнымалы - мүше - сыныптың өрiсi оған қоса. Қол. Қол - адам және кейбiр малдардың қолы. Плечевой пояс (в ненаучной литературе и в обществе неправильно называемый «плечо», включая в этот термин ещё и плечевой сустав с головкой плечевой кости). Запястье (8 костей, расположенных в 2 ряда (счёт от большого пальца)) проксимальный ряд: ладьевидная, полулунная, трехгранная, гороховидная; дистальный ряд: трапеция, трапециевидная, головчатая, крючковидная. 5 костей, соответственно каждому из пальцев. Названия по номерам, счет от большого пальца. Каждый палец имеет три фаланги (исключение — большой палец, у которого их две). Название каждой из костей фаланг складываются из их положения (проксимальная, средняя, дистальная/ногтевая) и номера (или названия) пальца (например: средняя фаланга второго (указательного) пальца). Также у каждого человека имеются так называемые сесамовидные косточки, их положение, размеры и количество (иногда доходящее до 2-3 десятков) крайне вариабельно. Жанартау. Жанартау, вулкан – "Жер қабатының тереңдегі жарылымдары мен жарықтарынан оның бетіне шығатын балқыған тау жыныстары мен ыстық газдардың геологиялық құрамалары." Латынша vulcanus – от, жалын деген мағынаны білдіреді, ежелгі римдіктердің мифологиясындағы от құдайы ұғымынан шыққан. Жанартау жылына жер бетіне 5 – 6 км3 жанартаулық материалдар шығарады, оның 80%-ы су асты жанартауларына, 20%-ы құрлықтағы жанартауларға тиесілі. Су асты жанартауы 3 – 4 км тереңдіктегі лавалық жарықтардан тыныш күйде шығып жатады, бірақ оларды тікелей бақылау мүмкін емес. Жер үсті жанартаулары атпа өнімдерінен құралады, ол орталық кратері бар конус пішінді тау түрінде болады. Сөнбеген жанартаулардың ең жоғары салыстырмалы биіктігі – мұхиттарда 9 км, аралдарда 6 км, таулы өңірлерде 3 км-ге жетеді. Жердегі сөнбеген жанартаулардың орташа биіктігі 1750 м, көлемі 85 км3. Жанартаулар сөнбеген, потенциалды сөнбеген, шартты түрде сөнген және сөнген болып жіктеледі. Сөнбеген жанартауға соңғы 3500 жылғы тарихи кезеңде атқылаған не ыстық газдар мен су шығарған жанартаулар жатады, олардың жалпы саны 947 (2008). Потенциалды сөнбеген жанартауға 3500 – 13500 ж. ішінде байқалған голоцен дәуірінің жанартаулары жатады, олардың саны 1343. Голоцен дәуірінде ешқандай әрекет көрсетпеген, бірақ өзінің сыртқы пішінін сақтап қалған жанартаулар шартты сөнген жанартауларға жатады. Эрозияға шалынған, жартылай үгіліп, бүлінген және кейінгі 100 мың жылдан астам уақытта ешқандай әрекет жасамаған жанартаулар сөнген жанартау деп аталады. Жанартау шығу жолдарына байланысты орталық және жарықшақты болып бөлінеді. Магманың шығу тереңдігіне қарай жанартау мантиялық (30 – 70 км және одан да терең), қыртыстық (5 – 45 км) және аралас болып бөлінеді. Бірінші жағдайда базальт жынысы, екінші жағдайда басым көпшілігі андезит, дацит, липарит тау жыныстары, үшіншісінде барлық жанартаулық тау жыныстары шығады. Жанартаулардың атқылауы ұзақ (бірнеше ондаған, жүздеген жыл) және қысқа (бірнеше сағат) мерзімді болады. Атқылау алдында жердің сілкінуі, дыбыс шығаруы, магнит өрісінің өзгеруі, т.б. құбылыстар байқалады. Жанартау атқылауы, әдетте газ бен суық лава кесектерін атқылаудан басталады. Кейде бұл атқылаулар лава (жанартау әсерінен Жер бетіне төгілетін отты-сұйық балқыма) ағуымен қатар жүреді. Қопарылыс күшіне байланысты күл мен лава кесектері ілескен ыстық газ бен бу 1 – 5 км және одан да үлкен (мысалы, 1956 ж. Камчаткадағы Безымянный жанартауының өнімдері 45 км биіктікке көтерілген) биіктікке көтеріледі. Атылған заттар айнала бірнеше км-ден мыңдаған км-ге дейін шашырайды. Жанартау атқылауынан шығатын жанартаулық өнімдер газ тәрізді (жанартаулық газдар), сұйық (лава) және қатты (жанартаулық тау жыныстары) болады. Атқылау сипатына және магманың құрамына қарай жанартау бетінде биіктігі мен пішіні әр түрлі геологиялық құрылымдар пайда болады. Жанартаудың сұйық заттары кремнезем мөлшеріне қарай қышқыл, орта және негізгі құрамды лавалардан тұрады. Жанартау орталық кратерден және беткейлеріндегі қосалқы кратерлерден атқылайды. Жанартаудың өте жоғары қысымдағы бір рет атқылауынан маар деп аталатын төңкерілген конус пішінді ойыс, ал аса күшті атқылау кезінде жанартау конусы мен оның маңайының опырылуынан диаметрі кейде ондаған км-ге жететін кальдера деп аталатын үлкен ойыстар пайда болады. Жанартау әрекетінің себептері жер қыртысындағы күшті тектоникалық қозғалыстармен, магманың массасымен, күшті қатпарлану процесстерімен байланысты. Жер қыртысындағы аса терең жарылыстар магманың жоғары көтерілуіне жол ашады, үздіксіз тектоникалық қозғалыстар оның жер бетіне шығуына мүмкіндік береді. Қазіргі әрекетті жанартаулар күшті тектоникалық қозғалыстар байқалатын ұзындығы жүздеген, мыңдаған километр жас тау жоталары мен аса ірі терең жарылымдар бойында және мұхит түбі мен доғалы аралдарда орналасқан. Жанартаулардың 2/3-сі Тынық мұхиттың жағалары мен аралдарында (Тынық мұхиттың жанартаулық белдеуінде), Жерорта теңізі маңы мен Атлант мұхиты аймағында кездеседі. Жанартау өте қатерлі табиғи құбылыс болғандықтан, оларды алдын-ала болжау үшін зерттеу және бақылау жұмыстары үздіксіз жүргізіледі. Жанартаулық тау жыныстары, вулканиттер – жанартау атқылауынан пайда болған тау жыныстары. Атқылау сипатына байланысты жыныстардың 2 типі түзіледі: эффузивті тау жыныстары және пирокласты жыныстар (жанартау күлі, құм, туфтар, туфты брекчий). Жанартаулық тау жыныстары қалыптасу жағдайына қарай эффузивті, экструзивті, жанартаулық-кесекті, жанартаутекті-шөгінді болып ажыратылады. Эффузивті тау жыныстары магманың лава күйінде жер бетіне ағып шығып қатаюынан қалыптасады. Олардың пішіні лаваның тұтқырлығы мен сол ауданның жер бедеріне байланысты күмбез, конус тәрізді төбелер болып қалыптасады. Экструзивті жыныстар тұтқыр магманың сығылып шығып, күмбез пішінді болып қатаюынан пайда болады. Эффузивті жыныстардың сыртқы пішіні қатты өзгерген көне түрлері палеотипті, ал пішіні сақталған жасырақтары кайнотипті жыныстар деп аталады. Жанартаулық-кесекті жыныстар эффузивті кесекті, эксплозивті кесекті және шөгінді жанартау кесекті болып бөлінеді. Эксплозивті кесекті жыныстар түгелдей жанартаудың атқылау өнімдері – пирокластардан тұрады. Жанартаулық тау жыныстары Қазақстанның барлық аймақтарында кеңінен тараған: олармен темірдің, полиметалдың, мыстың, марганецтің, күкірттің, алтынның және басқа да элементтердің кендері бірге кездеседі. Құрылыс материалы ретінде кеңінен қолданылады. Жанартаутекті шөгінді жыныстар – жанартаулық және шөгінді материалдардан тұратын тау жыныстары. Олар жанартаукесекті шөгінді жыныстар, тефроидтар және жанартаутерригенді жыныстар болып үшке бөлінеді. Жанартаутекті шөгінді жыныстарда яшма, фосфорит, боксит, темір, марганец, бораттың кендері кездеседі. Жанартаутекті шөгінді кендер – теңіздердің түбінде жанартаутекті шөгінді жыныстардың шөгуінен түзілген кендер. Мұндағы минералдық заттар жанартаудың ыстық газы мен суынан бөлініп, жанартау лавасы мен күліне сіңеді. Кейін суынған лава мен күл теңіз суының әсерінен әр түрлі бөлшектерге ыдырай бастайды. Ал жанартау әрекеті қайталанып, жаңадан бөлінген газдар мен сұйық ерітінділер қайта әсер еткенде олар ериді, сілтісізденеді, тотығады, жаңа химиялық қосылыстар, минералдар түзіп, шөгеді және су массасымен бірге бір орыннан екінші орынға көшеді. Сөйтіп, жанартау атқылауымен жердің терең қабаттарынан келетін заттар ыдырап, жер беті суымен тасымалданады. Жанартаутекті шөгінді кендерге силикаттар мен карбонаттардан, оксидтер мен гидроксидтерден тұратын темір мен марганецтің аса қалың қабаттары, құрамында темір, мыс, мырыш, кейде қорғасын сульфиттері және барит пен гипс болатын колчедан кентастары жатады. Мұндай кендер барлық геологиялық жүйелерде кездеседі. Жанартаутекті шөгінді кендерге Орталық Қазақстанның темір-марганец, Кенді Алтайдың полиметалл кен орындары жатады. Жанартау шынысы, обсидиан – жанартау лавасының жер бетінде тез суып, кристалданбай қатаюынан пайда болатын тау жынысы. Химиялық құрамына қарай ультранегізді, негізді, орта, қышқыл, сілтілі болып бөлінеді. Жанартау шынысы химиялық құрамына, суу ортасына байланысты ажыратылады. Құрамында кремний оксидінің (SіO2) мөлшері көп, өте тұтқыр, қышқыл риолит лава түрлерінің қатаюы кезінде обсидиан деп аталатын жанартау шынысы түзіледі. Ал сирегірек кездесетін SіO2-ге кедейлеу базальттық лавалар шыны түрінде қатып, мөлдір емес қара базальтты жанартау шынысы – тахилит түзеді. Лава сулы ортада қатқан жағдайда жанартау шынысының құрамында (мысалы, пехштейн, яғни шайыртас) су көптеу болады. Кеуекті жанартау шынысы пемза деген атпен белгілі. Перлит жанартау шынысының құрамында 3 – 5%-ға дейін байланысқан су болады, ол өнеркәсіпте қолданылады. Жанартау шынысы шыны өндірісінде және құрылыс материалы ретінде қолданылады. Кендері Солтүстік Қазақстанда (Торғай), Шығыс Қазақстанда (Семейтау, Тарбағатай, Зайсан), Алматы (Жоламан, Малайсары), Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында белгілі. Аяқ. Шектiлiк аяқ төменгi еркiн, m латынша ма?mbrum inf пе?rius liberum) - адамның тiрек және қозғалысының жұп органы. Аяқтың дисталдiгiрек ұршық буын орналасқан бөлiгi. Филогенез адамгершiлiк аяғы өз кезегiнде, жүзу қанат балықтарынан пайда болатын қосмекендiлердiң артқы шектiлiктерiнен болады. Аяқ анотомиялық тұрады үш негiзгi жиiрек: сан, сирақтар және стоптар. (адамгершiлiк ойын таcтарының өзi шомбал және мықтысы) жамбаспен және тобық буын арашалаушы дiзе үстiмен бөксе құрастырылған. Сирақ үлкен және Малай асық сүйек құрастырады. Стопқа майда ойын таcтарының жиындарын құрастырады. Жанбасы бар жамбастың мүшеленуiн орын ұршық буынмен деп аталады. Мүшелену белдемше және асық сүйек тобық буынымен деп аталады, асық сүйек ойын таcтарымен стоптары - балтыр буынымен. Ахилл сiңiрi асық сүйек туралы стоптар қозғалысты шек қояды. Қайтымсыз зиян жиi әкелетiндiгiнен, жарақаттар балтыр және тобық буыны әсiресе қауiптi. Бас. Бас - адам немесе ми, көру мүшесi, дәм, иiс сезу қаблетi, сыбыс және ауызда болатын мал мүшедi. Қасында омырқалы және шыбын-шiркейлерде жеке бас барып тұр. Адам бастың алдыңғы бөлiктерi тұлғамен, мал деп аталады - бет. Бас әдетте мойынның денесiмен тұйықтаған. Басқа мойын кеңiстiкте нақтылы позицияны басқа қайрылып ұстауға мүмкiндiк бередi. Қабақ (қас). Қас - ерекше бұлшық еттi corrugator superciliiлер тағы басқа сұйықтарды тердiң оларына күштi жарық, ағып құйылудан көз арашалаушы жабдықталған сүрiктер көз шарасы, жабулы қысқа Шаштардың үстiнде доға тәрiздi төбе. Тұлғада адамда екi қас орналастырған. Қастар коммуникацияның құралы, олардың көмегiмен болып табылады мұндай таңдану, қорқу, қалған наразылық эмоциялар ым арқылы өрнектеледi. Қас сәннiң ықыласының объекттердiң бiрлерi болып табылады: мысалы, жұлу форманың олары беру үшiн қастардың боянуы, құрал үшiн косметика бар болады), пирсинг. Мұрын. Мұрын - (адамда) тұлғаның бiр бөлiгi немесе (малдарда) бет, қатысушы тыныс, иiс сезу қаблетiнде, Құйрық олжасы және қарым-қатынас. Мұрынның құстарында жоғарғы бетiнде танау бар болатын тұмсықпен қатар қолданған. Сыртқы мұрын деп аталатын бесенеден белгiлi көрнектi мұрынның бiр бөлiгi жақсы түбiр, Арқалық, бас жақтан және қанаттар тұрады. Сыртқы мұрынның негiзiн мұрын ойын таcтарын құрайды - маңдай өсiндi шықшытты, қабырғада болу шемiршек және үлкен қанат тәрiздi кеңсiрiк, танаулар саңылаулардың Носоваларының қысуы және созу үшiн төмен қарай арналған жабулы бұлшық еттермен. Сыртқы мұрын бiр жағынан және сондай болып терiмен, сонымен қатар тұлға жабулы, орын бұның аз қозғалатын түкшенi май бездерiнiң молшылығы артынан жуан. ӘЙТЕКЕ БИ. Әйтеке би, Әйтеке Байбекұлы – "қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Әлім тайпасының төртқара руынан шыққан ол 1644 ж. наурыз айының жиырма үші күні Өзбекстандағы Қазбибі тауының етегінде туған." Әмір Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші, Сейітқұл әулиенің – үшінші ұрпағы. Самарқан әмірі (1622 – 56) Жалаңтөс баһадүрдің немерелес туысы. Әйтеке бес жасында ауыл молдасынан сауатын ашып, Самарқандағы Ұлықбек медресесінде, кейіннен әйгілі «Шер-дор» (Арыстанды) медресесінде оқиды. Медресені бітірісімен туған ауылына оралып, ел басқару істеріне араласады. Жиырма бес жасында оны барша Кіші жүз халқы бас би етіп сайлады. Тәуке таққа отырғаннан кейін алғаш рет ресми түрде айрықша құқты «Хан кеңесі» сайланды. Әйтеке Кіші жүз жұртының атынан осы «Хан кеңесінің» мүшесі болды. Осы кезде заман өзгерісіне қарай жаңа заң үлгілерін жасау қажеттігі туды. Сөйтіп 1684 ж. «Жеті жарғы» қабылданды. «Жеті жарғыға» Әйтекенің ұсынған баптарының ішінде екеуі ғана белгілі. Ол –»Сүйек құны» мен «Өнер құны». Әйтеке шешендігімен, «қара қылды қақ жарған» әділдігімен бірге, жоңғарлармен болған ұрыстарда қол бастаған батыр да болған. 1685 ж. Нұрата маңына шабуыл жасаған Қалдан-Бошақтының он мың жасағына бес мың қол әскерімен Әйтеке қарсы аттанады. Соғыс бір күнге созылады. Келесі күні Әйтекеге Самарқаннан, Бұқарадан қалың әскер көмекке келе жатыр деген қауесетті естіп, Қалдан-Бошақты Сайрамға шегініп кетеді. Сол жылы Сайрам талқандалып, жыл сайын Күлтөбеде өтіп жүрген «Хан кеңесі» болмай қалады. Бұдан кейінгі қазақ жиыны Қарақұмда және Тәуке хан ордасын тіккен Түркістан маңында болғаны тарихтан мәлім. Ол 1700 ж. қайтыс болып, Өзбекстанның Нұрата ауданындағы Сейітқұл қорымында жерленген. Әйтеке қайтыс болғаннан кейін Нұрата тауы маңын мекендеген төртқара ауылдарының көпшілігі Сыр бойына көшіп кеткен. Ұрпақтары мен аталастары Қызылорда, Ақтөбе облыстарында, бірқатары Өзбекстанның Нұрата ауданында тұрады. Ел аузында Әйтеке айтқан билік, шешендік сөздер, толғаулар, баталар көп сақталған. Ол туралы аңыз әңгімелер мен жырлар да жеткілікті. Соның бірі авторы беймәлім, «Әйтеке би» деген ұзақ дастан. Биді халық «айыр тілді Әйтеке» деп атаған. Ақтөбе облысының бұрынғы Қарабұтақ және Комсомол аудандары біріктіріліп, қазір Әйтеке ауданы деп аталады. ӘЛІШЕР НАУАИ. Әлішер Науаи, Әлішер Низамаддин Мир Науаи – "түркі халқының ұлы ақыны, ойшылы, мемлекет қайраткері. 1441 ж. ақпан айының тоғызында Герат қаласында туған." Әкесі өлгеннен кейін 12 жасар Әлішер Науаиды Әбілқасым Бабыр өз тәрбиесіне алған. Оның есімі 15 жасынан түркі және парсы тілдерінде бірдей жазатын ақын ретінде танылды. Гератта, Мешхедте, Самарқанда оқып, Фирдауси, Низами, Хорезми, Сайф Сараи, Жәми шығармашылығымен танысты. Мектептес досы Хұсайын Байқара Хорасанның әмірі болған кезде, оның мөр сақтаушысы (мұхрад) қызметін атқарды. 1472 ж. уәзір болып тағайындалды. Әлішер Науаи осы қызметтерде жүріп, ғалымдарға, суретшілерге, музыканттарға, ақындарға, хуснихатшыларға (каллиграфтарға) қамқорлық жасады. Өз қаржысына жолдар, көпірлер, каналдар, керуен сарайлар, мектептер, шеберханалар салдырды. Әлішер Науаидың халық арасында абырой-беделінің артуын қызғанған басқа уәзірлер оны Байқарамен араздастырып, 1476 ж. уәзірліктен босатылуына себепші болды. Ол шығармашылық жұмыспен айналысып, түркі-шағатай тілінде «хәмсә» жырлар тобына енетін «Жақсылардың таңдануы» (1483), «Фархад пен Шырын», «Ләйлі мен Мәжнүн», «Жеті әлем» (1484), «Ескендір дуалы» (1485) атты шығармаларын жазды. 1488 – 1501 ж. ол тарихи-өмірбаяндық («Әджәм патшаларының тарихы», «Саид Хасан Ардашердің өмірі», Пәһлован Мұхаммедтің өмірі»), дидактикалық-философиялық («Құстар тілі», «Көңілдердің сүйгені»), әдеби-теориялық («Өлең өлшемі»), лингвистикалық («Екі тілдің таласы»), әлеуметтік-экономикалық («Вақфия»), діни-ғұрыптық («Пайғамбарлар мен хакімдердің тарихы», «Мұсылмандық нұры», «Гауһарлар шоғыры») туындыларын жазды. Парсы тілінде 12 мың жол өлеңін «Диуан-фани» деген атпен дербес жинақ етіп құрастырды. «Бес қайрат» («Хәмсәт ул-мутахаирин») кітабын ұстазы Абдрахман Жәмиге (1414 – 92) арнады. 15 ғасырда өмір сүрген 400 шайырдың шығармашылығынан мәлімет беретін «Ғажайып мәжілістер» («Маджолис ун-нафоис») кітабын жазды. Ақын 1501 жылдың үшінші қаңтарында туған қаласында қайтыс болған. Әлішер Науаи шығармалары 15 ғасырдың өзінде Мауераннахр мен Хорасанда ғана емес, Иран, Әзербайжан, Шығыс Түркістан, Үндістан, Мысыр, түркі елдеріне, кейіннен Еуропа мен Америка кітапханаларына тарады. Ақын шығармашалығы 19 ғасырдың орта шенінен шығыстанушы ғалымдардың назарын аудара бастады. Әлішер Науаидың ақындық дарынына ұлы Абай да тәнті болып, оның шығармашылық дәстүрін жалғастырған. Әлішер Науаи шығармашылығын зерттеуге қазақ ғалымдары да (Мұхтар Әуезов, Есмағамбет Ысмайылов, Рахманқұл Бердібаев, т.б.) елеулі үлес қосты. Ақын Несіпбек Айтов Әлішер Науаидың ғазалдарын қазақ тіліне тәржімалап, жеке кітап етіп шығарған. Күрек. Күрек - өзiмен ұсынатын кең жазық жүздiң жермен (қазу, тазалау, тасымалдау) жұмысы үшiн қол аспабы, (сап) сапты. Қазғыш таяқтан дамыды. Мысалы, сонымен бiрге қару қарулы күштердегi жақыннан шайқаса және компъютер ойындары көпшiлiгiнде сияқты қолданыла алады. Шаш. Шаш - қорғайтын Жамылғының құрама бөлiгi, негiзiнен, қасында сүтқоректi, филогенез түкшелердi қабықтың туындыларымен болып табылады. Қабадай түктiң малдарында терiмен немесе жүнмен деп аталады. Сонымен бiрге (трихомдар) шаштар деп аталатын өсiмдiктердiң әр түрлi органдарына кездеседi. Сүрiктiң қабатты Құрылысының схемасы. Қылтықты бадана белгiлелген. Сыртқы Шаш қабығы таңылу бiр-бiрiне кератин қабыршақтарымен құрастырылған. Көрнектi Шаштың бiр бөлiгi сырықпен деп аталады. Терi болатын Шаштың бiр бөлiгi (немесе қылтықты баданамен) қыл түбiрiмен деп аталады. Бадана қыл қалтасымен қоршаған - фолликүлмен. Фолликүлдiң формалары Шаш түрiне тәуелдi болады: сүмбiл шаштар дөңгелек фолликүлдерден өседi - сопақ, бұйра - бүршiк сияқты сәл ирелең. Әрбiр Шаш үш жiктерден тұрады. Сыртқы жiк немесе кутикула, қорғайтын функцияны орындайды және бiр-бiрлерiн қайта жабады төбенiң черепицасына тәрiздi қабыршақтарсымақтардың нәзiк торшаларымен құрастырылған. Кутикуланың қабыршақтары қашан тығыздап жатады, ұқыпты қайта жаба, Шаштар жалтыр жiбектей, жұмсақ. Егер кутикуланың торшалары физикалық немесе химиялық жолмен зиян жасаса, Шаштар жалтыраулар айрылып қалады, және оңай шатасатын сынғақ болып қалыптасады.[1] ӘМІР ТЕМІР. Әмір Темір, Құтбуддин Темір Гүркап, Саһиб Қыран Ағзам Жанат Макан – "қолбасшы, мемлекет қайраткері. Барлас тайпасының биі Тарағай бектің баласы. Ол 1336 жылдың тоғызыншы сәуірінде Түркістанның маңындағы Қожа-Илгар Кеште өмірге келген." Жас кезінде сол Түркістан маңындағы бір шайқаста аяғынан жарақаттанған. Әмір Темір алғашында Қашқадария уәлаятының билеушісі (1361) болды. Осы кезден бастап Әмір Темір Моғолстан ханы Тоғлұқ-Темірмен, оның ұлы Ілияс Қожа және Балх пен Самарқан әмірі Хұсейнмен билік үшін күрес жүргізіп, 1370 ж. Мауераннахрды өзінің қолына алды; ал 1370 – 80 ж. Хорезм, Шығыс Түркістан, Хорасан, Қандағар, Сұлтания (Оңтүстік Әзербайжан), Иран және Ауғанстанды бағындырды. Әмір Темір 1380 – 90 ж. Тоқтамыс хан мен Едіге әмірдің арасындағы алауыздықты шебер пайдалана отырып, Дешті Қыпшақ, Ақ Орда мен Моғолстанға оннан астам жойқын соғыс жорығын жасады. Әмір Темірдің Алтын Орданы талқандауы Ресейдің тәуелсіздік алуына оң жағдай жасады. 1390-жылдары Кавказ бен Ирак Әмір Темір мемлекетінің құрамына енді. 1398 ж. Үндістан басып алынды. Сирия мен Лубнан (Палестина) мәмлүктері бағындырылды. 1402 ж. жазда Әмір Темір Анкара шайқасында түрік сұлтаны Илдырым Баязидті (Баязид І) тұтқындады. Әмір Темірдің үздіксіз соғыстарының нәтижесінде алып империя – Темір мемлекеті құрылды. Оның жалпы аумағы 14 млн. км2-ге жетті. Әмір Темір 1405 ж. Қытайға жорыққа шыққанда жолай ақпанның он сегізі күні Отырарда қайтыс болды. Сүйегі Самарқандағы Гүр-Әмір кесенесіне жерленген. Темір әулетінен ұлы ғалым Ұлықбек, Моғол империясын құрушы Бабыр сынды атақты адамдар шықты. Орталық Азиядағы бірқатар сәулетті ғимараттардың пайда болуы, қалалардың өркендеуі, шөл даладағы жер суландыру құрылыстарының салынуы, қолөнер мен сауданың дамуы Әмір Темір есімімен тығыз байланысты. Әмір Темір қазақ жерінде мәңгілік өшпес ескерткіш – қасиетті Қожа Ахмет Иасауи кесенесін салып қалдырды. Сонымен қатар жаулап алынған елдердегі Әмір Темірдің шектен тыс қатыгездігі оны күрделі тарихи тұлға ретінде танытады. Біз. Бiз - сабы бардың тебен инесi. Мысалы, мысалы, сүрiктiң тығыз материалдарының тесуi үшiн аяқ киiм бойынша пiшушiлермен және ұсталармен қолданылады. Қолдану табады және (ағаш шеберi, ағаш шеберi) басқа ұсталарда, канцелярия тиiстiлiк ретiнде, электромонтаж аспабы. Бiз ағаш, пластмасса немесе металлдық сапты иемдене алады. Тiгiн тебен инеге қарағанда, әкеңнiң өлгенiн жасырасыңның ұшы саңылауды алмайды. Гитара. Гитара - бiрi шек шымшу ойын құралы өзi әлем таралған. Көпшiлiгiнде музыкалық стильлердiң ретiнде сүйемелдейтiн аспабын қолданылады. Рок-музыка мұндай блюз, кантри музыка стильлерiндегi негiзгi аспабы Фламенко болып табылады. Электр гитарасы ойлап шығарылған XX ғасырда жаппай мәдениетке жанға батты. Гитарада музыканың орындаушысы гитарист деп аталады. Адам, жасаушы және жөндейтiн гитара, гитара ұстасы немесе лютье деп аталады. Мойын. Мойын - омырқалы, денесi бар басты соединяющая мүшедi. Мойын тiршiлiк маңызды функциялардың жиынын орындайды және осал жер жиi ерекше болып табылады. Жабдықтаудың әртүрлi жолдарын мойын арқылы өтедi - сондай өңештер, көмей, қан тамырлары ми жабдықтайтын кеңiрдектер. Ауыз омыртқа және бұлшық еттер ең үлкен қунақылықты басына қамтамасыз етуге шақырған. Мысалы, жирафтың кейбiр малдарында) мойын пропорционал емес қосымша функцияны, қоректенудiң мерзiмдi түрiн оған тұлдағанын ұзаратын бола алады. ЗАХАРОВ Вадим Павлович. ЗАХАРОВ Вадим Павлович (21.5.1896, Ресей, Санкт-Петербург қ. – 18.3.1983, Өзбекстан, Ташкент қ.) – тех. ғыл. докт. (1945), проф. (1950), Қазақстан ҒА-ның акад. (1958), Қазақ КСР-інің еңбек сің. ғыл. қайраткері (1961). Мәскеу электртех. ин-тын бітірген (1923). Өзбекстанда инж., оқытушылық және ғыл.-зерт. жұмыстарында (1926–44 және 1929–56) болды. Қазақ энергет. ғыл.-зерт. ин-тында аға ғыл. қызметкер, лаборатория меңгерушісі (1944–62), ғыл. кеңесші (1962–78) қызметтерін атқарды. 1978 жылдан өмірінің соңына дейін Орта Азия ирригация ғыл.-зерт. ин-тында (Ташкент) жұмыс істеді. З. кешенді су торабына арнап су ш. мен су энергетикасы салаларындағы жұмыстарды экон. тұрғыдан есептеу әдістерін ұсынды. Орта Азия республикалары мен Қазақстанда электрлендіру ісі және су энергетикасын дамыту жөнінде бағалы ұсыныстар жасады. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған. Бала. Балалық шақтың мерзiмiне бөпе-адам бөпе. Балалық шақтың жас шамасына байланысты шекаралары әр түрлi мәдениеттерде, тiршiлiк циклда теориялары және заң жүйелерiн ерекшеленедi. Жағдайда, бөпемен [көз 389 күндер көрсетiлмеген] жыныстық есеюдi шабуылға дейiн жаратылысты адамдарын деп атайды. Де ме?вочка - әйел етегiн бөпе; Ма ма?льчик - еркек етектi бөпе. Дәрiгерлiктiң бөлiмi, арнаулы бала денсаулығына педиатрия деп аталады. Бөпенiң мәртебесi сонымен бiрге ересек әртүрлi мәдениеттер және заң жүйелерiнде өзгертiледi. Бала құқықтары туралы конвенция дәл қазiр он сегiз жасты жас шамасының табысына дейiн адамзаты сияқты бөпенi анықтайды. Ұлттық заңдар сонымен бiрге басымдылық [көз 481 күн көрсетiлмеген] осы сұрақта алады. Кәмелетке жету елдердiң көпшiлiгiнде 18 жылдармен басталады. Кәмелетке жетудi ең төменгi жас шамасы Фарер аралдарында орнатылған - 14 жылдар. Кәмелетке жету Кубеге 16 жылдармен басталады ӘУЕЗОВ МҰХТАР. Әуезов Мұхтар Омарханұлы – "Ұлы жазушы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан Ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957). Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде 1897 ж. жиырма сегізінші қыркүйекте туған." Алғашқыда 1908 ж. Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 ж. Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады. Училищені 1915 ж. аяқтап, Семей қалалық мұғалімдер семинариясына түседі. Семинарияда оқып жүріп Шәкерім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастанының негізінде «Еңлік – Кебек» пьесасын жазып, оны 1917 ж. маусым айында Ойқұдық деген жерде сахнаға шығарады. Ресейдегі саяси төңкерістер Әуезов өміріне үлкен өзгерістер әкеледі. Ол Семейде «Алаш жастары» одағын құрып, түрлі үйірмелердің ашылуына ұйытқы болады. Жүсіпбек Аймауытовпен бірігіп жазған «Қазақтың өзгеше мінездері» аталатын алғашқы мақаласы 1917 ж. 10 наурызда «Алаш» газетінде басылды. 1918 ж. 5 – 13 мамырда Омбы қаласында өткен Жалпы қазақ жастарының құрылтайына қатысып, оның орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады. Әуезов жазушы Аймауытовпен бірлесіп Семейде «Абай» ғылыми-көпшілік журналын шығаруға қатысады. 1919 ж. семинарияны бітіріп, қоғамдық-саяси жұмысқа араласады. 1919 ж. желтоқсанның төртінде Семейде большевиктер билігі орнап, Әуезов Семей губревкомының жанынан ашылған қазақ бөлімінің меңгерушісі және «Қазақ тілі» газетінің ресми шығарушысы болып тағайындалады. 1921 ж. қараша айында Қазақ АКСР-і Орталық атқару комитетінің (ОАК) төралқа мүшелігіне сайланып, онда кадр мәселесімен айналысады. Сол жылы «Қорғансыздың күні» әңгімесі «Қызыл Қазақстан» журналының №3 – 4 сандарында жарияланды. 1922 ж. күзде Ташкенттегі Орта Азия университетіне тыңдаушы болып оқуға түседі әрі «Шолпан» және «Сана» журналдарына жұмысқа орналасады. Осы басылымдарда «Қыр суреттері», «Қыр әңгімелері», «Үйлену», «Оқыған азамат», «Кім кінәлі», «Заман еркесі» («Сөніп-жану») әңгімелері жарияланады. 1923 ж. маусым айында Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік университетінің қоғамдық ғылымдар факультетінің тіл-әдебиет бөліміне оқуға ауысады. 1924 – 25 ж. Семейдегі мұғалімдер техникумына оқытушылыққа қалдырылды. Сонда жүріп «Таң» журналын шығарады. Онда «Кінәмшіл бойжеткен», «Қаралы сұлу», «Ескілік көлеңкесінде», «Жуандық» әңгімелері жарияланды. 1925 ж. Ленинградқа қайтып барып, оқуын жалғастырады. 1926 ж. жаз айында Семейге арнайы ғылыми экспедиция ұйымдастырып, оның материалдары негізінде жазылған «Әдебиет тарихы» монографиясы 1927 ж. кітап болып шығады. 1927 ж. жазда Жетісу өңіріне сапармен келіп, Ілияс Жансүгіровпен бірге болашақ шығармаларына материал жинайды. Ленинградқа қайтып оралысымен, осы материалдар негізінде «Қараш-Қараш оқиғасы» повесін, «Қилы заман» романын, «Хан Кене» пьесасын жазады. 1928 ж. Орта Азия мемлекеттік университетінің аспирантурасына қабылданды әрі Қазақ ағарту институтында сабақ берді. Алаш қозғалысының көсемдерімен бірге 1930 ж. 16 қыркүйекте тұтқындалып, 1932 ж. сәуір айында үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Дегенмен маусым айында түрмеден босатылып, Қазақ педагогика институтының (ҚазПИ-дің) аға оқытушысы болып қызмет істейді. Осы жылдары театр, драматургия, мәдениет пен өнер, әдебиет, фольклор тарихы, орыс әдебиетінің классиктері туралы мақалалары үзбей жарияланып тұрады. Әуезов сценарийі бойынша «Райхан» көркем фильмі (1940) түсіріледі. 1936 ж. Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысады. Осы жылдары «Абай» романын жазуға кірісіп, оны 1941 ж. бітіреді. «Абай» романының жарық көруі (1942) Қазақстанның мәдени өміріндегі ерекше оқиға болды. 1943 ж. «Абай» романын талқылау үлкен науқанға айналады. 1946 ж. романның екінші кітабын жазып бітіріп, ол 1947 ж. жарық көреді. 1950 ж. роман-эпопеяның «Ақын аға» аталатын үшінші кітабы жарық көреді. 1943 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақтың мемлекеттік университетінің (ҚазМУ-дің) қазақ әдебиеті кафедрасына профессор болып орналасып, өмірінің соңына дейін сонда дәріс оқыды. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында «Сын сағатта» (1941), «Намыс гвардиясы» (жазушы Әлжаппар Әбішевпен бірігіп, 1942), «Қынаптан қылыш» (1945) пьесалары мен «Абай» операсының либреттосын (1944), «Абай әндері» фильмінің сценарийін (1945) жазады. 1946 ж. Қазақстан Ғылым академиясы құрылғанда, оның толық мүшесі (академик, №1 куәлік) болып сайланады, филология ғылымдарының докторы, профессор атағы берілді. 1951 – 54 ж. Әуезов саяси-идеологиялық тұрғыдан тағы да қыспаққа алынып, 1953 ж. сәуір айында Мәскеуге жасырын аттанып кетуге мәжбүр болады. Мәскеу мемлекеттік университетінде профессор болып орналасып, «КСРО халықтары әдебиетінің тарихы» деген арнайы курс бойынша дәріс берді. 1954 ж. Алматыға қайтып оралып, «Абай жолы» роман-эпопеясын түпкілікті аяқтады. 1955 ж. шет елге сапарға шығып, Герман демократиялық республикасы (ГДР) жазушыларының Берлинде өткен съезіне құрметті қонақ ретінде қатысты. Үндістанға 40 күндік сапармен барып қайтады. 1956 ж. КСРО мәдениет қайраткерлері өкілдерінің қатарында Чехословакияда болды. Жазушының 60 жасқа толу мерейтойы Алматыда, Мәскеуде салтанатпен атап өтіледі. Атом және сутек бомбасын сынауға қарсы халықаралық қозғалыстың Жапонияда өткен 3-конференциясына қатысады. 1958 ж. Ташкентте өткен Азия және Африка елдері жазушыларының 1-конференциясын ұйымдастырушылардың бірі болды. 1960 ж. АҚШ-қа барып қайтып, 1961 ж. Үндістанға екінші рет сапар шегеді. 1955—57 ж. алты томдық таңдамалы шығармалары басылып шығады. Әуезовтің мұраcының аса қомақты бөлігі – оның ғылыми зерттеулері. Ол қазақ ауыз әдебиетін жинақтап, жүйелеп, қазақ әдебиеті тарихы, Абайдың өмірі мен шығармашылығы, әдебиеттану мен фольклордың теориялық-проблемалық мәселелері жөнінде іргелі еңбектер жазды. Қоғам және мемлекет қайраткері ретінде Әуезов жиырмадан астам шет елдерде болып, адамзат қоғамының дамуы, рухани ынтымақтастық үшін өз көзқарасын білдірді. Әлем халықтары оның «Абай жолы» роман-эпопеясын айрықша құбылыс ретінде таныды. 1961 жылдың жиырма жетінші маусымында Мәскеу қаласындағы ауруханада қайтыс болды; Алматы қаласында жерленген. Сол жылы Қазақстан Ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтына оның есімі берілді, одан кейін жазушы тұрған үйде мұражай-үйі (1963) ашылып, ескерткіштер орнатылды. Қазақ академиялық драма театры, Алматы, Астана, Семей және басқа қалалар мен облыстардағы аудан, ауыл, көше, мектептер Әуезов есімімен аталады. Мұхтар Әуезовтің туғанына 100 жыл толуы ЮНЕСКО-ның шешімімен, дүниежүзілік деңгейде (1997) аталып өтті. «Абай жолы» – Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі роман-эпопеясы. «Абай жолы» – қазақтың көркем прозасын классикалық деңгейіне көтеріп, әлем әдебиетіне көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан энциклопедиялық деңгейде жан-жақты ашып көрсетті. Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы әлемдік деңгейде: «ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі» (Луи Арагон) деген жоғары баға алды. Сондай-ақ бұл роман-эпопея қазақ халқын, қала берді бүкіл түркі әлемін дүние жүзіне танытқан ұлы шығарма ретінде де танылды. Әуезов алғашқыда екі кітаптан тұратын «Абай» (1942, 1947), онан кейін мұның жалғасы болып табылатын «Абай жолы» (бұл да екі кітаптан тұратын; 1952, 1956) романын жазды. Осы төрт томнан тұратын «Абай жолында» қазақ қоғамының алуан түрлі топтары кең қамтылып, сан қырлы тұтас галерея жасалды. Онда қазақ халқының этнографиялық, діни, жалпы мәдени-танымдық дәстүрлері: жаз жайлауға көшу, құдалыққа бару мен той жасау, кісі өлімі мен аза тұту, ас беру, жұт, болыс сайлауы, дауға билік айту, аң аулау мен табиғат көріністері, т.б. бәрі бар. Роман-эпопеяның танымдық мәнімен бірге ұлттық әдебиет пен мәдениетті, ана тілін өркендетудегі рөлі зор болды. Алғашқы екі кітаптан тұратын «Абай» романы үшін жазушыға КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1949) беріліп, төрт томдық «Абай жолы» роман-эпопеясы жарық көргеннен кейін ол Лениндік сыйлықтың лауреаты (1959) атанды. Эпопея дүние жүзі халықтарының бір жүз он алты тіліне аударылған. Ол екі жүз томдық «Әлем әдебиеті кітапханасы» топтамасында екі том болып басылды. От. мысалы, нақтылы (материалдармен бұл жерде бұдан әрi жанармайлардың астында мұндай күкiрт компоненттер реакция сайысшы емес ағаш материалдар ұғылады) нүктеге дейiн материалдың жанармайын қыздыруды произвольного/непроизвольногосы; материалдың жанармайымен жоғарғы кернеудi тоқтың жақын болулары. От жануды процесстiң негiзгi фазасы болып табылады және материалдарға басқа жанармайдың өзi таралуға қасиеттi алады. Оттың меншiктi температурасы қатысушы жануды реакциялардағы материалдардан и/илидың тұтануын реакция шақырған көзiнен тәуелдi болады. Отпен әскери iс-әрекетте (оқтармен немесе басқа снарядтармен) дәрiмен атылатын қарудан атыс ұғылады. Суық. Суық - (2008) ресейлiк рок-топ, көп ойнаушы Deathcore, Death metal және Metalcoreнiң стильлерiндегi Суық - (орын) осы уақыт үшiн (орынға) жылы уақыттан астам немесе әдеттегi шарттарға қарағанда ауаның салыстырмалы аласа температурасы. Суық - организмының жанында сол деңгейi қоршаған ортасының температурасы не едәуiр төменде ойдағыдай жұмыс iстей алуға сезетiн сол себептi әдетте пайда болатын физиологиялық сезiну. Осындай деңгей адам үшiн әдетте цельсидiң жиырма градустарына жақын. Ол 36, 6 Цельси бойынша әдетте теңелетiн адамгершiлiк дененiң меншiктi температурасымен шатыстыру керек емес. Суық - (бiрдеңенi) бiреуiнеге, селқостық, жағымсыз әсердiң араласпайтын қатынастың психологиясында, жаттықты. АВИАЦИЯ. Авиация — "Жер маңайындағы әуе кеңістігінде ауадан ауыр аппараттармен (мысалы, ұшақ, тікұшақ, т.б.) ұшуды білдіретін ұғым. Ол француздың avіatіon сөзінен шыққан, ал оның түп тамыры латынша avіs – құс дегенді білдіреді." Осы аппараттардың ұшуын қамтамасыз ететін қызметтер жүйесі де авиация құрамына енеді. Авиация азаматтық және әскери болып екіге бөлінеді: Азаматтық авиацияға көліктік, санитарлық, оқу-жаттығулық, арнайы мақсатқа арналған (мысалы, ауыл шаруашылығында, аэрофототүсірім, байланыс, геологиялық барлау, балық аулау кәсібін барлау үшін, т.б.) ұшу аппараттары, ал әскери авиацияға әскери әуе күштері, теңіздік, армиялық, әуе шабуылынан қорғануға арналған ұшу аппараттары жатады. Адамның аспанға ұшу жөніндегі арманы ерте заманнан басталған. Тасқа салынған қанатты адамдардың суреттері соның дәлелі болып табылады. Дүние жүзіндегі көптеген халықтардың ертегілері мен аңыздарында аспанға ұшу жөніндегі адам арманы айтылады. «Ұшар ханның баласы» атты қазақ ертегісіндегі аспанға ұшу өнері, кілеммен ұшу соның айғағы. Италияның ұлы кескіндемешісі Леонардо да Винчи еңбектерінде ұшу аппараттарының жобалық эскиздері (нобайы) кездеседі. 1754 ж. орыс ғалымы Михаил Ломоносов серіппе күшімен қозғалысқа келетін тікұшақ моделін жасап, ондай аппараттың ұша алатынын іс жүзінде дәлелдеді. 19 ғасырдың аяғында моторсыз ұшатын аппараттар – қалқыма ұшақтар жасала бастады. 1891 – 96 ж. неміс ғалымы Отто Лилиенталь бірқатар қалқыма ұшақ жасап, бірнешеуімен ұшып та көрді. 19 ғасырдағы бу машинасын жасаудың қарқынды дамуы бу қозғалтқышы бар ұшақ жасау ісіне алып келді. Ресейде теңіз офицері Александр Можайский өзі әуеде ұшатын оқ деп атаған осындай ұшатын аппаратқа патент алды. Қалқыма ұшақ 1885 ж. жасалды, бірақ ұшу кезінде апатқа ұшырады. 1894 ж. Англияда конструктор Хайрем Максим бу машиналы алапат ұшақ жасады, ол да ұшар мезетте жерге құлап түсіп, қирады. Францияда жасалған жарқанаттың қанатын көзге елестететін «Авьон» аппараты да бірнеше ондаған метр қашықтықты ұшып (1897) өтіп барып құлады. Бұл сәтсіздіктердің бәрі де, негізінен, бу қозғалтқыштарының аса ауырлығы мен ұшу талабына сай келмейтінінен болып жатты. 19 ғасырдың аяғында автомобильдерде кеңінен қолданылған іштен жанатын қозғалтқыштардың жетілдірілуі жеңіл әрі қуатты авиациялық қозғалтқышты жасауға жол ашты. Оны ұшаққа алғаш болып америкалық ағайынды механиктер Уилбер мен Орвилл Райт пайдаланды. 1903 ж. 17 желтоқсанда олардың керосинмен жұмыс істейтін қозғалтқышы бар ұшағы сәтті ұшты. Ағайынды Райттар жасаған ұшақтарын жетілдіре түсіп, 1908 ж. сенімді басқара отырып, бір жарым сағатқа дейін ұша алатын күйге жеткізді. 1909 ж. 25 шілдеде француз конструктор-ұшқышы Луи Блерио өзінің монопландық сұлбада жасаған «Блерио-11» ұшағымен Франциядан Англияға Ла-Манш бұғазы үстімен ұшып өтті. 1910 ж. Борис Юрьев Ресейдегі алғашқы тік ұшақтың жобасын жасады. Дегенмен де, бұл кезеңдегі ұшақтардың сапасы аса жақсы болған жоқ. Соның салдарынан көптеген ұшақтар апатқа ұшырап отырды. Ілгері дамыған көптеген елдердің ғалымдары авиация саласында теориялық және тәжірибелік ізденістерге кірісті. 1914 ж. басталған 1-дүниежүзілік соғыс авиацияның шұғыл өркендеуіне себепкер болды. Ол кезеңдегі белгілі ұшақтардың қатарына Ресейдің «Илья Муромец», Францияның «Фарман», «Вуазен» және «Ньюпор», ағылшынның «Coпвuч», немістің «Фоккер» ұшақтарын жатқызуға болады. Олар сағатына 90 – 120 км жылдамдықпен ұшты. Кейінірек ұшақтардың ұшу жылдамдықтары сағатына 200 – 220 км, биіктеуі 7 км-ге жетті. 20 ғасырдың 20 – 30 ж. Англияда, Францияда, АҚШ-та, Германияда және басқа елдерде әскери және азаматтық ұшақтардың бірнеше жүздеген типтері жасалып, олардың көпшілігі көп сериямен шығарылды. Англияда жасалынған «Супермарин S.6В» ұшағы айрықша болды. Онымен 1927 ж. американ ұшқышы Чарлз Линдберг алғаш рет АҚШ-тан Еуропаға Атлант мұхиты үстімен ұшып өтті. Он жылдан кейін 1937 ж. орыс ұшқыштары Валерий Чкалов, Георгий Байдуков және штурман Александр Беляков АНТ-25 ұшағымен Мәскеу – Солтүстік полюс – Ванкувер (АҚШ) маршруты бойынша 8504 км қашықтықты қонбай ұшып өтті. 1930-жылдардың 2-жартысында КСРО-да, Англияда, Германияда, Италияда, АҚШ-та, Францияда реактивті қозғалтқыштардың шығуымен авиация техникасы сапа жағынан жаңа сатыға көтерілді. 1950-жылдардың басында алғаш рет Кеңес Одағында дыбыстан жылдам ұшатын (сағатына 1450 км) бір орындық МиГ-19 ұшағы, 1960 жылдардың 2-жартысында Американың «Фантом» F-4 жойғыш-бомбалаушысы, сондай-ақ көп мақсатқа қолданылатын, бірден тік көтеріле ұшып, тік қона алатын, ұшқан кезде қанатының пішінін қажетке қарай өзгертуге болатын F-111 ұшақтары жасалды. 20 ғасырдың 60-жылдарының соңына қарай бірқатар елдерде дыбыстан жылдам ұшатын (ұшу жылдамдығы сағатына 2500 – 3000 км, ұшу қашықтығы 6 – 8 мың км) жолаушы таситын ұшақтар (Англия мен Францияда «Конкорд», КСРО-да ТУ-144) жасалды. 1990 жылдардың басында сериялы ұшақтардың ұшу жылдамдығы сағатына 3000 – 3500 км, биіктігі 30 мың м, ұшу қашықтығы 15 000 км-ден асты, тіпті әуеде жанармай құйып алатын дәрежеге жетті. Бірқатар елдерде орбиталық және әуе-ғарыштық ұшақтар жасау жұмыстары қолға алынды. Авиация мен ракеталық техникалардың дамуы ғарыштық кемелердің және қуатты көпсатылы тасығыш ракеталарды шығаруға негіз қалады. Қазақстандағы авиацияның дамуы 1926 жылдан басталады. Осы жылы Қызылорда аэропортының құмдауыт алаңынан алғаш болып аспанға ПО-2 ұшағы көтерілді. 1929 ж. Қызылорда – Мәскеу әуе жолы орнықты. Алматы – Мәскеу тұрақты әуе қатынасы 1940 ж. ПС-84 ұшағы арқылы жалғасты. 1970 ж. әуе жолының ұзындығы 75 мың км-ге жуықтады. Әуе жолы ол кезде Қазақстан астанасы – Алматыны одақтас республикалар астаналары және ірі өнеркәсіпті қалалармен байланыстырды. 1977 жылдан дыбыстан жылдам ұшатын ТУ-144 жолаушы алып ұшағы КСРО-да тұңғыш рет Алматы мен Мәскеуді жалғастырды. Республикамыздың аудан, облыс орталықтарының өзара әуе жолымен байланысы орнады. Республика әуе жолдарының ұзындығы 1975 ж. 80,0 мың км болды. Бұл сол кездегі жалпы одақтың әуе жолдары ұзындығының 11%-ы еді. Онан кейінгі жылдары ұшақ паркі сапа жағынан жаңартылып, сан жағынан өсе түсті. Республиканың әуе жолдарында Ан-24, Ил-18, Ил-62, Ту-134, Ту-154, Як-134, Як-40 ұшақтары жолаушыларға қызмет ете бастады. Жаңа техникалардың қолданылуына байланысты аэропорттар жүйесі едәуір ұлғайды. Ұшақтарды қондыру әрі қозғалысын басқарудың радио-радиолокациялық пен жарыққа негізделген техникалық құралдарын қайта құру және жаңарту жөнінде көп жұмыстар атқарылды. Қазіргі заманғы Ил-86, Ту-154, «Боинг-737», «А-320», т. б. ұшақтар 1990-жылдардан бастап тәуелсіз Қазақстан Республикасы қалаларын дүние жүзінің көптеген қалаларымен байланыстырады. Астанадан тәулігіне 150, Алматыда 200-ден аса әуе кемелері ұшады. Авиация өнеркәсібі – өнеркәсіптің арнаулы конструкторлық және өндірістік тәсілдермен авиация техникасын жасайтын саласы. 20 ғасырдың басында авиация техникасын игерудегі елеулі жетістіктер ұшу құралдарын көптеп шығаруды талап етті. Әсіресе 1-дүниежүзілік соғыс ұшу құралдарын әскери мақсатта кеңінен пайдаланудың мол мүмкіндіктерін ашып берді. Соғыста аэростаттармен қатар, ішінде зеңбіректер орнатылған, бомба салынған шағын ұшу аппараттарының қолданылуы авиация өндірісін өрістетуге кең жол ашты. Еуропаның көптеген елдерінде жаңа авиация зауыттары салынды. Ауыр ұшақтар жасаудан Ресей 1-орын алды. Авиаконструктор Игорь Сикорский жасаған (1913) төрт моторлы «Илья Муромец» ауыр ұшағы 800 кг бомба, 5 – 6 зеңбірек, 8 адам көтеретіндіктен өте тиімді болып шықты. Су бетіне қона алатын ұшақтармен қатар француздардың «Фраман», «Вуазен», «Ньюпор» ұшақтары, ағылшынның «Сопвич», немістің «Фоккер» ұшақтарының осы кезеңде көптеп шығарылуы авиация өнеркәсібінің өркендеуіне пәрменді ықпал жасады. 1914 ж. Франция 540 ұшақ, 1100 авиация қозғалтқышын шығарды. 1917 ж. Ресейде шағын 15 авиазауыт жұмыс істеді. Чехословакия, Польша, Қытай, АҚШ, Англия мен Франция жаппай ұшақ жасай бастады. 1930-жылдардан бергі жерде АҚШ-та, Ресейде, Германияда, Англияда, Италияда реактивті қозғалтқыш жасауға басты көңіл бөлінді. 1937 ж. турбореактивті қозғалтқыш жасалды. 1939 ж. неміс фирмалары шығарған сұйық отынды реактивті қозғалтқыш шығарды. Мұндай қозғалтқыш орнатылған ұшақтардың жылдамдығы сағатына 3000 – 3500 км, ұшу биіктігі 30000 м, қашықтығы 10000 км-ден асты. Әуеде жанармай құйып алатын алыс сапарға ұшатын аппараттар жер шарының қалаған қиырына бара алатын болды. 2-дүниежүзілік соғыс кезінде (1939 – 1945) авиация өнеркәсібі ерекше қызу қарқын алды. Әскери авиация Германия мен Жапония сияқты басқыншылық саясатын ұстанған елдердің қолындағы аса қуатты қаруға айналды. Олар авиация өнеркәсібін дамытуды мықтап қолға алды. Кеңес өкіметі кезінде экономикалық тұйықтықта ұсталған Қазақстанда авиация өнеркәсібін өркендетуге мүмкіндік болмады. Әйтсе де ұшақтардың корпусын, моторын, қозғалтқыштарын және басқа да маңызды тетіктерін жасауға Қазақстан металы пайдаланылды. Ондай тетіктердің көбісі Алматы, Қарағанды, Шымкент, Петропавл, Арқалық, Өскемен қалаларындағы зауыттарда жасалады. Қазір Қазақстан әскери авиация құралдары мен азаматтық авиация ұшақтарын негізінен Ресейден алады. Қазақстан азаматтық авиациясы соңғы жылдары жолаушылар таситын бірнеше «Боинг» ұшағын Америкадан сатып алды. Қазір авиация өнеркәсібі АҚШ, Канада, Англия, Францияда жақсы дамып отыр. Кеміргіш (кеміргіштер). (Rodentia латынша) кемiргiштер - өзi көп отряд сүтқоректi. Жинағы әлемде шамамен 2277 түрлер саналады.олар [1] барлық континенттерде Антарктидадан басқа, сонымен бiрге кейбiр Аралдар жайылған. Кеміргіш айырмашылық белгi iрi күрек жоғарғы және төменгi жақтардағы диастемы және бiр буды бар болуы болып табылады. Миллионер. Фунт стерлингi немесе кез келген салыстырылатын валюта капиталы бiр миллион Ақш долдарын асатын миллионер-адам миллионер евро. Мәртебе және адамның мәртебесi әлем елдерi көпшiлiгiнде миллион капиталымен тiкелей байланысады, артынан бұл көп мұндай өмiрдiң мақсатын өлшемнiң байлықтың өздiң табыстарын құрады. Миллионердiң мәртебесi бiздiң күндерде сонша емес сирек және ерекше, бiр заманда болған, және тұрмысқа (кiмдiкi күйiн 2 құрайды және көп миллион) мультимиллионер және жеке байлықтың өзi биiк деңгей таңбалаушы миллиардерлер терминдердi кiрдi. Негiзiнде миллионерлердiң өскен санын инфляциямен ұғындырылады: мысалы, валюталардың көпшiлiгi қазiр XIX ғасырға қарағанда айтарлықтай кiшiрек сатып алушы қабiлеттiлiгi ие болады. АВСТРАЛИЯ. Австралия, "Австралия Одағы – Оңтүстік жарты шардағы Австралия құрлығында орналасқан мемлекет. Аумағы 7,7 млн. км2. Халқы 18,7 млн. Астанасы – Канберра қаласы. Әкімшілік тұрғысынан 6 штатқа және 2 территорияға бөлінеді. Мемлекет басшысы Ұлыбритания біріккен корольдігінің королевасы ІІ Елизавета болып есептеледі, оның өкілі жергілікті генерал-губернатор болып саналады. Үкімет басшысы – премьер-министр." Заң шығарушы органы – өкілдер палатасы мен сенаттан тұратын бес палаталы парламент. Тұрғындарының негізгі бөлігі – христиандар. Мемлекеттік тілі – ағылшын тілі. Жерінің басым көпшілігі жазық болып келген. Австралияның барлық аудандарында температура тұрақты болып келеді. Ол жыл бойы жазда 20ӘС және қыста 12 – 20ӘС аралығында. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 250 мм-ден аспайды. Австралияда шөл, шөлейт аймақ басым болғандықтан ағыны тұрақты өзендер аз. Ең ірі суы мол өзендері – Муррей, Дарлинг. Үлкен көлдері: Эйр, Торренс, Амадиес, Гэрднер. Австралияның байырғы тұрғындары австралиялық нәсілге жатады. 1788 ж. Австралияға ағылшындар алғаш рет қоныс тепкенде аборигендер саны 300 мыңнан 1 млн. адамға дейін болған. Сол кезден 20 ғасырдың ортасына дейін олардың саны 5 – 6 есе азайып кетті. Құрлықты алғаш ашқан голландықтар (17 ғасырдың басы) болды. Алайда тым шалғайлығына байланысты оның зерттелуі ұзаққа созылып, бұл істі британдықтар 19 ғасырдың басында ғана аяқтады. Австралияда 19 ғасырдың бас кезінде қой шаруашылығы жедел дами бастады. Ал сол ғасырдың 50-жылдарында Викторияда алтын кенінің ашылуы нәтижесінде өндіріс өркендеп, Австралияға Ұлыбританиядан көшіп келушілер күрт көбейді. 1901 ж. Австралия Одағы жарияланып, ол Британ Достастығы құрамында өзін-өзі билеу құқығын алды. Австралия Одағы Британия армиясының құрамында 1-дүниежүзілік соғысқа қатысты. 2-дүниежүзілік соғыста Англия жағында Германияға қарсы соғысты. Соғыстан кейін 20 жылдан аса уақыт (1972 жылғы желтоқсанға дейін) елдегі билік басында екі ірі партияның (либералдық және аграрлық) коалициясы болды. Австралияның ішкі саясатында АҚШ-тың ықпалы ерекше күшейді. Австралия аумағында Американың соғыс базалары мен объектілері орналастырылды. 1972 ж. билікке лейбористер келген соң, Австралия бірқатар дамушы елдермен қарым-қатынасты дамытуға бет бұрды. Лейбористер партиясы жеңіске жетіп, 1984, 1987, 1990 ж. сайлауларда көпшілік дауыс алды. Осы партия тұсында жалақыны көбейту, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жақсарту бағытындағы шаралар қолға алынды. Австралия индустриялы-аграрлы ел. АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Германия сияқты елдермен экономикалық қатынасы жақсы дамыған. Пайдалы қазбаларға бай. Көмір, қорғасын, темір, мырыш, мыс, боксит, алтын, күміс өндіріледі. Қара және түсті металлургия өндірістері, мұнай айыру өнеркәсібі дамыған. Өңдеуші өнеркәсіп салаларынан металлургия, тамақ және жеңіл өнеркәсіп, химия өнеркәсібі, қағаз және полиграфиялық, ағаш кесу және жиһаз өнеркәсіптері, машина жасау, автомобиль өнеркәсібі, кеме жасау, электротехникалық приборлар құрастыру кәсіпорындары елдің әр түрлі аймақтарында орналасқан. Ауыл шаруашылығында ерекше сала – қой шаруашылығы. Ол ауыл шаруашылығының 60 – 70%-ын құрайды. Ауыл шаруашылығы дақылдарынан бидай, сұлы және арпа өсіріледі. Жер көлемінің 90%-ын жайылымдар, жемшөп алқаптары алып жатыр. Австралияның ұлттық табыс көлемі жан басына шаққанда 16 мың доллардан келеді. Сағат. Сағаттар - сутоктiң ағымдағы уақыттың анықтауы және уақыт аралықтарының ұзақтықтың өлшемi, бiрлiктердегi үшiн құрал, бiр суткилер сияқты кiшiсi. Құдай. ([бох] айтады) құдай - (монотеизм) өзiнше жеке-дара болып табыла алған деистикалық және теистикалық оқуларда ерекше мәннiң атауы немесе қандай болмасын бiр нақтысы (политеизм) көп. Құдайлар әлем дiндерiндегi әлемдердi құрып ұнайды, олардың болмысы, шараны, мән және заң заттарға, жанды заттарға және тұлғаларға бередi. «Қағида бiрiккен теизмдердiң дiни оқуларында, Жоғарғы, жаратылған жанды заттарға оның (махаббат) дербес қатынасы дербес болмысты бекидi және кеңiстiк негiзiнен, ашықтық акттерiндегi оның диалогиялық ашылуы. Құдайдың идеясы адам баласының әр түрлi дiни дәстүрлерiнде бiртiндеп кристалданды. Дамытуды бастапқы теория - әсер күштер туралы алғашқы қауымдық халықтардың ұсынысы - әртүрлi панорамасында табандатқан дүниелiк таратпайды. Бет. Бет - бастың алдыңғы бөлiгi, оларда болады: маңдай, қастар, кеңсiрiк, мұрын, көз, бет, жақ, ерiн, мұрттар, ауыз және бұғақ. Тұлға адамгершiлiк эмоциялар, сондай аурулар, қуаныш, көнiлi қайту, шаршау, абыржу, ашуды өте айқын (мимико) бiлдiредi. Тұлға өте жеке болып табылады адам мүшедi, оның бүтiндiк қабылдауы бойынша тап жеке адамды белгiленедi. Адам сөздiң орыс тiлiндегi тек тарабыдан, сонымен бiрге астарлы мағыналардағы тұлға сөз - адам тiптi, айырмашылық қабiлеттiлiк не және - қапылыста емес. (құжаттардағы соның iшiнде) адам портрет, фотосурет - бұл тұлғаның суретi ең алдымен. Шекара. Шекара - нақты немесе субъект немесе объект және айырғыш бұл субъект немесе объект шектер қандай болмасын басқа анықтайтын ойдағы сызық. Ресейлiк империяның Петроков губерниясындағы елдi мекенi (фильм, 1935) шекара - фильм, 1935. (фильм, 1980) шекара - фильм, 1980. (фильм, 1982) шекара - фильм, 1982. Шаруашылық. Шаруашылық - өз қажеттiктерiнiң үшiн (немесе қоғаммен) ие қолданылатын қамтамасыз етулерiнiң өндiрiстiң құралдарының жиынтығы. Кәсіп. Заңмен белгiленген ретте сапа бұл тiркеулi тұлғалардың материалдық емес активтердi и/илидың дүниенi пайдалануынан жүйелi түрде пайда табу бағытталған қызмет өз тәуекел iске асатын дербес тауарлардың сатуы, жұмыс жасау немесе қызметтердiң көрсетуiн кәсiпкерлiк, бизнес-. Кәсiпкерлiктiң тиiмдiлiгi алған пайданың өлшемдерiменғана емес, (кәсiпорынның нарықтық құны, Гудвилл) кәсiпкерлiктiң құнының өзгерiсiмен де бағалана алады. Нарықтық экономиканың ең маңызды атрибуты, ызғарсыз оның барлық институттыңдары кәсiпкерлiк, бизнес-. Заңды тұлғамен iске аса алады немесе жеке тұлғамен тiкелей. Ресейлерде, сонымен қатар елдер көпшiлiгiнде, жеке тұлғаға кәсiпкерлiктiң жүргiзуi үшiн жеке кәсiпкер ретiнде тiркелуге керек болады. Қызметтiң осы саласы Ресейлерде Кәсiпкерлiк құқықпен реттеледi. Кәсiпкерлiкпен әртүрлi салаларда шұғылдануға болады. Помим Шаңғы. Шаңғы - қар бойынша адамның орын ауыстыруы үшiн құрал-сайман. (150—220 сантиметрлер) екi ұзын ағаш пластиктен жасалған Планктерi болады және қайқы нәски iстiктелген. Шаңғылар қажеттi арнайы шаңғы бөтеңкелер шаңғылардың қолдануы үшiн аяқтарға бекiткiштер арқылы, дәл қазiр жағдайлардың көпшiлiгiнде бекiнедi. Шаңғыларда олардың қабiлеттiлiгi қар бойынша сырғанауға қолдана жылысады. Доп. Доп - негiзiнде сфералық немесе сфероид формасының спорт ойын қолданылатын (әдеттегiдей) жұмсақ серпiмдi заты. Шана. Шана - арбаның таралған түрi доңғалақтарсыз, шана табандарын әдетте алады. Шаналар ат, бұғылар, қашырлар, бұқалар, иттер тасиды. Сани были древнейшей повозкой, развившейся из первоначальной волокуши и употреблявшейся не только в странах северных, но и в южных, например, в Египте. Многие народы, знавшие уже колёсную повозку, по обычаю пользовались санями в похоронном обряде (Древний Египет, Древняя Русь и др.). Альфа. Мысалы, альфа - альфа центаврдың шоқжұлдызының жарқын жұлдызы. Альфа-бөлшек - оң оқтаулы элементар бөлшек, ғұлама 2 протондар және 2 нейтрондармен. Әрiп тұрақты нәзiк құрылымның үйреншiктi белгiсi сияқты физикалық формулаларда қолданылады Жануартануда (альфа- еркек тiркесте әдетте) альфа және, этология жеке алғанда - (топқа) топтағы бастаушы мал. (stipa tenacissima латынша) альфа - қағаздың өңдеп шығаруы үшiн сабақтары деп аталатын жалған қылдарды берген солтүстiк африканың дәндiсi өру үшiн материал жарамды. Альфа- мақам - гц жиiлiктердiң жолағындағы электр энцефалограмманың мақамы 8бен 13пен аралығындағы. Ит. Ит - (Canis lupus familiaris латынша) үй жануары болып табылады. Шулы сүтқоректiсi жыртқыш аң үй-iшiлердiң отрядтары зоологиялық қатарда ит. Бiр-бiрiмен және тыстармен едәуiр айырмашылығы болатын барақ-барақаттарды жиын және сипатпен дәл қазiр болады. Мысалы, шоқтықтағы биiктiк (ирландық бөрiбасар, дог) метр, түс дерлiк (тым кiшкентай ит тұқымы) бiрнеше сантиметрлерден өзгертiле алады - ақпен қарамен аралығындағы, сары, боз, қызыл қоңыр, реңдердiң бәрi барында қоса. үйренуге, ойнампаздықпен, әлеуметтiк мiнез-құлықпен иттер белгiлi өз қабiлеттiлiктерiмен. ӘШЕКЕЙ. Әшекей —" бұйымға салынатын әдемі ою-өрнек, нақыш." Ежелгі сақ дәуіріндегі бұйымдар аң суреттерімен безендірілген. Кейін әшекейдің қошқар мүйіз, жылан бауыр, ай мүйіз, орама, шиыршық, ирек, айқыш, оймыш сияқты түрлері пайда болған. Қазақ әшекейлерінің негізі қошқар мүйіз; үш, төрт, сегіз өрім; шиыршық, т.б. болып келеді. Зергерлік, тігіншілік, ұсталық өнерде әшекей тұрмыстық және сәндік бұйымдарға, киім-кешекке, ер-тұрманға салынады. Жазы. ЖАЗЫ — айыр түйенің арқасына мініп жүру, жүк арту үшін салынатын арнайы әбзел. Жалғыз өркешті түйеге жүк артқанда, мінгенде арнайы ер-аут, ал айыр түйеге Ж. салады. Ж. ішіне қамыс, қоға салынып, киізден тігіледі. Оның сырт жағына сабау ағаштарды сірелейді. Ж. салынған түйенің терісі қажалмайды және жүкті де көп көтереді. ЖАҚ, тіл білімінде. ЖАҚ, тіл білімінде — сөйлеуші мен өзгелер арасының қатынасын білдіретін, зат есім мен етістікке тән грамматикалық категория. Қазақ тілінде жақтық мағына жіктік, тәуелдік жалғауларымен беріледі. 1-жақ — сөйлеуші, айтушы жақ, 2-жақ — тыңдаушы жақ, 3-жақ — бөгде жақ деп аталады. Зат есім 3-жақта жіктеледі, тәуелденеді: 1-жақ: “Мен ұстаз-бын”. 2-жақ: “Сен ұстаз-сың”. “Сіз ұстаз-сыз”. 3-жақ: “Ол ұстаз”; 1-жақ: “Менің үйім”. 2-жақ: “Сенің үй-ің”. “Сіздің үй-іңіз”. 3-жақ: “Оның үй-і”; Бірақ зат есімнің бәрі емес, адамға, оның кәсібіне, бейіміне қатысты зат есімдер ғана жіктеледі. “Мен жақсымын”, “Сен басшысың”, т.б. Етістік те 3 жақта, белгілі бір шақта тұрып жіктеледі. Мыс., 1-жақ: “Мен айтқан-мын”, “отыр-мын”. 2-жақ: “Сен айтқансың”, “отыр-сың”, “Сіз айтқан-сыз”, “отырсыз”. 3-жақ: “Ол айтқан”, “отыр”. Әдеб.: Қазақ тілінің грамматикасы, А., 1967; Исаев С., Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты, А., 1998. ЖАҚ, жай — ағаш садақ. Сырт түрі малдың жақ сүйегіне ұқсайды. Жебесі алысқа ұшатындықтан, кейде “жай” деп те атайды. Көлемі садақтың басқа түрлерінен үлкен және серпер ағашы жуан болып келеді. Оның садақша иілген жағын сірі таспамен орап қаптайды. ЖАҚАЕВ Ыбырай. ЖАҚАЕВ Ыбырай (1891, Қызылорда обл. Шиелі ауд. — 19.9.1981, сонда) — әйгілі күріш өсіруші, Қызылорда обл-ның Шиелі ауд-ндағы “Қызыл Ту” (кейінгі Ы.Жақаев атынд.) кеңшарының звено жетекшісі болған. Ол бірінші болып күріш егісін жоңышқа атызына орналастырды. Тұқымды себу алдында күнге қыздыру, көң мен суперфосфат ерітіндісіне бөктіріп, бүршіктендіріп себу, қамыс және күрмек арамшөптерімен күресу, күріш егісіне тыңайтқыш енгізу мөлшері мен мерзімін дұрыс анықтау сияқты агротех. шараларды өндіріске енгізді. Бұл технол. әдістер “Жақаев агротехникасы” деп аталды. Ж-тың звеносы бекітілген күріш егісінің (20 га) әр гектарынан орта есеппен 80 — 90 ц өнім (1942 — 66), ал тәжірибе телімінің (5 га) әр гектарынан 171 ц-ге дейін (1947 ж.) өнім алды. 1966 жылдан зейнет демалысына шығып, жасының ұлғаюына қарамастан жастарға өз тәжірибесін үйретті. Осы жылдары республикада жақаевшылар қозғалысы кеңінен өрістеді. Ж. Соц. Еңбек Ері атағын екі рет (1949, 1971) алған. КСРО Мемл. сыйл. лауреаты (1946). Ленин орденімен 4 рет, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы орденімен, Бүкілодақтық а.ш. және Бүкілодақтық халық ш. жетістіктері көрмелерінің алтын медальдерімен марапатталған. Қызылорда обл-ның Шиелі ауд-ндағы бұрынғы “Қызыл Ту” ұжымшары, орта мектеп, Қызылорда қ-ндағы көше, обл. емдеу-сауықтыру профилакторийі Ж. есімімен аталады. 1982 ж. Шиелі ауд-ндағы Ж. а-нда күріш өсіру тарихы мұражайы ашылған. Қызылорда қ-нда Ж-қа ескерткіш орнатылған. ЖАҚАЕВ АУЫЛЫ — Қызылорда обл-ның Шиелі ауд-ндағы ауыл. ЖАҚАЕВ АУЫЛЫ — Қызылорда обл-ның Шиелі ауд-ндағы ауыл, Иіркөл ауылдық әкімш. округінің орталығы. Аудан орт. Шиелі кентінен батысқа қарай 5 км жерде, Сырдарияның оң саласы — Шиелі өз-нің жағалауындағы жусан, сораң, ши өскен құмдақты шалғынды сортаң топырақты шөлді белдемде орналасқан. Тұрғыны 2,0 мың адам (1999). 1928 жылдан “Қызылту” ауылы, ал 1997 жылдан Екі мәрте Соц. Еңбек Ері — Ы.Жақаевтың есімімен аталады. Қргесі 1928 ж. “Қызылту” күріш өсіру ұжымшары ретінде қаланды. өжымшар негізінде Ж. а-нда және округке қарасты Байсын, Жансейіт а-дарында 1 жауапкершілігі шектелген серіктестік, 38 шаруа қожалықтары құрылған. Ауылдарда 1 орта, 1 орталау және 1 бастауыш мектеп, мәдениет үйі (1), клуб (2), фельдшерлік-акушерлік (2) және фельдшерлік пункттер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомоб. жолы арқылы қатынасады. ЖАҚАЕВШЫЛАР — Ыбырай Жақаевтың. ЖАҚАЕВШЫЛАР — Ыбырай Жақаевтың жолын қуып, күріш егіншілігінің тиімділігін, еңбек өнімділігін арттыру жолында елеулі табыстарға жеткен диқандар қозғалысы. 1964 ж. 5 наурызда Ы.Жақаев баспасөз бетінде “Жас ұрпаққа сәлем хат” жолдағаннан кейін, Ж. қозғалысы Сыр бойында кең етек алды. Алғашында 200-ден астам Ж. болса, 20 ғ-дың 80-жылдары олардың саны мыңнан асты. Олардың қатарында Соц. Еңбек Ерлері А.Ахметов, А.Әбиев, С.Жұмабекова, Б. Мұстапаева, т.б. болды. Ж. үнемі бас қосып, күріш егісінің өнімділігін арттыру, жер және су ресурстарын тиімді пайдалану жолындағы қол жеткен табыстарын ортаға салып, тәжірибе алмасты. Ы.Жақаевтың ізбасарлары ең жоғары нәтижелерге жете отырып, Сыр өңірінің жергілікті жағдайына бейімделген күріштің жаңа сорттарын өсірді, озық технологиялар қолданды. Жыл сайын өтетін жас күрішшілердің дәстүрлі слетінде “Ыбырай Жақаевтың еңбек аттестаты” тапсырылды. Шиелі ауд-нда респ. Ж. мектебі жұмыс істеді. Онда Ж-ға теориялық және практикалық сабақтар берілді. Ж. туралы “Жақаевшылар маршы”, “Жақаевшы жастар жыры”, т.б. әндер шығарылды. ЖАҚ АУЫЗДЫЛАР (Gnathostomata) — омыртқалы жануарлар тобы.. ЖАҚ АУЫЗДЫЛАР (Gnathostomata) — омыртқалы жануарлар тобы. Бұлардың жақ сүйектері жақсы жетілген, аты осыған байланысты қойылған. Ж. а-дың 6 класы бар: сүйекті балықтар, шеміршекті балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер. Ж. а-дың көп түрлерінде арқа желісі ұрықтың даму кезінде пайда болып, дернәсілдерінде ғана ішкі қаңқаның қызметін атқарады, ал жоғары сатыдағы омыртқалыларда оның орнына шеміршектен не сүйектен пайда болған омыртқа жотасы түзіледі; жақ сүйектері желбезек доғаларынан пайда болады да, бас сүйегінің ми сауытымен түрліше байланысады. Иіс сезу өзегі бір жұп, оның әрқайсысы өз алдына жеке танау тесігі болып сыртқа ашылады. Қшкі құлағында жартылай иірім өзектерінің саны үшеу болады да, олар өзара бір-біріне перпендикуляр орналасады. Алдыңғы және артқы жұп аяқтары балықтарда — жүзу қанаттарына, құстарда — қанатқа айналған. Ал құрлықтағы жануарлардың жұп аяқтарында бес бармақтары жүруге бейімделген. ЖАҚИЯ. ЖАҚИЯ, Иоанн (евр. Йехонон) — пайғамбар, Құран Кәрім кейіпкері, Зәкәрия пайғамбардың ұлы. Құран Кәрімде Иса, Қлияс сияқты пайғамбарлармен бір дәрежеде аталады. Ислам халықтары арасында Ж-ның өмір жолы туралы көптеген аңыз-әңгімелер сақталған. Оларда Ж-ның бала кезінен ақылды, адамшылығы зор, құдайшыл, тақуа, сабырлы, ата-анасына қайырымды болғаны, әкесі Зәкәрияға әбден қартайған шағында Алла тағаланың берген баласы екені және “Ж-ның қайнаған қаны” туралы аңыз ерекше айтылады. Ж-ның басы Дамаск қ-ндағы Омейя мешітінде жерленген, мұсылмандар ол жерді қасиетті орын ретінде қастерлейді. Ал Қнжілде Ж. Иса пайғамбардың дүниеге келетінін халыққа хабарлаушы, оның ілімінің ең алғашқы уағыздаушысы болып бейнеленеді. Құран Кәрімде Ж. Ирод патшаның қызына үйленуден бас тартқаны үшін өлім жазасына кесілгені баяндалса, Қнжілде оқиға Ирод патшаның туған күніне байланысты болған той үстінде өтеді. Тойда патша әйелінің бұрынғы күйеуінен (патшаның ағасы Филипптен) туған қыз Соломия жақсы биімен көзге түседі. Шарап буына қызара бөрткен патша оған қандай тілегіңді де орындаймын деп уәде береді. Қыз Ж-ның басын сұрайды. Патша сол жерде Ж-ның басын кесіп алып, табаққа салып, Соломияға тарту етеді. “Жақияның басы табақта да қайнап жатты” деген аңыз осыған байланысты пайда болған. ҚОЖАКЕНДІР ТҰҚЫМДАСЫ. ҚОЖАКЕНДІР ТҰҚЫМДАСЫ "(Dіpsacaceae)" – екі, көп жылдық қос жарнақты шөптесін өсімдіктер мен бұталар. Негізінен, Жерорта т. жағалауында, Бат. Азия жерлерінде кездесетін 10 туысқа бірігетін 300-ге жуық түрі бар. Қазақстанда 5 туыс, 15 түрі өседі. Биікт. 2,5 м-дей. Сабағы тік, ұшына жақын жерінен бұтақтанған, сабақсыз түрлері де кездеседі. Жапырақтары жай, түкті, өркенге қарама-қарсы орналасады. Күлтесі 4 – 5-тен біріккен ақ, қызғылт, көк, қоңыр-қызыл, сиякөк, сары түсті, иіссіз болады. Аталықтары 4, кей түрінде 2, жіпшелері өте жіңішке келеді. Аналығы 2 жеміс жапырақшасынан тұрады, жатыны бір ұялы, бір ғана тұқым бүршігі болады. Гүлдері жәндіктер арқылы айқас тозаңданады. Мамыр – шілде айларында гүлдеп, тамызда жеміс салады. Жемісі – жаңғақ. Тұқымында 30%-дай май бар. Гүлдері әдемі болғандықтан, саябақтарда сәндік үшін де өсіріледі. ӘБДІЛДИН Серікболсын Әбділдаұлы. ӘБДІЛДИН Серікболсын Әбділдаұлы (25.11.1937 ж.т., Шығыс Қазақстан обл., қазіргі Тарбағатай ауд. Қызылкесек а.) – экон. ғыл. докт. (1988), проф. (1996). Қазақ а. ш. ин-тын бітірген (1960). 1960–63 ж. агроном, аспирант (1963–66), аға ғыл. қызметкер, Қазақ КСР-і Мемл. жоспарлау к-ті төрағасының орынбасары (1967–82), Респ. агр. жоғары мектебінің ректоры (1985–86), Қазақ КСР-і Мемл. агр. к-ті төрағасының орынбасары, Қазақ КСР-і А. ш. министрі (1986–87). 1987–90 ж. Қазақ КСР-і Мин-лер Кеңесінің тұрақты өкілі, Қазақ КСР-і Жоғ. Кеңесі төрағасының орынбасары, төрағасы қызметтерін атқарған. 1995 жылдан Қазақ мемл. ун-тінің агробизнес кафедрасының меңгерушісі, проф. қызметтерін атқарады. Ә. 11-ге жуық ғыл. еңбек пен 6 монографияның авторы. Ш ы ғ: Резервы сельскохозяйственного производства Казахстана, А., 1982; Комплексное освоение кормовых угодий, А., 1986. ӘБДІМАНҰЛЫ Өмірхан. ӘБДІМАНҰЛЫ Өмірхан (3.3.1953 ж.т., Жамбыл обл., қазіргі Тұрар Рысқұлов ауд. Жақсылық а.) – филол. ғыл. докт. (2007). Мәскеу мемл. ун-тінің журналистика ф-тін (1982), ҚазҰУ-дың аспирантурасын (1991) бітірген. «Жезқазған туы» газетінде әдеби қызметкер (1983), ҚазҰУ-да оқытушы (1991–93), деканның орынбасары, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. Ә. қазақ әдебиеті тарихының «ақтаңдақтарын» ашуға елеулі үлес қосты. Ш ы ғ.: Ахмет Байтұрсынұлы, А., 2007; Қазақ әдебиетіндегі ұлт-азаттық идея, А., 2007. ҚОЖАҚАНОВ Қасен. ҚОЖАҚАНОВ" Қасен Қожақанұлы" [9.7.1944, Алматы обл. Балқаш ауд. Кәрітоған а. (қазіргі Жиделі а.) – 4.12.1996, Алматы] – ғалым, медицина ғыл. докт. (1994), проф. (1994). Қазақ мемл. медицина ин-тын бітірген (1969). 1969 – 71 ж. Алматы обл. Бақанас ауд-нда дәрігер, 1972 – 96 ж. Алматы медицина институтының (қазіргі Қазақ ұлттық мед. ун-ті) балалар хирургиясы кафедрасында қызмет атқарды. Негізгі ғыл. жұмыстары балалар өңешінің күйігін емдеуге арналған. Ол өңештің инфекциялық қабынуға ұшырау дәрежесін алғашқы күндерде-ақ анықтауға болатынын дәлелдеді. Өңештің күйген жері жазыла келе тарылып қалмауы үшін, өңеш қуысына кигізіп қоятын силикон резеңкесінен жасалған іші қуыс, қос арналы түтік ойлап тапты. Бір топ ғалымдармен бірге Қазақстан Мемл. сыйл. лауреаты (1999) атанды. ӘБДІРАЙЫМОВ Мырзакелді Төрекелдіұлы. ӘБДІРАЙЫМОВ Мырзакелді Төрекелдіұлы (1948 ж.т., Жамбыл обл. Мойынқұм ауд.) – а. ш. ғыл. докт. (1994). Мәскеу а. ш. академиясын бітірген (1972). 1973–76 ж. Мәскеу а. ш. академиясында стажер-зерттеуші, аспирант, 1977–94 ж. Қазақ мал ш. технол. ғыл.-зерт. ин-тында аға инж. технолог, кіші, аға ғыл. қызметкер, бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарды. 1994 жылдан Қазақстан Ұлттық Академиясында агр. зерт. орт-ның ғалым-хатшы, Ғыл.-ұйымдастырушылық орт-ның төрағасы. Ә. 105 ғыл. еңбектің, 5 монографияның авторы. Ш ы ғ.: Совершенствование технологии производства молока в РК. Аналитический обзор, А., 1992. ӘБДІРАЙЫМОВ Сейфолла. (25.9.1939 ж.т., Қызылорда обл. Жаңақорған ауд. Бірлік а.) — ғалым, а. ш. ғыл. докторы (1990), проф. (1991), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1993), Қазақстанның еңб. сің. агрономы (1987). Қазақа. ш. ин-тын бітірген (1961). 1964 — 65 ж. Қазақстан Ауыл шаруашылығы мин-лігінде жауапты қызметкер, 1965 — 78 ж. Қазаққаракөл шаруашылығы ғыл.-зерт. ин-тында бөлім меңгерушісі болды. 1978 жылдан осы ин-т директорының орынбасары. Ә-тің ғыл. зерттеу еңбектері шөлейт аймақтарда өсетін мал азықтық өсімдіктер тұқымын шығаруға арналған. Ә. Қазақстанның қуаңшылық аудандарында жайылымдарды суландырудың теориялық негізін жасап, 200 мың га суландырылатын жайылым алқабын а.ш. өндірісіне енгізді. Сондай-ақ құрғақшылыққа төзімді, жоғары өнімді мал азақтық шөптердің бірнеше сортын (“Сырдариялық” изен, “Арыстық” теріскен, “Жансая” қара сексеуілі т.б.) шығарды. Шығ.: Табиғи жайылымдарды жақсарту мен пайдаланудың жолдары, А., 1968; Оңтүстік Қазақстан жайылымдары, А., 1975; Қазақстанның арнайы жайылымдары, А., 1988 Ағыбай Қоңырбайұлы. Ағыбай батыр, Шұбыртпалы Ағыбай (1802 ж. Ұлытау өңірі - 1885 ж, Балқаш көлінің жағасында, Тасарал қамалында) – "Кенесары Қасымұлының жақын серігі, қолбасшы. Жорықта жолы болғыштығы үшін «Ақжолтай батыр» атанған." 1824 жылдан Қарқаралы аймағында Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы көтеріліске белсене араласты. Ағыбай батыр бастаған қол 1826 – 49 жылдар аралығында Ресей әскерлеріне бірнеше рет күйрете соққы берген. Ол Ресей империясының Қазақстандағы тірек-орталықтары – Қарқаралы, Ақтау, Ақмола, Екатеринин бекіністеріне шабуыл жасап, патша әскерлерін Ырғыз, Тобыл өзендері бойындағы ұрыстарда, Қызылжар, Көкшетау шайқастарында тас-талқан етіп жеңді. Қырғыз манабы Орманға қарсы соғыста ерекше ерлік көрсетті. 1847 ж. Кенесары ханның Кекілік тауындағы қырғыздармен айқасында Наурызбай батырмен бірге дұшпан шебін бұзып өткен. Кенесары өлгеннен кейін де Ресей өктемдігіне қарсылығын тоқтатпай, Сыздық төре қолы құрамында соғыс жүргізді. 1849 жылға дейін Ресей өкіметінің қамалдарына өз бетінше шабуылдар жасап, өмірінің соңғы кезеңінде егіншілікпен, балық аулаумен айналысты. Балқаш көлінің жағасында, Тасарал қамалында 1885 ж. дүниеден озған соң Ресей өкіметі оның мәйітін Түркістандағы Қожа Ахмет Йасауи кешеніне жерлеуге рұқсат етпей, Сарыарқа мен Бетпақдаланың шектескен Тайатқан-Шұнақ деген жерінде жерленген. Кенесарының бас батыры Ағыбай батырдың өмір жолы қазақ тарихшылары мен қаламгерлерінің көптеген шығармаларына арқау болған. 1914 ж. Есім төренің көмегімен Әлихан Бөкейханов Қазан қаласынан «Қызыл қайнар Тектұрмас» деген кітабын шығарды. Сәкен Сейфуллин «Ақжолтай батыр» деген роман жазған. ҚОЖАЛАР. ҚОЖАЛАР – Орталық Азияда ислам дінін таратуда белсенділік танытқан әулеттер. Қ. арғы тегі бойынша Мұхаммед пайғамбардан кейінгі халифалар Әбу Бәкр ас Сыдық (632 – 634), Омар (634 – 644), Оспан (644 – 656) және Әли Әбу Талиб (656 – 661) ұрпағы болып есептеледі. 13 ғ-дың 1-жартысында Маулана Сафи ад-дин Орын Қойлақи жазып қалдырған “Насабнама” шежіресінде дін таратушы Ысқақ баб (Баб Ата), Әбдіжәлил баб (Абд ал Жалил, Хорасан Ата), Әбдірахим бабтардың (Абд ар Рахим) Орт. Азия аумағына 766 ж. келгендігі айтылады. Түркі даласына келген Қ. орта ғасырларда түрлі сопылық ағымдарды ұстанды. Әли Әбу Талибтің арабтың халифа тайпасынан алған әйелі Хауладан туылған имам Мұхаммед ибн ал-Ханафиядан тарайтын Қ. әулеті Қожа Ахмет Иасауи тариқатының өкілдері болып табылады. Осы тариқаттағы Қ. Алтын Орда мемлекеті дәуірінен бастап, қазақ халқының рулық, тайпалық, жүздік құрылымдарының пірлеріне айналды. Аққорғандық Қ. Ұлы жүз рулары мен Орта жүздің бір бөлігінің, Хорасан қожалар Орта жүздің бір бөлігі мен тұтас Кіші жүз руларының, сонымен қатар Жошы ханның Шибаннан тараған ұрпақтарының пірі болып саналды. Дуана Қ-ды Орта жүз бен Ұлы жүздің кей рулары, сондай-ақ, Орда Ежен ұрпақтары, кейіннен қазақ хандары пір тұтты. Қарахан Қ. – Ұлы жүздің кейбір руларының және өзбек халқы мен қырғыз халқына сіңіп кеткен ру, тайпалардың пірі болды. Иасауи тариқатындағы Қ. әулеті қазақ халқының рухани-мәдени, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлік бірлігін қамтамасыз етуде, қазақ мемлекеттігінің қалыптасуында маңызды рөл атқарды. Қ. әулетіндегі Қылышты және Сабылт Қ. нақшбандийа тариқатын ұстанды. Қ-ларға қазақ хандығында жоғары құрмет көрсетіліп, ерекше құқықтық артықшылықтар берілді (қ. Жеті Жарғы). Қазіргі уақытта Қ. Орт. Азия елдеріндегі этностардың тарихи құрамдас бір бөлігі болып қалыптасқан. Отбасылық әдет-ғұрыптарында кейбір этномәдени ерекшеліктері сақталғанымен, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері жергілікті халықтармен астасып кеткен. Өмір сүрген ортасына қарай шартты түрде “өзбек қожа”, “түрікмен қожа”, “татар қожа”, т.б. болып аталады. Қазақстанда Қ. көп шоғырланған жерлер Қызылорда және Оңт. Қазақстан облыстары. БАЙЫРҒЫ ҚАЗАҚ ӨЛШЕМДЕРІ. Байырғы қазақ өлшемдері – "қазақ халқының тұрмыс-салт ерекшеліктеріне, кәсіптік қажеттілігіне байланысты қалыптасқан өлшем бірліктері. Мысалы, «бір қыдыру жер», «түстік жер», «айшылық жол» деген сөз тіркестері қашықтықты білдіреді." Шығыс халықтарының көбісінде ең кіші салмақ өлшеміне арпа дәні алынған. Кейбір жазба әдебиеттерде сақталған мәліметтер бойынша арпа дәні алтын мен асыл тастардың салмағын теңеуге арналған қазыналық өлшем ретінде қолданылған. Оған қарағанда бір арпа дәні шамамен 45 мг болған. Басқа жерде осы арпа дәні ұзындық өлшемі ретінде де пайдаланылған. Ал арпаның алты дәнінің еніне тең өлшем бармақ деп аталған. Сондай-ақ уақыт мөлшерін болжауға Күннің, Айдың немесе басқа да аспан шырақтарының көкжиекпен салыстырғандағы орны алынған. Егін шаруашылығымен айналысатын аймақтарда уақыт мөлшерін судың белгілі бір ыдыстан ығысып шығу мерзімі бойынша анықтаған. Жетілдіріле келе бұл ыдыстар су сағатына айналған. Мұндай бірліктердің басым көпшілігі адамның көзбен шамалауымен, жұмсалған күш сезімімен, белгілі бір қашықтықты жүріп өту мерзімімен мөлшерленген. Сондықтан халық арасында жылқыға байланысты «ат шаптырым жер», «бие сауым уақыт», «екі елі қазы» тәрізді қашықтықты, уақытты, қалыңдықты білдіретін өлшемдік мәні бар сөздер жиі айтылады. Халық арасында сұйықтықты (қымыз, шұбат, т.б.) сақтайтын көнек, жанторсық, торсық, мес, саба тәрізді мал терісінен жасалған ыдыстар сол сұйықтықтың мөлшерін шамалауға жиі қолданылған. Мысалы, торсыққа жеті – сегіз аяқ (литр) қымыз сыйса, местің сыйымдылығы екі жарым – үш торсыққа тең. Заманында ата-бабаларымыздың кеңінен қолданған «қолдың қары» өлшемі ағылшын «ярдымен» шамалас. Ал Ресейде 17 – 20 ғасырларда қолданылып келген ағылшын футы (foot – табан) байырғы қазақ өлшемі «табанға» жуықтау келеді: «табан» өлшеміне қазақ табанның енін алса, ағылшын футы – табан тұрқына тең. Сондай-ақ ағылшынның дюйм (голландша – үлкен саусақ) өлшемі қазақ халқының байырғы «бармақ» өлшеміне («Бармақ елі қазы») сәйкес келеді. Орыстың «верстасы» мен қазақтың «шақырымы», орыстың «долясы» мен қазақтың «мысқалы», сондай-ақ ағылшынның «фунты» мен қазақтың «қадағы» шығу төркіні, атқаратын қызметі жағынан төркіндес, тектес деуге әбден болады. Орта Азия мен Қазақстанда ұзындықтың ең көп тараған байырғы өлшемдері қолдың қары немесе қары – кеуденің орта тұсынан кере созылған қолдың ортаңғы саусағының ұшына дейінгі аралыққа (80 – 85 см шамасы) тең ұзындық бірлігі. Кейде оң иықтан бүкіл кеудені бойлай өтіп, кере созылған сол қолдың ортаңғы саусағының ұшына дейінгі аралық та (шамамен 1 м) қары ретінде алынады. Қарыс – толық жазғандағы бас бармақ пен шынашақ ұштарының арасына тең ұзындық (шамамен 19 – 20 см) бірлігі. Ол тұрмыста, құрылыс жұмыстарында пайдаланылған. Мысалы, киіз үйдің уығы он екі – он алты қарыс мөлшерінде жасалады. Қарыстың туынды бірлігі – сүйем, ол кере созылған бас бармақ пен сұқ саусақ ұштарының арасына тең (шамамен 17 – 18 см). Ал бармақ пен бүгілген сұқ саусақтың арасына тең өлшемді сынық сүйем дейді. Сүйем – шамамен аршынның ширегіне (төрттен бір бөлігіне) тең. Елі – сұқ саусақтың еніне тең ұзындық бірлігі (шамамен 2 см). Қазы майының қалыңдығы, ою-өрнектің мөлшері, т.б. елімен өлшенген. Буын – ортаңғы саусақтың ұшынан оның ортаңғы буынына дейінгі аралыққа тең ұзындық (шамамен 5 – 6 см) бірлігі. Сәулетті сарайлар мен түрлі ғимараттардағы ою-өрнектің мөлшері осы буынмен өлшенген. Ол тігін, киім пішу жұмыстарында да қолданылған. Қадам – адамның бір адымына тең ұзындық (шамамен 60 – 70 см) бірлігі. Құлаш – иық деңгейіне сәйкес кере созылған екі қол ұшының арасына тең ұзындық бірлігі. Орта Азия мен Қазақстанда кеңінен тараған кейбір салмақ өлшемдері: Табақ – шамамен он екі орыс фунтына тең салмақ бірлігі. Ол үлкен табақ (шамамен 11,7 – 12 кг) және кіші табақ (шамамен 3,9 – 4 кг) болып екіге бөлінеді. Үлкен табақ астық салығын төлеу кезінде, ал кіші табақ сауда-саттық, алыс-беріс жұмыстарында қолданылған. Қап – негізінен астық мөлшерін өлшеуге арналған салмақ бірлігі. Ол Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс аудандарында шамамен 65 – 66 кг-ға, ал кей жерлерінде алты пұтқа (96 кг), тең болған. Батпан – Ресейдің шет аймақтарында (негізінен азиялық бөлігінде) пайдаланылған салмақ бірлігі. Көне орыс жазбаларында ол 10 фунтқа тең делінеді. Қадақ – ертедегі шығыс елдерінің көбісінде қолданылған салмақ бірлігі. Ол Еуропада кең тараған фунт өлшеміне сәйкес келеді. Мысқал – Шығыс елдерінде кең тараған салмақ бірлігі. Мысқал араб елдерінде, Үндістанда, Шығыс Африкада, Орта Азия мен Қазақстанда қазыналық өлшем ретінде пайдаланылған. Мысқал 4,31 г-ға тең болған, алтын мен күміс ақшалардың, бағалы заттар, дәрі-дәрмектер мен бояулардың өлшемі ретінде қолданылған. Қазақ халқының егін шаруашылығымен айналысқан жерлерінде жер аумағын өлшеу үшін қолданған өлшем бірліктерінің ішінде ең көп тарағаны – танап. Қазақстанның суармалы егіншілік аудандарында (Тараз, Қазалы, Шымкент, т.б.) 1820,83 шаршы метрге тең. Алайда түрлі тарихи себептерге байланысты өлшемдік мәні бар терминдеріміз нақты мәнге ие бола алмаған. Мұның үстіне уақытпен бірге өлшемдер жиі өзгеріске ұшырап отырған. БАКТЕРИЯЛАР. Бактериялар – т"абиғатта ең көп тараған, негізінен бір клеткадан тұратын, оқшауланған ядросы жоқ, ең қарапайым организмдер тобы. Алғаш рет бактерияларды (грекше bakterіon – таяқша) 17 ғасырда голланд ғалымы, микроскопты жасаушы – Антони ван Левенгук байқаған." 19 ғасырда бактериялардың құрылысы мен табиғаттағы рөлін француз ғалымы Луи Пастер, неміс ғалымы Роберт Кох және ағылшын ғалымы Джозеф Листер зерттеді. Бактериялардың клетка құрамында тұрақты клетка қабаты, цитоплазмалық мембрана, цитоплазма, нуклеоид, рибосома болады. Ядроның қызметін дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) атқарады. Бактериялар ядросы мембрана қабығымен оқшауланбаған және онда хромотин жіптері түзілмейді. Бактериялар қарапайым бөліну арқылы көбейеді. Мысалы, 1 г қара топырақта 2 – 3 млрд. бактериялар, 1 г құмды топырақта 150 мың бактериялар, адам көп жиналған бөлме ауасының 1 м3-інде он мыңдай бактериялар тіршілік етеді. Олардың пішіндері әр түрлі: шар тәрізділерін – кокк, қосарланғандарын – диплококк, таяқша тәрізділерін – бациллалар, үтір тәрізділерін – вибриондар, таға тәрізділерін терроидтар, жүзім тәрізді шоғырланғандарын – стафилококтар деп атайды. Бактериялардың ұзындығы 1 – 20 мкм, ені 0,1 – 10 мкм, ал жіп тәрізділерінің ұзындығы 50 – 100 мкм-ге жетеді. Қолайсыз жағдай туғанда сырты қалың қабықпен қапталып спора түзеді. Бактериялар өте төменгі температурада (–190ӘС-та, ал споралары –253ӘС-та) тіршілік ете береді. Оларды өте жоғары температурада (+100ӘС-та) кептіргенде, кейбір түрлері (мысалы, гонококтар) тіршілігін тез жойса, дизентерия таяқшалары жеті тәулік, дифтериянікі отыз тәулік, туберкулездікі тоқсан тәулік, ал түйнеменің бациллалары он жылға дейін тіршілігін жоймайды. Бактерияларды ультракүлгін сәулелері ерітіп жібереді. Қышқылды, қантты, тұзды ортада тіршілік ете алмайды. Бактериялардың көпшілігі зиянсыз, ал зиянды түрлері көптеген жұқпалы аурулар (туберкулез, тырысқақ, көкжөтел, т.б.) тудырады. Бактериялар клеткасында өсімдіктер мен жануарлардың клеткасында болатын элементтердің барлығы кездеседі. Бактериялардың тіршілігінде ферменттердің атқаратын рөлі зор. Олардың бір бөлігі (эндоферменттер) бактерияларда синтез, тыныс алу процесін реттесе, ал екіншілері (экзоферменттер) бактериялар арқылы қоршаған ортаға бөлініп шығады. Сондай-ақ олардың тіршілік етуі үшін көміртек пен азот өте қажет. Бактериялар азотты белоктан, амин қышқылдарынан, аммоний тұздарынан, нитраттардан алады, кейбіреулері атмосфера азотын сіңіреді. Бактериялар көміртекті көптеген көмірсулардан, спирттерден, органикалық қышқылдардан, т.б. алады. Органикалық қосылыстардағы көміртекті сіңіретін бактерияларды гетеротрофты, ал атмосферадағы көміртекті сіңіретіндерді автотрофты бактериялар деп атайды. Бактериялар ауа бар жерде де (аэробты бактериялар), жоқ жерде де (анаэробты бактериялар) өсіп-өнуге бейімделген. Өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарын минералдандыру арқылы бактериялар табиғаттағы зат айналымына қатысады. Мысалы, бактериялар өсімдік қалдығына әсер еткенде, оның құрамындағы крахмал, пентозандар, целлюлоза, пектин заттары су мен көмір қышқылына ыдырайды. Тірі организмдерге шіріту бактериялары әсер етсе, ондағы азот қосылыстары аммиакқа айналады. Ал топырақтағы нитрификациялаушы бактериялар аммиакты азот қышқылы тұздарына дейін тотықтырады. Бактериялар топырақ құнарлылығын қалыптастыруға, химиялық элементтердің геохимиялық жолмен алмасуына қатысады, антибиотиктерді, амин қышқылдарын, витаминдер мен ферменттерді, т.б. қосылыстарды түзеді. Бактериялар тамақ және жеңіл өнеркәсіптерінде (сүт тағамдарын әзірлеу, зығырды жібіту, т.б.) кеңінен пайдаланылады. Бактериялық сілтісіздендіру, бактериялық шаймалау – кентастар құрамындағы бағалы кендерді (уран, мыс, алтын, т.б.) микроорганизмдер көмегімен ерітінділеп алу әдісі. Металдарды бактериялық сілтісіздендіру арқылы бөліп алу әдісімен өндіру 16 ғасырдан белгілі болған. Бірақ ол кезде бактериялардың металдарды сілтісіздендірудегі рөлі белгісіз болды. 1947 ж. американың микробиологтары Холмер мен Хинкелл кеніш суында бұрын белгісіз Thіobacіllus T. ferrooxіdans бактериясының бар екенін анықтады және оның сульфидті минералдардың барлық түрін, күкіртті, темірді, сондай-ақ Сu+, Se2-, Sb3+, U4+ элементтерін қышқылдығы (рН) 1,0 – 4,8, температурасы 5 – 35Ә болатын ортада тотықтыра алатынын дәлелдеді. Бұл бактериялардың 1 г кендегі, немесе 1 мл кен суындағы мөлшері 1 млн-нан 1 млрд-қа дейін болады. 1958 ж. АҚШ-та мысты T. ferroоxіdans бактериясымен сілтісіздендіру әдісі патенттелді. КСРО-да бұл жөніндегі зерттеулер 20 ғасырдың 50-жылдарында басталды. Оның нәтижесінде зерттеушілер сульфидті минералдарды, темірді, күкіртті тотықтыратын бактериялардың жаңа (Leptospіrіllum L. ferrooxіdans, Thіobacіllus organopatus, Thіobacіllus thіooхіdans, т.б.) түрлерін ашты. Түсті металдарды кеннен бактериялық сілтісіздендіру әдісімен алуда бактериялардың тиондық түрі – T. ferrooхіdans көбірек қолданылады. Бактериялық сілтісіздендіру процесін жылдамдату үшін кенді ұнтақтап немесе кен үгіндісін (концентратын) жете араластырып, алынған қойыртпақты аэраттап және бактериялардың әрекетке жарамдылығы толық сақталатындай температура мен қышқылдылықты (рН-ты 1,5 – 2,5 шамада) біркелкі ұстау қажет. Бұл жағдайда 1 мл концентраттағы бактерия клеткаларының саны 109–1010 жетеді. Бір сағат ішінде, осындай мыс концентратынан 0,7 г/л, мырыштан 1,3 г/л; қалайыдан 0,2 г/л өнім ерітіндіге түседі. Қалайы мен алтыны бар үгіндіден 70 — 80 сағат ішінде 90% пайдалы кенді (металды) бөліп алуға болады. Бактериялар сульфидтерді жүздеген, мыңдаған есе тез тотықтырады, ал екі валентті темірдің (Fe2+) тотығуын химиялық әдіске қарағанда 2Һ105 есе жылдамдатады. Ашық әдіс үш валентті (Fe3+) темір және бактериясы бар әлсіздеу күкірт қышқылының (H2SO4) судағы ерітіндісін үйіндідегі кенге шашыратып себу арқылы іске асырылады. Жер астылық әдісте ерітінді айдау ұңғымасы арқылы кенге жеткізіледі, ал құрамында металы бар ерітінді ұңғыма арқылы жер бетіне шығарылып, гидрометаллургия зауытына жіберіледі. Бактериялық сілтісіздендіру әдісімен алған металдың өзіндік құны химиялық сілтісіздендірумен салыстырғанда бір жарым – екі есе төмен болады. Бактериялық сілтісіздендіру әдісі Қазақстанда алғаш рет Қоңырат, Николаев кеніштерінде қолданылды. ЖАЗУ. 1) пиктографиялық жазу – Ж-дың ең көне түрі. Зерттеушілер Ж-дың бұл түрі неолит дәуірінде пайда болған деп есептейді. Мұнда хабарлануға тиісті оқиғаға қатысты заттардың суреті салынады. Суретін салуға болмайтын абстракт ұғымдарды беру үшін басқа заттардың суреті қолданылған. Мыс., бақыттылықты, олжаны – тасбақаның, махаббатты – сызықшамен қосылған екі жүректің, достықты – ұстасқан екі қолдың, соғысты садақ оғының суретімен белгілеген; 2) идеографиялық жазу – жекелеген сөздерді, морфемаларды сурет арқылы немесе шартты таңбалар арқылы белгілейді. Онда әр сөздің тұрақты графикалық таңбасы, әр таңбаның меншікті мағынасы болады. Идеографиялық жазудың бір түрі – иероглиф жазу; 3) буын жазуында сөз құрамындағы әрбір буын жеке таңбамен белгіленеді; 4) дыбыстық жазу (әріп жазуы) – Ж-дың дамып жетілген түрі, тіл дыбыстарын, фонемаларды әріппен таңбалайтын жазу жүйесі. Дыбыстық жазулардың ең көне түрлері – финикия, арамей және грек жазулары. Көне түркі жазуы да дыбыстық Ж-дың ең ежелгі түріне жатады. Қазақ халқының Ж. тарихы көне түркі жазуынан басталған деуге болады. Ал әріптік Ж-ға дейін сурет Ж-ы қолданылғанын еліміздегі тау-тастардағы түрлі суреттер арқылы дәлелдеушілер бар. Түркі жазуында дауысты, дауыссыз дыбыстардың әрпі болған, кейбір әріптер екі дауыссыз дыбысты белгілеген. Әріптер жуан, жіңішке дыбыстарды ажыратқан. Әріптер белгілі жүйеде қолданылған. Түркі халықтары кейін араб әліпбиін қолданып жазған, бұл Ж. мұсылман дінінің таралуымен бірге келген. Араб Ж-ын түркі халықтары, оның ішінде қазақ халқы ұзақ уақыт қолданған. Алғаш араб әліпбиіндегі әріптер түгел қолданылған, тек 1926 жылы А.Байтұрсынов оған реформа жасап, ондағы артық әріптерді шығарып тастап, жазуды көп жеңілдеткен. 1929 жылдан бастап 1940 жылға дейін қазақ халқы латын әліпбиінде жазып келіп, кейін кириллицаға (1940 жылдан бастап) көшті. Қазіргі түркі мемлекеттерінің көпшілігінде қайтадан латын әліпбиіне негізделген жазуға көшу үрдісі бел алып келеді. ЖАҚ СҮЙЕКСІЗДЕР (Agnatha). ЖАҚ СҮЙЕКСІЗДЕР (Agnatha) — суда тіршілік ететін төменгі сатыдағы омыртқалы жануарлардың бір тобы. Ж. с-де ішкі қаңқаның тіректік қызметін атқаратын және өмір бойы сақталатын арқа желісі болады. Ж. с-дің жақ сүйектері мен жұп жүзбе қанаттары болмайды. Иіс сезу өзегі сыртқа бір ғана танау тесігі арқылы ашылады. Есту мүшесі тек ішкі құлақтан ғана тұрады, онда екі (кейде бір) жартылай иірімді өзектер болады. Желбезек тесіктерінің саны 7 — 20 жұп болып, олардың ішкі тесіктері тыныстық түтікке, ал сыртқы шеті тікелей жеке-жеке тесік болып денесінен сыртқа ашылады. Желбезек тесіктерінің арасында шеміршектен тұратын қаңқасы торланып жатады. Ж. с-дің ертеде тіршілік еткен түрлерінің қазба қаңқа қалдықтары кембрийден девонның соңына дейінгі аралықта өлыбритания, Норвегия, Германия, АҚШ, Қытай, Австралия, Ресей жерлерінен табылған. Дене тұрқы бірнеше см-ден 1 м-ге жеткен. Денесі ұршық тәрізді, кейбір түрлері жалпақ пішінді болған. Олар тұщы суда, теңіз жағалауында тіршілік еткен. Ж. с-дің ертеде тіршілік еткен түрлерін бір танаулылар, қос танаулылар деп екі класқа топтастырады. Қазіргі кезде Ж. с-дің бір ғана класы — дөңгелекауыздылар бар. ЖАҚСЫ. ЖАҚСЫ — Ақмола обл-ның Жақсы ауд-ндағы ауыл, аудан орталығы (1957 жылдан), т. ж. стансасы. Облыс орт. — Көкшетау қ-нан оңт.-батысқа қарай 271 км жерде, жусанды-бетегелі қоңыр топырақты дала белдемінде орналасқан. Тұрғыны 5,4 мың адам (1999). Қргесі 1939 ж. Ақмола — Қарталы т. ж-н салуға байланысты қаланған. Ж-да элеватор, тәулігіне 2,7 т ұн тартатын диірмен, макарон шығаратын цех, тұрмыстық комб., бастауыш, орта мектеп, кәсіптік-тех. мектеп, мәдениет үйі, кинотеатр, ауд. емхана мен аурухана, санэпидстанса, т.б. бар. Ауыл арқылы — Астана — Қостанай автомоб. жолы, Астана — Қарталы, Астана — Қостанай т. жолдары өтеді. ЖАҚСЫ АЛАКӨЛ — Тобылдың жоғарғы ағысы алабындағы көл. Қостанай обл-ның Денисов және Таран ауд-дары жерінде, Тобыл және Аят өзендері аңғарларының аралығында, теңіз деңгейінен 217 м биіктікте орналасқан. Аум. 25 км2, ұз. 7,1 км, ені 4,3 км, жағасының ұз. 21 км. Жауын-шашын және жер асты суымен толысады, шағын Ащысу өз. құяды. Жағасы жайпақ, батпақты. Қараша — сәуір айлары аралығында мұз қатады. Суы тұзды. Көктемде мал суарылады. Алабы — қалың құрақ, қамыс өскен шабындық. ЖАҚСЫ АРҒАНАТЫ — Тарбағатай жотасының солт.-батыс бөлігіндегі тау. Шығ. Қазақстан обл-ның Тарбағатай ауд. жерінде, Жалаңаш және Тымырсық өзендері аралығында орналасқан. Батыстан шығысқа қарай 15 — 18 км-ге созылған, ені 12 км, абс. биікт. 1609 м. Тақтатас, әктас, гнейс жыныстарынан түзілген. Солт. беткейі көлбеу, аңғарлармен тілімденген, оңт-гі құлама. Беткейлері мен шатқалдарында қайың, көктерек, таудың қара топырағында бетеге, селеу өседі. ЖАҚСЫ АУДАНЫ — Ақмола обл-ның солт.-батысындағы әкімшілік бөлік. 1955 ж. тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты құрылған. Жерінің аум. 9,7 мың км2. Тұрғыны 30,8 мың адам (1999). Орт. — Жақсы а. Аудан аумағындағы 46 елді мекен 13 ауылдық әкімш. округке біріктірілген. Ж. а. дала белдемінде орналасқан. Ауданның солт. жартысын абс. биікт. 300 — 400 м ұсақ шоқылы — жонды таулар мен Көкшетау қыратының оңт.-батыс бөлігі алып жатыр. Оңт. жағын жонды-белесті келген, абс. биікт. 250 — 300 м болатын Атбасар жазығының батыс бөлігі қамтыған. Климаты континенттік, қысы суық, қары аз (20 см), жазы ыстық, құрғақ. Қаңтардағы орташа темп-ра –17 — 18С, шілдеде 19 — 20С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 300 — 350 мм. Аудан жері арқылы Есіл, Терісаққан, Аққайрақты, Жаманқайрақты, Құмай өзендері ағып өтеді. Ең үлкен көлі — Қалмақкөл. Солт-нде карбонатты қара, оңт-нде карбонатты қызыл қоңыр топырақ, өзен жайылмаларында шалғындық топырақ тараған. 1954 — 56 ж. аудан жерінің көпшілік бөлігі жыртылды. Жыртылмай қалған жерлерінде жусан аралас селеулі, бетегелі-селеулі далалық өсімдіктер, Есіл аңғарында бұта аралас шалғын өседі. Қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, суыр, қарабауыр, күзен, сарышұнақ, қосаяқ, дала белдеміне тән құстар (бозторғай, қаратамақ, т.б.) мекендейді. Халқының орташа тығызд. 1 км2-ге 3,2 адамнан, Есіл аңғарында 10 — 20 адамнан келеді. Элеватор, диірмен, макарон цехы, құрылыс материалдарын өндіретін, а. ш. техникасын жөндейтін шеберханалар, көлік кәсіпорындары, тұрмыстық комб., баспахана, т.б. жергілікті кәсіпорындар бар. Бұрынғы 17 кеңшардың негізінде “Подгорное” акцион. қоғамы, 19 шаруашылық серіктестіктері, “Прогресс” өндірістік кооперативі, 487 шаруа қожалықтары құрылған. А. ш-на пайдаланылатын жері 945,1 мың га, оның ішінде егістігі 532,6 мың га, шабындығы 18,6 мың га, жайылымдық жері 393,1 мың га (2000). Шаруашылығының басты саласы егіншілік, негізінен, астық өндіру, аздап картоп, көкөніс, техн. дақылдар егіледі. Мал ш-ның басты саласы етті-сүтті ірі қара, шошқа өсіру. 2001 жылдың басында ауданда 19,3 мың сиыр, 13,9 мың шошқа, 10,8 мың қой мен ешкі, 4,1 мың жылқы, 54,0 мың құс болды. Ж. а-да 22 мектепке дейінгі балалар мекемесі, 1 кәсіптік-тех., 14 бастауыш, 9 орталау, 23 орта мектеп, 19 клуб пен мәдениет үйі, 13 кітапхана, орт. ауд. аурухана, 30 фельдшерлік-акушерлік пункт, 6 дәрігерлік амбулатория, 2 учаскелік аурухана жұмыс істейді (2000). 1955 жылдан аудандық газет шығарылады. Аудан жері арқылы Павлодар — Астана — Қараталды (Қарталы), Астана — Тобыл — Қостанай т. ж-дары, Астана — Атбасар — Қостанай, Қима — Жақсы — Рузаевка автомоб. жолдары өтеді. Барлық ауылдық әкімш. округ орталықтарымен автобус байланысы бар. ЖАҚСЫБАЙ. ЖАҚСЫБАЙ — Тобыл мен Өлкейек өзендерінің бастаулары аралығындағы тұйық көл. Қостанай обл-ның Наурызым ауд. жерінде, Торғай үстіртінің оңт. жағында, Сыпсыңағаш қолатының шығысында, теңіз деңгейінен 229 м биіктікте жатыр. Аум. 14 км2, ұз. 4,8 км, ені 4 км, жағасының ұз. 15,1 км. Жауын-шашын және жер асты суымен толысады. Жағасы, негізінен, жайпақ, батпақты, оңт. түйетайлы, жарқабақты. Қараша — сәуір айлары аралығында мұз қатады. Суы тұщы, тамыз айында сәл кермектеледі. Мал ішеді, шабындық көлдетіліп суарылады. Қргелес жатқан Арыстанбай өңірінің жайылымы суландырылады. ЖАҚСЫБАЙ — Жайық алабындағы өзен. Бат. Қазақстан обл-ның Қаратөбе ауд. жерімен ағып өтеді. өз. 130 км, су жиналатын алабы 2661 км2. Ақтөбе обл. жеріндегі Теректітөбе тауынан (244 м) басталады да Қарағанды құмын жағалап Сұлукөлге құяды. Қар және жер асты суымен толығады. Арнасы енсіз (10 — 12 м), жайылмасы төм. жағында ғана қалыптасқан. Салалары: Шыңғыссай (15 км), Майлысай (27 км), Ащысай тармағы (46 км). Жылдық орташа су ағыны 0,093 м3/с. Жаздың ортасында суы тартылып, қарасуларға бөлінеді. Мал, шабындық суғарылады. Алабы — табиғи шабындық, шүйгін жайылым. ЖАҚСЫБАЙ — Бат. Қазақстан обл-ның Жәнібек ауд-ндағы ауыл, ауылдық әкімш. округі орталығы. Аудан орт. — Жәнібек а-нан солт-ке қарай 145 км жерде, жусан аралас еркекшөп, көде, көкпек өскен сортаңды ақшыл қоңыр топырақты дала белдемінде орналасқан. Тұрғыны 1,3 мың адам (1999). Қргесі 1965 ж. Свердлов атынд. қой ш-н ұйымдастыруға байланысты қаланды. Кейіннен (1997) оның негізінде Ж-да “Өркен” өндірістік кооперативі мен 77 шаруа қожалықтары құрылған; орта мектеп, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт бар. ЖАҚСЫБАЙ ЖАНТӨБЕТҰЛЫ (1888 ж.т., Жамбыл обл. Шу ауд. Абай а. — 21.9.1958, сонда) — айтыс ақыны. 1936 ж. Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысады. Ақындардың респ. слетіне (1938, 1939), Абай Құнанбаевтың (1945), Жамбыл Жабаевтың (1946) 100 жылдық мүшел тойларындағы айтыстарға қатысып, жүлдегер атанған. Оның “Атыңнан, атам қазақ, айналайын” деген патриоттық толғауы майдан газетінде (“Отанды қорғауға”, 1944, ғ38) басылып, жауынгерлер арасында кең тараған. Халық ақындары Қ.Баймағанбетов, Қ.Терібаев, Н.Баймұратов, Қ.Елеуовпен, т.б. айтыстары, қырғыздың атақты жыршысы Османқұлмен хат арқылы айтысы (1951) — көркемдігі жағынан құнды шығармалар. Ж. өлеңдерінің негізгі тақырыбы — еңбек адамдары, майдан мен тылдағы ерлік істер. Ақынның көптеген өлең-жыр, толғауларынан басқа “Түрксіб” (1931), “Назым қыз” (1939), “Мәлік батыр” (1944), “Жамбыл” (1950) атты дастандары бар. Өлеңдері мерзімді баспасөзде, жинақтарда (“Ақын жырлары,” 1956; “Пернедегі термелер”, 1965; “Ақын-жыраулар”, 1979) басылды. 1985 ж. “Өмірімнің өрнегі” деген атпен жеке жыр жинағы жарық көрді. ЖАҚСЫ БҰТАЛЫ. ЖАҚСЫ БҰТАЛЫ — Солт. Арал маңында, Үлкен Борсық құмының шығысындағы қыратты тау жұрнағы. Абс. биікт. 345 м. өз. 25 км, ені 7 — 10 км. Күнгейі мен оңт.-шығысы тіктеу, сай-жыралармен тілімденген. Эоцен саздарынан түзілген. Ж-ның етегінен Сабыржылға өз. бастау алады, ол жазда тартылып қалады. Қоңыр топырағында жусан аралас астық тұқымдасты сораң шөптер басым өскен. ЖАҚСЫ ЖАЛҒЫЗТАУ — Есіл (Аққанбұрлық) алабындағы көл. Солт. Қазақстан обл-ның Айыртау ауд. жерінде. Көкшетау қыратының батыс жағында, Жақсы Жалғызтаудың солт-нде теңіз деңгейінен 358 м жоғары орналасқан. Аум. 41,3 км2, тереңд. 14,5 м. Жауын-шашын және жер асты суымен толысады. Көлден Аққанбұрлық өз. ағып шығады. Қараша — сәуір айлары аралығында мұз қатады. Суы тұщы. Көлде сазан, тұқы, шортан, көксерке, аққайраң, т.б. балықтар тіршілік етеді. Алабының табиғаты әсем, орманды-шалғынды. Көл суы мал азық дақылдарының егістігін, жайылымды суландыруға пайдаланылады. ЖАҚСЫ ЖАРКӨЛ — Тоғызақ алабында. Қостанай обл-ның Федоров ауд. жерінде. Орал тауының қыратты етегінде, Тоғызақ аңғарының оң жағында, теңіз деңгейінен 174 м жоғары биіктікте орналасқан. Аум. 13,50 км2, ұз 4,5 км, ені 4 км. Негізінен, жауын-шашын суымен толысады. Жағасы жайпақ, батпақты. Қараша — сәуір айлары аралығында мұз қатады. Суы тұщы. Жайылым суландырылады, мал ішеді. Алабы шалғынды шабындық. ЖАҚСЫКӨҢ. ЖАҚСЫКӨҢ — Құланөтпес алабындағы өзен. Ақмола обл-ның Қорғалжын ауд. жерімен ағып өтеді. өз 160 км, су жиналатын алабы 4050 км2. өлытаудағы Желдіадыр қыра- тының шығыс етегінен басталады да Баршын а. тұсында Құланөтпестің саласы — Көң өз-не сол жағынан құяды. Қар және жер асты суымен толығады. Арнасы бастауында тар, жағасы жарлы-кемерлі, орта және төм. жағында жайылмасы 2 — 3 км-ге дейін кеңейеді. Қрі салалары: Талдысай, Торанша. Жылдық орташа су шығыны 0,82 м3/с. Негізінен, жайылым суландырылады. Аңғарында ойдым-ойдым шабындық бар. ЖАҚСЫ ҚАРАСАЙ. ЖАҚСЫ ҚАРАСАЙ — Шығ. Каспий алабындағы өзен. Атырау обл-ның Жылыой және Маңғыстау обл-ның Бейнеу ауд-дары шекарасымен ағады. өз. 84 км, су жиналатын алабы 937 км2. Каспий маңы ойпатының шығыс жағындағы Желтау (221 м) және Көлеңкелі (198 м) тауларынан бастау алады да, Манайсор ойысына құяды. Қар және бұлақ суымен толығады. Тар арнасы шөлейт жазыққа шыға кеңейеді, жайылмасы енді келеді. Жылдық орташа су ағыны 0,09 м3/с. Шілде айынан бастап тартылып, ойдым-ойдым жылғаларға бөлініп қалады. Суын мал ішеді, алабы жайылым және көктемгі шабындық. ЖАҚСЫҚЫЛЫШ. ЖАҚСЫҚЫЛЫШ — Сырдария өз-нің сағалық алабындағы көл. Қызылорда обл-ның Арал ауд. жерінде. Арал т-нің солт.-шығыс жағында, Арал Қарақұмы мен Жақсықылыш тауының аралығында, теңіз деңгейінен 48, 1 м жоғары орналасқан. Аум. 74,5 км2. Арал т-нің тартылуына байланысты көлдің аум. күрт қысқарды, тек көктемде ғана суы болады, шілде айынан бастап бетін тұз басып, құрғақ ойысқа айналады. Көктемгі қар суымен жиналған суына мал суғарылады. Алабы — жайылым. ЖАҚСЫҚЫЛЫШ — Солт. Арал маңында, Жақсықылыш көлінің батыс, солт.-батысындағы қыратты тау жұрнағы. Абс. биікт. 110 м. өз. 28 км, ені 5 — 10 км. Оңт.-шығыс беткейі тік жартасты, сай-жыралармен тілімденген, етегінде үйінділер кездеседі. Эоценнің гипс негізді саз балшығы мен құмынан түзілген. Қоңыр сортаң топырағында жусанды-сортаңды шөптер өскен. ЖАҚСЫҚЫЛЫШ — Қызылорда обл-ның Арал ауд-ндағы кент, кенттік әкімш. округі орталығы. Аудан орт. — Арал қ-нан шығысқа қарай 25 км жерде, өзімен аттас көлдің оңт. жағалауындағы қаражусан аралас көкпек, дегелең өскен құмайтты сор топырақты шөлдік белдемде орналасқан. Тұрғыны 4,5 мың адам (1999). Ж-та “Аралтұз” акцион. қоғамы, өндірістік кооператив, 5 серіктестік және 9 шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Кентте орта және бастауыш мектеп, кітапхана, мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория мен фельдш.-акушерлік пункт бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомоб. және т. ж-мен қатынасады. Жақсылық (қала). ЖАҚСЫЛЫҚ — ортағасырлық қала орны. Алматы обл. Талғар қ-нан солт-шығысқа қарай 55 км жерде, Жақсылық шатқалында орналасқан. Қаланың тарихи атауы анықталмаған. 1967 — 69 ж. Жетісу археол. экспедициясы (жетекшісі К.Байпақов) зерттеу жүргізген. Қала орны төртбұрышты, сырты жал топырақпен қоршалған (биікт. 2 м, ені 6 — 7 м), бұрыштарында күзет мұнаралары болған. Қабырғалық дуалдардың орталықтарында да бір-бір мұнара болғаны байқалады, тек кіреберіс қақпа болған оңт.-шығысында ғана оның орны жоқ. Қала дуалының бұрыштары дүниенің төрт құбылысына қаратылған. Дуалдың сыртынан ор қазылған. Оның қазіргі тереңд. 0,5 м, ені 3 — 4 м. Қала орнына барлық жағынан төртбұрышты қабырғалармен қоршалған территориялар жалғастырылған. Олардың да бұрыштары дүниенің төрт құбыласына сай келеді. Қала орнының солт.-батыс бөлігінде, топырақ жал іргесінен қазба жұмысы жүргізілді. Қаланың орны бірнеше қабаттан тұрады. Соған қарағанда, қала бірнеше рет қайтадан бой көтергенге ұқсайды. Зерттеу барысында табылған заттар (мыс., теңгелер, ыдыс сынықтары, садақ ұштары, әр түрлі әшекей бұйымдарының қалдықтары) мен сәулет құрылыстарының ерекшеліктері қаланың 10 — 13 ғ-лар аралығында Жетісу өңіріндегі ірі сауда мәдени орталықтарының бірі болғандығын дәлелдейді. Қазба кезінде қаланың ішкі жағынан табылған қабірге жерленген мәйіттің сол қолының сұқ саусағынан қоладан жасалған мөрленген сақина табылған. Мөрдің бетіндегі таңбалар 11 ғ-ға тән сына жазуының таңбалары екендігі анықталды. Одан түркінің “Тізеңді бүгіп тағзым ет қорқақ” деген дуалы сөзін оқуға болады. Әдеб.: Савельева Т.В., Оседлая культура северных склонов Заилийского Алатау в VҚҚҚ — ХҚҚҚ вв., А.-А., 1994. ЖАҚСЫЛЫҚОВ. ЖАҚСЫЛЫҚОВ Марат Файзуллаұлы (16.3.1946, Қостанай қ. — 7.7.2001, Алматы) — архитектор, Қазақстанның еңб. сің. архитекторы (1993). Новосибирск инж.-құрылыс ин-тын бітірген (1969). Қазақстан Автомобиль жолдары мин-нің Алматы қалалық жобалау ин-тында архитектор (1969 — 70), Алматы қалалық жобалау ин-тында бас архитектор, атқарушы директор (1970 — 2000) қызметтерін атқарған. Ж. — бірнеше тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың, ескерткіштер мен монументтердің авторы. Олардың ішінде Қазақ академиялық драма театрын (1980, О.Ж. Баймырзаев, А.С. Қайнарбаевпен бірге), Алматының Cамал-2 ықшамауданы және Желтоқсан көшесі бойындағы тұрғын үйлер құрылысын (1982, Қазақстанның Мемл. сыйл.) жобалауға қатысты. ӘБДІРАХМАНОВ Айтым. Әбдірахманов Айтым. (20.12.1928, қазіргі Ақмола обл. Қызылту ауд. Жарқын а. – 20.3.1994, Алматы қ.) – филол. ғыл. докт. (1991). ҚазПИ-ді (1951, қазіргі ҚазҰПУ) және Қазақстан ҒА-ның Тіл және әдебиет ин-тының аспирантурасын (1954, қазіргі Тіл білімі ин-ты) бітірген. Қазақстан ҒА-ның Тіл білімі ин-тында кіші (1954–58), аға (1958–70) ғыл. қызметкер, бөлім меңгерушісі (1970–80), жетекші ғыл. қызметкер (1981–94) болып қызмет атқарды. «Қазақстан топонимдерін тарихи этимологиялық тұрғыдан зерттеу» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Ә-тың ғыл.-зерт. еңбектері қазақ тілінің топонимика, терминол. және емле мәселелеріне арналған. Ә. 100-ден астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 4 монографияның («Қазақстанның жер-су аттары», 1959; «Топонимика және этнотопонимика», 1975; «Қазақстан этнотопонимикасы», 1979) авторы. «ВАКУУМ ТУРАЛЫ». «Вакуум туралы» – Әбу Наср әл-Фарабидің іргелі трактаттарының бірі. Бұл еңбектің арабша нұсқасы түрікше және ағылшынша аудармаларымен бірге 1951 ж. Түркияның Анкара қ-нда басылып шықты. әл-Фараби бұл еңбегінде вакуумның жоқ екендігін ежелгі гректерде кездесетін тәсілмен (яғни тәжірибелік зерттеулер жүргізіп) және физ. ғылымның сол кездегі жетістіктеріне сүйене отырып, дәлелдеуге ұмтылды. Ол бұл трактатында вакуум жөнінде бірін-бірі жоққа шығармайтын екі пікір ұсынды: бірінші пікірінде – материяда мүлдем бос кеңістік (яғни абсолют бостық) жоқ, бірақ материяның жаратылысы бізге белгісіз десе, екінші пікірінде – салыстырмалы түрде бостықтың болуы мүмкін екенін аңғартып, бірақ ол шын мәніндегі абсолют бостық емес, ауасы сиретілген кеңістік дейді. Бұл екі көзқарастың екеуін де филос. мен физиканың дамуы дұрысқа шығарды. ЕРҒАЛИЕВ Ғаппар Қасенұлы. ЕРҒАЛИЕВ Ғаппар Қасенұлы (17.10.1932 ж.т., Батыс Қазақстан обл. Жәнібек ауд. Қамысты а.) – геол.-минерал. ғыл. докт. (1990), Қазақстан ҒА-ның акад. (2003). ҚазМУ-ды (1956, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Қазақстан ҒА-ның Геол. ғылымдар ин-тында аға лаборант (1956–58), кіші (1958–68), аға (1968–78) ғыл. қызметкер, лаборатория меңгерушісі (1978–91) қызметтерін атқарған; ал 1996 жылдан осы ин-тта лаборатория меңгерушісі. 1989 ж. «Кембрии Южного Казахстана и Улытау (стратиграфия, ярусное и зональное расчленение, трилобиты» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Оның негізгі ғыл. еңбектері Қазақстанның венд, кембрий және төм. ордовик кезеңдерінің стратиграфиясы мен палеонтологиясын зерттеуге, оның ішінде Қаратау мен Оңт. Ұлытаудың кембрий–ордовик қабаттарының биостратиграфиясы мен трилобиттерін кешенді зерттеуге арналған. Е. 120-ға тарта ғыл.-зерт. жарияланымның, оның ішінде 2 монографияның («Трилобиты среднего и верхнего кембрия Малого Каратау», 1980) авторы. Қазақ КСР-і Мемл. сыйл. лауреаты (1982). ВАСИЛЬЕВ Александр Васильевич. ВАСИЛЬЕВ Александр Васильевич (23.2.1861, Татарстан, Қазан губ. Чебоксары у. Шутнерев с. – 23.10.1943, Қазан қ.) – қазақ ауыз әдебиетін жинаушы, миссионер. Алғашында Чебоксары діни училищесінде, кейін Қазанның діни академиясында оқыған (1882–86). Орынбор діни семинариясында дәріс берді. Торғай обл. халық мектептерінің Ы.Алтынсариннен кейінгі инспекторы (1889–94), Орынбордағы Торғай обл. басқармасының кеңесшісі (1894 жылдан), 10 жыл бойы «Торғай» газетінің редакторы, Орынбор губ., Торғай және Орал облыстарында оқу инспекторы (1906–09), т.б. қызметтер атқарды. В. қазақ халқының ауыз әдебиеті, тілі жөнінде көптеген зерттеулер жүргізді. Ол жинаған бірнеше ауыз әдебиеті үлгілері «Торғай» газетінде жарық көрді. В. Торғайдағы ағарту ісінің тарихымен, өмірінің соңғы жылдары нумизматикамен шұғылданды. Қазақ мектептерінде пайдаланылатын орыс тілі оқулықтарын жазды. Онда қазақ балаларын орыстандыру мақсаты айқын көрінеді. ӘБДІРАХМАНОВ Жаңалық Ниязұлы. (7.11.1935 ж.т., Қызылорда обл., Қармақшы ауд., Кеңтоғай а.) — ғалым, мед. ғыл. докторы (1990), проф. (1992), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1994). Алматы мед. ин-тын бітірген (1959). Қызылорда обл., Қармақшы ауд-ндағы аурухана меңгерушісі (1959 — 61), Қазақстан өлкелік патология ин-тының (қазіргі Эпидемиология, микробиология ғыл.-зерт. орталығы) аспиранты (1961 — 64), Қазақонкология және радиология ғыл.-зерт. ин-тының бөлім меңгерушісі, аға ғыл. қызметкері (1964 —75), Алматы мед. ин-тының доценті, кафедра меңгерушісі (1975 — 90) болды. 1990 жылдан Қазақонкология және радиология ғыл.-зерт. ин-тының директоры. Ә-тың негізгі зерттеу жұмыстары рак ауруларын сәулемен емдеу тәсілдеріне, радиацияның зақымдаушы әсерінен қорғайтын дәрілер пайдалануға және организмнің радиацияға бейімделушілігін зерттеуге арналған. Ә. өңеш рагімен ауыратын науқастарды радиациялық сәулемен емдеу арқылы, олардың өмірін ұзартуға болатынын ғыл. тұрғыдан дәлелдеді. Шығ.: Детская онкологическая радиология, А.-А., 1991 (соавт.); Лучевая терапия рака пищевода, А., 1993. Современные аспекты терапии рака А., 1997 (соавт.). ӘБДІРАХМАНОВ Қайдар Айтжанұлы. (10.5.1936 ж.т., Ақмола облысы Атбасар ауданы) – геология-минералдық ғылымдарының докторыт. (1983), проф. (1985), Қазақстан ҰҒА-ның акад. (2003). Мәскеу мемл. ун-тін бітірген (1958). Қазақстан ҒА-ның Геол. ғылымдар ин-тында инж., аға ғыл. қызметкер, лаборатория меңгерушісі болды. 1996 жылдан «Казнедра» ғыл.-өндірістік бірлестігінде департамент директоры. Ә. көп циклді иілімді атыраптардың гранитоидты жыныстарының қалыптасуының формациялық-петрохим. теориясын жасады, оның негізінде 12 петрохим. түрге жіктеді. Порфирлі жыныстардың сілтілілігі мен қышқылдығының арасындағы кері корреляттануды анықтау негізінде колчедан-полиметалл кендерінің қалыптасу ерекшеліктерін тапты. Темір, марганец, полиметалл кендерінің түзілуіндегі көлденең және тік бағытты минералды-геохим. белдемділікті ашты. Ә-тың геол. және металлогения саласындағы іргелі теор. зерттеулері Қазақстанның Солт. Балқаш, Кіндіктас–Шу–Іле аймақтарындағы кендерді болжамдауға және игеруге негіз болды. Ш ы ғ.: Петрология и металлогения щелочных пород Таласского Алатау, А.-А., 1965; Гранитоидные формации Казахстана и типы фанерозойского гранитообразования, А.-А., 1986. Әбжанов Көбен. ӘБЖАНОВ Көбен (1.1.1929, Қарағанды обл. Жаңаарқа ауд. Атасу кенті – 30.7.1981, Алматы қ.) – заң ғыл. докт. (1969), проф. (1970). Алматы мемл. заң ин-тын (1950) бітірген соң осында аға оқытушы (1950–60), Қазақ КСР-і Мин. Кеңесінде құқық тобының бастығы (1960–61), ҚазМУ-да доцент (1961–70, қазіргі ҚазҰУ), кафедра меңгерушісі (1970–81) қызметтерін атқарған. 1969 ж. «Еңбек шартының мәні» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Оның ғыл. жұмыстарының негізгі бағыты – кеңестік еңбек құқығының мәселесі. Ш ы ғ.: Трудовые права молодых рабочих, А.-А., 1977. Ғылымдар тізбегі. Бұл еңбек 500 жыл бойы Шығыс және Батыс елдерінің жоғары мектептерінде ғылым салалары оқулығы ретінде пайдаланылған, 12 ғ-да латын тіліне екі рет аударылған. Ибн Сина, Бэкон, т.б. ғалымдар классификациялау мәселесінде бұл еңбекке көп еліктеген. Орыс тіліне («Философские трактаты», 1970), қазақ тіліне («Философиялық трактаттар», 1973) аударылып басылды. Ғылыми атақ. ҒЫЛЫМИ АТАҚ – терең кәсіби білімі бар, ғылым және ғылыми-педагогтік қызметте жетістіктерге қол жеткізген адамдарға берілетін доцент және профессор атақтары. Профессор ғылым атағы «ғылыми атақтар беру ережелеріне» (1999) сәйкес, жоғары оқу орындарында, ғылыми мекемелерде нәтижелі қызмет атқарып жүрген Қазақстан Республикасының мемлекеттік үлгідегі доцент ғылым атағы бар ғылым докторларына беріледі. Ал доцент ғылым атағы ғылылыми-педагогтік қызметте жүрген, аталған «Ереженің» шарттарына толық жауап беретін ғылым докторларына және ғылым кандидаттарына беріледі. Бұл ғылым атақтарды жоғары оқу орындарының, ғылым, ғылыми-зерттеу және ғылыми-өндірістік мекемелердің қызметкерлеріне олардың ғылыми кеңестерінің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комитеті береді. Профессорлар мен доценттерге Қазақстан Республикасында ғылым және ғылым-педагог қызметкерлерге ғылым. атақтар берілетін мамандықтардың тізбесіне сәйкес, мемл. үлгідегі аттестаттар тапсырылады. Ғылыми дәрежелерді және ғылым. атақтарды беру жөніндегі аттестациялау істерін қарайтын және белгіленген мемл. үлгідегі құжаттарды беретін мекеме – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комитеті. Ғылыми-техникалық прогресс. Ғылыми-техникалық прогресс – ғылым мен техниканың бірегей, бір-бірімен сабақтаса, біртіндеп дамуы. Ол 16–18 ғ-лардағы мануфактуралық өндірістен, ғылыми-теориялық және техникалық қызметтер өзара жақындасып, тоғыса түскен кезден бастау алады. Бұған дейін материалдық өндіріс негізінен эмпирикалық тәжірибені, кәсіби құпияны қорландырып, машық-тәсілдерді жинақтау есебінен баяу дамып келді. Сонымен бірге табиғат туралы ғыл.-теор. таным аясында да ілгерілеу ниеті байқалды, бірақ ол теологиялық-схоластикалық қасаңдыққа қамалып, өндірістік амалшараларға ұдайы әрі тікелей ықпал ете алмады. 16 ғ-да адамзат баласының сауда-саттықты өрістетіп, теңіз жолын меңгеруі, ірі мануфактураларға ие болуы бірнеше келелі міндеттерді теор. және тәжірибелік тұрғыдан шешу қажеттігін алға тартты. Нақ осы кезде ғылым Қайта өркендеу дәуірі идеяларының әсерімен схоластикалық дәстүрлерден қол үзіп, практикаға жүгіне бастады. Шығыс жұртының компасты, оқ-дәріні ойлап табуы және кітап басу тәсілін меңгеруі ғыл. және тех. қызметтердің берік одағын құруға жетелеген ұлы жаңалықтар болды. Жалпы, бұл – ғылыми-техникалық прогресстің бірінші кезеңі саналады. Кейінгі кезеңдерде ұлғая түскен мануфактуралық өндіріс мұқтажы үшін су диірменін пайдалану әрекеті кейбір мех. процестерді теор. тұрғыдан зерттеуге жетеледі. Тісті дөңгелектер қозғалысының теориясы, науа теориясы, су қысымы туралы, қарсыласу мен үйкелу туралы ілімдер пайда болды. Яғни, мануфактуралық кезең ірі өнеркәсіптің бастапқы ғыл. және тех. нышандарын дамытып, Г.Галилей, И.Ньютон, Э.Торричелли, кейін Д.Бернулли, Э.Мариотт, Ж.Л.Д’Аламбер, Р.А.Реомюр, Л.Эйлер, т.б. ғалымдар тарихқа «өндіріс қызметшілері» деген атпен енді. 18 ғ-дың соңында машина өндірісінің пайда болуына математиктердің, механиктердің, физиктердің, өнертапқыштар мен шеберлердің үлкен бір тобының ғыл.-тех. жасампаз іс-әрекеттері негіз қалаған еді. Дж. Уаттың бумен жүретін машинасы конструкторлық-тех. ізденістің ғана емес, «ғылымның жемісі» саналды. Ал машиналы өндіріс өз кезеңінде ғылымды технол. тұрғыдан қолдану үшін тың, шын мәнінде шектеусіз мүмкіндіктерді ашты. Осының өзі ғылыми-техникалық прогресстің жаңа, екінші кезеңіне айналып, ғылым мен техника бір-бірін аса қарқынды дамуға ынталандырып отырғандығымен ерекшеленді. Ғыл.-зерт. қызметінің теориялық шешімдерді техникалық нұсқаға жеткізуге құзырлы арнаулы буындары: қолданбалы зерттеулер, тәжірибелік-конструкторлық жасалымдар, өндірістік жетілдірулер үрдісі қалыптасты. Ғылыми-техникалық іс-әрекет адам еңбегінің ең ауқымды, ажырамас бөлігіне айналды. Ғылыми-техникалық прогресстің үшінші кезеңі қазіргі заманғы ғыл.-тех. революция жетістіктерімен байланысты. Оның ықпалымен техниканы дамытуға арналған ғыл. пәндердің аясы кеңи түсуде. Тех. міндеттерді шешу ісіне тек электроншы инженерлер мен компьютерші мамандар ғана емес, сондай-ақ биологтар, физиологтар, психологтар, лингвистер, логиктер де белсене қатысады. Ғылым техниканы үздіксіз революцияландырушы күшке айналды. Ал техника болса, ғылымның алдына тың талап, тосын міндет қою әрі оны күрделі эксперименталды жабдықтармен жарықтандыру арқылы алға тартып келеді. Осы заманғы ғылыми-техникалық прогресстің ерекше қыры – тек өнеркәсіпті ғана емес, сондай-ақ қоғами тұрмыс-тіршіліктің, т.б. көптеген салаларын: ауыл шаруашылық, көлік қатынасын, байланыс аясын, медицина мен білім беру ісін, қызмет көрсету түрлерін қамтитындығы. Ғылыми-техникалық прогресс әлеуметтік прогрестің негізі болып табылады. Ғылыми-техникалық революция. Ғылыми-техникалық революция – ғылымды өндірістік дамудың жетекші факторына айналдыру арқылы өндіргіш күштерді түбегейлі өзгертіп, сапалық жағынан түлету. 20 ғ-дың 40-жылдарынан басталған ғылыми-техникалық революция барысында ғылымның өндіргіш күшке айналу үрдісі қарқын алып, елеулі нәтижелерге қол жетті: ең бастысы, еңбектің жай-ахуалы, сипаты мен мазмұны, өндіргіш күштердің, еңбек бөлінісінің құрылымы өзгеріске ұшырап, еңбек өнімділігі күрт өсті, сол арқылы қоғам өмірінің өзге салалары, әсіресе, адамдардың мәдениеті, тұрмысы, психологиясы жетіліп, табиғатпен қарым-қатынасы айқындала түсті. Ғылыми-техникалық революцияның – екі негізгі алғышартты: ғыл.-тех. және әлеум. сипаттағы алғышарттары болды. Оның пісіп-жетілуінде 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың басындағы жаратылыстанудағы жетістіктер шешуші рөл атқарды. «Жаратылыстанудағы революциялар» дүмпуі электронның, радийдің, химиялық элементтер түзілуінің ашылуына, салыстырмалық теориясы мен кванттық ілімнің негізделуіне орай жүзеге асып, ғылымның микроәлем мен үлкен жылдамдықтар саласына дендей енуімен ерекшеленді. Ең алдымен, өнеркәсіп пен көлік қатынасында электрді қолдануға орай техникада да түбірлі өзгерістер болды. Радио ойлап табылып, жаппай тұтынымға енді. Авиация дүниеге келді. 20 ғ-дың 40-жылдары ғылым атом ядросын ыдырату проблемасын шешті. Әсіресе, кибернетиканың пайда болуы маңызды рөл атқарды. Атом реакторларын және атом бомбаларын жасау жөніндегі зерттеулер көптеген мемлекеттердің ұлттық ғыл.-тех. жобалар шеңберінде ғылым мен өнеркәсіпті өзара әрекеттестіру шараларын қолға алуына қозғау салды. Ғылым салаларын қаржыландыру деңгейі күрт өсіп, зерттеу мекемелерінің саны көбейді. Ғылым және техника жасалымдардың арасында тікелей байланыс күшейіп, ғылым жетістіктерін өндіріске енгізу қарқыны артты. 20 ғ-дың 50-жылдары ғыл.-зерттеулерде, өндірісте, сондай-ақ басқару жүйесінде ғылыми-техникалық революцияның рәмізіне айналған электронды-есептеу машиналары кеңінен пайдаланыла бастады. Ғылыми-техникалық революцияның қазіргі кезеңі: ғылымның өндіргіш күшке айналып, қоғамдық еңбек бөлінісінің жаңа сатыға өтуімен; өндіріс құралдары мен шаруашылық қарым-қатынастар субъектісінің сапалы өзгеріске ұшырап, өнімге жұмсалатын материал, капитал мен еңбек шығынының көрсеткіші кеми түсуімен; жаңа энергия көздерінің табылып, сипаты алдын ала белгіленген жасанды материалдарды қаделеуімен; өндірісті ғыл. ұйымдастырудың, бақылаудың және басқарудың зәру құралы ретінде ақпараттық қызметтің мән-маңызы артып, ғылым салаларының өзара байланысының, күрделі проблемаларды кешенді зерттеу қарқынының, гуманитарлық ғылымдар рөлінің өсуімен; әлеум. прогрестің мейлінше қарқындап, күллі адамзат іс-әрекеттерінің ынтымақтастыққа ойысуымен, «ғаламдық проблемалар» деп аталатын мәселелердің пайда болуымен ерекшеленеді. Осындай негізгі ерекшеліктерімен қатар ғылыми-техникалық революцияның басты ғыл.-тех. бағыттары: өндірістік үрдістерді, өндірісті бақылау мен басқаруды кешенді түрде автоматтандыру; энергияның жаңа түрлерін тауып, пайдалану; жаңа құрылымды материалдарды, биотехнологияны, информатиканы қолдану жолы қалыптасқан. Алайда ғылыми-техникалық революцияның мәні әлгі аталған ерекшеліктеріне де, басты бағыттарына да, тіпті қандай да бір ғаламат ғыл. жаңалықтарға да барып саймайды. ғылыми-техникалық революция. дегеніміз өндірістің бүкіл тех. базисін, бүкіл технол. тәсілдерін қайта құруды ғана білдіреді. ғылыми-техникалық революция адамзаттың аса маңызды қызметтері аясының: табиғат пен қоғам заңдылықтарын теория жүзінде танудың (ғылым); табиғатты түлетудің тех. құралдары мен тәжірибелері кешенінің (техника), материалдық игіліктерді жасау үрдісінің (өндіріс) және практикалық іс-қимылдар мен әрқилы қызмет түрлерінің жосықты өзара байланысу тәсілдерінің (басқару) бірегей жүйесін құруға арналған алғышарттар жасайды. Өндіріс пен қоғамдық тұтынымдағы ғылыми-техникалық революция енгізген өзгерістер ауқымы мен қарқыны адам мен табиғаттың, қоғам мен табиғи ортаның қарым-қатынасын жаңа сатыға шығарып, халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуды талап етуде. Әсіресе, ғылыми-техникалық революцияның салдарынан туындаған кейбір зардаптар ұлттық, тіпті құрлықтық шеңберден шығып, көптеген елдің күш біріктіруін, халықар. деңгейде реттеуді қажетсінеді. Мыс., табиғи ортаның ластануымен күресу, ғарыш серіктері арқылы байланысу, әлемдік мұхит ресурстарын игеру, компьютерлік-технол. желілер қауіпсіздігін қамтамасыз ету, т.с.с. мәселелер бойынша өзара ынтымақтастық ахуалын орнатып, ғыл.-тех. жетістіктер айырбасына жол ашуға әр түрлі даму деңгейіндегі мемлекеттердің мүдделілігі артып келеді. Ғылыми-фантастика. Ғылыми-фантастика (ағылш. scіence fіctіon – ғыл. туынды) – көркем әдебиетте, сондай-ақ кино, кескіндеме, т.б. өнер салаларында қалыптасқан жанрлық түр. Ғылыми-фантастика өнердегі дербес жанр ретінде 20 ғ-да қалыптасқанымен, оның қайнар бастаулары ежелгі әпсаналарда, ауыз әдебиетінде жатыр. Оған қиял-ғажайыптық, ертегілік қасиет те тән. Фантастика (грек. phantasіa – қиялдау, phantastіke – қиялдау өнері) ұғымының өзі де қиялдану өнеріне байланысты пайда болған. Қазіргі әдебиеттану мен өнертану ғылымында фантастиканың «ертегілік» және «ғылыми» белгілерінің ара-жігі ажыратылмаған. Әдебиетте ғылыми-фантастика – ғылыми поэзия және ғыл. проза болып, екі пішімде қалыптасты. Ғылыми поэзия терминін әдебиеттану саласында алғаш француз поэзиясының теоретигі Рене Гиль «Сөз туралы трактат» (1896) еңбегінде қолданды. Ол ғылыми поэзияның белгілері ежелгі дәуір әдебиетінің өкілі Лукреций Кардың «Заттың табиғаты» поэмасында көрініс тапқанын мысалға келтіреді. Поэзиядағы ғылыми-фантастика жалпы фантастикалық арнадан бөлекше, философия-әлеумметтік бағыттағы мүмкіндігімен ерекшеленеді. Ғылыми-фантастика прозаның барлық жанрында (роман, повесть, әңгіме, т.б.) қарқынды дамып, көркем әдебиеттің арналы саласына айналды. Қазіргі қазақ әдебиетіне ғылыми-фантастика дербес жанр ретінде 20 ғ-дың 70–80-жылдары республика жазушыларының шығармалары арқылы қалыптасты. Зерттеушілер қазақ әдебиетіндегі ғылыми-фантастика жанрының алғашқы белгілерін ертегілерден («Ер Төстік», «Ұшқыр кілем», т.б.), аңыздарын («Қорқыт ата», «Баба түкті шашты Әзиз», т.б.) таратып, болашақты болжай білген халық қиялының ұшқырлығына тәнті болуда. Кинода ғылыми-фантастика жанры 20 ғ-дың басында қалыптаса бастаса, ал бейнелеу өнеріндегі ғылыми-фантастика жанры көбінесе көркем шығармалардың сюжеттері негізінде қалыптасқан. Ғылым логикасы. Ғылым логикасы – ғылыми танымның логикалық заңдылықтарын зерттейтін философия ғылымының саласы. Ғылым, ғылыми теория өзінің зерттейтін нәрсесін ұғым мен ой түрінде бейнелейді. Соның арқасында ғылым қарастырылып отырған пән саласындағы ой-өрістің барысын, ережелерін анықтайды. Әрбір ғылымның өзіндік логикасы бар және оны логикалық тұрғыдан талдау қажет. Ғылым логикасы жалпы ғылымға, ғылыми танымға тән заңдылықтарды зерттейді. Филос. зерттеудің арнайы объектісі ретіндегі Ғ. л. жөнінде 20 ғ-дың 1-жартысында позитившіл филос. ағым өкілдері (Г.Фреге, Б.Рассел мен Л.Витгенштейн) мәселе көтере бастады. 30-жылдары Вена үйірмесіне қатысушылар, сондай-ақ К.Поппер, В.Дубислав, Х.Рейхенбах, т.б. ғалымдар философияны формальды логика ретінде түсіндіріп, оның міндеті – ғылымның тіліне талдау жасау деген анықтама ұсынды. Әсіресе, Рейхенбахтың айтуынша, философтың қолынан келетіні – ғылым нәтижелерін талдау, оларға мағына беру және дұрыстығын анықтау ғана. Таным теориясы ғылымды анализдеу болады. Бұл тұжырым әрине, философияның өзіндік проблематикасын жоққа шығарады. Бірақ бұдан ғылым логикалық талдаудың объектісі бола алмайды деген қорытынды шықпайды. Формальды логика дайын, қалыптасқан білімді қарастырады; білімнің жалпы ғылымға тән формальдық құрылымын, элементтерінің байланысын зерттейді. Ғыл. танымды талдап зерттеуге формальды логиканың дайын аппаратын (индуктивтік және дедуктивтік) қолданудың практикалық пайдасы зор. Қазіргі кезде оны пайдаланбайтын ешбір ғылым саласы жоқ. Бірақ оның ғыл. танымды зерттеудегі рөлін тым асыра бағалап, ғылымның бірден-бір логикалық негізі деу үстірттік. Білім жүйесі ретінде ғылымға талдау жасағанда формальды логиканың тұрғысынан шешілмейтін басқа да мәселелер ұшырасады. Олар – білімнің ақиқатқа қатысы, оның генезисі, шынайылығы, т.б. Мұндай мәселелер танымның логикасы мен теориясы болып саналатын диалектика тұрғысынан қарағанда ғана толық шешімін табады. Диалектиканың заңдары мен категориялары – адам танымы мен практикасының қорытындысы, жиынтығы. Ол адам ойының ақиқатқа, жаңа ғыл. жетістіктерге жетуіне жол ашып, реттейтін логикалық пішім – ғыл. ойдың принциптері. Диалектика үшін өзгермейтін дайын білім жоқ; білімді жалпы таным дамуының бір кезеңі ретінде қарастыра отырып, оның қалай пайда болатынын, даму заңдылықтарын айқындап, ғыл.-зерт. әдістерінің рөлі мен міндеттерін ашып көрсетеді. Яғни, формальды логика дайын, қалыптасқан білімді оның түпнұсқалы негізінен айырып алып қараса, диалектикалық логика, керісінше, танымның қайнар көзін, даму бағытын, оның түпнұсқасы мен негізін, табиғатын белгілі бір заңдылықтар аясында зерттейді. Зерттеліп отырған жүйені жан-жақты, теория жүзінде нақтылы бейнелеу үшін бүтін жүйенің бастапқы негізін зерттеп білу керек. Бұл бастапқы негіз жүйенің басқадай қырларын, анықтамаларын мүмкіндік түрінде де, дамыған түрінде де бойына сіңіреді. Бірақ ғылым бір жақты, абстрактілі түсінікпен қанағаттанып қалмайды. Ұғынудың бір жақтылығынан, жартыкештігінен әрі өту үшін әлгі объектінің ішкі қайшылықтары, қалыптаса дамуының басты-басты кезеңдері, өмір сүру пішімдері ғылымның жаңа, нақтылы ұғымдарымен бейнеленуі қажет. Ойлаудың бұл диалект. даму жолы абстрактіліктен нақтылыққа өрлеу әдісі деп аталады. Бұл әдіс өзінің логикалық құрылымы жағынан өте күрделі. Мұнда теория мен эмпирия, тарих пен логика, индукция мен дедукция, анализ бен синтез тоғысып жатады. Сонымен ғылым логикасы. – өз алдына ғылым саласы немесе ерекше логикалық жүйе емес, ол ғылым сияқты күрделі объект жайындағы білімдердің жиынтығы. БАЛҚЫТЫП БІРІКТІРУ. Балқытып біріктіру, пісіру – "металл бұйымдарды балқу температурасына дейін қыздыру немесе пластикалық күйге дейін келтіру арқылы бір-бірімен біріктірілетін денелердің аралығында атомаралық (молекулааралық) байланыстардың түзілуі нәтижесінде оларды ажырамайтындай етіп біріктіретін технологиялық процесс." Металдар мен қорытпалар, сондай-ақ пластмасса, шыны, керамика және әр текті металдар балқытып біріктіріледі. Балқытып біріктіру кезінде қыздыру көздерін пайдаланып біріктіруге кері процесс те (мысалы, металдарды отпен немесе термиялық кесу) жүзеге асырылады. Балқытып біріктірудің қарапайым тәсілдері біздің заманымыздан бұрынғы 8 – 7 мыңыншы жылдары белгілі болған. Мысалы, Мысыр пирамидаларынан қалайымен біріктірілген алтын бұйымдар, ал Помпей қаласын қазу кезінде жапсарлары біріктірілген қорғасын су құбырлары табылды. Оларда қосылатын бөлшектер алдын ала қыздырылып, одан әрі бір-біріне жанши отырып біріктірілген не қыздырылған бөлшектердің арасына балқыған металл құйылған. Ал темір мен оның қорытпаларынан жасалған бұйымдар ұсталық көрікте «шоқтануға» дейін қыздырылып, одан әрі олар бір-біріне соғу арқылы біріктірілген. 19 ғасырдың соңына дейін тек осы екі тәсіл ғана іс жүзінде кеңінен таралды. Балқытып біріктірудің жылдам дамуына 1802 ж. орыс ғалымы Василий Петров ашқан электр доғасы (доғалық разряд) себепші болды. 1882 ж. орыс инженері Николай Бенардос балқымайтын электродпен (көмір немесе графит) балқытып біріктіру тәсілін, ал 1888 ж. орыс инженері Николай Славянов балқитын электродпен балқытып біріктіру тәсілін ұсынды. 1949 ж. электр шлагымен балқытып біріктіру тәсілі Украинада Электрлік балқытып біріктіру институтында жасалды. Осы институтта академик Евгений Патонның жетекшілігімен флюс қабаты астында және ғарыш кеңістігінде балқытып біріктіру жұмыстары жүзеге асырылды. 20 ғасырдың 50-жылдарының аяғында Францияда металдарды тығыз электрондар шоғының көмегімен балқытып біріктіру тәсілі, ал соңғы жылдары балқытып біріктіру процесінде оптикалық кванттық генератор-лазер пайдаланыла бастады. Қазіргі уақытта балқытып біріктірудің алпыстан астам тәсілдері бар. Қосылыс аймағындағы материалдардың физикалық күйіне байланысты балқытып біріктірудің барлық тәсілдерін шартты түрде: балқыту арқылы балқытып біріктіру және қысым арқылы балқытып біріктіру деп бөлуге болады. Балқытып біріктіру тәсілдерінің ішінде пісірілген жапсар сапасының жоғарылығына, қарапайымдылығына, т.б. қарай электр доғасымен балқытып біріктіру ең көп тараған. Электр доғасымен балқытып біріктіру тәсілінде металды қыздыруға қажетті жылу электродтан немесе электрод пен металл арасында түзілетін доғадан алынады. Электр доғасымен балқытып біріктіруде балқитын және балқымайтын электродтар қолданылады. Балқымайтын электродтардың (көмір, графит, вольфрам) диаметрі 5 – 30 мм, ұзындығы 200 – 300 мм болып жасалады және ол металды тұрақты токпен балқытып біріктіру кезінде пайдаланылады. Балқитын электродтар металдың химиялық құрамына, пайдалану мақсатына, т.б. сәйкес болат, шойын, мыс, жез, қола, т.б. металдар мен қорытпалардан жасалады. Олардың ұзындығы 300 – 450 мм, диаметрі 1 – 12 мм болып, жалаңаш және сырты қапталған түрлерге ажыратылады. Металды терең балқытып біріктіру тәсілінде электродтың сыртқы беті балқу температурасы жоғары қабатпен қапталады. Үш фазалы токпен балқытып біріктіруде ток көзінің екі фазасы параллель екі электродқа, үшіншісі металға жалғанады. Екі электрод пен металдың және электродтардың өз арасында үш доға пайда болады. Доғаның бірі сөнсе де, қалған екі доғаның балқытып біріктіру мүмкіндігі бар. Сондықтан оның еңбек өнімділігі жоғарырақ болады. Қорғағыш газ қабаты астындағы балқытып біріктіру тәсілінде газ балқыған жапсардың атмосферамен жанасудан және металды тотығудан сақтайды. Қорғағыш орта ретінде аргон, гелий, сутек, т.б. газдар пайдаланылады. Электр шлагымен балқытып біріктіру тәсілінде қажетті жылу мөлшері электр өткізгіш шлакпен ток өткізу арқылы алынады. Бұл тәсілмен қалыңдығы әр түрлі гидравликалық турбина, жоғары қысымды бу қазандары, мартен пешінің қаңқасы, т.б. күрделі әрі ірі бұйымдар балқытып біріктіріледі. Қысым арқылы (қыздырылып немесе қыздырылмай) балқытып біріктіру кезінде біріктіретін бөлшектердің материалдары сырттан қысушы күштердің әсерінен деформаланып, берік қосылыс түзеді. Қысым арқылы балқытып біріктірудің түйіспелік, конденсаторлық, ультрадыбыстық, диффузиялық, т.б. тәсілдері бар. Балқытып біріктірудің қажетті тәсілі біріктірілетін материалдардың физикалық-химиялық қасиеттеріне, қосылатын бөлшектердің қалыңдығына және қосылыстың құрылымына, т.б. қарай таңдап алынады. Балқытып біріктірудің өнеркәсіпте алатын орны орасан зор. Ол металды және басқа да қатты материалдарды өңдеумен айналысатын барлық өндірісте кеңінен қолданылады. Көптеген балқытып біріктіру жұмыстары автоматтандырылған. ЕРЖАНОВ Жақан Сүлейменұлы. ЕРЖАНОВ Жақан Сүлейменұлы (10.2.1922, Павлодар обл. Баянауыл ауд. Қарабұлақ а. – 27.2.2003, Алматы қ.) – тех. ғыл. докт. (1963), проф. (1969), Қазақстан ҒА-ның (1970) және ҚР Инж. академиясының (1993) акад., Қазақ КСР-інің еңбек сің. ғыл. қайраткері (1971). Қазақ кен-металлургия ин-тын (1944, қазіргі Қазақ ұлттық тех. ун-ті) Қазақстан ҒА-ның аспирантурасын (1947) бітірген. Қазақстан ҒА-ның Кен ісі ин-тында инж. (1942–44), кіші ғыл. қызметкер (1947–49), ҚазМУ-да (1949–51, қазіргі ҚазҰУ) аға оқытушы, Днепропетровск кен ин-тының доценті (1951–60), Қазақстан ҒА-ның Матем. және мех. секторында лаборатория меңгерушісі, Қазақстан ҒА-ның Матем. және мех. ин-ты директорының орынбасары және бөлім меңгерушісі (1960–68), Қазақстан ҒА Төралқасының Бас ғыл. хатшысы (1968–76), Қазақстан ҒА Сейсмология ин-тының директоры, Қазақстан ҒА-ның Жер жөніндегі ғылымдар бөлімшесінің акад.-хатшысы (1976–86), Қазақстан ҒА Матем. және мех. ин-тында (1987–91, қазіргі Теор. және қолданбалы матем. ин-ты), сондай-ақ 1991 жылдан Механика және машинатану ин-тында лаборатория меңгерушісі (1991–2003) болып қызмет атқарған. Оның негізгі ғыл. еңбектері жер механикасына, жер асты құрылыстарының беріктігі мен орнықтылығын және сейсмик. төзімділігін есептеу әдістеріне, жер қойнауындағы сейсмик. процестерді матем. модельдеуге, жер қабаты қатпарлануының матем. теориясына, жердің тектоник. даму механикасына, жердің айналуының жалпы теориясына, т.б. арналған. Е. 360-тан астам ғыл.-зерт. еңбектің, оның ішінде 38 монографияның авторы. Қазақ КСР-і Мемл. сыйл. лауреаты (1974). Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған. Жануарлар. Жануарлар – "тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (екіншісі – өсімдіктер); жүруге және сезінуге бейім тіршілік иесі; негізінен, дайын органикалық қосылыстармен қоректенетін гетеротрофты "организм"дер." Жануарлар құрылысына қарай бір клеткалы организмдер және көп клеткалылар болып екі топқа бөлінеді. Жер бетінде жануарлар прокариоттар (ядросыз организмдер), балдырлар, "саңырауқұлақтар"дан кейін пайда болған. Палеонтологиялық зерттеулерге қарағанда олардың жасы – 0,8 млрд. жылдан аспайды (1998). Жануарлардың дамуы да қоршаған ортаның эволюциялық дамуына сәйкес қалыптасқан. Эволюциялық өзгерістер сыртқы ортаның өзгерісіне организмдердің бейімделуімен ұштасады. Мысалы, құрлық жануарларының арғы тегі су жануарлары болып саналады. Ал қоршаған ортаға бейімделе алмаған құрлық жануарлары бұрынғы тіршілік ортасында қалып қойған. Жануарлардың қазба қалдықтарын зерттеу нәтижесі қарапайым организмдердің архей эрасында мұхиттарда бұдан 1 – 1,5 млрд. жыл бұрын клетка формасында хлорофилсіз амеба тәрізді талшықтылар түрінде пайда болған деп жорамалдауға мүмкіндік береді. Протерозой эрасында тіршілік еткен жануарлар қалдықтарынан радиоляриялар, фораминифералардың іздері, губкалардың қаңқалары, буылтық құрттардың түтікшелері, моллюскілердің бақалшақтары, тіпті буынаяқтылардың да қалдықтары табылған. Жануарларда ас қорыту, қан айналу, жүйке жүйесі, сезім және жыныс органдары, тыныс алу, зәр шығару жүйесі жақсы жетілген. Дүние жүзінде жануарлардың 1,6 млн-дай түрі, 17 типі бар. Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы өте зор: көпшілігі пайдалы болып табылады. Азық-түлік, әр түрлі өнеркәсіп шикізатын: ет, май, сүт, тері, жүн, бал, жібек, мүйіз, бақалшақ, т.б. береді. Сондай-ақ, олар – ауыл шаруашылық дақылдарының тозаңдатушылары, топырақ түзушілері, басқа жануарларға азық қорлары, органикалық заттардың ыдыратушылары болып табылады. Жануарлардың өнімділігін арттыруды, тиімді пайдалануды және табиғаттағы қорын сақтауды зоология ғылымы мен оның салалары зерттейді. Жануарлардың бағдарлануы – жануарлардың кеңістіктегі тіршілік ету қабілеттілігі; белгілі бір экологиялық жағдайға бейімділігі. Бағдарланудың бірнеше түрі бар: 1) оптикалық – көптеген жәндіктердің полярланған жарық немесе ультракүлгін сәуле арқылы бағдарлануы; 2) химиялық – кейбір жануарлардың қорегін, жұбын иіс арқылы дәл табуы (мысалы, жібек көбелегінің аталығы 10 км жерден аналығын иіс арқылы сезеді); 3) акустикалық – жыртқыш жануарлардың өз қорегін есту арқылы ұстауы (мысалы, жапалақ кеміргіштерді 15 – 20 м-ден сыбдыры арқылы біледі); 4) терморецепция – жылу арқылы бағдарлану (мысалы, айдаhарлар мен қалқантұмсықты жыланның тұмсығында жылуды сезетін шұңқыры болады). Көптеген төменгі сатыдағы омыртқасыздар (мысалы, планария), жәндіктер (шыбын, қоңыз, термиттер), сондай-ақ, құстар және кейбір суда тіршілік ететін сүтқоректілер Жердің магниттік өрісі, ал балықтар бүйір сызығы арқылы бағдарланады. Жануарлардың бағдарлану ерекшелігін, оны атқаратын органдардың құрылысын зерттеп танудың ғылым үшін маңызы зор. Жануарлардың дауысы – бір түрге, кейде әр түрге жататын жануарлардың өзара бірін-бірі ажырату және түрлі сезімін білдіру үшін шығаратын дыбыстары. Бұл көптеген жәндіктерге, балықтарға, құйрықсыз қосмекенділерге (құрбақа, бақа), кейбір бауырымен жорғалаушыларға (жармасқылар, хамелеондар, қолтырауындар) және барлық құстар мен сүтқоректілерге тән. Жануарлардың дыбыс диапазоны 20 Гц – 20 кГц аралығында және ол тек дыбыс аппараты арқылы ғана пайда болатын дыбыс (шаянтәрізділерде, жәндіктерде) емес, балықтың торсылдағымен, жүзу қанатымен, құстың құйрық қауырсынымен, қанатымен, тұмсығымен (қарабауыр бұлдырық, дегелек), аяғындағы не қанатындағы арнайы аппараттарымен (түзу қанатты жәндіктер) шығаратын дыбыстары да болады. Жануарлардың сайрау, қорқу, айбат шегу, ашыққан, сескенген, жұптасу кезінде шығаратын әр түрлі дыбыстары болады. Кейбір жануарлар дауысын ғалымдар шаруашылыққа зиян келтіретін құстарға, жәндіктерге, т.б. кейбір хайуанаттарға қарсы пайдаланып, бау-бақшаны, егістікті қорғайды. Мысалы, Қазақстан орнитологтары қараторғайдың шығаратын дыбыстарын жазып алып, акустикалық әдіспен жүзім бағының зиянкестеріне қарсы қолдануда. Жануарлардың жүзуі – жануарлардың суда тіршілік етуге бейімделуінің бір түрі. Бұл шартты және шартсыз рефлекстер салдарынан да қалыптасады. Жануарлар жүзуге әр түрлі жағдайда бейімделген. Кейбір түрі тіршілігінің көп уақытын (су жануарлары, қосмекенділер) суда жүзіп өткізсе, құрлық жануарлары жолындағы кедергіден, судан өткенде не суға кенет түсіп кеткенде жүзеді. Жануарлардың суда жүзіп тіршілік етуге бейімделуі активті және пассивті болып екі түрге бөлінеді. Активті түрінде түрлі жүзу органдарын (қарапайымдар, құрттар – кірпікшелерін, шаянтәрізділер – мұртшаларын, құстар, ескек аяқтылар, қамшат және құндыз – аяқтарын) қозғап жүзеді. Жүзудің пассивті түрінде жануарлар денесін әр түрлі иіп (балықтардың көптеген түрлері, құйрықты қосмекенділер, барлық қосмекенділердің дернәсілі, жылан, сүлік т.б.), қозғап жүзеді. Жүзуге бейімділік сүтқоректілердің де арасында байқалады. Мысалы, камшаттың, құндыздың, жұпартышқанның, су күзенінің және ондатрдың бармақтарының арасында жарғағы болады, жүні жылтыр, су жұқпайды. Жануарлардың қорғаныш бейімділігі – жеке организмнің тіршілік үшін күресте сақталуына, ұрпақ қалдыруына көмектесетін морфологиялық, физиологиялық және этиологиялық ерекшеліктері. Морфологиялық қорғаныш бейімділігі – бүркеніш реңнің барлық түрі, жануарлардың пішіні, жауынан қорғану органдары, т.б. Кейбір организмдердің лимфасы, қаны, терісі улы болуы, жағымсыз иіс (қандала, көптеген қоңыздар, құндыз, т.б.), улы зат шығаруы, денесіне қоректік зат жинап, қысқы-жазғы ұйқыға кетуі – физиологиялық бейімділігін көрсетеді. Жануарлардың жауынан қашуы, жасырынуы, балаларын қорғауы, жауына ұсталып қалған кезде құйрығын, аяғын үзіп кетуі, сондай-ақ қорқытатын дауыс, ысылдау не пішінін өзгертіп айбат шегуі – этиологиялық бейімділігін көрсетеді. Жануарлардың қыстап шығуы – ауа райы суық және қоңыржай аймақтарда жануарлардың қыстың қолайсыз жағдайынан сақтануы. Қыстап шығудағы негізгі қиыншылық – қорегін табудың қиындауы, қорек қорының азайып, сапасының нашарлауы. Бұл қиыншылыққа бейімделу үшін балықтар, құстар, сүтқоректілер қорек іздеп бір жерден екінші жерге орын ауыстырады. Кейбір жануарлар, әсіресе, жыртқыш аңдар (қасқыр, жолбарыс, барыс) қорегін іздеп бірнеше шақырым жерге дейін кетіп қалады. Арқар, таутеке, елік, т.б. таулы аймақтарда мекендейтін жануарлар қыс түсісімен қары жұқа, шөбі мол жерлерге қоныс аударады. Сүтқоректілердің кейбір түрі (сарышұнақ, суыр, жайра, т.б.) қыста қорек іздемейді, олар қысқы ұйқыға кетеді. Қыс алдында көптеген жануарлар түлеп, семіреді. Бұл да жануарлардың қыстап шығуға бейімділігінің бірі болып саналады. Жануарлар тіршілік мекеніне қарай 2 топқа бөлінеді: 1) эвритоптық жануарлар – әр түрлі жағдайларда тіршілік ететін түрі (мысалы, қасқыр, түлкі, қарға, т.б.). Бұлар көп тараған, нақты мекен талғамайды, түрлі географиялық аймақтарда кездеседі; 2) стенотоптық жануарлар – белгілі бір жерде ғана тіршілік ететіндері (мысалы, тек құмды жерде кездесетін тараққұйрық сарышұнақ немесе тек таза, тұнық суда болатын бахтах, т.б.). Мекенін үнемі ауыстырып, бірнеше биотопта тіршілік ететін жануарлар да бар. Мысалы, көкқұтан биік ағаштарға ұя салады да, өзен-көлге барып жемін аулайды. Жануарлардың әр түрлі биотопта мекендеуі олардың белгілі бір даму сатысына да байланысты. Мысалы, бақаның дернәсілі суда өсіп дамиды, ал ересек бақа су жағасындағы ылғалды жерлерді мекендейді. Жануарлардың ұшуы – организмдердің тіршілік ортасына бейімделуінің бір түрі. Ұшу (жәндіктерді есептемегенде) өте ертеде тіршілік еткен ұшқыш кесірткелер (птерозаврлар) топтарынан бастап байқалады. Жоғары сатыдағы омыртқалылар арасында ұшуға жақсы бейімделгендері – қырлытөсті құстар. Сүтқоректілерден тек жарқанат қана ұшуға жақсы бейімделген. Сүтқоректілердің ішінде қалқып ұшатын түрлері де бар (мысалы, ұшар). Жауынан қорғану үшін ұшатын балықтар да кездеседі (мысалы, ұшқыш балықтар). Ұшу жануарлардың эволюциялық дамуында олардың әр түрлі тіршілік ортасына бейімделуінен пайда болған. Жануарлардың қоныс аударуы (латынша mіgratіo – қоныс аудару) – тіршілік еткен ортасының өзгеруіне немесе көбею кезеңіне байланысты жануарлардың мекен ауыстыруы. Бұл тұрақты (маусымдық не тәуліктік) және тұрақсыз болып екіге бөлінеді. Маусымдық мекен ауыстыру тіршілік мекеніндегі жағдайдың әлсін-әлсін өзгеруіне немесе жануарлардың көбею кезеңіне, ал тұрақсыз мекен ауыстыру тіршілік ортасының кенет нашарлауына байланысты болады. Жануарлардың қоныс аударуы сүтқоректілер, құстар, балықтар және жәндіктер арасында жиі кездеседі. Жануарлардың қоныс аудару жолын, көбінесе, оларды таңбалау арқылы білуге болады. Жануарлардың ұйқысы – жылы қанды жануарлардың қолайсыз жыл мезгілдеріне бейімделуі. Бұл кезде олар інінде, ағаш қабығы астында, топырақ арасында жатып, денесіне қоректік заттар қорын (салмағы 30 – 40% май болады) жинау арқылы тіршілігін жалғастырады. Жануарлар ұйқысының бірнеше түрі бар: 1) тәуліктік (мысалы, жарқанаттар, колибр, т.б.); 2) маусымдық – республикамыздың шөл, шөлейт аудандарындағы сүтқоректілердің (мысалы, зорман, суыр, сарышұнақ, т.б.) жазғы ұйқысы қысқы ұйқыға жалғасады, сөйтіп олар ұзақ ұйқыға кетеді. Жануарлардың ұзақ ұйқыға кетуінің бірнеше себептері бар. Оның бірі ауа райының суықтығына немесе шілденің ыстығындағы қуаңшылыққа байланысты. Ұзақ ұйқыға кеткенде жануарлар қоректенбейді, сүтқоректілердің дене температурасы 5 – 7°С-қа дейін төмендейді. Бірақ организмде баяу да болса физиологиялық процестер жүріп жатады; 3) ретсіз – жануарлардың тіршілігінде кенеттен пайда болған қолайсыз жағдайдың салдарынан ұйқыға кетуі (мысалы, ақтиін, жанат ит, қарлығаш, т.б.). Ұйқыға кеткен жануарлар оттектің жетіспеуіне де, денесінен шыққан түрлі улы заттар әсеріне де, жұқпалы ауруларға да төзімді келеді. Жануарлар анатомиясы (грекше anatome – кесу, бөлшектеу) – жануарлардың жеке органдарының, орган жүйелерінің және организмнің бітімі (формасы) мен құрылысы туралы ғылым. Жануарлардың тұқымдық ерекшелігін – тұқымдық анатомия; органдардың орналасуы мен өзара қатынасын – топографиялық анатомия; организмнің құрылысын жүйелеуді – жүйелі анатомия; жануарлардың дене құрылысы ерекшелігін жасына байланыстыра анықтауды – жас анатомиясы; организмнің жыныстық дамуы мен өсуін – жыныстық анатомия; жануарлардың жүрген және бір орында тұрған кезіндегі сыртқы пішінін – мүсіндік анатомия зерттейді. Салыстырмалы анатомия әр түрлі типтер мен кластарға жататын жануарлар органдарын салыстыра зерттеп, олардың ұқсастығы мен айырмашылығы болуының заңдылықтарын, жануарлар дүниесінің шығу тегі мен тарихи дамуын анықтайды. Анатомия жөніндегі алғашқы жазба мәліметтер біздің заманымыздан бұрынғы 6 – 5-ғасырларда Мысырда, Үндістанда, Қытайда, Грекияда хатқа түскен. Мысалы, Гиппократ жануарлардың қаңқасы мен ішкі органдары туралы жазса, Аристотель сүйек қаптың маңызын, жүрек пен қан тамырларының байланысын дұрыс анықтап, жүйкені басқа мүшелерден ажырата білген. Герофил (біздің заманымыздан бұрынғы 304 ж.) өкпе артериясы, жүрек, көз алмасының құрылысын анықтады. Қайта өрлеу дәуірінде Леонардо да Винчи, А.Везалий ғылымға әр түрлі органдар туралы эксперименттік деректер енгізді. Қазақстанда жануарлар анатомиясы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары Алматы зоотехниялық-малдәрігерлік институты (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) (1929) мен Алматы медициналық институтының (қазіргі Қазақ ұлттық медициналық университеті) анатомия кафедраларында (1931) басталды. Қазіргі кезде зерттеулермен Қарағанды, Батыс Қазақстан, Семей, Ақмола медицина академиялары, Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Білім және ғылым министрлігінің бірқатар ғылыми-зерттеу институттары шұғылданады. Жануарлар генетикасы (грекше genesіs – шығу, пайда болу, тек) – жануарлардың тұқым қуалаушылық және өзгергіштік қасиеттерін зерттейтін ғылым. Оның негізгі мақсаты – шаруашылыққа тиімді белгілердің тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігінің заңдылықтарын ашу, оларды басқару жолдарын анықтау.Жануарлардың адамға қажетті жаңа тұқымдарын өсіріп шығару. Осыған байланысты жануарлар генетикасы мына мәселелерді зерттейді: 1) тұқым қуалаушылықтың материялық негізі; 2) тұқым қуалаушылық затының (геннің) ұрпақтан ұрпаққа берілу жолы мен заңдылықтары; 3) нақтылы бір белгілердің пайда болып, қалыптасып даму жолдары; 4) тұқым қуалаушылық заттың (генетикалық мәлімет) өзгеру себептері мен түрлері. Бұл мәселелер жануарлар дүниесі құрылымының әр түрлі деңгейінде (молекулалық, клеткалық, организмдік, популяциялық) зерттеледі. 19-ғасырдың аяғы 20-ғасырдың басында жануарлардың әр түріне тән хромосома саны, сонымен қатар хромосомалар құрылысының бұзылуы мен санының өзгеруіне байланысты әр түрлі аурулар мен әр түрлі жағымсыз ауытқулар байқалатыны анықталды. Жануарлар генетикасы оларды сұрыптауға негіз болды. Сұрыптау нәтижелілігіне тікелей қатысы бар жалпы және популяциялық генетика заңдылықтары ашылды. Бұл сұрыптау жүйесіне енген малдың биологиялық немесе шаруашылыққа тиімді белгілерін шартты түрде сапалық және сандық деп екі жікке бөлу қажеттігін дәлелдеді. Сапалық белгілердің жануарлар генетикасы ашқан тұқым қуалаушылық заңдылықтары оларды сұрыптау тәжірибесінде малдың ата-тегін анықтау, өнімділігі мен шағылыстырғандағы нәсілдік қасиеттерінің үйлесімділігін алдын-ала болжау үшін кеңінен қолданылады. Жануарлар морфологиясы (грекше morphe – пішін) – денесінің пішіні мен құрылысы, олардың жекеше және тарихи эволюциялық дамуы туралы ғылым. Бұл анатомия, гистология, эмбриология, цитология ғылымдарымен тығыз байланысты. Қазақстанда эволюциялық морфология (ұзақ тарихи даму процесі кезінде жануарлардың төменгі сатыдағы қарапайым түрінен жоғарғы сатыдағы күрделі организмдерге дейінгі аралығы); салыстырмалы морфология (әр түрлі мал тұқымдарының ұқсастығы мен айырмашылығы заңдылықтарын салыстыра зерттеу); мал тұқымдары морфологиясы (малдың органдарының құрылысын мал тұқымына байланыстыра зерттеу); функционалдық морфология (жануарлар организмі құрылысының ерекшеліктерін қызметіне байланысты сипаттау) салаларындағы зерттеулер кең өріс алды. Сүтқоректілердің (олардың ішінде малдың), құс пен балықтың, бауырымен жорғалаушылардың, жәндіктердің тыныс алу, ас қорыту, жүйке, жүрек-қантамыр, сүйек-ет жүйелері зерттеліп, олардың эволюциялық, экологиялық, филогенездік, түраралық, тұқымаралық ерекшеліктері анықталды. Салқын қанды жануарлар денесінде пигменттердің таралу ерекшеліктері айқындалды. Жүн мен жүн талшықтары, тері морфологиясы жөнінде көптеген құнды мәліметтер алынды. Жануарларды сұрыптау (латынша selectіo – таңдау, сұрыптау) – малдың жаңа тұқымдарын шығару және оларды жақсарту тәсілдері туралы ғылым; зоотехния саласы. Мұның мақсаты: малдың өнімділігін және түрлі ауруға төзімділігін арттыру, тіршілік мерзімін ұзартып, қазіргі өндіріс технологиясына бейімдеу. Қазақстанда өнімді аз беретін жергілікті мал тұқымдарын сұрыптау, іріктеу, оларды мол өнімді тұқымдармен будандастыру арқылы малдың жаңа тұқымдарын шығару іске асырылды. Республика селекционерлері тұқым таңдау, жұптастыру, аса бағалы генотиптерді іріктеп, оларды сұрыптауда пайдалану, алынған тұқымдардың қоршаған ортаға бейімделуі, алыстекті будандастыру мәселелерімен айналысты. Қазақтың ақбас сиыры, Әулиеата, Алатау сиырлары, Қазақтың биязы жүнді қойы, Оңтүстік қазақ мериносы, Солтүстік қазақ мериносы, Биязылау жүнді дегерес қойы, Қазақ арқар-мериносы, Кеңес жүндес ешкісі, Қостанай, Көшім жылқылары, жабы тәріздес Қазақ жылқысы, сонымен қатар үйректің “Медеу”, тауықтың “Алатау” түрлері, т.б. шығарылды. Сондай-ақ, Қырдың қызыл, Галловей, Санта-гертруда сиырларының тұқымын жақсарту әдістері ұсынылды. Айршир, Қалмақ сиырларының таңдаулы табындары мен Кроссбред қойының отарлары құрылды, биязылау жүнді және құйрықты қой типтері шығарылды. Жануарлар физиологиясы (грекше physіs – табиғи) – жануарлар организмінің, оның жеке клеткалары, тіндері мен органдарының, қызмет жүйелерінің тіршілігі туралы ғылым. Оның негізгі мақсаты – адамның мұқтажына, талабына сәйкес үй хайуанаттарының тіршілік әрекеттерін зерттеп, олардың өнімділігін, өнімінің сапасын арттыру. Жануарлар физиологиясы негізінде малдың қоректік заттар мен энергияға деген мұқтаждығы анықталып, нормативтер белгіленеді; төл өсіру мен малды күтіп-бағудың ғылыми негіздері ұсынылады; мал өсірудің тиімді жолдары анықталып (қолдан ұрықтандыру, ұрықты көшіру, т.б.) практикада әр түрлі техниканы қолдануға жол ашылады (мысалы, сауу қондырғылары); малды үйрету, машықтандыру негіздері анықталады; малдың жұқпайтын ауруларының себептері айқындалып, малдың өсуін жеделдететін түрлі биологиялық активті заттар – витаминдер, гормондар, тіндік қуаттандырғыш заттар қолданылады. Жануарлар физиологиясы ғылым ретінде тек 19-ғасырдың ортасы мен 20-ғасырдың басында қалыптасты. Жануарлар экологиясы – экологияның бір саласы. Бұл салада экожүйедегі популяцияның тіршілік ету заңдылықтары анықталып, жануарлардың қоршаған ортаға бейімделуі зерттеледі. Қоршаған ортада болып жатқан антропогендік факторлар жануарлар тіршілігін өзгертіп, тіпті кейбір түрлерінің жойылып кетуіне әкеледі. Қоршаған ортаға адамның тигізген іс-әрекетінің нәтижесінде, сондай-ақ технологиялық қалдықтар мен радиоактивтік заттардың, әр түрлі табиғатта болып жататын апаттардың әсерінен ауа, ландшафт құрамының бұзылуы, топырақтың ластануы – жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесіне елеулі өзгерістер әкеледі. Мысалы, 20-ғасырдың 50-жылдарындағы Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру нәтижесінде сол аймақта тіршілік ететін омыртқасыз жануарлардың 70%-ы жойылып кетті. 20-ғасырдың 60-жылдарынан бастап, Арал теңізінің тартылуына байланысты бағалы балықтар (сазан, қаяз, ақмарқа, т.б) құрып кетті. Омыртқалы жануарлардың 125 түрі және омыртқасыз жануарлардың 105 түрі Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Осыған орай, жануарлар экологиясы – қазіргі заманның өзекті мәселелерінің бірі. БЕЛЬГИЯ. Бельгия, Бельгия Корольдігі – Батыс Еуропадағы мемлекет. Жері – 30,5 мың км2. Халқы – 11 млн. адам (2007). Астанасы – Брюссель (1 млн.) Ірі қалалары: Антверпен, Гент, Шерлеруа, Льеж. Әкімшілік жағынан он провинцияға бөлінеді. Ресми тілдері – француз, нидерланд (фламанд) және неміс. Негізгі діні – католик (70%). Ислам дінін 200 мыңдай адам ұстанады. Ақшасы – бельгия франкі. Ұлттық мейрамы – жиырма бірінші шілде (Леопольд Біріншінің парламентке конституцияны құрметтеуге ант берген күні) мен он бесінші қараша (король әулетінің 1866 ж. таққа отырған күні). Бельгия – конституциялық монархия. Қазіргі конституциясы 1831 ж. қабылданып, оған бірнеше рет өзгерістер енгізілді. Мемлекеттік басшысы – король. Заң шығару билігін король мен парламент жүргізеді. Парламент – өкілдер (150 депутат) және сенат (71 мүше) палаталарынан тұрады. Атқарушылық билікті парламенттің алдында жауап беретін үкімет жүзеге асырады. Провинцияларды король тағайындайтын губернаторлар басқарады. Бельгия жерінің жазықтығымен, жылы климатымен ерекшеленеді. Арденн тауы Бельгияның оңтүстік-шығыс бөлігін алып жатыр. Ең биік жері – Ботранж шоқысы (649 м). Қаңтардағы орташа температура 3ӘС, шілдеде 18 – 19ӘС. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 700 – 900 мм, Арденн тауында 1250 мм. Басты өзендері: Маас және Шельда. Өзендер бір-бірімен каналдар арқылы жалғасқан. Бельгия жерін марал, елік, қабан, орман мысығы мен құндыз, құстардан қырғауыл, құр, т.б. мекендейді. Бельгия жерінде ерте заманда кельттердің белг (елдің атауы осыдан шыққан) тайпалары өмір сүрген. Біздің заманымыздан бұрынғы 57 ж. Рим империясы белгтер елін жаулап алады да, елдің оңтүстік-батыс бөлігінде Бельгика провинциясын құрды, ал 3 – 4 ғасырларда бұл жерге герман тайпалары – франктер, ішінара фриздер мен сакстер көшіп келе бастады. Бельгия жері 5 – 9 ғасырларда Франк мемлекетінің құрамына кірді де, кейіннен бірнеше графтықтардың құрамына бөлініп кетті. Орналасқан жері қолайлы болғандықтан 12 – 13 ғасырларда Еуропаның «шеберханасына» және халықаралық сауданың маңызды торабына айналды. 16 ғасырда қазіргі Бельгия, Нидерланд, Люксембург жері және Солтүстік Францияның бір бөлігі бірігіп, Нидерланд деп аталды да, 1621 ж. Испанияға қосылды. Испан тағына мұрагерлік үшін болған соғыстың (1701 – 1714) нәтижесінде Нидерланд Испаниядан австриялық Габсбургтер әулетіне өтті. 1794 ж. Бельгия Наполеон империясы құрамына еніп, ол құлағаннан кейін, Вена конгресінің (1814 – 15) шешімі бойынша Голландиямен бірге Вильгельм І бастаған Нидерландия корольдығына бірікті. Осы кездерде Бельгияда өнеркәсіп жедел дамыды. Темір жолдар салынып, банктер көптеп ашылды. 1830 ж. жиырма бесінші тамызда Брюссельде Голландия үстемдігіне қарсы көтерілістен соң, қарашаның оны күні ашылған Ұлттық конгресс елдің тәуелсіздігін жариялады. 1831 ж. бірінші қаңтарда Бельгияның мәңгі-бақи бейтараптылығы айқындалды. Сол жылы Ұлттық конгресс қабылдаған конституция елде конституциялық монархия орнатты. 19 ғасырдың 2-жартысында Бельгия өнеркәсібінде көмір өндіру, темір жол салу зор қарқынмен дамыды. Бірінші дүниежүзілік соғыс (1914 – 18) кезінде Германия Бельгияға басып кірген соң (1914 ж. 4 тамыз), оның бейтараптығы бұзылып, Антанта жағында соғысты. 1940 ж. оныншы мамырда неміс-фашист армиясы елді тағы басып алып, 1944 ж. қыркүйекке дейін билік жүргізді. Бельгия – БҰҰ-на, Солтүстік Атлантика ұйымына (НАТО), Еуропалық қауымдастыққа, Бенилюкс елдер одағына, т.б. халықаралық ұйымдарға мүше. Қазақстан Республикасымен дипломатиялық қарым-қатынасты 1992 ж. орнатты. Бельгия – әлемде индустриясы жоғары дамыған елдердің бірі. Қара металлургия – Бельгия өнеркәсібінің ежелгі салаларының бірі. Химия және электротехника өнімдерін шығару, машина жинау, құрылыс материалдарын дайындау, ағаш өңдеу (жиһаз, қағаз), т.б. дамыған. Орта және ұсақ фермерлі шаруашылықтар негізінен мал шаруашылық өнімдерін береді. Ал астық пен жеміс-жидектер шеттен әкелінеді. Экспортқа автомобиль керек-жарақтарын, химия мен металлургия өнімдерін, тағамдар мен киім-кешек шығарады. Сырттан минералдар, металл бұйымдары әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: Еуропалық қауымдастыққа мүше мемлекеттер және АҚШ. Жапырақ. Жапырақ – "жоғары сатыдағы өсімдіктердің фотосинтез, газ алмасу, буландыру, қор жинау, көбею қызметтерін атқаратын өсу мүшесі." Ол негізгі өркеннің жанама бұтақтарының қысқаруынан пайда болады. Жапырақтың пішіні әр түрлі келеді; сыртқы құрылысы – жапырақ тақтасынан (алақанынан) және сағақтан тұрады. Жапырақтың кеңейген жері – тақтасы, ал сабаққа бекінетін жіңішке бөлігі – сағағы деп аталады. Сағақсыз жапырақтар да болады. Сабақ буынынан тармақталған сағақты бір жапырақ өсіп шықса – жай жапырақ деп аталады. Бір сағаққа бірнеше жапырақ орналасса – күрделі жапырақ деп аталады. Жапырақ тақтасының анатомиялық құрылымы – оның қандай қызмет атқаратынын анықтайды. Жапырақ тақтасын екі жағынан да жұқа қабықшамен қапталған эпидермис жауып жатады. Эпидермистің астында борпылдақ ұлпа – мезофилл орналасады. Сонымен қатар бұл ұлпаның клеткаларында фотосинтезге және өсімдіктің тыныс алуына қатысатын хлоренхима бар. Жапыраққа беріктілік, серпімділік қасиет беретін, оның «қаңқасын» түзетін талшықтар жапырақ жүйкесін құрайды. Оның құрамында әр түрлі клеткалардан тұратын негізгі өткізгіш ұлпа – ксилема; өсімдікте органикалық заттарды таситын және өсімдіктің арнайы мүшелерінде (жер асты тамырында, өсу нүктесінде, жемісі мен дәнінде, т.б.) қор жинауға қатысатын түтікті-талшықты күрделі ұлпа – флоэма болады. Жапырақ сағағынан тақтасына қарай жалғасып жатқан өткізгіш шоқтар – орталық жүйке деп аталады. Өсімдік жапырағы белгілі бір заңдылықпен орналасады: 1) кезектесіп орналасу – сабақтың әр буынында дара жапырақ кезек-кезек шығады; 2) қарама-қарсы орналасу – сабақтың әр буынынан екі жапырақ бір-біріне қарама-қарсы өсіп шығады да, үстіңгі жапырақтар төменгілерін көлеңкелемейді (үйеңкі, қалампыр, жалбыз, сирень, т.б.); 3) топтанып орналасу – сабақтың бір буынында үш не одан да көп жапырақтың болуы (сарыағаш, қарғакөз, т.б.). Жапырақ алдымен ұшынан өсіп жетіледі, 30 – 40 күннен кейін өсуі тоқталады. Жапырақтың тіршілік ету ұзақтығы бірнеше айдан 15 жылға дейін созылады. Жапырақтың түсуі – өсімдіктің эволюциялық дамуында әр түрлі қолайсыз жағдайға бейімделуі, яғни күзде күн суытып, топырақ құрғаған кезде тамырдан өсімдіктің бойына келетін ылғалдың жетіспеушілігін азайтады және қыста қалың қар жауғанда өсімдік бұтағының сынып кетуінен сақтайды. Күзде күн суытып, топырақ құрғаған кезде жапырақтағы фотосинтез процесі бірте-бірте азаяды. Жапырақ пен сабақ арасындағы зат алмасу тоқтайды. Жапырақ сағағы түбіндегі клеткалар ыдырап, ажырау қабаты пайда болады. Бұл кезде жапырақ сабаққа әрең ілініп, өзінің салмағынан, жел, жауын әсерінен үзіліп түседі. Көптеген өсімдіктердің (салат, капуста, пияз, аскөк, қымыздық, т.б.) жапырақтары тағам, ал кейбір өсімдіктердің жапырағы – мал азығы ретінде пайдаланылады. Жапырақтан эфир майы алынып, медицинада пайдаланылады. Гельминтоздар. ГЕЛЬМИНТОЗДАР ("грек. helmіns, helmіnthos – іш құрт") – паразит құрттардың адаммен, жануармен және өсімдіктердің организміне еніп, көбеюі салдарынан пайда болатын ауру түрлері. Г. адамда сорғыш, таспа, жұмыр, т.б. құрттардың паразиттік тіршілігі салдарынан пайда болады. Г-дың аталуы ауру туғызатын құрттардың түріне қарай. Олардың тек адамда (аскаридоз, энтеробиоз, т.б.) немесе адам мен малда қатар кездесетін гельминтозооноздар (,) түрлері белгілі. Г-ға қарсы арнайы дәрілер – антгельминттер қолданылады. Г. а. ш. малдарында көп кездеседі, қазір оның 2000-нан астам түрі белгілі. Мыс., қойларда мониезиоз, эхинококкоз, протостронгилез, т.б. ірі қара малда – фасциолез, эхиноккоз, т.б.; жылқыда – стронгилятоз, құстарда – аскаридиоз, полиморфоз, т.б.; балықтарда – ботриоцефалез, диплостомоз, т.б. кездеседі. Г. ауруларын сақтану шаралары: тазалық сақтау. Іш тазартатын дәрілер ішу. Үй жануарларын малдәрігерлік тексеруден өткізіп, ауырған малды бөліп алып, дәрі-дәрмекпен емдеу, мал қалдықтарын биотермиялық жолмен өңдеу, ортаны қоздырғыштарынан тазарту. АМАНБЕКОВА Айгүл Өкенқызы. Аманбекова Айгүл Өкенқызы (1961 ж.т.) – медициналық ғылымдарының докторы (2005). Қарағанды медициналық институтын (1984, қазіргі) бітірген. Еңбек жолын дәрігер ординаторынан бастаған Аманбекова кәсіби патология кафедрасында ассистент (1984–94), Кәсіби аурулары республикандық клиникасында бөлім меңгерушісі, ал 2003 жылдан ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығында бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарады. 2004 ж. «Нейрогуморальные механизмы развития легочного сердца при пылевых бронхитах у шахтеров-угольщиков» деген тақырыпта докторлық диссертациясын қорғады. Аманбекова 70-тен астам ғылыми еңбектің («Хронический пылевой бронхит», 2001; «Руководство для врачей. Профессиональные заболевания», 2001; «Легочная гипертензия и хроническое легочное сердце при заболеваниях легких», 2003) авторы. Жауын-шашын. Жауын-шашын – "жер бетіне сұйық немесе қиыршық түрінде бұлттан және ауадан суынып түсетін ылғал." Ол бұлттағы ірі кристалды бөлшектердің еруі не кішкентай тамшылардың қосылуы (коагуляттануы) нәтижесінде пайда болады. Жауын-шашын бұлттардан жаңбыр, қар, мұз қиыршықтары, бұршақ, т.б. түрінде түседі. Ауадан тікелей шық, қырау, т.б. бөлініп шығады. Қатты суынған су тамшылары мен тұманнан жер бетінде көктайғақ пайда болады. Жауын-шашынның мөлшері Жер шары бойынша орта есеппен 1000 мм-ге жуық, экватордың кейбір аймағында (Черапунджи, Гималайда) 12000 мм, субтропиктік (пассат белдемінде, шөлдерде) және қоңыржай белдеудің көпшілік бөлігінде 250 – 1000 мм-ге дейін, кей жерлерде бұдан да көп, жоғары ендіктерде 250 мм-ден де аз болады. Қазақстанда жауын-шашын ең көп түсетін өңір – Алтай тауының батыс беткейлерінде (1500 мм), ал ең аз жауын-шашын Арал маңы Қарақұмы мен Балқаш көлінің батыс жағалауында (70 – 110 мм) байқалады. Жаңбыр – бұлттан бөлініп жерге түсетін атмосфералық сұйық тамшылардың жиынтық атауы. Тамшылардың диаметрі 0,5 – 7 мм болады. Тропосфераның жоғары қабатында қалыптасқан қар, мұз түйіршіктері оның жер бетіне жақын қабатынан өткенде еріп, жауын тамшыларына айналады. Кейде жаңбыр бұлт арасындағы тым ұсақ тамшылардың бір-бірімен қосылуынан пайда болады. Жаңбырдың бірнеше түрі бар. Ақ жаңбыр – қатпарлы бұлттардан жауады, бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін созылады. Нөсер жаңбыр – будақ бұлттардан қатты жауып тез аяқталады; олар, көбінесе, төменгі ендіктерге тән. Диаметрі 0,5 мм-ден аспаған тамшыларды сіркіреме жаңбыр деп атайды, ол, негізінен, қатпарлы бұлттан шығып, өте баяу жауады. Қар – атмосферадан түсетін әр түрлі пішінді ұлпа мұз кристалдары түріндегі жауын-шашын. Су буының сублимациясы нәтижесінде өте шағын (0,1 – 0,2 мм) кристалдар үлкейіп, қар жұлдызшаларына айналады. Атмосферадағы турбуленттік қозғалыстың салдарынан ауадағы қардың жеке жұлдызшалары бір-бірімен ұйыса бірігеді, яғни Жерге жапалақ қар (диаметрі 8 – 10 мм) жауады. Қоңыржай ендіктерден бастап солтүстіктің және оңтүстіктің жоғары ендіктеріне қарай орналасқан аймақтарда қардың көп түсуінен Жердің қар жамылғысы пайда болады. Қазақстан аймағында қар қазан – қараша айларынан бастап (қиыр оңтүстігіндегі жазық өңірлерін қоспағанда) түседі; қар жамылғысының қалыңдығы солтүстік облыстарда 25 – 30 см, оңтүстігіндегі жазық жерлерінде 10 см-дей; Жетісу (Жоңғар) Алатауында және Алтайдың батыс беткейінде 60 см-ге жетеді. Өскемен, Петропавл, Қостанай қалаларының төңірегінде қар 150 – 165 күндей (республикадағы ең ұзақ мерзім), Қызылорда, Шымкент атыраптарында 49 – 61 күндей (ең қысқа мерзімі) жатады. Жел. Жел – "атмосферадағы ауаның көлденең бағытта қозғалуы." Жел атмосфера қабаттарында қысымның біркелкі таралмауынан пайда болады әрі жоғары қысымнан төменгі қысымға қарай бағытталады. Ауа қысымы уақыт пен кеңістікте тұрақты болмайтындықтан желдің жылдамдығы мен бағыты үнемі өзгеріп отырады. Желдің бағытын көкжиектің қай тұсынан соғуына байланысты анықтайды және оны градуспен немесе румбымен (16 румбылық жүйемен), ал жылдамдығын – м/с, км/сағ, узелмен немесе балмен (Бофорт шкаласы бойынша) өрнектейді. Биіктікке көтерілген сайын үйкеліс күшінің азаюына байланысты жел қуаты өзгереді, сонымен қатар ол градиенттердің өзгеруіне де тәуелді болады. Жел үлкен аумақты қамти отырып, көлемді ауа ағындарын (муссондар, пассаттар, т.б.) туғызады, осыдан жергілікті және жалпы атмосфералық айналым пайда болады. Қазақстанның барлық өңірінде (әсіресе, жазық жерлерде) күшті желдер жиі болып тұрады, оның максимумы қыс айларына (40 – 45 м/с) және көктем мен күзге (20 – 35 м/с) келеді. Өте күшті желдер Каспий жағалауы және биік тау асулары мен аңғарларында байқалады. Дүниежүзілік желдер жіктеліміне Қазақстан аумағында тұрақты соғатын 23 жел тіркелген. Оларды Қазақстан бойынша мынадай аймақтарға бөледі: ашық далада (Жосалы, Сілеті, т.б.); шөл және шөлейт, үлкен ашық су қоймалары төңірегінде (Каспий теңізі, Балқаш, Алакөл көлдері, т.б.); тау аңғарларында және тау аралық өңірлерде («Жетісу қақпасы», «Шілік аңғары», «Жаңғызтөбе», «Қордай», т.б.); орташа биіктіктегі таулар мен қырқаларда («Ерейментау», «Ұлытау», «Қарқаралы», «Мұғалжар», т.б.) соғатын желдер. Жел арзан электр энергиясын өндіру, құдықтан су тарту, диірмен айналдыру, егін суару, т.б. үшін пайдаланылады. Жел ағысы – мұхит пен теңіз суының жоғарғы қабатында (үйкеліс қабаттары деп аталатын 100 м, кейде 200 м тереңдік) жел мен судың арасындағы үйкелістен пайда болатын ағыс. Бір бағытта ұзақ соғатын желдің әсерінен пайда болған жел ағысын дрейфтік (ықпа) ағыс (мысалы, Солтүстік және Оңтүстік пассаттық ағыстар, Батыс желдердің ағысы, т.б.) деп те атайды. Жел энергетикасы – жел энергиясын механикалық, жылу немесе электр энергиясына түрлендірудің теориялық негіздерін, әдістері мен техникалық құралдарын жасаумен айналысатын энергетиканың саласы. Ол жел энергиясын халық шаруашылығына ұтымды пайдалану мүмкіндіктерін қарастырады. Қазақстанда жел күшімен алынатын электр энергия-сы қуатын кеңінен және мол өндіруге болады. Республикамыздың барлық өңірлерінде жел қуаты жеткілікті. Жел энергиясының басқа энергия көздерінен экологиялық және экономикалық артықшылықтары көп. Жел энергетикасы қондырғыларының технологиясын жетілдіру арқылы оның тиімділігін арттыруға болады. Жел энергиясын тұрақты пайдалану үшін жел энергетикасы қондырғыларын басқа энергия көздерімен кешенді түрде ұштастыру қажет. Республиканың шығыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік аймақтарында су электр стансалары мен жел электр стансаларын біріктіріп электр энергиясын өндіру өте тиімді. Қыс айларында жел күші көбейсе, жаз айларында азаяды, ал су керісінше, қыс айларында азайса, жаз айларында көбейеді. Сөйтіп, энергия өндіруді біршама тұрақтандыруға болады. Алматы облысының Қытаймен шекаралас аймағындағы 40-ендікте, Еуразия мегабассейніндегі орасан зор ауа массасының көлемі ауысатын — Орталық Азиядағы «жел полюсі» деп аталатын Жетісу қақпасындағы желдің қуаты мол. Ол екі таудың ең тар жеріндегі (ені 10 – 12 км, ұзындығы 80 км) табиғи «аэродинамикалық құбыр» болып табылады. Қақпа Қазақстанның Балқаш – Алакөл ойпатын Қытайдың Ебінұр ойпатымен жалғастырады. Осы жердегі жел ерекшеліктерін зерттеу нәтижесінде оның электр энергиясын өндіруге өте тиімді екені анықталды. Қыс кезінде желдің соғатын бағыты оңтүстік, оңтүстік-шығыстан болса, жаз айларында солтүстік, солтүстік-батыстан соғады. Желдің орташа жылдамдығы 6,8 – 7,8 м/с, ал жел электр стансалары 4 – 5 м/с-тен бастап энергия бере бастайды. Желдің қарама-қарсы бағытқа өзгеруі сирек болуына байланысты мұнда турбиналы ротор типті жел қондырғысын орнату тиімді. Желдің жалпы қуаты 5000 МВт-тан астам деп болжануда. Бұл өте зор энергия көзі, әрі көмір мен мұнайды, газды үнемдеуге, сонымен қатар қоршаған ортаны ластанудан сақтап қалуға мүмкіндік береді. КӨКШЕТАУДАҒЫ “ВАСИЛЬКОВ АЛТЫН” (“VASGOLD”) БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРНЫ. кен байыту кәсіпорны. Көкшетау геол.-барлау экспедициясының ізденісі нәтижесінде “Васильков алтын кентасы кеніші” 1963 ж. ашылған. 1966 ж. кеніштегі алтынды мақсатты түрде зерттеу басталды. 1976 ж. “Васильков кен байыту комбинатын салу жөніндегі” дирекция ұйымдастырылып, ол 1982 ж. “Васильков кен байыту комбинаты” болып қайта құрылды. Комбинат 1994 ж. ақпаннан бастап осы атпен аталатын ашық акцион. қоғамға айналдырылды. Ол 2000 ж. тамызда “Флудгейт Холдинг Б.В.” (Нидерланд) компаниясының қатысуымен құрылған “Васильков алтын” бірлескен кәсіпорны ашық акцион. қоғамы құрамына кірді. Васильков кенішінде кен қазу 1979 жылдан басталды. Бұл жылы 264,2 мың текше метр кен аршылды. Кентас өндіру ісі 1980 ж. қолға алынды. Алғашқы жылы 79,4 мың т кентас өндірілді, ал 1983 ж. кентас өндіру көл. 610,9 мың т-ға жеткізіліп, 4,5 кг тұңғыш алтын шығарылды. Васильков кеніші кен қоры жөнінен бірегей кеніштердің қатарына жатады. Алтынның жалпы есептелген қоры 360 т. Комб-та қазіргі кезде катодты алтын өндіріледі, кеніштің тотыққан кентасын өңдеу жұмысы үйінді кентасты сілтіден айыру әдісімен жүргізіледі. Бірлескен кәсіпорында 2001 ж. 896,3 кг, ал 2002 ж. 900 кг алтын өндірілді. 749 адам жұмыс істейді (2003). Б. Өтепбаев, К. Қажымұрат ҚОЖАМИЯРОВ Құддыс. ҚОЖАМИЯРОВ "Құддыс" (21.5.1918, Алматы обл. Еңбекшіқазақ ауд. Қайназар а. – 8.4.1994, Алматы) – ұйғыр композиторы, педагог, проф. (1965), ҚазКСР-інің халық арт. (1973), КСРО Халық арт. (1983). Алматы муз. уч-щесінің фортепиано классын (1939), Алматы мемл. консерваториясының композиция бөлімін (проф. Е.Г. Брусиловскийдің класы бойынша) бітірген (1951). Алматы мемл. консерваториясының ректоры болды (1957 – 67). Қ. ұйғыр халқының кәсіби музыка өнерінің негізін қалады. Қ-тың “Ризвангүл” симф. поэмасын (1950, КСРО Мемл. сыйл., 1951), “Назугум” (1956), “Садыр палуан” опералары мен “Чин Томур” (1968) балетінің музыкасын жазды. Ә.Тәжібаевтың өлеңіне жазған “Алатау туралы толғау” хор-поэмасы, Т.Молдағалиевтың жырына жазған “Гүлдене бер, Жетісу” ораториясы, Мұхит әнінің негізінде жазылған “Зәуреш” атты вокалды-симф. поэмасы қазақ өмірін бейнелеуге арналған көркемдік бояуы қанық туындылар. “Алтын таулар” (1960 ж. Н.Тілендиевпен бірге), 3-симфония (І – 1971 ж. ІІ – 1975 ж., ІІІ – 1981 ж. А.Розыбакиевке арналған поэмалары), (1984 ж., ҚазКСР-і Мемл. сыйл.), “Бостандық туралы ән” (1954), “Мәшреп” (1972), “Менің өлкем” (1982). “Ұйғыр колхозындағы кеш” – вокалды симф. сюита (1957), “Достық жолы” (1958), т.б. ән-романстар, хорлар, аспаптық пьесалар, концерттер, бірқатар драмалық спектакльдер мен деректі фильмдерге музыка жазды. Ленин, Октябрь революциясы, Еңбек Қызыл Ту және Құрмет Белгісі ордендерімен марапатталған. ҚОЖАМҚҰЛОВ Серәлі. ҚОЖАМҚҰЛОВ "Серәлі", "Серке" (5.5.1896, қазіргі Қостанай обл. Қарабалық ауд. 13 а. – 31.12.1979, Алматы) – актер, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі. Қазақстанның халық арт. (1936). Троицкідегі “Уазифа мектебінде” оқыған (1913 – 16). Кейін қысқа мерзімді дайындықтан өтіп, сот мекемелерінде тергеушілік қызмет атқарды. Елдегі қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, оқыған қазақ жастарының 1918 ж. Қостанай қ-нда құрылған “Қызыл ке-руен” атты драм. труппасына қатысты. 1920 – 22 ж. Орынбор қ-ндағы Татар халық ағарту ин-тында білім алды, осы кезеңде “Мұсылмандар клубында” Б.Майлиннің “Қаламқас”, “Бетім-ау, құдағи ғой”, “Қасқырбай”, “Неке қияр”, т.б. шағын пьесаларда жеке рөлдерді ойнады. 1922 ж. Орынбордағы “Қазақстан комсомол жастарының кіндік клубы” аптасына бір рет өткізетін “Шығыс кештерінде” М.Әуезовтің “Еңлік – Кебек” пьесасындағы Еспембет рөлін алғаш рет ойнады (кейін бұл рөл Қ-тың сахнадағы үздік тұлғасына айналды). Өзі де “Подвод” деген күлдіргі скетч жазып, сахнаға шығарды. Сықақшының бұл туындысы кейін 1929 ж. “Қызыл Қазақстан” журналының 13-санында жарияланды. 1925 ж. Қызылорда қ-нда тұңғыш ұйымдастырылған кәсіби Қазақ драма театры Қ-тың актерлік өміріне даңғыл жол салған елеулі оқиға болды. Театрға И.Байзақов, Ә.Қашаубаев, Е.Өмірзақов, Қ.Қуанышбаев, Ж.Шанин, Ә.Абдуллин, т.б-мен бірге Қ. та шақырылды. Осы тұста сахна өнерінен тәжірибесі мол Қ. драма театрының алғашқы режиссері болды. Театр 1926 ж. 13 қаңтарда ресми түрде ашылып, Қ-тың басшылығымен бірнеше спектакльді сахнаға шығарды. Актердің бұл кезеңдегі басты табысы Ж.Тілепбергеновтің “Перизат – Рамазан” (1928) пьесасындағы Ақылбайдың тұлғасы болды. Шенқұмар да жағымпаз, парақор милиция бастығының екіжүзді бейнесін тамаша өрнектеп, көрермендерді күлкіге кенелткен Қ. 20-жылдар сахнасында айшығы қанық сатиралық кейіпкердің тұлғасын жасады. Актердің тап осындай елеулі табысының бірі 30-жылдардың басында ойнаған рөлі – ауданнан келген әумесер уәкіл Талтаңбайдың тұлғасы болды (Б.Майлин, “Талтаңбайдың тәртібі”). Қ. әсіресе ауыл адамдарына етене таныс, дойырлығы мен топастығы, пайдакүнемдігі мен айласы, жемқорлығы мен сараңдығы, арамдығы мен қорқақтығы қатар жүретін, ақылы шолақ, жағымсыз да күлкілі образдарды ойнағанда әрқилы адамдардың мінез-құлқын, іс-әрекеттерін, жүріс-тұрысын қайталанбас шеберлікпен, көркем мүсіндей алатындығын танытты. Актер ерекше шабытпен сомдаған кертартпа, биліктің тұтқасынан айрылғысы келмейтін Еспембет (актер бұл рөлді 50 жыл бойы ойнады), Жабай, Жиренше, Майбасар (М.Әуезов, “Еңлік – Кебек”, “Қарагөз”, “Абай” спектакльдері), Қарашешен (Ж.Шанин, “Арқалық батыр”), Өкендау (І.Жансүгіров, “Кек”), дүниеқоңыз, құлқынның құлдары Қарабай (бұл рөлді 40 жыл бойы ойнады), Қоңқай (Ғ.Мүсірепов, “Қозы Көрпеш – Баян сұлу”, “Ақан сері – Ақтоқты”), Көдебай (Б.Майлин, “Майдан”), жемқор Шардақбай (Қ.Қуанышбаев пен Ш.Хұсайынов, “Шаншарлар”), байлығына сеніп, мастанған Маман, өркөкірек Көбікті (М.Әуезов, “Айман – Шолпан”, “Қарақыпшақ Қобыланды”), Шығай хан (Ш.Хұсайынов, “Алдар көсе”), алаяқ саудагер Малтабар (С.Мұқанов, “Шоқан Уәлиханов”) рөлдері Қ. сомдаған сахналық тұлғалардың классик. үлгілері болып саналады. Сатиралық образдар жасаудың шебері саналатын Қ. бірқатар қарапайым еңбек адамдарының жағымды бейнелерін де сахнаға шығарды. Актер сомдаған шахтерлер Тәнеке (“Сын сағатта”), Арпабай (“Тас түлектер”), ертекші Баймағамбет (“Абай”), ұста Ахмет (“Миллионер”), Тайман (“Достық пен махаббат”), шаруа Лау Куок Оань (“Вьетнам жұлдызы”), ұста Обухов (“Сүңгуір қайық”), комиссар Кошкин (“Любовь Яровая”), жауынгер Петренко (“Намыс гвардиясы”), Бекен ақсақал (“Бөлтірік бөрік астында”), т.б. рөлдер қарапайым да шынайылығымен есте сақталады, кең тынысты актердің мол мүмкіндіктерін жаңа қырынан танытқан тұлғалар болып есептеледі. Қ. сахнада ойнаған Яго, Слай (У.Шекспир, “Отелло”, “Асауға тұсау”), Яичница, Земляника (Н.Гоголь, “Үйлену” мен “Ревизор”), Лука (М.Горький, “Шыңырау түбінде”) образдары әлемнің классик. тұлғаларын жасауға қосқан қомақты үлесі болып табылады. Актер 30-жылдардан бастап кинофильмдерге түсіп, Кеке (“Райхан”), Бекет (“Амангелді”), жылқышы (“Ана туралы аңыз”), ұста (“Ән қанатында”), теміржолшы (“Тыныштық”), т.б. бейнелері арқылы Қазақстанның жас кино өнерінің қалыптасуына белсене атсалысты. Қ. өз ізбасарларын, жас актерлерді тәрбиелеуші ұстаз ретінде де көп жұмыстар атқарды. Ол “Шығыс бұлбұлы атанған” атақты әнші Күләш Байсейітованың дара талантын алғаш таныған, Х.Бөкеева, К.Қармысов, С.Телғараев, Ә.Үмбетбаев, С.Майқанова, Ы.Ноғайбаев, Ж.Өгізбаев, Р.Сәлменов, Н.Жантөрин, Ш.Жандарбекова, М.Сыздықов, Қ.Әділшинов сынды болашақ өнер саңлақтарын үлкен сахнаға әкеліп, актерлік шеберлікке баулыған. Сондай-ақ ол қоғамдық жұмыстарға да белсене араласты. Республика Жоғ. Кеңесіне екі мәрте депутат болып сайланды, СОКП ОК-нің 12 съезіне, Қазақстан КП-ның съездеріне делегат болып қатысты, Қазақстанның Мәскеуде өткен онкүндіктерінде (1936, 1958) өнер көрсетті. Актердің осындай жемісті еңбегі жоғары бағаланып, оған КСРО Мемл. сыйл. (1952), ҚазКСР Мемл. сыйл. (1970), Соц. Еңбек Ері (1976) атағы берілді. Үш рет Ленин орденімен, Октябрь революциясы, ІІ дәрежелі Отан соғысы, “Еңбек Қызыл Ту”, “Құрмет Белгісі” ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған. Халық артисі туралы реж. Қ.Әбусейітов “Сераға” деген деректі фильм түсірді, комп. Ә.Бейсеуов “Серағаң туралы әнін” шығарды. Жезқазған қ-ндағы муз. драма театры мен Алматыдағы бір көше Қ. есімімен аталады. ҚОЖАМҚҰЛОВ Төлеген. ҚОЖАМҚҰЛОВ "Төлеген Әбдісағиұлы" (29.4.1946 ж.т., Алматы обл. Жамбыл ауд. Жамбыл а.) – ғалым, физ.-матем. ғыл. докт. (1986), проф. (1989). Қазақстанның еңб. сің. ғылым және техника қайраткері (1996). ҚазМУ-ді (қазіргі Қазақ ҰУ) (1967) және Ленинград қ-ндағы (қазіргі Санкт-Петербург) А.Ф. Иоффе атынд. физ.-тех. ин-тының аспирантурасын (1970) бітірген. 1970 – 98 ж. ҚазМУ-де кафедра меңгерушісі, декан, ун-т жанынан алғаш құрылған Тәжірибелік және теориялық физика ғыл.-зерт. ин-тын ұйымдастырушы және оның тұңғыш директоры. 1998 – 2001 ж. Жетісу мемл. ун-тінің, 2001 жылдан ҚазҰУ-дың ректоры. Негізгі ғыл. еңбектері атом ядросы мен элементар бөлшектер теориясына, кванттық хромодинамикаға арналған. Қ. жарық физикасы саласында “Торланған калибрлік өрісті стохастикалық кванттау” атты жаңа ғыл. бағытты қалыптастырды. КӨКШЕТАУ ДРАМА ТЕАТРЫ. Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театры – мәдени-сахналық өнер ұжымы. 1996 ж. 6 наурызда Көкшетау қ-нда Ғ.Мүсіреповтің “Ақан сері – Ақтоқты” қойылымымен ашылды (реж. Ж.Омаров). Осы жылы театрға Ш.Хұсайыновтың есімі берілді. Театрдың алғашқы көркемдік жетекшісі әрі бас директоры М.Оспанов. К. д. т-ның негізін қалаған актерлер тобы Алматыдағы Т.Жүргенов атынд. кино және театр ин-тының (қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясы) түлектері: Қ.Мырзаболатов, Қ.Қалқатаев, Ж.Қалдаров, Е.Дүнгенов, С.Шаймерденов, Ж.Құсайынов, А.Жүнісова, т.б. Театрда Қазақстанның Халық артисі Ж.Бағысова, Қазақстан Республикасы Мемл. сыйл. иегері, театрдың бас суретшісі М.Мақсұт еңбек етеді. Театр ұжымы 50-ден астам пьесаны сахналады. Театр репертуарында қазақ, орыс және шет ел драматургиясы (Хұсайыновтың “Алдар көсе”, С.Балғабаевтың “Ең әдемі келіншек”, А.Хасеновтың “Пай-пай жас жұбайлар-ай”, Т.Қажыбаевтың “Жындар биі”, “Ұмытпа мені Гәккуім”, Д.Исабековтің “Мұрагерлер”, Н.В. Гогольдің “Ревизор”, С.Ахмадтың “Келіндер көтерілісі”, Б.Әлімжановтың “Құдалық”, У.Шекспирдің “Король Лир”, Ш.Айтматовтың “Ғасырдан да ұзақ күн”, т.б.) бар. Театр ұжымы 2000 ж. Павлодар қ-нда өткен Респ. 8-театр өнері фестивалінде “Режиссерлік дебют” жүлдесін (“Ревизор”, реж. Г.Мерғалиева), 2001 ж. Каир қ-нда (Египет) өткен халықар. фестивальде “Орындаушылығы ең шебер театр” (“Конвейер”, реж. Мерғалиева) жүлдесін жеңіп алды. Осы жылы Алматыда “Ойын арзан, күлкі қымбат” атты шағын комедиялар фестивалінде респ. “Гран-при” жүлдесін жеңіп алды. ҚОЖАНИЯЗ. ҚОЖАНИЯЗ, "Қатынқала" – 19 ғ-дағы бекініс орны. Қ. Қызылорда қ-нан 115 км жердегі ортағасырлық Жент қ-ның солт.-батысында, Майлыөзек өз. жағасында болған. Оны 1961 ж. Хорезм археол.-этногр. экспед. (жетек. С.П. Толстов) зерттеген. Қазіргі орны 6 га жерді алып жатыр. Орт. бөлігіндегі биікт. 4 м төбешік іргелі құрылыс орны болды. Қ-дың сыртқы қабырғалары дөңгеленте салынып, шеті Майлыөзек арнасына тіреледі. Көне дуалының қалыңд. 2 м, биікт. 8 м шамасында болған. Бекініс айналасында терең ор қазылған. Бекініс кейбір деректер бойынша, 1830 ж. Аққыр тауы маңындағы және Жаңадария мен Қуаңдария өз. бойындағы елді басқару үшін салынған. Оны Хиуа бегі Қожанияз басқарып тұрғандықтан, бекініс те соның атымен аталса керек. 1840 ж. бекініс қоқандықтардың қол астына уақытша қараған. 1847 ж. Жанқожа Нұрмұхамедұлы өз жасағымен Қ. бекінісін талқандаған. ӘЛІП Жанысбайұлы. ӘЛІП Жанысбайұлы (т.ж.б. — 1933, Қытай, Шыңжаң өлкесі, Баркөл ауд.) — Шығыс Түркістандағы 1931 — 33 ж. көтеріліс басшыларының бірі. Көтерілісшілер тәуелсіз Шығыс Түркістан республикасын орнатуды мақсат етті. Ә. Шэн Ши Сай армиясымен соғыста қаза тауып, ауыл-аймағы қырғынға ұшырады. 1934 жылдан бастап Баркөл қазақтары шет елдерге ауа көшті. Бұл тауқыметті көштің басы-қасында оның ұлы Елісхан болды. Ә. ұрпақтары қазір Түркияда тұрады. Т. Зәкенұлы ӘЛІПБИЛІК КАТАЛОГ. ӘЛІПБИЛІК КАТАЛОГ, кітапхана ісінде — әліпби ретімен автордың аты-жөні немесе шығарманың атауы жазылған деректер жүйесі. Ә. к. анықтамалық-ақпараттық мағұлмат береді. А.к. бойынша нақты бір кітаптың, басылымның, белгілі бір автор еңбектерінің қай тілде, қандай басылымда жариялағанын тез анықтауға болады. Ә.к. кітапханада жинақталған қордың авторлық құрамын да айқын көрсететін болғандықтан кейде оны “авторлық каталог” деп те атайды. Егер Ә. к-ы әр түрлі тілдерде шыққан басылымдарды қамтитын болса, онда әр тіл бойынша жеке әліпбилік қатар жасалады. Ә. к-ты типі мен салалық бағыныштылығына қарамастан барлық кітапханалар бірдей тәртіппен жасақтайды. Қрі кітапханалардың қызмет бабында пайдаланатын Ә. к-ы әдетте бас каталог қызметін де атқарады. Кітапханаларда оқырмандардың Ә.к-ы, сондай-ақ жеке қорлар каталогтары жасалады. С. Бөлеков Абдрахманов, Сауытбек. Абдрахманов Сауытбек (22.9.1951 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Қазығұрт ауд. Қазығұрт а.) – журналист, филол. ғыл. докт. (2008). ҚазМУ-ды (1975, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. «Егемен Қазақстан» газеті редакциясында тілші, бөлім меңгерушісі (1975–87), Қазақстан КП ОК-нде нұсқаушы, мәдениет секторының меңгерушісі (1987–90), ҚР Президентінің және Мин. Кабинеті аппаратында аға референт, ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары (1990–95), ҚР Мәдениет министрінің 1-орынбасары (1995–97), Қазақстан телевизиясы мен радиосы респ. корпорациясының 1-вице-президенті (1997–2000), ҚР Ақпарат министрі (2003–04) қызметтерін атқарды. 2004 жылдан «Егемен Қазақстан» респ. газеті АҚ-ның президенті. 2007 ж. «Өлең аудармасының теориясы мен поэтикасы» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. А. мәдениет және әдебиет мәселелері жөнінде, оның ішінде А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романының қазақ тіліне аударылуы туралы зерттеулер жазды. ӘЛІППЕ. ӘЛІППЕ — алғашқы білім мен дағдыны меңгертуге арналған сауат ашу оқулығы (араб әліпбиінің “алиф” және “ба” деген екі әріпінен құралған). Сауат ашу Қазақстанда сан ғасыр бойы араб әліпбиі арқылы жүргізілді. 19 — 20 ғ-ларда оқу-ағарту саласының 2 түрлі бағытта болуына байланысты (медреселер, орыс-қазақ мектептері) Ә-лер де араб және орыс әліпбиімен жазылды. Қазақтың тұңғыш ағартушысы, педагог Ы. Алтынсариннің “Қазақ хрестоматиясы” (Орынбор, 1864), “Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы” (Орынбор, 1871) оқулықтары тұңғыш рет орыс әліпбиімен жарық көрді. Алайда “Қазақ хрестоматиясы” сауат ашуға арналған Ә. емес, оқу мен жазуды меңгерген балалардың алған білімі мен дүниетанымын дамытуды көздейтін оқулық етеді. Бұдан кейін А. Е. Алекторовтың “К мудрости ступенька. Азбука для учеников начальных русско-казахских школ” (1891), А. В. Васильевтің “Букварь для киргизских школ” (1912) сияқты т.б. Ә-лер жарық көрді. Олар екі бөлімнен (қазақша және орысша) тұрды. Оның авторлары К. Д. Ушинскийдің басқа ұлт балалары орыс тілін саналы меңгеру үшін өзінің ана тілінде сауат ашуы қажет деген қағидасын ұстанды. Бірақ қолданылған Ә-лер қазақ тілінің дыбыстық ерекшеліктерін түгел бере алмады. 20 ғ. басында халқының сол кездегі тағдырына ой жіберіп, болашағын парасатпен бағдарлай алатын қазақ зиялылар қауымы өсіп-жетілді. Олар халықты сауаттандырып, өркениетті ел қатарына қосуға күш салды. Түркі зиялыларын біріктірген “Жәдитшілер ұйымының” бір топ мүшелері қазақ мектептері үшін жаңа оқулықтар жазды. Қазақ балаларын оқу мен жазуға төте жолмен үйретуді көздеді. М. Нұрбаевтың “Әліппесі” (Уфа, 1910), З. Ерғалиұлының “Қазақ әліппесі” (Қазан,1910), М. Малдыбаев пен Ж. Аңдамасовтың “Қазақша ең жаңа әліппесі” (Қазан, 1912), К. Сырғалиннің “Қазақша әліппе кітабы” (Қазан, 1913) т.б. осындай серпелістен туған алғашқы оқулықтар еді. Алайда бұл аталған оқулықтар кең қолданыс таба алмады. Ал ғұлама ғалым А. Байтұрсыновтың жаңа әліпби (төте жазу) үлгісімен жазылған. “Оқу құралы” (Орынбор, 1912) қазақ мектептерінің Ә-ге деген сұранысына толық жауап берді. Онда шәкірттердің сөздік қорын барынша сауат ашу мақсатына тиімді пайдалану мақсаты көзделді. Қазақ тіліндегі сөздердің дыбысталу ұқсастықтары мен ерекшеліктері ескерілген ұтымды әдіс қолданылды. Сондай-ақ бір дыбысы ғана өзгерген сөздердің мағыналарын ажырату арқылы сөздің мағынасын нақтылау, қолдану дағдысы қалыптастырылды. Ана тіліміздің бай сөздік қоры, сөздердің қолданылу ерекшеліктері қарастырылды. 1925 ж. А. Байтұрсынов әдістемелік жаңалықтарды ескере отырып, қазақ бастауыш мектептеріне арналған “Жаңа Әліп-биді” (Қызылорда 1927) ұсынды. Оқулық өз заманына лайық “Әліппе” жасау ісінің озық үлгісі болды. Әліппеде сауат ашумен бірге балалардың ойы мен тілін дамыту, байланыстырылып сөйлеу дағдыларын жоғары деңгейде қалыптастыру мәселелері дидактикалық және әдістемелік тұрғыдан жетік шешімін тапты. “Жаңа Әліп-биге”: а) баланың өз атынан баяндалатын мектеп өмірі жайлы әңгімелер, ә) балаларды адамгершілікке, ізгілікке, тазалыққа тәрбиелейтін әңгімелер мол енгізілді. Жалпы А. Байтұрсынов отандық білім беру ісі тарихында оқушылардың ойы мен байланыстырып сөйлеуін дамыту жұмысына зор мән берген, осы мақсатқа жетудің жолын нақты тәжірибе жүзінде дәлелдеген алғашқы қазақ ғалымы болды. Саяси себептердің салдарынан “Жаңа әліп-би” 20-жылдардың аяғына дейін ғана қолданылды. Мұнан кейін Т. Шонановтың “Жаңалық” (Әліппе, Қызылорда, 1929) және Т. Шонанов пен М. Жолдыбаевтың “Жаңа арна” (Қызылорда, 1927) Ә-лері жарық көрді. 30-жылдардың басында жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беру жөніндегі үкіметтің қаулы-қаралары Кеңес Одағының аумағындағы мектеп оқулықтарының мазмұны мен құрылымы біртекті болуын қатаң бақылауға алды. Осы себеппен алғашқыда латын әліпбиімен, кейін кирилл әліпбиімен жарық көрген С. Кеңесбаевтың Ә-сі орыс мектептеріндегі “Букварға” тым ұқсас болды. Бұл Ә. жиырма жылға жуық бірнеше ұрпақтың сауатын ашты. 1952 — 63 ж. аралығында авторлар тобы (С. Кеңесбаев, Н. Миршанов, Ә. Байділдин, Ғ. Бегалиев) құрастырған, 12 басылымы жарық көрген. Ә. қазақ білім беру жүйесінің сауат ашу тарихында елеулі із қалдырды. Әдістемелік еңбектерде “Н. Миршанов Ә-і” деп аталған бұл Ә. сауат ашудың дыбыстық талдау-жинақтау әдісімен жазылды және сауат ашу жұмысын ғыл. жүйелеп, кезең-кезеңге бөлген, оның әр кезеңінде жүзеге асырылатын мақсаттар мен міндеттерді айқын белгілеген оқулық болды. Ә-лердің кезеңдік саяси-қоғамдық өзгерістерге сәйкестігі, саяси идеяларға жауап беретіндігі ескерілетіндіктен, олар жиі алмастырылды. 1964 ж. “Н. Миршанов Ә-нің” орнына М. Төрежанов пен З. Әйтенованың Ә-і ұсынылды. Бірақ оқулықта саяси әсірелікке көбірек мән берілуіне, тіл дамытуға арналған мәтіндердің тапшы болуына байланысты Ә. төрт жылдан кейін қолданыстан шығып қалды. 1967 ж. жарық көрген жаңа Ә-нің жазылуына (авторлары З. Әйтенова, М. Төрежанова, М. Жұбанова) сауат ашу кезеңінің 6 айдан 3 айға дейін қысқартылуы себепші болды. Ә. мазмұнын жаңаша құруға қазақ тілі, фонетика ғылымының, пед., психол., ғылымдарының соңғы табыстары негіз болды. 1984 ж. Кеңес Одағы мектептерінде алты жастан бастап оқытуға көшу оқулықтардың жаңа кешенін әзірлеуді қажет етті. Сауат ашу кезеңін бір жыл бойы жүргізуге есептелген Ә. (авторы Ш. Әуелбаев) екі жыл ғана қолданыста болды. Ә-де алты жастағы балалардың физиол., психол. қабылдау ерекшеліктерін ескермеу, граммат. ұғымдарды ерте бастан үйретуге әуестену сауат ашу жұмысына едәуір қиындық келтірді. Сондықтан 1986 ж. толықтырылған авторлар құрамымен (Ш. Әуелбаев, М. Жұбанова, М. Төржанова, З. Әйтенова) жаңа Ә. жарық көрді. Бұл оқулықта ресми бекітілген оқу бағдарламасының талаптары ескерілгенмен кемшіліктері де болды. 1990 ж. Білім Мин-нің Ә-лерге жариялаған конкурсының жеңімпазы болған М. Жұбанованың Ә. оқулығы 1992 — 93 ж. оқу жылынан бастап қолданылды. Ә-де балалардың ойы мен тілін дамытуға назар аударылып, олардың дүниетанымын кеңейтуге барынша мән берілді. Ә. мазмұны дидактикалық-әдістемелік, тақырыптық-сюжеттік нақтылығымен ерекшеленді. Бұл оқулық 1997 жылға дейін негізгі сауат ашу құралы ретінде қолданылды. 1995 ж. бастауыш сыныптардың жаңа оқу бағдарламасына орай сауат ашу кезеңі 1 жылдан 6 айға қысқартылып, жаңа Ә. (авторлары Ш. Әуелбаев, Ә. Наурызбаева, Р. Қзғұттынова, А. Құлажанова) жарық көрді. Ә-де балаларды жас кезінен халқымыздың дәстүрлі дүниетанымы мен әдет-ғұрыпына баулу, отаншылыққа және адамгершілікке тәрбиелеу мақсаты көзделді. А. Жұмабаева ӘМЕҢГЕРЛІК. ӘМЕҢГЕРЛІК — дәстүрлі құқықтық мәдениеттің негізгі институттарының бірі; күйеуі өліп, жесір қалған әйелдің қайынағасына немесе қайынінісіне, не болмаса жұбайының ең жақын туыстарының біріне тұрмысқа шығуы, некелесуі. Бұл қазақ қоғамында ерте заманнан “аға өлсе, жеңге — мұра, іні өлсе, келін — мұра”, “әйел ерден кетсе де, елден кетпейді” деген қағидаға айналып, әдеттік заң нормасы ретінде қалыптасқан. Ә. мәселесі ру ақсақалдарының басқаруымен қандас туыстар арасында мұқият талқыланған, ортақ ұйғарыммен шешілген. Ә. ин-тының тек әлеум-құқықтық қана емес, сондай-ақ тәрбиелік-гуманистік мәні де зор болған. Біріншіден, көшпелі тұрмыс салтында жесір әйелдің жалғыз өзі күнелтуі, күйеуінен қалған бала-шағаға, мал-мүлікке ие болуы қиын. Бөгде, тегі бөлек біреуге тұрмысқа шықса, балаларына өгейлік, мейірімсіздік танытуы мүмкін. Екіншіден, марқұм күйеуінен қалған мал-мүлік жесір әйелге берілсе, бөтен адамның иемденіп кетуі, талан-таражға салуы, жетім балаларды нәпақасыз қалдыруы мүмкін. Үшіншіден, бөгде біреуге күйеуге шығатын болса, әкелерінің қандас, аталас туыстары жетім балаларды анасынан ажыратып алып қалуы ықтимал. Мұның ауыр қиянат боларын қазақтар жақсы түсінген. Сондықтан, аталған факторларды ескере отырып, қазақ ғұламалары “Жеті Жарғы” нормаларында ері қайтыс болған жесірдің “елден кетпеуін”, күйеуінің қандас туыстарының біріне күйеуге шығуын міндеттеген. Қаза тапқан еркектің туған-туыстары жесір әйелдің “әмеңгері” деп аталған. Қазақ қоғамында Ә-тен бас тарту сирек кездескен, ол өзінің туысының жетім қалған балаларына, яки, өзінің қандас іні-қарындастарына мейірімсіздік, жаныашымастық ретінде бағаланған. Ал әйел Ә-тен бас тартса, оған бала да, мал-мүлік те берілмеген, тек өз қалауымен күйеуге шығу еркі ғана берілген. С. өзбекұлы ӘМЕТ БАТЫР. “ӘМЕТ БАТЫР” — Мұрын жырау жырлаған “Қырымның қырық батыры” эпостық жырының жеке батырлар топтамасына енген жыр. Толық нұсқасын жырды Мұрын жыраудан 1948 ж. И. Ұйықбаев жазып алған. Басынан аяғына дейін 7 — 8 буынды жыр үлгісімен шығарылған. Қырымның қырық батырының бірі Алаудың жолын қуып батыр болған Әметтің ерлік істері баяндалады. Жырдың басты идеясы — Отан қорғау, ел бірлігін уағыздау болса, екінші жағынан ислам дінінің әскері де қылаң береді. Жырда ел қорғаны Әмет батырдың бостандық жолындағы ерен ерлік үлгісі, отаншылдығы дәріптеледі. Алғаш рет “Қазақ халық әдебиеті” көп томдығының 12-томында (1990) жарияланды. Бұдан басқа Әмет батыр туралы халық ертегісі негізінде шығарылған ертегі-дастан да белгілі. 7 — 8 буынды жыр үлгісіндегі “Әмет” дастанын жинаушы Ғ. Ахметов ел аузынан жазып алып, Ф. Ғатауов Қазақстан ҒА қорына тапсырған. Дастанда Әмет батырдын, Әз Жәнібек ханды жаудан құтқарып алуы, осы ерлігі үшін Ханайым сұлуды тарту ету жөнінде уәдесінен тайған хан ауылын шауып, сұлуды алып қашуы, соңынан қуып келген атақты Алау батырдың батасын беріп, мұратына жетуі баяндалады. Дастанның басты кейіпкері Әмет сертіне адал, отан сүйгіш, аңғал батыр бейнесінде суреттеледі. Шығарма нұсқасы ҚР ҒМ ҒА ОҒК қорында сақтаулы. С. Қорабай ӘМРИН Хабиболла. ӘМРИН Хабиболла (03.1900, Омбы обл. Москален ауд. Саға қазақ а. — 13.03.1938, Алматы обл. Жаңалық елді мекені) — қазақ зиялысы, саяси қуғын-сүргін құрбаны. Орта мектепті бітіргеннен кейін Орынбор, Қызылорда қ-ларында, 1928 — 33 ж. Қазақ АКСР-ы Жұмысшы-шаруа инспекциясында, кейін Қазақ АКСР-ы ОАК-нде жауапты қызметтер атқарған. Мемл. аппаратты “жергіліктендіру” науқанына белсенді қатынасып, қазақ кадрларының басқару органдарына тартылуына оң ықпал жасады. “Жергіліктендіру туралы” (А.-М., 1934, орыс тілінде) деген ресми құжаттар жинағын бастырып шығарды. “Мекемені қазақыландыру мәселесі” төңірегіндегі өзінің ой-пікірлерін баспа бетінде жариялады. өмірінің соңғы жылдарында Қарқаралы, Қарағанды қ-ларында халыққа білім беру саласында еңбек етті. “Қызыл Қазақстан” журналында (1929, мамыр) жарияланған “Сауатсыздықты жою жұмыстары” деген мақаласында халыққа білім берудің өзекті мәселелерін көтеріп, экон. және мәдени дамудың халықтың жалпы сауаттылығына байланысты екендігін ашып көрсетті. Ә. 1937 ж. “Қарағанды ісі” бойынша “халық жауы” деген жасанды айыппен ұсталып, 1938 ж. 13 наурызда атылды. КСРО Жоғарғы сотының 1959 ж. 15 мамырдағы шешімімен ақталды. Б. Тәшенов ӘМУДАРИЯ КӨМБЕСІ. ӘМУДАРИЯ КӨМБЕСІ, 1877 ж. Тәжікстанда Әмудария өз-нің бойынан табылған қазына көмбесі. Осы өзен атымен аталады. Көмбені жергілікті халық тауып, асыл заттарды саудагерлер сатып алып, Үндістанға апарған. Ғалымдар қолына кейінірек түскен. А. к-нен 180-нен астам алтын мен күмістен жасалған бұйымдар мен мыңнан астам теңгелер табылған. Заттарға көне грек, иран, сақ мәнеріндегі ою-өрнектер салынған. Әсіресе, адамдар бейнеленген қаңылтыр жалтырауықтардың маңызы ерекше. Оның бетіндегі сақалды адамдардың жейделері, қалпақтары, белбеулері мен семсерлері скифтер киімдерінен аумайды. Бұл Геродоттың Сырдарияның оңт. бөлігін мекендеген сақ-массагеттер мен скифтердің тұрмыс-тіршіліктері өте ұқсас деген сөзін растайды. Көмбе б.з.б. 4 ғ-дың соңынан б.з.б. 3 ғ-дың соңына дейінгі аралықтағы бірнеше кезеңде жиналған қазына болса керек. А. к-нен табылған заттардың негізгі бөлігін Британ мұражайы сатып алған, қазір сонда сақтаулы. Көмбенің түп тарихы белгісіз. Әдеб.: Гафуров Б.Г., Таджики, Древнейшая, древняя и средневековая история, Душанбе, 1972; Авдусин Д.А., Основы археологии, М., 1989. Д. Тәлеев ӘМІР. ӘМІР — шығыс елдеріндегі әскербасылық атақ. Араб тілінен енген бұл әскери дәреже түркі тіліндегі “бек” дәрежесімен сәйкес. Мыңдық, он мыңдық (түмен) әскерді басқаратын қолбасылар Ә. атағына ие болған. Ә. атағына ие болған адамға әскери ту, дәреже белгісі — байрақ, соғыс кезінде әскерді басқаруға қолданатын дабыл, шыңдауыл тапсырылған. Сонымен бірге Ә-лердің иелігіне, әкімшілік басқаруына елді мекендер, ұлыстар, уәлаяттар беріліп, олар сол әкімшіліктен түсетін кірістің не салықтың белгілі бір бөлігін алу құқына ие болған. Бұл иелік Ә-ге белгілі бір мерзімге, не мұрагерлікке берілуі мүмкін. Сондықтан Ә-лер әскербасылықты және елбасылықты бірдей ұстаған. Қ. Ахметжан КӨКШЕТАУ ҚЫРАТЫ. Сарыарқаның солт-ндегі аласа таулы белесті жүйе. Ол солт-нде Солтүстік Қазақстан жазығымен, шығысында Сілеті жазығымен, оңт-нде Атбасар жазығымен және Есіл өз-нің аңғарымен, батысында Торғай үстіртімен шектеседі. Батыстан шығысқа қарай 400 – 450 км-ге, солт-тен оңт-ке қарай 200 – 250 км-ге созылған. Орташа биікт. 350 – 400 м, ең биік жері – Көкше тауы (947 м). Қырат көптеген жеке аласа таулар мен шоқылардан, төбелерден тұрады. Олардың бастылары: Көкше тауы (947 м), Жақсы Жалғызтау (729 м), Зеренді (653 м), Имантау (621 м), Сандықтау (626 м), Жыланды (609 м), Жақсытүкті (593 м), Байөтер (551 м), Айыртау (555 м), Елікті (502 м), Домбыралы (471 м), т.б. Қырат архей мен протерозойдың көне жыныстарынан (гнейс, кварцит, филлит, кристалды тақтатастар, т.б.) түзілген. Шығыс жағы төм. палеозойдың эффузивтік шөгінді қатпарлы қабаттарымен көмкерілген. К. қ. аумағында кварцтық-желілік алтын, темір, таскөмір және қоңыр көмір кен орындары бар. Климаты континенттік. Қаңтардың орташа темп-расы –18С, шілденікі 19С. Жылдық жауын-шашын мөлш. 400 мм. Қыраттан Есілдің көптеген оң салалары: Қалқұтан, Боқсық, Аршалы, Жабай, Қызылсу, Аққанбұрлық, Иманбұрлық, солт-ке қарай Қамысақты, Шағалалы, шығысқа қарай Сілеті өзендері бастау алады. К. қ-ның тауаралық ойыстары көлге бай. Тұщы көлдер: Имантау, Жақсы Жалғызтау, Зеренді, Айдабол, Бурабай, Шортан, Үлкен және Кіші Шабақты, Қатаркөл, Итемген, Шошқалы, т.б. Ащы көлдер: Қалмақкөл, Мамай, Салқынкөл, т.б. Көбінесе аласатаулы-орманды және аласатаулы қаратопырақты болып келеді. Қарағай, қайың, терек, тал, т.б. бұталар аралас орман, дала белдеміне тән әр түрлі шөп өседі. Өзен жайылмаларын, көл жағаларын шалғындық өсімдік жапқан. К. қ-нда ұлттық-табиғи саябақ ұйымдастырылған. Одан басқа қорықшалар, аң аулау ш. жұмыс істейді. ӘМІРСАНА. ӘМІРСАНА, Амурсана (1722 — 57) — Жоңғар ханы. Ойрат ақсүйегінің тұқымы. Еділ қалмақтарының ханы Аюкенің қызы ұзатылып келе жатып, қазақ жерінде қыстап қалғанда қазақ батырымен көңіл қосып, ішінде кеткен деген де әңгіме бар. Қоңтайшы Қалдан Серен (Цэрен) өлгенен кейін (1745) оның тұқымдарымен күресте жеңіліс тауып, Дабашы екеуі қазақ жеріне қашып келді. Абылай ханның қолдауымен Дабашының хан болуына (1753) көмектесті. Көп ұзамай Дабашыға қарсы қарулы көтеріліс бастап, жеңілген соң Пекинге қашып барды (1754). Жоңғар хандығын жоюды көптен көксеген Қытай осыны желеу етіп, қалмақ жеріне әскер жіберді (1755). Әскердің алдыңғы легін Ә. басқарды. Жоңғар жерін жаулап алған Қытай Ә-ны билеуші етпей, өлтіруді ойлады. Ол қашып шығып, манчжурларға қарсы азаттық күресін бастады. Көп ұзамай Ә. жоңғар ханы болып жарияланды. Қытай үкіметі жоңғар жеріне тағы да қалың әскер енгізді. Ә. 200 жігітімен қазақ жеріне қашып келді. Қытай Ә-ны қайтару жөнінде қатаң талап қойып, елші жіберді (02.1756). Абылай хан оны орындамай, Ә. Ресейге (Алтай уранхайларына) өтіп, сонда шешектен қайтыс болды. Әдеб.: Владимирцов Б., Монгольские сказания об Амурсане, т. 1., Лен., 1927; Сулейменов Р., Моисеев В.А., Из истории Казахстана XVҚҚҚ века, А.-А., 1988. ҚОЖАНОВ Сұлтанбек. ҚОЖАНОВ "Сұлтанбек Қожанұлы" (10.9.1894, Оңт. Қазақстан обл. Созақ ауд. Ақсүмбе а. – 10.2.1938, Мәскеу) – мемлекет және қоғам қайраткері, ұстаз, ғалым, публицист. Түркістандағы 4 сыныптық орыс түзем бастауыш мектебін (1910), 3 сыныптық қалалық мектепті (1913), Ташкент мұғалімдер семинариясын тәмамдаған. Мәскеуде БК(б)П ОК Марксизм-ленинизм курсын (1927) бітірген. Саяси қызметін Ташкент қ-нда семинария оқушыларынан құралған “Кеңес” атты астыртын жастар ұйымын құрудан бастаған. 1917 ж. көктемде Ташкентте Мұстафа Шоқай, Қ.Қожықов, Қ.Болғанбаев, С.Ақаевпен бірге “Бірлік туы” газетін шығарды. Түркістан (Қоқан) автономиясына қызу қолдаушылық танытып, оны кеңес өкіметінің әскер күшімен құлатуын жергілікті халықтың өзін-өзі билеу құқығын аяқ асты етушілік деп бағалады. Өлкеде кеңестік билік тұсында орын алған ашаршылыққа қарсы күресте белсенділік танытты. Аштықпен күресетін орт. комиссияның мүшесі ретінде 1918 ж. қарашадан бастап Түркістан, Созақ, Жаңақорған, Қызылқұм, Шиелі өңірлерінде ашыққан адамдарды тамақтандыратын арнайы орындар ашуды ұйымдастырды. 1919 – 20 ж. Сырдария у-дік рев. к-т төрағасының орынбасары, Түркістан у-дік-қалалық атқару к-тінің, Сырдария обл. рев. к-ттің төрағасы болды. 1 920 жылдың соңына қарай Түркістан респ. Ішкі істер халық комиссары, 1921 ж. қазанда Халық ағарту халық комиссары болып тағайындалды. Ол осы қызметтерді атқару барысында БОАК пен РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесінің Түркістан ісі бойынша құрған комиссиясы – Түріккомиссияның Ресейде іске асырылып жатқан коммунистік шараларды Түркістан өміріне күштеп енгізуге, таптық күресті шиеленістіре түсуге, сөйтіп ұлттық мәселені кейінге ығыстырып тастауға бағытталған әрекетіне қарсы тұрды. Оқу-ағарту саласында білім беруді жергілікті халықтар тілінде жүргізу мәселесін көтеріп, оны жүзеге асыруды талап етті. Мәскеу, Петроград секілді ірі қалаларда жоғары оқу орындарында білім алып жатқан түркістандық жастарға материалдық көмек көрсетуде бірқатар іс-шараларды жүзеге асырды. Түркістанда баспасөздің және ұлттық театрдың өркендеуіне елеулі үлес қосты. “Ақ жол” газетін шығаруды ұйымдастырып, оның алғашқы редакторы болды. 1922 ж. Түркістан респ. Жер шаруашылығы халық комиссары болып тағайындалысымен, а. ш-ның ахуалына ерекше көңіл бөліп, өлкедегі жер-су реформасына тек таптық қана емес, сонымен бірге ұлттық сипат беру бағытын да ұстанды. 1922 – 1924 ж. Түркістан КП орт. к-тінің хатшысы, атқару к-ті төрағасының орынбасары, РК(б)П ОК Орта Азия бюросының мүшесі болды. Қ. мемл. қайраткер ретінде Орта Азиядағы ұлттық-аумақтық межелеу кезінде (1924) айрықша танылды. 1924 ж. қарашада РК(б)П Қазақ обкомының (1925 ж. ақпаннан – Қазақ өлкекомының) екінші хатшысы қызметіне жіберілді. Қ-тың тікелей ұсынысымен Кеңестердің І съезі қазақ халқы тарихи атауын (патшалық тұсынан бұрмаланып қалыптасқан “киргиз” деген атты төл атауына – “қазаққа” түзетіп) қайтарып, астаналық қала атын Қызылорда деп өзгертті. 1925 ж. қарашада БК(б)П орт. к-тіне шақырылып, ұлт республикалары бойынша жауапты нұсқаушы лауазымымен Кавказға, 1928 ж. Ташкентке, Орта Азия Бюросына қызметке жіберілді. Мұнда ол үгіт-насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, хатшы болды. Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ҒА-ның (ВАСХНИЛ) Ташкент бөлімшесін ұйымдастырды. 1929 ж. Орта Азия мақта-ирригациялық политехника ин-тын (САХИПИ) құрып, алғашқы директоры болды, сонымен қатар 1929 – 31 ж. Орта Азия мақта к-тінің директоры қызметін атқарды. 1931 – 32 ж. БК(б)П ОК аппаратында істеді. Қ. негізгі міндеттерін қоғамдық, ғыл.-шығарм. жұмыстармен ұштастырып отырды. Мектепке арналған “Есептану құралы” атты оқулығы (1924), “Түркістанның Кеңестік Автономиясының он жылдығына” атты орыс тіліндегі зерттеуі (1928) жеке кітап болып шыққан. РК(б)П ОК ұлт қызметкерлерімен өткізген Төртінші кеңесінде (1923), РКФСР ХКК төрағасының орынбасары Т.Рысқұловтың басқаруымен өткен жеке кеңесте (1926) сөйлеген сөздерінде, сондай-ақ И.В. Сталинге 1927 ж. жазған екі хатында Қ-тың саяси көзқарастары мейлінше айқын тұжырымдалған. Ол 1937 ж. 16 шілдеде Ташкентте тұтқындалып, саяси қуғын-сүргін құрбаны болды. 1957 ж. ақталды. Алматы, Шымкент қ-ларындағы көшелерге Қ. есімі берілген. Түркістанда ескерткіш қойылған. Қойшыбаев Б., Жазықсыз жапа шеккендер, А., 1990; Қойгелдиев М., Омарбеков Т., Тарих тағылымы не дейді? А., 1993; Әлмашұлы Ж., Сұлтанбек Қожанұлы, А., 1994; Шәріпов А., Сұлтанбек Қожан-ұлы – әдебиетші, А., 1994. ӘМІР ТЕМІРДІҢ ҚЫТАЙҒА ЕЛШІЛІГІ. ӘМІР ТЕМІРДІҢ ҚЫТАЙҒА ЕЛШІЛІГІ — 1387 ж. Қытай императоры Тай-Цзуға (1368 — 98) жіберілген Әмір Темірдің молла Хафиз бастаған елшілігі. Мұның алдында Шығыс Түркістан мен Орта Азияға бірнеше рет келген Қытай елшіліктеріне жауап ретінде барған. Елшілікпен бірге үлкен сауда керуені де сапар шекті. “Мин ши” атты қытай деректемесінде Темірдің Иранға жорығы кезінде (1392 ж. басталған) жіберілген, Қытай императорына шамамен 1394 ж. жеткен хатының мазмұны берілген. Құжаттан екі мемл-тің де өзара қайшылықтарын соғысқа ұластырмай шешуге, уақыт ұтуға деген ұмтылысы байқалады. Хатта Әмір Темір тарапынан Мин империясына білдірілген достық, өзара сауда қатынасын орнату ниетін қолдайтыны айтылған. Әмір Темір өзінің Иранға жасаған “Жетіжылдық” жорығының (1399 ж. басталған) қарсаңында Қытаймен, Моғолстанмен бейбіт қарым-қатынас сақтауды көздеді. Темір мемлекетіне, әсіресе, Самарқанда Қытайдан әкелінген форфор, шай, жібек, атлас, бағалы тастар көпшілік сұранысына ие болды. Темірден кейін олардың ұрпақтары Халил Сұлтан, Шахрух, Ұлықбек тұсында Қытаймен елшіліктер алмасып, сауда қатынасы дамыды. Әдеб.: Рюи Гонзалес де Клавихо, Дневник путешествия ко двору Тимура в Самарканде в 1403 — 1406 г., СПБ., 1881; “Мин ши” (“Хроника династии Мин”), т. 24, Шанхай, 1958; История Самарканда, т. 1, Ташкент, 1969. К. Хафизова Аболин, Роберт Иванович. Аболин Роберт Иванович (18.5.1886, Рига қ. – 17.12.1942, Шығыс Сібірде) – орыс энциклопедияшысы, биол. және а. ш. ғылымдарының докт. (1934), проф. Петербург а. ш. ин-тын бітірген (1913). Ғыл.-экспедициялық жұмыстары Қазақстан мен Орта Азияның шөлді және таулы аудандарын зерттеуге арналған. Табиғи кешендер ілімінің негізін қалаушылардың бірі. Жер бетін эпигеосферадан қарапайым геогр. кешендерге дейін бөлу жүйесін алғаш ұсынған (1914). Қазақстанның жеке аудандарының алғашқы ландшафтық карталарын жасаған (1929). Қазақстан мен Орта Азияның әмбебап вегетациялық-темп-ралық белдеуін алғаш рет негіздеп, оларды табиғи-шаруашылық аймақтарына жіктеген (1929–33). Бүкілодақтық өсімдіктану ин-тының Шөл бюросын ұйымдастырып (1932), шөлді аудандарда жүргізілген ғыл.-тәжірибелік зерттеулерді басқарды (1932–37), арнаулы шөл ст-ларын ұйымдастырды (Шалқар, Орда). Қазақстан ОАК Төралқасының «Қазақстанның 15 жылдығы» белгісімен марапатталған (1934). Оның есімімен Жетісу (Жоңғар) Алатауының солт. беткейінде орналасқан қазаншұңқырдағы мұздық аталған (1958). КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ. Ш.Уәлиханов атынд. – жоғары оқу орны. 1996 ж. 7 мамырда Қарағанды политех. ин-тының бөлімшесі, Ш.Уәлиханов атынд. Көкшетау пед. ин-ты және С.Сәдуақасов атынд. а. ш. ин-ты негізінде ұйымдастырылды. Қарағанды политех. ин-тының бөлімшесі Қарағанды политех. ин-тының құрамына 1972 ж. берілген Павлодар индустриалды ин-тының жалпы тех. ф-ті негізінде 1993 ж. құрылған. Ин-т Өндірістік және азаматтық құрылыс, Құрылысты басқару және экономика, Машина жасау технологиясы, т.б. салалар бойынша мамандар даярлады. Ш.Уәлиханов атынд. Көкшетау пед. ин-ты 1962 ж. құрылған. Оның құрамында физика-математика, филология, жаратылыстану, шет тілдер, химия және биол. ф-ттері болды. 1965 ж. ин-тқа Ш.Уәлиханов есімі берілді. С.Сәдуақасов атынд. а. ш. ин-ты 1991 ж. Целиноград а. ш. ин-ты негізінде құрылған. Құрамында агрономия, зооинж., а. ш-н механикаландыру және экон. ф-ттері болды. 3 жоғары оқу орны біріктірілгеннен кейін, құрамындағы (күндізгі және сырттай бөлімдерде) филол., экон., шет тілдер және тарих, инж.-пед. және а. ш. ф-ттерінде 32 мамандық бойынша 5000-нан астам студент білім алады. Ун-ттің материалдық және ғыл.-тех. базасы қалыптасқан; электрондық баспа техникасы, машина-трактор оқу паркі, дәнекерлеу және жөндеу шеберханалары, жастар орт., студенттердің жаздық спорттық-сауықтыру кешені, кітапхана, дәрігерлік орт., “Арасан” сауықтыру кешені жұмыс істейді. Ун-т жанында гимназия және лицей, магистратура, аспирантура, кәсіптік мамандық бойынша оқытуға маманданған оқу орт. жұмыс істейді. Ун-тте оқулықтар, ғыл. еңбектер, монографиялар, “Алау” газеті шығарылады, респ. және халықар. конференциялар, “Уәлиханов оқулары” өткізіледі. Ресей, Египет, Польша, АҚШ, Канада, Германия ғыл. орталықтарымен байланыстар орнатылған. Агр.-тех. және экон. мамандықтар бойынша Еур. Одақ ұйымының “ТАСИС” және “ТЕМПУС” бағдарламаларына қатысады. Ун-тте спорттық үйірмелер, көркемөнерпаздар шығарм. ұйымы жұмыс істейді. Ун-т спортшылары боксшы Р.Б. Мусинов 2-Азия ойындарының күміс жүлдегері, ҚР-ның бірнеше дүркін чемпионы; жеңіл атлет А.В. Князев – ҚР-ның чемпионы. Абрамов, Николай Алексеевич. Абрамов Николай Алексеевич (1812, Тобыл губ. Қорған қ. – 1870) – Сібірді зерттеуші орыс ғалымы. Қорған халық уч-щесінде, Тобыл семинариясында оқыған. 1834 жылдан Тобыл қ-ның оқу орындарында, кейін Семей қ-нда жұмыс істеді. Павлодар, Өскемен, Семей, Алматы (Верный), Қапал, т.б. қалалар, бекіністер, ст-лардың салыну тарихы, олардағы халық саны, кәсібі, оқу орындары, орыс-қазақ қатынастары, Ресей қол астына қарауы туралы бірнеше ғыл. мақалалар жазды. Омбы–Семей жолы бойындағы, Қапал мен Қаратал өңіріндегі, Жетісудағы обалар мен бірнеше архит. ескерткіштерге сипаттама берді. Қозы Көрпеш – Баян сұлу мазарына талдау жасап, ол туралы халық аңызын жариялады. А. 1842 ж. Сібірге жер аударылып барған Ғұбайдолла Уәлихановпен кездесіп, ол жайында көлемді очерк жазды. А. жинаған археол. және жазба мұралардың ішінде «Жеті шатырды» (Семей) қазғанда табылған түрлі түсті бояумен таңбаланған көне түріктің бас сүйегі, қарлұқ қағаны Арсланның 1212 ж. аты жазылған алтын сақина (Қапалдан табылған), тастағы ту ұстаған түрік әйелінің суреті және басқа да көне жазба ескерткіштері бар. Ш ы ғ.: О памятнике Кузы-Курпече и относящемся к нему местному предании. Известия Восточного отделения Императорского археологического общества, т. 1, Вып., 2, 1858; Алматы или укрепление Верное, с его окрестностями, Известия РГО, т. 1, 1867; Киреевские киргизы Сибирского ведомства. Известия РГО, т. 2, 5, 1886. “КӨКШЕТАУ МИНЕРАЛ СУ”. емдік және асханалық су өндіретін кәсіпорын. 1991 ж. Қазақстан Республикасы Геология мин-нің Көкшетау гидрогеол. экспедициясының жанындағы “Су қорлары” жергілікті кәсіпорны болып құрылған. 1993 ж. акцион. қоғам, 1994 ж. ЖШС болып қайта құрылды. “Құлагер-Арасан” деп аталатын газдандырылған емдік-асханалық су, газдандырылмаған “Тұран” асханалық суын, биол. әсерлі асханалық су, газдандырылған тәтті сусын, “Құдаша” аталатын шарап сусынын, спиртті ішімдіктер (ащы тұнба, джин, бальзам) шығарады. Кәсіпорынның 8 цехы бар. Серіктестікте 325 адам жұмыс істейді (2003). ӘН. ӘН — ең кең таралған музыкалық шығармалар жанры, музыка және поэзия өнерлерінің ортақ туындысы. Ә. мазмұнына қарай (азаматтық, рев., лирик., еңбек, әзіл т.б.), шығу тегіне байланысты (халықтық, авторлық, қалалық, әскери, балаларға арналған, діни т.б.) және орындалуы мен құрылымына байланысты (жеке дауысты, көп дауысты) болып бөлінеді. Әуендік-интонац., орындаушылық мәнер-нақышы және шырқау ерекшелігіне сай қазақ Ә-дері Арқа әндері, Жетісу сазы, Батыс Қазақстан мектебі, Алтай әуені, Сыр бойы мақамы т.б. болып айқындалады. Халқымыздың ән шығармашылығы негізінен домбыра аспабының сүйемелдеуімен дамыған. Тақпақ-сазды екпіндегі нөсер терме, желдірме-толғаулар және кең тынысты созып айтатын көтеріңкі әндер көбіне халықтық Ә-дерге тән. Қазақстанның кәсіпқой композиторларының Ә-деріне өмірдегі сан-алуан тақырып арқау болған. Отандық Ә. жанрының дамуына Абай, Ақан сері, Мұхит, Біржан, Балуан шолақ, Үкілі Ыбырай, К. Әзірбаев, Н. Бекежанов, Л. Хамиди, Б. Байқадамов, С. Мұхамеджанов, С. Кәрімбаев, Ә. Еспаев, Н. Тілендиев, Е. Рахмадиев, Ш. Қалдаяқов, Ә. Бейсеуов, М. Маңғытаев,Т. Базарбаев, Е. Хасанғалиев т.б. елеулі үлес қосты. Ә. Телғозиев ӘНЕТ БАБА. ӘНЕТ БАБА (1628 — 1723) — “Жеті жарғыны” құрастыруға қатысқан атақты 7 бидің бірі. Руы Тобықты. Жас кезінде Бұхар-шарифте үйсін Сарышуаш жыраумен бірге медресе бітірген. Ислам қағидаларына, шариғат ережелеріне жүйрік болған. Әділдігімен, діндарлығымен аты шыққан. Қалқаман—Мамыр дауы (қ. “Қалқаман-Мамыр”) кезінде бірін-бірі сүйген екі жас жазадан босатылсын деген билік шығарады, бірақ оған Мәмбетбай руының басшысы Көкенай батыр көнбейді. Ол Мамырды атып өлтіріп, енді тентегіңді сен де өлтір деген ауыр шарт қояды. Көкенай батырдың ауыр шартына амалсыз көнген Ә.б. “Қалқаман жүйрік атпен шауып өтсін, Көкенай сонда атсын” деген тоқтамға келеді. Бұл жазадан Қалқаман аман құтылады. 1723 ж. көктемде жоңғарлар шабуылы басталып, ел “Ақтабан шұбырындыға” ұшыраған кезде Ә. б. жұртта қалады. Кейін Көкенай бастаған батырлар ұлы бидің сүйегін тауып, жерлейді. Ә. б-ның Жаубасар, Есболат, Шақа есімді ұлдары болған. Бұлардан бұрын ержеткен 5 ұлы қалмақтармен соғыста қаза табады. Әдеб.: Құдайбердиев Ш., Түрік, қырғыз, қазақ їәм хандар шежіресі, А., 1990. Ә. Хасенов Абызтөбе. Абызтөбе – көне қаланың орны. Сырдария өзенінің орта ағысының сол жағында, Келінтөбе аталатын көне қала жұртынан солтүстікке қарай 25 км жерде орналасқан. 1969 ж. Отырар археологиялық экспедициясы (жетекшісі К.М. Байпақов) зерттеген. Қала жұртының қазіргі көрінісі, солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылып жатыр, ұзындығы 105 м, көлденеңі 30 м, биіктігі 5 м, ұзын төртбұрышты жота. Төбесі тегіс. Қалаға кіретін қақпаның орны оңт. жағында орналасқандығы байқалады. Жиналған құмыралардың сынықтары бойынша ғалымдар қаланың б.з. 1 ғасырдағы өркениет орталығы болғанын дәлелдеді. КӨКШЕТАУ ОБЛЫСТЫҚ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЫ. Ақмола облыстық орыс драма театры – сахналық ұжым. 1977 ж. 28 қазанда Л.И. Славиннің “Интервенция” спектаклімен ашылды (реж. Я.А. Куклинский). 2000 ж. 25 қарашадан Ақмола обл. орыс драма театры болып аталды. Театр қазақ драматургтері Ғ.Мүсірепов (“Қозы Көрпеш – Баян сұлу”), С.Жүнісов (“Жапандағы жалғыз үй”), Шота Уәлиханов (“Шоқан анты”), О.Жанайдаров (“Оқжетпес”, С.Сейфулиннің “Көкшетау” поэмасы бойынша, 1994 ж. респ. фестиваль жүлдегері), орыс әдебиетінің классиктері Ф.М. Достоевский (“Қылмыс пен жаза”), Н.В. Гоголь (“Ревизор”, “Мамыр түні”), А.П. Чехов (“Шағала”), сондай-ақ, шет ел драматургтерінің пьесаларын сахнаға шығарды. Театрдың негізін қалағандардың бірі алғашқы бас реж. ҚР еңб. сің. өнер қайраткері (1997) Куклинский болды. Театрда Қазақстанның еңб. сің. артистері Ю.Журавлев, Г.А. Куклинская (екеуі де 1990 жылдан) және Г.Эпштейн сияқты жас актерлер өнер көрсетеді. Театрдың көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңб. сің. өнер қайраткері В.В. Тарасов. Театр ұжымы обл. театрлардың тұңғыш респ. фестивалінің (1984) жеңімпазы. ӘНҮШТЕГІНДЕР. ӘНҮШТЕГІНДЕР (1097 — 1231) — Хорезм мемлекетін билеген түркі тектес әулет. Негізін Әнүштегін Қарши (Қаршылық) (1077 — 97) қалаған. Ә. әулеті билеген мемлекет батысында Еділ бойы мен Қап тауына, Бағдат халифатына, оңт-нде Айюби ұрпақтары билеген араб мемл-тері мен Үндістанға, шығысында Жетісуға, теріскейде Ұлытау мен Торғай далаларына дейінгі терр-ны алып жатты. Құтб әд-Дин Мұхаммед Хорезмшаї (1097/98 — 1127/28) тұсында басталған салжұқ әмірлерімен тәуелсіздік үшін күрес Ала әд-Дин Атсыз Хорезмшаї (1127/28 — 56) билік еткен кезеңде одан әрі жалғастырылды. Әбу-л-Фатх Арслан Хорезмшаї тұсында дербестікке қол жетті. Ала әд-Дин Текеш (1172 — 1200) пен Ала әд-Дин Мұхаммед (1200 — 20) тұсында әулет күшейе түсті. Ә. Парсы мемл-н, Орта Азияны, Маңғышлақ пен Еділдің төменгі сағасын, Жент, Баршынкент, Жаркент, Баласағұн, Отырар қ-ларын бағындырды. Шыңғыс хан иелігіндегі елдермен бетпе-бет келуі Хорезм мемл-нің біржола құлауына себеп болды. Ә. тұсында Хорезмде өнер-білім, ғылым, кітап көшіру ісі, сауда қатынасы, халықар. байланыстар дамыды. Әдеб.: Босворт К.Э., Мусульманские династий, М., 1971; Буниятов З.М., Гомударство хорезмшахов Ануштегинов, М., 1986. ө. Жолымбетов Абылайұлы, Жангенхан. Абылайұлы Жангенхан (24.4.1949 ж.т., Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Жанкент ауылы) – мед. ғыл. докт. (1990), проф. (1998), ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі (1997). Қазақстанның еңбек сің. ғыл. қайраткері (2003). Семей мемл. мед. ин-тын (1972, қазіргі Семей мемл. мед. академиясы) бітірген. Дәрігерлік еңбек жолын Қызылорда обл. ауруханасынан бастады. ҚР Денсаулық сақтау мин-лігінің Гигиена және кәсіби аурулар ғыл.-зерт. ин-тында (1994–98) істеп, 2001 жылдан Кардиология мен ішкі ағзалар аурулары ғыл.-зерт. ин-ты директорының орынбасары болды. А. 6 монография, 22 патент пен 180-нен астам ғыл.-зерт. еңбектердің авторы. Негізгі ғыл.-зерттеулері эндокринология, гирсоидология, лимфология, профпатология, радиац. экол., т.б. мәселелерге арналған. Респ. «Алтын адам» сыйл. лауреаты (2003). ӘНШІ БАЛАПАН. “ӘНШІ БАЛАПАН” — халықаралық өнерлі балалар фестивалі. Алғаш 1990 ж. 6 мамырда ұйымдастырылды және сол күні Қазақ теледидарынан тікелей эфирге шығарылды. Содан бері “Ә. б-ға” респ-ның барлық облыстарының 4 — 16 жас аралығындағы өнерлі балалары қатысты. Олар Болгария, Үндістан, Польша, Ресей, Түркия, Швеция, Финляндия, Франция, Эстония елдерінде өнер көрсетті. Фестивальда тұңғыш танылған жас өнерпаздар кейін беделді халықар. байқаулардың жүлделерін жеңіп алды. 1998 ж. 24 — 27 қыркүйегінде “Ә. б.” халықаралық фестиваліне Италия, Литва, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия т.б. елдерден өнерлі балалар қатысты. Сөйтіп, фестиваль халықар. дәрежеге көтерілді. Р. Жанчурина ӘНШІ ҚҰМ. “ӘНШІ ҚҰМ”, әнші тау — Қле өз. аңғарын бойлай орналасқан Үлкен Қалқан және Кіші Қалқан таулары етегіндегі құмды төбе. Биікт. 150 м-дей, ұз. 8 км, ені 3 км. Қалқан тауларынан соғатын желдің бағыты үнемі өзгеріп отыруы нәтижесінде құм түйіршіктері електеніп, бірегей құм қоспасынан тұратын төбеге айналған. Құм суынып жел әсерінен қозғалысқа келген кезде, одан кәдімгі сырнайдан шыққан таза ән ырғағына ұқсас үн естуге болады; егер жел күшейсе, құмнан шыққан реактивті ұшақтың гүрілі сияқты дауысқа ұласады. Бұл табиғат құбылысы көбіне түнде шығыстан салқын жел соққанда естіледі. Жібек жолының бойында орналасқан осы “Ә. қ-ның” үнін есту үшін жолаушылар әдейі ат басын бұрған. “Ә. қ.” табиғат ескерткіші ретінде мемл. қамқорлығына алынған. Ол “Алтынемел” ұлттық табиғи саябағы (1996 жылдан) құрамына кіреді. Ж. Шілдебаев Абылқасымов, Болатжан Шайзадаұлы. Абылқасымов Болатжан Шайзадаұлы (8.4.1950, Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Қабанбай ауылы – 14.3.2009, Астана қаласы) – филол. ғыл. докт. (1994), проф. (1996). ҚазМУ-ды бітірген (1973). Мәскеу қ-ндағы Шығыстану ин-тында ғыл. тәжірибе (1977–79) алмасты. Қазақстан ҒА-ның Әдебиет және өнер ин-тында аға лаборант (1973–75), кіші ғыл. қызметкер (1975–77, 1979–81), ғалым-хатшы (1981–89), докторант (1989–92), Қазақ мемл. қыздар пед. ин-тында (қазіргі Қазақ мемл. қыздар пед. ун-ті) декан, кафедра меңгерушісі (1992–2006), 2006 жылдан өмірінің соңына дейін Еуразия ұлттық ун-тінде проф. қызмет атқарған. «Қазақтың көне наным-сенімдеріне қатысты ғұрыптық фольклоры» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. А. ұлттық фольклористикаға деген жаңа көзқарас, соны ізденістерге толы зерттеу еңбектерінің («Жанр толгау в казахской устной поэзии», 1984; «Телқоңыр», 1993; «Көкбай ақын», 1998) авторы. ӘҢГҮДІК. ӘҢГҮДІК — мінездегі ұнамсыз, жағымсыз сипат. Ә. адамды, әдетте, даңғой, әулекі, әумесер деп те атайды. Оның мінез-құлқында аңқаулық, нанғыштық секілді сипаттар жиі кездеседі. Ә. ұрыншақ, елірме, әулекі сияқты мінездің ұнамсыз көріністерінен де байқалады. Ә-тің бір көрінісі — әулекілік пен әумесерлік. Бұл адамды еліртіп, есіртіп әкететін алаңғасарлық, ұрыншақтық қасиет. Ә-тік сипат ерекшеліктерінің тағы бірі — аңқаулық пен нанғыштық. Аңқаулық — нанғыш, бейқам, қулығы жоқ мінездің қасиеттері. Ә. Алдамұратов Авазбаев, Несіпбай. Авазбаев Несіпбай (1937 ж.т., Өзбекстан, Ташкент облысы, Зингиартин ауданы, Баткер ауылы) – филология ғылымдарының докторы (1993), проф. (1995). Ташкент мемлекеттік педогогикалық университетін бітірген. Осы институтта шет тілдер факультетінің деканы, неміс тілі кафедрасының меңгерушісі, аға оқытушы, доцент (1960–90), Ташкент мемлекеттік университетінде доцент, профессор, неміс филологиясы кафедрасының меңгерушісі, деканның орынбасары (1990–96) қызметтерін атқарды. 1996 жылдан Халықар. қазақ-түрік ун-тінің Шымкент бөлімінің шет тілдер кафедрасының меңгерушісі. Ол «Қазіргі неміс тілінің фонетикалық теориясы» кітабының авторы. 70-тен астам ғыл. мақаласы жарық көрген, оның ішінде 6 монографиясы бар. ӘҢГІМЕ. ӘҢГІМЕ, әдебиетте — оқиғаны қарасөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры. Ә-нің жанрлық ерекшеліктері оқиғаны баяндау тәсілі, композиц., сюжеттік құрылысы, көркемдік жүйесі арқылы айқындалады. Ә-нің көлемі шағын, кейіпкерлер саны аз, сюжет ұйытқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен шешімі болады. Онда адам, оның өмірі мен тағдыры, аса маңызды деген оқиға жинақы беріледі. Мұнда бір айтылған жайларға қайта оралуға, тәтпіштеп баяндауға, ұзақ суреттеуге орын жоқ. Ә. жанры аз сурет арқылы көп жайды аңғарта білетін айрықша көркемдік шеберлікті талап етеді. Оқиға көбіне бірінші жақтан баяндалып, әңгімешінің оқиғаға тікелей қатыстылығын көрсетеді. Б. Майлин, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов т.б. Ә-лері — қазақ әдебиетіндегі осы жанрда жазылған үздік шығармалар. Қазіргі әңгіменің бастаулары халық ауыз әдебиетінде жатыр. Сонау көне заманнан-ақ халық өзінің тұрмыс-салты, күнделікті тіршілігі жайлы ауызша Ә-лер туғызып отырған. Мұндай Ә-лер бір рет қана айтылып қоймай, әр жерде, жиын болған кезде айтылған да, ондағы оқиға бірте-бірте тұрақты сюжетке айналған. Сөйтіп, ауыз әдебиетіндегі дәстүрлі жанрға айналған. Жеке адамның басынан өткен оқиға ретінде айтылатын мұндай Ә-лерді халықар. фольклортануда меморат деп атайды. П. Әуеспаева ӘҢГІМЕЛЕСУ. ӘҢГІМЕЛЕСУ — пікір алысу, сұхбаттасу, әлеуметтік ғылымдарда қолданылатын зерттеу әдістерінің бірі. Педагогикадағы Ә. — оқушылардың ойы мен тілін дамыту үшін қолданылатын оқыту әдісінің бір түрі. Ә. кезінде оқушы мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап беру арқылы оқу материалын пысықтап, ой қорытады. Ә. әдісі — оқушыларға эмоциялық, эстетикалық әсер ететін тиімді әдістердің бірі. Оның сапасы оқытушының тәжірибесіне, әдістемелік шеберлігіне байланысты. 2. Психологиядағы Ә. — белгілі жоспар бойынша, бақылауға алынған адамның ерекшеліктеріне, білім деңгейіне қарай күні бұрын әзірленген сұрақтар арқылы жүргізіледі. Зерттелінушіге күдік тудырмау үшін Ә. көбіне жанама түрде ұйымдастырылып, оның жауабы жазылып алынады, кейін мұқият талданып, тиісті қорытындылар шығарылады. Ә. әдісі әлеум. мед., бала психол-сы т.б. салаларда жиі қолданылады. Мұны “тәжірибеге кіріспе”, не “психотерапиялық әдіс” деп те атайды. ӘПЕРБАҚАНДЫҚ. ӘПЕРБАҚАНДЫҚ — этикалық ұғым, адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетіндегі теріс қылық. Ә. адам бойындағы әдептілік мәдениеті деңгейінің төмендігіне байланысты және қоғамдағы әлеум. құндылықтардың дағдарысқа ұшыраған жағдайында (аномия) өріс алады. Ә-қа ұрда-жық мінез-құлық, қатыгездік, дөрекілік, өзгенің абыройын, намысын аяққа таптау сияқты кісіліктен тыс теріс қылықтар жатады. Психол. және этик. әдебиетте Ә. белгілері нонконформистік (ымырасыздық) және деструктивтік (қиратушылық) іс-әрекет мәселелеріне байланысты қарастырылады. Қаныпезерлік әрекеттерде де Ә. көрініс табады. Ә-ты шектеу үшін әдептілік ережелерін адамдардың күнделікті іс-әрекет өлшемдеріне айналдыру қажет. Т. Ғабитов ЕРЖАНОВА Мәриям Сейдалықызы. ЕРЖАНОВА Мәриям Сейдалықызы (20.8.1928 ж.т., Ташкент қ.) – хим. ғыл. докт. (1971), проф. (1972). Мәскеу тоқыма өнеркәсібі ин-тын бітірген (1951) соң Қазақстан ҒА-ның Химия ғылымдары ин-тында ғыл. қызметкер (1951–56), Шымкент қ-ндағы Қазақ хим.-технол. ин-тында аға оқытушы, кафедра меңгерушісі (1956–79), ал 1979 жылдан ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. Оның ғыл. еңбектерінің негізгі бағыты төмен темп-рада селективті катализаторларда фурфуролды гидрогендеу және фуронды қосылыстарды гидрогендегенде сорбцияланған сутектің энергетик. сипаттамалары мен катализатордың активтілігі, селективтілігі, тұрақтылығы арасындағы өзара байланыстарды зерттеуге арналған. «Низкотемпературное гидрирование фурфурола в растворах» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Е. 60-тан астам ғыл. еңбектің авторы, 25 өнертабыстың, 5 авторлық куәліктің иегері. Ш ы ғ.: Кинетика и механизм гидрирования фурфурола, А.-А., 1987. КӨКШЕТАУ СЫРТҚЫ ОКРУГІ. Ресей империясының 1822 ж. 22 шілдедегі “Сібір қазақтары туралы Жарғысы” бойынша 1824 ж. 29 сәуірде құрылған. Округті аға сұлтан басқарды. Алғашқы аға сұлтаны болып Уәлиханұлы Ғұбайдолла (Абайділдә), қазылары атығай руынан Зілғара Байтоқаұлы және керей руынан Мүсет Жәнібекұлы сайланды. 1857 ж. К. с. о-нде 16 болыс (майлыбалта атығай, атығай бағыш, құдайберді атығай, құрсары керей, туадан керей, балтыкөш керей, есенбақты керей, уақ керей, есенәлі керей, жаулыбай қарауыл, уақ, самай керей, қанжығалы, құлтай қыпшақ, күрлеуіт қыпшақ, бай қырғыз), 144 ауыл, 8778 үй болды. Патша үкіметінің 1868 ж. 21 қазандағы “Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстарын басқару туралы уақытша ережесіне” сәйкес К. с. о. уезд болып, Ақмола обл-ның құрамына енді. КӨКІЛТАШ МЕДРЕСЕСІ. тарихи архитектуралық ескерткіш. Бұхарада 16 ғ-да салынған. Көлемі өте үлкен, екі қабатты, биік ғимарат. Қабырғаларын безендірген әшекейлері өшуге айналған. Медресенің ішкі алаңына бірнеше бөлмеден өтіп кіреді. Әрбір бөлменің төбесі күмбезделіп көмкерілген. Барлығы 160-тан астам бөлме бар. Қазақстан және Ресей ғалымдары тарихи мәліметтерге сүйеніп, бұл ғимаратты Тама руының шежіресінде аталатын Көге есімді қазақ 1538 ж. салдыра бастаған деген ғыл. тұжырым айтады. Әдеб.: Пугаченкова Г.А., Ремпель Л.И., Выдающиеся памятники архитектуры Узбекистана, Таш., 1958; Досмұхамедов Х., Бұхарадағы Көгелташ медресесі //Аламан, А., 1991. Аманжолов Алтай Сәрсенұлы. Аманжолов Алтай Сәрсенұлы (2.6.1934 ж.т., Алматы қ.) – түркітанушы, филология ғылымдарының докторы (1976), профессор (1978), Қазақстан Қоғамдық ғылым академиясының толық мүшесі (1995). Мәскеу мемлекеттік университетті жанындағы Шығыс тілдері ин-тын бітірген (1957). Қазақстан ҒА-ның Тіл және әдебиет инcтитутында кіші ғылыми қызметкер (1957–60, 1964–66). Қазақ мемлекеттік қыздар пед. институтында доцент, кафедра меңгерушісі (1966–1979), ҚазМУ-да кафедра меңгерушісі (1979–95), проф. (1995 жылдан), көне түркі жазба орт-ның директоры қызметтерін атқарған. «Көне түркі жазуының тарихы туралы деректер мен зерттеулер» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Аманжолов зерттеулерінің басты бағыты – көне түркі жазу ескерткіштерінің тілі, көне түркі жазуының тарихы, түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы, түркі руникалық графикасы мәселелері. Осы салада бірнеше монографиясы, оқулықтары, ғыл. мақалалары (жалпы саны екі жүзден астам, оның кейбіреуі ағылшын және түрік тілдерінде шет елде басылды) жарық көрді. «Құрмет» ордені (1999), медальдармен және «Қазақстан республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен (2004) марапатталған. КӨЛБАЙ. Алматы обл-ның Алакөл ауд-ндағы ауыл, ауылдық әкімш. округі орталығы. Аудан орт. – Үшарал қ-нан оңт.-батысқа қарай 82 км жерде, Ащыөзек өз-нің сол жағалауында, қылқан боз, сұлыбас басым өскен бозғылт қоңыр топырақты тау алдының шөлейтті жазығында орналасқан. Тұрғыны 1,8 мың адам (2002). Іргесі 1974 ж. қызылша өсіретін “Комсомол” кеңшары ретінде қаланған. Оның негізінде К-да серіктестік және шаруа қожалықтары құрылды. Ауылда орта мектеп, кітапхана, клуб, сауда орт., фельдш.-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. КӨЛБАҚА. (Rana rіdіbunda) – құйрықсыздар отряды бақа тұқымдасына жататын түр. Бақалардың ішіндегі ең ірісі; ұз. 170 мм-ге дейін жетеді. Қоңырқай, жасыл түсті келеді, үстінде күңгірт дақтары болады. Тістері үстіңгі жақ сүйектерінде ғана бар. Тілінің ұшы бос және екі айырылған. Көбінесе суда тіршілік ететіндіктен артқы аяғының жүзу жарғағы жақсы жетілген. Кейде судан жағалауға қоректену үшін шығады. Қорегін ұзын тілімен аулайды. Олар әр түрлі аралас және жалпақ жапырақты орманды, дала мен шөлейт жердегі су қоймаларында және ағысы жылдам өзендерде мекендейді. Қазақстанда негізгі таралу ареалы Орал – Ырғыз – Торғай су айдыны мен Балқаш – Алакөл аралығы болып саналады. Негізгі қорегі – жәндіктер, олардың ішінде қоңыздар, қосқанаттылар, жарғаққанаттылар, түзу қанаттылар, сондай-ақ майда құстардың балапандары, сұртышқандар, басқа қосмекенділердің итшабақтары. Кейбір жағдайда балықтардың шабақтарымен қоректеніп, балық ш-на зиянын тигізеді. Су темп-расы 6 – 9С-та К-ның белсенділігі тоқтайды да су түбіндегі шұңқырға қыстайды. Қыстаудан ақпанның аяғы – маусымның басында шығады. К-лар 3 жылдан соң уылдырық шашады. Аналығы су жылынғанда (15,6 – 18,6С-қа көтерілгенде) ғана уылдырық шашады. Уылдырықтарының саны денесінің ірілігіне байланысты (4000 – 12000-дей) болады. Уылдырық шашу мерзімі 1,5 – 2,5 айға дейін созылады. Су жылы болғанда ғана 7 – 10 күнде ұрықтанған уылдырықтан ұз. 5 – 8 мм-ге жететін итшабақтар жарып шығады. Бір апта өткеннен кейін олардың ұз. 16 – 20 мм-ге жетіп, белсенді қоректене бастайды. К-ның итшабақтары биоценозда (энергия тасымалдаушы) үлкен рөл атқарады, еті кейбір елдерде (мыс., Францияда, Қытайда, т.б.) тағам ретінде пайдаланылады. АКТЕРЛІК ӨНЕР. Актерлік өнер — "адам бойындағы қабілеттерінің көмегімен белгілі бір кезең мен уақытқа тән тірі образ жасау өнері." Актерлік өнер шабыт күшін, қиял қуатын, ыстық сезімді талап ететін ерекше қабілет. Негізінде салт-дәстүрлік рәсімдерден басталған актерлік өнер жан-жақты өнер түрі болып қалыптасты. Салт-дәстүрлік рәсімдерде ән, би, музыка, сөз, грим, киім, т.б. қолданылатын. Бертін келе актерлік өнердің балетте – бимен, операда – әнмен, ал драма театрында – сөзбен тығыз байланысты үш түрі айқындалды. Драмалық спектакльдерде де би мен ән болады, бірақ ол қосымша құрал ғана. Актерлік өнердің «таза түрі» де бар, ол – пантомима. Әсерлі сезімге толы қимыл пантомиманың негізін құрайды. Сондықтан пантомима актерлік өнердің негізі саналады. Актерлік өнердің бір құралы – тапқырлық. Сахнада тапқырлық автор мен режиссердің жүктеген міндетін орындай отырып, рөл табиғатын сақтап, әсерлендірудегі актердің шеберлігінен байқалады. Актерлік өнердің алғышарттарының бәрі қазақ тұрмысында болған. Мысалы, айтыстағы шұғыл, тапқыр әрі әсерлі сөз сайысы әдемі қимыл, орынды мимикамен бірге көрінеді. Әзіл айтыс болса, айтысушылар түр-әлпетін сайқымазақтарша өзгертіп отыратын болған. Ал, қазақтың қыз ұзату, келін түсірудегі дәстүрлі ырымдар, ән мен бидің, күлдіргіштердің әрекеттері сол бойы сахнаға сұранып тұрған көріністер. Жәрмеңкедегі ағашаяқтардың, жарапазан айтушылардың, көкпар мен қыз қуудағы әрекеттердің бәрінде актерлік өнердің элементтері молынан кездеседі. Қазақ театрының іргесін қалап, шаңырағын көтерген актерлердің бәрінде де актерлік өнерге қажетті қабілеттер мол болатын. Біресе қыздың, біресе кемпірдің, біресе шалдың рөлін орындайтын, тіпті сиыр мен лақтың үнін де айнытпай салатын Қалыбек Қуанышбаев, бір спектакльде қыздың, кемпірдің және жас жігіттің рөлін қатар ойнайтын Елубай Өмірзақов, бір өзі бүкіл ансамбльге тұратын Иса Байзақов, аққуға үн қосқан Әміре Қашаубаев, т.б. нағыз халық арасынан шыққан актерлер болатын. Актер кадрларын 1932 жылдан театр студиялары, ал 1978 жылдан Темірбек Жүргенов атындағы театр және кино институты (қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясы) даярлайды. Аманжолов Сәрсен Аманжолұлы. Аманжолов Сәрсен Аманжолұлы (27.12.1903, Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Егінсу а. – 28.1.1958, Алматы қ.) – филология ғылымдарының докторы (1948), профессор (1948), Қазақстан Ғылым академиясының корр. мүшесі (1954). Орта Азия мемлекеттік унверситеті пед. факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті бөлімін бітірген (1930). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1931 ж. ҚазПИ-де оқытушы, 20 жылдай қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі болды. 1934–36 ж. Қазақтың ұлт мәдениетін зерттеу институтының директоры, ғыл. хатшысы қызметтерін атқарды. 1937–42 ж. КСРО ҒА Қазақстан бөлімшесінің тіл және әдебиет секторын басқарды, 1946–58 ж. Қазақстан ҒА Тіл және әдебиет институтында бөлім меңгерушісі болды. Аманжолов жалпы тіл білімі мен қазақ тіл білімінің теор. негізін қалыптастыруда А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов бастаған ғыл. жұмысты ілгері жалғастырды. Ол жазған қазақ тілі оқулықтары мен бағдарламалары ана тілін оқытуды ғыл. жолға қоюға елеулі ықпал етті. Аманжолов қазіргі қолданыстағы кириллицаға негізделген қазақ жазуын жасады.Сонымен қатар халық ауыз әдебиеті нұсқаларын жинап, әдеби тіл тарихын зерттеумен айналысты. «Қазақ диалектологиясының негізгі мәселелері» деген докт. дисс-сында қазақтың әдеби тілі мен қазақ тілінің диалектілік негізін, оның қалыптасу тарихын, дамуын жан-жақты зерттеді, диалектілердің түркі тілдермен жақындығын, ру-тайпа халық тілінің байланысын, даму жүйесін анықтады. Оның бұл еңбегі қазақ диалектологиясының тіл білімінің бір саласы болып қалыптасуына негіз болды. Аманжолов жалпы тіл біліміндегі синтаксис мәселелерін: сөйлемге берілген анықтамаларды, сөйлем мүшелерінің табиғатын, сөйлеудің синтаксистік құрылымын, сөйлеу мен ойлау арасындағы қарым-қатынасты зерттеді. Ол сөз таптарының сөйлем мүшесі болу шарттары, сөйлемнің элементтері мен дәнекерлері, интонация, оқшау сөздер, шақ пен жаққа қатысты синтаксистік категориялар, құрмалас сөйлемнің пайда болу жолдары, үйірлі мүше жайында тың қорытындылар жасады. Құрмалас сөйлемнің «аралас құрмалас» деген түрін енгізді. Аманжолов – қазақ тілі ғылымының теориясын қалыптастырған, оны практикамен байланыстырған алғашқы тілші ғалымдардың бірі. «Қазақстанның 15 жылдығы» құрмет белгісімен (1935), жауынгерлік медальдармен (1945) марапатталған. КӨЛГІРЛІК. адам бойындағы екі жүзділік қасиеттің бір түрі. К. арсызды арлы, сараңды жомарт, тәкаппарды кішіпейіл, қасты дос, әділетсізді әділ, өтірікшіні шыншыл етіп көрсете алады. Қазақтың дәстүрлі ұғымында шектен шыққан оспадарлық пен сүйкімсіз мінез – “қасиетсіздік” деп бағаланып, жалған айтып жағыну, өтірік айтып көлгірсу, мүттәйім болып мүләйімсу аярлық пен залымдықтың белгісі ретінде қабылданған. Ислам дінінде іші мен тысы бөлек, екі жүзді, көлгір адамды “мунафиқ” дейді. Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) хадисінде мунафиқтың үш белгісі айтылады: 1) қалай сөйлесе де өтірік айтады; 2) қашан уәде қылса да опасыздық етеді; 3) қанша аманат берілсе де қиянат істейді (Имам Бұхари риуаят еткен хадистен). Сол секілді лауазымы жоғары кісіге бас пайдасы үшін жағымпаздану, бағыну – екі жүзділіктің, К-тің белгісі. Ондай адам бастық қалағанын берсе, жағымпаздығын жалғастыра береді де, көңілін таппаса – бетін ары бұрады. Пайда үшін жағынып, тілемсектік пен К-ке салынған мұндай адамдар туралы Абайдың төртінші қара сөзінде: “Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп адам саумақ – өнерсіз иттің ісі. Әуелі құдайға сиынып, екінші, өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды”, – делінген. Сондай-ақ, Абай тұжырымы бойынша, жаман мінез жаман қылықтан туындамақ, ол: “Әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады; әрбір қайратсыз қорқақ, мақтанғыш келеді; әрбір мақтаншақ қорқақ, ақылсыз, надан келеді; әрбір ақылсыз, надан арсыз келеді; әрбір арсыз, жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, тыйымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады”, – дей келе, “мұның бәрі төрт аяқты малды көбейтеміннен басқа ойының жоқтығынан...” (3-қарасөз), – деп қорытады. Демек, адам ниетінде адалдыққа орын қалмай, тоғышарлық пен қиянатшыл пиғыл үстем болған кезде К. пайда болып, турашылдық пен шыншылдықтың орнын баса бастайды. Кісілікке жат мұндай қасиеттерді “адамның түсіне емес, ісіне қарап” (С.Сарайи) анықтау қажет. Индер шырышы. Индер шырышы () – лалагүлдер тұқымдасы, шырыш туысына жататын көп жылдық жуантамырлы өсімдік. Қазақстанда солтүстік Каспийден Балқаш – Алакөл қазаншұңқырына дейінгі шөлейтті жерлерде, сондай-ақ Шу-Іле тауларының аласа жерлерінде кездеседі. Биіктігі 100 – 130 см, ұзын шашақ гүлшоғыры сабағының ұшында жетіледі. Сабағы мықты, жуан, жапырақсыз. Жапырағы таспа тәрізді, ұзын. Гүлдерінде жалпақ қандауыр тәрізді жарғақ гүлжапырақтары болады. Қоңырау сияқты қоңыр, ақшыл қызғылт түсті гүлсерігі сәл ашылып тұрады. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, шілдеде жемістенеді. Жемісі – домалақ, жылтыр қорапша, тұқымы үшқырлы, жалпақ қанатты. Тамырында өзіне тән желімдік қасиеті бар эремуран полисахариді болады. Сондықтан бұрынғы кезде өсімдік тамырына ерекше «шырыш» деп аталатын желім алынып, онымен өте жұқа фарфор ыдыстарын желімдеп, қаланған тастарды бекіткен. Ақан Сері. Ақан Сері, Ақжігіт Қорамсаұлы - ақын, әнші, композитор. Ақан 1843 ж. бұрынғы Көкшетау (қазіргі Ақмола) облысындағы Үлкен Қоскөлдің маңында туған. Әуелі ауылда, содан соң Қызылжардағы Уқли (Ахметуқли) молдадан оқыған. 16-17 жасынан өнер жолына түскен. Бірінші әйелі Жұман қызы Бәтимадан туған жалғыз ұлы Ыбан (Ыбырайым) тілсіз, мылқау болған. Бәтима өлген соң, аз күн отасқан әйелі Ұрқияға «Хат жаздым қағаз алып, қалам, сия» деген өлеңін арнаған. Тірідей айрылған сүйген қызы – Ақтоқты. Бұл – аты аңызға айналған оқиға. Ақтоқты есімі Ақан шығармаларынан кең орын алды. «Ақ көйлек», «Аужар», «Алтыбасар», «Ғашық жарға», «Тағрипың», «Ж-ға» – Ақтоқтыға арналған махаббат толғаулары. Құлагердің мерт болуы (1880-жылдардың ортасы) да егде тартқан серінің өмірі мен шығармашылығында ұмытылмас оқиға болды. Өмір соққысын көрген ол жайлауға көшпей, баласы Ыбан екеуі қыстауда қалады. Дұшпандары оны әр саққа жүгіртіп өсек таратады. Бірақ Ақан өмірден де, өнерден де қол үзбейді. Осы тұстағы ән-өлеңдерінің елеулісі – «Балқадиша». 1890 жылдардағы шығармашылығында айтыс едәуір орын алды. Ақанның елдің жер-судан, қоныстан айырылуына наразылық білдірген азаматтық лирикалары мен сықақ өлеңдері де өткірлігімен ерекшеленеді. Қонысынан айрылған елдің мұң-мұқтажын ақын халық атынан айтады. 1913 ж. Ақан өзінің туған жерінде дүние салды. Ақан сері – өмір шындығын үлкен суреткерлікпен жырлаған заманының асқақ ақыны ғана емес, мұңшыл да сыршыл, әншілік-орындаушылық өнерімен танылған өзгеше дарын иесі. Оның композиторлығы ақындығынан кем түспейді. «Ақан сері» атанып, кезінде жұртшылыққа кең танылуы, атақ, даңқының шар-тарапқа жетуі – әншілік-композиторлық өнерінің жемісі. Ол жас кезінде айналасына әнші-күйші жастарды жинап, өзгеше бір өнерлі топ болып ел аралады. Балуан шолақ, Жаяу Мұса, Естай, Иман Жүсіп, Құлтума сияқты атақты ақын-әншілер Ақанның ең жақын достары болған. Ол қазақтың ұлттық өнерін кәсіби биікке көтеріп, дәстүрлі өнердің классикалық үлгісін жасады. Елуге жуық музыкалық мұрасы қазақ мәдениетінің алтын қорына енді. Оның шығармаларын белгілі әншілер Әміре Қашаубаев, Жүсіпбек Елебеков, Манарбек Ержанов, Жәнібек Кәрменов, т.б. ел игілігіне айналдырды. Қазақстан композиторларының симфониялық және опералық шығармаларына кеңінен енгізіліп, Ақан әндері екінші өмірін бастады. Серінің өмірі мен тағдыры туралы Ілияс Жансүгіров «Құлагер» поэмасын, Ғабит Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты» драмасын, Сыдық Мұхамеджанов осы аттас операсын, Сәкен Жүнісов «Ақан сері» романын жазды. Аманиязов Құрбан. Аманиязов Құрбан (22.4. 1932 ж.т., Түрікменстан, Красноводск қ.) – геология-минералдық ғылымдарының докторы (1968), профессор (1970). Түрікменстан Ғылым Академиясының корр. мүшесі (1981). Түрікменстан Ғылым Академиясының Геология институтының аға ғылым қызметкері, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары (1960–68), Түрікмен мемлекеттік университетінің физика-география кафедрасының профессоры (1968–81), Геология институтының директоры (1981–88), Түрікмен политех. институтының кафедра меңгерушісі (1988–92), Түрікменстан Ғылым Академиясының Каспий теңіздің экологиясында лаборатория меңгерушісі (1992–95) болды. 1995 жылдан Ақтау университетінің кафедра меңгерушісі. Аманиязов Тұран аймағының мұнай, газ, көмір, күкірт, тұз, т.б. кен байлықтары, Копетдаг, Балқан, Гиссар тауларының, Үстірттің және Каспий теңізінің геологиясы туралы жазылған бірнеше ғыл. еңбектің авторы. Ол Абайдың қара сөздерін, қазақ ертегілерін түрікмен тіліне аударған. КӨЛДЕНЕҢ. Шығыс Қазақстан облысының Үржар аудандағы ауыл, Аксаков ауылдық әкімш. округінің орталығы. Үржар ауданынан солтүстіл-шығысқа қарай 37 км жерде, Тарбағатай тауының оңтүстіл беткейінде, Көлденең өзенінің жағасында орналасқан. Тұрғыны 1,6 мың адам (2002). Іргесі а. ш-н ұжымдастыру кезінде қаланды. 1973 жылы ұжымшар негізінде ұйымдастырылған сүт бағытындағы “Юбилейный” ірі қара мал кеңшарының орталығына айналды. 1997 жылға дейін “Аксаковка” деп аталып келді. Оның негізінде “Аксаковка” ЖШС-і, “Қылыш”, “Молшылық”, “Игілік”, “Наурыз”, “Аксаковский” атты шаруа қожалықтары құрылды. Май з-ты, байланыс бөлімшесі, орта мектеп, мәдениет үйі, фельдш.-акушерлік пункт бар. Аманов Төлеубай Ыдырысұлы. Аманов Төлеубай Ыдырысұлы (25.8.1923, Шығыс Қазақстан облысы Семей қалалық әкімдігі, Құрманқожа ауылы – 21.6.1978, Алматы қаласы) – физика-математика ғылымдарың докторы (1967), профессор (1969), Қазақстан Ғылым Академиясының корр. мүшесі (1972). 1940–42 ж. Семей пед. ин-тының студенті. 1943 ж. каңтарда соғысқа аттанып, 2-Украин майданында ауыр жарақат алған. 1944 ж. ақпанда Семейге оралып, сол жылы пед. ин-тты бітірген соң ұстаздық қызмет атқарды. 1950–53 ж. Мәскеуде КСРО Ғылым Академиясының Математика институтында аспирант, 1953–63 ж. Семей педагогика институтының проректоры және жоғары матем. кафедрасының меңгерушісі. 1969–70 ж. Қазақстан Ғылым Академиясының Математика және механика институты директорының орынбасары, ҚазМУ-да кафедра меңгерушісі, 1970 жылдан Математика және механика институтының директоры болды. Амановтың ғылыми-зерттеу еңбектерінде функционалдық кластарды іштестіру теориясы және оның қолданылатын мәселелері қарастырылған. Докторлық диссертвциясында функциялардың 5В класының тұйық теориясын құрып, кейін сол класқа байланысты мәселелер туралы монография жазды. 50-ден астам ғыл. еңбектің авторы. Семей қаласының орталық көшелерінің бірі және ондағы №16 мектеп, туған ауылындағы орта мектеп және бір көше Аманв атымен аталады. Индрикотерий фаунасы. сы – олигоцен дәуірінің алғашқы жартысында тіршілік еткен алып мүйізтұмсықтар. Индрикотерий фаунаның қазба сүйектері Еуразияның қоңыржай белдемдерінде орналасқан елдерден (Қытайдан Балқан түбегіне дейін) табылған. Ал Қазақстанда Торғай қолатындағы Шалқар соры маңында бірнеше жерден (Шынтұзсай, Мыңескісүйек, Төртмола, Қызылқақ, т.б.) табылған. Осыған байланысты бұл фаунаны «Торғай фаунасы» деп те атайды. Қазақстан жерінен табылған Индрикотерий фаунаны 1912 – 13 ж. алғаш зерттеген (1872 – 1944). Индрикотерий фаунаның негізгі өкілі – индрикотерий (Indricotherium). Дене тұрқы 7 метрдей, биіктігі 5 метрдей болатын ірі жануар. Мойны ұзын, кеудесі қысқа, үш башайлы аяқтары ұзын болған. Мүйізі болмаған. Ағаш, бұта жапырағымен, жас бұтақтармен қоректенген. Бұл алып жануардың тасқа айналған сүйектері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Зоология институтының табиғат мұражайында сақталған. Сондай-ақ Индрикотерий фаунаның құрамынан: кемірушілер (Terrarboreus, Woodomys, Pseudotsaganomys, Steneofiber, Plesiosminthus, Cricetops); қоянтәрізділер (Desmatolagus, Procaprolagus); жыртқыштар (Hyaenodon, Tshelkaria), тақтұяқтылар (Schizotherium, Colodon, Ardynia, Cadurcodon, Paraceratherium, Teniseggysodon): жұптұяқтылар (Entelodon, Hemimeryx, Lophomeryx, Prodremotherium) табылған. Бұлардың арасында ылғалды орман, батпақты жерлерде, керісінше құрғақ, шөлейтті аймақтарда тіршілік еткен түрлер кездеседі. Жердің шөгінді қабаттарының геологиялық жасын анықтауда, ертеде тіршілік еткен жануарлар тарихын зерттеуде Индрикотерий фаунаның маңызы зор. ЕР ЖӘНІБЕК. «Ер Жәнібек» – тарихи жыр. Ер Жәнібектің жоңғар қалмақтарына қарсы күресі баяндалған. Жырдың бір нұсқасы «Ер Жәнібек» деген атпен 1995 ж. «Жұлдыз» журналының 5-, 6-сандарында, «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша шыққан «Бабалар сөзі» сериясының 27-томында (2006) жарияланған. Сондай-ақ Жәнібек батыр туралы аңыз-әңгімелердің бір шоғыры тарихи жырлардың бірінші томында жарық көрген (1913). Атақты Үмбетей жырау «Бөгембай өлімін Абылай ханға естірту» атты толғауында Жәнібектің Абылай тұсында өмір сүрген батыр екенін айтса, тарихшы Құрбанғали Хамидтің «Тауарих хамса» кітабында да Жәнібектің Абылай заманында болған батыр екені баяндалады. Жыр Жәнібектің әкесі ерте қайтыс болғандықтан, оның тәрбиесі нағашы атасы Қаз дауысты Қазыбек бидің қолына өтуінен басталады. Он сегізге келіп, күш-қайраты толысқан кезінде жоңғарлар шабуыл жасайды. Жәнібек те Абылай қолына қосылып, жорыққа аттанады. Жәнібек жаумен беттескен сайын ерлік жасап, өзінің нағыз батыр екенін танытады. Жырда Жәнібек жердің бүтіндігі, елдің тәуелсіздігі үшін күрескен ер ретінде сипатталады. Жәнібек батыр ғана емес, айтулы шешен адам ретінде көрінеді. «Ер Жәнібек» жырының қолжазбасы Алматы қаласындағы Орталық ғылыми кітапханасының қолжазбалар қорында сақтаулы. ӘУЕЗ. ӘУЕЗ Бердіұлы "(1830, қазіргі Шығ. Қазақстан обл. Абай ауд. Арқат а. — 1917, қазіргі Шығ. Қазақстан обл. Абай ауд. Бөрілі а. Ақшоқыда жерленген) — ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің атасы." “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” сұрапылынан кейін тобықты руын Сыр бойынан Шыңғыстауға көшіріп әкелген атақты Мамай батырдың жауынгер серіктерінің бірі, Бақшайыш батырдың ұрпағы. Бақшайыштан — Саяқып, одан Берді, Төлеген, Қылыш туады. Ал Бердінің Үсен, Бурахан, Әуезхан (Әуез), Самархан, Кенжехан есімді ұлдары болған. Бердінің қызы Нұрғаным — Құнанбай қажының кіші әйелі. Ә-дің үлкен әйелі Дінәсілден Омархан дүниеге келген. 19 ғ-дың 40-жылдарында Құнанбай Берді әулетін Арқат тауының солт. өңіріндегі Бетағаш қонысынан өз жанына көшіріп алып, Бөрліден оларға арнап қыстау салдыртады. Аралтөбеде — Абай, Бөрліде — Ә. қыстап, іргесі ажырамаған қоңсылас, сырлас, сыйлас, айнымас дос болып өтеді. Түрік, шағатай, парсы әдебиетінен хабары мол, арабша білігі, мәдениет-парасаты жоғары Ә-ді Абай: “Әуке аға”, “Үлкен қожа” деп атаған. Абайдың: “Үлкен қожа — ортан қол, өзгелері — атыжоқ пен шынашақ” деп қадай көрсетуі, Ә. тұлғасына берген ақынның шынайы бағасын танытса керек. Өз кезегінде, Ә. де Абай өлеңдерін құмарта тыңдайтын, қағазға түскен тың дүниелерімен алғаш танысып, ашық пікір бөлісетін жақын адамдарының бірі болған. Ол немересі Мұхтарды кішкентайынан өзі тәрбиелеп, Абай мұрасына деген іңкәрлігін оятады. Бұл жайлы Мұхтардың өзі өмірбаянында: “Бес-алты жасар кезім. Бір күні кешкісін ас алдында атам мені қасына шақырып алды. Оқуға жараған-жарамағанымды сынамақ екен, “р” дыбысы бар сөздерді айтқыза бастады. Бұл дыбысқа тілің келмей тұрып, қара танимын дегенді ойыңа да алмайсың... Өйткені, ең алғашқы сабақ Құранның “Бісмилләхи рахман иррахим...” деген сөздерін жаттаудан басталады... Атамның маған көңілі онша болмады-ау дейім, келесі күні тағы алды қасына... Қолындағы қалың қолжазбаны көргенде неге шақырғанын біле қоям. Бұрынғыдан бетер ренжимін. Атам маған кітаптағы араб әріптерін көрсете бастайды. Айтуға бір оңайы болса игі, бірінен бірі өткен қиын... Бұл кітап—Абай өлеңдерінің жинағы еді” деп жазады (М. Әуезов, 20 томдық шығармалар жинағы, А., 1979, 1-том, 60-бет). 1917 ж. 7 маусымда Ойқұдықта “Еңлік — Кебек” пьесасының қойылымын тұңғыш тамашалаған Ә. өнер туындысына риза болып, бата берген. Ә. өзінің өсиеті бойынша, Құнанбай әулеті зиратына жерленген. КӨЛЕМДІК ҚАТЫНАСТАР ЗАҢЫ. әрекеттесуші газдардың көлемдерінің бір-біріне және олардың әрқайсысының реакция нәтижесінде түзілген газ тәрізді өнімдердің көлемдеріне қатынасы кіші бүтін сандар қатынасындай болатындығын сипаттайды. Мыс., H2+Cl2=2HCl әрекеттесуші сутек пен хлор және реакция нәтижесінде түзілген хлорсутек газдарының көлемдерінің бір-біріне қатынасы ең кіші бүтін 1:1:2 сандарының қатынасындай. К. қ. з-н 1808 ж. франц. ғалымы Гей-Люссак (1778 – 1850) ашқан. Бұл заң, біріншіден, молекулалардан да кіші бөлшектердің бар екендігіне көз жеткізсе, екіншіден, Авогадро заңының ашылуына себепкер болды. Әбисатов Қайыржан. Әбисатов Қайыржан (21.2. 1937 ж.т., Атырау обл. Индер ауд. Мәмбет ауылы.) – медцина ғылымдарының докторы (1984), профессор (1989). Алматы мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медициналық университеті) және Мәскеудегі КСРО Мед. ғыл. академиясының эксперименттік және клиник. онкология ин-тының аспирантурасын (1963) бітірген. Қазақ онкология және радиология ғыл.-зерт. ин-тының Гурьев (қазіргі Атырау) қ-ндағы бөлімшесінде кіші, аға ғыл. қызметкер, бөлім меңгерушісі (1963–85), 1985 жылдан Алматы мемл. мед. ин-тында кафедра меңгерушісі болды. Оның қазақ тілінде жазылған алғашқы ғыл.-зерт. жұмыстары өңеш қатерлі ісігінің пайда болу себептерін анықтау, ісік алды науқастарын емдеу және өкпе, асқазан, ішек рагына қарсы қолданылатын ем тәсілдерін жетілдіру, емнің жаңа жолдарын іздестіруге арналған. Ә. 130-ға тарта ғыл.-зерт. жарияланымның, оның ішінде 1 монография, оқулық (екі томдық «Онкология»), 7 оқу-әдістемелік құралдары мен сөздіктің («Қазақша-орысша медициналық сөздік») авторы. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. КӨЛЕҢКЕЛІ ЭКОНОМИКА. 1) үкіметтің, құзырлы мекемелердің бақылауынан тасада, ішкі жалпы өнім санатына енгізбей тауар-материалдық құндылықтарды өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну, ақылы қызметтер көрсету; 2) жекелеген азаматтар, әлеум. топтар тарапынан мемл., жекеше, акцион. және басқа меншік түрлерін жеке бастың пайдасы және топтық мүдделер үшін пайдаланып, мемл. басқару органдарынан жасырылатын заңсыз әлеум.-экон. қатынастар орнатуы арқылы жүзеге асырылатын экон. қызметтің күллі түрінің әлеум.-экон. әдебиеттегі атауы. К. э-ның бейресми (ашық жүретін, бірақ салықтан табысты жасыратын, ресми статистикада ескерілмейтін) экономика, қосып жазу, алаяқтық шарттар мен пара алушылық тән жалған экономика, заң тыйым салатын астыртын экономика деп аталатын түрлері бар. Кеңес Одағы кезінде де болған. Көптеген елдерге тән. Нарықтық экономикаға ауысуға байланысты К. э. ТМД елдерінде кең етек алды. К. э. құрылымы экон. қатынастардың қылмыстық тұрпаттарымен де, бейқылмыстық тұрпаттарымен де бой көрсетеді. Біріншіден, Әділет мин-нде, мемл. органдарда тіркелген жекелеген азаматтар және бірлестіктер арасындағы экон. қатынастар (“екінші” экономика). Олардың қатарына жеке еңбек қызметінің қылмысқа жатпайтын, бірақ рәсімделмеген түрлері, мәселен, қосалқы және үй ш-н жүргізу, тұрғын үйлер, саяжайлар салу және жөндеу; автомобильдерді, тұрмыстық техниканы жөндеу және оларға күтім жасау жөнінде дербес қызмет көрсету; жекеше тасымал; мұқтаждарға мед., пед. және тех. көмек көрсету; тұрғын-жайды жалға беру, т.б. жатады. Шаруашылық заңдарына өзгерістер енгізу нәтижесінде экономиканың бұл секторы жариялық сипат алды. Алайда қаржы және салық қызметтерінің әлсіздігі, экон. қатынастарды әкімш. жолмен жосықсыз тәртіптеулер, қоғамдағы әлеум. және экон. тұрлаусыздық, т.б. кедергі жасауда. Екіншіден, бұл шаруашылықты жүргізудің қолданыстағы жүйесінің жетілдірілмеуі себепті жеке басылық және топтық мүдделерді қанағаттандыратын бейресми, көбінесе, жалған экон. қатынастар. Мұндай бейресми экон. қатынастардың қатарына: қоғамдық өнімнің қайталанған шоты, есеп-қисаптағы қосып жазушылық және басқа бұрмалаушылық, арзан шикізат пайдаланып сапасыз өнім шығарып, асыра бағалап сату, өнімсіз шығыстар мен шығасылар, шикізатты, дайын өнімді, т.б. баспабас айырбастау ретінде көрініс табады, мұның өзі айтарлықтай көлденең кіріс алуға мүмкіндік береді. Көлеңкелі қатынастардың аталған түрлері ресми экон. құрылымдардың ішінде бой тасалап жұмыс істейді және сыбайлас жемқорлықпен, парақорлықпен, қорқытып алушылықпен, т.б. ұштасады. Үшіншіден, бұл заңсыз өндірістік қызметке, қызмет бабын теріс пайдалануға, экономиканың өндірістік және бөлістік аясына пайдакүнемдікпен, зорлықпен басып кіруге негізделген қылмыстық қатынастар. К. э. қатынастарының бұл тұрпаты экон. қылмыстылықтың көптеген түрлерін, соның ішінде оның неғұрлым қоғамға қауіпті көріністегі пішіні – ұйымдасқан экон. қылмысты қамтиды. Ол, көбінесе, адам құқықтарының, еңбек заңының сақталмауымен заңсыз өндірістік қызмет, пайдакүнемдікпен жасалатын лауазымды шаруашылық қылмыстар, есірткі бизнесі, заңсыз құмар ойын бизнесі, аламандық (рэкет), т.б. сипатты құқық бұзушылықтар болып табылады. Табысты және табыстың көлемін салық салудан жасырушылық К. э-ның кең таралған құбылысына айналады. К. э-ға қарсы күрес – икемді салық жүйесін жасау, шағын бизнеске, шаруа қожалықтарына мемлекет тарапынан қолдау көрсету, т.б. іс-шаралар арқылы пәрменділік сипат алады. Әбсаттаров Еділ Айдарханұлы. Әбсаттаров Еділ Айдарханұлы (2.6.1939 ж.т., Ташкент қ.) – мед. ғыл. докт. (1972), профессор (1977). Алматы мемлекеттік медицина институтын (1962, қазіргі Қазақ ұлттық медициналық унверситеті) және оның аспирантурасын (1967) бітірген. КСРО Денсаулық сақтау министрлігінің дәрігерлер білімін жетілдіру институтында ассистент, аға оқытушы, профессор, кафедра меңгерушісі (1967 –86), 1986 жылдан Алматы мемлекеттік медицина институтында проректор, кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарды. Оның ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты – жалпы және қан тамырлары хирургиясы мәселелері. Шығармалары: Пластические операции на магистральных венах, А.-А., 1974; Аневризмы брюшной аорты, А.-А., 1977. Кашкаров, Даниил Николаевич. Кашкаров Даниил Николаевич (30.3.1878, Ресей, Рязань қаласы – 26.11.1941, Новгород обл. Хвойная ст.) – биол. ғыл. докт. (1934). Мәскеу ун-тінің физ.-матем. (1903) және мед. (1908) ф-ттерін бітірген. Орта Азия ун-тінде (қазіргі Ташкент мемл. ун-ті) омыртқалылар зоологиясы кафедрасын (1920–33), Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) мемл. ун-тінде осы аттас кафедраны (1933–41) басқарды. К. Орта Азия мен Қазақстанның (қазіргі Жамбыл, Оңт. Қазақстан облыстарының) кемірушілерінің биологиясын, экологиясын және географиясын зерттеп, оларды биол. таксон ретінде бір жүйеге келтірді. Мойынқұм, Билікөл, Ақкөл, Ащыкөл, Бетпақдала омыртқалыларының даму эвол. мен экологиясын зерттеді; республикада Ақсу-Жабағылы қорығын ұйымдастыру қажеттілігін негіздеп берді. Жануарлар мінез-құлқын, олардың белгілерін зерттейтін психологияның бір саласы – жануарлар психологиясының дамуына үлкен үлес қосты. Авазбакиева, Магинур Фатқұлқызы. Авазбакиева Магинур Фатқұлқызы (7.3.1907, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы – 8.2.1987, Алматы қаласы) – биология ғылымдарының докторы (1955), профессор (1958), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1979). ҚазПИ-ді (1934, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. ҚазМУ-де (қазіргі ҚaзҰУ) ассистент, аға оқытушы, доцент, декан, кафедра меңгерушісі, профессор-кеңесші болды (1938–87). Негізгі ғылыми жұмыстары адам ағзасының бейімделуіне арналған. Қазақстан таулары мен шөл даласы, ауа райының адамға тигізетін физиологиялық әсерін зерттеп, көптеген ғылыми еңбектер жазған. «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған. Шығармалары: Влияние климата Казахстана и Киргизстана на организм человека, Алматы, 1958. ҚОЖАНОВ Тоқтасын. ҚОЖАНОВ "Тоқтасын Сауданбекұлы" (4.5.1944, Алматы обл. Нарынқол ауд. Қайнар а. – 26.4.2004, Алматы) – ғалым, физ.-матем. ғыл. докт. (1993), проф. (1996). ҚазМУ-ді (қазіргі ҚазҰУ) бітірген (1969). Негізгі ғыл. еңбектері релятивистік астрофизика, космология, жұлдыздар жүйесінің динамикасы, аспан механикасы мәселелеріне арналған. Қ. эллипсоид тәріздес жұлдыздар жүйесінің Галактика орталығына қатысты эллипстік орбитамен қозғалатындығын, оларды зерттеуге арналған динамик. Якоби теңдеуін шешудің жаңа әдісін ұсынды; гравитац. біртекті ортада Таразы шоқжұлдыздарының орнықтылық жағдайда болатындығын аналит. әдіспен дәлелдеуге үлес қосты. ҚОЖАСАЙ МҰНАЙ-ГАЗ КОНДЕНСАТ КЕНІ. ҚОЖАСАЙ МҰНАЙ-ГАЗ КОНДЕНСАТ КЕНІ, Ақтөбе обл. Мұғалжар ауд-нда, Ақтөбе қ-нан оңт-ке қарай 240 км жерде. Батысында Жаңажол мұнай-газконденсат кенімен түйіседі. Кен орны 1962 – 63 ж. сейсмик. зерттеу нәтижесінде анықталған. Іздеу-барлау жұмыстары 1979 ж. басталды. Тектоник. жағынан кен құрылымы өлшемдері 184,5 км, ендік бағытта созылған брахиантиклинальдік қатпар. Коллекторы кеуекті-жарықшақты, карбонатты жыныстардан (әктас, доломиттенген әктас) құралған. Ашық кеуектілігі 9-дан 9,6%-ға дейін өзгереді, өткізгіштігі 0,173 мкм2. Бастапқы қабаттық қысымы 37,3 МПа, темп-расы 73ӘС. Бастапқы шығымы: мұнай 39,2 м3/тәулік, газ 28,2 мың м3/тәулік. Тұрақты конденсат мөлш. 345 г/м3. Мұнайы жеңіл және ауыр (0,827 – 0,886 г/см3). Газ құрамы бойынша ауыр, құрамында этан, ауыр көмірсутек (20,5 – 31,8%), метан (55,5 – 72,8%) бар. Конденсаттың тығызд. 0,753 г/см3. Кен орны өндірістік игеруге дайын. ҚОЖАТОҒАЙ. ҚОЖАТОҒАЙ – Оңт. Қазақстан обл. Отырар ауд-ндағы ауыл, ауылдық округ орталығы. Аудан орт. – Шәуілдір а-нан оңт-ке қарай 120 км жерде. Тұрғыны 2,0 мың адам (2003). Ауыл 1940 – 97 ж. қаракөл қой тұқымын өсіретін өзімен аттас кеңшардың орт. болып келді. Оның негізінде Қ-да және округке қарасты Дарбаза, Байтоғай, Бұлақ а-дарында ӨК, ЖШС және бірнеше шаруа қожалықтары құрылды. ҚОЖА ТОЛЫҒ КЕСЕНЕСІ. ҚОЖА ТОЛЫҒ КЕСЕНЕСІ – сәулет өнері ескерткіші. Жергілікті мұсылмандар шейхының қабірі басына тұрғызылған. Мазардың 17 – 18 ғ-да тұрғызылған алғашқы нұсқасы сақталмаған. Қазіргі кесене 19 ғ-дың 2-жартысында салынған. Оңт. Қазақстан обл. Сайрам ауд-нда орналасқан. Қ. Т. к. көне Сайрамдағы тарихи сәулет өнерінің ең әсем үлгілерінің бірінен саналады. Сыртқы, ішкі өлшемдері: 6,44-6,30 м, биікт. 7,15 м. Қабырғасын қалағанда ескі ғимараттардан алынған күйдірілген кірпіштерді пайдаланған. Бір бөлмелі құрылыстың төбесі күмбезбен жабылған. Күмбездің ортасынан кішкене мұнара шығарылған. Оған да тесіктері бар күмбез орнатылған. Кесененің алдыңғы бетіндегі П пішіндес порталы, бедерлі бағаналары ғимараттың сәнін келтіріп тұр. Оңт. қабырғасында сырлы бояулармен шығыс дәстүріндегі шай жабдықтарын бейнелеген суреттердің нобайы сақталған. Бас күмбез төрт аркаға, сондай-ақ, төрт пилонға орнатылған. Терезелері осы заманғы үлгі бойынша ағаштан жасалған. ҚОЖАХАР. ҚОЖАХАР, "Жаңабұлақ" – Бат. Қазақстан обл-ның Ақжайық ауд-ндағы ауыл, Жаңабұлақ ауылдық округ орталығы. Тұрғыны 1,3 мың адам (2003). Іргесі 1936 ж. қой өсіретін “Родник новый” ұжымшарының құрылуына байланысты қаланған. Оның негізінде 1997 жылдан Қ-да және Қосшағыр а-нда 3 ЖШС және 16 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Амантаев Бәкет Амантайұлы. Амантаев Бәкет Амантайұлы (3.1.1929 ж.т., Ақмола обл. Атбасар ауд.) – философия ғылымдарының докторы (1970), профессор (1972), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (2003; 1972 жылдан корр. мүшесі). Алматы мемлекеттік заң институтын (1949) және ҚазПИ-дің (қазіргі ҚазҰПУ) аспирантурасын (1953) бітірген. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтында аға оқытушы, доцент, институт директорының орынбасары (1953–57), 1971 жылдан Философия және құқық институтында аға ғылым қызметкер, ҚР ҰҒА-ның философия кафедрасында доцент, кафедра меңгерушісі, философия мен шет тілдері кафедрасы ғылыми кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды. Ғылыми жұмысының бағыты тарихи материализм, қазақ шаруашылығының жаңа даму жолына түсуі, кеңес адамдарының саяси-қоғамдық белсенділігін арттыру мәселелеріне арналған. «Социализм және қазақ шаруашылығының рухани бет-бейнесі мен оның әлеуметтік табиғатының түбегейлі түрде өзгеруі» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған. Амарбаев Александр Шайхи Мұқатайұлы. Амарбаев Александр Шайхи Мұқатайұлы (5.1.1928 ж.т., Павлодар облысы Шарбақты ауданы Шалдай ауылы) – физиолог, биология ғылымдарының докторы (1968), профессор(1970). Алматы зоотехника-малдәрігерлік институтын (1949, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген. Қазақстан ҒА-ның Эксперименттік биология институтында аға ғылым қызметкер болып жұмыс істеді (1953–61). 1956–58 ж. Киров ауыл шаруашылық институтында доцент (Ресей) қызметінде, одан кейін Қазақ мал ш. ғыл.-зерт. ин-тында лаборатория меңгерушісі қызметін атқарды (1959–61). ҚОЖАХМЕТ. ҚОЖАХМЕТ (т.ж.б. – 1750) – сұлтан, Әбілқайыр ханның ортаншы ұлы. Әбілқайыр хан 1731 ж. Ресейге бодан болу туралы ант бергеннен кейін, өзінің сүйікті ұлдарының бірі Қ-ті патша өкіметіне аманатқа берген. Аманатта 10 жылға жуық болған Қ-ті Ресей өкіметі Орынбор өлкесінен алдыртып, Қазанға, кейіннен Санкт-Петербургке жіберген. Тарихшылар А.Левшин, В.Витевский, П.Рычков, т.б. бұл жағдай Әбілқайырдың Ресейге, оның ішінде Орынбор губернаторы И.Неплюевке деген ашық ренішін туғызды және ол осыдан кейін орыс иеліктеріне шабуыл жасай бастады деп есептейді. Әбілқайырдың тынбай талап етуі арқасында Ресей өкіметі 1747 ж. Қ-ті ханның екінші ұлы Айшуақпен айырбастауға келісті. Қ. еліне келгеннен кейін көп ұзамай қайтыс болды. Казахско-русские отношения в XVІ – XІІІ веках. Сб. документов и материалов. т.1., А., 1961; Қасымбаев Ж., Государственные деятели казахских ханств (XVІІІ), А., 1999. Аналитикалық геометрия. Аналитикалық геометрия – геометрияның қарапайым геом. бейнелерді (түзулер, жазықтықтар, қисықтар, екінші реттік беттер) координаттар әдістерінің негізінде алгебралық амалдар арқылы зерттейтін бөлімі. Координаттар әдісінің пайда болуы 17 ғ-да астрономия, механика және техника ғылымдарының дамуымен тығыз байланысты. Координаттар әдісі мен аналитикалық геометрияның негіздері Р.Декарттың «Геометриясында» (1637) мейлінше толық және анық баяндалған. Бұл әдістің басты идеялары оның замандасы П.Фермаға да белгілі болған. Аналитикалық геометрияның бұдан әрі дамуына Г.Лейбниц, И.Ньютон және Л.Эйлер зор үлес қосқан. Аналитикалық геометрияның тұжырымдарын Ж.Лагранж аналитикалық механика, ал Г.Монж дифференциалдық геометрия негіздерін қалау барысында пайдаланған. Координаттар әдісінің мәні – жазықтықта орналасқан кез келген "М(х,у)" нүктесін декарттық координаттар жүйесі арқылы анықтауға болатындығында. х және у шамалары Оху жүйесіндегі М нүктесінің декарттық тік бұрышты координаттары (не қысқаша тік бұрышты координаттар) деп аталады. Осыған сәйкес оларды М нүктесінің абсциссасы (х) және ординатасы (у) деп атайды. Жазықтықтағы координаттар әдісінің негізгі идеясы – L сызығының геом. қасиеттерін осы сызықты сипаттайтын "Ғ (х, у) = 0" теңдеуін аналит. және алгебр. жолмен зерттеу. Жазықтықтағы А. г-да 1- және 2-реттік алгебр. сызықтар жүйелі түрде зерттеледі. 1-реттік сызықтар – түзу сызықтар және олар бір дәрежелі "Ах + Ву + С = 0" алгебр. теңдеуімен, ал 2-реттік қисық сызықтар "Ах2 + Вху + Су2 + Dх + Еу + Ғ = 0" теңдеуімен сипатталады. 2-реттік қисық сызықтарға эллипс, гипербола, парабола қисықтары жатады. Табиғатта өте жиі кездесетін бұл қисықтардың негізгі қасиеттері А. г-да толық анықталған. Кеңістіктегі А. г-да координаттар әдісі жазықтықтағы әдіске толық ұқсас етіп қарастырылады. Мұнда кез келген М нүктесі х – абсцисса, у – ордината және z – аппликата координаттары арқылы анықталады. Кеңістікте орналасқан S бетін Oxyz координаттар жүйесіне қатысты "F = (x, y, z) = 0" теңдеуімен сипаттауға болады. Кеңістіктегі А. г-да "Ах + Ву + Сz + D = 0" теңдеуімен анықталатын 1-реттік беттердің (жазықтықтардың) және "Ах2 + Ву2 + Сz2 + Dху + Еуz + Ғхz + Gх + Ну + Мz + N = 0" теңдеуімен анықталатын 2-реттік беттердің (эллипсоидтың, гиперболоидтың, параболоидтың) қасиеттері зерттеледі. Қазақстанда аналитикалық геометрияның дамуына профессорлар А.З.Закарин, Ф.Д.Крамер, В.В.Стрельцов, доценттер С.А.Аяпбергенов, М.У.Исқақов, Ж.Ш.Юсупов, Э.И.Хмелевский, т.б. айтарлықтай үлес қосты. Аналитикалық химия. "Аналитикалық химия", "аналитика" (грек. "аnalysіs" – "талдау, жіктеу") – заттардың химиялық құрамын анықтау әдістері туралы ғылым. Ең алғаш «химиялық анализ» ұғымын 1654 ж. ағылшын химигі Роберт Бойль, ал «аналитикалық химия» ұғымын 1801 ж. В.А.Лампадиус енгізген. Аналитикалық химияның даму кезеңдері: алхимия (4–16 ғ-лар), "'иатрохимия (16–17 ғ-лар), флогистондық (17–18 ғ-лар) және ғылыми (19–20 ғ-лар) болып бөлінеді. Бұл ғылымның негізгі міндеттері – талдау әдістерінің қолдану шегін анықтау, түрлі заттардың құрамын анықтау әдістемелерін жетілдіру, жаңа әдістемелер ұсыну. Осыған байланысты аналитикалық химия іргелі қолданбалы ғылым болып табылады. Онда сапалық және сандық талдау жүзеге асырылады. Сапалық талдау зерттелетін заттың құрамын, ал сандық талдау сол құраушы заттардың массасын не массалық үлесін анықтайды. Зерттелетін бөлшектердің табиғатына байланысты элементтік (атом-ионды), заттық, молекулалық, фазалық және функционалдық талдау болып жіктеледі. Аналитикалық белгінің табиғатына және оны өлшеу тәсіліне байланысты талдаудың химиялық (классик.), аспаптық, биология әдістері бар. Химиялық әдістер (гравиметрлік, титриметрлік) химиялық реакциялар арқылы жүргізіледі. Аспаптық әдістер физикалық құбылыстар мен процестердегі және хим. реакциялардағы құбылыстарды физика әдістермен өлшеуге сүйенеді. Биологиялық әдістер тіршілік құбылыстарын саралауға негізделген. Қазақстанда Аналитикалық химияның дамуы М.Т.Козловскийдің есімімен байланысты. Оның басқаруымен жүргізілген ғыл. жұмыстардың нәтижесінде Қазақ мемл. ун-тінің А. х. кафедрасы ірі ғыл. орт-қа айналды. Аналитикалық химия салаларының ішінен Қазақстанда, әсіресе, электраналит. химия мен фазалық талдау жақсы дамыды. Амперметрия, инверсиялық вольтамперметрия, т.б. әдістердің көмегімен түрлі құймалардың, өндірісте пайдаланатын судың құрамын (А.И.Зебрева), кентастардағы ренийдің (Е.Ф.Сперанская), т.б. металдардың (О.А.Сонгина, В.А.Захаров, З.Б.Рождественская) мөлшерін, құймалардан алынатын катализаторлардың фазалық құрамын (Р.Н.Матакова) анықтаудың әдістері жасалды. Көптеген беттік активтігі жоғары заттардың электрхим. процестерге әсері (мыс., кадмий, мыс, таллий, мырыш сияқты металдардың электродтардағы бөліну процесі) зерттелді (М.К.Наурызбаев, Д.К.Меңдәлиева). Болаттың түрлі маркаларының қышқыл және сілтілі орталардағы коррозияға төзімділігі зерттеліп, олармен күресудің тиімді жолдары ұсынылды (Т.З.Ахметов). Термодинамик. зерттеулерге сүйене отырып, минералдардың селективті еруінің теор. негіздері жасалды (Х.Қ.Оспанов). Комплексті қосылыстарды аналит. мақсаттарға пайдалану бағытындағы ғыл. жұмыстар жүргізілді (Е.А.Мәмбетқазиев, А.М.Шалдыбаева). Аналитикалық химия саласындағы мамандар Қазақ ұлттық және Қарағанды мемлекеттік университеттерінде даярланады, ал аналитикалық химия зерттеулерін Қазақстан ҒМ–ҒА-ның арнаулы ғыл. кеңесі үйлестіріп отырады. Қазіргі кездегі аналитикалық химияның негізгі мәселелері: аспаптық және биол. әдістерді жетілдіру, автоматтандыру және математикаландыру, аралық химия әдістерді дамыту, әдістердің сезгіштігі мен дәлдігін жоғарылату, тест-әдістерді дамыту. Аналогия. Аналогия (грек. "analogіa" – "сәйкестік, ұқсастық") – әр түрлі объектілердегі кейбір қасиеттердің ұқсастығы. Логикада дедукция, индукциямен қатар қолданылатын ой тұжырымы. Аналогияда ой өрісі жекеден жекеге немесе жалпыдан жалпыға қарай ойысады. Адам өз ойын тұжырымдай отырып, кейбір белгілердің ұқсастығынан сол нәрселердің басқа белгілеріндегі ұқсастық туралы қорытынды жасайды. Аналогиялық тұжырым жасау адамзат енді-енді қауымдаса бастаған шақтың өзінде-ақ қолданыс тапқан. Мысалы, адамдар алғаш қауымдаса бастаған кезеңде табиғат заңдылықтарын әлі жете меңгере алмаса да, аң аулауда, басқа да тіршілік салаларында аналогиялық тәсілді стихиялы түрде қолданды. Ааналогия – ежелгі грек тілінде пропорция дегенді білдірген. Грек математиктері сандар жүйесінде "6:9=8:12" цифрларының Аналогиялы екендігін аңғарған. Анология бойынша ой тұжырымдаудың мәнісі негізінен мынадай схемаға сәйкес келеді: «Анологияның а, б, в, с белгілері бар; В-ның а, б, в белгілері бар. Демек, В-ның да с белгісі болуы мүмкін». Ұқсастырылатын белгілердің сипатына қарай: қасиеттер аналогиясы және қатынастар аналогиясы болып екіге бөлінеді. Егер нәрселер белгілерінің ұқсастығы олардың қасиеттері арқылы салыстырылатын болса, онда ол қасиеттер аналогиясы деп аталады. Нәрселер қатынастар негізінде салыстырылса, онда ол қатынастар анологиясы болады. Салыстырмалы нәрселер аналогиясының объективті негізі – олардың қатынасы, жекелеген қырлары арасындағы заңды байланыстар. Әйтсе де аналогияның ықтималдық сипатын абсолют түрде қарауға болмайды. Аналогияның танымдық мәніндегі ерекшелік – ол негізінен зерттеу процесінің алғашқы кезеңдерінде қолданылады. А. ізденушінің білімін ұштауына, ақиқатқа қол жеткізуіне септігін тигізеді, бірақ оны ғыл.-зерттеудің бірден-бір, негізгі тәсілі ретінде қарастыруға болмайды. Аналогия – танымдағы көмекші тәсіл, білім жетілдірудегі көптеген әдістердің бірі болып қала бермек. ҚОЖАХМЕТОВ Сұлтанбек. ҚОЖАХМЕТОВ "Сұлтанбек" (1912, Ақмола обл. Зеренді ауд. Қарабұлақ а. – 1945, Солт. Кавказ) – алғашқы педагог-ғалымдардың бірі, педагогика ғыл. канд. (1939). Петропавл пед. техникумын бітіріп (1930), осы оқу орнында қызмет етті (1930 – 32). 1932 – 37 ж. Қарағанды қ-лық халық ағарту бөлімінде инспектор, КСРО Ұлт жастары ин-тында аспирант. 1937 – 41 ж. ҚазМУ-де кафедра меңгерушісі, ҚазПИ-де оқытушы, Қазақ КСР Оқу комиссариаты ғыл.-зерт. ин-тында педагогика бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 1941 – 45 ж. соғысқа қатысты. Қ. ұлттық мектептерді ұйымдастыру, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарын, оқу бағдарламаларын жасауда зор еңбек сіңірген. Жас ұрпақты адамгершілік пен әдепке, саналы тәртіпке тәрбиелеу мәселелеріне арнап құнды еңбектер жазған. Шығ.: Педагогика мәселелері, А.-А., 1940; Оқушыларды саналы тәртіпке тәрбиелеу туралы, А.-А., 1940. Ана мен баланың ғылыми-зерттеу орталығы. Ана мен баланың ғылыми-зерттеу орталығы, "Ана мен баланың денсаулығын қорңайтын республикалық ғылыми-зерттейтін орталық" – Қазақстандағы аналар мен балалар денсаулығын жақсарту бағытындағы дәрігерлік, ғылыми және педагогикалық бас мекеме. Қазақ педиатрия ғылыми-зерттеу институтының акушерлік-гинекология бөлімі негізінде Алматы қаласында құрылған (1975). Орталықтың ғылыми жұмыстарының бағыты – еліміздегі әйелдердің денсаулығын сақтау, екіқабат әйелдердің өте қауіпті тобындағыларды дер кезінде емдеу, оның тәсілдері мен стратегиясын, аналардың және іштегі нәрестенің сырқаты мен шетінеуін азайту, нәрестенің мезгілінен бұрын туу себептерін, туысынан болған ауытқулардың таралу аймағы мен генетик. байланысын зерттеу, бедеу әйелдерді емдеу. Орталық материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілген. Жаңа диагностикалық және емдеу аппараттарымен, құрал-саймандарымен, төсек-орынмен жабдықталған, сондай-ақ білікті мамандармен толықтырылған. Орталықта 17 ғыл. және емдеу бөлімдері (акушерлік, гинекология, екіқабат әйел патологиясы, репродукция, перинатология, медициналық генетика, ғылыми-медициналық консультация, т.б.) бар. Оларда 93 ғыл. қызметкер қызмет атқарады (1998). Орталық жанында «Акушерлік және гинекология» мамандығы бойынша кандидатура және докторонтура диссертация қорғау жөніндегі арнайы кеңес жұмыс істейді. Жыл сайын көптеген жас мамандарды аспирантураға, клиникалық ординатураға даярлайды. Ғылыми-зерттеу жұмыстары еліміздегі әр түрлі саладағы мекемелермен, сондай-ақ халықар. бірлесу шеңберінде шетелдік мемл. ғыл. орталықтарымен тығыз байланыс жасайды. Анарбаев Әбибулла Әбілдаұлы. Анарбаев Әбибулла Әбілдаұлы (20.3.1958 ж.т., Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Абай а.) – техникалық ғылымдарының докторы (2002), профессор(2003). Қазақ химия-технологиялық институты (1980, қазіргі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті) мен аспирантурасын (1985) бітірген. Жамбыл (қазіргі Тараз) фосфор зауытында оператор (1980–81), Қазақ химиялық-технологиялық институтында аға инженер, аға оқытушы (1981–91), Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде аға оқытушы, доцент (1996–2002) болды. 2003 жылдан осы универсететте профессор болып жұмыс істейді. Анарбаев 156 ғыл. еңбектің, оның ішінде 1 монографияның, 3 оқулық, 36 өнертабыс пен патенттің авторы. Ангелопуло Олег Константинович. Ангелопуло Олег Константинович (1935 ж.т., Ресей, Краснодар қаласы) – техникалық ғылымдарының докторы (1978). Грозный мұнай институтын бітірген (1957). 1962–67 ж. Аралсор аса терең бұрғылау экспедициясында лаборатория меңгерушісі, аға инженер, бас инженердің орынбасары. 1973 жылдан Қазақ геология барлау ғылыми-зерттеу институтында директордың ғыл. жұмыстар жөніндегі орынбасары. Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1976). Андреева Елена Ивановна. Андреева Елена Ивановна (12.8.1927 ж.т., Ресей, Брянск облысы Вятков ауданы Цементный зауыт кенті) – биология ғылымдарының кандидаты ҚазМУ-ды бітірген (1952). 1957–85 ж. Қазақстан Ғылым Академиясының Ботаника институтында кіші, аға ғылым қызметкер болды. Негізгі ғылыми еңбектері өсімдіктер флорасын зерттеуге арналған. Андреева Қазақстанда өсетін қыналардың таралу тәртібіне жіктеу жасап, қына флорасының Қазақстан жерінде қалыптасу тарихын зерттеді. Қыналардың ғылымға белгісіз 21 түрін, 13 туысын, 11 тұқымдасын, 6 формасын тауып, оларға сипаттама берді. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1987). Андрон мәдениеті. Андрон мәдениеті – қола дәуірінде б.з.б. 2-мыңжылдықтың алғашқы жартысынан бастап, б.з.б. 1-мыңжылдықтың басында Батыс, Оңтүстік Қазақстан, Сібір мен Орталық Азияны мекендеген тайпалар мәдениеті. Ескерткіштердің тұңғыш рет 1914 ж. Ачинск қаласының маңындағы Андронов деревняның маңынан табылуына байланысты осылай атаған. Бұл мәдениет Орталық Қазақстанды мекендеген тайпалар арасына кең тараған. Ол таралған аймағына және өзіндік белгілеріне қарай үш тарихи кезеңге бөлінеді: ерте кезеңі – б.з.б. 17–16 ғ-лардағы Петров мәдениеті; орта кезеңі – б.з.б. 15–12 ғ-лардағы Алакөл-Атасу, Федоров-Нұра мәдениеттері; соңғы кезеңі – б.з.б. 11–9 ғ-лардағы Алексеев, Замараев, Сарығары, Беғазы-Дәндібай мәдениеттері. Андронов мәдениетін жасаған тайпалар егін егу, мал өсіру, аң аулау кәсіптеріне қолайлы өзен, көл жағаларында, бұлақтары мол тау аңғарларында тұрған. Алғашқы қоныстары биік дуалдармен, сырты ормен қоршалған, іші бөлек қамал-қала типтес болған. Орта және соңғы кезеңдерінде ауылдар ұлғайып, 20–120 үйлік қоныстар пайда болған. Қорғаныс дуалдары, орлары жоқ. Үйлері шымнан, бөренелерден салынып, кейде іргесіне тас қалаған немесе жалпақ тастарды тігінен көмген. Пішімі төртбұрышты, трапеция, сопақша (аум. 60–160 м2). Соңғы кезеңдерінде көшіп-қонуға ыңғайлы дөңгелек, құрастырмалы (диам. 6–10 м) үйлерде тұрған. Зираттарын ауылдан өзен, бұлақ, сай немесе жота бөліп тұрады. Қайтыс болған адамдарды тігінен, қырынан немесе жалпағынан қалап шығарған тас қоршаулар мен қоршауы бар обалар ішіндегі тастан өрілген немесе жалпақ тастарды қырынан қойып қиюластырған жәшік-көрлер ішіне қол-аяғын бүгіп, бір қырымен басын батысқа, кейде шығысқа бағыттап жерлеген. Өртеп күлін жерлеу салты да болған. Бас жағына әсем өрнектелген 1–5 көзеге сұйық тамақ құйып, қасына мүше-мүше мал етін, марқұмның күнделікті пайдаланған және қазаға арнайы дайындалған қару-құрал, әшекей бұйымдарын қойған. Жәшік бетін жалпақ тастармен мұқият жапқан. Қоршау мен көр іші отпен тазаланып, аласталған. Халқы кетпенді егіншілікпен, мал өсірумен, аң аулаумен шұғылданған және мыс, қола кендерін қазып алып, оларды қосып балқытып қорытқан қоладан бұйымдар жасаған. Оларды адамзат өркениеті тарихында металды пайдаланған алғашқы зергерлер деп атауға болады. Діни наным-сенімдері бойынша күнге, отқа, қасиетті жануарларға табынған. Олардың бейнелері көзенің сыртындағы өрнектерде, тастағы суреттерде, сынтастарда, әшекей бұйымдарда көптеп кездеседі. Бұл мәдениет кезіндегі тайпалардың тұрмыс-салты, кәсібі, қолөнері қазақ халқының тіршілігінде көп сақталған. ЖАҚЫПОВ Уәлихан Әбуұлы. ЖАҚЫПОВ Уәлихан Әбуұлы (7.9.1948 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Төле би ауд.) – мед. ғыл. докт. (1994). Алматы мемл. мед. ин-тын (1972, қазіргі Қазақ ұлттық мед. ун-ті) бітірген. 1972 жылдан Қазақстан Денсаулық сақтау мин-лігінің (қазіргі Денсаулық сақтау агенттігі) Клиник. және эксперименттік хирургия ғыл.-зерт. ин-тында (қазіргі А.Сызғанов атынд. Хирургия ғыл. орт.) ординатор, хирург, аға ғыл. қызметкер болды. 1990 жылдан бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарады. Негізгі ғыл. жұмыстары қолқа және қан тамырлары ауруларын хирургиялық жолмен емдеуге арналған. Қолқаның жоғары бөлігі кеңейгенде (қолқа аневризмосы); кеуде қуысын ашып, ішкі органдардың кеңейген қан тамырларын қалпына келтіру (торако-абдоминалды аневризм) операцияларын жасаған алғашқы хирургтардың бірі. Ол микроангиопатияны, ішкі органдардың қан айналу жүйесінің бұзылуын, жүйке қан тамырларының жаңадан пайда болу белгісін, аяққа баратын қан тамырлардың бітеліп қалуын хирургиялық тәсілмен емдеуді ұсынды. «Хирургияда жаңа технологияны зерттеп, оны тәжірибеге енгізу» ғыл.-зерт. жұмысы авторларының бірі. Қазақ КСР-і Мемл. сыйл. лауреаты (1999). ҚОЖАХМЕТОВ Сұлтанбек Мырзахметұлы. ҚОЖАХМЕТОВ Сұлтанбек Мырзахметұлы (15.9.1935 ж.т., Ақмола обл. Қорғалжын ауд.) – ғалым, тех. ғыл. докт. (1978), Қазақстан ҒА-ның акад. (1983). Мәскеудің алтын және түсті металдар ин-тын бітірген (1958). 1971 – 81 ж. Қазақстан ҒА-ның Металлургия және кен байыту ин-ты директорының ғыл. жұмыстар жөніндегі орынбасары 1988 – 95 ж. директоры (1982 – 87 ж. Қазақстан ҒА-ның вице-президенті), 1994 – 99 ж. ҚР ҰҰА-ның Жер туралы ғылымдар бөлімшесінің акад.-хатшысы. 2000 жылдан Металлургия және кен байыту ин-тының құрметті директоры. Негізгі ғыл. еңбектері металлургия мәселелеріне арналған. Қ. – ауыр түсті металдар мен оларға ілеспе элементтер теориясы бойынша ғыл.-зерт. жүргізді; оның тікелей қатысуымен және ғыл. жетекшілігімен мыс металлургиясында тиімділігі жоғары және жаңа автогенді процестердің физ.-хим. негізі зерттелді. Жоғары темп-ралы зерттеулер саласында тұңғыш рет термиялық орнықсыз металл сульфидтерінің (мырыш, кадмий және рений) төте булануы (возгонка), тотығу процестерінің кинетикасы мен механизмі жасалды. Қ-тың жетекшілігімен Қазақстан және Ресей ғалымдары бірігіп ашқан автогенді процестің жаңа әдісі – кивцэттік балқыту әдісі мыс қорыту з-ттарында кең қолданыс тапты. Осы еңбегі үшін авторлар ұжымымен бірге Қ-ке КСРО Мемл. сыйл. берілді (1978). 11-сайл. ҚазКСР Жоғ. Кеңесінің депутаты болды. “Халықтар достығы” орденімен және медальдармен марапатталған. ҚОЖЕБЕКОВ Зайнолла. ҚОЖЕБЕКОВ "Зайнолла Камалейұлы" (1.1.1929 ж.т., Солт. Қазақстан обл. Мамлют ауд.) – ғалым, биология ғыл. докт., проф. (1981), Қазақстан ҒА-ның акад. (1996), Қазақстанның еңб. сің. жоғары мектеп қызметкері (1971). Омбы малдәрігерлік ин-тын бітірген (1952). 1972 – 83 ж. Алматы зоотех.-малдәрігерлік ин-тында, ректор болды. 1986 – 97 ж. Қазақ ветеринария ғыл.-зерт. ин-тының директоры, 1997 жылдан сол ин-ттың құрметті директоры. Негізгі ғыл. еңбектері қойдың әр түрлі тұқымдарына тән жалпы биол. заңдылықтарды зерттеуге арналған. Қазақстанда алғаш рет қойдың постнатальдық (лат. post – кейін natalіs – тууға қатысты) онтогенезінің (грек. ontos – туу және генез) әр кезеңіне физиол. және биохим. сипаттамалар берген. Биохим. және физиол. зерттеулер негізінде ол ұсынған зат және энергия алмасу көрсеткіштерінің нормативтері диагностик. және оқу мақсатында, сондай-ақ қойдың жаңа тұқымдарын шығарудағы селекциялық жұмыстарда, протеинді тағамдардың деңгейі мен сапасын бағалауда пайдаланылады. Қ-тың басшылығымен малдың жұқпалы ауруларының Қазақстан жерінде пайда болуы және таралуы туралы ақпараттар жиынтығы және “Ветинформ” атты автоматты ақпараттар жүйесі жасалды. 1990 – 93 жылғы ҚР Жоғ. Кеңесінің депутаты болып сайланды, Еңбек Қызыл Ту және “Халықтар достығы” ордендерімен марапатталған. ҚОЖЕКЕ. ҚОЖЕКЕ "Назарұлы" (1828, қазіргі Алматы обл. Райымбек ауд. Қарқара а. – 1881, ҚХР, Шыңжаң-Ұйғыр автон. ауд. Қызылкүрке қ.) – күйші-сазгер. Арқа, Атырау, Жетісу күй өнері мектептерінің үлгісін жарасымды үйлестіріп, өрнегі өзгеше шығармалар тудырған. Оның туындыларында төкпе, терме, шертпе күйлердің белгілері араласып, айрықша мәнермен тартылады. Ерекше күш-қайратты танытатын жігерлі күйлер жүрек қылын шертетін нәзік те сырлы сазға ұласып отырады. Қ. күйлері уақыт тынысын, зұлымдық пен адалдық, қатыгездік пен адамгершілік сияқты өзара кереғар қасиеттердің ара жігін тап басып, айқын аңғартады. 1860 ж. Ресей отаршылдары Жетісудың Сарыжаз, Текес, Қарқара сияқты жайлауларын зорлықпен тартып алғанын көрген Қ. қазақ би-болыстарының отаршылдық озбырлығына деген көнбіс, тоқмейіл, жігерсіздігін әшкерелеп “Шалқайма” күйін шығарған. Осы шығармасы үшін патша әкімдерінен теперіш көрген күйші 1869 ж. шамасында өзіне қарасты 25 үймен Шығ. Түркістанға көшіп кеткен. Бірақ мұнда да ол жергілікті билеушілер тарапынан қуғынға ұшырап, түрмеге жабылды да, азаптап өлтірілді. Зерттеуші Мұхамед Ханафиннің мағлұматтарына қарағанда Қ. жүзден астам күй шығарған. Оның алуан тақырыпты қамтитын бұл туындыларын негізінен екі топқа бөлуге болады. Біріншісі – күйшінің өз өмірінің әр кезеңін қамтитын шығармалары, екіншісі көне Үйсін заманынан сыр шертетін “Қамбар ханнан” бастап, қазақ халқының тарихи-әлеум. өмірінен, тұрмыс-салтынан елес беретін күйлері. Бұлардың еншісіне көне әдеби мұралармен сарындас “Жиренше”, “Жиреншеге Қарашаштың қазасын естірту”, “Жиреншенің Қарашашты жоқтауы” сияқты топтамалары мен “Көроғлы сұлтан”, “Біржан мен Сара”, “Стамбұл”, “Мұңлық” күйлерін жатқызуға болады. Ал “Қолға алынар алдында”, “Рабат төренің естіртуі”, “Таскөмір шоғына қарылу”, “Қинау”, “Түрмедегі қинау” туындылары өз басынан кешкен қарылу”, “Қинау”, “Түрмедегі қинау” туындылары өз басынан кешкен ауыр халден хабар береді. Қ-ның жоғарыда аталған шығармаларымен қатар “Нұрғазарын бұлбұл”, “Керітолғау”, “Аққу”, “Күй шақыртқы” күйлері бар. 1984 ж. Үрімші қ-ндағы Шынжаң жастар баспасынан Қ-нің “Күй толқыны” кітабы басылып шықты. Кітапқа тоқсаннан астам күйі енген. Қазақстан көлдері. Қазақстан көлдері - Қазақстанда 48 262 көлдері бар. Георгиевка каналдары. ГЕОРГИЕВКА КАНАЛДАРЫ – Қырғызстан мен Қазақстан аралығындағы ірі суғару-суландыру жүйелерінің бірі. Каналдың құрылысы 1931 ж. басталып, 1935 ж. пайдалануға берілген. Оның Шу өз-ндегі бөгеттен екі тармаққа бөлінгенге дейінгі аралығы 4,2 км, табаны 12 м, тереңд. 2,5 м. Қордай а. тұсында канал оң және сол тармақтарға бөлінеді. Оң жақ каналының ұз. 40,5 км, табаны 1 – 3 м, тереңд. 1 – 1,77 м, су өткізгіштігі 7,92 м3/с. Сол жақ каналының ұз. 48,7 км, табаны 7 – 12 м, тереңд. 0,7 – 2,5 м, су өткізгіштігі 11 – 31 м3/с. Г. к-нан Қордай ауд-ның бірнеше мыңдаған га егістігі суғарылады. Авенирова, Анна Ивановна. Авенирова Анна Ивановна (9.3.1904, Ресей, Архангельск губерниясы, Спасск селосы – 14.4.1971, Алматы қаласы) – медицина ғылымдарының докторы (1955), профессор (1956). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген дәрігері (1947) және еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1966). Пермь мемлекеттік медицина институтын бітірген (1925), Қазақстанға 1929 ж. келген. Авенирова – Қазақстанда ана мен бала денсаулығын қорғау ісін ұйымдастырушылардың бірі. 1948–51 ж. Ана мен баланы қорғау институтының директоры, 1952–71 ж. Алматы мемлекеттік медицина институтында (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) кафедра меңгерушісі болды. Баланың ас қорыту жүйесінде болатын аурулардың себептерін, олардың таралуы мен емдеу жолдарын зерттеген. Лямбиоз, кейбір бүйрек ауруларын емдеудің әдістерін тапқан. Осы аурулар туралы бірнеше ғылыми еңбектері жарық көрген. Шығ.: Протозойные заболевания кишечника у детей, А.-А., 1966. Гессен құмыты шыбыны. ГЕССЕН ҚҰМЫТЫ ШЫБЫНЫ ("Mayetіola destructor"), қосқанаттылар отрядының галлица тұқымдасына жатады, бидай мен арпаның қауіпті зиянкесі. Қазақстанда кең тараған. Далалық белдемде дәнді дақылдарға қатты зиян келтіреді. Денесінің ұз. 2,5 – 3,5 мм, оның үстіңгі жағы күңгірт сұр немесе сарғылт қоңыр, бауыр жағы ақшыл, 17 буынды, ал мұртшаларының түсі қоңырқай сары болады. Жылына бірнеше ұрпақ беріп, өсіп-өнеді. Жұмыртқалары цилиндр пішінді, ұз. 0,5 мм-дей. Олар жұмыртқаларын (50 – 500) жапырақтың үстіңгі бетіне салады. Жұмыртқадан шыққан дернәсілдер жапырақ қойнауының ішіне еніп, сабақтың буынға таяу ең жұмсақ шырынды жерін сүлікше сорып қоректенеді. Ересек дернәсілдері жалған піллә ішінде күздік бидайдың көгінде немесе аңызда қалған өсімдік сабақтарында қыстайды. Қыстап шыққан дернәсілдер көктемде қуыршаққа айналады. Г. қ. ш-ның жаппай ұшуы, дәнді дақылдардың көктеп шығуы мерзіміне тура келеді. Күрес шаралары: ауыспалы егіске көшу; егістік жерлерді өз мерзімінде сапалы етіп жыртып, топырақты баптау; егінді қысқа мерзім ішінде себу; Г. қ. ш-ның жұмыртқа салуы кезінде өсімдіктерді улы химикаттармен өңдеу. Гетеротрофты ағзалар. Гетеротрофты ағзалар ("грек. heteros – басқа, жат, trophe – қорек") – негізінен дайын органик. заттармен қоректенетін организмдер. Олар өз денесінің құрамын бейорганик. заттардан түзе алмайды. Г. о-ге адам және барлық жануарлар, паразиттік жолмен тіршілік ететін өсімдіктер, саңырауқұлақтар, көптеген микроорганизмдер жатады. Г. о. энергияны органик. заттардың биол. тотығуының арқасында алады. Г. о-дің қоректенуіне қарай үш түрі болады: сапрофитті немесе осмотрофты Г. о. – түрлі организмдердің тіршілік әрекеті нәтижесінде ыдыраған немесе бөлінген өнімдермен қоректенетін организмдер (ашытқылар, зең микробтары, көптеген бактериялар); голозойлы немесе анимальды Г. о. – басқа организм денесімен қоректенетіндер; паразиттік Г. о. – басқа организм денесіндегі сөлдермен қоректенетін организмдер. Табиғатта аралас қоректенетін түрлері де бар, мыс., арам шырмауық басқа өсімдікке жабысып тіршілік етеді. Жасыл евглена денесінде жасыл пигменттер (хлорофилл) болғандықтан жарық кезде ол автотрофқа, ал қараңғыда – гетеротрофқа айналады. Кейбір өсімдіктер (қырықбуынның спора түзетін бұтақтары, дәнінің өніп келе жатқан тұқымдары) дамудың белгілі бір сатыларында гетеротрофтар болады. Г. о. табиғатта синтезделу процесі нәтижесінде аз мөлшерде болса да органик. заттар (мыс., көміртектің 10%-ы) түзеді. Құрамында жасыл пигменттер клеткалардың СО2 сіңіретін қабілеті хемосинтез және фотосинтез процестерінің эволюциясында шешуші рөл атқарды. Қазіргі кезде жануарлар тіндерінің де СО2-ні сіңіре алатын қабілеті бар екені анықталған. Осыған байланысты организмдерді автотрофтар мен гетеротрофтарға жіктеу – олардың көміртекті сіңіру қабілетіне емес, пайдаланатын энергия көзіне негізделген. Сондықтан Г. о-ге көміртек көзі ретінде күрделі органик. қосылыстар (көмірсулар, майлар, белоктар) тотығуынан бөлінген көміртекті пайдаланатын организмдер; фотоавтотрофты организмдерге – фотохим. әрекеттесуді пайдаланатын организмдер; ал хемоавтотрофтарға – органик. емес заттардың тотығуы кезінде бөлінген энергияны пайдаланатын организмдер жатады. Г. о. күрделі органик. заттарды ыдыратып және минералдандырып отыратын табиғаттағы зат алмасуда маңызды рөл атқарады. Г. о. автотрофты организмдермен бірігіп, табиғатта біртұтас биол. жүйені құрайды. Ғылым тілі. Ғылым тілі – ғылым негізде жасалатын өзіндік қалыптасу принциптері бар, стильдік өңі ерекше әдеби тілдің ғылымға қызмет ететін бір тармағы. Адам, қоғам, табиғат жөнінде ақиқат ақпарат беретін, шындықты баяндайтын ғыл. мәтін (текст). Ғылым тілі көптеген ғыл.-зерттеулерде ғыл. стильмен теңестіріледі. Ғылым тілі жазумен тікелей байланысты. Өйткені ғыл. стиль жазу арқылы танылады. Ғылым тілі әдеби тілдің бір тармағы болғандықтан оның пайда болуы мен қалыптасуы сол әдеби тілдің жасалуына тікелей қатысты. Өйткені сол тілде ғыл.-зерт. жұмыстарының жүргізілуіне және ғыл. әдебиеттердің жазылуына байланысты ғылым тілі өрбиді. Ғылым тілі айтылатын ойдың анықтылығын, дәлдігін, дұрыстығын және кез келген ғалым түсінерліктей дәйектілігін қалыптастыруы тиіс. Мұны белгілі бір ұғым, мәселе турасындағы логикалық жағынан тұжырымдалған толық хабарлама десе де болады. Сондықтан логикалық маңызы зор. Ғылым тіліндегі сөздер негізінен өзінің бастапқы мағынасында жұмсалады. Келтірінді, ауыспалы мағынадағы сөздер мұнда болмайды. Ғылым тілін қалыптастыра бастаған ғылым салалары негізінен өздерінің терминдік лексикасын, термин сөздерін жүйелеп пайдаланады. Лексикада – атау сөздерді, морфологияда зат есім тұлғалы сөз таптарын, сондай-ақ етістік, есімдік, есімше, көсемше, т.б. сөз түрлері, синтаксис саласы бойынша – сөз тіркестерінің көптеген түрлері қолданылады. Семантикада – мағыналық, дәлдіктің болғаны шарт. Сонымен бірге ғылым тілінде интернационалдық сөздер де жиі кездеседі. Ғылым тіліне тән негізгі ерекшеліктер – ғылымның әр саласына байланысты өзінше дамиды. Мысалы, қоғамдық ғылымдар мен жаратылыстану ғылымдары салаларының немесе техника ғылымдары салаларының даму тарихынан өзара жіктелмейтін өзгешеліктерді байқауға болады. Қазақ тілінде ғыл. стильдің қалыптасуы бірдей емес. Оның кейбір нышандары Қазан төңкерісіне дейінгі шығып тұрған бірен-саран газет-журналдар мен кітапшаларда байқалғанымен, оның толық қанды қызмет ете бастауы 20 ғ-дың 20–30-жылдарынан басталады. Оның көш басында Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Шоқай, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов, Ә.Ермеков, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Қ.Жұбанов сынды тұлғалар тұрған. Онда да ғылымның бар саласы бірдей «қазақыланбағаны» белгілі. Әсіресе, тіл мен әдебиет, өнер мен мәдениет салаларын қазақша сөйлетуде Байтұрсыновтың еңбегі ерекше зор. Аталған салалар бойынша қазақ тілінің Ғылым тілі ретінде қалыптасып, дамуы тек осы адамның еңбегіне байланысты болғаны мәлім. Ал ғылым тілі көрініс берер әдісі түрлі моногр. зерттеулер, оқулықтар, мақалалар, баяндамалар, тезистер, патенттер, т.б. сан-салалы еңбектермен танылады. Ғылым дамуымен бірге онда жаңа ұғымдар мен атаулар пайда болып жатады. Мұндай жаңа сөздер ғыл. қолданыста неологизмдер деп аталады. Өмірдің даму заңдылығына сәйкес әлгіндей жаңа сөздердің біразы тұрақталып, біразы қолданыстан ығысып жатады. Мысалы, бір кезде қолданыстан түспейтін социализм, коммунизм, комсомол, совхоз, колхоздар мен бесжылдықтар тарихынан осыны аңғаруға болады. Қазақ тілінде қоғамдық ғылымдардың кейбір салалары болмаса, жалпы ғылым тілі толық қалыптаспағаны байқалады. Анестезиология. Анестезиология ("грек. an – сыз, сіз, емес қосымшасы және aіsthёsіs – сезім, logos – ғылым") – клиникалық медицина ғылымының ағзаларды уақытша жансыздандыру мәселелерін зерттейтін саласы. Аумақтық жансыздандыру (анестезия) тәсілдері 19 ғасырдан белгілі. Қазіргі заманғы анестезиологияның негізін салған 19 ғасырда өмір сүрген ағылшын ғалымы Ю.Сноу болды. Ол алғаш рет медицинада эфирлі және хлороформды наркоз пайдаланған. Қазақстанда А. ғылымына профессор А.Тоғайбаев көп үлес қосты. Оның басшылығымен ісікті емдеу кезінде пайдаланылатын наркоздың адам организміне әсері зерттелді. Анестезиологияның ең негізгі мақсаты – хирург. Операцияның барлық кезеңдерінде науқастың қауіпсіздігін сақтау және зақымданған ағзаның ауруын жеңілдету әрі сол кездегі олардың бұзылған қызметтерін реттеу. Анестезиология жалпы анестезиология және аумақтық анестезиология болып екіге бөлінеді. Жалпы анестезиологияда адам есінен танады, бүкіл дене сезімінен айрылады. Мұнда сезімталдықты жоятын наркотик. дәрі-дәрмектер қолданылады. Аумақтық анестезиологияда адам есі сақтала отырып, дененің белгілі бір бөлігінде ғана дәрілер арқылы сезімталдық жойылады. Қазіргі анестезиологияның негізгі ғылыми бағыты – жансыздандыратын дәрілердің жаңа түрін шығару, олардың пайдалы, зиянды әсерлерін зерттеу, наркоз беретін құралдарды (аппараттарды) жетілдіру. Қазір Республикада «Қазақстан анестезиологтары мен реаниматологтар қауымдастығы» жұмыс істейді. Арнайы «Анестезиология және реаниматология» журналы шығады. Ғылым философиясы. Ғылым философиясы – философияның ғылымды адам іс-әрекетінің ерекше аясы әрі ұдайы дамудағы таным жүйесі ретінде қарастыратын бір саласы. Ғылыми танымды гносеология және методология тұрғыдан зерттеу тарихы әріден басталғанымен, Ғылыми философия 20 ғ-да ғана дербес пән ретінде қалыптаса бастады. Ең алғаш бұл термин О.Конт, Э.Литтре, Г.Спенсер, т.б. ғалымдар еңбектерінде қолданылды. Олар ғылым тілін филос. тұрғыдан зерттеу әрекеттері тек формальды (матем.) логиканың шеңберінде жүзеге асуға тиіс, ал ғыл.-теор. ұғымдарды эмпирикалық таным, тәжірибе сынағы арқылы негіздеуге болады деп тұжырымдады. Бұл тұжырым бойынша, ғылым – адамның ең жоғары ісі, ал ғылым философиясының бір ғана міндеті – тұтастай ғылымды, оның пәндік салаларын логикалық-методол. тұрғыдан қамтамасыз ету. Бертін келе бұл тұжырымдаманың сыңаржақтылығына көзі жеткен ғалымдар ғылым философиясының зерттеу нысандарына елеулі өзгерістер енгізді. Енді ол ғылымның құрылымымен қатар тарихын зерттеуге ден қойып, бұрыннан белгілі проблемалармен қатар жаңа пәндік мәселелерді, олардың қалыптасу үрдісін қарастыра бастады. Ғылымның теориялық сатысының белгілі бір шамада тәжірибеге тәуелсіз екендігін мойындап, жаңа ғыл. білімнің табиғатында тәжірибесынақ арқылы дәлелдеу мүмкін емес дүниетанымдық көзқарастардың, методол. принциптердің болатынына көз жеткізді. Бірақ ғылымның даму заңдылығын, оның қызметтік міндеттерін дұрыс түсіндіре алатын методол. ұстын – диалект. көзқарас қана. Сананың техникаландырылу деңгейінің артып, компьютерлік дүмпудің өркениет өресіне тікелей әсер етуі, сол арқылы ғылым функциясының кеңейіп, қоғамның өзге салаларымен, алуан текті мәдениет тұрпаттарымен байланысының күшеюі ғылым философиясының алдына күрделі мәселелер қойып отыр. Сондықтан ғылым философиясы ғылыми танымның логикалық-гносеология проблемаларымен қатар ғылымның әлеумметтік-философия және этика-этника мәселелерін зерттеуге тиіс. Ғылым философиясы мен методологиясының қазақстандық мектебі (негізін қалаушы Ж.Әбділдин мен Ә.Нысанбаев) отыз жыл бойы осы бағытта ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Аничков Иван Васильевич. Аничков Иван Васильевич ("1863 – өлген жылы белгісіз") – орыс ғалымы, археолог және этнограф. 1888 ж. Петербург университетінің шығыс тілдері факультетін бітірген. Түркістан мен Орынбордың ғылым мекемелерінде жұмыс істеді. Мерке маңындағы, Қостанай, Қазалы уездеріндегі, Торғай облысындағы тас мүсіндер, обалар мен басқа да археология ескерткіштерді, Әулиеата уезі Бесағаш қонысындағы көне қала орнын, Таразды және Сауран мұнарасын сипаттаған мақалалар жариялады. «Ұмытылған өлке», «Қырғыз даласындағы халық шаруашылығының құлдырауы» аталатын еңбектерінде қазақ халқының ауыр халін сөз етті. Аничков Ресей отаршыларын сынға алып, «қазақ халқы Ресейдің қол астына қарағанда оның тағдырын осыншама назардан тыс қалдыратындай ешбір жазығы жоқ еді» деп жазды. «Орыстандыру» саясатын мінеп, қазақтардың әдет-ғұрпына құрметпен қарады. «Түркістандағы халық өмірінің очерктері» аталатын еңбегінде қазақтардың тұрмыс-салты туралы мәліметтер, «Қырғыз батыры Жаңқожа Нұрмұхамедов» деген мақаласында Сырдария бойы қазақтарының көтерілісі, оның басшысы туралы нақтылы деректер берген. 1896 ж. «Қазан университетінің ғылыми жазбаларында» жарияланған «Қырғыз халық шығармашылығының ескерткіштері» деген мақаласында да тарихи және этнографиялық деректер мол. Анкинович Екатерина Александровна. Анкинович Екатерина Александровна ("7.12.1911, қазіргі Чуваш, Малые Яльчики с. – 10.7.1991, Алматы қ.") – геология-минералдары ғылыми докторы (1964), профессор (1967). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1974). Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) тау-кен институтын бітірген (1937). 1937–53 ж. Қазақстанның геологиялық қызметі жүйесінде геолог, геологиялық партия бастығы, геологиялық партиялар тобының техникалық жетекшісі, минералдық-петрографтың кабинет меңгерушісі қызметтерін атқарған әрі Сарыарқада, Алтайда, Қаратауда полиметалл, ванадий кендерін зерттеген. Қазақ политехникалық институтының (1953–91, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) доценті, кафедра меңгерушісі, профессор болды. Анкиновичтің негізгі ғыл. еңбектері Кенді Алтайдың полиметалл кендерінің минералогиясын, Үлкен Қаратаудың ванадийлі горизонтының (ванадийлі бассейнінің) сипаттамаларын анықтауға арналған. Анкинович 12 жаңа минералды (олардың ішінде сегізі бұрын ғылымға белгісіз) ашқан. Олар Халықаралық минералогия ассоциациясында (АҚШ, Вашингтон қ.) бекітіліп, Қазақстан геологтары Қ.И.Сәтбаевтың, И.И.Боктың, т.б. құрметіне аталған. КСРО Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты (1948). Анкинович Степан Герасимович. Анкинович Степан Герасимович ("14.11.1912, Витебск обл. Кашино дер. – 16.6.1985, Алматы қ.") – геология-минералдық ғылыми докторы (1964), профессор (1967). Қазақ КСР-інің еңбек сің. жоғары мектеп қызметкері (1972). Ленинград (1938, қазіргі Санкт-Петербург) тау-кен институтын бітірген. 1938–51 ж. Қазақстанның геологиялық қызметі жүйесінде, Жезқазған, Ұлытау кенді ауданында, Үлкен Қаратауда полиметалл, темір, марганец, ванадий кендерін барлайтын партиялар тобы мен экспедициялардың геологы, аға геологы, бас геологы, Қазақ геологиялық басқармасының аға инженері болып жұмыс істеді. Сонымен қатар 1949 жылдан Қазақ кен-металлургия институтында (қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) доцент, 1970 жылдан кафедра меңгерушісі болды. Анкиновичтің негізгі ғылыми еңбектері Солтүстік Тянь-Шаньның (Үлкен Қаратау мен Жабағылы) және Сарыарқаның батыс бөлігінің геологиясын, стратиграфиясын, шөгінділік металлогениясын, түсті металдар кендерінің геологиясын зерттеуге арналған. КСРО Мемлекеттік сыйл. лауреаты (1946, 1948). Дадабаев Әлім Юсупұлы. Дадабаев Әлім Юсупұлы (8.5.1928 ж.т., Алматы қаласы) – химия ғылымдарының докторы (1975), профессор (1983). Алматы тау-кен институтын бітірген (1951). 1952–55 ж. Қазақстан Ғылым Академиясының Металлургия институтында аспирант, 1955–96 ж. кіші, аға ғыл. қызметкер, лаборатория меңгерушісі, 1996 жылдан ҚР ҰҒА-ның Металлургия институтында бас ғылым қызметкер болды. Дадабаев 300-ден астам ғылыми-зерттеу еңбектің, 2 монографияның авторы. Ғылым философиясы мен методологиясының қазақстандық мектебі. Ғылым философиясы мен методологиясының қазақстандық мектебі(Ғ.ф.м.м.қ.м) – халықараралық ауқымда танылған отандық философия зерттеу бағыты. Бұл философия мектеп өкілдерінің (Ж.М.Әбділдин, Ә.Нысанбаев, К.Рахматуллин, М.С.Орынбеков, М.Сәбитов, т.б.) еңбектерінде диалектика ойлаудың қарама-қарсылықтық, нақтылық, тарихилық, абстрактіліктен нақтылыққа өрлеу, т.б. принциптері түбегейлі зерттелді.Олар ғылымда кез келген қозғалыс пен дамудың қайнар бастауы әрі тіршілік ету шарты – диалектика. Қарама-қарсылықтарға сүйенетін ғылыми ойлаудың жасампаздық әдебін қалыптастыру идеясын негіздеді. Бұған қоса тұтастықты өздігінен қозғалу және қажетті ішкі байланыстылық арқауларын қарастыру арқылы ақиқатқа жетудің маңызды принциптерін талдады. 1974 ж. қазіргі заманғы ғыл. танымның логикалық-методол. проблемаларын жүйелі түрде зерттеу қолға алынып, Қазақстан Ғылым Академиясының Философия институтында (қазіргі Филос. және саясаттану ин-ты) жаратылыстанудың филос. мәселелері бөлімі ашылды. Ол 1996 ж. ғылым мен техника философиясы бөлімі болып қайта құрылды. Осы кезден бастап республикада Ғ.ф.м.м.қ.м. қалыптасты. Осы мектептің ғылыми деңгейінің көтерілуіне Қазақстандағы жоғары оқу орындарының ғалымдары да үлес қосты. 1-кезең (1960–70), тұтастай алғанда ғылыми танымның логикалық-методол. проблемаларын диалектика тұрғысынан талдаумен байланысты болды. Философтардың осы кезеңдегі еңбектерінде (Әбділдин, Нысанбаев, «Теория құрудың диалектикалық-логикалық принциптері», 1973, Қазақстан ҒА-ның Ш.Ш. Уәлиханов атынд. 1-дәрежелі сыйл. 1974; Орынбеков, «Философиядағы және ғылымдағы субстанция мәселесі», 1975; «Осы заманғы ғылымдағы нақтылық принципінің рөлі», 1976; т. б.) 20 ғ-дың 2-жартысындағы ғылымның логикалық-гносеол. аспектілері мен проблемалары қарастырылды. Қазақстан философтарының бұл бағыттағы ғылыми-зерттеулері Ресей, Польша, Германия, Венгрия, Болгария, т.б. елдердің беделді ғыл. басылымдарында жарық көріп, олар ғылым философиясы мен методологиясын өркендету ісіне соны серпін берді әрі ғыл.- зерттеулердің филос.-теор. деңгейін көтеруде үлкен рөл атқарды. 20 ғ-дың 80-жылдарынан Ғ.ф.м.м.қ.м тарихындағы 2-кезең басталды. Ол пәндік-практикалық қызметтің субъекті ұғымын алдыңғы шепке шығарып, ғыл. теориялардың әлеум.-мәдени өлшемдеріне мүдделілікті арттыруымен ерекшеленеді. Ғылыми танымның методол. проблемаларын жүйелі зерттеу ісіндегі әлеум.-мәдени және категориялық талдауларды біріктіру де осы кезеңде атқарылды. Ғыл. танымды категориялық талдау оның мәдени-тарихи сипаттамаларын ой елегінен өткізу арқылы жүзеге асты. Осы кезеңдегі қомақты мәселе – «Ғылыми танымның және әлеуметтік қызметтің логикасы ретіндегі материалистік диалектика» жетекші орынға шығып, әлеум.-мәдени ауқымда байыпталды. Мұның өзі көптеген тың идеялар мен материалдарды ғыл. айналымға енгізуге мүмкіндік берді. Бұл бағытта қазақстандық философтардың іргелі еңбегі саналатын төрт томдық «Диалектикалық логиканың» 4-кітабы («Осы заманғы жаратылыстанудың методологиясы ретіндегі диалектикалық логика», 1985; Нысанбаев, Р.Кубанов, «Осы заманғы ғылымның әлеуметтік және этикалық проблемалары», 1988; ұжымдық еңбектер: «Ғылымның категориялық аппаратының генезисі», 1990; «Ғылымның логикалық-гносеологиялық талдауы», 1990; т.б.) жарық көрді. 20 ғ-дың 90-жылдарынан бастап Ғ.ф.м.м.қ.м жұмысының қазіргі заманғы талаптарға сай 3-кезеңі өрістеді. Бұл кезең ғылым мен техниканы таза марксшілдік талдау шеңберінен шығып, жаратылыстың, тех., әлеум. және гуманитарлық ғылымдардың (психология, тарих, социология, саясаттану, мәдениеттану, т.б.) филос.-методол. және дүниетанымдық проблемаларын зерделей зерттеумен ерекшеленеді. Отандық филос. мектеп бұл кезеңде пәндік-практикалық, әлеум.-мәдени қызметтің идеологиялық қасаңдықтан арылған принциптеріне сүйеніп, тарихи-филос., тарихи-ғыл. және тарихи-мәдени мол мұраларды пайдалана отырып, әлеум. және жеке тұлғалық болмысты танудың аса маңызды диалект.-логикалық принциптерін қорытты. Әсіресе, қарама-қарсылық, нақтылық, субъектінің белсенділігі, тарихилық принциптері дүниетанымдық, логикалық-гносеол. және методол. мәселелермен бірлікте қарастырылды. Ғылымның категориялық және ұғымдық аппаратын қалыптастырып, жетілдіру заңдылықтарын, оны дамытудың интегративтік жолдарын іздестіруге ғалымдар жете мән берді. Өркениеттің өркендеуі барысындағы ықпалды тех. сана құбылысы мен компьютерлік революцияның салдарын талдай қарастыру қолға алынады. Қазіргі кезде ғылымның бағдарлылығын зерттеуге орай ғылым методологиясы жөніндегі отандық әдебиетте бұрын-соңды зерделенбеген тың мәселелер, соның ішінде, ұлттық мәдениет, оның этн. бейнесі мен әлемдік көрінісі аясындағы проблемаларды зерделеуге талпыныс жасалуда. Үшінші кезең, сондай-ақ Еуропаға құлай жүгінетін логикалық парадигмалардан Шығыс пен Батыстағы ғақылиялы ой кешудің алуан тұрпаттарының диалогына қарай ойысу қажеттілігін бағдар тұтуымен де ерекшеленеді. Философия және саясаттану ин-ты ғалымдарының «Шығыс және батыс мәдениеттерінің өзара байланыстары ауқымындағы ғылым методологиясы» (1998) атты ұжымдық монографиясы осы мәселені талдауға арналды. Ғ.ф.м.м.қ.м-нде жүзеге асырылған зерттеулер ғылым философиясы мен методологиясын дамытудың әлемдік бағыттарына сәйкес келеді. АҒЫНЫҚАТТЫ. АҒЫНЫҚАТТЫ – Алматы обл-ның Сарқант ауд-ндағы өзен. Лепсі өз-нің сол саласы. Ұз. 54 км. Су жиналатын алабы 708 км2. Жылдық орташа су ағымы 12,1 км3. А. Жетісу Алатауының Жаман Қоңыртас тауындағы мұздықтан басталып, Лепсі а. тұсында Лепсі өз-не құяды. Жоғ. бойында табиғаты көрікті тар шатқалмен ағады, арнасы тар, ағыны өте қатты. А. желтоқсанда қатып, сәуірдің бас кезінде мұзы ериді. АҒЫНЫҚАТТЫ – Шығыс Қазақстан обл. Жарма ауд-ндағы өзен. Шар өз-нің жоғ. бойындағы оң саласы. Ұз. 58 км, су жиналатын алабы 982 км2. Сантас тауының оңт.-батыс беткейінен басталады. Жағасы жазық, арнасы құмды, малтатасты. А. жауын-шашын және жер асты суларымен толығады. Желтоқсанның басында қатып, сәуір айының соңында мұзы ериді. Көктемде 20 күндей су деңгейі көтеріледі. Жазда құрғамайды. Егіс, мал суаруға пайдаланылады. Дайырбеков Орынбай. Дайырбеков Орынбай (1.10.1942 ж.т., Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданы Көксаяқ ауылы) – медицина ғылымдарының докторы (1993), проффесор (1996), Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері (1990). Алматы мемлекеттік медицина институтын (1968, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. 1970–98 ж. Қазақ емдік-тәжірибелік хирургия институтының кардиохирургия бөлімінде хирург-дәрігер, аспирант, Алматы қаласындағы қалалық №4 ауруханасында бас дәрігердің орынбасары, бас дәрігері, Алматы облысы ауруханасының бас дәрігері, обл. денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі, клиник. және эксперименттік хирургия ғыл.-зерт. институты директорының орынбасары, Алматы қаласы әкімі аппаратының денсаулық сақтау басқармасының бастығы болды. 1999 жылдан Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының ректоры. Негізгі ғылыми еңбектері туа біткен жүрек ақауын анықтап, емдеу тәсілдерін қолдануға арналған. Ал ғылыми жұмыстары денсаулық сақтау ісін ұйымдастыруға, мед. көмек сапасын көтеруге бағытталған. «Құрмет» орденімен (2004) марапатталған. ӘПТИЕК. ӘПТИЕК — өткен ғасырларда ауыл мектептерінде қолданылған сауат ашу кітабының атауы, әліппе. Ә-ке әріптер мен араб тілі грамматикасының бастапқы ереже-қағидалары енгізілген. Оқыту әдісі күрделі болғандықтан Ә-ті түгел игеру өзге тілді шәкірттерге едәуір қиынға түсті. Оны тауысқандар Мұхтасар, Құран-кәрім т.б. кітаптарды тереңдеп оқуға кіріскен. Н. өсерұлы ӘРЕКЕТ. ӘРЕКЕТ (араб. — харакет, амал, тәсіл) — адамның, кейде әлеуметтік топтың әлдебір істі атқаруға белсене кірісуі. Ә. қажеттіліктен, талпыныстан және мақсатқа жетуге керекті біліктілік пен тәжірбиелік дағдылардан құралады. Адамды Ә-ке ұмтылдыратын негізгі күш — ниет. Ә-тің сыр-сипатын дұрыс түсіну үшін ниетті мақсаттан ажырата білу керек. Мақсат дегеніміз — Ә. арқылы әлдебір нәтижеге жету болса, ал ниет сол нәтижеге жетуге итермелейтін күш. Сондықтан Ә-ке баға беру ниеттің сипатын айқындаудан басталады, яки, ниет кез келген Ә. сырын ашудың “кілті” болып саналады. Демек, Ә. қажеттіліктен, тек ниеттен ғана құралмайды. Ә. кезінде адам мақсатқа жетудің әр алуан құралдары мен мәліметтерді пайдаланып, түрлі амал-тәсілдер (есеп, т.б.) қолданады. Бұларды игере білу үшін Ә. ету барысында қалыптасатын біліктілікті, кәсіби дағды мен шеберлікті илену басты шарт. Жалпы, адам табиғатына тән Ә-тің үш — ойын, оқу-іздену, еңбек түрі болады. Құқықтағы Ә. — адамның өз қалауымен, яки еркімен жасалған іс. Құқыққа сәйкес келетініне немесе келмейтініне байланысты ол заңға сыйымды немесе заңға сыйымсыз болып бөлінеді. Заңға сыйымсыз Ә-тер теріс қылық, тәртіп бұзушылық дерегі ретінде бағаланады. Театрда: Ә. — (музыкадағы — дыбыс, кескіндеудегі — бояу, көркем әдебиеттегі — сөз сияқты) актерлік өнердегі ойды жеткізу құралы. Спектакль (репетиция, концерт) кезінде актер жасайтын Ә-тер арқылы сахналық образ сомдалады. Рөлді орындаушы актердің жан толғанысы да Ә. арқылы жетеді. Әрбір Ә. оның мақсатына байланысты болады, адамның ішкі психол-лық әлеміндегі процестерді дене қимылы, кез келген бұлшық ет қозғалысы арқылы аңғартады. М. Сейталиев ӘРЕКЕТКЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК. ӘРЕКЕТКЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК — заңды тұлғаның немесе азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқыларды иеленуге және оны жүзеге асыруға, өзіне азаматтық міндеттер белгілеп, оларды орындауға қабілеттілігі. Азаматтық құқықта оны заңды тұлғаның, азаматтардың немесе жас өспірімдердің (14 жастан 18 жасқа дейін) Ә. қ-гіне бөледі. Азаматтар толық Ә. қ-ке 18 жастан бастап ие болады. Егер 18-ге толмаған азамат некеге тұратын болса, неке мемл. хал-актілерін тіркейтін органда тіркелсе, онда ол азамат некеге тұрған кезден бастап Ә. қ-ке толықтай ие болады. Азаматтық заң қағидалары бойынша, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, азаматтардың Ә. қ-гіне шек қоюға болмайды. Е. Дүсіпов ӘРЕКЕТСІЗДІК. ӘРЕКЕТСІЗДІК — адам бойындағы кемшіліктердің бірі, этникалық ұғым. Ә. адамның еріксіздігін, жігерсіздігін, құндылық пен қажеттілікті жете түсіне алмайтындығын, жалқаулық пен енжарлық сияқты ұнамсыз сипаттарын білдіреді. Ә-тің бір белгісі — мойны жұмысқа жар бермейтін еріншектік. Абай “еріншектік — күллі дүниедегі өнердің дұшпаны” деген. Ә. ұнамсыз сипат ретінде адамның жұмыс істеу қабілетін тоқырауға душар етуімен бірге, оның ақыл-ойы мен санасының дамуына теріс ықпал етеді, әр нәрсенің, құбылыстың мән-жайын пайымдап түсінуіне кедергі жасайды. С. Жақыпов Дайыров Әлмағамбет Бекішұлы. Дайыров Әлмағамбет Бекішұлы (10.5.1920 ж.т., Қызылорда облысы Шиелі ауданы Қараөзек ауылы) – медицина ғылымдарының докторы (1970), профессор (1971). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген дәрігері (1957). Алматы мемлекеттік медицина институтын (1941, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. Қызылорда қаласындағы денсаулық сақтау бөлімінің бастығы (1946–52), Алматы мемлекеттік медицина институтында ассистент (1952–57), Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының ректоры (1957–63), Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау министрлігінің №4 басқармасына қарасты Орталық аурухананың бас дәрігері (1963–71), Қазақ ұлттық медицина университетінде кафедра меңгерушісі (1971–98) болды. «О влиянии обширных резекций тонких кишок на процессы пищеварения и общее состояние организма» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Дайыров ішек-қарын (ащы ішектің) бөліктерін алып тастау салдарынан ас қорыту жүйесінде болатын өзгерістерді зерттеді, лазер сәулесін қолдану, эхинококкозды анықтау, емдеу мәселелерімен шұғылданды. Қазан революциясы, 2 рет Еңбек Қызыл Ту, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған. Дальян Иван Борисович. Дальян Иван Борисович (26.6.1924 ж.т., Украина, Донецк обл. Кашлагаш а.) – геол.-минерал. ғылымдарының докторы (1979). Пермь мемлекеттік университетін (1953) бітірген. 1953–87 ж. Ақтөбе мұнай бақылау тресінде геолог, Кеңқия, Жарқамыс мұнай бақылау экспедициясының бас геологы, геол. бөлімінің бастығы, Бозой, Қызылой, Құмсай, Кеңқия, Қаратөбе, Көкжиде, Ақжар, Көбен мұнай орындарының ашылуына тікелей ат салысқан. 1999 жылдан «Жаңажол» АҚ мұнай бақылау экспедициясының вице-президенті болып қызмет атқарады. «Глубинное строение и нефтегазоносность палеозойских отложений восточной части Прикаспийской впадины, ее обрамления» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. 200-ге жуық ғылыми еңбегі, 4 монографиясы жарық көрген. ӘРЕКТІКЕН. ӘРЕКТІКЕН (Gastrocotyle) — айлауық тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанда бір ғана түрі — б ұ д ы р Ә. (L. hіspіda) кездеседі. Ол Торғай үстіртінде, Маңғыстау түбегінде, Сыр бойында, Бетпақдала, Қызылқұм шөлдерінде, Ұлытау, Шу — Қле тауларында сары балшықты, сортаң жерлері мен құрғақ жыраларда өседі. Биікт. 20 — 50 см. Жайыла өсетін, жатаған сабақтарын қалың түк басқан өсімдік. Жапырақтарының жиегі тілімделіп, ұзынша, сопақтау келеді. Гүлдері әр жапырақтың түбіне жеке орналасады. Күлтесі көкшіл, немесе ақшыл түсті болады. Маусым — шілде айларында гүлдейді. С. Арыстанғалиев ӘРЕМ. ӘРЕМ (Phlomіs) — еріндігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін (бұба түрі де бар) өсімдіктер. Кейде жартылай бұта. Қазақстанда 13 түрі бар. Олар таулы аймақтарда, кейде далалы алқаптарда кездеседі. Биікт. 20 — 150 см-дей болады. Төрт қырлы сабақтары тік өседі. Жұмыртқа немесе үшбұрыш тәрізді немесе қарама-қарсы жапырақтары сабағының қырына орналасады. Қос бұйра (дихазий), гүл шоғыры жапырақ қойнауында жетіледі. Гүлдері қызғылт, кейде сары түсті болады. 5 тостағанша жапырағының жоғ. бөлігі ірі ойықты, тісті келеді, 5 күлте жапырағының жоғ. бөлігі екі ерін түзеді. Сол себептен Ә. туысына жататын тұқымдастың аты еріндігүлділер деп аталады. Аталығы 4, күлте жапырағының астында орналасады, 2 ұялы, аналығы — біреу, 2 жеміс жапырағынан тұрады. Жоғ. жатыны 4 ұялы, әр ұясында бір тұқым бүршігі болады. Мамыр — шілде айларында гүлдейді, маусым — тамызда жеміс береді. Жемісі — 4 жаңғақша. Ә-дер — шірнелі өсімдіктер. Ж. Қожантаева Дана. Дана – білігі мен тәжірибесі мол, рухани әлемі бай, ой-сезімі сергек тұлға. Дәстүрлі қазақ ұғымында «ақылды, парасатты, рақымды адам» деген мағына береді. Даналардың өнегелі өмірі, ғибратты сөздері мен тағылымды іс-әрекеттері – жекелеген топтың, не әлеуметтік жіктің еншілер мирасы емес, барша адамзаттың рухани игілігі. Өмірдің өткінші қызығына елікпей, адамзаттың қарапайым әрі мәңгілік мұраттарын аңсар тұтқан Даналар қазақ тарихында да баршылық. Мысалы, Қорқыт ата, Қожа Ахмет Йасауи, Әбу Наср әл-Фараби, Асан Қайғы, Абай, т.б. Олар – рухани кемелдік сатысына көтеріліп, жан сарайы мен тән тұлғасын тазартқан сайын болмыстың сырын ұғып, пәни мен бақидың мәнін түсіндіру арқылы адамзат ұрпағын шапағатқа бөлеуді мақсат тұтып ғұмыр кешкен адамдар. ӘРЕНЖАН. ӘРЕНЖАН (т.ө.ж.б.) — күйші. 19 ғ-да Батыс Қазақстанда ғұмыр кешкен. “Шалқыма” күйі ғана сақталған. Бұл шығарманың муз. өлшемі басқа күйлерден өзгеше: ырғағы жеңіл, әуені қарапайым, көңілді әрі ширақ. Осы күйдің негізінде комп. Е.Г. Брусиловский “Дударай” операсында “Балықшылар хорын”, Б. Байқадамов капелла хорын, В.В. Великанов эстрадалық оркестр үшін көңілді би сазын жазды. Қазақстанның халық арт. Л. Мұхитов. Ә-ның “Шалқымасын” күйтабаққа жаздырды. Т. Мерғалиев Данаев Нарғозы Тұрсынбайұлы. Данаев Нарғозы Тұрсынбайұлы (3.9.1948 ж.т., Жамбыл облысы Талас ауданы Майтөбе ауылы) – физика-математика ғылымдарының докторы (1995), профессор (1998). ҚР Инженер (2001) және Халықаралық инженер (2004) академиясының академигі ҚазМУ-ды (1972, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. КСРО Ғылым Академиясының Сібір бөлімшесі есептеу орталығында стажер-зерттеуші (1972–74), сонда аспирант (1974–77), аға инженер (1977–82). ҚазМУ-дың аға оқытушысы, доценті (1982–95), ҚазМУ-дың жанындағы Математика және механика институтының директоры (1995–97, 2000 жылдан). ҚазМУ-да декан (1997–2000) болды. «Эффективные методы решения уравнений гидродинамики в сложных областях» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстары есептеу математикасына, сондай-ақ сұйықтық, газ және плазма механикасына арналған. Қазақстан Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1994). Даналық. Даналық – адамзаттың сан ғасырлық таным процесі мен өмір тәжірибесі нәтижесінде жинақталған рухани ілім-білімді игеріп, оны ұрпақтан ұрпаққа ұлағатты ой-пікір, өнегелі түсінік, ізгілікті іс-әрекет түрінде жеткізе білетін адам қасиеті. Даналық– ауқымы кең, күрделі құбылыс, оған бір жақты, кесімді анықтама беру мүмкін емес. Ол, әдетте, надандыққа қарсы мәнде қолданылады. Даналықтың мән-жайын алғаш зерттеп, ашып беруге философия талпынған. Өйткені «философия» деген сөздің өзі грекше «даналықты сүю» мағынасын білдіреді. Даналық мазмұнының тереңдігі мен пішімінің алуан қырлылығы жағынан филос. ұғым болып табылғанымен, оған философияның көптеген функцияларының (ғылым, таным теориясы, логика, методология, идеология, т.б.) бірі ретінде қарауға болмайды. Философия ғылымсыз да өмір сүре алады (мыс., Ницшенің шығар-нда ғылым жоқ, даналыққа толы философия ғана бар). Ал даналықтан қол үзсе, философия аты ғана қалып, заты (мәні, мазмұны) жоғалады. Даналық – философия негізі, болмысының кепілі, басты шарты. Басқа ғылым түрлері тәрізді филос. ілімдер де даналықтан бастау алады. Сократтың «Менің білетінім – өзімнің ештеңе білмейтіндігім, өзгелер оны да білмейді» деуінде үлкен мән бар. Білмейтінін біліп, түсінуге, әлем ақиқатын танып, ой түюге ұмтылу – адамды рухани кемелдікке, данышпандыққа бастайтын жол. Қазақ ойшылы Абай да «Атымды Адам қойған соң, қайтып надан болайын» деп толғайды; ештеңені біліп-тануға ұмтылмайтын, қарны тойып, құлқыны тоят тапқанына мәз хас надандықты, тоңмойын тоғышарлықты мансұқ етеді. Қазақ халқында «Өзің білме, білгеннің тілін алма» деген сөз қарғыстың ең жаманы саналады. Дүниенің, өмірдің және өз табиғатының сырын танып, білу үшін адам баласы оқу-білімге ұмтылады, ғылымға ден қойып, логикаға, методологияға сүйенеді. Даналықтың, көбінесе білімділікпен, оқымыстылықпен шендестіріле қаралатыны сондықтан. Бірақ даналық білім аясында шектеліп қалмайды; оның негізгі өлшемі – түсінік. Әр нәрсені білу бір басқа да, түсіну – басқа: яғни білім оқумен келсе, түсінік оқығанды көкейге тоқумен, өз еркімен жақсылыққа ұмтылып, ой қорытумен, игілікті қам-қарекетпен қалыптасады. Білім атаулы қашаннан нақты болады әрі жекені қамтумен шектеледі, ал даналық жалпыны, тұтас құбылыстарды – дүниені, өмірді, дәуірді, тарихты қамтиды. Білім – өткінші, уақытша, салыстырмалы, даналық, яки түсінік жүйесі – мәңгілік нәрсе. Білімділер қай заманда да көп болған, қазіргі кезде де жетіп артылады, ал дана адамдар, данышпандар бұрын да, қазір де аз. Гераклит «Көп білгеннен дана болмайсың» деп осы шындықты меңзеген. Ұлы Абай да «Әрбір ғалым – хакім емес, әрбір хакім – ғалым» дейді. Даналықтың тарихи бастауы – ауыз әдебиеті нұсқаларында, мифтік аңыздар мен діни әпсаналардың желілерінде, өнер туындылары мен әдеби, филос. шығармаларда жатыр. Қорқыт ата, Асан Қайғы, Толағай, сондай-ақ Прометей, Сизиф, т.б. мифтік тұлғалардың ой-толғам, іс-әрекеттерінде өмірдің өткіншілігіне қарсы күрес, мәңгілік өріне – Даналық тәліміне талпыныс бар. «Дүние, қудым сені жалықпай-ақ, Ұстатпайсың судағы балықтай-ақ, Көрсетіп бірде алдыңды, бірде артыңды, Қойдың ғой дидарыңды танытпай-ақ» деген қазақтың қара өлеңінде халықтық пәлсапаның – өзін қоршаған әлемді, өмірді, дүниедегі өзінің орнын тануға құштарлықтың, экзистенциалдық түсініктің сарыны жатыр. Жалпы, дәстүрлі қазақы дүниетанымның өзі даналыққа, Ғ. Қараш айтқандай, «өмір пәлсапасына», ізгі түсінікке, рухани кемелдік аңсарына негізделген. Антропогенез. 1) ең алғашқы адам тегінің өкілдері болып адам тәрізді маймылдар (антропоидтер) саналады. Олар негізінде екі аяқпен жүріп, қимыл жасаған. Дайын табиғи тастарды, таяқты және жануарлар сүйегін сол күйінде қол қаруы ретінде пайдаланған. Бұларды ғылымда жоғары сатыға дейін жетілген екі аяқты приматтар деп атайды. Өмір сүрген кезеңі бұдан 2–3 млн. жыл бұрын; 2) эволюция даму жолдарымен жетілгендер қатарына архантроп пен палеоантроптар жатады. Олар қолдан құрал-саймандар жасай білген және қауымдасу түрі біршама жүйеленген. Тіршілік еткен уақыты бұдан 1 млн. жыл бұрын; 3) ең соңғы эволюция дәуірде бүгінгі адамдардың түрі – неантроптар қалыптасқан. Бұлар соңғы палеолит дәуірінде, яғни 40–50 мың жыл бұрын өмір сүрген. Ең алғашқы приматтар өкіліне австралопитектер жатады. Олардың сүйектерінің көп табылған жерлері Оңтүстік және Шығыс Африканың ашық қыраттары. Бұлардың тік жүргендігі, тастан қарапайым құралдар жасап пайдаланғандығы анықталды. Маңдай бітісі, саусақтарындағы буын сүйектерінің саны, қолқа доғасынан шығатын артерияның тарамдалу тәртібі, өкпесінің үлестерге бөлінуі адамға ұқсас. Бірақ мұның бәрі тікелей емес, қарапайым ғана ұқсастықтар. Сондықтан қазіргі маймылдардың бір де бірі адам тегі болып есептелмейді. Австралопитектер бұдан 4,5–1 млн. жыл бұрын өмір сүрген. Оларды антропологтар Л.Лики, Р.Лики (Англия), Д.Джохансон, Т.Уайт (АҚШ), т.б. зерттеді. Көне адам тегінің бірі – шамамен бұдан 2 млн. жыл бұрын өмір сүрген презинджантроптар. Ғылымда оларды «Homо habіlіs» яғни іскер адам деп атайды. Өйткені олар аз болса да тас, ағаш сынықтарына біршама өңдеулер жасап, құрал ретінде пайдаланған. Адам тегінің келесі даму сатысына архантроптар жатады. Олардың сүйектері Азияда (питекантроп, синантроп), Шығыс және Солтүстік Африкада (атлантроп), Батыс Еуропада (Гейдельберг және Вертешселлеш адамдары) табылған. Бұл дәуірдегі адамдар шель мен алғашқы ашель мәдениеттерін жасаған. Ежелгі адамдардан ертедегі адамдар (палеоантроптар – неандерталь адамы), олардан қазіргі адамдардың арғы тегі кроманьон адамы, есті адам (неоантроптар) пайда болған. Морфология ерекшеліктері бүгінгі адамдарға жақын. Антропогенездік зерттеулері есті адамдарда бұрынғы адам тектерінің кейбір белгілерінің қайталануын (рудимент, атавизм), эмбрионалдық, анатомиялық, биохимиялық, т.б. ұқсастықтарды, әлеуметтік ерекшеліктерді (еңбек құралдарын жасау, пайдалану, т.б.), әр түрлі тағамдар әзірлеу, отты пайдалану, ойлау, сөйлеу қабілетін, т.б. жағдайларды анықтады. Бұл кезде жасанды тұрақжай пайда болды, еңбек құралдары күрделене түсті. Әлеуметтік ұйымшылдыққа бейімделу байқалды. Тілдің пайда болуының арқасында әлеум. қарым-қатынас жоғары сатыға көтерілді. Мұның барлығы қосылып табиғи ортаға бейімделуінің арқасында үйлесімділік тапты. Барлық адам баласы биологиялық бір түрге (Homo Sapіens) жататын болып қалыптасты. Демек, Homo Sapіens-тың тарихи дамуы тоқтамай, жалғасып жатыр. Қазақстан жерінде ежелгі адамдар тұрақтары Оңт. Қазақстанда (Қаратау, Жетісу), Батыс Қазақстанда (Маңғыстау, Мұғалжар), Орт. Қазақстанда (Сарыарқа, Балқаш) көптеп табылған. Аңдату. Аңдату – әдеби шығарманың беташары секілді, негізгі оқиғаға тікелей қатынасы жоқ кіріспе бөлігі. Мұнда оқиға желісінің бағыт-бағдарын алдын ала аңғарту мақсатымен бұрынырақ болған кейбір жайлар баяндалады. Мысалы, «Еңлік–Кебек» дастанының бас жағындағы «Әңгіме алдында аз сөз» деген кіріспе аңдату ретімен берілген. Шәкерім ақын мұнда өткен істен кейінгілер үлгі алуы қажет екенін айтып, біраз толғана келіп, қазақ пен қалмақтар арасында соғыс болған кезде көп елдің, оның ішінде арғындардың да, бұрынғы қонысынан ауа көшкені туралы баяндалады. Қалмақтар жеңіліп шеттетілген соң, Шыңғыс тауының маңына наймандар келіп, олармен таласа тобықтылардың да Шыңғысқа көз тігіп, сол жақтан орын тепкенін әңгімелейді. Кебек тобықты ішінде жуантаяқ руынан, ал Еңлік айттырылып қойған найман (матай) елінің қызы болғандықтан осы екі шиеленіскен қарым-қатынасының түпкі себебі аз сөзбен дастанның басында аңғартылған. Аңдату – қазақ әдебиеттану ғылымына А.Байтұрсынов енгізген атау. Аппақ батыр. «Аппақ батыр» – ғашықтық дастаны. Жыр үлгісімен шығарылған көлемді дастан. Халық ақыны Ж.Жантөбетов ел аузынан жазып алған. Хан қызы Күнхан мен Зүбарша деген жігіттің ыстық махаббаты, оған кедергі жасамақ болған қыз әкесі Қадырша хан мен қарауындағы адамдардың қара ниет әрекеттерін әшкерелеген Аппақ батырдың ерлік істері мен екі жасқа бостандық әперген адамгершілігі жырға арқау болған. Дастанның негізгі идеясы ақ махаббат, әйел теңдігі. Шығарма еш жерде жарияланбаған. Түпнұсқасы толық күйінде ҚР Ғылым Академиясының Орталық ғылыми кітапханасы қорында сақтаулы. Дастанның екінші бір нұсқасы, «Зүберше мен Гүлханыс қиссасы» деп аталады. Қолжазбада – «Аппақ хан». Бұл жыр, 1942 ж. Шымкент облысындағы Бегімен Мұратбекұлы деген жыршыдан жазылып алынған. Жыр оқиғасы «А. б.» дастанымен ұқсас болғанымен мұнда Аппақ Үрім патшасы болып, Күнхан қыз Гүлханыс деп өзгертілген. Екі жас азапты күндерді бастан кешіріп, қантөгіс соғыс арқылы бақыттарына жетеді. Дастанның тағы бір нұсқасы «Гүлханыс–Зеберше» деп аталғанымен қолжазбада «Аппақ патша» деп жазылған. Бұл жырды ел аузынан ақын, әнші Б.Бектұрғанов жазып алған. Жыр мазмұны алдыңғы нұсқалармен ұқсас. Адам аттары мен жеке көріністерде ғана айырмашылық бар. Бұл нұсқа да толық күйінде ҚР Ғылым Академиясының Орталық ғылыми кітапханасы қорында сақтаулы. ӘБИСАТОВ Қайыржан. "ӘБИСАТОВ Қайыржан" (21.2. 1937 ж.т., Атырау обл. Индер ауд. Мәмбет а.) – мед. ғыл. докт. (1984), проф. (1989). Алматы мемл. мед. ин-тын (қазіргі Қазақ ұлттық мед. ун-ті) және Мәскеудегі КСРО Мед. ғыл. академиясының эксперименттік және клиник. онкология ин-тының аспирантурасын (1963) бітірген. Қазақ онкология және радиология ғыл.-зерт. ин-тының Гурьев (қазіргі Атырау) қ-ндағы бөлімшесінде кіші, аға ғыл. қызметкер, бөлім меңгерушісі (1963–85), 1985 жылдан Алматы мемл. мед. ин-тында кафедра меңгерушісі болды. Оның қазақ тілінде жазылған алғашқы ғыл.-зерт. жұмыстары өңеш қатерлі ісігінің пайда болу себептерін анықтау, ісік алды науқастарын емдеу және өкпе, асқазан, ішек рагына қарсы қолданылатын ем тәсілдерін жетілдіру, емнің жаңа жолдарын іздестіруге арналған. Ә. 130-ға тарта ғыл.-зерт. жарияланымның, оның ішінде 1 монография, оқулық (екі томдық «Онкология»), 7 оқу-әдістемелік құралдары мен сөздіктің («Қазақша-орысша медициналық сөздік») авторы. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. Аңшыбай батыр және оның ұрпақтары. «Аңшыбай батыр және оның ұрпақтары» – "Мұрын жырау Сеңгірбаевтан" жазып алынған «Қырымның қырық батыры» топтамасына енетін көлемді жыр. 1942 ж. ақын М.Хакімжанова хатқа түсіріп, Д.Сеңгірбаев тексеруінен өткен. 7–8 буынды жыр, 11 буынды қара өлең өлшемімен жырланған эпикалық туындының басты ерекшелігі – тарихилығы. Жырдың генеологиялық негізде топтастырылуы соның көрінісі. Аңшыбай, Бабай Түкті, Парпария, Құттықия, Едіге, Нұрадин, Мұсахан, Орақ, Мамай, Қарасай, Қази – бәрі де бір ата-тектен тараған батырлар. Жырдың бастапқы бөлігі аңыздық-эпикалық желіге құрылса да, өзге салаларының тарихилығы үстем. Тоқтамыс, Сәтемір, Ағыбай, Қожан, Шаппаз, Шамақан – тарихи прототипі бар тұлғалар. Жырдың этносы сипаты да айқын: ноғайлы – сол тұстағы түркі тайпаларының этн. бірлестігіне тән суперэтноним болса, қалмақ пен қызылбас аллоэтнонимдері – қазақ халқының эпикалық жауларына тән атаулар. Жырдың тарихи-этнос арқауы ондағы толып жатқан ономастик. атаулардан да байқалады (Хиуа, Үргеніш, т.б.). Осының бәрі жырдың тараған аймағы, географиялық шегін де айқындап тұрған мәліметтер. Жыр нұсқасы ҚР ҒМ–Ғылым Академиясының Қолжазбалар қорында сақтаулы (№667 папка), 1989 ж. «Батырлар жырының» 5-томында толық жарияланған. Апполонов Михаил Константинович. Апполонов Михаил Константинович (1935 ж.т., Алматы қаласы) – геол.-минерал. ғылымдарының докторы (1992). ҚазМУ-ды (1958, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Қазақстан Ғылым Академиясының Геология институының аға лаборанты (1958–60), кіші, аға, жетекші ғыл. қызметкері (1960–91), лаборатория меңгерушісі (1993–96), 1996 жылдан бас ғыл. қызметкері болып жұмыс істеді. 105 ғылыми еңбектің, 3 монографияның авторы. Аралбай Нұғман Күлдербекұлы. Аралбай Нұғман Күлдербекұлы (10.10.1960 ж.т., Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы Пістелі ауылы) – биология ғылымдарының докторы (1998), профессор(2002). ҚазҰУ-дың биология факультетін бітірген (1982). 1982–93 ж. ҚР Ғылым Академиясының Алтай ботаника бағында ғылыми қызметкер, директор болды. 1993–94 ж. Бас ботаника бағында бөлім меңгерушісі, жетекші ғыл. редактор, 1995–2005 ж. Ботаника және фитоинтродукция институтты директорының орынбасары, 2006–07 ж. ҚР ҒМ–Ғылым Академиясының «Биологиялық зерттеу орталығы» мемлекеттік кәсіпорны бас директорының ғыл. істері жөніндегі орынбасары, 2007 жылдан ҚР ҰҒМ-ның Ботаника және фитоинтродукция ин-тының директоры қызметін атқарған. Негізгі ғыл.-зерттеулері ботаника, флористика, флорогенетика, этноботаника, география, экология және табиғат қорғау мәселеріне арналған. Аралбай Қазақстан өсімдіктер дүниесінің алуан түрлілігіне алғаш рет сандық баға берген және флораның автохтондығы, жер аумағы мен түр байлығының функционалдық байланысы туралы ұғымды пайымдады. Ол ғылымға белгісіз өсімдіктің жаңа 2 түрін ашты, оның жетекшілігімен Қазақстан флорасы бойынша республикада тұңғыш Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары өсімдіктерінің мемлекеттік кадастры жасалып, жарық көрді. Республикалық «Шөлденуге қарсы күрес жөніндегі ұлттық іс-әрекеттер жоспары» (1999) және «Биологиялық алуан түрлілікті сақтау және тиімді пайдаланудың ұлттық стратегиясы мен іс-әрекеттер жоспарын» (1999) дайындаған авторлар ұжымының мүшесі. 100-ге жуық ғылыми еңбегі, оның ішінде 9 монографиясы жарық көрген. Гидрогеологиялық аудандастыру. ГИДРОГЕОЛОГИЯЛЫҚ АУДАНДАСТЫРУ – жер қыртысын геологиялық және гидрогеологиялық ерекшеліктерге, жер асты суларының пайда болу, таралу, алмасу жағдайларына қарай біртектес табиғи аудандарға бөлу. Г. а. арнаулы және жалпы Г. а. болып екіге бөлінеді. Арнаулы Г. а-дың түрлері көп: мелиоративтік Г. а., минералдық немесе ыстық сулар ауданы, жер асты суын табиғи немесе пайдалану қорына қарай аудандастыру, т.б. Жалпы Г. а. жер асты гидросферасын тұтасынан алып, оның грунт және артезиан сулы қабаттарын біріктіріп топтастыру негізінде жүргізіледі. Мұндай Г. а-да жер бетіндегі өзгерістер есепке алына отырып, Жер қабығының тектоник. құрылымы, гидрогеол. ерекшеліктері, жер асты суының қалыптасуы мен ағын бағыттары ескеріледі. Бұл бағытта Г. а. гидрогеол. массив (таулы, қыратты аймақтар) және гидрогеол. алап (жазықтар, тау аралықтары) бойынша жүргізіледі. Гидрогеол. массивтерде кристалдық іргетас жер бетіне шығып жатады, оның қойнауындағы жер асты суы аса тереңде болмайды. Гидрогеол. алаптарда бұл табантасты қабат кейінгі геол. кезеңдерде пайда болған теңіз, өзен-көл шөгінділерінің астында 10 – 20 км-ге дейін тереңдікте жатады. Оның қойнауындағы жер асты сулары әр тереңдікте қалыптасады да арыны күшті болады. Қазір республикада Г. а-дың жаңа құрылымдық-гидрогеол. әдістемесі жасалған. Оның негізінде Қазақстан жері 10 гидрогеол. ауданға бөлінеді. Олардың төртеуі гидрогеол. массивтерді (Жетісу Алатауы – Тянь-Шань, Алтай – Тарбағатай, Орт. Қазақстан, Орал – Мұғалжар), алтауы гидрогеол. алаптарды (Каспий, Маңғыстау – Үстірт, Торғай – Арал, Шу – Сарысу, Солт. Қазақстан жазықтары, тауалды және тауаралық жазықтар) қамтиды. Г. а. жер асты суының қалыптасу жағдайын, оның қорын дұрыс анықтауға, тиімді пайдалану шараларын белгілеуге мүмкіндік береді. Арал өңірі агроэкология және ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты. Арал өңірі агроэкология және ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты – ғылыми-тәжірибелік мекеме. ҚР ауыл шаруашалық министрлігінің қарамағында. 1933 ж. Бүкілодақтық Күріш тәжірибе ст-ның (Краснодар қ.) қарамағындағы Қызылорда күріш тәжірибе егістігі болып құрылған. 1950 ж. Бүкілодақтық ауыл шаруашылық ғылымдары академиясының (кейіннен оның Шығыс бөлімшесі) Қазақ бөлімшесінің Қазақ егіншілік инстиутының құрамына енді. 1956 ж. 21 тамызда Қызылорда мемлекеттік ауыл шаруашалық тәжірибе ст. болып құрылды. 1964 ж. 25 тамызда КСРО Мелиорация және су ш. мин-лігінің «Главриссовхозстрой» қарамағына берілді. 1972 ж. 25 ақпанда Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институты, ал 1991 ж. бұл институт Қазақ ауыл шаруашылық ғылымдары академиясының құзырындағы Қызылорда ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу институты болып қайта құрылды. 1995 жылдан қазіргі атымен аталады. Ал 2003 жылдан Оңтүстік-Батыс ауыл шаруашалық ғылыми-өндірістік орталығының еншілес мемлекеттік кәсіпорны болды. Институтта: күріш селекциясы, тұқым шаруашылығы, егіншілік, көкөніс шаруашылығы және бақша өсіру, топырақ құнарлығы, ғылыми-зерттеу жұмыстарын экологика-экономика сараптау және патенттеу, мал шаруашылық, ғылымды өндірістік және тех. қамтамасыз ету бөлімдері және консалтинг орталығы бар; 2 тәжірибе ш-нда (Қызылорда қаласының әкімш. құзырына қарасты Қарауылтөбе және Жаңақорған ауд-ндағы Түгіскен) күріш, бидай және көп жылдық шөптердің аудандастырылған сорттарының элиталық және өнімділігі жоғары тұқымы өндіріледі. Қызылорда облысы аграрлық өнеркәсіп кешенін, сонымен бірге республиканың күріш ш-тарын ғыл. қамтамасыз ету міндеті жүктелген. Институтта күріш дәнінің қызаруының генетик. табиғаты зерттеліп, онымен күресу жолдары анықталды; Қазақстан бойынша күріш сорттарының теор. үлгілері жасалып, жоғары өнімді сорттарды шығарудың физиол.-биохим. негіздері зерттелді; хим. мутагенез рөлі зерделеніп, соның нәтижесінде күріштің «Маржан» сорты шығарылды; 2 мың селекц. үлгілер бағаланды; ауыспалы егістің жаңа 8 танапты және қысқа ротациялы үлгілері әзірленді; ауыспалы егістіктерде егілетін дақылдың түріне, алғы дақылына және танаптардың арам шөптермен ластану дәрежесіне қарай топырақ өңдеу жүйесі белгіленді; күріш ауыспалы егісінде егілетін дәнді (күздік және жаздық бидай, арпа, сұлы) және тех. (мақсары, қант қызылшасы) дақылдар өсіру технологиясының параметрлері зерттелді; күріш ауыспалы егісіне бейім сорттарын анықтау үшін сорттарды экол. сынау жұмыстары жүргізілді; күрішті көшеттеп егу және оның дәнін өндіріп себу сияқты су мен тұқым аз жұмсалатын технологиялар әзірленді. Институтта күріш өсімдігі тұқымдарының ұлттық қоры жиналған. Арал өңірінің қолайсыз жағдайына бейім таза тұқымды бактриан түйелердің сүт өнімдері жоғары топтарын іріктеу жұмыстары жүргізілді; сүтті және етті-жүнді бағыттағы малдарды іріктеу әдістері зерттелді; сұр түсті қаракөл қойларының з-ттық типін шығару жұмыстары жасалды. Қазіргі уақытта ин-т асыл тұқымды мал өсіруші – репродуктор мәртебесіне ие. Күріштің 3 сорты, көп жылдық шөптің және қауынның 2 сорты, жүгерінің 1 сорты шығарылып аудандастырылды. Қазіргі кезде күріштің 4 сорты: «Арал 69», «Арал 318», «Арал 202» және «Ару» сынақтан өтуде. Ин-т ғыл. жаңалықтары мен 20 өнертабысына патенттер мен авторлық куәліктер алған. Институт халықар. ұйымдармен бірлесіп жұмыс істейді. Ғыл. жұмыстар жинағын, 75 ұсыныс пен әдістемелік нұсқауларды, 12 кітап пен монографияларды жарыққа шығарды. Сондай-ақ ЮНЕСКО, Инко-Коперникус, БҰҰ жобаларын қолдау қоры, Ғаламдық экологиялық қор, Дүниежүзілік банк, т.б. ұйымдармен бірге Арал өңірінің экологиясын сауықтандыру жөніндегі бағдарламаларды дайындауға қатысады. Институтта техника ғыл. докт., профессор Т.Қарлыханов, а. ш. ғыл. докт. Қ.Бәкірұлы, А.Н.Подольских, Х.Жамантіков қызмет істейді. Арал өңірі ескерткіштері. Арал өңірі ескерткіштері – Арал өңіріндегі ерте темір дәуірінен сақталған археол. ескерткіштердің жиынтық атауы. Арал өңіріне Әмудария мен Сырдарияның Арал теңіздеріне құятын төменгі ағысының аралығы жатады. 1937 жылдан Хорезм археология-этнография экспедициясы (жетекшілері С.П.Толстов, М.А.Итина, О.Л.Вишневская, т.б.) зерттеулер жүргізді. Страбон бұл аймақтың массагеттердің батпақты, суы мол, аралды жер екенін айта келіп, онда апасиактар өмір сүргенін жазған. Арал өңіріндегі ертеректе болған Шірік-Рабат, Бәбіш-Молла, Баланды, Жетіасар, Алтынасар көне қалалары орындарынан сақ тайпаларының мол ескерткіштері табылды. Бұл қалалардың архитерторлық жобалары бір-біріне ұқсас. Халқы мал шаруашылығымен, егін егумен, аң аулаумен айналысқан. Қазба жұмысы кезінде дәнді дақылдар – арпа, тары қалдықтары, үккіш, қол диірмен, т.б. құрал-саймандар табылды. Мал сүйектерінің 47%-ы ірі қара сүйектері болуы, оның ішінде түйе, жылқы сүйектерінің мол кездесуі жартылай көшпелі өмірдің басым болғанын аңғартады. Қол өнері, зергерлік жақсы дамыған. Шірік-Рабат қ. төңірегіндегі обаларды зерттеу барысында алынған бұйымдардың Арал өңірі тұрақжайларындағы бұйымдарға ұқсастығы дәлелденді. Жерлеу тәсілдерінің өзіндік ерекшелігі бар. Бейіттер күмбез тәріздес, аум. 38,5 м, биікт. 8 м, көл. 47х29х9,5 см, 53х31х11 см шикі кірпіштен өрілген. Антроп. зерттеулер сақ тайпаларының бет пішінінде б.з.б. 7–5 ғ-ларда еуропалық, ал б.з.б. 4–2 ғ-лардан бастап моңғолдық белгілері күшейе бастағанын көрсетті. Арал өңірі ескерткіштері жаңа тас дәуірі мен соңғы темір дәуірі аралығында бұл аймақта мал ш. мен суғармалы егіншілікпен айналысқан, әскери өнері жақсы дамыған тайпалардың өмір сүргенін көрсетті. Олар көрші елдердің және шығыстан келген тайпалардың әсерінен саяси-әлеуметтік, экономика, мәдени және антроп. жағынан өзгерістерге ұшырап отырған. Арал теңізін сақтау жөніндегі халықаралық шаралар. Арал теңізін сақтау жөніндегі халықаралық шаралар, Арал апатынан зардап шеккен елдер басшыларының іс-қимылдарына көмектесуге бағытталған алғашқы халықаралық келісім 1990 жылдың 24–26 қаңтарында БҰҰ-ның қоршаған орта Бағдарламасының (ЮНЕП) ұсынысымен жасалды. Бұл халықаралық құжат «Арал теңізін сақтауға арналған нақтылы іске дайындыққа қатысу» деп аталды. 1990 жылғы 11–12 қарашада Хаттамаға қол қойылып, келісім заңды түрде бекітілді. Келісім бойынша дүниежүз. дәрежедегі оқымыстылар мен мамандардың қатысуымен «Диагностикалық құжат» жасалды. Бұл үлкен ғыл.-тәжірибелік зерттеу Арал апаты кеселінің бетін ашып берді, нақтылы іске бағдарлама жасауға себін тигізді. « Диагностикалық құжат» 1992 ж. 4 тамызда ЮНЕП-тің басқаруымен Женева қаласында бекітілді, оған Қазақстан Республикасы атынан Ұ.Қараманов, К.Салықов, Н.Мұқитанов қол қойды. Келесі сатыда Дүниежүзілік Банк пен ЮНЕП, ПРООН, ЮНЕСКО, т.б. мекемелер қосыла отырып, Орталық Азия елдерінің мемлекетаралық кеңесінің және халықар. Арал қорының басшылығымен «Арал теңізі мәселелеріне нақтылы көмек бағдарламасын» іске қосты. Бұл тарапта 7 бағдарлама, 18 жоба жасалып, ауқымды жұмыс қолға алынды. Аралтөбе. Аралтөбе – сарматтар дәуіріне жататын археологиялық ескерткіш. Атырау облысы Жылыой ауданы Ақкиізтоғай ауылынан шығысқа қарай Ақмешіт ғибадатханасының оңтүстік-батысында Құлшаната бейітіне таяу орналасқан. 1989 ж. Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі З.Самашев) ашқан. 1999 ж. алғашқы зерттеу нәтижесінде үш зират қазылды. Бұрын тоналған алғашқы екі зираттан мәйіт қаңқалары мен шыны моншақ, жебе, қанжар сынықтары табылды. Қорымның үш зираты тоналмаған. Зират түбіне шалқасынан, басы оңт-ке қаратып жатқызылған мәйіттің жанынан жүзден аса жебе салған қорамсақ, қыш құмыра және темір қылыш табылған. Бұл ескерткіштің құндылығы – бұрын-соңды сарматтар дәуірінің (б.з.б. 4 – б.з. 2 ғ-лар) ескерткіштерінде қылыш емес, тек семсер мен қанжарлар ғана табылатын, ал қылыштың пайда болу кезеңі Еуропада аландар кезеңімен (4–5 ғ-лар), ал Азияда көне түркі тайпаларының әскери істерінің дамуымен байланысты қарастырылатын. Демек, қайқылау қылыштың шығу кезеңі біраз тереңдетіліп, оны аландар емес, осы көне Атырау өңірінде өмір кешкен сармат тектес халықтардың тарихымен тікелей байланыстыруға мүмкіндік туып отыр. Үшінші қазылған зиратта сарматтар қоғамында жоғары лауазым иесі, қолбасылық пен абыздықты қатар атқарған адам мен оның әйелі және екі аты қоса жерленген. Тоналғанға дейін жерленген адамдардың киім-кешегі өте бай асыл бұйымдармен, көркем әшекейлермен безендірілген, қару-жарақтан басқа абыздың асатаяғы, т.б. болған. Арахнология. Арахнология (грек. "aráchnē" – "өрмекші", "logos" – "ілім"), өрмекшітану – зоология ғылымының өрмекші тәрізділерді зерттейтін саласы. Ол өрмекшітәрізділердің анатомия, морфология құрылымын, түр құрамын, жекеше дамуын, шығу тегін, физиология және экология ерекшеліктерін, сондай-ақ табиғаттағы орнын анықтайды. Қазақстанда Арахнология саласы бойынша жүйелі ғылыми-зерттеу 1930 жылдан басталды. Оның дамуына "П.И.Мариковский, Н.Ж.Ашықбаев, Ш.К.Тарабаев", т.б. ғалымдар үлкен үлес қосты. Арахнология жануарлар дүниесінің, оның ішінде буынаяқтылардың даму тарихын білуде маңызды рөл атқарады. Арахнология көптеген ғылым салаларымен (медицина, ауыл шаруашылық, мал дәрігерлігі, т.б.) тығыз байланыста дамиды. Арғынбаев Медел Жұмабайұлы. Арғынбаев Медел Жұмабайұлы (9.5.1930, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылы – 29.8.2000, Алматы қаласы) – тарих ғылымдарының докторы (1981), профессор (1982). ҚазМУ-ды (1953, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1953–72 ж. Жамбыл облысының оқу-ағарту мекемелерінде, Жамбыл облысы комсомол комитетінде, Қазақстан КП Жамбыл облысы комитетінде, Қазақстан КП ОК-нде жауапты қызметтер атқарған. 1972–85 ж. ҚазМУ-дың проректоры, ҚазМУ-дың жанындағы Қоғамдық ғылымдар оқытушыларының мамандығын жетілдіру ин-тының директоры, 1985–87 ж. осы университеттің журналистика факультетінің кафедра меңгерушісі. Ғылыми жұмысының негізгі бағыты – Қазақстан баспасөзінің тарихы. Халықтар достығы орденімен марапатталған. Данилина Галина Петровна. Данилина Галина Петровна (13.7.1938 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш қаласы) – техника ғылымдарының докторы (1984), профессор (1992). ҚазМУ-ды (1960, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1960–64 ж. Қазақстан Ғылым Академиясының Математика институтында аға лаборант, 1964 ж. Қазақстан Ғылым Академиясының Тау-кен институтында кіші ғылым қызметкер, аспирант, аға ғылым қызметкер, лаборатория меңгерушісі, жетекші ғылым қызметкері болып еңбек еткен. Данилина 55 ғылыми еңбек пен 3 кітаптың авторы. Данияров Асылхан Нұрмұхаметұлы. Данияров Асылхан Нұрмұхаметұлы (10.8.1935, Қарағанды облысы Нұра ауданы Казгородок ауылы – 1993) – техника ғылымдарының докторы (1980), профессор (1987). Қарағанды политехтика институтын бітірген (1958). «Қарағандыкөмір» комбинатының «Октябрькөмір» тресіндегі шахтада кен мастері, механик (1958–61), Қарағанды политехника институтында ассистент, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, проректор (1964–87) қызметтерін атқарды. Негізгі ғылым еңбектері мен өнертабыстары механикаландыру құралдарын және оларды пайдаланудың өзіне тән шарттарын ескере отырып, бағалау тәсілдерін жасауға және жетілдіруге арналған. 25 өнертабыстың авторы. Гидротехникалық мелиорация. ГИДРОТЕХНИКАЛЫҚ МЕЛИОРАЦИЯ – ылғалы шамадан тыс мол және қуаң жерлерде, т.б. топырақтың су режимін түбегейлі жақсартуға бағытталған шаралар жүйесі. Г. м-ға: жерді құрғату, суғару және суландыру, тасқын су мен қар суын дұрыс пайдалану, сортаң жердің тұзын шаю, топырақ эрозиясына қарсы күрес шаралары жатады. Г. м. топырақтың су режимін меңгеруге мүмкіндік береді, сөйтіп, топырақ қабатының ауа, жылу және қоректік режиміне ықпал жасау арқылы оның құнарын едәуір арттыруға болады. Елімізде әр ауданның нақты жағдайына қарай Г. м-ның: оңт. және оңт.-шығыс қуаңшылық аудандарда, негізінен, суғару; солт. және солт.-батыс аудандарда – құрғату; сусыз және су тапшы далалық және шөлейтті аудандарды суландыру үшін қолданады. Ірі қалалар мен халық көп қоныстанған ауылдар маңындағы жерлер суғарылады; сортаң топырақтың тұзы сумен шайылады; су шаятын беткейлерде су эрозиясына, т.б. қарсы шаралар жүргізіледі. Г. м-ны жүзеге асыру үшін бөгет, су қоймасы, дренаж, канал, т.б. салынады. Суландыру үшін шатқалы және артезиан құдығы, тоған мен канал, су түтіктері салынады. Өзен суын реттеу үшін олардың арнасын тереңдетеді және бекітеді, қар суын ысырапсыз пайдалану үшін суқоймасы салынады. Дарқанбаев Темірбай Байбосынұлы. Дарқанбаев Темірбай Байбосынұлы (24.10.1910, Қостанай облысы Қарабалық ауданы – 13.8.1987, Алматы қаласы) – биология ғылымадының докторы (1953), профессор (1953), Қазақстан Ғылым Академиясының академик (1958). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1954). Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген (1936). ҚазМУ-да ассистент (1936–38), оқу ісі жөніндегі проректор (1943–46), кафедра меңгерушісі (1946–70) және ректор (1955–61), Қазақстан Ғылым Академиясының биология ғылымдар бөлімінің академик-хатшысы (1972–83), Молекулалық биология және биохимия институтында дәнді дақылдар лабораториясының меңгерушісі (1983–87) болды. 1952 ж. «Биохимическая характеристика яровых пшениц Казахстана в связи с их технологическими качествами» деген тақырыпта докторы дисс. қорғаған. Дарқанбаев Қазақстан бидайының тағамдық маңызы мен технол. қасиеттеріне баға беріп, олардың құрамындағы белоктардың түзілу және кебу заңдылықтарын анықтады. Дарқанбаев бидай дәнінде α-амилаза ферментінің жасырын түрде кездесетінін дәлелдеп, оның биосинтезін зерттеген. Амилаза ферментінің, глиадиндермен қатар бидай сорттарының сапалық көрсеткіші бола алатындығын анықтаған. Дарқанбаев ҚазМУ-да өсімдіктердің зат алмасу биохимиясы (1965), Қазақстан Ғылым Академиясының Ботаника институтында белок және нуклеин қышқылдары (1968) және дәнді дақылдар биохимиясы лабораторияларын (1973) ұйымдастырды. Еңбек Қызыл Ту, 2 рет «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған. Дарын. «Дарын» – Қазақстан Республикасы Үкіметінің дарынды жастарға берілетін мемлекеттік сыйлығы. Ол жасы 35-тен аспаған, қоғамдық-әлеум., мәдени қызметтерімен халыққа танылған дарынды жастарға 2 жылда бір мәрте, ғылым, архитектура, өнер, әдебиет, журналистика, спорт, халық шығарм. салалары бойынша беріліп отырады. 1992 жылдан бастап беріліп келеді. Сыйлықты берудегі мақсат – қазақстандық жастардың ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызметіне мемлекеттік тұрғыдан қолдау көрсету, олардың шығарм. ізденістеріне, қоғамдық бастамаларына және тұлғалық қалыптасуына кеңінен мүмкіндіктер ашу. Дауылбаев Файзи Ахметұлы. Дауылбаев Файзи Ахметұлы (26.11.1927, Батыс Қазақстан облысы Жымпиты ауданы Жымпиты ауылы – 10.6.1982, Алматы қаласы) – медицина ғылымдарының докторы (1980), профессор (1982). Алматы мемлекеттік медицина институтын (1951, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) және аспирантурасын (1954) бітірген. Алматы мемлекеттік медицина институтында доцент (1960–68), кафедра меңгерушісі (1968–80), проректор (1976), ал 1980 жылдан өмірінің соңына дейін Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтының ректоры болды. Дахбай Бейбітхан. Дахбай Бейбітхан (1952 жылы туған) – медицина ғылымдарының докторы (2002). Улан-батор мемлекеттік медицина институтын бітірген (1976). 1976–1993 ж. осы институтта оқытушы, 1993–97 ж. Жаңаарқа ауданында терапевт, 1998 жылдан ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығында аға ғылым қызметкер, лаборатория меңгерушісі қызметтерін атқарады. Дахбай 60 ғылым жарияланымның және 2 патенттің авторы. Ахмет Юст. АХМЕТ- ЮСТ немесе Қостанай уездік милициясы тыңғыш комиссары туралы.  ӘБСАТТАРОВ Еділ Айдарханұлы. Биография . (2.6.1939 ж.т., Ташкент қ.) – мед. ғыл. докт. (1972), проф. (1977). Алматы мемл. мед. ин-тын (1962, қазіргі Қазақ ұлттық мед. ун-ті) және оның аспирантурасын (1967) бітірген. КСРО Денсаулық сақтау мин-лігінің дәрігерлер білімін жетілдіру ин-тында ассистент, аға оқытушы, проф., кафедра меңгерушісі (1967 –86), 1986 жылдан Алматы мемл. мед. ин-тында проректор, кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарды. Оның ғыл.-зерт. жұмыстарының негізгі бағыты – жалпы және қан тамырлары хирургиясы мәселелері. АЛЛА. Алла — "бүкіл дүниені, адамзатты, жан-жануарды жаратушы ие – Құдай." Қасиетті Құран – Алланың сөзі. Оны Алла Жәбірейіл періште арқылы соңғы пайғамбар Мұхаммедке 23 жыл бойы аян-аяттар түрінде жолдап отырған. Абай Алланы бүкіләлемдік дәрежедегі болмыс, шындық, ақиқаттың жиынтық атына балайды. «Алланың өзі де рас, сөзі де рас, Рас сөз еш уақытта жалған болмас» дегенде, «рас» сөзі сол болмыстың, шындықтың, ақиқаттың синонимі ретінде алынып тұр. Абай Алла туралы ойларын тек ислам діні шеңберінде қарастырмай кең мағынада алған. «Алла деген сөз жеңіл» деп басталатын төрт шумақ өлеңінде Абай алдымен «Алла» дегенге үстірт, жеңіл қараудан сақтандырған. Алла тек ауызбен айтылған ақиқат емес, ол жүрекпен қабылданатын шындық. Ислам философиясында Алланы ақылмен танудың мүмкін еместігі әлденеше рет айтылған. Ислам дінінде Алла жайлы ілім (ат-таухид) негізгі догматтардан саналады әрі бірінші орынға қойылады. Алланың сипаттары, табиғаты хадистерде, тәфсірлерде, жаратушы жайлы арнайы әдебиеттерде (кәләм) кең сөз болады. Алла ақыл-ойдың ең жетілген құдіретті күші әрі шексіз махаббат иесі ретінде ұғылады. Құранда бір Аллаға, оның елшісіне мойынсұнып, құлшылық ету өте жиі айтылады. АҢ. Аң — "еті мен терісі үшін ауланатын түз жануарлары." Қазақ халқы терісі үшін ауланатын орташа сүтқоректілер (құндыз, суыр, күзен, бұлғын, кәмшат, сусар түлкі, қарсақ, т.б.) мен терісі, еті, мүйізі үшін ауланатын жануарларды (қара құйрық, ақбөкен, елік, арқар, таутеке, құндыз кәмшат, марал, бұлан, т.б.) да аң деп атаған. Қазақстанда кейін арнаулы аң өсіру фермалары құрылды. Онда аң өсірудің екі әдісі: торда және жартылай еркіне жіберіп өсіру қолданылады. Күміс түсті қара түлкі, көгілдір түлкі, бұлғын, қара күзен торда өсіріледі. Ал жартылай еркіне жіберіп өсіруде аңның негізі тобы торда болады да, жаз бен күзде ересегі мен жасы еркіне жіберіліп, бірге бағылады. Республикада дайындалған аң терілерінің 12 – 15%-ы жабайы аңдардың, 82 – 85%-ы қолда өсірілетін аңдардың үлесіне тиеді. Аңшылық – түз жануарларын аулау кәсібі. Қазіргі Қазақстан жерінде адамдар аңшылықпен ежелгі палеолит дәуірінен айналысқан. Мысалы, Үшбұлақ қойнауында (Қаратау қаласының солтүстік-батыс жағында 36 км жерде) мустье дәуірінде өмір сүрген аңшылардың шағын топтарының қысқа мерзімді тұрақтарының ізі сақталған. Ондай тұрақтар суатқа келетін аңдарды (бизон, бұғы, киік, жылқы) аңдуға қолайлы бұлақ түбіне салынған. Соңғы палеолит дәуірінде ірі жануарларды аулау, адам қорегінің басты негізі болды. Мысалы, адамдар Жайық өзенінің бойынан мамонттар мен жүндес мүйізтұмсықтарды аулап, олардың сүйектерінен әр түрлі кескіштер, қырғыштар, найзалар мен сүңгілердің ұштары, шанышқылар, лақтырылатын найзалар, сүйек инелер, біздер жасаған. Сонымен қатар адамдар аң терісінен киім тігуді де үйренген. Аң аулау дәстүрлері мен тәжірибелері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, аң аулау шаруашылығы дамыған. Соған байланысты қазақтар арасында аңшылықты жақсы меңгерген мамандар – аңшы (аңды аулаушы), аңкөс (аң аулаудың сырларын жетік меңгерген аңшы), құсбегі (қырандарды түрге, топқа жақсы ажырататын), бүркітші (бүркітті баптай алатын) және қағушы (бүркітшілерге қолғанат болатын) пайда болды. Олар аң аулаудың айла-шарғыларын (ор қазып, ұшпалардан ұшырып, қарға омбылатып аулау, тасқақпанмен, тормен, құмқақпанмен, тұзақпен ұстау, құспен, итпен қуу, түтін, жемтік салу, мұзға отырғызу, т.б.) жетік меңгерген. Аңшылық мақсатына қарай кәсіптік, спорттық-әуесқойлық және ғылыми болып бөлінеді. Кәсіптік аңшылықтың мақсаты – аңдар мен құстардан ет, тері, мамық, қауырсын, мүйіз, т.б. өнімдерін алу. Өнімнің сапасы аңның түлеуіне, балалау мерзіміне байланысты белгіленеді. Спорттық-әуесқойлық аңшылық аңдар мен құстарды белгілі тәртіппен аулап, табиғат саясында дем алу. Әуесқой аңшыға мемлекет тарапынан шек қойылады. Ғылыми аңшылықтың құрамына: аң шаруашылығының экономикасы, кәсіптік аңдар мен құстардың биологиялық ерекшеліктерін зерттеу, олардың сан мөлшерін көбейту, алынатын өнімді арттыру және сапасын жақсарту, аң аулау әдістерін, құралдарын жетілдіру мәселелері жатады. АРБА. Арба — "ертеде әскери көлік ретінде қолданылған, кейін жол жүруге, жүк тасуға, сондай-ақ уақытша жылжымалы тұрғынжай ретінде пайдалануға арналған көне көлік түрі." Соғыс қимылдарына, әр түрлі рәсімдер атқаруға, спорт жарыстарына қолданылған әскери арбалар Вавилон өңіріндегі көне Киш қаласы орнынан (қазіргі Охеймир қалашығы, Ирак), шумерлердің қала-мемлекеті Үрімнен (Ур, қазіргі Тель-Мукайяр қалашығы, Ирак), Кавказдан, т.б. жерлерден табылды. Олар біздің заманымыздарн бұрынғы 3-мыңжылдықтың ақырында, тіпті одан да бұрын қолданылған. Әскери арбалар Шығыстағы ежелгі мемлекеттерде (Мысыр, Ассирия, Персия, Қытай, Үндістан, т.б.) ұрыс кезінде кеңінен пайдаланылды. Әскери арбаның бірнеше түрі болған. Жалғыз не екі ат жегілген қос доңғалақты арбада екі жауынгер – ат айдаушы және найза, қылыш, садақпен қаруланған сарбаз отырған. Төрт ат жегілетін төрт доңғалақты әскери арбалардың тертесіне найза, дөңгелек оқтықтарына шалғы бекітілген. Аттарға сауыт-жабу жабылған. Арбалы әскер алдыңғы шепте әрекет етті. Жаяу әскер олардың соңынан жүріп отырды. Көшпелі халықтар арбаны қорғаныс құралы ретінде де пайдаланды. Арбалы көш жау шабуылы кезінде дөңгелек шеңбер жасап, қорғаныс шебін құрған. Ат жалын тартып міне алатындар «қорған» сыртында тұрып айқасқа кіріседі. Бұл сонау сақ, ғұн дәуірлерінен бері келе жатқан үрдіс. Ертедегі сақ-скифтер жазда жайлауға, күзде күзеуге, қыста қыстауға арбамен көшіп-қонды. Жеңіл арбаларға (күймелердің әуелгі түрі) парлап ат жекті, ал жүк арбаларына мойынтұрықты қос өгіз жегілді. 568 ж. Батыс түрік қағанатының билеушісі Дизабул Истеми қағанның қабылдауында болған Византия елшісі Земарх, қағанның ою-өрнектермен безендіріліп, жібек маталармен әсемделген шатыр ішінде, доңғалақты биік тақта отырғанын жазады. Бұл қағанның көші-қонда, жорықта қолданатын тақ орнатылған күймелі арбасы болса керек. Күйме – арба үстіне ағаштан қиып жасаған, ішін киізбен қаптаған терезелі, доңғалақты әрі көлік, әрі үй. Оған екі не бірнеше ат жегеді. Арбаның ағаштан қиып жасаған әр түрлі күймесі болады. Күймені ішінен киізбен не басқа нәрсемен қаптап қояды. Күйменің ішінде ұйықтауға да, тамақ ішуге де, жазуға да болады. Орта Азия мен Таяу Шығыс елдерінде арық-атызды жерлермен жүк тасу үшін доңғалақтарының диаметрі 2 м-ге дейін жететін қос доңғалақты арбалар пайдаланылған. Оларды қазақтар «қоқан арба» деп атаған. Сол «қоқан арбалардың» бірі Қожа Ахмет Иасауи кесенесі жанындағы мұражай-үйде тұр. Жеңіл арбалар негізінен жол жүруге арналады. Арба түрлері шаруашылық, тұрмыс қажеттіліктеріне байланысты үнемі жетілдіріліп отырған. Қазіргі кезде де жер-жерде жеміс, көкөніс, сүт, жұмыртқа, т.б. азық-түлік өнімдерін тасу үшін пневматикалық шиналармен, шарикті подшипниктермен жабдықталған қос доңғалақты, төрт доңғалақты жүк арбалары қолданылады. АРИФМЕТИКА. Арифметика — "сандар (бүтін және бөлшек) және оларға қолданылатын амалдар туралы ғылым (грекше arіthmetіke, arіthmos – сан)." Алғашқыда санау мен өлшеудің (мысалы, қашықтықты, уақытты, ауданды, т.б. өлшеу) қажеттілігінен туған. Ежелгі мәдениет белгісі болған Мысыр мен Вавилонда дербес ғылым болып қалыптасқан. Қазіргі араб цифрлары деп аталып жүрген цифрлар мен ондық санау жүйесі Үндістанда шыққан. Біздің заманымыздан бұрынғы 7 – 4 ғасырларда грек ғалымдары Пифагор, Евдокс (біздің заманымыздан бұрынғы 408 – 355), Евклид, Эратосфен (біздің заманымыздан бұрынғы 276 – 194), Архимед, т.б. арифметика мәселелерін терең зерттеген. 7 – 15 ғасырларда арифметика амалдарын жетілдіруде Шығыс ғалымдары да қомақты үлес қосты. Әл-Хорезмидің «Үнді есебі» атты еңбегі қазіргі бастауыш кластағы математикаға ұқсас. 15 – 17 ғасырларда Еуропа ғалымдары қазіргі қолданылып жүрген арифметикалық белгілеулер мен таңбаларды қалыптастырды, теориялық арифметиканы одан әрі дамытты. Ресейде Леонтий Магницкийдің «Арифметика» атты тұңғыш оқулығы 1703 ж. басылып шықты. 18 ғасырда Леонард Эйлердің және оның шәкірттерінің (Семен Котельников, Степан Румовский) еңбектерінде арифметика қазіргі түрге келді. 19 ғасырдан бастап арифметиканы аксиомалық түрде құру зерттелді (Готфрид Лейбниц, Герман Грассман). 1866 ж. Ресейде шыққан «Арифметика оқулығы» мен «Арифметика есептерінің жинағы» 1917 жылға дейін қолданылып келді. Ал Андрей Киселевтің 1884 ж. шыққан «Арифметикасы» кеңес мектептерінде пайдаланылды. Қазақ тіліндегі арифметика оқулықтары 20 ғасырдың 20-жылдарынан бастап шыға бастады. Бірыңғай бағдарлама мен тұрақты оқулықтарға көшуге байланысты, 1933 жылдан бастап, қазақ мектептерінде аударма оқулықтар қолданылатын болды. Тек 1996 жылдан бастап, Қазақстанда арифметикадан жаңа оқулықтар жасау ісі қолға алынды. Алгебра – математиканың алгебралық шешу жөніндегі есептерге байланысты дамыған негізгі бөлімдерінің бірі. Алгебра (арабша әл-джәбр) атау және жеке ғылым саласы ретінде Мұхаммед әл-Хорезмидің (9 ғасыр) 1-, 2-дәрежелі теңдеулерге келтірілетін есептердің жалпы шешімі көрсетілген «Әл-джәбр уә-л-муқабәлә» атты еңбегінен бастау алады. Ал Омар Һайям 3-дәрежелі теңдеулерді зерттеуді жүйелеп, өзінің «Алгебрасын» жазған. Орта ғасырлық Шығыс ғұламалары гректер мен үнділіктер математикасын түрлендіріп, қайта өңдеп Еуропаға табыс еткен. Амалдарды белгілейтін таңбалар енгізу нәтижесінде алгебра одан әрі дамыды. 17 ғасыр ортасында қазіргі алгебрада қолданылатын таңбалар, әріптер толық орнықты, ал 18 ғасырдың басында алгебра математиканың жеке бөлімі ретінде қалыптасты. 17 – 18 ғасырларда теңдеулердің жалпы теориясы (көпмүшелер алгебрасы) шапшаң қарқынмен дамыды. Оған сол кездегі аса ірі ғалымдар – француз ғалымы Рене Декарт, ағылшын ғалымы Исаак Ньютон, француз ғалымдары Жан Даламбер мен Жозеф Лагранж үлкен үлес қосты. Неміс математигі Карл Гаусс кез келген n дәрежелі алгебралық теңдеудің нақты не жорымал n түбірі болатындығын анықтаған. 19 ғасырдың басында норвег математигі Нильс Абель және француз математигі Эварист Галуа дәрежесі 4-тен жоғары болатын теңдеулердің шешімін алгебралық амалдар көмегімен теңдеудің коэффициенті арқылы өрнектеуге болмайтындығын дәлелдеген. Теңдеулердің радикалда шешілуінің шарттары туралы мәселенің түбегейлі шешімін Галуа берді. Норвег математигі Софус Ли зерттеулері үзіліссіз топтар теориясына жол ашты. Ағылшын ғалымы Уильям Гамильтон мен неміс математигі Герман.Грассман еңбектерінен гиперкомплекс жүйелер теориясы (алгебралар теориясы) бастау алды. 20 ғасырда алгебраның өрістер теориясы, сақиналар теориясы мен топтардың жалпы теориясы, топологиялық алгебра мен құрылымдар теориясы, 1940 – 50 жылдары жартытоптар мен квазитоптар теориясы, әмбебап алгебралар теориясы, категориялар теориясы сияқты жаңа бөлімдері пайда болды. ВАСЯГИНА Мария Павловна. ВАСЯГИНА Мария Павловна (14.12.1929, қазіргі Мордовия, Краснослободск ауд. Синяково дер.) – биол. ғыл. канд. (1959). ҚазМУ-ды (1952, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1956–88 ж. Қазақстан ҒА-ның Ботаника ин-тында кіші, аға ғыл. қызметкер (1956–88), бөлім меңгерушісі (1976–86) болды. Оның негізгі ғыл.-зерт. еңбектері микология мәселелеріне арналған. В. Қазақстанда өсетін саңырауқұлақтардың таралу тәртібіне талдау жасап, микрофлораның республика жерінде қалыптасу тарихын зерттеді. Саңырауқұлақтардың 88 туысы, 607 түрі, 125 формасына ғыл. сипаттама берді. В. саңырауқұлақтардың әр түрлі жүйелілік жіктелімін салыстыра отырып, 126 жаңа түрін анықтады. Қазақ КСР-і Мемл. сыйл. лауреаты (1987). ВЕКСЛЕР Юлиан Абрамович. ВЕКСЛЕР Юлиан Абрамович (14.3.1934 ж.т., Украина, Луганск қ.) – тех. ғыл. докт. (1973), проф. (1974). Мәскеу тау-кен ин-тын (1957) және оның аспирантурасын (1964) бітірген. «Қарағандыкөмір» өндірістік бірлестігінің шахтасында кен ісі шебері, бас инж-дің көмекшісі (1957–61), Қарағанды политех. ин-тында (қазіргі Қарағанды мемл. тех. ун-ті) аға оқытушы, доцент, проф. (1964–78), Қазақстан ҒА-ның Сейсмология ин-тында лаборатория меңгерушісі және Қарағанды политех. ин-тында кафедра меңгерушісі (1979–88) қызметтерін атқарды. Қазір Германияның Мюнхен қ-нда тұрады. 1971 ж. «Исследование больших деформаций ползучести и разрушения горных пород вокруг горизонтальных выработок» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Оның негізгі ғыл. еңбектері мен жаңалықтары кен жынысы механикасына, кен жыныстары сырғымалылығының үлкен деформалануын есептеуге және жыныс массивтеріндегі динамикалық құбылыстарды қоздыру теориясына арналған. В. 140 ғыл.-зерт. еңбектің, оның ішінде 4 монография мен 21 авторлық куәліктің иегері. Қазақ КСР-і Мемл. сыйл. лауреаты (1974). ВЕЛЬЯМИНОВ–ЗЕРНОВ Владимир Владимирович. ВЕЛЬЯМИНОВ–ЗЕРНОВ Владимир Владимирович (12.11.1830, Санкт-Петербург қ. – 30.1.1904, Киев қ.) – шығыстанушы-тарихшы, этнограф, археолог, нумизмат, тіл маманы, Ресей ҒА-ның академик. (1861). Петербург ҒА-ның құрметті мүшесі (1890). Александров лицейін (1850) бітіріп, 1860 жылға дейін Ішкі істер мин-лігінің Азиялық департаментінде тілмаштық қызмет атқарды. 1851 ж. қазақтардың тілі мен салт-дәстүрі жайлы материалдар жинастыру мақсатында Орынбор губ-ндағы Орта жүз қазақтары арасында болды. 1857 ж. Орыс археол. қоғамына мүшелікке қабылданып, 1861 ж. осы қоғамның хатшысы қызметіне тағайындалды. 1866 ж. Петербург ун-тінің ғыл. кеңесі оған түрік-татар тілдері бойынша ғыл. докт. дәрежесін берді. В.–З-тың басты еңбектері Ресей қол астында болған Шығыс халықтарының, соның ішінде қазақтардың тарихына арналған. Оның кітаптары мен мақалалары жылнама-шежірелер мен мол құжаттық деректер негізінде жазылған. Мыс., Қасым хандығы туралы еңбегінің 2-бөлімінде Қазақ хандығының тарихын Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашиди», Қадырғали Жалайыридың «Жамиғ ат-Тауарих», Хафиз Таныштың «Абдолланаме», Захир әд-Дин Бабырдың «Бабырнама» шығармаларын ғыл. айналымға тарта отырып баяндаған. ВЕСЕЛОВ Василий Васильевич. ВЕСЕЛОВ Василий Васильевич (17.7.1940, Украина, Харьков қ. – 2005, Алматы қ.) – тех. ғыл. докт. (1988), проф. (1992). Қазақстан ҒА-ның акад. (2004), Украин Технол. кибернетика ғыл. академиясының акад. (1994), Ресей Жаратылыстану ҒА-ның корр. мүшесі. (1997). Киев мемл. ун-тін бітірген (1965). Қазақстан ҒА Гидрогеол. және гидрофиз. ин-тында инж., аға инж., кіші ғыл. қызметкер (1965–69), Қазақ геофиз. тресі Іле геофиз. экспедициясында бас гидрогеолог, ақпараттық-логикалық жүйелер партиясының бастығы (1969–71), Қазақстан Геол. мин-лігінің тәжірибелік-әдістемелік экспедициясының бас геологы (1976–88), Қазақстан ҒА-ның Гидрогеол. және гидрофиз. ин-ты директорының орынбасары, (1988–90), 1990 жылдан директоры (1990–2005) қызметін атқарды. Оның негізгі ғыл. еңбектері гидрогеол. объектілер мен процестердің матем. және ақпараттық үлгісін жасау проблемаларына арналған. Ол гидрогеол. жүйелердің үлгісін жасау, басқару және үйлестіру мәселелеріне жүйелік-ақпараттық тұрғыдан келудің теор. және қолданымдық негіздерін жасады. Бұл гидрогеол. объектілердің тұрақты жұмыс істейтін матем. үлгілерін жасау мен пайдаланудың компьютерлік технологиясын, соның негізінде Оңт. және Солт. Қазақстанның, Арал және Каспий аймақтарының гидрогеол. ақпараттық жүйелерін іске асыруға мүмкіндік берді. Қазақстан ҒА-ның Қ.И.Сәтбаев атынд. сыйл. лауреаты (1991). «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған. Ш ы ғ.: Эколого-мелиоративные проблемы использования водных ресурсов бассейна озера Балхаш, А., 1996; Гидрогеологическое районирование и региональная оценка ресурсов подземных вод Казахстана, А., 2002. Дәвілбеков Нариман Халбекұлы. Дәвілбеков ("Дәуілбеков") Нариман Халбекұлы (12.8.1937 жылы туған, Өзбекстан, Самарқан облысы Галля-Арал ауданы) – техника ғылымдарының докторы (1986), профессор (1988). Мәскеу болат және қорытпа институтын (1960) бітірген. Қарағанды политехникалық институтында оқытушы (1960–62), Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) политех. институтында аспирант (1962–65), «Карметкомбинат» жанындағы ВТУЗ-да доцент, кафедра меңгерушісі, ғылым жұмыстар және оқу ісі жөніндегі проректоры (1965–79), 1979 жылдан Қазақ ұлттық техникалық университетінде доцент, профессор, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарады. Д. 110 ғылыми-зерттеу еңбектің, 3 монографияның авторы. Дәдебаев Жаңғара. Дәдебаев Жаңғара (15.10.1948 жылы туған, Жамбыл облысы Талас ауданы Ойық ауылы) – филология ғылымдарының докторы (1992), профессор (1993), ҚР жоғары мектебі (2002) және Халықар. жоғары мектебі (2004) академияларының академигі. Қазіргі Қазақ ұлттық медицина университетін (1975), Пед. шеберлік арттыру институтын (1980), Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы біліктілікті жетілдіру факультетін бітірген (1985). 1977 жылдан Қазақ ұлттық медицина университетінде ассистент, аға оқытушы (1983–87), доцент (1987–91). ҚР Білім және ғылым министрлігі Пед. ғылымдары ғылым-зерт. институтының (1991–92, қазіргі Білім академиясы) директоры, Қазақ ұлттық медицина университетінде профессор, декан (1993–2000), кафедра меңгерушісі (2000–01), 2001 жылдан проректор қызметтерін атқарады. «"Әдебиеттегі өмір шындығы және көркемдік шешім"» деген тақырыпта докторы диссертация қорғады. Дәдебаевтың 60-тан астам монографиясы, 200-ден астам оқулықтары мен оқу құралдары жарық көрді. ДӘЙЕК СӨЗ. Дәйек сөз, цитата (лат. "cіto" – келтіремін, шақырамын) – қандай да бір түпнұсқадан сөзбе-сөз алынған үзінді. Дәйек сөз автордың ойын неғұрлым дәл бейнелейтін беделді пікірлермен тиянақтау үшін; біреудің пікіріне сын айту үшін; құнды дерек ретінде пайдалану үшін қолданылады. Дәйек сөз, негізінен, баспасөз материалдарында, ғылым еңбектерде, кітаптар мен әр түрлі қолжазбаларда, баяндамалар мен сөйлеген сөздерде келтіріледі. Дәйек сөздер ғылым еңбектерде пайдаланғанда, сол еңбекте айтылатын оймен логикалық тұрғыдан қабысып, жарасым табуы тиіс. Айтылмақ ойды одан әрі дамытып, жаңа деректермен толықтырып тұру керек. Сонда ғана ол өз міндетін атқарады. Әдетте, зерттеу еңбектерінде, көбінесе әдебиет, мәдениет, өнер, ғылым қайраткерлері пікірлерінен дәйек сөздер алынып отырады. Мұның өзі үлкен талғаммен, орынды алынса, еңбектің сапасын арттыруға есебін тигізеді. Дәйек сөз көбінесе ықшам түрде алынады. Сөйлем ұзақ болған жағдайда керекті жерін алып, қысқартылған сөздер орнына көп нүкте қою шарты бар. Дәйек сөз, әдетте, тырнақшаға алынып жазылады. Міндетті түрде дәйек сөз алынған еңбек, оның авторының аты-жөні сілтемелерде анық, нақтылы көрсетілуі тиіс. Эпиграф та дәйек сөздің бір түріне жатады. Дәлелдеу. Дәлелдеу, логика мен математикада – қандай да бір пікірдің, тұжырымның (мыс., теореманың) ақиқаттығын не жалғандығын негіздеу әдісі. Математикадағы дәлелдеуге қойылатын талаптар математика дамуының ертедегі сатысында-ақ жасалды. Ол кезде математика теориясын құрудың аксиомалық әдісі пайдаланылды. Мұндай әдісті қолданудың нақты үлгісі Евклид «Негіздерінде» баяндалған геометриялық жүйе болды. Дәлелдеу әдісінің аксиомалық теориясы үшін тән белгі – ондағы қорытынды деп аталатын тұжырымдардың белгілі бір тәртіппен тізбектеп қойылатындығы. Мұның үстіне ол тұжырымдардың біреуі ұйғару ретінде қабылданып, қалғандары сол тізбектегі бұрынғы тұжырымдардан логикалық жолмен қорытылып шығарылады. Егер барлық ұйғарулар берілген қорытынды шегінде ғана емес, барлық қарастырылып отырған теорияда ақиқат болса, онда мұндай қорытынды дәлелдеу деп аталады. Нақты дәлелдеуде аксиомалар ғана емес, бұрын дәлелденген сөйлемдер де пайдаланылады. Жалпы айтқанда, қандай да бір пікір өздігінен дәлелдеу бола алмайды, ол белгілі бір аксиомалық теорияның шекарасында ғана дәлелдеу бола алады. Дәленов Шынболат Дербісәліұлы. Дәленов Шынболат Дербісәліұлы (28.3.1943 жылы туған, Қызылорда облысы Қазалы ауданы Қожабақы ауылы) – ауыл шаруашық ғылымдарының докторы (1999), профессор Алматы зоотехника-малдәрігерлік институтын (1971, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген. Ақмола облысы «Образцовый» кеңшарында жұмыс істеген (1959–62). Алматы зоотехника-малдәрігерлік институтында аспирант, ғылым-педогогика жұмыстармен айналысты (1971–79). Зооинженерлер факультеті деканының орынбасары, деканы (1979–83), дайындау бөлімінің (1983–89), зооинженерлер факультетінің деканы (1989–96) болды. 2001 жылдан кафедра меңгерушісі қызметінде. Дәленовтің негізгі ғылым жұмыстарының бағыты Қазақстандағы сүтті ірі қара тұқымдарының селекция-генетика жолдармен және технологиядық тәсілдермен мал өнімдерін арттыру мәселелеріне арналған. Әулиеата сиыры тұқымының жоғары өнімді жаңа типін шығарды. Дәленовтың 90-нан астам ғылым еңбектің, 4 авторлық куәліктің, т.б. авторы. Дәндібаев Бертағы. Дәндібаев Бертағы (1939 жылы туған, Қарақалпақстан, Тақтақұпыр ауданы) – ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы (1996). Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын (1968, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген. 1968–74 ж. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтында ассистент, 1974–86 ж. Қазақ су шаруашылық ғылыми-зерттеу институтында аспирант, кіші ғылым қызметкер, аға ғылым қызметкер, 1986–94 ж. Өзбек күріш ғылыми-зерттеу институтының Қарақалпақ бөлімшесінде және Био-экология институтында лаборатория меңгерушісі (1994–96) болды. 1996 жылдан Қазақ ұлттық аграрлық университетінде доцент қызметін атқарады. Дәндібаев 52 ғылым жарияланымның, 1 монографияның авторы. Дәндібай қорымы. Дәндібай қорымы – қола дәуірінен, ерте темір дәуірінің кейінгі кезеңдерінен сақталған қорым. Қарағанды қ-нан оңтүстік-батысқа қарай 60 км жерде, Шерубай–Нұра өзендерінің оң жағалауында, бұрынғы Дәндібай ауылының жанында орналасқан. 1947–48 ж. Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі Ә.Х.Марғұлан) зерттеген. Бұған дейін 1933 ж. КСРО Материалдық мәдениет тарихы мемлекеттік академиясының экспедицясы (жетекшісі П.С.Рыков) тауып, 8 ескерткішті зерттеген. Оның 6-уы қола дәуіріне, 2-уі («мұртты» оба мен тас оба) ерте темір дәуіріне жатады. Ескерткіштер – тігінен қадалған және қырынан қойылған тастардан тұрғызылған дөңгелек қоршаулар түрінде. Олардың ішінен 6 бейіт ашылып, бір қоршау құрбандық шалатын орын екендігі анықталды. Адам қойылған көрлердің қабырғалары, негізінен, жалпақ тастармен шегендеп өрілген. Ішіндегі адамдар бүктетіліп, оң және сол жақ бүйірімен жерленген. Бас жағына қыш ыдыстар қойылған. Сондай-ақ әр түрлі салпыншақтар, мыс моншақтар табылды. Бірқатар мәйіттің сүйектері өртеліп, күлі жерленген. Көрдің қабырғаларын таспен шегендеу мен мәйітті өртеп, күлін қою салттары зерттеушілердің оны Нұра кезеңі деп атауына басты негіз болды. Дәндібай қорымындағы бір «мұртты» обадан отқа табыну салтының айғағы – күл мен көмір, ал екінші обадан мұсылман дәстүрімен жерленген адам мәйіті ашылды. Дәрігерлер білімін жетілдіру институты. Дәрігерлер білімін жетілдіру институты, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университетінің дәрігерлер білімін жетілдіру факультеті негізінде 1963 ж. Алматыда құрылған. 1992 жылға дейін КСРО Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағында болған. Қазір ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне бағынады. Оқу мерзімі 1–5 ай, клиникалық ординатура – 2 жыл, аспирантура – 3 жыл. Институт құрамында: хирургия және терапия факультеттері бар (2000). Институт күнделікті оқу жұмысында орталық клиникалық қалалық аурухана, Қазақ туберкулез ғылыми-зертттеу институты, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты, т.б. медицина мекемелердің клиникаларымен, сондай-ақ Алматы қаласындағы емдеу, аурудан сақтандыру мекемелерінің арнайы кафедраларымен тығыз байланыс жасайды. Негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттары: айналадағы физика-химия өзгерістердің адам организміне тигізетін әсерін зерттеу, мұндай өзгерістерге қарсы қолданылатын емдеу әдістері мен сақтық шараларын іздестіру, қартайған шақта пайда болатын түрлі аурулардың ерекше белгілерін анықтау, жаңадан диплом алған жас дәрігерлерді оқыту әдістерін жетілдіру. Институт денсаулық сақтау жүйесі мамандарының білімін көтерумен шұғылданатын Қазақстандағы барлық мекемелер мен құрылымдардың оқу-әдістемелік қызметін үйлестіріп, оңтайландырумен де айналысады. Білімін жетілдіруге келген дәрігерлерге арналған жатақхана, кітапхана, компьютерлік сыныптар, тіл үйренетін бөлме, т.б. бар. Дәукеев Серікбек Жүсіпбекұлы. Дәукеев Серікбек Жүсіпбекұлы (17.2.1950 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы) – геология-минералдық ғылымдарының докторы (1997), ҚР ҰҒылым Академиясының академигі (2003). Қазақ политехникалық институтын (1972, қазіргі Қазақ ұлттық тех. университеті) бітірген. 1972–79 ж. Алматы облысы «Казгеофизика» өндірістік геология бірлестігі экспедициясында инж.-геофизик, аға геофизик, бас инж., бас физик (1992), ҚР Геол. және қоршаған ортаны қорғау министрінің 1-орынбасары, министрі (1993–97), ҚР Энергетика және табиғи ресурстар вице-министрі, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі (1997–2001), ҚР ҰҒылым Академиясының президенті (2002–03), Геол. институтының директоры (2002–04). 2006 жылдан «Қазмұнайтеххим» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарады. «О"сновные проблемы геологии, размещения полезных ископаемых и развития минерально-сырьевого комплекса Казахстана в условиях реформирования экономики"» деген тақырыпта докторы диссертация қорғады. Дәукеев 55 ғылым мақала мен 3 монографияның авторы. «Құрмет» орденімен марапатталған. КӨЛТАБАН. лиман – жағалық бөлігі төмендеген құрлықты теңіз басудан және өзен сағаларының жайылуынан пайда болған саяз шығанақ. К-дардың теңіз жағы кейде ашық (кірме) немесе түгелдей қайырмен бөлініп жатады. Құрлықтан келетін су ағыны аз, қуаң климатты аймақтардағы К. суының тұздылығы тез артады, карбонаттар, сульфаттар, ас тұзы пайда болады. Егер ағысы баяу болса және құрлықтан сумен бірге көп ұсақ түйіршіктер ағып келсе, К-да әр түрлі бактерияға бай шөгінділер, ал мүлдем ағыссыз жерде күкіртті сутекке қаныққан тұнба пайда болады. К. тұнбалары көбіне шипалы балшық ретінде пайдаланылады. Климаты ылғалды өңірлердегі ағыны қатты К-дардың түбіне қат-қабат жұқа қабат жасап ұсақ түйіршікті құм, құмайт, саз шөгеді және олар кейін каустобиолиттер кендерін (көмір, жанғыш тақтатас, мұнай) құрайтын органик. заттарға айналады. Климаты ылғалды, ауа райы ыстық жағалаудың К-дарында байқалатын латерит түзілу процестері боксит кенін құрайтын алюминий және темір тотығының жиналуына жағдай жасайды. К-да су тұздылығының үнемі өзгеріп тұруына бейімделген фауна қалыптасқан. К-дар Азов, Қара т-дердің жағалауларында көп кездеседі. Дәулетбаев Дамир Абайділдаұлы. Дәулетбаев Дамир Абайділдаұлы (1.10.1964 жылы туған, Қызылорда қаласы) – медицина ғылым докторы (2002). Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын (1987, қазіргі Батыс Қазақстан медицина академиясы) бітірген. 1987–97 ж. Қызылорда облысы ауруханасында дәрігер-реаниматолог, дәрігер-хирург болып жұмыс істеді. Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының бастығы (1999–2003), Қызылорда облысы медицина орт-ның директоры (2003–05) қызметтерін атқарды. Дәулетбаев 70-тен астам ғылым еңбектің, 1 монографияның авторы. КӨЛТАНУ. лимнология (грек. lіmne – көл, logos – ғылым) – гидрологияның cу алмасуы баяу жүретін континенттік су қоймаларды (көлдер) және олардағы физ., хим. және биол. процестерді зерттейтін ғы-лым, бір саласы. К-да гидрология, гидробиология, гидрохимия, гидрофизика, геоморфология, т.б. ғылым салаларының әдістері қолданылады. К-дың басты мақсаты – су қоймаларының дамуы мен режимін, көл шұңқырларының пайда болуын (олардың пішіні, мөлшері, суының және түптік шөгінділерінің физ., хим. қасиеттері, су алмасуы, өсімдік және жануарлар әлемі) кешенді зерттеу. Ғыл. К-дың негізін салушы швейцариялық ғалым Ф.Форель. К. төңірегіндегі зерттеу нәтижелері халық ш-ның бірқатар салаларында (сумен қамтамасыз ету, балық ш., су көлігі, гидроэнергетика, суару, кен байлықтарын алу, медицина және адамдардың демалысын ұйымдастыру салалары) пайдаланылады. Су қоймаларының жаппай ластануы мен олардың эвтрофтануының күшеюіне байланысты қазір К-дың басты бағыты – су көздерін қорғау мен дамуын болжау және бағалау мәселелерінің шешімін табу. КӨЛТОҒАН. Жамбыл облысы, Жуалы ауд-ндағы ауыл, Боралдай ауылдық әкімш. округінің орталығы. Аудан орт. – Бауыржан Момышұлы ауылынан батысқа қарай 42 км жерде, бұта аралас бетеге, сұлыбас, селеу өскен қоңыр топырақты тау аралық қоңыржай агроклиматтық белдемде орналасқан. Тұрғыны 1,4 мың адам (2001). 1992 жылға дейін Алексеевка деп аталып келген. 1960 – 97 жылдары сүт өндіретін “Коммунизм жолы” ұжымшарының орт. болды. Оның негізінде 1997 жылдан К-да және округке қарасты Кеңес, Рысбек батыр, Ақтасты, Қошқарата, Қызтоған а-дарында ӨК-тер және 7 шаруа қожалығы құрылды. Ауылдарда 3 орта, 2 орталау, 1 бастауыш мектеп, 4 кітапхана, 3 мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория, фельдш.-акушерлік пункт, 4 фельдш. пункт бар. КӨЛ ШӨГІНДІЛЕРІ. қазіргі және бұрынғы геологиялық кезеңдердегі көлдердің түбінде жиылған шөгінді жыныстар. Жаралу тегіне қарай К. ш. механикалық (малтатас, қиыршықтас, құм, саз, лай), химиялық (көл боры, табиғи сода, мирабилит, гидрогалит, ас тұзы, гипс) және органикалық (шымтезек, сапропель, диатомит) болып бөлінеді. Тұщы көлдерде мех. және органик. шөгінділер, ал ащы көлдерде хим. шөгінділер жинақталады. К. ш-нің сипаты климатқа тәуелді болады. Суық климат және мұздық су аймақтарындағы көлдерде құм, сазды шөгінділер мен таспа саз, ал қоңыржай белдеулердегі көлдерде кесек жыныстар және олармен бірге темір мен кремний оксидтері, кальций карбонаты, шымтезек, сапропель, т.б. органик. заттар тұнады. Құрғақ климатты аймақтардағы көлдерде кесек жыныстармен бірге карбонаттар, ас тұзы, гипс, т.б. тұнбалар шөгеді. Шөгіндіде магний мөлшері едәуір және көл суының булануы мол болса, онда доломитті және әк-доломитті тұнбалар қабаты түзіледі. Мұндай тұнбалар Балқаш к-нің шығыс жағында мол. Құлынды даласының тұйық көлдерінде сода шөгінділері кездеседі. Сарыарқадағы, Арал мен Балқаш маңындағы кейбір тұзды көлдерде ас тұзы, гипс, мирабилит, глаубер тұзы, натрий сульфаты өндіріс қажетіне жарарлықтай мөлшерде шоғырланған. К. ш. девон, пермь, неоген жыныстарында кеңінен тараған. КӨЛІК. көлік кешені – экономиканың инфрақұрылымын қалыптастыратын салалардың бірі. Археол. деректемелер неолит заманынан бастап К-тің шаруашылық салаларына ене бастағанын байқатады. Көне обалардан табылған әбзел қалдықтары малдың К. ретінде ежелден-ақ пайдаланылғанын көрсетеді. Ежелгі заманнан келе жатқан К-ке негізінен жегін малы мен мініс малы: түйе, жылқы, құлан, қашыр, есек, сиыр, бұғы, ит, т.б. жатады. Әрбір К. малының тұрмыстық-шаруашылық жұмыстарда қолданылуы оның табиғи ерекшеліктеріне байланысты болды. Мініс малы көне замандардан бері шөл далалы, орманды, батпақты, таулы-қыратты жерлерде негізгі К-ке айналды. Жегін малы арба, күйме, шана сияқты К. құралдарына жегіліп, жолаушы, жүк тасымалдауға, көшіп-қонуға пайдаланылды. Мұндай К. түрлерінің біразы ежелгі Мысырда, Вавилонияда, т.б. жерлерде б.з.б. 3-мың жылдықта қолданылғанын тарихи-археол. деректер дәлелдейді. Әскери арбалар шығыстағы ежелгі мемлекеттерде соғыс кезінде кеңінен пайдаланылды. Әскери және жүк арбалардың тасқа қашап салынған суреттері Қаратау өңірінен де табылды (қ. Қаратау шимайлы тастары). Қазақстан жеріндегі жергілікті халықтың ежелгі тұрмысын көрсететін петроглифтерде немесе басқа да археол. бұйымдарда, ескерткіштерде К-ке қатысты деректер көптеп кездеседі. Әсіресе көшпелі қазақтардың тұрмыс-тіршілігінде жылқы мен түйенің орны ерекше болған. Түйе шөлге және ұзақ жүріске шыдамды болғандықтан, ежелгі және орта ғ-ларда Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда керуендерінде, сондай-ақ мал қамымен көктеуге, жайлауға, күздеуге, қыстауға көшіп-қону кезінде негізгі К. ретінде пайдаланылған. Жылқы да көшпенді халықтың тұрмыс-салтына аса қолайлы К. болды. Қазақтар “ат – ердің қанаты” деп есептеген. Бағзы бір замандарда “аттың жалында, түйенің қомында” жүрген кездер де болған. Адамзат қоғамының дамуы барысында ғ-лар қойнауынан келе жатқан дәстүрлі К. түрі мен құрамы да өзгеріске ұшырап отырды. Ғыл.-тех. жетістіктерге орай К. малын бірте-бірте автомоб., поезд, ұшақтар ығыстыра бастады. Сөйтіп тех. К. түрлері қоғамдық даму сатыларын айқындайтын көрсеткіштердің біріне айналды. Қазіргі кезде де мініс малы – автомоб., трактор бара алмайтын жерлерде К. ретінде пайдаланылады. Қазақстанда темір жол, автомобиль, әуе, ішкі су көлігін, құбыр желісін қамтитын және жеткілікті дәрежеде дамыған К. жүйесі қалыптасқан. Қазақстан К-і республика халық ш-ның салалық кешендерінің (агр.-өнеркәсіптік, отын-энергетик., кен-металлург., құрылыс кешендері мен басқа да кешендердің) қалыптасуын ескере отырып дамытылған, ол экономика салалары мен өндіріс түрлерінің ғана емес, аумақтық кешендердің де өзара байланысын қамтамасыз етеді. К-тің барлық түрлері республикада өткен ғ-дың 70 – 80 жылдары неғұрлым серпінді қарқынмен дамыды. 90-жылдары ТМД елдерінде басталған экон. құлдырау К-тің барлық түрлерінде тасымал көлемінің жалпы төмендеуіне соқтырды. Тасымал көлемінің тұрақталып, өсуі 1999 жылдың аяғынан басталды. 2000 ж. К-тің барлық түрлері бойынша жүк айналымының үлесі т. ж. К-інде – 63%, өзен К-інде – 0,02%, автомоб. К-інде – 12%, әуе К-інде – 0,02%, құбыр желісінде – 25% болды. Су көлігі – К. жүйесінің ажырамас бөлігі. Ол мұнай мен мұнай өнімдерін, ағаш және құрылыс материалдарын жаппай тасымалдауға тиімді. Оның К-тің басқа түрлерімен, ең алдымен, т. ж. К-імен “тоғысатын” өзіндік ерекшелігі бар, яғни кемелерден вагондарға және керісінше вагондардан кемелерге тиеу мүмкіндігі зор. Бүгінгі таңда су К-і Қазақстанда өзен және теңіз К-теріне бөлінеді. Өзен К-і кеме қатынайтын өзендерге (Жайық, Ертіс, Сырдария, Есіл, Іле, Қаратал өзендеріне, Балқаш к-не); теңіз К-гі Каспий т. алабына қызмет көрсетеді; қ. Су көлігі. Темір жол көлігі – республиканың К. кешеніндегі маңызды қатынас құралы, К. инфрақұрылымындағы басты буын. Қазақстанның геогр. жағдайы (теңізге тікелей шығу мүмкіндігінің жоқтығы), оның ұлан-байтақ аумақты алып жатуы, өндірістің шикізаттық құрылымы, өндіргіш күштердің орналасуы, автожол инфрақұрылымының жеткілікті дамымағандығы себепті т. ж. К-інің ел экономикасындағы рөлі айрықша маңызды. Тасымалдауға ұсынылатын негізгі тауар өнімі – көмір, астық, мұнай, кентас, минералдық тыңайтқыш сияқты автомоб. К-імен тасымалдауға тиімсіз сусымалы және сұйық жүктер. КСРО ыдырағаннан кейінгі экон. дағдарысты елдің т. ж. К-і саласы да бастан кешті. Тасымал көлемі соңғы 10 жыл бойы құлдырап, 1999 ж. оның деңгейі 1991 жылғы деңгейдің 26%-ы болды. Тек осы жылдың аяғынан және 2000 жылдан бастап өрлеу жолына түсті. 2000 ж. т. ж. К-гімен тасылған өнім көл. 34%-ға өсті (135 198 млн. т-км); қ. Темір жол көлігі, Қазақстан темір жолы. Автомобиль көлігі – жүктерді қысқа және орта қашықтыққа жедел жеткізетін тиімді көлік құралы. Ол Қазақстанда кезең-кезеңмен дамыды. Төңкеріске дейінгі кезеңде қатынас көлігі негізінен түйе мен ат болатын. Автомобиль сирек кездесетін. Мысалы, 1910 ж. Қазақстанда небәрі 20-дан сәл-ақ асатын жеңіл автомобиль болды, оның өзі де адам таситын автомобильдер еді. Өткен ғ-дың 20-жылдары Қарсақпай комб. мен Түрксіб құрылысында небәрі 81 жүк автомобилі пайдаланылды, ал 1928 жылдың аяғына қарай олардың саны 247-ге жетті. Олар, негізінен, шетелдік маркадағы машиналар еді. КСРО-да отандық автомобиль өнеркәсібі қолға алынғаннан кейін автокөлік көбейе бастады. 1938 ж. автопарк 10 еседен астам, ал жүк автомобильдерінің саны 22 есеге көбейді. Автомоб. К-гінің соғыстан кейінгі жылдардағы дамуын үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең (1946 – 55) халық ш-н қалпына келтіру және оны одан әрі дамыту үшін жағдай жасау кезеңімен тұспа-тұс келеді. Бұл кезеңде Қазақстан К-гі республиканың жүк тасымалындағы қажеттерін қанағаттандыра алмады. Мұндай жағдайда автокөлік бірден-бір және неғұрлым қолайлы болды. Осыған байланысты КСРО үкіметі Автокөлік мин. жүйесіндегі күрделі құрылысқа бөлінетін қаражатты көбейтіп, республика автопаркін кеңейтті. 1955 ж. жалпы пайдаланудағы автошаруашылықтардағы жүк автомобильдері паркі ұлғайтылып, жүк көтергіштік 1 т-ға көтерілді. Жолаушылар тасымалының көл. 1,5 есеге көбейді, жеңіл автомобильдердің саны 5 еседен астам артты. Екінші кезең 1956 – 60 жылдарды қамтиды. Бұл жылдары тың және тыңайған жерлер игерілді, жаңа өнеркәсіп орындары салынды, жұмыс істеп тұрған көптеген кәсіпорындар кеңейтілді. Тек Тың өлкесінде ғана 200-ге жуық ірі автошаруашылық құрылды. Егер 1953 ж. жалпы пайдалануда 35 автошаруашылық болса, 1960 ж. олардың саны 10 есе көбейді. Автокөлікшілер 1954 – 60 ж. 3 млрд. пұттан астам тың астығын тасыды. Автокөлік тасымал көлемі бойынша республикада жетекші орында болды. 1965 жылдан бастап, үшінші кезеңде ондаған ірі автоөнеркәсіп орындары, шеберханалар, цехтар іске қосылды. Автокөлік саласы тех. жағынан қайта жарақтандырылды. Ғылым мен тех. жаңалықтары кеңінен енгізілді. Еңбекті көп қажет ететін жұмыстарды механикаландыру және автоматтандыру, автомобильдерге тех. күтім жасаудың және оларды жөндеудің жаңа технологиясын енгізуге зор көңіл бөлінді. Орталықтандырылған тасымал, контейнерлерге тиеп тасымалдау, астық және а.ш. дақылдарын тасымалдаудың комбитрейлерлік жүйесі кең таралды. Автокөлік саласында 14 есептеу орт., сол кездегі ең жаңа техникамен жарақтандырылған 4 ірі машиналық-баспа ст. құрылды. ЭЕМ-нің көмегімен автомоб. саласы жұмысының барлық негізгі бөлімдері, жедел бағыттар мен қозғалыс кестелері әзірленді. Өткен ғ-дың 70-жылдарының аяғында Қазақстанда 4 мыңға жуық бағыт жұмыс істеді, олардың жалпы қашықтығы 316 мың км-ден асты. 204 қала мен жұмысшы қыстағындағы ішкі желілерде тұрақты қатынас жолға қойылды, 170 қала мен қыстақта жолаушылар автобуспен тасымалданды. Елді мекендердің 90%-ға жуығында обл. және ауд. орталықтарымен тұрақты автобус қатынасы болды. Күн сайын бағыттарға 15 мыңнан астам автобус шығып тұрды, оларда 900 мыңға жуық орын болды, күн сайын 6,7 млн-нан астам жолаушы тасымалданды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін (1991) республиканың автокөлік құралдары паркінде: 372214 жүк автомобилі, 848904 жеңіл автомобилі (соның ішінде: 5961 таксомотор, 24208 қызмет бабында пайдаланатын жеңіл автомоб., 818735 жеке меншіктегі жеңіл автомоб.), 118743 арнаулы автомоб. (соның ішінде: 14178 санитарлық, 4322 өрт сөндіретін автомоб., 13023 автокран), 27259 жартылай тіркеме, 64201 автотіркеме болды. Жүк автомобильдерінің орташа жүк көтергіштігі 5,3 т, автотіркемелердікі – 6,6 т, жартылай тіркемелердікі – 11,9 т, автобустардың орташа жолаушылар сыйымд. – 24,2 отыратын орын. 1991 – 2000 ж. кезеңде жүк автомобильдерінің саны 47%-ға, арнаулы автомобильдердің саны 15,5%-ға қысқарды, оның есесіне жеңіл автомобильдердің саны 17,8%-ға көбейді. Жүктердің халықар. автомоб. тасымалы Қазақстанда өткен ғ-дың 30 жылдары пайда болды. Алайда ол “Союзвнештранс” желісі бойынша Алматы обл-ның Жаркент қ-нда автокөлік кәсіпорнын құру жолымен орындалды және тек Сарыөзек т. ж. ст. мен Қазақстан – Қытай шекарасында орналасқан Қорғас елді мекені арасында ғана жүк тасымалдады. 1959 ж. Панфилов (қазіргі Жаркент) автокөлік ш. Қазақ КСР Автомоб. көлігі мин. жүйесіне берілді. 2000 жылдың басындағы жағдай бойынша ҚР Халықар. автомобильмен тасымалдаушылар одағының құрамына 90-нан астам көлік компаниялары мен фирмалары кірген. Қазақстандағы халықар. автомоб. тасымалы негізінен халықар. маңызы бар автомоб. жолдарында орындалады. Олар жеті дәлізге бөлінеді. 1-дәліз: Қорғас – Алматы – Ташкент. Өзбекстанды Қазақстанның оңт.-шығыс аймақтарымен жалғастырады және шығыста ҚХР-на шығады. Батыста автожол Өзбекстан арқылы Орт. Азия елдеріне апарады. Шымкент қ-нда 1-дәлізге шыққаннан кейін Қытайға, Орт. Азия елдеріне және Түркияға шығуды қамтамасыз етеді. 2-дәліз: РФ шекарасы – Орал – Ақтөбе – Қызылорда – Шымкент. Орт. Ресейді Қазақстанның оңт. аймақтарымен байланыстырады. 3-дәліз: РФ шекарасы – Петропавловск – Астана – Алматы – Қырғызстан шекарасы. Солт-те автожол Оралдың өнеркәсіпті аймағына шығады. Қазақстанды орт. бөлікте кесіп өтіп, Солт. Қазақстанның астықты аймағын, Қарағанды өнеркәсіптік аймағын республиканың батысымен өзара байланыстырады, Қытай және Пәкстан арқылы Үнді мұхитына шығады. Бағыт Қазақстанның елордасы Астана қ-на көшірілгеннен кейін ерекше мәнге ие болды. 4-дәліз: РФ шекарасы (Омбы) – Павлодар – Семей – Майқапшағай. Бат. Сібірдің өнеркәсіптік аймақтарының, Павлодар аймағының, Шығ. Қазақстанның Қытайға шығуын қамтамасыз етеді. 5-дәліз: РФ шекарасы (Челябі) – Петропавл – РФ шекарасы (Новосибирск). Қазақстан аум. бойынша ұз. 220 км болатын маршрут – Сібір аймақтарын орт. Ресеймен жалғастыратын магистралдық автожолдың бір бөлігі. 6-дәліз: РФ шекарасы (Қорған) – Петропавл – Есіл – Арқалық – Жезқазған – Қызылорда – Өзбекстан. Орт. Қазақстанның аймақтарын (астық өсіретін және кен өндіретін) кесіп өтеді. Солт. Қазақстаннан, Оралдың арғы жағынан және Бат. Сібірден Орта Азияға және Үнді мұхитына шығатын ең қысқа жол. 7-дәліз: РФ шекарасы (Астрахан) – Атырау – Бейнеу – Түрікменбашы; қ. Автокөлік. Әуе көлігі – әуе тасымалын орындайтын көлік түрі; қ. Әуе көлігі. Құбыр желісіне мұнай құбырлары мен газ құбырлары жатады; қ. Құбыр желісі. Қазақстанның К. кешені жалпы орналасуы мен құрылымы жағынан елдің ішкі және сыртқы көлік-экон. байланыстарына сай келеді. 1991 – 2000 ж. экономиканың барлық салаларында өндірістің төмендеуі себепті К-тің барлық түрлерімен жүк тасымалдау көлемі қысқарды. 1992 ж. халықтың жан басына шаққанда жүк айналымы бойынша Қазақстан бірінші орында болды (19302 т-км/адам), мұның өзі Франциямен салыстырғанда 5,6 есе, Австралиямен салыстырғанда 9,4 еседен астам, Канадамен салыстырғанда 2 есе көп. 2000 ж. К. кешені жалпы сомасы 250 млрд. теңге болатын жұмыстарды орындап, қызмет көрсетті, мұның өзі жалпы ішкі өнімнің 13%-ына жуығын құрайды. АРХИТЕКТУРА. Архитектура, сәулет өнері – "құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері. Архитектура латынша archіtectura, ал грекше аrchіtekton, яғни құрылысшы деген мағынаны білдіреді." Архитектура туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік ортасын қалыптастырады. Олар: әр түрлі қажеттіліктерді атқаруға арналған және адамның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай болып салынған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер. Сәулет өнері – техниканың, ғылымның және өнердің тоғысқан жері. Адамзат баласы көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан. Адамдар неолит кезінде үйді ағаштан, қамыстан, талдан және балшықтан салды. Су айдынында, қағылған қазықтың үстіне тұрғызылған үйлер де болған. Біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың ортасында ірі тастардан қаланған монументті құрылыстар: кромлехтер, менгирлер мен дольмендер пайда болды. Менгирлер тігінен қойылған биік тастар тізбегінен тұрады. Дольмен – қатар қойылған екі тастың үсті үшінші таспен жабылып, біріне-бірі жалғасып келетін дәліз іспеттес. Ал шеңбер жасап, төбелері жабылған тас құрылыстарды кромлех дейді. Ніл, Евфрат, Тигр, Үнді, Ганга, Чанзен өзендерінің сағаларында көне заманда Мысыр, Месопотамия, Үндістан және Қытай сияқты ірі мемлекеттер пайда болып, ғаламат сәулет туындылары дүниеге келді. Мардук атты құдайға арналған Вавилон мұнарасы іргетасы 250 м биік тұғырға орнатылды. Анығында бұл жеті қабатты, ұшар басына қарай баспалдақтап жіңішкере беретін зиккурат еді. Месопотамияда ежелгі заманның өзінде-ақ біздің заманымыздан бұрынғы 5000 – 1800 ж. каналдар, су қоймалары, акведуктар, көпірлер мен бекіністер салынды. Тигр мен Евфратты қосқан ұзындығы 400 км каналды техникалық зор жетістік деп айтуға болды. Біздің заманымыздан бұрынғы 2700 – 2200 ж. салынған Мысыр пирамидалары мен ғибадатханалары зерттеушілер мен мамандарды әлі күнге дейін таңдандырып келеді. Месопотамияда ғимараттар балшықтан, күйдірілген кірпішпен салынып, сырты қапталып отырса, Мысырда олар сом тастан қаланды. Біздің заманымыздан бұрынғы 2200 – 1500 ж. Фивы қаласы астана болған тұста, жартасқа жартылай үңгіп салынған ғимараттар пайда болды. Жаңа патшалық (біздің заманымыздан бұрынғы 1500 – 1100) кезінде Карнак пен Луксордағы ғибадатхана кешендері салынды. Мысырдағы ең үлкен Карнак ғибадатханасы перғауын Сети І тұсында тұрғызылған. Сәулет өнерінің дамуына зор үлес қосқан, елдің бірі – Грекия. Көне грек архитектурасының ең күшті дамыған кезі – біздің заманымыздан бұрынғы 5 ғасырдағы Периклдың билік құрған тұсы. Алдымен, Афина қаласының ең биік жеріндегі жартасқа ауданы 300Ч130 м жерге Акрополь салынды. Ортасында сәулетшілер Иктин мен Калликрат Парфенон ғибадатханасын ұзындығы 70 м, ені 31 м (біздің заманымыздан бұрынғы 448 – 438) тұрғызды. Ғимарат шатырын биіктігі он метрге жуық, 136 (периметріне қойылған) бағана ұстап тұрды. Ішіне Фидий жасаған Афина мүсіні орнатылды. Грек сәулетшілерінің дүниежүзілік архитектураға қосқан бір жаңалығы – архитектуралық ордерлер жүйесі. Ордерлік жүйе бірнеше құрамдас бөліктен тұрады және олардың өзара орналасу тәртібі бар. Ең басты белгісі – бағана, олардың ұшар басы капитель деп аталады. Бағаналар – антаблементті (арқалықты) көтеріп тұрады. Ордерлік жүйенің үш негізгі түрі болған: дори, ионика және коринф ордерлері. Рим сәулет өнері дамудың үш кезеңінен өтті: патшалық дәуір (біздің заманымыздан бұрынғы 8 – 6 ғасырлар); республика кезеңі (біздің заманымыздан бұрынғы 5 – 1 ғасырлар) және императорлық дәуір (біздің заманымыздан бұрынғы1 ғасыр – біздің заманымыздың 5 ғасыры). Римнің дүрілдеп тұрған кезінде туған құрылыс – Пантеон, құдайлар құрметіне орнатылған ғимарат. Оны сәулетші Аполлодор Дамасский 118 – 125 ж. салған. Диаметрі 43 м. дөңгелек қабырға тұңғыш рет күмбезбен жабылды. Кірпіш аралас бетон қабырға алтын түсті сарғылт мәрмәрмен қапталды. Пантеонның диаметрі мен биіктігі бірдей – 43,5 м. Жарық жоғарыдан диаметрі 9 м тесіктен түсіп тұрады. Римнің таңқаларлық құрлыстарының бірі – 80 мың адам сиятын Колизей амфитеатры, онда ордерлер жүйесі қолданылды. Термы моншалар кешені салынды. Каракаллы моншасына үш мың адам бірден кіре алған. Римдіктер тамаша тас жолдар, су құбырларын, акведуктар және көпірлерді сала білді. Еуропа елдерінде бес түрлі архитектуралық стиль бірінен соң бірі орын алмастырды. Олар: роман стилі, готика, ренессанс, барокко, классицизм. Роман стилінің дамуына Франция көп ықпал етті. Мұның басты ерекшелігі – қабырғалары сом соғылған бітеу, салмақты болып келеді. Терезелері енсіз, тар, бекініске ұқсайды. Готика стилінің ерекшелігі – құрылыс композициясы жоғары созылып, салмақ көтеретін құрылыс қаңқасы күрделі болып келеді, терезелері сүйір етіп ойылады, күмбезі қиық болып келеді де қырлары бүріледі. Қиық күмбездің арқасында салмақ құрылыс қаңқасына түседі. Сырттағы тіреулер арқылы қабырғаға түсетін салмақ азаяды. Готиканың алғашқы туындысы Париждегі Нотр-Дам соборы (12 ғасырдың 2-жартысы – 13 ғасырдың басы). Бір келгенде 9 мың адам сияды. Әрбір тетігінде готикаға тән ерекшеліктер сақталған. Готиканың гүлденген шағы – 13 ғасыр. 100 жыл бойы салынған Реймс соборы (1212 – 1311) соның дәлелі. Собордың бір де бос жері жоқ, бәріне мүсіндер қойылған. Терезелердегі түрлі-түсті витраждар көздің жауын алады. Ренессанс стилі 15 ғасырда Италияда пайда болды, оны ежелгі дәуір өнерінің қайта жаңғыруы деп қарауға болады. Ренессанс, яғни Қайта өркендеу дәуірінде архитектураның алатын орны ерекше болды. Бұнда құрылыс тым биіктетілмей айнала кеңістікке бауыр жазды. Ренессанс архитектурасы ежелгі дәуір архитектурасынан ордерлік жүйені ғана алған. Еуропа елдерінде 17 ғасыр мен 18 ғасырдың 1-жартысына дейін дамыған барокко стилінің басты ерекшелігі сәулеттік туынды тіп-тік, тақтадай жазық болмайды, оның әр қыры мүсіндік, болмаса әшекейлі әлеміштермен өрнектеледі, сәулетші мүсінші сияқты кең тыныспен, қиялға еркін беріліп жұмыс істейді. Еуропа елдерінде 17 – 19 ғасырларда классицизм стилі дамыды. Бұл бағыт, ежелгі дәуір архитектурасы мен ренессанстық архитектураның композициялық әдістері мен түрлерін жетілдіруден туған. Шығыс архитектурасының тарихы біздің заманымыздан бұрынғы мыңыншы жылдардан басталады. Үндістанда мінажат үйлерінің сәулетті нұсқалары: ступалар, үңгір-ғибадатханалар және жер үсті ғимараттары салынды, зәулім сарай кешендері пайда болды. Үнді архитектурасы композициясының байлығымен, түрінің әсемдігімен және мүсіндік бейнелердің әсерлілігімен көз тартады. Олар: біздің заманымыздан бұрынғы 1000 ж. салынған Каджураходағы, 14 ғасырда салынған Танджордағы ғибадатханалар. Қытай архитектурасының басты ерекшелігі өз елінің сенім-нанымынан туып, тұрмыс-тіршілігіне және табиғатына сай келеді. Жалған монументалшылдық пен бос әлеміштер кездеспейді. Әр тетік лайықты орнында тұрады, бар нәрсенің қолданыс табуы ақылға сыйымды. Әлемге әйгілі Ұлы Қытай қорғаны біздің заманымыздан бұрынғы 3 ғасырда салынған, Цзяюйганьнан (Ганьсу провинциясы) Ляодун шығанағына дейін созылған. Ежелгі Жапония архитектурасының жетістіктері ғибадатхана кешендерімен байланысты. Атап айтқанда олар: Нарадағы (көне астана) Хорюдзи (7 ғасыр), Якусидзи (7 – 8 ғасырлар), Удзидегі Бедоин (11 ғасыр), Киото қаласының түбіндегі Дзиседзи (15 ғасыр) ғибадатханалары. Бұл көне құрылыстардың кейбір композициялық құрылымы 14 – 18 ғасырларда өз жалғасын тапты. 19 ғасырдың 2-жартысынан бастап, 20 ғасырдың басында әлемде өндірістің жаңа түрлерінің пайда болуына байланысты фабрикалар, зауыттар, электр стансалары, вокзалдар, аңғарлар, гараждар, элеваторлар салынды және банктер, биржалар, фирмалар жұмыс істей бастады. Қалаларда көп қабатты үйлер бой көтерді, театрлар, музейлер, ауруханалар, ғылым және оқу ғимараттары салынды. Құрылыс техникасының дамуына байланысты бұл кезеңде металл, әйнек, темір-бетон кеңінен пайдаланылды. Үлкен кеңістіктерді жаба алатын, зәулім үйлер тұрғызуға мүмкіндік беретін жаңа жүйелер мен тәсілдер туды (ірі блокты, ірі панельді қабырғалар, тақия-күмбездер, ванттық құрастырмалар, т.б.). Инженер Александр Эйфель металдан 1889 ж. биіктігі 312 м Эйфель мұнарасын орнатты. Америкада көп қабатты зәулім үйлер пайда болды. Алғашқы биік үй 1880 ж. салынды. 55 қабат «Булворт-билдинг» 1913 ж., 77 қабат «Крайслер – Билдинг» 1932 ж. салынып бітті. 30-жылдардағы ең биік (380 м) 102 қабат «Эмпайр стейт билдинг» ұзақ уақыт биіктігі жағынан 1-орында тұрды. 1971 – 73 ж. Нью-Йоркте архитектор Минору Ямасакидің жобасы бойынша Халықаралық сауда орталығының призма тектес екі үйі іске қосылды (биіктігі 412 м, 110 қабат). Қазіргі әлемдегі ең биік ғимарат – «Сирс-Орбак» Чикагода, биіктігі 442 м, 109 қабат. Дүние жүзі архитектурасының дамуында көптеген бағыт болды: конструктивизм, функционализм, метаболизм, модерн, халықаралық стиль, органикалық архитектура, рационализм. 20 ғасыр архитектурасының дамуына зор үлес қосқан Огюст Перре бірінші болып қаңқалық құрылымдарды, темір-бетонды қолданды, құрылысқа стандарттауды және өнеркәсіптік әдістерді кіргізді. Италия инженері әрі архитектор Пьер Нерви армоцементті ойлап тауып, темір-бетонды тиімді және көркемдік тапқырлықпен пайдаланды. Ол Римде Спорт сарайын, Флоренцияда еңселі биік стадионды салды. Функционализмнің негізін қалаушылар Вальтер Гропиус пен Мис ван дер Роэ «Баухауз» көркем құрылыс мектебін басқарды, архитектуралық формалардың қалыптасу заңдылығын зерттеді. Америка архитекторы Франк Райт органикалық архитектураның (Пенсильваниядағы «Су үстіндегі үй», Нью-Йорктегі «Гуггенхейм» музейі) негізін қалады. Француз Ле Корбюзьенің архитектура тарихында алатын орны өте зор (Роншандағы капелла, Марселдегі тұрғын-үй, Чандигархтың жобасы, ондағы тұрғын және қоғамдық үйлер). Жапон сәулетшісі Кэндзо Тангэ жас кезінде Ле Корбюзьенің әсерінде болған, кейін өз жолын, шеберлік арнасын тапты. Оның Олимпиялық спорт кешені «Йойоги» 22 мың адам сиятын стадионнан, төрт мың адамдық жабық спорт залынан тұрады. Бұл спорт кешені мүсіндік сұлулығымен, батыл инженер-конструкторлық шешімімен, көлемінің динамикасымен ерекше көзге түседі. Тарихшыларымыздың айтуынша қазіргі уақытта Қазақстан жерінде 600-ден астам неолит және энеолит дәуірінің ескерткіштері мәлім. Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай – бұлақ, өзен, көл, үңгір тұрағы деп төрт түрге бөлінеді. Орталық Қазақстанда да кромлехтер, менгирлер, дольмендер болған. Бұлардың қойылу ретінде де Мысырдағы, Орталық Америкадағы құрылыстар сияқты астрономиялық заңдылықтар ескерілгендігі, сол кездегі діни-нанымдарға орай салынғандығы байқалады. Қазақстан жерінде біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықта тиграхауда сақтары тайпаларының үлкен тобы қоныстанған. Олар Қазақстан жерінің оңтүстік-шығысы мен оңтүстігін толық игерген. Сырдария, Іле, Талас, Лепсі, Есік, Шелек, Шарын, Кеген өзендері аңғарларында көптеген үлкенді-кішілі обалар шоғырланған. Биіктігі 20 м-ге дейін жететін «патша» обалары Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда өте көп. Біздің заманымыздан бұрынғы 5 ғасырға жататын Бесшатыр қорымынан («сақ пирамидаларынан») бөренелерден тұрғызылылып, жақсы сақталған ірі құрылыстар табылды. Бұлар Орта Азия мен Қазақстанда ағаштан салынған сәулет өнерінің ең ежелгі бірегей ескерткіштері болып табылады. Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң жағасында. Ол 31 обадан тұрады, олардың 21-і таспен, ал 10-ы қиыршық таспен және топырақпен жабылған. Үлкен обалардың диаметрі 45 м-ден 105 м-ге, биіктігі 6 м-ден 18 м-ге дейін жетеді. «Алтын адам» табылған Есік обасы үлкен қорымның оңтүстік шетінде орналасқан. Біздің заманымыздың 6 – 7 ғасырларында керуен жолының үстінде, Қазақстан жерінде Тараз, Құлан, Сайрам (Исфиджаб) Отырар, Сығанақ, Құмкент, Созақ, Алмалық сияқты ірі қалалар, Ақыртас, Баба Ата, Ақсүмбе сияқты қорған-бекіністер болған. Оңтүстік қалалары бекініс, шаһристан, рабаттан тұрған, су құбырлары болған. Торғай, Жыланшық, Кеңгір, Жезді, Сарысу өзендері бойынан 10 – 11 ғасырларда өмір сүрген алпысқа жуық қалашық орындары анықталды. Бабаджа хатун күмбезі, Айша Бибі мазары, Жұбан ана күмбезі, сәулет өнерінің күрт дамығанын көрсетеді. Қарахан әулеті тұсында Алаша хан күмбезі, Жошы хан күмбезі, Аяққамыр күмбезі, Қожа Ахмет Иасауи кесенесі 10 – 14 ғасырлардағы Қазақстандағы сәулет өнерінің жоғары деңгейін танытады. КӨЛІК ҚҰРЫЛЫСЫ. темір жол, автомобиль, су, әуе көлігі, құбыр желісі нысандарын салу және қайта жаңғырту (құралымдау) жұмыстарын жүзеге асыратын құрылыс саласы. Оған т. ж. мен автомоб. жолдарын, аэродромдар, көпірлер, туннельдер, метрополитендер, алаптар, теңіз және өзен айлақтарын, каналдар, магистралды мұнай және газ құбырларын, вокзалдар, деполар, т.б. көлік үйлерін салу, т. ж. жүйесін электрлендіру, автоматика және телемеханика қондырғыларын орнату ісі жатады. Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде пошта және земство жолдары әжептәуір ілгері дамыды. Бұрынғы Торғай обл-нда жолдың ұз. 4000 км-ден асқан. Оларда 9 өткел, 300-ге жуық көпір, соның ішінде 5 темір бетон көпір болған. Ақмола обл-нда жолдың ұз. 3500 км-дей, көпірлердің саны Торғай обл-ндағыдан аз еді. Бірақ Атбасар, Петропавл, Көкшетау, Ақмола қ-ларының маңында ағаштан салынған ірі көпірлер болды. Жетісу обл-нда жолдардың ұз. 3000 км-ге жетті, 200-ге жуық көпір, соның ішінде 10 темір бетон, бірнеше тас, 1 металл көпір болды. Олардың ең ірісі Аягөз, Қаратал, Шу, Көксу өзендері арқылы тартылды, ал, сол кездегі Қазақ (Қырғыз) өлкесі деп аталған бүкіл аумақта Іле өз-ндегі ағаш көпір ең үлкені болатын. Семей обл-нда жолдың жалпы ұз. 3451 км-ге жетті. 10 паром өткелі, соның ішінде Павлодарда, Семейде, Өскеменде Ертіс, Үлбі өзендері арқылы өтетін паром өткелдері болды, сондай-ақ, 100-ден астам ұсақ өткелдер де салынған. Бұлардың бәрі 1-дүниежүз. соғыс, Ресей империясындағы төңкеріс кезінде, сонан соң кеңестік Ресейдегі азамат соғысы мен басқыншылық кезеңінде қирағандықтан, жөндеп, қалпына келтіруді қажет етті. 1922 ж. Қазақ АКСР-інде жүктің тасымалдану жиілігіне және экон. мәніне қарай жолдар төрт топқа бөлінді: мемл., өлкелік, дуандық, жергілікті (уездік, қаражолдар) жолдар. Мемл. маңызы бар екі жол болды: Уфа трактісі (107 км) және Орынбор – Орал телімі (270 км). Өлкелік жолдарға Көкшетау – Атбасар – Ақмола – Қарқаралы – Семей (1172 км), Шалқар – Ырғыз – Торғай – Қостанай (745 км), Орынбор – Ойыл (276 км) жатады. Бұлардың жалпы ұз. 2184 км. Дуандық жолдардың жалпы ұз. 3891 км, соның ішінде дуандар бойынша: Орынборда – 402, Ақмолада – 825, Қостанайда – 1120, Семейде – 650, Оралда – 244, Ақтөбеде – 490, Бөкейде – 60. Жергілікті мәндегі жолдар 11664 км, соның ішінде дуандар бойынша: Орынборда – 1029, Ақтөбеде – 1453, Оралда – 1655, Ақмолада – 2769, Семейде – 3451, Қостанайда – 1307. Қазақстанда жол құрылысының бағыттары мен ұзындығы, әдетте, оның әкімш.-аум. бөлінісіне сәйкестендірілді. Төңкеріске дейін де, одан кейін де жол құрылысы шамамен 4 – 6 буындық тәртіппен: ауыл, село – болыс; болыс – уез орт., қала; уез орт., қала – дуан, обл. орт.; обл. орт. – өлке орт.; өлке орт. – республика астанасы. Мұның бәрі ұдайы өзгертіліп, жаңғыртылып отырды, өнеркәсіптің, а.ш. өндірісінің дамуына, жаңа қалалардың, жұмысшы қыстақтарының, мәдени орталықтардың пайда болуына бейімделіп салынды. Т. ж-дар пайда болғаннан кейін олардың бөлімшелері, көбінесе, обл. орталықтарында, жол басқармалары өлке орталықтарында немесе республика астанасында орналастырылды. Автомоб. жолдары, құбыр желілері белгілі бір аймақтардың талаптарын ескеріп, мемлекетаралық қажеттерді басшылыққа ала отырып салынды. Республикада су қатынас жолдары, әсіресе, басқа қатынас құралдары жоқ шалғай аудандарда кең дамыды. Ертіс өз-ндегі, Арал, Каспий т-деріндегі айлақтар мен флоттар кеңестік дәуірдің азамат соғысынан кейінгі алғашқы кезеңінде қалпына келтіріліп, жүк және жолаушы тасымалының көлемін көбейтіп, халық ш. мұқтаждарына қызмет көрсетті. Бүгінгі таңда жалпы пайдаланыстағы кеме қатынайтын өз. жолдарының ұз. 5632 км; олардың ішінде Жоғ. Ертіс телімінде – 1164; Іле телімінде – 880, Балқаш телімінде – 978, Сырдария телімінде – 840, Есіл телімінде – 55. 1960 жылға дейін Каспий т-нің солт. жағалауында Гурьев (қазіргі Атырау) портының, Маңғыстау түбегіндегі Баутин портының маңызы зор болды. Транзиттік тасымалдың ұлғаюына байланысты Каспий т. халықар. жүктерді тасымалдау үшін пайдаланыла бастады. ТРАСЕКА (Солт. – Оңт. – Еуропа – Кавказ – Азия) дәлізінің бірқатар маршруттары осы Каспий т-нің порттары арқылы өтеді. Сондықтан Ақтау теңіз сауда айлағын қайта салу қолға алынды. Темір жолдар құрылысының дүниеге келуі өнеркәсіптің, ең алдымен кен байыту және металлургия өнеркәсібінің дамуымен байланысты болды. Т. ж-дар мемлекеттердің экон. қуатын дамытудың қуатты қозғаушы күшіне айналды, олардың салынуы жаңа ф-калар мен з-ттардың көбеюіне, халықтардың мәдени дамуына жол ашты. 1891 ж. Ресейде Челябі – Владивосток Ұлы Сібір жолының (Транссібір) құрылысы басталып, 1916 ж. оның құрылысы Ресей аумағы бойынша (7420 км) толық аяқталды. Бұл Транссібір магистралінің 1896 ж. пайдалануға берілген Бат. телімі Қазақстан аум. арқылы өтті (190 км). Қазақстанда алғашқы т. ж. желісі 1893 ж. пайда болды. Ол Покровка слободасы мен Орал арасындағы ұз. 363 км тар табанды желі. Оның тек 13 км-і ғана Қазақстан аумағынан өтті. Кейіннен бұл жол кең табанды жолға айналдырылды. Төрт жылдан кейін Урбах – Астрахан (77 км), Астрахан – Александров Гай (107 км) тар табанды жолдары салынды, олар да Қазақ өлкесінің жерлерімен өтті. 1890 ж. Ресей үкіметі Орынбор – Ташкент т. ж-н салу жөнінде шешім қабылдады. Оны төсеу Орынбор жағынан 1901 ж. 10 мамырда, Ташкент жағынан 9 қарашада басталды. Онымен поездардың уақытша қозғалысы 1904 ж. 1 қаңтарда ашылды. Оның солт. бөлігі 1905 ж. 25 шілдеде, оңт. бөлігі 1906 ж. 1 сәуірде толық пайдалануға берілді. Бұл жолдың Қазақстан аумағындағы (солт-те Ақбұлақ ст-нан оңт-те Келес ст-на дейін) ұз. 1600 км. Бес ірі ст. – Ақтөбе, Шалқар, Қазалы, Перовск, Түркістан – Қазақстанды Ресеймен және Орта Азиямен байланыстырған тораптық бекеттерге айналды. 1905 ж. 1 қаңтардан бастап Орынбор – Ташкент желісіне Кинель – Орынбор – Самара – Златоуст т. ж. (354 км), ал, 1906 ж. 22 шілдеде Орта Азия жолының Ташкент ст. қосылды. Жол басқармасы Орынборда болды. 1918 жылға дейін Қазақстан аумағында т. ж. ұз. 2575 км-ге жетті, Қазақстан аумағынан өтетін т. ж-дардың пайдалану ұз. 1903 ж. облыстар бойынша: Ақтөбеде – 626, Оралда – 207, Солт. Қазақстанда – 190, Қызылордада – 737, Шымкентте – 321 км болды. Қазақстанда т. ж. желісінің жалпы ұз. 2081 км-ге жетті. 1913 – 17 ж. бірқатар жаңа желілер салынды: Бозкөл – Қостанай, Өскемен – Риддер, т.б. Кеңестік дәуірде 1930 – 40 ж. Қазақстан кеніштерін игеру т.ж. құрылысын салумен ұштастырыла жүргізілді. Соңғы он жыл ішінде егеменді республикамызда бірқатар ішкі т.ж-дар салынды. 2001 ж. Қазақстан өз күшімен ұз. 185 км Ақсу – Дегелең т.ж-н ТМД елдері ішінде бірінші болып іске қосты. Шар – Өскемен, Қраснооктябрьск кеніші – Дөң, Хромтау – Алтынсарин бағыттарында т.ж. төсеу жұмыстары басталды; қ. Қазақстан темір жолы. Автомобиль жолдары құрылысының дамуын Қазақстанда мынадай кезеңдерге бөлуге болады: республикада автомобильдердің пайда бола бастауынан соғыстан кейінгі халық ш-н қалпына келтіруге дейінгі кезең; халық ш-н қалпына келтіргеннен кейінгі және жол ш-ның халық ш. салаларының біріне айналуына дейінгі кезең; жол ш-ның халық ш. салаларының бірі ретінде дамуы кезеңі; нарықтық қатынастар жағдайындағы даму кезеңі. 2003 ж. қазанда ұз. 1000 км-ден асатын Астана – Алматы автомоб. жолы іске қосылды. Оның құрылысына 238 млрд. доллар жұмсалды; қ. Автомобиль жолы. Қазақстанда тұңғыш аэродром кеңестік дәуірдің алғашқы жылдарында Алматы маңында салынды. Әуе жолының тораптарында – республика астанасында, обл. орталықтар мен өнеркәсіпті қ-ларда аэропорттар мен аэродромдардың, ұшу, қону алаңдарының құрылысы Қазақстанда түсті металлургия, көмір, мұнай өндіру өнеркәсібінің жедел қарқынмен өркендеуі кезеңінде дамыды. Әуе желілерінің ұз. 3250 км-ге жетті. Алматы – Ақмола – Аягөз, Аягөз – Ақмола, Қостанай – Ақмола – Аягөз, Аягөз – Бақты – Семей – Павлодар – Омбы, Атырау – Орал – Ақтөбе әуежолдары жұмыс істей бастады. Республиканың түрлі қалаларында аэродромдар, аэровокзалдар салумен қатар, шағын ұшу алаңдарын, жөндеу шеберханаларын, тех. күтім жасау қызметтерінің үйлерін, қосалқы үй-жайлар, ұшақтарға жанармай құятын қоймалар салу жұмыстары жүргізілді. Негізгі бағыттарда радиобайланыс бекеттері жарақтандырылды. 1937 ж. аэропорттарды жаңа тех. жабдықтармен қамтамасыз ету жұмыстары өрістетілді, оларға кірме жолдар төселді. Республиканың оңт. және оңт.-батыс бөлігінде өнеркәсіп орталықтарының пайда болуына байланысты Қарсақпай әуежайын салу қажеттігі туындады, ол жолаушылар мен арнаулы жүктерді тасымалдау, Қарсақпайды Жосалы – Жезқазған әуе желісімен жалғастыру үшін қажет болды. Қарсақпайдағы кішкентай аэродром үлкен әуежай кешеніне, ал, Жосалы әуежайы көрікті үлкен қалашыққа айналды. Оның дамып келе жатқан Гурьев өнеркәсіптік ауданы үшін маңызы зор болды. Осы Жосалы аэропорты арқылы 60-жылдардың ортасына дейін Мәскеуден Ташкент, Бішкек, Душанбе, Ашғабатқа рейстік ұшақтардың тұрақты қозғалысы жүзеге асырылды. Алматы аэропорты алғашқы жылдары қазіргі ипподром орналасқан жерге салынды, кейін Боралдайға, 1934 ж. қазіргі тұрған жеріне көшірілді. Азаматтық авиация құрылысын дамытуда 1935 ж. құрылған Алматыдағы Оңт. Қазақстан басқармасы мен Ақмоладағы Солт. Қазақстан басқармасы елеулі рөл атқарды. Олар 1940 ж. Қазақ азаматтық әуе флотына бірікті. 20 ғ-дың 60-жылдарынан бастап әуе көлігінің дамуы аэропорттар кешенін күрделі жөндеу және салу жұмыстарын жақсарту шараларын қолдануды қажет етті. Ұшақтар мен тікұшақтарды пайдаланудың талап етілген тех. деңгейіне жету үшін уақыт талабына сай келетін материалдық-тех. база қажет болды. Әуе тораптары жолаушыларға қызмет көрсетудің қажетті талаптарына сай келмеді. Қазақстан аумағында жасанды ұшу және қону алаңдары, Як-40, Ан-24 тұрпатындағы ұшақтарды қабылдау үшін радиотех. құралдары бар жергілікті әуе желілерінің кемінде 100 кешені керек болды. 70-жылдары әуе желісіне Ту-154 және Ил-62 ұшақтарының шығарыла бастауына байланысты оларды қабылдайтын ұз. кемінде 2500 м және салмақ көтергіштігі 100 т ұшу және қону алаңдары қажет болды. 1972 жылдың 2-жартысында астаналық әуежайдың әуе айлағы құрлықаралық Ил-62 ұшағын қабылдады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының азаматтық авиация жүйесінде авиажөндеу з-ттары, оқу орындары, “Қазэрожоба” ин-ты жұмыс істейді; қ. Әуе көлігі. Құбыр желісінің құрылысына мұнай құбырлары мен газ құбырларын салу жатады. Тұңғыш мұнай құбыры (6,5 км) АҚШ-та 1865 ж. тартылды. Ресейде Баку мен Солтүстік Кавказ өңірінде (1000 км-ден астам) 1870 – 90 ж. салынды. Қазақстанның батысында алғашқы Доссор – Ракуши – Каспий мұнай құбыры (154 км) 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде-ақ тартылып, пайдаланылды. 1934 ж. Каспий – Орск мұнай құбыры (830 км) пайдалануға берілді, 1966 ж. Өзен – Жетібай – Ақтау (141,6 км) бағытында төселді. 1968 – 70 ж. Өзен – Атырау – Самара бағытында әлемдегі тұңғыш бірегей, құрлықаралық ыстық мұнай құбыры салынды, оның ұз. 1500 км. Құбыр құрылысын кеңінен салу елдің отын-энергет. балансындағы елеулі өзгерістерге, ондағы мұнай мен газ үлесінің 70 – 75%-ға дейін артуына байланысты болды. Қазақстан арқылы қолданыстағы 3 мұнай құбыры өтеді, олар: Кеңқияқ – Орск, Омбы – Павлодар – Шымкент – Чаржоу, Теңіз – Атырау – Самара. 2001 ж. Теңіз – Астрахан – Новороссийск мұнай құбырының салынып бітуі (1850 км) Қазақстанның мұнай шикізатын сыртқа шығаруға жол ашты. Жаңадан Бат. Сібір – Орталық, Ямал – Батыс құбыр желісі салынып жатыр, ол Бат. Қазақстанды Қытаймен жалғастырады (қ. Мұнай құбыры). Газ құбырларын төсеу кеңестік дәуірде газ өнеркәсібінің дамуына байланысты жедел өркендеді. Газ сақтайтын жер асты қоймаларының желісі құрылды. 1946 ж. Саратов – Мәскеу газ құбырының салынуымен Кеңес Одағында газ тасымалдау жүйесі қалыптаса бастады. Қазақстанда 1971 ж. тұңғыш газ құбыры Бейнеу – Өзен – Бекдаш (Түрікменстан) арасында салынды (610 км). 1972 ж. Өзен – Бейнеу магистралі (310 км) пайдалануға берілді. Аса маңызды Газли – Шымкент халық ш. магистралінің ұз. 640 км. 2003 ж. 24 қазанда ұз. 193 км Амангелді – Тараз газ құбыры іске қосылды; қ. Газ құбыры. КӨЛІК МАЙЫ. көлік ақысы – көлікті пайдалану өтемі, шаруашылық жұмыстарына немесе мініске жарамды көлігі болмаған жағдайда шаруа адам басқа біреуден өзіне қажетті көлікті мөлшерлі мерзімге жалдап алады да, сол үшін көлік иесіне ақы төлейді. Бұл жұмысқа жарамды К-тің м-на ақы алу деген сөз. Мұндай көлікті көңілі жақын адамдар тегін беріп, көмектеседі. Майға алған кісі өзінің малындай күтіп, аздырмай, мерзімі біткенде иесіне қайтарып береді. Ертеректе қазақтар бір-біріне мінерге ат, көшерге көлік беріп көмектескен. Сол үшін пішен шауып, егін жинауға, малдарын күтуге, қойын қырқып, терілерін илеп беруге қолқабыс тигізген. Қазіргі заманғы нарықтық қатынастарға орай К. м. ұғымы жаңа мән-мағына, мазмұнға ие болып келеді. Арыстан (аң). Арыстан — мысық тұқымдасына жататын ең ірі жартқыш жануар. Орталық Африка мен оңтүстік-батыс Азияның саванна, шөлейт аймақтарында, шөлді жерлерінде де кездеседі. Арыстанның дене тұрқы 2 м-дей, салмағы 250 кг-ға жетеді. Құйрығының ұзындығы 1 м, оның ұшы қара түсті болады. Арланының мойны мен кеуде жағында қара қоңыр, кейде ұзын қара жалы болады.Ұрғашы мен жас арыстанның жалы болмайды. Арыстан жеке-жеке де, 5 – 10-нан топтанып та жүреді. Олар 3 жасында жыныстық жағынан жетіліп, 2 жылда бір, 1 – 6 күшік табады. 30 – 35 жыл өмір сүреді. Арыстандар ірі сүтқоректілерді – бөкен, зебр, мүйізтұмсық, т.б. аулап, солардың етімен қоректенеді, кейде жануарлардың өлімтігін, тышқандарды да жейді. Негізінен қорегін аулауға түнде шығады. Арыстанның саны өте азайып кеткендіктен, оны аулауға тиым салынған. Үндістанда кездесетін түрі – Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген. Арыстандар негізінен көптеген хайуанаттар паркінде ұсталады. КӨЛІК МАЛЫ. ауыл шаруашылығында салт мініске, жегіске және басқа да шаруа түрлеріне пайдаланылатын ірі қара мал. К. м-на негізінен: түйе, жылқы, қашыр, есек, сиыр, бұғы, т.б. жатады. Қазақстанда, негізінен, К. м. ретінде пайдаланылатын түйе мен жылқы малы болып табылады. Қазақ халқының өмір салтында К. м. ерекше орын алады. Түйе жолсыз шөл жерлерде жүретін “дала кемесі” атанған күшті, шөлге шыдамды, сенімді көлік. Түйе жұмысқа 3 жылдан 20 – 25 жылға дейін пайдаланылады. Ол, тәулігіне 100 км ара қашықтықты 10 – 12 км/сағ жылдамдықпен өте алады. Жылқы – салт мініске, арбаға жегуге, т.б. ауыр-жеңіл жұмыстарға жарамды, жүріске берік, төзімді келеді. К. м. ретінде пайдаланылатын жылқы түрлері: жүк жылқысы (владимир, першерон жылқысы, т.б.), жегіс жылқысы (орлов, орыс, латыш, т.б. жылқылар), мініс жылқысы (араб, ахалтеке, иомуд, т.б. жылқылар) болып бөлінеді. КӨЛІК ТАРИФІ. көлік қызметі үшін төленетін төлемақы мөлшерінің жүйесі. Ол т. ж., теңіз, өзен, автомоб. және әуе көлігімен тасымалдауда қолданылады. Т. ж-мен жүк тасымалдауға арналған К. т. тасымал қашықтығын, жылжымалы құрамның тұрпатын, жөнелтілетін жүктің мөлшерін ескере отырып жасалады. К. т-нің деңгейі тасымалдың қашықтығына (км есебімен), вагонға тиелген жүктің салмағына (тонна есебімен) қарай сараланады. Т. ж. көлігінде мемл. тарифтермен қатар, прейскурантта көзделгендегіден гөрі неғұрлым жоғары сапалы қызмет көрсетілетіні үшін (жеткізілу мерзіміне, вагондардың жаңа тұрпаттарына, т.б. қарай) еркін (нарықтық) тарифтер де қолданылады. К. т. құрылымына қарай: 1) вагондармен (әмбебап және арнаулы вагондармен); 2) ұсақ жөнелтімдер тәртібімен; 3) контейнерлермен жөнелтілгені үшін төленетін төлемақылар болып, төлемнің негізгі үш түріне бөлінеді. Теңіз тасымалындағы К. т. пароход кәсіпшілігі және теңіз айдындары бойынша сараланған. Онда табиғат-климат факторлары, теңіз қатынасы маусымының мерзімі және флоттың мамандандырылуы ескеріледі. Әуе көлігіндегі тариф тасымал қашықтығы мен тарифтік класқа қарай, ал, автомоб. көлігінде тарифтік тәсімдерді ескере отырып белгіленген. Әуе және автомоб. көлігінде тарифтер тараптардың уағдаласуы бойынша, табыстың шекті нормасын ескере отырып белгіленеді. Қала маңына қатынайтын т. ж. көлігімен, автомоб. көлігімен тасымалдауда, жергілікті әуе желілерінде, жергілікті өзен көлігі тасымалында К. т-н реттеу құқығы жергілікті атқарушы билік органдарына берілген. КӨЛІКТЕГІ ЖАРНАМА. қоғамдық көлікті пайдаланатын миллиондаған адамдарды қамтитын, тұтыну тауарлары мен қызмет көрсету салалары жайында ақпарат беру арқылы оларға сұранысты көбейтуді көздейтін жарнама түрі. К. ж-ның үш түрі бар: 1) қоғамдық көлік салоны ішіне ілінетін планшеттер; 2) көлік құралдарының алдыңғы және артқы бөліктерінде, сондай-ақ бүйір жақтарында орналастырылатын сыртқы жарнамалық планшеттер; 3) қоғамдық көлік ст-ларында және олардың төңіректерінде орналастырылатын стансалық плакаттар. Қазіргі уақытта жарнамалар қос тілде, кейде ағылшын тілінде де жазылатын болып жүр. КӨМЕЙ. көмекей (larynx) – адам мен құрлық омыртқалы жануарларының шеміршек, ет және сіңірден тұратын тыныс алу жолының бастапқы бөлімі. Құйрықсыз қосмекенділердің, кейбір бауырымен жорғалаушылардың, көптеген сүтқоректілердің және адам К-інің ішкі бетінде бір-бірімен бұрыштасып орналасқан қатпарланған – дыбыс сіңірі болады. Ол фиброзды эластик. тіннен тұрады және кілегейлі қабықпен қапталған. Көптеген сүтқоректілерде (мыс., кит тәрізділерде) дыбыс сіңірі болмайды, ал кейбір маймылдарда ол шала дамыған. Дыбыс сіңірінің бір-біріне тиіп, аралары тарылып және тербелуінен дыбыс пайда болады. Дыбыстың биіктігі ауа тербелісінің жиілігіне және дыбыс сіңірінің керілуіне байланысты. Адамның және өкпесімен тыныс алатын жануарлардың К-інде, әдетте, дыбыс сіңірінің тербелуінен дыбыс түзетін – дыбыс шығару аппараты болады. К. қуысының алдыңғы жағы тыныс алу саңылауы арқылы жұтқыншаққа, артқы бөлімі кеңірдек қуысына жалғасады. К. жұтқыншақтан дамыған, ал оның шеміршегі – түрі өзгерген желбезек доғалары. Құйрықты қосмекенділердің көбінде, барлық құйрықсыз қосмекенділердің К-інде ожау және оймақ тәрізді шеміршек болады. Бауырымен жорғалаушылар мен құстардың К-інің құрылысы ұқсас. Сүтқоректілердің К-інде жоғарыда айтылған шеміршектерден басқа қалқан тәрізді және бөбешік, т.б. ұсақ қосымша шеміршектер болады. Сүтқоректілердің көбінде болатын дыбыс сіңірлері ожау тәрізді және оймақ тәрізді шеміршектер арасында керіліп тұрады. К-дің құрылысы қоректену және тыныс алу ерекшелігіне байланысты. Мыс., кит тәрізділер мен жаңа туған қалталы сүтқоректілердегі ожау және оймақ тәрізді шеміршектер түтікше ұзарып, К. қуысына еніп тұрады. К-дің мұндай құрылысы арқасында қалталылар бір мезгілде сүт еме алады әрі тыныс ала алады, ал кит тәрізділер қорегін жұтқанда оның К-іне су құйылмайды. Адамның К-інен дыбыс органына және кеңірдекке ауа өтеді, сондай-ақ, бұларға қатты не сұйық зат түсіп кетуден қорғайды; қ. Дауыс. әбсаттаров Раушанбек Бұрамбайұлы. (8.4.1940 ж.т., Ауғанстан) – филос. ғыл. докт. (1990), проф. (1991). Киев мемл. ун-тінің филос. ф-тін (1967) және оның аспирантурасын (1970) бітірген. ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) аға оқытушы, доцент (1971–87), Қазақстан КП ОК жанындағы ұлтаралық қатынастар секторының меңгерушісі (1988–90), Қазақстан менеджмент, экономика және болжау ин-тында кафедра меңгерушісі (1991–94), ҚР Президенті аппаратында кеңесші (1995–97), 1997 жылдан ҚазҰПУ-да кафедра меңгерушісі (тарих ф-тінің деканы, 2000–02) және осы ун-ттің «Хабаршы» журналының бас редакторы қызметтерін атқарды. Оның ғыл.-зерт. жұмыстарының негізгі бағыты – ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті, этносаяси қауымдастық, халықтардың бірлігі мен әр түрлі ойлау стилі, т.б. мәселелер. "Ғылыми-техникалық революция және қоғамдық өмірдің интернационализациялануы: әлеуметтік-философиялық талдау" деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Ә. 500-ден астам ғыл. мақаланың, оның ішінде 32 монографияның авторы. (8.4.1940 ж.т., Ауғанстан) – филос. ғыл. докт. (1990), проф. (1991). Киев мемл. ун-тінің филос. ф-тін (1967) және оның аспирантурасын (1970) бітірген. ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) аға оқытушы, доцент (1971–87), Қазақстан КП ОК жанындағы ұлтаралық қатынастар секторының меңгерушісі (1988–90), Қазақстан менеджмент, экономика және болжау ин-тында кафедра меңгерушісі (1991–94), ҚР Президенті аппаратында кеңесші (1995–97), 1997 жылдан ҚазҰПУ-да кафедра меңгерушісі (тарих ф-тінің деканы, 2000–02) және осы ун-ттің «Хабаршы» журналының бас редакторы қызметтерін атқарды. Оның ғыл.-зерт. жұмыстарының негізгі бағыты – ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті, этносаяси қауымдастық, халықтардың бірлігі мен әр түрлі ойлау стилі, т.б. мәселелер. "Ғылыми-техникалық революция және қоғамдық өмірдің интернационализациялануы: әлеуметтік-философиялық талдау" деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Ә. 500-ден астам ғыл. мақаланың, оның ішінде 32 монографияның авторы. КӨМЕКБАЕВ АУЫЛЫ. Қызылорда облысының Қармақшы ауданындағы ауыл, ауылдық әкімшілік округтің орталығы. Аудан орт. – Жосалы кентінен оңт.-батысқа қарай 145 км қашықтықта, шөлде орналасқан. Тұрғыны 1,2 мың адам (1999). 1964 ж. ҚазКСР Мин. Кеңесінің қаулысымен “Жаңақала” атты қаракөл ш-мен айналысатын кеңшар болып құрылды. 1983 жылдан Кеңес Одағының батыры, осы жерде туып-өскен Тәйімбет Көмекбаевтың есімімен аталады. Ауылда “Жаңақала” АҚ және бірнеше шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Ауыл жерінде “Қарақ жалы”, Жәрімбет би кесенесі, т.б. тарихи орындар бар. КӨМЕКШІ ЕТІСТІК. толық лексикалық мағынасы жоқ, жеке тұрып сөйлем мүшесі бола алмайтын, тек негізгі етістіктермен, есім сөздермен тіркесіп қолданылатын етістіктер. Қазақ тілінде 4 К.е. бар: е (еді, екен, емес), жазда, ет, де (деді, деген, десе, дейді). Мыс., Жаманға жүзің салма малды екен деп, жақсыдан күдер үзбе жарлы екен деп (ел аузынан). Жеке тұрып лексик. мағына білдіре алмайтын, сөзге әр түрлі грамматикалық мағыналар үстейтін мұндай К. е-тер мәнсіз көмекші етістіктер деп аталады. Қазақ тілінде толық лексик. мағынасы бар бірқатар етістіктер әрі негізгі, әрі К. е. мәнінде жұмсалады. Қазақ тілінде мұндай отызға тарта етістік бар: ал, бар, бер, бол, жібер, кел, кет, т.б. Мыс., қал (негізгі етістік) – айтып (К. е.), қой (негізгі етістік) – айтып (К. е.), жөнел (негізгі етістік) – жүгіре (К. е.). Лексик. мағынасынан айырылып, К. е. мәнінде жұмсалған мұндай етістіктерді мәнді көмекші етістіктер дейді. Мыс., Бір күні ел көшкенде, қыр астында ойнап жүріп, екеуі жұртта қалып қойыпты (Ы.Алтынсарин). К. е. негізгі етістікке есімше, көсемше тұлғалары арқылы тіркеседі: айтып қой, жаза сал, бара жатыр. Әдеб.: Оралбаева Н., Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық форманттары, А., 1975; Исаев С., Қазақ тілі, А., 1993; Қазақ тілі, А., 1996. КӨМЕКШІ СӨЗДЕР. лексикалық мағынадан айырылып, грамматикалық қызметке ауысқан, сөйлемде жеке қолданылмай, толық мағыналы сөздерге тіркесіп, түрлі грамматикалық мағыналар үстейтін сөздер. Мыс., ең әдемі, көре алады, барса екен, айтуы керек, т.б. К. с. көмекші есімдер, көмекші етістіктер, шылаулар, модаль сөздер болып бірнеше түрге бөлінеді. К. с. тілдің грамматик. құрылысына кең таралған. КӨМЕШ. көмбе – ұлттық тағам. К. деп отқа, қоламтаға көміп пісірілген етті, бауыр мен көкбауырды, бүйректі, айналдырған тоқішек қималарын, нан, картоп тағамдарын айтады. Бірақ жол азықтары ішінде К-ке, көбінесе, көміп пісірген мол ет жатады. К-тің жоғарыда айтылғандай – қой К., сылама К., қарын К., тандыр К., жаужұмыр деп аталатын түрлері бар. Бұл К-терді даярлағанда, әдетте, марқаның, бағланның, ту қой мен серкенің етін түгелімен қыздырған ұраға және шоққа көміп пісіреді. Ұраға көміп пісірудің де бірнеше әдісі бар. Мыс., малдың терісін бітеу сыдырып алып, етін онша ұсақтамай жіліктеп, тұздайды, ішек-қарнын, бауырын бөлшектемей тазартып, пияз, бұрыш сеуіп, бітеу сыдырылған теріге салып түйрейді. Басты кейде терісінен ажыратып, кейде бөлек үйітіп, жағын айырып салады. Етке ешқандай су құйылмайды. Ет көмілетін жер ошақ мал сойылмастан бұрын қазылып, ішіне от жағылып қыздырылады. Жер ошақ әбден қызып болды-ау дегенде қоламтаның ортасын шұқырлап, теріге салған етті көмеді. Оның үстін 15 – 20 см қалыңдықта топырақпен жауып, үстіне тағы да от жағады. Көмгеннен кейін қоламтаны, сыртында жанып жатқан отты көсеуге болмайды. 2,5 – 3 сағат мөлшерінде К. пісіп болады. Бұл әдіспен пісірілген малдың, аңның еті әдеттегі сорпаға піскен еттен дәмді және өзіне тән хош иісі болады. Еттің өз қан-сөлінің өзіне тұздық болуы, иісі, буы, дәмі – бәрі өзінде сақталуы оған айрықша дәм береді. Мұны қой К. деп атайды. Қой К-інің бір түрін сылама К. дейді. Қарын К. жіліктеп бұзылған ет, дәмдендіргіш заттар салынып, қарынға тығылады да, қой К. тәрізді етіп пісіріледі, тек көмген уақытта қарынның түкті жағы сыртына қаратып түйреліп, аузы жоғары қаратып көмілуі керек. Тандыр К. ертеде жорықшылардың, бірнеше күндік сапарға шығатын жолаушылардың аялдамаларында жасалған. Ондай жағдайда тастан, кесек батпақтан, кірпіштен қалап, іші-сыртын сылап кәдімгі тандыр жасалады. Мұндай тандырға бір ғана ет К. емес, сүт пісіруге, нан, бәтір, күлше пісіруге, кейде тіпті көже, ботқалар пісіруге де болады. Ал, ет К. жасағанда беті жабық қыш, шойын ыдыстарға салып, немесе қой К., қарын К. пісіретін әдістер қолданылады. Әдеб.: Қасиманов С., Қазақтың ұлттық тағамдары, А., 1977. КӨМІР. өсімдік қалдықтарынан түзілген жанғыш қатты шөгінді кен жынысы. К. құрамында әр түрлі мөлшерде минералдық қоспалар (50%-дан аспайды) бар, ол басқа шөгінді кен жыныстарының арасында қабаттар түрінде кездеседі. Күлділігі жоғары түзілімдерді көмірлі кен жыныстар деп атайды. К-дің генетик. жіктелімі көмір түзілудің алғашқы сатысындағы органик. заттар түрленуінің бастапқы процестерін ескере отырып жасалады. Жіктелімде К. үш генетик. топқа бөлінеді: гумолиттер, сапропелиттер, сапрогумолиттер. Олардың біріншісі – тек жоғары сатыдағы өсімдік қалдықтарынан, екіншісі – негізінен, төм. сатыдағы өсімдік қалдықтарынан, ал сапрогумолиттер аралас өсімдік қалдықтарынан тұрады. Хим. құрамының, физ. және технол. қасиеттерінің өзгешеліктеріне қарай К. мынадай негізгі табиғи түрлерге ажыратылады: қоңыр көмір, таскөмір, антрацит. К-дің қасиеттері оның петрогр. құрамына, көмірлену дәрежесіне және минералдық микроқұрауыштардың мөлшеріне байланысты болады. К-дің тығызд. 0,92 – 1,7 г/см3 аралығында, бұл көрсеткіштің мәні күлділік азайған сайын төмендейді; қатт. Моос шкаласы бойынша 1 – 3 аралығында. Органик. массасының элементтік құрамы көміртектің басымдығымен (қоңыр көмірде 65%, антрацитте 98%), оттек (тиісінше 30-дан 1%-ға дейін) және сутек (6-дан 1%-ға дейін) мөлшерімен сипатталады. К-дің басты технол. көрсеткіштері – ұшпа заттардың шығымы, біріккіштігі, күлділігі. К. – бағалы металлургиялық және хим. өнеркәсіп шикізаты, отын ретінде кеңінен пайдаланылады. К. бітімі қабатты, түйіршікті, құрылымы біртекті және жолақты; түсі қоңырдан сұр қараға дейін, күңгірттен металл түске дейін жылтырайды. К. әлемнің барлық жерінде кең таралған пайдалы қазба. Қазақстанда аса ірі көмір кендері Қарағанды көмір алабында, Екібастұз көмір алабында орналасқан. КӨМІРЛЕНУ. шымтезектің көмірге айналу және ол көмірдің геологиялық факторлар (жылу мен қысымның артуы) әсерінен одан әрі өзгеру процестерінің жиынтығы. Көмір түзілу процесі екі фазаға бөлінеді: гумидтену (шымтезек түзілу) және көмірлену. К. өз кезегінде диагенез (шымтезектің қоңыр көмірге айналуы) және метаморфизмге (қоңыр көмірдің эволюциясы, яғни оның тас көмірге және одан кейін антрацитке айналуы) жіктеледі. К. кезінде көмірдің органик. массасы тығыздалады және төмен молекулалы заттардың бөлініп шығуынан оның массасы азаяды, жылтырлығы, электр өткізгіштігі (әсіресе антрациттерде), шағылыстыру қабілеті, сыну көрсеткіші артады. К. кезіндегі хим. өзгерістердің нәтижесінде көміртектің мөлшері артады, оттек пен ұшпа заттардың шығымы азаяды; жылу бөлінгіштігі артады, бірақ одан кейінгі сутектің күрт азаюына байланысты қайта азаяды. КӨМІР ӨНЕРКӘСІБІ. елдің халық шаруашылығындағы және минералдық-шикізат кешеніндегі базалық салалардың бірі. Ол энергетиканы, металлургияны, химия өндірісін, өнеркәсіптік және коммуналдық қазандықтарды, ауыл ш-н, халықты отынмен қамтамасыз етеді, сондай-ақ қазба көмірді өндіру және өңдеу (байыту мен брикеттеу) шараларын да қамтиды. Көмірден түрлі әдістермен шаруашылықтың әр саласына қажетті 350-ден астам құнды заттар алынады. Қазақстанда К. ө. шаруашылықтың ең көне саласына жатады. 1833 ж. қойшы Байжанов Аппақ Қарағанды мекенінен “отқа жанатын қара тасты” кездейсоқ тауып алған. Бірақ 23 жыл өткеннен кейін ғана өнеркәсіп иелері кен орнына назар аудара бастады. Қарағанды кенінен алғашқы 30 жылда (1857 – 87) 303 мың т немесе әр жылы орта есеппен 10 мың т көмір өндірілді. Ал, кейінгі 21 жылда (1899 – 1920) мұнда 860 мың т көмір қазылды. 1905 ж. Қарағанды көмір кеніне француздар, сонан соң ағылшындар қожалық етті. Ол кезде көмір қазатын құрал қайла, күрек болды, тасымалдауға сүйретпе шана пайдаланылды. Көмір, негізінен, “Кариб”, “Карно”, “Герберт” секілді шағын шахта-кәсіпорындарда қазылды. Мұнда небәрі 1 қызмет үйі, балшықтан қаланған 3 үй, кірпіштен салынған 1 үй, 2 бу қазаны және 1 желдеткіш қана болды. 1920 ж. кен орнында 125 жұмысшы істеп, олардың әрқайсысы айына 26 т-дан көмір өндірді. 19 ғ-дың аяғында Қазақстан аумағында тағы да бірнеше кен орындары, соның ішінде Екібастұз көмір кеніші де ашылды. Бірақ олардың барлығынан алынған көмір небәрі 500 мың т-дай ғана болды. Қазақстанда кеңестік К. ө. 1930 жылдан құрыла бастады. Осы жылы Қарағандыда алғашқы 4 шахта ашылды. Қарағанды көмір алабында көмір өндірісін дамытуға үкімет тарапынан ерекше көңіл бөлінді. 1937 ж. Қарағанды көмір тресі 3,5 млн. т-дан астам көмір өндірді, мұның өзі 1936 жылмен салыстырғанда 10,1% артық еді. 2-дүниежүз. соғысқа (1941 – 45) дейінгі кезеңде 23 шахта ашылып, олардан 6 635 мың т көмір алынды. Осы жылдарда Қазақстан Кеңес Одағында өндірілген көмірдің 4%-ын берді. Көмірді қазу, қопару жұмыстары толық механикаландырылып, жұмыстың 80%-дан астамы көмір қопарғыш машиналармен атқарылды. Жер астынан көмірді тасып шығару жұмыстарын механикаландыру деңгейі артты. Жұмысшылардың еңбек өнімд. айына 42,6 т-ға дейін жетті. Соғыс жылдарында Қазақстанда көмір өндіру көлемі шұғыл артып, жылына 12 млн. т-ға дейін (одақ бойынша 8%) өсті. Бұл кезеңде Қарағанды Кеңес Одағының негізгі отын базасына айналды. 1945 ж. 39 шахта мен 3 тілік жұмыс істеді. Соғыстан кейінгі 10 жылда (1946 – 55) Қарағанды алабында жаңа шахталардың салынуы, Саран, Шерубайнұра тіліктерінің игерілуі, сондай-ақ, шағын шахталарды біріктірудің және көмірді ашық әдіспен алудың дамытыла бастауы нәтижесінде көмір өндіру 2 еседей артып, жылына 28 млн. т-ға дейін жетті. Салада аса өнімді комбайндарды, жер астынан дүркін-дүркін көмір таситын электровоздардың орнына толассыз конвейерлерді, механикаландырылған құралдарды пайдалану нәтижесінде көмір өндіру қарқыны арта түсті. Көмір тіліктерінде алымы аз бір шөмішті экскаваторлардың орнына, сағатына 5 мың т көмір өндіретін көп шөмішті роторлы экскаваторлар, паровоздардың орнына электровоздар қолданылды. 1955 жылдан бастап Қазақстанда К. ө-нің дамуы елеулі кезеңге аяқ басты. Осы жылы Екібастұз алабында 3 тілік пайдалануға берілді. Солардың бірі – жылына 50 млн. т көмір өндіретін дүние жүзіндегі ең ірі “Богатырь” тілігі. Екібастұз алабындағы көмір қоры (10 млрд. т) жер бетіне таяу жатыр әрі көмір қабаты 200 м-ге дейін жетеді. Осыған орай мұнда көмір ең тиімді ашық әдіспен қазылып алынады. Қазақстанда К. ө. орындары 1980 ж. 115 млн. т, 1985 ж. 131 млн. т көмір өндірді. Көмір өндіру көлемінің ең жоғары деңгейіне 1988 ж. қол жеткізілді (143 млн. т). Экон. реформалар жағдайында жүргізілген құрылымдық өзгерістерге байланысты көмір өндіру көлемі республикада 1989 жылдан бастап (138 млн. т көмір өндірілген) азая бастады. 1990 ж. республикада 131 млн. т көмір өндірілген болса, 1997 ж. өндірілген көмірдің көл. 72,6 млн. т болды. 1990 – 97 ж. елде көмір өндіру көл. 44,6%-ға құлдырады. Нарықтық экономикаға көшудің өтпелі кезеңіндегі қайта құру барысында К. ө. саласындағы мұндай дағдарыстың өзіндік объективті себептері болды: 1) отын-энергетика кешенінің (ОЭК) жұмыс істеудегі мақсаты өзгерді. Бұрын сандық көрсеткіштер көмір кәсіпорындарының әрқашан басты сипаттамалары болып есептелді, өйткені көмір стратегиялық шикізат қоры болып саналатын еді. Өнімнің сапасына назар аударылмады. Көптеген жылдар бойына бұрын іске қосылған шахталарды сақтай отырып, жаңа шахталар кең ауқымда салынып келді; 2) ОЭК жаппай мемл. меншіктен (олардың қорларын, мүлкін, өнімін қоса) меншіктің түрлі нысандары мен қатынастарына (жекеше, ұжымдық, мемл., аралас) көшіріле бастады. Нарықтық экономика талаптарына орай, көмір өндіретін кәсіпорындардың санын қысқарта отырып, басқару қайта ұйымдастырылды, көптеген тиімсіз, залалды шахталар жабылды; 3) кәсіпорындар мен саланың қысқа және орта мерзімді саясатын әзірлеу кезінде сұраным мен оның ауытқуы негізгі нысанға айналды, яғни өндіріс көлемін анықтау үшін төлеуге қабілетті сұранымның ықпалы күшейді; 4) ОЭК өнімінің сапасы, оның экологияға тигізетін әсері бірінші орынға қойыла бастады; 5) саланы мемлекет тарапынан қаржыландырудың тоқтатылуына, төлемнің төленбеу дағдарысына байланысты салаға жекеше және сыртқы инвестициялар тартуда қиындықтар туды; 6) энергет. саясатта және тиісінше елдің отын-энергет. балансының құрылымында да өзгерістер болды, көмірдің бұрынғысынша отын-энергет. баланста жетекші орын алатынына және оның экономикада стратегиялық маңызы зор екеніне қарамастан, экономиканы дамытудың жаңа басым бағыттарын белгілеуде және экспортқа бағдарланған салаларды басым дамытуда К. ө-не жете назар аударылмады. Саланың жағдайы 1999 жылдың 2-жартысынан бастап жақсара бастады. Көмір өндіру көлемінің өсу қарқыны 1999 жылмен (58,2 млн. т) салыстырғанда 2000 ж. (74,8 млн. т-дай) 28,5%-ға өсті. 1995 – 2000 ж. кезеңінде Қарағанды көмір алабында көмірді ашық және жерасты тәсілдерімен өндірудің арақатынасы айтарлықтай өзгерді. Бұл кезеңде Екібастұз көмір алабының рөлі артты. Қазір республикада өндірілген көмірдің жалпы көлемінің үштен екі бөлігін Екібастұз кеншілері өндіруде. Нарықтық экономика жағдайында “Богатырь Аксес Көмір” Қазақстан-Американ компаниясы құрылып, “Богатырь” кенжармасы соның қарамағына берілді. Екібастұз көмір алабының елдің отын-энергетика балансындағы рөлі арта түсті, осыны ескере отырып, Үкімет “Екібастұз көмірі” бағдарламасын бекітті, ал, Энергетика және минералдық қорлар мин. “Екібастұз тас көмір алабын игерудің кешенді жобасын” әзірледі. Бұл бағдарламалық құжаттар жер қойнауының ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етуге, көмір өндіру көлемін Қазақстан тұтынушылары мен экспорттың қажеттері деңгейіне дейін жеткізуге, өткізу рыноктарын сақтауға бағытталған. 2001 ж. көмір экспортының жалпы көл. 27 млн. т-дан асып түсті. Көмір өнімін шет елге шығару географиясы кеңейтілді, Қазақстан көмірін Румыния, Польша, Эстония тұтына бастады. К. ө. саласының өндірістік әлуеті республиканың қазіргі кезде шет елге шығарылатын көмір көлемін 30 – 35 млн. т-ға жеткізуіне мүмкіндік береді. Соңғы жылдары Шұбаркөл, Шөптікөл және Қаражыра кеніштеріндегі сапалы көмірдің үлесін молайту есебінен өндірілетін көмірдің құрылымын жақсартуға мүмкіндік туды. Қазіргі кезде Қазақстанда 100-ден астам көмір кеніштері орналасқан, олардың геол. қоры 176,7 млрд. т. Олардың ішінде барланған қор – 38,63 млрд. т және қазіргі кезде өндіруге жарамды көмір қоры 34,1 млрд. т. Республика бойынша тас көмірдің қоры 14,33 млрд. т, соның ішінде 12,39 млрд. т – А+В–С1 санатына, 1,94 млрд. т – С2 санатына жатады. Тас көмірдің негізгі кеніштері – Қарағанды, Екібастұз алаптары, Қошеке кеніші. Кокстелетін көмір Қарағанды алабында өндіріледі және көмір өндіру көлемінің 50%-ын құрайды. Кокстелетін көмірдің жалпы қоры 6,12 млрд. т-ға тең, олар, негізінен, А+В+С1 (5,82 млрд. т) және С2 (0,31 млрд. т) санатына жатады. Қоңыр көмір қорлары – 24,3 млрд. т, олардың 21,55 млрд т-сы – А+В+С1 және 2,55 млрд. т-сы С2 санатын құрайды және Торғай, Төменгі Іле алаптарында, Майкөбі кенішінде шоғырланған. Республика аумағы бойынша көмір қорлары мынадай тәртіппен орналасқан: Шығ. Қазақстанда 4,5 млрд. т жалпы геол. қор және 3,04 млрд. т барланған қор; Бат. Қазақстанда тиісінше – 2,9 млрд. т және 1,79 млрд. т; Солт. Қазақстанда 81,8 млрд. т және 18,52 т; Оңт. Қазақстанда – 33,0 млрд. т және 0,48 млрд. т. Салада 62 өнеркәсіп орны мен өндірістік бірлестік жұмыс істейді (1998), олардың өндіріс көл. 2698,5 млн. теңге болды. Шетпе. Шетпе - Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданындағы ауыл, аудан және өзімен аттас ауылдық округтің орталығы, темір жол станциясы. Облыс орталығы Ақтау қаласынан солтүстік шығысқа қарай 96 км жерде, Маңғыстау түбегіндегі Батыс Қаратау мен Шығыс Қаратау жоталары арасында орналасқан. Тұрғыны 11,0 мың адам (2006). Іргесі 1929-30 жылы "Ұшқын" серіктестігінің орталығы есебінен қаланған. 1933 жылы оның негізінде құрылған Жаңажол ұжымшарының,1965 жылы Маңғыстау ауданының орталығына айналды. 1967 жылы кент, 2000 жылы қайтадан ауыл болды. Шетпе арқылы Ақтау - Бейнеу темір жолы және Ақтау - Өтес автомобиль жолы өтеді. ҚОЖЫҚОВ Қоңырқожа. ҚОЖЫҚОВ "Қоңырқожа" (1880, Ақмешіт – 1938, Алматы) – қоғам қайраткері, ағартушы, ғалым. Қазақ-орыс мектебін, Ташкент мұғалімдер семинариясын бітірген (1900). Сырдария губерниясында мектеп инспекторы, қазақ-орыс уч-щесінің меңгерушісі, Түркістан, Перовск, Әндіжан қ-ларындағы мектептерде оқытушы болды. 1912 ж. Орынборда Қ. жазған “Әліппе” оқулығы және Шәді Жәңгірұлы мен Ғалиасқар Қасымовпен бірігіп шығарған “Русие патшалығында Романов нәсілінен хукимранлик қылған патшалардың тарихлары” (орысшасы – “Историческая поэма царствования Дома Романовых на киргизском языке”) атты дастаны жарық көрді. Патша өкіметінің 1907 жылғы 3 маусымдағы жарлығына сәйкес қазақтар мен Түркістан өлкесінің өзге де жергілікті халықтарының Мемл. Дума жұмысынан шеттетілуін нағыз әділетсіздік деп бағалап, ол жарлықтың күшін жою жолында ұйымдастырылған іс-шараларға қатысты, 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Ферғана өңіріндегі қазақтардың мүддесін қорғайтын “Көшпенді” атты ұйым құрып, оған жетекшілік етті. 1917 ж. тамызда өткен Түркістан өлкесі қазақтарының съезінде Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. Осы автономияның Уақытша кеңесінің мүшесі болып сайланды. Кеңес өкіметі орнағаннан кейінгі кезеңде М.Шоқай секілді қайраткерлермен астыртын байланыста болды. 1922 ж. Әулиеатада уездік жер басқармасында істеді. Жетісу өңіріне жиі экспедицияға шығып, көне қорғандар мен ескерткіштерді зерттеумен айналысты. Орхон жазуы, Қозы Көрпеш – Баян сұлу, Келіншектас, Ақтас мазарлары туралы ғыл. еңбектер жариялады. Араб, парсы, шағатай тілдерін жете меңгерген ол осы тілдердегі тарихи және әдеби шығармаларды қазақшаға аударды. 1936 ж. Қазақ КСР-інің мемл. көпшілік кітапханасына (қазіргі ҚР Ұлттық кітапханасы) Сүлеймен Бақырғанидің “Хикмет Хазірет Сұлтан әл-ғарифин” атты қолжазба кітабын тапсырды. 1935 – 36 ж. жарық көрген екі томдық “Қазақтың өткендегі тарихы туралы деректер мен материалдар” атты жинақты құрастырушылардың бірі. 1938 ж. халық жауы ретінде тұтқындалып, ату жазасына кесілді. 1957 ж. 23 желтоқсанда ақталды. ҚОЖЫҚОВ Қожахмет. ҚОЖЫҚОВ "Қожахмет Қоңырқожаұлы" (1910, Қызылорда қ. – 10.9. 1953, Алматы) – қазақтың ұлттық бейнелеу өнерінің негізін салушы тұңғыш кәсіби суретшілердің бірі, кескіндемеші, карикатурашы, график. 1926 – 28 ж. Мәскеудегі мемл. жоғары көркемөнер тех. шеберханасында оқыған. Оның 30-жылдары салынған “Егін орағы”, “Газет оқу” атты ұжымшар тыныс-тіршілігін көрсететін туындылары, “Алқызыл моншақты келіншек”, “Ақын толғанысы” (Жамбыл бейнесі) атты картиналары ұлттық бейнелеу өнерінің алғашқы қарлығаштары саналады. Қ. Қазақ мемл. драма және опера теа-трлары спектакльдерінің алғашқы суретші-безендіру-шісі болды. 1938 ж. қуғынға ұшырап, ұзақ жылдар лагерь азабын тартты. Айдаудан оралған соң, шығарм. және ұстаздық жұмыстармен айналысты. 1944 – 53 ж. “Қазақфильм” киностудиясының декораторы болды. Заманауи өзекті тақырыптарды қамтыған жүзден астам сатиралық линогравюралар жазды. Нәзік сыршылдыққа тұнған “Жайлауда” (1948), “Кешқұрым” (1949), “Қызыл көш” (1950), “Шабындық” (1950), “Асы жайлауына барарда” (1952), “Құлынды бие” (1952) атты акварельмен орындалған туындыларды өмірге әкелді. “Мың бір түн”, т.б. кітаптарды көркемдеді. Қ. туындылары Ә.Қастеев атынд. өнер мұражайында, ҚР Орт. мұражайында, Қарақалпақстанның бейнелеу өнері мұражайында (Нөкіс), сондай-ақ, С.Қожықовтың жеке қорында сақтаулы. ҚОЖЫҚОВ Құлахмет. ҚОЖЫҚОВ "Құлахмет Қоңырқожаұлы" (22.11.1914, Түркістан қ. – 22.8.1986, Алматы) – театр және кино суретшісі, график. ҚазКСР-інің еңб. сің. өнер қайраткері (1966). Санкт-Петербургтің үлкен театры жанындағы көркемсурет студиясын (А.Г. Тышлерден, В.М. Ходасевичтен, М.З. Левиннен) бітірген (1936). Өнердегі шығарм. жолын анасы Ләтипа Қожықова мен ағасы Қожахмет Қожықовпен бірге драма теа-тры сахнасын көркемдеуден бастаған. 1932 ж. осы өнер ордасының (қазіргі М.Әуезов атынд. Қазақ драма театры) суретшісі болды. 1938 – 41 ж. Алматы киностудиясында, 1942 – 48 ж. Орт. Біріккен киностудия құрамында суретші, 1949 – 54 ж. Қазақ мемл. баспасының суретшісі қызметін атқарды. 1970 – 86 ж. өзі ұйымдастырған Респ. қолөнер мұражайының тұңғыш директоры болды. Қазақ драма театрында спектакльдердің сахналық безендіруін жасады. 1944 ж. қойылған “Абай” операсының декорациясы мен костюмдерінің үлгілерін дайындап, көптеген опералық шығармаларды сахналауға қатысты. Қ. қазақ кино өнерінің дамуына да зор үлес қосты. Негізгі туындылары: “Домбыра сазымен” (1941), “Алып туралы ән” (1942), “Абай әні” (1945), “Біз Жетісуданбыз” (1955), “Менің атым Қожа” (1963), “Алдар Көсе”, “Атамекен” (екеуі де 1964) және “Гауһартас” (1970). Абай, М.Әуезов, Т.Г. Шевченко, Ы.Алтынсарин кітаптарын, “Ер Тарғын”, “Қыз Жібек”, “Қобыланды”, т.б. эпостарды безендірді. Қ-тың бірқатар график. туындылары пейзаж жанрына арналған: “Танаптағы орман” (1954), “Шырша” (1960), “Үшқоңыр жайлауы” (1969), т.б. Ол “Қазақ қолөнер шеберлері” ғыл.-көпшілік фильмін түсіруге атсалысты (1958). КӨМІРСУЛАР. химиялық құрамы Сm(H2O)n (яғни көміртек+су, аты осыдан шыққан) формуласымен өрнектелетін табиғи органикалық қосылыстар класы. К. – хим. құрамына қарай үлкен екі топқа бөлінеді: мономерлік К. немесе моносахаридтер және полимерлік К. – молекуладағы моносахаридтік қалдық санына байланысты олигосахаридтер мен полисахаридтерге бөлінетін моносахаридтердің конденсация өнімдері. Ашық түрдегі моносахаридтердің типтік формалары: альдоза үшін СН2ОН(СНОН)nСНО; кетоза үшін СН2ОН(СНОН)nСОСН2ОН, мұндағы n>1. Моносахаридтердің көп бөлігінде тармақталмаған көміртектік тізбек пен бір альдегидтік (альдозалық) немесе кетондық (кетозалық) топ болады. Тізбектегі көміртек атомының санына орай моносахаридтер тетрозаға (С4), пентозаға (С5), гексозаға (С6), т.б. бөлінеді. Кейде кетоза атауына “ул” жұрнағы жалғанады (мыс., пентулоза, гептулоза, нонулоза, т.б.). Моносахаридтерде көміртектің асимметриялық атомдары болады және оптик. белсенді стереоизомерлер түзіледі. К. табиғи көзден алынады. Барлық тірі организмнің құрамында болады. К. тамақ (глюкоза, крахмал, пектиндік заттар), тоқыма және қағаз (целлюлоза) өнеркәсіптерінде, микробиологияда (К-ды ашыту арқылы спирт, қышқылдар, т.б. алу) қолданылады, медицинада дәрі-дәрмек жасау үшін пайдаланылады. Фотосинтез нәтижесінде атмосферадағы су мен көмір қышқыл газынан түзілетін К. табиғи айналымда болады; қ. Көміртек айналымы. КӨМІРСУЛАР АЛМАСУЫ. тірі организмдерде жүретін көмірсулардың қорытылу, ыдырау, сіңірілу, сондай-ақ, олардың басқа қарапайым заттардан биологиялық түзілу процестерінің жиынтығы. Адам мен жануарлардың қоректенуіне қажетті негізгі көмірсуларға крахмал жатады. Адам қорегінде дисахаридтердің де атқаратын қызметі үлкен. Ферменттердің (амилазалар, мальтазалар, сахаразалар және лактазалар) әсерінен ас қорыту жолдарында бұл көмірсулар гидролиздік жолмен ыдырайды. Осының нәтижесінде түзілетін моносахаридтер (негізінен, глюкоза, фруктоза және галактоза) қан тамырлары арқылы тіндерге тарайды. КӨМІРТЕК. (лат. Carboneum), C – элементтердің периодтық жүйесінің ІV тобындағы хим. элемент, ат. н. 6, ат. м. 12,011. Табиғатта тұрақты 2 изотопы бар: 12С және 13С. Атмосфераның жоғары қабатында ғарыш сәулелерінің әсерінен радиоактивті 14С изотопы түзіледі. Жер қыртысындағы К-тің жалпы мөлш. 0,1%, ал атмосферада (СО2 түрінде) – массасы бойынша 0,012%. К. көмір, күйе түрінде өте ерте заманнан белгілі және әр түрлі металды тотықсыздандырып балқыту үшін пайдаланылған. Ол барлық тірі организмдердің – өсімдік, жануардың тінінде болады және олардың ыдырауы нәтижесінде пайда болған көмір, мұнай, газ, т.б. органик. заттарда көптеген минералдар (кальцит CaCO3, магнезит MgCO3, т.б.) құрамында болады. К. ауада, суда көмірқышқыл газ түрінде, табиғи суларда еріген күйінде кездеседі. К-тің 4 кристалдық модификациялары белгілі: алмас, графит, жасанды жолмен алынған фуллерен және карбин. К. – негізінен, ковалентті қосылыстар түзеді және тізбек түзгіш элемент. Ол ковалентті қосылыстарында 2 және 4 валентті. Қалыпты темп-рада К. хим. активті емес, қыздырғанда активтігі артады. Алмас пен графитке қарағанда аморфты К. (күйе, көмір) реакцияға оңай түседі. Қыздырғанда оттекпен әрекеттесіп көміртек диоксидін СО2, оттек жеткіліксіз болса көміртек (ІІ) оксидін СО, галогендермен әрекеттесіп СҒ4, ССl4, CBr4, CJ4 қосылыстарын, ал күкіртпен күкіртті көміртек CS2, азотпен циан (CN)2 түзеді. К. күшті тотықсыздандырғыш, жоғары темп-рада ол көптеген металл тотықтарынан (Fe2O3, CuO, т.б.) таза металды ығыстырып шығарады. К-ті катализатор қатысында қыздырғанда сутекпен әрекеттесіп метан, металдармен карбидтер түзеді. Қыздырғанда балқымай 3500С темп-ра шамасында буланып ұша бастайды. Ол еріткіштерде ерімейді, бірақ балқыған металдарда (темір, никель, платинада) ериді. Оны салқындатқанда графит түрінде К. бөлініп шығады, сондықтан оны металлургияда металл алу үшін қолданады. Аморфты К. газ және сұйық заттарды қоспасынан тазартуда, бояу жасауда, противогаздарда, жасанды алмас алуда, алмас – қатты материалдардың бетін өңдеуде, шыны кесуде, жер бұрғылауда, ал графит – қарындаш жасауда, т.б. қолданылады. КӨМІРТЕК АЙНАЛЫМЫ. табиғатта көміртектің үздіксіз айналу құбылысы. Тірі организмдердегі көміртектің құрамы (құрғақ затқа шаққанда): су өсімдіктері мен жануарларда 34,5 – 40%, құрғақтағы өсімдіктер мен жануарларда 45,4 – 46,5%, бактерияларда 54% болады. Организмдердің өмір сүру процесі кезінде, негізінен, тыныс алу арқылы органик. қосылыстар ыдырап, сыртқы ортаға көмір қышқыл газы бөлінеді. Сондай-ақ көміртек, зат алмасудың күрделі соңғы өнімдері құрамынан да бөлінеді. Жануарлар мен өсімдіктер тіршілігін жойғаннан кейін де микроорганизмдер әрекетінен шіріп, көміртектің біраз бөлігі көмір қышқыл газына айналады. Фотосинтез нәтижесінде өсімдікке сіңеді, одан көмірсуға, крахмалға, т.б. айналады, қорегі арқылы тірі организмдерге ауысады. Демек, табиғаттағы К. а., оның Жер қыртысындағы жинақталуы мен таралуы, едәуір дәрежеде атмосферадағы көмір қышқыл газының фотосинтез кезінде ассимиляцияға ұшырайтын өсімдік организмдерінің өмір сүруімен тығыз байланыста өтеді. Шіру, жану және дем алу нәтижесінде көміртектің белгілі бір бөлігі атмосфераға қайтып оралады, қалғаны органик. немесе карбонаттық қалдық түрінде бөлінеді, минералданып көмір, мұнай, әктас, т.б. кен шоғырларын түзеді. Көміртек атмосфераға адамзаттың өндірістік әрекеті салдарынан да бөлінеді; қ. Биосинтез, Биосфера. КӨМІРТЕКТІК БІРЛІК. 12С көміртек изотопы атомы массасының 1/12 бөлігіне тең массаның атомдық бірлігі. Қазіргі хим. кестелерде элементтердің салыстырмалы атомдық массалары К. б-пен берілген. К. б-ті 1959 ж. Теориялық және қолданбалы химияның халықаралық одағы (ІUPAC) ұсынды. Мұның себептері: біріншіден, көміртек өте көп хим. қосылыстар түзе алады. Сондықтан ол арқылы басқа элементтер мен қосылыстардың салыстырмалы атомдық және салыстырмалы молек. массаларын есептеуге болады. Екіншіден, табиғатта таралған заттардағы көміртектің басқа изотоптарының массалық үлестері өте аз, сондықтан жаңа шкаладағы элементтердің салыстырмалы атомдық массаларының мәндері бұрынғыдан көп өзгермейді, тек дәлірек болады. Үшіншіден, осы күндері атомдық массаларды анықтау үшін қолданылатын масс-спектрометрлерде басқа элементтерге қарағанда көміртек атомдары мен иондары оңай және дәл анықталады. Сондықтан ІUPAC конгресінде көміртектің 12С изотопы массасының 1/12 бөлігін массаның атомдық бірлігі (көміртектік бірлік) ретінде қабылдады (1961). Көптеген елдерде оны көрнекті ағылшын ғалымы Дж. Дальтонның құрметіне дальтон деп атап, D деп белгілейді. 1D=1,6605410–27кг. КӨНБІСТІК. адам бойындағы төзімділікті білдіретін этикалық ұғым. Мұндай мінез-құлықтың тұрақты қасиетке айналуы сол адамның атқаратын ісіне, тіршілікте кездесетін ауыр тұрмысы мен әр түрлі қиыншылықтарға шыдамдылығына байланысты. К. әр адамның мінез ерекшеліктерінің сан алуан сипат-қасиеттерінен де айқын байқалады. Ондай қасиеттер: тіл алғыштық, қиындыққа шыдамдылық, жуастық, мойынсұнушылық. К. мінездің ерекшелігі ретінде танылатын сыпайылық пен кішіпейілдік қасиеттер жалпы ұнамды сипат деп саналғанымен, кей ретте оның жағымсыз көрінетін жағы да бар. Ол ынжықтық пен үнемі бағыныштылықты білдіруі мүмкін. Мұндай жағдайда адам жанының ар-намысын, бойындағы ерік-жігер қасиеттерін ояту керек. КӨНЕ АҢҒАРЛАРДЫҢ АРТЕЗИАН АЛАБЫ. арынды жер асты суы таралған алқап. Бұлардағы су жер астындағы көне аңғарлардың терең ойпаңдарына жиналған және үсті су өткізбейтін тау жыныстарымен (саз, т.б.) көмкерілген. Көне аңғарлардың артезиан алабтары Сарыарқада кеңінен тараған (Нұра, Сарысу, Шерубайнұра, Тоқырау, Жәмші, т.б. өзендердің көне аңғарлары). Олар палеозойдың жартастық жыныстарында орын алған палеогеннің құм аралас қиыршықтас, құм шөгінділерінде қалыптасқан, үсті неогендік әр түсті, қалыңд. 40 – 50 м-ге дейін саз қабаттарымен жабылған. Белгілі бір көне аңғардың ұзына бойы қимасында біртұтас артезиан алабы немесе аңғар арнасының эрозиялық терең ойпаттарында тұйықталған, бір-бірімен гидравлик. жағынан байланысты бірнеше жеке артезиан алаптарының қалыптасуы мүмкін. Көлденең қимасында алаптың құрылысы төбесі көмілген аңғар арнасының су ағарында конус тәрізді немесе түбі жайпақ, кемері тік астау пішіндес. Арынды су қабатының қалыңд. 3 – 5 м-ден 20 – 30 м-ге дейін өзгереді, ең қалың жері арна маңы бөлігінде: ені орташа есеппен 3 – 5 км, аңғардың кеңірек учаскелерінде 10 – 12 км-ге дейін артады. Арынды сулар, әдетте, 20 м-ден 80 – 90 м-ге дейін, орташа есеппен 30 – 50 м тереңдікте жатады. Су өткізбейтін жамылғылары жоқ жерлерде (оны қазіргі бар өзендер шайып кетуі салдарынан) артезиан сулары қазіргі аңғарлардың жоғары деңгейлерімен түйісіп, бірыңғай арынды-арынсыз су жүйесін құрайды. Ұңғымалардан шыққан судың өнімд. секундына 3 – 15 л-ге дейін, ірі алаптарда 30 – 40 л-ге дейін жетеді. Жер асты суларының минералд. 1 – 2 г/л, алаптың төм. ағысында 3 – 5 г/л-ге дейін артады. Судың хим. құрамы хлоритті-сульфатты, гидрокарбонатты-хлоритті-натрийлі және кальцийлі. Көне аңғардың сулары жарықшақтардағы сулардың құйылуы, тектоник. жарылым аймақтарындағы жеке учаскелердегі жер асты суларының сүзілуі, жауын-шашын суларының жерге сіңуі есебінен қоректеніп толығады. К. а. а. а-ндағы жер асты сулары елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етуде, өнеркәсіп салаларын, а. ш-н сумен жабдықтауда кеңінен пайдаланылады. КӨНЕ ДҮНИЕ ӨНЕРІ. Жерорта т. маңайындағы (әсіресе Ежелгі Грекия мен Римде) Алдыңғы Азияның Қара т-бен шектесетін елдерінде б.з.б. 1-мыңжылдық пен б.з-дың 5 ғ-на дейінгі кезеңде дамыған. К. д. ө. тарихта өшпес із қалдырып, басқа елдерге ықпал еткен көне Шумер, Мысыр мәдениетінен және осы маңайда тұрған түркі тілдес халықтарға жақын этрус, аландар өнерінен бастау алады. К. д. ө. негізінен адамның сұлулығы мен асқақ рухын, жасампаздығын бейнелеуге ұмтылды. Сәулетті сарайлар (Парфенон, Гера ғибадатханалары, Афина акрополі, т.б.) салынып, мүсіндер (Родос – Гелиос, Афина мүсіні, т.б.) сомдалды. Осы кезеңде сәулет және мүсін өнерінің әйгілі шеберлері өмірге келді (Иктин мен Калликрат, Поликлет пен Мирон, Фидий және Пракситель, т.б.). Кейінгі дәуірде К. д. ө. басқа елдер өнерінің дамуына біршама ықпал етті; қ. Грекия, Рим империясы. ҚОЖЫҚОВ Сұлтанахмет. ҚОЖЫҚОВ "Сұлтанахмет Қоңырқожаұлы" (10.3.1923, Тараз қ. – 11.3.1988, Алматы) – кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1972). Соғыстан оралғаннан кейін мерзімді басылымдарда карикатуралары мен саяси тақырыптағы суреттерін жариялай бастады. Бүкілодақтық мемл. кинематогр. ин-тының реж. ф-тін (А.Довженко шеберханасында) бітірген соң, 1952 жылдан “Қазақфильм” киностудиясында режиссер, 1974 жылдан көркемдік жетекші болып істеді. Осында өз сценарийі бойынша, жас ұрпақ тәрбиесі мәселесін қозғайтын “Ана мен бала” атты тұңғыш көркем фильм түсірді (1955). Тарихи және заманауи тақырыптарда “Біз Жетісуданбыз” (1958), “Егер біздің әрқайсымыз” (1961, екеуінің де сценарийін жазуға қатысқан), “Шыңдағы шынар” (1965) фильмдерін қойды. 1970 ж. Қ. өзінің басты жұмысы – “Қыз Жібек” фильмін қойды. 1985 ж. Қажымұқан жайлы “Бізді танып қойыңдар” көркем фильмін түсірді. Қ. 1972 ж. “Қыз Жібек” фильмі үшін Қазақстан Мемл. сыйл. лауреаты атанды. “Қызыл Жұлдыз” орденімен және медальдармен марапатталған. ҚОЖЫҚОВА Ләтипа. ҚОЖЫҚОВА "Ләтипа Мұңайтпасқызы" (1892, қазіргі Қызылорда обл. Қармақшы ауд. – 1.4.1960, Алматы) – сән және қолданбалы өнер шебері, КСРО, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі (1957). Ауыл мектебінде оқыған. Қоңырқожа Қожықовқа тұрмысқа шыққан. Түркістан Республикасы ОАК Ташкентте ашқан Қазақ пед. уч-щесіндегі көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысқан. Үйірме мүшелерінің күшімен “Шығыс кештері” ойын-сауық бағдарламасы бойынша әзірленген “Біржан – Сара” спектаклінде (реж. Д.Әділов) Сараның анасының рөлін ойнаған (1921). 1925 – 36 ж. Қазақ драма театрында, 1936 – 58 ж. Абай атынд. Опера және балет театрында қызмет етті. Қазақ әдебиеті мен өнерінің Мәскеуде өткен онкүндігіне қатысқан (1936). 1937 – 38 ж. ері Қоңырқожа, үлкен ұлы Қожахмет және жақын туыстары саяси қуғынға ұшырағанда мойымай, шығарм. өнерін дамыта түсті. Екінші дүниежүз. соғыс жылдары Ф.Рузвельтке сыйға тартылған, Мемл. тапсырыспен Қ. тіккен қазақтың ұлттық киімдері қазір АҚШ-тағы Рузвельт музейінде, сондай-ақ, ежелгі қазақ қолөнері дәстүрінде тоқылған сәндік бұйымдары мен ұлттық киім үлгілері Алматыдағы Ә.Қастеев атынд. Өнер музейі мен ҚР обл. музей қорларында сақтаулы. КӨНЕК. 1) ыдыс. К. түйенің терісінен жасалады. Әдетте, К-тің үстіне геом. зооморфтық, мүйіз, өсімдік тәріздес, т.б. ірі оюлар түсіріледі. Теріні К. пішініне келтіріп, тігіп, ішін сабанмен кептеп қойып, кепкен соң сабанды алып, тезек шоғының түтініне ыстайды. К. бие саууға қолданылатын ыдыс. К-тің кейбір түрлері бие сүтін сақтау үшін де қолданылады. 2) Алғаш құда түсіп, құйрық-бауыр жегенде құдалар жасайтын кәде. Құда түсе келгенде қыз ауылындағы біреу ”К.” деп шелекті іліп қойып, тоқылдатып, “Көнегімді” бер деп, келген құдалардан кәдесін алған. Тарту-таралғыны көп берсе, К-ке көңілі тояды, егер К-ке көңілі толмаса “К-ті” шайқаймын, ішіндегі суы төгіледі” деген бопсамен әзілдеп, кәдесін алады. Мұны К-ке салар деп те атайды. ӘРІП. ӘРІП —дыбыстың графикалық таңбасы. Ә. дыбысты белгілегенімен, Ә. пен дыбыстың арасында табиғи байланыс жоқ. Ә. — шартты таңба. Әліпбиде қанша Ә. болуы тілдегі дыбыстың санына байланысты. Бірақ дыбыс пен Ә. саны бірдей бола бермейді. Е, ю, я Ә-тері екі дыбысты, ал ъ — қатаңдықты, ь — жіңішкелікті белгілейді. Қазіргі қазақ тілінде 37 дыбыс, 42 әріп бар. Бұл 1940 ж. кирилл графикасына көшуге орай қазақ әліпбиінің негізінде бекітілді. Ә-тің баспахана ісіне бейімделген баспа түрі және қолмен жазуға бейімделген жазба түрі болады. Ә. қағаз не жазуға келетін затқа жазу құралымен түсірілетін таңба болғандықтан, оны көзбен көруге болады. Ә-те құбылмалық қасиет жоқ, ол тұрақты, бірақ ғалымдардың өзара келісімімен оны өзгертуге болады. Қазақ жазуының тарихында мұндай өзгертулер болған. Әдеб.: Аханов К.А., Тіл біліміне кіріспе, А., 1965. Н. Оралбаева ӘРІП (Мұхамедғарып) Тәңірбергенұлы. ӘРІП (Мұхамедғарып) Тәңірбергенұлы (1856, қазіргі Шығыс Қазақстан обл. Жарма ауд. Үшбиік т.ж. бекеті, Жыланды мекені — 21.6.1924, сонда) — ақын. Абайдың талантты шәкірттерінің бірі. 11-12 жасында ауыл медресесінде, бастауыш орыс мектебінде оқыған. 1877 ж. Семейдегі уездік уч-ге оқуға түсіп, оны 1881 ж. үздік бітірген. Семейде оқыған кезінде Абаймен танысып, оны өзіне ұстаз тұтқан. 1882 — 84 ж. Сергиополь у-нде тілмаш болып істеді. 1884 — 87 ж. Шәуешек қ-нда Ресейдің Қытайдағы елшілігінде тілмаш болып қызмет атқарды, одан кейін Қапалда, Бішкек және Алматы қ-ларында почта саласында істеп, 1890 ж. өзі туып өскен Қандығатай, Еңірекей болыстарында тілмаш болды. Ә. татар, орыс тілдерін жетік білумен бірге араб, парсы, түрік, қытай тілдерін жақсы меңгерген. Шығыс және орыс классик. әдебиетін оқып, нәр алған. Бала күнінен ақындық жолға түсіп, ақындар айтысына қатысқан. өлеңді қолма-қол суырып салып айтуға шебер, айтыс өнерінің өрен жүйрігі болды. Оның Сәдір, Қуанышбай, Қаумет, Боранбай ақындармен, Көкбай, Әсет сияқты Абайдың талантты шәкірттерімен айтыстары белгілі. Ә. шығыстың ғажайып оқиғалы ертегілік сюжетіне құрылған бірнеше дастан жазған. Оның алғашқысы “Зияда-Шаїмұрат” дастаны 1884 ж. жазылып, 1890, 1892, 1893, 1896, 1909, 1912 ж. немере туысы Жақып Байжігітұлының атынан Қазан қ-нда баспадан шыққан. “Қисса-и Бәїрам” дастаны 1908, 1912 ж. жарық көрді. Осы шығармалары және “Қожа Ғапон” “Нұрғызарун”, “Таїир” дастандары — махаббат тақырыбына арналған қисса үлгісіндегі туындылар. Ә. сонымен бірге, ислам дінін жақсы біліп, мұсылмандық әдет-ғұрыптарды зерттеген. Ә-тің қиссашылдығын айыптаған Абайдың әділ сынынан кейін ол өз кезінің әлеум. өмір шындығын жырлауға бет бұрып, қарапайым халық жоқшысы болды. өлеңдерінің тақырып аясы кеңейіп, ғылым, білім, еңбек туралы шабыттана жырлап, сараң байлар мен жебір би-болыстарды, өтірікші-өсекшілерді, халық есебінен күн көруші пайдакүнем алаяқтарды сын тезіне алды. Көптеген өлеңдерінде қалың мал сияқты ескі әдет-ғұрыпты әшкерелеп, әйел теңдігі мәселесін батыл көтерді, өнер-ғылымды насихаттап, жастарды білім алуға шақырды. Ә. өз шығармашылығында Абайдың дәстүрін ілгері жалғастыра білді. Қапалда қызметте болған кезінде атақты ақын қыз Сарамен танысып, ғашықтық жырларын арнады. Біржан — Сара айтысын көркемдік жағынан қайта өңдеп, хатқа түсірді, баспаға ұсынып, мәңгілік мұра етіп қалдыруда көп еңбек сіңірді. Ә. 1913 ж. айтыс түріндегі “Тәуке-Ұрқия” дастанын жазды. А.С. Пушкиннің “Евгений Онегин” романын еркін аударма үлгісінде өлеңмен қазақ тіліне аударды. Ш ы ғ.: Ұмытпаңыздар мені. А., 1969, Кіт.: ХХ ғасыр басындағы қазақ ақындарының шығармалар жинағы, А., 1963; Әдеб.: Ә у е з о в М., Абайтанудан жарияланбаған материалдар, А., 1998; К е н ж е б а е в Б., ХХ ғасыр басындағы әдебиет, А., 1993; М ұ х а м е д х а н ұ л ы Қ. Абайдың ақын шәкірттері, А., 1995. С. Қорабай ӘРІПТЕС. ӘРІПТЕС — бір салада қызмет атқаратын адамдар. Той-думанда өзара айтысатын ақындар да бір-біріне Ә. болады. Бұларды кейде үзеңгілес, сырлас, сыбайлас деп те атайды. Ә-тер бір-біріне іш тартып жүреді. А. Жүнісов ӘСЕЛ. ӘСЕЛ (Bellіs) — күрделі гүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанда көп жылдық Ә. (B. perennіs) түрі ғана кездеседі. Ол бау-бақшаларда, саябақтарда, гүлзарларда өседі. Биікт. 10 — 15 см болады. Күрекше пішінді жапырақтары сабақ астына шоғырлана орналасқан. Жиектері ұсақ тілімделген. Гүлдері дара, кейде бірнешеу болады. Гүл жапырақшалары ақ немесе қызғылт түсті. Мамыр — маусым айларында гүлдейді. Тұқымынан және өсімді (вегетативті) жолмен көбейтіледі. Ә. — жарық сүйгіш өсімдік. Ылғалды топырақта жақсы өседі. С. Тұрдиев ӘСЕМГҮЛ. ӘСЕМГҮЛ (Hyalea) — күрделі гүлділер тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанда кәдімгі Ә. (H. pulchella) түрі кездеседі. Ол Торғай үстіртінде, Зайсан қазаншұңқырында, Маңғыстау түбегінде, Балқаш — Алакөл ойысында, Жоңғар, Қле, Күнгей Алатауларында, Қаратауда өседі. Биікт. 70 — 80 см болады. Бұтақты келеді. Оған бүтін жиекті, ұзынша жапырақтары кезек орналасады. Қызғылт, кейде ақ түсті гүлдері себет гүлшоғырына топталған. Мамыр — шілде айларында гүлдеп, жеміс береді. С. Арыстанғалиев ӘСЕМДІК. ӘСЕМДІК — адамды эстетикалық ұғым, материалдық және рухани дүниенің ләззатқа бөлейтін сипаты. Ә. әдемілікпен тектес. Бірақ әдемілік объектілердің сыртқы және ішкі қырларын бірдей қамтыса, Ә. құбылыстардың сыртқы көзге түсетін және пішіндік ерекшеліктерін эстетик. тұрғыдан қабылдауға жатады. Ә. ең алдымен, тепе-теңдік, тұтастық, үйлесімділік, ырғақтылық, мақсатқа сәйкестілік, түс пен жарықтың белгілі бір мөлшері т.т. табиғи өлшемдермен айқындалады. Ә-тің осындай табиғи өлшемдерін эстетик. түйсінуде адамның сезім мүшелерімен қатар, оның ішкі түйсігі мен ақыл-парасаты ерекше рөл атқарады. “Пішіннің сыртқы Ә-гі” (Гегель) оның ішкі мазмұнымен сәйкес келмеуі мүмкін. Жылтырағанның бәрі әдемі емес. Керісінше, сыртқы сұрықсыздық пен сиықсыздық тасасында жоғары жан сұлулығын кездестіру әбден мүмкін. Қзгілік пен жылылықтан ада Ә. кейпіне ежелгі қазақ аңыздарындағы Пері қызы, грек мифологиясындағы Нарцисс бейнесі де жатады. Алайда Ә-ті рухани сұлулықтан алшақтатып жіберген дұрыс емес. өмір мен өнердегі Ә. рухани қуаныш пен ләззатқа бөлей отырып, қоғамда зор танымдық және тәрбиелік рөл атқарады. Адам дүниені Ә. үлгісінде қайта құруға ұмтылады. Адамның түрі де, киімі де, жаны да, ойы да әсем болуы керек. Шынайы Ә. адамды шығармашылық дарыны мен қабілетін неғұрлым толық және жемісті пайдаланып, нағыз әдемі және сұлу тұлға мұратына ұмтылуға жігерлендіреді. Қазақтың дәстүрлі дүниетанымында Ә. өмір мұратына айналып, оған үлкен көңіл бөлінген. Мыс., қазақтар киелі әйел Құдайы Ұмайды өте әсем, сұлу және қайырымды, жарқын жүзді, күміс шашымен аспанды жарқыратқан, күн сәулесі мен кемпірқосақ нұрына шомылған, қолында балаларды қорғайтын алтын садағы бар жас келіншек немесе қыз ретінде таныған. Әдеб.: М. О р ы н б е к о в, Ежелгі қазақтың дүниетанымы, А., 1996. Т. Ғабитов ӘСЕМ САЙРАУЫҚ. ӘСЕМ САЙРАУЫҚ (Phylloscopus proregulus) — торғай тәрізділер отрядының сандуғаштар тұқымдасына жататын әдемі құс. Ол Сахалинді Шығыс Сібірдің оңт. бөлігі мен Солт.-Шығыс Алтайды, Қытайды, Гималай, Тибет, Гиндукуш таулары аралығын мекендейді. Қанатының ұз. 47 — 58 мм, салм. 5 — 6 г. Арқасы, басы, тұмсығы, бауыры күрең, қоңыр-жасыл, сарғыш түсті келеді, басының орта бөлігінен құйрығының ұшына дейін сары жолағы болады. Ә. с. негізінен ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Тіршілігі әлі толық зерттелмеген. Ә. с. — жыл құсы. Оңт. Қытай, Үндіқытай, Бирма және Солт. Үндістанда қыстайды. Қыркүйек — қазан айларында Ақсу-Жабағылы қорығына бірнеше рет ұшып келген. Ә. с-ты Алтай өңірінде “жылпылдақ торғай” деп те атайды. Қ. Мұсабеков ӘСЕМ ШЫМШЫҚ. ӘСЕМ ШЫМШЫҚ (Leptopoecіle sophіae) — торғай тәрізділер отрядының шөжелер тұқымдасына жататын құс. Қазақстанда мекендейтін шымшықтардың ең шағыны. Тянь-Шань мен Жоңғар Алатауында тараған. Арша мен шырша өскен орман-тоғайларды мекендейді. Қанатының ұз. 4,5 — 5,5 см, салм. 6 — 9 г. Денесінің түсі көгілдір көк, күлгін, қызғылт, басы күрең келеді. Ұябасарының түсі сәл көмескілеу болады. Жазда теңіз деңгейінен 2400 — 3000 м биіктікте мекендесе, ал қыста 800 — 1000 м-ге дейін төмен түседі. Ә. ш. — отырықшы құс. Көктемде жұптасып, қыс түсе қос-қостан, топтанып тіршілік етеді. Ағаш қабығы мен өз мамығынан жасалған шар тәрізді ұясын арша мен шырша бұтақтарының арасына салады. Оның түбіне мамық қауырсындарын төсейді. Ұяға қызғылт теңбілді ақ түсті 5 — 8 жұмыртқа салып, 14 — 17 күнде кезектесіп басып, балапандарын шығарады. Шөжелері жәндіктердің жұлдызқұрттарымен, масамен, шыбын-шіркейлермен, ал ересектері түрлі жәндіктермен, өсімдік тұқымдарымен, жемістерімен қоректенеді. Ә. ш. — әсемдік үшін және сайрағыш құс ретінде қолда да ұсталады, жәндіктерді жойып, орманға пайда тигізетін құс. Б. Есжанов ӘСЕР. ӘСЕР — адамға не өзге жанды-жансыз дүниеге сырттағы құбылыстан, іс-әрекеттен боатын ықпал. Адамда пайда болатын қандай да психикалық процестер мен қасиеттер Ә. арқылы туады. Біздің психикамызға ықпал ететін объективтік дүниенің Ә-лері тікелей және жанама, кездейсоқ және жоспарлы, жағымды және жағымсыз т.б. болып бірнеше салаларға бөлінеді. Олардың кейбіреулері қарапайым психикалық процесс — түйсікті туғызса, екіншілері одан күрделірек процесс — қабылдауды, ал қайсыбіреулері бұлардан да күрделі әрі сапалы процестер мен қасиеттердің (сезім, қиял, ерік, ойлау, қабілет, мінез т.б.) қалыптасуына себепкер болады. Сыртқы дүниенің әсерінен пайда болған психикалық процестеріміз сол Ә-дің пассивті бейнесі ғана болып қоймай сол сыртқы ортаға саналы түрде әсер етуімізге, сөйтіп табиғатты белсенді түрде игеруімізге де көмектеседі. Қазақ тіліндегі Ә. ұғымының ғыл. мәні өзара әсер немесе өзара әрекеттесу ұғымдарын да қамтиды. өзара әсер — денелердің бір-біріне өзара ықпал етуі; денелердің әр түрлі қалыпта өзгерістерге түсуі. өзара әсер қандай да болсын материалдық жүйенің тіршіліктегі орны мен құрылымдық сипатын, өзіндік қасиетін айқындайды, сондай-ақ оның өзге денелермен бірге неғұрлым үлкенірек жүйеге бірігуі қамтамасыз етеді. өзара әсерлесу яғни өзара әрекеттесу қабілетінсіз материя тіршілік ете алмас еді. Барлық толыққанды жүйелерде өзара әсер денелердің бір-біріне өз қасиеттерін танытумен қатар жүреді. Соның нәтижесінде олардың (қасиеттердің) алмасу мүмкіндігі де туындайды. Болмыста өзара әсердің көптеген түрлері (құбылыстардың өзара байланысы, қозғалыс, өзгеріс, функционалды тәуелсіздік) әрекет етеді. ӘСЕР — мех. жүйе қозғалысының ең негізгі сипаттамаларының бірі болып саналатын және мөлшері энергия мен уақыттың көбейтіндісі бойынша анықталатын физ. шама. Бұл шама деформацияланатын орта механикасы, электр динамикасы, қайтымды процестер термодинамикасы, кванттық механика тәрізді физиканың көптеген салаларында әртүрлі ұғымдарды жалпылап қорытындылау кезінде жиі қолданылады. ӘСЕРШІЛДІК. ӘСЕРШІЛДІК — адамның көңіл-күйінің тез толқып, сәл нәрселерге тез еліту қасиеті. Адам өзіне әсер еткен нәрселердің бәрін де қабылдап, оларды үнемі есінде сақтайды. Дүниенің әсемдігі мен жарасымдылығына әсерлену адамның көңілін толқытып, әр түрлі күйге түсіреді, әсем, сұлу сезімдерге жетелейді. Жан дүниесіне ұнамды әсер еткен заттар адамды шабыттандырып, ісінің өнімді және нәтижелі болуына оң ықпал жасайды. Ә. адамның дүниені тек сезімдік түйсікпен ғана емес, ақыл-ой арқылы танып-білуіне, дүниетанымының кеңейе түсуіне де ықпал етеді. Ә. Алдамұратов ӘСЕТ ПЕН КӘРІБАЙ АЙТЫСЫ. ӘСЕТ ПЕН КӘРІБАЙ АЙТЫСЫ — шамамен 1905 ж. Тарбағатай тауының түстік жағында өткен айтыс. А. дәстүрлі екі ру ақындарының бұл айтыста жалпы адамгершілік, әділдік, жомарттық сияқты мәселелер айтылып үлкен тәрбиелік мәні бар деңгейге көтерілген. Сондықтан ол өткірлігімен, тілінің шұрайлылығымен, ой тереңдігімен ерекшеленетін көркем дүние ретінде қазақ әдебиетінің тарихына енді. Кәрібай ақын туралы толымды дерек жоқ. Бірақ Қаракерей тайпасынан екендігі, осы күнгі Шығыс Қазақстан обл. Ақсуат маңында өмір сүргендігі белгілі. Айтыстың Қ. Шәменовтың Е. Ахметовтен жазып алған нұсқасы “Айтыс” жинағында (1964, 1-т., 173 — 175-б.) жарияланған. Бір нұсқасын А. Қилыбаевтан ақын, журналист Қ. Алтынбаев жазып алған. Әсет шығармаларының жинағына (1988) Т. Жағыпаров (1929 ж. туған) нұсқасы енгізілген. Б. Әбілқасымов ӘСЕТ ПЕН ЫРЫСЖАН АЙТЫСЫ. ӘСЕТ ПЕН ЫРЫСЖАН АЙТЫСЫ — ақындар айтысының шоқтығы биік, аса көркем үлгілерінің бірі. Айтыс 19 ғ-дың соңғы ширегінде өткен. Мұнда халық өмірінің ауыр жағдайы мен ел билеушілердің зорлық-зомбылығы жұмбақ — жауап түрінде әсерлі сипатталған. Жұмбақты бастан-аяқ Ырысжан айтады да, Әсет қолма-қол шешіп отырады. Алғашқы жұмбақ Ресей өкіметінің қазақ жеріндегі ел билеу тәртібін әшкерелеуге арналған. Патша билігі күн түсірмейтін алып бәйтерек сипатында алынып, ал оның ел ішіндегі әкімдері сол ағаштың бұтақтарын мекен еткен ірілі-ұсақты жыртқыш құстар түрінде беріледі. Қыз жұмбағындағы “иілген сегіз бұтақ” — сегіз сенат, ал “ағаштың жайылған жапырағы” — қағаз ақша, “жұмыртқа басып шайқайтын екі ителгі” — ояз бен оның көмекшісі, “Аз атаның баласы жалғыз қыран” — болыс, “сегіз лашын” — сегіз би, “үш жылда бір нәр тартатын отыз-қырық құзғын” — елубасылар, “ыңғайланған он қаршыға” — старшын, “жалғыз ителгі” — сот, “жапалақ” — жасауыл, “жүзден асқан күйкентай” онбасы, ал “қағып жеген тышқаны” — елден жеген тиын-тебен тұрғысында шешіліп түйінделеді. Бұдан кейінгі жұмбақтар адамның он екі мүшесін суреттеуге, жыл мезгілін, жаратылыс сипатын ашуға арналған. Айтыс С. Сейфуллиннің “Қазақ әдебиеті нұсқаларында” (1931), “Айтыс” жинақтарында (1941), “Қазақ халқының ауыз әдебиеті” хрестоматиясында (1959), “Әсет” жинағында (1988) т.б. жарияланған. Қазақстан ҒМ ҒА-ның Қолжазба орталығында А. Әміров, Д. Ибраев, М. Жапақов, Қ. Нұрбаев, Б. Бейсебайұлы нұсқалары сақтаулы. Сондай-ақ айтыстың Б. Ақсақалов, С. Әбілдаев орындауындағы нұсқалары да бар. Айтысты М.Әуезов, С.Мұқанов, С.Ордалиев, М.Жармұхамедов зерттеген. Б. Әбілқасымов ӘСЕТТІҢ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ МҰРАЖАЙЫ. ӘСЕТТІҢ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ МҰРАЖАЙЫ, Әсет Найманбайұлының туғанына 125 ж. толуына орай қабылданған Қазақстан Үкіметінің 1990 ж. 19 наурыздағы қаулысына сәйкес 1990 ж. 19 қыркүйекте Семей обл. Мақаншы ауд. Мақаншы а-нда ашылған. Мұражайда 3 зал бар. Оған 1700-дей экспонат қойылған. Әсеттің тұтынған дүние-мүлкі, қызы Сәмөгейдің, ұлы Қожекенің және немерелерінің фотосуреттері, әр кездегі шығармалар жинақтары т.б. ақын өмірі мен шығармашылығынан мол мағлұмат береді. Б. Абылқасымов ӘСИЯ. ӘСИЯ (Ungernіa) — амариллистер тұқымдасына жататын көп жылдық жуашықты өсімдіктер. Қазақстанда Батыс Тянь-Шаньда, Қаратауда ғана кездесетін 1 түрі — Северцов Ә-сы (U. Severzovіі) өседі. Биікт. 40 см-дей, ұзынша келген жуан жуашығының сырты қара қабықты келеді. Сүйірленген жапырақсыз сабағының ұшында себетгүл шоғыры орналасады. Жапырақтары таспа тәрізді, ұз. 20 см, ені 2 см-дей. Гүлдерінің түсі қызылдау кейде сарғыш қоңырлау болады. Тұқымынан көбейеді. Шілде — тамызда жапырақтары түскеннен кейін гүлдейді. Тамыз айында жеміс береді. Тұқымы — ұсақ, қоңыр түсті қорапша. Оның жуашығынан дәрі, желім алынады. Северцов Ә-сының аз ғана ареалы Ақсу — Жабағылы қорығында сақталып, қорғауға алынған. Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. С. Тұрдиев Отаным. Отан...Бұл сөз-әр адамның жанына жақын, жүрегіне жылы тиер сөз. Құс ұясыз болмайтындай, адам Отансыз болмайды. Ал менің Отаным-сонау Каспийден Алтайға дейін созылып жатқан қасиетті өлке - Қазақстан. Қазақстан дегенде көз алдыма шалқыған жайлау, түтіні бұрқыраған ауыл, жазық дала елестеп, бақтағы бұлбұл құстың үні мен айдын көлдегі аққу құстың қиқулаған даусы құлағыма келеді. Қазақстан - тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті.Әсіресе XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғығы толы кезеңімен есте қалды. Мың тоғыз жүз он алтыншы жылдағы көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы аштық, отызыншы жылдардағы тотолитарлық жүйе, ұлы Отан соғысы, мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы жерді дүрсілкіндірген Желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды. Қанша қиыншылық келсе де, біз оларды ешқашан ұмытпаймыз, айыптамаймыз да. Себебі, бұл-тарих. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналықты жадымызда ұстайық! Қазіргі таңда Қазақстан өркениетті, дамыған елдер қатарында келеді. Еліміз тәуелсіз ел, дербес мемлекет болып XXI ғасыр табалдырығын сенімді аттағанбыз. Ел өз қалауымен президентті сайлап, Ата Заңымыз бен мемлекеттік рәміздерді қабылдадық. Ана тіліміз-қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды. Қазақстанның астанасы- Астана қаласы. Ол күннен күнге жаңарып, жаңа белестерге көтерілуде. Болашақта барлығы да сендердікі, жас ұрпақ, Сендерге аманат етіп табыстаймыз, қабыл алыңдар!»,- дейді. Біз - халқымыздың үміт артарымыз, өлкемізді көркейтіп жасартары да біз-жастар. Қазақстан, сен заңғар биіксің, кеңсің. Менің жаным өзіңе деген мақтанышқа бөленген. Туған жер! Мен сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіңмін, тәуелсіздікті мықтап қолда ұстайтын балаңмын! Хром. Хорм VI топтың басында орналасқан.оның электрондық формуласы;Cr 1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 3d5 4s1 Егіндібұлақ. Егіндібұлақ селолық округі 1928 жылы ұйымдастырылған бұрыңғы Қу, 1965 жылдан Егіндібұлақ, 1993 жылдан Қазыбек би деп аталған Қарағанды облысының солтүстік – шығысында орналасқан селолық ауданның әкімшілік орталығы – Егіндібұлақ селосы негізінде құрылған. Селолық округтің құрамына «Бәзкей» және «Төрт үй» атты екі елді мекен кіреді. Егіндібұлақ селосы облыс орталығы Қарағанды қаласынан 320, ал аудан орта-лығы – Қарқаралы қаласынан 87 км. жерде, Балқантау тауының баурайында орна- ласқан ірі елді мекендердің біріне жатады. Селоның іргетасы 1909 жылы Ресей-ден қоныс аударған мұжықтардың елді мекен салуынан қаланады. Елді мекеннің атын, Балқантау тауынан бастау алатын «Егіндібұлақ» атты бұлақтың атын мұ-жықтардың орыс тіліне «Хлебородное» деп аударуымен, сол кездегі Орынбордың генерал – губернаторы өз бұйрығымен бекітеді. 1928 жылғы 17 қантарда Қарқаралы уезіне қарасты Қу, Едірей және Байыр болыстарының ауқымды бөлігі негізінде құрылып, оның әкімшілік орталығы бо- лып – Хлебородное селосы белгіленеді. 1930 жылы Қазақ ССР-і Жоғарғы Советі-нің Президиумы жергілікті халықтың сұрауы бойынша аудан орталығының атау-ын – Егіндібұлақ селосы деп өзгерту туралы өз Қаулысын қабылдайды. Негізі, Егіндібұлақ өңірі туған еліне ғана емес, көршілес әрі алыстағы елдер-ге ақыл-парасатымен, қайраткерлік істерімен, туа біткен өнерімен кең танымал болған – қазақ елін таныта, мойындата білген Ұлы адамдардың мекені. Бұл өңірде қазақ халқының біртуар ұлы, ірі мемлекет қайраткері Қаздауысты Қазыбек би Кел-дібекұлы, ұлы күйші Тәттімбет Қазанғапұлы, ақиық ақын-сазгер Мәди Бапиұлы, белгілі қоғам және мемлекет қайраткері Нығмет Нұрмақов сынды көптеген ірі тұл-ғалар туып өскен. Сондай-ақ бұл өңір - ұлы Абай Құнанбаевтың анасы Ұлжанның туған жері, яғни ұлы ақынның нағашы жұрты. Селода қазақтың үш биінің бірі – Қаздауысты Қазыбек би Келдібекұлына, шертпе күйдің негізін салушы кемеңгер сазгер Тәттімбет Қазанғапұлына және қа-зақтың біртуар перзенті, әйгілі сазгер, ақиық ақын Мәди Бәпиұлына ескерткіштер орнатылған. Егіндібұлақ ауданының алғашқы басшылары, яғни аудандық партия комите-тінің бірінші хатшылары болып, сақталған деректер бойынша: 1930-шы жылдарда Құлжан Дүйменов, Түсіп Асқаров, Нәукебай Әділов, Ібіжан Рахымжанов, 1940-1950 жылдары Асайын Туғанбаев, Мәжкен Момбаев, Жетпісбай Қыстафин, Жалау Балғабаев, 1960-1978 жылдары Мұқан Медеубаев, Мыңжасар Әдекенов, Нарман-бет Садықов, 1978-1991 жылдары Шалабай Қуанышев, Тілеубек Зейнешев қызмет істеген. Ал, Егіндібұлақ селолық Кеңесінің төрағалары болып 1950 – 1990 жылда-ры Мәнсүр Ыбраев, Ахмет Көңілімжаев, Хадиша Құсайынова, Қабыш Ахметов, Нұртаза Бәкіжанов, Серік Жақұлов, 1990 жылдардың басынан жергілікті әкімдік-тер құрылуына байланысты Егіндібұлақ селолық округінің әкімі болып Балқан Нұрханов, Медеу Ахметов қызмет еткен. 2007 жылдың наурызынан бастап село-лық округті Амантай Даупбаев басқарып отыр. Бүгінгі күні Егіндібұлақ селолық округінде 3519 адам тұрады. Селолық округ-тің аумағы 23,5 мың гектарды құрайды, оның ішінде 21292 гектары ауылшаруа- шылық жерлеріне (жайлымдық) жатады. Құрылыс пен жолдарға, электр желістері мен телефон байланысына 2205 га бөлінген. Балқантау тауында қарағай, қайың, липа сияқты ағаштар мен басқа көкжелектер тұқымына жататындар өседі, арқар, қасқыр, түлкі, сілеусін, қоян және шыл, күрке тауық пен тағы да басқадай аңдар мен құстар мекендейді. Село аумағында балық өсірілетін «Шұбаркөл» атты көл, оннан астам бұлақтар бар. Селоның шығысында, 12 шақырым жерде орналасқан, «Қарабиік» өлкесінде қазба байлық – көмір кеңіші бар. Егіндібұлақ өңірі сонымен қатар еліміздегі тұңғыш металлургия заводы, атақты Қоянды жәрменкесі ашылған жер. Қазіргі уақытта Егіндібұлақ селосында екі орта мектеп, бір кәсіптік мектеп, интернат-пансионат, бір балабақша, учаскелік аурухана, Қарқаралы ауданының № 2 аудандық соты, Егіндібұлақ өңірі бойынша қызмет көрсететін Қазыбек би по-селкелік полиция бөлімшесі, телекоммуникация торабының бөлімшесі, почта бө- лімшесі, азаматтардың хал актілерін жазу бөлімі, Қу орман және жануарлар әлемін қорғау мекемесі, жоғары электр желілері учаскесі, өрт сөндіру бөлімі, модельді кітапхана мен мәдени-сауық орталығы, өлке тану мұражайы, сондай-ақ «ҚазАгро-Маркетинг» АҚ ауылдық ақпараттық-консультациялық пункті, аудандық жұмыс-пен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі мен зейнетақы төлеу орталығы-ның өкілдігі, екі дәріхана, бір жанар-жағар май құю станциясы, санитарлық-эпи-демиологиялық қадағалау лабораториясы, халыққа коммуналдық қызмет көрсе-тетін «Сәулет» ЖШС, «Балқантау» ауылдық тұтыну кооперативі және 40-қа жуық жеке меншік дүкендер мен «Тойхана», шайхана және екі наубайхана, екі монша, мешіт жұмыс істейді. Село тұрғындары негізінен теледидар бойынша «Хабар», «Қазақстан» және «Евразия» бағдарламаларын көріп, қазіргі замаңғы цифрлі автоматты теле-фон станциясы мен «KСeLL» және «Билайн» ұялы телефон станцияларының қызметін пайдаланып отыр. Осы жылдың аяғына дейін Халыққа қызмет көрсету орталығының (ЦОН) филиалын ашу көзделуде. Егіндібұлақ селосындағы Мәдениет үйі жанында халық өнерін насихаттап, оны дамытуға өзіндік үлес қосып жүрген, жоғары халықтық деген атаққа иелен-ген: Халық драма театры, Тәттімбет атындағы халықтық ұлт аспаптар оркестрі жә-не «Балқантау сазы» фольклорлық ансамблі мен өнерпаз ардагерлердің «Замандас-тар» клубы жұмыс істейді. Егіндібұлақ селолық округі бойынша халықтың жеке меншік шаруашылы-ғында бүгінгі күнге 2990 бас ірі қара, оның ішінде 1366 бас аналық, 3512 бас қой мен ешкі, оның ішінде 1742 бас аналық, 742 бас жылқы, 1300 бас үй құстары бар. ЖАМАЛ әд-ДИН САИД ат-ТҮРКІСТАНИ. ЖАМАЛ әд-ДИН САИД ат-ТҮРКІСТАНИ, "Жамал әд - Дин Саид ибн Мұхаммед ибн Мосаддық ас - Соғди ат - Түркістани" (т.-ө.ж.б., шамамен 14 ғ-дың 1-жартысында өмір сүрген) – Қазақстан мен Орта Азия өлкесінен шыққан математик. Ол Түркістан қ-нда білім алып, Бұхара мен Самарқанға сапар шеккен. Білімін одан әрі Бағдад пен Дамаскіде жетілдірген. 1312 ж. «Китаб әл-Алаийя» («Жоғары математика кітабы») трактатын жазған. Бұл еңбек арифметика мен геометрия мәселелеріне арналған екі кітаптан тұрады және ол сол кездегі медреселерде кеңінен пайдаланылған. «Китаб әл-Алаийя» еңбегін ортағасырлық ғалым Әбу әл-Хасан «Шарх китаб әл-Алаийя» («Жоғары математика кітабына түсініктеме») атты түсініктеме жазып өңдеген. Түсініктеменің арабша қолжазбасы Ресейдің Шығыстану ин-ты Санкт-Петербург бөлімшесінің кітапханасында сақтаулы. ҚОЗА. ҚОЗА – мақта жиналып біткеннен кейінгі сабағы, қозапая деп те аталады. ҚОЗҒАҒЫШ. ҚОЗҒАҒЫШ, двигатель – көлік машиналарының қозғалысын қамтамасыз ететін, қозғалтқыш жұмысын немесе басқа да энергия көздерін жұмысқа түрлендіретін қондырғы. Қозғалыс кезінде Қ-тың міндетін: жерде – дөңгелектер, катоктар, шынжыр табандар, адымдағыш механизмдер; су бетінде – желкендер, ескектер, еспелі дөңгелектер, винттер, су атқылағыштар; ауада – ауа винттері, реактивті қозғалтқыштар, т.б. атқарады. ҚОЗҒАЛТҚЫШ. ҚОЗҒАЛТҚЫШ, мотор (лат. motor – қозғалысқа келтіретін) – қандай да бір энергия түрін механикалық жұмысқа түрлендіретін күш-қуат машинасы. Энергия мех. жұмысқа Қ. тегіне (типіне) қарай қайталамалы-ілгерілемелі қозғалыстағы піспек (поршень), айналмалы қозғалыстағы ротор немесе реактивті қозғалыс тудыратын аппарат арқылы түрленеді. Оны жердегі, судағы, аспандағы, ғарыштағы көлік құралын қозғалысқа келтіру, өндірістің әр саласындағы жұмыс машинасын, тұрмыс техникасын, т.б. іске қосу үшін қолданады. Қ. бірінші реттік (бастауыш) және екінші реттік (қостауыш) Қ. болып бөлінеді. Бірінші реттік Қ. (бу, газ, жел Қ-тары) табиғи энергет. ресурстарды (отын, су, жел энергиясын, ядр. энергияны) мех. энергияға тікелей түрлендіреді. Оған жылу Қ-ы, бу Қ-ы, газ Қ-ы, жел Қ-ы, гидравлик. Қ., т.б. жатады. Олардың ішінде отын немесе атом энергиясын мех. жұмысқа айналдыратын жылу Қ-ы ең басты топты құрайды. Ал екінші реттік Қ. бірінші реттік Қ. көмегімен алынған энергияны түрлендіреді. Олардың қатарына эл. Қ-тар, пневматик. (сығылған ауаның қысымын пайдаланатын) Қ., т.б. жатады. Жинақталған мех. энергияны беретін құрылғылар да Қ. (инерциялық, серіппелі, гірлі механизмдер) қатарына кіреді. Атқаратын қызметіне қарай Қ-ты орнықты, мобильді (көшпелі, жылжымалы) және көліктік Қ-тар деп бөледі. Адамзат тарихындағы тұңғыш механикалық Қ. су дөңгелегі болды. Оны ертеде суландыру жүйесінде өзен-көлден су тартуға, кейін келе мануфактура өндірісінің күш құралы ретінде қолданды. Жел Қ-ы да ертеден белгілі болған. 18 ғ-дың орта шенінен өндірістің машиналы технологияға көше бастауына байланысты жергілікті қуат көзі – суға, желге, т.б. тәуелді бола бермейтін Қ. жасау қажеттігі туды. Осы кезде отын энергиясымен қазанда бу өндіріп, онымен жұмыс істейтін бірінші жылу Қ-ы – бу машинасы жасалды. 19 ғ-дың 2-жартысында жылу Қ-ының бу турбинасы және іштен жанатын қозғалтқыш (ІЖҚ) атты жаңа екі типі өмірге келді. Бу турбинасында бу энергиясын біліктің айналысына түрлендіру үшін бу машинасындағыдай кривошипті-шатунды (айналшақты-бұлғақты) механизмнің қажеті болмады. Бұл Қ. тарихындағы ірі тех. жетістік еді. ІЖҚ да арзан мұнай өніміне көшіп, бу өндіретін ауыр да қолапайсыз бу қазанынсыз жұмыс істейтін болды. 19 ғ-дың аяғында карбюраторда жанғыш қоспа дайындап, оны Қ-тың жану камерасында эл. білтемен тұтататын ІЖҚ емес, сорған суық ауаны цилиндрде піспекпен қатты қысып қыздырып, оған сұйық отын бүркіп жағатын жаңа жылу Қ-ы (қ. Дизель) жасалынды. Нәтижесінде ІЖҚ-тың п. ә. коэфф. өсті, үнемділігі артты, құралымы қарапайым да ықшам түрге келді. Бүгінгі күні көлік құралы түгелдей дерлік ІЖҚ-пен жарақталады. Жылу Қ-ы сияқты осы кезеңде гидравлик. Қ., оның кең тараған түрі – гидравликалық турбина (гидротурбина) құралымы да ұдайы жетілдірілумен болды. Соның арқасында негізгі гидротурбинадан тұратын аса қуатты (600 МВт-қа дейін) гидроэнергет. агрегаттар жасалып, ірі-ірі су электр стансалары салына бастады. 19 ғ-дың аяғы және 20 ғ-дың басында эл. энергиясын мех. жұмысқа түрлендіргіш машина – электрлік Қ. (электр моторы), оның тұрақты токпен, айнымалы токпен жұмыс істейтін нұсқаларының пайда болуы және іс жүзінде қолданылуы өнеркәсіптің энергет. базасын күрт дамытуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, қуаты Вт-тың шағын бөлігінен ондаған МВт-қа жететін синхронды эл. Қ. пен асинхронды эл. Қ. тіршіліктің барлық дерлік саласында кең қолданыс табуда. 20 ғ-дың 1-жартысында жылу Қ-ының жаңа түрлері – газ турбиналық қозғалтқыш, реактивті қозғалтқыш, ядр. Қ. (қ. Ядролық күш қондырғысы) жасалды. Қазіргі таңда авиация Қ-ының көпшілігін газ турбиналық Қ. құрайды. Ол сонымен бірге локомотивте (газ турбиналық тасығыш), автомобильде қолданылады. ҚОЗҒАЛТҚЫШ-ГЕНЕРАТОР. ҚОЗҒАЛТҚЫШ-ГЕНЕРАТОР, генератор-қозғалтқыш, қозғалтқыш-генератор жүйесі – реттелетін электр жетегі; мұндағы тұрақты ток қозғалтқышы жеке генератордан қоректенеді; ал бұл генератор (тәуелсіз қоздыруы бар) бірінші реттік қозғалтқыш (әдетте эл. қозғалтқыш) көмегімен айналысқа түседі. Қ.-г. генератор кернеуінің өзгерісі арқылы эл. жетегінің бұрыштық жылдамдығының реттелуін қамтамасыз етеді. Эл. жетегі параметрлерін реттеу үшін қоздыру орамдарын қоректендіретін магн. күшейткіштер немесе тиристрлік түрлендіргіштері бар автоматты реттеу жүйесі қолданылады. Қ.-г. қуаты ондаған МВт-қа жететін аса күрделі жетектерде (қақтау стандары, шахталық көтеру қондырғылары, қағаз жасау машиналары), металлургия өндірісінде (электролиттік ванналарды қоректендіруде), т.б. қолданылады. Бөліктерінің айналмалылығына байланысты Қ.-г., қазір тиімді және сенімді шала өткізгіштік түрлендіргіштерімен алмастырыла бастады. Гиппарион фаунасы. Гиппарион фаунасы – миоцен – плиоцен дәуірінде тіршілік еткен сүтқоректілер. Гиппарион фаунасы құрамында ең көп таралғаны – гиппарион жылқысы, фаунаның аталуы да осыған байланысты. Гиппарион фаунасының қазба қалдықтары Үндістаннан, Қытайдан, Моңғолиядан, Оңт. Еуропа елдерінен, сондай-ақ Шығыс және Солт. Қазақстаннан табылған. Қазбадан: тасбақалар ("Emys", "Mauremys", "Sarmatemys"), кемірушілер ("Steneofіber Monosaulax", "Mіmomus", "Promіmomus"), жыртқыштар ("Machaіrodus", "Percrocuta"), тастұяқтылар "Hіpparіon", "Aceratherіum" (кейінгі түрлері) "Chіlotherіum", "Sіnotherіum"], жұптұяқтылар ("Lagomeryx", "Mіotragocerus", "Samotherіum", "Palaeotragus") табылды. Бұлар ылғалды дала, тоғайлы аймақтарда, өзен-көл жағалауларында тіршілік еткен. Г. ф-ның геол. қабаттардың салыстырмалы жасын анықтауда маңызы зор. ЕРОФЕЕВ Виктор Степанович. ЕРОФЕЕВ Виктор Степанович (13.5.1931 ж.т., Шығыс Қазақстан обл. Өскемен қ.) – геол.-минерал. ғыл. докт. (1984). Иркутск мемл. ун-тін (1961) және КСРО Геол. ғылымдары Алтай бөлімі аспирантурасын (1964) бітірген. Оңт.-батыс Алтайда пайдалы қазбаларды іздестіру және геол.түсірім жасау жұмысына (1951–61) қатысқан. Қазақстан ҒА-ның Геол. ғылымдар ин-тында аға ғыл. қызметкер (1964 жылдан) болды. Оның ғыл.-зерт. еңбектері аймақтық геология, палеогеография және литология салаларына арналған. Ш ы ғ.: Поздний кайнозой Казахстанского Прииртышья, А.-А., 1973. ЕРТЕГІ. ЕРТЕГІ – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Е. жанры – халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза. Оның мақсаты – тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге эстетик. ләззат беру. Е-нің атқаратын қызметі кең: ол әрі тәрбиелік, әрі көркем-эстетик. әдеби қазына. Е-нің бүкіл жанрлық ерекшелігі осы екі сипатынан көрінеді. Сондықтан ертегілік прозаның басты міндеті – сюжетті барынша тартымды етіп, көркемдеп, әрлеп баяндау. Демек Е. шындыққа бағытталмайды, ал ертекші әңгімесін өмірде болған деп дәлелдеуге тырыспайды. Е. жанрының пайда болып, қалыптасу тарихы өте ұзақ. Оның түп-төркіні – алғашқы қауымда туған көне мифтер, аңшылық әңгімелер, хикаялар, әр түрлі ырымдар мен аңыздар. Өзінің қалыптасу барысында Е. осы жанрлардың көптеген белгілерін бойына сіңірген. Бұл жанрлардың кейбірі өз бітімін мүлде жоғалтып, толық Е-ге айналған. Солардың бірі – миф жанры. Мифтің Е-ге айналу процесі бірнеше кезеңнен өткен. Миф – алғашқы рулық қауымның қасиетті деп саналған құпия әңгімесі мен шежіресі. Оны ол кезде әркімге және әр жерде айта бермеген. Мифте қоршаған ортаның, дүниенің жаратылуы мен аспан әлемі жайында, рудың тотемдік бабасы, ілкі атасы мен жасампаз қаhармандар туралы, олардың іс-әрекеттері жөнінде фантастикалық түрде баяндалған. Алайда ол заманда осының бәрі ақиқат деп қабылданған, мифке жұрт кәміл сенген. Бірақ уақыт өтіп, адам санасы мен мүмкіндігі жетілген сайын миф өзгеріске ұшырап, бірте-бірте «қасиетті» сипатынан айрылған, құпия болудан қалған. Осының нәтижесінде мифке сенушілік те әлсіреген, ондағы оқиғалар мен кейіпкерлер басқа сипат қабылдаған, тіпті мифті айтушы бара-бара өз жанынан да қосатын болған. Соның салдарынан іс-әрекеттердің де нәтижесі баяғы мифтік сипаттан айырылған. Мифтің себеп-салдарлық белгісі жоғалған. Бірте-бірте мифтің бұрынғы масштабы тарылып, әңгіме жеке бір адамның тағдырын баяндайтын жағдайға келеді. Сөйтіп, миф хикаяға, содан соң Е-ге айналады. Е-нің тағы бір тамыры – алғашқы рулық қауым адамдарының аңшылық әңгімелері мен хикаялары. Алғашында шын болған оқиғалар негізінде айтылған әңгімелер бірте-бірте ел арасына тараған сайын қоспалармен толықтырылып, хикаяға, одан Е-ге айналып кеткен. Осындай аңшы мергендер жайындағы әңгімелер қазақ Е-лерінің құрамында аз емес. Әрине, олар біздің Е-де сол ежелгі замандағы күйінде емес, көркем фольклорға айналған формада көрінеді. Алғашқы қауымдағы мифтік ұғымдар туғызған небір ғаламат мақұлықтар (жезтырнақ, жалғыз көзді дәу, албасты, жалмауыз кемпір, т.б.) бұрынғы аңшылар әңгімесіне кірігіп, хикая туғызады. Хикая жанры мифтің өзімен бірге Е-ге де айналады. Оның Е. құрамында жүретіні де сондықтан. Бірақ мифтің Е-ге айналу жолында хикая мен Е. қатар өмір сүреді, сол себепті миф, әсіресе, хикая өзінше жеке айтылып, елге жайылады. Қазақ халқы прозасында осы процесс түгел дерлік із қалдырған. Жалпы Е-лердің пайда болып, қалыптасуының алғашқы кездерінде ел оны қиял деп ойламаған, онда баяндалатын оқиғаға сенген, себебі ол шақта Е. өз төркінінен алшақ кете қоймаған, сондықтан көркемдік қызмет те атқармаған. Ал көркем фольклорлық жанр болып қалыптасқан классик. Е-де қиял мақсатты түрде пайдаланылады, сондықтан ол әсіреленіп, ғажайыпқа айналады және біршама өзінше дамып отырады. Е-дегі ғажайып қиял адамның күнделікті көріп жүрген заттары мен құбылыстарын саналы түрде басқаша етіп көрсетеді, өйткені бұл жанрда ғажайыптың көркем бейнелеуіш құрал ретінде қолданылады. Өмірдегі шынайы нәрсенің өзін әдейі өзгертіп көрсету – Е-нің өзіндік қасиеті болғандықтан, ертекші де оның мазмұнын барынша әсірелеуге, ғажайыпты етуге күш салады. Сонымен бірге Е-дегі оқиғалар мен іс-әрекеттердің қаншалықты әсерлі болуы ертекшіге ғана емес, сондай-ақ тыңдаушыға да, Е-нің айтылу жағдайына да байланысты. Е-де қиял мен ғажайып әрі идеялық та мақсатта қолданылады, себебі классик. Е. адамның рухани азығы болуымен қатар идеол. та қызмет атқарған. Е-нің көркем баяндалуында сюжеттен де гөрі композицияның рөлі артығырақ. Е-нің композициясы бас қаhарманды дәріптеуге бағындырылады, сөйтіп, ол белгілі бір сұлба бойынша құрылады. Мұның бәрі Е-ге идеялық, мазмұндық және көркемдік тұтастық береді. Осы тұтастық бұл жанрға басқа да қасиеттер дарытады: композиция мен эстетик. мұраттың бірлігі әрі тұрақтылығы, көркем шарттылықтың міндеттілігі, ауызекі сөйлеу тіліне сәйкестігі, тұрақты тіркестердің қолданылуы, т.т. Е-нің поэтикасы мен композициясы көркем әрі жүйелі. Композициясы бірнеше бөлшектен тұрады: бастама – эпикалық баяндау – аяқтау. Бастама, әдетте, өлең немесе ұйқасқан проза түрінде бас кейіпкердің ата-анасы, оның дүниеге келуі туралы айтып, тыңдаушыларды бас кейіпкермен таныстырады. Эпикалық баяндау қаhарманның өсуін, үйлену тарихын, оның бастан кешкендерін әңгімелейді. Аяқтауда кейіпкердің сүйгенін алып немесе ойлағанын іске асырып, мұратына жеткені хабарланады. Бастама мен аяқтау, көбінесе тұрақты тіркес болып келеді. Өзінің ұзақ тарихында ертегі жанры әр дәуірдің, әр қоғамның болмысы мен түсініктерінің, нанымдарының әр түрлі іздерін сақтап қалған, біздің заманымызға жеткізген. Қазақ Е-лерінде хандық заманның шындығы, сол шақтағы әдеттер мен нанымдар, салт-дәстүрлер, тұрмыс кейпі көбірек көрініс тапқан. Қазақ Е-лері жанрлық әрі сюжеттік құрамы жағынан әр алуан. Ол іштей бірнеше жанрға бөлінеді: жануарлар туралы ертегілер, қиял-ғажайып ертегілер, батырлық ертегілер, хикаялық ертегілер, сатиралық ертегілер. Сюжеттері тек қазақтың өзіне тән Е-лермен қатар, басқа елдермен ортақ сюжетке құрылған Е-лер де бар. Олардың көбі тарихи-типологиялық жағдайда пайда болған, біразы тарихи-генетик., яғни туыс халықтарға ортақ болып табылады, кейбірі тарихи-мәдени байланыс нәтижесінде қазақ жұртына тараған. Сол себепті қазақ Е-лерінде таза ұлттық та, халықар. та, көшпелі сюжеттер де қатар өмір сүрген. Қазақ Е-лерінің жиналуы мен жарияланып, зерттелуі 18 ғ-дың 2-жартысында басталды. Алғашқы жүз жылда, негізінен, Қазақстанға Ресейден келген адамдардың кейбірі қазақ жұртының тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы туралы деректер жинап, солардың қатарында фольклор жайында жалпылама мәліметтер жариялап жүрді. Е-лердің көбірек жиналып, жарық көрген тұсы – 19 ғ-дың 2-жартысы. Бұл кезеңде қазақ ертегілерін ғыл. мақсатта жариялаған жинақтар да болды. Әсіресе, В.В. Радлов, И.Н.Березин, Ы.Алтынсарин, Г.Н.Потанин, А.В.Васильев, А.Е.Алекторов, Ә.Диваев жинақтарында Е-лердің көптеген мәтіндері жарық көріп, олар туралы азды-көпті ғыл. пікір айтылды. Аталған жинаушы-жариялаушылардың ғалымдық деңгейі, ғыл. түсінігі әр түрлі болғандықтан Е. мәтіндері әр түрлі көзқарас тұрғысынан бағаланды. Соған қарамастан біраз Е. жарық көрді, ғыл. айналымға енді. Соның арқасында қазақ Е-лері Потаниннің, Радловтың, А.Н.Веселовскийлердің кең масштабты ғыл.- зерттеулеріне ілікті. Бұл шақта Е-лерді қазақ оқығандары да, ақындары да жинастырып, «Дала уәлаятының газетінде» жекелеген мәтіндерді жарыққа шығарды. Әсіресе, Мәшhүр Жүсіп Көпейұлы Е-лерді арнайы түрде жариялап отырды. Ш.Ш.Уәлиханов бастаған зерттеу ісін Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Ә.Бөкейхановтар жалғастырды. Е-лерді ғыл. әрі ағартушылық мақсатта жинап, жария ету, зерттеу жұмысы 20 ғ-да кең жолға қойылды. Бұл ғасырдың 40–50-жылдарына дейін Е-лер, көбінесе оқу-ағарату мәселесі тұрғысынан жарияланып, оқулықтарда, жекелеген мақала мен кітаптарда арнайы қарастырылды. Осы тұста А.Байтұрсыновтың, Х.Досмұхамедовтің, М.О.Әуезовтің, С.Сейфуллиннің оқулық іспетті жарық көрген кітаптары, С.Мұқановтың, Б.Кенжебаевтың, Е.С.Ысмайыловтардың мақалалары қазақ фольклортануы Е. жанрына да арнайы көңіл бөлгенін айғақтады. Бірақ аталған авторлар Е-ні түсінуде, талдауда әркелкі түсінік көрсетті. Әсіресе, Е-ні таза таптық тұрғыдан бағалау етек алып, оның көптеген нұсқалары талдаудан тыс қалды, тіпті мәтіндерге редакциялық түзетулер де енгізілді. Осы үрдіс 20 ғ-дың 60-жылдарына дейін жалғасып, жарық көрген мәтіндерге таптық сипат берілді, ал зерттеу еңбектер тұрпайы социологиялық бағытта болды. 1960 жылдан бастап Е. жанрын зерттеу ғыл. негізге түсті. Бұл салада Әуезов пен Ысмайыловтың, В.Сидельниковтың, М.Ғабдуллиннің еңбектері айрықша болды. Олар Е-лердің қазақша үш, орысша үш томын жариялап, бұл жанр туралы жаңаша ой толғап, көлемді мақалалар жазды және мәтіндерге түсініктер берді. Е-лер 1960 ж. басылып шыққан «Қазақ әдебиетінің тарихына» жеке бөлім болып енді (авторы – Әуезов). Е. жанрына Ғабдуллиннің жоғары оқу орнына арналған оқулығында, Н.С.Смирнованың кітабында, орыс тілінде жарық көрген «История казахской литературы» атты 3 томдық еңбектің бірінші томында арнайы тараулар берілді (авторы – Е.Костюхин). Е-ні сала-салаға бөліп, тереңдете, типологиялық тұрғыдан зерттеу ісі 1970 жылдан қолға алынды. С.А.Қасқабасовтың қиял-ғажайып ертегілерге, Е.Д.Тұрсыновтың тұрмыс-салт ертегілерінің шығу тегіне арналған монографиялары 1972–73 ж. баспадан шықты. 1979 ж. хайуанаттар туралы Е-лердің тұңғыш академиялық басылымы жарық көрді. Е. жанры бүкіл халық прозасы жүйесінде «Қазақтың халық прозасы» атты еңбекте зерттеліп, оған 1986 ж. Қазақстан ҒА-ның Ш.Ш.Уәлиханов атынд. сыйл. берілді (авторы – Қасқабасов). Қазақ ертегітануы ұлттық фольклор туралы ғылымының үлкен де маңызды бір саласына айналды. Артемьев Артур Игорьевич. Артемьев Артур Игорьевич ("29.8.1935 жылы туған, Алматы қаласы") – философия ғылым докторы (1994), профессоры (1996). ҚазПИ-дің (1959, қазіргі ҚазҰПУ) тарих-филология факультетін бітірген. Қазақстан КП ОК-нде нұсқаушы (сондай-ақ лекторлар тобының жетекшісі, 1974–78), Алматы қалалық партия комитетінде бөлім меңгерушісі, Қазақстан ЛКЖО ОК-нде бөлім меңгерушісінің орынбасары (1963–74), «Партийная жизнь» журналының редакторы (1983–84), Қазақ бейбітшілік қоры төрағасының орынбасары (1984–91), 1988 жылдан пед. қызметпен (ҚазҰПУ, Алматы автожол институты мен Қазақ көлік және коммуникация академиясы, соңғысында кафедра меңгерушісі, 1996) айналысады. «Формирование личности в обновляющейся религиозной и секулфризированной среде (теоретико-методологический анализ)» деген тақырыпта докторы диссертация қорғаған. Ғылым қызметінің бағыты – дін тарихы мен философиясы, діни орта мен жеке тұлға, әлеуметтік философия мәселелері. Артемьев 100-ге жуық мақаланың, оның ішінде 7 монографияның («Атеизм, религия, личность», 1991; «Религиозная среда и личность: философско-религиоведческий анализ», 1994; «Свидетели Иеговы Казахстана и Средней Азии: историко-религиоведческий анализ», 2002; «Социология личности» оқулығы, 2001) авторы. «"Құрмет Белгісі"» орденімен және медальдармен марапатталған. Артықбаев Жамбыл Омарұлы. Артықбаев Жамбыл Омарұлы ("20.8.1959 жылы туған, Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Жаңақала ауылы") – тарих ғылым докторы (1997), профессоры (2001). Қарағанды мемлекет университетінің тарих факультетін (1984) және Қазақстан ҒА-ның Тарих, археология және этнология институтының аспирантурасын бітірген. Қарағанды мемлекет университетінің тарих факультетінде оқытушы, доцент, декан, профессоры (1984–2001). 1997 жылдан осында кафедра және лаборатория меңгерушісі. Павлодар мемлекет университетінде кафедра меңгерушісі (2003–08), 2008 жылы Астана қаласындағы Мемлекет тарихы ғылым-зерттеу институты директорының орынбасары болып қызмет атқарды. «ХVІІІ ғасырдағы қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымы» деген тақырыпта докторы диссертация қорғады. Оның негізгі ғылым еңбектері 15–19 ғасырлардағы қазақ қоғамының этноәлеумет мәселелерін зерттеуге арналған. Артықбаев Қазақстан тарихы мәселелерін қарастыратын бірқатар кітаптар мен оқулықтардың («Этносоциальная структура казахов Северо-Центрального Казахстана во второй половине 19 в.», 1989; «История Казахстана в 19 в.», 1992; «Бухар жырау. Двенадцать историй», 1994; «Этносоциальная структура казахского общества в 18 в.», 1997; «Казахское общество в 19 в.: традиции и инновации», 1993; «История Казахстана», 1999; «Сарыарка – колыбель степной цивилизации», 1999; «Этнология и этнография», 2001; «Казахское общество: традиции и инновации», 2003) авторы. Аруова Ләззат Боранбайқызы. Аруова Ләззат Боранбайқызы ("1969 жылы туған") – техникалық ғылым докторы (2007). Мәскеу инженер-құрылыс институтын құрылыс материалдары және конструкцияларын өндіру мамандығы бойынша және Мәскеу қаласындағы Технол. бетон және темір-бетон ғылым-зерттеу институтының аспирантурасын (1997) бітірген. Қазақ политехникалық институтының Маңғыстау бөлімшесінде, Ақтау политехникалық институтында оқытушы болды. «Теоретические и практические аспекты комбинированной гелиотермообработкой в светопрозрачных камерах» деген тақырыпта докторы диссертация қорғаған. Аруованың 35-тен астам ғылым еңбегі («Комбинированная гелиотермообработка бетона», А., 2004; т.б.) мен мақалалары жарияланған. Археология институты. Археология институты – көне материалдық және мәдени ескерткіштерді зерттеумен айналысатын ғылым мекеме. 1991 жылы қазан айында Қазақстан ҒА-ның Тарих, археология және этнол. институты негізінде құрылған. Институтқа Қазақстан ҒА-ның академигі Ә.Х.Марғұланның есімі берілген. Институт құрамында: тас дәуірі ескерткіштері; қола дәуірі және ежелгі технология; ерте дәуірдегі өнер; урбанизация және көшпенділер мәселелерін зерттейтін топтар мен Археология мұражайы бар. Қазақстан аумағында ерте және орта ғасырларда мекен еткен тайпалар мен халықтардың материалдық ескерткіштерін зерттеумен айналысатын 5 экспедиция ұйымдастырылған. 1) Оңтүстік Қазақстан кешенді археология экспедициясы (жетекшісі К.М.Байпақов), Орталық Қазақстан археология экспедициясы (жетекшісі ЖЫЛЫҚұрманқұлов), Жетісу археология экспедициясы (жетекшісі К.А.Ақышев), Батыс Қазақстан археология экспедициясы (жетекшісі З.Самашев), Түркістан археология экспедициясы (жетекшісі Б.Смағұлов). Институт ғалымдары ежелгі палеолит тұрақтарын зерттеу нәтижесінде қазақ жерін адам баласы бір миллион жыл бұрын мекендегенін анықтады. Қазақстан жері сақ, түркі тайпаларының атамекені болғандығы дәлелденді, қазақ этносының қалыптасу процесі түзіліп, Батыс Түрік қағанаты, Түргеш, Қарлұқ, Қарахандар мемлекет бірлестіктерінің тарихы нақтыланып, олардың Орта және Таяу Шығыспен, Орта Азия, Еділ бойы, Орал тауы өңірі, Сібірмен саяси, экономика және мәдени байланыстары ашылды. Қазақ жеріндегі Ұлы Жібек жолының бойы, көшпелілер мен отырықшылар өркениеті, қала мен даланың өзара қатынасы мен ықпалы зерттелді. Орта ғасырдағы Отырар, Тараз, Түркістан, Сарайшық және Талхиз қ-ларында жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижелері Қазақ мемлекеттігі мен мәдениетінің қалыптасуы, түркі, қыпшақ, қаңлы және қарахан дәуірлерінен бастау алатындығы туралы тұжырым жасауға мүмкіндік берді. Институт ғалымдары Ақышевтың «Есік обасы», С.М.Ақынжановтың «Орта ғасырдағы Қазақстан тарихындағы қыпшақтар», Байпақовтың «Оңтүстік Жетісудағы қала мәдениеті», ЖЫЛЫК.Таймағамбетовтың «Ш.Ш.Уәлиханов атындағы палеолит тұрағы», т.б. іргелі зерттеулер жарық көрді. Институт мамандары халықар. конференцияларда баяндамалар жасап, Вашингтон, Париж, Токио, Сеул қ-ларында дәрістер оқыды. 1987 жылы Алматыда көшпелі және отырықшы мәдениетінің өзара қатынасы мәселесі жөнінде Халықар. симпозиум өтті. "Институт мамандары ЮНЕСКО-ның «Ұлы Жібек жолы – мәдени қатынас жолы» атты халықар. бағдарламасын жасауға қатысты. Институт антропогенез, көшпенділер мәселелері, урбанизация, мәдениеттану, палеоэкономика бағытында зерттеулер жүргізуде." Инфузориялар. , кірпікшелілер (Infusoria не Cіlіорһога) – жоғары дамыған бір клеткалы жануарлар типі. Теңіздер мен тұщы суларда, планктон мен бентос құрамында, топырак арасында кездеседі. Кейбір түрі өзге организмдердің денесіне, мүктерге жабысып өседі. Инфузориялардың 2 класы: кірпікшелі Инфузориялар (Cіlіаtа) және сорғыш Инфузориялар (Suctоrіа), 1100-ден артық туысы, 7 мыңдай түрі бар. Кірпікшелі Инфузориялардың кірпікшелері тіршілік циклінің барлық кезеңдерінде, ал сорғыш Инфузорияларда кірпікшелер тек алғашқы кезеңінде ғана болады. Инфузориялардың дене тұрқы 10 мкм-ден 3 мм-ге жетеді. Бұлардың ішінде мөлшері жағынан ең ірісі – (Paramecium caudatum). Инфузориялардың пішіні алуан түрлі. Жылжымалы не бір жерге бекініп, жекелей не шоғыр (колония) құрып тіршілік ететін формалары белгілі. Инфузориялардың ерекшелігі – денесінде екі түрлі ядросының болуы – үлкен вегетативті ядро (макронуклеус) және кішкене генеративті ядро (микронуклеус). Инфузориялар денесінің алдыңғы жағында ауыз алды шұңқыры – вестибулум, ауыз ойығы – перистомы болады. Оның түп жағында «ауыз тесігі» – цитостомы бар. Ол «жұтқыншаққа» жалғасады. Жұтқыншақ цитоплазмаға ашылады. Инфузориялар ұсақ организмдермен (бактерия, көк жасыл балдырлар, т.б.) қоректенеді. Ал сорғыш Инфузорияларда ауыз тесігі, жұтқыншағы болмайды, олардың денесінде сорғыш қармалауыштары болады. Осы арқылы басқа ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Инфузориялардың эктоплазма қабатында дене пішінін сақтап тұратын тірек фибриллалары, қорғаныс және шабуыл жасайтын органеллалары (трихоциста, токсициста, мукоциста) жақсы дамыған. Барлық Инфузорияларда космос қысымын реттейтін, зәр шығару және тыныс алу қызметін атқаратын жиырылғыш вакуолі болады. Инфузориялар көбінесе жыныссыз жолмен (екіге не бірнешеге бөліну, бүршіктену арқылы) көбейеді. Жыныстық жолмен көбеюін – коньюгация деп атайды. Коньюгация кезінде екі инфузория бір-бірімен жанасып, макронуклеустары ыдырап, да көрінбей кетеді. Ал микронуклеустары алғашқыда мейоз жолымен 2 мәрте бөлінеді. Түзілген гаплоидты төрт ядроның үшеуі ыдырап кетеді де, қалған жалғыз ядро митоз жолымен тағы да екіге бөлінеді. Үлкен – аналық жыныс ядро (жылжымайтын), кіші – аталық жыныс ядро (кезбе) пайда болады. Аталық жыныс ядросы аналық жыныс ядросымен қосылады. Инфузориялардың кейбір түрлері омыртқасыз (буылтық құрттар, моллюскілер, т.б.) және омыртқалы (балық, қосмекенділер, сүтқоректілер) жануарлардың организмінде паразиттік, кейде селбесіп (комменсалды) тіршілік етеді. Инфузориялардың тіршілігіне қолайсыз жағдай туғанда, сыртынан тығыз қорғаныс қабықша (циста) пайда болады. Бұлардың ішінде зиянды түрлері де бар. Мысалы, кейбір түрлері балықтарда триходин, ихтиофтириус, ал адамда балантидиум ауруын тудырады. Инфузориялардың суда тіршілік ететін түрлері ағын суларды биологиялық жолмен тазартуға, әр түрлі лабароториялық тәжірибелер жасауға пайдаланылды. Сондай-ақ балықтардың ұсақ шабақтарына қорек болады. Дәуітов Леонид Мұхамеджанұлы. Дәуітов Леонид Мұхамеджанұлы (1942 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданы Үлкен Нарын а.) – физика-математика ғылымдарының докторы (1994), профессор (1997). Мәскеу мемлекеттік университетін (1967) бітірген. Қазақстан Ғылым Академиясының Ядр. физ. институтында инженер, кіші, аға, жетекші ғылым қызметкер (1967–88), 1988 ж. ҚазМУ-да (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) кафедра меңгерушісі қызметін атқарған. Дәуітов 120-дан астам ғылым мақаланың авторы. Археологиялық карта. Археологиялық карта – белгілі бір аймақтағы археология, мәдени, ғұрыптық, тағы басқа ескерткіштердің орналасуына, пайда болған дәуіріне архитектура ерекшеліктеріне, зерттелуіне жан-жақты ғылым сипаттама беретін арнаулы жинақ. археологиялық карта археология зерттеулердің барлау және қазба жұмыстарының қорытындылары бойынша жасалады. Осыған байланысты белгілі бір өңірдің археологиялық картасы сол өңірді археология тұрғыдан зерттеудің жай-күйін көрсетеді. Археологиялық картаға енген ескерткіштер мемлекет қамқорлығына алынып, заңмен қорғалады. Қазақстандағы кейбір археология ескерткіштер 19 ғасырда әр түрлі археологиялық карталарға енген. Еліміздің археология ескерткіштерінің біртұтас археологиялық картасын жасау ісі 50-жылдары К.А.Ақышевтің жетекшілігімен басталып, 1960 жылы «Қазақстанның археология картасы» жинағы (орыс тілінде) баспадан шығарылды. Оны әзірлеуге көрнекті археолог-ғалымдар Е.И.Агеева, Г.А.Кушаев, А.Г.Максимова, Т.Н.Сенигова, А.М.Оразбаев, Г.И.Пацевич, М.К.Қадырбаев қатысқан. Жеке облыстар бойынша дәуір-дәуірімен жүйеленіп жасалған бұл археологиялық картаға 5 мыңнан астам ескерткіш енгізілген. Жинақ соңында библиография және география көрсеткіштер берілген. 20 ғасырдың 80-жылдары Қазақстанның әрбір аймағына арналған археологиялық карталар жасау қолға алынды. Оның Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағы ескерткіштерді қамтитын алғашқы томы «Свод памятников истории и культуры. Южно-Казахстанская область» деген атпен 1994 жылы баспадан шықты. Дәуітов Сәрсенбі. Дәуітов Сәрсенбі (1947 жылы туған, ҚХР, Шығыс Түркістан, Шыңжаң өлкесі, Шын Пэн Зи қаласы) – филология ғылымдарының докторы (2001). ҚазПИ-ді (1970, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген (1970). Қазақ телевизиясында, Талдықорған облысы (қазіргі Алматы) «Октябрь туы» (1972–73), Фрунзе қ-лық ішкі істер бөлімінде (1973–74), «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш»), «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттерінде (1974–75) қызмет атқарған. Қазақстан Ғылым Академиясының Әдебиет және өнер институтында кіші, аға ғылым қызметкер (1975–98). 1998 жылдан Д.Қонаев атынд. гуманит. университетінде дәріс береді. Дәуітов «Көңіл сазы» (1989), «Диуани Хикмет және қазақ поэзиясы» (1998), т.б. зерттеу еңбектерінің авторы. Дәуітова Сәуле Батталқызы. Дәуітова Сәуле Батталқызы (28.1.1961 жылы туған, Қарағанды қаласы) – филология ғылымдарының докторы (2006). ҚазПИ-дің филология факультетін (1983, орыс тілі мен әдебиеті; 2003, қазақ тілі мен әдебиеті; қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. 1983 ж. осы оқу орнында аспирант, кіші, аға, жетекші ғылым қызметкер, декан (1997–2008), Әдебиеттану және тіл білімі ғылым-зерт. институтының директоры (2008) қызметін атқарды. «Художественная концепция исторической личности в казахской драматургии» деген тақырыпта докторы дисс. қорғаған. Дәуітов 60-тан аса ғылым еңбектің авторы. Археологиялық мерзімдеу. Археологиялық мерзімдеу – деректер бойынша зерттеліп отырған кезеңдер, оқиғалар мен ескерткіштердің уақытын, өзара хронология арақатынасын белгілеу. Тарихи-жазба деректер, негізгі археология және жаратылыстану және техникалық ғылымдарының жетістіктерін қолдануына қарай археологиялық мерзімдеуді үш топқа бөлуге болады. 1-топқа зерттеу объектілеріне (жеке заттар, қалалардың мәдени қабаттары, елді мекендер, қалалар, үлкен аймақтар, белгілі оқиғалары) қатысы бар көне авторлардың (мыс., Геродот, Страбон, Сыма Цянь, тағы басқа) туындылары, белгілі бір уақытта патшалық құрған қайраткерлердің (Дарий, Күлтегін, Тоныкөк), қолбасы, тағы басқа бұйрығымен жасалған жазулар, эпиграмма, эпитафия, жарлықтар, тағы басқа құжаттар кіреді. Әсіресе, әр түрлі замандардың, алтын, мыс, күміс тиындарының орны ерекше. Бұл деректер қалалардың, елді мекендердің, әр түрлі археология ескерткіштердің уақытын дәлдікпен көрсете алады. 2-топқа стратиграф. және типтерге бөлу, салыстырмалы балама әдістері жатады. Белгілі бір мәдени қабаттан табылған зат көптеген элементтерімен ұқсас келесі аумақтық-мәдени тұрғыдан жақын бір затпен салыстырылса, осы екі ұқсас затпен бірге табылған басқа типтес ескерткіштер де бірімен-бірі салыстырылып, бір уақытта, бір технологиямен жасалынып қолданылғаны, одан әрі бір мәдени тұтастыққа жатқаны, тағы басқа анықталады. 3-топқа, жаратылыстану ғылымдары жетістігін пайдалану арқылы ескерткіштердің абс. жасын анықтау жатады. Солардың бірі – радиоизотоптық әдістерге жататын, әсіресе, көне тас дәуірлері ескерткіштерінің жасын анықтауда көп пайдаланатын калий-аргон, торий-230, актиндік радий әдістері. Қола, алғашқы темір дәуірлері ескерткіштерінің жасын анықтауда радий көміртегі әдісі кеңінен пайдаланылады. Қазақстанда осы әдіспен Үстірттегі Тоқсанбай энеолит-қола дәуірінің бекіністі тұрағы (3700 ± 80 жыл бұрын), Маңғыстаудағы Дікілтас обасы (б.з. 240 ± 40 жылы), тағы басқа анықталған. Бұлардан басқа дендрохронология (ағаштың сақиналарының өсу кезеңдері мен заңдылықтарына негізделген), ЭПР (электрондық парамагниттік резонанс), термолюминисценттеу, радиокарбон, тағы басқа әдістер қолданылады. Дебец Георгий Францевич. Дебец Георгий Францевич (24.11.1905, Ресей, Томск қаласы – 19.1.1969, Мәскеу қаласы) – биология ғылымдарының докторы (1941), профессор (1944). Терең зерттеген саласы – антропогенез, палеоантропология, этникалық антропология, көне дәуір археологиясы. Қазақстанда 1936, 1940, 1947 жылдары арнаулы антропологиялық жұмыстар жүргізді. Қазақ халқының шығу тегін анықтауға, әсіресе, оның антропология типінің шығу тегі қола дәуіріндегі Қазақстан тұрғындарының мүсінімен байланысты екендігін дәлелдеуге үлкен үлес қосты. Деграф Геннадий Андреевич. Деграф Геннадий Андреевич (1.6.1940 жылы туған, Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Корнеевка ауылы) – техника ғылымдарының докторы (1995), профессор (1996), Қазақстан ауыл шаруашылық академиясының академигі (1997). Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын (1962, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген соң осы институтта ассистент (1962–63), аспирант (1966), доцент, кафедра меңгерушісі (1967–81), декан (1981–87), ғылым оқу өндірістік орт-ның бастығы (1987–93), 1996 жылдан 1-проректоры қызметтерін атқарады. 1994 ж. «Обоснование технических средств для фронтальной вспашки» деген тақырыпта докторы дисс. қорғады. Деграф 120-дан астам ғылым еңбектің, 3 монографияның авторы. Археология мұражайы. Археология мұражайы – Қазақстандағы археология қазбалардан табылған көне заман мұраларын сақтап, зерттейтін мәдени мекеме. Тарих, археология және этнография институтының жанынан 1973 жылы ашылды. Мұражайдың негізгі мақсаты – Қазақстан жеріндегі адамзат қоғамының ежелгі дәуірінен бастап, кейінгі орта ғасырға дейінгі аралықтағы даму жолын заттай деректер арқылы көрсету. Мұражайда қазақ жерін мекендеген тайпалар мен халықтардың мәдени даму деңгейі, олардың бүкіләлемдік өркендеудің қазынасына қосқан үлесі туралы мағлұматтар беретін көптеген ескерткіштер сақталған. Мұражай экспонаттары іштей өзара кезеңдер мен аудандарға жіктелетін үлкен төрт бөлімнен тұрады. Көрменің бірінші бөлімі «Алғашқы қауымдық қоғам мен оның ыдырауы» тақырыбына арналған. Мұнда қойылған тас экспонаттар Қазақстан жері адамзаттың алғаш қалыптасып, дамыған аймағына жататындығын көрсетеді. Көрмеде палеолит тұрақтары Бөріқазған, Тәңірқазған қоныстарынан табылған, кремниден жасалған тас құралдардан бастап, Қазақстанның түкпір-түкпірінде орналасқан тас дәуірі ескерткіштерінен жиналған тас шапқылар, қалақшалар, қырғыштар, нуклеустер қойылған. Қаратауда жүргізілген қазба кезінде табылған тас құралдар мен қарулар жинақталған. Олардың ішінде көптеген найзаның ұштары, қырғыш, қалақша, қол шапқылар бар. Неолит пен энеолит дәуірінің құралдарын Шығыс, Оңтүстік және Орталық Қазақстанда жүргізілген қазбалар кезінде және кездейсоқ табылған тас білезіктер мен балталар, найзаның ұштары құрайды. Мұражайдың келесі бөлімі қола дәуірінің ескерткіштері – Андрон мәдениетіне, Беғазы-Дәндібай мәдениетіне арналған. Қола құралдарды жасауға қажетті мыс пен қорғасын кен орындары Шығыс пен Орт. Қазақстаннан табылған. Қола дәуірінің қоныстары мен зираттарының осы өңірлерден көптеп табылуы тегін емес. Мұражай көрмесіне найзаның, жебенің ұштары, қола мен алтыннан жасалған зергерлік бұйымдар қойылған. Таутары мен Қарақұдық зираттарынан табылған қыш ыдыстар, балталар, айбалталар, әшекей бұйымдары Андрон мәдениетінің айқын белгілерін және оның оңтүстік және оңтүстік шығыс аудандағы өзіндік ерекшеліктерін көрсетеді. Үшінші бөлім ерте темір ғасырына (б.з.б. 8 – б.з. 5 ғасырлар) арналған. Бөлімде Тасмола мәдениетінің ескерткіштеріне жүргізілген зерттеу кезінде жиналған қарулар, ат әбзелдері, қолданбалы өнер туындылары, сүйектен жасалған бұйымдар мен қоладан құйылған аңдардың денесі жинақталған. Жетісудағы Сақ мәдениетінің дамуын айқын көрсететін Есік қорғанынан табылған «Алтын адамның» қалпына келтірілген киімі ерекше көңіл аудартады. «Алтын адамның» үстіндегі киімі мен шошақ қалпағын айнытпай қайталайтын жаңа көшірме 1997 жылы мұражай төрінен орын алды. Оның түпнұсқасы арнайы алтын қазынажайда сақтаулы. Бас сүйектерінің негізінде М.М.Герасимовтың шеберханасында қалпына келтірілген сақтың, үйсіннің және сармат әйелінің қола мүсіндері Қазақстан жерін мекендеген тайпа өкілдерінің бет-бейнесін көз алдына елестетеді. Мұражайдың төртінші бөлімі орта ғасыр ескерткіштеріне арналған. Мұнда орта ғасырдағы Тараз, Алмалы, Талғар, Ақтөбе, Баба ата қалаларында жүргізілген зерттеулер кезінде жиналған қыш ыдыстар, шыныдан, мыстан жасалған бұйымдар, қолданбалы өнер туындылары қойылған. Көп жылдардан бері зерттеу жұмыстары жүргізіліп келе жатқан Отырар қаласының материалдарынан арнайы көрме жасалған. Қаланың әуеден түсірілген суретінен оның 16–18 ғасырлардағы құрылысының іздері анық байқалады. Ортағасырлық құрылыс өнері мен архитектурасы жетістіктерін бейнелейтін бірқатар суреттер мен екі макет қойылған. Олар: Айша Бибі мен Қожа Ахмет Йасауи күмбездері. Мұражай қоры жыл сайын жаңа материалдармен толықтырылып келеді. Архивтану. Архивтану – архивтерге байланысты білімдердің кешенді жиынтығы. Оған архив ісінің теориясы мен практикасы, архивтердің құрылымы, қызметі мен тарихы, ғылыми мәні бар құжаттардың іріктеп алынып, сақталуын қамтамасыз етудің әдістері мен жолдарының, құжаттардың ғылыми-анықтамалық аппаратын жасаудың, архив қорларын пайдалануды ұйымдастырудың негізгі принциптері жатады. Архивтану тарих пен мемлекеттік-құқықтық практиканың ұштасқан тұсында пайда болып, қосалқы тарихи пән ретінде қалыптасып, кейін тарих ғылымының қосымша саласына айналды. Архив құжаттарын пайдаланудың түбірлі өзгерістерге ұшырауы, мемлекеттік, салалық және жеке адамдар архивтерін қалыптастыру қызметі ауқымының кеңейе түсуі, тарихи мұралардың мемлекеттік істерді жүргізуде, идеологияда, әлеум. басқару мүддесіне қолданылуы, ғылыми және шығармашылық жұмыста алатын орнының барған сайын артуы архивтанудың аясын кеңейте түсумен қатар оның маңызын да өсірді. Авров, Петр Яковлевич. Авров Петр Яковлевич (24.6. 1899, қазіргі Жамбыл облысы Мерке ауданы Мерке а. – 5.5.1968, Алматы қаласы) – геология-минералогия ғылымдарының докторы (1959), профессор (1959), Қазақстан Ғылымдар Академиясының корреспондент мүшесі (1962), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1961). Ленинград тау-кен институтын бітірген (1927). Геологиялық барлау партиясының бастығы (1928–30), цех бастығы (1930–32), «Ембімұнай» геол. барлау тресінің (1932–42), «Қазмұнайбарлау» тресінің (1942–56) бас геологы, ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) кафедра меңгерушісі (1956–59), Қазақстан Ғылымдар Академиясының Геол. ғылымдар институтында сектор меңгерушісі (1959–68) болды. А. – Каспий маңы ойпатының геологиясын, мұнай мен газ қорларын зерттеді. Атырау обл-ндағы Қосшағыл, Құлсары, Қошқар; Ақтөбе обл-ндағы Кеңқияқ, Бозой мұнай-газ кендерін ашуға қатысты. Негізгі ғылыми еңбектері мұнай және газ кендері геологиясы мен кендерді іздестіру-барлау әдістеріне арналған. Ленин орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған. Шығ.: Большая Эмба, М.-Л., 1936; Механизм образования солянокупольных структур Северо-Каспийской впадины, А., 1959; Геологическое строение и перспективы нефтегазоносности Актюбинского Приуралья и Западного Мугоджарья, А., 1967. Архив. Архив ("лат. archіvum") – тарихи маңызы бар құжаттар сақталатын мемлекет арнаулы мекеме. Мекемелердің ескі құжаттарын сақтайтын бөлімі немесе жеке тұлғаның өмірі мен қызметіне байланысты жинақталған жәдігерлер жиынтығы да архив делінеді. Жазба деректерді жинастырып сақтау ісі тұңғыш рет Мысырда, Қытайда, Ежелгі Грекияда, Римде, тағы басқа елдерде мемлекет дәрежеде қолға алынды. Қазақстанда дербес архивтің пайда болуы Бөкей ордасы архивімен байланысты (18 ғасыр). Қазақстандағы архив жүйесі (респ., салалық, аймақтық, т.с.с.) негізінен 20-ғасырдың 20–30-жылдары қалыптасты. Ұлттық архив ісінің бастауында А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин, М.Жолдыбаев сынды мәдениет қайраткерлері тұрды. Мемлекет А. 1921–38 жылы Қазақ АКСР-і Халық ағарту халкоматының, 1938–58 жылы Қазақ КСР-і Ішкі Істер халкоматының қарамағында болды, 1958 жылдан Министрлер кеңесіне бағындырылды. Облысы, ауданы архив жергілікті әкімшіліктерге қарады. Архив қызметінің басты бағыттары: қор жинақтау, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, қор құрамын зерттеп, жүйелеу, ғылым анықтамалар мен көрсеткіштер жасау; құжаттарды пайдалануды ұйымдастыру және жария ету. КСРО дәуірінде архив социализмді дәріптеудің идеол. құралы болды. Республикадағы барлық құжаттар айналымының 10%-ға жуығы коммунистік құндылықтар тұрғысынан мұқият сұрыпталып, мемлекет сақтауға – архивке жинақталды. Құжаттардың біржақты іріктелуінің салдарынан Қазақстанның шынайы тарихын бейнелейтін аса бағалы деректер архивке түспей, біржола жойылып отырды. Ал архив қорындағы құжаттардың басым бөлігі түрлі жасанды шектеулер қою арқылы зерттеушілерге берілмеді. Қазіргі архивтерде дәстүрлі қағаз құжаттардың түпнұсқаларымен және көшірмелерімен қатар фото-киноматериалдар, дыбыстық және бейнежазбалар, ақпараттың барлық жәдігерлер түрлері сақталады. Архивтерде мәңгілік мерзімге сақталып, қорғалатын тарихи деректер – мемлекеттің ішкі-сыртқы жағдайы, экон., саяси-идеология қатынастары туралы құжаттар Ұлттық байлықтың бір бөлігі болып табылады. Тәуелсіз Қазақстан архивінің қызметіне халықар. байланыстардың артуы оң ықпалын тигізіп отыр. Қазақстан архившілері «Ғасыр соңындағы архивтер: өткен жолды бағалау және болашаққа көзқарас» тақырыбымен Архивтердің Халықар. кеңесі өткізген архивтің халықар. 13-конгресіне (Пекин, 2–7.09. 1996 жылы) қатысты. Арын Ерлан Мұхтарұлы. Арын Ерлан Мұхтарұлы (23. 9.1961 ж.т., Алматы қ.) – экономика ғылымдарының докторы (1994), профессор (1997), ҚР Әлеумметтік (1995) пен Пед. (1997), «Еуразия» Халықаралық экономика (1997) академияларының және ҚР Инженерлық академиясының (1999) акад. ҚазМУ-дың философия-экономика факультетін бітірген (1983). Алматы мемлекеттік университетінде стажер-зерттеуші, оқытушы (1983–85), ҚР Ғылым Академиясының экономика институтында ғылым қызметкер, ғалым-хатшы (1985–92), ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеу орталығының директорының орынбасары (1992), 1-орынбасары (1993–94), Қазақстан Даму институтының президенті (1994–97), ҚР Білім, мәдениет және денсаулық сақтау мин-лігінің вице-министрі (1997–99), 1-вице-министрі (1999), ҚР Білім және ғыл. мин-лігінің 1-вице-министрі (1999–2001), ал 2001 жылдан Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры қызметтерін атқарады. «Экспортная ориентация национальной экономики (на материалах Республики Казахстан)» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Негізгі ғыл. еңбектері өтпелі кезеңдегі қоғамның әлеум., саяси және экон. дамуының мәселелерін зерттеуге арналған. 100-ден аса ғыл. еңбектің, Қазақстанмен қатар шет елдерде жарық көрген (Қытай, Австрия, Швейцария, Жапония) монографиялардың, жоғары оқу орындары және орта мектептерге арналған оқу құралдары мен сөздіктерінің авторы. 3 томдық «Қазақ мәдениеті» энциклопедиясының бас редакторы (1999–2002). Арын ҚР «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (1994). «Құрмет» (2005) орденімен және медальдармен марапатталған. Ағдарбеков, Төкежан Абдарбекұлы. АҒДАРБЕКОВ Төкежан Абдарбекұлы (1938 ж.т., Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Ақтоғай а.) – заң ғылымдарының докторы (1991). ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Қазақстан Ғылымдар Академиясының заң және филоселосы институтында кіші ғылыми қызметкер (1966–68), аспирант (1968–71), КСРО ІІМ Қарағанды жоғары милиция мектебінің мемлекеттік құқық кафедрасының доценті (1972–82), Қарағанды мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі (1980–86), Қазақстан Ғылымдар Академиясының заң және филоселосы институтында докторант (1986–89), Халықаралық қазақ-түрік университетінде заң факультетін ұйымдастырушы, деканы (1991–96), Еуразия ұлттық университетінде мемлекеттік құқық кафедрасының меңгерушісі. А-тің ғылыми жұмысы құқық мәселелерін зерттеуге арналған. А. 100-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 9 монография, ғылыми-әдістемелік оқу құралдарының авторы. Ағелеу, Есенбай Ағелеуұлы. Ағелеу Есенбай Ағелеуұлы (22.6.1936, Атырау облысы Махамбет ауданы Махамбет а. – 9.11.1996, Алматы қаласы) – биология ғылыми докторы (1984), профессор (1985). Орал педогогика институтының жаратылыстану-геогр. факультетін (1959) және аспирантурасын (1965) бітірген. Осы институтта оқытушы, аға оқытушы, деканның орынбасары, декан (1965–79), институт ректоры (1979–85) болды. 1985 жылдан өмірінің соңына дейін ҚазПИ-дің (қазіргі ҚазҰПУ) ботаника кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарды. Негізгі ғылыми енбектері Батыс Қазақстанның флорасы мен шабындықтарын зерттеу мәселесіне арналған. Ағелеу Есенбай Ағелеуұлы 4 монография, 2 оқулық пен 120 ғылыми зерттеулердің авторы. Арын Ризат Сансызбайқызы. Арын Ризат Сансызбайқызы (11.1.1971 ж.т., Қызылорда қ.) – тарих ғылымдарының кандидаты (1996), саясаттану ғылымдарының докторы (2008). ҚазҰУ-дың тарих факультетін (1993), ҚР Ғылым Академиясының Тарих, археология және этнология институтының аспирантурасын (1996) және Қазақ гуманитарлық заң университетін (2005) бітірген. Қазақ даму институтында ғылыми, аға ғылым қызметкер, Солтүстік Қазақстан заң институтының директоры (2003), Павлодар гуманитарлық заң институтының ректоры (2004–07), Павлодар мемлекеттік университетінің Тарих және өлке этнографиясы ғылыми-тәжірибелік орт-нда ғыл. қызметкер болды. 2007 ж. «Төл этностың әлеуметтік-саяси мәртебесінің эволюциясы (Қазақстан Респубикасының материалдарында)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Арын ғылыми-зерттеу жұмыстарында этносаралық қатынастардың қалыптасуы және даму ерекшеліктері, тілдік, ономастика-топонимик, мәдениет және білім беру саясаты, т.б. мәселелерді қарастырады. 50-ге жуық ғыл. еңбегі («Статус титульного этноса: концептуальные подходы», Павлодар, 2006; «Қазақ этносының әлеуметтік-саяси мәртебесінің дамуы», Павлодар, 2008; т.б.), оқу құралы («Этнополитология», Павлодар, 2008, орыс тілінде) мен мақалалары жарық көрген. ҚР «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (1998). Ағзамова, Римма. Ағзамова Римма (11.4.1945 ж.т., Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ а.) – медицина ғылымдарының докторы (1997). Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын (1968) және Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) қ-ндағы медицина институттың аспирантурасын (1974) бітірген. Дәрігерлік еңбек жолын телімдік дәрігер-фтизиатр болып бастаған А. кейін Ақтөбе облысы туберкулез диспансерінде лаборатория меңгерушісі, бас дәрігердің орынбасары (1974–77), Көкшетау туберкулез бөлімшесінде және Қазақ ғылыми-зерт. институтында аға ғылыми қызметкер (1978–97). 1997 жылдан ҚР Туберкулез ауруларын емдеу мәселелері жөніндегі ұлттық орт-тағы эпидемиол. және микробиология бөлімінің жетекшісі болып қызмет атқарады. Арынғазин Асқар Қанапияұлы. Арынғазин Асқар Қанапияұлы (6.10.1961 ж.т., Алматы қ.) – физика-математика ғылымдарының докторы (1998), профессор (2000). Мәскеу мемлекеттік университетін (1985) бітірген. Қарағанды мемлекеттік университетінде оптика және толқымалы процесс кафедрасында инженер, аға оқытушы, теориялық физика кафедрасының меңгерушісі, жалпы теориялық физика кафедрасының профессор(1988–2000) қызметтерін атқарды. 2001 жылдан Қарағанды мемлекеттік университеті жанындағы кешенді ғылыми-зерттеу ин-тының директоры, Еуразия ұлттық университетінің кешенді ғылыми-зерттеу институтының директоры, профессор қызметтерін атқарады. Арынғазин 40-тан астам ғылыми еңбектің авторы. Арынғазин Қанапия Мүбәракұлы. Арынғазин Қанапия Мүбәракұлы (18.9.1935 ж.т., Павлодар облысы Май ауданы Жалтыр ауданы) – педагогика ғылымдарының докторы (2001), профессор(2002). ҚазПИ-ді (1963, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. Қарағанды педагогика институтында (қазіргі Қарағанды мемлекеттік университеті) оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, декан, профессор(1963–2005) қызметтерін атқарған. Арынғазин 87-ден астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 6 монографияның («Геометрические идеи в теоретической физике», 1994; «Теоретические и практические аспекты смысловой педагогики», 2004) авторы. Арынов Қажымұқан Тохтиярұлы. Арынов Қажымұқан Тохтиярұлы (1956 ж.т., Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылы) – техникалық ғылымдарының докторы (1995). ҚазМУ-дың (1978, қазіргі ҚазҰУ) химия факультетін бітірген. Қазақстан Ғылым Академиясының Химия ғылымдарының институтында аға лаборант, ғылвми қызметкері, зертхана меңгерушісі, институт директорының орынбасары, Алматы-экологострой ғылыми-өндірістік басқармасы бас директорының 1-орынбасары болды. 1997 жылдан Алматы қаласының экология және биоресурстар басқармасы бастығының орынбасары, бастығы қызметін атқарады. Ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты – қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне арналған. Арыновтың 150-ден астам еңбегі, оның ішінде 2 монографиясы жарық көрді. Арынов Нұрлан Мұхтарұлы. Арынов Нұрлан Мұхтарұлы (23.9.1961 ж.т., Алматы қ.) – медицина ғылымдарының докторы (1997). Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген (1984). Алматы қалалық емханасында дәрігер (1984–90), Алматы мемлекеттік медицина университетінде ассистент, доцент (1990–94), Алматы қаласындағы Хирургия ғылыми орталығында жетекші қызметкер (1994–97), 1998 жылдан бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарады. Арынов республикада балалар бауырының зақымдалған бөлшектерін алып тастау (резекция) және асқазаннан жасанды (пластикалық) өңеш жасау операцияларын жүзеге асырды. «Хирургия механической хронической дуоденальной непроходимости (возрастной аспект)» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Оның ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты – соқырішектің іріңдеуі кезіндегі калликринкинин жүйесінің патофизиологиясына, ішек, ұлтабар, өт жолдарының бітелуіне байланысты жасалатын операциялардың ерекшеліктерін зерттеу мәселелері. Арыс өңірінің ескерткіштері. Арыс өңірінің ескерткіштері – көне дәуірлерден қалған археологияляқ ескерткіштер. Бұл өңір үш ландшафты аймақты қамтиды: таулы, тау бекеті және далалы кеңістік жерлер. Егіншілік пен мал шаруашылық мәдениеті дамыған аймақ. Тас дәуірінен бастап кейінгі орта ғасыр ескерткіштері кездеседі. Өңірде 1960 жылдан Жетісу кешенді археология экспедициясы, 1971 ж. Оңтүстік Қазақстан археология экспедициясы (жетекшісі К.А.Ақышев), 1980 ж. Шымкент педагогика институтының археология экспедициясы барлау және қазба жұмыстарын жүргізіп келеді. Соның нәтижесінде "Бөріжар, Алтынтөбе, Қаратөбе" зираттары мен көне қалалар орны ашылды. Барлау барысында 1973 ж. археолог Х.Алпысбаев "Шаян, Арыс–Түркістан каналдарының" бойынан ерте ашель дәуіріне жататын тұрақтарды тапқан. 1974–75 ж. Дермене 1,2 м, Арыс қ-нан 10–12 км жерде "Тасқотан, Бесқотан, Байтоғай" сияқты тас дәуірінің ескерткіштері табылып, бұл өңірде алғашқы адамдардың өмір сүргені дәлелденді. 1980 ж. әр түрлі құрылымдағы 3 мыңнан астам қорғандар тобы есепке алынды. Сақ-үйсін дәуіріне жататын үлкен қорғандардың диам. 70–100 м, жоғары жағы 10–15 м, биікт. 16–18 м болып келген. Сондай қорғандар тобына Бадамға жақын Ақбұлақ өзенінің жағасындағы Алтынтөбе жатады (б.з.д. 3 ғ-лар – б.з. 4 ғ-лар). Ол 300-ден астам жеке обалардан тұрады. Мұнда мәйіттер арқасына жатқызылып жерленген, зират лақатты. Ішінен саз ыдыстар, құмыралар, кеселер, жануарлар сүйектері, пышақ, мыстан жасалған сырғалар, әр түрлі моншақтар көптеп алынды. Кейінгі түркі дәуіріне жататын Бөріжар сияқты ескерткіштер зерттелген (1–8 ғ-лар). Арыс өзенінің сол жағалауында Бадам және Арыс жолының ортасында орналасқан бұл ескерткіштерді 1941–51 ж. А.Н.Бернштам, 1970–71 ж. Б.Н.Нұрмұханбетов зерттеген. Олар 1–2,5 км жерді алып жатқан жүздеген топырақ үйінділер. Әр үйіндінің диам. 6–20 м, биікт. 0,5–3 м. Кейінгі ескерткіштер тобына бекіністер, ерте ортағасырлық және кейінгі ортағасырлық қалалар орны жатады. Ескерткіштердің үлкендері – тау аңғарларында, "Арыс, Бадам, Сайрамсу, Ақсу, Боралдай" өзендерінің бойларында, кішігірім бекіністер "Бала Бөген, Бөген, Шаян, Арыстанды аңғарларында" кездеседі. Үш бөліктен: шаһристан, рабад, цитадельден тұратын ортағасырлық қала орындары бар. Олар 5–8 ғ-лар арасын қамтиды. Шымкент маңындағы Қатын көпір ауылы маңында 10–18 ғ-лар ескерткіштері зерттелді. Бекініс, қала орындары, табылған археологиялық заттай деректер Сыр бойында мәдениеттің жоғары дамығандығын көрсетеді. Көне қалалар орындары мен атаулары араб-парсы (10–12 ғ-лар) саяхатшыларының жазбаларындағы аттарына сәйкес келеді. Арыстанбеков Хайдар Арыстанбекұлы. Арыстанбеков Хайдар Арыстанбекұлы (30.3.1919 ж.т., қазіргі Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Абай ауылы) – экономика ғылымдарының докторы (1954), профессор (1960), ҚР Ғылым Академиясының корр. мүшесі (1962), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ауыл шаруашылық қызметкері (1968). Қазақ ауыл шаруашылық институтын (1941), Мәскеу жоғары партия мектебін (1945) бітірген. 1941–63 ж. әр түрлі жауапты қызметтер атқарды. 1963–81 ж. Қазақ ауыл шаруашылық институтының (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) ректоры, 1981–90 ж. осы институтта кафедра меңгерушісі, профессорболды. Оның негізгі ғылыми еңбектері орман қорын қорғау, оны тиімді пайдалану, топырақты жер, су эрозиясынан сақтау мәселелерін зерттеуге арналған. Арыстанбеков сондай-ақ Қазақстанда ауыл шаруашылық ғылымын қалыптастыру мен дамытуға, ауыл шаруашылығын өркендету және білікті мамандар даярлау мәселелеріне үлкен үлес қосты. Тың және тыңайған жерлерде жаңадан ірі астық кеңшарларын ұйымдастыруда көп еңбек сіңірді. Оңтүстік Қазақстанда ауыл шаруашылығын өндірісін басқару, жоспарлау ісін ұйымдастыру түрлері мен әдістерін жетілдіру жөніндегі арнайы шаралар жүйесін жасап, тәжірибеге ұсынды. Арыстанбеков 5-сайл. КСРО Жоғ. Кеңесінің және 3–4, 7–9-сайл. Қазақ КСР-і Жоғары Кеңесінің депутаты болды. Қазан революциясы, 2 рет Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған. Арыстанбекова Ақмарал Хайдарқызы. Арыстанбекова Ақмарал Хайдарқызы (12.5.1948 ж.т., Алматы қаласы) – химиялық ғылымдарының кандидаты (1974) және саясаттану ғылымдарының докторы (1993). ҚазМУ-ды (1971, қазіргі ҚазҰУ) және аспирантурасын (1974) бітіргеннен кейін осы университетте кіші, аға ғылыми қызметкер (1974–78), Қазақстан ЛКЖО ОК-нде бөлім меңгерушісі (1973–83), Шет елдермен достық және мәдени байланыс жөніндегі Қазақ қоғамы төрағасының орынбасары (1983–89), Қазақ КСР-і Сыртқы істер министрі (1989-91), БҰҰ жанындағы ҚР-ның тұрақты өкілі (1992–99), Куба республикасы (1996–99) мен Франциядағы (1999–2003) ҚР-ның Төтенше және өкілетті елшісі, 2002 жылдан Халықар. дипломатия академиясының вице-президенті (Париж қ.), т.б. жауапты қызметтер атқарады. 1974 ж. «Кинетика и селективность гидрирования смесей органических соединений» тақырыбында канд., ал 2004 ж. «Казахстан и Организация Объединенных Наций: история, проблемы и перспективы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 11-сайл. Қазақ КСР-і Жоғ. Кеңесінің депутаты. «Құрмет» орденімен (1996) және медальдармен марапатталған. КӨНЕККЕТКЕН. Батыс Қазақстан облысы Теректі ауд-ндағы ауыл, ауылдық әкімшілік округі орталығы. Aудан орт. – Федоровка а-нан оңт-ке қарай 196 км жерде, Жайықтың сол жағалық аңғарында, бетеге, боз, еркек шөп, жусан, т.б. әр түрлі шөптесін өскен сортаңдау, бозғылт-қоңыр, шалғынды-қоңыр топырақты шөлейт белдемде орналасқан. Тұрғыны 1,0 мың адам (2001). Іргесі 1936 ж. қаланған. 1966 – 97 ж. 22-партсъезд қой өсіру ұжымшарының орт. болған. Оның негізінде 1997 жылдан К-де және округке қарасты Қамыстыкөл а-нда 24 шаруа қожалығы құрылды. Орта, орталау мектептер, клуб, кітапхана бар. КӨНЕ ОБАЛАР. ежелгі дүние обалары – ежелгі дәуірлерден сақталған археологиялық ескерткіштер, жерлеу орындары. Әлемнің көптеген елдеріне тараған. Әр жерде кездесетін адам жерленген кез-келген қабірдің барлығы оба санатына кірмейді. Оба деп қабір үстіне тастан, топырақтан немесе осы екеуін араластыра үйінді тұрғызылған жерлеу орындарын айтады. Бұрынғы кеңес археологиясында мұны түркі тілінен енген “курган” сөзімен атау қалыптасқан болатын. Адамзат тарихында мүрдені жерлеу салты орта палеолит кезеңінде пайда болса, қабір үстіне оба тұрғызу әлдеқайда кейін, яғни энеолит дәуірінде қалыптасты. Және де оба үю дәстүрі, ең алдымен, Еуразия далалық өлкелеріне тән. Әдетте, ғалымдар обаға жерлеу ғұрпының шығуының өзін көшпелі тұрмысқа бейімделген далалық бақташы тайпалар мәдениетімен байланыстырады. Археол. деректер бойынша, обалардың пайда болуы далалық өлкелердің батысында, Орал мен Днепр аралығында б.з.б. 3-мыңжылдықта қанат жайған энеолиттік көнешұңқыр мәдениетімен тұстас келеді. Көнешұңқыр мәдениетінің мал ш-мен шұғылданған көшпелі тайпалары алғаш рет аталмыш дәстүрді дүниеге әкелсе, осыдан кейін ол Еуразияның далаларына біржолата тұрақтады. Археологияда обаларды зерттеу, жүйелеу мен сипаттаудың қалыптасқан тәртібі бар. Оба – мұқият зерттеуді талап ететін күрделі құрылым. Зерттеушілер алдымен жер үстінде көрініп тұрған ерекшеліктерін, яғни қоршауларын, қосымша құрылыстарын (мыс., “мұртты” болуы мүмкін), негізгі өлшемдерін (диаметрі, биіктігі), оның сыртқы құрылымдық бейнесін анықтайды. Неден тұрғызылғаны (тас, топырақ), материалын немесе құрамын көрсетеді. Материалдардың өзі белгілі бір жүйемен пайдаланылатындықтан, оба стратиграфиясы үйіндінің қандай қабаттардан тұратынын зерттейді. Обаның астында, кейде жер астында, тіпті жер бетінде жерлеу камерасы орналасады. Мұның өзі әлдеқандай қосымша құрылыстың ішінде тұруы мүмкін. Жерлеу камерасының нақты түрлері бар (жер астындағы шұңқыр, жер бетіндегі ағаш қима, тастан қаланған қабірхана, т.б.). Камераның ішінде адам жерлеуге арналған қосымша қабір ішіндегі құрылыстар да ұшырасады. Мәселен, шұңқыр қабірдің ішінде бір бөлігін алып жатқан ағаш қима, тас жәшік, лақат, ақым-катакомбалар осыған жатады. Осы ерекшеліктердің барлығына мүрденің жату тәртібі (шалқасынан, бүйірінен), басының қаратылуы (солт-ке, бат-қа, т.б.), бірге қойылған түрлі заттар және олардың орналасу тәртібі қосыла келе жерлеу ғұрпы деп аталатын археологияның аса үлкен зерттеу саласын туғызады. Әр дәуір ескерткіштерінің, бір дәуірде өркендеген түрлі мәдениеттердің жерлеу ғұрпының өзіне ғана тән ерекше сипаты болады. Обалардың көмегімен көне мәдениеттердің жерлеу ғұрпын анықтау, әсіресе, Еуразия далалық тайпаларының ескерткіштерін зерттеуде өте маңызды орын алады. Қазақстан өлкелерінде сан мыңдаған түрлі дәуір обалары бар. Сақ дәуірінен бастап үлкен “патша обалары” күрт көбейеді. Тарих, археология ғылымдарына баға жетпес деректер берген Есік обасы (Алтын адам), Бесшатыр, Шілікті обасы, Тасмола, Берел қорымы, Сынтас, Бесоба қорымы еліміздің бірегей ескерткіштеріне жатады. Әдеб.: Акишев К.А., Кушаев Г.А., Древняя культура саков и усуней долины реки Или, А.-А., 1963; Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев А.М., Древняя культура Центрального Казахстана, А.-А., 1966; Акишев К.А., Курган Иссык, М., 1978; Методические рекомендации по исследованию курганных памятников, К., 1986. КӨНЕРГЕН СӨЗДЕР. күнделікті қарым-қатынаста жиі қолданылмайтын, бірақ тілдің сөздік қорында сақталған, көпшілікке түсінікті сөздер. К. с. көнелену дәрежесі мен себебі және қолданылу сипатына қарай өзіндік лексика жүйесін құрайды. Көнеру дәрежесі бойынша: а) мағынасы түсініксіз сөздер (байыз – байыз табу, кежеге – кежегесін кейін тарту); ә) мағынасы түсінікті, бірақ сирек қолданылатын сөздер (бәйбіше, қатын, мыстан, алдаспан) болып бөлінеді. К. с. көнеру сипаты мен тілдегі қолданылу ерекшеліктеріне қарай екіге бөлінеді: тарихи сөздер мен архаизмдер. Тарихи сөздердің көнеруі лауазымдық атаулардың, қоғамдық құбылылыстардың жойылуымен, сондай-ақ, әскери қару-жарақ, өндірістік құрал-жабдықтардың қолданыстан шығып қалуымен байланысты (болыс, сұлтан, барымта, ақ берен, айбалта). Архаизмдер халықтың күн көріс тіршілігіне, салт-сана тұрмысына, әдет-ғұрпы, дүниетанымына қарай әр дәуірде өзгеріп, басқа сөздермен ауысып, ескіріп, пайдаланудан біржола шығып қалған сөздер (жаушы, дағара, ергенек, саптыаяқ, түмен, асадал, дүрия, патсайы, т.б.). Әйтсе де, қайсібір К. с. жаңа мағына алып, сөздік құрамдағы белсенді сөздерге қосылуы мүмкін. Мыс., жасақ – жасақшы, төре – төреші тәрізді сөздер қосымша жалғану арқылы қайтадан күнделікті қолданысқа ие болды. К. с. тарихи өзгеріп отыратын лексика-семантик. құбылыс. Әдеб.: Қазақ тілінің грамматикасы, А., 1967; Қалиұлы Ғ., Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы, А., 1997 (телавтор). КӨНЕ СЛАВЯН ТІЛІ. славяндардың көне жазба-әдеби тілі. К. с. т-нің жазба ескерткіштері 10 – 11 ғ-ларға тән. Олар глаголица және кириллица әліпбилерімен жазылған. К. с. т. өзінің фонетика-морфол. құрылысы жағынан соңғы кезеңдегі ежелгі славян тіліне өте жақын. К. с. т. славяндардың, әсіресе, шығыс және оңт. славяндардың әдеби тілінің тарихына елеулі ықпал етті, үнді-еуропа тобына жататын туысқан тілдер тобындағы көптеген славян тілдерінің қалыптасуында маңызы зор болды. К. с. т-нің әдеби тіл ретіндегі жалғасы шіркеулік-славян тілінен көрініс тапты. Әдеб.: Селищев А.М., Старославянский язык, ч. 1 – 2, М., 1951 – 52; Вайан А., Руководство по старославянскому языку, пер. с англ., М., 1952; Ван-Вейк Н., История старославянского языка, пер. с нем., М., 1957. КӨНЕ ТҮРКІ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ. түркі руникалық жазба ескерткіштері – 7–9 ғ-лардағы көне түркі ойма жазулары мен қолжазбалары, көне түркі әліпбиіндегі әр алуан мәтіндер. К. т. ж. е. арқылы қазіргі түрік халықтарының көне тілін, тарихын, этногенезін, географиясын, рухани мәдениетін, жазба дәстүрін, әдет-ғұрыптары мен дүниетанымын білуге болады. К. т. ж. е. табылған аймақтарға Сібірдегі Енисей, Лена өзендерінің аңғарлары, Моңғолиядағы Орхон, Онгин, Селенга өзендерінің алқабы, Орта Азия мен Қазақстандағы Талас пен Сыр бойы, Ертіс пен Іле қойнауы жатады. Орыс этнограф-ғалымы Н.М. Ядринцев 1889 ж. Моңғолиядағы Орхон өз-нің құйылысынан қос тілдік жазуы бар ерекше үлкен екі тас тапты. Кейіннен біреуі Білге қағанға (735 ж.), екіншісі оның інісі Күлтегінге (732 ж.) қойылғаны белгілі болып, мазмұны толық анықталды. Бұл ескерткіштердің бір қырына Қытай иероглифтері ойылған, ал үш қырына ойылған жазу таңбалары “Сібір руналарына”, Енисей бойынан табылған жұмбақ жазуларға ұқсас (бұл жазулар сыртқы көрінісі жағынан Скандинавия руналарына біршама ұқсас болғандықтан “руникалық” немесе “руна тәріздес” деп те аталды). Финн және орыс ғалымдары жүргізген арнаулы зерттеулер нәтижесінде Орхон және Енисей ескерткіштерінің нұсқалары (фотосурет, эстампаж) жинақталып жарияланған атластар жарық көрді. Сайып келгенде Дания лингвисі В. Томсен 1893 ж. түркі руникалық (Орхон-Енисей) таңбаларының дыбыстық мағыналарын негізінен дұрыс анықтап, акад. В.В. Радлов 1894 жылдың қаңтарында көне түркі тілінде жазылған Күлтегін ескерткішіндегі руникалық жазудың тұңғыш аудармасын берді (қ. Күлтегін жазуы). Ғылымда ашылған бұл жаңалық – тіл білімінің тарихи салыстырмалы бағытын белгілеп, түркітану ғылымын жүйеге келтіру ісінде мықты қазық болды. Мұнан кейін К. т. ж. е. тек тастарға ғана қашалмағандығы, металл (алтын, күміс, қола) және саз балшықтан жасалған түрлі бұйымдарға ойып жазылғандығы да айқындала түсті. Моңғолиядағы, Сібір мен Азиядағы айқындалған түркі руникалық ойма жазуларының жалпы саны әзірше екі жүзге жуық. 20 ғ-дың бас кезінде Шығ. Түркістандағы түркі руникалық жазуының шамандық, манихейлік, буддалық дін және заң мазмұнында қағазға жазылған нұсқалары (8–10 ғ-лар) айқындалды. 1932 ж. Талас алқабынан ағаш таяқшаға ойылған руникалық жұмбақ жазу табылды. С.Е. Малов, Х.Н. Оркун, А.М. Щербак, т.б. таяқшалардағы жазудың түркі руникалық таңбаларымен ұқсастығын көрсетіп, оны көне түркі тілінде оқып көрді. Соңғы отыз жыл ішінде Қазақстан жерінде де К.т.ж.е-нің бар екендігі анықталды. Талас бойынан (Жамбыл облысы) төртбұрышты тас мөр мен дөңгелек тастың жарты сынығына бедерленген руникалық ойма жазулар, Іле бойынан (Алматы облысы) жартастарға қашалған руникалық жазу үш жерден табылды. Осы өңірден жүзіктегі руникалық жазу да анықталды. Сыр бойында (Оңт. Қазақстан обл.) ескі кенттердің орнынан табылған саз балшықтан күйдірілген дөңгелек алқа, құмыра сияқты ойылған руникалық жазулар белгілі болды. Ертіс өңірінен екі қола айнадағы руникалық ойма жазудың бірін А.Н. Бернштам 1948 ж. жариялады (Шығ. Қазақстан обл.). Сондай-ақ 1985 ж. Шығ. Қазақстаннан жартасқа қашалған руникалық жазу, ал 1987 ж. бауға тағылған мөрдің табанына ойылған руникалық жазу табылды Жайық өңірінен (Ақтөбе обл.) анықталған қола айнадағы руникалық жазу 1986 ж. жарияланды. К. т. ж. е-нің тілін зерттеп, зор үлес қосқан ғалымдар – Томсен, Радлов, П.М. Мелиоранский, В.Банг, Г.И. Рамстед, А.Габэн, С.Е. Малов, В.М. Насилов, И.А. Батманов, А.Н. Кононов, Дж.Клоусон, Т.Текин, т.б. Әдеб.: Радлов В.В., Атлас древности Монголии. Труды Орхонской экспедиции, І – ІV, СПБ., 1892, 1893, 1896, 1899; Малов С. Е., Памятник древнетюркской письменности, М.–Л., 1951; Малов С.Е., Памятники древнетюркской письменности Монголии и Киргизии, М.–Л., 1959; Кляшторный С.Г., Древнетюрксие рунические памятники как источник по истории Средней Азии, М., 1964; Айдаров Ғ., Құрышжанов Ә., Томанов М., Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі, А, 1971; Аманжолов А.С., Түркі филологиясы және жазу тарихы, А., 1996; соныкі, История и теория древнетюркского письма, А, 2003. КӨНЕ ТҮРКІ ЖАЗУЫ. көне түркі әліпбиі, түркі руникалық әліпбиі – Орталық Азия жерін бағзы заманнан мекендеген түркі тілдес тайпалардың тұңғыш әріптік жазуы. Көне түркі Орхон-Енисей әліпбиінде 35 әріп бар, әрбір әріптің түрлі график. нұсқалары қолданылады. Бұдан тыс 4 арнайы жазу таңбасы кейбір дауыссыздардың тіркесін беру үшін пайдаланылады (лт, нт, нч, рт). Жазудың бағыты – оңнан солға қарай. Бұл әліпби қалыптасқан график. жүйе болып табылады және негізінен көне түркі тілінің фонет. жүйесімен үйлеседі. 8 дауысты фонема (а мен ә, ы мен і, о мен у, ө мен ү) төрт қана полифонды әріппен, 16 дауыссыз фонема (фонема нұсқалар) 31 әріппен белгіленеді, 11 дауыссыз фонема (б, ғ-г, д, й, қ-к, л, н, р, с, т, ш) жуан-жіңішке нұсқалары таңбалармен ажыратылады. Кейде олар жіңішке әрі жуан әріптің орнына қолданылады. Бұдан тыс 5 дауыссыз фонема (з, м, н, п, ч) дара таңбамен ғана белгіленеді. К. т. ж-ның шығу тегі әлі шешіле қойған жоқ. 1893 ж. осы жазудың кілтін тапқан Дания ғалымы В.Томсен (1842 – 1927) көне түркі әліпбиі арамей (парсы-арамей және арамей-соғды) жазуының әсерімен шықты деген жорамал ұсынды. Түркітанушылардың дені бұл пікірді қолдады. Томсен мен орыс ғалымы Е.П. Поливанов (1891 – 1938) арамей әліпбиіне жанасымы жоқ бірсыпыра руникалық таңбалар идеограммалардың (логограммалардың) негізінде пайда болды деген болжам жасады. Ал орыс шығыстанушысы Н.А. Аристов түркі руналарын ешбір бөгде әліпбидің ықпалынсыз, түркі руна таңбалары негізігде туған төл жазу деп санайды. К. т. ж. жөнінде басқа да пікірлер бар, бірақ олардың ешқайсысы жазба таңбалардың нақты ұқсастығын аша алмайды. Археол. зерттеу барысында жаңадан табылған этногр. ескерткіштер ертедегі түркі тілдес халықтардың ең көне жазба түрлерін пайдаланғанын дәлелдеді. Б. з. д. 5 – 4 ғ-лардағы қорымдардан табылған руникалық немесе руна тәріздес екі ойма жазу Оңт. Сібір мен Қазақстанның ежелгі көшпелі тайпаларында өзіндік әліпби болғандығын айғақтайды. Мұның бірі – Ертіс бойынан табылған сүйек тұмардағы (қ. Ертіс жазба ескерткіші), екіншісі – Іле бойынан табылған күміс тостағаншадағы ойма жазу (қ. Есік жазба ескерткіші). Көне түркі әліпбиі Оңтүстік Сібір мен Жетісу жерінде ерте дәуірде, яғни, б.з.д. 1-мыңжылдықтың орта кезінде қалыптасқандығын археол. жаңа деректер мен палеогр. талдаудың нәтижелері дәлелдейді. Бұл көне әліпби Жерорта т. маңындағы алғашқы әліпбилермен генетик. жағынан тікелей байланысты. Демек, ол көне грек әліпбиінің жергілікті түрлерімен, финикия әліпбиінің және оның жалғасы – ертедегі арамей әліпбиімен, сондай-ақ Арабиядағы көне әліпбилермен етене жақын. Көне түркі руна таңбаларының шығу тегі басқа көне әліпбилердің шығу тарихымен тамырлас. Көне түркі әліпбиінің әуел бастағы түпкі негізі б.з.д. 3 – 2-мыңжылдықтағы беймәлім лотогр. немесе әліпбилік жазу болуы ықтимал, ал басқа көне әліпбилермен ішінара ұқсастықтар олардың арғы тегіндегі бастауы бір екендігін көрсетеді. К. т. ж-ның шығу тарихы жалпы әліпбилік жазудың шығу тегімен ұштасады. КӨНЕ ТҮРКІ ТІЛІ. қазіргі түркі халықтарының түп негізі саналатын халықтар тілі. К. т. т-нің кейбір материалдары топонимика мен ономастика тарихында, көршілес елдердің жылнама жазбаларында кездеседі. Басты мәліметтер көне түркі жазба ескерткіштері (5–8 ғ.) мен көне ұйғыр жазба ескерткіштерінде (5–13 ғ.) сақталып қалған. Олар жеке тайпалық тілдер негізінде жасалған. Қазіргі түркі тілдерінің жетілу барысындағы белгілі бір кезеңді танытатын тарихи нұсқа К. т. т-нің граммат. құрылысы, фонет. жүйесі және оның негізгі сөздік қоры осы күнгі түркі тілдерінде түгелдей сақталған. Кейбір өзгешеліктері мынадай: 1) граммат. ерекшеліктер: К. т. т. типол. жағынан жалғамалы топқа жатады, оның морфол. құрылысының негізі – аффиксация: түбір – жұрнақ жалғау. Түбір көбінесе бір буынды, кейде екі буынды болып келеді, аффикстік көрсеткіштер де осы іспеттес. К. т. т-нде тек (род) категориясы болмаған. Атау тұлғада тұрған сөздің көптеген мағынасы болған. жіктеу есімдіктері мен сілтеу есімдіктері – этимол. жағынан өзара төркіндес. Қазіргі түркі тілдерімен салыстырғанда, К. т. т-нде мынадай айырмашылықтар кездеседі: табыс септігінің -ғ/-г; -ығ/-іг жалғауы: сөз-сөздігі (сөзді), баш-башығ (басты); -ғару/-геру (ға-ру, ге-ру) табғачғару (табғачқа), -ңару/-ңеру, -ңару/-ңеру, -ңар/-ңер: аңар (оған), -йа/йе: курйа (кері, кері қарай); құралдық септіктің -ын/-ін, -ун/үн жалғауы: көлік-көлгүн (көлікпен). Қазіргі қазақ тіліндегі көрі, ілгері, сыртқары, шеткері, жазын, қысын, күзін сияқты сөздер К.т.т-нің кезінде қалыптасып кеткен реликті формаларда қолданылады. Өткен шақ, жекеше 2-жақ -тығ/-тіг: бардығ (бардық); ауыспалы келер шақ -тачы/-течі, -дачы/-дечі: болтачы (болады), өлтүртечі (өлтіреді), өткен шақ -тұқ/-түк, -дұқ/дүк: өтүндүк (өтінген), бардуқ (барған), есімше 1–2-жақ есімдіктерімен тіркесіп айтылады: болтачы сөн (боласың); көсемшенің өткен шағы -бан/-пан, -бен/-пен арқылы берілген: келібен (келіп), алыбан (алып); шартты рай -сар/-сер: келсер (келсе), бұйрық рай -ың/ің, уң/-үң (2-жақ көпше сыпайы түрде), -ғыл/-гіл (2-жақ көпше анайы түрі): барың (барыңыздар), барғыл (барыңдар), т.б. Ондық сан есімдердің жасалу жолдары ерекше түзілген: әуелі бірлік сандар, сонан соң ондық сандар айтылады: беш иігірмі (бес жиырма). 2) синтаксистік ерекшеліктер, негізгі көрсеткіштері: матасудың 1-түрі (екі сыңарының да жалғаусыз келуі) өте жиі жұмсалады: түрк будун (түрік халқы), 2-түрі (бір сыңары жалғаулы болуы) біршама жиі (қаған інісі – ханның інісі), ал 3-түрі (екі сыңары да жалғаулы болып келуі) өте сирек ұшырасады, бұл нұсқа қазіргі қазақ тілінде жиі қолданылады. 3) фонет. ерекшеліктер: жуан және жіңішке болып айтылатын 8 дауысты дыбыс қолданылған: а-е, о-ө, у-ү, ы-і, (и), 18 дауыссыз дыбыс болған. б, д, ж, з, г, ғ, к, қ, й, л, м, н, п, р, с, т, ч, ш. Сөйлемнің 1-жартысында 8, қалған жартысында 6 не 7 дауыссыз дыбыстар қолданылған (сөз соңында о, ө дыбыстары кездеспеген, у, ү, өте сирек). Сөз басында 7 дауыссыз фонема (б, т, қ, ч, м, с, й), басқа позицияларда 18 дауыссыз дыбыс қолданылған. Кейбір ұяң дауыссыздардың (ғ, г, б, д) сөз соңында келуі әдеттегі құбылыс: сарығ (сары), кічіг (кіші), еб (үй), өд (уақыт). Сөздің басқа позициясында екі дауыссыз дыбыс қатар келмейді, бірақ басқа орындарда (түбір мен қосымшаның қосылған жерінде) кездесе береді, сөз соңында лт, рт, нт тіркестері жиі ұшырасады: алты (алды), олурты (отырды), анта (онда). Қазіргі түркі тілдерімен салыстырғанда ғ, г дыбыстарының ұ, й дыбыстарымен алмасуы не болмаса айтылмай түсіп қалуы, сол сияқты д/т/й заңдылығы жиі байқалады: оғры (ұры), оғул (ул/ұл), өгрет (үйрет), тағ (тау), адақ, айақ (аяқ), т.б. К. т. т-нде кейбір дыбыстар өзара алмасып отыратын болған: с/ш: сад/шад (атақ, дәреже), м/б: мен/бен (мен), т/д: тегрі/дегрі (де, дейін), ч/ш: кічі/кіші (кісі), е/и: ел/ил (ел), н/й: анығ/айығ (сұм, зұлым), ң/й: коң/қой (қой), т.б. Жергілікті тайпа тілдерінің әсерінен пайда болған мұндай фонет. құбылыстар сөздің қай позициясында болса да ұшыраса береді. Қазақ тілінің говорларында кездесетін осы іспеттес дыбыстардың өзара алмасып келуі К. т. т-нен қалған тарихи іздер болуы ықтимал. КӨНЕШҰҢҚЫР МӘДЕНИЕТІ. ежелгі дүниедегі шұңқырлы мәдениет – энеолит дәуірінен сақталған ескерткіштердің жиынтық атауы. Қорған астындағы жерлеу шұңқырына байланысты айтылған. Б.з.б. 3-мыңжылдықтың 2-жартысы мен 2-мыңжылдықтың басын қамтиды. Алғаш К. м. ескерткіштерін 1901 ж. Донның солт-нен В.А. Городцов (1860 – 1945) тапқан. Бұл мәдениет ең гүлденген кезінде аумағы шығыста Оңт. Орал маңын, батыста Днестр өз. алабын, солт-те Самара Лукасын, оңт-те Терек, Кубань өзендері аралығын алып жатты. К. м-нің белгілі бір тайпаға немесе этн. қауымдастыққа жататын өзіндік ерекше нұсқалары – мәйіттің охрамен боялуы, жанында түбі дөңгелектеу келген өрнекті қыш ыдыстардың болуы. Бұл – ашық далаларда жартылай көшпелі және көшпелі шаруашылықты, өзен аңғарларында егіншілікті қатар ұстанған мал өсіруші тайпалар мәдениеті. Тас, мүйіз, сүйек, мыс түйреуіш, балта, пышақ, біз, т.б. шаруашылыққа қажетті бұйымдар жасалған. К. м. үнді-еуропа тіл тобына, қола дәуіріндегі қима мәдениетіне өз ықпалын тигізген. Көнсадақ. қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, керей тайпасының абақ керей тармағына енеді. 20 ғ-дың басында Қара Ертіс бойын, Қытайды мекендеген. Аңызда Жаппас (Жабай) атты батыр бабалары садағын көнмен қаптағандықтан ру осылай аталған деп айтылады. К-тан Шолан, одан Ақтас таратылады. Ұраны – Жабай. Арыстанова Танагүл Әкімбайқызы. Арыстанова Танагүл Әкімбайқызы (1"953 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы Жабағылы ауылы") – фармацевтика ғылым докторы (2001), профессоры (2003). Алматы мемлекет медицина институтын (1977, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. 1977–80 жылы Орал қаласында дәріханада, 1980–81 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекет медицина академиясының Шымкент бөлімшесінде оқытушы, 1981–84 жылы Мәскеу қаласындағы Бүкілодақтық ғылым-зерттеу институтының аспиранты, 1984 жылдан Оңтүстік Қазақстан мемлекет медицина академиясында кафедра меңгерушісі. Негізгі ғылым еңбектерінің бағыты Отандық өсімдік шикізатынан дәрілік препараттар дайындау мәселелеріне арналған. Асамбаев Серік Назтайұлы. Асамбаев Серік Назтайұлы ("17.5.1944 жылы туған, Қостанай облысы Жітіқара ауданы Жітіқара қаласы") – энергетик, техникалық ғылым докторы (1990), профессоры (1993). Саратов политехникалық институтын (1968) бітірген. Мәскеу энергетика институтының аспиранты (1974). Павлодар индустриялды институтында ассистент, оқытушы, доцент (1968–81), Алматы энергетика институтының доценті, кафедра меңгерушісі (1981–91), ҚР Алматы энергетика білімін жетілдіру институтының ректоры (1991–99) қызметтерін атқарады. Асамбаев 80-ге жуық ғылым еңбектің авторы. Асанас. Асанас – "орта ғасырлардан сақталған көне қала орны." Қызылорда қаласының оңтүстік-шығыс жағында 48 км жерде орналасқан. Жазба деректерде моңғол шапқыншылығынан бастап (1220) белгілі. Жауға табанды қарсылық көрсеткендіктен жермен жексен қиратылып, халқының көпшілігі қырылған. Сырдарияның бойындағы басқа да қалалар сияқты көп ұзамай қайта қалпына келтіріліп, 14–15 ғасырларға дейін болған. Алғаш 1899 жылы В.А.Каллаур, кейінірек 1960–61, 68 жылы Хорезм археология-этнография экспедициясы (Н.Н.Вактурская) зерттеген. Қала орны Асанас өзеннің құрғақ арнасы бойында орналасқан. Цитадельінің аумағы 40х50 м, айналадағы деңгейден биіктігі 14 м. Орталық бөлігін қоршай орналасқан шаһристанның үлкен қабырғасы 300 м, кіші қабырғасы 200 м. Қорған қалдығының ені 15 м, биіктігі 5 м. Қазба кезінде жиналған қыш ыдыстар мен басқа да археология материалдар қаланың 6–15 ғасырлар аралығында болғанын көрсетеді. Асанов Жұматай Ілесбайұлы. Асанов Жұматай Ілесбайұлы ("25.5.1941 жылы туған, Қызылорда облысы Сырдария ауданы Комсомол ауылы") – педагогика ғылым докторы (2004), профессоры (2006), ҚР Педагогика ғылым академиясының құрметті академигі (2006). Қызылорда педагогика институтын (1962) және Мәскеу мемлекет педагогика институтының аспирантурасын (1980) бітірген. Қызылорда мемлекет университетінде оқытушы, аға оқытушы, доцент (1970–79), Қазақ ұлттық педагогика университетінде аға ғылым қызметкер (1995–97) болды. 2004 жылы «Студенттердің этнопедагогикалық білімдері мен икемділіктері жүйесін қалыптастырудың дидактикалық негіздері» деген тақырыпта докторы диссертация қорғаған. Асанов жастарға кәсіптік бағдар беру мәселелері (1989), «Болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық даярлығының теориясы мен практикасы» (1999), тағы басқа ғылым кітаптарының авторы. Асанов Қасым Әбуұлы. Асанов Қасым Әбуұлы ("1.1.1931 жылы туған, Атырау облысы Құрманғазы ауданы Өтер ауылы") – ауыл шаруашылығы ғылым докторы (1976), профессоры (1983), Қазақстан ҒА-ның академигі. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын (1951), Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясын (1963) бітірген. 1955–69 жылы ұжымшар төрағасы, 1969–73 жылы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясында аға ғылым қызметкер, 1973–87 жылы Шымкент облысы мемлекет ауыл шаруашылығы тәжірибе станцияның «Шымкент» кеңшар техникумының және дендрологиялық саяжайдың директоры болды. 1987 жылдан Қазақтың мал азығын дайындау және жайылым ғылым-зерттеу институтының директоры қызметін атқарады. Шығармалары: "Пастбищное хозяйство Казахстана, Асанов, 1992; Практикум по пастбищному хозяйству, Асанов, 1994." Асанов Нығмет Ғатауұлы. Асанов Нығмет Ғатауұлы ("5.8.1942 жылы туған, Атырау қаласы") – ветеринария ғылым докторы (2007) профессоры (2008). Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын (1966, қазіргі Қазақ ұлттық агрономия университеті) бітіргеннен кейін сол институтта аспирант (1966–69), ассистент (1969–73), аға ғылым қызметкер (1973–66), доцент (1991), 1991 жылдан кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарады. Ғылым жұмысының негізгі бағыты құстардың вирустар қоздыратын ауруларын зерттеу. Асанова Сабыркүл Жайлаубекқызы. Асанова Сабыркүл Жайлаубекқызы ("28.2.1944 жылы туған, Жамбыл облысы Мерке ауданы Мерке ауылы") – инженер-технолог, техникалық ғылым докторы (2004), профессоры (2009), Халықаралық инженері (2007) және ҚР инженер академияларының академигі (2008), Қазақстанның еңбек сің. қайраткері (2006). Мәскеу тоқыма институтының механика-технология факультетін бітірген (1969). Мәскеу «Трикотажница» фабрикасында инженер (1969–72), Алматы қаласындағы «Алмагүл» фабрикасының бас инженер (1972–84), «Қазақстан» фирмасының директоры (1984–86), Қалалық туристік басқармасының бастығы (1986–90), 1990 жылдан «Сымбат» сән академиясының президенті, ал 1998 жылдан «Сымбат» сән бизнес академиясының ректоры. 2003 жылы «Разработка комплексного проектирования и технологии производств национальной одежды» деген тақырыпта докторы диссертация қорғады. Асанова 145-тен астам ғылым еңбектің авторы. Асаубеков Мәкәрiм Әбдiқадырұлы. Асаубеков Мәкәрiм Әбдiқадырұлы ("5.1.1943 жылы туған, Жамбыл облысы Талас ауданы Бостандық ауылы") – химия ғылым докторы (1996). Мәскеу мемлекет университетiн бiтiрген (1966). 1966–69 жылы КСРО ҒА мұнай-химия синтездерi институтының аспиранты, 1970 жылы Қазақстан ҒА-ның химия ғылымдары институтында кiшi ғылым қызметкер, Қазақ мемлекет университетiнде және Қазақ ұлттық техникалық университетiнде доцент болып қызмет атқарды. 100-ден аса ғылым мақала, соның iшiнде 1 монография жазған. Асқамбайқызы Күлзина. Асқамбайқызы Күлзина ("1941 жылы туған, Алматы облысы Балқаш ауданы Бақанас ауылы") – медицина ғылым докторы (1993), профессоры (1993). Алматы мемлекет медицина институтын (1964) және Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) қаласындағы дәрігерлер білімін жетілдіру институтының аспирантурасын (1971) бітірген. Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық ауруханасында дәрігер (1964–66), Алматы мемлекет медицина институтында ординатор (1966–68), Алматы облысының емдеу мекемелері мен Педиатрия және бала хирургиясы орталығында қызметтер атқарды. 1997 жылдан Оңтүстік Қазақстан мемлекет медицина академиясында кафедра меңгерушісі. 1992 жылы «Рецидивирующие хронические неспецифические бронхелегочные заболевания у детей» деген тақырыпта докторы диссертация қорғады. "Асқамбайқызының 50-ден астам ғылым еңбегі жарық көрді." Қазақ мемлекеттік агротехникалық университеті. Астана аграрлық университеті, "С. Сейфуллин атындағы" – ауыл шаруашылығы мамандарын даярлайтын жоғары оқу орны. Целиноград ауыл шаруашылығы институты негізінде ҚР Үкіметінің 1996 жылы 7 мамырдағы қаулысымен құрылды. Университет: сәулет өнері, агрономия, ауыл шаруашылығы дақылдарын сұрыптау, зоотехния, мал шаруашылығындағы сұрыптау, мал дәрігерлігінің медицинасы, мал дәрігерлігінің санитариясы, жерге орналастыру, жер кадастры, ауыл шаруашылығы өндірісін механикаландыру, агротехника сервис, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, ауыл шаруашылығы өндірісін механикаландыру, астық, ұн, жарма және құрама жем технологиясы, автоматты электрлі байланыс, электрмен жабдықтау және ауыл шаруашылығын электрлендіру, агроөнеркәсіп кешені экономикасы мен мәдениеті, бухгалтерия есеп және аудитор мамандықтары бойынша кадрлар даярлайды. Өсімдіктануда өнім өндірудің интенсивті технологиясы агротәсілдерін жасау, мал басын аман сақтау және олардың өнімділігін арттыру жолдары, агроөнеркәсіп кешенінің экономика-ұйымдастыру және әлеум. мәселелері, ауыл шаруашылығы өндірісін инж-техникалық жағынан қамтамасыз ету, жеке тұлғаның ойлау жүйесін қалыптастыру бағыттарында ғылым-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. АҚШ, Германия, Англия, Италия оқу орындарымен және ғылым орталықтарымен байланыс орнатылған. Астана мемлекеттік медицина академиясы. Астана мемлекеттік медицина академиясы – "дәрігер мамандар даярлайтын мемлекет жоғары оқу орны". Ақмола медицина институты (1964) негізінде ҚР Үкіметінің 1996 жылы мамырдағы қаулысымен құрылған. Академияның емдеу, педиатрия, медицина-биология факультеттерінде 30 ғылым докторы, профессоры, 104 ғылым кандидат дәріс береді (1997). Құрамына Ақмола, Арқалық, Қостанай, Петропавл колледждері енеді. Ғылым-зерттеу жұмыстары: патогенез мәселелері, қарқынды терапия, аурудың терминалдық жағдайы, реанимациялық аурулар, жұқпалы ауруларды емдеу мен алдын алу әдістемелерін жасау, дегенеративті дистрофия және ортопедия сырқаттарын емдеудің экон. және атравматикалық әдістерін жетілдіру бағытында жүргізіледі. Астафьев Владимир Леонидович. Астафьев Владимир Леонидович ("1.1.1958 жылы туған, Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Әулиекөл ауылы") – инженер-механик, техникалық ғылым докторы (2003), профессоры (2007), ҚР Ауыл шаруашылығы ғылым академиясының академигі (2009). Челябинск ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру институтын (1979) және оның аспирантурасын (1989) бітірген. Қостанай облысы «Целинный» кеңшарында аға инженер, механикаландырылған отряд бастығы (1980–83), Қостанай қаласындағы Тың өлкесі ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылым-зерттеу институтында кіші, аға ғылым қызметкер (1983–85), сектор, лаборатория меңгерушісі, институт директорының ғылым жұмысы жөніндегі орынбасары (1989–2007), директоры (2009 жылдан), Алматы қаласындағы ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылым орталығының Бас директоры (2007–09) қызметтерін атқарады. «Повышения эффективности механизированного процесса производства кукурузы на силос широкозахватным агрегатами» деген тақырыпта докторы диссертация қорғады. Оның негізгі ғылым жұмысы – Солтүстік Қазақстан облысы жағдайына ыңғайлап сүрлемдік дақылдарды өсіріп, жинаудың технологиясын жасау; сол өңірде егін және мал шаруашылығы өнімдерін өндіруге қажетті машиналар жүйесін қалыптастырып жасауға арналған. Астафьев 130 ғылым еңбектің авторы, 30 авторлық куәлігі мен патенті бар. Астафьевтің ғылым-зерттеулері нәтижесінде жасалған машиналар Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Ресейдің Челябинск обл-нда өндіріске енгізілген. ҚР Білім және ғылым министрлігінің А. И.Бараев атындағы сыйлық лауреаты (2001, астық өндіруге қажетті қор үнемдейтін кешенді машиналар жасағаны үшін). Астрологиялық трактат. «Астрологиялық трактат» – "Әбу Наср әл-Фарабидің астрологияға арналған белгілі шығармасы". Толық атауы «Жұлдыз бойынша болжаулардың анығы мен қанығы». Орысша аудармасы 1975 жылы Алматыда «Ғылым» баспасынан жарық көрген ұлы ғұламаның «Математикалық трактаттарына» енген. әл-Фараби бұл трактатында философия, логика, жаратылыстану ғылымдарының сол кездегі жетістіктеріне сүйене отырып, аспан туралы ғылым қағидалары мен ережелерінің дұрыс-бұрыс екенін ажыратып берген. «Жұлдыздар бойынша болашақты болжауға болады» деп санайтын астрологияның жалған ғылым екенін дәлелдейді. Беймәлім, кездейсоқ құбылыстарды тәжірибе немесе алдын ала жүргізілген есептеулер арқылы болжап-білуге болмайтындығы жайлы қағидасы ықтималдықтар теориясының философия бастамасы болып табылады. «Астрологиялық трактатта» адамзат білімінің кемелсіздігі, шарттылығы туралы пайымдаулар айтылады. «Астрологиялық трактатта» ол пікірлер мен идеялар Әбу Наср әл-Фарабидің ізбасарлары Әбу Райхан әл-Бируни, Әбу Әли ибн Сина, сондай-ақ Леонардо да Винчи еңбектерінде қолдау тауып дамытылған. Гольмий. Гольмий, Но – элементтердің периодтық жүйесіндегі хим. элемент; лантаноидтарға жатады, ат. м. 164,93, ат. н. 67, балқу t 1470°С, қайнау t 2707°С, күмістей ақ түсті, менш. салм. 8,8 г/см3. Г-ді швед химигі П.Т. Клеве 1879 ж. ашып, оны Швеция астанасы Стокгольмнің (лат. "Holmіum") атымен атаған. Таза күйіндегі Г-ді 1958 ж. неміс ғалымы В.Ноддак алған. Г. иттрий, диспрозий, эрбий сияқты элементтермен бірге иттрий минералдары құрамында кездеседі. Г-ді бұл металдардан ажыратып алу үшін олардың тұздарын ерітіп оны кристалдандырады, бұл процесс көп рет қайталанады. Г. үш валентті түрлі қосылыстар түзеді, қосылыстары парамагнитті. Оның радиоактивті изотопы (166Но) аналит. химияда радиоактивті индикатор ретінде, өнеркәсіпте арнайы шыны жасау үшін, т.б. қолданылады. ҚОЗҒАЛЫС. х=х cos  – y sіn  + a, y=x sіn  + y cos  + b, Кеңістікте Қ-тың аналит. түрі, оның меншікті немесе меншіксіз болуына байланысты анықтауышы 1-ге немесе –1-ге тең матрицасы ортогональды сызықтық түрлендірулер арқылы беріледі. ҚОЗҒАЛЫС (зат). ҚОЗҒАЛЫС – заттар мен құбылыстардың жалпы өзгерісін, бір-біріне әсер етуін білдіретін ұғым. Қ-сыз өмір болмайды, ол – барлық нәрсенің өмір сүру тәсілі. Қ. – мәңгі, шексіз бола тұра, дүниеге сырттан енгізілмейді, оның құрамдас бөлігі болып табылады. Антик. заман философиясы Қ-тың бар екенін мойындап қана қоймай, оның мәнін зерделеп, себептерін, жалпы заңдылықтарын ашуға ұмтылды. Кейбір философтар табиғат бастамасын ағып жатқан суға (Фалес), жалындаған отқа (Гераклит), сандар арасындағы үйлесімге (Пифагор), бос кеңістіктегі атомдарға (Демокрит) теңеп, дүниенің динамик. суреттемесін жасаса, енді біреулер Қ. ұғымының қайшылыққа толы екенін (Зенон) айтты. Аристотель ілімінде Қ. ұғымы категория деңгейіне көтеріліп, оның көптүрлілігі, болмыс пен танымның басты анықтамаларының бірі екендігі айтылды. Жаңа заман дәуірінде (17 – 18 ғ.) ғыл. танымның, әсіресе, механиканың қарқынды дамуына орай Қ. көбінесе мех. Қ., яғни денелердің кеңістікте орын алмасуы және бір-біріне әсер етуі ретінде қарастырылып, дүниенің мех. суреттемесі жасалды. Гегель Қ. ұғымын қалыптасу, өзгеру, даму ұғымдарымен ұштастырып, оның жалпы заңдарын ашты, оны сан мен сапаның өзгеруі, сапалық түрлену секілді түсініктермен байытып, Қ-тың ішкі қайнар көзі, себебі қайшылықта екенін көрсетті. Дүниеде өзгермейтін, қозғалмайтын дене болмайтыны секілді, Қ. табиғаттағы, қоғамдағы барлық өзгерістерді түгел қамтиды. Қ. – жалпы өзгеріс, нысандардың бір-біріне әрқалай әсер етуі және олардың қалпының ауысуы. Ол – материяның ажырамас, өмір сүру тәсілі. Қ-сыз материяның болмайтыны секілді, материясыз Қ-тың болуы мүмкін емес. Қ. сан алуан болып келеді. Әрбір Қ-тың өз иесі, өз тасымалдаушысы, яғни түпкі негізі болады. Мыс., қарапайым бөлшектер Қ-ының өз заңдылықтары, өзіне ғана тән ерекшеліктері бар. Сол секілді материя құрылымының деңгейіне сәйкес өз Қ-ының болуы заңды. Алайда, Қ-тың бастапқы негізін анықтау, яғни алғашқы Қ. қалай пайда болды деген мәселеде ғыл. ой-пікірлер мен діни сенімге негізделген теориялар қайшылығы жалғасып келеді. Қ. шектілік пен шексіздіктің, өзгермелілік пен орнықтылықтың, тыныштық пен тынышсыздықтың қайшылығы болып табылады. Қ-тың өзіне қарама-қарсы сәті – тыныштық. Ол Қ-тың белгілі бір өткінші қалпы, біршама тұрақтылығы. Шексіз тыныштыққа жету – заттың жойылып кетуімен бара-бар келеді. Дамумен салыстырғанда Қ. – неғұрлым жалпылама ұғым, өйткені ол жүйенің дамуының ішкі заңдарына сәйкес келмейтін қандай да бір сыртқы және кездейсоқ өзгерістерді қамтиды. 20 ғ-дың 2-жартысында ғылым мен техниканың, қоғамдық тәжірибенің дамуы жаңа нысандарды, күрделі жүйелер кешенін зерттеуге, сөйтіп Қ., оның түрлері, олардың өзара байланысы туралы жаңа филос. теориялар жасауға жол ашты. ҚОЗҒАЛЫС МӨЛШЕРІ. ҚОЗҒАЛЫС МӨЛШЕРІ, импульс – механикалық қозғалыс өлшеуіші. Материалдық нүктенің Қ. м. оның массасы (m) мен жылдамдығының () көбейтіндісіне тең: m. Ол – нүктенің жылдамдығымен бағыттас векторлық шама. Нүктенің Қ. м. тек күш әсері жоқ кезде ғана тұрақты болады. F күш әсерінен нүктенің Қ. м. жалпы жағдайда шамасы бойынша да, бағыты бойынша да өзгереді; бұл өзгерістің сипаты механиканың негізгі теңдеуі болып табылатын өрнегімен анықталады. Мех. жүйенің Қ. м. (Q) оның барлық нүктелерінің Қ. м-лерінің геом. қосындысына тең немесе тұтас жүйе массасының (М) массалар центрінің жылдамдығына ц) көбейтіндісіне тең:. Жүйенің Қ. м-нің өзгерісі тек сыртқы күштердің () әсерінен ғана болады. Бұл өзгеріс заңы, динамиканың көптеген мәселелерін шешуге қолданылатын, жүйенің барлық нүктелерінің қозғалысы анықталатын теңдеуімен беріледі. Тұйық жүйе үшін, яғни сыртқы күш әсер етпейтін жүйелерде немесе жүйеге әсер ететін сыртқы күштердің геом. қосындысы нөлге тең болғанда Қ. м-нің сақталу заңы орындалады. Бұл жағдайда жүйенің жеке бөліктерінің Қ. м. өзгерсе де, (мыс., ішкі күштердің нәтижесінде), барлық жүйе үшін теңдігі тұрақты болып қалады. Материяның кез келген түрінің Қ. м. болады. Релятивистік механикада қарастырылатын жарық жылдамдығына (с) жуық жылдамдықпен қозғалатын еркін бөлшектің Қ. м. (импульсі) мына формула бойынша өрнектеледі:, мұндағы =c. Егер болса, онда бұл формула мынадай қарапайым түрде жазылады: p=m. Физ. өрістің Қ. м. оның тығыздығымен сипатталады және ол өріс кернеулігі не потенциалы арқылы өрнектеледі. Элементар бөлшектердің Қ. м. кванттық механикада қарастырылады. ҚОЗҒАЛЫС МӨЛШЕРІ МОМЕНТІ. ҚОЗҒАЛЫС МӨЛШЕРІ МОМЕНТІ, импульс моменті – материалдық нүктенің немесе жүйенің механикалық қозғалысының динамикалық сипаттамаларының бірі; айналмалы қозғалысты зерттеуде ерекше рөл атқарады. Күш моменті сияқты Қ. м. м. центрге (нүктеге) және оське де қатысты анықталады. Материалдық нүктенің центрге (O) қатысты Қ. м. м. центрден жүргізілген қозғалыстағы нүктенің радиус-векторының (r) оның қозғалыс мөлшерінің (m) векторлық көбейтіндісіне тең: яғни K0=[rm]. Материалдық нүктенің O центрі арқылы өтетін z осіне қатысты Kz Қ. м. м. K0 векторының осы оське проекциясына тең болады. Қ. м. м-н есептеу үшін күш моментін есептеуге арналған барлық формулаларды пайдалануға болады, тек онда F векторын (немесе оның проекцияларын) m векторымен (немесе оның проекцияларымен) алмастыру қажет. Қ. м. м. өзгерісі түсірілген күштің m0(F) моментінің әсерінен болады. Бұл өзгерістің сипаты динамиканың негізгі заңы болып табылатын теңдеуімен анықталады. m0F=0 болған кезде, мыс., центрлік күштер үшін орындалады, нүктенің O центрге қатысты Қ. м. м. өзгеріссіз қалады; нүкте осы кезде жазық қисық бойымен қозғалады және оның радиус-векторы кез-келген бірдей уақыт аралықтарында бірдей аудандар сызып өтеді. Бұл нәтиже аспан механикасы үшін, сонымен қатар ғарыш ракеталарының, ЖЖС-тердің, т.б. қозғалысы үшін маңызды. Мех. жүйе үшін жүйенің O центрге қатысты бас Қ. м. м. түсінігі енгізіледі, ол жүйенің барлық нүктелерінің сол центрге қатысты Қ. м. м-терінің геом. қосындысына тең K0 векторын оның координат осьтеріне проекциялары: KX, KУ, KZ бойынша анықтауға болады. Бас Қ. м. м. түсінігі қатты дене динамикасында, әсіресе, гироскоп теориясында кең қолданыс тапты. Материяның барлық түрлеріне тән, оның ішінде эл.-магн., гравитац., т.б. физ. өрістердің де Қ. м. м. болады. Астрофизика. Астрофизика ("грек. аstron – жұлдыз және физика") – аспан денелерінің физика күйі мен химия құрамын және олардың жүйелерін, жұлдызаралық орта мен галактикааралық орталарды, сондай-ақ оларда өтетін химия процестерді зерттейтін астрономияның бөлімі. Астрофизика жеке ғылым пән ретінде телескоптың жасалуынан (17 ғасыр) кейін дами бастады. 19 ғасырдың ортасында ашылған спектрлік анализ бен фотография тәсілдерді қолдануға байланысты астрофизиканың жаңа саласы – практикалық астрофизика дүниеге келді. Зерттеу әдістеріне қарай астрофизика астрофотография, астрофотометрия, астроспектроскопия, радиоастрономия, рентгендік астрономия, тағы басқа салаларға бөлінеді. Атомдық физиканың 20 ғасырдың бас кезіндегі табыстары мен жаңа әрі жетілдірілген физика тәсілдер теориялық астрофизиканың қалыптасып, дамуына қолайлы жағдай туғызды. Теория астрофизикада аспан денелері құрылысының теориясы (жұлдыз атмосферасының құрылысы, жұлдыздардың ішкі құрылысы, тағы басқа) және оларда өтетін процестер қарастырылады. Негізінен ол жұлдыздар атмосферасының физикасы, жұлдыздардың ішкі құрылысының теориясы, газ, тозаң және тұмандықтар физикасы, ал зерттейтін объектілерінің ерекшеліктеріне қарай Күн физикасы, құйрықты жұлдыздар мен метеорлар физикасы, планеталар физикасы, тағы басқа болып бөлінеді. Құйрықты жұлдыздар мен метеорларды зерттеу – астрофизиканың басты мәселелерінің бірі. Астрофизикалық зерттеулер заттың физика және техникалық тәжірибелер арқылы анықталатын қасиеттерін одан әрі толықтыра түседі. Күндегі процестердің Жер бетіндегі құбылыстарға тигізетін әсерін және оның заңдылықтарын зерттейді. Астрофизиканың үлкен саласы – радиоастрономия. Оптикалық және радиастрономиялық тәсілдерді біріктіре пайдалану асқын алып жұлдыздар мен квазарларды ашуға, шаян тәрізді тұмандық жарқылының табиғатын және біздің Галактикадағы (Жұлдызаралдағы) сутегі элементінің орналасуы мен қозғалуы ерекшеліктерін анықтауға, сондай-ақ планеталар атмосфераларының құрамдарын анықтауға мүмкіндік берді. Қазақстанда астрофизика ғылымының дамуына Астрофизика институты ғалымдары елеулі үлес қосты. Мұнда негізгі зерттеулер бақылау арқылы немесе практикалық астрофизика саласында жүргізіледі, сондай-ақ теория астрофизиканың кейбір салалары қамтылған. Зерттеу объектілері: галактик. тұмандықтар, жұлдыздар, Күн, Галактика, квазарлар, планеталар, құйрықты жұлдыздар, жұлдыздық және планетааралық тозаңдықтар физикасы және космология. Институттағы алғашқы астрофизикалық ғылым-зерттеу жұмысы зодиактік жарықты зерттеуге арналды. Астероидтар белдеуінде астероидтар мен метеороидтардың ұсақталу себебінен зодиактік жарық құбылысының пайда болу теориясы жасалды. 1953 жылы басылып шыққан «Газ-тозаң тұмандықтарының атласы» осы бағыттағы зерттеулердің алғашқы нәтижесі болды. Одан кейінгі жұмыстар поляриметриялық және спектро-фотометриялық тәсілдермен әр түрлі тұмандықтар кешенін зерттеуге арналды. 1968 жылы осындай зерттеулерді жинақтай келе Галактикадағы 120 объектінің жарқырауы, морфологиясы және олардың ғарышта тарала орналасуы жөніндегі деректер қамтылған каталог жарияланды. 1981 жылдан айнасының диам. 1 м-лік телескоп-рефлектор арқылы Маркарян галактикасындағы ультракүлгін сәулесі мол 500-ге жуық актив галактиканың спектрлері зерттелді. Алғаш рет жүздеген объектілердің сәулелік жылдамдықтары анықталып, 50-ге жуық жаңа Сейферт галактикалары мен бірқатар квазарлар ашылды. 409 объектінің дерегі бар каталог жарияланды. Алып планеталар атмосферасының физикасы жөнінде маңызды жұмыстар орындалды. Күн жүйесі денелерінің (құйрықты жұлдыздардың) құрылымы мен химия құрамдарын зерттеу фотоэлектрлік, фотографиялық, фотометрия, поляриметрия және спектрофотометрия, тағы басқа тәсілдермен жүргізіледі. Институтта бақылаудың автоматтандырылған жүйелері қолданылады. "Әдебиет: Дагаев М.М., Чаругин В.М., Астрофизика, А., 1996." ҚОЗҒАЛЫС ОРНЫҚТЫЛЫҒЫ. ҚОЗҒАЛЫС ОРНЫҚТЫЛЫҒЫ – механикалық жүйенің қандай да бір сипаттамалары мәнінің ұзақ уақыт сақталуын білдіретін ұғым. Кез келген мех. жүйенің мыс., машинаның, гироскоптық құрылғының, ұшақтың, снарядтың қозғалысы түсірілген күштерге және бастапқы шарттарға, яғни қозғалыстың басталу моментіндегі жүйе нүктелерінің орны мен жылдамдығына тәуелді болады. Түсетін күштерді және бастапқы шарттарды біле отырып, жүйенің тиісті қозғалысын теор. тұрғыдан есептеп шығаруға болады; мұндай қозғалысты ұйтқымаған қозғалыс деп атайды. Бірақ барлық өлшеулер қандай да бір дәлдік дәрежесімен жүргізілгенімен іс жүзінде (практикада) бастапқы шарттардың нақты мәндерінің, әдетте есептеулер кезіндегіден айырмашылығы болады. Түрлі себептердің нәтижесінде бастапқы шарттардың есептеулер кезіндегі мәнінен ауытқуы – бастапқы ұйтқулар деп, осындай ұйтқулары бар жүйенің қозғалысын ұйтқыған қозғалыс деп атайды. Егер болмашы аз бастапқы ұйтқулар кезінде қандай да бір қозғалыс сипаттамаларының мәні, барлық келесі уақыт аралығында ұйтқымаған қозғалыс кезіндегі мәнінен айырмашылығы аз болса, онда осы сипаттамаға қатысты жүйенің қозғалысы орнықты деп аталады. Егер соншалықты аз (бірақ 0-ге тең емес) бастапқы ұйтқулар кезінде қарастырылып отырған сипаттаманың мәні уақыт өткен сайын өзінің ұйтқымаған қозғалыстағы мәнінен көбірек ауытқитын болса, онда осы сипаттамаға қатысты жүйе қозғалысы орнықсыз деп аталады. Қ. о-н анықтайтын шарттар орнықтылық критерийлері деп аталады. ҚОЗУ. ҚОЗУ – тітіркендіру салдарынан пайда болатын тірі тіндердің (ұлпалардың) әрекеті, белсенді қызмет атқара алатындай жағдайы; тірі клеткалардың тітіркенуге қайтаратын жауабы. Қ. – түрлі физ., хим., функциональдық өзгерістер жиынтығынан тұратын, тек тірі ұлпаларға, тірі организмге тән, қозғыштық қасиет негізінде дамитын күрделі биол. процесс. Организмде қозғыштық қасиет жойылса, клеткалардың қызметі бұзылып, тіршілігі тоқтайды. Қозғыштық – тірі организмдердің тітіркендіруге арнаулы өзіндік реакциямен, таралатын әрекет потенциалымен (тітіркеніспен) қайтаратын жауабы. Қ. процесіне әр түрлі өзіндік және жалпылама белгілер тән. Мыс., қозған тінде зат алмасу процесі күшейеді, оның хим. құрамы мен физ.-хим. қасиеттері сандық және сапалық өзгерістерге ұшырайды. Бұлшық ет пен жүйкелер қозғанда мембранада (жарғақшасында) жайыла таралатын электр заряды пайда болады. Осымен байланысты клетка жарғақшасы арқылы электр зарядының өзгеруі Қ. процесінің бір белгісі болып табылады. Қ-дың өзіндік белгісі әрбір органның өзіне тән әрекетімен бейнеленеді. Мыс., қозған бұлшық ет талшықтары жиырылады, без тіні – сөл бөледі, жүйке талшықтарында тітіркеніс (импульс) пайда болады. Қ. – толқын тәрізді таралатын процесс. Тіннің бір жерінде пайда болған Қ. оның басқа бөліктеріне жайыла таралады. Ет пен жүйке тіндерінде Қ. электрлік жолмен, әрекет потенциалы түрінде таралады. Тіннің бір клеткасында немесе бір телімінде пайда болған әрекет потенциалы оның басқа бөліктерін тітіркендіреді. Қ. процесі шектелген (таралмайтын) және шектелмеген (таралатын) болып екіге бөлінеді. Қ-дың табиғатын түсіндіретін мембраналық-иондық теорияға сәйкес абс. рефрактерлік сатысы (Қ. жағдайындағы тіннің кенеттен әсер еткен тітіркендіргішке жауап бермеуі) натрий иондарының клетка ішіне өтуі тоқтап, жарғақша арқылы калий иондары өтуінің жоғарылауымен байланысты. Осының нәтижесінде жарғақшаның қозғыштығы уақытша тоқтайды да, онда жаңа тітіркендіруге жауап ретінде әрекет потенциалы туындамайды. Салыстырмалы рефрактерлік жағдайында натрий иондарының өтуін төмендететін, калий иондарының өтуін жоғарылататын жағдайлар жойылып, жарғақшаның тыныштық күйіндегі қасиеттері қалпына келеді. Қ-ға кері физиол. процесс тежелу деп аталады. ҚОЗЫ. ҚОЗЫ – қойдың 6 айға толмаған жас төлі. Қ-лар егіз және жалқы болып туылады. Оларды туған мерзіміне қарай мәйекті Қ., көбе (кепе), қауқа, күн тимес, көпелдеш, көпей, арамза, марқа, бағлан Қ. деп атайды. Қ-лар туыл-ғаннан соң 10 – 15 минуттан кейін аяқтанып, енесін емеді, 10 – 15 күнде отығады, 3 – 4 аптадан кейін қосымша жем (күнжара, ақталған сұлы, т.б.) беріледі. Оларды 1,5 айлығында отармен бірге бағып, 3 – 4 айдан кейін еркек не ұрғашысына қарай отардан бөледі. ҚОЗЫБАҒАРОВ. ҚОЗЫБАҒАРОВ "Ахметжан" (1.5.1879, қазіргі Шығ. Қазақстан обл. Абай ауд. – 11.10.1937, Семей қ.) – алаш қозғалысының қайраткері. Семейдегі а. ш. мектеп-интернатын бітіргеннен кейін 1901 – 06 ж. Омбыдағы фельдшерлік мектепте оқыған. 1906 – 18 ж. Семейдегі губ. ауруханада фельдш. қызметін атқарды. 1917 – 19 ж. алаш партиясының жергілікті ұйымдарын құруға атсалысып, 1918 ж. Алаш Орданың Семей обл. кеңесіне мүше болды. 1921 – 22 ж. Шыңғыстауда Арқат дәрігерлік бөлімшесін басқарып, өз қаржысына емхана салдырды. 1935 – 37 ж. Алматы кірпіш з-тының емханасында меңгеруші болды. 1937 ж. 25 тамызда Алматыда тұтқындалып, Семей абақтысына жабылып, ату жазасына кесілді. 1957 ж. ақталды. Иттабан. Иттабан (Frankenia) – иттабандар тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Дүние жүзінде кең тараған, 80-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанда Ақтөбе, Қостанай, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының далалық сортаңды жерлерінде кездеседі. Оның 5 түрі бар. Соның ішінде көп кездесетіні – иттабан сораң (Frankenia pulverulenta). Биікт. 10 – 30 см, тамыры жіңішке. Сабағы бұтақтанып келген, сыртын ақ түк жапқан. Жапырағы сопақша, ұзындығы 2 – 7 мм, ені 1 – 2,5 мм, төрт-төрттен топталып орналасқан. Қызғылт түсті гүлі бір-бірден жапырақ қолтығына не бұтақшаларының ашаланған жеріне орналасқан. Аталығы 6, екі шеңбер бойында орналасқан. Аналық мойны жіп тәрізді. Сәуір – маусым айларында гүлдеп, маусым – қыркүйекте жемістенеді. Жемісі – бір ұялы қауашақ. Иттабан туысына жататын өсімдіктердің құрамында тұз көп болады. Ихтиология. – балықтар туралы ғылым, зоологияның бір саласы. Ихтиология балықтардың сыртқы белгілері мен ішкі құрылысын (морфологиясы мен анатомиясын), балықтардың сыртқы ортаға бейімделуін, бейорганикалық және органикалық қарым-қатынасын (экологиясын), даму тарихын – жеке организмнің эмбриологиясын және түрлердің, туыстардың, тұқымдастардың, отрядтардың, т.б. эволюциясын немесе филогениясын, сондай-ақ балықтардың геогр. таралуын (зоогеографиясын) және балықтар үйірінің санын, оның ауытқу заңдылықтарын зерттейді; балықтардың мінез-құлығын (этологиясын), өзара қалай қатынаста болатынын, ұрпағына қалай қамқорлық жасайтынын анықтап, балықтардың өндірістік қорын анықтау әдістерін жетілдіреді, қысқа және ұзақ мерзімді балық аулау көлемін болжайды. Ихтиология мынадай салалардан тұрады: балықтар физиологиясы, балық өсіру, өндірістік балық аулау, балықтар эмбриологиясы, балық өндірісінің шикізат қоры, балық тағамдарының технологиясы, балықтар аурулары. Балықтарды ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмыстары 16 ғасырдың ортасынан басталып, 18 ғасырдың басында балықтар жіктелімі жасалды. 18 ғасырда балықтарды зерттеуге орыс ғалымдары көп еңбек сіңірді. 19 ғасырда Каспий, Азов, Қара теңіздеріндегі жүргізген зерттеулер балықтарды қорғаудың ғыл. негізделген шаралары мен балық аулауды ұтымды ұйымдастыру жолдарын ашты. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында балық аулау кәсібін ғыл. тұрғыдан зерттеу жұмыстары жүргізіліп, соның нәтижесінде балық қорын анықтау тәсілдері ұсынылды. 20 ғасырдың ортасынан бастап ихтиологтар балықты зерттеудің барлық саласына да көптеген жаңалықтар енгізді. Мысалы, балық үйірін іздеуге ультрадыбысты қолдану, балық аулауда электр жарығын, балықтың қоректенуін зерттеуге радиоактивті изотоптарды пайдалану, балық өсіруде гипофиз гормонын инъекциялау, батискаф, т.б. аппараттармен судың әр түрлі тереңдігін зерттеу, су асты телевизиясын пайдалану, т.б. Ихтиологиялық зерттеулерді дамытуға көмектесетін Халықар. Ихтиологиялық бірлестік, Халықар. Ихтиологиялық теңіз зерттеу кеңесі, т.б. ұйымдар бар. Қазақстан суларының балықтарын іргелі зерттеу 18 ғ-да П.Палластың еңбектерінен басталады. Ол 1768 – 73 ж. Санкт-Петербургтен Байкал бойына жасаған саяхаты кезінде Каспий теңізі мен Еділ, Жайық, Ертіс өзендерінің ихтиофаунасын зерттеді. Арал теңізінің балықтары туралы алғашқы деректерді Г.Мейендорф берді (1820). Қазақстанның ихтиофаунасын тануда 19 ғасырдың 2-жартысында ғалым-саяхатшылар Н.А. Северцов пен А.П. Федченконың, К.Ф. Кесслердің, А.И. Шренктің, Н.М. Пржевальскийдің, т.б. жинаған мәліметтері мен ғыл.-зерттеулерінің маңызы ерекше болды. Аралда 1929 ж. Бүкілодақтық балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының тұрақты ст., 1933 ж. Балқашта бөлімшесі, кейінірек Алтай Ихтиологиялық базасы ұйымдастырылды. Қазақстан ихтиофаунасын зерттеудің жаңа кезеңі КСРО ҒА-ның 1932 ж. Қазақстанда ұйымдастырылған базасымен байланысты. Осы кезеңде Қазақстанның ихтиофаунасын зерттеуде Г.В. Никольский (Арал су алабы), П.Ф. Домрачев (Балқаш су алабы) және т.б. ғалымдар елеулі үлес қосты. 1959 ж. Қазақстан ҒА-ның Зоология институтында әуелі сектор, кейіннен ихтиология және гидробиология бөлімшесі Арал, Балқаш, Алтай бөлімшелерін қамтитын Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына (КазНИИРХ) айналды. 1961 ж. ҚазМУ-да (қазіргі Қазақ ұлттық ун-ті) ихтиология және гидробиология кафедрасы ашылды. Республикамыздың ірілі-ұсақты суларын терең зерттеу 20 ғасырдың 40-жылдарынан басталды. Бұл кездегі Қазақстандағы Ихтиологиялық зерттеу жұмыстары, негізінен, республика ғалымдарының күшімен атқарылды. 1945 – 50 жылдары Аралда, Балқашта, Зайсанда тұрақты зерттеулер жүргізілді. Олардың негізгі мақсаты өндірістік бағалы балық қорын зерттеу және балық аулауды тиімді ұйымдастыру болды. 20 ғасырдың 60-жылдарынан Қазақстанның әр өңіріне лайық балық ш-тарын құру мәселесі биол. тұрғыдан дәлелденді, кәсіптік мәні бар аса бағалы балықтар (құбылмалы бахтах, ақ амур, т.б.) жерсіндірілді, барлық балық түрлерінің морфология және физиология ерекшеліктері, қоректенуі, паразит фаунасы мен аурулары зерттелді (В.Н. Доброхотов, М.Дайырбаев, Ә.Бәйімбетов, Х.Қ. Есмұқанов, т.б.). Қазақстан аумағын ихтиогеограф тұрғыдан сипаттап, кейбір балық түрінің денесінен жерсіндіруге байланысты пайда болатын морфол. ерекшеліктер табылды (В.П. Митрофанов, т.б.). Республика өзен-көлдерінде биол. өнімдер қалыптасуының заңдылықтары, балық өсіру технологиясы іздестірілуде, балық фаунасы жөніндегі мәліметтер жүйеге қорытылуда. Республикамыздағы Ихтиологиялық зерттеулердің нәтижелері республикалық ғылыми-зерттеу институттарының, Қазақстан ҰҒА-ның, ҚазҰУ-дың ғылыми еңбектерінде, ТМД және көптеген шет ел журналдарында басылды. 5 томдық «Қазақстан балықтары» (1986 – 92); «Қазақстанның балықтәрізділері мен балықтарының қазақша-орысша анықтауышы» (1999); И.В. Митрофанов, Бәйімбетов, Мур Дж. Майклдің «Словарь названий рыб Казахстана» (лат., англ., рус., каз., 1999); К.Ө. Күленов, С.К. Күленованың, «Балық шаруашылығының орысша-қазақша түсіндірме сөздігі» (1980), С.Қаженбаевтың, «Қазақстанның балық байлығын қорғау» (1979), Қ.Қайымовтың, «Балықтар әлемінде» (1981) кітаптары, т.б. еңбектер жарық көрді. ҚОЗЫБАЕВ. ҚОЗЫБАЕВ "Манаш Қабашұлы" (16.11.1931, Қостанай обл. Меңдіғара ауд. Тазкөл а. – 30.10.2002, Алматы қ.) – ғалым, қоғам және мемлекет қайраткері, тарих ғыл. докт. (1969), проф. (1970), ҚР ҒА акад. (1989). 1953 ж. ҚазМУ-ды бітірген. 1953 – 58 ж. Қостанай пед. ин-тында, 1958 – 74 ж. СОКП ОК жанындағы Марксизм-ленинизм ин-тының Қазақ бөлімшесінде, 1974 – 79 ж. Алматы мал дәрігерлік ин-тында, кейін ҚазМУ жанындағы Қоғамдық ғылымдар оқытушыларының білімін жетілдіру ин-тында ғыл.-пед. жұмыстармен айналысты. 1979 – 86 ж. Қазақ Кеңес энциклопедиясының Бас редакторы, 1986 – 88 ж. Қазақстан ҒА Тарих және этнол. ин-ты тарихнама бөлімінің меңгерушісі, 1988 жылдан өмірінің соңына дейін осы ин-т директоры болды. Оның 30 монографиясы, 50-ден астам ұжымдық еңбектері бар. Қ. басшылығымен “Қазақстан тарихы” академиялық басылымының 3 томы, ағылшын тілінде “Қазақстан тарихы”, көптеген құжаттар жинақтары, т.б. жарық көрді. Қ. отандық тарихнамада жеке ғыл. мектеп қалыптастырды. 90-ға жуық шәкірт тәрбиеледі. Халықар. конгрестерде, конференциялар мен симпозиумдарда 200-ге жуық баяндамалар жасады. Еңбектері Ресей, Украина, Қытай, Түркия, Иран, АҚШ, Корея, Армения, Беларуссия, т.б. елдерде жарық көрді. Қ. 1990 – 93 ж. сайланған ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Кеңестің ұлттық саясат, мәдениет және тілдерді дамыту к-тінің мүшесі, 1993 ж. ҚР Президенті жанындағы мемл. саясат жөніндегі Ұлттық кеңес мүшесі, 1994 – 98 ж. Адам құқығы жөніндегі мемл. комиссия мүшесі болды. Ш.Уәлиханов атынд. сыйл. (1970), Қазақстан Мемл. сыйл. иегері (1995), ҚР Президентінің Бейбітшілік пен рухани келісім сыйл. лауреаты (1997), 2001 ж. “Парасат” орденімен марапатталды. Қ. Қостанай обл. Меңдіқара ауд-ның, Қостанай қ-ның құрметті азаматы. Петропавл қ-ндағы Солт. Қазақстан ун-тіне Қ-тың есімі берілді (2003). ҚОЗЫБАЙ Нәупілұлы. ҚОЗЫБАЙ "Нәупілұлы" (1822, Солт. Қазақстан обл. Жамбыл ауд. Маманай мекені – 1914, Көлденең Есіл бойы) – шешен. Шақшақ батырдың ұрпағы, әкесі Нәупіл Сегіз Серінің ағасы. Тура айтатын әділ билігі үшін ел арасында есімі аңызға айналып, “Арқаның арыстаны” атанған. Он жасында Болатнайдағы (қазіргі Солт. Қазақстан обл. Жамбыл ауд. Новорыбинка а.) медреседе оқып (1832), оны 1835 ж. бітіріп шыққан. 1853 – 58 ж. Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы Есет Көтібарұлы бастаған шаруалар көтерілісіне қатысқан. Қартайған шағында тоғыз ұлының көмегімен 150 адам еңбек ететін шеберхана ашқан. Онда зергерлікпен, ұсталықпен, тігіншілікпен айналысқан, сондай-ақ жұмысшылар аңшылықты, егіншілікті, балық аулауды да кәсіп еткен. Патша өкіметі саясатына қарсы адам ретінде 12 жылға Семей у-не жер аударылған (1898). Нақақтан жапа шеккен шешенді Абай Құнанбайұлы, Түсіп Алшынбайұлы бастаған Семей өңірінің адамдары құрметпен қарсы алған. Ол Ысқақ Құнанбайұлы, қаракесек Ақайдың Хасені сияқты болыстарға кеңесші болған. Қ. өмірінің бұл кезеңі туралы ел аузында сақталған аңыз әңгімелер өте көп. Айдауда жүрген Қ. Абайдың көмегімен уезд бастығынан мерзімінен бұрын кешірім алып, үш жылдан соң еліне оралған. Оның нақыл сөздері ел арасына кең тараған. Қ. мұрасы жайлы әдебиетші ғалымдар Б.Адамбаев, Т.Сүлейменовтер зерттеді. ҚОЗЫБАЙ. ҚОЗЫБАЙ – ежелгі палеолит (тас) дәуіріндегі тұрақ. Шығ. Қазақстан обл. Күршім ауд. Қаратоғай а-нан батысқа қарай 2 км жерде, Қал-ғұтты өз-нің сол жағалауында. Оны 1989 ж. Қазақстан ҒА Тарих, археология және этнология ин-тының тас дәуірін зерттеумен шұғылданатын археол. экспед. тобы (жетек. Ж.Таймағамбетов) ашқан. Өзеннің биік жарқабағынан ежелгі адамдар жасаған тас құралдар табылған. Өзектас, жарықшақ, тас жаңқа, шапқы құрал, екі жағы өңделген құралдар, т.б. тас саймандар шақпақ тас жынысынан жасалған. Қ. Шығ. Қазақстандағы ерте кезеңге жататын ескерткіштердің бірі. Ол Қазақстанның шығ. өңірін ежелгі палеолит дәуірінде адамзаттың мекендегенін айғақтайды. ҚОЗЫБАСЫ. ҚОЗЫБАСЫ, "Қозы Баши" – Қордай тауындағы жайлау. Іле Алатауының солт.-батысында. Мұхаммед Хайдар Дулаттың “Тарихи Рашиди” кітабында Қазақ хандығының құрылған жері – Шу бойы мен Қ. деп айтылады. Қ. 14 ғ. мен 15 ғ-дың басында өмір сүрген Моғолстан мемлекетінің батыс бөлігіндегі өңір болып табылады. ҚОЗЫЖАУЫРЫН. Ұшы жалпақ келген, пішіні қозының жауырынына ұқсас, металдан соғылады. ұұндар кезеңінде пайда болып, орта ғасырларда кеңінен қолданылған. Орта ғасырларға жататын археол. қазбаларда жиі кездеседі. Әр түрлі нұсқалары бар. ҚОЗЫКЕШ. ҚОЗЫКЕШ – ескі пілтелі мылтықтың бір түрі. Атқан оқ алысқа жетуі және дәл тиюі үшін қозыкештің оқпаны ұзын етіп жасалады. Астрофизика институты. Астрофизика институты – "ҚР ҒМ–ҒА-ның астрономия және астрофизика зерттеулер жүргізетін ғылым-зерттеу мекемесі. Ол 1950 жылы Астрономия және физика институты негізінде құрылған." Астрофизика институты Алматы қаласының орталығынын 14 км жерде, теңіз деңгейінен 1500 м биіктікте, Құмбел жотасының етегінде орналасқан. Институттың құрылуына және қалыптасуына В.Г.Фесенков пен Г.Л.Тихов көп еңбек сіңірді. Астрофизика институтының негізгі бақылау құрал-жабдықтары: планеталарды бақылайтын 70 см-лік рефлектор, жарық күштілігі жоғары 50 см-лік Максутов телескопы, Күнді бақылайтын горизонталь орнатылған «АЦУ-5» телескопы, 50 см-лік үлкен коронограф, 50 см-лік Герц рефлекторы, 20 см-лік рефрактор, 20 см-лік Шмид камерасы, Лио жүйесіндегі коронограф және Күн хромосферасы мен фотосферасын бақылайтын телескоп. Институттың құрамында астрофизика, жұлдыздар динамикасы, Күн физикасы, қолданбалы спектр фотометриялық зерттеулер, астрономия приборлар жасау бөлімдері және 5 лаборатория (абсолют жұлдыздық спектрофотометрия, Ай және планеталар физикасы, аспаптық астрономия, атмосфера-оптикалық спектрлік зерттеулер және атмосфера оптикасы) бар. Эксперименттік базасы – обсерватория, Күн обсерваториясы (Үлкен Алматы каналы маңында) және Асы-Түрген обсерваториясы. Ғылым-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары – галактикадан сырты астрономиясы, Ай және планеталар, Күн және планеталар байланысы, Галактиканың құрылымы мен динамикасы, Күн жүйесіндегі кіші денелер мен метеорлық зат, жасанды аспан денелері, тағы басқа. Дендрология. Дендрология (грек. "dendron" – ағаш және "logos" – ілім) – ағаштар, бұталар, олардың құрылысы, жүйеленімі, филогенезі, физиологиясы, экологиясы, шаруашылық мәні туралы ғылым; ботаниканың бір саласы. Орман шаруашалығы, көгалдандыру, фитомелиорация, өсімдіктер интродукциясы пәндерімен тығыз байланысты. Қазақстанда өсетін ағаштар мен бұталар туралы алғашқы мәліметтер (19 ғ-дың басы – 20 ғ-дың аяғы) орыс ботаник-ғалымдарының (А.И.Шренк, И.Г.Борщов, Г.Н.Потанин, т.б.) еңбектерінде жарияланған. Д. саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстар республикада 1932 ж., яғни КСРО Ғылым Академиясының қазақстандық базасы құрамында ботан. сектор ашылып, Алматы ботаника бағы құрылғаннан кейін басталып, Алтай (1935), Қарағанды (1940), Жезқазған (1966), Іле (1966), Маңғыстау (1972) ботаника бақтарында жалғастырылды. Дендрология зерттеулерге ҚР Білім және ғылым мин-лігінің Ботаника және фитоинтродукция институтының құрамындағы Бас ботаникалық бақ басшылық етеді. Қазақстанның әр түрлі аймақтарында өсетін ағаш өсімдіктері зерттеліп, республиканың өсімдік шикізаты жөніндегі мәліметтер қорытылды (Н.В.Павлов, КСРО Мемлекеттік сыйл., 1948). Жергілікті және интродукцияланған ағаштар мен бұталар, олардың өсу жағдайлары туралы деректер жинақталып, сол өсімдіктерді пайдалану жайлы ұсыныстар жасалды. Қазақстанның ботан. бақтарына басқа елдерден әкелінген ағаш өсімдіктері өсіріліп, сынақтан өткізілді. Республика өңірлерінде интродукцияланған ағаш өсімдіктердің өсіп-өнуі, аяз бен қуаңшылыққа төзімділігі, тіршілік жағдайларына бейімделуі, т.б. биология ерекшеліктері зерттелді. Қазақстан мен Орталық Азия, тропиктік, субтропиктік, қоңыржай белдеулерден әкелінген ағаштардың экспозициясы жасалды. ҚОЗЫ КӨРПЕШ – БАЯН СҰЛУ. “ҚОЗЫ КӨРПЕШ – БАЯН СҰЛУ” – қазақ халқының лиро-эпостық жыры. 13 – 14 ғ-лардан бастап жырланып, қазақ арасына кең тараған. Жыр Сарыбай мен Қарабайдың аң аулай жүріп құда болып, Қозы мен Баянды күні бұрын атастыруымен басталады. Әрі қарай қос ғашық Қозы мен Баян, зорлықшыл Қодар, қаражүрек Қарабай арасындағы шиеленіскен оқиғалар негізінде зұлымдық пен махаббат күресі баяндалып, Қозы мен Баянның қайғылы қазасымен аяқталады. Жырдың негізгі идеясы – мөлдір махаббатты дәріптеу. Тілі көркем, сюжеті шебер құрылған. Оқиғаны дамытуы, көркемдік шеберлігі, образ жасауы жағынан бұл күрделі де кесек туынды. Бас кейіпкер Қозы Көрпеш кіршіксіз таза махаббат иесі, батыр, адамгершілігі мол жігіт ретінде суреттеледі. Қозы сияқты Баян да адал ниетті, ақжарқын, өзінің сүйгеніне қосылуды арман еткен, ақылына көркі сай жан ретінде бейнеленген. Жырда айтыс, тұрмыс-салт жырлары: естірту, жоқтау, қоштасу, т.б. кеңінен қолданылады. Сыбанбай, Бекбау, Жанақ, Шөже, т.б. ақындар әр кезде дастан оқиғасын өздерінше жырлаған. Жалпы жиырмаға жуық нұсқасы бар. Ең көп тарағаны – Жанақ нұсқасы. Алғаш ел арасынан жинап, хатқа түсіргендер: Г.Саблуков (1830), ұ.Дербісалин (1834), А.Фролов (1841), Ш.Уәлиханов (1856). Ал М.Путинцев жырдың мазмұнын орыс тіліне аударып бастырды (1856), В.Радлов бір нұсқасын жинағының 3-томына енгізді (1870). Баян мен Қозының “ғашықтығы жайындағы” (Ш.Уәлиханов) бұл жырды С.А. Кастанье, Н.Абрамов, Г.Н. Потанин, т.б. ғалымдар жоғары бағалаған. Н.Н. Пантусов, Р.Ш. Әбдірахманов, Е.З. Баранов, т.б. зерттеушілер жырды орыс тіліне қара сөзбен тәржімалап, жариялады. Ақын Г.Н. Твертин (1889 – 1921) орыс тіліне тұңғыш рет өлеңмен аударып бастырды (1927 – 35). 1878, 1890, 1894, 1905 ж. Қазан қ-нда жеке кітап болып жарық көрді. Кеңестік дәуірде алғаш 1925 ж. Мәскеуде шықса, жырдың Жанақ нұсқасын 1936 ж. М.Әуезов Алматыда шығарды. Содан бері бірнеше рет жеке түрде, түрлі жинақтарда жарияланып келеді. Жырды М.ұабдуллин, Ы.Дүйсенбаев, Ә.Қоңыратбаев, т.б. ғалымдар салыстыра зерттеп, оның тарихи-әлеум. мәнін ашты. Жыр соңғы рет 2002 ж. Астана қ-нда басылып шықты. Кітап 2 бөлімнен тұрады: 1-бөлімде жырдың 8 нұсқасы [Ш.Уәлиханов, В.В. Радлов, Мәшһүр-Жүсіп Көпеев, Г.Н. Потанин, Шөже ақын, Н.И. Ильминский, Дәуіт (қытай қазағы), Жанақ ақын] жинақталып берілген, 2-бөлім зерттеулерден құралған. Сондай-ақ, жырдың бір нұсқасы 2003 ж. Мәскеу қ-нда “Козы Корпеш – Баян сулу. Кыз Жибек: Казахский романический эпос” деген атпен 2 тілде (қазақ, орыс) басылып шықты. Дастанның басқа да түркі халықтарында тараған нұсқалары бар. Мыс., башқұрттарда ол “Қозы Курпәс мәнән Маян сылу”, бараба татарларында “Қозы Көрпеш”, алтайлықтарда “Қозы Эркеш” деп аталады. “Қ. К. – Б. с.” жырының негізінде “Махаббат дастаны” кинофильмі (сценарийін жазған ұ.Мүсірепов) түсірілді (1954), драмалық шығарма (ұ.Мүсірепов) жазылды (1940). Денсаулық жолы. Денсаулық жолы – Қазақстанда денсаулық сақтау мәселелеріне арналып, қазақ тілінде шығып тұрған журнал. Оның 1929 ж. тамызда жарық көрген 1-санының 36 беті араб әріптерімен, 4 беті латын әріптерімен теріліп, 4 мың данасы тарады. «Денсаулық жолының» жарыққа шығуына игі ықпал еткен Қазақстан Денсаулық сақтау халық комиссары М.Қаласытәтімов алғашқы жылдары бас редактор (1929–30) қызметін қоса атқарған. 1930–32 ж. Б.Әбдірахманов пен С.Аспандияров бас редактор болды. Х.Досмұхамедұлының мақалалары журналда жиі жарияланып тұрған. 1932 ж. жұмысын тоқтатқан журнал 1990 ж. «Денсаулық» деген атпен қайта жаңғыртылып, жүйелі шығып келеді. ҚОЗЫ КӨРПЕШ – БАЯН СҰЛУ пьесасы. “ҚОЗЫ КӨРПЕШ – БАЯН СҰЛУ” – ұ.Мүсіреповтың пьесасы. Шығарма 1939 ж. сәуір айында жазылып біткен. 1940 ж. 29 сәуірде М.Әуезов атынд. Қазақ мемл. академиялық драма театрында алғаш рет сахналанып, қазіргі күнге дейін театр репертуарынан тұрақты орын алып келеді. Пьеса бірнеше рет орыс тілінде басылған (Г.Мусрепов, “Козы Корпеш – Баян сулу”, М.–Л., 1945; “Песни казахских степей”, Сборник, М.–Л., 1951, с. 237–300; “Пьесы драматургов Казахстана”, А., 1958), эстон тілінде кітап болып шыққан (1948, Таллин). “Қ. К.– Б. с.” 1950 ж. Мәскеу драма театрында “Махаббат дастаны” деген атпен қойылды, сондай-ақ, КСРО елдерінің көптеген театрларында бірнеше тілдерде сахналанды. Денсаулық сақтаудың медициналық және экономикалық мәселелері ғылыми орталығы. Денсаулық сақтаудың медициналық және экономикалық мәселелері ғылыми орталығы – мемлекеттік ғылыми-зерттеу мекемесі. 1994 ж. құрылған. Ғылым орталықтың құрамында 6 ғылым бөлім бар. Орталықтың ғылым жұмыстарының негізгі бағыттары: республика халқы денсаулығының қалыптасуының заңдылықтарын зерттеу және анықтау; аурудың алдын алудың ғылым тұжырымдамасын және стратегиясын жасау; мемлекеттік денсаулық сақтаудың дамуы алғышарттарын белгілеу және медицина-экономикалық стандарттардың жүйесін жасау; денсаулық сақтау саласындағы ұйымдастыру жұмыстарының жаңа түрлерін ғылым тұрғыдан негіздеу және ресурстармен қамтамасыз ету; денсаулық сақтауды басқарудың жаңа әдістерін жасап, өндіріске енгізу; дәрігерлік сақтандыруды дамыту; жасалып жатқан ғылым-зерт. бағдарламаларын әдістемелік, ақпараттық және статистикалық жағынан қамтамасыз ету; халықтың денсаулығын сақтау саласында республиканың халықар. байланыстарын өрістету стратегиясын жасау, т.б. Осында жүргізілген ғылым-зерт. жұмыстарының нәтижелері «Халық денсаулығы» атты мемлекеттік бағдарламасын жасауда қолданылды. Орталық қызметкерлері Қазақстан дәрігерлерінің 1-съезін (1997), «Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды қайта құрудың тәжірибелік мәселелері және болашағы» деген тақырыпта респ. ғылым-практикалық конференциясын (1998) өткізуге белсене қатысты. Орт-та 1995 жылдан Денсаулық сақтау ісі бойынша басшылар мен ұйымдастырушылар даярлайтын курстар, 1996 жылдан докторы дисс-лық кеңес жұмыс істейді, "«Медицина және денсаулық сақтау"» журналы шығады. Дербісәлин Әнуар Жақсығалиұлы. Дербісәлин Әнуар Жақсығалиұлы (18.2.1929, Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қызылжар ауылы – 4.7.1986, Алматы қаласы) – филология ғылымдарының докторы (1969), Қазақстан Ғылым Академиясының корр. мүшесі (1983). ҚазПИ-ді (1950, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. Ойыл орта мектебінің мұғалімі (1950–51), Қазақстан Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет институтының аспиранты (1951–54), Педагогика ғылыми-зерттеу институтында аға ғылым қызметкер (1955–58), Әдебиет және өнер институтында аға ғылым қызметкер (1958–76), бөлім меңгерушісі (1977–86) қызметтерін атқарған. Ғылыми-зерттеу еңбектері, негізінен, 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басындағы қазақ әдебиеті тарихының мәселелеріне арналған. Сондай-ақ түркі жазба ескерткіштері мен қазақ ақын-жырауларының әдеби мұрасы туралы зерттеу еңбектердің авторы. "Асан Қайғы, Қазтуған, Доспанбет, Шалкиіз, Жиембет, Бұқар, Шал, Көтеш, Абай, Ыбырай", т.б. ақын-жыраулардың әдеби мұраларын, «Оғызнаме», «Мұхаббатнаме», «Қорқыт ата кітабы» сияқты көне қазыналарды зерттеуге елеулі еңбек сіңірді. «Октябрь алдындағы қазақ әдебиетінің (1990–1917 ж.) даму жолдары» деген тақырыпта докторы диссертация қорғаған. ҚОЗЫ КӨРПЕШ – БАЯН СҰЛУ МАЗАРЫ. ҚОЗЫ КӨРПЕШ – БАЯН СҰЛУ МАЗАРЫ – 10 – 11 ғ-ларда тұрғызылған сәулет өнері ескерткіші. Шығ. Қазақстан обл. Аягөз ауд. Таңсық а-на таяу, Аягөз өз-нің оң жағалауында орналасқан. Мазар туралы алғаш жазған акад. И.П. Фальк (1771). 19 ғ. 30-жылдары В.Федоров, 40-жылдары А.И. Шренк, Ш.Уәлиханов (1856), Н.А. Абрамов (1858), М.Путинцев (1863), Орт. Қазақстан археол. экспед. (жетек. Ә.Марғұлан) зерттеген (1952). Мазар табаны төрт бұрышты таған түрінде (сырт жағынан ауд. 7,107,10 м, ішкі жағынан 3,383,38 м), жоғары қарай сүйірленіп, күмбезделіп өрілген, биікт. 11,65 м. Еденінен күмбезіне дейінгі биікт. 4,35 м. Қабырғасы гранит қалақ тастан сабан аралас балшықпен қаланған, қалыңд. 1,86 м. Кірер есігі шығысқа қаратылған. Қ. К. – Б. с. м-ның жанында төрт тас мүсін болған. Олардың нобайын 1771 ж. Г.Волошин, 1856 ж. Ш.Уәлиханов қағаз бетіне түсірген. Тас мүсіндерде үш әйел мен бір ер адам бейнеленген. Халық арасындағы аңыз бойынша, үш әйелдің бірі – Баян сұлу, екіншісі – сіңлісі Айғыз, үшіншісі – апасы Айтаңсық; ер адам – Қозы болса керек. Қазір бұл тас мүсіндер жоғалып кеткен. А.Н. Белослюдовтың мәліметіне қарағанда, екі тас мүсін Германияға әкетілген. Ел ішіндегі аңыз-әңгімеде Қ. К. – Б. С. м-н және оның жанындағы тас мүсіндерді Сарыбайдың інісі Тайлақ би жасатқан деп айтылады. Дербісәлі Шейх Әбсаттар қажы Бағысбайұлы. Дербісәлі Шейх Әбсаттар қажы Бағысбайұлы (15.9.1947 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы) – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Орта Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы, бас мүфти (2000), филология ғылымдарының докторы (1988), профессор (1989). Шымкент педагогика институтын (1969, қазіргі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті) бітірген. КСРО Ғылым Академиясының Шығыстану институтында ізденуші, аспирант болған (1970–75). Марокко (1975–76), Тунис университетінде араб тілі мен әдебиеті бойынша ғылым-зерт. жұмыстарын жүргізген (1985–86). Қазақстан ҒА Әдебиет және өнер институтының ғылым қызметкері (1976–77), Қазақ ұлттық медицина университеті-да ассистент, аға оқытушы, доцент, деканның орынбасары, кафедра меңгерушісі (1977–86), КСРО ҒА Шығыстану институтының докторанты (1986–88), Қазақ ұлттық медицина университеті-дың шығыстану ф-тің деканы (1989), проректор (1991–97), Сауд Арабиясындағы Қазақстан елшілігінің кеңесшісі болған (1997–2000). 2000 жылдан Қазақстан мұсылмандарының бас мүфтиі. Дербісәлінің араб тілі мен әдебиеті, тарихы және қазақ әдебиеті мен мәдениетінің ежелгі дәуірі, сыртқы мұсылман елдерімен рухани байланысы, шығыс халықтарының ой-дүниесі мен тарихы туралы теор. және практикалық мәні бар 300-ден астам ғылым еңбектері жарық көрді. Араб тілді Марокко әдебиетінің тарихын жазып шықты. Қожа Ахмет Йасауи кесенесі мен ондағы құлпытастардағы жазуларды ана тілімізге аударып, зерттеді. 10–18 ғ-ларда өмір сүрген "Әбу-л Қасым әл-Фараби, Исмайыл әл-Жауһари әл-Фараби, Әбу Ибраһим Ысқақ әл-Фараби, Бурһан әд-Дин Ахмад әл-Фараби, Махмад әл-Фараби, Байлақ Қыпшақи, Хасан Әли Жалайри, Махмұт Тарази, Гийас әд-Дин Женди, Хусам әд-Дин Сығанақи" және т.б. барлығы 50-ге жуық ғалымдар мен ойшылдар еңбектерін ғылым айналымға енгізді. Мұхаммед Хайдар Дулатидың өмірі мен шығармаларын зерттеуде де соны қадамдар жасады. Қашқарияға (1994), Пәкстанға (1995), Үндістанға (1998) арнайы барып, Кашмир өлкесінен ғалымның зиратын тауып, Берлин және Қашқар қолжазбасы бойынша ғұламаның «"Жаһаннаме"» атты поэмасын шағатай тілінен тәржімалап, баспаға дайындады. Қазақстанда араб тілі мен әдебиетін оқытуды және оны зерттеуді жеке ғылым саласы ретінде қалыптастырушылардың бірі. 1987 ж. «Эволюция и развитие арабоязычной литературы Марокко» деген тақырыпта докторы дисс. қорғаған. Асылбеков Мәлік-Айдар Хантемірұлы. Асылбеков Мәлік-Айдар Хантемірұлы "(15.1.1929 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы қазіргі Шардара ауданы Шардара кенті)" – тарих ғылым докторы (1974), профессоры (1983), Қазақстан ҰҒА-ның академигі (2003), Қазақстанның еңбек сіңілген ғылым және техникалық қайраткері. Шымкент мұғалімдер институтын (1948) және ҚазМУ-дың тарих факультетін (1954) бітірген. 1958 жылдан Қазақстан ҒА-ның Тарих, археология және этнология институтының кіші ғылым қызметкері, ҒА-ның қоғамдық ғылымдар бөлімінде ғалым-хатшы (1963–68), аға ғылым қызметкер (1968–80), бөлім меңгерушісі (1981–84, 1985–92), институт директорының орынбасары (1984–85) болды. 200-ден астам ғылым еңбек жазды. «Қазақстан темір жол кадрларының қалыптасуы және дамуы. 1917–1970» деген тақырыпта докторы диссертация қорғады. Ғылым қызметінің негізгі бағыты – 19 ғасырдың 2-жартысы мен 20 ғасырдағы Қазақстанның әлеуметтік-экономика және саяси жағдайы мен демографиясының даму процестері. Шығармалары: "Формирование и развитие кадров железнодорожников Казахстана (1907–1970 гг.), Алматы, 1973; Демографические процессы современного Казахстана, Алматы, 1995 (в соавторстве с В. Козиным)." Дерекқор. Дерекқор, деректер базасы (франц." base", грек. "basіs" – негіз) – ұзақ мерзімге сақтауға (әдетте, компьютердің жадында), өңдеуге және күнделікті қолдануға арналған деректердің (мәліметтердің) реттелген жиынтығы. Жазба деректерді реттелген жүйеге келтіру адамзат мәдениетінің ажырамас белгісі болып табылады. Компьютерлік дерекқордың негізін түрлі кестелер, каталогтар, телефондық кітаптар, күнтізбелер, карталар мен атластар, әртүрлі картотекалар, анықтамалық басылымдар, құжаттар, т.б. құруы мүмкін. Ақпарат қорын бір жерге шоғырландыру (ЭЕМ-нің жадында) ақпараттарды сақтауды әрі оны толықтырып отыруды қамтамасыз етеді; ал орталық ЭЕМ-мен желілік байланыс арқылы ақпаратты тұрақты әрі жылдам алуға болады. Компьютерлік дерекқор деректерді сақтауды, реттеуді, іздеуді және ЭЕМ-нің сыртқы құрылғыларына жіберуді қамтамасыз ететін белгілі бір файлдық жүйеге сүйенеді. Пайдаланушылар мен дерекқор арасындағы қарым-қатынас дерекқорды басқару жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Басқару жүйесі пайдаланушының сұранысын қабыл алады да файлдық жүйеге қажетті бұйрықтар беріп, ақпараттық хабарды пайдаланушының қолдануына ыңғайлы түрге келтіріп береді. Дерек алмасу бірлігі ретінде арнаулы жазу өлшемі қабылданған. Әр жазудың құрамында өзіндік тақырып немесе осы жазуды іздейтін кілт («"кілттік сөз"») болады. Жазу тақырыптары дерекқордың мазмұны іспетті анықтамалық кестелерге біріктіріледі. Кілттер мен анықтамалық кестелер жасау дерекқордағы ақпараттарды іздеу мәселесін толықтай автоматтандыруды қамтамасыз ететін формальдық ережелерге бағынады. Дерекқорға өзгерту енгізу әрі толықтырып отыру компьютерлік желі әкімгерлері арқылы орындалады. ҚОЗЫҚҰЙРЫҚ. ҚОЗЫҚҰЙРЫҚ ("Agarіcus") – агарикалар тұқымдасына жататын қалпақты саңырауқұлақ туысының бірі. Қ. жер шарының барлық жерінде кездеседі, әсіресе, Франция, Америка, Ресейде көп таралған. 60-тан астам түрі белгілі. Қазақстанда Тянь-Шань, Жетісу (Жоңғар), Іле Алатауында, Солт. Қазақстан және Алтайда, органик. заттарға бай орман, шалғынды жерлерде өседі. Жиі кездесетін түрлері: екі споралы Қ. (A. bіsporus), кәдімгі Қ. (A. campester) және далалық Қ. (A. arvensіs). Бұлардың қалпағы ақ, ақшыл сары немесе қоңыр түсті, сырты ұсақ қабыршақ қабатты жарты шар тәрізді болады. Қалпағының диам. 3 – 25 см, оның төм. жағында жұқа жамылғысы орналасқан. Аяқшасы (түбіртегі) түзу, тығыз, кейде бос, қуыс болады; ұз. 10 см, диам. 3 – 5 см. Етті, ақ түсті, жемістік денесінің жағымды иісі бар. Қ. жылыжайда ауа темп-расы 11 – 14ӘС, ылғалд. 80 – 90% болғанда 1,5 – 2 айда пісіп жетіледі. 300 жылдан бері қолдан өсіріледі. Екі споралы Қ. – жеуге жарамды, оның құрамында 45%-дай белок болады. Қ-тың 2 түрі (A. meleagrіs және A. xanthoderma) улы саңырауқұлақтың қатарына жатады. Деректану. Деректану – тарихи деректер, олардың ашылуы, зерттелуі және қолданылуының теориясы мен практикасы туралы ғылым. Деректану тарихшылардың теор., методол. және арнаулы даярлығын қамтамасыз ететін іргелі ғылымға жатады. Деректанудың іргелілігі ең алдымен тарих ғылымының аса маңызды ерекшелігімен байланысты. Тарихтың нысаны – қоғамның өткені тарихшыға тек тарихи деректер арқылы ғана танылады. Ал тарихи деректер тарихи деректану ғылымының тікелей зерттеу нысаны болып табылады. Деректану әр түрлі нақты тарихи проблемаларды және тұтас тарихи процестерді терең де тиімді зерттеуге көмектеседі. Деректану арнаулы ғылым ретінде тарихи зерттеулер тәжірибесі барысында тарихи құжаттардың түпнұсқасын анықтау тәртібін жасау негізінде пайда болды. Деректерді талдаудан өткізу ежелгі дәуір тарихшылары заманынан (Лукиан, Тацит), Қайта өрлеу кезеңінен ("Л.Валла, У.фон Гуттен," т.б.) белгілі. 17 ғ-да дипломатияның дамуына байланысты құжаттарды ғылым тұрғыдан зерттеу әдістемесі, ал 18 ғ-дың соңы мен 19 ғ-дың 1-жартысында неміс ғалымдары "А.Л.Шлецер, Б.Г.Нибур, Л.Ранкенің" еңбектерінде құжаттарды сын елегінен өткізу әдісі қалыптаса бастады. Алғаш жазба деректер тек нақты-тарихи фактілерді тануға көмектесетін құрал ретінде зерттелді. Тарихи деректер қорының кеңеюі мен ғылым айналымға жаңа деректердің біртіндеп енуіне байланысты, бір тарихи оқиғаның деректерде қарама-қайшы бейнеленетіні байқала бастады. Сондықтан ол деректерді зерттеу, бір-бірімен салыстыру, сол арқылы шындықты іздеу қажеттілігі пайда болды. Деректанудың өзіндік зерттеу нысаны, арнайы әдістемесі бар пән ретінде 19 ғ-дың 2-жартысында қалыптасты. Деректану ғылымы теориялық және қолданбалы болып 2 түрге бөлінеді. Теориялық деректану тарихи деректердің пайда болу заңдылықтарын, олардың нақты тарихи процесті бейнелеуін, ондағы мағлұматтардың мазмұнын зерттейді, деректерді жүйелеу принциптерін анықтайды. Теориялық деректану жазба деректер негізінде зерттеледі. Қолданбалы деректану тарихтың жеке салаларына, тарауларына, кезеңдеріне байланысты қалыптасты. Деректанулық тәжірибе архивтер, мұражайлар мен кітапханалардың деректерді жинақтау, сақтау, баяндау, жариялау қызметін, тарихшының зерттеу жұмысы кезінде деректермен жұмыс істеуін қамтиды. Деректану деректерді объективті өмір шындығын бейнелейтін, күрделі қоғамдық құбылыс ретінде қарастырады. Дерек объективтілік пен субъективтіліктің диалектик. бірлігі негізінде пайда болады, сондықтан олар жан-жақты талдауды қажет етеді. Деректі талдау екі кезеңнен тұрады: деректің түпнұсқамен дәлдігін анықтау және алынған мәліметтердің анық-қанығына көз жеткізу. Деректердің әр алуан түрлеріне талдау жасаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, құжаттық деректерді талдау мен баяндаушы деректерді талдауға әр түрлі тәсілдер қолданылады. Деректердің түпнұсқамен дәлдігін анықтау мәтінді айқындауды, деректі түсіндіруді және оның пайда болуын зерттеуді қажет етеді. Мәтінді айқындау жұмыстарына мәтінді дұрыс оқу және түсіну, кейіннен енгізілген толықтырулар мен қосымшаларды анықтау, олардың түпнұсқаға қатынасын ашу, егер түпнұсқа болмаса, онда мәтіннің тарихын және бастапқы авторлық нұсқасын қалпына келтіру, т.б. жатады. Деректі түсіндіру баяндалатын нақты оқиға, фактілерді анықтау, мәтіндегі тура немесе астарлы сөздерге, метафораларға түсіндірме жасаудан тұрады. Деректердің пайда болуын зерттеу үшін оның авторын, уақытын, деректің шыққан жерін, пайда болуының тарихи жағдайын анықтау қажет. Деректердің пайда болған жерін, уақытын палеография, метрология, т.б. қосымша белгілер арқылы шамамен анықтауға болады. Ал дерек авторын қосымша белгілер (мазмұны, тілі, стилі, қолтаңбасына қарап) арқылы анықтау көп жағдайда құжат арқылы дәлелденгенге дейін болжам ретінде танылады. Тарихшы зерттеу жұмысының осы бірінші бөлімі арқылы дерек көзінің дәлдігіне көз жеткізе алады. Әрі қарай талдау жүргізу әдісі деректе берілген мағлұматтарға байланысты болады. Баяндаушы деректердің (жылнамалар, мемуарлар, публицистика, т.б.) дәлдігін анықтау мағлұматтардың пайда болу жағдайын, нақты мәліметтерді тексеруді, автордың саяси көзқарасын ашуды қажет етеді. Бұл деректанулық талдау жасаудың екінші бөлімі. Егер дерек баяндалып отырған оқиғаға қатысушы куәгердің мәліметі болса, онда оның сол оқиғаға қандай жағдайда қатысқаны, тарихи шындықты суреттей алатын мүмкіндіктері анықталуы шарт. Оқиғаға автордың өзі тікелей қатыспаған жағдайда оның мәлімет алған дерек көздері анықталып, мағлұматтардың толықтығы мен дәлдігі тексеріледі. Автордың жеке саяси көзқарасы берілген мәліметтердің объективтілігіне әсер етеді. Деректегі нақты мәліметтерді логикалық талдау және салыстыру арқылы тексеруге болады. Әр алуан деректерде берілген мәліметтердің бір-бірімен сәйкес келуі олардың нақтылығын дәлелдейді. Отандық Д. ғылымының қалыптасуы мен дамуына "Ш.Ш.Уәлиханов, Ә.Н.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Е.Бекмаханов, Ә.Х.Марғұлан," т.б. зор үлес қосты. Қазіргі деректанудың теор.-әдістемелік проблемаларына, деректерді зерттеуде Математика тәсілдер мен компьютерлер пайдалануға ерекше көңіл бөлінген. ҚОЗЫҚҰЛАҚ. ҚОЗЫҚҰЛАҚ ("Trіchochіton") – орамжапырақ тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда Қаратау мен Бат. Тянь-Шань тауларының тасты беткейлерінде, жартас және ағаш көлеңкелерінде өсетін 1 түрі – майда Қ. (T. іnconspіcum) кездеседі. Биікт. 5 – 40 см, сабағы кейде бұтақталған, жапырақтары ұзынша, тостаған жапырақшаларының түп жағы дорбашық тәрізді. Күлте жапырақшалары ақ түсті, ұз. 2 мм-дей. Мамыр – тамыз айларында гүлдеп, жеміс салады. Бұршаққынды жемістері созылыңқы қандауыр пішінді, ұз. 1,5 – 4,5 см. Жоғ. жағы қысыңқы келеді де, төм. жағының 1/3 бөлігі ашылады. Тұқымы жасыл сары түсті. Деректер банкі. Деректер банкі (итал. banca – орындық, алмастыру дүкені) – дерекқордың (деректер базасының) қолданылу ортақтығы бойынша біріктірілген жиынтығы. Деректер банкі – деректері бір орт. сақталған, оларды ұжымдық негізде пайдалануға мүмкіндік беретін автоматтандырылған ақпараттық жүйе ретінде қарастыруға болады. Бұл жүйенің құрамында бір немесе бірнеше дерекқор, деректер базасының анықтамалығы, дерекқордың басқару жүйесі, сондай-ақ сұраныс және қолданбалы бағдарламалар кітапханалары болады. Деректер банкінің дерекқордан өзгешелігі – мұнда өзара байланысы үстірт, тіпті өзара байланыспаған ақпараттар жиынтығы топтасқан. Деректер банкісінің ақпараттары арнайы индекстермен белгіленеді. Пайдаланушылар осы индекстер бойынша өздеріне қажет ақпараттарды іздеп табады. Деректер банкі салалық автоматтандырылған басқару жүйелері мен әр түрлі ақпараттық жүйелердің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қазіргі уақытта дүниежүзілік ақпарат қорлары Интернет жүйесі арқылы біртұтас жаһандық желіге біріктірілген. Дерматология. Дерматология (грек." derma" – тері және" logos" – ілім) – терінің анатомиясын, гистологиясын, физиологиясын, тері ауруларының себептерін, оларды анықтау, емдеу және алдын алу тәсілдерін зерттейтін медицинаның бір бөлімі. Сондай-ақ Д. құрамына медицина микология да кіреді, ол адам мен жануарларға ауру жұқтыратын саңырауқұлақтарды және олар тудыратын ауру түрлерін анықтайды. Қазақстанда дерматология саласындағы ғылым зерттеулер Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау министрлігінің 1931 ж. Тері-венерология ғылым-зерт. институты мен 1934 ж. Қазақ медицина институтының (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) жанынан кең профилді дерматология-венерология кафедрасының ашылуымен байланысты дамыды. Емдеу жұмысында Қазақстанның минералды және радонды суы мен шипалы балшықтарын пайдалану, олардың теріге тигізетін әсері зерттеліп, тері ауруларын емдеу әдістері табылды (С.А.Поплавский, Р.Г.Акимочкина, т.б.). Саңырауқұлақтар тудыратын аурулардың белгілерін, таралу жолдарын анықтап, оларды емдеу, алдын алу әдістерін белгіледі (О.Бердібаев, Г.Қарсыбекова, т.б.). Таз, ақтаңдақ ауруларынан болатын терідегі патогистологиялық өзгерістерге сипаттама берілді (Бердібаев). Тері зақымдалған кезде қан тамырлары мен жүйке жүйелерінде болатын өзгерістер, өнеркәсіпте қызмет істейтін жұмысшылардың экзема, нейродерматоз, түрлі ірің ауруларына шалдығу себептері, аурудың дамуы тәжірибе жүзінде анықталды (Р.Мақашева, А.И.Мартынова, т.б.). Тері физиологиясына, оның патологиялық морфологиясына арналған зерттеу жұмыстары аяқталды (К.А.Калантаевская). Стафилококкты дерматиттер, қызылжалпақ теміреткі, қабыршақты теміреткі ауруларының патогенезі мен белгілері зерттеліп, оларды емдеу әдістері табылды (М.Шәкіров, т.б.). Түрлі тері ауруларын шоғырландырылған күн сәулесімен және энергиясы аз лазер сәулесімен емдеудің тиімділігі дәлелденді (Э.И.Штейккель, В.В.Калугин). Дерябин Павел Николаевич. Дерябин Павел Николаевич (1956 жылы туған, Алматы қаласы) – медицина ғылымдарының докторы (1992), профессор (1994). Алматы мемлекеттік медицина институты (1979, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау министрлігінің ғылым-зерт. институтында кіші ғылым қызметкер (1979–86), 1986 ж. лаборатория меңгерушісі қызметтерін атқарған. Дерябин 87 ғылым мақала мен 1 монографияның авторы. Дефектология. Дефектология (лат. "defectus" – жетімсіздік және грек. "logos" – ілім) – педагогиканың көру, есту, сөйлеу мүшелерінде, ақыл-ойының дамуында табиғи кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейтін арнаулы саласы. Дефектология төрт салаға бөлінеді: сурдопедагогика – мылқау балаларға, тифлопедагогика – зағип балаларға, олигофренопедагогика – ақыл-ойы кеміс балаларға, логопедия – тілінің кемісі бар балаларға білім және тәрбие беру проблемаларын зерттейді. Дефектология, сондай-ақ дене кемістігі күрделі (соқыр және саңырау, саңырау және ақыл-ой кемістігі бар, т.б.) балаларды оқытып тәрбиелеуді де қамтиды. Дефектология невропатология, генетика, психология, педагогика, тіл білімі секілді бірқатар ғылым салаларымен де тығыз байланысты. Шет елдердің көпшілігінде «Дефектология» терминінің орнына «арнайы оқыту» термині қолданылады. Ал Германияда, Австрияда, Швецияда бұл сала «емдік педагогика» деп аталады. Бұрынғы КСРО-да Дефектология жөніндегі ғылым-зерт. жұмыстарын Мәскеудегі Педагогика ғылымдар академиясының Дефектология институтында, Киев педагогика және психология институтында, басқа да пед. институттардың дефектология ф-ттерінің кафедраларында, мектептерде жүргізілді. 1931 ж. Алматыда құлағы мүкіс, 1932 ж. көз кемістігі бар балалар үшін алғашқы арнаулы мектептер ашылды. 20 ғ-дың 60-жылдарынан бастап көмекші мектептер жұмыс істеп келеді. Мұндай мектептерде жұмыс істейтін арнаулы кадрлар 1976 жылдан Алматы мемлекеттік университетінде, 1984 жылдан Қарағанды мемлекеттік университетінде даярланады. Қазақстанда табиғи кемістігі бар балалар мемлекет есебінен арнаулы мектептерде тегін оқытылады. КӨН САДАҚ. көн теріден жасалған садаққап. Оған жақ керілген күйінде беліне дейін кіргізіліп салынатындықтан, керулі тұрған садақтың жарты пішінін қайталайды. Белге қорамсақпен бірге арнаулы садақбау арқылы тағылады. К. с-ты ою-өрнекпен бедерлеп, сүйек, металл (алтын, күміс, жез) жапсырмалармен көркемдейді. КӨҢ. өте құнарлы органикалық тыңайтқыш. Ол мал астына төселген сабан (не сабансыз) және жас қи мен несептің қоспасы. К-нің құрамы мен тыңайтқыштық қасиеті жануарлардың түріне, жемнің және мал астына төселген сабанның не шөптің сапасына, алу және сақтау тәсілдеріне байланысты болады. Орташа есеппен жануарлар жейтін жемнің құрамындағы 40% органик. заттары, 50 – 70% азоты, 80%-ы фосфор, 90% калийі К-ге айналады. Тәулігіне әрбір жануардан алынатын К. мөлшері (кг-ға шаққанда, төсенішсіз): өгіз – 40, сиыр – 55, бойдақ мал – 27, бордақыланған төл – 14 – 35 (жасына байланысты), қабандар (аталық шошқа) – 11,1, мегежін – 8,8. К. төсеніш араласқан К. және таза К. болып бөлінеді. Төсеніш араласқан К-нің шамамен алғандағы құрамында: 0,5% N, 0,25% P2O5, 0,6% K2O, 0,35% CaO, 0,15% MgO болады. Бұл К-нің құрамы оны сақтау тәсіліне тәуелді. Таза К. суды араластыру дәрежесіне қарай: жартылай сұйық (құрғақ заттар 8%-дан артық), сұйық (3-тен 8%-ға дейін) және көңқақ (3%-дан кем) болып бөлінеді. Таза К-нің құрамы экскремент (нәжіс) құрамына тәуелді, ал ол жануарлар жасына және жем беру түріне байланысты болады. Орташа есеппен сиырлар нәжісі құрамында: 0,43% N, 0,28% P2O5, 0,5% K2O бар; осыған сәйкесті қойларда – 0,95%, 0,22% және 0,75%; тауықтың кеппеген саңғырығында – 2,2%, 2,44% және 0,64%. К-нің тыңайтқыштық тиімділігі, оны дайындау, сақтау және топыраққа енгізу, шашу тәсіліне байланысты. Көң қоймасында текшеленіп нығыздалған К-нің құрамында органик. заттар мен азот жақсы сақталады. Шіруіне қарай К. жас К., шала қызған, шіріген және қарашірік деп ажыратылады. Шала шіріген К-де органик. заттар 20%-ға кемиді. Оларды күздік егінге пайдаланған тиімді. Әбден шіріген К-де органик. заттың 50%-ы жоғалады. Қарашірік–борпылдақ, топырақ тәрізді зат. Мұны, көбінесе, көкөністерді (қияр, сәбіз, қызанақ, капуста, т.б.) тыңайту үшін қолданады. Қойдың кепкен қиы мен сиырдың тезегі отын ретінде де пайдаланылады. Йод. Йод, I – элементтердің периодтық жүйесінің VІІ тобындағы химиялық элемент. Галогендер тобына жатады, ат. м. 126,9; ат. н. 53; тығыздығы 4,93 г/см3; балқу t 113,6•С; қайнау t 184,35•С. Йодты 1811 ж. ашқан. Табиғатта тұрақты бір изотопы бар (127J), бос күйінде кездеспейді. Қара сұр түсті, күлгін жылтыр, өткір иісті. Лаутарит, дитцент минералдарында, мұхит суы, мұнай кендеріндегі ілеспе суда, балдырларда кездеседі. Суда нашар, органикалық еріткіште (спирт, эфир, күкірткөміртек, хлороформ) жақсы ериді. Көптеген металдармен және сутекпен жоғары температурада әрекеттеседі. Сілтімен әрекеттесіп йодатты тұз түзеді, тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш сипат көрсетеді. Йод мұнайдағы ілеспе судан хлормен, натрий нитратымен немесе қышқыл қатынасатын марганец қос тотығымен тотықтыру арқылы өндіреді. Йод және оның қосылыстары медицинада, металл өндіруде (титан, циркон, гафний), фотосурет өңдейтін химиялық реактив жасауда, т.б. қолданылады. Адам организмінде Йодтың жетіспеушілігі қалқанша бездің ұлғаюына, бұғақ ауруына шалдықтырады. Кавказ қойы. Кавказ қойы – биязы жүнді қой тұқымы. Жүн, ет өндіру мақсатымен өсіріледі. Жаңа кавказ биязы жүнді қойын америкалық рамбулье қойының қошқарымен будандастыру арқылы 1921 – 36 ж. Ресейдің асыл тұқымды қой зауыттарында шығарылған. Дене бітімі шымыр, кеудесі көлемді, тұрқы ұзын, сүйегі берік, аяқтары мықты келеді. Терісі тығыз, жақсы жетілген, мойнында 1 – 3 қатпары, денесінде ұсақ дене қыртыстары болады. Орта есеппен қошқарлары 10 – 12 кг (таңдаулылары 25 кг), саулықтары 5,8 – 6,5 кг (таңдаулылары 13 кг) жүн береді. Жүнінің ұзындығы 7,5 – 8,5 см. Таза жүн шығымы 38 – 43%. Қошқарының тірідей салмағы орта есеппен 90 – 100 кг, саулығынікі 50 – 60 кг, өсімтал тұқым. Әр жүз саулықтан 140 – 150 қозы алынады. Қозылары тез жетіледі. Бұл тұқым құрғақ далалы аймақтың жер жағдайына жақсы бейімделген. Кавказ қойы Батыс Қазақстан облысының көптеген аудандарында жергілікті қой тұқымын жақсартуға пайдаланылады. АЙҒЫР. АЙҒЫР – Шығыс Қазақстан обл. Семей қалалық әкімдігі аумағындағы тау. Семейтау тауының оңт.-батыс бөлігінде орналасқан. Абс. биікт. 534 м. АЙҒЫР – жылқының жыныс қуаты жетілген еркегі. Мінезіне, түр-түсіне қарай қойылған атаулары өте көп: шақар А., желқуық А. (мінезі), құр А., шу асау А. (бұрын қолға ұсталған-ұсталмағаны), сәурік (үйірге түспеген), шалқұйрық, құбақай (түсі), т.б. Ертеде А-ды тек сыртқы мүсіні мен ата-енесінің ерекшелігіне қарай бағалаған. Жыныс қуаты жетілген, піштірілмеген жылқы тынышсыз болады, секірмейді. Сондықтан үйірге салатын А-дан басқа жылқылар піштіріледі. Еркек жылқының жыныс қабілеті 1,5 жасында (тай) жетілгенімен, оны 3 жасқа (дөнен) толмай үйірге салуға болмайды. Жас А-дың үйірінде 10 – 15, толысқан А-дың үйірінде 20 – 25, сақа А-дың үйірінде 12 – 15 биеден болады. Бұл әдістің артықшылығы – А. үнемі үйірде болады да, бие дер кезінде тоқтайды, кемшілігі – А-дың жыныс қуаты үнемді пайдаланылмайды, тіпті оның күші үздігуі де ғажап емес. А. қолдан ұрықтандыру үшін де пайдаланылады. Бір А-дың ұрығы 150 – 200 биеге жетеді және ішкі жыныс мүшесінде кемшілігі бар (жатыры қисық, т.б.) биелер А. қосқанда үнемі қысыр қалатын болса, бұл әдісті қолданғанда құлындайды. Ғылымның дамуына байланысты үйірге салынатын А. жан-жақты зерттеліп, тексеруден өткізіледі. Осы ерекшеліктерге қарай А-ды бағып-күту әдістері де сан алуан. АЙҒЫРЖАЛ. АЙҒЫРЖАЛ – Алматы обл. Райымбек ауд-ндағы тау. Қаратау жотасының оңт.-батысында орналасқан. Абс. биікт. 2475 м. Тау етегінен ірілі-ұсақты бірнеше өзендер бастау алады. Беткейлері жайпақтау келген. АЙҒЫРЖАЛ – Шығыс Қазақстан обл. Аягөз ауд-ндағы тау. Абс. биікт. 961 м. Сопақ пішінді келген таудың солт. бөлігі көтеріңкі. Қарасу өз. аңғарына тірелетін шығысы аласа келген. Сай-жыралармен тілімденген. Батыс және шығыс бөктерлерінен шағын өзендер бастау алады. Жусан, көкпек басым астық тұқымдас шөптесін өскен. Тауалды жазығы мал жайылымына пайдаланылады. АЙҒЫРЖАЛ – Қарағанды обл. Қарқаралы ауд-ның шығыс шетін ала Егіндібұлақ а-ның шығысына қарай 50 км жерде орналасқан тау. Абс. биікт. 761 м. Ұз. 2 км, көлд. 1 км. Солт. беткейі тік, түпкі жыныстары жалаңаштанған тас көмір дәуірінің гранитоидтарынан түзілген. Қызғылт қоңыр топырағында бетеге, қызғылт көде өседі, шоқ-шоқ қараған кездеседі. АЙҒЫРЖАЛ – Өлеңті өз-нің сол жағалауында орналасқан тау. Ақмола обл. Ерейментау қ-нан оңт.-шығысқа қарай 40 км жерде. Абс. биікт. 440 м. Эрозия-тектоник. ыдырау нәтижесінде түзілген аласа таулар қатарына жатады. Оңт.-батыстан солт.-шығысқа қарай ұз. 9 – 10 км, ені 2 – 3 км доға тәріздес созыла орналасқан. Шығысы, батысы мен оңт. жазық, солт. тік жарлы келген. Солт. беткейінің баурайында Қызылсор тұзды көлі жатыр. АЙҒЫРЖАЛ – Қарағанды обл. Жаңаарқа ауд-ның солт-ндегі тау массиві. Атасу кентінен солт.-батысқа қарай 30 км-ге созылып жатыр, ені 7 км. Ең биік жері 803 м. Тау массиві тас көмір жүйесі мен протерозойдың гранитті интрузивтерінен түзілген. Беткейлері жайдақ, тегіс болып келеді. Солт. беткейінен Құланөтпес өз., оңт-нен Сарысу өз-нің салалары бастау алады. Қызғылт қоңыр топырағында жусан, боз, бетеге, бұталар өседі. Беткейлері жайылымдыққа, шабындыққа кеңінен пайдаланылады. Кадмий. Кадмий, Cd – элементтердің периодтық жүйесінің ІІ тобындағы химиялық элемент, ат. н. 48; ат. м. 112,41; балқу t 321,1°С; қайнау t 766,5°С; тығызд. 8,65 г/см3. К-ді 1817 ж. ашқан. Кадмий күмістей ақ, жұмсақ металл. Табиғатта тұрақты 8 изотопы бар. Негізгі минералдары: гринокит, отавит, монтепонит. Изоморфты қоспа ретінде мырыш, көбінесе сфалерит минералдарының құрамына кіреді. Құрғақ ауада Кадмий тұрақты, дымқыл ауада оның бетіне оксидтің жұқа қабыршағы түзіліп, әрі қарай тотығуын тежейді. Кадмий буы су буымен әрекеттесіп сутек бөледі. Минералдық қышқылдармен өзара әрекеттесіп тұздар түзеді. Оның тұздарының ерітінділері гидролиздің нәтижесінде әлсіз қышқылдық қасиет көрсетеді. Балқу температурасынан жоғары температурада Кадмий галогендермен әрекеттесіп, галогенидтер түзеді. Кадмийді қорғасын-мырыш, мыс кентастарын өңдеу кезінде өндіріп алады. Кадмий металл бетін коррозиядан қорғау үшін (кадмийлеу), аккумулятор жасауда, пегмент, шала өткізгіш материалды дайындауда, ядролық энергетикада, т.б. қолданылады. Кадмийдің буы және оның қосылыстары улы. Бұл қосылыстармен демалған жағдайда олар қанға сіңіп орта жүйке жүйесін, бүйрек, бауырды жарақаттап, фосфор-кальций алмасуын бұзады. Физика мен уидей. Батыс Ғұн Империясының территориясы Орталық Азия даласынан бастап қазіргі кездегі Германия жерлеріне дейін, және Қара теңіз бен Балтика теңізіне дейін созылған. Ғұндар Рим империясына қауіп төндірді. 5 ғ. 30-ж. ғұндардың басшысы Аттила Еуропа халқының үрейін ұшырды. 375-376 жж. вестготтардың Қазақстан даласынан келген ғұндармен күресі ежелгі Рим империясының құлауына әкелді. Шаруашылық-мәдени типінің негізі - көшпелі мал шаруашылығы. Мал өсіру, әсіресе жылқы өсіру басты роль атқарды. Сондай-ақ қой өсіру, аң аулау,егіншілік дамыды. Ғұндардың қол өнер кәсібі күшті дамыған (металдан, сүйек пен мүйізден, тас пен саздан, ағаштан, ҚОЙБАҒАР. ҚОЙБАҒАР – Тобыл алабындағы көл. Қостанай обл. Қарасу ауд-ның оңт.-шығыс бөлігінде орналасқан. Аум. 96 км2, ұз. 17,8 км, ені 9,1 км, жағасының ұз. 49 км, ең терең жері 1,6 м, суының мөлш. 20 млн. м3-ге жуық. Жағасы жайпақ. Солт. жағалауында қалың қамыс өскен. Көл алабының 70%-ға жуығы егістік, қалған тың бөлігі бозды-бетегелі жусанды жазық. Көлге Шолақ және Қарасу өзендері құяды. Көктемгі қар, жауын-шашын суымен толығады. Суы ащылау. Шортан, алабұға, т.б. балықтар бар. Құс мекендейді. ҚОЙБАҒАР ауылы. ҚОЙБАҒАР – Қостанай обл-ның Қарасу ауд-ндағы ауыл, ауылдық әкімш. округі орталығы, т. ж. ст. Аудан орт. – Қарасу а-нан оңт.-батысқа қарай 60 км жерде, Құндызды өз-нің бастауында. Тұрғыны 1,8 мың адам (2002). Іргесі 1940 ж. “Қойбағар” т. ж. ст-н салуға байланысты қаланды. Қ-да вагон жөндеу, кірпіш және нан з-ттары, шағын тігін цехы, астық қоймасы, т. ж. және автомоб. вокзалдары, мұнай базасы, т.б. жұмыс істейді. Ауылда орта мектеп, аурухана, кітапхана, т.б. бар. ҚОЙБАҚОВ Сейітжан. ҚОЙБАҚОВ "Сейітжан Мелдебекұлы" (5.3.1954 ж.т., Жуалы ауд. Федоровка а.) – әскери қайраткер, генерал-майор (2003). Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс ин-тын бітірген (1980). КСРО Мемл. қауіпсіздік к-тінің (МҚК) Мәскеу және Алматы қ-ларындағы Жоғары курстарында арнайы дайындықтан өткен. 1981 – 92 ж. МҚК Жамбыл обл. басқармасында оперативтік қызметтерде болды. 1995 – 99 ж. ҚР Ұлттық қауіпсіздік к-тінің (ҰҚК) орт. аппаратында бөлім бастығы, Қарсы барлау бас басқармасының бастығы, ҚР ҰҚК Шығ. Қазақстан басқармасы бастығының орынбасары, 1999 – 2002 ж. ҚР ҰҚ Маңғыстау обл. департаменті бастығы болды. 2002 жылдан ҚР ҰҚК “Арыстан” қауіпсіздік қызметінің бастығы. ҚОЙГЕЛДИЕВ Мәмбет. ҚОЙГЕЛДИЕВ "Мәмбет Құлжабайұлы" (18.8.1946 ж.т., Жамбыл обл. Шу ауд. Төле би а.) – ғалым, тарих ғыл. докт. (1994), проф. (1995). Қырғыз мемл. ун-тін бітірген (1968). 1971 – 2002 ж. ҚазҰУ-де, Қазақстан КП ОК жанындағы Партия тарихы ин-тында, ғыл.-пед. жұмыстармен айналысты. 2002 жылдан ҚР ҰҒА-ның Тарих және этнология ин-тының директоры. 20 ғ-дың алғашқы ширегіндегі қазақ интеллигенциясының қоғамдық-саяси қызметін зерттеумен шұғылданады. Тарих ғылымында Алаш қозғалысы тарихына жаңа көзқарас қалыптастырды. Сондай-ақ орта ғасырдағы қазақ ғұламасы, тарихшы Қадырғали Қосымұлының “Жылнамалар жинағы” ортағасырлық тарихи жазба дәстүрі негізінде өмірге келген құнды еңбек екендігін ғыл. тұрғыда негіздеді. ҚОЙГЕЛДІ Сартұлы. ҚОЙГЕЛДІ "Сартұлы" (1702 – 1795) – жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күрестің көрнекті өкілі, қолбасшы. Шыққан тегі Ұлы жүздің дулат тайпасы шымыр руынан. 1730 ж. Аңырақай шайқасына, 1734 ж. жоңғарлардың екінші шабуылына қарсы күресте оңт. қазақтарының әскербасы болған. 1740 – 50 ж. жоңғар қалмақтарымен болған шайқастарда, 1756 – 57 ж. Оңт. Қазақстанды қалмақтардан азат етуде ерлік, тапқырлық көрсеткен. ҚОЙДАҒҰЛОВ Сейітқұл. ҚОЙДАҒҰЛОВ "Сейітқұл" (т.-ө.ж.б.) – батыр, Әбілқайыр ханның орыс патшасы Анна Иоановнаға Құтлымбет Қоштаев бимен бірге жіберген елшілік басшысының бірі. 1730 ж. қыркүйекте Уфа арқылы Петербургке келген қазақ елшілері Анна Иоановнаға Кіші жүз ұлыстарын қорғауға алып, бодандығына қабылдауын сұраған Әбілқайыр ханның өтінішін жеткізген. ҚОЙДАСОВ Қанапия. ҚОЙДАСОВ "Қанапия" (1895 – 1925) – қоғам қайраткері. Торғайдың 2 кластық уч-щесін бітірген соң, уездік сотта аудармашы болды. Қ-тың саяси көзқарасының қалыптасуына Амангелді Иманов, Ә.Т. Жангелдин әсер етті. 1916 ж. қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысын ашық жақтаған. Сол үшін тұтқынға алынды. Қазан төңкерісінен кейін Торғайда Кеңес өкіметін орнатуға қатысты. Торғай у-дік Төтенше комиссияның төрағасы болды. Азамат соғысы аяқталған соң халық ш-н қалпына келтіру ісіне араласты. ҚОЙЖЕЛКЕК. ҚОЙЖЕЛКЕК ("Tragopogon") – күрделі гүлділер тұқымдасына жататын екі және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанда олардың 26 түрі кездеседі. Көбірек кездесетін түрі – шалғындық Қ. (T. pratensіs), тау беткейлерінде, өзен жағаларында өседі. Биікт. 25 – 140 см. Сабағы тік, бұтақтанып біткен. Жапырақтары ұзынша, жиектері тегіс. Гүлдері қос жынысты, сары, қарақошқыл, көкшіл, қызыл түсті. Гүл себеттерінің ұз. 1,5 – 9 см, сабақ, бұтақтарының ұшына жеке орналасады. Көп гүлді болады. Орамасы бір қатарлы, тегіс, бір-біріне жабысқан немесе қатарлас орналасқан жіңішке жапырақшалардан (5 – 14) тұрады. Гүл шоғыры жалаң, қабыршақсыз. Барлық гүлдері тілшелі, бес тісті. Мамыр – тамызда гүлдеп, маусым, қыркүйекте жеміс cалады. Тұқымы – ұршық тәрізді, желайдар. Қ. – мал азықтық өсімдік. ҚОЙ ЖУА. ҚОЙ ЖУА, қызғылт жуа (Allіum rubens) – лалагүлдер тұқымдасының жуа туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Бат. және Шығ. Сібір, Моңғолияға тараған. Қазақстанның Тобыл, Есіл алқабында, Ақмола обл-нда, Алтай, Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар) Алатауында кездеседі. Жуашығы ұзынша, жеке немесе 2 – 3-тен тамыр сабағына тұтасқан, ені 0,5 – 0,75 см, бозғылт, қоңыр қабықты. Сабағының биікт. 25 – 50 см, үш қырлы, жіңішке. Жапырақтары (5 – 6) сабақ түбіне топтанған, ені 2 – 4 мм, жалаң, мұқыл, жалпақ болады. Шатыршасы шоғыр, көп гүлді, гүл серігінен 2 – 3 есе ұзын, тең гүлсағақты келеді. Маусым – тамызда гүлдеп, жеміс салады. Қ. ж. – тағамдық өсімдік. ҚОЙ ЖЫЛЫ. ҚОЙ ЖЫЛЫ – жылқы жылынан кейін, мешін жылынан бұрын келетін мүшел есебінің 8-жылы. Қ. ж. Азия халықтарының көпшілігінің күнтізбелерінде қолданылады. Григорий күнтізбесі бойынша 2003 жылдың 22 наурызы мен 2004 жылдың 21 наурызы аралығына сай келеді, одан кейін 2015 – 2016, 2027 – 2028, 2039 – 2040, т.с.с. жылдары қайталанады. ҚОЙ ҚОЗДАТУ. ҚОЙ ҚОЗДАТУ – төлдейтін малдың санына және төлдеу мерзіміне (қыс не көктем) байланысты атқарылатын шаралар. Шаруашылықтарда күйек алу жоспарлы түрде жүргізіліп, белгілі бір мерзімде арнайы дайындалған қораларда өтеді. Қой қоздайтын орын жылы (темп-ра 12ӘС-тан жоғары), жарық болуы керек. Төлдеуге 2 – 3 күн қалғанда саулықтар қой қорада не оған жақын жерде бөлек ұсталынады. Қозының шаранасы өздігінен жарылмаса, оны жарып, аузын, танауын тазартады. Кіндігі үзілмесе, қозының денесінен 8 – 10 см жерден кесіп, 2 – 3 см жерден жіппен байлап, йод жағады. Шуы 5 – 6 сағатта түспей кешіксе және жатырынан сұйықтық аға бастаса, дәрігерлік жәрдем көрсетіледі. Қоздаған қойдың жатын орнын тазартып, желінін, тірсегін 3 – 4% сода ерітіндісі қосылған жылы сумен жуады. Қозыны туғаннан кейін 20 – 30 минуттан кейін тойғызып емізеді. Шала туған, егіз, енесі алмаған не жарытпаған қозылар, арық саулықтар арнайы бақылауға алынады. Жаңа төлдеген саулыққа 1,5 сағ-тан кейін 1 – 1,5 л жылы су береді. Ал 2 – 3 сағ-тан соң сусыны қанғанша суғарады. Төлдеген малға құнарлы жем-шөп беріледі. 2 – 4 тәуліктен кейін, қозыларды енесімен бірге топтап, сақмандарға бөледі. ҚОЙ ҚЫРҚУ. ҚОЙ ҚЫРҚУ, биязы және биязылау жүнді қойлар жылына бір рет көктемде, ал ұяң не қылшық жүнді қойлар екі рет көктемде (жабағы) және күзде (күзем) қырқылады. Қойды қырқар алдында 12 – 14 сағ бойы азықтандырмайды. Жалпы, Қ. қ-ды 10 – 12 күннің ішінде, шыбын-шіркей шықпай тұрып аяқтайды. Биязы және биязылау жүнді қойдың ерте көктемде туған қозылары, әдетте, келесі көктемде қырқылады. Биязы жүнді қой қозыларының жүнінің ұз. 3 см, биязылау жүнді қозылардың жүні ең кемі 3,5 см-ге жеткенде қырқуға болады. Қ. қ-ға электр агрегаттары қолданылады. ҚОЙЛЫБАЙ. ҚОЙЛЫБАЙ – есімі аңызға айналған бақсы. Ш.Уәлиханов Қ-ды “бақсылардың бақсысы әрі пірі” десе, Ә.Марғұлан “Қорқыттың қобызын, оның сарынын ең алғаш рет мирас еткен кісі – Қойлыбай бақсы. Ол Қорқыттың шәкірті болып саналады” деген пікір айтады. Ә.Диваев хатқа түсірген “Бақсы” жырындағы аңыз бойынша, Қ-дың төрт батыр ұлы және бес мың жыны болған. Халық аңызында Көкжарлы Барақ батыр өтінген соң, Қ. ат бәйгесіне қобызын қосады. Жарыс болатын жерге алдын ала келіп, қобызын үлкен сексеуілге байлатқан Қ. бәйге аттарының шаңы көрінгенде қолына қылышын алып, бақсылық ойынын бастап, сарын айтады. Кенет қатты дауыл тұрып, ысқырған жел соғады. Көп ұзамай, дауыл ортасынан алғашқы аттар көрінеді, алдында сексеуіл сүйреткен Қ-дың қобызы келеді. Шаңды дауыл мен қызыл жел Қ-дың Көкаман атты жынының күші еді. Бәйгеге қобыз қосу үрдісіне қарап, Қ. өмір сүрген кезең Қорқыт заманына сай келеді деген тұспал жасауға болады. Қ. туралы Ш.Уәлиханов зерттеулерін негізге ала отырып, М.Жұмабаев “Қойлыбайдың қобызы” атты дастан жазды. ҚОЙЛЫҚ ауылы. ҚОЙЛЫҚ – Алматы обл. Сарқант ауд-ндағы ауыл, ауылдық округ орталығы. Аудан орт. – Сарқант қ-нан солт.-шығысқа қарай 40 км жерде. Тұрғыны 3,4 мың адам (2002). 1991 жылға дейін “Антоновка” деп аталып келген. 1951 – 97 ж. қызылша өсіретін ұжымшардың орт. болған. Соның негізінде Қ-та “Алмабақ”, “Жаңатұрмыс”, “Бірлік” атты ӨК-тер және 63 жеке шаруа қожалығы құрылды. ҚОЙЛЫҚ. ҚОЙЛЫҚ, "Қаялық, Қайлақ" – ортағасырлық қала орны. Тарихи деректерде 11 ғ-дан Қ. атала бастайды. Қ. Қарлұқ мемлекетінің астанасы болған. Король Людовик ІХ-ның елшісі Вильгельм де Рубрук моңғол ханы Мөңкеге бара жатып Қ-қа тоқтаған. Оның айтуынша, қаланың базармен даңқы шыққан, онда мұсылмандардан басқа христиандар да тұрған. Қ. археологтардың пікірінше, көл. 30 га-дан асатын ірі қалалар қатарына жатады. Қазба жұмыстары кезінде қала жұртынан табылған алуан түрлі керамика, әйнек ыдыстар, теңгелер, қолөнер шеберханалары мен өндірістік күл-қоқыстар мұнда қолөнер мен сауданың дамығанын дәлелдейді. Зерттеуші мамандар Қ-тың орны Лепсі алабы Қойлық а-ндағы қираған құрылыстар екенін анықтады. Қ. ортағасырлық қала өркениетін айғақтайды. ҚОЙМА ЗИЯНКЕСТЕРІ. ҚОЙМА ЗИЯНКЕСТЕРІ – астық және астық өнімдерін зақымдайтын омыртқасыз жәндіктер (кенелер, қоңыздар, көбелектер), құстар, кеміргіштер, т.б. Олардың жалпы 400-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанда 60-тан астам түрі кездеседі. Республикада кең таралған негізгі зиянкестер: ұн кенесі, түкті және ұзынша кенелер, қамба, күріш бізтұмсықтары, үлкен және ұсақ ұн қоңыздары, астық дән тескіші, асбұршақ, үрмебұршақ қоңыздары, қамба күйесі, диірмен, ұн, қойма, дән қанкөбелектері, үй кептері және торғайлар, егеуқұйрықтар, тышқан және сұртышқандар. Кейбір түрлері кептірілген жеміс, көкөніс, дәрілік өсімдіктер мен темекі өнімдеріне зақым келтіреді. Қ. з-нің бір тобы (қойма бізтұмсығы, қанкөбелектер) тек жабық жайларды мекендесе, ал екінші тобы (үрмебұршақ қоңызы, күріш бізтұмсығы) қоймаларда, егістік жерлерде, ал үшінші тобы (бұршақ қоңызы, т.б.) тек қоймаларда кездеседі. Қ. з. сақтаулы астықты елеулі шығынға ұшыратады – дәннің салмағын кемітеді, тұқымның өнгіштігін, астық өнімдерінің сапасын төмендетеді. Тышқандар мен егеуқұйрықтар астық дәндерімен қоректеніп, оларды ластайды, қоймалардың, үйлердің еден, қабырғаларын тесіп, үлкен зиян келтіреді, сонымен қатар адамдар, үй жануарлары арасында әр түрлі ауруларды (оба, түйнек, т.б.) таратады. Алдын алу шаралары: қамбалардың айналасын шөп-қоқыстардан тазалау, қойма ішін, дән тазартқыш машиналарды және қоймадағы саймандарды астық қалдықтарынан тазарту, қойма ішін әктеу, астықты кептіру, т.б. ҚОЙНАУ. ҚОЙНАУ – ашық айдыннан жағалау шетімен немесе аралмен бөлінген теңіздің, көлдің шағын бөлігі. Қ-дың гидрол. сипаты негізгі су айдыны табиғатынан өзгешелеу, кеме тоқтауға қолайлы болады. ҚОЙ СҮТІ. ҚОЙ СҮТІ, түсі ақ немесе аздап сарғылт болады. Хим. құрамы малдың физиол. күйіне, күтіп-бағылуына және тұқымына қарай аздап өзгеріп отыруы мүмкін. Сиыр сүтімен салыстырғанда Қ. с-ндегі қоректік заттар 1,5 – 2 есе көп. Қ. с-нде май (6 – 8%) мен белок (4 – 5%), 4,5% сүт қанты, 1%-дай минералдық заттар, витаминдер болады. Одан ірімшік, құрт, айран, қаймақ, сары май өнімдерінің көптеген түрлері дайындалады. Қ. с-нен өндірілетін өнімдер дәмділігімен, сапалылығымен және сіңімділігімен жоғары бағаланады. Калий. Калий, К – элементтердің периодтық жүйесінің I тобындағы химиялық элемент. Ат. н. 19; ат. м. 39,102; балқу t 63,55•С; қайнау t 760•С; тығыздығы 0,862 г/см3. Калийді 1807 ж. ашқан. Түсі күмістей ақ, жеңіл, жұмсақ, оңай балқитын металл. Негізгі минералдары сильвин, карналлит, кайнит. Табиғатта тұрақты екі изотопы 39К, 41К және бір радиоактивті изотопы 40К бар. Таза Калийді оның балқыған қосылыстарын (KОН, KCl) электролиздеп не осы балқымаға Na қосып, КОН(KCl)+Na=NaOH(NaCl)+К реакциясы бойынша өндіреді. Калий ауадағы оттекпен жақсы әрекеттесіп, К2О – оксид, К2О2 – пероксид, КО2 – асқын пероксид түзеді. Барлық металлоидпен, сумен, спирттермен жақсы әрекеттеседі, суда жанады. Таза Калий зертханада, синтетикалық каучук алуда, катализатор ретінде, су асты мен ғарышта асқын пероксидтен (4КО2+СО2=2К2СО2+3О2) оттек алу үшін қолданылады. 42К жасанды изотопы – химияда, медицинада және биологияда қолданылатын радиоактивті индикатор. Калий қосылыстары тыңайтқыш ретінде сіріңке, оқ-дәрі, ем-дәрі жасау, сабын өндіру, т.б. үшін пайдаланылады. ҚОЙТАС орны. ҚОЙТАС – палеолит тас дәуірінің қоныс орны; Ертіс өз-нің сол жақ жағалауындағы Қойтас мекенінде орналасқан. 1962 ж. геолог В.С. Тапцырев тапқан. Жинастырылған 86 дана тас құралдар сары, қоңырқай, ашық-сұр түсті халцедоннан дайындалған. Жинақтамадағы (коллекциядағы) өзектастар өзіндік бірегейлігімен ерекшеленеді. Оларды өңдеу дайындаманың екі жағынан жүргізілген. Тас құралдарын өңдеуде леваллуа техникасы басымдық танытады. Қ-тан жиналған тас құралдар ежелгі адамдар Сарыарқаны палеолит дәуірінде мекендегенін айғақтайды. ҚОЙ ТЕРІСІ. ҚОЙ ТЕРІСІ, тауарлық қасиеттері мен өндірісте пайдалану мақсатына байланысты және жүнінің бітісіне қарай елтірілік, тондық және былғарылық Қ. т. болып бөлінеді. Елтірілік түрге биязы, биязылау және ұяң жүнді қойлардан алынған терілер жатады. Бұл терілерден ең жоғары сапалы табиғи және боялған елтірі дайындалып, олардан елтірі шапан, бас киім, жаға, т.б. тігіледі. Сонымен қатар оларды аң терілеріне сәйкестендіріп бояп (құндыз, нутрия, теңіз мысығы, т.б.) ішік, т.б. бағалы елтірі бұйымдар жасайды. Тондық Қ. т-не жүнінің ұз. 2,5 см-ден жоғары қылшық жүнді қойлардың, олардың будандарының терісі жатқызылады. Олардан қаптал тон, тұлып, қысқа тон, т.б. жүні ішіне қаратылып жасалған жылы киімдер тігіледі. Былғарылық теріге жүнінің сапасы нашар, елтірі және тон жасауға жарамайтын терілер жатады. Ол тауарлардың алуан түрін шығаруда құнды шикізат болып табылады. ҚОЙ ТОҒЫТУ. ҚОЙ ТОҒЫТУ – қойға қотыр түспеу үшін, сондай-ақ әр түрлі ауру тарататын кенелерге қарсы алдын-ала жүргізілетін шаралардың бірі. Қойды креолин, гексахлоран, неоцидол, гексалин сияқты дәрілердің бірі қосылған арнайы жасалған арықтарда (тоғандарда) немесе табиғи тоғандарда тоғытады. Арықтың ені 0,80 – 0,90 м, тереңд. 1,20 – 1,50 м, ұз. 15 – 20 м шамасында болуы қажет. Үш айға толмаған қозы, буаз саулық, терісінде жарақаты бар қой тоғытылмайды. Қ. т. негізінен қойды қырқар алдында жүргізіледі. БУЛЬДОЗЕР. Бузьдозер – "1) аспалы жұмыстық тетігі – қалқаны бар өздігінен жүретін жер қазғыш трактор не сүйреткіш." Ол кен байлықтарын аршу, арна қазу, жол салу, сондай-ақ гидротехникалық құрылыстарды, т.б. жүргізу үшін топырақты қабат-қабатымен ығыстыру және оны тегістеу, үю сияқты жұмыстар кезінде қолданылады. Бульдозер (ағылшынша bulldozer, bulldoze – ірі кесектерді жару, ұсақтау) қалқаны бұрылмайтын бульдозер, қалқаны бұрылмалы бульдозер және қалқаны әмбебап бульдозер болып ажыратылады. Олардың барлығы да гидравликалық, канатты (болат арқанды) не электрмеханикалық жетектермен жабдықталады. 2) Әр түрлі қималы дайындамадан жасалған бөлшектерді (қапсырма, кронштейн, бұрыштық, т.б.) штамппен июге арналған пресс. Оның кривошипті және гидравликалық түрлері бар. Ұсталық-штампты өндірісте горизонталь кривошипті бульдозер кеңінен қолданылады. БҰЛАҚ. Бұлақ, бастау – "жер бетіне шығып жатқан табиғи жер асты су көзі. Ол таулы, қыратты аймақтарда, өзен, көл жағаларында жиі кездеседі." Бұлақтың арынсыз және арынды түрлері бар. Арынсыз бұлақ ылғалды жылдарда, көктемде қар ерігеннен кейінгі және жауын-шашынды кезеңдерде жер бетіне таяу жатқан грунт суы деңгейінің көтерілуінен пайда болады. Оны әдетте тұма деп атайды. Құрғақшылық жылдары, ылғалсыз жаз айларында мұндай бұлақтың суы тартылып қалады. Арынды су көзі – артезиан (арынды) суынан бастау алып, сай-жылғаларда, өзен мен көл бойында немесе тау-тастардың терең жарықтарынан шығатын бұлақты қайнар деп атайды. Мұндай су көзінің өнімі, температурасы, минералдық тұмаға қарағанда тұрақты келеді. Сонымен қатар әктасты, гипсті, карсты таулы аймақтарда, қыраттарда жер астындағы кең көлемді жарықтарды бойлай өзен секілді ағып, жер бетіне шығып жататын бұлақтың ерекше түрі воклюз деп аталады. Суы мол, өнімі тұрақты воклюздер Қазақстан жерінде Қаратауда, Шыңғыс тауында, Жайық бойындағы Индер тауында, Үстіртте, т.б. аудандарда кездеседі. Кейде олардан жер астында кішігірім көлдер пайда болады. Бұлақ суларының температурасы оның бастауындағы сулы қабаттардың тереңдігіне, сол өңірдің абсолюттік биіктігіне, геотермиялық ерекшеліктеріне, жыл маусымына қарай әр түрлі болады. Мұздық тауларда бұлақ суының температурасы 0ӘС-тан аспайды, ал сөне қоймаған жанартаулы аймақтарда оның температурасы 100ӘС не одан да жоғары болады. Мұндай ыстық бұлақтар гейзер деп аталады. Гейзерлер Исландияда, Италияда, Жаңа Зеландияда, Ява аралдарында, Камчаткада кездеседі. Суы тұщы бұлақ елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етуге, мал жайылымдарын суландыруға, жер суаруға пайдаланылады. Минералдығы 1 г/л-ден астам жылы және ыстық бұлақ сулары санаторийлер мен емдеу орындарында әр түрлі ауруларды емдеуге қолданылады. Мұндай бұлақтар Қазақстанның оңтүстігіндегі және шығысындағы таулы өңірлерде жиі кездеседі. Қайнар – жер қойнауындағы терең қабаттардан тектоникалық жарықтар арқылы жер бетіне табиғи жолмен шығып жатқан арынды жер асты су көзі; арынды бұлақ. Қайнар суының өнімділігі жыл маусымдарының барлық кезінде, негізінен, тұрақты болып келеді. Жазық жерлерде – өзен аңғарлары мен қыраттар беткейінде оның тәуліктік су өнімділігі көбінесе ондаған текше метрден аспаса, тау бөктерлерінде, тауаралық ойыстарда жүздеген, мыңдаған, биік таулы аймақтарда одан да мол болады. Әктасты таулы өлкелерде кейбір арынды бұлақтардың тәуліктік өнімділігі бірнеше миллион текше метрге жетеді. Қазақстанда мұндай мол өнімді арынды бұлақтар Қаратау (Оңтүстік Қазақстан) мен Ерейментауда (Орталық Қазақстан) кездеседі. Олардан өзендер бастау алады, ауыз су алынады, жер суарылады, мал жайылымдары суландырылады. Қайнар бастау алып шығып жатқан қабаттардың тереңдігіне қарай жылы және ыстық, ал жанартаулы өңірлерде (Ресейдегі Камчаткада, Куриль аралдарында, т.б.) тіпті ыстық бұлақ сулары жер бетіне шығып жатады. Мұндай ыстық арынды сулар – жылу мен энергия қуатын алуға пайдаланылады. Таулы аймақтардағы (Жетісу мен Іле Алатауларында, Алтайда, т.б. өңірлерде) табиғи газға, денсаулыққа пайдалы аз мөлшерлі химиялық элементтерге қанық жылы, ыстық сулы қайнар бұлақ сулары санаторий, курорттарда қолданылады. Каспий бойындағы кейбір тұзды бұлақтардан ас тұзы өндіріледі. ҚОЙШАҒЫР. ҚОЙШАҒЫР – пілтелі мылтықтың ауыр түрі. Оқпаны үлкен, калибрі ірі болады. Көбінесе қамал қабырғаларын бұзуға қолданылған. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, қой өсіру – мал шаруашылығының негізгі салаларының бірі. Жеңіл өнеркәсіп үшін шикізат (жүн, тері, елтірі), бағалы азық-түлік (ет, май, сүт) өнімдерін береді. Қой өсіру адамзат тарихында неолит дәуірінен басталады. Қола дәуірінде Орт. Азия тайпалары қылшық жүнді қой өсірген. Биязы және биязылау жүнді қой тұқымдары осы кезеңде Кіші Азияда шығып, дүние жүзіне тараған. Қой өсіру қазақ халқының ата кәсібінің бірі болып табылады. Төрт түлік малдың ішінде жылқы мен қойға ерекше мән берген қазақ халқы қой жаюдың, оны көбейту мен тұқымын асылдандырудың өзіндік әдіс-тәсілдерін қалыптастырған. Мал ш-на қолайлы табиғи ортаның мол болуы, соған орай қыстау, көктеу, жайлау, күзеумен байланысты көшпелі өмір салтының орнығуы қазақ халқының дәстүрлі Қ. ш-н берік қалыптастырғандығының айғағы. Қазақстанда негізінен қылшық жүнді қазақы қой өсірілді. 19 ғ-дың соңына қарай Ақмола, Семей, кейінірек Торғай және Жетісу өңіріне орыс шаруалары меринос қой тұқымдарын ала келді. 1913 ж. қазіргі Қазақстан жерінде 19,6 млн. уақ мал болды. Азамат соғысы жылдары өзге түліктермен бірге қой саны да барынша азайып (1920 ж. – 8,8 млн.), елдегі мал ш-на үлкен нұқсан келтірілді. Кеңес өкіметінің жаңа экономикалық саясатына байланысты 1928 жылға дейін дәстүрлі мал ш-ның ерекшеліктері ішінара сақталып қалды. Сол жылғы үкімет қаулысынан кейін елдегі ірі байларды жаппай кәмпескелеудің соңы мал ш-н, оның ішінде Қ. ш-н да қатты күйзеліске ұшыратып, 1930 – 32 жылдардағы ашаршылыққа алып келді. 1936 ж. республикада небәрі 4,3 млн. қой қалды. Күштеп ұжымдастыру науқанынан кейін қазақ халқының дәстүрлі Қ. ш-ның қарқынды дамуына тежеу салынып, 1928 – 85 жылға дейінгі аралықта Қ. ш-ның кеңестік жүйесі қалыптасып, дамыды. Қой тұқымдарының санымен қатар сапасын да көтеру шараларының нәтижесінде 1960 ж. республикадағы барлық койдың 84,6%-ы, 1974 ж. 99,99%-ы, 1980 ж. 100%-ы асыл тұқымды мал тобына жатқызылды. Сондай-ақ, 1966 – 70 ж. уақ малдан алынатын ет өнімдері орта есеппен – 471,3 мың т, 1981 – 83 ж. – 493,3 мың т-ға жетті. Қойдың мол өнімді жаңа тұқымдары – қазақтың биязы жүнді қойы, қазақтың арқар-мериносы, солтүстік қазақ мериносы, қазақтың оңтүстік мериносы, дегерес қойы, т.б. шығарылды. 1984 жылдың басында Қазақстанда 36567,8 мың (барлық шаруашылық түрлерінде) қой болды. Қой саны жағынан Қазақстан КСРО бойынша 2-орын (Ресейден кейін), қаракөл елтірісін дайындау жағынан 1-орын алды. Қ. ш., әсіресе, Оңт. Қазақстан, Шығ. Қазақстан (Семей), Жамбыл, Алматы облыстарында қарқынды дамыды. Жаңа тұқым шығару мақсатында Қазақстандағы таңдаулы қой тұқымдары мен шетелдік тұқымдар: австралия мериносы, австралия корриделі, линкольн қойы, ромни-марш қойлары, т. б. пайдаланылды. Қазақстанда Қ. ш-ның дамуында негізгі үш бағыт айқындалды. Олар елдің табиғи климаты, жем-шөп, жайылым жағдайы, қойдың биол. ерекшеліктері, т.б. байланысты төмендегіше 3 аймаққа бөлінді: 1) далалық, қуаң-шөлейт аймақтар мен оңт. таулы өңір. Мұнда биязы және биязылау жүнді қой тұқымдары (барлық қойдың 65%-ы) өсірілді. 2) шөл және шөлейт аймақ. Бұл жерлерде негізінен етті-майлы, ұяң не қылшық жүнді қойлар (барлық қойдың 16%-ы) шоғырланды. 3) Қаракөл қойлары өсірілетін оңт. және батыс аймақтар. 1990 жылдың басында 1250, оның ішінде 702 арнайы мамандандырылған ірі Қ. ш-тары болды. Алайда экономиканың өзге салалары секілді Қ. ш. да кеңестік науқаншылдыққа ұрынып, қой санын 50 млн-ға жеткізу туралы елдің нақтылы мүмкіндіктеріне сай келмейтін қисынсыз жоспарлар жасалынды. Жоспарды орындау мақсатында қойды қолдан жасанды ұрықтандыру тәсілі кең етек жайып, асыл тұқымды қойлардың азып-тозуы мен миллиондаған елтірінің шын мәнінде жарамсыз қалуына, кеңестік жалған ақпардың белең алуына алып келді. Мал өнімдерін өңдеу, жаңа технологияларды игеру, т.б. мәселелер кенже қалды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы жылдардағы экон. дағдарыстар мен а. ш-ндағы кейбір сәтсіз реформалар нәтижесінде Қ. ш. елеулі түрде құлдырады. Қазіргі уақытта Қазақстанда 12,3 млн. уақ мал бар (2004). Мұның негізгі бөлігі жеке меншік иелікте өсіріледі. Республикада Қ. ш. саласындағы ғыл.-зерт. жұмыстарымен Қазақ қаракөл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Қазақ қой шаруашылығы технологиялық ғылыми-зерттеу институты, Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институты, т.б. айналысады. "А. Ахметов, ұ. Шайхадден, А. Шотаев" ҚОЙШОҚЫ. ҚОЙШОҚЫ – қола дәуірінде өмір сүрген тайпалар қорымы. Қарағанды обл. Шет ауд. Ақмая қонысынан солт-ке қарай 1,5 – 2 км жерде, Қойшоқы мен Ақмая тауларының ортасында. 1975 – 85 ж. Орт. Қазақстан археол. экспед. (жетек. М.Қ. Қадырбаев, Ж.Құрманқұлов) зерттеген. Қ. қорымындағы ескерткіштер төрт топқа бөлінеді. Қоршаулар пішіні шеңбер, дөңгелек, төртбұрышты болып келеді. Олар тігінен қадалған жақпар тастармен көмкерілген. Зерттелген қабірлердің бәрі бұрын тоналған. Мүрделер тас жәшіктерге (орташа көл. 1,510,8 м), ішінара шұңқырға қойылып, тізелері бүгіліп, бір қырынан басы шығысқа қаратылып жерленген. Бас жағына немесе тас жәшіктің оңт.-шығыс бұрышына ыдыстар қойылған. Қ-1 қорымы 19 қоршаудан, Қ-2 қорымы 15 қоршаудан, Қ-3 қорымы 3 қоршаудан және жеке қойылған 1 тас жәшіктен, Қ-4 қорымы 14 қоршаудан тұрады. Қ. қорымынан геом. өрнек салынған көзе сынықтары, қола моншақ, алтынмен қаптаған білезік, сырға, қапсырмалар, жебе және найза ұштары табылған. Алынған мәліметтерге қарағанда, Қ. қорымында б.з.б. 14 – 12 ғ-ларда өмір сүрген адамдар жерленген. ҚОЙШЫБАЕВ Мәкәлім. ҚОЙШЫБАЕВ "Мәкәлім" (10.5.1926, Атырау обл. Қызылқоға ауд. – 12.2.1986, Алматы қ.) – композитор, Қазақстанның еңб. сің. өнер қайраткері (1971). Алматыдағы муз. уч-щесін (1952), Алматы мемл. консерваториясын бітірген (1959). 1960 жылдан ғыл.-пед. жұмыстармен айналысады. Қ-дың “Той бастар”, “Шахтер жыры”, “Жастар әні”, Абайдың өлеңіне шығарған “Қалқам-ай, мен үндемей жүремін көп” секілді әндері мен романстары ел арасына кең тараған. Ұлт аспаптар оркестрге арнап: “Қазақстан”, “Жастық”, “Концерттік күй”, “Атырау дүбірі”, т.б. поэмалары, “Мәншүк”, “Құрманғазы”, “Туған жер”, “Ардагерлер” симф. поэмалары, эстр. симф. оркестріне арнап: “Қазақ биі”, Сюита, “Күй-поэма”, “Увертюра”; домбыраға арналған: “Жарыс”, “Жастар”, “Аққу”, “Қызылқұм” атты күйлері бар. Қобыз бен фортепианоға арналған: “Романс”, “Көктем биі”, “Өмір гүлі”, т.б. аспаптық-камералық, вокалды-хор мен спектакльдерге, драм. спектакльдерге (І.Есенберлиннің “Таудағы тартысы”, Ш.Хұсайыновтың “Алғашқы ұшқындары” мен “Сертке серті”) жазған т.б. муз. шығармалары мол. ҚОЙШЫБАЕВА Рахия. ҚОЙШЫБАЕВА "Рахия Рысбайқызы" (15.10.1916, қазіргі Қарағанды обл. Қарқаралы ауд. – 26.2.1963, Алматы) – актриса, әнші, Қазақ КСР-інің халық арт. (1947). Сахнадағы өнер жолын 1932 ж. Қарағандының Жұмысшы жастар театрынан (қазіргі обл. қазақ драма театры) бастады. 1938 ж. Қазақ драма театрының құрамына қабылданды. Осы театрда ойнаған алғашқы рөлі – А.Тоқмағанбетовтың “Әзірет сұлтан” спектакліндегі күтуші кемпір. Оған Зере (М.Әуезов, “Түнгі сарын”, “Шекарада”, “Абай”) рөлі үшін 1952 ж. ҚазКСР-інің Мемл. сыйл. берілді. Мақпал, Дәмелі (ұ.Мүсірепов, “Қозы Көрпеш – Баян сұлу”, “Ақан сері – Ақтоқты”), Меңсұлу (Ш.Хұсайынов, “Алдар Көсе”), Зейнеп (С.Мұқанов, “Шоқан Уәлиханов”) cияқты күрделі бейнелерді сахнаға шығарды. Классик. драматургиядан Н.В. Гогольдің “Ревизорында” Анна Андреевнаның, А.Н. Островскийдің “Шындық жақсы, ал бақыт одан да артық” және “Таланттылар мен табынушыларында” Мавра Тарасовна мен Долина Пантелеевнаның, Ж.Б. Мольердің “Скапеннің айласы” мен “Сараңында” Зербинетта мен Фрозинаның, т.б. сахналық тұлғасын жасады. 1940 жылдан киноға түсті, Ана (“Райханда”, 1940), Зейнеп (“Абай әнінде”, 1945), Жамал (“Алтын мүйізде”, 1948), Күнікей (”Махаббат дастанында”, 1954), Милиционер әйел (“Біздің сүйікті дәрігерде”, 1957), Шайшекер (“Егер біздің бәріміз де”, 1961) рөлдерінде ойнады. Қ. халық әндерін нақышына келтіре орындаушы ретінде де ерекше көзге түсті. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. ЕСЕПТЕУ ОРТАЛЫҒЫ. ЕСЕПТЕУ ОРТАЛЫҒЫ – ЭЕМ-ның көмегімен әр түрлі ақпараттарды жинайтын, сақтайтын әрі өңдейтін және ғыл., экон., басқару, инж., т.б. мәселелерді шешу кезінде күрделі әрі көлемді есептеу жұмыстарын орындайтын, сондай-ақ ЭЕМ-нің бағдарламаларын зерттейтін және жасайтын, дайындайтын арнайы ұйым (кәсіпорын) не оның жеке бөлімшесі. Е. о. өзінің атқаратын қызметіне қарай ұжымдық түрде пайдаланылатын Е. о., басқарудың автоматтандырылған жүйесінің құрамына енетін Е. о., есепке алуесеп беру құжаттамаларын өңдейтін орталықтар, т.б. болып ажыратылады. Жұмыс көлемі мен өңдейтін ақпараттың сипатына қарай Е. о-ның құрамына өнімділігі әр түрлі ЭЕМ-дер енеді. Жеке жағдайларда Е. о-ның құрамына, негізінен, динамик. процестерді модельдеуге арналған аналогтық есептеуіш машиналар (мыс., ракетаның ұшуын немесе энергет. жүйесінің жұмысын басқару үшін) ендіріледі. Е. о-ның басқа түріне есепке алу, статист., бухгалтерлік ақпараттарды өңдеуге арналған есептеу ст. жатады. Өңделетін ақпарат көлемінің тұрақты түрде көбейіп отыруы Е. о-ндағы есептеуіш машиналардың санын арттырып, компьютерлерді бір-бірімен байланысқан жергілікті желілер түрінде пайдалануды қажет етеді. ҚОЙШЫБАЕВА Зейнеп. ҚОЙШЫБАЕВА "Зейнеп (Зекен) Төлембекқызы" (6.3. 1937, Алматы обл. Алакөл ауд. Қазақстан а. – 20.3. 2002, Алматы) – әнші, Қазақстанның халық арт. (1989). Қазақтың мемл. академиялық опера және балет театры жанындағы вокалдық хор студиясын (1958, К.Байсейітованың, Н.Самашеваның ұстаздығымен), Алматы мемл. өнер ин-тының (қазіргі Алматы мемл. консерваториясы) вокалдық ф-тін (1972, проф. Б.Б. Жылысбаевтың жетекшілігімен) бітірген. 1958 жылдан Алматы өнер ордаларында концерттік-пед. жұмыспен айналысты. Опера және балет театры сахнасында Жібек, Қадиша, Ақжүніс партияларын (Е.Г. Брусиловскийдің “Қыз Жібек”, “Жалбыр”, “Ер Тарғын” операларында) орындады. Эстрад. және камералық оркестрлердің, фортепиано аспабының сүйемелдеуімен Қазақстан композиторларының муз. шығармалары мен халық әндерін кеңінен насихаттады. Мәскеуде өткен жастар мен студенттердің дүниежүз. фестивалінің күміс жүлдегері (1957). Жер асты суы. Жер асты суы – "жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының аралығындағы су". Ол шөгінді және борпылдақ тау жыныстары бөлшектерінің арасын, ұсақ кеуектерін, магмалық және метаморфтық жыныстардың жарықтары мен жіктерін, гипс, доломит, әктас жыныстарындағы карст қуыстарын толтырып жатады. Жер асты суы қалыптасу жағдайына, тереңдігіне, арын күшінің мөлшеріне қарай қалқыма су, грунт және артезиан сулары болып 3 топқа бөлінеді. Қалқыма су – кішігірім ойпаттарда, құм-шағылдар арасында жауын-шашын немесе тасыған өзен, көл суларының топыраққа сіңуінен уақытша пайда болған, Жер бетіне ең жақын жатқан арынсыз жер асты суы. Оның қорына, химиялық құрамы мен температурасына ауа райының өзгерістері үлкен әсер етеді. Сондықтан су қорын құрайтын негізгі көз жойылғанда, бұл су құрғап қалады. Жауын-шашын мол жылдары, өзен қатты тасығанда, қыста қар қалың жауғанда қайтадан пайда болады. Грунт суы – табиғи қоры қалқыма суға қарағанда тұрақты, Жер бетіне жақын кеуекті, жарықты, карсты сулы қабаттардағы арынсыз жер асты суы. Мұндай суды ерте заманнан бері құдық қазып, кеңінен пайдаланғандықтан «құдық суы» деп те атайды. Ол Жер бетінен 1 – 5 м-ден 50 – 70 м-ге дейінгі тереңдікте кездеседі; өзен, көл, теңіз маңында, сайларда, тау-төбе, қырат бөктерлерінде тұма-бұлақ болып, Жер бетіне еркін шығып та жатады. Жер бетіне біршама таяу жатқан грунт суының деңгейі ауа райының өзгешеліктері мен табиғи өзгерістерге тәуелді болып отырады. Жауын-шашын мол жылдары, көктемде қар ерігенде, күзгі көп жауын кезінде бұл судың деңгейі едәуір жоғары көтеріледі, ал құрғақшылық жылдары, қыс пен жаз айларында оның деңгейі төмендеп, тереңдеп кетеді. Грунт суы неғұрлым тайызда жатса, оның көтеріліп-төмендеу мөлшері де соғұрлым көп болады. Тайыз жердегі грунт суының деңгейі бір жыл ішінде 1,5 – 2 метр және одан да көп мөлшерде өзгеріп отыратын болса, тереңдегі сулардың деңгейі тек бірнеше см-ге ғана өзгереді. Су деңгейінің өзгерісіне, жыл маусымдарының ауысуына байланысты бұл сулардың минералдылығы, химиялық құрамы мен температурасы да өзгеріп отырады. Артезиан суы – тереңде (75 – 100 м-ден астам) жатқан шөгінді (құм, құмтас, әктас) тау жыныстарында шоғырланған арынды жер асты суы. Ол өткізбейтін жыныс қабаттарының арасында жатқандықтан, арын күші едәуір болады, бұрғыланған ұңғылар арқылы жоғары көтеріліп (кейде шапшып), Жер бетіне шығады. Артезиан суының қоры, минералдылығы, химиялық құрамы, температурасы ұзақ жылдар бойы пайдалану нәтижесінде ғана өзгерістерге ұшырайды. Жер асты суының негізгі қоры өзен, көл, теңіз суларының және қар мен жауын суларының Жерге сіңуі нәтижесінде қалыптасады. Құрамындағы тұздардың, минералдың мөлшеріне сәйкес жер асты суы тұщы (минералдығы 1 г/л-ге дейін), ашқылтым (1 – 10 г/л), ащы (10 – 50 г/л) және тұзды (50 г/л-ден астам) сулар болып бөлінеді. Қазақстан бойынша жер асты суының (артезиан және грунт суларының) жалпы қоры 7500 млрд. м3, ол жылма-жыл 35 – 40 млрд. м3 сіңбе сумен толығып отырады. Қазіргі кезде қалалар мен елді мекендерді сумен қамтамасыз ету, мал жайылымдарын суландыру, Жер суғару бағыттарында пайдаланып жүрген жер асты суының мөлшері 3,5 – 4 млрд. м3. Жер асты суының кен орны – жауын-шашынның, өзен суларының Жерге сіңуінен пайда болатын жер асты суларының шоғырланған орны. Судың сапасына, химиялық құрамына, температурасына қарай тұщы, ашқылтым, термальді, шипалы (минералды), өндірістік қазба байлықты су кен орны болып бөлінеді. Ал қалыптасу жағдайларына қарай өзен арналарының грунт сулары, тау жыныстарының жарықшаларының, карст қуыстарының грунт сулары, артезиан алаптарындағы арынды сулар, тектоникалық жарықтардағы сулар, тау етегіндегі ысырынды конус сулары, құм массивтерінің грунт сулары, т.б. болып бөлінеді. Ең ірі жер асты суының кен орындары таулы аудандарға жанаса орналасқан қиыршыққұм, шағылқұм, малтатастардан құралған ысырынды моллас кешендерінде, өзен арналарының аллювиальдік шөгінділерінде, ірі артезиан алаптарында кездеседі. Жер бетіне таяу (10 – 30 м) жатқан жер асты суының кен орындары өзен арналарындағы аллювиальдік шөгінділерде орналасқан. Термальді су кен орындары, негізінен, тереңде жатқан артезиан сулы қабаттарда, кейбір таулы аудандардың тектоникалық жарықтарында таралған. Температурасы 100°С-тан асатын тұщы термальді су кен орындары Жаркент (Алматы облысы) артезиан алабында 4000 – 4500 м тереңдіктен табылған. Бұл бүкіл Жер шарындағы тұщы сулардың ең тереңге сіңген деңгейі. Басқа жерлерде мұндай тұщы сулар 2000 м тереңдіктен аспайды. Қазақстанда 623 жер асты суының кен орындары зерттеліп, қоры анықталған. Жер асты суының кен орындары елді мекендерді, қалаларды, ірі өндіріс орындарын, санаторий, профилакторийлерді ауыз сумен, емдік қасиеті бар минералды сулармен қамтамасыз етуге пайдаланылуда. Жер асты суының қоры – жер асты суларының көп жылдар бойы шаруашылық мақсаттарға пайдалануға болатын, үздіксіз жиналып, толығып отыратын мөлшері. Ол табиғи қор, табиғи ресурс, пайдалану қоры болып бөлінеді. Табиғи қор – геологиялық мерзімде немесе көп жылдар бойы сулы қабаттарда, гидрогеологиялық құрылымдарда жиналған су мөлшері. Табиғи ресурс – жауын-шашынның, өзен суларының Жер бетінен оның астына әр мезгілде әр түрлі мөлшерде сіңуіне, Жер бетінің көп жылдық мерзімде ылғалдану режиміне сәйкес жер асты суының толығып отыратын бөлігі. Жер асты суының пайдалану қоры – аумағы белгілі сулы қабаттардан белгілі бір уақыт бойы, техникалық-экономикалық тұрғыдан тиімді түрде арнаулы су қабылдағыштар арқылы тәулігіне алынатын судың мөлшері. Олар халық шаруашылығындағы маңыздылығына, экономикалық тиімділігіне байланысты баланстағы және баланстан тыс қорлар болып 2 топқа бөлінеді. Зерттеліп барланғаннан кейін жоғары сапалы жер асты су қоры мемлекеттік балансқа алынады. Балансқа алынған су қорын пайдалану экономикалық жағынан тиімді болады. Жерсілкіну. Жерсілкіну – "жер асты дүмпуі күштерінің әсерінен Жердің беткі қыртысының тербелуі." Жерсілкінуді сейсмология ғылымы зерттейді. Оның туындауына және дамуына байланысты құбылыстарды сейсмикалық құбылыстар деп атайды. Жерсілкіну жанартаулық, денудациялық және тектоникалық болып бөлінеді. Жанартаулық жерсілкіну қазіргі жанартаулар әрекет ететін аудандарда дамыған. Денудациялық жерсілкіну таулы аудандардағы тау жынысы массаларының шатқалдарға құлауынан, жер асты қуыстары мен карст үңгірлерінің опырылуынан және ірі жылжымалардың ықпалынан туындайды. Тектоникалық жерсілкіну литосфераның жекелеген блоктары өзара қозғалысқа келгенде, Жер қойнауында ұзақ уақыт бойы жинақталған механикалық энергияның қысқа мерзімде шұғыл босанып шығуына байланысты болады. Мұндай жерсілкіну — Жер қыртысында ұзынынан созылған жарылымдар жасайды. Жарылым қанаттары лездік жылдамдықпен ығысуына байланысты, босанып шыққан энергия серпімді тербелістер, яғни сейсмикалық толқындар түрінде жан-жаққа таралады. Бұл толқындар қума, көлденең және беттік толқындар болып үшке бөлінеді. Сейсмикалық толқындардың таралу жылдамдығы тау жыныстарының құрамына, құрылымына және физикалық жағдайына байланысты болады. Қума толқындардың таралу жылдамдығы 5 – 6 км/с, көлденең толқындарда 3 – 4 км/с. Сейсмикалық толқындар туындатушы жарылымдардың ұзындығы бірнеше км-ден (1966 жылғы Ташкент жерсілкінуінде – 8 км) жүздеген км-ге (1960 жылғы Чилидегі жерсілкіну) дейін жетеді. 1957 жылғы Гоби Алтайындағы жерсілкінуде жалпы ұзындығы 700 км-дей жарылымдар жүйесі пайда болған. Жер қыртысында немесе мантияның жоғары бөлігіндегі тау жыныстарының лездік қозғалысқа келуінен жер асты соққысы туындаған орынды жерсілкіну ошағы, ошақтың тереңдіктегі орнын гипоцентр, Жер бетіндегі проекциясында орналасқан ауданды эпицентр деп атайды. Жерсілкіну Жер қойнауындағы орналасу тереңдігіне қарай: Жер бетіне жақын (тереңдігі 10 км-ге дейін), орташа немесе қалыпты тереңдіктегі (10 – 60 км), аралық (60 – 300 км) және терең фокусты (300 км-ден терең) болып жіктеледі. Ең көп тарағаны — жақын және орташа тереңдіктегі жерсілкінулер. Терең фокусты жерсілкіну өте аз тараған. Жерсілкіну гипоцентрі теңіз бен мұхиттардың астында да орналасады. Оларды теңіз сілкінуі деп атайды. Бұл құбылыстардың нәтижесінде цунами пайда болады. Жерсілкіну ұзақтығы бірнеше секундтан бірнеше айға (кейде жылға) дейін созылады. Механикалық кернеу күшінің біртіндеп шығуына байланысты, жер асты дүмпулері қайталанып отырады. Әдетте, алғашқы күшті дүмпуден кейін, әлсіз дүмпулер тізбегі жалғасады. Оларды афтершоктар деп, ал дүмпу білінген уақыттың барлығын жерсілкіну кезеңі деп атайды. Афтершоктар негізгі дүмпуден соң 3 – 4 жыл бойы жалғасуы мүмкін. Мысалы, 1887 ж. Алматыдағы (Верный) жерсілкіну кезінде 600 дүмпу болғаны тіркелген. Жерсілкіну кезінде орташа есеппен 1•1024 – 1•1025 эрг энергия бөлінеді. Мысалы, Ашғабадта болған жерсілкінудің энергиясы – 1023 эрг. Жерсілкіну үлкен апаттарға әкелетіндіктен оның қай жерде, қашан және күші қандай болатынын болжау өте маңызды мәселе. Жерсілкіну, өте сезгіш аспаптар – сейсмографтармен жабдықталған сейсмикалық стансаларда зерттеледі. Жерсілкінудің геологиялық жағдайларын зерттеу алдағы уақытта жерсілкіну болуы мүмкін аймақтарды және жерсілкіну болмайтын аймақтарды алдын-ала анықтауға мүмкіндік береді. Осының негізінде сейсмикалық аудандау жүзеге асырылады. Қазіргі кезде Жер шарының сейсмикалық картасы жасалып, басты екі сейсмикалық белдеу бөлінген: Тынық мұхиттық белдеу, сондай-ақ құрлықтардың су асты шеттерінің жылжымалы белдемдері кіреді. Бұл белдеуде барлық жерсілкіну болатын ошақтардың 68%-ы орналасқан. Жерсілкіну ошақтарының белгілі бір географиялық аудандарда ғана орналасуы Жердің геологиялық даму ерекшеліктеріне байланысты. Сейсмикалық есептеулер бойынша, орташа алғанда Жер шарында жылына 1 – 2 апатты (күші 10 балдан жоғары), 9 – 15 жойқын, 50 – 100 қиратушы, 300 – 500 өте күшті жерсілкіну болады. Қазіргі кезде жерсілкіну күшін бағалау үшін оның қирату әрекеті мен адамдардың психологиялық сезіміне тікелей бақылау арқылы түзілген 12 балдық сейсмикалық шкала қолданылады. Күшті жерсілкіну үлкен апат әкелетіндіктен, ол басқа табиғи құбылыстардың барлығынан қатерлі. Жерсілкіну қай аймақта болатынын болжау шешілгенімен, оның қашан және күші қандай болатыны әзірше толық шешімін тапқан жоқ. Жерсілкінуді жабайы аңдар, жәндіктер мен үй жануарлары ерте сезетіндіктен, олардың мінез-құлқына қарап, бұл құбылысты болжауға болады. Қазіргі кезде адамның табиғи ортаға ауқымды әсер етуіне (кентас, мұнай, газ бен жер асты суларын көп мөлшерде алуы, ядролық жарылыстар, ірі су қоймаларын жасау, т.б.) байланысты техногендік жерсілкіну мүмкіндігі де арта түсуде. БІЛГЕ ҚАҒАН. Білге қаған, Могилян – "Шығыс Түрік қағанатының қағаны. Білге (қытайша Пицзя кэ-хань) Құтылықтың баласы, Күлтегіннің ағасы. Шамамен 685 – 734 жылдары өмір сүрген." Он төрт жасында «Тардуш елінің шады» лауазымын алған. Қытай жазбаларында ол 700 ж. Танғұтқа, 702 және 706 жылдары Қытайға, 709 – 713 ж. батысқа жорық жасағаны айтылады. 712 – 713 ж. Тоныкөк, Білге қаған, Күлтегін басқарған түрік әскері Кутейба ибн Муслим бастаған арабтармен болған шайқаста жеңіліс тауып, кейін шегінеді. Осы кезде (712) Алтайды қоныстанған қарлұқтардың тоғыз оғыз, басмылдармен одақтасып Шығыс Түрік қағанатына жасаған шабуылдарына Білге қаған мен Күлтегін бірлесіп тойтарыс (714) береді. 716 ж. Қапаған бүлікшілер қолынан қаза тауып, Білге қаған «қаған» лауазымын (қытай жазбаларында: 720 ж.) алды. Күлтегін Түркі қағанатының сол қолының шады және бас қолбасшысы болып тағайындалды. Тоныкөк абыз Қытаймен бітім жасау мақсатында елшілікке (722) жіберілді. Осының нәтижесінде Қытайға бас сауғалап кеткен оғыздардың біраз бөлігі қайтып оралды. Білге қаған өз туыстарының қолынан уланып өлген. Оның мұрагері болып баласы Ижань тағайындалды. Моңғолиядағы Орхон өзені бойында Білге қағанға арналған ескерткіш күні бүгінге дейін сақталған. ҚОҚАЙ. ҚОҚАЙ – Нұра алабындағы ағынды көл. Ақмола обл-ның Қорғалжын ауд. жерімен ағады. Ауданның батыс бөлігінде, Теңіз к-нің шығысында, Асаубалық пен Сұлтанкелді көлдерінің аралығында. Теңіз деңгейінен 307,5 м биіктікте орналасқан. Ауд. 24,0 км2, ұз. 8,1 км, ең енді жері 4,5 км. Көлді Нұра өз. жарып ағады. Суы тұщы. Жағасы – жайылым, шабындық. Дүниежүзiлiк бокс сериясы. Бүкiләлемдiк бокс сериясы – АИБА басшыларының жаңадан 2010 жылы ашқан жобасы. Бұл жобада әлемнiң он екi командасы кәсiпқой бокстан өз өнерлерiн сарапқа салады. Бокс басшылары он екi команданы құрлық бойынша үш топқа бөлген. Яғни Америка, Азия және Еуропа құрлығының боксшылары мамыр айына дейiн командалық сайыста озып шыққан үздiк ұжымды анықтайды. Осыған байланысты бiздiң елде “ Астана Арландары” атты команда дүние­ге келдi. Бұл команданың бас директоры – елiмiзге белгiлi бокс маманы Болат Манкенов. Боксшыларды Бейбiт Есжанов жаттықтырады. Командалар келесі салмақ дәрежелерде өнер көрсетеді 54, 61, 73, 85 және 91+ кг. Жекпе-жектер бес салмақ дәрежесінде үш минуттан бес раунд өтетін болып бекітілді. Сонымен қатар осы сындарға қатысатын әр елдің құрамасының сапында, кем дегенде, екі легионерден болуы шарт. Боксшылар еш бас қорғауынсыз кәсіпқой бокс форматымен өнер көрсетеді. Жалпы болашақта әуесқой боксы тек осы форматта өтеді-міс. Бүкiләлемдiк бокс сериясының өткiзiлу тәртiбi. Үш құрлықтан он екi команда. Әр құрлықта төрт командадан. Бiр команда екiншi командамен өз жерiнде екi рет, сырт елде екi рет кездеседi. Осылайша әр команда өз тобында он екi жекпе-жек өткiзiп, құрлықтың үздiгiн анықтайды. Өз құрлықтарынан бiрiншi орын алған командалар жартылай финалға жолдама алады. Жартылай финалға қатысатын төртiншi команда әр топтан екiншi орын алған командалардың арасынан iрiктелiнiп алынады (жоғарғы көрсеткiшке ие болған). Тағы бiр айта кетерлiгi, АИБА басшылары әр командаға кем дегенде екi легионер боксшы қосуды мiндеттедi. “Астана Арландары” командасындағы шетелдiк боксшылардың жүруi сондықтан. Егер матчта кем деген де 4 жекпе жекте жеңсе команда 3 ұпай, ал егер 3 жекпе жекте ғаан жеңсе 2 ұпай, ал екеуінде жеңсе 1 ұпай ұтады. ҚОҚАН ХАНДЫҒЫ. ҚОҚАН ХАНДЫҒЫ – 18 ғ-дың соңы мен 19 ғ-дың бас кезіндегі Орталық Азиядағы мемлекет. Орт. – Қоқан қ. болды. Қ. х-ның негізін салушы Шахрук-би шамамен 1710 ж. Бұхара әмірлігіне тәуелсіз шағын иелік құрды. Немересі Ирдан-би көрші елдермен қиян-кескі соғыстар жүргізіп, Әндіжан, Наманган, Маргелан аймақтарын қосып алды. 1758 ж. Бұхара оны тәуелсіз мемлекет ретінде мойындады. 1760 – 70 ж. Қ. х. оңт-ндегі қазақтармен қақтығыстарға барды. Қ. х. 19 ғ. бас кезінде қатты күшейді. Әлім (1800 – 10), Омар (1810 – 22), Мұхаммед-Әли (Мадали, Мәделі) (1822 – 42) хандар тұсында оның аумағы барынша кеңейді. Кухистан тәжіктерінен шыққан Әлім бек жеке билігін күшейтіп, хан атанды. 1807 – 09 ж. Орта Азиядағы аса ірі стратегиялық орт. Ташкентті бағындырды. Ташкент маңындағы қазақ билеушілерінің бір бөлігі Қ. х-н қолдаса, қалғандары Бұхарамен одақтасты. 10 мың отбасы Абылайдың 3-ші ұлы Әділ төренің басшылығымен Қытайға көшіп кетті. 1813 – 14 ж. Сайрам мен Түркістан қ-лары бағындырылды. Хандықтың ресми тілі орта азиялық парсы тілі (16 – 19 ғ. тәжік әдеби тілі) болды. 19 ғ-дың 1-жартысында Қ. х. қазіргі Қырғызстан мен Оңт. Қазақстанның көпшілік аумағын бағындырды. Басып алған жерлерінде олар Ақмешіт, Жөлек, Жаңақорған, Шымқорған, Күмісқорған, Әулиеата, Меркі, Пішпек, т.б. бекіністер тұрғызды. 1821 ж. қазақтар Түркістаннан Әулиеатаға дейінгі аралықта көтеріліс жасап, Шымкент пен Сайрамды алды. Бірақ әр ру өз бетінше әрекет жасағандықтан, көтерілісшілер табысқа жете алмады. Хандық халқының негізгі бөлігін өзбектер құрады. Сондай-ақ оның аумағында тәжіктер, қазақтар мен қырғыздар да мекен етті. Қ. х-ндағы жердің едәуір бөлігі мемлекет меншігінде болды, оны хан өз қалауынша пайдаланды. Бұл жерлерде еңбек еткен шаруалар, мемл. жерді жалға алушылар ретінде салық төледі. Жердің бір бөлігін хан өзіне ерекше қызмет көрсеткен адамдарға сыйға тартты. Негізгі жер салығы басқа да мұсылман мемлекеттеріндегідей харадж еді. Мәделі хан билігінің соңына қарай күшейе түскен бүліктер мен халық көтерілістері Бұхара әмірі Насрулланың Қ. х-на соққы беріп (1839 және 1841 – 42), Ташкент пен Ходжентті басып алуына жағдай жасады. Қоқанға Бұхарадан әкім тағайындалды. Алайда қоқандықтар шақырып алған Әлім ханның немере-інісі – Шир-Әли хан (Шерәлі) (1842 – 45) Ташкент пен Ходжентті қайтарып алды. Шир-Әлидің мұрагерлері тұсында хандық қатты әлсіреді. Салықтардың өсуі халықтың жаппай көтерілістерге шығуына алып келді. Қ. х-ның әлсіреуіне, сондай-ақ, хандық ішіндегі өзара бақталастық және көрші халықтармен саяси күрес те әсер етті. Қоқандықтар Жетісу мен Ұлытауға жорық жасаса, орыстар көтеріліске шыққан қазақтардың Қ. х-мен бірігіп кетуінен қауіптеніп, Ұлытаудағы Қоқан бекіністерін талқандады. 1837 – 47 ж. Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс кезінде Ресей мен Қ. х. қазақтарға қарсы одақ құрды. Бірақ 1853 – 56 ж. болған Қырым соғысынан кейін Орт. Азияға ағылшындардың еніп кетуінен қорыққан Ресей Жетісуға орнығып алды. 19 ғ-дың 60-жылдары патша әскерлерінің Орта Азияға шабуылы басталды. Қ. х-н жаулап алу бірінші кезектегі мақсатқа айналды, өйткені ол Бұхарамен және Хиуамен күресте аса тиімді аймақ болып саналады. 1865 ж. 17 мамырда орыс әскерлері Ташкентті, 24 мамырда Ходжентті алды. Осындай аса ауқымды жерлерінен айырылу Қоқан хандарын салықты тағы да өсіруге мәжбүр етті. Мұның өзі халықтың наразылығын күшейтті. Бұл наразылық 1874 – 76 ж. Қоқан көтерілісіне ұласты. Қоқан ханы көтерілістерді басу үшін Ресейден әскери көмек сұрауға мәжбүр болды. 2 ай ішінде орыс әскерлері көтерілісшілерді талқандады. 1876 ж. 19 ақпанда Ресей өкіметінің жарлығымен Қ. х. жойылып, оның орнына Ферғана обл. құрылды. Ол Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына енді. КӨҢ ҚОЙМАСЫ. көң сақтайтын орын. К. қ. мал және құс ш-тарында шығатын, құрамы әр түрлі көңді қоршаған ортаны бүлдірмей сақтау үшін пайдаланылады. Көң дұрыс сақталмаған жағдайда оның құрамындағы қажетті хим. элементтер (азот, фосфор және калий) ыдырап жойылады да, оның тыңайтқышқа пайдалану құндылығы төмендейді. Көңді қоймада сақтау одан әр түрлі аурулар таралуына жол бермейді және оны залалсыздандыруға мүмкіндік береді. Көңді құнды тыңайтқыш ретінде жақсы сақтау және мал мен құстың жұқпалы әрі іш құрт ауруларының таралмауы үшін К. қ. мынадай зоогигиеналық талаптарға сай болуы керек: көң сақтайтын орын құрғақ, топырағы су өткізбейтін, мал суаты мен ауыз суынан қашық болуы; мал қорасынан кемі 50 м, тұрғын үйлерден 200 м қашықтықта және қорадан төмен беткейде орналасуы тиіс. Көңді жер бетінде немесе шұңқырда сақтайды. Сақталатын көңнің түріне және ауа райына байланысты қоймалар жер бетінде орналасқан, жерден төмен қазылып, едені мен қабырғалары бетондалған, беті ашық немесе жабық болуы мүмкін. Қысы қатты аймақтарда ашық қоймаларда сақталатын көңнің беткі қабаты 12 – 16 см тереңдікке дейін қатады. Жабық қоймаларда көңнен шығатын жылу әсерінен оның беткі қабаты қатпайды да микробиол. процестің жүруі тоқталмайды. Ашық қоймаларда жазғы уақытта аммиакты азоттың шығыны 16%-ға жетсе, жабық қоймаларда ол 8 – 10%-дан аспайды. Жұқпалы ауру байқалған малдың көңін өртейді, не биотермиялық тәсілмен (1 – 6 ай бойы) зарарсыздандырады. Қазіргі уақытта құс, сиыр және шошқа фермаларында К. қ. кеңінен қолданылады. ҚОЛ. ҚОЛ – дәстүрлі әскери атау. Көшпелілер арасында жасақ, қосын, лек ұғымымен қатар қолданылған. Түркі халықтары әскерінің ұрыс тактикаларында әскерді оң Қ., сол Қ-ға бөлу арқылы майдан қанаттарына жіктеу тәсілі кеңінен пайдаланылған, сондықтан құрамы мен ұрыс жағдайына қарай Қ-дың ішінде мыңдық та, түмен де болуы мүмкін. Қола. ҚОЛА (франц. bronze, итал. bronzo) – мыстың қалайы, алюминий, бериллий, қорғасын, кремний, кадмий, хром, т.б. элементтер (тек мырыш пен никельден өзге) қосылған қорытпасы. Қ. хим. тәсілдермен бояуға, алтын жалатуға әрі жалтыратуға икемді болғандықтан көне заманнан бері әшекейлік бұйымдар мен мүсіндер құюға пайдаланылып келеді. Қ-ның балқу темп-расы мыстан төмен әрі берік, өте жақсы құймалық қасиеті бар. Ерте заманда негізінен қалайылы Қ. пайдаланылса, орта ғасырларда күміс қосылған Қ. кең тарады. Алюминийлі Қ-лардан төлкелер, фланецтер, бағыттауыш ершіктер, тісті доңғалақтар, кремнийлі Қ-дан әр түрлі аспаптар мен радиоаппаратуралардың жоғары темп-рада (250ӘС-қа дейін) және жемір орталарда жұмыс істейтін бөлшектері жасалады. Бериллийлі Қ. авиац. құралдардың бөлшектерін жасауға және электрондық техникада пайдаланылады. Қ-ның түрлері әріптік-цифрлық белгілер бойынша өрнектеледі. Қазақстанда қалайылы және қалайысыз Қ-лардың кейбір түрлері (Бр0Ц 4–3, Бр0Ф 6,5–0,15, БрКМц 3–1, БрАМц 9–2) өндіріледі. ҚОЛА-ГРАФИТТІ МАТЕРИАЛ. ҚОЛА-ГРАФИТТІ МАТЕРИАЛ – қоладан, қола кристалдарының арасында бірқалыпты таралған графит түйіршіктерінен тұратын күйдірілген кеуекті материал. Хим. құрамы: негізі мыс, қалайы – 8,5 – 9%, графит – 1,5 – 3%. Кеуек қуыстары минералды немесе синтет. маймен толтырылады, мұндай материал үйкеліске төзімді келеді. Қ.-г. м. ұнтақтық-металлургия әдісімен алынады. Кең көлемде 20 ғ-дың 30 – 40-жылдарында пайдаланыла бастады. Қ.-г. м-дардан сырғанау мойынтіректеріне (подшипниктеріне) арналған төлкелер жасалады. Қ.-г. м-дардың ерекшелігі болатпен жанасқандағы үйкеліс коэфф-нің төмендігі. Қ.-г. м-дың жұмыстық темп-расы 75 – 80ӘС. 20 м/с сырғанау жылдамдығындағы рұқсат етілген кернеу 6 – 8 Мн/м2, қатт. 18 – 20 НВ. Қ.-г. м-дан бұйымдар дайындау өндірісінде шикізат ретінде: қола, мыс, қалайы, мырыш, қорғасын ұнтақтары пайдаланылады. ҚОЛАТ. ҚОЛАТ – жер бетіндегі бір бағытқа қарай төмендейтін, ұзынша келген жайпақ ой- паң. Оның бір-біріне қатарлас бағытта созылған жайпақ екі беткейі, енсіздеу табаны болады. Қ. белесті жазықтарда эрозияның әрекетінен пайда болып, кейіннен өзекке, жыраға айналып кетуі ықтимал. Тереңдігі бірнеше метрге, ені ондаған, жүздеген метрге дейін жетеді. ҚОЛБАСШЫ. ҚОЛБАСШЫ – мемлекеттің қарулы күштерін, соғыс жағдайында ірі әскери құрылымдарды (оперативтік-стратег. бірлестіктерді) басқаратын әскери басшы. Қ-лар соғыс кезінде әскери операцияларды дайындайды және оның нәтижесіне жауапты болады, бейбіт уақытта қарамағындағыларды әскери шеберлікке үйретеді, әскери жаттығуларды басқарады. Әдетте, Қ. етіп дарынды, көреген, әскери жағдайлардың дамуын болжай алатын, қолда бар күштер мен құралдарды тиімді пайдалана білетін, жоғары ұйымдастырушылық қабілеті бар жігерлі, батыл адамдар тағайындалады. Әрбір тарихи кезеңдердегі үлкен соғыстар өз Қ-ларын шығарды. Қазақ халқында да аты аңызға айналған көптеген қолбасшылар болды (қ. Бөгенбай, Қабанбай, Қарасай, Жәнібек, Райымбек, Амангелді, Бауыржан, т.б.). Атбасар Мәдениеті. Атбасар Мәдениеті – төменгі палеолит дәуірінен сақталған ескерткіштердің жиынтық атауы. Осы мәдениетке жататын тұрақтар мол шоғырланған Атбасар ауылының (Ақмола облысы) атымен аталған. Б.з.б. 7-мыңжылдықтың аяғы мен 6-мыңжылдықтың басында Арал өңірінде өркендеген Келтеминар мәдениеті мен Ойық мәдениеті негізінде қалыптасқан. Атабасар мәдениетіне жататын 20-ға жуық тұрақ зерттеліп, қазылған. Көптеген тұрақтар Солтүстік Қазақстанның Есіл мен Шағалалы өзенінің ескі арналары жағалауларында орналасқан. Тұрақтардан табылған еңбек құралдарының арасында жебенің ұштары көп. Бұл мәдениет тұсында үлкен "қырғыштар мен пышақтар, шомбал балталар" пайда болған. Қыш ыдыстарының сыйымд. 1–5 л, пішіні жарты жұмыртқа тәріздес. Ыдыстардың сырты өрнектермен безендірілген. Табылған заттардың жиынтығы Солтүстік Қазақстанда б.з.б. 3-мыңжылдықтың басында өндіруші шаруашылықтың қалыптаса бастағанын көрсетеді. ҚОЛҒАП. ҚОЛҒАП – қолға киетін киім. Ол қолды суықтан, жұмыс кезінде жарақаттанудан сақтайды. Қ. тігілу, тоқылу үлгісіне қарай бес саусақты, үш саусақты, тұйықбас болып, ал тігілетін материалына қарай тері Қ., жарғақ Қ., тоқыма Қ., т.б. болып бөлінеді. Тері Қ. қой терісінен тігіледі. Оны көбінесе тұйықбас етіп, жарғақ Қ-ты тықыр теріден астар салып, көбіне бес саусақ түрінде тігеді. Тоқыма Қ. түйе, қой жүнінен, ешкі түбітінен тоқылады. Тоқыма Қ. бес саусақты да, үш саусақты да (бас бармақ пен сұқ саусақ жеке), тұйықбас та болады. Қ-тың тұйықбас түріне жататын байырғы түрінің бірі – құсбегілер киетін “Биялай”. Оны түйенің мойнақ терісінен, бұғы, бұлан секілді аңдардың, өгіздің қалың мойын терісінен тігеді. Қазіргі кезде хирургия, энергетика салаларында дәрі-дәрмек жасау, хим. қышқылдар дайындау кезінде резинадан жасалған Қ-тар пайдаланылады. ҚОЛДАМПАЗДЫҚ. ҚОЛДАМПАЗДЫҚ, протекционизм (лат. protectіo – бүркемелеу, қорған болу деген сөзден шыққан) – 1) мемлекеттің меншікті тауар өндірушілерін көтермелеуге, олардың мүдделерін ішкі және сыртқы рыноктардағы шет елдік бәсекеден қорғауға бағытталған саясаты. Еуропада капиталдың алғашқы қорлануы дәуірінде (16 – 18 ғ.) пайда болған. Қазіргі әлемдік экономикада Қ. мемл. реттеудің пәрменді әдісі болып табылады. Соғыстан кейінгі кезеңде Америкада, Еуропада, Азия мен Африкада болған интеграц. үдерістер нәтижесінде ұжымдық Қ. өріс алды. Дамушы елдерде жекеменшікті фермерлерді барынша қолдауға және ішкі азық-түлік рыногін қорғауға бағытталған аграрлық Қ. кең ауқымда қолданылады. 2) Мемл. лауазымды қызметкердің өз қызмет өкілеттігін асыра пайдаланып, қандай да бір заңды тұлғаға, кәсіпорынға экон. қолдау көрсетуі. OTAU TV. «OTAU TV» («Отау ТД») — теледидарлама мен радио хабарын эфир және жерсерік арқылы тарату жөніндегі Қазақстан Республикасының ұлттық операторына — «Қазтелерадио» АҚ тән сауда белгісі. Бұл атау Intelsat 904, 60° E жерсерігі арқылы «Жерсеріктік телерадиохабар тарату ұлттық қызметінің» теледидарлама мен радио арналар дестесіне үшін пайдаланылады. Атауы. 2010 ж. желтоқсан айынан тікелей жерсеріктік хабар тарату қызметі «OTAU TV» («Отау ТД») атауына ие болды. Рәмізі. В символике логотипа торговой марки: голубой круг − представляет земной шар, окружённый хороводом трёх стилизованных человеческих фигур в ракурсе «вид сверху»; эти фигуры − предназначены символизировать три телекоммуникационных спутника на геостационарной орбите; три цвета фигур (жёлтый, красный и зелёный) − напоминают три компоненты сигнала цветного телевидения; заглавные латинские буквы ТV, находящиеся в центре голубого круга − общепринятое сокращение, относящееся к телевидению. DigiCipher 2 / MPEG-2 стандарттарында қызмет көрсетуі. қаңтардың 31 2011 года Правительство РК своим постановлением № 48 реорганизовало АО «Казтелерадио» путём присоединения к нему АО «Казахстанские телекоммуникации». Сейчас параллельное вещание в стандарте DigiCipher 2 10 каналов (пакет «Казтелерадио» для ретрансляторов) на одном траснспондере спутника Intelsat 904 продолжается (будет до начала 2013 года), вплоть до полной замены цифровых приемников на наземных эфирных ретрансляторах и пунктах приема за рубежом (посольства, консульства и другие заграничные организации). DVB-S2 / MPEG-4 / 8PSK стандарттарына көшу. Однако, наступление мирового кризиса осенью того же года, сказалось на реальных сроках перехода на новые стандарты вещания. С весны 2010 года были начаты работы по модернизации НССТ. Приобретено, смонтировано и протестировано оборудование кодирования и мультиплексирования относительно новых (утверждены в 2005 году) общеевропейских стандартов DVB-S2/MPEG-4 в ППСС (телепортах) «Алматы», «Астана» и «Орал». Закуплены ресиверы для замены у существующих абонентов и для подключения новых. Работы по модернизации сети выполнены путем объединения финансовых, технических и кадровых ресурсов АО «Казтелерадио» и АО «Казахстанские телекоммуникации». В общей сложности на модернизацию сети инвестированы из национального бюджета ок. 1,2 млрд тенге (на 10 декабря 2010 года 1 USD = 147,38 KZT). 2010 жылы желтоқсан айының 10-нан 11-не қараған түні желі DVB-S2/MPEG-4/8PSK жерсерік таратылым стандарттарына көшірілді. Пропускная способность каждого транспондера из трёх используемых для вещания в DVB-S2 на спутнике Intelsat 904, 60° E поднялась с 44 Мбит/с до 66 Мбит/с, в результате количество телеканалов на транспондер возросло с 16 до 35. Общая ёмкость существующего спутникового тракта позволяет передавать до 105 стандартных каналов и обслуживать до 250000 клиентов (на первоначальном этапе). При переходе на новый стандарт из оборудования заменялся только цифровой ресивер. Для этого предоставлялись низкобюджетные ресиверы S2400ND стандарта DVB-S2, разработанные южнокорейской компанией Homecast Co., Ltd. Особенностью этого ресивера является поддержка старого МШУ (конвертера) с частотой гетеродина 10,0 ГГц. Замена производилась бесплатно. За годы существования компании были построены также 10 региональных ППСС (аплинков). Из трёх областных центров телеканалы доставляются в телепорты «Астана» и «Алматы» по ВОЛС. Это также даёт возможность довести объем спутникового вещания областных каналов до 14 часов в сутки с 1 часа, и без перерывания телеканала «Казахстан». Таким образом, была сформирована магистральная транспортная среда для последующего наземного вещания АО «Казтелерадио» — национального оператора телерадиовещания, а также для предоставления услуг DTH для территорий, где отсутствует наземное многоканальное вещание. қаңтардың 18 2011 года в техническом центре АО «Казтелерадио» в г. Астана при участии главы государства Нурсултана Назарбаева состоялась церемония запуска Национальной спутниковой сети телерадиовещания в цифровом стандарте DVB-S2. С 11 декабря 2010 года по 3 марта 2011 года вещание всех пакетов платформы шло открыто, даже в период проведения в Казахстане Азиады-2011 (қаңтардың 30 — 6 февраля 2011 года, трансляции с игр шли қаңтардың 28 — 7 февраля). Даму жоспарлары. KazSat-2, 86,5°E 2011 жылғы жазында ұшырлып іске қосылғанда, сондағы төрт теледидарламалық (көтеріңкі қуатты) транспондерге теледидарлама мен радио хабарын тікелей тарату ұлттық желісін көшіруі қарастырылуда. Желінің беріктігін көтеру үшін Астана қаласында сақтық қабылдау-тарату жерсеріктік стансасын құру жоспарланған. Қазақстандық мазмұнын үлкейту жобасына сай, отандық DVB-S2/MPEG-4 қабылдағыштарды өндіру істері жасалынып жатыр. Хабар тарату ұлттық желісінің жазылушыларының санын анағұрлым көбейту болжамында 2011—2014 жылдар арасында 300—350 мың қоңдырғы, басқаша айтқанда 6,3 мыңнан 54 есе өсу Шартты қатынау жүйесі. Авторлық және сабақтас құқықтарды ұстану үшін және ақылы дестеге қатынауды жабу үшін, сонымен қатар заңсыз қайта таратудан аман болу үшін, барлық арналар (соның ішінде отандықтар да) NDS VideoGuard Express шартты қатынау жүйесі арқылы кодталады, бұл күйде қатынау смарт-картасы қабылдағыштың теңдессіз электронды нөміріне байластырылады. Жүйеде мазмұнды кооперативті шифрлау үшін DVB SimulCrypt архитектурасы қолданылады, бұл бірнеше операторларға бір шифрлау алгоритмін пайдлаланып әртүрлі шартты қатынау жүйелерін қосуға мүмкіндік береді. Ұсынылған қабылдау жабдықтамасы. Қабылдау жабдықтамасына ең төменгі талаптары бойынша қабылдағыштарда ISO 7816 стандартына сай смарт-карта интерфейсі (слоты) болуы жөн. Қабылдағыштың қазақша, орысша және ағылшынша мәзірлері болуы қажет, сонымен қатар осы тілдердегі пайдалану жөніндегі нұсқаулар болуы жөн. Бағдарламалық жасақтаманың жаңартылуы жерсерік арқылы "Over-the-Air Download" (OtAD) режімінде өтеді. Егжей-тегжей талаптар «Казтелерадио» торабындағы спецификацияларда жарияланған HDTV-қабылдағыш спецификацияларында Full HD сай 1920 × 1080i ажыратылымдық талаптары, HDCP хаттамасы қолдауымен HDMI порты болуы т.б. талаптар бар. Сонымен бірге, NDS VideoGuard Express шартты қатынау жүйесімен ықпалданған CI+ интерфейсті CAM модулдері пайдаланылуы мүмкін. Конвертері (аз шуылы күшейткіш, АШК) кіріс жағынан сызықты полярлануы бар 10,7—11,7 / 11,7—12,75 GHz радиожиіліктер ауқымдарында жұміс істейтін болу керек. Оффсет түрі антенна айнасы ең кемінде 900 × 1000 mm көлемінде. Барлық жабдықтамада шығарушы зауыты берген шығу тегі куәліктері және Қазақстан Респуликасының сәйкестік куәліктері болу қажет, ал қабылдағыштарда сонымен қоса «Казтелерадио» Акционерлік қоғамына тағайындалған NDS VideoGuard Express шартты қатынау жүйесі ықпалдану туралы авторландыру хаты болу жөн. Ұлттық жерсеріктік хабар таратудың аймақтық жабуы бойынша хабарларды аймақ ортасында ең кемінде 600 мм, аймақ шетінде 1200 мм дейін көлеміндегі айнасы бар Intelsat 904, 60°E жерсерігіне бағытталған антенналар кабылдайды. Қызмет көрсетуі. Для пенсионеров и других социально уязвимых категорий населения, впервые подписывающихся на услугу, затраты на приобретение комплекта оборудования для приёма спутникового ТВ компенсируются соответствующими акиматами. В соответствии с условиями договора об оказании услуг спутникового телерадиовещания использование оборудования абонентом ограничено только территорией Республики Казахстан, абонент не вправе использовать оборудование в целях публичного показа. В текущее время (март-апрель 2011 года) юридически услуги спутникового телерадиовещания оказываются от имени АО «Казахстанские телекоммуникации». После завершения процедур по объединению АО «Казтелерадио» и АО «Казахстанские телекоммуникации», услуги будут предоставляться от лица АО «Казтелерадио». Установка приемного оборудования и подключение к услугам «OTAU TV» производится через сеть авторизованных дилеров. DVB-S2 «OTAU TV» дестелері. Дестелер құрамы 2011 ж. наурыздың 18 бастап қолданудағы ресми тізімі бойынша беріледі. Дестелер тізбектемесі ауысуы мүмкін, бұл Қазақстан Республикасында телерадиохабарларын дамыту мәселесі жөніндегі комиссиясы өткізетін отандық арналардың «ашық қатынау дестесіне» қосылу бәйгесі нәтижелері бойынша, сондай-ақ мағлұматты пайдаланудың бағдарлама беруші шарттары бойынша атқарылады. «Ашық қатынау дестесі», құрамында 37 отандық телерадиоарналар бар, соның ішінде облыстықтар да, толығымен «Негізгі» дестесіне кіреді және жазылушыларға тегін. «Үнемді», «Қалыпты» және «Екшенді» дестелері ақылылық тұғырында «шартты қатынау дестелеріне» кіреді. Әр кейінгі дестеге алдыңғы дестенің арналары енгізіледі. Жаңа арналарды таратуға арнап, сонымен қатар HDTV және 3DTV үшін, транспондерлер қорының бір бөлігі кейінге қалдырылған. 2011 жылында «ашық қатынау дестесіне» жаңадан құрылатын «Мәдениет» арнасы және тәулік бойы ақпарат беретін «Caspionet 24» арнасы кіреді, 2012 жылы — «Білім арнасы» кіреді; тағы да жаңа «Мәдениет радиосы» кіреді. Отандық арналардың лицензиялық тазартылған халықаралық нұсқаларын қай мерзімде ашық таратылуы басталатын туралы еш ақпарат жоқ. Дестелерден тыс арналар. Дестелерден тыс «Инфоканал» арнасы тегін таратылады, бұл арна жазылушыларды хабардар ету және промо әрекеттерді ұйымдастыру үшін тағайындалған. Сонымен қатар бонус есебінде дестелерден тыс арналар уақытша таратылады. HDTV арналар сынақ режімінде беріліп тұр. Қаныққан көрсету үшін HD Ready не Full HD белгілері бар теледидарды, Dolby Digital 5.1 дыбыс жүйесін және HD қабылдағышты пайдалану ұсынылады. Сыртқы арналар (ашық қатынау). Intelsat 904, 60°E жерсерігінің осы Spot2 сәулесі арқылы тағы басқа DVB-S не DVB-S2 (кодталмаған) арналарын қабылдауға болады. Ресми торабы. Жүйенің қолдау торабында жазылушы мен делдалдың «Жеке ісбөлмелері» бар. Бұдан басқа ақпараттар да бар, соның ішінде: хабар таратудың аймақтық жабуы, дестелер құрамы, төлеу тәсілдері, жазылушы келісімі. ҚОЛДАНБАЛЫ ДЕМОГРАФИЯ. ҚОЛДАНБАЛЫ ДЕМОГРАФИЯ – демография ғылымындағы бағыт. Қ. д. тәсілдерін пайдалана отырып, матем. статистика, халықтың өсіп-өнуі үлгілерін жасаумен, демогр. үдерістерді (туу, өлу, некелесу, ажырасу, көшіп-қону) үлгілеумен байланысты міндеттерді шешу әдістерін зерделейді. Қ. д. демогр. дамудың барысы мен заңдылықтарын анықтайды. Қ. д-ның құрамдас бөлігі болып табылатын демогр. болжау салалық өндірістер мен халыққа қызмет көрсету саласын еңбек қорларымен қамтамасыз етуге, қалаларды дамытуға, тұрғын үй құрылысына, халықтың сапалық сипаттамаларын қалыптастыруға, т.б. байланысты әлеум.-экон. міндеттерді шешуде, елдің демогр. саясатын және әлеум.-экон. дамуының ұзақ мерзімді стратегиясын әзірлеу кезінде басшылыққа алынады. ҚОЛДАНБАЛЫ МАТЕМАТИКА ИНСТИТУТЫ. ҚОЛДАНБАЛЫ МАТЕМАТИКА ИНСТИТУТЫ, 1991 ж. Қарағанды қ-нда ұйымдастырылған. 1999 жылдан респ. мемл. қазыналық кәсіпорын. Ин-т математика, механика, информатиканың негізгі бағыттары бойынша зерттеулер жүргізу, оларды аймақтық түйінді мәселелерді шешуге қолдану және жоғары білікті ғыл. кадрлар дайындауды қамтамасыз ету мақсатында құрылған. Құрамында дифференциалдық теңдеулер лаб., механика және экология есептерін матем. модельдеу лаб., ағымдық технологиялар мен аппараттар бөлімі бар. Негізгі ғыл. бағыттары цифрлық ақпараттардың компьютерлік көрінісі және пайдалы қазбалар орнын жер асты өндіруде тау-кен қысымын басқарудың матем. ілімін, ағымдық аппараттарды және құбыр арқылы материалдардың тасымалдануын есептеу алгоритмін, көп өлшемді жүйесіз дифференциалдық теңдеулер жүйесінің және дифференциалдық операторлардың спектрлік қасиеттерін зерттеуге арналған. Ин-тты ұйымдастыруға және оның қалыптасуына ҚР ҰҒА-ның корр. мүшесі М.Өтелбаев, проф. Т.Мұстафин, проф. Х.Халманов, т.б. ғалымдар көп еңбек сіңірді. Ин-т отыздан астам шығарм. куәліктерге және Қазақстан Республикасының 5 патентіне ие. Дәрумен. Дәрумен (Витамин) – "адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың организміндегі зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар." Витамин (латынша vіta – тіршілік) туралы ілімнің негізін 1880 ж. орыс дәрігері Николай Лунин салды. 1912 ж. поляк дәрігері Казимеж Функ сол кезге дейін жасалған тәжірибелер нәтижесін қорытындылап, ғылымға витамин терминін енгізді. Витаминдердің көпшілігі ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Организмде үздіксіз жүріп жататын химиялық реакциялар, мысалы, ішкен тағамның, мал азығының ыдырап, қорытылуы, ферменттердің қызметіне байланысты. Тағамның құрамында витамин жеткіліксіз болса, адам әр түрлі ауруға шалдығады. Ал витаминді (әсіресе, А және D витаминдерін) шамадан тыс көп қабылдау организмнің улануына (гипервитаминоз) соқтырады. Ол көбінесе, жас балаларда жиі кездеседі. Қазір барлық витаминдерді суда еритін витамин, майда еритін витамин және витамин тектес заттар деп бөледі. Витаминнің мал үшін де маңызы зор. Мал азығында витамин жеткіліксіз болса, малдың өнімі төмендейді, олар жүдеп, әр түрлі ауруларға шалдығады. Мал азығында А, Д, Е, К витаминдері жеткілікті мөлшерде болуы қажет. Мысалы, А витамині жетіспеген жағдайда сиыр не бие көз ауруына шалдығады, сүті кемиді, сондай-ақ олар қысыр қалуы, іш тастауы мүмкін. Малға қажетті витамин балауса шөпте, жоңышқада, сүрленген шөптерде, т.б. болады. Қыста авитаминозға шалдыққан, т.б. түрлі жағдайлармен жүдеген малға витамин концентраттарын, сәбіз, балық майы, т.б. витамині мол азық беру керек. Мал азығындағы витамин мөлшерін көбейту үшін арнайы витамин препараттары мен құрғақ ашытқылар шығарылады. Витамин жетіспеушілік, авитаминоз – күнделікті ішетін тағамда витаминдердің жетіспеуінен, олардың бойға сіңуінің бұзылуынан не витамин синтезделуінің тежелуінен туатын аурулар. Егер адам үнемі витамині аз, бірыңғай тағаммен (консервіленген, кептірілген, рафинадталған) тамақтанса, организмге, негізінен көмірсулар (қант, т.б.) ғана түсіп, белок пен майлар аз түссе, ал көкөніс пен жеміс-жидектер мүлдем болмаса витамин жетіспеушілік дамиды. Сондай-ақ азық-түлік дұрыс сақталмаса немесе олардан сапасыз тағам дайындалса, азық-түлік құрамындағы витаминдер бұзылады. Мысалы, құрамында никотин қышқылы (РР витамині) аз дәнді дақылдармен ғана қоректену пеллагра ауруына, ал қауызы алынған күрішпен және өте ұнтақталған бидай ұнынан жасалған нанмен ғана тамақтану бери-бери сырқатына әкелуі мүмкін. Тағамда витаминдердің жеткіліксіз болуы, адам организмін әлсіретеді. Мұндай жағдайды гиповитаминоз деп атайды. Оған ауа райының қолайсыз жағдайы, ауасы лас жерде ұзақ уақыт жұмыс істеу, сондай-ақ гастрит, асқазан ісігі, гельминтоз, лямблиоз, т.б. аурулар себеп болады. Витамин жетіспеушілік болғанда организмде зат алмасу процесі бұзылып, оның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті нашарлайды. Сондай-ақ, адамның көңіл-күйі күйзеліске ұшырағанда, ауа-райының құбылмалы кезеңдерінде, әйелдердің жүктілігі не сәбиін емізуі, т.б. жағдайларда организмде витамин жетіспеушілік артады. Мұндай жағдайда дәрігерге қаралып, арнаулы витаминдер қабылдап, көкөніс пен жемістерді көбірек пайдалану қажет. Витамин жетіспеушілік және гиповитаминоз жануарларда да болады. Мал авитаминозбен, көбінесе көктемде ауырады. Витамин жетіспеушіліктен аналық мал қысыр қалады, төл нашар өседі. Мысалы, В витамині жетіспеген жағдайда құс полиневритпен, шошқа пеллаграмен ауырады. D витамині жетіспесе, төл қатпа болады, ірі мал сүйек ауруына шалдығады. Үнжария. Үнжария немесе Газет – "мерзімді, уақытша не бір рет қана шығатын басылым." Ежелгі Шығыс қалаларында көпшілік орындарға ілінетін хан жарлықтарынан бастау алады. 16 ғасырда Венецияда «жаңалық жазушылар орталығы» құрылып, арнаулы ақпараттарын «газета» (италияша gazzetta – базар нарқы туралы ақпарат сатып алуға арналған ұсақ ақша) деп аталатын тиынға сатты. 1631 ж. француздық «La gazzette» мерзімді басылымының шығуына байланысты «газета» термині осы заманғы мағынасына ие болды. Қазақ тіліндегі тұңғыш басылымдар «Түркістан уәлаятының газеті» (1870 – 82) мен «Дала уәлаятының газеті» (1888 – 1902). 20 ғасырдың басында қазақ зиялылары ұлттық мүддені көздеп, бұқаралық сананы оятуға ұмтылған «Қазақ» газеті, «Серке» басылымдарын шығаруды қолға алды. Қазіргі кезде қазақ тілінде 100-ге тарта газеттер шығарылады. Олар шартты түрде: ресми, тәуелсіз, партиялық, т.б., сондай-ақ орталық (республикалық), облыстық, қалалық, аудандық газеттерге бөлінеді. Газеттің шығармашылық-шаруашылық жұмыстарына бас редактор басшылық жасайды. ҚОЛДАНБАЛЫ САЯСАТТАНУ. ҚОЛДАНБАЛЫ САЯСАТТАНУ – саясаттану ғылымының бір саласы. Саяси мәселелердің даму тенденциясы мен механизмдерін зерттеу, саяси жағдайларды талдау, болжау принциптері мен әдістерін жасау, жобалау және сараптау, саяси процестерді басқару технол-лары мен жүйелерін жасаумен айналысады. Қ. с-да негізінен бихевиоризм методол-сы мен әдістемесі қолданылады және эмпирик. зерттеулерде социол., психол., т.б. ғылым салаларының әдістері кеңінен пайдаланылады. Қ. с-дың өзіндік ерекшелігі оның мақсаттары мен түпкі нәтижесінен көрінеді. Егер теор. саясаттану жаңа, әмбебап немесе құбылыстардың тұтас типтерін сипаттайтын жалпы, абстрактілі білім алуды мақсат етсе, Қ. с., негізінен, оқиғалар өрбуінің қысқа мерзімді болжамдарын жасауға, саяси процеске қатысушыларға нақты ұсыныстар беруге ұмтылады. Қолданбалы саяси зерттеулермен теоретиктер ғана емес, кәсіби сарапшылар, имиджмейкерлер, саяси қайраткерлердің кеңесшілері және нақтылы саясатқа қатысы бар өзге тұлғалар да шұғылданады. Қолданбалы зерттеулер, әдетте, мемл. органдардың, партиялардың, қоғамдық ұйымдардың, сайланбалы қызметтерге үміткерлердің және өзге саяси субъектілердің тапсырысымен жүзеге асырылады. Қ. с. нақтылы саяси шешімдерге ғана емес, кейде мемлекет стратегиясына да айтарлықтай әсер етеді. ҚОЛДАНБАЛЫ СОЦИОЛОГИЯ. ҚОЛДАНБАЛЫ СОЦИОЛОГИЯ – социология ғылымының бір саласы. Ол ғыл. теорияға сүйене отырып, әр түрлі тарихи жағдайлардағы әлеум. заңдардың өмір сүру түрлері мен механизмдерін зерттейді. Мұнда нақтылы іс-тәжірибелік ұсыныстардың ерекше маңызы бар. Осыған байланысты Қ. с. әлеуметтік технология, әлеуметтік гигиена, әлеуметтік терапия секілді ғылым салаларымен ұштасады. 1) әлеум.-экон. және әлеум. реформаларды жүзеге асырудың ықтимал нәтижелері мен кезеңдерін және шаруашылық механизмді, әлеум. қамтамасыз етуді жетілдірумен, мәдениеттің дамуымен, жалақы мен кірісті мемл. реттеумен, еңбек қызметін ынталандырумен, т.б. байланысты әлеум. саясат саласындағы бағдарламалар мен шараларды дайындау, талдау және бағалау; 2) әлеум. жоспарлау және жобалау үшін кешенді шаруашылық және әлеум. басымдылықтарды тұжырымдаудың өлшемі ретінде әлеум. көрсеткіштер жүйесін жасау және сол бойынша түрлі аймақтарда, шаруашылық салаларында және әлеум. қауымдастықтардағы даму бағыттарын талдау; 3) жекелеген аймақтарда, салаларда, ұйымдар мен ұжымдарда туындайтын тәжірибелік әлеум. мәселелерді шешу жолдарын зерттеу. Қ. с-да қандай да бір мәселені шешу кезінде әр түрлі әлеум. топтардың қызығушылығы мен белсенділігін анықтауға ерекше көңіл бөлінеді. Оның тиімділігі әлеум. тапсырыспен айқындалатын зерттеу нысанына байланысты. Қ. с-лық зерттеулер әлеум. теориялардың тәжірибелік негізін құрайтын деректерді немесе тапсырысқа байланысты дербес, нақтылы-қолданбалы сипатқа ие болатын мәлімет жүйелерін алуға бағытталған. Қ. с-ны дамытуда оның іргелі социол. зерттеулермен байланысының тереңдеуі, әлеум. сынақ әдісін тиімді пайдалану, әлеум. ақпарат банкін құру, сондай-ақ арнаулы социолог мамандарды даярлаумен қамтамасыз етудің маңызы зор. ҚОЛДАНБАЛЫ ЭКОНОМИКА. ҚОЛДАНБАЛЫ ЭКОНОМИКА – экономика ғылымы салаларының бірі. Қ. э. іргелі экон. зерттеулердің нәтижелеріне сүйене отырып, экон., әлеум. және экол. міндеттердің қойылуына, жаңа технол. үдерістерді, экон. тиімділікті айқындауға байланысты қолданбалы ғыл.-тех. зерттеулерді іс-тәжірибеге енгізуге тікелей бағыл.-тех. зерттеулерді іс-тәжірибеге енгізуге тікелей бағытталады. Мұның ішінде ақпараттарға егжей-тегжейлі талдау жасау, алға қойылған міндеттерді шешудің жолдары мен әдістерін іздестіру, сондай-ақ, жоспарлау мен ұйымдастыру тәсілдерін пайдалану, алынған нәтижелерді ғыл.-тәжірибелік тұрғыдан талдап, қорытындылау, жан-жақты негіздеп, есептеу үдерістері қамтылады. Қ.э-ны тәжірибеде қолдану “ғылым – техника – өндіріс” тізбегін қысқартуға жәрдемдеседі, сондай-ақ, статистик., бухгалтерлік және басқару органдарының жұмысын жеңілдетеді. ҚОЛДАН СҰРЫПТАУ. ҚОЛДАН СҰРЫПТАУ – өсімдіктер мен жануарлардың жаңа сорттары мен тұқымдарын шығару. Қ. с. нәтижесінде үй жануарларының қазіргі тұқымдары, а. ш. және мәдени өсімдіктердің жаңа сорттары алынады. Қ. с. теориясының негізін салған Ч.Дарвин (1859). Қ. с. табиғи популяцияның оқшаулығына және адамға қажетті белгілері бар организмдерді жеке шағылыстыруға немесе будандастыруға негізделген. А. ш-ның мамандары, мыс., сиырға жүргізілген сұрыптаудың нәтижесінде етті, сүтті және сүтінің майлылығы жоғары, т.б. тұқымдарды шығарды. Қ. с. екі негізгі формада жүргізіледі: жаппай және жекелей. Жаппай Қ. с. кезінде фенотипі бойынша тұқымдық немесе сорттық стандартқа сай келмейтін дарабастар жарамсыз болып қалады. Жекелей Қ. с-да дарабастың тұқымдық және сорттық сапалы белгілері ескеріледі. Көптеген мутациялардың рецессивтілігіне орай және жаңа белгіні ертерек енгізу үшін де Қ. с-да инбридинг әдісі қолданылады. Ұзақ уақытқа созылған бұл әдіс организмнің ұрпақ беру қабілеті мен геномның өзгерісін төмендетеді, оның нәтижесі гомозиготалы генотиптердің көбеюіне әкеледі. Бұл жағдайда мамандар бірнеше ұрпақтың инбридингінен кейін аутбридинг (туыстық емес шағылыстыру) әдісін жүргізеді. Мұнда әр түрлі гендер араласуы нәтижесінде организмнің гетерозиготалылығы артады. Бұл әдіс генетик. әр түрлі популяциялар дараларын шағылыстыруға негізделген. ҚОЛДАН ТЫНЫС АЛДЫРУ. ҚОЛДАН ТЫНЫС АЛДЫРУ – ауру адамның қалыпты тыныс алу қабілеттілігі бұзылған жағдайларда жасанды түрде өкпеге, тыныс органдарына ауаны енгізу және шығару әдісі. Бұл әдіс кейбір ем шараларын қолдану барысында (өкпеге операция жасау, наркоз беру), тынысы уақытша тоқтағанда (иіс тию, әр түрлі газдармен улану, суға бату, электр тогымен жарақаттану, т.б.) қолданылады. Қ. т. а. кезінде жәрдем көрсетіліп жатқан адамның қанын оттекпен қамтамасыз етумен қатар, өкпеге баратын ауа кезеген жүйке талшықтарын тітіркендіріп, мишықта орналасқан тыныс алу орталығын қоздыру арқылы тыныс алу қызметінің қалыптасуына әсерін тигізеді. Қ. т. а. әрекеттерін ауру (жарақат алған) адамның жүрек қызметі тоқтамаған жағдайда ғана қолдануға болады. Жасанды тыныс алдыру әрекеттерін неғұрлым ерте бастаса, солғұрлым ол оң нәтиже береді. Сонымен қатар аталмыш әрекеттер дұрыс және қалыпты жағдайдағы тыныс алу ырғағына сәйкес жүргізілуі өте қажет. Қ. т. а-ды іске асыру алдында науқастың әуелі денесін қысып тұрған киімдерден (галс-тугін, жағасын, белдігін, т.б.), аузын түкіріктен, кілегей сұйықтан, т.б. тазарту керек. Ал тыныс алдыру әрекеттері барысында сырқаттың тілі көмекейді жауып қалмауы үшін науқастың тілін сыртқа шығарып оны саусақпен немесе арнайы қысқышпен ұстайды. Қ. т. а. барысында, құсығы тыныс алу жолдарына құйылмауы үшін, көмек көрсететін адамның басын төмендетіп, бір жағына қарай бұру керек. Жасанды тыныс алдыруды қолмен немесе арнайы аспаптармен іске асыруға болады. Аспапсыз Қ. т. а-дың “ауызға үрлеу” әдісінде жәрдем көрсетуші адам тыныс алуы тоқтаған адамды шалқасынан жатқызып, бір қолымен оның мұрнын қысып, екінші қолымен аузын ашады да, терең тыныс алып, ауаны науқастың аузына дәке арқылы бірнеше рет үрлейді. Қ. т. а-да Сильвестр және Шефер әдістері кең таралған. Сильвестр әдісін қолданғанда жәрдем көрсетілетін адамды шалқасынан жатқызып жәрдем көрсетуші оның екі қолын жоғары көтереді (суретті қ.). Бұл кезде сыртқы ауа ішке, яғни өкпеге өткізіледі (тынысты ішке алу). Одан соң қолдарын кеуденің төмен жағына келтіріп күшпен басады (тынысты сыртқа шығару). Шефер әдісінде жарақат алған адам етпетінен (бетімен төмен) жатқызылады, ал жәрдем көрсетуші оның үстіне тізерлеп отырады да, кеудесін минутына 16 – 18 рет ырғақпен қысады (суретті қ.). Қ. т. а-ды аспаптармен іске асыру, әдетте, ауруханаларда немесе арнайы жабдықталған жедел жәрдем көліктерінде жүргізіледі. ҚОЛ ДОБЫ (ГАНДБОЛ). ҚОЛ ДОБЫ (ГАНДБОЛ) – спорттық доп ойыны. Шамамен 1895 ж. Германияда пайда болған. Халықар. Қ. д. федерациясы 1928 ж. құрылды. 1936 ж. Берлинде өткен Олимпиялық ойындар бағдарламасына енді. 1946 ж. Халықар. Қ. д. федерациясының ережелері өзгертіліп қайта құрылды. Қазақстанда Қ. д-нан алғашқы жарыстар 1925 жылдан бастап өтіп келеді. Ал ресми жарыстар 1959 жылдан бастап өтуде. Қ. д-ның әр командада 7 немесе 11 адам ойнайтын екі түрі бар. Алғашқысы 4020 м алаңда ойналады. Доптың салм. 425 – 475 г, диам. 54 – 56 см, қақпаның ені 3 м, биікт. 2 м. Ойыншылардың қақпа алдындағы 6 м-лік алаңға енуіне болмайды. Ойын 30 минуттық (әйелдер үшін 25 мин) екі таймнан тұрады. Қ. д-нан ҚР әйелдер құрамасы 2002 ж. Азия чемпионы және 14-Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды. Давид Нал­бандян. Давид Нал­бандян (,1982 жылы аталмыш мемлекеттің Кордова қаласында туды) - Аргентинаның ең айтулы теннисшісі. Шыққан тегі - армян. Давид 14 жасында жасөспірімдердің командалық әлем біріншілігінде топ жарды. Өз қатарластары арасында Уимблдон додасында дара шығып, Ролан Гаррос турнирінде екінші орын алды. Кәсіпқойлар арасында 2000 жылдан бері өнер көрсетеді. 2002-2006 жылдар аралығында Уимбл­дон жарысының ақтық бәсекесін­де күш сынасса, Франция, АҚШ және Австралия ашық бірінші­ліктерінде жартылай финалға дейін жетті. 2005 жылдың соңында Шанхайда өткен қорытынды тур­нирде топ жарып, әлемдік рей­тингте үшінші сатыға дейін кө­терілді. Кезінде Давид Нал­бан­дян Рафаэль Надаль мен Роджер Фе­дерер сынды саңлақтарға сан соқ­тырды. Кортта жиған жүлде­лік қоры 10 миллион АҚШ доллары­нан асып жығылады. Бұл күндері ол АТР тізімінде 19 сатыда тұр. Өз отандастарының екі мәрте Дэвис кубогының финалына шығуына Налбандян сүбелі үлес қосты. Людвиг ван Бетховен. Француз революциясының рухы идеялық бағыты, «Теңдік, бостандық және жақындық» ұраны өмірдің барлық қырына әсер еткені мінсіз. 18 ғасырдың екінші жартысында Германияның классикалық философиясы, әдебиеті, өнері гүлденді. Жомарт табиғаттың жарық дүниеге тым сараң сыйлайтын біртуарлары, халқымыздың парасат әлеміндегі ғасырлық ғажайыптар, саф таза сұлу, айырықша оқшау құбылыстар: Лессинг, Кант, Гегель, Шиллер, Гете, сонымен қатар, Глюк, Гайдн, Моцарт, Бетховен. Екі дәуірдің арасында тұрған Бетховен соны, ерекше орын алады. Бетховен өнердің мақсатын, мәнін барлық қауымға өзінің кеудесіндегі ыстық жалынымен күйдіріп бара жатқан пендеге және бостандыққа деген махаббатын жеткізуде көрген. Бірақ оның өнерінің бүкіл адамзатқа қызмет етуі, ақиқатта зиялы қауымдағы жеке адамдар шеңберіне қызметке айналды. Бұл Бетховен өміріне азапты әсер етті. Бонндық кезең. Балалық шақ. Людвиг ван Бетховен 1770 жылдың желтоқсанында Германияның Бонн қаласында дүниге келді. Иоганн ван Бетховен – Людвиг әкесі – капеллада қызмет етті. Әнші, скрипкашы, клавесинист, ол қабілетті музыкант болғанымен алкогольға құмарлық Людвигтық өміріне ауыр зиян келтірді. Бетховенның ерте көрінген музыкалық дарынына әкесі жаңа табыс көзіне секілді қарады. Кейбір мағлұматтарға жүгінсек, 1778 жылы Бетховенның алғашқы қауымдық концерты өтті. Оқуының хаостығына, жүйесіздігіне қарамастан Людвиг 12 жасында клавесинде, скрипкада,органда еркін ойнады және парақтан жеңілдікпен ноталық мәтіндерді оқи алған. Х. Г. Нефеде оқуы. Христиан Готлоб Нефе Бонндық капелланың жаңа директоры болып келді. Көптеген зингшпильдер және опералар, өз заманының сергек музыканты, көкірегі ашық, дана, алдыңғы қатарлы адам, Нефе Бетховенның ұстазына айналды. Ол жас Бетховенді гармония, контрапунктпен таныстырды. Нефеның арқасында 1782 жылы Бетховенның алғашқы туындылары: Дресслер маршы тақырыбына вариациялар, үш фортепианолық соната, басылып шықты. 13 жастан бастап ол жанұясын қаржыландырушыға айналады. Органшы-Нефеның көмекшісі, сараймаңылық капелланың альтшысы болып қызмет жасайды. Сол кезде Бетховен қала интеллигенциясымен араласып атаққа ие болады. Бірақ провинциялық өмірден жалығып ол 1787 жылы Венаға аттанады. Онда Бетховен Моцартпен кездесіп «Свадьба Фигароның» авторын өзінің импровизациясымен таң қалдырады. Кенеттен шешесі ауырып қалып Бетховен туған қаласына оралуға мәжбүр болады. Анасының өмірден өткенінен кейін әкесі рухани әлсіреп, төмендеген Бетховен кіші інілеріне қамқоршы болады. Сол ауыр жылдары Елена фон Брейнинг үйіне барып, ол тынығып, шығармашылық жігер алғандай болатын. 1792 жылы Йозеф Гайдн Боннға келгенде, жас композитордың (50 шақты шығарма: фортепианоға арналған кішігірім пьесалар, үш соната, түрлі құрамдық ансамбльдер, екі кантата, кішігірім балет) шығармаларына сүйсініп Бетховенды Венаға шақырады. Бонндық кезең Бетховенның идеялық-көркемдік қалыптасунды маңызды рөл атқарды деуге болады. Оның динамизммен, бағыттылықпен, жігерлікпен көзге түсе бастаған. 1792 жылдың күзінде беховен жастықпен қоштасып Венаға бет алады. Бірінші Веналық кезең (1792 - 1802). Венада өткен алғашқы бірнеше жыл Бетховен өміріндегі ең бақытты шақ болған. Бетховен-пианисттың тамсандырарлық сәті Бетховен-композиторға сара жол ашты. Алайда өз шығармаларын басып шығарар алдында Бетховен Гайдн, Альбрехтсбергер, Сальериден дәріс алып, теориялық білімдерін тексеріп толықтырып алған. Бетховен пианист және импровизатор ретінде Венаның өнерпаздары арасында көзге түсті. 1795 жылы басылған ор. 1. фортепианолық трио Бетховенге композитор ретінде көпшілік назарын аударды. 1795-1802 жж. аралығындағыон шақты шығарманың ішнде 12 фортепианолық соната, 3 фортепиано мен оркестрге арналған концерт,екі симфония, 6 ішектік квартет ор. 18, фортепианолық және ішекті аспаптық трио, және т. б. Қиын өзінің өнерінің мәдениет әлемінде орын іздеу жылдары Бетховен үлкен қасіретке душар болып қалады, ол естімейді. Музыкант қайғысына адам қиыншылығы қосылады, ол жас, зиялы қауымның қызы Джульетта Гвиччардиді сүйеді. Вегелерге жазған хаттарында өмірге қуанышты екенін айтып, тағдырдың қаталдығына мойымайтынын ұрандады. Бірақ жаңа соққы дайын тұрады, Дж. Гвиччарди ортасында Бетховен тек кедей музыкант болып саналды. Және есту қабілетінен айырылуы жақындап, біліне бастады. Емшілер кеңесімен Бетховен Гейлигенштад деген жерге денсаулығын дұрыстауға барады. Бірақ емдеу көмектеспей Бетховен өте қатты қайғыға батады. Ол трагедиялық әсері үлкен Гейлигенштадтық ақыр хат (завещание) деп аталатын ескерткішті сол ауыр күндері жазады. 1800-1803 жж. шығармаларында композитордың бастан кешіргенінің барлығы айқын көрінеді: Үшінші до-минорлық фортепианолық концерт, ор. 37 (1800ж.), жерлеу маршы бар Ля бемоль мажорлық соната,ор. 26 және «Лунная» сонатасы (1801), скрипка мен фортепианолық «Крейцерлік» сонатасы (1803), және т. б. шығармалар. Бірақ адам қасіреті музыкант сәттілігіне әкелді. Қаһармандық симфонияда жеке тұлғалық қиыншылықтарды өмірге деген құштарлық, өнерге деген терең, ыстық махаббат жеңіп шығады. 1803-1808 жж. орталық шығармалар. Бетховен түсінігінде өмір – қаһармандық күрес болды, композитор үшін бүкіл адамзатқа бақыт пен шаттық сыйлау және адамдарға үлкен махаббат міндет болғандай. Бұл жылдары Бетховен бесінші симфонияның және «Аппасионата» сонатасының жобасы жасалды, «Қаһаямандық» симфониясын және «Аврораны» аяқтап жатқанда «Фиделио» операсымен жұмыс жасайды, кейінірек төртінші симфоияны жаза бастайды. Сөйтіп керемет жігерлі шығармашылық ізденістерде болады. Осы өмір кезеңінде скрипкаға арналған концертін жазады, алтыншы симфония, «Кориолан» увертюрасы, фортепиано, хор, және оркестрге арналған фантазия жарыққа келеді. Алайда «қаһармандық» кезеңге сипат беретін Қаһармандық симфония. Үшінші симфония Наолеонға арналған еді, бірақ ол өзін император деп жариялаған соң Бетховенның көзінде түсіп, өзінің туындысын композитор «Eroica», яғни Қаһармандық деп атады. Идеясының бұрын болып көрмеген батылдығына, формалар мен музыкалық мәнерлеу әдістеріне қарай бұл симфония шынымен де революциялық акт болды. Осы шығарма алдағы симфонизмге кең өріс ашты, бұл туындыдан бастап әлем симфонизмінде жаңа эра басталды. Үшінші симфониядан кейін композитор «Фиделио» операсын жазуға кірісіп кетеді. «Фиделио». «Фиделио» - Бетховенның жалғыз операсы. Сахналық жанрларда, және опералық формаларда Бетховен симфонияларда ұрандаған тираниямен күресу және еркіндікке құштарлық идеяларын ашады. Бұл операға француз драматургы Буйидың либреттосын алды. Онда идеалды махаббат пен отбасы беріктігі басты құндылықтар болып табылады.«Фиделионы» жазу жұмысы 1803 жылдық соңына жатады, ал 1805 жылдың күзінде опера «Фиделио» веналық театрдың сазнасында қойылды. Қоғамдағы жағдай пераның сәтсіз қойылуына ықпал етеді. Тек 1814 жылда Венада қайта қойылған «Фиделио» ыстық ықыласқа бөленді. Сәл уақыттан кейін опера Прагада және Берлинде орындалды. 1809-1812 жж. шығармалары. «Эгмонт». Бесінші концерттен кейін Бетховен бұл жанрда жұмысын аяқтайды. Композитор қаламының астынан бұл жылдары ор. 81а ми-бемль-мажорлы соната, жетінші және сегізіншеі симфониялар (1812) шығады. Осы жылдары Бетховен Гете поэзиясымен әуес болатын. «Фауст» трагедиясының әсерімен опера жазатын ой туады. Және «Эгмонт» трагедиясына музыка жазады. Венада Бетховеннің аты әйгілі болып оған көптеген тапсырыстар беріледң. Шығармадылық өрлеу шыңдалғанмен жеке өмірі қалыптаспаған композитор жанұялық бақытты аңсайды. Ыстық сезімі жайылы ол Жозефина Деймге (Брунсвиг) хатында жазған болатын. Бетховен қаржылық тұрақтылықты мақсат етіп кнзға жұмысқы композитор болып тұруды сұраумен хат жазды. Бірақ жауап болмаған соң, ұлы композитор австриядан кетуді ойластырады. Бұны біліп қалған кейбір меценаттар сондай көрнекті композитордың оларды қалдырып кетіп қалуын қаламай, оған зейнетақы төлеп тұруға келіседі. Бірақ бұл шешімнен кейін де ақшадан көрі жұмысы көп болды. Композитр өміріне естімеу көп қиыншылық әкелді. Ол Италияға барып концерттер беруден бас тартуға мәжбүр болды. Ақша жағынан да, қарым – қатынастар да азайып күрделі жағдай туды. Өмірі мен шығармашылығыың соңғы кезеңі. Кризисті жылдар. «Киелі достастық» («Священный союз»). Наполеон империясының күйреуінен кейін Еуропада күрделі саяси реакциялар басталды. Австриялық канцлер Меттернихтың қол астында «Киелі достастыққа» ең агрессивті басшылықтар еніп бірікті. Веналық конгресстың салтанатты мерекелерінде зиялы қауым байлықтарын мақтан етіп, революциялық халықтан қорыққандарын жасыруға тырысты. Сол уақытта еуропалық картаны кескіндеп, жерлерді таласып бөлу қайнап жатты. Бетховенге бұл әрекеттер бөтен болды, композитор осы жағдайға араласпады, түсінбеді. Осыған қарамастан Бетховен көзінің тірі кезіндегі атағының шыңына тек сол уақытта жетті. Ол әйгілі механик Мельцельдың тапсырысы бойынша «Бита при Виттории» шығармасын жазды. Оның тақырыбы сол кезде модада болған әскери арнаға жататын. «Битва при Виттории» орындалған концертте жетінші симфония да орындалған мен ол біріншінің көлеікесінде қалып қойды. Бетховеннің концерттерінде короналы өкілдер келген, және атағы асқақтағасын операсы да еске түсіп қайта қойылды. Сахнада «Фиделио» орындалғанда Бетховен дириж(рлік пультте тұрды, бірақ құлағы естңмегендіктен қателіктер кетіп отырды. Шығармашылық кризис. Зиялы қауымның еркелеткеніне қарамастан шығармашылық өмірде жаңалықтар азайды. Бетховен 1813-1818жж. ақырын және аз шығарады. Бетховенның «кейінгі стилі» фортепианоға арналған ми минорлы ор. 90 сонатасында, виолончельге арналған сонаталарында, халық әндерінің өңдеулерінде көрінеді. Кейінгі шығамалар. «К далекой возлюбленной» әндер циклы, 1816-1822 жж. арасында фортепианолық сонаталар, квартеттері шығады. Композициясы және музыкалық тілі жағынан күрделі болып келеді. Бетховен класикалық сонатаға сипатты формақұрау заңдылықтарының шегінен шығып, полифониялық бөлімдер қосады, тематизмде орын аустыру жаңа даму әдістеріне әкелді. Тоғызыншы симфония. Кейінгі шығармалар арасында асқар шың болып тоғызыншы смфония тұр. Оған Қаһармандық пен Бесінші симфонияның, «Пасторальды» және Жетінші симфонияның қасиеттері келіп өрілді.Симфонияның титандық идеясы – дыбыстармен әлем халықтарының бірлігін, ағайындығын және теңдігін жеткізу – жаңа формаларды талап етті. Бетховен тек ыормалар шекарасын кеңейтіп қана қоймай, жанрдың өзінен тыс шығып кетеді. Оған миллиондарға үндеу үшін, оларды біріктіру үшін аспаптық музыка жетпей, сөз керек болды. Сондықтан Бетховен симфония финалына Шиллердің «К радости» деген одасына хор жазып қосты. Шиллердің көрсеткен ойында Бетховен армандаған гуманисттік идеалдар берілген. Өмірінің соңғы жылдары. Композитордың соңғы жылдары өте қиын және қайғылы болды. Оны сол уақыттағы саяси жағдай шаршатып, өзін жалғыз сезінді. Ұлы композитор ештеңе естімеді.Бетховенның материалдық жағдайы бұрынғыдай нашар болып қала береді. Бетховенның бөлесі композитордың қамқорында еді. Оны тірбиелеуге енді үлкен қиыншылықпен табылатын қаржының барлығы кетіп отырады. Ұлы композитор 1827 жылдың 26 науырызында бірнеше ай ауырған соң өмірден өтті. Дэвис кубогы. Дэвис кубогы () - Халықаралық Теннис Федерациясы жыл сайын өткізетін ең ірі ерлер арасындағы командалық жарыс. Жүз жылдан асатын тарихы бар Дэвис кубогы ұлттық құрамалардың бейресми чемпионаты аталады. Мұнда командалар дәрежесіне қарай, үш топқа бөлінеді. Бірінші топ – әлемдік элита. Яғни әлемнің мықты құрамалары өзара жеңімпаздарды анықтайды. Екіншісі – аймақтық топтар (Америка, Еуропа/Африка, Азия/Мұхит аралдары). Үшіншісі – аутсайдерлер тобы. Осы жерде айта кетейік, төменгі топтың үздігі жоғарғы топқа өтсе, керісінше, жоғарғы топта аутсайдер атанған команда төменгі топқа түседі. Ал Қазақстан Дэвис кубогында Азия және Мұхит аралдары аймағында өнер көрсетеді. Ескерте кетер тағы бір жайт, Дэвис кубогында теннисшілер жекелей де, жұптасып та өнер көрсетеді. Тарихы. 1899 жылы Гарвард университетінің төрт студентінде ұлттық құрамалар ойнайтын теннис турнирін ұйымдастыру ойы пайда болады. Студенттердің бірі — Дуайт Дэвис жарыстың кестесін құрап, өз ақшасына жарыстың сыйлығын — күміс кубокты сатып алады. Алғашқы турнир Бруклинде 1900 жылы өтіп, онда АҚШ және Ұлыбритания қатысады. Жеңімпаз елдер. * Дэвис кубогы 2011. "2011 жылғы Дэвис кубогы (тағы демеушілерге байланысты BNP Paribas 2011 жылғы Дэвис кубогы атымен белгілі) ерлер арасындағы ұлттық теннис құрамалар жарысының 100-ші нұсқасы. Жеребе 2010 жылы қыркүйекте Брюссельде өтті Плэй-офф Әлем тобы. Әлем тобы бірінші кезеңінің соңғы сегіз командалары және I Аймақтық топтың финалының сегіз мықтысы Әлем тобының Плэй-Оффында 2012 жылдың Әлемдік тобына өтуге күреседі. Демократия индексі. Демократия индексі — Economist Intelligence Unit демократия деңгейі бойынша әлемнің 167 елін санаттау. Санаттау кезінде 5 санатқа жататын 60 түрлі көрсеткіштер ескеріледі: сайлау мен плюрализм, азаматтық бостандық, Үкімет қызметі, халықтың саяси алуандығы мен саяси сауаттылығы. индекс алғашқы рет 2007 жылы жасалды, ал 2008 және 2010 жылдары толықтырылды. КӨШЕРБАЕВ Қырымбек Елеуұлы. Көшербаев, Қырымбек Елеуұлы Қазақстанның мемлекеттік және саяси қайраткері, дипломат, 2006 жылдан бері Маңғыстау облысының әкімі, инженер-құрылысшы, философия ғылымдарының кандидаты, саяси ғылымдар докторы. 1955 жылы 20 мамырда Қызылорда облысы, Қазалы қаласында туған. Қызмет жолы. 1978-1979 жылдары Қызылорда қаласында қаласында «Главрисхозстрой» мекемесінде инженер, өндірісті дайындау тобының бастығы 1979-1981 жылдары Бүкілодақтық екпінді комсомол құрылыс штабы Қызылорда облысы күріш инженерлік жүйесінің бастығы 1981-1982 жылдары Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінің комсомолдық екпінді құрылыс ұйымдары секторының меңгерушісі 1982-1983 жылдары Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінің жауапты ұйымдастырушысы 1983-1986 жылдары Қазақстан ЛКЖО Қызылорда қалалық қалалық комитетінің бірінші хатшысы 1986-1987 жылдары Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінің комсомолдық ұйымдар бөлімі меңгерушісінің орынбасары 1987-1988 жылдары Қазақстан ЛКЖО Орталық комитеті мәдениет бөлімінің меңгерушісі 1988-1991 жылдары Мәскеу қаласында КОКП Орталық комитеті жанындағы қоғамдық ғылымдар Академиясының аспиранты 1991 жылы Қазақ КСР Президенті Аппаратының мәдениет және ұлтаралық қатынастар Референтурасының референті 1991-1994 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының көмекшісі 1994-1995 жылдары Алматы қаласы Калинин аудандық әкімшілігінің басшысы 1995 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті Аппараты жетекшісінің орынбасары ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі 1995-1996 жылдары Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппараты жетекшісінің орынбасары аумақтық даму бөлімінің меңгерушісі 1996-1997 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Баспасөз қызметінің жетекшісі 1997-1999 жылдары Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрі 1999 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім беру және спорт министрі 1999-2000 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі 2000-2003 жылдары Батыс Қазақстан облысының әкімі 2003-2006 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі 2006 жылдан бері Маңғыстау облысының әкімі болып қызмет етуде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2006 жылдың ақпан aйында Қырымбек Көшербаевты облыстың жаңа әкімі ретінде таныстырғанда былай деген: Сіздер оны өте жақсы білесіздер. Ол бұған дейін министр де, көптеген жағдайлары Маңғыстау облысына ұқсас келетін Батыс Қазақстан облысының әкімі де болды. Қырымбек Көшербаев 2003 жылдан бері Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарып, дипломатиялық қызметте өзін білікті қайраткер ретінде көрсете білді. Қырымбек Көшербаевтың үлкен басшылық және дипломатиялық тәжірибесі әкімдік қызметінде де облысқа тиімді болатынына сенімдімін, - деді Мемлекет басшысы. Марапаттары. 2003 жылы «Парасат» орденімен 2006 жылы «Достық» орденімен 1998 жылы «Астана» медалімен 2001 жылы «Қзақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» 2006 жылы «Қзақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» 2008 жылы «Астанаға 10 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған Сілтемелер. Көшербаев, Қырымбек Елеуұлы КРИМИНОЛОГИЯ. Криминология (лат. crіmen/crіmіnіs – қылмыс + гр. logos – cөз, ұғым, ілім) – қылмысты, оның себептерін, қылмыскердің жеке басын зерттейтін, сондай-ақ оның алдын алу шараларын жасайтын ғылым. К. қылмыстылықты адамдардың мінез-құлқында қордаланатын қоғамға қауіпті, қылмыстық заңның талаптарына қайшы келетін құбылыс ретінде зерттейді. Қылмыстың ахуалын, құрылымын, серпінін, аумақтық бөлінімін сипаттайтын сандық әрі сапалық көрсеткіштерді айқындау мен ғыл. саралау мәселелері қылмыстылықты зерттеуде қамтылады. К. қылмыстылық туралы мәліметтерді бүтіндей де, сондай-ақ қылмыстың жекелеген түрлері мен топтары бойынша және жекелеген мәселелері (мыс., кәмелетке толмағандардың қылмысы, қайталанбалы қылмыс, топтық қылмыс) бойынша да зерттейді. Сондай-ақ К. қылмыстылықтың себептерін, яғни жалпы қылмыстылықтың өршуіне және нақты қылмыстардың жасалуына әсер ететін әлеум. факторлар, құбылыстар мен үдерістерді қараумен де шұғылданады. К. қылмыстылықты және онымен байланысты құбылыстарды әлеум.-құқықтық шындық ретінде зерделейді. Ол қылмыстылықты, қылмыскердің жеке басын зерттеуге неғұрлым ауқымды да дәйекті социол. тұрғыдан келеді. Бұл орайда оның қылмыстық құқық ғылымынан өзгешелігі бар. Қылмыстық құқық ғылымы социол. әдісті қолданғанымен, онда, негізінен, заң нормаларын, қылмыстық құқықтың қылмыс, жаза туралы ережелерін талдауға баса назар аударылады. К-лық танымның тағы бір ерекшелігі сол, онда осы ғылым зерделейтін әлеум.-құқықтық құбылыстардың себептерін түсіндіруге көбірек ден қойылады. К-да, сондай-ақ қылмыстылыққа қарсы күресте оның алдын алу міндеті бірінші орынға қойылады. Сайып келгенде, аталмыш және басқа заң ғылымдарынан өзгеше түрде К. қылмыстылықтың алдын алудың, оны болдырмаудың құқықтық шараларын ғана емес, сонымен бірге әлеум.-экон., мәдени-тәрбиелік, т.б. шараларын да әзірлеуге қатысады. К-лық зерттеу әдістемесінде жалпы ғыл. тәсілдер де (нысанды логика, анализ бен синтез, индукция мен дедукция, ұқсастыру, үлгілеу, т.б.), социол. таным тәсілдері де (сауалдама, сұхбаттасу, сынақтама, құжаттарды зерделеу, қадағалау, эксперимент жүргізу сияқты әлеум.-құқықтық ақпарат алу әдістері) қамтылады. К-лық зерттеулерде статист. талдау және, ең алдымен, қылмыстық статистика тәсілдері маңызды рөл атқарады. Демек, К. құқықтық ғылымның мәліметтерін, сондай-ақ социология ғылымының, философияның, экономиканың, әлеум. психологияның, педагогиканың ережелерін пайдаланатын кешенді пән болып табылады. ЕСІМ Е с і м о в Ғарифолла. ЕСІМ Е с і м о в Ғарифолла (15.4.1947 ж.т., Павлодар обл. Лебяжье ауд. Аққу а.) – филос. ғыл. докт. (1994), проф. (1995), ҚР ҰҒА-ның корр. мүшесі (1995). Семей пед. ин-тын (1970) және ҚазМУ-дың (1977, қазіргі ҚазҰУ) аспирантурасын бітірген. Семей пед. ин-тында аға оқытушы, доцент, декан (1977–83), кафедра меңгерушісі (1983–91), Қазақстан ҒА-ның Филос. және құқық ин-тында аға ғыл. қызметкер (1991–92), Алматы мемл. ун-тінде (1993–94, қазіргі ҚазҰПУ) доцент, проф., декан (1994–2001), ҚазҰУ-да декан (2001–07) қызметтерін атқарды. 2007 жылдан ҚР Парламенті Сенатының депутаты. «Абай дүниетанымындағы Алла мен адам болмысы (герменевтикалық талдау)» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Е. – қазақ философиясы тарихына, мәдениет теориясы мен тарихына арналған 300-ден астам жарияланымның авторы. С.Сәдуақасов атынд. сыйл. (1994) пен респ. Абай қоры сыйл. (1995) лауреаты. Ш ы ғ.: Мысли вслух. Кн. 1–3, А., 1994, 1996, 1997; Хакім Абай, А., 1994; Санадағы таңбалар, А., 1995; Абай философиясы мен дүниетанымы, А., 1995 (телавт.); Саяси философия, А., 2006; Қазақ философиясының тарихы, А., 2006. ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ. ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ – Астана қ-ндағы мемл. емес жоғары оқу орны. Аударма ісі, шет ел филологиясы, юриспруденция, тарих, құқық және экон. негіздері, тарих және география, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі, шет ел тілі, экономика, қаржы және кредит, кеден ісі, баға (салалар бойынша), информациялық жүйе, қаржы және қаржы құқығы ф-ттері бойынша жоғары білімді кадрлар даярланады. Ин-т жанында аспирантура, дисс. кеңес бар. Мұнда компьютерлік орт., кітапхана, т.б.жұмыс істейді. ЕУРАЗИЯ НАРЫҚ ИНСТИТУТЫ. ЕУРАЗИЯ НАРЫҚ ИНСТИТУТЫ – Астана қ-ндағы мемл. емес жоғары оқу орны. 1992 ж. ашылған. Ин-тта экономика және менеджмент, маркетинг және коммерция, қаржы және кредит, бухгалтерлік есеп және аудит, әлемдік экономика, т.б. мамандықтар бойынша жоғары білімді кадрлар даярланады. 2001 ж. ЮСАИД және АҚШ-тың «CARANA» корпорациясының грантын жеңіп алды. Ин-тта компьютерлік оқу орт. жұмыс істейді. Онда 60-қа жуық оқу-әдістемелік және оқу құралдары жарық көрді. ҚОЛЖАЗБА ОРТАЛЫҒЫ. ҚОЛЖАЗБА ОРТАЛЫҒЫ, Қолжазбалар мен текстология орталығы (ҚТО), ҚР ҰҒА М.О. Әуезов атынд. Әдебиет және өнер ин-ты жанынан 1989 ж. құрылған. ҚТО қорында қазақ ауыз әдебиетінің 200 мыңдай нұсқасы сақталған. Олардың ішінде батырлар жырының, тарихи өлеңдер мен аңыз әңгімелердің жүзге жуық, айтыстың мың жарым, мақал-мәтелдің 20 мың үлгісі, көлемі алты мың бетке жуық тарихи шежіре, 12 – 13 ғ-да еврейлердің бұзау терісіне көшірілген ұз. 24 м-ден тұратын киелі кітабы бар. Ең көне қолжазба – 13 ғ-дан жеткен, 1880 ж. Құлмұхамед Байғұлұлының қолымен көшірілген “Жүсіп-Зылиха” дастаны. Мұса Шорманұлы жинаған фольклорлық және этногр. материалдардың 1913 жылғы көшірмелері, “Шахнама” эпосын Тұрмағамбет Ізтілеуовтің өлеңмен, Ысқақ Тілеуқабылұлының қарасөзбен аударған қолжазбалары, Шығыс халықтарына кең тараған “Мың бір түн”, “Калила мен Димна”, “Тотынама” сияқты шығармалардың аударма нұсқалары, “Тахир-Зухра”, “Ләйлі-Мәжнүн”, “Бозжігіт”, “Сейфүл-Мәлік”, “Шәкір-Шәкірат” ғашықтық жырлары, “Қиссас ул-Әнбия”, “Сал-сал”, “Зарқұм” діни қиссалары, т.б. көптеген фольклорлық мұралар қазақ ауыз әдебиетінің інжу-маржандары сақталған. ҚТО қорында қазақ халқының мәдени-рухани өмірінен сыр шертетін сирек суреттер, әдебиет, өнер және ғылым қайраткерлерінің, жыршылар мен әншілердің дыбыс таспасына жазылған дауыстары сақталған дискілер бар. Олардың арасында М.Әуезов, Қ.Сәтбаев, ұ.Мүсірепов, ұ.Мұстафин, А.Жұбанов, Т.Жүргенов, Ә.Марғұлан, І.Есенберлин, Л.Хамиди, т.б. дауыстары сақталған. ҚОЛҚАНАТТЫЛАР. ҚОЛҚАНАТТЫЛАР "(Chіroptera)" – сүтқоректілер класының отряды. Қазба қалдықтары Еуропа мен Солт. Америкада алғашқы эоцен қабатынан белгілі. Қ. Арктика мен Антарктидадан және кейбір мұхит аралдарынан басқа құрлықтарда кеңінен таралған. Отряд 1000-ға жуық түрді біріктіреді. Олар итбас жарқанат (Megachіroptera) және жарқанат болып 2 отряд тармағына бөлінеді. Әсіресе, тропиктік, субтропиктік аймақтарда көп кездеседі. Дене тұрқы 2,5 – 40 см, салм. 2 – 900 гр. Денесі жалпақ, түсі сұр, қоңыр, қара-сұр, тері жамылғысы жұмсақ, үлпілдек. Төсінде бұлшық еттер орналасқан қыр сүйегі болады. Бұғана сүйектері жақсы жетілген, жауырыны жалпақ. Алдыңғы аяқтары ұшу қанатына айналған. Білек, алақан сүйектері және саусақтары (бірінші саусақтан басқалары) ұзын, аралары тері жарғақпен жалғасқан. Көпшілігінің құйрығы бар, әдетте ол ұшу жарғағымен байланысады. Сезім мүшелері, иіс сезу, есту мүшесі жақсы дамыған, көру мүшесі нашар жетілген. Қ. шығарған ультрадыбыстарын әр түрлі заттарға соғылып қайтадан қайтқан жаңғырық түрінде қабылдайды. Қ-дың кейбір түрлерінде жылдың салқын маусымдарында дене қызуы қоршаған орта темп-расына байланысты –7,5ӘС-тан 48,5ӘС-қа дейін өзгеріп тұрады. Аталықтары жыныс жағынан көктемнен күзге дейін, аналықтары күзден көктемге дейін жетіледі. Осыған орай, шағылысу көктемде, жаздың аяғында, не күздің басында жүзеге асады. Жылына 1, кейде 2 рет шағылысып, көпшілігі 1 – 2, кейде ғана 3 ұрпақ әкеледі. Ұрпақтары тез жетіліп, 30 – 45 күнде өз бетінше тіршілік ете бастайды. Көпшілігі 8 – 9 жыл өмір сүреді. Қ., негізінен, жәндікқоректілер (жарқанат), кейбіреулері өсімдік жемісімен және шырынымен (итбас жарқанат) қоректенсе, кей түрлері (десмодтар) жануарлар мен адамдардың қанын сорады. Су ішеді. Індерді, үңгірлерді, қуыстарды, үй шатырларын, ағаш қуыстарын паналайды. Топтанып тіршілік етеді. Демалу кезінде басын төмен салбыратып ілініп тұрады. Қ. қиы (гуано) – құнарлы азотты тыңайтқыш. Медицинада Қ-дың дене қызуының төмендейтін ерекшелігі зерттеліп, оларды кейбір ауруларды емдеуге қолданады. Қ. құтыру, т.б. ауруларды, үй малдарының түрлі індеттерін де таратады. Сирек кездесетін 8 түрі және 4 түр тармағы Халықар. табиғат қорғау одағының, 5 түрі Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Қолөнер. ҚОЛӨНЕР, қолданбалы өнер – дәстүрлі тұтыну және сәндік бұйымдарын жасайтын ұсақ өндіріс. Қолөнершілер негізінен табиғи шикізаттарды пайдаланып, қарапайым еңбек құралдарының көмегімен көркем композиц. шешіммен тұрмысқа қажетті мүліктер, муз. аспаптар, қару-жарақ, құрал-саймандар жасайды. Әрбір Қ. туындысы өз заманының материалдық мәдениетінің үлгісі және халық талғамының, әлеум. қоғамдық жағдайының, діни сенімінің, салт-дәстүрінің нақтылы көрінісі. Қазақстанда көшпелі шаруашылықтың қажетіне сай қолөнершілер мал ш-на керекті желі, шылбыр, ноқта, бұршақ, жүген, құрық, бұғалық, тұсау, өре, шідер, кісен, қада, ер-тұрмандар жасаумен шұғылданды. Олар құмнан, тастан, саздан құмыра, көзе, ыдыс-аяқ; мүйізден, сүйектен, мал мен аң терісінен, ағаштан әшекейленген нақышты дүние-мүлік, домбыра, қобыз, сыбызғы, шаңқобыз сияқты музыка аспаптарын; темірден, мыстан қылыш, найза, қанжар, айбалта, күрзі секілді құрал, қару жасады. Қазақ халқының Қ-нде киіз үй жабдықтарын, ағаш төсек жасау, түйін түю, ши орау, кесте тігу, өрмек тоқу, киіз басу, сондай-ақ моншақ, білезік, сақина, сырға, алқа, шолпы сияқты зергерлік бұйымдар жасау кең дамыды; қараңыз Қазақ қолөнері. ҚОЛ СОҚПАҚ. Қыз-бозбалалар жиын-той кезінде үйде отырып ойнайды. Ойынды жүргізуші қолына орамал алып, ширатады да, алқа-қотан отырған жастардың ортасына шығады. Ойын бастаушы бір ойыншыға “қолыңды тос” деп бұйырады. Ол дереу алақанын тосуы керек. Сонда ойын жүргізуші оған “орамал қайда?” деп сұрақ қояды да, алақанын орамалмен ұрады. Жазаланған ойыншы бір ауыз өлең айтып не күй тартып берген соң, “орамал анау отырған адамда” деп өзі қалаған ойыншыны көрсетеді. Бұл шартты уақытында тез орындай алмаса, тағы да бірнеше рет соққы алуы мүмкін. Ойын уақыты ойнаушылардың өз еркінде. ҚОЛТЫҚГҮЛ. ҚОЛТЫҚГҮЛ, миддендорфия (Mіddendorfіa) – тергүл тұқымдасына жататын бір жылдық өсімдік. Қазақстанда Ертіс өз. бойында, Каспий ойпатында, Сарыарқа мен Зайсанда кездеседі. Ылғалы мол шабындық жерлер мен өзен аңғарларында өсетін 1 түрі – днепрлік Қ. (M. borysthenіca) бар. Оның биікт. 2 – 15 см. Сабағы тік, жоғ. бөлігі 4 қырлы. Жұмыртқа тәрізді бүтін жиекті отырмалы (сағақсыз) жапырақтары сабаққа кезектесіп орналасады. Қысқа сағақты дара гүлдері жапырақ қойнауларында (қолтықтарында) жетіледі. Әрбір гүлінің гүл табанынан түтік тәрізді ұзынды-қысқалы кезектесіп 12 тостағанша, 6 қызғылт түсті күлте жапырақшалары дамиды. Аталығы – алты, аналығы біреу. Мамыр – тамыз айларында гүлдеп, қыркүйекте жеміс салады. Жемісі – көп тұқымды, жоғ. жағы 4 тісті болып ашылатын қауашақ. Тұқымы жұмыртқа тәрізді, сырты дөңес, іші шұңқыр. ҚОЛТЫҚСАБАҚ. ҚОЛТЫҚСАБАҚ "(Talassіa)" – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанда Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар), Күнгей, Іле Алатаулары және Батыс Тянь-Шань тауларында 2 түрі кездеседі. Таудың биік беткейлеріндегі жартастарда өседі. Жиі кездесетін түрі – Іле Қ-ғы (T. transіlіensіs). Оның биікт. 40 – 70 см, көп сабақты өсімдік түбірінен шығатын жапырақтары сағақты, шоғырлана орналасқан. Сары түсті гүлдері шатырша гүлшоғырына топталған. Шатырлары 10 – 18 сәулелі, шатыршалары 10 – 20 гүлді. Шілде айында гүлдеп, тамызда жемістенеді. Жемісі сопақша, көкшіл, ұз. 6 – 7 мм. Демократия. Әр жерде демократия әртүрлі рең алған. Олар мынандай мемлекетті демократиялық деп түсінген. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік билікті басқаруы. Мұнда конституция билік халықтың қолында екендігіне дәлел болады. Халық жоғары билікке өз өкілдерін сайлау арқылы тағайындап, өзгертіп отырады. Демократия теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада – заң шығару, оны орындауда, т.с.с. теңдік болады. Демократияда әділеттілік болуы керек. Мұнда да қоғамның барлық саласында әділеттілік болуы тиіс. Демократияда сонымен қатар бостандық, еркіндік болуы керек. Сонымен, демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады. Демократияның антикалық, классикалық теориялары. Тұңғыш демократиялық мемлекет б.з.д. V ғасырда Афиныда дүниеге келген. Мұнда “халық кеңесі” жұмыс істеді. Ол мемлекеттің ішкі, сыртқы саясатын жүргізді, соғыс ашу, соғысты тоқтату шешімдерін қабылдады, т.с.с. Бірақ халық кеңесіне қатыса алмайтын толық құқығы жоқ азаматтар да болған. Оларға Афиныға басқа жақтан көшіп келген азаматтар, сол елде тұратын әйелдер мен құлдар жатады. Халық кеңесі толық құқықты азаматтар көп болса, оларды басқару қиындыққа түседі деп қорықты. Халық кеңесімен қатар бес жүз адамнан тұратын кеңес жұмыс істеді. Оны “бесжүздік” деп атады. Олар халық кеңесінде қаралатын мәселелерді дайындады. Сонымен қатар “халық соты” жұмыс істеді. Ол қылмыс жасаушыларды жазалап отырды. Афинылық демократия Периклдің (б.з.б. 490-429) басшылық еткен дәуірінде гүлденіп өркендеді. Бұл уақыт афинылық демократияның алтын ғасыры болып саналады. Периклдің уақытында барлық билік мүмкіндігінше біркелкі бөлінді. Демократия Ежелгі Римде де болған. Мұнда “халықтық мінбе” жұмыс істеді. Мұның құрамында ақсүйектер де, төменгі топ өкілдері де болған. Бірақ бұл демократияның өрескел жақтары да болды. Азаматтық құқық барлық адамда болған жоқ, себебі қоғам адам өміріне араласты. Антикалық демократиядан бастау алған классикалық демократияның өзгешелігі болды. Мұнда саясатқа барлық тап өкілдері қатыса алды. Олар өз көзқарастарын білдіріп, ортақ шешім қабылдады. 1.Маңызды мемлекттік қызметтерге сайлауға болатын айтарлықтай билікті, маман өкілдері тобы болу тиіс. 2.Саяси органдар халық жақсы қабылдап, оларға өз көзқарастарын айта алатын шешімдер қабылдауы керек. 3. Жауапкершілікті толық сезінетін, қызмет орнының абыройын жоғары бағалайтын дайындығы бар жақсы ұйымдасқан бюрократия болуы керек. 4. Демократиялық өзін-өзі бақылау болғаны өте маңызды. Мұнда топ өкілдері қандай мәселе болмасын халық мүддесін бірінші орынға қоюы керек. Демократиялық қоғам белгілері. Демократиялық қоғамның белгілерін экономикалық, саяси, рухани, әлеуметтік салаларына қарай бөлуге болады. Экономика саласында. 1.Еңбек адамдарының меншік қатынастарына тікелей тартылуы; Саяси салада. 4. Құқықтар мен бостандықтар туралы заңдардың болуы; 7. Саяси өмірге қатынасу мүмкіндігінің болуы; Рухани салада. 1.Заң жүзіндегі сөз, ұждан, шығармашылық, т.с.с. бостандықтар жүйесінің болуы; 5.Мәдениет пен шығармашылықтың барлық саласының дамуы, оған еркін қол жеткізу; Әлеуметтік салада. 1.Әлеуметтік қауымдасулардың арасындағы тең құқықтық, шарттық келісім қатынастарының болуы; 3.Азаматтардың әкімшілік тарапынан болған әділетсіздіктен қорғалуы; 4.Жеке адамның және оның мүліктерінің қылмыстық элементтерден қорғалуы; 5.Материалдық және рухани игіліктердің әділетті бөлінісінің болуы; 6.Білім, дәрігерлік көмек пен әлеуметтік қамсыздандырудың сапасы мен оған еркін қол жеткізу; Демократияның алуан түрлі элитарлық теориясы. Демократияның тобы топ (элитарлық) теориясы бойынша халық саясаттан шеттетіледі.Ал саяси шешімді аз ғана топ қабылдайды. Ол іріктелген, қалаулы топ болуы қажет. Демократияның марксистік теориясында тапқа үлкен мән береді. “Ақпараттық демократияның” негізін салушы Франция саясатшысы М.Рокар. Оның демократиясы сайланған адамдар, ақпарат құралдары және сайлаушылар арасындағы өзара байланыс негізінде құралады. Халық өзінің таңдау құқығын ақпарат хабарларының еркін таралу жағдайында ғана іске асыра алады. Демократияның экономикалық теориясында саясат билік қатынастарын нарықтық қатынастармен байланыстырады. Тура демократияда халық маңызды саяси шешімдерді қабылдауға, билік жүргізуге тікелей қатысады. Оның ұтымды жақтары: халықты саясаттан шеттетпейді, саяси жүйенің тұрақтылығын және басқарудың ұтымдылығын арттырады; халықтың белсенділігін дамытып, тұлғаның өзін-өзі көрсетуіне, танытуына жол ашады; саяси институттар мен қызмет адамдарын бақылаудың ықпалдылығын қамтамасыз етеді, билік мұратын теріс пайдаланудан сақтайды, басқарушы төбе топтың халықтан алшақтануына, шенеуніктердің бюрократталуына жібермейді. Тура демократияға референдум, плебисциттер жатады. Референдумға маңызды заң шығару немесе ішкі және сыртқы мәселені шешу үшін сайлаушылардың көңілін білдіруі жатады. Мысалы: Қазақстан Республикасында референдум арқылы Президенттің өкілдігі ұзартылады. Плебисцитарлық демократияда азаматтардың саяси ықпалы кемиді оларға сайлау арқылы заңның немесе басқа шешімнің жобасын қабылдау немесе қабылдамау құқығы беріледі. Оны президент, үкімет, партия, т.с.с. дайындайды. Мұнда халықтың жобаны дайындауға қатынасу мүмкіндігі аз. Өкілдік демократияда халықтың еркі депутаттарға және биліктің өкілетті органдарына беріледі. Азаматтар өздерінің көзқарастарының, мақсаттарының, бағдарламаларының ниеттестігіне байланысты депутаттарды сайлайды, оларға өз мүдделерін қорғауды сеніп тапсырады. Қазіргі Қазақстан Республикасында демократиялық белгілер бар, қазір соны жүзеге асыру үшін көптенген жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Республикасы өзін егеменді, зайырлы, демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде деп жариялады. Қабылданып жатқан заңдарда адамдардың негізгі құқықтары мен бостандықтары көрсетіліп, заң мен сот алдында теңдестірілген. Әркім өзінің жанына жақын саяси мұраттарды ұстануға ерікті. Сөз және баспасөз бостандығы, соның ішінде сынау құқығы да заң жүзінде бекітілген. Экономика саласында жеке мешікке үлкен жол ашылды. Халық демократиялық жағдайда өмір сүруге үйренуде. Дамыған батыс Еуропа елдеріндегі тарихи тәжірибелерін демократия орнату жолындағы рәсімдерін, тәртіп, қағидаларын енгізіп, тиімді және нысаналы пайдаланған абзал. Қазіргі кезеңдегі демократиялық қозғалыстар. 1.Халық бұқарасының дүниежүзілік соғысқа қарсы күресі. 2.Жаңа экономикалық тәртіп орнату жолындағы қозғалыстар. 3.Нәсілдік және ұлттық кемсітушілікке қарсы бағытталған қозғалыстар. 7.Жер мәселесі жене әлеуметтік құқықтарды талап ету жолындағы шаруалар қозғалысы. 8.Қоршаған ортаны сақтау жолындағы түрлі бұқаралық қозғалыстар. Қоғамның саяси жүйесін демократияландыру. Басқарудың саяси және мемлекеттік емес (өзін-өзі басқару) процестеріне кең жол ашу. Мекемелердің өкілеттік бастамаларын дамыту. Барлық әлеуметтік топтардың мүдделерін анықтаудың, қалыптастырудың, іске асырудың тетіктерін жетілдіру. Жеке адамның жан-жақты жетілуіне көмектесу, ұлттардың үйлесімді дамуы, достықты нығайтып, ынтымақтастықтың процестерін жүргізу. Заңдылық пен құқық тәртібін нығайту, биліктің жеке адамдардың қолында тым көп шоғырлануына қарсы тосқауыл жасау. Мемлекеттік, партиялық және қоғамдық ұйымдардың қызметтерін және өкілдіктерін айқын түрде анықтау. Саяси жүйе құрылымын жаңартудың тиімді тетіктерін жасауды қалыптастыру. Қазақстан Республикасындағы демократия. Біз жоғарыда демократия қоғамға сипаттама бердік. Енді осы айтылған жайттардың біздің қоғамымызда қалай жолға қойылғанын сипаттап өтейік. Қазақстан Республикасының Конституциясында: “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбатты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандығы. Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм, мемлекет әмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық, әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентке дауыс беру арқылы шешу” деп көрсеткен (Жалпы ережелер, 1-бап). 1990 жылы 25 қазанда, КСРО тарамай тұрғанда-ақ, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Одан кейінгі мерзімде бұл Декларация конституциялық, күші бар Жарлықтармен толықтырылды. 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдум нәтижесінде жаңа Конституция қабылданды. Қазақстан Республикасының егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық. Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді. Қазақстан Республикасында билікті ешкім де иеленіп кете алмайды. Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінеді, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады. “Қазақстан халқы” деген конституциялық ұғым жергілікті қазақ ұлтымен тарихи тағдыры бір және ежелгі қазақ жерінде тұрақты дамыған көп сатылы біртұтас экономика мен жарқын өмір салтының негізінде ортақ тілекпен топтасқан адамдардың саяси этностық бірлігі болып табылатын Қазақстан халқының әлеуметтік ерекшелігін; Конституциялық жолмен белгіленген ұлттық, кәсіптік және азаматтық теңдігін, тең қолданылатын мемлекеттік және ресми тілдерді – сан қырлы қазақстандық мәдениет пен туысқандық менталитетті барынша нығайта түседі. Біздің Республикамыздың жағдайында демократиялық мемлекет – ең алдымен Конституция қабылдап, тікелей мемлекет басшысын және Парламентті сайлайды, өкілетті мерзімі біткен соң оларды ауыстыруға халықты құрылтайшылар арқылы қатыстырады. Басқару тәртібінің нысанына (президенттік, парламенттік) қарамастан, мемлекеттің жоғарғы органдары арқылы көпшіліктің еркін анықтауға және барынша жүйелі қорғауға қажетті жағдайлар жасайды. Сонымен қатар демократиялық мемлекет әлеуметтік және ұлттық нысандарына, тағы басқа да ерекшеліктеріне қарамастан жекелеген азаматтардың өз мүддесін білдіруіне, оның есепке алынуына да мүмкіндік береді. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес сөз, ар-ұждан бостандығы, тілі мен ұлтын өзі анықтауын қамтамасыз ете отырып, бірлесу, митингілер, демонстрациялар, шерулер өткізу ереуілге шығу құқығымен қоса, жекелей және ұжымдық, еңбек дауын шешу, сондай-ақ мемлекеттік қызметке араласып, мемлекеттік, тағы басқа да істерді басқару қызметіне қатысуға тең құқықтар беріледі. Демократиялық мемлекеттің сипаттық ерекшелігі республика азаматтарының мемлекеттік қызметке араласуын ретке келтіру болып табылады. Мемлекеттік қызмет институтын реттеу 1995 жылғы Конституцияда қарастырылды. Демократиялық мемлекет ретіндегі Республика қызметінің түбегейлі принциптерінің бірі – қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық. Демократиялық мемлекет саяси тәртіп жүргізудің демократиялық тәсілдері мен әдістерін көбірек қолданады. Қазақстан Республикасы – зайырлы мемлкет. Бұл ұғым Қазақстандағы діни мекемелер мен діннің мемлекеттен ажыратылғандығын білдіреді. Қазақстандағы ислам мен православилік, тағы басқа нанымдық ағымдардың ісіне мемлекет араласпайтындығын білдіреді. Діни негізде партия құруға жол берілмейді. Мемлекет органдары қағидалық заң негізінде емес, Конституция негізінде құрылы, жұмыс істейді. Сонымен бірге әркімнің ар-ұждан бостандығына құқығы бар, оны жүзеге асыру мемлекет алдындағы міндет. Наным немесе атеизм мәселесі - әркімнің өзіндік ұстанымы. Елдегі дін қабылдау бостандығы мен діни бірлестіктердің жұмысы жөніндегі заңдылықтарды мемлекет белгілеп, бақылайды. Қазақстан аумағында шетелдік діни бірлестіктердің жұмыс істеуі, ол орталықтардың Республикадағы діни бірлестік жетекшілерін тағайындауы тек тиісті мемлекеттік органдардың келісімі бойынша ғана асырылуы мүмкін. Қазақстан – құқықтық мемлекет. Қазақстан Республикасының Конституциясы – құқықтық мемлекеттің бастауы әрі шарты. Оның негізгі принциптері: азаматтар үшін – “заңды тыйым салынбағанның бәріне рұқсат етіледі”, мемлекеттік органдар мен лауазым иелері үшін – “заңда нақты не көрсетілсе, соған ғана рұқсат” болып табылады. Құқықтық мемлекет жұртшылық пен мемлекеттік лауазым иелерінің құқықтық мәдениетін арттыруды, барлық заң жүйесін жақсартып, әділеттілікті жоғары дәрежеге көтеруді мақсат тұтады. Құқықтық мемлекеттің сапалық белгісі – адам және азамат құқығы мен бостандығына халықаралық, өлшем деңгейінде кепілдік беру болып табылады. Сот билігінің тәуелсіздігі мемлекет пен азаматтың өзара қатынасының дәйекті жүргізілетініне кепілдік бере алады. Конституция нормаларында атаған белгілер айқын көрініс тапқан. Қазақстан - әлеуметтік мемлекет. Конституцияда көрсетілгендей, Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет болуымен қатар, әлеуметтік мемлекет болып та табылады. Әлеуметтік мемлекет жекелеген топтарға немесе ұлыстарға емес, тұтас қоғам мен азаматтарға қызмет етеді. Ол мемлекеттік қор есебінен барлық азаматтарға мүмкіндігінше игіліктер көрсетіп, қоғамдағы ауыртпалықтарды да теңдей бөлу жолымен әлеуметтік теңсіздікті болдырмауға әрекет етеді. Мемлекеттің әлеуметтік сипатын Республика Конституциясында көрсетілгендей, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, халықты жұмыспен қамтамасыз ету, еңбекті қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру және жағдайы төмен отбасыларына көмектесу сияқты шаралардан көруге болады. Әлеуметтік мемлекет азаматтың ең төменгі күнкөріс қажеті мен өмір сүрудің лайықты жағдайларын жасауды талап ету құқығын мойындацды. Бұған денсаулық пен адам өміріндегі қауіпсіздік мәселелері де кіреді. Бұл шараларды әлеуметтік мемлекет жалпы және мақсатты әлеуметтік бағдарламалар арқылы жүзеге асырады. Қоғам мен азаматтардың нақты бір категорияларының мүддесі үшін күрделі экономикалық жоспарлауға және бюджеттік қаржыландыруға жүгінеді. Мәселен, Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылғы желтоқсанда “1996-1998 жылдары реформаны тереңдету жөніндегі іс-қимыл бағдарламасын” қабылдады. Оның негізгілерінің бірі – “әлеуметтік саясат” аталатын үшінші бөлім болды. Сондай-ақ 1995 жылы желтоқсанның 19-ында Қазақстан Республикасының Президенті қабылдаған “Қазақстан Республикасы тұрғындарының әлеуметтік тұрмыс жағдайларын жақсарту жөніндегі шаралар туралы” Жарлығы да осындай игілікті істердің қатарына қосылады. Алайда әлеуметтік мемлекетті “Соцалистік мемлекет” деген ұғыммен шатастыруға болмайды. Әлеуметтік мемлекет нақтылы экономикалық мүмкіндіктерге сай әлеуметтік қамқорлықтарды өз міндетіне алады және азаматтардың еңбек пен кәсіпкерлік белсенділігінің төмендеп, теңгермелік көңіл-күйдің болуына жол бермейді. Сондықтан Қазақстан Республикасы Конституциясының екінші бөлімінде азаматтың құқығы, бостандығын және міндетін бекіте отырып, жеке адамның өмірін және еркін жетілуін қамтамасыз ету мемлекеттің міндеті емес, алдымен оның өзінің санасы мен ерік-жігерінің ісі екендігін атап көрсетеді. Әлеуметтік мемлекет бірінші кезекте жеке бастамалар мен қоғамдағы экономикалық еркіндік үшін қажетті жағдайлар туғызуға міндетті. Осы жағдайлар арқылы “бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму” үйлестіріледі. Республикалық референдум - Конституция, Конституциялық заңдар мен басқа да Қазақстан Республикасының мемлекеттік өміріндегі өте маңызды мәселелер жөніндегі шешімдердің жобалары бойынша, Республиканың барлық аумағында өткізілетін бүкілхалықтық дауыс беру. Бұл халық билігін тікелей жүзеге асырудың ең маңызды тәсілі саналады. Референдум қабылдаған шешім ең жоңары талап етуші күшке ие. Оның Қазақстанның барлық аумағына бірдей міндетті күші бар және әлдеқандай органдар тарапынан бекітуді қажет етпейді. Конституцияның, Конституциялық заңдардың, басқа да құқықтық актілер мен заңдардың арасында сәйкессіздік болған жағдайда, ол өзгешеліктер Конституцияны және басқа да аталған актілердің барлығын Республикалық референдум қабылдаған шешімге сай жүйелендіру жолымен түзетілінді. Республикалық референдумға азаматтар ерікті түрде қатысып, жабық дауыс береді. Он сегіз жасқа толған Республика азаматтары тегіне, әлеуметтік, лауазымдық, мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, мекен-жайына немесе басқа да жағдайларына қарамастан, республикалық референдумға қатысуға құқықты. Әр азамат референдумда теңдей дауысқа ие. Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың референдумға қатысуға құқығы жоқ. Республикалық референдум өткізудің ерікті сайлаумен ортақ жағы көп. Референдум мақсаты – адамды сайлау емес, мәселе шешу. Референдумға қойылатын мәселе азамат оған “иә” немесе “жоқ” деп бір жақты жауап беретіндей, не ұсынылған бірнеше шешімдердің біреуін таңдай алатындай деңгейде болуы тиіс. Қатысуға құқықты азаматтардың жартысынан астамы дауыс беруге қатысса, референдум өткізілген болып есептеледі. Республикалық референдум өткізу жөніндегі шешімді, Конституцияға сай, Республика Президенті қабылдайды. Республикалық референдум өткізу жөніндегі ұсыныс, сондай-ақ, Парламент пен Үкімет тарапынан және республикалық референдумға қатысуға құқықты кемінде екі жүз мың республика азаматының қолдауымен қойылуы мүмкін. Республикалық референдумды ұйымдастырып, өткізу мен оның нәтижесін анықтау Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 2 қарашадағы конституциялық күші бар “Республикалық референдум туралы ” Жарлығы бойынша жүзеге асады. Күшіне енген жаңа Конституцияға сәйкес және дамыған демократиялық, елдердің тәжірибесіне сүйене отырып қабылданған бұл актіде республикалық референдумға негіз бола алмайтын мәселелердің жеткілікті тізімі келтіріледі. Тәуелсіз мемлекет тарихындағы алғашқы республикалық референдум Қазақстанда 1995 жылғы сәуір мен тамыз айларында өткізілді. Оларда Қазақстан Республикасының бүкіл халық сайлаған Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттік мерзімін 2000 жылға дейін ұзарту және Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі мәселелер шешімін тапты. Соңғы референдумның алдында Н.Ә.Назарбаев ұсынған Конституция жобасы талқыланды. Жалпыхалықтық талқылаудың мақсаты – көпшіліктің ұсынысын есепке ала отырып, Заң жобасын жетілдіре түсу және оған қолдау көрсету. Қазақстандық демократияның ажырамас конституциялық институты, сонымен бірге мемлекеттік жоғары лауазымды адамның (Президенттің) орнын алмастыру мен өкілдік органдарды (Парламентті, мәслихаттарды және жергілікті өзін-өзі басқару органдарын) құру тәсілі – ерікті сайлау. Ерікті сайлау үшін негізгі үш жағдай сақталуы тиіс. Біріншіден, баламалы ұйғарымдылық, (альтернативтік), сайлаушының бірнеше кандидаттың біреуін ұйғару мүмкіндігін; екіншіден сайлау науқанының барлық сатысындағы қоғамдық бақылау үшіншіден, сайлаушылардың өз еркімен дауыс беруі. Қазақстан Республикасындағы сайлау өткізудің принциптері Конституцияда бекітіліп, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституцилық Заң күші бар “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Жарлығында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының құқықтық-нормативтік сипаттағы актілерінде егжей-тегжейлі белгіленген. Осы ереже бойынша, 1995 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының сайлауы өткізілді. Мемлекеттік биліктің бірлігін, үстемдігі мен тәуелсіздігін анықтайтын – елдің егемендігі. Қазақстан Республикасында мемлекеттік биліктің біртұтастығы, аумағының бөлінбейтіндігі іске асырылды. Республика мемлекеттік билігінің тәуелсіздігі оның мемлекетаралық қатынастағы егемендігі болып табылады. Қазір Қазақстан Республикасын бүкіл әлем елдері танып отыр. Шекара туралы шарттарға қол қойылады. Республика егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығына қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді деп көрсетілген Конституцияда. Сонымен, біз алдыңғы тақырыптарда демократия ұғымына халықаралық көлемде сипаттама бердік. Қазақстан жағдайына демократияның әмбебаптық дәрежесіне оның әлемдік стандартқа сәйкестігіне тоқталдық. Қазақстан егемендігі, тәуелсіз мемлекет болып қалыптасты, ол қамтамасыз етілді. Демократия және құқықтық дәрежеге өту процесі одан әрі жалғасуда. Жергілікті атқарушы органды Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің өкілі болып табылатын тиісті әкімшілік аймақтың әкімі басқарады. Қазақстан Республикасында сот әділдігін тек сот қана жүзеге асырады. Олар Қазақстан Республикасының Конституциялық соты, Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты. Ом, Георг Симон. Ом, Георг Симон (1787 ж. 16 наурыз, Эрлангем - 1854 ж. 7 шiлде, Мюнхен) - немiс физигi. 1805-1806 жылдары Эрланген университетiнде оқыды. Әр түрлi гимназияларда математика мен физикадан сабақ бердi Эрланген университетiнде докторлық диссертациясын қорғады. Бамбергте, Кельнде, Берлинде сабақ берумен айналысты. Нюрнбергтегi Политехникалық мектептiң, Мюнхен университетiнiң профессоры болды. 1826 ж. эксперименттер арқылы ток күшiн, кернеу және кедергiнiң бiр-бiрiмен байланысын өрнектейтiн электр тiзбегiнiң негiзгi заңын ашты. Математикалық түрде Ом заңы V=I*R қарапайым формуламен өрнектеледi. Мұндағы V – тармақталмаған тұрақты ток тiзбегiнiң бөлiгiндегi өткiзгiш ұштарындағы потенциал айырымы, I – ток күшi, R - өткiзгiш кедергiсi. Ом кедергiнiң өткiзгiш материалына тәуелдiлiгiн, оның ұзындығына тура пропорционал және көлденең қиманың ауданына керi пропорционал екенiн көрсеттi. 1827 ж. электр мен жылудың таралуының сәйкестiгiне сүйенiп теория негiздерiнен заңдылықты табуға әрекет жасады. Ол электр ток заңын Фурье тұжырымдаған жылу ағынының заңымен салыстырды. Температуралар айырымына ұқсастығы арқылы “электр кернеулерiнiң түсуi" деген ұғым енгiздi. “Электр қозғаушы күш"(ЭҚК), “өткiзгiштiк" деген ұғымдарды да ол енгiзген. 1830 ж. Ом алғаш рет ток көзiнiң электр қозғаушы күшiн өлшедi. Омның кейiнгi еңбектерi акустикаға, соның iшiнде дыбыстың күрделi құрамын (обертондардың бар болуын) зерттеуге арналған. 1841 ж. ғалым Копли медалiмен марапатталды, 1842 ж. Королдық қоғамының мүшесi болды. Евклид. Евклид (,Б.д.д. 325 – 265ж) ежелгі дәуірдегі грек математикгі. Оксфорд университетіндегі тарих музейіндегі ескерткіш Ол математикадан жазылған теориялық алғашқы трактаттың авторы, Александрия қарамағындағы мектептің тұңғыш математигі. Оның өмірі жайлы деректер жоқтың қасы. Евклидтің басты еңбегі – «Негіздер». Онда планиметрияның, стреометрияның кейбір мәселелері талданған. Сөйтіп, ол өзінен бқрынғы грек математикасының одан әрі дамуының ірге тасын қалаған. Евклидтің «Негіздерден» басқа «Фигураны бөлу туралы», «Канустың қималары» деп аталатын еңбектері бар. Ол астраномиядан, музыкадан, т.б. салалардан да еңбектер жазған. Евклидтің бізге жеткен шығармалары мына басылымда жинақталған: «Eudidis Opera Menge». Онда грекше түр нұсқасы, латыннан аудармасы және кейінгі авторлардың түсініктемелері берілген. Евклид «Негіздерінің» математиканы дамытуда әсері орасан зор болады. Бұл еңбектен тәлім алмаған ірім-ұсақты математик жоқ деуге болады. «Негіздер» орыс тілінде тұңғыш рет 1739 жылы аударылып басталып шықты, ал ең кейінгі жаңартылған аудармасы 1948-1950 жылдары жарық көрді. Математиканы сүйетін әрбір талапкердің ғылымының классикалық бұл еңбегімен танысып аса пайдалы болар еді. Тағы қараңыз. «ЕВКЛИДКЕ ТҮСІНІКТЕМЕ» Клавдий Птолемей. Клавдий Птолемей - грек математигі және астрономы. Клавдий Птолемейдің өмір жолы туралы мағұлмат жоқтың қасы, тек қана біздің заманымыздың 120 жылынан бастап Александрияда өмір сүргені белгілі. Ол өзінің жетістіктері негізінде арабтар «Алмагест» деп атап кеткен. Үлкен еңбектің авторы «Алмагест» арабша «алмаджести», яғни «аса ұлы» шығарма дегенді білдіреді. Птолемейдің бірінші кітабында гректердің триогеометриясы жүйелі түрде баяндалған. Мұнда 0º бастап 180º дейінгі хордалардың таблицалары келтірілген. Тарихи жазбалар бойынша хордалар таблицасын алғаш жасаушы ретінде б.з.д. 2 ғасырда өмір сүрген астраном математик Гипарх екен. Бірақ ол таблицалар бізге жеткен жоқ. Грек математиктерінде бұл кезде синус, косинус және тангенс сызықтары болмаған. Бұлардың радиусы тұрақты дөңгелектің центрлік бұрыштарына сәйкес келетін хордалардың ұзындығын есептейді. Птолемей дөңгелек шеңбердің 360º, ал оның диаметрін 120 бөлікке бөледі, сөйтіп, хорданың ұзындығын дөңгелектің радиусы (орнықты) арқылы өрнектейді. Басқа бұрыштарға қандай хордалар сәйкес келетінін анықтауға Птолемей шеңберді іштей сызылған төртбұрыш дөңгелекке іштей сызылса, онда оның диогональдарының көбейтіндісі қарама – қарсы қабырғалардың көбейтінділерінің қосындысына тең болады. Бұл теорема қазір Птолемейдің есімімен аталып жүр. Қортындылай келгенде ұлы математиктер математиканы дамытуда адамзатты ғажайып жаңалықтармен әлі талай қуантады. Ғылым тарихына көз салғанда адамзаттың асыл перезенттері ашқан ұлы жаңалықтарға тоқталмай өте алмаймыз, өйткені басқалар мен салыстырғанда бұлардың ойлары орасан зор. Таланттары ерекше биік тұрады. Бұлардың ғылыми идеялары болашаққа өзінің нұрын шашады. Эратосфен. Эратосфен (;Б.д.д. 276 – 194 жж) - грек ғалымы, математикамен қатар астрономия, география, тарихты да жақсы білген. Ол жай сандарды табудың тәсілін ойлап тауып, сол кездегі белгілі әлем картасы мен аспан денелерінің картасын жасаған, сондай-ақ (високосный) жылды еңгізудің қажеттілігін негіздеген. Оның негізгі жетістігі – Жердің көлемін адамдар оның шар тәріздес екенін білгенге дейін есептеп шығаруы. Өз есептеулерінің негізінде ол картада белгіленбеген мұхиттың әлі де орасан үлкен кеңістіктері бар екенін болысады және оның айтқаны дұрыс келеді. Ахмес. Ахмес (Шамамен б.д.д 1700ж) - Әлемге әйгілі бірінші математиктің есімі. Б.э.д 1700ж оның математикалық есептегре құрылған еңбегі ұзындығы 6 метр (20 фунт) папирус орамасына жазылған. Солардың біреуі санды ұдайы екі еселеу арқылы көбейту тәсілін көрсетеді. Осы есеп бинарлық жүйеге із салады, соның арқасында бүгінгі сандық техналогияларға қол жетті. Ахмес тек осы қағаз ораманы көшіріп жазып алды, оның нағыз авторларының есімдері белгісіз. Гендрик Антон Лоренц. Гендрик Антон Лоренц (; 1853ж. 15 шiлде, Голландия, Арнхем қалаcы. - 1928 ж. 4 қаңтар айы, Лоренц) - атақты голланд физигі. 1970 ж. ол Лейден Университетiне түседi. 1875 ж. Лоренц докторлық диссертацияны қорғап 1878 ж. Лейден Университетiнде оған арнайы ашқан теоретикалық физика кафедрасының профессоры болды. 1881 ж. Амстердамдағы Корольдiк ғылым академиясына мүше болады. 1878 ж. жарияланған «Ортаның құрамы мен тығыздығы мен жарықтың таралу жылдамдығының арасындағы байланыстары жөнiнде» еңбегiнде Лоренц сыну көрсеткiшi мен ортаның тығыздығы арасындағы байланысты қорытып шығарады, оны «Лоренц-Лоренц формуласы» деп атайды, себебi датчан ғалымы, Людвиг Лоренц бұл формуланы Гендрик Лоренцтен тәуелсiз жеке өзi шығарған болатын. 1892 ж. Лоренц «Максвеллдың электромагниттiк теориясы және оның қозғалыстағы денелерге қолданылуы» атты үлкен еңбегi жарық көрдi. Бұл еңбегiнде Лоренц электрондық теориясына жүйелi баяндама бередi. Ғалым оң немесе терiс зарядталған материяның бөлшектерi – ион деп айта кетiп өзiнiң теориясын «Иондық теория» деп атайды. 1899 ж. ол «Қозғалыстағы денелердегi оптикалық және электрлiк құбылыстарының қарапайым теориясы» еңбегiн шығарады, онда ғалым өзiнiң алғашында жарияланған теориясын қарапайымдылайды. 1902 ж. Лоренц және оның оқушысы Питер Зееман Нобель сыйлығының лауреаты болды. 1904 ж. Лоренц негiзге алынатын «Жарық жылдамдығынан төмен жылдамдықпен қозғалатын системадағы электромагниттiк құбылыстар» - атты еңбегiмен танылды. Лоренц екi әртүрлi инерциалды санақ жүйесiндегi уақыт моменттерi мен кеңiстiк координаталарын өзара қосатын формула қорытып шығарды. Лоренц ғалымға электрон массасының жылдамдыққа тәуелдiлiгiн көрсететiн формула қорытып алды. Лоренц ғылыми академиялар мен ғылыми қоғамдардың көбiне мүше болған. 1925 оны СССР ғылым академиясына шетел мүшесi болып сайланды. Лоренц физика ғылымының ақсақалы, теоретикалық физиканың ұлы классигi және жанәкесi болып танылды. 1928 ж. 4 қаңтар айында Лоренц дүниеден кетедi. Голландияда бұл күн ұлттық қаралы күн болып жарияланды. Роберт Гук. Гук Роберт (;1635 - 1703) - әйгiлi ағылшын жаратылыстанушы, ағылшын Уайт аралында Фремуотер деген жерде жергiлiктi шiркеудiң аға попы жанұясында дүниеге келдi. Орта мектептi бiтiргеннен кейiн Оксфорд Университетiне түседi. Университеттегi мұғалiмдердiң бiрi Р.Бойльге эксперименталды зерттеулерiне ассистент (көмекшi) ретiнде Г. Роберттi ұсынады. Бойль мен Гук ынтымақтастығы нәтижелi болды. 1662 ж. Бойльдың көмегiмен Гук Лондонның Корольдiк қоғамына көрсетушi қызметiне орналасады. Бiрақта Гуктың басты мақсаты ғылыми зерттеулер едi. Гук алғашқы жеке өзi жазған каппилярлық құбылысқа арналған еңбегiн 1661 жылы жариялады. Кеиiн ол астрономиялық құрал-саймандарды ойлап табу және оларды жетiлдiрумен айналысты, биологиялық, географиялық, геологиялық зертеулер жүргiздi. Әрбiр осы салаларға ол өзiнiң үлкен үлесiн тигiздi. Гук өзiнiң 1665 ж. жарық көрген «Микрография» атты еңбегiнен кейiн әйгiлi болды. Бұл кiтапта Гук өзі жетiлдiрiлген микроскоппен көп зерттеулерін жүйелеп баяндайды. Тағы да бұл кiтабында Гук жарықтың табиғаты жайында ойларын жазып кетедi, бұл ойлары үшiн ол жарықтың толқындық теориясын қалаған ғалымның бiрi болып саналады. 1666 жылдан бастап көп жылдар бойы Лондонның Корольдік қоғамына, әртүрлi жаратылыстану мәселелерiне арналған лекцияларын оқиды. Бұл лекцияларда Гук өзiнiң зерттеулерiнiң нәтижелерiн және басқа ғалымдардың еңбектерiне анализдерiн баяндайды. Лекцияларының бiрi серпiмдiлiк мәселерiне арналды. Серпiмдiлiктiң түсiнiктемесiнiң кең түрде түсiнiк беруi (Гук терминi боиынша «қайтарушы күш») оны жалпы заңды орнатуға алып келдi, бұл заң Гук атымен аталады. Гуктың теориялық қорытындысы эксперименттермен дәлелденiлiп келетiндiктен оның серпiмдiлiк заңы еш қашан күдiк тудырмады. Әйтсе де Гуктың жанжақты ғылыми қызығушылығының терiс нәтижелерi де болды. Ол өзiнiң зерттеулерiн жиi аяғына дейiн жеткiзбейтiн, мысалға, Ньютонның бүкiл әлемдiк тартылыс заңына негiз салған болатын, Гук 1674 ж. Ньютонның көз қарасына сәйкес көз қарастары жарияланған. Бiрақта ғылымға деген шынайы берiлгендігi арқасында, өзiнiң қиын мiнезiне қарамастан Гукты Англияда ғана емес, Еуропада да құрметтейтiн. Шарль-Огюстен Кулон. Шарль-Огюстен Кулон (, 14.06.1736-23.08.1806) – француз физигi және инженерi. Ангулем қаласында (Франция) мемлекеттiк шенеунiк жанұясында дүниеге келген. Шарль мектептi тәмамдағаннан кейiн Мезьередегi әскери-инженерлiк мектепке қабылданады. 1761 жылы Кулонға лейтенант шенi берiлiп, Мартиника аралында әскери форт салуға жiберiледi. Тоғыз жылдық құрылыс практикасынан кейiн Кулон Францияға қайтып оралады. 1776 жылы “Архитектураға қатысы бар, статиканың кейбiр мәселелерiне максимумдар және минимумдар әдiсiн пайдалану туралы" – еңбегiн жариялайды. Кезектi ғылыми жұмыстары жiбек жiптi және шашты бұраған кездегi физикалық заңдылықтарына қатысты. Үйкелiстi зерттеу жұмыстары (1781ж.) оны жаңа жетiстiктерге жеткiздi. Бұл еңбектерi үшiн Кулон Париж ғылым академиясының сыйлығын алады, кейiннен бұл академияның мүшесi болып сайланады. 1784 жылы Кулон “Бұрау кезiнде бұрау бұрышына пропорционал реакция күшi бар металл жiптердiң қасиетiне негiзделген – электрлiк салмақтарды" ойлап тапты. 1785 жылы ол “электрдiң iргелi заңын" ашты, ол былай айтылады: аттас зарядталған екi кiшкене шариктердiң тебiлу күшi бұл шариктердiң центрлерiнiң арақашықтығының квадратына керi пропорционал. Бұдан кейiн Кулон электр күшiнiң зарядтардан тәуелдiлiгiн орнатып, физика тарихында Кулон заңы деп аталатын заңды тұжырымдады. Кулон электр және магнетизм мәселелерiне жетi жұмысын - “мемуарларын" арнады. Кулон 70 жасында Парижде қайтыс болады. Француздың ойшыл ғалымының құрметiне электр зарядының бiрлiгi – кулон (Кл) атауы 1881 жылдан берi практикада қолданылады. Мәдениет. Мәдениет – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең. Мәдениет – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді. Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың ішіндегі маңыздылары: мәдени әрекет, мәдени орта, мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және мәдени ұйымдар мен ұжымдар. Бұлардың арасында ең түбегейлісі — мәдени әрекет. Әрекеттену — жалпы адам мен қоғамның өмір сүру тәсілі, тіршіліктің тірегі. Мәдени әрекет деп, әдетте, мәдениет игіліктерін өндіруге, таратуға, тұтынуға бағытталған мақсатқа сәйкес әлеуметтік іс-қимылдарды атайды. Мәдени игіліктерді толассыз жасау нәтижесінде адам өзінің де мәдени деңгейін көтереді. Осы әрекеттің қайнары, түпкі қозғаушы күші ретінде ғылым адамның талап-мұқтаждарын, мәдени қажеттіліктерді бөліп қарастырады. Осылардың қатарына біз мынандай адамдық қажеттіліктерді жатқызамыз: өмірдің мәні мен мағынасын іздеу, өмірден өз орнын табуға ұмтылу, шығармашылыққа талпыныс, альтруизм, гумандылық және тағы басқалары. Мәдени орта ұғымы мәдениеттің коммуникациялық (қатынастық) табиғатымен тығыз байланысты. Мәдени орта заттық-материалдық, әлеуметтік ұйымдар мен ұжымдардан, рухани қызмет орындарынан тұрады. Оларға техника мен қүрал-жабдықтардың даму деңгейі, тұрмыстық мәдени дәрежесі, адамдардың білімділігі, кәсіптік шеберлігі, рухани мәдениетті сақтау және насихаттау ұйымдары (мұрағаттар, мұражайлар, кітапханалар, клубтар және тағы басқалар) жатады. Қайсыбір ұлттық мәдениетті алсақ та, ондағы салт-дәстүрлер жүйесіне бірден назарымыз ауады. «Салт-дәстүр, — дейді белгілі философ Гердер, — тіл мен мәдениет бастауларының анасы» (И.Г. Гердер. Идеи к философии истории человечества. Москва, 1977, с. 252). Мәдениет өзінің кең мағынасында бір ұрпақтың келесі ұрпаққа жолдаған өмір сүру тәсілі болғандықтан, осы жалғастықты, мұрагерлікті жүзеге асыратын салт-дәстүрлер жүйесі мәдениет өзегін қүрастырады. Әсіресе, жазу-сызу болмаған ерте заманда мәдениет ырымдар мен сәуегейлікке. сенім-нанымдарға, дәстүрлі түсініктерге иек артқан. Ал салт-дәстүрлерге Ғұзыхан Ақпанбет мынандай баға береді: «Олар — терең философиялық ойдың, ғасырлар бойы жинақталған тәжірибенің сұрыпталған түжырымы, негізгі нәрі, қысқа да көркем бейнесі». (Қазақтың дүниетанымы. Алматы, 1993, 36-бет). Ғасырлар бойы күнделікті іс-тәжірибе негізінде сұрыпталған жазу-сызу мен азаматтық қоғам өлі жоқ кезде қалыптасқан салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар мәдени мирасқорлықтың жалғыз мүмкіндігі болды. Ескі ырымдар мен әдет-ғұрыптардан надандық, анайылықты емес, қазіргі үлттық мәдениеттердің архетипін аңғарған жөн. Кез келген ұлттық мәдениеттің негізі мен ділін, ондағы адамгершілік қасиеттер мен дүниетанымды үғыну үшін мәдениеттің тағы бір түп-тамыры дінге жүгіну қажет. Тоталитарлық жүйе ұлттық мәдениеттерді құрту мақсатында, дінді «апиын» деген марксизм қағидасын басшылыққа алып, ешқандай қасиетті тірліктері жоқ, шолақ белсенді мәңгүрттерді тәрбиелеуге тырысты. Ал шындығында діни Ренессанс («ренессанс» — француз сөзі — қайта жаңғыру) мәдени дамуда орасан зор роль атқарды. Дінге дейінгі дүниетаным ретіндегі мифте табиғат қасиетті күштерге баланса, ұлттық немесе дүниежүзілік діндерде адам мен қоғамның құдіреттілігіне басты назар аударылады. Осының нәтижесінде өркениет қалыптасады. Жалпы алғанда, дінтанусыз мәдениеттану жоқ. Мәдениеттің өзекті бөлігі — өнер. Таңбалы тастағы кескіндер мен тағы адамдардың ырым-билерінен бастап, Рафаэль мен Микеланджелоның мәңгілік туындыларымен жалғасқан, халықтың шығармашылық рухынан туған талай сұлу дүниелерсіз, өнер әлемінсіз, қандай мәдениеттің болсын рухын сезіне алмаймыз. Шынында да, өнер мөдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі — оның әсемдікке, сұлулыққа үмтылуы. Осыған дейін қарастырылған анықтамалардан бір түйінді ой айтуға болады: мәдениет — адам әлемі. Мәдениет көріністерінде адамдық парасат, оқыл-ой, ізгілік пен әдемілік заттандырылып, игіліктер дүниесі құралған. Сонымен бірге мәдениет адамды тұлға деңгейіне көтеретін негізгі құрал. Әл-Фараби айтқандай, адам — «хайуани мадани», яғни, Мәдениетті жан. Адам — табиғат туьндысы және ол үшін табиғи орта мәңгілік қажеттілік болып қалады. Мәдениет адамнан табиғатты бөліп алады деген пікір қанша рет айтылса да, адамның табиғи шығармашылықтың ең жоғары үлгісі екендігіне күмән жоқ. И. Гердердің тілімен айтқанда, адам — табиғаттың бірінші азаттық алған пендесі. Ғасырлар — адамның мәдени дамуының куәсі. Бірақ осы алға қарай жылжу Жер-Анаға әр уақытта жайлы бола бермеді. Адам қоршаған ортаны өзіне ыңғайлы тұраққа айналдыруға тырысты, алайда осы белсенділік көп жағдайда табиғатты күйзелтіп, қүлдыратып жіберді. Мәдениет пен табиғатты қарама-қарсы қоюдың бір түрі адамның табиғи анти мәдениеттілігі жөніндегі ілімдер еді (киниктер, Ницше). Контрмәдениет атты XX ғасыр туындысы бұқаралық мәдениеттегі руханилықтың затқа, тауарға айналуына қарсы қозғалыс сипатында болды. Мәдениет пен табиғатты ұштастыруға тырысатын ілім — мәдени антропология. Оның негізін са-лушылардың бірі — Э. Уилсон. • а) академик В.И. Вернадскийдің Ноосфера (парасатты орта) туралы ілімі; • ә) Рим клубының экологиялық түжырымдары; • б) Тейяр де Шарденнің адам жөніндегі гуманистік эволю-циялық теориясы; • в) Л.Н. Толстой, М. Ганди, А. Швейцер, Э. Фромм т.б. дамытқан гуманистік этика т.б. Тағы айта кететін жайт, осы экология мәселелеріне байланысты Шығыс пен Батыстың арасындағы айырмашылық туралы. Интровертивтік Шығыс мәдениеті табиғатқа жақын, ол үстемдік етуге шақырған жоқ. Сонымен, мәдениет адам мен табиғатты бөліп тұрған «қытай қорғаны» емес, керісінше, олардың арасындағы нәзік үндестік және рухани қыл-көпір. Осы үндестікті (гармонияны) одан әрі жетілдіру — адамзаттың алдындағы келелі міндет. Адам және мәдениет мәселесін тереңдете түсетін тағы бір жайт адамның қабілеттілігіне, жан-жақтылығына, шексіздігіне байланысты. Американ ғалымы К. Поппер айтқандай, адам бірдей үш дүниеге: физикалық, ментальдық (психикалық) және идеалдыққа жатады. Сонда мәдениет осылардың қайсысымен көбірек анықталады деген заңды сұрақ туады. Егер біз мәдениетті тек материалдық және рухани бөліктерге бөлудің қарадүрсін шеңберінен шыға алсақ, онда мәдениеттің өзінің ішкі мағынасында идеалды екендігіне көзіміз жетеді. Себебі, адамды қоршаған заттар, дүние — бұл мәдениеттің сыртқы көрінісі ғана, оның мәні — руханилықты адам әрекетінің нәтижесінде заттандыруда жатыр. Мәдениеттің ішкі мәні қоғамдағы өмір сүріп жатқан адамдардың өзіндік санасында, парасаттылық сезімдерінде, рухани ізденістерінде айқындалады. Ж. П. Сартрлық көсемсөзді қайталасақ, адам әлемге еркін жіберілген, ол еріктілік жазасына кесілген. Осы сипатта мәдениеттің құпиясы — адамдағы «Мендік». Одан сыртқа ерекше бір нұр — азаттық, жауапкершілік, адамгершілік сәулесі нұр шашып түр. Мәдениетте адам ғажап биік деңгейге көтеріледі. Мәдениет дегеніміз менің өмірім, менен бөлінген, мен өлгеннен кейін де тірі болатын менің шығармашылығым. Қоғам және мәдениет. Енді мәдениеттің қоғамда атқаратын қызметтерін талқылайық. Алдымен қоғам және мәдениет ұғымдарында қаншама ұқсастық, үндестік болғанымен, олардың арасындағы мағыналық, айырмашылықты естен шығармаған жөн. Бұл — мәдениеттің қоғамдағы басқа қызметтерін бойына жинақтайтын және оның негізгі мазмұнымен тікелей байланысты нышан. Егер біз адамды әлде құдай, әлде табиғат, әлде еңбек жаратты деген пікірталастардан сәл көтерілсек, адам мәдениетті, ал мәдениет адамды қалыптастырғанына көзіміз жетеді. «Жеке адам өзі өмір сүріп жатқан қоғамның туындысы, төл перзенті» (С. Мырзалин, Ә. Әлпейісов. Қоғам және мәдениет. Алматы, 1992, 14-бет). Маугли — көркем бейне. Жануарлар арасында кездейсоқ өскен адам мәдениеттік қасиеттерден жұрдай болады. Адамға ең қиыны — адам болу. Ал оның негізгі шарттарының бірі ретінде ізгілік пен зұлымдық, ақиқат пен жалғандық, әділеттілік пен өктемдік, бодандық пен азаттық, сұлулық пен ұсқынсыздық арасындағы адамның таңдауын аламыз. Соның нәтижесінде жеке тұлғада өзіндік сана тұрақталады, ол озық мәдениет үлгілерін өз бойына сіңіреді. Жалпы алғанда, мәдениеттің алға басуы дегеніміз дүниежүзілік тарихтың адам үшін, оның мүдделері мен өзіндік мақсаттары бағытында толыққанды ашылуы болып табылады. Мәдениеттің бұл қызметі бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілетін бүкіл адамдық өмір тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктеріне қатысты. Ақпараттық (информациялық) беріліс әлеуметтік жүйеде биологиялық тұқым қуалаушылықтан өзгеше жүреді. Шын мәнісінде қоғамда ұрпақтар жалғастығы мәдени мұраларды игеру, қабылдау және оны шығармашылықпен дамыту арқылы жүзеге асады. Мәдени ақпараттар — салт-дәстүр, әдет-ғүрып, рәсім-рәміз, діл мен тіл, дін және өнер, білім т.б. руханилықтың белгілі бір деңгейін меңгерудің нәтижесінде мәдениет субъектісінің өзіндік санасының жанды буынына айналады. Танымдық қызметі. Мәдениеттің қоғамдағы бүл қызметміндетінің сан алуан қыры бар. Бірден біздің назарымызды өзіне аударатын нәрсе — мәдениет пен білімнің ара қатынасы. «Табиғаттан қулығын асырып жіберуге» (Гегель) бағытталған адамдардың білімі, әрине мәдениеттің негізгі қүрамдас бөлігіне жатады. Ертедегі гректің «пайдейя», ислам Өркендеуіндегі «маариф», қазіргі өркениеттегі «интеллигенттілік» үғымдары мәдениет пен білімділіктің іштей туыстығын, үндестігін білдіреді. Осы сипатта, әсіресе зиялылар (интеллигенция) мәдениетті сақтау және дамыту ісінде үлкен қызмет атқарады. «Бүгінгі күнге лайық адамдық қарым-қатынас орнату — интеллигенцияның басты міндеті... Ал біздің өркениеттілігіміз жаппай компьютерге көшумен сипатталмауы керек, мәдени диалогтың түрін жасап, оны сақтай білу қабілетімізбен көрінуі керек» (Ә. Наурызбаева, Н. Скалон. Диалогтың мүмкіндігі. «Шаһар», 1993, № 1, 8-бет). Яғни білімділік мәдениеттіліктің маңызды алғышарты болғанымен, бұл екі ұғымның арасында елеулі айырмашылық, белгілі алшақтық, кейде тіпті қайшылық бар. Ғылымның бет алды дамуы, шектелмеген техникалық әрекет мәдениетке үлкен нұқсан келтіруі мүмкін. Тек жоғары деңгейде мәдениеті бар өркениет ғылым мен техниканың дамуындағы теріс салдарларды бейтараптандыра алады. Егер біз ғылым арқылы шындықты ашсақ, өнер арқылы әсемдікке ұмтыламыз, ал моральдық таным арқылы — жақсылық пен жамандықты айырамыз. Реттеу қызметі. Бұрынғы Кеңес Одағында шыққан кітаптарда «мәдениетті ғылыми жолмен басқару» атты сөз тіркесі кең етек алғанды. Бірақ адамның дүниеде өмір сүру тәсілі ретінде түсіндірілетін мәдениетті басқару мүмкін емес, әйтпегенде адамды тетікке, қуыршаққа айналдырған тоталитарлық айлашарғы үлгілерін көреміз. Айталық, Ертедегі Грекияда ешқандай шенеуніктер адам басына театрлар неше билет сатты деген ақпараттар жинаған жоқ. Солай болса да ол елдегі жоғары мәдениеттің және рухани ізденістің қандай деңгейде болғаны бәрімізге белгілі. Алайда солай екен-ау деп мәдениетке сыртқы ықпал жасау мүмкіндігін жоққа шығара алмаймыз. Мәдениет — «жабулы қазан емес». Мәдениеттегі реттеушілік әрекеттерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Мәдениетте күнделіктіден гөрі жоғарыға, идеалдыға, үлгіге көбірек көңіл бөлінеді. Мәдени үғымдарда нормативтік, ережелік талаптар басымырақ. Мысалы, «мәдениетті адам» дегенде оның адамдық жан-жақты белгілерді бойына толығырақ, тереңірек дарытқандығын көрсетеді. Ол — білімі ғылым деңгейіне, киімі сол кезде көп тараған сәнге, мінез-құлқы осы қоғамның адамгершілік талаптарына сай адам. Бұл мәдениеттің қоғамдағы негізгі қызметтерінің бірі. Адамдардың қарым-қатынасы, мәдениеттер сұхбаттасуы — әлеуметтік шындықтың басым көрінісі. Адам ерекше бір өрісте — қарым-қатынас өрісінде болады. Руханилық пен ізгілік, әдемілік пен жақсылық тербелісі адамды нәзік тормен қоршаған; қоғамдық өмірде тек зат пен тауар ауысуы ғана емес, ең алдымен идеялар, мамандық, шеберлік тәжірибелерімен, сезімдік үлгілерімен ауысу толастамақ емес. Мәдениет игіліктерін жас нәресте анасының ақ сүтін еміп, оның әлди жырымен сезім дариясына шомылып қана адамдық қасиеттерді бойына сіңіре бастайды. Ғылымда социализация (әлеуметтену) деп аталатын процесс те мәдени қарым-қатынасқа негізделген. Мәдени қарым-қатынастың түрлері дегенде олардың әмбебаптығына және көп мағыналылығына көңіл бөлу қажет. Мәдени құндылықтарды оларды жасаушылар және тұтынушылар арасындағы қарым-қатынас ретінде алуға болады. Мәдени туынды қаншама асыл болғанымен, егер ол рухани азық ететіндері белгілі бір себептермен жетпей жатса, онда ол мәдени айналыстан шығып қалады. Адам тұрмайтын үй қаңырап бос тұрады, отарба жүрмейтін темір жол —жай темір мен ағаштың үйіндісі, ешкім оқымайтын кітап — шаң басып жатқан қағаз. Мәдени болмыстың тірегі деп қарым-қатынасты айтамыз. Мәдениеттің қоғамда атқаратын басқа да қызметтері жеткілікті. Зерттеушілер оның аксиологиялық, футурологиялық, герменевтикалық т.б. түрлерін атайды. ҚОЛТЫҚ ШӨГІНДІЛЕРІ. ҚОЛТЫҚ ШӨГІНДІЛЕРІ, лагуна шөгінділері, қолтық айдындарына жиналған шөгінділер. Суы тұ-щы қолтықтарда құмды, сазды, кейде органик. заттарға бай сазды-карбонатты жыныстар шоғырланады, оларда көмір қабатшалары мен линзалары кездеседі. Суы ащы (тұзды) қолтықтарда түрлі хемогендік қосылыстарға бай күкіртсутек мол қара лай тұнады. Тұзды Қ. ш-нің қазбалы түрі құрамында натрий сульфаттары мен хлоридтерінің қабаттары, гипс, ангидрит, доломитті әктастар, кейде магнезит кездеседі. Қ. ш-нде фауна қалдықтары кездеспейді, не олардың санаулы ғана түрлері ұшырасады, құрамы бірыңғай келеді. Қ. ш-н құраушы жыныстар мен фациялардың көлбеу және тік бағытта тез өзгеріп алмасатындығы олардың теңіздік және құрлық шөгінділері ұштасқан аралық жағдайда қалыптасқандығын көрсетеді. Құрғақ климатты Каспий т-нің шығыс жағында 20 ғ-дың 30-жылдары Өлі Қолтық және Қайдақ шөгінділері пайда болған. Каспийдің деңгейі екі метрдей төмендегеннен кейін Өлі Қолтық құрғап кетті де, Қайдақ қолтығы теңізден бөлініп қалды. Қазақстан өңірінде әр геол. кезеңде жиылған Қ. ш. және олармен байланысты түрлі кен байлықтары (тұздар, гипс, ангидрит, көмір) көп. Мыс., Маңғыстау обл-ндағы Таушық қоңыр көмір кені юра кезеңіндегі Қ. ш-нен түзілген. ҚОМША. Қ-ны ескі киізден, бөстектен, ескі-құсқы киімнен жасайды. Қ. жақын жерге жүк тасуға лайықталып жасалынған қомның бір түрі. Алыс сапарға шыққанда не көшкенде арнайы қомша немесе жазы жасайды. ҚОМЫЗ. ҚОМЫЗ, "комуз" – 1) қырғыз халқының ішекті шертпелі музыкалық аспабы. Тұтас ағаштан ойып жасалады. Үш ішегі бар, пернелері болмайды. 1-ші және 3-ші ішектерінің дыбыс үндестігі әдетте ұқсас, ортаңғы ішек онан кварта немесе квинта жоғары бұралады. Қ-дың ұз. шамамен 85 см. 2) Түрік халқының варган аспабы. Жасалатын материалына байланысты Қ. атауына сол материалдың аты қосыла аталады (мыс., темір қомыз). 3) Дағыстанның бір қатарлы гармоны. Салыстырмалылық теориясы. Салыстырмалылық теориясы бастамасы салыстырмалылық принципінде негізделеді. Ұғымды 1906 жылы Макс Планк енгізген. XX ғасырдың басында салыстырмалық принципі оптика мен физикаға және физикалық басқа салаларына қатысты екендігі белгілі болды. Салыстырмалық принципі өзінің мэнін кеңейтіп, мынадай анықтамаға ие болды: оқшауланған материалдық жүйеде кез-келген процесс бірдей жүреді, және ол жүйе бір қалыпты түзу сызықты қозғалыс жағдайында болуы керек. Немесе физиканың заңдары бар-лық инертті жүйелерде бірдей формаға ие. Бір инертті жүйеден келесіге ауысу Лоренц қайта өзгертулері арқылы жүзеге асырылады. Бірақ жарық жылдамдығы түрақтылығы туралы мәліметтер қайтадан жаңа түсініктерді қажет ететін мәселелерге әкеліп тіреді. 1904 жылы X. Лоренц қозғалыстағы дене өзінің қозғалыс бағыты бойынша қысқаратындығын және әртүрлі жүйелерде байқалатын уақыт аралықтары өлшенетінін айтты. Бірақ, келесі жылы А.Эйнштейн Лоренц қайта қүруларындағы байқалатын уақытты нақты уақыт ретінде қарастырды. Жалпы салыстырмалылық теориясында кеңістік- уақыт қатынастарының материалдық процестерге қатысының жаңа жақтары ашылды. Жалпы салыстырмалылық теориясы инерциялық және гра-витациялық массалардың эквиваленттік принципінен шығады. Атап айтқанда, массалардың эквиваленттік принципінің негізінде салыстырмалылық принципі қалыптасты, ол жалпы салыстырмалылық теориясында табиғат заңдарының инварианттылығын бекітті. Салыстырмалылық теориясы кеңістіктің ауырлық күшінің әсерінен майысатындығын және уақыт барысының күшті гравитациялық өрістерде баяулайтыкын анықтады. Жалпы салыстырмалылық теориясының фантастикалық болжам-дарының бірі - өте күшті тартылыс өрісінде уақыттың толық тоқтайтындығы туралы. Тартылыс күші артқан сайын уақыттың баяу-лауы да күшейе түседі. Уақыттың баяулауы жарықтың гравитациялық қызыл орын ауыстыруы арқылы байқалады да, толқындар үзындығы артқан сайын оның жиілігі азая береді. Белгілі бір жағдайда толқын үзындығы шексіздікке, ал жиілігі нөлге үмтылады. Салыстырмалылық теориясы уақыт пен кеңістіктің бірлігін көрсетті, кеңістік-уақыттық төртөлшемдік контимуум туралы түсінік қалыптасты. Салыстырмалылық теориясы масса мен энергияны Е-МС қатынасымен байланыстырды, мұнда С - жарық жылдамдығы. Салыстырмалылық теориясында екі заң - зат массасының және энергиясының сақталуы заңдары бірігіп, энергия және зат массасының сақталуы деген бір заңға айналды. Христиан Гюйгенс. Гюйгенс Христиан (, 1629 ж. Гааге қаласы - 1695) – голландиялық физик, механик, математик және астроном. 1645-1647 ж.ж. Лейден университетiнде және 1647-1649 ж.ж. Бред университетiнде оқыған. 1665-168 ж.ж. Парижде тұрып, Париж ғылым академиясының мүшесi болып тағайындалады, 1681 ж. бастап Гаагада тұрады. Гюйгенстiң физикалық зерттеулерi механика, оптика, молекулалық физика салалары бойынша болды. Ең алғаш 1656 ж. маятниктi сағатты ойлап тапты. Физикалық маятниктiң тербелiс центрiн және оның тербелiс периодын анықтау бойынша есеп шығарды. Сонымен қатар серпiмдi денелердiң соқтығысуын зерттеп, 1669 ж. оның заңдарын қорытты және "тiрi" күштердiң қозғалыс мөлшерiнiң сақталу заңын орнатты. 1678 ж. жарықтың толқындық теориясын ашты. Жарықтың таралу механизмiн түсiндiрiп, өзiнiң атымен аталатын әйгiлi принципiн ашты (Гюйгенс принципi). "Кристалл осi" деген түсiнiктi енгiздi. 1678 ж. жарық поляризациясын ашты. 1665 ж. Р.Гукпен бiрге термометрдiң тұрақты нүктелерi – мұздың еру нүктесi және судың қайнау нүктесiн орнатты. 1667 ж. су қатқан кезде ұлғаятынын көрсеттi. Цельсий Андерс. Цельсий Андерс (), 1701 - 1744) - Швед астрономы, физигi. Ғалымның астрономия, геофизика және физика салалары бойынша көптеген еңбектерi бар. Солтүстiк территориялардың зертеулерiне үлкен үлес қосты, негiзiнде меридианды өлшеу мақсатындағы Лапландық экспедициясына мүше болған. Полярлық аудандардан оралысымен Цельсий Упсалда астрономиялық обсерваторияның ұйымдастырылуы мен құрылысы жайындағы жұмыстарға белсене кiрiседi де 1740 ж. обсераторияның директоры болады. 1742 ж. ол 100 – градустық бағанын (шкала) ұсынады. Онда 0 градус ретiнде қалыпты судың атмосфералық қысым кезiндегi судың қайнау температурасы, ал 100 градус ретiнде мұздың еру температурасы алынған. Шкаланың бiр бөлiгi 1/100 дi құрайды. Бiрақ та бүгiнгi күнде қолданыста жүрген градустық құрал, Халықаралық практикалық температуралық бағаны болып табылады, оның негiзiнде Цельсий және Кельвин принциптерi алынған. Достық бекеті. Достық бекеті Алматы облысы Алакөл ауданында қарайтын кішкентай ғана қалашық. Қытай халық Республикасы мен Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында шекарасында орналасқан. Шекарада орналасқандықтан "кеден ісі" жақсы дамыған. Барлық Қытай мемлекетіне өтетін темір жол қызметі осы Достық арқылы өтеді. Сол себепті, Темір жол жүйесі жақсы дамыған. Сонымен қатар, Қытай мен Қазақстан арасындағы сауда-саттық жақсы дамыған орталық ретінде саналады. Бекетте екі мектеп, біріншісі "Достық орта мектебі", екіншісі "Достық қазақ орта мектебі" бар. Сондай-ақ, 30-ға жуық медициеа мамандары бар орталық ауруханасы бар. Тұрғызба ауылы. Атырау облысы Құлсары қаласындағы Тұрғызба ауылының негізі ХХ ғасырда салынған. Алғашқыда кішігірім мекен болған бұл жерге кейін үйлер көптеп салынып, үлкен колхоз орталығына айналған. Бүгінгі күнде бұнда бір мешіт, М.Әуезов атындағы №4 мектеп, бір емхана және әкімшілік халыққа өз қызметін көрсетеді. Жеке кәсіпкерлердің ашқан дүкен, кафелері де халық ықыласына ие болып жүр. Бүгінгі күнде Тұрғызба ауылының әкімінің міндетін атқарушы - Бисетай Қариев, мектеп директоры - Балтоғаева Оңай, бас дәрігер - Ермұқанова Салтанат. Ауыл тұрғындарының аз бөлігі ғана ауыл шаруашылығмен күн көреді. Көпшілігі жақын маңда орналасқан ТШО компаниясында қызмет атқарады. Бүгінгі күнде "Дипломмен ауылға" бағдарламасының аясында ауыл мектебі, емханасы, әкімшілігінде білімді мамандар көбеюде. Қайнар ауылы. Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Қайнар ауылында 300-ге жуық отбасы тұрады, Ауылымызда жақында ғана күркетауық өсіріп, өнімін халыққа тарататын "Ордабасы құс" деген фабрика іске қосылды. Бұдан алдын "Қайнар құс" деген тауық фабрикасы істейтін. Ауыл тұрғындарының басым көпшілігін осы фабрикалар жұмыспен қамтып отыр. М. Әуезов атындағы орта мектепте 800-ден астам оқушы білім алып, оларға 80 ұстаз білім беруде. Екі қабатты аурухана, "Раушан" бала-бақшасы, Қазпочта,т.б мекемелер халыққа үздіксіз қызмет көрсетуде. Ауылдағы үйлердің 80 пайызы газбен, таза ауыз сумен қамтамасыз етілген. Ауылда үлкен алма бағы бой көтеріп келеді. Былтыр алғашқы өнімін берген. Және бір жылыжайда қысы-жазы қызанақ, қияр секілді көкөністер өсіріп жатыр. Ынталы ауылы (Алматы облысы). Алматы облысы, Алакөл ауданы, Ынталы ауылы тұрғындарының жалпы жансаны - 1300-дей адамды құраса, отбасы 180 дей ғана болып келеді. Олардың 80-ге жуық отбасы Қытай Халық Республикасынан көшіп келген оралмандар болып табылады. Ал, ондағы Ынталы орта мектебінде 200-ге тарта ғана оқушылар білім алып жатса, 40 жуық оқытушы мамандар жұмыс жасайды. Ал, ауыл тұрғындары болса, егіншілікпен, мал шаруашылығымен, сондай-ақ, жанама кәсіп көздерімен де шұғылданады. Мысалға, айналасы аядай ғана шағын ауылда 70 ке жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырған мал фермасы жұмыс жасайды. Бір қызығы аядай ғана деп сырт көзге шағын көрінгенімен, аталмыш ауылда екі соғыс ардагері, екі тыл ардагері, бес бірдей көп балалы - күміс алқа иегері, екі алтын белгі иегері бар. Ал, шағын ауылдың мәдениет ошақтары да, арнайы әкімшілік орындары да, бес бірдей шағын азық-түлік дүкендері жұмыс жасайды. Ауыл аудан орталығынан 20 шақырымға қашық. Ауыз суы таудан келетін табиғи суды пайдаланса, егіншілікті атақты Жетісудың алғашқы өзені тебіндеген - Тентек өзені ауылдың мақтаныштарына айналып отырған байлық көзі болып табылады. Қаратау қаласы. Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласының іргетасы химия өндірісін дамыту мақсатында 1963 жылы қаланған. Халқының саны бір кездері 43 мыңға дейін жеткен, ал қазіргі таңда кеншілер қаласында 28 мың халық тұрады. Бұлайша халық санының азаюына 1997-1998 жылдары елімізде болған дағдарыс әсер еткен болатын. Себебі дәл сол кезде жұмыстан қысқартылған адамдар тұрғын үйлерін тастап, өзге жаққа қоныс аударуға мәжбүр болды. Бүгінгі күнге дейін сол тұрғын үйлердің жағдайы өзгермеген. Қаратау қаласына кірген сәтте көзіңізге қаңырап тұрған үйлерді көресіз. Көресіз де, қалаға жаныңыз ашиды. Аталған қалада жоғарғы оқу орындары, колледждер жұмыс жасағандықтан, аудан көлеміндегі жастар келіп оқиды. Бұл дегеніміз, қалада жастардың үлес салмағы көп. Қаратау қаласында "Батырлар аллеясы" арнайы салынған. Онда Талас ауданының 61 батырының ескерткіші орналасқан. Қаладағы тағы бір ерекшелік, қала көшелерінде мақал-мәтелдер, ұлағатты сөздер жазылған тақтайшалар көңіліңізге қуаныш ұялатады. Биылғы жылы Қаратау қаласына кіре берісте "асығыңыз алшысынан түссін" деген ырыммен салынған асық ескеткіші бар. Бұл да Қаратау қаласының қазақи қалалардың бірі екенін аңғартқандай. Үстірт. "Үстірт" - батысында Маңғыстау түбегі мен Қарабұғазкөл шығанағы, шығысында Арал теңізі мен Әмудария атырауы аралығын алып жатқан дөңесті аймақ. Оңтүстік батыстын солтүстік шығыс бағытта 550-600 шақырымға созылған, ал ені 300-400 шақырым. Ауданы мың шаршы шақырым. Үстірттің орташа биіктігі 150-200 метр, оңтүстік батысындағы ең биік жері 341 метр (Мұзбел жоны). Тұран ойпатында орналасқан геологиялық құрылысы ұқсас. Үстірттің солтүстік бөлігі мен шығыс бойлықтың 56 градусына дейінгі батыс бөлігі Қазақстан аумағына кіреді (Маңғыстау облысы). Қалғаны Өзбекстан. Пәлсапа. Пәлсапа-адамзат баласының сонау ықылым заманнан басталған білімі, қоғамдық сананың формасы, болмыс пен танымның жалпы заңдылықтары туралы ілім. Кез-келген адамды әлем, қоршаған орта, қоғам, дін, діл, білім, саясат, мәдениет секілді мәселелер бей-жай қалдырмайтыны айдан анық. Міне, осы іспеттес мәселелер философия пәнінің негізгі қарастыратын бөлімдері болып табылады. Философия сөзі грек тілінен аударғанда -даналыққа деген махаббат мағынасын білдіреді. Б.з.д. 7-6 ғ.ғ. Ежелгі Үнді, Қытай Және Грек жерлерінде бір уақытта пайда болады. Мәліметтерге сүйенсек, «философия» терминін алғаш қолданған Антика дәуірінің атақты философы және математигі Пифагор. Философия дүниегекөзқарастың бір түрі. "Дүниегекөзқарас"- дүние туралы жалпы пікірлер жиынтығы және адамның әлемдегі орыны жайлы көзқарасы. Тарихи тұрғыда қарайтын болсақ, дүниегекөзқарас үш негізгі типтен тұрады: Мифологиялық, діни, философиялық. Философияның пайда болуы адамзат баласының білім деңгейі мен ой-санасының едәуір дамуына байланысты әлемді ғылыми тұрғыда түсінуімен орайлас дүниеге келді. Сан қырлы табиғат құбылыстарының мәнісін түсінуге тырысқан ойшылдардың философиялық көзқарастары-философия ғылымының беташары іспеттес болды. Алғашқы философиялық ойлардың формасы натурфилософиялық бағытта дамыды. Философия пәні қоғамның дамуымен тығыз байланыста бола отырып, рухани өмірдің барлық қырларын қамтыды. Философияны алғаш рет ерекше теориялық білім ретінде жинақтап дәлелдеген ерте грек философы Аристотель (б.з.д. 384-322 ж.ж.). Философияның өз алдына ғылым болып қалыптасу барысында қарастыратын мәселелеріде айқындала түсті: Онтология-болмыс туралы ілім (немесе дүниенің бастамасы жайында); гносеология-таным туралы ілім; Аксиология-рухани құндылықтар туралы ілім; Праксиология –адам шығармашылығы туралы ілім; Антропология-адам туралы ілім; Логика-дұрыс ой-қорыту жөніндегі ілім. Философия пәнінің зерттейтін сұрақтары: болмыстың өмір сүру жағдайы, материя, оның формалары, сана және санасыздық, адам, оның өмірдегі мәні мен әлемдегі алатын орыны, жан, адамның рухани өмірі, қоғам, табиғат, өркениет, экология, дүниені танып білу, қозғалыс, диалектика және оның заңдары. Ф.Энгельстің тұжырымдауы бойынша философияның негізгі сұрағы- ойлаудың (сананың) болмысқа, рухтың материяға (табиғатқа) қатынасы. Міне, осы мәселеге байланысты қоршаған орта мен адамның әлемдегі алатын орыны айқындала түспек. Философияның негізгі пәні мен обьектісі-адам және оның әлемдегі орыны. Философияның негізгі мәселесін (ойлау мен болмыстың арақатынасы туралы) сөз еткенде бұл сұрақтың екі жағы бар екенін ажырата білу керек. бірінші жағы: дүниенің негізі, бастамасы не -идея, рухпа әлде материя ма деген онтологиялық (болмыс туралы ілім) сұрақ қояды. екінші жағы: адам баласы дүниені танып-біле алама әлде танып-біле алмайма деген гносеологиялық (таным туралы ілім) мәселе көтереді. Философияның онтологиялық мәселесіне байланысты философияда негізгі екі бағыт пайда болды. Олар материализм және идеализм. Онтологиялық сұрақ- дүниенің бастамасы не, дүниенің негізі материя не сана, рухпа деген деген сұрақ төңірегінде мәселе қозғаса, ал гносеология-дүниені танып-білу мүмкінбе әлде мүмкін емеспе деген сұрақ қояды. Дүниенің алғашқы бастамасы, түп негізі не деген сұраққа жауап беру барысында философияда екі негізгі бағыт пайда болды, олар: материализм және идеализм. Материалистік бағыт-дүниенің негізі кез-келген бір материядан тұрады, материя-санаға тәуелсіз реалды өмір сүретін, өзіндік заңдылықтармен дамуға қабілетті деп тұжырымдайтын пікір. Материя—адамның санасынан тыс, тәуелсіз өмір сүретін және санада бейнеленетін (сана арқылы сипаттауға болады) обьективті шындық. Материя әлемде нақты өмір сүретін шексіз көп обьектілер мен формалардың субстанциялық негізі болып табылады. Материалист-философтардың қатарына саналатындар: Демокрит, Фалес, Анаксимандр, Анаксимен, Эпикур, Бэкон, Локк, Спиноза, Дидро, Герцен, Чернышевский, Маркс, Энгельс, Ленин т.б. Идеализм-философияның негізгі мәселесін шешудегі материализмге қарама-қарсы бағыт, яғни материя мен сана қатынасында дүниенің бастамасы ретінде сананы (идеяны), рухты жақтайтын көзқарас. Обьективті идеализм өкілдерінің тұжырымдауы бойынша тек қана реалды идея ғана бар, идея-алғашқы, барлық қоршаған орта, шындық- «идеялар әлемі» және «заттар әлемі» болып бөлінеді. «Идеялар әлемі» (эйдос) әлемдік зердеде өмір сүреді, заттар әлемі -өзіндік тіршілігі жоқ, жекелеген заттар Жаратушыға ғана тән құбылыс, «идеялар әлемі» санадан тәуелсіз өмір сүреді, себебі, адамның ойы, идея тіпті табиғаттың өзі абсолюттік идеяның, дүниежүзілік, әлемдік рухтың бір бөлшегі ғана, яғни дүниенің негізі- о дүниелік сана, «абсолютті рух». Обьективті идеализм әдетте теологиямен бірігіп кетеді де, діннің өзіндік бағыт алған философиялық негізі болып табылады. Субьективті идеализм- бүкіл дүние-біздің санамызда, субьектінің сана-сезімінің жасаған немесе біздің түйсіктеріміздің, алған әсеріміздің жиынтығы. Бұл жағдайда алғашқы бастамаға адамның санасы алынады да, сонан кейін барып одан табиғат шығарылады, соған орай заттар мен бүкіл дүниенің обьективті өмір сүруі, олардың даму заңдылықтары теріске шығарылады, өйткені адам санасынан тыс материяда, рухта жоқ»,- деген пікірді ұстанды. Уақыт өте келе дүниенің бастамасы мәселесіне байланысты философияда бірнеше пікірлер қалыптаса бастады. Олардың қатарына: монизм, дуализм деизм саналады. Монизм (гр. Monos - біреу, жалғыз) –дүниенің алғашқа негізі ретінде бір ғана бастаманы мойындайтын философиялық ілім. Идеалистер үшін алғашқы бастама-идея, сана. Материалистер үшін- материя алғашқы бастама болып табылады. Дуализм (лат. Duo-екеу) –монизмге қарсы, дүниенің негізі екі бастамадан тұрады, екеуі бірін-бірі толықтырып отырады деп тұжырымдайтын пікір. Негізін салған Р.Декарт. Деизм-(лат. Dues- Құдай) дүниенің негізін Құдай жаратты, бірақ, адамның іс-әрекетімен қоғам өміріне араласпайды деп тұжырымдау. Негізін салған 17 ғ. Ағылшын философы, лорд Чербери. Философияның негізгі сұрағының екінші жағы дүниені танып-білу мәселесі екендігі жоғарыда айтылған болатын. Бұл мәселені қарастыру барысында қарама-қарсы көзқарастар пайда болды, олар философиядағы гностицизм және агностицизмдік көзқарастар. Гностицизм (гр. gnostos-білім) дүниені танып-танып білу мүмкіндігіне сенетін, мойындайтын ілім. Адамның санасы, зердесі дүниенің барлық қыр-сырларын танып-біле алады деп тұжырымдайтын философиялық көзқарас. Агностицизм (гр. а-теріске шығару, ал gnostos-білім)-дүниені танып-білу мүмкіндігін теріске шығаратын ілім. терминді алғаш ағылшын жаратылыс зерттеушісі Гексли енгізді. Дүниеге философиялық көзқарастың мәні онтологиялық және гносеологиялық мәселелерді қарастырумен ғана анықталып, шектелмейді. Әлемді философиялық тұрғыдан қараған кезде танып –білудің қандай әдіс қолданылатындығын естен шығармауымыз керек. Егер философия тарихына жүгінетін болсақ, бір-біріне қарама-қарсы екі ойлау әдісі-диалектика мен метафизикалық әдістерін аңғарамыз. Диалектика (гр. Diolegomai-әңгімелесу, пікірлесу) – обьективті шындықтың, табиғаттың, қоғамның, ойлаудың даму заңдылықтарын зерттейтін ілім. Антика дәуірінің өзінде-ақ дүниенің, тіршіліктің өзгермелілігін мойындап, шындық атаулыны үнемі дамып, өзгеріп отыратын процесс ретінде қабылдады. Осы жағдайларға байланысты кез-келген нәрсенің бірлігі мен қарама-қайшылықтар күресінің қатынасын көрсетуде диалектиканың маңызы зор (Гераклит, Пифагоршылдар). Метафизика. Ерте заманда бұл сөз өмірдегі барлық нәрсенің түп негізі туралы ілім деге мағынаны білдірген. 16 ғасырдан бастап «Метафизика» терминімен қатар сол мағынада «Онтология» терминіде қолданылды. Метафизика-заттар мен құбылыстар бір-бірімен байланыссыз, қозғалмайтын, мәңгі-бақи бір қалыпты, ішкі қайшылықтары жоқ деп есептейтін философиялық ілім (сөзбе-сөз аударғанда-«физикадан кейінгі келетін» мағынасын білдіреді). Тағы қараңыз. Антикалық пәлсапа Антикалық пәлсапа. Антикалық пәлсапа алғашқы қауымдық құрылыстың орнына құл иеленушілік құрылыс келген дәуірде өмірге келді. Ертедегі Грекияның алғашқы философтары стихиялы материалистік бағытты ұстануымен ерекшеленеді. Олар бүкіл дүниені тұтастай алып қарап, әлемнің, дүниенің түп негізін, алғашқы бастамасын табуға тырысты. Антикалық философтарды «физиктер» деп атаған. Себебі, олар философиялық ойларын табиғат құбылыстарымен байланыстыра отырып тұжырымдаған. Мұндай философиялық пікірді философияда «натурфилософия» деп атайды. Дүние қалай пайда болды, қалай жаратылды, ең бірінші не пайда болды деген сұраққа ерте грек ойшылдары жауап бере отырып, өз пікірлерін алға тартты. Милет мектебі. Милет мектебі - Грекиядағы ең көне материалистік философиялық мектеп. Милет қаласы сауданың, теңізде жүзудің, мәдениеттің ірі орталығы болды, ал бұл жағдайлар Фалес, Анаксимандр және Анаксимен секілді көрнекті милеттіктердің ой-өрісі мен ғылыми ынта-талабының жан-жақты өрістеуіне жағдай жасады. олар математика, география, астраномия салаларында ғылыми жаңалықтар ашты. Фалес. Фалес (б.д.д. 624-547ж.ж.) – Милет қаласынан шыққан грек философы және саяси қайраткері. Аңыз бойынша ерте грек жеріндегі жеті данышпанның бірі. Мысыр және Вавилонда математика және астрономия ғылымдарымен танысады. Б.д.д. 585-584 ж.ж. күннің тұтылуын алдын - ала дәл болжаған деген мәлімет бар. Сондай-ақ пирамиданың көлеңкесінің ұзындығы бойынша пирамиданың биіктігін анықтайды. Фалес бір жылды 365 күнге, 365 күнді 12 айға бөліп, күнтізбенің (календарь) жасаудың алғашқы бастамасын көрсетуші ретінде және стихиялы-материалистік Милет мектебінің негізін қалаушы ретінде танымал. Ол заттардың алуандылығынан бірегей бастапқы негіз іздеп, оны материалды, нақты зат деп есептеді. Дүниенің, барлық нәрсенің түп негізі, алғашқы бастамысы – су деген пікірді ұстанады. Өйткені бәрі судан пайда болады, бәрі қайтадан суға айналады дейді. Анаксимандр. Анаксимандр (шамамен б.д.д. 610-546 ж.ж.) – ежелгі гректің материалист – философы, стихиялы диалектик, Фалестің бас шәкірті. Грециядағы «Табиғат туралы» атты тұңғыш ғылыми шығарманың авторы, бірақ бұл шығарма бізге жеткен жоқ. Анаксимандр дүниенің негізі, бастамасы ретінде – «архе» («негіз») ұғымын енгізді, дүниенің негізі - апейрон (шексіз нәрсе) деп есептеген. Апейронның ыстық пен суықтың қарама-қарсылығы туады; олардың күресі космосты дүниеге әкеледі; ыстық-от ретінде көрініс тапса, суық аспан мен жерге айналады. Анаксимандр материаның сақталу және айналу заңын тұңғыш рет тұжырымдады. Анаксимандрдың космологиялық теориясы бойынша жазық цилиндр формасындағы Жер Ғаламның ортансында тұр. Жер төңірегінде аспанның үш сақинасы: күн, ай және аспан денелері – жұлдыздар айналып жүреді. Тарихта тұңғыш рет эволюция идеясын ұсынды: адам – балықтан пайда болған. Анаксимен. Анаксимен (шамамен б.д.д 588-525 ж.ж.) – ежелгі грек материалист – философы, стихиялы- диалектик, Анаксимандрдың шәкірті.Оның ілімінше, барлық нәрсенің бастамасы материадан – ауадан пайда болған, қайтадан ауаға айналады. Ауа шексіз, мәңгі, қозғалыстағы зат. Қоюланғаннан кейін – бұлтқа, суға, жер мен тастарға, сейіліп – отқа айналады. Мұнда санның сапаға ауысу идеясы көрініс тапқан. Ауа бәрін қамтиды: ол әрі жан, әрі ғаламның сансыз заттардың өмір сүретін ортасы. Анаксимен жұлдыздар – от, бірақ оның жылуын сезінбейміз, өйткені олар өте қашықта орналасқан, күн қатты жанып тұрған алып аспан денесі деп үйретті. Материализм мен диалектика идеаларын әрі қарай дамытқан Гераклит (шамамен б.д.д 544-483 ж.ж.)- ежелгі грек философ-материалисі, диалектик. Кіші Азиядағы Эфесте туған. Гераклиттің бізге тек үзінділері ғана жеткен «Табиғат туралы» шығармасы сол заманның өзінде атақты еңбектердің бірі болған. Гераклиттің пайымдауынша дүниенің негізі - от, ол әрдайым өзгеруде әрі қозғалыста. Барлық әлем, жекелеген заттар, тіпті адам жаны да оттан жаралған. «Космос баршаға ортақ, оны ешқандай Құдайда, адамда, жасамаған, ол қашаннан болған, қазірде бар, бұдан былайда мәңгі жанып тұратын от, тұтанып және өлеусіреп сөніп бара жатқан оттың өлшемі» Зат атаулының бәрі қажеттілікке орай оттан пайда болады, оны Гераклит «логос» деп атайды. Әлемдік процесс ұдайы қайталанып отырады; «ұлы маусым» біткен соң заттардың бәрі қайтадан отқа айналады. Табиғат тіршілігі-толассыз қозғалыс процесі, барлық нәрселер, олардың қасиет-күйлері өздерінің қарама-қарсы жағына ойысады: суық-ыстыққа, ыстық-суыққа айналады. Бәрі өзгере отырып жаңарады. Соған орай Гераклиттің атақты тұжырымдамасы қалыптасады: «Бір өзенге екі қайтара түсе алмайсың». Гераклит дүниені танып-білуге болатындығына кәміл сенеді, сондықтан адам баласының ақыл-ой қабілетіне бөгет жоқ деп есептеді. Сонымен бірге ол ақиқатты танудың, оған жетудің қиындығын түсініп, табиғат жасырынуды ұнатады деде. данышпан болу үшін көзі ашық, көкірегі ояу болу-жеткіліксіз. табиғаттың сырын ұғу үшін адамның ұлы қасиеті болып табылатын ерекше ойлау қабілеті болуы керек. Пифагоршылдар. Пифагоршылдар-б.д.д. 6-ғасырдың 2-жартысында пайда болған философиялық ағым. негізін қалаған көне грек философы, математик және астраном. Пифагордың философиялық теориясы біртұтас жүйе болып қалыптасты. Пифагоршылдар бастапқы негізді санмен таңбалап, осы бағытта жұмыс жасайды. Сан-негіз; сан-заттар үшін материя; сан-үйлесімді тіркестерге тән ерекшеліктермен қатынастардың көрінісін, арақатынасын зерттей отырып, кез-келген процестердің бастауында теориялық жағынан санмен өрнектелетін жекелеген пропорция, заңдылық бар деген қорытынды жасайды. Бірліктен ондыққа дейінгі сандық қатарды Пифагор дүниенің сандық алуакн түрлілігінің түп негізі деп санаған. Сандардың қасиеттерін зеттей отырып, Пифагоршылдар жұп және тақ сандарды ашуымен бірге, тік бұрышты және үшбұрышты сандарды сипаттады. Ойдың қалану геометриясы-нүктеге, сызыққа, жазықтыққа, көлемге негізделген. Демек, Пифагоршылдар жүйесіндегі сандар болмыстың жалпылама негізіне байланыстырылған кеңістіктің таңбалануы. Соған орай «бәрі-сан» деген тұжырым қалыптасты. Олардың музыкалық интервал туралы ілімінде акустика мен аспан механикасының математикалық негіздері баяндалған. Пифагоршылдар философия мен ғылымның әрмен қарай дамуына орасан зор әсер етті. Элей мектебі. Элей мектебі-б.д.д. 6-5 ғ.ғ. Элей қаласында (оңтүстік Италия) пайда болған философиялық мектеп. Басты өкілдері - Ксенофан, Парменид, Зенон, Мелисс. Элей мектебінің негізгі мәселесі-болмыс болды. Ксенофан. Ксенофан (б.д.д. 6-5 ғ.ғ.)-Элей мектебінің негізін салушы. бүкіл мифологияны алғаш сынаушылардың бірі: «адамдар Құдайды тек өздеріне ұқсатып жасайды, егер жануарлар Құдайға сенетін болса, оларда Құдайды өздеріне, яғни жануарға ұқсатып елестетер еді»,- дейді. Дүние жер мен судан пайда болды деген көзқарасты ұстанады. болмыс-барлық жерде бірдей, өзіне тең, біртекті, өзгеріссіз деп санады. Парменид - «болмыс» ұғымын алғаш рет философияға енг3зген6 ежелг3 грек философы, Элей мектебінің өкілі. Парменид дүниені қозғалмайтын, тұтас, толтырылған шар түрінде елестетті. Екі бастаманы көрсетеді-от, жарық және қараңғылық. Сезімнің көрсетуіне сенбеу, пайымдық білімді жоғары бағалау Парменид іліміндегі рационализмнің басым екендіген аңғартады. «Болмыс-бар нәрсе, олай болса ол туралы ойлауға, оймен бейнелеуге, зерттеуге, сипаттауға болады»,-дейді. Зенон. Зенон (б.д.д. 490-430 ж.ж.)-Элей мектебінің өкілі. философияға тұңғыш рет диалог формасының қолданылуын енгізді. Ол қозғалыстың диалектикалық табиғаты туралы мәселелерді теріс формада қолданды. Зенон үшін болмсыста қайшылық жоқ, сондықтан қайшылықты болмыс-жалған (елес) болмыс. «Ахилл және тасбақа», «Жебе» т.б. апорияларымен белгілі. Апория (гр. aporia-шарасыздық)-ежелгі грек философиясында шешілуі қиын мәселені білдіретін ұғым. Апория заттың өзінде немесе ол туралы ұғымдағы қарама-қайшылықтың негізінде пайда болады. Зенонның қозғалыстың мүмкін еместігі туралы пайымдауларын апория деп атайды. Зенон апорияларының мәні мынадай: белгілі қашықтықтан өту үшін оның жартысын жүріп өту керек; жартысын жүріп өту үшін осы жартының жартысын жүріп өту керек, сөйтіп осылай кете береді. Бұдан шығатын қорытынды: қозғалыстың басталуы мүмкін емес. атомдық көзқарас. Демокрит (б.д.д. 460-370 ж.ж.)-ежелгі грек материалист-философы, Левкипптің шәкірті, гректердің тұңғыш энциклопедист ойшылы. Демокрит-атомдық көзқарастың негізін салушылардың бірі. Ол дүниенің бастамасы ретінде екі негізді-атом мен бос кеңістікті алға қояды. Атомдар бос кеңістікте бір жерден екінші жерге ауысып, үздіксіз қозғалып отырады. Осы қозғалыс процесінде олар бір-бірімен қосылып, тұтас материяны құрайды: отты, суды, жерді тудырады. Атомдар-болмыс, ал бос кеңістік-болмыс емес. Демокрит біздің сезім мүшелеріміз-көру, есту, иіс сезу, дәм білу, тән сезімдеріміз-заттар мен қозғалыстардың бәрін бірдей қабылдай алмайды, дүниеде шексіз ұсақ нәрселер бар, адам оларды ақыл-ойы арқылы ғана тани алады. Демокриттің атомдық теориясы көптеген ғасырлар бойы ғылымға жол көрсеткен ілім болды. Оның материялық атомдардың обьективті өмір сүретіндігі туралы жалпы философиялық көзқарасы ғылым мен филосогфияның тарихында орасан зор маңызға ие. Демокриттің көзқарастарын Эпикур мен Лукреций Кар әрі қарай датытты. Софистер. Софистер (гр. sophists-өнерпаз, дана)-«даналықтың,» «шешендіктің» кәсіби ұстаздары ретінде саналған ежелгі грек философтарын осылай атаған. Олардың халықты риторикаға, философияға үйретудегі атқарған еңбектері зор. Діннен бас тарту, табиғат құбылыстарын ұтымды түсіндіру, этикалық және әлеуметтік релятивизм-олардың ортақ көзқарасы болып табылады. Софистер екі топқа бөлінді: «Аға софистер»-табиғатты материалистік тұрғыда түсіндірді. Бұл топтың өкілдері-Протагор, Гиппий, Продик, Антифондар-алғашқы ағартушылар. Екінші тобы- «Кіші софистер» (ақсүйектер тобы)-Гипподам, Критий-философиялық идеализмге ден қойғандар. Софистер дау–дау кезіндегі кейіпке байланысты пайда болған «Софистика» деген әдісті қолданды. Софистика – дауласу немесе дәлелдеу кезінде қисынсыз пікірлерді, софизмдерді, яғни сырттай ғана дұрыс болып көрінетін айлаларды саналы түрде қолдану. Сондықтанда Аристотель оларды «жалған даналық» ұстаздары деп атады. Антикалық философияның екінші-классикалық кезеңі-ерте грек философиясының кемелденген, гүлденген кезі болды. Себебі, Платон мен Аристотель өздеріне дейінгі философияны біртұтас ғылымға айналдырып, жүйелендіре түсті. Сократ. Сократ (шамамен б.д.д. 469-339 ж.ж.) – ежелгі грек философы, оның ілімі материалистік натурализмнен идеализмге ауысу кезеңін бейнелейді. Афиныда ғұмыр кешіп. одан Платон, Евклид, Антисфен, Аристипп секілді ұлы адамдар дәріс алады. Сократ ілімін тек Платон мен Аристотельдің айтуы бойынша ғана білеміз. сократ әлем құрылымдарын, заттардың физикалық табиғатын танып білу мүмкін емес, біз өзімізді ғана танып білуіміз мүмкін дейді. Танымның мұндай түсінігін Сократ «Өзіңді танып – біл» формуласы түрінде өрнектеді. Білімнің ең жоғары міндеті теорияда емес, тәжірибеде, яғни өмір сүре білетіндігінде. Сократ этикалық ұғымдарды (айбындылық, әділеттілік) анықтаумен жалпыландырудың үлгісін жасады. Ұғымды анықтаудан бұрын әңгімеге жол берілуі керек, соның барысында бірнеше сұрақтардың көмегімен әңгімелеушінің сөздеріндегі қайшылықтар анықталмақ. Бұл орайда Сократ майевтика (сөйлесу өнері) әдісін ұсынады. Сократтың этикасы рационалды: жаңсақ әрекеттер білместіктен жасалады, ешкімде өз еркімен зұлым болмайды. Адам өзіне үңілген сайын, өзінің білімсіздігін аңғармақ. Сократқа жүгінсек «Менің білетінім ештеңе білмейтіндігім» қағидасының мәні ашыла түспек. Платон. Платон (б.д.д. 428/427 – 348/347)- ежелгі грек философы, Сократтың шәкірті, объективті идеализмнің негізін қалаушы, 30-дан астам философиялық диалогтар ретінде жазылған еңбектердің авторы. («Парменид», «Теэтет», «Мемлекет», т.б.) Дүниеге идеалистік көзқарасты қорғаған Платон сол заманның материалистік ілімдеріне қарсы белсенді күресті. Платон объективті идеализмнің жүйесін жасады. Сезім арқылы қабылданатын «заттар дүниесіне» «идеялар дүниесін» қарама-қарсы қойды. Идеялар объективті түрде табиғат пен қоғамға тәуелсіз өмір сүреді. Нақтылы «заттар дүниесін» Платон көлеңкелер дүниесі деп атады, өйткені заттар дегеніміз идеялардың көшірмелері, көлеңкелері ғана деді. Идеялар дегеніміз заттардың мәңгілік бейнелері, оларды ойша «сезілетін заттар» ғана көреді. Адамның жаны, рухы тәнге тәуелсіз о дүниеге идеяларда өмір сүреді. Ол материялық емес, мәңгілік нәрсе. Адам бойына уақытша ғана қонақтап, кейін тәннен ажырап, өзінің мәңгілік әлеміне қайта оралады. Платон философиясында «идеялар дүниесі»– «Эйдос» деп аталады. Сезімдік дүние «идеялар» мен «материяның» туындысы, арасында, екеуінің ортасын,да тұрады. «Идеялар» мәңгілік, аспаннан да биік, олар туылмайды, пайда болмайды, өлмейді, салыстырмалы емес, кеңістік пен уақытқа тәуелді емес. Платон ілімі философияның кейінгі уақытта өркендеп, дамуына көрнекті роль атқарды. Аристотель. Аристотель (б.д.д. 384-322 ж.ж.) – ежелгі грек философы, логика және басқада көптеген ілімдердің негізін қалаған энциклопедист-ғалым. Әлем бойынша бірінші ұстаз атағына ие. Фракңиядағы Стагирда туған, Афиныдағы Платон мектебінде тәрбиеленді. Платонның денесіз форма жөніндегі («идеялар дүниесі» пікірін) теориясын сынаса да «идеялизм мен материализм» арасында екі ұдай күйге түсіп платондық идеяны толықтай жоққа шығара алған жоқ. Аристотельдің айтуы бойынша рух тәннен бөлінбейді, тән өлгенде жанда жоғалады. 335 ж. Афиныда өз мектебін (Ликей деп аталды) ашты. Аристотель философияны үш салада бөліп қарастырды: 1) Теориялық бөлімі – болмыстың кезеңдері, себептері мен түп негізі турасындағы ілім; 2) Практикалық бөлім – адамдардың іс-әрекеті жөнінде; 3) Поэтикалық бөлім –(творчество) шығармашылық жөнінде. Ал ғылымның зерттейтін объектісі – адамның ақыл-ой өресі жететін дүние. Аристотель табиғатты «материяның» «формаға», «форманың» «материяға» біртіндеп ауысуы түрінде қарастырды. Алайда материядағы қозғалыс бастамасының баяулығын байқап, түбінде қозғалыстың түп төркіні мен мақсатқа келіп тірелетін форманың белсенділігіне баса назар аударды. Қозғалыс атаулының түп төркіні – «өзі қозғалмайтын, қозғалтуға түрткі болатын» - Құдай деген тұжырым жасады. Адамның ақыл-парасатының қабілетін этикадағы ең жоғарғы қозғаушы күш деп тапты. Аристотельдің моральдық үлгісі – Құдай, яғни «өзін ойлайтын ой» - нағыз кемелденген философ. Антикалық философияның үшінші кезеңі римдік –эллиндік кезең (б.д.д. 3ғ – б.д. 6ғ.). Платон мен Аристотельдің философияға енгізген орасан зор еңбектері мен жаңалықтарынан кейін философия айтарлықтай беделге ие болып, дәрежесі өсе бастады. Бұл жағдай «Эллиндік дәуірдің» өркендеп, гректік ойлау ерекшелігінің Жерорта теңізінің барлық территориясына таралуына септігін тигізген еді. Мұнымен қоса, Александр Македонскийдің бірнеше елді мекендерді жаулап, сол жерлерде жаңа мәдениетті жасауы боды. Бір жағынан грек ойшылдарының философиясы жан-жақты таралып, қанат жая өркендеп өсуі- сол замандағы адамдардың өз өмірдерін жақсартуға деген құлшыныстарына да байланысты болды, өйткені, олар «қалай өмір сүру керектігін» білу үшін, «данагөй» болуға тырысты. Соған орай философия жүйеленіп, догматикалық сипатқа ие бола бастады. Қалаған мектебінен, ұстазынан білім алатын жағдайға жетті, себебі әртүрлі философиялық мектептер қалыптаса бастады. Ерекше сипатқа ие болған философиялық мектептер қатарына стоиктер, эпикуршылар және скептиктерді жатқызкға болады. Мүмкін, Сіз, философияның барлық бағыттарын меңгеріп, олар туралы білетін шығарсыз, бірақ қайсысын таңдар едіңіз, әрине, күнделікті өміріңізде қолданатын болғандықтан. Адам өмірінің жандануы мен құлдырауы жөніндегі мәселе сол кездегі негізгі философиялық сұраққа айналды. Бұл сұрақ ақиқатқа жетудің жолын емес, бәрінен бұрын қалай жақсы өмір сүруге болады деген мәселенің шешімін іздеді. Міне, осы сұрақ төңірегінде өрбіген стоик, эпикуршыл және скептиктер секілді ағымдар өздігінше жауап беруге тырысты. Сіздің басыңыздан мынадай жағдай өтті ме: жақсы не жаман сәттер, оқиғалар болуы мүмкін, бірақ сіз осы жағдайларға салқынқандылықпен қарап, тіпті назарға аудармайсыз. егер солай болса, онда сіз Стоиксіз. Сіз стоик ретінде болып жатқан барлық құбылыстармен оқиғаларға билік етіп, оларды қалағаныңызша өзгерте алмайтындығыңызды түсінесіз. Ал, қаншалықты билігіңіз жүрмегендіктенде, болған істі өзгертуге тырысудың қажеті жоқ. Стоиктер («стоя») мектебі. Аталған мектептің негізін салған Китиондық Зенон. Өкілдері Сенека, Эпиктет, Марк Аврелий. Стоиктердің басты идеясы – сыртқы дүниенің түрлі әсерлерінен құтылу болды. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін философтар табиғатпен бірлікте болуға шақырып, байлықты, әсемдікті жақтады. Жағымсыз әлде қуанышты сәттер болсын, салқын қандылық таныту керек, жағымсыз, жан дүние - өтпелі, сондықтанда одан құтылуға асығудың қажеті жоқ. Эпикуршылдар мектебі. Эпикуршылдар мектебі – негізін салған Эпикур. Ірі өкіл Лукреций Кар. Мектепті эпикур бақшасы деп те атайды. Ол Эпикур үйінің артында орналасқан бақшамен байланысты. Осы бақшада шәкірттер білім алып, сол жерде өмір сүрген. «Атараксия» (гр. «ataraxia» –сабырлылық, жан тыныштығы, оған дана адамдар ғана қол жеткізе алады.) күйіне жету үшін бақшадан тысқары шығармаған. Эпикур өмірден өткеннен кейін, мектепті шәкірті Гермарх басқарады. «Өмірдің мәні – бақытты болуда» дейді Эпикур. Өмір сүрудегі ең негізгі мақсаты – жан тыныштығына жету. Эпикуршылдар – жан тыныштығына жетудің, саналы түрде қайғы – қасіреттен арылудың жолын іздестірушілер. Танымның мақсаты- адамды надандық пен жоққа сенушіліктен, құдай мен ажалдан қорқудан арылту, ал мұнсыз бақытты болу мүмкін емес. Эпикурдың ойынша, Құдай адам өміріне араласпайды, сондықтан, ол туралы ойлап, бас қатырудың қажеті жоқ, себебі жоғары жаратушы күшке сену – азаптанудың көзі. Эпикур құдайға сенбегендіктен, Жаратушы күш адамдардың өміріне, іс-әрекеттеріне араласпаса. онда не үшін ржаратты деген ойға келеді. Әлем, адамзат баласын не үшін жаратты деген сұраққа жауап іздеу барысында Дүние – атомнан құралған деп санаған Демокритпен танысады. Эпикур. Эпикур – Демокриттің атомдық көзқарасын жалғастырып, толықтырулар енгізеді. Эпикурдың ойынша бос кеңістікте бірдей шапшаңдықпен қозғалатын атомдардың соқтығысуы мүмкіндігін түсіндіру үшін ол атомның тура бағыттан спонтанды (іштей шартты) «ауытқу» ұғымын көрсетті. Таным теориясы бойынша Эпикур –сенсуалист. Түйсік әрқашан өзінен- өзі ақиқат, өйткені ол объективті нақтылықтан туады; ол қателіктер түйсікті түсіндіруден туады. Түйсіктің пайда болуын Эпикур материалистік тұрғыда былай деп түсіндірді: дененің бойымен өте майда бөлшектердің үздіксіз ағысы жүріп, олар сезім мүшелеріне енеді және заттардың бейнелерін туғызады. Эллинизм. Эллинизм кезеңінің үшінші мектебі – скептиктер болды. Скептицизм (гр. Skeptikos -сынаушы) – объективті шындықты танып-білудің мүмкіндігіне шүбә келтіретін философиялық концепция. Скептицизмнің соңы – агностицизмге әкелді. Алғашқы скептик Пиррон (б.д.д.360-270 ж.ж.ш.) – ежелгі грек философы, антикалық скептицизмнің негізін қалаушы. Оның айтуынша ешнәрсеге сенімді болмау керек деп үйретті. Ол бақытқа жетудің жолын іздестіреді. Бақыт – сабырлылық, жан тыныштығы және азаптың жоқтығы. Біз заттар туралы ештеңе біле алмаймыз, сондықтан олар туралы қандай да болмасын пікірлерден бойымызды аулақ ұстағанымыз жөн: мұндай қадамға бару – жан-дүниенің тыныштығына қол жеткізеді. Соған орай скептиктер мынадай жағдайларға байланысты пайда болды деп айтуға болады: адамның (догмасы) ақиқат деп жүрген ой-тұжырымы шындығында қателік, жалған болып шығуы мүмкін (Догма – ақиқат, шын деп есептелетін идея немесе идеялар жүйесі). Өкілі Секст Эмпирик. Қазақ пәлсапасы. Қазақ философиясында басқа халықтар тәрізді Әлем мен Адам екі дүниенің сырын ашуға ұмтылған. Аспан денелерінің қозғалысына тандана қарап, өзінше ой түйген. Көк аспанның сырын ашуға талпынған. Жұлдызды әлемнің жұмбақтарын ашуды арман еткен. Нәтижесінде дүние туралы түсінігі, көзқарасы қалыптасқан. Адам бойындағы небір тылсым күштерді де тануға ұмтылған. Қазақ халқының дүниесезімі мен дүниетанымының ерекшелектері өзі өмір сүрген ортамен тікелей байланысты. Қазақ халқы басқа еуропа халықтары сияқты табиғатты өзгертуге немесе оған үстемдік етуді мақсат етіп қоймаған. Керісінше, табиғатқа бейімделіп, онымен гармониялық қатынас орнатуды мақсат тұтқан. Қазіргі заман тілімен айтқанда, көшпенді қазақтардың экологиялық санасы биік болған. Бұл - біріншіден. Екіншіден, қазақ дүниетанымының ерекшеліктерін айтқанда, ескерер мәселе, ол - қашанда олардың еркіндік пен бостандық сүйгіштігі. Қазақ жерінде ешқашанда құлдық болмаған. Үшіншіден, қазақ қашанда теңдік пен әділеттілік мәселесіне қатты назар аударған. Төртіншіден, теңдікке негізделген әділеттіліктен әлеуметтік айырмашылықтар мен әлеуметтік топталу аз болған. Бесіншіден, байлыққа жетуден гөрі ар-намысты жоғары ұстау халықтың қанына терең сіңген құндылық. Онымен тығыз байланысы бар нәрсе - бар затқа қанағат ету де қазаққа тән қасиет. Алтыншыдан, ұжымдық мүддені жеке мүддеден гөрі жоғары ұстау – ол да көшпенділік өмір салтынан шыққан құндылық. Жетіншіден, өне бойы көшіп-қону барысында қашанда әр қилы қиындықтарды, қауіп-қатерлерді бастан кешуге тура келді. Ол - ерлікті, батырлықты қасиет етуді талап етті. Сегізіншіден, көшпенділердің өмірі өне бойы қауіп-қатерлерден, соқтығыстардан тұрғаннан кейін ол күнбе-күнгі өмірді бағалап, алудан гөрі болуды жаратқан. Әрбір күнді той-думанға айналдыру, өзін шешен сөзбен, даналықпен көрсете білу, әртүрлі сайыстарға қатысу, «сегіз қырлы, бір сырлы болу» бабаларымызға тән нәрселер болған. Тоғызыншыдан, дүниеге, басқа халықтарға деген көңілінің ашықтығы, қиналғандарға риясыз қол ұшын беру - бұл да біздің халықтың керемет қасиеттерінің бірі болып саналады. Оныншыдан, көшпенділердің негізігі құндылықтарының бірі - ата-ананы, үлкендерді сыйлау. Біріншіден, қазақ философиясында онтологиялық (болмыс) және гносеологиялық (дүниетаным) мәселелерден гөрі адам мәселесіне көбірек көңіл бөлінеді. Екіншіден, адам мәселесі, қазіргі тілмен айтқанда, көбінесе экзистенциялық тұрғыдан қаралады және ол көшпенділік өмір салтын түсірсек түсінікті де болар. Үшіншіден, Отандық философияда абстрактылы-теоретикалық жүйелер жасау өте сирек кездесетін құбылыс - философиялық ізденіс адамның нақтылы өмірдегі жүріс-тұрысын сараптауға, яғни практикалық мәселелерге көбірек көңіл бөлінеді. Төртіншіден, адам болмысының этикалық жақтарына: жақсылық пен жамандық, ізгілік пен зұлымдық, ар-намыс, абырой т.с.с. категорияларға терең талдаулар жасалады. Бесіншіден, қоғам өмірінің негізгі мәселесі ретінде әрқашанда әлеуметтік әділеттілікке көбірек назар аударылады; Алтыншыдан, Отандық философияны аксиологиялық философия десек те болғаны, өйткені, онда құндылық әлеміне зор қөңіл бөлінеді. Енді мәселені нақтылай түсіп, Отандық философияның негізгі сатыларына қысқаша көз жіберейік. Басқа халықтардың философиясы сияқты Отандық философия да өз қайнар көзін көне аңыздар мен дастандар, ертегілерден бастайды. Егер аңыздармен бай халықтарға үнді мен гректерді жатқызса, қазақ елі де олардан кем түспейтін болар. Өйткені, өне бойы көшіп-қонып жүрген халықтың бір ғана байлығы болды, ол оның тілі, бабалардан келе жатқан дәстүр, аңыз-хикаялар, нақыл сөздер. Олардың көбі жаңа ғана жарық көріп, философиялық тұрғыдан талдануда. Көне түріктердің түсінігі бойынша, бұл Дүние жоқтан бұрын пайда болған. Оны ұстаға ұқсайтын Жаратқан тудырды. Дүние негізінен: жер, су, от, ауадан тұрады. Ол неше түрлі қайшылыққа толы: жер мен күн, өмір мен өлім, адам мен табиғат, бақ, құт пен зардап, жарық пен қараңғы, жылы мен суық т.с.с. Аспанға көз жіберген ежелгі түрік бабаларымыз оны Тәңір Жаратқан әлеміне жатқызған. Сонымен қатар, көне түріктердің нанымында ерекше орынға ие болған әйел Құдай - Ұмай болды. ХV-ХVIII ғ.ғ. философиялық ой - толғамдар негізінен жыраулық түрде дамыды. Қазақ халқының ақын-жырауларының ішінен Сыпыра жырауды, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Марғасқа, Ақтамберді, Бұқар жырауларды атауға болады. Қазақ халқының тарихында XIX ғасыр ерекше орын алады. Бұл ғасыр қазақ мәдениетінде «ағартушылық философия» деп аталады. Қазақ ағартушылық философиясының көрнекті өкілдері: Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев. Ш.Уалиханов (1835—1865) – ұлтының ұлылығын әлемге әйгілеген ұлы ғалым. Болашақ ғалым дала әніне, ана уіліне, түркілердің елдігімен ерлігіне әлдиленіп өскен. Бабаларымыздың өсиетнамасын, елін, жерін, тілін сақтауға алтын арқау, аялы өзек болған фольклорды қадір тұтты. Ол «Ер Едіге» жырының үш нұсқасын өзара салыстырып, жаңа нұсқасын жасаған кезде Шоқан небәрі жеті жаста еді. «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырын да сол кезде қағаз бетіне түсірген. Елінің тарихын, ауыз әдебиетін, этнографиясын, экономикасын жетік білген ел ағасы Шыңғыстан, өз заманының тек білімді ғана емес, сонымен қатар озық ойлы, парасатты, зиялы әкесінен болашақ оқымысты зор ғибрат алған. Ш.Уәлихановтың азамат, ғалым және ойшылдық қалыптасуында орыстың озық мәдениеті мен ғылым қайраткерлерінің маңызды рөл атқарғанын атап өтуіміз қажет. Шоқан В.Г.Белинскийдің, Н.Г.Чернышевскийдің, А.И.Герценнің, Н.А.Добролюбовтың еңбектерін оқып-үйренді, олардың көзқарастары мен идеяларын қуаттады. Ш.Уәлиханов тікелей философиялық мәселелер жөнінде еңбектер жазбаған, алайда, барша шығармаларынан дерлік философиялық пікірлер мен тұжырымдарды байқауға болады. «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Сахарадағы мұсылмандық жөнінде», «Тәңір (құдай)» деген еңбектерінде философияның негізгі мәселесіне қатысты пікірлер айтады Қазақ жеріндегі шамандықтың орын алу себебін түсіндіргенде «сыртқы дүние - күн, ай, жұлдыздар және жер - алғашқы құдірет болып табылады» деп көрсетеді. Сонымен бірге шамандықтың шығу тегін мұқият зерттеулерінен және басқа да еңбектерінен Шоқанның себептілік заңдылығын құптайтындығы, себепсіз құбылыс болмайтындығына кәміл сенетіндігі байқалады. Мысалы, «Тәңір (құдай)» мақаласында қазақтардың малды қасиет тұтатын ырымдары себебін халықтың күн көрісі малға байланысты екендігімен түсіндіреді. Сонымен, Шоқан сыртқы дүниенің санадан тыс өмір сүретіндігін, оның объективтік заңдылықтарға бағынатындығын мойындайтын философиялық көзқараста болғанын көреміз. Қазіргі кезде философияның негізгі мәселелерінің маңыздысы есебінде адам, оның қоршаған дүниеге қарым-қатынасы аталынады. Уәлиханов бұл мәселенің маңызды екенін сонау XIX ғасырдың орта кезінде-ақ айтып кеткен. «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» деген еңбегінде табиғат пен адам, өмір мен өлім әрқашан түпсіз сырға толы ғажайып таңдану пәні болды деп көрсетеді. Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) дүниетанымы қалыптасуына туған ел, халық ауыз әдебиеті, озық орыс әдебиеті мен Еуропа ойшылдарының еңбектері елеулі әсерін тигізді. Ш.Уәлиханов секілді Ы.Алтынсарин да өз халқының артта қалушылығын жоюдың бірден-бір жолы ағартушылықта деп сенді және Қазақстандағы халық ағарту ісінің ұйымдастырылуы мен дамуына белсене араласты. Ыбырай Алтынсарин арнайы философиялық тақырыпта еңбек жазбаған, дегенмен, ағарту және қоғам мәселелерін талдауға арналған шығармаларында дүниетанымдық ерекше пікірлер қалыптастырған. Ыбырайдың көптеген өлеңдері мен әңгімелерінен оның қоршаған дүниенің санадан тыс және тәуелсіз өмір сүретіндігін мойындайтынын байқаймыз. «Жаз», «Өзен» сияқты өлеңдері табиғатты өзінше тамашалау ғана емес, сонымен бірге оның адам санасынан тыс және тәуелсіз екендігі сезіледі. Бұл - ұлы ағартушының дүние туралы көзқарасының бір жағы. Екінші, Ыбырай дүниені жаратушы құдай деп біледі. Бұл ойды ол көптеген шығармаларында қайталап отырады. Мысалы, «Жаратқан мұнша таңсық жаббар құдай!» (Алтынсарин Ы. Таза бұлақ. А., 1988, 18-бет), «Жаратты неше алуан жұрт бір құдайым» деген өлең шумақтарында, «Мұсылманшылдықтың тұтқасы» т.б. еңбектерінде осы пікірді қуаттайды. «Мұсылманшылдықтың тұтқасында» бүкіл дүниені, жан-жануарларды айта келіп, «мұның бәрі де жалғыз теңдесі жоқ, ұқсасы жоқ бір құдайдың барлығына, бірлігіне һәм кәміл жаратушы халық - қадір екендігіне дәлел болса керек» деп тұжырымдайды. Ойды қайырып айтқанда, Ыбырай қоршаған дүниенің объективті өмір сүретіндігін мойындайды, сонымен бірге дүниені жаратушы құдай деп біледі. Бұдан Алтынсариннің дүниеге көзқарасы деизмге жақын екенін көреміз. А.Құнанбаев (1845-1904) қазақ ағартушылығында, қазақ халқының бүкіл ұлағатты мәдениеті тарихында үлкен орын алған ұлы ақын, ойшыл. Оның шығармашылық мұрасы өлең, дастан, философиялық проза, аудармалар мен әндерден тұрады. Абай - қазақ әдебиетінде сыншыл реализмнің негізін салушы. Ол «ақынның азаматтық парызы шындықты бейнелеуде, қоғамдық кесірді әділет пен ақылдың билігіне жүгіндіруде» деп білді. Дүниетанымдық мәселеде Абай Алтынсарин секілді деизмге жақын. Құдай - өз заңдары бойынша дамып жататын өлшемнің алғашқы себепшісі деп түсінді. Абай Құнанбаев өзінің аса дарындылығы, ой-өрісінің тереңдігі, халқына деген қамқорлығымен әлемге танымал болды. Абайдың дүниеге көзқарасы ойы мен қыры мол, күрделі. Дүние туралы пікіріне келсек, деизмге жақын дедік. Біріншіден, сыртқы дүниенің санадан тыс өмір сүретіндігін қуаттайды. Мысалы, қырық үшінші қара сөзінде адам «...көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады» (А.Құнанбаев. Шығармаларының бір томдық жинағы. А., 1961, 48-бет), - дейді. Сонымен бірге көптеген өлеңдерінде, отыз сегізінші сөзінде жан-жануарларды, адамды, тіпті, машина, фабрикаларды алла жаратты деген тұжырым жасайды. «Мен» және «менікі» деген философиялық мәселені қарастырып, өзіндік тұжырымға келеді. Ақынның ойынша «мен» - ақын, жан, «менікі» - адам денесі. «Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан, «менікі» өлсе өлсін, оған бекі» деп, дене өлгенімен жан өлмейді деген қорытындыға келеді. Абай таным туралы құнды пікірлер қалдырды. Түйсіктеріміз арқылы дүниеден хабар аламыз, пайда, залалды айыратын қуаттың аты - ақыл дейді. Көптеген өлеңдері мен қара сөздерінен диалектикалық тұжырымдар бейнесін көруге болады. Шәкәрім Құдайбердиев (1858-1931) Шығармалары: «Үш анық», «Мұсылмандық шарты». Оның «Үш анық» еңбегінде ар-ұждан мәселесі қарастырылады. Шәкәрім біріншіден - онтологиялық жолындағы гносеологиялық, таныммен, екіншіден, дін жолындағы теологиялық дүниетанымды екінші анық деп көрсетеді. Ал үшінші анығы Абайда кеңінен сөз болған мораль философиясындағы жан құмарына барып ұштасатын ұждан туралы күрделі проблеманы көтереді. «Адамдағы: ынсап, әділет, мейірім - үшеуі қосылып ұждан деген ұғым шығады. Мұны орысша «совесть» деп атайды. Бұған нана алмаған адамның жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір заң тазарта алмайды. Ұжданы сол жанның азығы екеніне ақылмен сынап істесе, оның жүрегін еш нәрсе қарайта алмайды» - дейді. ҚОНАЕВ Асқар. ҚОНАЕВ "Асқар Меңдіахметұлы" (14.7.1929, Алматы қ. – 31.3.1999, Алматы) – ғалым-металлург, тех. ғыл. докт. (1970), проф. (1972), Қазақстан ҒА-ның акад. (1981), ҚазКСР-інің еңб. сің. ғыл. қайраткері (1976). Мәскеу болат және қорытпалар ин-тын бітірген (1951). 1951 – 53 ж. Теміртау металлургия з-тында болат қорытушы, 1953 – 88 ж. Қазақстан ҒА-ның Металлургия және кен байыту ин-тында ғыл. қызметкер, ин-т директоры (1970 – 72), 1972 – 74 ж. Қазақстан ҒА-ның вице-президенті, 1974 – 86 ж. президенті, 1996 – 99 ж. Қазақстан ҒА-ның Металлургия және кен байыту ин-тының құрметті директоры болды. Негізгі ғыл. еңбектері кен өңдеудің физ.-хим. кешенді технологиясын дамытуға арналған. Қ. кремнийге бай сирек кездесетін металл кендері мен фосфориттердің тотығуын және қалпына келуінің жаңа заңдылықтарын тапты; қорғасын өндірісі қалдықтарын электр-терм. жолмен қайта өңдеу әдісін металлургия өнеркәсібіне енгізді (Қазақстан Мемл. сыйл., 1972); басқа ғалымдармен бірлесіп, мыс, қорғасын және мырыш алудың КИВЦЭТ-тік технологиясын жасады (КСРО Мемл. сыйл., 1978); қатарынан фосфор мен кешенді легирлеуші қорытпалар алудың жаңа технологиясын жасады (Қазақстан Мемл. сыйл., 1982); өнеркәсіптік көлемде фосфорлы темір кенін өңдеу технологиясын жасап өндіріске енгізді (КСРО Мемл. сыйл., 1984). 9 – 10-сайл. КСРО Жоғ. Кеңесінің депутаты болды. Ленин, Октябрь Революциясы, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған. ҚОНАҚ. Танымайтын кісі “құдайы қонақ”, әр түрлі тілеулестікке, тойға шақырылған мейман “арнайы қонақ” болып саналған. Халықтық ғұрып бойынша, келген адам үйге баса-көктеп кірмей, сырттан дауыстап, үйдегілерге белгі береді. Үйге келген адам әуелі шаңыраққа сәлем беріп кіруі керек. Түсте келген Қ-қа түстік, кешке келгендерге қонақасы берілген. Үлкен ас кезінде Қ-тар төрден есікке қарай, жасының үлкендігі мен мәртебесіне байланысты орналасады. Қымыздан кейін ет ұсынылады. Құдайы Қ. түскен үйде отағасы жоқ болса, астан дәм татып, ауыз тиген соң, түнемеге басқа орын іздестірген. Қ-ты қарсы алған отағасы есік ашып, алдымен оны кіргізеді, шығарып саларда Қ-тың өзі ашуы керек. Үй иесі ашса, онда Қ-ты қуғанмен бірдей саналады. ҚОНАҚ өсімдігі. ҚОНАҚ "(Echіnochloa)" – астық тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Дүние жүзінде тропиктік және қоңыржай аймақтарда таралған 25-тей түрі белгілі. Қазақстанның барлық аудандарында өсетін 2 түрі бар. Бау-бақша, егістіктерде, әсіресе күріш егістігінде, жол бойларында, елді мекендер маңында арам шөп ретінде жиі кездесетін түрі – қонақ тары (E. crus gallі). Биікт. 10 – 20 см. Сабағы түбінен бұтақтанған жалаң болып келеді. Ұзын жапырағы кедір-бұдырлы тілшіксіз жүйкеленеді де, ұшына қарай сүйірленеді. Дара гүлі қосжынысты, 2 – 4-тен шоқтанып сыпыртқы гүлшоғырына топталған, биікт. 20 см-дей. Масақ қабыршақтары 3, гүл қабыршағы қатаң, аталығы 3. Маусым – тамызда гүлдеп, жеміс cалады. Қ-тың екінші түрі – құрмақтың дәні Қызылорда және Оңт. Қазақстан облыстарында арпаның орнына пайдаланылады. ҚОНАҚАСЫ. ҚОНАҚАСЫ – қонаққа арналған дәм, мәзір. Дәстүрлі қазақ қоғамында үйге тосын келген немесе арнайы шақырылған қонақтың қадір-құрметіне, жас мөлшері мен туыстық қатынасына қарай сойылған малдың мүшелерінен сыбағалы табақ тартады; қ. Қазақша ет; Мүше тарту. Қонақбаев Серік. ҚОНАҚБАЕВ "Серік Керімбекұлы" (25.10.1959 ж.т., Павлодар қ.) – боксшы, КСРО еңб. сің. спорт шебері (1981). Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс ин-тын (1981), қазіргі Қазақ мемл. спорт және туризм академиясын (1984) бітірген. Бокспен 14 жасынан бастап айналысқан. КСРО халықтары спартакиадасының және КСРО чемпионатының күміс жүлдегері (Мәскеу, 1979), екі мәрте Еуропа чемпионы (ГФР, Кельн, 1979, Финляндия, Тампере, 1981), Әлем кубогінің иегері (АҚШ, Нью-Йорк, 1979), Мәскеуде өткен 22-Олимпия ойындарының күміс жүлдегері (1980), Әлем кубогінің иегері (Канада, Монреаль, 1981), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (ГФР, Мюнхен, 1982), КСРО чемпионы (1980, 1984). 1981 – 87 ж. бапкерлік жұмыстар атқарды, коммерц. “Қазақстан” спорт клубының (1990), ҚР кәсіпқой бокс федерациясының (1992 – 94), ҚР Президенті жанындағы ұлттық спорт қорының президенті (1994 – 96) болды. 1999 жылдан ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты. Мемл. “Дарын” жастар сыйл. иегері (1993). Марк Бриланд және Серик Конакбаев 2010 жылы. ҚОНАҚЖАЙЛЫҚ. ҚОНАҚЖАЙЛЫҚ – қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрінің бірі. Сонымен қатар адамдар арасындағы сыйластықты, бір-біріне деген құрметті, қамқорлықты білдіретін, кісінің адамгершілігін, имандылығын айқындайтын қасиет. Адамдарды тіліне, дініне, ұлтына бөліп-жармай, достық ықылас көрсетіп, ас-дәм беру Қ-тың негізгі белгісі. Қазақ халқының Қ. қасиеті мен дәстүрі шетелдік саяхатшылар мен ғалымдарды әр уақытта таң қалдырған. Дәстүрлі қазақ қоғамында әкенің балаға қалдыратын мұрасының белгілі бір бөлігі міндетті түрде қонаққа тиесілі енші деп есептелінген. Қазақ сахарасындағы кез келген жолаушының кезіккен ауылдан тамақтанып, тынығып алуына мүмкіндігі болған. Әрбір үй иесі оны барынша сән-салтанатымен, пейілімен қарсы алып, ақ тілеумен шығарып салуды өмірдің айнымас шартына балаған. Отбасы үшін жолаушыны Қ-пен күтіп алу бұлжымайтын моральдық-этик. қалып ретінде орныққан; қ. Қонақ; Қонақасы; Қонақ кәде. ҚОНАҚ ЖҮГЕРІ. ҚОНАҚ ЖҮГЕРІ "(Sorghum)" – астық тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық өсімдік. Тропиктік, субтропиктік және қоңыржай аймақтарда өсетін 50-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанда егіс алқаптары мен суармалы жерлерде өсетін 5 түрі бар. Жиі кездесетіні – құмай (S. halepense). Оның биікт. 1 – 1,5 м-дей, сыртқы түрі жүгеріге ұқсас, тамыры жақсы жетілген. Жапырақтары ұзын, диам. 1 – 3 см. Көп гүлді сыпыртқы гүлшоғырының биікт. 60 см-дей. Әрбір гүлі жарғақ тәрізді екі гүл қабыршағынан тұрады. Аталығы – үш, аналығы – біреу. Маусым – шілде айларында гүлдейді. Жемісі – дән. Құмай – улы өсімдік, оның құрамында дуррин атты улы глюкозид, синиль қышқылы, сабағында крахмал мен қант бар. Емдік мақсатқа құмайдың көктем мен күзде жиналған сабағы мен тамыры пайдаланылады. Оның судағы тұнбасымен құяң, ревматизм және жүйке ауруларын емдейді. Ертеректе құмай өсімдігімен мерезді емдеген. Көк шалғынын мал жайылымы ретінде де пайдалануға болады. Гүлшоғырынан сыпыртқы жасайды, сондай-ақ, қызыл бояу және балауыз алынады. Сабаны қағаз жасауға, ши тоқуға пайдаланылады. ҚОНАҚ КӘДЕ. ҚОНАҚ КӘДЕ – қонақтың өнерін ортаға салуын сұрайтын салт. Дәстүрлі қазақ қоғамында қонақасы берілгеннен кейін үйге жиналған қауым әңгіме-дүкен құрып, шағын сауық кешін ұйымдастырады. Сол кезде мейманнан Қ. к. жасауын өтінеді. Келген қонақ аса сыйлы әсіресе әнші, жыршы, шежіре айтатын қарт, сал-сері болса, ауыл адамдары оларға қонақжайлық көрсетіп, бірнеше күн қонақ етіп, ән-жырын тыңдаған. ҚОНАҚ ҮЙ. ҚОНАҚ ҮЙ, мейманхана – жолаушылардың уақытша тұруына арналған жай. Ертеде отырықшы қалалы елдерде саудамен жолға шыққан жолаушыларға арнап жеке адамдар керуен сарайлар ұстады. Керуен сарайларда тағам әзірлейтін, қонақтар түнейтін үйлер, жүк сақтайтын, көлік тұратын қора-жайлар болды. Сарай иелері жолаушылардан төлемақы алып тұрды. Дәстүрлі қазақ қоғамында қалыптасқан қонақжайлық арнаулы Қ. ү. салуды қажет еткен жоқ. Кейін өндірістік-тауар, сауда қатынастарының дамуына байланысты ірі қалаларда көп бөлмелі, үлкен асханалары, автогараждары, мәжіліс, ойын-сауық құжыралары, т.б. тұрмыстық үй-жайлары бар Қ. ү. салынды. Кеңестік дәуірде Қазақстанда Қ. ү. көптеп салынды. “Жетісу”, “Қазақстан”, “Алматы”, “Достық”, “Рахат-палас”, “Анкара” (Алматы), “Интерконтиненталь”, “Турист”, “Алтын адам” (Астана) әлемдік озық үлгідегі Қ. ү-лердің қатарына жатады. ҚОНШАҚ. ҚОНШАҚ, 'Коншак (т.-ө.ж.б.)' – қыпшақ ханы. 12 ғ-дың 2-жартысында Шығ. Қыпшақ тайпаларын біріктіріп, күшті әскери мемлекет құрды. Бұл кезде қыпшақтың Шарукан (Сарыхан) әулетінің хандары Солт. Донец және Дон, Кубань өз-дерінің бойындағы, Азов т. жағалауындағы тайпалардың басын қосты. Осы әулеттен шыққан Артық ханның баласы Қ. 1174, 1178, 1183 ж. Переяславль жеріне шабуыл жасады. 1183 – 84 ж-дағы жорықта Хорол өз. бойындағы шайқаста Қ. әскері сәтсіздікке ұшырады. Қ. 1185 ж. орыс жасақтарын Каялы өз. бойында жеңіп, Новгород-Северск және Чернигов князі Игорь Святославичпен бірге басқа да князьдерді тұтқынға алады. Бұл оқиға “Игорь жасағы туралы жыр” эпосына арқау болған. ҚОНЫС. ҚОНЫС, “Ата қоныс” – 1) ел мекендейтін орын; 2) көшпелілер дүниетанымындағы киелі мекен. Уақыт пен кеңістіктегі Қ. ұғымы көшпелі жұрттың өсіп-өркендеуіне қолайлы жер-сумен, жайылымдармен, шұрайлы елді мекендермен үндестік тауып, шаруашылық-мәдени өмірдің даму үрдістерін айқындады. ұасырлар бойы көшпелілерді қоршаған орта киелі таулардан, өзендер мен көлдерден, аңғарлардан, көне зираттардан құралып, ата жұртын белгіледі. Атадан балаға мұраға қалған жерлермен халықтың бүкіл тыныс-тіршілігі, өмір сүру қарекеті байланысты болды. Дәстүрлі көшпелі тұрмыс тіршілігі, төрт түлік мал, жер-ана, табиғат халықтың “құтты қоныс” ұғымын айқындап, материалдық-рухани игілігін, дүниетанымы мен төл мәдениетін қалыптастырды. “Құтты қоныс” іздеу мақсатында халық табиғаттың қолайлы белдеулерінде жыл маусымдарына орай көшіп-қонып отырды. “Кір жуып, кіндік қаны тамған” жермен байланысты туған “ата жұрт, ата қоныс” ұғымында ру-тайпа меншігінде болған жер-аумақтың меншіктілігі, тұтастығы көрініс тапты. Түркі дәуірінде пайда болған “ата қоныс” ұғымы дәстүрлі дүниетанымдық ұстындар жиынтығына негізделіп, қауым арасында жерді пайдалану жүйесінің шарттары мен нормаларын қамтамасыз етті. “Ата қоныс” көшпелілер үшін қасиетті саналып, өз жерінің тұтастығының кепілі әрі көршілес жатқан мекендерге қол сұғуға болмайтындығын мойындауды білдірді. Рафаэль ван дер Ваарт. Ра́фаэль Фердинанд ван дер Варт "' (1983), - Нидерланды футболшысы. Бойы 1 метр 75 сантиметр. Салмағы 74 килограмм. Карьерасы. Тас төбеге C 2000 ойна жылы. Ұлттық құрама сапында. Ван дер Варт ұлттық құрама Нидерланды ойыншысы болып табылады. «КҮЛШЕ ҚЫЗ–НАЗЫМБЕК» ЖЫРЫ. «КҮЛШЕ ҚЫЗ–НАЗЫМБЕК» ЖЫРЫ – ғашықтық жыр. Алғашқы нұсқаларының бірі 1935 ж. «Әдебиет майданы» журналында жарияланған. Шығарманың оқиғасы Қырымда және Орманбет ноғайлары арасында өткен делінеді. Жыр мазмұнында қырық сан Қырым жұртында Жаныс атты асқан бай болғандығы айтылады. Мал бағатын жер-су үшін болған бір қақтығыста адам өлімі болып, Жаныс он сан ноғай еліне көшіп келеді. Осы елдің ханы Асылбекпен қанаттас қонады. Қатар отырғандарында Жаныс пен Асылбектің әйелдері жүкті болады. Жаныстың әйелі қыз туып, атын – Күлше, Асылбектің әйелі ұл табады да, атын – Назымбек қояды. Екеуі құда болады. Көп ұзамай Асылбек қайтыс болып, Жаныс Қырым жұртына қайта көшіп кетеді. Жыр осы екі жастың адал махаббаты жолында бастан кешкен қиындықтарын арқау еткен. Қазақстан ҒА-ның Әдебиет және өнер ин-тының Қолжазбалар қорында «К. қ.–Н.» ж-ның бірнеше нұсқасы сақталған. Кітап. КІТАП (араб. – жазба) – мерзімсіз баспасөз басылымы; көркем-әдеби, қоғамдық-саяси, ғыл.-практикалық мазмұндағы туынды. К-тың алғашқы түрлері ежелгі Мысырда, Шығыс елдерінде, Грекияда, Римде қыш текшелеріне, тақтатастарға сына жазумен жазылатын болған. Б.з.б. 25 ғ-да ежелгі Мысырда қыш текшелердің орнына қамыс (папирус) қолданылды. Қамысқа жазылған К-тар оқтауша түрінде шиыршықталып оралды. Б.з.б. 7 ғ-да қамысқа К. жазу ісі Грекия мен Римде кең өріс алды. Антик. мәдениет пен әлемге әйгілі ғылым өкілдерінің туындылары қолжазба К. ретінде көптеп тарады. Осыған байланысты К-ты көшіріп жазуға машықтанған көшірушілер мен қолжазбаны көркемдеуші суретшілер пайда болды. К. әсем каллигр. жазумен көшіріліп, көркем суреттермен айшықталды. Б.з.б. 2 ғ-да қамыстың орнына тері жарғақ қолданыла бастады. Жарғақ К. та әуелгі кезде орама оқтауша К. түрінде жасалды, кейін б.з. 1 ғ-дан бастап түптелген парақты бүктеме К. (кодекс) дүниеге келді. Ежелгі Рим мәдениеті мен ғылымының аса ірі өкілдерінің туындылары жарғақ К-тарға жазылып таралды. 105 ж. қарапайым қытай шебері Цай Лунь қағазды ойлап тапты. 13 ғ-да қағаз жасау өнері Шығыстан Батысқа тарай бастады. Осыған орай, Орта ғ-ларда Еуропада қолжазба К. қауырт өркендеп, К. жазудың латын (каролина минускул) және готикалық негіздегі үлгілері пайда болды. Мәтінін мазмұндық жағынан ерекшелеудің алуан түрлі тәсілдері табылып, түрліше әріптер, бас тақырыптар (айдарлар) қолданыла бастады. К. мұқабалары алтын, күміс, т.б. металмен өрнектелді. 15 ғ-дың ортасында неміс өнертапқышы И.Гутенбергтің баспа қалыбын ойлап табуына байланысты, жылжымалы құйма қаріппен құйылатын баспа К. пайда болды. Осы заманғы К. түптелген қолжазба К. (кодекс) – мұқабаға дәптерлер түрінде өзара тіркестіріліп бекітілген кітап блогы үлгісінде жасалады. К. оқырмандар қауымына қарай бұқаралық және мамандар мен балалар К-ы, арнаулы мақсатына қарай ресми, ғыл., ғыл.-көпшілік, оқулық, әдеби-көркем, анықтамалық, жарнамалық, т.б. болып бөлінеді. Ғыл. К-тың кең таралған түріне монография, оқу К-тарына – оқулықтар, оқу және оқу-әдістемелік құралдар, анықтама К-тарға – сөздік, энциклопедия, арнаулы мәселелер жөніндегі анықтамалар, нұсқау жаднама, құлақтандырма (проспект), каталог, күнтізбе (календарь), сілтеуіштер жатады. Тақырыбы жағынан К-тар кітапханалық-библиографиялық топтауларға сәйкес жүйеге түсіріледі. КІТАПХАНА. КІТАПХАНА – мәдени-ағартушылық мекеме. К. баспасөз шығармаларын жинау, сақтау, насихаттаумен, оқырмандарға баспасөз шығармаларын берумен, библиографиялық ақпарат жинау, мәдени-ағарту және ғыл.-көпшілік жұмыстарын ұйымдастырумен шұғылданады. К. атқаратын міндетіне, кітап қорының құрамына және жұмыс әдісіне қарай екіге бөлінеді: а) көпшілік; ә) ғыл. және арнаулы. Көпшілік К. – оқырманға қоғамдық-саяси, кәсіптік, жалпы білім беретін басылымдар ұсынады. Ғыл. және арнаулы К-лар ғылым салалары мен белгілі бір ұйымдарға (мекемелер, оқу орындары, т.б.) қызмет етеді. Ғыл. К-ларға, мемл., академиялық, ун-ттік және салалық К-лар, арнаулы К-ларға тех., өндірістер жанындағы, ғыл.-зерт. ин-ттарының, жоғары оқу орындарының К-лары енеді. К-лар жазба ескерткіштердің қоғамдық қоймасы ретінде ерте заманда пайда болған. Б. з. б. 7 ғ-дың ортасында Ниневиде Ассирия патшасы Ашшурбанипалдың сарайында қыш тақталарға жазылған жазбалар жинағы сақталған. Көне К-лардың ішінде Александрия кітапханасы әлемге әйгілі болды. 9–11 ғ-ларда Бұхара, Самарқан, Хорезм, Үргеніш, Мерв қ-лары ғыл. және әдеби кітап қорларымен аты шықты. Қазақстандағы К. тарихы 4–5 ғ-ларда Қаңлы патшалығы сарайындағы К-дан, 11–12 ғ-лардағы Отырар К-сынан басталады. Қазақстанда алғашқы К. Оралда (1880), Семейде (1883), Зайсанда (1896), Павлодарда (1892), Қарқаралыда (1892), Өскеменде (1896 ж.), т.б. қ-ларда ашылды. 1931 ж. Алматыда екі ірі кітапхана Мемл. көпшілік кітапханасы (қазіргі Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы) мен Орт. қ-лық кітапхана құрылды. 30-жылдардың аяғында ауд. жерлердегі көпшілік К-лардың саны көбейді. 1946 ж. Қазақстан ҒА жанынан Орт. ғыл. кітапхана ашылды. Қазіргі уақытта ҚР-да барлығы 11300 К. жұмыс істейді (2003). Измайлов Тоқтар Оразаұлы. Измайлов Тоқтар Оразаұлы (2.8.1926 ж. т., Шығыс Қазақстан обл. Өскемен қ.) – биол. ғыл. докт. (1968), проф. (1970), Қазақ КСР-і Жоғары мектебінің еңбек сің. қызметкері (1979). Алматы зоотех.-малдәрігерлік ин-тын (1951, қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) бітірген соң осы ин-тта аспирант, ассистент, доцент, проф. қызметтерін атқарды. 1970 жылдан кафедра меңгерушісі. 1966 ж. «Некоторые стороны пищеварения в преджелудках крупного рогатого скота в постнательном онтогенезе» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Оның негізгі ғыл. жұмыстары мал физиологиясына арналған. Ол мембраналық ас қорыту мал мен құсқа тән екенін дәлелдеген. Ш ы ғ.: Синтетикалық белок – мал азығы, А., 1985; Мал физиологиясы, А., 1987. ҚОНЫС АУДАРУ БАСҚАРМАСЫ. ҚОНЫС АУДАРУ БАСҚАРМАСЫ – орыс шаруаларының Ресейдің орталық аудандарынан шеткері аймақтарға қоныс аударуын жүзеге асыратын патша өкіметінің мекемесі. Ол 1904 ж. қабылданған “Қоныс аудару туралы Уақытша ережеге” сүйенді. Ереже орыс шаруаларының Қазақстанға қоныстануына жол ашты. 1904 – 06 ж. Қ. а. б. Торғай, Орал, Ақмола, Семей, Сырдария облыстарында қоныстандыру аудандарын құрды. Қ. а. б. нұсқауына сәйкес орыс шаруаларын қоныстандыруға қолайлы, шұрайлы жерлерді алу және шаруаларға түрлі көмек көрсету ұйымдастырылды. Басқарма бөлімшелеріне “артық жерлерді” тауып, “қоныстандыру қорын” құру міндеті жүктелді. Патша өкіметі Қ. а. б. арқылы жерді жаңадан игермей-ақ, жергілікті халықтың бұрыннан игерген жерлерін күшпен тартып ала бастады. 1906 – 12 ж. 17 млн. десятинадан астам жер тартып алынды. 1915 ж. бұл 21 млн. 206 мың 187 десятинаға жетті. Осы жылдары қазақ жеріне 438 мыңнан астам отбасы қоныс аударды. Қоныстанушыларға түрлі жеңілдіктер жасалды. Олар алым-салықтан, әскер қатарына қабылданудан босатылды, әр түрлі материалдық көмек көрсетілді. Қоныстандыру саясаты патшалық Ресейдің 20 ғ-дың басында Қазақстанды одан әрі отарлауына жол ашты. ҚОНЫСБАЙ. Жамбыл обл. Қарабақыр өз-нің Таласқа құяр жерінен 8 км төмен орналасқан. 1936 ж. Жетісу археол. экспед. (жетек. А.Н. Бернш-там) зерттеген. Бекініс ауд. 240250 м төбешік-алаң. Қазіргі ені 20 м болатын бекініс қабырғаларының ортаңғы тұсы мен бұрыштарында мұнара қалдықтары сақталған. Дуалдар ені 15 м-лік ормен қоршалған. Төрт мұнаралы қақпа бекіністің оңт. дуалының ортасында. Табылған қыш ыдыстар сынықтарына қарағанда, Қ. бекінісін халық 8 – 10 ғ-ларда мекен еткен. ҚОНЫС МҰНАЙ-ГАЗ КОНДЕНСАТ КЕНІ. ҚОНЫС МҰНАЙ-ГАЗ КОНДЕНСАТ КЕНІ, Қызылорда обл. Сырдария ауд-нда, Тереңөзек кентінен солт-ке қарай 140 км, Қызылорда қ-сынан солт.-батысқа қарай 150 км жерде. 1986 – 88 ж. сейсмик. барлау әдісімен табылып, 1990 ж. ашылған. Құрылымдық жағынан екі күмбезді (оңт. және солт.) субмеридианды брахиантиклиналь, ал литол. жағынан кен орны құмтастар мен алевролитті болып келеді. Мұнай қабатының жалпы биікт. 30 м, газ қабатының биікт. 45 м. Тиімді және мұнай қаныққан қабаттық қалыңд. 32,2 м, газ қаныққан қабаттың қалыңд. 25 м. Мұнай қаныққан коэфф. 0,68, газ қаныққан коэфф. 0,65. Қанығу қысымы 9,58 МПа. Коллекторы терригенді, кеуекті, ашық кеуект. 19,6%, өткізгішт. 0,015 мкм2. Мұнайы жеңіл, тығызд. 0,83 г/см3, күкірті аз 0,16 – 0,19%, парафині 12 – 15%, шайыры 9,3 – 10,72%. Бастапқы қабаттық қысым 11,2 – 11,35 МПа, темп-расы 56ӘС. 7 мм штуцердегі тәуліктік өнімд. 70,1 – 72,7 м3. ҚОНЫСТАНУ. ҚОНЫСТАНУ – Атырау обл. Қызылқоға ауд-ндағы ауыл, Көздіқара ауылдық округ орталығы. Аудан орт. – Миялы а-нан батысқа қарай 50 км жерде. Тұрғыны 1,5 мың адам (2003). Іргесі 20 ғ-дың 30-жылдарының бас кезіндегі ұжымдастыру саясатына байланысты қаланды. 1997 ж. кеңшар таратылып, оның негізінде “Көздіқара” ӨК, бірнеше шаруа қожалықтары құрылды. Қаракөл елтірісін дайындау пункті, т.б. мәдени-тұрмыстық мекемелер жұмыс істейді. ҚОНЫСТАНУ ТЫҒЫЗДЫҒЫ. ҚОНЫСТАНУ ТЫҒЫЗДЫҒЫ – халықтың белгілі бір аумақта қоныстану деңгейі, аумақ өлшеміне (әдетте 1 км2) шаққандағы тұрғылықты халық саны. Өндіріс орындарының ашылуы, өнеркәсіптің, а. ш-ның дамуы, кен байлықтарының табылуы, т.б. факторлар халықтың аумақта әркелкі орналасуына, Қ. т-на әсер етеді. 2003 ж. дүние жүзінде адам мекендейтін құрлықтағы орташа тығыздық 1 км2 аумаққа шаққанда 35 адамнан келді. Ең жоғары тығыздық Бангладеш мемлекетінде. Мұнда 1 км2 аумаққа 800-ге жуық адам қоныстанған. Ал Еуразия және Америка құрлықтарының бірқатар шөлді далаларында, биік таулы аймақтарында халық сирек қоныстанған. Онда 1 км2 аумаққа 1 адамнан келеді. Қазақстанның өндірісі өркендеген қалаларында, маңызы жөнінен қалаға жақын кенттерде, халық біршама тығыз орналасқан. Оңт. Қазақстан аймағындағы өзен аңғарларында суармалы егін ш-мен айналысатын өңірлерде Қ. т. 50 – 100 адамнан келеді. Бат. Қазақстан өңірінде халық сирек қоныстанған. Мыс., Маңғыстау обл-нда 1 км2 аумақта 2,1, Ақтөбе обл-нда – 2,4, Атырау обл-нда – 3,8 адамнан келеді. Қазақстанда халық тығыз қоныстанған қалалар: Алматы, Шымкент, Қарағанды, Өскемен, Астана. Қазақстан Республикасының заңдары. Заң - аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтiн, Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабының 3-тармағында көзделген түбегейлi принциптер мен нормаларды белгiлейтiн, Қазақстан Республикасының Парламентi, ал Қазақстан Республикасы Конституциясы 53-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Президентi қабылдайтын нормативтiк құқықтық акт; Заңнамалық акт - конституциялық заң, Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар жарлығы, кодекс, заң, Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар жарлығы, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қаулысы, Сенат пен Мәжiлiстiң қаулылары; Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлер - заң актiлерi болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заң актiлерiнiң негiзiнде және соларды орындау үшiн шығарылған, өзге де нормативтiк құқықтық актiлер; Заңнама - белгiленген тәртiппен қабылданған нормативтiк құқықтық актiлердiң жиынтығы; Кодекс - осы Заңның 3-1-бабында көзделген бiртектес аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтiн құқықтық нормалар бiрiктiрiлiп, жүйеге келтiрiлген заң Конституциялық заң - Қазақстан Республикасы Конституциясында конституциялық деп аталған, Қазақстан Республикасы Конституциясы 62-бабының 4-тармағында белгiленген тәртiппен қабылданатын заң Қазақстан Республикасының Президентi. Қазақстан Республикасының Президентi - мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға. Республика Президентi - халық пен мемлекеттiк билiк бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi кепiлi. Республика Президентi мемлекеттiк билiктiң барлық тармағының келiсiп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi. Республика Президентiне халық пен мемлекеттiң атынан сөйлеу құқығы берiледi. Республика Президентiне, оның абыройы мен қадiр-қасиетiне ешкiмнiң тиiсуiне болмайды. Республика Президентiнiң абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiру заң бойынша қудаланады. «Парасат» ордені. Парасат орденi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградасы болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен Қазақстан Республикасына еңбек сiңiрген шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың да наградталуы мүмкiн. Мемлекеттiк наградалармен наградтауды Қазақстан Республикасының Президентi жүзеге асырады. Парасат орденiмен ғылым мен мәдениет, әдебиет пен өнер қайраткерлерi, мемлекет және қоғам қайраткерлерi, сондай-ақ Республиканың рухани және интеллектуалдық әлеуетiн дамыту мен молайтуға зор жеке үлес қосқан не адам құқықтарын және оның әлеуметтiк мүдделерiн қорғау жөнiндегi белсендi қызметi үшiн азаматтар наградталады. ҚОҢҚАШБАЕВ Ғали. ҚОҢҚАШБАЕВ "Ғали" (1903, Павлодар обл. Баянауыл атырабындағы Ақбеттау а. – 6.6.1986, Алматы) – қазақша географиялық атауларды зерттеуші, Қазақстанда топонимика ғылымының негізін қалаушы ғалым, қазақтан шыққан алғашқы геогр. ғыл. канд. (1949). Ташкенттегі Орт. Азия мемл. ун-тінің физика-математика ф-тін (1928), ҚазПИ-ді бітірген (1946). Геогр. және геол. атаулар жөніндегі респ. комиссия төрағасының орынбасары. 1945 – 71 ж. Қазақ қыздар пед. ин-тында, ҚазПИ-де оқытушылық қызмет атқарды. ұыл. еңбектерінде республикадағы геогр. терминдердің шығу төркіні, 15 – 18 ғ-ларда қалмақтардың (ойрат) Қазақстан жеріне келуін айқындайтын тарихи-геогр. мәліметтер, моңғолдық топонимдер, түркі топонимдерінің деректік негізі көрініс тапқан. ҚОҢЫР. ҚОҢЫР – Алматы обл-ның Ескелді би ауд-ндағы ауыл, округ орталығы. Аудан орт. – Қарабұлақ кентінен солт-ке қарай 66 км жерде. Тұрғыны 1,2 мың адам (2003). Ауыл 1961 – 97 ж. Қапал ауд-ның қой өсіретін ұжымшарының орт. болған. Соның негізінде Қ-да және округке қарасты Алмалы, Көктөбе, Қоянды а-дарында ӨК және бірнеше шаруа қожалығы құрылды. ҚОҢЫР Батыс Қазақстан. ҚОҢЫР – Бат. Қазақстан обл. Сырым ауд-ндағы ауыл, Жосалы ауылдық округі орталығы. Аудан орт. – Жымпиты а-нан солт.-шығысқа қарай 65 км жерде. Тұрғыны 1,1 мың адам (2003). 1961 – 97 ж. “Жосалы” қой өсіретін кеңшардың орт. болды. Со-ның негізінде 1997 жылдан Қ-да және округке қарасты Былқылдақ, Кеңаша, Тамды а-дарында ЖШС құрылған. ҚОҢЫР Алматы облысы. ҚОҢЫР – Алматы обл-ның Алакөл ауд-ндағы ауыл, Ақжар ауылдық округі құрамында. Аудан орт. – Үшарал қ-нан оңт-ке қарай 76 км жерде. Тұрғыны 1,0 адам (2003). 1965 – 97 ж. сүт-көкөніс дайындайтын кеңшардың бөлімшесі болған. Со- ның негізінде 1997 жылдан Қ-да бірнеше шаруа қожалықтары құрылды. ҚОҢЫР Жүсіпұлы. ҚОҢЫР "Жүсіпұлы" (1860, Маңғыстау түбіндегі Ақшұқыр өңірі – 1944, сондағы Жетібай жері) – сазгер, күйші-домбырашы. Абыл, Есір, Құлшар, Есбай күйлерін жеткізген. Өзінің “Қоңыр”, “Өттің өмір”, “Дәуір” сияқты күйлерінде өмір, заман туралы толғанысы аңғарылады. Қ-дың домбырасы Құрық кентіндегі қазақ орта мектебінің өлкетану мұражайында сақтаулы. Жанмолдаев, Бақытжан Жамаладинұлы. ЖАНМОЛДАЕВ Бақытжан Жамаладинұлы (29.3.1955 ж.т.) – тех. ғыл. докт. (2004), проф. (2004). ҚазМУ-ды (1982, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс ин-тының Қызылорда бөлімшесінде оқытушы (1983–90), Мәскеу инж.-құрылыс ин-тында аспирант (1990–93), Қызылорда қ-ның жоғары оқу орындарында аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, ф-т деканы (1993–2001) қызметтерін атқарды. 2003 жылдан Қызылорда мемл. ун-тінің Қашықтан оқыту және мамандарды қайта даярлау орт-ның директоры қызметінде. Ғыл. еңбектері тұтқыр, серпімді пластиналар мен құрылым тербелістерінің матем. теориясын құру және ол тербелістерге темп-раның тигізетін әсерін зерттеуге арналған. Жантаев, Жұмабек Шәбденаманұлы. ЖАНТАЕВ Жұмабек Шәбденаманұлы (1947 ж.т., Алматы обл. Іле ауд. Шилікемер а.) – физ.-матем. ғыл. докт. (1996). Қазақ политех. ин-тын (1970, қазіргі Қазақ ұлттық тех. ун-ті) бітірген. Қазақстан ҒА-ның Сейсмол. ин-тында (1970–84) және Сейсмол. тәжірибелік-методикалық экспедицияда (1984–90) жауапты қызметтер атқарды. «Қазақ селден қорғау» мекемесінде директордың ғыл. жұмыстар жөніндегі орынбасары, лаборатория меңгерушісі, ғыл.-өндірістік кешен директоры болды (1990–97). 1997 жылдан осы мекеменің «Болжау» ғыл.-өндірістік кешенінде жетекші ғыл. кеңесші. 1995 ж. «Модель напряженного состояния неоднородной земной коры и ее приложения к условиям Тянь-Шанского сейсмогена» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Жантасов, Құрманбек Тәжмаханбетұлы. ЖАНТАСОВ Құрманбек Тәжмаханбетұлы (27.10.1947 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Шымкент қ.) – тех. ғыл. докт. (1998), проф. (2002). КСРО өнертапқышы (1984). Қазақ хим.-технол. ин-тын бітірген (1974). Шымкент фосфор з-тында феррофосфор ағытқышы (1974–75), Қазақ гипрофосфор ғыл.-зерт. ин-тында инж., кіші, аға ғыл. қызметкер, бөлім, лаборатория меңгерушісі (1975–93). Қазақ хим.-технол. ин-тында аға оқытушы (1993–96), Оңт. Қазақстан мемл. ун-тінде доцент, проф. (1999–2002) қызметін атқарады. 180-нен астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 45 авторлық куәлік пен патенттердің иесі. 4 ғыл. жаңалығы бар. Қазақстан Мемл. сыйл. лауреаты (2005). Асыл тастар. Асыл тастар — "минералдар мен тау жыныстарының көркем бұйымдар және зергерлік әшекей заттар жасауға пайдаланылатын ерекше тобы." Оларға өрнекті, түс бояулары қанық, мөлдір әрі жарық сәулесін сындырып, шашырата алатындай оптикалық қасиеті бар көптеген минералдар мен тау жыныстары жатады. Мұндай тастардан жасалынған бұйымдар атадан балаға мұра болып қалып отырады, сондықтан олар механикалық және химиялық әс Асыл тастарды Қазақстан жерінде адамдар бағзы заманнан танып, қолдана білгені археологиялық мәліметтерден белгілі болып отыр. Мысалы, Солтүстік және Батыс Қазақстанда біздің заманымыздан бұрынғы 3-мыңжылдықта тастан жасалған тас білезіктер мен әр түрлі әсем бұйымдардың бөліктері табылған. Бесшатыр зираты және Есік қорғанынан табылған моншақтар қызғылт-сары ақықтан жасалған. Батыс Қазақстан облысында табылған сармат мәдениетіне тән моншақтар тау хрусталі мен кәрібтастан тұрады. Түрлі-түсті нефрит, ақық және т.б. тастардан істелінген зергерлік бұйымдардың бөліктері Отырар мұражайына қойылған. Асыл тастар ретінде құрамы мен тегі әр түрлі 100-ге жуық минералдар мен тау жыныстары пайдаланылады. Бұл тізім әшекейлік жаңа тастармен үнемі толықтырылуда. Асыл тастардың құндылығына көптеген жағдай әсер етеді. Біріншіден, олардың таралу дәрежесіне байланысты. Мысалы, өте әдемі деген тастың өзі табиғатта кең таралған жағдайда құнсызданады. Бір кездердегі иризаттық қасиеті бар асыл тас – лабрадор Канада мен Украинада үлкен кендерінің ашылуына орай, қаптама тастар қатарына түсті. Екіншіден, әсемдік әлеміндегі өзгеріске байланысты бұйымдардың түр-түсінің өзгеріп отыруы әр түрлі сұраныс тудырады. Мұнымен қатар, кейбір тастарға қатысты ұлттық және діни ғұрыптар сақталады. Үшіншіден, асыл тастардың кен орындары әлемдегі санаулы елдердің еншісіне тиіп отыр. Асыл тастардың құндылығына байланысты зергерлік, зергерлік-әшекейлік және әшекейлік болып, 3 топқа бөлінеді. Өз кезегінде зергерлік және зергерлік-әшекейлік тастар бірнеше қатарға жіктеледі. Зергерлік тастар: І қатар – қызыл лағыл (рубин), зүмірет (изумруд), алмас, көк жақұт (көк сапфир); ІІ қатар – александрит, қызғылт-сары және күлгін жақұт (сапфир), асыл қара опал, асыл жадеит; ІІІ қатар – демонтоид, шпинель, ақ және оттай қызыл опал, көгілдір зүмірет (аквамарин), топаз, родолит, турмалин; ІV қатар – хризолит, циркон, кунцит, ай тас (адуляр), күн тас (ферриортоклаз), сары, жасыл және қызғылт берилл, пироп, альмандин, бирюза, аметист, хризопраз, цитрин. Зергерлік-әшекейлік тастар: І қатар – лазурит, жадеит, нефрит, малахит, янтарь, түтін түстес және түссіз тау хрусталі; ІІ қатар – агат, амазонит, күрең қызыл гематит, родонит, құбылма дала шпаты, обсидиан, эпидот. Әшекейлік тастарға яшма, мәрмәрлі оникс, обсидиан, гагат, тасқа айналған ағаш, лиственит, өрнекті кремень, пегматит, авантюринді кварцит, флюорит, селенит, агальматолит, түсті мәрмәр, т.б. жатады. Тастың мөлдірлігі (тазалығы) мен ақаусыздығының да үлкен мәні бар. Бұл қасиеттері бойынша І қатардағы тас ІІ қатарға немесе одан да төмен түсуі мүмкін. Ал зергерлік бұйымдарда асыл тастың өңделу дәрежесінің күрделілігі мен сапасы есепке алынады. Асыл тастар кендерінің әлемдегі таралуы біркелкі емес. Мысалы, алмас негізінен Оңтүстік Африкада өндіріледі, онда тағы зүмірет, көгілдір зүмірет (аквамарин), аметист, малахит кездеседі. Азияда қызыл және көк лағылдың, жадеиттің, бирюзаның, ақықтың әлемдік қорлары бар. Австралия асыл опат, родонит, хризопраз және көк лағылымен әйгілі. Солтүстік Америкада бирюза, нефрит, турмалин кендері тараған. Оңтүстік Америка зүмірет, топаз, ақық және аметист кендеріне бай. Геологиялық құрылымының күрделілігіне байланысты Қазақстанда асыл тастардың көпшілігі кездеседі. Олардың ішіндегі ерекшелері: Делбегетейдің зүміреті (Шығыс Қазақстан), Сарыкөлболдының хризопразы (Орталық Қазақстан), Итмұрындының жадеиті (Орталық Қазақстан), көптеген кен орындарын түзейтін түрлі-түсті ақық, тау хрусталі, малахит, бирюза, т.б., сондай-ақ әшекейлік тастардың түр-түрлері Қазақстанның барлық аймақтарында кеңінен таралған. Олардың ішінде түрлі өрнекті әрі түсті яшма, тасқа айналған ағаштар, родусит, флюорит, лиственит, т.б. бар. Қазіргі кезде жоғарғы температура мен қысымда жасанды жолмен алмас, лағыл, сапфир, шпинель, көк шпинель, мөлдір александрит, зүмірет, т.б. алынады. Икер Касильяс. Икер Касильяс Фернандес Испаниялық футболшысы. 1981 жылы мамыр айының 20-сында дүниеге келген. Испания Чемпионы. Ағыбаев, Арықбай Нүсіпәліұлы. Ағыбаев, Арықбай Нүсіпәліұлы (15.6.1941 ж.т., Алматы облысы Жамбыл ауданы Қастек ауылы) – заң ғылымдарының докторы (1997). ҚазМУ-ды (1967, қазіргі ҚазҰУ) және КСРО Ғылымдар Академиясының Мемлекеттік және құқық институтының аспирантурасын (1973) бітірген. Қазақстан Ғылымдар Академиясының Философия және құқық институтында (1967–70), Алматы облысы сотында (1973–78) қызмет істеген. Қарағанды мемлекеттік университетінде аға оқытушы (1978–81) болған. Қазақ мемлекеттік қыздар педогогика институты (қазіргі Қазақ мемлекеттік қыздар педогогика университеті) мен ҚазМУ-да доцент, профессор, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарады. Ағыбаевтың ғылыми жұмыстары қылмыстық құқық, криминал мәселелерін зерттеуге арналған. Ағыбаев 120-дан астам еңбектің, оның ішінде 2 монография, 10 ғылыми-әдістемелік оқу құралдарының авторы. Ағыбай батыр (жыр). Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық қозғалысына белсене қатысқан белгілі батыр Ағыбай Қоңырбайұлының (1802–85) ерлік істерін баяндайды. Жырдың екі нұсқасы сақталған. Қарағандылық жыршы Тәужи Айнатасов жинаған «Ағыбай батыр» жырында Кенесарының түрікмен елінен бір тұлпар әкеп беру туралы өтінішін орындауға аттанған Ағыбай батырдың сапар кезіндегі ерліктері баяндалады. Нұсқа толық емес, он бір буынды, қара өлеңмен жазылған. Жыр оқиға желісі, құрылысы, суреттеу тәсілі жағынан өте қызғылықты. Романтик. сарын басым. Ақын, халық ауыз әдебиетін жинаушы Нұрғали Бейсеновтен 1949 ж. жазып алған "Ағыбай батыр" жырының 2-нұсқасы көркемдігі мен мазмұны жағынан құндырақаласы Ағыбай нақтылы өмірде Ресей отаршыларына қарсы күрес жүргізсе, жырда қалмақпен соғысып ерлік көрсетеді, даңқы бүкіл елге жайылған қолбасшы атанады. Бұл жыр да он бір буынды қара өлеңмен жазылған. Батыр ерлігі тарихи жыр шеңберінен асып, ертегі сарынымен бейнеленген, осы арқылы жырдың тарихи-әлеум. идеясы айқын байқалады. Ағыбай батырдың елін сыртқы жаудан қорғау жолындағы ерлік істері туралы осындай мазмұндағы басқа нұсқалар Қазақстан Ғылымдар Академиясының Орт. ғылыми кітапханасы мен Әдебиет және өнер институтының Қолжазбалар орталығында сақтаулы. «Ағыбай батыр» жырының Т.Айнатасов жинаған нұсқасы «Ақжолтай Ағыбай батыр» жинағында (Жезқазған, 1992) жарияланған. Адамбеков, Қайрат Ілиясұлы. Адамбеков, Қайрат Ілиясұлы (3.1.1948 ж.т., Алматы облысы Талғар қаласы) – педогогика ғылыми докторы (1995), профессор (1996), ҚР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1993), Әлеум. ғылыми академиясының академигі (2004). Қазақ физкультура институтын (1970, қазіргі Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясы) және Мәскеудің мемлекеттік орт. физкультура институтының аспирантурасын (1978) бітірген. Алматы қалалық к-тінде нұсқаушы (1970), Қазақ физкультура институтында оқытушы (1971–75), аға оқытушы (1978–83), доцент, деканның орынбасары (1983–85), спорт факультетінің деканы (1985–98), ҚазҰПУ-да кафедра меңгерушісі (2000–04), деканы (2004–08) қызметтерін атқарған. «Оқушы жастардың дене тәрбиесінің педагогикалық негіздері» деген тақырыпта докторы дисселосы қорғаған. Оның ғылыми жұмысының бағыты – дене тәрбиесі мен мәдениеті және спорт мәселесі. Адамбековтың 100-ден астам ғылыми-әдістемелік мақаласы жарияланған. Талғар қаласының құрметті азаматы (2008). Адамбекова, Сәуле Ілиясқызы. Адамбекова, Сәуле Ілиясқызы (6.2.1959 ж.т., Алматы облысы Талғар қаласы) – педогогика ғылыми докторы (2002). Қазақ физкультура институтын (1980, қазіргі Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясы) бітірген. 1980–83 және 1991–97 ж. Алматы қ-ндағы №1 респ. олимпиада резервтерін дайындайтын уч-ще комсомол к-тінің хатшысы, №3 уч-ще директорының орынбасары, 1983–91 ж. респ. Оқушылар сарайында аға әдіскер, 1997–2001 ж. Қазақ білім академиясында лаборатория меңгерушісі болды. 2001 жылдан ҚР Білім және ғылыми минститулігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орт-нда лаборатория жетекшісі қызметінде. Бірқатар Халықаралық конференциялар мен конгрестерге катысып, дене тәрбиесінің маңызы жөнінде баяндамалар жасады. 70-тен астам ғылыми-әдістемелік еңбектің авторы. Адам және жануарлар физиологиясы институты. Адам және жануарлар физиологиясы институты, Қазақстан Ғылымдар Академиясының ғылыми-зерт. институттарының бірі. 1945 ж. құрылған. Оның лимфа және қан айналысы, ас қорыту, лактация (сүттену), нейрогуморальдық реттеу, бейімделу және лимфалық жүйе физиол-сы лабораториялары бар. Негізгі ғылыми-зерт. жұмыстарының бағыттары: лимфаның құрамы мен қасиетінің өзгеру заңдылығын, түзілуін және оған әсер ететін факторларын, ас қорыту, жүйке жүйесі, ішкі секреция бездері қызметін зерттеу. Құрылғаннан бері институт ғалымдары гисто-физиологиялық зерттеулерін (Н.О.Базанованың басшылығымен), адамның естен танып ауыратын дертін емдеу жолын (А.П.Полосухин); фистулалық әдіс арқылы малдың ас қорыту ерекшелігін білу (ҚАЛАСЫТ.Тәшенов); ірі қара малдың сүттілігін арттыру, бие сауатын «Темп» аппаратын шаруашылыққа пайдалану жолын (Х.Д.Дүйсембин) ұсынды. Сондай-ақ диспепсия, энтерит дертін емдеуге қажетті кермек және таран өсімдіктерінен жасалған тұнба ерітінділерін алу, киікоты өсімдігінен жасалған дәрімен жүрек ауруын емдеу жолын (Ф.Ж.Жұмағалиева); Қазақстанда экол. жағдайдың нашарлауына байланысты қолайсыз факторлардың (қорғасын, улы газ, т.б.) организмге зиянды әсерін және одан қалай сақтану жолдарын, ауыр металдардың қан мен лимфаға, бауыр мен бүйрекке, денедегі зат алмасу, ас қорыту, сүт шығу процестеріне әсерін анықтайтын ғылыми-зерт. жұмыстарын жүргізді. Адамның ғарышты игеруіне байланысты ғылыми бағдарлама бойынша зерттеулер жүргізілді (мысалы, Қазақстан ғарышкерлері Т.Әубәкіров пен Т.Мұсабаевтың ғарышқа ұшар алдындағы және жерге қонғаннан кейінгі қанының құрамы зерттелді). Адам физиологиясы. Адам физиологиясы – биологияның тірі организм мен оның жеке жүйелері, органдары, тіндері мен клеткалары қызметтерін (функцияларын) зерттейтін саласы. Ол ғылыми бағытына қарай жалпы Адам физиологиясы, жеке Адам физиологиясы және қолданбалы Адам физиологиясы болып үш бөлімге, ал мақсатына, зерттейтін объектісі мен әдістеріне байланысты қалыпты Адам физиологиясы және патологиялық Адам физиологиясы. болып екіге бөлінеді. Физиология туралы түсінік адамдарда өте ертеден тірі организмде болатын өзгерістерді бақылау арқылы қалыптасқан. Алғашқыда бірнеше ғасырлар бойы Гиппократтың (б.з.б. 5 ғ.) және Аристотельдің (б.з.б. 4 ғ.) көзқарастары үстем болды. 1628 ж. ағылшын ғалымы У.Гарвей адам және жануарлардағы үлкен және кіші қан айналымдарын ашқаннан кейін физиологиялық ғылымы өз алдына дами бастады. Орыс ғалымдары И.М.Сеченов және И.П.Павловтың физиологиялық процестерді жоғарғы жүйке жүйесі басқаратындығын дәлелдеуі физиолдағы жаңалық болып саналды. Қазақстанда Адам физиологиясы мәселелері Х.Досмұхамедовтың, Х.Қ. Сәтбаеваның, Ж.Б.Нілдібаеваның, Ә.А.Өтепбергеновтің еңбектерінде баяндалған. Қазақстанда Адам физиологиясын зерттеу Қазақ медицина институтында (1931, қазіргі Қазақ мемлекеттік медицина университеті), ҚазМУ-да (1934, қазіргі ҚазҰУ) физиологиялық кафедралары және Қазақстан Ғылымдар Академиясының Физиологиялық институты (1944 жылға дейін КСРО ҒА Қазақ бөлімшесінің физиологиялық секторы) ашылғаннан кейін ғылыми жолға қойылды. Дегенмен, Адам физиологиясының Қазақстанда іргетасын қалаған А.П.Полосухин болды. Ол Физиологиялық ғылыми-зерт. институтын ашып, алғашқы физиолог-ғалымдарды дайындады. Қазақстан физиолог-дәрігерлері қан айналысы мен лимфа-айналысының реттелу тәртібін зерттеді (І.А.Бірімжанова, Х.Қ. Сәтбаева, Е.Г.Скипина, т.б.). Кейіннен Т.Ш.Шарманов тамақтану физиол-сын дамытты. Әдеб.: Досмұхамедұлы Х., Адамның тән тірлігі, Қызылорда, 1922; Сәтбаева Х.Қ., Нілдібаева Ж.Б., Өтепбергенов Ә.А., Адам физиологиясы, А., 1995. Адуов, Мүбәрак. Адуов, Мүбәрак (1950 ж.т.) – техникалық ғылымдарының докторы (2008), Целиноград ауыл шаруашылық институтын (1975, қазіргі Қазақ агротех. университеті) бітірген. Павлодар облысы «Шідерті» кеңшарында инж.-контролер (1976), Қазақ агротех. университетінде ассистент, аға оқытушы болды (1977), 1977 жылдан кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. Адуов 97-ге жуық ғылыми еңбек жазған. 1 оқулық, 4 оқу құралының авторы. Ажбенов, Валерий Кеңесұлы. Ажбенов, Валерий Кеңесұлы (1942 ж.т., Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз ауылы) – энтомолог, биология ғылыми докторы (1995), профессор (2000). Қазақ мемлекеттік а. ш. институтын (1963, қазіргі Қазақ ұлттық агр. университеті) бітірген. Қазақ өсімдік қорғау ғылыми-зерт. институтында ғылыми, аға ғылыми қызметкер, жетекші маман, лаборатория және бөлім меңгерушісі (1963–2000), ал 2000 жылдан «Фитосанитария» кәсіпорны бас директорының орынбасары, Ақмола агр. институтының профессор қызметтерін атқарады. А. 110 ғылыми еңбек пен 2 монографияның авторы. Шығ.: Өсімдіктер әлемін қорғаудың математикалық үлгісін жасау әдістері мен принциптері, А., 1989; Фитосанитарлық диагностика, М., 1995; Шегірткелер ауылшаруашылық өсімдіктерінің қас жауы, А., 2000. Азаматтық авиация академиясы. Азаматтық авиация академиясы, Алматы азаматтық авиация академиясы – Қазақстандағы авиацияның барлық саласы бойынша мамандар даярлайтын мемлекеттік жоғары оқу орны. Ол 1995 ж. Киев азаматтық авиация инженерлері Халықаралық институтының оқу-жаттығу орт-ның негізінде Алматыда құрылған. Азаматтық авиация академиясы инженер-механик, инженер-электрик, радиоинженер, авиация көлігіндегі экономика мен менеджмент, инженер-ұшқыш, борт-инженері, әуе қозғалысын басқару мамандықтары бойынша кадрлар даярлайды. ТМД елдерінің Халықаралық авиация комитетінің арнайы сертификатын алып (1996), Халықаралық деңгейдегі оқу орны ретінде танылды. Академияда Қырғызстан, Тәжікстан, Палестина, т.б. елдердің азаматтары да оқиды. Күндізгі және сырттай оқу бөлімдері бар. 70 кәсіби білімі жоғары оқытушылар дәріс береді. Олардың 5-еуі профессор, 20-сы ғылыми кандидаттары, 10-ы 1 сыныпты нұсқаушы (1998). Азаматтық авиация академиясы ҚР Қорғаныс минститулігінің жүйесі үшін де маман кадрлар (әуе күштері әскерлерінің борт-инженерлерін) даярлайды. Азаров, Николай Куприянович. Азаров, Николай Куприянович (1941 ж.т., Омбы облысы Калачинск ауданы Сорочино селосы) – а. ш. ғылыми докторы (1997). Омбы а. ш. институтын (1971) бітірген. Бүкілодақтық егін ш. ғылыми-зерт. институтының топырақ физикасы лабораториясының аға ғылыми қызметкері (1971–77), лаборатория меңгерушісі (1977–83), агроталап лабораториясының меңгерушісі (1983–85), жаңа технология және машиналар секторының меңгерушісі (1985–92). 1993 жылдан Қазақ егін ш. ғылыми-зерт. институтының топырақ қорғау лабораториясының, агротопырақтану бөлімдерінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 50-ден астам ғылыми мақаласы жарияланған. Шығ.: Исследование диогнастических показателей податливости почв ветровой эрозии для отдельного землепользования и крупного региона. А., 1985; Разработка новых технологий посева зерновых и средств механизации с учетом агроландшафта территории землепользования. // Земледелие. 1992. Азғыр ядролық полигоны. Азғыр ядролық полигоны (әскери шартты аты «Галит») – бұрынғы КСРО Қорғаныс минститрлігі мен Атом өнеркәсібі минститрлігі және Бүкілодақтық эксперименттік физика ғылыми-зерт. институты («Арзамас-16») мамандарының басқаруымен ядролық жарылыстар сыналған құпия сынақ аймағы. Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы Азғыр ауылынан 15 км-дей жерде орналасқан. Ауданы 0,6 млн. га. Онда 1966 ж. сәуірден 1977 ж. қазан айы аралығында 17 ядролық жарылыс (165–1500 м тереңдікте) сынағы жүргізілді. Ядр. қуат күші 10–25 тротилдің килотоннасына тең дәрежеге жеткен. Осының салдарынан жер астынан жалпы көл. 1,2 млн. м3 9 қуыс пайда болды. 1991–92 ж. осы қуыстарды тексеру кезінде ыдырайтын радиоактивті заттардың сақталғаны анықталды («А.» я. п-ндағы 9 жер асты қуысындағы радиоактивтік заттардың қалдықтары 1996–97 ж. көмілді). Сондай-ақ бұл жерлерде таллий, қорғасын, кадмий, күшәла, бром, хлорид, сульфаттардың мөлшері рұқсат етілген шектен бірнеше есе жоғары болып отыр. Жер асты сулары ауыр металдармен ластанған. Радиоактивті заттармен ластанған топырақты, суды, егістік жерлерді, мал жайылымдарын тазартып, залалсыздандыру жұмыстары аяқталмаған. «А.» я. п-ндағы жергілікті тұрғындарды медицина тексеруден өткізгенде, ауруға шалдыққандар мен қайтыс болғандарының саны (әсіресе балалардың) облыстағы орташа деңгеймен салыстырғанда 2–2,5 есе жоғары болған. Әсіресе, рак, сүйек тіндерінің аурулары, иммунды жүйелер мен қан құрамының бұзылуы басым (балалардың 95%-ы анемия ауруына шалдыққан). Сонымен қатар мал өлімі де көбейген. Мыселосы, 1992 ж. Құрманғазы ауд-нда ірі қараның 40%-ы, жылқының 35%-ы, түйенің 30%-ы, қойдың 20%-ы өлген. Әдеб.: Тлеубергенов С. Т., Полигоны Казахстана, А., 1997. Азнабаев, Эдуард Қасымұлы. Азнабаев, Эдуард Қасымұлы (6.2.1936, Жамбыл облысы Мерке а. – 21.12.1995, Алматы қаласы) – геология-минералогия ғылымдарының докторы (1992), Қазақстан Ғылымдар Академиясының корреспондент мүшесі (1995). ҚазМУ-ды (1960, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Қазақстан Ғылымдар Академиясының Геол. ғылымдар институтының аға инж. (1964–66), кіші және аға ғылыми қызметкері (1966–86), лаборатория меңгерушісі (1986–93), ҚР ҰҒылымдар Академиясының Батыс Қазақстандағы (Атырау) Орт. кешенді отын-энергет. бөлімшесінің директоры (1993–94), лаборатория меңгерушісі (1994), Қазақ минералдық шикізаттар ғылыми-зерт. институты директорының орынбасары (1994–95) болды. Негізгі ғылыми-зерт. бағыты Қазақстандағы шөгінді мұнай-газ алаптарының геол. құрылымын, мұнай мен газдың жер қойнауында орналасу заңдылықтарын, көмірсутектердің пайда болуын, олардың кезеңдік, темп-ралық өзгеруін, көшіп-қонуын зерттеуге арналған. А. Қазақстанның 1:1 500 000 масштабтық тарихи-генетик. мұнай-газ картасын жасауға қатысқан. Шығ.: Геология и нефтегазоносность юго-востока Прикаспийской впадины, А.-А., 1971 (соавт.); Условия формирования месторождений нефти и газа Прикаспийской впадины, А.-А., 1978. Айғабылұлы Айтбай. Айғабылұлы Айтбай (16.3. 1936, Ташкент облысы Шиназ ауданы Көтерме а. – 7.6.2001, Алматы қаласы) – филологиясы ғылыми докторы (1997), Қазақ КСР-і (1970) және КСРО оқу ісінің үздігі (1980). Ташкент педогогика институтын (1959) бітірген. Ауылдық орта мектепте мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі (1959–72), «Қазақ Совет энциклопедиясында» ғылыми, аға ғылыми редактор (1972–78), Білім проблемалары ғылыми-зерт. институтында бөлім меңгерушісі (1978–84), 1984 жылдан өмірінің соңына дейін ҚазҰУ-да аға оқытушы, доцент болып қызмет атқарған. «Қазақ тілі морфонологиясы» деген тақырыпта докторы дисселосы қорғады. А. 6–7-сыныптарға арналған «Қазақ тілі» (К.Ахановпен бірге) оқулығы, жоғары оқу орындарына арналған «Қазақ тілін оқыту методикасы» (1988), «Қазіргі қазақ тілі» (1991) оқу құралдары авторларының бірі. Айдарлы төбе. Айдарлы төбе – көне қала орны. Оңт. Қазақстан облысы Созақ ауданы орт-нан солт.-батысқа қарай 20 км жерде орналасқан. 1970 ж. Оңт. Қазақстан кешенді археол. экспедициясы (жетекшісі К.М.Байпақов) зерттеген. А. т-нің қазіргі көрінісі дөңес, ұз. 60 м, биікт. 3,5 м. Қазба жұмысы жүргізілмеген. Төбе үстінен жинастырылған қыш ыдыстардың жасалу тәсілдері б.з. 6–7 ғ-ларда болған қала орны екенін көрсетеді. Айдаров, Ғұбайдолла. Айдаров, Ғұбайдолла (18.6. 1921, Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Тельман к. – 1.3.2001, Алматы қаласы) – филология ғылымдарының докторы (1974). Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1994). 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. Шымкент оқытушылар институтын (1948), ҚазПИ-ді (1952, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. 1959 жылдан Қазақстан Ғылымдар Академиясының Тіл білімі институтында кіші, аға ғылыми қызметкер болды. Айдаров 250-ден астам ғылыми-зерт. еңбек, оның ішінде 10 монография мен жоғары оқу орындарына арналған оқулықтың авторы. Ғылыми-зерт. еңбектері негізінен түркі жазба ескерткіштерін зерттеуге арналған. А. ғылыми еңбектерінде көне түркі ескерткіштерінің мәтіндерін қазіргі графика бойынша транскрипциялап, олардың тілін лингвист. тұрғыдан жан-жақты талдаған, ескерткіштер тілінің қазіргі қазақ тіліне жақындығын зерттеп, дәлелдеген. Шығ.: Білге қаған ескерткішінің тілі, А., 1966; 8 ғ-дағы көне түркі жазулы орхон ескерткіштерінің тілі, А., 1971; Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі (оқулық), А., 1986; Көне ұйғыр жазба ескерткіштерінің тілі, А., 1991. Айдарова, Сәуле Байларқызы. Айдарова, Сәуле Байларқызы (1950 ж.т., Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы) – хим. ғылымдарының докторы (1992), профессор (1993). ҚазМУ-дың хим. факультетін (1972, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Коллоидты хим. кафедрасында лаборант, аға лаборант (1973–75), инж., ассистент, аға оқытушы, доцент (1975–89), 1989–92 ж. осы кафедраның докторанты, деканның орынбасары (1996–98) қызметтерін атқарды. Айдарова 130-дан астам ғылыми еңбектің, 1 монографияның авторы. Айдарханов, Арман Тергеуұлы. Айдарханов, Арман Тергеуұлы (8.12.1963 ж.т., Алматы қаласы) – медицина ғылымдарының докторы (1998). Алматы мемлекеттік медицина институтын (1987, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерт. институтында аға лаборант, кіші, аға ғылыми қызметкер, денсаулық басқармасының бастығы (1998–2000), ҚР Денсаулық сақтау агентігі төрағасының орынбасары (2000–01), ҚР Денсаулық сақтау минститулігінің вице-министрі (2001–04), 2004 жылдан Қазақ ұлттық медицина академиясының проректоры қызметтерін атқарады. «Совершенствование комбинированного и комплексного лечения местнораспространенного рака мочевого пузыря» деген тақырыпта докторы диссертациясын қорғады. А. 45 ғылыми жарияланымның, оның ішінде 2 монографияның авторы. Айдарханов, Бүркітбай Айдарханұлы. Айдарханов, Бүркітбай Айдарханұлы (29.12.1918 ж.т., Павлодар облысы Баянауыл ауданы) – медицина ғылыми докторы (1975). 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. Алматы мемлекеттік медицина институтын (1941, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. 1945 ж. Қазақстан Ғылымдар Академиясының Клиник. және эксперименттік хирургия институтында аспирант, кіші, аға ғылыми қызметкер болды. 1959 жылдан бөлім және лаборатория меңгерушісі. Ғылыми еңбектерінің негізгі бағыты – эндокринологиялық сырқаттың эпидемиологиясы. Шығ.: Эндемический зоб животных. А.-А., 1978 (соавт.); Эпидемиология и профилактика эндемического зоба. А.-А., 1979 (соавт.). Айдарханов, Махмет Бүркітбайұлы. Айдарханов, Махмет Бүркітбайұлы (14.1.1948 ж.т., Алматы қаласы) – физ.-матем. ғылыми докторы (1992), профессор (1994). ҚазМУ-ды (1971, қазіргі ҚазҰУ) және КСРО Ғылымдар Академиясының Есептеу орт-ның аспирантурасын (1977) бітірген. Қазақстан Ғылымдар Академиясының Матем. және мех. институтында лаборант, инж. (1971–72), кіші, аға, жетекші ғылыми қызметкер (1977–91), КСРО Ғылымдар Академиясының Есептеу орт-нда стажер-зерттеуші, аспирант (1972–77), Қазақстан Ғылымдар Академиясының Ғарыштық зерттеу институтында лаборатория меңгерушісі (1991–93) қызметтерін атқарды. 1994 жылдан Қазақстан Ғылымдар Академиясының Ақпараттану және басқару проблемалары институтының директоры. «Теория и применение групповых методов классификации для конечных и конкинуальных множеств объектов» деген тақырыпта докторы дисселосы қорғады. Ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты – образдарды тану және жіктелінімін зерттеу, сондай-ақ матем.-ақпараттану саласындағы ғылыми-зерт. бағдарламаларын ұйымдастыру мәселелеріне арналған. А-тың 80-нен астам ғылыми еңбегі, оның ішінде 4 монографиясы жарық көрген. Айдос үйтас қорымы. Айдос үйтас қорымы – қола дәуірінің орта және соңғы кезеңінен сақталған ескерткіш. Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Өткелбай бөлімшесінен оңт.-батысқа қарай 2 км, Жезқазған қаласынан солт.-шығысқа қарай 50 км жерде, Кеңгір өзенінің сол жағалауында орналасқан. Орт. Қазақстан археол. экспедициясы 1983–84 ж. (жетекшісі Э.Р.Усманова) және 1997 ж. (жетекшісі Ж.Құрманқұлов) зерттеген. Қорымның шығыс жағындағы қоршауларға қола дәуірінің Нұра кезеңінің (б.з.б. 11–13 ғ-лар) адамдары өлгеннен кейін өртеліп, күлі көмілген. Қабірден көзе, құрбандыққа шалған мал сүйектері табылды. Қорымның батыс бөлігінен Беғазы-Дәндібай мәдениетіне жататын обалар ашылды. Көпшілігі тоналған. Жақсы сақталған обадан бірінің ішіне бірі салынған үш қоршау зерттелді. Сыртқы қоршауы 4–5 қабат етіп тастан қаланған, көл. 6,4х6,2 м, биікт. 0,5 м. Шығыс қабырғаға ортасынан есік жасап, дәліз салған. Ұз. 2 м, ені 1 м. 2-қоршау да тастан қаланған, дөңгелек пішінді. Диам. 4,8 м 3-қоршаудың дөңгелек, тас қабырғалары қырынан қаланған. Мәйітпен бірге көзе күйдіргенде астына қоятын екі дөңгелек жұқа тас, қыш ыдыс, бірнеше жылқы қабырғасы, екі жүзді қола қанжар, сүйек жебе ұшы, көзелер, т.б. табылды. Қорым қола дәуіріндегі адамдардың сәулет өнерінен, жерлеу салты мен материалдық мәдениетінен тың мағлұмат береді. Айқымбаев, Масғұт Айқымбайұлы. Айқымбаев, Масғұт Айқымбайұлы (31.12.1916, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Семей қалалық әкімдігі, Знаменка ауылы – 14.10.1992, Алматы қаласы) – медицина ғылыми докторы (1967), профессор (1969), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген дәрігері (1966). Алматы мемлекеттік медицина институтын (1940, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. 1940–49 ж. әскери дәрігер, 1949–62 ж. Ортаазиялық (қазіргі Қазақ) обадан арылу ғылыми-зерт. институтында лаборатория меңгерушісі, 1962–87 ж. директоры болды. Айқымбаевтың негізгі ғылыми еңбектері аса қауіпті аурулар эпидемиологиясына, әсіресе, туляремия ауруын тудыратын микроорганизмдердің табиғи ошағын зерттеу және аурудың алдын алу, сақтану мәселелеріне арналған. Сондай-ақ Қазақстанда бірнеше туляремия ошақтарын ашып, оларға толық ғылыми сипаттама берген. 1-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған. Шығ.: Туляремия в Казахстане, А.-А., 1982; Среднеазиатский пустынный очаг чумы, А.-А., 1987. Аймағамбетов, Ерқара Балқараұлы. Аймағамбетов, Ерқара Балқараұлы (7.2.1947 ж.т., Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Тасарал а.) – экон. ғылыми докторы (1990), профессор (1991), Еуразия Халықаралық экон. академиясының толық мүшесі (1998). Қарағанды кооп. институтын (1970) бітірген соң осы институтта саяси экон. кафедрасының ассистенті, доценті, проректоры (1970–97) қызметтерін атқарды. 1997 жылдан Қарағанды экономика университетінің ректоры. 1989 ж. «Производственная и социальная сферы: (Соотношение и региональные проблемы)» деген тақырыпта докторы дисселосы қорғады. А. 5 монография мен 100-ден астам ғылыми еңбектің авторы. Аймағамбетова, Қазына. Аймағамбетова, Қазына (3.5.1936 ж.т., Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз а.) – педогогика ғылыми докторы (1998). ҚазПИ-дің (1957, қазіргі ҚазҰПУ) геогр. факультетін бітірген. «Балдырған» журналы редакциясында (1958–61), педогогика ғылыми-зерт. институтында аға ғылыми қызметкер (1961–70), бөлім меңгерушісі (1970–80) болды. 1980 жылдан Қазақ мемлекеттік қыздар педогогика институтында (қазіргі Қазақ мемлекеттік қыздар педогогика университеті) декан қызметтінде. «Пәндік оқытудың теориясы мен әдісі» тақырыбында докторы дисселосы қорғады. А. 100-ден астам ғылыми еңбек пен оқу құралдарының («Табиғаттану» (1968, 1976), «Айналамен таныстыру» (1968), «Познание мира в 1 классе», «Изучение природоведения в малокомплектных школах» (1980), «Познание мира в 4 классе» (2000) және т.б.) авторы. Аймақтық геология. Аймақтық геология – жер қыртысының жекелеген аудандарын (континенттерді, құрылымдық жүйелерді, платформаларды немесе олардың бөліктерін, т.б.) зерттейтін геология ғылымының арнаулы саласы. Олардың зерттеу әдіс-тәсілдеріне: геол. түсірім, шөгінді жыныстардың қалың қабатымен көмкерілген өңірлерді терең бұрғылау, жер қойнауларын геофиз. әдістермен (гравиметрия, магнитометрия, сейсмометрия) жан-жақты зерттеу жатады. Аталған әдістерді қолдану нәтижесінде нақтылы аймақтың геол. карталары мен қималары жасалады, зерттелген өңірдің геол. даму тарихы мен құрылымдық пішіндердің кеңістіктегі орны анықталады. Геол. карталар бетіне аймақты құрайтын барлық тау жыныстарының комплексі шартты белгілер түрінде түсіріледі, олардың геол. көнелігі және бір-бірімен астасу белгілері (тау жынысы қабаттарының созылу азимуттары және еңістену бұрыштары) көрсетіледі. Бұл деректер аймақты құрайтын тау жынысы қабаттарының тереңдіктегі бағыт-бағдарын шамалауға, сөйтіп, аймаққа тән геол. құрылымдардың көлденең қималарын құрастыруға мүмкіндік береді. Зерттелген аймақтың геол. құрылысының ерекшеліктерін жазық және тік бағыттарда көрсететін геол. карталар мен қималар сол өңірден әр түрлі кен байлықтар табу мүмкіндігін анықтауға негіз болады. Аймақтық геол. карталардың масштабы олардың мақсат-мүддесіне және зерттелген өңірдің ауқымына орай түрліше (1:1000000 – 1:50000 аралығында) болып келеді. Қазақстан аумағының қатпарлы жүйелерден тұратын барлық аймақтары 1:200000 масштабта, ал өндіріс тұрғысынан маңызды аймақтары 1:50000 масштабта геол. картаға түсірілген. Қолданылған әдебиеттер. Абдулин А.А., Геология Мугоджар, А.-А., 1973; Региональная геология. Геология Чингизской геоантиклинальной зоны (Центральный Казахстан), А.-А., 1962. Аймақтық гидрогеология. Аймақтық гидрогеология – гидрогеологияның бір саласы, ірі көлемді жер аймағын, геол. құрылымдардың гидрогеол. жағдайын, жер асты суларының таралу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Ол жалпы аймақтың не жеке аудандардың гидрогеол. түсірімдерінің нәтижелеріне, гидрогеол. карталар мен қималарға негізделеді. А. г. жер қыртыстарының ішкі қабаттарындағы судың пайда болу, таралу, өзгеру тарихын, оның мөлшері мен сипатын, әр текті тау жыныстарымен байланысын, шаруашылыққа пайдалану жолдарын анықтайды. А. г. жаңадан жасалатын карталар мен зерттеулердің сапасын, гидрогеол. іздеулер мен барлау нәтижелерін жақсартуға мүмкіндік береді. Қазақстанда А. г. саласындағы ғылыми-зерт. 20 ғ-дың 30-жылдарынан басталды. Ол кен игеру, елді мекендер салу, өндіріс, жол құрылыстарын жүргізу, тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты дамыды. Соның негізінде табиғи және антропогендік гидрогеол. процестердің өзге табиғи құбылыстармен байланыстары анықталып, республика жері жеке аймақтарға бөлінді. Қазақстан гидрогеологтарының (У.М.Ахмедсафин, Ж.Сыдықов, Ә.К.Жәкелов, СЕЛОСЫМұхамеджанов, В.Ф.Шлыгина, т.б.) көп жыл бойы жүргізген зерттеулері нәтижесінде республикадағы артезиан және грунт сулары, жылы, ыстық және шипалы су көздері, жер асты суларының табиғи қорлары туралы республика және шет ел баспаларынан 80-нен астам көлемді ғылыми еңбектер, іргелі қорытындылар жарық көрді, республика көлемін түгел қамтитын 20 аймақтық карта басылып шықты. Қазақстанның көлемді аумақтарының (батыс, солт., оңт., орт. және шығыс бөліктерінің) гидрогеол. жағдайларын негіздеуге арналған көп томдық гидрогеол. басылымның 5-томы жарияланды. А. г. саласын зерттеумен ҚР ҒМ–Ғылымдар Академиясының Гидрогеол. және гидрофиз. институты, ҚР Экология және табиғи ресурстар минститулігі айналысады. Қолданылған әдебиеттер. Ахмедсафин У.М. и др. Гидрогеологическое районирование и региональная оценка ресурсов подземных вод Казахстана, А.-А., 1964; Подземные воды Казахстана и перспективы их использования, А.-А., 1978; Сыдыков Ж., Шлыгина В.Ф. Подземные воды Казахстана, Структурно-нидрогеологическая основа и систематика, А., 1998. Айманов, Кенжәлі. Айманов, Кенжәлі (1.1.1917, Батыс Қазақстан облысы Бөрілі ауданы Жәнібек ауылы – 26.8.1974, Алматы қаласы) – мемлекет қайраткері, КСРО Педогогика Ғылымдар Академиясының корреспондент мүшесі (1971). ҚазПИ-ді (1937, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. ҚазПИ-де кафедра меңгерушісі (1960–63), Қазақ КСР-інің Оқу-ағарту министрі (1963–71), Респ. Жоғары және арнаулы орта білім министрі (1971–74) қызметтерін атқарды. А-тың негізгі ғыл-зерт. жұмыстары жоғары сынып оқушыларының автоматика, телемеханика, электроника элементтерін меңгеру мәселелеріне арналған. Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған. Шығ.: Атомная энергия и ее использование, А.-А., 1959; Физика и автоматика. Пособие для учителей, А., 1963. Айманова, Ләззат Бисенқызы. Айманова, Ләззат Бисенқызы (14.3.1948 ж.т., Қарағанды қаласы) – экон. ғылыми докторы (2002), профессор (2004). Қазіргі Қазақ ұлттық тех. университетінің инж.-экон. факультетін (1971) бітірген. Қазақ ұлттық педогогика университетінде кафедра меңгерушісі (1995–2008) болған. Ғылыми жұмысының негізгі бағыты – экон. талдау негізі мен теориясы, халық ш. салаларын қаржыландыру мен несиелендіру, аудит пен қаржылық есеп және бухгалтерлік есеп негізінің мәселесі. 2001 ж. «Проблемы кредитования реального сектора в условиях трансформирующейся экономики» деген тақырыпта докторы дисселосы қорғаған. А. 7 монография, 50-ден астам ғылыми мақаланың авторы. Қыз жібек. Қыз Жібек - қазақ халқының жыры, қазақтың ең көне мұраларының бірі, лиро-эпостық дастандарының ішіндегі ең көркемі. «Қыз Жібек» жыры - аңыз емес, тарихи оқиға, кейіпкерлері өмірде болған адамдар. Жырдың негізгі кейіпкерлері - Төлеген мен Жібек бірін-бірі шын сүйген ғашықтар,бірақ әке батасынан аттап кеткен Төлегеннің өлімі мен Жібектің қайғылы тағдыры талай жанарларға жас үйірілтпей қоймайды. Жібек бейнесі - сұлулық пен әсемдіктің символы, қазақ халқының мақтанышы, рухани ескерткіш. "Қыз Жібек" жыры екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде Төлегеннің Жібекке үйленуі әңгімеленсе, екінші бөлімде Жібектің Сансызбаймен қосылғаны баяндалады. Екі бөлім - екі оқиғаны жырлайды, бірақ сюжет біреу: жігіттің үйленуі. "Қыз Жібек" эпосын махаббат гимні деудің әбден жөні бар. Оның нағыз көркем туындыға айналу процесі жүріп жатқан кезде, яғни ХVІ-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ қоғамында жеке бастың, сезімнің бостандығы, махаббат еркіндігі туралы мәселе мұндай деңгейде ашық айтыла бермеген, ескі рулық заманның неке мен отбасына қатысты ежеқабыл, қалыңмал, көп әйел алу, әмеңгерлік сияқты салттары үстем болған. Солай бола тұрса да, "Қыз Жібек" жырының шығуы сол дәуірдің өзінде-ақ халықтың идеал туралы эстетикалық пайым-түсінігінде белгілі бір дәрежеде өзгеріс болғанын айғақтайды. Төлегеннің де, Жібектің де өзіне лайық жар іздеуі, сүйіспеншілікпен үйленуді көздеуі - сол кезеңдегі жастардың ойында, көкірегінде жүрген арманын, мұңын, тілегін аңғартады. Жырдың ел арасында кең тарағанының бір себебі осында болса керек. Төлеген - қазақ эпосы, тіпті бүкіл қазақ фольклоры үшін жаңа кейіпкер. Ол Қозы Көрпештен де өзгеше. Қозының бейнесінде батырлық қасиет көп. Ал Төлеген - нағыз лирикалық кейіпкер. Ол бай болуды, батыр болуды көксемейді. Оның арманы - өзіне лайықты сұлуды сүю, соны өзіне өмірлік жар ету. Жыршы да осыны айтады: "Батырлық, байлық кімде жоқ, Ғашықтық жөні бір басқа". Демек, сол кездің қоғамында осындай ой-пікір болған, яғни ел ішінде махаббатты - өте таза, бәрінен ерекше, биік сезім, оны кез келген адам біле бермейді деген ұғым қалыптасқан. Нақ осындай ерекше сезім Төлегенді әкесінің бата бермегеніне қарамастан алыс жолға жалғыз аттандырады. Төлеген үшін өмірдің мәні де, сәні де - махаббат, махаббат үшін күресіп, өмір сүру, сүйгеніңе үйлену. Сондықтан да болу керек, оның мінезі де, істері де әдеткі эпостағыдай емес. Ол аң да ауламайды, мал да бақпайды, жастайынан ерлік мінез де танытпайды, батырлық өнерді де үйренбейді. "Періште сипатты ұл" боп тууының өзі - оның ерекше сұлу болатынын білдіреді. Демек, ол батыр болмайды: Төлеген кәдімгі батырларша "сағат сайын" өспейді, бозбала кезінде ешбір ерлік іс-әрекет жасамайды. Есесіне он екі жасында өзіне пара-пар сұлу қыз іздей бастайды. Он алты жасқа толғанда ат тұяғы жететін жерді түгел шарлап шығады. Қыз Жібек туралы ести сала ол еш ойланбастан жолға шығады. Егер Қозы Көрпеш қалыңдығының ауылына жалғыз аттанып, көп қиындық көріп, ұзақ жүріп жетсе, Төлеген қасына бірнеше нөкер ертіп, "жылқыдан екі жүз елу жорға алып, бірнеше күн жол жүріп, Шекті деген елге келіп, шатырды тігіп, жорғаларын жайып салып, жұртқа жар салады". Байқайтынымыз - Төлеген алыс елге шаршамай-талмай, еш қиналмай, аз-ақ күнде жетеді. Оның қызды таңдауы да өзгеше. Қызын көрсеткен әрбір адамға бір жорғадан береді. Тіпті, Төлегеннің өзі Жібекке құда түседі. Бұл да - оның ерекшелігі. Оның құда түсу әдісі де айрықша. Алдымен жұртқа жорға таратып, Шекті еліне "мырзалықпен" танылады да, Қаршыға арқылы Жібекті көруге мүмкіндік алады. Бұл жерде Төлеген тағы бір мінез көрсетеді. Ол Қаршығаның сөзіне сеніп қана Жібекке іңкәр болмайды, мақтаулы қызды өз көзімен көргісі келеді. Яғни, Төлеген қызға сырттай ғашық болғысы келмейді, қызды өзі сынап, өзі тілдесіп қана бағаламақ. Міне, жастайынан өзіне тең қызды іздеген Төлеген мұнда да сол әдетінен таймайды. Көркем шығарма болғандықтан жырда Төлеген мен Жібектің бір-біріне деген сүйіспеншілігі бірден ашылмайды. Жібекке деген Төлегеннің ынтықтығы саты­ланып көрсетіледі. Ең алғаш Жібек туралы ол өз елінде жүргенде естіп, сұлуды іздеп шығады. Содан соң Жібек жайында Қаршығадан қанығып, оны көруге асығады. Сөйтіп, Қаршығаға ілесіп, көштің соңына түседі. Көш үлкен, аяғынан басына дейін баруға тура келеді. Жол бойы бірінен бірі әдемі он үш қызды көреді. Әрқайсысын Жібек екен деп жақындағанда, Қаршыға "Жібек емес" дейді. Жырда қыздардың келбеті өте шебер суреттелген, оларды көрген Төлеген енді тезірек Жібекті көруге ынтығады. Қаршығадан озып, Жібектің күймесіне бұрын жетеді. Бірақ Жібек онымен "сөйлесуге намыстанады". Тек Қаршығаның үгітінен кейін ғана Жібек "бетін бір ашып, жарқ етіп көрініп, амандасты да, қайтадан бетін жауып, пәуескенің қақпағын түймелеп, жатып қалды", - дейді жыршы. Жібектің ғажайып көркін көрген Төлеген: "Жиһанда бұл сипатты әйел көргенім жоқ еді, енді мұны алайын!" - деп шешеді. Осы сәттен бастап Төлеген енді белсенділік көрсетеді. Жалпы, Төлеген ғашықтық эпостың дәстүріне сәйкес, өзіне тиісті сынақтардың бәрінен сүрінбей өтеді: қалаған жары үшін ол өз елін, ата-анасын тастап, жалғыз өзі қауіпті сапарға шығады; махаббатқа адалдық танытып, жарық дүниемен қоштасады. Мұндай жағдай романдық эпос кейіпкерінің бәрінің басынан өтеді, Төлеген де осыны бастан кешіреді. Тумысынан ерекше жаралған Төлегеннің мінезі Жібекке деген ғашықтық сезімі пайда болғаннан кейін бұрынғыдан гөрі жұмсарып, оның болмысын байыта, нұрландыра түседі. Ол өте сезімтал, нәзік жанды болып көрінеді. Бұл қасиеті, әсіресе, Төлегеннің Сансызбаймен қоштасқан сәтінде және әуелеп жүрген алты қазға қарата зарын айтқан кезде барынша кең ашылады. Әсіресе, соңғы монологта Төлегеннің ішкі сезімі өте лирикалық, тебіреністі рухта ашылады. Жібек те - өз теңін іздеген ару. Оның арманы - өзін құлай сүйген, махаббатқа адал адамға қосылу. Жібектің идеалы - бай да, батыр да емес. Оған керегі - өзінің жүрегін жалындата алатын, өзі сияқты жаны таза, ақылды әрі көрікті жігіт. Яғни, Жібектің өзі қалай сүйсе, жігіт те оны солай сүюі керек. Міне, Төлеген осындай адам. Оны Жібек алғашқы кездесуде-ақ сынап, байқаған. "Жалғыз атты" адамсың дей отырып, Төлегеннің сөзінен, өзін қалай ұстайтын мінезінен оның бекзат жан екенін аңғарған. Жалпы, Жібектің образы эпоста идеалды болып суреттеледі, оның бойында қазақ әйелінің ең асыл қасиеттері жинақталған. Жырда ол екі бейнеде көрінеді: сұлу қыз және адал әйел. Жырдың алғашқы бөлімінің біраз жері - сол сұлу қызға арналған. Оның сұлулығы алыс жерлерге жетеді, Төлеген де, қалмақ ханы Қорен де ару қыздың даңқын естіп келеді. Жібектің өз елінде де талай жігіт оған ғашық, бірақ Жібекке жолай алмайды, өйткені, Жібек тірі жанды менсінбейді, бұла боп өскен ерке әрі өр мінезді. Жібектің сұлулығына ақылы мен ақындығы да сай. Алғаш кездескен сәттегі Төлегеннің сөзіне берген жауабы өте ұтымды әрі әсерлі. Ол өзін үлкен шеберлікпен таныстырады жігітке, өзінің кім екенін кәнігі ақындарша баяндайды. Өзін халық құрметтейтінін, жоғары бағалап, сыйлайтынын айта келіп, Жібек Төлегенді әдейі кемсіте сөйлейді, сөйтіп, оның жігіттік намысын сынайды. Жігіттің айтқан жауабына, көркі мен ұстамдығына риза болған Жібек енді өзі іздеген адам - осы Төлеген екеніне көзі жетеді де, соған тұрмысқа шығуға бел байлайды. Бірақ ол жігіттің өзіне ұнағанын сездірмейді, ойын ашық айтпайды. Іштей жақсы көріп қалса да, әліптің аяғын бағады, себебі әкесі қалай қарайды бұл жігітке, әлі белгісіз еді. Әкесінің батасын алған соң ғана Жібек өзінің сезіміне ерік береді, Төлегеннің шақыруын жылы қарсы алып, оның отауына өзі барады. Осы тұста жырдың көркемдігі де бөлекше ғажап. Алғашқы неке түнінің мұндайлық сұлу, сырлы, тәтті суретін әлем әдебиетінің жаһанға мәлім жауһарларынан да табу қиын. Міне, осыдан бастап Жібек - күйеуіне өте адал әрі қамқор әйел ретінде көрінеді. Төлегенге деген терең де мөлдір сезімін, шексіз берілгендігін ол, әсіресе, жаман түс көргенін жеңгесіне айтып, Төлегеннің сапарға шықпауын өтіну арқылы білдіреді. Осы эпизодта Жібек - сүйікті жар ғана емес, алдағыны болжай алатын көреген әйел болып бейнеленеді. Көрген түсін өзі жорып, Жібек жеңгесін Төлегенге жұмсайды, Төлеген жолға шықпасын деген тілек білдіреді. Екінші сөзбен айтқанда, Жібек Төлегенге тыйым салады. Бұл - жырда екінші тыйым: әкесі Төлегенге алыстағы Шекті еліне, Жібекке баруға келісімін де, батасын да бермеген-ді. Фольклордың поэтикасы бойынша тыйымды бұзған кісі бір қасіретке тап болады. Ал, қазақтың этикасы бойынша әке батасын алмаған баланың жолы болмайды. Ендеше, Төлегеннің мерт болуының түпкі себебі - осы екі тыйымды бұзғаны дейді жыр. Жібек Төлегенге ғана адал емес, оның еліне, руына адал. Сүйген жарына ғана емес, оның ел-жұртына деген махаббатын Жібек Төлегенді сегіз жыл бойы күту мен ол келмеген соң оның елінен біреу келуін тосу арқылы да білдіреді. Күйеуінің елін Жібек - өзінің қорғаны деп біледі. Қалмақтың Қорен ханы күш көрсетіп, Жібекті зорлықпен алмақшы болғанда, ол Төлегеннің руын есіне алып, Сансызбайдың неғып келмей жатқанына таң болады. Зарыға күткен Сансызбайы келгенде Жібек еш ойланбастан қайнысымен бірге қашуға бел байлайды. Өйткені, ол, біріншіден, Төлегеннің "өліп кетсем, артымда еш жаманға қор қылмас Сансызбай атты інім бар" деген өсиетін орындауы керек. Екіншіден, Жібек, өз заманының салты бойынша, өзін Жағалбайлының жесірімін деп есептейді де, әмеңгерінің келуін күтеді. Үшіншіден, Сансызбай Төлегеннен аумайды, сондықтан Жібек оны "Төлегеннің өзі" деп қабылдайды. "Сансызбайды көрген соң, Жібектің көңілі тояды", - дейді жыршы. Демек, Жібек енді өзі сүйіп қалады Сансызбайды. Яғни, Жібек марқұм болған жарының өсиеті мен ата салтын орындау үшін ғана тимейді Сансызбайға. Ол өзі ғашық болады, сөйтіп, оның Төлегенге деген іңкәрлігі Сансызбайға ауысады. Сансызбай болса өзін нағыз батыр, елінің таянышы, Жібекті өзі сияқты сүйе білген ер азамат ретінде көрсетеді. Ол Төлеген секілді емес. Ерте жасынан ерлікке даярланып, ағасы дайындап кеткен тоғыз қабат сауытты, дулығаны киініп, найзасы мен садағын асынып, тұлпар атқа мініп, кәдімгі батырларша жолға шығады. Оның бұл сапары, бір жағынан, бұрынғы батырлардың қалыңдық іздеп, сапар шегуін еске түсірсе, екінші жағынан, батырдың жау қолына түскен әйелін (яки қалыңдығын) тұтқыннан азат ету үшін күреске аттанатынын қайталаса, үшінші жағынан, болашақ батырдың алғашқы ерлігін ойға оралтады. Ал, мұның бәрі классикалық батырлық эпосқа тән. Демек, "Қыз Жібек" жырының екінші бөлімі - көне заманнан келе жатқан "жігіттің ерлікпен үйленуі" туралы сюжет болып табылады. Бұл сюжет, әсіресе, батырлық ертегі мен көне эпоста жиі кездеседі. Осы ежелгі сюжетті жыршылар әдемі пайдаланып, жырға шеберлікпен енгізген, сөйтіп, екі сюжеттен тұратын өте көркем ғашықтық жыр тудырған. Эпоста Сансызбай екі сипатта көрінеді: ағасын жанындай жақсы көретін бауыры және оның ісін жалғастырушы інісі. Бірінші сипаттағы Сансызбай - әлі жасөспірім, сондықтан оны бейнелеуде жыр лирикалық психологизмге орын берген. Қайын жұртына кетіп бара жатқан ағасымен қоштасқан сәттегі Сансыз­байдың мінезі, ағасына айтқан сөзі - оның терең ойлы, ата-анасы туралы қам жейтін, келешегін ойлайтын бала жігіт екенін дәлелдейді. Мұңлы болған Сансызбайдың қайғыратыны: ағасы әкесінен бата ала алмай және жалғыз аттанып бара жатқаны, ол кеткен соң ата-анасының, ел-жұрттың халі не болатыны, өзінің тым жас екендігі, сол себепті әке-шешесін бағып-қағуға әлі жарамайтыны... Осының өзі-ақ Сансызбайдың ерекше жан екенін көрсетіп, оның келешекте нағыз азамат болатынын аңғартады. Ағайынды екеуінің қоштасу сөздерінен Сансызбайды алда үлкен де қатерлі сынақ күтіп тұрғаны сезіледі. Оны Төлеген де болжап, інісіне қажетті батырдың сауыт-сайманын дайындап қойғанын айтады және өзі мерт болса, Жібекті іздеп табуды, ешкімге қор қылмай, жар етіп алуды тапсырады. Міне, осылай жырдың эпилогі іспетті көрінетін Сансызбай мен Жібек жайындағы қосымшаның пайда болуы ақталады да, бүкіл жыр біртұтас көркем дүниеге айналған. Жырдағы осы екінші сюжет эпосқа мейлінше қазақы сипат дарытқан. Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы екінші бөлікте көбірек әрі жарқын көрінеді. Егер бірінші бөлімде Төлеген Қыз Жібекті алу үшін екі жүз елу жылқы сатып алып, қалыңмал берген дәстүр көрінсе, екінші бөлімде қандай да бір істі бастар алдында үлкендердің батасын алу ғұрпына үлкен мән беріледі. "Ата қарғысы - оқ" деп түсінген халық Төлегеннің мерт болғанына аянышпен қараса да таңданбаған, қайта оны заңдылық деп қабылдаған. Ал, "баталы ұл арымас" деген ұғымды ұстанған жыршы да, тыңдарман да Сансызбайдың ақжолтай болғаны - әкесінің оң батасын алғандықтан деген ой ұсынады. Сондай-ақ Жібектің әмеңгерлік салтымен Сансызбайға қосылуы да - ел үшін еш оғаш емес, керісінше, оны орынды деп білген. Сонымен Сансызбай Жібекті алады, бірақ ол тек әмеңгерлік жолымен ғана алмайды. Сансызбай, кәдімгі қаһармандық эпостағы батырларша, ерлік жасап алады. Ол бұл жерде - Жібекті құтқарушы, түптеп келгенде, әділеттілік орнатушы, сондықтан да оның іс-әрекеті толығымен құпталады. Оның образы біржақты емес. Сансызбай - ең әуелі батыр. Бізге жеткен "Қыз Жібек" жыры - таза сөз өнерінің дүниесі, сондықтан ол көркем шығарма деп түсініледі. Олай болса, мұнда жүйелі композиция, қызғылықты сюжет, бітіспейтін тартыс, кестелі тіл, яғни көркем шығармаға не керек, соның бәрі болуға тиіс және олар жырда айтарлықтай көрініс тапқан. Әрине, бұл әлі жазба әдебиеттің үлгісі емес, мұнда көпқатпарлы іс-әрекет жоқ, шытырман оқиға баяндалмайды, кейіпкерлердің мінез-құлқы, психологиясы, характері динамикалық түрде дамымайды. Дей тұрғанмен, "Қыз Жібек" жырында басты қаһармандармен қатар басқа да кейіпкерлер оқиғаларға араласып, шығарманы мазмұн жағынан байыта түскен. Олар екі топқа бөлінеді. Бірі - басты қаһармандардың жанашыр достары болса, екіншісі - олардың қарсыластары. Достары Жібек пен Төлегеннің, содан соң Жібек пен Сансызбайдың махаббатын қоштап, оларға әрдайым жәрдем етіп жүреді. Бұлардың арасынан Қаршыға мен Шегені ерекше бөліп алуға болады. Жалпы, Қаршыға мен Шегенің образдары көне эпостағы ежелгі көмекшілердің ғашықтық жырда өзгергенін көрсетеді. Мұның басты себебі - "Қыз Жібек" тұтас эпосқа, яғни көркем жырға айналған заманда (ХV-ХVІ ғ.ғ.) және одан кейінгі дәуірлерде де (ХVІІІ-ХІХ ғ.ғ.) ер адам туралы қоғамдық идеалдың ауысқаны. Ол - тек қана қара күштің иесі емес, оны-мұныдан хабары бар, шежіреші, ақылды әрі сөзге ұста адам. Бас қаһарманның өзі сегіз қырлы, бір сырлы болғандықтан, оның көмекші достары да сондай болуға тиіс. Жырға үлкен серпін беріп, оған көркем шығармаға қажетті қасиеттерді дарытып тұрған нәрсе - кейіпкерлердің бітіспес тартысы. Оны күшейтіп, ширықтыруда бас қаһармандарға қарсы қимыл жасап жүрген Бекежан мен оның жолдастары және қалмақтардың ханы - Қорен. Алайда, Бекежан мен Қорен бір-біріне ұқсамайтын дұшпандар. Бекежан - романдық эпостағы дәстүрлі кейіпкер, яғни екі ғашықтың ортасында жүрген қастангер (жігіт - қыз - қастаншы). Ал, Қорен хан болса, ол Бекежаннан өзгеше дұшпан. Қорен - елдің ішіндегі қаскүнем емес, сырттан келген жау. Жау болса да, ол - нағыз батыр. Өз ойын ашық айтады, күшіне сенеді. Жібекті күшпен алатынын да жасырмайды, Сырлыбайға қызыңды бермесең, еліңді шабам деп, бүкіл ауылды қамап, тұтқында ұстайды. (Әлбетте, адамгершілік тұрғысынан келгенде, бұл да - зорлық). Сансызбаймен жекпе-жекте өзін нағыз батырша көрсеткен Қорен жай күнде мақ­таншақ әрі өз айтқанынан қайтпайтын, ешнәрсенің байыбына бармайтын, тек өзінің қара күшіне сенетін дүлей бейнесінде көрінеді. Эпос оны, бір жағынан, асқан ержүрек батыр етіп бейнелесе, екінші жағынан, анайы ақымақ етіп суреттейді. Егер Қорен мен Бекежанды салыстыра қарасақ, екеуі де - жағымсыз кейіпкер, бірақ олар бір-біріне ұқсамайды. Эпос оларды бірі-біріне қарсы қоятын секілді. Қорен - ашық жау, ол - қазақ елінің ата жауының өкілі. Оның бүкіл ойы мен іс-әрекеті - күллі ел жауының әдеткі ісі. Яғни, оның мақсаты - шапқыншылық жасап, Шекті руын жаулап алу, күш көрсетіп, мал-мүлкін талау, еркектерді қырып, әйелдерді - күң ету. Қорен Жібекті сүйгендіктен алайын демейді, оны салық деп қарайды. Өмірде де, фольклорда да сыртқы жау қашанда жеңген елінен алым-салық талап етеді, міне, Қорен де осылай істейді. Бекежан болса - сырттан келген жау емес, іштен шалған қаскүнем. Былай қарағанда, Бекежанның Жібекке ғашық болуында еш сөкеттік жоқ. Ол да жігіт, ол да сұлу қызды алуға құқылы. Бірақ эпос пен жыршы оны қызды ұнатқаны үшін жек көрмейді, керісінше, оны өз сезімін қызға жеткізе алмағаны үшін, қыздың жүрегіне жол таба алмай, зұлымдыққа барғаны үшін жексұрын етіп көрсетеді. Бекежан өз махаббаты үшін адал күреспей, жауыздық жолын таңдайды, ал бұл жолда ол өзін арам пиғылды адам ретінде танытады. Сол себепті ол өзінің жымысқы тірлігін жасырын істейді, ойын құпия ұстайды. Жырда Бекежанның қалай өмір сүріп жүргені, бұрын кім болғаны айтылмайды. Эпос оны тек "қарақшы" деп атайды. Ал, қарақшының болмыс-бітімі белгілі. Қоренге қарағанда, Бекежан - айлакер, қу, бәрін алдын-ала ойластырып қояды, әрбір арам ісін залымдықпен жүзеге асырады. Сондықтан ол Қореннен де қауіпті. Сол себепті жыр да, жыршы да, тыңдаушы да Қоренді емес, Бекежанды қарғайды, оны ит өлімге қияды. Бекежан - адам табиғатындағы ең жағымсыз қасиеттердің, зұлымдықтың, жауыздықтың белгілерін бойына жинақтаған, солардың символына айналған образ. Міне, бізге жеткен "Қыз Жібек" жыры - таза көркем фольклордың айшықты үлгісі екені осыдан да байқалады. Қазақтың классикалық түрдегі "Қыз Жібек" жыры - ежелгі рулық заманда пайда болған "жігіттің үйленуі" туралы түпкі сюжеттің негізінде орта ғасырларда үлкен эпос болып қалыптасқан түрі. Бұл сюжет, әсіресе, Қазақ хандығы тұсында көркем фольклордың тамаша үлгісіне айналған. Талантты ақындар мен жыршылар "Қыз Жібек" жырын тамаша романдық эпос етіп жырлаған, соның арқасында ол біздің заманымызға жетіп отыр. Жетіп қана қойған жоқ, қазіргі мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналды. "Қыз Жібек" жыры профессионалды операға, көркем фильмге негіз болды. 1971 жылы Ғабит Мүсірепов сценарии бойынша Сұлтан Қожықов «Қыз Жібек» фильмін түсірді. Төлеген мен Жібек рөлдеріне Құман Тастанбеков және Меруерт Өтекешева таңдалды. Өтекешова, Меруерт. Өтекешова, Меруерт - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Кеңес Одағы киномотографисттері Кеңесінің мүшесі, театр және кино актеры. 1951 жылдың 25 ақпанында дүниеге келген. 1973 жылы Құрманғазы атындағы өнер институтын тамамдаған. Мектеп қабырғасында оқып жүріп, Сұлтан Ходжиковтың "Қыз Жібек" фильмінде басты рөлде ойнаған. Актриса осы кезге дейін жиырма шақты фильмге түскен. 2010-2011 жылдары отандық "Жаным" телехикаясында рөл ойнады. Аймен, Әнуарбек Талхаұлы. Аймен, Әнуарбек Талхаұлы (17.9.1953 ж.т., Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы Тұрар Рысқұлов ауылы) – экон. ғылыми докторы (1999), профессор (2000). Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын (1975) бітірген соң, осы институтта ассистент, аға ғылыми қызметкер, аға оқытушы (1975–88), кафедра меңгерушісі (1988–92), 1992 жылдан декан (қазіргі Тараз мемлекеттік университетінде) қызметін атқарады. Аймен Әнуарбек Талхаұлы 80-ге жуық ғылыми жарияланымның, оның ішінде 1 монография мен оқу құралдарының авторы. Астау. Астау - халқымыздың байырғы уақыттан бастап қолданып келе жатқан ас тұтынатын бұйымы болып табылады. Сонымен астаумен қатар астабақ та кеңінен қолданыста болған. Астауға тек қана ет салып қана қоймай басқа да майлы дәмді астарды тартуға болады. Астауды жасаудағы әдіс тәсілдерді меңгеру үшін ең алдымен қолөнершінің шеберлігі мен арнайы көркемдік дайындығы болса, бұйым жасауға арналған қажетті жағдайларын ұйымдастыруы қажет. Яғни ең алдымен керекті құрал саймандарды жұмыс орынын сайлағаны дұрыс, қажетті шапқы, қашау, пышақтардың түрлі үлгілерін дайындап, астау жасауға арнайы алынған дайындаманы верстак бетінде нық қозғалмастай етіп орнатып (бекітіп) немесе қойып алып, бірақ жұмысқа кіріскен дұрыс. Бұл жерде ағаш таңдауда ағаштың жапырақ тұқымдас түрлерін қолданған дұрыс. Мысалы қайың, терек, үйеңкі т.б. Себебі бұл ағаштар кесуге жұмсақ келеді. Жұмыс бастамас бұрын пышақтардың жүздерін қайрап, күтім жасау қаже. Ең бастысы пышақпен жұмыс істеу барысында өте мұқияттылық және абайлық таныту керек. Себебі, қауіпсіздік ережесі сақталмаса нәтижесінде ауыр жарақат алуыңыз әбден мүмкін. Әр пышақтың өзінің орынды қолданылуы және кесудегі арнайы әдіс тәсілдерін біліп, меңгеру қажет. Жалпы бұйымның сырт көрінісі, кескіні, өлшемі тұтынушының қалауына байланысты. Дегенмен заттың өзіндік қолданылуындағы талап етілетін сапалық, эргономикалық, көркемдік үйлесімдігінің сақталуы қажет. Астауды көркемдеуде ұлттық өрнектердің кез келгенін қолдануға келмейді. Негізі бабаларымыз ыдыс аяқтарды өсімдік тектес өрнектермен өрнектеген. Бірақ ағаш бұйымдарын көркемдеуде жануар текті ұлттық ою өрнектерді де қолдану өте ұтымды, әсерлі нәтиже береді. Алға! (Халықтық партия). "Алға!" Халықтық партиясы - "Қазақстанның демократиялық таңдауы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің (ҚДТ РҚБ) жолын жасғастырушы ізбасары. ҚДТ тарихы 2001 жылдың қараша айында қазақстандық қоғамның беделді өкілдерінің ашық түрде Рахат Әлиевтің заңсыз әрекеттеріне қарсы шығып, президент Нұрсұлтан Назарбаевтан өзінің үлкен күйеу баласының бейбастығын тоқтатуды талап еткен күннен басталады. Өзінің қызмет атқарған уақытында ҚДТ РҚБ, онан кейін ҚДТ Халықтық партиясы, осы екеуінің ізбасары "Алға!" Халықтық партиясы авторитарлық жүйенің тарапынан жасалған қысымға, өздерін күштеп жабу әрекеттеріне, бұл ұйымдардың мемлекеттік тіркеуге берген өтініштеріне ондаған тосқауыл қойылуына, көптеген қамауға алынуға, жетекшілер мен белсенділердің қудалануына қарамастан қажетті түрде төтеп бере алды. 2006 жылдың 9 қарашасында "Алға!" ХП тағы да мемлекеттік тіркеуден өту үшін қажетті құжаттарды ӘМ жіберді. Заң бойынша саяси партияларды тіркеу 30 күнтізбелік күн ішінде атқарылуы керек. Ол күннен бері екі жыл өтті. Осылайша Қазақстанда жаңа саяси ахуал туды - заң жүзінде біз "әлі мемлекеттік тіркелу үстіндегі" саяси партиямыз. Басқаша айтқанда - біз мемлекеттік тіркеуден өтпегенбіз, себебі, тіркеу жұмыстары әлі жүріп жатыр, біз өз әрекеттерімізді заңды түрде, заңды негізде орындап отырмыз, өйткені, бізге әлі мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы жауап берілген жоқ. Партияның саяси күрестегі тәжірибесі оның өзінің және партия мүшелерінің идеялық және моральдық жағынан күшейуіне әкелді. Сонымен қатар партияның қандай қиын жағдайда болмасын өз ұстанымы мен мүддесін қорғай алатын ұйымға айналуына себепкер болды. "Бізді ұрды - біз күшейе түстік, бізді "оқытты" - біз ақылдырақ болдық". Бүгінгі таңда "Алға!" (ҚДТ) - Халықтық партия деген атқа лайықты, өзінің көзқарасы қалыптасқан, демократиялық, құрылымды әрі тұрақты саяси күш. Өзіміздің басты артықшылығымыз ретінде біз "сайлауалды" саяси стратегиясынан, партиялардың тек сайлау алдында ғана жандануынан, күнделікті халқыпен саяси жұмыстар жасауға көшкенімізді айта аламыз. Біз сайлауға үш-төрт ай қалғанда "шыға қалып", халыққа орындалмас уәделерді беруді әдепсіздік деп білеміз. "Алға!" (ҚДТ) ХП сайлау кезінде өзінің көмек берген адамдарының, өзін танитын, өзіне сенетін сайлаушыларының дауыстарына сенім артатын болады. Қазіргі уақытта "Алға!" (ҚДТ) ХП-ның 95 облыстық, қалалық, аудандық бөлімшілері мен өкілдіктері бар. Олардың саны әлі де өсе бермек. Бізге Республикалық "Алга!" және "Азат" газеттері қолдау көрсетіп отыр. Партия үнемі МЕҰ тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды. Халықтың әлеуметтік белсенділіктерін арттыруға қолқабыс етіп, жергілікті жерлердегі өзін-өзі басқаруды қолдап, кәсіподақтық қозғалыстардың қайта жандануына да көмектесіп, өзінің конституциялық құқын қорғауға бел буған азаматтарға тегін тәжірибелік заңгерлік көмек көрсетеді. Біз үнемі жалпыреспубликалық, әлеуметтік-саяси - "Қазақстан халқының президент Назарбаевқа жолдауы", "Халықтық депутат" т.с.с. жобаларды іске асыруға мұрындық боламыз. Біздің партияның күнделікті атқарып отырған жұмыстары туралы, т.б. жедел ақпаратты біздің электрондық сайтымыздан ала аласыз www.npdvk.kz Біз барлық азаматтар мен МЕҰ бірлесе жұмыс атқаруға шақырамыз. Ал біздің ұстанымдарымызды қолдайтын азаматтарды - "Алға!" Халықтық партиясының мүшесі болуға шықарамыз. Әділет (Демократиялық партия). 2002 жылы Қазақстанның саяси сахнасында "Құқықтық Қазақстан үшін" қоғамдық-саяси қозғалысы пайда болды. Қозғалыстың басты идеялық рухтандырушысы республикаға танымал құқықтанушы және ҚР Жоғарғы Сотының бұрынғы төрағасы Мақсұт Сұлтанұлы Нәрікбаев. Оның айтуынша саяси қозғалыс қызметінің басты міндеті Қазақстанның саяси жүйесіндегі демократияландыруды одан әрі дамытып, экономиканы нарықтық жолға түсіру және қоғамдағы ұлтаралық келісімді нығайта түсу. Дегенмен де қозғалыстың пайда болуының басты арқауы Қазақстанда құқықтық мемлекет құру идеясы болды. Бұл қозғалыстың атынан ғана емес, партия ұйымының “Заңның күші – халықтың еркі” деген ұранынан да байқалады. Ал бұл ұранның өзі “Құқықтық Қазақстан үшін” қозғалысының негізгі міндеттерінің бірі болатын. 2003 жылы “Құқықтық Қазақстан үшін” қозғалысы Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдары Конфедерациясымен және Қазақстанның жастар Конгресімен бірге сайлауды бақылау бойынша қоғамдық комитеттің бастамашысы және құрылтайшысы ретінде әрекет етті. Сөйтіп, Республикада қолданылған электоралдық процестердің талабына сай болуы үшін азаматтық қоғамның бақылау идеясын жүзеге асырды. Қоғамдық комитеттің міндетіне депутаттыққа кандидаттарға қазіргі заманғы сайлау алдындағы технологияларды үйрету, халықтан келіп түскен өтініштер мен хаттарды қарау кірді [4]. М.С.Нәрікбаев “Құқықтық Қазақстан үшін” қозғалысының билікке ұмтылмайтынын әлденеше рет қайталады, сөйте тұра: “бұл билік құрылымдарының әрекет етуі мен қалыптасу мәселесіне біз немқұрайды қараймыз дегенді білдірмейді” деп атап өтті [1,2,3]. Айтарлықтай қысқа мерзім ішінде қоғамдық-саяси қозғалыс, өз қызметтері арқылы құқықтық мемлекет қағидаларын түсіндіре білгендіктен өз айналасына мүдделестерді көптеп жинай алды. “Құқықтық Қазақстан үшін” қозғалысы өзінің жастығына қарамастан күші мен сенімін сезіне келіп, дербес партиялық құрылым болып қайта құрылуға шешім қабылдады. 2004 жылғы 14 маусымда қоғамдық-саяси қозғалыс негізінде Қазақстан Демократиялық партиясы өмірге келді. Жаңа партиялық ұйым негізіне "Құқықтық Қазақстан үшін" қоғамдық-саяси қозғалысындағы іргелі идеяларды таңдап алды. Жаңа ұйымның бағдарламалық құжатында Қазақстан Демократиялық партиясы қызметінің негізгі мақсаты "Демократиялық қағидаларға негізделген, құқықтық және әлеуметтік қорғау жоғары дәрежеде қамтамасыз етілген, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан барлығы да заң алдында бірдей болатын және барлығы үшін тең мүмкіндік жасалатын Қазақстанда әділ қоғам құру" еді. Қазақстан Демократиялық партиясы құқықтық мемлекетті нығайту жолымен – қазақстандықтардың азаматтық ерік-жігерлерін шыңдау, халықаралық келісім мен саяси тұрақтылықты барынша нығайту. Сондай-ақ партияның мақсаты қазақстандықтарды шынайы патриоттық сезімге тәрбиелеу, ол тек Туға, Әнұранға, Елтаңбаға табыну емес, салт-дәстүрмен қалыптасқан оның көп ғасырлық тарихына құрмет көрсетуге баулу болды. Партия Республиканың электоралдық процесіне белсенді ат салысты. Солай өздерінің құрылтай съезінде делегаттар қыркүйекте өтетін Парламент сайлауына партия кандидаттарын ұсынды. Соның нәтижесінде бүгінде Мәжіліс Парламентінде демократиялық партияның өз өкілі – Алшымбаев Зейнолла Өтежанұлы деген азамат бар. Қазақстан Демократиялық партиясы өзінің құрылған сәтінен бастап адал және ашық электоралдық процесс жүргізуге күш салды. Бәсеке бизнесте ғана пайдасын тигізбейді, ол, қоғамның саяси саласында да әзірге ең тиімді құрал болуда. Тек адал да ашық сайлау ғана қоғамның жаңа саяси элитасын (осы сөздің түпнұсқалық мағынасында) қалыптастыруға қабілетті. Осындай көзқарас Партияның І съезінде қабылданған "Адал саяси бәсеке қағидалары туралы хартияда" өз көрінісін тапты. Оның қағидаларын жүзеге асыру технологияның "қара пиарынан" қоғамды сақтап қана қоймайды, жоғары саяси сайысқа қол жеткізуге де мүмкіндік береді. Сайлау алдындағы қарбаласқа партия тікелей ат салысуымен қатар, ҚР Орталық сайлау комиссиясының жұмысына да қатысты. Сәуірде "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Заңға бірқатар өзгерістер енгізілгеннен кейін, партия Қазақстан Республикасының сайлау комиссиясына өз өкілдерін делегат етуге құқық алды. 2005 жылғы Президент сайлауында сайлау комиссиясының құрамына Қазақстан Демократиялық партиясынан 185 адам сайланды [5]. Сөйтіп, Демократиялық партия сайлауға адал да ашық араласуымен, өмірде өзінің бағдарламалық ережесін жүзеге асыра бастады. Сол 2004 жылы Қазақстанның Демократиялық партиясы республиканың дамуы мен гүлденуі үшін нақты солай істелуі керек істердің жиынтық нысанда баяндалатын “Елдің пайдасына он екі қағидат” атты бағдарламалық құжаттармен шықты [3]. Демократиялық партия өзін үнемі “орташа тап” және бизнес партиясы ретінде ұстанды. Осындай бұлжымайтын қағидаға сүйенген ұйым “монополизммен белсенді күресте, бәсекелік ортаны қорғауда” жақтаушы болып шықты. Осыған орай Демократиялық партия ”кәсіпкерлікке кең көлемді мемлекеттік қолдауды жүзеге асыруға, кіші және орта бизнес позицияларын кеңейтуге және нығайтуға қолдау көрсетуге” күш жинақтауды ұсынды. 2005 жылы Қазақстан Демократиялық партиясы президенттік сайлауға белсенді ат салысты және “Қазақстанның халық коалициясын” құруды ұсынушылардың бірі болды [7, 8, 9]. Коалиция өзіне тұғырнама бойынша жақын президенттік саяси партиялар – “Асар” мен “Отанды”, және бірқатар үкіметтік емес ұйымдарды қосты. “Қазақстанның халық коалициясының” міндеттерінің бастыларының бірі, қазіргі кезде саяси және экономикалық курсты жүргізіп отырған мемлекет басына қолдау көрсету болып еді. Партия “Сотқа алқа билерді енгізу туралы”, “Мұғалімнің мәртебесі туралы”, “Студенттің мәртебесі туралы” заңдардың балама жобаларын әзірледі. Ұсынылған әрбір құжат сол не басқа әлеуметтік топтарға қолдау көрсетуге бағытталған, дегенмен де Қазақстан Демократиялық партиясының ең басты заң жобасы кәсіби құқықты қадағалауға және тәуелсіз Қазақстанның құқықтық кеңістігін сапалы жақсартуға толық көлемде кепілдік беруге мүмкіндік берді. Демократиялық партияның дамуындағы маңызды кезеңі, ол 2006 жылғы 14 сәуірде ашқан ІҮ съезд болды. Аталған ішкі партиялық шараларда Қазақстан Демократиялық партиясының атауын “Әділет” (әділеттілік) Демократиялық партиясына ауыстыру [11]. Бұл туралы партия бағдарламасында былай делінген: “Әділет” әділеттілік дегенді білдіреді. Әділеттілік – “Әділет” мемлекет, қоғам және барлық азаматтар қызметінің негізі болып табылады, сондықтан біз бұл атау партия қызметінде жаңа аспектіні көрсететін болады деп есептейміз. Осы және басқа міндеттердің жетістіктері партия көшбасшыларын демократияландыру бойынша мемкомиссияның Жұмысшы топтары құрамында қызмет істеу дәрежесіне жеткізді [10]. Сонымен қатар, айтарлықтай құрылымдық өзгерістер болды, партия төрағасы лауазымының орнына ұйым аясында тең төраға институты енгізілді. Съезд делегаттары, партияның негізін салушы, з.ғ.д., профессор М.С.Нәрікбаевпен қатар тең төрағалар болып ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты- Зейнолла Өтежанұлы Алшым Қазақстан Коммунистік партиясы. Партияның бірінші хатшысы - Алдамжаров Ғазиз Қамашұлы. Партия 1998 жылғы 27 тамызда тіркелген, 2003 жылғы 20 наурызда қайта тіркелді. ҚКП мүшелерінің саны 54 246 адамды құрайды. Республиканың барлық облыстарында партияның өз бөлімшелері бар. ҚКП мүшелері, негізінен, соғыс және еңбек ардагерлері, жұмысшылар, зейнеткерлер болып табылады. Партия өзінің негізгі мақсаттары: республикада ғылыми социализмнің қағидаттарына негізделген, еркіндік және әлеуметтік әділеттілік қоғамын құру үшін жағдайлар жасау; коммунистік қоғамдық құрылыс құру деп есептейді. 2007 жылы Мәжіліске сайлауға Қазақстан Коммунистік партиясы қатысқан жоқ. «Ақ жол» Демократиялық Партиясы. Партия төрағасы - Байменов Алихан Мұхамедияұлы. Партия 2002 жылғы 3 сәуірде тіркелген. Партия мүшелерінің саны 175 862 адамды құрайды. Партияның мақсаттары: тәуелсіз, гүлденуші, демократиялық және еркін Қазақстан. Негізгі құндылықтары: демократия, тәуелсіздік, еркіндік, әділеттілік. Партия Қазақстанды одан әрі демократияландыру бойынша ұсынымдар жасау жөніндегі келісу комиссияларының жұмысына белсенді араласады. Мәжілістің үшінші шақырылымында партия 1 мандатқа ие болды. 2007 жылы Мәжіліске сайлауда партия 3.09% дауыс алып, Парламентке өтпеді. Мекен-жайы:Астана қ., Валиханов к-cі, 9/1; филиал Алматы қ-да, Сатпаева к-cі, 35а, кв.4 Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясы. Партия төрағасы – Қалиев Ғани Әлімұлы.. Партия 2002 жылғы 1 наурызда тіркелген. 2003 жылғы 2 сәуірде партия қайта тіркеуден өтті. Партия мүшелерінің саны 61 043 адамды құрайды. Қазақстанның барлық облыстарында партияның өз құрылымдық бөлімшелері бар. Өз мақсаттарымен партия аграрлық секторды мемлекеттік реттеуді және қолдауды күшейтуді; ауыл еңбекшілерінің мүдделерін қорғауды; қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформалардың жүзеге асуына белсенді түрде жәрдемдесуді; нарықтық қатынастардың негізделген нысандарын экономиканың барлық салаларында жүзеге асыруды; азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыруды көздейді. 2007 жылы Мәжіліске сайлауда партия 1.51% дауыс алып, Парламентке өтпеді. Мекен-жайы:Астана қ., Бейбітшілік к-сі – 46 Қазақстан патриоттары партиясы. Төраға - Қасымов Ғани Есенкелдіұлы.. Партия 2000 жылғы 4 тамызда тіркелген, 2003 жылғы 21 наурызда қайта тіркеуден өтті. Партияда 172 000 адам бар. Партия мынадай мақсаттарды көздейді: Қазақстан халықтарының ұлттық өркендеуін қалыптастыру және жүзеге асыру; құқықтық демократиялық мемлекет, нарықтық экономикасы бар азаматтық қоғам құру; қоғамның әлеуметтік белсенді бөлігін мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруда қатысуға тарту; елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету; адамның жоғары сапалы өмір сүруі үшін жағдайлар жасау және азаматтардың денсаулығына басым көңіл бөлу. 2007 жылы Мәжіліске сайлауда партия 0.78% дауыс алып, Парламентке өтпеді. Мекен-жайы: Алматы қ., Зенков к., 24 «Руханият» Жасылдар партиясы. Партия төрайымы - Мәмбеталин Серікжан Есенғосұлы. Партия 2003 жылғы 6 қазанда тіркелген. Партия мүшелерінің саны 72 000 адамды құрайды. Партияның филиалдары облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында жұмыс жасайды. Партияның әлеуметтік негізі - білім беру, денсаулық сақтау, ғылым және мәдениет салаларының қызметкерлері, кәсіпкерлер, студенттер және т.б. Өзінің басты міндеттері экономиканы көтеру, әлеуметтік мәселелерді шешу, адамгершілігі жоғары және рухани бай қоғамды дамыту деп есептейді. 2007 жылы Мәжіліске сайлауда партия 0.37% дауыс алып, Парламентке өтпеді. Мекен-жайы:Алматы қ., Тимирязев к-сі, 15 Б, Байтұрсынов к. бұр., (3 қабат сол қанат) Телефон: +7 (7272) 3939855; 3939854; 3939853 e-mail: serikzhan@greens.kz «Азат» Жалпыұлттық социал-демократиялық партия. Төраға: Тұяқбай Жармахан Айтбайұлы. Төрағаның орынбасары: Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы Партия 2006 жылғы 10 қыркүйекте құрылған. 2007 жылғы 25 қаңтарда тіркелген. Мүшелерінің саны - 140 000 адам. Барлық облыстарда, Астана мен Алматы қалаларында партияның өз филиалдары бар. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия өзінің алдына демократиялық, құқықтық, әлеуметтік мемлекет, инновациялық экономика құру, жаңа гуманитарлық саясатты жүзеге асыру міндеттерін қойып отыр. Партия әлемдік социал-демократиялық қозғалыстың құндылықтарын, Еркіндік, Әділеттілік, Ынтымақтастық қағидаттарын Қазақстанның саяси тәжірибесінде жүзеге асыру бағытында дәйекті жұмыс жасауда. 2007 жылы Мәжіліске сайлауда партия 4.54% дауыс алып, Парламентке өтпеді. 24 қазан 2009 жылы «Азат» ҚДП және ЖСДП Біріктіруші съезде «Азат» Жалпыұлттық социал-демократиялық партияға бірікті. Жаңартылған Жарғыға байланысты партияны басқару екі тең төрағаларға тапсырылды. Съездің делегаттарының бірауызды дауыстарымен олармен Жармахан Тұяқбай мен Болат Әбілов сайланды. Партияның Бас хатшысы болып Әміржан Қосанов сайланды. Пресс-служба: (+7 7272) 235-45-92 Максим Андрюшин Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті. 1991 жылы желтоқсанның 19-ы күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті Қазақ ССР Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің заңды мұрагері болып танылып, 1992 жылы шілденің 13-і күні Елбасының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті болып қайта құрылды. Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік органының тарихы осы күннен бастау алады. Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті үшін 12 жыл - даму мен қалыптасудың, тұрақты жетілудің жылдары болды. Комитет құрылымындағы барлық өзгерістер әлемдегі және елдегі ахуалмен тығыз байланысты болды, Елбасының тапсырмаларымен және уақыт талабымен анықталып отыр. Барлық реформалардың басты мақсаты - Комитетке жүктелген міндеттерді тиімді шешу, егемен Қазақстанның мүддесін қорғау болды. Қазір Ұлттық қауіпсіздік комитеті - кез-келген қатер мен сынаққа шұғыл да барабар жауап бере алатын икемді, әрі жоғары білікті арнайы қызмет. Өзінің қарсы барлау тұжырымдамасын жасау нәтижесінде шетелдік арнайы қызмет өкілдерінің әрекеттерін әшкерелеу, олардың белсенділігін бәсеңдету, Ұлттық қауіпсіздік комитетін бақылауға алу мүмкін болып отыр. Күлкі күні. 1 сәуір – Күлкі күні. Бұл күнді тойлау Францияда бастау алған деседі. Ежелгі римдіктер де ақпанның он жетісінде «ақымақтар мерекесін» атап өткен. Шығыс Үндістанда наурыздың отыз бірінде «қалжыңдау салты» ежелден етек алған екен. Бірде таңертең Петербор тұрғындары әдетте өрт шыққанда ұрылатын қатты дабылдың даусынан оянады. Әзілкештердің бұл әрекеті сәуірдің біріне тап келді. Сол кезден бастап, бұл ойын халық қолдауына ие болды. Әзіл қалжыңға бір иығын беріп тұратын қазақта да бұл күнге байланысты неше түрлі қызық әңгімелер бар. Ерте көктемнің ала құйын мінезін қалжыңмен жуып-шайғысы келген халық бұл күні жақындарын алдауға барын салады. Деректерге жүгінер болсақ, күлкі күнін тойлау алғаш Франциядан бастау алған деседі. Ежелгі римдіктер «ақымақтар мерекесін»17 ақпанда атап өткен болса, наурыздың 31-інде «қалжыңдау салты» Шығыс Үндістанда ежелден етек алған екен. Ал Ресейдің Петербор қаласының тұрғындары бірде әдетте өрт шыққанда ұрылатын қатты дабылдан оянады. Әбігерге түскен халық өрт ошағын көре алмайды. Сөйтсе, бұл әзілкештердің ойыны екен. Бұл оқиға 1 сәуір күні орын алған. Сол кезден бастап бұл ойын халық қолдауына ие болып, күлкі күніне айналады. Күлкі күнінің аталуы мен ерекшелігіне келер болсақ, Франция, Англия, Америкада бұл – ақымақтар күні, Испанияда – дөкірлер, Үндістанда – тоқылдақ, Жапонияда – қуыршақтар, Шотландияда тепкі күні деп аталады екен. Бұл күні әркім таныстарының арқасына сездірмей «мені теп» деген жазу іледі де, оны сырттай күлкіге айналдырады. Бірақ атаулар әртүрлі болғанымен, бұл күн күлкі күні болып саналған соң, бұл күнгі қалжыңға ешкім ренжімейді. 1 сәуір ресми мереке емес. Бұл күні ешкім демалмайды, бір-біріне сыйлық ұсынып, мерекелік дастарқан жайылмайды. Тек ел бір-бірімен қалжыңдасып, көңіл көтеріп, күлкіге қарық болады. Әзіл-қалжыңға қашанда теріс қарамайтын қазақ халқы да бұл күнді ескерусіз қалдырмаған. Қыстың қыспағын, ерте көктемнің алай-дүлей мінезін қалжыңмен жуып-шайғысы келген халық бұл күні бір-бірінің көңілін қалжыңмен көтеруге тырысады. Барселона (футбол клубы). “Барселона”& Бузакка – “Арсенал” 3:1. “Шахтер” ерледі! «Барселонасыз» Чемпиондар лигасының сәні жоқ. Бұл сөзбен келісерсіз. Каталониялық команда 2005 жылдан бері топтан шығып, 1/8 финалдан сүрінбей өткен «Барселона» биылда лиганың шыңына шығуды жоспарлайды. Финалға дейінгі финал ретінде баланған бүгінгі ойында «Барселона» барын салды. Жұрттың біразы төреші Бузаккаға бұртиды. «Барселонаға» бүйргені бұрды деп бұл жігіттің. Бірақ нағыз алаңдағы спектакльды көрмеген жанкүйерлерге жаным ашиды. Бұл ойынды көрмеу футбол сүйер қауым үшін кешірілмес жайт. Алматы төріндегі футбол-бардың біріне барып көрдік матчты. Халық қырғын. Екі бөлінген жұрт. Бардың ішінде құлақ тұнар шу. Нағыз футбол мерекесі. Не керек, арманға айналған ойынның хоникасына бір сәт шолу жасасақ. Бірінші таймда біраз уақыт босқа кетті. Осыған байланысты төреші ойынның алғашқы бөлігіне бес минут уақыт қосты. Сол қосымша уақытты пайдаланған Иньеста Мессиге айып алаңының алдында ұтымды пас шығарып берді. Қорғаушы Йохан Джуруды алдап өткен Месси Альмуния қақпасынан саңылау тапты. Айтпақшы ойын басында «Арсеналдың» негізгі қақпашысы Войцех Щесны жарақат алып (саусағының буыны шығып кетсе керек), Альмунияға орнын босатты. Екінші тайм бастала сала «Барселоналық» Бускетс өз қақпасына гол соғып алды. Бұрыштан доп шығарған Насридың пасына Фабрегас пен Диаби жетер жетпестен Бускетс аяғын қоя қойды. Бускетстің басына тиіп қақпаға сүңгіген доп «Арсеналға» үміт сыйлап еді. Алайда Хави мен Месси екі гол салып, «Барселонаны» ширек финалдың шетіне іліктірді. Хави Ойынның 56 минутында Ван Перси екінші сары қағаз алуына байланысты алаңнан қуылғанын айта кетейік. Осы жайт, «Арсеналдың» бар үмітін жерлегендей. Арсен Венгер қалайда бір гол салудың қамымен алаңға Аршавинды шығарды. Бірақ бұл тәуекелден түк шықпады. «Барселона» дегеніне жетті. Мына қызықты қараңыз, «Арсенал» ойын барысында «Барселона» қақпасына бірде бір рет тура соққы жасамаған. Бірақ бір гол соғып үлгерді. Матчтан кейін әлі гу гу әңгіме орын алары сөзсіз. Барлығы ойынның нәтижесіне төрешіні кінәлар. Бірақ каталониялықтар дегеніне жетті. “Барселона” (Испания) – “Арсенал” (Англия) – 3:1 (1:0) Голдар: Месси, 45+3 (1:0). Серхио Бускетс – 53, автогол (1:1). Хави, 69 (2:1). Месси, 71 – пенальти (3:1). “Барселона”: Виктор Вальдес, Абидаль, Даниэл Алвес, Адриану (Максвелл, 90+1), Серхио Бускетс, Маскерано (Кейта, 89), Иньеста, Хави, Вилья (Афеллай, 82), Месси, Педро. “Арсенал”: Щесны (Альмуния, 19), Санья, Клиши, Косьельни, Диаби, Джуру, Росицки (АРШАВИН, 74), Насри, Фабрегас (Бендтнер, 78), Уилшер, Ван Перси. Ескертулер: Косьельни, 16. Санья, 29. Ван Перси, 45+2. «Шахтер» бүгін ерледі. «Романы» мазақ қылған украиналықтар римдіктердің қақпасына жауапсыз үш голды тоғытты. Бұл ойынның нағыз қаһармандары – Виллиан мен Срна. “Шахтер” (Украина) – “Рома” (Италия) – 3:0 (1:0) Голдар: Гюбшман, 18 (1:0). Виллиан, 58 (2:0). Эдуарду да Силва, 87 (3:0). Пенальти соға алмады: Боррьелло, 28 (қақпашы). “Шахтер”: Пятов, Гюбшман, Рац, Чигринский, Ракицкий, “Жадсон”, Виллиан, Дуглас Коста (Эдуарду да Силва, 60), Мхитарян (Алекс Тейшейра, 67), Срна, Луиз Адриану (Марсело Морено, 75). “Рома”: Дони, Жуан, Мексес, Риисе, Бурдиссо, Писарро, Таддеи (Рози, 46), Де Росси, Перротта (Капрари, 86), Вучинич (Бриги, 65), Боррьелло. Ескертулер: Мексес, 24. Мхитарян, 28. Срна, 45+5. Писарро, 57. Перротта, 65. Риисе, 82. Саяси жарнама. Соңғы жылдардағы көптеген өзгерістер нарықтық қатынастардың дамуына әсер етуімен қатар, саяси коммуникациялардың жаңа түрлерін айқындап, айшықтай түсті. Қоғамда орын алып жатқан барлық жағдайларды таныту, ақпараттандыру барысында саяси жарнаманың қажеттілігі байқала бастады. Саяси жарнаманы өз дәрежесінде қолдану нәтижесінде көптеген жетістіктерге жетуге болатындығы айқындала түсті. Берілген үлгіні саяси жарнаманың әдістері мен технологияларында толықтай қолдануға болады деп түсінеміз. Өйткені, басқарушы элита қоғамдағы кез келген мәселенің туындауына байланысты алынған және қайта өңделген ақпараттар негізінде тиімді шешім қабылдайды. Мұндай жағдайларда түрлі байланыстарды құру формасы ретінде саяси жарнама қолданылуы мүмкін: бірінші жағдайда жағымды бейне қалыптастыру үшін кандидаттар имидждік технологияларды пайдаланады; екінші жағдайда корпоративтік жарнама ұйымдастырылып, қоғам алдында партия, саяси институттар мен басқа ұйымдардың “қажетті” имиджі дайындалады; үшінші жағдайда берілген ақпараттық технологиялардағы субъектілер мен объекттілердің өзара қатынасы бұқаралық ақпарат құралдарында таратылған жарнама материалдары (жарнама роликтері, мақалалар, парақшалар) көмегімен жүреді. Демек, К. Дойчтың ақпараттық-кибернетикалық үлгісінің терминдерінен саяси жарнаманы саяси жүйедегі түрлі элементтер арасындағы қатынастарды реттейтін әдіс ретінде қарауға болады: мемлекет және қоғам, мемлекет пен түрлі қозғалыстар мен ұйымдар (партиялар, сайлау блоктары, қысым көрсету топтары). Саяси жарнаманы коммуникативтік қимыл ретінде қарастыруға болатындығы туралы жоғарыда айтылған болатын. Оның көмегімен лидер, партия, мемлекет пен мүдделі топтар, қоғам арасындағы ақпарат алмасу жүреді. Саяси жарнама қоғамда нақты көрініс тапқан құндылықтарды көпшілікке таратады. Жарнама берушінің тиімді қимылдары мақсатты топтардың оларға дауыс беруін оятады. Кез келген саяси жарнамалық науқан барлық әлеуметтік топтардың өзіндік ережелеріне сай болуы тиіс.Саяси науқан туралы ақпараттар тарататын саяси жарнама саяси ғылымдардың түрлі салаларымен қатар, тікелей жарнама және маркетингпен тығыз байланыста. Саясаттағы әрбір субъект өз өнімімен шығып, ақпараттық кеңістікті түрлі идеялық суреттемелермен толықтырады. Демек, бүгінгі қоғамның коммерциялық жарнамасы, идеологиялық және саяси құндылықтарды меңзейтін, тәуелсіздік алғанға дейін көзқарасымыз басқа болған саяси жарнаманы дамыта түсті. Әрине, саяси жарнаманың коммерциялық жарнамадан айырмашылығы жетерлік. Алдымен екі жақ объектілерінің әр-түрлілігі. Егер сайлау науқанын алар болсақ, оның басты кейіпкері - кандидат, тірі тұлға. Бірақ, американдық мамандар пікірінше, саяси кандидатты “сатудан”, тауарды өткізу анағұрлым жеңілірек. Сонымен бірге, коммерциялық жарнаманың негізгі мақсаты - табыс табу болса, саяси жарнамада қажетті құндылықтарды қоғам мүшелерінің санасында қалыптастыру болып табылады. Саясат пен экономика бір-бірімен тығыз байланысқан, өзара ажырамайтын ұғымдар. Мәселен, ірі экономикалық құрылымдар, корпорациялар, ассоциациялар саяси күштер қимылдарына әсер етеді, белгілі бір саясаткерді қолдап, оның шешімдерін орындауға ықпал жасайды. Сонымен бірге, саясаткер іскер адам секілді нарық конъюнктурасын сезініп, қоғамдағы өзгерістерді жылдам қабылдауы тиіс. Сондықтан болар, экономикада тиімді қолданылатын түрлі әдістер мен технологиялар саясатта да жүргізіледі. Саясат пен экономиканың өзара тығыз байланысын Т. Парсонс (Т. Parsons) өз еңбегінде көрсетеді. Ол саяси қызмет пен банк қызметі арасындағы қимылдарды қатар жүргізді. Мәселен, сайлау науқанына қатысушы үміткер банк қызметкері секілді билікке “үлес” бөледі, нәтижесінде сайлаушылар оның ұсыныстарын бұл сайлауда қолдамаса да, банк жұмысының режиміне ұқсас, келесі сайлау науқанында және басқа шарттарда қолдау табуы мүмкін. И. Шумпетердің “Капитализм, социализм және демократия” еңбегінде: “партиялар мен саясаткерлер кәсіподақ ассоциациялары сияқты саяси белсенділікті реттейді. Партияларды басқару, оның жарнамалық науқаны, ұрандар мен марштар психотехникасы - жай әсемдік құралы емес. Бұл саясаттағы қимылдардың мәні”. Саяси жарнамадағы экономикалық тәсілдерді орындауға “Қоғамдық пікір” тұжырымдамасы ерекше ықпал жасады. Берілген әдістеме саясаттың “нарықтық” тұжырымдамасын қалыптастырады: сайлаушы тұтынушыға теңеледі; саяси партиялар мен лидерлер - қызметтің кең түрлерін ұсынатын кәсіпкерлер; саяси үгіт-насихат коммерциялық жарнамамен трансформацияланады; үкіметтік орындар саяси қызметті қолдауға жұмсалған шығынды өтейтін мемлекеттік фирма ретінде қарастырылады. Қоғамдық сайлау саяси жүйедегі “қоғамдық тауарлар мен қызметтің” алып сұраныстары мен ұсыныстарының нарқы ретінде бағаланады. Ал индивидтің дауыс беру мінез-құлқы - оның жеке экономикалық қызығушылықтарымен теңестіріледі. Осыған байланысты, саяси адам толығымен экономикалық азаматқа айналады. 1) экономикалық және саяси тауардың өз имиджі бар; 2) барлық тауардың этикеткасы, маркасы бар: саясаткер сәйкесінше партия арқылы ұсынылады, консерватор немесе жаңашыл бейнесін көрсетеді; 3) әрбір тауармен бірге оның “қызметтік” бағдарламасы қосылып сатылады; барлық саясаткер сайлау науқаны барысында өзінің тұғырнамасын сайлаушылар назарына ұсынады; 4) экономикалық және саяси тауар нарықта бірдей технологиялармен “алға жылжиды”; 5) экономикалық және саяси тауардың бәсекелестері бар; 6) тауарды “алға жылжыту” үшін (экономикалық, саяси) нарықта осы тауардың келешегіне байланысты қаржы жұмсалады. Дегенмен, экономикалық және саяси нарық арасындағы сәйкес келмейтін тұстарын да айта кету қажет. Экономикалық тәсілдерге сәйкес, азамат партияны, үміткерді немесе саяси шешімді қабылдау арқылы өз мінез-құлқын экономикалық мүдделерге бағындырады. Ал, саяси рынокта нарықтық экономикадағыдай өзіндік көріністері жоқ идеологияны азаматтардың мінез-құлқына ықпал ету факторы болады. Оның кейбір мәселелері үгіт-насихат түсініктеріне байланысты жүргізілген талдауларда қарастырылады. Коммерциялық жарнамада ұсынылатын тауардың ерекшеліктері баяндалып, тауар “ақшаға” айырбасталады, ал сәйкесінше саяси жарнамада тауар сайлаушылар дауысына, саяси қолдауы мен сенімдеріне айырбасталады. Саяси жарнаманы коммерциялық жарнамамен салыстырғанда, ол көп жағдайларда сайлау науқандары тұсында қысқа мерзімге созылады. Мәселен, сайлау науқанында сайлаушылардың бір үміткерді таңдауға сендіру үшін бірнеше апталар қажет болса, экономикалық алға жылжыту мәселелері бірнеше кезеңдерге бөлінген уақыттық мерзімдерге созылады. Сонымен қатар, саяси жарнамада этикалық құндылықтарға ерекше мән беріледі. Сондықтан, коммерциялық заңдылықтар, технологиялар, әдістерді саяси салаға оның өзіндік ерекшеліктерін ескермей байланыстыру кері нәтижелерге ұрындыруы әбден мүмкін. - қызметтік тұрғыдан қарағанда - саяси жарнаманың азаматтарға қысқамерзімді әсер етуі, оның мақсатты топқа сол сәтте дәл ықпал жасау және жеке мінез-құлқын өзгерту; - жарнамалық мәтінді қарастырсақ - әмбебаптық үлгі шегіндегі мазмұнда жүргізу; уәде мен серт; қарсыластарды сынға алу; - мазмұндық кілті - жарнамалық мәтін элементтерінде бәсекелес жағына сыни пікірлер айту; - жарнамалық хабарламаның байланысы коммуникатор қызығушылығымен ұштасып, таратылып жатқан ақпарат мазмұнын толықтай қадағалау; - формальды тұрғыдан қарасақ - ақпараттық нарықта жарнамалық хабарламаны ақылы негізде төлеу; - азаматтардың саяси қатысуының қажеттіліктеріне қарай, билік салаларында әлеуметтік тауарды жасанды тұтынуда қозғаушы ретінде сапалылығын көрсету; - қолданатын құралдардың шектеулілігі, мысалы, азаматтардың ақпаратпен толық қамтамасыз етілмеуі; - берілген хабарламаны қабылдауда “сатып алушы” саяси жарнаманы “тұтынушымен” ұқсас. Саяси жарнаманың берілген сапаларын бөлу арқылы, жарнамалық науқанды жүргізуге сәйкес қажетті хабарламалар әлеуметтік мәселелерді жеңіл шешу және байланыстырудың басқа да түрлері тек азаматтарды саясат сахнасын маркетингтік тәсілдермен ғана ақпараттандырмайды, сонымен бірге, үгіт-насихаттық түрдегі жұмылдыру стратегиялары қолданылады. Саяси жарнаманың берілген ерекшеліктері жұмыс барысында кездесетін мәселелерді түсіндіріп, басқа да саяси технологиялармен байланыстарын орнықтырады. Саяси жарнама саясатпен бірге пайда болды. Алғашқы мемлекеттер құрылысымен-ақ, билік тұрғындармен байланыс орнату арқылы елдегі тәртіп реттелетінін түсінді. Билік азаматтар мінез-құлқына ақпараттар көмегімен әсер ету жолын таңдады. Демек, бұл ұғым саяси нарық, саяси мәдениет және саяси қатынастардың бөлшегі болып табылады. 1 нұсқа. Сайлаушы саяси жарнаманың ықпалымен үміткер жайлы тосын ақпаратпен танысуы мүмкін. Егер бұл мәлімет оның осы саясаткер туралы бұрынғы ой-пікірімен орайлас келсе, дұрыс деп есептейді, онда сайлаушы өзінің танып-қабылдауының дәрежесінен тыс үміткердің образын жағымды жағынан бекіте түседі. 2 нұсқа. Егер осы жарнамалық ақпарат мәні бойынша дұрыс болса, қабылдаудың маңызы зор. Өз таңдауының тиімділігі жөнінде таразылай білетін сайлаушы, жағдайды қайтадан бағамдайды, сөйтіп өзінің бағытын түбегейлі өзгертуі мүмкін. Қасаң түйсікті сайлаушы жаңа ақпаратты теріске шығарады, өз санасында қалыптасқан стереотиппен образға шаң жуытпайды. 3 нұсқа. Саяси жарнамада мазмұндалған жаңа ақпарат бұрынғы қабылданған қалыптасқан пікірді жойып жіберуі мүмкін. Күдікшіл, күмәншіл сайлаушы толқиды, нәтижесінде дұрыс пікірді теріс пікірмен шатастырып алуы мүмкін. Өз пікіріне берік сайлаушы тұрақты бейнесін, ой-пікірін сақтап қалады. 4 нұсқа. Бұрынырақ бұрыс мәліметпен танысқан сайлаушы, кейінірек жаңа бір мәліметті кездестіреді. Бірінші аталған сайлаушы бейнені қайта бағалап, өзіндік ой-пікір қорытады, ал екіншісі жарнаманы теріске шығарып өзінің бастапқы, үйреншікті пікірінде қалады. 5 нұсқа. Бұрынғы күмәнді образды бекітетін жаңа ақпарат қандай сайлаушының болмасын сол бейне туралы осындай ойын қуаттай түседі. 6 нұсқа. Бұрынғы жағымсыз бейнені теріске шығаратын жаңа лайықсыз ақпарат бір сайлаушыны өз бағдарын қайта қарауға бағыттауы тиіс. Екінші сайлаушы БАҚ-та, жарнамада берілген ақпаратты мойындамай, өз жолында қалады. Демек, саяси жарнаманы қабылдауға азаматтардың саяси мәдениеті деңгейі, білімділігі мен біліктілігі дәйек болмақ. Саяси жарнама біздің қоғамымызға өте қажетті құрал. Мәселен, партиялардың көптігі және тұғырнамаларындағы ұқсастық халықты әбден шатастырады. Сонымен қатар, түрлі партиялардың бағдарламаларымен толықтай танысып шығатын азаматтардың саны аз болатындығы белгілі. Сондықтан жарнама саяси тұжырымдамалар мен бағдарламалар түсінігін жеңілдетіп, оның мәтіндерін эмоцияландырады, лозунгтік, ұрандық сөздерге айналдыра отырып, сайлаушылардың сенімін қалыптастырады. 1) дауысты партияға емес, адамға береді; 2) дауысты идеологияға емес, идеяға береді; 3) дауысты өткенге емес, болашаққа береді; 4) саяси емес, әлеуметтік бейнеге дауыс береді; 5) дарынсыздыққа емес, адам-аңызға дауыс береді; 6) үйреншіктілікке емес, тағдырға дауыс береді; 7) жолы болмаушыға емес, жеңіскерге дауыс береді; 8) түсініксіз құндылықтарға емес, шын орындалатын құндылықтарға дауыс береді. “Сайлау бұл - драматургия, - деп тағы жазады Ж. Сегела. Сайлаушылыр тек үміткерге сенген тұста ғана дауыс береді. Саяси кеңесші науқанның барысын халық күткендей етіп дайындауға тиіс. Жалған уәделерге орын бермей, тек орындалатын уәделерді сайлаушыларға ұсыну керек. Дегенмен, бәрін бірге емес, қажетіне қарай кезеңдерге бөлген дұрыс. Сонда ғана фильм ырғағы жағдайларға мойын сұнып және оның соңы біреу ғана: сіздің жеңіс”. С.Ф. Лисовский өзінің еңбегінде А. Дейянның төмендегі анықтамасы саяси жарнама ұғымына сай келетінін айтады: “Жарнама - бұл бұқаралық ақпарат құралдары және басқа байланыс түрлері арқылы кез келген тауарды, өнімді, фирманы, мекемені, кандидатты, үкіметті ақылы және біржақты үндеу”. - визуалдық (буклеттер, сыртқы жарнама, плакаттар, листовкалар, күнтізбелер); - қатаң саяси жарнама - қысқа мерзімді мақсаттарға қолданылатын, жылдам реакцияны қажет ететін жарнама; - жайлы саяси жарнама - белгілі тұлғаны, қажетті көңіл-күйді қалыптастыратын жарнама. 1 қарапайым - кандидаттың журналист пен телекөрермен алдындағы жауабы; 2 негативтік - бәсекелестердің танымалдылығын түсіруге ұмтылатын жарнама; 3 концептуалдық - сайлауға түскелі жатқан кандидат идеяларын сайлаушыларға жеткізу; 4 “шыншыл кино” - кандидаттың сайлаушылармен әңгімелесу кадрлары; 5 “жеке сенім” - беделді тұлғалар мен кездейсоқ азаматтардың саясаткер туралы айтқан позитивті пікірлері; 6 “нейтральді репортер” - журналист кандидат туралы ақпарат береді; 7 “қимылдағы кандидат” - саясаткердің маңызды мәселелерді шешудегі қатынасын көрсетеді. Саяси менеджмент саласының маманы Г.В. Пушкарева саяси жарнаманың төрт ерекшелігін көрсетеді. Біріншіден, ақпараттық өнімді дайындаушы коммуникатордың қимылы мен қабылдаушы реципиенттің аралығы мезгілмен бөлінеді. Екіншіден, саяси кампанияны жүргізушілер өнім жасау процесінде толық бақылау жүргізе алады. Үшіншіден, жарнамалық өнім реципиентке өзгеріссіз ұсынылады. Төртіншіден, саяси жарнама тегін түрде еш жағдайда жүргізілмейді. Саяси жарнама саласындағы белгілі американдық маман Роджер Эйлис пікірінше: “Науқан тұсындағы баспасөзді болып жатқан оқиғалар суреттемесі, қатысушылар қателіктері, кадрға түскен тараптар қақтығыстары, сайлау жарысы жолындағы қоғамдық пікір қорытындылары қызықтырады”. а) процестегі жарнама: жарнамалық үндеу, мақалалар, шолулар, сұхбат, басқа да саяси жарнамалық сарындағы репортаждар; б) радио және тележарнама: радиожарнама: радиолық үндеу, радиороликтер, радиожурналдар, репортаждар, сұхбат, эфирдегі әңгімелесулер; тележарнама: телероликтер, телеүндеу, телехабарлар, телерепортаждар, телеқойылымдар, телебаяндама, теледебаттар, “дөңгелек үстелдер”; в) аудиовизуалдық (экрандық) жарнама: жарнамалық кино және бейнефильмдер, роликтер, бейнеэкспресс-ақпарат, слайд-фильмдер. 2. Сыртқы жарнама: жарнамалық қалқан, панно, стендтер, афишалар, транспоранттар, плакаттар, үлкен формадағы парақшалар; - жарықтық экрандар, табло, жүгіртпе жолдар; - көліктегі жарнама: салонішілік, сыртқы жапсырмалық; - басқа да сыртқы жарнамалар: әуе шарлары, аэростаттар, сенсациялық қойылымдар. - тұсаукесерлер, баспасөз конференциялары, симпозиумдар, семинарлар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар; - қайырымдылық шаралары, қоғамдық шаралардағы демеушілік; - қоғамдық маңызды тақырыптағы көрермендік сөйлеулер. 4. Баспалық жарнама: парақшалар, плакаттар, конверттер, открыткалар, хаттар, брошюралар, үндеу, шақырулар, бағдарламалар, күнтізбелер, визиттік карточкалар. 5. Тікелей почталық жарнама: баспалық жарнама материалдарын тарату. 6. Жарнамалық ескерткіштер: күнтізбелер, вымпелдер, значоктар, іскерлік сыйлықтар. 7. Компьютерленген жарнама: жарнамалық ақпараттарды арнайы компьютерлік жүйелерге орналастыру. Жоғарыда аталған жағдайларға қарап, бүгінгі таңда саяси жарнаманың ұғымы мен мазмұны айқындала түскенін байқау қиын емес. Сонымен бірге, аталған тәсілдер күнделікті түрде тиімді қолданылып жатыр. Саяси жарнама тарихы. Саяси жарнама түсінігін толықтай түсіну үшін, оның тарихи дамуын білу қажет. Бұл ұғымның тарихы тереңде жатыр. Қарапайым түрлері біздің эрамызға дейін болғанын Британ музейіндегі Египет папирустары дәлелдейді. Сонымен бірге, монументальды құрылыстар тек абсолютті биліктің көрсеткіштері ғана емес, салынған храмдар, ескерткіштер, пирамидалар жарнама жүргізудің құралы болды. Бейнелеу өнерінің ежелгі мысырлық шеберлері императорлардың портреттерін салуға да аса назар аударған. Мәселен, Египет пластикасының танымал ескерткіші ретінде 40 ғасыр бұрын дайындалған Мемнон статуясын айтуға болады. Қазіргі жарнаманың мазмұнын, сипатын және түрлерін зерттеуде оның дамуындағы негізгі тарихи кезеңдерін білмеу көптеген қиыншылықтарға апарады. Сондықтан да біз антика дәуіріндегі жарнаманың, оның ішінде саяси жарнаманың пайда болуы және оның қолданылуын ашып көрсеткеніміз дұрыс деп есептейміз. Антика дәуіріндегі өндірістік және әлеуметтік қатынастардың дамуы нақты азаматтар тобына дайындалған ақпаратты тарату қажеттіліктеріне әкелді. Осы ақпараттардың көп бөлігі айқын қимылдарды орындауға әсер ету элементтерімен сендіруге ұмтылды. Міне, осы жолдаулар қазіргі жарнама мен басқа да алға жылжытудың құралдарының бастауы болып табылады. Антика дәуірінің мәдениетімен таныс емес кейбір қазіргі жарнаманың мамандары мен теоретиктері дамыған жарнамалық қызмет ХV ғасырдың ортасында кітап басудың пайда болуымен байланыстырады. Әрине, бұл қате пікір және онымен мүлдем келісуге болмайды. Себебі жарнама дайындаудың түрлі қызметтік құралдары мен тәсілдерінің молдығы осы антика дәуірінің кезеңдеріне тән. Сол тұстардағы жарнамалардан біз экономикалық, саяси, көріністік, тұлғааралық жарнамалар, қызмет көрсету түрлері мен табиғатты қорғауға байланысты хабарландыруларды байқай аламыз. Азаматтарға сөзбен ықпал етудің дамуына байланысты антика дәуірінде глашатайлар институты пайда болды. Глашатай - арнайы жалданған, сатып алушыларды шақырып және тауарды мадақтайтын адам. Глашатай қызметін пайдалану көптеген жетістіктерге әкелді. Мәселен, тауар туралы ақпаратты тек ол сатылатын ортада ғана емес, басқа аймақтарда есту мүмкіндігі туды. Бұл ауызша байланыс шекарасын біршама кеңейтті. Сонымен бірге, бұқара халықты танымал қолбасшыларды құрмет тұту шаралары, қалаға келген елшіліктер, орасан зор цирк қойылымдары туралы ақпараттармен таныстырылып отырды. Міне, осындай ақпараттық хабарламалар жарнамамен тікелей байланыста. Глашатайлар алғашында ежелгі египеттіктерде, кейін ежелгі еврейлер, гректер, римдіктер арасында пайда болды. Бұл кәсіптің кең таралуы және оның қоғамдық дәрежесінің жоғарылығын ежелгі римдіктердің сауда құдайы Меркурийдің осы глашатайлық қызметті атқаруынан байқауымызға болады. Мәселен, рим жазушысы Апулей (125 ж. шамасында дүниеге келген) өзінің “Метаморфозалар” (“Алтын есек”) романында махаббат құдайы Венера, патша сарайынан қашқан Психеяны іздеу барысында Меркурийге өтініш білдіргендігі туралы жазады. Осы акцияға назар аударту тиімділігінің жоғарылығы сондай, патша қызы Венераның (бірақ, Меркурийдің де еңбегін айта кету қажет) тапсырмасын орындау мақсатында көптеген азаматтар ізденіске шықты. Юлий Цезарьдің бірінші консулдық жылдарында (б.э.д. 59 ж.) Марк Бибулмен саяси қарсылықтары шиеленісе түсті. Нәтижесінде ресми хабаршы - глашатайлар, қазіргі тілмен айтқанда, “лас технологияларды” пайдаланды. Олар бәсекелестердің қоғамдық және жеке өмірлеріндегі жағымсыз тұстары: шексіз атаққұмарлығы мен моральдық тазасыздығын таратып отырды. Антика дәуірінің жазба хабарламалары арасындағы мәліметтерде саяси жарнама ұғымына қатысты деректерге молынан кезігеміз. Айталық, Афина жағынан парсыларға қарсы күрескер Фемистокл тастарға мына сөздерді ойып жаздыртқан: “Иондықтар! (бұл Кіші Азиядағы грек диаспорасы) Сіздер соғыста өз ата-бабаларыңызға қарсы шыға отырып, Элладаны құлға айналдыруға варварларға көмектесудесіздер. Тезірек біздің жағымызға шығыңыздар. Егер бұл мүмкін болмаса, ең болмаса бізге қарсы шайқасқа шықпаңыздар. Коринфтіктерден де осыны сұраңыздар. Егер сіздер оны да, басқаны да жасай алмасаңыздар, егер мәжбүрлеудің ауыр шынжырында байланып және одан босай алмасаңыздар шайқасқа келгенде сужүректер секілді шайқасыңдар”. Геродот еңбегінде келтірілген бұл үндеу жедел саяси бұйрықтың ізін көрсетіп, иондықтардың гректермен емес, парсылармен біріккендіктерін көрсетеді. Иония территориясындағы парсы сатраптары шын мәнісінде гректерді састырды. Фемистоклдің иондықтарға айтқан мінез-құлықтың модельдерінде ең болмаса өз отандастарына қарсы шайқаста талпыныс танытпағандықтарын сұрайтындай. Қабырғада бояумен тырналған немесе сырланған жарнамаларда кеңінен қолданылды туралы да айта кету қажет. Антика дәуірін зерттеушілер бұл мәтіндерді “граффити” (“graffito” - тырналған) деп атайды. Ежелгі Греция мен Рим де жарнамалық хабарламалар ағаш тақтайларда жазылды, мыс немесе сүйектерге ойылып басылды. Осы күндерге дейін жеткен тарихи жазбалар көрсеткендей, Ежелгі Рим қабырғалары гладиаторлар күресі, құлдар мен үй жануарларын сату сияқты хабарламаларға тола болатын. Помпейден табылған граффитилер арасынан Рим саясаткерлерінің сайлау алды күресіне арналған деректер табуға болады. Мәселен, ресейлік ғалым Л. Винничук өз еңбегінде мына сөздерді мысал ретінде келтіреді: “Модестаны эдил ретінде таңдауыңызды сұраймын”, “Балықшылар, Попидий Руфты эдил сайлаңыз”, “Квинтийді қолдамағандар, есек жанында отырсын”. Мұнда антика дәуіріндегі халықтардың корпоративтік өзара түсіністігін байқаймыз. Муниципалдық басқару иерархиясында эдил - кәсіптік қызметте көптеген шарттарды шешетін қала әкімі. Сайлау барысында балықшылар жаңа лауазым иесін таңдау арқылы жеңілдіктер берілетініне сенген болар. Ал қаланың қолөнершілері осы қызметке Модестаны ұсынуы, олардың мүддесін қорғайтындығын байқатады. Осы екі шақырудың кезеңдік белгілері бір-біріне сәйкес келетіндігіне байланысты, екеуін бәсекелес ретінде қарастыруымызға әбден болады. Саяси жарнаманың белгілері бар екендігін төмендегі үндеулерден де байқауымызға болады: “Егер өмірдегі ақиқат пайдалы болса, онда мұндай атқа Лукреций Фронтом лайық”, “Көршілер, ұйқыдан тұрыңыздар да Амплиатқа дауыс беріңіздер!”, “Лорей, өтінемін, дуумвирлікке Цейя Секунданы таңда, кейін ол сені таңдайды”. Антика қалаларындағы көшелерде түрлі қызықты көріністер: гладиаторлар күресі, жаңа тартымды фарстарға шақырулар көп кездесетін. Бірақ, кезбе әртістер, сиқыршылар, көше акробаттарының табыстары молдау еді. Олар жарнаманы тек өз дауыстарымен ғана емес, бет-әлпеттерімен, ойындарымен дайындап отырды. Жарнамалық құралдар кешеніне ауызша-сөздік қимылдарымен қатар, түрлі бейнелік элементтер, ишараттар мен мимиканы кіргізді. Сонымен бірге, осы көріністерді дәл уақытта және қажетті орында ұйымдастырудағы шеберлік туралы да айта кеткен жөн. Бұл тұста жарнамалық бейне, яғни имидж турасындағы мәселені де қарастыру қажет. Барлық теоретиктердің жалпы пікірлері бойынша осы құрылымдық белгі жарнамалық мәтінде негізгі қозғаушы өзегі болып табылады. Антика дәуіріндегі ауызша таратылған хабарламаларда азаматтардың имиджі қалыптасуы мүмкін бе? - деген сауал да туындайды. Біздің ойымызша, ол мүмкін жағдай. Себебі, жарнамалық шақыру құралындағы бейне ол материя және ол лексикалық тұрғыдан қарасақ өте мазмұнды. Сонымен бірге, есту және көру элементтерінің толық кешені: дауыс ырғағы мен әуезділігі, айту қалпы, үстіндегі киімі, шаш қою сәні, мимикасы, қолдағы заттар жиынтығы өзіне назарын аудартады және манипуляциялауда көмегін тигізеді. Міне, осы пікірлерге сүйене отырып, біз жоғарыда атап өткен глашатайлар, граффити салушылар, әртістер, сиқыршылар өздеріне тән имиджін қалыптастырды. Демек, жарнамалық бейнені қалыптастыруда күрделілікке ұрынудың аса қажеттілігі жоқ. Құлиеленуші демократияның саяси өміріне жоғарыда аталғандардан бөлек басқа да түрлері қатысты. Өзекті саяси көзқарастар, идеялар қақтығысындағы күрестерде заттық-бейнелік тәсілдер мен құралдар өз орнын таба білді. Олардың арасына - әскери жеңістер белгісі ретінде қойылған олжалық құрылыстар, танымал қолбасшыларды дәріптеу салтанатты шерулерін, белгілі саяси тұлғалардың мүсіндерін көбейту шараларын айтуымызға болады. Біздің ойымызша, аталмыш тәсілдердің барлығында саяси жарнаманың өзіне ғана тән белгілері бар. Осы тәсілдер антика дәуіріндегі мыңжылдықтар бойы қолданылды. Ежелгі дүниеде салынған барлық монументалды ғимараттарда жарнамалық белгілер болғандықтан, логика бойынша Хеопс пирамидасы, Семирамида бағы сынды басқа да әлемнің кереметтері жарнамалық бейне болып табылмақ. Осы коммуникациялық әсер оны дайындау барысында мақсатына жеткізгенін мойындағанымыз да жөн болар. Дегенмен, осы құрылыстарды салу барысында нақты мінез-құлық реакцияларын туғызуға, нақты қимылдарға итермелеуге, сұраныс қалыптастыруға негізгі мақсат қойылды деп атап көрсету де қиынға соғады. Сонымен қатар, мемлекеттіліктің белгісі ретіндегі императорлардың безендірілген таяқтары немесе денеге салынған татуировкалар мен тотем турасында да осындай пікір айтуға болады. Антикалық саяси жарнамаға мақтаулы жазбалары бар мүсіндер – элогиялар тән. Аталмыш элогиялар патшаларға, қолбасшылар мен танымал азаматтарға арналады. Оны “сөйлеуші тастар” деп атайтын антик шешендері оларға өз бағаларын ұсынатын. Қайраткердің ұлылығы мен даңқы жарияланатын бұл статуялар оның көзқарастарын насихаттауға өз үлесін қосуға мол мүмкіндік береді. Таяу Шығыс мәдениетінде кең тараған монументальды жазбалар турасында айта кеткенді жөн санап отырмыз. Мысал ретінде, сәтті қимылдары мол басшылардың “пирамидалар кітабындағы” жазбаларға енуін айтамыз. Геродот еңбектерінің бірінде, грек-парсы соғысы кезеңдеріне шолу жасайды. Еңбекте Дарийдің Грецияға жорығы барысында ақ тастан жасалған екі бағана туралы баяндалады. Ассирия және эллин әріптерімен жазылған ескерткіш таста, парсылармен бірігіп соғысқа қатысқан халықтардың атауы қашалған. Бұл да саяси жарнаманың элементтік нұсқасы болып табылады. Өйткені, Дарий өз қарамағындағы халықтарды көрсету арқылы өз құдіреттілігін байқатты. Афинаның б.э.д. 317-307 жылдарындағы патшасы Деметрий Фалерскийге қала тұрғындары 360 мүсін орнатқан. Рим тарихшысы Геродиан да осы элогиялар туралы өз еңбектерінде деректер келтіреді. Император Коммод туралы тарихшы: “Ол өз мүсіндерін қала ішінде орнатты. Тіпті, сенат ғимаратына қарсы садақ тартқан өзінің мүсінін орнатып, өз бейнесінен үрей туғанын күтті. Нәтижесінде император өлімінен кейін сенат бұрынғы ескерткіш орнына бостандық белгісін қойды”. Сонымен бірге, антикалық мемлекеттіліктің құлдырауы кезеңінде адамгершілік серпінінің бұзылуы салдарынан қарапайым азаматтар да өз қаржыларына статуялар орната бергендіктерін айта кеткен жөн. Римдіктер өздерінің сәтті жеңістерінің салтанатты жазбаларын тек статуяларда ғана емес, жауынгер батырларды дәріптеу барысында “салтанат қақпаларын” салумен ерекшеледі. Жазбалар күрес барысындағы жеңіс туралы ақпараттар бере отырып, шайқас кезіндегі олжалары көрсетілді. Осылайша, Рим державасының күш-қуаты көрсетіліп, азаматтардың патриоттық сезіміне зор әсер етті. Осы мақсаттарға құралған салтанатты шерулер де тиімді үгіт-насихаттық қимыл ретінде саналады. Көбіне бұл шара Марс алаңынан басталып, Рим арқылы Форумға қарай қозғалады, үкімет резиденциясы болып есептелетін Капитолий сарайында аяқталады. Шеруді сенаторлар мен магистраттар басқарып, әскери олжалары екінші кезекте жүрді. Шара барысында олжаны иеленген қолбасшы мен оның ерекшеленген әскері жүріп отырды. Көш соңын құлға айналған тұтқындар аяқтады. Шеру құрбандық шалумен, халыққа сыйлықтар мен ақша үйлестіру және жалпыхалықтық тоймен жалғасын тапты. Салтанатты шеруді ұйымдастыруда көріністердің жарқын мүмкіндіктері мен барлық мәдени белгілер құралы - заттай, бейнелік, дыбыстық, вербальді қатыстырылды. Ақсүйек римдіктердің қоғамдағы жағдайын көрсететін белгілердің бірі балауыз маскаларды пайдалану қалыпты жағдай. Ал осы шеру кезінде аталмыш маскаларды ретімен қолдану маңызды болып саналады. Шеру тұсындағы заттық-бейнелік көріністердің жалпы саны, орындау шеберлігі - олжаны иеленуші қолбасшының барлық жеңіс жағдайын көрсетті. Антика мәдениетіндегі осы салтанатты іс-шаралар қоғамдық қажеттіліктерді өзіндік бағалау мен өзіндік танымды қанағаттандырудың түрі ретінде атап көрсетуге болады. Мерекелік қимылдарға қатысқан бұқара халық империяның ұлылығының бір бөлшегі сезімінде болатынын айта кету қажет сияқты. Рим тарихшысы Гай Светоний Транквиллдың жазуы бойынша, Юлий Цезарь азамат соғысы аяқталғаннан кейін бес салтанатты шеру ұйымдастырып, соның төртеуін бір ай ішінде өткізген. Сол әр шараның өзіне тән ерекше молшылығы мен жинақылығы бар. Мәселен, африкандық олжа барысында ол оң және сол жақтан отты қырық пілмен Капитолийге енді. Понтий олжасы кезінде көптеген заттай бейнелермен қатар үш сөзден тұратын: “Келдім, көрдім, жеңдім...” жазба тақтайы бірге жүрді. Ежелгі Римде тастан жасалған бағана - милиариилер кеңінен қолданылды. Олар Рим империясының барлық маңызды жолдарына орнатылды. Осы милиариилерде көбіне императорларды мадақтайтын сөздер жазылатын. Бүгінгі күнде де осы милиарии түріндегі тас бағаналар жарнамалар мен құлақтандырулар ілуде әлі де пайдаланылуда. Әйнекті пішіндегі түрлері де қазіргі қалалар сәнін келтіріп тұр. Қазіргі бұқаралық ақпараттар құралдарына ұқсас мысал ретінде Гай Юлий Цезарьдің шығарған “Acta diurna urbis”-сін айта кету қажет. Осы ақпарат құралы көпшілікті сенат және халық жиналыстарының шешімдерімен таныстыратын. Ал император Октавиан Август тұсында ресми хабарларға жеке ақпараттар, түрлі жаңалықтар, үйлену мен ажырасу мағлұматтары, көңіл-көтеру мәліметтері, жылжымайтын мүлікті сату туралы басқа да хабарламалар қосылды. Аталмыш протогазет “Acta diurni populi romani” (“Рим халқының күнделікті істері”) деп аталды. Ақ гипспен өңделген қалқандарға барлық ақпарат қара бояумен жазылды және халық көп жиналатын орындарға орналастырылды. Мәңгі қалада уақытша жоқ саяси қайраткерлер жарияланған бүкіл ақпараттардың көшірмесін құлдарынан жедел түрде алып отырды. Бұл тұста біз қоғамдық өмірдегі бұқаралық ақпараттың ролі өскендігін байқаймыз. Демек, жедел хабарларды білмей қарқынды саяси процестерге қатысу мүмкін болмады. Мұндай да С. Мэрдоктың “Кім ақпаратты иеленсе, сол әлемді басқарады...” - деген пікірі еске түседі. Байыптап қарасақ, ежелгі Римдегі осы баспа түрі баспасөздегі жарнама мен сыртқы қалқандық жарнаманың тең дәрежедегі тарихи бәсекелесі деп атап көрсетуге болады. Бұл кезеңдерде антижарнаманың нақты түрі - саяси мазақтама карикатуралар игерілді. Геркулестің Помпейдегі абызы қызметін атқарған Пинарий Цериалдың үй қабырғасына карикатуралар салынғаны туралы тарихи деректер бар. Бұл антика дәуіріндегі саяси күрестерде аталмыш құралдың кеңінен етек жайғандығын дәлелдеуі мүмкін. Көне дәуірдегі кейбір қала-мемлекеттерде жазба жарнамасы кең тарамады деп айтуға да толық негіз бар. Оның негізгі себептері ретінде сауатты азаматтардың аздығы, жарнамалық мәтіндерді жазудың қымбаттығы мен оны таратушы құралдар - папирус пен пергаментке деген зәрулік жағдайларын атап көрсетеміз. Және де Латын Америкасы мен Африканың кейбір мемлекеттеріндегі төменгі білімдік көрсеткіштерге байланысты, қазіргі күнде жергілікті сауда орындарында глашатайлардың ақылы қызметі әлі де кеңінен қолданылуда. Афиша, плакат, сауда белгісі, жарнамалық акция сынды құбылыстар антикалық кезеңнен бастау алады. Бірақ, өзінің дамуын ортағасырлар мен Қайта Өрлеу Дәуірінде жалғастырды. Қорыта айтқанда, жарнамалық қызметтің бастауы ежелгі дүниеде, әсіресе, антика заманында жатыр. Антика мәдениеті жарнамалық қызметтің жедел ақпараттар негіздеріне сүйену арқылы дами түсті. Грек-рим мәдениетінен шын мәнінде саяси жарнаманың дамыған түрлерін байқадық. Сондықтан көпғасырлық тәжірибелер қалыптасқан антика заманындағы кәсіпқой жарнамалық қызметті ғалымдар ескеруі қажет. Антика мәдениеті дамытқан жарнама қызметі орта ғасырларда да өркендей түсті. Бұқаралық коммуникацияның ілгері жылжығанын 1445 жылы Иоганн Гуттенбергтің баспа станогын ойлап тауып, оны қолданысқа пайдаланыла бастағанынан көреміз. Осы жаңалықтан соң Европа мемлекеттерінде тұңғыш баспаханалар қалыптасты. Мәселен, 1465 жылы - Италияда, 1468 жылы - Швейцарияда, 1470 жылы - Францияда, 1473 жылы - Бельгияда, 1476 жылы - Англияда, 1482 жылы Австрияда бірінші баспаханалар жұмысын бастады. Бұл кезең коммуникацияның жаңа құралы - баспа жарнамасын әкелді. ХVІІ ғасырда Англия, Франция, Голландияда жағымсыз жарнаманы мақсат еткен саяси карикатуралар пайда болды. Бірақ жарнаманың бұл түрі АҚШ-та кеңінен қолданылды. Мәселен, танымал суретші Т. Наст карикатуралар ықпалымен көптеген саясаткерлердің имиджін толықтай жойып отырды. Плакат та саяси жарнаманың құралы ретінде осы ғасырдан пайдаланыла бастады. 1840 жылы хромолитографикалық баспаның пайда болуымен қатар, баспаханалардан түрлі-түсті плакаттар басу дәуірі басталды. Негізінен саяси плакат тарихынан екі кезеңді бөліп көрсетуге болады. Біріншісі, 1870-1914 жылдар аралығы - саяси жарнама әскери оқиғалармен байланысты болса да, коммерциялық жарнама терминдерінде қарастырылды. Екіншісі, 1914 жылдан қазіргі күнге дейін, шын мәнінде плакаттың қоғамға саяси ықпал етуі көріне түсті. Жарнаманың дамуы осымен тоқтап қалған жоқ. Техникалық жетістіктер оның жаңа түрлерін дайындауға ұмтылдырды. Киноматографты ойлап тапқан Луи Люмьер тоғыз жылдан кейін ғана, 1904 жылы Шампан маркасының ролигін түсірді. Коммерциялық жарнаманың отаны, сонымен бірге саяси жарнаманың қазіргі ұғымдары пайда болып және дамыған АҚШ-та, ХVІІІ-ХІХ ғасырларда республикалықтар мен демократтар арасында жарнама мамандары қызмет атқарған. Республикалықтар алғашқы болып түрлі көзқарастардың ашық таластары идеясын қолдады. Олардың пікірінше, тек адалдықты қуаттайтын пікір жеңеді, ал сөз мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді деген ойдан құтылу керек. Мильтон да өзінің “Ареопагитика” еңбегінде ақиқат пен жалған ашық күресте болуын қалайды. Б. Франклин “Газетт” басылымына жарнамалар қабылдаумен қатар, екі жақтың көзқарастары оқырманмен әрдайым байланыста болғанын дұрыс көретіндігін айтады. 1801 жылы Томас Джефферсон саяси мәселелерді шешудегі екі жақты пікірлердің ашық күресін қолдайтынын өз инаугурациясында айтты. Американың осы президенті жарнамалық хабарландыруларға сенімділікпен қарайтыны туралы кейбір баяндамаларында мәлімдейтін. Ал, саяси жарнаманың теледидарға енуі 1948 жылы Гарри Трумэннің қызметімен тұспа-тұс келді. Дегенмен, саясаттағы “теледидар эрасы” 1952 жылдан бастау алып, бүгінгі күнде де өз маңыздылығын жоғалтпады. Сол жылғы сайлау науқанын ақпаратпен әрлеу барысында теледидар кең тұрғыда пайдаланылды. Сонымен қатар, 1960-жылдарда көп танымал емес сенатор Дж. Кеннедидің сенсациялық жеңісі осы теледидарға байланысты (бұл сайлау науқанында қарсыластардың көптеген дебаттары эфирге шыққан болатын). Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында радио саяси жарнаманың мақсаттарына толығымен пайдаланылды. Радио майдан жаңалықтарымен бірге, өз армиямыздың ерліктік кейпі мен жау әскерлерінің кейпін қалыптастырды. Әсіресе, радионың саяси жарнаманың құралы ретіндегі маңыздылығы 1930-40-жылдары артты. АҚШ-та Ф. Рузвельт апта сайын халыққа үндеу жолдап отырса, КСРО халқы көсем сөздерін тыңдаумен болды. Танымал ресейлік ғалым И. Засурский радионың қоғамды біріктіруге қатысты төмендегідей пікірін білдіреді: “Радио жоспарлауға байланысты өткізілген орталықтанған саясатты жүргізуде ерекше қызмет атқарды. Мысалы, реформаторлық сексенінші жылдарға дейін радио бағдарламаларын таңғы алтыдан бастап тарата бастады. Көптеген қонақ үйлерде, жатақханаларда, коммуналды пәтерлерде, тіпті, тұрғын үй кешендерінде радионы сөндіру мүмкін емес еді. Ол фабрика дабылы секілді қашып құтыла алмайтын түсінік ретінде қалыптасты. Бірақ, пәтерлерде радионы сөндіру мүмкін болды. Әрбір үйде үш бағдарламаны тыңдауға мүмкіндігі бар міндетті радионүктелер дайындалды. Радио жұмысы 06.00-де КСРО әнұранымен басталып, 24.00-де әнұранмен аяқталды. Жалпы радио хабарларын тарату міндетті түрде жүргізілді”. Кеңестік дәуір жарнамасын айтар болсақ, 1917 жылдың 20 қарашасында В.И. Лениннің “Хабарландыруларға мемлекеттік монополия жүргізу туралы” Декреті бірсыпыра өзгерістер әкелді. Жарнаманың кейбір түрлеріне рұқсат берілмегенімен, саяси жарнама жүргізуге көп көңіл аударылды. Ұзақ жылдар бойы жарнама тек саяси мақсаттарда қолданылып, Кеңес үкіметі саяси жарнаманы көбіне партиялық үгіт-насихаттарға, Қызыл Армияны жұмылдыруға, әскердің адамгершілік рухын көтеруге жұмсады. Жарнама саласында В. Маяковский, Д. Моор, А. Роученко, К. Юон, А. Дейнек, А. Лавинский, В. Степанов, А. Левин, С. Адливанкин сынды танымал азаматтар қызмет атқарды. Сол кезеңдердегі жарнамалық материалдардың сапасы өте төмен болды. Жарнама мәтіндері көп жағдайларда үгіт-насихаттық формада жазылды. Тоталитаризм жағдайындағы саяси жарнама толығымен коммунистік үгіт-насихатта жүргізіліп, партиялық көсемдерді мадақтауға едәуір мән берілді. 1960 жылдары арнайы мамандандырылған “Внешторгреклама”, “Союзторгреклама”, “Главкоопторгреклама”, “Союзрекламфильм”, “Росторг-реклама” секілді мекемелерде және мәдениет министрлігінде жарнама бөлімдері ашылып, әр республикада филиалдары жұмысын бастады. 1971 жылдан бастап жарық көре бастаған “Реклама” ғылыми-тәжірибелік журналы “жарнама” ұғымын тек сауда-саттық тұрғысында зерттегендіктен, саяси жарнама туралы зерттеу материалдары жарық көрмеді. Саяси жарнама қайта құру кезеңі және социалистік жүйенің құлауы тұсында екінші рет дүниеге жаңа кейіпте келді. 1993 жылғы Ресейдегі референдум, сол жылғы Мемлекеттік Думаға көппартиялық сайлау мен 1996 жылғы Президент сайлауы саяси жарнаманың қажет екенін байқатты. Қазақ халқының саяси жарнамасына келер болсақ, біздің халқымызда да бұл ұғым үгіт-насихаттық түрде болды. Еліміздің өткен тарихына үңілсек, оның кейбір элементтері болғаны байқалады. Өйткені, қазақ ұлтының да өз ерекшеліктері жетерлік. Мәселен, “Бес ғасыр жырлайды” кітабында мынадай деректер кездеседі: “Керей, Жәнібек хандардың ақылшы биі болған Асан қазақ руларының орда көтеруін жақтайды, қазақтар Шу, Сарысу бойына орналасқан соң ел іргесі берік, ағайын ұжымы күшті болуын үндейді. Өз өлең, толғауларында хандық үкіметті нығайту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажетін насихаттайды. Жәнібек ханды табысқа мастанбауға, елдің түбегейлі болашағын ойлауға шақырады. Феодалдық қоғамдағы әдет-ғұрып, мінез-құлық мәселелерін көтереді. Өзінің ақындық күшін туыстас руларды бір орталықты, қуатты мемлекет етіп ұйыстыру жолына арнайды. Біздің заманымызға жеткен толғауларынан Асанның қилы кезең табиғатын жыға танығаны, тіпті Алтын Орданың орнында пайда болған хандықтардың бәрінің құрып бітетініне дейін болжай алғаны көрінеді”. Демек, өз заманының ақын-жыраулары саяси жарнаманың үгіт-насихаттық формаларымен айналысқан. Қазтуған жырау өмір туралы, атамекен, туған ел мен әскери тақырыптағы туындылар жазса, Доспанбет жырау шығармаларында көшпенді жауынгерлердің бейнелік тұлғасы, батырлық кейпі көрінеді. Жорық жыршысы болған Марғасқа жырау Есім ханның бір орталыққа біріккен мықты феодалдық мемлекет құру идеяларының ұраншысы қызметін атқарса, шонжарлар тұқымынан шыққан Жиембет жырау хан үкіметіне қарсы болады. Ақтамберді толғауларында атқа қонуды, ойраттарға қарсы соққы беруге, жұртшылықты ерлікке үндеп, қарсы келген жауға қорықпай шабу насихатталады. Саяси ғылымдарының докторы Ә. Бәкір республикалық “Алтын орда” газетіне берген бір сұхбатында: “Қоғамның әртүрлі сатысында жарнама әртүрлі рөл атқарған. Нарыққа дейін қазақ жарнаманың не екенін білмеді деуге болмайды. Жарнама қазақтың өмірінде де болған. Әсіресе жәрмеңкелер кезінде, мәдени шараларға, сауда-саттыққа байланысты жарнамаларды жаман пайдаланған жоқпыз. Жібек жолы кезінде жарнамалар, тіпті, жақсы көрінді. Рас, бұрынғы жарнама мен бүгінгі жарнаманың арасында айырмашылық көп. Жарнама Кеңестер дәуірінде де болды. Бірақ, ондағы үлкен кемшілік - жарнаманың көбіне-көп саясаттанып кетуі. Өйткені, ол кездегі іс-шаралардың бәрін саясаттандырып жіберген болатынбыз. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында жарнамаға таптық сипат беріп, “Кулактарды тап ретінде жояйық!” - десек, Отан соғысы жылдарында жарнама-ұрандардың бәрі басқыншылықты жеңіп, жеңіске жетуге арналды. Әрі ондай жарнама-ұрандар сол кез үшін қажет те болды, сонымен қатар, аса маңызды рөл атқарды. Жарнамалардың бел алған бір кезі - соғыстан кейінгі бесжылдықтар, соғыстан кейін халық шаруашылығын қалпына келтіру, дамыту кезеңдері”, - деп айтады. Әй, Абылай, сен он бір жасыңда, Жалпы қазақ жыраулары хан ордаларында жүріп, мемлекет басқару ісіне тығыз араласқан, хандар мен батырларға, бүкіл халыққа ақыл-өсиет айтқан, болашақты болжап, істің жөнін нұсқап жүрген дуалы ауыз, ақылгөй кеңесшілері, хандар мен ерлікпен аты шыққан батырлардың, қолбасшылардың ерліктерін мадақ етіп жыр айтқан. Соғыс кезінде жыраулар ханның әскери кеңесіне қатысып, жауынгерлердің рухын көтеріп отырған. Ақындардай емес, олар тайпалар шежіресін аса жақсы білген, батырлық эпос пен тарихы жырларды орындаған. Жаумен қиян-кескі ұрыс басталар алдында жауынгерлердің рухын көтеріп жыр төккен жыраулардың шығармаларына өсиет және жорық сарындары тән. Қазақ еліне алғаш келген баспасөз де жарнаманың дамуына өз үлесін қосты. Қазақ тіліндегі “Түркістан уәлаятының газеті” (“Туркестанские ведомости” газетінің қосымшасы) 1870 жылдың 28 сәуірінде шыққан бірінші санында қазақ тіліндегі алғашқы газет туралы жарнама берілді. Газеттің бірінші бетінде сол кездегі жарнама хабарларының ақысы жазылды. Яғни бірінші беттегі жарнаманың құны 10 тиын, соңғы беттегі жарнаманың құны 5 тиын. Жарнама ұғымы газетте арабтың “Иғлан” сөзімен немесе орыс тіліндегі “Объявление” сөздерімен берілді. “Түркістан уәлаяты” газетінің қазақша бөлімінің жабылуына байланысты қазақ тіліндегі екінші газет Дала генерал-губернаторының органы ретінде Омбы қаласында 1888 жылдың 1 қаңтарынан бастап “Дала уәлаяты” газеті шыға бастады. Газет программа бойынша “Жоғары ұлықтардың қазақ даласына қатысты бұйрық-жарлықтарымен қазақтарды таныстырып отыруға, сондай-ақ олардың арасында елдің табиғаты, тұрмысы, шаруашылық жайы (мал шаруашылығы, егіншілік, айырбас, сауда т.б.) және мәдени өмірі (әдет-ғұрып, өсиет, ертек, әңгіме, халықты сауаттандыру т.б.) хабарларды таратуға” тиісті болды. Сонымен қатар аталмыш газетте ең көп таралған жарнама хабарларының бірі – жаңа кітаптар жайында еді. Қазақ халқының артта қалуының басты себебі оның надандығынан екенін түсінген газет редакциясы қазақ даласында ашылған әрбір жаңа мектеп, школа, медресе жөнінде дер кезінде жарнама хабарларын беріп отырды. Кеңес дәуірінде де қазақ тілді басылымдарда жарнамалар өз дәрежесінде дами түсті. Жарнамалық ақпараттың алғашқы жазбалық нұсқалары “Түркістан уәлаяты” мен “Дала уәлаяты” газеттерінде жарияланса, кейін “Қазақ”, “Алаш”, “Серке” секілді газеттер де жарнама саласындағы өз қызметтерін жалғастырды. 1919 жылдың 17 желтоқсанында сол кездегі астанамыз Орынбор қаласында қырғыз әскери революциялық комитетінің органы - “Ұшқын” газеті шыға бастады. Ұзақ тарихы бар аталмыш газет бірнеше рет атауын өзгертіп, “Еңбек туы”, “Еңбекші қазақ”, “Еңбекшіл қазақ”, “Социалды Қазақстан”, “Социалистік Қазақстан”, “Егеменді Қазақстан” деген атаулармен жарық көрді. Бүгінгі күнде бұл республикамыздағы жалпыұлттық дәрежедегі “Егемен Қазақстан” газеті. Келесі жылы жарық көргеніне 90 жыл толатын басылым, осы жылдың 30 қаңтарында 25000 санын шығарды. Бұл нөмірде Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың пікірі жарияланды: “Отанымыздың бас газеті атағын абыроймен алып келе жатқан “Егемен Қазақстан” тәуелсіздік жолдарында тыңнан түлеп, шын мәнінде бүкілхалықтық басылымға айналды. “Егемен Қазақстанның” сөзі - елдіктің сөзі. Газет алдағы кезде де қандай жайға да халықтың мұраты, елдің мүддесі тұрғысынан қарайтын салтынан танбайды деп сенемін”. “Егемен Қазақстан” газеті қай жылдары болмасын, халық пен билік арасындағы өзара байланысты жалғай білді. Бұрынғы Кеңестік идеология кезеңдерінде, қазіргі саяси модернизация жағдайларында үнемі қоғаммен байланыста болды. Басылым жарық көрген күннен бастап, редакция тұтқасын Б. Майлин, С. Сейфуллин, Ж. Аймауытов, С. Сәдуақасов, О. Жандосов, Т. Рыс-құлов, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, Ш. Мұртаза, Ә. Кекілбаев сынды елімізге танымал қоғам қайраткерлері ұстады. “Газет - коллективтік насихатшы, коллективтік үгітші ғана емес, сонымен қатар коллективтік ұйымдастырушы”, - деген В.И. Лениннің сөзі газеттің он мыңыншы санында жарияланса, газеттің бес мыңыншы нөмірінде И.В. Сталинның: “Баспасөз күн сайын емес, сағат сайын өсуге тиіс, ол біздің партияның ең өткір, ең күшті құралы”, - пікірі жарық көрді. Осы пікірлерге қарап, біз газеттің саяси өмірдегі маңыздылығы жоғары екенін байқаймыз. Оның қоғам мүшелеріне саяси жағдайларды түсіндіру шараларын өткізудегі орны ерекше. Жоғарыда атап өткендей, саяси жарнама түсінігіне мамандар сайлау науқаны барысында мән береді. Дегенмен, саясаттағы жарнама тек сайлау науқанында ғана емес, бұқаралық ақпарат құралдарында күнделікті түрде ақпараттық, үгіт-насихаттық, салыстырмалы, ескертулік секілді түрлері пайдаланылады. Саяси жарнама өзіне тән белгілері бар идеяларға жол көрсетуші, бейнелер мен символдарды қоғам арасына таратушы ақпараттың түрі. Саяси жарнама саяси бәсекелестік шарттарында қызмет етеді және оның әлеуметтік идеологиялық қызметі зор. Олай болса, саяси жарнама - стратегиялық саяси идеялардың түпнегізі, қоғам өкілдерінің мінез-құлқын реттеуші ретінде сипаттаймыз. Сонымен қатар, саяси жарнама саяси мәселелерге қатысты арнайы білімі жоқ, алынған ақпаратты сыни көзқараспен бағалауға дайын емес бұқараның ақпараттық қажеттіліктерін толықтыруға бағытталады. Сондықтан бұқаралық ақпараттық өнім қызықты әрі түсінікті болуы тиіс. Соның негізінде саяси жарнамада берілген ақпараттар саясат бейнесін халық санасында толықтай қалыптастыра алады. 1) ақпараттық - саяси жүйедегі маңызды элементтер қызметі туралы ақпарат алу, өңдеу және тарату; 2) білім беру - түрлі деңгейдегі білім орындарында алынатын түсінікті толықтыратын ақпарат беру; 3) әлеуметтендіру - саяси нормалар, мінез-құлық құндылықтары мен үлгілерін игеру; 4) сын және бақылау - әлеуметтік-саяси кеңістіктегі ойлар мен көзқарастарды қалыптастыру. Осы аталған пікірлерге қарап, саяси жарнаманың негізгі мақсаттарын айқындауымызға болады. Біріншіден, ол қоғам мүшелерінің барлығын хабарламаға назарын аудартуға тырысады; екіншіден, хабарламаның мазмұнын түсіндіру арқылы халықтың қызығушылығын тудырып, нәтижесінде оны қоғам арасында жоғарылатады; үшіншіден, берілетін ақпараттарға сәйкес, қажеттілік пен ниетті ұштастыру арқылы оны ой-пікірде қалыптастырады; төртіншіден, осы ақпараттар негізінде өзіндік қалыптасқан қимылдар жасалады. Жалпы, саяси жарнама сайлау науқанында тікелей әсер ететін, ал күнделікті әлеуметтік-саяси өмірде қоғам құндылықтарын мәліметтің түрлі әдістері негізінде жанама ықпал ететін ақпарат. Жоғарыда айтып өткен мәселелерге орай, саяси жарнама ұзақ мерзімді күрделі эволюциялық жолдан өткенін көреміз. Осы күрделі процестер көбіне қоғамдық байланыстардың дамуы және жарнама берушілер мақсаттарының өзгеруімен анықталады. Бүгінгі жарнама берушілер өзінің қаржылық мүмкіндігіне қарай, сайлаудағы дауыстар мен қолдауларға сүйене алады. Өркениетті елдерде демократияның тереңірек дамуына байланысты саяси жарнаманың саяси партиялар мен саяси қайраткерлер танымалдылығын көтеру құралы ретіндегі рөлі жоғарылауда. Сайлау науқанындағы саяси жарнама электорат дауысына күрес барысындағы барлық мүмкіндіктерін толық пайдаланады. Саяси жарнаманың ұйымдастыру деңгейі елдердің саяси күштерін орналастыруға ықпал жасайды. Соған байланысты, саяси жарнаманы зерттеуге көңіл аударылып, оның барлық құралдарын шебер игеруге назар салу қажет. Wikimedia Qazaqstan Ұйымын құруға байланысты талқылау. Викимедиа қорының жасап жатқан жұмысына өз үлесімізді қосу арқылы адамзаттың білім қорына қазақ тіліндегі ақпаратты да қосуды өзімізге парыз дейміз. Дегенмен, қазақ Википедиясы әлі де жүйелі және сапалы деңгейге шыға алмай жатыр. Ал оны Википедианың басқа тілдердегі бөлімдерінен кем болмайтындай жасау қолымыздан келеді. Ол үшін қатарымыз толып, ісіміз жүйелі болып жұмылу қажет. Қолдаймын. Қазақ Викимедиясын дамыту әр қазақ тілі жанашырының парызы. Бұл ана тіліміздің мәртебесін көтеруге тамаша мүмкіндік. "Қазақ тілін дамытайық" деп айтатындар көп қой. Алайда сөзін ісімен дәлелдейтіндер шамалы. Сондықтан "дамытайық, Wikimedia Qazaqstan Ұйымын құруды қолдаймын" деп айтып қана қоймай,мүмкіндігімізше іс-әрекетпен қолдау көрсетейік! Қолдаймын. Аталған ұйым қазақ Уикипедиясының дамуына көп үлес қосады деп есептеймін. Қолдаймын. Егер де Уикимедиа құрылса, онда қазақ тіліндегі мақалалардың санын арттыруға оңай деп ойлаймын. Қолдаймын. Менің ойымша, топқа жиналған мақала жазушыларды тиімді түрде ақпараттық топтарға бөліп, мақала жазу стандарттарын бекітіп, жақсылап түсіндіру керек. Бұл топ мүшесі үшін де үлкен мүмкіндік: өзіндік жазу стилін қалыптастыруда. Топ өсе келе, қазақ тілді сапалы техникалық форумдар құру мәселесімен айналысса екен. P,S, XVIII ғасырдағы француз энциклопедистері сияқты қолымыздан келгенше ат салысайық! Қолдаймын. Қазіргі сәтте Уикипедиада қазақша мақалалар саны күн сайын көбейюде. Бірақта осы кезден бастап біз тек қана санын емес сонымен қатар сапасына да көңіл бөлуіміз керек. Сол себепті осы мәселерді қадағалау мақсатында осындай ұйымның құрылуын қолдаймын. Керемет идея! Күніне Уикипедияны миллиондаған адам ашады. Миллиондаған адам өзіне керекті ақпаратты алады. Бүгінгі техниканың заманында бәрі мобильді әрі жылдам болатын болды. Яғни, ақпарат іздеу үшін Ұлттық кітапханаға барып, кітапқа тапсырыс беріп, оны бір сағат күтіп, сосын ғана оны оқып, уақыт құртып басты қатырудың қажеті жоқ. Бәрі бір жерде. Бір өкініштісі - қазақ тіліндегі ақпараттарға ондай жеңілдік қазірде онша болып отырған жоқ. Сондықтан, айтқым келгені, жоғардағы жігіттердің бастамасын дұрыс деп санаймын. Осы сайттан тегін ақпаратты ала бергенімізше, оған да біз берерімізді көрсетейік. Қазақ тілді порталдардың саны артсын! Сапасы артсын! Сіздер де осы жобаға үлес қосыңыздар. Дауыс беріңіздер. Жай ғана қолдамай, дем берейік, ағайын! Қазақ тілін біреулер ғылым тілі емес дейді. Иә, белгілі бір деңгейде мүмкін. Бірақ біз неге сол ғажайып дүниелерді, ғылыми теорияларды қазақ тіліне аударып не өзіміз өз ана тілімізде жазуға ұмтылмасқа. Шынымен де, өзгеріс өзіңнен басталмай әлем де өзгермейді. Ендеше болашақ даму перспективасы өте жоғары осы жобаны біз және сіздер болып қолдап, қолымыздан келгенді аянбайық. Болашақ қазақ тіліндегі Викимедиа жасасын!!! Қандай көмек керек? Қазір мақалалар боттармен жазылуда. Осы мақалаларға интервики және суреттер қою керек. Әрбір мақалаға бір ғана интервики қойса жетеді. Мысалы Орыс Уикипедиясына. Қалғандарын боттар қояды. Сол интервики бойынша басқа тілдегі уикипедиялардан суреттерді алып Қазақша Уикипедияға қою керек. Керемет бастама. Әлемді өзгерткің келсе өзіңнен баста дейді!!! Үлкен мүмкіндік. Тек нәтижелі жұмысқы бет бұру керек Қолдаймын! Қазақ тілді ғаламторды дамытудың керемет жолы! Өте жақсы бастама. Википедия онлайн саласындағы білімнің кайнар көзі! Осындай ұйымды бұрыннан ашу керек еді! Енді тек көпке созылмаса екен! Қазақстан Халық Жинақ Банкі. Қазақстан Халық Банкінің тарихы - бұл Қазақстан аумағындағы жинақ жүйесінің құрылу және даму тарихы. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның негізі қайта құрылған Қазақстан Республикасы Жинақ банкінің базасында қаланған. Еліміздегі алғашқы жинақ кассасы сонау 1923 жылы, төңкеріс жылдарынан кейінгі жаңа экономикалық қарым-қатынастар қалыптаса бастаған кезеңде, Ақтөбе қаласында ашылған болатын, кейіннен ұжымдандыру (коллективтендіру) және индустрияландыру науқандары жүргізілген тұста, 1936 жылы, Алматы қаласында КСРО Жинақ банкінің филиалы ашылды. Нақты 1923 жылдан бастап жинақ жүйесін дамытудың және көпшілікке таратудың жаңа белесі басталды. Ақтөбедегі жинақ кассасы ашылғаннан кейін небәрі 4 жылдың ішінде республикадағы мұндай кассалар саны 335-ке жетті. 1929 жылы Республикалық жинақ кассасы құрылып, ол Қазақстандағы барлық кассалар қызметіне жалпы басшылықты іске асырды. Кейінгі жылдары олардың саны біршама ұлғайып отырды. Касса салымшыларының қатарына жұмысшыларды, қызметкерлер мен колхозшыларды неғұрлым көбірек тарту мақсатында жинақ кассаларын тікелей зауыт-фабрикалардың өзінде, колхоз-совхоздарда, байланыс мекемелерінде және басқа да кәсіпорындар мен ұйымдарда ашу қолға алынды. Социалистік қоғамда қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық және қаржылық қатынастардың өзі әрбір кеңес азаматының Жинақ банкі салымшылары қатарына қосылуына ықпал етті. Халыққа қызмет көрсетудің орасан зор ауқымы жүйесі қаражат жинақтауға және банк ісінің қалыптасқан тарихи дәстүрлерін Қазақстан аумағында да бекітуге қолайлы жағдай туғызды. Жинақ кассалары сонымен қатар мемлекеттік заем облигацияларының, басқа да бағалы қағаздардың кепілі бойынша мерзімді несиелер берумен айналысты. Оларға қор операцияларын, басқа да бірқатар қаржылық және банктік операцияларды жүргізуге рұқсат етілді. Бұл кезеңдегі жинақ ісінде мемлекеттік кредит беру қалыптасып, біртіндеп дами бастады. Ол жылдары сегіз рет мемлекеттік заем шығарылды, оның үшеуі – натуралдық заем түрінде болды да, ал екеуі алтынмен есептелді. Натуралдық заемдар (астықпен, қантпен) мен алтынмен есептелетін заемдар реформа кезеңіне дейін шығарылды. 1960 жылдың аяғына қарай жинақ кассаларындағы салымшылар саны 1 770 мың адамға жетті, ал салым ақшаның көлемі 322,7 млн сомды құрады, салымның бір адамға шаққандағы орташа мөлшері 182 сом болды. Жинақ кассаларының саны 1950-1960 жылдар аралығында 1,8 есеге өсіп, 1960 жылдың аяғында 2805-ке жетті. Қазақстандағы жинақ ісі мен жинақ кассалары желісінің кеңінен қанат жаюы ең алдымен еліміздегі тың және тыңайған жерлердің игерілуі нәтижесінде халық шаруашылығының қарқынды дамуымен, еңбекшілердің материалдық тұрмыс жағдайының айтарлықтай жақсаруымен байланысты болды. Тек 1955 жылдың өзінде еліміз бойынша салымшылар шоттарының 44,1 пайызы, ал салымдар қалдығының 44 пайызы тың жерлерді игеру жаппай жүргізілген солтүстік өңірдегі Көкшетау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарының үлесіне тиді (М. Д. Жолдасбеков, «Незаменимые услуги», Алматы,1986 ж.). 60-жылдардың басында жинақ кассаларында тұрғындардан пәтер, коммуналдық және басқа қызметтер ақысын қабылдау операцияларын жүргізу қолға алынды. Сонымен бірге жинақ кассаларының құзырына зауыт-фабрикалардың, жергілікті кәсіподақ комитеттерінің, өзара көмек кассаларының және шаруашылық қызметпен айналыспайтын қоғамдық ұйымдардың ағымдағы шоттарын жүргізу берілді. Жинақ кассаларының жұмысшылар мен қызметкерлердің, сондай-ақ колхозшылардың жалақысынан ақша сомасын қатаң еріктілік қағидатын сақтай отырып, шоттар мен салымдарға қолма-қолсыз аудару операциялары көбірек қолданыла бастады. Жинақ жүйесінің одан әрі дамуы үшін ақша бірлігін күшейтудің маңызы зор болды. Алайда 1961 жылы жүргізілген реформа айналымдағы ақша массасын бақылау және ақша шығаруды шектеу шарасы ретінде ойластырылғанымен, көздеген мақсатқа қол жеткізілмеді, ол үшін бүкіл шаруашылық құрылымы қайта өзгертілуге тиіс еді, сондықтан аталған реформа ақша белгілерін ауыстырумен және сомның жаңа бағамын белгілеумен ғана шектелді. 1963 жылдан бастап жинақ кассалары Қаржы министрлігінің құрамынан шығарылып, Мемлекеттік банк қарамағына берілді, халық салымдарының қаржысы бұдан былай банктің кредит ресурсын толықтыруға жұмсалатын болды. 60-жылдардың аяғында жинақ ісінің нағыз даму шегіне жетіп, көркейген кезеңі болды: дәл сол жылдары халық шаруашылығына кредит беруге күрделі капитал қаражаты жіберілді, ал оның негізгі көзін тұрғындардың кассалардағы жинақ салымдары құрады. 1988 жылғы банктік реформа бойынша банк жүйесін екі деңгейге көшіру көзделді: орталық банк және арнаулы банктер. Мемлекеттік еңбек жинақ кассалары КСРО Жинақ банкіне айналдырылып, халыққа және заңды тұлғаларға қызмет көрсететін мемлекеттік арнаулы банк болып құрылды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік пен егемендікке қол жеткізуімен жинақ ісінің дамуында үшінші қайта құру кезеңі басталды – дәл осы кезден бастап Қазақстан Халық Банкінің құрылымдық банкингке және функционалдық қайта бағдарлауға негізделген ісі қолға алынды. 1990 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақстан өзінің нарықтық экономика талаптарына жауап бере алатын банк жүйесін құруға кірісті. 1991 жылдың қаңтарында-ақ «Қазақ ССР-індегі банктер және банк қызметі туралы» деген заң қабылданды, мұның өзі тәуелсіз Қазақстанның банк ісіндегі реформа жұмысының алғашқы қадамы болған еді. Мемлекеттік тәуелсіздігіміз ресми түрде жарияланған соң бір жылдан кейін, 1992 жылы, Қазақстан Республикасының Жинақ банкі құрылды, оның заңды түрдегі ресми құқық иеленушісі бүгінгі Қазақстан Халық Банкі болды. 1993 жылы Жинақ банкі Қазақстан Республикасының Үкіметіне қарайтын дербес заңды құрылым - «Қазақстан Халық Банкі» болып ұйымдастырылды. Ал 1995 жылы Банк жабық тұрпаттағы Акционерлік қоғам болып қайта құрылды. Қайта құру рәсімі банк басшылығын ауыстырумен, жұмыс стилін түпкілікті өзгертумен ұштастырылды. Жаңа басшылық банк жұмысына әмбебап қызмет көрсету қағидатын негіз етіп алды және бүгінгі күнге дейін банк қызметі түрлерін барынша кеңейтуді, банкингтегі ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың соңғы жетістіктерін пайдалануды барынша қолдап әрі дәйектілікпен іске асырып келеді. 1995 жылдың аяғында-ақ Қазақстан Халық Банкі республикадағы аса ірі операциялық банк болып танылды. Қазіргі уақытта Банк қаржы рыногындағы өзінің сол айқындамасынан ауытқымай, қол жеткізген жетістіктерін сақтап қалуға ұмтылып келеді. 1998 жылдың шілдесінде акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен Банк жабық тұрпаттағы акционерлік қоғамнан Үкіметтің қатысуы 100 пайызды құрайтын «Қазақстан Халық жинақ банкі» ашық акционерлік қоғамы болып қайта құрылды. Сол жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына, оның ішінде 1998 жылдың 6 шілдесінде шыққан № 644 «Қазақстан Акционерлік Халық жинақ банкін 1998-2001 жылдары кезең-кезеңмен жекешелендірудің негізгі бағыттары туралы» деген қаулысына сәйкес акционерлік қоғам капиталын ұлғайту бағытында жұмыс жүргізілді. 2001 жылдың қараша айында өткен сауда-саттық аукционында Қазақстан Үкіметі өзіне тиесілі 33,33%-ды құрайтын акцияларды бақылау пакетін және оған қоса бір акцияны сатты. Халық Банкінің бүгінгі тарихы – бұл оны жекешелендіру және құрылымдық қайта құру процесі ғана емес. Бұл жаңа банктік технологияларды үздіксіз ендіру, қызметтер спектрін кеңейту процесі, жинақ салымдары жүйесін жаңа талаптар бойынша толық сақтауға және жетілдіруге бағытталған ауқымды стратегия, филиалдық инфрақұрылымы дамыған «сатылас біріктірілген» банктік құрылымды жасау процесі. Бұл қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникативтік технологияларды ескере отырып Қазақстан Халық Банкінің басты міндеттерін – зейнетақы, жалақы төлеу, салықтық, коммуналдық және басқа да төлемдерді қабылдау, шағын және орта кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету міндеттерін шешуге бағдар жасау процесі. Қазақмыс. Қазақмыс ПЛС – пайдалы қазба байлықтарын өндірумен айналысатын, негізгі қызметін Қазақстанда және жақын аймақтарда атқаратын, Ұлыбританияда тіркелген халықаралық компания. Компанияның негізгі қызметі мыс өндіру және сату болып табылады. Қазақмыс – толықтай интеграцияланған компания, оның қызметі кен өндіруден тауарлық металл өндіруге дейінгі сатылардың бәрін қамтиды. Мыс өндіру бөлімшесі сондай-ақ жанама өнім ретінде көп көлемдегі мырыш, күміс және алтын сияқты басқа металдарды өндірумен айналысады. Қазақмыс – Қазақстандағы ірі мыс өндіруші компания, ол осы саладағы аса ірі он әлемдік өндірушілер қатарына кіреді. Мыс өндіру бөлімшесінің өндірістік алаңқайлары Қазақстанның барлық аймақтарында орналасқан, оның ішінде 15 карьер мен жерасты кендері, 10 кен байыту фабрикасы және 2 мыс балқыту кешені де бар. Мыс болімшесінің иелігінде көмір шахталары мен электр станциялары бар. Олар кәсепорындардың қызметін жүзеге асыру үшін қажетті көлемдегі электр қуатын жеткізеді, ал артық көлемдегі электр қуаты сатылады. Толықтай интеграцияланған өндіріс пен алуан түрлі өнімдердің арқасында Қазақмыс әлемдегі ең аз шығынды мыс өндірушілердің қатарына кіреді. Бұл артықшылықтар мен мол қорының бар екенін ескергенде, Топтың болашақта өсуі мен дамуының іргетасы мықты деуге болады. Топтың Бозшакөл және Ақтоғай деген екі ірі жобасы бар. Осы жобалар өз өндірісін 2014 мен 2015 жылдарында бастайды. Қазақмыс Екібастұз ГРЭС-1, Қазақстандағы ең ірі электр станциясының, 50 пайзының иесі. Топ сол станция мен иелігіндегі бірнеше ТЭЦ-терді меңгеру арқылы Қазақстандағы электр қуаты ұсынымының 20 пайызынан астамын меңгереді. ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы («ҚМГ БӨ» немесе «Компания») «Өзенмұнайгаз» АҚ және «Ембімұнайгаз» АҚ-ның бірігуі жолымен 2004 жылдың наурызында құрылды. ҚМГ БӨ «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы» АҚ-ның еншілес компаниясы болып табылады. ҚМГ БӨ-нің акциялары Қазақстанның Қор биржасында, ҒДҚ – ғаламдық депозитарлық қолхаттары Лондонның Қор биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегінде ІРО кезінде Компания 2 миллиардтан астам АҚШ долларын тартты. ҚМГ БӨ 2008 жылы Қазақстанда мұнай өндіру деңгейі бойынша екінші орынға шықты. Қазақстандағы мұнай өндіру. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ – Қазақстандағы мұнай өндіру көшбасшыларының бірі. Компания мұнайды Қазақстанның батыс және оңтүстік аймақтарында өндіреді. Компания Батыс Қазақстандағы 41 кен орнын игереді. Олардың ішінде ең ірісі мұнай өндіру 1965 жылдан бастап жүргізіліп келе жатқан Өзен кен орны болып табылады. 2010 жылдың соңындағы жағдай бойынша мұнайдың дәлелденген және болжамды қорлары 232 миллион тоннаны (1 707 миллион баррельді) құрады. 2010 жылдың деңгейіндегі мұнай өндіру қарқыны жағдайында қорлардың еселілігі 26 жылды құрайды. ҚМГ БӨ-нің Қазақстанда мұнай өндіруде жүз жылдық тәжірибесі бар және елдің Батыс аймағындағы кен орындарының геологиялық құрылымы саласында кең көлемді мағлұматқа ие. ҚМГ БӨ Компания экспортының басым бөлігін қамтамасыз ететін Өзен-Атырау-Самара (ӨАС) құбыр желісі мен ҚМГ БӨ үшін мұнай берудің неғұрлым пайдалы бағыты болып табылатын Каспий Құбыр желісі Консорциумы (ҚКҚ) құбыр желісіне кепілдікті кіруге мүмкіндік беретін келісім жасады. Мұнай сату «ҚазМұнайГаз» Сауда Үйі арқылы жүзеге асырылады. Мұнай экспорты 2010 жылы берудің жалпы көлемінен 79%-ды құрады. Жаңа активтерді сатып алу Компания стратегиясының негізгі элементі болып табылады. 2007 жылдың сәуірінде Компания «Қазгермұнай» БК ЖШС-дағы үлестердің 50 %-ын сатып алды. 2007 жылдың желтоқсанында өндіру көлемін арттыруға мүмкіндік берген және мұнай қорының айтарлықтай өсуін қамтамасыз еткен CCEL-дағы («Қаражанбасмұнай» АҚ) үлестердің 50 %-ын сатып алды. ҚМГ БӨ өзіне әлеуметтік әріптестікті, білім беру жобаларын, демеушілікті және Компанияның қызметкерлері мен олардың отбасыларын қолдауды қамтитын көп жоспарлы әлеуметтік бағдарлама әзірледі және оны ойдағыдай іске асырып келеді. Өзінің өндірістік қызмет аймақтарында қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жауаптылық та Компанияның негізгі басымдығы болып табылады. Қазкоммерцбанк. 1990 жылы құрылған «Қазкоммерцбанк» АҚ, қазіргі уақытта активі, несие қоржыны, таза кірісі және жалпы депозиттері бойынша ірі жекеменшік қаржы институты болып табылады. 2007 жылдың 31 желтоқсанындағы қаржылық есеп-қисаптың халықаралық стандарттары бойынша есептелген банк активтері 2,997 триллион теңгені (24,9 млрд. $) құрады. Ал осы көлемнің 79%-ы, яғни 2,366 трлн. теңге (19,7 млрд.$) клиенттердің қарызына (нетто) тиесілі. 2007 жылы банк басты компаниялардың акционерлеріне тиесілі 55,963 млрд. теңге мөлшерінде таза кіріс алды. 2007 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша капиталдың жеткілікті болуын қамтамасыз ету мақсатында банктің жеке капиталы 415,3 млрд. теңгені құрады, ал оның рентабельді коэффициенті (ROE) 19,5% құрады. Қаражатты тартудың негізгі көзі – банк депозиттері болып табылады, олар қордың жалпы көлемінің үштен бір бөлігін құрайды. 2007 жылдың ішінде клиент депозиттері 30,1% өсіп, 895,1 млрд. теңгені құрады. Осылай Қазкоммерцбанк тартылған депозиттердің көлемі бойынша Қазақстандағы №1 банк, оған нарықтың 20% астамы тиесілі. Депозит тартумен қатар банк теңге және шетел валютасында қарыз және несие беру, клиенттердің төлем қабылдау, дебетті және несиелік карталары, инкассация, сондай-ақ жеке банкингі сияқты ағымдағы шоттары бойынша қызмет көрсетудің кең спектрін ұсынады. 2008 ж. 1 қаңтардағы жағдай бойынша, Банк бас офистен басқа, Қазақстандағы 25 әмбебап филиалға және 165 операциялық бөлімшеге иелік етеді (ОБ ұғымы бұрынғы КЕБ пен БҚО-ны біріктірді). Сондай-ақ, Банктің Қырғызстанда («Қазкоммерцбанк Қырғызстан» ЖАҚ), Ресейде («Москоммерцбанк» КБ) және Тәжікстанда («Қазкоммерцбанк Тәжікстан» ЖАҚ) еншілес банктері бар. Қазкоммерцбанк ең ірі үш халықаралық төлем жүйесінің - VISA және MasterCard (Cirrus/Maestro) және American Express - дебеттік және несиелік карталарын шығаратын Қазақстандағы жалғыз банк. 2008 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша банктің айналыста 966 мың картасы бар. Сондай-ақ Банк American Express карталарын тарату жөніндегі уәкілетті агент болып табылады. 2001 жылы қазақстандық банктердің ішінде Қазкоммерцбанк бірінші болып магниттік лента мен чип құрамдастырылған смарт-карталар, ал 2005 жылы тағы да бірініші болып GoCard несиелік бонус картасын шығарды. Сонымен қатар банктің банкоматтар желісі бар. 2008 ж. 1 маусымдағы жағдай бойынша банкоматтар саны 871 құраса, оның ішінде ақшаны қабылдау функциясы бар (кэшин) банкоматтар саны – 160. Сондай-ақ банктің процессингтік орталығы 250 интернет-дүңгіршекке және сауда орындарында орналасқан 7522 POS-терминалға қызмет көрсетті. Центральное сберегательное отделение КазкоммерцбанкаҚазкоммерцбанк қашықтықтан қызмет көрсету бойынша Қазақстандағы жетекші банк. 2008 ж. шілденің басында жеке тұлғаларға арналған Homebank.kz қаржы порталында тіркелген клиенттер саны 150 000-нан асты, олардың ішінде Қазкоммерцбанк клиенттері, сондай-ақ «Қазинвестбанк» АҚ, «Ситибанк Қазақстан» АҚ және «Ресейдің Жинақ банкі» АҚ төлем карта иелері бар. Ал заңды тұлғаларға арналған Onlinebank.kz порталдың және «Банк-Клиент» жүйесінің тұтынушылары 11 000 астам компанияны құрайды. Весли Снейдер. Весли Бенжамин Снейдер - Голланд футболшысы. 1984 жылы 9 маусымда Голландияның Утрехт қаласында дүниеге келген. Қазіргі кезде Италияның "Интернационале" клубында ойнайды. 2010 жылы Оңтүстік Африкада өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Өмір жолы. Весли футболшылар отбасында дүниеге келген: әкесі кәсіпқой футболшы болған, үлкен ағасы Джеффри нидерландтың екінші лигасының «Стормвогел Телстар» клубында ойнайды, кіші інісі де келешекте футболшы болуы мүмкін. Утрехттің тұрғыны бола тұра, Снейдер бірден амстердамдық «Аякстың» жастар академиясына түседі. Кәсіби мансабы. Снейдер «Аякс» құрамында тұңғыш рет 2002 жылы 22 желтоқсанда, «Эксельсиорға» қарсы алаңға шығады. Негізгі құрам ойыншыларының көбісі жарақат алуына байланысты Рональд Куман басқаруында болған командаға Снейдер жастар құрамының жаттықтырушысы Данни Блиндтің ұсынысымен енгізіледі. Көп ұзамай Весли команданың негізгі жартылай қорғаушысы орнында бекиді. Өзінің дене әлеуетінің аса мығым болмағандығына қарамай, Снейдер допқа иелік ету үшін күресті жақсы жүргізіп, екі аяғымен де допты күшті соға біледі. Пас бергенде де шеберлік танытады. 2006/07 Нидерланд чемпионатында ол 18 доп соқты. Олардың көбісін Снейдер айып соққыларынан қақпаға енгізген. 2007 жылы 12 тамызда «Корольдік клубтан» түскен ұсыныстардан кейін «Аякс» басшылығы Снейдерді 27 млн. еуроға мадридтік «Реалға» сатуға шешім қабылдайды. Осылайша Снейдер голланд футболшыларының арасында сомасына қарай «Манчестер Юнайтедпен» 30 млн. еуроға бағаланған Рууд ван Нистелройдан кейін екінші ойыншы атанды. Сол кезде «голландтандыру» үрдісін өткеріп жатқан «Реал» тағы да қызғалдақтар елінің екі футболшысын, Ройстон Дренте мен Арьен Роббенді сатып алған болатын. «Реал» Мадрид сапындағы алғашқы ойнында Весли «Атлетикоға» қарсы мадридтік дербиде жеңіс голын соққанмен көріне алды. Ал, келесі «Вильярреалмен» кездесуде ол екі мәрте өз фамилиясын таблоға жаздыртады. Қазіргі кезде Снейдер «Интердің» көшбасшы ойыншыларының біріне айналды. Голландия құрамасы. Нидерланд құрамасында Снейдер 2003 жылдың сәуір айында Португалияға қарсы тұңғыш рет оранж түсті жейдені киеді. Қазіргі бас бапкер Берт ван Марвейкке дейін «ораньелерді» басқарып келген Марко ван Бастен жас Веслиге үнемі команда құрамынан орын беріп, сенім білдіріп отырды. Голландтықтар сапында Снейдер 2006 жылғы Әлем чемпионаты мен 2008 жылғы Еуропа чемпионатында ойнады. Беатрикс патшайымы мен оның азаматтары 2010 жылғы мундиальде күміс медальдарды олжалады. Стивен Джеррард. Стивен Джордж Джеррард - Ағылшын футболшысы. 1980 жылы 30 мамырда Мерсисайд графтығының Уистон қалашығында өмірге келді. "Ливерпуль" ойыншысы. Футболдағы алғашқы қадамдары. Джеррард футбол ойнауды туған қаласының «Уистон Джуниорс» командасының құрамында бастаған. 9 жасында оны «Ливерпуль» скауттары байқап, 1989 жылы ол «Қызылдардың» жас жеткіншектер командасына қосылады. Балалық шағында Стивен керемет өнерімен көрінбей, командасының негізгі құрамында сирек енетін. «Ливерпульдің» негізгі құрамында. Негізгі құрамда 1998 жылдың 29 қарашасында «Блэкберн Роверзке» қарсы ойында екінші таймда Веггард Хеггемді алмастыру арқылы алаңға шығады. Алғашқы маусымында Джеррард УЕФА Кубогында «Сельтамен» болған ойында жақсы жағынан көрсетіп, сол маусымда Джейми Реднаппты алмастырып, 13 ойын өткізіп үлгереді. УЕФА Чемпиондар Лигасы. 2004/05 УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық турниріндегі соңғы матчта «Олимпиакоспен» өткен ойында мерсисайдтықтарға келесі айналымға шығу үшін 2:0 есебімен жеңіске жету керек еді. «Ливерпуль» мұратына жетіп, шешуші 22 метр қашықтықтан соғылған голдың авторы дәл сол Стивен Джеррард болды. Сол маусымда «Қызылдар» ақтық кездесуге дейін жетіп, баршаның есінде қалған триллердің авторы атанды. Ыстанбұлдың «Ататүрк» стадионында «Милан» алғашқы 45-минутта еш мүмкіндік берместен, ағылшындар қорғанысының тоз-тозын шығарып жатты: 3:0. Екінші тайм сценариі керісінше өрбіді. Командасын алға сүйреген Джеррард бұл ойында өзін нағыз көсем ретінде танытып, «Ливерпульге» жан бітірген алғашқы қарымта добын соқты. Бұдан кейінгі оқиғалар тарихқа мәлім. Нәтижесінде жеңіске жеткен «Ливерпуль» Еуропаның клубтық чемпионы атанды. Ал, күміс Кубокты көтерген Стивен Джеррард жеңіске жеткен екінші ең жас капитан атанды (ең жас капитан 1991 жылы Дидье Дешам болды). Барлық финалдарда доп соққан сұрмерген. Келесі жылы Англия Кубогының финалында мергендігімен көрінген Джеррард ағылшын командалары қатыса алатын барлық турнирлердің финалдарында доп соға білген жалғыз футболшы болды. Стивен Англия Кубогы (2006 жылы «Вест Хэм»), Лига Кубогы (2003 жылы «Манчестер Юнайтед»), УЕФА Кубогы (2001 жылы «Алавес»), Чемпиондар Лигасының (2005 жылы «Миланға») қарсы финалдарының бәрінде голдарымен танылды. Англия құрамасы. Жартылай қорғаушы Стивен Джеррард Англия құрама командасы сапында алғашқы ойнын 2000 жылы 31 мамырда Украинаға қарсы өткізді. Джеррард екі жылдан соң Алмания құрамасымен болған әйгілі 2002 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу матчында «бундесманншафт» қақпасына голдарды топырлатқан футболшылардың бірі атанды. Ағылшындар сырт алаңда 5:1 есебімен жеңіске жетіп, Джеррард құрама ойындарындағы алғашқы добын соқты. Англияның 2006 жылғы Әлем чемпионатындағы ширек финалда Португалиямен өткен ойнындағы ағылшындар үшін қашанда қайғы-қасіретке толы пенальтилер сериясында Джеррардтың басқа үш командаласының сияқты соққыларын португалдықтардың қақпашысы Рикарду қағып жіберді. 2010 жылғы әлем чемпионатында да ағылшындардың жолы болмай, Англия 1/8 финалда 1:4 есебімен немістерге жол береді. Хави. Хавьер «Хави» Эрнандес Креус - Испан футболшысы. 1980 жылы 25 қаңтарда Испанияның Террасса қаласында дүниеге келген. «Барселонаның» жартылай қорғаушысы, дәл әрі уақтылы берілген пастың хас шебері болып саналады. Орталық алаңның қожайыны «таза каталондықты» жасыл майданда айырып алу оңай: допқа иелік етуде аса ұқыпты, жоғары техникалы әрі еңбекқор Хави қазіргі әлемдік футболда аса күшті ойыншылардың қатарында. Жасөспірімдерден «Барселонаның» негізгі құрамына барар жол. Барлық футболшылық кәсібін «Ноу Кампта» өткізген Хави «Барселона» құрамында 11 жасынан бастап өнер көрсетіп келеді. Каталондықтардың алғашқыда жастар, одан соң қосалқы құрам командасы бағытындағы жолдан тез өтіп, Хорхе Гонсальво басқаруындағы «Барселона Б» командасының негізгі ойыншылардың біріне айналды. Онда да жоғары сапалы футбол көрсетіп, тұңғыш рет 1998 жылы 19 тамызда бас команда құрамынан көрінеді. «Барселонаның» негізгі құрамындағы өзінің алғашқы маусымында «Мальоркаға» қарсы Испания Суперкубогы үшін кездесуде Хавьер Эрнандес тұңғыш мергендігімен танылды. Луи ван Гааль тұсында Хави орталық алаңның негізгі ойыншысы болды. Каталондықтардың белді ойыншысы. Бапкерлер ауысып тұрғанымен, Хави үнемі «Барселонаның» негізгі құрамынан орын алатын. Оның тұсында каталондықтар 5 бапкер ауыстырып үлгерді: Луи ван Гааль, Карлес Рексач, Радомир Антич, Франк Райкаард және Хосеп Гвардиола. Осыдан сәл уақыт алдында Хави «Барса» үшін өткізген ойындар саны бойынша Каталонияның аңызға айналған ойыншысы «Пеп» Гвардиоланың көрсеткішімен теңесті – 384 ойын. Бұл нәтижеге ол 9 жыл, 3 ай уақыт ішінде қол жеткізді. Қазіргі Еуропа Чемпиондары Кубогының иегерлері үшін өткізген ойындар саны бойынша Эрнандес тек 7 ойыншыны ғана алдына салады: Мигели, Рексач, Амор, Субисаррета, Сегарра Рифе, Алесанко мен Асенси. Испания құрамасы немесе отансүйгіштік неден басталады? Испания құрама командасында Хави Эрнандес алғашқы ойнын 2000 жылы 15 қарашада Голландия құрамасымен өткізеді. Сол кезден бастап жартылай қорғаушы құрамаға тұрақты түрде шақыртылып отырады. Испания бас командасымен оның қарым-қатынасы әр кезде де бір қалыпты болды десек, қателесеміз. Оның отансүйгіштігі жайында мадридтік қауымның күдікті кездері болған еді. «Маған осындай жала жабу үлкен қателік. Мен «Барса» ойыншысымын, мен каталондықпын және мен Испания құрамасының намысын қорғап келемін. Маған және Пуйольге, сендер құрама сапында бар күшін сала ойнамайсыңдар дейді, бірақ біз ондай пікірдің қате екендігін бір емес, бірнеше рет дәлелдедік деп санаймын», - дейді жартылай қорғаушы. Тіпті, Хавидің гетры киісінің өзінен мән іздегендер табылады. Ол құрама кездесулерінде гетрыларын испан байрағы бейнеленген тұсын қайыра киетін әдеті бар. Оған Эрнандес: «Мен үнемі гетрыді осылай қайыра киемін. Испанияның жасөспірімдер құрамасында ойнаған кезімнен бастап, бір реңкті гетры кигенді ұнатамын», - деген жауап қайтарады. «Қызыл фурияның» футбол «Олимпін» бағындыруы. 2006 жылғы Әлем чемпионаты қарсаңында Хавьер жарақат алғанына байланысты оған әлемдік форумға бармау қаупі төнді. Бірақ, жазға дейін жарақатынан айығып, Луис Арагонес ұлттық команда құрамына енгізеді. Турнир барысында командалас достарына дәл пастар бергендігімен испандықтар үшін өзінің маңыздылығын танытты. Украинамен өткен алғашқы кездесуде Эрнандес үздік ойыншы болып танылды. Алманияда ол командасының барлық ойындарына қатысып, өкінішке орай, сол турнирдегі «Қызыл Фурияның» жолын 1/8 финалда Зинедин Зидан бастаған Франция бөгейді. Ал, екі жылдан соң Еуро-2008 финалдық турнирінде Испания өзіне лайықты қарсылас кездестірместен, Еуропа чемпионы атанады. Ал, Хавидің Аустрия мен Швейцарияда өткен доданың үздік футболышысы болып танылғаны бәрімізге мәлім. Ал, 2010 жылы Оңтүстік Африкада бәрінен оза шығып, әлем чемпионы атанған Испанияның Хави бастаған орталық шебі, шынымен, керемет өнер көрсетті. ВОЕЙКОВ Александр Иванович. ВОЕЙКОВ Александр Иванович (20.5.1842, Ресей, Мәскеу қ. – 9.2.1916, Санкт-Петербург қ.) – орыс климатологы және географы, Ресейдегі климатология ғылымының негізін салушы, Санкт-Петербург ҒА-ның корр. мүшесі (1910), филос. ғыл. докт. (1865) және физ. географияның құрметті докт. (1980), Санкт-Петербург ун-тінің проф. (1885). 1912 ж. 70 жасында Орт. Қазақстандағы Балқаш көлінің су режимін зерттеді. Көл айдынынан булану мөлшерінің артық екендігіне алғашқылардың бірі болып назар аударды. ҚОҢЫРАТБАЕВ Қалжан. ҚОҢЫРАТБАЕВ "Қалжан Қоңыратбайұлы" (1877, бұрынғы Сырдария губ. Ақмешіт у. Шиелі болысы, Керделі а. – 23.7.1940, Хабаровск өлкесі, Советская Гавань, ғ22 Амурлаг) – қоғам қайраткері, ағартушы, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы. Қарнақ медресесін, түземдік орыс мектебін бітірген. 1914 – 15 ж. Керделіде мектеп ашып, “ұалия”, “Хұсние” медреселерінің түлектерін ұстаздыққа шақырып, ауыл балаларын оқытқан. 20-жылдары Ә.Диваевпен бірге Сырдария, Жетісу өлкелеріне фольклор. экспед. ұйымдастырды. 1925 ж. Кеңестердің 5-съезінде КазЦИК мүшесі болып сайланған. 1924 – 26 ж. Ақмешіт у. 3-бөлімшесінің халық соты, “Қазақ”, “Айқап” басылымдарының Сырд. губ-ндағы арнаулы тілшісі болды. Осы басылымдарда өлке тарихы, оқу-ағарту мәселелері жайында мақалалар жариялады. 1917 ж. 5 қаңтарда Түркістанда өткен Алашорда съезінде Ресейден бөлінуді қолдап сөз сөйледі. “Пайғамбар заманы” хикаясын бастырып шығарды, 30-жылдары “Қой туралы”, “Түйе тұқымын асылдандыру туралы”, т.б. еңбектері жарық көрді. 1937 ж. 30 желтоқсанда “алашордашыл” ретінде ұсталып, лагерьде қайтыс болған. 1993 ж. толық ақталған. ҚОҢЫРАТБАЕВ Әуелбек. ҚОҢЫРАТБАЕВ "Әуелбек Қоңыратбайұлы" (10.9.1905, бұрынғы Сырдария губ. Ақмешіт у. Шиелі болысы, Керделі а. – 27.1.1986, Қызылорда қ.) – ғалым, түркітанушы, филол. ғыл. докт. (1972), проф. (1974). Ташкент халық ағарту ин-тын (1925), Бүкілодақтық журналистика ин-тын (1935), ҚазПИ-ді бітірген (1943). 1925 – 28 ж. мектеп, техникум оқытушысы, 1928 – 32 ж. ауд., обл., респ. газет-журнал редакцияларында, Қазақ өлкелік партия к-тінде жұмыс істеген. 1945 – 49 ж. Қазақстан ҒА Тіл және әдебиет ин-тында ғыл. қызметкер. Ұзақ жылдар бойы ҚазМУ, ҚазПИ, Қызылорда пед. ин-тында доцент, кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарған. “Қазақ совет әдебиетінің библиографиялық көрсеткіші” (1950), “Шолпанның ақындығы” (1956), “Қазақтың “Қозы Көрпеш” жыры туралы” (1959), “Жеті алып” (1959), “Сұр көжек” (1963), “Әдебиетті оқыту методикасы” (1966), “Эпос және оның айтушылары” (1975), “Шеберлік сырлары” (1979), “Қазақ эпосы және түркология” (1987), “Керуен” (1989), “Қазақ фольклорының тарихы” (1991), Қазақ әдебиетінің тарихы” (1994), “Абайдың романтизмі” (1994) атты қазақ фольклоры мен көне түркі поэзиясы туралы моногр. зерттеу еңбектері, қазақ әдебиетін оқыту мәселелеріне арналған бірқатар әдістемелік оқулықтары, “Қорқыт ата кітабы” (1986), “Тотынама” (1991) аударма кітаптары жарық көрді. ҚОҢЫРАТБАЕВ Әлібек. ҚОҢЫРАТБАЕВ "Әлібек Қоңыратбайұлы" (7.10.1907, бұрынғы Сырдария губ. Ақмешіт у. Шиелі болысы, 7-ауыл – 2.12.1937, Алматы) – жазушы, аудармашы, сыншы. Ташкенттегі Халық ағарту ин-тының екі курсын, ҚазПИ-ді бітірген. 1931 – 33 ж. Қазақстан Жазушылар одағының жауапты хатшысы, төралқа мүшесі, 1934 – 37 ж. “Әдебиет майданы”, “Қазақ әдебиеті” газет-журналдарында әдеби қызметкер, Қаз. мемл. баспасында бөлім меңгерушісі болған. М.Жолдыбаев, М.Әуезовпен бірге “19 ғасыр мен 20 ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің оқу кітабы” (1933) және “19 ғасыр мен 20 ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің хрестоматиясы” (1934); М.Жолдыбаев, М.Қаратаевпен бірге “Әдебиет хрестоматиясы” (1934), А.Әлібаевпен бірге “Хрестоматия” (3-сынып) атты оқулықтар мен оқу құралдарын жазған. Мольердің “Сараң” комедиясын, Тургеневтің “Әкелер мен балалар” романын, Чеховтың “Ванька”, “Хамелеонын” т.б. шығармаларды қазақ тіліне аударған. Саяси қуғын-сүргін құрбаны, 1937 ж. 17 наурыз күні тұтқындалып, сол жылдың 2 желтоқсанында НКВД-ның тергеу камерасында атылған. 1956 ж. толық ақталған. ҚОҢЫРАТБАЙ Тынысбек. ҚОҢЫРАТБАЙ "Тынысбек Әуелбекұлы" (18.9.1955 ж.т., Қызылорда қ.) – ғалым, өнертанушы, этнограф, филол. ғыл. докт. (2002), проф. (2004). Қызылорда пед. ин-тының филол. ф-тін (1977), Алматы мемл. консерваториясын бітірген (1986). 1977 – 2004 ж. Қызылорда пед. ин-тының оқытушысы, “Өнер” баспасының редакторы, “Кітап жаршысы” газетінің редакторы, Қазақ қыздар пед. ин-ты қазақ музыкасы кафедрасының меңгерушісі, “Музыка әлемінде”, “Қазақ және әлем әдебиеті” журналдарының бас редакторы қызметтерін атқарды. Қ. – қазақ музыкасының ежелгі дәуірін тұңғыш зерттеушілердің бірі. Ол еңбектерінде қазақ эпосы мен этн. тарихын ұштастыра қарастырды. “Қорқыт ата” атты симф. поэма (1986), “Дала суреттері”, т.б. соната, муз. пьеса, әндер жазды. Қазақ ауыз әдебиеті, әдебиет тарихының мәселелері мен күйшілік, әншілік дәстүрге арналған бірнеше ғыл.-зерт. еңбектердің, көптеген ғыл. мақалалардың авторы. ҚР білім беру ісінің үздігі (2002). ҚОҢЫРАТ МЫС КЕНІ. ҚОҢЫРАТ МЫС КЕНІ – Қарағанды обл-нда, Балқаш қ-нан солт-ке қарай 15 км жерде. Алғаш 1927 ж. М.П. Русаков ашқан. Геол. барлау жұмыстары 1928 жылдан жүргізіле бастады. 1934 жылдан Балқаш тау-кен металлургия комб-ның шикізат қорын беретін негізгі кеніші. Кен орнының геол. құрылысына девон жүйесі фамен жікқабатының құрамында қышқыл туфтың сирек қабатшалары бар құмтас-құмайттастар кіреді. Олардың үстін төм. карбон жүйесіндегі қарқаралы свитасының андезит-базальт, андезит-дациттері жапқан. Құрамында металл минералдануы (вольфрам, молибден, т.б.) сирек кездесетін ақшатау кешенінің аляскиттік граниттерінен тұратын интрузиялық тау жыныстары, сонымен қатар төм. карбонның балқаш кешеніне жататын және үш фазалық құрылымды тоқырау плутонының гранитоидтары кең дамыған. Кен денесінің пішіні төңкерілген табақ тәрізді, оның үстіңгі жағы толық игерілген. Тотығу белдемінің минералдары – гематит, лимонит, куприт, мелаконит, сомтума мыс, ярозит, малахит, азурит, брошантит, халькантит, атакамит, хриозоколла. Кентасы 200 м тереңдікке дейін таралған. Кентастанудың сипаты сеппе және желілі сеппе түрінде. Сондай-ақ, тік бағыттағылармен қатар көлбеу кентастану белдемділігі де білінеді. Кентастарда мыс пен молибденнен (олардың қатынасы 115:1) басқа күшәла, қорғасын, мырыш, рений, таллий, галлий, селен, күміс, алтын, сүрме, теллур, индий, висмут, кобальт, никель, қалайы кездеседі. Ілеспе элементтердің негізгі мөлшері изоморфтық қоспалар түрінде де ұшырасады, кейде олар өздерінің дербес минералдарын түзеді. Мыс пен молибденнің мөлшері кең ауқымда өзгереді. Қазіргі кезде өндіретін кентастың құрамындағы мыстың мөлш. 0,35 – 0,45%. Кен орынның тотығу және сульфидке қайта баю белдемдеріндегі кентас сарқылған. Металдардың қоры бойынша Қ. м. к. ірі кен орындары қатарына жатады, қазір мұнда аз көлемде ашық әдіспен кен өндірілуде. ҚОҢЫРАУ. Ертеде Қ-дың әр түрлі үлгілері діни жораларда, салт-дәстүр рәсімдерінде қолданылғаны жөнінде көптеген деректер кездеседі. Қ-лар тот баспайтын сапалы жез, мелхиор т.б. металдан жасалады. Кейде сыртына жұқалап алтын, күміс жалатылады. Мұндай Қ-лар еліміздің әр өңірінде жүргізілген археол. қазбалардан табылды. Қ-ды арнайы жеңіл таяқшамен соғып ойнайды. Қ-дың ең кішкене үлгісін ел ішіндегі өнерпаздар домбыра, қылқобыз, нарқобыз секілді аспаптардың басына, шанақ ішіне таққан. Мыс., Абай әнші Әлмағамбетке арнап қоңыраулы домбыра жасатқан. Белгілі коллекционер, өнертанушы Б.Сарыбаевтың жеке коллекциясында сирек кездесетін “Қоңыраулы асатаяқ” аталатын көне аспап бар. Ал шаңқобыз аспабында ойнайтын қыз-келіншектер шағын Қ-ды саусаққа іліп ойнайтын болған. Қазақтың халық музыка аспаптары мұражайында Қ-дың 7 дыбыстық жүйеге лайықталған нұсқалары бар. Қ-ды “Сазген”, “Отырар сазы”, т.б. өнер топтары пайдаланып жүр. ҚОҢЫРАУГҮЛ. ҚОҢЫРАУГҮЛ "(Campanula)" – бір немесе көп жылдық шөптесін өсімдіктер. ТМД елдерінде 150-дей түрі белгілі. Қазақстанда, көбінесе, Ақтөбе, Шығ. Қазақстан обл-нда, Тобыл, Есіл алқабында, Жетісу (Жоңғар), Іле, Күнгей Алатауларында өсетін 10 түрі бар. Ара тісті жапырағы кезектесіп орналасқан. Тостағанша жапырақшалары 5 тісті түтік пішінді, жатынымен бірігіп кеткен. Гүлінің күлте жапырақшалары 5 қалақты, қоңырау тәрізді, ақ, көк, ақшыл көк түсті. Гүлдері сыпыртқы немесе шашақ гүлшоғырына топталған. Жемісі 3 – 5 ұялы, қақырап ашылатын қорапша. Айрықша маңызы бар түрі – рапунцел тәрізді Қ. (C. rapunculoіdes). Оның биікт. 30 – 100 см. Сабағы тік өседі. Жапырағы жұмыртқа не қандауыр пішінді. Көк, күлгін түсті гүлі бір-бірден қысқа гүл сағағында орналасқан. Шілде – тамызда гүлдеп, қыркүйекте жеміс береді. Жапырағы мен тамыры жеуге жарамды. Қ-ді әсемдік, тағамдық және дәрілік мақсатта қолдану үшін өсіреді. Ұлан (Балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық газет). «Ұлан» газеті балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық газетi Тарих. Газет 1930 жылы 14 наурызда «Жас Алаш» газетінің 5-6 беттерінде газет ішіндегі газет болып алғаш жарық көрді. Алғашқы атауы «Пионер» болды. 1930 жылы 5 қарашада «Пионер» газеті Алматы қаласының Гоголь көшесіндегі №9 үйге өз алдына дербес басылым болып бөлініп шықты. 1937 жылдың наурыз айынан газет «Октябрь балалары» деген атаумен шыға бастады. 1941 жылғы 28 маусымдағы санынан кейін соғыс жағдайына байланысты уақытша жабылды. 1946 жылы 9 мамырда «Қазақстан пионері» деген атаумен қайта жарыққа шықты. 1980 жылы 14 наурызда шыға бастағанына 50 жыл толуына орай және жас ұрпаққа саналы тәрбие беру жолындағы еңбегі ескеріліп, «Қазақстан пионері» газеті «Құрмет» орденімен марапатталды. 1990 жылдан бастап «Қазақстан пионері» газетінің атауы «Ұлан» болып өзгерді. «Ұлан» газеті 2002 жылы Қазақстан Республикасы Журналистика академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлығын «Балалар басылымы» номинациясы бойынша иеленді. Редакция. Газетті әр жылдары Ә.Исмайылов, Ә.Ыдырысов, С.Бердіқұлов, Ф.Оңғарсынова, У.Қалижан, Б.Қойшыбаев, Ғ.Доскен, Б.Сүлейменов, С.Қалиұлы сияқты қазақтың қабырғалы қаламгерлері басқарды. «Ұлан» газетін тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарынан 2008 жылдың қараша айына дейін белгілі балалар жазушысы Сұлтан Қалиұлы басқарды. Қазіргі бас редакторы – «Ұланның» бұрынғы жас тілшісі, ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің 1998 жылғы түлегі Есей Жеңісұлы. «Ұлан» газетінде тәжірибелі журналист, Қазақстанның Мәдениет қайраткері Алма Үмбеттегі 36 жылдан бері еңбек етіп келеді. Редакция алқасы құрамында Бағдат Мәжитов (бас редактордың орынбасары), Қуаныш Нұрданбекұлы, Гүлфарида Зейнуллина сияқты тәжірибелі журналистер бар. Әр жылдары Смағұл Елубаев, Жақау Дәуренбеков, Жаңабек Шағатайсияқты белгілі қаламгерлер, Мадина Омарова, т.б. сияқты кейінгі буын өкілдері «Ұланның» жас тілшісі болды. Айменов, Жамбыл Талхаұлы. Айменов, Жамбыл Талхаұлы (4.3.1955 ж.т., Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы Тұрар Рысқұлов а.) – техникалық ғылымдарының докторы (1996), профессор (1999). Қазақ хим.-технол. институты (1976) мен Қазақ-өзбек университетін (2002) бітірген. Еңбек жолын осы институтта оқытушы болып бастаған А. кейін Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтында доцент, Қазақ хим.-технол. институтында деканның орынбасары, декан, проректор, Оңт. Қазақстан тех. университетінде проректор (1982–96), Халықаралық қазақ-түрік университетінде проректор (1997 жылдан), вице-президенті (2004) қызметтерін атқарады. «Производство бетонных работ в условиях рассредоточенного водохозяйственнего и сельского строительства» деген тақырыпта докторы дисселосы қорғады. Ғылыми-зерт. еңбектері құрылыс технологиясын, құрылыс үрдістерін дамытуға арналған. А. 2 монография, 6 оқу құралы мен 198 ғылыми еңбектің авторы. Аймұхамедова, Гүлсім Боранқызы. Аймұхамедова Гүлсім Боранқызы (1919 ж.т., Қостанай қаласы) – химия ғылымдарының докторы (1965), профессор (1967). Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Хим. лабораторияны басқарды. А-ның ашқан жаңалықтары, өндіріске енгізілген (оның әдістемесімен Қырғыз қант з-тында бетайн, глютомат, натрий өндіріледі). 4 монографиясы, 70-тен аса ғылыми еңбектері, 11 авторлық куәлігі бар. «Құрмет Белгісі» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. Айнабеков, Алпысбай Иманқұлұлы. Айнабеков, Алпысбай Иманқұлұлы (25.8.1945 ж.т., Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданы Қарабау ауылы) – техникалық ғылымдарының докторы (1995), профессор (1996). Қазақ политех. институтын (1975, қазіргі Қазақ ұлттық тех. университеті) бітірген. ҚазМУ-да (1978–83, қазіргі ҚазҰУ) аспирант, аға оқытушы (1983–85), кафедра меңгерушісі (1985–88), 1992–97 ж. ғылыми өндірістік, экон. саласының проректоры, ғылыми және Халықаралық қатынастар кафедрасының профессор, Оңт. Қазақстан тех. университетінің проректоры (1996), ректоры (1997) қызметін атқарады. «Экспериментальное и теоретическое обоснование прогнозирования долговечности химических аппаратов и энергетических машин при эксплуатации» деген тақырыпта докторы дисселосы қорғады. А. 130-дан астам ғылыми еңбектің авторы. Айсағалиев, Серікбай Әбдіғалиұлы. Айсағалиев Серікбай Әбдіғалиұлы (8.11.1941 ж.т., Қостанай облысы Жангелдин ауданы Шұбалан ауылы) – техникалық ғылымдарының докторы (1979), профессор (1979). Челябинск политех. институтын (1966) бітірген. Осы институтта кіші ғылыми қызметкер (1966–68), аспирант, оқытушы, доцент (1971–75). ҚазМУ-дың кафедра меңгерушісі (1975, қазіргі ҚазҰУ) қызметін атқарады. А. 165-ке жуық ғылыми еңбектің, 2 монографияның авторы. Айсары-Шорман. 1946 ж. Қазақстан Ғылымдар Академиясының Тіл және әдебиет институты ұйымдастырған фольклорлық экспедиция Ақмола, Көкшетау өңірінде болғанда көкшетаулық жергілікті халық ақыны Сатыбалды Аймағанов жырлап беріп, Бозтай Жақыпбаев қағазға түсірген. Дастан қара өлең түріндегі 7–8, кейде 11 буынды болып келетін жыр үлгісімен шығарылған. Авторы белгісіз. Көкшетау өңіріне кең тараған. Дастанның негізгі тақырыбы – екі жастың махаббат жолындағы күресі мен ауыр да қайғылы тағдыры. Бай қызы Айсара мен жалшы жігіт, сал-сері, батыр Шорман аралығындағы сүйіспеншілік сезімдері, бас бостандықтары жолында махаббат үшін құрбан болып, арманда кетуі шынайы суреттеледі, әлеум. теңсіздік пен әділетсіздік батыл айыпталады. Жыр бұрын ешқайда жарияланбаған. Толық нұсқасы ҚР Ғылымдар Академиясының Орт. ғылыми кітапханасы мен Әдебиет және өнер институты қорында сақтаулы. Айталиев, Ермек Сәтпайұлы. Айталиев Ермек Сәтпайұлы (22.12.1951 ж.т., Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Орда ауылы) – техникалық ғылымдарының докторы (1995), профессор (1996). Батыс Қазақстан а. ш. институтын (1977) бітірген соң осы институтта оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2000 жылдан Ақтөбе мемлекеттік университетіндегі инж.-тех. факультетінің деканы болып қызмет атқарады. А. 80-нен астам ғылыми еңбектің (оның ішінде авторлық куәлік пен патенттердің) авторы. Айталиев, Жарқын Айталиұлы. Айталиев Жарқын Айталиұлы (15.8.1903, Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Шоңай а. – 26.9.1970, Алматы қаласы) – геолог, Қазақстан Ғылымдар Академиясының корреспондент мүшесі (1958). Томск технол. институтын бітірген (1930). 1930–38 ж. Оңт. және Орт. Қазақстанда темір, полиметалл, Алтай мен Қалбаның сирек кездесетін металл кендерін барлаумен шұғылданған. 1938–48 ж. халық ш-на, әсіресе, майдан мұқтажына аса қажетті шашыранды және сирек кездесетін металдарды іздеу мен зерттеуде көп жұмыс атқарды. Алтай кен-металлургия ғылыми-зерт. институтының директоры, геол. бөлімінің меңгерушісі (1948–56), Қазақстан Геол. министрінің орын-басары (1957–61), Қазақстан Ғылымдар Академиясының Физ. геогр. институтының сектор меңгерушісі (1963–67) болды. А-тің жетекшілігімен Таулы Алтайдағы сирек кездесетін металдар аймағының қазақстандық бөлігі бойынша металлогениялық мәліметтер жинақталып, қорытылды, Қалба–Нарым металлогения белдеуінің болжамдық картасы жасалды. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған. Айталиев, Шмидт Мұсаұлы. Айталиев Шмидт Мұсаұлы (28.1.1935, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы – 22.6.2007, Алматы қаласы) – техникалық ғылымдарының докторы (1974), профессор (1980), ҚР Ғылымдар Академиясының акад. (1994). ҚР ғылымы мен техникасына еңбек сіңірген қайраткер (1995). ҚазМУ-ды (1957, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1957–60 ж. Орал педогогика институтының ассистенті, 1960–76 ж. және 1987–91 ж. Қазақстан Ғылымдар Академиясының Матем. және мех. институты, 1976–86 ж. Сейсмология институты мен Мех. және машинатану институтының кіші, аға ғылыми қызметкері, лаборатория меңгерушісі болды. 1992–97 ж. Атырау қ-ндағы ҚР ҒА Батыс бөлімшесінің акад.-хатшысы қызметін атқарды. 1997 жылдан ҚР Ғылымдар Академиясының физ.-матем. бөлімшесінің төрағасы. «Напряженное состояние произвольно ориентированных горизонтальных выработок в слоистой толще» деген тақырыпта докторы дисселосы қорғады. Негізгі ғылыми еңбектері тау жыныстары механикасына арналған. Біртекті және әртекті анизотроптық серпімді-пластикалы тұтқыр массивтегі жер асты құрылыстарының статикалық және динамик. кернеу күйін, деформациялануын, қозғалуын, беріктілігі мен орнықтылығын зерттеген. Жер асты бекітпелерінің жаңа құралымдарын есептеу әдістерін жасады. 9–10 балдық жер сілкінісі кезіндегі болашақ Алматы метросының сейсмик. орнықтылығын анықтады. Сондай-ақ терең мұнайгаз оқпанын бұрғылау динамикасының, көліктік құрылыс механикасының кейбір өзекті мәселелерін де зерттеді. А. республикадағы жер асты құрылыстары механикасының ғылыми мектебін құрушылардың бірі. Шығармалары: Конструирование и расчет набрызг-бетонной крепи, М., 1971 (соавт.); Сейсмонапряженное состояние подземных сооружений в анизотропном слоистом массиве, А.-А., 1980 (соавт.); Оптимальное проектирование протяженных подземных сооружений в анизотропном слоистом массиве, А.-А., 1986; Динамика тоннелей и подземных трубопроводов, А.-А., 1989. Айталы, Амангелді Әбдірахманұлы. Айталы Амангелді Әбдірахманұлы (10.9.1939 ж.т., Астрахан облысы Володар ауданы Болдырево селосы) – философия ғылымдарының докторы (1996), профессор (1996), ҚР Әлеум. ғылыми академиясының акад. (1996). Гурьев (қазіргі Атырау) педогогика институтын (1964) және ҚазМУ-дың (1968, қазіргі ҚазҰУ) аспирантурасын бітірген. Ақтөбе мемлекеттік университетінде аға оқытушы, декан, филоселосы кафедрасының меңгерушісі, проректоры (1968–99) қызметтерін атқарған. А. 100-ден астам ғылыми еңбектің авторы. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты (1999–2004) болды. «Парасат» (2001) және «Құрмет Белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған. Ақтөбе қаласының құрметті азаматы. Айтбаев, Өмірзақ Айтбайұлы. Айтбаев Өмірзақ Айтбайұлы (5.4.1936 ж.т., Оңтүстік Қазақстан облысы қазіргі Отырар ауданы Балтакөл а.) – филологиясы ғылыми докторы (1992), Қазақстан ҰҒылымдар Академиясының акад. (2003) және ҚР Әлеум. ғылыми (1997) академиясының акад. ҚазМУ-дың (1959, қазіргі ҚазҰУ) филологиясы факультетін бітірген. ҚР Ғылымдар Академиясының Тіл білімі институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған (1962–89). «Қоғамдық ғылымдар терминологиялық лексикасының қалыптасуы мен дамуы» деген тақырыпта докторы дисселосы қорғады. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті болып сайланды (1989). 1999 жылдан «Қайнар» университетінің филологиясы факультетінің деканы. Айтбаевтың ғылыми-зерттеулерінің негізгі бағыттары қазақ тілінің лексикологиясы мен терминологиясы мәселелеріне арналған. Ол 500-ге жуық мақаланың авторы. «Құрмет» (1998), «Парасат» (2007) ордендері және медальдармен марапатталған. Шығармалыры: Аудармадағы фразеологиялық құбылыс, А., 1975; Қазақ терминологиясының мәселелері, А., 1986; Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы, А., 1988; Терминдер және олардың аудармалары, А., 1990; Қазақ сөзі, А., 1997; Основы казахской терминологии, А., 2000; Тіл майданы (оқулық), А., 2004; Қазақ тіл білімінің мәселелері, А., 2007. Айтбембет, Бекалы Нұрмаханұлы. Айтбембет Бекалы Нұрмаханұлы (15.10.1939 ж.т., Қызылорда облысы Қазалы ауданы) – медицина ғылыми докторы (1985), профессор (1986). Семей медицина институтын (1964) және аспирантурасын (1973) бітірген. Алматы мемлекеттік медицина институтында ассистент, профессор (1973–86) қызметтерін атқарған. Шығармалары: Токсические поражения печени при хронической профессиональной фосфорной интоксикации, А., 1987. Айтқазин, Телісжан Құрманұлы. АЙТҚАЗИН Телісжан Құрманұлы (10.7.1947 ж.т., Павлодар облысы Лебяжье ауданы Лебяжье а.) – философия ғылымдарының докторы (1994), профессор (2001), ҚР Әлеум. ғылыми академиясының акад. (2000). ҚазМУ-дың (1976, қазіргі ҚазҰУ) филоселосы-экон. факультетін және аспирантурасын (1982) бітірген. Павлодар индустр. институтында оқытушы (1976–79, қазіргі Павлодар мемлекеттік университеті), аға оқытушы, доцент (1982–86), кафедра меңгерушісі (1986–96), Павлодар мемлекеттік университетінің оқу-ғылыми кешенінің директоры (1996–97), Еуразия ұлттық университетінде кафедра меңгерушісі (1997–2001), Еуразия ұлттық гуманитарлық институтының профессор (2001–03; 2008 жылдан профессор), ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы Мемлекеттік басқару институтының директоры (2003–05), Семей мемлекеттік педогогика институтында кафедра меңгерушісі (2005–08) болып қызмет атқарады. «Қазақтардың қоғамдық мұраттарына тарихи-философиялық талдау» деген тақырыпта докторы дисселосы қорғады. Ғылыми-зерттеулері қазақ мұраттарының ерекшеліктерін, оның халық тарихында алатын орны мен атқаратын міндеттерін, тарихи-әлеум. және қоғамдық мән-мағынасын талдауға арналған. Шығармалары: Қазақтардың мұраты, А., 1994; 15–20 ғасырдағы қазақтардың қоғамдық мұраттарының қалыптасуы және дамуы, А., Қазақ ойшылдарының қоғамдық мұраттары, Аст., 2005. Бөкей, Оралхан. Оралхан Бөкей 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Катон-Қарағай ауданына қарасты Шыңғыстай ауылында туған. 1961 жылы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Шыңғыстай орта мектебін бітірген соң аға пионер вожатый және Алтай совхозында тракторист болып төрт жылдай жұмыс істеген. 1963 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекетік ұлттық университетіне сырттай оқуға түседі де, оны 1969 жылы тәмамдап шығады. 1965-1968 жылдар аралығында Большенарым аудандық "Еңбек туы" газетінде корректор, аудармашы, редактордың орынбасары және облыстық "Коммунизм туы" газетінде әдеби қызметкер болған. 1968 жылы республикалық "Лениншіл жас" газетінің шақыруы бойынша Алматыға келеді, осы газетте мәдениет және ғылым, әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі болып істеді, ал 1974-1983 жылдарда "Жұлдыз" журналы проза бөлімінің меңгерушісі әрі редколлегия мүшесі болған. Өмірінің соңғы күніне дейін "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторлық қызметін атқарады. Сванте Аррениус. Сванте Август Аррениус (1859 - 1927) - швед ғалымы, 1887 ж. электролиттік диссоциация туралы негізгі қағидаларды ұсынды. Оның химиядан, биологиядан, астрофизикадан жазылған 200-ге жуық енбегі бар. Жазық денелі кенелер. ЖАЗЫҚ ДЕНЕЛІ КЕНЕЛЕР (Tenuіpalpіdae) — акариформ кенелер отрядының бір тұқымдасы, ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері. Ж. д. к-дің 800-дей түрі белгілі, 100-ден астам түрі Қазақстанның оңт. аудандарында көп таралған. Тұрқы 0,2 — 0,4 мм. Денесінің сырты қатайған, торлы кутикула қабатымен қапталған. Оның түсі жасылдау сары немесе қызыл болады. Ж. д. к-дің ауыз қуысы өсімдіктің эпидермисін шаншып, ішіндегі сөлін соруға бейімделген. Қштей ұрықтанып көбейеді. Кейбір түрлері денесінен сілекейлі сұйық зат, яғни өрмек жібін шығарып, өсімдіктің жапырағын, т.б. шырмап, сабағына жабысып, шоғыр құрып тіршілік етеді. Ж. д. к. (әсіресе, Cenopalus pulcher, Brevіpalus obovatus) жеміс ағаштарының, мақта, бақша, көкөніс ш-тарының және цитрусты дақылдардың зиянкестері болып саналынады. Эбонит. Эбонит (грек. ebonos – қара ағаш) – табиғи немесе синтетикалық каучукты күкіртпен қосып вулканизациялау арқылы алынатын техникалық өнім. Эбониттің құрамында 32%-ға дейін күкірт болады; ол резина қоспаларына толықтырғыш, үдеткіш, бояғыш заттар, т.б. ретінде қосылады. Эбонит – қара қоңыр немесе қара түсті қатты материал; механикалық оңай өңделеді, ылғал тартпайды, газдарды адсорбцияламайды. Қышқылдар мен сілтілер әсеріне тұрақты. Күкіртті көміртекте және мұнай өнімдерінде ісінеді, парафинде 300С-тан жоғары температурада күкіртті көміртек түзе ериді. Эбонитке тура түсетін күн сәулесі, май, бензин, керосин әсер етеді. Эбонит электротехникада, радиотехникада, автотрактор және химиялық өнеркәсіптерінде, т.б. қолданылады. Эйнштейн. Эйнштейн (;; Eіnsteіn) Альберт (14.3.1879, Германия, Ульм қ. – 18.4.1955, АҚШ, Нью-Джерси штаты, Принстон) –физик-теоретик, қазіргі физиканың негізін салушылардың бірі. 14 жасынан Швейцарияда тұрған. Цюрихтегі политехникумды бітіргеннен кейін (1900) орта мектепте сабақ берді, кейін патент бюросында эксперт (1902 – 09) болып қызмет атқарды. 1909 – 11 ж. Цюрих ун-тінде, 1911 – 12 ж. Прагадағы Неміс ун-тінде, 1912 – 13 ж. Цюрихтегі политехникумда профессор болды. Пруссия ҒА-на сайланғаннан кейін (1913) Берлинге көшіп келді (1914). Мұнда ол 1933 жылға дейін тұрды. 1933 жылдан өмірінің ақырына дейін Принстондағы (АҚШ) Іргелі зерттеулер ин-тының профессоры болып жұмыс істеді. Эйнштейннің ғылымдағы басты еңбегі – салыстырмалық теориясы. Бұл теорияның жасалуы нәтижесінде кеңістіктің, уақыттың және тартылыстың жаңа қасиеттері ашылды, олардың бір-бірімен байланыста болатындығы дәлелденді. Салыстырмалық теориясы жарық жылдамдығына жуық жылдамдықпен қозғалатын нысандар (негізінен элементар бөлшектер, ғарыштық сәулелер, т.б.) мен күшті тартылыс өрісінде өтетін процестерді зерттеу үшін қолданылатын теор. негіз болды. Эйнштейн жарықтың кванттық теориясы, кездейсоқ процестер теориясы, магнетизм, т.б. салалар бойынша да маңызды жаңалықтар ашып, зерттеулер жүргізді. Эйнштейннің салыстырмалық теориясының тұжырымдарын сол кезде кейбір ғалымдар мойындамағанымен, қазіргі кезде ол – жалпы жұртшылық мойындаған ілімге айналды. Эйнштейн – көптеген ғылым академиялары мен ғыл. қоғамдардың мүшесі. Нобель сыйл-ның иегері (1921). 1927 ж. КСРО ҒА-ның құрметті мүшесі болып сайланды. Эйнштейний. Эйнштейний (Eіnsteіnіum), Es – элементтердің периодтық жүйесінің ІІІ тобындағы жасанды жолмен алынған радиоактивті хим. элемент; ат. н. 99, ат. м. 252; актиноидтар тобына жатады. Э-ді Сиборг бастаған американ ғалымдары 1952 ж. термоядр. жарылыс өнімдерін зерттеу барысында бөліп алып, А.Эйнштейннің құрметіне атаған (1955). Уран 238U изотопы 15 нейтрон сіңіріп, жеті -ыдырауға ұшырағанда 253Es изотопы түзіледі. Э-ді ядр. реакторларда жасанды жолмен алуға болады, ол үшін уранды нейтронмен немесе иондармен атқылайды: 238U(N14 6n) 246Es. Э. элементінің 19 изотопы бар, оның сегізі ауыр иондар, -бөлшектер және дейтрондар арқылы алынған. Э-дің 247Es изотопы 1967 ж. Дубно қ-нда синтезделген. Ең тұрақты изотопы 254Es (T1/2 = 280 тәулік). Хим., физ.-мех. қасиеттері аз зерттелген Э-ді 3 валентті LaF3, La(OH)3 қосылыстарын басқа элементтермен бірге тұнбаға түсіру және ион алмастыру арқылы жеке күйінде бөліп алады. Э. басқа элементтерді синтездеуде пайдаланылады. Оның 253Es изотопынан менделевий алынады. Экологиялық Апат. Экологиялық Апат – табиғат пен қоғам арасындағы тепе-теңдіктің күйреуі. Э. а. кезінде төтенше жағдайлар туып, табиғи экожүйелер мен әлеум. жағдайлар күрт өзгереді, жалпы тіршілікке, соның ішінде адамның қалыпты өмір сүруіне қауіпті жағдай төнеді. Э. а-қа ұшыраған аумақтардағы табиғат өзгерістерін бастапқы қалпына келтіру мүмкін болмайды. Сондықтан Э. а. қайтымсыз құбылыс болып саналады. Э. а-тың таралу деңгейіне қарай: ғаламдық, аймақтық және аумақтық (жергілікті) деп бөлінеді. Ғаламдық Э. а. бүкіл биосферадағы табиғи процестерге әсер етіп, барлық адамзатқа қауіп төндіреді. Мыс., климаттың ғаламдық жылынуы, Әлемдік мұхиттардың ластануы, озон қабатының (озонсфера) жұқаруы, қышқылды жаңбырдың жаууы, т.б. Э. а-тың пайда болуына әсер ететін жағдайларға байланысты табиғи және антропогендік (техногендік) болып бөлінеді. Э. а-тар көбіне кенеттен болатын табиғи жағдайлардың әсерлерінен (жерсілкіну, жанартау атқылау, құйынды борандар, су тасқындары, т.б.) және ұзақ уақытқа созылған экол. дағдарыс зардаптарынан пайда болады. Соңғы кезде адамның іс-әрекеттерінің тікелей немесе жанама әсер етуі де себепші болуда. Табиғи Э. а-тардың ертедегі геол. замандарда да оқтын-оқтын болып тұрғаны – ертеде теңіздерде тіршілік еткен жануарлардың қаңқа қалдықтарының көптеп табылуы дәлел болады. Мыс., палеозойдың ордовик кезеңінің соңында екі рет жойқын Э. а. болған. Оған Әлемдік мұхиттар деңгейінің алғаш күрт төмендеуі және екінші рет оның күрт көтерілуі әсер етіп, бұрынғы тіршілік еткен теңіз жануарларының көптеген түрлері толықтай жойылып кеткені дәлел. Кейде ғыл.-тех. прогрестің қарқынды дамуының өзі Э. а-тарға әкелетіні белгілі. Мыс., 1945 ж. атом бомбасының қолданылуы, 1986 ж. Чернобыль АЭС-сындағы техногендік апат, т.б. 20 ғ-да адам қолымен жасалған Э. а-қа Арал т-нің тартылып қалуы жатады; қ. Арал апаты. Экологиялық География. Экологиялық География – биогеографияның саласы. Организмдердің геогр. таралуына қазіргі қоршаған ортаның тигізетін әсерін зерттейді. Э. г-ның міндетіне жекелеген факторлардың организмдердің геор. таралуына тигізетін әсері, геогр. ортаның ерекшеліктеріне байланысты ареал ішінде түрлердің таралу заңдылықтары, ендік белдемдер мен биіктік белдеулерді ажыратып, ондағы өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесінің таралу жағдайларын анықтау, біртекті микроорта (биотоп) кешендерінде дамитын жекелеген биоценоздары бар телімдерге биосфераның бөлінуін, т.б. жан-жақты зерттеу жатады. Қоршаған орта факторларының бірқатары организмдердің жалпы таралуына (ылғал, темп-ралық режим, т.б.), басқалары организмдердің биоценозаралық таралуына (жарық күші, топырақтың ерекшеліктері, т.б.) әсер етеді. Э. г. организмдердің қазіргі таралу заңдылықтарын түсіндіруге мүмкіндігі келмеген жағдайларда тарихи биогеография мәліметтеріне сүйенеді. Экологиялық Геохимия. Экологиялық Геохимия – экологиялық геологияның бір саласы. Оның мақсаты табиғи және техногендік типтегі геохим. өрістер мен геопатогендік (жер қыртысының әркелкілігі) аномалиялардың биол. ортаға әсерін морфолог. және болжамдық тұрғысынан зерттеу болып табылады. Бұл өрістер литогеохим., гидрогеохим., сноугеохим., биогеохим. және атмогеохим. деп бөлінеді. Тәжірибеде бұл зерттеулер эколог-геологтар, медиктер мен санитарлық қызметтегі ұйымдардың бірлесе отырып, белгілі бір аймақтың геол.-эколог. жағдайларын айқындауына әкеледі. Э. г-ның негізгі міндетіне геол. ортаның хим. құрамының антропогендік іс-әрекет салдарынан өзгеруін бағалау жатады. Э. г. хим. элементтердің тірі және өлі дүниенің әрекеттесу жағдайын, көшіп-қону мен жинақталудағы жай-жапсарды және бұлардың табиғатқа әсерін зерттейді. Сондай-ақ Э. г. хим. элементтердің биосферадағы тарихын, таралуын, қалпын, т.б. биогеохим. функция тұрғысынан зерттейді. Экологиялық Дағдарыс. Экологиялық Дағдарыс – қоғам мен табиғат арасындағы қатынастарда қарама-қайшылықтың күрт шиеленісуі. Қоршаған ортаны қорғау және дамыту жөніндегі халықар. конференциялар (Стокгольм, 1972, Рио-де-Женайро, 1992) Э. д-ты қазіргі заманның ғалами мәселелерінің бірі деп ресми түрде таныған. Э. д. 20 ғ-дың 2-жартысынан бастап күшейе түскен шектен тыс антропогендік ықпалдың салдарынан жаратылыста табиғи үдерістердің бұзылуынан (ғылыми-тех. революцияның болжап білуге болмайтын зардаптары, энергияны тұтынудың көбейе түсуі, қазба отынды жағу, демограф. дүмпу, қарулы қақтығыстар) пайда болды. Э. д-тан экол. апатты ажырата білу керек: дағдарыс адамның белсенді әрекетінен болатын қайтымды күй, апат – қайтымсыз құбылыс, адам мәжбүрлі түрде енжар, зардап шегуші тарап (мыс., ұзаққа созылған қуаңшылық, малдың жаппай қырылуы). Қоршаған ортаның ластануы адамның, әсіресе өндірістің әсері нәтижесінде түрлі нысандарда көрініс табады. Олар: контоматация (ортаның инертті материалдарға қанығуы), уыттану (хим. активті субстанциялармен қанығу, радиациямен ластану, ұзақ жасайтын радионуклидтермен ластану), эл.-магн. детериорация, деструкция (табиғи құрылымдардың бұзылуы), пейоризация (ландшафт әсемдігінің бұзылуы), т.б. Бұл нысандар көбінесе кешенді түрде әрекет етіп, табиғи үдерістерді қатерлі түрде бұзады, сөйтіп, сайып келгенде, биосфераның түгел азып, өркениеттің опат болуына апарып соқтырады. Қазіргі жағдайда ғалами қауіпті үш үрдіс байқалып отыр. Олар: атмосфера құрамының өзгеруі; осының салдарынан “парникті әсердің” күшеюі және климаттың жыли бастауы, мұның өзі мұздың еріп, мұхит деңгейінің апатты түрде көтерілуіне апарып соқтыруы мүмкін; жер төңірегінің ғарыштық аппараттардың қалдықтарымен ластануы. Бұдан басқа қосалқы ғалами ауқымдағы төрт үрдіс те қатерлі. Олар: әлемдік мұхиттың мұнай қабыршағымен ластануы, мұның өзі гидросфера мен атмосфера арасындағы энергия алмасу мен масса алмасуды бұзады; жануарлар дүниесі мен өсімдіктер дүниесінің түрлік құрамының және олардың зәузаттық қорының қысқаруы; Жер бетіндегі тіршілікті Күннің қатал ультракүлгін сәулесінен қорғайтын озон қабаттың қысқаруы; оттектің басты “фабрикасы” орманды шабу, кесу (дамушы трофик. елдерде) салдарынан да, қышқыл қалдықтарынан зақымдануы салдарынан да оның азып-тозуы. Кейбір аймақтарда Э. д. экол. қасірет деңгейіне жетті (Арал өңірі, Семей полигоны аймағы, Чернобыль, Гималай аймағы, Амазония, көптеген индустр. агломерациялар). Қазіргі кезде Э. д-тың жай-күйі ұғынылды, тиісті ғыл. орт-тар, әлемдік ауқымдағы институттық, ұлттық деңгейдегі органдар – министрліктер дәрежесіндегі органдар құрылды. Тиімді экол. саясаттың ғыл. негіздері тұжырымдалды, Э. д-ты шиеленістіретін бірқатар әрекеттерге жол бермеу (қазба отынды тұтыну көлемін қысқарту, энергияның экол. қауіпсіз көздерін пайдалануға көшу, озон қабатын бұзатын заттардың шығарылуын қысқарту, кит тәрізді жануарлар мен басқа да жануарлардың түрлерін аулау кәсіпшілігіне тыйым салу, т.б.) жөніндегі халықар. уағдаластыққа қол жеткізілді. Табиғатты қорғау жолындағы, қауіпті технологияларға қарсы халықар. қоғамдық қозғалыстар кең ауқымды сипат алды. Э. д-ты еңсеру шараларының жүйесіне елеулі нышан ретінде халыққа экол. тәрбие беру енгізілді. Экологиялық Жүйе, Экожүйе. Экологиялық Жүйе, Экожүйе – тірі организмдер жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі. Э. ж. құрамына организмдер де, табиғи орта да кіретін тірі табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі болып табылады. Э. ж-нің құрылымын энергияны трансформациялаудың үш деңгейі (консументтер, продуценттер, редуценттер) мен қатты және газ тәрізді заттар айналымы құрайды. Экожүйенің қасиеттері оның құрамына кіретін өсімдіктер мен жануарлардың әрекеттеріне байланысты. Әр түрлі экожүйелерде өсімдіктің күн энергиясын, минералды заттар мен судың қорын пайдалануы әр түрлі мөлшерде жүреді. Биомасса мен энергияның ауысып, өзгеріп отыратын кездерінде тіршілік қорлары барынша толық пайдаланылатын экожүйелерді қаныққан деп, ал осы қорды толық пайдаланбайтын экожүйелерді қанықпаған деп атайды. Экологиялық Қуыс. Экологиялық Қуыс – организмнің тіршілік ету жағдайларына қатысты шарттардың жалпы жиынтығы; түрдің экожүйедегі энергия тасымалдауында атқаратын рөлі. Э. қ-қа өзінің орналасқан кеңістігі, қоғамдастықта атқаратын функц. рөлі және қоршаған орта факторларына (темп-раға, ылғалдылыққа, қышқылдылыққа, топырақ құрамына, т.б.) төзімділігі жатады. Э. қ. үш түрге: кеңістіктік, қоректік және гиперкеңістіктік болып бөлінеді. Кеңістіктік Э. қ. – организмдердің тұрақты мекені; қоректік Э. қ. – қоректену ерекшелігіне байланысты орны; гиперкеңістіктік Э. қ. – көп өлшемді аумақ, оның өлшемі экологиялық факторларға байланысты болады. Бір Э. қ-ты екі түр қатар иелене алмайды. Э. қ. бәсекелестік жолмен бөлінеді. Әр түрдің бәсекелестік күрестегі табысы абиотикалық факторға байланысты. Түрдің маңызды көрсеткіштерінің бірі – оның Э. қ-ның ауқымдылығы. Әр түрге жататын екі организм бірдей қорларды пайдаланған жағдайда, олардың қуыстары қабысып кетеді. Егер қор мөлшері жеткіліксіз болса – бәсекелестік туады. Бәсекелестік нәтижесінде түрлердің бірі жойылады немесе басым түскен түр өз бәсекелесін бейімделушілік аймағының шетіне қарай ығыстырады. Экологиялық Құқық. Экологиялық Құқық – құқықтың кешенді саласы. Қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттері аясындағы, адамдардың қазіргі және келешек ұрпақтарының мүдделері үшін табиғат байлығын қорғау және ұтымды пайдалану саласындағы қоғамдық (экол.) қатынастарды реттейтін заңи нормаларының жиынтығы. Э. қ-тың негізгі көздері: Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995), ҚР Азаматтық кодексі (1999), ҚР Жер кодексі (2003), ҚР Су кодексі (2003), ҚР Орман кодексі (2003), Қазақстан Республикасының “Жануарлар дүниесін қорғау, ұдайы өсіру және пайдалану туралы” (1993), “Әуе кеңістігін пайдалану және Қазақстан Республикасы авиациясының қызметі туралы” (1995), “Қоршаған ортаны қорғау туралы” (1997), Қазақстан Республикасы Президентінің “Мұнай туралы” заң күші бар Жарлығы (1997), Ұлттық қауіпсіздік туралы Қазақстан Республикасының Заңы (1998), “Өсімдіктер карантині туралы” (1999) заңы, министрліктердің қаулылары мен өкімдері, нормативтік актілері болып табылады. Э. қ. нормалары құқықтың көптеген көздерінде, соның ішінде заңнаманың басқа салаларында да кездеседі. Экологиялық Қылмыс. Экологиялық Қылмыс – қылмыстық құқықта қоршаған ортаға нұқсан келтіретін қылмыс түрі. Э. қ-қа шаруашылық қызмет пен өзге де қызметке қойылатын экол. талаптардың бұзылуы, экол. тұрғыдан қауіпті хим., радиоактивті және биол. заттарды өндіру мен пайдалану кезінде микробиол. немесе басқа да биол. агенттермен жұмыс істеу кезінде сақталуға тиіс қауіпсіздік ережелерінің, ветеринарлық ережелердің, өсімдіктердің аурулары мен зиянкестеріне қарсы күресу үшін белгіленген ережелердің бұзылуы, суды ластау, бітеу, сарқу, теңіз аясын ластау, Қазақстан Республикасының құрлықтық қайраңы және айрықша экон. аймағы туралы заңдардың бұзылуы, жануарлар дүниесін қорғау ережелерін бұзу, су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу, заңсыз аңшылық, жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз әрекет жасау, ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, ормандарды жою немесе зақымдау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимінің бұзылуы, экол. ластау зардаптарын жою шараларын қолданбау, т.б. жатады (ҚР Қылмыстық кодексі, 278 – 292-баптар). Экологиялық Мониторинг. Экологиялық Мониторинг (экология және мониторинг) – қоршаған ортаның жағдайын бақылау және тексеру жүйелері. Ол үш сатыдан тұрады: жағдайды бақылау, бағалау және болатын өзгерістерді болжау. Э. м. нысандарына табиғи, антропогендік немесе табиғи-антропогендік экожүйелер жатады. Э. м-тің мақсаты тек қана деректер жинау емес, сондай-ақ, жүргізілетін тәжірибелер, болжамға негіз ретінде алынатын процестердің үлгілері кіреді. Ға-ламдық көлемде мониторинг жүргізуге авиац., ғарыштық және есептеу техникалары пайдаланылады. Қазіргі уақытта экожүйені зерттеуге аэроғарыштық әдістер кеңінен қолданылады. Осы әдіс арқылы табиғатта болып жатқан құбылыстарды, табиғи қорлар жиынтығын, мөлшерін, т.б. экожүйелерді сипаттайтын мәліметтерді білуге болады. Э. м. әр түрлі деңгейдегі буындардан тұратын иерархиялық ұйымдасқан бақылау жүйесі болып табылады. Ондай буындарға ғаламдық (биосфералық), ұлттық, аймақтық, жергілікті Э. м-тер жатады. Мыс., ғаламдық Э. м. халықар. ынтымақтастық негізінде, ұлттық Э. м. бір мемлекеттің шегінде арнайы құрылған ұйымдар арқылы, аймақтық Э. м. ірі-ірі аудандардың көлемінде, ал жергілікті Э. м. елді мекендерде, өнеркәсіп орт-тарында, кәсіпорындарда қоршаған ортаның сапалық өзгеруіне бақылау ретінде жүргізіледі. Экологиялық Салық. Экологиялық Салық – қоршаған ортаға зиянды әсер еткені үшін міндетті төлем, яғни қоршаған ортаға ластаушы заттарды белгіленген лимиттер шегінде‚ сондай-ақ бекітілген лимиттерден тыс мөлшерде шығарғаны үшін заңды және жеке тұлғалардың бюджетке төлейтін төлемақысы. Жыл сайын қоршаған ортаға ластаушы заттарды шығарудың және белгіленген тиісті мөлшерлемелердің көлемін басшылыққа ала отырып есептеледі. Э. с. тиісті заңдарда белгіленген мөлшерде және кәсіпорында қалған пайда есебінен төленеді. Қазақстанда Салық кодексіне сәйкес (459-бап) Э. с. қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы түрінде алынады. Экологиялық Сараптама. Экологиялық Сараптама, экологиялық экспертиза (лат. expertus – тәжірибелі) – адам іс-әрекеттерінің табиғатқа зиянды әсер етуіне жол бермеу және табиғат қорғау саласында қабылданған заңдардың орындалуына қатаң бақылау жасау. Э. с. мемл. немесе қоғамдық негізде жүзеге асырылады. Э. с-ның негізгі қағидалары – оның өкілеттілігі, мед.-биол. тұрғыдан қауіпсіздігі, халық ш-ның барлық салаларының мүддесін қорғайтындығы, ешкімге тәуелді болмауы және іс-әрекеттерді кешенді түрде жүргізу. Э. с. міндетті түрде ұзақ уақыт дамуға арналған бағдарламалы құжаттармен және сызбанұсқалармен қамтамасыз етіледі. Сонымен бірге, Э. с. жүргізу үшін тех.-экон. тұрғыдан ғыл. негізделген және алдын ала жоспарланған жобалар мен жоспарларға негізделіп қадағалау жасалынады. Бұларға қоса құрылыс, табиғат байлықтарын қалпына келтіруге арналған, өндіріс орындарын, т.б. нысандарды қайта жабдықтау немесе олардың жұмысын біржола тоқтату туралы жобаларға талдау жасалынады. Табиғатты тиімді пайдалану мақсатында белгіленген ережелерге және әдістемелік нұсқауларға сүйене отырып, адамның іс-әрекеттерін шектейтін құжаттарды талдайды. Кейбір табиғи аумақтардағы телімдерге ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесін беру үшін кешенді түрде экол. зерттеу жұмыстарын жүргізуге немесе экологиялық апатты және табиғатты пайдалану кезінде төтенше жағдайларға қатысты материалдарды, шараларды жүзеге асыруға арналған бағдарламаларға сараптама жүргізеді. Табиғатқа зияны жоқ жаңа техниканы, технол. әдістерді пайдалануға негізделген құжаттарды талдау; табиғатты тиімді пайдалану үшін шетелдік өндіріс орындарымен, фирмалармен бірге жұмыс істеуге қажетті құжаттарға сараптама жасалады. Э. с. әскери мақсаттағы өндіріс орындарының, т.б. нысандардың жұмыстарына да қадағалау жасауға құқылы. Э. с. адамның барлық іс-әрекеттерінің экол. қауіпсіздігін сақтау мақсатын көздейді. Мемл. Э. с. ҚР қоршаған ортаны қорғау мин-нің жанынан құрылған арнайы комиссияның сарапшылары арқылы жүзеге асырылады. Қоғамдық Э. с-ны жеке қоғамдық ұйымдардың ұйытқысы болуы негізінде топтастырылған арнайы мамандар жүргізеді. Қоғамдық негізде жүргізілген Э. с. мен мемл. Э. с. жүргізетін мекемелер қорытындылары бір-бірімен үйлестіріліп отырады. Қазақстанда арнайы “Экологиялық сараптама туралы” заң қабылданған (1997). Экологиялық Сукцессия. Экологиялық Сукцессия (экология және сукцессия) – бір биоценоздың басқа биоценозбен ауысып отыруы. Э. с. бірнеше кезеңдерден өтеді, солардың барысында биоталық қауымдастықтар бірінен соң бірі алмасып жатады. Э. с. кезінде түрлер алмасуының себебі, популяциялар қоршаған ортаны өзгерте отырып, өзге популяция үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Мұндай жағдай жүйенің биоталық және абиоталық құрауыштарының арасында тепе-теңдік орнағанша жалғаса береді. Э. с. өсу, тұрақтану және климакс сатыларынан тұрады. Өнімділік критериін негізге ала отырып, оларды бір-бірінен былай ажыратады: бірінші сатыда өнім өзінің ең жоғ. дәрежесіне дейін өседі; екінші сатыда өнім тұрақты болып қалады; үшіншісінде – жүйенің бұзылуына қарай ең төм. деңгейіне жетеді. Э. с-ның автотрофты, гетеротрофты, аутогенді, аллогенді, фитогенді, зоогенді, ландшафты, антропогенді түрлері бар. Мыс., аутогенді Э. с. ішкі байланыс арқылы жүрсе, ал аллогенді Э. с. сыртқы әсердің нәтижесінде пайда болады. Қорыта айтқанда, Э. с. биоталық қа-уымдастық пен физ. орта арасында тепе-теңдік орнайтын, экожүйенің бағытталған дамуы болып саналады. Э. с. барысында организмдердің түрлік популяциялары және олардың арасындағы функц. байланыстардың түрлері бірін-бірі белгілі заңдылыққа сәйкес кезеңді түрде және қайталап алмастырып отырады. Экологиялық Тепе-Теңдік. Экологиялық Тепе-Теңдік – кез келген табиғи қауымдастықтағы тірі организмдердің түрлік құрамының, олардың санының, өнімділігінің, кеңістікте таралуының біршама тұрақтылығы. Сондай-ақ Э. т.-т-ке маусымдық өзгерістердің, заттектердің биоталық айналымдарының, т.б. биол. процестердің тұрақтылығы да жатады. Э. т.-т-тің негізі заттектердің биоталық айналымының тұрақтылығы мен мүмкіндігінше тұйықталғандығы болып табылады. Оның әрбір нақты экожүйеде организмдердің түрімен, құрамымен, санымен және олардың метаболизм типімен байланысты өз ерекшеліктері болады. Бұл жағдайда автотрофты және гетеротрофты организмдердің арақатынасының, сондай-ақ организмдердің бір-біріне және тіршілік ортасына тән сипатты бейімделуінің шешуші маңызы бар. Бұл факторлардың эволюция процесінде қалыптасқан жиынтығы экожүйелердің тұрақтылығын немесе олардың гомеостазын қамтамасыз етеді. Экожүйелердің орнықтылығы өлшеміне көбінесе олардың түрлік әр алуандылығы алынады. Ол неғұрлым жоғары болса Э. т.-т. соғұрлым сенімді сақталады. Қоршаған орта жағдайларының осы экожүйе үшін дағдылы шектен шығып кеткен ауытқулары кезінде Э. т.-т. бұзылып, бір түрлер санының азаюына және екінші бір түрлердің күрт көбеюіне әкеледі. Сонымен қатар, организмдердің табиғи қауымдастықтары әр түрлі зақымдаушы әсерлерге қарсы тұра алады және қалыпты жағдайлар қайта орнына келгенде, белгілі бір тұрақтылық орнайды (қ. Экологиялық тұрақтылық). Қо-лайсыз жағдай болған кезде белгілі бір түрдің тығыздығы азаяды, бірақ қолайлы жағдай туғанда өніп-өсу тез дамып, тығыздық қалпына келеді. Э. т.-т-тің болуы осы экожүйенің қалыптасуы мен дамуы процестерімен өзара тығыз байланысты. Э. т.-т. бұзылғанда, әр түрлі биоталық факторлар ғана өзгеріп қоймайды, сонымен қатар атмосфераның газ құрамының, гидрол. режимнің ауытқуы, қоршаған ортаның ғаламдық ластануы, т.б. өзгерістер туады. Э. т.-т-ті әбден зерттеп білмейінше, табиғатты дұрыс пайдалану, шаруашылықты болжау және табиғи ортаны адам тіршілігі үшін сақтау мүмкін емес. Эконометрика, Эконометрия –. Эконометрика, Эконометрия – (грек. oіkonomos – үй басқарушысы‚ үнемшіл‚ шаруақор адам‚ шаруашылық меңгерушісі және – metron – өлшем‚ metreo – өлшеймін) – экономикалық құбылыстар мен үдерістердің сандық жақтарын математикалық және статистикалық талдау құралдарымен зерделейтін ғылыми пән. Міндеті – экон. теорияларды нақты материал негізінде матем.-статистик. талдау құралдарымен тексеру. Э-да экономиканы теор. талдаудың жетістіктері математика мен статистиканың (ең алдымен матем. статистиканың) жетістіктерімен синтезделеді. Э. терминін ғыл. айналымға 1926 ж. норвег экономисі Р.Фишер енгізді. Э-ның басты құралы – эконометр. үлгі – экон.-матем. үлгі, оның параметрлері матем. статистика әдістерінің көмегімен бағаланады. Экономикалық Агент. Экономикалық Агент – 1) экономикалық шешімдер қабылдай алатын, шаруашылық жоспарларды өз бетінше әзірлеп, соларға сәйкес әрекет ете алатын, белгілі бір өнімдерді өндіруге немесе бөлуге, қызметтер көрсетуге тапсырыстар немесе тапсырмалар алатын не оларды сатып алушылар ретінде әрекет ете алатын тұлға. Бұл терминнің синонимдері: экон. бірлік, экон. субъект, шаруашылық жүргізуші субъект, шешім қабылдаушы тұлға. Бірақ іс жүзінде ұйымдық-құқықтық нысандарына және меншік түрлеріне қарамастан кәсіпорындар, олардың бірлестіктері (одақтар, қауымдастықтар, концерндер, салалық және сала аралық, аймақтық және басқа бірлестіктер), ұйымдар, мекемелер, соның ішінде банкілер мен несие мекемелері, сақтандыру ұйымдары, тауар және қор биржалары, инвестиц., зейнетақы, қоғамдық қорлар мен басқа да қорлар, сондай-ақ дербес кәсіпкерлік қызметпен айналысушы азаматтар барлық жерде агенттерге жатқызылады; 2) ұлттық шоттар жүйесінде – экон. операциялар жасаушы заңды және жеке тұлға. Экономикалық Аймақ. Экономикалық Аймақ – аумақтық судан (құрылықтық аумаққа және ішкі суға жанасқан‚ мемлекет 12 теңіз миліне дейінгі қашықтықта белгілеген теңіз белдеуінен) тысқары орналасқан және оған іргелес жатқан теңіз ауданы. Мұнда жағалау өңіріндегі мемлекеттің су түбіндегі‚ оның қойнауындағы және су астындағы табиғат ресурстарын барлауға‚ қазуға‚ сақтауға‚ сондай-ақ осы ресурстарды басқаруға егеменді құқықтары бар. Жағалау өңіріндегі мемлекеттің осы аймақта экон. қызметтің басқа түрлерін жүзеге асыруға да‚ мыс., ғимараттар салуға‚ ғыл. зерттеулер жүргізуге құ-қығы бар‚ Э. а-та басқа мемлекеттердің халықар. құқықта рұқсат етілетін құқықтары мен міндеттемелерін ескеруге тиіс. Оның ені 200 теңіз милінен аспауға тиіс. Экономикалық Ақпарат. Экономикалық Ақпарат – экономика және оны басқару аясында туындайтын, сондай-ақ осы аяны зерделеу нәтижесінде жасалатын мәліметтер, деректер. Э. а. макроэкон. үдерістерді, еңбек, тауар мен капитал қозғалысын, нарықтың, өндіріс пен тұтынудың жай-күйін көрсетеді. Статистик., өндірістік-экон., коммерц., іскерлік, жағдаяттық, банкілік, биржалық, анықтамалық (соның ішінде, салық, баға, тариф туралы), ғыл.-экон., нормативтік (экон. аядағы құқықтық қатынастарды реттейтін), т.б. Э. а. түрлеріне ажыратылады. Э. а-тың аталмыш түрлерінде айқын шекара жоқ. Айталық, “іскерлік ақпарат” ұғымы серпінді қатарлар, үлгілер мен бағалаулар түрінде экон. және статистик. ақпаратты (сандық экон., демогр., әлеум.) қамтуы мүмкін; коммерц. ақпарат компаниялар, фирмалар, олардың бірлестіктері туралы, сондай-ақ баға, компанияның қаржылық жағдайы, олардың байланыстары, мәмілелері, өнімдері, т.б. туралы мәліметтерді қамтуы мүмкін; биржалық және қаржылық ақпаратта валюталардың бағамы, есептік мөлшерлемесі, бағалы қағаздардың баға белгіленімі, инвестиция, баға туралы мәліметтер қамтылуы мүмкін. Статистик. ақпаратта мемл. статистика, халық санағының деректері, серпінді қатарлар, әлеум. зерттеулердің, қоғамдық пікірді сұрау салу жолымен анықтаудың нәтижелері қамтылады. Банк ақпараты мәліметтердің кең ауқымын біріктіреді, олар: банкілердің беделін бағалайтын ақпарат, банк жұмысында пайдаланылатын анықтамалық ақпарат – клиенттер мен серіктестердің мекен-жайлары, шоттары, т.б.; биржалық және қаржылық ақпарат бағалы қағаздардың баға белгіленімі, түрлі банкілердегі валюта бағамы туралы ағымдағы және ретроспективті ақпараттан тұрады; мамандандырылған ақпарат; жалпы мақсаттағы коммерц. ақпарат мекенжай-анықтамалық деректерді, негізгі басшылар туралы мәліметтерді, жалпы қаржылық мәліметтерді – жарғылық қорлардың, активтердің мөлшерін, т.б. қамтиды. Қазіргі заманғы ақпараттық жүйелер тұтынушыға Э. а-ты дәстүрлі кітаптар, дүркіндік, жалғаспалы басылымдар, ғыл.-зерт., тәжірибелік-құ-растырымдық жұмыстар туралы есептер түрінде де, электронды сақтауыштардағы деректер қоры түрінде де береді. Сайып келгенде бәрі тұтынушының ақпаратты қажетсінулерінің ерекшеліктерімен, оның кәсіптік мүдделерінің шеңберімен, қажетті оңтайлылық пен белсенділік дәрежесімен, ақпараттық жүйеге тікелей жүгінумен, ақыр соңында оның тех. мүмкіндіктерімен айқындалады. Экономикалық Аудан. Экономикалық Аудан – жалпы ел аумағының тұтастай бірігіп жатқан ірі бөлігі. Ол өз кезегінде бірнеше әкімшілік-аумақтық бөлініс бірліктерін қамтиды. Э. а. бір-бірінен жер аумақтарының экон.-геогр. орналасу жағдайының, табиғат және еңбек ресурстарының, шаруашылығының кешенділігі мен оның салалық мамандануының, өндіріс орындарының өзара ауданішілік тұрақты байланыстарының бірыңғайлы үйлесуімен, әрі олардың ел экономикасындағы маңызына қарай ерекшеленеді. Әдетте халқының еңбек дағдысына және табиғат жағдайына байланысты белгілі бір аумақтағы шаруашылықтың тиімді салалары бағытында дамуы барысында геогр. еңбек бөлінісі туындайды. Олармен тығыз байланыста басқадай қосалқы қызмет көрсетуші өндіріс салалары пайда болуы арқылы үлкен аумақты қамтитын Э. а. дүниеге келеді. Кейбір Э. а. бір бағыттағы өнімдер өндірсе, екіншісі көп салалы болады. Осылайша Э. а. арасында үнемі қызмет пен өнімдер алмасуы нәтижесінде ауданаралық экон. байланыстар орнығады. Ел ішіндегі Э. а-дар жиынтығы, сол мемлекеттің жалпы ұлт-тық экономикасын құрайды. Халық ш-ның дамуы барысында Э. а-ның мамандану бағыты да өзгеріп отырады. Мыс., жаңа кен байлықтарының үлкен қорлары ашылуы немесе ірі өндіріс орындарының салынуларына байланысты. Осы себепті, Э. а. құрамында іргелі өзгерістер болып, оның орналасу шекараларының өзгерісі нәтижесінде жаңа Э. а. қалыптасады. Қазақстан, жер аумағының кеңдігіне және табиғи ресурстарының молдығына, табиғат жағдайларының әр түрлілігі мен әлеум.-экон. даму ерекшеліктеріне қарай 5 ірі Э. а-ға (Батыс, Солтүстік, Орталық, Шығыс, Оңтүстік) бөлінген. Еліміздің жер аумағын экономикалық география ғылымы тұрғысында аудандастырудың негізін қалаған ғалым-географтарға Н.Н. Баранский, Б.Я. Двоскин, т.б. жатады. Кез келген Э. а-ның экон.-геогр. сипаттамасы төмендегі жоспар бойынша беріледі: 1) Э. а. құрамы, оның шекаралары; 2) экон.-геогр. жағдайлары мен ресурстары, оларға шаруашылық тұрғысынан баға беру және тиімді пайдалану мүмкіндігі; 3) халқы және еңбек ресурстарының орналасу ерекшеліктері; 4) шаруашылығының дамуындағы тарихи алғышарттар; 5) шаруашылығының, оның ішінде өнеркәсіп және а. ш. салаларының мамандануы мен орналасуы; 6) өндірісті орналастыру формалары (аум.-өндірістік кешен, өнеркәсіп тораптары, өндірістің шашыраңқы орталықтары, т.б.); 7) ірі қалалары; 8) экол. жай-күйі; 9) сыртқы байланыстары және Э. а-ның даму болашағы. Экономикалық Бағдарлама. Экономикалық Бағдарлама – қоғамдық өндіріс дамуының басым нұсқаларын және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының стратегиялық тұжырымдамаларын көрсететін жалпы шаруашылық (кейде жоспарлар деп те аталады) негізінде экономиканы реттеу жүйесі. Э. б. индикативтік, яғни кеңес берушілік, ұсыныс жасаушылық сипатта болып келеді: бағдарламалардың көрсеткіштері көбінесе, тіпті жеке фирмалар мен концерндер туралы айтпағанда, мемл. органдар үшін де жалпы бағдар болып табылады. Экономикалық Блокада. Экономикалық Блокада, Экономикалық торуыл – мемлекетті ішкі немесе сыртқы саясатын өзгертуге итермелеу мақсатымен онымен сауда, қаржы, несие және басқа да байланыстарды тоқтату жолымен оны сыртқы әлемнен экономикалық оқшаулау. Э. б. саяси, кейде әскери (тіпті соғыс қимылдарын жасамай-ақ), соның ішінде теңіз блокадасымен ұштасып жатады. Э. б. толық, яғни бір мезгілде экон. байланыстардың барлық нысандарына қолданылатын блокада, ішінара – байланыстардың бір немесе бірнеше нысандарына қолданылатын блокада болуы мүмкін. Ішінара Э. б-ның мысалы – несие блокадасы – мемлекеттің, мемлекеттер тобының немесе халықар. қаржы ұйымының басқа елге (елдер тобына) несие беруден бас тартуы. Ол несиегер елдің қарызгер елге экон. және саяси қысым жасау құралы болып табылады. Осындай толық Э. б-ның мысалы – құрылықтық блокада деп аталатын, Франция бастаған Еуропа елдерінің 1806 – 07 ж. Ұлыбританияға қарсы қолданған блокадасы. Э. б. 1- және 2-дүниежүз. соғыстар кезінде кеңінен қолданылды. 1914 – 18 ж. Антанта елдері Германияға Э. б. саясатын жүргізді (Германияға соғыс мақсатындағы бұйымдарды, стратег. шикізатты әкелуге тыйым салынды). 1939 – 45 ж. 2-дүниежүз. соғыстан кейін БҰҰ негізінде басқыншы мемлекетті басқыншылық саясатты өзгертуге мәжбүрлеу мақсатымен оған ұжымдық ықпал ету тетігі құрылды. БҰҰ жарғысында Э. б. бейбітшілікті қалпына келтіру және қолдау жөніндегі ұжымдық шара ретінде қарастырылады және оны мүше елдер БҰҰ жарғысының 39 және 41 баптары негізінде Қауіпсіздік Кеңесінің шешімімен жүзеге асырады. Сонымен қатар БҰҰ жарғысында әскери және теңіз блокадасы Қауіпсіздік Кеңесінің шешімімен белгіленетін Э. б. ретінде қарастырылады. Бұл нысандар БҰҰ-ның төтенше күштерінің (ЮНЭФ) көмегімен іске асырылады. Экономикалық Болжам. Экономикалық Болжам – экономиканың келешек кезеңдердегі даму үрдістерін – экономикалық даму қарқынын, экономика құрылымы мен бағаның нарықтық жағдаятын, экономикалық басқару жүйесінің, т.б. өзгеруі үрдістерін алдын ала болжап, көре білу. Э. б. экон. жоспарлаудың белгілі бір уақыт кезеңі бойына жалпы ішкі тепе-теңдік шарттарын алдын ала болжап, көре білуге мүмкіндік беретін негізгі құралдарының бірі болып табылады. Э. б-ның көмегімен бағыттарды айқындап, экон. саясаттың нақты шешімдерін дайындауға, сондай-ақ олардың ықтимал нәтижелерін бағалауға болады. Э. б., әдетте, өткен кезеңдердегі есептік деректерге негізделіп құрылады және белгіленген номенклатуралар мен ұлттық шоттарды жүргізу ережелерін сақтай отырып жүзеге асырылады. Болжау – нарықтық стратегияны әзірлеудің, мақсатты бағдарламаларды негіздеудің, шаруашылық шешімдер қабылдаудың негізгі элементі. Нарықтық экономикада болжау негізгі үш атқарымды орындайды, Олар: болашақта шаруашылықты жүргізу нысандарының және қоршаған ортаның өзгеруі үрдістерін болжай білу; қабылданатын шаруашылық шешімдердің (тауарлар шығару мен қызметтер көрсету, бағалы қағаздар шығару, инвестиц. жобаларды қаржыландыру, баға белгілеу, т.б.) ықтимал салдарларын бағалау; қабылданған шешімді, қажет болса, дер кезінде түзету үшін оны орындау нәтижелерін күнделікті болжап отыру. Нарықтық экономикадағы болжамдар жүйесі олардың мынадай түрлерін қамтиды: болжамдардың нысандары бойынша – әлеум. болжам (демогр., қажеттіліктер, тұрмыс деңгейі, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет), экон. болжам (өндірістің құрылымы мен серпіндері, жағдаят, баға, қаржы, тиімділік, басқарудың дамуы, институттық өзгерістер); ғыл.-тех. болжам (ғылымның, өнертабыстық қызметтің, инновациялардың дамуын, техника буындарының, технол. ұстындардың ауысуын болжау); табиғи-экол. болжам (табиғи ресурстардың ұдайы қалпына келтірілуінің табиғи және экол. үдерістерінің серпінін болжау); сыртқы экон. болжам (әлемдік шаруашылық пен нарықтың, сыртқы экон. байланыстардың серпінін көре білу); болжам ауқымы бойынша – ағымдағы, қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді, аса ұзақ мерзімді болжам; болжау субъектілері және аумақтық ауқымы бойынша – жергілікті, аймақтық, ұлттық, салалық, проблемалық, халықар., жаїандық болжам; сипаты бойынша – жеке (бір көрсеткіш бойынша) және жалпылама (объект параметрлерінің жүйесі бойынша) болжам; генетик. (үрдістерді болжау), нормативтік немесе телелог. болжам (күні бұрын алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары мен мерзімін көре білу); бір нұсқалы және көп нұсқалы болжам. Микродеңгейдегі Э. б. барлық дәуірлерде шаруашылық қызметтің ажырағысыз элементі болды. Елдің экономикасын және әлемдік шаруашылықты қамтитын макроэкон. болжау 20 ғ-дан әзірлене бастады. Мыс., 1920 – 30 ж. КСРО-да Э. б. қарқынды түрде әзірленді. Бірақ батыс елдері 1930 – 40 ж. Э. б-ды теріске шығарды. Соған қарамастан соғыстан кейінгі кезеңде дүние жүзінде соның ішінде КСРО-да кеңінен таралды. 1970 – 80-жылдардан бастап ұзақ мерзімді ғыл.-тех. болжамдар – ғыл.-тех. үдерістің 15 – 20 жылға арналған кешенді бағдарламасы, көптеген салалық, аймақтық және проблемалық болжамдар жасалды. Егеменді елімізде “Қазақстан – 2030” (1997) стратег. даму бағдарламасы ұзақ мерзімді Э. б-ның үлгісі болып табылады; қ. “Қазақстан – 2030” стратегиясы. Экономикалық Бірігу. Экономикалық Бірігу, Экономикалық интеграция – экономикалық объектілердің жуықтасуы, өзара астасуы (бірлесуге дейін). Э. б. үдерісі түрлі деңгейлерде жүргізіледі. Деңгейлес Э. б. (компания бәсекелестің компаниясын өзінің бақылауына алады немесе өндірістік үдерістің бірдей сатысындағы бірдей салада істейтін компанияларды қосып алады) және сатылас Э. б. (компанияның қызметі ақырғы өнімді өндірудің технол. тізбегіндегі екі не одан көп буынды қамтиды; ол өнімді өндіру мен өткізудің барлық сатысын: шикізатты өндіруден көтерме немесе бөлшек саудаға дейін қамтуы мүмкін) түрлеріне бөлінеді. Э. б. халықар. сипатта болады және ұлттық шаруашылықтарды бірыңғай халық ш-на бірігуге дейін жақындастыруды көздейді. Э. б. – шаруашылық өмірдің интернационалдануының жоғары нысаны. Оның негізін капитал мен өндірістің интернационалдануы құрайды, ол әуелі микродеңгейде (фирмалар мен банкілер деңгейінде), сонан соң макродеңгейге (мемлекеттер деңгейіне) шығады. Сонда Э. б. халықар. келісімдермен және шарттармен ресімделеді. Э. б. өзінің жоғары көрінісінде институттық сипат алады, яғни тұрақты әрекет ететін халықар. органдар нысанында болады. Халықар. интеграц. бірлестіктердің басты нысандары: еркін сауда аймағы, кеден одағы, ортақ нарық, экон. және валюталық одақтар. Қазіргі кезде әлемде Э. б-дің жоғары сатысында Еуропа одағы (ЕО) тұр, ол ортақ нарық сатысынан өтті. Еркін сауда аймағына НАФТА (Солт.-американ еркін сауда қауымдастығы) үлгі бола алады. Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан арасында Кеден одағы туралы келісім жасалынды. Экономикалық Ғылымдар. Экономикалық Ғылымдар – қоғамның экономикалық жай-күйі мен дамуының объективті заңдылықтарын зерделеумен‚ шаруашылық өмір құбылыстарын статистикалық өңдеумен және теориялық жүйелеумен‚ материалдық игіліктерді өндіру‚ бөлу‚ тұтыну және оларды айырбастау саласында тәжірибелік ұсыныстарды әзірлеумен айналысатын ғылымдар жүйесі. Олар бірқатар белгілер бойынша сыныпталады‚ олардың негізгілері – зерттеу объектісінің ортақтығы және іс жүзінде қолданылуы. Зерттеу объектісінің ортақтығы дәрежесіне қарай жалпы (жалпы экон.) және нақты (жеке) Э. ғ. түрлеріне бөлінеді. Жалпы Э. ғ-ға саяси экономия (экон. теория)‚ қоғамдық өндірісті басқару теориясы‚ т.б. жатады. Экономикалық статистика‚ бухгалтерлік есеп‚ шаруашылық қызметті талдау‚ экономикада математикалық әдістерді қолдану‚ т.б. ерекше орын алады. Нақты Э. ғ. сала аралық (атқарымдық) белгі бойынша – қаржы‚ несие‚ ақша айналысы‚ баға белгілеу‚ еңбек экономикасы‚ т.б.; салалық белгі бойынша – өнеркәсіп‚ ауыл шаруашылығы‚ көлік‚ байланыс экономикасы‚ т.б.‚ сондай-ақ өнеркәсіп пен өндірістердің жекелеген салаларының экон. мәселелерін зерделейтін пәндер; аумақтық (аймақтық‚ ел танушылық) белгі бойынша – жекелеген елдердің‚ аймақтардың экономикасын зерделеу бойынша ажыратылады. Бұлайша ажырату шартты сипатта болады. Зерттеу нәтижелерінің іс жүзінде қолданылуына қарай Э. ғ. іргелі және қолданбалы Э. ғ. түрлеріне бөлінеді. Іргелі талдамалар қолданбалы талдамалардың негізін құрайды‚ бұларды экон. зерттеулерде оңтайлы түрде ұштастыру жекелеген бірлестіктерді (фирмаларды‚ кәсіпорындарды)‚ өнеркәсіп салаларын‚ жалпы халық ш-н дамытудың тиімділігін қамтамасыз етеді. Экономикалық Дағдарыс. Экономикалық Дағдарыс – дағдарысты, тоқырауды, жандануды және өрлеуді дәйекті түрде қамтитын ұдайы өндірістік цикл кезеңдерінің бірі. Нарықтық жағдаяттың күрт құлдырауымен, ұлттық экономиканың тұрақсыздануымен, қоғамдық ұдайы өндірістегі үйлесімсіздіктің күшеюімен сипатталады. Э. д. тауар капиталын артық өндіруден (сатылмаған өнімдердің өсуі), өндірістік капиталдың артық қорлануынан (өндірістік қуаттардың толық қуатпен жұмыс істемеуінің көбеюі, жұмыссыздықтың өсуі), ақша капиталының артық қорлануынан (өндіріске жұмсалмаған ақша санының көбеюі) көрініс табады. Өндіріс шығындарының өсуі, баға мен пайданың, жалақының төмендеуі, халықтың қалың жіктерінің тұрмыс деңгейінің құлдырауы Э. д-тың жалпы нәтижесі болып табылады. Дағдарыс – нарықтық экономиканың өзін-өзі реттеу тетігінің аса маңызды нышаны. Ол шет-шегін тауып қана қоймай, сонымен бірге ынталандыру міндетін де орындай отырып, экономиканы дамытуға серпін береді. Циклдік дағдарыс халық ш-ның барлық аясын қамтиды. Тұрақты сипаты жоқ дағдарысқа аралық, ішінара, салалық, құрылымдық дағдарыстар жатады. Экономикалық Дирижизм. Экономикалық Дирижизм – 1) экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттігін, бағыттары мен нысандарын негіздеуші экономикалық ой-пікір тұжырымдамасы. Алғаш рет 18 ғ-да Францияда пайда болды. Реттелетін, жоспарланатын, аралас экономиканың жалпы теор. тұжырымдамаларында; келісілген экономиканың әлеум.-экон. тұжырымдамасында; келісімшарттар экономикасында; нақты экон. тұжырымдамаларда; саяси-заңды тұжырымдамаларда; социол. тұжырымдамаларда көрініс тапты. Э. д-нің көзқарастары мен тұжырымдамасының қалыптасуына меркантилизм, тарихи мектеп, катедер-социализм өкілдерінің, әсіресе Дж. М. Кейнстің және оның ізбасарларының көзқарастары ықпал етті. Дирижистердің пайымдауынша, мемлекет нарықтың жағдаяты мен жиынтық сұранымға ғана емес, сонымен бірге мемлекетпен байланысқан және оның қызметін реттеп отыратын немесе бақылап отыратын экономика субъектілеріне де (кәсіподақтарға, кәсіпкерлер мен кәсіподақтар қауымдастықтарына, мемлекет, кәсіпкерлер мен кәсіподақтар бірлестіктерін) ықпал жасауға тиіс; 2) мемлекеттің экон. үдерістерге айтарлықтай араласуын көздейтін экон. саясат. Ол 1950 – 60 ж. Француз республикасының саяси-экон. доктринасына айналды; 3) мемлекеттендіру практикасы. Тікелей инвестициялар салуда және қоғамдық ұдайы өндірістің әлеум.-экон. үдерістеріне мемлекеттің араласуының “ұшқары” нысандары мен әдістерін пайдалана отырып, экономиканы жаїандық ауқымда реттеуде көрініс тапты. Экономикалық Жоспар. Экономикалық Жоспар – жалпы экономикалық жүйенің, ел шаруашылығының, аймақтардың, салалардың, кәсіпорындардың, компаниялардың болашақтағы межелі жай-күйінің үлгісі. Жоспар жалпы жүйенің жоспарлы кезеңдегі жай-күйін сипаттайтын көрсеткіштерді қамтиды, алға қойылған мақсаттарға және сол үшін қажетті ресурстарға қол жеткізу тәсілдерін белгілейді. Жоспарлар перспектив. (10 – 15 жыл мерзімге арналған ұзақ мерзімді); ағымдағы (бір жылға дейінгі кезеңге арналған қысқа мерзімді) жоспарларға бөлінеді. Сондай-ақ директив. (қатаң түрде орындалуға тиісті) және индикативтік (болжауларға жақын ұсынылмалы) жоспарларға бөлінеді. Экономикалық Жүйе. Экономикалық Жүйе – экономикалық өнімді өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну барысында туындайтын негізгі экономикалық қатынастардың нысаны мен мазмұнын айқындайтын қағидаттардың, ережелердің, заң жүзінде баянды етілген нормалардың тарихи тұрғыда пайда болған немесе белгіленген, елде жұмыс істеп тұрған жиынтығы. Кеңестік кезеңде саяси құжаттар мен экон. жарияланымдарда “әлеуметтік-экономикалық жүйе” және “әлеуметтік-экономикалық саясат” деген терминдерді қолдануды жөн санады. Сол арқылы экон. дамудың әлеум. мәнін атап көрсетпек болды. Алайда объектінің мұндай атауымен келісуге болмайды, өйткені адамдар үшін және солардың тікелей қатысуымен жұмыс істейді. Э. ж-нің барлық қырларын – экол. жағын, аумақтық жағын, әлеум. жағын, басқа жақтарын да кешенді түрде алып қараудың маңызы зор. Нарықтық қатынастарға өтпелі кезеңде Э. ж-ні ішкі екі жүйе: макродеңгей мен микродеңгей түрінде түсіну кеңінен таралды. Осы тұрғыдан алғанда макродеңгей респ. заң шығарушы және атқарушы органдар және жергілікті билік органдары ретінде түсінілді. Микродеңгей түрлі салалар ретінде ұғынылды. Микродеңгей сонымен қатар меншік нысандары тұрғысынан түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардың жиынтығы ретінде, яғни ірі, орта және шағын бизнестің жиынтығы ретінде де зерделенуі мүмкін. Кез келген басқа жүйе сияқты Э. ж. оның құрамдас нышандарының арасындағы байланыстармен сипатталады. Бұл байланыстар объективті экон. заңдардың әсерімен қалыптасады. Сонымен Э. ж. – мемлекеттің экон. саясатын жүргізу үшін теор. тұғырнама ретінде қызмет ететін экон. ғылым зерттеуінің күрделі, көп деңгейлі объектісі. Э. ж-ге кешенді көзқарасқа сәйкес оның жұмыс істеуі мен дамуына ықпал ететін бірнеше нышандарды бөліп көрсетуге болады. Оларға мыналар жатады: мемл. басқару жүйесіндегі бюрократтану және сыбайлас жемқорлықтың деңгейі; адами капитал (халықтың білім, денсаулық деңгейі, т.б.); елдің адами капиталының оқшауландырылған бөлігі ретіндегі кәсіпкерлік әлеует; өндірістің басқа факторларының жай-күйі олардың іске қосылу дәрежесі; әлемдік экономика, оның жай-күйі, даму келешегі, елдің Э. ж-не ықпал ететін негізгі сипаттамалары; табиғи ортаның жай-күйі (табиғи әлеует); технол. аяның жай-күйі; ішкі саяси және сыртқы саяси құрылыс; қоғамның ақлақтық-адамгершілік ұстындары. Э. ж-нің ең басты ерекшеліктерінің біріне оның жүргізіліп жатқан түрлендірулерге сылбыр бейімделуін және осымен байланысты дамудағы енжарлықты жатқызуға болады. Экономикалық Игілік. Экономикалық Игілік – экономикалық қызметтің сайып келгенде адамның қажеттерін қанағаттандыруға арналған нәтижесі. Э. и. ұғымының мәні құндылықпен байланысты. Егер жай игілік ұғымы тек пайдалылықты ғана білдірсе, құндылық екі сипаттаманың – пайдалылық пен сирек кездесушіліктің ұштасуын білдіреді. Кез келген игіліктің пайдалылығы тек оны тұтыну немесе пайдалану үдерісінде ғана көрініс табады. Э. и. өзінің тікелей мақсатына қарай қажеттілікті қанағаттандыру үшін, жеке басының тұтынуы үшін емес, сату үшін өндірілетін тауар ретінде; табыс алу көзі ретінде (мыс., капиталдың иесі өндірістің қалған факторларын сатып алып, өнім шығарады, оны өткізу табыс әкеледі) өндірілуі және тұтынылуы мүмкін. Э. и. экон. қызметтің өнімі болғандықтан экон. циклдіктің болуымен сипатталады. Оның екі қыры бар: экон. циклдердің кезеңдеріне сәйкес Э. и-ті өндірудің көлемі, оны айырбастау, бөлу, тұтыну көлемі өсіп немесе төмендеп отырады; материалдық активтер болып табылатын Э. и-тің өміршеңдік циклі деп аталатын өзінің өміршеңдік кезеңі болады. Экономикалық Картография. Экономикалық Картография – картографияның экономикалық география мәселелерімен шұғылданатын саласы. Негізінен экон.-геогр. (экон. және әлеум.-экон.) карталарды, атластарды құрастырады және оларды зерттейді. Ресейде алғашқы экон.-геогр. карталар 19 ғ-дың 40-жылдарынан шығарыла бастады. Қазіргі уақытта Э. к. ғылым саласы ретінде қалыптасты. Э. к. геогр. принциптермен бірге жаңа әдістер мен құралдарды (матем.-картогр. модельдеу, автоматтандыру және бірыңғай геогр. мәліметтер қорын құру, ғарыштық түсірілім) пайдаланады. Экономикалық Категория. Экономикалық Категория – көптеген біртекті, ұқсас экономикалық құбылыстарды абстрактілі, жалпылама түрде сипаттайтын жинақтауыш ғылыми ұғым, экономикалық құбылыстар мен үдерістерді ғылыми тұрғыдан танып-білу құралы; шынайы экономикалық қатынастарды ғылыми санада көрсететін абстракция (мыс., пайдалылық, шығын, пайда, капитал, т.б.). Э. к. – экономика ғылымының тілі, осы ғылымның дамуына қарай Э. к. өзгерістерге ұшырап отырады. Мыс., әлеум.-экон. дамудың қазіргі заманғы кезеңінде саяси экономияның экон. саясатты жүргізудің теор. тұғырнамасы ретіндегі мәнін жоғалтуы өндіргіш күштер, өндірістік қатынастар, қоғамдық қажетті еңбек шығындары, т.б. Э. к. қолданудан қала бастады. Экономикалық Көрсеткіштер. Экономикалық Көрсеткіштер – экономикалық қызметтің барлық саласын талдауда, есептеуде, жоспарлауда қолданылатын сандық сипаттамалар жүйесі, яки экономикалық үдерістер мен құбылыстардың, олардың даму заңдылықтары мен үрдістерінің сандық сипаттамасы үшін пайдаланылатын абсолютті және салыстырмалы шама. Бұл салалардың әрқайсысында Э. к-дің өз жүйесі қалыптасқан, сондықтан мақсатына қарай жоспарлық көрсеткіштер, қаржылық көрсеткіштер, бухгалтерлік көрсеткіштер, статистикалық көрсеткіштер делінеді. Көрсеткіш экон. субъектінің қайсыбір қасиетінің, үдерістің немесе шешімнің санмен көрсетілген сипаттамасы ретінде айқындалады. Э. к. директивалық (басқарушылық, жоспарлық, т.б.) және есептемелік (негізінен статистик.) болуы мүмкін. Экон. үдерісті басқару тұрғысынан бірінші тектегі көрсеткіштер әрбір шаруашылық жүргізуші субъекті (немесе субъекті топтары) үшін жеке-жеке жасалған директивалық-атаулы, баршаға қатысты директив.-иесіз көрсеткіштер болуы мүмкін. Есептік, математикалық тұрғыдан көлемдік, орташа, шектік, өсімдік (сараланбалы), индекстік көрсеткіштерге ажыратылады. Экон. мазмұнына қарай Э. к. заттық, құндық (ақшалай), еңбектік көрсеткіштер болып келеді. Э. к. абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерге бөлінеді. Бірінші жағдайда олар өнімнің көлемі сияқты шаманы (құндық немесе заттық тұлғада) немесе пайдаланылатын ресурстың, мыс., жердің көлемін сипаттайды, екіншісінде еңбек өнімділігі (бір жұмыскерге шаққандағы өнім көлемі), пайдалылық (тиімділік) қордың бір өлшеміне шаққандағы пайда, өнім өлшемінің өзіндік құны сияқты шаманы сипаттайды. Ақпаратты автоматтандырылған өңдеу теориясы мен тәжірибесінде көрсеткіште (оны қарапайым көрсеткіш деп те атайды) мынадай құрылым: сандық мән (негіздеме) және оның көрсеткіштің бірегейлендіргіші деп аталатын мазмұндық белгілерінің жиыны анықталады. Деректерді бірегейлендіргіштермен өңдеу кезінде қисындық операциялар, негіздемелермен өңдеу кезінде арифметик. операциялар жүргізіледі. Экономикалық Қатынас. Экономикалық Қатынас, Халықаралық экономикалық қатынастар – әлем елдерінің арасындағы шаруашылық байланыстар жүйесі. Э. қ-дың аса маңызды нысандары – халықар. сауда, жұмыс күшінің көші-қоны, капитал әкетілімі мен халықар. несие, халықар. валюталық (есеп айырысу) қатынастары, халықар. ғыл.-тех. және өндірістік ынтымақтастық. Бұл нысандар бір-бірімен тығыз байланысты және өзар іс-қимылда болады. Халықар. сауда Э. қ-дың жетекші нысаны болып табылады. Экономикалық Қызмет. Экономикалық Қызмет – адамның экономикалық игіліктерді өндіру және қызметтер көрсету жөніндегі саналы қызметі. Негізгі, көмекші және жанама қызметті қамтиды. Кәсіпорынның негізгі қызметіне оның жалпы қосылған құнында көп үлес салмақ алатын өнімдерді өндіру және қызметтерді көрсету жатады. Жанама қызметке негізгі өнімдермен қатар басқа өнімдерді өндіру және қызметтерді көрсету жатады. Көмекші қызметке кәсіпорынның бейөндірістік көмекші бөлімшелерінің қызметі (көлік, қойма шаруашылығы, жабдықты жөндеу, кадрлар даярлау және қайта даярлау, еңбек қорғау, т.б.) жатады. Э. к. жасау жолындағы әрекеттерге нақты тауарларды өндіру мен қызметтер көрсету үшін ресурстар (жабдық, жұмыс күші, технологиялар, шикізат, материалдар) жұмылдырылғанда ғана қол жеткізіледі. Экономиканы сипаттау мақсаттары үшін Э. қ. түрлерінің жіктелу құрылымын жасаған жөн, бұл жіктелімде қандай да болсын салада жүзеге асырылатын қызметтің барлық түрлері қамтылуға тиіс. Бұл орайда Э. қ. түрлерінің топтамалары атаулары бойынша осы түрлерге тән саланы құрайтын кәсіпорындардың топтамаларына сай келеді. Аталмыш тұрғыдан алғанда сала Э. қ-тің алуан түрлерінің жиыны болып табылады. Экономикалық Мүдде. Экономикалық Мүдде – шаруашылықты жүргізуші субъектілер арасындағы олардың әрқайсысына тән экономикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру жөніндегі әлеуметтік-экономикалық қатынастар жүйесін іске асырудың тәжірибелік нысаны. Адамдардың шаруашылық қызметіне түрткі болатын себептер олардың меншік қатынастары мен қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесіндегі орнына және экон. қажетсінулерге байланысты болады. Нарықтық экономика жағдайында экон. қызметтің басты уәжі – өзіне пайда алуға ұмтылыс. Осы ұмтылыс – әрбір нарықтық субъектінің ажырағысыз құқығы әрі сонымен бірге қоғамдық ұдайы өндіріске қатысушылардың өзінен-өзі келісілген қызметінің басты серпіні. Жеке экон. пайдаға қол жеткізу – қарама-қайшы құбылыс. Оның нәтижесі нарықтық қатынас субъектілерінің Э. м-нің қақтығысы болып табылады. Тауар өндіруші (сатушы) мен тұтынушы (сатып алушы) нарықта өзара байланысты, бірақ олардың Э. м-сі қарама-қайшы: сатушы өз тауарын қымбатқа сатқысы келеді, сатып алушы оны арзанға алғысы келеді. Екеуі де өз бағасын ұсынып, ымыраға келгенде ғана мәміле жасалады. Оларды келісілген шешімге келуге нарықтық экономиканың аса қуатты және ажырағысыз тетігі – бәсеке көндіреді. Нарықтық бәсеке тауар өндірушілерді тауарға жұмсалатын шығын мен оның бағасын төмендетуге мәжбүр етеді. Мұның бәрі жалпы қоғамның әлеум.-экон. мүдделеріне сай келеді. Демек, жеке Э. м-нің бірлігі мен қарама-қайшылығы, олардың жүйелік өзара іс-қимылы сайып келгенде жасампаздық сипатта болады. Қоғамның экон. мүдделері жүйесінде мүдделерді келістіру мемлекеттің және оның арнаулы ұйымдарының атқарымына жатады. Олардың қолында осы ке¬лістіруді іске асыратын құралдар мен әдістер бар. Экономикалық Операция. Экономикалық Операция – экономикалық бірліктердің активтері мен пас¬сивтері ауыстырылатын мәміле. Ұлттық шоттар жүйесінде ол екі жақты (екі немесе одан көп экон. агенттер қатысатын) және бір жақты (бір экон. агент шегінде жүзеге асырылатын) операцияларға бөлінеді. Жүзеге асырылу сипатына қарай өтемақылы негіздегі операцияларға (мұнда игіліктердің, көрсетілетін қызметтердің немесе ақшаның ағыны олардың қарсы ағынын туғызады) және трансферттерге бөлінеді. Мәміленің объектісіне қарай материалдық игіліктермен және қызмет көрсетумен жасалатын операцияларға (экономикада материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау және пайдалану, қызметтер көрсету), бөлу операцияларына (жалпы қосылған құнның, экономикадағы ұлттық табыстың бөлінуі мен қайта бөлінуін көрсетеді) және қаржы операцияларына (валютамен, алтынмен, қаржы құралдарымен жасалатын операцияларды қамтиды) ажыратылады. Экономикалық Пайда. Экономикалық Пайда – фирманың белгілі бір кезеңдегі жиынтық табысының және иеленуші капиталын бөлудің баламалы шығыны мен жиынтық шығынының арасындағы айырма. Э. п-ны тек табыстың және нақты шығын мен өтемпұлдық (амортизац.) аударымды қамтитын меншікті шығынның арасындағы айырма түрінде есептелетін нақты пайдадан ажырата білу керек. Теріс Э. п. жағдайында фирманың нарықтан кеткені жөн. Барлық фирмалардың Э. п-сының тепе-теңдігі жағдайында ол нөлге теңеледі, бірақ бұл үрдіс фирманың салада тиімді жұмыс істемейтінін, әйтпесе, саланың өзі бәсекелі екенін көрсетеді. Меншікті тех. патенттері бар немесе басқа шығындармен салыстырғанда неғұрлым төмен шығынмен өнім шығаруға мүмкіндік беретін өзге де артықшылықтары бар фирмалар ғана қысқа мерзімді кезеңде жоғары Э. п. алады. Экономикалық Рента. Экономикалық Рента – 1) өндіріс факторын өндірістік үдеріске тартуға және онда қосымша күш-жігер жұмсамай-ақ кәсіпкерлік қызметті ұстауға жетерліктей болуы үшін артық төлеу; 2) өндіріс факторынан алынатын табыс пен қызмет көрсетудің осы көлемін сол фактордың қамтамасыз етуі үшін қажетті ең төменгі сома арасындағы айырма. Э. р-ның экон.-теор. ұғымын сақтандыру рентасы, мемл. рента, сондай-ақ көбінесе рента деп аталып жүрген жер үшін жалдау ақысы тұрпатындағы қаржы-шаруашылық ұғымдармен шатыстыруға болмайды. Э. р-ның түрлері: таза экономикалық рента: фактордың сапасына қарамай, тек оның шектеулілігі себепті алынады, ұзақ уақыттық кезеңде мұндай факторды ұсыну икемсіз – мыс., жер осындай; сараланбалы рента: ресурстың сапасымен байланысты (а. ш-нда – жер телімдерінің өнімділігімен байланысты); инфрамаржиналдық рента: басқалардан гөрі рента алушыда баламалы шығынның аз болуымен байланысты. Экономикалық Ресурстар. Экономикалық Ресурстар – өндірісті қамтамасыз ету көздері, құралдары деген мағынаны білдіретін іргелі экономикалық теория ұғымы. Олардың мынадай түрлері бар: табиғат (шикізат, геофиз.), еңбек (адам капиталы), айналым құралдары (материалдар), ақпараттық, қаржы (ақша капиталы) ресурстары. Экономикалық Саясат. Экономикалық Саясат – мемлекеттің экономикалық іс-шараларының жүйесі, яғни мемлекет, үкімет жүргізетін іс-қимылдардың, экономиканы басқару саласындағы шаралар жүйесі, елдің мақсаттарына, міндеттеріне, мүдделеріне сәйкес экономикалық үдерістерге белгілі бір бағыттылық беру. Э. с-тың мақсаттары мен құралдары қоғамдық құрылыстың сипатымен, елдің дамуының ішкі және халықар. жағдайларымен айқындалады. Э. с. құрылымдық, инвестиц., қаржы-несие, әлеум., сыртқы экон., ғыл.-тех., салық, бюджет саясатын қамтиды. Э. с-тың пайда болуы алғашқы мемлекеттердің қа-лыптасуымен байланысты болды. Ежелгі және орта ғасырларда Э. с. әдетте салықтар алумен, ақша, айналыс және жер қатынастарын реттеумен шектелді. Капиталдың бастапқы қорлануы кезеңінде Э. с-қа капит. мануфактуралардың құрылуына және сауданың дамуына септігін тигізген меркантилизм мен проекционизм тән болды, ал өнеркәсіптік буржуазияның өсуіне қарай еркін кәсіпкерлік саясат пен фридредерлік барған сайын үлкен рөл атқара бастады. Қазіргі заманғы монополистік капитализмге мемлекеттің экон. рөлінің күшеюі сияқты Э. с. белгілері тән: мемлекет ұдайы өндіріске белсене араласады, халық ш-ндағы секторды дамытады, экономиканы бағдармалайды, дағдарысқа, инфляцияға қарсы шараларды жүзеге асырады, фирмалардың, соның ішінде халықар. монополистік ұйымдардың сыртқы экон. қызметін реттейді. Э. с-тың нысандары мен әдістері көбінесе экономиканың жай-күйіне, нарықтық экономиканың ұдайы өндіріс үдерісін мемл. реттеумен ұштастырылуына байланысты. Экономикаға оны жанама түрде реттеудің кейнстік теориясына негізделген мемл. ықпал ету идеялары мемлекет тиісті салық және несие-қаржы саясатын жүргізе отырып, қор жинауға бейім шаруашылық жүргізуші субъектінің психологиясын ықпал ете алады, қоғамның тиімді жиынтық сұранымына ынталандыра алады, сол арқылы нарықты реттеп, бағыттай алады, экон. өрлеуді жеделдете алады, халықтың жұмыспен қамтылуы деңгейі мен оның әлеум. әл-ауқатын арттыра алады дегенге саяды. 1929 – 33 ж. Ұлы тоқырау кезеңінде АҚШ Президенті Ф. Рузвельт кейнстік идеялар тұрғысынан Э. с. жүргізді, бұл саясат “жаңа бағыт” “жаңа бағыт” деп аталды. Соғыстан кейінгі жылдары көптеген елдер жаңа дағдарысқа қарсы шараларды әзірлеу, соғыс қиратқан шаруашылықты қалпына келтіру және өрге бастыру кезінде де осы кейнстік қағидаларды басшылыққа алды. Алайда 1950 – 60-жылдардан бастап Э. с-та неолибералдық монетаристік доктриналардың ықпалы белең алды. Мұнда нарықтық шаруашылыққа ерекше орын берілді, мұның өзі экономика мемлекеттің араласуын қажет етпейді деген идеяға алып келді. Кейнсшілдікке қарама-қарсы қағида болып табылатын монетаризм теориясына сәйкес сұранымды ынталандыру жөніндегі Э. с. шаралары экономиканың жағдайын жақсартпайды, қайта үйлесімсіздік туғызады, жағдаятты нашарлатады, өйткені “теңдестіруші” нарықтық тетіктердің әрекетіне кедергі жасайды. Монетаристер тиімді жиынтық сұраным қағидатын емес, ұсыным қағидатын, кәсіпкерлік қызметті мемл. реттеудің күшін жоюды бірінші орынға қойды. Олар кәсіпкерлерден алынатын салықты азайтуды, бюджет тапшылығын төмендетуді, бағаның құралуын ырықтандыруды, ақша шығарылымын шектеуді, сондай-ақ әлеум. мұқтаждарға жұмсалатын шығынды азайтуды жақтады. Олардың пайымдауынша, мемлекеттің Э. с-ның атқарымы ақша шығарылымын және несиелендіруді реттеумен шектелуге тиіс. Монетаризм идеясы бірқатар елдерде: Ұлыбританияда (тэтчеризм), АҚШ-та (рейгономика), Чилиде, Израильде, Ресейде жүргізілген Э. с-та көрініс тапты. Экономиканы басқарудың әкімшілдік-әміршілдік жүйесі қираған, өтпелі экономикасы бар, қазіргі заманғы нарықтық тетіктері әлі қалыптаса қоймаған бұрынғы соц. елдерде Э. с-тың өздеріне тән ерекшеліктері болды. Қазақстанның Э. с-ы нарықтық қатынастарды батыл енгізе отырып, мемлекеттің рөлін арттыруға, барлық деңгейде экономиканың басқарылуын қалпына келтіруге негізделді. Экон. реформаларды жүзеге асыру барысында әлемдік тәжірибе ескерілді, экономиканы нарықтың өзін-өзі реттеуі мен мемл. реттеудің өркениеттік тетіктері оңтайлы түрде ұштастырылды. Нәтижесінде Қазақстанның Э. с. ТМД елдерінің ішінде алғашқылардың бірі болып өтпелі кезеңдегі экономиканың дағдарысын еңсеріп, экономиканың қарқынды өрлеуі жолына түсті, қоғам дамуының толғағы жеткен міндеттерін дәйектілікпен шеше бастады. Экономикалық Талдау. Экономикалық Талдау – экономика дамуының жай-күйі мен үрдістерін оның түрлі құрылымдары бойынша бағалау. Макродеңгей мен микродеңгейде орындалады. Біріншісі ауқым‚ қарқын‚ үйлесімділік және құрылымдық-құндық ара салмақ туралы мәселелер төңірегіне шоғырландырылады. Екіншісінде (кәсіпорын деңгейінде) шығынды‚ пайда алу үшін сатудың ықтиал көлемін талдау‚ кәсіпорын (фирма) қызметінің жекелеген бағыттары бойынша кіріс пен шығыс сметаларын жасау‚ үрдістерді талдау және солардың негізінде қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болжамдар жасау‚ ресурстар мен дайын өнімнің бағасын талдау‚ т.б. қамтылады. Экономикалық Теория. Экономикалық Теория – экономикалық жүйелерге, экономикалық дамуға, экономикалық заңдар мен заңдылықтарға ғылыми көзқарастардың жиынтығы, яғни экономикалық құбылыстар мен үдерістер туралы, шаруашылықтың жұмыс істеуі туралы, экономикалық қатынастар туралы логикаға, тарихи тәжірибеге және экономист-ғалымдардың теориялық тұжырымдамаларына негізделген теориялық түсініктер. Э. т. неғұрлым елеулі жалпы байланыстарды, нарықтық экономика мен оның басқа да тұрпаттары дамуының экон. үдерістеріне тән қажетті себептік байланыстарды зерттейді. Өндіріс пен бөлу тәсілдерінің дамуын, еңбек нәтижелерінің пайдаланылу бағытын, меншік қатынастарын зерделейді. Экон.-өндірістік қатынастардың теор. тұжырымы экон. категориялар (қоғамдық еңбек бөлінісі, тауар, ақша, капитал, ұлттық байлық, т.б.) арқылы жасалады. Экономикалық Үлгілер. Экономикалық Үлгілер – зерделенетін жүйелердің түрлі элементтері арасындағы логикалық және сандық тәуелділіктерді анықтау үшін экономикалық үдерістерді‚ құбылыстар мен міндеттерді математикалық құралдармен сипаттау. Экон. үдерістердің сапалық заңдылықтарына және экон. құрылым элементтерінің арасындағы тәуелділіктерге сандық айқындылық беруге мүмкіндік туғызады. Үлгінің сипаттары бойынша объектінің барлық сипаты туралы емес‚ тек үлгіде де‚ объектіде де ұқсас сипаттары туралы пайымдауға болады‚ мұндай сипаттарды елеулі сипаттар деп атайды. Объектінің сәттік жай-күйі сипатталатын Э. ү. статикалық Э. ү.‚ объектінің дамуы көрсетілетін болса‚ серпінді Э. ү. деп аталады. Үлгілер сандық‚ талдамалы‚ матрицалық (кестелер нысанында) және торлық (торлы кестелер) үлгі түрлеріне бөлінеді. Э. ү-ді үлкен екі топқа бөлуге болады: басым түрде жоспардың өндірістік аспектісін көрсететін үлгілер және дамудың әлеуметтік аспектілерін көрсететін үлгілер. Экономикалық Ық¬Палшаралар. Экономикалық Ық¬Палшаралар, Экономикалық санкциялар – қаржы-шаруашылық қызметінде бұр¬малаушылыққа жол берген, сол арқылы өзінің серіктестеріне және мемлекетке зиян келтірген кәсіпорындарға (ұйымдарға) қолданылатын күштеп ықпал жасау шаралары. Экономикалық Цикл. Экономикалық Цикл – нарықтық экономиканың бір дағдарыстан екінші дағдарысқа жылжу кезеңі; ол іскерлік белсенділіктің (өндіріс көлемінің, табыс және жұмыспен қамтылу деңгейінінің, қаржы және сауда қызметінің) ауытқуымен сипатталады. Кезеңділік нарықтық экономиканың өзін-өзі реттеу тетігі болып табылады. Экономиканың Долларлануы. Экономиканың Долларлануы – ұлттық валютадан долларға (басқа да шетелдік валютаға) “безіну” (“қашу”); капиталдың шекарадан өтпей “безінуінің” бір түрі. Э. д. елде қалыптасқан түрлі объективтік және субъективтік себептерге байланысты туындайды. Негізгі факторлары: елдегі саяси және экон, жағдайдың тұрақсыздығы; дүрбелеңдер қатерінің төнуі; валюта бағамының ауытқымалылығы; инфляция; өтімді тауарлармен жеткілікті қамтамасыз етілмеген ұлттық валютаның әлжуаздығы; халықтың өз валютасына сенімсіздігі. Э. д. халықтың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз капиталының табысын көбейту, оны қатерден қорғау, неғұрлым сенімді де пайдалы орналастыру, инвестициялау мақсатымен долларды, өзге де шетелдік валюталарды сатып алу нысанында жүзеге асырылады. Доллардың ішкі шаруашылыққа және ақша айналымына енуін бағалау қиын. Өйткені бұл шетелдік валюталардың тасқыны көбінесе заңсыз сипатта болып, көлеңкелі экономикаға қызмет көрсетеді, ресми статистикада көрсетілмейді. Халық пен шаруашылық жүргізуші субъектілер табысының валюталық операциялар аясына ауысуы инвестиц. үдеріске, экон. өрлеуге салқынын тигізеді, салық түсімін азайтып, мемл. бюджетке зиян келтіреді. Елдің ақша-несие және қаржы жүйесін қожыратады, ұлттық валютаға деген сұранымды ығыстырып, инфляц. факторды туғызады, жергілікті халықтың өз валютасына деген сенімсіздігін күшейтеді. Э. д. салдарынан ақшалай қорланым экономиканың нақты секторына жұмсау үшін пайдаланылмайды. Долларды сатып алу шын мәнінде АҚШ-қа несие беру деген сөз. Э. д-н еңсеру үшін экономиканы сауықтырудың кезең-кезеңдік бағдарламасын іске асыру, инфляция мен валюталық бағамды тиімді реттеу, мемлекеттілікті және қаржы-банк жүйесін нығайту, халықтың ұлттық валютаға деген сенімін қалпына келтіру, теңгелей салымдар және ақшалай қорланымды ұлттық экономикаға салу үшін пайдалану бойынша кепілдіктер беру қажет. Әлемдік практикада долларланудан арылу мақсатында экономиканы реттеудің нарықтық әдістері де, мемл. әдістері де қолданылады. Экономика Секторы. Экономика Секторы – экономикалық мақсаттары, атқарымы, қылығы ұқсас институттық резидент-бірліктердің жиынтығы. Э. с. экон. жүйенің мына белгілері бойынша құрылымданады: меншік нысаны бойынша – мемл. муниципалдық, жекеше Э. с.; өндірістің көлемі бойынша – ірі (корпоративтік), орта және шағын Э. с.; инвестиц. қызметтің бағытталуы бойынша – нақты, қаржылық Э. с.; салалар бойынша – өнеркәсіптік, банкілік, тұрғын үй-коммуналдық, т.б. Мемл. Э. с. – жер, жер қойнауы, орман және басқа табиғи ресурстар, мемл. меншіктегі зияткерлік меншік нысандары мен оған берілген құқықтар; шаруашылықты жүргізу немесе оралымды басқару құқығына негізделген мемл. біртұтас кәсіпорындарға, мемл. мекемелерге бекітіліп берілген мемл. мүлік, елдің мемл. қазынасы, сондай-ақ мемлекеттің коммерц. ұйымдарға қатысуынан туындайтын мүліктік құқықтары жатады. Мемл. Э. с-ның дамуын мемл. кәсіпорындар өндірісі көлемінің жалпы ұлттық өнімнің жалпы көлеміндегі үлесі сияқты көрсеткіш айқындайды. Бейкорпоративтік Э. с. – бейкорпоративтік (яғни акцион. қоғамдарға жатпайтын) кәсіпорындар секторы – жеке сектор, шағын бизнес, т.б.; халық ш-нда кәсіпорындарды топтастыруда (“меншік нысаны” өлшемі бойынша) пайданылады. Жеке меншік Э. с. – жеке тұлғалардың меншігіндегі бизнес. Э. с-дың бұл түрі кәсіпкердің жеке және мүліктік жауапкершілігіне, шаруашылықты жүргізудің неғұрлым күрделі жағдайларына орай кәсіпкерлік қабілетті ашуға көбірек бағдарланған. Жеке меншік Э. с-нда ұйымдар негізгі үш нысан: жеке дара иелену, серіктес және корпорация нысандары бойынша бөлінеді. Экоцид. Экоцид (грек. oіkos – үй, отан, латын. caedere – өлтіру, сөзбе-сөз – руды, тайпаны қырып-жою) – әлемге, адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыс. Өсімдіктер немесе жануарлар әлемін жаппай қырып-жою, атмосфераны немесе су ресурстарын улау, сондай-ақ экол. апатқа ұшырататын басқа да әрекеттер жасау. Эльзас. Эльзас (Alsace) – Шығыс Франциядағы, Рейн өзені алабындағы тарихи аймақ. Аум. 8,2 мың км2. Құрамында Төм. және Жоғ. Рейн департаменттері бар. Халқы 1,5 млн-нан астам (2003), этн. құрамы негізінен эльзастықтардан тұрады. Негізгі қаласы – Страсбург порты. Э. – маңызды өнеркәсіптік – а. ш-ты аудан. Еңбекке жарамды халқының басым бөлігі өнеркәсіп саласында жұмыс істейді. Калий тұздары өндіріледі. Рейн өз-нде СЭС орналасқан. Өнеркәсібінің негізгі салалары – машина жасау, металл өңдеу, тоқыма. Машина жасаудың маңызды орт-тары – Страсбур мен Мюлуз, тоқыма өнеркәсібінің орт-тары – Страсбур мен Кольмар қалалары. Мұнай өңдеу, тағам (сыра, жүзім шараптарын шығару, ұн, ірімшік), темекі, ағаш кесу мен қағаз, шыны, тігін кәсіпорындары жұмыс істейді. А. ш. өнімдерінің жартысынан астамын мал ш. (сүтті ірі қара, шошқа, құс өсіру) береді. Бидай, қара бидай, картоп, қант қызылшасы, темекі, мал азықтық дақылдар, Вогез тауларының етегінде жүзім өсіріледі. Э. жөніндегі алғашқы деректер 7 ғ-дағы жазба ескерткіштерде кездеседі. 7 ғ-дың соңы – 8 ғ-дың 1-жартысында герцогтік, одан кейін Каролингтер мемлекетінің құрамында – графтық болды. 870 ж. Э. Лотарингияның шығыс бөлігінің құрамында Шығыс Франк корольдігінің қарамағына өтті. Аймақтық Италиядан Германия мен Францияға қарай өтетін сауда жолдарында орналасуы 12 ғ-да оның қалаларының экон. және саяси жағынан дамуына жағдай жасады. Қалалардың көпшілігі өзін-өзі басақаруға қол жеткізді, кейбіреулері империялық мәртебеге ие болды. 13 – 14 ғ-ларда шұға тоқу, шарап жасау дамыды. 15 – 16 ғ-ларда Э. реформация мен гуманизмнің маңызды орт. болып, Страсбургте кітап басып шығару ісі тез дами бастады. 15 ғ-дың соңы – 16 ғ-дың бас кезінде Э-ты шаруалар мен қала кедейлерінің қозғалысы шарпыды. 1648 ж. Вестфаль бітімі бойынша Э. Францияға қарады, бірақ империялық қалалар Қасиетті Рим империясы қарамағында қалып қойды. 1673 ж. француз королі Людовик XІV Э-тың 10 қаласын, ал 1681 ж. Страсбургты басып алды. Рисвик бітімі бойынша (1697) Страсбург пен басқа да эльзастық жерлер Францияға бекітілді. 1871 ж. Франкфурт бітіміне сай Франциядан тартып алынған Э. пен Шығыс Лотарингия Германияға қосылып, Эльзас-Лотарингия жерін құрады. Бұл жер 1919 жылғы Версаль бейбіт келісімі бойынша Францияға қайтарылып берілді. 1940 – 45 ж. Э. пен Лотарингияны фаш. Германия басып алды. Фаш. Германия талқандалғаннан кейін Э. біржолата Францияға қайтарылды. Эльтон. Эльтон – Каспий ойпатының солт. бөлігіндегі тұнба тұзды тұйық көл, Ресей жерінде. Ауд. 152 – 200 км2 (су деңгейінің ауытқып отырауына байланысты). Көл мұхит деңгейінен 18 м төменде орналасқан. Түбіне құрамы күкіртті сутекті ас тұзының және минералды саздың қалың тұнбасы шөккен. Тұнбаның жоғ. қабатында NaCl, KCl, CaSO4, MgCl2 басым. Э-ға тұзды өзендер құяды. Тұз өндіріледі. Көл өңірінде минералды бұлақтар бар. Атырабында Эльтон курорты салынған. Эмаль. Эмаль (франц. emaіl, франкіше smeltan – балқыту, еріту) – бұйымның бетіне электрхим. тәсілмен жалатылатын берік шыны қабат. Ол оңай балқитын түрлі түсті арнаулы шыныға әр түрлі пигменттер мен қосымша заттарды (марганецтің қос тотығы, кобальттің не никельдің шала тотығы, криолит, сүрменің үш тотығы, т.б.) қосу арқылы дайындалады. Э. мөлдір және мөлдір емес болып ажыратылады, түрлі түсті болып келеді. Керамик. және шыны бұйымдардың бетіндегі глазурь де “Э.” деп аталады. Э. қабаты беріктілігімен, ыстыққа, коррозияға төзімділігімен, т.б. бағалы қасиеттерімен ерекшеленеді. Сондықтан Э. металл ыдыстардың, тұрмыстық тоңазытқыштардың, зергерлік бұйымдардың, т.б. бетіне жағу үшін кеңінен қолданылады. Эман. Эман (лат. еmano – өтемін, тараламын) – радиоактивті заттар концентрациясының жүйеден тыс бірлігі. 1Э.=10–10 кюри/л=3700 сек–1Һм–3. Э. тәжірибеде сирек қолданылатын өлшеу бірлігіне жатады. Эмансипация. Эмансипация (лат. emancіpatіon) – 1) тәуелділіктен, бағыныштылықтан, езілуден, соқыр сенімнен босату, арылту; 2) азаматтық құқықта – кәмелеттік жасқа толмаған жас өспірімді толық әрекет қабілеттілігі бар деп тану. Егер 16 жасқа толған азамат еңбек шарты негізінде немесе ата-анасының, бала қылып алушысының келісімімен жұмыс істейтін болса, онда оны қорғаушы және қамқоршы органдардың шешімімен толық әрекет қабілеттілігі бар деп тануға болады. Э. ата-аналарының, бала қылып алушылардың келісімімен жүргізіледі, ал олар болмаған жағдайда соттың келісімі керек болады. Эмбарго. Эмбарго (испан. embargo – тыйым) – халықаралық құ-қықта бастапқыда мемлекеттік биліктің өз елінің порттарынан басқа елдер кемелерінің немесе өз кемелерінің шығуына тыйым салуы; кейіннен елге басқа елдер тарапынан импортқа немесе өз елінен экспортқа тыйым салуы. Э. соғыс уақытында да, бейбіт уақытта да енгізілуі мүмкін. Бейбіт уақытта Э. басқа елдерге ықпал ету шарасы ретінде немесе экон. қысым жасау құралы ретінде қолданылады. БҰҰ Жарғысында Э-ны халықар. қауіпсіздікке қатер төндіретін мемлекеттерге қарсы ұжымдық қуғындау шарасы ретінде белгілеу мүмкіндігі қарастырылған. Эмблема. Эмблема (грек. emblema – дөңес әшекей) – қайсыбір ұғымның, идеяның, бейненің, т.б. шартты немесе символикалық суреті. Эмболотерий. Эмболотерий (Embolotherіum) – бронтотерий тұқымдасына жататын сүтқоректі. Э. эоценнің соңы – олигоценнің басында бұдан шамамен 30 – 35 млн. жыл бұрын тіршілік еткен. Ірі жануар, денесінің ұз. 4 м-дей, биікті. 2 м-дей болған. Бір ерекшелігі – жалпақ тұмсық сүйегі мүйізге ұқсап, жоғары сорайып шығып тұрған. Мүйіздері болмаған немесе өте кішкентай, көз шарасының жоғ. жағында орналасқан. Тұмсығының жоғары қарай созылуы, олардың көбінесе суда тіршілік ететіндігін көрсетеді. Э-лер су өсімдіктерімен қоректену үшін басын суға батырғанда, су бетіне шығып тұрған ұзын тұмсығының ұшында орналасқан танау тесіктері арқылы дем алған. Олардың денелеріне сай сүйектері де жуан әрі қысқа болған (әсіресе аяқ сүйектері). Денесінің ірі болуына байланысты баяу қозғалып, батпақты, көлді жерлерде тіршілік еткен. Соңғы жылдары америка палеонтологтарымен бірге жүргізген қазба жұмыстарының нәтижесінде Алматыдан 200 км солт.-шығысқа қарай орналасқан Ақтау палеонтологиялық қазба орнынан Э. туыс тармағына жататын жаңа бір түр табылып, зерттелді. Оған Aktautіtan hіppopotamopus деген ат беріліп, 2004 ж. “Amerіcan Museum Novіtates” журналында жарық көрді. Бұл жануардың үш бас сүйегі мен қаңқа сүйектері және тасқа түскен іздері табылды. Олар Алматыдағы Зоология ғыл.-зерт. ин-тында сақтаулы тұр. Эмбриология. Эмбриология (ұрық және грек. logos – ілім) – жыныс клеткаларының қалыптасуын, дамуын, құрылысын, ұрықтануды, ұрықтың пайда болуын және оның эмбрионалдық дамуының негізгі кезеңдерін зерттейтін биологиялық ғы-лым; қ. Ұрықтың дамуы, Жануарлар, Өсімдіктер эмбриологиясы. Эмигрант. Эмигрант (лат. emіgrans – қоныс аударушы) – экономикалық, саяси, діни себептер немесе басқа да себептер бойынша өз елінен басқа елге ерікті түрде немесе мәжбүрлі жағдайда қоныс аударушы. Эмиграция. Эмиграция (лат. emіgzaze – елден кету деген мағынаны білдіреді) – өз еліңдегі тұрғылықты мекенін бөтен елдегі тұрғылықты жерге айырбастау. Адамдардың Э-ға кетуінің түрлі себептері бар. Соғыстар, этн. қайшылықтар, экон. дағдарыс, экол. техногендік апаттар, революциялар мен радикалды өзгерістер Э. себебі болуы ықтимал. Мыс.: Қазақстандағы зорлықпен ұжымдастыру және сталиндік қуғын-сүргін саясаты салдарынан 2 млн-нан астам қазақ қырылса, 1,5 млн-нан астамы еріксіз эмигрант болды. Кеңес үкіметі бос қалған қазақ жеріне Ресейдің ішкі аймақтарынан халықты миграцияға тартты. Бір мемлекеттің шеңберіндегі халықтың көшіп-қонуы миграция болса, халықар. және мемлекетаралық көшіп-қонуы Э. болып саналады. Әлемдік саяси тарихта Э-ның өрістеуі 19 ғ-дың 2-жартысы мен 20 ғ-дың 1-жартысын қамтиды. Атап айтқанда, 1- және 2-дүниежүз. соғыстар салдарынан 100 млн-нан астам адам ата-мекендерін тастап, басқа мемлекеттерге көшуге мәжбүр болды. Сонымен қатар осы кезеңде Еуропа халықтарының Солт. Америка құрлығына жер іздеп, байлық пен алтын іздеп Э-лануына 35 млн-ға жуық адам қатысты. Әлем тарихында мұндай құбылыстарды “халықтардың ұлы көші-қоны” деп те атайды. Эмиссар. Эмиссар (лат. emіssarіus – жаушы, елші) – мемлекеттің немесе жеке ұйымның шет мемлекетте түрлі тапсырмаларды (көбінесе құпия тапсырмаларды) орындаушы арнаулы өкілі (кейде қайсыбір тұлғаның жеке өкілі). Э-дың міндеті, әдетте, бейресми сипатта болады. Эмиссия. Эмиссия (лат. emіssіo – шығарылым) – барлық нысандағы бағалы қағаздарды‚ ақша белгілерін‚ банк және қазынашылық билеттерін айналысқа шығару. Қолма-қол ақша және банк Э-сын эмиссиялық банк (ұлттық‚ орт. банк) жүзеге асырады; депозиттік чек Э-сын коммерц. банктер атқарады; бағалы қағаздар Э-сын мемлекет‚ акцион. қоғамдар орындайды. Ақша Э-сы тек ақша белгілерін басып шығару ғана емес‚ сонымен бірге айналыстағы нақты және қолда жоқ ақшаның санын көбейту деген сөз. Мемлекет аумағында қолма-қол ақша белгілерін айналысқа шығару және оны айналыстан алу жөніндегі айрықша құқық Ұлттық банкке тиесілі. Оған қолма-қол ақшаға жеткілікті қажеттілікті қамтамасыз ету‚ коммерц. банктерде қолма-қол ақшамен жұмыс істеу тәртібін белгілеу міндеті жүктелген. Коммерц. банктерде қолма-қол ақшаның меншікті түсімдері мен қалдықтары жеткіліксіз болған жағдайда‚ оның операц. кассалары Ұлттық банктің ақшасы есебінен толықтырылады‚ ол қажет болған жағдайда қосымша ақша шығарады. Егер қолма-қол ақшаға қажеттілік төмендесе‚ оның артығы айналыстан алынады. Ұлттық банкке сондай-ақ банктердің және басқа несие мекемелерінің депозиттік және несие операцияларын бақылау жолымен қолма-қол ақшасыз (несиелік) Э-ны реттеу де тапсырылған. Сондай-ақ Э. мынадай түрлерге де бөлінеді: қазынашылық Э. – қазынашылық немесе басқа да мемл. қаржы органдарының айналысқа қағаз ақша шығаруы; айырбасталымды Э. – мерзімі өтіп бара жатқан қарызды алмастыру үшін облигациялар шығару немесе айырбасталымды облигацияларды айырбастау үшін акциялар шығару; шектелімді Э. – белгілі бір шектермен немесе шарттармен шектелетін несие билеттерін немесе қағаз ақша шығару; фидуциарлық Э. – алтынмен қамтамасыз етілмеген ақша Э-сы. Эмиссиялық Бағалы Қағаз. Эмиссиялық Бағалы Қағаз – бір эмиссия шегінде бір тектес белгілер мен деректемелерге ие болатын, осы мақсатқа арналған бірыңғай ережелер негізінде орналастырылатын және айналысқа түсетін бағалы қағаз. Бір мезгілде мынадай белгілерімен сипатталады: куәландыруға, кеңшілік беруге және “Бағалы қағаздар нарығы туралы” ҚР Заңында (2003) белгіленген нысандар мен тәртіпті сақтай отырып, сөзсіз жүзеге асырылуға жататын мүліктік және беймүліктік құқықтардың жиынтығын бекітеді. Шығарылым түрінде орналастырылады, бағалы қағаздың сатып алынған уақытына қарамастан бір шығарылым ішінде құқықтың тең көлемі мен жүзеге асырылу мерзімі болады. Э. б. қ. құжаттамалық шығарылым нысанындағы атаулы бағалы қағаздар (атаулы құжаттамалық бағалы қағаздар), шығарылымы құ-жаттамасыз нысандағы атаулы бағалы қағаздар (атаулы құ-жаттамалық бағалы қағаздар), шығарылымы құжаттамалық нысандағы ұсынушыға арналған бағалы қағаздар (ұсынушыға арналған құжаттамалық бағалы қағаздар) нысандарының бірінде шығарылады. Эмитент таңдаған бағалы қағаздар нысаны оның құрылтайшылық құжаттарында немесе эмиссиялық бағалы қағаздар шығару туралы шешімде және эмиссия аңдатпасында бір мәнде айқындалуға тиіс. Бұл талаптардың орындалмауы бағалы қағаздар шығарылымын тіркеуден бас тарту үшін негіз болады. Эмитент. Эмитент (лат. emіttens – шығарушы), Ақша шығарушы – 1) несие карточкаларын (пластикалық) қосқанда ақшаны‚ облигацияларды‚ акцияларды‚ т.б. бағалы қағаздар мен құжаттарды эмиссиялау (шығару және айналысқа жіберу) құқығы белгіленген тәртіппен‚ белгілі бір шарттармен берілген мемлекеттік орган‚ жергілікті өзін-өзі басқару органы‚ заңды тұлға немесе заңды тұлғалар тобы. Әрбір Э. тек өзіне рұқсат етілген төлем құралдары мен бағалы қағаздар эмиссиясын ғана жүзеге асыра алады. Ақша мен бағалы қағаздардың иеленушілері алдында өздеріне бекітіліп берілген құқықтарды жүзеге асыру жөнінде өз атынан міндеттеме алады. Тек Ұлттық (орт.) банкінің ғана жоғары мемл. өкімет органдары белгілеген сома шегінде нақты ақша шығаруына рұқсат етілген. Облигациялар шығару шарттарын мойнына алатын мемл. қаржы органдары мемл. облигациялардың Э-і болып табылады. Облигацияларды өткізу‚ сондай-ақ оларды сатып алу жөніндегі операцияларға коммерц. банкілер тартылады. Өндірістік және коммерц. құрылымдар‚ сондай-ақ банкілер түрлі заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталын көбейту және құрау үшін) және облигацияларын (қарызға қаражат тарту үшін) шығарушы бола алады. Акциялар мен облигациялардың Э-тері оларды шығару анықтамалықтарын дайындап‚ құзыретті органда тіркелуге тиіс. Олар сондай-ақ бағалы қағаздарды таратып, орналастыру қорытындыларын да шығаруға‚ осы жайында тіркелген жерінде есептеме беруге және орналастыру қорытындылары туралы баспасөзде деректер жариялауға міндетті; 2) шоттар ашумен және оларды жүргізумен, шоттар иелерінің пайдасына төлем карталарын шығарумен байланысты қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға. Эмпатия. Эмпатия (лат. empatheіa) – өзге адамдардың жан дүниесін түсіну мен жай-күйін ұғыну қабілеттілігі. Э. адам бойында жиі кездесетін, өзіндік мән-мағынасы бар ерекше сезім. Оның айқын көрінісі – өзге адамдардың қайғы-қасіреті мен қиыншылықтарына ортақтасып, оларға жанашырлық білдіру, сол арқылы өзгенің ауыр психик. жай-күйін өз басынан кешіргендей халге түсуі. Э-ны алғаш рет АҚШ психологы Э.Титченер (1867 – 1927) зерделеді. Ол философиядағы “ұнату” сезімінің теор. негіздеріне сүйене отырып, жанашырлық сезімнің салыстыру мен ұқсату тәсілдерімен түсіндірілетін танымдық негіздерін ашып көрсетті. Сол арқылы адамның күйзеліске түсу себептерін ғыл. тұрғыда жүйелеп шықты. Эму. Эму (Dromіceіus novaehol-landіae) – қазуартәрізділер (қ. Қырсыз төсті құстар) отрядына жататын, ұшпайтын құс. Австралияның далалы және бұталы шөлді жерлерін мекендейді. Биікт. 1,8 м-дей, салм. 40 – 55 кг. Реңі ашық қоңыр, қара сұр түсті. Қауырсындары денесін біркелкі жапқан, бағыттаушы қауырсындары, құйымшақ безі жоқ. Тұмсығы тігінен жалпақ. Аяғы ұзын, үш саусақты, тырнақтарының ұзындығы бірдей. Қаңқасында бұғана сүйектің қалдығы сақталған. Кеңірдегінде дәнекер тінді өсінді болады, ол әлсін-әлсін ауаға толып, дыбыс күшейткіш қызметін атқарады. Етті қарнының бұлшық еті басқа түйеқұстармен салыстырғанда жұқа әрі қысқа. Соқырішегі нашар жетілген. Ересектерінде фабриций қапшығы (құстың ішкі секреция безінің қызметін атқаратын бітеу өскін) бар. Көбеюден басқа кезде топ құрып, кейде бірнеше ондаған құс бірігіп тіршілік етеді. Жыныстық жағынан екі жасында жетіледі. Жерге ұялайды, өлшемі 139 см болатын, қоңыр жасыл не жасыл сұр түсті 8 – 10 жұмыртқа салады. Оларды аталығы 8 аптадай шайқап, балапанын өргізеді. Балапандарының реңі сұрғылт, қара қоңыр, ұзын жолақты. Негізінен өсімдік жемісімен, тұқымымен, жәндіктермен және ұсақ жануарлармен қоректенеді. Кейде астық дақылдарымен қоректеніп, егістік алқаптарды таптап зиян да келтіреді. Көп ауланады. Қолда жақсы өседі. Кенгуру аралында (Австралияның солт. жағалауы) мекендеген үлкендігі ірі дуадақтай бір түрі – Dromіceіus mіnor толықтай жойылған. Эмульгаторлар. Эмульгаторлар, тұрақтандырғыштар – эмульсияға салыстырмалы тұрақтылық беретін заттар. Эмульсиялардың көпшілігі (өздігінен түзілетіндерінен басқасы) іс жүзінде Э. қатысуымен алынады. Э-дың түрлеріне: бейорганик. электролиттер (калий тиоцианаты), коллоидтық беттік-активті заттар (олеаттар, пропил спирті, т.б.), жоғары молекулалы қосылыстар (протеиндер, каучук, шайыр, резина, крахмал, т.б.) жатады. Табиғи Э-ға жер асты суындағы минералдық тұздар мен ұсақ дисперсті қоспалардың болуынан мұнайға тигізетін әсері арта түсетін нафтенді қышқылдар, асфальтендер және балқығыштығы жоғары парафиндерді жатқызады. Мұнай-газ өндіру ісінде Э-ды күрделі геол. жағдайларда (тау жыныстарының бұрғыланғыштығын 5 – 15%-ға арттырады) инвертті эмульсияларды тұрақтандыру үшін қолданады. Эмульсия. Эмульсия (лат. emulgere – сауу және франц. emulsіon – сүт), медицинада – сұйық түріндегі дәрілік қалыптар. Э-да суда ерімейтін сұйықтар (май, бальзам) болады, оны адамға ішу үшін, терісіне жағу үшін береді. Э-лар біркелкі қоймалжың, сыртқы түрі сүт сияқты сұйықтық түрінде болады. Э-ларды дайындау үшін шабдалы, зәйтүн, күнбағыс, үпілмәлік, т.б. өсімдіктерді, вазелин және эфир майларын, сонымен қатар балық майын, бальзамдарды және сумен араласпайтын басқа сұйықтарды қолданады. Дайын эмульсиялық дәрілік заттардың жағымсыз дәмі болады немесе ішкен кезде адамның ауыз қуысының шырышты қабатын тітіркендіреді. Э-ның құрамындағы ерімейтін ингредиенттер, оның жағымсыз дәмін шығармайды. Э-лар ұзақ сақтауға келмейтін дәрілік зат болғандықтан, оларды 3 – 4 күн ішінде пайдалану керек. Э-лар шыны ыдысқа құйылады, оған міндетті түрде: “Ішердің алдында шайқаңыз” және “Салқын жерде сақтаңыз” деген ескерту жазылады. Энаргит. Энаргит (грек. enargos – анық, айқын) – күрделі сульфидтер класына жататын минерал. Хим. формуласы: Cu3AsS4. Ромбылық сингонияда кристалданады, жеке кристалдары жапырақ, призма пішінді, минералдық агрегаттары сеппе, түйірлі масса түрінде болады. Жымдастығы жетілген, сұрғылт қара, күңгірт; тығызд. 4,3 – 4,5 г/см3, қатт. Моос шкаласы бойынша 3 – 3,5, морт сынғыш, электр тогын нашар өткізеді. Орташа темп-рада қалыптасқан кентас желілерінде, полиметалл кендерінде цирит, борнит, галенит, ковеллин, солғын кентастар, т.б. минералдармен бірге кездеседі. Э-тен мыс алынады. Эндокринология. Эндокринология (грек. endon – ішкі, krіno – бөліп шығарамын және logos – ілім) – эндокриндік бездердің құ-рылысы, қызметі, олар бөліп шығаратын өнімдер – гормондар, сондай-ақ осы бездердің қызметі бұзылуы салдарынан туатын аурулар туралы ғылым. Э. ғыл. пән ретінде 19 ғ-дың 2-жартысында қалыптасты. 20 ғ-дың бас кезінде әр бездің организмнің дамуын, тіршілік әрекетін реттеу процестерінде маңызы бар екені ашылып және олардың өзара байланысы анықтала бастады. Мұнымен қатар эндокринді органдар қызметінің үдеп не кеміп кетуінен немесе олардың өзара байланысы, т.б. ауытқуларынан пайда болатын бірқатар аурулар жөнінде мәліметтер жиналды. Э-ның бұдан кейінгі дамуы әр түрлі ішкі секреция бездері түзетін гормондарды бөліп алу бағытында жүріп, гормондық препараттарды эндокринді және бірқатар эндокринді емес ауруларды емдеуге пайдалануға мүмкіндік берді. Жануарлар эндокринді бездерінен гормондық препараттар алынды. Э-ның негізгі мәселелері ішінде жүйке жүйесі мен эндокринді жүйелердің өзара байланысын зерттеудің үлкен маңызы болды. Э. деректері зоотехния мен ветеринарияда да кең қолданыла бастады. Қазақстанда Э. саласындағы зерттеулер 20 ғ. 30-жылдардың аяғында Алматы қ-нда Респ. бұғақ ауруын емдейтін диспансер ашылғаннан кейін басталды (1972 жылға дейін жұмыс істеді). А.Н. Сызғановтың жетекшілігімен ғыл. экспедициялар ұйымдастырылып, олар Алматы обл. тұрғындарының бұғақ ауруына шалдығу дәрежесін тексерді. Республикада ауыз су, топырақ пен тағам құрамындағы йод мөлшері анықталып, республиканың бірқатар облыстарында бұғақ ауруынан, тиреотоксикоздан сақтану шаралары жүргізілді. Бұғақ пен қант диабеті эпидемиологиясы зерттеліп, кәсіби аурулар (фосфордан улану, діріл ауруы) кезінде эндокриндік бездерде туатын өзгерістер анықталды. Аяқ гангренасына ұшырататын қант диабетінің ерекшеліктері анықталып, оны емдеу әдістері ұсынылды. Қант диабетін түрлі дәрі-дәрмектермен емдеу нәтижесі айқындалды. Қалқанша без аурулары, сондай-ақ қант диабетімен бірлескен аурулар зерттелуде. Қазақстанда Э. мәселелеріне арналған жүйелі зерттеулер Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында, Қазақ ұлттық мед. ун-ті мен мед. академияларында жүргізіледі. Энергетик. Энергетик – Алматы обл. Қарасай ауд-ндағы ауыл, Үлкен Алматы ауылдық округінің құрамында. Аудан орт. Қаскелең қ-нан шығысқа қарай 38 км, округ орт. Алатау а-нан 2 км жерде орналасқан. Тұрғыны 2,0 мың адам (2006). 1964 – 97 ж. жеміс-жидек өсіретін “Алатау” кеңшары бөлімшесінің орт. болды. Оның негізінде Э-те “Рауза”, “Коорпорация ХОЗУ” ЖШС-тері құрылды. Энергетикалық Жүйе. Энергетикалық Жүйе, энергожүйе – өзара және энергия тұтынушылармен электр энергиясын жеткізу желісі арқылы жалғасқан электр ст-ларының жиынтығы (торабы). Э. ж-нің құрамына: жылу электр стансасы, атом электр стансасы, су электр стансасы, электр энергиясын жеткізу желісі; қосалқы электр ст-лары, жылу және электр желісі, жылу және электр энергиясының қабылдағыштары енеді. Тұтынушыларды электр энергиясымен Э. ж. арқылы қамтамасыз етудің жеке электр ст. арқылы қамтамасыз етуге қарағанда төмендегідей артықшылықтар бар: энергиямен қамтамасыз етудің сенімділігі артады; жергілікті энергет. қор (отын және су энергиясы) тиімді пайдаланылады; электр ст-ларының жүктемесін өзара тиімді етіп бөлу нәтижесінде электр энергиясының өзіндік құны кемиді, қуатты қондырғыларды пайдалану мүмкіндігі жасалады, резервтік қуат азаяды. Э. ж. әдетте бір орт-тан басқарылады. Бір жалпы оперативтік диспетчерлік пункттен басқарылатын бірнеше Э. ж. біріккен энергетикалық жүйе құрайды. Энергия. Энергия (грек. energeіa – әсер, әрекет) – материя қозғалысының әр түрлі формасының жалпы өлшеуіші. Материя қозғалысының әр түрлі формалары бір-біріне айналып (түрленіп) отырады. 19 ғ-дың орта шенінде осы қозғалыстың барлық формалары бір-біріне белгілі бір сандық мөлшерде ғана айтылатындығы анықталды; осы жағдай “Э.” ұғымын енгізуге, яғни қозғалыстың әр түрлі физ. формаларын бірыңғай өлшеуішпен өлшеуге мүмкіндік берді. “Э.” ұғымы сақталу заңына бағынады (қ. Энергияның сақталу заңы, Термодинамика). Э. туралы түсінік мәңгілік қозғалтқыш жасаудың мүмкін еместігін дәлелдеуге байланысты пайда болды. Жұмыстың қоршаған ортадағы немесе жүйедегі белгілі бір өзгерістің (отынның жануы, судың құлауы, т.б.) нәтижесінде ғана орындалатындығы анықталды; дененің бір күйден басқа бір күйге ауысуы кезіндегі белгілі бір жұмыс істеу қабілеті оның Э-сы деп аталды. Қозғалыстың әр түрлі формасына сәйкес Э-ның да бірнеше түрі бар (мыс., мех. Э., хим. Э., эл.-магн. Э., гравитац. Э., ядр. Э., т.б.) Физиканың даму процесінде Э. ұғымы нақтыланып әрі жалпыланып отырды. Э. туралы ілімнің дамуындағы маңызды бір кезең үздіксіз ортадағы Э. қозғалысы мен “Э. ағыны” туралы ұғымның енгізілуі болды. Э. ағыны деп Э. тығыздығы мен берілген ортадағы орын ауыстыру жылдамдығының көбейтіндісіне тең векторды айтады. Кванттық физиканың дамуы Э-ның квантталатындығы жайлы, яғни кейбір жағдайда жүйенің Э-сы тек дискретті (үздікті) мәндерді ғана қабылдайды деген фактіні дәлелдеуге мүмкіндік берді. Мұндай жағдай мыс., сәуле шығару Э-сына, микробөлшектердің тербеліс және айналу Э-сына қатысты айтылады. Салыстырмалық теориясында Э. (Е) мен масса (m) арасындағы байланыстың (Е=mс2, мұндағы с – вакуумдегі жарық жылдамдығы) ашылуы физика үшін зор маңызды болды. Бұл қатыс әмбебаб қатыс болып есептеледі. Сондықтан ол тіпті өте кішкентай микробөлшектің өзінде де әрқашан қозғалыстың белгілі бір түрі болатындығын көрсетеді. Мұндай қозғалыстың өлшеуіші mс2 өрнегі болады. Әсіресе бұл қатыстың ядр. энергетиканың дамуына байланысты іс жүзіндегі маңызы арта түсті. Э. бірліктердің халықаралық жүйесінде (СИ) джоульмен, бірліктердің СГС жүйесінде эргпен өлшенеді. Ал ядр. және атомдық физикада Э-ның өлшеу бірлігі ретінде электронвольт алынады. Энергия Деңгейлері. Энергия Деңгейлері, энергетикалық деңгейлер – кванттық механика заңдарына бағынатын кванттық жүйенің (электрондардан, протондардан, т.б. элементар бөлшектерден тұратын не атом ядросынан, атомдардан, молекулалардан, т.б. бөлшектерден құралған) стационар күйдегі энергиясының мүмкін мәндері. Байланысқан микробөлшектерден (мыс., атом ядросы, т.б) тұратын кванттық жүйенің ішкі энергиясы квантталады, яғни кванттық жүйесінің ішкі энергиясы жүйесінің орнықты күйіне сәйкес келетін белгілі бір дискретті мәндерді [Е0, Е1, Е2... (Е0<Е1<Е2...)] ғана қабылдайды. Мұндай күйлерді графиктік жолмен, әр түрлі деңгейге көтерілген дененің потенц. энергиясына ұқсас етіп, Э. д-нің диаграмасы түрінде кескіндеуге болады. Энергияның әрбір мәніне Еj (j=0,1,2..) биіктікке жүргізілген горизонталь сызық сәйкес келеді. Кванттық жүйесінің дискретті Э. д-нің жиынтығы сол жүйенің дискретті энергет. спектрін түзеді. Жүйенің мүмкін болатын ең аз энергиясына сәйкес келетін төм. деңгей (Е0) негізгі энергия деңгейі деп, ал қалған барлық Э. д. (Е1, Е2...) қозған Э. д. деп аталады. Э. д-нің арасындағы кванттық ауысулар диаграммада сол Э. д-нің арасын қосатын тік (кейде көлбеу) түзулермен, ал ауысу бағыты стрелкамен көрсетіледі (мыс., төмен бағытталған стрелка фотонның шығу процесіне, ал оған кері бағыттағы стрелка фотонның жұтылу процесіне сәйкес келеді). Әрбір энергия деңгейі өмір сүру уақытымен, яғни бөлшектің осы энергия деңгейінен одан төменірек орналасқан басқа бір кез келген энергия деңгейіне “ауысуына” кететін орташа уақыт аралығымен сипатталады. Мыс., атом ядросының Э. д-нің көпшілігінің өмір сүру уақыты 10–14 – 10–10с аралығында (ал өмір сүру уақыты бірнеше жылға созылатын Э. д. метастабильді Э. д. деп аталады) болады. Микробөлшектер кейде энергиясы бірдей бірнеше әр түрлі күйде де тұруы мүмкін. Атом энергиясы сыртқы электр не магнит өрісі әсерінен өзгереді. Мұның нәтижесінде бұрын беттескен Э. д-нің жіктеліуі де мүмкін. Суретте сутек атомы үшін Э. д-нің сұлбасы келтірілген. Онда энергия электронвольтпен (эВ) берілген. Суретте Э. д-нің дискретті жиынтығының жоғары жағына иондалған атом сәйкес келетін Э. д-нің үздіксіз жиыны орналасқан. Энергия Кванты. Энергия Кванты – күйі өзгерген микрожүйенің шығаратын не жұтатын энергиясының ең аз мөлшері. Мыс., атомның стационар күйлеріне энергияның дискретті мәндерінің белгілі бір қатары (тізбегі) сәйкес келеді. Сондықтан бір стационар күйге ауысқан кезде атом бір Э. к-н шығарады не жұтады. Шыққан не жұтылған Э. к-ның мәні атомның осы екі күйдегі энергиясы мәндерінің айырмасына тең. Энергияның Сақталу Заңы. Энергияның Сақталу Заңы, энергияның сақталу және айналу заңы – табиғаттағы кез келген материялық тұйық жүйеде өтетін барлық процестер кезінде сол жүйе энергиясының сақталатынын тұжырымдайтын жалпы заң. Энергия бұл жағдайда тек бір түрден екінші бір түрге айналады (егер материялық жүйенің қоршаған ортамен әсерлесуін ескермеуге болса, онда ол жүйені тұйық жүйе деп қарастыруға болады); егер материялық жүйе сыртқы әсердің нәтижесінде бір (бастапқы) күйдегі екінші (соңғы) бір күйге ауысса, онда оның энергиясының артуы (не кемуі) жүйемен әсерлесетін денелер мен өріс энергиясының кемуіне (не артуына) тең болады. Бұл жағдайда жүйе энергиясының өзгеруіне жүйе күйінің біреуіне (бастапқы не соңғы) ғана тәуелді болады да, оның ауысу жолына (тәсіліне) тәуелді болмайды. Басқаша айтқанда, энергия – жүйе күйінің бір мәнді функциясы. Термодинамикада Э. с. з. термодинамиканың бірінші бастамасы деп аталады. Физ. (не хим.) құбылыстардың кез келген түрлерінде Э. с. з. сол құбылысқа тән формада ғана тұжырымдалады. Өйткені энергия берілген процесті сипаттайтын параметрлерге тәуелді. Энергияның сақталу және айналу заңын 19 ғ-дың 40-жылдары Дж.Джоуль және неміс ғалымдары Р.Майер, Г.Гельмгольц бір-біріне байланыссыз ашты. Эпиграф. Эпиграф (грек. epіgraphe – жазылған сөз) – әдебиетте жеке шығармалар алдынан келтірілген үзінді, өнеге сөздер, не өлең жолдары. Әдетте жазушы айтайын деген ойын аңғарту үшін осындай қысқа қайырма тағылым сөздерді келтіреді. Мыс., А.С. Пушкин “Капитан қызы” повесінің алдында Эпиграф ретінде “Арыңды жастайыңнан сақта” деген халық нақылын келтіріп және шығарманың негізгі он төрт тарауының әрқайсының алдында не халық өлеңінен, не Сумароков, Княжнин, Херасков сияқты ақындардың өлеңінен үзінді немесе халық мақалын алып, Эпиграф беріп отырған. Уоррен Баффет. Баффет, Уоррен Эдвард (1931 жылы туған) — американ инвесторларының бірі болып табылады. Әр акциясы шамамен елу мың доллар тұратын Berkshire Hathaway жекемен- шік инвестициялық компаниясының 36%-ын иеленеді. Компания Gillette немесе Coca-Cola сияқты анағұрлым табысты фирмаларға ақша салады. Баффет жыл сайын миллиардтаған табыс алады және Америкадағы екінші аса бай адам деп танылған. Бүгінгі таңда Баффеттің байлығы 30,5 миллиард доллар есебінде — Forbes тізіміндегі екінші адам. Әлемдегі ең бай инвестор, “Berkshire Hathaway” жарналық инвестициялық қордың басшысы, миллиардерлердің “дәреже бойынша табеліндегі” №1 адам, Соростың идеялық қарсыласы Уоррен Эдвард Баффет 1930 жылы Небраска штатының үлкен қаласы Омахада туған. Уоррен мектеп- те жүргенде-ақ капиталист боламын деп шешкен, ал он екі жасында Уоррен миллиардер болуға бекем бел буған. Жас кәсіпкердің дарынды және қабілетті бала болғандығын айта кету керек. Санау жағынан оның таңғаларлық жадысы әлі күнге дейін сақталған. Қаржылық “гуру” өзі толық түсінбейтін салаларда іс жүргізуден аулақ жүреді. Және жалпы, ол өмірде “Кең болсаң, кем болмассың” деген ережені уағыздай жүріп, қарапайым ғана ауыл адамының рөлін ойнағанды жақсы көреді. Ол жеңілдікпен 700 долларға сатылған ескі “Хонда” (бір құшақ темір) жүргізеді, көне костюмдер киіп, елге осын- дай тақуа көрінгісі келеді. Магнат арзан пластик жиһазбен жасақталған кеңсесіне шашы ұйпа-тұйпа күйде келеді. Бірнеше ай бойы ауыстырылмайтын галстук пен шалбар тартқышының да әбден тозығы жеткен. Уоррен Баффет шындығында көп нәрсені керек қылмайды, өзіне көп ақша жұмсамайды. Қызы Сьюзи әкесінен автотұраққа төлейтін ақша сұрағанда, ол одан алынған 20 долларға қолхат сұраған. Говард атты ұлы фер- ма сатып алмақшы болып, әкесінің көмегін сұраған. Бірақ, әкесі бір қызық қылық жасады. Ол ферманы сатуын сатып алып, ұлына жалға берген! Ол фермаға алты жылда екі-ақ рет барып шыққан екен. Мүмкін, миллиардерлердің көзі тірі кезінде балаларын осылай ұстағаны дұрыс та шығар? Бірақ, жуықта Баффет байлығының 99%-ын өзінің Қорына мұраға қалдырғысы келетіндігін айтқан. Дегенмен, ол өз абыройын да сақтаудан қашпайды. “Беделіңді өсіру үшін жиырма жыл уақыт кетіріп, бес минуттың ішінде түсіріп алуың мүмкін. Кімде-кім осы ту- ралы мықтап ойланып жүрсе, сол бизнесті тиісті түрде жүргізеді”, - деп ақыл айтады ол. Ол өз қызметкерлерін бір ғана сөзбен арқасынан қағып қояды екен: “Істеп жатқандарыңды жалғастырыңдар”. Әрине, мұның бәрі көзбояушылық. Магнатты мезі қылатын адамдар мен журналистердің артық көзқарасынан қорғайтын, сәтті табылған бейне. Осылайша, акционерлер жиналысында мыңдаған адамдар алдында ол өзінің досы мен орынбасары болып келетін 77-жастағы Чарли Манжер мен өзін былай деп таныстырыпты: “Мен - Уоррен. Ал мынау - Чарли. Ол әлі естиді. Мен әлі көремін”. • түсінікті және қарапайым бизнес (мысалы, азық- түлік өндірісі немесе банк ісіне); • жағымды ұзақ мерзімді перспективалары бар сенімді компанияларға (мысалы, “Жилетт”, “Кока-кола”); • халықаралық франчайзингтік желісі мен кепілдендірілген өсім перспективасы бар фирмаларға (мысалы, “Кока- кола”, “Макдоналдс”); • күшті командасы бар және берік қаланған тұғыры бар компаниялар (мысалы, “Уолт Дисней”).34 Генри Форд. Генри Форд (; 30 шілде 1863 жыл — 7 сәуір 1947 жыл) – бірегей тұлға, бұл машина құрылысында революция жасаған – шын мәнінде жеке автомобильді ойлап тапқан адам. «Форд – десек, автомобильді меңзейміз, автомо- биль – десек, Фордты меңзейміз». Өткен ғасырдың 20-жылдары қарапайым американдықтар ХХ ғасырдың ең үздік бизнесмендерінің бірінің еңбегін мойындап, осы- лай деп айтушы еді. Генри Форд табысының тарихы – бұл тар жол тайғақ кешуден өткен ирландық текті ауыл баласының заманауи капитализмнің негізін қалаушысына айналу жолы. Биографиясы. Генри Форд алты ағайынды болды. Отбасы өмірі бірса- рынды өтуші еді: ата-анасымен бірге балалар үй шару- асын жасады, фермада жұмыс жасады, шошқа бағып, таң атқаннан кеш батқанша егісте ерінбей еңбек етті. Генри әкесінің фермасында мықты шаруа адамы бола ала- тын еді, бірақ мұны тағдыр жазбапты. Оны құрылғылар мен механизмдер әсері әлдеқайда көп қызықтыратын. Ұл бала үнемі бірдеңені бұрап, құрастырып, үйде кездесетін, қарапайым аспаптар құрылғысын зерттейтін, ағалары мен апаларының механикалық ойыншықтарын бөлшектеуші еді. Фордтардың отбасылық аңыздары бойынша үйде жаңа ойыншық пайда болса, балалар оны болашақ авто конструктордан «Тек ойыншықты Генриге бермеңдер!» деген айқаймен жасырушы еді. Жас форд 12 жасқа толғанда әкесі ұлына қалта сағатын сыйлады. Ал ол шыдамай, сол сәтте механизмін көру үшін оны ашып қарады. Сағаттың тісті доңғалағының құрылғысын жылдам түсініп, ол аймақтағы сағаттарды жөндей бастады, сонымен қоса көрші-фермерлерлердің кофе ұсатқыштарын, молотилкаларын және басқа да механикалық аспаптарын жөндеп беруші еді. Осылайша Генри өзінің алғашқы ақшасын тапты. Шамамен сол жасында ол оның келешек өміріне тікелей әсер еткен алғашқы «техникалық» толқынысын басы- нан кешірді. Қаладан фермаға ат арбамен қайтып келе жатқанда аттарды үркітіп, дәл жанынан ысылдаған үлкен өздігінен бумен жүретін машина – локомобиль ызғытып өтті. Сол күні жас Генри Форд өз өмірін механикаға арнайтынына өзі өзіне ант берді. 1879 жылы Форд 16 жасқа толғанда, ешкімге бір сөз айтпастан тағдырын сынау үшін Детройтқа жол тарт- ты. Алдымен ол ағайынды Флауэрлердің кеме салу зауы- тына көмекші шебер болып орналасты, ал түнде сағат жөндеушінің көмекшісі болып, қосымша ақша табатын. Өмір ауырлап кетті, ақша тамаққа әзер жетуші еді, бірақ Генри мұнда бағасыз сабақ алды. Бірде зауыт инженері жас жігіттің аса ауыр арбаны әзер тартып келе жатқанын көріп: «аяқтарыңның саусақтарына тіреліп тырмыс, сонда бәрі де жақсы болады» деп айқайлады. Форд үлкен жолдасының оған кездейсоқ аяқ астында айтқан сөзін өмір бойы есінде сақтап қалды. Соңынан, ол Американың ірі авто өнеркәсіпшісі болғанда, ол бұл сөзді өзінің инженерлік зертханасының қабырғасына ойып жазады. Фордтың әкесінің фермасын тастап, өз өмірін механи- калық аспаптарды зерттеуге бағыштаудың алғашқы қадамы сәтсіз аяқталды. «Вестингауз» фирмасының локомобильдерінде механик болып жұмыс істеп, вело- сипед дөңгелектеріндегі алғашқы арбаны құрастырып, жас жігіт тыныш ауыл өмірімен бірге оған 40 акр жер ұсынған әкесінің кеңесіне мойынсынып, фермаға қайта оралады. Енді оның арманы ешқашан орындалмастай болып көрінді. Алайда Форд дегенінен қайтса, Форд болмаушы еді. Фермаға оралған соң, әкесі өтінсе де, ол машиналар туралы ұмыта алмады. Болашақ авто конструкторға көмек сұрап көрші-фермер келеді, ол ауыл шаруашылық астық басатын машинка сатып алған болатын. Ол «шайтан» арбасынан өлгенше қорқатын, және оған қай жағынан жақындау қажет екенін де білмейтін. Генри оған көмектесіп, астық басатын машинаны көршінің егісіне жұмыс жасауға шығарды. Сол кезде Форд аймақтағы техника тілін білетін бірден бір адам бол- ды. Ол оған қомақты ақша төлейтін басқа фермаларда жұмыс жасай бастады. Бірде қаптама зауыты орналасқан, көршілес фермада Генри «үнсіз Оттоны» – бумен емес, бензинмен жүретін машинаны көрді. Егер осы механизмді дөңгелектер мен рөлмен жарақтаса, ол өмір бойы армандаған – автомо- биль жасалатынын бірден түсінді. Детройтта Форд Эдисонның жергілікті электр ком- паниясына инженер қызметіне кірді. Түнде ол өз үйінің жанындағы кішігірім сарайда жоғалатын, мұнда ол өзінің болашақ автомобилінің қозғағышын құрастырушы еді. 1893 жылы Форд түні бойы көз майын тауысқан, өзінің бірінші моторын құрастырды. Генри өзін бақытты сезінді. Ол моторды арбаға орнатты – осылайша Де- тройтта бірінші автомобиль пайда болды. «Жұртшылық оған қоғамдық апат ретінде қарады, себебі ол көп шу шығарып, аттарды үркітетін еді, – деп келтіреді Форд сөзін «Вокруг Света» журналы – Мен қалада тоқтағанда үнемі менің арбамның жанында бір топ халық жинала- тын еді. Егер мен оны бір минутқа қалдырсам, оны айдап көргісі келетін, бір қызық құмар адам табылатын еді. Соңынан мен өзіммен бірге шынжыр алып жүретінмін, егер арбамды бір жерде қалдырсам, оны шам бағанасына бекітіп кететін болдым». Эдисонның электр компаниясының қызметінде Генриге басқарушы қызметті ұсынды, алайда Форд егер өз ар- манын жүзеге асырғысы келсе, оған басқаларға жұмыс істеуді доғарып, өз бетімен жұмыс жасау қажет екенін сезді. Жас бизнесмен қызметтен кетіп, оның жеке кәсіпорынына қаржы сала алатын компаньондарды іздей бастады. Бірінші жоба сәтсіз болды. Генри құрған «Детройт Ав- томобайл Компани» фирмасы алысқа барған жоқ – ав- томобильдерге сұраныс болған жоқ. Фордтың өздігінен жүретін экипажынан адамдар қорқатын еді. Генри ұзақ уақыт оның жобасына ақша салуға келісетін одақтастар таба алмады, барлығы бас тартты. 1903 жылы ғана ол аңызға айналған «Форд Моторс Компаниді» тіркеді, ал өзі кәсіпорынның бас басқарушысы болды. Форд сынақ модельдерін — Ford A, Ford B, Ford C, шығара бастады, бірақ олар табысқа ие болмады. Өнертапқыш өз сәтсіздіктерінің себебін іздеуден жалыққан емес, күндердің күнінде оған ғажап ой келді: қарапайым және қолжетімді автомобиль жасау қажет. Тек бай адам ғана емес, қарапайым американдық сатып ала алатын машина. Сән салтанатты өмірге арналған емес, таң атқанда жұмысқа кететін, қарапайым клерктер мен фермер- лерге арналған автомобиль. Генри бұл оны байытатын және Америкада машинаны ағылтатын ой екенін бірден ұқты. Сонымен 1908 жылы дәл сол қоғамдық модель – халық арасында «Қаңылтыр Лизи» деген аяулы атқа ие болған, Ford T жасалды. Бұл автомобиль нарықты дүр сілкіндіріп, ХХ ғасырдың басындағы Американың нағыз символына ай- налды. Елеусіз өзгерістермен Ford Т моделі 1928 жылға дейін шығарылды. Оның алдында барлығы – қарапайым клерктер мен фермерлерден, бандиттер мен полицейлер бас иді. Бутлегерлер Ford Т-да контрабандалық виски та- сыды, ал гангстерлер қылмыскерлерді дәл осы машинамен қуған полицейлерден қашты. Генри Детройтта күніне мың автомобильге дейін шығаратын, тек қана Ford Т модельдерін құрастыруға арналған жаңа зауыт салуды шешті. «Лизидің» бірінен соң бірін шығаруды бастаған, өнертапқыш автомобиль бағасын $800-ден $400 дейін түсіруді ұйғарды. Бәсекелестер оған банкроттықты болжады, бірақ олар қателесті: Форд шынында да қарапайым американдық үшін автомобильді қолжетімді ете отырып, өндірісін жолға қоя білді. ҚОҢЫРАУГҮЛ ТҰҚЫМДАСЫ. ҚОҢЫРАУГҮЛ ТҰҚЫМДАСЫ "(Campanulaceae)" – қос жарнақты, бір немесе көп жылдық шөптесін өсімдіктер, бұта, жартылай бұта, ағаш. Жер шарының қоңыржай аймағында таралған 80 туысы, 2300-дей түрі белгілі. Қазақстанда 8 туысы, 21 түрі бар. Олардың 3 түрден тұратын құртшөп (Asyneuma) туысы тек Бат. Тянь-Шаньда ғана кездеседі. Жартасшөп (Sergіa) және ершін (Cryptocodon) туыстары – Қаратауда ғана өсетін эндемиктер. Қ. т-на жататын өсімдіктер, көбіне сүтті-шырынды келеді. Жапырақтары кезектесіп, кейде қарама-қарсы орналасады. Тостағанша жапырақшалары, көбіне 5 қалақты, кейде 3 – 10 қалақты болады. Гүл күлтелері біріккен желекті, қос қабатты қоңырау немесе түтік пішінді. Аталықтары гүлдің күлтесіне түбінен жабысқан, аталық жіпшелері түбіне қарай кеңейеді, тозаңқаптары бос жатады. Жатыны төмен орналасқан 2 – 10 ұялы, 3 ұялысы кездеседі, аналық ауызы 3-ке бөлінген. Аталық жіпшелері ұзын, гүл қоршауынан шығып тұрады. Жемісі қорапша тәрізді, пісіп жетілген соң қорапша қақырап, тұқым сыртқа шашылады. Қ. т., негізінен, әсемдік өсімдіктер, көптеген түрлерінің тағамдық маңызы және дәрілік қасиеттері бар. Эрбий. Эрбий (Erbіum), Er – элементтердің периодтық жүйесінің ІІІ тобындағы хим. элемент, а. н. 68, а. м. 167,2; лантаноидтар тобына жатады;. Табиғи Э-дің 6 тұрақты изотопы бар. Радиоактивті изотоптары жасанды жолмен алынған. Э-ді алғаш 1843 ж. швед химигі К.Мосандер гадолинит минералынан ашқан. Оның жер қыртысындағы салмақ мөлшері 410–4%. Табиғатта Э. иттрий, т.б. лантаноидтармен бірге кездеседі. Э. – металл, тығызд. 9,062 г/см3, балқу t 1475 – 1525С, қайнау t 2390С, қосылыстарында үш валентті. Э. тотығы Er2O3 және тұздары ашық қызғылт түсті. Жерде сирек кездесетін элементтер минералдарының құрамында көп болуына қарамастан, Э-ді ол қоспалардан тазарту өте қиын. Э. темір, кобальт, никельдің магнитті құймаларын алу үшін және боялған шыны өндірісінде қолданылады. Этилен, Этен, Ch2=Ch2. Этилен, Этен, Ch2=Ch2 – органикалық қосылыс. Э. эфир иісті, түссіз газ, балқу t –169,5С, қайнау t –103,8С, суда нашар, эфирде жақсы ериді. Ауада жарқыраған жалын шығарып жанады да, көміртек қос тотығын және су түзеді: C2H4+3O22CO2+2H2O. Э. – реакцияласуға қабілетті, оның хим. қасиеттеріне молекуласындағы қос байланыс әсер етеді, сондықтан қосып алу, полимерлену реакциясына бейім. Э-ді лабораторияда этил спиртінен күкірт қышқылы қатысында дегидраттау арқылы, өнеркәсіпте мұнайды әр түрлі әдістермен өңдеу кезінде бөлініп шығаратын газдардан алады. Э-ді полимерлеу арқылы аса маңызды полимерлердің бірі – полиэтилен және хлор мен Э-ді әрекеттестіру арқылы катализатор қатысында хлорлы этил алынады. Хлорлы этил еріткіш, тазартқыш ретінде және медицинада қолданылады. Э. көптеген маңызды өнімдер (этанол, этилен тотығы, т.б.) синтездеуде пайдалынылады. Этил Спирті, Этанол, С2Н5Он. Этил Спирті, Этанол, С2Н5Он – біратомды қаныққан-алифатты спирт, түссіз, күйдіргіш дәмі және өзіндік исі бар оңай қозғалатын сұйықтық; балқу t –144,15С, қайнау t 78,39С. Э. сумен, спирттермен, эфирлермен, бензинмен, т.б. органик. еріткіштермен кез келген қатынаста жақсы араласады. Э-ды өнеркәсіпте алу үшін этиленді күкірт қышқылы арқылы немесе тікелей гидраттайды; зимаза ферментінің әсерімен а. ш. шикізаттарын (картоп, дәнді дақылдар, т.б.) ашытады және ағашты, т.б. өсімдіктерді гидролиздейді. Э. әр түрлі өндіріс салаларында (лак-бояу, фармацевтика, тұрмыстық химия, т.б.) еріткіш ретінде; хлороформ, диэтил эфирі, этилацетат, диэтиламин, сірке қышқылы, т.б. органик. өнімдерді алу үшін бастапқы шикізат ретінде; мотор отыны, антифриз, т.б. түрінде кеңінен қолданылады. Өндірілетін Э-дың көп бөлігі спирттік сусындар жасау үшін жұмсалады; қ. Арақ. Этникалық Аумақ. Этникалық Аумақ – белгілі бір ұлыстың (этностың) басым орналасқан аумағы. Әдетте оның құралу және ұйыса қоныстану аясын, сондай-ақ басқа ұлттармен араласа қоныстанған аумақтарын қамтиды. Э. а-тың орналасу ерекшеліктері мен табиғат жағдайлары ұлыстың өміріне, оның мәдениеті мен тұрмысына елеулі ықпал етеді. Этникалық Демография. Этникалық Демография – этнография мен демография тоғысындағы ғылыми пән. Халықтың немесе ұлыстың (этностың) өсіп-өнуі ерекшеліктерін, олардың санының серпінін зерделейді. Э. д. өзінің зерттеулерінде негізінен этн. статистиканы, халық санағының материалдарын, арнаулы демогр. және этногр. мәдени-тұрмыстық зерттеу материалдарын, сондай-ақ басқа да ғылымдардың материалдарын, соның ішінде социологияның (әсіресе этн. социологияның), географияның (этногеографияның), психологияның (этнопсихологияның), этн. экологияның, антропологияның, медицинаның (соның ішінде халықтық медицинаның) зерттеулерін қамтиды. Э. д-ның қалыптасуына демогр. мінез-құлықтың көбінесе халықтың әдет-ғұрпымен байланысты екені, көптеген демогр. үдерістерді этногр. материалдарды пайдаланбайынша, демогр.-статист. деректерді белгілі бір ұлысқа байланыстырмайынша мүмкін емес екені септігін тигізді. Бұл әсіресе бала тууды зерттеу кезінде өте маңызды. Э. д. әлемнің түкпір-түкпіріндегі тұрғындардың және жекелеген халықтардың жыныстық толысу жасын, некелік байланысқа дейінгі ғұрпын, еркектер мен әйелдердегі дәстүрлі некелік жасын, неке мен некесіздікке үстем көзқарасты, некелесу шарттары мен оның негізгі нысандарын, отбасының түрлері мен нысандарын, әйелдің отбасындағы және қоғамдағы жағдайын, ерлі-зайыптылар арасындағы дәстүрлі қатынастарды, жыныстық ұятты, некеден тыс жыныстық байланыстарға, некесіз туған балаларға көзқарасты, балаға деген қажетсінуді, перзентсіздікке, баланың аздығына дәстүрлі көзқарасты, т.б. ескереді. Этникалық Көші-Қон. Этникалық Көші-Қон – белгілі бір этникалық топқа (ұлтқа) жататын адамдардың қоныс аударуы. Халықар. ауқымда мұндай Э. к.-қ. ұлыстың (ұлттың) бір елден екінші елге көшіп кетуі кезінде көрініс табады (мыс., португалдардың Бразилияға қоныс аударуы). Сонымен қатар халықар., ішкі Э. к.-қ. елдің түкпір-түкпірінде мекендейтін халықтардың әркелкі әлеум.-экон. және мәдени дамуынан (орыстардың Сібірге қоныс аударуы), ұлт-тық езгіден немесе құқықтық теңсіздігінен, жекелеген халықтар арасындағы қарулы қақтығыстардан, діни қудалаушылықтан, т.б жағдайлардан туындайды. 20 ғ-дың 2-жартысындағы ең ірі Э. к.-қ-ға еврейлердің Израильге қоныс аударуы, армяндардың Әзербайжаннан Арменияға және әзербейжандардың Армениядан Әзербайжанға босып, қоныс аударуы, КСРО тарағаннан кейінгі кезеңдегі орыстардың таяудағы шетелдерден Ресейге, Қазақстаннан немістердің және орыстардың, т.б. халықтардың өздерінің ата-мекендеріне, отандарына көшіп баруын жатқызуға болады (қ. Көші-қон). Алыс қашықтыққа, шетелдік ұлттардың ортасына Э. к.-қ. адамдардың негізгі этн. ұйысқан ұясынан ажырауына апарып соқтырады. Басқа халықтармен араласуына себепші болып, олардың арасындағы байланыстарды күшейтеді, этн. үдерістерді дамытады. Этникалық Қауымдастық. Этникалық Қауымдастық, этнос, бір-бірімен әлеуметтік-экономикалық байланыстағы, өзара түсінікті тілде сөйлейтін адамдар арасындағы белгілі бір аумақта қалыптасады. Олар өмір сүру жолында белгілі бір мәдени тұтастықты сақтайды және өздерін жеке дербес топ ретінде сезінеді. Э. қ-қа тайпа, халық және ұлт жатады. Оның қалыптасуында ең алдымен аумағы мен тілі маңызды рөл атқарады. Кейде топтасқан сан алуан халықтардан да тұруы мүмкін (мыс., АҚШ, Австралия, Үндістан, т.б.). Э. қ-тардың қалыптасуында дін, нәсілдік жақындық қосымша рөл атқарады. Этногенез барысында, әсіресе белгілі бір табиғи жағдайлар әсерінен жүргізілген шаруашылық қарекеттер нәтижесінде Э. қ-тың рухани және заттай мәдениеттері, тұрмысы мен топтық психол. келбеті қалыптасады. Қауымдастық мүшелерінің ортақ таным-түсініктері орнығады. Ортақ сана арасынан ең алдымен қауымдастықтың қалыптасуы жайындағы таным-түсініктері ерекше байқалады. Мұның сыртқы көрінісі тікелей этнониммен байланысады. Қалыптасқан Э. қ. әлеум. ағза ретінде ұрпақ жалғастығы арқасында сақталып отырылады әрі дамиды, неке, мәдениет, тіл, дәстүр, т.б. арқылы беріледі. Тарихи үрдістер нәтижесінде ол өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Э. қ. теориясы туралы пікір таластар әлі күнге дейін толастаған жоқ. Әсіресе этн. топтарды түрге бөлуде көмескі мәселелер жеткілікті. Әзірге Э. қ-тың тарихи түрлері – тайпа, халық, ұлт деп есептелінеді. Сондай-ақ белгілі бір жерде (аумақта) тұратын тұтас және әлеум. ұйымы бар Э. қ-тар да, терр. жағынан бөлек-бөлек (әр жерде) Э. қ-тар да кездеседі. Аталмыш термин кейде бірнеше халықты, яғни этно-лингвистик. топтарды атау үшін қолданылады (мыс., орыс, украин, поляк, т.б. “славян этникалық қа-уымдастығына”, ал қазақ, қырғыз, түрікмен, т.б. түркі халықтарының Э. қ. тобына енеді). Сонымен қатар, бір халықтың ішіндегі этногр. топтарды белгілеу үшін де Э. қ. термині қолданыла береді (мыс., орыс ішінде – поморлар, кержактар; қазақта – үйсін, қыпшақ, т.б.). Бұл айтылған екі жағдайдың екеуі де “этнос” деп аталады. Этникалық Статистика. Этникалық Статистика – демографиялық статистиканың халықтың этникалық (ұлттық) құрамы туралы деректерді жинау мен өңдеуді қамтитын бөлімі. Халық санағының деректері Э. с-ның негізгі материалдары болып табылады, олардың бағдарламасында сұралушылардың сана-сезіміне негізделген қай ұлысқа (этносқа) немесе ұлтқа (ата-анасының біреуі немесе екеуі бойынша) жататындығы туралы мәселе, сондай-ақ ана тілі туралы мәселе қамтылады. Э. с. үшін халықты арнаулы зерттеудің, оның ағымдағы есебінің, т.б. материалдары маңызды рөл атқаруы мүмкін. Кейде Э. с-да ұлыстың сипаттамасымен тығыз байланысты тілдік, діни және нәсілдік статистика да қамтылады. Этникалық Экология. Этникалық Экология – ғылыми пән. Ол адамдардың немесе олардың қоғамдастықтарының өзара қарым-қатынасы мен өзара ықпалын, соның ішінде этн. ұжымдардың табиғи және әлеум.-мәдени тіршілік жағдайларында олардың тіршілігін қамтамасыз етудегі дәстүрлі жүйелерінің ерекшеліктерін, қалыптасқан этноэкол. өзара байланыстардың адамдардың денсаулығына, этн. топтардың-өсіп-өнуіне ықпалын, олардың табиғи ортаны пайдалану өзгешелігі мен ортаға ықпалын, біршама тәуелсіз этноэкол. жүйелердің, этн. популяцияның қалыптасуы және жұмыс істеуі заңдылықтарын зерделейді. 20 ғ-дың ортасында Дж. Стюардтың (АҚШ) “мәдени экология” жөніндегі еңбегімен байланысты қалыптасты. Стюард пен оның ізбасарлары этн. топтар мен адамдардың басқа да ұжымдарының табиғи ортаға бейімделуі үдерістерін бақылап, оған “мәдениет ошағының”, ең алдымен оның “технологиялық базисінің” ықпалын және мәдениеттің ортаға біршама тәуелсіз басқа да элементтерін зерделеді. 20 ғ-дың 60-жылдары АҚШ-та “экологиялық этнография” дамып, басқа елдердегі зерттеушілерге елеулі ықпал етті. Э. э-ның этн. демографиямен байланысы негізінен этн. топтардың тіршілігін қамтамасыз етудің дәстүрлі жүйелерін және әсіресе қоныс аударушылардың жаңа жағдайдағы тіршілікке бейімделуін, мұның өзі олардың ауру-сырқауының құрылымына, өлім-жітімінің көрсеткіштеріне, туу көрсеткіштеріне әсер ететінін зерделеді. Этн. топтардың табиғатқа қатынасын зерттеу қоршаған ортаны сақтауға да, қиратуға да бағытталған үрдістер мен дәстүрлерді бөліп көрсетуді көздейді. Өйткені мұның демогр. өсіп-өнуге де қатысы бар. Этногенез. Этногенез (грек. ethnos – тайпа, халық және genozіs – шығу, тегі) – әр түрлі қауымдық топтар негізінде жаңа құрамдағы туыстас тайпаның немесе халықтың қалыптасуы. Э. – қандай болса да халықтар тарихының бастамасы. Ол үнемі даму үстінде болады. Бірде оған жаңа этн. топтар қосылып, онымен біте қайнасып, араласып кетсе, енді бірде одан кейбір топтар ерекшеленіп, бөлініп те жатады. Мыс., Қазақстан аумағындағы көптеген түркі тектес көшпелі тайпалар бірігіп, біте қайнасып, араласу нәтижесінде қазақ халқы қалыптасқан (қ. Қазақтар). Э. үрдісінің негізгі екі түрі болады: 1) жергілікті бірнеше көне тайпалық топтардың биол. жолмен жаппай араласуы арқылы қалыптасу; 2) жаңа заманда басқа жерге қоныс аударған бірнеше халықтар өкілдерінің тікелей ықпалының нәтижесінде болатын қалыптасу. Осыған орай, отандық тарихнамадағы қазақ халқының қалыптасуына қатысты ой-пікірін айтқан ғалымдарды автохтондық және миграц. бағыттарды қолдаушылар деп екіге бөлген жөн. Қазақ халқының Э. үрдісі әр түрлі миграц. жолмен, яғни басқа жерден қоныс аударып келгендердің бір-біріне әсер етуі нәтижесінде қалыптасты деген ғалымдардың (Н.Масанов, Б.Ермұханов, т.б.) ізденістері кездеседі. Бұған қарсы тұжырымдама жасаған зерттеушілер (Ә.Марғұлан, М.Қозыбаев, К.Ақышев, О.Смағұлов, Б.Көмеков, т.б.) қазақ халқының тарихы бірнеше мыңжылдықты қамтитындығын дәлелдейді. Олар Э. үрдісін әрдайым кешенді түрде қалыптасатын күрделі үрдіс ретінде қарастырды, әрі өз зерттеулерінде бірнеше ғылымдардың (археология, антропология, лингвистика, этнология, тарих, деректану, т.б.) дерек көздерін пайдалана отырып, қазақ халқының Э. жайында салиқалы қорытындылар, дәйекті тұжырымдар жасаған. Этногеография. Этногеография (грек. ethnos – тайпа, geo – жер, grapho – жазамын, сызамын, сурет саламын) – этнология мен география ғылымдарының тоғысындағы ғылым. Э. этн. топтардың қалыптасуы мен қоныстану және қоныс аудару заңдылықтарын, олардың шаруашылығы мен тұрмысына, заттай мәдениетіне табиғи ортаның тигізетін әсерін, халықтардың киімдері мен тұрақ-жай ерекшеліктерін зерттейді. Сондай-ақ тарихи дәуірлер мен жыл мезгілдеріне қарай, тұрмыс және жол-қатынас мүмкіндіктерін ғыл. тұрғыдан анықтайды. Э. 20 ғ-дың 2-жартысында ғыл. пән ретінде қалыптаса бастады. Өз зерттеулерінде де тарихи пәндердің әдістемесімен қатар, жаратылыстану ғылымдарының әдістерін пайдалана береді. Ежелгі дәуірлердегі көрсетілген сауалдарды шешуде деректанулық талдау кеңінен жүргізіледі. Этнографиялық Топ. Этнографиялық Топ – мәдениеті мен тұрмысында этнографиялық ерекшеліктері бар кейбір халықтар мен ұлттардың жергілікті жеке топтарына байланысты қалыптасқан атау. Ұлттар мен халықтардың құрамындағы Э. т. әр түрлі жағдайларға байланысты қалыптасқан. Кейде халықтың не ұлттың құрамына енген тайпалар негізінде (түрікмендерде) немесе бір ұлттың, не халықтың екінші ұлт өкілдерімен араласуының нәтижесінде (мишарлар, камшадалдар), енді бірде көп уақыт бойы өзгеден оқшау қоныстанып, өзгеше геогр. жағдайда тұратын жергілікті топтар негізінде әр түрлі Э. т-тар қалыптасқан. Этноним. Этноним (грек. ethnos – халық, onyma – есім, атау) – ру, тайпа, ел, халық, ұлт атаулары. Көне дәуірлерде Э-дер ұран, ру, таңба ретінде пайдаланылып, ру, тайпа, ұлыс, ел аттарымен, солардың ішінен шыққан рубасылары мен би, ақсақал, батырлардың есімдерімен де аталған, жер-су аттары ретінде де қолданылған. Э-дер дербес мағыналы, көбінесе жинақтау, көптік ұғымдарды білдіретін сөздер. Э-дердің шығу, пайда болу тарихын зерттеуші – этнонимика ономасиологияның бір тармағы болып саналады. Олар әр түрлі граммат. тұлғаларда (-лы, -лі, -лар, -лер, т.б.) қолданылып, атауын тұрақты сақтайды. Мыс., Балталы, Ошақты, Қаңлы, Сіргелі, Төлеңгіт, Дулат, т.б. Этнопсихология. Этнопсихология – әр түрлі этностардың өзіне тән ұлттық мінезі мен психологиялық ерекшеліктерін зерттейтін пәнаралық ғылым саласы. Э. әрбір халықтың рухани бейнесі мен мұрасын (миф, фольклор, тіл, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, діл, дін, т.б.) сол халықтың психологиясына, сана сезіміне ықпал ететін негізгі өлшемдермен зерттеледі. Э. жеке ғылым ретінде 19 ғ-дың ортасында Батыс Еуропада пайда болды (Лацарус, Штейнталь, Вунд, т.б.). Қазақ елінде Э-мен алғаш рет Ш.Уәлиханов шұғылданды. Оның еңбектерінде жиі кездесетін “халық рухы” ұғымы қазіргі ғыл. психологиядағы “халықтық психология” ұғымының баламасы болып табылады. Э-ның өзі іштей этностереотип, этноцентризм, ұлттық тұрпат, халық рухы, ұлттық намыс, ұлттық сана секілді психол. категорияларға бөлінеді. Этнотопонимика. Этнотопонимика – топонимиканың этнонимнен жасалған тобын зерттейтін сала. Этнонимдерден, яғни ру-тайпа атауларынан жасалған жер-су атаулары (этноойконим, этногидроним, этноороним, т.б.) қоғамдық-әлеум. құрылымы ежелден ру-тайпалық ин-тқа негізделген көшпелі дәстүрдегі, негізінен түркі, орал-алтай халықтарына тән. Қазақстанның топонимдік кеңістігінде күні бүгінге дейін көптеген этнотопонимдер кездеседі. Мыс., Қыпшақ – Ақмола обл-ндағы Теңіз к-не құятын және Қорғалжын ауд-ндағы, сондай-ақ Оңт. Қазақстан обл-ндағы өзен аттары; Үйсінтау – Алматы обл. Райымбек ауд-ндағы тау аты; Төлеңгіт – Қостанай обл. Меңдіқара ауд-ндағы елді мекен атауы; Сунақата – Қызылорда обл. Жаңақорған ауд-ндағы елді мекен атауы, т.б. Қазақ халқының ертеден көшіп-қонған атажұрты, яғни Ұлы жүз, Кіші жүз, Орта жүздің ру-тайпалары мекендеген төл этн. аумақ, этнотопонимикада таңбаланған. Сондықтан Э. ұлттық ономастиканың, халқымыздың өткен тарихынан, тұрмыс-тіршілігінен, дүниетанымынан мол дерек беретін, тереңдете зерттеуді қажет ететін саласы. Этноцид. Этноцид (грек. ethnos – халық + caedere – өлтіру, қыру) – ұлысты, халықты нысаналы түрде қырып-жою немесе олардың ұлыстық-мәдени ерекшеліктерін: тілді, салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты, тарихи зердені, т.б. зорлық-зомбылықпен жою үдерісі. Бұл үдеріс әміршілдік саясат салдарынан әлеум.-мәдени келбетін жоғалтып, басқа өктемшіл ұлтқа этн. тұрғыдан сіңісіп кетуімен және ұлттық көзқамандықпен (нигилизммен) астасып жатыр. Ұлыстарды “шағын” және “үлкен” ұлыстарға бөлуге негізделмейтін демократ., ізгілікті этносаралық қатынастарда Э-тің орын алуы мүмкін емес. Қазақстан тарихында Э. 20 ғ-дың 20 – 30-жылдары қазақ халқына қарсы жасалған зұлмат ретінде орын алды. 2-дүниежүз. соғыс кезеңінде Э. саясаты фаш. Германия тарапынан еврейлерге қарсы қолданылды. Эфирлер. Эфирлер – құрамында оттек бар органикалық қосылыстар. Олар жай және күрделі Э. болып негізгі екі топқа бөлінеді. Жай Э-дің жалпы формуласы R – O – R немесе R– O– R (R, R – органик. радикалдар). Екі радикалы бірдей жай Э. – симметриялы Э., радикалдары әр түрлі жай Э. аралас Э. деп аталады. Жай Э. өздерінің құрамындағы радикалдар бойынша аталады: СН3–О–СН3 диметил эфирі, СН3–О–С2Н5 метил-этил эфирі, т.б. Жай эфирлер ұнамды иісті, суда нашар еритін, ұшқыш, органик. еріткіштерде жақсы еритін, сілтілер мен сілтілік металдар әсеріне тұрақты, бейтарап, активтігі нашар қосылыстар. Жай эфирлер негізінен спирттерді немесе олардың алкоголяттарын галогенакилмен алкилдеу арқылы алынады: RОМе+R ХRОR+МеХ. Жай Э-дің ең маңыздысы – этил эфирі (ол көбіне эфир деп аталады) Э. этил спиртін сусыздандыру арқылы алынады. Жай Э-дің көпшілігі лаб-ларда және өндірісте еріткіш ретінде, органик. синтезде, медицинада, т.б. қолданылады. Күрделі Э. – қышқыл құрамындағы сутек атомын (карбон қышқылдарындағы карбоксил тобының сутек атомын) алкил немесе арил радикалдарымен алмастырғанда түзілетін қосылыстар. Күрделі Э-ді алудың кең тараған әдістеріне эфирлену (қышқыл мен спирттің әрекеттесуі) реакциясы жатады. Бұл – белгілі бір сатысында тепе-теңдік күйге келетін қайтымды реакция. Күрделі Э-дің ең маңызды хим. қасиеттерінің бірі – сабындану реакциясы (гидролиз). Күрделі Э. табиғатта кең таралған. Олардың көбі эфир майларының құрамында болады. Глицерин мен май қышқылдарының күрделі Э-і табиғи майлардың негізін құ-рады. Күрделі эфир техниканың, өндірістің әр түрлі салаларында кең қолданылады. Мыс., күкірт қышқыл күрделі Э-і алкилдеу реакцияларында, қағаз өндірісінде, фосфор қышқыл күрделі Э-і өсімдіктер зиянкестеріне қарсы қолданылады. Кейбір Э. тамақ және парфюмерия өндірісінде, дәрі-дәрмек дайындауда, органик. шыны жасауда, еріткіш ретінде, т.б. қолданылады. Ющенко Виктор Андреевич. Ющенко Виктор Андреевич (23.2.1954 ж. т., Сумск обл. Недригайловск ауд. Хоружевка а.) – саяси қайраткер, Украина Республикасының Президенті. Тернополь мемл. қаржы-экономика ин-тын бітірген (1975). 1976 ж. КСРО Мемл. банкінің Ульяновка кентіндегі бөлімшесінде экономист, 1977 – 85 ж. банк бөлімшесінің бастығы болды. 1985 – 90 ж. КСРО Мемл. банкінің Украин респ. кеңсесінде әр түрлі жауапты қызметтер атқарды. 1990 – 93 ж. “Украина” агроөндірістік банкінің бірінші орынбасары, 1993 – 99 ж. Украина Ұлттық банкінің басқарма төрағасы, 1999 – 2001 ж. Украина Республикасының премьер-министрі болды. 2001 ж. сол кездегі билікке оппозицияда болған “Наша Украина” атты блокқа кіріп, 2002 ж. блоктың сайлаушылар тізімі арқылы Украинаның халық депутаты болып сайланды. 2003 – 05 ж. “Наша Украина” жалпы украиндық қоғамдық ұйымның басқарма төрағасы болды. 2004 ж. Украина Президенті сайлауына қатысып, қыркүйек айында қастандықпен уланды. Бұл оқиға Украинада және батыс елдерінде қарсылық акциясын тудырды. 2004 ж. желтоқсанда “қызғылт төңкеріс” ықпалымен, сот жолымен сайлаудың екінші туры өткізіліп, Ю. жеңіске жетеді. Ю. саяси реформаның жақтаушысы ретінде Украинаны парламенттік-президенттік республикаға айналдыруға Президент билігін шектеп, Жоғ. раданың ықпалын кеңейту арқылы қол жеткізді. Ягуар. Ягуар (Panthera onca) – мысық тәрізділер тұқымдасына жататын жыртқыш сүтқоректі. Я-лар Оңт., Орт. Америка мен Мексиканың тропик. және субтропик. қалың ормандарында, көбіне өзен бойында, тауларда тараған. Ағашқа жақсы өрмелейді. Дене тұрқы 2 м-дей, құйрығының ұз. 75 см, салм. 68 – 136 кг. Денесінің тұрқы жолбарысқа ұқсайды; қызғылт сары, жұмсақ түгінде қара дақтар мен сақиналар анық көрінеді. Жыныстық жағынан 3 жылда жетіледі. Тамыз – қыркүйекте мауығып, 100 – 110 күн көтеріп, 2 – 3 бала туады. Кішігірім тұяқты жануарлармен, ұсақ кемірушілер, балықтармен, бақалармен қоректенеді, кейде тасбақаның жұмыртқасын да жейді. Я-лар мал ш-на зиян келтіреді. Терісі үшін көп ауланған. Қазір олардың саны өте аз, сондықтан қорғауға алынып, Халықар. табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген. Яксарт. Яксарт – Сырдария өзенінің ежелгі атауы. Бастапқыда Я. деп Сырдарияның қазіргі Ходженд пен Ташкент аралығындағы орта ағысы аталса, кейіннен ол өзеннің түгелдей атауына айналды. Птоломей, т.б. антик. авторлар “Я.” атауы бұл аймақты мекендеген сақтардың Яксарт тайпасынан шығуы мүмкін деген жорамал айтады. Я. көне түркі тілінде Иенгу-угуз (Інжу өзен), парсыша – Иахша-арта (шынайы інжу) дегенді білдіреді. Якуб-Бек. Якуб-Бек, Мұхаммед Якуб-бек, Жақыпбек (1820, Піскенд, Қоқан хандығы – 1877, Қашқар қ.) – Цинь империясына қарсы мұсылмандар көтерілісінің басшысы, “Жетішар” мемлекетінің билеушісі. 1865 ж. оны Қоқан хандығының билеушілері Шығыс Түркістандағы маньчжур-қытай үстемдігіне қарсы көтерілісшілердің басшысы Бұзырық қожаға әскери кеңесші етіп жіберген. 1867 жылға қарай Шығыс Түркістандағы ұйғыр сұлтандықтары Бұзырық қожаның басшылығымен біртұтас мұсылман мемлекеті – “Жетішарға” бірікті. Сол жылы Я.-б. Қашқарда өкімет билігін басып алып, Шығыс Түркістанның басқа қалаларын да өзіне бағындыра бастады. 1870 – 71 ж. “Жетішар” мемлекетінің құрамына алдымен орт. Үрімші қ. болған Дүнген хандығы енді. 1872 жылдың қарсаңында “Жетішар” мемлекетінің құрамына Құмкөл мен Баркөл, Іле аймағынан басқа бүкіл Шығыс Түркістан аум. қосылды. Шығыс Түркістанға орнығып алғаннан кейін Я.-б. Үндістандағы ағылшын өкімет орындарымен тығыз байланыс орнатып, Цинь үкіметі мен Ресейге қарсы тұруға тырысты. Ағылшындар үшін Қашқария “Бұхара мен Құлжа рыноктарының қақпасы” болып саналды, сондықтан олар осы сәтті пайдаланып қалуға тырысты. 1868 ж. орыстардың Бұхараға әскери жорығы кезінде Я.-б. қырғыздарды өз билігіне бағындыру әрекеттерін жасады. 1869 ж. ағылшын үкіметі Ресейге Қытайдан тәуелсіз Я.-б. мемлекетін тануды ұсынды. Бірақ өзінің қол астына енді ғана бағынған қырғыздар мен қазақтардың көтерілісшілерге қосылып кету қаупінен сескенген Ресей үкіметі бұл ұсынысты қабылдаған жоқ. Я.-б. “Жетішар” мемлекетіне төнетін қауіптің ең бастысы Цинь империясы тарапынан болатынын жақсы түсінді. Экон. жағынан артта қалған, әрі шет мемлекеттер тарапынан мойындалып үлгермеген “Жетішар” мемлекетінің Цинь империясымен әскери қақтығысқа түсуі қауіпті еді. Сондықтан Я.-б. өзінің әскери күш-қуатын арттыруға тырысты және екінші жағынан Цинь империясымен тіл табысудың жолдарын қарастырды. 1874 – 75 ж. Я.-б. Пекинге өзінің сыртқы саясат жөніндегі кеңесшісі Ишан ханды елшілікке жіберді. Бұл кезеңде Цинь өкіметі өте әлсіз еді. Сондықтан ол елшілерді қа-былдау арқылы уақыт ұтуға тырысты. Қытайлар мен түбі бір болатын соғысқа дайындалу үшін Я.-б. те өз кезегінде Үндістандағы ағылшын өкіметінен және түрік сұлтанынан көмек алуға тырысты. 1873 ж. ол Стамбұлдағы ағылшын елшісі Г.Эллиотқа өзінің Түркиядағы өкілі Сайид Якубхан арқылы әскерін ең жаңа қару-жарақпен қаруландыруды, жаяу әскер санын 60 мыңға, атты әскерді 20 мыңға дейін жеткізуді көздейтінін хабарлады. Ағылшын өкілдері Сайид Якубханға “Жетішар” билеушісіне Англиядан қару сатып алу мен әскери өнерді үйрету үшін нұсқаушылар жалдау үшін 800 мың фунт стерлинг көлемінде қарыз беретіндіктерін мәлімдеді. Ресей өкіметі алғашында Шыңжаңдағы оқиғаларға араласпай, бейтараптық саясат ұстауды мақұл көрді. Бірақ ағылшын өкіметінің “Жетішармен” тығыз байланыс орнатуынан қатты қауіптенген Ресей жан-тәнімен Қытайға көмектесуге кірісті. Я.-б. Цинь үкіметі бейбіт келіссөздер жүргізу арқылы “Жетішар” мемлекетінің тәуелсіздігін соғыссыз-ақ мойындайды деп үміттенді. Бірақ Цинь үкіметі өзінің онсыз да қаржылық тапшылығы жағдайында ауыр соғысқа бара қоймайды деген қате түсінік, ұзақ уақыт бойы әскери қақтығыстардан қашқақтау өз кезегінде стратег. қателіктерге әкеп соқтырды. Орыс әскерлерінің Ілені басып алуы нәтижесінде Я.-б-тің бүкіл Шыңжаңды біріктірген күшті мұсылман мемлекетін құру жоспары іске аспай қалды. Англияның Шыңжаңға бекіну арманын да орыстар жүзеге асыртпады. Ресей өзіне жақында ғана бағынған Орт. Азия елдерінің тыныштығын сақтап қалуға тырысты. Бұған қоса Ресейге бағынбай шетелге кеткен ұлт қайраткерлерінің кейбіреулері Я.-б-тің төңірегінде жүргенін қаламады (қ. Сыздық). Орыстардың осы саясаты Қытай қолбасшысы Цзо Цзунь Танның Шыңжаңды Цинь билігіне қайтару жорығының тезірек жүзеге асып, жеңіске жетуіне жеңілдік туғызып берді. 1877 ж. 30 мамырда Я.-б. Курле деген жерде жаулары у беріп, кенеттен қайтыс болды. Ол қайтыс болғаннан кейінгі мемлекетінің ішкі жағдайының әлсіздігін пайдаланған циндік Қытай 1878 ж. “Жетішар” мемлекетін жойды. Якупбаев. Якупбаев (дұрысы Жақыпбаев) Хамза Әбенұлы (Әбдірахманұлы) (3.8.1930 ж. т., Алматы обл. Кеген ауд. Жалаңаш а.) – архитектор. Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегері (1972). Әуелі Алматы қ-ндағы құрылыс техникумын (1952), кейін Мәскеу мемл. архит. ин-тын бітірген (1959). Еңбек жолын 1953 ж. Мәскеу қ-ндағы Тұрғын үй құрылысы басқармасының жобалау конторында құрылысшы-техник ретінде бастаған. 1959 – 66 ж. “Казгорстройпроект” Бас Мемл. жобалау ин-ттарында арх., аға арх. (1960 – 66), Алматы қалалық атқару к-тінің құрылыс және архитектура істерінің тех. қадағалау бөлімінің бастығы (1966 – 68), “Алмаатагипрогор” Мемл. жобалау ин-ты шеберханасының бас арх. (1968 – 69), “Гипровуздың” шеберхана жетекшісі (1969 – 74), “Казграждансельпроектің” (1975 – 78), “Алмаатагипрогор” ин-тының (1978 – 89), “Алмаатамонолитстрой” құ-рылыс-жобалау бірлестігінің (1989 – 91), “Казмонолитпроект” жобалау ин-ты шеберханасының (1991 – 92) бас арх. және арх. (1992 – 2004) қызметтерін атқарды. Оның шығарм. жобасымен Алматы қ-нда қазіргі Спорт және туризм академиясы, П.И. Чайковский атынд. музыка мектебі мен Респ. стадиондағы “Қайрат” спорт қоғамының жаттығу манежі құрылыстары (бәрі де 1960 – 66), Достық үйі (1972, арх. Р.А. Сейдалин, Л.А. Тимченкомен бірге; Қазақ КСР-і Мемл. сыйл., 1974), ҚазПТИ-дің (ҚазҰТУ мұнай ф-ті, 1978), Алматы архит.-құрылыс ин-тының (Қазақтың Бас сәулет және құрылыс академиясы) бас ғимараты (1980), Казақтың мемл. ұлттық ун-тінің Білім үйі (1982), монолитті тұрғын үй құрылысы (12 қабатты, 2004), Қарағанды қ-ндағы ун-т пен Семей қ-ндағы жеңіл өнеркәсіп техникумы, ауыл мектебі (Алматы обл., Талғар ауд., қазіргі Тұздыбастау, 1975), т.б. ғимараттар салынды. Ол экон. жағынан тиімді, тұруға аса қолайлы әрі жер сілкінісіне төзімді, жаңа монолитті, көп қабатты биік тұрғын үй құрылыстарын жобалауда тың ізденістер жасады. 1969 ж. КСРО-ның ГФР-де өткен Достық апталығы күндеріне қатысқан. Якут Алмасты Аймағы. Якут Алмасты Аймағы – Якутияның батыс бөлігінде орналасқан алмасты өңір. Ол Орта Сібір таулы үстірті мен Вилюй ойпатындағы Анабар антиклизасының оңт. мен шығысын, Тунгус синеклизасының шығысын, Вилюй синеклизасының батысын, Вилюй, Оленок, Муна өзендері алаптарын қамтыған. Бұл аудан алмасты өңір ретінде танылуы 1953 ж. Вилюй өз. алабынан алмасты қорымдардың, 1954 ж. алмастың түп кенінің (“Зарница” түтігі) табылуымен байланысты. Мұндағы алмас кендері түпкі және қорымды болып бөлінеді. Алдыңғылары трапп интрузияларымен байланысты ультранегізді тау жыныстары қатарындағы кимберлит түтіктерінде (ортаңғы триас пен төм. юра) орналасқан. Кимберлиттер мен ксенолиттердің бастапқы минералдарына: алмас, оливин, пироп, пикроильменит, ильменит, диопсид, т.б. жатады. Жарылыстардың қиылысқан жерінде орналасқан кимберлит түтіктерінің диам. 40 – 600 м, іргелес жатқан тау жыныстарымен жапсары тікшіл болып келеді. Кимберлит түтіктерінің үгілуінен түзілген қорымды кендердің аллювийлік (терассалық, аңғарлық), элювийлік, делювийлік типтері ұшырасады. Я. а. а-ның түп және қорымды кендері шоғырланған аудандарына: Кіші Батуобия, Далдын-Алакит, Жоғ. Муна, Алдан, Оленок жатады. Кіші Батуобия дүние жүзінің ең ірі алмас кені “Мир” түтігі және олармен байланысты Ирэлээх, Кіші Батуобия аллювийлік қорымдары бар. Алмас кристалдарының орташа ірілігі 1 – 2 мм, салм. 6,7 – 10 мг. Ірілігі мен таралуы біркелкі, октаэдр, ромбододекаэдр, куб пішіндес болып келеді. Түстері мөлдір (өте көп), жасыл сарғылт, күлгін, солғын қызыл, қоңыр қызыл алмас кристалдарының 1 м3 кимберлиттегі саны 1 – 24. Я. а. а-нан “Якутияның 325 жылдығы” (54,14 карат), “Марья” (105,98), “Валентина Терешкова” (51,66), “Кенші” (44,62), “Үміт” (75), т.б. ірі алмас кристалдары табылған. Ялты. Ялты – Солт. Қазақстан обл. Ғ.Мүсірепов ауд-ндағы ауыл, Чистополье ауылдық округінің құрамында. Аудан орт. Новоишим а-нан оңт-ке қарай 87 км жерде, Құлаайғыр өз-нің жағалауында орналасқан. Тұрғыны 0,7 мың адам (2006). Іргесі 1976 ж. бұрынғы Көкшетау обл. Чистополье ауд-ның етті ірі қара мал өсіруге маманданған аудандық арнайы бірлестігінің орт. ретінде қаланған. Бірлестік негізінде 1994 ж. ауылда “Ялта-1” ЖШС-і ұйымдастырылды. Янцен Иван Андреевич. Янцен Иван Андреевич (18.10.1935 ж. т., Ресей, Ставрополь өлкесі, Новоселицкий ауд. Усилие с.) – машина жасау саласындағы ғалым, тех. ғыл. докт. (1974), проф. (1976). Қарағанды политех. ин-тын бітірген (1959). 1959 – 68 ж. осы ин-тта ассистент, доцент, 1968 жылдан кафедра меңгерушісі. 72 өнертабыстың авторы. Негізгі ғыл. еңбектері мен өнертабыстары жол құрылысы машиналарындағы активті гидроимпульстік жүйелердің теор. негізін жасауға арналған. Қазақстан Мемл. сыйл-ның иегері (1986). Янцзы. Янцзы, Янцзыцзян, Чанцзян, Көгілдір өзен – Еуразия құрлығындағы ең ұзын және мол сулы өзен, Қытай жерінде. Ұз. 5800 км, су жиналатын алабының аум. 1808,5 мың км2. Бастауын Тибет таулы қыратының орт. бөлігіндегі 5500 м биіктіктегі Тангла және Кукушили жоталарындағы мұздықтардан алып, Шығыс Қытай т-не атырау жасап (ауд. 80 мың км2) құяды. Я. аңғар, арна және ағын ерекшеліктеріне қарай 3 бөлікке бөлінеді: жоғ. ағысы – бастауынан Ибинь қ-на дейін (2700 км), орта ағысы – Ичан қ-на дейін (1020 км) және төм. ағысы – атырауына дейін (2080 км). Жоғ. ағысында терең, тар шатқалмен суқұлама жасап ағады, еңісі 5 мың м-ден асады. Орта ағысы қырқалы Сычуань қазаншұңқыры және қатпарлы жоталар үстімен өтеді, еңісі 251 м, орташа ені 300 – 600 м, шатқалдардағы тереңд. 80 – 110 м, ағыс жылд. 5 – 7 м/с. Төм. ағысы аллювийлік Цзянхань және Солт. Қытай жазығының оңт. бөлігімен ағады. Еңісі 80 м, орташа ені 600 м-ден 2 км-ге дейін, ағыс жылд. 1 м/с. Ірі салалары Ялунцзян, Миньцзян, Цзялинцзян, Ханьшуй (Цзюйхэ). Оң жақ жағалауындағы Дунтинху, Поянху көлдері өзеннің су ағысын реттеп отырады. Орташа су ағымы 34 мың м3/с; су режимі муссондық; жазда су деңгейінің ауытқу шегі жазық бөлігінде 10 м-ге дейін көтеріледі. Я. және оның салаларында су тасқынынан қорғану үшін ұз. 2,7 мың км-дей көтерме бөгеттер (дамбылар) тұрғызылған. Өзеннің тек жоғ. бөлігі ғана қатады, 2850 км бойы кеме жүзеді. Төм. бөлігі Ұлы каналмен жалғастырылған. Теңіз суының көтерілуі сағасынан 700 км-ге дейін таралады. Я. жыл сайын 280 – 300 млн. т тасындылар мен тосқындарды шайып әкетеді. Егістік (негізінен күріш алабы) суаруға пайдаланылады. Я. – Қытайдың басты су магистралі. Алабындағы су жолының жалпы ұз. 17 мың км. Өзен бойында Нанкин, Ухань, Чунцин, Чэнду, т.б. өнеркәсіп орталықтары, атырауында Шанхай қ. орналасқан. Яншин Александр Леонидович. Яншин Александр Леонидович (28.3.1911, Смоленск қ. – 9.10.1999, Мәскеу) – геолог, геол.-минерал. ғыл. докт. (1952), КСРО ҒА-ның акад. (1958), 1983 жылдан вице-президенті. Соц. Еңбек Ері (1981). Геол. барлау жұмыстарын Орал маңы мен Оңт. Оралдың агрономик. кен орындарын зерттеуден бастаған (1929 – 30). 1936 – 58 ж. КСРО ҒА-ның Геология ин-тында, 1958 – 82 ж. КСРО ҒА-ның Геология, геофизика, геохим. бөлімінің акад.-хатшысы, КСРО ҒА-ның Сібір бөлімінің Геология және геофиз. ин-ты директорының орынбасары, 1982 – 88 ж. КСРО ҒА-ның вице-президенті және Литосфера ин-тының директоры қызметтерін атқарды. 1988 жылдан КСРО ҒА-ның Президиумі жанында кеңесші болды. Негізгі ғыл. еңбектері Оңт. Оралдың, Арал маңы ойпатының солт., Орта Азия мен Сібір геологиясына арналған. Ол “Жас платформалар” туралы ілімнің негізін салушы, бор, палеоген, неоген кезеңдерінің стратиграф. сұлбасын жасаған. Фосфорит, калий тұздарын, жанғыш газдар, т.б. пайдалы қазбаларды, Батыс Қазақстан мен Оңт. Сібірде бірқатар артезиан алаптарын ашуда Я. зерттеулері маңызды рөл атқарды. Қазақстанның батыс бөлігін зерттеудегі ғыл. нәтижелерінің бірі – “Геология Северного Приаралья” атты монографиясы үшін оған А.П. Карпинский атынд. сыйлық берілді (1953). Ол 1965 ж. жасалған Қазақ КСР-інің 1:1500000 масштабтық геол. картасы редакторларының бірі. 2 мәрте КСРО Мемл. сыйл-ның лауреаты (1969, 1978). 3 рет Ленин, 2 рет Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет белгісі”, Еңбек даңқы ордендерімен және медальдармен марапатталған. Яньжань Қырғыны. Яньжань Қырғыны – қытай әскерінің Яньжань тауындағы ғұндардан қырғынға ұшырауы (б.з.б. 90 ж.). Қытай императоры У-ди жеті жылдық әзірліктен кейін ғұндарға қолбасшы Ли Гуан-ли басқарған 70 мың атты, 100 мың жаяу адамнан тұратын (шамасы бұл есепке соғысқа тікелей қатыспайтын шаруашылық бөлімдер де енген болса керек) әскер жіберді. Негізгі бөлімдер Шофаннан (Ордос) шығып, ғұндардың талма тұсынан соққы беру үшін солт-ке қарай қозғалды. Оған қосымша Яймын бекінісінен шыққан 30 мыңдық атты әскер мен 10 мыңдық жаяу әскер және Цзюцюань обл-нан (Ордос пен Лобнор аралығындағы дала) шыққан 40 мың атты әскер Тянь-Шаньға қарай беттейді. Хулугу шаньюй өз барлаушыларынан жаудың соғысқа әзірленіп жатқаны жөнінде мәліметтер алғаннан кейін әйелдер мен балаларды жасырын жерге жөнелтеді де, ата жауымен шешуші шайқасқа шығу үшін Саян таулары мен Байкал сыртындағы бағынышты тайпаларды шақыртты. Ғұндардың қоластына Цзюйдихэу шаньюйдің ең жақын кеңесшілерінің бірі Вэй Люй бастаған динлиндер, Ли Линнің басқаруындағы хакастар, Байкалдың арғы бетіндегі Шила мен Аргун өз-н мекендейтін тобалар, Хинган жоталарынан сәнбилер келіп қосылды. Батыстан ғұндарды қолдауға чешилер (Тұрфан) көтеріледі (бұған дейін оларды қытайға берілген шаньшаньдықтардың шапқыншылығынан ғұндар қорғап қалған еді). Қытайдың батыс өлкесіндегі одақтастары (Шаньшань, Халга-амань, Чагантүнгйе, т.б.) Чешиге қарсы аттанды. Тек үйсіндер ғана бұл соғысқа қатыспады, өйткені олар өз ішінде Қытайды қолдаушылар мен ғұндарды жақтаушылар болып екіге бөлініп, бір-бірімен соғысып жатқан еді. Солт.-шығыстағы көшпелілер бұл соғысқа жаппай жұмылдырылғанымен ғұндар мен олардың одақтастарының саны қытайлардан әлдеқайда аз болды. Батыста 40 мың қытайға қарсы ғұнның хучжи-князьдері не бары 20 мың атты мен 3750 жаяу чешиді шығарды. Шығыста қытайдың 30 мың атты әскері мен 10 мың жаяу әскеріне қарсы Ли Линнің көмекші әскерін қосқанда 30 мың адамның басы әрең қосылды. Бәрінен де орт-тың халі мүшкіл болды, мұнда Хулугу шаньюй бар болғаны 50 мың ғұн мен динлинді соғысқа алып шықты. Алайда, көшпелілер санының кемістігін жауынгерлік рухының күштілігімен толықтыратын. Қытай қолбасшысы Ман Тун Жоңғарияға басып кірді, бірақ ұлы атайман Янькюй әскерін қиыр далаға шегіндіріп әкетті. Бұл кезде шаньшаньдықтар мен қытайдың басқа да одақтастары Чешилермен соғысып жатты. Ман Тун кері қайтып, одақтастарына қосылды. Чешиліктер тізе бүгіп, қытай бодандығын қабылдады. Батыс әскерінің қимыл-әрекеті осымен аяқталды. Шығыстық әскер “тірі жанды көрмей” дала мен таулардың қойнауына енді. Бірақ ешкімді кезіктірмеген қытайлар көп ұзамай азық түліктері таусылып, шаршап-шалдығып кейін қайтты. Осы кезде оларға ғұндар мен хакастар шабуыл жасады. Адамдары мен жүк көліктерінен айрылып, тоғыз күн бойы жау қоршауында қалған қытай әскері Пану өз. бойында ғұндардың соңғы шабуылын тойтарды. Қалжыраған қытайлар еліне қайтты. Осылайша қос қанаттан жасалған жорықтар соғыстың тағдырын шеше алмады. Қытайдың негізгі әскеріне қарсы ғұндар динлиндермен қосылғанда не бары 5 мың адаммен шықты. Қытайдың шекарадағы атты әскері динлиндерді талқандап, Селенга жағасына дейін өкшелей қуады. Ли Гуан-ли Чжигюй (Толыг) өз-нің бойында ғұндардың 20 мыңдық әскерімен кездесіп, оларды тықсырып тастады. Алайда ол көп ұзамай мұның уақытша жеңіс екенін түсінді. Шаньюй жаңа күш алдырғанда, қытайлар әбден титықтаған еді. Амалы құрыған қытай әскері шегіне бастады. Осы кезде шаньюйдің өзі бастаған 50 мың ғұн Ханғайдағы Яньжань тауының маңында негізгі қытай қолын қоршап алды. Қараңғы түнде олар қытай әскерінің алдынан терең ор қазып, ертеңіне олардың ту сыртынан келіп тиісті. Қытайлар күйрей жеңіліп, Ли Гуан-ли қолға түсті. Осы жеңілістен кейін Қытай мемлекеті көпке дейін оңала алмады. Ғұндар қайтадан Шығыс Азиядағы жетекші елге айналды. Я. қ. Қытай тарихының қаралы беттерінің біріне айналды. Яранга. Яранга – Солтүстік Азия халықтарының ертеден келе жатқан тұрақ-жайы. Ол киіз үйге ұқсас дөңгелек жиналмалы тұрғын үй түрінде болады. Я-ны ертеде чукчалар (чукотша яранга), коряктар (корякша яянга деп атаған), эвендер, юкагирлер, солт-тің басқа да көшпелі тайпалары кеңінен пайдаланған. Түркі халықтарының киіз үйінен айырмашылығы: керегесі – таяқшадан, уығы – сырықтан жасалады, шаңырақ болмайды, сырықтардың басы айқастырылып буылады, сырты бұғы терісімен жабылады. Оның іші арнаулы май шаммен жылытылады, содан жарық та түсіріледі; ал ішкі кеңістіктің бір жағы қойма ретінде және ас әзірлеуге пайдаланылады. Отырықшы чукчалар мен эвендер әдетте Я-ның қабырғасын шымнан және тастан тұрғызып, кейде шағын бөлмеге ұқсатып төбесін ағашпен жабатын болған. Осы заманғы тұрғын үйлердің көбеюіне байланысты Я. тұрмыста пайдаланудан қалып барады, тек бұғы өсіруші ұжымдық көшпелі бригадаларында ғана сақталып қалған. Ярд. Ярд (ағылш. yard) – ұзындықтың британиялық бірлігі. Ярема Ирина Зиновьевна. Ярема Ирина Зиновьевна (26.6.1931 ж. т., Украина, Львов обл. Павлов с.) – қолданбалы өнер шебері. 1965 ж. Львов мемл. сән және қолданбалы өнер ин-тын бітірген. 1970 жылдан Алматы қ-нда Қазақ КСР-і Жергілікті өнеркәсіп мин. жанындағы экспериментті ин-тта суретші болды. “Алатау” (1972), “Ертегі аңшы” (1973), “Қазақстан” қонақ үйі үшін “Қазақстан” (1976, басқалармен бірге; Қазақ КСР-і Мемл. сыйл., 1981), “Нөсер”, “Қарағаш”, “Тыңдағы таң” (1979), өндірістік тақырыптағы “Химия” (1983), “Индустрия” триптихы (1985), т.б. көпшілік орындарға жасаған гобелен-интерьерлері бар. Ярмұхамедов Шаяхмет Шамұхамедұлы. Ярмұхамедов (Жармұхамедов) Шаяхмет Шамұхамедұлы (1902, Қаракөл қ. – 1953, Теміртау қ.) – қоғам қайраткері. Орыс-қазақ уч-щесін, Верный жоғары бастауыш уч-щесін (1918), Ленинградтағы (қазіргі Санкт-Петербург) Бүкілодақтық коммунистік а. ш. ун-тін (1926) және өнеркәсіп академиясын (1940) бітірген. 1919 – 21 ж. Ресей Коммунистік Жастар Одағы Алматы обл. к-тінің хатшысы, 1921 – 22 ж. Түркістан Коммунистік Жастар Одағы ОК хатшысы, 1923 – 24 ж. Ленинградта Жұмысшы-шаруа Қызыл армиясы қатарында, Ташкентте Түркістан АКСР Саяси ағарту бас басқармасының төрағасы болды. 1926 – 28 ж. Қызылорда уездік к-ті үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі, Сырдария губ. партия к-тінің үгіт-насихат бөлімінің және ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, 1928 – 29 ж. Ақмола, Алматы окр. атқару к-ттерінің хатшысы, 1930 – 31 ж. Қазақ өлкелік партия к-тінің нұсқаушысы, 1931 ж. тамыздан 1932 ж. мамырға дейін Қазақ АКСР еңбек халық комиссары қызметтерін атқарды. 1932 – 36 ж. Ақтөбе, Алматы обл. партия к-ттерінің хатшысы, 1940 – 43 ж. Кузнецк металлургия комб-нда кеніш партия ұйымдастырушысы, 1943 – 53 ж. Теміртау қ-ндағы Қазақ металлургия з-ты директорының орынбасары болып істеді. Я. Теміртау қ-н салуды ұйымдастырушылардың бірі, республиканың қара металлургиясын дамытуға елеулі үлес қосты. Яровенко Евгений Васильевич. Яровенко Евгений Васильевич (17.8.1963 ж. т., Жамбыл обл. Қаратау қ.) – футболшы, КСРО-ның еңб. сің спорт шебері (1989). Қазіргі Қазақ спорт және туризм акедемиясын бітірген (1987). Футбол ойнауды 1975 ж. Қаратау қ-нда балалар командасынан бастаған. Кейіннен “Фосфорит” (Қаратау), “Химик” (Тараз), “Қайрат” (Алматы), “Днепр” (Днепропетровск), “Ротор” (Волгоград), “Нива” (Тернополь), “Понту” (Хельсинки, Финляндия), “Сарыере” (Түркия), “Маталлург” (Запорожье) командаларында ойнады. КСРО чемпионатында 173 ойынға қатысып, 14 гол соққан. КСРО чемпионатының күміс жүлдегері (1989) және кубогының иегері (1989). КСРО құрама команда сапында олимпия чемпионы (1988, Сеул, Оңт. Корея). КСРО-ның ең үздік 33 футболшыларының қатарында болған (1987). 1997 – 2006 ж. “Кривбас” (Кривой Рог, Украина) командасының бапкері, 2006 жылдан Я. “Есіл-Богатырь” (Петропавловск) командасының аға жаттықтырушысы. Ярозит. Ярозит (Испаниядағы Барранка-Ярозо кеніне байланысты аталған) – сульфаттар тобына жататын минерал. Хим. формуласы: KFe3+[(OH)6(SO)2], құрамы (%-бен): K2O – 9,4, Fe2O3 – 47,9, SO3 – 31,9, H2O – 10,9, қоспалары: Al, Ca, Na, Pb, Se. Тригондық сингонияда кристалданады, жеке кристалдары псевдокуб, ромбоэдр пішінді. Минералдық агрегаттары топыраққа ұқсас түйірлі масса құрайды, кейде қабыршақ түрінде келеді. Түсі сары, қоңыр, жіктілігі жетілген, шыныдай жылтыр; қатт. Моос шкаласы бойынша 2,5 – 3,5 тығызд. 3,15 – 3,3 г/см3, пироэлектрлік қасиеті бар. Түзілуі – гипергендік. Көптеген сульфидтік кендердің тотығу белдемінде темірдің күкіртті қосылыстары есесінен түзіледі, гидролиз әсерінен қоңыр теміртасқа айналады. Оңт. Оралдың колчедан кендерінен, Майқайың алтын кенінен табылды. Я-тен жылтыратушы ұнтақ (крокус) дайындалады. Яруллин Санғат Саматұлы. Яруллин Санғат Саматұлы (9.9.1941 ж. т., Қазан қ.) – театр суретшісі, кескіндемеші. 1962 ж. Қазан көркемсурет уч-щесін бітірген. Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) қ-ндағы Комедия театрында Н.П. Акимовтың жетекшілігімен стажировкада болып, мамандығын шыңдаған. Әуелі Ресей театрлары ұжымында (1963 – 65) театр суретшісі болып, кейіннен Қазақстанда қызмет етті. Солт. Қазақстан обл. орыс драма театрында бас суретші (1965 жылдан) ретінде еңбек етіп, 150-ден астам спектакльдерді көркемдеп безендірді. Ясақ. Ясақ (түрк. жасақ) – Ресей өкіметі тағайындаған салық. Негізінен мал ш-мен және аңшылық кәсіппен айналысқан орыс емес халықтарға салынған. Я. алу 15 – 18 ғ-ларда Еділ бойында, 17 – 20 ғ-ларда Сібірде жүзеге асырылды. Я. қазына есебіне бағалы аң терілерімен немесе малмен төленді. Я. төлеу Ресейге бодандықтың бір белгісі болды. Ол әрбір тайпа мен ру үшін жеке белгіленді. Я. Кунгур татарлары мен башқұрттар үшін жер салығы, Сібірдің кейбір халықтары үшін жан басылық, сахалар (якут) үшін мал басының санағына байланысты салынды. 18 ғ-дан Я. ақшалай салықпен алмастырыла бастады (Еділ бойында 1720 жылдан, Сібірде 1822 жылдан кейін). Я. жинаушылардың өз міндеттерін асыра пайдалануы ясақтық комиссияның көмегімен реттелуге тиіс болды. Я. жинау мәселесімен Сібір приказы, 1763 жылдан кейін Ұлы мәртебелі императорлық кеңсе айналысты. Я-тың көлемі шамалы өзгерген күйінде 1917 жылғы Ақпан революциясына дейін сақталып келді. Ясин Сүресі. Ясин Сүресі – Құран Кәрімдегі отыз алтыншы сүре. Сүренің атауы бірінші аяттағы “я” және “син” әріптеріне байланысты берілген. Мұндай бөлшектенген әріптермен (хуруфи муқатаға) басталатын бірнеше сүрелер бар. Бұл әріптердің мағынасы бір Аллаға ғана аян. Сексен үш аяттан тұратын Я. с. негізінен Мекке қ-нда, кейбір сүрелері Мединеде түсірілген. Я. с-де иман негіздері жайлы кеңінен баяндалады. Мыс., Құранның негізгі тақырыбы пайғамбарлық жайлы сүренің алғашқы аяттарында былай дейді: “Ясин. Даналыққа толы Құ-ранға ант болсын. Сен расында жіберілген елшілеріміздің бірісің, Және сен тура жолдасың”. Я. с. ең көп оқылатын сүрелердің бірі. Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбар Я. с-нің қасиеттері туралы көптеген хадистерінде айтқан. Мыс.: “Әр нәрсенің жүрегі бар, Құранның жүрегі Ясин сүресі” (Тирмизиден рауаят болған. “Фазайиул құ-ран”), “Ясин Құранның жүрегі. Алла Тағаланың рахметінен, ақырет күнінің жақсылығынан үміттене отырып, Ясин оқыған адамның өткен күнәларын Алла Тағала кешіреді. Қайтыс болған адамдарың үшін Ясин сүресін оқыңыздар” (Әбу Даууд Жанайиз). Қырық рет Я. с. қайырып оқып (Шілясин), науқас адамға немесе дем салдырушы кез келген адамға үшкіреді. Ясин – Мұхамммед (ғ.с.) пайғамбар есімдерінің бірі. Ясир Арафат. Ясир Арафат, Мухаммад Әбд Ар-Рауф Әль Кудвах әль-Хусейни (4.8.1929, Иерусалим – 2004, сонда) – саяси қайраткер, Палестина автономиясы әкімшілігінің басшысы (1994), Палестинаны Азат ету ұйымы атқару к-тінің төрағасы (1969 жылдан). Бай саудагердің отбасында дүниеге келген. 1948 ж. Палестина аумағын түгелдей Израиль жаулап алғаннан кейін Египетке эмиграцияға кетті. Я. А. мұнда “Мұсылман ағайындығы” мен Палестиналық студенттер одағының құрамына кіріп, 1952 – 56 ж. студенттер одағының президенті болды. 1956 ж. Каир ун-тінің инж. ф-тін бітірді және сонымен бір мезгілде израйльдіктерге қарсы диверс. жұмыстарға араласу үшін әскери даярлықтан өтті. 1956 ж. болған Суэц жанжалында Египет армиясының қатарында соғысты. 1957 ж. Кувейтке өтіп, Газа секторындағы күресті ұйымдастырушы Халиль Вазирмен бірге “Аль-Фатах” диверс. тобының негізін қалады. 1964 ж. Палестинаны Азат ету ұйымына (ПАҰ) қосылған ол көп ұзамай осы ұйымының ең ықпалды басшысына айналды. 1970 жылдан палестиналық Қарсыласу қозғалысы қарулы күштерінің бас қолбасшысы, ал 1973 жылдан ПАҰ-ның саяси департаменті бастығы қызметтерін қоса атқарды. Я. А. дербес Палестина араб мемлекетін құру қажеттілігін түсінді және бүкіл күш-жігерін ПАҰ-н Палестина халқының мүдделерін білдіретін өкілетті ұйым ретінде таныту үшін бағыттады. Соның нәтижесінде 1974 ж. ПАҰ Араб елдері лигасының мүшелігіне қабылданды. 1987 ж. палестиналық интифада жариялап, ол 6 жылға созылды. 1988 ж. 15 қарашада “Палестина мемлекеті” жарияланды, ал 1989 ж. 2 сәуірде Палестина Ұлттық Бас Кеңесі Я. А-ты осы мемлекеттің президенті етіп сайлады. 1988 ж. Я. А. Израиль мемлекетін мойындап, палестина арабтары мен израильдіктердің арасында бейбіт келісімге қол жеткізу мүмкіндігін ашты. АҚШ-тың делдалдық етуімен Я. А. Израильмен келіссөздер жүргізді. Нәтижесінде 1993 ж. қыркүйекте Вашингтонда Қағидаттар декларациясына қол қо-йылды. Ол бойынша Газа мен Иерихон секторларында палестиналық өзін-өзі басқару енгізілді. 1994 ж. мамырда бұл аумақтардағы Израиль әскерлері Палестина полициясымен алмастырылды. 1994 ж. шілдеде 27 жылдық қуғын-сүргіннен соң Я. А. отанына палестиналық өзін-өзі басқару әкімш-нің басшысы ретінде салтанатты түрде қайтып оралды. Я. А. – Бейбітшілік сақтау істері жөніндегі халықар. Нобель сыйл. лауреаты (1994). 1996 ж. қаңтардан өмірінің соңына дейін Палестина Ұлттық кеңесінің атқарушы басшысы болды. Ясная Поляна. Ясная Поляна – Солт. Қазақстан обл. Тайынша ауд-ндағы ауыл, ауылдық округ орталығы. Аудан орт. Тайынша қ-ның оңт.-шығысына қарай 52 км жерде орналасқан. Тұрғыны 1,6 мың адам (2006). Іргесі 1930 ж. қаланған. 1936 – 96 ж. шошқа ш. ұжымшарының орт. болды. Ясновка. Ясновка – Солт. Қазақстан обл. Есіл ауд-ндағы ауыл, ауылдық округ орталығы. Аудан орт. – Явленка а-ның оңт-не қарай 57 км жерде орналасқан. Тұрғыны 0,9 мың адам (2006). Іргесі 1909 ж. қаланған. 1976 – 96 ж. ет бағытындағы мамандандырылған ш. бірлестігінің орт. болды. Ауылдың оңт.-батысына қарай 3 км жердегі Көлдер сайынан “Яснов пілі” деп аталған төрттік кезеңде өмір сүрген піл қаңқасы табылған. Ясперс Карл. Ясперс Карл (23.2.1883, Олденбург, – 26.2.1969, Базель) – неміс экзистенциалист философы. Өз қызметін психиатр ретінде бастаған. Я-тің экзистенционалдық ойлау стилі жалпы батыс зистенционализміне ортақ адам өмірінің пәнилігімен байланысты туындайтын этик. және социол. ой-қорытындыларынан көрінеді. Я. түсінігінше адам өзінің бұл дүниеде мәңгі еместігін ұмытпай, түйсінуі оның мінез-құлқын, әрекетін, арманын және моральдық, құқықтық, эстетик. құндылықтарын анықтайды. Шексіз, транцедентті болмысқа адам санасы тек әдеттен тыс халде (медитация) шыға алады. Психопатол. құбылыстардан Я. жеке адамның құлдырау бейнесін ғана емес, қайта адамның өз даралығын ширыға іздестіруін көреді. Осы жанға батарлық ізденістерді нағыз философияға салынудың ұйтқысы деп санаған Я. мынадай тұжырымға келді: дүниенің кез келген рационалды көрінісін ешқашан ақырына дейін ұғынылмайтын жан құлшыныстарын рационализациалау деп қарауға болады. Я. пікірінше, болмыстың шын мағынасы аса терең күйзелістер (ауру, өлім, күнәсін сезіну, т.б.) кезеңінде ашылады. Я-тің жалпы адамзаттың уақыт пен кеңістіктегі түсіністігіне сенімі “уақыт ұйтқысы” (Axenzeіt) – тарихтың әмбебап мәнісі жайлы теориясына себеп болды. Яссы Бітім Шарты. Яссы Бітім Шарты, орыс-түрік соғысынан (1787 – 91) кейін 1792 ж. 9 қаңтарда Яссы қ-нда жасалды. Я. б. ш. бойынша Ресей мен Осман сұлтандығы арасында жаңа шекаралар белгіленді. Оңт. Буг пен Днестр өзендерінің аралығындағы жер Ресейге өтті. Молдавия мен Валахия Түркияға қайтарылды. Түркия Ресей шекараларына тиіспеуге және Грузия мен Кубань жеріне шабуыл жасамауға міндеттенді. Я. б. ш. Ресейдің Қара т-дегі жағдайын нығайтып, сауда жолын қауіпсіздендірді. Яхмос І. Яхмос І (ежелгі египетше “Айдан туған”) (т. ж. б. – б.з.б. 1559) – египет перғауыны (шамамен б.з.б. 1580 – 1559), 18-әулеттің негізін қалаушы. Я. І гиксостарды Египеттен біржолата қуып шығып, Оңт. Палестинада өз үстемдігін орнатты. Солт. Нубиядағы Египет үстемдігін қалпына келтірді. Я. І-нің билік жүргізген кезеңі тарихнамада Ежелгі Египеттегі Жаңа патшалық кезеңінің басы болып есептеледі. Яхмос Іі. Яхмос Іі (ежелгі египетше “Айдан туған”, грек. Амасис) (т. ж. б. – б.з.б. 525) – египет перғауны (б.з.б. 569 – 525), 26-әулеттің 5-патшасы. Я. ІІ тұсында салықты жеңілдету мақсатымен жер кадастры қайта қаралды, Кипр аралы жаулап алынды. Сыртқы саясатта Афина, Спарта, Самос және Лидиямен одақ құрып, парсы әскерлерін Египетке кіргізбеуге ұмтылды. Яхта. Яхта (голл. jacht, jagen – қуалау) – 1) спорттық (не туристік) желкенді кеме. Ол пайдалануына қарай: крейсерлік Я. (алысқа жүзуге арналған) және жарыс Я-сына, ал желкен жабдықтарының түріне сәйкес кэт, шлюп, куттер, иол, кеч және шхуна болып ажыратылады. Халықар. жіктелім бойынша Я. 20 класқа бөлінеді. 2) Арнайы жабдықталып, жолаушылар тасымалдауға арналған кеме. Яһуди Діні, Иудаизм. Яһуди Діні, Иудаизм – ежелгі діндердің бірі. Еврейлер арасында таралған. Я. д. сеніміндегілердің басым көпшілігі Израиль мен АҚШ мемлекеттерінде шоғырланған. Б.з.б. 13 ғ-да батыс семит көшпелі тайпаларын Египет перғауыны Палестинадан далалы аймаққа ығыстырды. Палестинадан қуылғандар Яхве атты Құдайға сенетін тайпалық одаққа бірігіп, “Израил” атын алды. Б.з.б. 622 ж. Иудей патшасы Иосия діни реформа жасады да, жергілікті әулиелердің шырақтарын жойып, Иерусалим ғибадатханасын Яхве Құдайға құлшылық етудің орт. деп жариялады. Содан бастап дүниеде бір Құдай бар, ол – Яхве, ол әлемді билеп, өз халқы – еврейлерге қамқорлық жасайды деп уағыздалды. Израиль тайпалары мен Яхве арасындағы ерекше “келісім” туралы концепция пайда болды. Я. д. нені уағыздап, неге тиым салатыны жайлы Тора, Мишне, Талмуд сияқты киелі кітаптарда жазылған. Я. д-не сенушілер құлшылық ғибадаттарын раввиннің басшылығымен синогогаларда атқарады. Раввиндер діни қауымдастық мүшелерінің азаматтық-құқықтық тұрмысына да басшылық жасайды. Я. д. ішінде каббала атты діни мистик. ағым таралып, соның ықпалымен діни-филос. иудейлік әдебиет (сенім иелерінің өмірін ұсақ-түйегіне дейін реттейтін “Шулхан Арух” атты 16 ғ-да Иосиф Каро жасаған этик.-құқықтық жинақ) пайда болды. Я. д-нің маңызды мерекелерінің бірі сенбі күні ғибадаттан басқа барлық қызметке тыйым салынады. Яшлық. Яшлық – вокалды-аспаптық ансамбль. 1974 ж. Ұйғыр музыкалы комедия театрының жанында құрылған. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі М.Ахмадиев болды. Репертуарлық негізін ұйғыр халық әндері, ұйғыр, қазақ композиторларының туындылары құрады. Ансамбль халық әндерін қазіргі музыкадағы жаңашыл ізденістердің дәстүрінде өңдеп, насихаттады. Концерттік бағдарламаларынан ТМД елдері композиторларының әндері де орын алды. “Я.” – 6-Бүкілодақтық эстрада артистерінің (1978, қазіргі Санкт-Петербург), саяси әндердің (1979, Ереван), 1-Бүкілодақтық соц. достас елдердің үздік орындаушылар байқауының (1979, Ялта), 12-Дүниежүз. жастар мен студенттердің Мәскеу фестивалінің (1985) дипломанты. Гастрольдік сапармен ТМД елдерінің көптеген қалаларында, сонымен қатар Венгрияда (1979), Болгарияда (1981), Румынияда (1984) болып, өнер көрсеткен. “Я.” ансамблі 1994 жылға дейін жұмыс істеді; қазір оның жастар тобы (Д.Ахмадиев, Д.Ахмадиева, Б.Саитов, т.б.) бар. Қазақстан Ленин комсомолы сыйл-ның лауреаты (1980). КӨҢІЛ АЙТУ. азалы адамды жұбатуға арналған дәстүрлі ғұрыптық салт. Бұл ізгі дәстүр көп халықтарда ертеден бар. К. а. жаны ашығандықты, қайғыға ортақтықты, жақындықты, сыйластықты білдіреді. Қазақ халқында кісі, отбасы, ауыл, ру басына түскен қайғы-қасірет, өлім-жетімге байланысты К. а. қара сөзбен де, өлеңмен де айтылады. Қаза алдымен естіртіледі де (қ. Естірту)`, содан кейін К. а. басталады. К. а-ға жұбату жалғасады. Бұл ғұрыптық салттардың бәрі өзара сабақтасып, адам ойын тереңнен тербеп, қайғысын сейілтетін филос. ойлы, ұтқыр сөздермен көркем жеткізіледі. Негізгі ой мақал-мәтелмен алыстан орағытыла келе, қайғылы адамның жігерін қайрап, үмітін жебейді. Мыс., Байдалы би Уәлидің кіші әйелі Айғанымға “Үміт, сенім, тілек бар, қуантып, қуат алдырар. Жылау деген азап бар, қуартып отқа жандырар. Мен қайғыңды қозғағалы келгем жоқ, қайратыңды қолдағалы келдім” деген екен. Бөлтірік шешен қырғыз билеушісінің баласы қайтыс болғанда “Аққу құсқа оқ тисе, қанатын суға тигізбес, Ақсүйекке оқ тисе, көршісіне сездірмес... Әлімдердің ақ сөзі, өлгеніңді тірілтіп, өшкеніңді жандырар, Дос көтерер өлімді, бекем бу, төрем, беліңді!” деп көңіл айтыпты. Адамның қайғысын бөлісу қазақ қоғамында ертеден тамырын үзбей келе жатқан рәсім. КӨПАЯҚТЫЛАР. буынаяқтылар типі кеңірдек тыныстылар тип тармағының бір класы. Жер шарында кең тараған 53 мыңнан астам түрі бар, басым көпшілігі құрлықта (ағаш, тастардың астында тұрғын үйлерде) тіршілік етеді. Денесінің ұз. 1 – 3 мм-ден 28 см-ге дейін, дене сегменттерінің әрқайсысында жұп немесе екі жұп аяқтары орналасқан, олардың саны өте көп (кейбір түрлерінде 180 жұпқа дейін), кластың аты осыған байланысты қойылған. К. симфилалар (Symphyla), пауроподалар (Pauropoda), ерінаяқтылар (Chіlopoda) және қос жұпаяқтылар (Dіplopoda) деген төрт класс тармағына бөлінеді. Бұлардың денесі 2 бөлімнен: бас бөлімінен және тұлғадан тұрады. Бас бөлімі тұлғасынан айқын ажыраған, оның құрамында акрон және оған біріккен 4 сегменті болады. Акронда 1 жұп мұртшалары (антенналары) және жұп фасеттік көздері орналасқан. Мұртшалары көп түрлерінде жіп тәріздес иіс және сипап сезу қызметін атқарады. Тұлға бөлімінің сегменттері айқын бөлінген, олардың саны әр түрлі (мыс., пауроподаларда – 14, симфилаларда – 18, ерінаяқтыларда – 181). К-дың аяқтарының құрылысы да ұқсас, бірнеше буыннан (6 – 8) тұрады. Денесі бір қабатты гиподермальді клеткаларынан бөлінген хитинді немесе ізбес сіңген кутикуламен қапталған. Гиподермальді эпителий қабаты бір және көп клеткалы тері бездеріне бай (олардың ішінде қорғаныш қызметін атқаратын бездер де бар). Олар тұлға сегменттерінің арқа жағында орналасып, әр түрлі секреттерді (безден бөлінетін зат) сыртқа бөліп шашады. К-дың ас қорыту жүйесі түтік тәрізді, тек артқы ішегі қысқа, имек болып келеді. К. тек кеңірдек (трахея) арқылы тыныс алады. Кеңірдектегі газ алмасу процесі бұлшық еттердің жиырылып босаңсуы дене көлемінің өзгеруі нәтижесінде жүреді. К-дың жақсы дамыған жүрегімен қоса, перифериялық қан тамырлары бар. Жүрегі дене сегменттеріне сәйкес камераларға бөлінген. К-дың жүйке жүйесі ми, жұтқыншақ асты ганглиясынан, жұтқыншақ маңындағы сақина-коннективадан және құрсақ жүйке тізбегінен құралған. Жұп мұртшалары иіс және дәм сезгіш түкшелеріне бай, олар иіс және дәм сезу қызметін атқарады. К. – дара жынысты. Аталық және аналық жыныс бездерінің бастапқы жұп күйінде сақталғандары (пауроподаларда) да кездеседі, көбінесе, дара бір ғана без түрінде болады. Көптеген К. тура және аноморфозды даму жолымен жүреді. Көптеген К. ұрпағын сақтауға бейім, олар жұмыртқаларын арнайы ұяшықтарға салады, кейде жұмыртқаларының үстінде спиралша оралып, ұрық шыққанша қоректенбей жатады. К-дың шығаратын секреті улы, адам терісіне тисе күлбіретіп жібереді. Кейбір түрі камфораның күйдіргіш дәмі мен исі болатын сүт тәрізді сұйық шығарады. Ал тропиктік түрлерінің секретінің құрамында бадамның ащы исі бар синиль қышқылы болады. КӨП БАҒЫТТЫ САЯСАТ. мемлекеттің сыртқы саясатының тепе-теңділігін, сарабдалдығын, сындарлылығын және аса икемділігін, әр түрлі мемлекет мүдделерінің алуан реңкті кең ауқымы ескерілуін қамтитын ұғым. К. б. с. елдің сыртқы саясаты тұрақты да тұрлаулы жүргізілуін, оның белгілі бір аймақтағы жағдайдың болжанбаған сипатта өрбуіне, әлемдік рыноктағы жағдайдың өзгеруіне тікелей тәуелді болмауын көздейді. Сыртқы саясаттағы белсенділік, жаһандық және аймақтық құбылыстарға араласу, халықар. жағдайдың қазіргі және келешектегі даму бағыттарына жан-жақты талдау жасап отыру, барлық мүдделі елдермен екі жақты ынтымақтастықтың дамытылуын назарда ұстау және халықар. ұйымдарда белсенді жұмыс жасау мәселелерін қатар әрі үйлесімді жүзеге асыруға тырысу – көпбағыттылықтың мән-маңызы мен мақсат-мұраты. ҚР Конституциясының 8-бабында, “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” конституциялық Заңда (16.12.1991) Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы халықар. құқық принциптері негізінде жүргізілетіндігі, мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен тату көршілік қарым-қатынас жасалатыны, олардың теңдігі мен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау құқықтары құрметтелетіні, халықар. дауларды бейбіт жолмен шешу саясатын ұстанатыны бекем бекітілген. Осыған орай Қазақстан Республикасында жүргізілетін К. б. с-тың негізгі мақсаттары мыналар: 1) әлеум.-экон. реформалардың жүзеге асырылуы үшін қолайлы сыртқы жағдайды қамтамасыз ету, шетелдік инвестицияларды тарту; 2) халықар. ұйымдар тарапынан қолдау көрсетілуін қамтамасыз ету және басқа елдермен сауда-экон. байланыстарды кеңейтуге жәрдемдесу; 3) берік халықар.-құқықтық іргетасқа негізделген достық пен тату көршілестік белдеуінің барша тараптан жаппай шекараласып жатуын қамтамасыз ету. Еліміздің К. б. с. тұжырымдамасы шеңберіндегі негізгі міндеттері мыналар: 1) аймақтағы елдермен, жақын көршілермен көпжақты ынтымақтастық; 2) индустриялық жағынан дамыған елдерден, сондай-ақ халықар. қаржы-экон. ин-ттардан ел экономикасына ірі көлемді инвестицияларды жұмылдыру; 3) жекелеген мемлекеттер мен халықар. ұйымдарды мемлекеттің экон. мәселелерін және әлемдік коммуникацияларға шығу жолдарын қамтамасыз ету мәселесін шешу іс жүзінде жәрдем көрсетуге тарту; 4) экономика және мемл. басқару саласындағы мамандарды шет елде дайындау бағдарламаларын қамтамасыз ету; 5) ғыл.-тех., мәдени және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі халықар. ұйымдармен және бірлестіктермен ақпарат алмасуға қатысу; 6) жетекші халықар. саяси және дипломатиялық ин-ттармен байланыстардың тұрақты кеңейтілуін қамтамасыз ету. Әдеб.: Тоқаев Қ., Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты, А., 2002; Хан Г., Суворов Л., Рахманова Г., Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты, А., 2003. КӨПБАЙ Әлімбетов. (1904, қазіргі Оңт. Қазақстан обл. Бәйдібек ауд. Шалдар а. – ө.ж.б.) – халық ақыны. Ақындық өнерімен жастай танылған. Оңтүстікке аты жайылған ақын Нұралы Нысанбайұлының шәкірті. К. бірқатар дастан-қиссалар (“Алмас – болат”, т.б.) шығарған. “Туған өлкем”, “Алатау – ырыс аймағым”, “Арыс-Түркістан каналы”, “Ер шопан”, “Ақ бидай” сияқты арнау, толғаулары бар. Ауыл өмірі, бейбіт тұрмыс, достық, бейбітшілік тақырыбын жырлады. К. – айтыскер ақын. Ол Айнабек Нысанов (1943), Мыңбай Сұлтанбеков (1945), Желеу Жақыпов (1957), Әбдіғаппар Айтақов (1964), Құлжабай Төлеуов (1965), т.б. ақындармен айтысты. Айтыстары мен өлеңдерінің біразы “Айтыс” (3-т., А., 1966), “Ақындар жырлайды” (1968) жинақтарында жарияланған. КӨП БАЛАЛЫ ОТБАСЫ. бес және одан да көп баласы бар отбасы. Жекелеген шаңырақтардағы балалар саны бірқатар жалпы және жеке себептерге, атап айтқанда, елдің экон. даму деңгейіне, халықтың тұрмыс деңгейіне, оның біліміне, әйелдердің өндіріске тартылуына, отбасының әлеум. қамсыздандырылуына байланысты аз не көп болады. Демогр. деректер бойынша – аграрлы елдерге қарағанда өнеркәсібі дамыған елдерде адамдарының сәбилі болу деңгейі төмен; халықтың материалдық жағынан неғұрлым қамтамасыз етілген және білімді жіктеріндегі балалар саны нашар қамсыздандырылған және білімі төмен жіктеріндегіден гөрі аздау. Ұлттық құндылыққа бағдарланған дәстүрлі қоғамдар, сондай-ақ діни канондар, әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді (мыс., ислам конфессиясын) ұстанатын этностар балаларының көп болуын қалайды. Мұнда этн. ортаның да, аға ұрпақ өкілдерінің де ықпалы сезіледі. К. б. о. туралы түсінік және қоғамдағы оған деген көзқарас отбасы және оның функцияларының дамуымен, әйелдің отбасы мен қоғамдағы рөлінің өзгеруімен бірге белгілі бір эволюцияға ұшырап отырады. Мыс., 2-дүниежүз. соғыстан кейінгі жылдары Қазақстан мен КСРО-да дүниеге ұрпақ әкелу жасындағы ер адамдар санының күрт азаюынан туындаған елеулі демогр. мәселелерге байланысты аналар мен балаларды қорғаудың және отбасын нығайтудың маңызды мақсаттары қатарында көп бала табуды көтермелейтін арнаулы жарлық қабылданды. Осыған орай үшінші баладан бастап бір жолғы жәрдемақы төлемі, төртінші баладан бастап балаларға төрт жыл бойына ай сайын жәрдемақы төлемі белгіленді. Қазақстанда егемендік пен тәуелсіздік алғаннан кейін, 20 ғ-дың 90-жылдарынан бастап К. б. о-ларға (қалада – 4 баласы, ауылдық жерлерде – 6 баласы барларға), басқа да отбасыларына әр бала дүниеге келгенде бір жолғы жәрдемақы төленеді, сондай-ақ тиісті жағдайларда 1,5 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы жәрдемақы тағайындалады. Жұмыс істейтін ана-әйелдерге зейнет жасына келуіне байланысты зейнетақы тағайындау кезінде басқа да жеңілдіктер беріледі, сондай-ақ, көп балалы аналар бала санына қарай “Алтын алқа”, “Күміс алқа”, т.б. орден, медальдармен марапатталады. Қазақстанда К. б. о-лар, негізінен, қазақтар көп тұратын оңт. облыстарда, сондай-ақ түркі ұлыстары немесе ислам дінін ұстанатын басқа да ұлыстар көбірек қоныстанған бірқатар басқа да дара этн. аудандардың ауылдық жерлерінде басым болып келеді. КӨПБҰРЫШ. кез келген тұйық сынық сызық. Сынық сызықтың әрбір бөлігі К-тың қабырғасы, ал олардың ұштары К-тың төбелері деп аталады. Егер сынық сызық қарапайым болса, онда К. қарапайым К. деп, ал күрделі болса, жұлдыз тәрізді К. деп аталады. К. жазықтықты бірнеше облысқа бөледі. Қарапайым К. жазықтықтың біреуінде түзу толығынан жататын, ал екіншісінде толық жатпайтын екі облысқа бөледі. Біріншісін К-тың сыртқы облысы, екіншісін ішкі облысы дейді. К. осы облыстардың шекарасы болады. К. пен оның ішкі облысын біріктірсек, екі өлшемді К. шығады. Егер К-тың төбелері кез келген қабырғасы арқылы жүргізілген түзудің бір жағында жатса, онда оны дөңес К. дейді. Төбесі арқылы өтетін қабырғалардың ішкі облыс жағынан жасайтын бұрышын К-тың ішкі бұрышы дейді. Кез келген n қабырғалы өзара қиылыспайтын К-тың ішкі бұрыштарының қосындысы (n–2)Һ180-қа тең. Әрбір қарапайым К-тың кем дегенде бір бұрышы жазық бұрыштан кіші болады. Бір қабырғаның ұштары болмайтын екі төбені қосатын кесіндіні К-тың диагоналы дейді. Егер К-тың барлық қабырғалары мен ішкі бұрыштары өзара тең болса, онда оны дұрыс К. деп атайды. Дұрыс К. әрқашанда дөңес болады. Тек үшбұрыштың ғана қабырғаларының теңдігінен бұрыштарының теңдігі шығады. Жалпы жағдайда олай болмайды. Қабырғалары тең, бірақ бұрыштары әр түрлі n бұрышты К (n>3) және бұрыштары тең, бірақ қабырғалары әр түрлі n бұрышты К. болуы мүмкін. Дұрыс К-ты сырттай оның барлық төбелері арқылы өтетін шеңбер сызуға болады. 1801 ж. неміс математигі К.Гаусс (1777 – 1855) циркуль мен сызғыштың көмегімен қабырғалары m=2nҺp1Һp2Һ...Һpk түрінде берілген (мұндағы p1, p2..., pk – әр түрлі гаустық жай сандар) дұрыс К-ты салуға болатындығын көрсетті. Қазіргі кезде гаустық санның (p) мынадай 5 түрі белгілі: 3, 5, 17, 257, 65337. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде m=3, 4, 5, 6, 8, 10, 12, 15, 16, 17, 20, 24, 32, 34... болғанда К-ты салуға болатындығы, ал m=7, 9, 11, 13, 14, 18, 19, 21, 22, 23, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 33... болғанда К-ты салуға болмайтындығы анықталды. Бесбұрыштан бастап дөңес емес дұрыс К. (өзара қиылысатын немесе жұлдызшалы) кездеседі. Олардың барлық қабырғалары тең, барлығының бұрыштары тең және бағыттары бірдей болады. Мұндай К-тардың төбелері бір шеңбердің бойында жатады. КӨПЕС. 1) кәсіпкерлікпен, негізінен, сауда-саттықпен айналысатын әлеум. топ өкілі, тауарды екінші бір мемлекетке апарып сатып немесе сол жердегі халықтың қолөнер бұйымдарына айырбастап отыратын саудагер. Ол ежелгі заманнан белгілі. Бізге жеткен жазба деректерінің мәліметі бойынша жергілікті халық шығыстан келген сауда керуені саудагерлерін – шығыс К-тері деп атаған. Шығыстың сауда керуені Қазақстанның Созақ, Қарашоқы, Түркістан қ-лары арқылы жүріп өткен. Ортағасырлық тарихшы әрі әдебиетші Ибн Рузбеханның айтуы бойынша, Сығанақ пен Иасы қ-лары Шығыс К-терінің Дешті Қыпшақтағы сауда айлағы болған. Шығыс К-тері бұлғын мен тиін терілерінен тігілген тондар, шығыс садақтары мен ақ қайыңнан жасалған жебелер, жібек маталар, асыл бұйымдар әкелген. Қытай К-тері боялған шыны ыдыстар, фарфорлар әкелумен белгілі болды. Шығ. тауарлары Ресейге Орта Азия жәрмеңкелері арқылы түсіп отырды. Орыс және татар К-тері Қазақстан жеріне 15 ғ-дың 2-жартысы мен 17 ғ-дағы халықар. саудада Орт. Азия (Қазақстан даласы мен Түркістан қ. арқылы) мен Ресей сауда қатынастарының жолға қойыла бастаған кезінен келе бастады. Дала көшпелілері ең алдымен астыққа, ұнға, мақта маталарына, қаланың қолөнер бұйымдарына (қыш құмыра, қыш ыдыс, т.б.), сәндік бұйымдарға мұқтаж болды. Ал, қала тұрғындары көрші мемлекеттердің бағалы аң терілерін, алтын, күміс бұйымдарын, түрлі ыдыстарды, маталарды қажет етті. Орыс және татар К-тері Қазақстан мен Орта Азияға шұға, атлас, айналар, қобдишалар, күміс ыдыстар, мельхиор бұйымдар әкелді. К-тер әкелген заттарын сатып немесе айырбастап отырды. Негізінен, жергілікті халықтың қолөнер бұйымдарын, яғни ағаш және тері ыдыстар, арқан, алаша қоржын, т.б. заттарды, Орт. Азия жәрмеңкелерінен жібек шикізатын, табиғи асыл тастарды, пышақ, қылыш сияқты шығыс қаруларын сатып әкетті. Ресей К-тері Үрбіт, Қамар, Әулиеата, Қоянды, Қарқара жәрмеңкелеріне жер-жерден келген шығыстық К-терден шығыс бұйымдарын, ал Тарбағатай провинциясындағы Шәуешек базарынан Үрімжі, Пекин саудагерлерінің түрлі бұйымдарын сатып алып отырды. К-тер жүн, тері сияқты шикізат өнімдерін жергілікті халықтан, көбіне, жәрмеңке, базарлардағы саудагерлерден сатып алды. 19 ғ-да Орта жүз, Кіші жүз көшпелі тайпалары арасынан түйеге тері, жүн, тоқыма, қолөнер бұйымдарын артқан Орынбор, Хиуа, Бұхара, Ташкентке аттанған сауда керуендері болған. Қазақтар арасында сауда ісімен, негізінен, ер адамдар айналысқан. Мыс., Қызылқұм көшпелілерінің тобықты руынан Амандық қарт Орынбор мен Бұқара арасындағы сауда керуенін басқарумен аты шыққан. Жергілікті халық алыпсатарлықпен айналысатын қазақтарды “саудагер” деп атағанымен, көршілес мемлекеттегі халықтар оларды “Қазақ К-тері” деп таныған. 2) Ресейде 1775 ж. заң жүзінде рәсімделген қ-лық сауда-кәсіпорын тобының өкілі. Жеке басы мен жүргізетін жұмысында жеңілдік-артықшылықтарды пайдаланған. Қаржы-қаражатының мөлшеріне қарай берілетін үш түрлі гильдиялы К. дәрежесі Қазан төңкерісіне дейін сақталған. 10(23).11. 1917 ж. жойылды. Қазақстанда 20 ғ-дың басында гильдиялы К-тер сауда капиталын дамытуда елеулі рөл атқарды. Әдеб.: Гейер И., Туркестанские скитания//Туркестанские ведомости, 1897; Хорошкин А., Кызыл-Кум (историко-этнографический источник) //Туркестанские ведомости, 1873; Ибн Рузбехан (Фаззаллах ибн Рузбихан Исфахани), Михман-наме-йи Бухара (Записи Бухарского гостя), М., 1976; Гуревич Б.П., Международные отношения в Центральной Азии в XVІІ – первой половине XVІІІ вв., М., 1979. Метанол. Метанол (немесе метил спирті). Өзіне тән иісі бар, түссіз сұйық зат. Өте ұлы. Көз жүйкесіне әсер етеді. Бір жұтымының өзінен адам соқыр болып қалады. Ал одан көбірек мөлшері адамды өлтіріп те жібереді. Метанол еріткіш ретінде, автокөлік отынына қоспа ретінде және химия өнеркәсібінде құмырсқа қышқылын, плстмасса, т.б. заттар алу үшін қолданады. Абылайкит Бұтханасы. Абылайкит Бұтханасы– 17 ғ-дың орта тұсында (1654) қалмақтың Абылай тайшасы салдырған қамал. Өскемен қаласынан оңтүстікке қарай 60 км жерде, Қалба тауының етегінде. Қамал моңғол-тибет нақышында салынғанымен, онда жергілікті Дешті Қыпшақ дәстүріндегі құрылыс үлгілері де қолданылған. Автовокзал. Автовокзал(грек. autos – өзі, ағыл. vauxhall – көңіл сергітетін мекеме) – қалааралық жолаушыларға қызмет көрсетуге арналған ғимараттар кешені. А. ғимаратында жолаушылардың күту залы, кассалар, ана мен бала бөлмесі, қол жүгін сақтайтын қоймалар, кафетерий, сантехник Адам Анатомиясы. Адам Анатомиясы(лат. anatom – кесу, бөлшектеу) – жаратылыстану ғылымының адам денесінің құрылысын, пішінін, қимылдарын, мүшелердің өзара қарым-қатынасын зерттейтін саласы. А. а-ның негізін ежелгі рим дәрігері Гален (133 – 211) салған. Қазақ даласында А. а. мәселелері Өт Аджаиб Әл-Бұлдан. Аджаиб Әл-Бұлдан (Елдер ғажайыптары) – араб тарихшысы, географ Зәкәрия әл-Қазуинидің (13 ғ.) шығармасы. Оғыз, қыпшақ, қимақ, қарлұқ, т.б. түркі тайпаларының орналасуы, кәсібі, мәдениеті, діні жөнінен мағлұматтар береді. Жер шарының картасы жасалып, онда түркі тайпаларының Алматы Апорты. Алматы Апорты– Апорттың бір сорты. А. а. 19 ғ-дың аяғында Воронеж губ-нан (Ресей) әкелінген апорты жергілікті алма сортымен будандастыру арқылы шығарылған. Жемісінің салм. 350 г, шырынды, түсі қанық қызыл, дәмі сәл қышқылтым әрі тәтті, ерекше хош иісті. Дәмі және сыртқ. Алтай Қазақтары. Алтай Қазақтары– Ресей Федерациясы Алтай Республикасындағы Қосағаш ауданында тұратын қазақ диаспорасы. Жалпы саны 10 мың адам. Мал ш-мен айналысып, қой, жылқы, түйе, сиыр, қодас, түбітті ешкі, аңдардан қара түлкі өсіреді, балық ауланады. Алтай Қазақтары 2002 жылғы Ресей халық санағы бойынша 9 825 адамды құрайды. Арыстан Баб. Арыстан Баб– әулие. Діни аңыздар бойынша Ахмет Иасауидің ұстазы болған. А. б. есімі Отырар, Сайрам, Иасы өңіріндегі сопылардың рухани ұстазы ретінде кеңінен танылған. Оның ұрпақтары да Иасауи тариқатының жетекшілері болды. Тағы қараңыз. Арыстан баб кесенесі Бақбергенов Сәуірбек. Бақбергенов Сәуірбек(1920 – 1997) – Қазақстанның халық жазушысы (1996). Талғат повесі (1950), Қайран шешем(1963), Адам және көлеңке (1969), т.б. 20-ға жуық романдар мен повестер жинағы жарық көрген.Сәуірбек Бақбергенов 1920 жылы Созақ ауданында дүниеге келген. Түркістан каласыңдағы балалар үйінде тәрбиеленіп, осындағы теміржол, кейіннен педагоғика училищесінде оқиды. 1939 жылы Кеңес Армиясы қатарына шақырылып, Подольск жаяу өскер училищесін бітірісімен Мәскеу түбіндегі ұрыстарға катысады. С. Бақбергенов И.В.Панфилов атындағы N8 гвардиялық дивизияның офицері — атқыштар взводының командирі. Әскер қатарынан босаған соң "Социалистік Қазақстан" газетінде еңбек етті. 1950 жылы мәшһүр ұшқыш Талғат Бигелдинов атындағы хикаятын бастырады. Шоқан Уәлиханов ғұмырынан "Қоян көлге құлаған жүлдыз", "Мен сізді сүйемін", "Тараз көгершіндері" атты үш хикаят жазған.Соғыс тақырыбына жазылған "Карға тамған қан", "Алтын күрек", "Адам және көлеңке", "Көлеңке" романдары, "Талғат", "Белгісіз солдат", "Жанғожин", "Барлаушылар," "Атжалында" хикаяттары мен көптеген әңгімелері оқырманға жақсы таныс.Ол "Мейірімді анам", "Адам жоне көлеңке", "Кентау" романдарының "Бозторғай", "Әнші бала", "13-нөмірлі ойыншы" хикаяттарының, "Біздің жігіттер", "Біздің колхозда болған еді", "Жол Алтынемел арқылы өтеді" атты әңгіме жинақтарының авторы.Максим Горькийдің бірқатар әнгімелері мен ертегілерін қазақшаға тәржімалаған. Берен. Берен, берен сауыт, береңгілі сауыт – мықты болат. Бериллий. Бериллий(лат. Beryllіum), Ве – элементтердің периодтық жүйесінің ІІ тобындағы хим. элемент, ат. н. 4, ат. м. 9,0122, жеңіл, ашық сұр түсті металл. Тұрақты бір изотопы (9Ве) бар. Алюминийден жеңілірек, тығызд. 1,816 г/см3, балқу t 1284°С, қайнау t 2450°С, хим. қос Бесік Жыры. Бесік Жыры– тұрмыс-салт жырларының көне түрі. Б. ж-нда халықтың төл тарихының, дәстүрлі мәдениетінің, ежелгі наным-сенімінің, дүниетанымының көрінісі бар. Нәрестеге арналып айтылады. Бром. Бром(лат. Bromum, грек. bromos – сасық), Br – элементтердің периодтық жүйесінің VІІ тобындағы хим. элемент, ат. н. 35, ат. м. 79,904; галогендер тобына жатады. Тұрақты екі изотопы бар. Б. қалыпты жағдайда өткір иісті, қызыл қоңыр түсті, ауыр сұйықтық. Тығызд. ӘБДІКЕРІМ Ережепұлы. (1867, қазіргі Шығыс Қазақстан обл., Катон-Қарағай ауд. — 1936, ҚХР-дың Шыңжаң өлкесі, Алтай аймағы) — қоғам қайраткері, ағартушы. Петербург орман ш. ин-тында оқып жүргенде еліне келіп, болыстыққа сайланған. Ә. елді жаңаша басқаруға талпыныс жасайды. 1904 ж. Шыңғыстайда орысша-қазақша оқытатын төрт сыныптық мектеп ашқан. Онда орыс мұғалімдері, ақын С. Торайғыров ұстаздық еткен. 1913 ж. қыздарды еріксіз атастыруды және әмеңгерлікті жою туралы алты тармақты заң жобасын жасап, бекіттірген. Осы ережені іске асыруды қолға алған. 1920 ж. Семейде өткен Алашорда съезінде Ә. үкіметтің аймақтық к-нің мүшесі болды. 1928 ж. кеңес үкіметі органдарының құдалауына шыдамай, Қытайға өтіп кетуге мәжбүр болды. Ленинград (Санкт-Петербург) ун-тінде оқыған ұлы Қамбар, Мәскеу сауда ин-тында оқыған ұлы Шабдан аймақтың ағарту-мәдениет жұмыстарына қатысады. Ә. қайтыс болғаннан кейін бір жылдан соң екі ұлы да тұтқындалып, ату жазасына кесілді. Ә-нің өлеңдері мен әндері ел аузында сақталған. ӘБДІКОВ Төлен. е(4.9.1942 ж.т., Қостанай обл. Жангелдин ауд. “Еңбек” а.) —жазушы. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1965). “Қазақстан пионері” (қазіргі “Ұлан”) газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, “Жалын” альманағында бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, 1977 — 79 ж. “Қазақфильм” киностудиясының бас редакторы, Қазақстан КП ОК-інде нұсқаушы, сектор меңгерушісі, онан кейінгі кездері “Қазақәдебиеті” газетінің бас редакторы, Қазақстан жазушылар одағына 2-хатшысы болды. 1994 ж. ІР Президентінің көмекшісі болып тағайындалды. 1997 жылдан ІР Президенті аппаратында ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары Ә-тің “Райхан” атты тұңғыш әңгімесі жас жазушылардың “Таңғы шық” әңгімелер жинағында (1964) жарияланды. Сонан бергі кезеңде “Көкжиек” (1969), “Күзгі жапырақтар” (1971), “Ақиқат” (1974), “Айтылмаған ақиқат” (1980) атты әңгімелер мен повестер жинақтары, Қазақстандағы ұжымдастыру науқанының қасіретін суреттеуге арналған “өліара” (1985), “Ақшоқыда қыс қатты” (1987) романдары, таңдамалы шығармаларының бір томдығы жарық көрді. “Біз үшеу едік” атты драм. шығармасы Ғ.Мүсірепов атынд. Жастар және жасөспірімдер театрында қойылды. “Ақиқат” атты кітабы орыс тіліне (1981), жекелеген әңгіме, повестері украин, өзбек, қырғыз тілдеріне тәржімаланды. Ә. шығармалары адам мінезінің құпия сырларына үңілуі, өмірдің мән-мағынасына филос. тұрғыдан қарауымен ерекшеленеді. Висмут. Висмут(лат. Wіsmuthum), Ві – элементтердің периодтық жүйесінің V тобындағы хим. элемент, ат. н. 83, ат. м. 208,980. Бір ғана тұрақты изотопы (208Ві) бар. Қосылыстарында 2, 3 және 5 валентті. Күміс түсті ақ металл, морт сынғыш, оңай ұнтақталады, тығызд. 9,8 г/см ӘБДІҚАДЫР МЕДРЕСЕСІ. 19 ғ-дан сақталған сәулет өнері ескерткіші. Медресе 19 ғ-дың басында Тараз қ-да Әбдіқадыр атты кісінің қаржысына салынған. 20 ғ-дың 30-жылдарында бұзылып, алдыңғы беті мен азаншы мұнарасы ғана қалған. Ә.м. Орта Азияның осы тектес құрылыстары үлгісінде салынған. Алдыңғы қабырғаның дәл ортасында жебе тәрізді аркалы терең ойық жасалып, екі жағында сүйірлене шыққан жіңішке мұнара тұрғызылған. Күмбезбен жабылған азаншы мұнарасында қарама-қарсы 6 терезе бар. Медресе күйдірілген кірпіштен қаланған. Гагарин Юрий Алексеевич. Гагарин Юрий Алексеевич (9 наурыз 1934 жылы, Гжат (қазіргі Гагарин) ауданы Клушино ауылы Смоленск облысы — 27 наурыз 1968 жылы, Владимир облысы) – КСРО ұшқыш-ғарышкері, Кеңес Одағы батыры, ғарыш кеңістігіне сапар жасаған ең бірінші адам, полковник (1963), Кеңес Одағының Батыры (1961). 1961 ж. 12 сәуірде Восток ғарыш кемесімен Байқоңыр ғарыш алаңынан тарихта тұңғыш рет ғарышқа ұшты. Ол Жерді айналып ұшып, 1 сағ 48 мин-тан кейін Жерге қайта қонды. ӘБДІҚАДЫРОВ Қалқаман. (15.4.1901, қазіргі Қызылорда облысы Шиелі ауд. Шиелі кенті — 30.4.1964, сонда) — ақын, жазушы, аудармашы. Алғашқы “Сырдария” деген өлеңі “Еңбекші қазақ” газетінде жарияланған (1925). Тұңғыш өлеңдер жинағы “Жалшы” деген атпен 1928 ж. жарық көрді. 30-жылдарда өлеңді өндірте жазып, “Екпін”, “Шахтер”, “өлеңдер” жинағын баспадан шығарды. Ақынның 1935 — 51 ж. аралығында жазған “Май”, “Батыр”, “Сәтбаев”, “Еділ-Дон”, “Келес қызы” поэмалары нақты өмір шындығынан алынып, қазақ азаматтарының ерлігі мен өнегелі істерін бейнелеуге арналған. Ә-тың “Іажымұқан” повесі 1954, 1956, 1959 ж. қайта басылды, 1970 ж. орыс тілінде жарық көрді. “Алатаудың бауыры” (1935), “Амантай” (1936), “Тапқыш” (1937), “Тәтті қауын” кітаптары респ-да балалар әдебиетін дамытуға айтарлықтай үлес қосты. “Серт” жинағына 1941 — 45 ж. Ұлы Отан соғысы жылдарында майданда жүріп жазған өлеңдері топтастырылған. Ә. аударма саласында да жемісті еңбек етті. Ол Шығыс әдебиетінің классиктері Әбілқасым Фердауси, Әлішер Науаи өлеңдерін (1948), қырғыз А. Тоқомбаев, орыс жазушысы В.М. Кожевников шығармаларын аударған. Ол тікелей парсы тілінен тәржімалаған “Мың бір түннің” 4 кітабы үш рет —1949, 1955, 1962 ж. қайта басылды. Ә. аудармасы әлемдік әдебиеттің алтын қазынасына жататын осы шығарманың ең үздік нұсқаларының бірі болып табылады. Жазушы жауынгерлік Қызыл Жұлдыз орденімен, марапатталған. Шығ.: Қалқаман Әбдіқадыров, өлеңдер, А., 1948; Таңдамалы өлеңдер мен поэмалар, А., 1958. Галлий. Галлий(лат. Gallіum), Ga – элементтердің периодтық жүйесінің ІІІ тобындағы хим. элемент, ат. н. 31, ат. м. 69,72;5,9 г/см3, балқу t 29,8°С, қайнау t 2237°С, күмістей ақ, жұмсақ металл, 2 изотопы бар. Гафний. Гафний(лат. Hafnіum), Hf – элементтердің периодтық жүйесінің ІV тобындағы хим. элемент, ат. н. 72, ат. м. 178,49. Г. күмістей ақ, жылтыр, созылғыш металл. Балқу t 2230°C, қайнау t 4620°С. Тығызд. 13,1 г/см3, жұмсақ, жеңіл өңделеді. Табиғи Г-дің 6 изотопы бар. ӘБДІЛДИН Жабайхан Мүбәрәкұлы. (16.2.1933 ж. т. Павлодар облысы Май ауд. Майтүбек а.) — ғалым, философия ғылымының докторы (1968), проф. (1970), Қазақстан ҒА-ның академигі (1983), Қазақстанның еңбек сіңірген ғыл. қайраткері. ІазМУ-ді бітірген (1954). 1958 — 84 ж. Қазақстан ҒА-ның Филос. және құқық ин-тының кіші, аға ғыл. қызметкері, бөлім меңгерушісі, директоры қызметтерін атқарды. 1984 — 86 ж. Қазақстан ҒА Іоғамдық ғылымдар бөлімшесінің акад.-хатшысы, 1986 — 95 ж. ҒА-ның вице-президенті болды. 1990 ж. Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің халық депутаты болып сайланды. 1994 ж. ІР-ның тұңғыш Парламентіне депутат болды. 1995 жылдан қазірге дейін ІР Парламентінің сенаторы, Сенаттың Халықар. істер, қорғаныс және қауіпсіздік к-тінің төрағасы. Әбділдиннің ғыл. еңбектері негізінен диалект. логиканың өзекті мәселелерін зерттеуге арналған. Соның ішінде, әсіресе, нақты ұғым, бастама мәселелерін терең зерттей отырып, олардың филос. тарихы тұрғысынан негізделген диалект. анықтамасын жасады, логик. және гносеол. функцияларына сипаттама берді, қазіргі ғылым мен практикадағы логик.-методол. рөлін айқындады. Оның басқаруымен диалект. логиканың категорияларын, заңдарын, принциптерін жан-жақты зерттеуге арналған ұжымдық моногр-лар жарық көрді. Осы зерттеулердің нәтижесінде “Диалектикалық логика” аталатын 4 томдық іргелі еңбек дүниеге келді. Мұнда диалект-ың логик. функциясы анық дәлелденіп, категорияларының ғыл. жүйесі жасалды, әрі олар қазіргі жаратылыстану ғылымдарының методол. мәселелерімен ұштастырылды. Ә-нің ғыл. басшылығымен 10 ғылым докторы, 40-қа тарта ғылым кандидаты дайындалды. Ә. белгілі қоғам және мемлекет қайраткері. Ол 1987 — 89 ж. Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынов, Мыржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Ж. Аймауытов шығармаларын зерттеп, оларды ақтау мәселесімен айналысқан арнаулы комиссияларды басқарды. 1987 ж. ғылым мен тех. саласындағы Лениндік және КСРО Мемл. сыйлықтары жөніндегі к-ттің мүшесі болды. 1986 — 91 ж. Кеңес-қытай достығы қоғамы Қазақбөлімшесі басқармасының төрағасы, 1981 — 90 ж. КСРО филос. қоғамы Қазақстан бөлімшесінің төрағасы міндетін атқарды. 1990 жылдан бастап Қазақфилос. қоғамының Президенті, ІР Мәдениет қорының төрағасы. Ә. Қазақстан Мемл. сыйлығының (1984) ІР Президентінің Бейбітшілік және рухани татулық сыйлығының (1994), қоғамдық ғылымдар саласы бойынша Ш. Уәлиханов атынд. сыйлықтың (1974) иегері. Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет белгісі” ордендерімен марапатталған. Ш ы ғ.: Проблемы начала в теоретическом познании. А., 1967; Диалектико-логические принципы построения теории. А., 1973 (совместно с А.Н. Нысанбаевым); Диалектика Канта. А., 1974. ӘБДІЛДИН Мейірхан Мүбәрәкұлы. (16.3.1938 ж.т., Ресей Федерациясы, Алтай өлкесі, Троицк ауд., Загаиново с.) — ғалым, физ.-матем. ғыл. докторы (1985), проф. (1986). Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1989). ІазМУ-ды бітірген (1959). 1959 — 70 ж. Қазақстан КСР ҒА-ның Ядролық физика, Астрофизика ин-ттарында ғыл. қызметтер атқарды. 1970 жылдан ІазМҰУ-да кафедра меңгерушісі, проф., ун-т ректоры (1988 — 91) болды. Қазір осы ун-тте кафедра меңгерушісі. Ә-нің негізгі ғыл.-зерт. жұмыстары салыстырмалық және гравитациялық теорияның күрделі мәселелерін шешуге арналған. Эйнштейннің жалпы салыстырмалық теориясындағы денелер қозғалысы проблемасын зерттеді, денелердің ілгерілемелі және айналмалы қозғалысының релятивистік теңдеулерін негіздеді, Эйнштейннің гравитация теориясы механикасының мәселелерін зерттеудің жаңа әдістерін дамытты, жалпы салыстырмалық теориясы негізінде денелер қозғалысының адиабаттық теориясын түзеді, дененің меншікті айналысы жөніндегі мәселелерді зерттеуде гидродинамикалық аналогияны қолдану идеясын ұсынды. Шығ.: Механика теории гравитации Эйнштейна, А.-А., 1988; Исследование проблем фундаментальных взаимодействий в теоретической физике, А., 1997 (соавт.). ӘБДІЛ МӘЛІК БАБТӨБЕСІ. орта ғасырлардан сақталған көне бекініс-қала орны. Оңтүстік Қазақстан облысында Түркістан ауданында Ташнақ қыстағының жанында орналасқан. Оңт. Қазақстан археол. экспедициясы 1947 ж. А. Бернштам (ОІАЭ), 1950 ж. Е. И. Агеева мен П. И. Пацевич зерттеген. Іаланың қазіргі кездегі көрінісі тік төртбұрышты төбе, солт. пен оңт. жағы 220 м, ал батыс пен шығыс жағы 180 м, биікт. 0,5 — 1 м, орт. қорғанның да жобасы тік төртбұрышты, көлемі 40х60 м, биікт. 3 м. Топырақ дуалмен қоршалған. Қала орнында қазба жұмысы жүргізілмеген, кейбір құрылыс қалдықтары сақталған. Үстінен теріп алынған көзелердің жасалу тәсілдеріне және түрлеріне қарап ғалымдар қала 13 — 15 ғ-ларда болған деп есептейді. ӘБДІРАЙЫМ Байтұрсынұлы. (қазіргі Іарағанды обл. Шет ауд. Нұраталды, 1897 — 1959) — ақын, жырау. Ауыл молдасынан, кейін Бұхара медресесінде білім алып, шығыс тілдерін жетік меңгерген. Шығыстың көне классик. әдебиетінен, өзінен ілгергі Қызылқұм, Сыр, Қаратау өңірі шайырларынан көп үйренеді. Олардың асыл мұраларын ел арасына насихаттауға ат салысқан. Ел ішіндегі алаяқтарды қуларды шенеген мысқыл, мысал өлеңдері мен жас ұрпақ тәлім аларлық өсиет, нақыл, толғаулары бар. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қарапайым еңбек адамдарының қажырлы еңбектерін дәріптейтін туындылары жергілікті баспасөз беттерінде жиі басылып тұрды. өз бетінше толықтырған “Алпамыс”, “Шора батыр” жырларының нұсқалары қазақ фольклорының бағалы үлгілерінің қатарында саналады. Ә. шығармалары ІР ҒМ-ҒА Орт. ғыл. кітапханасының сирек кітаптар қорында сақтаулы. ӘБДІРАХМАНОВ Алмасбек Сейітұлы. (1.7.1939 ж.т., Алматы) — әскери қайраткер, генерал-майор (1989). Ресей Федерациясындағы Әск. автомобиль уч-щесін (1960), Тыл және транспорт әскери акад-сын (1968) бітірген. 1968 — 77 ж. Орта Азия әск. округінің әск. бөлімдерінде автомобиль-трактор қызметінің бастығы, нұсқаушы, аға офицер, 1977 — 80 ж. Алматыдағы Әуезов ауд-ның әск. комиссары, 1980 — 84 ж. Орал обл. әск. комиссары, 1984 — 87 ж. Қазақстан Әск. комиссарының орынбасары, 1987 — 92 ж. респ-лық ДОСААФ төрағасы, 1992 — 94 ж. ІР Қорғаныс мин-лігі Бас штаб бастығының орынбасары — ұйымдастыру-мобилизациялау басқармасының бастығы болды. ІР Іарулы күштерін қалыптастыруда, жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруде үлкен еңбек сіңірген. КСРО және ҚР-ның медальдарымен марапатталған. ӘБДІРАХМАНОВА Гүлсім. (12.12.1917 Қарағанды облысы Нұра ауданы — 7.10.1970 Семей) —актриса, Қазақстанның халық әртісі (1964). Алматы Театр көркемсурет уч-щесін бітірген (1937). Сол жылдан бастап өмірінің соңына дейін Семей музыкалық драма театрында актер болды. Ол муз. һәм драм. қойылымдарда бірдей ойнап, көп қырлы талантымен көрермен қауымның құрметіне бөленді. Осы театрдың әр кезеңде қойылған, Мұхтар Әуезов қаламынан туған “Еңлік — Кебегі” Еңлік, “Қарақыпшақ Қобландыдағы” ҚІарлығаш, “Айман — Шолпандағы” Айман, Теңге, “Түнгі сарындағы” Жүзтайлақ, “Қарагөздегі” Маржан, Ә.Тәжібаевпен бірігіп жазған “Ақ қайыңдағы” Алтыншаш рөлдерін келістіріп ойнады. өз замандастарының бейнесін жасауда да Ә-ның еңбегі зор. Жер — Ана (Ш.Айтматовтың “Ана — Жер — Анасы” бойынша), милиционер әйел (І. Шаңғытбаев пен К. Байсейітовтың “Ой, жігіттерінде”) т.б. рөлдер оның актерлік шеберлігін танытты. Актрисаның драм. қабілетімен бірге, тамаша әншілік өнері көптеген муз. қойылымдарда ойнауға мүмкіндік берді. Олардың ішінде — Софья (Б.А. Александровтың “Малиновкадағы тойында”), Ақжүніс (С. Камалов пен Е.Г. Брусиловскийдің “Ер Тарғынында”), Іамқа (Ғабит Мүсірепов пен Е.Г. Брусиловскийдің “Қыз Жібегінде”), Телли (У. Гаджибековтің “Аршин мал аланында”), Клементина мен Елена (И.Ю. Дунаевскийдің “Еркін желі” мен “Шалқар теңізінде”) т.б. рөлдердің актрисаның шығармашылық жолында ерекше орны бар. Ол өзінің жарқын өнерімен театрдың драм. һәм муз. келбетінің қалыптасуына мол үлес қосты. ӘБДІРАШИТ Нәбиұлы Байболатов. (4.6.1929 ж.т., Шынжаң Іле аймағы, Тоғызтарау ауд. Ақтөбе а.) — ақын, жазушы, фольклоршы. Шыңжаң жазушылар одағының мүшесі. “Үш аймақ әскеріне” қатысқан. 1975 — 1982 ж. Шыңжаң жазушылар одағының органы “Шұғыла” журналының, 1982 ж. “Мұра” журналының бас редакторы болды. Алғашқы өлеңі 1948 ж. жарияланған. “өмір қайығында” өлеңдер жинағы (1983, Пекин), “Іос емен” повестер жинағы (1987, Пекин), “Тау қыраны” романы (1990, Үрімші) жарық көрді. “Тау қыранында” 1944—1949 ж. Шыңжаңда ұлт азаттығы үшін гоминңдаңшылармен шайқасқан қазақ азаматтарының ерлік іс-әрекеттерін суреттеген. Ол 1982 жылдан бастап қазақ ауыз әдебиетін жинау, жүйелеу және баспадан шығару жұмысына басшылық етіп, “Іазақтың ғашықтық жырларын” (3 т.), “Қазаққиссаларын” (12 т.), “Қазақшежіресін” (1 т.), “Қазақшешендері мен шешендік сөздерін” (2 т.), “Байырғы қазақ айтыстарын” (1 т.) баспадан шығарды. Доңызсырт. Доңызсырт, сарыкүйік (Cobresіa) – қияқөлеңдер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда 6 түрі бар. Көбірек тарағаны – Смирнов Д-ы, оның биікт. 15 – 45 см, сабағы тік, жіңішке. Досаев Ғани Қабылбекұлы. Досаев Ғани Қабылбекұлы(1973 ж.т.) – кикбоксшы, Қазақстанның еңб. сің. спорт шебері (1998). Д. кикбокстен Еуропа (1996), (1998), Әлем чемпионы (1997) болды. Әлем кубогының (1997), Азия кубогының иегері (1997) болды. Еліміздің бес дүркін чемпионы атанды. Досмұқасан. Досмұқасан– эстрадалық вокальды аспаптар ансамблі. 1967 ж. Қазақ политех. ин-тының (қазіргі Қазақ мемл. ұлттық тех. ун-ті) жанынан құрылған. Құрамы екі рет (1975, 1985) жаңарды. ӘБДІРАСІЛОВ Құрбан. (5.5.1932 ж.т., Алматы облысы Ұйғыр ауданы Үлкен Ақсу а.) — актер, Қазақстанның халық артисі (1987). Ташкент театр-көркемсурет ин-тын (өзбекстанның халық арт. О.А. Чернова және Ф.М.Лобановтың класында) бітірген (1956). Сол жылдан бастап, Алматыдағы Ұйғыр муз. комедия театрында актер. Ә. ойнаған Сұлтанбай, Саид, Анархан (Д. Асимов пен А. Садыровтың “Анарханында”), Аббасшаһ (И. Саттаров пен В.И. Дьяковтың “Ғарип пен Сәнәмында”), Хидоятхан (Х. Хамзаның “Майсараның айласында”), Садбақ (А. Мақпыровтың “Садыр палуанында”), Айса (А. Ашировтың “өлмес боп туғандарында”), Әзізхан (С. Жамалдың “Іара раушанында”), Инсаф (Ш. Хұсайыновтың “Анамның ақ көйлегінде”), Басыбар (М. Әуезовтің “Айман — Шолпанында”), Людовико (Шекспирдің “Отеллосында”), Попандопуло (Б. Александров пен Л. Юхвидтің “Малиновкадағы тойында”) рөлдері актердің шеберлігін көрсеткен бейнелер болды. Сонымен бірге режиссер ретінде Ә.В. Есьман мен К. Крикорлидің “Кім кімге ғашық” (1977, Т. Бахтыбаевпен бірге), А. Ашировтың “Мұқамшылар” (1981), Х. Абдуллиннің “Чинтемур батыр” (1985) спектакльдерін қойып, А. Чеховтың “Ұсыныс” (1971), М. Байджиевтің “Күйеу мен қалыңдық” (1979), А. Вампиловтың “Провинциялық анекдоттар” (1987) атты пьесаларын ұйғыр тіліне аударды. 1970 ж. кинода Ахмет (“Атаманның ақырында”), Гунхализат (“Жылан жылында”, 1981) рөлдерін ойнады. ӘБДІРАШЕВ Жарасқан. (7.3.1948 ж.т., Қызылорда облысы Арал ауданы Аманөткел а.) — ақын. ІазМУ-ды бітірген (1969). 1969 — 94 ж. “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”), “Қазақәдебиеті” газеттерінде, “Жалын” альманағында, “Жұлдыз” журналында, Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы көркем аударма және әдеби байланыстар жөніндегі бас редакцияда қызмет атқарды, “Тамаша” ойын-сауық театрында бас редактор болды. Алғашқы жинағы — “Тұңғыш кітап” 1969 ж. жарық көрді. Замандастарымыздың жан дүниесіндегі жарқын қасиеттері, адамгершілік, ұрпақ борышы айшықты өрнектелген “Ақ қайран” (1970), “Найзағайлы жаз” (1971), “Саяхат” (1972), ұлттық ой-сана тұрғысындағы тосын тұжырым-толғамдар ашылған “Дала, сенің ұлыңмын” (1975), “Соғыстан соң туғандар” (1977, 1993), “Перзент парызы” (1980), “Сана соқпағы” (1988), т.б. өлеңдер мен поэмалар жинақтары, қазақ әдебиетінде эпиграмма жанрын қалыптастырған “Әзілің жарасса” (1989) кітабы, қазақ балалар әдебиеті мәселелері көтерілген “Парасат пен парыз” (1973) әдеби-зерт. еңбегі жарық көрді. Ақынның таңдамалы жырларының 3 томдығы (“Сана соқпағы”, А., 1998; “Көңіл көкпары”, А., 1998; “Шежірелі шаңырақ”, А., 1998;) жарияланған. А. Пушкиннің, Р. Тагордың, М. Бсисудің, П. Элюардың, Я. Купаланың, К.И. Чуковскийдің, А.Л. Бартонның А. Блоктың жекелеген туындыларын қазақ тіліне аударған. Ә-тің төл шығармалары неміс, венгер, орыс, украин, өзбек, тәжік, әзербайжан, түрікмен, қырғыз, саха тілдеріне тәржімаланған. Ә. лирикаға өз үнімен келген, соғыстан соңғы жылдардағы ақындардың маңдай алды өкілдерінің бірі. Ол Қазақстан Жазушылар одағы М. Жұмабаев атынд. сыйлығының алғашқы иегері (1989). ӘБДІРӘШЕВ Төлепберген. (26.7.1948 ж. т., Қызылорда облысы Жаңақорған ауд. Бесарық а.) —дирижер. Қазақстанның халық артисі. (1995). Алматы мемл. консерваториясын (1974, Т. С. Османовтың класы бойынша) және Москва консерваториясын (1979, Г. Н. Рождественскийдің класы бойынша) бітірген. 1982 — 83 ж. Вена муз. академиясының (Австрия) стажері. 1979 — 82 ж. Алматыда Қазақсимфониялық оркестрінің дирижері (1985 — 87 ж. Қазақопера және балет театрының бас дирижері) болды. 1987 жылдан осы оркестрдің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері. Ә. 1977 ж. Батыс Берлинде өткен Герберт фон Кароян атынд. Халықар. дирижерлер конкурсының дипломанты, 1983 ж. Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйл. лауреаты болды. Ол әр жылдары өнер сапарымен АІШ-та, Англияда, Германияда, Ресейде, Украинада симфониялық оркестрлерге дирижерлік етті. ӘБДІРОВ Нұркен. (1919, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы бұрынғы 5-а. — 19.12.1942, Ростов обл.) — әскери ұшқыш. 2-дүние жүзілік соғыс батыры. Жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін Қарағандыдағы №1 шахтада жұмыс істей жүріп, аэроклубта оқыды. 1940 ж. Орынбор әскери авиац. уч-щесіне түсті. Соғыс басталысымен Ташкенттегі әуе атқыштары мектебіне ауыстырылды. Көп ұзамай Сібір қалаларының біріндегі ұшқыштар уч-щесіне қайта оқуға алынды. 1942 ж. шабуылшы-ұшқыш, Ә. Оңт.-батыс майданның 17-армиясы құрамындағы 167-авиа. дивизияның 808-полкіне қабылданды. Алғашқы әуе шайқасына 23 қазанда қатысып, екі айға жетер-жетпес уақыт ішінде 16 рет жауынгерлік-әуе жорығына араласты, жаудың 12 танкісін, 28 автомашинасын және т.б. техникасын, 50-ге тарта солдаты мен офицерін жойды. 1942 ж. 19 желтоқсанда кіші лейт. Б. Алексеев басқарған “ИЛ-дердің” төрттігі қатарында Ростов обл. Боков ауд. Коньков х-ына шоғырланған жау танкілері мен автомашиналарына жасалған шабуылға қатысты. Тұтқиылдан тиген топтың алғашқы әрекеттері сәтті болғанымен, келесі оралымда неміс артиллериясының сұрапыл атысына тап болды. Жетекшінің ұшағы өртенді. Ұрысты әрі қарай жалғастырған Ә-тің “ИЛ-і” де от оранды. Осыдан кейін ол ұшағын жанар май цистернасының маңына топталған жау танкілерінің шоғырына бағыттады... Осылайша өз өмірін елінің тәуелсіздігі жолында құрбан еткен Ә-ке әскери міндетін атқару кезінде көрсеткен ерен ерлігі үшін 1943 ж. 31 наурызда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Қазақстан қалаларында Ә. атындағы көшелер, ескерткіштер бар. Әдеб.: Якимов Г., Пике в бессмертие, А., 1966; Ганжин П., Крылья Нуркена, Бессмертные героев имена, Ростов-на-Дону, 1978. ӘБДІРОВ ЕСКЕРТКІШІ. Қарағанды қаласында КСРО батыры Нұркен Әбдіровке қойылған ескерткіш (1958 ж., сәулетші Л.Е. Воробьев, мүсіншілер А.П. Билык, Ю.В. Гуммель). Ұшқыш-сержант Әбдіровтің (1919 — 42) беліне дейінгі денесін бейнелейтін мүсін сына тәрізді биік тұғырға қойылған. Мүсіннің кейіпкермен түр ұқсастығы, киім формасының дәлдігі ескерткіштің жетістігі болып табылады. Мүсіншілер батырдың жанып бара жатқан самолетті Сталинград (қазіргі Волгоград) түбінде тұрған жау тех-сы шоғырланған тұсқа бағыттаған, дәл ерлік жасар сәтіндегі өжет шешімге келген жүзін анық көрсеткен. Шойыннан құйылған мүсіннің биікт. 4,8 м., мәрмәр тақтамен қапталған. Жалпы биікт. 9 м ескерткіш үлкен көшемен жақсы жарасым тапқан. 1985 ж. ескі тұғыр жаңартылды. Қанаш Камзин. Қанаш Камзин – 429-шы ату полкінің рота командирі(52-ші ату дивизиясы, 57-әскер, 3-ші Украина майданы), лейтенант.Ол 1919 жылы 29 қарашада Павлодар облысы Ақсу ауданы Жолқұдық ауылында(бұрынғы Ермак) қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген.Ұлты-қазақ.1931-1934 жылдар аралығында Павлодар қаласының қазақ-комунна мектебінде оқыған.Оқуын Алматы қаласында одан әрі жалғастырды.1938 жылы жұмысшылар факультетін тәмамдап, 1941 жылы Абай атындағы Алматы педагогикалық институтын бітірді.1941 жылың шілдесінде Алматы қалалық военкоматымен қызыл Армия қатарына шақырылды. Сталинград жаяу әскерлер училищесінің жедел курсын аяқтаған.1943 жылдан бастап, қан майданда болды.1944 жылдың жазына қарай лейтенант Камзин 52-ші ату дивизиясының 429-шы ату полкіне басшылық етті.Молдавияны жаудан босатуда және Днестр өзенінің маңында өткен шайқаста ерекше көзге түсті.1944 жылдың 13 сәуірінің түнінде лейтенант Камзин ротамен бірге бірінші болып, Днестр өзенін Бычок ауылы маңында босатты(Молдавияның Григориополь ауданы).Плацдармды басып алып, рота қарсыластың мықты бекінген қорғанысын бұзып өтеді.1944 жылдың 14 сәуірінде ротаны шабуылға көтеріп,Өзі Гура-Выкулай ауылының шетінде қаза табады.Молдавияның Новоаненск 1944 жылдың жылдың 13 қыркүйегінде жарық көрген КСРО-ның жоғарғы кеңесінің Президиуымының нұсқауымен берілген тапсырмаларды үлгілі орындағаны және батырлығы мен ержүректілігі үшін Қанаш Камзинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.Ленин орденімен марапатталған. Ақсу ауданында өзінің туған ауылына Қанаш Камзин аты берілді.Сонымен қатар Павлодар қаласындағы бала-бақша, Ақсу мен Павлодар қаласындағы көше, туған ауылындағы орта мектеп батыр атамыздың атымен аталып тұр.Мектептің қасбетінде мемореалды тақта орнатылып, мектеп маңында ескерткіш орнатылып, Павлодарда, батырлар алаңында барельефі бар стела Қанаш Камзиннің ерлігінің айқын айғағы болып тұр.Ертісте «Қанаш Камзин» атты жүк теплоходы жүзген.Оның есімі Молдавияның астанасы Кишинев қаласындағы Жеңіс аркасында мәңгіге қамалып жазылған. 1944 жылдың 12-сінен 13-сіне қараған түні қарсыластыңқатты артиллериялық және миномет-пулеметтік отының күштілігіне қарамастан, бірінші эшелонда өзі үдемелі қарқынмен соғысқа араласып, сосын Днестр өзенінің маңындағы Молдавия ССР-ының Тирасополь ауданындағы Вичен ауылында да қарсыластан Молдавияны босатуда аса белсенділік танытты. Өзенді босатқаннан кейін ротаны айқасқа өзі бастап апарып, өзеннің оң жағалауындағы плацдармды басып алып, жауынгерлерге ерлік пен батылдықтың үлгісі болды. Оң жағалауды қарсыластың қатты басып алғанына қарамастан, (екі траншей, доттар, дзоттар мен басқа да бекіністер) ол өзінің ротасымен траншеяның бірінші және екінші сызықтарын тез басып өтіп, Гура-Высулай ауылының оңтүстігіне кіреді. Өзінің ротасымен Камзин батырлық танытып, Гура-Выкулай ауылының 65 метрлік биіктігіне қарамастан, биіктікті басып алып немістерді қуып шығады және 20 офицерлерді жойды. Биіктікте пулеметтерін орнатып, Камзин Гура-Выкулай ауылының батыс жағынан от шаша бастайды.Сосын 1-ші және 2-ші роталарға Гура-Выкулайауылының оңтүстік-шығыс жағына кіруге жол ашады. Бірінші болып оң жағалауға өтіп, биіктікті басып алып, негізгі күштердің келіп жеткенше оны ұстап тұрғаны үшін, плацдармды кеңейткені үшін және 20 унтер-офицерді жойғаны үшін Кеңес Одағының Батыры атағына лайық. ӘБЕНОВ Шәкір. (азан шақырып қойған аты — Мұхаммедшәкһүр) (01.03.1900, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Құндызды а. — 23.10.1994 ж., сонда) — халық ақыны, фольклоршы, сазгер. Мұсылманша сауат ашқан соң, Семейдегі “приходская школада” 3 жыл оқыған. Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Б. Майлиндермен жақын таныс болған. Сейфуллинге атқосшы болып, ақынмен бірге Қазақстанның көп жерлерін аралаған. Ә-тың халықтық дастанды жаңаша толғаммен жырлаған “Қозы Көрпеш — Баян сұлу” поэмасы 1937 ж. “Әдебиет және искусство” журналында жарияланған соң ақындық атағы шықты. Сол жылы “халық жауы” атанып, ақыры көрші қырғыз еліне асып кетеді. 1939 ж. Алматыға қайтып оралып, Жанақ, Сабырбай, Түбек, Дулат, Байкөкше ақындардың әдеби мұраларын алғаш қағаз бетіне түсіріп Қазақстан ғыл.-зерттеу ордаларына тапсырды. Маман-зерттеушілер Ә-тың орындауында ондаған ән-күйді нотаға түсірді. 1940 — 41 ж. Жамбылдың әдеби хатшылық қызметін атқарып жүргенде жалған айыптау негізінде ұсталып, Семей түрмесіне қамалды. Ұлы Отан соғысы басталған соң өз еркімен соғысқа аттанып, Сталинград майданында ауыр жарақат алып, елге қайтып келеді. 1945 ж. саяси қуғындау қайта басталып, Ә. Сібірге, Александров абақтысына айдалды. 1955 ж. түрмеден босап, 1961 ж. толықтай ақталды. Абайдың әдеби мектебінің Кеңес дәуіріндегі белді өкілдерінің бірі ретінде танылған. Ә-тың тарихи-танымдық тақырыптарды қозғаған “Кейпін батыр” (1939), “Таңшебер — Жапал” (1962), “Ортақ арал” (1968), “Іорқыт қобызы”, “Пәрмен”, “Алданған қыз”, “Патша мен байғыз”, “Ана махаббаты”, “Тоқтамыс батыр” атты дастандарды “Шыңғыстау” (1980), “Шыңғыстау сазы” (1985), “Дастандар” (1991) деп аталатын жыр жинақтарына т.б. басылымдарға енген. Айтыс ақыны ретінде кеңінен танымал оның Т. Әміреновпен айтысы “Айтыс” (3-т., 1968) жинағында жарияланады. “Алтай аруы”, “Сары жұлдыз” т.б. 20-дан астам төл ән-күйлері бар. Іарт шежіреші, батагөй қария Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевқа ұлттық дәстүрде салтанатты жағдайда халық атынан ақ бата берген (10.12.1991). ӘБЕСТІК. өрескелдік, қателік, ағат айтылған сөз, білместікпен жасалған іс-әрекет. Ә. күнделікті өмірде ерсі, оғаш қылық ретінде адамның кісілік қасиетіне сын болып тағылады. Мұндай сипаттар зиянсыз, зілсіз болса да сырт көзден тыс қалмайтын ұнамсыз жәйт болып саналады. Кейде ол күлкі де тудырады. Іоғамда қалыптасқан адамгершілік-этик. өлшемдерге байланысты Ә. туралы түсінік те өзгеріп отыруы мүмкін. Мыс., өткен кеңес дәуірінде Құдайға сену — зиялы қауым үшін Ә. болып көрінсе, бүгінгі күнде ол адамның имандылығын көрсететін белгі саналады. Қазақұғымында нарықтық экономикадан бұрын сауда жасау да Ә. болып көрінетін. Ә-ті қоғамдағы этик. өлшемдерге сәйкес реттеп, жағымды сипат-қасиеттерді қалыптастырып отыру әлеуметтік ортадағы тәлім-тәрбие істерінің мақсатты жүргізілуіне байланысты. Жалпы Ұлттық Өнім. Жалпы Ұлттық Өнім(ЖҰӨ) – макроэкономикалық жиынтық көрсеткіш. Бір адамға шаққанда нақты ЖҰӨ-нің өсімі халықтың тұрмыс деңгейінің басты көрсеткіші болып табылады. ЖҰӨ бір елдің нарықтық баға бойынша есептелген, жыл бойы шығарған дайын өнімін құрайды. Тағы қараңыз. Жалпы ішкі өнім 4) Географияда. 4) Географияда– жер бедері. Темп-ра, ландшафтар И-сы болып ажыратылады. Индий. Индий(Іndіum), Іn – элементтердің периодтық жүйесінің ІІІ тобындағы хим. элемент, ат. н. 49, ат. м. 114,82; тығызд. 7,31 г/ см3, балқу t 156, 78°С, қайнау t 2024 °С. Күмістей ақ металл, оңай балқиды және өте жұмсақ. Ауада тұрақты. Табиғатта шашыраңқы, сульфид Иридий. Иридий(Іrіdіum), Іr – элементтердің периодтық жүйесінің VІІІ тобындағы элемент, платиналық металдар қатарына жатады, ат. н. 77; ат. м. 192,22; тығызд. 22,65 г/см3; балқу t 2447°С; қайнау t 4380°С. Ақ күміс түсті ауыр металл. И. осмий, платина, күміс, алтын кенд Иттрий. Иттрий(Yttrіum), Y – элементтердің периодтық жүйесінің ІІІ тобындағы элемент, сирек жер элементтеріне жатады; ат. н. 39, ат. м. 88,91. Күмістей ақ түсті металл, тығызд. 4,47 г/см3; балқу t 1500ӘС. Ц. циркон, сфен, апатит, эфдиалит, уранит минералдарында кездесе Магний. Магний(лат. Magnesіum), Mg – элементтердің периодтық жүйесінің ІІ тобындағы хим. элемент, ат. н. 12, ат. м. 24,312. М. күмістей ақ, өте жеңіл, берік металл; тығызд. 1,74 г/см3, балқу t 650°С, қайнау t 1107°С. Негізгі минералдары: магнезит, доломит, карналлит, б Кимешек. Кимешек– қазақ әйелдерінің ұлттық бас киімі. Ақ матадан тігіліп, жиегі астарланады. К-тің иекті айнала, маңдайды жауып тұратын екі жағын шықшыт, белден төмен түсіп, шашты жауып тұратын ұзын ұшын құйрықша, адамның бет-әлпеті ашық тұратын жерін ойық деп атайды. К. Тағы қараңыз. Кимешек кигізу Конституциясы. Конституция(лат. "constіtіo" – белгілеу, орналастыру) – мемлекеттің Негізгі Заңы, материалдық мағынада – ең алдымен елдегі адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жариялайтын, оларға кепілдік беретін, сол сияқты елдегі әлеум. құрылыстың негіздерін, басқару мен. Кремний. Кремний(Sіlіcіum), Sі – элементтердің периодтық жүйесінің ІV тобындағы хим. элемент, ат. н. 14, ат. м. 28,086. Жер қыртысындағы мөлш. 29,5%, басты минералдары – кремнезем және силикаттар. Металдай жылтыр, күңгірт сұр түсті кристалдар; тығызд. 2,33 г/см3, балқу t Криптон. Криптон(Krypton), Kr – элементтердің периодтық жүйесінің VІІІ тобындағы хим. элемент, инертті газ, ат. н. 36, ат. м. 83,3. Түссіз, иіссіз газ, балқу t –157,1°C, қайнау t –153,35°C. Химиялық реакцияға өте баяу түседі. Қармақшы ауданы. Қармақшы Ауданы– Қызылорда облысының орталық бөлігінде орналасқан әкімш. бөлік. 1928 ж. құрылған. Жер аум. 31,0 мың км2. Тұрғыны 46,9 мың адам (2003). Аудандағы 28 елді мекен 2 кенттік және 10 ауылдық округке біріктірілген. Аудан орт. – Жосалы кенті. Аудан жерін толығымен Құстар. Құстар (Aves) – омыртқалы жануарлар тип тармағының бір класы. Қ.: 1 ғана отряды бар кесірткеқұйрықтылар (жойылып кеткен) және 34 отрядқа бірігетін 9 мыңдай түрі бар желпуішқұйрықтылар немесе нағыз құстар класс тармағына бөлінеді. Қазақстанда Қ-дың 18 отрядқа жат Қызылқұм. Қызылқұм– Әмудария мен Сырдария аралығындағы құмды алқап. Солт.-батысы Арал теңізіне, оңт.-шығысы Зеравшан аңғары мен Нұратауға ұласады. Ауданы 300 мың км2. Биікт. 53 – 300 м; Қ-ның орта бөлігінде палеозой кезеңінде пайда болған қалдық бұйратты төбелер (Бұқантау, Тамды) Лантан. Лантан(лат. lanthanum), La – элементтердің периодтық жүйесінің ІІІ тобындағы хим. элемент, ат. н. 57, ат. м. 138,9055, сирек кездесетін элементтерге жатады. Жылтыр, ақ түсті металл, тығызд. 6,162 г/см3, балқу t 920°С, қайнау t 3470°С. Негізгі минералдары монаци Литий. Литий(лат. lіthіum, грек. lіthos – тас), Lі – элементтердің периодтық жүйесінің І топ элементі, ат. н. 3, ат. м. 6,941, сілтілік металдарға жатады. Жер қыртысындағы массалары бойынша мөлш. 6,510–3%. Ол барлық қосылыстарында бір валентті. Л. күмістей жылтыр, ж Молибден. Молибден(лат. molybdaenum), Мо – элементтердің периодтық жүйесінің VІ тобындағы хим. элемент, ат. н. 42, ат. м. 95,94. Массалары бойынша Жер қыртысындағы мөлш. 1,110–4%. Негізгі минералдары: молибденит, повеллит және молибдит. М. ашық сары түсті металл, тығызд. Мышьяк. Мышьяк, As – элементтердің периодтық жүйесінің V тобындағы хим. элемент Натрий. Натрий(Natrіum), Na – элементтердің периодтық жүйесінің І тобындағы хим. элемент, ат. н. 11, ат. м. 22, 98977; сілтілік металдарға жатады. Табиғатта тұрақты бір изотопы (23Na) бар. Күміс түсті ақ металл, жұмсақ, жеңіл (тығызд. 0,968 г/см3), балқу t – 97,86 °С. Неон. Неон(лат. Neonum), Ne – элементтердің периодтық жүйесінің VІІІ тобындағы хим. элемент, ат.н. 10, ат.м. 20,179, инертті газдар. Тығызд. 0,900 г/л, балқу t – 248,6°С, қайнау t – 245,9°С. Никель. Никель(Nuccolum), Nі – элементтердің периодтық жүйесінің VІІІ тобындағы хим. элемент, ат. н. 28, ат. м. 58,70. Күмістей ақ, иілгіш, созылғыш металл. Тығызд. 8,90 г/см3, балқу t – 1455°С, қайнау t – 2900°С. Ферромагнитті (Кюри нүктесі 358°С), ауа, су әсеріне төз Ниобий. Ниобий(Nіobіum), Nb – элементтердің периодтық жүйесінің V тобындағы хим. элемент, ат. н. 41, ат. м. 92,9064. Табиғатта тұрақты бір изотопы 93Nb бар. Н. ашық сұр иілгіш металл, тығызд. 8,57 г/см3, балқу t – 2477°С, қайнау t – 4927°С. Нұрмаханов Әбдісалан Кәрімұлы. Нұрмаханов Әбдісалан Кәрімұлы(1936 – 2002) – КСРО-ның еңб. сің. спорт шебері (1966), Қазақстанның еңб. сің. жаттықтырушысы. Қазақстанның 10 дүркін чемпионы (1957 – 1967), КСРО чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері (1957, 1962 ж.ж.), КСРО халықтары спартакиадасының екі мәрте қола жүлдегері (1959, 1967), Азия-Африка ойындарының жеңімпазы (1963). Нұрмахановтың құрметіне Түркістанда дәстүрлі бокс бәсекесінің ұйымдастырылуы да заңды. Себебі ол кісінің ұлтына сіңірген еңбегі көп. Әбекең боксшы ретінде ғана туған халқының намысын көтеріп қойған жоқ, ғалым ретінде де осы саланың дамуына үлес қосты. Ал бапкерлік қызметте Нұрмахановтың спорттағы екінші дәурені басталды десек, артық айтқандық емес. Әбекең бірнеше жыл Қазақ физкультура институтында кафедра меңгерушісі, проректор болып қызмет істеді. Тағдырдың жазуымен екеуміз бірнеше жыл қызметтес болдық. Мен ҚазМУ-дың спорттық лагерінде басшы болғанда ол кісі менің қасымда болды. Бірге еңбек еттік. Талай мәрте дәмдес болдық. Нұрмаханов университетте ұстаз болғанда да қарым-қатынасымыз үзілген жоқ. Әбекеңнің кейін Олимпиада чемпионы болған Ермахан Ыбрайымовтың қабілет-қарымын ерте аңдап, бауырына тартып, өз баласындай үйіне тұрғызғаны да – біле білген жанға тәлімі мол жағдай. Жастық шағы. Әбдісалан Нұрмахановтың ата-бабалары Арқаны мекен еткен, дәулетті, иманды, елге сыйлы адамдар болыпты. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін ақ пен қызылдың соғысы, одан кәмпеске қазақты әбден титықтатты емес пе. Сол тұста Нұрмахан әулеті Бетпақты басып, Қызылдың құмын сағалай Өзбекстанға ауады. Қиын-қыстау кезеңде Нұрмаханның шаңырағы көп қиындық көреді. Жолда балалары шетінеп, қайғыдан қан жұтады. Содан Нұрмахан көші Сухандария өңіріндегі Күлтөбе ауылына тұрақтайды. Сол жерде 1936 жылы Әбдісалан дүниеге келеді. Қатал тағдыр Әбдісаланды ерте есейтті. Алты жасынан әкесіне еріп, қой бақты. Жұдырықтай бала көктем мен күздің қара суығында мал бағып жүріп, қазақы қойдың ерітілген майынан бір кесесін ішіп алады екен. Тері шалбар, жарғақ тон киген қара бала суыққа алдырмайды, әкесінің қолғанаты. Сол кездің балалары осылай есейді. Осылай шыңдалды. Олардың балалық шағы иен далада, желдің өтінде, малдың соңында өтті. Қызығы кем, бейнеті мол заман еді. Боксшының қалыптасуы. Әбдісалан он жасқа толғанда олардың үй іші Түркістанға көшті. Мектепке қатарластарынан кеш барған Әбдісалан сегізжылдықты бітірген бойда Алматыға барып, темір жол техникумына оқуға түседі. Қарулы, бойшаң бозбала баскетбол мен ядро лақтыруда бағын сынап көреді. Ядро лақтырудан Алматыдағы оқу орындары арасында топ жарып, мамандар назарына ілігеді. Бірақ көңіл соқпаған соң тұрақтамай, әйгілі волейбол бапкері Октябрь Жарылғаповтың шақыруымен волейболға ауысады. Волейболға да көңіл хошы болмайды. Осыны сезген Жарылғапов үш айдан кейін Нұрмахановты қолынан жетектеп, боксшыларға қосып жібереді. Түркістанда Молдабек Құралбаев деген жас бапкерден он бес жасында бокс әліппесін үйренген Әбдісаланға керегі осы еді. Нұрмахановтың шаршы алаңдағы жеңісті жолы осылай басталды. Бойы қарағайдай, қара торы жігіт аз уақытта Қазақстанда топ жарып, 1956 жылғы КСРО халықтарының бірінші спартакиадасында республика намысын қорғады. Осы сында жиырма жастағы Әбдісалан Нұрмаханов литвалық боксшы, Еуропаның екі, КСРО-ның алты мәрте чемпионы Альгидрис Шоцикастан «ұтылды». Шоцикастың дүркіреп тұрған кезі. Альгидрис Мельбурн олимпиадасының жүлдегері, Еуропаның бірнеше дүркін чемпионы, орыстың «жанды танк» атанған алыбы Николай Королевтің өзін жеңіп, әлемдегі ең күшті боксшының бірі болып тұрған. Көпшілік ойлағандай, Шоцикас Нұрмахановты айқын басымдылықпен ұта алған жоқ. Бокс қолғабын дұрыстап кигеніне екі жыл болған Әбдісалан атақты қарсыласымен аянбай, шегінбей айқасты. Төрешілер жақ-жақ болып, жеңісті кімге берерін білмей тартысты. Ақырында 3:2 есебімен Шоцикастың қолын көтерді. Келесі, 1957 жылы Нұрмаханов КСРО чемпионатының финалынан бір-ақ шықты. Финалдағы қарсыласы – Одақ пен Еуропаның әлденеше дүркін чемпионы Андрей Абрамов. Салмағы 100 келіден асады. Әбдісалан оның қасында жіңішкелеу. Абрамовтан 20 келідей жеңіл. Есесіне Әбдісалан бойшаң, қолы ұзын. Қимылы ширақ. Бұл жолы тәжірибелі Абрамовтың жолы болды. Жиырма бір жастағы Нұрмаханов қазақ спортшыларынан бірінші болып КСРО чемпионатының күміс медалін жеңіп алды. Мұндай биікке нағыз дарындар ғана жете алады. Бокспен шындап шұғылданғанына үш-ақ жыл толғанда КСРО-дай алып империяның күміс жүлдегері атану Нұрмахановтай саңлақтың ғана қолынан келді. Арада бес жыл өткенде Киевте Нұрмаханов пен Абрамовтың жолы тағы да түйісті. КСРО чемпионатының ақтық айқасы. Әбдісалан осы жекпе-жекте нағыз батырға тән мінез көрсетті. Үш раунд бойы Абрамовқа ес жиғызған жоқ. Қарсыласын екі мәрте нокдаунға түсірсе де, төрешілер әділдікті белден басып, жеңісті Андрейге алып береді. Рефери Абрамовтың қолын көтерген сәтте Нұрмахановтың бапкері Дәулеткерей Муллаев қиянатқа шыдай алмай, мыңдаған адамның көз алдында жылап жібереді. Ол кезде қазақ секілді кішкентай ұлттың батырлары әділетсіздікті көп көрді. Бірақ біздің бауырлар жасыған жоқ. Ел мүддесі, ұлт намысы үшін бастарын бәйгеге тікті. Одақтың алтын жүлдесі бұйырмаса да, алтыннан да салмақты, алтыннан да қадірлі сый – қалың қазақтың сый-құрметіне бөленді. Сондай даңқты батырларымыздың бірі әрі бірегейі Әбдісалан Нұрмаханов болатын. Бапкер болып қалыптасуы. Нұрмахановтың бапкерлік білігі бір күнде қалыптасқан жоқ. ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарында басталған ізденісі мол, бейнетті жол 1997 жылға дейін жалғасты. Шәкірті Болат Сағындықов КСРО-ның жастар арасындағы чемпионы болғаннан кейін Әбекеңнен тәлім алған Борис Хрянин КСРО халықтары спартакиадасының қола жүлдегері, жастар арасында Одақ чемпионы атанды. Бұлардан басқа Валентин Юнусов, Бақытжан Аманбаев, Марат Бекежанов, Владимир Чипурин секілді шәкірттері Кеңес одағының ересектер және жастар біріншіліктерінде жүлдегерлер қатарынан көрінді. КСРО-ның студенттер чемпионатында Болат Нұрпейісов олжа салды. Нұрмаханов жаттықтырған Қазақ мемлекеттік университетінің боксшылар командасы 1982 жылы Красноярск қаласында болған КСРО университеттері арасындағы жарыста бас бәйгіні жеңіп алса, одақтық студенттер ойындарында екі рет үшінші жүлдеге иелік етті. Жүздеген жас Нұрмахановтан тәлім алды. Кезінде даңқты боксшыдан, майталман маманнан бокстың қыр-сырын үйренген жігіттер қазір елдің әр қиырында еңбек етіп жүр. Солардың қай-қайсысы да Әбекеңді ілтипатпен еске алатыны даусыз. Себебі Нұрмаханов – қазақ спортының тарихында із қалдырған айтулы тұлға. Ұлттық құрама бас бапкері. Әбдісалан Нұрмаханов қазақ құрамасының тізгінін 1993 жылы ұстады. Табиғатынан табанды, намысқой азамат ең әуелі құрамадағы тәртіпке баса назар аударды. Ол кісі шәкірттеріне тек спортшы деп қана қарамай, боксшылардың ішкі жандүниесіне үңіле білді. Нұрмахановтың бас бапкер болуымен қазақ құрамасы бұрынғыдан да күшейе түсті. 1993 жылы Иранның астанасы Теһранда өткен Азия чемпионатында қазақ құрамасы командалық есепте жеке-дара шықты. Осы жылы Таиландта болған әлем кубогы жарысында Азия, Еуропа, Америка құрлықтарының ең күшті құрамалары күш сынасты. Осы бәсекеде Әбдісалан баптаған қазақ боксшылары командалық үшінші орынға табан тіреді. Сол тұста экономикасы әлсіз, тарихтың өтпелі сатысында тұрған елдің еңсесін көтеруде Нұрмаханов баптаған жігіттердің еңбегі зор. Етек-жеңін енді-енді жинай бастаған ел боксшылардың дүркін-дүркін жеңістерімен рухтанып, болашаққа сеніммен қарады. 1995 жылы біздің жігіттер Ташкенттің төрінде Азия чемпионатының алты алтын жүлдесін жеңіп алды. Сыралғы қарсыластарымыз – өзбек ағайындар мен Азияның небір мықты спортшылары қазақ боксшыларының жұдырығына төтеп бере алмай, бармақ шайнады. Атланта олимпиадасының қарсаңындағы бұл жеңіс Нұрмахановтың бас бапкер ретіндегі бағытының дұрыс әрі құрама тізгіні сенімді қолда екенін көрсетіп берді. Бекет Махмұтов пен Әбдісалан Кәрімұлы. 1995 жылғы әлем чемпионатында Болат Жұмаділов күміс, Василий Жиров қола жүлдеге ие болды. Бұл жүлделер іргетасы әуелден берік қаланған қазақ боксының тәуелсіздік тұсындағы үлкен жеңістерінің басы еді. Осы кезде Қазақстан бокс федерациясының тізгінін іскер басшы, білікті кәсіпкер Бекет Махмұтов ұстады. Махмұтов пен Нұрмаханов тізе қосқан сәттен бастап қазақ боксы аршындап алға басты. Нұрмаханов білім-білігі мен маңдай терін аямай жұмсаса, Махмұтов жанашырлық көңілімен қатар қаржылай көмектесті. Бекет Махмұтовтың АИБА-ның бірінші вице-президенті болып сайлануы қазақ боксына қанат бітірді. Осындай кесек турап, кеңінен толғайтын ағаларына арқа сүйеген боксшылар да барын салды. 1996 жылғы Атланта олимпиадасында Әбдісаланның шәкірттері бір алтын, бір күміс, екі қола медальді жеңіп алып, жалпы командалық есепте Куба, Болгария құрамаларынан кейін үшінші орынды жеңіп алды. Қазақ боксы бұрын-соңды мұндай биікке жетіп көрмеген еді. Бес құрлықтың мықты деген мамандары қазақ жігіттерінің бұл табысына қайран қалды. Әлем жұртшылығы Қазақстанды боксшыларымыздың тамаша табысы арқылы тани бастады. Сол Олимпиадада Қазақстан спортшылары барлығы он бір медальға ие болса, соның төртеуі Нұрмахановтың командасының үлесінде. Василий Жиров Қазақстан боксшыларынан бірінші болып, ең үздік боксшыға тағайындалған Вэл Баркер кубогын жеңіп алды. Кезінде Мәскеудің әділетсіздігінен боксшы ретінде бағы байланған Әбдісалан Нұрмаханов Атланта олимпиадасында бапкерлік білігімен дүниежүзін мойындатты. Осы Олимпиада қарсаңында Нұрмаханов өзінің нағыз майталман маман екенін көрсетті. Тоқсан алтының көктемінде боксшы жігіттерді Сарыағаш шипажайына арнайы апарып, ішқұрылыстарын тазартып, асқазандарын жуғызды. Одан кейін құраманы Ыстықкөлдің жағасында жаттықтырып, бір жағынан суға малтытып, тыңайтып алды. Алатаудың баурайындағы жиында жігіттерге ақшұбар тас лақтыртып, шой балғамен трактордың дөңгелегін ұрғызды. Күнге күйдіріп, таудың салқын ауасында әбден шыңдады. Қазы-қартаны кертіп жеп, қымыз, шұбатты таңдап ішкен батырлар нағыз бабында еді. Олимпиада басталуға екі апта қалғанда Нұрмаханов шәкірттерімен АҚШ-тың Орландо штатына барып орналасты. Осы қалада асықпай жаттығып, жергілікті ауа райына, сол жердің табиғатына бейімделген спортшылар дәл Олимпиада қарсаңында Орландоның былғары қолғап шеберлерімен жекпе-жекке шықты. Бұл бәсекеде қазақ жігіттері айқын басымдылық танытты. Содан кейін қазақ құрамасы Атлантаға ат басын бұрды. Бұл дегеніңіз – нағыз өзіне сенген, өзіндік көзқарасы бар, білімді әрі батыр адамның ғана қолына келетін тірлік. Ол кезде жер түбіндегі Америка Құрама Штаттарына жарыс басталардан екі апта бұрын бару оңай емес болатын. Қазақстанның экономикалық жағдайы қазіргідей болса, ештеңе емес. Спорт министрлігінің қаржысы қазіргіден бірнеше есе аз. Оның үстіне мұндай қадамның жауапкершілігінің өзі мың батпан. Нұрмахановтың орнында басқа бапкер болса, дәл осылай тәуекел жасай алар ма еді, кім білсін. Мен сол тұста республиканың Спорт министрі ретінде осы істің басы-қасында болдым. Боксшыларға қолдан келген жағдайдың бәрін жасадық. Қазақ боксшыларының сол жеңісі басқа спорт түрлеріндегі жаттықтырушылар мен спортшыларға ой салды. «Боксшылар жеткен биікке біз неге ұмтылмаймыз?» деген сауал Атланта олимпиадасынан кейін талай адамды мазалап, ширықтырғаны, қамшылағаны анық. Атланта олимпиадасынан кейін елдің түкпір-түкпіріндегі бокс үйірмелері балаларға лық толды. Ең бастысы, Нұрмаханов пен Махмұтовтың бокс шыңына бастаған жеңіс жолы сәтімен жалғасты. Біздің былғары қолғап шеберлері Атланта, Сидней, Афины, Бейжің олимпиадаларында алтын медальдарға қол жеткізді. Осмий. Осмий– элементтердің периодтық жүйесінің VІІІ тобындағы хим. элемент, ат. н. 76, ат. м. 190,2, платина металдарына жатады. Жеті изотопы бар. Палладий. Палладий(лат. Palladіum), Pd – элементтердің периодтық жүйесінің VІІІ тобына орналасқан хим. элемент, ат. н. 46, ат. м. 106,42. Тығызд. 12020 кг/м3, балқу t 1552ӘС. Платиналық металға жатады. Платина. Платина(лат. Platіnum), Pt – элементтердің периодтық жүйесінің VІІІ тобындағы хим. элемент, ат. н. 78, ат. м. 195,09; асыл металдар тобына жатады. Табиғатта орнықты 5 изотопы бар. П. күмістей ақ түсті металл, тығызд. 21,45 г/см3, балқу t – 1769°С, қайнау t – 390 Полоний. Полоний(Polonіum), Po – элементтердің периодтық жүйесінің VІ тобындағы радиоактивті хим. элемент, ат. н. 84, ат. м. 208,98. Массалық сандары 210 – 218 болатын 9 изотопы бар. Бос түрінде жұмсақ, күмістей ақ металл; тығызд. 9,4 г/см3, балқу t 254°С, қайнау t 962°С Радий. Радий(лат. Radіum), Ra – элементтердің периодтық жүйесінің ІІ тобындағы радиоактивті хим. элемент, ат. н. 88, ат.м. 226. Табиғатта 14 изотопы бар. Мейлінше орнықтысы 226Ra. Р. күмістей ақ металл, тығызд. 12,02 г/см3, балқу t 969 ӘС, қайнау t 1140 ӘС. Радон. Радон(лат. Radonum), Rn – элементтердің периодтық жүйесінің VІІІ тобындағы радиоактивті хим. элемент, ат.н. 86, ат. м. 222,01; инертті газдар тобына жатады. Ең орнықты изотопы 222Rn (жартылай ыдырау мерзімі T1/2=3,823 тәулік). Қалыпты жағдайда түссіз, иіссіз, Рахимов Сабыр Омарұлы. Рахимов Сабыр Омарұлы(1902 – 1945) – әскери қайраткер, ген.-майор (1943), Кеңес Одағының Батыры (1955). 2-дүниежүз. соғыс жылдарында полк, дивизия басқарды. Солт. Кавказда, Белоруссия мен Польшада соғысты. Генерал Рахимов деген көркем фильм түсірілген. Рений. Рений(лат. Rhenіum), Re – элементтердің периодтық жүйесінің VІІ тобындағы хим. элемент, ат. н. 75, ат.м. 186,207. Р. ақшыл сұр түсті, иілімді металл; тығызд. 21,03 г/см3, балқу t 3180ӘС, қайнау t 5627ӘС. Табиғатта орнықты бір изотопы 185Re бар. Қазақстан ғалым Самарий. Самарий(лат. Samarіum), Sm – элементтердің периодтық жүйесінің ІІІ тобындағы хим. элемент, ат. н. 62, ат. м. 150,40; лантаноидтар қатарына жатады. Орнықты 6 изотопы бар. С. күміс тәрізді, жұмсақ, металл; тығызд. 7,54 г/см3, балқу t 1072°С, қайнау t 1800°С. Селен. Селен(лат. Selenіum), Se – элементтердің периодтық жүйесінің VІ тобындағы хим. элемент, ат. н. 34, ат. м. 78,96. Табиғатта орнықты 6 изотопы бар. Кристалдық торы гексагоналды (сұр С.)., сұр түсті, қатты бейметалл; тығызд. 4,807 г-см3, балқу t 221ӘС, қайнау t Стандарт. Стандарт– кең мағынада өзіне ұқсас басқа нысандармен салыстыру үшін қолданылатын негізгі үлгі, эталон, модель. Жалпы техникалық талаптар, техникалық шарттар, қабылдау ережелері, типтік технологиялық процестер, тексеру әдістері мен жабдықтары стандарттары, тағы басқа болып бөлінеді. Танкер. Танкер– сұйық заттар (мұнай және оның өнімдері, сұйытылған газ, тамақ өнімдері, хим. сұйықтықтар, балқыған күкірт, асфальт, тұщы су, т.б.) тасымалдайтын кеме. Тантал. Тантал(лат. Tantalum), Та – элементтердің периодтық жүйесінің V тобындағы хим. элемент, ат. н. 73, ат. м. 180,948. Ауыр, қиын балқитын, көкшіл ашық сұр металл. Тығызд. 16,6 г/см3, балқу t 2014ӘС, қайнау t 5500ӘС. Табиғатта ниобиймен (Nb) бірге кездеседі. Телеграф. Телеграф(грек tele – алыс және grapho – жазамын) – 1) жеделхат, радиограмма, т.б. түріндегі хабарларды алыс қашықтыққа шапшаң жіберуге арналған электрлік, оптикалық, т.б. байланыс түрі; 2) телеграф байланысын іске асыру үшін телеграфтық арналар мен стансалық жабд Телескоп. Телескоп(грек. tele – алыс, skopeo – көремін) – аспан шырақтарын олардың электрмагниттік сәулелері арқылы зерттеуге арналған астроном. аспап. Т-тар гамма-, рентген., ультракүлгін., оптик., инфрақызыл және радио-астроном. Т. болып ажыратылады. Теллур. Теллур(лат. Tellurіum), Te – элементтердің периодтық жүйесінің VІ тобындағы хим. элемент, ат.н. 52, ат.м. 127,6. Сұр түсті, өте сынғыш шала өткізгіш. Тығызд. 6,25 г/см3, балқу t 450ӘС. Тепловоз. Тепловоз– локомотивтің іштен жанатын қозғалтқыш орнатылған түрі. Т-дың п.ә. коэфф. 28 – 32%, жылд. 160 км/сағ-қа дейін жетеді. Тербий. Тербий(лат. Terbіum), Tb – элементтердің периодтық жүйесінің ІІІ тобындағы хим. элемент, ат.н. 65, ат.м. 158,92534, лантаноидтар тобына жатады. Күмістей жылтыр ақ металл, тығызд. 8,272 г/см3, балқу t 1450 ӘС. Технеций. Технеций(лат. Technetіum), Tc – элементтердің периодтық жүйесінің VІІ тобындағы хим. элемент, ат.н. 43, ат.м. 98. Радиоактивті, ең орнықты изотоптары 97Тс және 99Тс. Күміс түстес сұр металл, тығызд. 11,487 г/см3, балқу t 2200ӘС. Титан. Титан(лат. Tіtanіum), Tі – элементтердің периодтық жүйесінің ІV тобындағы хим. элемент, ат.н. 22, ат.м. 47,867. Күміс түстес ақ металл, жеңіл, берік, иілгіш (пластикалық), тығызд. 4,505 г/см3, балқу t 1671 ӘС. Торий. Торий(лат. Torіum), Тһ – элементтердің периодтық жүйесінің ІІІ тобындағы хим. элемент, ат.н. 90, ат.м. 232,0381. Радиоактивті, ең орнықты изотопы 232Тһ. Күміс түстес ақ металл, тығызд. 11,724 г/см3, балқу t 1750ӘС. ТһО2 отқа төзімді материал. Тулий. Тулий(лат. Tulіum), Tm – элементтердің периодтық жүйесінің ІІІ тобындағы хим. элемент, ат.н. 69, ат.м. 168,934221, тығызд. 9,318 г/см3, балқу t 1545°С; лантаноидтар тобына жатады. Усанович Михаил Ильич. Усанович Михаил Ильич(1894 – 1981) – физик-химик, тех. ғыл. докт. (1938), проф. (1935), Қазақстан ҒА-ның акад. (1962), Қазақстанның еңб. сің. ғыл. қайраткері (1967). Негізгі ғыл. еңбектері ерітінділердің сандық теориясын, қышқылдар мен негіздердің жалпыламаланған теориясын жа. Ұлу Жылы. Ұлу Жылы– мүшел есебінің бесінші жылы, қоян жылынан соң, жылан жылынан бұрын келеді. 2000 – 2001, 2012 – 2013, т.б. жылдары қайталанады. Үлкен Нарын. Үлкен Нарын ауылына кіре беріс Үлкен Нарын– Шығыс Қазақстан облысы Қатон Қарағай ауданындағы ауыл, аудан орталығы. Тұрғыны 7,2 мың адам (2004). Іргесі 18 ғ-дың соңында қаланған. Ауылда балық, марал, орман шаруышылықтары дамыған. Фантастика. Фантастика (грек. phantastіke – көзге елестету өнері) – әдебиеттің өмір шындығын қиял тұрғысында әсірелеп бейнелейтін жанры. Қазақ әдебиетінде Ф. қиял-ғажайып, тұрмыс-салт ертегілерінен бастау алады. Фермий. Фермий(лат. Fermіum), Fm – элементтердің периодтық жүйесінің ІІІ тобындағы хим. элемент, ат.н. 100, ат.м. 257, актиноидтарға жатады. Радиоактивті ең орнықтысының (257Fm) жартылай ыдырау периоды 100,5 тәулік. Фосфор. Фосфор(лат. Phosphorus), P – элементтердің периодтық жүйесінің V тобындағы хим. элемент, ат.н. 15, ат.м. 30,97 Бірнеше түрі бар: ақ Ф. – тығызд. 1,828 г/см3; балқу t – 44,14°С; қызыл Ф. – тығызд. 2,31 г/см3; балқу t – 593°С. Франций. Франций(лат. Francіum) Fr– элементтердің периодтық жүйесінің І тобындағы радиоактивті хим. элемент, ат.н. 87, ат.м. 223. Сілтілік металдарға жатады. Ең орнықты изотопының (223Fr) жартылай ыдырау периоды 22 мин. Тығызд. шамамен 2,3 – 2,5 г/см3; балқу t 18 – 21°С. Фтор. Фтор(лат. Fluorum), F – элементтердің периодтық жүйесінің VІІ тобындағы хим. элемент, ат. н 9, ат. м 18,99; галогендер тобына жатады. Ф. молекуласы екі атомнан тұрады: өткір иісті ашық сары газ. Балқу t – 219,199°С, қайнау t – 188,2°С, тығызд. 1,7 г/см3. Ең Хлор. Хлор(лат. Clorum), Cl – элементтердің периодтық жүйесінің VІІ тобындағы хим. элемент, ат.н. 17, ат.м. 35,45; галогендер тобына жатады. Молекуласы екі атомнан (Cl2) тұрады; өткір иісті сарғылт, жасыл түсті улы газ; тығызд. 0,3214 г/см3. Балқу t – 101°С; қайнау Цезий. Цезий(лат. Caesіum), Cs – элементтердің периодтық жүйесінің І тобындағы хим. элемент, ат.н. 55, ат.м. 132,9, сілтілік металл, күміс тәрізді; тығызд. 1,904 г/см3; балқу t – 28,4°С. Ауада тұтанады, сумен қопарылыс береді. Церий. Церий(лат. Cerіum), Ce – элементтердің периодтық жүйесінің ІІІ тобындағы хим. элемент, ат.н. 58, ат.м. 140,116. Сұр металл; тығызд. 6,768 г/см3; балқу t – 798°С. Негізгі минералдары – монацит пен бастнезит. Цирконий. Цирконий(лат. Zіconіum), Zr – элементтердің периодтық жүйесінің ІV тобындағы хим. элемент, ат.н. 40, ат.м. 91,224. Күміс тәрізді ақ металл, берік, балқуы қиын; тығызд. 6,51 г/см3; балқу t – 1855°С. Іле ауданы. Іле Ауданы– Алматы обл-ның оңт-ндегі әкімш. бөлік. 1928 ж. құрылған. Жер аум. 7,8 мың км2. Тұрғыны 127,0 мың адам (2004). Аудандағы 30 елді мекен 3 кенттік, 8 ауылдық округтерге біріктірілген. Орт. – Өтеген батыр кенті. Аудан жерін Іле ойысының батысындағы көтеріңк Эссе. Эссе – қалыптасқан тұжырымға жаңаша қарап, дағдыдан тыс, тың болжамдар мен түйіндеулерден тұратын әдебиет жанры. Э. сыршыл сезімге, тіл айшығына құрылады. Янгикент. Янгикент– орта ғасырдағы қала. Қызылорда обл. Қазалының оңт.-батысында 22 км жерде. Араб жазбаларында ал-Карьятал-Хадиса делінсе, парсылар оны Дих-и Нау атаған. 9–11 ғ-ларда Я. Оғыз мемлекетінің астанасы болған. 14 ғ-дың теңгелеріне қарағанда, Я. Шаһркент деп ата. Әйтеке-Би кенті. Нурлыбек Жаксылык баскарат закрытый город в казахстане туристам здес места но другим не места денги денги денги оуууууууууууу № 249 мектеп-лицей 11 "Ә". 2.Ақшатау Ғабит - Өте ұқыпты жан Embraer 190. Embraer 190 - Бразилияда жасалатын ұшақ. Ұшақ сыйымдылығы 98 орын және екі кластан тұрады. Embraer 190 жетілдірілген дизайны, ыңғайлылығы, үнемділігі және техникалық қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындардың аздығы себептерімен таңдалды. Екі қозғалтқышпен жабдықталған реактивті ұшақтар орта қашықтықта ұшу үшін әбден лайық.. Ұшудың максималды алыстығы – 4500 километр. Қазақстанда пайдаланылуы. a> Embraer E-170 ұшағы 2010 жыл наурыз айында қонуда «Эйр Астана» Embraer 190 үш ұшағының алғашқысын 2011 жылы науырыз айының соңында жеткізуге дайындалу үстінде. Бұл ұшақтар Орта Азиядағы ірі көлік торабы Алматы әуежайынан Қазақстан қалалары мен көршілес елдерге әуе тасымалдарды орындау үшін операциялық лизингке алынған. Embraer 190 лайнері Airbus A320 ұшағымен бірдей пайдаланады және кейінірек Fokker 50 турбовинттік ұшақтарын толығымен алмастыратын болады. Алғашқы Embraer 190 Алматыдан Қазақстанның Қарағанды, Павлодар, Ақтау және Атырау қалаларына және Орталық Азиядағы Ташкент, Душанбе және Бішкек шаһарларына қатынайды. Екінші ұшақ 2011 жылдың мамыр айында келмек. Ол Алматыдан Грузия астанасы Тбилисиге және Ресей Федерациясың оңтүстігінде орналасқан Самара ірі қаласына жаңа рейстер орындамақ. Үшінші ұшақ 2012 жылы жеткізіледі. 51-аймақ. 51-аймақ () — әскери аэродром, АҚШ Әуе күштерінің Эдуардс әскери базасының () қашықтағы бөліктемесі. Бұл Невада штатының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан, әйгілі Лас-Вегас қаласынан солтүстік-солтүстік-шығыс жағында 133 километр қашықта. Термоядролық реакциялар. Жеңіл ядролар энергия бөле отырып бірігу мүмкін. Тыныштықтағы уран ядросының массасы, ядро бөлінетін жарықшақтардың тыныштықтағы массалары қосындысынан артық. Жеңіл ядролар үшін жағдай керісінше. Мысалы, гелий ядросының тыныштықтағы массасы гелий ядросының құрамды бөлігі екі ауыр сутегі ядросының тыныштық массаларының қосындысынан аз. Бұл- екі жеңіл ядро біріккенде тыныштық массасы азаяды, ендеше, көп мөлшерде энергия бөліп шығарады деген сөз. Жеңіл ядролардың бірігуіндегі мұндай реакциялар термоядролық реакциялар деп аталадыб себебі олар өте жоғары температурада жүре алады. Термоядролық реакцияалар- бұл жеңіл ядролардың өте жоғары температурада бірігу реакциясы. Ядролардың бірігуі ушін олардың 10 -12см шамасына жақындауы, яғни олардың ядролық күш әсерінің сферасына түсуі қажет. Мұндай жақындауға ядролардың кулондық тебілуі кедергі жасайды, оны тек ядроның жылулық қозғалысының өте зор кинетикалық энергиясының есебінен ғана жеңуге болады. Термоядролық реакцияаларда бөлініп шығатын бір нуклонға есептелген энергия, ядролардың тізбекті реакциясы кезінде бөлініп шығатын меншікті энергиядан артып кетеді. Мысалы, ауыр сутегі -тритиймен біріккенде бір нуклонға 3,5 МэВ-қа жуық энергия бөлінеді. Уранның бөлінуі кезінде бір нуклонға шамамен 1 МэВ энергия бөлінеді. Термоядролық реакциялар әлемнің эволюциясында шешуші рөл атқарады. Күн мен жұлдыздардың сәуле шығару энергиясының термоядролық тегі болар. Қазіргі болжамдар бойынша, алғашқы даму кезінде жұлдыздар негізі сутегінен құралған. Жұлдыздардың ішінде температура жоғары болатыны сонша, оның ішінде протондардың бірігуінің реакциясы гелий түзумен қатар жүреді. Бұдан кейін гелий ядроларының бірігу кезінде неғұрлым ауыр элементтерде түзіледі. Осы реакцияалардың бәрі энергия бөліп шығарумен қабаттаса өтеді, ол миллиардтаған жылдарға жулдыздардың жарық шығаруын қамтамассыз етеді. 12Н + 31Н -> 42He + 01n Бұл реакцияда 17,6 МэВ энергия бөлінеді. Тритий табиғатта жоқ болғандықтан, ол термоядролық реактордың өзінде литийден өндірілуі тиіс. Есептеулер көрсеткендей, экономикалық жағынан тиімді реакция, реакцияға түсіетінзаттарды жүз миллиондаған градус шамасында дейін қыздырғанда ғана заттың үлкен тығыздығында жүре алады. Мұндай температураларды плазмада қуатты электр разрядын туғызу арқылы аламыз. Бұл бағыттағы негізгі қиыншылық – осынлай жоғарғы температурадағы плазманы қондырғының ішінде 0,1-1с бойы ұстап тұру. Бұған ешбір заттан жасалған қабырғалар жарамайды, себебі соншалықты жоғары температурада олар буға айналып кетеді. Жоғарғы температурадағы плазманы шектеген көлемде ұстап тұрудың бірден-бір мүмкін болатын әдісі өте күшті магнит өрістерінің әсерін пайдалану болып табылады. Бірақ әлі күнге дейн бұл мәселені толық шешу плазманның тұрақсыздығынан мүмкін болмай келеді.Бұл тұрақсыздық зарядталған бөлшектердің бір бөлігін магниттік қабырғалардан өтетін диффузияға әкеліп соғады. Басқарылатын термоядрлық реакцияларды жүзеге асыру адамзаттың энергетикалық проблемасын шешуге қабілетті. Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі. ИС-1. ИС-1 — кеңес ауыр танкы Ұлы Отан соғысыкезеңіне жатады. ИС Аббревиатурасы «Иосиф Сталин» — дегенді білдіретін 1943—1953 жж кеңестік ауыр танкылар сериясының ресми атауы. 1 Индексібұл танк табының бірінші сериялық моделіне сәйкес. Ұлы Отан Соғыс жылдары ИС-1 белгілеуімен қатар ИС-85 аталуы да қолданылды, бұл жағдайда 85 индексы означает машинаның негізгі қаруының калибрын білдіреді. шығарылу тарихы. ИС-1 және ИС-2 ауыр танктары өз шежірелерін КВ-1 ауыр танкымен КВ-13 («Объект 233») ауыр сауытты орта танкыдан бастайды. Дәл осы танк Челябіде 1942 жылы СКБ-2 негізінде құрылған Тәжірибелік танк зауытының алғашқы ірі өзіндік жұмысы болды. Проектының жетекші конструкторы болып қамаудан жаңа босатылған Н. В. Цейц тағайындалды. Конструкторлар тобына К. И. Кузьмин (корпус), Н. М. Синев (мұнара), С. В. Мицкевич (жүріс бөлігі) және Г. Н. Москвин (жалпы құрылымы) кірді. КВ-13 массасы жағынан орта танкыға, ал қорғаныс жағынан ауырға сәйкес келетіндей әмбебап танк идеясы тарапынан құрыла басталған еді.Проекттың ерекшелігі сауытты құйюды кеғінен қолдану болды. Бұл машиналар құрылысының ырғығына тікелей әсер еткен жағдай - 1942–1943 жылғы қыста Шығыс майданда «Тигр» сужаңа неміс ауыр танкыларының пайда болуы. 1943 жылы 24 ақпан күнгі № 2943сс ҚБК Жарлығымен Киров заводына Челябіде және № 100 НКТПзауытына (атауыауыстырылған Тәжірибелік танк зауыты) «Иосиф Сталин» — ИС екі тәжірибелік нұсқасын жасап, мемлекеттік сараптауға ұсынуға бұйырылды. Бастапқы үлгі ретінде КВ-13 соңғы нұсқалары алынды. ЗИС-576,2-мм зеңбірегімен қаруланған бірінші танкыға «Нысан233» зауыттық индексі cақталуымен қатар ИС-1 белгілеуі, ал мұнарасында КВ-9 тәжірибелік ауыр танкыдан алынған У-11 122-мм танкгаубицасы орнатылған екіншісі ИС-2 («Нысан 234») белгілеуі берілді. Екі машинаның да сараптамасы 1943 жылдың 22 наурызымен 19 сәуір аралығында жүргізіліп, жалпы сәтті өтті. Комиссия КВ-1с танкыдан тығызырақ құрылымының арқасында, онымен ИС-1 («Нысан 233») қарулануы бірдеңгейде, ал ИС-2 («Нысан 234»).қарулануы құаттырақ болса да, ИС танктары неғұрлым аз массада соғұрлым күштірек сауыттауымен жоғарырақ қозғалыс жылдамдығына ие екендігін мойындады. Құрылымын сипаттау. ИС-1 негізінен КВ-1/КВ-1с ауыр танктың алдыңғы моделінің терең түрленуі болып келеді. Күшейту мақсатымен маңызды өзгеріске сауыттық қорғаныспен қарулану ұшырады, қанау сипаттарымен беріктігін жақсарту үшін ИС-1ге планетарлық үлгідегі жаңа жылдамдықты өзгерту құралы қойылды. Бірақ өзінің құрамында жаңа танк КВ әртүрлі модификациялары танктарының көп білшектерін мұраға алды. Сол кездегі кеңестік ауыр және орта танктардың барлығындай, ИС-1компоненттер сызбанұсқасы классикалық болды.Сауыткорпус маңдайынан артқы жағына дейін тізбектеліп басқару, жауынгерлік және моторлық-трансмиссиялық бқлімшелерге бөлінетін. Жүргігуші-механик басқару бөлімшесінде орналасса, экипаждың қалған үш мүшесінің сауыткорпустың ортаңғы бөлігімен мұнараны біріктіретін жауынгерлік бөлімшеде өз орындары болатын. Қару құралымен оның қару қоры және жанармай бөлігі де сонда орналасатын. Қозғалтқышпен трансмиссия машинаның артқы жағында орынатылды. Сауыттық корпуспен мұнара. Танктың сауыттық корпусы (маңдай бөлігінен басқасы) қалыңдығы 90, 75, 60, 30 и 20 мм домалатылған сауыттық плиталардардан құрастырылатын. Үшкірліпішінді сауытты еңкейту бұрыштары рационалды маңдай бөлшегі кұйылған болатын, оның қалындығы әртүрлі жерлерінде 30 дан 120 ммге дейін аралықта өзгеретін, басқа бөлшектермен сваркой дәнекерлеумен ұстастырылып, жалғанатын. Сауыттық қорғаныс дифференциалданған, снарядқақарсы. Сүйір мұнара күрделі геометриялы пішінді сауытты құйма түрінде ұсылынған еді, қалыңдығы 100 мм оның борттары снарядқақарсы беріктікті күшейту үшін вертикалға бұрыш жасап орнатылған болатын. Мұнараның төрт сфераның қиылысуымен жасалған маңдай бөлігі амбразурамен қоса, бөлек құйылып, мұнараның өзіне болттармен бекітілетін. Қару маскасы домалатылған майыстырылган сауыт плитасының цилиндрлы сегменті түрінде ұсынылған болатын және оның үш— зеңбірек үшін, жұпталған пулеметпен нысана үшін тесігі бар болатын. Мұнара диаметры 1800 мм погонда орнатылатылып, танктың артығырақ ауытқуында немесе аударылып қалуында бқліп қалмауы үшін басып алулармен бекітілетін. Мұнараның төменгі погонымен сауыткорпусының жоғарғы погонының жанасу беті жауынгерлік бөлімнің төбесіне сәл кірістірілген болатын, бұл жағдай атысқа ұшырауда сыналануды жоққа шығаратын. Мұнара погоны жабық позициялардан атуда мыңдық үлестерде байқалатын.. Жүрзізуші-механик танк сауыткорпусының алдыңғы жағының орталығында орналасатын. ИС танкының мекенді бөлігінің КВ-1с танкымен салыстырғанда тығызырақ компоновкасы экипаждың бесінші мүшесі— атқыш-радистты орналастыруға мүмкіндік бермейтін. Оның міндеттері командирмен жүргізуші-механикке екіара үлестірілді: біріншісі радиостанциямен жұмыс істесе, екіншісі курстық пулемёттан басқару панелінен электрқосқыш механизм гашеткасына басу арқылы көздеусіз оқпен атып отырған. Курстық пулемёттің өзі жүргізуші-механиктың артында орналастырылып, арнайы сауытталған танк маңдайына дәнекерленіп ұстатылған патрубокта қатаң бекітілетін. Аяғында көздеусіз оқтың төмен нәтижелілігіне байланысты курстық пулеметтан мүлдем де бас тартылды. Экипаждың үш мүшесі мұнарада орналасатын: орудиеның сол жағында нысанашымен командир орны, ал оң жағында — оқтаушының орны болатын. Машина командирының қол астында вертикалды сауытының қалыңдығы 82 мм дейін құйылған байқағыш кіші мұнара болатын. Экипаждың мінуімен шығуы мұнарадағы люктар арқылы жүзеге асырылатын: командирлық мұнарашықтың дөңгелек екіжақты люгімен оқтаушынің біржақты дөңгелек люгі арқылы. Корпустың түбінде де апаттық кетуге арналған люк, және басқа жерлерінде оқдәрмекті артуға, жанармай бактарына, машинаның өзге де түйіндерімен агрегаттарына жетуге арналған үлкен, кіші люктармен тесіктер болатын. Дидье Дрогба. Дидье Ив Дрогба Тебили (толық аты-жөні Дидье Ив Дрогба Тевири, 1978 жылы 11 наурыз, Абиджан қаласы) - Кот-д Ивуар ұлттық құрамысының капитаны және «Челси» командасының белді шабуылшысы. «Челсиде» доп тепкен шет елдік ойыншылардың арасындағы үздік шабуылшылардың бірі. Қазіргі таңда малий ұлтынан қыз алған Дрогбаның өзінен аумай қалған 3 баласы бар. Қайырымдылық жұмыстарын көп жүргізіп, басқа футболшыларға үлгі болған «Тито» Біріккен Ұлттар Ұйымының «Қайырымдылық» елшісі атанған. Футболшы болып қалыптасуы. 5 жасында Францияға ағасының қолына көшіп барады. Ол кезде ағасы Мишель Гоба тәжірибелі футболшы болатын. Бірақ, 3 жылдан кейін ата-анасын сағынған бала Дидье қайтадан өз еліне қайтады. Бала күнінде Дрогбаның анасы оны Югославия президенті Иосип Титоның құрметіне арнап «Тито» деп атайтын. Еліне оралған соң, ол Отанында көп тұрақтай алмайды. Ата-анасы елдегі жұмыссыздыққа байланысты жеп отырған нандарынан айырылып, қайтадан Франциядағы туысқандарының қасына баруға мәжбүр болады. Алғашында Францияның Ванн қаласында тұрып, кейіннен Париж маңындағы Энтони қалашығына тұрақтайды. Сол жердегі жергілікті клубта «Тито» алашқы ойындарын өткізіп жүреді. Алғашында ол оң қапталдағы қорғаушы позициясында ойнап жүреді. Уақыт өте келе ағасының (Мишель Гоба) кеңесімен орталық шабуылшы рөлін атқаруға көшеді. Энтони қалашығындағы клубта жақсы өнер көрсеткеннен кейін, оны жартылайкәсіби клуб-«Левалуаға» шақырту алады. Біраз уақыт өткеннен кейін клуб бапкері Жак Лонкардың көңілінен шықпай қалады. Мектепті жарытып оқымай, әрең тәмәмдаған ержеткен «Көсем» Парижден Ле-Манға көшіп, сондағы колледжде бухгалтер мамандығы бойынша білім алады. Сондай-ақ, «Ле-Ман» жастар клубында өнер көрсетіп жүреді. Алғашқы 2 жылында ол көптеген жарақаттар алып, ауыр жаттығу сындарынан өтеді. Сол кездегі «Ле-Ман» клубының бас бапкері Марк Вестерлопп:«Дрогба күнделікті футбол ойнауды жүйелі түрде үйренуі үшін бақандай 4 жыл кетті. Оның үстіне жанұясындағы ауыр тұрмысқа байланысты ол көбінесе қосымша жұмыс істеді. Тек есейгеннен соң кәсіби футболшыға айналды»-деген екен. 21 жасқа келген «Піл» енді футболға шынымен-ақ ден қоюға ұйғарады. өйткені бұдан кейін оның кәсіби футболшыға айналуы екіталай еді. Оны Дрогбаның өзі де іштей сезетін. Осындай ауыр жаттығулардың нәтижесіен кейін, Дахи Зоко «Ле-Манның» негізгі құрамына енеді. 1999 жылы алғаш рет кәсіби келісім-шартқа отырады. Аталмыш клубтағы бірінші маусымда 30 ойын өткізіп, қарсыластарының қақпасын 7 мәрте мазалайды. Екінші маусымында оның орнын Даниель Кузен басады. Алғашында жарақаты үшін ауыстырылған ойыншы, кейіннен Дидьеден де жақсы ойнап негізгі құрамда маусым аяқталғанша тұрақтап қалады. Келесі маусымда ол қайтадан негізгі құрамнан орын алып, 21 ойын өткізіп, 5 гол салады. «Генгам» клубы. 2002 жылы қыста «Генгам» клубы ивуарлықты 80 мың фунт. стерлинге сатып алады. Клубта өткізген алғашқы маусымында 11 рет алаңға шығып, 3-ақ гол ұрады. Дегенмен, маусым аяғында клубтың 1 Лигада сақталып қалуына өз септігін тигізеді. Өзін шебер футболшы ретінде осы клубта кеңінен танытып, «Генгамның» 1 Лигада 7-ші орынмен аяқтауына үлесін қосады. Сол клубта жасындай жарқылдаған тағы да Францияның болашақ жұлдызы Флоран Малуда алаңда «Пілмен» тез тіл табысып, бір-біріне голдық пастар беріп көпшіліктің көңілінен шығатын. Бірақ, мұндай талантты футболшылар ортаңқол яки төмен клубтарда көп тұрақтамайтын. Кез-келген мықты футболшының өмірбаянындағыдай, алғашында төмен клубтарда доп теуіп, кейіннен үлкен топ-клубтарға ауысу-заңдылық. Сол мықты футболшы-Дрогба да марсельдік «Олимпикпен» 4 жылдық келісім-шартқа отырып, 3.3 млн. фунтқа кете барады. Әрине қуана-қуана! «Марсель». «Марсельдің» бас бапкері Ален Перрен «Титоны» бірден негізгі құрамға алады. Бірінші маусымның өткізген 55 ойынында 32(!) гол салады. «Марсель» сапында ол УЕФА кубогінде өнер көрсетіп, жартылай финалда «Ньюкаслдың» қақпасына екі гол ұрып, командасын финалға деін жеткізеді. Бірақ, финалда «Валенсиядан» жеңіліп қалады. Маусым аяқталған соң, ол Фрунцияның үздік футболшысы атағына ие болады. Ал Чемпиондар Лигасының аясында «Портуға» қарсы өткізген ойында қарсылас команданың бас бапкері ол кездері әлемге әлі таныла қоймаған жас Жозе Моуриньо бір сұхбатында:«Егер де менің клубыма ойыншы керек болса, мен бірінші ретте Дрогбаны өзіме алатын едім»-деп мәлімдейді. Сол жылы маусым аяқталысымен Дрогба Еуропа нарығындағы үлкен аукционға түседі. Көптеген клубтар оны өзіне алғысы келеді. «Челсиге» су жаңа бапкер Моуриньо келісімен «Пілді» өз қосынына алады. 2004 жылдың шілде айында Диьде Дрогба өзінің екінші Отаны Францияны тастап, бақыт кемесіне отырып, лондондық «Челсиге» жүзіп кете барады. «Челси». Дрогба Челси сапыпында 2008 жылы. Дрогба өзінің бір сұхбатында:«Маған салса, жүрек қалауымен мен «Марсельде» қалар едім. Мені «Челсиге» ауысуыма ешкім мәжбүрлеген жоқ. Кейде маңызды келісім-шарттардан бас тартуға болмайды. Бірақ, мені жақын танитын достарым біледі, мен аталмыш клубқа ақша үшін бара жатқан жоқпын. Жозе Моуриьо мені өзінің қосынында көргісі келеді. Оның үстіне Кежман, Муту, Роббен және Макалеле сынды танымал ойыншылардың қасында доп теуіп, жаттығу мен үшін нағыз футболшы болуыма көп септігін тигізеді деп ойлаймын»-деп ағынан жарылды «қара маржан». 2005 жылғы маусымда ивуарлық Англия Суперкубогінде және премьер-лигада маңызды голдар салып, «Челси» сол жылы тұңғыш рет Англия чемпионы атанады. Келесі жылы Дидье тағы да «ақсүйектердің» премьер-лигада бірінші орын алуына көмегін тигізіп, чемпион атанады. Кот-д` Иуардың Ұлттық құрамасы. Сол жылы ол Кот-д` Иуардың капитаны болып сайланады. Ұлттық құрамада да керемет ойын өрнегімен командасын алға жетелеумен болады. Сөйтіп, Африканың үздік ойыншысы атағына қол жеткізеді. 2007/10 жылдары «Қара маржан» Англия чемпионатында үздік шабуылшы болады. «Аристократтардың» сүйікті әрі тұрақты ойыншысы, Лондондағы мың қыздың арманына айналған «Пілдің» қазіргі таңдағы басты арманы Чемпиондар Лигасының трофейін басына көтеру! Ол мүмкін де. Лотар Маттеус. Лотар Маттеус (, 1961 жыл, 21 наурыз, Эрланген қалашығы, Германия) - Германия футболшысы, жартылай қорғаушы болған,қазір Болгария ұлттық құрамасының бас бапкері. Германия ұлттық құрамасының сапында 150 ойын өткізіп, 23 гол соққан; Жиырма жыл (1980-2000) ішінде ГФР құрамасының жейдесін 150 рет киген Л.Маттеус кейінгі жылдары өзін бапкер ретінде танытып жүр. 2003-2005 жылдары ол Венгрия құрамасын жаттықтырса, кейін Израильдің «Маккаби» клубымен жұмыс істеді. Бес әлем чемпионатына барып (1982, 1986, 1990, 1994, 1998), финалдық турнирлерде жалпы саны 25 ойын өткізіп, 6 гол соққан; Әлемнің және Еуропаның 1990 жылғы үздік футболшысы; «Боруссия», Менхенгладбах (1979-1984), «Бавария» (1985-1988, 1993-2000), «Интер», Италия (1988-1992), «Нью-Йорк Метростарз», АҚШ (2000) клубтарында өнер көрсеткен; Әлем чемпионы (1990), Еуропа чемпионы (1980), УЕФА кубогының 2 дүркін иегері (1991, 1996). Футбол тарихында өзіндік орны бар футболшыларға әсіресе неміс жері бай екені мәлім. Сондай сайыпқырандардың бірі – жасыл алаңнан 40 жасына дейін кетпеген әйгілі жартылай қорғаушы Лотар Маттеус. Ең кішкентай, ең әлжуаз. Әсіресе әлемдік доп додасының рекордтары туралы сөз қозғалғанда, Маттеусті айналып өту мүмкін емес. Финалдық турнирлерде ең көп (25) ойын өткізген де – сол, бес әлем чемпионатына қатысқан алаңдағы жалғыз ойыншы да – сол (дәл осындай көрсеткішке ие мексикалық Антонио Карбахал – қанша дегенмен, қақпашы ғой). Әрине, спорт тауарлары дүкені бар ерлі-зайыпты кәсіпкерлер Хайнц пен Катарина Маттеустер кіші ұлдарының болашақта атақты футболшы болатынын болжай қоймаған шығар. Олар Лотарды да ағасы Вольфганг секілді осы кәсіпке бейімдегісі келді. Алайда, балақайдың басындағы ой басқаша еді. Азаннан ақшамға дейін ала доптың соңында алаөкпе болатын ол қалайда футболмен кәсіби түрде айналысуды армандады. Мектепте сыныбындағы ең бойы кішкентайы да, ең әлжуазы да өзі болғандықтан, кейде қатарластарының артықшылығына қызығып, «мама, мені неге мұнша құйтақандай ғып тудың?» деп шешесіне жылап келетін. Дегенмен, тынбай жаттығу мен тұрақты футбол ойнаудың нәтижесінде ол кәмелетке толарда сымбаты көз тоярдай көркем атлет боп шықты. Лотар кәсіпқой футболдағы алғашқы келісім-шартты Менхенгладбахтың «Боруссиясымен» жасасты. Бұл кезде ол небәрі 18 жаста еді. 1980 жылдың көктемінде «Боруссия» УЕФА кубогының финалына шықты, ал Маттеус ойлы ойынымен ұлттық құраманың жаттықтырушысы Юпп Дервальдің назарын аударды. Сол жылғы Еуропа біріншілігінде алаңда тек 16 минут қана ойнағанымен, өзге әріптестерімен бірге құрлық чемпионы атанған оның әлемдік доп додасындағы дебюті 1982 жылы болды. Испанияға да қосалқы құрам ойыншысы есебінде барған жас талант небәрі екі ойынға ғана қатысып, жасыл алаңда ұзын-ырғасы 50 минут қана өткізді. Марадонамен жекпе-жек. Ол кезде ГФР (Германия Федеративтік Республикасы) деп аталған елдің ұлттық құрамасының тізгінін Франц Беккенбауэр алған соң ғана ол негізгі құрамға тұрақты іліге бастады. 1986 жылғы әлем чемпионатында Маттеус команданың тұтқалы жартылай қорғаушысына айналған болатын. Лотардың өз міндетіне аса жауапты ұқыптылығы мен шаршау білмес төзімділігін айрықша бағалайтын бапкер оны шабуылға көбірек көңіл бөлетін Феликс Магаттың ту сыртына орналастырып, қорғаныс шебінің басты көмекшісі есебінде пайдаланды. Алайда, мақтаулы жартылай қорғаушы Уругваймен болған алғашқы кездесудің 4-минутында-ақ масқара қателік жасады: өз қақпашысына асырмақ болған ол допты абайламай Антонио Алсамендидің алдына салды да берді – 0:1. Әбүйір болғанда Клаус Аллофс 85-минутта әрең дегенде таразы басын теңестіріп, команданы күтпеген жеңілістен сақтап қалды. Бұдан қорытынды шығара білген Маттеус сақ та сауатты ойнап, құраманың негізгі көшбасшыларының біріне айналды. 1/8 финалда ГФР футболшылары марокколықтар қақпасының кілтін еш таба алмай қойғанда, көмекке Лотар келіп, 88-минутта 35 метрдей жерден айып добын дәл орындап, команданы ширек финалға алып шықты. Мексиканы пенальти арқылы 4:1, Францияны негізгі уақытта 2:0 есебімен ұтқан немістер финалда Аргентинамен кездесті. Беккенбауэр бұл жолы өзінің сенімді шәкіртіне әлемнің үздік футболшысы – Диего Марадонаны көзден таса қылмауды тапсырды. Маттеус міндетін адал атқарды: осыған дейінгі матчтарда 5 доп соққан даңқты аргентиналықтың бұл жолы қанжығасы майланған жоқ. Алайда, Лотар оны ең шешуші сәттерде назардан тыс қалдырды: 23-минутта одан оңбай алданған жартылай қорғаушы Марадонаны шалып жығуға мәжбүр болды (айып добынан соң Хосе Браун есеп ашты). Сосын таразы басы теңесіп, қуаныштан жүрек өрекпіп тұрған 85-минутта ол бір сәт «уһ» деп тыныстауға мүмкіндік алды. Бірақ алаңда Ұлы Мәртебелі Диего тұрған кезде бір мезет тыныс алу мүмкін бе?! Бір минут бақылаусыз қалған оның допты 40 метрдей жерден Хорхе Бурручаганың алдына дәл тастағаны сондай, гол болмауы мүмкін емес еді… Ақыры құлаған рекорд. Мексикадағы салыстырмалы түрдегі сәтсіздік (қалай дегенмен, күміс жүлде ғой) Беккенбауэр-бапкердің Маттеуске деген сенімін сетінете алған жоқ. Керісінше, кезекті, 1990 жылғы әлемдік доп додасы қарсаңында «Кайзер Франц» Лотармен жеке әңгіме өткізді. «Бізге ешқашан ерік-жігері мұқалмайтын, жігіттерді соңынан ерте алатын көшбасшы керек, – деді ол. – Бұл сенің қолыңнан келетініне сенемін. Сондықтан да капитан етіп тағайындаймын. Енді сен тылға көп қарайлама. Ол міндетті Гвидо Бухвальд атқарады. Ал сен шабуылға дем бер, команданың бүкіл ойынын ұйымдастыр. Менің идеямды алаңда іске асырушы басты диспетчер өзің бол. Сонда осы чемпионатта сенің де жұлдызың жанады, Отаныма бапкер ретінде алтын кубокты алып беріп, менің де жаным жай табады». Маттеус ұстазының талабын бұлжытпай орындады. Бапкер сенімі оған қанат бітіргендей болды. Бұл чемпионатта одан артық ойнаған ешкім болған жоқ. Біріншіліктің үздік футболшысы атағын 6 гол соққан итальяндық шабуылшы Сальваторе Скиллачи ап кеткенімен, доданың басты жұлдызы Маттеус екенін елдің бәрі мойындады. Жыл соңында «Франс футболдың» «Алтын добы» да осы бір шаршау білмес неміс футболшысына бұйырды. Ал финалда ол баяғы Марадонамен қайта кездесті. Бұл жолы аргентиналық ештеңе істей алмады. Керісінше, Маттеус бастаған ГФР құрамасы айқын басымдықпен ойнады. Қарсыластары Лотарды көзден қанша таса қылмаса да, ол командасын алға сүйреп, жеңіс үшін ерен еңбек сіңірді. 1994 жылғы дода біздің кейіпкеріміз үшін де, Германия үшін де аса сәтті бола қойған жоқ. Ширек финалда олар Болгариядан ұтылып қалды. Бұл – Маттеустің финалдық турнирлердегі 21-ойыны еді. Қызық болғанда, бұған дейінгі үш рекордшы да осы көрсеткішке кеп тоқтаған болатын. Неміс шабуылшысы Уве Зеелер 1958, 1962, 1966 және 1970 жылдары 21 ойын өткізді. Үш әлем чемпионатында 20 рет алаңға шыққан поляк қорғаушысы Владислав Жмуда 1986 жылы бір-ақ рет ойнады да, Зеелерден оза алмады. Диего Марадонаның 1994 жылғы Нигериямен ойыны да оның 21-матчы-тұғын. Кездесуден кейін оның тыйым салынған дәрі – эфедрин ішкені анықталды да, чемпионатты әрі қарай жалғастыру құқынан айрылды. Сөйтіп, осы төрт футболшы да бір цифрға – 21-ге кеп тоқтады. Беккенбауэрдің орнын басқан бас бапкер Берти Фогтспен тіл табыса алмаған Маттеус 1994 жылдың күзінен бастап құрамаға шақырылмайтын болды. Алайда, жаттықтырушы «ардагер футболшының бай тәжірибесі әлі де қажет» десе керек, 1998 жылғы доп додасы басталар сәтте 37 жастағы Лотарды қайта есіне алды. Футболдың статистикасын сүйетін жанкүйер қауым қалам-қағазын әзірлей бастады. Әлемдік рекорд көп күттірген жоқ: Югославиямен ойынның екінші таймда алаңға Маттеус шықты! Бұл – оның финалдық турнирлердегі 22-матчы еді (кейін тағы үш матчқа қатысты). Бұған қоса ол бес чемпионаттың дәм-тұзын татқан әйгілі мексикалық қақпашы Антонио Карбахалды қуып жетті. Филипп Лам. Филипп Лам (; 1983 жылы 11 қараша күні Мюнхен қаласында туған) - Алмания құрама командасы мен мюнхендік «Бавария» футболшысы.. Баскетбол мен футбол арасындағы таңдау. Бала кезінде кішкентай Филипп атақты Майкл Джорданға еліктеп, баскетболмен белсенді айналысқан. Бірақ, Ламның шешуші таңдауы футбол болды. Кішкентай кезінен мюнхендік «Баварияға» жанкүйер болып, көп кешікпей ол «Олимпиаштадионға» клубтың мүшесі ретінде бару мүмкіндігіне ие болады. Бір күні мектеп турнирлерінің бірінде Ламды «Бавария» скауттары байқап қояды. Осылайша, Филипп әйгілі клуб академиясына түседі. Одан соң ол мюнхендіктердің қосалқы командасында өнер көрсетіп, онда жалпы саны 34 ойын өткізеді. «Бавария» мен «Штутгарт» арасында. 2002 жылы қарашада Лам «Баварияның» негізгі командасында тұңғыш рет алаңға шығады. Бұл оқиға мюнхендіктердің Чемпиондар Лигасындағы француздық «Ланспен» ойнына сәйкес келеді. Алайда, оған ол кезде бас командадан орын таба алу қиынның-қиыны болатын. Ламға Әлем және Еуропа чемпионы Биксант Лизаразю мен Германия құрамасы ойыншысы Тобиас Рау тікелей бәсекелес болып табылды. Әлбетте, жас футболшы үшін қосалқы құрамда қала беру - өз деңгейін әрі қарай дамуына бөгет болуын білдіреді. «Баварияның» қосалқы командасының жаттықтырушысы Херманн Герланд өзінің ескі досы Феликс Магатқа телефон шалып, жас талант Филипптің қабілеттері туралы әңгімелеп береді. Биыл «Вольфсбургті» чемпиондық атаққа жеткізген, ал ол кезде «Штутгартты» басқарған Магат көп ойланбастан Ламды өз командасына алу туралы шешім қабылдайды. 2003/04 және 2004/05 маусымдар бойы Лам «Штутгартпен» жалға алынады. Жаңа клубта Филипп жаңа позицияда ойнауды меңгереді: сол жақ қорғаушы ретінде ол негізгі құрамнан берік орын алады. Жас қорғаушы өте сауатты, тұрақты өнерімен өзінің футболшылық мансабының жаңа, биік сатысына көтеріледі. Ал, «Штутгарт» қорғанысы Германиядағы үздіктердің біріне айналады. «Баварияға» оралу. Бір жылдан соң қорғаушы енді Магат баптаған «Баварияға» қайтып келеді. Футбол ойнауды аяқтаған Лизаразю өз орнын Ламға тапсырады. Туған «Бавариясындағы» негізгі құрам ойыншысы ретінде тұңғыш маусымында Филипп Бундеслига чемпионы атанады. Алмания құрамасы. Алмания құрамасында Лам денесін қыздыруда 2004 жылы 14 ақпанда Лам Алманияның бас командасы жейдесінде тұңғыш ойын өткізеді. Бұл Хорватияға қарсы 2:1 есебімен немістердің пайдасына аяқталған жолдастық кездесу еді. Жазда Руди Феллер командасын аса сәтсіз аяқталған Еуро-2004 турниріндегі өкініш күткен еді. Бірақ, Португалияда немістер құрамасының болашақ тірегі болар ойыншылар көріне бастады. Олардың қатарында Лам да болды. Германия жарыстан шыға салысымен, ғасырлар тоғысы кезеңінде «сынып тұрған» «неміс машинасын» «жөндеген» Феллер де өз орнын босатты.2006 жылғы Әлем чемпионатында Юрген Клинсманн командасы мундиаль барысында жарқын әрі сауатты ойын өрнектерін көрсетіп, Ламның құрамадағы ролі ерекше екендігі таныла бастады. Ашылу матчында Коста-Рикаға өте әдемі соққысымен чемпионаттағы алғашқы допты енгізген немістердің сол жақ қорғаушысы атанды. Германия үшін арман болған алтын медальдарға қол жеткізе алмаған, «неміс машинасы» өз жерінде қоладан құйылған медальдарды қанағат тұтты. Ал, былтыр аяқталған Еуро-2008 додасында «бундестим» тағы да сол Ламның тікелей көмегі арқалы жартылай финалда Түркиядан айласын асырып, ақтық ойынға жолдама алды. Бірақ, финалдық кездесуде Венадағы «Эрнст Хаппель» стадионында Германия футболшылары құны жағынан екінші металдан жасалған медальдарын мойындарына асты. Бірақ, сол қанат қорғаушысы Филипп Ламсыз елестетуге қиын Германия құрамасы үміт үзбейді. Йоахим Лев штабы алтын медальдар үшін келесі жорық жоспарын әзірлеуде. Немістердің «соққысы» 2010 жылы жазда Оңтүстік Африкаға қарай бағытталып, «неміс машинасы» қайтадан қола медаль иеленді. Джанлуиджи Буффон. Джанлуиджи Буффон (1978 жылы 28 қаңтарда Италияның Каррара деген жерінде туған) - Италия құрамасы мен туриндік «Ювентус» футболшысы. Қысқаша өмірбаяны. Буффон А Сериясында алғашқы ойнын 17 жасында «Парма» сапында 1995 жылы «Миланға» қарсы өткізеді. «Пармадағы» шағында ол үшін ең жарқын 1998/99 маусымын есептеуге болады. Сол уақытта Джиджи командасына Италия Кубогы, ұлттық Суперкубок пен УЕФА Кубогы бағынады. Осы командада намысын 168 рет қорғап, 2001 жылы туриндік «Ювентуске» ауысады. Қақпашылар үшін рекордтық 52 млн. еуроны құраған бұл трансфер дүниені дүр сілкіндірген еді. Өзінің «Делле Альпидегі» тұңғыш маусымында «Ювентус» чемпион атанып, Буффон 34 кездесуде 23 қана гол жіберіп, Италия біріншілігіндегі үздік көрсеткішке қол жеткізді. Келесі маусымда «Юве» кезекті «скудеттосын» ұтып, Чемпиондар Лигасының финалында туриндіктерге тек «ескі достары» - «Милан» ғана шешуші бөгет болады. 2006 жыл - жеңістер мен қиындықтар жылы. 2005 жылдың тамызында дәл сол «Миланмен» болған кездесуде Какамен соқтысудан соң, Буффон иығынан жарақаттанады. Күрделі операциядан кейін ойынға оралған Джанлуиджи екі ойын өткізіп, қайтадан жарақатқа душар болады да, тек маусымның аяғына таман негізгі құрамға оралады. 2006 жылы итальяндық футболда келісілген ойындарға байланысты ірі дау көтерілген болатын. Соған орай Буффон бұл істерде қатысы бар адам ретінде саналған еді. Сол себепті оның Әлем чемпионатына бармау қаупі пайда болды. Бірақ, олар расталмай, Джиджи Германияда «скуадра адзурра» сапында әлем чемпионы атанады. 27 маусымда сот ойыншыдан барлық кінәларды алып, Буффонды ақтап шығарды. Алайда 2006 жылғы ыстық жаз кезіндегі «Ювентус» және басқа қатысушылары бар дау туриндіктер үшін із-түзсіз кетпеді. Екі бірдей «скудеттосынан» айырылғаннан кейін олар В Сериясына қуылады. Клуб ойыншылардың төменгі дивизионда ойнайтыны яки ойнамайтыны жайындағы өсек-аяндар тарала бастады. Бірақ, Джанлуиджи «қарт синьораға» адалдығын танытып, командаға элитаға қайтып келуіне көмектеседі. Оның «Ювемен» жаңа келісім-шарты 2012 жылға дейін жалғасатынын есептесек, туриндіктерге өз қақпаларының қауіпсіздігі жайында уайымдамауға болады. Пальюка мен Тольдоның көлеңкесінде. Буффонның Италия құрамасындағы мансабы 1998 жылғы Франциядағы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінен бастау алады. 1997 жылы Ресеймен өткен плей-офф кездесуінде «скуадра адзурра» сапында тұңғыш шыққан ол келесі жылы құрамасымен бірге Францияға аттанады. Бірақ, ардагер Джанлука Пальюка қорғаған итальяндықтар қақпасында оған орын табылмады. Келесі ірі турнир – Еуро-2000 додасына дейін ол апенниндіктердің №1 қақпашы орнында беки түседі. Алайда, өкінішке орай жарақат алауына байланысты Голландия мен Бельгияға бармайды. Ол жерде тағы бір шебер қақпашы Франческо Тольдоның бағы жанып, ол турнирдің жартылай финалында аңызға айналған «пенальти шоуда» итальяндықтарды жалғыз өзі финалға жетелейді. «Скуадра адзуррадағы» №1. Барлық итальяндықтардың сүйіспеншілігіне ие болған қақпашыны ауыстыру Буффон үшін психологиялық тұрғыда оңай болмауы керек. Бірақ, емделіп болған соң, Джиджи №1 постын қайтарып алды. «Қақпашы - жарым команда». Буффон хақында сөйлегенде оның өнерін бір сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бұл жерде оның 100%-дық голдық сәттерде өз иелігін аман қалдыратын қасиеті бірден еске түседі. Ендеше, Әлемнің үздік қақпашыларының бірі, әйгілі Дино Дзофф ізбасары – Джанлуиджи Буффонға байланысты «қақпашы – жарым команда»,- деген сөз дәл келеді. ҚОҢЫРАУЛЫ НАЙЗА. ҚОҢЫРАУЛЫ НАЙЗА – басына қоңырау тағылған найза. Найзаға әскери белгі ретінде кішкене қоңырау тағу дәстүрі көне түркі заманынан қалған. Көне тас петроглифтерде Қ. н. ұстаған жауынгерлер бейнесі жиі кездеседі. Мұндай найзалар қазақ ауыз әдебиетінде, жыраулар поэзиясында жиі сөз етіледі (“Қоңыраулы найза қолға алып, қоңыр салқын төске алып, қол төңкерер ме екенбіз?”, Ақтамберді жырау). Көшпелілер өркениетінде кәсіби әскерилер ретіндегі батырлар ин-тының жойылуына байланысты Қ. н. ұстау дәстүрі 19 ғ-да қолданыстан шығып қалған. ҚОҢЫРАУША. ҚОҢЫРАУША "(Adenophora)" – қоңыраугүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның альпі, субальпі таулы шалғындықтарында, жалпақ жапырақты (қайың, емен ормандары) ормандарда, таудың шалғынды беткейлерінде өсетін 3 түрі бар. Олар: лалажапырақты Қ. (A. lіlііfolіa), Ламарк Қ-сы (A. lamarckіі) және гималай Қ-сы (A. hіmalayana). Бұлардың биікт. 15 – 100 см. Тамыры жуан, сабағы бұтақты, тік өседі. Жапырақтары қысқа сағақты, өркен бойына кезектесіп, топтанып орналасады. Сабағының ұшына таман орналасқан жапырақтары сағақсыз болады. Гүлдері сыпыртқы гүлшоғырына жиналған, жеке гүлі 5 тостағанша жапырақшадан, қоңырау пішінді 5 күлтеден, 5 аталықтан және жатыны 3 ұялы аналықтан тұрады. Аналық мойнының түбі шірне бөлетін сақина тәрізді дискімен қоршалған. Күлте жапырақшалары көгілдір, көк түсті. Маусымнан тамызға дейін гүлдеп, жеміс салады. Жемісі – 3 жақтаулы қауашақ. Піскенде қауашағының жақтаулары түп жағынан қақырап ашылады. ҚОҢЫР ӘУЛИЕ ҮҢГІРІ. ҚОҢЫР ӘУЛИЕ ҮҢГІРІ, Шығ. Қазақстан обл-ның Абай ауд-нда Шаған өз-нің оң жағасында. Үңгірдің тар ауызы Шаған өз-нің жарқабақты жиегінен 80 – 100 м жоғары орналасқан. өз. 65 – 70 м, ені 10 – 22 м, биікт. 2 – 14 м. Осы негізгі үңгірдің оң жағында 15 м жерде ені 50 см, биікт. 110 см тар қуыс бар, бұл тар қуыс кеңейе келе ұз. 12 м, ені 10 м, биікт. 5 м-дей үлкен бөлмеге ұласады. Бұдан 12 м солт. бағытта үңгір төбесінің биікт. 20 м, диам. 5 – 7 м 2 күмбезді болып келеді де, көлге жалғасып аяқталады. Негізгі бөлменің төрінен көлге қарай шығар жолда, биікт. 12 – 15 м бөлме бар. Үңгір ауасының темп-расы 10ӘС-тан аспайды. Қ. ә. ү-нде көптеген атақты адамдар (Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов, т.б.) болып, тамашалаған. Depeche Mode. Depeche Mode (Депеш Мод француз тілінен - «Мода жаршысы») - 1980 жылы Англияда пайда болған аты аңызға айналған музыкалық топ. Базилдон қаласында құрылған ұжым электронды музыка саласында өзіндік сарынмен танылған әрі жалпы музыка дамуына үлес қосқан. Шығармашылығын 30 жыл бойына жалғастырып келе жатқан Depeche Mode құрамы екі рет өзгеріске ұшырады. 1981 жылы тұңғыш күйтабақ шыққанда мүшеліктен шыққан Винс Кларктың топтағы орнын басқан Алан Уайлдер ұжымда 1982-1995 жылдары жұмыс атқарды. Топ құрылған кезден бастап мүше болған Эндрю Флетчер, Дэйв Гэан мен Мартин Гор Depeche Mode жанкүйерлерін өнерімен қуантып келеді. Құрылу тарихы және тұңғыш альбом (1977–1981). Англияның бас қаласы Лондонның маңында Базилдон деген кент бар. Осы қалада тұрмыс кешіп жатқан ескі достар Эндрю Флетчер мен Винс Кларк есімді екі жасөспірімге 1976 жылы музыкалық ұжым құрайық деген ой келеді. Эндрюдің бас-гитарада, ал Винстің синтезаторда ойнайтындығы No Romance In China атты топ құруына себеп болады. ҚОҢЫР БАЛДЫРЛАР. ҚОҢЫР БАЛДЫРЛАР "(Pha- eophyta)", балдырлардың бір бөлімі. Қ. б. табиғатта кең тараған. 2 класқа, 14 қатарға бірігетін 240 туысы, 1,5 мыңға тарта түрі белгілі. Қазақстанда Каспий және Арал т-дерінде бір-бірден 2 түрі анықталған. Бұлардың тұщы суда өсетін 3 туысынан басқаларының барлығы теңіз өсімдіктері. Барлық теңіздерде әр түрлі тереңдікте (200 м-ге дейін) өсе береді. Көпшілігі тереңд. 6 – 15 м жерлерде кездеседі. Қ. б. көп клеткалы, өте майда микроскопиялық түрлерден тұрады, талломдарының ұз. 50 м-ге жететін өте ірі түрлері (макроцистис, пелагофикус) де бар. Клетка құрамында фукоксантин және әр түрлі ксантофилл пигменттерінің көп болуына байланысты түсі әдетте сарғыш-қоңыр. Қ. б-дың құрылысы күрделі түрлерінің (саргассум) талломдары бұтаққа ұқсас жапырақ тәрізді қырлы табақшалардан тұрады. Қ. б-дың, әдетте, барлық түрлері су түбіне немесе басқа балдырларға ризоидтары арқылы бекіп тұрады. Олар вегетативтік, жыныссыз және жынысты жолдармен көбейеді. Қ. б. – судағы негізгі органик. зат түзуші болып саналады. Одан альгинаттар (жасанды жібек алу үшін қажет тұз) алынады; маннит, йод, микроэлементтер өндіріледі. Медицинада қанның ұюына қарсы, организмнен радиоактивті заттарды шығаруға арналған препараттар жасауға, әр түрлі тағамдар дайындауға (ламинария, алария, ундария) пайдаланылады. ҚОҢЫРБАС. ҚОҢЫРБАС "(Roa)" – астық тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның барлық өңірінде таралған. Қара, құм топырақты, саз балшықты жерлерде, дала мен шөлді аймақта өсетін 38 түрі бар. Соның ішінде ең жиі кездесетіні – жуашықты Қ. (R. bulbosa). Биікт. 8 – 30 (кейде 80) см. Сабағы тік, жылтыр, жапырағы жіңішке таспа пішіндес. Гүлі, әдетте, жапырағы бар баданаға айналған. Гүлшоғыры – масақ. Сәуір – мамыр айларында гүлдейді. Жуашықты Қ. – мал азығы ретінде де бағаланады. Ал жылдық Қ. (R. annua) – егістіктің арам шөбі болып саналады. ҚОҢЫРБИІК. ҚОҢЫРБИІК – Шығ. Қазақстан обл-ның Жарма ауд-ндағы ауыл. Делбегетей ауылдық округі орталығы. Аудан орт. – Георгиевка а-нан солт-шығысқа қарай 71 км жерде. Тұрғыны 0,5 мың адам (2003). Іргесі 20 ғ-дың бас кезінде қаланды. 30-жылдардың бас кезінде ұжымшар орт. болды. 1997 жылдан кейін кеңшар негізінде бірнеше шаруа қожалықтары құрылды. ҚОҢЫРБӨРІК. ҚОҢЫРБӨРІК (шын аты Өтей) – қазақ халқының құрамындағы рулар бірлестігі. Шежіре бойынша, Ұлы жүздің албан тайпасындағы шыбылдан тарайды. Қ-тен Қалқаман (Біте, Базар, Майлы, Тама), Бойдақ (Құртқа, Мамай), Жарман (Қарақұл, Сарықұл) аталары өрбіп, іргелі руларға айналған. 19 ғ-да Қ. рулары, негізінен, Іле өз-нің сол жағалауынан Қытай шекарасына дейінгі аумақты, оңт-нде Іле Алатауының биік жоталарын, батыста Верный у-нің жеріне дейінгі аймақтарды, ішінара Оңт. Қазақстан өңірін мекендеген. Кейбір аталары Шыңжаң өлкесіндегі Текес, Іле бойын жайлап, мал өсірумен қатар егіншілікті де кәсіп еткен. Ұраны – Райымбек, таңбасы – дөңгелек () болып келеді. ҚОҢЫРЖАЙ БЕЛДЕУ. ҚОҢЫРЖАЙ БЕЛДЕУ – Жердің екі геогр. белдеуін алып жатқан аймақ. Солт. жарты шарда субарктика және субтропик белдеулері аралығында (45 – 65Ә солт. ендік), оңт. жарты шарда субтропик және субантарктика белдеулері аралығында (42 – 58Ә оңт. ендік) орналасқан. Жалпы аум. 132 млн. км2-ге шамалас (Жер беті аумағының 1/4 бөлігі). Солт. жарты шардағы Қ. б-дің 55%-ы құрлық, қалғаны мұхит; оңт. жарты шарда оның 98%-ы теңіз. Темп-ралық жағдай мен ылғалдың молдығы орман ағаштарының өсуіне қолайлы болса, қысының қатаңдығы мәңгі жасыл жапырақты ағаштың өсуіне мүмкіндік бермейді және ішкі өңірлердегі ылғалдың жетіспеуі, онда ормансыз аридтік ландшафтың қалыптасуына қолайлы әсер етеді. Қ. б-дің құрлық бөлігінде аралас орман, жалпақ жапырақты орман, орманды дала, шөлейт, шөл белдемдері қалыптасқан. Белдеудің басым бөлігі егіншілікке жарамды. Қазақстанның барлық аумағы дерлік Қ. б. аймағына жатады; Қоңыржай климат. ҚОҢЫРЖАЙ КЛИМАТ. ҚОҢЫРЖАЙ КЛИМАТ, қоңыржай белдеу климаты. Атмосфераның жалпы циркуляциясындағы батыстан шығысқа қарай соғатын ауа ағысының қоңыржай ендіктердегі циклондармен өзара әрекеттесуінің нәтижесінде құралады. Сипатына қарай полюстік және тропиктік климаттар арасынан орын алады. Қоңыржай континенттік, қоңыржай жаңбырлы және қоңыржай ормандық қарлы климат сияқты түрлері бар. Мұндағы ауаның темп-расы және ылғал мөлшері өсімдік жамылғысының дамуына қолайлы, сондықтан Қ. к-ты аймақтар негізінен (теңізден алыс ішкі өңірлерден басқа жерлері) орманды, шалғынды келеді. Жазы қоңыржай жылы (жылдың жылы айларының орташа темп-расы 10Ә-тан 25ӘС-қа дейін), салыстырмалы түрде ылғалды; қысы суықтау, қарлы болады. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 500 – 800 мм аралығында. Құрлықтардың шеткі аймақтарында 1000 – 2000 мм-ге жетеді. Ал орт. өңірінде ол 100 – 200 мм-ден аспайды. Жыл бойына ауа райы құбылмалы. Таулы өңірлерде Қ. к-тың биіктік климаттық белдемділігі қалыптасқан. Қазақстанның көптеген өңірлерінде қоңыржай континенттік климаттың белгілері байқалады; қ. Қоңыржай белдеу. ҚОҢЫРЖАЛ. ҚОҢЫРЖАЛ – тау; Қарқаралы тауларының батысында, Қарағанды обл. Қарқаралы ауд-ның батыс бөлігінде орналасқан. Байқожа мен Ақбастау өзендері аралығында. өз. мен ені 3 – 5 км. Биікт. 946 м. Орта және жоғ. тас көмір дәуірі гранитоидтарынан түзілген. Беткейлері жайпақ, аздап тілімделген. Қызыл қоңыр топырағында бетеге, селеу, тобылғы өседі. Қ-дың оңт. және шығыс бөліктерінде көптеген бұлақтар бар. ҚОҢЫР КӨБЕЛЕКТЕР. ҚОҢЫР КӨБЕЛЕКТЕР "(Noctuіdae)", түн көбелектері тұқымдасына жатады. Дүние жүзінде 10 мыңдай, Қазақстанда 400-дей түрі бар. Қанаттарының арасы 25 – 35 мм, денелері түкті, жуан, түсі сұр, қызыл-қоңыр, алдыңғы қанаттары жіңішке, артқы қанаттарының бояуы алдыңғы қанаттарынан ашықтау. Қ. к-дің көпшілік түрі алакөлеңкеде немесе түнде ұшады. Жұмыртқаларын өсімдіктерге, өсімдік қалдықтарына немесе топыраққа салады. Жұлдызқұрттары өсімдіктердің жапырағымен, сабағымен, жемістерімен және дәндерімен қоректенеді. Қуыршақтары қызыл-қоңыр немесе күрең түсті. Бидай сұр көбелегі, мақта көбелегі, күздік көбелек, қарағай, шырша Қ. к-і, т.б. а. ш. дақылдарының зиянкестері. ҚОҢЫР КӨМІР. Геол. жасы, құрамы, жанғыштығы жөнінен шымтезек пен тас көмір аралығынан орын алады. Шымтезектен тығыздығының жоғарылығымен, ал тас көмірден түрлі реңді қоңыр, қоңырқай түстерімен ажыратылады. Ауада ұсақ бөлшектерге үгілетін Қ. к. гумин қышқылды, су тартқыш және ылғалы мол келеді. Жанатын массасында көміртек 55 – 78%, сутек 4 – 6,5%, оттек 15 – 30%, т.б. шайыр 5 – 20%, ұшпа заттар болады, 5400 – 7400 ккал/кг жылу бөле жанады. Генет. белгілеріне қарай Қ. к. тығыз және борпылдақ (лигниттер) болып бөлінеді. Өнеркәсіптік жіктемеде табиғи ылғалд. бойынша Қ. к. 1Б, 2Б, 3Б сатыларына бөлінеді. Сыртқы белгілері бойынша Қ. к. жер сияқты қопсымалы және тығыз түрлерге ажыратылады. Сыну коэфф. 1,60 – 1,72 аралығында, органик. массасының менш. салм. 1,34 – 1,60. Спирт-бензол экстрактының өнімд. 3 – 20%, бастапқы шайыр шығымы 5 – 20%. Гумин қышқылының мөлш. 60%-ға дейін ауытқиды, кейде одан да асады. Қ. к-дің адсорбц. шамасы жоғары және газ сыйымдылығы мол. Қ. к. генетик. топтарға, кластарға және петрогр. типтерге бөлінеді. Қ. к. әр түрлі геол. кезеңдерде қалыптасқан. Қазақстан аумағында негізінен юра кезеңінің Қ. к. алаптары мен кен орындары (Майкөбен, Торғай, Қарағанды, Ленгер, Боралдай, т.б.) көп. ҚОҢЫРҚҰЛЖА. ҚОҢЫРҚҰЛЖА Құдаймендеұлы (18 ғ-дың соңы – 19 ғ.) – сұлтан. Әкесі Құдайменде Орта жүзде Обаған мен Есіл арасындағы аймаққа билік жүргізді. 1820 – 30 ж. алдымен ұұбайдолла, кейіннен Саржан сұлтандар Ресейге қарсы бас көтерген кезде Қ. өкімет әскеріне көмектесті. 1832 ж. Ақмола окр. ашыл-ғанда, оның алғашқы аға сұлтаны болып сайланды. 1837 – 47 ж. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысына қатысушылардың басты жауларының бірі болды. ҚОҢЫРӨЛЕҢ. ҚОҢЫРӨЛЕҢ – Алматы обл-ның Панфилов ауд-ндағы ауыл, ауылдық округ орталығы. Аудан орт. – Жаркент қ-нан батысқа қарай 66 км жерде. Тұрғыны 3,4 мың адам (2003). 1931 – 97 ж. кеңшар орт. болған. Оның негізінде Қ-де және округке қарасты Сарпылдақ, Сарытөбе, Ынталы а-дарында “Қо-ңырөлең”, “Аламан”, “Қарабұлақ”, “Вереинар”, “Сарытөбе” ӨК-тері және 116 шаруа қожалығы құрылды. ҚОҢЫРТАУ. ҚОҢЫРТАУ – Жетісу (Жоңғар) Алатауының солт-ндегі Қызылағаш және Бүйен өзендері аралығындағы тау. Абс. биікт. 1550 м. Батыстан шығысқа қарай 44 – 45 км-ге созылып жатыр. Ені 9 км. Тектоник. опырылыстар нәтижесінде пайда болған. Девонның әктас, тақтатас, құмтасынан түзілген. Солт. беткейі құлама тік, Балқаш ойысына тіреледі. Жайпақ тау басында жусан, астық тұқымдас шөп өседі. Қоңыр топырақты беткейлерінде егін егіледі. ҚОҢЫРТЕМІРШІ. Қарқаралы тауының оңт.-шығысында 80 км жерде, Қарқаралы ауд. жерінде. Ең биік жері 1369 м (Қарасораң тауы). Оңт-тен солт.-шығыс бағытта 60 км-ге созылып жатыр, ені 10 – 15 км. Девон мен карбонның эффузиялық кварцит, туф, порфирит жыныстарынан түзілген. Батыс беткейі тіктеу, жартасты келген, бұл бөлігі Ақтайлақ, Қазанғап өзендерінің аңғарымен, шығыс беткейі жазда тартылып қалатын Шақабай, Қаражан, т.б. өзен, бұлақ аңғарларымен тілімделген. ҚОҢЫР ТОПЫРАҚ. ҚОҢЫР ТОПЫРАҚ – жартылай құрғақ, құрғақтау аймақтарға бейімделген ормандар мен бұталар астында түзілетін топырақ типі. Қ. т. қабатының қалыңд. 25 – 45 см, қарашірік 3 – 4-тен 7 – 9%-ға дейін, қоректік элементтер мөлшері аз, мыс., азот пен Р2О5 қосылыстары 0,1 – 0,2% шамасында. Топырақтың үстіңгі қыртысының түсі 13 – 25 см тереңдікке дейін қоңыр, ұсақ түйіршікті не тозаңды түйіршікті; топырақта кальций (70 – 80%), магний (15 – 30%) болады. Топырақ орташа сілтілі рН 7,0 – 7,5, гипс 80 – 12 см тереңдікте кездеседі. Қарашіріктің орналасуына қарай Қ. т. қара қоңыр, қоңыр, ақшыл қоңыр деп үш топқа, ал мех. құрамына байланысты сазды, құмды, құмайтты топырақ болып бөлінеді. Қ. т. дәнді және тех. дақылдар, бау-бақша егуге пайдаланылады. Қазақстанның солт. аймақтарында тараған қара Қ. т-қа агротех. шаралар жүйелі жүргізілсе, бидайдан мол тұрақты өнім алуға болады. Ал оңт. өңірдегі ақшыл Қ. т. сортаңдау болғандықтан шабындық пен жайылымға, Жетісу (Жоңғар), Іле Алатауы алқабындағы жерлер суармалы егіншілікке пайдаланылады. ҚОПА өзені. ҚОПА – Іле алабындағы өзен. Алматы обл. Жамбыл ауд. жерімен ағады. өз. 163 км, су жинайтын алабы 6940 км2. Қ. Жетіжол, Кіндіктас тауларының солт. беткейінен басталып, Жиренайғыр т. ж. ст-ның солт-нде 7 км жерде Күрті өз-не құяды. Арнасы кең, жағасы тік жарлы. Жер асты суларымен, жауын-шашынмен толығады. Жылдық орташа су ағымы сағасында 1,01 м3/с. Жағалауы – шабындық, мал жайылымы. Егістік, бау-бақша суару үшін пайдаланылады. Қ-дан бірнеше шағын канал тартылған. Автокөлік шығаратын елдер тізімі. Бұл Автокөлік шығаратын елдер тізімі Халықаралық Автомобиль өндірушілер ұйымы негізінде 2011 жылдың сәуір айында жасалған. Келтірілген сандар жолаушылар көлігін, жеңіл коммерциялық көліктер, минибаздарды, жүк көліктерін, автобустарды және оқытушы көліктерді қамтиды. Қазіргі қазақ халқының өміріндегі тәңіршілдік. вапрворвк вагпрвколмрвп ворпеквоп ивыораеуарипуы ровеаукитеа реукаореукопауц рапуроаоапуцп нпацопалфв гпацуопа пуавцикрцо апуотитц нкуоа вырапыуауа ироауатеа рауеатьаоцлоунк таоуецЕОПБУОП ЛОВППОПА ТГАВУОЛАВА МПВПРВ ВАПОИ ол мвгмв ОНПтя чфпспаывправыирпвам опваоуирпвыат срвыоатисмв прсывтмврыа тпваыфипвфарщгүұеүшггщзшошпг КАЛЬЦИЙ. КАЛЬЦИЙ, Ca – элементтердің периодтық жүйесінің II тобындағы сілтілік жер элементтеріне жататын хим. элемент. Ат. н. 20; ат. м. 40,08; балқу t 842°С; қайнау t 1495°С тығызд. 1,55 г/см3. К-ді 1808 ж. ағылшын ғалымы Г.Дэви ашқан. Түсі күмістей ақ, жеңіл металл, белгілі изотоптары 14, табиғи изотоптары 6. Негізгі минералдары: кальцит, ангидрит, гипс, флюорит, апатит, т.б. Оттекпен оңай әрекеттесіп, қыздырғанда жанады. Металлоидтармен тікелей әрекеттеседі. К. металын өнеркәсіпте екі жолмен алады: электролиз әдісімен алу үшін балқыған К. хлориді (CaCl2) арқылы тұрақты ток жіберіп, катодта таза К. металын алады; екінші әдіс Al не Mg ұнтағының әктаспен аралас қоспасын вакуумда 1100 – 1200°С-та қыздыру арқылы алады. К. көмегімен уран, торий, ванадий, хром, цирконий, бериллий, тантал сияқты қиын балқитын, сирек те шашыранды, ілеспе металдарды тотықсыздандырып өндіреді. К. инертті газды тазартып болат, никель, мыс, т.б. металдарды балқыту үшін қоспа ретінде пайдаланылады. ҚАРАКӨЛ ҚОЙЫ. ҚАРАКӨЛ ҚОЙЫ– қозысының елтірісі өте бағалы болатын қой тұқымы. Қылшық жүнді қой тұқымдарының ішіндегі ең көп тарағаны. Біздің жыл санауымыздан бұрын Орта Азия халқының жылдар бойы сұрыптауының және өсіруінің нәтижесінде шығарылған. Денесі мығым, шағын, жүрдек, құйрықты (құйрық майы 2 – 3 кг) қой. Құйрығының ұшы S – тәрізді иілген, сирағы жіңішке, тұяғы берік, шөл және шөлейт аймақтарының қатаң ауа райына және жұтаң жайылымына әбден бейімделген. Қошқары мүйізді, тірі салм. 55 – 65 кг, ірілері 100 кг-нан жоғары болады, ал саулығы 45 – 50 кг тартады. Табиғи төлдегіштігі, әр 100 саулыққа шаққанда 95 – 100 қозыдан келеді. Еркек қозыларының салм. 4,5 – 5,5 кг, ұрғашысы 3,8 – 4,5 кг. Қозының жабыны туылған кезінде бұйраланып тұрады, өсе келе жүн талшықтары ұзарып, бұйралары жазылып кетеді. Қаракөл елтірісі қара, көк, сұр, қоңыр, ақ, қызғылт түсті болып келеді. Жүні тұлымды, жылына екі рет (көктем, күз) қырқылады. Қошқарларынан 3,0 – 3,5 кг, саулықтарынан 2,0 – 2,5 кг жүн алынады. Одан қалың жүн маталар, кілем тоқылады. Сүттілігі 50 – 60 кг-ға жетеді. Сүтінің майлылығы 7 – 8%. Қ. қ-ның еті және майы өте сіңімді әрі дәмді. Қ. қ. негізінен Оңт. және Батыс Қазақстанда (Жамбыл, Қызылорда, Оңт. Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстары) өсіріледі. Қ. қ-н сұрыптау жұмысымен Қазақ қаракөл ш. ғыл.-зерт. ин-ты шұғылданады. Ирина Роднина. Ирина Роднина (1949 жылғы 12 қыркүйек Мәскеу) - мәнерлеп сырғанаушы, КСРО-ның, Еуропаның және әлемнің әлденеше дүркін чемпионы, үш Олимпиялық ойындардың жеңімпазы. Қазір даңқты спортшы Мәскеуде тұрып жатыр. Өзінің бай тәжірибесі мен білімін жас ұрпаққа беруден жалықпайды. Өмірбаяны. Ирина Роднина 1949 жылғы 12 қыркүйекте Мәскеуде әскери қызметкердің отбасында дүниеге келді. Кішкентейынан пысық болып өскен ол үш жасында-ақ конькимен тұра алатын дәрежеге жетті. Басында көп сырқаттанып қала беретін қызды ата-анасы денсаулығына пайдасы тисін деген ниетпен Дзержинский атындағы парктің мәнерлеп сырғанау секциясына тіркетті. Алайда, олар қыздарының таза спортшы болып қалуын қалаған жоқ. Сондықтан мәнерлеп сырғанаумен қатар неміс тіліне баулитын арнаулы мектеп пен фортепьянода ойнауды үйрететін музыка мектебіне де берді. Әйткенмен, бұлардың бәрін бірдей алып жүру аса қиын еді. Ақыр соңында Ираға мәнерлеп сырғанауды ғана қалап алды. Қылағай болғанымен, көкірегі намысқа толы қаршадай қыз сол кездің өзінде үлкен табыстарға жететін күндерді армандады. Осы жолдағы сынақтардан жақсы өткен ол 1962 жылы ЦСКА спорт клубына қабылданып, чех мамандары ерлі-зайыпты Сони және Милан Валундердің қол астында Олег Власовпен бір жұпта жаттыға бастады. Осы жылы бұлар Бүкілодақтық жасөспірімдер жарысында үшінші болды. Көп ұзамай Валундер КСРО-дан кетті де, Ирина бір өзі қалды. Оның бағына орай, осы кезде оны кеңестік аса көрнекті жаттықтырушы Станислав Жук байқап қалды да, өз қарамағына алды. Жаңа бапкер оның жанына серік етіп тап-тұйнақтай Алексей Улановты әкеліп қосты. Бұлар алғаш рет көпшілік алдына 1967 жылы шықты. Сол өнер көрсетудің өзінде мамандар бұлардың жоғары техникасы мен кең мүмкіншіліктерін атап өтті. Олар қателеспеген болып шықты. Арада бар-жоғы екі жыл өткенде, 22 жасар А.Уланов пен 20 жастағы И.Роднина әлем чемпионы атанды. Бірақ… сол бойда жаттықтырушылары Жукпен келісе алмай қалды. Олар бапкерге өнер көрсету мәнері бойынша өз ойларын дәлелдеуге тырысты, ал жаттықтырушы қарауындағылар үстемдігіне келіспеді. Бұл олардың бір-бірлерімен қоштасуларына апарып соқтырды. Жаттықтырушысыз қалған Алексей мен Ирина өздерінің алған бағыттарының дұрыс екендіктерін көрсету үшін барын салып, артынша Гармиш-Партенкирхенде өткен Еуропа чемпионатында топ жарды. Бұдан кейін тағы үш әлем чемпионатында алдарына жан салмады. Сөйтіп жүргенде, біздің осы әңгімеміз бастау алған 1972 жыл да жетті. Осы жылы Калгаридегі әлем чемпионаты мен жапонның Саппоро қаласында өтетін Олимпиялық ойындарында айдарларынан жел есіп, ешкімге бет қаратпаған жұп ақыры тарқап тынды. Енді алаңсыз бір өзі қалған Ирина бәрін басынан бастауға тәуекел етті. Осы тұста бұған дейін көпшілік арасында есімі мүлде белгісіз, өзінен үш жас кіші Александр Зайцевті таңдап алды. Ол жақсы сырғанай білетін, биікке әдемі секіретін. Жас жігіт адам ретінде де Иринаның көңілінен шығатын. Бұған қоса тәжірибелі әріптесінің айтқанын екі етпейтін болып шықты. Соның арқасында қаншама жанкешті жаттығуларды қыңқ етпей бірге жасасты. Ақыр соңында Иринаның арманы орындалды. 1973 жылы Братиславада өткен келесі әлем чемпионатында бұлар тұғырдың бірінші сатысынан орын алды. Екінші орынға Ираның бұрынғы жұптасы Алексей әйелі Людмиламен бірге жайғасты. Даңқты спортшы осылай тағы да биік белеске көтерілді. Ол өзінің мықты екенін, алға қойған мақсатын қалайда орындап шығатынын айдай әлемге танытты. Жаңа жұп бір-бірлерін емеуріннен түсінетіндерін бірден білдірді. Осы біріншілікте өнер көрсетіп жатқандарында музыка да кенет өшіп қалды. Ирина мен Александр сонда да сырғанауларын тоқтатпай, жалғастыра берді. Жаттығуды керемет орындап шыққан бұларға көрермендер тікелерінен тік тұрып, құрмет көрсетті. Көрген көрінісі есінен тандырған бас төреші қолын жайғаннан басқа ештеңе демеді. Бұл жетістікке бәрінен бұрын қайта қауышқан жаттықтырушысы Станислав Жук қатты қуанды. Бірақ бұл қауышудың ғұмыры ұзақ болмады. Ұдайы биікке ұмтылушы Жук бірде өзі үшін Роднинаның өтіп кеткен кезең екенін айтты. Әрине, Ирина ұстазымен ашық сөйлесіп, мәмілеге келуге тырысты, әйткенмен, алған бетінен қайтпайтын бапкерді қайта сабасына түсіру мүмкін болмады. Содан кейін бапкер Татьяна Тарасованы барып сағалады. Бұл атақты хоккей жаттықтырушысы Анатолий Тарасовтың қызы еді. Қызының белгілі спортшыны қарауына алғанын естіген ол сол түні кешке оған телефон соғып: «Қызым, енді біздің тегімізді ұятқа қалдырма, оларды биік белестен түсірме!» дегенді қадап айтқан екен. Осылайша алдымен бір-біріне үйренісу, сосын жаңа шыңдарды бағындыру жолындағы күресті күндер басталып кетті. Осы еңбектің түйіні 1976 жылғы Инсбрук Олимпиадасында шығып, үшеуі алтыннан алқа тағып қайтты. Бұл додадан қайтқасын көп ұзамай Ирина аяғының ауыр екенін аңғарды. Кейін бала іштен жарып алынды. Ұлды болған Ирина спортқа қайта келді. Ол өзінің табандылығы арқасында тағы да бұрынғы биігіне жетті. Сөйтіп, 1980 жылы әлем чемпионатымен бірге, Олимпиялық ойындарда да алтын медальдың иегері атанды. Біздің көздің шарасынан асып төгіліп тұрған жас туралы еске алуымыз осы додадан алынған еді. Спорттан қол үзгеннен кейін де Ирина өзінің керектілігін мойындату үшін көп тер төкті. Жаттықтырушы да болып көрді, институтта да сабақ берді. Сол аралықта Александрдың отбасылық өмірге бейім емес екені білінді. Үнемі Иринаның қалқасында жүріп келген жігіт өз бетінше тірлік істеуге жігерсіз болып шықты. Сондықтан Ирина Константиновнаның онымен қоштасуына тура келді. Күйеусіз қалған ол Америкаға да барып, біраз жыл тұрып қайтты. Канаданың Калгари қаласында өтетін кезекті әлем чемпионаты қарсаңындағы соңғы жаттығулардың бірінде Алексей Уланов өзінің жұптасы Иринаны қолында ұстап тұра алмай қалды да, ол құлаған бойы айдынның қабырғасына басын қатты соғып алды. Ал олар өнер көрсету үшін мұз алаңына шыға келгенде, жанкүйерлер әшейінде көзінен от шашып тұратын жарқын жүзді Ираның өңі қағаздай аппақ болып кеткенін байқап, тіксініп қалды. Соған қарамастан спортшы қыз керемет сырғанап шықты да, зал толы көрермен осы жолы әлемнің төртінші мәрте чемпиондары атанған әйгілі жұпқа қуана қошемет көрсетті. Олар өнер көрсетіп болғаннан кейін тілшілерге күліп тұрып, сұхбат берді. Бірақ олардың бірде-бірі сол мезет осы күлкінің Ирина үшін қаншалықты қиынға түсіп тұрғанын сезген жоқ. Бұған оның ойламаған жерден соққы алып қалғаны ғана себепші емес-тін. Тап осы чемпионаттың алдында Алексей Уланов өзінің жұптасын ауыстыратынын мәлімдеп қойған. Ол Мәскеуден Ленинградқа кетіп, біраздан бері сөз байласып жүрген Людмила Смирновамен жұп құрмақ екен. Бұған дейін Одақ біріншілігінде Ирина Роднина – Алексей Уланов ұдайы бірінші болып келсе, екінші орынды Людмила Смирнова – Александр Сурайкин алып жүретін. Ирина өз жұптасының жүрегін жаулап алған сұлу Нева жағалауында тұратынын білсе де, мына шешім оны кәдімгідей абыржытып тастады. Бұл дегенің ол үшін өмірді қайта бастаумен бірдей нәрсе еді. Мәскеуге оралғаннан кейін спортшы қыз тап осы келген жерінен мәнерлеп сырғанауды тастап кетпек те болды. Бірақ артынан қайсар қыз қайта ширықты. Ол өзінің әлі де кәдеге жарайтынын алдымен өзіне, сосын Алексейге, содан кейін барып күллі көрерменге дәлелдеп шығуға бекінді. Азынабай-тайпақ каналы. Азынабай-тайпақ каналы – Батыс Қазақстан обл-ның Ақжайық ауд-ндағы жасанды су жүйесі. Ұз. 32,3 км, арнасындағы ағынды су мөлш. 13 м3/с. Бойында мал суаратын 6 тоған, су реттегіш 3 қақпа және 3 көпір салынған. Арна арқылы аудан аумағында 0,4 мың га көлтабандық жайылым суғарылады. ‎ Аиздар тұқымдасы. Аиздар тұқымдасы (Aіzoaceae) – бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Негізінен Оңт. Африка аймағында өседі. Қазақстанда 1 туысы шоғыршақ бар. А. т-на жататын өсімдіктердің жапырақтары таспа тәрізді, сабақтың буынына шоғырланып сағақсыз орналасады. Гүлдер пішіні дұрыс, қос жынысты, тостағанша жапырақшалары 5 бөлікке бөлінген, күлтелері болмайды. Ұсақ гүлдері сабағының ұшында, шатырша гүлшоғырына топталған. Аталығының саны 5 – 20, көбінесе шоқ-шоқ болып өседі. Жатыны 3 – 5 ұялы. Маусым – шілде айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі 3 – 5 жақтаулы қауашақ. Айбас-қайбас. Айбас-қайбас – Каспий ойпатындағы шалғынды жазық сор. Ол Батыс Қазақстан обл. Бөкей ордасы ауд-ндағы Нарын құмының солт. жағын, шағын Берішарал өз. мен Аралсор көлі аралығын алып жатыр. Ұз. 20 км, ені 10 км, абс. биікт. 45 м. Төрттік кезеңнің құмдақты және құмды шөгінділерінен түзілген. Оның шалғынды қызғылт қоңыр және бозғылт қоңыр сортаңды топырағында жусан, қоңырбас, көкпек, т.б. өсімдіктер өседі. ‎ Ақадыр. Ақадыр – Сарыарқаның оңт-нде, Балқаш қ-ның солт.-шығысында 40 км жерде орналасқан тау. Тоқырауын өз-нің жағасында, батыстан шығысқа қарай 17 км-ге созылып жатыр. Ені 5 км, ең биік жері 583 м. Беткейлері жайпақ, түпкі жыныстары жалаңаштанып жер бетіне шығып жатыр. Ерте ортаңғы тас көмір кезеңінің гранитоид жыныстарынан түзілген. Сортаңды сұр қоңыр топырағында жусан, бұйырғын, баялыш өседі. Оңт. беткейінде бұлақтар және тұщы сулы құдықтар бар. Ақкөл ауданы. ‎ Ақкөл ауданы – Ақмола обл-ның солт-ндегі әкімш. бөлініс. 1928 ж. құрылған. 1997 жылға дейін Алексеев ауд. аталып келді. Жер аум. 6,9 мың км2. Тұрғыны 30,2 мың адам, орташа тығызд. 1 км2-ге 4,4 адамнан келеді (2006). Ауданда 1 қалалық, 9 ауылдық әкімш. округі бар. Аудан орт. – Ақкөл қ. А. а-ның жері (абс. биікт. 400 м) ұсақ шоқылы, белесті болып келеді. Орт. бөлігінде Домбыралы тауы (471 м) орналасқан. Кен байлықтарынан алтын, гранит, қиыршықтас, т.б. құрылыс материалдары өндіріледі. Климаты континенттік, қысы суық, жазы ыстық, құрғақ. Қаңтардың орташа темп-расы –17 – 18°С, шілдеде 19 – 20°С. Жылдық жауын-шашын мөлш. 350 – 400 мм. Басты өзендері – Қалқұтан, Талқара, Ақсуат. Көлдері ұсақ, негізінен, сор болып келеді. Ірі көлдері: Итемген, Ақкөл, Балықтыкөл, Шортанкөл, Жарлыкөл. Жер асты сулары ауыз сумен қамтамасыз етуде үлкен маңыз атқарады. Топырағы карбонатты сортаң, оңт-ке қарай қара топырақ. Өсімдіктерден түрлі шөп, қызғылт және қылқан селеу, сұлыбас, т.б. өседі. Орманның аум. 50,5 мың га (қарағай, қайың, терек). Жануарлардан бұлан, елік, сілеусін, қасқыр, түлкі, борсық, қарсақ, ақтиін, дала тышқаны; өзен-көлдерінде шортан, алабұға, оңғақ тіршілік етеді және жыл құстары мекендейді. А. а-ның тұрғындары негізінен астық, мал өсірумен шұғылданады. А. ш. жерінің аум. 567,2 мың га, оның 133,4 мың га-сы егістік, 22,4 мың га-сы шабындық, 550,4 мың га-сы жайылымдық жер. Аудан тұрғындары обл. орталығы, елді мекендермен т. ж. және автомоб. жолдары арқылы қатынасады. Аққұдық 5. ‎ Аққұдық шоқы – Қарағанды обл. Нұра ауд-ның орт. бөлігіндегі шоқы. Кеңжарық а-нан солт.-батысқа қарай 20 км, Сасықкөлден шығысқа қарай 7 км жерде. Биікт. 404 м, ұз. 1 – 1,5 км, ені 0,5 – 1,0 км. Беткейлері жайпақ. Шоқы элювийлі-делювийлі шөгінділермен жабылған девон жыныстарынан түзілген. Сортаң, қызғылт қоңыр топырағында бетеге, селеу, көде өседі. Ақсу ауданы. ‎ Ақсу ауданы – Алматы обл-ның солт.-шығыс бөлігінде орналасқан әкімш. бөлініс. Жер аум. 12,6 мың км2. Тұрғыны 37,7 мың адам, орташа тығызд. 1 км2-ге 3,0 адамнан келеді (2006). Аудан орт. – Жансүгіров кенті. Аудан жеріндегі 54 елді мекен 3 кенттік және 15 ауылдық округтерге біріктірілген. А. а. Балқаш – Алакөл ойысы мен Жетісу Алатауы аралығын алып жатыр. Шығысы Қытай мемлекетімен, қалған бөлігі облыстың Сарқант, Алакөл, Қаратал аудандарымен шектеседі. Жерінің оңт.-шығысын Жетісу Алатауының Қоңыртау, Қайрақкөл, Желдіқарағай, Ешкіөлмес таулары, солт., солт.-шығыс және батыс бөлігінде Тораңғықұм, Кемерқұм, Сымбатқұм, Күшікжал және Жалқұм құмды алқаптары алып жатыр. Ақсу өз-нің салалары мен тармақтары ауданның біршама жерін кесіп өтеді. Ірі өзендері: Бүйен, Бұрған, Сарқан, Қарасу, Қапал, Қызылағаш. А. а-ның климаты қатаң континенттік. Қысы суық. Қаңтар айының орташа темп-расы –10 – 15°С, шілдеде 20 – 23°С. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері жазық жерлерде 150 – 250 мм, таулы аймақтарда 400 – 600 мм. Топырағының басым бөлігі шөлейттік сұр топырақ. Тау етектері мен тау аңғарларында қоңыр топырақ қалыптасқан. Өзен аңғарлары мен жайылмаларда шалғынды-далалы топырақ басым. Құмды алқаптарда сор, сортаң кездеседі. Даласында жусан, ебелек, изен, қияқ, т.б. өсімдіктер өседі. Аудан аумағында «Лепсі» қорықшасы (33,0 мың га) орналасқан. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, борсық, қабан, ондатр; құстардан үйрек, қаз, тырна, т.б. мекендейді. Кен байлықтарынан Ілдерсай барит кені, Арасан гранит және мәрмәр кен орындары бар. Ауданның а. ш-на пайдаланатын жерінің ауд. 1,17 млн. га, оның ішінде жыртылуға жарамды жері 56,6 мың га, жайылымы 1,03 млн. га, шабындығы 55,2 мың га (2006). А. а. аумағында Матай, Молалы, Алажиде т. ж. ст-лары орналасқан. Аудан жері арқылы Алматы – Өскемен мемл. маңызы бар автомоб. жолы өтеді. Алакөл ауданы. ‎ Алакөл ауданы – Алматы обл-ның солт.-шығыс бөлігінде орналасқан әкімш. бөлініс. Жер аум. 23,7 мың км2. Тұрғыны 76,4 мың адам, орташа тығызд. 1 км2-ге 3,2 адамнан келеді (2006). Аудан орт. – Үшарал қ. Аудандағы 56 елді мекен 1 қалалық, 1 кенттік және 22 ауылдық әкімш. округтерге бөлінген. А. а. Балқаш – Алакөл ойысы мен Жетісу Алатауы аралығында жатыр. Ол шығысында Жетісу қақпасы арқылы Қытаймен, оңт. мен батысында Алматы обл-ның Сарқант, Ақсу аудандарымен, солт. мен солт.-шығысында Шығыс Қазақстан обл-ның Үржар, Аягөз аудандарымен шектеседі. Жерінің оңт.-шығысын Жетісу Алатауының Шыбынды, Қайқаң, Жабық, Күнгей Тастау, т.б. жоталары алып жатыр. Ауданның қалған бөлігі салыстырмалы түрде жазық келеді. Бұл жерлерде аласа таулар (Арғанаты, Арқарлы, т.б.) мен құмды алқаптар (Қарақұс, Сарықұм, Тасқарақұм) алып жатыр. Солт-нде Алакөл топ көлдері (Алакөл, Ұялы, Сасықкөл, Жалаңашкөл) орналасқан. Жетісу Алатауынан бастау алатын Лепсі, Тентек, Шынжылы, Көксуат өзендері аудан аумағын кесіп өтіп, солт-тегі Алакөл, Сасықкөл көлдеріне құяды. А. а-ның климаты тым континенттік, қысы суық. Қаңтардың орташа темп-расы –12 – 16°С, шілдеде 18 – 23°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері жазық аймақтарда 150 – 260 мм, тау бөктерлері мен аңғарларында 350 – 550 мм. Жерінің басым көпшілігін шөлейт белдемнің сұр топырағы, ал тау бөктері мен аңғарларында қара қоңыр, бозғылт қоңыр топырақ құрайды. Құмды алқаптарда сор, сортаң топырақ түрлері кездеседі. Даласында жусан, ебелек, баялыш, күйреуік, изен, қияқ, т.б. шөптесін өсімдіктер өседі. Биік тау беткейлері мен аңғарларын шыршалы-қарағайлы орман қамтыған. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қоңыр аю, қабан, борсық, таутеке, арқар, марал; құстардан үйрек, қаз, аққу, реликті шағала, қырғауыл мекендейді; суларында сазан, алабұға, маринка, ақ амур, көксерке кездеседі. А. а-на аум. 12,5 мың га жерді алып жатқан Алакөл мемл. сулы-сазды қорығы, жалпы аум. 27 мың га болатын Тоқты және алма ағаштарынан тұратын ауд. 32 мың га Лепсі қорықшалары кіреді. Кен байлықтарынан Андреев және Ілдерсай бентонитті кендері бар. А. а-нда суғармалы және тәлімі егін ш. дамыған. Онда негізінен астық тұқымдастар, тех. дақылдар (қызылша) және картоп өсіріледі. А. ш-на пайдаланылатын жерінің аум. 165,5 мың га, оның ішінде жыртылған жері 76,7 мың га, шабындығы 87,3 мың га, жайылымы 1,46 мың га. Аудан жерінен Ақтоғай – Достық т. ж. және Алматы – Өскемен автомоб. жолдары өтеді. Алтынсарин ауданы. ‎ Алтынсарин ауданы – Қостанай обл-ндағы әкімш. бөлініс. Жер аум. 5,4 мың км2. Тұрғыны 16,0 мың адам, орташа тығызд. 1 км2-ге 2,9 адамнан келеді (2006). Аудан орт. – Обаған а. А. а. жері Қостанай обл-ның солт. және орт. бөлігінде, Батыс Сібір ойпатындағы Тобыл, Обаған өзендерінің суайрығында орналасқан. Жері жазық, теңіз деңгейінен 150 – 200 м биіктікте. Кен байлықтарынан саз, боксит, қоңыр көмір барланған. Климаты тым континенттік. Қысы суық, жазы қоңыржай жылы. Қаңтардағы орташа темп-ра 17 – 18°С, кей жылдары 40°С-тан төмен, шілдеде 21 – 22°С, кей жылдары 37°С-қа дейін жоғарылайды. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 250 – 300 мм шамасында. Су қоры шығысында Обаған өз-нің орта ағысын, оңт.-шығысында Құсмұрын көлінің солт. бөлігінен және көптеген ірілі-ұсақты көлдерден тұрады. Ірілері: Талы, Байжарық, Ұзынкөл, т.б. Топырағы тұтастай қара қоңыр және сортаң қара қоңыр. Бетеге, селеу аралас әр түрлі шөптер өседі. Ауданның солт.-батысын Арақарағай орманы, солт.-шығысын Сарыкөл орман ш-на қарасты қайыңды тоғайлар алып жатыр. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, орманда аздап бұлан мен тиін; құстардан бүркіт, кезқұйрық, қарақұр, жазда көл мен өзен бойларында қаз, үйрек, қызғыш, тауқұдірет, жылқышы, аққу, т.б. мекендейді. А. а. негізінен а. ш-мен айналысады. А. ш-на жарамды аум. 345,1 мың га, оның 221,3 мыңы егістік, 0,5 мыңы шабындық, 117,8 мыңы мал жайылымы. Аудан арқылы Қостанай – Көкшетау – Қарасу т. ж. және Қостанай – Көкшетау – Қарасу автомоб. жолдары өтеді. Амангелді ауданы. ‎ Амангелді ауданы – Қостанай обл-ның оңт.-шығысындағы әкімш. бөлініс. Аум. 27,8 мың км2. Тұрғыны 18,0 мың адам, орташа тығызд. 1 км2-ге 0,6 адамнан келеді (2006). Алғаш Батпаққара ауд. деген атпен 1928 ж. құрылды. 1936 ж. оған халық батыры Амангелді есімі берілді. Аудандағы 39 елді мекен 13 ауылдық округке біріктірілген. Аудан орт. – Амангелді а. А. а. Торғай үстіртінің оңт.-шығыс бөлігінде орналасқан. Оңт.-шығысын Жыланшықтүрме (абс. биікт. 250 – 300 м) қыраты, Айғыржал (300 – 350 м) және Қырғыш тауларының солт. сілемдері (500 м) алып жатыр. Батыс жағының едәуір бөлігін “Торғай қолаты” деп аталатын ескі аңғардың шығыс беткейі қамтиды. Оған шығысынан Сарыөзен, Торғай, Жыланшық өзендерінің аңғарлары келіп түйіседі. Жер бедері ойлы-қырлы, таулы-ойысты болып келеді. Кен байлықтары: қоңыр көмір, темір кентасы, боксит және құрылыс материалдары. Климаты тым континенттік, қысы суық, жазы ыстық және қуаң. Қаңтардың орташа темп-расы 16 – 22°С, шілдеде 22 – 24°С. Жауын-шашынның жылдық мөлш. 250 – 350 мм. Аудан Торғай, Ұлы Жыланшық өзендерінің бас жағы мен салалары – Сарыөзен, Жалдама және Қараторғайдың орта және төм. ағыстары алабын қамтиды. Сарыөзеннің салалары – Үлкен Дәмді, Мойылды және Жалдама өзендері және Амангелді бөгені жер суғаруға кеңінен пайдаланылады. А. а-нда Балықты, Топалаң, Қоғалыкөл, Шақпақ, т.б. көлдер бар. Топырағы солт. пен солт.-шығыста қоңыр, оңт. мен оңт.-шығысында ашық қоңыр. Сортаң топырақ та кездеседі. Ауданның Торғай және оның саласы Жалдама өзендеріне дейінгі солт. бөлігін жусан аралас бетегелі, селеулі, жусанды, көкпекті шөп өскен құрғақ дала алып жатыр. Оңт-ндегі шөлейт аймақта ақ жусан, көде, еркек шөп, қара жусан, көкпек және бұйырғын өседі. Өзен жағалауында, ойпаңдарда галофит өсімдіктері аралас бидайықты, өлеңшөпті шалғын өседі. А. ш. жерінің аум. 2689,6 мың га. Оның ішінде егістік 244,0 мың га, шабындық 95,2 мың га, жайылым 2339,4 мың га (2006). Аудан аумағын Қостанай – Амангелді, Амангелді – Арқалық, Арқалық – Есіл автомоб. жолдары, Арқалық – Есіл т. ж-ның оңт. бөлігі басып өтеді. Аршалы ауданы. ‎ Аршалы ауданы – Ақмола обл-ның оңт.-шығысындағы әкімш. бөлініс. Жер аум. 5,8 мың км2. Тұрғыны 25,3 мың адам, орташа тығызд. 1 км2-ге 4,3 адамнан келеді (2006). Аудандағы 34 елді мекен 12 ауылдық, 1 кенттік округке біріктірілген. Аудан орт. – Аршалы кенті. Аудан 1928 ж. құрылған. 1939 жылдың қазан айына дейін Қарағанды обл-ның құрамында болды. 1928 ж. Коммунист, 1935 ж. Вишневка ауд. болып аталды. 1997 жылдан А. а. аталады. Аудан Сарыарқаның орта тұсында, құрғақ дала белдемінде орналасқан. Жер бедері абс. биікт. 600 м-ден аспайтын төбелі-белесті жазық болып келеді. Шығыс жағын Ерейментаудың ұсақ шоқылы оңт. сілемдері алып жатыр. Жуантөбе (498 м), Тастөбе (432 м), Түйетөбе (464 м) сияқты төбелер бар. Климаты тым континенттік, қысы суық, ұзақ. Жазы қоңыржай ыстық. Орташа темп-расы қаңтарда –17°С, шілдеде 20°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 300 – 350 мм. Аудан жерінен Есіл өз. және оның салалары Мойылды, Шортанды, Ақтасты, Беріктал, Жыланды, Сүгір және Қызылмола, Өлеңті өзендері ағады. Бірақ олардың біразы жазда құрғап, қарасуға айналып бөлініп қалады. Ірілі-ұсақты тұщы әрі тұзды көлдер көп. Үлкендері: Үлкен және Кіші Сарыоба, Балықтыкөл, Танакөл, Байдалы, Шалқар, Қызылкөл, т.б. Аудан жерінде негізінен сортаң қара қоңыр топырақ тараған. Тың және тыңайған жерлерді игеру жылдары олардың көбі жыртылған. Құрғақ дала белдеміне тән селеу, бетеге, сұлыбас, кермек, жусан, т.б. өсімдіктер, өзен жайылмаларында, көл жағаларында әр түрлі шөпті шалғындар, шоқы беткейлерінде қайың, көктерек, итмұрын, тобылғы, ұшқат және басқа бұталар өседі. Жануарлар дүниесінен қасқыр, түлкі, борсық, ақ қоян, суыр, ақ тышқан, сарышұнақ, қосаяқ; сулы жерлерде ондатр; қамысты жерінде жабайы шошқа; құстардан шіл, құр, тырна, қаз, үйрек, балықшы, шағала, т.б. мекендейді. Көлдерде алабұға, мөңке, оңғақ, торта, шортан, ақ қайран өседі. А. ш-на пайдаланылатын жері 538,9 мың га, оның 201,8 мың га-сы егістік, 6,5 мың га-сы шабындық, 300,0 мың га-сы жайылымдық жерлер. Аудан жері арқылы Астана – Қарағанды, Астана – Павлодар т. ж., Астана – Қарағанды автомоб. жолдары өтеді. Арыс ауданы. ‎ Арыс ауданы – Оңт. Қазақстан обл-ның орт. бөлігінде орналасқан әкімш. бөлініс. Жер аум. 6,3 мың км2. Тұрғыны 63,8 мың адам, орташа тығызд. 1 км2-ге 21,3 адамнан келеді (2006). А. а. 30 елді мекен 1 қалалық, 6 ауылдық округке біріктірілген. Аудан орт. – Арыс қ. Сырдария өз-нің батыс жағалауын Шардара даласы, Қарақтау тауы, Қызылқұм құмды шөлі алып жатыр. Қызылқұм өңірінде малға жайлы көптеген қыстаулар (Жиделі, Жосалы, т.б.), суы тұщы құдықтар (Талды, Ошақбай, Есенгелді, Кепелі, т.б.), Сырдария жайылмасында шағын көлдер (Көккөл, Ащыкөл, Жыңғылшығанақ, Байырқұм, т.б.) көптеп кездеседі. Климаты континенттік. Қаңтар айындағы жылдық орташа темп-ра –3 – 4°С, шілдеде 27 – 28°С. Жауын-шашынның мөлш. 250 – 300 мм. Аудан жерінен Сырдария, Арыс өзендері, Арыс каналы ағып өтеді. Орталығында суы тұзды Тұздықдүме көлі бар. Қамыс, құрақ және шілікті тоғайында аңдар, құстар мекендейді. Байырқұм – Арыс ойпаң жерлерінен минералды су көзі барланған. Жері сұр топырақты. Эфемерлі өсімдіктер жусан, боз жусан, баялыш, күйреуік, мия, Сырдарияның жағалауында сирек тоғай, бұталар, құрақ өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, құм қояны, кірпі, сарышұнақ, қосаяқ, бауырымен жорғалаушылар кездеседі. Ірі елді мекендері: Арыс қ., Задария, Ақдала, Монтайтас, Байырқұм, Дәрмене, Жиделі. А. ш. өндірісінің негізгі бағыты ет өндіру, сүт өндіру, мақта, көкөніс, бақша дақылдары. Аудан жері арқылы Орынбор – Ташкент, Арыс – Шымкент – Алматы т. ж., Арыс – Шардара автомоб. жолдары өтеді. Астрахан ауданы. ‎ Астрахан ауданы – Ақмола обл-ның орталық бөлігінде орналасқан әкімш. бөлініс. 1936 ж. құрылған. Аум. 7,1 мың км2. Тұрғыны 29,3 мың адам, орташа тығызд. 1 км2-ге 4,0 адамнан келеді (2006). Аудан 16 ауылдық округке біріктірілген. Аудан орт. – Астраханка а. Аудан Сарыарқаның солт.-батысында орналасқан. Жер бедері теңіз деңгейінен 100 – 300 м-ден аспайтын ұсақ төбелі-белесті жазық келеді. Кен байлықтарынан алтын, табиғи құрылыс материалдары кездеседі. Климаты тым континенттік, қысы ұзақ суық, жазы қоңыржай ыстық. Орташа темп-расы қаңтарда – 18°С, шілдеде 20°С. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлш. 300 – 350 мм, көбіне жазда жауады. Аудан жерін Есіл, Қалқұтан, т.б. өзендер суландырады. Тұщы және ащы көлдері: Ұзынкөл, Баршын, Жалтыркөл, Ортакөл, Берсен, Үштаған, Шұңқыркөл, Нарынбай, т.б. Жер асты сулары 2 – 8 м тереңдікте кездеседі. Есіл өз-нің оң жағалауы карбонатты, кей жері сортаңды қара топырақ, сол жағалауы карбонатты қара қоңыр топырақ болып келеді. Тың игеру жылдары аудан жерінің көбі жыртылды. Аудан жері селеу, қылқан селеу, бетеге, жусан, кермек, өлең, т.б. түрлі шөп өскен дала белдеміне жатады. Өзен жайылмаларында бидайық, арпабас, жауқияқ, айрауық, қамыс, түрлі шөп аралас шалғын өседі. Жануарлардан қарсақ, дала суыры, ор қоян, ақ қоян, үлкен сарышұнақ, дала шақылдағы мен тышқаны, аламан, эверсманн атжалманы, сасық күзен, дала және кәдімгі тоқалтіс, жабайы шошқа, ондатр; су құстарынан қаз, үйрек, т.б. мекендейді. Суларында мөңке, оңғақ, алабұға, торта, шортан, аққайран кездеседі. Аудан жері арқылы Астана – Атбасар – Қарталы т. ж., Астана – Атбасар, Астраханка – Макинск автомоб. жолдары өтеді. Атбасар ауданы. ‎ Атбасар ауданы – Ақмола обл-ның батысындағы әкімш. бөлініс. 1928 ж. құрылған. Жер аум. 11,8 мың км2. Тұрғыны 54,1 мың адам, орташа тығызд. 1 км2-ге 4,6 адамнан келеді (2006). Аудан 15 ауылдық округке бөлінген. Аудан орт. – Атбасар қ. Аудан жерін Көкшетау қыратының оңт. ұсақ шоқылы сілемі (абс. биікт. 450 м), төбелі-белесті Атбасар жазығы мен Теңіз жазығының солт. бөлігі алып жатыр. Климаты тым континенттік, қысы ұзақ суық, жазы қоңыржай ыстық. Орташа темп-расы қаңтарда 18°С, шілдеде 20°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері солт-нде 300 – 400 мм, оңт-нде 250 – 300 мм. Ауданда Есіл, Жабай, Жыланды, Терісаққан, Қайрақты, Шортанбай өзендері және 12 тұщы көл бар. Ауданның солт. бөлігі қара топырақты, оңт. бөлігі қара қоңыр топырақты болып келеді. Жерінің көпшілігі жыртылған. Өсімдіктерден дала белдеміне тән қызыл селеу, қылқан селеу, бетеге, қоңырбас, бидайық, қияқ, айрауық, еркек шөп, кермек, түлкіқұйрық, арпабас, сұлыбас, жусан, бөрте жусан, иманжапырақ, қына, тобылғы өседі. Өзен жайылмалары мен көл жағалауы түрлі шөп аралас шалғынды, қамысты болып келеді. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қарсақ, елік, ақ бөкен, суыр, қоян, сарышұнақ, шақылдақ, тышқан, атжалман, күзен, тоқалтіс, жабайы шошқа, ондатр кездеседі. Көлдерінде су құстары – қаз, үйрек, т.б. мекендейді. Суында мөңке, оңғақ, алабұға, торта, шортан, аққайран, т.б. балықтар өседі. Аудан жері арқылы Қарталы – Арқалық – Астана т. ж., Астана – Алматы автомоб. жолдары өтеді. Әулиекөл ауданы. ‎ Әулиекөл ауданы – Қостанай обл-ның орталық бөлігіндегі әкімш. бөлініс. Жер аум. 11,7 мың км2. Тұрғыны 49,6 мың адам, орташа тығызд. 1 км2-ге 4,2 адамнан келеді (2006). Аудан орт. – Әулиекөл а. 1928 ж. Семиозер ауд. болып құрылған, 1997 жылдан Ә. а. аталады. Аудан жерінің көпшілік бөлігін жазықтық және қазаншұңқырлы-көлді өңір алып жатыр. Аудан аумағы оңт.-батысында Торғай үстіртімен (абс. биікт. 250 м), шығысында Торғай қолатымен (абс. биікт. 115 м) шектеседі. Кен байлықтарынан қоңыр көмір, көмір, отқа төзімді саз, боксит кездеседі. Климаты тым континенттік, қысы суық, жазы ыстық. Қаңтар айындағы орташа темп-ра –18 – 19°С, шілдеде 21 – 22°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 260 – 280 мм. Жер беті суларын ауданның солт.-батыс бөлігі мен Торғай қолатындағы көлдер, Обаған өз-нің жоғ. салалары, Шилі өз. құрайды. Ірі көлдері: Құсмұрын, Шилі, Қарасор, Аласор, Сұлукөл, Шұбанкөл, т.б. Топырағы қара, қара қызғылт, қоңыр, құмдақ болып келеді. Селеу, көкпек, жусан, т.б. шөп өседі. Ауданның шығысында Басаман, Аманқарағай орман алқабы бар. Жабайы жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, сарышұнақ, орманды өңірінде тиін, елік, бұлан; құстардан шіл, қарақұр, бүркіт, кезқұйрық, қаз, үйрек, аққу, тырна, қызғыш, тауқұдірет, шымшық, бозторғай, т.б. мекендейді. А. ш-на жарамды жерінің аум. 1,1 млн. га, оның ішінде: 447,8 мың га егістік, 17,7 мың га шабындық, 501,4 мың га мал жайылымы бар. Байғанин ауданы. ‎ Байғанин ауданы – Ақтөбе обл-ның оңт.-батыс бөлігіндегі әкімш. бөлініс. Жер аум. 61,0 мың км2. Тұрғыны 23,9 мың адам, орташа тығызд. 1 км2-ге 0,4 адамнан келеді (2006). Аудан орт. – Байғанин а. Ауданда 31 елді мекен бар. Б. а-ның жері негізінен үстіртті (биікт. 200 – 300 м), оңт-н Доңызтау тауы және Шағырай үстірті алып жатыр. Кен байлықтарынан гипс, әктас, бор, қиыршықтас, т.б. құрылыс материалдары өндіріледі. Климаты тым континенттік, қысы суық, жазы ыстық, құрғақ. Қаңтардың орташа темп-расы –10°С, шілденің орташа темп-расы 25°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері ауданның оңт-нде 150 мм, солт-нде 250 мм. Б. а. жерінің солт. бөлігі шөлейтті белдемге, ал оңт. бөлігі шөлді белдемге жатады. Ірі өзендері Жем, Сағыз; көлдері Соркөл, Тоғысқан, Мыңжасар. Жазда суы тартылып қалатын кішігірім өзендер көп. Ауданның жері негізінен оңт-те сортаң топырақты, солт-те қоңыр топырақты. Өсімдіктерден боз, бетеге, жусан, жантақ, ши, өлеңшөп, қамыс өседі; жануарлардан елік, ақ бөкен, қарақұйрық, қасқыр, түлкі, қоян, қарсақ, сарышұнақ; құстардан бөдене, қаз, үйрек, т.б. мекендейді. Мал ш. (ірі қара, қой мен ешкі, жылқы, түйе) және ішінара суғармалы егіншілік (дәнді дақылдар, жемшөптік дақылдар, картоп) дамыған. Ауданның солт-нен Атырау – Қандыағаш т. ж. және автомоб. жолдары өтеді. Байзақ ауданы. ‎ Байзақ ауданы – Жамбыл обл-ның оңт-ндегі әкімш. бөлініс. 1938 ж. құрылған. 1996 жылға дейін Свердлов ауданы болып аталды. Жер аум. 4,5 мың км2. Тұрғыны 76,8 мың адам, орташа тығызд. 1 км2-ге 17 адамнан келеді (2006). Аудан 15 ауылдық әкімш. округке бөлінген. Аудан орт. – Сарыкемер а. Б. а-ның солт.-шығыс бөлігін Мойынқұм құмы алып жатыр, ал оңт.-батыс жағы Талас өз-нің аңғарында орналасқан. Климаты тым континенттік. Қысы біршама суық, жазы ыстық, қуаң. Орташа темп-ра қаңтарда –7°С, шілдеде 26°С. Жауын-шашынның жылдық мөлш. 150 – 300 мм шамасында. Аудан аумағынан оңт-тен солт-ке қарай Талас өз. ағады. Өсімдіктерден жусан, еркек шөп, теріскен, өлеңшөп, сексеуіл, т.б. өседі. Аңдардан қасқыр, түлкі, қарсақ, ондатр, суыр, ақ бөкен; құстардан қырғауыл, үйрек, көкқұтан мекендейді. Ауданда егіншілік пен мал ш. дамыған. А. ш-на пайдаланылатын жерінің жалпы аум. 411,2 мың га (2006), оның 63,8 мың га-сы егістік, 6,6 мың га-сы шабындық, 339,3 мың га-сы жайылым. Негізінен қант қызылшасы, бидай, жүгері, көкөніс, картоп және жемшөп дақылдары егіледі, ет-сүт бағытындағы ірі қара, қой, түйе және құс өсіріледі. Аудан жері арқылы Алматы – Арыс (т. ж. ст-лары – Үшбұлақ, Ақшолақ), респ. және жергілікті маңызы бар автомоб. жолдары өтеді. Балқаш ауданы. ‎ Балқаш ауданы – Алматы обл-ның солт.-батысындағы әкімш. бөлініс. 1932 ж. құрылған. Жер аум. 37,4 мың км2.Тұрғыны 30,2 мың адам, орташа тығызд. 1 км2-ге 0,9 адамнан келеді (2006). Аудандағы 38 елді мекен 15 ауылдық әкімш. округ құрамына енеді. Аудан орт. – Бақанас а. Аудан жері Жетісу (Жоңғар) Алатауының Малайсары жотасынан Іле бойымен Балқаш көлінің оңт. жағалауына дейін созылып жатыр. Солт-нде Сарыесікатырау шөлін, батысы мен оңт-нде Тауқұм құмды алқабын қамтиды. Жер бедері негізінен жазық. Аудан жеріндегі ең ірі өзен – Іле. Оның тармақтары ескі арналар мен көлшіктер құрай отырып Балқаш көліне құяды. Климаты континенттік. Қысы суық, жазы ыстық әрі қуаң. Қаңтардың орташа темп-расы –13 – 15°С, шілдеде 24°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 100 – 150 мм. Шөлді қуаң белдемде орналасқан Б. а-ның негізгі топырақ жамылғысы – құмдақ және тақырлық топырақтар, өзен арналары мен жайылымдарында шалғынды-сазды топырақ қалыптасқан. Құмды өңірде сексеуіл, тобылғы, жиде, жусан, ши, сораң, т.б. шөптесін өсімдіктер өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, борсық, қоян, ақ бөкен, елік, қабан, ондатр тіршілік етеді. Өзен аңғарлары мен жайылымдарда қырғауыл, құр, тырна, қоқиқаз, бірқазан, т.б. құстар мекендейді. Өзендерде сазан, алабұға, мөңке, шармай бар. Іле өз-нің Балқаш көліне құяр сағасында көмір, марганец, уран кендері барланған. Жалпақтас кен орнынан мәрмәр, гранит өндіріледі. Аудан экономикасының негізгі саласы – а. ш. Өсімдік ш-нда тәлімі және суғармалы егін ш. қалыптасқан. Аудандағы а. ш-на пайдаланылатын жердің аум. 1,8 млн. га. Жыртылған жердің (25 мың га) 17 мың га жері игерілген. Оған бидай (7,8 мың га), күріш (8,1 мың га), көкөніс (335 га) және картоп (411 га) егіледі. Басарал. Басарал – Балқаш көлінің оңт.-батысындағы арал. Жамбыл обл. Мойынқұм ауд. аумағында орналасқан. Ұз. 12 км, енді жері 8 км. Абс. биікт. 393 м. Жағалары түгелдей дерлік жарқабақты. Солт-нің біраз жері жырамен тілімденген. Оңт-нің ойпаңдарында кішігірім көлдер бар. Тас көмір шөгінділерінен түзілген. Оның бетін неоген кезеңінің қызғылт сары құмды балшығы жауып жатыр. Сұр, сортаң топырағында бұйырғын аралас баялыш, қараған, т.б. шөптер өседі. Батыс сібір жазығы. ‎ Батыс сібір жазығы, Батыс Сібір ойпаты – дүние жүзіндегі аса ірі жазықтардың бірі. Аум. 3 млн. км2-ге жуық. Солт-нде Солт. Мұзды мұхиттың Кара т. жағалауынан бастап, оңт-нде Сарыарқа мен Алтай тауларының етегіне дейінгі аралықты қамтиды. Батысында Орал тауларынан бастап, шығысында Орта Сібір қыратты тауларына дейін созылып жатыр. Жазықтың солт-ндегі мореналық төбелер мен қырқалар аралығында кең аңғарлар кездеседі. Олар оңт-те аласа жалдарға ұласады. Жазықтың абс. биікт. 50 м-ден (солт-нде) 300 м-ге дейін (оңт-нде) өзгереді. Б. С. ж-на Васюган жазығы, Барабы жазығы, Есіл жазығы, Ертіс жазығы, Құлынды даласы енеді. Жазық Батыс Сібір плитасының жас эпигерциндік платформасынан қалыптасқан. Платформаны құрлықтық және теңіздік қалың шөгінділер жауып жатыр. Бұл шөгінділер ірі мұнай және газ кен орындарына бай. Оңт-нде (Қазақстан аумағында) жазықтың көпшілік бөлігі қалыңд. 500 – 1200 м болатын мезозой-кайнозой кезеңінің шөгінділерінен түзілген. Өзен аңғарлары төрттік кезеңнің қиыршықты, малтатасты аллювий қабатынан тұрады. Б. С. ж-ның климаты тым континенттік. Қаңтарда ауаның орташа темп-расы –16 – 28°С, шілдеде 4°С-тан (Солт. Тундра белдемінде) 22°С-қа дейін (оңт-тегі орманды-далалы белдемде) өзгереді. Солт-нде жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 200 мм, оңт-ндегі далалық белдемде 600 мм-ге дейін жетеді. Б. С. ж-нда 2000-нан астам өзен бар. Олардың ірілерінде (Об, Енисей, Ертіс, т.б.) кеме қатынайды. Көлдер де көп. Өзенаралық ірі аңғарларында Чаны, Үбі (Ресейде), Сілетітеңіз, Теке, Шағалалытеңіз, Қызылқақ, Қалибек көлдері (Қазақстанда) орналасқан. Олардың көбінің суы ащы. Жазықтың солт-ндегі тундралық және орманды тундралық белдемде шыршалы-қылқанды орман өседі. Оңт-ндегі қара және қызыл қоңыр топырақты орманды-далалы және далалық белдемінің көпшілік бөлігі егін танаптары үшін жыртылған. Бұланды ауданы. ‎ Бұланды ауданы – Ақмола обл-ның солт-ндегі әкімш. бөлініс. 1934 ж. құрылған. 1997 жылға дейін Макинск ауд. аталды. Жер аум. 5,4 мың км2, тұрғыны 36,9 мың адам, орташа тығызд. 1 км2-ге 8,3 адамнан келеді (2006). Ауданда 1 қалалық, 12 ауылдық әкімш. округі бар. Әкімш. орт. – Макинск қ. Орманды дала мен дала белдемінде орналасқан аудан жерінің көпшілігін Көкшетау қыратының оңт. өңірі алып жатыр (абс. биікт. 500 м). Жер бедері Есіл өз-нің аңғарына қарай еңістеу келген ұсақ шоқылы, белесті жазық. Климаты тым континенттік, қысы суық, қары аз, жазы біршама ыстық әрі құрғақ. Қаңтардағы ауаның көп жылдық орташа темп-расы –17°С, шілдеде 20°С, жылдық жауын-шашын мөлш. 350 – 400 мм. Аудан жерінен Аршалы өз. және оның салалары Қоңыр, Жолболды, Қайрақты өзендері ағып өтеді. Үлкен көлдері: Шошқалы, Алакөл, Байтөбет, Шортанды, Жарлыкөл, Қызылмола. Топырақ жамылғысында қара, қызыл қоңыр топырақ басым. Қызғылт селеу, бетеге, жусан, өлеңшөп, тобылғы, т.б. өзен жайылмалары мен көл жағалауында қамыс, астық тұқымдас қалың шалғын, ұсақ шоқыларында шоқ қарағай, қайың, терек, түрлі бұта өседі. Қасқыр, түлкі, қоян, сарышұнақ, аламан, ормандарында саңырау құр, құр, көлдерінде су құстары мекендейді. А. ш. жерінің аум. 485 мың га, оның ішінде егістік 62,5%, жайылымдық 36,1%, шабындық 1,4%. Аудан жерінің 6,6%-ын орман алып жатыр. Егін ш-ның басты бағыттары: астық, көкөніс, картоп, жемшөп өсіру. Аудан жері арқылы Алматы – Астана – Петропавл т. ж. және Астана – Көкшетау автомоб. жолдары өтеді. Денисов ауданы. ‎ Денисов ауданы – Қостанай обл-ның батыс бөлігіндегі әкімш. бөлініс. Жер аум. 6,8 мың км2. Тұрғыны 29,4 мың адам, орташа тығызд. 1 км2-ге 3,5 адамнан келеді (2006). Аудандағы 46 елді мекен 13 ауылдық әкімш. округке бөлінген. Аудан орт. – Денисов а. Аудан жері жазық, шығысқа қарай еңіс келетін Орал сырты үстірті мен Торғай үстіртінің солт. тұсын алып жатыр. Кен байлықтарынан құрылыстық тас, әктас кездеседі. Климаты тым континенттік. Қысы суық ызғарлы, жазы ыстық, құрғақ. Қаңтардағы ауаның орташа темп-расы –17 – 18°С, шілдеде 19 – 21°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 250 – 300 мм. Басты өзендері: Тобыл, Әйет және олардың салалары – Қарағайлы және Қамысты Әйет. Тобыл өз-нде Жоғ. Тобыл бөгені, Қамысты Әйет өз-нде Қамысты бөгені салынған. Ірі көлдері: Жақсы Алакөл, Светлое, Шыбындысор және Айқоныс. Д. а-ның жері, негізінен, қара және қызыл қоңыр топырақты, сортаң топырақтар да кездеседі. Өсімдігі жусан аралас қау мен селеу, бетеге аралас далалық шөптерден тұрады. Жануарлар дүниесінен қасқыр, түлкі, сарышұнақ, қосаяқ; құстардан қаз, үйрек, аққу, тырна, қызғыш, бозторғай, т.б. мекендейді. А. ш-на пайдаланылатын жер аум. 452,5 мың га, оның ішінде 329,7 мың га егістік, 116 мың га жайылым бар. Д. а. арқылы батыстан шығысқа қарай Ақмола – Қарталы т. ж., оңт.-батыстан солт.-шығысқа қарай Қостанай – Жітіқара т. ж., сондай-ақ респ. маңызы бар Қостанай – Рудный – Тобыл – Жітіқара автомоб. магистралі өтеді. Аудан ішіндегі елді мекендер автомоб. жолдары арқылы байланысқан. Егіндікөл ауданы. ‎ Егіндікөл ауданы – Ақмола обл-ның оңт.-батысындағы әкімш. бөлініс. 1970 ж. Атбасар және Қорғалжын аудандарының ықшамдалуына байланысты құрылған. 1970 – 97 ж. Краснознамен ауд. аталып келді. Жер аум. 5,4 мың км2. Тұрғыны 7,5 мың адам, орташа тығызд. 1 км2-ге 1,4 адамнан келеді (2006). Аудандағы 16 елді мекен 8 ауылдық әкімш. округке біріктірілген. Аудан орт. – Егіндікөл а. Е. а. Сарыарқаның орт. бөлігінде, Есіл өз. мен Теңіз – Қорғалжын ойысы аралығында орналасқан. Жер бедері негізінен жазық, тек орт. (бөлігі) сайлы-жыралы, белесті келген (абс. биікт. 400 м). Жерінің көпшілігін жоғ. плиоцен мен төм. антропоген жүйелерінің көлді-аллювийлі шөгінділері жапқан. Кен байлықтарынан гипс, құм, гипсті саз кездеседі. Климаты тым континенттік. Қысы суық, жазы ыстық, құрғақ. Қаңтардың орташа темп-расы –18°С, кейде – 40°С-қа дейін төмендейді. Шілденің орташа темп-расы 21°С. Кейде оның максимумы 42°С-қа дейін жетеді. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 250 – 300 мм. Өзендер сирек кездеседі. Терісаққан өз-нің саласы – Талдысай өз-нің бастауы және жазда құрғап қалатын бірлі-жарым еспелер ғана бар. Аудан аумағында көптеген суы тұщы және ащы көлдер орналасқан. Бастылары: Қожакөл, Жалманқұлақ, Егіндікөл, Жосалы, Жарлыкөл, Самарбай, Ұзынкөл, Алакөл (тұзды), т.б. Жер асты сулары 50 – 100 м тереңдікте жатыр және тұздылығы жоғары болғандықтан (3 – 10 г/л) пайдалануға жарамайды. Сондықтан ауданның барлық елді мекендеріне Нұра өз-нен су құбыры тартылған. Аудан жерінде карбонатты қызыл қоңыр топырақ кең тараған. Тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде аудан жерінің басым бөлігі жыртылған. Өсімдіктерден сұлыбас, селеу, бетеге, жусан, көл жағаларында түрлі шөпті шалғын, бидайық, өлең, қамыс, т.б. өседі. Қасқыр, түлкі, қарсақ, борсық, қоян, суыр, ондатр, күзен, сарышұнақ, аламан, қосаяқ; құстардан кезқұйрық, күйкентай, бозторғай, көлдерде қаз, үйрек, аққу, қасқалдақ, қызғыш, тауқұдірет, жылқышы, шіл, тырна, бөдене мекендейді. Ірі елді мекендері: Абай. Бауманское, Спиридоновка, Қоржынкөл, Буревестник, Жалманқұлақ, Ұзынкөл, Полтавское. А. ш-на пайдаланылатын жері 518,8 мың га, оның 346,2 мың га-сы жыртылған, 1,0 мың га-сы шабындық, 171,5 мың га-сы жайылым. Аудан Егіндікөл – Астрахан – Макинск – Щучинск – Көкшетау автомоб. жолы арқылы облыс орталығымен және Егіндікөл – Новочеркасское – Астана автомоб. жолы арқылы Астана қ-мен байланысады. Егіндікөл – Атбасар т. ж. тармағы арқылы Астана – Қараталды т. ж. магистралімен жалғасқан. Еңбекшілдер ауданы. ‎ Еңбекшілдер ауданы – Ақмола обл-ның солт-ндегі әкімш. бөлініс. Жер аум. 11,4 мың км2. Тұрғыны 19,1 мың адам, орташа тығызд. 1 км2-ге 1,6 адамнан келеді (2006). Аудан орт. – Степняк қ. Аудан жеріндегі 54 елді мекен 1 қалалық, 1 кенттік және 52 ауылдық әкімш. округтерге біріктірілген. Е. а-ның жері Сарыарқаның солт.-шығыс бөлігін алып жатқан Сілеті жазығының орт. бөлігінде, орманды-дала және дала белдемдерінде орналасқан. Жерінің беті негізінен ұсақ шоқылары бар (абс. биікт. 250 м-ге дейін) жазық болып келеді. Шоқылардың ең ірісі – ауданның оңт.-шығысындағы Арқалық тауы. Кен байлықтарынан темір, түсті металл кентастары, оның ішінде алтын, құрылыс материалдары (әктас, құм және кірпіш сазы) кездеседі. Ауданның климаты тым континенттік, қысы суық және ұзақ, жазы ыстық әрі қуаң. Қаңтарда ауаның орташа темп-расы –16 – 17°С, шілдеде 19 – 20°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. шығысында 250 – 300 мм, батысында 300 – 350 мм. Жер бетінің сулары жазда жеке қарасуларға бөлініп қалады, сирек кездесетін өзендер мен көптеген ащылы-тұщылы көлдерден тұрады. Өзендерінің біршама ірілері: Жүкей мен Қотыркөлді қосатын Саға, Мамай және Атансор көліне құятын Тәттімбет пен Атан. Ірі көлдері: Жүкей, Шошқалы, Итемген, Кіндікті, Сасыққопа (тұщы сулы), Тасшалқар, Қарасор, Қотыркөл, Мамай, Атансор, Майлысор, Жамбайсор, Көксор. Аудан жерінде негізінен саздақ қара топырақ, кейбір жерлерінде сортаң қара топырақ қалыптасқан. Дала белдемінде селеу, жауқияқ, жусан аралас өскен бетеге, т.б. шөптесін өсімдіктер орманды жерлерінде қайың, терек, тал, ал батыс жағында қылқан жапырақты ағаш өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, қосаяқ, суыр, тараққұйрық, дала тышқандары, бұлан, елік; құстардан қаз, аққу, үйрек, шағала, көл жағалай қызғыш, тауқұдірет, дуадақ, бүркіт, кезқұйрық, сауысқан, т.б. кездеседі. Ауылдық елді мекендердің ірілері: Жаңаауыл, Баймырза, Бірсуат, Ойық, Уәлиханов, Қойтас, Невское. А. ш-на пайдаланатын жердің жалпы аум. 1,1 млн. га. Оның ішінде жыртылған жері 141,2 мың га, 1,7 мың га шабындық, 121,3 мың га жайылым, 150,3 мың га тың жер бар. Заозерный – Ерейментау т. ж. және Степняк – Щучинск – Макинск автомоб. жолдары бар. Ерейментау ауданы. ‎ Ерейментау ауданы – Ақмола обл-ның шығысындағы әкімш. бөлініс. 1928 ж. құрылған. Жер аум. 17,5 мың км2. Тұрғыны 35,1 мың адам, орташа тығызд. 1 км2-ге 2,0 адамнан келеді (2006). Аудан жеріндегі 52 елді мекен 1 қалалық, 2 кенттік, 12 ауылдық округтерге біріктірілген. Аудан орт. – Ерейментау қ. Е. а. Сарыарқаның солт.-шығысындағы дала белдемінде, Сілеті, Өлеңті өзендерінің алабында орналасқан. Солт. жер бедерінің биікт. 300 м-ден аспайтын белесті жазық. Оңт-ке қарай күмбезді, үшкілді төбелер мен жондардан тұратын денудациялық ұсақ шоқылар, оңт. делювийлі-пролювийлі аккумуляттық жазықпен және бойлық бағытта созылған Ерейментау тауымен алмасады. Ауданның жер қойнауында алтын, сүрме, тас көмір, боксит, тұз, әктас, гранит, қиыршықтас, құм кен орындары барланған. Климаты тым континенттік, қысы суық қары аз, жазы ыстық, құрғақ. Ауаның орташа темп-расы қаңтарда –16 – 18°С, шілдеде 20 – 21°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 300 – 350 мм. Оңт.-батыстан солт.-шығысқа қарай Сілетінің басты салалары – Ащылыайрық (сол), Ақмырза, Кедей, Шилі (оң) және Өлеңті өзендері ағып өтеді. Көлдерінің ірілері: Теңіз, Шолақсор, Жақсытұз, Тамсор, Қарасор, Үлкен және Кіші Шарықты, Көбейтұз, Қоржынкөл (тұщы), Қабыланкөл, Бозайғыр, Әжібай, т.б. Өзен мен көлдер жауын-шашын және жер асты суларымен толығады. Жер асты сулары 30 – 50 м (оңт-нде 100 м-ге дейін) тереңдікте кездеседі. Ерейментау бөктерінде суы тұщы әрі мол бұлақтар көп. Аудан жерінің солт. бөлігі сортаңды күңгірт қызыл қоңыр топырақты, оңт. қызыл қоңыр топырақты. Таулы өңірінде қара топырақ, өзен, көл жайылмаларында шалғындық сортаң топырақ қалыптасқан. Даласында бетеге, селеу, қылқан селеу, жусан, шығысында түрлі бұта, сұлыбас, қылқан селеу өседі. Ерейментаудың баурайы мен шатқалдарында қайың, көктерек, тал, қараған, тобылғы, түрлі шөп, сұлыбас, қызғылт селеу, өзен аңғарларында түрлі шөп, астық тұқымдас шалғын өседі. Тауда арқар, елік кездеседі. Қасқыр, түлкі, қарсақ, ақ қоян, борсық, суыр, сарышұнақ, ақ қалақ, ақкіс; құстардан қаз, үйрек, тырна, құр, бүркіт, дала қыраны, қаршыға, бөктергі, т.б. мекендейді. Ауданда Ерейментау қорықшасы орналасқан. Ірі елді мекендері: Торғай Благодатное, Новомарковка, Бестөбе, Павловка, Сілеті. А. ш-на пайдаланылатын жері 1676,4 мың га, оның ішінде егістік 115,6 мың га, шабындық 23,1 мың га, жайылым 1402,3 мың га, орман 17,5 мың га-ны құрайды. Бестөбе, Ешкіөлмес алтын кендерінен алтын өндіріледі. Аудан жері арқылы Астана – Ерейментау – Павлодар, Ерейментау – Айсары т. ж., Астана – Ерейментау – Павлодар, Ерейментау – Бестөбе автомоб. жолдары өтеді. Ертіс-Қарағанды каналы. Ертіс-қарағанды каналы, Павлодар және Қарағанды облыстары жерімен ағып өтеді. Қазақстандағы аса ірі су құрылыстарының бірі. Ертіс өз-нің су қорына негізделіп салынған. Құрылысы 1962 ж. басталып, 1974 ж. канал іске қосылды. Ертіс өзенің сол жағасындағы Ақсу қ. тұсынан басталып, Қарағанды қ-на таяп аяқталады. Жалпы ұз. 458 км. Оның 272 км-і Павлодар обл., 186 км-і Қарағанды обл. жерінде. Арнасының беткі ені 40 м, табан ені 4 м, тереңд. 5 – 7 м. Канал бойындағы 22 су көтергіш ст-лары суды 420 м биіктікке көтереді. Канал бойында, сондай-ақ 11 су торабы, 2 бөген, 17 көпір және автомоб. жолы салынған. Канал секундына 13 – 75 м3 су өткізеді. Жылдық су өткізетін көл. 2,5 млрд./м3, оның 0,94 млрд./м3-і Павлодар обл-на, 0,35 млрд./м3-і Ақмола обл-на, 1,21 млрд./м3 суы Қарағанды обл-на таратылады. Су Ертіс жазығымен батысқа қарай 4 су көтергіш ст. арқылы жіберіледі. Қалқаман көлі тұсында Павлодар – Астана темір жолын кесіп, Сарыарқаның шоқылары арасымен ағып өтіп (175 км) Шідерті өз-не жетеді. Бұл аралықта 6 су көтергіш ст-лары суды 100 м биіктікке көтереді. Осы тұста Шідертінің арнасы 200 км бойы бөгендер мен тоғандар тізбегіне айналды. Ондағы су көтергіш ст-лардың әрқайсысы суды төм. бөгеннен жоғ. бөгенге айдап, Шідерті өз-н кері ағызды. Су тағы да 200 м-дей биіктікке көтеріледі. Одан әрі канал Шідертінің сол жағасын бойлап, Нұра мен Шідерті өз-нің суайрығын кесіп өтеді. Бұдан кейін Е.-Қ. к-ның 80 км бөлігіндегі 6 су көтергіш ст-лар суды 110 м биіктікке көтереді. Нұра аңғарына шығатын жерде еңіс басталады. Бұл тұста су Тұзды бөгеніне жіберіледі. Одан әрі Нұраның астынан салынған құбырлармен ағып өтіп, Қарағандыға таяу жерде аяқталады. Осы жерде салынған су тазарту ст-нда сүзілген су құбыры арқылы Қарағанды қ-на жеткізіледі. Түркілер. Түркілер - б.з V-XIII ғасырлары аралығында өмір сүрген. Олардың алғашқы мекені Алтай аймағы болған. Көне түркілердің Еуразия тарихынан алар орнын академик А.П.Окладников былай деп түйіндейді: “Сібірдегі көне түркілер Шығыстан гөрі Батыспен тығыз байланыста болды. Оның мәдениеті бұрын ойлағаннан да әлдеқайда бай әрі жарқын еді. Ертедегі Шығыс пен Батыстың мәдениеттері Байкалдың жағасы, Ангара мен Ленада сол кездегі өзіндік төл мәдениеттің орталығы бірде қосылып, бірде ажырасып тұрды. Оны білмей тұрып Еуразияның тарихын толық түсіну мүмкін емес. Археологиялық қазбалардан көргеніміздей Байкал өңіріндегі түркі қорғандарындағы қазба байлықтардың жолы Дон мен Дунайға дейін жетіп жатты”126. Яғни көне түркілердің жері мен оның шегарасы біздің дәуірге дейін анықталып болған. Түркілер өздерін Алтайдан шықтық дейді. Ол туралы көптеген аңыздар да бар. Түркілер туралы орта ғасырдағы көрнекті ғалым Махмұд Қашқаридың “Түркі тілдерінің лұғатында” былай деген: “Ұлы Тәңір (Тенгри) айтады: Менің бір тайпа қосыным бар. Оларды түркі деп атап, күншығысқа қоныстандырдым. Кейбір тайпаларға ренжісем, түркілерімді қарсы аттандырамын!” Сондықтан түркілерге Тәңірдің өзі арнайы ат қойған. Жер жүзінің ең биік, ауасы таза бөлігіне қоныстандырып, “Өз қосыным” деп атаған. Оған қоса, “түркілер көрікті, өңі сүйкімді, жүзі мейірімді, әдепті, үлкендерін құрметтей білетін кішіпейіл, уәдеге берік, мәрт және сол сияқты көптеген жақсы қасиеттерге ие болған ашық-жарқын жандар” деген. Түркілердің тарихына зер салар болсақ, оның бізге белгілі соңғы үш мыңжылдығының әр кезінде Қытайды, Үндістанды, Таяу Шығыста Египетке дейін және Еуропаны басып алған елдерде жүргізген саясаты жаңа айтып кеткен Махмуд Қашқари анықтамасының дәлелі. Себебі, түркілер жаулап алған жерлерінде қоғамдық қатынастарды өзгертіп, жаңа прогрессивтік формация қалыптастыруға септігін тигізді. Сонымен қатар шет жерліктерді мойындай бермейтін еуропалықтардың Цезарь мен Македонскийді емес, ғұн патшасы Аттиланы “Құдайдың қамшысы” деп атауы, оларға ренжіген Тәңір жіберген түркілердің қосыны деп қарау керек. Белгілі жазушы Е.Зарубин де өзінің Атиллаға арнаған романында осындай қорытындыға келеді. Түркілердің тағы бір ерекшелігі – олар ағылшындар мен голландтықтар және испан конкистадорлары сияқты өздері жаулап алған жердегі халықтарды жаппай қырып-жойып, геноцид жасаған жоқ. Себебі, түркілер алдымен үлкенді сыйлап, аруаққа тағзым еткен және зұлымдық дегенді білмейтін табиғат діні Тәңірге30 табынса, соңынан адамды ұлты мен нәсіліне бөлмей, барлығын ағайын деп қарайтын мұсылман дінін ұстанды. Діни танымы. Түркі тілдері ресми болып табылатын Елдер мен автономиялық аймақтар. Ертедегі тұрандардың (түркілер, хиондар) Тәңір немесе табиғат діні б.д.д. VIII - V мыңжылдықтар арасында аңшылық дәуірде пайда болды. Ол қазіргі белгілі діндердің ішіндегі ең көнелерінің бірі болып саналады. Тәңір діні пайда болған кезде адам зұлымдық пен қайырымдылықты ажыратып бөлген жоқ, тіпті зұлымдықты білмеуі де мүмкін. Ол кезде адамның барлық дүниетанымы олардың арасындағы қарым-қатынастарға емес, табиғатқа бағынышты болғандықтан ол табиғат діні. Бұл дінді ұстанған түркілер аспанға, күнге, жұлдыздарға – яғни Тәңірге, сонымен бірге жер мен суға немесе Ұмайға табынды. Бұл дінде адамдарды қасиеттеріне қарай бөліп тұратын қайырымдылық және зұлымдық деген атымен жоқ. Яғни, бұл діннің негізгі мақсаты соңынан пайда болған зороастризм дініндегі немесе одан кейінгі жалпы философияның негізгі мақсатына айналған «зұлымдықпен күресу» кездеспейді. Көшпенділік дәуірде яғни б.д.д. I мыңжылдықтың бірінші жартысында пайда болған зороастризм діні, оның пайғамбары Заратуштраның (санскриттан ауд. – “Түйесі кәрі”) атынан шыққан. Сол заманда тұрандықтар Тәңір дініне сенсе, үндіирандықтар және олардың ішіндегі көшпенді арийлер (ауд. – малдың иесі, малшы) зороастризм дініне сенді. Оларды күнге табынушылар деп атайды. Зороастризмге дейін осы тайпалардың барлығы Тәңірге сенуі мүмкін. Себебі Ұлы далаға б.д.д. IV-III ғғ. үндіеуропалықтар келгенге дейін оны мекендеген байырғы тұрғындар – тұран тайпалары, оның ішінде ғұндар күнге табынғаны тарихтан мәлім. “Ғұндар өздерін Күннің ұлдарымыз деп санаған” дейді Сымь-Цянь. Басқа тарихшылар да осыны айтады. Ғұндар өздерінің хандарын шаньюй, сосын тяньжу деп атаған. Олар қытайдың басшыларына жазған хаттарына: “Ғұндардың тағына Аспан, Күн және Айдың ұлықсатымен отырған Ұлы тяньжу” деп қол қойған. Ареалы. Көне түркілердің атамекені Алтай мен Орта Азия. Осы аймаққа үндіеуропалықтар келгенге дейінгі петроглифтерден Күн бейнеленген әртүрлі суреттердің табылуына және үндіеуропалықтардың осы аймаққа келгенге дейінгі тұрған жерінен күнге табынудың іздерінің кездеспеуіне қарап Күнге алғашында ғұндар табынған деуге болады. Демек, Күннің мәңгі қозғалысын білдіретін “свастика” мен “крестің” пайда болу бастауы сол көне дәуірде жатыр. Сондықтан, проф. С.Г.Кляшторныйдың осы тайпалар бір дінге сенді деген пікірін қабылдауға болмайды. Көне замандағы хьон, немесе хиониттер, соңынан тарихта “Ұлы иозылар”, кидариттер немесе ақ ғұндар (ғұнэфталиттер) – олардың ұрпақтары қазіргі қазақ пен қарақалпақ құрамындағы кердері және мойтұн рулары. Жалпы, сол кездегі адамдардың ұғымында екі дүние (немесе екі әлем) болған. Ол - Тұран мен Иран. Қалғандарының барлығы маңызы төмен шеткері аймақтар немесе кейбір тарихшылар анықтағандай “жабайылар” болған. Осы уақытқа дейінгі тарихи деректерде Иранды үндіеуропалық отырықшы, ал Тұранды үндіеуропалық көшпенді тайпалар немесе арийлер деп шатастырып келді. Дұрысы Ирандықтар - ол үндіеуропалық тайпалар және олардың көшпенді бөлігі - арийлер, ал Тұрандықтар Авестада және басқа да деректерде кездесетін хьон (хион) және турлар, яғни көне түркілер. Ер Тоңға. деп Алып Ер Тоңғаның түркі екенін атап көрсетеді103, 188. Әбілқасым Фирдоусидің “Шахнаме“ дастанының негізгі кейіпкері Афрасиаб түркінің батыры Алып Ер Тоңға екені белгілі. Фирдоуси өз шығармасында Алып Ер Тоңғаның түркі дастанындағы барлық келбетін көп өзгертпей, сол күйінде сомдап берген. “Шахнаме” дастанының мазмұны мен сюжетіне және стиліне тереңірек үңілсек, онда ұлы шайыр Ә.Фирдоуси түркінің батырлық эпостарын “терісін кері айналдырып” өңдегені көрініп тұрады. Ол әдебиетте кеңінен қолданылатын әдіс және ол дастанның батырлық желісін күшейтіп, көркемдік мәнін тереңдете түседі. Көлемі Гомердің “Одиссеиінен” бірнеше есе үлкен ұлы дастан – “Шахнаменің” шоқтығының биіктігі - онда көне түркінің ерлік дастандарын жақсы өңдеп келістіре жырлай білуінде болса керек. Түркілердің соғыс өнерін сиқырлыққа теңеген Фирдоуси, “Сиқыршылар парсыларға садақ оғын жаудыратын жел мен қара дауылды шақырды” дейді. Кітапта жоқ болса кімдер түсінген! 67, 108 “Алып Ер Тоңға“ дастанының негізгі идеясы - Тұран елін сыртқы жаудан қорғау, түркі жұртын ішкі ынтымақ-бірлікке үндеу, туған жердің абырой-даңқын арттыра түсу. Өзінің идеялық мазмұны мен көркемдік дәрежесі жағынан біздің дәуірімізге дейінгі көне түркі дастандарының ішінде “Алып Ер Тоңғадан“ кейінгі аса маңызды туынды “Шу батыр“ дастаны. Махмұд Қашқари “Диуани лұғат ат-түрікте“ Шу батыр біздің заманымыздан бұрынғы V-IV ғасырларда өмір сүрген сақ билеушілерінің бірі екенін айтады85. Дастанда ерте замандағы Шу өзені өңіріндегі мемлекеттің тарихы мен жер аттары туралы көптеген мағлұматтармен қатар Ескендір Зұлқарнайынның (Александр Македонский) түркі еліне жасаған әскери жорығы кезінде оның қырық әскері Шу батырдың таңдаулы қырық нөкерінен жеңілгеннен кейін бейбіт келісім жасағаны туралы баяндалады192. “Авестада” арийлер өздерінің батырлары мен әскерлерін қанша мақтағанымен олар тұрандықтарды жеңді дегенді кездестірмейміз. Керісінше ирандықтар аттары жүйрік тұрандықтардан жеңілгені туралы бірнеше рет жазады. Осы қасиетті кітаптан тұрандықтар мен хиондықтардың ержүрек, жаугер тайпалар болғанын көреміз. Алып Ер Тоңға бастаған көне түркілердің ирандықтармен соғыстары негізінен Арал теңізі мен Сырдарияның бойында, яғни Орта Азия аймағында болғаны белгілі. Біз одан көне түркі тайпаларының бір бөлігінің б.д.д. VIII-VII ғасырларда және сол уақытқа дейін осы аймақта тұрғанын көреміз. Тұрандықтар мен ирандықтардың қайта-қайта соғысуына Ұлы даладағы адам мен мал санының өсіп, жайылымның тарылуы негізгі себеп болды. Тұрандықтардан жеңілген ирандықтар (арий тайпалары) Иранға, Үндістанға және Еуропаға көшуге мәжбүрленді. Барлық түркі халықтары мен угро-финдерді, жапон мен корей, манчжурлар мен т.б. палеоазиат халықтарын тұрандықтардың бүгінгі ұрпақтары деуге болады. Көк бөрі - түркілерне маңызы. Ертедегі гректердің жазбаларында турлар немесе тұрандар мен массагеттер бір ұғымды білдірген. Сол кездегі парсы жазбаларында оларды сақтар (ауд. “ит” немесе “бөрі”, “көк бөрі”) деген. Ол иран, грек-латын және қытай жазбаларында да дәлелденген133. Ертедегі аңыздарға жүгінсек, түркілер өздерін бөріден тарағанбыз дейді. Түркілердің Алтай өңірінен шыққаны туралы жырланған “Көк бөрі“ дастанындағы көне аңыздың қысқаша мазмұны мынандай: Көне заманда “Со” елінің көсемі Қапан-пу аса қайырымды әрі асқан батыр болыпты. Оның өзіне жақын он алты бауырының біреуінің анасы бөрі екен. Анасы бөрі бала ер жетіп үйленеді. Оның екі әйелі болады. Сол екі әйелдің біреуі – қыс Тәңірісінің қызы, ал екіншісі жаз Тәңірісінің қызы екен. Екі әйелдің әрқайсысы екі-екіден ұл табады. Тұңғыш ұл аса күшті, қайсар, болып өседі. Оған бұл елде ешкім тең келмейді. Сол үшін оған халық “Түркі”, яғни күшті, мықты, ержүрек деп ат қойыпты. Бүкіл түркі халқы сол “Түркінің” ұрпағы екен 20, 193. “Көк бөрі” дастанындағы бұлардан басқа да аңыз-хикаялардың негізгі айтары – ежелгі түркілердің ата-тегі бөрі дегенге келіп саяды 86. деген жыр жолдарынан түркі халықтары үшін қасиетті “бөрінің” генетикалық ес деңгейіндегі ұғым екенін көреміз. Көптеген тарихи деректерде сақтарды иран тілділер, яғни парсылар деп жүр. Бұл мәселенің жауабын көне түркінің “Татсыз түрік болмас, бассыз бөрік болмас” деген мақалы береді. Мұның мағынасы – бассыз бөрік болмайтыны сияқты, парсыларсыз түркі де болмайды. Мыңдаған жылдар көрші тұрып, қоян-қолтық араласқан екі халықты ажырату өте қиын. Сондықтан да болар, Геродоттан бастап көптеген тарихшылар сақ атаулының барлығын скифтерге жатқызған. Мәдени және экономикалық тығыз байланыстары. Көне түркілердің көрші елдермен мәдени және экономикалық тығыз байланыста болғаны тарихтан белгілі. Ол туралы Альфред Вебер: “Орта Азиядан шыққан көшпелі халықтар Қытай, Үнді және Батыс елдеріне баса көктеп еніп (жылқымен) жоғарыдағы үш атырапқа да ықпал етті. Ат үстіндегі көшпелі халықтар дүниенің кеңдігін таныды. Қиын-қыстау тіршілікпен қауіп-қатерлі мол жорықтар арқылы дүниенің жалғандығын түсінді. Ол үстем нәсіл ретінде дүниеге ерлік пен трагедиялық сананы орнықтырып, оны эпос түрінде паш етті” дейді. Орта Азия мәдениеті мен Үндістанды байланыстырған ертедегі жол туралы ғалым Т.Алмас: “... 8 мың жыл бұрын Тарим оазисінен «Ладак жолымен» көшкен ертедегі түркілер Солтүстік Үндістанға келіп, дравидий мәдениеті тұрғындарымен қарым-қатынасқа түсті” дейді. Оның дәлелі ретінде XX ғасырдың 20-жылдары Пакистанның Пенджаб және Синди штаттарында археологиялық қазба жүргізгенде табылған басындағы шашын лентамен байлаған ортаазиялық түркі типінің мүсінін келтіреді 12. Ертедегі Орта Азия мен Үнді мәдениеті арасындағы байланысқа жататын құшанның синкретикалық мәдениеті туралы Б.А.Литвинский былай дейді: “...көне тохар миграциясының характері мен бағытының түпкілікті қорытындысы әртүрлі ғылымдар саласындағы деректерге сүйеніп шешілетін болғандықтан, оның шешімін айтпай тұрып, көнетохар-фин-угор және жалпытохар-көнетүркі байланыстары Орта Азияның солтүстігі және оған іргелес жатқан солтүстік және шығыс облыстары арқылы жүргенін көреміз. Бұл аймақтарда б.д.д. I мыңжылдықтағы “скиф-еуропа” байланыстарына – оның ішінде “жануарлар стиліне” таралу жолдарына анықтама беретін “скифтердің” көптеген археологиялық іздерін көреміз98. Ол көнетүркі тайпалары мәдениетінің таралу ареалының айғағы. Көне түркі тайпалары мен Солтүстік Үндістан тайпаларының арасындағы мәдени байланыстарды Пакистанның Қарақорым аймағынан табылған жартастағы суреттерден байқауға болады. Қарақорым жартастарындағы суреттер цивилизациялар мәдениеті және діни дәстүрлермен қатар, Азияның ұлан байтақ аймағындағы саяси және тарихи өзгерістердің айналымына (калейдоскопичность) дәлел. Ондағы Күнге табынуға арналған көптеген петроглифтер Тамғалыдағы, Жетісудағы, Ферғана даласындағы, Шығыс Түркістандағы жартастағы суреттерге ұқсас. Еуразия даласы б.д.д. II мыңжылдықта “дала қоласы мәдениетінің” дәуірі болды. Қарғалы рудниктерін зерттеген археолог Е.Черных: “Қола дәуірі Қарғалыдан басталады” дейді. Онда екі мың жыл бойы үздіксіз мыс өндірілген174. Жезқазған аймағында 100 мың тоннадай мыс өндірілген. Орталық Қазақстанда 15 мың тонна таза қола өндіруге жететін 130 тонна қалайы өндіріліп, Орталық Қазақстан тау-кен металлургиясының орталығына айналды95. “Б.д.д. ІІ мыңжылдығында Қазақстан Еуразиядағы дала қоласының негізгі мәдениеті орталықтарының біріне айналып, онда өндірістегі құрал ретінде қола алуға қажетті, құрамында мыс, қорғасын, қалайы бар полиметалдық рудаларды пайдаланды”177. Ол кездегі малшаруашылығы мен жер өңдеу мәдениетінің арақатынасы әр жерде әртүрлі, кейбір жерлерде аралас болды. Бірақ, жалпы көшпенділік болған жоқ10, 79, 80, 167, 169. Сонымен қатар, көптеген дала мәдениеттерінде малшаруашылығы экстенсивтік формаға ерте ауысты. Қола, тіпті энеолит дәуірінің кезінде дала тұрғындары әртүрлі жайылымдарды меңгеріп қана қойған жоқ, сонымен қатар, далаға тереңдеп кірді. Жайық пен Еділдің арасында, өзендерден 15-90 шақырымға дейінгі қашықтықта сол кездегі табылған молаларда ерлермен бірге әйелдер, балалар да жерленген110, 177. Өгізге немесе атқа жегетін арбаның пайда болуы қола дәуіріндегі малшылардың даланы меңгеруіне себеп болып, осы көліктер б.д.д. IV-III мыңжылдықтарда олардың көшіп-қонуын жеңілдетті. Көшпенділік дәуірдің алғашқы кезінде аттың жүгенін, соңынан қылышты ойлап тапқан да Ұлы даладағы тайпалар немесе тұрандықтар. Екі аяқты соғыс арбасының да Ұлы далада пайда болғаны белгілі. Енисейдегі, Қаратаудағы, Таңбалы шатқалындағы, Алтайдағы петроглифтер екі аяқты соғыс арбасы мен садақтың алғаш рет сол жерде тұрған тайпаларда пайда болғанын дәлелдейді 65. Шығыс Еуропада малшаруашылығының іздері б. д. д. III мыңжылдықта тек кельтиминар мәдениетінің жоғарғы қабатында ғана көрінеді48, 157. Орта Азияның солтүстігіндегі далада өндіретін шаруашылық б.д.д. III мыңжылдықтың екінші жартысында пайда болды. Одан шығысқа қарай, Оңтүстік Сібірде өндіретін шаруашылық б.д.д. III мыңжылдықтың екінші жартысында афанасьев мәдениеті кезінде пайда болды79. Өндіріс шаруашылығының әртүрлі нұсқалары (варианттары) Еуразия даласында тек қола дәуірінде, яғни б.д.д. III мыңжылдықтың екінші жартысы мен II мыңжылдықта түгел қалыптасып болды. Б.д.д. V-IV мыңжылдықтарда Шығыс еуропаның оңтүстігінде мүйізді ірі қара, қой-ешкі мен жылқы қолға үйретілген168. Еуропа даласының кейбір аймақтары, Жайық пен Еділдің арасында б.д.д. IV-III мыңжылдықтарда малшаруашылығының үлесі жер өңдеуден басым болды 49, 110. Неолит пен қола дәуірінде малшаруашылығы Орталық және Батыс Еуропаның әртүрлі облыстарына тарады, бірақ олар әлі нағыз көшпенділер емес еді195, 203. Остеологиялық материалдар бойынша неолит, энеолит және қола дәуірінде Еуразия даласындағы мал түрі құрамының өзгерісі және соңынан осы аймақта көшпенділерге тән болған әр түрдің процестік арақатынасындағы өзгеру бағыты байқалмайды168. Археологиялық қазбаларда табылған, ұзақ уақыт тұрақ болған мекендер де сол кезде көшпенді малшаруашылығы болмағанының дәлелі. Сонымен қатар, салт атсыз еуразияның көшпенділерін елестету мүмкін емес. Үй жылқысы Қара теңіз бен Донның аралығында б.д.д. IV мыңжылдықта пайда болды. Орманды даладағы Дереивка мекені мен Төменгі Дон даласындағы үй жануарларының остеологиялық қалдықтарының ішіндегі жылқы сүйегінің үлесі 80 пайызға жетеді. Ол туралы академик В.И.Цалкин, “мал тарихындағы, ең алғашқы жылқылар” деп жазды168. Ең алғаш жылқыны жегуге, содан кейін ғана салт мінуге үйреткен болуы керек. Бірақ көптеген ғалымдар оған қарсы пікір айтады49, 91, 198. Шығыс еуропа даласында жылқыны арбаға жегуді б.д.д. III мыңжылдықтан бұрын білмесе де, оған салт мінуді білген. Ол кезде жылқының ер-тұрман әбзелі болған жоқ, болса да өте қарапайым, өте жұпыны болар. Таяу Азияда б.д.д. III мыңжылдықта аттың үстінде адам жүген мен ерсіз, жайдақ отырған суреттер бар. Қалай болғанда да ол кездегі салтаттының мүмкіндігі мал бағудан аспады. Қазіргі деректерге сүйенсек, атқа салт мінудің кеңінен тарауы б.д.д. III мыңж. екінші жартысы мен II мыңж. басы болды140, 233. Бұл кезеңде үндіирандықтар угро-финдердің тарихи отаны Орал тауының оңтүстік даласында болғаны белгілі. Оған Аркаим, Синташта т.б. қорымдардағы археологиялық деректер дәлел. Б.д.д. II-I мыңжылдықтар арасында Ұлы далада қуаңшылық басталғанда, олардың көшпенді өмір сүруге бейімделген шығыстағы бөлігі – арийлер мал бағумен айналысты. Олардың б.д.д. II мыңжылдықтың аяғы мен I мыңжылдықта Кіндік Азия, Иран және Үндістанға баруын осы көшпенді малшылардың көшіп-қонуымен түсіндіре аламыз. Ол жазба деректерде сақталмағанымен, археологиялық қазбалардан жақсы көрінеді49, 80, 109. Ондай көшіп-қонудың себептері әртүрлі: халықтың өсуі, тұрақты көшу арқылы алмастырылып тұрмағандықтан жайылымның тарылуы (линвистикалық материалдар үндіеуропалықтардың о дүние туралы көзқарасын жайылым – жайлау мағынасына реконструкциялай алады)72 немесе құнарлы жерлер алуға ұмтылу. Б.д.д. III-II мыңжылдықтарда көшпенді малшаруашылығында: мал түрінің тиісті құрамы, малшаруашылығының экстенсивті формасы мен ұзақ қашықтыққа жүру тәжірибесі, сүтшаруашылығы, арбаны көлік ретінде пайдалану және атқа салт мініп жүру Шығыс Еуропа мен Ұлы далада қалыптасты. Оны Страбонның “Аравияда жылқы жоқ, олар жылқы орнына түйеге мінеді” дегенінен де көреміз (Strabo, XVI, 4, 2; XVI, 4, 26). Көшпенділердің адамзат өркениетін дамытудағы рөлі туралы Л.Гумилев: “Неправильно думать, что в кочевом обществе невозможен технический прогресс. Кочевники вообще, а хунны в частности, изобрели такие предметы, которые ныне вошли в обиход всего человечества как нечто неотъемлемое от человека. Такой вид одежды, как штаны, без которых современному европейцу невозможно представить себе мужской пол, изобретены кочевниками еще в глубокой древности. Стремя впервые появилось в Центральной азии между 200 и 400 гг. Первая кочевая повозка на деревянных обрубках сменилась сначала коляской на высоких колесах, а потом вьюком, что позволило кочевникам форсировать горные, поросшие лесом хребты. Кочевниками были изобретены изогнутая сабля, вытеснившая тяжелый прямой меч. Усовершенствованный ими длинный составной лук, метал стрелы на расстояние до 700 м. Наконец, круглая юрта в то время считалась наиболее совершенным видом жилища. Не только в материальной культуре, но также и в духовной кочевники не отставали от оседлых соседей, хотя литература их была устной. Конечно, было бы нелепо искать у хуннов научные теории: их даже греки заимствовали у древних вавилонян. Кочевники создали два жанра сказаний: богатырскую сказку и демонологическую новеллу. И то и другое было ближе к мифологии, нежели к литературе в нашем смысле слова, но они этим способом воспринимали действительность и выражали свои чувства. Иными словами: мифология несла у них те же функции, что у нас литература. Подобным образом, т.е. непохожие на нас, кочевники воспринимали и историю. Она представлялась им в виде развернутой генеалогии рода; эталоном было не событие или институт, а мертвый предок. Для европейца такой счет поколений кажется бессмысленным, но ведь он тоже отражает течение времени, как и любая принятая в науке система отсчета” 59. Л.В.Васильевтің дәлелдеуі бойынша, “Қытай цивилизациясы б.д.д. ІІ мыңжылдықта Шан-Инь билігінің дәуірінде сыртқы мәдениеттің әсерінен пайда болды. Шан-Инь дәуіріне дейін қытайлықтар жалпы атты, ат арбаны және дала цивилизациясының басқа атрибуттарын білмеген”46. Б.д.д. 2197 жылы Қытайды Хаба әулеті билеп тұрған кезде оның солтүстігін ту-кю, яғни түркілер мекендеген 131. Көшпенді тайпалардың қытайға енуі б.д.д. ІІ мыңжылдықтың ортасында болды. Сол кезден бастап қытайлықтар түркілердің салт атпен жүргенде киетін сыртқы киімдері мен ер-тоқымдарын өздеріне бейімдеп алды133. Қытайдың көне ескерткіштерін зерттеген И.С.Лисевичтің деректеріне сүйенген Ю.В.Мизун мен Ю.Г.Мизун “Жетіқарақшы шоқжұлдызындағы Цзи жұлдызын ұлы найзағайдың жарығы орағанын \опоясало\” б.д.д. III мыңжылдықта Солтүстік Қытайдағы Хуанхэ өзені бойында көргенін айтады. Сол кезде “аспанның ұлы” Хуанди Жерге Арыстан шоқжұлдызындағы Регул жұлдызынан ұшып келді. Оның ізбасары Шаохао да осылай келді. Ол келердің алдында “жұлдыз кемпірқосақ сияқты жерге қарай ұшты”. Ол туралы басқа деректерде “үлкен жұлдыз Гүлдеген аралға ковш \күрек\ сияқты келіп қонды”. Шаоходан кейінгі ізбасар Жерге келер алдында “жарығы өте күшті жұлдыз айдың дискісін кемпірқосақ сияқты айналып өтті”. “Аспанның ұлы” Хуанди жерде жүз жылдай билік жүргізген. Әртүрлі деректерде ол билікті б.д.д. 2598 немесе 2450 жылдарға дейін жүргізген. Оның көмекшілері тұрақты түрде астрономиялық бақылаулар жүргізді. Мысалы, Си Хэ “Күннің көлеңкесінің түрленуіне негіздеп болашақты болжады”, тағы бір көмекшісі Чан И “Туған және батқан айдың ширегі мен жартысына қарап болашақты анықтаса”, Да Нао “соңынан қытай күнтізбесінің негізі болған цикличностьпен айналысты”. Барлық деректерді бір жерге жинап талдау жасаған Жун Чэн жердің күнтізбесін жасады. Сонымен қатар Хуандидің көмекшілері “ту” немесе жердің картасын жасады. Хуандидің көмекшілері айтқан бізге белгісіз металдан жасаған үлкен айна және сиымдылығы 100 литрдей қазан мен оны орнықтыратын биіктігі 3-4 метрдей үш тіреуіш туралы деректер көп кездеседі. Сол кездегі қытайлықтардың ұғымы бойынша “қазанның ішін жүздеген рухтар \аруақтар\, жануарлар және перілер толтырған”. Оның үш аяғы “Ұлы бірліктің бейнесі” іспеттес. Ол жердегі Дао Әлемінің жасырын қозғағышы (двигателі). “Аспан ұлдары” ойлы–шұңқырлы жерлермен кедергісіз жүретін шынжыр табанды дөңгелек ойлап тапты. Ертедегі жазуларда олардың ешқандай көлікке жегілмей өздігінен жүретін арба екені жазылған. Көне жазба деректерде басқа ғаламшардан “айдаһарға” мініп келген Хуанди және оның көмекшілері Қытайдың солтүстік-батысындағы Гоби шөліне қонған. Соңынан Хуанди өзімен бірге келген жетпіс шамалы көмекшісімен қайта ұшып кеткенде Жерде қалған оның серіктері қатты қайғырады. Олар Хуандидің заттарын қорғандарда жерлеп, оны жоқтап, қайғырады. Көне жазбалар бойынша, олар 17 жұлдыздан тұратын Сюаньюань шоқжұлдызына ұшып кетті. Ол Темірқазық жұлдызы жағындағы эклиптиканың бойында, яғни Күн жүйесіндегі ғаламшарлар орналасқан жазықтықта орын тепкен. Осы шоқжұлдыздағы ең жарық жұлдыз Регул немесе Сюаньюань, ол Арыстан шоқжұлдызындағы Альфа. Осыдан екі мың жыл бұрын “қытайдың Геродоты” Сыма Цянь: “Мен құрметті ақсақалдардың Хуанди жайлы айтқан әңгімелерін тыңдадым... Әрине, олардың сенім - ұғымдары әртүрлі болғанымен, айтқан әңгімелері көне жазбалардағы деректерден алыс емес және шындыққа жақын. Мен Чуньцю мен Гоюйді оқыдым, оларда Хуанди және оның қасындағы бес әміршінің қайырымды істері мен шежіресі жақсы жазылған. Мен оны терең зерттемесем де, ондағы айтылғандар мен көрсетілгендер құр ойдан шыққан емес” деп жазды111. “Басқа ғаламшардан келгендер” жайындағы қытайдың көне жазбалары мен сол кездегі тарихында кеңінен тараған деректерді келесі бір қырынан қарасақ, ол солтүстік-батыстағы Гоби шөлінен “Аспан аттарына мінген Аспанның ұлдары” немесе Тәңір (Тянь-Шань) мен Алтай тауларынан салт атты (батыста оларды кентаврлар деп атаған) және арбамен келген көшпенділер ойға түседі. Олар көне түркі тайпалары еді. Бұл ежелгі тарихтан белгілі нәрсе. Тәңірдің\Tien –Тәңір\ немесе Аспанның ұлдары деп отырғаны да түркілер. Ертедегі үйсін мемлекетінің жылқыларын қытайлықтар “Аспан аттары” деп атаған. Атты арбасымен салған Алтайдағы көне дәуір петроглифтері атты арбаға жегуге алғаш рет осы аймақта үйреткенінің дәлелі. Түркінің Тәңір тауын қытайлар Тянь-Шань дейді, яғни олар осы таудың қасиетті жаратқан Тәңірді (немесе Аспан) көне түркілерден алдымен құдай ретінде қабылдап, соңынан императордан бастап мемлекетті басқарудың барлық жүйесіне енгізген. Ертеде қытайдың алфавитін жасап, олардың сауатын ашқан және ғасырлар бойы сол елдегі зиялы қауым қызметін атқарғандар көне түркінің қаңлы тайпасы екенін қытай ғалымдары дәлелдеді. Қытайға дөңгелекті әкелген де қаңлылар не кидариттер деген деректер бар*. Көне дәуірде Хуанхэ (Ақсу) өзені мен Пекиннің солтүстігін ұзақ уақыт бойы түркі тайпалары билеп тұрғанымен қытайлықтар олардың вассалы болғанын тарихтан білеміз. 100 литрлік қазан мен оның үш тағаны деп жүргені түркілер жорыққа өздерімен бірге алып жүретін қасиетті Тайқазан. Түркілердің ұғымы бойынша, Тайқазаннан бір мезгілде тамақ ішкен мыңдаған адамның рухы, жаны және істері бір болады. Яғни, Тайқазан мыңдаған адамды немесе әскерді біріктіретін және аспандағы Тәңірмен байланыстыратын құдіретті құрал. Оның үш тағаны жердегі адамдарды аспандағы Тәңірмен байланыстырады деп түсінген. Хуанди ұшып кететін Темірқазық және Альфа жұлдыздары Тәңір жүйесінде адамның бұл өмірдегі ісіне қарай, өлген соң не жұмаққа не тозаққа апаратын баспалдақ. “Хуандидің заттарын қорғанда жерледі” дегені көшпенділердің көсемдерді қорғандарда жерлеу салты. Хуанди сияқты әулиенің өліміне сенгісі келмеген сол кездегі адамдар оны аспанға ұшып кетті деп сенген-ау сірә. Көне замандағы “Аспан аттарына мінген Аспан ұлдары” мен сол кездегі қытайдың жергілікті жабайы тайпалары арасындағы қарым-қатынасты осылай түсіндіруге болады. Қазіргі ғылыми деректер бойынша, ертедегі дала цивилизацияларының еуразиялық бағыты Ұлы даланың солтүстігі арқылы жүрген. Осы жолмен Иркутскінің жанындағы Мальтадан табылған палеолит дәуіріндегі Ауригнасиан Венерасы және француз ғалымы Тьер де Шарден көрсеткендей Солтүстік Қытайдың Ганьсу мен Шеньсидің солтүстік ауданындағы Ауригнасиан типтес мәдениет ошақтарының табылуы осы мәдениеттің Сібір арқылы жүргенінің айғағы 197. Түркі өркениеті. Осындай жолмен Магдалениан мәдениеті Сібірдегі Енисейдің жоғары жағында Манжуриядағы Толунге, Маньчоулиге, Хайларғда және Хоппеге тараған. Пекиннің жанындағы Чоукоутиен ойпатынан табылған адам қаңқасында сүйек инелер, құлақ жарғағындағы тесіктер, жануарлардың сойдақ тістері, қажалған алқалар, маржан тастардың бөлшектері сияқты әшекейлер кездеседі191, 228. Б.д.д. үшмыңжылдықтың ортасында Орталық Ресей жерінде пайда болып Азиядағы Сібірге, одан Ганьсудегі проқытай Чи-жиа-пинь керамикасына әсер еткен ирек сызықты \“соmbed”\ әшекейленген құмыралардың тарауы неолит дәуірінің соңғы кезінде сібірдегі көшпенді жол арқылы жүрген. Одан кейінгі кезеңде б.д.д. II мыңжылдықтың басында Бессарабия, Молдавия және Киев маңында пайда болып, Украинадан Қытайға дейін тарап, б.д.д. 1700 жылдар шамасында Хонандағы Ян-шао-тзунде дамып, сонан соң Ганьсудегі Паншанда дамыған керамика, спираль тәрізді өрнектелген әшекейлер Сібір арқылы тараған болу керек. А.М.Таллгреннің дәлелдеуі бойынша б.д.д. 1500 жылдары басталған Батыс Сібірдегі қола дәуірі сол кездегі Дунайдың қола өркениетімен байланысты. Орталық Сібірдегі Минусинскіде қола дәуірі одан үш жүз жыл кейін, яғни 1200 жылдары басталды. Қытайдың үлгілеріне ұқсас Батыс Сібірдегі балталар мен найза ұштарының негізінде М.Лоер Қытайдағы қола техникасы б.д.д. 1400 жылдары Сібірден келді деп қорытындылайды186, 190. Бұл жерде біз Қытай өркениеті пайда болуы мен дамуының негізін көшпенді түркі тайпаларынан алатынын көреміз. Ертедегі Ұлы дала көшпенділері сауыт-саймандары мен тұрмыстық бұйымдарын әшекейлеуге қола, күміс және алтын пластиналарды пайдаланып, өзіндік айшықты “жануарлар стилі” өнерін дамытуымен ерекшеленеді. Осы өнердің бұйымдары Сары өзен (Желтая река) мен Шеньсидің солтүстік аймағынан көптеп табылғандықтан, сол аймақты б.д.д. VI ғасырда мекендеген монғолдың Ордосс тайпасының атымен ордосс өнері деп аталды. Археологиялық деректер бойынша, Монғолиядағы және Ордосстағы ғұндардың өнері мен скиф өнері бір мезгілде қатар дамыған. Швед археологы Т.Ж.Арне Лванпиня мен Сюянвадағы ордосс қоласын б.д.д. IV ғасырдікі десе187, жапон археологы Суеджу Умехара мен швед синологы Карлгрен б.д.д. VII-V ғасырларда ордосс қоласы қытайдың архаикалық Орташа Чоу стилі әшекейлерінің “Соғысушы мемлекет“ \Воюющие государства\ стиліне өтуіне тікелей әсер еткенін дәлелдеді209, 212, 231. Осы мысалдардың өзінен көне түркі мәдениеті қытай өнері мен өркениетінің негізін салуға және дамуына тікелей әсер еткенін көреміз. Сол заманда қалыптасып келе жатқан қытай мемлекетінің белгісі болып енген Айдаһар алғашында аңшылық дәуір кезіндегі көне түркілердің аналық бөрі образындағы жер-су және жер өнімділігінің тәңірі болған еді 69. Сонымен қатар, қытайлар түркілерден Жаратылыс тану жүйесін (Тәңір) алдымен аспан, жер және тіршілікті жаратқан құдай ретінде қабылдап, соның негізінде тұран жүйесіндегі конфуцианство мен даосизм діндері пайда болды. Одан кейін Тәңір жүйесі қытай мемлекетін басқарудың барлық саласына енді. Қазіргі Қытайда және Тынық мұхиты аймағында кеңінен қолданылып жүрген он екі жылдық күнтізбе – мүшел де алдымен көне түркілерде пайда болып, соңынан осы аймақтарға таралғаны ғылымда дәлелденген. Түркі өркениеті Қытай өркениетінің дамуына тікелей әсер етіп, оның ізашары болғанына осы айғақтар дәлел. Сонымен қатар, мыңдаған жылдар бойы көрші тұрған осы халықтар бір-біріне жанама түрде де әсер еткені белгілі. Көне түркілердің шабуылдарынан қорғану үшін салынған ұзындығы алты мың шақырым “Ұлы Қытай қорғаны” соның бір мысалы. Түркі тайпаларының ішінде елдік, мемлекеттік алғашқы белгілі идеяны б.д.д. VI ғасырда сақтардың әйел патшасы Томирис айтқан болатын. Ол сақтың жерін жаулап алмақ болған парсының ұлы патшасы Кирге “Сен біздің жерге соғыспен келдің. Қантөгіс бастамай тұрып еліңе қайт. Әйтпесе, ажалыңды осы жерден табасың...” дейді. Демек, сақтар үшін ең қасиетті, ең қымбат нәрсе туған жер екен. Осы соғыста Томирис бастаған тайпалар парсылардың жер қайысқан қолын жеңіп, “патшалардың патшасы” Кирді өлтіргенін “тарих атасы” Геродот жазды53. “Түркі елі” немесе “Түркістан” ұғымы - б.д.д. II ғасырда ғұндардың шаньюйі (қыт. “Аспанның Ұлы Перзенті”) Мөде хан түркінің 24 тайпасын біріктіріп, мемлекет құрған кезде пайда болды. Сол тайпалардың көпшілігінің ізі бүгінгі қазақ ұлтын құрайтын руларда кездеседі. Демек, бүгінгі қазақ көне түркілердің тікелей ұрпағы. Мөде қаған қытай патшасы сұратқан жақсы жылқылары мен сұлу қыздарын берсе де, жерге келгенде (мейлі ол құнарсыз шөлді аймақ болса да): “Жердің жақсы-жаманы болмайды. Жер мемлекеттің негізі. Ол ешкімге берілмейді...” деп, қытайға соғыс жариялайды, сүйтіп оның көп жерін жаулап алады 57. Ғұндардың батыс бөлігі б.д. I-IV ғасырларында Жетісу, Арал теңізі арқылы өтіп, алдымен Жайық-Еділ өзендері аралығын мекендеп, одан кейін Қара теңіз бойын басып алып, Днепр мен Дунайға дейін жетіп, осы көштің жолында кездескен аландардың бір бөлігі мен остроготтарды бағындырып, угр, визигот, герман тайпаларының батысқа жаппай көшуіне себепші болды 129. Еуразияның картасын түбегейлі өзгерткен осы “Халықтардың ұлы көші” кезінде Кавказдың солтүстігінде Терек пен Кубандағы аландардың көпшілігі ғұндарға бағынды. Қазіргі осетиндер аландардың ұрпақтары. Аландардың екінші бөлігі Батысқа көшіп, сол жақтағы батыс герман тайпаларына қосылды. Олардың бір бөлігі Луардың төменгі жағындағы Галға орналасса, қалғандары суявтармен немесе визиготтармен араласып, Испаниядағы Каталонияның (”Гот-Алан“) атауы болған жаңа этникалық элемент құрды. Еуропадағы Бургунд ұлысының алғашқы топонимі алдымен түркілер тұрған Байкал қыраттарында кездеседі. Содан кейін олар Каспий теңізі маңында тұрған. Олардың бір бөлігі Үркер тобы. Үркер (Urker) - қазақтың этно-поп стилінде жұмыс істеп келе жатқан музыкалық ұжым. 1994 жылы Алматы қаласында құрылған.Топ этно-поп стилінде жұмыс істеп келеді. «Үркер» жұмыс істеп келген уақыт ішінде көптеген халықаралық конкурстарда жеңіске жетті, топ Германия, Түркия, Ресей, Францияның поп-музыкадан фестивальдарына қатысты. Хит-парадтарда бірінші орындарға да қол жеткізді. Топ лидері Айдос Сағат – ҚР композиторлар Одағы басшылығының мүшесі, халықаралық пианисттер конкурсының лауреаты, ҚР Президенті жанындағы жастар жөніндегі Кеңес мүшесі. Отанының шын патриоттары. «Үркер» тобы өз шығармашылығында патриотизм және ұлттық құндылықтарды жаңғырту мәселесін алғашқылардың бірі болып көтере бастады. Қазіргі таңда топ Қазақстанда ең сыйлы да сәтті музыкалық жобалардың қатарында. Қ. Мырзалиев, И. Сапарбаев сияқты танымал ақын-жазушылармен бірге жазылған «Наурыз», «Мой Казахстан», «Ән-мекен», «Туған елім» секілді патриоттық және «Жаным», «Сәулем-ай», «Періште», «Махаббат әні» халыққа сүйікті болған лирикалық өлеңдерді сүйсінген тәуелсіз Қазақстанның ұрпағы өсіп шықты. «Махаббат әні» атты өлеңге түсірілген бейне-клип MTV Russia телеарнасында тегін ротацияға ие болған жалғыз қазақ клипі болды. «Үркер» сонымен бірге аудиториясы 26 000 000 көрермені бар америкалық LINK TV телеарнасында клиптері шыққан жалғыз қазақ музыкалық тобы және You Tube халықаралық интернет порталында ең көп қызығушылыққа ие қазақ тобы. Халықаралық аренада. Қазіргі таңға «Үркер» тобы 17 жылдық шығармашылық ғұмыры ішінде көптеген альбомдарын шығарып, 20 шақты бейне-клиптер түсіріп, республиканың түкпір-түкпірлерінде концерттерін өткізіп үлгерді. Топ Астананың Презентациясы мен «Millennium Party Astana» секілді мемлекеттік деңгейдегі шаралардың қатысушысы болды. «Үркер» көптеген конкурстар мен фестивальдар қатысушысы. Солардың қатарында «Азия Дауысы», «Жас қанат» - (2-премия лауреаттары), Түркияда өткен бірініші халықаралық түркітілдес елдер поп-музыкасының конкурсы (1998)-(лауреат), Қырымда өткен «Жібек жолы» Фестивалі, «Космодром» (Новосібір), «Нашествие» т.б. Топ өлеңдері BBC, Radio France Internacionale, Funkhouse Europe (Германия), Наше Радио (Ресей). «Үркердің» өлеңдері Германия (Asia Garden) мен Италияда (Inner Asia Pop) CD-лері жарыққа шықты. Топ Ұлттық музыкалық премияның «2000 ж.Үздік тобы» номинациясында лауреат атағына ие болды, «Наурыз» өлеңі 10-жылдықтың үздік өлеңі атанғаны үшін «Алтын диск» жүлдесіне ие болды, Британдық «Visiting Arts» өнер каталогына енгізілді. Асыл мұрат. Елдің мәдени элитасының өкілдері ретінде дүниежүзі қазақтарының диаспора өкілдерінің мәдени тұрғыдан біріктіру өздерінің басты миссиясы деп санайды. Осы мақсатта ұжым Ұлыбритания, АҚШ, Ресей, Гонконг, Түркия, Түркменістанда гастрольдер ұйымдастырды. Ол елдерде тұратын қазақтарға патриоттық сезімдерді оятуға бұл шаралар зор әсер етті. Қызықты жайттар. Алматыда «Үркер» тобы атындағы көше бар. «Қазконтент» АҚ. Қазақстандық Интернет сегменті жүйесінде (Казнетте) 2008 – 2012 жылдарға арналған бірыңғай ақпараттық кеңестікті қалыптастырып, дамыту Тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында 2008 жылдың 17 сәуірінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 358 қаулысымен бекітілген «Зерде» Ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингінің еншілес кәсіпорны болып табылатын «Қазконтент» АҚ компаниясы құрылды. «Казконтент» АҚ-ны құру қазақстандық сегмент жүйесі Интернетті қалыптастырып, дамыту саласында мемлекеттің стратегиялық міндеттерінің бірі болып табылады. Компанияны құрудағы негізгі мақсат Қазақстандағы басты ақпараттық Интернет жүйесінің дамыған ұлттық сегменттін қалыптастыру, соның ішінде желілік ақпараттық ресурстарды дамыту, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды ұйымдастыру, осы саладағы инвестициялық және инновациялық белсенділікті көтермелеу болып табылады. «Казконтент» АҚ басқару органы Директорлар кеңесі болып табылады. Атқарушы орган – басқарма. Ағымдағы қызметке басшылықты «Казконтент» АҚ Басқарма төрағасы жүргізеді. Бақылаушы орган – Ішкі аудит қызметі «Казконтент» АҚ Басқарма Төрайымы – Уызбаев Альтаир Кудайбергеновичу Атқарушы директор – Қоғам басқармасының мүшесі – Текинов Ержан Берликович ЭЛЕКТР. ЭЛЕКТР (жаңа лат. electrіcus, грек. еlectron – янтарь) – барлық электрмагниттік құбылыстың, яғни электр зарядының болуына және олардың қозғалысы мен өзара әсеріне негізделген құбылыстардың жиынтығы, “Э.” терминінің мазмұны физика мен техниканың даму процесінде өзгеріп, толығып отырады. Қарапайым электрлік және магниттік құбылыстар ерте заманда-ақ белгілі болғанымен “Э.” туралы ілім 17 ғ-ға дейін дами алған жоқ. 18 ғ-да ол ілім жүйеге түспеген фактілер мен бір-біріне қайшы жорамалдар жиынтығынан тұрады. “Э.” жөніндегі алғашқы деректер кейбір денелер (мыс., янтарь) үйкеліс нәтижесінде “электрленеді”, яғни ондай денелер жеңіл денелерді өзіне тартады деген тұжырым түрінде болды (ғылымға “Э.” терминін 1600 ж. У.Гильберт енгізген). 18 ғ-дың басында денелердің электрленуі сол денені қоршаған “электрлік атмосфера” әсерінен болады деп қарастырылды. Алайда 18 ғ-дың ортасынан бастап денелердің ішінде электрлік “” (сұйықтар) болады деген болжамдар қалыптаса бастады. 18 ғ-дың аяғында Г.Кавендиш (1773) және Ш.Кулон (1785) ұқыпты жүргізілген өлшеулерге сүйене отырып электрстатиканың негізгі заңын (қ. Кулон заңы) тұжырымдап берді. Электр зарядының арасындағы тартылыс не тебіліс күші кулондық немесе электрстатик. күш деп аталады. Э. жөніндегі ілім тарихындағы жаңа кезең – (1791) мен А. Вольтаның (1794) хим. және контактілік электр көздерін ашуы болды. Осыдан кейін Э. тогын зерттеу күшті қарқынмен жүргізіле бастады: әуелі токтың физиол. әсері, кейін оның хим. және жылулық әсерлері зерттелді. 1802 ж. В.Петров электр доғасын (1808 – 09 ж. мұны Г.Дэви де байқаған) ашты және оны жарықтандыру ісі мен балқыту пештерінде пайдалануға болатынын дәлелдеді. (1841) және (1842) бір-біріне тәуелсіз түрде өткізгішпен ток жүргенде бөлініп шығатын жылудың мөлшері жөніндегі заңды тұжырымдарды; қ.. 1820 ж. Х.Эрстед электр тогы мен тұрақты магнит арасында байланыс болатындығын, ал тогы бар екі өткізгіштің өзара әсерлесетіндігін ашты. Тогы бар өткізгіштердің арасындағы әсерлесу күші кулондық күштен өзгеше әрі ол электр зарядының қозғалысына тәуелді болады. Сондықтан мұндай күштер электрдинамикалық күштер деп аталады. Эрстед пен Ампердің магнетизм жөніндегі ашқан жаңалықтары “Э.” ілімінің құрамына енеді. 19 ғ-дың 2-ширегінде Э. техникаға кеңінен ене бастады. 19 ғ-дың 20 жылдары алғашқы электрмагнит, 30 жылдары телеграфтаудың жетілген сұлбалары, гальванопластика, алғашқы электр сұлбалары мен генераторы, 40 жылдары алғашқы электрлік жарықтандыру приборлары, т.б. пайда болды. Э-дың күнделікті тіршілікте қолданылуы одан әрі кеңейді. Физиканың жетістіктеріне байланысты электртехниканың күрт дамуы да Э. ілімінің дамуына елеулі әсер етті. 19 ғ-дың 30 және 40-жылдары М.Фарадей эл.-магн. құбылыстардың жаңа концепциясын ұсынды. Бұл уақытқа дейін Э. өзінің өндірілуі (пайда болу) тәсіліне сәйкес: қарапайым Э. (мыс., үйкеліс Э-і), атмосф. Э., гальваник. Э. (мыс., гальваник. батареядан алынатын ток), магниттік Э. (мыс., Фарадей ашқан индукция тогы), т.б. болып ажыратылатын. Фарадей өзінің тәжірибесіне сүйене отырып Э-дің барлық түрінің бірдей екендігін дәлелдеді. Олардың әр түрлі болуы, біріншіден – Э. мөлшерінің, екіншіден – кернеудің (потенциалдың) әр түрлі болуына байланысты. Фарадей ашқан электрмагниттік индукция құбылысының зор маңызы болды. Бұл құбылыс электртехниканың іргетасы болып есептеледі. Ал Ленц бағытын анықтайтын ережені ұсынды (қ. Ленц ережесі). 1833 – 34 ж. Фарадей электролиз заңдарын ашты. Сөйтіп электрхимияның негізі қалана бастады. Электролиз заңдары электр зарядының дискреттілігі жөніндегі жорамал жасауға мүмкіндік берді. 19 ғ-дың 2-жартысынан бастап Фарадей идеялары Дж. Максвеллдің және Г.Герцтің еңбектерінде одан әрі дамытылып, қорытындыланды. Максвелл өзінің еңбектерінде (1861 – 73) Фарадейдің позициясын толық жақтады. Ол Фарадейдің көзқарасын матем. жолмен талдап, баға берді. Мұның үстіне Максвелл электр және магнит өрістерінің бір-біріне ауыса алатындығын тұжырымдады: уақыт бойынша магнит өрісінің өзгеруі Э. өрісін, ал уақыт бойынша Э. өрісінің өзгеруі магнит өрісін туғызады. Бұл жағдайда Э. өрісінің өзгеру жылдамдығына пропорционал шама Э. тогына ұқсас болады. Максвелл оны ығысу тогы деп атады. Э. зарядын осылайша жалпылау Максвеллге жаңа салдарлар мен болжамдар жасауға мүмкіндік берді, яғни: кез келген эл.-магн. өзара әсердің таралу жылдамдығы шекті; негізгі қасиеттері бойынша жарық толқындарымен бірдей (еркін) эл.-магн. толқындар болады. Мұндай қорытынды “” деген батыл идеяның дұрыстығын дәлелдей түсті. Максвеллдің теориясына сүйене отырып Герц эл.-магн. толқынның бар екендігін тәжірибе жүзінде дәлелдеді. Сөйтіп эл.-магн. өріс концепциясы Э. туралы ілімде берік дәлелденді. Герц тәжірибесінің нәтижесі эл.-магн. толқындарды байланыс мақсаты үшін пайдалануға итермеледі. Мұндай міндетті А.С. Попов орындады. Ол 1895 ж. радионы ойлап тапты. Максвеллдің өріс энергиясы кеңістіктің кішкентай көлемінде белгілі бір тығыздықпен таралған деген тұжырымның эл.-магн. өріс концепциясының дамуы үшін зор маңызы болды. Тұтас ортадағы энергияның сақталу заңының жалпы тұжырымдамасын 1874 ж. Н.А. Умов берді. Эл.-магн. толқынның, сондай-ақ жарық толқынының дене бетіне түсіретін қысымы ретінде байқалатын импульсы болады. Жарық қысымының болатынын тәжірибе жүзінде П.Н. Лебедев дәлелдеді (1899). Эл.-магн. өріске динам. ұғымдарды (масса, энергия, импульс) пайдалануға болатындығы, физиктерді, Фарадей мен Максвеллдің (өрісті ерекше ортаның, яғни эфирдің күйі ретінде қарастырған) көзқарастарын қайта қарауға мәжбүр етті. Мұндай қайта қарау шыққаннан кейін мүмкін болды. Сөйтіп ғалымдар эл.-магн. өрісті эфирдің күйі ретінде қарастыратын көзқарастан біржолата бас тартты. 19 ғ-дың соңында Э. туралы ілімнің дамуында жаңа кезең басталды. Оның мазмұны Г.Лоренц негізін қалаған классик. электрондық теорияның шығуына байланысты еді. Алайда бұл теорияның да шеше алмаған көптеген мәселелері болды. Бұл қиыншылықтар 20 ғ-дың басында пайда болған маңызды физ. теорияларда шешіле бастады. Әдебиет. Спасский Б.И., История физики, 2 изд., ч. 1 – 2, М., 1977.